Көптомдық шығармалар жинағы 13 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Сəкен Сейфуллин
УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-4 С 32 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С.Абдрахманов, Н.Асқарбекова, Р.Асылбекқызы, К.Ахмет, Г.Əбуғалиева, А.Кəкен, Т.Кəкішұлы, Т.Көпбаев Құрастырушы: Тұрсынбек Кəкішұлы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор. Сейфуллин Сəкен: С 32 Көптомдық шығармалар жинағы. Естеліктер, мақалалар, құжаттар. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2013. Т. 13. – 384 бет.
ISBN 978-9965-22-452-2
Сəкен Сейфуллиннің көптомдық шығармалар жинағының 13-ші томына оның поэзиялық жəне прозалық шығармаларында заман шындығының көрініс табуы, таптық əдебиет пен социалистік реализм мəселелерінің ақынның жеке шығармашылығына, тақырыптық ізденістеріне еткен ықпалы турасындағы зерттеу еңбектері іріктеліп енгізілді.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-4 ISBN 978-9965-22-452-2 (Т.13) ISBN 9965-22-000-Х © «Қазығұрт» баспасы», 2013
СƏКЕН ТАРИХ ТӨРІНДЕ Тарих əр қайраткерге өз бағасын береді дегенде əр кезеңде айтылған, жазылған ой-пікірлер ескерілетінін естен шығармайық. Əр пенденің көкейінде əр қилы ойпікір болғанымен, айтылар кезі, сəті жəне айтар адамы болмақ. Сол менмін деп өрекпу, əрине дұрыс емес, ал менен басқа біреу болуға тиіс дегенге сеніп қалу орынсыз. Хан айтқанды қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ демей, өтпелі кезеңдегі аумалы-төкпелі көңіл күй тұсында ағынан жарылып айтқанның еш əбестігі жоқ. Қазір Сəкен туралы мүлдем кереғар, алып-қашты сөздер жиі айтыла бастады. Қысыр есебі барлар көлгірси сөйлеп, тұқырта беруге ұмтылуда. Өйткені құлаған кеңес өкіметінің қайраткері, жыршы-жаршысы болған Сəкен алдымен жауап беріп, «жазасын» тартуға тиіс деген пенделік, жершілдік, бақастық пиғылдар төбе көрсетіп қалуда. Академик М. Қозыбаев: «Биыл – ұлы арыстар жылы. Тойлар дүркіреп өтіп жатыр, күркіреген пікір таластары да баршылық. Бұл заңдылық та, оған таңдануға болмайды», – деп жазды кезінде, ал практикалық істе нақты шешімдер қабылданып, Сəкен өз қатарынан қалып, кем бағаланып жатқаны қалай? Қайраткерлердің сорлысы Сəкен бе? Бұл қадам білместіктің ісі болса бір сəрі, ал саналы əрекеттердің жалғасы болып шықса ше? Сəкен даңқына, атақ-абыройына шабуыл жасалуы бұл ғана ма? Өз ұлыстарымыздың айтқанжазғандарын былай қойғанда, орыс бауырлардың əсіресе Галина Иосифовна Серебрякованың сонау 1964 жылы «Сəкен Сейфуллин – бүкіл совет халқының мақтанышы» дей тұра «были и есть еще, к несчастью, попытки преуменьшить его роль, талант, заслуги перед советским обществом» дегені де көптің көкейінде емес пе? Қысыр пиғылдың нақты іске айналып, көрініс бере бастауы қауіпті. Əсіресе ата-бабасы, əке-ағасы «Тар жол,
тайғақ кешуде» аталғандардың өсіп-жетілген, қайсыбірі іс басында отырған ұрпағы Сəкеннің атын естісе тыжырынатын қияпет таныта бастаған сыңайлы. Бұдан да кейін қарап қалмасы белгілі... Сəкен көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де бірыңғай бағаланған қайраткер емес. Сонымен кеңес өкіметі құлады, партия тарады, коммунистік идеология мансұқталуда. Тарихтағы үлкен бір кезең – кеңес заманының серкесі де, еркесі де, жаршысы да, жыршысы да болған Сəкенге енді берер бағамыз кандай болмақ? Оның тарихта алатын орны қандай? Қай ісін қадірлеп, қай əрекетін мансұқтамақпыз? Тірісінде аты аңызға айналып, бір халықтың мақтанышы болған, Сырбай Мəуленовше айтқанда: Өлімге жан екенсің қия алмайтын, Өлеңнің құшағына сия алмайтын. Қазақты көргің келсе, міне, осы деп, Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын, – яғни еліміздің елдігінің, ақындығының, ақыл-парасаты мен сұлулығының белгісіндей болған Сəкеннің атына ғайбат сөз айтып, ырду-дырду бола бермекпіз бе, əлде бір тоқтамға келеміз бе? Тарих ондай зорлыққа жол бере алмайды. Əділетін айтатындар қашанда да табылады. Біз Сəкенді бүгінгі өтпелі кезеңде кеңес өкіметінің жыршысы болған деп бір жақты қарамай, оның қайраткерлік, қаламгерлік қызметіне дəуір аясында алып қарастырғанымыз жөн, сонда ғана оның орнын, азаматтық келбетін тұтас қамти алмақпыз. Сəкенді өз кезеңінен бөліп қарауға болмайды. Қазір «эмоцияға, қызбалыққа беріледі, қайдағыны өзі ойлап табады» деген жалтарма сөз шықты, қисындыны елемеудің айласы шықты. Осыншама дауылдатып айтқандарымыздың жел сөз еместігіне дəлел келтірейік. Сəкеннің қоғамдық көзқарасы, іс-əрекеті жөнінде асыра айтылмаса, кем айтылған жоқ. Оны қазбалап жатпай, мына ой-пікірге зер салайықшы. «Қазақ əдебиеті» газеті 1992 жылы «Қазақта ұлттық əдебиет бар ма? Қазақ совет əдебиеті деп жүргеніміз қандай əдебиет?» деген сауалдарға жауап
ұйымдастырды. Онда: «Қазақ совет əдебиетінің классиктері қатарында айтылып келген С. Мұқанов, С. Сейфуллин, Ғ. Мұстафин шығармашылығын енді қалай бағалауымыз керек? С. Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген «Тар жол, тайғақ кешу» романы таза тарих үшін керек болғанымен, қазақ əдебиетінің игіліктері қатарына қосыла қояр ма?» деген (11.09.92) күдік туғызар пікір айтылды. 1994 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған бір мақалада: «ұлттық ақын ұғымын айқындап, орнықтыру үшін ұлтсыз ақындар – советшіл, одақшыл, партияшыл, батырақтар, көлгір интернационал белсенді ақындар жасаған «қазақ совет əдебиеті» деген қампиған дөкейді қайта сарапқа, тарих таразысына тартуға міндеттіміз. Бүгінге дейін «Алыптар тобын» құрап келген Сəкен, Бейімбет, Ілияс, Сəбит, Ғабит, Ғабиден қатарлы қаламгер лер ретінде өз үлестерінің шама-шарқына қарай тиісті орнын, бағасын ала береді. Бұрынғыдай əспеттеліп «негізін қалаушылар» ретінде оқулықтан-оқулыққа жөнкіле алмас, өйткені, сол құрғыр «негіз» дегеннің өзі негізсіз болып шықты» («Жұлдыз», № 5-6, 1994, 187-бет) деп пікір білдіргендердің айтары айқын ғой. М. Базарбаевтың «Біз Сəкенді қалай түсінеміз?» деген бұланқұйрық ой-пікірлері, əсіресе кеңес заманын «өлтіре даттап», Сəкенге ептеп «іші жылуы» бұл алыпқашпа сөзді ушықтыра түспек. Мұндай кереғарлық тарихшылар арасында да бой көтеріп қалуда. Қазақстанның жақсы болсын, жаман болсын социализм қоғамда жасағанын, ойсыраған олқылықтармен қатар та маша жетістіктерге де жеткенін ешкім жоққа шығара алмайтын болса, онда социалистік реализм рухында жасалған əдебиеттен, оның ірі өкілдерінен де сырт айналып кете алмайтынымыз ақиқат. Көзі тірісінде де, ақталғаннан кейін де Сəкен Сейфуллин төңірегінде кереғар пікір толастаған емес. Бұл оның бақыты да, соры да шығар бəлкім. Бақыты болатыны оның мұрасы, еңбегі архивке тапсырылмай, күні бүгінге дейін көркемдік рухани кəдемізге қызмет етіп келе жатуында, қазақ əдебиеті өкілдерінің талай буындары одан үйреніп келеді. Сəкен біздің əдеби өмірімізге етене кірген дəстүрлі жаңашыл ақын.
Ал соры болатыны – ылғи қаңқу сөздің ортасында болатындығы. Ол көлденең көк аттының да, азулы арыстанның да, ештеңеден хабары жоқ наданның да, өткендерін ұғатын зиялының да, тұрақсыз кеудемсоқтың да, асқан ғұламаның да аузында бірде мақталып, бірде датталып жатуында. Соған қарағанда Сəбит пен екеуінің «тұзы жеңілдеу» болды ма екен деп те қалғандайсың. Олай дейін десең жасап кеткен істері ірі, ауқымды, кесек. Аузын бағып, аяғын санап баспай, елім, халқым үшін қолымнан келгеннің бəрін ар əмірімен адал орындаймын деп талпынған жанның айбатты келбетін көреміз. Осы жолда ол талай қуанды, шаттанды, қастық көрді, сүрініп құлады, қайта тұрып ілгері жүрді, көпшілікке бақыт сыйламаққа талпынды. Жасап жүргенім біреуге обал, біреуге сауап болады деп ойлаған емес. Еңбекші елдің арманы ғана болды көкейінде. «Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, əділдік, тендік іздеген, еркіндік, кеңдік іздеген сендерге арналды бұл əндер» деп ұрандатқан Сəкен өзінің құрбы-құрдастарын «Кел, жігіттер, болыңдар ер» деп жігерлендіріп: Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Тендіктің ұранын салайық, Тізесін батырған залымнан Күн туды – біз тендік алайық! – деген ұлы мақсатын ашық айтты, жазды. Біз бұл ұрандарды осы уақытқа дейін біржақты ғана түсіндіріп келдік. Сол түсінік əрбір пенденің көкейінен əлі кете қойған жоқ. Оның негізі – бай мен кедейді атыстыру, шабыстыру, таптық күресті ушықтыру деп қана білдік. Ал осы жолдарға бүгін зер салып бір қарайықшы. Сəкен десек, ең алдымен «Жас қазақ марсельезасы» мен «Тар жол, тайғақ кешу» еске түседі. Бұл шығармалар Қазан төңкерісіне арналған, соның жоғын жоқтап, табысына қуан ған дүниелер. Бұл төңкеріс қазақты, əсіресе кедейді жарылқайды деп Сəкеннің имандай сенгені, жанығып еңбек еткені рас. Коммунистік идеология тұсында таптық кү реске назарды мықтап аудардық та ұлттық танымды, ұлттық
қажеттілікті елей бермедік. Əйтпесе Сəкеннің ерлікке шақырған жігіттеріне, жүнжімеуге үндеген азаматтарына ең алдымен айтқаны, «Қызыл ту – шылауың» деп түсіндіргені. Патшадан əділдік жоқ еді, Ұлықтар парақор тоқ еді. Бұқара халықты кем тұтқан, Жек көрген, итімен тең тұтқан. Қоспаған санына адамдық, Айламен ұстаған надан ғып, – деген əнұранының екінші шумағында қандай мəн бар деп ойландық па?! «Өзінен, өнгеден кем халық» деп айтып салғанын түсіндік пе? Біз Сəкенді сол кезде қазақ пен отаршылар арасына жік салайын, ұлттық намысты ту қылып көрейін деп отыр деуден аулақпыз. Өз елінің езілгенін, қаналғанын, қорлық-зорлық көргенін, тұщы етіне ащы таяқ тигенін ұмыта алмаған жанның Қазан төңкерісі арқылы əділдік, тендік, бостандыққа жетуге талаптанғаны екенін енді аңғармасқа болмайды. Бұл тілекті алашордашылар да айтты, жазды, əрекет жасады. Қазақтың əуелде алашордашыларының да, төңкерісшілерінің де тілегі біреу, бірақ сүйенгендері басқа болды. Ал олар темір жолдың релісіндей басы қосылмайтын идеологиялар соңында еді. Міне, қазақтың оқығандарының мақсаты бір болса да, жүрер жолдары айырым, басқа болуы осыдан. Академик М. Қозыбаевтың тарихи шындықтарға негізделген мына ойын естен шығаруға болмайды. «Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған прогреске ұмтылған жалпыхалықтықдемократиялық қозғалыс. Ал «Алаш» партиясының негізін қалаған үркердей топтың, «Алаш орданың» басынан аяғына дейін жүргізген саясаты дұрыс еді. Сəкендердікі қате еді деп айтуға бола ма? Алаш жетекшілерінің 1916 жылғы көтері ліс кезіндегі позициясын Тұрар, Сəкен т.б. түсінбеді деп кінəлау қиын. Тұрар, Сəкен, Жүсіпбек, Бейімбет дүркірей көтерілген қалың халықпен болды, оның трагедиясын көзімен көрді. Олар отаршылдыққа қарсы шапқан қалың елмен болды. Ол большевиктік үгіттің нəтижесі емес еді. Ол атадан мұра болған жол еді. Ал Қазан төңкерісінен
кейін Ресей қоғамы екіге бөлініп, қарама-қарсы тұрып, екі ұдай атысып, шабысып жатқан уақытта əділдік тек ақтар жағында болды деп айту қиын. Егер Анненков келіп, орысқазағын қырып, əйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап, қанжығалап жатса, ал «Алаш» осы Калединмен, Колчакпен бірлесіп жатса, сонда Колчактың ажал вагонында отырған Сəкен «Алашты» қалай аялауы керек» («Егемен Қазақстан» 12.08.94) дегендерді мықтап ойластырған абзал. Құр даурыққаннан ештеңе өнбейді, қайта тарихымыз лайланып бүлінеді. Қазақстанда қуғын-сүргін басталмай тұрған кезде, 1926 жылы 17 сəуірде соңғы нүктесі қойылып, 1927 жылы көктемде жеке кітап болып шыққан «Тар жол, тайғақ кешуде» талай кісілердің аттары аталады. Мақсат біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің əр кезінде əртүрлі пікір, əртүрлі əрекет болған. Ол – тіршіліктің, тарихтың ісі. Бұл кітапта «Алаш» туралы көп əңгімелер айтылды, тарихи мағлұмат ретінде баспа жүзінде шықсын деген оймен айтылды. Кітаптың көп жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім» дегендерді Сəкен жаймашуақ баяндағанда, алаш қозғалысына қатысқандардың Нəзірден басқа бірде-біреуі қарсы шығып, дау айтпауы, түзету жасамауы қалай, неліктен? Қазақтың сорпа бетіне шыққандарының, əсіресе алаш қозғалысы жетекшілерінің фотосуреттері түгел жарияланғаны, елге таныстырылғаны неліктен? Сəкен соның бəрі, кейін сот құжаты болсын деп күні бұрын əдейі ойлағандықтан ба? «Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдігіне көңілі тол мағандар кейінгі кезде де табылған, бірақ оны əдебиет əлемінен аластау керек деген ой еш уақытта айтылған емес. Өйткені роман-эссенің өзіндік ерекшелігі бар – ғажайып нəрсе. Мемуар, көркем проза жанрлары араласып келген, сөйте тұра бұл өзі біртұтас дүние. Екінші бір адам: «Тар жол, тайғақ кешуді» қайта жазып шыға алмайды. Бұл бір дəуірдің таңба басатын жеріне таңба басып, мөр басатын жеріне мөр басқан» шығарма (Ғ. Мүсірепов). Сəкенді құлан таза ақтаудан аулақпыз. Коммунизм идеяларының жаршысы болғандар халыққа
қастандық жасаушылар емес. Олардың трагедиясы, соры – сол идеяны насихатшылардың қара дүрсін түсіндірмелеріне имандай ұйып, илануы. Сəкеннің бұлқынған сəттері болған, бірақ қылбырау түскеннен кейін тарпаңдығын тастаған. Оған Сəкеннің табандылығы, құбыла білмейтіндігі, өтірік айтпайтын шыншылдығы, адалдығы сияқты қасиеттері себепші болғандығын айрықша баса айту керек. Кеше ғана кеңес деп өзеурегендердің бүгінгі сөз əлпетінен шо шып, «мұндайлар қай қоғамда болса да оңдырмас» демеске амалың қалмайды. Сонымен, Сəкен өзінің көзқарасы, іс-əрекеті үшін əрқашанда тарих алдында толық жауап бере алатын ұлы тұлға, социалистік деп аталған заманның ардагер азаматы. Ол еңбекші елдің рухани көсемі, жаңа заманның жыршысы, жаршысы ретінде халық құрметіне бөленді. Қоғам қайраткері болу үшін ешқандай қаулы-қарар, бұйрық-жарлық керек емес. Елге деген ақ көңіліңді жарқырата түсетін, халыққа танытатын нақты іс-əрекет, парасатты ақыл-ой ғана керек. Жəне олардың бəрі бақай есептен ада болуға тиіс. Ақын, жазушы, өнерпаз, қоғам қайраткері атану, қолына қалам алғанның бəріне мұндай бақыт қона бермейді. Оны Сəкендер өресімен өлшегенде ғана құрмет тұтар ұлың болғаны үшін тəңірге тағзым етуге тиісті боласың. Сəкен Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының қызметіне шен-шекпен үшін отырған жан емес. Оның бар арманы жаңадан орнап жатқан қоғамның қай тесігін бітесем, қай жігіне кірпіш болып қалансам, мəдениетті, өркениетті елдің қатарына қазақты қоссам деген мақсат еді. Ол 19221925 жылдары үлкен лауазымды қызмет атқарды, ал оның қандай жылдар екенін естен шығармаған абзал. Сəкенді 1928 жылғы кəмпеске-тəркілеуге, онан кейінгі күштеп коллек тивтендіру, 1932-33 жылдардағы ашаршылыққа, 1930, 1937-38 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін науқандарына араластыра алмаймыз. Сəкен Қазақстан үкіметін басқарған уақытта бірнеше игі істерге мұрындық болды. 1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деп ең айбатты мақала жазып, орыс тарихында, тілінде қырғыз, киргизия болып келген елдің 1925 жылы «Қазақстан» атын алғаны рас болса, онда
Сəкеннің үлесі жоқ деп кім айта алады? Тағы сол жылы, қолына билік əбден тиіп, оның күшін мықтап сезген кезде Сəкен қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беріп, кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жайында «Еңбекші қазақ» газетінде тоғыз мақала жазғанын, Халық, Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы ретінде талайларға бұйрық бергенін, тиісті қаражат тапқанын, жалтақтап жан-жаққа үрке қарағандармен жүз шайысқанын, КирЦИК-тің шешуші мəжілісінде тізеге салып орындатқанын кім жоққа шығарар екен? «Біздің қазақ коммунистерінің кейбіреуі қазақ тілі туралы қатты кірісуге біреу «ұлтшыл» деп айтады деп бой тартады. Бірақ, ол – қулық, бұл – коммунистік қылық емес, ол – жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз демагог өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп қазақ тілін кеңсеге кіргіземін деп жүрген белсенді адамдарды анау ұлтшыл, мынау ұлтшыл дер, одан сескенбеу керек» дегенді Сəкеннен басқа кім айтыпты, кім жазыпты?! Сəкеннің ойпікірі бүгін қажет емес, ескірді деуге кімнің дəті барады? Сəкен ой-пікірінің жанды, тірі екендігі осыдан-ақ көрінеді. Қазақты өркениетті елдердің қатарына қосуға талаптанғандар, тілегендер өте көп қой. Бірақ «енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек. Қазаққа оқу бұрын бір мəрте керек болса, енді мың мəрте керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараңғы... Елдің атқа мінген бастықтары оқу ісіне қарамай кетсе, ел балалары оқусыз жүрсе, қазақтың келешек жас буынының мың лағынеті айтылады. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жəрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жан сөзін айтқан мемлекет қайраткерлері қазақтың арғы-бергі тарихында көп пе? Сəкеннің тірілігі де осында, ол əлі күрес майданында. Əрине, бұл ұлт қамындағы мемлекеттік қайраткерлік болса, жалпыға бірдей салада да Сəкен бастаған игі істер толып жатыр. Жұмысшылар жасағын құру үшін өндіріс орындарын, əсіресе Екібастұз сияқты алыптарды көбейту, зауыт-фабрикаға жақындату жайындағы ойы бір төбе. Қазақтың атакəсібі болып табылатын мал шаруашылығын дамыту, мал тұқымын асылдандыру, кооперациялық негізде өркендету жайындағы ойын бүгін жатсына қоймасақ
керек. Сəкеннің шығармашылығы мен қайраткерлігі бірбірімен астасып, бірін-бірі толықтырып жатқанына, сөзі мен ісінің арасында алшақтық болмағанына тарих куə. Бұл тұрғыда кеңестік заманда жасаған қайраткерлердің қай-қайсымен болса да иық тірестіріп, қатар тұра алатын, айрықша қадір-құрметке бөлене алатыны даусыз. Сəкеннің өзі теңдес, əсіресе өзімен құрдас, тұстас замандастарынан бір ерекшелігі – жұрт мойындаған жаңашыл ұлы ақын, ірі реформаторлығында. Өлеңді, қарасөзді, ма қаланы қолына қалам ұстаған қазақтың көбі жазған, бірақ олардың Сəкендей жарқырап дара көрінгені сирек, аз. Сəкеннің ақындығына, жаңа заманға лайықты жаңашылдығына Тұрар да, Сұлтанбек те, Смағұл да, Ахмет пен Мағжан да шүбə келтірген емес. Олар əртүрлі сын айтқанымен Сəкеннің ірі талантын жоғары бағалаған. Дарынды тұлғалар туралы пікір айтқан кезде, еңбегіне татыр теңеулерді азаматтық жауапкершілікпен қолданғанымыз орынды. Сəкеннің ақындығы жөніне келгенде түйіп айтар тұжырым: ұлы ақын, төңкерісшіл, дауылпаз ақын. Қа зақтың, жаңа жазба əдебиетіне негіз қалаған Абайдың жаңашылдық рухы, əсіресе Сəкенге жұққан, Сəкенде күшті. Тілейік мейлі, тілемейік мейлі, Сəкен қазақ кеңес əдебиеті деп аталатын бағыттың негізін қалаушы болды, соның ұраншысы, жыршысы болды. Ол қате болған күннің өзінде де тарихи құбылыс екенін қысыр тілеулілердің өзі жоққа шығара алмайды. Диалектика заңын өзгертуге ешкімнің дəрмені жеткен емес, жетпейді де. Сөзіне жауапты, бағаға сараң Ғабит Мүсіреповтің «Сəкен жаңа əдебиет, жаңа мəдениет дегеннің бағытын жапа-жалғыз белгілеген адамымыз деуге болады. Сəкенді біз совет əдебиетінің негізін қалаушы деп айтатын болсақ, ең алдымен Сəкеннің сол майданды жалғыз басқарып, совет ұранын жалғыз көтергендігін ескеруіміз керек. Сəкен ұлтшылдық ықпалында жүрген адамдарды оңай тəрбиелеп аламын деп ойламаған кісі. Сондықтан əдебиеттегі, мəдениеттегі жаңа беталысты тезірек ұғынып, қолға алып кететін жастар болуы керек деп үміт артқан сияқты. Сəкен қазақ совет əдебиетінің туын көтеріп шыққанда қасында
болғаны əлгі жастар. Сəкеннің өзі үлкен ақын. Əсіресе жазғанынан гөрі өзінің жаны үлкен ақын адам болатұғын. Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған жан еді. Мен Сəкеннің өлеңдерінен кейде ырғақ жағынан болсын, ой мен түр жағынан болсын кемшілік таба аламын осы кезде, бірақ Сəкеннің кісілік жаратылысында бір кемшілік жоқ деп ойлаймын. Сондықтан мен Сəкенді басқалардан ерекше бағалаймын» («Жалын» № 5, 1988),– дегенін ілтипатқа алу елдіктің де, парасаттылықтың да белгісі болмақ. Сəкеннің бұдан да басқа өнерпаздығы толып жатыр. Халықтық «Көкшетау» əні, жігіт өлең «Тау ішінде», жан тебірентерлік «Ақсақ киік» сынды əндерді шығарған сазгерлігі, домбырашылдығы, бабына келтіріп əн салатын дығы, еш уақытта өтірік айта білмеген шыншылдығы, ешкімнің ала жібін аттамаған адалдығы, айтқан сөзіне берік табандылығы, «адам ретінде, мемлекет басшысы ретінде ешкімге жақсылықтан басқа ешнəрсе ойламайтын» (Ғ. Мүсірепов) мəрт мінезі, кеңкөңілдігі сияқты қасиеттерді Сəкеннің өн бойынан да, парасатты қайраткерлігінен де көреміз. «Шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын, жалқы елес, тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын, бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып-жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Ылдиы бар, ері бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақындығынан» да (М. Əуезов) көреміз. Сондықтан Сəкеннің қазақ халқының тарихындағы, əдебиеті мен мəдениетіндегі ерекше биік орнына дақ түсірмей, қараулық жасамай, адамгершілік, азаматтық өре ден көрінуге тиістіміз. Мұны саналы да, салиқалы да, басшы да, қосшы да мықтап ұғып, асылдарымызды орны-жөнімен ардақтап, құрметтей білейік. 31.08.1994.
ОҚЖЕТПЕС Сəкеннің мұрасы мен қоғамдық қызметіне біржақты баға беру əділетті болмас еді. Сейфуллинді халықтың мақ - танышына айналдырған оның қаламынан туған еңбектері болды. Сəкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дəуірін жырлаған, оны қастерлеудің өр де қиын жолдарын таба білген, өз дəуірінің жаңашыл ұлы ақыны. Табиғи дарынын ажарлауға əнші-композиторлығы едəуір демесін жасағаны тағы рас. Бұл оның өнерпаздық тұлғасының бірден көзге ұратын үлкен белгілері. Сəкен Сейфуллин – ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан елдік, азаттық алады деп үміттенген шақта Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болғандығынан емес, өзінің халқын өркениетке қалай жеткіземін, басқалармен терезесін қалай тең етемін деп ойлағандықтан дараланбақ. Ол өзінің өлең-жырларында, көркем шығармаларында ғана емес, əрбір іс-əрекетінде осы арманын көрсетіп, дəлелдеп отырды. Сəкен Сейфуллиннің публицистикасы осы мақсаттың үдесінен шықты. Сондықтан сөзі мен ісі бір жерден шығып отырған мемлекет қайраткерінің бейнесі біздің көз алдымызда əрқашан өреленіп, қуанышымызға айналды. Революционерлігі осы арманды ажарлап, мəнді күрескерлікке ұласқанда артық-кем сілтеген кезі де болмай қалмады. Сəкен – ірі қоғам қайраткері. Бұл «лауазымды» үлгіөнегесі бар пенденің іс-əрекетіне қарап ешбір жарлықсыз, мандатсыз халықтың өзі береді. Осының бəрі бір адамның бойынан табылуы тарихтағы өте бір бақытты сəт. Міне, сондықтан Сəкеннің талай асыл қырларымен дараланып, тарих бетінен мейлінше жарқырап көрінетіні осыдан. Осыншама үлкен парасат, атақ-даңқты өмір өткелдерінде аударып-төңкеріп алмай өтуіне Сəкеннің асыл қасиеттері,
əсіресе өтірік айта білмейтін адалдығы, қандай ауыр күйге түссе де өкінбейтін табандылығы сүйеніш болады. Сəкеннің жалғыз ғана арманы – қорлық көрген халықтың туын ұстап, əділдік жолын іздеп, бостандық, кеңдік, байтаққа күн-түн қатып жету еді. Бұл үшін кінəлауға болмас, бірақ большевиктік тоңмойындылықпен жасаған қадамдарының шəлкем-шалыс болғаны өтірік емес. Сəкен өзінің қарақан басының мансабы, бақ-дəрежесі үшін емес, елді өркендету қамында жүргенде артық сілтеп алған тұстары бар. Сенгеніне құлай берілу, иман деп тапқанынан табан аудармау, көзжазбау, алданып қалмаймын ба деп бір сəтке ойланбау, көзсіз табандылық. Осы принцип Сəкенді əрқилы істе бірде сүріндіріп, бірде жарқыратып көрсетіп отырды. Тіпті өзі орнатқан кеңес үкіметі 1937 жылы өзіне қатер төндірген уақытта да ешбір шүбəланбай, баяғы сенгенімен кетуі қайран қалатын қасиет. Сенім күшінің бақыт та, сор да болатыны осы екен-ау деп толғанасың. Дауылды төңкерістің қазақ еліне, кедей-кепшікке əкеле жатқан жаңалықтарын Сəкен жатсынып көрген жоқ. Оны өз қолымен орындады жəне халыққа сор болады деп есептеген емес. Көргенін, білгенін ашық, анық айтып-жазуды парыз санады. Қаншама аяулы, ардақты, құрметті ағалар дегісі келсе де, Сəкен «Тар жол, тайғақ кешуде» шындықтан шығандап кете алмады. Қазақтың қаншама зиялылары тарихтың шарайнасынан қалай көрінеріне назар аудармай, көрген-білгенін, естігенін жазды. Олардың ұрпағы өсіпжетілетінін білмеді емес, білді, бірақ шындық бетіне кірбің түсірмеу қажет деп тапты. Жалған айтпай, шындықпен боламын деген принциптің өзіне əркімнің əртүрлі қарайтын мінезі Сəкенге дарыған емес. Қазақтың қуанышы қордалана бермей, бірін-бірі ығыс тара беретін, яғни «алдыңғы қонақты соңғы қонақ қуа тын» əдет қашан қаларын құдай білсін. Біле-білген адамға совет өкіметін өз қолымен өзі орнатып, соның түр месіне түсіп, атылып кетуден қасіретті құбылыс бола ма? Советке қарсы болып, айтқанынан қайтпай түрмеге түсу де қасірет, ал жақтас, ниеттес, тілектес болып жүріп өлу одан да қасіретті екенін Сəкен тағдырынан айқын көреміз ғой.
Біздің бүгінгі түсінігіміздің абайсыздығына қарамай, біздің ұлы азаматтарымыз бірін-бірі «өкпеге қиғанмен өлімге қимаған». Қазан төңкерісі қазақ зиялыларын екі лагерьге бөлді. Азы – революцияны қолдады, көбі – Қазан төңкерісін ұнатпады, орнап келе жатқан бостандықты зорлықпен тартып алған төңкерістен жақсылық күту қиын деп білді. Осы үлкен объективті себеп уақыт өте келе нақты сипат алып, идеологиялық айтысқа ұласты. Алғашқы сəтте төңкерісшіл зиялылар аз ғана болғанмен, Совет өкіметі мен коммунистік партияның тікелей демеу-көмегімен көбейе түсіп, өсіп, жетіле бастады. Газет-журнал беттерінде алашшыл, «ұлтшыл-байшылдар» мен төңкерісшіл, тапшыл, кеңесшіл ақын-жазушылардың айтысы 20-жылдары бір толастамады. Бірін-бірі мінеу, сынау, ожарлана пікір айтуда ешбір кенделік болған жоқ. Мұның аяғы Ф. И. Голощекиннің «теориясына» ұласты. Үкімет төңірегіндегі өзіміздің атқамінерлер мен жандайшаптардың арандатуымен 1928 жылдың екінші жартысынан былай қарай контрреволюциялық күштерді əшкерелеп, тұтқындау процесі басталды. Ең жетекші, айбынды, талантты зиялылар абақтыға алынды. 1929 жылы ВКП(б) өлкелік комитетінің табанды талабымен Ташкентте Қазақ педагогикалық институтында 1927 жылдан бері ректор болып жұмыс істеп жатқан Сəкен Сейфуллин Алматыға қоныс аударды. Əуелінде тиісті жұмыс берілмей, бала-шағасын асырау қамымен досы Хаскей Өтекиннің жəрдемімен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің əр мекемедегі сауатсыздарды оқытқаны үшін жалақы алып жүрді. 1929 жылы 2 қыркүйекте «Еңбекші қазақ» пен «Советская степь» газеттерінде «Менің қателерім» деген «мойындауын» жариялады. Оған өлкелік комитетте, оның органдары да сенбеді. «Сəкен жолдас жікшілдік қа телерін мойнына алуға тырысқан, алайда көп қателерін айтпаған. Көп қателерін мойнына алудың орнына қателерін ақтауға тырысқан» деп «құйрық» жалғауда үлкен мəн бар еді. 15 қазан күні Сəкен партиялық тазалаудан өтті. Кінəлі етіп, партиядан шығару, ағалары жатқан түрмеге апарып тығу мақсаттарына жете алмады. 1930 жылғы 4 сəуірде ОГПУ коллегиясы А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевты ату жаза-
сына кесіп, «жалына» өтінбеген Жүсіпбек Аймауытовтан басқаларына 10 жылдан айдалу азабымен «жеңілдік» жасалып жатқанда Сəкеннің Алматыдан ешқайда шығуына құқы болмады. ҚазМУ-дың əдебиет кабинеті меңгерушісі болып жүрді. Пенделік жайға көбірек тоқтаудың сыры өзінен-өзі аян болса керек, өйткені азаматтығы жетіспегеннің қоғамдықəлеуметтік қайраткерлігі мен ақындығында мардымды береке болмасы айдан-анық. Сəкен – ары таза, жүзі жарқын, абырой-атағына дақ түсірмеген өрен тұлғалы азамат. Сəкеннің ірі мемлекеттік ісі, қоғамдық қайраткерлігі, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздығы жөнінде, құдайға шү кір, бірқыдыру жазылып, ел-жұрт едəуір хабардар бол - ған дықтан, оның тарихтан атын жоғалтпайтын ұлы ақындығының құпиясына азды-көпті назар аударған жөн. Сонда ғана біз тұлғалы тұтастықтың ажарлы бетін көріп, осын дай азаматымыздың болғандығын мақтан ете аламыз. Сəкеннің өзімен теңдес, қатарлас, қанаттас болған қоғам, мемлекет қайраткерлерінен өзгешелігі – ұлы ақындығында. Ал ақындықтың ең мəнді сыры – жаңашыл, реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізгі арнасы өзі өмір сүрген заманның образын жасауында. Қай ақынжазушы болмасын замана бейнесін жасауға талаптанады, бірақ ондай бақыт кім көрінгеннің маңдайына жазыла бермейді. Біз өзімізді, өз дəстүрімізді қадірлеудің жөн-жосығына онша көп мəн бере бермейміз. Бізге басқалардың жасайтын ықпалы əрі шипалы, əрі құнды болып көрінетін дағдыға бой алдырғандықтан, өзіміздікінің шын сырын жете ұғып, ардақтай бермейміз. Тіпті Абайдың өзін орыс мəдениеті арқылы жеткізіп жатамыз. Сол сияқты Сəкенді де Маяковскийге шəкірт етіп қойғанымыз өтірік емес. Əйтеуір қисынын тауып бөтенге емінеміз. Ал шындығына келгенде Абайдың ұлылығы өзіне дейінгі ұлт топырағында өніпөскен дəстүр, əдеби арналарды түгелдей бойына сіңіріп барып биіктесе, Сəкенге Абайдың рухы дарымағандай кежірейеміз. Түптеп келгенде, екі дəуірдің əдебиетіне көш басшы бола білгендердің тоқайласар үлкен арнасы бар. Ол – жаңашылдық.
Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі – жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сəкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы сала. Кейбіреулер Сəкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сəкен арасына қытай қорғанын соғып, алшақтатып жіберуге тырысады, жəне бұл мəселені көбіне идеялық арнада алып шықпаққа талаптанады. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, əуендік мақамы, əуездік ырғағы жағынан болсын, реформа жасауда Абай мен Сəкеннің орындары ерекше. Абай қазақтың əнге бейімделген силлабикалық өлеңіне тониканың үлгі-өрнектерін білдірмей қосып отырды. Бұл ақын қуатының мықтылығынан, күштілігінен болған құбылыс. Абай өлеңдерінің өрнегі мен өлшемдері былайғы жұртқа əлімсақтан бері қазақ поэзиясының төл түзілісі болып көрінеді. Өйткені Абайдың ақындық диірменінің құдіреті сондай, ол қандай жаңа түр-үлгіні болмасын, жаңа мақам-ырғақты болмысын ұнтақтап, өз ыңғайына бағындырған уақытта шүмектен шыққан үннің қай түрі болса да қазақтың танымтүсінігінен шыққандай, ешбір қоспасы сезілмей тұрады. Бəрі де таныс-бейтаныс болғандықтан Абай сөзі айрықша тартымды да қызықты. Оның үстіне өрнек арқылы үлкен ғибрат-мағына өріліп, дестеленіп шыққан кезде Абай жасаған жаңа дүние дəстүрлік сипатқа ие бола түседі. Қазақта бұрын бар ма еді, жоқ па еді деуге шамаң келмейді. Абайдан басталған реформаторлық рух қазақ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдікке ойысып, сөз құдіретін асқақтата беру жағында айрықша көп болса, сыртқы келбет – екпінді ырғақ арқылы тоникалық өлеңге іш тарту Сəкенде мейлінше анық байқалады. Абай мен Сəкен осы салада бауырласады. Жаңа мақам іздеген уақытта Сəкен дəстүр шартынан қорықпаған, осылай жасау қажет деп ұққан. Бұл жолда оның тамаша табысқа жетіп жатқанын да көреміз, орынсыз ожарланған кезде омақа аса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сəкен жасаған өлең өрнектері Абаймен деңгейлес болмағанымен, реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас екендігі даусыз.
Абай ағартушы-демократтық бағытқа берілгенде, ескі арна арқылы барамын, жетемін деген жоқ. Сондықтан ол бұрынғы дəстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түлете, кейде қирата бұтарлады. Е. Ысмайылов, 3. Шашкин, С. Мұқанов тұжырымдауынша, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жемісі. Осы рух кезі келгенде, уақыты туғанда кеңес əдебиетінің серкесі болған Сəкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер жып-жылмағай болып, оп-оңай өте салмады. Ол ойға да, ниетке де, өлеңге де өзінің табын салып, ою-өрнегіне талай жаңалықтар əкелді. Осы процесс Сəкен творчествосында алабөтен болғандықтан, ол ұлы жаңашыл болып танылды. Абаймен сабақтас, рухтас өткен өлең өрнегіне келсек, онда Сəкеннің атақты «Советстанының» түрін алдымен ауызға алу қажет. Өйткені, ол Сəкеннің ілгерінді-кейінгі ізденістерінің қорытыңдысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі, əбден қалыптасып, көп уақыт өнеге шашқан өрнек. Талай ғасырдан бері əдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэзия жаңа дəуірде соны сипат ала бастады. Көбіне сюжетсіз жырланатын өмір шын дығы, дидактикалық əуен Абайдан кейінгі көркемдік даму барысында уақыт дүмпуімен эпикалық масштабқа қол созды. Осының нəтижесінде профессионалды поэзияның образ жасау бағыты өрістей түсті. Əрқилы көркемдік тəсілдер тоғыса келіп, С. Сейфуллин шығармашылығында өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырап көрінді. «Ақырды асау – жаңғырды дала, тулады, орғыды асау – дүбірлеп күңіренді дала... Көкіректі кернеп, кең даланы күңірентіп, қатты айқайлап əн салдым. Əніме қосылды – кең дала, аққулы, қазды шалқар көл, қамысты, құрақты көк өзен, – қосылды бəрі шуласып, қосылды бəрі шаттанып» – деген асқақ романтика алып екпінмен орнап жатқан жаңа өмірдің адуындығын аңғартқандай. Сондықтан Асау тұлпар аумалы-төкпелі заманды бейнелеуге жарайтын образ болды.
Бұл образда біріне-бірі сабақтасып, іштей қабысып жат қан екі жай бар. Бірі – тұлпар қазақ əдебиетінде ерекше қастерленгендіктен оның дəстүрлік сипаты қалың болды. Сəкен Асау тұлпарды жырлағанда қазақ халқының таным-білігінен алыстамай, дəстүрді пайдалану арқылы əсер ету мақсатын көздеді. Сондықтан да халық Асау тұлпарды жатсынбады. Екіншіден, Сəкен трактовкасында тұл пардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны, көздеген мақсаты, мінез-қылығы, іс-əрекеті мүлде жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясына Сə кен сіңіре бастаған жаңалық новаторлық əуелінде ескі дəстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ер жетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нəтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалаң-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың образ болды. Сəкен 20-жылдардың ортасына жақын замана ағымы на қарай қара айғыр – отарбаны ауызға ала бастады. Паровозды – қара айғырға теңеу арқылы Сəкен «дайындық жұмыстарын» жүргізіп, оқушының поэтикалык түсінігін келесі жаңа образға бейімдеді. Соның нəтижесінде «Біздің тұрмыс – экспресс» деп жар салуға мүмкіндік алды. Бұрын атам – тұлпар еді, бəйге көк, Енді, міне, поезд болды, тұлпар жоқ. Ұзақ жолға! Тұлпар қол ма? Мейлі жорға! Тұлпар міну – Сарыарқада жүрсең тек,– деген түйінге мықтап бекіді. Негізі жаңа қалана бастаған өмірдің бейнесін осылай суреттеу, тілейік мейлі, тілемейік мейлі, қазақ əдебиетінің сол кездегі дамуының зор табысы болғаны даусыз, жəне тарихи шындық көркемдік тə жірибеде романтикамен осылайша қанаттанды. Орнықпа ған, əлі де талай өзгерістерге кезігетін өмірдің не гізгі ба ғы тын айқындауда Сəкеннің романтикалық леппен, пуб ли цис - тикалық сөзбен жазған «Советстан» жаңашыл дықтың асқар асуы болуы осыдан. Өзінің шырқау биігіне көтерілген реформаторлық рух «Советстан» өрнегіне талай бұлқыныс-ізденістерді артқа салды.
Қазақ поэзиясының дəстүрлі он бір, жеті жəне аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сəкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені, қазақтың ақындық аспанында Мағжан, Ілияс, Бейімбет, Сəбит сынды сəйгүліктердің бəсеке жарысы айқын естіліп жатуы жəне жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне жаңалық əкелді. Жаңа мазмұн, жаңа түрді қажетсінді. Сəкен поэзиясында тоникаға іш тарту басым болды. Ұйқастан туатын ырғақты интонациялық екпінмен жеткізу қазақ поэзиясына сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге тоника элементтерінің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Сəкен осы принципті «Советстанда» əбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады. Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор кө біне жеделдікті, екпінділікті, өзгеріс-құбылысты жеткізу үшін ойды төгіп-төгіп, бастырмалатып айту замана ди намикасына сай келетінін анық ұғады. «Ақырды асау, жаңғырды дала» деген сияқты əр қимылды тездете түсуге мүмкіндік беретін мақамды көп қолданды. Қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы əн-əуенге, саз ырғағына бейімдел гендіктен интонациялық принцип көбіне тақпақтап, түйіп-түйіп айтуға іш тартып тұрады. Зырла, экспресс, ұш, зырла! Жұлдыздай-ақ құлдырла! Құйындай құтыр, бұлдырла! Аямай жүгір бəрің де!– деген өлеңінің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы жол өзгешелігінен табылып отырады. Егер мінсе – шыдасын! Қорқақтар мейлі жыласын. Шыдамаса құласын! Аямай сілте барыңды!– деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құрылысы сақталғанымен де дауыс ырғағы алғашқы қатарға шығып, жаңа леп пайда болады.
Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың ырғағын енгізу талабы Сəкен поэзиясында ерте басталған. 1915 жылы қарашада жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің əр шумағы жеті жолдан құрылып, оның алғашқы екі жолы бір ұйқаспен (а, а), 4-5 жолы (в, в) бір ұйқаспен, 3-6 жолдары кейде ұйқасып, кейде ұйқаспай ой екпініне бейімделіп, ақырғы жетінші жолы екінші жолдың логикасымен сабақтасып жатуы тегін емес. Уағдалы жерде отырып, (8) а Бір отырып, бір тұрып. (7) а Кешіккен соң ғашығың (7) б «Не болды бұған, япырым-ау? (8) в Келмес деп əлде жатырма-ау?» (8) в Тыңдайсың əрбір сыбырды, (8) г Ауылды сырттан баққанда. (8) д Осы өлеңнің ішкі ырғағына назар аударғанда алғашқы үш жолдың тынысы, лебі бір болып, ой ағынының алғашқы бөлегі тұйықталады, ал қалған төрт жолдың тек алғашқы екеуі ғана ұйқасқанымен үшінші жолы ой ағы нын айқындайды да, төртінші жолы шумақтағы негізгі ойды түйіндейді. Бабына келген, (5) а Лепіріп желген (5) а Жүйріктей жүйіткіп шабуға, (8) б. Ұшады көңіл, (5) в Ұлпадан жеңіл (5) в Мұратын іздеп табуға, (8) б Еліктей жүйткіп еліктің, (8) г Көңілім-ау, босқа желіктің. (8) г Осының өзінде ойды ырғаққа, интонациялық лепке бағын дыру талабы күшті екенін көреміз де, Абай жөргегіне оралып шыққанын байқаймыз. Осының жетілген түрін «Кел, жігіттер» өлеңінен анық көреміз. Ал енді Сəкеннің «Түрмеден қашып шыққанда» өлеңінің ұйқасы мен ырғағы тұнып тұрған жаңалық.
Уф, шіркін-ай, бұл не шаттық ?! (7) Мен күшті енді, (5) мен, (1) мен (1) мас (1) Тіршілік, тұрмыс менікі, (8) Əуп, (1) Ауаны жұтайын, (6) жұтайын, (3) Кеудемді керіп жұтайын, (8) Бар ауаны құртайын (7) Бұл өлең өрнегінде əуен мен ырғақ, бунақ пен ұйқас ажырамас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың өзі əрқилы болғанымен дауыс үндестігіне, интонациялық ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқасты аракідік сақтайды. Бəрі де іс-қимылды аңғартатын етістіктен өрі леді... Мұнан кейінгі өлеңдерінде, əсіресе, «Ұлтшылдық сандырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің өрнегін дамыта келіп «Советстан» түрін жасады. «Советстан» алты жолдан құрылып, ішкі буын-бунақ қатаң сақталады. Егер өлеңнің ішкі құрылысында ешбір өзгеріс, жаңалық болмаса жол саны мен буын-бунақтың мəні аз болар еді. Бірақ бəрі керісінше. «Советстан» 11, 11, 4, 4, 4, 11 буынды шумақтан тұрғанда силлабиканың негізгі шарты дұрыс сақталғанымен де, тоникалық интонация анық сезіледі. 1, 2 жəне 6 жолдар бунақтап айтуды қажет етсе, 3, 4, 5 жолдар міндетті түрде нəшпеннен бөлшектеуді, тақпақтап айтуды талап етеді. Демек интонациялық принцип өлеңнің өн бойына емес, тек белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) дарып, екпінді ырғақ пайда болады. Ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар əр жолда тұрақты буынмен беріледі де, дауыс ырғағына əрқашан екпін түсіріп, экспрессияны күшейтеді. Сонда бүкіл өлең шумағына динамика еніп, қимыл-əрекет өзінен-өзі пайда болады. Айда, отарба, (күш аямай) айдап бақ, (11) а Дөңгелегің (зырылдасын), тақ-тақ-тақ! (11) а Шаңқан жарық, (4) б Шамға қарық (4) б
Болсын халық (4) б Электр жақ (тынбай айда) жол ұзақ. (11) а «Советстан» өлең өрнегіне интонация ортақ қазық болып, əрқилы лептердің бəрін өзіне бағындырады, адуынды тірлікті жаңа леппен жырлауға мүмкіндік беретін өрнекке айналады. «Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сəкен дəл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне де жасады. Оған көп мысалдың біреуі – «Советстан» поэмасы» – деп түйген С. Мұқанов пікіріне қосылмасқа болмайды. Сонымен «Советстан» – қазақтың силлабикалық өлең жүйесіне тоникалық элементтерді молынан енгізуге бола тындығын əбден дəлелдеген туынды. Қазіргі қазақ поэзиясына осы жаңалық əбден сіңісіп кетті. Сəкен өлеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашу, беру сияқты ізденістерді өрістете келіп сылқым сылдыры, ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге əкелді. Сыр сандықты ашып қара, (8) Ашып қара сырласым (7). Сым пернені басып қара, (8) Басып қара жырласын. (7). Өленді дөңгелендіре өрнектеу де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің сазы көңіл хошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс ұйқаспен жазылуы да өлеңнің инверсиясын күшейтіп, динамикасын ойнақы еткен. Сəкеннің мəнді ізде ністері осындай сəтті түрлерге жеткізіп, халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруға жəрдемін тигізді. «Советстан» мен «Сыр сандыққа» еліктеушілер өте көп болды. Жаңашылдығын жұрт əбден танып, мойындаған шақта Сəкен эксперимент-тəжірибені күшейтті. Жалаң түр қуушылыққа салынған кезі де болды. Жаңа өмірдің келбетін жасау қажет деген ұран белең алған шақта дыбыс қуу, қимылды күшейту, екпіндету теңденциясы өлеңнің мазмұнына да, көркіне де кесірін тигізіп, поэзиялық қасиеттен
жұрдай еткен кезі де бар. Бүгінгі күннің көркін ұрандата жырлау, плакатқа айналдыру, рапорттау қажет деп сырт көрініске табынғанда тасырлаған дыбыстар қаптап, қара дүрсіндік етек алған кезі де жоқ емес. Оның үстіне Маяковский болу тенденциясы да көп ақынның көңіліне ұялай бастаған шақта ішкі заңдылық қатаң сақталмай, силлабика жүйесі тас-талқан болып, өлеңдік қасиеттен жұрдай бола бастады. Ала ту – жасыл, ақ. Қалш- құлш, тағы тақ. Юд- Дут- Кол
Чакдеген қисынсыздықтар көп ақынның қолынан шығып, поэзияны құлдыратты. Өлең өрнегіне жаңалық енгізу үшін қанша ақындық күш-қуат, шабыт керегін ешкім есептен шығарған жоқ, ал ақындықты күн көрістің амалына айналдырып, əр жолдан тиын санап, күшене ұйқастырғандардың қолынан келмейтіні өзінен-өзі түсінікті. Жаңалық енгізу үшін өз күшіне сенумен қатар сөз құдіретін, образ жасау амалын игеру шарт. Құдай берген қабілетті кезінде, ең бір қажетті шағында шамырқана пайдаланып, ел-жұрттың көкейіндегіні айта білу, бейнемен көрсете білу, сезіміне əсер етіп жан серігіне айнала білу шын ақынның ғана қолынан келеді. Заман қып-қызыл саясат дауылына кезіккен тұста Сəкен де дəуір талабын орындады, тіпті мұрындық болған кезі де аз емес, өйткені, ол жаңа заманның жаршысы, ұраншысы
ғана болып қоймай, оны орнықтыру үшін серке болу міндеті өзіне жүктелгенін сезді. Сондықтан өзгеден гөрі екпіндірек қимылдағаны жəне соның бəрін қалтқысыз атқаруға еш ойланбай жан салғаны Сəкен жайлы зерттеулердің бəрінде толық жəне жан-жақты айтылып, жазылғаны көпшілікке мəлім. Сол себепті Сəкеннің азаматтық, əсіресе саяси лирикасына талдау жасамай-ақ, социалистік реализм əдебиеті деген құбылысқа назар аудара кеткен орынды. Қоғамдық сананың мəнді түрі болып табылатын өнер мен əдебиет идеологияның сойылын соғуға тиісті болды. Тек кедей-кепшікке ұнайтын, солар түсінетін шығармалар беруге міндетті болды. Алып қызыл империяның адамдары мен қайраткерлері бір арнада пікір айтып, яғни таптық көзқарастың төңірегінде шыр айналды. Міне, осы тұста социалистік реализм теориясы тұжырымдалды да, дүниенің бəрін бір қалыпқа соқтыратын болды. Əуелгі кезде мұның жөн-жосығы бары, мəдениет саласынан артта қалғандардың тезірек ұғынуына түсінуіне қолайлылығы есте тұтылғанмен, кейіннен мүлде керіп кетті, ожарлыққа салынды, бұлтартпайтын догмаға айналды. Оған мойын ұсынбағандар қашты, пысты, абақтымен аяқтады, сондықтан зордың күшімен мойындағандар да көп болды. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дегендер табылды. Сəкен осы идеологияның ілкі сəтінен араласқандықтан да оның бар жақсылығын да, жамандығын да көзімен көрді, қолымен ұстады. Əуелінде романтикалық леппен «Кел, жігіттер, болыңдар ер, кедей-кепшікке бақытты заман орнатып берейік» деген ұранның туын қазақ əдебиетінде алғаш көтеріп, біраз екпіндеді. Асау тұлпармен қазақ даласына жар салды. Мынадай адуынды заманға тұлпар қол болмайтынын сезген соң қара айғыр – паровозға, поезға, экспреске көшті. Олардың екпінді күшіне елігіп «Социа листанды» орнатуға шақырды. Сөз бен істің біртін деп алшақтай бастағанын сезгенде, зымыраған «Отарба терезесінен» қарап, бəрі де көңілдегідей, ойлағандай болмай жатқанын көріп «Сыр сандық», «Жұмсақ вагонда», «Аққудың айырылуын», «Лашын» хикаясын жазды. Бір сəт ойланып, дүниенің қандай қалып-кейіп алып бара жатқанын көруге, білуге ұмтылған кезде «Сен
күйректікке түстің, əдебиетке жат сарын əкелдің» деп бас-көзге соққыладық. Қателескенін мойындаттық, ашық хат жазғыздық. Бірақ өмір оңалмай қусырыла берді, кəмпескеден кейін колхоздастыру, индустрияландыру науқандары біріне-бірі жалғасып, ел бұрынғы күйіне зар болды. Аштық жайлап, халық қырылды. Осы тұста Сəкеннен басқа бірде бір ақын-жазушы тұяқ серпуге жарамай, орнап жатқан завод-фабрика, колхозсовхозды, нефтістан мен көмір коммунизмді жырға қосып, социалистік мадақ дастандарды қоздатты. Рапорт үстіне мəлімет-ақпар, өлең-очерктер қаптады. 1932 жылы аштық апаты асқынған тұста ел басқарады-ау, халықты мұратқа жеткізеді-ау деген ақынды да арлы азаматтардың азғындық жолға түсіп, рухани қарсылықтың шетін көрсете бастағанын Сəкен «Біздің тұрмыс» атты сатиралық-порнографиялық романымен көрсетуге тырысты. «Қазақстанда 29 жылдан бері біздей адамға іс-істеуге қиын болған жоқ па?! Сонсын осындайға берілмегенде қайтерсің» деп ақталмақ болғаны, тіпті тақымдап қоймаған партия адамына Аян-Сəкен «төңкерістің, социализмнің дұшпаны бола алмайтыныңды өзің де жақсы білуің керек! Партияның Орталық Комитеті қазіргі Қазақстан жайын біліп отырған жоқ. Мұндағы отырғандар мағлұмат беріп отырған жоқ. Ал біз тəрізділер білдіре алмайды: өйткені біз сияқтылардың білдіруге батырлықтары жетпейді. Ал жоғарғы іс басындағылар білдіруге қорқады. Жылы орны мыздан айрылып қалмасақ екен деп бұғады. Ылғи жетіскеннен басқа ешбір кемшілігіміз жоқ деп сөйлейсіңдер. Əсіресе, соған таң қалам. Сен жазушы-ақын емессің бе? Кемшілікті айтпай, ауыр халді көрмей, ылғи «жасасын» деп заулай берудің ақыры совет үкіметіне, партияның жолына дұрыс бола ма?» (5.270) деген Сəкен толғаулары, жан сыры сол қырғын аштық жүріп жатқан кезде жазылып, 1932 жылы «Əдебиет майданы» журналында жарияланып та жатты. Осы романға дұрыстап назар аударуға сол кезде де, Сəкен ақталғаннан кейін де мұрсатымыз болмады. Өйткені социалистік реализм принципіне дəл келмеуі, «порнография» арқылы қарсылық жасамайды деп түсінуіміз кедергі болды.
Көркем шығарма арқылы суреттелген шындықты – Сəкеннің азаматтық ерлігі деп тануға мəн бермедік. Əйтпесе «Аян крайкомға Голощекинге жолықпақ болып барып еді. «Сыпатаевтармен сөйлес» деп қабылдамады. Голощекиннің бөлмесінен шығып келе жатып Аян ішінен «Жүні түскен қияли қарт бура!» деді. Сыпатаевтың қолынан ештеңе келмейтінін, пəлен жерге бар, сөйлес деп қағаз, беретінін ойлап тұрғанда қасынан «өтіп бара жатқан қазақ трубка сорғылап барады екен. Бұ да Голощекин секілденіп, Сталиннің трубкасына ғана еліктейді» деді ішінен. «Аян Крайкомнан көңіл сезімдері қанағаттанбай шыққан соң үйдің үстінде күн шығысқа қарай қолын созған Лениннің суретіне қарап біраз тұрды. Ішінен: «Қырағы данышпан, ұлы көш басшы! Қуат бер дағдарған жанға! Шаңқанырақ жансын шырағың! Жолыңнан адастарма дала құлынын» деп тілек тілеуі Сəкеннің ғана емес, сол кездегі елдің көңіл-ауанын білдіргендей. Іштей қарсылықты, көңілі толмаушылықты үмітпен жалғастырмасқа шарасы қалмаған пенденің кейпін көреміз. Ешбір ақын-жазушы тұяқ серіппей жатқанда Сəкеннің «Біздің тұрмыс» романындағы перделі шындықты публицистикалық «Қызыл ат» поэмасына айналдыруы əбден заңды еді. Ал бұл поэманы сол кездегі қызыл көздердің қалай талағаны, Сəкенді кеңес əдебиетінен қуып шығарып, одақтас деп қана табуға себепкер болғаны, кешегі «уподничествосын, сарыуайымын ұмыта алмай жүрген ақын» екендігін əлсін-əлі ескертіп отыруға да «социалистік реализмнің» шапағаты тиген болатын. Солай бола тұрса да қазақ əдебиетінде социалистік реализмнің орнығуына мұрындық болған Сəкенді одан бөліп ала алмаймыз. Оның табысына да, кеміне де Сəкен елден бұрын жауапкер. Социалистік реализмнің қазанында қайнап піскендігін тасада қалдыруға болмайды. Сонда социалистік реализмнің принциптерін сынағанда оның орнығуына себепкер болған дарындардан безінуіміз керек пе? Жоқ, жоқ, мың рет жоқ. Бұл əдеби дамудың бір кезеңі, сондықтан оның артықшылдығын да, кемшілігін де ашық айтып, əдебиет тарихынан классицизм, романтизм, сыншыл реализм сияқты ағым-бағыт болып
тиісті орнын алуға, сарапқа түсуге тиіс. Бұл бағыттың ұлы да кемеңгер дарындары болғандығы тасада қалмауы керек. Сəкен, Сəбит сынды тура жолмен ойланбай тартып əдебиетімізді өрге сүйрелеген, сөйтіп жүргенде артық-кем сілтеген дарындардың бəрі де өздерінің қосқан үлесіне қарай тарихтан орын алары сөзсіз. Солардың ішінде айрықша жарқырап көрінер өр тұлға Сəкен екені даусыз. Сондықтан оны күні кеше қана алаш арыстарына көрсеткеніміздей жұлмалап, бұрмалап, жүдетіп жүрмейік, қателікке қайтадан ұрынып калмайық. Сəкен дарыны осылай толғануды талап етеді, өйткені ол ешкімнен жеңілдік сұрамайтын, күтпейтін, кескін-келбеті, мінез-қылығы айқын ұлы ақындық. Сəкенді саясат үшін құрбан етуге жібермейтін ұлы ақындығын айтқан уақытта қазақ сөзінің құдіретін мейлінше сезе білгенін, үлкен образ, жарқын бейне жасағандығын, талай көркем шығармалар бергендігін жадымыздан шығарып алсақ, эстетикалык таным-біліктің бейшаралығы ғана емес, ұлттық қасірет болар еді. Сəкен қазақ сөзін, көркемдік талғамын еркін меңгерген, сезім сырын, көрікті сөз бояуын айрықша сезе білген дарын екендігін құнды шығармаларында, жан сырларында көрсете білген суреткер. Тəуекел дарияға салсаң қайық, Талмай тұз тұтқан жолдан кетпей тайып. Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл Қаңбақша кезер кемең қанат жайып,– деген тəуекелмен жолға шығып, өмірдін бар құйтырқысын көзбен көрген, жанымен сезген, басынан өткерген, қуанышшаттыққа да, азап-бейнетке де белшесінен батқан ақын екендігін білмейтін пенде аз. Сондықтан оның ақындық шабыты бірде: Есіп кеп, майда желдер таудан асып, Құшақтап аймалады амандасып. Естіген, көрген-білген сырын маған Айтысты, қуанысып-сыбырласып,– деп жандандырып жіберсе, енді бірде:
Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп,– деп бейнелегеніне сенесің, ақынмен бірге қуанасың, шаттанасың, мұңаясың, өйткені алғашқы жауған қар дың көріккелбетінің өзінен үлкен сыр тартып, қатты ойландырады. Михнатты, былғанышты түсіп жерге. Кіршіксіз аппақ таза болдың перде. Ақша қар, уайымсыз жалғыз-ақ, сен Мəңгілік шаттығыңды жанға берме! – деген жолдар кім көрінгеннің көңіліне оралып, қаламына іліге бермейтін шумақтар. Сəкеннің ақындық жаны мен жанары табиғаттың əр құбылысынан өзіне ғана лайық, түркөрік, бейне-перне табады. Оны суреттеп беруге ақынның сөз бояуы еркін жетеді. Қиырсыздың қиырына жетейік, Өлшеуі жоқ көк мұхиттан өтейік. Аспандағы алыс қызыл жұлдызды Жерге əкеліп, жердің көркі етейік. Қара жерден аспан асып ұшайық, Жерді, аспанды біріктіріп құшайық. Аспан, жерді қуыршақтай қапсырып, Алып қолға ырғап-шайқап қысайық, – дегендегі бейнелі образдар жылдар іздеп табар олжа емес пе?! Аспандағы қызыл жұлдызды жердің сəніне айналдыру ниетінің өзі қандай өрелі болса, жер мен көкті қуыршақтай ойнатудың өзі сөз құдіретін меңгергендіктің ұлы көрі нісі. Мұндай ақындықтың інжу-маржандарын Сəкеннен көп табамыз, өйткені ол, Ғабит Мүсірепов айтқандай, «тұ ла бойы тұнған ақын. Сəкеннің кескініне қарап, оның ақын екендігіне сенетін едік» деуі əшейінгі табыну емес. Сондықтан Сəкен сынды ұлы ақындарымыздың абырой йын ел алдында асқақтата беру бізге парыз. Басқа қасиет те рі ақындығын ажарландыратын, кемеңгер азаматтығын аспандататын əшекейі ғана. Ақындықтың шын «Көкшетау – Оқжетпесін» көріп-білейік, ардақтап кұрметтейік, мақтан тұтайық! 15.01.1994.
СƏКЕН ƏДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ Өнерпаздардың дарын қуаты мол, алымы кең болғаны, əрине, мəдениет тарихы үшін үлкен олжа. Табиғи талант терең біліммен, телегей теңіз ақыл-парасаптен толысып, замананың эстетикалық, ғылыми талап-тілектеріне жауап беріп отырса, қалам қайраткерлеріне одан артық бақыт жоқ. Белгілі əдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Ғаббас Тоғжанов: «Біздің көбіміз (бəріміз десек те өтірікші бола қойман) қазір универсалмыз. Көп білгендіктен универсал емеспіз, көп міндет жүктелгендіктен, амалсыздан универсалмыз. Қазақ тұрмысында жұртшылық алдына түспей, білінбей қараңғы, тұйық жатқан мəселелер көп. Соларды ашқың келеді, түсінгін келеді. Əдебиет сыны тарихты білуді керек қылады. Тарих қазақтың экономикасын, ескі əдебиетін білуді тілейді»1, бір мəселеге екінші, үшінші мəселе жалғаса береді дегенінің тарихи шындықтан туғандығы Сəкен Сейфуллиннің ұланғайыр шығармашы лығымен танысқан уакытта əбден айқындала түседі. Сəкеннің жанкешті еңбегінің бір саласы қазақ əдебиетіндегі сын жанрының өркендеуімен, əсіресе əдебиеттану ғылымының қанат қағып, даму кезеңімен тұстас келетіндігін ұмытпаған абзал. Сондықтан сол кезеңнің үстем ойпікірінің Сəкенге ықпал жасағанын, екінші жағынан, Сəкен өзінің сыни-ғылыми еңбегімен сол ой-пікірлерге серке болғанын аңғармасқа тағы да болмайды. Өйткені əдебиғылыми шығармашылықтың бірде бір саласы Сəкенсіз өтпегенін С. Мұқанов2 пен М. Ғабдуллин3 айрықша атап көрсеткені белгілі. Медет Бағылбеков марқұммен бірлесін жазылды. 1 Ғ. Тоғжанов. Абайды əлі танып болғанымыз жоқ. «Əдебиет майданы». №11-12,1934, 87-бет. 2 С. Мұқанов. «Қазақ əдебиетінде жаңа эра». Кітапта, С. Сейфуллин. Шығармалар. 6-том, 5-6-беттер. 3 А. Ғабдуллин. Тыңнан түскен жол. «Қазақ əдебиеті» газеті, 29.01.1965.
Қазақ əдебиеттану ғылымының іргетасының қалай қаланып, қалыптаса бастағанының бір көрсеткіші ретінде Сəкен Сейфуллиннің ғылыми зерттеулеріне, əсіресе фольклорлық еңбектеріне əр сыңайдан назар аударсақ, көп жайдан хабардар ғана болып қоймай, бірқыдыру зəру мəселелердің шешім тапқанын көреміз. Сəкен шығармашылығында өмірдің бүгінгі өр талабы басым жатады. Сондықтан ол аспаннан жұлдыз қақпай, қазіргі тірлікке керекті машақаты мол істермен ай на лысып отырғанын ғылым мен білім саласындағы ізденістерінен анық көрінеді. Ол бірден іріге емес, ұсақтан үлкенге, толымды толғауларға ұмтылған зерттеуші екенін байқаймыз. Алдымен Сəкеннің қазақ əдебиетінің үлгілерін жинаушы жəне бастырушы қызметіне тоқталған дұрыс, өйткені идеологияда таптық көзқарас əбден меңдеп бара жатқанда ескі мұраға назар аударудың өзі қатерлі еді. Сəкен Сейфуллин ғылыми қайраткерлігі ауыз əдебиетінің үлгілері мен жекелеген ақындардың мұраларын жазып алып, жариялауынан бастау алды. Халық мұрасын жинауға кіріскенде алдына қойған мақсаттары: біріншіден, із-түзсіз жоғалып кетуден сақтау, хаттап, қағазға түсіру; екіншіден, талғап-таразылап, ой елегінен өткізіп, уақыт кəдесіне жарайтындарын тасқа бас тырып, жарыққа шығару; үшіншіден, заман талабы мен өскелең өмір алға тартқан қажеттіліктерді өтеу, яғни мек тептер мен жоғары оқу орындарын хрестоматия, оқулықтармен, қазақ əдебиетінің тарихын баяндайтын еңбектер мен қамтамасыз ету еді. Сəкен жас кезінен-ақ талай өнер саңлақтарын тудырған, сұлулығы «мылқауға тіл бітірген», ақындарға шалқар шабыт берген Көкшені аралап, ақын-əншілеріне, өнер «ақтаңгерлеріне» қатысты деректерді жинай жүріп, зерттеп насихаттау үшін ел арасында айтылып жүрген аңызəңгімелерді, ертегілерді көптеп жазып алып отырған. Кəрі құлақ шежірелерді, сондай-ақ ақын-əншілердің шығармаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін, небір қиссаларды хас шеберлерге айтқызып, аса қажеттілерін, құндыларын қағаз бетіне түсіре берген. Сал-серілікті биікке көтерген
Біржан сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, өз өнерімен халық жүрегіне жол тапқан Балуан Шолақтың ұрпақтарымен кездесіп, оларды білетін, өнеріне тамсанған азаматтардан мол мағлұматтар жинауы – Сəкеннің бұл игі іске жүрдім-бардым араласпай шындап кіріскендігін көрсетеді. Ақан сері, Біржан сал, Майра, Қарақожа т.б, өнер қайраткерлерінің мұраларын ел аралап жүріп жазып алса, Жамбыл, Кенен сынды халық ақындарымен жүзбежүз кездесіп, Жетісуға аты мəшһүр өзге жыршылардың сөздеріне назар аударады. 1921 жылы Омбы, Петропавл, Ақмола, Көкшетау, Қарағанды, Спасскіні аралағанда да ауыз əдебиетінің үлгілерін тыңдап, əр өңірдің дəстүрін, ерекшеліктерін көзімен көреді. Онан кейінгі сапарларында да ел мұрасын жинайтын шұрайлы, бай өңірлерді айқындап отырады. Сəкен халық ауыз əдебиетінің мұраларын, жеке ақындардың шығармаларын, айтыстарын жинағанда өзіне үлгі болар Ш. Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, В. Радлов, Г. Потанин, Ə. Диваев, М. Ж. Көпеев, т.б. сынды ғұлама азаматтардың жəдігерлігін естен шығармаған. Сонымен қатар XX ғасыр басында қазақтың зиялы қауымы, əсіресе А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедовтердің əдебиет үлгілерін жинап, бастырулары Сəкенге əсер етпей қалмады. Сол тұстағы аса зəру мəселенің бірі жəне бірегейі – орта мектептерге, жоғары оқу орындарына ана тілінде оқытатын оқулықтар жасау, жазу болды. Бұл қажеттілікті алғаш сезген де халқымыздың сол ат төбеліндей зиялылары еді. Мəдениетіміз, ғылымымыз өркендеуге мүмкіндік алған кезде, олар қол қусырып отыра алмады. Осындай қажеттіліктер қысып, А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Əуезов, М. Жолдыбаев, С. Мұқанов т.б. оқулық жазу ісімен шұғылданды. Олардың мамандықтары əртүрлі бола тұрса да зəру мəселені шешу үшін аянбай еңбек етіп, жан-жақты білімдарлықтың (универсализм) озық үлгісін көрсетті. Осы топтың алдыңғы легінде Сəкен болды. Сəкен көтерген мақалаларында, сөйлеген сөздерінде, жасаған баяндамаларында əдеби мұраны жинауды, зерт-
теуді баста міндет етіп керсетіп, осы бір ізгілікті іске көпшіліктің де ат салысуын, жұмыла кірісуін қалады. Республикамызда бұл жұмыстардың кенжелеу қалып отырғанын жете ұғынып, ел болып, халық болып кірісуге шақырды. 1929 жылы «Ашық хат» жазды, 1934 жылы Қазақстан жазушыларының 1 құрылтайында сөйлеген сөзін де əдеби мұраны жоғары бағалап, оған ерекше тоқтап, жинау, бастыру, зерттеу кезек күттірмейтін іс екенін айтты. Тіпті, 1924 жылдардың өзінде-ақ Орынбор қаласында, қазақ жастарының клубында «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы» деген тақырыптағы лекциясында да осы мəселеге көңіл бөлген болатын. 1928 жылы Ташкенттегі Қазақ-қырғыз ағарту институтының студенттеріне қазақ əдебиетінің жай-күйі жөнінде мазмұнды баяндамалар жасап, білімге сусындап жүрген жастардың «шөлін қандырып», əдебиет пен өнердің оларға мəлім емес қыр-сырын, құпиясын білуге жол ашады. Қырғыз, қарақалпақ əдебиеттерінің өркендеуі жөнінде де ой-пікір айтып отырады. Ол көне мұраларды, жеке ақындар шығармаларын жинағанда мынандай жолдарды пайдаланған: – Қазақтың біраз жерін аралап, көнекөз қариялардан естіп, өзі жазып алады. Елден естігендерін жадында сақтаған. – Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ ұрпақтарымен кездесіп, біраз деректер алған. – Үкілі Ыбырайды, Жамбылды, Кененді, Иман Жүсіпті, Ғазизді көп тыңдаған. – Ə. Диваевтан көптеген керекті материалдар алған. – 1929 жылдан бастап студенттер арқылы жинастырған. – 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Ашық хат» жазып көпшіліктің көмегіне сүйенген. Осы арналар оның халық мұрасын жинаудағы қызметін, еселі еңбегін танытса, енді бір сала еңбегі сол мұраларды бастырып, жариялап, насихаттауымен де тағылымды. Қазақ əдебиеттану ғылымында соңғы кезде «базбір» зерттеуші-ғалымдар басқалардың тірнектеп жинап, бастырғаны бойынша ғана өз ой-топшылауларын, пікірін айтып, «дайын дүниеден тау жасап жүрсе», өзгесін айтпағанда
А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, М. Əуезов, С. Сейфуллиндер ондай игі істі өз қолымен атқарып, азап-бейнетін де, рақат қызығын да қатар көріп, толымды пікір айтып отырған бейнетқор ғалымдардың озық үлгі-өнегесін, сара жолын көрсетіп, салып кетті. Оны кейін Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиевтер сəтті жалғастыра білді. Сəкен алғаш рет «Жаңа мектеп» журналында Кұлмамбет пен Майкөт, тама Мұсайын Байтілеуұлы мен үйсін Қарақожаның айтысын, «Жанқожа жайындағы өлеңдерді» жариялады1. 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналының 12-санында Шөженің Ерденге айтқан өлеңін, бар қазаққа аты жайыла қоймаған Мүсіреп биді таныстырып, оның сөздерін бастыр ғанда көркемдік ерекшелігіне, мəн-мағынасына, шығу тарихына айрықша көңіл бөлді. Сəкен осы машығын кейінгі кезде де жалғастырып, 1936 жылы «Əдебиет майданы» журналында «Нəзімбек» жырын жариялады. Халық тық інжу-маржандар 1937 жылы тұтқындалғанда көп папкалардың ішінде кеткен сияқты. 20 жылдардан басталған үздіксіз ізденудің, бейнеттенудің нəтижесінде жиналған мол дүниелерді Сəкен 30 жылдардан бастап ғылым ауқымына тартып, қазақ фольклортану ғылымына қомақты үлес қосты. 1931 жылы «Қазақтың ескі əдебиет нұсқаларын», 1932 жылы I. Жансүгірұлы, Ə. Мəмбеткеліні, Б. Майлыұлдарымен бірігіп «Əдебиеттану оқу құралын», 1933 жылы «Батырлар жырының» бірінші томын, 1934 жылы Ы. Алтынсариннің өлеңдер жинағын, 1935 жылы Ө. Тұрманжановпен бірлесіп 5-класқа арналған «Көркем əдебиет» оқулығын, Ақан сері мен Ақмолла ақын өлеңдерінің жинағын, Ш. Құдайбердіұлы аударған «Лəйлі-Мəжнүн» дастанын бастырып шығарды. Негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы «Қазақ əдебиеті» деген атпен жарық керді. Əрине, жалпыхалықтық сипат алып кеткен əдеби мұралармен қатар қазақ мəдениет тарихында айрықша із қалдырып кеткен дарындардың шығармаларын жинау, жариялау қажеттігі өмірлік талап болғанымен, 30-жылдардағы 1 Жаңа мектеп. 1929, №4.
идеологиялық қыспақ кезінде көп зерттеушілер жүрексініп қалғаны ескішіл, көнешіл, кешегіні насихаттаушы ұлт шыл деген жалған жалаға ұшырамайын деп халық мұрасынан іргесін аулақ салғандар аз болмағаны белгілі, өйткені А. Байтұрсынов пен X. Досмұхамедовтің, М. Жұмабаевтың түрмеге түсіп, азап шегуіне осы саладағы еңбектері де себепші болғаны өтірік емес. Міне, осындай кезде Сəкен Сейфуллиннің халық мұрасының жақтаушысы, қазақ əдебиеті мен мəдениетіне орасан зор үлес қосып кеткен дарындардың жоқтаушысы болуы айрықша ілтипатқа алынар жай. Тапшылдық қырағылықпен шабуыл жасап жатқан «марксшіл сыншыларға» қарамастан Сəкеннің, Ыбырай, Ақан сері, Ақмолла, Шəкəрімдердің жинақтарын жариялауы батырлықпен пара-пар еді. Рас, 20 жылдары Сəкен əдеби мұра төңірегінде пролеткультшылардың ұрандарына іш тартып, артық сілтеген кездері де болмай қалмады. Абай, Сұлтанмахмұт туралы тапшылдық тұрғысынан қайшылықты пікірлер де айтқан кезі бар. Абай бай-феодал табынан шыққан ақын десе, Сұлтанмахмұтты алашордашыл ақын деп білді. Ауыз əдебиеті шьғармаларының біразы үстем таптың ықпалын тарататын мықты құрал деп ұқты. Жəне Қазан төңкерісіне дейінгі «əдебиет нұсқаларының бəрі де бұрынғы замандағы елді билеп үстемдік жүргізген билер, байлар табының үстем санасымен шыққан жəне сол таптың құралы болған əдебиет»1 деген ұғымда болды. Мұндай түсінікте болуы – оның да шалыс қадамдар жасап, кемшіліктерге жол беріп, бой алдырғанын көрсетеді. Əрі фольклорға, көне мұраға деген берік, өзіндік көзқарасының қалыптасып болмағанын танытады. Бұл – жалғыз Сəкеннің жеке дара басының қателігі емес еді. Осы тəріздес қате-түсініктерді 20–30-жылдардағы əдебиеттану еңбектері мен көне мұраға арналған мақалалардан жиі кездестіруге болады. Оның негізгі сыры – көне мұраға деген тапшылдық позиция мен көзқарастардың 1 Сейфуллии С. Қазақ əдебиеті, Қызылорда. 1932, 6–7-беттер. Сейфуллин С. Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. Қызылорда, 1931, 38-бет.
қатаңдығынан, тіпті қателігінен теріс тұжырым-түсініктер етек алып кеткені бүгін анық көрініп отыр. Бір кездері пролеткульт шылауында болған Сəкен 30-жылдарға қарай əлгі райынан қайтып, халық мұрасының қадірінің жоғары екенін түсініп, ғылыми тұрғыдан зерттеуге бекінді де өмірінің соңына дейін оның қамқоршы жанашыры болып өтті. Абайды да алғашқылар дың бірі болып таныды1. Ал Сұлтанмахмұттың еңбегін бағалауда, мұрасын танып білуде, ілгеріде айтқан пікірін кейін де өзгертпеді2. Сəкеннің мұндай көзқарасына таң қалуға болмайды, өйткені 1932 жылы Өлкелік партия комитеті қазақтың оқыған зиялылары мен ақын жазушылардың бəрі алашорда қатарында болып, ұлтшылдықты уағыздады деген тұжырымды реті бар болса да, жоқ болса да соларға таңа беру жөнінде нұсқау берген болатын. Қазақ тарихының тапшылдық тұрғыдан «заңды» бұрмалануы осыдан өрбіген-ді. Болмаса, 1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50 жылдығында сөйлеген сөзінде Сəкен: «...Ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді... Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл... Бірақ байын, кедейін айырмай қазақты ғана сүйетін адал жүрек таза ұлтшыл»3 – деп, Ахметті халқын шексіз сүйе білген, ұлтының ар намысы жолында өз өмірін қиюға дайын тұрған «таза ұлтшыл» жан ретінде жоғары бағалаған болатын. Ал, 20-жылдардың екінші жартысынан былай қарай «ұлтшыл» деген сөздің мəн-мағынасын теріс айналдырып алдық. Осыдан барып, қазақ зиялылары «ұлтшыл», «алашор дашыл», «советшіл», «төңкерісшіл» болып бөлініп шыға келді де, бір-бірлеріне қарсы идеологиялық майдан ашты. Бір ұлттың бетке ұстарларының осылайша жікке, топқа бөлі ніп, өзді-өзі кырқысуы Голощекиндерге аса қажет те еді. 1 С. Сейфуллин. Шығармалар, 4-том, А., 1962, 224-бет. «Жалын». 1988, № 4, 38-бет. 2 «Көркем əдебиет». А., 1935. Қазақстан кеңес жазушыларының тұңғыш құрылтайы. 1934, 12–18 маусым, 110-бет. 3 «Бес арыс» жинағы. А., 1992, 180-182-беттер.
Осындай кезде əдебиет, майданында ұрандай түскен аға ұрпақтың жанын шүберекке түйе жазған еңбектерінде уақыт салған сызаттарды дабырайта даурығу, белгілі бір тұлғалар, əсіресе Сəкен мен Сəбит төңірегінде дау туғызу, абыройына көлеңке түсіру, халық көңілін суыту сияқты келеңсіз пікірлер кездесіп те жатқанын жасыруға болмайды. Қайшылықты өмір соқпағы төңкерістің алғашқы кезеңінде Сəкен коммунистік идеяның гуманистік буына бой алдырып, мəдениеттің ұлттық сипатынан гөрі жалпы адамзаттык, таптық, интернационалистік мүддесіне ойысқандардың алдыңғы легінде болғаны шындық. Сондықтан жеке-дара пікірлерін есте тұта отырып, Сəкеннің тарихта аты қалған ақындардың мұрасын зерттеу, бастыру еңбегінің мəн-мағынасына əділ бағасын беруге тиіспіз. Тапшылдық көзқарастың шалығы мұнда да кездеседі. Бірақ түтінінің шалқуы түзу екенін аңғармасқа болмайды. «Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары» деген жинақты Бұқар, Балқы Базар, Шортанбай, Досқожа, Сүйінбай, Шөже, Балта, Кемпірбай, Жанақ, Түбек, Орынбай, Серəлі, Тоғжан, Құлмамбет, Жамбыл, Майкөт секілді жыр дүл дүлдерінің өлеңдерін, айтыстарын бастырып шығарды. Кейбіреулерінің шығармалары алғаш рет осы жинақ арқы лы баспа бетін көрді. 30-жылдары Сəкеннің осы жинақты жариялауы аса бір сонылық, батылдығы бар жаңалық болумен қатар, көпшіліктің қажетіне жарап, практикалық зəрулікті өтегені даусыз. Сəкен: «Бұл жинақтағы ескі əдебиет сөздерінің пікір - лері – еңбекші тап мақсатына теріс келетін пікірлер. Ол жайды оқушылар есінен шығармауы тиіс»1 – деп ескерту жасайды. Бұлай айтуға ол еріксіз барған. Шортанбай, Кенесары қонысынан ауғанда Досқожа ақынның айтқан өлеңін, немесе Бұқар бабамыздың орыс патшасының түбінде өзімізді бағындырып, шұрайлы жерімізді, суымызды, ата қонысымызды біртіндеп алатынын, отарлау саясатын мықтап жүргізетінін болжап, сақтандырып Абылай ханға 1 Сейфуллин С. Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. Қызылорда, 1931, 3-бет.
айтқан ащы өлеңдерін ендіріп отырғандықтан, Сəкен іс басында отырғандардың, сол кездегі «қырағы көз» сыншылардың жинақты шығармай қою, күзеп, қырағы лық таныту əрекеттерінен қауіптенгені шүбə келтірмейді. «Тап шылдығын» бадырайта көрсетіп, «іргесін бермеуге» ниеттене отырып, заман ыңғайына келетін «кешегі» сөздерді оқушыларға жеткізу қажет болғанын аңғартпау əбестік болар еді. Мұндай əрекеттер кейінгі кезде «объективті насихат» деп танылған болатын. Сондықтан əлгі ақын дардың аттары түгілі, шығармаларын атағандарды күні кешеге дейін кінəлап келгеніміз өтірік емес. Досқожаның өлеңін жариялағаны үшін Сəкенді де талғампаздық көрсете білмеді, саяси қырағылық таныта алмады деп айыптадық. Оларды «ұлтшыл», кертартпа, өткенді көксеуші ақындар деп айып тағып, қолдан қоңырау байлап, əдебиетіміздің тарихынан ысырып, біраз жыл аластадық та. Осындай аумалы-төкпелі заманды ескерер болсақ, Сəкеннің 30-жылдары-ақ үлкен істің батыл бастаушысы болғанына көзіміз жетеді. Сəкен осы жинағында Бұқар жыраудың творчествосына мол орын беріп, оның тек жырау ғана емес, өз тұсында үлкен-үлкен мəселелерге араласып отырған ірі мемлекет қайраткері, Абылай ханның данагөй ақылшысы, табанды серігі, халықтың қамқоры болғанын аңғартады жəне ел аузындағы аңыздардың қисындысын Бұқарға жанастыра отырып, даналығы мен тапқырлығы, үлкен ой, толымды пікірі бар сөздерінің көркемдік қасиетін жыға таниды. Бұқарды шетке қақпай өзімен тең дəрежеде ұстап, мен ханмын, жеке дара ел билеушімін деп бет қаратпай, көкірек кермей ақылға салып, парасаттылық таныта, кей ретте сөзіне құлақ асып отырған Абылайдың білгіштігі, ақылдылығы оның тұлғасын тіпті ірілендіре түседі. Сонымен қатар Бұқардың ханға ықпал жасайтын би болға нын айғақтайды да. Төле бидің: «Елге бай құт емес, би құт» деген аталы сөзін растайды. Абылайды арнайы сөз етіп тоқталмағанымен, Бұқардың оған арнап айтқан бір топ өлеңдерін, ел аузындағы аңыздарды, əңгімелерді енгізу арқылы да Абылай ханның халқымыздың тарихындағы ірі қайраткер тұлға болғанын
аңғартады. Жəне Бұқар жыраудың өсиет-нақылдарын, фило софиялық толғауларын жариялау арқылы өзі айта алмаған ойларды, пікірлерді жанамалап өткізсе, Абылай сынды мемлекет қайраткерлерін ел есінен шығармаудың да айласын тапты. Сынай отарып насихаттаудың бір парасы Сəкеннің «Көкшетау» поэмасында анық аңғарылатынын есімізден шығармайық. Сəкен – өз халқының намысы мен ары жоғары, терезесі тең болуын қалаған, сол жолда еңбек еткен қаламгер. Сондай-ақ, бұл жинақта Шортанбай шығармалары кеңес заманында алғаш рет топтастырыла жарияланды. Осы жинаққа енген мұраларды Сəкен жариялағанда оқырманға түсінікті болу мақсатын көздеп, əрбір ақынның өлеңдерінің, айтыстарының түп-төркініне, шығу тегіне, айтылған жерлеріне дейін назар аударып, көркемдік сапасына да қатты көңіл бөлді. Сəкеннің бұл жинағы – ауызекі əдебиет өкілдерінің шығармаларының басын біріктіріп, құрастырылған алғаш - қы жинақтардың бірі болуымен айрықша құнды. Əдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін танытатын дарындардың шығармаларын хронологиялық жүйемен орналастыру, ғылыми түсіндірме беріп отыру машығымен қазақ əде биеттану ғылымының аңызына егілген өнімді дəннің бірі. Сəкеннің өз халқына сіңірер еңбегі əр саладан, тіпті жинаушы, бастырушы ретіндегі бейнетқорлығының өзі айрықша атауға лайық. Өйткені, өмірдегі сал-серілігі өнер саласындағы михнатшылдығымен ажарлана түскенін көрмеске болмайды. Осы еңбекшілдікті Сəкен жазба əдебиет өкілдерінің шығармаларын насихаттау, зерттеу бағытында қоюландырып тереңдете түскен. «Көркем əдебиет» деген оқулық (Ө. Тұрманжановпен бірлесіп жазған – авт.) қазақ оқырмандарына Абай, Сұлтанмахмұтпен бірге Қазан төңкерісіне дейін бірнеше жинақ жариялап, қазақ əдебиетіне сүбелі үлес қосқан белгілі дарындар жайында кең ой толғайды. Бұл еңбек қазақ əдебиетінің тарихында болған дарындарды педагогикалық тұр ғыдан таныстырушы құрал болуымен бірге, Сəкеннің қайшылықты пікірлерін тиянақтап, көркемдік қуатын əділ сипаттауы тұрғысынан да айрықша назар аударуды талап ететін дүние.
Абай, Ғұмардың шығармалары, көркемдігі, тіл ерекшеліктері жоғары бағаланады. Əдебиетімізге қосқан үлестері орынды, ұстамды пікірлермен баяндалады. «Көркем əдебиетте» Абай, Сұлтанмахмұт, Ғұмар атта - рына кей тұста «ескілікті көксейді», «ұлтшылдықты жырлайды» деген сияқты сөз қосақтап, «саяси олқылықтарын» тілге тиек етуі – сол тұстағы «солақай саясатшылардың» соқпағына түсе отырып, аталған ақындарды халыққа кеңірек таныстыру, олардың мұрасынан кейінгі ұрпақ көз жазып, мақұрм қалмау мақсатын ойлағандық еді. Біздің бұл ойымызды «көркем сөздің көрнекті шебер ұсталары, классиктеріміз – Абай, Ақмолла, Қарашұлы, Омар, Мəшһүр Жүсіп, Торайғырұлы Сұлтанмахмұт, тағы басқалар»1 – деген тұжырымдары растайды. Сəкеннің ғылыми мұра ларын ақтарып қарағанда, оқулықтарға кірген ақындар ғана емес, қазақ əдебиетінің əріден жеткен алыптары – Бұқар, Шортанбай, Досқожа, Балқы Базар, Сүйінбай, Шөже, Құлмамбет, Майкөт, т.б. ақындар жырлары мен Ақан сері, Ы. Алтынсарин, Біржан сал, Ақмолла, Шəкəрім шығармашылықтары туралы пікірлері де осы сыңайды танытады. Қазақ əдебиетінің асыл тұлғаларын кейінгі ұрпаққа таныстырып, өнегелеу жолына көп күш жұмсағанын көрсетеді. Жəне келешекте қазақтың жазба əдебиетінің тарихын жасаудың алдын ала жасалған барлауы болып та көрінеді. Өйткені, ол кезде мектеп оқулығын бірден əдебиет тарихына айналдырып жіберу мақсаты əлі күн тəртібіне қойыла қоймаған-ды. Сондай-ақ Ыбырайдың, Ақан серінің, Ақмолланың өлеңдерін, Шəкəрімнің «Лəйлі-Мəжнүн» дастанын жекежеке жинақ етіп, алғы сөз жазып, халыққа ұсынған да Сəкен. Бұ лардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тəн ерекшеліктері бар қазақтың жазба əдебиетінің ірі өкілдері. Оларды мектеп оқушыларына емес, қалың оқушыға арнағандықтан «бəзбіреулердің талап тастамауы» үшін алғы сөз жазуды айрықша қажет тапты. Кейде түсіндіре баяндап, кейде қысқа қайыруының сыры – өнерпаз тұлғасының саяси тұрғыдан «күрделілігіне» де байланысты еді. 1 «Көркем əдебиет». А., 1935,180-бет.
Əсіресе, Сəкеннің Ақмолланы тануға қосқан үлесі зор. «Ақмолла – қазақ əдебиет тарихынан да, татар əдебиет тарихынан да зор орын алуға тиіс ақын екені рас»1 – деп ұлт əдебиеттеріне ортақ құбылыс екенін алғаш айтты. Қазақ əдебиетінен де лайықты орын беріп, шығармаларын жинап, зерттеу керектігіне баса назар аударды. Ақмолла сияқты үлкен ақынның қазақ əдебиетіне олжа саларын ерте ойластырған еді. Сəкеннің Ақмолла жайлы айтқан қомақты ойлары бүгінде де толық жүзеге асып болды деу қиын. Рас, ол бастаған бастама ілгерілей беретіндігіне күмəн жоқ. Оған Б. Кенжебаевтің басшылығымен У. Қалижановтың арнайы диссертация қорғауы, шығармаларын жариялауы, Б. Ысқақ овтың зерттеу мақала жазуы қуантарлық құбылыс болғанымен қазақ əдебиеттану ғылымына аздық етеді. Шəкəрім аударған «Лəйлі-Мəжнүнді» бастыруы да үлкен ризашылықпен аталуы тиіс. «Дастанды қазақшаға аударған белгілі ақын Шəкəрім Құдайбердіұлы»2 – деп ашық жазуы, Шəкəрімнің атын атап, тəуекелге баруы – сол кезең үшін көзсіз ерлікпен пара-пар еді. Сөйтіп, Сəкен қазақ ақындарының мұрасын тануға өзінің зор үлесін қосып қана қоймай, əдебиет тарихын жасауға қажетті істердің үлгісін де көрсетті. Қазақ əдебиеттану ғылымының алғашқы адымдары мен қолы жеткен табыстарын айтқанда, Сəкен Сейфуллиннің «Қазақ əдебиеті» 1-ші кітап. «Билер дəуірінің əдебиеті» деген ғылыми зерттеуі алдымен ауызға алынатын күрделі еңбектің бірі. Бұл еңбегінде Сəкен қазақтың бай ауыз əдебиетінің ең көрнекті де үлгілі нұсқаларын ғылыми жүйеге салып, оның ішкі жанрларын саралау, көне тарихты көркем туындылармен сабақтастыру негізінде жоғары оқу орындарына арналған оқу құралын жасаған. Еңбектің осындай қасиеттері оның құндылығын арттыра түсіп, күні бүгінге дейін өзінің мəнін жоймай келеді. Коммунистік идеологияның қысымынан ада болғаннан соң оның қадірі бұрынғыдан да арта түсуде. 1 Ақмолла. Өлеңдер жинағы. А., 1935,7-бет. 2 «Лəйлі-Межнүн» дастаны. Құрастырушы Сейфоллаұлы Сəкен, А., 1935.
Сəкен Сейфуллиннің бұл іргелі еңбегіне мүмкін қадірінше молырақ тоқтап, талдау жасау қажет. Өйткені, бүгінгі оқушы қауымға бұл кітаптың қалай дүниеге келгендігін, 20-жылдардың аяқ шені мен 30-жылдардың бас кезінде ауыз əдебиеті жөнінде қандай көзқарастардың болғанын, ғылыми зерттеудің өресі қандай дəрежеде екенін кысқаша таныстырып, бұл еңбектің өн бойында кезде - сетін кем-кетіктердің де сырын түсіндіру қажет. Қазақ фольклористикасымен Сəкеннің шындап шұғылдануына практикалық мұқтаждық əсер етті. 1926 жылдан бастап Сəкен педагогикалық қызметпен айналысқаны мəлім. Əуелі Қызылорда халық ағарту институтында, одан кейін Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық институт (Казпедвуз) пен Орта Азияның коммунистік университетінде қазақ əдебиетінің тарихынан дəріс оқыды, 1929 жылы КазПИ-ге ауысты. Ол кезде жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралының жоқтығы былай тұрсын, орта мектепке арналған оқу кітаптарының өзі аз, тіпті жоқ болатын. Сəкеннің сөзімен айтқанда «журналдарға, газеттерге жазылған кейбір мақалалар болмаса, бүгінге дейін қазақ əдебиеті туралы жазылған ештеме жоқ. Əсіресе ескі «ел əдебиеті» туралы жазылған ештеме жоқ. Ескі «ел əдебиеті» туралы ештеме жоқтығы былай тұрсын, сол ескі ел əдебиетінің жинақтары да жоқ... Сондықтан «Қазақ əдебиеті» туралы бірдеме жазу, ескі ел əдебиетін іздеп, құрастырып жалғастыру өте қажет екендігі соңғы жылдарда тым қатты сезілді»1 дегенің осы кітапқа алғы сөз жазған Молдағали Жолдыбаев былай қуаттаған: «Бастап педагогика институты ашылды. Бұл институтқа қазақ əдебиетін оқыту керек болды. Бұрынғы бастауын, орта дəрежелі мектептердегідей ауызша оқыту жоғары дəрежелі мектепте мүмкін болмады. Институтта қазақ əдебиетін оқытушы Сейфоллаұлы Сəкен жолдас бұл қиыншылықты шеккеннен кейін қазақ əдебиеті туралы кітап жазуға 1 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап. «Билер дəуірінің əдебиеті». 1932, 6-бет.
кіріскен. Жоқтық қысып амалсыздан Сəкен тарихшы болған»1. Өзінің ұстаздық қызметінде осындай қиындыққа кезіккен Сəкен 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газеті арқылы қалың қауымға ашық хат жазып «еңбекші таптың совет мектебіне ылайық тарих кітабы, əдебиет тарихы əлі де жазылып шыға алмай келеді... Жазылып шыға алмай келген қазақ тарихы, қазақ əдебиеті тарихы жəне де басқа осындай тарихтар енді осы Қазақстанда білімнің ұлы қазаны, ұлы дүкені болып отырған университет (КазПИ əуелінде университет болып құрылған. – авт.) маңында жазылып, тəртіптелінуі керек... Əркім əр жерде бөлек-бөлек жинап жүргеннен, мына жалпының ортасындағы ұлы қазан тəрізді университетке жиналуы керек. Сол себепті қазақ елінің əр түкпіріндегі əлеуметшілік сезімі бар азаматтардан қазақтың ескі тарихи мағлұматтарын: шежіре, билер сөздері, батырлар əңгімелері, жырлары, тақпақтар, ертектер, қиссалар, əдеп-ғұрып жырлары (беташар, жар-жар, жоқтау), айтыс, үгіт-насихат, болжау, тағы да осы тəрізді сөздерді жазып, жинап, университетке жіберулерін өтініш қыламыз»2 деп өзінің үй адресін көрсеткен. Сəкеннің бұл ашық хатына газет арқылы жауап берушілер де болды. Өзі атап көрсеткен кейбір материалдардың «Қазақ əдебиеті» кітабында талданылуына қарағанда жəне айрықша құнды шығармалар жинап берген адамдардың атын атап отыруына қарағанда, Сəкен əлеуметшіл азаматтардан көп көмек көрген. Сөйтіп көптің жəрдемімен «Қазақ əдебиеті» туралы жазылмақ екі кітаптың біріншісі «Билер дəуірінің əдебиеті» 1931 жылы 8 наурызда жазылып бітіп, 1932 жылы басы лып шықты. Бұл кітап Қазақстанның халық ағарту комиссариаты тарапынан қолдау тауып, жоғары оқу орнының бірден-бір оқулығы болған. Осындай практикалық зəрулік Сəкенге ойланып-толғануға мұрсат бермеген. Оқулық – хрестоматия жазылып, жарыққа шыққанша талай уақыт өтерін сезген Сəкен 1931 1 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап. «Билер дəуірінің əдебиеті». 1932, 4-бет. 2 С. Сейфуллин. Шығармалар, 4-том, 389-390-беттер.
жылдың 4 мамыр күні «Қазақстан» баспасына «Қазақтың ескі əдебиет нұсқаларының» бірінші жинағын ұсынды. Ол да аз уақыт ішінде басылып шықты. Сол жинаққа жазған алғы сөзінде Сəкен əрбір кезеңнің үстем идеологиясы əдебиетке ықпал ететіндігі жөніндегі маркстік-лениндік қағиданы түсіндіре келіп, «əдебиет тарихын зерттегенде дерек бола берсін деп əзір қолға түскен ескі əдебиет нұсқаларынан осыларды жинастырып шығардым. Кейін тағы да жинастырылып шығарыла берер. Бұл жинақ «Билер дəуірінің əдебиеті» деген кітап пен оған жалғас дəуірдің əдебиеті туралы жазылған кітаптар ға қосымша дерек (материал) ретінде шығады»1 дегенін естен шығармаған абзал. Осымен катар тапсырылған «Ба тырлар жырларының жинағы» Семей баспасынан 1933 жылы шықты. Онда да Сəкен «Ескіліктің тұрмысын, əдебиетін, тарихын зерттеп тексерушілерге мұндай мағлұматтар дерек болуға тиіс. Батырлар жырлары менің «Қазақ əдебие ті» деген кітабымда талқыланған. Мұнда сол батырлар жырларын жинап жариялап отырмын»2 деп ескерткен. Табиғатта салдар-себепсіз ештеңенің болмайтыны сияқ ты, жоғары оқу орындарындағы студенттерге оқулық жасап беру ниеті Сəкенді фольклористиканың бар саласын шарлауға, оның ішінде ең қиын да абыройлы жариялампаздық қызмет атқаруға мəжбүр еткен. Осы реттен алғанда «менің таяудағы ойыма келіп, қиялыма құрылып жүрген нəрсе – қазіргі тұрмысымыздан бір роман жазу, бірнеше əңгімелер жазу, бірнеше дастандар жазу еді. Бірақ былтырдан бері «Қазақ əдебиеті» туралы бірдеме жазу, ескі ел əдебиетін жинастыру міндеттей көрініп, осы іске кірістім»3 деп баяндап, шығармашылығының жоспарын қазіргі зəру практикалық қажеттікті орындауға, мұқ таждықтан құтылуға құрбан еткендігін көреміз. Осындай шығармашылық, құрбандық əлгі жинақтармен ғана шектелсе, əрине, орны толмас өкініш болар еді. Өзінің 1 Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. 1-жинақ. Жинаған Сəкен (Сейфоллаұлы). 1931, 3-бет. 2 Батырлар жырының жинағы. Жинаған Садуақас Сейфоллаұлы Сəкен. 11-жинақ. 1933, 5-бет. 3 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап, 1932, 5-бет.
екі-үш жылдай уақытын оқулық жасауға жұмсаған Сəкен «Қазақ əдебиеті» атты монументті еңбек жазып, өзінің ғалымдық тұлғасын айқын танытты, ұлы дарынның тағы бір өнерпаздық қырын айқындады. Енді «Қазақ əдебиеті» атты ғылыми еңбектің қадірқасиеттеріне тоқталған жөн. Əрине, қазіргі өркені өскен оқушы жұртшылыктың білім дəрежесі тұрғысынан, М. Əуезов атындағы əдебиет пен өнер институтының ұжымы шығарған қазақ əдебиетінің ғымыми тарихы тұрғысынан жəне фольклоррист-зерттеушілердің жарияланған соңғы еңбектері тұрғысынан қараған уақытта, бұл кітаптың бірқыдыру кемшін, жетіспей жататын жерлері бары сезіледі. Ал 30-жылдардағы ғылымның өркендеуі тұрғысынан қарағанда мұндай құнды, практикалық мəні зор еңбекті жазған С. Сейфуллиннің игі қадамы жемісті болғанын көреміз. Күні бүгінге дейін қазақ əдебиеті тари хын, əсіресе оның ауыз əдебиетін зерттеушілер бұл еңбекке үңілмей өте алмасы айдан-анық. Əрине, С. Сейфуллин халық ауыз əдебиетінің үлгілері мен нұсқаларына талдау жасағанда меркстік-лениндік мето дологияны басшылыққа алып, таптық көзқарас тұрғысынан баға беруге еріксіз ұмтылып отырған болатын. Бұны кемшілік деп ұғу да кей кезде орынды болмақ емес. Өйткені, əдеби мұраларды зерттеуде 40-50-жылдардағы еңбектерде кеткен шалағайлықтар мен жаңылыстарды еске алғанда Сəкен көзқарасының парасаттығы, құндылығы айқын дала түседі. Əр шығарманың көркемдік қасиеті мен идеялық нысанасын шығармашылық бірлікте қарастыра отырып зерттеудің арқасында Сəкен дəйекті ғылыми шешімге келген. Сонымен С. Сейфуллиннің ғылыми еңбектерінің ішіндегі ғана емес, бүкіл қазақ əдебиеттану ғылымындағы өресі биік еңбек – «Қазақ əдебиеті» атты оқулық-хрестоматиясы əдебиетіміздің тарихын зерттеу жөнінде А. Бай - тұрсыновтың1, М. Əуезовтің2, X. Досмұхамедовтың3 еңбектерінің ізін ала жазылған күрделі еңбек. Əдебиеттің 1 Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. 1926. 2 Əуезов М. Əдебиет тарихы. 1927. 3 Досмұхамедов X. Қазақ халық əдебиеті. 1928.
тарихын, оның қалыптасып даму кезеңдерін тарихқа байланыстыра қарастыру, əдебиеттің халықтық сипатын ашық көрсетуде өз кезінде ерекше қызмет атқарды, практикалық мəні зор болды. Өйткені, жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін оқытпауға шешім болғандығы бір болса, екіншіден, М. Əуезовтің 1927 жылғы «Əдебиет тарихы» кітабының тиражы түгелдей өртеліп жіберілді, жарық көрмеді. М. Əуезовтің өзінің қолында аман-есен сақталып қалған жалғыз данасы арқасында соңғы кезде екі рет басылып шықты, бірақ бұған дейін еш жерде практикалық тұрғыдан пайдаланылған жоқ. Ол кітаптардың бəрі де «алашордашылардың» қаламынан шықты деп ғылымипрактикалық мəнінен гөрі «саяси» жағына назар аударыл - ды. Мектеп пен қалың жұртшылықтан тасалап ұсталды. Тіпті жоғарыда айтқанымыздай, М. Əуезовтің «Əдебиет тарихы» 10 мың тиражы түгелдей өртелінді. Сондықтан Сəкеннің «Қазақ əдебиеті» жоғары оқу орындарында оқытылған бірден-бір еңбек болды. «Қазақ əдебиеті» еңбегінің жетістігі, кемістігі, құндылығы жөнінде М. Жолдыбайұлы1, Б. Кенжебаев2, Н. Смирнова3, С. Мұқанов4, Т. Кəкішев5, М. Ғабдуллин6, С. Қирабаев,7 т.б. ғалымдар мақалаларында, зерттеулерінде ой-пікірлер айтылды. Халқымыздың тарихына шолу жасап, елдің тұрмысы, басынан өткерген дəуірлері, көшіп қонып жүрген жерлері, кəсібі, шаруашылығы, батырлары, билері, діні, тілі, өнері, əдебиеті, т.б. туралы өз ойларын ортаға салып, ғылыми қорытынды жасауы – Сəкен еңбегінің методикалық ұтымды жағы. Өйткені, əр дəуірдің тарихи-əлеуметтік жағдайын 1 С. Сейфуллин. «Қазак əдебиеті». Қызылорда, 1932. 2 Кенжебаев Б. «Əдебиет майданы». 1933, №6-9. 3 Əдеби мұра жəне оны зерттеу. А., 1961, 81-бет. 4Мұқанов С. Қазақ əдебиетіндегі жаңа эра (Сейфуллин С. 6-том, А., 1964). 5 Кəкішев Т. Халық қазынасы. (Сейфуллин С. 6-том, А., 1964). С. Сейфуллин. «Сенің сүйікті жазушың» сериясы, (1989), Жинақта: Қазақ фольклористикасы. (1972). 6 Ғабдуллин М. Тыңнан түскен жол. «Қазақ əдебиеті», 1965, 29 қаңтар. 7Қирабаев С. Сəкен Сейфуллин. А., 1974,413-414-беттер.
білмей, көне əдеби мұрамыздың сыр-сипатын түсіну оңай шаруа емес. Автор халықтың тарихына шолу жасағанда өзіне де йінгі зерттеуші ғалымдар: Левшин, Радлов, Потанин, Бартольд, Диваев, Шəкəрім, Тынышбайұлының еңбектерін жəне газеттерде жарияланған материалдарды орынды пайдаланып, ой-таразысына салып, өз елегінен өткізіп отырады. Ойын дəлелдеу, нақтылай түсу үшін ауыз əдебиеті үлгі леріне, батырлар жырына, жеке ақындар туындыларына арқа сүйейді. Олардан нақты мысалдар келтіреді. Халқымыздың тарихы жазылып, бір ізге, бір жүйеге түсіп болмағандықтан, Сəкен осы тəсілді басшылыққа алып, халық шығармашылығымен алшақтамаудың үлгісін көрсетеді. Оқулық-хрестоматияның қос міндетті арқалауын, əсіресе, сүбелі білім жолына түсу үшін көне тарихқа шолу жасауын С. Мұқанов, М. Ғабдуллин сияқты ірі ғалымдар басы артық нəрсе деп санамаған. Автор ауыз əдебиетін үлкен екі бөлімге бөліп қарастырады. Бірінші бөліміне: 1) Ертектер, 2) Салт өлең-жырлары, 3) Ескіліктегі дін салтынан туған өлең-жырлар, 4) Мал туралы, «қадірлі» жануарлар туралы əңгіме, өлең, күй, жырлар, 5) Жастық ойын, күлкі өлең-тақпақтары, 6) Билер сөздері тəрізді ауыз əдебиетінің түрлерін енгі - зеді. Екінші бөлімін батырлар жырлары мен ертедегі жырлы əңгімелердің (лиро-эпостық) шығу тарихына, көркемдік ерекшелігіне жырдың құрылысын зерттеуге арнайды. Халық ауыз əдебиетінің негізгі түрлерін сала-салаға бөліп, оның ішкі ерекшеліктеріне қарай тағы да ұсақ-ұсақ түрлерге, жанрларға саралап, тармақтап, жіліктеп, əрбірінің өзіндік қасиеттеріне тоқталып, түйген байлаулы пікірін айтып, ой қорытындылап отырады. Оның осылай ауыз əдебиетінің түрлерін ішкі ерекшеліктеріне, мазмұндарына, орындалу ретіне, тақырыптарына қарай бөлу принципі, жіктеп саралауы – қазіргі ғылымға жат емес. Тіпті кейбір өнімді салалары Сəкен классификациясынан бастау алғанын да көреміз. Сəкеннен бұрын қазақ ауыз əдебиетіне классификация жасаған М. Əуезов пен Х. Досмұхамедов болды. М. Əуезов ауыз əдебиетінің жанрлық түрлерін сыршыл-
дық салт өлеңдері, ел салтындағы шер өлеңдер; дінмен байланысты өлеңдер, қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер, батырлар əңгімесі, ел поэмалары, тарихи өлеңдер, ертегі, айтыс өлеңдер, билер айтысы, зар заман ақындары деп бөлсе, X. Досмұхамедов ауыз əдебиетінің түрлерін 46-ға жеткізеді. Эпос (жыр), ертегілер, мақал-мəтелдер, жұмбақтар, ырым сөздері, тұрмыс-салт жырларының алуан түрлері болып тарамдатылады. Сəкен өз еңбегінің оқулық əрі хрестоматия жүгін арқалайтынын ескеріп ғылыми жəне педагогикалық жағына назар аударады. Жəне əр жанрдың «таптық негізіне» жіті көңіл бөліп отыратыны да бар. 30-жылдары Сəкен ұстанған принципке қарағанда, бүгінгі фольклористеріміз типологиялық салыстырма əдісті басшылыққа ала отырып, ауыз əдебиетін жіктеу, жанрларға бөлу, ерекшеліктерін айқындау, генезисін, құрылысын, варианттарын анықтау, т.б. салаларына көп көңіл бөледі. Бұған қарап, Сəкен айтқан пікірлер, ұстанған əдістəсілдер мүлдем маңызын жойған екен деген ой тумау керек. Мəселен, ауыз əдебиетінің қай түрін болмасын тексерген кезде халықтың тарихымен, тұрмыс-тіршілігі мен, наным-сенімімен, салт-санасымен, əдет-ғұрпымен тығыз байланыстырып, одан елдің арман-мұңының, тыныстіршілігінің шынайы көрінісін тауып, ғылыми дұрыс қорытындылар жасап отыруы бүгін де маңызды. Халық тарихын өзінің рухани азығы болған əдебиет нұсқаларынан алшақтатқан уакытта жансыз схемаға құрылған, «терең ғылыми» деп есептелгенімен ел өткенін бұрмала ған жалған еңбектер туғанын, əсіресе 70-90-жылдары көп кездестіргеніміз өтірік емес. Əрине, 30-жылдары Сəкен үстем идеология негі зінде тапшылық көзқарасқа жиі-жиі бұрылып кетіп отыратындығы, оның еркін көсілуіне ырық бермей, ойын тұсағанын байқаймыз. Мəселен, салт өлең жырларын, батырлар жырларын, билер сөздерін талдағанда оларға жоғары баға бере отырып, үстем таптың тілегіне орай айтқан деген бір жақты қорытынды жасап жіберетін кезі аз емес. «Қазақ əдебиеті» кітабының екінші бөлімін «Ертедегі жырлы əңгімелер, яки ноғайлы дəуірінен қалған əдебиет
нұсқалары» деп атап, бұл бөлімге батырлар жырлары мен жырлы əңгімелерді кіргізеді. Батырларды жекежеке тексереді. «Едіге», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Нəрік ұлы Шора батыр», «Қамбар», «Алпамыс батыр», лиро-эпостық жырлардан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» секілді жырлардың маз мұндарын біршама баяндап, халық арасына таралуы, басты қаһармандарының тарихқа қатысы, кейбірінің өзге халықтар əдебиетінде кездесетіні, варианттарының молдығы, əрбір жырдың құрылысы, көркемдік ерекшелігі, көпқабаттылығы (полистадиялылығы), т.б. қасиеттеріне ерек - ше назар аударады, өзіне дейін айтылған пікірлермен кейде келісе, кейде таласа отырып, өзінің шешімді, кесімді пікірін айтады, ойын жинақтап қорытындылап отырады. Таптық қарауылын ұмытпайды. Батырлар жырын талдаған уақытта үстем тап өкілдері ер мен батырларды өзіне тең тұтпай, тек жауды мақатуға қажетті қара күш иесі ретінде пайдаланғанын айтып отырады. Ақша ханның қызы – Ақ Жүністі алып қашып, Ханзадаға паналаған Ер Тарғын Шағандағы қалмақтарды қуып, ханға жер-су алып беріп «сыйлы» болады. Бірақ қарауыл қараймын деп Ер Тарғын мертігіп қалғанда Ханзада жұртына тастап кеткенін, ханға қатер төнгенде «қызымды беремін» деп Тарғынға жауын мұқаттырып алып, тағы да алдап кеткенін Сəкен таптық теңсіздік тұрғысынан баяндайды, бай мен кедей, хан мен батыр арасында əлеуметтік айырмашылықтың болғандығына назар аударады. Сəкен өзінің осы көзқарасын қара қасқа атты Қамбар батар жырын талдаған уақытта айқын аңғартып, тоқсан үйлі тобырды асырау қамында жүрген Қамбардың адамгершілік қасиетін айрықша көрсетеді. «Ер Сайын мен Қамбар батырды салыстырғанда, əңгіме Сайынды дарақы байдың ұлдарынан шыққан, бет зəрінен жұрт түршігетін батыр қылып көрсетсе, Қамбарды ағайынның аш-арығына қайырымшыл, үлкенге кішіпейіл, кедейден шыққан батыр қылып көрсеткен»1 деп таптық айырмашылықтың сырсипатын аңғартады. 1 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1932, 210-бет.
Сондай-ақ, Сəкен батырлар жырында, сонымен қатар қазақтың ауыз əдебиеті нұсқаларында əйелдің азаматтық ары жайындағы мəселелерге назар аударды. «Қобыланды батыр» жырындағы батырлығы Қобыландыдан кем емес, «туған əкесін өлімге қиып, соңдарынан ерген Қарлыға қызды біресе Қараман, біресе Қобыланды «олжа қылып» алып жүргендеріндей, Ақ Жүніс те, ханның қызы болса да, жұрттан асқан сұлу жəне ақылды болса да, ханның бала сына бармай, Тарғынға ғашық, болып соңынан ерсе де, батырдың жетегіндегі олжадай ғана болып, қуып жеткен қарт Қожаққа қала береді»1 деп теңсіздік пен зорлык-зомбылықтың саяси-əлеуметтік астарын аша баяндайды. Əдебиеттік құбылыстарды зерттеу, талдау мəселесінде берік те бекем позицияны ұстау жөнінен Сəкен тұтынған жолдың дұрыстығын айту, оның кейде асырып жібергенін жаба тоқуға мүмкіндік бермейді. Осы еңбегінде мұра жөнінде 20-жылдары қалыптасқан теріс пікірлердің көбін Сəкен түзетуге тырысқан. Алайда В. И. Лениннің бір мəдениетте екі түрлі мəдениет болады деген қисынына бой алдырып, ертеде шыққан өлең, жыр, эпос, қисса-хикаяттардың көбі үстем таптың ықпалымен туған дегенді əлсінəлсін еске түсіріп қоятыны жоқ емес. Ауыз əдебиетінің мəн-жайына тоқтаған уақытта Сəкен əрқашанда: «біреуден-біреу жадына алып жүрген сөз ауыздан-ауызға көшіп, бүкіл елге жайылып, бұрынғылардан ке йінгілерге мұра болып қалып жүреді. Сол əркімнін аузында кақбақыл болып жүрген сөзді əркім үстем санаттың ықпалымен өзінше өңдеп, дəндендіріп, сырлаған болады. Сөйтіп баста ауыз əдебиет болып шыққан сөз неше басты аралап, неше ауыздан шығып, біраз өмір сүрген кезде көп өзгеріске түсіп, талай жері оңалып, талай адамның қоспасын қосып, талай адамның «еңбегі сіңген» сөз болып, баста шығарған адамның кім екені ұмытылып, жалпы көпшілікке «бірдей» тəрізді, «жалпы елге бірдей» тəрізді ел əдебиеті болып кетеді»2 деген ғылыми дұрыс тезисті қолданып отырса да, анда-санда ауыз əдебиеті нұсқала1 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1932, 197-198-беттер. 2 Бұл да сонда, 40-41-беттер.
рын түгелдей болмағанмен, көбін үстем таптың үлесіне беріп, қалың еңбекші жұртшылықтың асыл арманды, өршіл талапты шығармаларын тасада қалдырып, тапшылдықтың шылауында жіберетіні кездеседі. «Қазақ əдебиетіндегі» осындай көзқарасын Сəкен 1934 жылы шығарған «Көркем əдебиет» деген (Өтебай Тұрманжановпен бірге) оқу кітабында түзете сөйлеуді қажет деп білген. Онда ауыз əдебиетінің бір тұтас емес екендігін, сақталған əдебиет нұсқаларының бəрі бірдей үстем тап үлесіне тимейтіндігін, «Бұқараның шығарған ауыз əдебиеті, оның ішінде малшыжалшылардың шығарған, қара шаруаның шығарған ауыз əдебиеті бар»1 екендігін айрықша айқындықпен айтып, ілгергі пікірін біраз түзеген. Сəкен Сейфуллиннің «Қазақ əдебиеті» кітабының айрықша маңызы – қазақ ауыз əдебиетін ғылыми жүйемен талдауы деп ашық айту керек. Бұл еңбекте ең алдымен қазақ ауыз əдебиетін дəуір - леу мəселесі жəне оны зерттеу проблемасы оңтайлы сөз болады. «Қазақ əдебиеті» кітабында Сəкен Қазан революциясына дейінгі қазақ əдебиетінің жалпы тарихын екі үлкен дəуірге: 1) билер дəуірі, 2) патша дəуірі, яғни қазақ елі орыс патшасына бағынған дəуірге бөлген. Осы екі дəуірдің ерекшеліктерін ескере келіп, Сəкен екі кітап жазбақ болған. Алайда, тек бірінші ғана кітабын жазып үлгерген. Оны өзі шартты түрде билер (феодал) дəуірі деп атаған. Бұл «Қазақ əдебиеті» туралы істеген еңбек 2 кітап болып шықпақ. 1-кітапқа қазақ атаулы ел арғы ескі заманда, жабайы рушылдық дəуіріндегі үстемшілік жүргізген таптың көсемдері мен ру бастықтарының əкімшілігінде жүрген заманнан қалған əдебиет жұрнақтарымен, одан бертінгі ор талық замандағы хандар, сұлтандар, билер, байлар, батырлар көсемдік қылған үстем таптың қол астында жүрген дəуірден қалған əдебиет нұсқалары кірді. Бұл өзі екі дəуір болып қаралуға тиіс еді. Бірақ бұл екі дəуір əдебиетімен біріктіріп, тек билер дəуірінің əдебиеті деп атадым. Хан1 С. Сейфоллаұлы. Ө. Тұрманжанұлы. Көркем əдебиет. 5 класс үшін. 1934, 201-бет.
дар, сұлтандар, билер, байлар табының əкімшілік құрған замандарын, жалпы қылып, қысқартып айтқанда, билер дəуірі деуді жөн көрдім»1 деп түсіндірме берген Сəкен. Бұл терминді қазақ əдебиеттану ғылымы қабылдамады. Бір дəуірдің өзін екіге бөлуге болар еді, бірақ оны біріктіріп жібердім дегеніне назар аударғанда, бұл кітаптың екі бөлімнен құралғанын айтқан болу керек. Өйткені, Сəкен «екі дəуір» дегенді ауыз əдебиетінің жанрларын жіктеу, саралау тұрғысынан ауызға алған. Кітаптың бірінші бөлімін ауыз əдебиетінің жанры мен түрлеріне арнаса, екінші бөлімін түгелдей батырлар жыры мен лиро-эпостың шығу, тарау, зерттеу мəселелеріне бағыштаған болатын. Осылайша жіктеудің өзі Сəкеннің ғылыми көзқарасының дəйектілігінен айқын хабар береді де, кейінгі уақыттағы зерттеу еңбектерінің осы дұрыс принципті жанжақты өрбіте түскенін жəне əрқашан ілтипатқа алып отыру қажеттігін аңғартады. Сəкен «Ертедегі жырлы əңгімелер, яки ноғайлы дəуірінен қалған əдебиет нұсқаларын» зерттегенде ең оңтайлы принципті қолданған. Батырлар жырын көбіне хронологиялық, тəртіппен зерттейді де, «ұлы батыр», «кіші батыр жыры» деп тексеріп жүргендердің зерттеу тəсілінің ғылыми негізі жоқ екендігін дəлелдейді. Батырлар жырының шығу жағдаяттарына тарихи деректерді мол келтіреді де, ноғайлы заманында шыққан батырлардың бəрін түгелдей қазақтікі деп иемденудің дұрыс болмайтындығын ескертті. Сонымен қатар «ертедегі батырлар туралы айтылған əңгіме, жырларды жақсылап оқып, тексеріңіз, онан соң, қазақ аталған елдің тарихын тексерсеңіз жəне қазақтың өзге ауыз əдебиетін тексер - сеңіз – əлгі кейбір əдебиетшілердің: «қазақтың өздерінің батырлар туралы əңгіме, жырлары жоқ, өзіміздікі деп жүргендері ноғай халқынікі» дегені тек жалған сөз екенін көресіз»2 деп тауып, нигилистік көзқарасқа қарсы шығады. Қазақ болған рулардың бұрын Ноғайлы болғандығын дəлелдеу үшін тарихты сөйлетіп, соған иек артады. Жəне бұл жырларды кезінде Ноғайлы заманын бастары1 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті, 1-кітап, 1932, 6-бет. 2 С. Сейфаллаұлы. Қазақ əдебиеті. 1-кітап, 1992, 169-бет.
нан өткізген өзге халықтар да өзіміздін туындымыз деп иемденіп, бауыр баса айтуларына тарихи негіз бар екен дігін орынды ескертіп отырады. Ноғайлы заманында жасады деп тапқан батырлардың қазақ əдебиетіндегі үлгілерін өзге түрік елдеріндегі нұсқалармен əрдайым салыстыра отырып қарастырады. Бұлай зерттеу тəсілі əрбір жырдың көне сипатын, көркемдігін, соны өзгерістерін, соңғы қоспалардың сырын айқындауға мол мүмкіншілік бергенін көреміз. «Алпамыс батыр» жырын зерттегенде қазақ, өзбек, түрікмен нұсқауларын салыстыра отырып, ұқсастықтары мен өзгешеліктеріне тоқталады. Осылай қазақ эпосын ноғай эпосымен салыстыра қарастыру, зерттеу керек деген өнімді концепцияны жүзеге асырған Сəкен болды. Сондықтан қазақ əдебиеттану ғылымында типологиялық салыстырма зерттеу тəсіліне айрықша ден қойғандығы əдебиеттанудың ең бір өнімді арнасын керсетті. Жырлардың құрылысы жөніндегі түйіндеулері де аса маңызды. Өйткені, қай-қай жыр болмасын алғашқы нұсқасын еш уақытта сақтамай, түрлі заманның, əр дəуірдің қилы-қилы оқиғаларын қосып алып, өзгеріске ұшырап отыратындығын ғылыми негізде дұрыс көрсете білді. Сонымен қатар əр жырдың ерте-кеш жырлануын, яғни шығуын айқындаудың мəні зор екеніне айрықша мəнді меңзеу жасады. «Қазақтың ескі ел əдебиетіндегі батырлар əңгімелерінің неғұрлым ескірегін алып карасаң, соғұрлым оның «қиял» қоспасының, жапсырма сырларының, «ертек» түрлерінің молдығын көресің. Ал неғұрлым бергі заманда шыққанын алып қарасаң, соғұрлым ол əңгіменің «кереметтері» де аз бола береді. Шындыққа жақын бола береді жəне соғұрлым бертінгі заман батырларының жаратылыстары да «кереметсіз» бола береді»1 деген байқауларын ортаға салады. Сəкен қазақтың бай лиро-эпосынан тек «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мен «Қыз-Жібекті» талдаған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» мазмұнын тəптештей баяндап, оның сөз кестесі мен көркемдігіне көңілі онша толмайтындығын, 1 С. Сейфоллаұлы, «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 180-181-беттер.
«мұндай жабайы өлеңді ескі заманда, əр үйдің отының басында кім көрінген-ақ айтатын болуы керек»1 деп тауып, талай келіссіз шумақтарды мысалға келтіреді. Бұған қарағанда, Сəкеннің қолына «Қозы Көрпештің» ақындық ша бытпен жырланбаған варианты түскен ғой деп ойлауға болады, екіншіден, өзінің шығармашылығында жыр үлгісін, екпінді ырғақтарды жиі қолданған ақын батырлар жырын талдаудан кейін онбір буынды қара өлеңге түскенде біраз тосыңқырап та қалған сияқты. Оның тап осы сəтте өлең құрылысын сөз етуі бұл ойымызды айқындай түседі. «Қозы Көрпешті» талай «оқымыстылар» мақтайтын еді. Мен мақ тарлық ештемесін таба алмадым. Əңгіме өлеңдерінің сөз қалауы, сөз тізімдері, өлеңдерінің жалпы сарын, күйі жаугершілік замандікіндей емес, «кебенек ішінде бұйығып жатқан» марғау, мақау, бейбіт, жалқау, меңіреу жат қан замандікі сияқты. Жаугершілік заманындағы өлең жырлардың сарын, күйі жауға шығып жалтылдаған жауын гер батырдың суретін сездірсе, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» өлең дерінің сарын, күйі ырғалып көшіп, манаурап қонған қоңыр тымақты көшпелілінің суретін сездіргендей болады. Екеуінің сарын, күйінің айырымы айқын сезі - леді»2 дегені дəлелдей түседі. «Қозы Көрпеш» жырының көркемдік қасиеті жайындағы пікірдің əр түрлі болуы əбден ықтимал екендігін айтқан уақытта, Сəкеннің жыр мен қара өлең арасындағы айырмашылықты пайымдауының өзі ғылыми тұрғыдан ойланарлық құбылыстың мол екендігін аңғартады. Сонымен, Сəкен Сейфуллиннің 30-жылдардың бас кезін де ауыз əдебиетінің асыл қазынасын іждағаттай зерт теп, оны сала-салаға бөліп, ғылыми талдау жасауының өзі қазақ əдебиеттану ғылымына қосылған үлкен үлес қана емес, сол ғылымның негізіне қаланған зор еңбек екені аян. С. Сейфуллиннің бұл еңбегін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық демей, оқу құралы де уіміздің де сыры жоқ емес. Оқулық көбінесе мəселенің бəрі дерлік тиянақты ғылыми шешімін тапқан тұжырымдарға 1 С. Сейфоллаұлы, «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 225-бет. 2 Бұл да сонда, 225-226-беттер.
негізделіп жазылатындығын ескерсек, бұл еңбекте ондай айқын, ашық қорытындыларды жиі кездестіре бермейміз. Əлі талдауды, зерттеуді талап ететін жайлар бірқыдыру. Ал оқу құралы бұл жөнінен авторға көп еркіндік бере алады. Автор өз көзқарасы мен ғылыми қорытындысын аксиома түрінде баяндамай, мəселені қою, шешу, пікір жарыстыру жолымен шындықтың сырын ашуға мүмкіндік алады. Осы тұрғыдан қарағанда Сəкен жасаған оқу құралының өзіне тəн ерекшелігі де жоқ емес. Оқу орындарына арналып жасалатын хрестоматия көбі не үлгілі нұсқалардан құралып, оның маңызы жəне авторы жайында қысқаша түсінік берілсе, оқулық-хрестоматияда кең көлемді талдаумен қатар, шығармалардан алынған үзінділер қабаттасып отырады, ал оқу құралында көбіне авторлық баяндаулар мен түсіндірмелер, тіпті зерттеу, тиянақтау тəсілдері де араласып отырады, ал оқулықта нақты шешімін тапқан мəселелер ереже іспеттес тұжырымдалады. Сəкеннің бұл «кітапқа əдебиет нұсқалықтарын əде йі молырақ, толығырақ кіргіздім. Өйткені, бұл кітап, бір жағынан, ескі ел əдебиеті туралы жазылған кітап болса, екінші жағынан, сол ескі ел əдебиет нұсқаларының жинағы тəрізді материал болсын дедім»1 дегенінің өзі кітаптың оқу құралы сипатын айқындай түседі. Автордың бұл пікірін Молдағали Жолдыбаев өзінің алғы сөзінде дəйектеді: «Бұл кітап сыннан өтіп, «сымға тартқан күмістей« жұмырланып шыққан «əдебиет тарихы» емес, əлінше марксшілдік талдау көрген, Маркс-Ленин жолына дəлдестірілген, затшыл диалектика əдісімен жиналған қазақ əдебиеті тарихының материалдары. Дегенмен кітап қазақ əдебиеті тарихына құрал бола алады. Кітап байтақ оқытушылар, оқушылар бұқарасының сынынан өтіп, талқыға түскеннен кейін келесі кайта басы луларында «Əдебиет тарихы» болып шығады деп сенеміз»2 дегені де бұл кітаптың оқу құралы сипатын айқындап, тіпті тарихтық қасиетімен толыса түсетіндігіне меңзейді. Тұңғыш оқу құралы сол кезеңде кең практикалық өріс 1 С. Сейфоллаұлы. «Қазақ əдебиеті», 1-том, 1992, 6-бет. 2 Бұл да сонда, 5-бет.
табуымен қатар, ғылыми-эстетикалық сыннан өткенін де айта кету керек. Шарафи Əлжанов «Қазақстандағы ұлттық мəдениет проблемасы жəне іліми-зерттеу институтының алдағы кезекті міндеттері»1 деген көлемді де мəнді мақаласында Сəкеннің бұл еңбегіне айрықша ілтипат білдіріп, орта мектеп пен жоғары оқу орындарын құнды оқулықтармен қамтамасыз ету мəселесін осы оқу құралы төңірегінен өрбітті. Бұл еңбектің мəн-маңызы, əсіресе педагогикалық талап-тілекке бейімделіп жасалғаны Б. Кенжебаевтың 1933 жылы жазған мақаласында да құптау тапқан болатын2. Кітаптың сыр-сипаты мен қадір-касиеті соңғы кезде, əсіресе қазақ фольклористикасынын қарышты өркендеу дəуірінде əңгіме ауқымына алынып, тиісті көтеріңкі бағасын алды3. Бұл кітаптың оқу құралы сипатына тоқтаған уақытта оның ғылыми-зерттеу еңбектеріне тəн қасиеттеріне назар аудармай кету обал. Қазақ əдебиеті сыны мен ғылымы прак тикалық қажеттіліктен қанат қаққанын ескергенде, бұл еңбекте шығарма сырын баяндап, оған нақты эстетикалық талдау жасауы, терең тұжырымдар мен көркемдік қорытындыларды түйіндеуі, ауыз əдебиетіндегі өнімді де айшықты құбылыстарды бір-бірімен салыстыра дəлелдеуі Сəкеннің ғалымдық парасатының молдығынан хабар береді. Қазақ ауыз əдебиетінің патриархалдық-феодалдық заманда қалыптасқан кейбір түрлерінің сыр-сипатын тексергенде Сəкен бір-бірімен іштей қабысып жатқан əдеби құбылыстарды барынша дəйектілікпен саралайды. Мəселен, мəн-мағына жағынан біріне-бірі жақын түрлерді (естірту, көңіл айту, жоқтау) былай қойғанда, тұрмыс-салт жырларының өзін іштей сала-салаға бөліп, той бастар өле ңінің ау-жардан, ау-жардың сыңсымадан, сыңсыманың жұбату мен үгіттен, ал жұбатудың беташардан, беташардың айт келіннен айырмашылықтарын өздеріне тəн сипаттары мен ерекшілігіне сай жіктейді. 1 Политехникалық мектеп. № 5-66, 1993. 2 Б. Кенжебаев. «Қазақ əдебиеті» туралы. «Əдебиет майданы», № 6-9,1933. 5 Қазақ əдебиетінің тарихы, 1-том, 1-кітап, 60-61-беттер. 11 кітап, 12, 144-148-беттерін қараңыз. М. Ғабдуллин. Тыңнан түскен жол. «Қазақ əдебиеті», 29 қаңтар, 1965.
Қыз ұзату, қалыңдық түсіру кезінде айтылатын өлеңжырлардың бүгінгі белгілі жүйеге түсуіне осындай дəйекті ғылыми квалификацияның үлкен роль атқарғанын айтпасқа болмайды. Сол сияқты Сəкен батырлар жырын зерттеген уақытта əрбір шығарманың тарихи негізін ашуға айрықша назар аударып, оны халық өмірінде болған оқиғалармен сабақтастыра қарайды. Бұл тəсіл əрбір көркем шығарманың нақты өмір шындығынан нəр алатындығын дəлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар халық өмірінде болған кейбір тарихи оқиғалардың сырын аңғартып тастап отырады. Сөй тіп, тарих пен əдебиет арасындағы байланыс, жанды сабақтастық пен ажырамас арналар бір-бірімен қабатта сып жататындығы айқындалады. Əрбір шығарманың тарихи негізін тəптештеп зерттеген уақытта Сəкен тың ғылыми тұжырым жасап отырған. Қазақ эпосын ұлы, кіші батыр деп топтауға болмайтындығын жəне оларды белгілі бір елдің басы бүтін иемденуіне, бауыр басуына тарихи негіз жоқ екендігін ашық айтады. «Қазіргі Қырым, Астрахань, Қазан, Еділ бойлары, Башқұртс тан, Өзбекстан, Қарақалпақ жəне басқа жерлердегі түрікмонғол руларының ол заманда ноғайлы елі атанғандары – ертедегі ноғайлы батырлары туралы айтылған жырларды, əңгімелерді «біздікі еді» десе, – айтуларына болады. Олай айтуға ақылары бар. Ноғайлы заманындағы ноғайлының батырлар əңгімесіне бəрі де ортақ деуге болады. Оларға, қазіргі қазақ та ортақ»1 деген пікірін тарихи деректермен дəлелдей айтып, əр батырдың шыққан тегіне үңіледі. Сəкен өз тұжырымдарын айқындай түсетін мағлұ маттарды əргі-бергі ғалымдар мен білімпаздардың еңбектерінен мол келтіреді. Түркі тілдес елдердің шығармаларын көп жинап, өзінің түйінді пікірін айтқан, бүкіл шығыстану ғылымына үлкен үлес қосқан Радловтың, қазақ ауыз əдебиетін зерттеу, жариялау саласында ұлан-ғайыр еңбек еткен Əубəкір Диваевтың аттарын Сəкен зор ілтипатпен атап, қажетгі жағдайда пайдаланып отырады. Бұл ретте де Сəкен сыншылық көзқарасты басшылыққа алып, бұ1 С. Сейфоллаұлы. Қазақ əдебиеті, 1-кітап, 1932, 155-бет.
рынғы тарихшылар мен ориенталистердің айтқанының бəрін түгелдей құптай бермей, кейбір тұжырымдардың шындықтан алыс екендігін айтып отырған. Осының бəрі Сəкеннің ғалымдық парасатының молдығын, ғылыми дəлелінің дəйектілігін айқын аңғартатын жəйттер. Сəкен Сейфуллиннің осы мəнді еңбегінің басқа оқу құралдарынан бір айырмашылығы – қазақ халқының тарихын зерттеп, көп ретте дұрыс ғылыми қорытынды жасауы деп ашық айтуымыз керек. Бұл мəселе əрқашанда, ой толғанысына арна болғанын көреміз. 1933 жылғы мақаласында Б. Кенжебаев сол кездегі тарихи зерттеулер мен түсініктердің өресі тұрғысынан едəуір ескерту жасап, мұндай құнды тараудың осы еңбектен орын алғандығын құптайды. Сонда баяндалған ойлар, кейбір өзекті тұ жырымдар күні бүгінге дейін, яғни қазақ халқының ғылыми тарихының бірнеше басылымы шыққанына қарамастан, қолдау табуда. «Қазақ əдебиетінің» алғашқы тарауында Сəкен қазақ тарихына біраз шолу жасаған. «Көлденең қараған кісіге бұл шолу нақ осы кітапқа қажет емес сияқты. Расында олай емес. Сəкен бұл кітабын жазған шақта қазақ тарихы жүйеге қойылмаған, қазақтың тарихында марксистік еңбектер əлі жасалмаған кез. Сондықтан, егер Сəкен бұл кіріспе тарауды жазбаса талдағалы отырған əдебиет мұралары да толық түсінікті болмас еді. Кіріспе тарау кітаптың кейінгі əдебиеттілік мол жағын ашып беретін кілт рөлін атқарып тұр»1. Қазақ халкының тарихи даму жолдарын зерттеген уақытта Сəкен көптеген нақты деректер мен фактілерді молынан келтіріп, оның тарихи байланыстығы мен сабақ тастағын ашып, көптеген шындықтардың сырына үңіледі, күрделі қорытындылар жасайды. Халық тарихын зерттегенде дұрыс көзқарасты басшылыққа алып, тарихта аты қалған адамдардың істеген ісін ашық айтып отырады. Əрине, 20-30-жылдарда қазақ халқының ғылыми тарихы жасалмағандықтан да Сəкеннің кейбір пікірлері 1 С. Мұқанов. Қазақ əдебиетінде жаңа эра. Кітапта: С. Сейфоллаұлы. Шығармалар, 6-том, 6-бет.
ойлана қарауды қажет етеді. Өйткені, кейінгі жылдары үш рет жазылған қазақ халқының тарихы көптеген жаңа деректермен толығып, бұрынғы қалыптасқан пікірлердің басқаша баяндалуына негіз болғанын ескерген уақытта, Сəкеннің кейбір трактовкалары қазіргі тұжырымдарға сай келе бермеуі ықтимал. Сонымен, Сəкен Сейфуллин өзінің жарияланпаздық еңбегімен де, əсіресе «Қазақ əдебиеті» атты оқу құралы сипатындағы ғылыми зерттеуімен де қазақтың бай əдебиетінің үлгілерін эстетикалық-социологиялық талдаудан өткізіп, жүйелі классификация жасады, көптеген соны ой, тың пікірлер айтты, парасаты мен фольклорист ғалым екенін танытты. Қазақ əдебиеттану ғылымының туу жəне қалыптасу процесіне Сəкеннің қосқан үлесі зор дегенде осы жайлар айрықша еске алынуға тиіс. Сəкеннің ғылыми еңбектерінің мəнділігін айтқанда бір жайға тоқтала кеткен абзал. Қазақ əдебиетінің тарихына арналған еңбегін екі кітап етіп жазып шығаруға ниеттенгені белгілі. «Екінші кітапқа қазақ атаулы ел Россия патшасының əкімшілігіне бағынған дəуірден қалған əдебиет нұсқалары кірмек»1 деп «Қазақ əдебиетінің» кіріспесінде айтса, еңбектің ең соңындағы «Жалғас əңгіме» деген тараушада ендігі зерттеу «қазақ атанған елдің ақырындап болса да, шаруашылық түріне өзгеріс кіріп, хандық кұрылысы, билер дəуірі іріп-шіріп, қазақ атаулы ел орыс патшасына бағынған дəуірде шыққан əдебиет нұсқалары туралы болады. Оны бір бөлек, II кітап қыламыз»2 деп тағы да ескертті. Осы аталмыш еңбектің жазылғаны, онымен кейбір адамдардың танысқаны белгілі болса да, əзірге оның қолжазбасы қолға түспей келе жатқандығы өкінішті. Алайда Сəкеннің бұл үлкен еңбегінен жұрнақ та қалған жоқ деуден аулақпыз. Сəкен 1934-35 жылдары Ыбырай Алтынсариннің, Ақан сері Қорамсаұлының жəне татар, башқұрт, қазақ əдебиеттеріне ортақ ақын Ақмолланың өлең жинақтарын жинап, тұңғыш рет жариялады. Бұлар жазылмақ екінші кітаптың қарлығаштары екені айдан-анық. 1 С. Сейфуллин. Шығармалар, 6-том, 8-бет. 2 С. Сейфуллин. Шығармалар, 6-том, 419-бет.
Ыбырай мен Ақан жайында 20-жылдардың бас кезінде бірді-екілі мақала жарияланғаны болмаса, көбіне жалпы шолуларда теріс сыңайда ғана аталып жүретін-ді. 1933 жылы М. Жолдыбаев, М. Əуезов, Ə. Қоңыратбаев жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің оқу кітабында» Ыбырай Алтынсаринға арналған қысқаша тарау бар. Онда да «Ыбырай бүкіл қазақ елінің досы еді, оның ішінде кедейлердің де, еңбекшілердің де досы деу дұрыс емес. Ыбырайдың тұрғыласы Абай. Екеуінің таптық тегі де бір: қазақтың ескі феодал табы, екеуінің ой өрісі, пікір майданында көп ұқсастық, бірегейлік бар»1 деп сол кезеңдегі көңіл-ауанмен баяндалған болатын. Сəкен осындай ойлауға назар аудармай, басқаша арнамен жүру қажеттігін сезініп, тарихта орны бар дастандарға айрықша ұқыптылықпен қарау, өмір шындығы мен сол кезеңнің негізгі бағытын саралау, əдебиет-мəдениет қайраткерінің іс-əрекеті мен дүниетанымын əрқашан əділет таразысына салып отыру керектігін ескертіп, өзі жаңа бастама жасады. Осыған айқын дəлел – Ыбырай Алтынсарин жинағына жазған қысқа да мəнді алғы сөзі. Сəкен осы алғы сөзінде Ыбырай шығармашылығының негізгі қадір-қасиетін айқындап, оның дүниетанымындағы кайшылықтардың себебін дұрыс аша білген. Ыбырай Алтынсарин – «қазақ əдебиетін Европа жолына, енер жолына бұрын бастаған ең тұңғыш жаңашыл, суретшіл ақын»2 деп Сəкен айрықша мəнді қорытынды жасайды да, оның ағартушылық еңбегіне ерекше тоқталады. «Ыбырай бір жағынан айқын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет қылған адам. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған жəне сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушы. Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Оқуға талпына бастаған қазақ жастарына Ыбырай айрықша қадірлі болған адам»3 деп Сəкен Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегіне айрықша мəн берген болатын. 1 Жолдыбайұлы М., Əуезов М., Коңыратбайұлы Ə. XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ, əдебиетінің оқу кітабы. 1933, 74,78-беттер. 2 Ы. Алтынсарин жинағы, жинаған Сəкен, 1935, 3-бет. 3 Ы. Алтынсарин жинағы, жинаған Сəкен, 1935, 3-бет.
Ыбырайдың «шоқынғаны», Ақан серінің «жынданғаны» жайындағы лақаптардың бəрі де ескішілдердің шығарған өсегі, жаласы екенін тарихи деректермен дəлелдеп, олардың шығармашылық өмірін көпшілікке үлгі қылды. Қазан революциясына дейін ғұмыр сүрген дарындардың бəріне бірдей феодал тобының ақыны деген атақ жамамақ əуеннен бұл екеуі де құралақан қалмаса да, негізінен алғанда, олардың шығармалары көбіне көркемдік тұрғыдан бағаланды. Мəселен, «Ақанның сұлу əндері, жалтылдаған өлеңдері Ақанның нəзік, терең сезімді екенін білдіреді. Ақанның ірі дарқан ақын екендігі де өлеңдерінен айқын көрінеді. Сонсоң, Ақан ақындығының үстіне əн шығарғыш композитор. Оның «Сырымбет», «Ақкөйлек», «Үш тоты құс», «Құлагер», «Қара торғай» деген əндері – қазақ əдебиетіндегі сұлу əндер»1 деп əр автордың өзіне тəн ерекшеліктерін көрсетіп, оқушылардың ынтасын көрнекті дарындардың үлгілі өнеріне аударды, сол кездегі сыншылық ойпікірге жаңа бағыт сілтеуге талаптанды. Ыбырай мен Ақан сері шығармалары жинақтарының алғы сөзінде «əдебиет тарихымызға дерек бола берсін деп осы шығармаларын жі беріп отырмын, толық сын кейін жазылар» деп аяқтауына қарағанда, əдебиет тарихы жөніндегі екінші кітабы на Сəкен көптеген дерек-мағлұматтар, ақын-жазушы шығармаларын мол жинай бастағанын көреміз. Жəне оны білікті де ұқыпты зерттеп жүргенін Ақмолланың өлеңдер жинағына жазған кіріспесінен байқаймыз. Сонымен, ұлы дарынның фольклористикалық еңбе гін жүйелеген жəне ғалымдық тұлғасын танытатын шығармаларын қысқаша талдаған уақытта, С. Сейфуллиннің қазақ əдебиеттану ғылымының іргетасын қалауға зор үлес қосқан, қазақ фольклористикасының қарыштап өркендей беруіне арна салған ғалымдардың бірі екендігін көреміз. Халықтың бақытты келешегі үшін өзінің ұланғайыр күшқуатын, дарқан дарынын, шалқар шабытын қалтқысыз жұмсаған Сəкен Сейфуллин қазақ мəдениетінің төрінен тұлғаланып көрінері еш шүбə тудырмайды. 2 Ақансері. Таңдамалы өлеңдері. Жинаған Сəкен, 1935, 3-4-беттер.
СƏКЕННІҢ ҰЛТЖАНДЫЛЫҒЫ Біздің жалпы түсінігімізде коммунист, революционер, большевик болу қып-қызыл интернационалист, Ахмет Байтұрсынов атауымен атасақ, бибауырмал болуға тиіс, яғни «бауыр керек емес, ел керек емес, жұрт керек емес, адам баласы керек» деп ойладық, ойлап келе жатқандар да жоқ емес. Кеше бұған құлай жығылсақ, бүгін ойлана кекірейгенімізбен ішімізді қалай беріп қойғанымызға таң қаламыз. Осы түсінікті теріске шығаратын тұс қайсы, құбылмалы өмір өткелінде тиімді қолданатын, пайдаға асыратын тұс қайсы? Ахаңша айтқанда, «жасасын би-бауырмалдық!» деп айғайлағанмен адам баласының арасындағы «жік» жоғалмайтынын тəтті тəнімізге ащы шыбық емес-ау, сырғауыл сойыл тиген кезде көрдік, сез дік, бірақ екі жарым ғасыр бойына қалыптасып қалған құлдық психология тұяқ серпуге мүмкіндік бермеді. Басқа ұрды, соқты, көндік, көнбегенді атты, асты. Зорлықтың күштілігімен жалғыз қанатпен «ұшып», «жасасын интер национализм» дегенімізді күні бүгінге дейін қоймай келеміз. Коммунизм идеясын өзінің ыңғайына жығып алып дəуірлеген «ұлыдержавалық шовинизмнің» жамылғысы, бет пердесі болған «интернационализм» екенін анық түсініп болмағандар əлі де аз емес. Совет өкіметін қайта орнатып, билікті КОКП қолына берейік деген Зюгановтарды былай қойғанда, Ресей парламентіне депутаттар ұсыну жəне сайлау кезінде Солженицын, Жириновский, Лысенко, Руцкой, Скоков, Лебедь, Стерлиговтардың арманы не екенін естігенде шошымай қалғандарға не демекпіз. Тарих доңғалағы өз айналуын тоқтатпайды, «маған ұлт керек емес, бауыр керек емес» дегендерді мансұқтамай қоймайды, опық жегізбей тынбайды. Елі-жұртын, ата-анасын сүймейтін пенде еш уақытта болған емес. Мұны ешқандай жəреуке сөз жасыра алмайды.
Мұны тіпті В. И. Лениннің өзі жасырмағанын, яғни «ұлттық мақтанын» аспандатқанын ол өлгеннен кейін ұмытып кетсек те, əр адам, əр коммунист, большевик, əр интерноционалист өзінің ұлттан, қай халықтан екенін ұмыта алмағаны рас, бірақ өз еліне, жұртына деген игі тілегін сыртқа шығара алмай тұншыққаны тағы рас. Сөзінің жалғандығын көзі айтып қойған сəттер аз болды ма?! Сəкеннің ұлтжандығын айтар алдында осындай қалыптасқан көріністі қайтадан көзге елестетіп алмасқа болмайды, өйткені бұл жай көбіне-көп 1937 жылдан кейін мейлінше дендеп кеткен, тіпті індетке айналған қылымсыған қылық болатын. Сонымен, коммунист, большевик бола жүріп ұлтшыл, ұлтжанды болу мүмкін бе? Əбден мүмкін, тіпті əрі-беріден соң қажет, шын ел-жұрт тілеуін тілегендерге, сол үшін арұятын, арман-мұратын арнағандарға, сол үшін қасықтай қанын, шыбындай жанын беруге бел буғандарға. Ал коммунист, большевик болғандардың бəрі осындай пиғылда болмағанын, бола бермейтінін тарих көрсетті. Тағы да алдын ала жасалатын бір ескертпе, біз кеңес құлағанша Сəкеннің қызыл жағын бадырайта көрсетуге айрықша құмар болдық. «Анау-мынау еркелігін» төңкерісшілдігінің құрбандығына шалдық. Сөйтіп, біздің көз алдымызда «Қызыл сұнқар» ашық аспанымызда еркін самғады, титығы қалмай жауыр болған «Қызыл атымыз» бəйгенің алдын бермеді, Бұған бүкіл ел болып, жұрт болып қол соқтық, қуандық, шаттандық. Сонда Сəкеннің ішкі дүниесінде алай-дүлей борасындар жүріп, дауыл-құйындар соғып жатқаны ескерусіз қалды. Оны ескерейік десек ұна тпады, айтайық десек ауызға ұрды, əбден билеп алған идеологияға ол келісе қоймады. Амалсыздан аузымызды жаптық, тілімізді байладық. Əйтпесе Сəкеннің көңілкү йі барлық кезде бірдей бола бермегенін оқыдық, білдік, сездік. Енді осыған сабырмен бір қарайықшы, мүмкін, біз айтпай-жазбай келгендеріміздің ішінде кеше де, бүгін де өтпелі заманға тап болған қазақ халқына, оның ойлы азаматтарына айтар ғибраты, елге еңбек етудің үлгі-өнегесі болар. Соларды саналыларымыз сараптан өткізіп, мөлдір қайнардан сусындар, шөлін басар.
Ұлтын, халқын, елі-жұртын, ата-анасын сүймейтін пенде жоқ, бұлар əр түрлі аталғанмен саяр жері біреу-ақ, ол – ұлтжандылық, патриотизм. «Қазақ энциклопедиясы» таяуда «қазақ елінің эко номикасы мен саяси жағдайы, тарихы, мəдениеті мен оқуағарту ісі, тілі мен əдебиеті хақында келелі сөз қозғаған, шығармаларының денін ғылыми əрі көркем туынды түрінде жариялаған «Айқап» журналының» сүбелі материалдарын Ү. Суханбердина мен С. Дəуітовтің құрастыруымен 38 баспа табақ қылып басып шығарды. Бұрын оқығандарымды қайтадан пысықтай оқып келе жатқанымда Сəкеннің «Туған жерім – өз елім» (шетте жүргенде) деген (№ 11. 1914) өлеңінің соңғы түйінді екі жолы «Сөйткен жерге хахол келіп орнады, Арманда боп, жылай-жылай қалғаным» дегенін оқып, «шошып» кеттім демей-ақ, қояйын, көптен бері ойлап жүрген, яғни Сəкеннің ұлтжандығы жөнінде жазсам-ау деп жүрген ойыма қамшы болып отыр. Бұл өлеңді Сəкен өзі көзі тірісінде шыққан кітапта рына ұмытып кеткендіктен қоспаған болса керек, ал, 1960 жылы Сəкен шығармаларының 2-томының 271-бетіне «Жаңадан табылған өлеңдері» деген айдармен қайтадан жарияланғанда əлгі екі жол ғана емес, сол ойға алып келетін бір шумақ түгелдей алынып қалыпты. Оны істегендер 60-жылдардағы лито болуы да ғажап емес. Қалай болғанда Сəкеннің атамекенге арнаған жырларында: Сағынып, Нұра, мен келдім, Бұрынғы иең-байғұсың. Айырылған сенен көп елдің Жатырсың көрмей қайғысын, – деген ойларды қысылмай айтқаны анық. Бұл шумақтар, сөз жоқ, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағындағы» пікірлерден бастау алғаны сөзсіз. Сəкеннің бұл өлеңдері жалпы арнаға əр саладан келіп құйылып жатқан бұлақтар, өзектер іспеттес дүниелер. Жер мəселесі – туған елдің тағдыры – XX ғасырдағы əдебиетіміздің үлкен бір тақырыбы ғана емес, елдік пен ерліктің, тірлік пен болашақтың ең үлкен проблемасы. Мұны бұрынғыша жалаңаш ұлтшылдыққа апарып тели салуға болмайды. Орыс отаршыларынан тізе
көрген, езілген, ашынған халықтардың – «бұратаналардың» көкейіндегі ой-пікір болғандықтан ғасыр басындағы əртүрлі қозғалыстарға алып келген соқпақтар, жолдар еді. Мен мұны Сəкеннің, сондай-ақ осы кезде қолына қалам алған дарындардың жалпы дүрмекке ергендігі екенін біле отырып, елге, ұлтына, халқына еңбек сіңірудің жолын іздеудің бір сорабы деп ұғамын. Осы мақсат жолына түскендердің ішінде əрқилы деңгейдегі дарындар болғаны, уақыт тезіне шыдамай бұрылып кеткендері, тірлік күйбеңінде қалып қойғандары көп болғаны да өтірік емес. Мұндай игі іске шын мəніндегі ер азаматтар ғана төтеп берді. Солардың ішінде Сəкеннің өз жолы, өз түсінігі болғаны ел-жұртқа аян. Кезінде Сібір университеті аталған Омбының оқы тушылар семинариясында оқыған Сəкеннің өмірге көзқарасы 1914 жылдан бастап көріне бастаған. «Бірлік» қауымын құрып, оның сол қанатын басқарған уақытта Шəймерден Əлжанов екеуінің «егер восстание бола қалса қазақ халқы орыстың шаруа-жұмысшыларымен бірге боларына кəміл сенеміз» (кейін осы кезді еске алғанда «революция болса, қолымызға қару алып, революцияшылдармен бір боламыз» деп баяндапты) деулері əшейінгі мəлімдеме емес екенін кейінгі өмір жолдары айқын көрсетіп берді. Солай бола тұрса да Сəкенді бірден төңкерісшіл реюлюционерлер санатына қосуға бола қоймас. Сəкен осылай дегенмен Омбыдан демократиялық ойтілек, яғни жұрттың бəрін «теп-тегіс бірдей қылсам» деген жалпы мұратпен оралады. Ол түсініктен 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс кезінде де безіне алмады. «Толқын» өлеңі оған дəлел. Қолынан келері болмаған шақта елде жасалып жатқан қиянаттардың бəрін жіпке тізіп, «кім біледі, əлі əділеттік те келер, жауыздардың да жазаларын тартатын уақыт жетер» дегеннің өзін жасырын атпен жазғаны, Орынборда «Қазақ» газетін шығарып жатқан ағаларына алаңдағанын, «шіркін, қазақ жастары солдатқа барып, əскердің өнерін үйреніп келіп, мылтықпен патшаға қарсы тұрса жақсы болар еді-ау» деп ойлағанын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде ашық жазды. Ахмет, Əлихан, Міржақыптардың «Ашық хатында» айтылған пікірге ден қойған кезі де жоқ емес.
Сəкеннің ізін бақылағандар «С. Сейфуллин в своей книге «Тяжелый путь, трудный переход» совершенно неправильно оценивает восстание 1916 года и неправильно излагает позицию националистической интеллигенции и казахского байства – он по существу оправдывает их позицию» («Большевик Казахстана» 1932, № 5, 21-бет) деп айыптаулары тегін емес. Сондай-ақ, 1917 жылғы жалпы қазақ съездерінің шешіміне де жалтақтап қарайлаған шағы аз болмаған. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі Ресей империясының езілген халықтарына да, орыстың өзіне де ұлы жаңалық, ғажап өзгеріс əкелді. Енді оның əрі ойланып-толғануға болмайтынын сезген, кешегі қазақ қозғалысына белсене араласа алмағанына іштей күпті, халық алдында кінəлі адамдай сезініп жүрген Сəкен «қуантуға ел-жұртты асығып тез аттанды» да Ақмолаға келіп, саясаттың мыс қазанына күмп беріп түсіп кетті. «Патшаның не себепті түскеніне алғашқы уақытта қазақ елі түсіне алған жоқ. Бі-рақ қуанды («Тар жол, тайғақ кешу», 1927, 38-бет). «Құрама комитеттің» сайлауына тап болған Сəкен қоғамдық іске араласып жүре берді. «Қысқасы, аз уақытта Ақмолада талай жиналыс болып, талай рет комитет сайлауы болды. Сөз көп, пəтуа жоқ. Жиналыс көп, тиянақ жоқ. Үкімет əлсіз. Жұрттың бəрі өзі бек, өзі төре. Жұрттың көбі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады» (17-бет). Омбы қаласында 1917 жылы сəуір айында облыстық, Ақмолада уездік қазақ комитеті сайланды. Омбыдағы облыстық қазақ комитетінен келген Дінмұхамет Əділұлы, Қошке Кемеңгерұлымен Сəкен жəне Бірмағамбет Айбасұлы – төртеуі уездік қазақ комитетінің бір бөлмесінде құшақтасып бірге жатады, Керен скийдің уақытша комиссарын бірге қаралайды, қуы сады. 1916 жылы қазақ еліне озбырлық жасаған екі-үш болыстың үстінен іс қозғағандар «Төлеубайды облыстық қазақ комитеті құрамынан шығарыңдар» дегенге облыстық комитет құлақ аспаған соң, Ақмола уездік комитетіндегі лер секем ала бастайды. «Жас қазақ» ұйымын ашып, оның платформасына «Россияның ең дұрыс жобалы төңкерісшіл партиясымен бірге майданға шығады. Россияның құрама (федеративная) республика болуын қуаттайды» (1977 ж. 52-бет)
деп жазған кезде Ақмоланың уездік комитеті мен «Жас қазақ» ұйымының ауыз бірлігі күшті еді, талай игілікті істі бірге тыңдырған-ды. Ал, уақытша үкіметтің Торғай облысындағы төтенше комиссары болып белгіленген Əлихан Бөкейханов келіп жеткенше Орынборда 2-8 сəуірде Ахмет Байгұрсыновтың басшылығымен Торғай облыстық қазақ съезі өтіп «Россия мемлекеті» демократиялық, парламенттік жəне орта лықтанбаған (децентралистская) республика болуын» қалаған шешім қабылдады. (Қараңыз: К. Нүрпейісов. Алаш һəм алашорда. «Ататек» баспасы, 1995, 95-бет). Ал, 1–13 сəуір аралығында өткен Жетісу облыстық қазақ съезі мемлекетті басқару түріне келгенде əскери генералгубернаторлық билікті азаматтық билеумен алмастырып, соғысты жеңіске жеткенше жалғастыруға, уақытша үкіметке бағынып, оған қолдау жасауға қаулы қылды. Ақмола мен Семей съездерінде айқындық жетіспеді. Орал облыстық қазақ съезі мемлекет билеу мəселесінде «Киргазский народ приветствуют идею демократической республики, оставляя вопрос о национальнотерриториальной федерации пока открытым, в особую феде ративно-демократическую Республику с учредительного собрания» («Алаш-орда». Составитель Н. Мартыненко. «Айқап» 1992, стр. 37. Соңғы сөйлемінде бір құйтырқы бар) деп шешті. Ел-жұртты басқаруға қажетті мемлекет түрі туралы 1917 жылдың сəуір-мамырына дейін Құрама (федера тивная) республика, парламенті орталықтанбаған (децен тра листская) республика түрлері айтылып оның демократиялық сипатын жақтады. Ал, осы жөнінде бүкіл алаш қозғалысына көсем болған Əлихан Бөкейханов қандай көзқараста болды деген сауалды тарата баяндасақ, жалпы дүниетаным мен көзқарастың, сөз бен істің арасындағы сырлардың шеті ептеп болса да ашылып қалуы ғажап емес. 1917 жылы 15 наурызда Минск қаласынан Əлихан Бөкейханов бас болған 15 зиялы Қазақстанда əлеумет ісіне араласып жүрген 36 азаматқа 25 адрес бойынша жедел телеграмма жолдайды. Ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 223 санында жарияланды. «Россиядағы барша халыққа
ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Біз қалайтын патшалық түрі – демократачески республика, яғни, мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі. Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаңдар! Түзулікпен іс етіңіздер, жаңа үкіметті сүйеңдер!» деп ұсыныс жасады. Қазақ зиялылары буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясын, ол тудырған уақытша үкіметті толық қолдады, елді соған шақырды, оның анығырақ сөзін Əлихан, Мұстафа, Міржақыптың «Алаш ұлына» жазған ашық хаты əбден айқындай түседі. «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұ күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр» (Қараңыз: Ə. Бөкейханов. Шығармалар, «Қазақстан», 1994, 234-бет). Осы қуанышқа кім жеткізді, кімге борыштымыз деген бел қайыстырар сауалды қояды да, соның есесін қалай қайтарудың жолын ашық жазады. «Еккенде жоқ, сепкенде жоқ қазақ халқы бостаншылыққа ортақ болып отырмыз. Біз қазіргі əділ үкімет, азат Россиямен бір тілекте, бір кемедеміз. Кемедегінің жаны бір. Тілек бірге болған соң, тірі болсақ бір төбеде, өлсек бір шұқырда болуымыз керек. Соның үшін жаңа үкіметке қолдан келген көмегімізді аямауымыз керек» (Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 235-бет). 1916 жылғы 25 июнь жарлығын еске ала келе «біздің жігіттер соғысқа əуелде зорлықпен келсе де, енді орыс халқының жақсылары һəм əскері арқасында бостаншылық алған соң, соғыс біткенше аянбай қызмет етсе, алған бостаншылығымыздың қолқасын түгел қайтара алмасақ та, орыс халқының алдында ұялмас едік. Міне, біздің көмегіміз осы болуы керек. Мұны жігіттер де, жұрт та ойласын. Алмақтың да салмағы бар. Жақсылығына ортақпыз, жамандығыңнан аулақпыз десек, құдайға қас болармыз, жұртшылығымызға таңба болар. Орыс халқы бостаншылық жолында жанын құрбан қылғанда, біз терімізді қиялық. Жаңа үкіметтің күшеюіне қызмет қылалық, кешікпей ашылатын Учредельни Собраниада һəм Государственный Думада бəйгеге қосылып, жүлде алып, халқымыздың бақ-берекесіне жол ашалық» (бұл да сонда)
дегеннің жалпы демократаялық сипатының астында талай дүдəмал күпті мəселелер жатқаны айтпаса да түсінікті. Осындай көзқарас бүкіл алаш қозғалысына, əсіресе, оның басшыларына тəн болғаны белгілі. Жалпы халық, жалпы көмек дегендерді ол кезде əрқилы түсінгендер, қолына қару алып майданға шыққандар болғанын елемеу орынды болмасы айдан-анық. Шырылдаған шындықтың сырын сөзден емес, нақты істен іздеу шарт. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы туралы мəселе бірінші жалпықазақ съезінде шешілді. Ол 1917 жылы 2128 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Съездің қараған бірінші мəселесі – мемлекеттік басқару туралы. «АлашОрда» деген құжаттар жинағында еш түсіндірмесіз: «1. О государственном управлении. В России должна быть демократическая федеративная парламентская республика. 2. 0б автономии Киробластей: Киргизские области должны получить областную автономию, смотря по национальным различиям и бытовым условиям» (46-47-беттер) деген қаулы беріледі. Сонда қалай, Қазақстан Россияның құрамына кірген уақытта іштей облыстық автономияға бөлінбек пе? Жалпы осы федерация дегенді қазақ зиялылары қалай түсінді жəне ол жөнінде кім не айтты деген мəселені Сəкенге байланыстыруымыздың бір сыры бар. Біз кейде біреуді мақтау керек болса бəрін үйіп-төгіп соған таңа саламыз, ал даттап қаралағымыз келсе оның бадырайып тұрған ізін, қазаққа сіңірген еңбегін көрмей, көз жұмып өте шығамыз. Соның бір көрінісі соңғы кезде алаш қозғалысын зерттей бастаған ғалымдар арасынан кездесіп жатуы тарихи шындықты тағы да бұрмалауға апарып соқтырып аламыз-ау деген ойды қылаңдатады. Жалпықазақ бірінші съезі ашылардан бір ай бұрын «Қазақ» газеті ең негізгі мəселелерді, əсіресе мемлекет түрі мен партия ұйымдастыру туралы жұртқа ой саларлық пікірлер жариялады жəне съезге келген делегаттар белгілі бір топтың, аймақтың, өлкенің тұжырымын ұстай келуді өтінді. «Даярлықсыз адамдардың келгенінен қазаққа келер түк пайда жоқ» деп кесіп айтты. Қазаққа керегі «мемлекеттік автономия ма, яки уалаяттық автонония ма?» деп негізгі сұрақты қояды да,
олардың айырмашылығын түсіндіреді. «Мемлекеттік автономия болса өз государственная думасы болмақ: өзіне керек закондарды сол думасы шығармақ; ақшасын өзі жасап шығармақ; барша шаруашылық ісі: темір жол, почта, телеграф сияқты істерінің бəрі де өзінде болмақ. Жерсуының билігі де өзінде болмақ. Өз алдына əскер ұстамақ; қысқасы, мемлекетке керек жабдықтарын өзі жайғастырмақ, өз қамын өзі жемек« («Қазақ», 1917, 24 маусым, № 234), яғни шет мемлекеттермен қарым-қатынасын жалпы мемлекет арқылы жүргізеді жəне онда өкілетті уəкілі ғана болады. «Мемлекеттік автономияның бас мемлекетпен жалғасатын жері осылар ғана» дегендеріне қарағанда бүгінгі Қазақстан республикасының жай-күйі көзге елестегендей болады. Ал, «уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, темір жолы, почта, телеграфы, əскері болмайды. Жалпы-мемлекеттік Думасына уəкілдерін жібереді. Өз думасы сол жалпы мемлекет Думасында шыққан законға қайшы келместей закондарды шығаруға ықтияры болады. Жер-судың билігі жалпы мемлекет қолында болады» дегені қазіргі Ресейдегі Шешен мен Татарстаннан басқа республикаларды еріксіз еске түсіреді. Жалпықазақ съезін шақырудың дабылы «Қазақ» газеті мен ұйымдастыру бюросының телеграммасы арқылы жəне Шəймерден Əлжановтың Сəкенге жазған хаты арқылы белгілі болған уақытта, араларына алалық кірмеген «Ақмола уездік қазақ комитетінің жалпы жиналысын аштық. Баяндама жасап, пікір алысқаннан кейін, Орынбор съезінің қарайтын мəселелері туралы қаулы шығардық – деп еске алады Сəкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешуінде». – Қаулымыз «Жас қазақ» ұйымының жобасымен болды. Біздіңше, ең зор мəселе – Россияның болашақ үкіметінің түрі. Орынбордағы съезге телеграмма соқтық: «Біз федеративни республикаға ғана дауыс береміз. Басқа түрге қарсы боламыз». Біздің телеграмма съездің ашылуына дəл барыпты». (1977, 61-бет). Көріп отырсыздар, Торғай, Орал облыстық қазақ съездеріндегі тұжырымдар жəне «Қазақ» газетіндегі ойлар, Ақмоладан жеткен телеграмма, сөз жоқ, съезд мəжілісінде
міндетті түрде талқыға түсуге тиіс пікірлер ғой. Ол жайында газет хабарын кездестірмегендіктен Сəкеннің роман-эссесіндегі мына дерекке айрықша құлақ салған жөн сияқты. «Біздің телеграмма съездің ашылуына дəл барыпты. Кейбіреулер осы федеративни республиканы қуаттап сөйлепті. Съезд шақырушылардың ағасы Бөкейханұлы кадет партиясының жобасын съезге алғызбақ болыпты, едəуір далбастапты. «Россия үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар, парламентті болуы жөн» деп таласыпты. «Бұл деректі сол бірінші съездің екі хатшысының бірі болған Асылбек Сейітов Ақмола уездік қазақ комитетінің съезін өткізуге келгенде жасаған баяндамасында айтқан. «Орынбор съезінің баспаға басылған қаулыларын əкелді. Съездің қалай болып өткенін сөйледі. Съезде Бекейханұлдарының кадет партиясының жобасын жүргізбек болғанын айтты. Россия мемлекетінің үкімет құрылысы ағылшындікіндей, конституция парламентті болғанын дұрыс деп, ақырында; федеративни республикаға көнгенін айтты» (62-бет) деген мəні өте зор мəлімдеме жасаған. Ал, осыған біздің қазіргі зерттеушілеріміз дұрыстап назар аудармай, съезде айтылған ой-пікірлерді сараптамай қаға берісте қалдырып, не айналып өтіп жүрген жайы бар. Сөйтіп барлық жоба-жоспар Əлихан Бөкейхановтың қолынан шықты дегендей сыңай танытады. Бірінші мəселеде осындай ойлар айтылмаса күн тəртібінде он екінші кезекте тұрған партия құру мəселесі тұсында айналып соқпас еді ғой. Тарих ғылымдарының докторы М. Қойгелдиев: «Съезге қатынасқан бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Ə. Бөкейхановтан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мəлімдеуді талап етеді» (М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. «Санат», 1995, 303-бет) деген тың деректі хабарлады. Əлихан Бөкейханов кадет партиясы құрамынан шығатынын бірінші съезд өткен шілдеде емес, II жалпы қазақ съезінде айтып, «Қазақ» газетінің 23 желтоқсанындағы 256 санында «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мəлімдеме жасаған болатын. Осы уақыттық алшақтықта мəн жоқтай сыңай танытамыз. Жəне Əлекеңнің мəлімдемесіне дейін, яғни 21 қарашада «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жарияланып қалғаны да қалтарыста қала беруде.
Шындығына келгенде, жалпықазақ I съезінің «Қазақ» газетінде жарияланған қаулысының сөзімен айтсақ, «Ресей демократиялық федеративтік, парламенттік республика болып, қазақ облыстары қоныс – ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» дегенді оқимыз. Сонда қалай, бүкіл Қазақстан емес, «қазақ облыстары қоныс – ұлт жігіне карай «облыстық автономия» болып, сиырдың бүйрегіндей қырық бөлек болуға тиіс пе? Бұл шешім керегімізді айта алмағандық па, əлде пікір алалығынан туындаған бұлдырлық па? Бұған дейін нені болса да айқын түсіндіретін тілдің орашолақтанып қалғаны несі? Мұны ғылыми проблема ретінде терең қазу тарихшылардың мойнындағы міндет десек, енді осы мəселенің Сəкендердің Алаш басшыларымен байланысына, қарым-қатынасына тигізген кесірін айтпай кетуге болмайды, өйткені бұл бүкіл қазақ зиялыларының ел болашағы туралы ойларының жол айырығы сияқты үлкен мəселе. Шынын айту керек, Сəкендер осыған дейін алаш азаматтарының ықпалынан, айтқанынан шыға алмай келе жатқан болатын. 1917 жылы тамыз айында Ақмоланың уездік қазақ комитетінің сайлауы болды. Комитетке «Жас қазақтың» бастықтарынан ешкімді кіргізбеді. Сөйтіп, комитеттен шығып қалдық. Омбыдан Орынбор съезіне барып келген əлгі Ақмоланың облыстық қазақ комитетінен келген А. Сейітұлы енді бізді қуды. Комитетке ылғи байлардың, бұрынғы азулылардың, молдалардың адамы кірді (62-бет). Кеше ғана қазақ комитетінің бір бөлмесінде құшақтасып жатып, игілікті істі бірге атқарып жүрген Қошмұқамбет Кемеңгерұлы, Дінмұхамет Əділұлы Омбыға, I қазақ съезіне жолданған телеграмманы жазған Бірмағамбет Айбасұлы Атбасарға кетеді. «Жаңарған қазақ комитеті өзінің кім екенін тезінен-ақ іс жүзінде көрсете бастады. Ешбір пəтуасы болмады. Бостандық, теңдік, əділдік іздеген адамдар «Жас қазақ» ұйымына келетін болды. Біз «Тіршілік» газеті мен «Жас қазақ» ұйымын күшейте бердік» (63-бет) дейді. Бөліну басталып, арасына аңдысу кірді. Əркім өз білгенімен қазақ халқына азаттық жолын іздемек. Сəкендер, яғни «Жас қазақ» ұйымының мүшелері əуелі Ақмола уездік қазақ комитетімен алысты, өйткені,
ол «губерниялық комитеттің əмірі бойынша, елден ақша жинамақ болды. Үй басына жеті жарым сомнан! Байдан да жеті жарым сом, кедейден де жеті жарым сом. Өздерінің батагөйлері, мың-мың жылқылы байлар – Сағынайдың Нұрмағамбеті, Олжабайлардан да жеті жарым сом, Ақмоладағы жатақ Балапаннан да жеті жарым сом!» (63-бет). Байқайсыздар ма, 1916 жылы да, Ақпан революциясы тұсында да. Есіп кеп, майда желдер таудан асып, Құшақтап аймалады амандасып. Естіген, көрген-білген сырын маған, Айтысты, қуанысып, сыбырласып. «Тендікке, бостандыққа көптен ғашық, Нашарлар, ұран салып жолын ашып, Құлдықтан бақыттарын жеңіп алып, Ту тігіп шығыпты ерлер қол ұстасып...» Асау жел саулап, жаттап кетті сарнап, Аралап Сарыарқаны кезіп-шарлап. Əн салдым қырда отырып, көкірек кернеп, Кім білсе желдің тілін соған арнап. Сəкеннің түсінігінде бүкіл қазақтың мұң-мұқтажы, арман-тілегі ажыратылмай, тұтас айтылып келген болатын. Тіпті федеративтік республика идеясы туған кезде де жалпыдемократиялық, жалпыұлттық ұранның аясында шыр айналып жүргенін көреміз. Енді, міне, байға да, кедейге де жеті жарым сомнан салық түсуі «Жас қазақ» мүшелерін таптық жікті алдыңғы қатарға шақыруға себепкер болып отыр. Оған жалпықазақ съезінде болып, федерация идеясын жақтап сөйлеген, бірақ өзінің бар таным-білігінде жалпылықтан іргесін аулақ салмаған Асылбек Сейітов алаш басшыларының тапсырмасын орындап, Ақмоладағы уездік қазақ комитетінен Сəкендерді қуып шығып отыр. Жасыратыны жоқ, мұнда пенделік сыңай, субъективтік себеп те жоқ емес. Үш-төрт ай бойына Ақмола уезіне «өздері би, өздері төре болған» комитеттің тізгінінен айырылып қалу «Жас қазақ» мүшелеріне, əсіресе жетекшілеріне, оның ішінде Сəкенге оңай тимегенін байқау қиын емес. Бұрыннан-ақ
сезіп, көріп жүрген жайдың бірінші жалпықазақ съезінен кейін, əсіресе Омбыдағы облыстық қазақ комитетінің «Жас қазақтармен» ұстасуы, ірге ажырата бастауы, тіпті қайсыбірінің əкіреңдеуі ертеден-ақ көңілде жүрген, шығар мезгілін тосқан көзқарасты, кəзіргілеп айтқанда, таптык таным білікті сыртқа шығарды. «Тіршілік» газетінде уездік комитет мүшелерін «Күзетші иттерге» теңеген Сəкен өлеңі «Қазақ» газетін шамдандырды. Тіпті Рахымжан Дүйсенбайұлының «Қазақ əзір муфтиді қоя тұрып, өзге бас билігін түзетсін» дегені де алаш басшыларына ұнамағаны рас. Ілік көбейіп, артықкем сөздер айтылып көңіл қала бастады. Сəкендер əскери гарнизонды ез жағына шығарып алғаннан кейін қазақ комитетін тарату былай тұрсын, Керенскийдің комиссарын қуатындай күшке ие болды. Жиналыс-митинг, таластартыстар күннен-күнге өрши берген тұста Петроградтан Керенский үкіметі құлап, билікті большевиктер қолға алды деген телеграмма келгенде Сəкен: Кел, жігіттер, Болыңдар ер, Жүйткіт, Орғыт тұлпарды! Жаз қанатты, Сілте қатты Ұйтқыт, өрлет сұңқарды! – деген ұранды бүкіл қазақ даласына жеткізуге жан салды. Бұл «Оян, қазақтың» жаңа жағдайға бейімделген жаңа үні болды. Құрбы-құрдастарын, шын азамат жігіттерді теңдікке жетудің ұлы міндетін атқаруға шақырды. Оны жазбасқа шарасы да жоқ еді, өйткені оның оқудан кейінгі уақытта көріп-білгендері мен естігендері осы идеяны жыр шумағына бөлеп, көңілінде пісіп, бар дауыспен ен далаға таратуды талап еткен шақ болатын. Енді айқындық айрықша қажет болғанда. Зұлымдық пен Əділдіктің, Алысқанын айтайық. Жер жүзінде,
Бай мен кедей, Шабысқанын айтайық. Кедей сүйер, Байлар күйер, Ауыздан от шашайық. Салып ұран: «Кедей құрал» Кедейден топ жасайық!– деген төңкерісшіл əдебиеттің алғашқы сөзі осындай айқындықпен қазақ сахарасына тарап, ел-жұртты елең еткізгені еш дау тудырмайды. Осы арада Сəкеннің маркстік дүниетаным жолына келуінің өзі табиғи екенін аңғармасқа болмас. Омбыдағы қазақ жұмысшыларымен жанасуы, Ф. Березевский сияқты большевик жазушымен дос болуы, «Бірлік» қауымының сол қанатын басқаруы, бір семинарияда оқыған ақын Мағжанмен творчестволық бақастық, Міржақыптың балдызы Гүлшаһра арқылы жұлдыздары жараспауы, 1916 жылғы шақыру кезіндегі атқамінерлер мен бай-болыстардың нашарларға көрсеткен зорлық-зомбылықтары, онан кейінгі өмір ағысындағы мəнді өзгерістер мен төңкерістер жалпы демократиялық түсінігі бар Сəкендерді кедей жағына шығарғаны сөзсіз. Оның үстіне марксизмнің «бүкіл дүние жүзі жарлы-жақыбайлары бірігіңдер, қор болмаңдар, билікті өздеріңнің қолыңа алыңдар, бақытты қоғам жа саңдар» деген қарапайым да түсінікті ұрандары бір болса, Қазан төңкерісі алғашқы сəттен бастап жерді – шаруаға, кəсіп орындарды – жұмыскерлерге, нанды ашыққандарға үлестіріп, ел-жұртты жұтатқан қырғын соғысты тоқтатайық, деп келген большевиктік екпін қазақтың талай зиялыларын өзінің аясына тартып, кедейшілдік, таптық жолға түсіргені айдан-анық. Өзінің қолындағы қару-жарақпен ғана емес, көкейіндегі өрелі өлеңдерімен тапшыл əскердің алғашқы сапына тұрған ұлы дарын Сəкен болғандығын қазір бұрынғыдан гөрі естірте айтуымыз керек. Төнкерісшіл большевик, лениншіл болған уақытта Сəкен өзінің ел-жұртын ұмытты ма, қазақ халқына теріс айналып «жасасын адамзат» деп далақтай берді ме, азаттыққа, бақыт жолына жетудің соқпағын көрсете алды ма,
қазақты жеткізуден басқа арман-тілегі болды ма? деген сүбелі сауалдарды бүгін айрықша қатты қойып тарихи шындық деңгейінде жауап іздеуіміз керек əйтпесе «өйткен екен, бүйткен екен» деген сыбыстан, өтірік-аяңнан арыла алмаймыз, ұлт мақтанышы болған азаматтың қадіріне жете алмаймыз. Қазақ халқына, əсіресе оның қалың бұқарасы – кедейкепшікке бақыт, теңдік іздеген Сəкен Қазан төңқерісінің алғашқы сəтінен бастап өз бағытын тауып алды да, желтоқсанда өтетін жалпықазақтық II съезд не айтар екен, қандай жөн сілтер екен деп алаңдаған жоқ. Өзі түскен жолға имандай сенді. Қазаққа жақсылық əкелетін үкімет осы деп білді. Сонда да қазақ қоғамында болып жатқаннан хабарсыз болмай, алаш қозғалысының іс-əрекетінен көз жаз бай бақылап отырғаны да рас. Түркістандағы Тұрар Рысқұлов, Торғайдағы Амангелді, Əліби, Бөкейдегі Сейтқали Меңдешев, Семейдегі Нұрғали Құлжанов, Жетісудағы Тоқаш Бокин, Ақмоладағы Сəкендер қазақ халқы таптық жол мен бақытқа жетеді деп түсінді де, алаш қозғалысының ұранына іш тартпағы былай тұрсын, кейбір кезде ұстасып та қалып жүрген сəттері болмай қалмады. Халыққа бақыт іздегендердің жолы екі айырылды, Сəкен, Тұрарлар қазақты бақыт бақшасына жеткізеді деп таптық, маркстік-лениндік жолға түсті, ал қазақ зиялыларының басым көпшілігі жалпыұлттық, жалпыдемократиялық жолды таңдады. Сəкен-Тұрарлар басынан аяғына дейін большевиктермен бірге болса, алашшылдар Ресейде жасақталған əр қилы үкі меттер мен комитеттерді жағалап, бірде-біреуінен жылы қабақ көрмеді. Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін ешкімге таныта да, мойындата алмады. Тарихтың əуре-сарсаңына түсті. Федерация да, автономия да уақыт мазағына ұшырап, азамат соғысының ылаңына кезікті. Оны қаламағандардың біразы көрінген есікті бір ашып, бір жауып жүргенде Сəкен бастаған «Жас қазақ» мүшелері мен совдепшілер атаман Анненковтың «Ажал вагонында серуендеп» о дүниедегі тозақты доңғалақ үстінде, ылас түрмеде көрді, қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстанда кеңес үкіметі 1920 жылға дейін дұрыстап орнай алмай қопаңдады. Бірде орнап, бірде құлап, талайларға азап-бейнет əкелгені өтірік емес.
Колчактың түрмесін, қаскөй күштің зорлығын көрген Сəкен бұрынғыдан да жаман тапшылданып кеткені, жігері жасудың орнына қайралып шыққаны еш күмəн тудырмайды. Уф! Жүрейін, жүрейін, Осы жерден кетейін. Бостандық, кеңдік, байтаққа, Күн-түн қатып жетейін. Тіршілік, тұрмыс менікі! Əуп! Ауаны жұтайын! Кеудемді керіп жұтайын! Бар ауаны құртайын! – деген жігерлі шумақтар түрмеден қашып шыққан лирикалық кейіпкер емес, бүкіл əлемді билеуге ұмтылған жанның образына ұқсайды. Сəкен қуғын-сүргіннен, абақты-түрмеден бұрынғысынан да қып-қызыл болып оралды. Қазақ елін көркейту ісіне именбей, жалтақтамай араласып жүре берді. Ондағы бар иман сыры 1920 жылы жазған жалғыз өлеңі «Жел қайықта» айқын баяндалды. Тəуекел дарияға салсаң қайық, Талмай дүз, тұтқан жолдан кетпей тайып. Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл, Қаңбақша кезер кемең қанат жайып. Тымықта құлаш керсең əнге салып, Түлеп сол толқында да қаһарланып, Сыр берме жел қайыққа мінгеннен соң, Рахатты, михнатты да мойынға алып. Түркістаннан Ақмолаға маусым айында оралған Сəкен уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары жəне билік бөлімінің бастығы болып өндіртіп еңбек етіп жүргенде, тегеурінді шақырумен 15 қыркүйекте Орынборға аттанды. Қазақстан кеңестерінің тұңғыш құрылтай съезінің Əкімшілік комиссиясына сайланып, Қазақ АССР-ының
территориясын жинақтау мəселесіндегі ірі əңгімелерге араласып, алаш қозғалысы басшыларының съезге қатысуына наразы болған Əліби Жангелдиннің тобымен қызу тартысқа түсті де кетті. «На 1-й Всеказахстанский съезд прибыли почти все видные руководители «Алаш-Орды» в качестве советских делегатов: самый «верхний» глава «АлашОрды» Букейханов Алихан, Танашев, Акаев, Ермеков, Турмагамбетов, Козыбагаров, (все они «министры» АлашОрды). Затем, ряд вошедших в коммунистическую партию алашординских крупных деятелей – Байтурсынов, Кенжин и другие. Большинство делегатов – казахов было под явным влиянием их. Кулуарные шушукания и настроения делегатов, нас акмолинских делегатов сразу обеспокоило. Мы, Абилхаир Досов, Сабир Шарипов, Угар Жаныбеков и я пошли в кабинет тов. Жангилъдина, где было устроено совещание делегатов-борцов – 1917 -18-19 г. г. – около 20 человек. Где были кроме упомянутых нас, еще Алманов, Калашников, Булаков, Илистенов, Адилев и другае. Было единогласно твердо решено выступить на съезде против «алашординцев», против участия их на съезде. Распредилили роли, назначили ораторов и на другой день, после открытия съезде, когда намечали президиум, мы взяли слово и резко выступили, требовали удаления «Алаш-Ординцев» из съезда. Мы кричали: как же можем мы с ним сидеть рядом, когда у них на руках еще кровь наших товарищей не высохла. Это произвело огромное впечетление. Съездовский зал заволновался. Нас поддерживали криками. Среди руководителей съезда, бюро фракции коммунистов и кирбюро ВКП – пробежало замешательство. Поставили наше предложение на голосование. И что же – большинство (только несколькими голосами) съезда провалила нас. Хотя, после этого, алаш-ординские главари держали себя поосторожнее. Но некоторые главари «Алаш-Орды» вошли в первое Казахстанское Советское Социалистическое правительство». С. Сейфулиннің «Советская степь» газетінде «Неонационализм и его наступления на идеологическом фронте» деген атпен 1928 жылы 6 маусымда жарияланған
мақаласының түпнұсқасынан əдейі толық келтіріп отырмын. Біріншіден, Сəкен еш уақытта жалған сөйлеп, өтірік айта білмеген пенде. Шындық кейін қандай қияпатта болар екен деп ол сескенбеген, əр сөзіне, ісіне жауап беретіндігін ұмытпаған. Екіншіден, билікке таласу сияқты пенделік мінездер сол кезде революцияшыл жел көңілмен қалай айтылғанын, көрінгенін аңғарту болса, үшіншіден, осындай қадамға Əліби – Сəкендерді итеріп жіберген сыртқы «қамқор» күш жоқ па екен деп қалуға болады. Өйткені, «бөлшекте де билей бер» деген отаршылдық пиғылдан сол кездегі орыс коммунистері құлан таза емес еді. Осы тактика, əсіресе Қазақстан сияқты жері үлкен, ауыз бірлігі аз өңірде өте табысты қолданылып келгенін еш уақытта ұмытпайық. Қазақтың шен мен таққа таласын күні кешеге дейін, тіпті қазірдің өзінде шебер пайдаланушылар аз емес. Объективтік жəне субъективтік себептер салдарынан Қазақстандағы таптық күрес басқалардан əлдеқайда ауыр да қиын өткенін тарихтың əрбір шешуші кезеңдерінен айқын байқаймыз. Сонымен, Қазақстанға қандай болары белгісіз, теңдік пен азаттық «əкелген» құрылтай съезі болсын, не оған дейінгі Қазақ өлкесін басқаратын əскери-революциялық комитеттің жұмысында болсын, онан кейін құрылған, үкімет орындарында болсын интернационализм туымен жүргізілген таптық күрес қазақ елінің ұзына тарихына ылғи ұтылыс сыйлаған сияқты. Əсіресе, қазақ зиялылары ылғи опық жеп, бірін-бірі құлатқанға, бірінің бірі көзін құрытқанға мəз болған шақтары аз емес. Міне, сондықтан Сəкеннің ұлтжандығын əңгімелеген уақытта қолымыздағы бар деректерге ештеңе қоспай, бұрмаламай ашық баяндамақпын. Одан Сəкен ұтар да ұтылар, бірақ кейінгілер тарихтан сабақ алар деген ой билей береді. Осы «тапшылдықтан» ұшыққан ырду-дырдудың ең мықты көрсеткіші үкімет құрамы болса керек. Социалистік автономия алған Қазақстанда қазақ халқының саны осы тұста 68 – 70 процент болғанына қарамастан 14 шешуші қызметтің тек төртеуіне қана қазақтар ие болды. Партия ұйымының билігі былай тұрсын, Халық Комиссарлары Кеңесінің, яғни партияның дегенін орындайтын жұмысшы
органының төрағалығы түгіл, орынбасарлығы да бұйырма ды. Сөз жүзінде бəріне басшы деп есептелетін, бірақ қо лында еш уақытта билік болып көрмеген, партия мен үкімет басшыларының аузына жалтаңдай қарап отыратын Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетіне Сейтқали Меңдешев күтпеген жерден сайланды. Бүкіл қазақ даласына аты белгілі, мақсаты айқын совет өкіметін бірінші таныған, В. И. Лениннің қабылдауында болғаннан кейін қазақ даласын басқаратын əскери-революциялық комитеттің мүшесі, кейіннен төрағаның орынбасары болған, Лукашев сынды шовинист «коммунист» атып тастай жаздаған, өзінің ар-ұжданының əмірімен большевик партиясына кірген ұлы ағартушы-демократ Ахмет Байтұрсынов сияқты азамат съезд делегаты болып, президиумде отырғанына қа рамастан Бөкей ордасында мүғалім болып, революциялық іске араласқан, ревком мүшесі болғанмен бүкіл қазақ танитындай деңгейге əлі кетеріле қоймаған Сейтқали Меңдешевтің Қазақтың автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы болып сайлануының себебіне назар аударған абзал. Меңдешев ешбір кемітуге болмайтын, қазақтың ірі де тұлғалы қайраткері екені даусыз. Алайда өзінің ойын да, сөзін де ашық айтып іске батыл араласып келген, араласып жүрген азулы азаматтарды, оның ішінде А. Байтұрсыновты дала өлкесін емін-еркін билеп келген озбыр елдің большевиктері қалай қоймағаны тағы рас. Былай қарағанда, осы шешім бір есептен орынды сияқты, өйткені кеше ғана алаш қозғалысының көсемі, ең мықты идеологы болған, оның үстіне совет үкіметін мойындағанда 1919 жылы наурыз айында Мəскеуге Əліби Жангелдинмен бірге барған Ахаңды Сабыр Шəріпов, Əбілқайыр Досов, Угар Жəнібеков, Əбдірахман Əйтиев, Сəкен Сейфуллин, Баймен Алмановтардың қостамауы, съезд үстінде «алашордашыларды жуасытып алулары», С. Меңдешев сайлануының «заңды» екенін дəлелдегендейақ. Алайда ұлттық тілек-мүддені жоқтау тұрғысынан келгенде, əу бастан-ақ шалыс басқанымыз айқын көрінеді. Маған мынадай да ой келеді жəне архивтегі деректерді дұрыстап қарасақ, оның шындыққа жақындығы дə-
лелденуі мүмкін. Кеңес үкіметін орнатуға белсене араласқан, талай қиямет қайымды басынан кешірген тұңғыш қазақ большевигі Əліби Жангелдиннің Орталық Атқару Комитетінің Төрағалығынан дəмелі болуы ғажап емес. Қазақ түсінігіне салсақ, жол да, жөн де сол кісінікі сияқты. Аппарат «ойынына» қатысып жүргендердің біреуі Əлекеңе Ахмет Байтұрсыновты ыңғайлап жатыр деуі де мүмкін ғой. Міне, сондықтан Құрылтай үстінде тапшылдықты бас шылыққа алулары содан да болуы мүмкін. Ал, большевиктер үшін алаш қозғалысының көсемі, идеологы, сөзіне ел құлақ асатын Ахаң емес, айтқан тілді алатын тəртіпті, тəр биелі адам, иманжүзділігі мен иі жұмсақтығын танытқан Сейтекеңнен басқа кісіні сырттан келгендерге сол сəтте таба қою оңай емес еді. «Ыдырат та билей бер» деген қағиданың тұзағына өзіміз ілінгеніміз осыдан-ақ анық көрінеді. Кешегі революционерлердің көбі Орынборға жиналған уақытта, əсіресе ұлттық мүддені ойлайтындардың бірден ауызбірлік тауып, жарасып кете коймағанын архив деректері көптеп дəлелдейді. Биліктің қызықтырғыш қасиеті көп қой. Орынбор жұмысшысы Г. Коростелев облыстық, партия ұйымының жетекшісі, Қазақстанға тұрақтары беймəлім Радус-Зенькевич Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болды. Яғни, ошақтың үш бұтының біреуі ғана қазаққа тиді. Сəкен – Əлібилер осындай ойға өздері келді ме, жоқ болмаса, қазақ зиялыларын бөліп, жіліктесе басқару оңай болады деп есептеген, білетін отаршыл пиғылдағы большевиктер от тастады ма, не керек, Қазақстан кеңестерінің тұңғыш құрылтайында таптық желеуді ту қылып колдарына ұстаған қазақ төңкерісшілдері алашшылдармен ел-жұрт алдында бетпе-бет осылай кездесті де, билікті басқалардың пайдаланып кетуіне жағдай жасағаны анық. Осы мəселеге айрықша тоқтаған уақытта біздің бүгінгі азаматтар тарихтан сабақ алсын, Сəкен іс-əрекетінің бəрі бірдей оңынан бола бермегенін көрсін жəне осы қате қадамын түзету үшін қалай аянбай еңбек еткенін, соны түзеймін дегенде тағы да шалыс басып алғанын аңғарсын деп əдейі тəптіштеп жазып отырмын.
Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитетіне (КирЦИК) 75 адам мүше болып сайланды. Мұнда қазақтың үлесті салмағы аз болды, не бары 27 азамат қана өтті, яғни үштің бірі ғана болды. Бұған қысыла қойғандар, ыңғайсыз болды-ау дегендер табылмады. Осы 75 мүшеден 1920 жылы 13 қазанда 12 адам президиум мүшесі болып сайланғанда, қазақтар 8, еуропалықтар 4 адам болды. Сəкенге жер жəне баспасөз комиссияларын басқару міндеті жүктелді. Бөкейді Астраханнан, Ақмола мен Семей облыстарының солтүстік аудандарын Батыс Сібір өлкесінен бөліп Қазақс танға қарату жөніндегі төтенше комиссия жұмысына белсене араласты. Онан кейін негізгі назарын баспасөз алқасының өнімді де дəйекті ісін бағдарлауға аударды. Əскериреволюциялық комитеттің тілі болған «Ұшқын» газетінің атын «Еңбек туы» деп өзгертіп, оның бірінші санына «Советтік Россияның жайы» деген публицистикасын жариялады. Сөз саптауына қарағанда əлемдік төңкерісті аңсаған, большевизм жолына əбден түсіп, соның сойылын соғуға даяр екенін қалтқысыз танытады. Əлемдік интернационализмге берілген пенденің кейпі айқын байқалады. Қиыр Шығыстан игі хабар жеткенде «Ғабдолла бауырым тірі екен» деп Ғ. Асылбековті бүкіл Қазақстанға таныстырады. Кешегі ауыр азап, көрген бейнет еске түскенде «Ғабдолла бəріміз шынжыр кісенде болдық. Бұрынғы қан ішкіш кəпірлердің ойына кірмеген жауыздықтарды, азаптарды XX ғасырдың зиялыларынан көрдік» деп жазғаны да сол газеттің 25 желтоқсандағы санында жарияланды. «Еңбек туы» да бір шығып, бір тоқтап малтыға берген соң партия мен Орталық Атқару Комитетінің органын шығару мəселесін Сəкен күн тəртібіне қойып, Қазан революциясының туған күні – 7 қарашада «Еңбекшіл қазақ» газетін шығару жəне Қазақстан мемлекеттік баспасын ашу жөніндегі қаулыны қабылдатты. Қазақ кеңес баспасөзінің қара шаңырағы – қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті – Сəкеннің тікелей араласуымен ынта-ықыласымен, қолкүші, ақыл-санасымен көтерілген еді. Сəкен қайраткерлігінде əлі де болса əлемдік төңкерістің идеясы басым, тіпті Қазақстан жайына оралар түрі
байқалмайды. «Врангельді құртқан соң, осы уақытқа шейін дұшпандық қылып келе жатқан Европа үкіметтері совет үкіметін лажсыз таниды» деп «Еңбек туының» бірінші номерінде айтқан едік. Бұл сөз қазір жарыққа шықты. «Совет үкіметімен пайдалы шарттар жасап, бітім қылуға қазір Европа үкіметтері – Англия, Франция, Италия асығуда. Россия саудасына таласып, өзара алакөз болғаны, əрине, бізге зиян емес. Совет үкіметі мен Еуропа үкіметтері келісіп, шарттарын жасап, алыс-берісті жүргізсе, Совет үкіметін үкімет деп танымағанда несі қалады» деп бүкіл Советтің жыртысын жыртады да, қисынды тұсында «мұсылман халықтары нашарларды жақтаушы Совет үкіметіне тілектес болып, мұсылман халықтарын құлданған һəм құртуға таянған қазіргі Европа үкіметтеріне қарсы тұрмаққа бір ауыздан ант қылып отыр һəм қарсылығын жасап та жатыр» деп қазақтардың жай-күйін анда-санда алыс емеуріннен білдіріп қояды. Сəкеннің шын мəнісіндегі мемлекет қайраткерлігі мен ұлтжандылығы 1922 жылдың екінші жартысынан былай қарай арынды да адуынды, қомақты да сүбелі болғанын айлап, маусымдап емес, тіпті күндеп, сағаттап жарқырата көрсетуге болады. Əсіресе, 1925 жылға дейінгі аралықтағы Сəкен қайраткерлігінің, азаматтығының əрбір минут-секунтіне дейін ел пайдасына, ең əуелі қазаққа жұмсалғандығын көреміз де қуанамыз, мақтанамыз, соны түсінбегендерге, көзге іліп алмауға тырысатындарға не деріңді білмей тосыламыз, тіпті кектенеміз. КирЦИК-тің төтенше комиссиясы 1921 жылы 10 мамыр күні Ленин мен Калининнің тікелей араласуымен Ақмола мен Семей облыстарын түгелдей Қазақстанға қосып алуға қол жеткізген соң, Сəкенді Ақмола губерниясының басқару аппаратын құрып, жəрдем беруге қалдырып кетеді. Губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып Əбдірахман Əйтиев Орынбордан келеді. Қызылжар басындағы ірі істерге қолқабысын тигізген Сəкен өз еліне соға кетуді ойлайды. Жолшыбай Көкшетау, Бурабай, Мəтен – Ақкөл – Бозайғыр болыстарына жөн-жоба көрсетіп, ақылкеңесін айтып, күзге қарай Ақмолаға жетеді. Сүзек ауруына шалдығып, ауруханада ажалмен алысады.
1921 жылдың күзіне қарай Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы Радус-Зенькевич Мəскеуге ауысқан кезде Абдолла Асылбеков пен Əбілқайыр Досов Сəкенге тез қайт деген бірнеше телеграмма берген уақытта Ə. Айтиев 2 қыркүйекте Ақмола уездік атқару комитетінің төра ғасы Смирнов: «дəрігерлердің айтуына қарағанда жолдас Сейфуллиннің жуық арада оңала қоятын сыңайы байқал майды» деп хабарлағанын елемей, 3 қыркүйекте Меңдешев пен Мырзағалиевке «Сейфуллин жолдас Ақмола губерниясында 28 сəуірден бері жүрсе де ешқандай жұмыстың басын қайырған емес, тіпті өз уезінің съезіне де қатысқан жоқ. Осының өзі оның іске қырының жоқтығын байқатады. Съезге келеріне шүбəм бар» деп, жедел-хат соғады 5-қыркүйекте «Сейфуллин ауру, ауылда жатыр. Съезді өткізуді Леонинюк жолдасқа тапсыруларыңызды өтінемін» деген өтінішті 8-і күні тағы да қайталайды. Сəкен ауруханадан қарашаның аяғында шығып, Кеңестердің II съезіне барып келген Ақмола делегаттарынан өзінің КирЦИК-ке сайланғанын, бірақ, Президиум мүшелі гінде жоқ екенін естиді де, денсаулығын түзетіп алуды сылтау қылып, еліне жүріп кетеді. Ə. Досов, Ж. Садуақасов, сонау Қиыр Шығыста Лазоның партизан отрядында ерлік көрсеткен, енді облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болған Абдолла Асылбеков, əсіресе В. А. РадусЗенькевич Мəскеуге ауысқан тұста Сəкенді іздеген жеделхаттарды Сарыарқаның даласына бірінен кейін бірін жолдап жатты. Орынборға тез қайт дегендеріне қарамай Сəкен 1922 жылдың көктеміне дейін ауылында болған. Қасына Сапалай сияқты бірнеше жолдастарын ертіп, Бетпақдаланы екінші рет кешіп өтіп, Созақ – Түркістан арқылы Ташкент жетті. Сəкенді Орынборда қызметке тағайындау үшін іздестіріп жатқанын білген «Ақжол» газеті редакциясындағылар Сəкен осы келе жатқан жолында болыстың тоқалын азғырып, Сарыбастың қызына үйленіп, Түркістанға келгенде тастап кетті деген мағынада Шегірдің «Жалған қамқоршы» деген мақаласын 1922 жылы 19 сəуірде басты. Сəкен қисынсыз жалаға жауап беріп, «Кім жауапкер?» дейтін өлең жазғанда Сұлтанбек Қожанов қағытпа терме шығарды. Маусымның басында
Сəкен Орынбор қаласына келіп, 13 маусымда оқу-ағарту комиссарының орынбасарлығына, 28 тамызда «Еңбекші қазақ» газетінің редакторлығына тағайындалды. 6–13 қарашада өткен 3 съезде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Бұл жайды тəптештеп баяндаған уақытта өкімет билігінен үміті барларды аяқтан шалу, қауесетке ұшырату ежелгі тəсіл екенін əдейі көрсеткіміз келді. Бұл тəсіл кеңес заманында ең сүйікті іс болып, домалақ арыздарды қоздатып жіберген-ді, қазірде де онан əлі ұзап кете қоймаған сияқтымыз. Мұндайлар адал адамды қараламағанмен күйелейді, дақ салады, көңіліне кірбің кіргізбеді. Шенқұмар, билікті аңсағыштарға Сəкен тарапынан ұпай берілген сəті де жоқ емес. Сəкенді 1922 жылы Кеңестердің III съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіне қоярда облыстық партия комитетінің бюросында «Төраға бола алмаймын, қолымнан келмейді, оның үстіне жазу-сызудан қол үзіп кетермін» деп айтқаны растайды. Бірақ РКП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Г. Коростелев «Жолдас Сейфуллин, Сіздің бұл қылығынызды партиялық тұрғыдан дұрыс деп таба алмаймын. Жұмыстан қашарыңыз бар, партияға неге кірдіңіз. Əркім өз əліне қарай міндет атқаруға тиісті. Сізге лайықтысы – Совнарком председательдігі деп ұйғарып отырмыз. Өлең жазатын кезең əлі туады, əуелі халықтың қамын ойлауды ұмытпауыңызды өтінемін» деп сес көрсетіп, Мəскеуге «Сейфуллин жолдас қазақтан шыққан азғана табанды коммунистердің бірі. Совет қызметіндегі тəжірибесі орташа. Қазақ тілінде жазатын жақсы əдебиетші. Өзінің бұрынғы қызметтерінде С. Сейфуллин іске басшылық ете алатындығын, кызметкерлерді іріктей жəне оларды басқара алатындығын танытқан. Партияның тəртіпті мүшесі. Маркстік ілімді өз бетімен оқып жетілген. Саяси жағдайды тез аңғарады. Саяси жағына тұрақты. Большивизмнен ауытқыған кезі болған емес. Кабылдаған қарарды жүзеге асыруға жігерлі де табанды. Өзін өзі ұстай біледі жəне қателік жасаса, оны жөндеуге іждағаты мол жетеді. Өсекаяңға, жікке ыңғайы жоқ» деген мінездемені жолдап қойғанбыз деп Сəкеннің аяқ-қолын бірдей матап тастағаны тарихқа белгілі, архив деректері дəлелдейді.
Сонымен, елге еңбек сіңірем деген адам болса республикадағы ең үлкен қызметтің бірі, мықты лауазымның жайлы да тегеурінді тағы бес жыл дегенде қазақтың қолына көшті. Ер сыналып, азамат арланар сəт туды. «Қоянды – қамыс, ерді – намыс өлтіретін» шақ келді. Үкімет билігін ұлт мақсатына жақындатудың тура жолы ашылды. Сəнді орындықты құшақтап отыра ма, əлде жаныға қызмет атқара ма? Тегінде, Сəкеннің сескенгені осы сауалдар болар! Сөз жоқ, Сəкен ең əуелі облыстық (əлі өлкелік дəрежеге жете қоймаған) партия комитеті бюросы мен секретариатының мүшесі, Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, Қазақстан кə сіподақтарының Орталық кеңесінің мүшесі, Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болумен қатар, Кіші совнаркомның бастығы, мүшесі болудың үстіне «Еңбекшіл қазақ» (кейін «Социалды Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің жəне «Қызыл Қазақстан» (кешегі «Ауыл коммунисі», «Қазақстан коммунисі», бүгінгі «Ақиқат») журналының жауапты редакторы міндетін қоса атқаруға тура келді. Бел қайыстырарлық ауыртпалық жан берер жауапкершілікпен үстемеленді. Осы арада бір жайсыз шындықтың да бетін ашып, сырын ұғуға тырысайық. Отаршыл психологиядан айырыл маған большевиктер Ресейдің бұратана өлкелері мəдениеттен жұрдай, қараңғы, надан, іс жүргізетін кадр лары аз, тіпті жоқ деген желеуді ту қылып көтере келді де, бардың өзін көрмеуге, елемеуге, реті келсе ығыстырып тастауға мейлінше құштар болды. Оған өздерінше дəлел, сылтау да тапты. Осы сылтаулар тап бүгінгі кезде де айтылып, жазылып келе жатқаны өтірік емес. Мейлінше қабындап қаулаған қазақ оқығандары бола қоймаса да, Орта Азия елдерінде алда, ілкі болғанымызды дəлелдей айтқан орыс, шетел оқымыстылары бірқыдыру. Ал біздің жай-күйімізге қызыққандар да жоқ емес. Түрікмен Шаһмұрат Төлек баласы Назири 1915 жылы «қазақ тар едəуір жақсы. Бұлар оқу, оқыту, өнер істеріне көңіл бөліп, алға барушылықты көптен бері іздеушілер. Осы күнде кəдімгідей алға басты. Россиядағы əрбір медреселерде, орыс школдарында қазақ шəкірттері оқиды. Тіпті Астраханда
қыздар да қалалық мектепте һəм гимназияларда оқиды. Екінші, осы күнде қазақша жазылған едəуір кітаптар бар. Үшінші, сол қайраттары арқасында осы күнде журнал шығаруға да жетті. Төртінші, қазақтар бұрын сахарада шашылып жүрсе де бұл күнде қайсыбір жерде жиылысып, қала салуға да мақұлдасқаны естіледі. Тезірек шаһарлы халық болар деген үмітіміз бар» («Айқап». Қазақ энциклопедиясы. 1995, 263-бет) дегені немесе Əлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы «Қазақтар» дейтін еңбегінде Орынбор, Астрахан, Түркістан генерал-губернаторларын былай қойғанда, Дала генерал-губернаторлығында тек оқу-ағарту саласында 1905 жылы 1769 мұғалім-молда бала оқытқанын еске алсақ, осылардың бəрін көргісі келмейтін шовинистік көздің құрдымына түсіп кеткені өкінішті. Қияс пиғылмен келгендерге өзіміз де өлшеусіз көмек көрсеткен сияқтымыз. Өзіміздің əрқашанда «жоқ» деп сөйлейтін əдетімізге бағып, «азбыз, жетіспейді» деумен өз сілемізді өзіміз қатырдық. Отаршыл орталықтан келіп, шет аймақта қызмет істеуге кіріскендер өздерінің тамыртанысын соңынан ертіп келгенімен қоймай, үй-орманымен көшіріп əкелуге сылтау тапты. Олар, сөз жоқ, ақыл-кеңесті былай қойғанда, қол күшін беруге, сес көрсетуге, тізеге салуға дайын болатын. Сөйтіп кеңсе атаулының бəрі қазақ рəсімімен іс жүргізбейтін, жергілікті халықпен санаспайтын, түсінікті тілде сөйлеспейтіндерге толды да кетті. Оны партиялық шешімдермен бекіттіріп отырды. Осы ұнамсыз қылықтың жамылғысы етіп 1919 жылы наурыз айында алаш қозғалысына қатысқандардың бəріне кешірім (амнистия) жасалса да, енді «алашординцыларды» түгелдей «националистер» деп атады. Ал ұлтшылдардың басы коммунистермен еш уақытта бір қазанға сыймайды деген қисын шығарды да, қазақ зиялыларын көрер көзге екіге бөліп тастап, «қазақ оқығандары аз» деп зарлады. Осының нəтижесінде қалың бұқара дүниеде не болып жатқанын, совет өкіметінің қандай бағыт ұстап отырғанын анық түсіне алмай, əйтеуір «кедей-кепшікті, жарлы-жакыбайларды жақтайды, қолдайды екен, байманаптарға қарсы екен» деп «таптық көзқарасты мықтап қалыптастырғанын енді ғана сезіп-біліп отырмыз. Мұның
салдарын сезген, көре білген адамдар болмады емес, бірақ оларды бас-көзге ұрып, үнін шығартпай қойғанымыз тағы рас. Олардың бəрі «ұлтшыл» болып соққыға жығылды. Соған нақты дəлел Ахмет Байтұрсыновтың 1922 жылы «бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшыл десін, оған құлақ асып, көңілге ауыр алмау керек. Қазақтың сөзін қаймықпай сөйлеу керек. Бас өзгерді, бастық өзгерді, төбе өзгерді, басқасы əлі қарап тұр. Қазақ көрген қорлық пен зорлық көбеймесе кеміген жоқ. Жеуге жеңіл тұрғанды жеу табиғи іс. Қазақты бұрын жегендер əлі де зорлық қылып отыр. Қазақ мəдениеті орыстан кем болған соң жем болатыны сөзсіз. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мəдениет қуатымен құтылады» деген жан дауысына құлақ қоюдың орнына, тапшылдық түсінікті бұрынғыдан да өршіте түсуге үндеушілер табылды. Сəкен тап осы мəселеде олардың ішінде болмай, мықтап «таяқ» жеді. Оны да көрбілтелемей, аттарын атармыз, сонда кімнің ұлтшыл, кімнің ұлтжанды, кімнің бибауырмал екендігін анық көрсетеміз де, əлі де болса қазаққа ойланудың қажет екенін аңартатын шығармыз. Сонымен, Сəкен – Қазақстанның ең мықты басшыларының, бірі болып сайланды. Ел одан көп үміттенді, оның іс басына келгеніне ренжігендер аз, қуанғандар көп болды. Ренжитіндер ішінде, əсіресе алаш қозғалысына қатысқан зиялылар көп болды. Атыс пен шабыстың, түрме мен абақтының есік төрін жақсы білетін төңкерісшінің билік тұтқасына келуі игілікті емес деп ұққандар «іске» кірісті. Ташкенттегі «Шолпан» журналында «Қызыл сұңқарлар», Мəскеуде шығатын «Темір қазық» журналында «Асау тұлпар» мен «Бақыт жолында» шығармалары тас-талқан болып сыналды. Бөкей губерниялық комсомолының хатшысы Ж. Сəрсекұлы Сəкенді Маркс, Ленин сөзін құранға теңедің деп «шаптықса», «Ақжол» газетінде Темірбай (фамилиясын анықтай алмадық) қазақ əдебиеті тарихынан оқыған лекциясының Сəбит Төңкерісұлы жасаған мазмұндамасына риза болмай, мінеп-даттауы, тіпті бала ғаттауы сияқты жайсыз көріністер Сəкен үкімет орындығына отырған кезде қаулап кетуі игілікті тілектен туды деп айту қиын. Сəкен кеудесінде жаны, намысы бар
пенде ретінде мұны елемеді деуге болмайды. Қапаланды, жəбірленді, бірақ жасыған жоқ. Қызылкөз тапшылдардың ортасына сия қоймағанына қарамастан, төңкерістің иманды жолы осы деген түсініктен ұзап кете қоймағанын тарихи деректер растайды. Қазақстанда большивизмнің тегеуріні қатты болғаны соншалық, оппозициялық ойы бар қазақ зиялыларының көбі өз елінен, өз республикасынан жылы қабақ, аялы алақан көре алмайтын болған соң Ташкент пен Мəскеуді өзінің «иммиграциялық орталығына» айналдырып алғанын да ұмыт пайық. Əрине, Мұстафа Шоқаев, Райымжан Мəрсеков сияқты алыс шетелге шығып кеткендері аз, алайда өзінің кіндік қаны тамған, асық ойнап, ат жалын тартып мінген Отанынан жырақ жүрудің психологиялық əсері мінезқұлық түгіл, сөйлер сөз, айтар ойға қиястық дарытқанын да естен шығара алмаймыз. Осындай қалыптасып қалған жай-күйді Сəкен өзгертуге талпынбады демеймін, бірақ қолынан келмеді, тіпті оң қадамы үшін сыналып-мінелген сəті көп. Соларды «мұрнынан тізіп» айтып шыға алсақ, көп жайдың сыры өзінен өзі ашылып, қысастықпен өрекпіген, тарихи негізге сүйенбеген пиғылдардың əшкере болары сөзсіз. Ол үшін Сəкеннің өкімет билігін қолына алған шақтан бастап, жалғыз пенделік қалпын ғана емес, мемлекеттік қайраткерлігінің жалпы аумағын аңғартып алудың артықтығы жоқ. Сəкеннің басқа ұлтжанды, əсіресе алашордашылардан айырмашылығы сол, ол ұлтқа, қазақ халқына кызмет етуді тар аумақта, тек ұлттық тұрғыда қарамай, сол кездің өзінде-ақ ендеп келе жатқан идеология – интернационализм рухында қарап, жіліктің майлы басын орынды жерінде қазаққа бұра берді, қазақты сыбағадан қақпады. Оны тындыру, атқару үшін ешкімге жалтақтаған жоқ, өтірік айтып мəйпөлеген де жоқ, тиісті кезінде кесіп ашық айтты, білекті сыбанып жіберіп орындауға өзі кірісті. Жəне осы жөн деп тапқан мəселені жүзеге асыру барысында қырын тартқандармен, əсіресе əр адымын есептеп басып, «орнымнан айырылып қалмайын» деген пасық ойлы бастықтармен ашық күреске шықты, бет-жүзіне, отырған орнына, атақ-дəрежесіне қарамады, шындықты тіліп айтты, батарып айтты, түсіндіріп бақты.
Иə, сонымен Сəкен үкімет басына келді. Сəкеннің осындай ірі мемлекеттік қызмет атқару амалын өзіне дейінгілермен, не болмаса өзінен кейін төрағалық еткендермен салыстырғанда айырықша көзге түсетін бір айырмашылығы – ісі мен сөзі, ойы мен пəрмені бір болуына шын мəніндегі журналистігі, яғни «Еңбекші қазақ» сияқты қуатты құралдың жауапты редакторы болуы Сəкен қайраткерлігін еселей түсті, дəйектілігі мен пəрменділігін мейлінше арттырып жіберді. Мұндай құбылыс кейін қайталанған жоқ. Өзінің мемлекеттігінен, елдігінен екі ғасыр бұрын айы рылып, орыс отаршылығына ұшыраған қазақ халқы ның ендігі жаңа мемлекеттігін, мəдениетін қайтадан қалпына келтіру, жаңа заманға лайық негізін қалап, өркендету мəселелері оңғайға түспесін Сəкен білді, біле тұра осындай қиын-қыстау күнде елге жан аямай еңбек етуді өзіне парыз санады. Халқы үшін неге болса да даяр сыңайды əр қадамынан аңғарамыз. Сəкен Халком төрағасының орындығына отырған күні – 1922 жылы 12 қазан күні «Еңбекші қазақ» газетінде «Қазақ шаруашылығы» деген публицистикасы жарияланды. Бүкіл Қазақстанды шолып қарағанда қазақ малы бұрынғыдан «он есе азайған. Қазақтың малының қайтуына түрлі себептер болды: жайлаудың һəм өрістің тарылуы, жұт, түрлі індет, ұрлық, Россияның таптар соғысының əрекеті, барымта һəм «жұттың сегізінші ағайыны» – қасқыр» деп санамалап көрсетті де, «Енді қазақтың шаруасының түзеліп, бұрынғы, бұдан он жылғы қалпына келуіне көп шарт керек. Ол бос жерлерді жайлай білу, мал бағуға бұрынғыдан ынтасын көбірек салу һəм мал өсіруге қосымша көмекші қып жер кəсібіне айналу, егінді ерінбей баптап, көп қылып салу керек. «Жерді көгертсең, жер сені көгертеді» деген бұрынғылар» деп ақыл қосты жаңа төраға. Өйткені, «қазақ тірлігінің көзі – мал, ал мал – ел экономикасы» деген түсінікті Сəкен баяғыдан білгенмен үкімет басына келгеннен кейін «Адам баласының өнер білімі, оқуы, əдебиеті, саясаты, мəдениеті – барлығы шаруашылық кəсіптен туады, бəрінің негізі, іргесі, тіреуі шаруашылық кəсіп» деуден бір жалықпады. Осыны ұғына түсінуге шақырды. Қазақты мал өсіріп, егін егіп, қала салып ірге тебуге
шақырумен қатар «Қазақ кедейіне фабрика керек, кəсіп дүкендерінің ошағы (очаги промышленности) ашылуға тиіс» дегенді əрқашан қайталаумен болды. Бұл не үшін керек еді, оны басқалар айтып жазса да болмайтын ба еді дегендерге айтарымыз, ел үшін ерен еңбек етер азамат мұндай қарабайыр тірліктен көз жазбауға тиісті екені былай тұрсын, солай айтып-жазу менің азаматтық парызым деп ұғуға тиіс. Сəкен солай ойлады жəне оны орындады да. Əсіресе 1922–1924 жылдары жазған екі жүзге тарта мақала, публицистикасының ең негізгі лейтмотиві қазақ қашан мəдениетті хықықтардың қатарына көтеріледі, қазақ кедейі қайтсе теңеледі, қайтсе көзі, санасы ашылады деген дəуір сауалдарына Сəкен мықты сеніммен «Қазақ кедейінің теңелуіне қатесіз екі жол бар: біреуі – оқу, екіншісі – кəсіп дүкенін орнату, кəсіп дүкенін жүргізу» (5, 348) деп білді де, Қазақстанды шикі зат қорының көзі емес, ең соңғы өнімді өзі шығара алатын елге айналдыруды армандады. Қазір бізге қиял болып көрінген осы ойды Сəкен шынымен жүзеге асады деп айтқан, жазған, нұсқау берген, тиісті орындардан талап еткен, сол үшін жаманатты болған кезі де аз емес. «Қазақстанның əр жерлерінде фабрика салу керек. Ең алдымен жүн-жұрқадан, қыл-қыбырдан түрлі шұға, түрлі мата істеп шығаратын, өзінде мың жарым, екі мыңдай жұмыскерлер істейтін, мата тоқитын фабрика салу керек. Ол фабрика ұсталықтың ең барып тұрған соңғы өрнегімен салынатын болып (по последнему слову техники), одан тоқылып шығатын шұғалар, маталар Петербургте, Мəскеуде шығатын материалдардан артық болмаса, кем болмайтын болсын» (5)348), – деп сонау 1923 жылдары қиялдауы, армандауы қазақ еліне бар жаңалықты тілеген азаматтың келбетін танытады. Сонымен қатар бұл арман коммунистік партияның бағдарламасына қалтқысыз сенген, алданамын деп ойламаған қайраткердің шын сөзі екені даусыз. Қазақ пролетариатын жасақтап, өңдірісті өркендетуді көздеді Сəкен. Ал бұрыннан жұмыс істеп, талайға ырзық болған өндіріс орны жүдеп, берекесіздікке ұшыраса, оның ішінде қазақ пролетариатына кемдік келіп жатса, Сəкеннің ойы қатқыл, қаламы өткір болатынын «Екібастұз заводын жалға беру керек», «Екібас заводында» деген жалынды публицистикасынан оқып білеміз.
Қазақстан коммунистерінің III конференциясына келген Екібастұз жұмысшыларының айтуына қарағанда, «Екібас заводының өз халі де һəм сол заводтағы жұмысшы халдері де өте нашар. Жұмыскерлердің жататын жерлері былғаныш, қараңғы, суық, тамақ аз, киім нашар. Қазақ жұ мыскерлеріне монша жоқ, школ, мектеп жоқ. Оқу һəм білім беретін мекемелер жоқ. Саясат, əлеумет істерінен қазақ жұмыскерлерінің еш мағлұматы жоқ. Оқушы, үйретуші, бастық, жөн сілтеуші жоқ. Екібастағы есалаң жынды билерді тексеруге сенімді кісілер жіберу керек. Сөйтіп қазақ жұмыскерлерінің тезірек тəнін де, жанын да тəрбиелеуге кірісу керек» (5)325) деп ащына сөйлейді де, қолма-қол 40 мың сом қаражат бөліп, оқу-ағарту комиссарына мəдениағарту ісімен шұғылдануға бұйрық қылады. Бұл қадам қазақ халқының ең ұйымшыл, тегеурінді күшінің тез қалыптасып, өркендеуі үшін жасалатын шаралардың бастамасы ғана болғандығын аңғармау аңғырттық болар еді. Қазақ елінің өзгелермен терезесі тең болу мəселесі экономикалық өсіп-өркендеуге тікелей байланысты екенін Сəкен еш уақытта есінен шығармағанмен ісінің көбін, назарының молын, қаражатының денін оқу-ағарту саласына бағыштап отырды. Ел сүюдің халықты қадірлеудің ең төте жолы осы жақта жатқанын өзінің ұлтжандылығымен ұқты, іс атқарды, болмасты болдырды, сөйтіп жалпы қазақ халқының мəдениетін қалыптастырып өркендетуге ерекше үлес қосты. Бұлай етпеске шарасы да жоқ еді. Өйткені, Сəкеннің өзі ағартушы, кəсібі мұғалім болса, екіншіден, елді, халықты сауаттандырмай, мəдениеттің көк жиегіне қол іліктірмей ештеңе тындыруға болмайтынын, бұрынғыдай жайлаудан қыстауға, қыстаудан жайлауға көшіп, мал өсімімен отыратын заман өтіп, өндірістің тетігін білетін дəуір келе жатқанын, ал оған қол жеткізу үшін өнерлі, білімді болу міндетті екенін XX ғасырдың басында-ақ Ресей қоластына қараған бұратаналардың бəрі түсінген болатын. Субъективтік тілек мен объективтік себеп бір Сəкеннің бойына тоғысқандықтан, оқу-ағарту мəселесін бірінші орынға қоймасқа шарасын қалдырмады. Соңдықтан Сəкен кəсіп дүкенін ашудан бұрын елді оқытып-жеткізу қажет деп
табуының бір сыры осыдан жəне мұны сол кездегі жалпы дүрмекпен, сауаттандыру науқанымен жүргізбей, өзінше ой толғап, əрекет жасағанын көреміз. Сəкеннің «оқу-білім адамның азығы, өмірдің сəні. Сауатсыз надан – қор болған адам» деген түсінікте болғаны Ақмола совдепінің халық ағарту комиссариатына басшылық еткенде ең əуелі мұғалімдерге жағдай жасау, курстар арқылы ағартушылар дайындап, жаңа мектептер ашу жөніндегі пəрменді ісінен көрінеді. Оқытушылар жетіспей жатқанда орыс-қазақ мектебінде сабақ беруі тек революциялық істің жалғасы ғана емес, өзінің армантілегінің нақты орындалуы еді. Сондықтан айбынды журналистік еңбекпен қатар оқу комиссарының орынбасары болуы, одан төрағалыққа ауысқанда негізгі арма нына жететіндей сезінуі де осыдан еді. Не жайында жазса да ойларының өзегі əрқашан өнер-білім, оқу-ағарту болып жататынының бір сыры да осыған байланысты. Сəкеннің ата-тегі мыңды айдағандар болғанымен төңкеріс жолына түскенде көрген бейнет-азабы қанаушы байманаптарға өштесуі бұрынғыдан өрби түскенін, тапшыл сана бергенін əр ісінен аңғарамыз. Қолына билік тиіп, емінеркін сөйлеу, жазу мүмкіндігін алғанда, яғни «Еңбекшіл қазақ» газетінің жауапты редакторы ретінде қол қойған күні жазған алғашқы публицистикасы – «Қазақ халқының төмен табының азаматтарына» арнаған үндеуі болды. «Қазақтың нашар, төмен табы əлі өз сөзін өзі жөндеп айта алмай отыр. Бір əкеден туса да бай мен жарлының, жалдаушы мен жалшының еш уақытта рухы, тілегі қосылған емес, еш уақытта қосылмайды да. Мұны қазақ халқының төмен табының азаматтары есіне əбден берік ұстаулары ке рек», өзінің бай-мырзаларынан «екінші жағынан орыстың ұлықтарынан қорлық көріп» келген қазақ еңбекшілері «бұдан екі жыл бұрын құл еді, енді қазақ еңбекшілері барлық халықтармен тең, өрелі ел болды. Бұрын қазақ еңбекшілері өз ісін өзі істей алмайтын тіленші, сұраушы еді, енді өз ісіне өзі ие, өз ісін ешкімнен тілемей, сұрамай, өзі басқарып, өзі пішіп істейді» (5)287) деп қуанды. Қазақтың автономиялы Советтік Социалистік республикасының құрылғанына екі жыл толу мерекесіне масаттанғанның өзінде ең үлкен
істердің, міндеттердің бірі ретінде «Бұдан екі жыл бұрын бір қазақша мектеп ашу үшін көп тіленшілік, көп тақсырлау керек еді. Енді еңбекшіл қазақ өзі би, өзі қожа. Бұдан екі жыл бұрын тастаған сүйек көзіне тимейтін, табалдырықтан аса алмайтын еңбекші қазақ халқы енді төр алдында, енді қатарда» деп əлі қолға тимегенді жүзеге асып жатқандай шаттануында перзенттік парызына берік жанның, қазаққа не керегін жазбай танып, іске тезірек асырғысы келетін, алдына қойған мақсатын айқын түсінетін азаматтың шынайы пиғылы екенін аңғармасқа болмайды. Жанама жайлардан осынша ой өрбітетін Сəкеннің оқу-ағарту ісін сөз еткенде айтары мен жазары айбарлы да қомақты, пəрменді де пəтуалы екенін көреміз. Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының нақты бағдарламасы 1922 жылы 21 қарашада жазған «Зор міндет» деген макаласында ашық айтылды. Оқу-ағарту ісінің қаншалықты мəнді екенін түсіндіре жазды. «Бұрын патша заманында қазақ мектеп, медресе һəм школ ашпақ болса, патша үкіметінен тіленіп, сұранып неше жыл жүріп, зарығып, тілегін көбіне ала алмай қалушы еді. Енді совет өкіметі қазақ сияқты бұрынғы құлдықта жүріп, оқу оқи алмаған, өнер-білім ала алмаған халықка кең қылып оқу-білім қақпасын ашып отыр. Бір ауылға неше мектеп, медресе, школ саламын десең ықтияр өзіңде деп отыр» деп сəбидей қуанды да, өзінің ең негізгі, түбегейлі тұжырымын түйіндейді. «Қазақ халқына ең əуелі оқу керек, оқу керек, оқу керек! Оқыса көзі, көкірегінің көзі ашылады. Көзі ашылса, айтпайақ, ымдамай-ақ, нұсқамай-ақ өзі көреді. Оқымаған адам, оқымаған халық – надан, қараңғы, соқыр. Оқусыз – қазақтың болашақтағы күні қараң... Енді жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек! Қазаққа оқу бұрын бір мəртебе керек болса, енді мың мəртебе керек» деп білді, ұран етіп жар салды. Бар пəрменнің, бар тірліктің өзегі оқуда, одан басқа төте жол жоқ деп білді. Осындай игі іске бас-көз болмай, оқу ағарту мəселесіне мəн бермей жүрген басшылар, атқа мінген ел азаматтары бар болса, онда олардың «мойнына қазақтың келешек жас буынының мың лағынаты артылады. Көңілінде азырақ
адамдықтың саңлауы бар əр қазақтың баласы енді бұдан бұлай жадынан оқу ісін тастамауы керек. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жəрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда» кетеді деп жазуы Сəкеннің халықты өркендету, қатарға қосу жайында қандай қам көңіл болғанын анық көрсетсе керек. Өзім ғана білімді болайын, басқалар аузыма қарасын деген пенделік Сəкенде болмаған. Біз қай уақытта жарығанбыз. Патша болса саналы түрде қазақты надаңдықта ұстауды көздеді, арнайы саясат жүргізді, ал «Советтік Россияның Орталық үкіметінің шы ғарған қаулысы бойынша бұдан былай оқу, халықты сауаттандыру ісінің шығыны жергілікті халықтың өз мойнына артылып отыр. Енді бұдан былай оқу істеріне совет өкіметі қазынадан көп нəрсе бермейді», – деп қамығады. Бұл НЭП саясатына, яғни қазіргі біздің нарық эконо микасына кіріп бара жатқан өтпелі кезеңнің келеңсіз бір көрінісіне Сəкеннің іштей наразылығы да сезіледі. Соған қарамастан «Əр қазақтың жадында оқу болсын!» деп жар салуын тоқтатпады Сəкен. «Қазіргі уақытта оқу ісіне қазынадан ақша бармай жатыр. Мүмкін ауылдағы, елдегі, шет қалалардағы оқытушылар көптен жалования, ақша алғанда жоқ шығар. Қазақ «а, құдай, аузыма менің əкеп сал құдай» деп жатпай, ауылдағы, елдегі оқушыларға жататын үй беріп, тамақ беріп, оқытушыларды кетіп қалатын қылмай ұстап, бəрі жамылып, ұйымдасып оқыту ісіне кірісіп, балаларын оқытулары керек» (5/307) деп ақыл қосқанда жан жүрегі жылап отырғанын сеземіз. Халком төрағасының тығырыққа тірелген, жарылқағыш қаражаттың қол байлап, екпін басып тұсаулаған тұсы осы. Бəрін қияр еді, бірақ қолында көк тиыны жоқ, сонда да ақыл-кеңеспен елді ояту, қазақты мəдениеттің көк жиегіне сүйреуге ұмтылған қалпын байқаймыз. Осындай кезде жаңалықтың жылт еткен сəулесіндей болып Кеңестердің X съезінде оқу ісі қаралғанын жəне «үкімет қолынан келген жəрдемін, күшін аямас деген сөзін айтты» деп «Қазақстандағы губерниялық атқару комитеттеріне һəм оқу бөлімдеріне» Халық ағарту комиссары Залиевпен екеуі ай рықша нұсқау хат жазып, «əрине ақша болмай, қаражат болмай оқу жұмысы көгермейді. Жолдас Ленин айтып
отыр «оқу жұмысына берілетін ақшаны көбейту керек» дегенін сылтау қылып жергілікті атқару комитеттеріне «бюджетті бөлгенде оқу жұмысына жеткілікті қылып берулері керек. Басқа жұмыстарға шығатын шығындарды азайтып, оның орнына оқуға берілетін ақшаны – қаражатты көбейтулері керек», – деп нұсқау берді. Бірақ бұл нұсқау тілек деңгейінде ғана еді. Іс басында оқу-ағартудың жөн-жосығын түсінетін адам отырса бір сəрі, ал келешекті ойламайтын төресымақ отырса оқу-ағарту жүйесінің оңбай сорлайтыны сол кезде ғана емес, бүгін де көрініп отырғанын ешкім де жоққа шығара алмас. Əрине, бүгінгінің жөн-жосығы басқаша, бола түссе екен деген тілек болса, ал жаңа жасақтап, аяғынан тұрғызып жіберу үшін қайрат жұмсап жатқанда, қайтседе мүмкіндік табу шарасын ойлағанда бүгінгіден əлдеқайда қиын болғаны өзінен өзі түсінікті. Сəкендер соған да қарамастан жоқты бар етуге, болмайтынды болдыруға жаныққаны сонша, əрбір сөйлеген сөзін, жазған мақаласын тебіренбей оқи алмайсың. Тегінде, Мəскеу жақтан жақсылық нышаны байқалған болуы керек, не болмаса Сəкен бұрын «Қазақстанда ең керекті ісіміз болған оқу жүйесіне қарауға мұршамыз келмесе, енді мұршамыз аз да болса келетін болды» деп алады да, тəжірибеде бұрын-соңды болмаған игі шараны қолға алады. «Жер-жердегі мекемелер һəм Қазақстанның бас мекемелері қолындағы барлық қаражаттың қақ жартысын (50 процентін) оқу ісіне жұмсау керек! Олай қылмай, оқуға кұр сөзбен ғана көмек қылсақ оқу ісі өмірінде алға баспайды» (5/322) деп жарлық бергенін, осы үшін партия комитетінен сөз естігенін ескерер болсақ, онда Сəкен қайраткерлігінің ең бір жарқын бетін, халық үшін жасаған батырлығының бір мəнді қырын көріп, қазіргілердің əлжуаз істеріне қамықпасқа болмайды. Сəкеннің сөзі мен ісінің қабысып, бірін-бірі толықтырып жататын сəтін жиі көреміз де оның ұлтжандылығын айнымай танимыз. Əр қадамына игі тілек білдіріп, жанашыр болмасыңа тіпті шараң қалмайды. Қазақ мəдениеті жаңа арнамен өркендеп жатқан кезде жар салу, ұран айту, игілікке шақырудың өзі пайдалы іс
екені белгілі. Ал енді сөзді іске айналдырып, «мың сізбізден, бір шыж-мыж артық» дегенді жыға түсінген азаматтың жүзі жарқын болары айдан анық. Қолындағы билікті осы игі мақсатқа жұмсай білген ер азаматына халық өз махаббатын аямай төгіп, ардақ тұтатынының бір сыры осында. Кім билікке келмеді, кімдер Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының тағына отырмады, бірақ солардың бірде бірі Сəкендей қадірленген жоқ, құрмет көрген жок. Себебі сөзі мен ісінде алшақтық болмады, өтірік-жылмаң сөзді Сəкен айтып, елді алдаусыратып көрген жан емес. Ойына алған істі аяғына шейін жеткізудегі табандылығы да қайран қалдырмай қоймайды. Осы іс-əрекеттің бəрі де қазақ халқының тез уақытта мəдениетті елдердің қатарына қосылып, терезесі тең болу мақсатына бағытталды. Сəкен қаншама интернационализм туын көтергенмен бар күшжігерін, ақыл-парасатын туған халқының пайдасына арналғанын айтудан еш жасқанған емес. Өтірік көлгірсімеді, жалған сөйлеп абыройсыздыққа ұрынбады. «Былтырдан бері қазақ жастарының көбі Рабфакқа ұмтылады, басқа түрлі білім беретін оқуларға, школдарға, курстарға көп қарамайды. Бұл үлкен қате іс. Қазақ еңбекшілерінің балалары тұрмыстың əр түрлі тарауынан білім беретін мектетердің бəрінде оқулары керек» (5/402) деп жазып, 1923 оқу жылына Қазақстаннан тысқары жерлерге, атап айтқанда, Қазандағы əскери школаға 50, Орынбор медтехникумына 80, оның 55-і қазақ баласы, Мəскеу, Петербург, тағы басқа оқу орындарына 190 қазақ баласы жіберілетіндігін Төраға басымен «Еңбекші қазақ жастарының есіне» салады. Осындай жоспарлы орындардың кейде толмай қалуы қазақ жастарының «оқу ниеттерінің, ынталарының жоқтығы емес, губерниялардағы, уездердегі əр мекемеде отырған «көзі ашық» азаматтардың шабан, жалқау, өзінен басқаның «көзінің ашылуын» көп ойламайтындығы. Қалың қазақтың оқуына қандай қызметте жүрседе қарлығаштай ынтасын салып, жəрдемін тигізбеген жігіттер – тек ұлықтықты қуып, өз ісінің ғана қамын көздеп жүрген арамтамақтар. Осындай адамдар тек еңбекшіл халықтың нанын жеп, жеген нанын ақтай алмайтын құр азаматтар.
Қазақтың еңбекші табының сорына мұндай адамдар аз емес», деп шамырқауы Сəкеннің бүкіл жан дүниесі мен ақыл-парасатын ашып тастаса керек. Бұл аз болса, Сəкен оқуға талаптанған жастардың ортасында болып, əрбір жаңалыққа қуана білген, уақытын аямаған, төреліктің көкірегін сындырған. «Оқушы жастарға үлгі» деген мақаласында «Орынборда əріп тізу ісін үйрететін Қазақстанның 1-ші тұңғыш баспа өнерінің курсы бар. Курстың ашылғанына 2 ай шамасындай болды. Курста 23 қазақ жастары оқиды. Мен əдейі көрейін деп Керуен Сарайдағы курсқа бардым. Қазақстанның баспасөзінің болашақ иелері, баспасөз үйінің тұңғыш ұлдары менің қасыма келіп тұрды. «Шырақтарым, оқу үйлерің, таза, тəртіпті екен. Өздеріңнің де үсті-бастарың таза көрінеді. Ты рысыңдар, оқындар, үйреніңдер» дедім. Жататын жерлері онша жарық емес. Едені тас. Қысты күні суық бола ма деп ойлаймын. Көңілім толып, келгеніме риза болып мен қайттым. Бір күн бұрын осы Орынбордағы рабфактың қазақ оқушыларының жататын үйлеріне барғаным есіме түсіп: «ə, деген-ай, бəрі осы баспа курсындағы балалардай таза, тəртіпті болар ма еді» дедім. Міне, оқушы жастарға бұлар үлгі!» дегені көп жайдан хабар берсе керек. 10 тамыз күні Нығмет Нұрмақов екеуі қазақ һəм татар ағарту институтында болғаны да белгілі. 1923 жылы қаңтар айында қазақ тарихында бұрынсоңды болып көрмеген бір құбылыс болды. Ол Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығын атап өту мерекесі. Өлгеніне ас бергені болмаса, тірісінде той өткізу қазақ рəсімінде жоқ жай. Жаңа заман екпінімен Еуропа халықтарының əдет-ғұрпы бізге жете бастады. Сəбит Мұқановты күні бүгінге шейін əсіре тапшыл етіп келе жатқан, яғни Сəбеңше суреттегенде, «Бұл қыста да бір жанжал кездесе кетті. Қыс ортасында рабфак студенттерінің арасында «Ақаңның елу жасқа толған юбилейі болады екен» деген сөз тарай қалды. Сұрастырып көрсек, елу жасқа толғанына зор мерекелі юбилей жасалмақ, сыйлықтар берілмек, арнаулы кеш өткізілмек. Ол кештің қалай өтуіне арналған афишалар көшелерге, оқу орындарының ішіне жапсырыла бастады» деп хабарлағанда рабфак студенттерінің қақ
жарылғаны, біреуі «адрес жазылған портфель сыйлауды ұсынса», Сəбит жақтаған топ мерекені жасатпаймыз деп онда-мұнда барсада қолдау таба алмаған. Орынбор басына жиналған жастардың ішінен өзіне ниеттес тапшылдарын жинап алып Орынбордың ең үлкен залы – Свердлов атындағы клубқа келеді, «Юбилей сонда ұйымдастырылды. Мыңнан аса кісі орналасатын залға адам лық толды. Сахна ашылды. Байтұрсыновты қолтықтап Смағұл Садуақасов жəне кейін халық жауы боп кеткен ұлтшылдар шығып, безендіре құрған президиум столын айнала отырды» (С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалар, 10-том, 509-бет). Осы баяндаудың өзінен-ақ қалың көпшіліктің кұрметіне Ахаңның бөленгендігін көреміз. «Ахаңның алдында» деген тақырыпта баяндама жасаған Смағұл Садуақасовтың үстіне залдан лақтырылған шірік овощтар жауды да кетті... Содан кейін мəжілістің кейінгі жағы өткізілместен, «юбилей» тарады» (бұл да сонда) дегенін сол мерекеге қатысқандардың бірде біреуі растамай, «жазушының əсірелеуі ғой» деп езу тартатын, ал даттағысы келгендер «ойдан шығарған өтірігі, қызылкөздігі» деп шала бүлінетіндерін талай кездестірдім. Алайда осы оқиға тұсында «Байтұрсыновқа қарсы студенттердің өтінішімен сол күні түнде «Қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер» деген атпен жазылған менің мақалам республикалық «Еңбекші қазақтың» 69-нөмірінде (1923 жылы) бас мақала болып жарияланған» (509) болатын, – дейді Сəбең. Бұл сөздердің 1949–1955 жылдары жазылғанын, яғни алаш азаматтарын былай қойғанда, Сəкендердің атын атаудың өзі қауіпті болған кезде жазылғанын ұмытпайық. Идеологиялық тұрғыдан келгенде Сəбеңнің ұрын шақ болғанын, қызу əңгімеге берілген кезде əсірелеп жіберетіндігін тарих талай растаған. Мəселе, қара тақтаға Сəбеңнің жазғандарының ішінде «əдебиеттік ұстазым болуға айналған» (494), Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы Сəкен Сейфуллиннің болуында ғой. Енді осы жайға барынша толығырақ тоқталайық, сонда кімнің ұлтжандығы, кімнің большевиктігі, топшылдығы өзінен өзі ашылады.
Рас, 1923 жылы 28 қаңтарда Орынбордың ең үлкен де сəнді Свердлов атындағы клубта (театр үйінде) Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Ахаңды сахнаға қолтықтап шыққан адам комсомолдың хатшысы Смағұл Садуақасов емес, Үкімет басшысы Сəкен Сейфуллин болатын. Жиналысты ашып, кіріспе сөз сөйлеген де Сəкен. Салтанатты ашардағы сөзі 1923 жылы 30-қаңтар күні «Еңбекшіл қазақ» газетінде «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген атпен жарияланды. Осы деректерге ерекше назар аударған жөн, өйткені тарихтан хабары кемдеу жазғыштар біреудің еңбегін екінші біреуге аударып беруге, көңілі түскендерді əспеттей салуға əбден əуестеніп бара жатқаны, əсіресе соңғы кезде тіпті көбейе түсуде. Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығының салтанатты жиналысын ашып, жүргізіп отырған Сəкен Сейфуллин болды. Маған анық емесі – мұндай міндетті атқаруға партия комитеті Сəкенге ұлықсат етіп, тапсырды ма, əлде өзінің жүрек əмірімен атқарды ма? Біріншісі, яғни партия тапсырмасы болған-болмағанын білмеймін, тегінде, болмағанға ұқсайды, өйткені «Сəкен ұлтшылдарға, қазақ шылдарға, алашшылдарға іш тартады» деген төре-басшылардың қаңқу сөздерінің ұшығы көп ұзамай-ақ «Степная правда» (қазіргі «Казахстанская правда») газе тінде айыптала жазылған болатын. Осы арада екі мəселені қосарлай əңгімелеу шарт. Бірінші, Сəкеннің адамгершілікке дақ салмай, елге еңбек сіңірген адамға көрсеткен ерен құрметі болса, екінші, мемлекет басшысы ретінде интеллигенция жөнінде жүргізіліп жатқан лениндік саясатты жүзеге асыруда игілікті қадам жасағандығын байқаймыз. Сəкен Ахаңды өңге алашшылардан айрықша құрметтеп келгенін, əлі де ардақ тұтатынын жасырмаған. «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғызақ Ахмет еді. Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һəм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бəйгеге тіккен.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» («Бес арыс», «Жалын», 1992, 180– 181-беттер) деп білді. Шын сүйген, құрметтеген Ахаңның ел алдындағы абыройдаңқын аспандата түсемін деп отырғанда артық сілтеп жібергенін сезіп, «əрине, «оқыған» дегендеріміздің арасында бірен-саран адал адамдар да бар» деп ескертпе жасаған. Сəкеннің Ахаңа деген құрметі бір де бір рет толастамаған, тіпті «Тар жол, тайғақ кешудің» тұздықталған 1936 жылғы басылымының өзінде Ахаңа артық ауыз сөз айтпағанын көреміз. Əрине, алаш қозғалысына қатысқандардың жалпы дүрмегі аталғанда тізімнің ең алдында көрсетуінің өзі ішкі ілтипат сезімді байқатып тастайды. Орынсыз жерге Ахаңның атын қыстырмайды. Бұл Сəкеннің пенделік қалпы, оны əрі қарай тарамдатып жатудың қажеттілігі бола қоймас. Ал мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне тоқталар болсақ, онда зиялылар жөнінде В. И. Лениннің жүргізіп жатқан саясатын Қазақстанда түсінген жалғыз адам Сəкен болды десем артықтық жасамас. Оған мықты дəлел тағы да Ахмет Байтұрсыновқа жасаған осы құрметі. Алаштың көсемі, идеологы, қазақ халқы үшін қандай қиындыққа да төзіп, адал еңбегімен елді ержеткіземін деген шешімін тіпті осыдан жарты жыл бұрын «Еңбекші қазақ» газетінде 1922 жыны 8 шілдеде «Қалам қайраткерлерінің жайынан» деген манифестке бергісіз көсемсөзін жазып, большевиктерге, əсіре тапшылдарға «жек көрінішті» болғанына, соның салдарынан комиссарлықтан кеткеніне қарамастан, Сəкеннің салтанатты жиналысты ашып, сөз сөйлеуі, оны мақалаға айналдыруы əшейінгі жəй қадам емес еді. Тегінде, өзімен қызметтестерге Лениннің зиялылар жөніндегі саясатын жүзеге асырудың амалы, яғни оқығандарды ішке тартып, үкімет ісіне араластырудың қажеттігі екендігін түсіндірген де болар. Бірақ оны хош көрген, оған құлақ асқан адамдардың мейлінше аз болғанын Ə. Əйтиевтің «Степная прав да» газетіндегі «Фактаческие поправки» деген мақаласы анық көрсетті. Оны Сəбит Мұқанов қостап, «Сəкен Байтұрсыновтың революциядан бұрынғы ағарту шылық қызметін асыра мақтаған мақала жазды. «Меңдешев шіл дердің бірі» саналатын Əбдірахман Əйтиев баспасөз бетінде
Сəкенге карсы шығып, Байтұрсыновтың совет өкіметіне жат қылықтарын айтты. Мен де Əйтиевтің пікірін қолдап, «Еңбекші қазақ» газетіне «Қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер» деген мақала апарып бердім. Мақаланың ішінде өз мақаласына қайшы келетін пікірлер бола тұра, Сəкен оны жариялады» («Есею жылдары», 1964, 43бет) деге нін есімізден шығармайық. Сəкен Əбдірахманға қайтарған жауабында «Менің Ахмет туралы жазғаныма Əйтиевтің көңілі толмайды. Себебі мен Ахметтің əлеуметсаясат жолындағы істеріне жеңіл қарап, қате баға беріп, құр үстіртін əшейін сипап отыр дейді» (183). Қысқасы, алашшылдарды, оның ішінде Ахметті тасталқан қылып сынамадың, ұлтшылдығын, қастандығын бетіне баспадың, əшкерелемедің деп тұлан тұтқан көрінеді. «Ұлтшылдыққа қарсы кім қаттырақ күрескен екен, оны жұрт айтар» деп Сəкен емеурін білдіреді де өзі жүргізіп отырған саясатқа, яғни оқығандарды, кешегі алашшылдарды ел ісіне тарту мақсатын жанамалап аңғартады. «Жəне Əйтиев жазады: «Ахметтің ұлтқа қызмет қылмақ болып коммунист партиясына кіргенін Манап Шамиль (Сəкеннің псевдонимі – Т. К.) жолдас дұрыс деп біледі һəм басқаларға солай қылуды мəслихат қылады» дейді... Əйтиев сөзінің ақырында маған: «Коммунист партиясының ұлт мəселесі туралы нұсқауын жеңіл бағалайсың, бұдан былай мұндайдан тиылуыңды лайық көреміз» дейді. Сонымен, ұлтшылдыққа жалғыз өзі ғана қарсы болғысы келеді. Көрерміз» (184-185-беттер) дегендерге мəн бере қарасақ, Сəкеннің тапшылдық пен ортақшылдықты елге пайдасы тиер арнаға бұруға тырысқанын аңғарар едік. Өйткені «қəзіргі коммунист болып жүрген қазақтардың көбі учитель, мұға лім, хатшы, біразы фельдшер, доктор, агроном, техник хаттə адвокат, болосной старшын болғандары да бар» (184) дегеніне қарағанда оқығандардың, əсіресе алаш қозғалысында болғандардың бəрінен безуге Сəкен қарсы. Оларды пайдалы іске тартуға, жаңадан орнап жатқан қоғамның зерделі құрылысшысы етуге ұмтылғанын анық көреміз. Себебі, басқаларға болмасада, В. И. Лениннің «Мы не можем строить власть, если, такое наследие капита-
листической культуры, как интеллигенция, не будет использовано. Без этого мы жизнь коммунистического общества строить не можем» (37 т., 223-бет) дегені Сəкенге белгілі əрі түсінікті болатын. Үкімет басшысы ретінде осы саясатты жүзеге асыруға міндетті екендігінің үстіне қоғам дамуы зиялыларсыз болмайтынын Сəкеннің оқу-білім жөнінде таусыла, жалына, жалбарына, өтіне айтқан алдыңғы ойларынан тарамдалып жатқаны өзінен өзі түсінікті. Сондықтан Сəкен республика басшысы ретінде де ауыздығымен алысқан төңкерісшілердің, əсіре большевиктердің ықпалымен кете алмасы анық еді. Сол үшін Сəкен көрген теперіш аз болмады жəне «ұлтшыл» деген кебенек киіп алды. Əр азаматтың өз ұлтын сүюі, ардақтауы табиғи құбылыс. Алайда интернационализмді перде етіп, бибауырмалдыққа бұра бастағанда Сəкен 1923 жылы 15 ақпанда, яғни Ахаңның тойынан кейін, коммунистік партияның ұлт мəселесіндегі бағдары əлі анықталмай, яғни XII съезд өтпей тұрған уақытта ащылығы удай «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақала жазды. Соны тап осы еңбекте қайтадан жариялаудың сəті түсіп отыр, өйткені оны бұрын талдап, түсіндіре айтуға мүмкіндік болмаған еді, тек атын ғана атаумен желдіртіп өтетінбіз. Саяси ғана емес, патриоттық сыр-сипаты қалың жəне қазірдің өзінде тарихи шындыққа негіздемей, біреудің атқарған ісін екінші біреуге таңа салудың жат əдеті пайда бола бастағаншақта қанша ащы болса да осы мақаланы түгелдей, əрпін өзгертпей оқушыларға жеткізсек Сəкеннің ұлтжандылығын ұғып, мемлекет басшысы жəне «Еңбекшіл қазақ» газетінің редакторы болған кездегі ой-пікірімен де, ісəрекетімен де анық танысамыз. «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік». Бүгінге шейін қазақты орыстар «киргиз» деп келеді. Не себепті қазақты орыс «киргиз» деп кеткенін тексермей-ақ, ол «киргиз» деген аттың қалайша жалпы қазаққа жапсырылып кеткенін баяндамай-ақ, енді бұл тарихи қатенің түзетілуі керек екенін жұртқа айтқым келеді. Орыстың патшасы қазақты қаратып алып, жалпы қазақ-
қа «киргиз» деген ат жапсырған соң, қазақ халқын оңай қаратып алған орыс патшасының төрелері, жасауылдары қазақ ты бір түрлі мүгедек, мақау жануар деп санап, «киргиз» дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын болды. Ақ патшаның «шарапатына» мəз болған мырзалар қазаққа жоғарыдан төмен қарап, тұмсығын кекірейтіп, пысқырып, «киргиз» дейтін болды... Төрелердің қатындары итіне ұрысқанда: «ақ ты, Палкан, киргаздан да жамансың!» – дейтін болды... Ақ патша жасауылдарының, төрелерінің бұл аңыздары орыстың надан халықтарының араларына да жайылды. Келе-келе тұрмыстың игілігін өзгелермен бірдей қазақтың көруге еш уақытта лайығы жоқ деп ойлайтын болып, қала тұрмысына түсіп, оқып, тазарақ тұра бастаған қазақты көрсе таңырқап: «қарашы, тіпті өзін киргиз дейтін емес!» – деп тамсанып жүретін болды... Қазақтың бір қылығын жақтырмаса: «белгілі енді, киргиз болған соң қайтуші еді!» – дейтін болды... Қырға шыққан шабармандары, жасауылдары қазаққа зорлық қылғанда, қазақты қорқытқанда көзін алартып, тісін қайрап: «У, у, у!, киргиз-з!!!» дейтін болды. «Киргиз» дегенді əлгі мырзалар бір түрлі ызбарланып, тістеніп айтатын болды... Енді ол күндер өтті. Октябрь төңкерісі қазаққа бұлай қарауды тиды. Енді қазақ та бір, басқа халықтар да бір. Қазір əр жерде осындай тарихи қателерді түзетті һəм мұндай түзетілген аттарды совет үкіметі де қатты ықтиятпен қабыл алды. Мəселен, Хиваны қазір «Хорезм» жұрты дейтін болды. «Сартты» өзбек дейтін болды һəм бұл түзетіліп қойған аттарды совет үкіметі қолданып кетті. Біз «киргиз» деген атты жоғалтып, өзімізді «қазақ» деп атасақ, басқалар да бізді «қазақ» деп, осы атты қолданып кетпек. Біздің бір үлкен кемшілігіміз – осы күнгі басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз. Əуелі біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Бұл біздің едəуір əлсіздігімізді көрсетеді. Егерде біздің қазақ жігіттері бұл қатені түзетеміз десе, оп-оңай түзетіп əкетер еді. Біздің əр қазақ жігіті «киргиз» дегенді тастап, қоймас-
тан «қазақ, қазақ» дегенді жұмсап, басқа жұрттың құлағына сіңдіріп үйретуі керек. Қазақстанның орталық үкіметі «киргиз» дегенді қойып «қазақ» деген есімді қолдануға жарлық (декрет) шығару керек. Қазақты «қазақ» дейік, тарихи қатені түзетейік!». Тіпті қазірде де Сəкеннің осы ойларын оқудың өзі оңай емес. Бойымызға сіңіп қалған бибауырмалдық қабыл датқысы келмейді. Бірақ шындық осылай болған. Өзі мемлекет басшысы болып тұрғанда осы игі мəселені əлеумет алдына салып, көпшіліктен қолдау күтіп еді, тырып еткен адам болмады. Бірақ тарихи қателік 1925 жылы ғана Советтердің V съезінде, яғни 2–3 жылдан кейін түзетілгенімен біздің жалтақтығымызды байқаған шовинист-коммунистер өздерінің ескі сорабымен тарта берді. Күні бүгінге шейін қиястықпен айтып, жазып келе жатқандар да бар. Оларды тежеп жатқанымыз шамалы. Осы ұсынысы үшін Сəкенді соққыға жығудың «мəдениеттірек» амалын табу онша қиындыққа түспеді. Шынында да, бүкіл дүниежүзілік пролетарлық революцияны ұлыдержавалық мақсат үшін армандап жүргенде, əсіресе ол процесс өзіміздің əсіре төңкерісшілерімізбен еселеніп жатқанда үкімет басында отырған адамның тарихи қатені түзетейік деп өзінің шын ұлтжандығын танытып жатқанын ұлтшылдыққа айналдырып жіберу оңайдың оңайы еді. Оған сылтау табылды, көп кешікпей нақты «іс» үстінде Сəкенді «ауыздықтаудың» амалы елжұртқа белгілі болды. 1923 жылдың 17–22 наурызында Қазақстан коммунистерінің III конференциясы өтгі. РКП(б) Орталық Комитетінің өкілі Е. Ярославский жасаған негізгі баяндамада, ай-түй жоқ, Сəкен «ұлтшыл» деп жарияланды. Бұған кейбіреулердің қыбы қанды, ал адал жандылар Мəскеуден емес, пайғамбардың қасынан келсе де қарсы шықты. Осы оқиғаның басы-қасында болып, көзімен көрген адамның сөзіне құлақ тосайық. «III конференция жүріп жатқан шақта əлдекім Сəкеннің «Азия» есімді өлеңін орыс тіліне аударады да, РКП(б)- ден конференцияны басқаруға келген Ярославскийге береді. Ярославский бұл өлеңді дұрыс жəне қатты сынады.
Содан кейін Қазақстан аймақтық партия комитетінің (Киро бком) əйелдер бөлімін басқаратын Алма Оразбаева Ярославскийдің Сəкенді сынауын мақұлдай кеп: – Сəкен бір өлеңінде Троцкийді «банда» деп айтты, – деп кінəлады. Абдолла Асылбеков справка беріп: – Сəкеннің өлеңінде «банда» – «талаушы» деген сөз жоқ, «бенде» «бағынушы» деген сөз бар. Алма оны теріс оқып, теріс түсіндіріп тұр», – деді. Алма Оразбаева Сейтқали Меңдешевке жақын болатын. Жұрт «бұрын Бөкей ордасы» аталған Батыс Қазақстан да олар революциялық істерде бірге болды» десетін. Ярославскийге «Азияны» аударып беруші кім екенін білмеген Сəкен, Алманың сынауына қарап, «Меңдешев тобы» аударып берген екен деп жорамалдады. Артынан білсек, ол өлеңді аударушы «Асау тұлпардың» редакторы жəне бастырушысы, Сəкенге дос болып жүретін Мұхтар Саматов екен. Сəкеннің қате өлеңдері жайында Алманы да, Сəкенді де жақтаушылар табылып, бұған дейін тұтасып келе жатқан қазақ коммунистерінің арасына жарықшақ түсті де, арты «меңдешевшілдік» жəне «сейфуллиншілдік» деп аталатын жікке (дұрысы топқа) айналып кетті. Бұлар партиялық документтерде «принципсіз жіктер» деп жазылады. Онысы – дұрыс. Бірталай уақыт портфельге, яғни əкімшілікке таласып, кезеңі келген жерде бірін-бірі құлатқанмен, яғни бас шылықтан қуғанмен, ол жіктердің (топтардың) арасында идеологиялық ала ауыздықтар болған жоқ» (С. Мұқанов. Есею жылдары. 1964, 41-бет) деген кепілдеменің де айтары да, түсіндірері де көп болса керек. Осы келеңсіз жайға түгелдей С. Мұқанов көзқарасы тұрғысынан қарамағанмен, бүгінгі тарих ғылымы, оның зерттеушілері қалай зерделейді дегенге келсек, онда М. Қойгелдиевтің: «Қазақстандағы саяси ахуалға Орталықтың білек сыбана араласуына жол ашып берген себептердің бірі жəне бірегейі – ұлттық интеллигенция арасындағы өзара алауыздық. Сыртқы түрі рушылдық, жершілдік сияқты феодалдық сипат алған бұл топаралық күрестің, түптеп келгенде, негізінде қызмет үшін талас жатқан болатын. Өкінішке орай, топаралық күрестің өршіп отыруына ресми орындар да түрткі болған» (М. Қойгелдиев,
Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? «Ана тілі», 1993, 22-бет) Осындай қатерді сезіп, əрі қарай өршіте бермеу үшін жəне Мəскеуден келгеннің бəрі белден басып, өзім білемдікке салынбауы үшін осы III конференциянын 14 делегаты бірігіп Орталық Комитеттің өкілі Е. Ярославскийге қарсылық жасады: «С первого момента открытия ІІІ-ей всекиргизской партийной конференции наблюдается определенное течение, направленное к обвинению киргизских коммунистов в национализме. Это течение является абсолютно ошибочным и не на чем реальном необоснованным и как результат неправильных толкований о проводимой киргизскими работниками-коммунистами политики в области внедрения коммунистических идей среди киргизских рабочих и бедноты, и из другой стороны, вследствие колонизаторских выходок русских товарищей, старающихся посредством доносов, доставляемых карьеристами, и неточного перевода киргизской печати очернить киргизских коммунистов перед партией, а следовательно, и перед пролетарской массой. Нижеподписавшиеся киргизские коммунисты категорически протестует против предъявляемых им обвинений в национализме» (сонда, 17-бет) дегенге С. Меңдешев, С. Сейфуллин, С. Садуақасов, Ы. Мұстамбаев, Н. Нұрмақов сынды 14 азамат қол қойып, төніп келе жатқан қатердің, яғни ұлтшылдық, пантюркизм, панисламизмнің аяр да өтірік жамылғысын жұлып тастауға талпыныс жасады. Е. Ярославский өтірік шошыған болып, мəймөң келеткеніменен бүкіл большевизмнің негізінде жатқан шовинистік зəр өрістей түспесе, беті қайтқан жоқ. «Николаевское правительство сумело внедрить в сознание наиболее зажиточной части русских крестьян Туркестана понятие, что они как представителей русской господствующей нации выше, чем туземцы, поэтому последних при надобности можно и эксплуатировать. И нам советским работникам еще не удалось отучить русского крестьянства от этого взгляда» (Т. Рыскулов. Избранные труды. 1984, 61-бет) деп Тұрар 1919 жылы айтса, Коммунистік партия ұлыдержавалық шовинизмді сөз жүзінде,
ең қатерлі жауымыз деп бірнеше қаулы-қарармен қарғапсілеседе шовинистік пиғылдың мұрты КСРО құлағанша қисайған жоқ. Əсіресе төңкерістің алғашқы жылдарында тіпті күшті болды, қазірде де асқындап тұр. Сондықтан шовинистер ұлттық шет аймақтарда национализмге (ұлт шылдыққа) əдейі пантюркизм (түрікшілдік) мен пани с ламизмды (исламшылдықты) қосақтады да, ауыз аштырмаудың амалына айналдырды. Оған əуелі Тұрар Рысқұловтың Түркі халықтарының коммунистік партиясын, Түркі тектес республикалар федерациясын құру жөніндегі ойлары мен ұсыныстарын сылтау қылды да, біраздан кейін, тіпті Тұрардың өзі бас тартқанына қарамастан, бүкіл шығыс коммунистерін, əсіресе Түркіс тан мен Қазақстан төңкерісшілерін бұқтұрудың, тұншықтырудың, қаралаудың айла-амалына айналдырып жіберді. Оның зардабынан əлі құтыла қойған жоқпыз. Осы III конференцияда Сəкен де, Смағұл Садуақасов та əлгіндей қарсылықтың болғандығына қарамай, таяққа жығылды, оларды ұлтшылдықпен айыптауға жол ашылды. Өзінің ойын тартынбай айтқан Смағұл да «Садвакасовщина» деген топтың басшысына айналып, тарих бетінде күні кешеге дейін датталып келді. Ал «Сейфуллиншілдік» дегенге келер болсақ, онда С. Мұқановша айтқанда, «Сəкен қимыл жағына шорқақ еді. Өз ойын іске асыруға айлаəдістер, тəсілдер қолдану, яғни жүріп-тұрып дегендей, өз пікірін қолдаушыларды ұйымдастыру деген сияқты дағды Сəкенде болмайтын... «Сейфуллиншіл» аталған топты Сəкен емес, оның революция жолындағы сенімді серігі Абдолла Асылбеков басқарғанмен» (42-бет), тарихта Сəкен атымен таңбаланып қалды. Тіпті 1937 жылы сотталғанда ұлтшылдық топтың басшысы ретінде жазаланды. Сондықтан да қазақтың үш жүзге, ру-руға бөлінетінін отар шылдар да, коммунистер де мықтап пайдаланды. Олар шеншекпенге, атақ-дəрежеге қызықтырса оп-оңай ыды рап, берекесі қашатындығын көрген соң араларына шы бық жүгіртіп, тіпті бауыр мен ағайынды алакөз етіп қойды. Есептері деп шықты. Бұл қақпаннан, əсіресе зиялы ларымыздың құтылып кете алмағаны өкінішті-ақ. Сəкен ғұмырнамасында 1923 жыл мейлінше ерекше.
Бүгінгі біз білетін ұлтжанды Сəкеннің ұлттық танымбілігі, кескін-келбеті, түр-тұлғасы қалыптасып, бүкіл елдің алғысын алған жұлдызды сəті осы 1923 жыл. Республика коммунистерінің III конференциясы Сəкен көрер қоқайдың басы ғана. Оған дейін «Қызыл сұңқарлар» мен «Асау тұлпар» кітаптары «Шолпан» мен «Темір казық» журналдарында «тас-талқан» сыналып жатқаны əшейінгі ойыншық еді. Əрине, олар да жүректі тырнап өтті, көңіл күйіне əсер етті, ал өзі қалап, имандай сеніп кірген партиясы тегеурінді қаулымен шегендегенде не істерін білмей дал болған сəті аз емес. Өйткені, конференциядағы ұнамсыз жай «Очерки истории Коммунистической партии Казахстана» деген ресми тарихнамада «Издавались антимарксистские, националистические по духу брошюры С. Садвакасова. Глубоко ошибочными были отдельные опубликованные в печати произведения С. Сейфуллина. В них классовая борьба подменялась национальной борьбой. Ошибки в произведениях Сейфуллина имели «серьезный политический характер» и могли быть использованы во вред нам нашими врагами» (1963, 219-бет) деп мықтап таңбаланды. Сəкен мен Смағұлдың бұл «қателері» осы конференцияның өзінде-ақ нақты іске айналып кетті. Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы Сəкен облыстық партия комитетінің мүшелігіне кандидат болып іліксе, Смағұл атаусыз кетті, оның есесіне олардың қарамағындағы қатардағы комиссарлар М. Саматов, Н. Нұрмақов, А. Оразбаевалар толық мүшелікке сайланып, партия атынан мəселе шешіп отырды. Қатарымнан қалдым-ау деген намыс қана емес, көрген жапа, естіген ащы сөздер Сəкенді халыққа, əсіресе қазақ халқына еңбек сіңірудің жаңа бір жолын, яғни ұлтын жантəнімен сүюдің ең бір төте соқпағын көрсетіп, белін бекем будырған сияқты. Конференциядан кейін, яғни 29-наурыз күні Сəкен «Ұлтшылдық һəм отаршылдық шовинизм» деген мақала жариялады. Күні кеше конференцияда таласқа түскенде дауыс жетпегендіктің, яғни ұлттық мақсатты жақтаушылар азшылық болып қала бергендіктің қорлығын нақты көре бастаған шақта «Қазақстанның партия һəм
үкімет қызметкерлерінің араларында іс жүзінде еріксіз яки ұлтшылдыққа, яки отаршылдыққа (шовинизмге) ойысып кету бар ма, жоқ па?» деген сұрауға «жоқ» деп ешкім айта алмайды. Ұлтшылдық, отаршылдық, өзімшілдік мəселелері біраз уақытқа дейін бармақ. Мұны қате деуші кісі, олар енді болмайды деуші адамдар жəне бұл екеуінің бірі бар, бірі жоқ деушілер құр өздерінің шолақ ақылдығын, мүкіс көзділігін көрсетеді. Бұл майданға біздің Қазақстандағы жоғары мекемелерде қызмет қылып жүрген адамдар жалпы кіріскен жоқ. Соңғы уақытта бір аянышты, былғанышты дерт пайда болды. Ол дерттің негізі – өзінің бас пайдасы үшін, өз басының кегі үшін мəселені тұмандату. Қазақстанның өткен III партия жиналысында кейбір көпшілдер «ұлтшылдық бар, өзімшілдік, отаршылдық жоқ» деді. Əрине, бұл сөз көпшілікке ұнағандай болып қалды һəм кезінде көздеген нысанаға да тиді. Отаршылдық, өзімшілдік жоқ деп Сəкеннің жазған «Азия» деген өлеңін кейбіреулер бұл ұлтшылдық деп шу көтерді. Мұны кейбір жолдастар өз басының кегі үшін «ағаш атқа іліп алып, орынсыз қамшы қылды» деп өкінгені жəне осындай жаман қылықтың – отаршылдықтың қаулап келе жатқанын, отаршылдық пиғылға коммунистік қызыл матаны перде қылған ұлы орысшылдықтың, ұлыдержавалық шовинизмнің жеңіске жетіп келе жатқанын Сəкен жасқанбай ашып жазды. Конференцияда естігені мен көргенін салауат етіп «енді өткен іс өтті. Бұдан былай отаршылдықпен, өзімшілдікпен һəм ұлтшылдықпен пікір майданында салмақпен күресулеріміз керек жəне əлеумет ісінде өз басымыздың уақ мақсаттарын былғастырмауымыз керек» деп парасаттылыққа шақырды. 1923 жылы 17 – 25 сəуірде Мəскеуде РКП(б) XII съезі болды. Онда алғашқы жəне соңғы рет ұлт мəселесі кең көлемде қаралды да қарымды қаулы алынды. Осы тарихи съезге Сəкен не шешуші, не кеңесші дауысты делегат болмай, əдеттегі қарапайым шақырушылар қатарында қатысты. Əрине, пенде ретінде де мұның «кикілжіңі» болмай қалмаған шығар, бірақ Қазақстаннан осы съезге қатысқандардың ішінде Сəкен ғана ұлттық намысты одан
əрі нəрлендіріп, пəрмендіре түсуді мықтап ойластырып қайтқанын көреміз. Съезде сөйлеген көп шешендердің сөзінен қорытылған қаулыға «разговоры о преимуществах русской культуры и выдвигание положения неизбежности победы более высокой русской культуры над культурами более отсталых народов (украинской, азербайджанской, узбекской, киргазской и пр.) являются не чем иным, как попыткой закрепить господство великорусской национальности. Поэтому решительная борьба с пережитками великорусского шовинизма является первой очередной задачей нашей партии. Борьба за ликвидацию фактического неравенства нацио нальностей, борьба за поднятие культурного и хозяиственного уровня отсталых народов является второй очередной задачей нашей партии. Поскольку пережитки национализма является своеобразной формой обороны против великодержавного шовинизма, поэтому борьба с националистическими пережитками и прежде всего с шовинистическими формами этих пережитков является третьей очередной задачей нашей партии» (XII съезд РКП(б) Стенотчет. М., 1968, 694-беттер) деген тұжырымдарды Сəкен өз құлағымен естіп, көзімен оқығаннан бері көптен ойында жүрген, оның шет жағасын «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген 1923 жылы 15 ақпанда жариялаған мақаласында сездірген, А. Байтұрсыновтың ұлылығы «оқу һəм тіл құралдарын жасап беруінде» деп білген Сəкен Орынборға орала сала XII съезд шешімдерін қауырт насихаттауға кірісті, əсіресе: «д) органы национальных республик и областей строились по преимуществу из людей местных, знающих язык, быт, нравы и обычаи соответствующих народов; е) были изданы специальные законы, обеспечивающие употребление родного языка во всех государственных органах и во всех учреждениях, обслуживающих местное национальное население и национальных меньшинств – законы, преследующие и карающие со всей революционной суровостью всех нарушителей национальных прав» (сонда, 696-бет) дегені көкейіндегі көп ойларды жүзеге асыра алмай жүрген, отаршылдардың өктемдігін
жарамсақтанумен еселеп жүрген қазақ коммунистеріне деген ызасын сыртқа шығара алмай тұншығып жүрген Сəкен ерекше қуанып, қолына қалам алды. Мəскеуден əрі шабыттанып əрі шамырқанып оралды да, алдымен 1923 жылы 1 мамырда «Ұлт мəселесі туралы баяндама» деген атпен И. В. Сталиннің съезде жасаған баяндамасының сүбелі тұстарын қазақтарға түсінікті тілмен өзінше толғап жеткізді. «Руссияда жаңа шаруашылық саясатын (НЭП) жүргізгеннен бері орыстың ұлтшылдығы өсе бастады. Деникиннің істей алмаған, əжетке шығара алмаған, бұрынғы «Ұлы Руссияны бөлмей-жармай, тұтас сақтау» пікірі қазіргі уақытта еппен, білдіртпей əжетке шығармақ тілек те бар» деп ескертіп, «жолдас Сталиннің бұл қорытынды баяндамасын Қазақстан тəрізді шет республикадағы коммунистер көбірек оқулары керек» деген ұсыныс жасайды. Қаулыны əрі түсіндіре беру үшін 27 мамырда «12-ші партия жиналысы ұлт мəселесін дұрыс шешуге жаңа жоба көрсетті», 1 маусымда «Партияның 12-ші жиналысының, қарарларын іске асыруға кірісу ке рек» деп негізгі мəселелерге, оның ішінде кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізу проблемасына біртіндеп дайындық жасады. Əсіре солшылдарды шошытып алмау үшін бомба сипатты мəселеге олардың құлағы мен көзін үйретіп алайын деп жалпылама, жанға оңша тимейтін жайлардан бастады. «Біз ұлтшылдықпен (национализм), отаршыл өзімшілдікпен (шовинизм, колонизаторство) қатар, бірдей, тең күресу керек деуші едік. 12-ші партия жиналысы бізден де əрмен, бізден де қатты кетті. 12-ші партия жиналысының ұлт мəселесі туралы белгілеген жобасы өте қолайлы» (5, 356) деп қуанды Сəкен. Өйткені, «12-ші жиналыстың айтқандарын орнына келтірсек, коммунист партиясының бұрынғы кемдік көріп қалған Россиядағы уақ ұлттар былай тұрсын, күллі күншығыс халықтарына алақаны жайылады. Сонда ғана совет үкіметінің негізі бекіп, жер дүниеге қанатын еркін жаяды» (5, 361) деген көтеріңкі көңіліне қарағанда Сəкеннің таяу арада жақсылық орнай қалатынына еш шүбəсі болмағанын, баладай сенгендігін көреміз. Өзінің адалдығы мен пəктігін елге осылай танытқан Сəкен өз
өмірінде ғана емес, бүкіл қазақ тарихыңда болмаған іске бел буды. Сəкен қайраткерлігіндегі елге де, өзіне де бір сəтті шақ – қолындағы билікті журналистік қаламының ұшқырлауы, яғни «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы міндетін қоса атқаруы, сөз бен істің арасын ажыратпады, қайта көңілдегі ойды нақты іске айналдырып отыруы болды. Жəне редактор болған соң ешкімнің қырнап-сырнауына, тігісін жатқызуға мүмкіндігі болмай, Сəкен айтамын дегенін екі жарым жылдай цензурасыз айтты, ешкімнің аузына қарамай, рұқсатын күтпей өзінің елге айтпақ пікірін тоқтаусыз, редакциясыз жеткізіп отырды. Сəкен шығармалары жинағының томы мен бетін көрсетпей ай-күн жəне мақаланың аттарын атап отырғанымның мынандай сыры бар. 1960–1964 жылдары Сəкен шығармаларының алты томдығын баспаға даярлаған кезде Е. Ысмайылов, М. Базарбаев, əсіресе баспаның бас редакторының орынбасары, атақты ақын Тайыр Жароков пен ресми редактор Асқар Лекеровтер сол кездегі идеология лық көңіл-əуенге бағып, Сəкеннің советтік баспасөзде жарияланған дүниелерін қайтадан басуға тəуекелі жетпей, көптеген шығармаларын алып қалған еді. Заманы туғанда мен соларды қайтадан тірілтіп, өз архивімнен алып, Сіздерге ұсынып отырмын. Сондай «қаһарға» ұшыраған материалдардың ішінде қазақ тілінің тағдыры үшін күрестің алғашқы қарлығашы болған «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деген атпен 1923 жылы 9 маусымда «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақаладан едəуір үзінді келтірмекпін. Себебі тіл үшін күрес кімнің кім екендігін, кімнің қандай ойы барын айқындап беретін қажетті саяси құжат. «Коммунист партиясының жалпы Россиялық 12-ші жиналысының (XII съезд – ред.) ұлт мəселесін дұрыс шешуге жол-жобалар белгілегенде істеген қарарларының бірі: «бұрынғы кемдікте болған уақ ұлттардың республикаларында, мекемелерде барлық үкімет істерін сол ұлттың өз тілінде жүргізу керек» деген қарары болды» деп Сəкен кеңінен толғауға кіріседі. Егер ұлт тілі кеңседе қолданылатын болса, онда «зор болып қалған ұлтпен»
терезесі тең болары сөзсіз, бірақ оны жүзеге асыра қою көп күшті, жігерді талап етеді. «Əрине, қазақ кедейінің тəнінің, жанының қандай жерлерінде қандай жараларының бар екенін, қандай дерттерінің бар екенін білетіндер – қазақтың тілін, ғұрпын, əдетін, тұрмысын білетін қазақтан шыққан коммунистер. 12-ші партия жиналысының бұл қарарын іске асыруға түрлі лаж көрсетіп, бұл іске өздері білектерін сыбанып, белсеніп кірісуге сол қазақтан шыққан коммунистер ең алдымен міндетті. Əрине, қазақ бұрынғы өгей əкеден қорлық көріп қалған жетім бала. Жетім бала көпке шейін бір түрлі қорғалауық, жасқаншақ, қорқақ болады» деп Сəкен ағынан жарылады да, қазақ коммунистері «ірі жұмысқа қасқайып кірісіп, серке болып бастай алмай отыр» деп күйінеді, осындай шешуші сəтте «бұл жұмысқа барлық күшін салып, қазақ коммунистеріне жəрдем беретін жерінде жəрдем беріп, бастайтын жерінде бастап отыру орыс коммунистерінің міндеті. Олай болса, тарих алдында жауапты» деп көңіл жықпас көпшік пен салмақты үлкен ауылдың балаларына сенімділік белгісін көрсеткен болып отырып, негізгі іске кірісудің жолын бағдарлайды. «Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек» деп алады да «болостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу керек», солардың жəрдемімен аудан, облыс, республика мекемелеріне қатынас қағаздарын қазақ тілінде үзбей жіберіп тұру керек. «Қалалардағы мекемелерде қазақша хат білетін кісі жоқ. Сол себепті орысша жазу дұрыс деген сөзді тастау керек» деп ескертеді де, «қаладағы мекемелерге қағазын қазақша жазып отырса, қала өздігінен қазақша» үйренеді, сөйтіп кеңсе ісі қазақшаға біртіндеп көше бастайды, сонда ана тілінің қадірі артып, еңсесі көтеріледі, ресми сипатқа ие болады деп білді. Үлкен де ауыр əрі саяси астары күшті істі бастап отырғанын Сəкен білді. Қаншама жұмыс басты болып жатса да, бұл мəселені тиянағына жеткізуге бел байлады жəне оны өзім ғана атқарамын, сөйтіп абырой-атаққа кенелемін деп ұққан жоқ. «Мекемелерде істі қазақ тілінде жүргізу бір кісінің айтуымен болатын нəрсе емес, көптің күшімен, жалпы
ынтамен, тегіс жұмылумен болатын нəрсе. Қазақтың шын еңбекшіл табы шын қатарға кірсін, өз тізгінін өзі алсын деген азамат бұл іске жан аямай кірісуі керек. Бұған жергілікті мекемелер не айтар екен, не істер екен, күтеміз», деп Сəкен өз халқына шындап еңбек сіңірудің жолын көрсетіп, жолдастықпен өтіне отырып, жасқаншақ, қорқақ болып қалғандарға, совет елінде «күллі тілдің бəрі бірдей жүреді деген закон бар», сескенбе деп қайраттандыруды ұмытпайды. Ана тілін ардақтап, оның ресми дəрежесін көтеру қажет екенін ұғындырады. Арасына 16 күн салып екінші мақаласын жазды. Тегінде, жора-жолдастарымен, ресми мекемелермен сөйлескен болуы керек, енді нақты іске кірісер сыңай байқатады. «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу» деген мақаласын 25 маусымда басып шығарды. Сөз саптауы да, айтары да алғашқыдан өзгеше. 12-съезд «əрбір аймақта қай халық көп болса, сол аймақтың кеңселерінде іс сол жергілікті көпшілікті халықтың тілінде жүрсін» деген қарар шығарды дейді де «бұл іске шындап жəрдем қылмаған кісі не еш нəрсені түсінбейтін адам, не еңбекшіл табына һəм революцияға шын дос адам емес деп көрсетеді. Олардың жүрегі жарылып кетседе «кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізуге қəзір Қазақстан үкіметі кірісіп жатыр» деп нығырлайды да, ішкі істер жəне сот комиссариаттары «Күллі Қазақстанға жарлықтарын жібермек болып жатыр», ал жұмыскерлер факультетінде оқып жатқан жастар өз губерниясындағы мекемелерге көмектесуге жіберілмек деп хабарлайды, тапсырманы дұрыстап орындауларына сенім көрсетеді. «Қайда оқып жүрсе де қазақ жігіттерінің бəрі де істі қазақ тілінде жүргізуді білулері қажет» екендігін ескертіп, «бұл күнге шейін қадірсіз болып келген қазақша хат білетін адамдардың бағалары артады. Жұрт оқуға ынталырақ болып кіріседі» деп жарқын болашақпен қызықтырады. Үш күннен кейін, яғни 28 маусымда «Қызметкерлер даярлау» деген практикалық мəні зор ойын жариялады. Сəкен жалпы оқу-ағарту жөніндегі армандарын нақты іспен, яғни кеңседе қазақ тілін жан-жақты қолданатын мамандарды даярлау мəселесімен сабақтастырады. Хат
білетін адамдарды көбейту үшін талай курстар ашып жатқан тəжірибеге сүйеніп, «ағыны тығыз заманымызда екі, үш айда əр түрлі қызметте жүрген хат білетін адамдарды жинап алып, курстерде оқытып, керекті қызметкерлер даярлап шығару өте тығыз, өте керекті іс» (5, 373) деп жанықты. Орталық пен жергілікті жерлердегі саналы бастықтардан осы курсты тез ашып, іске кірісулерін өтінді. Басқа оқу орындарының студенттері мен шəкірттеріне негізгі мамандығына қоса «Қазақ тілінде іс жүргізуді үйрете кету» қажет екендігін де ескертті. «Барлық губерниялық исполкомдар қазақша хатшылық курстер ашулары керек» деп нұсқау берумен қатар, «Барлық Қазақстан жалпы ынтамен кіріссе, қызметкерлер даярлау ісі тез алға баспақ» деген жалынышты тілегін айтудан ұялмады. Енді бес күннен кейін, яғни 3 шілдеде «Қазақстанның губерниялық һəм уездік исполкомдары төреағаларына» қазақ азаматтарын қызметке тарту жөнінде құлаққағыс қылды. Бір ай он екі күннен кейін, яғни 15 тамызда «Не қылдыңдар?» деп сауал қойды. КирЦИК-тің үшінші сессиясында «Қазағы көп жерлерде мекеме істері қазақ тілінде жүрсін, алдымен болыстардан басталсын» деп қаулы қылды жəне бірнеше комиссариаттар тығыз бұйрықтар жазып, демалысқа шыққан оқушылар мен студенттерді жіберіп жатыр деп хабарлады. Жер-жерде «қазақ еңбекшіл табының шын ілгері басуын, шын көркеюін, гүлденуін ойлаған қайратты азаматтар болса, бұл тарихи іске белсеніп кірісер» (5,382) деп үміттенеміз, өйткені Ақмола, Семей, Бөкей, Қостанайлардан жайсыз хабарлар жетіп жатыр дегенді де жасырмады. Алайда, «бұған жалпы ынта, қажымас қайрат керек» деп жігерлендіреді де «келесі жалпы жиылыста губерниялардағы, уездердегі қызмет басындағы Жігіттерден бұл іс туралы не қылғаны жөнінде əйгілі жауап алынбақ, олар лайықты жауаптарын даярлай берулері керек» (5,383) деп сес көрсетіп те қойды. III сессияда негізгі мəселе қатарында «Қазақстан мекемелерінде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу туралы баяндама» тыңдалып, «қазіргі толғағы піскен бір зор тарихи мəселе» екені (5,400) атап көрсетілді, арнайы курстар ашу жөнінде қаулы шығарылды.
Сегіз күн еткеннен кейін, яғни 19 қыркүйекте «Қазақс танның заң комиссариатына теңеліңдер» деп жігерлі де ұлтжанды азаматтарды көтермелеп, «Қазір заң. комиссариаты сот кеңселерінде жазылатын түрлі қаулы, қарар, билік, кесім, тексеру, анықтау һəм басқа нұсқаларын қазақша баспаға басып, Қазақстанның барлық губерниясына жіберейін деп жатыр. Екпінді ынта, шын ниет болса бірте-бірте жүріп кетпек. Өрнек, үлгі болған заң комиссариатына теңеліңдер!» деп болайын деп жат қан игі істі атқарушыларды қанаттандырды. Ал қайдағы бір себептерді өзінің жігерсіздігіне перде қылып жүргендерді жерлеп те өтті. «Ынтасыз, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз уайым табуға болады. Бірақ себептің ең үлкені – іс басындағы адамдардың бұл іске шындап кіріскен ниеттерінің жоқтығы, ынталарының жоқтығы» қол байлау болып келе жатқандығын өкіне, ренжи баяндады. Осындай ерен еңбек етіп жүргенде Сəкенді сөзге қалдырушылар, əсіресе орыстың шовинистік пиғылдағы коммунистеріне сыбырлаушылар, бұрмалап жеткізушілер табылған шақта Сəкен қатты шамырқанып, «біздің қазақ коммунистерінің қазақ тілі туралы қатты кірісуге: «біреу ұлтшыл деп айтады...» деп бой тартады. Бірақ бұл қулық, бұл – коммунистік қылық емес, ол – жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз демагог өзін «жақсы ком мунист екен» деп айтсын деп қазақ тілін кіргіземін деп жүрген белсенді адамдарды: «анау, ұлтшыл, мынау ұлтшыл» дер. Бірақ ондай сасық демагогтар коммунистік партиянын Орталық Комитетін «ұлтшыл» деп айта алмас, – деп бір-ақ кесті. Өзінің көріп-біліп, естіп жүргендерін аты-жөнімен атамасада, кежіргісі кері тартқан шенқұмарларды мықтап шенеді. Тегінде, партия комитеті тарапынан екпіндете бермесеңдерші деген ескерту болды ма, жоқ па, декрет қабылдайтын Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы Сейтқали Меңдешев, оның хатшысы, Сəкеннің жан жолдасы Жанайдар Садуақасов тартыншақтай беріп, түрлі қауіп-қатерлерді айтқандары да жоқ емес. Басталған істі тиянағына жеткізу, əсіресе бүкіл қазақ халкының еңсесін көтеріп, ел екендігін, ешкімге
жалтақтамай, басқалармен қатар тұра алатын жұрт екендігін нақты кезге көрсететін мəселені түбегейлі шешу қажеттігі Сəкеннен ерекше жігерлі қимылды талап етті. Республика басшыларының бірі болғандықтан оның сөзі елеусіз қалмайтынын жəне біраз адамға өзінің абыройатағымен ықпал жасай алатындығын ескеріп, тезірек декрет шығаруға күш салды. Газеттегі мақала, əр жиындағы сөздер нақты іске айналу үшін өкімет шешімі керек болды. Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесі мен ынталы халық комиссариаттарының табанды талабы нəтижесінде Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 1923 жылы 22 қарашада кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу туралы декрет қабылдады. Оның толық тексті «Ана тілі» газетінде 10.01.91 жылы жарияланды. Қазақ жəне орыс тілдері мемлекет тілі болып жарияланып, 1924 жылдың 1 қаңтарына шейін қазағы басым жерлерде, 1924 жылдың 1 шілдесінен былай қарай бүкіл Қазақстанда кеңсе істері қазақ тілінде жүргізілетін болды. Оның жүзеге асуын бақылап отыратын орталық комиссия құрылып, Ж. Садуақасов басқарды. Ел үшін еңіреп туған азамат Сəкеннің осы шешімнен кейін «тəубе» деуіне болатын еді, өйткені басқа шаруалары да басынан асып жатқан-ды. Қазақ мінезін жақсы білетіндігін ол тағы да танытты. «Лап бергіш, жалт бергіштер» істің ауырлығын сезгеннен кейін қажыры қайтып, басталған игі істі қожыратып алмау үшін амалсыз «ба қылаушы, қозғау салушы» рөлін атқаруына тура келді. Декрет алынғанына бір ай толғанда, яғни 22 желтоқсанда «Кеңселерде қазақ тілін жүргізу» деген мақаласын жазды. Декреттің «іске асуы, ғаламға койылуы зор қиындықпен болып жатқанын» жасырмай ашына айтып, оқығандардың, кеңсе ісін жүргізе алатындардың аздығы қол байлап, қызметкер жалдауға мекемелердің кедейлігі, «орыс пен қазақ аралас отырған жерлердің кеңселерінде қазақша һəм орысша жазуды бірдей білетін адамдардың» кемшіндігі, бұрынғы ескі əдетпен орысшаға бейім тұратындардың көптігі ілгері бастырмай келе жатқанын санап өтеді де, білімі барлардың кеңсе ісінен қашқақтау себебіне тоқталады, тіпті игі істің өріс алуына кедергі жасап жатқандары еске түскенде қаһарланып кететін тұсы да жоқ емес.
Мұндай жаман əдет «бұрынғы заманда патшаның, ұлықтарынан өте қаймығып, сол ұлықтарға өте қатты жағынып қалған жерлерде һəм өздері сол патшаның əр түрлі «ұлығы» болудың жолына қаттырақ түскен жерлер де көбірек сезіледі. Мəселен, Орал губерниясында орысша орта дəрежелі мектеп бітірген елу қазақтың списогі казір менің қолымда. Бұлар қызметтен қашып елде жүргендер. Мұндай сұмырайлар талай жерде бар» деп шүйлігеді. Өйткені, бірді екі ете алмай, игі істі алып кетер білікті адамдарды таба алмай жатқан тұста кейбір оқығандардың аңысын аңдып жатуы Сəкенді ашындырған, ащы сөз айтқызған. Осылайша шамырқанған Сəкен осы декретті «іске ассын деген азаматтардың міндеті: 1. Өзі совет кызметінде Қазақстанда жүріп қазақша сөйлеуді, қазақша жазуды менсінбейтіндерді үйрету (орыстармен қатар қазақша білмейтін қазақтарды); 2. Жұрт қатарлы ақы алып, қызмет қылудан қашып жүрген сұмырайларды қай ретпен болса да іске жегу; 3. Хат біліп, кеңсе ісін білмейтіндерді тез үйретіп қызметке салу» керек деп нұсқау берді. Ұсыныс жасап, нұсқау беру оңай, ал оны нақты іске айналдыру қиын екендігін Сəкен ешқашан ұмытқан емес жəне бастаған істі орта жолда қалдырып кетуге ешуақытта ары жетпеді. 1924 жылы 5 ақпанда Мəскеуде оқушы қазақ жастарымен Күншығыс университетінде кездескенде «Осы январьдың бірінен бастап іс жүргізуге декрет шығардық. Əр болыстарда, уездерде қазақ тілі жүре бастады» деп қуана хабарлап, қиындықтың көбін жеңуге болатындығын айтты. Ұлттық сезімдерін оятты, жастар қуана қол соқты. 1924 жылдың 17 наурызында, қазақ тілін кеңсеге жаппай кіргізерден үш ай бұрын Қазақстанның губерниялық һəм уездік комитеттерінің төрағаларына «Еңбекші қазақ» газеті арқылы «Ашық хат» жазды. «Бостандық туы», «Қызыл ту», «Қазақ тілі», «Тілші» газеттері қайталап жариялады. Алайда облыстық партия комитеті түсіндірме қатынас қағаз жазбай безірейді. Қазақ тілін мекемелерде жүргізу «рас, шынында да оңай емес, азғантай жерлерде болмаса, қазақ тілі əлі де қазақтың өз аузында. Кей жерлерде қазақ тілін кеңсеге кіргізбек
түгіл, қазақ азаматы аузын ашатын емес. Тіл – жұмылған ауыздың ішінде» деп қамығады, бірақ жасымайды. Осы игі іске басшы болудың орнына, «жақсы атты болу үшін» жарбаңдап жүргендерді мықтап бір сөгіп алады да, жалпы жігер мен ынтаны арттыруға жалына өтінеді. «Менің Сіздерден сұрайтыным мынау: Əр губерниядағы, əр ұядағы қазақша, орысша жазу білетін адамдардың тез есебін алыңыздар һəм қандай адам қандай қызметке жарайтынын анықтаңыздар. Тиісті анықтамалары мен тізімдерін бізге жіберіңіздер». Осы істі аяғынан тұрғызып жіберуге 3–4 мыңдай адам керек. «Тез һəм шындап іздесе табылады. Бірақ сонша адам табылғанша қазақ тілін кеңсе істеріне кіргізу жұмысын тоқтатып қоймай, үсті-үстіне істей беру керек. Қазақ тілін сіздер төменнен жоғары қарай жүргізіңіздер. Біз жоғарыдан төмен қарай жүргізейік» (4 т. (281) деген жалынышты да əмірлі сөзін жазды. Сондағы бар мақсаты, бар арманы біреу ғана: «қазақ кедейлері өз тілінде жазылған бұйрық, жарлық, декрет, закондарды, жобаларды, нұсқаларды яки өзі оқып, яки тыңдап, өз мұңын өз тілінде айтып, қатарға кіруі» (4.282). Қазақтың өзгелермен терезесі тең болып, ақысын басқаға жегізбейтін мəдениетті ел болуы ғана Сəкеннің көздегені. Осыны ұлтжандық де мейлің, ұлтшылдық те мейлің, отаншылдық де мейлің, əйтеуір халқына қарлығашша қанатымен су таситын, соның құлы, жегіндісі болайын деген тілек қана. Ол үшін Сəкен бар абыройбеделін де, күш-жігерін де аямады, тіпті басқалармен алакөз болған сəті де аз емес. Жасыратыны жоқ, ең алдымен орынсыз тартыншақтанып, сақтық жасаған Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы Сейтқали Мендешев ке ренжіген сəті де бар. Оны талайлар пайдаланып, шыбық қа сырғауыл байлап РКП (б) Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Орынбор жүмысшысы Г. А. Коростелевке жеткізді. Қазақтың тілі жөнінде Сəкеннің осыншама жаныққаны оған онша ұнай қойған жоқ, жүре тындауға айналғанда ашық сөйлесіп, түсінісе алмады. Аралары алшақтай берді, араға кіркілжің кірді. Сəкеннің көп мəселеде жалғыз қалып қоюы көбейді. Сонда да қазақ тілін кеңсеге тездетіп кіргізу мақсатынан таймай, Орталық комиссияның төрағасы, Жанай-
дар Садуақасовқа қоярда қоймай жүріп декреттің бір жылдығында не істеліп жатқанын білу жəне тежегіш күштерді ығыстыру, істі қозғап жіберу үшін комиссия отырысын шақыртты. Қазақ республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасының өзі баскөз болған іс алғашқы нəтижесін бере бастағанмен мықты қарқын алып кетпеген соң КирЦИК жанынан құрылған «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жөніндегі Орталык комиссияның» кезектен тыс баяндамасын тыңдау қажет деп табылды. Өйткені, қазағы басым жерлердегі жұмыстың қарқыны мардымды бол мағаны былай тұрсын, белгілі қарсылықтар жасалып жатқаны білінді, ілгері басқан аяқты кейін шегеруге тырысқандар табылды. Қазақ тілін кеңсеге енгізуге дем беріп, екпін бітірмекке жан салған Сəкен тіпті өзінің қанды көйлек жолдасы Жанайдармен «сылбыр қозғаласың, басқалардан үйренген сақтығыңды жасайсың» деп түс шайысқан сəті де болды. Тіл үшін, халықтың жаны үшін кездескен қиындықты жеңуге бел байлаған Сəкеннің дүмпуімен КирЦИК-тің Үлкен Президиумында 1924 жылы 6 наурызда болған мəжілістегі əңгімені бүгінгі біздерге, əсіресе басшы азаматтарға үлгі болсын деген ниетпен əдейі мазмұндап беруді қажет санап отырмын. (Бұл тексті «Қазақстан» баспасы 1967 жылы менің «Қызыл сұңқар» атты кітабымнан алып қалған-ды жəне бұл материал Қазақстан орталық архивінің 5-қорының 7-ісінің 11–28-беттерінде хатталып жатыр). Кеңсе ісін қазақ тілінде жүргізу жөніндегі Орталық комиссияның төрағасы Жанайдар Садуақасов губерниялық комиссиялар құрылғанын, əскери жəне қаржы мекемелерінен басқа комиссариаттарда қазақ тілінде іс жүр гі - зуге болатындығын, қазақ халқы басым мекендеген болыстардың көпшілігінде қазақ тілінде іс жүргізіле бастағанын, оларға қосымша штат берілгендігін, ал Баянауыл мен Карқаралыда бұл іске мəн бермей, қарсылық жасаушылардың табылғанын айтады. Баяндамадан кейін Авдеев: «кеңсе ісін қазақ тіліне көшірудің белгілі мерзімі бар ма?» Жангелдин: «Қарқаралыда қарсылық жасап жатқандар кім?», Саматов: «Түркістан
республикасының өз декретін Мəскеуге бекіттіріп алуына не себеп болды?», С. Сейфуллин: «Павлодар мен Бұқтырма аудандарының қазақ тілінде іс жүргізбей отырғаны қалай?» – деген сұрақтарына жауап берілген соң, əркім өз пікірін ортаға салды. Əліби Жангелдин «комиссияның алған бағыты дұрыс, ал Саматов жолдастың орталықта қазақ тілін қолданудың қажеті аз дегеніне қосыла алмаймын. Ал Қарқаралы мен Баянда өздері осы іске басшы болатын мекемелер қарсы болып отырса керек. Ондайларға бұл істің мəнін айқын түсіндірген абзал» деп сөйлесе, Халық Комиссары, Президиум мүшесі Авдеев «Мəскеуге бара жатқанымда Түркістандық жолдаспен əңгімелесіп ем. Оның сөзіне қарағанда, жоғарыдан жүргізілген шара еш нəтиже бермейтін көрінеді, онан да болыстардың өзі төменнен бастағаны оңды деді. Менің ойымша, біз осы арада кесіппішкенімізбен іс алға баспайды. Бізге бір не екі машинка керек пе деген мəселенің өзін шеше алмай отырғанда, мынадай көлемді істің үдесінен шығамыз деуге шүбəм бар. Сондықтан да жергілікті жерге назарды баса аударайық. Жəне қазақ тілінде іс жүргізуді тəжірибе-эксперимент ретінде қолданып отырған Семей губерниясының нəтижесін байқап көрейік. Сондай-ақ кейбір партия ұйымдарының жарамсыз қылығын ашық айтайық», деп бұлғақтатты. Жоғарғы жақтың екпініне күдік келтіріп, сөзбұйдаға салмақ ниет танытты. РКП (б) Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Президиум мүшесі Г. А. Коростелев бірден мүйіз шайқап сөзге кірісті. «Іске кедергі жасап отырған кім екенін ашық айтыңыздар, əйтпесе партия ұйымдары са налы түрде қарсылық жасап отыр деген сөзбен ойнауға болмайды. Ондайлар кездессе Сəдуақасов жолдастың ресми түрде сұрап білуіне болатын еді ғой. Ал жігіттер түсінбей қателессе, онда сөз басқа. Өйткені ұлықсат етпеу бір мəселе, ал саналы қарсылық жасау екінші мəселе. Біз келгелі бір ай болып қалса да газеттерде дабыл қаққан материал болған емес. Егер қазақ тілін жүргізудің жаңа тəсілі нəтиже беретін болса, онда қолдану керек жəне бұл тəсілдің артықшы-
лығын түсіндіріп, қандай кедергі болып отырғандығын жазған жөн», дегенмен елпілдеп, желпілдей қойған жоқ. Партия ұйымдарында кедергілер кездеседі дегенге шамданбақ болғанымен, қаһар төгер ниеті байқалмады. Жаңа тəсілді байқап керу керек деген қысыр пікірді сөз арасына қыстырып та үлгерді. Республика прокуроры Нығмет Нұрмақов: «Кедергі жасауға келсек, оның болатындығын күні бұрын ескеру керек еді. Өйткені Қарқаралы мен Баянауылдың баяғыдан ірге теуіп қалған чиновниктерінің мұрты қисаймай, тізіліп əлі отыр. Əрине, олар қазақ тілін кеңседе жүргізуге қарсылық жасайды. Орындарынан босата бастаған кезде жоғарыдағы жолдастарының ұлт сезіміне ойнай бастады. Ал олар «бұл шараның, яғни қазақ тілін кеңседе жүргізудің күні əлі туған жоқ» деп əлгілерді қайтадан орындарына қойды. Мұндай пиғыл Қарқаралыда ғана емес, басқа болыстарда да бар. Баянауылда тəжірибе ретінде жүргізуде. Мұндай мəнді істе қандай тəжірибе – эксперимент болуға тиіс?! Ниеті жоқтың белгісі ғой бұл! Менің ойымша, мұндайларға барынша қатал шара қолдану керек жəне жергілікті жолдастарға қазақ тілін кеңседе жүргізудің қажеттігі Қазақстан республикасы болғандықтан екенін ұқтыру керек жəне біреудің ойына келгендіктен емес, жергілікті халықпен жанды байланыс жасау үшін қажет екендігін мықтап түсіндіру керек. Мұндай қарқынмен іс жүргізуге болмайтынын Сəдуақасов жолдасқа айтқанмын. Сондықтан да тиісті мекемелермен тығыз байланыс жасап, кедергі жасаушыларға тиісті шаралар қолдану керек», деген-ді. Қарсы болушыларға жəрдем қолын созған Халық Комиссары Мұхтар Саматов өзінің екінші сөзінде «Жангел дин жолдас мені дұрыс түсінбепті, мұндай жұмысты тоқтату керек дегем жоқ, бар назарды орталыққа аудара бермей, жергілікті жердегі жұмысты күшейту қажет дегенмін» деу үшін ғана орнынан тұрды. Оқу Халық Комиссары Залиев: «Істі қазақ тіліне кө шіруде талай кедергілер кездесуде, солардың ішінде қаражаттың жоқтығы жанға батып тұр. Европеец жолдастарға курс ашылды, енді машинисткалар курсын ашпақпыз. Қаражат керек, қаражат» дегенге айрықша екпін түсірді.
Бұдан кейін сөз кезегі Сəкенге тиді. Ол өзінің ойпікірін қазақ-орыс газеттерінде жəне талай жиналыс-мəжілістерде айтып жүргендігін ескерте келіп, бірден нақты шараларды ауызға алды. «Ең алдымен инструкторлар курс терін ашу жайында. Бұл мəселе 1923 жылы ЦИК-тің сессиясында қаралып, Орынборда бүкіл Қазақстан үшін өлкелік инструкторлар курсын ашуға қаулы еткенбіз. Бұл курс жауапты орыс басшы қызметкерлері үшін емес, қазақ инструкторларын даярлау үшін ашылуға тиісті еді. Бұл жөнінде мен Сəдуақасовпен де сөйлескенмін. Олар бұл курсты орыстар үшін ашу керек деп түсініп қалыпты. Мен қазақ инструкторлары үшін ашылуға тиіс деп ойлаймын. Мəскеу алдына мемлекеттік бюджеттің 10 процентін кеңсе ісін қазақ тілінде жүргізуге бөлу жөнінде мəселе қойдық. Біз қосымша смета жасағанда осы себепті басшы лыққа алыңдар жəне Орталық комиссияға қазақ кызметкерлерінің штатын беріңдер деп Халық комиссариаттарына жарлық жасадық. Өлкелік бюджеттің 10 процентіне қарай бойды шақтау керек əзірге. Садуақасов жолдас Совнарком мен Заң комиссариатының ғана штатын қарадық, өнгесі əлі берген жоқ деп отыр. Штат саны берілмесе – кінəлі Халық комиссариаттары, ал оны кезінде қарамаса – онда кінəлі комиссия. Біз екі жұмадан кейін Мəскеуге өкіл жібермек едік. Маймин жолдас бұл мəселені өзім шешіп келемін деп отыр. Меніңше, бұл да біздің қазақтың өгіз аяңынан əлі айырыла қоймағандығының бір көрінісі. Комиссияның правосы жайында. Егер оның қолында билік болмаса, онда КЦИК-тің декретін орындамаған жолдастарға шара қолдануы екі талай. Биліксіз іс бітпейді. Енді машинка жайында. Таусыла сөйлеудің жөні жоқ, 10 машинкаға ақша берілді, екеуі үш күннен кейін даяр болады. Жұмыс істейтін адам да табылады. Меніңше, инс трукторлар даярлайтын өлкелік курсты ұйымдастыру керек, оны бітірушілер барлық губернияға жіберілуге тиіс жəне ол жөнінде Халық комиссариаттарына нұсқау бере - мін. Заң, оқу комиссариаттарынан басқа комиссариаттар əлі қазақ тілін қолдана қойған жоқ, Халық комиссариаттарына өздерінің жобаларын жер-жерге екі тілде бірдей
түсіріп отыруға міндетті екенін мықтап ескерттім» деп мəселенің практикалық жағын əңгімеледі. КирЦИК Президиумының осы мəжілісі 1923 жылы 22-қарашада алынған декретті нақты жүзеге асыру мақсатымен тағы да қаулы алды. Оның практикалык мəні күшті болғандықтан түгел келтірген жөн. «1. Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жөніндегі Орталық комиссия жергілікті жерлердегі, əсіресе Семей губерниясындағы істі күшейтуге назар аударсын. 2. Қазақ жастарынан болыстық хатшылар даярлайтын курстардың мынадай жүйесі белгіленсін: а) Семей облысы үшін Семей қаласында 38 адамға курс ашылсын; б) Ақмола губерниясы үшін Ақмола қаласында 25, Атбасарда 30 жəне Қызылжарда 20 адамға; в) Қостанай губерниясында 45 адамға; г) Ақтөбе губерниясы үшін Ақтөбе қаласында 20, Шалқарда 20, Торғайда 20 жəне Темірде 15 адамға: д) Бөкей губерниясы үшін Орда қаласында 25 адамға; е) Орал губерниясында 40 адамға: т) Адай уезінде 30 адамға курс ашылсын; з) Орынбор губерниясы үшін арнаулы курс ашудың қажеті жоқ деп табылсын, сондықтан Орынбор губерниясына қарайтын төрт қазақ болысына өлкелік партия-совет мектебінен 10 орын берілсін. 3. ВЦИК Президиумынан болыстық хатшылар даярлау курсын ашу мен жабдықтау үшін мемлекет есебінен қаражат бөлу сұралсын. 4. КССР-де кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу үшін керекті қаражатты тауып, арнаулы қор жасау Кирсовнаркомге тапсырылсын. 5. Орынбор қаласында қазақтың инструкторлық курсын ашу туралы мəселені тиянақты шешу комиссияға тапсырылсын. 6. Комиссия өзінің жұмысында орталықтағы, сондайақ жергілікті жерлердегі кəсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыс жасап отырсын. 7. Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жөніндегі комиссияның барлық қаулы-қарарлары мен жарлықтарын орындау КССР-дегі атқару комитеттерінің бəріне міндетті деп танылсын» – деген нақты да мəнді қаулы алынды. Осындай екпінмен жəне қажыр-қайратпен жүзеге асы рыла бастаған игі іске Нығмет Нұрмақов 1925 жылы
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болғаннан кейін мемлекеттік сипат беріліп, жергіліктендіру (коренизация) комитеті құрылды. Ешқандай айғай-шу болған жоқ. Қазақ тілінде іс жүргізе алатын басқа жұрт өкілдеріне 10–15 процент үстеме жалақы төленді. Эконо микалық ынталаңдыру шаралары мен халықтардың бір-біріне деген көңілі мен құрметіне Ф. И. Голощекиннің əпербақан саясаты сызат түсіре бастады. Ол өткізген конференция, пленумдардың бірде-бірінде қазақ ұлтшылдығымен күресу мəселесі айтылмай қалған емес. «Садуақасовшылдық», «Қожановшылдық», «Меңдешевшілдік», «Сейфуллиншілдік», «Рысқұловшылдық» қозыдай қоздап шыға келді. Қазақ коммунистері жиналыс-жиындарда бір-бірін «əш керелемей» қалған емес. «Анау ұлтшыл, мынау уклонист, əнебіреу алашордашыларға іш тартушылар» болып шыға келді. Берекесіздік жайлап, жіктеліс күшейе түсті. Біреу өсті, біреу өшті. Ауызбірлік адыра қалып, жұлысу науқаны етек алды. 1928 жылы қазақ зиялыларын қуғындау басталып, жергіліктендіру саясаты «ұлтшылдықтың ұясы» деп танылды. Қазақ тілінде кеңсе істерін жүргізуге ынтамен кіріскендерді жамандау, қаралау арқылы саяси капитал жинаушылар көбейе бастады. Осыған да қарамай қазақ тілі кеңселерде мықтап өріс ала бастаған тұста 1930 – 1932 жылдары қолдан жасалған алапат ашаршылық келді. Қазақ елі «байтал түгіл бас қайғы» деген күйге түсті. Əрине өмір тоқтаған жоқ. Сəкен қазақ тілінің мəселесіне он жылдан кейін басқа қырынан қарау қажеттігін катты сезді жəне ел-жұрт алдында қандай лауазымдағы адам болмасын ана тіліне деген немкұрайлығын бетіне басып айту керек деп білді. Əрине, он жыл ішінде қазақ жастары жетіліп, кеңсе істерін, əсіресе қазағы басым жерлерде жүргізе бергенімен қалалы мекендерде шүлдірлегендер көбейе бастады, əсіресе басшы қызметкерлердің ұрпақтары өз ана тілінде сейлемеу дертіне кезігіп, оны «мəдениет ке жетілгендіктің» белгісіндей көрді. Сəкендер сонау 20-жыл дары ана тілінің қауқарын күшейтіп, мемлекеттік дəреже алып береміз деп жүргенде жаңалыққа қызыққыш мінезіміз балаларымызды орысшаға оқытуға құмарландырды. Дүниенің кілті орыс тілінде, қызмет те, бақ та
соны білгендердікі деген насихатқа əбден икемделіп алдық. Идеологиялық қисындарды былай қойғанда, коммунистік қоғамды зоналық тілмен жасап, ерекше мəдениет өркендетеміз, оның түрі ұлттық, мазмұны социалистік болады деп ел-жұрттың есін шығардық. Шолақ ойлылар осыған əбден иланып қалды да, ұнамсыз процеске, яғни өз ана тілін ұмытып, орысшаға көшу процесіне екпін беріп жібергені сондай, не бəрі 40–50 жылдың ішінде халықтың 40 проценті өз тілінен айырылып шыға келді. Міне осының зардабын алғаш сезгендердің, ашына сөйлегендердің бірі Сəкен Сейфуллин болды. Қазақ стан жазушыларының 1934 жылғы тұңғыш съезінің стенограммасындағы, кейін қайта жарияланбаған сөзінен үзінді келтірсем, Сəкеннің қазақ тілі үшін қандай майданға түскенін көреміз де, ардагер азаматтың ұлтжандылығына риза көңілімізді еріксіз білдіреміз. Осы күні ендеп кеткен құбылыстың алғашқы ұнамсыз ұшқынын Сəкен 1923 жылы 17 желтоқсан, 1924 жылы 1 қаң тарда жарияланғаннан кейін қайта басылмаған «Орал қаласы» деген оқшаушасында аңғартып еді. Бұрын қазақ мектебі болмаған Орал қаласында төңкерістің дүмпуімен қазақ мектептері ашылыпты. «Қазақстанның барлық кеңселерінде қазақ тілін жүргізбекпіз. Білмеймін, қазақ тілін Орал қаласында губерниялық мекемелерде қалай жүргізер екен. Оралда орта дəрежеден жоғары оқығандары қазақшадан орысшаны жатық сөйлейді. Қазақша сөйлегенде мұзда жүрген тайыншаға ұқсап тұқжыңдап сөйлей алмайды. Ия, менің айтып отырғаным Орал губерниясының кейбір жігіттеріне «сендер жақсы ұлтшыл һəм қазақшыл емес екенсіңдер» деп кейігендік емес. Сөйтіп «жақсы ұлтшыл – жақсы қазақшылдарды» қуаттағаным емес. Мен өзім «жақсы ұлтшыл, жақсы қазақшыл мырзалардың» ең бірінші дұшпанымын. Шын «ұлтшыл», шын «қазақшыл» кісі болса, оның қисайған жеріне дəлдеп шоқпар соғасың ғой. Ал өзі ұлық болу үшін «қазақшыл» болып, жарқұлағы жастыққа тимей жүрген «азаматтарды», «мұғалімдерді» көргенде кісі не қыларын білмейді екен» деп Халық Комиссарлары Кенесінің Төрағасы салы суға кеткендей қамығады, ел ісіне жегілмей
жүргендерге не істерін білмей налиды, бірақ үмітсіздікке түспейді. «Мектептеріне барып сөйлесе бастасақ балалар үйіріле кетеді. Оқуға ынталары бар, оқу-білімге ұмтылулары өте жақсы. Түрлі білімді үйретуші адам болса бəрі ілезде-ақ азамат болып шығып, жалпы еңбекшіл тапқа шын кызмет қылатын балалар. Тез оқып шығып, өз пайдасын ғана һəм өз елінің, өз ұлтының ғана пайдасын көздейтін кейбір арамза сұмырайларға ұксамай, жалпы еңбекшіл таптың бақыты үшін қызмет қылатын болыңдар» деген тілек Сəкеннін көкейінен еш уақытта кетпеген. Ноғайша шүлдірлегендерге разы болмай жүрген Сəкен енді он жылдан кейін ана тілін білмейтіндерге кезігіп, қайтадан күрес майданын ашты. Оның алғашкы сөзі 1934 жыны Қазақстан жазушыларының съезінде айтылды. Тұңғыш съезді ашқан да, қорытқан да Сəкен. Жарыссөзде сөйлеген Жантілеуұлының пікірлері Сəкеннің көптен бері көкейінде жүрген күрделі мəселелерді еріксіз сыртқа шығарды. «Ең алдымен Жантілеуұлының бір сөзі туралы айтайын. Бұл кісі: «қазақ өлеңдері болмағандықтан қазақ балалары лажсыз орыс өлеңдерін үйреніп, айтып жырлайды» деді. Менің білуімше, бұл сөз – қате айтылған сөз. Қазақ балаларына, яки жас пионерлерге арналып жазылған біздің жақсы өлеңдеріміз жоқтың қасы екені рас. Бірақ қазақ балаларының тек орысша өлең айтып, қазақша өлеңдерді білмейтін себептерінің негізі жолдас Жантілеуұлы айтқандай емес, одан басқа. Бірінші, қазақ балалары, əсіресе қаладағы балалар күнбе-күн орыс балаларымен ойнайды. Соларға араласып жүреді. Сондықтан орыс балаларының өлеңдерін үйренеді. Бұл жаман емес. Бізге қазақ тілімен бірге орыс тілі де қажет. Орыс пролетариатының басшылығымен Октябрь төңкерісін жасап, мəдениеттің ілгері сатысына аяқ басып отырмыз. Бұл реттегі қазақ балаларының өз тілімен бірге орысша үйреніп, орысша өлең айтуларын мен дұрыс нəрсе деп білем. Ал қазақ балаларының қазақша өлең айтпай, тек қана орысша өлең айтуынын екінші себебі бар. Ол қазақ тілін менсінбеушілік себебінен туып отырған нəрсе» деп қазақ зиялыларының, əсіресе ірі қызметтерде жүрген төре-чиновниктердің өз ана тілін қадірлемеуін
ащы сарказммен айтып, мазақтағандай болды. Жазушылар съезіне бір елдің қаймағы жиналған жерде қайсыбір төрелердің атын атап сөйлеуі əрине қара тасқынға тосқауыл бола алмағанмен, біраз қайраткерлерді ойландырғаны сөзсіз. Алайда, қазақтың лап бергіш мінезін 1937 жылдан кейін тежейтін, оңға бұратын қадам жасалмады десе де болады. 1954 жылдан бастап қазақ мектептерінің қысқарып, орыс мектептерінде қазақ тілі сабағы оқытылмайтын ресми жарлық шыққан тұстағы «Қазақ əдебиеті» газеті арқылы ана тілін жақтаған болар-болмас мақалалардың авторларын қуғын-сүргінге салу, əкіреңдеу, аяғында 1956 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүлəйім де зымиян қаулысы алынып 1987 жылға шейін созылғанын ешкім жоққа шығармайды, Республика басшылары «Қазақстан – ұлттар достығының лабораториясы» деп санын шапалақтап, орден-медальге кеудесін толтырып жүргенде қазақ тілі үй-ішіндік қатынас құрал болудан да қала бастады. Атасы мен немересі бірінбірі əке-шеше тілмаштығымен түсіне алатын халге жетті. Міне, соның алғашқы ұсқынсыз көрінісін Сəкен 1934 жылы тайға таңба басқандай айтып, қамыққан еді. «Бір күні есік алдында тұр едім, үйдің бұрышынан айналып 4-5 бала шыға келді. Біреуі бізбен көршілес қазақтың 7-8 жасар бүйрек бет, шот маңдай қара кызы, өзгелері орыс балалары екен. Орыс балалары əлгі қазақ қызынан бір сөздің қазақшасын сұрады. Қазақ кызы орысшалап: «Ну, вас, я по казахский не знаю» деді. Сөйтті де əлгі қара қыз «жақсы айтқан жоқпын ба?!» дегендей мақтанған шыраймен маған қарады. Содан кейін жəне бірде Карл Маркс көшесімен төмен жүріп келе жатыр едім, театрдан төменгі бұрыштағы ақ үйдің сыртқы сəкісінде 2-3 қазақ балалары отыр екен. Балалардың бір ересектеуі бұл да 7-8-дегі бала түрегеп, КазПИ жақтан келе жатқан, портфель ұстаған 2-3 қазақ жігітінің біреуіне орысшалап: «Папа, на дверях замок висит, мама, наверно, на базар ушла!» – деді. – Мен бұларға қарап, шыдай алмай, қатты күліп жібердім»,– дегенінде қаншалықты сарказм жатқанын, қазір ол қасіретке айналып кеткенін көріп отырмыз.
Сəкен ата-ананы, əсіресе өз ана тілін қадірлемеген, бала-шағасына қадірлете алмай жүрген зиялылар мен шенеуніктерді тілі жеткенше сынап алады да «қазақ тілін менсінбейтін оқығансымақ, дүмбілез оқыған қазақтарды жəне сондайларды ұялтатын қазір үлкен бір үлгіміз бар. Ол үлгіміз – Қазақстанға былтыр ғана келіп, қазақ тілін үйреніп жүрген Мирзоян жолдас жəне Əлиев Темір жолдастар. Кейбіреулер қазақ тілін оқуға уақытымыз жоқ дейді... Күндіз-түні жұмыс істейтін, тынбай істейтін адам Мирзоян мен Əлиев Темірлердей-ақ болар... Жəне кеше Украинадан Қазақстанға келгеніне 3-4 ай ғана болған жазушы Антоненко-Давыденко осы съезде сөз сөйлегенінде қазақша бастаған жоқ па?.. Бұл да қазақ тілін менсінбейтіндерді ұялтар, егерде олар бұған ұялатын болса» дегеннен артық қандай жөн-жоба көрсете алады қолында билігі жоқ жазушы адам. Əрине, ақын-жазушы ел сөзін сөйлеп, тілегін білдіреді, бірақ жүзеге асыруға дəрмені жоқ жандар екені əлімсақтан-ақ белгілі. Қазақ тілі майданындағы Сəкеннің қайраткерлігі енді басқаша сипат алды. Мəскеуде өткен КСРО жазушы ларының бірінші съезінде енді тіл емес, халық үшін, оның əдебиетіндегі бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы үшін күресті. Мұндай пікірді айтпақ ойлары болғандардың ішінде биік те мəртебелі мінбеден ашық сөйлегені жалғыз Сəкен болды. Оқыңыздар, тыңданыздар, ұлтжандылықтың көрініс-келбеті қандай болатынын аңғарыңыздар. Азулы болған да қиын-ау тегі, Сəкен өзінің негізгі ойына барар жолда ең аз дегенде Мəскеуде тұратын ақын-жазушылардан өзіне біраз дұшпан тауып алды. «Я хотел выступить по докладу тов. Бухарина, но мне не дали слова, по-видимому потому, что здесь выступало очень много писателей и поэтов, живущих в Москве и без того часто выступающих на таких больших съездах и собраниях. К сожалению эти писатели и поэты вместо делового обсуждения проблем, поставленных докладчиками, в большинстве своем читали декларации, причем эти декларации по моему мнению предоставляли собою лишь высокопарные фразы» деп бастады. Бұл жұрт назарын өзіне қаратып алайын деген шешендік тəсіл емес, айтайын деген ойына жетудің,
басқалардың көкейіне қондырудың амалы еді. Съезде ақын-жазушылар орыс емес халықтардың өмірін суреттеуге салғырт-салақ қарайды, ол елдердің тарихын, тұрмыстір шілігін дұрыстап зерттеп барып жазбайды деген ойын айтты. «До сих пор старшие писатели и поэты, пишущие на русском языке, еще не взялись за показ жизни национальностей. Не изучая и не зная народов СССР, они выдают выдуманное ими за реальное, ложные типы выдают за реальных людей наши эпохи. Даже такие писатели, как Вс. Иванов, Шкловский, Афиногенов и автор пьессы «Огненное кольцо», показывая отдельные типы, героев из числа народов СССР, пишут, что им вздумается. В тоне Вс. Иванова поступает барское отношение к малым народностям. Он иногда рисует представителей малых народностей наивными, а то и просто идиотами. Его последнее произведение «Похождение факира» доказывает, что этот крупный писатель все еще легко относится к показу героев из малых народностей. В. Шкловский написал очерки о Турксибе, в которых утверждал, что «казахи называют себя киргизами». Другой писатель, Афиногенов, в своей пьесе «Страх» выводит казаха-студента и рисует его полушутом, полуклоуном. Автор пьесы «Огненное кольцо», выводя казаха-красногвардейца, дает его дурачком, полуидиотом». Мен өзім əдебиет пен ғылымның айналасында жарты ғасырдай жүрсем де, ұлт намысын қорғаған осындай өткір сөзді естіген емен. Сəкен менің шығармаларым орыс тіліне аударылып, Одаққа танылуым керек-ау дегенді ойламай, əрқайсының атын, шығармасын атап, бүкіл Мəскеу жа зушыларының көңіліне қарамай, шындықты баттитып айту қазақта Сəкеннің ғана қолынан келді. Əйтпесе, пенделік тірлікпен, бір жəрдемі тиер ме екен деп жарамсақтана «мəдениетті» сөйлеген ақын-жазушылар үлкен-кішінің арасында аз болған жоқ. Сəкеннің бар арман-тілегі – өз халқының шыққан төбесінің биік болуы, басқалармен қатар тұруы, ел болып қадірленуі еді. Сол үшін өзінің қарақан басының көретін сый-құрметін халық үшін тəрк етуге дайын екендігін көрсете білді. Бұдан Сəкен ұтылды, бірақ қазақ елі, басқа ұлттар ұтты.
Оның нақты мысалын С. Сейфуллиннің 1936 жылы өңдеп, толықтырып, академиялық қазақ театрының сахнасына қайтадан шығарған «Қызыл сұңқарлар» спектаклі жайындағы ожарлықтан-ақ көруге болады. Қазақ тілін кеңсеге енгізу, тазалығын сақтау, қадірлеу жайындағы қиғаш тықтарды былай қойғанда, көркем шығарманың бас кейіпкері қай ұлттың өкілі болу керек деген ұятсыз, қисынсыз зорлықты көргенде не деріңді білмей қалғандайсың. Бірақ жеке басқа табынушылықтың өзін шовинистік мақсатқа пайдаланғандар совет еліндегі ұлт саясатының араламаған қуысын қалдырмады, ұят дегенді белге де қыстырған жоқ. 1936 жылы Сəкеннің «Қызыл сүңқарлары» жаңа редакциямен сахнаға шыққанда Мəскеуден жансыз болып келген Анур «Пьесада қазақ халқының революциялық тарихы бұрмаланып көрсетілген. Пьесаға жүгінсек қазақ интеллигенті басшылық жасаған. Ол орыс жұмысшысы мен неміс эмигрантына жəне украинкаға ақыл үйретеді. Қазақстандағы революциялық окиғалардың барысындағы орыс пролетариаты мен большевиктік партаяның рөлі бұрмаланған», – деп тауып, спектакльді тоқтатуға ақыл қосыпты. Оның осы пікірін өзінен естіді ме, əлде Мəскеуден хабарлады ма, ел-жұрт зор ынтамен көріп жатқан спектакльді алтыншы қойылымнан кейін токтатып, сол тұста Өлкелік партия комитетінің Мəдениет бөлімін басқарған Ғабит Мүсірепов, Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы Көркемөнер бас басқармасының бастығы Ғаббас Тоғжанов байбаламы басым мақалалар жариялады. Ғаббас: «Пьесада ең бас қаһарман орыс жұмысшыларының өкілі болуы керек, өйткені революцияда көсемдік қылған орыс халқы ның революцияшыл пролетариаты. Пьеса каһармандарының ішінде ірі орын алып отырған қазақ – Еркебұлан. Бұл дұрыс емес. Бұл тарихқа жала, саяси қателік», – деп айыптады. Сəкен 1937 жылы 14 қаңтарда «Социалды Қазақстан» газеті арқылы оларға қайтарған жауабында бұл көзқараста үш түрлі қателік барын, бірінші, пьеса – «революция тарихы» емес, екінші – белгілі бір аймақта болған оқиғаға негізделеді, үшінші – «қандай ауданнан алынса да, қай ұлттың қай күресінің оқиғаларынан алынса да ең бас
қаһарманды орыс жұмысшыларынан қою керек, əйтпесе бұл саяси қате болады деген «теорияның» өзі дұрыс емес. Бұл «теорияны» қолдансақ, совет көркем əдебиетінің талай шығармаларын мансұққа шығарған болар едік» дей келіп «Тоғжанов пьесаның ең үлкен каһарманы орыс жұмысшысы болсын дейді. Ал мен айтам: бірінші оның қате деймін: Екінші – ол «теорияңыз» зиянды теория деймін. Өйткені ол орыс пролетариатының қасиетті интернационалдық рухына жала жауып отыр деймін» деп негізгі пікіріне қарсы шықты. Ғ. Тоғжановтың өз санасы жеткен пікір болсын, əйтпесе Мəскеулік жансыздың ақыл-кеңесі болсын, əйтеуір 30-жылдардан бастап ожарлықпен екпіндеп келе жатқан «социалистік реализм əдісінің» негізгі бір принципі осындайға негізделіп еді. Орыс халқының өкілі басшы, ақылшы, жетекші роль де көрсетілетін штамп бүкіл совет əдебиетінің сорына шыққанын көреміз. Сонымен қатар Совет жазушыларының Мəскеуде өткен съезінде Сəкеннің ұлт өкілдерінің образын реалистік тұрғыда көрсету жөніндегі талабының мансұқталатынын Тоғжанов мақаласы айқын көрсетті. Қалай болған жағдайда да Сəкеннің ұлтжандығын айнытпай танып, батырлығын, алғырлығын ардақтап, халқын сүйген жүрегін мақтан етуге тиіспіз. Дүние күйіп тұрған уақытта ұлттың намысын жырта білген азаматқа теңеу табу қиын. Міне, Сəкеннің қазақ тілі, əдебиеті мен мəдениеті майданында жүргізген күресінің осындай сыр-сипаты болуымен қатар, өзінің ұлттық таным-білігін, кескін-келбетін, мінезмашығын ғана емес, бүкіл рухани дүниесін, ұлттық арманмұратын жарқырата көрсетуге мүмкіндік алып, халық махаббатына ие болды. Сонымен, 20-жылдардағы айтыс-тартыстар, ұсыныстілектер 30-жылдары əкімшілік шараларға ұласпақ сипат танытып жатқан уақытта да Сəкен аяғын тарта қоймады. Өзі де сілтеді, өзгенің сойылын да жеді, бірақ қазақ үшін неге болса да төзуге бақыл екендігін досына да, дұшпанына да танытып жүрді. Жақсылық күндей күлімдеп шыққанша жамандық жаныңды жеп үлгеретін шақ таянып, еткен еңбек, төккен
тер зия кететін мезгіл жетті. Оның алғашқы хабаршысы Сəкеннің дос санап жүрген Сібір жазушысы, Мəскеуде өмір сүріп жатқан Ф. Березовскийдің аузынан шықты. 1936 жылы 10 қаңтарда Минск қаласында КСРО Жазушылар одағының пленумы болды. Ойламаған жерден Сəкен мықты соққыға жығылды. Бүкіл қазақ даласын жыландай жалмаған аштық пен ауыртпалықты, ескі крайкомның қайрансыздығын қазақ əдебиетінде жападанжалғыз жырлаған «Кызыл ат» поэмасы Сəкенді «пəлеге» қалдырды. «В своей поэме «Красный конь», а так же в ряде других произведений Сейфуллин допускал политические ошибки, которые сродни троцкизму» деп Сəкенді Троц киймен бауырластырып қойды. 1922–1924 жылдары «Азия (Европаға)» өлеңіне қоса «Қара бүркіт» жырын жəне «Домбыра» атты жинағын Арыстан Дəуітұлы (Лев Давыдович) Троцкийге арнағаны үшін көрген теперіші енді дүние қусырылып, ылаң басталған кезде Сəкеннің бауыры – Троцкий, ойы – троцкийшіл болып шығуы сол кез үшін қайырлы сағаттан емес еді. Өмір қызық. Бірде бетін, бірде сыртын көрсетеді. Сəкен Ф. Березовскийге шамдана хат жазып, кешірім сұратсада, іште беріш байланып қалды. Оны 1936 жылы Мəскеуде өткен онкүндікте қазақ жазушыларының ішінен бірінші болып алған Еңбек Қызыл Ту ордені де, шілдеде шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуын атап өткен мерекесі де жібіте алған жоқ. «Қызыл сұңқарлар» пьесасының жаңа редакциясы сахнаға шыққанын көрген Мəскеу жансызы мен Ғ. Тоғжанов, Ғ. Мүсірепов мақалалары 1937 жылы ресми түрде КСРО Жазушылар одағына М. Анурдың (Аршалуис Михайлович Артаруни) айыптауымен жетті. Ол «на протяжении многих лет Сейфуллин, как литератор, допускал ряд грубых политических ошибок. В первые годы революции Сейфуллин возглавлял националистическую группу в казахской литературе, получившую название «Сейфуллинщина». Ярким выражением этих настроений автора было его стихотворение «Азия – Европа» (1922). В своих восхвалениях алашординского волка Байтурсунова Сейфуллин может вполне конкурировать с председателем СПП Казахстана С. Мукановым» деп қаралады.
Сəуірдің 5 – 7 күні өткен жазушылар жиналысына келмегені үшін сыналса, мамырда зорлықпен сөйлеген сөзі «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясын «қанағаттандырмады», өйткені «Сəкен жолдастың осы күнге дейін өз кемшілігін көре алмай келе жатқаны бұл сөзінен толық айқындалды» дегенін 1937 жылы 29 тамыздағы «Қазақ əдебиетінде авербахшылдықтың қалдығын жою керек» деген мақаламен жалғастырып, Сəкеннің сазайын берді. Колдарының құрышын бір қандырып алды. 7 қыркүйекте Сəкен, Сəбит, Бейімбет қатыспаған, Ілияс тұтқындалған кезде өткен жазушылардың жиналысы «Əдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестік істерімен күресу жəне жас кадрларды өсіру» туралы мəселе қарап, қазақ əдебиетін өрге сүйрелеген классиктерді жардың басына əкеп қойды. Оларды итеріп жіберетін, мерт қылатын құжат Сəкен ұсталардан сегіз күн бұрын, яғни 16 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Онда «Выкорчевать национал-фашистскую мразь из Союза писателей Казахстана» деп зіркілдеді. Сол зіркіл Сəкеннің сот ісіне тіркеліпті. Көп жыл қауіпсіздік комитетінде қызмет істеген полковник Амантай Кəкенов өзінің «Сəкен шындығын діттегенде немесе НКВД құжаттары шерткен сыр» атты Ақмола қаласында шыққан деректі хикаясында əлгі мақаланың «қиындысын біз Сəкен Сейфуллиннің «қылмысты» ісінен көріп, оқыдық. Онда мынандай жолдар бар «Сəкен Сейфуллин является одним из первых, который насаждал группировочную борьбу в Союзе писателей. Сейфуллинщина повредила казахской литературе. Сакен Сейфуллин в 1936 году вытаскивает из своего архива пьеску «Қызыл сұңқарлар» (Красные соколы)... И гнусно клевещет на руководящую роль русского пролетариата... Он переиздает с позволения сказать «исторический роман» «Трудный путь – Тяжелый переход», где не постыдился изображать себя героем и привести целую контрреволюционных алашординских документов и портретов врагов народа. Своеобразная вражеская энциклопедия». Бұл газет мақаласынан ... қайсыбір қаныпезерлердің жан түршігерлік қылмысына сай жазылған сот үкіміндей ызғар
шашып, құрту керек, жою керек, деген шешімді аңғарғандай боласыз» (15-бет) дейді көп пəлені көрген полковник. Ел үшін, жұрты үшін, оның əдебиет мен мəдениеті үшін, ұлттықтың ұлы белгісі – ана тілі үшін күрес жүргізген Сəкеннің осындай пұшайман күйге түсуі адам түсінбес оқиға екенін көреміз де, тергеу барысында өтірікке жалғандық қосып, Сəкен аузынан шыққандай қылып жазыл - ған мынадай кесірлі де қасіретті сөздерді оқимыз. «Я действительно являюсь участником антисоветской надционалистической организации... С 1922 года, когда впервые выступал, как группировщик-националист, повел борьбу за реставрацию феодально-байского Казахстана. Я был организатором Сейфуллиновской группировки, названной моим именем, поскольку именно я был идеологом и одним из руководителей этого звена. Антисоветская работа прикрывалась революционной фразеологией. С целью замаскировать расстановку националистических кадров, создавая видимость борьбы с националистами, мы иногда снимали со своих постов зарвавшихся националистов, в то же время выдвигая перспективных, но менее известных националистов – Исаева, Ипмагамбетова и других, которые являются более гибкими проводниками антисоветских националистических идей. Что касается меня, что я давно являюсь сторонником Троцкого, как одного из организаторов борьбы с ВКП (б). Еще 1922 – 23 г.г. воспевал его в своих произведениях... Я поддержал антисоветские разговоры Серебряковой и со своей стороны проявил националистические настроения» (71 – 73-беттер) деген «мойындаулардан» кейін Сəкен «ақталып шығады» деген үміттін өзі бекершілік еді. 1937 жылы 25 ақпанда сағат 16.40-та басталған жабық сотта тексеру кезінде айтқандарының бəрін Сəкен теріске шығарып, кінəлі емеспін, советке, партияға қарсы ешқандай əрекетке араласқан емеспін, бірақ халқымның жарқын болашағына қажетті игі істердің, толымды де жасампаз ой-идеялардың ешқайсысынан сырт айналғаным жоқ, оны өз мансабым үшін емес, ел еңсесін көтеру үшін атқардым деп қасқайып тұрғанына қарамастан сағат 17-
де, яғни 20 минуттен кейін «алдын ала жəне сот тергеулері анықтағандай, С. Сейфуллин 1922 жылдан троцкийшіл көзқараста болып, əдебиетте троцкийшіл бағытта қызмет жүргізген. 1928 жылдан ұлтшыл контрреволюцияшыл топтармен байланысып... Қазақстанды Кеңес Одағынан бөліп əкетіп, Жапонияның жетекшілігіндегі буржуазиялық қазақ мемлекетін құруды көздеген контрреволюциялық буржуазияшыл, ұлтшыл көтерісшіл-террористік жəне бүлдіруші зиянкестік ұйымның мүшесі болған», өкімет пен партия басшыларына қастандық жасамақ болған деп қарғыс атқан 58-баптың 2, 7, 8 жəне 11-тармақтары бойынша айыпты деп тауып, ату жазасына кеседі де «заңға сəйкес шұғыл, тоқтаусыз орындалуы тиіс деп үкім шығарады. Тарихтың қаралы беті – 25 ақпанда шамасы 17 – 18.30 сағаттың арасында ардагер азаматты, халық мақтанышын жоқ етті. «Ойнақтаған бала от басар» деген ниетпен баяндап отырған жоқпын. Тарихи жағдайлардың осындай тоғысуы өзімен кетсін, қайтып оралмасын деп тілеген күннің өзінде ұлтын сүйгендердің басынан өткен тауқымет олардың абырой-даңқын асқақтата берер сəт екенін жоққа шығармайық. Сəкендермен қатар кеткендердің ішінде төре болғаны, бастық болғандары аз емес, оларды тарих ұмытпайды, алайда Сəкендерге жасалатын құрмет деңгейіне халық, көтере бермейді. Халықтың, ұлттың жазылмаған заңы көп, соның биігінен көрінген азамат қана қастерленбек. Өйткені, олар ұлттық сезімді мықтап оятқан азаматтар. Тіл – бүкіл тұрмыс-тіршіліктің, адами арман-тілектің тірегі, халықтың рухы, жаны. Сондықтан да қазақ тілінің аман-саулығы, тіршілігі күні бүгінге шейін күн тəртібінен түспей келе жатыр. Тіл үшін отқа түсіп, суыққа тоңғандардың бір несібесі халық алдында артық, оны еш уақытта ұмытпайды, асқақтады, қолынан бөліп берері, демесін жасап жіберері аз болса да айрықша қастерлейді. Тарих өткелдері қиын. Қазақ тілі төңірегіндегі күрес егемендік пен тəуелсіздік қолымызға тисе де əлі басылған жоқ. 1930 – 1932 жылдардағы ашаршылықта жартысы қы-
рылып қалған халықтың «алла құдайлап» есін жия бастаған кезінде 1937 жылдың қара дауылы соғып, зиялысы былай тұрсын, қара танитындарды түгелге дерлік тұтқындау басталды. Сол тұста қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін жоқтайтын жан шыға қоймады. Сəкен іждағат салған алғашқы декрет осындай қасіретпен аяқталған-ды. 1954 жылы орыс мектептерінде қазақ тілін оқытпау жөнінде ожар əрекет жасалғанда С. Мəуленов басқарған «Қазақ əдебиеті» газеті 1956 жыл тұяқ серіппек болды, бірақ өзімізден шыққан шенқұмарлар, нигилистер мен мəңгүрттер Н. С. Хрущевтің «Коммунизмге жету үшін орыс тілін тезірек игеруіміз керек» деген жалған да зиянды дау рықпасына сенді де «аралас мектеп» дегенді Қазақ стан да ойлап тапты. Мыңдаған қазақ мектептері жабылды, балабақшалар түгіл, қазақ тобы дегенің өзі ашылмады. Орысшадан басқаларға жағдай жасалған жоқ. Соның салдарынан бүгінгі қазақтардың 40 проценті ана тілін білмейтін, түсінбейтін ерекше бөлек «қауым» қалыптасты. Қайта құру заманының арқасында құрып бара жатқан тіліміз қайтадан жандануға мүмкіндік алған еді. Қалың да қауырт күреспен қазақ тіліне 1989 жылы мемлекеттік мəртебе берілді, 1990 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Іштей де, сырттай қарсылық көбейді. Оның алғашқы дауылы көтерілгенде төресымақтар тіл бағдарламасының үш бабын ешкіммен ақылдаспай өзгерте салды. Олардың табансыздығы əлсіздігімізді көрсетті де, тіл заңын қайтадан қарау керек дегендер тілегіне жетіп тынды. Тəуелсіздікке жетудің жолы қиын, бірақ ана тілі уақытша саясатшының ойыншығына айналмай, дəйекті де мəртебелі тұрғыда болуға тиіс. Талай ұрпақтың ұлттық жаны, көрік-келбеті болып табылатын ана тілін көркейту жөніндегі күрес əлі аяқталған жоқ. Əсіресе тəуелсіздігінен айырылып, екі ғасыр Ресейдің илеуінде болып, қоғамдық сферадан аластатылған қазақ тіліне мемлекеттік сипат дарытып, кеңсе істерін жүргізу туралы майданды алғаш бастап, нақты жүзеге асыруға мұрындық болған ардагер
азамат Сəкен Сейфуллин сияқты күрескерлердің еңбегі зая кетпеуін мықтап ойластырған абзал. Сонымен, қай азамат болмасын өз ұлтын, өз əкешешесін сүйеді. Грек ғұламаларының айтуына қарағанда, адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тəн екендігін сезіну үшін, біріншіден, сол ұлттың тілін, екіншіден, дінін, үшіншіден, дəстүрін, төртіншіден, тарихын, бесіншіден, атамекенін жақсы білу парыз дегенін (Қараңыз, М. Арын. Бес анық, 13-бет) Сəкен сынды қайраткерлер еселеп толтырады да, жалпы ұлтжанды қайраткерлеріміздің қай-қайсысы болмасын қазақты мəдениетті елдердің қатарынан көруге жан салғанын байқаймыз. Сондықтан да дауылды XX ғасырдағы қазақ қайраткерлерінің ұлттық сана-сезімінің биік болғаны, олардың ішінде Сəкен жұлдызының айрықша жарқырап көрінгені болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге болса, ұлтжандығын арттыра түссе құдайдың бергені. 02.04.1996.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ «Тар жол, тайғақ кешу» бір жағынан тарих, екінші жағынан – саяси сауат ашқыш, үшінші жағынан – оқушыны өзіне еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма (СƏБИТ МҰҚАНОВ, 1936) Сəкен Сейфуллин – қазақ əдебиетінің бар жанрында еңбек етіп, соңына бай мұра қалдырған классик. «Тар жол, тайғақ кешу» – Сəкеннің елеулі бір туындысы ғана емес, бүкіл қазақ əдебиетінің төрінен орын алатын өміршең шығарма. Сəкен Сейфуллин шығармашылығы əдеби, ғылыми тұрғыда əр қырынан зерттелген. Абайдан кейін шығармашылығы көбірек зерттелген ақын да Сəкен. Ақиық ақын, дарынды жазушы шығармашылығы хақында М. Əуезов, Т. Нұртазин, Б. Кенжебаев, Б. Шалабаев, М. Қаратаев, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов, т.б. əдебиетші ғалымдар əр кезде əр түрлі пікірлер айтқан. Сəкен Сейфуллин талантын жоғары бағалаған С. Мұ - қанов, Ғ. Мүсірепов, Г. Серебрякова, X. Бекхожин. Т. Əлім - құлов, Ə. Көшімов, С. Сейтхазин, Ə. Тəжібаев, С. Тал жанов, А. Тоқмағамбетов сынды ақын-жазушылар көркем шығарма, очерк, естеліктер арнаса; С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, Р. Нұрғалиев сынды əдебиетші, ғалымдар Сəкен Сейфуллин шығармашылығын əр қырынан қарастырып, зерттеу еңбектерін жазғаны белгілі. Əрине бұл атқарылған істерге қарап Сəкентану осымен аяқталған екен деген ой тумаса керек. Алда талай атқарылар істер бар. Сəкен өнерпаздығына жаңа заман тұрғысынан қарап, кейбір артық қызыл бояулардан арылту, əсіресе «Тар жол, тайғақ кешу» жөнінде қалыптасқан таптаурыннан безініп, шын тарихи шындық деңгейінде əңгімелеу
қажет. Сонсын əр жылдар басылымдарындағы көлемі жағынан да, саны жағынан да бірде өсіп, бірде кеміп бара жат қан туындыларына салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, ұлт əдебиетінің классигінің академиялық шығармалар жинағын даярлау жеке зерттеушілерге емес, ғылыми мекемелерге үлкен міндет екені айтпаса да түсінікті. Ал «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің шығармашылық та ри хын əлі де болса індете қазу, салыстырмалар жасау арқылы бар шындығын жарқырата көрсету қажеттігі, əсіре се қазіргі кезде күн тəртібіне қатты қойылып отыр. Аты шулы шығарманың қуанышты да қасіретті тарихы бар. Замана өзгерісіне қарай əр түрлі бағаланып, əр алуан қадір-құрмет көріп келеді, кейде датталып, мансұқталып та жатады, бірақ қалың оқушы жұртшылық қана емес, саяси қайраткерлер де, ғылыми қызметкерлер де, əдебиет қауымы да еш уақытта енжар қалмай, оның əрбір тарауына, жеткізген дерегіне, жасаған ықпалына, еріксіз берген лəззатына құныға түседі. Біреулер інжу-маржан іздейді, біреулер қаскөй дерек жинайды. Əйтеуір жаңасып кеткен жан өзіне керектіні іздеп табады. Олжасыз кеткен пенде жоқ осы уақытқа дейін. «Тар жол, тайғақ кешудің» алғашқы тараулары 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының бетінен көріне бастады. 1923 жылғы 19–21, 22, 23-24; 1924 жылғы 3, 4, 7-9; 1926 жылғы 11–14, 15–18 сандарында үзінділері жарияланды. Сол кезде «Сəкен жақсы ақын ғой, қара сөзде несі бар?» деген мүлəйім сөздер кейбіреулердің аузынан шығып жатқанда жазушы позициясын түгел қолдай бермейтін Ерғали Алдаоңғарұлы 1926 жылы желтоқсанда «Жазушылар мен көркем əдебиет» деген мақаласында «Сəкен үш-төрт жылдан бері «Тар жол, тайғақ кешуді» өзінің «төңкерісшіл» болып жүрген уақыты нан, сондағы жолдастарымен бірге істеген жұмыстары нан, тар тыстарынан бастап жазып жүр. Бұлай жазу əдебиет заңына дұрыс нəрсе. Төңкерісшіл романтизмге (социальная романтика) бұл түгел косылады, гəп тарихқа кіретін материалға бояуды тым қоюландыруда»1 – деген тұңғыш 1 Е. Алдаоңғарұлы «Жазушылар мен көркем əдебиет». «Енбекші қазақ» газеті. 03.12.1926.
пікірдің, Сəкенше айтқанда, «көркем əдебиет ретінде бізге онша қосылмайтын»1 адамның, дəлірек айтсақ 20-жылдары көптеген сын жазған дарынның аузынан шығуы еді. Ұнатқанын да, ұнатпағанын да түсіну қиын, қалай болғанда да «Тар жол, тайғақ кешудің» атаусыз қалмайтын шығарма екендігі қазақ сынында осылай көрінген-ді. Онан кейін ел-жұрттың ынтасын күшейту мақсатымен болсын, қаражат зəрулігінен шығу үшін болсын, əйтеуір 1927 жылдың 7 ақпанынан бастап «Еңбекші қазақ» газеті «Тар жол, тайғақ кешу» басылып жатыр» деген хабарды үзбей жариялап тұрды. «Кітап өте қызықты. Алдырамыз деушілер осы бастан сұрата беруге болады. Кітаптың шыға тын саны аз болғаңдықтан алдын ала қамданбаған дар бос қалады»2 деп оқушыны əбден ынтықтырып қойды. Ал 27 наурызда «Тар жол, тайғақ кешуді» жіберіңіз деп «Еңбекші қазақ» газетіне хат жазушыларға ақшаны қалай аудару жөнінде нұсқау берілді. Баспа мен оқушы тікелей хабарласып, кітаптың барлық данасы пышақ үстінен дүкенге түспей бөлінді. Бұл да көрінген шығарма көре беретін бақыт емесі өзінен-өзі түсінікті. Өзінің осы дəстүрін газет қатаң сақтап, 1927 жылы 1 жəне 21 маусымда «Тар жол, тайғақ кешу» басылып шықты деп хабарлады, елден сүйінші сұрады. Қолына тиген ел-жұрт кұныға оқып, қайсыбірі Сəкенге хат жазып жатты, бірақ баспа бетінде бір жарым жылға дейін не құптаған, не қарсы шыққан пікір жазыла қойған жоқ. Тегінде бұл шығарманы үнсіздікпен түншықтырайық деген пиғыл да болмай қалмаған сияқты. Алаш қозғалысына қатысқан адамдардың төрт көзі түгел, əлі ешқандай пəле-жалаға ұшырамаған кезі екенін естен шығармайық. Сəкеннің əрбір адымың, əсіресе сүрінер сəттерді аңдып отыратын сыншылардың лəм-мим демеуі ойландырар жай. Осы үнсіздікті Сəкеннің осыған дейінгі шығармаларына ащы сын жазып келе жатқан Нəзір Төреқұлов бұзды. 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, төртінші басылым, 1977, 385-бет. 2 «Тар жол, тайғақ кешу» басылып жатыр. «Еңбекші қазақ» газеті, 07.02.1927.
Н. Төреқұловтың – «Тар жол, тайғақ кешу» туралы бір екі сөз» дейтін мақаласы 1928 жылдың 28 желтоқсанын да шығып, қара аспанды түсіріп жібермегенімен, ро ман-эссені даттауды мақсат тұтқаны қалың көпшілікке бірден мəлім болды. Редакция өз тарапынан жазған түсін дірмесінде «Нəзірдің Сəкен кітабынан түк пайда жоқ деуі де қате. Нəзірдің сын жазғандығы бет алысы дұрыс емес. Қанша қателері, теріс пікірлері болғанмен де, Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешуі» қазақ жұртшылығы, қазақтың саяси тұрмысы жағынан бірінші кітап. Рас, Сəкен кітабы тарих емес. Бірақ тарих болмағанмен тарих жазушыларға пайдасы бар» кітап1 деп тапқанына қарамастан біреудің осы кітапты мақтай-мадақтау, екінші біреулердің уақытына қарай, қоғамдық ой-пікірдің эволюциясы негізінде даттапқаралау процесі алма-кезек жүріп жатты. Ол күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Сонымен, алғашқы «ресми» сын Нəзірдікі болған соң, одан едəуір үзінді келтірген орынды болмақ. «Бұл затты əдебиеттің қай түріне қосарын (история, очерк, монография, мемуар, воспоминание, автобиография и. др), жазушы өнерінің қай саласына санарын ешкім де ажырата алмайды. «Бұл астаудағы судың дəмін та тып, сонан соң күріш салса, май құйса, ет тураса, сарымсақ, сəбіз салса, тұз сепсе сонда дөкейбай палау болады» деген екен Қожанасыр. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы да осыны айтуға болады. Мұны тіпті жазбай қойғаны-ақ дұрыс болар еді. Бірақ, не керек, ант ұрған жазып шығарды. Қайдағы бір Тəтімовтардың, Угарлардың, Мүкеевтердің, Шəріпов тар - дың жəне басқалардың ақтармен, алашордамен майдандасқанын айтты. Өзінің төңкеріске қатысқанын, өзінің құба қыздарды, құла қыздарды, ерні қызылша қыздарды, белі ұзынша қыздарды көргенін айтыпты. Өзін мадақтайды... Алашорданың қашқанын мазақтай суреттейді. Сəкен – баяғы Сəкен. Сəкен өзінің ту баста таңдап түскен жолында. Ол əлі Азияның – қазақтың көткіншек, 1 Н. Төреқұлов. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы бір-екі сөз. «Еңбекші қазақ» газеті, 28.12.1928.
дарашылдық ескі жолымен əлі кетіп барады. Сəкен шалашарпы европаласқан «сал» үлгісінде қараңғы қазақшылық жолымен əлі келе жатыр. Француз жұртының мақалы бар «Сұлу əйел қанша сұлу болса да, бойындағы барынан басқаны бере алмайды», Сəкен де солай». Тоғыз айдан кейін Əбділда Тəжібаевтың «Тар жол, тайғақ кешу» мен Нəзірдің сыны туралы» үлкен мақаласы шықты. Бұл осы кітапқа арнайы жазылған екінші мақала. «Кітаптың саяси маңызы күшті. Қазақ тарихының көбі содан табылады. «Тар жол, тайғақ кешу» реализм, шындық жолымен жазылған суретті шығарма. Кітаптың жаңа өрбіп келе жатқан жастарға жолбасшылығы мол. Нəзір қанша жамандағанымен де «Тар жол, тайғақ кешудің» қадірі енді күшейе бермек. Кітаптың суреттілік жағы күшті, тілге де бай. Ал Нəзірдің сыны толық сын емес, қыңыр, бір жақты сын, бет тырнау»1 дегеніне редакция тағы да түсіндірме беруді, «құйрық» жалғауды жөн көріпті. «Қай күнде болсада бір беткейліктен түзу сын шықпайды. Түзу сын жазам десе жақсысын да, жаманын да бірдей көре білу керек» деп Əбділда мен Нəзірдің сындарына тақымы толмағандығын төмендегі ойларымен білдірген. «Тар жол, тайғақ кешудің» жақсылығы тарихи материал дарының молдығына, кезең идеологиясын ашып көр сеткенінде, қазақ коммунистерінің шығу жолы, олардың игілікті істерінде» деп табады да, кемшілігі – «мате риалдарды дұрыстап сұрыптамағандығында, Көлбай, Байсейіт, Мұқандарды орынсыз мақтағаны, коммунист етіп көрсеткендігінде, қыздардың көптігінде (кітапта жазылар ешбір орны жоқ), роман, повесть шартында емес, мемуар түрінде жазылған кітаптың санына қосуға болады. Олай болса кейбір жолдастардың «Тар жол, тайғақ кешуді» көркем əдебиет деуі де дұрыс емес»2 деген редакция қосымшасы ескерусіз қалуға тиіс емес, өйткені ол пікір 1 Ə. Тəжібаев». «Тар жол, тайғақ кешу» мен Нəзірдің сыны туралы. «Еңбекші қазақ» газеті, 15.09.1929. 2 Ə. Тəжібаев. «Тар жол, тайғақ кешу» мен Нəзірдің сыны туралы. «Енбекші қазақ» газеті, 15.09.1929.
күні бүгінге шейін тиянағын таппағанын ескерер болсақ, шығарманың жанры жайында да арнайы тоқтала кету шарт болмақ. 1936 жылға шейін «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі туралы не мақтаған, не даттаған арнайы мақалалар болмағанымен əдебиетімізді, оның ішінде прозаны өркендету жолындағы табыстарымыздың бірі ретінде жеке де, көппен бірге де аталып келгені белгілі. Алғашқы мақалалардың даттауы мен мақтауы да Сəкенге үлкен ой салғандықтан кітаптың өңделген, толықтырған басылымына кірісуге ниеттенгенін Сəкен əркездегі сұхбатында айтып, жазып отырған көрінеді. Алайда мынадай тарихи шындықтар мен жағдайларды еске сала кеткеннің артықтығы бола қоймас. 1928 жылдың желтоқсанынан бастап Голощекиннің арандатуымен алаш қозғалысына қатысқан, əсіресе оған көсем, басшы болған адамдарды «совет өкіметіне қастандық жасамақ болып, жасырын ұйым құрып (сондағысы «Алқа» жазушылар ұйымын құру жөніндегі Мағжан дайындаған бағдарламаның жобасы тілге тиек болды) жүр» деген желеумен қазақтың жетпіс екі жайсаңын, əсіресе А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Досмұхамедов, тағы баска қайраткерлерді тұтқындап, əкімшілік жаза тартқызды. Бұлардың тергеу ісі Қазақстаннан тыс жерде, көбіне Мəскеуде жүргізіліп, тағдырлары сонда шешілді. 1932 жылы 10 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің насихат жəне мəдениет бөлімдері мен Қазақстан марксизм-ленинизм институтының «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның теориялық майданындағы күрестің міндеттері туралы» түсіндірме хаты қабылданып, алаш қозғалысына қатысқандардың бəрі де ұлтшыл, қаскүнем, біздің арамызға арам пиғылды таратушы, олардың ісінде біздің пайдамызға шығатын ештеме жоқ деген пікірді қалыптастыру қажет екендігі ашық айтылып, жазылды. Бұған көнбеген коммунист Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин, Ғ. Тоғжановтардың қате-кемшіліктері бадырайтыла айтылды. С. Брайнин, III. Шафиро, Тимофеевтардың алаш тарихын «зерттеушілер» болып, əдейі бұрмалағандары, шығар-
ған зымиян кітаптары мен мақалалары Өлкелік партия комитетінен қолдау тауып, оның органдарында, əсіресе «Казахстанская правда» газетінің бетінде үзбей шығып тұрды. Саяси ахуалдың өзгеруінен Сəкен «Тар жол, тайғақ кешуді» қайтадан өңдеп, толықтыруға мəжбүр болды. Ол екінші рет 1936 жылы басылып шықты. Міне бүгінде Сəкенге жəне оның ғана емес, бүкіл қазақ əдебиетінің атақты шығармасы «Тар жол, тайғақ кешуге» қарсы айтылатын қысыр да қыңыр пікірлердің біразы осы кездегі түзетулерге, қоспаларға байланысты болғанын нақты мысал дармен дəлелдей көрсетсек, көп мəселе анықтала түседі, біраз түсінбестіктің сыры ашылады. 1936 жылы Сəкен шығармашылығының 20 жылдығына арналған мерекеде Сəбит Мұқанов «Тар жол, тайғақ кешу» туралы өзінің ғылыми толымды пікірін айтты. «Тар жол, тайғақ кешу» бір жағынан – тарих, екінші жағынан – саяси сауат ашқыш, үшінші жағынан – оқушыны өзіне еріксіз тартып отыратын өте көркем шығарма»1 десе, бір жыл өтпей жатып, 1937 жылдың қара құйыны соққан кезде М. Қаратаев «Всего лишь несколько месяцев тому назад он переиздает свой, с позволения сказать, «исторический» роман «Трудный путь, тяжелый переход», где не постыдился изображать себя героем и привести целую серию контрреволюционных алашординских документов и портретов врагов народа. Это своеобразная вражеская энциклопедия»2 деп шыға келуі таң қаларлық жай емес еді. Ал Сəкен ақталып, тарихымызға қайтып оралғанда сол автор «Тар жол, тайғақ кешудің» орысша аударылуына бағыштап алғы сөз жазды. Сонда «Тернистый путь – не свод исторических фактов и сведений, а цельное произведение, то есть роман, в котором исторические события переплетаются с судьбой частного человека. В нем слились действительность с вымыслом, эрудиция с 1 С. Мұқанов. Қазақ совет əдебиетінің тұңғышы. «Қазақ əдебиеті» газеті. 20.07.1936 немесе «Өсу жолдарымыз» 1960,178-бет. 2 «Казахстанская правда» газеті, 16.09.1937.
фантазией. Богатству материала, документов и фактов, которыми располагал писатель, может завидовать целое научно-исследовательское или архивное учреждение. В этой книге Сейфуллин выступает летописцем, но не бес страстным, добру и злу внимающим равнодушно, а страстным борцом, живым участником того, о чем он повествует. Скромность сдерживала Сейфуллина рисовать этих людей батырами, ведь тем самым он поэтизировал бы и самого себя. Вероятнее всего, тут сказалось изумительная скромность Сейфуллина»1 дегенін оқимыз. Сəкен Сейфуллин 1957 жылы 30 наурызда ақталды. Сол жылдың 21 қазанында Есмағамбет Ысмайловтың құрастыруы жəне алғы сөзімен Сəкеннің «Өлеңдері мен поэмалары» жедел басылып шығып, сағынған елімен қауышты. Онан кейін «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің 1936 жылғы варианты 1960 жылдың наурызында басылып шықты. Бұдан кейін Сəкен Сейфуллин шығармаларының 6 томдығын шығару ісі қолға алынды. Шығарушылар алқасы «III том «Тар жол, тайғақ кешу» романы болады»2 деп хабарлағанымен бұл басылымға ілікпеген. 1964 жылы орыс тіліне басылайын деп жатқанда 3. С. Кедрина «Тар жол, тайғақ кешудің» үстінен ұлттар достығына зияны тиетін кітап деп КҚЛ Орталық Комитетіне шағым3 түсіргеннен бастап бұл ұлы шығарманы сығалай оқушылар көбейіп, редакторлар айрықша сақтық жасағандықтың белгісін 1960 жылғы 80 мың, 1964 жылғы 350 мың тираждың 1977 жылы 50 мыңға түсуінен жəне кейбір беттерінің қасқыр тартқандай жұлмаланып, қалам ұшы тигенінен-ақ байқауға болады. 1986–88 жылдары М. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институты бұрынғы алты томдықтың орнына Сəкен шығармаларының бес томдығын шығарып, төртінші томына «Тар жол, тайғақ кешуді» енгізді. Оған берілген 1 С. Сейфуллин. «Тернистый путь» 1964, 37–40-беттер. 2 Сəкен (Сəдуақас) Сейфуллин. Шығармалар, 1-том. Өлеңдері мен пьесалары, 1960 5-бет. 3 Сəкен комиссиясының төрағасы С. Мұқановтың жауабы. Қараңыз: Т. Кəкішев. Ескірмейді естелік, 1994,67–67-беттер.
қысқаша түсіндірмеде 1927 жылғы басылымының түбегейлі өзгеріске, толықтыруға ұшырағаны əңгіме болмай, 1960 жылғы басылым негізінде болар-болмас сөздердің жазылуына ғана назар аударылып, «анықтай түсуді керек ететін жайлар түптеп келгенде, зерттеушілер мен академиялық басылымды дайындайтындардың үлесіне тиеді»1 деп қажетті салыстыруларға бармаған. Біз мүмкін қадерінше осы жайтқа көніл бөлмекпіз жəне «Тар жол, тайғақ кешудің» салыстырмалы жаңа басылымын дайындаудамыз. Жалпы «Тар жол, тайғақ кешу» қазақ əдебиетінің арғы-бергі тарихынан ойып орын алып келе жатқан кесек туынды болғандықтан ел-жұрт құлак қойған, ғылыми орта тұжырымдаған «Қазақ əдебиеті тарихындағы» пікірді əрқашан есте тұтқан абзал: «Тар жол, тайғақ кешу романы» Сəкен прозасының биік шыңы, ол қазақ əдебиетінің қалыптасу дəуірінде шешуші рөл атқарды. Фактілердің, құжаттардың молдығынан да, жазушының нақты көркем суреттеуімен де жеткізіп суреттейтін бұл күрделі роман əрі тақырып жаңалығымен, əрі тарихшылық пен суреткерліктің жарастық табуымен кімді болса да қызықтырады... Қазақстанда социалистік революция жеңісі туралы ең алғашқы реалистік роман жанрының қалыптасуына жол ашты. Сонымен бірге республикада қоғамдык ой-пікірдің, тарихтық білімнің дамуына да орасан зор ықпал жасады»2 деген негізгі тұжырымды Сəкен шығармашылығын зерттеген профессорлар Е. Ысмайылов, С. Қирабаев, Т. Кəкішев, Р. Нұрғалиевтар əр қилы эпитет-теңеулермен толтыра айтып, қазақ əдебиеттану ғылымында орныққаны белгілі. Алайда қайта құру мен жариялылық кезінен бастап, əсіресе кеңес өкіметі құлап, коммунистік партия тарағаннан бері басқаша əуенде пікір айтушылар кездесуде. Өзгені былай қойғанда, «Қазақ əдебиеті» газетінде «Сəкен Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген «Тар жол, тайғақ кешу» романы таза тарих үшін керек болғанымен, 1 С. Сейфуллин. Бестомдық шығармалар жинағы, 1988,4-том, 445-бет. 2 Қазақ əдебиетінің тарихы. Үшінші том, бірінші кітап, 1967, 320, 329-беттер.
қазақ əдебиетінің игіліктері қатарына қосыла қояр ма?»1 деген сауалды қоюдағы көздеген мақсатын түсіну қиын. «Жұлдыз» журналы бұған дейін «алыптар тобын» құрап келген Сəкен, Бейімбет, Ілияс, Ғабит, Ғабиден қатарлы қаламгерлер өз үлестерінің шама-шарқына карай тиісті орнын, бағасын ала берер. Бұрынғыдай есептеліп «негізін қалаушылар» ретінде оқулықтан оқулыққа жөңкіле алмас, өйткені сол құрғыр «негіз» дегеннің өзі – негізсіз болып шықты»2 деп жатқан уақытта əдебиеттің тарихынан мағлұматы мол ғылымның бірі саналатын филология ғылымдарының докторы, қазіргі заман əдебиеті бөлімінің меңгерушісі Мүсілім Базарбаевтың 1986–88 жыл дары Сəкен шығармаларының бес томдығына жазған алғы сөзінде «Тар жол, тайғақ кешуде» жаңа социалистік мұраттар, биік идеялар, азаматтық асқақ талаптар реалистік нақыштармен, публицистік пафоспен ұтымды бейнеленген. С. Сейфуллин туындысы дəуір шежіресі болумен бірге революциялық кезең шындығын эстетикалық тұрғыдан игеруде социалистік реализмнің партиялық халықтық, шын шылдық принциптеріне сүйену жетістіктерін қапысыз танытты»3 деген тұжырымын 1994 жылы «Біз Сəкенді қалай түсінеміз?» деген мақаласында «Жазушының проза саласындағы əйгілі шығармасы, əрине, «Тар жол, тайғақ кешу». Бүгінгі көзқараспен қарасақ шығармада таптық түсінік тым бірыңғай алынып, алашорда қозғалысы мүлде мансұқ етілуі, идеологияны былай қойғанда, тіпті тарих алдындағы ұят нəрсе еді. Кітап бұл жағынан əсіреқызыл больше - виктік бағытта жазылған тарих жəне қисық баяндалған та рих»4 деуі əрине кезеңдік психологиядан туған тұжырым деуге келіңкіремейді. Рас, кейінірек «Егеменді Қазақстан» газетінде жазған мақаласында бұл шығарма жөнінде біраз жылылық танытқанымен, түсінік тоңы онша жіби қоймағанын көреміз. Басқа авторлардың да қыңыр түсінігі 1 «Қазақ əдебиеті» газеті 11.09.1992 ж. 2 «Жұлдыз» журналы, №5–6, 1994. 3 М. Базарбаев. Алғы сөз. Караңыз: С. Сейфуллин, 5 томдық Шығармалар жинағы, 1986, 1-том, 15-бет. 4 М. Базарбаев. Біз Сəкенді қалай түсінеміз? «Қазақ əдебиеті» газеті, 01.07.1994.
мен пікірі кездеседі, келешекте де болуы ғажап емес. Өйткені, бұл роман-эссе əр ұрпактың тарихи танымы мен эстетикалық түсінігіне карай бағаланатын өміршең тірі шығарма. Ал жазушы үшін де, оның туындысы үшін де, бұдан артық бақытты іздеп жатудың қажеттігі шамалы. Тегінде, Сəкеннің бір шығармасының өзі, əсіресе атақты «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі айрықша зерттеудің объектісі болып отыруы да, төңкерісшіл де жаңашыл дарынның бұдан былайғы бағалануы да шындық деңге йінде, тарихи дəлелді болуын талап етеді. Сондықтан ұлы дарындарымызды жан-жақты зерттеген уақытта олардың бойына сыйымды, еңбегіне татыр теңеулерді барынша жауапкершілікпен айтқан орынды болмақ. Əрине, ғалым, зерттеушілердің пікірі ертеңгі тарихтың үлесіне тиетінін айтқан уақытта алашқа айбын арыстар ішінде Сəкеннің орны жайлы Президентіміз Н. Ə. Назарбаевтың: «Қазақтың бір туар перзенті, аса көрнекті ақыны жəне мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллин халық жадында мəңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сəкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қай сар күрескер. Егер ол тірі болса, бүгін, сөз жоқ, өзіне тəн өткір лікпен, от пен судан қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында ғана тұрар еді. Егемен ел атанып, тəуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сəкеннің үздік үлгісі, өрелі өнегесі өте керек»,1 – деп білетіні қазір жеңіл-желпі сөйлей, жаза салатындарға тиісті ескерту екені сөзсіз. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесін зерттеу, талдау, баяндау барысында Сəкен өмір сүрген кезеңнің түсінікталғамының сыры мен қырын, себеп-салдарын мүмкін қадерінше ашып көрсетуге талпындық жəне роман-эссенің өн бойынан тарамданып жататын құбылыстардың бəрін қамтимыз деген ниеттен безіп, тап бүгінгі күні, яғни алаш қозғалысы ақталып, оның арманы – қазақ еліне егемендік пен тəуелсіздік келіп жатқан өтпелі заманның талай тілектерін ескере отырып XX ғасырдың бас кезіндегі 1 Н. Ə. Назарбаев. Алашқа айбын болған арыстар. «Егеменді Қазакстан» газеті,
қо ғамдық-əлеуметтік жəне адами-пенделік құбылыстарды мүмкіндігінше ашып та ашық көрсетуді мақсат тұттық. Міне, сондықтан тарих пен əдебиетті шамамыз жеткенше тұтастыра баяндауды көздедік жəне, жасыратыны жоқ, «Тар жол, тайғақ кешу» төңірегіндегі түсінбестікті де, қаңқу сөзді де сейілту қажет деп есептедік. Сондықтан өмірдің ұсақ-түйегін, адамдар арасындағы ілік-шатысты емес, дəуір сауалына, қоғамдық ірі мəселелердің төңірегіне көбірек тоқтауға тура келді. 15.12.1994.
«ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» ЖƏНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ Бүгінгі күні мақтанарлық, мақтарлық ел екенімізді танытып, ұлтымыздың бас-аяғын түгендерлік дəрежеге жетіп жатқан күндері алаш азаматтарының да арманы осы еді деген пікірлер жиі айтылуда. Мұндай толғамға құлақ қоймасқа болмайды. Əрине, əңгіме уақыттың жеткендігінде емес, тарихи шындықты дұрыс саралауда, бағалауда, ой елегінен өткізіп əділін айта білуде. Қай кезде де келешекке болжам, өткенге көзқарас болмай қалмаған. Бірақ екеуі де үлкен саналылықты қажет етеді. Яғни болжамда – бопсылау, көзқараста – көрсоқырлық болмасқа тиіс. Болжамда – қырағылық, көрегендік, көзқараста – шырайын шығарар шындық болуы шарт. Өткен тарихымызды дұрыс танудың бір тармағы – дауылды күндерде қазақ зиялыларының екіге бөлінген себебін ашып, ірге ажыратқан кезін айқындау мəселесі қағыста қалмауға тиіс. Өйткені, осы төңіректе шындықтың аныққанығына жетпей бопсылайтындар қазір көбейіп барады. Совет Одағы ыдырап, алаш қозғалысы ақталған тұста Тұрар Рысқұлов, Əбдірахман Əйтиев, Əліби Жангелдин, Амангелді Иманов, Сəкен Сейфуллин сынды азаматтарға орынсыз өкпе айтылуда, қаңқу сөз таңылуда. Біз Сəкен Сейфуллиннің көзқарас эволюциясы арқылы біраз шындықтың сырын ашып алуды қазір айрықша қажет деп білеміз жəне сол арқылы замананың басып өткен жолын шынайы бағалай отырып, əділін айту керек деп санаймыз. Алаш қозғалысын кеңес тұсында даттау машығы білмеушіліктен, бейхабарлығымыздан болды деп жеңілдетуге тырысудамыз. Ал кешегі мен бүгінгіні саралайтын мүмкіндік туған кезде ол кещелігіміз үшін біржақтылық пен қасақана өшігуге жол бермеуіміз керек, өйткені бұл екеуі
де тарихты таразылауға, оңтайлы шешімін табуға бастай алмайды. Шындық қана шиеленіскен түйінді шешуге жөн көрсете алады. Қазан төңкерісі – қазақ зиялыларын екіге бөлген шекара десек, сол екіге бөлінуде Сəкеннің қарақан басының жолайрығы қай кезден басталды, себебі не деген сауалды қазір əдейі шығындата қою керек жəне жалтақтамай, бұлтақтамай бар шындықты баяндау шарт. Тарихтың қай кезеңін болса да ғылыми тұрғыдан танып білудің ең негізгі арнасы – өмір шындығын көне деректер мен фактілерді мүмкіндігінше жан-жақты қамтып, ақиқатқа айналу процесін көрсете білу болса керек. Ал «Тар жол, тайғақ кешу» сынды шындықты бейнелейтін шығармаға бүгінгі заман талабымен қараған тұс та оның ақ-қарасын ашу үшін оның ішкі ағысына зер салып, бұрыс тартқаны мен дұрыс желілегенін жіліктей білу абзал. Сондықтан кеңес өкіметіне қарсы бағытта болған алаш қозғалысына соқпай кетуге болмайды деген күннің өзінде, кеңес өкіметін жан-тəнімен қолдаған Сəкен Сейфуллин көзқарасын алаш қозғалысының туу себеп тері мен кезеңдеріне сабақтастыра қарастырған жөн. Себебі бұлардың əрқайсысының діттеген ойын, көздеген мақсатын, жасаған іс-əрекеттерін анық білмегендер үшін сырттан тон піше салу оп-оңай. Сəкен Сейфуллиннің ұлтжандылығы, еліне тілегені алаш қозғалысының негізгі мəселелеріне көзқарасы арқылы айқындалады. Ал алаш қозғалысының қыр-сырына терең үңілудің қайнар көзі сол қозғалысты ұйымдастырушылардың өз қолдарымен жазған шығармалары, қалдырған деректері мен құжаттары, мақалалары мен хат-хабарлары. Осы мəліметтер ғана қозғалыстың табиғатын түсінуге кең жол ашады. Соңдықтан алаш азаматтарының қолынан шыққан басылымдарға, дерек-мəліметтерге, газет-журналдар мен архивтердегі деректерге объективтік тұрғыдан қарау арқылы шындықтың сырын ашу қажеттігі туып отыр. 1896–1903 жылдарда қазақ даласында Шербина басқарған экспедиция жұмыс істеді, оның құрамында Ə. Бөкей ханов та бар еді. Тарихшы М. Қойгелдиев: «Экспедиция жұмысына қатынасу барысында Ə. Бөкейханов қазақ
даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді жəне орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады»1, – деген тұжырым жасайды. Алаш қозғалысының дамуын жалпы төрт кезеңге бөліп қарау жөнінде ой-пікірлер айтылып жүр. Бірінші кезең алғашқы орыс революциясы жылдарын қамтиды. 1905 жылы маусым айында Қоянды жəрмеңкесінде 14500 кісі қол қойған Қарқаралы петициясы қабылданды. Ол ұлттық мүддені саяси таным деңгейіне көтерген алғашқы құжат болды. Осы дүмпуге 1905 жылдың қысында Орал өңірінде кадет партиясының бір ұйымын ашуға ниеттенген зиялылардың əрекетін де қосқан жөн. Бұл – бірінші кезең, оның толғағы ұзаққа созылды, іштей жетілді. Екінші кезең – 1913 жылы «Қазақ» газеті дүниеге келіп, өріс алуына байланысты ұйымдық процестің көріне бастау шағы, газеттің насихатшылық рөлінің айқын сезілген тұсы. Үшінші кезең – қазақ халқының көңіл ауанын білу үшін съезд шақыру идеясы 1912 жылы ойға оралғанмен нақты жүзеге асуы 1917 жыл, яғни жалпықазақтық екі съездің өткен тұсы. Съезд шақыру жөнінде əр қилы ой-пікір айтылуы салдарынан əлеуметтік сана белгілі арнаға түсе алмай 1916 жылғы патша жарлығына соқтыққан тұсы. Ұлт-азаттық қозғалысы тұсында да, дүбірлі 1917 жыл басталар шақта да нақты саяси платформа, бағыт-бағдар сезілмей жатты. Алайда 1917 жылғы Ақпан революциясы оқиғаларды қауырт тұста өсірген облыстық қана емес, бүкіл қазақтық көлемде екі съездің өтуі алаш қозғалысын тез ширатып, жүйелі бағыт алуына қамшы болды. Шешуші кезең туды. Төртінші кезең – Алашорда мүшелерінің кеңес өкіметімен, сонымен қатар Ресейдің əр жерінде орнап жатқан уақытша өкіметтермен байланыс жасауға ұмтылып, өзін мойындатуға талпынған тұсы. Азамат соғысының 1 Қараңыз. Ə. Бөкейханов. Шығармалар. Алғы сөз. М. Қойгелдиев «Алаштың Əлиханы». А. 1994,11-бет.
ылаңынан жол таба алмай дағдарған, басты тауға да, тасқа да ұрған кезі. Қарқаралы петициясында «Діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою: ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал – цензурасыз газет шығаруға жəне баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппаратта, сот органдарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олар дың жұмысында қос тілдікті жолға қою»1 сияқты талаптардың айтылуының зор əлеуметтік мəні бар еді. Қарқаралы петициясы ұлттық сананың оянуына үлкен ықпал етті, əсіресе қазақ жастары арасында азаттыққа ұмтылу идеясын күшейтті. Оны Сəкен Сейфуллин былай растайды. «С 1905 года среди киргизской интеллигенции, а в особенности среди учащейся молодежи с 1912 года наблюдалось распространение революционной идеи т. е. вернее, идеи национального равенства и освобождения. Вдохновителям пробуждающей молодой киргизской интеллигенции были видные, в то время революционные кадеты, публицисты Букейханов, Дулатов и Байтурсунов. Молодая интеллигенция, которая в то время инстинктивно стремилась к свободе, к революционной работе и не находя учителей, разумеется, быстро объединилась вокруг этих умных кадетчиков и вокруг ихней газеты «Казах»2. Азаттық идеясымен қаруланған жастар мəдени жəне саяси ағарту мақсатында қауымдасып, ұйымдар құра бастағаны тарихтан белгілі. Бұл ұйымдардың бəрі бір түсінікте, бірыңғай бағытта бола қоймағаны да анық. Сондықтан əрі тарт, бері тарттың талай көріністері 1 Қараңыз: Бөкейханов. Ə. Шығармалар. Алғы сөз. М. Қойгелдиев. «Алаштың Əлиханы» А., 1994, В-бет. 2 С. Сейфуллин. О киргизской интеллигенции. Газета «Жизнь национальности», Москва, 25 ноябрь, 1920.
қылаң беріп жатты. Ұйымдық орталықтың жоқтығы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсында айрықша сезілді, көтеріліске қатысушыларға басшылық жасалына алмағаны белгілі. 1913 жылы шыққан «Қазақ» газеті ықпалды, беделді болғанына қарамастан іс-əрекетті ұйымдастырушы орталық бола алмасы өзінен-өзі түсінікті. Белгілі бір партияның атқарар міндетін жалғыз газет еш уақытта көтере алмайды. Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында «Алыс болса да Қазақстанға құлақ күйін бұрап беріп отыруға тырысқан Орынбордағы «Қазақ» газеті еді»,1 – деп табуы тарихи тұрғыдан үлкен баға екендігін аңғармау əбестік болар еді. Асырып, желпілдетіп айтудан бойын тарта білгендердің сөзі ғана уəлі, дəлелді. Сондықтан Сəкен Сейфуллин «Қазақ» газетінің рөлін өз денгейінде дұрыс бағдарлағанын айтқан орынды. «Қазақ халқы жақсы жерден, судан айырылып, патшадан қорлық көріп, тұрмысы өзгеріңкіреп: «Жерім-ай! Суым-ай! Қорлық-ай! деген заманда шықты жəне сол тұрмыс өзгерістерінің əсерінен қазақтың оқуға ұмтылған жастары көбейіп, талпына бастаған қарсаңында шықты»2, – деп объективтік себептерді алға тартып, ол насихаттаған идеялардың тартымды күшке айналарын сездіреді. Демек «Қазақ» газетінің езілген, қаналған халықтың мұң-зарын айтатын деңгейге көтерілгенін, бірден елден қолдау тапқанын осындай əлеуметтік, қоғамдық құбы лыстарға жанастырған орынды. Уақыт сырын, қоғам қажеттігін айта, жаза білу елдің санасын өсіріп, биікке қол серметкені өтірік емес3. Сондықтан бұдан былайғы жерде қоғамдық, əлеуметтік мəселелердің қоюлануы, күн тəртібіне қойы луы, халық ойын оятуы мəндене де, нақты іс-əрекетке көше бастағаны да замана рухына байланысты болғанын еш уақытта естен шығармаған дұрыс. Осыны біз Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927, 58-бет. 2 Бұл да сонда, 59-бет. 3 Ө. Əбдіманов. «Қазақ газеті, «Қазақ университеті» 1993, 35-бет.
эссесінен қалай көреміз, ондағы баяндалған, суреттелген шындықтар жалпы алаш козғалысын қалай көрсетеді деген түбегейлі мəселелермен сабақтастырар болсақ, онда қазақ даласында болған қоғамдық саяси құбылыстарды шар айнадан көргендей боларымыз анық. Сəкен Сейфуллиннің роман-эссесінен хабардар кісіге оқиға 1916 жылдың жазында басталатыны белгілі. Ақмола уезіндегі Бұғылы елінде жаңадан ашылмақ ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған Сəкен Сейфуллин оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, əрі уақыт өткізу, əрі қаражат тауып алу үшін ауыл шаруашылык санақ қызметіне жалданады. Сəкен бастаған бес адам маусым айының соңына таман Семей губерниясының Павлодар уезімен шектес қанжығалы Қоржынкөл еліне келгенде, қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алатындығы туралы жарлық шыққанын естиді. Үрейленген, ереуілдеген халық арасында Сəкен біраз болады. Ұлттық езгінің ауыр салмағынан, отаршылдық ожарлықтан күңіреніп толқыған елді ақылға келтірудің қиындығын көреді. Амал таба алмай дал болған Сəкен өзі бел тұтқан алдыңғы ағаларына, алаш қозғалысының жетекшілеріне алаңдайды. Не істерін білмей, елге: «шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді? Балаларың бара берсін. Енді өздерің құрисыңдар ғой, – деп Мүсəпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға сөз сөйледім»1, – дейді Сəкен. Июнь жарлығының алғашқы сəтінде Сəкеннің бұдан басқа айтқан ақылы жоқ. Егілген елге басу айтқан Сəкен шешімінің түп-төркіні алдыңғы ағаларының, қазақ зиялыларының аузынан да шықты. 1916 жылы «Қазақ» газетінің 192-санында Əлихан, Ахмет, Міржақып қазақ халқына ашық хат жазды: қара жұмысқа «барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға ұшырағаны, ал бармаймын деп қарсылық қылса елге зор бүліншілік. Осы екі ауырлықтың жұрт қай жеңілін таңдау керек. Біздің білуімізше жеңілі – көнген»2, – дегені 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 37-бет. 2 «Қазақ», 1916 жыл. № 192 немесе Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994, 218-бет.
бұған нақты мысал. Бұл позицияны əр түрлі саққа жүгірту ге болар, бірақ Сəкен бұдан тиімдіні айта алмады. Негізгі бағыты «Қазақ» нұсқаған жолдың аңғарында жатты. Ал ауылнай, болыстардың пара алып список тізуде əділетсіздік жасағандарынан хабардар зиялылар: «дұрыстықпен қызметін атқару керек», – деп жөн айтқандай болғанмен «Біз естиміз, елдің көбі бұл істің жаласын ауылнай, болыстарға аударып, список бермей отыр дейді, бұлары қата. Болыс пен ауылнайда ерік жоқ, бұйырды – орындады»1, – деп «Қазақ» газеті жазып тұрды. Ал Сəкеннің бар тындырғаны Ақмола уезінің бастығына елдің көріп отырған қорлықтарын, зорлықтарын, параға шашылып жатқанын айтып «кім біледі əлі əділеттік те келер, жауыздардың да жазаларын тартар уақыт жетер»2 деп бүркіншек атпен шағым жазғаны ғана. Яғни қазақ зиялылары, оның ішінде Сəкен де күрделі құбылысқа дайын еместігін, жоспары жоқтығын аңғартты. Төре, чиновниктерді сөгуі Сəкеннің жалпыдемократиялық көзқарасын ғана танытады. «Қазақтың өзінен шыққан управительдер, тілмаштар қара халыққа қасқырдай тиді. Олар көтерілісті əртүрлі жолмен пайдалануға тырысты, пайдаланды да, болыс, би, старшындар, атқа мінерлер, тілмаш, писарьлар қазақтың көзін бақырайтып қойып ашықтан-ашық талады. Ең аяғы болыстың шабарманына дейін елді талады. Алым алмаған, пара жемеген, елге зорлық көрсетпеген атқа мінерлер қалмады. Бұлардың əрқайсысы əртүрлі əдіспен жеді. Сон дықтан пара беруге шамасы барлардың, байлардың, əлділердің балалары қалып, ылғи қарақасқа кедейдің балалары мұрнынан тізілді. Осы себептен қара бұқара əкімшілікке жауықты. Ашу кернеген халықтың қолынан қаза тапқан болыс, старшындар, писарьлар да аз болмады». Осындай халық өзінен өзі көтеріліп жатқанда алаш қозғалысына əрі ұйымдық негіз, əрі оны бастайтын саналы топ жетіспеді қазақ оқығандарының көпшілгі аңырып, не істерін білмеді, «Қазақ» газеті, оның басшылары «Жарлыққа 1 Бұл да сонда. 2 Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 50-бет.
көнсек аз шығынмен құтыламыз» деген позицияны насихаттай берді. Мұндай солқылдақ саясаттың салқыны тигені, əрекет жасаудың айла-амалын таба алмағаны тағы шындық. Оны Сəкеннің өз мысалынан-ақ шығарып алуға болады. «Ойымнан қалың елдің қазіргі халі, олардың ілгергі болашағы кетпеді. Жата алмаймын. Отыра алмаймын. Бас, ақыл қалың тұманның құрсауында. Не көптің ішінде жоқ, не қалада жоқ. Адасқан күллі дүниеде жалғыз қалған сияқты бір жанмын. Уһ! Жалғыздық...»1 дегеннің айтары анық болса керек. Қазіргі зерттеушілер арасында «Қазақ» газетінің позициясын, яғни айтқанға көніп, қара жұмысқа жігіт бер дегені орынды еді деп жақтайтындар да жоқ емес. Бұған барлық жағдайда келісе қою қиың. Себебі, алаш қозғалысында ұйымдық негіздің жетіспей жатқаны рас болатын, белгілі бастаушысы, идея айтушысы болғанымен оны қолма-қол іске асыра қоятын ұйымдастыру шаралары жоққа тəн еді, сондықтан көтерілістің аймақтық жəне стихиялық сипаты басым жатқанын аңғармауға болмас. Қара жұмысқа адам берсе де, бермесе де қазақ халқының көрген қорлық-зорлығы көбеймесе, азая қоймағаны тарихтан белгілі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысының ылаңынан материалдық шығынды былай қойғанда, миллионға жақын қазақтың қырылғаны, аяқ астында қалып өлгені, ағы да, қызылы да ел деп елемегені бүгін əбден анықталып отыр. Айрықша арнайы зерттелетін күрделі мəселе болғандықтан 1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешуді» шығарар кездегі Сəкеннің таным-білігінің деңгейінен алыстап кете қоюдың еш орны болмас. Əр оқиға өзі болған тұстағы шындықпен шырайлануға тиіс. Ақпан төңкерісі тұсында да, тіпті содан кейінгі облыстық, уездік, жергілікті комитеттердің құрылу кездерінде де Сəкен қазақ оқығандарына үлкен үмітпен қарап, солар1 Сəкен Сейфуллин, Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 47-бет.
дың ыңғайында болған, жөн-жосығымен жүруге талпынған. Оны Сəкен өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы басылымында былай баяндайды: «Қазақстанның əр жерінде уездік, облыстық съездер ашыла бастады. Сəуір кезінде, Омбы қаласында Ақмола облысынның облыстық қазақ жиылысы деген болды... Жиылысқа Орынбордан «Қазақ» газетінен Міржақып келді, одан соң Ақмолаға облыстық комитеттен екі қазақ жігіті – Əділұлы, Кемеңгерұлы деген комиссарлар келді. Олар келген соң уездік қазақ комитетін аштық. Қазақ комитеті қазақ істерін басқаратын болды. Бірақ күш, үкімет, дегенмен, əлі де уездік комиссардың қолында»1 еді деуіне қарағанда Ақпан революциясынан кейінгі күндерде Сəкен үшін буырқанған сəттің тумағанын көреміз, жайма шуақ кезін байқаймыз. Алайда, елде жүргенде əлсіздерге зорлық көрсеткен төре, шенеуниктердің іс-əрекетіне өшігуінен Сəкеннің тапшылдығы ептеп бастау ала бастаса, Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметтің тұсында езуші тап өкілдерін сайлаудан өткізбеуге тырысқан əрекеті тағы бар. Осылар елді қалай бастар екен деп үміт артқан қазақтың ақ жағалыларының іс-əрекетінен ептеп секем алуы – елдің көз жасына қалған екі болыстың үстінен түсірген шағымға Омбыдағы облыстық қазақ комитетінің ешбір Шара қолданбай, немқұрайлы қарауы болды. Бұл – бір. Екіншіден, комитеттегілердің сайлау кезінде жержерде болған əділетсіздікті көрмеуге тырысуы, білмеу, мəн бермеу ниеті Сəкеннің күдігін үдете түсті. Оны Сəкен: «облыстық комитеттің кімдікі екеніне енді көзіміз əбден жететін болды. Сонымен, Ақмоланың уездік қазақ комитеті мен облыстық қазақ комитетінің арасы жақсы болмай бастады»2 – дейді. Осы кезден бастап Сəкен Сейфуллин «Жас қазақ» атты ұйымның жұмысын пəрмендендіре түсіріп, уақытша үкіметке үміт артпай, Россияның құрама (Федеративная) республика болуын қалап, кезекті бір жиналыста қаулы 1 С. Сейфуллин, Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 46-бет. 2 Бұл да сонда, 1927, 49-бет.
алдырады. Яғни, бұл Сəкеннің ашық болмағанмен қазақ оқығандарымен, əсіресе алаш қозғалысы жетекшілерімен іштей тəжікелесе бастағанына, сенімі – күдікке, күдігі – кереғарлыққа айнала бастағанына дəлел бола алатын ірі құбылыс. Дегенмен, ат құйрығын əлі кесе қойған жоқ. Осы Ақпан мен Қазан төңкерісі аралығында ерекше мəн беретін бір мəселе – бірінші жалпы қазақ съезі, онда қаралған он төрт мəселенің бірінші бабы, яғни «Жалпыроссияның мемлекеттік құрылысы». Алаш ақиқатын айтуға ат салысып жүрген ғалымдардың барлығы дерлік əрі қысқа, əрі нұсқа: «В России дол жна быть демократичная федеративная парламентская республика»1 деп шешкен тұжырымды айтып жүр. Олар көбіне Н. Мартыненконың 1929 жылы құрастырған құжаттар жинағына сүйеніп жазады. Оның негізі – «Қазақ» газетінде 1917 жылы 31 шілдеде жарияланған съезд қаулысы. Сол ғалымдардың ішінде тек тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков қана «Қос үкімет құрылған алғаш - қы күндерде-ақ советтерді емес, уақытша үкіметті қолдаған, «тылдағы» қазақ арасында жүрген Ə. Бөкейхановтың Минскіден Қарқаралыға жолдаған телеграммасындағы: «Қырғыздарға (қазақтарға – Т. О.) жаңа құрылыс үкіметін қолдау үшін ұйымдасу керек, қырғыздар құрылтай жиналысына дайындалулары тиіс, «біздің ұранымыз – демократиялық республика», «жер – малшылықпен жəне егіншілікпен табыс түсіретіндердікі», – деген тəрізді жолдары бар телеграммасы халық бостандығы (кадеттер) партиясының 1917 жылдың 25 наурызында болған VII съе зінде жəне осы жылдың 9–11 мамырында болған VIII съезінде қаралып қабылданған бағдарламасының қағидаларымен үндесіп жатыр», – деген ойы жалпы қазақтың бірінші съезіндегі қаулысының корытындысы, яғни «Ре сейде демократиялық, федеративтік, парламенттік рес - публика болсын» деген қаулысы алаш козғалысы кадеттермен уақытша ғана келісімде болды. Жалпы қа3 Алаш-Орда. Сборник документов. Составитель Н. Мартыненко. А., «Айқап» 1992, 22-бет.
зақтың бірінші съезінде-ақ ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын байқатты»1 – деген пікір айтады. Бұл жерде біз ғалымның «ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын байқатты» деген пікірін тірілтетін мына жағдайларға назар аударуды жөн көреміз. Бұл съезге дейін «Қазақ» газеті бетінде Ə. Бөкейханов үзбей жариялаған мақалаларында да, жедел хаттарында да («Қазақ» 1917, № 223), тіпті осы үлкен жиын алдында 1917 жылдың 2–8 сəуірінде Орынборда өткен Торғай облысының съезінде «высказался за «демократическую, парламентскую и децентралистическую Республику». Высказался фактически съезд за буржуазную республику с президентом и учредителкой и продолжением войны до победного конца. В том же духе высказался и уральский, декабрьские съезды»2 деген Мартыненконың ойына да назар аудару қажет. Ал енді осы маңызды мəселеде алаш азаматтарымен саясат тұрмақ, пенде ретінде де араларына əлі пəлендей реніш кіре қоймаған Сəкен Сейфуллиннің көзқарасын салыстырып, осы шешуді, ең маңызды мəселені, яғни мемлекет билігі туралы мəселені съезд қалай шешер екен деп қадағалап отырғанын «Тар жол, тайғақ кешу» романынан оқып көрейік. «Уездік комитеттің жалпы жиылысын аштық. Комитеттің ортасына Орынборда болып жатқан съездің қарайтын мəселелері туралы қаулы шығардық. Қаулымыз «Жас қазақ» ұйымының жобасымен болды. Біздіңше ең зор мəселе Россияның болашақ үкіметінің құрылысы. Бұл туралы біздің комитеттің шығарған қаулысы бойынша Орын бордағы съезге телеграм соқтық. Телеграмды жазған Бірмұқамбет Айбасұлы еді. Телеграмның мазмұны мынадай еді: «Біз федеративная республикаға ғана дауыс береміз. Басқа түрге қарсы боламыз». Біздің телеграм съездің ашылуына дəл барыпты. Осы телеграмның жөнімен Ақмола облысының атынан 1 Т. Омарбеков. Алаш партиясы хақында, «Ақиқат», №11, 1992. 2Алаш-Орда. Сборник доқументов. Составитель Н. Мартыненко. А., «Айқап», 1992, стр. 22.
барған Сейітұлы федеративный республиканы қуаттап сөйлепті. Съезд шақырушылардың ағасы Бөкейханұлы кадет партиясының жобасын съезге алғызбақ болыпты, едəуір далбастапты. «Россия үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болуы жөн» деп таласыпты. Бірақ көпшіліктен жеңіліпті. Съезд федеративный республиканы дұрыс тауыпты»1. Осы үлкен проблема қазақ зиялыларының жолайрығы болған сияқты. Бұл мəселе қозғалған тұста, тағы да қайталайық, Сəкен мен алаш басшылары арасындағы қайшылық белең алмаған шақ болатын. Ақмола облысы атынан съезге қатынасқан Асылбек Сейітовпен Сəкен ел тыныш, жұрт аман кезден таныс еді. 1916 жылы Россияда ауыл шаруашылық санағын алу тұсында Ақмола уезінің солтүстігіне Сəкен кеткенде, Томск университетін бітіріп келген Асылбек Сейітұлы оңтүстікке баратын комиссияны басқарған болатын. Асылбек Сейітов Ақмола облысының атынан съез ге делегат болып, сол съездің екі хатшысының бірі болғандығын ескерсек, онда өзіндік ойы, көзқарасы бар, білімі жетік Асылбек Сейітовтің өз пікірін ғана емес, «Жас қазақ» ұйымының телеграммасын жақтап сөйлеуі еш шүбə тудырмайды. Бұл – бір. Екіншіден, осы съезде болашақ учредительное собраниеге Сəкен мен Рахымжан Дүйсенбайұлының Ақмола облысынан ұсынылған кандидаттардың спискісіне (тізіміне) кіргізілуі алшақтамаған көңіл күйдің көрінісі екені даусыз. Үшіншіден, съезден соң Асылбек Сейітов Ақмолаға келіп, съездің өту барысын бастан аяқ баяндағаны тарихи шындық. Ал «Россияның үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болуы жөн» деп ұсыныс енгізген Əлихан Бекейхановтың осы съезге дейін күн құрғатпай шыққан мақалалары съезден соң «Қазақ» газетінің № 238 санынан бастап 250 санына дейін көрінбей кетуінің сыры осы мəселеге байланысып жатқан жоқ па екен? 1 С. Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу, 1927, 61-бет.
Съезді ұйымдастырушы, шақырушы, басқарушы азаматтар «Қазақ» газетінің белді мүшелері ғана емес, алаш қозғалысының жетекшілері екенін ескерсек, съезд өтіп жатқан кездері де, одан соң да съездің өту барысымен оқырмандарды хабардар етпеуінің өзі де осы проблеманы тереңдей зерттеу қажеттігін аңғартса керек. Мемлекет құрылысы жөніндегі мəселедегі көзқарастың айрықша мəні бар, өйткені ол қандай қозғалыстың болса да өзекті проблемасы. Сондықтан осындай шешуші, түбегейлі мəселеде кімнің қандай көзқараста болғаны, соған қарай əрекет еткені тек тарих үшін ғана емес, жалпы жағдайды түсініп, білу үшін де айрықша қажет. Сəкеннің өзі тікелей араласпаса да Асылбек Сейітов аузынан жəне басқалардан естігендеріне негіздеп Ə. Бөкейхановтың кадет партиясының платформасын, яғни парламенттік монархия жобасын ұсынғандығын ұнатпағаны еш күмəн тудырмайды. Олай болмауы мүмкін емес, өйткені Əлекең кадет партиясы Орталық Комитетінін мүшесі ретінде Ақпан төнкерісінен кейін құрылған Уақытша өкіметті жақтаушы ғана емес, тіпті оның шаңырағына уық қадаушы адам. Əуелі Түркістан комитетінің белді мүшесі болса, кейін Торғай облысының комиссары болды. Осы тұста өткен əр қилы съездерге құрметті төрағалыққа сайланған сəттері де аз емес. Ə. Бөкейханов жалпы қазақтың екінші съезінде, яғни 1917 жылы желтоқсанда алаш автономиясын құру мəселесі шешілгеннен кейін ғана кадет партаясынан шығатындығын əуелі съезде мəлімдеді, онан кейін 1917 жылдың 23 желтоқсанында «Мен кадет париясынан неге шықтым?» деген түсіндірме хатын жариялады. Белгілі бір партияға мүше болған соң оның бағдарламасын қорғауға, сойылын соғуға міндетті. Сондықтан алғашқы қазақ съезінде Ə. Бөкейхановтың парламенттік монархияны қолдауы, сондай ұсыныс жасауы əбден мүмкін жəне қисынды. «Алаш» партиясының басшылары алғашқы кезде ка деттер жолын ұстанғандығы туралы К. Нүрпейісов «Ə. Бөкейханов қазақтың ұлттық партиясын құру идеясын жүзеге асыруда əуел баста патша үкіметіне оппозициада болған либералды орыс буржуазиясының партиясы –
кадеттердің үлгісіне бейім тұрды. Кейін осы партияға мүше де болды»1 – десе, оны Талас Омарбеков «Алаш» саяси ұйымының Ақпан төңкерісінен кейінгі қос үкімет құрылған алғашқы күннен бастап-ақ советтерді емес, уақытша үкіметті қолдағанын, Ə. Бөкейхановтың Минскіден Қарқаралыға жолдаған телеграммасының мазмұны халық бостандығы (кадеттер) партиясы бағдарламасының қағидаларымен үндесіп жатқанын2 атап өтеді. Ал уақыт өте келе көзқарас өзгеріп, жағдай басқа əуенге түскен уақытта федеративті демократиялық республика идеясына ауысудың еш айып-шамы жоқ. Жағдайдың логикалық дамуы осыған еріксіз жетелеген болатын. Оның үстіне 1 жалпы қазақ съезі «Россия демократическая парламентарная республика болып, қазақ облыстары қоныс – ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс»3 деген шешім шығарып қойғаны тағы бар. Қалай болғанда да, Қазақстанда мемлекет орнату мəселесінде қазақ зиялылары талай ойланып-толғанғаны сөзсіз. Соны басқа зерттеушілерден гөрі өзінше баяндайтын Т. Омарбеков «Алаш қозғалысы кадеттермен уақытша ғана келісімде болды жəне өздерінің 1917 жылғы 21–28 шілдеде болып өткен алғашқы жалпықырғыздық (жалпы қазақ Т. О.) съезінде-ақ, ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын байқатты. Егер кадеттер өз бағдарламаларында Қазақстан тəрізді бұрынғы отар елдерге Ресей қол астында жергілікті өзінөзі басқару құқын ғана беруді қаласа, ал алаш козғалысы өзінің алғашқы съезінде-ақ Қазақстанға федеративтік басқару жүйесін беруді талап етті. Яғни егер кадеттер Ресейде конституциялық-демократиялық республика құру ды ұсынса, алаш қозғалысы Ресейде демократиялық федеративтік парламенттік республика құруды қажет деп тапты. Соңғы шешім бойынша Ресей құрамындағы Қазақстан өзінің дербестік автономиялы құқын сақтап қалуы тиіс еді»4, – деген ойы тарихи шындықтан туған. 1 К. Нүрпейісов. «Ақиқат» журналы, № 11,1992, 39-бет. 2 Т. Омарбеков. Бұл да сонда, 40-бет. 3 «Қазақ» газеті, 31.07.1917. 4 «Ақиқат» 1992, № 11, 41-бет.
Əрине, ғалымның бұл ойы Ақмоладағы «Жас қазақ» ұйымы мүшелерінің жіберген телеграммасының съезде пікірталас туғызғаннан соң барып, осындай шешімге келгендігі жөніндегі мəліметке кездессе бұдан да айқынырақ болары сөзсіз еді. Сонымен мемлекет құрылысы жөніндегі көзқарастың ең алғаш басталған сəтінде əр қилы ойлар айтылғанымен, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында, екінші жалпықазақтық съездің шешімінде Россия демократиялық федеративтік республика болып, Қазақстан оның құрамында болуға тиіс деген шешім алаш қозғалысы тұсында тұрақты позицияға айналды. Бұл арада «Жас қазақ» ұйымы, Сəкендер бірден көрегендік жасады деп қолпаштамаған мен, жалпы қоғамдық дамудың аңғарын бақылай білгендерін теріске шығармау керек, өйткені бəрінің де арман-тілегі – қазақтың басқалармен терезесі қалай тең болып, қатарға қосылуы, ел болып өркендеп кетуі сияқты негізгі мақсаттан таралағанын көреміз. Алайда, тарих өзінше шешті. Ресей империясының сойылын соғушы болсын, ұлы-державалық көзқарасты коммунистік қызыл түспен бояғандар болсын, оң ниетті теріске бұрып жібергенін енді көріп отырмыз. Сонымен, Қазақстанның келешегі жөніндегі аса түбегейлі мəселенің шешім табуының сырына тереңірек көз жіберсек, қазақ зиялыларының көзқарасында əр қилы түсінік болғанын көре отырып, бір мəселеге айрықша тоқтамасқа болмайды. Алаш қозғалысын, əсіресе оның көсемдерінің іс-əрекеттерін кешегі коммунистік идеология заманында ылғи қаралап, даттап келдік. Алашшылдар қазақ хандығын қайтадан орнатып, Ресейден бөлініп кету үшін əрекет жасады деген жалған түсінікті олай-бұлай бұрқыраттық. Əсіресе «федерация деген терминнің өзі айтып тұрғанындай, алаш көсемдері бірінші жалпықазақтық съезде «в России должна быть демократическая федеративная республика. Киргазские области должны получить областную автономию, смотря по национальным различиям и бытовым условиям»1 дегенінде, ал екінші съезде қазақ облыстары1 Алаш-Орда. Сборник документов. Составитель Н. Мартыненко. А., «Айқап», 1992, стр. 46-47.
ның «территориально-национальная автономиясы «Алаш» атанғанда «Конституция автономии Алаш утверждается всероссийским учредительным собранием»1 деп жат қанында, тіпті «Алаш» партиясы бағдарламасының жо ба - сында «Россияда демократическая федеративная респуб лика болу (демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі). Федеративная республикада əр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Əрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Қазақ жүрген облыстардың бəрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы (мүшесі К. А.)»2 болады деп тұжырымдауында Россиядан бөлініп кетеміз деген ой байқалмайтыны былай тұрсын, тіпті бүгінгі шындыққа шылбыр тастап жатқаны байқалады. Осындай түбегейлі мəселенің бастауында, яғни қазақты теңдікке жеткізудің жолын іздеген Əлихан, Сəкен сынды ардагерлеріміздің болғандығы қазақ санасының биік деңгейін көрсетсе керек. Енді теңдікке, азаттыққа жеткізудің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін жетекші, бастаушы орталық болуға тиіс. Олай болса партия ұйымдастыру проблемасын əңгімелеудің ешбір артықтығы бола қоймас. Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссесінде алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы. Алаш-Орда өкіметі деген атаулардың бəрі аралас қолданылады. Ешқайсысына арнайы тоқтамай, ыңғайына қарай атай береді. Кейде оларды басшыларымен, əсіресе Əлихан Бөкейхановпен қапсыра бауырластырып жіберетін сəттері де аз емес. Сəкеннің көзқарасын түсіну үшін «Алаш» партиясының азды-көпті тарихына тоқтай кеткен жөн. Өйткені қазіргі тарихшылар мен əдебиетшілер арасында əр қилы ой-пікірлер айтылып жүр. Көпшілік зерттеушілер бұрынғы коммунистік идеология кезінде қалыптасып қалған «Алаш» партиясы деген атауды оңды-солды қолдануда. 1 Бұл да сонда, 69-бет. 2 «Қазақ» газеті, 21.11.1917 немесе Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994, 259-бет.
Сонымен қатар алаш қозғалысы ішінде алаш партиясы - ның құрылуының ерекшелігіне назар аудара бастағандар да бар. Алаш қозғалысына басшы болған Ə. Бөкейханов, М. Тынышбаев, М. Дулатов. А. Байтұрсынов, X. Досмұхаметов, М. Шоқай сынды ұлы азаматтардың іс-əрекеті «Тар жол, тайғақ кешуде» аталып қана қоймайды, талай қияпатта суреттеледі. Сонымен, «Алаш» деген партия заң жүзінде құрылады ма? Жоқ па? «Алашорда» деп аталған Халық кеңесі үкі метінің атқарған қызметі, не болмаса бүкіл алаш қозғалысының іс-əрекеті осы партия атына икемделіп кеткен жоқ па? Тарихшылардың басым көпшілігі, əсіресе орыс тіл ді лер, «Алаш» партиясының болғандығына, іс-əрекет жасағандығына еш шүбə келтірмейді. Қысыр да қияс істерін, ұлтшыл ниет-пиғылдың бəрі «Алаш» партиясының үгітнасихатымен уағыздалып, тарап жатты, төңірегіндегілердің бəрін ұлтшылдықпен улады, совет өкіметіне жəне коммунистік рухта тəрбиеленіп келе жатқан жас ұрпаққа, əсіресе қазақ жастарына қастандықты бұдан артық жасаған партия Қазақстанда болып көрген жоқ дегенді қадайқадай айтып, жазып, кімнің болса да миына сіңіріп-ақ тастағанымыз рас. Ал сол партия қашан құрылды деген мəселеге 1988 жылдан бастап əдебиетші Т. Кəкішев пен тарихшы К. Нүрпейісов назар аударғанын көреміз. «Бұрынғы жазғандарымда бұқпантайлап айтқан бір жайды қазір ашық айтайын. «Алаш» партиясы болыпты дегенге менің көзім жетпейді: «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы 1917 жылы қарашаның 21 жұлдызында «Қазақ» га зетінде жарияланды. Ал партия 1917 жылдың маусым айында құрылды деп қысылмай жазып келеміз. Жер-жерлерде қазақтардың басы құралған топ «Алаш» партиясы ның съезі болды деп дауырғуымызды əлі қойған жоқпыз. Ал шындығында, яғни партия құрылуының заңдылығы талап ететін шарттарға келсек, онда оның уставы болмай ма, сол жарғы мен бағдарламаны жүзеге асыратын комитеттері мен жергілікті ұйымдары болмай ма? Архив қарап жүріп осының біріне де кездескен емеспін, тарихи деректерді көрген жоқпын. Көрдім, білдім дегендерді кездестірген
емен»1 дегені зерттеушілер тарапынан түбегейлі қолдау таба қоймағанмен тарихи шындықты мойындату жағына ойысып келе жатқан сияқты. 1992 жылы «Ақиқат» журналының дөңгелек үстелінде Талас Омарбеков, Мəмбет Қойгелдиев, Кеңес Нүрпейісов үшеуі «Алаш» партиясы туралы өткізген əңгімесінде М. Қойгелдиев: «Əрине, еуропалық түсінік, өлшем тұрғы сынан алғанда Алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмаған сияқты болып көрінуі əбден мүмкін. Ал қазақ қоғамының сол тұстағы қоғамдық, даму ерекшелігін ескерсек, Алаш саяси партия есебінде өз міндетін атқара алды жəне бұл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті деп ойлаймын»2, – деп, алаш қозғалысы мен «Алашорда» үкіметінің іс-əрекетін көлденең тартады. «Алаш» партия дəрежесіне көтеріле алды ма деген мəселеге Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Кеңес Нүрпейісов бұлтартпас деректерге сүйене отырып ой өрбітеді. «Ең алдымен, «Алаш» саяси партия деңгейіне көтеріле алды ма? – деген сұраққа жауап берген жөн болар. Алаш саяси ұйымының қатарында болғандардың санын дəл басып айту қиын. Өйткені, оның мүшелеріне партия билеттері берілмеген, ұйым қатарындағылардың саны туралы архив құжаттарында сенімді мəліметтер де кездесе қоймайды. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып жəне жазылып жүрген мəліметтер тек жорамалдар ғана. Мұны Міржақып Дулатовтың ОГПУдің тергеушісіне 1929 жылы 30 қарашада берген жауабы растай түседі. Осы құжатта Міржақып былай дейді: «Алаш партиясының жарғысын бекіткен съезд болған емес. Газет арқылы («Қазақ» газеті, 1917, 21 қарашада – К. Н.) жарияланған жобамен танысқан жəне оны мақұлдағанның бəрі өзін партияның мүшесімін деп санады... Шын мəнінде нұсқау (директива) беретін қалыптасқан партия болған жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы партияның атынан ұсынылды, бұдан басқа партия тарапынан 1 Т. Кəкішев. «Санадағы жаралар», 1992, 68-бет. 2 «Ақиқат», № 11,1992, 43-бет.
жасалған əрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың (қазақ автономиясы үкіметінің – К. Н.) көлеңкесінде қалды», – дегені белгілі. Ал ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жьиғы 14 шілдеде берген жауабында Мағжан Жұмабаев та Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады: «Алашты» саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды». 1990 жылы мен осы журналда (ол кезде «Қазақстан коммунисі») жарияланған мақаламда «Алаш – шын мəніндегі саяси партия болып қалыптаспаған ұйым... Де мек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дəре жесінен əдеттегі партияға ауысу «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн сияқты» деген пікікір айтып едім. (1990, № 5,73-бет). Енді осы пікірдегі «сияқтыны» алып тастап, Алаш қозғалыстан партия дəрежесіне жетпеген саяси ұйым болды деп нық сеніммен айта аламын»1 дегенін, 1993 жылы «Азия» апталығында «60 жыл айтылмаған ақиқат, «Алаш» партиясының зерттелуі туралы» деген мақаласында«Т. Кəкішев пен осы жолдар дың авторы (яғни К. Нүрпейісов – К. С.) алаш құрылған 1917 жылғы шілдеде оның нағыз саяси партияға тəн қабылдаған жарғысы мен бағдарламасы болмағандығын, ресми басқару органдарының сайланбағандығын айта келіп, оны шын мəніндегі саяси партия болып қалыптасып үлгермеген ұйым деп бағалады»2 дегенін ескермеске болмайды. Əрине, мұндай күрделі мəселеге төбе би боларлық халім жоқ, ал Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешуін» оқып отырғанда алаш қозғалысын да, алашорда үкіметін де, алаш азаматта ры мен «Алаш» партиясының да ара жігін ажыратпай, араластырып жіберетін тұсы өте көп кездеседі. Əсіресе 1936 жылғы түзетілген қытымыр басылымда шындықтың шырайын бұзатын сөз орамдары да кездеспей қалмайды. Демек, Сəкен қаншама нақты дерекпен сөйлеймін десе де жалпы дүрмектен шыға алмаған, бұра тарта алмай, кезеңдік идеологиянын ыңғайымен кеткенін көреміз. 1 «Ақиқат», № 11, 1992, 43-бет. 2 К. Нүрпейісов. 60 жыл айтылмаған ақиқат. «Азия» апталығы, 02.12.1993.
Ал алаш қозғалысына оралсақ, онда Бірінші жалпы қазақ съезіне барып келген Асылбек Сейітов: «Алаш» партаясын жасауға қаулы қылғандарын айтып, баспаға басылған қаулыларын оқыды»1, – дейді. Бұл жерде Сəкеннің айтып отырғаны «Қазақ» газетінің 31 шілдедегі санында жарияланған съезд қаулысы. Олай дейтініміз бұл бірінші жалпы қазақ съезі қаулысының 12-бабында «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуға тиіс. Бұл партияның жобасын жасау Шураи-исламға сайланған қазақ уəкілдеріне тапсырылсын. Партияның негізі демократическая феде ративная парламентская республикаға құрылмақ. Жобаны кейін бекітеді»2 деп жазылғанын ескерер болсак, онда Қазақ ССР тарихы жазғанындай, мамыр айы түгіл, идея оянған шілде айының өзінде «Алаш» партаясының құрылмағандығы анық. Оны тіпті Ə. Бөкейхановтың «Алаш» партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім»3 дегені де дəлелдейді. Ал «Алаш» партиясы атауына келсек, онда ол Жанша Досмұхамбетовтің Санкт-Петербургтен 1917 жылы 15 қыркүйекте жазған хатында алғаш рет ауызға алынды. Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындалу мезгілі келіп қалған уақытта, сайлаудан қалып қоймау үшін партия атынан кандидаттар ұсыну қажеттігі партияны ұйымдастыру процесін ептеп жеделдетуге себепші болған. Бізге белгілі деректер бойынша, Жанша осы хатында ешбір партиялық бағдарлама жасамай, жарғымен бекітпей-ақ, əзірге кандидаттарды партия атынан ұсына беруге ақыл қосқан. «Постановление съездов известно всем, поэтому, недолго думая, партию нашу желаем именовать именем (лозунгом) наших прадедов «Алаш». Все те, кто стоит за постановление всекиргазского съезда и за отдельную киргазскую политическую партаю, должны именовать список кандидатов на собрании (учредиловке) списком партии «Алаш»4 дегенді де жадымыздан шығармауға тиіспіз. 1 Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 77-бет. 2 «Қазақ» газеті, 31.07.1917. 3 Ə. Бөкейханов. Шығармалар, «Қазақстан» 1994, 269-бет. 4Алаш-Орда. Сборник доқументов. Составитель Н. Мартыненко. А. «Айқап» 1992, 61-бет немесе «Қазақ» № 244. 05.10.1917.
«Алаш» партиясының ұйымдасуын, құрылуын, бағдарламасы жобасының жазылуын Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) роман-эссесіндегі мəліметтермен, басқа да деректермен салыстыра келіп қорытқанда «Алаш» партиясының дүниеге келуінің мынадай хронологиялық кестесі шығады. 1917 21-28. VII. Бірінші «Жалпықазақ» съезінде қазақтың саяси партиясын құру идеясы айтылып, қаулы алынады. 1917 15. IX. Ж. Досмұхамбетов «Алаш» деген атау берілсін деген ұсыныс жасайды. 1917 21. XI. «Қазақ» газетінде партия программасының жобасы
жарияланады. Сонымен «Алаш» партиясы төңірегіндегі тұжырымдар мен артық-кем айтылған ойлар есімізді жинап, тəуелсіздігімізді алып жатқан кезімізде əбден зерттеліп, оқушы қауымға тарихи дəлдікпен жазылған еңбек берілер деген үмітке бастайды. Өйткені, ондай қажеттік осы аз ғана шолудан-ақ аңғарылса керек. Əрине, «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің 1916–1919 жылдар оқиғасы қамтитындығын ескерсек, онда біз 1917 жылы екі жалпықазақтық съездердің не гізгі мəселелерін əңгімелеуді тарихшылардың үлесіне қалдырып, идеологиялық майданның көркем шығармаға жасайтын əсерлеріне ғана назар аударған жөн деп білеміз. Сəкен Сейфуллин алаш қозғалысының негізгі мақсатына қарсылығы болмағанмен оның орындалу барысында, əсіресе Алашорда үкіметінің іс-əрекетіне көзқарасы романэссенің өн бойынан сезіліп отырады. Мұны психологиялық тұрғыдан түсіну қиын да емес, өйткені Сəкеннің революция жолындағы қиямет-қайымы тап сол кезде қазақтың бірде бір қайраткерлерінің басынан өтпегені белгілі. Сондықтан «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде тарихи шындық жүйелі түрде баяндалғанымен кейде Сəкенді «суреткерлік қысып кеткенде» алабажақ бояулар
мен ащы тілдің тізгінін босатып қоя беретін тұстары барын көреміз. Алаш козғалысының алдына қойған мақсатына жете алмауы тек заманның қысастығы, аумалы-төкпелі дəуірдің болуымен бірге жеке адамдардың, басшылардың іс-əрекетіне байланысты, елдің ниетіне тəуелді болары белгі лі. Бүкіл алаш қозғалысына болмағанмен, белгілі дəре жеде «Алашорда» үкіметінің іс-қылығына Сəкен жинаған деректер тұрғысынан қарасақ, роман-эссенің негізінде тарихи шындық жатқанын көреміз. Əрине, жазып отырған кезде қаламгердің ықылас-пейілі мен көңіл күйі қатысып отырады. Сондықтан объективтік жағдайларға субъективтік түсіндірмелер қосылмай тұрмайды. Бұл жөнінен келгенде Сəкеннің Əлихан Бөкейхановты «Алашорда» үкіметінің жиынтығы деп түсінуі, «Алашорда» үшін, əсіресе Ə. Бөкейханов жауап беруге тиісті деп ұғуы қаламды қатты ұстауға, əжуа-мысқылды қолдануына тура келген сəті де жоқ емес. Шамадан асып кеткен тұстарында Сəкенді жақтай қою қиын, ал əсірелеп жеткізуге, суреттеп көзге көрсетуге жазушы ретінде правосы барлығын тағы да жоққа шығара алмаймыз. Жалпы «Алашорда» үкіметі жайында болсын, не оның жекелеген қайраткерлері туралы болсын, Сəкен тапшылық тұрғыдан пікір толғағанын ешкім жоққа шығара алмайды, шығаруға тырысудың қажеті шамалы. Сондықтан Сəкеннің «Алашорда» үкіметі жөніндегі түйінді ойын айтпай кету не көрмегенсіп өте шығу жөн болмас. «Сібірді, Уфаны, Самарды чехословактар алысымен əлеумет майданына шығып, əр жерде үкімет жасауға кірісті. Əлденеше ақтардың үкіметтері жасалып, өз беттерімен əрекет қылып жатты. Олармен қатар «Алашорда» «біз де өз алдымызға үкіметпіз» деп жар салып жатты. Əкімшілікті қанша жүргізбек болғанмен, қамшы мен қылышты қанша жарқылдатып ойнатқанмен «Алашорда» үкіметінің əмірі Семей, Торғай, Орал, Жымпиты аудандарынан жөнді аса алмады. Орталық «Алашордаға» губерниялардағы жасалған «Алашорда» үкіметтерінен қайрат болмай жатты. «Алашорда» барлық Қазақстанды меңгере алған жоқ. «Алашорданың» өзі екіге жарылып, «Күнбатыс алашорда»,
«Күншығыс алашорда» деген болды. Бұлардың арасында «Торғай алашордасы» болды. «Алашордашылар» бетбеті мен əкімшілік жүргізіп, төңкеріске қарсы əрекет істеп жатты... «Үкіметпіз» дегенмен «Алашордалар» Омбыдағы Сібір үкіметіне бағынып отырды. Жəне Самардағы Учредительное собрание комитетіне алыстан бағынып, екеуінен де көмек сұрап алып жатты. Үш мың солдатқа киім алды. Көп қару-жарақ алды. Жəне «Күнбатыс Алашорда» өз алдына, екі мың мылтық, 37 пулемет, екі зеңбірек, екі автомобиль алды... «Алашорда» үкіметінің ең мықты болған ісі большевикке, совдепке ерген қазақтарды құрту əрекеті болды. Одан басқа істе «Алашорданың» əрекеті ескі болыс, діншіл ишан, патшаның оязнайларының əрекетіндей болды»1 дегені өкінішке қарай кұжаттармен дəлелденетін жайлар. Өзі баррикаданың екінші жағында болған Сəкеннен бұдан басқаша айтуды күте қою да қиын. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі негізінен алғанда қазақ оқығандарының төңкеріске калай қарағандығынан хабар беретіндігі əмбеге аян. Жəне Сəкеннің өз танымы, өз түсінігі, əсіресе коммунистік тұрғыдан қарағандығы, түсіндіргені, баяндағаны, суреттегені ешкімнен жасыратын сыр емес. Көркемдік шартын қолданған уақытта реалистік баяндаулармен келеке-қалжың да, улы сатира да, алабажақ бояулар да араласып жатқанын көреміз. Жəне бұл көркемдік тəсілдер газет-журналдардан келтірілген де ректерді жандандыру, оқушыларды жалықтырып алмау үшін қолданылып отырғанын аңғармау əбестік болар еді. «Тар жол, тайғақ кешудің» əрі тарих, əрі көркем шығарма болып халық қолынан түспеуі, оны біреудің ұнатып, екінші біреулердің тыржия оқуы, ұнатпауы, қарсы болуы заңды құбылыс, өйткені шын өмір көрінісі еш уақытта тəтті де, сəнді бола бермейтіні табиғи нəрсе. Міне, сондықтан Сəкеннің қазақ зиялылары жөнінде жүргізген саясаты болсын, пенделік қарым-қатынасы болсын осы жайларды əрқашан есте тұтып отырғанды қалайды. 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 240-244-беттер.
Сəкеннің алаш азаматтарымен қарым-қатынасын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі арқылы суыртпақтай шығарған уақытта алаштың көсемі Əлихан Бөкейхановқа ең алдымен тоқтамай кетуге еш болмайды. Қайсыбір даңғаза əңгіме көбіне-көп Сəкеннің Əлиханға көзқарасының романэсседе суреттелуіне байланысты дабыраланып жүргені де өтірік емес. Сондықтан Сəкен – Əлихан арақатынасы тек пенделік түрғыдан ғана емес, екі идеология өкілі ретінде қаралса өзінің дұрыс шешімін табады. «Бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған үлкен қайраткер»1 бүкіл алаш қозғалысының көсемі, XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін қазақ халқының ақыл-парасатын, сана-сезімін биікке көтеріп, көпшілікке саяси-рухани азық сыйлаған, өз елі үшін басын тауға да, тасқа да ұрған, оқтаулы ақ береннен қаймықпаған ұлы азамат – Əлихан Бөкейханов екені қазақ тарихында мықтап орнықты. Мақсатқа жетудің ақ жолын іздеген қайраткерлердің еңбегі айрықша құрметтелуге тиіс. Қазақ халқына азаттық, теңдік алып берудің ең шешуші бағыты орыс еңбекшілерімен бірлесе іс-əрекет жасағанда ғана жетуге болады деген түсінік Сəкенде басым болғаны рас. Ал Əлихан Бөкейхановтың да орыссыз аттап баспағаны былай тұрсын, тіпті асырып жіберген сəттерін, əсіресе батысшылдыққа құлай берілгенін ескерусіз қалдыруға болмайды. Ұлттық мүддені Ресейдің кадеттер партиясы деңгейінен іздеп табуға ұмтылғаны, насихаттаған кезі де белгілі. Алайда неге екенін кім білсін, Əлихан қазақтың бұ рынғы хандық заманын қайтадан орнатпаққа күш-жігер жұмсап жүр деген түсінікті роман-эсседен көп кездестіреміз. Хандықты өткен кезең деп білу Сəкенге талай ащы сөздер айтқызып тастатқан. Сондықтан осы қарым-қатынасты суыртпақтап шығарып алсақ, онда көп жайлар өз жөнін табары сөзсіз. Əрине, Əлихан Бөкейхановтың қазақ халқының санасезімін оятуға қосқан үлесі мол болғандықтан алаш қозғалысының көсемі болуы əбден заңды. Ұлттық мүд деге 1М. Қойгелдиев. Алаштың Əлиханы. Алғы сөз. Ə. Бөкей ханов. Шығармалар, 1994,38-бет.
жету жолында тактикалық талай қадамдар жасалу мүмкіндігін диалектика заңдылығы теріске шығармайды. Оны Сəкен де түсінген, ұққан. Қадір-құрметін жайып салуға даяр екенін роман-эссенің алғашқы тарауынан-ақ аңғартады. Алайда Қазан төңкерісінен кейін қолына қылыш ұстап, жасақ ұйымдастырғаны, қанды майданға шық қа ны, большевизмге қас болуы төңкерісшіл, соның жаршысы болған Сəкенге ұнамағаны былай тұрсын, тіпті таптық өшпенділікке ұластырып жібергендей көрінетін тұстар да жоқ емес. Барикаданың екі жағында болғандардың аянып қалмасы тағы белгілі. Егер «Тар жол, тайғақ кешуде» өңсіз беттер, ащы теңеулер, орынсыз салыстырмалар кездесер болса, онда оны екі идеологияның жұғыны деп білу керек. Ал пенде ретінде бір-біріне деген шетін қылықтары онша көріне бермейді. Осы арада уақыт пен идеология қысымын дəлел деу үшін бір деректі келтіре кету айрықша қажет. «Тар жол, тайғақ кешудің» 1927 жылғы басылымындағы Əлиханға деген құрмет пен көңіл-күй 1936 жылғы түзету кезінде алынып қалыпты. Оны редактор жасады ма, əлде Сəкеннің өзі алып тастады ма, əйтеуір Əлихан – Сəкен қарым-қатынасын ашатын мəнді тарихи дерек соңғы басылымдарда кездеспей Сəкеннің сөзі қатқыл болып көрінеді. Сөзіміз дəлелді болу үшін роман-эссенің соңғы басылымдарында жоқ, ал 1927 жылғыда бар деректердің қайсыбірін түгелге жақын келтіре кетсек, біраз шындықтың беті ашылмақ. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы 251 санында «Əлиханның Семейге келуі» деген жалпы тақырыппен бірнеше материал берілген. Бас жағында кішкене хабарлама басылып, онда «Əлихан Томскідегі Сібір съезінен қайтып, баяндама оқуға Семейге барған еді. Семей халқы Əлиханды қалай қарсы алғаны туралы «Сарыарқа» газетінде бір мақала басылып шықты. Əлихан Семейге 21 қазан күні келетіндігі күн ілгері мəлім болған екен. Сол күні алдынан шығып, құрмет көрсетуге Семей қазақтары бұрынғы губернатор мекемесі, қазіргі «Бостандық үйіне» ағыла бастаған, семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, мұғалімдер бір рет, тұрғын
саудагерлер, қырдан келгендер «сегіздегі бала мен сексендегі шал да қалмай» дегендей қуанышпен отарбаның келуін тосқан еді. Мұнша халықтың артықша зор құрметпен, қуанышпен, сағынып күткен адамы: «Ел үшін құрбандыққа жанын берген, Бит, бүрге, қандалаға қанын берген, Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде, Зарығып Алаш үшін бейнет көрген. Заманда басқан аяқ кейін кеткен, Жасымай Алашына қызмет еткен. Балса да қалың тұман, қараңғы түн, Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен. Түймеге жарқылдаған алданбаған, Басқадай бір бас үшін жалданбаған. «Көркейер қайткенде «Алаш» деген ойдан, Басқа ойды өмірінде малданбаған, – Əлихан Нұрмұхамбетұлы Бекейханов еді»1 – деп жа - зыл ғанға кітабынан орын берді. Бұл материалды «Қазақ» газеті «Сарыарқадан» көшіріп басқан уақытта көше толы ағылған халықтың бəрі «Бостандық үйіне» барып толғанын, тəртіп сақтаушы кісілер халықты реттеп отырғызғанын жазғанына шейін ұмытпайды. Жиналған жұрт Əлиханмен көріспекке дуылдап тұрғанда, поезды тосып алуға жіберілген екі кісі құрметті қонақты «Бостандық үйіне» түсіреді. Жұрт амандасып болғаннан кейін, қара халық атынан Шайық Мұстайұлы, Комитет атынан Ахметжан Қозыбағарұлы, оқытушылар атынан мұғалім Маннан Тұрғанбайұлы сөйлейді. «Сүйікті басшымыз! Еңбегің жанды, ұлтыңның жандана бастағанын көзің көрді, өзінің оқытушы екенін жасырып жүретін оқытушылар мынау отырғандар. Олар бұрын келгеніңізде, дидарын көрсетпей жауып қойған да уақыттары болды. Жүзі қаралардан қорқып, біз де бүйтіп көрініп, алдыңыздан шыға алмаушы едік. Құдай бізді 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 69-бет.
бүйтіп қарсы алуға жеткізді. Біз, оқытушылар, Сіздің пікіріңізді жайып, елімізді тірілтуге даярмыз. Көп жаса басшымыз, сені көрумен өзімізді бақытты санаймыз» деді. Жалпы жастар атынан С. М. Торайғырұлы былай құттықтады: «Көш бастаған еріміз Куанышта еліңіз. Төбеміз көкке жеткендей, Көкіректен бүгін кеткендей, Сізді көріп шеріміз. Еліңіздің бұл шағын Алаш туын һəм бағын, Көзбен көріп төленді Көптен бергі теріңіз, Алаш туын қолға алған, Қараңғыда жол салған, Арыстаным келіңіз»1. Бүгінгі оқырман қауымға сол кездегі жазу үлгісі, психологиясы жете берсін деген мақсатпен тарихи факт, дерек ретінде осы хабарламаны сол күйінде келтіріп отырмыз. Өйткені, Ə. Бөкейхановтың елге қанша қадірі ба рын бір көрсек, екінші Сəкен алаш көсемі туралы ке йінгі баяндауларында эпитет, теңеу қосып отырғанына қа рамай, сонау 1927 жылы əділдіктен көз жазбағанын, шын шылдығынан азбағанын, адалдықтан айнымағанын көреміз. «Ал енді оқушылар атынан Аймауытұлы мынаны айтты» деген хабарламасында «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды Алаш жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес. Өмірінде жүрген жолың – бар інілеріңе жағып қойған шамшырақ. Жасасын сүйреген Алашың! Көп жаса сабазым!» Басқалар тарапынан да осы секілді сөздер сөйлеп болған соң, Əлихан мынаны айтты: 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 70-бет.
«Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет, бірақ үғыну керек; бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісімін. Жүз жылдан бері бостандық үшін асылған, атылған солар. Тəңірі жарылқасынды соларға бұрын айтуға керек. Бостандыққа қуансаңдар, мені «басшымыз» деп айтқандарың шын болса, міне мен, өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уағда беремін. Сеңдер уағда бересіңдер ме бостандық жолымен. Бостандық жолында болсаңдар, нашар ды жебеу керек, партияны қойып бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жо лында жұмсауға керек. Міне, бостандық болғалы осыларды қылып отырған шығарсыңдар, бостандық өзінен өзі сендерге түк əкеліп бермейді», – деді. Міне, Əлиханды осылай қарсы алды»1. «Тар жол, тайғақ кешудің» бірінші басылымында (1927) жазушы Əлихан Бөкейханұлын құрметтеген материалдарды романда толық келтіруі Сəкен Сейфуллиннің азаматтық көз-қарасының Əлихан Бөкейханұлына пəлендей теріс болмағандығын аңғартады. Ал жазушы пайдаланған бұл материалдардың, əсіресе Əлихан Бөкейханұлының орыс ағайындарға деген көзқарасының, Россияны өзіне бел тұта сөйлеген сөздерінің бүгінгі оқырманға айтары ғана емес, ой салар тұстары да бар екенін көргендейміз. Бұл хабарламаны əдейі толық келтірген уақытта «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі 1936 жылы өңделіп, толықтырылғанда, көп өзгеріске түскенін аңғарту мақсаты бір болса, екіншіден, кезең идеологиясының қыспағы тіпті Сəкен дей жау жүрек батырдың өзін жасқантып тастағанын көрмей, алаш азаматтарын əдейі қысастықпен сөзге қалдырған деген қысыр ойларға берілген жауап та болар деп білеміз. Біздің бүгінгі оқушы «Тар жол, тайғақ кешудің» 1936 жылы өзгерген нұсқасын пайдаланып, негізгі түсінігі сол басылым бойынша қалыптасқанын ескере отырып, арғыбергі деректер негізінде Əлихан – Сəкен қарым-қатысын 1 С. Сейфуллии. Тар жол, тайғақ. кешу, 1927, 71-бет.
суыртпақтап шығарсақ, артық айтылып, кем өлшенгеннің ара жігі айырылары белгілі «Алашорда» үкіметін айтқанда Ə. Бөкейхановты есіне алып отырады, сондықтан екеуін біртұтас көретін сəттері өте көп деп ескерттік. Алаш, алашорда деген атаулардың ар жағында қазақ зиялыларының үлкен шоғыры жатқандай болып көрінеді. Мəселен, Сəкенді 1918 жылы Ақмола абақтысында тергегенде Шонтонов: – Сіз «Алашордаға» қарсысыз ба? – деді. – Қарсымын, – дедім. – Неге қарсысыз? – деді. Мен: «Алашшылдар» орыстың патшасы түскеннен кейін қазақты орыстан бөліп, өздері қазақ халқына хан болғысы келеді, өздері патша болғысы келеді. Езілген қазақ халқына енді хандардың ешбір керек жері жоқ. Жəне бұлар қазақ халқын орыстан мүлдем бөлмек жəне бұлар қазақ жерінен күллі крестьян орыстарды қумақ. Олай болса, үлкен бүліншілік болмақ. Қазақтың нашар бұқарасына патша үкіметін құлатып, теңдік əперген орыс еңбекшіл халқынан біз онда айырылып қалмақпыз. Міне, осы себепті мен «Алаш ордаға» қарсымын! – дедім. Орыстардың көздері шығып кете жаздады. Əсіресе қара сақалды крестьянның көзі ежірейіп кетті. «Алашорданың шын ниетін» орыстар менен ғана білген дей болды. «Алашордамыз» деп ақтармен бірге бізді тек серіп отырған үш қазақ: Төлебай мырза, Тəшти саудагер, Мəнтен молда не қыларын білмеді. Қып-қызыл болды. Қы зарғанда большевик болып қызарған жоқ, тек сасық қарындарындағы арам қандары беттеріне келді. Орыстар «Алаштарға» ала көздерімен «əдемілеп» қарап қойды. Найзамның дəл тигенін біліп, қыбым қанып, қағазға қол қойдым»1. Бұл ұзақтау үзіндіні келтірген уақытта «жан беріп, жан алатын» тұста Сəкен өзінің дұшпандарын мұқату, яғни алашшылдарды қасындағыларға жаман атты етіп көрсету үшін тактикалық жүріс жасап, «жалған сөйлеуіне» тура келген. Алашордашылардың бар мақсаты орыстардан қа1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 221-222-беттер.
зақ даласын тазалау, кетіру деп түсіндірген. Оған орыстар сенген, сөйтіп ақтар лагерінің өзіне жік түсіруге тырысқан. Əрине, жаны мұрнының ұшына келгенде пенде не демейді дегенге бағар болсақ та, Сəкеннің «Алаш» партиясының бағдарламасы жобасына жазылғанды білмеді, Ə. Бөкейхановтың орыстарға іш тартып отыратынын білмей тін еді деуге тіпті болмайды. Шалыс баспайтын пенде жоқ екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Тарихи құбылыстарда, келелі істерді атқаруда ортаға ой салар көсемдігімен, жөн сілтер, жолбасшылығымен ерек шеленетін Бөкейхановтай тұлғаның болуы заңды құбы лыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда XX ғасырдың бас кезіндегі тарихи жағдайлардағы қоғамның професті элементтерін, мемлекет туралы ұғым түсінігін, бағыт-бағдарын Ə. Бөкейхановтың мақалаларынан көптеп табуға болады. Бұл мəселе біздің жұмысымыздың алдына арнайы қойылған міндет болмағанмен, оның ең негізгі жақтарын қарастыра кеткеніміз орынды. Қанына қызбайтын қайраткер болмайтыны əмбеге аян. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Əлихан Бөкейханов өз ұлтының мəдениетті, өркенді, жан-жақты сауатты болуын ойлағандықтан өздері əбден бейімделген орыс жəне да мы ған батыс елдерін үлгі тұта сөйлегені орынды да шығар. Ə. Бөкейханов мақалаларында «Біздің Россияда» деген сөздер көңіл үшін ғана емес, белгілі мəнге де ие. «Біздің Россия патшалығы, яғни біздің патшалық сияқты патшалықта не болса, закон арқылы болады, законсыз жалғыз қылшық түспейді»1 дегенді көпшік қою деуге келе қояр ма екен. Қыр баласының (Əлихан Бөкейханов – К. А.) «Біз Стамбулды алсақ, дүние жүзіндегі адам баласына сүйіспеншілік, татулық, құрдастығына жол ашамыз. Осындай адам баласына бірдей-ақ жол шығарып, адам баласына біздің орыс жұрты көсем болады-ау деймін. «Біздің орыс жұртынан ешкім кемшілік, зорлық күтпес. Біз Стамбул менікі дегенде осыны бетімізге ұстай жүріп іс қыламыз»2 – 1 Кыр баласы. Тағы соғыс, «Қазақ» газеті, 1914, №54, 71. 2 Кыр баласы. «Трубецкой лекциясы», «Қазақ» газеті, 1915, 96.
дегендерге зер салған кісі біраз жəйтқа қанығар. Ал «Россияның Стамбулды аламыз дейтіні де жөн. Православия дініндегі жұртқа Ая София мешіті мақсуд. Екіншісі, Россия суы қатпайтын мұхитқа құмар. Бұ да жөн»1 деген тұстарын қалай түсінбекпіз? Осындайларды оқып-біліп жүрген Сəкен қандай пікірде болмақ? Алаштың көсемі Ə. Бөкейхановтың «батысшылдығы» жөнінде Санжар Асфендияров 1933 жылы марксизм институтының қазақ филиалында өткен дискуссияда сөйлеген сөзінде мынадай естелік айтқан: «... Алашорда лидерлерінің «батысшылдығы», «түрікшілігі» жөнінде де басын ашатын нəрсе баршылық. Менің есімде, 1912 жылдың күзінде Петербургтағы қазақ, татар, өзбек студенттері арасында Балкан соғысына байланысты Түркияны қолдаған үлкен қозғалыс болды. Болгар студенттері бізбен жұдырықтасудың сəл алдында тұрды. Сол кездері болып тұрған бас қосулардың бірінде Бөкейхановқа «біз Түркияға барамыз, нағыз ұлтжандылықтың белгісі осы болмақ» сияқты ойларымызды айттық. Ол Түркия құлағалы тұр, оған ешқандай да үміт артудың қажеті жоқ дегенді айтып, бізді батысқа бағыттады»2, – дегені көп жайдан хабар беруге жарайтыны даусыз. Сəкен Сейфуллиннің алаш азаматтары ішінен Əлихан Бөкейхановқа тиісе сөйлеуі, қағытып отыруы кейінгі таптық көзқарастың салқыны екенін байқау қиын емес. Оны кейбір зерттеушілер Əлихан Бөкейхановтың ұлтжан дылығын Сəкен айрықша айыптайды деп түсіндіруге ыңғайланын, кінəлі етуге тырысуы, əрине, біржақты түсінік. Кезінде нағыз ұлтжанды Ахмет Байтұрсыновтай азаматтың ұлтын сүюдегі түпсіз тереңдігін Сəкен Сейфуллиндей түйсінген, түсіндірген, сол үшін аса төнкерісшілдерден сөз естіген кім бар?! Осындай тұрғыдан келгенде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан елім деп егілген, етігімен су кешкен Əлихан Бөкейхановтың «бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісімін. Тəңір жарылқасынды соларға бұрын айтуға керек»3, – 1 Қыр баласы. «Стамбул һөм кылилар», «Қазақ» газеті, 1915, №117. 2 Қараңыз. Ə. Бөкейханов. Шығармалар. Алғы сөз, 17-бет. 3 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. 1927,71-бет.
дегені де есте ғой. Уақытша өкіметті құттықтап телеграмма салған кəдешілдігін Қазан төңкерісінен кейіи Ресейде өзді-өзі атысып, шабысып жатқанда «Бізде большевиктерге қарсы амал қылатын болған соң біздің милиция жасаймыз деген ісімізді өздеріне көмек көріп, атты қазақтар қаружарақ жағына қарасса деген үмітіміз бар. 5 желтоқсанда Орынборда атты қазақтардың да съезі болмақшы. Екі съезд уақыты бірге болған соң кару-жарақ жайынан да, қалай милиция жасап, қалай тəртіптеу туралы да атты қазақ съезі мен қазақ-кырғыз съезіне келген адамдар ақылдасар»3 дегендерін əрине Сəкен құптай қоймаған. Сəкендердің алаш қозғалысы аумағына сыймайтын сыңайлары уақыт өткен сайын анық біліне бастауы, Қазан төңкерісі тұсында интернационализм идеясына берілу процесі айқындалған соң, əсіресе Алашорда үкіметі басшыларының əр қилы одақ іздестіріп, Алаш автономиясын таныту, мойындату жөніндегі қадамдарын толық қабылдай алмауы, азамат соғысының басталуы, Совдептердің уақытша құ лауы, төңкерісшілердің тұтқынға алынып, атаман Анненков тың ажал вагонында өліммен «ойнаулары» əрине Сəкеннің көзқарасына ықпал жасағаны даусыз. Осы туралы академик М. Қозыбаевтың мына пікіріне қосылмасқа болмайды. «Алаш қозғалысы – қазақ қауымындағы отаршылыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс. Ал «Алаш» партиясының негізін қалаған үркердей топтың, «Алашорданың» басынан аяғына дейін жүргізген саясаты дұрыс еді. Сəкендердікі қате еді деп айтуға бола ма? Алаш жетекшілерінің 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі позициясын Тұрар, Сəкен, т.б. түсінбеді деп кінəлау қиын. Тұрар, Сəкен, Жүсіпбек, Бейімбет дүркіреп көтерілген қалың халықпен болды, оның трагедиясын көзімен көрді. Олар отаршыл дыққа қарсы шыққан қалың елмен болды. Ол большевиктік үгіттің нəтижесі емес еді. Ол атадан балаға мұра болған жол еді. Ал Қазан төңкерісінен кейін Ресей қоғамы екіге бөлініп, қарама-қарсы тұрып, екі ұдай атысқан, 3 Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994, 240-бет.
шабысып жатқан уақытта əділдік тек ақтар жағында болды деп айту қиын. Егер Анненков келіп, орыс-қазағын қырып, əйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап, қанжығалап жатса, ал Алаш Калединмен, Колчакпен бірлесіп жатса, сонда Колчактың ажал вагонына отырған Сəкен «Алашты» қалай аялауы керек?»1 деген ой толғамдары шындыққа негізделгені сөзсіз. Алаш қозғалысының кейбір қайраткерлерімен Сəкеннің қарым-қатынасын кейде қинала əңгімелеуге тура келсе, ал Ахмет Байтұрсынов туралы көңілдене пікір айтарымыз анық. «Тар жол, тайғақ кешуде» Ахмет аты жиі аталғанмен Сəкеннің ашына да таусыла айтқан ойы, орынсыз қаралап атау ниеті жоқтың қасы. Ахаң жөніндегі ішкі ілтипаты əр тұста қылаң беріп қалып отыратындығын байқаймыз. Ахмет Байтұрсыновтың алаш азаматтары ішінде тарихи дамуды түсініп, совет жағына шығуы, алаш қозғалы сына қатысқандарға кешірім, амнистия алып беріп, республи каны басқаратын революциялық комитет бастығының орын басары болуы, қазақ елі, жері үшін үкімет алдында зор мəселелер көтеріп, Қазақстан пайдасына шешуі, əсі ресе қазақ зиялыларының тағдыры жөнінде айрықша қам жеуі Сəкенге белгілі болатын. Қандай да бір жиын-той болмасын, сол тойды ұйым дастыруда, əдетте, сол той иесінің жанашырлары, ел үшін еңбек етер дос-жарандары, жақындары жүретіні жазылмаған заң. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орынбор каласының Свердлов атындағы орталық клубта Ахмет Байтұрсыновтың торқалы тойынын құрметіне арналған жиынды 1923 жылы 28 қаңтарда Сəкеннің басқарып, жүргізіп отыруы жəне онда айтқан сөзін ертеңіне газетке мақала қылып беруі айрықша ескерерлік жай екені даусыз2. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде тəкаппар, тапшыл Сəкенді Ахметке иілдірген қандай құдіретті күш?! Бұл жауапты өмір жолдарындағы ұқсастықтардан 1 М. Қозыбаев. «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар». «Егемен Қазақстан» 12.08.94 . 1 Манап Шамиль. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды. «Еңбекші қазақ» газеті. 30.01.1923 немесе «Бес арыс», 1992, 180-185-беттер.
гөрі ұлтқа, ұлттық санаға деген парасатты көзқарастан, күрес керлік машықтан іздеген дұрыс сияқты. Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-лингвистігі, қазақ алфавитін жүйелеуі, оқу құралдарын жасаудағы еңбегі ерекше. Өмір бойы ана тілінің жоғын жоқтау, ана тілін таза сақтау, əрі қарай дамыту, қазақ байларын ұлт тілінде оқыту керектігі үшін күрес жүргізуі халқымыздың болашағын ойлағандығынан екені сөзсіз. Ана тіліміздің мəртебесін биіктетуге бар білімі мен қабілетін, дарынын аямай сарп еткен Ахмет Байтұрсынов болса, сол бір аумалы-төкпелі заманда ұлттық тіліміздің тағдыры үшін арпалысқандардың бірі Сəкен Сейфуллин болғанын жəне Ахмет үлгісін бүгінгілерге түсіндіріп, ұрпаққа мұрат етпекке талпынғаны еш күмəн тудырмайды. Осы уақытқа дейін əдейі жасырып келген, көпшілік білмейтін Ахмет Байтұрсыновтың В. И. Ленинге 1920 жылы 17 мамырда жазған хатына назар аударайық, өйткені онда қазақ зиялыларының рөлі, атқарар қызметі жайында, олар жөнінде қандай қиястықтар болып жатқаны ашық та батыл айтылған. Қазақстандағы ұлт алакөздігі мен сенімсіздікті жою үшін «орыс ұлтының пролетариаты жаңадан құлдыққа түсіруші мырзалар емес, оларды азат етушілер екенін дəлел деуге жəне іс жүзінде көрсетуге тиіс1 екенін жалпы талаптың өзегі етеді де, қазақ зиялыларының Қазақстан үшін қанша пайдасы барын баса көрсетеді. «Қазақ зиялыларының ішінде халық толық сенетін белгілі бір бөлігі бар. Қазіргі жаңа басшылар солардың айтқанына құлақ салса, қазақтың еңбекші бұқарасымен тез табысады, ал революция кезінде зиялылар большевиктердің соңынан ермеген болса, бұл олардың өз халқын азат етуге қарсы болғандығынан емес2 деп талай дəлелдер келтіреді де, Ахаң алаш қозғалысының басынан өткен тауқыметті қысқаша түйіндей қайталап, өзара сенімге жетудің арналы жолдарын іздестіреді. Қазақтар нені қалайды жəне кеңес өкіметі 1 Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Құрастырған академик М. Қ. Қозыбаев, профессор І. Қозыбаев. «Атамұра» баспасы, 1994, 101-бет. 2 Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Құрастырған академик М. К.. Қозыбаев, профессор I. Козыбаев. «Атамұра» баспасы, 1994, 101-бет.
одан нені талап етеді деген замана сауалын қояды да, өзінің негізгі ойын жеті баппен баяндайды. «Шет аймақтарда сүттен ақ, судан таза интернационалистер жоқ немесе мүлде аз. Өздерін интернационалистер деп атайтындардың көбі, шынына келгенде, ұлтшылдар, империалистер» деп қадайқадай айтып, «Қазақстанды басқару үшін нағыз идеялы коммунистер»2 мен зиялыларды таңдау керектігіне назар аударады. Ал зиялылар заман жүктеген үлкен міндетті абыроймен атқара алатынына сенеді. Сондықтан қазақтың есті азаматтары осы жолдың қолайлы да пайдалы екендігін ұқпады деп ешкім айта алмайды. Осыны үкімет басында отырғандар ішінде алғашқылардың бірі болып түсінген Сəкен Сейфуллин болды. Орынбордың орталық клубында Ахаңның елу жылдығына арналған салтанатты жиналысты Қазақ АССР Халық Комиссарлары Советінің Төрағасы Сəкен Сейфуллин ашып: мəдениетті елдерде мүшел той жасау дəстүрі бар, содан біз де үйренейік, «Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан өз заманында патшаның арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл»3 деп бастағанын Смағұл Садуақасов «Ақаңның алдында» деген баяндамасымен жалғастырды. «Ахаң байлардың құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олардың шоқпаршысы емес, бірақ байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек таза ұлтшыл. Қалай болса да жазушысы аз, əдебиеті нашар қазақ жарлыларына «Оқу һəм тіл құралдарымен» қылған қызметі таудай»4 деген ойы қалың елге жетті. Осыны кешірмес кінəдай санаған төңкерісшілер де табылды. Олар үшін алаш көсемдерінің біріне жасалып жатқан құрмет мейлінше сорақы қылық 1 Бұл да сонда, 102-бет. 2 А. Шамиль. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды. «Еңбекші қазақ» газеті, 30.01.1923 немесе «Бес арыс» жинағы. Жалын, 1992, 180-бет. 3 Бұл да сонда, 181-бет.
болып көрінді. Мақала шыққаннан кейін төңкерісшілдік екпіні басылмаған ойлардың сілемі Ə. Əйтиевтің «Степная правда» газетінде жарияланған «Фактические поправки», Сəбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, ше шендер» деген мақалаларынан көрініп, кейін жаңбырдан кейінгі саңыраукұлақтардай солақайлықпен жазылған дөрекі де содырлы жазбалар көбейіп кетті. Əрине, Сəкен де қарап қалмады. Əбдірахман Əйтиев тің сынына «Тағы да Ахмет туралы. Əйтиевке жауап» деген мақаламен жауап берді. Сəкен өзінің қазақ тілінде жазған мақаласына орыс тілінде ескертпе, сын жазған Əйтиевтің өзін сынға ала отырып, Əйтиевтің «Алашты жасағандардың бірі Ахметтің өзі емес пе?» – дегеніне Сəкен: «Рас, Əйтиев жолдас рас. Олардың ішінде шенқұмар, жалған ұлтшылдар болды. Ахмет, əйтеуір қазаққа қызмет қыламын деп солармен бірге болды, Ахметтің ұлтқа қызмет қылмақ болып коммунист партиясына кіргенін Манап Шамиль (Сəкеннің бүркеншік аты) жолдас дұрыс деп біледі жəне басқаларға да солай қылуды мəслихат қылады»1 – дегеніне Сəкен: «Ахметтің коммунист партиясына ере алмай шығып қалуына үлкен себеп – өзінің шын нəзік жанды ұлтшылдығы» себеп болды деп кесіп айтуы, большевиктік ұран тұтанып тұрған уақытта Ахметтің бұл қайраткерлігі өзі үшін емес, елі үшін, ұлтының қамы үшін тыным таппай шарқ ұрған жанның адал ниеті екенін тəптіштей түсіндіруі ғибрат аларлық қадам еді. Жалпы өмірде болған жағдайды түйсіну бар, түйсінуді түсіну бар. Осындағы түйсінуді – пайымдау, түсінуді – зеректік, түсіндіруді – шеберлік дейтін болсақ, Сəкеннің Ахмет туралы пікірінен өмірде, яғни күнделікті тіршілікте жиі кездесе бермейтін ғажап қасиетті көреміз. Сəкенді Ахаңа айрықша иілдірген проблеманың бірі қазақ тілінің тағдыры еді. Жаңа заман орнағанымен қазақ тілі бұрынғысындай қаға берісте қала беруі Сəкеннің де жанын жеп жүрген-ді. 1923 жылы өткен XII съезден кейін Сəкен қазақ тілінде іс жүргізу қажеттігі жөнінде мақала жазып, іс 1 Манап Шамиль. Тағы да Ахмет туралы. Əйтиевке жауап. 04. 02. 1923. Бұл да сонда, 182-бет.
басындағы азаматтарға арнайы хат жазып, үлкен науқанды өзі ашты. Сонда Ахаң ойларын мықтап ескерді. Билігі бар зиялы қауымға түсіндірді. Тіл мəселесі жиырмасыншы жылдарда ғана емес, күні бүгінге дейін мəнін жоймай келе жатқан ең өзекті мəселе екенін көріп отырмыз ғой. Сəкенше айтқанда, «Қазақстандағы қазіргі піскен бір зор тарихи мəселе – мекемелерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу ісі. Өзінің білетін тілінде сөйлесіп, бұйрықжарлықтарды білетін тілінде оқып, тыңдап, жазатын арыздарын сол өзінің білетін тілінде жазбаған соң, жергілікті еңбекшіл халық көңілдегідей бұрынғы тілі һəм өзі үстем болып қалған халықпен қатар отырып істей алмайды»1 – деуі қарапайым халықтың тағдырына алаңдаушылы ғы екені сөзсіз. Ұлттық тіл, оның келешегі туралы өткір де батыл ойұсыныстар Сəкен қаламынан там-тұмдап емес, түйдектүйдегімен жазылғанын тоғыз мақаласынан оқимыз. Əрине, сол кезде мынау бір керемет мəн берерлік жай екен деу ден гөрі кереғар пікірде болғандар да аз болмаған. Заманның қай кезі болмасын, өмірдің өзекті мəселесі сөз бола қалған жағдайда өзінің білімсіздігін, не халқына жаны ашымастығын «аңғармайтын аңқаулар мен жатып ішер жалқаулар» кері тартатыны белгілі. Сондай тұстарда Сəкен: «Ынтасыз іске, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз уайым табуға болады. Бірақ біздің айтуымызша бұл іске бөгеттің көптігі басқа себептерден. Себептің ең алды – іс басындағы адамдардың бұл іске шындап кіріскен ниет терінің жоқ тығы, ынталарының жоқтығы. Біздің қа зақ коммунистерінің кейбіреулері қазақ тілі туралы қат ты кірісуге: «біреу ұлтшыл деп атайды...» деп бой тар тады. Бірақ ол қулық, бұл коммунистік қылық емес, ол жарамсақтық, жағымпаздық»2, – деп ащы да болса ақиқат ты айта білуінің өзі бүгінгі азаматтарға үлгі болса игі. Сонымен Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда Сəкен ұлт тіліне байланысты ой-тұжырымдарын Ахмет Бай тұрсыновтың «Ұлтты сақтайтын ең соңғы қамал – тіл» – деген даналық қағидаларынан өрбіткенін, сол арқылы бір-біріне ілтипатының күшті болғандығын, айрықша қадірлегенін аңғармау ағаттық болар еді.
Ахаңа тəкəппар тапшыл Сəкенді құштар еткен құдіретті күштің бірі ұлттық тілге деген қамқорлық екені даусыз. Екінші, Ахаңдай ұлы ағартушыны кеңестің пайдалы ісіне тарту талабы де қатарласа жүргені белгілі. Өкінішке қарай, осы саясат сол кезде құштарлықпен қолдаушыларды көп таба бермеді. Тапшылдық көзқарас өз дегенін жасады. Сəкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романэссесінде Ахмет Байтұрсыновтың атын атап, түрін түстеп, артық сөз айтпайды. «Аттың сыры шапқанда білінеді, достың сыры сасқанда білінеді» – деп аталарымыз тек айтпаса керек. Ахмет Байтұрсыновтың жаңа түсінік жағына шыға алмай елі үшін шыбын жаны шырқырағанда қызыл сұңқар Сəкеннің қол ұшын беруі, ерен еңбегін танып, арлы азаматтығын сыйлауы нағыз зерделінің ісі. Ащы шындықтардың, тереңдегі сырлардың бір құпиясы осындай. Осыны дұрыстап ұға білмесек, біреу мен біреуді шатастырып, тарихты ыластап алу оп-оңай. Елі үшін асыл ойларын, асқар арманын, азапты ғұмырын арнаған ардақтылар заманның қиын кезінде-ақ бір-бірін бағалап кеткеніне айрықша мəн берейік. Сонысымен де олар ұлылығын ұрпаққа дəлелдеп тұрғандай. Сəкен мен Ахмет Байтұрсынов карым-қатынасын айтқан уақытта бір мəселені қатты ескеру шарт. Ə. Əйтиевтің орыс тілінде қарсы жазған мақаласына айрықша мəн берілді де, Қазақстан коммунистерінің III конференциясында А. Оразбаева Сəкенді ұлтшыл деп айыптап, алаш зиялыларына қол ұшын беріп келе жатқанын дəлелге келтірді. Оны Мəскеудін өкілі Партияның Орталық Комитетінің хат шысы Е. Ярославский қостады. Сəкеннің «Азия-Европаға» атты өлеңін «маркстік» сынға алды. Əділетсіз сынға конференцияға қатысқан оншақты қазақ коммунистері ресми мəлімдемемен қарсы шығып, қазақ қызметкерлерінің ара сына жарықшақ түсе бастағанының арғы бастауында Ахаңа көретілген құрмет жатқан болатын. Ал бұл сол кезде қусырылып келе жатқан идеологиялық қысымның Сəкен сезген алғашқы дүмпуі еді. 1 С. Сейфуллин. Шығармалар, 1963, 5-том, 400-бет. 2 Бұл да сонда. 410-бет.
«Тар жол, тайғақ кешудің» алғашқы тараулары осы кезде жазылып, «Қызыл Қазақстан» журналының бетінде жариялана бастағанын ескерер болсақ, онда Сəкеннің таптық позиция дегенге айрықша қарауыл қоймасқа шамасы қалмағынын көру онша қиындыққа түспейді. Кітап 1927 жылы шыққанға дейін идеологиялық толқындар «Еңбек ші қазақ» жəне «Ақ жол» газеттеріндегі айтыс-тартыс мақалаларымен толыса түскені, əсіресе «қазақта төңкерісшіл, тапшыл ақын-жазушылар бар ма? Болса кім дер? Тапшыл ақындар жоқ болса, себеп не? Қашан болады? Тоғыз қабат тас үйді, қаңғыр-күңгір зауытты, əуені шарықтаған аэропланды жырлағанша қазақтың қара лашық үйін, жер ошағын, майсыз арбасын, бақырауық түйесін жырлаған жақсы»1 деген ой оңды-солды айтылып, жазылып жатты. Осындай жəйттар Сəкеннің қаламына тапшылдық екпін бітіру, бояуды қалыңырақ жағу қажеттігін еріксіз таңғанын жоққа шығара алмасақ керек. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде қазақ оқығандары мен зиялыларына байланысты айтылатын ойлар қаншама тарихи деректерге негізделсе де Сəкен қала мының тізгінін тартпай баяндағанын, суреттегенін көріп, сезіп отырамыз. Оған 1925 жылдан «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болған Смағұл Сəдуақасовтың іс əрекетінің «шапағаты» да тиген сияқты. 1925 жылы Мəс кеуден «Қазақстанға келісімен «Қара жер» деген поэмамда «Еңбекші қазақ» редакторы Смағұлға бердім. Смағұл поэмамды алып, қалтасында екі айдай сақтап, созбалап баспауға айналды. Əрі-беріден соң қалжың-мазаққа айнал дыр ды. Аздан соң «Советстан» атты поэма жаздым. Мұны əкеліп Смағұлға тағы да бердім, Смағұл бұрынғыдай күлмеді, бірақ «баспаймын» деді. Поэмамды өзіме қайтармай алып қалды. «Қызыл» тақырыпты жазудан тыйылдым. Еш нəрсеге араласпайтын тұрмысқа көштім. Редактор, оқу коммиссары Смағұл бұрынғысынан танбады. Ұлтшыл жазушы лардың жазғандарын газет-журналдарға құмартып баса тын, ақшаны соларға төгетін болды. Біздердікін баспайтын, бассада зордың күнінен басатын болды. Мен 1 Тікен. Көркем əдебиет туралы. «Ақжол» газеті. 1985. №555-558.
өлкелік комитеттің бөліміне арыз бердім. Ұйымдастыру бөлімінің орынбасары Ж. Исаұлына шақтым. Сонымен тіпті алаш жазушыларымен бірдей көрсе ырза болар едім»1 – деуі «Тар жол, тайғақ кешудің» қандай жағдайда жазылғанын аңғартады да, кейбір бояулардың алабажақ, сөзі ащылау болуына себепкер шығар деген ойды еріксіз көлеңдетеді. «Малын алдырмағандардың есебі толық» дегендей мұндай теперішті көрмегендерге бəрі де оңай, өзі нен өзі бола қалатындай көрінетіні де жоқ емес. Ал 1936 жылы роман-эссесін қайтадан қарап, көптеген түзетулер мен толықтыру қосқанда Сəкенге, сөз жоқ, Өлкелік партая комитетінің Мəдениет жəне Насихат бөлім дері мен Қазақстан марксизм-ленинизм институты бірлесіп «Ста лин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның теориялық майданындағы күрестің міндеттері туралы» 1932 жылы 10 қаңтарда алған зымиян хаты мейлінше қатты əсер еткені сөзсіз. Өйткені, онда алаш қозғалысына қатысқандар түгелімен кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдар, ал қайсыбірі анасының құрсағында жатқан уақытта ұлтшылдық дертіне шалдыққандар деп есептелсін деп көрсетілген болатын. Социализм жеңген сайын таптық күрес күшейе түседі дейтін Сталиннің теориялық қисыны əсіресе «Тар жол, тайғақ кешуде» айрықша ескерілетін жай екенін енді айтып жатудың өзі орынсыз. Өйткені, Сəкен 1935-36 жылдары «Қы зыл сұңқарлар» атты революциялық драмасын жаңа ре дакциямен сахнаға шығарғанда, аузы-мұрны қисай мастан орыс пролетариатына үлгі-өнеге көрсететін қазақтан қандай революционер шыға қоймақ, қазаққа ондай жетекшілік рөл қашан бітіп еді деген ойлар орысша да, қазақша да жазылып, Сəкеннің коммунистік идеология алдында «күнəһəр» болып қалғаны бар. Сондықтан «Тар жол, тайғақ кешудің» 1936 жылғы басылымының тұздығы ащылау болып шықпасқа шарасы қалмаған еді. Міне, осы жайларды ескергенде Сəкеннің алаш азаматтары жөніндегі айтар-жазары тарихи шындық деңгейін1 С. Сейфуллин. Менің қателерім туралы. «Еңбекші қазақ» газеті. 02.09. 1929.
де көрінгенмен сөз қолданысы мен бояу жағуында аздыкөпті қысастық танытуы əбден мүмкін. Олай болмаған жағдайда кешегі алашшылдарды мадақтап жатыр, объективті түрде насихат етіп отыр деп айтудан ешкім тар тына қоймайтын еді. Басқадан гөрі Сəкен мұндай құқайды көп көрді, 1937 жылы «Это своеобразная вражеская энци клопедия» деп тапқандар болғаны белгілі. Жалпы өмірде болсын, өзінің осы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде болсын (1927) Сəкен Сейфуллин тарих алдында да, алаш азаматтары алдында да өзінің адамгершілік, азаматтық қасиетімен ерекшеленген. Оны Мұхтар Əуезовтің тілімен айтсақ: «Шыны қайда, өзі қайда екенін білдірмейтін, жаза баспайтын, кедір-бұдырсыз тақтақ жолдың ақыны Сəкен емес. Оның шындығы қозып, жанып отыратын, ішіне тығынған буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы – əр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы»1 – деген пікірі дəлелдей түссе керек. Тарихтың дауылды кездегі қай сəті болмасын, күні бүгінге дейін беймəлім болып келген, тереңде жатқан құпия лардың бірі – Сəкен Сейфуллиннің алаш азаматтары - на деген көзқарастарындағы бүгінгі уақыт талабы күтпе - ген риясыз тазалығы. Біздің бұл ойымызды Сəкен Сейфуллиннің романды жазу мақсатынан бастап, шығарманың өн бойы дəлелдей түседі. Енді осы кең тынысты тарихи шығарманың дүниеге келу мақсатына зер салсақ, Сəкен Сейфуллин шығарманың беташарында: «Мақсұт – 1916-17-18-19 жылдардағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің, революцияның Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде із қалдыру»2 деп жазған-ды. Ал осы жолдар соңғы басылымдарда «əйтеуір із қалдыру болды» деп қысқаша қайырылып жүр. «Мұнда талай кісілердің аттары аталады. Тарихи қозғалыстың өзім көрген, білген оқиғаларын жазған сон, əрине, кісілердің аттары кірмесе болмайды. 1 М. Əуезов. Шығармалар, 1985, 17-том, 48-49-беттер. 2 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет.
Мақсат біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің əр кезінде əртүрлі пікір, əртүрлі əрекет болған. Ол – тіршіліктің, тарихтың ісі. Бұл кітапта «Алаш» туралы əңгімелер айтылғанда, əлгі айтқандай, сол Алашордада болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ»1 дегені түсіндіруді қажет етпейді. Романның бірінші басылымының (1927) 68-бетінде «Совет өкіметі заманында», ал соңғы басылымының (1977) 69-бетіндегі «Совет үшін күресте» деген тарауында Əлихан Бөкейханұлының Семейге келуі жөніндегі айырмашылықты баяндап өттік, сонда «Бөкейханұлы Сібір съезіне келді, Омбыға келді, Семейге келді, баяндамалар жасады. Оқыған мырзалар, оқып жүрген мырза болам деушілер Бөкейханның жолын тосып, қарсы алды» – десе, ал осы жолдар соңғы басылымдарында анықтаушы теңеулер беріліп «Бөкейханұлы Сібір съезіне келді, Семейге келді, баяндамалар жасады. Оқыған ұлтшыл мыр залар, оқып жүрген мырза болам деуші бай ниетті ұлдар Бөкейханұлының жолын тосып, қарсы алды. Омбыда, Семейде Бекейханұлын байшыл-ұлтшылдар, саудагерлер кұрметтеп жатты»2 деп өзгертілген. «Үш жүз» партиясы мен «Алаш» азаматтарының арасындағы қарым-қатынас кереметтей «тəтті» болмағаны көпшілік оқырманға аян. Əсіресе «Үш жүздегілер» «Алаш» басшыларын «орыстан қатын алған», «балалары орыс», «дін бұзған», «сары орыстың бəрі орыс» деп сөгіп, буынсыз жерге пышақ ұрғандай дөрекі сөйлеп жатқан сəттерінде Сəкен Сейфуллин «үш жүздіктерге» бүйрегі бұрылмай, пенделікке салынбай, ақиқатты айтуды жөн санап, əділ төрелігін айтқан. Сəкен Сейфуллин «Үш жүздің» жігіттерінің «Бөкейханды жəне кейбір «Алаш» көсемдерін мінегенде «орыстан қатын алған», «балалары орыс», «дін бұзған» дегендері үлкен шатасқандық. Өз жолын өзі анық білмегендік. Əрине, ол уақытта бəріміз де сара жолды қолмен сипалап жүрген кезіміз еді. Бірақ сонда да əлгіндей сөздер 1 Бұл да сонда, 1927,68-бет. 2 С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу», бесінші басылым, 1988, 69-бет.
тым оғаш шыққан қате. Бізді сырттан билеп, партиясына жазып алған Шəймерденге мұны айтып мен хат жаздым. Жəне бұл партияның беті мен əдісі осылай болатын болса, біз қосыла алмайтынымызды айттым. Менің хатыма жауап болған жоқ, «Үш жүз» бастықтары «алаш» көкжалдарына керексіз сөздерді айтып, қазақша боқтай берді»1 дегеніне айрықша мəн берген абзал. 1927 жылы осындай ескерту жасаған Сəкен 1936 жылы ол тізгіннен айырылып қалып, өзі де сөз бояуын өзгертіп алған тұстары да жоқ емес. Ұлттық мүдделері бір болғанмен бағыттары бөлек зиялылардың бір-біріне айтқандары кінəмшіл көңілге кір бің ұялатары хақ. Бірақ бұндай тұстарда майдалыққа салынып, тырнақ астынан кір іздеуден гөрі аталарымыздың «ашыққан ұры, ашынған тілді болады» деген даналық сөзді осындай жайттарға байланысты айтқандығын еске алсақ жетіп жатыр. Ал түптеп келгенде, «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы бірінші басылымы мүсіркеуді, жеңілдетуді тіпті де тілемейді. Оған негіз – роман-эссенің соңғы басылымдарында Сəкен тарапынан айтылатын артық-ауыз сөздердің бірінші 1927 жылғы басылымында болмауы. Мəселен, 1918 жылдың қаңтар айында Орынборды большевиктер алып, Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Омарұлдары Семейге аттанғанда, не болмаса, 1913 жылдан шыққан «Қазақ» газетінің иесіз қалғандай күйге түсіп, Əбділхамит Жүндібайұлының басқарған тұсында да Сəкен Сейфуллин алаш азаматтарының атын атап, намыстарына тиерліктей сөз айтпайды. Ал Мағжан Жұма баев жөнінде шамданарлық жайттар тіпті де кездеспейді. Сəкен Сейфуллин романының бірінші басылымындағы (1927) аса мəн берерлік тағы бір жай, ол – бірі гіп те, же келей де түскен Əлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұр сынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхам бетұлы, Жанша Досмұхамбетұлы, Мірзағазы Есполұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, тіпті батыс алашорда басшыларын бір кітапта екі рет көсілте жариялауы жəне Ақмоланың имамы, 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, бірінші басылым, 1927, 104-бет.
Рақымжанмен бірге түскен Сағынайдың Нұрмағамбетінің суреттері. Қазақ зиялыларының елге сіңірген еңбектеріне қарай қалың жұртшылыққа таныстырудың, «объективті» насихаттың түрі екенін қазір алғыс сезіммен айтуға тиіс шығармыз. Дауылды кезеңнің шындығын көзбен көріп, өзі араласқан оқиғалардың тарихи деректерінің жанды болары роман-эсседен анық сезіледі, оның өміршеңдігіне негіз болып жарқырай түсуіне себепкер болады. Сонымен «Тар жол, тайғақ кешуде» баяндалған оқиғалар арқылы алаш қозғалысының өзекті мəселелерін суыртпақтап шығарғанда ең негізгілеріне ғана назар аударуға мұршамыз келген сияқты. Қазақ елінің автономия алуы, теңдікке қолы жетуі жолындағы ізденістердің əр қи лы өңірден өрбігендігін, бүкіл алаш қозғалысына саналы қадам дарытатын ұйымдық орталық, яғни алаш партиясының құрылуы жай-күйін қазақ халкының жаңа дəуірдегі ұлы көсемі Əлихан Бөкейханов пен данышпан кемеңгері Ахмет Байтұрсынов арқылы көрсетіп, Сəкен Сейфуллиннің көзқарасын, қарым-қатынасын шынайы қалпында танытуға тырыстық, өйткені бұл мəселелердің шындығы қазіргі кезде айрықша қажет екендігін уақыт көрсетіп отыр. Коммунистік идеологияның қиястығына ұшыраған «Тар жол тайғақ кешудің» 1927 жылғы басылымын қайтадан қалпына келтіріп қалың оқушы қауымға ұсынсақ, кейбір қыңыр пікірлер сабасына өзінен өзі түседі. Əрине, мүмкіндік болса, академиялық басылым жасалса нұр үстіне нұр болар еді.
ТАРИХИ ШЫНДЫҚТЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫ «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің алғашқы идеясы Сəкеннің «Ғабдолда тірі екен» деген мақаласынан (1920) бастау алып, «Октябрь төнкерісінің құрбандары» (қа раша, 1922) деген мақаласымен жалғасады. Күншығыста партизандар қатарында болған Абдолла Асылбековты, төңкеріс кезінде құрбан болған Шəймерден Əлжанұлы, Бəкен Серікбайұлы, Ысқақ Көбекұлы, Əділбек Майкөт - ұ лы, Нұрғайын Бекмұхамедұлы, Хəкім Маназарұлы, Нұрға ли Құлжанұлы, Аманкелді Иманұлы, тағы басқаларды атай келіп, Бəкен Серікбайұлының Колчак түрмесінде хал үстінде жатып, Сəкенге «біз өлсек те сен тірі қалсаң жақсы болар еді. Сен газетке, кітапқа жазып, біздің не үшін, кім үшін өлгенімізді айтар едің»1 дегені есіме түске ні жəне «Ардақты, естен кетпес жолдастар! Сендер өздерің өлсең дер де қасиетті есімдерің өлмес! Қасиетті тілек терің өлмес! Топырағың жеңіл болсын бауырларым!.. Ендігі тірі жүрген жолдастардың міндеті – осы айтылған шаһиттердің есімдерін ұмытылмайтын қылу. Ол үшін Қазақстанда кейбір школға, мектеп, медресселерге, оқуха на ларға, көшелерге осы айтылған ерлердің есімдерін қою керек. Бұған күллі Қазақстандағы жолдастар кірісу керек. Сөйтсек біздің мойынымыздағы борыш, жолдастық ақы ақталады»2 деп жазған жəне оны орындауға белсене кірі сіп, 1923-26 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналының бірне ше сандарында «Тар жол, тайғақ кешудің» үзінділерін жариялады. Бұл қолға қару орнына қалам ұстауға мүмкіндік туғанда орындала бастаған алғашқы азаматтық парыз еді. 1 С. Сейфуллин. Шығармалар, 1962, 4-том, 204-бет. 2 Бұл да сонда, 1963, 5-том, 298-бет.
Сонымен қатар роман-эсседе суреттелген өмір көріністерін ескерер болсақ, онда 1917 жылы жазып, 1918 жылы мамырда Ақмола жастарының сахнасына шығарған «Бақыт жолына» пьесасының оқиғасы 1916 жылғы патша жарлығына байланысты қазақ даласында болған зорлықзомбылықты əшкерелейтінін, ал 1920 жылы жазып, 1922 жылы кітап етіп шығарған «Қызыл сұңқарлар» драмасы ның негізгі сюжеті контрреволюциялық төңкерісте қолға түскен совдепшілдердің, жаңа дəуір қаһармандарының абақтыда отырып халықтың келешегі туралы ойлаған арман-тілектері баяндалатынын жадымыздан шығарма сақ, онда Сəкеннің шығармашылық тұрғыдан «Тар жол, тайғақ кешуді» жазуға дайындалып, іштей толғанып жүргенін байқаймыз. «Каждый большой писатель находит свою тему. Бальзак ищет ее в обществе, Диккенс – в семье, Достоевский – в индивидуальных переживаниях личности»1 – десе, Сəкен Сейфуллиннін жазушылық тағдырына дүниенің астан-кестеңі шығып жатқан төнқеріс дəуірі бұйырыпты. Поэзиясында да бұл бағыт басым жатқаны өтірік емес. Демек, жаңа заманның ықпалы Сəкендей алып суретшіні өз иіріміне тарта білді. Сəкеннің бақыты ма, əлде соры ма, ол еңбекші көпшіліктің сөзін сөйлеймін, кешегі құл-құтан болғандарға бақытты заман орнатамыз, билікке қолын жеткіземіз деген коммунистік идеологияның жақтаушысы ғана емес, жаршысы, ұраншысына айналды. Оны ешкімнен жасырған жоқ, теріс жолға түстім-ау деп ойлаған жоқ, зор сенім мен қайраткерлік көрсетті. Соның айрықша белгілерінің бірі – «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссе екені қазақ əдебиеті тарихында ғана емес, бүкіл азаматтық тарихында халықтың ұғымтал жадында айшықтала жазылғаны белгілі. Азаматтық парызды орындау мақсатымен қаламды қолға алған Сəкен «Ұлы өзгеріс», «Ұлы асу» деген аттар ойыма келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң, «Тар жол, тайғақ кешу» деген атты лайықтырақ таптым2 – 1 Цейтлин А. Г. Труд писателя. М., 1968, стр. 342. 2 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927, 3-бет.
деп өз шығармасына тақырып табуға сонша қиналмаға нын аңғартады. Өйткені, өмір шындығын жəне ойындағы бірнеше тақырыпты талғап, таңдап алғанын байқаймыз. Өз басынан өткенді жазу оңай болып көрінгеннен, орындалуы оңай емес. Солай бола тұрсада тақырып таңдау да, шығарманың идеялық нысанасын айқындауда шешуші себепкер болады. Ғабит Мүсіреповше айтсақ: «Тар жол, тайғақ кешу» – бұған дейінгі, бұдан кейін де ешкім жаза алмайтын тақырып. Ол – Революция кезінде револю цияның алдында қазақ халқына енген тап тартысы, əр түрлі партиялардың бағытын, бет алысын анықтап берген кітап»1 – дегенін есте тұтқан абзал. Сəкен өткен өткелден, асқан асудан талай азаматтар өтті емес пе? Оның ішінде алаш қозғалысына қатысқандар бар емес пе? Қаламы қалыптасқан алып ақын-жазушылар дың дауылды, жауынды кезең жайлы қалам тартпауының себебі не? Алаш азаматтарының бұндай тарихи шырғармаға қалам тартпауының бір себебі жаңадан қалыптаса бастаған идеологияның қырын қабағынан болса, екінші, алаш қозғалысының ұлттық мүддесі бүгінгі күн тұрғысынан дұрыс болғанмен, жалпы қазақ съездерінде қаралып, дұрыс шешімін тапқан кейбір мəселелер жөнінде Сəкен Сейфуллиннің өзінше көзқарасы барлығынан болса керек. Тапшылдар, төңкерісшілер ұлттық тұрғыдан жазылғанға жабыса кеткен уақытта сол кездегі қоғамдық күштер мен əкімшілік əпербақандықтың мүмкіндігін де жоққа шығармау керек. Ол əрқашанда тиімді бола бермесі анық. Орыстың əдебиеттану ғылымында өз орны бар А. Г. Цей тлин тақырып таңдаудағы жазушы шеберлігі жөнінде: «Отыс кать свою тему может лишь тот писатель, которому она подсказывается всей совокупностью его жизненного опыта»2 – дегені М. Горькийдің «тема – это идея, которая зародилась в опыте автора, подсказывается ему жизнью, но гнездится вместелище его впечатлений не оформленно в 1 Мүсірепов. Дəстүр мен жаңашылдық. «Сөзстан» альманағы 8-кітап, «Жалын», 1987, 4-бет. г Цейтлин А. Г. Труд писателя. М., 1968, стр. 343-бет.
образах, возбуждает в нем позыв к работе ее оформления», – деген пікірімен өзектесіп жатса, оның белгілі бір тенден цияда жазылуы туралы академик жазушы, зерттеуші 3. Қаб доловтың: «Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық коллективтің мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мəн жəне мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ, осы шындықты əр көзқарастың өкілі əр түрлі түсінуі ықтимал»1, – дегені əсіресе «Тар жол, тайғақ кешуге» арнап айтылған сияқты. Сəкен Сейфуллиннің осы роман-эссесінің тақырыбының өзінен-ақ дəлдікті аңғарған ғалым Рымғали Нұрға лиев: «Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты авторлық идеяны ашуда образдық, символдық роль атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дəлдік бар»2 деп біледі. Сондықтан да болар «Тар жол, тайғақ кешудей» өміршең романның аты күні бүгінге дейін қанатты сөздей жиі қолданылады. Аталмыш роман-эссенің тақырыбын дөп тапқан автор, көп қаламгерлер басынан өткізетін шығарма фабуласындағы қиыншылыққа да кезікпеген. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Бай фабуланың қайнар көзінің бірі – тарих дейтін болсақ, роман-эссенің тарихилығы соған айқын дəлел. Бұл – бір. Екінші бір себебі, «Самым широким источником фабулы является современная писателю действительность, бытовой уклад и отдельные реалии, свидетелем которых он является. Чрезвычайно полезно, в основу положить факт действительной жизни» – деген тұжырымға қуат берген тарихи оқиғалардың басы-қасында автордың болуы дер едік. Үшінші, «Особое значение для создания фабулы имеют публикации газетной хроники и судебных процессов, по большой части помещаемых на страницах той же газеты»3 – 1 3. Кабдолов. Сөз өнері. 1992, 14-бет. 2 Р. Нұрғалиев. Қазақ революциялық поэзиясы, 1987, 102-бет. 3 Цейтлин. А. Г. Труд писателя. М., 1968, 345-бет.
яғни бұл да автордың шығармасына мол пайдаланынған материал екені даусыз. Енді осы жайларды рет-ретімен шығарма арқауынан шығарып алып отырсақ, көркемдік шарттарының орындалуын анық анғарар едік. Бай фабуланың қайнар көзінің бірі – тарих, екіншісі – тарихи оқиғаның бел ортасында сол автордың болуы десек, оны ел-жұртқа жеткізу үшін жазушының шеберлік қажеттілігін көреміз. Сол бір жиырмасыншы жылдарда əдебиетке көркем шежіре болып түскен шығарманы дүниеге əкелудегі мақсатын Сəкен жасырмаған: «тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің, революцияның Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынаң баспа жүзінде із қалдыруды»3 көздегені еш уақытта əбестейтін қылық емес. Бай фабуланың үшінші кезі мерзімді баспасөз болса, жазушы өз шығармасында газет материалдарын орынды пайдалана білген. Сəкен Сейфуллиннің деректерді молы нан алған негізгі газеті – «Қазақ». Сөздің ыңғайы келгенде айта кетейік, бүгінгі таңда алаш қозғалысының ақиқатын анықтауда да, тарихын таразылауда да көпшілік ғалымдардың сүйенері де, негізге алары да осы «Қазақ» газеті екені рас1. Жазушының баспасөзден келтірген материалдары – алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың жолдаған телеграмма тексі, жазған хаты, қалың көпшілікке арнаған мақа лалары, көсемсөздері, бірінші, екінші съездердің қаулы-қарары, алаш азаматтарының большевиктер мен «Үш жүз» партиялары, олардың жеке өкілдері туралы көзқарасын көрсететін деректер. Сонымен қатар Сəкеннің өзінің қарақан басынан өткен оқиғалардың бəрі күрес жолына өзі бастап апарғаны да белгілі, алайда адалдықты аяқ асты еткен, жағымпаздықпен күн кешкен Сəкенді тарих білмейді. Сондықтан өз қолынан шыққандардың бəріне де жауапты боларын сезген, білген, тарих сотына түсуге мүмкіндігі барын бір сəтке ұмытпаған қаламгер. 1 Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет. 2 Қараңыз. Ө. Əбдімановтың «Қазақ» газеті деген монографиясы, 1993.
«Халық өмірінде терең із қалдырған оқиғалар болады, олардың жаңғырығы көпке дейін үзілмей, санадан берік орын алады, əдебиетке де көркем шежіре болып түседі»1 – деген пікірді ғалым Рахманкұл Бердібаев Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романына байланысты айтқан. Қазан төңкерісіне дейін ақындығымен танылып келген Сəкен Сейфуллиннің ұлы өзгеріс, тарихи қозғалыстың ізі суымай жатып-ақ тартысы мол тарихи шығармаға қалам жебеуінің өзі үлкен батылдық екені сөзсіз. Автордың сөз етіп отырған шығармасының бір ең басты арқауы сол кездегі қазақ зиялыларына қатысты екенін сезген, сондықтан оған үлкен мəн беріп, жауапкершілікпен караған. Себебі, қазақ интеллигенциясына қатысты тарихи қозғалыстың ұрымтал сəтті-сəтсіз кезінен сөз толғаған «Тар жол, тайғақ кешу» 1927 жылы жеке кітап болып шыкқанда қазақ қауымы аман-есен, зиялыларының төрт көзі түгел екенін ескерсек, Сəкеннің тарих алдында жауап беруге даяр екендігін көреміз, анық аңғарамыз. Сондықтан болар, Сəкен Сейфуллиннің қаламдас, өкшелес інісі Ғабит Мүсірепов «Тар жол, тайғақ кешу» бұған дейін де, бұдан кейін де ешкім жаза алмайтын тақы рып. Сəкен көрген-білген материалдармен біз қаруланып, енді қайтадан ешқайсымыз оралып жаза алмас едік»2 де гені əшейін айта салған пікір емес. Бүгінгі күні Сəкен өнерпаздығын əңгімелегенде ақиқаттың ауылы, тарихи шындықтың шырайы осы шығармаға байланысты ашылады десек артық болмайды. Академик 3. Қабдоловтың «əдеби шығарма туралы əңгі мені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені, тақырып – өнер туындысының іргетасы» деп табады да «Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік»3 дегенінен көз жазбаған абзал. 1 Р. Бердібаев. «Роман жəне заман», 1965, 8-бет. 2 Ғ. Мүсірепов. Дəстүр мен жаңашылдық «Сөзстан» альманағы, 1987, 8-кітап, 4-бет. 3 3. Қабдолов. Сөз өнері, 1992, 147, 149-беттер.
Осындай құнарлы, терең ой саларлық пікірлердің негізінде біз Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы ұлы өзгеріс, тарихи көзқарастан хабардар ете тін көркем шығармалардағы тарихи деректерді оқиғалар ағымына қарай салыстыра баяндап, көркемдік шындықтың ажарын келтіру қажет деп білеміз. Роман-эссенің көркемдік нышандарын əңгімелеуден бұрын шығарма оқылып болғаннан кейін оқушы жадында айрықша жатталып қалатын жайларға шолу жасаған абзал, өйткені көркем дүниенің эстетикалық əсері мен танымдық сипатын масштабты көлемде де аңғарып алудың үлкен қажеттігі бар. Кітаптың соңғы беті жабылғанда оқушының ең алғаш сезінетіні – бүкіл қазақ даласының майдан алаңына айналғандығы. Майдан тек қолына қару ұстағандардың арасында ғана емес, санада, идеология саласында болып, өліспей беріспейтін күйге жеткенін сеземіз, көреміз. Россия империясының отаршылдық саясаты шынбай ға батқаны сонша, Кенесары көтерілісінен кейін рухани ұжданы божырап, белі үзілгендей күй кешкен қазақ халқы 1916 жылы «Əйтеуір өледі екенбіз» деп дүр сілкінуі, түгел болмағанмен ер-азаматының атқа қонуы, оған ұйымдық сипат берер күштің болмауы, «билік дəмін» татып қалғандардың шен-шекпенге сатылып, елді қан қақсатулары, алаш қозғалысы қауырт өріс ала бастағанда əр қилы төңкерістер топалаңына кездесуі, əке баладан, бала атадан безіп ақ пен қызылдың қырқысуы, қазақ даласының соғыс алаңына айналып, аяқ асты болуы, 1921 жылғы аштықпен қосып есептегенде сегіз жүз мыңдай қазақтың қырылуы, осындай қиямет-қайымға кезіккен елді қалай аман алып қалудың амалын іздестірген Алашорда үкіметінің, сəттісəтсіз қадамдары, басшылары мен көсемдерінің алас ұруы, кейіннен орасан зор қайғы-қасірет əкелген жаңа өкімет-совдептердің ашылып құлауы, қайтадан ұзақ уақытқа орнауы, теңдік, бостандыққа қолымыз жетеді деп дəмеленген еңбекші көпшіліктің алдануы, большевиктік үгіттің күшейіп, жалған интернационализм туының көтерілуі «Тар жол, тайғақ кешуді» оқып шыққаннан кейін ой жүзінде болса да көз алдына елестемей қоймайды. Осы
тұрғыдан алғанда шығарманың тарихи сипаты өзінен өзі айқындалып шыға келеді. Орыс империясындағы толып жатқан саяси күштер мен партияларды, əсіресе кадеттер мен коммунистерді, меньшевик, эсерлерді былай қойғанда қазақ халқының жо ғын жоқтайтын, мұңын мұңдайтын «Алаш» партиясымен қатар социалистік типтегі «Үш жүз» партиясының болғандығын, олардың арасында елге ықпал етудің екі тү рлі амал-айласы қолданылып, басшыларының талай айтыс-тартысқа түскенін, қазақ зиялыларының тығырықтан шығар жол іздегенін, бірақ, дегеніне жетуге пролетарлық жалаумен келген төңкерістер жол бермегенін оқып білеміз. Осы тұрғыдан келгенде «Тар жол, тайғақ кешудің» саяси сауат ашу сипаты көрінбей қалмайды. Роман-эсседегі көп кұбылыстың ортасынан кең жазирада жалғыз өскен шынардай болып Сəкен образы айрықша көзге түседі. Жалпы көріністен дараланып шығу үшін автор өз басынан өткенді жүйелеп емес, хронологиялық тəртіппен айтып беру арқылы-ақ көздеген мақсатына жеткен. 1922 жылы Қоңыр, 1928 жылы Нəзір айтқандай, Сəкен өзін көрсетемін деген ойымен емес, өзінше көрініп мақтанып қалу үшін емес, оқиғалардың даму барысымен осындай көркем бейнеге көтерілгенін өзі де сезбей қалған. Өйткені, оқиғалардың тоғысуы автор қиялынан тыс болған құбылыстар. Əшейінгі баяндау тəсілінің өзі эстетикалық сипатқа ие боларын «Тар жол, тайғақ кешу» романэссесінен анық көреміз. Эсселік тəсілдің өзі осы тұста шешуші демегенмен, тұтас көркем дүние жасауға көптенкөп жағдай жасайтындығын аңғартады. Расында да, Омбыдағы оқытушылар семинариясын бітіріп, келіп, Бұғылыдағы жаңадан ашылатын мектепке мұғалім болып тағайындалған Сəкен күн көрістің қамымен Бүкілресейлік мал санағын жүргізуге келісім береді. Шабыра жайлауына барып ырғалып-жырғалып отырған елдің рухани байлығымен танысып, қазақ қыздарының мұңды гимні болған «Əупілдек» əнін естіп, оны орындаушы Қабибаны суреттеуі, Қанжығалы еліне келгенде патша жарлығынан дүрліккен елді көруі, Ақпан төңкерісінен кейін саясат майданына араласуы, «Жас қазақ» ұйымын
ашып, «Тіршілік» газетін шығаруы, алаш басшыларының ықпалында болған Ақмола облыстық қазақ комитетімен тіл табыса алмауы, қоғамдық даму жайындағы түсінікталғамдарының өзгешелігі, айтыс-тартыстары, Қазан төңкерісі тұсында жарлы-жақыбайларға бақытты заман орнатамыз деп дауылдатып, дуылдатып келген совдепияға іш тартуы, біраздан кейін соның белсенді қайраткеріне, жыршы-ұраншысына айналуы, бай-манап, қулақтарды ауыздықтауға кірісе бастағанда контрреволюциялық көте ріліске ұшырап, абақтыға жабылуы сияқты өмір өткелдері біраз адамның басынан өткенімен Сəкендей суреттеп бергені некен-саяқ, қазақ ішінде тіпті жоқ деп айтсада бол ғандай. Ал Колчак түрмесіне түсіп, 500 шақырымдағы Қызылжарға жаяу-жалпы айдалу, одан қаңтар-ақпан айла рында Сібірдің сақылдаған сары аязында атаман Анненковтың ажал вагонында 47 күн «серуендеу», о дүниедегі тамұқты бұ дүниеде көзімен көріп, тəнімен сезуі, яғни: Қараңғы, суық зынданды Жатақ қылды тəніміз. Қылыштың жүзі, мылтықтың, Аузында болды жанымыз. Бір шұңқыр су, түйір нан, Үйреншікті ас болды. Күл, көмір, қиқым, тоң-төсек, Жастығымыз тас болды. Қол аяқта көк шынжыр, Жыланша жалап, жаралап. Жауыздардың тозағын, Көрдік, қорлық азабын, – деген күйді кешуі, Омбының сүзек жайлаған лагерінде 6-7 жолдастарынан өлідей айырылып, қашып шығуы, Колчак қылышы жалаңдаған өлкемен Омбы – Татарка – Славгород – Кереку – Баянауыл – Сарыадырға дейін қашқын кейпін де көктемнің көк салпағында 800 шақырымы жыртық шұлықты етікпен жаяулатып өтуі, еліне жетуі, онан екі ай 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 315-316-беттер.
үдере көшкен тама-тарақты елімен Бетпақдаланы кесіп, – Шу өзеніне қарық бола жаздап азаттық орнаған Əулиеатаға жетуі өмір бойы естен кетпейтін көрініс. Сол қасірет соқпақтарының қақ ортасынан Сəкеннің сом тұлғасын көру бір шығарма үшін аздық ететін көркемдік табыс емес. Осындай қиямет қайымды елемей бір күндік айғай шу үшін сомдап соғылған көркем дүниеге шоқпар ала жүгіру, жұқалап айтқанда, жетеліліктің белгісі бола қоймас. Жалғыз Сəкен ғана емес, оның Абдолла Асылбеков, Бəкен Серікбаев, Захар Катченко, Жұмабай Нуркин сынды қанды көйлек жолдастарының да көркем бейнелері əр тұстан көлеңдейтінін де ұмытпаған абзал. Сонымен қатар алаш қозғалысына қатысқандардың көркем бейнесі таса да қалмай-ды. Роман-эсседен əрқайсы əр қилы қияпатта көркем шығарма əдісімен бейнелегендігін көреміз. Сонымен «Тар жол, тайғақ кешуді» ойша шолғанда оқушының жадында өшпес із қалдыратын жалпы панораманы баяндау арқылы ішіне кіріп, эстетикалық талдау жа сай алсақ құдайдың бергені болар еді. Тарихи шындық негізінде жазылған шығарманың жанрлық сипаты əр алуан пікір туғызып келгендіктен құжат пен суреттеудің, баяндау мен бейнелеудің, мəлімет пен пернелеудің ара жігін ажырату да оңайға түсе қоймасы белгілі. Алайда «Тар жол, тайғақ кешудің» оқушы қызығып, құмарланып, саналанып оқитын көркем шығарма екендігін көрсету лəзім. Ойланбаған адамға, тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуы десек те, көркем шығармадағы тарихи шын дық десек те, екеуінің негізі бір сияқты болып көрінуі мүмкін. Біздіңше осы жерде тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуы процесін қадағалайтын категория екенін ескерсек, онда ғылымның эстетика саласына бармасқа амалымыз жоқ. Ал көркем шығармадағы тарихи шындық дейтін болсақ, онда өмірде болған шындықты негізге алу шарт. Өйткені, көркем шығармадағы өмір көріністерінің тарихтағы шындыққа қаншалықты алыс-жақын екендігін анықтау, құжаттар негізіндегі шындықтың өзі сюжеттік желіге айналып кете баратын сəттерін қадағалау арқылы өмір мен өнердің тоғысар сəттерін бағдарлай алсақ, ел елерлік, құныға оқырлық шығарманың қалай дүниеге келу жайын суыртпақтап шығару сонда қиын бола қоймас.
Көркемдік те, тарихи өзгеріс, деректер де, шындық та өмірдің өз көрінісіндей болса деген мақсатпен Сəкен қолына қалам алған, жанрлық, жаңалық ашқан, алайда қазақтың жазба əдебиетінің сол кездегі өнерпаздық қауқарына лайық деңгейінде қаламгерлік танытқан. Бұл жөнінде С. Қирабаев «Тар жол, тайғақ кешуді» жазарда Сəкен оған жанрдың қатып қалған формалары тұр ғысынан емес, дəуір талабы тұрғысынан қарағаны айқын»1– деп біледі. Прозаның қай түрі болса да «Тар жол, тайғақ кешуден» еркін бой көрсетті жəне тарихи негізді қатаң сақтап отыруға тиісті болды. Сондықтан бүгінгі өскен қазақ əдебиет тану ғылымында дəл анықтамасы табылмай келе жатқан ұлы туынды өзінің алдына қойған мақсатты əр салада жарқырата көрсеткен шығарма болып, халық санасынан берік орын алғанын ескере отырып жəне алдындағы баяндауларда роман-эссе деген атауды əдейі қолдануымыздың себебін ашу үшін осы ұлы шығарманың жанрын алдымен əңгімелеп алған жөн сияқты. Қоғамның əр қилы саласындағы міндеттерді тұтас бірік тіре атқарған «Тар жол, тайғақ кешудің» жанрлық табиғатын тану күні бүгінге дейін айқындалмай келе жатар. Өйткені, өмір туғызған, оның бүгінгі шындығына жауап берген шығарманың шығармашылық кескін-келбеті жайында академик М. Қаратаев бастаған əдебиетшілердің көп шілігі тарихи-мемуарлық роман деп атап келеді. Ал Б. Кен жебаев пен Ш. Елеукенов оны очерктер циклі десе, Т. Кəкішев роман-хроника деп біледі. Ал Қ. Əбдіқадыровтың «қазақ даласында болған төңкерістің справочнигі» дегені бар. Оның бəрін бір атауға сыйдыру да қажет емес шығар, өйткені өмірдің өзінен ойып алынған туындының өз сыр-сипатымен əлі талайларды ойландырып-толғандырары сөзсіз. «Тар жол, тайғақ кешудің» оқиғасы бірнеше шығармаға арқау болары сөзсіз, осындай кең құлаштылығын ескеріп «роман» екендігіне əзір ешкім күмəн келтіре қойған жоқ. Ал Б. Кенжебаев пен Ш. Елеукеновтің «очерктер 1 С. Кирабаев. Сəкен Сейфуллин, 1962, 249-бет.
циклі» деген пікірі мансұқтауға жатпайтын ой болғанымен, шығарманың жалпы табиғатынан тумайтыны тағы белгілі. Бұл пікір туралы 1962 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінде, кейін «Сəкен Сейфуллин» атты монографиясының «Революциялық күрестің шежіресі» атты тарауында С. Қирабаев «Тарихи-документтік, мемуарлық роман деген орынды деп ойлаймыз»1, – деп тұжырым жасаған болатын. Сəкеннің өзі роман оқиғасына тікелей араласып отырған соң «мемуарлық» қасиеті бардай көрінгенмен газетжурналдардаң, архивтен алынған деректердің молдығы ол ауқымда қалдырмайды. Эссе – «прозаическое сочинение небольшого объема и свободной композиции, трактующее частную тему и представляющее попытку передать индивидуальные впечатления и соображения. Внося индивидуализирующие тенденции в различные жанры не обязательно только литературные, сочитая аргументы и термины разных дисциплин, эссе могут иметь философский, историкобиографический, публицистический, литературно-критический и беллестристический характер»2 деген анықтама үлкен совет энциклопедиясында толығынан сақталғанмен, эссенің табиғаты еркін болатындығына «выражающее индивидуальные впечатления и соображения по конкретному или вопросу заведомо не претендующее на определяющую или исчерпывающую трактовку предмета. Как правила, эссе предполагает новое, субъективно окращенное слово»3 деген қосымша қосуы эссенің эстетикалық табиғатын толтыра түсіп, анықтаманың ғылыми негізін қоюлатары сөзсіз. «Тар жол, тайғақ кешуге» осы ғылыми эстетикалық анықтама тұрғысынан қарайтын болсақ, ең негізгі талаптарға толық жауап беретіндігін анық көреміз. «Сочинение небольшого объема и свободной композиций» деген шартқа келетін болсақ Сəкеннің көрген-білген, кездескен оқиғаларының үзік-үзік болуынан қашсақ та құтыла алмаймыз, оның бəрін 1 С. Қирабаев. Сəкен Сейфуллин, 1962. 2 Краткая литературная энциклопедия. 1975, 9-том, 961-бет. 3 Большая советская энииклопедия, 1978, 30-том, 252-бет.
Сəкеннің қарақан басы ғана біріктіріп тұр, сондықтан да шығармада ойдым-ойдым суреттер көп. Ал «индивидуальные впечатления или соображенияға» келер болсақ, онда «Тар жол, тайғақ кешудің» тұла бойы осыған тұнып тұрғаны анық. Ал «не претендующее на опре деляющую или исчерпывающую трактовку предмета» дегені бұл шығарманың еркін жазылуынан, тарихи деректерді бұрмаламай баяндап, ой түюінен жəне оны əсірелеп, боямалап өзінше көрсетуге ұмтылмайтындығынан көреміз. Ал сипатына келер болсақ, «беллестрический характері» күшті екені еш дау тудырмайды, өйткені таза көркемдік шартымен кетуге тарихи деректер мен, газет-журналдар мағлұматы жол бермейді. Міне, сондықтан осындай замана дауын арқалаған ауқымды да кесек шығарма – «Тар жол, тайғақ кешуді» роман-эссе деп атаса орынды болар-ау деген ой көкейге орала береді. Осы орайда академик Ə.Х. Марғұланның жазушы М. Сəр секеевпен кездескенде айтқан бір ойын дəл осы арада еске алғанның артықтығы жоқ. «Деректі шығарманы жазу оп-оңай деп ойлайды кейбіреулер. Ал ол əдебиеттің өте қиын жанрларының бірі. Себебі, деректі шығармада екі-ақ қаһарман болады: бірі – автордың өзі, дəлірек айтқанда, оның дүние танымы, білгірлігі, жазып отырған тақырыпқа көзқарасы; екіншісі – шындық! Иə, иə, деректі шығармада тарихи шежіре тəрізді, шындықтан ешқайда ауытқуға болмайды»1 дегені еленбей қалатын ойлар емес. «Тар жол, тайғақ кешудің» эсселік сипаты жайында ғы ойларды енді романға бұратын болсақ, онда шығарма сюжетінің желісі айналып-үйіріліп автор, яғни Сəкен төңірегінен шықпайтынын көреміз. Əрине, көркем образ жа сау үшін кейіпкердің барлық болмысын қамтитын ұзақ-со нар суреттеулер кездеспегенмен ойдым-ойдым миниа тю ра ларға кезігіп, Сəкен қаламгерлігінің ұшқырлығын ғана емес, шеберлігін де танып отырамыз. Автордың өзі негізгі кейіпкерге айналғандықтан шығарманың композициялық тұтастығын, сюжеттік желісін нық сақтап отыруы оған 1 М. Сəрсекеев. Қуғындалған. «Сəтбаев», «Шабыт» баспасы, 1994, 17 бет.
романдық қасиет дарытады. Соңдықтан «роман-эссе» дегенді ғылыми тұрғыдан заңдастырсақ артық болмас еді, өйткені ол қазақ əдебиетшілерін жанрлық ізденістердегі əрі тарт, бері тарттан құтқарар ма деп ойлаймын. Қазақ прозасы көркем очерк пен əңгімеден өрбіп, кейінде ғана жанрлық ішкі түрлерімен толыса бастады. Расын айту керек, прозаның алғашқы туындыларында психологиялық талдаулар, көркем образ, типтік суреттеулер жетіспей жатты. Олай болған себебі, біріншіден, көп жазушылар дың көркемдік шеберлігі белгілі деңгейге көтеріле қоймаған балғын күш болса, екіншіден, қазақ əдебиетінің проза жанрында «атадан балаға» дегендей, мирас болып келе жат қан дəстүр де аз еді. Сонымен қатар талай ылаңмен негізі жаңа қалана бастаған жаңа заманды насихаттаудың, орнықтырудың жөн-жосығы жас ақын-жазушыларға түсініксіз болса да, идеологиялық талаптың тепкісі қатты болатын. Сондықтан тапшыл үгіт-насихатқа септігі тиетін шығармаларға өкіметтік қамқорлық жасалып жатты. 20-жылдардың екінші жартысынан былай қарай жас кадрлардың қанаты қатайып, қатары молығуы, іріктелуі, ұйымдасуы нəтижесінде əдебиеттің əр жанрында ізденістер күшейе түседі. Оның ішінде прозаның да зор қадам жасағандығы айқын аңғарылады. Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қазақ прозасының дамуы жолындағы этапты белестердің бірі болғандығы да содан. Өйткені, «Тар жол, тайғақ кешу» уақыт сынына төтеп берген, шындықты мөлдірете суреттеген, заман ағымының оңы мен солын, жарығы мен көлеңкесін, ойы мен қырын сарапқа салып, оқушыны толғандыратын туынды. «Тар жол, тайғақ кешу» – қазақ халқының тарихында əлеуметтік мəні үлкен мəселелерді жинақтау принципімен шешуге талаптанған шығарма. «Бақытсыз Жамал» мен «Қамар сұлу», «Шұғаның белгісі» атты шығармалар əйел теңдігі ұраны төңірегінде қоғамдық пікір туғызып, шығар жолды бере алмай, сыршыл реализмнің дəстүрін сақтап жатса, Сəкеннің бұл шығармасы басқаша көркемдік əдістің, кейіннен социалистік реализм деп аталған тəсілдің тапшылдық тар аумағында жазылғанын аңғармау аңғалдық болар еді. Əлі буыны қата қоймаған жаңаны орнықтыру
принципі көркемдік нанымдылық пен шешімін түгелдей таппағанымен жарқын болашаққа деген сенімнің зор екендігі анық сезілетіні сөзсіз. Жаңа қоғам мен ескі қоғам арасында «кімді-кім жеңеді?» деген мəселе əлі түбегейлі шешіле қоймаған уақыт та халыққа тарихтан хабар беріп, уақыт талқысын түсін діретін, алға басқан қадамының айқын бағытын аңғартатын публицистикалық сазы қалың роман-эссені өмір дің өзі тудырғанын аңғармасқа болмас. Əлеуметтік күрделі оқиғаларды қамтыған роман-эссенің шын көркем шығармалар қатарынан орын алатын қасиеті де осында. Мемуарлық сипаты қалың сақталған роман-эссе өз оқушысын баурап алып, халықтық шығармаға айналғаны тегін емес, «Еңбекші қазақ» газеті «Тар жол, тайғақ кешуді» таныстыру мақсатымен жарияланған бір мақаласында «бұл күнге шейін қазақша шыққан кітаптардың ең көрнектісі. Оның материалдары келешек тарихшыға аса қымбат болуында дау жоқ. Бұл жағынан Сəкен жолдастың еңбегі – қымбат еңбек»1 деп жазса, 1929 жылы 15 сентябрьде Əбділдə Тəжібаев шығарманың көркемдік қасиетіне, əлеуметтік мəніне тоқтала келіп, «жаңа өрбіп келе жатқан жастарға жол басшылығы мол туынды» деп білді. Роман-эссенің көркемдік шарттарына толық жауап беретіндігіне тартымды да сұсты фабуласы ғана емес, жекелеген оқиғалардың жанды суреттелуі, деректердің қызықты қиюласуы ғана емес, адам образын жасауға талаптанған жəне көпшілік жағдайда ол мақсатына жеткен тарауларынан анық көреміз, құмарлана оқимыз. Біздің бұл зерттеуіміз роман-эссенің жазылу тарихы, əр алуан басылымдарын салыстырып, өзекті арнамен айтуды көздегендіктен Сəкеннің өзі көптеген өзгеріс жасап отырғанын көрсете кеткен орынды деп білеміз. Мəселен, 1924 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының №3 санында жарияланған «1918 жылы Ақмолада совет үкіметінің құ лауы» деген тарауында Сəкен өзін пəтеріне келіп тұтқынға алған сəттегі ауа райын, ереуілдеген атты жандайшаптар ды, елеңдеген қала көрінісін: «Күн ашық, жылы еді. 1 «Еңбекші қазақ», 21. 06. 1928.
Шаңқыл дап, жаңғырып анда-санда атылған мылтықтың дауысы қақ тулаққа тиген сабаудың дауысындай. Ерсіліқар сылы шапқан атты кісілердің дүбірі, əр жерде шулаған, ереуілдеп самбырлаған жұрттың дауысына қосылып қаланы сəйгел тиген сиырға ұқсатты»1 – деген суретпен басталған. Ал осы тарау 1927 жылы шыққан кітапта едəуір кеңейтіліп, толықтырылып берілген, өзінің тұтқынға алынғанға дейінгі сəтін де біршама баяндай жазған. «Түн ортасына дейін жазу жазып отырып, кеш жатып, кешірек тұрдым. Жатқан пəтерім Мұқымбай деген сарттың жесір қатынынікі еді. Жуынып болып шай ішіп отырғанымда, жатқан үйімнің бір кішкене баласы жүгіріп кіріп келді. – Қазақ-орыстар станицада жиналысып жатыр. Бəрі қылыш-мылтық асынып алыпты. Бір тобы Совдепке кетті. «Совдепті ұстаймыз» – дейді. «Омбыда, Қызылжарда Совдеп құлапты дейді...» – деді. – Не дейді? Бар, біліп кел, – деп баланы қайта жібердім. Бала жүгіріп кетіп, тез қайтып келді. – Совдепті барып қамап, есіктерінің алдында тұр. Совдепке барып отырған Бочак, Павловтарды ұстап əкетті. Енді бір топ аттылар Кубриннің үйіндегі қызыл əскерлерді қамап тұр»2 – деген жайлар баяндалыпты. Роман-эссенің 1936, 1960, 1977, 1988 жылдардағы басылымдары осы бірінші 1927 басылым негізінде, яғни кеңейтілген түрінде басылған. Бірақ сөйлем мағынасында пəлендей өзгеріс болмағанмен кейбір сөздерге соңғы басылымдарында қалам ұшы тиген, кісі аттарын алып тастаған тұстары бар. Бұндай жəйт ке арнайы мəн беріп, əңгімелемегенмен адам аттарының өзгеріске түсуі роман-эссенің əлі айтары аз емес екенін аңғартқандай. Мысалы, Шүкен Тіналин (1927, 192-бет) кейінгі басылымда Білəл Тінəлин (1977, 143-бет), Шəріп Ялымовты, 1924 жəне 1927 жылдары, тіпті 1936, 1960 жылғы басылымдарда аты аталған кісіні кейін литоның өкілі не редактор қаламының ұшымен сыза салған жайлар жиі 1 «Қызыл Қазақстан», 1924, №3, 152, 153-беттер 2 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 192-бет.
кездеседі. Сəкеннің авторлық құқын аяқ асты еткендеріне не деріңді білмей қайран каласың. Олар өздерінше Сəкеннің «қатесін» түзетпек болып «аюдың жақсылығын» істеп отырған жоқ па екенбіз деп те ойланбаған. Роман-эссенің «Совет үшін күресте» деген тарауы ның «Көңіл» деген бөлімшесінде «Бірлік» жастарының 1918 жылы 20 сəуірде алған қаулысын келтіреді де, 1924, 1927 жылдары «Міне, осы ант уəделерін мықтап ұстаған. Жəне Семей жастарының өкілі Мұқтар Əуезұлы Совет үкіметіне қарсы болған» (1927, 188-бет) деп жазып, 1936 жылы шығарғанда сол кездегі идеологиялық қысымды ескере отырып былай «толықтырады». «Міне, ана «Алашшыл» жастар осы «ант-уəделерін» мықтап ұстаған. Жəне Семей жастарының өкілі Мұхтар Əуезұлы Совет үкіметіне қарсы болған» деп жазғанда «ана алашшыл жастар» деп 1936 жылы да, онан кейін үшінші 1960 жылғы басылымында ешкімнен именбей жариялағанмен, 1977 жəне 1988 жылдар дағы басылымдарда Мұхтар Əуезовтің есімі алынып тасталған. Мұны айтқанда Мұхаңа əдейі айналып соғу үшін емес, жалпы мұра мəселесіне кешегі кезде жеңіл-желпі қарап, ойымызға келгенді істегенімізді көрсете кету қажет деп білдік. Əрине, осы мысалдардың өзі-ақ «Тар жол, тайғақ кешудің» əр басылымының өз тарихы, өз қасіреті бар екендігін аңғартса керек. Сəкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссеге кіріскенде көркемдік шартын сақтайды. 1916 жылғы санаққа шығу жəйін əңгімелегенде көркем прозаның айлаамалдарын толық қолданады. Əсіресе қазір халықтық əнге айналып кеткен «Əупілдек» хикаясын барынша тартымды да ажарлы суреттейді. Сəкен 1916 жылы мамыр айында елмен етене араласқан кезінде «ел іші – өнер кеніші» деген ұлағатты қағиданы дəлелдей, нақтылай түсетін оқиғаға тап болған. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің бірінші бөлімінде Шабырада, яғни казір Ақмола облысының Атбасар, Астрахан, Макин жəне Алексеев аудандарының түйісер тұсындағы 12 болыс елге мал санағын алуға барады. «Бұл ел – бай, Бай ел – күйлі» деуіне қарағанда Сəкен бастаған санақ комиссиясы біраз аялдаған сияқты.
Шабырадағы елдің санаған алып болып, аттануға ниеттеніп жатқанда «Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн жатуымызды сұраған соң, бір-екі күнге тоқтадық. Қара сабаның жанды құмар қылатын тəтті, мес исі аңқыған сары қымызы. Бағлан тоқтының еті. Таза ауа, көк орай шалғын, сыңсыған бай бейбіт ел кімді айналдырмайды»1 – дейді. «Өзін қоршаған өмірден əрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша əсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нəзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындығына бейтарап қала алмай, тербеле тебірене, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату, – бəрінен бұрын ақынға тəн қасиет»2 – деген тұжырымға сүйенер болсақ, суреткерге тəн осы ерекшелік автордың жан тебірентер «Əупілдек» əнін суреттеуінен байқалады. Жерінің көркіне елінің бақыуаттылығы нəр берген, сылаңдаған сұлулары əр берген Шабырадағы кешкі ойынсауықта орындалған «Əупілдек» əні Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің тартымды тарауы. «Əупілдек» əнін бұрын-соңды естіп жүрсе де осы кештен кейін Сəкеннің санасында, эстетикалық танымында адам тағдырымен тамырласып жатқан көркемдік дүниесінің өшпес із қалдыруының сыры неде деген сауал еріксіз өзінен өзі қойылады. XX ғасырдың басында қазақ зиялылары қыз мұңы, қыз зарына ерекше қарағанның өзінде де, мұңлы қыздардың атымен аталатын зарлы өлеңдердің сол кезде дүниеге көптеп келгені, соны жаны нəзік, сезімтал Сəкеннің талай естігені кім-кімге де аян болар. Солай бола тұрса да Сəкеннің əн мен қызды, «Əупілдек» пен Қабибаны қабаттастыра суреттеуі қандай көркем шығармаға болса да ажар бітіретінін аңғармау аңғалдық болар еді. Сəкен көрген-білгенді хабарлап қоюдан гөрі роман-эсседе суреттеп жеткізуге айрықша құмартқан, сөйтіп өзінін жазушылық қолтаңбасын аңғартып тастап отырған. Мұндай машық пен оңтайлы сəттер шығармада өте көп кездесетінін ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Міне, соның нақты үлгісі осы əнмен қызға арналған «Əупілдек» тарауы. 1 Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 6-бет 2 З. Қабдолов. Сөз өнері 1992, 12-бет
«Көкпеңбек болып жайнаған жаз. Жаздың барқыттай жұмсақ кеші. Неше түрлі, кілем, түскиіз, перде ұстаған, безеген отау. Арқаның жұтынған, көлбеңдеген сұлулары. Бəрі қосылғанда кімді мас қылмас, кімді балқытпас. Түрлі ойын ойналып жатыр. Ойынның шарты – өлеңмен. Домбыра қолдан қолға көшеді. Бір кезде Байсейіт екеуіміздің арамыздағы қыз əн салды. Орта бойлы, қап-қара көзді, қара торы жастау қыз. Жасы не 15, не 16, көп болса 16–17 жаста. – Қабиба домбырамен айтсын, домбырамен! – деді жиналғандар. Өзге қыздар домбырамен айтқан жоқ еді. Қабиба қолына домбыраны алды. Дуылдап отырған жұрт теп-тегіс тына қалды. Жас қыз ұшатын лашынша сəл жөнделіп, қозғалып қойды. Мен де қозғалып, Қабибаның орнын кеңейттім, Қабиба маған қарап жымиып; – Отыра беріңіз бұрынғыдай, – деді. – Кəне, кəне, шырағым бөгелме, ана қасында отырған жігіт лебізіңді естісін, – десті. Қабиба домбыраны даңылдата бұрап, күйге келтіріп алды да, əдемі сүйріктей саусақтары лашынның қаққан қанатындай ойнап, пернелерді сыдыртып, екінші қолының саусақтары күміс табақта алтын бұршақ атқылағандай домбыраны шертіп, қағып-қағып жіберді. Кеудесін қозғап, ілгері керіңкіреп тастап Қабиба домбырамен бірге шырқап қоя берді. Үйдегі лық толған жұрт тым-тырыс. Барлығының көзі Қабибада. Сылдыраған əдемі дауыспен Қабиба шырқады. Əннің, дауыстың ырғағына домбыраны билетті. Жаз күні жырлаған бозторғай мың құбылтып, құйқылжытып көкке қарай өрлейді. Боз торғайдың жыры маужыраған жер мен көкті тербетеді. Міне, тап сол бозторғай Қабиба сұлу даусын көкке өрлетті, Отырған жұрт əнге сұқтанды. Əдемі дауыс иесі Қабибаға сұқтанды. «Тағы да, тағы да» деп жұрт дабырлады. Тағы да үш-төрт əнге салды. Тебіреніп отырып «Əупілдекті» айтты. Енді Қабибаның əнінен басқа əн естігіміз келмеді. Ойын қызды, жұрт Қабиба əнінің əсерімен желпініп, əуеленіп алды»1 – деген суреттеуді əдейі тұтас келтіріп отырмыз. 1 Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 11-бет.
Біріншіден, Сəкен қаламының ұшқыр да оралымды, сөзбен қандай сурет салуға да құдіреті жететіндігін көрсету болса, екіншіден, осы картинаны көз алдымызға түгел елестете алатындай көркемдік бояуы мен іс-əрекет барын көреміз. Үшіншіден, Сəкен осы роман-эссенің өн бойында талай рет көркемдік нақышына келтіре суреттейтін, көзге көрсете баяндайтын талай оқиғаларды жазушылық тұрғыдан құмарта жазғанын байқаймыз. Олардағы сөз бен бояу əрқашанда сезіммен, көңіл күйімен астасып, оқушыны еріксіз баурап алады. Ал мұндай қасиет шебер қаламгердің қолынан шыққан ажарлы шығармаларға ғана тəн болады. Қалың көпшілік Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешуін» ең əуелі терең тарихилығы үшін, саналандырған қасиеті үшін, сонан кейін шын көркем шығарма жасап бергені үшін қастерлейді, қадірлейді дейтін деріміздің бір сыры осындай көркем полатноларға байланысты. Алдын ала ескертетін бір жай, жазушы Сəкен өзінің роман-эсесін жазып отырғанда тарихи шындықты дəлелдейтін құжат пен деректерді, əсіресе газеттерде жарияланған мақалаларды келтіргенде тұсалған атша сезінетін тұстары өте көп. Сондай жайлардан босап кеткен шақта қаламды еркін сілтеп, талай тартымды хикаяларды шертіп-шертіп жібереді. Тіпті қиял қысқан кездерде тарихи оқиғалардың өзіне сыздықтап отырып əп-əдемі бояулар жағып, романэссенің көркемдік қуатын күшейтіп отыратын сəттері аз емес. Сəкен «Əупілдек» эпизодын суреттеген уақытта əннің тарихынан гөрі əнді орындаушының сырына көп мəн берген «Əупілдек» əнін нақышына келтіре орындаған əнші Қабибаның тіпті образ деңгейіне көтеріліп бара жатқанын аңғарғандаймыз. Егер Сəкен əнші қыздың образын жасау мақсатын көздесе Қабиба біздін сүйікті кейіпкерімізге айналып кетеріне шүбə келтіру қиын. «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы алғашқы басылымын қараған кезде əн тарихының негізі орындаушыда жатқан сияқты. Осы төңіректе бұрын-соң ды сөз болған болжамдардың қисындылығын да тарата баяндаған орынды болмақ.
Шығарманың бірінші басылымында ойын-сауықтың бас талуы, Қабибаның төгілдіре əн салуынан кейін Сəкеннің қасындағы татар жігіті Ғалымжанның қазақ болмағанына, ең болмаса қазақ ішінде өспегеніне өкінумен «Əупілдек» жөніндегі əңгіме аяқталады. Ал осы тарихи туындысын автор 1936 жылы қайта толықтырған тұста, ойын-сауықтан кейінгі əн əсерін оқушысына сездіріп қоймай, осы əннің аты болған «Əупілдек» көлінің де, оны орындаушы Қабибанын да бар сырын оқушының көз алдына елестетіп, есіңде ұзақ сақталатындай əсерлі етіп суреттеген. Шығарманың бірінші 1927 жылғы басылымында Қабибаның өңді орындау шеберлігін «Боз торғайдың жырын тыңдайсың. Жалғыз сен емес, бозторғайдың жырын жер мен көк те тыңдайды. Боз торғайдың жыры маужыраған жер мен көкті тербетеді... Міне, тап сол боз торғай Қабиба»1 деген көріністі Сəкен 1936 жылы əлдеқайда дамытып ең бір лирикалық бетке айналдырған. 1936 жылы: «Аққудың сыңқылдаған сұлу, мұңлы үні сыбызғының күйіндей естіледі. Оның үні көл үстін сыңғырлатып сызылып, қалтырап əдемі толқындалып естіледі»2 – деген суреттеулермен жалғастыра келіп: «Менің де қосқан жырларымның əрбір үзінділері қиялыма келіп тізбектеліп жатты»3 – деп «Əупілдек» əнінің əсерімен өзі жазған алты шумақ өлеңін келтірген. Əрине көркемдік тұрғыдан жетілу, толысу жағынан келер болсақ, 1936 жылғы редакция «Тар жол, тайғақ кешудің» оқушыға жетер арналарын кеңітіп, мол тынысты шығарманы шыңдай түскені сөзсіз. Сондықтан да қалың оқушыға осы редакциясы совет заманында саяси тұрғысымен қатар көркемдік жағынан да айрықша қолайлы болды. Өркендеп келе жатқан қазақ прозасының кестелі қоржынына түсер олжаның ажарлы болуын, сөз жоқ, Сəкен қалады жəне аянбай еңбек етті. Соның бір көрінісі осы «Əупілдек», Қабибаға арнаған беттері. 1 Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 9-бет 2 Бұл да сонда, 1927, 13-бет 3 Бұл да сонда.
Енді осы проблемаға пенделік көзбен де қараған оғаш бола қоймас. 1916 жылы кездескен Қабибадай сұлуды араға он бір жыл өткен соң, яғни 1927 жылғы бірінші басылымында онша көріне қоймаған аруды 1936 жылы үстемелей суреттеудің қандай сыры бар? Біздіңше, біріншіден, өз шығармасына көркемдік сипатты көбірек дарыту мақ сатын көздесе, екіншіден, сұлулықты, ажарлылықты, əсемдікті айрықша ардақтайтын Сəкен Қабибаның шын сипатын көркем образ деңгейінде көрсетуге талаптанғаны ерсі қылық емес. Т. Кəкішевтің «Сəкен аялаған арулар»1 атты эссесінде Қабиба – Сəкен байланыстарының жаңа бір арқауы болар детальдардың шеті көрінеді. Оны «Сарыарқа» журналында Сəния Əбен келіні «Шабырадағы «Əупілдек» əні», немесе «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы «Қабиба қыз хақындағы дерек» дегенде қызық жайлар бар. Сəния Қабибаны 1955 жылдан бері біліп, талай сөйлескен. Ел-жұрт «Сылқым кемпір» деп атайтын Қаби баның 1955 жылғы кескінімен де таныс болайық. «Байыптап қараған адамға жасы елуден асып (ол кісі 1901 жылы туған), егде тартқанына қарамастан аққұба өңінің қаны таймаған, көзінің оты мейірленіп тұрады екен. Шетін күміс шатырамен өрнектеп киген ақ шəйі кимешек жарасым тауып, көрік берген. Аппақ жұмыр екі білегінде нағыз зергер арнап соққан өрнекті қос білезік, он саусағында əрқайсысы құнан қойға бергісіз жүзік»2 киген «кемпірді» көзге елестетіп көрудің өзі Сəкенді еріксіз еске түсірсе керек. Осы суреттемедегі қызықты деректерді сол журналдың 89–90-беттерінде «Əупілдек» деген атпен жарияланған мақаланың түсіндірмесі жəне 17 шумақ өлең жалғастырып, жаңа шығармаға арқау болғандай. 1916 жылы Шабырада болған ойын-сауық тарқар кезде Қабибаның Сəкенге: – «Əупілдек» əнін ұмытып қалсаңыз ертең біздің үйге келіңіз, əрі қонақ болыңыз, əрі əн үйреніп кетіңіз, – деген қуақы сөзді екі шумақ өлеңмен: 1 «Жалын» журналы, 1994, № 7-8, 96-171-беттер. 2 Сəния Əбен келіні. Шабырадағы «Əупілдек» əні, «Сарыарқа» 1994, № 3, 75-бет
Кең маңдай жарасқандай шешен жаққа Дуаннан келе қапсыз біздің баққа. Қар да лаулап жанады, – дейді халық, – Ертегімен еш қытай ебін тапса. Қоштаспай кете берем ақын Аға, Атып келеді рауандап таң да жаңа. Қарлығаш қанатындай сұлу əнге, Құмартсаңыз ашылар ой мен сана,1 – дегені əсем əннің əуеніне оралып қалған ақын жанды сезімтал Сəкеннің жүрегіне, қымыздай еліткен қыз қылығы жай отын тастап кетпеді ме екен?! Олай болуы да əбден мүмкін-ау, өйткені: «Күні бойы өзін байсалды» ұстап, үлкен мəдениеттілік танытып, тəкəппарлау отырған Сəкен Қабибаның мына екі шумағына қыпылықтап ыңғайсызданып қалады да тек: «Қарындас, құрметіңізге рақмет, күн көтерілгенше қош!» – деуінде біраз мəн жатса керек. Қалай болғанда да Сəкен тек саяси-əлеуметтік деректерді, төңкеріс шындықтарын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіне ықтиатты жəне анық та адал түсіріп отырумен қатар өзі кездескен адамдарды, қыз-қырқын, аруларды көркем əдебиет əлеміне əкеліп суреттеуден іргесін аулақ салмағанын көреміз. Ал мұның өзі саяси-əлеуметтік негізі қалың шығарманың реалистік арнасын жұқартпау үшін, оқушыны сендіре түсу үшін өмірде болғандарды сол күйінде атыжөнін өзгертпей жазуды мақсат тұтқанын көрсетеді. Сонымен бір ғана көріністі дамыта суреттеу арқылы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссенің негізгі сюжеттік арқауын ажарлаған өмір шындықтарын көп табамыз да, оның əрқайсысына мəн бере қарау екендігін ұғамыз, өйткені бұл шығарма көп қыртысты тарихи да көркем дүние, əдебиет қоржынындағы асыл қор. Əрине, көркем шығармада пенделік сипаты бар көріністердің жан жадыратар сəттері көп болады. Алайда осы «Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдік қасиетін арттыра түсу 1 Сəния Əбен келіні. Шабырадағы «Əупілдек» əні, «Сарыарқа» журналы. 1994, № 3, 75-бет. 2 Бұл да сонда, 76-бет.
үшін Сəкен талай айла-тəсілге барған жəне оның бəрін тек өз жанынан шығара бермеген. Сəкен Сейфуллин шығармашылығы, əсіресе «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің тарихын жіті бақылайтын болсақ, талай қызық құбылыстарға тап боламыз. Бір сəт сезім пернесіне қол тигенде өлең туып, артынан оның əңгіме-хикаяға не публицистикалық мақалаға айналып жат қанын талай байқаймыз. Ал осы процестің бір көрінісі Сəкеннің үлкен шығармаларынан да байқалады. Оған кейінірек кезде жазылған «Жер қазғандар», «Айша», «Жемістер», «Біздің тұрмыс» атты хикаяттарын (повесть) былай қойғанда «Тар жол, тайғақ кешу» идеясы туып, жазбау мүмкіндігінен айырылғанға дейін Сəкеннің «Бақыт жолына» жəне «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалар жазып, қазақ сахнасына шығарғанына жəне «Бандыны қуған Хамит» атты динамикасы күшті əңгімесін жазғанына ойлана көз тастасақ роман-эсседегі оқиғалардың басқа жанрларда ертерек жазылып, суреттелгенін көрер едік. Сəкен 1916 жылғы патша жарлығының қазақ даласына қаншама зобалаң əкелгенін «Тар жол, тайғақ кешуде» талай-талай суреттермен көрсетеді, соның алғашқы елесі «Бақыт жолына» пьесасындағы негізгі шиеленістен, əке мен бала арасындағы тартыстан өрби отырып, қоғамдық өмірде орын алып жатқан жайларды сынайды. 1917 жылдың күзінде «Бақыт жолына» атты пьесасы жазылғаны, 1918 жылдың маусым айында Ақмола жастарының үш күндік сауық кешінің репертуарына айналғаны жəне оның сюжеттік желісі 1916 жылғы жарлық кезіндегі оқиғаны шынайы қалпында көрсетуге бағытталғанының едəуір мəні бар. Терлікбай кенже ұлы Телжанды майдан - ның қара жұмысынан алып қалу үшін жалғыз қызы Мүслиманы Нөкербай болысқа тоқалдыққа беріп, тыл жұмыстарына əкетуден алып қалмақ болады. Параның мұндай да түрі болғанын көреміз, өйткені зұлымдықта шек жоқ. Алайда жаңа кезеңде ер жеткен Ермек əке шешіміне қарсы шығып, зұлымдардың жоспарын жүзеге асырмай тастайды. Қарындасын сүйгеніне – Біржанға қосып, бақыт жолына шығарып салады. Əлеуметтік мəселені өзек ете отырып əр кейіпкерді дара-
лап көрсетуге, драмалық тартысты өрістетуге мүмкіндік беретін оқиғаны алу арқылы Сəкен қазақ əдебиетіне жаңа шығарма сыйласа, казақ драматургиясының негізіне өзінің алғашқы кірпішін қаласа, екінші жағынан болашақта жазылар «Тар жол, тайғақ кешудің» бір желісін тартып қойғаны еш дау тудырмаса керек. Осы пьесада Сəкеннің əшкерелейтіні, сынайтыны – қазақ жастарын қара жұмысқа алу жарлығымен қазаққа көптен бері орыс шенеуніктері сіңіріп келе жатқан жаман əдеттің, яғни пара алудың жөн-жосықсыз, тежеусіз сипат алғандығын суреттеу. Мұны біз роман-эссенің алғашқы тарауынан оқып, жарлықтың алғашқы хабарының өзі Сəкенді де, ел жұртты да қатты əбігерге салғанын көреміз. – «Япырай, мынау бір жаман уақиға екен! Əскер жұмысына кісі керек болған соң, қазақтан алайын дегені ғой, – дедім. Əрине, əскердің қара жұмысы дегенге ешкім нанбайды. – Бұл əшейін алдаған іс қой. Солдаттың нағаз өзі ғой бұл. Ой, құдай-ай, бұл не деген сұмдық?! Ой, пірім-ай, – десті. Жұрт тіпті үрейленді»1 дегенді алғашқы хабардың дүмпуі десек, патша жарлығы шындық екені əбден мəлім болған тұста казақ елінің мұндай қорлыққа шыдамасы ның бір белгісін анық көреміз. Дер кезінде басшылық жа сайтындар болса, қазақ жігіттері көтерілуге əзір екені бай қалады. «Қазақ əбден ереуілдеп, атқа мініп алған, гу-гу сөз. Топ-топ жиналыс, жұрттың аузында солдатқа қазақты алу əңгімесі, қазақтың оған «бармауға тиісті» екендігі. Қиғаш сөз айтқанды дұшпан көреді. Жұрт əбден көтерілген. Кө зіне орыс көрінсе, жүндей түтпек. Бəрі қолдарына түкіреді»2 деп далада болып жатқан құбылысты сұсты етіп суреттеуі қала жағдайына, яғни патша жарлығының орыс жұртшылығына да тигізіп жатқан кесірін керсете кетеді. «Ақмола үрейленген. «Қазақтар қалаға келіп, қаланы шауып, талап алмақ» дейді деген сөз жайылған. Қаланың тұр ғын орыстарында үрей жоқ»3 деген баяндаулардың көркемдік əсері жоқ деп ешкім айта қоймас. 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 27–28-беттер. 2 Бұл да сонда, 35-бет. 3 Бұл да сонда.
Ел ішінің осындай күйге түскенін əркім өз пайдасына шығарып жатқанын көрген уақытта, Сəкеннің қаламы əсіресе парақорларға ащы уу төгеді, арам пиғылдарын шындап сөгеді, ащына əшкерелейді. «Ел шабылуда Ұлықтардан ынсап кеткен. Кім ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады. Нашардың жылауы күшейеді. Оларға жəрдем қылар, болысар кісі жоқ. Бар малын кулардың құлқынына тықты. Ардан, ұяттан безіп, қиянаттың, жауыздықтың дəуірі ашықтан ашық жүрді»1 дегендерді жай ғана баяндау деп айта алмасақ керек. Осындайда көзбен көрген шындықты Сəкеннің «Бақыт жолына» пьесасына əшкерелегіш арқау қылуы, ақшаны қойып адаммен пара алуға көшкен қорқауларды суреттеуі, сөз жоқ, іштей бір-бірімен қабысып жатқан əлеуметтік проблема екенін аңғартады. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі мен «Бақыт жолына» пьесасын өмірлік материалына, тарихи шындығына қарай бауырластырған уақытта «Қызыл сұңқарлар» атты төңкерісшіл драманың бүкіл сюжеттік желісі кейін жазылған роман-эсседе тарамдатыла, тереңдетіле суреттелгенін көреміз. Əрі-беріден соң 1920 жылы жазылған «Қызыл сұңқарлар» роман-эссені жазудың алғашқы себепкері болған жоқ па екен деген ой да келеді. Қалай болғанда да дауылды дəуірдің адамдарын тарихи шындық негізінде көрсетуге қадам жасаған Сəкен екені белгілі. Сондықтан 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған сынның төңкерісшіл образына айрықша шүйлігуі тегін емес. «Жазушының адам танымайтындығынан бар кісі бір-ақ кісі болып кеткен, сөйлетіп қойған граммафон секілді, бəрі Сейфуллиннің бір-ақ қалыбына соғылған жансыз адамдар»2 деген сынның өтеуін «Тар жол, тайғақ кешу» романымен қайтарғысы келмеді ме екен деген ой келеді. Сондықтан «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіндегі Сəкен бейнесі, еңбекші жұртшылық үшін жанын беруге даяр төңкерісші образы, драмадағы Еркебұланның жан-жақты суреттеліп, толыққанды образға айналуы тарихи деректермен, өмір 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 50-бет. 2 Қоңыр «Қызыл сұңқарларға сын». «Шолпан» журналы, № 2-3, 1922
шындығымен жарасымдық табуы қазақ əдебиеті үшін олжа болғаны даусыз. Əрине, «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі əлеуметтік тұрғыдан бағалау кəзір белгілі арнаға түскенімен, Нəзір Төреқұловтың 1928 жылғы ойының, яғни «Сəкен өзін мақтапты. Сəкен баяғы Сəкен. Сəкен өзінің ту баста таңдап түскен жо-лыңда»1 деген сөзінен ұзап кете алмай жүргендер де жоқ емес. Сəкен өзін ғана емес, өзгелерді де тарихи шындық деңгейінде əңгімелеп, қажетті жерінде образ деңгейіне көтеріп, көркем шындық жасағандығын көрмеу əбестік болар еді. Осы өміршең шығарманың соңғы бетін оқып шығып, ойша шолған уақытта кітап авторының, яғни Сəкен Сейфуллин образының қастерлене соғылғанын, көркем бейнеленгенін көреміз. Ол оқушының таныс-бейтанысы болып қуанған-шаттанған тұста қалың көпшіліктің көңілін көтеріп тастаса, азап-бейнет, қорлық-зорлық көрген шақта аяушылық сезімін тудыратыны, төңкеріс жолындағы еңбегінің ақталғаны, əр оқиға тұсында көрінетін мінез-машығы, ар-ұжданның асқақтығы, табандылығы мен шыншылдығы кімді болсада өзіне тілеулес ететіні сөзсіз. Қа зақтың жаңа əдебиетінде алғаш жасалған революционер бейнесі екеніне ешкім дау айта алмаса керек. Сондықтан «Кызыл сұңқарлардағы» Еркебұланның «Тар жол, тайғақ кешудегі» Сəкенмен бауырласа табысуы, сөйтіп көркем образға айналуы тарихи шындықтың бір көрінісі болып оқырман жадында қалады. Алғашқы сəті 1919 жылын орайланып, жылдың желтоқсанында жазылған «Қызыл сұңқарлар» атты революцияшыл драмасындағы Еркебұлан, Лозовой, Жағыпарлар «Тар жол, тайғак кешуде» Бəкен Серікбаев, Абдолла Асылбеков, Жұмабай Нүркин, Захар Катченко, Жанайдар Садуақасов, Шəймерден Əлжанов, Мұқан Əйтпенов, Сабыр Шарипов сынды талай революционерлердің тартымды да жарқын бейнесін суреттеу арқылы толысып, қазақ əдебиетіне жаңа адамның түр-тұлғасын алып келді де, көркемдік жаңалық ашты. 1 Н. Төреқұлов. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы бір-екі сөз «Еңбекші қазақ» газеті, 24.12.1928.
Сəкеннің Еркебұланына дейін төңкерісші бейнесі біздің əдебиетте болған емес. Автор атаман Анненковтың ажал вагонына, Колчактың түрмесіне түскен орыс, қазақ революционерлерінің ой-арманын бір арнаға, яғни кедей-кепшіктердің бақытты заманға жетуіне бағыттай біліп, іс-əрекет үстінде, азапбейнетті көру барысында өсіріп отырады. Ақмола сов деп - шілерінің басынан өткен тарихи шындықты қалың оқырманның жаны ашитындай көркем өрбітеді Еркебұланды өзінің портреті етіп суреттеп, жарқыратып көрсеткені сонша, кейін ол Сəкен деген есімнің синониміне айналып кетті. Еркебұлан образының Ғабит Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» атты қара сөзбен жазған поэмасында өрелене түсуіне «Тар жол, тайғақ кешудегі» оқиғалардың септігі тигені сөзсіз. Қазан төңкерісі дүниенің астаң-кестеңін шығарып, əлі қалыптаса қоймаған өтпелі кезеңіндегі адамның образы жасалып, үлгі-өнегеге айналуы көркем шығарма үшін аз олжа емес. Сондықтан дəуір шындығын, оның қозғаушы күші – кезең ерлерін көркем шығарманың арқауына айналдырып, шынайы оқиғаларды даму барысында көрсету, келешекке үміт арту, жаңа адамның енді-енді ғана туып, қалыптасып келе жатқан бейнесін жасауға ұмтылу, əсіресе «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіне тəн болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Роман-эсседе жасалған автор бейнесімен қатар, онын идеялық бағыт-бағдары ғана емес, айбынды позициясы да көрініп отырады. Образ бен пікірді көркем шығарма арқылы көрсету үшін едəуір шеберлік керек екендігі өзінен өзі түсінікті. Мəселен, төңкерісші бейнесі қым-қуыт уақыт шындығынан өрбіп-өсіп жатса, оңтайлы бейнеленуді қаламаса, жайшылықта, бейбіт өмірде Сəкен оларды жұмысшы қалпында көрсетіп жататын, кейде жұмысшыреволюционерге айналдырып жіберетін тұстары да жоқ емес. Роман-эссенің қоғамдық-əлеуметтік мəн-мағынасын оқиғаға араласқан адамдардың кəсіби қалпы, мінез-құл қы, ісəрекеті арқылы тарамдатып жататын сəттер көп. Сондықтан тарихи деректер мен құжаттарды негізге алып жазылған шығармада саналы түрде бірінен бірін өсіріп, образ жасауға
талпыну тəсілін, көркемдік шартын байқаймыз. Ойдымойдым оқиғалардың өзінен жасалған образдардың толымды ия толымсыз жайларына көңіл аударғанда роман-эссенің көркемдік табиғатын түсінеміз, сонда ғана оның жанрлық ерекшеліктері ескеріліп, оқушының жүрегіне жетер соқпақтардың əр қилы екендігі көрініп жатады. «Тар жол, тайғақ кешу» басынан аяғына дейін өрбіп отыратын тұтас сюжеттік желімен дамымайды. Мемуарлы сипатты эссе болғандықтан да автордың əңгімесіне, баяндауына бейімделе жазылғаны сөзсіз. Сəкен өзінің Омбы семинариясын 1916 жылы бітіріп келгеннен бастап, 1919 жылдың күзіне дейін көрген-білгенін, бастан кешкен жайларын суреттейді. Оқушы жұртшылық революция алдын дағы қазақ ауылының хал-жайы, тұрмыс күйімен, 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерілісінің тууымен, 1917 жылғы ақпан революциясы, қос өкімет, Керенский, Колчак үстемдігі тұсындағы оқиғалармен танысады. Автор өзінің өмірбаянына кең көлемді əлеуметтік оқиғаларды қоса отырып баяндайды. Осы шығарманың басты кейіпкері мен сюжет дамуы барысында кездесіп отыратын азын-аулақ жұмысшылардың төңкеріс жолына түсуіне себеп болған əлеуметтік күштің тегеуріні де көрініп қалып отырады. Адам баласында болатын күйініш-сүйініш, ерлік-ездік мінездердің көп жайы роман-эсседе жазушының өз түйсігі, қабылдауы арқылы беріледі. Бұл, бір жағынан, төңкеріс шіл, большевик Сəкеннің өз образын айқындай түссе, екінші жағынан, қиыншылықты басынан бірге кешкен ер достары мен жұмысшылар бейнесін толықтыра түсудің амалы еді. «Қызылжарда қазақ жұмыскерлері ұйымдасып құралданып, саясат, əлеумет майданына шыққаны белгілі. Жиналып жүретін штабтары бай Өсербайдың үйі. Бұлардың кейбіреуі қызыл гвардияға жазылған. Оған жетекші «Үш жүз» партиясының белсенді мүшелері Ысқақ Көбекұлы, Кəрім Сөтешұлы мен Шəймерден Əлжанұлдары. Көбекұлы тіпті сол қазақ жұмыскерлері гвардиясының командирі. Осындай қоғамдық сапырылыс кезінде Қызылжарда контрреволюциялық төңкеріс болады. ...Қызылжардың байлары, əсіресе мұсылмандардың бай лары, «Алашорданың» құйыршықтары «қала алынды»
деп бір үйге жиналған. Қуанып бірін-бірі құттықтап, «Көбекұлын іздеу керек!... Көбекұлын құрту керек!» деп қауқылдап отырған. Сөйтіп отырғанда, Көбекұлы бастап, қазақ жұмыскерлері «Алашорда» құйыршықтарының үстіне жетіп барған. Іздеп отырған Көбекұлы мылтығын үңірейтіп үйге кіріп келген. «Алашордашылар» орындарында тас болып қатып қалған»1 деген көрініс деталь ғана емес, жұмысшының тегеурінді бейнесін де аңғартқандай болады. Сəкеннің роман-эссесін оқу барысында, негізінен, өзі жəне жолдастары бастан кешкен күрес шындығын ғана көріп қоймай, сонымен қатар Совдеп мүшелерінің зауыт, өндіріс жұмысшыларынан шығып, олармен байланыс жасап отырғанын, шамалары келгенінше бір-біріне көмектесіп, тізе қоса қимылдағанын көреміз. «Нілді, Спасскі, Қарағанды заводтары мен қатынасы мыз жиіленіп, байланысымыз күшейді. Заводтарда да Совдеп құрылды. Заводтардан уездік Совдепке өкілдер жиі келе бастады. Біздің Совдептің мүшелері де заводтарға барып келіп тұрды. Совдептің қазақ мүшелерінен Тұрысбек Мыңбайұлын заводқа жіберіп алдық. Арын Малдыбайұлын жіберіп алдық. Спасск, Нілді, Қарағанды заводтарының жұмыскерлер Совдепінен біздің уездік Совдепке өкілдер келді. Іштерінде жолдас Найман мен Орынбек Бекұлы бар»2 дегендері Сəкеннің жұмысшы əулетіне арқа сүйегендігін көрсеткендей. Жазушы революцияға араласқан жұмысшы бауырларын қызыға əңгімелейді, олардың өмір жолынан нақты мағлұмат беруге құлшынып отырады. Абдолла Омбыдағы съезге барып қайтып келе жатқанда көрген-білгендерін «Жас қазақ» ұйымына былай деп хабарлаған: «Кызылжардағы біраз жұмыскерлер қолдарына мыл тық алып жарақтанған, бұлардың бастығы Ысқақ Көбекұлы, бұлар тіпті жақсы екен. Онан соң Омбы жұмыскерлері де жақсы. Жиырма шақты қазақ жұмыскері əскерге тіленіп жақында кіріпті, көзі ашық бастықтарын көрдім, Угар 1 С. Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 177-бет. 2 Бұл да сонда, 181-бет.
Жəнібекұлы, Мұхаметқали Тəтімұлы, Зікірие Мүкейұлы...»1 дегенін естігеннен кейін Сəкен өзінің түсіндір ме - сін жасайды. «Бұлар – қазақ жұмыскерлерінің кəдімгі өзімізге белгілі, ең алдымен, бір қолымен қызыл ту көтерген, бір қолымен пулемет көтерген шын батырлар. Бұлардың ішіндегі Угар Жəнібекұлы 1912 жылғы жер-дүниеге мəлім сібірдегі Лена заводындағы жұмыскерлер атылуында (Ленинский растрелде) болған жігіт. Міне, шын батырлар осы қызыл əскерлер болып еңбекші тап үшін оққа қарсы шыққандар»2, – деп жұмысшылардың арғы-бергісін хабарлап, үлгі ету ниетін сездіріп отырған. «Тар жол, тайғақ кешуді» құмартып оқымайтын адам аз. Олар бұл күрделі еңбекке өзінің əділ бағасын əр кез беріп отырған. Сыншы Е. Алдыоңғаров 1926 жылы «Ең бекші қазақ» газетінде «Сəкен өзінің басынан кешкенін, өз өмірбаянын алып жазады, үш-төрт жылдан бері «Тар жол, тайғақ кешуді» өзінің төңкерісшіл болып жүрген уақытымен, сондағы жолдастарымен бірге істеген тартыстарынан бастап жазып жүр. Бұлай жазу əдебиет заңында дұрыс нəрсе. Төңкерісші романтизмге (социальная романтика) бұл түгел қосылады»3 – деп жазғаны «Тар жол, тайғақ кешудің» кітап болып шықпай жатып Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі еңбекші, жұмысшылардың қалай қабылдарының қарылғашы еді. Роман-эссе шыққаннан кейін Қарсақпай, Риддер жұмысшылары «осының жалғасын Сəкен жазса екен» деген тілек білдіріп, талап қойғаны тағы бар. Бұл романэсседе жұмысшылардың пəлендей нақты образы жа салмағанмен, шьғарманы оқу барысында тұтқында отырған революционерлердің өздері жұмысшылар екенін, олардың да зауыт, фабрикада жұмыс істегенін, кейінгі кезде қара халықтың бақыты үшін қолдарына қару алып революция жолына түскенін анық аңғарамыз. Олар қандай қиын жағдайда отырса да, өздерінен алыстағы жаны басқа, тəні 1 Бұл да сонда, 181-бет. 2 Бұл да сонда, 181-бет. 3 «Еңбекші Қазақ» газеті. 03. 12. 1926.
басқа, бірақ алдарына қойған мақсат, мүдделері бір жұмысшыларды ойлауы, «олардың халдері не болып жатыр екен» деп күрсінулері ынтымақтастықтың белгісіндей. Сəкен Сейфуллин жұмысшы образын жасау үшін өндіріс тақырыбын тек күрес майданы деп қарамай, басқа құбылыстармен байланыстырып, əр түрлі қырларына да алғыр көзін тігіп отырған. «Жер қазғандар» повесінде жұмысшы бейнесін махаббатпен ұштастырып, жанды тер бетер нəзіктігін, əсемдігін, көңілге жел беріп, жігер ұялатар күш-құдіретін келістіре суреттеуі де осыдан. Оқушы қауымға еңбек пен махаббаттың адам өмірінен алар орны зор, маңызды фактор екенін «түсі суық, тəні шойын, жалаңаш» пенделердің тірлігінен-ақ көріп, əдебиетке осы са лада жаңалық əкелген Сəкеннің қаламгерлігіне өкпелеуге болмайды жəне жұмысшы-төңкерісшінің бейнесін жасауға құштар болды деп құсталаудың орны жоқ. Олай болмаған күнде «Тар жол, тайғақ кешудің» қазақ əдебиетінде проза жанрының, əсіресе романның өсіп-өркендеуіне қосқан орасан зор үлесін кемітіп алар едік. Сəкенді шын қаламгер ретінде таныта алатын жəне туу, өсіп-өркендеу дəуірін басынан атқарып келе жатқан қазақ прозасына оның қаншалықты үлес қосқанын айқындап беретін, ешкімнен жеңілдік жасауды тілемейтін, өз тағдыры үшін өзі күресе алатын айбынды шығармаларының ішінде «Тар жол, тайғақ кешудің» орны бір төбе екенін айрықша атау орынды. Осы роман-эсседе жасаған бейнелермен қатар Хамит, Нияз, Айша, Ғайнилардың қазақ əдебиетінің образдар галереясында жарқырап тұрған, оны Сəкеннің биік көркемдік шеберлікпен жасағаны тасада қалмауға тиіс. Сəкеннің қара сөзге қаламының ыңғайлы болғандығын талай прозалық шығармаларынан тамашаласақ та, Ш. Айма нов атындағы қазақфильмнің толыққанды шығармасы – «Даладағы қуғын» фильмі «Бандыны қуған Хамит» əңгімесі негізінде жасалғаны тегін емес. Өйткені, əңгіме сюжетінің қоюлығы, оқиға динамикасы, өмір көріністерін шынайы қалпында, іс-əрекет үстінде, өрісті даму барысында суреттей білу машығы қаламы шын төселген жазушыға тəн сипат. Ал ол əңгіме 1922 жылы жазылғаны, кейін «Тар жол, тайғақ кешуде» ұтымды тəсіл ретінде талай пайдаланғанын
ескерсек, онда күнделікті өмір көрінісін, яғни бандылар мен күрескен милиция қызметкерлерінің қасіретке толы тірлігін оқушыға қуатты эстетикалық əсермен, жанды ісəрекетпен қаһарман психологиясын терең ашып көрсетуінде үлкен шеберліктің дабы жатқаны байқалады. Сəкен қаламынан келешекте осындай кесек шығармалардың талайы шы ғарына оқушының сенімі күшейе түсіп, романэссемен табысқанына қуанады. Сəкен шығармаларының идеялық-эстетикалық нысанасына жіті назар аударған уақытта көркемдік шеберлікті ұстарту жолындағы ізденістерінің «Тар жол, тайғақ кешуде» үстемелей түскені айдан анық. Сəкен прозасында еленуге тиісті бір өзгешелік – оның шығармаларында публицистикалық саздың қалың болатындығы. Мұны біз оның өлеңдері мен поэмаларынан ғана емес, прозасынан да айқын көреміз. «Тар жол, тайғақ кешудің» өне бойы тұнып тұрған көркем публицистика екеніне ешкім дау айтпайды. Қазақ даласында болған ұлы өзгерістердің шын мəніндегі көркемдік көрініс табуына публицистика өзінің зор септігін тигізген. Міне, сондықтан да, автор роман-эсседе келелі оқиғаларды қуып кетпей, сюжеттік желіні тарамдатпай-ақ, шығарманың логикалық дамуын өсу жолымен алып шығуы, өскен жазушылық мəдениетті танытады. Сəкен прозасын оқығанда жазушының өзіңдік қолтаңбасын танытып отыратын жазу мəнері, сөйлеу машығы, көркемдік тəсілдерді қолдану амалы өзіне еріксіз назар аудартады. Ең алдымен сюжеттік желіні тартқанда Сейфуллин бейнелер мен кейіпкерлердің əрекет ететін көркем сахнасын жасауға ерекше мəн беріп, оқиғаны өрбітуге қажетті жағдайларды баяндарда сөз бояуына тарлық жасамай кесек көрсетіп отырады. Бұл жағынан алғанда уақыт мерзімін барынша ықшамдау машығы ұтымды да əсерлі екенін көреміз. Сəкен портретті бірден жасауды ұнатқан жазушы. Оқиғаға араласатын кейіпкерлердің қайсысының болсада əуелі істейтін ісіне сай түр-келбеті жасалады да, нақты қимылдар үстінде олардың ішкі дүниесі ашылады. «Шүңіректеу табиғи көзді, қыр мұрынды, кең жаурынды, сом, сұлу денесі
серіппелі көк темірден құйып жасалғандай, салалы саусағы қыран бүркіттің түрпілі саусағындай»1 Хамиттің портре ті еңгезер, жалпақ, алақанды, сіңірлі колдары темірдей тиетін банды Құдряға парапар келетіндей келбетте жасалуы болашақ айқастың табиғи түрде өтетіндігінен хабар берсе, екінші жағынан, олардың шын қасіретке толы алыс-жұлыс тарының иə өлу, иə өлтіру үшін ғана қимылдаудың көр кемдік мотивировкасын логикалық түйінге жеткізіп, өмірге құштарлықтан туған эстетикалық əсерінің күштілігі оқушының иланбасқа шарасын қалдырмайды. Нақты ісəрекет үстінде кейіпкер портреті бұрынғыдан гөрі толыса түсіп, көркем тұлға өзінің жанды бейнесімен көрінеді. «Тар жол, тайғақ кешуде» пейзаждардың да үлкен роль атқарғанын көреміз. Көктемнің көк салпағында жұлығы тесілген етікпен келе жатқан қашқын күйі, Баянауылдың көз тартар əдемі көрінісі, жарым көңілді онан ары сыздата түсетін сүреңсіз Бетпақ даланың сиқы, меңіреу дүниенің жер бетіндегі белгісі сияқты шошақ молалардың сұсты суреттері, бірінен кейін бірі алмасып жатады. Сəкеннің шебер қаламынан кəстерленіп шыққан тамаша пейзаждар негізі тұлғалардың ішкі дүниесін ашуға, психологиялық өзгерістердің үздіксіз өрбуіне бағындырылып, шығарманың əсерлілігін күшейтіп отырады. Роман-эсседе детальдарды, штрихтарды ойнату арқылы картина жасау тəсілі жиі қолданылады. Оны Сəкен гротескілік тұрғыда сықақ-ажуаға барарда пайдаланатын көрінеді. Сондыктан «Тар жол, тайғақ кешудің» жанрлық табиғаты көркемдік «заңдылығына» бағынбауымен қоймай, оқушыны еріксіз матайтын қасиеті мен сəттері жиі кездесетінін байқаймыз. Кейде көздеген көркемдік мақсатына жету үшін бол машы детальды ойнатып, есте қалар көріністі гротеск тəсілі мен орындай салатыны «Алашорданың» Əли-хан, Айдар-хан, Əлім-хандары Əбдірахманды ертіп алып, дүрілдетіп Челябинге барады. «Мемлекет кеңесі» Челябинде болмайтын 1 С. Сейфуллин. Бес томдық шығармалар жинағы. Əңгімелер мен повестер. Үшінші том, 1987, 33-бет.
болған соң, учредительное собрание комитетіне көрініп, жəрдем алуға Самараға келді. «Хандар» бір əдемі номерге түсті. Бұлар сол жерде «Күнбатыс Алашордасынан» келген Ж. Досмұқанбетұлына, X. Досмұқанбетұлына, Уəлит-хан Танашұлына қосылады. Жəне бұларға Түркістанда Эргаш əкесінен қашып жүрген Мұстафа Шоқайұлы келіп қосылды. «Алашорданың» əкелген ақшасы көп. Оның үстіне учредительное собрание комитетінен екі миллион сом алды. Самардың арақ-сыра сататын əдемі үйлері, рестораны бұлардың əмірінде, «Алашорда» кеңестерін сол əдемі үйлердің (ресторанның) бөлмелерінде құратын болды. Столдарының үстінде атты əскердей болып, самсап бөтел келер тұратын болды. «Хандардың» кеңеске салған сөздерінің екпіні, алдарындағы стол үстінде тұрған «атты əскердің санына» қарай болатын болды. Бөтелкенің дүмп еткен күші мен сөздері шешілетін болды. Бөтелкенін түбімен қаулылары бекінетін болды»1 деп əсірелегені əрине атақты қайраткерлер туралы естір құлаққа, көрер көзге келісіп тұрмасада көркемдік жағынан нанымды. Өзі роман-эссе жазып отырған қаламгер тек хабарлау мен публицистік баяндаулармен ғана шектелсе əрі келіспес еді, əрі оқушы зерігіп кетер еді. «Атты əскердей самсаған бөтелкелердің» суреттелуі өмір шындығынан алыс емес, өйткені дастарқан басындағылардың бəрі де орыс оқуын тамамдаған, талай қабылдауларда болып жүрген зиялы азаматтар ғой. Алаш азаматтарын əңгімелеген уақытта Сəкен əрқашан таптық қарауылды қатты қойып, ыңғайы келген жерде мысқылдай суреттеу тəсіліне көбірек беріліп кететін кезі де жоқ емес. Əрине пенделік тұрғыдан оны сөкеттеуге бол ғанымен, көркем шығарманың «жандануы» үшін, оқушыны уысында ұстау үшін қажеттігі аңғарылмай қалмайды. Мұндай тəсілдің де өміршең екендігін кейін өркендеген прозамыз талай дəлелдеген болатын. Роман-эссені оқып отырғанда қанша саяси-əлеуметтік шындық болсада оқушының назарын өзіне еріксіз тартып алатын қызықты оқиғалар көп. Солардың бірі – Мұстафа 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 242-бет.
Шоқаевтың Қоқанда жүргенде басынан өткендері. Сəкен бұл көріністі өзі жазбаған. Мұстафа Шоқаевтың «Сарыарқа» газетінде 1918 жылы 24 (11) ақпанда «Хат» деген атпен жариялаған суреттемесін пайдаланған. Сəкен оны мейлінше орынды жəне шығарманың көркемдік арқауын ширата түсу үшін тиімді пайдалана білген. Жəне бұл суреттеме Сəкеннің айтайын, оқушыға əжуалап жеткізейін деген ойына дөп келген, сондықтан роман-эссенің «төл» эпизоды болып жүре бергендіктен оқушының көбі Сəкен қаламынан туғандай қабылдайды. Сонымен қатар Мұстафа қаламының көркемдік шарттарын орындауға жарайтын оралымды да бояулы екенін көрмеу аңғырттық болар еді. Əрі-беріден соң Мұстафа – өзінің басынан өткен оқиға дан тамаша тартымды шығарма жазып шығар еді-ау деген ой еріксіз көлеңдейді. 1918 жылы 31 қаңтарда большевиктер Қоқанға шабуыл жасап, ондағы автономияның берекесін қашырады. Оған басшы болғандар ауыл-қыстақтарды паналап, жылыстай қашуға мəжбүр болған. Соның бірі – Қоқан автономиясының министрі Мұстафа Шоқаев. Оның «Сарыарқада» жариялаған «Хатын» келтірерден бұрын Сəкен оқушының қабылдау қабілетін дайындау үшін өз жанынан біраз шындықты қулана баяндайды. «Большевик солдаттың құр дəрілеп атқан мылтығының дауысымен «Алашорда» тəрізді байшыл автономиялы үкіметтер быт-шыт болып, қаша жөнелген қызық күндер болды. Тынышбайұлы, Шоқайұлы, Ақайұлдары жасаған Қоқан автономия үкіметі солайша тырағайлады. Отты үріп қалса, быт-шыт болып ұшатын жылқы тезегінің күліндей бытырап ұша бастады. Шірік салынды тасыған дарияға бөгет бола алар ма?.. Құр дəрі мылтық дауысынан қаша жөнеліп, əр бұтаны паналап жүргендегі «министрлердің» суретін өздерінің бір əңгімесінен көрейік» деп Сəкен «Сарыарқадағы» жарияланған «Хатты» келтіреді. Қай қыстақтан шығып, қай қыстаққа паналағанын Мұстафа ұзынсонар баяндай келіп, Мұсахан қажының оқыған ба ласы Омарханға кезіккен кезін былай суреттейді. «Жолдасым – атты, мен – жаяу; сарттар мінуге көлік бермеді. Үстімдегі киген киімдерім – сарт киімдері: аяқта кебіс, мəсі, үсте ала шапан, баста қазандай ақ сəлде.
Құмбастыға келген жерде қару-жарақ асынған жиырма шақты сарттар келіп мені тап беріп ұстай алды. – Ə, сен кімсің? – Мұсылманмын. – Қай мұсылмансың? – Қазақпын. – Қазақ қашаннан бояқ мұсылман? – Əлімсақтан бері мұсылман. – Сол қазақтың мұсылмандығына біздің шəгіміз бар? – Сендердің шəктерің болса, біздің қазақтың да шəді бар. – Шəді немене? Қане айтың? – Шəді шеше иімлер диніне (ол «шеш кіме динін» маған бастан-аяқ түгел айтқызып шықты. Құдай бақ беріп, жас күнімде жаттап алғандарымның ұмытылмағаны мұндай абырой болар ма?) Осындай тергеу қылып болған соң менің мұсылман екендігіме сарттар анық сенгендей болса да, онымен қоймай, тұстұстан анталап, ол жер, бұл жерлерді шұқы лап, мұсылманшылықтың онан гөрі көзге көрінетін «нысанасын» іздей бастады. Сол уақытта қасымдағы менімен бір жетіден бері таныс жолдасым Омархан төре ат үстінде маңқиып, тамаша қылып тұрғаннан басқа ешбір жəрдем көрсете алмады. Ол бүкіл Ферғанаға атақты бір ишанның баласы бір ауыз болыс сөз айтпай, атын борбайға бір салып «шу» деп жүріп кетеді»1. Омарханның бұл қылығы Мұстафаның ажалына себепкер бола жаздайды. «Екі қолым артыма таңулы, екі көзім байлаулы. Мойнымда қара қайыстан тұзақ. Ажалды күтіп» отырған кезінде бір таныс кез келіп, құтқарып жіберіпті. Одан кейін де талай қиындықтар көріп, «тоғыз жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қырғыз-казақ қайдасың» деп, қарлы таулар асып жөнеп кеттім. Жəне сарттарға сол арада «қош» айттым. Көргендерім көп еді. Өзім осы күні көшпелі салтқа түсіп, ат үсті болғанымнан орнығып отырып, толықтырып жазуға уақытым жоқ, шырақтарым»2 деген сөзбен хат аяқталады. 1 С.Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. 1977. 114-бет. 2 Бұл да сонда, 116-бет.
Соған Сəкен «Міне Қоқан министрі Шоқайұлы мырза ның хаты. Қоқанға барып, қоқиып министр болып отырғанда жалпы өзбектер мен жалпы қазақ халқының «тілегі бо йынша» отырдық деген «ердің» жайы осы»1 дегенді профессор Б. Кенжебаев кейінгі бір зерттеуінде баяндаған еді. Сəкен Мұстафаның басынан өткен эпизодты енді Қоңырқожа Хожықов пен Мұхамеджан Тынышбаевтың көр гендеріне жалғастырып «Түн тау ішінде» деген сатиралық су реттемеге айналдырды, шын көркемдікке қажетті сөз бояуларын таба білді. «Түн. Жаңбыр құйып тұр. Көзге түртсе көрмейтін қапқара түн. Қалың құзды тау іші. Екі министр əр тасқа бір соқтығады, əр шұқырға бір жығылады. Аттары да сенделді. Көйлекке шейін сорғалап су өтті. Су болмаған түк қалмады. Екі министр сүмірейіп əбден көк иық болды. Жаңбыр сұпсуық, сылп-сылп етеді. Етектен, тоқымнан сорғалап ат бауы рынан ағады. Көк пен жер тұп-тұтас қараңғы. Жаны құрғыр тəтті. Министрлер қараңғы түкпір іздейді. Аттарын ұстап, тастың ығына бүрісіп отырады. Жаңбыр суы сылпсылп етеді. Етектен сорғалап жерге ағады. Екеуі де өздіөзі аттарының алқымында, тастың ығында бүрісіп-бүрісіп отар. Бір мезгілде Қоңырқожа ақырын; – Мұқаметжан! – деді. Мұқаметжан ақырын өлімсіреген үнмен. – Ə, ə, – деді. Қоңырқожа ақырын: – Енді министр боласың ба? – деді. Мұхаметжан кейіп: – Не дейді? Осының-ақ ойыны қалмайды екен?.. – деді» деген картинаны Сəкен сөзбен өрнектеп, романға, жалпы көр кем шығармаға қажетті шарттар екенін еш уақытта ұмытпайды. Өйткені, тарихи деректі көркемдік шындыққа айналдырудың бірі осылай тарамдалуға тиіс екенін Сəкен қатты ұққан. Əлгіндей көріністі өзі сөз бояуымен жеткізгеніне қарамастан Сəкен «міне кішкене сурет осындай, бұл əңгімені Қарақожаның өзі айтып еді»2 деп болған құбылысты көркем құбылысқа айналдыруға талаптанғанын ескертіп қояды. Сол тұста тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуы 1 Бұл да сонда, 117-бет. 2 С Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 118-бет.
жанданып, оқушыны еріксіз өзіне тартып отырғандығын көзбен көргендей боламыз. Жалпы «Тар жол, тайғақ кешудің» қай тұсын, қай кезеңін алып қарамайық, Сəкен оны тарихи деректердің қойма сы на айналдыруды мақсат етпей, əрқашан да оқушының əдеби талғамын, эстетикалық қажеттігін ойластырып отырған. Əрине, Совдеп құлап, төңкерісшілердің көбі қолға түсіп, түрмеде зарығып отыруы, тергеуден өтуі, Қызылжарға қыс ішінде айдалуы, Сібірдің сақылдаған сары аязында атаман Анненковтың ажал вагонына тиелуі, жеті қат жер астында болатын тозақты тəнімен сезуі, доңғалақ үстіндегі тамұқта 47 күн біресе ыстыққа қақталып, біресе суықка тоңғаны, сайып келгенде, адам баласының басынан өтетін қияметқайымды Сəкен жəне оның жолдастары көруі тек қаламмен жазуға оңай дүние. Оқушыны жалықтырып алмау үшін шындық пен көркемдіктің жігін білдірмей қабыстыра білу, сөз жоқ, қаламгерден хас шеберлікті талап етері сөзсіз. Осындай өрелі эстетикалық талаптың биігіне шыға білген «Тар жол, тайғақ кешудің» халықтық туындыға айналуы əбден заңды еді. Тартымды шығарманың бір жері суретпен толысып, бір жері тарихи деректермен дəйектеліп жатқанына назар аударып, мəн берген оқушы болған емес. Олар тарих пен əдебиетті тұтас бір дүниедей, өмірдің өзіндей қабылдағаны 1927–29 жылдарда Сəкенге жеткен хат-хабарлардан-ақ белгілі болған-ды. Осы мазмұндалған оқиғалар жайында Нəзір Төреқұлов сынына қайтарған жауабында «Алашорда министрлері нің қашқанын несіне жазған деп шамданады... Əрине, Сəкен «Тар жол, тайғақ кешуді» жазбаса талай «батырдың» жанына жағар еді. «Алашорда» министрлері Тынышбайұлдарының қашқандарын суреттемесе талай білімпаздарға жағар еді»,1 – деп Сəкеннің кекесін айтуы көркемдік сипаты бар тараулардың айрықша əсерлі болғанын көрсетсе, екінші жағынан, тарихи шындықты оқушыға қалай жеткізудің тиісті жөн-жосығын аңғартқандай. Əрине, бір эпизод қана емес, бүкіл роман-эссенің бойында осындай көркемдік 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 382-бет.
нақыштары өте жиі кездеседі, сондықтан «Тар жол, тайғақ кешу» өзінің əр дəуірдегі оқушысымен əрі тарих, əрі көркем шығарма болып табыса беретіні осыдан. Ешкім еш уақытта енжар қала алмайды. Өз заманының шежіресіне айналған шығарманың бар оқиғаларын бір еңбекте айтып тауысу қиын болғандықтан, жаңадан қосылғандарға назар аударған орынды. Сəкеннің қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесін айтқанда 1927 жылғы басылымда жоқ, 1936 жылғыда бар біраз суреттерге тоқтай кетсек, жазушы қаламының қалай шеберлене түскенінен хабардар боламыз. Жайлана отырып жазылған біраз оқиғалар көркемдік нақышына жетіп, иі қанғандықты байқатады. Сəкен роман-эссені кітап етіп шығарарда: «Бұл «Тар жол, тайғақ кешу» əңгімесінің бас жағы бұрын «Қызыл Қа зақстан» журналына бөлшектеніп басылған еді. Сол басыл ғандарды жиып, жөндеп, тағы қосып жазып кітап қылдым, бірақ уақыттың тарлығынан асығыс жазылды. Сөзді шеберлеп түзеп, тізіп отыруға уақыт жоқ болды...»1 деп ашық айтты да, роман-эссенің 421-бетінде «Ақыры бар. 1926 жыл. 17 апрель. Қызыл-Орда. Сəкен» деп қол қоюмен аяқтады. Осы арада екі жайға назар аударған жөн сияқты. Асығыс жазылды, шеберлеп отыруға уақыт болмады дегені оқиғаларды жүйелеу, құжаттарды сұрыптау, артықкемін сылып тастауға мүмкіндіктің болмағанымен, қатар сөз саптауда, сөйлем құрауда кейбір сілтілер кездесетінін ескерткені, шығарманы жазған уақытта көркемдік шарттарын түгел сақтап отыру қажеттігін емеурінен білдіргені деп ұққанымыз абзал. Сондықтан Сəкен сөйлемдеріндегі етістіктердің молдығы іс-əрекеттің қарқындылығы, үстемелігі ғана емес, асығыс қаламның дабындай көрінетін тұстарына көз жұмып қарауға болмайды. Оның біразын 1936 жылы түзеткен, сонда да артық-ауыс ащы да тұщы сөздер кездесіп қа лып отырады. Кейде төтесінен тартып, синонимдер іздеуге бара бермегендігі Сəкеннің сөйлеу мəнерінен көреміз де, 1 Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет.
жазушы синтаксисінің өз ерекшелігі, қолтаңбасы ретінде қабылдаймыз. Ал роман-эссенің «жалғасы бар» деген ескертпесін өкінішпен еске алмасқа амал жоқ. Расында, бұл бөлімде 1916–1919 жылдардың аралығындағы Қазақстан шындығы қамтылады. Тегінде, Сəкен замысылында өзінің бүкіл республикалық сахнаға шыққан, Ақмола уездік атқару комитетінің төрағасы орынбасарлығынан Қазақ АССР совет терінің бірінші құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитетінің (КирЦИК) Президиум мүшесі болып, Қазақстан баспасөз саласын дамыту ісін қолға алғаны, өңгені қойғанда «Ұшқын» газетін «Еңбекші қазаққа» айналды рып, «Қызыл Қазақстан» журналын қоса басқарғаны, Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып елге қызмет сіңіріп, талай ұлы жиындарда дау-дамай ортасында қазақ халқының жоғын жоқтауы, əсіресе «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деп орыс отаршылары еріксіз таңған «қырғыз» атауын өзгертуге, сол кездің өзінде де босағадан қарап, төрге өмешегін үзген қазақ тіліне жанашыр болып, кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізейік деген ең пəрменді нау қанды сонау 1923 жылы бастап, мемлекеттік тіл деп декрет алдыруы, осы тұста талай саясаткерлермен түс шайысуы, жұлдыздары жараспауы, 1925 жылдың майында И.В. Сталинмен дидарласқаннан кейін Қазақстанға қай - тып оралуы сияқты кезеңді де мəнді оқиғалардың екінші кітаптан орын алуға тиісті екенін ойша шамалауға болғандай. Өкініштің үлкені сол, бұл кезде қазақтың жаңа мəдениеті өркен жаюға бағдар алғанын ескерер болсақ, онда С.Мұқановтың «Есею жылдарындағы» қою оқиғаның бел ортасында Сəкен жүріп, өз қолымен талай игі істерді тындырғанын көрер едік. Амал не, роман-эссенің жалғасы əзірге таптырмай отыр. Тегінде, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағатында жатқан жоқ па екен деген ой көлеңдей береді. Еміс-еміс естеліктерге қарағанда, Сəкен екінші кітапты жазып жүргенге ұксайтын мағлұматтар да жоқ емес. Қалай болғанда да елі үшін құрбан болған ұлы да рынның артындағы жетелі ұрпағы қарымды қаламгердің қолынан шыққан дүниелерге ұқыптылық танытатын шығар деген үмітпен жүреміз.
1936 жылы кітапты қайта өңдеу қажеттігі туған кезде роман-эссенің көркемдік жағын үлкен шеберлікпен толық тырғаны анық байқалады. Ол – «Əупілдек» көлінің көрінісі, «Тұлып» деп аталатын бөлімдегі паң Нұрмағамбет, Бетпақтан Шу асардағы елді-мекендердің тұрмыс-тіршілігі, бақуаттылығы, жер, су ерекшелігі, тіпті Бетпақты басып Шуды қыстап, Сары-су өзенің жайлайтын елдерді тарата сипаттауы, əрі-беріден соң жер ерекшелігіне қарай өсетін шөптерді де елеусіз қалдырмауы жайлана отырып жазғанда қаншама көркемдік бояуы табылатынын көреміз. Осыған қоса Бетпақта арып-ашып, бой тасалап келе жатқан басты кейіпкерге тілеулес оқушының оны-мұныны ойлап алаңдаған сəтінде жүзіне еріксіз күлкі үйірілдіретін «Шоқай болыс» хикаясы, жомарттың жолын қысқартатын жоқ тықай дегізерлік «Ашай» əңгімесі, таңдамай-талғамай небір жақсы мен жайсаңдардың жағасына жармасар ажалдың, баласын алғаннан кейінгі қайғыдан қажыған Ықылас бейнесі, роман-эссені көркемдік жағынан əрлендіре түсетін ажар лы образдар 1936 жылғы «Тар жол, тайғау кешуге» тың нан қосылып, оқушы қуанышын көбейте түседі. Алаш азаматтарына қатысты тұстарында сол кездің дүмпуімен автор ащылау айтып, бояуды қалыңдата түске - нін олардан мүлдем безушілік деп түсінбеген орынды бо лар. Егер сол кезде Сəкен осылай жазып кетпегенде асыл ағалар мен ардагерлеріміздің тарихтағы ізін қай жерден іздер едік дегенді де естен шығармайық. Роман-эссенің толықтырылған тұстарына арнайы тоқталуға екі түрлі себеп бар. Біріншіден, өміршең шығарма «Тар жол, тайғақ кешудің» əр жылдардағы əр түрлі нұсқаларын салыстырып, өзгешеліктерін анықтау болса, екіншіден, роман-эссесінің соңғы басылымдары бойынша барлау жасап, ой түйген ғалымдар коммунистік идеология соқпағымен авторды күрескер етіп көрсету мақсатына көп назар аударып келгенін аңғартуды жөн көрдік. Əрине бұл жерде көркемдігіне тіпті мəн бермеген екен деген түсінік тумаса керек. Себебі көркем шығарманың ажарлы жағын əр уақытта сөз еткен болып отырып, саяси оқиғалардан көз жазбай келгеніміз өтірік емес. Біздің бұл жерде айтқалы отырған ойымыз – біздің
алдымыздағы зерттеушілер осы роман-эссенің көркемдігіне зер салғанмен, Сəкеннің азаткерлік төңкерісшілдігіне қарай ойыса бергенін, ал кейбір кезде атүсті шолу мен шектелгенін айтпай кетуге болмас. «Аттың жалы, түйенің қомында» жүріп жазатын əдет артта қалған тұста көркемдікке əр беретін толықтырулардың қайсыбіріне назар аударып, талдау жасағанның ар тықтығы жоқ, өйткені олар роман-эссенің тартымдылығын да, ажарлығын да арттыра түсірген. Сəкен Бетпақ арқылы Түркістан асарда Бетпақ далада кездескен көріністерді шеберлікпен суреттеген. Соның бірі – Шоқай «болыс». Осы Шоқай «болысты» оқып отырып ебін тауып, еркелей білетіндердің ел еркесіне айналып, кейін аты аңыз болып қаларын бұрын-соңды аңдағандықтан Сəкен Шоқай образын жасауға құшырлана кіріскені байқалады. Сол бейне арқылы алдағанға да, алданғанға да Сəкен ортақ сипат дарытып, юморлық сəттерді бейнелеуге шебер екендігін байқатты. Қазақ психологиясын, қыр қулығын жеңіл юмормен суреттеп, оқушыны жылы сезімге бөлейді. Аңқауланған қудың қандай болатынын көреміз. «Күн салкын еді. Түрсіз Бетпақ бүгін тым сұрғылт еді»,1 – деп бастауы оқушы жүрегіне жылылық дарыта қоюы екіталай. Адамның ойы тұрмақ, бойын көтертпейтін табиғат сүреңсіздігін Шоқай «болыстың» іс-қылығымен ажарлаған тұста сұсты жаратылыстың өзі хас шеберге көніп, оқушы жүзіне үйірілген күлкі арқылы жандана түседі. Автор Шоқай «болысты» кездестіргендегі кейпін оқушыға: «Төрдегі ширатылған кісіден біз төменірек отырдық. Ол бізбен асықпай ғана ширатылып, жоғарыдан төмен қарап амандасты. Сұлу мен Ақберген бір-біріне жымыңдап қарап сөйлеседі. Мен төрдегі кісіге қараймын. Үстінде қоңыр күпі, жағасы түлкінің пұшпағы. Басында ескілеу, кірлеу түлкі тымақ. Өзі шарта жүгініп отыр. Мен бетіне қадала қарасам, түсін суытып, ширатылып, көріне маңғазданып, сəл қозғалып, көзін жұмып қояды. Кейде, тіпті, көзін едəуір жұмып отырады. Мен ішімнен: «Мынау не пəле тағы да? Бұл Бетпақта мұндай да «Тəңір пұты» болады екен-ау! деп қоям. 1 С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу», 1977, 359-бет.
– Бұл кісі кім? – дедім. Ақберген бетін жұқалау күлімдетіп: – Бұл кісі біздің əкемізбен бір туысқан кісі, еститін шығарсыз, болыс... Шоқай деген кісі. Бұл кісіні болыстыққа бекіткен бұйрығын əнеукүні мен Ақмоладан алып келіп едім. Бұл кісіні болыстыққа бекіткен қағазын жаңа ғана өз қолына табыс қылып отыр едім. Мына ойып отырғаным бұл болыстың мөрі еді!»1 – дейді. Осыған дейін «болыстың» мəн-жайын түсінбей таңтамаша болып отырған Сəкен, əрқайсысы үш-төрт үйден тұратын санаулы ғана ауылдың «болысының» жай-жапсарын енді түсінгендей болады. Жігіттердің қулық жасап, «аңқау» болысты түсіргілері келіп отырғанын сезеді. Əрқай сысының түсінігі де, есебі де өз ішінде. Қара танымайтын Шоқай үшін тіпті орыс тілінде куəлендірген мөрі бар қағаз зор мəртебе болып қоймай. Шоқайдың «болыстық» дəрежесін Бетпақтағы елге бұрынғыдан бетер айғақтай түскендей. Қайрақ тастан «Шоқай болыс» деп жазылған дөңгелек мөр жасап, əлекке түскен Ақберген де қулығымен олжасыз емес. Шоқай «болыс» Ақ бер ген қулығының қарымын кəнігі сараң болыстардай жаман-жəутік тоқтымен емес, тайыншадай семіз қара қоңыр құнан қоймен қайтарған. Бұл жерде автор, біріншіден, «болыстың» мəрттігін көрсетсе, екіншіден, құнан қойының аңызға айналарын іштей сезген есепқойлығының үсті нен түскен. Оны мезгілсіз келген қонақтарға сойып таста ған Ақберген арқылы, қонағын құдайдай сыйлаған қазақ тың ұлттық психологиясын асқан шеберлікпен нанымды суреттеген. Оқушы көкейіндегі сұрақты автор да дөп басқан. «Шоқай кеткен соң Сұлу екеуіміз күліп, Ақбергенді жауапқа алдық: Мен: – Əй, бұл не деген адам? Сойған семіз қойды шын сол берді ме? Бұл ұят емес пе? Жəне əкеммен бір туысқан адам дейсің ғой? Өзінің үйінің адамдарының бəрі де өзіндей ғой шамасы? Ə, солай ма? Баласы да өзінің сыңары ғой, 1 Бұл да сонда, 359–360-беттер.
сірə? Бірақ сенің мынауың тіпті өзге елден ұят емес пе? – дедім. Ақберген мен Сұлу: – Оның несі ұят!Өзі əжептəуір бай. Сен жемесең де бəрібір біреу жейді оны. Онан да өстіп ойын қылып, кісінің өзі жегені жақсы. Бəрібір ол өстіп жаратылған соң, өстіп кетеді, – десті»1. Шоқай өзінің «болыстығын» сөз жүзінде ғана емес, орайын келтіріп іс жүзіне асыратын амалды талай қолданған жан. Оны ауыл арасы да біледі жəне əзіл-қалжыңмен қабылдап, шынайы болысқа көрсетілер сый-сыяпаттай болмағанмен ырымын жасап жататынын автор: « – Нақ осы «болыстықтың» соған тиетін пайдасы жоқ па осы? – дедім Ақберген мен Сұлуға. – Ойбай, ол «Мен болыспын, менің алымым, сыбағам қайда?» деп, жазғытұрым уақытта үйлерден семіз жылқының қазыларын, семіз қойлардың жамбастарын жинап алып жүреді, – деді екеуі. – Былтыр менің көзімше Алтыбайдың үйіне келіп; «Менің сыбағам қайда?» деп отырып алды. Сонсоң Алтыбайдың сары қатыны «Болыстың сыбағасы» деп бір семіз қос қазысын алып шығып, Шоқайдың атының қанжығасына байлап берді. «Болыс, семіз қазыны қанжығасына байлап берген соң, атына мініп, əрі жағалап кетті. – Міні, мен «болыс болғалы» Алтыбайдың үйі жыл сайын жазғытұрым өстіп сыбағамды беріп отырады. Ал бұл үйдің маған қойған сыбағасы қайда деп, басқа үйлерден де алып жүрді, – деді. – Жұрт бере ме мұның үйтіп сұрағанына? – дедім. – Жұрттың көбі əйтеуір береді... Мұның «болыспын» дегенін қызық көріп, ойын қылып еркелетіп қоя береді мұны, – деді Ақберген...»2 Сəкен роман-эссесіндегі Шоқай образы аумалы-төкпелі заманда болыстықтан береке қаша бастаған сəтін көрсете мазақтаудың бір амалы болса, екінші жағынан, ел қиын-қыстау кезде көңіл көтеру үшін «есепті» ойынның өзін рухани азық еткенін аңғартады. Сол арқылы қазақ халқының психологиясынан хабар береді. 1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 364-бет. 2 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 364–365-беттер.
Автор осы Шоқай образы арқылы жөнін тауып еркелей білетін адамды, еркелете алатын қазақи пиғыл-ниетті зілсіз юмормен жеткізіп, өзінің қаламгерлік шеберлігі əбден ұшталғандығын танытады. «Тар жол, тайғақ кешуді» оқыған жұрттың көркемдік талғамында ұзақ сақталар образдардың алдыңғы легінде қазақи қалпы мен Шоқай есте қалары сөзсіз. Бұған Шолоховтың Дед Шукарін сабақтастырып жіберсек, зілсіз юмор арқылы жасалатын халықтық характерлердің шет пұшпағын көргендей боламыз. Шоқай Шу бойындағы таматарақтыларға əбден таныс тарихта болған адам екенін де естен шығармайық. Сонда өмірде болған құбылыстың өзі ешбір авторлық қиялсыз роман-эссенің эстетикалык қуатын арттыра түскенін көреміз, өйткені жұрт осындай көріністің өзінен-ақ шын көркем шығарма оқып отырмын деген пиғылдан айнымайды. «Романдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан өмірбаяндық, тіпті мемуарлық сипаты бар»1– деген Р. Нұрғалиев пікірін нақтылай түсетін Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіне арқау болған образдың бірі Шоқай «болысқа» тоқталғанда жазушы қаламының жүрдек, бояуы қалың екенін байқаймыз. Өзі жүзбе-жүз кездесіп, əңгімелескен кейіпкерінің бірі Ашай бейнесіне көз тастай кеткеннің артықтығы жоқ, өйткені жазушы шеберлігін суыртпақтай шығаруға жəрдемдеседі. Сəкеннің Ашайға кездескенге дейін ел ішінен естіген əңгімелері оған кездесу құмарлығын өсіре түскенін көреміз. «...Ашайдың қызыл тазысы кеше бір қызыл түлкі алып ты... Ашай бір шошқа алыпты... Ашай былтыр жау түсіргенде жаудың мылтығын алып қалған екен... Ашай он шақты жауды өзі түсірген ғой... Əуелі біреуін үйінің жанында аң даусызда атынан жұлып алып, үндетпей ұрып, қол-аяғын бай лап, қатынына күзеттіріп қойып, өзі жаудың мылтығын алып, жаудың атына мініп, өзге жауды қуып түсірген ғой...»2 – 1 Р. Нұрғалиев. «Қазақ революциялық поэзиясы» Алматы, Мектеп», 1987, 102-бет. 2 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 365-бет.
дегендерді Бетпақтың ұзақ жолдарында талай естіген Сəкен құмарлығын оқушылар да бөліскендей дəрежеге жеткізе суреттейді. Сондықтан Ашай əңгімесін мөлдірете баяндауға автор да ықыласты, өйткені Ашаймен бірге болған күндері «халық айтса қалт айтпайды» деген аталы сөзге өзінің де, оқушының да көзін жеткізеді. Ашайдың бойындағы мергендік, қобыз бен домбыра ойнайтын серілігіне қоса, ретті жерінде батырлығы, намыс қойлығы Сəкенді жазушы ретінде де дидарласуға ынтықтыра түскен. Оны Сəкен: «Ашай менімен танысуға əдейі келгендігін айтты. ...Енді жақын болайық, дос болайық! Ертең біздің ауылға кел, біздің отауды өз үйіңдей көр! – деп Ашай мені ауылына шақырып кетті»1 – дейді. Жоғын жасырып, барымен базар етуге тырысқан Ашай бойындағы намысқойлықты да Сəкен сезімталдықпен түсініп, оның залалсыз өтірігінің өзін: «Қу кедейлік-ай, талай ердің қажырын мұқатып, талайдың көңілін назаландырып, талайдың қанатын қырықтың-ау»2 – деп жалпыға ортақ қасіретті Ашайдың жадау тұрмысы арқылы аңғартады. Түзге шықса батырлықты, серілікті рухани азық еткен жандардың далалық кейпін анық көргендей боламыз. Сəкен өзінің роман-эссесінде кездескен адамдардың бəрін образға айналдырамын деп əуре болмайды. Қайсыбірін атап, жалпы тізімнің ішіне сіңіріп жібереді, ал енді өзіне айрықша ұнағандары мен іс-əрекеттері арқылы көрін гендерді шығарманың кейіпкеріне айналдырып, тарихи шындықты көркем шындыққа айналдырудың амал-тəсілдерін ойластырып отырады. Сөйтіп роман-эссенің əлеумет тік мəн-маңызын арттырып, оқушыны еріксіз тартатын шығармаға айналдыру мақсатына жете біледі. Көркем шығарма жасау үшін бір сəтте ептеп болса да əсірелеуге, ойдан шығаруға ұмтылғанымен шындықтан шы ғындап алыс кетпейді. Соның өзінде оқушыға тартымды да əсерлі сəттерді, көріністерді, детальдарды көбірек суреттеуге ұмтылады. Сəкен өзінің шығармаларында кейіпкер атынан сурет1 Бұл да сонда, 366-бет. 2 Бұл да сонда, 367-бет.
теу, портреттеудің ең тиімді жолын таба білген жазушы. Оны «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде де көп қолданған. Соның бірі – Ашайдан естіген Ықылас күйші жайы. Ықыласты Сəкен Ашайдың айтуы бойынша былайша суреттейді. «Ықылас өзі қапсағай ұзынша бойлы, қараторы, қыр мұрынды, шұңғыл қара көзді, ұзынша қара сақалды, сіңір денелі ашық кісі екен. ...Өзі күлмейтін адам сияқты. Беті тіпті ашаң, жақ сүйектерінің, маңдай сүйектерінің қырлары білініп тұрады. Қолының саусақтары ұзын, тарамыс сі ңірлі екен. Денесі де тарамыс қапсағай ұзынша екен»1. Сəкен жасаған портреттің шынайылығы болар, жазушы, композитор Ілия Жақанов өзінің «Ықылас» романын жазғанда: «Сəкен жасаған портретті негізге алдым»2 – дейді. Ашайдың аузынан естіген əнгімені автор өзі ғана көз алдына елестетіп қоймайды, оқушысын да қатты əсерлендіріп, Ықыластың бейнесін көз алдыңызға көлеңдетеді. Бұл жерде Ықыласпен кездескенін жеңіл-желпі шолып өтпей, Сəкенге əсер етерлік деңгейде əңгімелеген. Ашайдың да қобыз тартатыны, тіпті домбыраға да Ықылас күйлерін салатыны, образ деңгейіне көтеріле береді. Автор естіген əңгіменің əсері арқылы Ашайдың хикаяшыл жан екендігін сездіреді де, оқушыға қажетті көркемдік нақыштарын оңтайлы табады. Сонда Сəкен – Ашай– Ықылас болып жалғасып, оқушының көркемдік танымына əсер етеді. «Ықылас қобызын алып, қылыш жөндеп, шайырлап алып, ақырын ырғап сыза бастады. Ықаңның ұзын саусақ тарының ұшынан ыңыранған мұңлы күй сарнай бастады... Еңіреген, күңіренген күй көктен құйылып отырған сияқты. Менің жүрегім лүпілдеп, бүкіл жұлын тұтам шымырлап кетті. Үйде отарған жұрттың бəрі де қатып қалды. Күй еңі реп, сұңқылдап жылаған сияқты болып зарлады. Əлден уақытта есімді жиып алып, көзімнің астымен ақырын қа расам, қобыздың құлағы Ықыластың сүйекті шықшытына қатты жабысып қалған екен. Ықыластың оң қолы қобызды есіп еңіретіп отыр екен де, еңіреген қобыз күйімен бірге өзінің шұңғыл кө1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 369–370-беттер 2 І. Жақанов «Ықылас», 1993,3-бет.
зінен жас тарамданып ағып, сақалынан тамшылап отыр екен. Менің де жүрегім елжіреп кетті. Сəтбайға қарасам о да төмен қарап, жылап отар екен. ...Біраздан кейін Ықылас өксітіп кеп қобызын тоқтатты. Бірсыпыраға шейін жұрт есін жия алмай отырды...» – деді Ашай»1 – деген суретті хабарламаның эстетикалық əсері тіптен де күшті. Суреттеудің жанама түрі, яғни өзі естіп əсерленген құбылысты қалың оқушыға өсіре жеткізе білу қаншама қаламгерлік шеберлікті талап етері белгілі ғой. Сəкен Ашайдың əңгімесін сол естіген жерінде стенограммаға түсіріп алмағаны рас. Олай болса өзінің бір кезде əсерлене тыңдаған əңгімесінің ыстық лебін, айту мəнерін, бояу нақышын көп жыл өткеннен кейін алғашқы естіген күйінде жеткізе білу қалыптасқан қалам дабын аңғартумен бірге жаңадан қанаттанып келе жатқан қазақ прозасы үшін аз олжа емес екенін анық аңғартады. Əрине, тарихи шындықтың көркем шындыққа айналу жайына «Тар жол, тайғақ кешуден» талай мысалдар келті - ріп, дəлелдей түсу онша қиындыққа түспейді. Өйткені кез келген оқиғаны тарихи деректермен ажарлап, əрбір кісі атының ғұмырнамасын жасап, бейнесі көрінгенін шығармадан суыртпақтап шығарып алуға болады. Алайда біз қадау-қадау қызықты жайлар арқылы жалпы роман-эссенің эстетикалық қуатын анғарту мақсатын көздегендік тен, əрбір шындықтың көркемдік тұрғыдан логикалық даму процестерінің ізіне түсіп, індете беруді айрықша қажеттілік деп санамадық, өйткені, «теңіз суының дəмі тамшыдан-ақ білінеді». Əрине, «Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдік қуатын əңгімелеген уақытта ондай тартымсыз көріністер, мəнсіз деректер жоқ, бəрі де керемет деп ешкім айта алмайды. Алаш қозғалысының ұлы мақсатына ден қойып, іш тартқанымен, жеке-дара азаматтардың, қайсыбір басшылардың ісқылығын көрсететін арзан да дəмсіз дерек-мағлұматтарды кейде шамадан асырып жібергенде, əсіресе газеттер ден келтіретін, бірақ тап сол тұста ойнамайтын, автор позиция сына керек болғанмен көркем шығарманың тəніне сіңі1 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 370-бет.
се қоймайтын мақала-мəліметтер роман-эссенің қайбір тарауларын əлсіретіп тастайтынын да жоққа шығаруға болмайды. Шығарманың көркемдік сипатынан гөрі тари хилығына нұқсан тигізетін жансыз мағлұматтардың оқушыға кері əсер етер сəттері бары белгілі. Алайда бұл жайлар «Сəкен Сейфуллиннің негізгі шығармасы аталып келген «Тар жол, тайғақ кешу» романы таза тарих үшін керек болғанмен, қазақ əдебиетінің игіліктері қатарына қосыла қояр ма екен?»1 деген қаскөй сауалдарға негіз бола алмайды, тарихи-көркемдік шындықтар растамайды, қоштамайды. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі – қазақтың төңкерісшіл, реализм бағытымен дамыған əдебиетінің ғана емес, бүкіл сөз өнерінің ұлы да кезеңді, этапты шығармасы болып тарих бетінен жарқырап келгені сияқты, бұдан былай да тұлғалана түсері ешбір шүбə тудырмайды. «Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдік сипатына арнал ған тараудың бас жағында əңгімеленген, яғни оның жанрлық қырына қысқаша болса да тағы бір оралып, ой түйген орынды сияқты. Жалпы жұрт қолданып келе жатқан «тарихи-мемуарлық роман» анықтамасы бұл атақты шығарманың бүкіл «жан-дүниесін» қамтитындай болып көрінгенімен, оның хроникалық қасиетін қаға берісте қалдыратын сияқты. Ал «очерктер циклі» деп тапқан Б. Кенжебаев пен Ш. Елеукеновтің де ойының əбестейтін ештеңесі жоқ, өйткені Сəкен тарихи деректер мен оқиғаларды шындыққа негіздей отырып, очерк амалын қолдана жазатын сəттері аз емес. Тіпті, қайсыбірі өзінің ішкі көркемдік заңдылығымен дөңгелене шығып, публицистикалық желісінен айырылмайтын тұстарда бұл авторлардың пікірін санаттан шығарып тастамау керек. Ал кейбір тұста новелла, əңгіме шарттары да сақталады. Мұндай кезде шығарманың көркемдік арқауы ширап, үзік-үзік деректер мен ойлар оқушы жадында мықтап сақталып қалуына жағдай жасайды, əрі-беріден соң композициялық жүйеліліктің жетіспей жатқанын сездірмеуге себепші болатын тұсын да байқаймыз. Бұлардың 1 «Қазақ əдебиеті» газеті. 11. 09. 1992.
бəрі желілі сюжетке құрылып, бір машықта суреттелетін шығармада кездеспейтіндіктен осы ұлы туындыны «романэссе» деген атау орынды шығар деп ойлап, сол терминді енбектің ұзына бойына пайдаланып отырдық. Қалай болғанда да, оқушы жұртшылыққа жазушы, қа ламгер Сəкеннің бұл шығармада қандай көркемдік əдіс-тəсіл қолданғанының мəні болғанымен, əдебиет тарихы, жанрлардың қалыптасып жетілу процесі үшін зерттеушілер анықтай, шыңдай беретін күрделі проблема екені даусыз. Өмір оқиғаларының диалектикалық заңдылығы қандай күйде болғанын сөз өне рімен көрсете білуден қуатты күш аз екенін ескерер бол сақ, онда «Тар жол, тайғақ кешу» шындықтың шырайын шы ғарған көркем туынды – романэссе. Оған қажетті барлық көркемдік компоненттерді шығарманың өн бойынан мол табамыз, өйткені негізгі кейіпкері – жаңа заманның қызыл сұңқары бола білген дауылпаз ақын Сəкеннің өзі бола білуі, бүкіл шығарманың өзекті арқауы Сəкен сөзі, Сəкен іс-əрекеті, Сəкеннің ойлау-толғауы мен тұжырым-қорытындысы арқылы көрініп жатуы оған композициялық тұтастық дарытып, эстетикалық күш-қуат бергені даусыз. Сондықтан тарихи шындық ажарлы сөз бояуларымен əр ұрпаққа жетіп, сол кездің таным-білігі деңгейінде ойландырып толғандыра береді. Өйткені əр заманның өз базары, өз нарқы болары жалғыз өмірдің ғана емес, шын өнердің де бұлжымас заңы!
ТАЛАНТТАР ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ Ғ.МҮСІРЕПОВ, Т.КƏКІШЕВ Қазақ тілінің қадір-қасиетін, көркем сөздің ғажайып құдіретін Одақ көлемінде, əлемдік деңгейде танытып кеткен, халқымыздың алып ойшылдарының бірі, зергер жазушымыз – Ғабит Мүсірепов. Қашанда шындықтың бетіне тура қарап, уақыттың көкейтесті сауалдарына қайраткерлік зердемен парасат биігінен жауап беретін пайымды пікір қозғар еді. Тағы бір таң қаларлық, əрі сүйсінерлік жай сол - үлкен суреткердің көптеген батыл тұжырымдары мен жаңашыл көзқарастары атышулы тоқырау дəуірінің тасы өрге домалап тұрған кездерінде айтылғанына қарамастан, қазіргі қайта құру идеяларымен толық үндеседі. «Өткен күннің бəрі тарих» дегенді анық ұқпағаныммен, тап осы жолғыдай етене сезіне қойған кезім аз болар. Себебі менің қолымда «жанды» документ, яғни қазақ əдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов екеуіміздің үш сағатқа созылған сұхбатымыздың магнитофонға жазылған сөзі бар. Ол сұхбат алдын ала уəделесіп, əбден ойластырылып, 1974 жылы 25 шілдеде өткізілген еді. Сол кезде де, бүгін де оның мəн-мағынасы зор екенін сезгеніммен, Ғабеңнің «уақыт келеді ғой əлі» деген ойынан аса алмап едік. «Жұлдыз» журналы «басамыз» деген де, марқұм Жайсаңбек Молдағалиевтің М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жə не өнер институтының коллективі дайындап жатқан жи - наққа қоспақ болғанда да «Ғабит сөйлеген сөзіне дейін баспасөз бетіне бастыратын болыпты» деген сөзге қалдыр маңдар мені» дегеннен кейін тосылған едік. Енді кешеуілдетуде еш мағына жоқ екендігін сезіп, сол сұхбатты қалың оқушыға ұсынып отырмын. Адал да өрелі ойлар тұнығынан еркін сусындауларыңызға тілектеспін.
Тұрсынбек Кəкішев: Қадірлі, Ғабе! Биыл, 1974 жылы қазақ əдебиетінің ұлы жазушыларына арналған жиындар өтіп жатыр ғой. Əнеу күні Ілияс Жансүгіровтың тойын өткіздік. Содан кейін университетте Сəкеннің 80 жылдық тойы өтті. Ол, əрине, қалалық жиналыс емес, университет-коллективтің Сəкенге арнаған жиыны. Сонда өзіңіз естелік айттыңыз. Сол айтқан естеліктеріңізге жұртшылық құлақтанып қа лыпты. Сол жиында магнитофонымыз дұрыс жұмыс істемей, жазып ала алмадық Енді, əрине, ол өткен дүниені қал пына қайта түсіру қиын, дегенмен де сол жиналыста сөйлеген сөздеріңізді, айтқан естелігіңізді бүгін суыртпақтап шығарып алсақ деген едім. Сонымен қатар, жалғыз Сəкен емес, сіздің творчествоңызға байланысты да біраз сауалдар туатыны сөзсіз. Осы жағдайларға байланысты сізбен дидарласып отырмыз. Сіздің Сəкен жайлы пікірлеріңізді, өз творчествоңыз туралы ойларыңызды білгіміз келеді. Əрине, Сəкеннің, Ілиястың, Бейімбеттің бір жылдың төлі болуы қазақ əдебиеті классиктерінің молдығын көрсетеді ғой. Алайда, үшеуі үш жылда туса, сөз мерекесі, əдебиет мейрамы ұзара түсер ме еді деген ой келеді. Əрине, үшеуінің бір жылда туғанын енді түзету қиын, бірақ дегенмен де біздің əдебиетіміздің танылуында, əдебиетіміздің халықаралық деңгейге шығуында осындай классиктеріміздің үлесі мол ғой. Сондықтан осы əңгімемізді классиктерімізге, оның ішінде Сəкенге байланыстырып өткізсек деп едім. Мен бірнеше сұрақтар дайындап келдім. Сіздің пікіріңізді білгім келеді. Мысалы ғой, Сəкен жөнінде қазір пікір айтқан адамдар аз емес. Сəкеннің əдебиетіміздегі орны, мəдениетіміздің, халқымыздың тарихындағы орны жөнінде пікірлер көп айтылып, көп жазылды. Сіздің пікірлеріңіздің, жазған мақалаларыңыздың, айтқан ойларыңыздың барлығы да оқушы жұртшылықтың көңілінде, кітапханасында. Солай бола тұрса да, тағы да бір рет Сəкеннің қазақ халқының əдебиеті мен мəдениетіндегі орны қандай? Соңғы кездің көзқарасымен қалай түйіндеуге болады? Сəкеннің қазақ мəдениетіндегі, əдебиетіндегі, халқының тарихындағы орны жайында түйінді пікіріңізді анық айтып берсеңіз екен.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру