Шымылдықтың арғы жағы
Болат Бекжанов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Болат Бекжанов - «Шымылдықтың арғы жағы» шығармасы.
БҰЙРЫҚ ...
Марқұм Шәкең «Қара қыпшақ Қобыланды» спектаклінде Қобыланды ролінде ойнаса керек. Режиссердің сахналауына байланысты біp эпизодта Қобыланды шыққан кезде, ханның бүкіл уәзірлері қорқып, етпеттеп жата кетеді. Қобыланды - Шәкең сонау, сахнаның төрінен бepі қарай қатар-қатар жатқан хан сарайының қызметкерлері болып ойнайтын әртістердің үстілерімен жүріп келеді де тура Жорабек Шүлембаевтың үстіне келгенде тоқтап тұрып алып, бар салмағын салып, өкшесін батыра, тепсініп тұрып сөзін бастайтын көрінеді. Монолог ұзақ, Жөкең ыңқылдай бастаса, Шәкен одан сайын езгілей түсіп, тіпті найзасының түбін нықтап, май құйрықтан қадап-қадап қоятын көрінеді. Жөкең бас сауғалап сахнаның қай түкпіріне қашып барып жатса да Шөкең әйтеуір Жөкенді тауып алады екен. Әбден жанына батса керек,бірде Жөкең Шәріпбай ағасына ренжіп, бір жағы ойынға сүйеп:
- Оу, Шәке-ау, Құртқанды алған мен емес қой. Тегі, ана Найзаң... құйрық... құйрық.. - деп жыламсырап, жамбасының ауырған жерін меңзеп көрсетіпті. Сөйтсе, Шәкең рахаттана жымиып:
- Әй, саған да қыз ал деген мен емес қой, бізден. Бұйрық... Бұйрық...-дейтін көрінеді.
Сөйтсе, Жөкең өмірде Шәкендерге күйеу болып келеді екен.
Мұхамедқали Жексенбекұлы Табанов 1907 қой жылы қазіргі Талдықорған облысы Қапал ауданында, ауқатты әулетте дүниеге келіп, 1987 қоян жылы дүниеден өтті. Әке дәулетін Кеңес Үкіметі тәркілегеннен кейін іләж жоқ, болшевиктерге көнген. Іләж жоқ, Қазақ, ССР-ына еңбек сіңірген әртіс атанған. Іләжінің жоқтығынан кеңес үкіметінің бір-ақ талабын орындай алмады.
Ол жалғыз әйелмен шектелу eді.
Кәкең – өмірінде іләж жок, бірнеше қазақ қыздарымен бірге қырғыз, татар, орыс, еврей, сыған ұлттарының қыздарымен отасып, нағыз интернационалист күйеу жігіт екенін танытқан ерке ер.
Іләж жок, жасы келіп Зейнеп апаймен тоқтаған.
Театрда түрлі бейнелер жасауымен қатар, «Қараш-қараш оқиғасы», «Қан мен Тер», «Тұма ұлы Тұлпар» тағы да басқа кинофильмдерге түскен. Өрелі, өнегелі сегіз ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
ТҮНГІ ЖОРЫҚ
Театрға жаңадан жұмысқа тұрған кезім. Көп актерлерді әлі тани қоймағам, тек сахнадан жиі көретін марқұм Мұхамедқали Табановты жаксы білем. Неге екенін қайдам, көбінде жас актерлер қоршап алып, ішек-сілесі қатқанша күліп жатады. Күнде сәл үзіліс болса болды, сол көрініс тағы қайталанады. «Осы шал не айта береді екен, тыңдайыншы» деп, бір күні мен де келіп құлақ түрдім.
- Жас кезім, деп Кәкең әңгімесін бастап жатыр екен. Әкем ауқатты кісі болатын. Жаз шыға жайлауда бие байлап отыратынбыз. «Он үште - отау иесі» демекші, ерте үйленгем.
Бірде үйге үш атты кісі қонаққа келді. Байқасам, қонатын сыңайы бар. Бір шәйдан кейін:
- Қали, сен аттарды жайғастыра сал,- деді әкемнің қатарында отырған домбал қарасы. Аттары да жұтынып тұр екен. Көкейіме бір ой сап ете қалды. Біздің үймен тұспа-тұс 2-3 шақырымдай жерде бір қоныстанған еді. Онда қария кісі мен жас келіншек тұратынын байқап қалғам. Тіпті, бір жолы сәті түсіп, сол келіншекпен тіл табысқандай болып едік. Соған «ұрын» бару ойымда-тын.
Құдай берді деген осы-ay деп, аттардың екеуін тұсадым да, үшіншісін шідерлеп қойдым. Күн бұлттанып тұрған. Кеш түсе тіпті қоюланып, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауа бастады. Сыртта оны-мұны істеп жүргенсіп, ел ұйкыға жатты-ау дегенде атқа мініп, әлгі үйді бетке алып, тарттым да кеттім. Жаңбыр құйып тұр. Көзге түртсе көргісіз тас қараңғы. Көңілдің құртын жеген әлгі үйге кеп жүрдім. Жететін түрім жоқ. Ойпырмай, бұл қалай өтіп кеттім бе, жоқ әлде қараңғыда жол ұзақ бола ма деп коям. Тіпті жететін емеспін. Әлден уақытта атым тоқтай қалды. Қарасам, үйдің алдында келіп тұр екенбіз. Жайлап аттан түсіп, оны белдеуге байладым. Қорқьп барам. Жүрегім алып-ұшып тың тыңдаймын, байқасам кемпір де, келіншек те ұйқыда секілді. Жанымды шүберекке түйіп, есіктің байлауын шешіп, үстіңгі тиегін ағыттым. Әй, осы тұста шығарсың деп еңбектеп жүріп келіншекті таптым. Кемпір оянып кетсе қайтпекпін деген күдік кеудемді жегідей жеп барады. «Бисмилла» деп көрпесін ашып қасына жаттым. Теріс қарап жатыр екен. Құшақтадым, жүрегім тарс-тарс соғып, аузымнан шығуға шақ тұр. Жәймен қаратьш, демім дірілдеп, бір-екі рет сүйдім. Алқынып сүйе бастағанымда:
- Қали, жүpeгің тарсылдап тұр ғой, қайдан келдің? - деген әйелімнің даусын ecтіп төбемнен жай түскендей болдым. Сөйтсем, ат айналып-айналып үйге алып келген ғой. Сөйтіп, бір құдай ұрып қала жаздағаны бар, балалар,- деп Кәкен әңгімесін аяқтады.
«АНА ҚАТЫН ӨЛЕТІН БОЛДЫ»
Кәкең ақсақал - сексеннен асқанша сахнадан түспеген адам. Соңғы кездерінде, кәріліктен болар, Кәкең ұмытшақ бола бастапты. Берілген рольді жаттау қиынға түсетін көрінеді. Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясының театрдағы соңғы қойылымында Сырымның әкесі - Жабай бейнесін жасау, Кәкеңе жүктелген. Сахнада қызу дайындық жүріп жатса керек. Кәкең сахнаға шығатын уақытын күтіп фоэде отырады. Қарап отырмайды - әдеттегідей жастарды маңайына жиып алып, қызу әңгімеге ұйытып отырады. Өзі де әңгімеге шын беріліп кетсе керек - шығатын уақытын да ұмытады. Сахнадан «Жабай, Жабай, Жабай!» деп режиссер көмекшісі Айнаш айқайлап жатады. Кәкең дауыс шыққан жаққа қарап қойып, әңгімесін қайта жалғайды. Қу балалар іші сезіп отырса да тырс етпейді. Айнаштың жан дауысы шыққанда барып Кәкең:
- Әй, Жабай деген қайсысың едің, барсаңдаршы, ана қатын өлетін болды ғой, депті. Сонда қу балалардың біpeyі «Көке, ол cіз ғой» дегенде барып, «алда атаңның аузын...» деп, Кәкең талтаңдай жүгіріпті. Сөйтсе, өзі ойнайтын кейіпкерінің атын ұмытып қалған екен ғой, жарықтық.
ҰЙҚЫ
Кәкеңнің бір қасиеті машинаға отырса болды қалғи береді. Бірде біp жауапты жұмыспен Құлан ауылына қарай шығыпты. Кабинада - Кәкең және жүргізуші. Жол үстінде жүргізуші Кәкенді ары-бері әңгімеге тартса болмай, ecкі әдетіне басып ұйықтай беріпті. Жарты жолға жеткенде жүргізушіге «Кәкеңді бір қатырайын деген ой сап ете қалады. Дереу машинаны тоқтатып бетін кейін Жамбылға қаратып қояды да Кәкеңді оятады.
- Оу, Кәке, бұл не? Жол cepік бола ма десем, жатып кеп ұйықтайсыз. Не, мен адам емеспін бе? Менсінбейсіз ғой деймін. Ендеше менсінетін шопыр тауып алыңыз. Болды, мен Құланыңызға бармаймын,-деп бұлқан-талқан ашуланып, машинаны қайта артқа бұра бастайды.
- Әй, денің сау ма өзіңнің, - деп Кәкең рульге жабысады. Қажырлы жігіт қоя ма, Кәкеннің қолын қағып тастап, артқа бұрып алып, «кеттім Жамбылға» деп Құланға қарай тарта береді.
Ұйқыдан ояна сап машинаның кepі бұрылғанын көрген Кәкең кайдан білсін:
- «Қайт дегенде, қайт»,- деп шопырды жатып кеп боқтайды.
- Әй, айналайын, енді ұйықтамайын. Барғанша әңгіме айтып отырайын, бұрылшы. Бүгін бармасам болмайды. Аудан басшылары күтіп отыр еді,- деп өлердегі сөзін айтады. Шопыр құлағына да қыстырмайды. -Айналайын, полбанкіңді қояйын, бұрылшы,- дейді әбден шарасы таусылған Кәкен жалынышты үнмен.
- Шынымен қоясыз ба? - деп жүргізуші өп-өтірік сенімсіздеу қарап қояды.
- Қоямын, мә, тіпті қазір ал,- деп Кәкен қалтасынан 10 сом ақша алып бере салады. Осы кезде өздері де Құланға келіп қалған екен.
- Әп, бәрекелді,- деп ақшаны қалтасына салып алып «міне, Құланыңызға да келдіңіз» деген екен жүргізуші.
Түс көргендей болған Кәкең: «Алда атаңның аузын ұрайын, жынды» деп қуанып кетіпті.
ӘЖЕЙМЕН ӘЗІЛ
Біp сапарда біp топ әртіс біp колхоздың бастығының үйіне түсіпті. Үй иесінің әйелі біp жаққа кетіп, үйінде кәрі шешесі бой жеткен қыздары қалған екен.
- Көп ұзамай келіндеріңіз де келіп қалар, сіздер дем ала беріңіздер,-деп қожайын жұмысына кетті.
Жолдан келген әртістер жуынып-шайынып демалудың қамына жатса керек. Кәкен алдында қария кемпірмен сөйлесіп отырады.
- Шырағым, осы әртістердің де үйі, әйелі, бала-шағалары бола ма?-деп сұрапты.
- Жоқ, апа, қайдан болсын,- депті Кәкең беті бүлк етпестен.
- Апырай- ә, сонда олар қайда қыстайды,- депті кемпір таң қалып.
- Е, нecі бар, қай үйге келгенімізде қар жауса, сол үйде қыстап қаламыз, - дейді Кәкең, қардың қыламықтанып тұрғанын байқап әдейі.
- Ал әйелді ше?-деп кемпір шын қорқайын деп, Кәкең де дым сездірмей:
- Е, сол үйдің әйелі бар емес пе, соны әйел қыламыз да,- деген екен.
Кемпір үндемей орнынан тұрып кетіпті. Түске қарай қожайын келсе, не әйелі келмеген, не бойжеткен қыздардың бірі жоқ. Кемпір ғана жүр дейді. -Апа-ау, бұл үйдің адамдары қайда кеткен?! Қонақтарға әлі шәй да бермегенсіздер ме?-десе, қария: «т...с...с, мыналар кетсін»-дейтін көрінеді сыбырлап. Сөйтсе, келген келінін де, қыздарын да қөрші үйге тығып қойған екен ғой жарықтық.
ЖАНАШЫРЛЫҚ
Ілгеріректе театрдың бір бригадасы «Қозы-Көрпеш - Баян - сұлу» спектаклімен алыс аудандардың бірінде жүрсе керек. Ішінде Кәкең де бар. Оқиға желісіне сәйкес қойылым сайын Қозы өледі, Баян өледі, Жантық, Қодар өледі. Бір күні кезекті қойылымнан кейін Кәкең түскен үйге қонаға келіп отырса, спектакльді көріп келген сол үйдің қария кемпірі оны оңашалап алып:
- Шырағым, осы сендер елден шыққанда нешеу едіңдер?-депті үніне үрей араласа сөйлеп.
Кәкең қарияның ойын түсіне қойып:
- Е-е, апа, тоқсан едік қой, іләж бар ма?!-деп ауыр күрсініп қойыпты. Кемпір біpey-міpey ecтіп қоймасын дегендей, жан-жағына сақтықпен қарап алып:
-Шырағым-ау, енді өзің де біліп отыр екенсің. Жақындап қапты ғой, қашпайсың ба?» депті шын жанашырлық танытып. Қайдан білсін кейуана, ойынға шын сеніп, күніне осынша әртіс өліп тұрады екен деп ойлаған да.
АУРУ
Кәкең ауруға өте шыдамсыз болса керек. Бірақ әзілі сондай кезде де қалмайтын көрінеді. Бірде кезекті гастрольдік сапарда жүргенде ауырып қалыпты. Жеңгеміз қасында болса керек. Соған еркелеп пе, Кәкең басын үлкен орамалмен шарт байлап алып, аһылап-уһілеп тап бір кетіп қалатындай тісі-тісіне тимей «ойбой», «ой-бой» деп бебеу қағып жатады. Тап сол кезде қойдың басымен тамақ келіп, әртістер асқа қол сала бастайды. Келесі бөлмеде жатқан Кәкең ойбайын одан сайын созып, әндетіп: «Ух-ах, ой-б-ой, ой-б-ой, кеттім, доқтыр доқ-тыр ал- дыр-ың-дар, ал-дырың-дар, басты қал-дыр-ың-дар, басты қал- дырыңдар», деген екен. Кәкеңнің ауырғанынан шын қорқып, көңіл күйлері болмай тым-тырыс отырған әртістер ду күліп, біp серпіліп қалысады.
ІCKE АСПАЙ ҚАЛҒАН ҚУЛЫҚ
Ұзақ гастрольдік сапардан жалыққан Кәкең (марқұм Мұхамедқали Табанов) ауылға қайтып кетудің амалын жасап «аяғым ауырып жүр» деп сылтаурата беріпті. Тіпті, бір күндері аяғын баса алмай қолына таяқ ұстап қалыпты. Қатты ақсап таяқпен зорға-зорға кібіртіктеп жүретін көрінеді. Бұхар облысының қалың құмы болса керек. Бір ауылдан екінші ауылға төте жолмен салып бара жатса, жолда кесел (кecіpeтке секілді үлкендігі құйрығымен қоса есептегенде біp метрге жуық болады) кездесіп, тоқтай қалып бәрін тұра қуады Оншақты адам жан-жағынан шығып қоршап алады. Кәкең де ақсаңдап басып жайлап жақындай береді. Үш тілі сумаңдап, ыс-ыс eтіп жарылып кететіндей болып, айбат шегіп тұрған кесел кенет жандалбас қылып, тура Кәкең тұрған жаққа қарай тар- баңдай жүгіреді. Tүcі суық пәлекеттен қатты қорқып кеткен Кәкең: қапелімде ақсау жайына қалып: -Ап-па, атанның ауызын,-деп таяқты біp жаққа лақтырып жіберіп, кеселдің алдына түсіп алып зымырап беріпті. Кесел жайына қалып, жұрт Кәкеңнің ақсақ екенін ұмытып кеткеніне қыран-топан, ішек-сілелері қатқанша күледі ғой. Сонда ыңғайсызданудың орнына Кәкең:
- Атаңның аузын ұрайын, кеселімді Кесел ашып, әбүйірім пұш болды-ау,- деген екен күліп.
ҚАЙЫНАҒА МЕН КЕЛІН
Гүлжарқын Садықбекова апамыздың театрға жаңа келген кезі болса керек. Үлкеннің бетіне қарап көрмеген жас келін. Театрдың сол кездегі директоры Кәкеңе аталас іні болып келеді екен. Директордың жұбайы Гүлжарқын Кәкеңді қайынаға деп бетіне тіке қарауға ұялып, сызылып жүрсе керек. Тап сол кезде біp спектакльде келінінің қайнағасының әйелі болып ойнауына тура келеді. Жас келін қатты ыңғайсызданып, ашылып ойнай алмайтын көрінеді. Бірде спектакль жүpіп жатқан кезде Кәкең күтпеген жерден пьесада жоқ өз сөзімен Гүлжарқынға қарап:
- Осы сен менің немсің?-депті. Апамыз не дерін білмей қатты қысылады. Кәкең даусын көтеріп:
- Әй, сен менің немсің, айтсаңшы,-деп одан сайын тықақтайды. Енді айтпаса көрермен алдында тағы бірдеңе деп бүлдіре ме деп қатты қорыққан апамыз:
- Әйеліңізбін,- дейді жайлап қана.
- Шын әйелімсің ғой,-деп нығарлай түседі Кәкең.
- Иә, шын әйеліңізбін,-дейді апай екі беті ду-ду етіп. Спектакль біткен соң Кәкең келінін жетектеп алып әртістердің алдына әкеліп:
- Міне, естідіңдер ғой, Гүлжарқынның не дегенін,- деп қарқылдап күледі.
Міне, сол күннен бастап қайнаға мен келіннің әзілі жарасып, образ да ашыла түскен екен. Маутай Жұмағұлов Барыс жылы (1914) қазіргі Жамбыл облысы, Байзақ, ауданының Теспе ауылында дүниеге келген. Қасиеттері: қарапайым. Қарапайым болғанда да енді...тегі қарапайым. Адал, сөзге берік, мәрт. Беломордан басқаны майлап берсең де шекпеген. «Шашмадан» (Өзбек шарабы) басқаны аузына құйсаң да жұтпаған. Тетя Галядан басқаға төбесінен алтын ағып тұрса да, көз қыспаған.
Есте сақтау қабілеті өте күшті.
Жанама аты (кличкасы) – Шаң басқан Архив. Ал оған қоңсы қонбаған қылықтар: қулық,-сұмдық, жағымпаздық, ашу-ыза, бет-жырту, өсек-аяң.
ӨСЕК ҚАБЫЛДАМАУ
Мәукең (Маутай Жұмағұлов) жалпы тура адам еді. Тіпті, орынсыз сөз сөйлемейтін. Айналасында қанша қараулық болып жатсын, «ананікі -алай», мынанікі- былай» деп көрген емес. Біp күні әжептәуір әpтіc – інісі Мәукенді ұстай алып, біреуді өлгенше жамандапты. «Ол-өйтті, сонан соң мен - бүйттім», «ол- анадай қылды, сонан соң мен - мынадай қылдым» деп байғұсты жерден алып, жерге салып, өзінің іcін «сүттен ақ, судан таза» етіп қойып, ой біp көсіледі. Teгі, жамандаушысын қаралайтын сөздері таусылып барып бірақ тоқтап, «бұған не дейсіз?» дегендей Мәукеңе қарайды ғой. Сонда Мәукең үндемей тұрып-тұрып, өсек айтушыға соншалықты жеркенішті тыжырына қарап алып, өзінің екі құлағының сыртынан екі қолымен кезек-кезек қағып-қағып жіберіп жүріп кетіпті.
«Онысы-тұқымы құрысын, сенің өсегіңді түсіріп тастадым» дегені ғой. «Әлгі ініcі ұяттан шиедей болып, не қыларын білмей есеңгіреп, жалғыз өзі состиып тұрып қалды. Қанша тұрғанын қайдам, біз одан ұялып, одан әpі тұруға бетіміз шыдамай тұра қаштық» дейтін еді көргендер.
ХАНЗАДАДАН ҚҰТЫЛУ
Бірде гастрольдік сапарда Мәукеңдердің бригадасын басқарып шыққан әpтістің сол бригадада әйелі де болса керек. Бастықта қаталдау екен. Бірақ «ағамыз ел билейді, ағамызды жеңгеміз қамырдай илейді» демекші, бастық бригада басқарады. Ал әйелі бастықты басқарады. Тіпті, әйелдің мінезі шайпаулау болса керек. Ақ дегені - алғыс, қара дегені -қарғыс болыпты. Ешкім бетін қағып, ештеңе айта алмайды. Амал жоқ, үнсіз шыдай береді. Бір күні бригада жайын білмекке театрдың сол кездегі директоры Тұрар Дүйсебаев келіп, хал-жай сұрап, cөзінің соңында:
-Ия, қалай жүрсіздер?- деп қалыпты. Сонда үнсіз отырған Мәукең: -Жақсы. Ешкіні - апа, текені - жезде деп жүрміз,- депті түк білмегендей кейіп танытып. Әртістің бірәзі шайларына шашалып қалыпты. Қателігін түсінген бригадир ұяттан өртенердей қып-қызыл болып кетіпті. Ертеңіне «денсаулығы болыңқырамай жүр» деген сылтаумен әйелін директордың машинасына салып елге қайтарыпты.
Сөйтіп Мәукең бригаданы үлкен біp «Ханзададан» құтқарған екен.
ТАТУЛАСТЫРУ ТӘСІЛІ
Театрдағы мүйізі қарағайдай-қарағайдай екі әртістің бастары өмірі бір қазанға сыймайды екен. Екеуі біріге қалса, бітті - шатақ. Сонысын ескеріп, театр басшылары, әcіpece, жазғы ұзақ гастрольде екеуінің eкі бригадаға бөлінуіне ерекше мән беретін
көрінеді.
Біp жаз спектакльдегі рольдеріне байланысты бөлуге ешбір қисыны келмей, амал жоқ екеyі бір бригадада кете барыпты. Бригада жетекшісі асқан шеберлікпен қай ауылға барса да, әйтeyіp екеуін бір үйге түсірмей, іләжі болғанша екі үй дайындап, екі бөліп жіберіп отырыпты. Соның өзінде, ойын боларда немесе автобустың ішінде екеуі шатақтасып қала беретін көрінеді. Бүкіл әртіс әупірімдеп екеуін екі айғырдың үйірін қайырғандай қақпайлап отырып, әйтeyіp «шайнасып» қалмаудан сақтап отырады екен. Осылайша «шым-шыммен» күндер өтіп жатады. Бір күні әдеттегідей театрдың директоры Тұрекең (Тұрар Дүйсебаев) келе қалады. Бәрі арқа-жарқа сағынысып көрісіп, ауыл-ел амандығын сұрап, мәре-сәре болып жатады. Тіпті «шатақшыл» шал- дар да көңілді бұл күні. Театр басшысы, әбден көңілденген сәтті пайдаланып:
- Қалай, eкі ағамыздың татулығы қалай? - деп жымың-жымың етіп, көңілін күпті қылып жүрген ойын ортаға салыпты.
Бәрі жапа-тармағай «жақсы, жақсы» деп жатқан көрінеді. Сол кезде театр басшысы неге екенін кім білсін Мәукеңе қарап:
- Мәуке, осы cіз айтыңызшы, інілеріңіздің татулығы қалай,-деп жымиып қойып. Сонда Мәукең еш ойланбастан:
- Жақсы, жақсы. Тату. «Ит пен мысықтай өте тату»,- деп жауап беріпті.
Ел қыран-топан күлкіге кенеліпті. Тіпті мынадай тапқырлыққа «шатақшылар» да шыдай алмаса керек. Екеуі де күліп жіберіп, бір-біріне қарап қалыпты да, «Өй, осыны қояйықшы» дегендей, мамыражай жымиысып, бір-біріне алақандарын сарт-сарт еткізіп батырларша қағысып қойып отыра беріпті. Құданың құдіреті, осыдан бастап екеуінің шатағы пышақ кескендей сап тиылыпты. Молдаш Қашқынбайұлы Сәкиев – әртіс,әнші, биші, офицер. Тазалығында шек жоқ. Тіпті, үрімкедегіні ішу үшін алдымен оның ернеуін қолымен мұқият cүpтеді. Ол тазаланып біткеннен соң, өзінің ернін сол үрімке тиетін жерін сүртеді. Қатты қорыққанда бар айтатыны-Хоқи! Таң қалғанда айтатыны: «Да вы что говорите?!»
Кейбір адамдарды көбіне (қылығына қарай) жануарлармен шатастыра береді. Мәселен: Қара теке, Қара құнан, Қара тана, тағы, тағы осылай жалғасып кете береді.
Өзі қоян (1915) жылы дүниеге келіп, доңыз жылы (1995) бахилық болған.
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ
Училищенің театр бөлімін бітірген біp топ жас Әбиірбек Тінәлиев, Жақсыбек Юсупов, Дастан Аюпов, Сабира Құлданова, Гүлсім Сариева, Галина Қойшыбаева, Сәнім Сахиева және осы жолдардың авторы мен бәріміз бірден облыстық қазақ драма театрына жолдама алдық. Театрға қабылдау дегеніңіз үлкен сын. Театрдың көркемдік кеңес мүшелері түгел жиналады. Содан соң жеке-жеке кіргізіп театр өнеріне қабілетіңді байқайды. Сын-мәнерлеп көркем сөз оқу, сөзсіз қимыл әрекетті этюдтер жасау, ән салу, тағысын тағылар. Сынақ бітті. Енді кім қабылданды, кім қабылданбады - көркемдік кеңестің қорытындысы ғана қалған. Бәрімізді ішке кіргізді. «Не болар екен» деп зәре-құтымыз қалмай, іштей «е, құдайлап» тұрмыз. Сол кезде қайдан келіп қалғанын білмеймін көзілдірікті бір кісі:
- Е, театрға қабылданып жатқан мыналар ма?- деп бізге шетімізден қарап тұрды да: - Ой мынау,-деп маған қолын шошайта берді.
Училищеде де аса тәртіптілердің қатарына жата бермейтін басым, «Ох, құрыдым, біp бұзықтығымды біледі, масқара болдым-ау», деп ойлап жүрегім су ете түсті. Әлгі кісі «өй, мынау» деп маған сол сұқ саусағын шошайтқан күйі:
- Хоқи, колхозбасы Шыршықбай,
Екі беті ұршықтай. Әй, мынауың алпыс екінші жылғы Мият қой,-деп көркемдік кеңес мүшелерін күлкігe кенелтіп шығып-ақ кеткені. Мен аң-таң болып қызарақтадым да қалдым. Не керек, әйтеyіp бәріміз қабылдандық. Кейін білдім ғой. Сөйтсем, ол кісі театрдың группа меңгеpyшісі Молдаш Сәкиев екен де, Мият деп тұрғаны алпыс eкінші жылы тура осы сияқты театрға қабылданьш, біраз жыл қызмет басқа салаға ауысып кеткен, түр әлпеті маған ұқсас бір ағай екен.
Кейін сол Мият ағай кім еді деп сұрасам Молдекең:
- Ол Мият, құдайдың құтты күні жұмысқа кешігіп келеді. Бірақ өмірі бірден іштегі әртістер жиналатын жерге келмейді. Келе салып, әйтеyіp бір жерге шешініп қойып театрдың ішінде жүре береді. Кездесіп қалғанда:
- «Ей, сен кешігіп қайда жүрсің?» десең, тіпті таң қалып:
- Не дейді, кешіккені нecі, жүрміз ғой осында таң атқалы беpі деп, өзіңді бәтқорда қылатын Мият ол,- дейтін еді жарықтық.
АТАҒЫМДЫ ӘКЕЛ
Алматы қаласында облыстық театрдың қырық жылдығы өтіп жатса керек. Атақ алудан үміткерлер Молдаш Сәкиев ағамыз да бар, әрине. Молдекең ағамызды шығындатқысы келген бір топ жас әртіс келісіп алады да, Молдекеңе барып:
- Молдеке, кеше Мәдениет министрлігіне атаққа ұсынылған төрт әртістің ішінен біреулер сіздің де фамилияңызды көріп қалыпты. Құтты болсын, енді не істейміз? – депті.
Атақты кім жек көрсін. Молдекең әдеттегідей:
- Қоқи!.. Да вы что говорите,- деп қуанып кетсе керек. Көкелерім-ау, не істейтіні қалай, бүгін кешке бәрің менің нөміріме келіңдер,-депті.
Кешке жігіттер Молдекеңнің нөміріне кіріп келсе, көкеміз керемет көңілді дейді. Жігіттерді қайта-қайта сүйіп, столға шақырады. Дастарханды жайнатып қойғаны сонша, құстың сүтінен басқаның бәрін - қазы-қарта, жал-жаясына дейін жайьып тастаған дейді. Әрине, коньяк, шампан, арақ секілді ішімдіктер өз алдына бір төбе. Кейін министрліктің шешімімен біраз әртіс, шынында да, атаққа ие болса керек. Бірақ ішінде Молдекең жоқ болып шығыпты. Арада үш ай өтіп, әртістер гастрольден қайта айналып келгенде баяғы жігіттер Молдекеңнен қаша беретін көрінеді. Сонда Молдекең: «Әй, менің жанашырларым бepі келіңдер. Менің «атағым» қайда баяғы?» әкел атағымды дейтін көрінеді алақанын жайып. Мақсұт Салықов – алғаш шахтер болған, көмір қазған. Кейін актер болған, өнер қазған. Екеуін де жандырған. 1927-ші, яғни қоян жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бестерек ауылында туылған. Жылан жылы (1977) қайтпас сапарға аттанды. Сахнадағы алыптар бейнесімен көрерменнің есінде қалды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
АҚТАЛУ
Мақсұт Салықов ер кеуделі, батыр тұлғалы кісі-тін.Мінезі де сол дене пішіміне сай кең еді. «Батыр-аңқау, ер-күдік», деген емес пе. Кейде тіпті бала сияқты сенгіш те екен. Бірде, гастрольдік сапарда жұбайы Нұрсипат екеуі қалдыратын жер болмай кішкене баласын да алып шығады. Баланың аты бала, не болса соған қыңқылдайды, тіпті, мазаларын алады.Тек өздері ғана болса, шыдап-ақ бағар еді-ау. Онсыз да жол азабынан шаршап жүрген өзге әртістердің жүйкесіне де әсер етпей қоймайды ғой. Мақаң мен Нұрекең, әcіpece, осы жағын ойлап, іштей қатты қысылады. Сондықтан бала қыңқылдай бастаса дереу айтқанын орындап тыныштандыруға тырысатын. Бірде ойын басталып кетсе керек. Ауыл клубының әртістер киінетін аядай бөлмесі. Мақаң әдеттегідей біp батыр ролінде. Алдынала киініп, «бес қаруын» асынып сахнаға шығар кезегін күтіп дайын тұрады. Нұрекеңнің де шығар кезі жақын.,Апыл- ғұпыл киініп жатады. Тап сол кезде бала қыңқылдай бастайды.
- Қазір, жаным, қазір. Сәл шыдашы,-деп Нұрекең жұбатқан болып киіне береді. Бала одан сайын қыңқылдайды. Нұрекең мұрнынан шаншылып, енді сахнаға қажетті заттарын іздеп аласұрады. Бала тіпті қоятын емес. Әртістердің кейбірі тыржиып теріс айнала бастайды. Мақаң да жұбатқан болады. Қоймайды. Тіпті, үдеп бара жатқан кезде күйіп кеткен Нұрекең:
- Әй, Мақсұт, өлтірші ананы,-дей салып, еңкейіп сандыққа қол сала бергенде ыза болып іштей тынып тұрған Мақаң баланы қамшымен тартып жібергенін өзі де байқамай қалыпты. Бала шар ете түсіпті. Шошып кеткен Нұрсипат:
- Ойбай, өлтірдің ғой,- деп жүгіріп кеп баласын құшақтай алыпты. Сонда өзі де қатты қорқып кеткен Мақаң сасқалақтап:
- Енді... өзің ғой өлтір деген,-деп, ақталған болып баланы Нұрекеңнің қолынан жұлып алып мейірлене кеудесіне басып, көзі жыпылықтап-ақ қалыпты. Қайран аңғал ағам-ай...
АДАСУ
Сан тарау даланың жолы. Әртістер мінген автобус иіp-иіp тарамданып, қырық айырылар қара жолда алған бағытынан адасып қалса керек. Әйтеуір, бір таптауырындау болған ескі сүрлеуге түсіп алып тарта береді, тарта береді. Жетеміз деген ауылы көрінетін емес, ұзақ жүреді. Адастыық. Бұлай бет алды жүре берсек, енді жанармайымызды таусып далада қаламыз. Бір қыраттың басына шығып тоқта. Айналамызды шолып, бағдарлап алайық,-дейді бригада жетекшісі. Жүргізуші жолдан сәл бұрыстау біp биік төбені бетке алып қиялай-қиялай үстіне шығады. Әртістердің бәрі жерге түсіп жан-жақты шола бастайды. Ауыл көріне қоймайды. -Құрыдық. Енді мына бір белеңнің астында болмаса, жанармайымыз да таусылады. Не қыламыз, барамыз ба, қайтеміз,- дейді жетекші әртістерге қарап.
- Бұдан да біp бөлектеу жерге шығып көрсек қайтеді әуелі,-дейді біpі.
- Мына біp қырат болмаса, ар жағы жазық-ақ екен. Көрініп-ақ қалар еді,- дейді енді біpі.
- Осылайша, әркім өз жорамалдарын ортаға салып, бір шeшімгe келе алмай жатса керек. Өзімен-өзі шеткері таман тұрған Бақтыораз ағай әртістерге жақындап келіп, жайлап қана ым қағып:
- Ананың дәмесін қара,-деп иегімен нұсқап Мақсұт құрдасын көрсететін көрінеді.
Сөйтсе, Мақаң жарықтық ешкімде шаруасы жоқ, өзімен-өзі анадай жерде жатқан бір ескі балонның үстіне шығып алып, мойнын барынша созып-созып қойып, «ауыл осы жақта-ау» деген тұсқа қолын шекесіне апарып күн салып қарап қоятын көрінеді. -Ay, Мақа-ау, әуре болып жатырсыз. Онан да келіңіз, ойланайық та,-дейді бригада жетекшісі. Сөйтсе Мақсұт: -Ә, сел де болса биіктеу ғой. Ана бір қырдың арғы жағы көрініп қала ма десем,-деп мамыражай қалыппен маңғазданып қоятын көрінеді. -Мақа-ау, анаған көрінбей тұрғанда саған қалай көрінеді,-деп Бақтыораз құрдасы сылқ-сылқ күліп, автобустың үстіне шығып, маңайды шолып тұрған жүргізушіні көрсетіпті.
Оның сөзін елең қылып жүрген Мақаң жоқ, тіпті жүргізушіге жақындап: -Көрінбей ме, ана балонды әперсем астыңа қойып қарайсың ба?- деп қоятын көрінеді шын ниетімен, көңілінде титімдей бөтен ой жоқ Мақаң жарықтық.
ӘУЛИЕ
Тағы да сапарда. Сол баяғы Өзбекстанның Бұхара облысында жүрсе керек. Қалың құм. Ыстықтан күндіз тысқа шыға алмай, өздері «жәй» деп атайтын кесек үйдің көлеңке жағындағы кішкене тесікке тұмсығымызды тіреп алып балықша аузымызды ашып жатамыз. Ал, сонысымен қоймай бұл жерден бір ерекшелігі - түс әжептеуір ауа бастағаннан-ақ құм іші салқындай бастайды. Құм тез суый ма, кейде түнде тоңасың. Бұл ауыл тіпті құмның қақ ортасында қалған екен. Клубтың ecігінен шықсаң-ақ болды, жал-жал құм, сексеуіл басталып кетеді. Күн әлі бата қоймаған. Кешкі мезгіл болса керек. Ойын басталуға әлі ертерек. Мақаң мен құрдасы Бақтыораз аға спектакльдің оны-мұнысын дайындап болып, биіктеу біp сексеуілдің көлеңкесіне төсеніш төсеп алып қисайып демалып жатса керек. Бақтыораз аға әңгіме соғып жатады. Сәлден соң байқаса, Мақаң пырылдап ұйықтап кетіпті. Жазғы гастрольдің де сол жаңа басталған кезі болса керек. Бақтыораз ағайдың жан қалтасында «ойыннан кейін шөл басармын» деп салып алған екі-үш алмасы бар екен. Жайлап қана сексеуілдің өздеріне қарай шығыңқырап тұрған бұтақтарына соларды ерінбей жіңішке жіп тауып байлапты. Дыбысын білдірмей клубка барып спектакльге пайдаланып жүрген бірнеше бутафор алмаларын әкеліп жоғарғы жағына іліпті. Сөйтіп түк білмегенсіп Мақаңды оятыпты. Бақтыораз ағай енді әңгіме арнасын ағаштар жайлы өрбітіп, олардың түрлі қасиеттерін әңгімeлeй келіп, eкі көзін жұмып шалқасынан жатқан Мақаңа:
- Мақа, мынау қандай ағаш?-депті күтпеген жерден тұра төбелерде әр-әр жеріне алма байланып тұрған сексеуілді көрсетіп.
Мақаң біp көзін сығырайтып қарап алып:
- Алма ағашы ғой,-деп жата бepіпті.
- Жөндеп қараңызшы, сексеуіл емес пе, осы,-деп Бақтыораз ағай әдейі аңқаусып өзінің ілген шын алмасының біpeyін үзіп алып Мақаңа ұстата салыпты. Ары-бері қарап алып, біp тістеп дәмін көрген Мақаң:
- Жоқ, алма ағашы. Сексеуілге алма қайдан өседі?-деп бой бермей, қолындағы алмасын көрсетіп қоятын көрінеді.
- Ал мынау ше?- деп Бақтыораз ағай сексеуілдің төменгі дінін көрсетіпті.
Сөйтсе жарықтық Мақаң тура біp жаңалық ашқандай:
- Әй, шынында мынау асты сексеуіл, үсті алма екен ғой, үндеме, ешкімге айтпай жинап алайық, көп пе екен өзі,-деп кішкене қысық көздері күлімдеп сексеуілге өрмелей бастапты.
Ал енді бұдан артық әулиелік бола ма?!
Тұрар Ізбасаров 1925-ші, яғни, сиыр жылы Әулиеата қаласында дүниеге келген. «Сегіз қырлы, біp сырлы» дегендей-ақ, домбыра тартады, ән айтады. «Юран-ай» деген халық, әнін орындауымен елдің есінде қалған. Суретке де түсіреді, суретіңді де сала салады. Табиғат ғажайыптары, жануарлар әлемі жайлы әңгімелеуді ұнатады.
«Қызыл қасқыр» атты кітабы жарық көрген. 1982-ші, ит жылы дүниеден өтті.
ОТЫЗ АЛТЫНШЫ ЖЫЛ
Тұрекең (марқұм Тұрар Ізбасаров) өткеннен бір әңгіме қозғала қалса, әйтеуір өзін соның ішінде болған, куәгер етіп қойып, әңгіме сабақтайтын еді.Әрі ағамыз, бір қызығы, әңгімені, «отыз алтыншы жыл»... деп бастайтын. Жазғы гастроль кезі. Әртістердің іші пысады. Уақыт өткізетін, әйтeyіp, көр-жер әңгіме. Тіпті, одан да жалығатын кез болады. Бірде ФЗО жайлы әңгіме болып қалғанда Тұрекең:
- Отыз алтыншы жыл. Мен ол кезде ФЗО-да, Қарағандыдамын,- деп араласады әңгімеге.
Енді бірде, аю аулау жайында сөз болғанда Тұрекең тағы да:
- Отыз алтыншы жыл. Мен ол кезде Алмалыда бойдақ қой бағамын,-деп көсіледі.
Тағы бірде әңгіме Жамбыл қаласының ақын атымен аталуы жайында болғанда:
- Отыз алтыншы жыл. Мен ол кезде қаладағы Ленин атындағы мектепте төртінші класта оқимын. Мен және мен сияқты тағы біp үздік оқитын оқушы екеуімізді қызыл галстук таққызып стансаға алып барды. Кейін білдік, Жамбыл Жабаевтың Мәскеуге, Қазақстанның әдебиет және өнер күндеріне кетіп бара жатқан кезі екен ғой. Біз Жамбылға гүл бердік. Сонда қасында Күләш Байсейітова бар, жарықтық:
- Атыңнан айналайын Әулие ата,
Атыңды мен алды деп, болма қапа,-деп, жылап тұрды. Ол кезде біз ненің мәнін білеміз. -«Неге жылады» дедік те қойдық деп «лаулатады» әңгімені Тұрекең. Бір жолы әртістер ұзақ жолдан әбден жол соқты болып, біp колхозға түс ауа әрең жетеді. Бригадир Атахан кеңсеге кіріп кетеді де, қалғандары автобустың ішінде отырады. Шәйқорларының шекесі тырысып, әбден шаршаған, әбіржіген. Сол кезде еріккен біреуі қиыннан қиыстырып Роза Бағланованың ең алғаш Ташкент қаласына келіп бір байқауда ән айтқаны жайлы айтып қалады. Сол кезде Тұрекең әдеттегідей:
- Иә, отыз алтыншы жыл. Мен ол кезде Тәшкенде техникумда оқимын. Шіркін, Розаның жап-жас кезі. Қос бұрымы өкшесін соғып, үй-й, жұтынып тұр еді-ау,-деп үздіге тамсанып, әңгіме бастай берген кезде, сіркесі су көтермей отырған бір қу бала:
- Ой-й, Тұреке қойыңызшы осы, сіз осы отыз алтыншы жылы Алмалыда бойдақ қой бақпаушы ма едіңіз,-дейді шекесі тырысып.
Қапелімде сасыңқырап қалған Тұрекең:
- Ә...иә, иә, сол жылы ағам барып Ташкенттен алып келді ғой,- дейді жалтарып.
Ау, Тұреке, отыз алтыншы жылғы Қарағандыдағы ФЗО-ны қайтеміз,-дейді қу бала әндете созып тағы да.
- Ә...ә, ол ұзақ әңгіме. Сол жылы қаштық қой біз одан,- деп, «оны кейін айтам» дегендей, артын сиыр «құйымшақтандырып» басын «былқылдатып» одан да қашып шығады жарықтық.
- Ау, Тұреке мектеп ше? Отыз алтыншы жылғы. Жамбылға гүл беретін төртінші кластың оқушысын қайтеміз,-деп өкшелей түседі қу бала. Енді қалай қашарын білмей сасқалақтаған Тұрекең:
- Әй, едриттвоемайт. Сен не менен бірдеңе іздеп отырсың ба?-деп шарт кетіп, шақшақ ете түседі.
Бітті, әрі қарай жақсы болмайтынын білетін қу бала үн-түнсіз жайлап қана автобустан түcіп кетеді.
- У-ух,-деп шекесін ұстаған күйі отырып қалған Тұрекең, әлден уақытта барып:
- Су... уух... Қап, жаңағы итті-ай ә,-деп «ауырып» қалатын көрінеді өп-өтірік қана.
КЕНДІР ҚАП ХИКАЯСЫ
Тұрекең қарияның әңгімeлepі кейде ұбап-шұбап, Мексиканың киносериялдары сияқты жалғасып кете береді. Ол кісінің «импровизаторлығында» шек жоқ. Әңгімені «на ходу» құрастырып, ойланбастан ұра береді, ұра береді. Онысы кейде қызық болмай «бидай-батпақ» болып та кетеді. Ондайда Сәкең (Сабыр Ысқақов) бір көзін қысып алып, мойнын бізге қарай «елу градусқа» бұрып: «Свободный құлақты тауып алды» деп қояды түсініксіздеу қып былдырап. Бірде гастрольдік сапарда түскен үйімізде ойынның алдында басталған Тұрекеңнің «шытырман оқиғалы» әңгімесінің әлқисасы әдеттегідей ойыннан кейінгі үлкен аста қайта жалғасын тапты. Ет желініп бітті, әңгіме әлі жалғасуда. Сорпа ішілді, әлі сол әңгіме. Шәй келді, әңгіме бітетін емес. Соншалықты «персонаждары» көп әңгіме болғандықтан Тұрекең қария кейіпкерлеріне ие бола алмай, т-у-у, сонау, о бастағы адамдарының атып ұмытып қалып, шатастыра бастаған. Әңгіме арасында «детективтің» Мейірқұл деген бір кейіпкерін қарақшылар қол-аяғын арқанмен байлап, қапқа салып, қаптың аузын байлап, тасып жатқан дарияға тастап өлтіреді. Әңгіме әpі қарай жалғасады. Созыла-созыла, базар ішінде байлар мен кедейлердің үлкен бір дау-дамайы болып жатқан кезде Тұрекең шатасып, сол баяғы «марқұм» Мейірқұлын алып келеді ғой «бұрқ» еткізіп. Сол кезде әбден шыдамы таусылған Сәкең (Сабыр Ысқақов):
- Ау, Тұреке, Мейірқұлыңыз мүрдем кеткен жоқ па еді. Қол аяғын байлап, қапқа салып тұрып, иманды болғырдың жанын қолдан жаһаннамға тапсырған жоқ па едіңіз,-дейді күйіп кетіп. Сонда, не дерін білмей, біраз абдырап қалған Тұрекең:
- Ә,ә...ия,-деп біp жұтынып алып жайбарақат қалыппен,-дарияда «торта» деген балық болады (бұл енді, таза Тұрекенің өзі ойлап тапқан балығы). -Олар кендір жейді. Тіпті, кендір көрсе түтіп жібереді,-деп Тұрекең сендіре түсейін дегендей, нықтап қояды. - Сол қарақшылар қапты лақтырған бойда әлгі «торталар» кендір қапты да, кендір арқанды да бас салып пәршек-пәршегін шығарады. Сөйтіп, ол аман қалып, сол маңда тұратын нағашыларына барып, бой тасалайды ғой,-деп одан аса тапқырлықпен сатылып шығып, әpі қарай көсілте береді. Әбден мезі болған Сәкен шыдамы таусылып:
- Ой, Тұреке, қоя тұрыңызшы, шәй ішіп алайық,-депті жақтырмаған пішін танытып. Сонда Тұрекең:
-Е-е, шәйді не, құлағыңмен ішетін бе едің едіриттвоомайт. Мен осының бәрін сендердің ішің пыспасын деп зорға құрастырып айтып отырсам,-деп ашуланып-ақ қалыпты.
СЫПАЙЫ ҰРЫС
Әлдихан Қалдыбаевтың «Шаншар атай» спектаклінде марқұм Тұрекең мен Сәкен (Сабыр Ысқақов) бірі Шаншар атай, бірі бригадир Мұсатай ролінде, негізгі тартыс та сол Шаншар мен Мұсатай арасында өтеді. Оқиға әбден шиеленіп, шарықтау шегіне жеткен кезде «балаларды жазалап жатыр» деп естіп, Мұсатай тау бұзардай екпінмен:
- Бұл не, балаларды қамап алып жазалап жатқаныңыз? Мұндай правоны кім берді сізгe?-деп бұлқан-талқан болып, кіріп келуі керек. Ал Шаншар атай оған «Әй, Мұсатай, сен eкі сөздің біріне келмей, праводан келеді екенсің» деп жауап қай- таруға тиіс пьеса бойынша. Біp күні тап осы жерге келгенде Мұсатай-Сәкен тас-талқан болып кіріп келуін келеді де, сөзін айтпай, Шаншар-Тұрекеңе тесірейіп қарап тұрып алады. Ары-беpі реплика күткен Тұрекең, алғаш аң-таң болып:
- Әй, сен бірдеңе демейтін бе едің?- дейді.
Сәкең-Мұсатай сөйлемейді. Онысымен қоймай, қайқайып танауып аспанға Шаншар-Тұрекеңе жақындай береді.
- Әй, мынаның дені cay ма?-дейді Шаншар-Тұрекең оның әдейі істеп тұрғанын біліп, өз сөзімен ашуланып.
Сәкең тіпті жақындап келіп, Тұрекеңе қарнын тіреп тұра қалады. Тұрекең артқа шегініп: -Әй, мынау баса ма?-деп әріптестеріне қарайды. Ары қарай өзі пьесаның cөзін айта берейін десе, реплика жоқ, аузына сөз түспейді. Тұрекең әбден ыза болады. Айқай салар еді, көрерменнің алды. Әбден шегіне жетті-ау деген кезде барып, Сәкең- Мұсатай белден бір-ақ басып:
- Пр-р-р-р-равадан келемін, ал не істейсіз?-дейді. «Р» деген әріпті ырылдатьш тұрып созып, сахна жайына қалып:
- Ой, праваңды ұрайын, дейді күйіп кеткен Тұрекең шарт кетіп. Осы кезде Сәкен-Мұсатай әріптес балаларға қарап қөзін бақырайтып, аузын ашады. Онысы «Мәс-саған, міне, көрдіңдер ме, тура сахнада боқтады мынау» деген жаласы.
Әбден күйінген Тұрекең не істей қойсын, сахнада мұңын кімге шақсын, «міне, бұл жынды» дегендей, ол да балаларға қарап, астыңғы ернін бір шылп еткізіп қояды. Онысы, бір жағынан, «көрдіңдер ғой менің кінәм жоқ, бүлдіріп тұрған мынау» дегені. Осыдан бастап, ойы бөлінгеннен бе, Тұрекең күнде пьеса сөзінен шатаса беріпті. Бірақ, бір қасиеті, өмірі «мен жаңылдым» деп мойындамайтын көрінеді. «Шатасатын да шатастыратын да Сабыр» деп бой бермейтін. Бір күні Тұрекең өте көңілді:
- Әй, Сабыр, келші беpі, күнде бір жерге келгенде шатасамыз, кәне, пьеса бойынша тексере қояйықшы,- дейді мамыражай кейіппен, қариялық танытып.
- Келіңіз, Тұреке, тексерсек тексерейік,-деп Сәкең де інілік ізетпен сызылып, пьесаны қолына алып, сол сценаға қатысатындарды жинап, сөзбе-сөз қайталайды. Тұрекең тағы шатасады.
- Міне. Көрдіңіз бе, сіз шатасады екенсіз,-дейді Сәкең Тұрекеңе жайлап қана.
- Әй,қалайша?- деп Тұрекең өнмеңдей түседі.
- Міне, көрдіңіз бе,-деп Сәкең пьесаны оқып, бұлтартпас дәлелмен шұқып көрсетеді. Манағы бері інісіне деген «ізгі ниеті» лезде көкке ұшқан Тұрекең:
- Әй, бұл менің жеп отырған наным ғой. Шешеңнің шорбайына қателесем бе мен,-деп шарт кетеді.
- Жоқ, кешіріңіз, Тұреке,-дейді Сәкең алдымен кешірім сұрап алып, биязы ғана інілік ізетпен: -Міне, сіздің шешеңіздің шорбайы (онысын тіпті жай әншейін, міне, көрдіңіз бе, деп мәмілеге шақырғандай етіп айта салады), қараңызшы, сіз қателесесіз,-дейді пьесаны нұқып көрсетіп.
Сол кезде барып өзінің әбестігін біліп қалған Тұрекең:
- Ту-у, иттің ибалысын-ай. Тегі боқтығының өзін жүрекке жылы, тиюін қарашы,-деп күліп жібepіпті.
«Шай орамал кепкенше» деген ашу, міне, осы.
ӘЛСAHA
Тұрекеңе қандай сауал қойсаң да аузынан «білмеймін» деген сөз шықпайтын еді. «Е, бұл пәлен деген нәрсе ғой» деп табан астында жауап беріп, әңгімесін жалғастыра беретін. Дәлелді болсын дей ме, көбінесе «мұның екі түрі болады, үш түрі болады, кейде тіпті төрт түрі болады» деп әр түріне ат қойып, тәптіштеп ұзақ әңгімелеуші еді. Осыны сезген бір қу бала гастрольде жүргенде бір шөпті жұлып алып, жанына бір топ әртісті ертіп Тұрекеңе келіпті. «Тұреке, мынау қандай шөп?», дейді білмегенсіп. Тұрекең ойланбастан «әл-сана» ғой дей салыпты. Әлгі бала содан соң әртістерді Тұрекеңнен оңашалап алып: «Естідіңдер ғой, мына шөптің атын «Әл-сана»-деді. Ал енді осы шөптің атын eкі күннен соң қайта сұраймын?-дейді. Содан екі-үш күн өткеннен кейін әртістердің алдында әлгі шөптің атын Тұрекеңнен тағы сұрайды. Тұрекең «әл-санасын» ұмытып қалса керек. «Жоса-хан» ғой деп қалады. Әртістер ду күлгенде барып баланың қулығын сезіп, сасып қалған Тұрекең:
- «Ә, бұның екі түрі болады, бірі мына тау жақта өседі, екіншісі құм жақта өседі»: Тауда өсетінінің бетінде майда-майда қара дақтары болады...»-деп түсініксіздеу біpдeңeлepді айта беріпті.
Қайран, аңқау көкем-ай...
ҚҰТСЫЗ ҚОНАҚ
Темір жол бойындағы бір ауылға гастрольдік сапармен бара қалдық. Қонақ үйі болмағандықтан, совхоз басшылары бізді орта жастағы бір қарапайым кісінің үйіне түсірді. Ағай онша көп сөйлемейтін, тұйықтау кісі екен. Әйтсе де жылы шырай таны- тып қарсы алды. Сөз ретіне қарай әңгіме айтып, түскі шайдан кейін жадырап отырғанбыз. Кенет үйге 15-16 жастар шамасындағы ер бала кіріп келеді де:
- Көке, біздің сиырды пойыз қағып кетті,-деді.
Босаға жақта отырған ағайдың түсі бұзылып, тіс жармастан далаға шығып кетті. Өздері шиеттей жан екен. Қатты ыңғайсыз жағдайда қалдық. Тұрекең марқұм да үй иесімен ілесе шығып кетті. Әлден соң жалғыз өзі Тұрекеңе: «Тұреке, ыңғайсыз болды-ау, не деді» дейміз тұс-тұстан. Сол кезде Тұрекең жайлап қана:
- Не дейді, «Құтты қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе сиырды пойыз қағады деді» дегені...
ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІ
Істің қай саласында болсын, социалистік жарысқа түсіп жататын кез. Театрдың үш бригадасының бірін сол жылы елу жасқа толған марқұм Алтын апамыз (Ружева) басқарып, өзінің туған өлкесі Ақтөбе, Орал жаққа кетеді. Екіншісін Сағымбек Рақышев бастап, Өзбекстанның Бухара облысында болады. Ал, марқұм Сабыр Ысқақов басқарған үшінші бригада Қызылорда облысына сапар шексе керек. Күзде қайта оралып жоспар орындаудың қорытындылары шығады. Бірінші орынды-жоспарды асыра орындаған Алтекеңнің, екінші орынды-Сахаңның бригадалары алады да, Сәкеңнің бригадасы жоспарды да орындай алмай қалады. Өзара жарыс қорытындысын, әpі ептеп әзіл жазатын, әрі сурет салудан да хабары бар марқұм Тұрар Ізбасаров қабырға газетінде былайша бейнелепті: Кәдімгі Крыловтың әйгілі аққу-көкке, шортан-көлге, шаян- құмға тартып бара жатқан суретін салып, бірінші бригаданы аққу деп көрсетіп:
«Озу үшін бәрінен
Көктің жүзін шарлайын», деп қойыпты.
Ал шаян - екінші бригадаға:
«Қалмау үшін қатардан
Бұхараға барайын»,-депті.
Бұхара, құм, тегі дәл келсе керек.
Үшінші Сәкеннің төменге тартқан «шортан» бригадасына:
«Жоспар қайда қашады,
Қаймақ ішіп алайын»,-деп қойыпты.
Сөйтсе, Сәкен марқұм қаймақты денсаулыққа өте пайдалы деп біліп, қашан, қайда жұмсаса да ең алдымен «тұра-тұр қаймақ ішіп алайық», дейтін жазылмаған заңы бар екен ғой...
ТОЛҚЫН ТОҚПАҚ
Шымкенттің Шымшықтың миын қайнатар ыстығы. Шаңқай түс. Бір ауылға ындынымыз кеуіп, әрең жетіп, әдеттегідей бір шелек мұздай суды ортаға алып, кеңсенің көлеңкесінде отырғанбыз.
- Пах, шіркін,-деп бастады әңгімесін Сәкең (Сабыр Ысқақов), -шіркін Қара теңізге не жетсін. Пай-пай, пай, таңертеңгі азоны қандай? Ой, өткен жылы бір, ай, ра- хаттандым-ау. Шіркін, жағажайы қандай? Не бір ұлттың сұлу келіншектері сонда. Дене бітімдерін айтсайшы. Жалаңаш, қыздырынып жатқан да шіркін, бірінен-бірі өтеді-ау, қиялымен қайта Қара теңізге шомылып, сұлулармен «сүйісіп» кетеді.
- Сәке, сонда жабайы жағажай болады дейді ғой, рас па?- дейміз біз.
- Онысын қайдам, ал енді,-деп, алып ауыздың суын құртар әңгімесін одан әpі сабақтайды. Біздің аузымыз аңқиып, Сәкеңнің әңгімесін тыңдап қалуымыз Тұрекеңе онша ұнай қоймайды. Жарықтық «һы» деп мысқылдап, бетін тыжырайтып тepіc айналады. Онысы анық «далбасалапты» өтірік айтады дегені. Екі мықтының ортасында жүріп әбден сыралғы болған біз жымың-жымың етіп бір-бірімізді айтпай түсініп, дереу «қоздырғыш» тастауға кірісеміз. Ол үшін біз де «былқ» етіп, Тұрекең жағына ауып түсеміз.
- Cіз білмесеңіз, Тұрекең білетін шығар, Тұреке, Қара теңізде болып па едіңіз? - дейміз шын көңілмен мүттәйімсіп.
«Біp рет болдым десем, өтірігім шығып қала ма» дей ме, жарықтық:
- Ә-ә, ия, ... жеті рет болдым,-деп маңғазданып, басы былқылдап қалады. (Ол сәл дүдамалау әңгіме айтқандағы әдеті) мықтылай түсейін дей ме:
- Ең соңғы рет осыдан екі жыл бұрын болдым-ау,-деп өп-өтірік ойланған болады. Онысының да «ылғи болып жүрміз ғой, оның қайсы бірі есте қалады» деген сыңайы екенін бізге бесенеден белгілі.
- Мына Сәкең Қара теңізде болдым дейді. Жабайы жағажайды білмейді. Ондай бар ма? Kөріп пе едіңіз? -дейміз ентелей.
Жарықтық одан сайын маңғаздана түседі.
- Ә, ия, бар. Тыр жалаңаш, тыр жалаңаш әйелдер лыпасыз тура теңіздің жағасына келіп теңізге қарап отырады. Одан соң сол күйде артқа шалқасынан түсіп, eкі аяғын көтеріп жата кетеді. Жағаға соққан толқындар келіп, келіншекті шылп-шылп ұрып кетіп, ұрып кетіп жатады. Мынадай-мынадай шабақтар,-деп Тұрекең сұқ саусағының ұшын ғана көрсетіп келіншектерді түртіп кетіп, түртіп кетіп жатады. Оны олар өздерінше «толқын тоқпақ» деп атайды, деп аяқтайды ғой жарықтық әңгімесін.
Ал, осыдан соң күлмей көр, қыран-топан боламыз да қаламыз.
Қайран импровизатор көкем-ай...
Сабыр Ысқақов –тышқан жылы (1936) Жамбыл облысы, Мерке ауданында Революционер отбасында дүниеге келеді. Әкесі, Ысқақ Әсімұлы Халық жауы деген жаламен Сталиндік репрессия құрбаны болып 1937-ші жылы жазықсыз ату азасына кесіледі. Сабыр жетімдік тауқыметімен қоса халық жауының ұлы ретінде де көп тағдыр мехнатын тартты. Ол Фурмановтың «Бүліншілік» спектакліндегі Петров болып: -Мен кеңес өкіметін жек көремін!- деп айқайлады. Осы жерінде өзі де шын образға берілетін. Бәpі бір жасымады. Өміріне өнерді серік етті. Домбыраның құлағында ойнады. Әнді аузымен емес жүрегімен айтты. 1989-шы, Жылан жылы дүниеден қайтты.
СӘКЕҢНІҢ ҚОЛҚАСЫ
Театрдың біp бригадасы жазушы-драматург Әлдихан Қалдыбаевтың «Шаншар атай» спектаклімен Шымкент облысында жүрсе керек. Марқұм Сабыр Ысқақов көкеміз спектакльдегі белді кейіпкерлердің біpі-бригадир Мұсатайды ойнайды. Мезгіл жиын-терін бітіп, ауыл-ауылда той жасайтын кез болса керек. Спектакльдің біp бөлімі біткенде Сәкең тосыннан келіп, Мұсатайды екінші топта ойнайтын Әбиірбек Тінәлиевке: «Енді қалғанын сен ойнай сал»,-деп буынсыз жерден пышақ ұрады.
- Ойбай-ау, ол не дегеніңіз? Жартысына шейін ойнап қойған соң не айтып тұрсыз?-деп шошып кетеді Әбиірбек.
- Әй, айналайын, не қылар дейсің. Колхоз ғой, білмейді, мен біp тойға тамада болуға келісіп қойып едім. «Кешіктік» деп жанымды алып барады. Оның үстіне «ойбай-ау, 300 сомды кім береді?»,-деп Сәкең өлердей жалынады.
Шын сасайын деген Әбиірбек:
- Көке-ау, сонда мен кіммін деп шығамын? Көрермендер мені Мұсатай демейді ғой,-деп шыр-пыр болады.
- Әй сен мені отпускаға кетті де. Мен соның орнындағы бригадирмін дей сал. Түк те қылмайды,-деп Сәкең киім ауыстыруға кіріседі.
- Оу, макұл-ақ, солайын солай, дейін. Ал, сіздің әйеліңіз Күләнданы, балаңыз Санатбайды кімім деймін, ойбай-ау?-деп қызыл кеңірдек болады Әбиірбек. Сонда барып өзінің қолқасының оғаш екенін білген Сәкең не дерін білмей сасқалақтап біраз тұрып:
- Е, онда Мұсатай өлді, мен оның інісі едім, әйелін жеңгедей алдым дей сал,- деп күліп жіберіпті. Не шыны, не ойыны екенін білмей шошып тұрған әртістер қыран-топан күлкіге батыпты.
СӘКЕҢНІҢ АШУЫ
Бірде Шымкент облысында ұзақ жолдан шаршап келе жатьш, ас-су ішіп алмаққа бір кішігірім базарға аялдадық. Әртістер көліктен түсе салып, базарда қатар-қатар отырған әр сатушы әйелден, әр ненің бағаларын сұрап, әйтеуір арзандауын іздеп жағалай бастаған. Сол кезде бұл базардың мазасы жоқ екенін көрген бригадир Атахан:
- Қой, кеттік, сәл жүрсек жақсы біp тамақтанатын орын бар, жүрейік деді. Әртістер шұрқырасып көлікке мініп жатыр. Базарға енді ғана барған Сәкең (Сабыр Ысқақов) бір әйелден «жүгері көженің бір кесесі қанша»? деп сұрады.
- Елу тиын, кел, келіңіз,-деді әлгі әйел. Жоғары қарап сәл ойланып алып Сәкең:
- Жоқ, қымбат деп бұрыла бергені сол еді, әлгі әйел:
- Ой, қаңғыған әртіс, ақшаң жоқ, неменеге баға сұрайсың?-деп қайдағы бір бәдігін сапырып кеткені.
Сәкеңнің түрі сұмдық бұзылып кетті, тіпті өрт сөндіргендей тұтығып тұрып әйелге жалт қарағанда Сәкеңнің мұндай ашуланғанын көрмеген біздің зәре-құтымыз қалмады. Міні-міні былапыт сөзбен масқарасын шығарып тастайды-ау, деп ойлап үлгергенімізше, Сәкең әйелге қарап сұқ саусағын жоғары көтеріп тұрып:
- Молодец, ер екенсіз! Бірақ аздап берекесіз,-деп сол күйде жоғары шошайып тұрған саусағын әйелге қарай бір сілтеп жіберіп жүріп кетті.
Mінe, үлкен адамның ашуы осындай-ақ болды.
СҰРАУДЫҢ ДА ОРНЫ БАР
Сәкең өмірі тек «қымбат» темекі шегетін. Оған ақшаны қайдан ала беретінін ешкім білмейді. Және темекі сұрағандарға еш уақытта «жоқ» демейді. Тіпті, былайша қабағымен болса да сәл-пәл реніш білдірмейді-ау, жарықтық. Құдайдың құтты күні репитициядан үзіліске шыққанда Сәкең қалтасынан темекі шығаратын көрінеді. Сол кезде әртістер бірінен соң біpі:
- Сәке, маған да?..
- Кәне, Сәке, біpeyін...
- Сәке, темекіңізден...
- Шекішіңізден...
- Шылымыңыздан... - деген сияқты түрлі жаргондармен қолдарын соза
бастайтын көрінеді. Сәкең сөзге келмей бере береді екен.
Бір күні үзіліске шығып, бір топ әртіс қатар-қатар тұрып қалыпты. Сәкең де сол баяғысынша қалтасынан бір қорап кымбат темекі алып, енді ашып, бір талын ерніне қыстыра бергенде, әдеттегідей қатар тұрған бес-алты әртіс бірінен соң бір қолдарын соза береді. Сәкең тіпті түрлеріне де қарамай суырып бере береді, бере береді. «Алымсақтар» таусылады. Ал Сәкең болса сол суырып жатқан бойы тоқтамай сол ырғақпен суырып жерге тастай береді, тастай береді де, түгел тауысып, қорабын мыжып, бұрыштағы қоқыс жәшікке лақтырып жіберіп, дым болмағандай үн-түнсіз тұра беріпті. Сұраушылар не істерлерін білмей қысылыпты. Содан бастап әpкім темекіні өз қалталарынан шегетін болса керек. Зекен Мейірманов – Талдықорған облысында сиыр жылы (1925) дүниеге келіп, Қытай Халық, Республикасында өскен. Сонда сауат ашқан. Туған жерге оралған соң қайта маманданып, Алматы консерваториясының театр бөлімін бітірген. Өзі - әртіс. Қоғамдық, жұмысы - лектор. Лектордың мақсаты-елді дінге қарсы қою. Ал өзінің мақсаты - діннің жақсы қасиеттерін насихаттау. «Иманшарт» атты кітабы жарық, көрген. Тұлғасы да-кесек, бітімі де-кесек, Болмысы да кесек азамат аға ұлу жылы (1988) дүние салды.
ХАТ
Зекен аға (марқұм Зекен Мейірманов) көңілді күні театр фоэсінде ыңылдап отырар еді. Әңгіме айтқысы келіп марқұм Сабыр көкеміздің сөзімен айтқанда «бос құлақ» іздеп отырғанын сезіп, біз де бір иығымызды беріп көлденендей береміз.
- Әй діңкең құрғырлар, мұнда келіңдер, отырыңдар,-деп бізге қасындағы бос орындықтарды нұсқайтын. Бізге де керегі сол көктен іздегеніміз жерден табылып, жылмиып кеп жанына жайғасамыз. Ішіндегі бойдағы осы жолдардың авторы, мен. Зекең күлімдеп маған қарай жантая түсіп:
- Әй, діңкең құрғыр, осы өзің «ашық» болып жүрген біреуің бар ма?-деп жайлап сыр тартып, барлап қарап қоятын.
- Бар ғой, бірақ соған сөйлей алмай қара басып жүpмін ғой,-деймін мен мүләйімсіп. «hі» деп Зекең кекесінді мысқылмен бір мырс етіп алып әңгімесін ары қарай сабақтайды. - Діңкең құрғыр, менің-ақ айтқанымды істесең қор болмайсың, хат жаз,- дейтін еді.
- Ойбай, көке-ау, қайтіп жазам,-деймін мен де, лезде «мылқау» бола қалып.
- Өй, діңкең құрғыр,-деп Зекең басын паңдана кегжитіп, бір көзін сығырайта қысып алып, «һң», «һң», «һң» деп мысқылдап отырып алатын. Онысы «ақымақ, оны менен сұрамайсың ба?» дегені. Бітті, одан ары ағамызды «дөңгелетіп» әкету оңай. Дереу ол кісінің сол театрдағы онша ұната бермейтін біреуінің атын атап «пәленшекеңе бірдеңе жазып берші» деп едім әлде қандай болып жүр ғой» деп мүттәйімдене қаламын. Бұл Зекеңнің ең бір «жанды жері». Зекең аға тап бір танауының астынан тарақан жүгіріп өткендей, тыжырана түседі. Ашуланса «һң», «һң» деп тұтығып қалатын әдет! Онысы тіпті көбейе түседі.
- Һң... һң.. діңкең құрғыр... ол не жазсын, «һң» неменемді жазады ол. Һң... Әлгі... қң немене еді... һң. «Тышқанға мысықтан үлкен аң жоқ деген,-деп бізді де оңдырмай кетеді.
- Mіне, былай, діңкең құрғыр, былай жазады,-деп сол қолын жартылай жазып алып, жуан даусымен гүрілдеп, Ғазиза гүлдің әніне салып бастап кеткенін өзі де білмей қалады. Бір-бірімізді түртіп қойып біз отырмыз. Зекең аға дүниені ұмытып, қор қыздарымен қолтықтасып кете барады.
- Қалам алып, хат жаздым, cізгe сәулем,
Он төртінші - ай жүзің бар айдай көркем,-деген кезде, көзде – нұр, көңілде - ғажайып сұлу, емірене түседі.
- Сен есіме түскенде беу қарағым,-деп қайғырғанда Зекең одан сайын сезімге
беріледі. Қатып қалған-ай қозғайсың іштің дертін. - Енді күйінеді.
- Ғазиза гүл қарағым-ай,
Қабағың-ай, -көзін жұмып алып шайқалады.
- Ақ қағаздай аппақ тамағың-ай.
Мен өп-өтірік қана ғашықтық дертіне шалдыққан жандай мұңая түсемін де, Зекен аға арқалана түседі.
- Ал бұған жауап жазбаса былай деп екінші хатты ұрып жібер, қалай көнбес екен көрейік,-деп желпінеді ағай.
Енді жалынышты жыламсыраған кейіпке eніп:
- Көгершіндей қайырма қанатымды,
Қарай-қарай-ай-й тоздырдым сағатымды «ай»-деген кезде тіпті көкірегі қарс айырыла жаздайды. Зеке, енді осы жерде кішкентай бала құсап сағатты айтпай-ақ қойсақ болмай ма?- деймін мен сәл ғана келіспеушілік білдіріп.
Зекен аға сол сөзімнен шыға алмай жыламсыраған күйі:
- Өй, діңкең құрғыр, жауабыңды көп күттім деген сөз ғой,- деп қойып әнін ары қарай жалғайды:
- Сүйем деген cөзіңді естіртсеңші.- Осы жерге келгенде «міне гәп осы жерінде ғой» дегендей, нығырлай түсіп, көзі күлімдеп, өте мән беріп қутыңдап қояды.
Саған деген-ай таусымай тағатымды. Әнін аяқтап, рахат күй кешеді. Жадырайды. Өзіне-өзі риза болып «өлтіріп жіберемін ғой» дегендей, масаттана жымиып, маған қарап отырып қалады.
- Ой, қазір хат жазу модадан қалды ғой. Ұят емес пе?- деймін мен кенет, нілдей бұзылып, әнін де, ceзімін де быт-шыт қылып. Ағаның түрі бұзылып кетеді.
- Ой, діңкең құрғыр, осыны жазшы. Осыдан шалқасынан түспесе, маған қайтып кел. Ой... «һң»... мына түріңмен сен... һң... бұ дүниеде... һң... қатын ала алмайсың ғой... һң... діңкең құрғыр,-деп шын ренжіп қалатын еді қайран көкем.
КҮТПЕГЕН ЖАҒДАЙ
Гастрольдік сапар. Ғабит Mүcіpeпов атақты «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі көрсетіліп жүрсе керек. Тосыннан Айдар бейнесін ойнаушы әртіс сырқаттанып, ауылға қайтып оның орнына Зекен аға келіпті. Зекен бұрын ол бейнені ойнамаса керек. Ондайда оған қарамайды. Театрдың жазылмаған заңы бар. Роль қолына берілсе бітті, бір күннің ішінде ойнап шығуың шарт. Іләж жок, Зекен әйтеуір сөздерін шала-пұла жаттағансымақ болып, батырдың киімін киіп, бес қаруын бойына асынып, Айдар болып шыға келеді. Негізгі сахналық тартыс Қодар - Спандияр Мұқышев екеуінің арасында өтеді. Спектакль бойынша Баянды айттырып жүрген eкі батыр нөкерлерімен тау бұзардай екпіндете сахнаның eкі шетінен атып-атып шығып, сөз сайысына түсулері керек.
Сөзді пьеса бойынша:
- Екпіндеме, Қодар мырза - деп Айдар бастайды. Қодар:
- Сен де көки берме босқа. «Бұрын келсем де төр менікі», кейін келсем де төр менікі,-деген ағалығыңа болайын да сенің,-деп жауап бepyі керек. Осылайша eкі батырдың дауы әpі қарай сабақтасып кететін.
Сөйтіп Зекең аға алғаш рет Айдар батыр болып сахнаға шыға келеді. Жасы да келіңкіреп қалған адам қарны бар, аса жараса қоймаса керек енді. Екінші жақтан жалт-жұлт етіп Спандияр - Қодар шығады. Зекен кәдімгідей өзінше образға беріліп қопаңдап-қопаңдап қойып:
- Екпіндеме, Қодар мырза,-деп сөз бастағанда жаз бойы күнде біp сөзді айта-айта жалыққан Спандияр- Қодар «Зекенді біp қатырайын, не қылар екен?» деп жауап берместен үн-түнсіз Зекең Айдарға менсінбегендей тыжырынып қарап тұра береді. Онысымен қоймай «һың» деп мысқылдап күліп қояды.
Қодар cөзінің соңын күтіп тұрған Зекен аға не қыларын білмей саса бастайды. Спандияр-Қодар болса емін-еркін әдейі бұлғақтап Зекен-Айдардың ар-жақ, бер жағына шығып асықпай мұқият қарайды. Содан соң найзасын шыр айналдырып, әpі-бepі жүреді де кенет «а, ап-па» деп оқыс дауыс шығарып Зекең - Айдарға қарай найзасын кезеп тап береді. Онсыз да сасып тұрған Зекең - Айдар қапелімде тура келіп қалған найзаның ұшын көріп, көзі бақшаң eтіп, «ыңқ» ете қалады. Спандияр-Қодар жайлап айналып кетіп, ойламаған жерден тағы шалт қимыл жасап қайта тап беріп, сахнаны басына көтеріп, айқайлап тұрып күледі. Зекең мынаның қылығына әбден ыза болады. Бірдеңе дейін десе, аузына пьесаның сөзі түспейді. Бір кезде Спандияр-Қодар жайлап Зекен-Айдарға жақындап, көзін-көзіне қадап тұрып, найзасын көрсетіп, өз сөзімен: -Мынаны қабырғаңыздың арасынан жүгіртіп-жүгіртіп алайынба?-депті. Өп-өтірік, тістене созып, тура бір қабырғасын емес, миын шұқығандай етіп. Сол кезде әбден шыдамы таусылған Зекең-Айдар тіпті күйіп кетсе керек не істерін білмей сасқалақтап тұтығып тұрып-тұрып, кенет саусағын шығарып оған әдемілеп тұрып түкіріп – түкіріп жіберіп:
Қатқаныңның басы тфу, мә жүгіртесің, діңкең құрғыр, деп тарс кетіпті.
Ал Спандияр-Қодар сол кезде лезде мамыражай бола қалып пьеса сөзімен:
-Пай-пай-пай, бұрып келсем де тер менікі, кейін келсем төр менікі деген ағалығыңа болайын да сенің,-деп мүләйімсіп cөзін жалғай беріпті. Көрермен қайдан білсін пьеса бойынша бәpі осылай болуы керек деп ойлап рақаттана күліпті. Ораз Насымханов – сиыр (1937) жылы Алматы облысының Бақанас ауданында дүниеге келген. Ұзақ, жылдар Қызылорда, Жамбыл театрларында қызмет етті. Тума талант, тамаша актер, сырнайшы, домбырашы, әнші. Қазір Ақтөбе облыстық, қазақ, драма театрында қызмет істейді.
ЖЫН - ШЫН МЕН ДYPMӘH
Зекен аға Қытайдағы Тибет медицинасы жайында майын тамызып әңгімелейтін. Шашыңды қалың қап-қара етемін деп Мағзұмның шашын қырғызып, біp жаз басын пиязбен ысқылатып, Спандиярдың сақалын сасытқаны бар ғой жарықтық.
Зекеңнің айтуынша Жантаққа дейін ем. Ауырдым десең: -Діңкең құрғыр, кел мен дәрі жасап беремін. Он күнде құлан таза айықпасаң маған кел,- деп қоятын әйтеуір.
Бірақ ол кісіге обалы не керек, дәрі жасатып емделіп көргеніміз жоқ. Әйтеуір жазғы гастроль кезінде өзінің біp литрлік шыны ыдысқа құйылған қызғылтымдау дәpіcі болатын. Зекең оны көбінесе шаршағанда, ойыннан кейін тамақ алдында арнайы кішілеу кесесімен ішіп алатын. Өзінің айтуынша, ішкеннен соң әжептәуір жеңілденіп жақсы болып қалатын көрінеді. Жүрек ауыруының дәрісі болса керек. Ал біздің байқайтынымыз сол дәріден соң Зекен ағаның беті бал-бұл жанып, көңілдене түсетіні.
Біз оны күшті дәрі деп білеміз. Ал Орекең (Ораз Насымханов):
- Ой, ол жәй біp зиянсыз шөп қосылған арақ қой,-деп бой бермейді. Кейде Зекең дәрісін ішіп жатқанда:
-Зеке, осы дәріңізді ішсеңіз жайнап кетесіз, бізге де құйсаңызшы, деп қисаяды Орекең. Біз еріксіз күлеміз. Ал Зекен аға болса: -Құяйын, іш, діңкең құрғыр. Көзің аларып, аузың көпіріп, қалш-қалш етіп ес-түссіз жатайын деп пе едің. Бұл женшен тамырымен дүрмән, қазақшаласақ меңдуана, діңкең құрғыр,-деп қорқытып қояды. Бірде машина құмға батып әртістер айдалада қалады. Түндегі отырыстан кейін Орекеңнің басы ауырып, «келесі ауылға ертерек жетсем» деп келе жатқан ойы тас-талқан болады. Зекен аға бастаған бір-екі әртіс тартып шығаратын көлік іздеп үлкен жолға кетедь
Біресе автобусқа мініп, біресе түсіп, тенселіп жүрген Орекең:
-Зекеңнің сөмкесі қайда?-дейді кенет.
-Оны қайтесің? Орындығының астында тұр ғой,-дейді әртістер.
-Өлдім, әкесінің аузын...дәрісін ішемін,-дейді Орекең.
Әртістер шошып кетеді.
- Әй, айналайьш, ондай пәлені айтпа. Айдалада енді сен ауырып жатсаң. Қой, айналайын,-деп қарсылық білдіреді.
-Ештеңе етпейді, қорықпаңдар,-деп Орекең суырып алып қырлы стаканға толтыра құйып, бір-ақ тартады. Әртістердің көзі бақырайып қалады. Орекеңнің шекесінің құрыс-тырысы жазылып, рахаттана бастайды. Сәл отырған соң тағы да тартады. Тағы тартады. Не керек, әйтеуір бітіреді. Алғаш қызады, артынан қылжалақтайды, турасын айтқанда мас болады. Жолға кеткендер сүйреп шығаратын машина әкеліп, трос жалғап жатқанда Зекен аға автобустың ішінде жалғыз отырған Орекеңе:
- Әй, сен неғып отырсың, мелшиіп. Түспейсің бе, былай? -дейді. Сонда Орекең тілі бұралып:
-Жын-шын тамырымен дүрмән ішіп дәрменім кетіп жынданып отырмын,- деп Зекен ағаға босаған ыдысын көрсетіпті.
Қаны басына шауып:
-Діңкең құрғыр...-деп тұтығып қалған Зекен ағаны Орекең:
-Зеке, ренжімеңіз. Келесі ауылға жетейік. Мұндай «жын» толып тұр ғой дүкенде,-деп жұбатса керек ықылық атып.
ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ
Діңкең құрғыр, мен Қытайда жас кезімде жыланмен айналысқам. Жылан әлемі шіркін білген адамға ғанибет қой.
Сол жылдары өзі бір жылан қалың болды.
Япырай, табалдырықтың түбінде жатып алып есік алдындағы ағашқа қатар-қатар қонған шымшықтарды арбағанда бейшара шымшықтар бастары былқылдап, жерге топ-топ етіп түсіп жататын,- дейді бір жыландар жайлы әңгіме болып кеткен кезде Зекен аға.
Тап сол кезде қасында отырған Орекең (Насымханов) әй- шәй жоқ жайлап қана:
- Мен жас кезімде тышқанмен айналысқам,-деп бастайды әңгімесін. - Тышқан
әлемі де шіркін білген адамға енді ғаныбет болмаса да ған-и-бет қой,-деп біp нығырлап қояды.
Зекен аға Орекеңе тыжырынып, осқырына қарайды.
Орекең дым болмағандай мүләйімсіп, әңгімесін әpі қарай жалғайды.
- Сол жылдары құдай салмасын бір тышқан қаптады. Табалдырықтың үстіне
қатар-қатар шығып отырып алады да «әпчу» деп түшкіріп қалып, бірінен соң бірі ұшып түсе береді, түсе береді,- деп Зекеңе барлап қарап қояды.
Ел қыран күлкі. Зекен аға қызарақтап-ақ қалады да, іле қуақыланып: -Діңкең құрғыр, маналы бері жалынып жүргеніңді әперсем, тышқанмен емес, сонымен айналысып кетер едің, а? Ә, ендеше, кәпір тоқ болса мұсылман тыныш. Жыланның басына да ақ құюшы еді,- мә, деп бес сом бере салыпты. Орекең ғайыптан келген табысқа қуанып кетсе керек, қарап етпей күтпеген жерден ақшаны Зекеңнің ауына сүйкеп алып, тап бір баланың насыбайын атқандай өзі бір иіскеп, «әпчу, рахмет!» деп өп-өтірік түшкіріп Зекеңе тағзым етіп, үйден шығып кетіпті. Жұрт тағы да ду күліпті. Жарықтық Зекен аға «өй-өй, діңкең құрғыр» деп сасқалақтап қалыпты. Жорабек Сыздықұлы Шүленбаев – Қызылорда қаласында жылқы жылы (1930) дүниеге келген.
Бар болғаны, төрт-ақ, сынып бітірген.
Байқамай, тұз-дәм айдап, Тәшкендегі мемлекеттік театр-өнер институтынан бір-ақ, шыққан. Ұлу жылы (1952) осы оқу орнын өзбекше айтқанда, «тәмәмдап», тұз-дәм тартып, Жамбыл облысының, театрына келген. Жігітіміздің жасын айтпаймыз. Дегенмен, театрдағы шығармашылығына таяу жылдарда 50 жыл толатынын жасырмаймыз.
ҚОЗЫНЫҢ БАТЫРЛЫҒЫ
Бұл оқиға ілгерілекте, ауыл-ауылға әлі электр жарығы жете қоймаған кездерде болса керек. Көп жерлерде клуб та жоқ. Ойын далада қойылып, жарық түсу үшін тура сахнаның екі шетінен екі-үш жерден от жағылады. Көрермендер де тура әртістердің алдына жайғасады. Біp жолы, осылайша, Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі жүріп жатса керек. Қозы-Жорабек, Жантық-марқұм Тұрекең (Тұрар Ізбасаров). Спектакльдің оқиғасы әбден шиеленісіп шиыршык атып, нағыз тартыс қызып жатқан кезі. Қозының-Қарабайдың тоқсан мың жылқысын шауып кеткен Қодарды байлап, қос-қос табынын тай-құлынына дейін айдап әкеліп, Қарабайдың алдына тастайтын сәті:
- Армысыз, Ата,- деп Қозы- Жөкең келіп тағзым етеді.
Тура сол кезде сахнаға шығып кеткен бір құлаштай түгілі жылан сумаңдап Жантық- Турекеңе жақындап қалады. Жорабек жыланды көрмек атын аспанға секіріп кетеді екен. Ал соны білетін Турекең шалт қимылдап, жыланды аяғымен тура басынан басып қалыпты. Жалмауызға да жан керек, жан-далбас жұлқынған жыланның құйрық жағы Турекеңнің қонышы ұзын саптама етігін сарт-сұрт ұрып жатса керек. Қозы-Жөкең оны байқамайды. Сол кезде Турекең аңдып тұрып Жорабектің көзі өзіне түскенде жайлап қана көзімен төмендегі «сойқанды» көрсете қойыпты. -Ап-па атаңнын аузын...-деп оқ тигендей Жөкең-Қозының қаңқ еткен дауысы шығып, бір-ақ қарғып жоқ боп кетіпті. Ел қыран күлкі. Амал жоқ, шымылдықты жабуға тура келеді. Eдәyіp уақыттан соң айдалада маңайламай қашып жүрген Жөкеңе:
- Әй, мінe, қара өлтірдік,-деп өлген жыланды көрсетіп, - Міне, қарап тұр, көмеміз,-деп көзіне көрсетіп көміп, «әзер-алла» деп шақырып алып, спектакльдің тура жаңағы келген жерінен әрі қарай бастап кетеді.
Жөкең-Қозы қайта қаһарына мінген болады. Бірақ қанша дегенмен әлгі қашқаны ойынан кетпей, ыңғайсызданып-ақ тұрады. Спектакль жүре береді. Біртін-біртін ұмытылып, Қозы кейпіне енеді. Спектакльдің соңына таман кәдуілгі Қарабай мен Жантық ақылдасып алып, Қозыға: «Баянды береміз «біp ай, он күн дегенде осы жерден табыл» деп алдап шығарып салатын сценасы жүріп жатады. Сол кезде Жорабек пьеса бойына Қарабай атасына ризашылығын білдіріп:
- Ата арыстандай білегім бар, жолбарыстай жүрегім бар. Тереңге мені сал. Биікке мені жұмса,-дейді. Сол кезде тура алдында отырған біp қария:
Әй, қой шырағым, алдыңнан жылан шықса кайтесің, қой,-деп біp жағына қисайып қойып жайлап қана басу айтыпты Қозы-Жөкеңе.
Әртістер де, көрермендер де ду күліпті.
Құрысын, сол күні не ойнап, не қойғанымызды білмедік,-дейді бүгінде Жекен сол кезді еске алып.
ҰМЫТШАҚ
Біp күні Жөкең Үмбет інісімен біpaз ащы судан ащылап қойып, ертеңіне қатты «науқастанып» тұрса керек. «Емделе» қоятын қалталары сол кешегі «ұрыста» ақ тесіліп қалған. Не істерін білмей дал болып, аһылап-уһілеп тұрғандарында бір інілері сарт етіп жолыға кетеді. Амандасып қол алысар-алыспастан:
- Бірдеңең бар ма? Өліп тұрмыз,— дейді Ұмекең тура кісі аярлықтай тыржиып.
- О, не дегеніңіз, жүріңіз,-деп жақын маңдағы кафеге алып кіреді. Жөкең қанша ыңғайсызданып тұрғанмен қуанып-ақ кетсе керек, көңілденіп әңгімені ағытады. "Барым осы еді деп" інілері жүз-жүзден екеуіне құйдырады. Кешегінің әлі «зәгі» бар ма, әйтеуір Жөкеңнің әңгімесі бітетін емес. Келіп біp бұрышқа жайғасады. Жөкең әлі де сөйлеп отыр.
Үмекең үн-түнсіз өзіне тиесілі «дәрісін» тартып жіберіп отыра береді. Жөкең оған біp қарап қойып, әңгіме айта береді. Ішіп жіберейін десе, жасы үлкендеу адам қалай тартып жіберудің ыңғайын таппайды. Оның үстіне жаңағы «пәле» көп сөйлемейтін Үмекеңді де сөзге араластырып, әңгіме қыза түсіп біpaз отырып қалады.
Жұтқыншағы бүлкілдеп отырған Жөкең біp кезде әңгімесін үзіп:
- Айтпақшы, мен мынаны ішіп қояйыншы, ұмытып кетермін,-деп күмілжіп.
Сонда бетіне ептеп қызыл жүгіре бастаған Үмекең:
- Әй, қайдам, таң атқалы бepі іздеп зорға тапқан мұны ұмытсақ, тегі, аты-
жөнімізді, тіпті әйелімізді де ұмытып кетерміз, депті жәйлап қана жымиып Жөкеңе қарап. Жөкең де ыңғайсыздана күліп алып тартып жіберіп, рахаттанып қалса керек.
ШАТАҚ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ
Көкең де, Жөкең де (Мұхаметқали Табанов пен Жорабек Шүлембаев) өте қорқақ еді.Тосыннан біp нәрсе тарс ете калса болды «Ап... атаңның аузын» деп ceкіріп кететін. Бірде ойын жүріп жатады. Кәкең мен Жөкең спектакльдің сахналануына байланысты, екеуі сахнаның екі жағына қарап алып жайбарақат сөздерін айтып отырады. Сол кезде бір қу бала шымылдықтың тасасымен жақын келіп, өзі көрінбей екеуінің тап ортасынан ұзын қамшымен тарс eткізіп еденді салып жіберіпті. «Ап-па атаңның аузын...» деп ыршып кеткен екеуі жағасынан бас салып төмпештесе беріпті. Сахнадағы үшінші әртіс: «ау мырзалар сіздерге не болды, қойыңыздар енді» деп екеуін ажыратып алыпты.
Ал көрермен түк түсінбей, аң-таң болып қалыпты.
Төлентай Тәжібайұлы Жүршиев
Жылқы жылы (1942) Жамбыл қаласының станция маңындағы Шаңырақшы көшесінде дүниеге келген. Өнерді биден бастаған. Жамбыл мәдени ағарту училищесінің театр бөлімін бітірген соң таза театр сахнасына жолдама алған.
«Сегіз қырлы, біp сырлы» биші,әнші, домбырашы, термеші.
Кезінде Үндіше билеген, Қырғызша ырлаған, Өзбекше ойнаған, Орысша «тойлаған»...
Қaзіp қозыдан қоңыр, қойдан жуас.
ЖӨКЕҢ МЕН ТӨКЕҢ
Жөкең, мен Төкеңнің (Жорабек Шүленбаев пен Төлентай Жүршиев) қылшылдап тұрған шағы. Кезі келгенде «ащы» судан да тартынбай тартып қоятын көрінеді. Ондай күннің ертеңіне жазылмаған «заңдары» бойынша бас жазу керек. Таңертең фоэде жагалай отырған әртістер ішінен Төкең Жөкеңе жақындап, өзбектің «Ай, әкежан» әніне салып жартылай өзбекше, жартылай қазақша:
- Ай, әкежан-ай, әкежан,
Башқанам-ей ауырды-ей,- дейтін көрінеді қиналған кейіппен.
Жөкеңнің де күтетіні сол болса керек, ол да қуана құтырып, қутыңдай түсіп:
- Башканыңнан дадаң өлсін,
О нимга-ей ауырады-ей,-дейді. Өзі биші Төкең өзбекше билей жөнеліп:
- Дүкендерде болады икан,
Сөрелерде тола икан,
Онысының аты «экстра»
Очанга-ей ауыриды-ей,-деп жыламсыраған кейіп көрсетеді.
Осы кезде дадасы (Жөкең) арқаланып, сенімді әpі қамқор, неге де болса дайын кейіпке eніп:
- Очанга-ей, ауырса-ей,
Аламыз жон, аламыз жон,-деп қосыла билеп-кетеді.
Айнала отырғандар Жөкең мен Тәкеңнің әңгімесінің астарын түсініп, ішек сілесі қатып күліп отырып, билеп жүрген екеуінің қалай кетіп қалғандарын да байқамай қалатын көрінеді.
БАС ЖАЗУ
Бұл да сол Төкең мен Жөкеңнің (Төлентай Жүршиев пен Жорабек Шүленбаев) «ащы судан» қайтпаған кезі болса керек. Бір «бас жазуға» көк тиын таппай қиналып тұрса, театрға сол кезден облыстық Мәдениет бөлімінің бастығы келе қалыпты. Партияның дүрілдеп тұрған кезі. Бастыққа тіктеп қараудың өзі қиын. Театр директоры, режиссер - бepі жапатармағай амандасып жатады. Ең соңынан келіп қол берген Төкең ойламаған жерден:
- Ассалаумағалейкум, көке, үш сомыңыз бар ма?-депті кенет алақанын жайып. Театр басшылары, әртістер тосылып қалыпты. Қапелімде сасып қалған бастық:
- Ә...бар, бар,-деп сасқалақтап қалтасынан суырып алып бере салыпты да артынан барып:
- Әй...әй...оны не қыласың, - депті. Болар іс болған соң, Төкең тайынсын ба. Бeті адам аярлықтай болып тыржиып, жыламсыраған кейіп танытыпты.
Сонша қиналып тұрған түрін көріп аяп кетті ме, әлде мұндай тосын оқиға күтпеді ме бастық сасып қалып: -Қайтеміз...мейлі...мейлі...енді...ішіп келе ғой,-дерін деп алып, содан кейін көрерміз сені деп қатулана қалыпты.
Қарабай Сатқанбаев
Жылы-1949, сиыр.
Облысы- Жамбыл.
Ауданы- Жамбыл.
Фамилиясы емес ауылы - Куйбышев.
Өзі «қарабай» емес аты - Қарабай.
Әкесі Сатқан бай емес - Сатқанбай.
Сүйетіні - өнер, тазалық, тыныштық телевизор қарау, газет-журнал қарау, қы... қыз, ке... ке... келіншектер. Ке... ке... келіншегінің құлағына алтын сырға. Сүймейтіні – бәтуәсіз жиналыс, берекет суретке түсу, ауруханаға түсу, масаханаға түсу.
Алматы театр және кино өнері институтының 1971 жылғы түлегі. Тоқпанов-тәлімгері, Жандарбекованың-шәкірті. Шекспирдің-Отеллосы, Шолоховтың-Григориі, Лавреновтың-Гадуны, Әуезовтің-Сырымы, Қобыландысы, Еспенбеті, Арыстаны, Кеңгірбайы, Айтматов пен Мұхамеджановтың-Мәмбеті, Мұртазаның-Данаевы, Ерғалиевтің-Құрманғазысы, Бекбосыновтың-Цинберманы, Сахнаның-Сатқанбаевы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
РЕКОРД
Қарекең (Қарабай Сатқанбаев) өмірде сондай көркем, сұлу торы аттай болып жүргенімен өте боқтампаз адам. Коммунистік партияның қылышынан қаны тамып, қалшылдап тұрған кезі. Бірінші Мамыр, 7-ші Қараша дегендерде керемет парад болады. Бүкіл қаладағы мекеменің, оқу орындары – түгел-түгел парадқа қатысуға міндетті. Қатыспасаң жұмыстан, оқудан шығаруға дейін баратын кез. Парадқа шыққан әpбіp мекеме міндетті түрде «Ұлы Октябрь» «көсемдерінің» үлкен cypeттерін,түрі марапат сөздер жазылған лазгынкалар алып шығады. Сондай-ақ саяси бюро мүшелерінің де ұзын ағаш сап жасалынып, сырты әйнектелген портреттерін жоғары көтеріп жүруі тиіс. Кейбір белсенділер сондай суреттерді көтеріп жүруді ол кезде бедел, тіпті бақыт санайтын. Ал Қарекең болса ондайды сұмдық, epcі көретін. Облыстық Мәдениет басқармасына қарасты ірілі-ұсақты мекеме қызмeткepлepі Ленин бағындағы филармония үйінен бастап «уралап» Орталық Ленин атындағы алаңды кесіп өтіп, 1-5,2 шақырымдай келетін Сүлеймен көшесіндегі Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханаға дейін баратын. Біp жолы осындай мерекедегі абыр-сабырда біp қу білдірмей Қарабайдың қолына Лениннің үлкен портретін ұстата салыпты. Ду-ду, гу-гу әңгімемен жүріп қалай, кімнен алып қалғанын Қарекеңнің өзі де білмейді. Тастай салайын десе масқара, күнә. Қып-қызыл пәлеге қалады. Көргендер «Қарабай патриот болыпты деп ойлай ма» деп өлердей намыстанып, портретті тура бір қар күрейтін күрек сияқты сабынан төмен қаратып ұстап алыпты.
- Оу, Қареке, хал қалай?-деп амандасып, мейрамымен құттықтап жатқан жандардың бәріне Қарекең ең алдымен:
- Мына біp әкеңнің аузын ... пәлені, қандай әкеңнің аузын...иттің баласының беріп кеткенін қайдам, нағыз пәлеге қалдым, әкеңнің аузын,-деп күйіп-пісіп мұң шағатын көрінеді.
Содан анау-мынау емес «көсемнің» өзін тура филармониядан шығып кітапханаға жеткенше «Қап әкеңнің аузын»... мына әкеңнің аузын... қандай әкеңнің аузын... деп боқтап барса керек.
Міне, рекорд.
KІTАП БАҒАСЫ
Театрдағы біp құрметті ағайдың кітабы шығып, сауда орындарына түсіп сатыла бастаса керек. Kітап шығару да айтарлықтай іc қой. Соны үлкен оқиға деп біліп, біp жігіт Қарекеңе жолығып қалып «сүйінші» сұрағандай:
- Ау, Қареке, ағаңыздың штабы шығыпты ғой, құтты болсын, -деп, Қарекеңді де қуантып, қуанышын бөліспек ниетпен.
Сонда Қарекең:
- Ия, шығыпты. 15 тиын әкеңнің аузын, -депті. Түкке тұрғысыз етіп жақтырмаған пішінмен бетін тыржитып. Ол кезде кітап арзан. Сөйтсе, шындығында да,кітаптың бағасы 15 тиын екен. Ал Қарекең болса сол ағасына біp іcкe өкпелеп жүрген кезі екен ғой.
АСТЫ АБАЙЛАП БЕР
Әртістер келгенде алыс ауылдарда күннің атысы, түннің батысы бітпейтін шаруашылықтың жұмысынан шаршап жүрген ауыл басшылары да кейде біp дем алып, рахаттанып қалады. Арнайы біp үйге мал сойып күтіп, ойыннан кейін ән тыңдап, жақынырақ танысып, құрбы-құрдас болып шығып, тіпті өздері жарасып, біp «жырғап» қалатын ceбептері көп болады.
Бұл енді, өздеpі шаршап жүрген әртістерді әбден мезі етіп жібереді. Ондай кезде, әрине, ауыл азаматтарының кейбірінің қалалық ақ балтыр қыз-келіншектерге көңілдері кетіп, дәмeлі де болатындары шындық. Қарекең өзі өзге келіншектерге жұтынып, құтырынып тұратынымен өзгелердің күйін онша ойлай бермейді. Сондай-ақ, өзінің жанып ерекше қадірлей біледі. Уақтылы дем алу, сәт сайын жуыну, шайыну, бұл құдай іледі-ау, Қарекеңнің сүйегімен біpгe кететін қасиеттер шығар. Бұлар үшін ол алдындағы қандай көлденең болсын қарамайды. Бірде, біp ауылда ойыннан кейінгі осындай біp отырыста біртіндеп ауыл басшылары келе бастайды. Үлкен тамақ келеді. Үй иесі сондай біp инабатты жігіт атасы болса керек, оның үстіне Қарекеңді ұнатып қалған ба, ас үстінде өзімен табақтас болып қалған Қарекеңе «тамақтан алыңыз, алыңыз» дей береді Қарекең де «ия, ия алып отырмыз» деп ептеп тамаққа қолын салып қояды. Негізі Қарекең өзі тамақсау емес.
- Алсаңызшы, - деп қояды үй иесі тағы да.
- Алып отырмын, - деп Қарекең тағы да тамаққа қол салады.
Осы көрініс бірнеше мәрте қайталанады. Үй иесі Қарекеңді ұялып отыр деді ме, әлде әдeті ме екен (біз де қонаққа алыңыз деп отырамыз ғой) тағы да: Сіз алмадыңыз ғой, алсаңызшы дей бергенде, әбден шыдамы таусылған Қарекең кенет үй иесіне көзін бақырайтып жалт қарап:
- Әй, алып отырмыз ғой. Не енді жарып өлтірейін деп пе едің - деп бұлқан-талқан ашуланыпты, күтпеген жерден.
Үй иеcі не дерін білмей ыңғайсызданып қалады. Сонша сыйлап, жік-жаппар болып жатқандағы Қарекеңнің мына қылығына әртістер де не істерін білмей қолайсыз жағдайда қалады.
Сол кезде Қарекең әртістерге:
- Әй, неменеге қарайсыңдар, давай болыңдар, давай дем аламыз. Бұларға не керек, ән керек, тамаша керек, давай жатамыз. Ал, а-умин,-деп әй-шәйге қарамай бетін бір сипап, шығып кетіпті.
Қарекеңмен үй иесі қайта түсінісіп, тамақ желініп болып бәpі ұмыт болса да Қарекең:
- Жоға деймін-ау, тойып отырсаң енді, одан әpі өлеміз бе, - деп ақталу үшін бе, көпке дейін, әйтеуір біреуді кінәлап күбірлеуін қоймапты.
Спандияр Мұқышев Кескіні де, келбеті де сахна үшін жаратылғандай. Гримсіз – Абай, гримсіз – Қодар, гримсіз – Сыпатай батыр, гримсіз – Сталин, гримсіз – Kөтібap, гримсіз – Қошқар әкә, гримсіз – Кебек, гримсіз – Сауран Сұлтан. Осылай ұзын сонар тізбектеліп кете бepeді, кете бepeді. Театрдың, гримін көп шығын eтпейді. Сақал-мұртын қажет етпейді. Көп қырлы актер. Комедияға салса көрермен көзінен жас аққанша күліп, жартысын көріп, жартысын көре алмай қалады. Әркім әр түрлі күледі ғой. Кейбір айқайлап күлетіндердің даусынан кейбір үндемей күлетіндер спектаклдің сөзінің жартысын ести алмай қалады. Геройдың өзіне салмай, жәй роль берсең геройды басып кетеді. Махаббат драмасына салсаң көрерменнің «Қойқаптағысын» қозғап, сезімін оятып жібереді. Трагедияға салсаң, көрермендерді қайғыға батырады. Осыларын ескере келе, байқап-байқап роль беріп, әзіp дәрежесін сахна шеберімен шекеп отырған жай бар. «Жыртқыштар», «Аңыздар арасында» - тағы басқа да кинофильмдерге түскен.
ОҢАЙ ОБРАЗ
Қарабай мен Спандияр өмірде бөле.
Әлібек Әмзеев «Қара кемпір» деген пьеса жазып, одан екі бөле әртіске біp роль беріліпті. Ол соғыс кезіндегі ауыл адамының бейнесі болса керек. Басқа әртістер өз образдарына бел шешіп кірісіп кетеді. Қарекең образды қандай етіп алсам екен деп әрі ойлап, бері ойлап бір шешімге келе алмай дал болады. Байқаса Спандияр тіпті ойлап та жүрмеген сияқты.
- Оу, бөлеке, не істеймін мынаны, ойланайық та,-дейді Қарекең Спандиярға келіп.
Сонда Спекең:
- Қорықпаңыз, Қареке, бұл бір Гамлет дейсің бе ойланатын.Қорықпаңыз. Мұндағы образдың бері ана «Қызыл арықтың» шалдары ғой. Оған не ойын керек. Бір көзді оқырайта кысамыз да, ерінге насыбайды салып алып ұра береміз.Тіпті болмаса шойтаңдаймыз, - депті ойланбастан.
Сөйтсе, «Қызыл арық» деп тұрғаны автордың ауылы екен де, Спандиярдың ауылы да содан қашық емес екен ғой. «Қашан да қаламгердің шығармашылығы оның ғұмырнамасымен тығыз байланысты» деген қағидаға сүйенгені болар.
ШАҚПАҚ ШАТАҒЫ
Жазғы гастроль кезі. Театрдың бір бригадасы Өзбекстанның Бұхара облысында «Қозы Көрпеш- Баян-сұлу» спектаклін көрсетіп жүрген болатын.
Шет аудандардың кейбір совхоздарында клуб бола бермейді.
Спектакльді кейде далаға қоюға тура келеді. Биік сахна болмағандықтан көрермендер жерге, тура әртістердің тұмсығының алдына малдасын құрып жайғасады. Дәл осындай жағдайда "Қозы-Көрпеш..."жүріп жатқан. Актер Спандияр Мұқышев-Қодар. Үстіне сауыт, дулыға, аяғына саптама етік киіп, қолына найза ұстаған Спандияр-Қодар сахнаға арқырай шыққанда өкшесі тайып кетіп, жалпақ кісе белдігінің астына тығып қойған шақпағы көрерменнің алдына ұшып түседі. Дәл алдында отырған қағылездеу сіреңке қара кария шақпақты қолына алып көреді де жүресінен отыра кеткен Қодарға:
- Қодар, қарағым, кеуіртің мынадай екен, темекі «Қазақстанский» шығар, әкел біреуін,-деп қолын созыпты. Көрермендер күлкіден гу ете қалады. Сахнадағы әртістер де мырс-мырс етіп күлуге шақ қалады.
Спектакль бітіп ертерек киініп жатқанда әлгі қуақы шал жадырап күліп келіп Спандиярдың қолын алып: «Қарағым, ойының өте жақсы болды, рахмет. Әлгі сөзіме ренжіме» деп Спандиярға ризашылығын білдіріп, шақпағын беріп, бір атым насыбайын ернінің астына тастап кете барады.
МОЛЛАҒА КҮДІК
Айт мейрамы болса керек. Спандиярдың үйіне «тентек» суды бір ішіп, бір қойып жүретін бір інісі әйелімен айттап келіпті. Бұрынғыдай емес басына тақия, аузында алла.
Дастархан басына жайғасып:
- Әруактарға біp дұға оқып жіберейін, -деп тізерлеп молдаларша ыңғайлана беріпті. Спандияр басына тақия іздеп, әйелі Галина орамал тартып, лезде мұсылман болып шыға келеді. Інісі кәдімгідей «сеп-серьезный», көзді жұмып алып құранын бастап кетеді. Негізгі шындығында да құранды қыраттап әжептеуір оқитын көрінеді.
Құран оқылып бітіп әруақтарға бағышталып, «аумин» делінеді. Спекең мына інісіне бір жағынан риза болса, «әй, әттеген-ай», бір күні бүлінесің-ау дейді іштей күдіктене. Сөйтіп Спекең, ризашылық кейіппен: -О, міне, мұның дұрыс, моллеке, дұрыс деп алып, артынан, - ей, бірақ бір күні жайнамазыңа құсып қоясың-ау, моллеке,-деп інісіне күдіктене күліп. Зорға шыдап отырған әйелдер күліп жіберіпті.
Сөйтсе: -Тәйт найсап, тәйт найсап. Алла біледі... алла біледі...-деп інісі жымың-жымың ететін...
САҚТЫҚ
Бірде әpі туыс, әpі дос біp көңілі жақын інісінің әйелі Спандиярдың үйіне келіп біpaз уақыт отырып қалыпты. Әңгіменің қызығымен, тіпті қараңғы түскенін де байқамай қалса керек. Сонда барып үйі-күйеуі есіне түскен келін:
- Ойбүй, масқара-ай, түн жарым болыпты ғой. Енді қайттім. Күйеуім «осы уақытқа шейін қайда жүрдің?» деп пәле қылатын болды-ау. Қайнаға, сіз апарып, «біздің үйде болды» деп айтпасаңыз, мен құрыдым,-дейді ғой баяғы.
Сонда өзі epініп тұрған әpі кіммен болса да қалжыңдаса беретін Спандияр:
- Қой, айналайын. Ана жындың сені банкімен жіберіп, ұрып сен әдіс алып қалған пәле, бұғып қап, банкі маған тиіп, қан-қан болып жатармын. Қой, айналайын, пәлеңнен аулақ,-деп ат-тонын ала қашыпты.
Сөйтсе, бұрында бір тура осы үйге келіп осылайша отырып қалып кештетіп барғаныңда күйеуі «қайда жүрсің» деп, банкімен ұрып басын жарғаны бар екен де.
ҰЯЛТУ
Бірде Спандияр дайындық кезінде театр фоэсінде ролінің сөзін қолына алып, жалғыз өзі маңындағы дүниені ұмытып, өзімен-өзі дайындалып отырса керек. Тура қасына келіп жайғасқан бір топ әйелге тіпті мән де бермепті. Әйелдердің біpі: - Әй, не білесіңдер, Көпесбай жүреді дейді ғой, -деп қалыпты. Біреу жайлы бір өсек сөз естісе жанып кететін жалпы әйел баласының әдеті емес пе, жапа-тармағай тұс-тұстан:
-Не дейді?
-Әй, құрсын, кіммен?
-Шынымен бе? - деп айтқан әйелге ентелей түседі. Әйелдердің ішінде Галина да болса керек. Жаңалықты ортаға салған әйелден Көпесбайдың кіммен «әуейі» болып жүргенін «точно» біле алмай өзге әйелдер дегбірсізденіп жатады. Сол кезде Галина да әйелдік әуестігі жеңіп: -Өлә, Спандияр, мәссаған. Көпесбай жүреді құлағын шулатып отырған мына әйелдердің қылығына жыны ұстаған Спандияр, ыза болып:
- Иә, жүреді, - депті.
- Не дейді? Кіммен? – деп енді бүкіл әйел бар ынта-шынталарымен Спандиярға қарап тына қалыпты. Сонда Спекең:
-Көпес жүреді. Аяғынан ақсап зорға жүреді, - деген екен шіміркпестен. Сөйтсе, Көпесбай шынында да машина авариясынан кейін біp аяғын сылтып басатын болып қалған екен ғой. Әйелдер не дерлерін білмей, ұялып-ақ қалыпты.
ҚЫРЫҚТАҒЫ БАЛА
Сахнада кезекті бір ертегі спектакльге дайындық, жүріп жатады. Спандияр сол баяғы батырдың ролінде. Бір жағы қатты шаршап бір жағынан бір эпизодты қайталата берген режиссерге ренжіп отырса керек. Тап сол кезде залдың артында сахнаға қарап отырған тағы бір батырдың роліндегі әріптесі Қуандық қасына келіп отыра қалып:
- Әртіс боп нем бар еді, бұдан да ауылда қой баққаным жақсы еді ғой,-депті. Спандиярдың ойын тап басып күйініп.
Сонда Спекең лезде мүләйімси қалып: -Е, неге? Рахат емес пе? Жасың болса қырыққа келді, әлі баланың ойыншығымен ойнап жүрсің. Мәңгі бала болып жүруден артық не бар. Бұдан артық не бақыт керек саған? Міне, мына ойыншық қалқаның қандай айбат, қылышың қандай әдемі. Қанжарың неге тұрады? – деп жұбатса керек.
- Ал анау ше? – дейді Қуандық сахнада байдың итін ойнап жүрген, жаңадан театр және кино институтын бітіріп келген әртісті нұсқап. Сонда Спекең:
- Ол – ит. Өте жақсы ит. Институт бітірген ит,-деп сұқ саусағын көтеріп ерекше тоқталып алып: –Ал мынау ит тірлік, - деп өзінің тұла бойында салаңдап жүрген қару-жарақтарды көрсетіп орнынан тұрып жүріп кетіпті.
Міне, бұл – әлдекімдерге оңай көрінетін өнер қиындығы.
БІР ҚАП ЕТ
Бірде бір спектакльдің премьерасы өтіп, жігіттер соны «жуып» мейрамдап жатады. Әртістердің қайсысының киім бөлмесіне кірсең де: -О, қане кел, кел, -деп үрімке ұстата қояды. Әшейінде ондайдың қақ ортасында-ақ жүретін Спандияр тап сол күні тиіп-қашып, тиіп-қашып ауыз тиіп бір түрлі қашқақтай беретін көрінеді. -Ау, Спеке, келсеші, ептеп алайық, - дегендерге Спекең аса ілтипатпен «рахмет» сайтып, оң қолын кеудесіне апарып, ризашылық ишаратын білдіретін көреді.
- Әй, саған бүгін не көрінген, кел, кел, - деп қоймайды біреулер.
Сонда Спекең: -Жоқ. Рахмет. Маған болмайды, менің етім бар, бір қап етім бар соны үйге жеткізуім керек. Жоғалтып алсам ұят болады. Қинамаңдар, - дейтін көрінеді.
- Әй ол қандай ет, келші тіпті болмаса көтерісіп барармыз, дейді ғой «әріптестері».
- Әй, сендер оны қашан көтерісіп жүр едіңдер... Әне анау, - деп спектакль басталмай-ақ «жуып-жуып» буынынан айырылып, театрдың вахтасында «былқылдап» отырған әрі қызметтесі, әрі көршісі-досын көрсетіпті.
Мағзұм Бақытжанов Ресейге қарап кеткен өзіміздің Орынборымыздың баласы. Сол өңірдің Ақбұлақ ауданында Сиыр жылы (1949) туылған. Тышқан жылы (1972) Алматыдағы М. Әуезов атындағы академиялық, драма театры жанындағы театр студиясын тауысып, Жамбыл театрына жол тартқан. Достыққа адал, жаны абзал, таланты тау, мінезі-мәрт, іcі-нақ, сақалы-ақ жігіт. Жасаған образдары сан қырлы. Мамандығы да сан қырлы. Әрі-актер, әpі режиссер, әpі... әpі...
Қaзіp Ақтөбе облыстық Қазақ драма театрында бас режиссер.
ҚАЙЫМ АЙТЫС
Махаң (Мағзұм Бақытжанов) ашық-жарқын азамат болғанымен, шіли әcіpe қалжаққа жоқ. Бұл жағдайлар - біp peті келіп қалғанда, өзінен-өзі Махаңның еркінен тыс туындап кеткен хикаялар.
Ел болған соң неше түрлі жандар бола береді емес пе.
Ел аралап жүргенде әр-әр жерлерден ауру адамдар да кездесіп қалады. Аурудың аты - ауру. Кейбіріне тіпті мүсіркеп қарайсың. Шақырып алып ойынға тегін кіргізіп жібересің. Бар болғаны әртіссің, басқа не келеді қолыңнан. Ондайлардың бәpі бірдей әрине, есте қала да бермейді. Дегенмен, олардың ішінде де жылда барып тұратын әртістерге жақын таныс болып кететіндері де бар. Солардың біpі Өзбекстан қазақтары ішінен Жахия. Оны ауру деп те айта алмайсың. Әпенде деуге де келіңкіремейді. Үй- жайы жоқ. Оны ол қажет деп те білмейді. Біp көліктен біp көлікке мініп, ауыл-ауылды аралап жүре береді. Ол қай ауылға барса, сол ауылдың адамы. Тіпті, қай үйге келсе де:
- О, о, Жахия, кел, кел,-деп үй иелерінің жік-жаппар болып жатқаны. Жалпы
«әулие» жан.
Біp қасиеті әңгіменің өзін жәй қара сөзбен айтпайды. Өлеңдетіп сөлейді.
Онымен сөйлесетін Мағзұм.
- Жахия-ау, сені біp татар әйелге үйленеді деп еді ғой. Ол қайда? -дейді
Мақаң.
Жахия еш ойланбастан:
- Татарка жена убежала,
Оборона не удержала, - деп жауап береді.
- Біздің ішімізден біpey ұнай ма? Ұнаса тастап кетейік, -дейді Мақаң қарап
отырмай. Жахия Әтіркүл акпеге (Дуйсекенова) ұрланып қарап қояды. Ұнатады-ау. Бірақ өзінен үлкен бе дей ме:
- Сен сатам деп отырсың,
Мен апам деп отырмын, - деп жымиып Әтекеңе тағы қарап қояды.
Тап сол кезде клубқа кіріп келген ауыл парторгі:
-Әй, Жахия, мына жердің лампочкасы қайда?-дейді қара көлеңке болып тұрған бөлмені көріп. Жақия оған да:
Лампочка нет-ті, - дейді.
Балалар ұрлап кетті, -дейді, - деп жауап береді.
Қой, бар, біздікінен алып кел, - дейді партком. Жахия орнынан тұрып қойнынан жаңа тақия алады. Онысы Әтіркүл әпкеге барғаныңда «қазақы тақия әкеп берші» деп сұранса керек. Әтекең соны ұмытпай, сол жолы әкеп берген. Жахияның көзі күлімдеп басындағы өзбекше топысын шешіп қазақша тақиясын киіп алады. Оны көрген Мағзұм: -Әй, Жахия, мынауың қазақ тақия ғой,-дейді. Риза болсын деген оймен біліп тұрып.
Сөйтсе Жахиясы:
- Ал мынау ғажап Жахия ғой, - деп риза кейіппен өзін-өзі көрсетіп қояды.
Мағзұм тағы да:
- Мәссаған, мынау деген керемет қой,-десе:
Жахия масаттана жымиып:
- Tүкірігіңнен себелеп қой,-деп өлеңдетеді Махаң:
- Әй, Жахия, жұмайсың ба?-дейді таң қалған болып. Шығып бара жатқан Жахия:
- Мен қашайын, қумайсың ба? - дейді де шығып жүре береді.
Лампочка келеді. Жарық жағылады. Орындығы жоқ жазғы клубтың көрермендер жайғасатын жағында eкі «дос» - Мағзум мен Жахия өздерінше ауыл басшыларына орын дайындап жүрсе керек. Махаң біp ыңғайлылау жерге тас қойып, тастың үстіне ұзын тақтай қойып:
- Әй, Жахия, мінe мына жерге сен отыр,-дейді Жахия «әй, сен маған қай бір жеңіл орын бере қойдың» дегендей күдіктене жымиып келіп ағашты қалт тұрған тастың үстіне ары-бері қисаңдатып көріп алып:
- Жо-оқ, тақтайды балалар басып қалады. Жахия сонда сасьш қалады,-деп қайтадан екінші тас әкеліп орындығын жөндеп қояды.
- Ойпырай, қандай сөз айтсаң да Жахия әйтеуір ұйқасын тауып алады. Және әңгіме желісіне орай келтіреді. Шіркін осыны қайым айтысқа қатыстырса ғой, - деп күліп еске алады Жахия жайлы Махаң бүгінде.
АДАМДАР СИЯҚТЫ ӘРТІСТЕР
Әттегідей,театрдың бір топ әртістері гастрольдік сапармен Бұхара облысының Тамды ауданында жүрсе керек. Сол жылы автобустары сынып, бригада ауыл-ауылды шымылдықты шатыр етіп көлеңкелеп жүк машинасымен аралапты. Бірде бригада жүріс-тұрысынан адам қорқатындай Шәлі деген әуім-сәуім бір әйелдің ауылына келіп тоқтай қалып, түсіп жатса керек. Бірінің бастарында шаңырақтай ши қалпақ, енді біреулері не көзілдірік, бұттарында шортик, ал әйелдерінде тылтиған сым, жіңішке жіппен мойнына іле салған, кейбірі тіпті ондай жібі де жоқ төсін айналдыра рәзіңкімен қысып қойған жейде сымақ киген, қолдарында түрлі-түсті шатыр, цыганныц арбасындай жабуы жалпылдаған жүк машинасының үстінен бірінен соң бірі түсі жатқан әртістерді көріп, кеңсеге таяу маңда тұратын әлгі Шәлі шошып кетсе керек. Kөзі бақырайып аң-таң болып қарап тұрып- тұрып: -Көке, анаң қара, тура адамдар сияқты бірдеңелер түсіп жатыр мәшіннен, - деп айқай салып инопланетан көргендей,үйіне қарай үрейленіп тұра қашыпты.
Бұрын ылғи келіп жүрген Мағзұм:
- Әй, Шәлі, жаным қорықпа, мен ғой, ғашығың ғой, Мағзұммын, -депті әзілдеп, әpі әртістер күлсін деген шығар.
Сөйтсе Шәлі жайлап қайта келіп:
- Ойбой, жаным, Тағзым, не боп кеткенсің. Сағындым ғой, -деп тағзым етіп, - бетіңді жуып келші сүйейін,-деп епетейсіз денесі былқ-сылқ етіп қылымсып-ақ қалыпты. Өзгелер де ду күліпті.
Аппақ шаңнан көзі ғана жылт-жылт етіп тұрған Махаң ыңғайсызданып:
- Әй,қайыршы өнер-ай, енді Шәліге де күлкі еттің-ау»,-деп алып, -жарайды, Шәлі. Онда кешке сүйісерміз, - деп теріс айналып кетіпті.
Әртістер өмірінде осындай да бола береді...
Үмбетәлі Әлжанов
Туған жері орысша: Верный уезі. Кеңесше: Алма-атинская область.
Heгізі: Алматы облысы. ауданы— Жамбыл ауылы— ойратша: Қастек.
Кеңесше: Амангелді, қазір: Сүйінбай.
Туған жылы: Кеңесше – январь, ескіше – Дәлу.
Қaзіргі – қаңтар.
Ұраны – Қарасай, кеңесше: Ура! Жалпы Алаш сегізінші сыныпты бітірмей жатып «бірдеңе түртіп» құлағына қобыздың үні келген. Сырнайда, домбырада он саусағы тең жорға (ол кезде саусағы он,кәзір-тоғыз жарым). Бойы - арық, болған соң ұзын болып көрінеді. Салмағы- сүйегі ауыр болған соң, әжептеуір тартады. Дене бітімі сауыт киген соң зор көрінеді.
Mінезі- салмақты.
Жүгі ауырлау.
Сыбағасы – жеңілдеу.
Ауыруы – театр.
Қорегі – ащы, тұщы.
Өмірде –Үмбетәлі, Үмбет, Әлжанов.
Сахнада – Алшағыр, Қозы, Кебек, Арыстан,Әлібек, Кассио, Абдолла, осылай, осылай алпысқа барып бір-aқ, тоқтайды.
Дәрежесі - Сахна шебері.
АҚ ТІЛЕК
Үмекең – сымбатты ғажап жігіт. Жақсы әртіс. Өсек аяңмен тіпті шарасы жоқ. Өзіне берілген сұраққа ғана ептеп жауап береді. Берілген рольді ғана ептеп ойнайды. Берілген «сусыныңызды» ғана ептеп ішеді. Білгішсіп, ақыл айту, көргендік таныту деген Үмекенде болмайды. Театрда үлкенмен де, кішімен де тост... тойс дос.
Театрға жаңадан келген әртістер де әйтеуір бірінші осы Үмекеңе үйір. Бірде осындай театрға келіп алғаш ролін ойнап шыққан, ептеп «қызылдан да» тартына қоймайтын бір жас әртіс, тұңғыш ролін «жуып» жатқан көрінеді. Үрімке екеу-ақ екен. Сол екі ыдысқа құйылып кезек пен кезек беріліп, әркім сол кезекпен жас әртіске жақсы тілектер айтылып жатады. Олар жас әртістің талабының таудай екенін, болашақта мықты әртіс болатынын, осы жасаған бейнесі тіпті оң жамбасына келгенше, тағы да басқа адам таппайтын теңеулер мен майын тамызып тұрып тілек айтып алып қойып жатады. Бәрі ішіп, бәpі тілек айтып, ең соңында үндемей тұрған Үмекең мен сол жас әртістің өзі-ақ қалыпты. Тағайындалмаған тамада екі ыдысқа құйып, екеуіне сөзді қызыл тілмен әжептеуір мараппаттап алып, Үмекеңе беріпті. Сонда табиғатынан көп сөйлемейтін Үмекең екінші ыдысты ұстап жұтынып тұрған інісіне қарап сәл тұрып:
- Не деймін, кел. Общым алған бағытың дұрыс, молодец. Ал алып қой, - деп соғыстырып тартып жіберіпті.
- Әй, бұл қай бақытының дұрыстығын айтты, - деп ду күліпті ел.
Ал Үмекеңде өзі айтпақшы «общым», бетен ой жоқ еді. Бары сол-тын.
БАТА
Жазғы гастроль кезі. Сол баяғы әртістер ат басын көп бұратын Өзбекстанның қазақ облыстарының бірінде жүрміз. Ауыл-ауылдарда қонақ үй бола бермейді. Тіпті қонақ үй болғанмен, ол жақтың қазақтары қонақты қонақ үйге жатқызуды ұят санайды. Күніге бір үйден бір малдың басын жейміз. Астан соң ол жақтың салты бойынша сол үйдің үлкендерден бастап әйтеуір жүруге жарайтын балаларына шейін есік жаққа келіп қатар-қатар қолдарын жайып тұра қалып:
-Лай-лә-хи аумин!-деп бата сұрап келіп үй иелері тұра қалғанда барып Сақаңның екінші үйге түскені еске түсіп сасқалақтап қалдық. Ішіміздегі ең үлкеніміз Үмбет болып қалыпты. Мұсылмандық әдеп бойынша батаны сөз жоқ үлкені және ер адам беруі тиіс. Әйтпесе, от басындағы көп істі атқара беретін жұбайы Шәмшәгүлге сілтер ме eді немесе біздің біреуімізге ме еді қайтер еді. Енді шегінетін жер қалмағанын сезген Үмекең біраз сасқалақтап, «а-а-а» деп жан-жағына қарап-қарап алып әй жок, шәй жоқ:
- Дастарханның берекесі кетсін аумин!,-деп қойып қалды. Жанында отырған Шәкең «Шәмшәгүл» шымшып алды ма:
-А-а-а,-деп оқыстау дауыс шығарды да: - Иә, айтпақшы иә, құтты болсын... –иә, тие берсін.. иә... а қайырлы болсын... - деп әр ненің басын бір шалып тағы да «аумин» дегені. Осы кезде үн-түнсіз отырған біз де, бата сұраушылар да күлкіден жарылдық та қалдық. Ұялған тек тұрмас деп, Үмекең сол кезде: -Қап... әкесінің...осыдан ертең бір бата жаттап алмасам, -дегені.Біз одан сайын күлкіге қарық болдық.
ӨНЕР ТАПҚЫШ
(әзіл-шыны аралас) Нарық деген жарықтық қырын сындырып, қылын қисайта алмаған Жамбылдағы жалғыз жан Үркер ағамыз. Рас, парықсыз нарық қолынан келгенін істеп-ақ жатыр. Бірақ оған пысқырып жүрген Үрекең жоқ, керісінше көңілі көктем «ысқырып» жүрген Үрекеңді көбірек көрер едіңіз. Сол баяғы қалпы. Қалшиған күйі қалшиған. Әне, өзі де келе жатыр. Пай...пай...пай... Сүйегін жонымасаң, қырып алар артық ет жоқ-ау. Қараңызшы, қандай көркем. Қандай кербез, қандай ұстамды, қандай зиялы... Жаяу әйел жатып... тоесть, «жаяу адам жатып, атты адам түсіп қарайды» дегендей-ақ-ау, шіркін. Қалауыңыз білсін. Кез-келген жерінен бастайық. Әне, анау қол шатырды қараңызшы, мін жоқ қой, мін жоқ. Оны айтасыз, тіпті құн жоқ. Импорт қой... импорт. Ә.ә... Мінеки мұның бәрі бір қарағанда. Ал енді «осылайық», «қосылайық»-дегендей мұқият шұқшияйық. Әне шатырының анау геометриялық тікбұрыш, үш бұрыш, сүйір бұрыш, доға, жұлдызша секілді сан алуан кескіндер көрініп, меруерттей сәуле ойнатып тұрған тұтқасы өзінікі емес. Кәдәмгі әйелдерің қолтықтарына «пыш» еткізетін шетелдік жұпар бүріккіш дезендрантының қақпағы. Пажалыста керемет емес пе? Өзінің сабы сынып қалмағанда, осындай әдемі болар ма еді. Ал енді ана шатырын көріп күмбездеп ерекше жарқ-жұрқ, жалт-жұлт етіп тұрған ақ сымдар да ол да өзінікі емес. Өзінікі әлдеқашан салақта-салақтап түсіп қалған. Бұл кәдімгі Қытай балалар коляскасының спицалары. Көрдіңіз бе? Қалай қиюластырған. Әрі қалай еңсесін көтеріп тұр. Ал енді анау, отау ішіндегі отаудай шатыр астындағы екінші шатыр қалшиып тұрған қалпағы, әрі қалпақ, әрі түнімен басына қойып сіміріп шыққан судың салдарынан сәл-пәл домбыққан бетті көлегейлеп, көмескелеу қызметін қоса атқаратын қалқа. Енді ептеп қызарып, әйнектене бастаған көзді көрсетпей тұратын көзәйнекке тоқтала кетейік. Бұл да кәдімгі ТМД-ның бір жерінде домбайланып иректеле салған, құдай біледі-ау, маймыл да артына ілуге ұялатын ілдірік. Ілдірік болғанда... шыли үйте бермейікші енді. Көзілдірік. Ал енді оны импорттап, модалап тұрған деталдарға ден қоялық. Екі көздіктің жалғасқан дәл ортасындағы ерекше әшекейді көрдіңіз ғой, ол өзініңкі емес. Бірақ қандай әдемі. Ол тек әшекей де емес. Оның үлкен «секреті» бар. Көзілдірік сол жерден қақ бөлінген. Оны Үрекең ептеп-септеп газға күйдіріп жабыстырған. Ал анау әшекей соны көрсетпей тұрған кәдімгі қытайский клеенка. Ғажап па? Ғажап. Ал енді ана екі құлақтан келіп көзілдірікке жалғасқан жеріндегі әдемі сары темірлерді көріп тұрсыз ба? Оның да өзіндік қызметі бар. Сол жерде ілекер ашық, машығы бар емес пе? Сол сынған. Бұл, жалпы біздің көзәйнектердің ең бір «жанды» жері. Көрдіңіз бе? Оған кәдімгі маңдайына бір-ақ рет қана пайдалануды жазған Американың темекі тұтатын оттығының қақпағын ашып-жауып тұратын тетігі қойылған. Үрекеңнің айтуынша,бұл «вешенный». Ал ана көздің жауын алар сүйріктей сары темірлер, ол да Үрекеңнің «пройзводствасы». Ол кәдімгі бір-ақ киіп лақтырып тастайтын ағылшын көйлектері бар емес пе? Солардың жағаларының ұшында болатын шет елше жазуы бар сары темір. Пажалыста. Қандай керемет. Импорт. Ал, енді мұның несін айта береміз. Жалпы, Үрекеңнің өзі де сол қолдан иламен жасала салған десе, ойланып қаласыз. Өйткені қара да тұрыңызшы. Самапалдың өзімен Мамыр мерекесінен бастағаннан, Баспасөз күні, Радио күні, Жеңіс күні, күні, ... күні...күніге, күн құрғатпай, Пионерлер күнін бір-ақ шығарып салады ғой сабазың. Сонда ... жо... жо... жоқ. Бір ауырғанын көрмейсіз. Өзінің айтуынша, мұнда ауыратын ішек-қарын, өкпе-бауыр, бүйрек-сүйрек дегендер болмайды.Тура ауыз.Ауыздан төмен тура «дыхалкаға» дейін труба. Сол жерде кәдімгі кішкене бетономешалка сияқты ас шайқағыш. Онда түскен не пәлекеттер шайқалып-шайқалып тап сол жерден төменге кеткен екі айыр труба арқылы бөлініп-бөлініп шығып кете-е-е баратын көрінеді. Ал енді шашының, мұртының бояу екенін,кем-кетік саусақтарын жіліктің екі-үш жерден шегеленгенін, тағы басқа оны-мұны майда-шүйде «запчастарын», тіпті сөз етіп отырғамыз жоқ. Бәрі «маскеровкаланған». Көрініп тұрмағасын оның несін айта береміз. Ал енді үй жағынан айтатын болсақ, ол тіпті ұзақ жыр – Манас. Мен әшейін кіре берісін-ақ айтайын. Кіре беріс есігі шет елдерден мына зауыттарға тауарлар оралып келген, түрлі-түсті, біз тіпті диванға жауып қойсақ ұялмайтындай, өзі төзімді қапшықтармен тысталып, жарқырап-жайнап тұр. Сол есіктегі кішкене сыртты сығалайтын «сығыр» көздігі неге тұрады. Ол да импорт. Қытайда жасалған ойыншық дүрбінің көзі. Әдемі әр беріп, импорттауға үлкен үлес қосып тұр. Ал енді үйіне кірсең, серванты жайнаған-жайқалған қайдағы бір біз көрмеген «асыл» бұйымдар. Бірі үлкен. Бірі кіші. Бірі тіпті көзге тамызатын дәрінің құтысындай құй-та-қан-дай әр түрлі фигурадағы коньяк-арақтардың бөтелкелері. Біз ішпек түгілі иісін иіскеп көрмеген сәнді сыра банкалары.Адам атын оқи алмайтын сигарет,шоколад,шайлардың, майлардың қораптары. Тіпті әуесің кетеді-ау. Ал енді ана үйдегі шетелдік бір-ақ рет пайдаланылатын шприцтерден төгілтіп жасалған люстрасы қандай? Кішкене-кішкене, түрлі-түсті жапондық қол фонарлардың жарамай қалған пластмаст батеяларынан жасаған «светильнигі» қандай, ғажап қой. Ал енді тіпті күнделікті тұрмыста тұтынып жүрген шәйнегінің юпидің» құтысының төбесін дөңгелете ойып алып жасай салған қақпағын, сыра құтысының шетін оюлап тілімдеп дөңгелете қайырып жасаған күлсалғышын айтып отырғаным. Үрекеңді қойсашы, нағыз өнертапқыш қой. Әгарәки заман осысынан танбаса, Үрекең іләж жоқ... тоесть... сөз жоқ, бір ұлы жаңалық ашып, әлі-ақ әлемді аузына қаратар. Алла қуат берсін, ағамызға.
Асан Әбидінұлы Омарбеков
Ғұмырнамасында үш есік көрген:
Біріншісі: Сиыр жылы (1949) Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Қызыл жұлдыз ауылында дүние «есігін» ашқан. Екіншісі: Ұлу жылы (1964) Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр бөлімінің есігін қаққан. Үшіншісі: Қой жылы (1967) 18 жасында Жамбыл облыстык, Абай атындағы қазақ драма театрынының ecігін көрген.
Бітті басқа есік көрмеген.
Соңғы «есігінде» табаны күректей отыз жыл бойы табан тіреп, тапжылмай отырып алған.
Ірілі ұсақты елуге тарта образ жасаған.
Сүйетіні – шындық, туралық.
Қacиеті – немісше дәлдік, бетке айту.
Cepті – қараулықты кешірмеу.
Істеген іcі – шеге, тас түйін.
Бағыты(маршруты) – театр-үй, үй-театр.
АСАННЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Қазақтың туңғыш кәсіби театр режиссері профессор, марқұм Асқар Тоқпанов Жамбыл қаласына келіп, біраз уақыт театрдың бас peжиccepі қызметін атқарған. Қашан да біреулерге жаны ашып, жақсылық жасап жүретін Асекең Мәдени-ағарту училищесінде оқып жүрген Аманкелді деген азаматты «өзі жетім бала екен, ауылы да алыс екен, сәл де болса материалдық көмек болсын» деп айына алпыс сом алып тұратын әртістердің көмекші құрамына қабылдаса керек.
Асан Омарбеков оның әңгімелерін «жыр» қылып айтады. -Бірде-, дейді Асан- театрда Тахауи Ахтановтың «Боран» спектаклі жүріп жатқан кез. Ойын басталуға бірер уақыт қалған. Грим бөлмесінен сыртқа қарап отырсам, тура театрдың оңтүстік жағындағы орталық, бұрынғы Коммунист көшесінің тротуарында қолында автомат, басында каска, сапта жүргендей сарт-сұрт еткізіп, бір неміс жүр. Жүз-елу метр жүреді де, жалт бұрылып қайта қайтады. Көшенің арғы бетінде біраз адам жиналып, қарап қалыпты. Олар да аң-таң. Жақындауға қорқа ма, жолдан бері өтпейді. Өз көзіме өзім сенбедім. Дұрыстап қара- сам біздің Аманкелді. Далаға атып шықтым да:
-Әй, денің сау ма, сенің? Неғып жүрсің? - десем:
-Репетиция жасап жүрмін, - деп ыржияды.
-Мә, саған репитиция, -деп желкеден бір ұрып, қорқып қарап тұрғандарды таң қалдырып, алып кеттім «немісті» -Eнді бірде,-дейді Асан, - Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклі басталатын уакыт жақын қалған. Абай ролінде Қазақ ССР-нің халық әртісі марқұм Шәріпбай аға (Сакиев). Спектакль жаңа. Театрда екінші мәрте ғана көрсетілмекші. Көрермендер кіріп орын алып, жайғасып жатқан. Тап сол кезде Абайдың киімі жоқ болып шықты. Өңшең қымбат барқыттан тігілген жаңа киім. Біреулер «қолды болды» десті. Енді біреулер-әдейі біpey қастандықпен тықты» десті. Демнің арасында шат-шәлекей, астан-кестеңіміз шықты. Жан ұшырып әр бөлмені қарап жүрсем, бір бөлменің бұрышында көпшілік сахнасына киіп шығатын Аманкелдінің киімі жатыр. Не де болса содан келгенін ceздім де, ай-шай жоқ «Аманкелдіні табыңдар» деп бүкіл әртістерге ұран тастадым да, өзім ел киім ілетін жаққа жүгірдім. Жетіп келсем сол жерде тағы да көрермен аң-таң қарап қалған, үстінде Абайдың киімі, Абайдың сақал-мұрты, Аманкелдім «шалқасынан түсіп», екі қолын артына ұстап алып тура біp мода үлгісін көрсетіп жүргендей, epcілі-қapcылы талтаң-талтаң басып жүр.
- Әй, денің сау ма, мынауың не. Шәкең киімін, сақал-мұртын таппай шат-шәлекейі шығып жатыр ғой десем:
- Е, немене, ол өткенде де киді ғой. Біp күні мен кисем не, өле ме,-дейді масқара, беті бүлк етпей.
Тағы да сол желкеден біp қойып, ұяттағы-ай, «Абайды» дедектетіп ала жөнелдім, көрерменді күлкіге кенелтіп.
- Тағы бірде,-деп бастады Асан Аманкелді туралы «жырын»,-Ғабит Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» спектаклінің премьерасы. Ойын басталатын уақыт болып қалған. Залда ине шаншыр жер жок. Лық толы. Мен және спектакльге қатыспайтын театрдың бірнеше әртістері көрермен ретінде залда отырғанбыз. Шымылдық жабық. Бір кезде аван-сценаның бір шетінен үстінде балон плащ, басында жәпірейте киген балон кепкі, Аманкелді атып шықсын. Біз не істерімізді білмей аңтарылып қалдық. Әбекең тура сахнаның ортасына келіп тұрып, ары-бері мойнын созып көрермендер арасынан біреулерді іздей бастады. Әлден уақытта іздегенін тапты-ау деймін,қолын ербеңдетіп:
-Әй, пәленше, мен мұндамын,- деп шымылдықтың арғы жағын көрсетіп алды да,- ей, танымай қалмаңдар. Қараңғыда Қарабай «Әй, жылқыға барыңдар» деп жүгенмен ұрғанда тұра қашатындардың біреуі менмін,-деп нықтап-нықтап қойды да, үйінде жүргендей сахнаның екінші жағына өтті де кетті талтаңдап. Бұл жолы ел алдында желкеден ұра алмай қалдым,-деп күледі Асекең.
-Әй, мынауың бір әpтіc емес, әпенде ғой,-деймін мен. -Ә, Әбекеңнің өзі біреумен сөйлесіп тұрып, қолының сыртымен сенің төсіңнен сарт eткізіп бір ұрып, жалт қарағанында тура тұмсығының алдына eкі саусағын шошайтып әкеліп үн-түнсіз темекі сұрап тұратынын қайтесің,-деп сылқ-сылқ күледі Асекең.
Ал әйтпесе...
Сағынбек Рахышев
Өз заманының серісі. Талдықорған облысы Жансүгіров ауданында Жылқы жылы (1930) өмірге келген. Өнер жолын Талдықорган облысында бастап, он сегіз жасында Кызылорда облыстық, Қазақ, драма театрының директоры болған. Fұмырнамасында әкімдік пен әртістікті қатар алып жүрген.
Қазір Талдықорған облыстық, қазақ, драма театрында қызмет іcтейді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
МЕЛОЧНИК ХАН
Жазғы гастроль кезі. Сақаң (Сағынбек Рақышев) бригада жетекшісі. Жоспар деген «пәле» бар. Ойын, көбінесе, жазғы клубтарға қойылады. Есік аузында билет қырқып Ділдәбек тұрады (Сыздықов). Біраз адам кірді-ау дегенде ойын бастала береді. Кейін келгендері билет алып кіріп жатады.
Әп, деп басталғаннан Хан сарайының сахнасы. Сакаң-хан.
Біз-айналасындағы уәзірлер. Спектакль күлдіргі болғандықтан режиссердің шешімі бойынша Сақаң артында сыздауығы бар-хан. Отара алмай қолының ұшымен шалбарының артын көтеріп ұстап алып, елді қыран-топан күлкіге кенелтіп ойнап-ақ жатады. Бірде осындай сәтте клуб дуалынан бір бала ішке секіріп түседі. Ділдәбек оны аңғармайды. Енді екіншісі секіреді. Осы кезде шыдай алмаған Сақаң-хан сөз арасында: «Ділдәбек» - деп айқайлап қойып, ары қарай ойнай берді. Ділдәбек аң-таң, бірі қарап қойып қайта ісіне кіріседі. Енді бірі биік дуалға шығып алып ішке түсетін ыңғайлылау жер іздеп тұрғанда, Сақаң артындағы сыздауығын ауырсынғандай кейіп танытып: -Ойбай-ай, ойбай,әй, Ділдәбек, атаңа нәлет анау кетті ғой,-деп алға ұмсынып кеіп иегімен көрсетіп кетеді, күйініп. Ділдәбек оған не қыла қойсын:
-Әй, әй қойыңдар,-деп қойып тура береді.
Бір кезде, тіпті, бірінен соң бірі топырлап түсе бастайды. Сол кезде әбден күйініп кеткен Сәкең ойынды қоя салып: -Әй, оңбаған-ау, анау бері кетті ғой. Мен енді мына жұрт «Мелочник хан» екен дейтін болды ғой,-деп артын әдемілеп қойып, ойынын қайта жалғай береді. Сәкеңнің тапқырлығына риза болып ду күлген көрермен бұл шекісті елемей әрі қарай Сәкеңмен бірге оқиғаға араласып кете беретін көрінеді.
КҮЙГЕН ТАРАҚ
Кезекті гастроль сапары. Бір ауылдың бастығының үйіне түсе қалдық. Қонақ бөлмесі тап-тұйнақтай, сірескен қымбат жиһаздар, жаңа-жаңа шыға бастаған түрлі-түсті теледидар, жапон үнтаспасы. Ортадағы ұзын столға бізді жайғастырып болып, үй иесі тысқа шығып кетті. Әpі қызығушылық бар, әpі жастық желік билеп кетті ме мен (осы жолдардың авторы) үстінe әсем, өрнекті жапқыш жабулы тұрған үнтаспаны ашып, желісін тоққа қосып кеп жібердім. Сол әуен ойнай бере үні өшті де қалды. Не болғанын түсінбей әр жақ, бер жағын қозғамақшы болып еңкейе бергенімде, арты түтіндеп біp пластмасса күйгендей иіс бұрқ ете қалды. Әп-сәтте иіс үйдің ішін алып кетті.
- Ойбуй, ұят болды-ау, құрттың ғой.
- Әй, осы тыныш отырмайтының-ай.
- Әй, нең бар еді, не бетімізді айттық енді,-деген сияқты сөздер тұс-тұстан жамырады.
Мен де қатты ыңғайсызданып, дереу тоқтан суырып алып бастапқы қалпына келтіріп:
-Ештене етпейді, білмейді, айтпаңдар,-деп жапқышын жаба салдым.
-Болды, үндемеңдер,-деді Сақаң (Рақышев) менің сөзімді сөйлеп.
Тап сол кезде үй иесі кіріп келді де:
- Пу, мынау ненің иісі,-демесі бар ма мұрнын тыжырайтып.
Сол кезде менің жанашырым Сақаң, қaпeлімдe сасып қалып, тапқан сылтауы болса керек маған жекіп: -Әй, осы мен саған қанша айтам. Шақпағы бар қалтаңа тарағыңды неге саласың,-дегені. «Мынаның тарағы жанды» дегені-ау деймін өзінше. Мен не күлерімді, не жыларымды білмедім. Қарасам, үнтаспаның арты әлі жәйлап түтіндеп тұр екен.
Үй иecі күліп жіберіп: -Ә, ештеңе етпейді. Өзі де кінәраты бар үнтаспа еді... Ал, шәй дайын,-деп мені ыңғайсыз жағдайдан өзі құтқарып алды.
Қонақты құдайындай күтетін қайран қазақы көңілдер-ай.
Атахан Ниязұлы Әпсаматов
1951 жылы, яғни Қоян жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «жәймендеп» дүниеге келген. 1970 жылы яғни, Ит жылы Жамбыл облыстық, Абай атындағы қазақ, драма театрының «жәймендеп» есігін ашқан. «Жәймендеп» сахна жұмысшысы болған, әртіс болған. «Жәймендеп» бригада жетекшісі болған инженер болған, директордың орынбасары болған. «Жәймендеп» директор болған. Қазір директордың орынбасары болып «жәймендеп» жүріп жатыр. «Жәймендеп» роль ойнап қояды. Өзінің физиономиясына орай «Еңлік- Кебектегі» - Қортық шал, «Өзіме де сол керектегі» - Сардар, «Шаншар атайдағы» - Шаншар, «Тақталастағы» - Жауғабай сияқты образдарға дәл келеді.
ПҰШАЙМАН АТАХАН
Әртістер үшін үш ай гастрольдік сапардың қызығы да, қиындығы да қатар жүріп отырады. Кейде, жалықтырып та жібереді. Күнде қайталанатын бір тірлік - бір күй, бір әуен. Осындай бір күні Атахан (Әпсаматов) екеуіміз әйтеуір бірдеңе себеп болып, «ахаңды» біраз сілтедік. Кешке ойын, оның үстіне eкеуіміз сахна құру, жарықпен, әуенмен көркемдеу, бутфор сияқты жұмыстарын қоса атқарамыз. Түстен кейін ойын болатын ауыл клубына келіп жүкті түсіріп, сахна декорациясын құрдық, жарық тарттық, бутафор- ларды шығарып қойып тағы сілтедік. Ойын басталуға бір-екі сағат қалғанда Атахан маған:
- Сен енді дем ал, мен де бір ұйықтап алайын. Қазір Сақаң (Сағынбек Рақышев) келіп қалса, «сен ішкіздің» деп маған пәле салады,-деп жабық тұрған шымылдықтың ішіне тура сахнаға төсек салып берді де, өзі қисаңдап жүріп музыка қойып менің қасыма келіп қисайды.
Оянсам – қараңғы түсіп залға біраз адам жиналып қалыпты. Әжептеуір тынығып қалғам. Атахан жоқ. Дереу киініп гримденіп спектакльді бастап жібердік. Ә.Нұршайықовтың «Сөнбеген шоқ» cпeктaклі. Солдаттар сахнасы. Мағзұм солдат-Әділжан, Үмбет-сержант Ербол. Атахан – бір қуақы солдат, мен-ең жас солдатпын. Соғыс бір сәтке тынышталып солдаттардың бір сәт тыныстаған сәті. Сол кезде сахнаға қасында адъютанты бар комбат – Сақаң шығады. Үмбет – сержант честь беріп, жайды баяндайтын. Комбат-Сақаң көңілді. Спектакль сөзі бойынша «вольна», жарайсыңдар жауынгерлер» деп алып, жеке-жеке танысуга көшетін... Солдаттардан «сен қай жерденсің?» деп сұрап : -Ә, ол жерді білемін, білемін,-дей келіп, Атахан-Сапарғалидан «Сен қай жерденсің?» деп сұрайтын. Атахан- Сапарғали «Мен Гурьев облысынанмын, жолдас комбат»,-деп жауап беретін. «Әп берекелде, онда балықшы болдыңыз ғой» дейтін Сақаң - комбат жайдары ғана әзілдеп. Атахан- Сапарғали: -Дәл таптыңыз, жолдас комбат. Балықшылығым сонша, шешем мені балықтың үстінде туған екен-деп қуақылана әзілмен жауап қайтаруы тиіс.
Одан әрі комбат та, бәрі де күлісіп алып, ойын әрі жалғаса беретін. Алдында байқамаған екенмін. Тура Сақаң - комбат кіріп келгенде барып Атаханның тыпыр-тыпыр етіп барып қалшиып қалғанынан ceзіп қалдым, көзі кіртиіп қалтаң-қалтаң eтіп тұр.
Сақаң- комбат жайдары пішінмен, қамқор көңілімен:
-Ия, cіз қай жерденсіз?- деді әдеттегідей Атахан - Сапарғалиға қарап.
Атаханның көзі жыпылық-жыпылық етіп:
- Мен Г... Г... Г-ін облысынанмын дж-жолдас комбат,-деді кекештеніп. Атаханның ішіп алғанын сонда ғана барып білген комбат- Сақаң:
- А, немене-немене, деді жұлып алғандай.
Мен Г... Г... Г-ін облысынанмын,-деп қайта қайталады Атахан пенде.
Сақаң - комбаттың түсі бұзылып кетті.
-Ә-ә, бал-ық-шы eкенсің-сің ғой,-деді зілдеп тұрып, тістеніп, әр cөзін қадап-қадап тұрып. -Ддд-әл таптыңыз, дж-жолдас комбат. Тіпті былықшылығым сондай, шешем мені сұл былықтың үстінде туған көрінеді,-деп быдықтады да қалды Атекең.
- «Қң»,-деді комбат-Сақаң одан сайын сазарып.
- Шешең сені бөтелкенің үстінде туған жоқ па?- деп кекесінмен бір тұқыртып алды да,-Ой, ұятсыз, ұялмайсың ба? Не мына тұрысың,-деп бүкіл көрермен алдында сойып-ақ салсын.
Атахан не іcтерін білмей, қызарақтап пұшайман болды да қалды. Сыртынан қарап тұрсаң, енді сұмдық күлкілі көріністе еді. Mінe, содан бастап күніге тап сол жерге келгенде, сол ecімe түсіп күле беремін. Біp күн өтті, eкі күн өтті, үшінші күні сол жерде тағы да Атаханға қарап қутыңдап күліп тұр едім, мейірімді комбатым маған жалт бұрылып:
- Не ол? Ыржалаң-ыржалаң eтіп?.. Жап-жассың, ертең сол сахнада күлу әдет болып кетеді ғой, -деп ұрсып бергені.
Сап тыйылдым. Көрермен алдында ыңғайсызданғаным сонша тіземе дейін дірілдеп кетті. Ал Сақаң түк болмағандай ары қарай сөзін жалғай береді. Біp ғажабы содан бастап қандай біp жағдай болса да сахнада күлу деген пәлені де қойдым.
«ЖАҚСЫ СӨЗ»
Кезекті сапар. Театрдың біp бригадасы облысымыздың Шу ауданында жүрсе керек. Қойылымдары Әлдихан Қалдыбаевтың «Шаншар атай» спектаклі. Автордың туған жері. Әр шаруашылық басшылары үлкен қошеметпен қарсы алады. Көрермендердің де ықыласы ерекше. Ойыннан кейін күніге мал сойылып, біp үйде әртістерге сый-құрмет көрсетіліп, қонақ асы беріледі. Ондайда әрине коньяк, шампан, арақтың да түр-түрі орын алады дастарханнан. Бригадада онша көп ішетін адам жоқ екен. Шаншар атай-Тұрекең (Тұрар Ізбасаров) ептеп коньяктан ырымын жасайды. Мұсатай-Сәкең (Сабыр Ысқақов) ол кезде тіпті аузына алмайды. Үлкендер солай болған соң жастар да әдептен асып кете алмайды. Тек «аузы ашық» бір-ақ жан бар. Ол Орекең (Ораз Насымханов) болса керек. Бірде осындай біp отырыстан түннің жартысынан астамын өткеріп тастап әбден шаршап шыққан әртістер аудан орталығындағы қонақ үйге дем алуға келе жатып, тура орталыққа кіре берісте жанар майы таусылып тұрып қалады. Бейсуат мезгіл, жүріп жатқан көлік те жоқтың қасы. Ілуде біреу бола қалса тоқтатып жүргізуші шелегін ала жүгіpeді. Атахан болса да, жүpгізyшінің қасында. Майын тексеріп жүрмеген жүргізушіге ренжи ме әйтеуір қабағы қату. Сіркесі су көтермей тұрса керек. Ел шырт ұйқыда жатқан уақытта өздері ойыннан-отырыстан шаршаған әртістер қайбір жетісіп тұр дейсіз. Тек шаршамаған бір-ақ адам бар. Ол Ораз. Бірақ ол да әйтeyіp бір нәрсеге риза емес сияқты. Біраз мыжыңдап Атаханның миын ашытады. Әйтеуір Атахан тырс етпей құтылады. Енді жүргізушіге барады. Кезінде біp апар деген жеріне апармай қойған ба, әйтеуір онда біp қыжылы бар көрінеді. Жайлап барып, болмайтын бірдеңелерді айтып, өзі жындануға шақ тұрған оның да миын шұқи бастайды. Ол, әрірек қашып барып тұрады. Орекең ерінбейді артынан барады, жай бармайды, қисайып қасына барып тұрады да, өзінің ең күшті жүйке жұқарту әдісімен: Ал, тұр енді... Өзің жақсы болсаң біз саған «ішш» деп берсек те багыңды толтырып беретін едік қой,-дейді жайлап қана.
Өзі күйіп тұрған жүргізуші: -Ой, Ореке, қойыңызшы,- деп қолын бір сілтеп тағы да ары таман барып тұрады. Әйтеуір үні жағымды шықпайды. Орекең жайлап қана бұрылып Атаханның қасына келеді де, ары таман барып тұрады. Әйтеуір үні жағымды шықпайды. Орекең жайлап қана бұрылып Атаханның қасына келеді де, сұқ саусағын жоғары көтеріп тұрып, аса мен беріп: -Қойыңызшы деген ең жаман сөз,- дейді тілі бұралып бөліп-бөліп. Онысы «мені сенің шоферің балағаттады. Ал сен қарап тұрсың» -деп қозғау салғаны екен. Жарылуға шақ тұрған Атахан одан арыға шыдамаса керек:
- Ореке, ал «кетіңізші» деген сөз ше?- дейді жайлап қана.
- Ол, жақсы- дейді Орекең ықылық атып.
- Онда, құдай үшін, сөйтіңізші,- депті жалынышты кейіппен.
Өзінің әрекетінің шеккі екені сонда ғана барып ойына түсті ме, Орекең көзі бағжаң етіп есін жиып алып, біраз тұрып, үн-түнсіз автобусқа кіріп кетіпті.
Оразғали Әбділманов 1936 жылы, яғни Тышқан жылы Талдықорған облысының Жансүгіров ауданында дүниеге келген. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін Жамбыл облыстық, театрына жолдама алған. Қытай халық, Республикасында өскен. Роль ойнағанда, әзіл айтқанда, тағы бірдеңкелерде... жанып кетеді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Қазір Талдықорған облыстық, қазақ, драма театрында қызмет атқарады.
«ҰЯТТАУ ӘЗІЛ»
Екі-үш жігіт театрға жаңа келген сары уыз балапан кезіміз. Біз бұрын тек сахнадан көретін мүйізі қарағайдай-қарағайдай, әртістермен біp есіктен кіріп, бір есіктен шыға бастағанбыз. Бірақ әлі етене араласып кете алмай әңгімеге араласпасақ та ептеп-ептеп тыңдаушылыққа жарай бастадық. Бірде әдеттегідей фоэде гу-гу әңгіме айтып, ду-ду күлісіп тұрған үлкендерге имене басып келіп әңгімесіне құлақ салдық. Әңгіме тізгінін Оразғали Әбділманов алыпты. Әңгіме балық ayлау жайында екен. Мұрты жыбыр-жыбыр етіп, көзі күлімдеп Орекең:
- Ой шіркін-ай былтыр жаздағы балықты айтсайшы,-деп бастады әңгімесін. Су тартылып қалыпты, үйдің орнындай ғана шалшық су. Құдай салмасын, балық деген шүпірлеп жүр. Су әбден лайланған кезде-тұмсықтарын судың бетіне шығарып, ауыздарын ашып алып жыбырлаған балық. Судың беті тіпті майда балықтан көрінбейді. Түбінен құлаштай-құлаштайларын талтайып отыра қалып, бұтпен cүзіп алып жатырмыз. Мына досымның?,- деп біp әжептәуір беделді ағайымызды көрсетіп қойып-қуанышында шек жоқ, қутың-қутың етіп құтырып жүр. Үлкен шыт дамбалының алдыңғы peзеңкесін керіп алып майда балықтарды су-пуымен іліп алады да жүгіріп барып сыртқа шашып жібереді. Соншалықты мәз. Сөйтіп шошаңдап жүрген. Бір кезде шыңғырып жан дауысы шықты. Бәріміз жүгіріп-жүгіріп кeлдік.
-Әй, не болды? Не боп қалды?- дейміз тұс-тұстан. Бұда үн жоқ көзі бақырайып жатыр. Сөйтсек: -Ой, алла-ай құйрығына мынандай,-деп сұқ саусағының жартысын көрсетіп қояды-шабақ кіріп кетіпті. -Сенбейін десең айтып тұрған әжептәуір дап-дардай, дарынды адам. Біз аң-таңбыз. -Содан, -деп әңгімесін ары қарай жалғайды Орекең. -Мұны етбетінен жатқыздық. Балықтың тек құйрығының ұшы ғана көрініп тұр. Ол пәлекеттің шығуы қиын екен. Қанаттары тіреле ме қанша тартсаң бepі қарай жылжымайды. Қайта тартқан сайын жылпылдап ары кетіп бара жатыр. Ойпырмай мына шопыр бала біp айналайын екен. Біз екі думан eкі жаққа қарай барынша басып тұрдық. Бұл болса құйрығының ұшы ғана қылтиып тұрған шабақты тісімен жұлып алды,-деп қасында тұрған шопырды көрсетіп, eлді қыран-топан күлкіге кенелтеді. Сөйтсек бұл үш «ноянның» бір-біріне қатар, қайын, жиен боп әзілдесетіндері бар екен ғой.
Көпесбай Досжанұлы Бейсенбаев Жамбыл облысы, Талас ауданы, бұрынғы Жданов, қазіргі С. Шәкіров ауылында Қой жылы ( 1955) дүниеге келген. Кескін-келбетіне, мінезіне, дене аумағына, ішкі-құрылысына, басқа да артықшылық, тоқталмайын. Өйткені, алдағы әңгімелерде, шамам келгенше суреттеймін.
Сырнайшы, ән айтқанда - Қырғыз.
Театрда «Қатаған ыршыны» ойнағанда тегі қырғыз.
Бірақ, таза қазақ, екенін нық, сеніммен айта аламын.
Қазір театрда труппа меңгерушісі. Өзінің қазақшалауынша -әртістердің бригадирі.
«АПЕТИТ»
Көпекең өмірі асықпайды. Құдай біледі-ау, әгәрәки, жер өртеніп жатса: -Қазір мұны өшіреміз,-деп аспай – саспай әр түрлі өрт сөндіру құралдарын жеке-жеке әзірлеп, әбден дайын болған кездің өзінде бір-біp тексеріп шығып, содан соң өрт сөндіру ережесіне қарап, оны мұқият оқып шығып барып, рет-ретімен өшіруге кірісетін шығар. Қарап тұрсаң, жайбасарлығыңды шек жоқ сияқты. Бірақ сөйтіп жүріп-ақ бітірмеген ісі қалмайды. Және әр іcін жүрдім-бардым етпей, шегедей қылып бітіреді. Тіпті жау қуып келе жатсын, асты да асықпай отырып, бабымен ішеді. Бірде, гастрольдік сапарда біp бригада да өңшең асығыстар іріктеліп қалыппыз да, ортамызға құданың құдіретімен Көпекең түсіп қалмасы бар ма? Үлкен тамақ келгенде, Көпекең қипактап-сипақтап табаққа қолын енді салып жатқанда алдымыз кейде, тіпті, жеп бітіп кейін шегіншектеп жатамыз. Соңында жеп отырған жалғыз Көпекеңді көресіз. Ел жемеді екен деп аштан қалсын ба, енді, дене бітімі де баршылық Көпекең тамақты әжептеуір-ақ жейді. Ал енді басқалар қол салмай отырғанда, жалғыз адам жеп отырғаны сырттан қарағанда әртүрлі ой тудыруы мүмкін ғой. Ондай кезде Көпекең еш саспайды. Үн-түнсіз табақты өзіне таман жақындатып, ыңғайлап алады да баппен қолды көсіп – көсіп салады. Әжептеуір еңсеріп тастағанда барып, басын көтеріп, жан-жағына қарап беті бүлк етпей, түк шіміркпестен: -Бүгін, что-то апитетім жоқ. Ауырып жүрмін бе, қайдам? - деп өзінің денсаулығына өзі күмән келтіргендей қорыққан сыңай танытып қойып, табаққа қайта қол салады. Біз, ол Көпекеңнің күнде айтатын әзілі болғандықтан елемейміз, күлеміз де қоямыз. Ал, үй иесі «Ойпырмай мынаның апитетінің жоқ болғаны мынау болса, апитеті болғанда құдайдың кез қылмағанына шүкір» деп қуанып отырмасына кім кепіл.
МАЙ ІЗДЕУ
Көпекең тамада. Тіпті, той «сезонында» депицит. Алты ай бұрын ауызша «арыз» айтып, бес ай бұрын жазбаша «заказ» беріп екі ай бұрын екі «канделек» «загадок» тастап кетпесеңіз Көпекеңнің көңіл қошы болмайды. Көңіл қошы болмаған соң, әрине, той да оңбайды. Оны қойшы, онысы бар, мұнысы бар, тіпті әлгі... «дәріcі» бар, оның да реті табылар еді -ау. Көпекең қолды болып кетеді. Бірде Көпекең осылай қолды болып, бұл жолы онысы оңды болып, жағрапия тілімен айтсақ, Алатаудан ысқырса ысқырығы арқаны тіліп Қаратаудан ысқырса, Балқашты ұрып тұрған облыстағы біp МАЙ-дың дөкейінің тойын басқарады. «Бар жер ғой» деп барын салып «ырлапты» Көпекең. «Майлы» жер ғой деп майын тамызып «жырлапты» Көпекең.
Той бітер-бітпестен аса риза болған дөкей:
- Мм, ризамын саған, сіз боп, біз боп тойды атқардық. Менің шашқан мүлкіммен, сенің шашқан күлкіңнен ел есеңгіреп кеткендей, естен кетпес той болды. Кел, енді екеуіміз жақсылап тұрып бір тост көтерелік,-дейді ғой баяғы.
Көпекеңнің қиналған жері де осы жер еді. Бұрын бір аузынан «бөтен» иіс шығып қалып, «төтен» жағдай болып, «праводан» айырылғаны бартын. Содан бастап әйеліне Осекеңшілеп, (Оспанхан Әубәкіров), «машинамның төрт балонының атынан, ceнің және төрт баламның атынан» деп жылағандай болып ант етіп, рольде отырып, «араққа қарап үрмеске, жаман жолмен жүрмеске» уәде берген еді. -Ойпырмай, ағасы антым бар eді,-деп Көпекең жолдағы МАЙ-ды, үйдегі «жәйді ойлап, иманы қасым болады. Бірақ мына МАЙ-дың дөкейі бәрінен басым болады. -Қағаз әкел,-дейді келіншегіне. Сөйтіп «дәл бүгін мына жігітті ұстамаңдар» деп күнін көрсетіп, қолын қойып «ішірткі» жазып, «көк шырақ» жағып береді жолына. МАЙ-дың ең дөкейі рұқсат берген соң, тұрсын ба, «нар тәуекел» деп Көпекең ой біp сілтейді. -Машинамның үстіндегі жүк салғышқа дауыс күшейткіш асай-мүсейлерімді салып, тас қылып байлап алдым. Қызара бөртіп, рульге отырдым да тартып кеттім. Ой әкеңнің...қырсыққанда біp МАЙ тапсамшы. Осы-осы жерлерде тұрады-ау деген жерлерді қуалай жүрдім. Орталық алаңды тіліп өттім. Бармаған жерім жоқ. Таң атқанша іздеп, біp МАЙ талпай қор болғаным.Әшейінде сарт ете қалатын дәл осындайда қолға түспей қалады. Тегі пәлекеттер жұмыс істемейді-ау деймін?- деп таң қалады, Көпекең кейін бізге қинала әнгімелеп.
ПӘМИЛА ТАҢДАУ
(әзіл-шыны аралас) Үлкен шараның кемерінен көтерілген қамырдай, қарны қос бүйірден білey-білey болып барып, ұзын омыртқасынан бірақ тоқтаған, көлдей бетті Көпекең төл құжат столы аталатын мекемеге имене басып кірді. Қапелімде аңтарыла қалған қарын мен оның ар жағындағы Көпекенді сержант қарындас селтие қарсы алды. -Келіңіз, шаруаңызды айтыңыз? -Әй-шәй жоқ тұтқиылдан тиген милиция қыздың сұрағына Көпекең кібіртіктеп қалды. Мұндай икемсіз кісінің именгені де, инелік болғысы келген бегомоттай бір түрлі тұрпайылау көрінеді екен. -Айтқандай... енді,-деп тағы да сипақтап тұрды да, алдымен сыпайылық таныту керектігі есіне түскендей: -Саламатсыз ба,-деп Көпекең өзінше мәдениеттілік танытты.
- Өзіңіз ше?- деп түйеден түскендей тосын сұрақ қойды сөлсіз қарындас кенет.
- Не өзім?- деп Көпекең үсті-басын түгендеп, одан сайын ыңғайсызданды. Мырс ете қалған қу қыз біp жолата тұқыртып, тастайын деді ме, әлде бар білгені ме:
-Дені-қарныңыз сау ма?- деп жымың eтті. Шыққан дыбысты, әңгімені кештеу қорытатын Көпекеңнің қалбаның қалбырындай «не стандартный» қауашағы әрең құрастырып, сәл кешеуілдетіп қорытып берді де, Көпекең тілге келді. -Денім сау. Нормально. Ал енді қарынды да білгіңіз келсе... сәл нелеу енді... Бірақ тұр ғой орнында. Толтырып берейін деп пе едіңіз?
Көпекең алғашқыдай емес eті де, беті де үйреніп қутыңдап бастаған.
- Әй, тап мына заманда, тап мына қарын тола қоймас,-деп Көпекең сәл салбыраңқы көлбей жатқан қарынның астынан көлденеңдей алып шайқап-шайқап қойды. Өзінің қалжыңына насаттанып екі көзі екі сызық қана болып ыржиып тұрған
Көпекеңнің «көркем» ойын:
- Шаруаңызды айтыңыз,-деп шамданыңқырап қалған қарындастың қатқылдау үні бұзып жіберді. Қыз сөзінен секем алғаннан ба, енді көсіліп келе жатқан Көпекеңнің көлемді бетінің ол жер, бұ жерлері жайлап жыбырлап, қайта жиырылып:
-Шаруа болғанда, қарындас, мына ескі құжатпен бірге ескі-құсқыны тастап,-деп ойын қожырата бастағаны сол еді:
- Ел ескі-құсқыға жете алмай жүрген мына заманда, ескіні тастап, жалаңаш, жапырақ байлап қалмайсыз ба?-деп қыз Көпекеңнің көлденеңінен біp, ұзынынан біp көз жүгіртіп алып:
- Әй, қайдам, сізге шақ жапырақ та табыла қоймас,-деп тағы да кекете мырс ете қалды.
-Жоқ, сіз түсінбедіңіз,-деп Көпекеңнің енді ғана жіпсие бастаған сызығы (жымиғанда екі көзі екі сызық болып қалады) -Жаңарғанда, біз жанұямызбен ескі құжаттағы «ов», «ев», «ова», «ева» дегендерді тастап, жаңа атауға ие болсақ деп едік,- деп қайтадан мәдениеттіленді. Кәне, құжаттарыңызды әкеліңіз,-деп ыңғайлана берген қыздың қолына Көпекең құжаттарды ұстата берді. -Mә, мінe мынау өзіңдікі, мынау әйелдікі. Құжатты ашып көрген қарындас Көпекеңе біp құжатқа біp қарап алып:
- Әйеліңіз қай елдікі?,-деп тақ ете қалды.
- Өзімдікі деді қапелімде сасып қалған Көпекең жұлып алғандай.
- Сіздің әйеліңізді тартып алайын деп тұрған ешкім жоқ. Ұлты кім деп тұрмын,- деп қарындастың қансыз бетінде сәл-пәл қызғылтым біp нәрсе жылт еткендей болды.
-Ұлты қазақ,- деді Көпекең «точно» білетінін сездіріп, сеніммен. -Ағасы-ау, қазақ болса,мынау не мазақ. Павлодарская область, Ярословский район, село Петровка, улица Кемерова. Ал мынау өзіңіздікі ғой. Тек... тек... туған жері совхоз Жданова, қазіргі тіркелген жері-улица Сухэ-Батора, аты Купец,-деп қыз Көпекеңнің бәрекелді бетінде екі-ақ сызық болып жылтырап тұрған көзіне күдіктене қарап қойды да: -Жарайды, міне, үлгілер кәне, қайсысын қалайсыз?-деді. -Әп берекелді, кәне, қандай үлгілеріңіз бар?-деп құнжыңдаған Көпекеңнің берекелді беті қызға жақындай берді.
- Міне, Пәленшетегі деп алуыңызға болады.
- Тегі... ия... тегі... сонда қалай? Тәк... Тәк. Жоқ, шырағым, болмайды,-деп төтесінен кетті Көпекең. -Шырағым-ау, біз мына күнде үйге сұлу торы аттай түзу қайта бермейміз ғой. Кейде былай... нетіп... Нокдаун алған боксерлер сияқты, сол нокдауыныңды білдірмеуге тырысып, үйіңдегі «тіренеріңе» жете алмай кетіп бара жатасың. Сонда біреулер «пәленшенің тегін қара» деп қол шошайтып тұрса, масқара емес пе? Қой басқасын айт,-деп Көпекең әжептеуір әбіpжіп қалды.
- Ендеше «Пәленшенің Пәлeншecі» дей салыңыз.
- Немене, немене,-Көпекең шоршып түсті. -Қой шырағым, шынымды айтсам, мен мұндай аттан жас кезімде әрең құтылған адаммын. Мынауың сол ғой, «Пәленшенің тентегі» деген тектес екен. Қой, басқасын, басқасын қарашы қа- рашығым. -Көпекеңнің даусы тіпті жалынышты шықты.
-Ә, міне, мынандай біp үлгі бар екен, «Пәленше Пәленшеден» дейсіз. -Әй шырағым, сонда мен кімнен «підә» болғанымды айқайлап жүруім керек пе? Ал енді ұят та болса айтайын. Ана «жолдан» туып қалғандар не дейді, сонда. Пәленше Жолдан дей ме? Басқасын, басқасын айт шырағым.
Енді селтиген сержант сасайын деді: -Япыр-ау, сіз бүйте берсеңіз фамилиясыз қаларсыз,-деп қарындас, қағаздарын әрі-бері аудара бастап, қуанып кетті:
-Ә, ия, ия міне мынаны көріңізші - Пәленше, Пәленше. -Не дейді?!- Көпекеңнің көзінің құйрық жағы, сол қалпында қалғанымен, алдыңғы жағы, кішкене-кішкене екі дөңгелек бола қалды. Бұл Көпекеңнің көзінің барынша бақырайғаны еді. -Шырағым-ау, мынауыңның «әкесі қайсы, баласы қайсы?» Әй, айтпақшы әлгі «ұлы», «қызы» дегендер қайда? Бар ма?
-Бар. -Е, соныңнан берсеңші айналайын-ау, -деп eкі қолын жайып шарасы таусылған кейіп танытты, Көпекең. -Қайдан білейін, ағай. Мода қуынып қалған халық емеспіз бе? Елдің көбі сондай біp түсініксіздеу аттарға әуес болып, әуейленіп жатқан соң, сізді де солай ма деп жатқаным ғой,-деп мүләймси қалды қыз. Дегенмен, әр сөзін ащы мысқылмен, шегелеп айтты. Артын әдемілеп, аздап мейірім қосып, күлімсіреумен, көмкеріп қоюды да ұмытпады. Осы «шадыман» сәтті пайдаланьш қалғысы келді ме, Көпекең айтуға ұялып тұрған тағы бір «көркем» ойын көңсітті. -Қарындас, мен осыны пайдаланып, атымды да нетіп... өзгертіп алсам қалай болар екен?-деп епетейсіздеу ыржиып қойды. -Көпесбай деген ат... өзі бір ыңғайсыздау екен. Әй, жарықтықтар-ай, қызық екен-ay. Мені бір Купец, бай болады деп ойлады ма екен. -Жок, ағасы,-деді, кенет алғашқыдай емес нұрлана бастаған қыздың көзінен сәуле ұшқындай түсіп. Сіздің заманыңыз туып келеді. Бәлкім, cіз іpі комерсант болып бай, купец болып кетерсіз. Қыз қапелімде «ап-чу» деп түшкіріп жіберді. Жақсы сөзді кім жек көрсін, қыздың түшкіргенін іштей жақсылыққа жорып қуанып-ақ кеткен Көпекең: -Жәрәкім ал-л-ай, жәрекім ал-л-ай, айтқаның келсін,-деп, епетейсіз елпілдегенде тіпті жарықшақтана шыққан жүрек жарды үні, айналайын-ай, айналайын-ай дегендей болып, біp түрлі «терятся» етіп қалды. Сәлден соң селк етіп, есін жинаған Көпекең сабасына түсіп: -Әй, қайдам, жуан жіңішкеріп ұзын жатқан мына заманда атыма затым сай бола, кім білсін,-деп eкі ұдай болып, есікке беттеп бара жатты.
Рахман Медеуілов Мешін жылы (1920) Жамбыл облысының, қазіргі Құлан ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатынасқан. Партия, кеңес ұйымдарында түрлі қызметтер атқарған. Аупарткомның бірінші хатшысы болған. Зейнетке шығар алдында оншақты жыл Жамбыл облыстық, Мәдениет басқармасының бастығы қызмет атқарған.
ҚАРА ТАБАН
Театрда директордың бір жылдық, есеп беру жиналысы керек. Оған сол кезден Мәдениет басқармасының бастығы Рахаң (марқұм Рахман Медеуілов) қатысып отырады. Директордың eceбі тыңдалып болып, жарыссөз басталады. Біраз адам сөйлеп, директордың есебіне «қанағаттанарлық» деген баға береді. Біраз сын да болады. Сол жылдары қатарынан институт бітіріп келген он шақты жас жұмысқа қабылданған екен. Кезек соларға тигенде, бірінен соң бірі сөз алып, «үй жок, үй жоқ, үй берсін, қашанғы өстіп жүрміз» деп ашына сөйлеп, «сценарий» бойынша өтетін жиналыстың шырқын бұзыпты. Қанша дегенмен, Рахаң бұрынғы партия басшысы емес пе, мынандай «сұмдыққа» аң-таң болып, көзі бақырайып, аузын ашып, біраз отырып: -Әй, Тұрар, мынау немене пәле. Бұл неғып үйсіз-жайсыз қаптап кеткен қаратабан депті, сол кездегі театр директорына. -Сіз олай деп қорламаңыз,біз шындықты айтып отырмыз,-депті, ішіндегі бір еті тірісі. Сонда Рахаң: -Ей-ей, әй-нә-нә-иін, тиатір деген бір ке-ре-мет деп жүрсің бе? Әлі қара табан емес жар-а та-бан боласың. Іздей бер шындық-ты,-депті бөліп-бөліп әндетіп.
ҚҰРТ МЫНАУЫҢДЫ!
Республикамыздағы қадау-қадау талантты режиссерлерді өзге театрлар шақырып, тәжірибе алмасу мақсатында спектакль қойғызып жататын. Мұндай үрдіс театрдың жас режиссерлері үшін де, әртістер үшін де, өте пайдалы еді Жаңа қолтаңба мен, келген режиссер театр репертуарына да, өзіндік ерекшелік қосып кететін. Бірде, белгілі театр режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаев Жамбыл театрына келіп, шымкенттік автор Орынбай Дастановтың «Оянған ар» атты спектаклін сахналайды. Әдеттегідей, спектакльді көрермендерге ұсынардан бұрын, театрдың көркемдік кеңесімен бірге, арнайы құрылған комиссияның қабылдауы өтіп жатады. Спектакль заманымыздағы қанша қарсылық әрекеттерге қарамастан, өлepмeндік пен өрби беретін тоғышарлық, мансапқорлық, нәсіпқұмарлық сияқты келеңсіз көріністерді сынға алады. Обаев бұл қойылымның шешімін бастан-аяқ сол кездегі еліктегіш жастар «әлеміне» жақындата құрыпты. Ол кез фанаграфиялық фильмдердің Алматыға енді-енді, бірең-сараң жeтіп, Жамбылда сәл ұшқыны ғана біліне бастаған кезітін. Обаев сахналаған қойылымда Мәкен (Рақымжанова) бір жоғары лауазымды қартаңдау кісінің жап-жас жұтынып тұрған Сұлухан деген әйелін ойнайды да, Қарабай (Сатқанбаев) сол үлкен кісінің шапағатымен, қалт-құлт өмір сүріп жүрген жас жігіттің образын жасайды. Сөйтіп жүріп,қу нәпсі жеңіп, Сұлухан екеуі көңілдес те болып қалады. Бәлкім, ол пьеса бойынша олай да емес шығар. Бірақ режиссер солай етіп көрсеткен. Бұл эпизодта Қарабай лауазымды ағасын іздеп келіп, сұлу жеңешесін үйінде оңаша кездестіреді. Мәкен-Сұлухан болса, қылымси бұғалақтап, қайнысына «үзіліп-үздігіп» бара жатқандай әсер қалдырады. Режиссер сол кезде Қарабайға, ойың бұзылып: -Жеңеше, жеңеше, деп Сұлухан-Мәкеңді ту сыртынан eкі иығынан ұстап, желкесінен сүйесің,-дейді.
Ал Мәкен- Сұлуханға:
- Сенің образ бойынша желкеңде қытығың бар. Қарабай иығыңнан ұстағанға дейін көрерменге байқатпай, елеусіз ғана халатының түймелерін ағытып даярлап қоясың да, ерні желкеңе тиер-тиместе сыңғырлай күліп, сахнаның екінші шетіндегі жа татын бөлмеге жүгіріп барып кіріп кетесің. Халатын сол күйі Қарабайдың қолында қалып кетуі тиіс,-дейді. Ал Қарабайға:
-Сол кезде сен қолындағы халатты лақтырып жіберіп артынан кетесің,-дейді. Спектакльде тура осылай болады. Оның үстіне, оған театрдың жарық, әуен сияқты түрлі компененттері қосылып, одан сайын әсерлене түседі. Мәкен-Сұлухан лыпамен ғана жүгіріп өткенде, түгел жарық сөніп, фотоаппараттың жарығы сияқты жарық Мәкен- Сұлуханның сұлу мүсінін жарқ-жұрқ еткізіп әр жерден бір көрсетіп қалып, көрермендердің «түс көргендей» етеді. Артынан «жеңеше, жеңеше» деп аласұрып Қарабай кіріп кеткен соң, сахна едәуір уақыт бос қалады да, түрлі-түсті жарық ойнап неше түрлі ыңыранған, шыңғырған дыбыс пен сексуалды әуен беріліп тұрады. Спектакль бітіп көркемдік кеңес мүшелері қойылым жайлы ойларын ортаға салады. Сөйлеушілердің бәрінің пікірі негізінен мақтауға бұрыла береді. Ең соңына таман сөз алған сол кездегі облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Рахаң (Рахман Медеуілов) кенет: -Әй, Есмұхан, мені сені бір есі бар жігіт екен деп жүрсем, сенде ес жоқ екен ғой. Әй, мынандай істі бәріміз істейміз. Бірақ оны ешкімге білдіpмeй түнде, ел ұйықтағанда, көрпенің астында жасаймыз ғой. Сен мұны сахнада істеп жатқаның не? Қой, мынауың болмайды, құрт мынауыңды. Тура сол жepін алып тастасаң, бұл дүниең қатып тұр екен,-деп аяқтапты сөзін.
«СӨЙЛЕЙ – СӨЙЛЕЙ...»
Бұл марқұм Мұхаметқали Табановтың, яғни Кәкеңнің театрдағы соңғы жылдарындағы болған әңгіме еді. Ұжым болған соң, айтыс-тартыс болмай тұрмайды ғой. Сол жылдары бір дау-дамай болып, ұжым екіге бөлініп,бір келісімге келе алмай-ақ қояды. Күнара мәжіліс, айқай-шу...Сол айтыс-тартысты әр жиналыста ақсақал ретінде Кәкеңе сөз беріледі. Қайран Кәкең, қай мәжіліс болсын, «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деп ешкімнің, ешқандай топтың көніліне тимей, ортасынан сыдыртып өте шығатын көрінеді. Бірақ бір қасиет-ұзақ сөйлейді. Тыңдап отырғанда керемет бір мәселе қозғап жатқан тәрізді. Ал сөзін аяқтағанда Кәкеңнің не айтқанын, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, дегенін түсінбеген ел есеңгіреп қалады екен. Сондай біp кезекті айтыс-тартыспен өтіп жатқан мәжілісте облыстық Мәдениет бөлімінің сол кездегі бастығы Рахан (Рахман Медеуілов) қатысып отырса керек. Ақсақал ғой, eкі жақтың да қателіктерін бетіне айтып, мәмілеге шақырар деген мақсатпен Рахаң сөзді Кәкеңе беріпті. Кәкең сол баяғы желісіне салып, ешкімнің көңілін қалдырмайтын ұзақ «пәлсапасын» өзінің сүйікті сөзі мен «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың, деген екен қазақ» деп аяқтай бергенде, Рахаң теріс қарап, жұмыс істеп жатқансып: «Сөйлей-сөйлей мылжың боласың» деп айтпаған екен де сол қазақ» депті. Сонда Кәкең өзі күліп жіберіп: «Бұл атаңның аузын ұрайындар» бүгін ұрысқанмен ертең ауыз жаласып кетеді ғой, қайсысының сөзін сөйлейін» деген екен.
Дауласып жатқандар да ду күліпті. Сонымен дау бітіпті.
Сыпатай Қасымұлы Өсербаев
Жамбыл облысы, бұрынғы Свердлов,қазіргі Байзақ, ауданының Теспе ауылында соғысты «тәмамдаған» тауық, жылы (1945) дүниеге келген. Содан бepі облыстық, филормониямен Қазақстанның түкпір-түкпірін жаяу... тоесть, жаяудың ар жақ, бер жағында аралап шыққан жиһанкез... тоесть... әpтіc.
Mінезі -мәрт.
Қимылы - шалт (кейбір ақауларына қарамастан)
Ашуы - сақыр-сұқыр.
Көңілі - салдыр-күлдір.
Пейілі - дала.
Өзі елуден жаңа асқан - «бала».
Кейде, осындай қылықтарымен «аш қалған», Біразжыл театрды -басқарған.
ТАЗА АНЕКДОТ ОЙЫН
«Театрға жаңадан директор келетін болыпты. Бұрын облыстық филармонияда көп жыл бригада басқарған жігіт екен. Сұмдық қатал көрінеді» дейді біреулер. Иә, жаңа команда құратын көрінеді. Театрдағы ептеген басшылықтағы адамдарға қиын болатын болды,-деп қиналғансиды енді біpі. -Ә, әрине, қашан да жаңа сыпырғы жаңаша сыпыруға құмар ғой-деп «көңіл айтады» біp білгіші.
-Әйтеуір, қарамағындағы ірілі - ұсақты қызметке жақындарын жинайды екен,деп соғады тіпті бірі. Жалпы әйтеуір жақсы емес. Біраз адамға үрей пайда болады. Дегенмен, әйтeyіp елдің келеді дегені рас болып, жаңа директор келіп, оны облыс әкімінің орынбасары және Медениет басқармасының бастықтары келіп отырғызып кетеді. Қабағы сәл қаткылдау ма қалай? Өзі біp аяғын сылтып басады. Басшыны отырғызу салтанатынан соң, әртістер топ-топ болып сыртқа шығып, жаңа басшы жайлы,оның қалай келгені, кімнің «адамы» екені, деген сияқты «аса маңызды» сұрақтардың жауабын іздеп, жанталасып жатқан кезінде, біp аяғын сылтып басып жаңа басшының өзі келеді де:
-Труппа меңгерушісі кім еді?-дейді күтпеген жерден.
-Мен,- деп Көпекең де қозғалақтап қалады.
-Жүріңіз,-деп өзі жүре береді де, кілт тоқтап артында біp аяғын ақсап басып келе жатқан Көпесбайға қарап біраз тұрады да қайта жүрш кетеді.
Үн-түн жоқ орнына келіп отырады да, Көпесбайға оқты көздерін қадап:
-Cіз бүгіннен бастап боссыз, арызыңызды жазыңыз,-дейді.
Көпес аң-таң, түкке түсінбейді.
-Не, ұялмайсыз ба, мені мазақтап. Не мен осыны құдайдан сұрап алыппын ба? Тіпті менің артымнан шойнаң-шойнаң етесіз. Давай, жазыңыз арызыңызды, мен сізге шойнаңдағанды көрсетейін,-деп дауыс көтере дүрсе қоя береді. Көпесбай әбден сасады.
Ал жаңа директор болса: -Давай, давай неғып отырсыз аңтарылып. Мә, қағаз, жазыңыз,-деп алдына қағаз-қалам лақтырып тастап, екпіндей бергенде, Көпекең зорға есін жиып: -Әй, әй, басеке, қоя тұрыңыз. Бұл қалада ақсақ жалғыз сіз емес, біз де ақсақпыз, Юра да ақсақ, пәленше де ақсақ, түгенше де ақсақ, сонда не, сіз келді деп сәл аяғының ақауы барлардың бәрін театрдан шығара береміз бе, қоя тұрыңыз,-депті. Сол кезде жаңа басшы кабинетті басына көтеріп, барынша айқайлап тұрып күліп жіберіпті. Сөйтсе, ол Көпекеңді жақсы біледі екен.Қанша қатал болғанымен өзінің осындай ерекше әзілқойлығы бар екен ғой жаңа басшының. Шын қорқып қалған Көпекең де:
- Ойпырмай тегі иманымды алдыңыз ғой. Талай ойынды көріп едім, тап мынандай анекдот болатындай ойынды көрмеп едім- деп еркінсіп қалыпты.
МАҚТАНШАҚ ДИРЕКТОР
Спекең театрға директор болып келгеннен кейін көп ұзамай-ақ театр ұжымы жергілікті драматург Бақтияр Әбділдаевтың «Сыпатай батыр» атты тарихи драмасын сахналауды қолға алыпты. Спектакльге дайындық жүріп жатқан кез. Жергілікті композитор, «Алатау» ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұхтар Рақманқұлов спектакльдерге музыка жазып жүретін. Мұхаң театрға келген сайын бірінші класс оқитын баласын ертіп келетін көрінеді. Спекең сүйкімді ғана баланы жақсы көріп, құшақтап алып қысып, шымшып, кейде көзін алартып қорқытып ойнап әбден ығыр қылатын көрінеді. Онысын шын көрген бала азар да, безер болып, Спатайды сұмдық жек көреді екен. Спектакль болардан біpaз күн бұрын алдын ала тура театрдың маңдайшасына үлкен әріптермен ұзындығы он метрдей матаға «Сыпатай батыр» деп жазылып, спектакльдің премьерасы болатын күні көрсетіліп, хабарландыру ілініп қойылады. Бірде Мұхандар сол жерден өтіп келе жатып, баланың көзіі соған түсіпті. Біріншіге енді барған бала: «С-ы-п-а-т-а-й б-а-т-ы-р- деп ежелеп оқып алып-Тпу, какой он батыр, храмой, ой, мактаншақ, эще написал Батыр. Мен оны біp аяғынан ұстап алып лақтырып жіберемін, какой он Батыр» деп күйіп - пісіпті. Оның спектакль хабарландыруы екенін қайдан білсін. Театрдың директоры өзінің атын жазып қойған екен деп ойлаған екен ғой бала көңілі.
АҚКӨҢІЛ ӘКЕ
Спекеңнің әкесі ақкөңіл,кісінің ала жібін аттамайтын,қоғам мүлкін өз мүдесінен жоғары қоятын әрі ептеп заңнан да қорқатын «Сталиннің солдаты» болса керек. Бұл, тіпті сол кездің адамдарының көбіне тән қасиет еді ғой. -Басына тартса аяғына жетпей жататын өнер адамының қу тұрмысы емес пе, бір жолы бір қаражаттан қысылып отырып әкеме: «Қараңызшы, айналаңызға қараңызшы. Елдің әкелері балаларына қос-қостан машина әперіп, хан сарайындай үй тұрғызып берген. Ал сіз болсаңыз, өмір бойы мал бағып жүріп, ең болмаса дұрыстап бір үй салмапсыз», дедім тегі шын күйініп, дейді Спекең бір әңгімесінде.
Сөйтсем әкем:
- Әй, балам-ай. Оның несін айтасың. Менің ақылым осы 60-қа келгенде кірді ғой,- деп маған сыбырлап қояды. Оның өзін біреу естіп қоймасын дегендей құпиялап.
Әй, қайран ақ жүрек, бала мінез әкем-ай,- деп рахаттана күледі, Сыпекең әке әңгімесін еске алы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру