TELEGEI

Home

1 жыл 11 ай 3 күн

Ермұханбет Қуандық

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

1 жыл 11 ай 3 күн

Кітаптың авторы 1986-ның Желтоқсанында студенттер арасына қозғау салып, алаңға шығуды алғаш ұйымдастырушылардың бірі. Азаматтық құқығын талап еткені үшін отаршыл-озбыр жүйе тарапынан қатал қуғынға ұшырап, жазықсыз сотталып, қапасқа қамалса да, еңсесін түсірмеген Ермұханбет Қуандық өмірбаяндық деректі кітабында, көп құпиясы әлі күнге ашылмай, жұмбақ жатқан Желтоқсан көтерілісінің көзімен көріп, куәсі болған оқиғаларын

Осы кітабымды он бала тәрбиелеп өсірген, Алтын жұлдызды аяулы анам Үрліхан Жорабекқызының рухына арнаймын. Кітаптың авторы – 1986-ның Желтоқсанында студенттер арасына қозғау салып, алаңға шығуды алғаш ұйымдастырушының бірі. Азаматтық құқығын талап еткені үшін отаршыл-озбыр жүйе тарапынан қатал қуғынға ұшырап, жазықсыз сотталып, қапасқа қамалса да, еңсесін түсірмеген Ермұханбет Қуандық өмірбаяндық деректі кітабында, көп құпиясы әлі күнге ашылмай, жұмбақ жатқан Желтоқсан көтерілісінің көзімен көріп, куәсі болған оқиғаларын боямасыз, қоспасыз нақты дерек-дәйектер арқылы жүйелі, тартымды баяндайды. Шығармада еңбекпен есейген кейіпкердің қайсар мінезі мен мақсатты ұстанымдарының шыңдалып, қалыптасуындағы жүріп өткен өмір кезеңдерінің ықпалы, көпбалалы отбасындағы бауырмалдық тәлім, таңдап сүйген жарға деген ынтызар сәулелі сезімдер де шынайы сыр болып шертіледі. Е. Қуандық 1 жыл 11 ай 3 күн/Ермұханбет Қуандық. – Алматы, 2022. – 176 б. УДК 94 (574) ББК 63.3 (5Қаз) Қ71 ІSBN 978-601-06-8572-7 © Е. Қуандық 2022

Ермұханбет Қуандық
Алматы

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген
кісі – көшбасын алып жүре алмайды.
Ә. Бөкейханұлы
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

А. Байтұрсынұлы

БІРІНШІ БӨЛІМ ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕЛТОҚСАН Қапаста 1987 жыл, маусым айының басы. Айнала – сонау көкжиекке дейін тұтас жасыл жамылғыға малынып, алуан түрлі балғын гүл­ дер көз қытықтап, күллі дүние құлпырып тұрған рәуішті мезгіл. Ен дала түлеп жаңғырған, табиғаттың жанды-жансыз барша жа­ ратындысы береке-шаттыққа бөленген осы бір мамыражай күнде­ рі, тарс бекітілген лас терезелеріне ұсақ көзді темір тор тұтылған қаракөлеңке, тар, сасық купеде өзім тағдырлас оншақты адаммен қысылысып, «еркімнен тыс» жол үстінде келе жатқан менің жаным жүдеу, тәнім шаршаңқы еді... ­­ ­­­­­ «Ертең не болар екен?!..» – деп, елең-алаңмен өткізген алғашқы екі айдан астам уақыттың батпан жүгі өз алдына, одан кейінгі Қауіпсіздік комитеті мен Алматы қалалық Ішкі істер басқармасы абақтыларында тергеуде жатқан үш ай, ең соңында, үкім кескен үш күндік сот барысы – бәрі жан-жүйкемді іштен жеп, әбден қаусатып тастағандай. Бәрінен де, осыған дейінгі барша саясаты мен «ізгі» іс-әрекетіне имандай ұйытқан күн көсем партиясының, өзінөзі әлемдегі ең гуманистік ел санайтын көпұлтты, алып КСРОның, оның әділетті «алтын заңы» мен мәртебелі тұлғаларының шынайы өмірдегі соншама қатыгез, екіжүзді болмыстарын бетпебет келіп, көзіңмен көру!.. Күліп-ойнап бірге оқып, бір жүрген жора-жолдастарыңның қорқақтығы мен сатқындығына куә болып, қиянатты салдарын өз басыңнан кешу!.. Тас еденді, тар қапас камералар мен сыртыңнан жабылатын салдырлаған ауыр темір есіктердің салдыр-күлдірі, тасжүрек конвойлардың өктем жекіп-зекіруі... Бәрі-бәрі шаршатқан. «Бұл қалай?!» – деп, қамырыққан көңіліңнің зар-запыранын еститін құлақ, сірә, жоқ. Басыңа түскен мың батпан бейнетпен жападан-жалғыз қалғаныңды, өзің ғана сезінесің. Сезінген сайын шарасыздық батпағына бата бересің...

Өн бойымды буған алапат бір ұйқы бар. «Шіркін-ай, – деймін, –
кеудені керіп тыныстап, аяқ-қолды көсіліп жатып тәтті ұйқыға
батар ма еді!» Еркін жату былай тұрсын, кең-мол отырудың өзі –
арман. Оншақтымыз жоғары-төмен полкаларға үш-төртеуден

бөлініп, кезектесіп жатып-отырып, амалдап келеміз. Желімдей жа­
бысқан кірпіктерім еріксіз айқасады. Терезе жақ бұрышта бүктеті­
ле отырған күйде шымырлап ұйытқан ұйқы құшағына шым батып,
еніп барам. Жоқ, терең ми қатпарларымнан атойлап бас көтеріп,

шырмауықтай шырматылған ой желісі ұйқы-ұйығымды тас-талқан
етіп, дәл алты ай бұрынғы, сонау, ызғарлы желтоқсан күндеріндегі
қат-қабат оқиғаларды көз алдымнан тізбектеп өткізе бастайды. Өң
мен түстің арасында, сүлесоқ бір халде отырып, сол тізбекті ойша

тарқатамын...
Әке болдым
Өмірімдегі қуанышты күндерім еді. Он күн бұрын ғана, яғни
1986 жылдың 6-желтоқсанында, тұңғыш ұлым Жақсылық дүниеге

келді. Алды-артыңды аңдатпай, айдалаға ала қашатын басы қатты
асаудай, жастық албырттық пен аңғырттықтың бейкүнә періште­
сі!.. «Әке болдым!» деген бір жұмбақ сезім жүрегімді қытықтайды.
Іштей, «ендігі өмірімді жақсылық атаулыдан жаңылдырмас жала­

уым болғай!..» – деп қайталай беремін. Әйтеуір, беймәлім бір шуақ
кеудемді тербеп, арсалаңдап қуана жүріп, анасымен екеуін перзент­
ханадан он бесі күні шығарып алғам... Алматының тау жағындағы
«Алатау» совхозы деп аталатын жоғарғы бөлігінде – «Арман» ав­

тостансысы жағында пәтерде тұрамыз. «Столичная» көшесі, 59-үй.
Медучилищеде оқитын қарындасым Гүлжан қолымда бірге тұрады.
16-желтоқсан күні түс қайта, сабақтан шыққан бойда тезірек
үйге жетіп, баламды көруге асықтым. Қазақстан компартиясы ор­

талық комитетінің пленумы болып, «Қонаев өз еркімен арыз беріп,
құрметті демалысқа шығыпты» дегенді оқу корпусының ұзын ко­
ридорымен жүріп келе жатып естідім. Ол жаңалыққа соншалықты
мән бермедім. Қонаевтың кететіні алдын ала белгілі, бәрімізге тү­

сінікті болатын... Үйге барсам, енем келіпті, келінімен бірге. Жас босанған қызына қалжа беруге қой сойып ала келген екен. Қазан­ да ет қайнап жатыр. Шақалақты бір иіскеп алып, теледидар қарап отырсам, «Қонаевтың орнына Колбин дегенді қойыпты», – деп, жаңалықтардан көрсетіп жатыр. Өзі – сырттан келген, аты-жө­ ні белгісіз біреу. Аты да, заты да бейтаныс!.. Сол кезде, бір түрлі, басыма қан шапқандай болды!.. Хош, біз оны білмейміз, ал ол ше?! Бізді, бүкіл республиканы басқаратындай, ол өзі қазақтарды біле ме екен? Қазақтың тілін, дәстүрін ше?! Әлде... қазақтың тілінде сөйлемей-ақ, тарихын біл­ мей-ақ қазақ елін көрінген көлденеңді көк атты «басқарып» кете беруге бола ма, сонда? Әділдік қайда?! Теңдік қайда?!.. Он бес одақтас республиканың бізден басқа қайсысында өзге ұлт өкілі басшылық етіп отыр? «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деп, қазақ­ тың момындығын басыну ма?!.. Ұлттар теңдігін ту еткен кеңестік кезеңнің 70 жылға жуық шежіресінде республикалық партия басшыларының бірлі-жарымы болмаса, қазақтардың жоққа жуық екенін болашақ тарихшы-маман ретінде, бес саусағымдай жақсы білемін. Бұл не сонда, лайықты саясаткер-қайраткерлер қазақтың өз ішінде, тіпті Қазақстанда жоқ дегені ме? «Ұлттардың өзін-өзі басқаруы» деген партиялық қағиданың бекер болғаны ма?!.. Солқ етіп, пайда болған жұдырықтай тас кеудемді жарып шығардай сұрапыл соққымен көкірегімді іштен түйгілеп тұрып алды... Бір қарасам, киініп, үйден шығып, автобуста келеді екенмін. Әл-Фарабидің бойындағы ҚазМУ қалашығы аялдамасынан тү­ сіп қалдым. Қазандағы асқа қарамай, қызуқандылықпен шығып кеткенімді асқазаным шұрылдағанда барып ойладым. Бірақ кері қайтпадым... Жиналыс ҚазМУ қалашығындағы өзіміздің тарихшылардың жатақха­ насында орным бар. 309-бөлме. Екі бала отыр екен, сөйлестік.

Бөлмеден шығып, баспалдақпен төмен түсе бергенде, басқа жі­ гіттермен жолығып қалдық. Есік алдында тұрып, әрі-бері өткен­ дермен пікір алмасқан соң, жатақханадағы студенттерді жиып: «Кеңес құрайық», – деп шештік. 6-жатақхананың жоғарғы-төмен­ гі қабаттарын аралап, қыз-жігіттерді төртінші қабаттың фойесіне жинадық. – Құрметті қыздар, жігіттер! Осылай да осылай... Пленум бо­ лып, сырттан әкелінген Колбин дегенді республика басшылығы­ на тағайындағанын өздерің де естіп жатқан боларсыңдар. Қазір – жариялылық, ел азаматы ретінде, өз пікірін ашып айтуға әркім-ақ құқылы. Осы туралы кім, не айтады? – десек, ешкім үндемейді. Сосын, өзім ортаға шығып, жиналысты жүргіздім. Болған жағ­ дайдың орынсыз екендігі туралы өз ойымды ашып айтып, негізде­ ген болдым. – Осыған байланысты сендер не дейсіңдер?.. – деп, сөзге тартып, біраз қыз-жігіттерді сөйлеттік. Сол жиналыста айтылғандарды жүйелеп-жіктеп құрағанда, мынадай үш түрлі ұсыныс болды: – Пленум шешімін қолдамайтындығымыз туралы Мәскеуге, СОКП ОК-не хат жазу; – Қазақстан компартиясы ОК-нің шешіміне наразылығымызды білдіру ретінде, 17-желтоқсан күні сабаққа бармай қалу (протест); – ­ гіге шығып, наразылығымызды білдіру (демонстрация)... Осы кезде, жатақханада тұратын факультет комсомол ко­ митетінің хатшысы Иманқұлов Мұрат пен студенттер кеңесінің төрағасы Алпысбаев Талғат екеуі келді. Олар: «Бұл әрекеттерің дұрыс емес, себебі, сендер партия мүшесі емессіңдер. Бұл мәсе­ лені ертең факультетке барып айтасыңдар. Енді тараңдар!..» – деп, студенттерді тарата бастады. Сол жерде Мұрат екеуіміз сөзге келіп қалдық. Ол – басшы, мен – орынбасарымын. Жалпы көпшілік та­ рап кетті. Біз де өз бөлмемізге келдік. Бірақ мен байыз тауып отыра алмадым. Чернобыльға бірге барған достарымның бірі – Камалда­ нов Рашит деген жігітті шақырып алып, екеуіміз: «Журфакқа ба­

райық», – деп шештік. Онда барсақ, жым-жырт, ешкім көрінбейді. Түнгі сағат 11-ден асып қалған болуы керек. Ол жерден шығып, заңфак жатақханасына бардық. Онда да Чернобыльға бірге барған бірнеше жігіт тұратын. Барсақ, олар бәрі дүрлігіп жатақхананың алдында, сыртта жүр. Оларға қосылып, орталық алаңға бармақ боп төмен жылжи бергенімізде, алдымыздан «Волгамен» университет партия комитетінен Бақытжан Жұмағұлов, Университет комсомол комитеті хатшысы Баяндаров Мағзұм және Шәріпбек Әмірбеков т.б. белсенділер келіп тоқтады да, бәрімізді кері қайтарды. «Бәрің жатақханаға жүріңдер, мен сендерге түсіндіремін», – деді. Бәріміз топырлап, заңгерлердің 9-шы жатақханасына кірдік. Сол жерде жиналыс жасап, ол сөйлейді, біз сұрақ қоямыз. Тарих факультеті­ нен біз – Камалданов екеуіміз ғана. Қалғандарының бәрі – заңфак­ нің студенттері. Сол жерде мен де сұрақ қойдым. – Қазақ басшы Д.А. Қонаевтың кезінде біздің ұлттық тіліміз­ дің жағдайы мүшкіл болды. Енді, бірінші басшы болып, қазақтың тарихынан, тілінен бейхабар, сырттан бір орыс келгенде, ендігі жағдайымыз не болады? Тіліміздің жағдайы не болады? Қазақтың тілі Шумерлердің тілі сияқты өлі тілге айналмақ па?!.. – деп едім, Жұмағұлов дүрсе қоя берді: – Ей, не армандап тұрсыңдар!? Қазақтың тілі баяғыда өліп қалған! Ол енді тірілмейді!.. Сендер тілді аңсап жүрсіңдер ме, ар­ мандамай-ақ қойыңдар. Одан да сабақтарыңды оқыңдар. Осымен тарқаңдар!.. – деп, өктем-өктем сөйлеп, доқ көрсетіп, күшпен та­ ратқандай болды. Шәріпбек біздің тарих факультетін бітірген және бізді танитын болғандықтан, Камалданов екеумізді жетектеп, жа­ тақханамызға дейін алып келіп кіргізді де, өзі қайтып кетті. Біз де ішке кірген болдық та, артынша кері шығып, заңфак-нің жатақха­ насына қайта бардық. Сөйтіп, манағы айтқан Чернобыльдық дос­ тарымыз бар, басқа да біраз студенттер жиналды. «Бұл не сұмдық? Не істейміз?..» – деп, сол жерде ұзақ отырып сөйлестік, оқиғаны талқыладық. Соңында, бәріміз қабыл алған шешіміміз: Үнпарақ (листовка) жазу және оны қала тұрғындары арасында таратып, 17-желтоқсан күні халықты алаңға бейбіт шеруге шақыру. Пленум шешімімен келіспейтіндігімізді білдіру болды.

Иә, шеру – бейбіт түрде өтуі керек! Мен тарих факультетінде
3-курста оқимын, СОКП тарихы болған соң, дәрістерде митингі­
лердің қалай өтетіндігі туралы, оны дұрыс ұйымдастырып өткізу
туралы саяси тақырыптар да шетелдер мысалымен оқытылатын.

Сондай іс-шараларда арандатушылардың болатындығынан, тіпті
олармен күрес жолдарынан да теориялық біліміміз болды. Бола­
шақ тарихшы-саясаткер ретінде, мен осы жағын ортаға салдым.
Ал заңфактың жігіттері, болашақ заңгер-мамандар, заңдық жағын,

яғни 1977 жылғы Конституциялық заңға қайшы келмейтін сөздер­
ді теріп қолданып, сол жерде отырып, үнпарақтың нұсқасын жаз­
дық. Онда:
«...Сіздерді 17-желтоқсан күні сағат 14.00-де Брежнев

алаңында өтетін бейбіт, ОК (орталық комитет пленумының)
шешіміне қарсы наразылық шеруіне шақырамыз!..» –деп
жазылған үнпарақ мәтінін бір ауыздан бекіттік және «мазмұны қол­
даныстағы заң нормаларына сәйкес» деп таптық. Үнпарақты, негізі­

нен, студенттер көп шоғырланған аудандарға тарату келісілді.
Ертеңгі күні жауапқа тартылатынымызды біліп тұрмыз, бірақ
қылмыстық іс емес, әрі кеткенде, әкімшілік жазалауға ұшырай­
тынымызды, қаталдау кетсе, оқудан шығарылуымыз да мүмкін

екенін межелеп отырмыз. Қалай болғанда, өміріміздің осы кезеңін­
де қолымыздан келетін батыл әрекетке баруға тәуекел етіп, соған
бел байластық. Үнпарақ үлгісін дайындап алғаннан соң, енді, кім
қаланың қай аймағына тарататынын бөлістік. Ертеңгісін, яғни

17- желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында, ректорат ғимаратының
алдында жолығатын болып келісіп, қоштасып, тарқастық. Енді
мұны көшіріп жазып, көбейтуіміз керек.
Жатақханаға келгенімізде, сағат түнгі үш шамасы болып

қалыпты. Бөлмеде бірге тұратын Жанысбеков Мұрат маған іні-ба­
уыр боп кеткен, жасы кіші болғанымен, курстаспыз, бірақ ол қа­
зақ бөлімінде оқиды. Сол Мұрат екі досымен әңгімелесіп отырды.
Қасындағы достарының жазулары жақсы екен. Дереу қағаз-қалам

беріп, көшіріп жазуға соларды отырғыздым. Әне-міне дегенше,
үшеуі үш жақтап жазып, үйіп тастады.

Шеруге шақыру Таң ата жатқанбыз, бір сағаттай ғана ұйықтадық қой деймін. Таңғы жетілер шамасында тұрып, жуынып-шайынып, асханадан тамақтанып алып шықтым. Қалтамның бәрі толған үнпарақ (лис­ товка). Тимирязев көшесіндегі киоскіден желімдегіш алдым. Сөй­ тіп, троллейбусқа отырып, қазіргі Байтұрсынов көшесімен құлди­ лап, төмен кеттім. Бұрынғы Виноградов көшесінен жоғары, Абай даңғылына дейінгі мединститут, физкультура институты т.б. орта оқу орындары студенттері мен жастар шоғырланған жатақханалар т.б. мекемелер – менің аймағым болатын. Кейбірін есіктерге, кейбі­ рін көшедегі көзге көрінетін бағандарға, аялдамаларға жапсырып келе жатсам, стамотология факультетінде оқитын Қойлыбай есімді құдам кездесіп қалды. «Жүрген жеріңде тарат», – деп, оған бір­ неше листовка бердім. Бәрін таратып болып, Абай – Космонавтар (Байтұрсынов) қиылысындағы спорт сарайы жанынан жоғары қа­ рай автобусқа отырдым. Ұзын автобус екен, қалтамда қалған үн­ парақтың соңғы екі данасын сол автобус салонының артқы есігі мен терезесіне жапсырдым. Үш-төрт қыз бен жас жігіт тұрған, мен жапсырған бойда бәрі үңіліп қарап жатты. Сұрасам, журфактың студенттері екен. Орталарындағы жалғыз жігіт Жуалыданмын де­ ген. Сол жігітті кейін іздеп, таппай қойдым... Айтқандай, жолда, Космонавтар (Байтұрсынов) көшесімен өрлеп, Сәтбаевтан өтіп бара жатып, автобус терезесінен қа­ рағанымда, сол кездің өзінде Брежнев алаңында қарағұрым адам­ дар қарасы көп екенін көрдім. Бұл – желтоқсанның 17-сі болатын. Біз автобустан түскенде, ҚазМу қалашығына кіре берістегі көпқа­ батты ректорат ғимаратының алдында қалың студенттер қаптап тұрды. Түскі сағат бір боп қалған шақ. Түнде біз тарқасқанда, «Таңертеңгі және түстен кейінгі кезекте оқитындардың тоғысатын мерзімі –дәл осы түс әлетінде, осы жерге жиналамыз», – деп ке­ ліскенбіз. Студенттердің көптігі соншалық, кездеспек болған жі­ гіттерді таппай, табыса алмай қалдық. Мен келген бетте, өзіміздің оқу корпусымызға кіріп, факультетті аралап шықтым. Университет комсомол комитетіне бардым.

– Міне, қалың ел жиналып тұр, не дейсіңдер? Ертең айтамыз деп жатыр едіңдер ғой кеше түнде? Айтпайсыңдар ма енді, айта­ тындарыңды? – десем, ондағылардың бірі: – Жақсы болды, біз қазір барамыз, сен бара бер, – деді... Қалың нөпір қашанғы тосады... Біреулер: «Кеттік алаңға!» – деді. Сонымен селдей лықсыған қалың ел көшені толтырып, алаңға қарай сырғып жүріп кетті. Бұл жолы студенттерді тоқтатуға әрекет жасаған ешкім болмады. Біреулер галстугын шешіп, таяқшаға іліп, белгі беріп, көлік қозғалысын тоқтатып жатты. Тимирязевпен келе жатқан студенттер колоннасының басы Марков көшесіне жеткен­ де, аяғы ҚазМУ қалашығынан жаңа шығып жатты. Сапымызды бұзбаған күйі, алаңға келіп жеткенімізде, ондағылармен көптен көріспеген туыстардай, құшақтасып қауыштық... (Біздің университет студенттері алаңға қалың қол боп барған­ дарының кино хроникасы да сақталған. Тарих факультетінің сту­ денттері де түсіп қалған сол көріністерде). Қазақ болып атойладық Алаңда айнала той-думан секілді. «Менің Қазақстаным», басқа да әндер шырқалып, біреулер мойнын созып сөз сөйлеп, көпшілік жұрт қаннен-қаперсіз, күліп-ойнап, қызу әңгіме айтысып жатыр. Қыздардың помадасымен жазылған плакаттар пайда болды. Бір-бі­ рімізді танымаймыз. Бірақ барлығымызды: «Біз ҚАЗАҚПЫЗ!..» деген ортақ бір ғана асқақ сезім биледі! Үсті-үстіне құйылып ке­ ліп, үлкен алаңды кернеп кеткен қазақ жастарының тасқынды екпі­ ні мен лепірген көңіл күйлері бір-бірімізге: «Біз біріксек – қуатты күшпіз!..» деген көтеріңкі көңіл күй, мақтаныш сыйлады!.. Түс қайта ырду-дырду, қозғалыс басталды. Үлкен алаң аузы-мұрнынан шыға халыққа лық толған. Жан-жақтан топ-топ нөпір әлі де келіп жатты. Кеш түсе айнала қоршап тұрған милиция жасақтарымен, солдаттармен әрі-бері ырғасып-итерісіп, текетіре­ су болды. Республика басшылары алма-кезек трибунадан сөйлеп, жиналғандардың тарқауын талап етумен болды. Алайда, бәрі­

нің де шыққанынан кеткені тез болды. Өздерінің әділдікті талап
етуін елеп-ескермеген билік басшыларына деген наразылықтарын
жастар жаппай айғай-шумен, ысқырықтарымен білдіріп, тіпті
қол­ға іліккен қармен атқылап, бәрін қуып жіберді. Өз басым, сол

күні жастардың арасында елге танымал жалғыз адамды көрдім.
Ол – атақты әнші Роза Бағланова апамыз болатын. Жылап жүріп,
жастарды алаңнан аман-есен қайтуларын сұрап жүрді. «Балалар,
қайтыңдаршы. Бекерге қырып салады ғой, айналайындар-ау! Ат­

тарыңды ешкім сұрамайды...» деген өксікті үні әлі күнге құлағым­
да. Ал біз болсақ: «Апамызға не болған? Бізді не үшін, кім қырады
екен?» – деп күлдік. Сөйтсек, жарықтық, шын мәнінде жұртының
жанашыры, асыл жан, хас батыр кісі екен ғой!.. (Сол, Кеңес өкіме­

тінің өктем кезеңінің өзінде, нәзік әйел басымен Кремльдің төрі­
нен қасқайып тұрып: – Семей полигоны зардаптары арқылы,
Арал теңізін суалту арқылы... қасақана жасалып жатқан қаскөй­
ліктен қазақтың қасиетті жері мен қасіретті халқының тағдырына

тайсалмай араша сұраған өр дауысын, ерен ерлігін, кинохроника
жазбасынан, енді, осы күндері көріп, біліп жатырмыз!..)
Әбден қараңғы болып, көз байланған шақ. Бір мезгілде, мін­
берге шығып, өзін «Республика прокуроры Елемісовпін», – деп

таныстырған адам:

– Соңғы рет ескертемін, тарқаңдар!.. Болмаса, қылмыстық жа­

уапқа тартыласыңдар! Әскер күшін қолданамыз!.. – деп қорқытты.
«Менің Қазақстаным» әнімен басталған бейбіт наразылық митинг
күнінің соңы сойқан қанды қырғынға ұласып, қасіретті қуғын-сүр­
гінді түнімен аяқталатынынан бейхабар жастарды Республика

Прокурорының даусындағы өктемдік пен зілді қоқан-лоқы одан
сайын дүрліктіріп, ашу-ызаларын шектен шығара қоздатты...
Елемісовтің ескертуінен кейін, біраз уақыт өткенде, Фурманов
көшесі жақтан Сәтбаевтың бойымен оншақты өрт сөндіргіш мә­

шине қатар тұрып, алаңдағы қалың халыққа қарай жүріп, жақын­
дай бастады. Жай келе жатқан жоқ, қатты қысыммен атқылатып су
шашып келе жатты. Жастар шулап:

– Отырыңдар, отырыңдар!.. Қорықпа, баспайды!.. – деп айғай­

ласып жатырмыз. Бірақ жүргізушілердің қарайтын түрлері жоқ,

адамдарды қағып-соғып құлатып, екпіндеп келе жатыр. Оның
үстіне қатты серпінмен атқылаған судың күшімен қыз-жігіттер
қалпақтай ұшып, сүрлігіп құлап жатты. Талайымыздың үсті-
басымыз сорғалаған су болды. Амалсыз орнымыздан тұра қаштық.

Қарап тұрсын ба, мынадай жауыздыққа шыдамай, ызаланған
жастардың бірі бір мәшиненің бензобагын ашты да, от тастады.
Әп-сәтте лап етіп жалынға оранып, гүрс етіп жарылды да, мәшине
лаулап өртеніп кетті. Алаңдағыларды басып-жаншып келе жатқан

бірінші мәшине, Байсейітова көшесінің тұсына келгенде өртенді.
Содан әрі айғай-шу, қырғын төбелес басталды да кетті. Қалқан-
шоқпармен қаруланған милиция және әскерлер легі лап қойып,
резеңке дойырларымен, сапер күректерімен соққылап, шабуылға

шыққанда, қалың халық жапырылып артқа қашты. Қуғыншылар
құлағандарды сүйрелеп әкетіп бара жатқанда, жастар жағы айғай
салып, қайырыла шабуылдап, жалаң қолмен жұдырықтасып, бі­
разын босатып кері алып қайтып жатты. Милиция мен солдат­

тар қайта шабуылдайды, біз қашамыз... Сосын, оларды қайта
қуамыз. Алма-кезек, ұрандаған қолма-қол айқас болып жат­
ты! Ақ үй жақтан айқыш-ұйқыш қайшыласып, күшті прожектор
жарықтары ұрғылайды. Біресе олар алады, біресе біз аламыз.

Қым-қуыт, айғай-шу!..
Біздерді бала күнімізден «Кеңестер елі – жер шарындағы ең
әділетті, ең шыншыл және гуманистік, бақытты ел, оның құрамын­
дағы барлық Республикалар мен ұлттар тең, бір-бірімен бауыр,

тату-тәтті» деп тәрбиеледі. Оқулықтан Кеңес жауынгерінің неміс
баласын (өздерімен соғысқан жау елдің баласын) жауып тұрған
оқ астынан аман алып шыққан алып ескерткішінің суретін көріп,
«көзімізге сүртіп» өстік. Отан, достық-бауырластық туралы,

халықтың азаттығын қорғаған ержүрек кеңес әскері туралы неше
бір ән шырқап, өлең-тақпақтар айтып, би биледік!..
Міне, сол «қайырымды да айбынды» кеңес әскері сол түні Ал­
маты алаңында бейбіт шеруші мың-сан қазақ жастарына жантүр­

шігерлік жауыздықпен күш қолданып, антын бұзды. Қарусыз
ереуілшілерді – өз елінің азаматтарын аяусыз соққыға жығып,

қанжоса ғып жаншып-таптады. Ал үкімет басындағылар әккі
қылмыскерлердей, қылмыстарын жасыру үшін, Алматыны түн
басқанын күтіпті. Өрт сөндіру мәшинелерінен соң, резеңке дойыр,
сапер күректерімен қаруланып, қалқанмен қорғанған милиция мен

арнайы әскери жасақтары көтерілісшілерге лап қойды. «Өздерін
қорғайды» деп сенген әскер мен милиция жын ұрғандай жалаңқол
жастарды ұл-қыз демей, басқа-көзге төбелеп, асқан қатыгездікпен
соққыға жықты. Үкімет пен әскердің бұл әрекеттері алаңдағылар­

дың ашу-ызасын туғызды. Әсіресе, қазақ қыздарының қайтпас
қайсарлығы жігіттердің намысын қайрады, күш-қуат беріп, жі­
герлендіре түсті. Алаңдағы сол сәттердегі қиян-кескі қырғын
шайқас – сырт көзге жан шошырлық қорқынышты көрінгенімен,

ортасында жүрген біздерде қорқыныш болған жоқ. Рас, Кеңес
өкіметі деген дүлей күштің алдында шарасыздығымызды сезіндік,
сорақысы сол, сонау сәби бала жасымыздан бойымызға сіңірілген
«кеңестік құндылықтар» көз алдымызда күйреп жатты. Алаң –

шындық іздеп келген бізге де, мұздай құрсанған әскерге де өліспей
беріспейтін екі арыстанның арпалыс майданына айналды! Менің
түйсігіме түйгенім – біз сол түні ҚАЗАҚ болып атойладық!..
Түнгі сағат он-он жарым шамасында, мен алаңнан қайттым.

Біріншіден, үсті-басым малмандай су болды, екі күннен бері жөнді
тамақтанбағам, қарным аш, әбден шаршап, қалжырағам. Екінші­
ден, студент боп жүріп, қосымша қарауыл болып жұмыс істейтін­
мін. Бірінші Алматыдағы 82-балалар бақшасында – түнгі кезектегі

қарауыл әрі аула сыпырушымын. Оған мен кешкі жетіде баруым
керек болатын.
Байсейітова
көшесімен

төмен
түсіп,
Абай-Сейфуллин
қиылысынан бірінші Алматыға жүретін экспресс-автобуспен Шо­

лоховқа дейін жетіп алдым. Түнгі суық ұрып тұр, бардым солай,
әупірімдеп. Су киімдеріме сауыс-сауыс боп саудырлап мұз қата
бастаған. Жұмыста мен ауыстыратын егделеу жастағы ұйғыр әйел
бар еді, ол тас-талқан болып, айғайды салып қарсы алды.

– Осы уақытқа шейін қайда жүрсің?! Сен үшін түнге дейін

отырдым осы жерде!.. – деп.

– Апай, ауырып тұрмын, сырқаттанып қалдым, түрімді көрмей­

сіз бе?..– дедім де қойдым.
Есікте қамалдым
Жұмыста түнедім. Таңертең асығыс ауланы сыпырып, таза­
лаған болып, жұмысымды атқарып, үйге қайттым. Түндегі жаурап,

тоңғаным басылған жоқ. Үйге бара ыстық тамақ ішіп, жылы тө­
секке кіріп, түске дейін ұйқымды қандырам ғой деп, үйге келсем,
қарындасым жалғыз отыр, басқа ешкім жоқ.

– Неге жалғызсың, менің қатын-балам қайда?..

– Өткенде, кешкісін сіз кеткен соң, ертесі таңертең қайын

атаңыз келіп, әйел, бала-шағаңыздың бәрін алып кеткен... – дейді.
Апыл-ғұпыл шай ішіп алдым да, дедектеп, «Саяхат» авто­
вокзалына бардым. Автобусқа отырып, Есіктің арғы жағындағы
Көктөбе деген колхозға, әке-шешесінің үйіне барсам, үйінде отыр.

Пәруайы пәлек. «Ау, бұл қалай, бір ауыз айтпай, ескертпей, бұл
не тірлік?!» – деймін. Сөйтсем, «Саған қатын-бала керек емес
екен ғой. Біз қызымызды алып кеттік...» – деп, әке-шешесі өзіме
сөйлейді. «Бұл не сөз? Сіздіңше, мен ұлымның атын Жақсылық

қойып, алып-ұшып жүргенім бекер ме? Менің отбасымда не шару­
аларыңыз бар?!» – деймін...
Бесінші перзентханада туылғанда, баламның атын «Жақсылық»
деп қойып, құжаттарының бәрін өзім әзірлеп, кәдімгідей қуанып,

шапқылап жүріп шығарып алғам. «Енді қайтсын, қайтарыңдар
үйге», – десем, «Ақыры кеп қалды, енді қырқынан шығарып бір-ақ
қайтарайық», – деді әке-шешесі. Мен сабаққа кешігетін болдым
деп, тізе бүкпей, кері қарай қайта жолға шықтым.

Алматыға баратын автобусқа отырмақ боп, әлгі ауылдан
шығып, Есіктің автовокзалына келдім. Ойымда ештеме жоқ.
Келсем, Алматыға баратын жастардың бәрін милиция тоқтатып,
кейін қайтарып жатыр.

– Мен студентпін, сабаққа баруым керек, – десем:

– Студент болсаң, сірә да бармайсың, Алматыға! – деп, екі милиционер екі қолтығымнан жармасып, әй-шәй жоқ, РОВД-ға апарып, қамап қойды. Сол кезде барып ішім қылп ете қалды. Кеше түнде алаңнан өзім қайтып кеткен соң, «өзгелер де мен құсап тарқап кетті» деп ой­ лағам. Оның үстіне, отбасымдағы күтпеген жағдаймен салпақтап, қала сыртындағы ауылға барғаным бар, «сабағыма үлгере алмай қаламын ба?» деген сияқты қобалжу бар... Алаңдағы уақиғаға алаң­ дауға мұршам болмай кеткен. Дереу қалталарымды ақтарып қара­ сам, ішкі қалтамның біреуінде бір листовка қалып қойыпты. Әлгіні алақанымның ішіне ұстап отырып дыбысын шығармай мыжғылап жырттым да, ескі жылу батарейкасының артына тастадым. Екі-үш сағаттан соң, жауап алуға апарды. Жағдайымды айттым. «Жазып бер» деген соң: «Қайын жұртыма, бала-шағама кеше келгем. Сенбе­ сеңдер тексеріп, сұраңдар. Өзім студентпін, сабаққа баруым керек», – деп жазып бердім. Сұрастырған болуы керек, бір уақытта жіберді. Гүлжан алаңда жарақат алыпты Салып ұрып үйге келсем, қарындасым жылап отыр. Басы – дап-дала қан, таяқ жеген. Шошып кеттім. – Өй, саған не болды? – деймін. – Алаңға барып едім, басымнан соққы алып, қолға түсіп қал­ дым... – Қалай құтылдың?!.. – Ұстап алып милиция әкетіп бара жатыр еді, бір қазақ офицер аға тоқтатып, қолыма бір дипломат ұстатып: «Осы дипломатты ал да кет, қаш бұл жерден», – деп босатып жіберді, – дейді. – Ол кімнің дипломаты? – Білмеймін, жаңағы аға ұстатып жіберді. Ашқан да жоқпын... Дипломатты ашып қарасам, АЗВИ-дің студентінің дипломаты екен. Қарбаласта жаны қысылып, қолындағысын тастай қашқан болуы керек. Анау милиция офицері азамат боп тұр ғой. Жас қыз деп бұны босатып және ертеңдері тексеріс, қуғын болатынын бі­

леді, тағы бір қазақ баласының тағдырын ойлап, оның затын қоса
беріп жіберген. Әрі-бері ойландым да, студент билетін жыртып,
отқа тастап, дипломатты үйдің маңындағы өзеннің суына ағызып
жібердім. Сосын қарындасымның басын спиртпен сүртіп тазалап:

«Саған енді Алматыда қалуға болмайды», – деп, вокзалға алып
барып, Шымкенттің пойызына отырғызып жібердім.
Гүлжанды шығарып салып, жатақханаға барсам, ешкім жоқ.
Көрші бөлмеде қазақ бөлімінде оқитын Бақытжан Мамытбеков

тұратын. Күн сайын таңертеңгілік екеуіміз жеті-сегіз шақырымдай
бірге жүгіріп жүретінбіз. Соған кіріп жағдай сұрасам: «Өзім де
білмеймін не боп жатқанын, төмендегі вахтердің қасына қосымша
кезекші-күзетші қойып тастады. Сыртқа ешкімді шығармайды», –

дейді. Екеуіміз екінші қабаттың балконынан секіріп түсіп, қайта­
дан алаңға кеттік. Тағы да троллейбусқа отырып, Тимирязев-Кос­
монавтармен Абай даңғылына барып түстік те әрі қарай жаяу кет­
тік. Бұрынғы Бейбітшілік (қазіргі Желтоқсан) көшесіне жақындай

бергенімізде, алдымыздан жөңкіліп, жанұшыра қашып келе жа­
тқан жастарды көрдік. Шамамен, 100–150 адам, арасында қыздар
да бар. «Не болды?» – деп сұрап үлгермедік, түрлері жан шошыр­
лық! «Қаш-қаш!..» деген үрейлі дауыстар ғана естіледі. Қас қа­

райып қалған кез, арттарында кімдер қуып келе жатқанын да көре
алмадық. Амал жоқ, солармен қосыла біз де кері қарай қаштық.
Жер тайғақ, табан жолға алаңдап жүгіріп келе жатып, қасым­
дағы жігіттен көз жазып қалдым. Дүркіреп, Сейфуллинге жақын­

дағанымызда, мен биік үйлердің ауласымен төмен қарай түсіп
кеттім де, Шевченкоға шығып, оның бойымен, оңға қарай жүрдім.
Әлі де кете салғым жоқ. Байсейітова көшесіне дейін жетіп, қайта
жоғары өрледім. Абайды кесіп өтіп, алаңға жақындағанымда бір-

ақ байқадым, алдымда мұздай қаруланып алған топ-топ әскер жа­
сақтары топырлап тұрды. Бұл – 18-желтоқсанның кеші болатын...
Деректі мәліметтер:
1986-ның Желтоқсанында алаңға шыққан халық саны 25–30

мың адамға жеткен. Демонстранттарға қарсы 50 мың әскер жа­
сақтары мен 20 мың милиция қызметкерлері тартылған. Оларға
қосымша арматура кесінділерімен қаруланған 15 мыңға дейін ерік­

ті жасақшылар шыққан. Сонымен бірге 15 БТР, 20 өрт сөндіруші мәшине бөлінген... (Деректер америкалық Хельсинки тобының зерттеулері мен академик М.К.Қозыбаевтың зерттеулерінен алынған). Амал жоқ, кері бұрылдым. Көше бойына шықпай, үйлер­ дің арасымен, аула-ауланы сағалап жүріп отырып, СейфуллинАбайдың қиылысынан бір автобусқа отырып, Гагариннен түстім. Одан әрі бізге баратын 40-автобуспен «Арман» автостансысына, одан әрі тағы жаяулап, үйге жетіп, жалғыз қондым... Иә, кейін білдік, ол күні, жан-жақтан арнайы дайындықтан өт­ кен өңшең баскесер әскерлерді алдырып, қаладағы зауыттардың орыс жұмысшыларынан «ерікті» топтар құрып, қолдарына армату­ ра кесінділерін ұстатып, бүкіл Алматы көшелерін бақылауға алып, жалғыз-жарым ұшырасқан қазақтарды үлкен-кіші, әйел-еркек де­ мей, бас салып ұрып-соғып, «қазақ аулау» басталып кеткен екен... Сол, қанды желтоқсанның 17-сі,18-і, 19-ы күндері, кейін айтылған ресми мәлімет бойынша, екі адам бақилық болды. Алматының абақтылары ереуілшілерге толды, сыймағандарын қала сыртына, мәшинеге тиеп, иен далаға шығарып, сырт киімдерін сыпырып алып, өздерін есінен танғанша соққыға жығып, сай-шұңқырларға көліктен аударып тастап кеткен. Жүздеген адам ауыр жарақатпен ауруханаларға түсті. Осы сойқанның салдарынан көптеген қыз­ дарымыз ана болу бақытынан біржола айырылды. Жүзден астам адам сотталып, екеуі ату жазасына кесілді...­ Дәл осы күндері, арғы-бергі тарихтан білетініміздей, Кеңестің аяусыз жазалаушы репрессия мәшинесі (МҚК, ІІБ, Прокуратура + партия, кеңес ұйымдары) Орталық жоспарлап берген қанқұйлы «Құйын» операциясын іске асыруға білек сыбана кіріскен екен. Бұларға Мәскеуден келген әккі тергеушілердің тегеурінді тобы қосылғаны да артынан белгілі болды. Алматыны тұңғиық үрей тұмшалады... ­

наланы тым-тырыс тыныштық басты. Шағын стансы болуы керек, сырттағы сирек электр шамдарының жарықтары онсыз да шаң-то­ заң тұтып, қап-қара боп кеткен купе әйнектерінен өлімсіреп қана түсіп, тастай қараңғы купе ішіне болмашы сәуле себезгілегендей. Ұйқылы-ояу бүктетіліп қанша сағат отырғанымды қайдам, аяқ-қо­ лым шымырлап, ұйып қапты. Қасымда, төсенішсіз тақтай полкада, қатарласа отырған екеуі айқыш-ұйқыш жамбастап, қорылға басып жатыр екен. Қарсыда үшеуі, төбемізде екі-екіден бөлініп, төртеуі жатыр... Жатыр деген аты ғана... Шуаш сасыған жалаңаяқтарын салбыратып, әне-міне, төменге құлап түсердей боп жармасып, жапырайып, олар да ұйқыға бас қойған. Бір ғана шуаш иісі емес, басты ауыртып, мүңкіп алып бара жатқан – қатырлақ қағазға орап жолға берген тұздалған балықтың иісі. Қапырық ыстықтан иісте­ ніп бұзыла бастаған тұзы удай ащы балықты асқазаным шұрыл­ дап, қарным аш отырғаныммен, аузыма сала алмағам. Бәрімізге ортақ жалғыз бөлке қатыңқырап қалған қара наннан қолыма ілік­ кен бірер турамын шайнаңдап, қанағат еткенмін. Тағы бір-екеуі мен құсап, жарытып ештеме жемегенмен, өңгелері тақыл-тұқыл нанға тоймай, тұзға бұқтырылған сол балықтарды қабақтары кір­ жиіп отырып біршама қаужаңдаған... Әуелде алыстан естілген темір балғаның вагон доңғалақтарын тоқылдатқан дыбысы бірте-бірте жақындап, дәл терезе тұсынан өтті. Орнымнан ақырын тұрып, салбыраған аяқтардың арасындағы «кеңістікте» керіліп, бой жазған болдым. Астында жатқандар­ дың бірі атып тұрып, әй-шәй жоқ, ұмтылып кеп, есікті тоқпақтап, тепкілей бастады. – Ей, су беріңдерші-ей, қаталап өлетін болдық қой, әкеңнің!.. Сырттан селт етіп жауап қатқан жан баласы болмады. Мана­ дан бері есікті, купе қабарғаларын қанша соққылап, тепкілеген­ мен, бір-ақ рет: – Әй, ...бас, мазаны алмай, тыныштал! Туалетке шығу, су ішу мерзімі ертең таңертең – стансыға кідіргенде ғана болады!.. Шөл­ деп өліп бара жатсаң, дәретіңді іш!.. – деген боқтық аралас келеке жауап естілген. Мүңкіген иісіне қарамай, бұзылған тұзды балықты

жеп, көні кепкен тамақсау байғұстың түрі, шынында, кісі аяр­ лық еді... Оған шөл қысып, әзер жатқан өзгелері де қосылып, үн қатпаған күзетші солдаттарды сықпырта боқтап, балағаттап, іште­ рін кептіріп жатты. Тұтқындарды қолдан қинап, шектен асыра азаптаудың – атамзаманнан келе жатқан бұл да бір тәсілі... Сығылысып орныма жайғасып, үзіліп кеткен ойымды қайта сабақтадым... Қамзолдаевпен қайта ұшырастым Хош, сонымен, 18-желтоқсан күні кешкісін алаңға екі қайтара ұмтылып жүріп қоршаудан өте алмай, қолға түсіп қалудан қорға­ лақтап, үй-үйдің ауласымен сағалап қашып, пәтеріме түнделетіп кеш жеттім де, нәр сызбай төсегіме құладым. Келесі күні түске қа­ рай, сабаққа бардым... Автобустан түскен бетте ұшырасқан таныстарым, курс­ тастарым: «Біз сені әлдеқашан ұстап әкеткен болар деп ойлап едік!..» – деп, шу ете түсті. Желтоқсанның 17-сі күні қалың студент­ тер легімен бірге ҚазМУ қалашығынан шығып, орталық алаңға барар жолда, әлгі үнпарақты (листовканы) бірге жазған тағы бір досым Орал Исмағұлов екеуіміз сырт киімімізді ауыстырып киген­ біз. Ол жерде суретке, киноға да түсіруі мүмкін екенін, артынан іздестіріп, қуғындайтынын да алдын ала сезіп, білгенбіз. «Дека­ наттан сені іздеп жатыр», – деді бәрі шулап. Деканаттағылар қасыма біреулерді ілестіріп, шұғыл ректорат­ қа жіберді. Ректор Еділ Ерғожин болатын. Оған жетіп үлгергенім жоқ, қарсы алдымнан МҚК-нің қызметкері – Қамзолдаев шыға келді. Азамат екен, ешкім естімейтін бәсең, бірақ нық дауыспен: – Бұрынғы болған оқиға туралы жақ ашушы болма! – деп, жалғыз ауыз ескертуін айтып үлгерді. Қамзолдаевтың өз саласы бойынша біздің ҚазМУ-дың кура­ торы екенін, менің жастық-аңғырттығыма түсіністікпен қарап, көктемде екеуіміздің арамызда болған әңгімені ешқайда жеткізбей, мені аман сақтап қалғанын сонда барып іштей болжалдадым. Онымен ертерек «танысу тарихымыз» есіме оралды.

Сол жылдың мамыр айы болатын. Университеттің үлкен акті
залында Добрынинмен кездесу болатын болды. «Ол адам кім?
Неге ол адаммен кездесеміз?» – деп сұрасақ, ол кезде, КСРО-да
екі палаталы парламент болатын: Ұлттар Кеңесі және Халықтық

депутаттар Кеңесі (Палатасы). Ұлттар Кеңесіне әр республика­
дан депутат сайланады. Қазақстаннан Ұлттар Кеңесіне сайланған
Алматылық Қойшыманов деген, кезінде қалалық партия, әлде
комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған ба?.. Сол жылдар­

дағы қайта құрудың екпінімен, ол кісіге қылмыстық іс қозғалып,
жұмыстан қуылып, депутаттықтан да айырылған екен. Енді соның
орнына Добрынин дегенді сайлау керек. «Добрынин деген кім?» –
дейміз. Сөйтсек, ол 8-9 жыл КСРО-ның Америкадағы елшісі бол­

ған адам екен. Енді, Ұлттар палатасына, Қазақстанның атынан
өтпек. Яғни бұл – «мемлекет қазынасынан жем жейтін жұмыс та­
уып беру» дәстүрі ғой. Бірақ оның Қазақстанға ешқандай қатысы
жоқ екені анық.

ҚазМУ-дың филфагы, журфагы, истфагы (тарих факультеті) –
бәрі бір корпуста. Юрфак пен ФЭФ бір корпуста. Сол екеуінің ор­
тасында үлкен акті залы бар, «Сонда барасыңдар», – деді. Сол жер­
ге жиналып жатқан курстастарға «Бұл дұрыс емес, қайдағы бір,

айдаладағы адам ғой», – дедім. Айғайлап айтпасам да, солай деп,
қолымды бір сілтеп шығып кетіп бара жатыр едім, фоэде комсомол
хатшылары т.б. бір топ белсенділер тұр екен.

– Сен қайда барасың? Жұрттың бәрі жиналысқа келіп

жатыр, – деді біреуі.

– Қазақстанға қатысы жоқ адамды сайлайын деп жатырсың­

дар. Керегі не оның, өздерің сайлай беріңдер, – деп, қайырылмай,
кітапханаға кетіп қалдым. Содан бір ай өткен мөлшерде, ойымда
түк жоқ, ҚазМУ қалашығы ішінде жалғызаяқ жолмен келе жатсам,
қасыма қатарласып келіп біреу қолтығымнан ұстайды. Үстінде

плащы бар.

– Танымадың ба? – дейді.

– Жоқ, таныған жоқпын, кімсің сен? – деймін.

– Былай шығып сөйлесейік, – деді. Юрфактың алдында орын­

дығы бар алаңқай болатын. Сол жаққа бара жатып: «Сен осын­

дайсың, осындайсың...» – деп, менің күллі өмір тарихымды айтып
келе жатыр.

– Мен туралы бәрін біледі екенсің ғой, менімен танысуға кел­

дің бе? – деймін. «Жерлес деп іздеп келген Шымкент жақтың ба­
ласы ма екен?» – деп ойлап қоям. Біраз әңгімеден соң барып «ко­
рочкасын» көрсетеді. Сөйтсем, Мемлекеттік қауіпсіздік комите­
тінен, Қамзолдаев деген. Капитан ба, майор ма, сондай бірдеме...

Отырған соң, әңгімесін айтты:

– Сен өткенде осындай әңгіме айтыпсың?..

– Айтқаным рас, – деймін, – онда тұрған не бар?.. Ол күлді.

– Отпен ойнап жүрген жоқсың ба? – деді.

– Айтса, несі бар, Ұлттар палатасына сол ұлт өкілін сайлау ке­

рек емес пе? Қазір демократия ғой!..
«Сен кімсің?» дегендей, оны көзіме ілмей, өзімше сайраймын.
Менікі де жастық албырттық қой!.. Ол маған: «Байқап жүр», – деп
ақылын айтып, кетіп қалды. Есімде қалғаны, үлкен кісі емес, көзі

көкпеңбек, өзі сап-сары, тығыршықтай жас жігіт болатын...
Міне, сол Қамзолдаев күтпеген жерден алдымнан шығып, әлгі
сөзді ескертті де, қолтығымнан ұстап, жетінші қабаттың бір бөл­
месіне жетектеп кіргізді. Бөлмеде төрт адам отырды. Мені қарсы

алдына отырғызған кісі өзін МҚК-нен құралған тергеу тобының
жетекшісі – майор Жетпісов деп таныстырды да, жауап алуға
кірісті. Өздерінің келісілген тәсілдері солай болуы керек, қалған
үшеуі ту сыртымнан қайшылас (перекресный) сұрақтар қойып

отырып тергеді...
Түзету мекемесінде
Тарс-тұрс есік қағып: «Сыртқа шығуға жиналыңдар!» де­
ген күзетші-конвойлардың бұйрықты айғайынан бір-ақ ояндым.

Басымнан кешкен уақиғаларды есіме алып жатып, қалай ұйықтап
кеткенім есімде жоқ. Тастай қатып, талықсып, ұзақ ұйықта­
сам керек, біршама тыңайып қалған сыңайлымын. Алматыдан
шыққалы бір жарым, әлде екі күн жүрдік пе?.. Қолтықтаған жол­

қапшықтарымызбен «бірінші, шық!», «екінші, шық!», «үшін­
ші, шық!..» – деп санамалап шығарып, жан-жағымызға қарау­
ға мұршамызды келтірмей, дедектетіп, вагон баспалдағына
тақай қойылған терезе-тесіксіз арнайы автокөлікке отызға жуық

тұтқындарды сығылыстыра басты. Айнала арсылдаған итпен қа­
рулы күзет тұр. Қайда келдік, қайда апара жатыр?.. Беймәлім.
Кіре берістегі автоматпен жайғасқан қос конвоймен арадағы ішкі
темір есіктің жоғарысындағы алақандай терезенің тор көздерінен

ғана сәуле түсіп тұр. «Вагон купесіндегі сасық ауадан құтылдық
па?» – деп қуанғанымызбен, қуықтай шағын көліктің ішінде ауа
тарлығын айтпағанда, тізе бүгер жай жоқ. Бойыңды тіктеп те
тұра алмайсың. Төбесі аласа. Бүкшиіп, бақайшығымызға шейін

шүмектеп қаратерге түстік. Әлден уақытта көлік тоқтап, манағы
тәртіппен санамалап сыртқа шығарып, жан-жағы тікенек сым­
темірмен қоршалған түрме қақпасының алдында сап түзетті.
Бес-оннан бөліп, камераларға жайғастырды. Бұрыннан отырған­

дармен тілдескенде барып, Қарағанды қаласының түрмесінде
екенімізді бір-ақ білдік...
Үш-төрт күн сонда ұстады. Төртінші күні жанымдағылардың
бәрін алып кетті де, камерада жалғыз қалдым. «Бұлары несі?..» –

деп, аң-таң боп, ойым он саққа жүгіріп отырғам. Бірер сағаттан
соң, есік салдырлап ашылды да, еңгезердей төрт орысты кіргізіп,
сыртынан құлыптап, қайта жауып кетті. Әжүк-гүжік әңгімелері­
нің ауанынан, білектері мен көкіректеріндегі көкала татуировка­

ларынан-ақ олардың түрмені «өз үйіндей» көретін – әккі рециди­
вистер екенін аңдадым. «Ее, бұлардың мені басқалардан бөлектеп
алып қалғандағы ойларында бір сойқан болды ғой», – деп, неге
де болса іштей тас-түйін дайын отырдым... Бірақ келгендер мені

көздеріне де ілмей, қайын жұрттарына қыдырып келгендей-ақ,
емін-еркін жайғасып алып, біреулері ұйқыға бас қойса, бір-екеуі
өзара қызу әңгімелесіп кетті.
Сол күні түс ауа мені де алып шығып, көз үйренген бүркен­

шік «автозак» көлігімен, Абай қаласындағы түзету мекемесіне
жеткізді. Әуелде, Алматыдан этаппен жөнелткенде, қайда бара­

тынымызды айтпаған. Мұнда келген әзірде, екі-үш күн бөлек ка­ мерада «карантинде» ұстап, үшінші күні ғана сыртқа шығарды. Шашты алып, жуындырып, сол жердің киімдерін берді. Қап-қара кенеп сияқты матадан тігілген, өлшемі үлкен киімдерді киіп алған­ да, екі құлағым қалқайып, рәпетім қашып, ұсқынсыз, албастыдай боп шыға келдім. Нөмірі «39-шы, қатаң тәртіптегі түзету колония­ сына» түсіппін. Бұл – кісәпір кеңестік жүйенің зұлымдығын әйгі­ лейтін, қанқұйлы сталиндік репрессияны іске асыру мақсатында құрылған атышулы «Карлагтың» құрамындағы жабық мекемелер­ дің бірі. Бұл өңірдің табиғаты да аса қатал екені белгілі. Сол күні-ақ, тікенек сым қоршаудың екі жағында тұрып, Ерлан­мен (Ерлан Декелбаев) дауыстап сөйлестік. Мен әлі өзімнің қай отрядқа баратынымды да білмей, аңтарылып тұрғанмын. Тағы бір «желтоқсаншының» келгенін естіп, карантиннен шығатын кү­ німді тосып, қарайлап жүрсе керек. Өзі де 65-ші, біздің баппен отыр екен. Ол сонда «Сені Темірланның жігіттері күтіп алайын деп жатыр», – деді. Мені таңғалдырғаны: «Сен кімсің, қандай баппен, қанша жылға кесілдің, жолда қалай келе жатсың?..» деген сияқты, сіз туралы әңгіме-деректердің бәрі, қандай жолмен екенін білмеймін, ол жаққа өзіңнен бұрын жетіп қалады екен...­­ Бесінші отрядқа бөлді. Екі қабатты темір төсектің жоғарғысына аты-жөнімді жазып қойыпты. Жайғасып жатқаным сол еді, бір жігіт келіп: «Сені күтіп алайық деп отырмыз», – деді. Шынымды айтсам, менің есіл-дертім ұйқыда еді. Әлі күнге сілем қатып, ұйықтағым кеп тұр. Мен түрмеге түскен кезде, басқалар құсап: «Түрмеде қалай бо­ лады, не болады?..» деген сияқтыларды қазбалап, қызықтап сұра­ маппын. Ештемеден хабарым жоқ. Менің түсінігімде, сен өзің қан­ дайсың, солай болып өмір сүресің. Ондағылар өз іштерінде «блат­ ной», «мужик» деп бөлінетінін де бара білдім. «Мужиктер» жұмыс істейді, «блатнойлар» жұмыс істемеуі керек, бірақ олар да істейді. Сонымен, жаңағы келген жігіт: «Жүр, бізбен бірге. Танысайық, өзің Шымкент жақтың баласы екенсің, әңгімелесіп шай ішейік», – деді. Барсам, бес-алты адам – Темірланның жігіттері екен. Құрметтеп,

шифир қойып қарсы алды. Мен шифир ішпеймін, шай ішіп отыр­ дым. Жағдайымды сұрап жатыр. «Кімдерің бар?» – дейді. Олар да, кейін біліп жатырмын , жаңа адамның жағдайы бар, артынан іздеп келе алатындай, туған-туыстары мықты адам болғанын қа­ лайды екен... Жататын уақыт болғанда, «Өзімнің отрядыма қай­ там», – деп едім, олар шырттай қылып киіндіріп жіберді. Өлше­ мі дұрыс лафсан шалбар, көйлек, аяғыма ыңғайлы бәтеңке берді. Киініп алдым да кеттім. Ертесі асханаға тамаққа барсам, жұрттың көзі менде. Гүж-гүж әңгіме... Сонда мен, небәрі, екі-үш күндік ка­ рантиннен соң шығып тұрмын. Ал үстімде «блатнойлардың» жапжаңа, ықшам киімдері!.. Менің ештемеде шаруам жоқ. Ұйқымды қандыра алмай, дел-сал боп жүрмін. Артынан білдім ғой, түрме­ де «семейка» дегеннің болатынын. Күн сайын жұмыстан келген соң, сонда барып, бар уақытымда солармен бірге отыруым керек екен. Ал мен келем де, тамағымды ішер-ішпес ұйықтап қалам. Бір күн ұйықтағам, екі күн-үш күн ұйықтаймын. Хабарласпаймын. Мен ойлағам, өзіміздің ауылдың балалары екен, киімдерді маған сыйлыққа берген болды ғой деп. Үшінші күні шырт ұйқыда жат­ сам, түн ортасында біреулер келіп түртеді. «Не?..» десем, өткенде танысқан бір жігіттің атын айтып: «Сол өткенде берген киімдерді сұрап жатыр», – деді. «Киімдерің әне, анау тұр, ала бер», – деп, қайта қорылға бастым. Ертесі күні таңертең тұрып қарасам, жаңа киімдердің бәрін алып, орнына өз киімдерімді іліп кетіпті. Амал жоқ, сол албасты киімдерді қайта кидім. Сөйтсем, ол жерде ондай лафсанды «блатнойлар» киеді немесе ақшасы бар адамдар киеді екен... Мен болған колонияда көптеген отрядтар бар. Әр отряд өзге­ сінен тікенек сымдармен торланып, бөлініп тасталған. Екіқабат­ ты баракта жатамыз. Бос уақытта демалатын шағын ауласы бар. Жұмыс істейтін жақ өндіріс зонасы (промзона) деп аталады. Ол – бөлек, зауыт секілді өндіріс орны. Жұмысқа шыққанда, сол жаққа өтіп барып, жұмыс істеп, кеш бата, қонуға осында қайтып келеміз. Бір отрядтың өзінде әртүрлі іспен, әртүрлі баптармен жатқандар бар. Кісі өлтіргендер де, ұрылар да, ақша жеп қойғандар, көлік апа­

тын жасағандар... деген сияқты, бәрі бар. Бірақ ешкімнің-ешкім­ мен шаруасы жоқ. Өз жөніңмен жүрсең болды. Ондағылар ертеден қалыптасып қалған «ішкі дәстүр» бойынша, жаңа айтқандай, топтоп болып өмір сүреді. Сол «топтар» өздерімен-өздері ортақтасып нан алады, шай ішеді, әңгіме-дүкен құрады. Әр топ қырынатын ұстарадан (лезвия) шай қайнататын электр қайнатқыш (кипитиль­ ник) жасап алған. 2-3 литрлік банкілері бар. Өз топтарымен ортаға орындықтарды қойып, нанын жеп, шайын ішіп отырады. Мен, ешкімде шаруам жоқ, өзіммен-өзім жүремін. Көбіне-көп, баяғыша, жұмыстан келген соң, төсегіме қисайып жатамын да, осы жерге жеткенге шейін не болып-не қойғанын, қалай болғанын ой елегінен қайталап өткізе бастаймын... Шырғалаң ... Жетпісов тобының қолына түскен сол күннен кейін-ақ ит ырғылжың өмір басталды. Кенеттен, күтпеген кезде келеді де, сабақ үстінен шығарып алып кетеді. Күніге, күнара тергеу. Анда шақыру-мұнда шақыру, альбомдардағы жүздеген суреттерді көрсе­ тіп: «Мынау кім? Танымаймын деп неге өтірік айтасың!?..» – деп, қорқыту, үркіту... Сол кезде білдім, Гагарин–Тимирязев көшелері­ нің қиылысында, Қамзолдаевтың қызмет кабинеті бар екен. Бір­ неше рет сонда апарып тергеді. Екі структураның қызметі бір-бі­ рімен келіспей жұмыс істегеннің салдарынан, қаңтар айында бір «қызық» жағдай орын алды... Негізі, мені алғашқы күннен бастап Қауіпсіздік комитеті тер­ геді. Қалай екенін білмеймін, менің аты-жөнім Ішкі Істер басқар­ масына да түсіпті. Ол саланың жігіттері де бір-екі рет сабақ үсті­ нен алып кетіп, «Целинный» кинотеатрының қасындағы ғимарат­ тарына апарған. Олар да тергеді, жауап алды. Кейде кешке дейін ұстайды. «Қырам-жоям, түп-тұқияныңмен жоқ қылам!..» деген сияқты қоқан-лоқының көкесі соларда. Психологиялық сындыру ғой, баяғы. Кейде екі-үш сағат күттіріп, есіктің алдына отырғызып қояды. Сұрайтындары: «Қайда болдың, не істедің, кімді ұрдың?!..»

Альбомнан суреттер көрсетеді. «Мынаны танисың ба? Өзің
қайдасың?..» Сондай бір болмайтын сұрақтар. Бірақ сол «болмай­
тын» сұрақтардың өзімен жаныңды жеп қояды!.. Мысалы: «Пле­
нум болғандығын, оның шешімі туралы кімнен естідің?» дегенде,

бір адамның атын атаудың өзі қорқынышты. «Содан естіген едім»
деп көрсеткен адамың сен үшін жауап беретінін түйсігіңмен аң­
дайсың да тіліңді тістейсің... ­­­­­­
Сөйтіп, ІІБ-сы қосарланып жауапқа тарта бастады. Мені Ко-

митеттің «иеленіп» жүргенін біліп жүрмін. Пәтерде тұрып жатқан
үйімнің жанында, көшенің шетінде шағын алаңқай болатын. Сон-
да күндіз-түні бір «Волга» машинасы тұрады. Түнімен төрт адам
отырып алып карта ойнайды, мені аңдиды. Оқиғаның алғашқы кү-

нінен бастап, жатақханада студенттерді жинағаным, жиналыс жа-
сағаным, сөйлегенім туралы айналамдағы жігіттер айтып қойған
ғой. Бұларға тек менің алаңда болғандығымды дәлелдейтін дәйек
керек. Не суретім болуы керек, немесе «алаңда біреуді ұрып жат-

қанын көрдім» деген сияқты куа-дәлел іздейді. Біздің сондай
жұмысты өз бетімізбен жасай алатындығымыз бұлардың басына
кірмейді. Олардың ойынша, бұл іске мені біреулер айдап салуы
керек. Менімен біреулер байланысқа шығуы керек. Сондықтан,

қаншама кісіні аңдытып, үйдің қасына отырғызып қойған. Мақ-
саттары – қалайда, сол «байланысшыны» ұстап, анықтау...
Бір күні, кезекті тергеу кезінде, дым білмейтін адам құсап,
Жетпісовке айттым. «Менің үйімнің қасында бір «Волга» күні-түні

тұрады», – дедім. Қасындағы екеуі бір-біріне қарады да, «бопты»
деді. «Қызық» келесі күні болды. Кешке қарай Комитеттіктер «Газ-
24» көліктерімен менің үйімнің қасына келіп тоқтайды. Оны ал­
дында маған ескерткен. «Біз барып тоқтағанда, үйіңнен жылдам

шық та, тез мәшинеге отыр» деген. Мені біреумен кездеседі деп,
енді, бұлар ойлайды. Сонымен, олар келіп тоқтаған сәтте, мен үй­
ден жүгіріп шықтым да, мәшинелеріне отырдым. Сөйтіп бұлар
«Солнечный» деген көшемен шығып, «Арман» автостансысына

қарай құйғытты. Арттағы «Волгадағылар» да соңымызға түсіп,
қуып келеді. «Арманға» жеткен кезімізде, екі жақтан екі жеңіл

мәшине ытқып шығып, соңымыздағы «Волганы» қыспаққа алып, тұмсық түйістіре тоқтатты. Үш мәшинеден атып-атып шыққан жігіттер бір-біріне қару кезеніп, қызметтік куәліктерін көрсетіп, біреулері «ДВД-мыз!» – десе, екінші біреулері «КГБ-мыз!» – де­ сіп, дабыр-дұбыр, абыр-сабыр болды да қалды!.. Осындай, дәп бір, атыс-шабыс киносындағыдай қорқынышты әрі күлкілі жағдай да болғаны бар. Сонда, олардың бәрінің ойынша, жиырмадан сәл асқан жас студенттің, яғни менің анадай мазмұндағы үнпарақты (листов­ каны) қиыстырып жазуым мүмкін емес. «Жоғарыдан» біреулер­ мен байланысы бар болуы керек» деген күмәндарын дәлелдегілері келеді ғой. Ал, ақиқатында, менде ондай ешкім болған жоқ, маған ешкім ештеме үйреткен жоқ. Бәрі жігіттермен өз арамызда бірігіп отырып жазылған дүние еді!..­­­­­­­ Жауапқа алынған алғашқы күннен «Мен алаңда болдым» деген сөзді ешкімге айтқаным жоқ. Бар айтқаным, «Алғашқы,16-желтоқсан күні сабақтан соң үйге келдім. Әйелім перзентханадан жаңа шыққан, сосын, жас нәрестесімен оны төркініне апарып тастадым. Сонда болдым. Алматыға келе жатқан жолда, Есіктегі аудандық ішкі істер бөлімі мені ұстағандығын сол жақтан тексере аласыңдар», – дедім. Алайда, мен жалтарып, мойындамағаныммен, олар бәрін менің айналамдағы студенттерден тергеп біліп алған. Ол кезде оны мен білмеймін. Өйткені: «Сол күндері қайда болдың?» – деп, айналдырып әкеліп сұрай беретін. Мен жаңағы сөзімнен танбаймын. Өзіміздің жігіттермен күндіз кездесіп қалғанымда сұрайтынмын: «Сендер не айтып жатырсыңдар?» – деп. Олар: «Ештеме айтып жатқанымыз жоқ!» – дейді. Бірақ сыртымнан болған іс-әрекеттеріміздің бәрін айтып, мәліметтерді беріп қойған. Ал мен, аңғалдықпен: «Жігіттердің аузы берік, ешкім ештеме айтпайды. Тіпті бірдеме белгілі боп қалған жағдайда, ұсталсақ, бәріміз бірге ұсталамыз», – деп ойлап жүргенмін. «Үйде, қатын-баламмен болдым, одан қайын жұртымда болдым. Оның арғы жағында жұмыста болдым. Оны да сұрап біле аласыңдар» дегеннен танбаймын...

Торуыл мен торығу Қаңтарда қысқы сессия – зачет, емтихандар басталды. Тергеу­ шілердің қасақана қысастықтары сондай, жауап алуға сол емтихан тапсырып жатқан кезімде де алып кетеді. Сол жолғы сессияда Қасым­ жанова деген қазақ әйел, «Философия тарихынан» қанша жауап беріп отырсам да, «үш» қойды. Менің тергеуде жүргенімді біліп жүр бәрі. «Ұлтшылға жақсы баға қойды» деген сөзден қашып, тиесілі бағам­ ды қоюға да қорқады. Екі сабақтан «үштікпен» шықтым сол жолы. Кейін дипломға да солай кетті... Айналамдағылардың маған деген «кері» көзқарастарын біліп жүрсем де, бәрібір, қысқы сесиямды сәт­ ті тапсырып үлгердім. Әне-міне, мені отырғызатындарын да сезіп жүрдім. Қос-қабат аңду, қос-қабат тергеу, тексеру!.. Қайда барсам да артымнан аңдушының жүргенін көріп жүрдім. Ер жігіттер ғана емес, қыз балалар да жүреді соңымда. Үйдің айналасын торуылдайды. Осы кездері мені, қорқыныш-үрейден гөрі «Осыдан істі бо­ лып, қамалып кетсем, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын?» де­ ген ата-анам алдындағы «ұят» сезімі қатты мазалады. Сондықтан неше түрлі сұмдық ойлар басымды тұмшалайтын. Бірнеше рет үйдің маңынан күндіз-түні тас тасып өтіп жататын ауыр жүк мә­ шинелерінің астына түспек те болдым. Тергеу-тексерудің жүйке жейтін азабы бар, сотталып кеткендей болсам, ауыл-елдегі әке-ше­ шем мен бауырларымның алдындағы «кінәм» бар деген сияқты. Әрбірден соң соншама жылдар тер төгіп, ізденіп жүріп қол жеткіз­ ген оқуымнан қуылатыным да күн озған сайын ақиқатқа айналып келе жатты. Сондайда, сотталып, түрмеге түсіп, әке-шешеңді елжұрт алдында қарабет қылғанша, әлгіндей әрекетпен бәрін «бі­ тіре» салған жөн секілді көрінеді. Бірақ «үмітсіз шайтан» деген, жол жағасында теңселіп тұрам да, ішімде жылт еткен үміт сәуле­ сіне жармасам... «Бәлкім, бәрі өтіп кетер?!..» деймін де, кідіріп қа­ ламын. Тар жолдың бойымен арындап келіп қалған дәу самосвал, тұмсығымның тұсынан ажылдап-гүжілдеп, жер-дүниені солқылда­ тып, өте шығады... Заң факультетінде оқитын жігіттермен сөйлесіп жүреміз, солар айтады: «Кез келген қозғалған іс, екі айдың ішінде тергеліп, тексеріледі», – дейді. «Маған желтоқсанда іс ашылған

болса, ақпанның жиырмаларынан асқанға дейін шыдасам, одан әрі
құтылып кетермін...» деген ой да жоқ емес.
Қаңтар аяқтала, қысқы сессиямды бітіріп, ауылға кеттім. Ауыл
іші гу-гу әңгіме. «Алматыда өңкей наркомандар мен алқаштар кө­

шеге шығып, балабақшаларды қиратып, өртеп жатыр екен ғой?..» –
деді маған. Ауыл-елдегі бұқара халық теледидардан көрсетіп,
газетте жазылғандардың бәріне күмәнсіз сенді ғой. Күлесің бе,
жылайсың ба!?.. Барлық ауылда, барлық жерде солай айтылып, со­

лай қабылданды. Біреулер ішінен сезсе де, үндемеді... Айтқандай,
алдында, әйелім босанғанда, шешем немересін көруге Алматыға
келіп қайтқан. Бірақ немересі қайын жұртта жатты да, шешем аз
күн қастарында болып қайтып кеткен. Сонда «Балам, тынышсың

ба?» – дегенде, «Тынышпын, оқып жатырмын» – дегем. Үйге кел­
генімде, әкем әлі де қан қысымынан аяқ-қолы жансызданып, төсек
тартып жатқан. Үш-төрт күн болдым да, «Енді көре алам ба, жоқ
па?» – деп, сол жолы әкеммен қоштасып кетуді ұйғардым. Автобус

ауылдан таңертең ерте шығатын. Бір кездегі нар тұлғасы төсекке
таңылғалы шөкімдей боп шөгіп қалған ұйқыдағы әкемді амалсыз
оятып, жанына тізе бүктім. Мұздай қолдарын сипалап, өксігімді
ішіме жұта отырып, қоштасып шықтым. Көз жиектері қызарып,

қайран әкем әлденені сезді ме... шықшыт еттері бұлт-бұлт етіп,
жұтқыншағы жоғары-төмен жүгіріп, боталаған жанарымен соңым­
нан қадала қарап жатып, үнсіз шығарып салды.
Өз жағдайым туралы тіс жарып, ешкімге ештеме сездірмеген

күйі қайтып кеттім.
Ақпанның жиырмаларында Алматыда болдым. Шақыру, тер­
геу қайта басталған. «Целинный» кинотеатрының алдында, Аман­
гелді мен Калинин көшелерінің қиылысында дәріхана бар бола­

тын. Ойыма қайдан келгенін білмеймін, бір күні, сол жерден бір
флакон дәрі сатып алдым. Аты есімде жоқ, бірақ жүректің дәрісі,
шамадан тыс көп ішсе өмірге қауіпті екенін дәріхана сатушысынан
сұрап білгем...

23-ақпан – жігіттердің мерекесі, демалыс. Келесі күні сабаққа
барсам, топтағы қыздарымыз мерекемізбен құттықтап, шағын қо­

рапты шахмат сыйлады. Көңіліміз көтеріліп, мәз-мейрам боп қал­
дық. «Екі айдан асып барады-ау» деген үмітті ішкі ойдан, әсіресе
менің қуанышым еселене түскендей еді! Бірақ... Дәл сол күнгі са­
бақ соңына қарай аудиториядан алып кетті де, ҚР Прокуратурасы

жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер
бойынша тергеушісі – Ерубаев Александр Какенович өз кабинетін­
де прокурордың санкциясын көрсетіп тұрып: «Азамат Қуандықов
Ермұханбет Әбдікерімұлы, сіз бүгіннен бастап тұтқындасыз!» –

деді...
Тұтқындағы тергеу
«Тұтқындалдың!» деген сөзді естігендегі сезіністі тілмен ай­
тып жеткізу өте қиын...

Сырттағы тергеуде жүргенде, «Қай күні, не болар екен?..» –
деп, дайындалып жүрдік қой. Шынын айтқанда, қорқыныштың
бәрі сол, алғашқы кезеңдегі тергеу сатысында болды. Біресе Ішкі
істер басқармасының тергеуінде, біресе Қауіпсіздік комитеті­

нің тергеуінде болып, олардың: «Өмір бойы түрмеде шіритін бо­
ласың!.. Бір өзің емес, туған-туыс, бауырларыңмен, бала-шағаңмен
қосыла құрисың!..» деген сияқты түрлі қоқан-лоқы сөздерін есті­
геннен соң: «Мен жоқ боп кетсем, бәлкім туыстарыма тиіспейтін

шығар» деген сияқты ойлар торуылдайтыны, жанталасып, соны
іске асырудың сан қилы амалдарын қарастыру, «Дәрі ішкен жөн
бе, әлде көліктің астына түссем бе, жоқ, биіктен секіріп мерт
болу керек пе?..» деген сияқты сан-сапалақ ойға бой ұрып, жаның

қысылып, шырқырайтын кезең – сол кезең!..
Тергеушілер дегенің – адам жанын «сындырудың» кәнігі ше­
берлері ғой. Жоғарыдағыдай сөздерді айтып-айтып, сосын сені
сыртқа шығарып жібереді. Ең ауырсыну сонда басталады екен.

Өйткені олардың алдында отырғанда, өз ісіңе өзің жауап бере
алатындай ширығып, «Неге де дайынмын», – деп отырасың да,
сыртқа шығып, өзіңмен-өзің оңаша қалғанда, сол сөздердің уыты
өн бойыңа жайылып, жүйкеңді іштен ірітеді. Енді қайтып сол

сөздерді естігің келмей, жақындарыңның сондай болғанын көргің келмей, шарасыздықтан жер-дүниеге сыймай, теңселіп кетесің. Иә, тұтқындалғанға дейінгі тергеулер өте ауыр болды. Мы­ салы, майор Жетпісов бастаған тергеушілер бір топ болып терге­ ді. Төрт-бес адам отырып алып, алдыңғының сұрағына жауап бере бастасаң, ту сыртыңнан екіншісі қиыс сұрақ қояды. Ойыңды жиып үлгермей жатып, үшінші біреуі мүлде күтпеген тұстан сауал қоя­ ды... Психологиялық-моральдық шабуыл жасайды. Ара-арасында өзді-өзі: «Да, они же преступники, их завтра же застерлять! У них, уже конченная жизнь...» деген сияқты, келеке-мазақ әңгіме жа­ сайды. Жалғыз Жетпісовтың тобы емес, басқа да бірнеше сондай «тергеушілер» топтары ортаға алып, айыздары қанғанша қорлап, арыңды былғап, зәбірлейтін. Сосын, әлгілердің аузынан айтыла­ тын: «Мұндай, саяси жағдаймен (желтоқсанды айтады) зонаға бір түскен адамға енді қайтып жарық дүниеге шығу жоқ!..» деген сияқ­ ты сөздер бүкіл санаңды шырмап, сансыратып жібереді. «Темір тордың ар жағына барғандай болсам, жағдай қалай болады?..» – деп қиналасың. (Шынында, дәл сол кезеңде соның бәрі мүмкін екеніне, кейін өзіміз отырғанда көзіміз анық жетті де... Кесілген уақытың бітуге таяғанда, болмашы қитұрқы істерді қолдан ұйым­ дастыра салу – түкке тұрмайды. «Раскрутка» деген болады... сро­ гыңды ұзартып, шығармаудың әйтеуір, амалын табады). Жасыра­ тыны жоқ, алғашқы кезеңде, міне, осындай қорқыныштар қорша­ уында жүргенім рас. Ақпанның 24-не дейін солай жалғасты... Сол, 1987 жылдың 24-ақпаны күні өз бөлмесінде тергеуші «Тұтқындалдың!» деген сөзді айтып, санкцияы көрсеткеннен... әжетханаға сұрана бастадым. Қалтамда әлгі дәрі бар. Қайта-қайта сұранам. Қоймаған соң, МҚК-ның дәретханасына алып жүрді. Ең­ гезердей екі конвой жігіт екі жағымда. «Оңға-солға жаңсақ қадам жасасаң, ескертусіз атамын!» – деді біреуі гүжілдеген дауыспен. Іштей көптен күтіп, «дайын» жүргендей болсам да, «Бүгін, осы сәттен бастап тұтқындасыз!» деген сөзден соң, сан-саққа алып қашқан ойымды жинақтай алмай келемін. Төмен түсу үшін 4-қа­ баттың алаңшасына шыға бергенде, дәл сол жерден «бірінші қабат­

қа секіріп кетсем бе?» деген ой санамда жарқ еткені сол – ойымды
оқып қойғандай, екі жігіт қақпақылдап, бірі алдыма, бірі артыма
шығып, орталарына алды. Дәретханаға кірерде, үсті-басымды
тінте қарап, аяқкиімімнің баусыз етік екеніне дейін мұқият тағы

бір тексерді. Кірген бойда шалбарды шешкен болып отыра бере
омырау қалтадағы құты толы таблетканы аузыма бір-ақ төңкеріп,
бәрін жұта салдым!.. Олардың әжетханасында «көз» болатыны
ойыма кірмеген. Сол замат сарт етіп есік ашылып, жүгіріп кірген

екеуі шалбарымды кигізбей, екі қолтықтан тік көтеріп ала жөнел­
ді. Бір бөлмеге кіргізген бойда, аяқ-қолымды қимылдатуға мұр­
ша бермей, күштеп отырып ауыздан өңешке шланга тықты. Суды
лақылдатып құйып, асқазанымды шайды. Жетпіс қанша таблетка

шықты, ұсақ-ұсақ! Солай, аман қалдым. Бұл – қорқыныштан емес,
тағы қайталап айтамын, әке-шешенің алдында өзімді кінәлі санап,
ұяттан өртеніп, арланудан еді!.. «Өлімнен – ұят күшті» дегенді
сондайда сезінеді екенсің.

Иә, «Дәл қазірден бастап тұтқындасың!» деген сөзді естігенде,
әркімге әрқалай ой келетін шығар, ал мен өз басыма бірден әке-ше­
шем келді!.. Әсіресе, анамды ойладым! Өйткені он-он бес жыл
бұрын, мен сияқты студент болып жүргенде, үлкен ағам да дәл

осылай, істі болған. Енді мен сол жағдайға душар боп отырмын...
Ең ауыры – анамның жүзіне қарау, өзіңді ата-ананың сенімін ақтай
алмаған кейіпте сезіну!.. Осылай сотталып, бүкіл ел-жұртқа әуле­
тімізбен қарабет болатындай, Құдайға не жаздық екен? Өкіметке

мен не жаздым?..
Қалай болғанда, пешенеңе жазылған тағдырдан құтылу жоқ
екен. Темір торға тоғытылдым.
Прокурор менің тергеп-тексеру мерзімімді қосымша бір айға

ұзартқан боп шықты. Сөйтіп, мен тұтқындауға соңғылардың бірі
боп ілінген екенмін. Менен кейін тағы төрт балаға арест берген.
Тағы бір айға созбағанда, менің «желтоқсанға қатысым» анықтал­
май, «бұғалықтан» шығып кетуім де мүмкін болған сияқты.

Сыртымнан айтылғандардың бәріне құжатты дерек-дәлел жоқ.
Ал, жатақханада болған жиналыс, үнпарақ жазу, оны тарату іс­

терінің ешқайсысы заңға қайшы емес, яғни қылмыстық статьяға жатпайды. Бірақ бәрібір де, ақыр соңында, «көрдік-білдік» деуші жалған «куәгерлердің» әңгімесімен «қораға кіргізіп», амалдап, статья іліп жіберді ғой, солай. Тұтқындалған күннен камерада, өзіміздің ҚазМУ-дың мұға­ лімі Қарабаев Шора және Нархоздың есімі Бақыт деген мұғалімі болды. Шора да біздің 65-статьямен түсіпті. Мен білгенде, ол сол кезде Проректордың көмекшісі болатын... Бір камерада екі не үш-ақ адам отырады. Аптасына бір рет киі­ міңді жуып, өзіңді суға түсіріп тұрады. Тазалық, тәртіп қадағаланады. Күніне екі рет таза ауаға шығарады. Каталогпен кітап алдыртып оқи аласыз. Қалам, қағаз алдыртып, жазумен айналысуыңызға мүмкін­ дігіңіз бар. Бір түсінбегенім, апта сайын, кейде 3-4 күнде камера­ дан-камераға ауыстырып отырады. Неге екенін білмедім. Ақпанда түскеннен мамырға дейін сонда болдым. Сол екі жарым ай шамасын­ да, тергеушім – Ерубаевпен үш-төрт-ақ рет кездестік. Бірінде сөй­ лестік. Екіншісінде, юрфактың куәгер баласымен беттестірді. Тағы бірде, тергеуді сылтауратып, анаммен және ағаммен жүздестірді. Соңғысында: «Тергеу аяқталды» деген қағазға қол қойдыртты. Әлгі юрфактың куәгер баласының түрін білем, аты-жөнін біл­ меймін. Бұл жерде тергеушілер, психологиялық ахуалды аңдайды. Мен сыртқы дүниеден бейхабар отырған адаммын, ол сыртта, ер­ кіндікте жүр. Бірінші кезекте: «Танисың ба?» – деп менен сұрады. «Танымаймын», – деймін. «Көргенсіз бе?» «Көргенмін... шамала­ уымша, жиында болған», – дедім. Меніңше, бұл жердегі мәселе: «Кім бірінші айтады? Не, мен шындықты айтудан бас тартамын, ол «показание» береді. Немесе, болған оқиғаның ақиқатын мен ай­ тамын, бұрын басқа жауап берген болса, ол өзгереді. Немесе ол да мақұлдайды, «подтверждение» береді. Бірақ ол жігіт артынан сотқа келген жоқ, оқудан да шыққан жоқ. Нұржан деген Талдықорған облысының баласы болатын. Адвокат беріліп, іспен танысып болған соң, тергеуші адвокат­ пен бірге отырғызып, тағы бірнеше рет сұрақтарға жауап алды. Жа­ саған істерім туралы бар шындықты мен сол кезде айттым. Өзімді

қорғауым керек қой. Айта кетейін, алғашқы адвокатым Рогова де­ ген (белгілі заңгер С. Роговтың әйелі) болатын. Бірақ бір апта ша­ масынан кейін, елден үлкен ағам келіп, қорғаушымды алмастырды. Жаңа адвокатым – Шәйкенов Жарас Амангелдіұлы, әйгілі заңгер Шәйкеновтің туған інісі, өте таза кісі екен. Сосын тергеушім Алек­ сандр Ерубаев та өз ісіне жетік, білімді, зиялы адам боп шықты. Маған ешқандай зәбір көрсетпеді, қиянат жасаған жоқ. Ол – ке­ зінде Қазақстанның Транспорт министрі болған Карабаевтың ісін жүргізгендердің бірі. Сондай-ақ КСРО кезіндегі үлкен мемлекеттік қылмыстарды ашқан, Армения президенті Тер-Петросянды сот­ тайтын, ерекше маңызды істер бойынша құрылған тергеу тобының құрамында жұмыс жасаған, аса жоғары деңгейдегі маман екен. – Иә, жиналыс өткіздім. Сол жиналыста ортаға түскен ұсыныстардан, әлгі үш түрлі нұсқаны құрадым. Ол менің жеке ұсынысым емес. Мен, тек жиналысты жүргізуші болдым. Ұйым­ дастырғаным рас, студенттерді шақырғаным рас. Үнпарақ (листов­ ка) жазғаным да рас. Бірақ мұның ешқайсысы заңға қайшы кел­ мейді, – дедім. – Сізге тағылған қылмыстық айыпты мойындайсыз ба? – деп сұрады. – Ішінара мойындаймын, – дедім. Олай дейтінім, алаңға шығуға үгіт жүргізгенім рас. Бірақ ешкімді жаппай тәртіпсіз­ дікке шақырғаным жоқ. Өзім біреуге қол көтеріп, ешкімді ұрған жоқпын. Сосын «Алаңға барамыз» дегенде, мен: «Мәшине өр­ тейік, милиция­ны ұрайық» деген жоқпын. «Бейбіт түрде барамыз, бейбіт түрде қайтамыз», – деп айттым. Мен соны жасадым. Бар­ дым, сағат түнгі 10-да қайттым. Келесі күні таңға дейін төбелесіп, біреуді ұрды дейтіндей емес, мен таң атқанша, жұмыста болдым. Бұл жерде, кезінде өзі де менің жасым шамасында істі болып, ысылған үлкен ағамның тез арада қорғаушымды ауыстырғаны, ал ол қорғаушымның қазақтың білімді әрі зиялы заңгерлер әуле­ ті – Шәйкеновтер отбасынан шыққандығы да маңызды болғанын айтқым келеді. Міне, енді мен, сол қорғаушым Жарас Шәйкенов­ тің ақыл-кеңесімен сенімді, дұрыс қадам жасай бастадым. Оның

үстіне, Жарас Амангелдіұлы мен менің тергеушім – Александр
Какенұлы екеуі бұрыннан таныс-біліс, кәсіби біліктілігі жағынан
бірін-бірі сыйлайтын адамдар болып шығуы да, істі ушықтыр­
май алып шығуға септігін тигізді деп ойлаймын. Өз тарапым­

нан тергеушімді бағалайтыным, жауап алу барысында ол маған
физикалық күш қолданған жоқ, психологиялық қысым жасаған
жоқ, ең бастысы, жала жапқан жоқ. Болған нәрсені жазды. Бірақ
оның білімділігі сондай, орыс тіліне мен соншалық жетік емес­

пін ғой, кейбір сөз қолданыстарында бір сөздерді басқа мағына­
да жазып жібереді де, мен соған қол қойып жіберемін. Сол ғана!..
Басынан-аяғына шейінгі екеуіміздің қарым-қатынасымыз «Сіз» де­
ген сыпайылық нұсқада жүрді. Ол тергеуші болғаннан соң, сөзде­

рімді «теріп» отыратынын байқадым. Оның кәсіби мамандығы сол
ғой. Мен бар нәрсені айттым. Олар қолдарындағы альбомнан ме­
нің суретімді таба алған жоқ, кинохроникада тағы жоқпын. Алаңда
болғанымды, әуелде сыртымнан басқалар айтқан және оны өзім де

айттым. Менің біреулермен жұдырықтасып жатқанымды көрген
ешкім жоқ. Тергеушім қарау адам болғанда, қызметінде өсу үшін,
біреулерге жағыну үшін, өтірік «компромат» жинап, кейбір жел­
тоқсандықтардың тағдырын құштырып, істі ушықтырып жіберсе,

сол кезде ешкім «бұның қалай?» демейтін уақыт болды ғой. Ол
оған барған жоқ. Ол маған: «Көп болса, саған 5 жыл берер. Бірақ
сен соңына дейін отырмайсың, уақыт өзгереді. Ертерек шығасың.
Менің жұмысым осы...» – деп ашық айтатын.

Тергеушімнің тағы бір адамгершілігі, ереже бойынша рұқсат
бар-жоғын білмеймін, ол маған өз бөлмесінде сұрақ-жауап үстінде,
беттестіруді сылтауратып, ағам мен анамды көруіме мүмкіндік жа­
сады. Аурушаң анамның жасы сол кезде 60-тан асқан кезі еді. Екі

ай тергеу біткенше, екі ағам мен анам соңымда жүрді салпақтап.
Бір оңды болғаны – Шораменен бір камерада болғаным, жаңа
айтқанымдай, оқуға кітап берілді. Лениннің, Маркстің бүкіл том­
дарын сол жерде отырып ақтарып, ұлт мәселесіне қатысты барша

сұрақтарымызға бірге жауап іздедік. Олардың еңбектеріне, Кон­
ституция баптарына үңіліп, зерделеп, конспектіледік, тезистедік,
көкжиегімізді кеңейттік.

Сонымен бірге Стефан Цвейгтің таңдамалы шығармалар жи­ нағын, Дж Голсуорсидің «Сага о форсайтах», Вальтер Скоттың, Стендальдың таңдамалы шығармалар жинағын, О.-де Бальзактың «Львиное сердце», басқа да шетелдік және орыс классикалық көркем әдебиеттерінің де біразын оқып тастадым. Енді, шынын айтқанда, негізінен, уақытты ұту үшін, өзіңді-өзің алдаусырату үшін, ойыңды ауыздықтау үшін оқисың. Ол жерде кітап оқып, көңіліңді бөлу – үл­ кен көмек! Әйтпесе, таң атқаннан күн батқанға дейін: «Мен не жа­ сап қойдым, ендігі өмірім не болмақ?..» – деп, тек солай отыратын болсаң, жынданып кетуің де мүмкін шығар. Кітаптағы өмір мен өзің басыңнан кешіп отырған өмірді, тарихты, кейіпкер тағдыры мен өз тағдырыңды салыстырасың. Әсіресе, Цвейгтің шығармалары... Оның: «Аустро-Венгрия империясында әрбір 50 жыл сайын аз сан­ ды, шағын ұлттар өзіне-өзі: «Мен кіммін?» деген сұрақ қояды» дей­ тіні бар. «Әрбір 50 жылда үлкен империялардың төңірегінде төңке­ рістер болып тұрады. Солай болуы – қоғамның даму заңдылығы, диалектикалық заңдылық», – дейді. Демек, біз ерікті-еріксіз куәгері, тіпті «кейіпкері» болған кешегі желтоқсан көтерілісі де сол диалек­ тикалық заңдылықтың нәтижесі болып тұр ғой. Көтеріліске қатысқан қыздар-жігіттер, қандай таза жастар еді! Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналып, Алматыда бастары тоғысқан сол жастар – қазақ жастарының қаймағы секілді көрінді маған. Бәлкім, жоғарыдан біреулер соны қалап, ықпал еткен де бо­ лар, бірақ солай дүрк көтерілуге жастардың өздері де дайын болды. Ішкі істер басқармасы болсын, Қауіпсіздік комитеті болсын бар­ лығы да сол жоғарыдан шыққан «ұйымдастырушыны» жандарын салып іздеді. «Қалайша, дені 20–25 жас арасындағы жастар бірден осылай ұйымдасып шыға қояды?.. Қалайша, бір күнде сонша мың­ даған жастар алаңға шығып кетті, оларды жетелеген қандай дүлей күш?» – деп әбден бастары қатты. Шынында, таңғаларлық жағдай! Міне, бұл – меніңше, жаңағы Цвейг кітаптарында айтылатын, ірі империяның қолтығындағы саны аз, бодан ұлттардың ішкі қоғамдық-әлеуметтік ахуалдарының пісіп-жетілуіне орай, әрбір 50 жылда ұсақ ұлт өкілдерінің жаңа өсіп жетілген буындарының са­

насында: «Біз кімбіз?!» деген сауалдың оянуының көрінісі!.. Яғни бұл – әрбір 50 жылда бұрқ етіп жарылып отыратын көтерілістердің диалектикалық заңдылығы ұғымы арқылы түсініп-түсіндіруге бо­ латын құбылыс. Бұл құбылысты «Елу жылда – ел жаңа» деп, біздің ата-бабаларымыз бір ауыз сөзге сыйғызып айтып та кеткен... Қауіпсіздік комитетінің түрмесіне түскен сол, алғашқы ке­ зеңде, маған көп көмегі тиген жанның бірі – Қарабаев Шора болды. Менен жасы үлкен. Өте білімді және жігерлі кісі. Қамақтың тар ка­ мерасында жатып та, таза ауа жұтуға шағын ауласына шығарғанда да, үзбей жүгіріп, жаттығулар жасап, денсаулығын қатты бақылай­ тын. (Меніңше, сол әдетінен әлі күнге жаңылмай жүрген болуы керек). «Адам үш күннен соң көрге де үйренеді» дегендей, бір апта, он күн шамасында мен де өзіме-өзім келе бастадым. Шора ағамның қамшылауымен, мен де жүгіріп, жаттыға бастадым. Қо­ лыма кітап алып, үңіліп, парақтайтын болдым. Отырған жеріміз, шамалауымша, бұрынғы Виноградов–Дзержинский көшелерінің қиылысындағы, үлкен бір кварталды төрт жағынан қоршай алып жатқан, атышулы бұрынғы МҚК-нің қамақ-ғимараты болды деп ойлаймын. Олай дейтінім, бізді онда жабық көлікпен алып кі­ ріп-алып шықты. Айналамызды көре алғамыз жоқ. Соттағы сілкілесу Екі айдан соң, тергеу уақыты біткенде, 3-мамыр күні Алма­ тының Ішкі істер басқармасына қарасты «СИ-1» (Следственный изолятор №1) абақтысына ауыстырды. Ол жерде мүлде басқаша жағдай. Мұндағы бір камерада отыратындар саны 25–30 адамға дейін барады. Тер сасып, иіс-қоңыс сіңген, лас, қаптаған бүрге-бит, қандала... міне, сол жерде болды. Оныншы мамыр күні, алдын ала айыптау қорытындысын әкеліп табыстады. Айыптауды алып, бір­ неше қайтара оқып шыққан бойда: – Жігіттер, мен сот залынан әрі қарай үйге қайтам!.. – деп, қуаныштан айғай салдым. Себебі, жиырмадан астам куагердің бірде-бірі не милиция қызметкері, не әскер жасағы – бөгде біреу

емес. Бәрі – өзіме сырттай болса да таныс-біліс студенттер. Былай­ ша айтқанда, қатар-құрбы, достарым ғой. Оның үстіне, бәріміздің жасағанымыз – бір іс. Демек, солар сияқты мен де бостандыққа шығуыма құқылымын деп ойлаймын . Сол жерде ұзақ отырған бір шал: – Балам, асықпа, – деді, – сен мұнда отырсың, олар сыртта жүр. Олар – енді сенің достарың емес, прокурордың куәлері. Одан да, сотқа дұрыстап дайындал, – деді. Шымкент жақтың адамы екен. Кезінде 20 шақты кісі тері илеу фабрикасында жасаған топтық фи­ нанстық қылмыстық іс бойынша сотталған. Бір рет сотталып, істе­ рі қайта қаралып жатқан. Алды бес-алты жылдан отырған... Солар өздеріне жақын тартып, не болған-қойғанын сұрап, ақыл-кеңестерін беріп жатты. Сотта өзімді қалай ұстауым керек екенін сол шал мен бір жігіт үйрете бастады. «Алғашқы айыптау қорытындысы» деген – шағын, небәрі, екі парақ қағаз. Соны олар оқыды. Сосын, кімдер не айтуы мүмкін, қандай сұрақтар қоюы мүмкін екендігін болжалдап, мені дайындады. Одан соң қорғау­ шым келді изоляторға. Оңаша отырып, онымен дайындалдық. Әсіресе, камерадағылар көп көмек берді. «Ең бастысы, сабыр­ лы бол!» – десіп, «Прокурор деген кім?.. Ол не айтуы мүмкін?..» дегендерді түсіндіріп берді. «Мұнда отырып бой үйретіп қалған адам, ол жерге барғанда, терезеден бостандықты көресің. Сол кез­ де көңіл ауаның құбылып, психологиялық толқынысқа ұшырауың, көңілің бұзылып, бойыңды билей алмай қалуың мүмкін...» деген сияқты ескертулерін айтты. Солардың қаупі расталып, 13-мамыр күні басталған соттың бі­ рінші күні салым суға кетіп, басым салбырап қайттым камераға. Сотқа іштей «Осыннан үйге кетемін» деген сеніммен келгем. Өң­ шең өзіммен бірге оқитын студенттерді залда, еркіндікте отырған­ дарын көргенімде, ащы қызғаныштан, ашу-ызадан ішкі жан-дү­ нием аласапыран боп кетті... «Олар неге онда, бостандықта, ал мен неге мұнда қамақтамын?.. Қолымда кісен, темір тордың ішін­ де отырмын. Сендер де менімен бірге болған едіңдер ғой, әділдік қайда?!» – деп, оларды да айыптап, айғай салғым келді. Бәрінен де

сұмдығы – өзім сеніп, сонша қуанған жиырма шақты студент-куә­ герлерімнің бәрі теріс «показание» бергені есімнен тандырды! Сол «достарым»: «Мұның беделі биік, бізді үгіттеді», – деді. Жасы ме­ нен үлкен тарих факультетінің бір жігіті, әлгі Камалданов Рашид «досым»: «Мені қорқытып ертіп жүрді» дегенін қайтерсің!.. «Бұл сөйтпесе мен бармас та едім, ондай тірлік істемес те едім», – дей­ ді. Мен айтамын: «Қарасаңдаршы, оның денесін көр де мені көр. Кім-кімді қорқытуы мүмкін?!». Тар қапас камераға суын сығып алған жемістей қуарып, сілікпем шығып оралдым. Камераластарым жағдайды айтқызбай-ақ түсінді. Шай беріп: «Ештеме етпейді, еңсеңді түсірме» –деп, есімді жидырды. Әлгі шал-кеңесшім: – Айтып едім ғой, ондай болады, сен сотта бұған күйіп-піспе, өзіңді-өзің ұста, – деп, жұбата отырып, ақыл-кеңестерін сіңіре айтты. Сол күні түнімен өзім де ұзақ ойландым. Келесі күнгі сот басталғанға дейін адвокатыммен тағы әңгімелестім... Не керек, екінші сот болған күні іштей тас-түйін дайын боп бардым. Жоғары­ дағыдай «жағдайдың» болатынын алдында ескерткендерінде, құлағыма мүлде ілмеген екенмін. Басымнан кешіп, маңдайым тасқа соғылғандай болғанда барып, ес жиғандай сезіндім. Сот процесі қалай өтсе де салқын қандылығымды жоғалтпай, сабырлы қабылдадым. Өз тарапымнан оларға сұрақ қою, айыптаулар болған жоқ. Мен жақтан, тек «сарказм» болды. Күліп отырдым. «Сендер қаншалықты төмен болсаңдар, мен соншалық биікпін. Бәрібір сен­ дерден жоғары тұрамын» дегендей, сот залында отырған анамның алдында, бауырларымның алдында өзімді төмен көрсеткім келмей, асқақ отырдым. Тергеуде отырғанда, бір спортивка алдыртқам, бі­ рақ бұл күні, алғаш тұтқындалғанда үстімде болған ақ жейде, кос­ тюм-шалбарымды киіп, шырттай боп отырдым. Бәрі, бір ауыздан маған қарсы куәлік беріп отырған, қара нанды бөліп жеп, шәугім шайды бірге ішкен студент «достарыма» жоғарыдан қарап, күліп отырдым. Әлбетте, сыртым солай болғанмен, ішім алай-түлей!.. Бірақ та жаңа айтқанымдай, ең бірінші, анамның алдында өзімнің мүжілгенімді көрсеткім келмеді. Өйткені «Мен езіліп, егіліп, жүн­

жіп отырсам, анамның жағдайы не болады?» – деп ойладым. Екін­
шіден, камералас үлкендердің айтқандары бар: «Өмір мұнымен
бітпейді, өзіңе-өзің сенімді болуың керек!..» деген. Содан аман-
есен оралатыныма сенімім, бірінші қадамым да, сол, соттың екін­

ші күнгі процесі үстінде жасалды.
Сот мамыр айында болып жатты. Мені конвоймен алып келген­
де, көзім бірден залда отырған анам мен екі ағама түсті. Прокурор
және мемлекеттік айыптаушы отыр. Төрде судья, оның екі жағында

екі заседатель жайғасқан. Прокурор мен мемлекеттік айыптаушы­
дан басқа, қоғамдық айыптаушы дегендер – бір мұғалім мен бір
комсомол мүшесі де келіпті факультеттен. Қазақ КСР тарихы ка­
федрасының аға оқытушысы Шүпеков және Казменко дейтін өзім­

нің группаласым. Факультетте жиналыс болып, арнайы талқылап,
солардың қабылдаған шешімдерін жеткізуге жіберілген белсенді
өкілдер. Сотта сөйлеген сөзінде өз аузынан баяндап бергеніндей,
бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, сол Казменко Ирина, мені

комсомол мүшелігінен шығару туралы факультет жиналысының
шешімінен соң, біздің жалдамалы пәтерімізге мекенжайым бойын­
ша арнайы іздеп барып, менің комсомол билетімді таптырып, алып
кеткен ғой! Міне, сол кездегі комсомол билетінің «қадір-қасиеті»

мен «құндылығы» қандай болғандығын осыдан аңдай беріңіз...
Құдайдың құдіреті, осының бәрі кеше де тап осылай отырған,
бірақ мен соларға тек бүгін көңіл аударып отырмын... Екінші күнгі
сот процесі жүріп берді.

Оқиғаның қалай болғанын, әуелі прокурор шолу жасап, ай­
тып өтті. Куәгерлер сөздерімен толықтырылды. Мені де тұрғызып,
сұрақтарына жауаптар, толықтырулар алып жатыр. Қорғаушым
протоколдың қайбір жерлеріне өзінің қосып-алуларымен бір­

лі-жарым «ходатайство» жасады. Бар баққаным, 65-ші бапқа іліп
жібермес үшін, куәгерлер аузынан мен туралы «біреуді ұрғанын
көрдім» немесе «алаңда әлдекімді қосылып сабауға шақырды» де­
ген сияқты сөздердің айтылған-айтылмағанын аңдау болды. Сон­

дай сөздер болмағанымен, сондағы прокурордың «сол кезде ол
аласұрып, арқаланып жүрді ме?.. (Как он себя вел, он был возбуж­

ден?)» – деп куәгерлерге қойған сұрағының өзінен елеусіз көріне­ тін сұрақ-жауаптың да өзекті статьяға иірімдей тартып әкететінін іштей түйсіндім. Демек, менің сол «хабарды» естіген сәттегі көңіл әуенімнің өзі менің тағдырыма тікелей әсер еткелі тұр... Сол сәтте менің куәгерімнің бірі: «Иә, ол сол сәтте өте арқаланып, айғайлап жүрді (Он эмоционально выражался)» дегендей жауап берсе, мен дайын қылмыскер боп шығатынмын. «Суға кеткен тал қармайды» дегендей: «Ал көрген екенсің, менің үстімдегі киімім қандай еді?..» дегендей, қарымта сұрақ қоюмен қорғануға әрекеттендім. Бірақ оның көмегі аз екенін де кейін түсінесің... Үшінші сот күні мені таңғалдырған екі жағдай болды. Бірі – куәгерлер тізімінде жоқ, ауған соғысына қатысқан, өзіммен бір топта оқып, бір бөлмеде жатқан жігіт: «Куәгер болам», – деп келді. «Мені қорғайтын болды», – деп қуандым... Бірақ қайдан?!.. «Алаң­ да болды, бұл өзі – өте эмоциональный жігіт» деген сөзді де сол Ұматаев Әбдірахман «бөлмелесім» айтып салды!.. Өзіміздің Жеті­ сайдың баласы. Өзім қауіптенген статьяға соның сол сөзі-ақ жетіп жатты... Ал, енді, екінші ғажап жағдай!.. Ең соңында: «Мен де куәгер болайыншы», – деп, бір бейтаныс жігіт келді. Алдында ғана бір­ ге оқыған бөлмелесімнің оңдырмай «топит» еткенінен аузымның оңбай күйгені бар. Мұны көргенде, көзім шарасынан шықса керек. Шынында, бұл бала мүлде есімде жоқ, танымаймын. Сот менен сұрады: «Сіз қалай қарайсыз, қарсы емессіз ба?» – деп. Ойлануға мұршам жоқ: «Қарсымын!» – дедім бірден. «Көрмеген адамым!..» Сот қуанып қалды. Прокурор «Қарсы емеспін» деген соң, жаңағы бейтаныс жігіт «показание» бере бастады. Заң факультетінің бірін­ ші курс студенті екен. Ол: – Иә, 16-желтоқсан күні түнде біз юрфактың 9-жатақханасын­ да жиналдық. Үнпарақ жазылды. Жазғанда, Конституцияны алып кеп қарап, заңға қайшы келмейтіндей қылып, бірге жаздық. Оның бәрін басынан-аяғына дейін жалғыз Қуандықов жазған жоқ. Әркім өз ойын, өз сөзін айтты. Бұл – бәріміздің ортақ ой-пікірімізбен бір­ ге жазылған мәтін. Демек, Қуандықов қылмыскер болатын болса,

осында куәгер боп отырған мыналардың бәрі де, оның ішінде мен
де – бәріміз қылмыскер болып, бірге отыруымыз керек!.. – демесі
бар ма?!

– Тоқтат!.. Мұның сөзі протоколға енгізілмесін!.. – деп, судья

айғайға басты. Мен қуанғанымнан есім кетіп, қолымды қоршау
темірден шығарып алсам керек. «Қолыңды тарт!» – деп, конвой
маған айқайлап, резеңке таяғымен тоқпақтап жатыр. Сөйтіп, куәгер
боп сөйлеп тұрған жігіттің сөзін үзіп, тоқтатып, залдан шығарып

жіберді. «Ошанов» деген фамилиясын ғана есімде сақтап қалдым.
Сотқа шақырылған жиырмадан астам студент-куәгерлердің
ішінен суырылып шығып, мені растап куәлік айтқан тағы бір
жалғыз қыз бала болды. Ол – куәгер ретінде мен шақыртқан Мұқа­

нова Бағдат деген қыз, өзіміздің тарих факультетінің «СОКП та­
рихы» бөлімінде, менен бір курс жоғары оқитын студент қыз. Бағ­
дат алғашқы, жатақхана фойесіндегі жиналыста болған. Сол жи­
налыста айтылған үш ұсыныстың жеке менің аузымнан айтылып

жазылмағанын, менің, бар-жоғы, ортаға тасталған ұсыныс-пікір­
лерді құрастырушы болғанымды дәлелдеуім керек қой. Анау, өзге
20 шақты куәгер-достарым «бәрін өз қолымен жазып ұсынған –
осы», – деп, мені көрсетіп, күйдіріп отыр емес пе?!.. Ал Бағдат –

таза ақтап алмаса да, мені айыптамаған, керісінше, мені батыл
қорғап сөйлеген бірден-бір куәгерім болды.
Иә, өмірде жақсы адамдар да жолығады, жаман адамдар да жо­
лығады. Күн мен түн секілді екен бұл өмір. Бірақ бірнеше жаманға

– бір жақсыны теңестіріп қояды. Сирек те болса, адамға сенім бе­

ретін, күш беретін – міне, сондай адамдар! Тағдыр мені бұрын ара­
ласпаған, танымаған осындай екі адаммен тар соқпақта түйістіріп,
таныстырды...
Сот шешім шығаруға кетті. Қайта келіп, «Айыпталушы Қуан­

дықов Ермұханбет Әбдікерімұлы Қазақ КСР Қылмыстық заңының
60, 65-бабтары бойынша 5 жыл бас бостандығынан айырылады.
Жазасын күшейтілген режимдегі еңбекпен түзеу мекемесінде
өтейді...» деген үкімін оқыды.

Міне, солай, 5 жылды арқалап кете бардым. Апелляцияға
шағым жазбадым. Себебі, камерада отыру шаршатады екен. Қимыл
жоқ, ас-тамағы нашар деген сияқты, таза ауаға барғың келеді...

Сол үш күндік сот процесіндегі алғашқы алданыш сезімімнен
опық жеп, өзіме-өзім келуім... есімді жидырғандай болды. Дәл сол
күндері, сол жерден басқа адам боп шықтым. Айналдырған екі-үш
күн ішінде адамдарға, досқа деген көзқарас, қарым-қатынас мүлде

өзгерді менде. Бұрын киімімізді ауыстырып киіп, бірге тамақ ішіп,
стипендиямыздың соңғы тиынын бөлісіп жүрген дос атаулының
үңірейіп орны ғана қалды...
Қосымша мәліметтер:

Сол күндері Ішкі істер министрлігі тарапынан айыптылар
есебінде ұсталғандар саны – 2401 адам. Оның 2301-і – қазақ,
қалғаны –әртүрлі ұлт өкілдері.
Ауруханаларға 1700-дей адам әртүрлі дене жарақатымен

түскен. Алғашқы көмек алып, үйлеріне қайтқандарынан өзге күр­
делі ем алған 369 адамның 363-і – қазақтар.
ЖОО-нан 270-тей студент оқудан шығарылды. 300-ден аса
адам қызметінен қуылды.Сотталғандар саны – 103, олардың

100-і – қазақ. 1. Оқиға барысында 2 адам ауыр жарақаттан қайтыс болды:

Савицкий С.А. (телеорталықтың инженері);
Сыпатаев Е.М. (энергетика институтының студенті).

2. Мұхамеджанова Сабира Есібекқызы 1986 жылы 26 жел­

тоқсан күні Желтоқсан оқиғасына қатысты тергеу амалдарының
қысымына төтеп бере алмай, кезекті тергеуден шыққан соң,
өз бөлмесінің терезесінен секіріп, қаза тапты. Қаза боларының
алдында тергеуде, ол өзінің 16–22 желтоқсан аралығында са­

бақта болмау себебін Алматы қаласында орын алған Желтоқсан
оқиғасына қатысқанын, өзінің оқиғаға өзі құралпы жастарды
ояту, тарту ісінде белсенді болғанын айтқан.

3. «Телеорталық инженері С.Савицкийді өлтірді» деген

айыппен Қ. Рысқұлбеков Қазақ ССР Жоғарғы сотының шешімі
бойынша, ең жоғарғы жазаға – ату жазасына кесіліп, кейін 20
жылға бас бостандығынан айырумен алмастырылды. Алайда

алғашқы үкімнен ақталған оның өлі денесі Семей қалалық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының СЕ 1651 мекемесінің, 21-ка­ мерасынан табылады. 4. Қазақ КСР Қылмысты істер кодексінің 65-бабы бойынша айыпталған Алматы музыка училищесінің 16 жасар студенті – Ләззат Асанова үй шатырынан секіріп өлді. 5. Мұнан өзге, 19-желтоқсан күні қалалық автопарктер­ дің бірінің қызметкерінің де қазасы анықталған. Ол оқиға, бірақ «Желтоқсан оқиғасына қатысы жоқ, бұзықтардың екеуара жай төбелесінен шыққан» деп тіркелінген. Мұның бәрі ресми мәлімет бойынша. Ал шын мәнінде, көте­ ріліске қатысы бар деп ұсталғандардың ұзын саны 8500 адамнан асып жығылады. Әлі күнге ашық айтылмайтын ресми мәліметтер бойынша, адам өлімі 130–150-дей болған. «Западное» бейітіне 31-желтоқ­ санға дейінгі аралықта апарылып көмілген 131 (бір деректерде 150) мәйіттің 75-і нөмірленіп, белгі қойылған, оның 19-ы таныл­ мағандар (неопознанные). 39-ы басына ешқандай белгі қойылмай жерленген. (Деректер америкалық Хельсинки тобының зерттеулері мен академик М.К. Қозыбаевтың зерттеулерінен алынған). Ойлап отырсам, 17–19-желтоқсан күндері алаңға мыңдаған адам шықты. Соның бәрін ұстап, соттап, қамауға биліктің түрмесі жетпейтіні айдан анық. Мен секілді көзге түсіп қалғандарды ғана соттады. Менің қапа болатыным, қасымдағылардың бәрі куәлік бермей-ақ қойса, оларды да соттамас еді ғой! Ең әрі кеткенде, бәрімізді оқудан шығарар еді. Бірақ... иә, бірақ бәрінде сол, бая­ ғы қорқыныш, баяғы үрей болды. Сыртта жүргендердің уайымы да, мақсаты да басқа болады екен. Бәлкім, олардың мақсаты – өз басы тыныш, оқуын жалғастыру болған болар? Мүмкін, олар да ата-анасының алдында айыпты болғылары келмеген шығар? Әлде оларды да қоқан-лоқы жасап, қорқытқан да, алдаған да шығар... Осындай, он-сан себептерді тізбектеп, ақтау-ақталу нұсқаларын

келтіруге болады. Бірақ менің жүрегімде жазылмас жара боп қалған бір ғана пайым-түйсік – біздің халқымыздың үлкен-кіші­ сінің басым көпшілігінде: «Өзге не болса, ол болсын, ең бастысы, өзім аман қалайын..» деген пенделік күйкі сана ғана қалған екен. Бәрінен қорқыныштысы, «елім-жұртым», «болашағым» дейтін ұғымдарды жоққа шығаратын сол «қарақан бастың қамын күйт­ теу» пиғылы –уақыт өткен сайын өрши түспесе, кеміген жоқ!.. Сонымен, үкім кесілді. Енді іші сасық, тар камерадан те­ зірек кетуді асыға күттім. Тағдырдың мойынға салғанын көтеріп, бұрынғы өмірмен қоштасу, алға қарау керек болды. Өзімді солай етуге көндірдім де. Сол санаулы күн ішінде менде өмір сүруге де­ ген талпыныс пайда болды, ертеңім үшін күрес басталды. Өзімді өзгелерге дәлелдеу үшін: «Мен ол жақтан аман-есен келуім ке­ рек. Ең бірінші кезекте – анамның алдында және өзімді «құрбан­ дыққа» шалып, нақақтан-нақақ күйдіріп, жығып берген студент «достарымның» алдында, ең соңы, өзімнің алдымда – өзімді дәлелдеуім керек!.. деген ойға нық бекідім. «Және ешқайда арыз­ данбаймын», – деп шештім... «Паханым» ара түсті ...Сыртыңнан бәрі байқайды ғой. Менің ұйқыға басып, одан қалса, ойға шомып, ешкіммен араласпай, өзіммен-өзім шошайып тұйық жүргенімді аңдағандар «қайтер екен» дейтін сияқты, көзде­ рінің астымен сүзе қарайды. Алматы облысының үлкен кісісі бар екен, бірнеше күннен соң, сол кісі шақырып шай берді. «Сені байқап, көріп жүрміз, жігітім, жалғызсың. Мұнда бір өзің жүре ал­ майсың, бізге келіп тұр», – деп, сол түсіндірді. Ол өзі адам өлтірген кісі, 88-ші баппен отырғанына 10 жылдай боп қалған екен. Қасын­ да екі жас жігіт бар. Біреуі Ақтөбеден, әлде Арқалықтан болуы ке­ рек. Оның да отырғанына 10 жылдай болып қалған. Және тағы бір жігіт болды... Уақыттан сәл ілгері озып, айта кетейін, шынында, ол шалдың қамқорлығын көп өтпей-ақ көруге тура келді. Онда түскеннен соң,

алты айдан кейін алғашқы кездесуге келген анам мен әпкем ша­ малы ақша тастап кеткен. Соның бір жартысын, денсаулығымды сақтаймын деп, тамағыма жұмсағанмын. Бес сом ақша төлесең, түрме әкімшілігінің рұқсатымен, «4Б» деген столдан тамақтана аласың. Ол жалпы түрме тамағынан сәл-пәл майлылау және шамалы ақ нан қосып береді. Бір күні сол бөлек стол болмай, жалпылармен бірге, бір столдың бас жағына отырып қалдым. Ұзын столдың екі жағына бес-алты адамнан бөлініп отырғанбыз. Әр столда «шыныр» (тамақ құйып-үлестіруші) дегендер болады. Соны күтіп отырғанда, орта тұста отырған бір «блатной» маған қарап: – Құй, тамақты! – дейді. – Келеді қазір тамақ құятын адам, – десем, – Ей, аузыңды!.. (орысшалап) – деп, даусын көтеріп, боқтық сөзбен сыбап салды. Мен де жұлып алғандай: – Ең әуелі өз аузыңды... ал! Сосын басқаны байқап көр! – де­ дім. «Блатнойдың» үні өшті. Астан соң тұрып бара жатып: «Кешке разборка жасаймыз», – деп кеткен. Кешкісін оның «паханы» маған келіп, «сенсің бе, крутойсың ба не? Жүр сыртқа, сөйлесеміз!..» – деді. «Жүрсең-жүр!..» – деп мен де шыққам. Сөйтсем, мен байқа­ маппын, соңымыздан менің «паханым» да ілесе шыққан екен. Маған: «Сен бара бер...» деп, ананың «паханымен» өзі сөйлесіп, ауыздарын жапты. Олардың келіп тұрғаны «блатнойға» өйтіп сөй­ леуге құқың жоқ, сен «мұжықсың» дегенді мойындату маған. Оған біздің шал қоя ма... «Ең бірінші кім, неден бастады?» деп, ол жер­ де бәрін сұрап, анықтайды. Сөйтіп, өздерінің «шәпкісін теріс ай­ налдырып» жіберді. Оның үстіне, менің статьям – 65, оныкі – 101 (қыз зорлаған)... Ондай жерде соның бәрі безбенге салынады. Шал араласқаннан кейін бітті сонымен. Содан қайтып ешкім маған сөй­ леген емес!.. Жанындағы екі жігіті және мен – бәріміз бірге жүрдік. Шал, мен босанардан сәл ертерек амнистияға ілігіп, аман-сау шығып кетті соңында. Адамның басына не келіп, не кетпейді. «Жүре берсең – көре бересің, көре берсең – көне бересің» дейтін де аталы сөз бар. Мен де, тағдырдың жазуымен, кісі өлтірген кісінің қамқорлығын солай

көрдім. Адам бір тығырыққа тіреліп, экстремальный ситуацияға тап болғанда, еріксіз кісі өлтіруге, не ұрлық жасауға мәжбүр болуы мүмкін. Ал өмірде, кәдуілгі, кісілікті адам. Олар да өзіміз секіл­ ді күледі, өзіміз секілді қалжыңмен қызықты әңгімелер айтады... Олардың да отбасы, бала-шағасы, артынан іздеп келетін туыс-ба­ уырлары бар. Кездесуге келіп тұрады. Рас, сонша жыл түрмеде отырған адамның мінез-болмысында сәл-сәл ерекшеліктер болмай тұрмайды ғой. Бірақ абайлап сөйлесіп, байқап қарым-қатынас жа­ сасасың... «Блатнойлары», «мұжығы» бар, «жұғымсызы» бар, тиесілі жұмысын ғана атқаратын «жұмысшылары» бар... Әркім әртүр­ лі айтуы мүмкін, бірақ негізінен, зонаның өз заңы сақталынады. Яғни сен өзің «касяковый» болып, ешкімге ұрынбасаң, саған ешкім соқтықпайды. Өйткені әркімнің өз проблемасы бар...­­­ Айтқандай, бұл жаққа келгелі, баяғы «түп-тұқияныңмен құртамыз, өмір бойы түрмеде шірисің...» деген сияқты, үрей шақыратын қорқыту сөздерінің бекер екендігіне көзім жете бастады. Жаңа айтқанымдай, отырғандардың 90 пайызға жуығы – өзіміздің қазақтар. Кейбіреулер айтатындай, «жол-жөнекей ұрып-соғу, қорлық көрсету» деген сияқты қысымдар да менде болған жоқ. Бәлкім, Құдай... Алла деп жатамыз – бір Құдірет иесі қорғаған болар, қалай дегенде, мен сондайды басымнан кешпегеніме тәубе деймін... ­­­­­ ­

нен, ІІБ-сы тергеген. Онсыз да жақсы аты жоқ милицияңызда, сол тұста, «бардак» болып жатқаны да рас... Ал мен тергеуге алынған – ақпанның соңы мен наурыз ай­ ларында, бастапқы екпін басылып, аз-кем тәртіп орнап үлгерген секілді. Желтоқсаншылардың алғашқы легінің, қаңтарда сотталғандар­ дың, этаппен шетке – Ресейге, Воронежге дейін, тіпті, Удмуртияға, Читаға жіберілгендері бар. Солар көп қиыншылыққа душар бол­ ды. Удмуртияда отырған жігіттің артынан әйелі іздеп барып, бір­ ге тұрған, сонда босанған да. Өзіміздегілердің көпшілігі Маңғыс­ тауда шоғырланып қалады да, сосын, оларды бүкіл Қазақстан ай­ мағына шашыратып, бөліп жібереді... Қарағанды маңындағы Абай каласында орналасқан колонияда «Желтоқсан оқиғасымен» сотталған жеті жігіт болдық: Ерлан Де­ келбаев, Жанас Арынбеков , Ермек Иманбаев, Аманқос Есбосы­ нов, Расылхан Құдайбергенов , Құрманбай Халмұратов және мен... Мен жоғарғы оқу орны студентімін, Ермек пен Расул – техникум студенттері, өзгесі – жұмысшылар. Түрмеде «пара» бердім Алғаш келгенімде, түрме басшылығы азаматтық мамандығым­ ды сұраған. Мен, баяғы ПТУ-да оқығанда алған дәнекерлеуші де­ ген мамандығым бойынша «сварщикпін» дедім. Лагерьде ауыл­ шаруашылық техникаларын шығаратын өндіріс зонасы бар екен. Соның орталық цехына жіберді. Дәнекерлеушінің оқуын жүр­ дім-бардым оқып, қағазын алғаным болмаса, бір күн істеп көрме­ гем. Ең ауыр жұмыс. Кранмен көтеріп тұрып, дәу-дәу темірлерді піскілейсің. Бір күні жаңағы темір түсіп кетіп, бір қолымның тыр­ нағы көгеріп, күп болып ісіп кетті. Күнделікті норма беруім керек. Үлгермеймін. Сонымен амалсыз жағдай қарастыруға тура келді. Айналамдағылардың тамырын басып, сұрастырып көрсем, «Өнді­ ріс зонасының бастығына «пара» берсең, жеңілдеу жұмыс алуға мүміндік бар», – десті. Сосын, ауылдағылармен хабарласып, «тір­ шілікті» қамдастыра бастадым...

Артымнан іздеп, анам мен Бибіжамал әпкем келді, қажет ақ­ шаны алдым. Енді мұны не істеймін?..Тағы сұрастырдым. Бір жі­ гіттер: «Өндіріс зонасындағы цех бастықтарының бірі – «Николае­ вич» дегенге алты ай сайын 25 сом ақша беріп тұрасың», – деді. Өйткені әр алты айда бір кездесуге рұқсат етіледі. «Соған кіріп, «Арыз жаз», – деп кеңес берді. «Арызды не деп жазам?» – деймін. Сөйтсем, «арыз жазбайсың, осылай, пәлен күн жұмыс істегем, соған «отгул» беріңіз», – деп жаз. Сосын, қағазыңды бүктеп, арасына ақшаңды салып, кабинетіне кір де, қолына ұстат», – десті «ақылшыларым». «Өз статьям үстіне тағы статья қостырып, масқа­ ра болам ғой!..» – деп, әуелде, бата алмай, біршама жүрдім. Бірақ күн өткен сайын жағдайым ауырлап бара жатқан соң, амалсыз, бір күні есігін ашып кіріп бардым. Аяқта сірескен керзі етік. Екінші қабатқа дүрсілдетіп көтеріліп, табалдырығынан аттаған бойда, әй-шәй жоқ, үйретушілердің мәнерімен «Николайыш, мен кеше қосымша уақыт жұмыс істедім. Маған «отгул» керек!..» – деп, ішін­ дегі 25 сом ақшасымен столдың үстіне бүктеулі бір парақ қағазым­ ды қалдырып, жалт бұрылып зыта жөнелдім. Керзі етіктің өкшесі­ нен шыққан тарсыл-тұрсыл жер-әлемді көшіргендей! Оған атырау­ лап, кеудемді жарып шығардай алып-ұшқан жүрегімнің дүрсілі қосылып, құлағым шуылдап... қойшы, әйтеуір, өн бойым су болып, қара терге малшындым-ау!.. Өндіріс зонасының ең бір бұрышына қашып барып, өзімше «жасырынып» күтіп отырмын. «Не істедім? Неге істедім?!..» деген өкінішті үрей жанымды жеп барады. Ара­ да бір сағаттай уақыт өткен шамада, бүкіл «промзонаны» басына көтеріп, селектор арқылы іздесін: «Куандыков, срочно явиться к начальнику цеха!..» «Не болар екен?» – деп қорқа-қорқа бардым, амалсыз. Кіргеннен: – Ты-че, ...мать твое, куда бежишь? Кругом, на каждом шагу солдаты с автоматами!.. – деп айғайды салды. Не айтарымды білмеймін, үндемей тұрмын безірейіп. Бір кезде күлді... Ішімнен «Үһ!» – деп, бір жеңілдедім. Күлді де, маған сынай қарап: «Че тебя надо?» – деді жай дауыспен. Айттым сосын: «Жұмысым ауырлық қылып жүр, жеңілдеу жұмыс болса?..» – дедім қызарақтап. «Лад­ но, иди, пока работай. Я придумаю че-нибудь», – деді.

Бірер апта өткен шамада, «қоймашы» боп шыға келдім. Бірақ
қойма жоқ... «Айлығым» жүріп жатыр, бірақ қайбір айлық дей­
сің, айына бір жуынып-шайынуға қажет керек-жарағыңды, сосын,
жеңіл-желпі «тіске басар» бірдеме алуға жетеді... Оны да, қол­

ма-қол ақшамен емес, карточкамен береді. Сөйтіп, «қойма меңге­
рушісі» – «қарауыл» боп шыға келдім. Оның өзінде, 3-ші кезекке
шығамын. Күндіз күні бойы жатақ орында ас-суыңды ішіп-жеп жа­
тасың. Мұндай бос уақытымды, негізінен, кітап оқуға жұмсадым.

Жұмысқа, тек түнге қарай түсемін...
Әр алты айда бір рет «свидания» – жақындарыңмен кезде­
суге рұқсат бар. Бірақ қандай да бір тәртіп бұзсаң, алты ай бойы
зарығып тосқан кездесу мүмкіндігіңнен оп-оңай айырып тастай

салады. Сондықтан түрменің ішкі ережесін сақтап, ешкіммен ки­
кілжіңге бармайсың, ешкім ешкіммен қақтығыспауға тырысады.
Кездесу, тек туыстарға ғана рұқсат етіледі: Ата-анаң, бауырларың,
жұбайың деген сияқты. Маған анам мен әпкем ғана келді. Әйеліме

бір-екі рет хат жазғанмын. Оның арыз беріп, сырттай ажырасып
кеткенін білгем жоқ. Шақырдым да, бірақ ол келмеді. Сыртынан
оның бесінші курсты бітіріп, Талдықорғанның Панфилов ауданын­
да жұмыс істеп жүргенін білдім. Хатымда: «Келетін болсаң, ба­

ланы алып келме, мұндай жаман жерді көрсетпей-ақ қой», – дегем.
Келген жоқ. Анамдар келерінде, оған хабарласып: «Барасың ба?» –
деп сұраған екен. «Жағдайым жоқ, жұмыстан шыға алмаймын», –
деп жауап беріп, бас тартқан құсайды...

Ол, сол кезде 5-курсты аяқтап, емтихан тапсырып жатса, екін­
шіден, кішкентайлы еді. Артынан білдім, мен тергеуде сотталып
жатқанда, оған да «желтоқсаншының» әйелі деп, қиянат-қысым
жасалыпты. Мемлекеттік емтихан кезінде, менің кураторым Бұр­

ханов Камал баға қоймай, күзге қалдырған. Менің ағаларым да
жолығып сөйлессе, «партия қатарына өтуге кандидат едім, дәл осы
баланың (яғни менің) кесірінен партияға өте алмай қалдым!..» –
деп дүрсе қоя берген құсайды. (Кейін сол жарықтық, «Нұр Отан­

ның» мүшесі болды ма-ау, еліміздің тәуелсіздігінің жоқшысы бо­
лып, Желтоқсанды ұлт-азаттық көтеріліске теңеп, оған қатысушы

жастарды «батырлар» деп мақтап, мақалалар жазып, эфирлерден
керемет жалынды сөздер сөйлеп жүрді. Ал тауып көріңіз – қайсысы
шын Бұрханов?..)
Нөмірленіп жерленбеу үшін...

1987 жылдың қараша айының 7-сі күні, сол зонада ең алғаш
темекі шектім. Бірақ көп ұзамай, «түтіннен» мүлде баз кештім!..
Иә, мұнда келгеннен кейін, біршама уақыттан соңғы көзім же­
тіп, көңілімді бекіткен басты бір мақсат-мұратым – денсаулықты

жоғалтпай, аман-сау оралу болды. Оған түрткі болған «құпия»
қозғаушы күш – Жаратқаннан «ақ өлім» бұйыртуын тілеу және сол
жолда түрлі тәуекелден бас тартпау!.. Өйткені біздің білуімізше,
зонада өлген адамның денесін бермейді. Мәйіттің аяғына нөмірің

таңбаланған қалайы темір байланып, бейітіңді де нөмірлеп көме
салады. «Нөмірленіп» жерленбеу үшін де денсаулықты сақтап, кү­
шейтудің қолдан келген амалын жасап, қалайда өмір сүруге, ел-
жұртқа қайта оралуға ұмтылдым. Сол үшін, қолыма түскен бар

тиын-тебеніме қара нан, консерві болса да ас-тамақ алдым. Сол
үшін, өмірімде аузыма алмаған шошқаның тұздалған майын (сало)
алып жедім. Ақшаң болса, зонадан не іздесең, бәрін де табасың...
Және де тағы да сол, денсаулығымды зақымдап алудан қашып,

артымнан келген ақшаны, жеңіл жұмыс алуға жұмсадым. Өмірім­
де бірінші рет, онда да түрмеде «пара» бердім!..
Осылайша, сонау, сот залында санамда пайда болған «ол
жақтан аман-сау оралып, оқуымды жалғастырып, бәрінің алдында

өзімді дәлелдеймін!» деген арман-мақсатыма жан-жақты іс-әре­
кеттеріммен біржолата бет бұрдым...
Бостандықтың қадірін...
Нені де болса дәл айтқыш қазақ – парасатты халық қой, не­

гізі. Оның мысалы – мың-сан. Соның бірі: «Ата-ананың қадірін
балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда бі­
лерсің, денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің, бостандықтың

қадірін жазалы болғанда білерсің...» деп келеді. Әйтсе де, бардың қадір-қасиетін жоғалтқанда бір-ақ біліп, өкініштен өксіп, бармақ шайнау – жалпы адам баласына тән деп ойлаймын... Міне, мен де солай опық жеп, кеше ғана уайым-қайғысыз, дос-жолдастарыммен күліп-ойнап жүрген еркін күндерімнен көз жаздым. Жылдар бойы тырбанып, ұмтылып, еңбектеніп қол жет­ кізген, өмірімдегі ең басты асыл арманым болған оқуымнан, келе­ шектегі сүйікті мамандығыма қол жеткізер тамаша мүмкіндігім­ нен... қаншама жарқын үміт-аңсарларымнан көз жазып қалдым!.. Бірақ бәрінен де маған ауыры – менің осынау өкініш-күйініште­ рімнің түпкі мән-мазмұнының мүлде бөлек екендігін түсіндіріп, өзгелердің көзін соған жеткізе алмауымда еді! Ол не дейсіз ғой?!.. Мен – жазалы болғанда, ұрлық жасап, немесе, озбырлық етіп, біреудің басын жарып, көзін шығарып, яки болмаса, елге бір зұлымдық, сатқындық жасап жазалы болып отырғам жоқ қой! Ке­ рісінше, туған халқымның жанын, рухын – тілін қорғаймын деге­ нім үшін, екіншіден, «сол елімнің өз билігі өз қолында болғанын қалаймын» деген, онда да мемлекеттік Конституция аясында, ер­ кімді білдіргенім үшін ғана кінәлі, жазалы боп отырмын емес пе?! Осыны ел-жұрт неге көрмейді, неге білмейді? Көрсе, білсе – неге дауыстап айтып, бізге араша сұрамайды?!.. Қанша жерден «мықтымын, сабырлымын, төзімдімін» де­ геніңмен, ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, өкінбе­ геніңмен, кей-кейде осындай-осындай ойларға бой алдырып, ашыныс пен ызаға булығатын кездерің болмай тұрмайды. 1988 жылдың жаз айларында ғой деймін, Қазақстанға СОКПнің бас хатшысы, КСРО Президенті М. С. Горбачев келді. Ондай-он­ дай жаңалықтарды кітапханадағы газет-журналдардан оқып, Ор­ талық телевизиядан берілетін «Времядан», Қазақстанның ақпарат­ тық бағдарламасынан көруге мүмкіндік бар. Бір күні қарап отыр­ сам, жаңалықтардан Горбачевтің Оңтүстікке, оның ішінде, тура біздің ауданға сапарлап барғанын, егін, мал шаруашылықтарымен танысып жүргенін көрсетіп жатыр. Ендігі қызықты қараңыз, бас хатшымен кездесуге жиналған еңбек озаттары мен ауыл-ел өкілде­

рі ортасында менің аулымның ақсақалы тұр. Михаил Сергейұлы,
өзінің қарапайымдылығын көрсетіп, бәрімен «жылышыраймен»
тілдесіп-ақ жатыр. Кенет, соғысын жиілеткен жүрегім аузымнан
шыға жаздап, қаттым да қалдым. Соғыс және еңбек ардагері, бізге

көрші әрі туыс болып келетін, жаңағы Байжанов Садықбек жәкеме
сөз тиіп, сөйлеп жатыр!.. Демімді ішімнен алып тыңдаймын. «Міне,
айтады... Біз туралы, кешегі Желтоқсандағы жастардың жазықсыз
қырғынға ұшырап, қудаланғаны туралы айтады!.. Өзі атақты Пан­

филов дивизиясының жауынгері, соғыс және еңбек ардагері, бұл
кісіге кім-не істей қояды?!,. Уайым-қайғыдан жүдеп-жадап, ке­
селге ұшыраған әке-шешемнің жағдайын күнде-күнара көріп жүр.
Аты-жөнімді атап тұрып жеке мен туралы да айтуы әбден мүмкін

ғой!..» деп үздігіп күттім. Ауылдың, ауданымыздың құрметтісі, жа­
нашыр ағайыным, жәкем!.. Садықбек жәкем сөйлеп жатыр, жәм­
пеңдеп... Сол баяғы, «авангард компартияға мадақ, күнкөсем Ле­
нинге мадақ, оның ізгі ісін ілгері сүйреуші кемеңгер бас хатшыға

мадақ!..Тұншыққан демократияның тынысын ашушы, осы тұрған
КСРО Президенті Михаил Сергейұлы ғажап жан! Бізде, көпұлтты
Қазақстанда бәрі жақсы, ұлтшылдық деген қазақтарға мүлде жат!..
Компартия жасасын, халықтар достығы жасасын!.. Жасасын!..»

Мені қойшы, жалпы Желтоқсан қырғынын бастан кешіп, өл­
гені өліп, жүздеп түрмеге тоғытылып, жұмыстан, оқудан қуғын­
далып жатқандар туралы... ләм-мим! Бір ауыз сөз жоқ...
Шынымды айтайын, сол күннен кейін көпке дейін өзіме-өзім

келе алмай, қатты күйініп, күйзеліп кеттім. «Қайран ардагер ақ­
сақалдарым-ай!..» – деп.
Содан көп ұзамай, біз де бостандыққа шықтық. Дүние көз ал­
дымызда өзгеріп жатты... Ақырын-ақырын қазақ елінің тарихын­

дағы «ақтаңдақтар» жазылып, ашық айтыла бастады. М. Әуезов­
тің «Қилы заман» кітабы қайта басылып, жарыққа шықты. Сонда
ғой – «Бала өлгенше – шал өлсін!» – деп, 1916 жылғы «Албан көте­
рілісінде» елдің қамын жеп, жас ұрпақтың өмірі үшін деп, жүрек

жұтқан қазақ қарттарының кезенген мылтық ұңғысына жалаңаш
кеудесін тосып, бастарын құрбандыққа тігетіндері!..

Айналасы, 70 жылдың ішінде, сондай қадір-қасиетінен жұр­
дай болған қайран қарттарымыз-ай!..
Қалай болғанда да, өз басым бостандықтың қадірін, жазықты
болмай-ақ түйсінген жанның бірі болдым. «Бірімін» деп

отырғаным, бұндай жағдайға душар болушының басы да, соңы
да мен емес екенімді адамзат қоғамының арқаңды аяздай қаритын
шерлі шежіресі, азалы тарихы айғақтап айтып та, жазып та келе
жатыр. Өйткені, өкінішке қарай, әділетсіз қоғамда, заң бұрмалана

беретін мемлекетте бәрі де мүмкін!..
Түрмедегі тіршілік
Жүре келе білгенім, мұндағы адамдар, мүмкіндігінше, ештеме
ойламау үшін еңбектенеді. Иә, зонада азаннан-кешке дейін өзіңе

кесілген уақытыңды ойлаумен өткізуден құтылудың жолын іздей­
сің. Есің болса, оңаша қалып ойға батудан қашасың. Қандай да бір
жұмыс тауып, сонымен айналысып, өзіңді-өзің алдандырасың...
Өйткені қамақтағы ой адамды жеп қояды. Адам қалпыңызды сақтап

қалғыңыз келсе, әйтеуір бір іспен айналысасыз. Мен, көбіне, кітап
оқумен айналыстым. Тергеуде жатқанда «ауызданған» әдетімді
осында жалғастырдым. Кітапханада көп отырдым. Әрине, сондай­
лық үлкен емес, кітап қоры да көп емес. Қазақ кітаптары тіпті де

аз. Орыс тіліндегі орыс қаламгерлерінің, шетел классиктерінің қо­
лыма түскен кітаптарын бас алмай оқыдым. Бір қызығы, Олжас
Сүлейменовтің «Аз и Я»-сын осында оқыдым. Бірақ шынымды ай­
тайын, дым түсінбедім. «Оны түсіну үшін, кем дегенде, филология

факультетінің студенті болуым керек-ау», – деп сонда ойладым.
Сыртқы мұқабасы жоқ, қағазбен қапталған екен. Сосын, бұл жер­
де, мүмкіндігінше, ұғымға ауыр, оқылуы қиын кітаптарды оқуға
тырыспаған жөн екенін ұқтым. Өйткені жеке басымдағы пробле­

мам да жеткілікті. Барынша, шым-шытырық оқиғалы детективтер,
таңғажайып фантастикалық немесе жеңіл оқылатын, көңілді дү­
ниелерді іздедім...
Сосын, кешкі мектеп бар. Қосымша мамандық меңгеру үшін,

сол кешкі мектепте оқыдым... Сол кездегі «алтын» заңымыз – Кон­

ституциямызды өз бетімше кеміріп оқып, зерделеп жүріп жетілге­
нім сонша, ерігіп отырып қасымдағыларға, екі тілде арыз жазып
беруге «маманданып» алдым. Ол менің аз-кем «шай-сулық»
нәпақама да жарап жүрді. Өзіме де қызық, ортадағы «абырой-бе­

делім» де жаман болған жоқ.
Қолөнерімен айналысатындар болды. Аманқос деген жігіті­
міз домбыра жасайтын. Соған барып, жұмысын қызықтайтын­
мын. Бірақ оның шаруасын бостандықтағы ұсталардың ісімен

салыстыруға келмейді, әрине. Керекті ағаш материалдарын таң­
дап-талғауға жағдай жоқ, қолына түскенін пайдаға асырады. Оған
да дайын ешкім-ештеме бермейді. Құрал-саймандарының бәрін
кездейсоқ тауып алған темір-терсек сынықтарынан, басқа да жа­

рамды заттардан икемдеп өзі жасап алады. Ең қиыны сол, бар­
лық шаруасын бақылаушылардың көзіне түспей, жасырын жүріп,
тығылып отырып жасайды! Қанша қысылып, қиналып жүрсе де,
әркім уақытын өзі қызығатын жұмыспен өткізудің жолын сөйтіп

табады. Басындағы ауыртпалықтан солай жеңілденеді. Аманқос –
Қарақалпақстаннан келген жігіт, ол да 65-баппен отырды. (Бо­
сағаннан кейін Алматыда, «Шеберлер ауылы» деген болды, со­
ларға қосылып, қолөнершілік кәсібін жалғастырып әкетті).

Ішкі тәртіп бойынша, айына екі-үш хат жазуға, бір рет дүкенге
баруға мұрсат береді. Бірақ бұл жерден жіберілетін хаттардың бәрі
оқылып, тексеріледі. Колонияға келген бойдағы, ең бірінші қолға
алған ісімнің бірі – Ошановты іздестіру болған. Толық аты-жөнін

де білмеймін, Ошанов деген фамилиясы ғана есімде қалған. Әрі ой­
лап-бері ойлап, қасымдағылардың кеңесімен, сол колонияға күндіз
кіріп жұмыс істейтін жергілікті ерікті жұмысшылардың біреуінің
қолына: «Хатты жіберіп бер», – деп ұстаттым. (Ол хатты алыпты,

кейін білдім ғой. «Умаж-умаж болып жетті», – дейді). Хатымды
ҚазМу қалашығы, юрфактың 9-жатақханасын, фамилиясын ғана
көрсетіп жазып жібергем. Онда «Ошанов, атыңды білмедім, бі­
рақ мен сенің атыңды «Әділ» деп атағым келеді. Себебі, сен сотта

әділдікті айтқан жалғыз адамсың!..» – деп жазғаным есімде...
Ал дүкен дегенде, мынау, бостандықтағы ауыл-қаланың
дүкендеріндей емес, әрине. «Ларёк» дейді. Оның тақтай сөреле­

рінде мына жарық дүниеде көз қиығыңды да салмауың мүмкін
қалбырланған балық, қатқан пряник-печеньелер болуы мүмкін.
Сосын, темекі, жуынатын оны-мұны заттар болады. Тағы бір айыр­
масы, мұнда сіз ақшаны қолыңызға ұстамақ тұрмақ, көрмейсіз де.

Атқарып жатқан жұмысыңызға тиесілі айлық жалақыңыздан бел­
гілі мөлшерін ғана жаздырып ала-аласыз...
Айналадағылардың ақыл-кеңесімен, онда отырып та жан-
жаққа, Мәскеуге дейін арызданып, жазып жаттық. Содан, бір жарым

жылдай өткенде, Жоғарғы соттан 3 жылымды алып тастағаны ту­
ралы, яғни Қаз КСР Жоғарғы Соты Пленумының менің айыбымды
өтеу мерзімін 2 жылға қысқартқаны туралы қаулысын алдым. Бұл –
1988-дің қараша айы болатын. Демек, мерзімімнің бітуіне – тура

алты ай қалғаны. Ішкі тәртіп бойынша рұқсат берілетіндіктен, сол
кезден бастап шашымды өсіре бастадым. Ендігі есеп бойынша,
24-ақпанда босануым керек еді...
Алайда, күтпеген жерден, қайта сот болып, «мерзімінен бұрын,

шартты...» деген үкіммен, Декелбаев Ерлан екеуіміздің ақпанның
үші күні түрмеден бостылатынымызды, лагерь әкімшілігі екінші
ақпан күні, бір күн бұрын ғана айтты. «Әлі жиырма күннен астам
мерзіміміз бар» деп, шыдамды соған шақтап жүрген өз басым

үшін бұл тосын жай еді. Қатты әсерленген болсам керек, сол соңғы
күн батпай, түн өтпей, таң атпай қойғанын айтсаңызшы! 1989-дың
ақпан айының екісінен үшіне қараған сол түннің өмірімдегі ең
ұзақ түн болғанын күні бүгінге дейін ұмыта алмаймын! Түні бойы

кірпік ілмей, сол таңды қаншалықты ынтыға күттім десеңізші!..
Нәтижесінде, бастапқы берілген 5 жылдың – 1 жыл, 11 ай,
3 күнін отырып, аңсап күткен бостандыққа шықтым!..
Бостандықтың бірінші күні

1988 жылдан бастап, Қазақстан Жазушылар одағының
жанынан «Құқықтық көмек көрсету Комитеті» құрылған. Да­
быра-шу жасамай, желтоқсандықтардың ісін қайта қарап, сарап­
тау жұмысын Олжас Сүлейменовтің басшылығымен ең бірінші

атқарған, осы Комитет болатын. Жаңылмасам, оны жазушы Тұр­ сын Жұртбай жүргізді. Бірақ кейінерек, неге екенін қайдам, ол кісі жақсы бастаған жұмысын қойып қойды. Біздің істің қайта қа­ ралып, аяқ астынан, едел-жедел босатып қоя беруі – дәл осы Ко­ митеттің бастапқы жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Себебі, онсыз да босанып шығуыма аз мерзім қалғандықтан, ісімді қайта қарау туралы қосымша арызды өз басым жазғам жоқ, үйдегілер де жазбаған...­­­­­ Ерлан екеуміз,1989 жылдың 3-ақпанында түрмеден босап шыққан бойда, Абайдан бір-бір куртка сатып алып, сыртымыздан киіп алдық. Автобуспен Қарағандыға жетіп, аэропортқа барсақ, істемейді екен. Темір жол вокзалға келдік. Қалтамызда жолға жететін азын-аулақ қаржымыз, кесімді мерзімді өтеп бостандыққа шыққанымыз туралы «волчий анықтамамыз» бар. «Петропавл – Алматы» пойызына билет алдық. Пойыздың келу уақытын ұзақ тосатын болдық. Вокзал радиоторабымен хабарландыру айтылып жатыр. «Пәлен бағыттан түген бағытқа қатынайтын, осындай пойыз келіп тоқтады.., жүріп кетті...» деген сияқты. Жалғыз орыс тілінде, 1988 жылы «ҚР қостілділік туралы» заң қабылданған. Ілгергі-кейінгі заң өзгерістері мен қабылданып жатқан жаңа баптарына құлағым түрік жүрген мен оны қауашағыма құйып алғам. Бетіміз қайтпаған, көкірегіміз ұрып тұр. Жаңағыдан соң, Ерланға: «Жүр, вокзал кезекшісіне барайық», – дедім. «Талап-тілек, ұсыныс» кітапшасын сұрадым. «Не болды?» – дейді терезенің ішкі жағынан. «Сіздер неге, хабарландыруды тек орыс тілінде ғана бересіздер? Неге қазақ тілінде де айтылмайды?!» – деп, кітапшаны алып: – Құлақтандыру неге екі тілде айтылмайды? Қазақстан Рес­ публикасының заңы неге орындалмайды? Жауап беріңдер! – деп, айғайлатып тұрып жаздық. Сөйтіп, енді өз аты-жөнімізбен бірге тұрақты мекенімізді көрсетуіміз керек екен. Мен ғой, Алматыда қалам ба, Шымкентке кетем бе?.. Алматыдан, болса да тіркеуден шығарып тастаған. Нақтысын өзім де білмеймін. Қасымдағы Ер­ ланның Алматыдағы адресін көрсеттік... Қызық болғанда, бірша­ ма уақыттан соң, біздің пойыз келіп тоқтағанда тыңдасақ, хабар­

ландыру екі тілде, рас, қазақшасы әупіріммен... айтылып жатыр! Отырайық деп барсақ, вагонымыздың алдында жолсерікпен бірге манағы кезекші вокзал бастығы – орыс шал келіп күтіп тұр екен. Жасы, шамамен, 40-тың үстінде, сол кезде бізге үлкен көрінген. Біздің арыз жазғанымызды, қайда, қай пойызға билет алғанымызды көрген. Түрмеден бүгін ғана босанып шыққанымызға шейін құжат­ тарымыз арқылы біліп алған. Бізбен пейілденіп амандасып тұрып: – Сіздер ме?.. – деп жылы ұшырай тілдесті. – Иә, біз... – Жігіттер, сендер айып етпеңдер, мынау хабарлама жасап, сөйлеп жатқан кісі – қазақ, бірақ өз тілінде дұрыс сөйлей алмайды. Әзірге біздің жағдайымыз осындай. Жазғандарыңыз дұрыс бол­ ды, енді қазақ тілінде таза сөйлеп үйренетін боламыз. Арнайы тіл үйрену дәрісін оқытамыз. Сендер сияқты болашағы бар бұл елдің ертеңі жарқын екеніне сенуге болады!.. – деп, қолымызды алып, қоштасып қалды. Бір-екі айдан кейін Ерланның үйіне: «Сіздердің арыздарыңыз бойынша нақты іс-шаралар қарастырылды. Мемлекеттік тілді үй­ рететін курс ұйымдастырылып, қызметкерлеріміз қазақ тілін иге­ руде. Барлық хабарландырулар екі тілде жүргізілуде...» – деп, ар­ найы ресми жауап хат та келіпті... Әкем бақилық болыпты Хош, арман болған ару қала – Алматыға да жеттік! Менің бар мақсатым – жоғарыда айтқандай, өзіме куәгер болған, түрмеге түсуіме «себепкер» болған курстас «достарымды» көру. Солардың көздеріне бір қарау! «Міне, мен келдім, сыртымыздан қаралаған­ дай, наркоман да, алқаш та емеспін. Ондай болған да емеспін!» дегенді білдіру... Келген соң, Ерлан өз үйіне кетті, мен «Красный Востокқа», Құрманбай құданың үйіне бет түзедім. Барып есікте­ рін қақсам, бәрі ұйқыда екен, аспаннан түскендей боп, күтпеген жерден келген маған аң-таң боп қарсы алды. Амандасып, жуыныпшайынып алдым. Жолай сатып алған курткадан басқа зона киімде­

рінің бәрін өртеп, солардың киімдерін ауыстырып киіндім. Ауылға
да солардың таза киімдерімен бардым. Бір достарына қонаққа
апарды. Мен тезірек өзіміздің ҚазМу-ға барғым кеп, асығулымын...
Солардан телефон соғып, ақша сұрағанда, Әбдіманап ағам­

ның «жолыңа 10 сом жіберемін, келсең кел, келмесең – қал сонда»
деген қатал жауабынан соң, әкемнің қайтқанын құдалар естіртті
де, сол күні Шымкентке қайттым. Қазіргідей ұялы телефон жоқ,
бауырларым мені таңертеңгісін вокзалдан тосып жүргенде, мен

олардың қаладағы үйлеріне кеп қойдым. Әпкелеріммен, ағаммен
құшақтасып қауышып, бәрі мені орталарына алып, ауылға апарды.
Ауылдағылармен көрістік...
Сөйтіп у-шу боп, ес жия алмай жатқанымыздың үстіне участ­

ковый милиция үйге іздеп келіпті, дереу «учетқа тұр» деп. Оларға
ана жақтан алдын ала хабар түсіп үлгерген ғой мен туралы. Әб­
ден зәрезап болып, жүрегі шайлығып қалған анам байғұс қорқып
кетті. Әлгілер болса, мені милиция бөліміне алып барып, «әңгіме

айтсаңшы, 86-да не болды алаңда? Қалай болды?» – деп, әңгіме
тыңдағылары кеп жүр...
Үйде ас-тамақ беріліп, құран оқылып, ел тарқаған соң, әкемнің
зиратының басына бардым, топырақ салдым. Дәл екі жыл бұрын,

қысқы сессиямды аяқтап, ауылға келіп қоштасып қайтқаным­
да, артымнан жанары жаутаңдап, үнсіз төсекте қалған қайыспас
қара нардай, қайран әкем, мен келерден небәрі, екі жұма бұрын,
қаңтардың 24-і күні бақилық дүниеге аттанып кетіпті. Алланың

бұйрығына шара бар ма?!..
Он-он бес күндей ауылда жүріп, Алматыға келдім.
Сарыла күткен күн
Алматыға келген бойда университетке, факультетке бардым.

Наурыздың бас кезеңі еді. Күн аздап жылына бастағанымен,
ызғар қайта қоймаған. Оқу корпусына кірмей, жатақханаға бет
алдым. Жақындаған сайын, сонау бір алаңсыз жүрген күндерге
сағыныштан ба, әлде аласапыранмен арада өткен екі жылдың тол­

қынысынан ба, көңілім алабұртып келеді... Еңістегі жол бойынан тас баспалдақпен жоғары көтеріліп келе жатып, сонадай қарсыдағы жатақхана есігінің алдында үйіріліп тұрған бірнеше жігіттерді кө­ зім шалды. Ішінде менің көрсем деп жүргендерден бір-екеуі бар. Басымда түлкі терісінен тігілген құлақшыным бар. Қалай екенін қайдам, анадайдан олар мені танып қойды. Танығандары сол, мен басымды қайта көтеріп көз салғанымда, әлгі тұрғандардың бірі де қалмай, жоқ болыпты. Сыртқы есіктен кірсем, вахтада баяғы баба Маша отыр екен. Жаны қалмай, құшақтап, бетімнен сүйіп қарсы алды. Қалбалақтап, амандығымды сұрап жатыр. Мен: «Кімдер бар?» – деп, өзімнің курстастарымды сұраймын. Бұл кезде олар 5-курста, демек, 5-қабатта тұрады. Жан-жағыма алақтап қарап, баспалдақпен ақырын көтеріліп келе жатырмын. Екінші-үшінші қабатта ешкім көрінбеді. Төртінші қабатқа шықсам, қазақ бөлімін­ де оқитын Союзхан деген қыз, асханадан шығып келе жатыр екен. Мені көрді де қолындағы тамақ толы кострюлін тарс еткізіп жерге тастай салып: «Ермұхан, барсың ба, тірісің бе?!..» – деп, айғайлап келіп, бассалып құшақтай алды!.. Келе жатқанымды көріп тұрып, күтіп алуға беттері шыдамай, қашып-жасырынып кеткен әлгі жі­ гіттерді ойладым... Қыздар туған бауырларындай қарсылап, бөлме­ леріне шақырып, шай беріп, бір сәтте мәре-сәре болдық та қалдық. Қыздардың бөлмесінде отырғанымызда, ақырындап «куә болушы» студенттер амандаса келіп жатты. Ақсия күліп тұрып, бет-жүздері­ не тік қарап, төс қағысып амандастым. «Аман-есен келдің бе?..» – деп, бастары салбырап отырып-отырып, шығып кетіп жатты... Әт­ тең-ай, «Ей, Ереке, қарақан басымыздың амандығын күйттеп, бізді қара басты ғой!..» – деп, ең болмағанда, бірі үн шығарып, тіл қа­ тпады-ау!.. Жігерлері жетпеді, шіркіндердің... Құдайым-ай, дәл осы сәтті мен қанша күттім! Өкініш-өксікпен, ашу-ызамен, арман-аңсармен, таудай төзіммен, күн санап, сарыла күттім ғой!.. Сондағы көргім келгені де – олардың осы міскін кес­ кін-кепиеттері еді ғой!.. Оларға менің көрсеткім, дәлелдегім келге­ ні де осы еді ғой! Мен шыдадым! Оларға да, Өзіме де дәлелдедім! Мен, міне, мақсатыма жеттім!..

Иә, көз алдыма сан рет елестеткендей, бірге оқыған, бір үзім нанды бөліп жеп, сеніскен, бірақ басыма бұлт үйрілген сын тұста тайқып кеткен «достарымды» іздеп келіп, орталарында күліп отырдым. Баяғы, соттағы маған үкім кескен кездегі өзіме-өзім бер­ ген сертімді орындадым!.. Ішіп кеткенім жоқ, азып-тозып, жүнжіп кеткенім жоқ, үстімде сурет (татуировка) жоқ, дені-басым сау, қа­ лай кеттім – дәл сол күйімде қайтып оралдым!.. Жатақханадан еңсем биіктеп, жеңілденіп шықтым. Күн ызғары сынып, жыли бастағандай. Бусанып, түлкі малақайымды шешіп, қолыма ұстап, адымдай басып, алшаңдап келемін. Көңі­ лім көтеріңкі!.. Қаһарлы қыстың қыспағынан қалтырап-тоңып, жапырақсыз жалаңаштанып шыққан айналадағы тал-дарақтардың сүреңсіз көріністеріне көз салып келе жатып, кенет, ең алғашқы сот болған күнгі: «Еңсеңді түсірме, балам, өмір мұнымен бітпейді!..» деген, камералас шалдың сөзі құлағыма естілгендей, көз алдыма иіс-қоңысты камерада қас-қабақтары түксиіп, жақсылық атаулы­ дан күдерін үзіп, иін тіресе сазарып, сарғайып отырған, қалжырап қисайып жатқан ұсқынсыз адамдардың сүркейлі жүздері елесте­ гендей болды... Жаңа әзірде ғана студент достарыммен жеңісті жүздесу үстін­ дегі масаттанып-марқайған көңілім сап басылып, бірден сабама түскендей болдым. Болашағым бұлдыр, ертеңім белгісіз сонау бір күндері: «Бәріңе де дәлелдеймін, әлі!..» деп, өз-өзіме серт берген­ дей болғандағы салмақты сезім бойыма қайта оралғандай байыз таптым. ...Иә, рас, тағдырдың жазуымен, басыма таңылған зор сынақтан сырт көзге сыр алдырмай, азамат деген атыма дақ тү­ сірмей, ең бастысы, денсаулығымды жоғалтпай, аман өткен сияқтымын. Бүгінгі жүздесуіміз соны аңдатты. Бірақ та мен үшін бұл әлі бар сынақтың соңы емес қой. Дәп қазір олар өмір көшінде, мойындайын-мойындамайын, бәрібір менен озып кетті. Ал менің алдағы тағдырым әлі де беймәлім... Бірақ мен еріксіз емеспін, ер­ кіндікте, бостандықтамын ғой. Ізденуге, қуынуға, әрекеттенуге ер­ кім бар. Оқуыма қайта ілігуге қол жеткізсем, қалай да оларды қуып жетіп, теңесуге, тіпті бар ғой, басып озуға неге ұмтылмасқа?!.. Ал­

дағы күндерде де дәл бүгінгідей мерейлі болуым үшін, ендігі, ең бірінші қадамым – қалай да оқуыма қайта қол жеткізуге ұмтылу болмақ! Онсыз, бәрі бекер! Демек, кезекті күрес, келесі белес, ал­ дағы үлкен сын, әне, сол болмақ!.. Келесі күні оқу корпусына келдім. Мен қысқы сессияны тапсырып кеткем. Сондықтан, «содан әрі жалғастырып оқи бере­ мін», – деп ойлағам. Алайда, жалтақ кураторым Бурханов басын алып қашып, деканатқа сілтеді. Бұл кезде факультет деканы Қалқа­ ман Жұмағұлов екен. Баяғы, желтоқсанда бізге: «Қазақтың тілі ба­ яғыда өліп қалған! Ол енді тірілмейді!..» – деп дүрсе қоя беретін Бақытжан Жұмағұловтың туған ағасы... Тарих факультетінің деканы Қ. Жұмағұлов салқын қабылдады. Жағдайымды сұраған жоқ: – Не шаруамен келдің? – деді. – Оқуға қабылдау қалай болады? – дедім. Деканымның көзі шарасынан шыға, жүзі қатуланып: – Жалпы жағдайлармен шығарылғандарды оқуға қабылдау – қыркүйек айында болады. Ал сіздің мәселеңіз белгісіз. Сол уақыт­ та келіңіз!.. – деп теріс айналды. Орнымнан тұрып, есікке қарай беттегенімде: – Өзіңді білетін, бұрын бірге оқыған курстас-группаластарың мен профкомнан мінездемелерің болатын болсын! – деп дауыстады соңымнан... Өз тобымдағы Алматының қыздары маған куәгерлікке жүрген жоқ болатын. Сол қыздар бірден көмек қолдарын созып, факультет деканының атына мен туралы жағымды комсомолдық мінездеме жазып, бәрі қол қойып берді... Жексенбай және тағдырлас достар Ошановты іздеп табу туралы екі жылдан бері көкейімді тескен ынтызар-көңілім Алматыға табаным тигеннен тынышымды алған. Танымаймын. Бірақ қайдан іздейтінімді білемін. Ол да мені сол күні екінші рет көрген. Басқа жиырма бір адам түгел маған қарсы

куәлік беріп, өз бастарын арашалағанда, ерлік жасап, өзі сұранып
келіп: «Бәріміз бірге жаздық үнпарақты!.. Қуандықов отырса, біз
де отыруымыз керек. Мен де бармын соның ішінде, осы мына куә
боп отырғандардың бәрі де отыруы керек. Алаңда да бәріміз бірге

болдық. Бірақ біз ешкімді өлтіргеніміз жоқ, ешкімді ұрып-соққан
да жоқпыз», – деп, дәл менің ойымдағыны тайсалмай, қасқайып
тұрып айта алған жалғыз азамат! Қалайда оны тауып, ризалығым­
ды, алғысымды айту – енді менің азаматтық парызым!..

Курстастарыммен қауышқаннан кейін, Ошановты арнайы
іздей бастадым. Заң факультетінің оқу корпусына барып, жоғары-
төмен қабаттарды аралап, көп кездім. Топырлап кіріп-шығып жат­
қан жүздеген студенттер бар, алғашқы күні таппадым. Екінші күні

қайта бардым. Түске дейін кезіп жүріп тағы таба алмадым. Шар­
шап, асханаға бас сұқтым. Бір стақан шай мен жеңіл-желпі тіске
басар дәм алып, есікке қарсы қарап, жеп-ішіп отырғам. Бір кезде
қарасам, өзі кіріп келе жатыр. Ошанов!.. Орнымнан ұшып тұрып,

қарсы жүрдім, ол да тани кетті. Екеуіміз құшақтасып көрістік!

– Қайдан жүрсің, қашып келген жоқсың ба? – деп күледі. Ол

сабағын тастап, екеуіміз сыртқа шықтық. Жаяулап әңгімелесіп
жүріп отырып, баяғы ВДНХ-ға (Ауылшаруашылығы жетістікте­
рінің көрмесі) бардық. Сол жердегі жалғыз кафеге кіріп отырып,
ас-су ішіп, әңгімені естік күні бойы!.. Сонда біліп отырмын, мен

есімде сақтай алмаған есімі – Жексенбай, бір үйдің жалғыз ұл ба­
ласы, әкесі – қарапайым шопан. Өзі ертерек, бірінші курста-ақ үй­
леніп алыпты. Сол кезде кішкентай бір баласы бар. Қысқасы, елдің
бәрі үрейленіп, басын алып қашып жүргенде, сотқа шақырусыз,

өз еркімен келіп, мені қорғап сөйлейтіндей, артында тіреп тұрған
қорғанышы да жоқ.Таза – жүрек жұтқандық! Шын мағынасындағы
азамат жігіт екеніне көзім толық жетті. Артынан үйіне шақырып,
келіншегімен таныстырды. Міне, өмірде осындай жігіттер болды,

бар да!..
Жексенмен жиі хабарласып, араласып тұрамыз. Шу қаласын­
да нотариус болып істейді. Әке-шешесі – жоғарыда айтқанымдай,
қойшы-малшы, шаруа кісілер. Шу ауданының «Құрметті азама­

ты», ҚР-на Еңбегі сіңген заң қызметкері деген атағы бар. Өз кә­
сібінен басқа жеке шаруашылығы бар. Пандемияның алғашқы
жылында аудандық медицина саласына зор көмек көрсеткені үшін
аудан әкімдігі тарапынан тапсырылған «Жомарт жүрек» номина­

циясының сыйлық-марапатына ие болған абзал азамат. Жан жары
Роза екеуі келін алып, қыз ұзатқан, ұрпағының қызығына кенеліп,
ел-жұртының алдында таза абырой-беделге бөленіп жүрген, ау­
данға танымал ұлағатты отбасы!..

Осы жерде ызғарлы Желтоқсанның қиын-қыстау күндерінде
танитын-танымайтынымызға қарамай, бір-бірімізге арқа сүйеу бо­
луға жараған санаулы достарымды атап өткім келеді.
Орал Исмағұлов – ҚазМУ-дың тарих факультетінің 4-курс сту­

денті. Ол оқу озаты және өз бетімен ізденіп, қосымша ағылшын,
неміс, француз, испан тілдерін меңгерген аса талантты жігіт бол­
ды. Сол кезеңнің өзінде Орал Университеттің студент алмасу бағ­
дарламасы бойынша, 1987 жылы Пекинге жіберілетін үміткердің

бірі еді. Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, алаңға бара жатып, біз
Орал екеуіміз сырт киімімізді ауыстырып кигенбіз. Ол 17-желтоқ­
сан күнгі алаңдағы қақтығыста милиция қолына түседі. Қаладағы
жағдай біршама қалыпқа келген соң, 20-желтоқсан күні оны тергеу

изоляторынан босатады. Бірақ келесі күні-ақ, факультет деканының
бұйрығымен оқудан шығарылды. Біз, бір топ жолдастармен өзара
ақылдасып, біршама бой тасалай тұруы үшін Оралды ел ішінен
тысқарыға, Қырғызстанның Қарабалтасына шығарып салдық. Екі

айдан астам уақыт еш жерге паспорттық тіркеуге тұрмауына кеңес
бердік. Ол жақта оған ФЭФ факультетінде оқитын бір досының
туыстары көмек көрсетуі тиіс болатын...
Арада біраз уақыт өткеріп, қаңтар айында Қарабалтадан Екі­

бастұзға барып, паспорттық тіркеуге және жұмысқа тұрады. Сон­
дағы бір өндіріс орнындағы екпінді комсомол-жастар бригадасын­
да жұмыс істеп, жолдамаға қол жеткізіп, қайта оқуға тапсырмақ
ойы болады. Алайда, небәрі 3 күн өтіп, 4-күні жұмысқа түскен

жерінен оны «қырағы» ішкі орган қызметкерлері тұтқындап, кү­
зетпен Алматыға жеткізеді. Тергеуден кейін, 1987 жылдың наурыз

айында сот ҚР қылмыстық кодексінің 65, 60-шы – екі бабы бойын­
ша 3,5 (үш жарым) жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім
кесті. Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы колонияда отырды.
Екі жыл шамасында, 1989 жылы, мерзімінен бұрын бостандыққа

шықты. Сол жылы оқуға қайта қабылданып, 1991 жылы универси­
тетті тамамдады. Білуімше, әкесі әскери кісі болған болуы керек,
себебі, ол оқуға Байқоңырдан келіп, бітіргенде, «еліме барамын»
деп, Көкшетауға кетті. Отбасын құрғанын, бір қызы бар екендігін

айтып бір хабарласқан, одан кейін байланысымыз үзіліп қалды...
Нәзік жанды қыз баласы бола тұра, өз басына төнер қа­
уіп-қатерден сескенбей, сот залында айыпталушыны, мына мені,
қызғыштай қорғап сөйлеген алғашқы жан – Мұқанова Бағдат та

тарих факультетінің студенті еді. Сөйтсем,17-желтоқсандағы
қан-қасап қырғын ортасында болған Бағдаттың өзі де сол күндері
тергеушілердің қатал қуғын-қысымында жүр екен. Ол кезде оның
ол жағдайынан мен мүлде бейхабармын. Оның бәрін кейін, арада

ондаған жылдар өтіп, бір-бірімізді іздесіп, қайта табысып, хабар­
ласа келе біліп жатырмын. Міне, осындай қазақ қыздарының ер­
жүректігіне өз басым бас иемін!..
Мен мерзімімді өтеп қайта келгенімде, Бағдат оқуды тамам­

дап еліне кетіп қалған екен. Бүгінгі күнде, қазақтың жүрек жұтқан
батыр қызы Бағдат Мұқанова өзінің туып-өскен өңірі – Солтүстік
Қазақстан облыстық әкімдігінде жауапты қызметкер. Отбасылы,
немере сүйіп, әже атанып үлгеріпті! Мен Бағдат үшін шын қуанып,

мақтаныш етем!
Олжастың сенімді өкілі
Мен мұнда, Талғат Асылұлы Мамашевтың өзіме көрсеткен
орасан зор азаматтық-ағалық қамқорлығы туралы әңгімелемекпін.

Оқуға қайта қабылдау мәселесі күзге ысырылды. Онда да қа­
лай шешілері белгісіз, күмәнді болған соң, ауылға қайтпас бұрын
Олжас Сүлейменовке жолыққым келді. Жазушылар одағына бар­
дым. Алғашқы барған күні Мадина деген хатшы қыз: «Ол кісі

орнында жоқ» деген соң, қайтып кеттім. Келесі күні тағы бардым, тағы жоқ болды. Үшінші күні барсам, Мадинаның қасында, ол кезде танымаймын, ақын Ұлықбек Есдәулетов отыр екен. Мадина: «Олжас Омарович орнында жоқ», – деп, жаттанды жауабын тағы қайталады. Сол кезде Ұлықбек маған қарап: «Неге келіп едіңіз?» – деп сұрады. «86-жылғы желтоқсан оқиғасында ұсталып, түрмеде отырып келгенмін. Оқуыма байланысты мәселемен жолығайын деп едім», – дедім. Ол кісі орнынан ұшып тұрып амандасты да: «Ме­ німен жүр», – деді. Қабылдау бөлмесінен шығарып, жағдайымды сұрап, жетектеп әкеп, басқа есіктен кіргізді. Сөйтсем, Олжас каби­ нетінде отыр екен. Ұлықбек кірген бойда: «Олжеке, бұл – түрме­ де отырып келген «желтоқсаншы» бала. Сіздің көмегіңіз керек екен», – деді. «Невада-Семей» қозғалысына қатысты бір қапылыс дайындықтар боп жатқан сияқты. «Арызын жазып қалдырсын, сен қабылдап ал», – деді. Ұлықбек Есдәулетов өзі айтып отырып, арызымды жаздырып алды. Сөйтсем, манағы айтқан «Құқықтық көмек көрсету Комитетінің» атына жаздыртып отыр екен. Ол кезде мен ондай Комитет бар екенінен бейхабармын. Жазып бердім де қалдырып, ауылға қайттым. Ауылға келген соң, бос қарап жүруге тағы болмайды, совхоз­ дың құрылыс бригадасына уақытша жұмысқа кірдім. Алматыдағы қалалық тіркеуден шығарып тастаған. Ауылдың тіркеуіндемін, ми­ лиция учетындамын, бақылауда. Сөйтіп, ауылда жүріп жатсам, бір күні баланы көтеріп, баяғы әйелім келіпті үйге. Менің келгенімді жатақханадағы Союзханнан естіген. Әйтпегенде, ол менің түрме­ ден шыққанымнан хабары жоқ. Ауылдағы жасы үлкен ағайын бар, шешем бар, сол баяғы, «алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген деп, «бала үшін» деп, екеуімізді қайта қосты. Інісімен бірге келген екен, ол қайтып кетті, өзі баламен қалды. Күндердің бір күні үйге хат келеді. Алматы қаласы, Калинин аудандық партия комитетінен. «Жедел жетіңіз!» – депті. Анама қа­ лай түсіндіремін деп уайымдадым. Ол кісінің «енді Алматыны қой, ел қатарлы ауылда тіршілік ет» деген қатал талабы бар. Бәрібір, оқуымды жалғастыратынымды, ерте ма-кеш па, бір күні айтуым керек. Әуелі жұмысымдағы басшыларыма айттым: «Алматыдан

шақыртып жатыр екен, барып қайтайын», – деп сұрандым. Ол кез­
де ағам совхоздың экономисі болып істейтін, соның ықпалымен
бе, жіберді. Анама да «барам да қайтамын» деп, рұқсатын алып,
«қанат байлап» ұшып Алматыға жеттім. Калинин аудандық партия

комитеті Жандосов пен Айманов көшелерінің қиылысында екен.
Кіріп сұрасам: «Білмейміз», – дейді. Ары сұрап-бері сұрап, ешкім
ештеме білмеген соң, салым суға кетіп, қайта қайттым ауылға.
Айтқандай, хатта 2-хатшы Мамашевқа жолық делінген, ол орнын­

да жоқ болды.
Арада тағы бір ай өткенде, сол жерден: «Тез келіңіз!» – деп
тағы хат келді. Жазған құлда жан бар ма, қайта бардым. Менің ке­
ліп кеткенімді біледі екен. Бұл жолы қабылдау бөлмесіндегілер­

ге: «Келсе, маған алып келіңдер», – деп тапсырып қойса керек,
барып кіргенім сол, ондағылар: «Өткенде келген сіз ба едіңіз, ке­
шіріңіз!..» – деп, 2-қабатқа, 2-хатшының кабинетіне ертіп апарып,
өздері кіргізді. Хатшы қызға да қарамай, мені Мамашевтің есігіне

кіргізіп жіберді. Жалтыр бас, денелі кісі екен.

– Ей, декабрист сен бе?! – деді бірден дауыстап. Шошып кет­

тім, состиып тұрып қалдым. Жымиып күлді де, орнынан тұрып
кеп, арқамнан қақты. Қолтықтап апарып орындыққа отырғызып,
толық аты-жөнін айтып өзін таныстырды.

– Мен Олжас Омаровичтің сенімді өкілімін. Ол кісінің аты­

на арыз жазған екенсіз, ҚазМУ біздің территориямызда болған­
дықтан, саған көмектесуді маған тапсырды, – деді. Осылай, ойла­
маған жерден, Талғат Асылұлы Мамашевпен таныстым. Жай-жағ­
дайымды сұрады. Деканатта, ректоратта болғанымды, олардың

не жауап бергендерін, шарттарын айттым. Сол жерде отырып, өзі
ҚазМУ-дың Оқу бөліміне тікелей телефон шалып, мәселенің анық-
қанығын сұрады. Сөйтсем, ол кісі сол, 1988–89 оқу жылдарында
сотталмаған, бірақ желтоқсан оқиғасына қатысы бар деп оқудан

шығарылған бірнеше студенттерді өз атынан кепілхат жазып, оқуға
қайта қабылдатқан екен. Кабинетіне шай алғызып, бірге отырып
шай іштік. Өзінің тіке байланысқа шығатын телефон нөмірін бер­
ді. «Тамызда келген бойда, бірден маған хабарлас. Ауылда жұмыс

істеп жатқан жеріңнен мінездеме алып кел», – деді.

70­­­­­­­ Артынан, жұмыс орнымнан да, кәсіподақтан да мінездемелерді жаздыртып алдым. Қыркүйектен ертерек, тамыз айында бардым. Құжаттарымды дайындап, оны тапсырып, ұзақ жүрдім. Курстастарым ұйымдастырған мен туралы комсомолдық мінездемеге университеттің кәсіподақ, комсомол, партия комитеттері басшыларының қолдары керек екен. Профкомның бастығы Айдар өзі қол қойды, комсомол жетекшісі Дәулет Байдилдинов және партком Тахир Баратов екеуі қол қоюдан үзілдікесілді бас тарты. Амалсыз Талғат Асылұлына телефон шалып айттым жағдайды. Ол кісі, университетке қоңырау соққан болса керек, әлгі Тахир Баратов қолын қойып берді. Ал енді университеттің комсомол басшысы «Қол қоймаймын, қайда барсаң, онда бар, сендерді қайта қабылдауға заң жоқ!..» – деп күшеніп, қиқайып шықты. Өзі юрфактың замдеканы боп істейді екен. Қасымда Айдар бар. «Сен бара тұр», – деп, мені шығарып жіберіп, екеуі оңаша сөйлесіп қалды. Бір кезде Айдар шығып: «Не істейміз, мынау қол қоймай жатыр?..» – дейді. Корпустағы телефон-автоматпен тағы да Талғат Асылұлына телефон шалуға тура келді. «Күте тұр, өзім барам!» – деді. Ол кісі келген-ше, асханаға барып, түскі тамағымды ішіп алдым. Мәшинесімен келді де, бірден университеттің парткомитетіне кіріп кетті. Бір қа-расам, әлгі шіреніп жүрген Байдилдинов ректорат жақтан құстай ұшып, жүгіріп келеді екен, маңдайының терін сүртіп. Біршамадан соң Мамашевтің өзі шықты, қолында менің қағазым. «Мә!..» – деп маған ұстатты... Қойшы, солай әупіріммен құжаттарымды түгендеп, арызым­ ды қосып, ректорға арыз жазып тапсырдым. Ал енді оны күтейін. Уақыт болса, қысып келіп қалды, қыркүйек жақын. Мені оқуға қабылдау туралы ректордың бұйрығы шықпайды. Сөйтсем, Ерғожин: «Тарих факультетінің кез келген бөліміне қабылдайын. Бірақ «КОКП тарихы» бөліміне емес!» – деп шарт қоятын құ­ сайды. Оны естіп: «Қай бөлімнен шығардыңдар, дәл сол жерге қабылдайсыңдар!» – деп, енді мен шіренейін! Өйткені артымда «кімнің» тұрғанын сезіне бастадым ғой... Салып ұрып Талғат аға­ ма бардым, «солай да солай, әлі күнге бұйрық шықпай жатыр» деп шағынып. Ол ректоратқа хабарласса, жаңағыдай жауап айтыпты.

«Қайтесің?» – деп маған қарайды. «Жоқ, қай бөлімде оқыған бол­
сам, соны жалғастырамын», – деп, мен де сол жауабымды айттым.
«Онда жүр, ректорға барайық», – деп орнынан тұрды. Екеуіміз бір­
ге кірдік ректорға.

– Мен сізге өткен жылы 8 студентке кепілдік беріп қабылдат­

қыздым оқуларына. Енді мына балаға да дәл сондай хат жазып бе­
рейін, сіз қабылдаңыз, – деді Мамашев. Сөйтіп еді, Ерғожин:

– Жоқ, мен қабылдай алмаймын. Ол балалар сотталмаған, жәй,

оқудан шығарылғандар ғана болатын. Бұл баланың жағдайы басқа,
бұл – сотталып, түрмеде отырып шыққан, – деді. Мамашев маған
қарап, «сен шыға тұршы» деді. Шығып кеттім. Екеуі айғайласып
жатыр...

Өзі шықты аздан соң. Ашулы. «Ертең сағат 11-лер шамасын­
да хабарлас», – деді де қайтып кетті. Ертесі телефонмен хабарлас­
сам: «Қазір маған кел», –дейді. Барып едім, өзі бірге шығып, мә­
шинесіне отырғызып, ескі алаңдағы Жоғарғы Кеңеске бардық. Өзі

бастап ішке кірдік. Қайда, кімге бара жатқанымызды білмеймін.
Айтқандай, алдымыздан Мақұлбеков деген жігіт күтіп алды.
Кейін білдім, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиум хатшысы
В.В. Сидорованың көмекшісі екен. Алдын ала қабылдауға жазылып

қойған болуы керек, күттірген жоқ. Бірден қабылдады. Кабинеті
ат шаптырымдай кең, есік-терезелері биік, жарық екен. Сидоро­
ваның өзі де бет-жүзі аппақ, ұзын шашын жуан бір өрім қып өріп,
оны әдемілеп төбесіне орап қойған, реңді, дегдар әйел екен. Қо­

лын беріп амандасып, ілтипатпен қарсы алды. Бізді жайғастырып
отырғызды. Мамашев барлық жағдайды, оның ішінде ректордың
жауабын да ретімен айтып түсіндіріп шығып, маған көмекте­
суін сұрады. Мұқият тыңдап болған соң, Сидорова көмекшісіне

қоңырау соғып, юристерді шақыртты. Әп-сәтте бес-алты юрист
келді. «Заңды көтеріңдер, сотталып келген адам оқуға болады ма,
болмайды ма? Маған соның жауабын беріңдер», – деді. «Жауабын
бірер күнде аласыздар, күтіңіздер», – деп, бізді шығарып салды.

Менің үй телефонымды сұрап жазып алды, құдамның үйінің теле­
фонын айттым. Мақұлбеков өз телефон нөмірін де берді.

Бір күні мен жоқта құдамның үйіне: «Мақұлбековке хабарлас­
сын», – деп қоңырау түсіпті. Барсам, «сотталғандар ЖОО-на оқуға
қабылданбайды» деген бап 1977 жылғы ҚР Конституциясының бір­
де-бір жерінде жоқ екен. Солай деп Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Пре­

зидиум хатшысы В.В. Сидорованың қолы қойылып, мөрі басылған
бір тілім қағазды алып бардым Талғат Мамашевқа. Екеуіміз қай­
тадан бірге барып, ол кісі өзі кірді ректорға. Сөйтіп, Ерғожин
маған ең соңында, әзер дегенде бұйрық шығарды. Қыркүйек

айының іші, оқу басталып кеткен. Талғат Асылұлының арқасында
менің Жоғарғы Кеңеске дейін барып, оқуға қабылдануым қозғау
болып, басқа да барлық ЖОО-дарына қағаз барса керек, отырып
келген студенттер содан былай жеңіл қабылданып жатты. Сөйтіп,

Т.А. Мамашевтың зор азаматтық белсенділігі мен қайраткерлік
көмегінің арқасында, бір мен емес, қудаланған желтоқсаншы-сту­
дент жастардың көпшілігі оқуға қайта оралды. Кейінерек, әйелімнің
өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына да Талғат Асылұлы

дәнекер болды. «Оқуыңды аяқтағанда өзің де кел, жұмысқа орна­
ласуыңа көмектесемін», – деген. Бірақ мен бармадым. Сонда да
арақатынасымыз көпке дейін үзілмеді. Ал артынан ол кісі Алматы
қалалық Кеңес депутаттығына түскенде, сенімді өкілдерінің бірі

болып, мен де қолымнан келгенше адал жұмыс жасадым.
Осылайша, оқуыма әупіріммен қайта қабылдандым. Рас, үш
жыл кейінгілермен оқуымды жалғастырдым. Бір қызығы, келер
жылдары, 16,17-желтоқсан күндері жақындағаннан, факультет де­

канаты екі айлық стипендиямды алдын ала бергізіп, қысқы сессия
сынақтарымды ерте тапсыртып, мені елден бұрын ауылыма қайта­
ратын болды!..
Бастан кешкен қиын оқиғалардың игі әсері де болады екен, оқу

үлгерімім әлдеқайда жақсарды.
«Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі мен партиясы
Біз түрмеден босанып келгенге шейін, Сәбетқазы Ақата­
ев, Мақаш Тәтімов деген сияқты белгілі зиялы қауым өкілдері­

нің мұрындық болуымен, «Жерұйық» тағы басқа біраз қоғамдық

ұйымдар құрылып қойған екен. Мен Алматыға қайта келген тұста, Желтоқсаншы жігіттер «Қазақфильм» киностудиясының режис­ серы Қалдыбай Әбеновтің жұмыс бөлмесін офис етіп, сонда жи­ налып жүреді екен. Алғаш барғанымда, Театр және көркемсурет институтының студенті – Иманқожаев Бақтыбек (ол да отырып келген), әлі юстицияда тіркелмеген осы шағын ұйымның жетекші­ сі болып жүрді. Сонымен, біз, «желтоқсаншылар» түгелге жуық босанып, оралып жаттық. 1989 жылы «Желтоқсан» қоғамдық-саяси бірлес­ тігін құрдық. Бұл кезде қапаста әлі де төрт жігіт отыр еді. Олар Қ. Рысқұлбековпен бірге бір қылмыстық іспен сотталған Ж. Тай­ жұмаев, Қ. Күзембаев, Т. Ташенов және ең жоғарғы жазаға кесіліп, кейіннен 25 жылға үкімі өзгертілген М. Әбдіқұлов болатын. 1990 жылдың мамыр айында «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі мүше­ лері осы жігіттерді бостандыққа шығарып алу мақсатында аштық акциясын өткізуге шешім қабылдады. Аштық акциясы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі ғимараты алдында, кезекті сессия отырысы кезін­ де, 14-мамырда басталды. Қойған талаптарымыз: 1. Қамауда отырған желтоқсандықтар түгел бостандыққа шығарылсын; 2. ҚазКСР Жоғарғы соты төрағасы Т. Айтмағанбетовті, бас прокурор Ғ. Елемесовті, Ішкі Істер министрі Князевті, Қазақстан қауіпсіздік комитеті төрағасы Мирошникті, ҚКП ОК хатшылары З. Камалиденовті, Меңдібаевты, Мұқашевты, Сороканы, Мезенцевті Желтоқсан қырғынына жауапты тұлғалар ретінде қызметтерінен босатып, жауапқа тартылсын!.. 18-мамыр, яғни аштық жарияланғаннан кейін төртінші күні, түс мезгілінен бастап Алматыда нөсер жауын құйып тұрды. Кешкі сағ 19.00 шамасында Парламент үйінен қолшатыр ұстаған үш депутат шығып, бізге қарай беттеді. Депутат Акуевтің қолында бір парақ қағаз. Осы бір парақ қағазда қамаудағы төрт адамның тағдырына қатысты ҚАУЛЫ. Онда: – ­ ­

бымыздың екінші пункті сол күні орындалмағанымен, «жауапты»
деп біз көрсеткен шенділердің барлығы да алдағы уақытта қызмет­
терінен босатылады. Бірақ ешқайсысы жауапқа тартылмады...
Желтоқсаншылар, 1986 жылы алаңда Ұлт намысын қорғап,

ҚАЗАҚ деген қайсар ұлт бар екенін әлемге паш етсе, екінші рет,
Кеңестер одағы шеңберінде бірінші болып, осылайша бейбіт түр­
де жеңіске қол жеткізген белсенді қоғамдық-саяси ұйым ретінде
танылды.

Осы тұста бір қаракөз қарындасымыздың өжеттігі мен ерлігін
айтпай кету – әділетсіздік болар еді. Аққұба, көрікті, қарапайым
қазақ қызы Шолпан бізге аштық шарасы кезінде келіп қосылды.
Сұраса келе Жамбыл Тайжұмаевтың қалыңдығы екенін білдік. Біз­

дің қолымыздағы ақпаратта Жамбыл – бойдақ. Сөйтсек, Шолпан
Жамбыл екеуі желтоқсан көтерілісінен бұрын танысып, қыз бен
жігіт болып бір-бірін ұнатып, уәделесіп жүреді. Жамбыл қолдан
ұйымдастырылған жалған куәгерлердің жаласымен, зәлім тергеу­

шілер мен зұлым соттың қатал үкімдері нәтижесінде істі болып, 25
жылға итжеккенге айдалып кете барады. Сонда, Шолпан еш ойлан­
бастан, жақын-жуықтардың қарсылығына да қарамастан, тәуекел­
ге бел буып, Жамбылдың артынан іздеп барып, келешек-тағдыры

белгісіз сүйген жігітімен некеге 1988 жылы, колонияда тұрады.
Шолпан аштық шарасын ақпарат жарияланымдарынан естіп келіп,
біздің қатарымызға қосылды. Сол күндері ол жұбайы Жамбылдың
ата-анасымен бірге тұрып жатқанын айтқан еді. Біз – желтоқсан­

дықтар Шолпанға ерекше құрметпен қарадық!
«Жамбыл Тайжұмаев бостандыққа шығарылсын» деген қау­
лыны қамаудағы жұбайына Шолпанның өзі сол түнгі Алматы –
Қостанай бағытындағы ұшақ рейсімен құстай ұшып алып жетті!..

Келесі атқарған ісіміз, Жаңа алаңның Байсейітова көшесі
тұсындағы «Қазагропром» ғимараты маңдайшасына ескерт­
кіш-тақта орнатуға қол жеткіздік. Ол тақтаға жазылатын мәтін­
нің әрбір сөзін саралау-талқылаудан өткеріп, келісуге қаншама

күш-жігер жұмсадық. Нұрқаділовтың бірінші орынбасары болып
Серік Әбдірахманов жұмысқа келген. «Жоғарыдан жібермей жа­

тыр. Елдегі басқа ұлттар бар...» – деп, күн сайын бір сөзін ал­ мастырып, әбден әуре-сарсаңға түстік.... Ол кездегі басты сұрақ «басқа ұлттар не дейді?..» деп келетін. 1991 жылы, 15-желтоқсан күні, Алматы қалалық атқару комитетінің рұқсатымен және қолдауымен, солардың қаржылан­ дыруымен мрамор тақтаны жасатып, жаздырып: Декелбаев Ер­ лан, Аймаханов Құттыбек, Мүлкібаев Өткірхан және мен – Қуандықов Ермұханбет, осы төрт жігіт «Газ-53» жүк мә­ шинесімен апарып орнаттық. Сол тарихи сәтті қырық қайтара суретке басып алатын қазіргідей, ұялы телефон жоқ, не қолымыз­ да фотоаппаратымыз болмады. Тақтадағы мәтін қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Мәтін жазбасының мазмұны «1986 жылғы 17-желтоқсанда осы алаңда әкімшілік-әміршілдік жүйенің өктемдігіне қарсы демократиялық наразылық білдіру болды». Соның өзі сан рет қайта түзетіліп, әзер мақұлданды... Комиссия құрамында жүріп те, ол біткен соң да, сол кездегі қоғамымыз өмірінде болып жатқан ұлттық, елдік мәселелерге қа­ тысты күнделікті өткір оқиғалардың бел ортасында болдық. Мәсе­ лен, мана айтқанымдай, Парламент үйі алдында аштық акциясын өткізіп, қойған талаптарын өкіметке орындата білген «Желтоқ­ сан» қоғамдық бірлестігінің беделі мен аты Республика аумағына тарады. Уақыт өте келе, көпшілік халық тарапынан, әсіресе жаңа буын жастар өкілдерінен бізге, Желтоқсандықтарға деген күшті қолдауды сезіндік. Өзімізге сеніміміз артты. 1991 жылы, маусым айында, ел тарихында өзіндік өзгеше із боп қалуға тиіс тағы бір өткір де өзекті іске – жер басып алып, қа­ зақтарға тарату шарасына тәуекел етіп, дайындықты бастап кеттік. 1986 жылы Алматы халқының саны бір миллионға жеткен болса, соның 17%-ын ғана қазақ ұлты құраған екен. Желтоқсан көтерілі­ сінен кейін «Метро саламыз» деген сылтаумен БАМ-нан (Ресей) аула сыпырушыға дейін орыс ұлтты жұмысшыларды тағы үймеле­ тіп әкеп жатты. 1990 жылдары Алматыда қазақ ұлтының пайыздық саны азаймаса, көбейген жоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – осы тең­ сіздікті төл ұлтымыздың пайдасына шешіп, Алматыны қазақтан­ дырып, АНА ТІЛІМІЗДЕ сөйлету болды!

Алғашқы басып алғанымыз – әл-Фараби даңғылы мен Науаи
көшесі қиылысының жоғарғы жағындағы Алматы өзені бойында
бос жатқан жерлер болды. Билік тарапынан көрсетілген қоқан-
лоқы, күш көрсетудің барлық түріне шыдадық. Бір айға созылған

тартыс – ҚазКСР Министрлер кабинетінің төрағасы Ұзақбай Қара­
мановтың алдында оң шешімін тапты. Туымыз желбіреп, бұл жолы
да біз жеңіске жеттік!
«Хантәңірі» – Науаи көшесі бойындағы алғашқы қазақ ауданы.

Одан әрі:
«Шаңырақ» – 1, 2, 3, 4, 5. «Әйгерім», «Алтын бесік», «Ду­
ман», «Таугүл» мөлтек аудандары келесі үш жылда, тек қазақтар
қоныстанған тұрғынжайға айналды.

1991 жылдың екінші жартысында жерге орналастыру мәселе­
сімен айналысатын «БАСПАНА» ұйымы «Желтоқсаннан» жеке
отау болып бөлініп шықты. «Баспана» ұйымын Құлжабаев Медет
басқарып, жұмысын дөңгелентіп әкетті.

«Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі батыл атқарған осындай ірі
де іргелі әлеуметтік шаралары нәтижесінде, беделі мен мүшелер
саны арта түсті. Билік Желтоқсан көтерілісінің «5 жылдығын»
алаңда жаппай митинг жасап атап өтуге келісімін берді. Бей­

біт шеруді ұйымдастыруға келісім алған – тағы да «Желтоқсан»
қоғамдық-саяси бірлестігі еді. Жоғарыда айтылғандай, Алматы
қалалық мәслихатына «Желтоқсан көтерілісі құрбандарына» ар­
налған құлпытас белгісін, алаңдағы ғимарат маңдайшасына ес­

керткіш-тақта орнатуға шешім шығарттық.
Тағы бір тарихи жаңалық, дәл сол,12.12.1991 жылы «17-же­
тоқсан – демократияның жаңғыру күні» боп белгіленгені ту­
ралы Президенттің Жарлығы шықты. Жарлықта «1986 жылғы

желтоқсан оқиғасына байланысты қылмыстық жауапкерші­
лікке тартылғандар АҚТАЛСЫН» деп көрсетілген.
1991 жылдың 17-желтоқсаны күні Алматыдағы «Брежнев»
аты алынып тасталып, «Жаңа алаң» боп ауысқан Алаңдағы жалпы­

халықтық митингіні қайраткер ақын Мұхтар Шаханов – Желтоқсан
құрбандарына арналған құлпытасты ашу салтанатты рәсімімен
бастады!..

Бірегей тұлға болған жоқ Ендігі бір сөз, «Желтоқсан» қоғамдық-бірлестігінде тұрақты бір басшы болмағандығы туралы. Себебі, ол кезде, ашып айту ке­ рек, қудаланудан әлде де қорқатынбыз. «Тең төраға» дейтінбіз. «Жалғыз бір адам жауапты болып, сотталып кетпеу үшін, жетек­ шілікте үш адам болу керек», – деп шешкенбіз. Алғашқы кезеңде сол «тең төрағалардың» бірі – Нәлібаев Аманжол, екіншісі – Ха­ сен Қожахмет, үшіншісі – кез келген біреуіміз бола беретінбіз. Бір жағынан бұл – демократияның көрінісіндей қабылданатын. Ал партия құру туралы алғаш ой айтқан кім екені есімде жоқ. Бірақ бұл, алдында айтқанымдай, біз күшейе бастағанымызды сезінген кез болатын. Бірақ партия дегенді де дұрыс түсіну керек. Қай қоғамда бол­ масын дүниеге келген партияның түпкі мақсаты – билікке, өкімет басына жету! Оны кейбіреулер түсінеді, кейбіреулер түсінбей­ ді. Әрине, ондай мақсат бізде де болды. Елде, әсіресе, Алматыда белсенді қоғамдық ұйым ретінде, «Желтоқсандықтардың» беделі артты. Қалалық басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болдық. Көпшілік жиналатын театр, қоғамдық орын, көшелерде өтіп жа­ татын күнделікті түрлі мәдени-рухани, әлеуметтік іс-шаралар мен қоғамдық-саяси акцияларға қызу атсалысып, үн қосатын болдық. Қандай да бір мәселемен кез келген министрлікке еркін кіретін дәрежеге жеттік. Қажет деп тапсақ, тіпті көмекшілеріне тікелей шыға отырып, Президенттің өзіне де жолыға аламыз!.. Осыдан кейін «партия болсақ» деген ойға нық қадам жасадық. Ең алғаш, 1991жылдың мамыр айында, «8-март» көше­ сі бойындағы Киноматографистер одағының «Киногерлер» үйінде, «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясының Құрылтай сьезін өткіздік. Ол кезде Алматыда көптеген қоғамдық ұйымдар болды, со­ лармен тығыз қарым-қатынаста едік. Оның сыртында, бірқан­ ша басқа елдердің азаматтық-демократиялық бағыттағы ұйым­ дарымен, партияларымен байланыс орнаттық. Прибалтиканың «Союдис» деген ұйымынан өкілдер келді, оларға біз де барғанбыз.

Өзбекстанның «Әділет» партиясынан келген делегацияның алаң­
дағы Желтоқсаншылар ескерткіш-тақтасына гүл қойып жатқан су­
реттері бар. Қырғыз бауырларымыздан да делегаттар келіп жатты.
Әзербайжандардың ұлттық-азаттық партиясымен жақсы қатына­

сымыз болды. Сол жылдары армяндармен соғысып жатқанда, Ха­
сен Қожахметов бастаған біздің бір топ өкілдеріміз және қырғыз
жігіттері де қосылып барып, оларға туыстық қолдауымызды біл­
діріп қайтты. Кеңестер Одағы ыдырып, оның қол астында болған

Балтық теңізі жағалауы, Кавказ және Орта Азия елдері тәуелсіз­
діктерін жапа-тармағай иемденіп жатқан сол тарихи кезеңде, осы
жас мемлекеттердің әрқайсысының ішкі дүрбелеңдері өздеріне бас
қайғы боп жатты ғой...

Біз, сонымен бірге, еліміздің әр өңірінен – Ақтөбеде құрылған
«Алдаспан», Шымкентте құрылған «Парасат» және сондай Ақтау­
да тағы да басқа өңірлерде құрылған жергілікті белсенді қоғамдық
ұйымдармен тығыз байланыста болдық.

Сонымен, алғашқы Құрылтай сьезіміз өтті, «Желтоқсан» ұлт­
тық-демократиялық партиясы болып құрылдық, тіркелдік. Парти­
ямыздың Антын, Бағдарламасын, Туын қабылдап бекіттік!..
Бірақ, өкінішке қарай, партиямыздың ғұмыры ұзақ болмады.

Естеріңізде болса, сол 1992–93 жылдардағы Президент сай­
лауына Хасен Қожахмет те түсетін болды. Біз ЦУМ-ның маңы­
на, қазіргі «Жібек жолы» бойына киіз үй қойып, Президентке
кандидаттыққа қол жинап, жұмыс жасадық. Бірақ ол өтпеді, бәрі

сәтсіз аяқталды. Сол сайлаудан соң-ақ нарықтық экономика кел­
ді. Жұмыссыздық пайда бола бастады. Бізді қаржыландырып
отырған ешкім жоқ, қаражат көзін таба алмадық. Оның үстіне,
ішкі ауызбірлігіміздің болмауынан, ырду-дырду болдық. Хасен

Қожахмет ағамыз: «Мен сонау, 1970 жылдарда, сендердің бала кез­
деріңде, Қазақ елінің азаттығын аңсағанмын, сол кезден жалғыз
жүріп жұмыс жасағанмын. Енді бұл партияға мен бір өзім жетекші
болуым керек», – деп шықты. «Ее, болсаңыз болыңыз», – дедік.

Партияның органы болып табылатын төрт беттік «Желтоқсан» га­
зетінің төрт бетін де бір өзінің суретімен шығарады. Материалдың
бәрі өзі туралы... Содан, не керек, жайлап ыдырай бастадық.

Ақиқаты сол, жұртты соңынан ерте алатын беделді, парасат­
ты тұлға болмады. Бізде бәрі тұлға болғысы келеді. Бірақ ісіне
иландырып, сөзінде тұра білетін, өзінің болашақты анық көре ала­
тын биік саяси сауаты мен жан-жақты біліктілігін мойындататын,

ұйымдастыру қабілеті жоғары – бірегей тұлға болған жоқ!..
Алматыда сол кезде жаңа бағыттағы 5-6 партия, ұйымдар
мен қозғалыстар пайда болды. Олардың қатарында біздің «Жел­
тоқсан» ұлттық-демократиялық партиясынан басқа Қазақстан со­

циал-демократиялық партиясы, «Азамат», «Азат», «Қазақстанның
халық конгресі» «Алаш» деген сияқты... Бәрінің басында шынайы
тұлғалық қасиетке ие біртуарлар емес, тұлға «болғысы келетіндер»
жүрді. Ешкімді-ешкім мойындамады. Бұл, тек ол кездегі қоғам­

дық ұйымдарда емес, кейінгі, ақшасы бар «Жас түріктер» үкімет
басынан кетіп партия болған кезде, олар да бір тұлғаны мойын­
дамады. О. Жандосов, Б. Абилов, Ә. Бәйменов, Ғ. Жақиянов, Ж.
Тұяқбаев, М. Шорманов... т.б. – барлығы сегіз «тең төраға» болды.

Яғни олардың ішінде де артынан көпшілікті ерте алатын ТҰЛҒА
болған жоқ...
Желтоқсанның бастауы
«Мен 1986 жылдың желтоқсанына қалай келдім?» деген

сұраққа жауапты іштей көп іздедім. Сонда, ерте бала жасымда,
алғашқы оқыған әдеби кітабымның бірі, яғни ерекше әсер етке­
ні болуы керек, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи ро­
ман-трилогиясы ойыма орала береді... Марқұм, Қуандық атамыз

жайнатып кеткен бау-бақшада алманың әр түрі, шабдалы, нәк,
өрік жемістері төгіліп жататын. Сонау, ХХ ғасырдың 30-шы жыл­
дарының орта тұсында Ташкент ауылшаруашылығы техникумын­
да оқып келіп, соғыс басталғанға дейін ауыл-өңірдегі алғашқы ма­

ман – агроном қызметін атқарған Қуандық атамыз, соғысқа екі ба­
ласымен – үшеуі бірдей аттанып, бір баласынан майдан даласын­
да айырылады. Өзі жараланып, қайта оралған соң да, бойындағы
күш-қайраты мен оқып тоқыған білігін колхоз-совхоздың егісті­

гіне, бау-бақшасын гүлдендіруге жұмсайды. Өзінің және кенже
баласы – менің әкемнің еншілі үй-отаны айналасындағы бау-шар­
бағына да сирек кездесетін жеміс ағаштарының түр-түрінің кө­
шеттерін тігіп, жайқалтып кетеді. Міне, өзі көз жұмғалы көп жыл

өтсе де, сол кісінің еңбегінің жемісіне біздер – немерелері қарық
боп өстік. Күн ыстықта сол бақтың қоңыр салқын саясында, иісі
бұрқыраған балғын шөптің үстіне жұмсақ көрпені төсеп тастап,
кітап оқудың дәмін жаңа-жаңа татқан кезіміз. Ал күн қызуы сің­

ген мақталы көрпенің рақатын, оның үстінде аунап жатып, кітап
қызығына бөленген, одан қалса, топ-топ етіп қасыңа түсіп жатқан
уылжып піскен бал-шырын алма, өріктерді көйлегіңе бір сүйкей
салып, тамсана жеп, ара-арасында маужырап тәтті ұйқыға шомған

ауыл баласы ғана біледі!..
Сол кітапта жағымсыз кейіпкер болып суреттелсе де, Кене­
сарыға ішің бұрып отырады. Жалпы, қазақ халқы, оның аласапыран
тарихы, хандары туралы алғаш менің таным түйсігімді оятып,

«елім-жұртым» деген азаматтық сананың ең алғашқы сәулесін
себезгілеген, Құдай біледі, Есенберлиннің ұлттық тұлғаны, тари­
хи желіні арқау еткен сол «Көшпенділер» кітабы болды деп ой­
лаймын. Жетінші класта, осы кітапты алғаш қызығып, сол, баудың

ішінде жатып, әсерлене оқығаным есімнен кетпейді. Міне, содан
былай тарихи тұлғалардың өмірбаянын, тарих пәнін қызығып
оқи бастадым. Содан әрі Ілияс Есенберлиннің өзге кітаптарын
іздеп жүріп тауып оқитын болдым.

Ал кейін, уақыты келгенде, жоғары білім алсам деп құлшынып
жүргенімде, менің қолыма бірден-бір мүмкіндік «шылбырының»
ұшығын ұстатқандай болған, облыстық партия комитетінің жолда­
масымен жоғарғы оқу орындарына жолдамада, бар-жоғы екі атау

ғана көрсетілген боп шықты. Бірі – философия, екіншісі – «КОКП
тарихы» мамандықтары. Ол кезде «философия» – біз үшін мүлде
бейтаныс әлем, ал алдында «КОКП» деген анықтауыш тіркемесі
болғанымен, оның соңындағы «тарих» сөзі менің көкейіме, міне,

сол «Көшпенділер» арқылы ерте бастан ұялап қалған еді. Сон­
дықтан, кездейсоқ кезіккен сол мүмкіндіктен айырылып қалмас

үшін, бірден осы «КОКП тарихын» таңдадым. Ал отырып келген­
нен кейінгі менің «тек сол, өзім оқып бастаған «КОКП тарихы»
бөліміне ғана оқимын!» деп шарт қоюым, компартияға емешегім­
нің езіліп тұрғандығынан емес, «мені сол бөлімнен шығардыңдар

екен, енді дәл сол бөлімге қайта оралуға тиіспін!» деген, ішімнен
берік байланған «әділеттік» қағидасына өзімше табан тіреген түрім
ғана. Қайткенде алған беттен қайтпау ғой...
Сонымен,

қаншама
қарсылықтарды
қаусатып,
ҚазКСР

Жоғарғы кеңесіне дейін жүгініп барып жүріп, оқуыма қайта қа­
былдануға қол жеткіздім, оқуымды жалғастырдым. Өзімнің аза­
мат екенімді, адам екенімді көрсеттім, өзіме де, өзгеге де мойын­
даттым! Бірақ оның бәрі маған.., маған ғана емес, бүкіл отбасыма

өте қымбатқа түсті!.. Қазір «Желтоқсаншы жастар елдің намысын
қорғап қалды» деген сөз мақтанышпен айтылады. Оған дау жоқ.
Десе де, осыған орай, менің де айтып келе жатқан өз сөзім бар:
«Рас, біздің жасағанымыз – қазақ елі үшін ерен ерлік. Бірақ менің

отбасым үшін қасіреті аз болмады». «17–18-желтоқсан – ел тәуел­
сіздігін жақындатқан қасиетті күн!» делінеді. Оған да талас жоқ.
Алайда, менің әке-шешем мен бауырларым, яғни әулетім үшін
уайым мен қайғыға толы ауыр кезең боп есте қалғанын ұмыта ал­

маймын. Күні бүгінге дейін осы көзқарасым өзгерген емес...
Үкіметтік ақтау Комиссиясында
Ақиқатында, алғашында, Мұхтар ағамыз «бұлар отырып кел­
ген» деп, бізден шамалы қорқақтағандай, өзі жетекшілік ететін

Парламенттік Комиссия құрамына енгізуге құлық таныта қоймаған.
Нұғыманова Әмина дейтін пайым-парасаты мол, белсенді қайрат­
кер апамыз бізбен жақын араласатын. Біз туралы Шахановқа ай­
тып, жұмыс істей алатынымызды дәлелдеп: «Мұхтар айналайын,

сен осы жігіттерді қасыңа ал, бірге жұмыс жасаңдар», – деп, ықпал
еткен сол кісі болды. Кейін ағамыздың сенімді серігіне айналдық,
дос боп кеттік. Міне, сол Әмина Нұғманова апамыздың арқасында,
«Желтоқсан» қоғамдық-бірлестігіндегі, отырып келген бірне­

шеуіміз: Декелбаев Ерлан (секретариатта отырды), Нәлібаев
Аманжол, Мүлкібаев Өткірхан және мен – Қуандықов Ермұхан­
бет, Парламенттік Комиссияның құрамында М.Шахановтың
қоғамдық көмекшісі болып жұмыс істедік. (Келіп-кетіп Шора

Қарабаев та жүрді).
Комиссиядағы жұмыстың қиындығы сол, алғашқы кезеңде,
куәгерлерді тауып, олардан: «1986-ның желтоқсанында алаңда
болдым, осындай оқиғаларды көрдім», – деген қарапайым арыз

жаздырып алудың өзі қиын болатын. Қорқыныш өтіп кеткендігі
соншалық, адамдар «бәлеге қаламыз» деп, жазбайтын. Осы күнде
ғой, тас лақтырсаң – Желтоқсан «қаһарманына» тиетіні...
Иә, Желтоқсан көтерілісіне байланысты қуғын көрген, зардап

шеккен, немесе, қандай да бір оқиғаға куә болған азаматтардың
куәліктерін қағазға түсіріп материал жинау – біз үшін үлкен қиын­
дыққа түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламалар бер­
генімізбен, адамдарда әлі де үрей басым болатын. Бір күні маған

күтпеген жерден Қазақ Энергетикалық институтының бір студенті
«жоғалып» кеткені туралы «ұзынқұлақ» сыбыс жетті. Дереу ин­
ститут жатақханасына барып, қарсы ұшырасқан бір қыз баладан
ақырын сыр тартып сұрағаным сол еді, ол: «Иә, Сыпатаев Ербол

деген студент болған, бірақ сол желтоқсан толқуы күндерінен
кейін көрінбей кетті», – деп, оның курсы мен тобының нөміріне
шейін айтып берді. Бұл нақты мәліметтерден соң мен бірден ин­
ститут архивіне бардым. Таңғаларлығы сол, архивте Ербол Сыпа­

таев жөнінде ешқандай дерек жоқ болып шықты!.. Із-түзсіз бәрі
жойылған. Біршама дағдарып қалған мен одан шығып, факультет
деканы Бұғыбаев деген кісіге кірдім де, Сыпатаев туралы қолымда
бар деректерді тіке айттым. Бұғыбаев азамат екен, жасырып-жал­

тарған жоқ. Күлбүлтелетпей, әңгіменің ашығын айтты.

– Нақты не болып-не қойғанынан бейхабармын, бірақ 1986

жылдың 17-желтоқсаны күні түнде Алматы қалалық партия ко­
митетіне шұғыл шақыртылдым. Барсам, біздің ректор мен про­
ректор Досым Сүлеев те сонда қабылдауда отыр екен. Менен бар
сұрағандары: «Факультетіңде Сыпатаев Ербол деген студент бар

ма? – деген сауал болды. «Егер де студенттік билетінде солай аты-жөні көрсетіліп жазылып тұрса, бар болғаны, студенттер көп болғандықтан, мен олардың бәрін аты-жөнімен біле бермеймін», – дедім. Басқа ешнәрсе айтылмады. Үшеуімізді де түнімен ұстап отырып, таң ата қайтарды, – деді. Бұғыбаев менің өтінішім бойын­ ша, айтқанының бәрін хатқа түсіріп, жазып берді. Бір үлкен дерек­ тің ұшығын ұстағаныма қуанып, енді проректорға, еліміздің әйгілі эстрадалық «Дос-Мұқасан» ансамблінің белді мүшесі – Досым Сүлеевке сенімді көңіл күймен кірдім. Бірақ өкінішке қарай, ол кісі менімен сөйлесуден бірден бас тартты. – Сіздің осы институт ректорымен бірге 17-желтоқсан күні қалалық партия комитетінде болғаныңыз рас қой, – дедім мен де қоймай. Сөйтіп ем, халықтың сүйікті өнерпаз-ғалымы өзінің еште­ ме білмейтінін, білгісі де келмейтінін айтып, айғайға басты да, ақыр соңында: – Мені ондай әңгімеге араластырмаңыз! – деп, мені тастап, өз кабинетінен өзі тұра қашты. Бәрібір де желтоқсан күндері «жұмбақ» жағдайда жоғалып кеткен Энергетика институтының студенті Сыпатаев Ербол туралы қолыма түскен бар дерек-мәлімет жазбаларды өзім құрамында жүрген М. Шахановтың Парламенттік Комиссиясына тапсырдым. Соның негізінде болар, одан әрі індетіп жұмыс жасаған Комиссия 1985 жылдан Алматы энергетика және байланыс институтының студенті (Панфилов ауданы, Еңбекші аулының тумасы), Сыпатаев Ербол Мұқажанұлының 18-желтоқсанда алаңда басынан алған соққыдан 1986 жылдың 23-желтоқсаны күні көз жұмғанын дәлел­ деп шықты. Міне, сол кездегі билік пен құзырлы органдар тарапынан бол­ ған көптеген жымысқы әрекеттер мен қарсылықтарға қарамай, жатпай-тұрмай жасаған жұмыстарымыздың арқасында, көптеген оқиға куәгерлерін таптық. Бірақ есітіп, біліп тұрсақ та, ата-анасы мен тума-туыстарының үрейге берілген жасқаншақтығының, құзырлы органдар өкілдерінің алдын ала ұйымдастырған қитұрқы әрекеттерінің салдарынан, қайбір құрбан болғандар туралы дерек­

терге қажет дәйектерді қолға түсіре алмаған өкінішті жағдайлар да болды. Жоғарыда айтылған Е. Сыпатаев туралы деректерді та­ уып келген соң, Ішкі істер саласының бұрынғы офицері, ортамыз­ дағы тәжірибелі ағамыз Аманжол Нәлібаев маған сеніммен қарай бастады ғой деймін, сол 1989 жылдың күзінде, ештеме айтпай, мені қасына ертіп, Оңтүстік облысқа бардық. Шардара қаласы автобе­ кетінен түскен бойда, алдымыздан аудандық билік өкілдері мен РОВД және Қауіпсіздік комитеті басшылары бар топ күтіп алды. Олардың біздің келе жатқанымызды қайдан, қалай құлақтанған­ дарын бір Құдай білсін. – Сіздер іздеп келе жатқан қыздың желтоқсан оқиғасына ешқандай қатысы жоқ. Міне, мына кісі – туған әкесі, қайтыс бол­ ған қыздың ауылда жүріп ауырып қайтқанына өз аузымен куәлік бере алады... – деп, орталарындағы егде жастағы кісіні көрсеткен­ де барып, біздің мұнда не үшін келгенімізді бір-ақ білдім!.. Сон­ша жерден арнайы іздеп барғанымызда, аналардың мұншалық «опе­ ративтілігіне» Аманжол ағамыз екеуіміздің бас шайқаумен құр қол қайтудан басқа шарамыз жоқ еді... Айтқандай, «әкесі» деп бізге көрсеткен кісінің де расымен «әкесі ме, жоқ па?» – оны да біл­ мейміз. Ал ол қыздың толық аты-жөнінің кім екенін және ол ту­ ралы алғашқы дереккөзді қайдан, кімнен алғанын Аманжол ағам маған сол күйі жақ ашып ештеме айтқан жоқ. Ондай құпияға ол кісі өте берік болатын. Содан кейін келер жылдың көктемінде тағы да Оңтүстік­ ке Аманжол ағам екеуіміз бірге сапарладық. Бұл жолы мен туып өскен Ордабасы (бұрынғы Бөген) ауданына қарасты, сол кездегі Қараспан совхозының Арыс ауданымен шектесіп жатқан шеткі бір кішкентай ғана ауылына бардық. Дерек іздеп барған қызымыздың аты-жөні – Моланазарова Кенжеғыз. Қай оқу орнында оқығаны немесе жұмыс істегені туралы мәліметтері есімде жоқ. Бірақ сол 1986 жылғы желтоқсанда алаңда болған, сонда таяққа жығылған. Басынан сапер күрегінің соққысы тиіп, ауыр жарақаттанған. Әке-шешесі де қыздарының Желтоқсан оқиғасының шамасында Алматыдан жарақат алып келгенін мойындады. Бірақ «қызды ем­

детуге кедергісі тие ме?» деп қорқып, «сырқат тарихында» басқа
айдың басқа күндерін жаздыртқан. Өз елімізде емдете алмаған
соң, екі-үш рет Ташкентке апарған. Ақыр соңында, тағы да Таш­
кентке апарып басына жасатқан отадан Кенжеғыз көз жұмған.

Сонда бұл қыз туралы да бастапқы деректерді Комиссия мүшелері
сырттан естіп, өзіміз іздеп барып тұрмыз. Солай барып тұрып та,
Комиссия атына әке-шешесінен арыз-шағым жаздыртып ала ал­
мадық. «Кетер бала кетті дүниеден, оның артынан мазаламайық...»

дегендей сөздермен жалтарды. Жоғарғы оқу орнында білім алып
жатқан бойжеткен қыздарының қызғалдақ-ғұмырын озбырлықпен
үзген жауызға лағынет айтпай, оны жазалаудан өз еркімен бас тар­
татын ата-ана болушы ма еді? Оларды да бопсалап: «Осылай деп

айтасың», – деп қорқытып, ауыздарын буып, сырттарынан қатаң
бақылап отырғандар болмады дейсіз бе?..
Міне, сол кезде желтоқсан оқиғасына қандай да бір қатысы
бар жандардың не өздерінен, не олардың ата-аналарынан, туған-

туыстарынан бір ауыз дәйек немесе арыз-шағым жаздыртып
алудың өзі осындай, «көрінбейтін» кедергілерге душар болып жат­
ты...
Сонда да сол жылдары біз жатпай-тұрмай белсеніп жұмыс жа­

садық. Жастардың бейбіт шеруін қасақана қантөгіске айналдырған
құзырлы билік орындарының, оның ішінде, Қауіпсіздік комите­
ті қызметкерлерінің, Ішкі істер жасақтары мен Қарулы күштер
әскерлерінің алаңдағы шеруді басып-жаншудағы аяусыз әрекет­

теріне және сот, прокуратура, тергеу саласы, сондай-ақ партия,
совет, комсомол және оқу орындары мен мекеме басшылығы та­
раптарынан жіберілген асыра сілтеушіліктеріне дәлел болатын
мыңдаған дәйек-деректер жинастырдық. Ербол Сыпатаев, Ләззат

Асанова, Сабира Мұхаметжанова сынды, ұрып-соғудың құр­
баны болған боздақтарымыздың аты-жөндерін анықтадық. Өзіміз
сияқты сотталған, жазықсыз жапа шегіп, оқудан, жұмыстан қуғын­
далған, қысастық көрген талай жандардың тағдырына араша түсу­

ге білек сыбана қызмет еттік.

Өтем және Комиссияның тегеурінсіздігі Желтоқсандықтар басынан кешуге мәжбүр болған ауыртпалықтардың өтемі туралы мәселені әр қырынан келіп, әртүр­ лі айтуға болады. Еліміз тәуелсіздігін алмай тұрып, Кеңес кезінің өзінде, ізденген адам, біраз нәрсеге қол жеткізді. Біз 1988–89 жыл­ дардан бостандыққа шыға бастадық та, 1991 жылы бәріміз, түгел­ ге жуық босандық... Бірақ біз сотталғандардың әрқайсысын іздеп тауып, түгендей алған жоқпыз. Комиссияда жұмыс істеп жүргенім­ де, мен бір-екі рет осы мәселені көтердім де. «Сотталғандардың әр­ бірін іздеп табайық, олардың ендігі өмір-тағдыры туралы хабардар боп отырайық?..» дегендей. Алматыға жинала бастадық. Еті тірі жігіттердің ішінде босанғаннан соң, Комиссияға келіп жолығып жатқандары болды. Ана жақта отырған кезімізде «60, 65-ші бап­ пен отырғандар қашан шыққанына қарамастан, жылда 9-мамыр­ да, сағат 11:00-де «Жұлдыз» кафесінде жолығып тұрамыз», – деп сөз байласқанбыз. Бірақ біз шыққанда, «Жұлдыз» кафесінде емес, М. Шаханов жетекшілік еткен Парламенттік Комиссияның, «Жалын» журналының айналасында жинала бастадық. Айтайын дегенім, Кеңес кезінде – 90-жылдары Үкімет өзімізді соттаған соттың шешімімен, бізге материалдық шығынымыздың құнын төлеп беруге шешім шығарды. Материалдық құн деген, мы­ салы, сіз 2 не 5 жылға отырып келген болсаңыз, бұрынғы жұмыс іс­ теген жеріңізден растайтын анықтама алып келіп, сол аралықтағы айлық жалақыңызды толығымен өтеткізуге құқығыңыз болды. Ол үшін, бары-жоғы, сотқа арыз беруіңіз керек. Жалақыңыз ғана емес, үстіңіздегі киімдеріңіздің құнын да өтетуге құқылысыз. Ол үшін «1986 жылы алаңда қандай киімде болдыңыз немесе сізді ұрыпсоғып қаланың сыртына шығарып тастағанда, үстіңіздегі қандай киімдер жыртылды?.. Ол киімдердің сол кездегі бағалары қанша еді? Оның бағасын растатып, дүкендерден анықтама қағаз әкел» деген жоқ, өзіңіз шамасын көрсетіп, жазып бересіз. Соған сот ше­ шім шығарып береді. Осылай, отырып келгендерге материалдық шығынды мемлекет өтеп берді. Бұл – бір.

Енді, материалдықтан басқа, моральдық деген жағы бар.
Кеңес кезінде мұндай түсінік те, сұрақ та болмаған. «Моральдық
шығын» дегеніміз – кейін, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң,
1993 жылғы «Қуғын-сүргін көрген, репрессияға ұшыраған» кіші

халықтарға бағытталып қабылданған заң. Сол заңның ішінде, яғни
приамбуласында ғана бар, «моральдық шығын» деген. Моральдық
шығынды әркім өзінше бағалайды. Біреу миллион деп, екінші
біреу елу миллион деп бағалауы мүмкін...

Сонымен бірге, осы аралықта, «Мемлекет тарапынан тағы
қандай қайтарым болды?» дегенде, босанып келген жігіттердің
талпынып ізденгендері талап етіп, бұрынғы жұмыстарына қайта
қабылданып жатты. Осы жұмысшыларға қатысты, екінші мәселе –

олардың үй кезегіне тұру проблемасы болды. Қудаланып, сотталған­
дарды жұмыстан шығарумен қабат, үй кезегінен де алып тастаған.
Көбісі сол кезекке қайтып тұра алмады. Міне, сол – шешілмеген
мәселе күйінде қалды. Бұл – тек отырып келгендерге ғана қатысты

емес, қудаланып, жұмыс орындарынан, оқудан шығарылғандардың
да басында болған жағдай, яғни «әлеуметтік теңсіздік, адамдардың
құқығы толық қалпына келтірілмеді» деген сөз.
Оны айтасыз, Парламент жанынан құрылып, жұмыс істе­

ген қайраткер ақын М. Шаханов бастаған Комиссия жұмысының
10–12 тармақтан тұратын қорытындысының өзінде, желтоқсан­
дықтарға материалдық, моральдық шығындарды өтеу туралы бір­
де-бір абзац болған жоқ. Ол жердегі айтылатын мәселе, тек қана

қазақ халқына таңылған «ұлтшылдық» атауын алып тастау және
«жастарды соттау – заңсыз деп табылсын» дейді және «мемлекет­
тің қатігездігі» айтылады. Ол әлі тәуелсіздігімізге жетпеген кез
болғандықтан, «тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан жастар»

деген сияқты сөздер жазылды.
Соның ішінде көңілге қонатыны, бірақ орындалмай қалғаны,
мемлекеттік құзырлы органдарда «ІІМ-гі, КГБ, Қарулы Күштер,
әкімшілік, сот, прокуратура салаларында жауапты қызмет істеген,

басып-жаншу іс-қимылдарына тікелей қатысып, бұйрыққа қол
қойған адамдарды жауапқа тарту және қызметтен шығару» деген

88­­­ пункт болды. Бірақ ол да жарым-жартылай ғана орындалды. Рас, Елемесов, Айтмұхамбетов тағы басқалар жұмыстан кетіп жатты. Алайда, бәрі емес. Және олар жұмыстан кеткенде де «персональный» пенсиямен, керемет пәтерлерімен, қызметтік көліктерімен кетіп жатты. Менің білуімше, Елемесовке ғой деймін, Көкшетаудың тумасы екен, дүниеден өткеннен кейін елінде ескерткіш қойылған. Мұның бәрі – сол Комиссияның тегеурінсіздігі, әлсіздігі, оның ішіндегі заңгерлердің білігінің, белсенділігінің төмендігі, екінші жағынан, бәлкім, сол кезде де бой бермей жатқан саяси биліктің қитұрқы екіжүзділігінің айғағы. Тек «ұлтшылдық» деген мәселеге басымдық берген болып, жеке адамдардың тағдырын қамтымай, тыс қалдырған. Кейбір адамдарға Мұхтар аға өзі депутат ретінде өтініш жазып, сауал жолдап, көмектесуге тырысып жатты. Бірақ ол бәріне бірдей, жалпылама емес. Сонымен, жоғарыда айтқанымдай, сотталып, отырып шыққандардың өзін біз түгендей алмадық, осы күнге дейін түгендей алғамыз жоқ. Олардың кейінгі тағдырлары қалай қалыптасты?.. Оның бәрі белгісіз. Алматыда араласқандардың ғана жағдайлары белгілі, ал жиырмаға жуық жігіттердің тағдырынан хабар-дерек жоқ. ­­ ­ Осы Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, тағы екі пункт орындалмады. Оның бірі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты төрт адамның көз жұмғаны белгілі. Оны да «қылмыс» деп танып, солардың өліміне себепші болған, соларды өмірден өтуге итермелеген адамдарды тауып, қылмыстық жауапқа тарту туралы пункт болатын. Нөмірі 6-пункт. Ол да орындалмады. Төрт қазақтың өлімі сұраусыз, жауапсыз, тексерусіз қалды. Ал бір орыс – Савицкийдің өліміне байланысты Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы үкім – ату жазасына, тағы екі-үш жігіт ұзақ мерзімге түрмеге кесілді. Аяусыз ұрып-соғудан, озбырлықпен қорлап, қинаудан дүниеден өткен Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановалардың өліміне байланысты қылмыстық іс ашылған да, соңына дейін жетпеген. Кінәлілер табылмаған. Міне, «осыған жауапты кінәлілерді тауып, жазаға тарту керек» деген 6-пункт болатын. Ол орындалған жоқ. Орындалуын талап етіп сұраған да ешкім болмады.

Сонымен қатар Комиссия қорытындысының 7-пункті бойын­
ша сол қырғынға жауапты адамдар жұмыстан кетуі керек болатын.
Олар да түгелімен кеткен жоқ. Князев пен Мирошник Ресейіне кет­
ті. Әсіресе, мені қатты қапа қылғаны, сол кездегі Алматы қалалық

партия комитетінде, атқару комитетінде істеген адамдар, аты-жөн­
дері аталып көрсетілсе де, ешбірі жұмыстан кеткен жоқ. Соның
бірі – А. Есімов Алматы қаласының әкімі боп отырғанда, соның
бірінші орынбасары болған Долженков деген. Сол Долженков –

1986-да Москва, әлде Ленин ауданының бірінші хатшысы болып
істеп, желтоқсан оқиғасы кезінде зауыттарда жастарды ұрып-соғу
үшін арнайы арматура кестіріп, дайындатқан партия басшысының
бірі. Сол кейінге дейін, біздің көз алдымызда, Алматы облыстық

және қалалық басшылықта лауазымды қызметтер атқарып жүрді.
Ондайлар бір Долженков емес, өзіміздің Бірғаным Әйтімова, кейін
министр, сенатор болған Бақытжан Жұмағұлов, менің кураторым,
кейін қайраткер атанып, депутат болған Камал Бурханов та (қа­

зір мархұм) бар тағы басқа ондаған адамдар болды. Құжаттарды
ақтара берсеңіз, талайын табасыз. Сондай адамдардың солай жүр­
генін көріп, білген кезіңде, ашыныстан жүрегің ауырады. Менің
алдымда емес, жазықсыз қудаланып, ұрылып-соғылып, зорланған,

сотталып, тағдыры талқан болған жүздеген, мыңдаған жастардың
алдында, халықтың алдында кешірім сұрауға тиісті, өз істеріне жа­
уап беруге тиісті сондайлардың талайының, керісінше, қызметтері
өсіп жатты. Жоғарыда аттары аталғандар – мен біліп, танығандар

ғана, ал мен білмейтіндер қаншама?!
Тәуекелмен ысылдық
Мен түрмеден босанып шыққан 1989–90 жылдары дүкендер­
дің сөресі бос тұратын. Кім қайдан, не табады, сонымен күн көре­

тін. Ол кез, нағыз «адамды аяғы тамақтандыратын кез» болды.
Сосын, тамыр-таныстық... Кімде не бар дегендей, ол да біраз нәр­
сені шешетін. «Ең жоқ-жұтаң» дейтін студенттердің арасынан да
сондай «таныстықтың» күшімен көп нәрсені сатып алуға болатын.

Төртінші курста жүрген кезімде, «ақша» дегеннің адам тағдырына
тигізер үлкен ықпалын аңдадым. Оның үстіне, үйдегілердің басы­
на батпандап қиындық тудырып, моральдық та, материалдық та
ауыр салмақ түсірдім. Олардың алдындағы перзенттік-бауырлық

қарыздарымды бұ дүниеде қалай қайтармақпын?!.. Жатсам-тұрсам
жаныма тыныштық бермеген осындай он-сан ойлардың қамшыла­
уымен, бұрынғыдай күзетшілік, жүк түсіру секілді жұмыстарды
қойып, тәуекел етіп, оқуыммен қатар ұсақ-түйек сауда тіршілігін

жүргізуді қолға алдым. «Коммерция, коммерсант» деген сөздер
еміс-еміс құлаққа тие бастаған. Оны бір жерден арзанырақ зат
алып, екінші бір жерге арзымайтын тиын-тебен қосып сату деп
түсінеміз. Бірақ арақ-шарап, темекі сатқаным жоқ. Оңтүстіктің

мақтасы мен жүнін де саудаласып жүрдім...
Жатпай-тұрмай, жанталаса жүріп тапқан табысымның пәтер­
пұлдан, тамағымыз бен киім-кешегімізден артылғанын шашпай-
төкпей жинап жүріп, бір жыл шамасында, тұтынылған «Жигули»

жеңіл мәшинесін сатып алдым. «Өзім мінейін деп емес, сырқат
шешемнің қажетіне жарасын деп, ауыл арасында қонаққа барған­
да бауырларым мінгізіп, анамның мерейін көтеріп жүрсін» деген
ойдың жетегімен жасап жүрмін ғой. Сөйтіп, өзімше күтпеген жер­

ден бір мәз-мейрам болсын деп, ауылға, үйге алып бармаймын
ба?.. Сөйтсем, шешем, қуану былай тұрсын, ойбайын салып жүр
ғой: «Мұны қайдан тауып келдің? Апарып таста, тағы да сотталып
кетесің, құрт бәлені!..» – деп. Құшақтап, күліп, бар құжаттарын

ағамның атына аударып, үйде қалдырып кеттім. Арада бір жыл
өткенде, сол мәшинені өзім алып кеттім. Неге десеңіз, үлкен-кі­
ші бауырларымның біреуі де қызығып, рульге отырмаған. Бәлкім,
«шешемнің әлгі көңіл күйі оларда да болды ма?» деп ойлаймын...

Мен алғаш түрмеден шығып келген соң, «Алматыға оқуға қай­
та барам» дегенімде, ауылдан жырақ кетіп оқыған балалары ке­
зек-кезек сотты болып, соңдарынан шапқылап, әбден қосүрей боп
қалған анам жарықтық: «Әй, балам, оқысаң, осы Шымкентте-ақ

оқышы!..» – деп, көпке дейін үйден шығармай жүрді. Бір-екі айдай
ағаларымды ортаға салып жүріп, әзер келісімін алғанмын. Келісі­

мін бергенде де: «Осы, газет-телебізірге шығып, елдің көзіне көрі­ не бермеші, балам!..» деген өтініш-талабын тағы аманаттаған... Иә, сонда бауырларымнан естіп білдім, мен отырған екі жыл бойы анам үйден аттап шықпапты!.. Алыс-жақын ағайын-туыстың той-томалағын, ас-садақасын айтпағанда, өзіміздің алақандай ауыл ішінде жайылып жатқан шілдехана секілді шағын дастарқан мәзірлеріне де бас сұқпаған. «Үлкені ондай болып еді, енді мынау­ сы өкіметке қарсы шығып, бұл да сотталып, түрмеде жатыр...» де­ ген сыпсың сөздер құлағына жетіп, жүрегінен өтіп кеткен болса керек! Айдың-күннің аманында ел-жұрт алдында жүзін пәс етіп, жүрегіне қайғы жүктедім-ау деп, анамды уайымдағанда, менің де жанымның шырқырайтыны сол еді... Сол жылдары жаңа-жаңа құлақтары қылтиып шыға бастаған «коммекс-клуб» деген сияқты «пирамидаларды» алғаш жасау­ шылар да біз, сол жылдардағы студенттер болдық. Қайдан екенін білмеймін Жанысбеков Мұрат пен Сматаев Алмаз екеуі алып келген идеялар. Сөйтіп, ең алғаш «коммекс-клубтың» қоржынына 25 сом­ нан жиналған ақшалар біздің ҚазМУ қалашығынан басталған бо­ латын. Сол кезде менің отырып шыққаным үшін алған 3 мың сомға жуық ақшам болатын. Екеуі, маған келіп, «ойынның» құрылымын, шарттарын түсіндірді. Содан университет кәсіподағынан рұқсат алып, жұмысты бастап кеттік. Рас, уақыты келгенде, ол жабылды, біраз ақша жиналды... Одан әрі «жабайы» нарықтың ырқымен тәуекелге бел буып, немен айналыспадық!.. Ұтқан да, ұтылған да кездеріміз болды. Есесіне, ысылдық, тәжірибе толыстырдық. Қай жерде батыл, қай жерде сақ қимылдауды үйрендік. Киім, аяқкиімдермен де сауда жа­ сап көрдік. Кішкентай киоскі-дүкендер ашыла бастады. Күн көріс, тіршіліктің қолға түскенінің бәрін де істедік. Тепсе темір үзетін үш-төрт жігіт бірігіп, ЖШС да аштық. Тәуекелмен үлкен көлемде несие де алдық. Дөңгелентіп жұмыс жүргіздік. Дегенмен, жүйеге түсіп, салмақты жұмыс істей бастағаны­- мыз – екі мыңыншы жылдардан кейін еді...

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ҚАРАШАҢЫРАҚ – ҚАСИЕТІМ

Ауылым, аталарым...
Ықылас Темір – кішкентай ғана Бөржар өзені бойына қоныс
тепкен шағын ауыл. Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық окру­
гінің бір бөлімшесі. Бастауын осыдан, небәрі, 15 шақырым ша­

масы шығыс беткейдегі шағын қайнар-бастаулардан алып, сай та­
бандарын қуалай ағатын Бөржар өзені сырт көзге арық суындай
ғана боп көрінеді. Сол тұрқымен-ақ ол – жоғарыдағы үлкен елді
мекен Ұялыжарды, біздің ауыл мен төмендегі Теспе ауылдарының

мал-жанын, тақта-тақта суармалы егістіктерін, үй айналасындағы
бау-шарбақтарына шейін қысы-жазы қажетті сумен қамтамасыз
етіп келе жатқан берекелі өзен. Қарашаңырақ – әулетімізден есім­
дері бізге мәлім екі-үш аталарымыздың келте шежіре-тарихы да

осы алақандай ауылмен кіндіктес сияқты. Еміс-еміс құлағымызға
тиген ескі әңгіме желісі бойынша, тау жақтағы Темірлерден енші
алмай бөлініп шыққан Ықылас-Ырсай аталарымыз, шамамен, 19-
ғасырдың орта тұсында осында келіп орныққан. Атадан өсіп-өнген

ұрпақтарының ұзын-саны бүгінде 200 түтіннен асып жығылады.
Өз заманында бақуатты бай, дәулетті кісі болған Арғынбай
бабамыздың ауылын оқыстан орыстың мылтықты әскері шауып,
шоқпар-сойылмен қарсы шыққан ересек 4-5 баласымен қосып

бай атамыздың өзін де атып-шауып өлтіріп, үйелменімен қырып,
малын талан-тараж етіп айдап әкетеді. Бұл – шамамен, өткен
ғасырдың басында болған оқиға. Сол қырғыннан ғайыптан-тайып
жалғыз кенже ұл – Қуандық пен жеңгесі Жұпар (Арғынбайдың үл­

кен баласы Орынбектің әйелі) екеуі ғана тірі қалады. Қараспандағы
қыпшақтардың қызы – Жұпар жеңгесі ақыл-парасаты мол кісі құ­
сайды. Бір әулеттен тұқым қалмай құрып кете ме, мынау жалғыз
жетімектің жайы қалай болады деп уайымдап, өзі бас-көз боп қа­

райласады. Қайнысы есейіп, буыны бекіп, жігіт болған соң, дәстүр бойынша «әмеңгерім» деп, некелесіп қосылады. Міне, сол әжеміз атамызға Әбдірайым (1920 ж.т.), Әбдіқайым (1922 ж.т.) және біздің әкеміз Әбдікерім (1926 ж.т.) атты үш ұл тауып береді. 1939 жылы қызыл әскер қатарына алынған Әбдірайым «әне-мі­ не елге қайтамын» деп жүргенде, фашистік Германия соғыс ашып, алғашқылардың қатарында Украина жерінде майданға кіреді. Содан арада 5-6 ай өткенде хабар-ошарсыз кетеді. Соғыс қызып жат­қан 1942–43 жылдары, елдегі Қуандық атамыз бен екінші ұлы Әбдіқайымды да бірінен кейін бірін – әкелі-балалы екеуін де май­ данға алып кетеді. Аяғынан жарақат алған Қуандық атам бірер жылда қайтады да, Әбдіқайым атам соғыс біткеннен кейін де Ба­ тыс Украинадағы бендерашылармен шайқасып, елге 1947 жылы бірақ оралады. Оқ пен оттың ортасынан аман келген қайратты, еті тірі Әб­ діқайым атам, есепші-бухгалтерлік курс оқып тамамдаған соң үйле­ ніп, Бадамда кооператив сатушысы болып істейді. Соғыстан кейін­ гі ел еңсесін түзей алмай, жоқшылық қысып тұрған кез. Табандай бес жыл бойы ел үшін шыбын жанын шүберекке түйіп жаумен ар­ палысып келген арыстай азамат, ауыл адамдарының ауыр тұрмысын көріп қиналады. Қолынан келгенше көмек жасағысы келеді. Елді титықтатқан соғыс жеңіспен бітті, енді көп ұзамай, жағдай түзелер. «Ең болмаса, соған дейін аман жетсін» деген оймен, кооперативке түскен қат ауылшаруашылық заттары мен онша-мұнша азық-түлік­ терден қарызға бере тұруын өтініп келген жоқ-жітік ағайын-туысқа, айналасындағы халі мүшкіл дос-жолдастарының отбасына қарай­ ласқаным болсын деп, беттерін қайтармай, сұрағандарын беріп, қарасып жүреді. Бірақ соңында, тексеру келгенде, әлгі «қарызда­ нушылардың» біразы тән алмай жалтарып, жұртқа «жақсылық жа­ саймын» деп жүрген Әбдіқайым атамыздың мойнына біршама ақша «байланып», істі болады. 1955 жылы сол кезеңнің қатал сот үкімі бойынша, Әбдіқайым атамыз 25 жылға кесіліп кете барады. Бала кезімізде Әбдіқайым атамыздың өз аузынан естуімізше, сол әкеткен бойы, алғашында Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма

ГЭС-і құрылысының бірінші қазығын қағушылар қатарында бо­
лыпты. Бірнеше жылдан соң, батыс өңірге ауыстырып, Атырау
(бұрынғы Гурьев) қаласына апарып, үй құрылысы жұмыстарына
жегеді. Тағы біраз жыл өткенде, 60-шы жылдардың бас кезеңі бо­

луы керек, қайтып оңтүстікке әкеліп, Шардара суқоймасын салу
жұмысына салады. Ол үйдегі Күлбибі апамыз – Арыс жақтың
қызы. Қайын атасы Қуандық шалмен бірге Әбдіқайым атамыздың
артынан іздеп барып, жолын тауып кездесіп тұрады екен. Он жыл­

дан соң, жеңістің 20 жылдығына орай, сол кездегі КСРО Қорғаныс
министрі Маленковтың «түрмеде отырған ҰОС-на қатысушылар­
ды жедел босату» туралы пәрменімен, 1965 жылдың 8-мамыр
күні Әбдіқайым атам бостандыққа шығады. Ағайын-туыспен

аман-есен қауышып, отбасымен табысқаннан кейін дүниеге келген
кенже ұлдары – Табысқан бауырымыз, қазір сол үлкен үйдің қа­
рашаңырағын ұстап отыр. Әбдіқайым атам мен Күлбибі апам Ал­
ланың жазған жасын жасап, бала-шағаларының алдында кезегімен

көз жұмды.
Жоғарыда әңгіме болған Жұпар әжеміз жарықтық, Қуандық
атамыз соғыстан жарақаттанып, бірақ жаны аман келгеніне қуанып,
«жағдай солай болып, жастығында қыз алмап еді» деп, өзі таңдап

Гүлзада әжемізге үйлендіреді. Бұл әжеміз де Жамбыл жақтағы үл­
кен бір байдың қызы екен. Тағдыры да ұқсас, қайғылы-қасіретті.
Оның да әке-шешесін тағы да сол орыстар қырып, мал-жанын та­
лап алғанда, әлі балиғат жасына да толмаған, кішкентай Гүлзаданы

жанашыр ағайындары, «әйтеуір аман қалсын» деген оймен, өтіп
бара жатқан саудагерлерге қосып, Шымкентке қарай қашырып жі­
береді екен. Содан біраз жыл талай тауқымет, мехнатты басынан
кеше жүріп, Жұпар әжеміздің тікелей дәнекерлігімен, өзі тағдыр­

лас Қуандық атамызға екінші жар болады...
Асқар тауым – әкем
Бала кезден әкемізді «көке» деп, анамызды «жеңеше» деп өстік.
Әулетіміз көпбалалы болған соң ба, әке-шешенің қадірін ертерек

біле бастадық-ау... Аға-әпкелерімізді үй тірлігін істеткізіп, жұмсап өсірді. Кезегіміз келгенде, үй жұмыстарына біз де жегілдік. Бірақ содан жаман болғамыз жоқ... Әкем мені ең алғаш қолымнан жетектеп, мектепке алып барғаны есімде. Кішкентай қара шорти, ақ көйлек киіп бардым. Алдымдағы аға-әпкелерімді солай апарған-апармағанын біл­ меймін, ал мені арнайы апарды ма, әлде жұмысына бара жатып, жолай кіргізіп тастап кетті ме?.. Оның да анық-қанығы есімде жоқ... Анамыздың айтуынша, әкеміз бірде-бір баласын «айна­ лайын» деп, еміреніп, маңдайынан иіскеп көрген кісі емес. Әл­ бетте, әсіре қаталдықтан болмаса керек. Ол кісілердің заманынан, әдебінен шығар деп ойлаймын. Өйткені, атамыз бен әжелеріміз бар. Әке-шешем алғашқы екі қыздарын туа сала, екі әжеміздің қолдарына ұстатқан... Біздің әкеміз де, сол, жұрттың әкесіндей болды деп ойлаймын. Қазіргі балалар құсап, «менің әкем бастық, немесе, дөкей емес» дегендей, өзгелермен салыстырулар бізде болған жоқ. Ондай тү­ сінік те болған емес. Мүмкін, қатарыңнан кем өссең немесе зәбір көріп жатсаң, сонда ойлайтын шығарсың, «Менің әкем неге ондай емес, мұндай болды екен?..» деп. Біздің бала кезімізде жұрттың бәрі бірдей, тең болды. Бір мектепке бардық, бір интернатта жат­ тық... Елдің бәрі жаяу жүретін, адамдар бірінен-бірі артылдырып киінген жоқ. Ағаның киімін інісі киетін... Айтқандай, әкем жетектеп апарған алғашқы жылы, мұғалім ұнамай қалды ма, келесі күні мектепке бармай қойдым. Екі күн бойы, мектепке баратын кезде қашып, есіктің алындағы биік тал­ дың басына өрмелеп шығып кетіп, түспей қойдым. Үшінші күні әкем: «Бармаса қойсын!» – деп, қолын бір сілтеді. Ұрысқан жоқ, соққан жоқ... Негізі, әкем Әбдікерім Қуандықұлы екі иығына екі кісі мінгендей, шомбал денелі, сырт көзге қас-қабағы қату, ашылып көп сөйлемейтін, томырықтау кісі болды. Үй іші тірлігіне мүлдем араласпайтын. Өмірін колхоз-совхоздың шаруасына арнаған, «түз адамы» болды. Міне, ұл-қыздарының ешбірі бетіне келіп көрме­ ген сол «қаһарлы» әкеміздің сұсынан қаймықпай, мектепке бармай қойып тұрған мен де сау сиырдың тезегі болмай тұрмын-ау, сонда...

Есесіне, келесі жылы өзім елдің алдымен жүгіріп кеттім – мек­ тепке. Өйткені бірге ойнайтын дос-құрдастарымның бәрі оқуда. Кө­ шеде ойнайтын ешкім болмай, бір өзім жүріп, ішім пысса керек!.. Ойын баласы кезімде, әкем завхоз әлде қоймашы болды. Ау­ ламызда, үйдің жанында сарай сияқты шағын бір үйшік болатын. Іші толған қораптар мен түрлі ыдыстарға салынған: Бал, сары май, тәтті кәмпит, печеньелер, жәшік-жәшік лимонад. Сыра да тұратын... Есігіне дәу қара құлып салынғанымен, әйнегі жоқ терезесінен біздер емін-еркін түсіп-шыға береміз. Сөйтіп, достарыммен бірге сол те­ резеден түсіп, қалағанымызды жеп-ішіп, жырғап жүретінбіз. Соны үйде былай да береді ғой, бірақ бізге терезеден түсіп, көрші бала­ лармен бірге ұрлап жеген тәтті ме, жоқ әлде қызық болды ма екен... Одан есейіп, ес біле бастағанымда, жанар-жағар майдың бастығы болды. Қарамағында біраз шопырлары бар. Күнде кешкі­ сін жұмыстан салдырлаған жүк мәшинемен келеді. Көбіне-көп ішіп, масаң боп келеді. Мәшиненің кабинасынан сүйемелдеп, көтеріп түсіріп аламыз. Сонда, қанша мас боп келсе де, қолындағы тор сеткісінде 4-5 бөлке нан болады. Сол кезде-ақ анамыздың ден­ саулығы онша емес, үйде бала көп, нан жауып үлгере алмайтын шығар, әйтеуір, әкем нансыз келмейтін. Сегізінші класта оқып жүрген кезім ғой деймін, тағы бірде солай, мас боп келді. Намыс­ танатын болуым керек, белінен құшақтап мәшинеден түсіріп жа­ тып: «Көке, қашан қоясыз арақты?..» – деп қалдым. Бетіме қарап тұрып: «Ой, шешеңнің!.. Сен де ержетіп қалдың ба? Ертең, есей­ ген соң түсінесің!..» – деді. Содан қайтып әкемізбен арамызда он­ дай әңгіме қозғалған емес. Кейін, әкеміз дүниеден өткен соң ойла­ намын ғой... Әйелі науқас, шиеттей бала-шағаның ішер асы, киер киімі бар дегендей. Бір өзінің айлығы шайлығынан артылмайтын болса керек. Он баланы асырау үшін, қолындағы совхоздың майын тиын-тебенге сату үшін біреулермен отырып ішу керек. Одан қал­ са, қолдағы малына жем-шөп керек, тағы біреулермен ішеді. Сөй­ тіп жүріп, кешке қарай үйге масайып қайтса керек қой... Бір білетінім, әкем – есеп-қисапқа мықты болған кісі. Ерте­ ректе, 60-жылдары болса керек, біздің совхозды Пусарев деген

орыс директор басқарған екен. Өзі анау-мынауды бетіне қаратпай­ тын атағы да, шатағы да бар адам құсайды. Таңертеңгі планерка­ да, біздің әкей ішіп барған күні соның алдына барып: «Иуан Иу­ аниш!..» деп, столын жұдырықтап тұрып сөйлейтін көрінеді. Ал ішпеген күні, момақан күйде, есіктің алдында кезек күтіп тұратын құсайды, монтиып. Ол мінезін біліп алған анау да: «Куандыков, ты-че сегодня, такой тихий?..» – деп күледі екен. Әкеміз дүние­ ден өткеннен кейін үлкен кісілердің айтатыны ғой. Бірақ бірде-бір есебінен қателеспейтін деседі. Жазуы да керемет болды. Кирил­ лицамен де, арабша – төте жазу дейді ғой, онымен де бірдей, жа­ тық жаза беретін. «Әкеңнің аузын ұрайындар, оқысаңдар оқыңдар, оқымасаңдар ауылда май-май тірәктәрис боп жүресіңдер. Сендер секілді он класстық мектеп оқысам, мен әлдеқашан дом сәбетте отырар едім. Әттең, мен төрт-ақ класс оқыдым ғой!..» – деп отыра­ тын жарықтық. Бізге апа болатын, қайныларының атын атамайтын жеңгелері әкемді «шашты қара» деп атайды екен. Жас кезінде шашы көмір­ дей қап-қара, қайратты болыпты. Өзінен үлкен ағасы – Әбдіқайым атамыз істі болып, 25 жылға сотталғанда, бір түнде шашы ағарып кеткен дейді. Мен ес білгелі, әкем Әбдікерімнің шашы аппақ қудай ақ болды. Бірақ тісі мықты еді. Кете-кеткенше бұзылған жоқ, өз тісімен кетті... Жанымның шуағы – асыл анам Біздің кішкентайымыздан анамыздың денсаулығы болмағанын білемін. Еміс-еміс есімде қалған бір көріністерде, үйде жүрген біз­ ге, өңшең кішкентайларға, кім айтқанын қайдам, «Шешелерің ор­ талықтағы ауруханадан шығып, ауылға келе жатыр» деген хабар тиді. Бөлімшедегі біздің ауыл мен совхоз орталығы – Бөржардың арасы ол кезде өте қашық көрінетін. Мен – үлкенімін, құйын-пе­ рен жүгіріп, бәрінің алдында келем, соңымда екі інім, қарындасым бар. Ауылдың сыртындағы елсіз адырға шықтық. Одан, борпыл­ даған топырақты айдау жол үстіне дейін жайылып өсіп кеткен

жантақ, шошқа тікенектерге қарамастан, Бөржарға қарай жалаң аяқ-жалаң бас, алақайлап шаңдатып, шапқылап келе жатқанымыз көз алдымда... Анамыз жарықтық, он екі құрсақ көтерген екен. Өзі бала жасынан аштықтың зардабын шеккен, әке-шешеден ерте айырылып, жетім өскен. Өсіп-өнген үлкен бір әулеттен бір ағасы, бір әпкесі – үшеуі ғана тірі қалған құсайды. Онда да үшеуі ағайын­ ды үш кісіден... 1944 жылы 19 жастағы шешемізді әкеміз сол әпке­ сінің қолынан алған. Өзі күліп айтып отыратын, «әкелеріңе өзім келгенмін» деп. Соған қарағанда, балалы-шағалы әпке-жездесі­ нің үйіндегі өмірі де оңай соқпаған сияқты. Әкем алдын ала уағ­ даласқанда, келетін күнін айтып, келісіп кетеді. Ат-көлік тапшы, әкеміз баратын ат іздеп, әрі-бері жүгіріп жүргенде, шешеміз, қо­ лындағы түйіншегімен Шымыр аулынан ел ұйқыдан оянбай, алаңелеңде ерте шығып кетіп, арадағы қыр-белестерді жалғыз-жаяу асып, біздің Темір аулының үстіне жетіп қалса керек... Есейе келе, Жорабекқызы Үрліхан анамыздың жанкештілігін көп көрдік қой... Өзі талдырмаш бойлы, жұқалтаң ғана, нәрән­ жулеу кісі еді. Ашуы жоқ, өте момын. Ұрып-соғу былай тұрсын, біздің бірде-біреуімізге сол шешеміз жарықтық, дауыс көтеріп, ұр­ сып көрген емес. «Әй!..» дейтін де қоятын. Алғашқы туған қызын үлкен енесі бауырына салып алған. Қырқынан шығар-шықпаста берген-ау, «емшегім сыздап тұра­ тын, бірақ барып емізуге қорқатынмын әкеңнен» дейтін. Екінші қызы – Рахимаш әпкемізді босанған бойда, Гүлзада әжеміз асырап алады. Үлкені – Түзукүл әпкем әкемнің көшірмесі-дағы, Рахи­ маш әпкем – тура шешем менің! Ол кісіні көрсем, анамды көр­ гендей болам осы күнге дейін. Бәрімізді «колхоздың жұмысында жүріп, мақталықта туғанмын» деп отыратын. Ең кіші інім Айтмұ­ хамбетті ғана үйде босанғанын білем, 1969 жылдың қаңтар айы болатын. Анам – ата-енесін баққан, күйеуінің бабын тапқан, көп бала туып-өсіре жүріп, колхоздың жұмысынан да қалмаған. «Біз­ дің байымыз әкелерің емес, колхоздың біргәдірі болды», – дейтін. «Таңертең жұмысқа сәл кешіксең, атпен шауып келіп, қамшымен

тартып-тартып жібереді. Пәленшенің қатынысың ба, бала-шағаң
бар ма?.. жұмысы жоқ», – дейді. Кешке, ымырт түсе шаршап-шал­
дығып жұмыстан қайтып келе жатады. Жамырап алдынан жүгіріп
шығамыз. Менен басқасының бәрі «жеңеше» дейді, мен ғана «апа»

дейтінмін ол кісіні. Көп сырқаттанды, ауырушаң болды...
Анамды жанкешті деуімнің тағы бір себебі, ең үлкен ағамыз
Әбдімәлік көкем Целиноградта оқып жүрген кезінде істі бол­
ды. Сонда сол жаққа сотқа бару керек болады. Өмірі үйден ұзап

шықпаған, самолетке отырып көрмеген кісі. «Жүрегім тарсыл­
дап, қанша қорқып тұрсам да, балам үшін отырдым», – дейтін.
«Құрысын!.. Целиноград дегенің бұрқыраған боранды, үскірік
аязды, ақ қар-көк мұзды жер екен!..» – дейтін...

Содан, арада жылдар өткенде, мен істі болдым. Тергеу жүріп
жатқанда екі ағаммен жетектесіп маған да келді. Сонда, бірінші
кездестіру болғанда, шешемнің бетіне қарауға менде бет жоқ бол­
ды! Қазір ғой, қанша жыл өткенде, «батырмыз», «пәлен-түгенбіз!»

деп жүргеніміз. Ол кезде, заман басқа, түсінік-таным бөлек. Бір
ауылда, бір үйден жоғарғы оқу орнында екі бала оқып, екеуі де
істі болды деген... «Ата-анамның бетіне салық болдым-ау, үміт-се­
німін ақтай алмадым-ау» деп, өзіңді айыпты сезіну деген қандай

ауыр?!.. 1987 жылдың мамыр айында, сот болды. Үш күн бойы
жүрді сот. Содан, үкім оқылды. Менің екі көзім анамда… Маған «5
жыл беріледі» деген үкім оқылғанда, шешем сол жерде құлайтын
шығар деп ойлағам... Мықты екен анам! Қасындағы бауырларым

түсіндірген болар, үкім оқылып болған соң, сүйретіліп орнынан
тұрды да, темір тордың ішіндегі маған қарай жүрді. Өзі арық адам,
бет-жүзінде қан-сөл жоқ, жағы суалған, екі көзі шүңірейіп, іші­
не кіріп кеткен. Боп-боз жүзіндегі шет-шеті қызарыңқы, момақан

қара қоңыр көз-жанарынан аналық мейірімін төгіп, анадайдан үн­
сіз айналып-толғанып, қасыма жақындап келді де, нық дауыспен:

– Қобалжыма, қарағым, балам! Алдыңда екі ағаң бар, артыңда

екі інің бар. Амандықпен көрісуге жазсын. Қайтейін, бір Құдайға
тапсырдым! – деді. Деді де, ақырын бұрылып шығып кетті...

Мен «дауыс салып жылайды, есінен танып құлайды» деп үрей­ леніп күткен – қайран Анам, қайсар анам менің!.. Еңсесін тік ұстап есікке беттеген анамның тұрымтайдай тұрқынан басқа ешкім­ ді-ештемені көрмей, естімей, екі құлағым шыңылдап, алқымыма тығылған ащы өксігімді талмап, сілейіп тұрдым да қалдым!.. Осы күні оңашада ойлаймын: Ер-азамат басымызбен біз сөйтіп айта аламыз ба, балаларымызға?.. Әй, айта алмаймыз!.. Жаңылмасам, мен алтыншы класс оқып жүргенде болуы керек, үнемі қабағы сұсты жүретін әкем жарықтық, бір күні, жүзі сондай жылы. Дүкеннен үйге қорап-қорап конфет, печенье, киім-кешектік түрлі маталар әкеліп, анама жұмсақ сөйлеп, әбігер боп жүр. Анам да мәз-мейрам, сандықтарын ақтарып, әдемі көйлек-орамалдарын ауыстырып киіп, бізді де жуындырып, жолға дайындап, әлек боп қалды. Әкем айтып келген құсайды, апамның Қараспанда тұра­ тын Кеңес дейтін бауырының үйіне тойға барамыз деп. Ол кісіні білеміз, дәрігер еді. Анам қатты ауырып, науқастанып қалғанда, өзі ғана білетін қажетті дәрі-дәрмегін әкеп беріп, ем-домын жа­ сап, қамқор боп жүретін. Арқа сүйер жалғыз бауыры ғой... Со­ дан, бір кезде, қоңсы отыратын ағайын-туғандардың үлкендері бір қора боп жиналып келді де, балаларды үйден шығарып жібе­ ріп, шешемізді орталарына алып, әңгіме айта бастаған... Анамыз зар еңіреп, боздап жылап қоя берді. Бұрын-соңды естіп-көрмеген сұмдық аңырау­дан арқа-басымыз шымырлап, үрпиісіп, әпкелері­ міз де сыңсып, біз де қыңқылдай бастадық. Сөйтсек, анамыздың жалғыз бауыры, Кеңес нағашымыздың қаралы хабары жеткен екен. Өзі жалғыз­ілікті, туған әке-шешесін де білмей, ерте жетім қалып, ағайын қолында өсіп-жетілген мұңлық анамызды ойсыра­ тып кеткен ауыр қайғысын сезінген әкеміз, жаманат хабарды өзі естірте алмай, ағайындарға құлаққағыс қылып, анамды аяп-аялап, қиналып жүр екен ғой, сонда... Анамның маған ренішті болған кездері де болды. Есімде қалған сондай жағдайдың бірі – мен 5-курсты бітіріп, диплом алып жатқан кезде, «көп болды көрмегелі, иісін сағындым, неме­ ремді әкеп берсеңші» деген соң, әйелімді баламмен ауылға апарып

тастап, өзім Алматыда шаруаларыммен жүрдім. Аз уақыттан кейін,
айналып келгенімде «Маған көрсетпегенің осы ма еді, мынаны ме­
нің қасыма неге тастап кеттің?!» деген сөзді, шешем зілмен, қатты
қапа болып айтты. Бірақ не болып-не қойғанын жақ ашып сөз қыл­

мады. Мен де ежіктеп сұрамадым. Сол үндемеген күйі әйел-балам­
ды алып қайттым да, үйге кіргізбей, әке-шешесінің үйіне апарып
тастадым. Араларында не болғанын білмедім. Менің алдымда үне­
мі өзі қорғаштап жүретін әйелімнің сол жолы анамның көңілін қат­

ты қалдырғанын сездім.
Өмірінің соңына қарай қатты сырқаттанып, төсек тартып жа­
тып қалғанда, Алматыдағы бар шаруамды тастап, ауылға келдім.
Қас-қабағына қарап қасында жаттым. Анам біреулерден естіген бе,

«Шаян жақта бір атышулы емші бар екен, соған көрсетсең қай­
теді?» – деп қалды. Ол кісіге алып келіп қараттым. «Боз биенің
қымызы шипа болады екен» дегенді естіп, боз бие сатып алып, сау­
мал-қымызымен күттік. Жаратқанның өлшеп берген уақыты жетіп,

пәни дүниеден татар дәм-ырыздығы таусылған күні, шүкір-тәубе­
сімен, көп қиналмай, көз алдымызда бақилыққа аттанды. Аз ба,
көп пе, Жаратқанның пешенесіне жазған – 69 жасын жасады. 1994
жылдың 24-мамыры – ащылы-тұщылы пәни дүниемен қоштасқан

күн болды. Алыс-жақын ағайын-туған, жегжаттар бар, ауылдас,
көрші-көлем, сыйластар бар, өзінің үлкен-кіші ұрпағы бар де­
гендей, дәстүрлі ата-баба жолымен жөнелттік. Жетісін, қырқын
атқарып бір-ақ қайттым...

P.S. Анама қатысты естен кетпес дүниелер көп қой. Қайсыбі­
рін айтып тауысарсың... Бірақ ерекше толғандыратын бірер
жағдайдың жөні бөлектеу...
Соның бірі, мен алғаш үйленіп, әйелімді үйге әкелгенде,

қалыптасқан дәстүр бойынша, біздің жақ хабаршы жіберіп, ол
жақтан аға-жеңгесі қуғыншы боп келеді. Сонда сол туыс жең­
гесі қыздың анасының: «Сіздерде бала баршылық көрінеді. Бізде
жалғыз қыз. Сондықтан, күйеу баланы қосып, екеуін бізге бер­

сеңіздер...» деген «ерекше» сәлемін анама оңаша жеткізеді. Өмір
бойы әкеміздің атын атамай өткен анам жарықтық сонда: «Әлі

жүз көріспеген құдағиға сөз түсінер кісі болса, дұғай сәлем айта барыңыз. Біріншіден, бала туып, өсіріп жеткізу – ойыншық емес. Құдай өзі берген ұл-қыздарымды көпсінте көрмесін, әрбірінің өз орны, пешенесіне жазған өмір-тағдыры, несібесі бар. Екіншіден, егер де Сәбдікерімнің (әкем Әбдікерімді айтады) ұрқы екені рас болса, бұл жағдайды балам өзі шешуге тиіс. Оның қабылдаған шешіміне мен қарсы болмаймын!..» – деп жауап берген ғой. Есілдерті, бар тілек-ниеті – «Осылар жарасып, үй-отан боп кетсе екен» деген ой ғой, осы жағдайды өмірінің соңғы күндеріне дейін көкірегінде құпия ұстап келіпті, қайран анам!.. Ұзақ жылдар бойы біресе ажырасып, біресе қайта қосылып жүрген күйімізге күйіне отырып: «Байғұс балам, сенің де әбден басыңды қатырды-ау», – деп, бақилық боларының алдында ғана айтқан еді... Екінші бір оқиға, менің балалығым ба, әлде шамадан тыс ырымшыл болдым ба... 1989 жылы дүниеден кеткен соң, әкем­ нің басына тас қояйын дедім. Ол кезде ауылды жерде ондай іс некен-саяқ. Қаладан іздеп жүріп, қара гранит тас тауып жаз­ дырып, дайындаттым да шешеме барып айттым. Шешем сонда: «Үйге әкеліп, маған көрсетсейші оны» деген еді. Үйге апарғанды ішімнен жаман ырымға балап, қаладан бірден бейіттің басына алып барып, екі-үш ер-азамат ағайындармен орнатып қайттық. Сол өтінішін орындамай, шешеме көрсетпегенім бекер болды-ау деп, кейін соған өкініште қалдым. Біздің жақта әйел адам бейіт басына бармайды ғой. Сол күйі әкемнің басына қойған тасты ше­ шем көре алмай кетті. Артынан анам қайтқанда, әкемнің қасына жерледік. Екеуінің белгі тасы бірдей болсын деп, ол кісінің басына да сондай тас қойдым... Бауырдың орны бөлек!.. Анамыз марқұм 12 құрсақ көтерген деп айттым ғой. Оның еке­ уі ерте шетінеп кетіпті. Ең үлкеніміз – 1945 жылы туылған Түзукүл әпкеміз. Ол кісінің бірге туған бауырымыз екенін кейінге дейін білгеміз жоқ. Әке-шешеміз білдірген жоқ. Екінші әпкемізді де со­

лай, кіші әжемізге берген. Бірақ ол кісіні ертерек білдік. Тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары жастығы бар, әжеміздің бауырында ер­ келеп, еркін өскен бұлалығы шығар, шағымданып үйге келіп отыр­ са керек. Таңертең әжем соны айтып келген құсайды. Әкеміздің тас-талқан боп ашуланып: «Ел-жұрттың бетіне қайтіп қараймын, келген жағына қайта құрысын көзіме көрінбей, қызыңа айтып бар!..» – деп айғайлап жатқанын естідім. Содан кейін, шет жағасын шешемізден естіп, «бірге туған әпкеміз бар екен-ау...» деп, біле бастадық. Оған дейін бауыр болып араласпаған сияқтымыз. Ол екі қыз, мүлде бөлек боп өсті, кейінге дейін. Құлын-тайдай тебісіп, бір үйде бірге өспегеннен соң, бөтен боп тұрады екен. Олар бізге сіңісе алмады, оларды «бірге туған бауыр екен» деп, біз де елжірей алмадық. Олар да, әлі күнге дейін басымыз қосылған жерде «үйір­ ден бөлінген жаман екен» деп жылағандай боп айтып жатады. Үлкен әпкелерімізден кейінгі үлкен ағамыз – Әбдімәлік, 1951 жылғы. Ол кісі де біз есімізді білер-білместе, сегізінші класты біткен бойда техникумға оқуға түсіп кетеді. Одан әрі, маман­ дығы бойынша жолдамамен Қостанайға барып жұмыс істеген. Бұл, шамамен, 1970–1971 жылдары болса керек. 1971-де әскер­ ге шақырылып, жұмысынан отпускі алған ба, әйтеуір, 500 сом ақша алыпты. Ол кезде ол – өте үлкен қаражат. Соған үйдегілерге киім-кешек, теледидар, магнитофон, сервант деген сияқты, елде жоқ дүние-мүліктер алып келген. Сол келгенде алғаш танып-біл­ гендей болдық сол ағамызды да. Ол бізге: «Сабақты жақсы оқу керек, әдеби кітаптарды көп оқыңдар», – деп ақыл айтып, тәрбие­ легені есімде. Көп ұзамай, әскерге кетті. Әскерде жүргенде хат жа­ зады. Ауыл үстінен самолёт ұшып өте қалса: «Самолёт, самолёт! Қанатыңа хат жаздым, әскердегі ағама сәлемімді ала кет!» – деп жарыса шулаймыз. Ол кезде, самолёт те сирек көрінетін. Ол кісі­ ден хат келген сайын шешеміз жылайтын. Тұңғыш баласы, бірінші рет алысқа кетіп отыр. Оның хаттарын шешемізге үйдегі үлкендер оқып береді... Ағамыз әскерден келді де, Мәскеуге кетті. Әскерден, әлде бұрынғы жұмыс істеген жерінен жеңілдік беретін жолдама алып

келген бе, әйтеуір, атақты ВАСХНИЛ-ға оқуға түсіп кетті. Онда бір жыл оқыған соң, бұрынғы Целиноградқа ауылшаруашылық инсти­ тутына ауысып келіп, оқуын сонда жалғастырды. Сол Ақмолада оқып жүргенде, олар да жас қой, топтасқан төбелеске қатысып, ішінде бір адам майып болады. Содан істі болды. Сотталып, бірбір жарым жылдай отырып келді. Әкем малын сатып, ойға-қырға шапқылап жүріп, жеңілдеткізген болуы керек. Босанып келген соң, ауылда бухгалтер, совхозда экономист боп істеді. Кейінерек, қалаға көшер алдында аудитор да болды. Институтты бітіре ал­ май, техникум дипломымен жұмыс істеді-ау деймін. Мен әскер­ де жүргенде, 1982-жылы үйленіп, отбасын құрды. Жеңгеміз бар, 5 балалы-шағалы болды. Өкініштісі, аяқ астынан асқынған асқа­ зан дертінен (слепая язва) Әбдімәлік ағам 2000 жылы кенеттен көз жұмды. Артында Сымбат, Сағадат, Шынар, Пернәйім атты төрт қызы қалды. Жеңгемнің есімі – Аққыз. Арыс жақтағы Шағыр де­ ген жердің қызы. Үлкен ағамнан соң, Нұржамал, Бибіжамал атты әпкелерім бар. Ол кісілер мектеп бітіріп, қалаға жұмыс істеп кеткен соң барып орындары біліне бастады. Өздерінен кейінгі біздерге бау-бақша күтімі, қолдағы малға қарау, үйдің айналасын тазалау деген сияқты, үйдің барлық шаруасын істеткізетін осы әпкелерім еді. Жұмыстан тапқан-таянғандарын өздерінен үнемдеп, үйге таситын қыздар­ дың әке-шешеге, бізге деген бауырмалдықтарын да артынан біле бастадық. Нұржамал әпкем 10-ды бітіргенде, ағам Әбдімәлік, өзімен бір­ ге Целиноградқа алып кетіп, сол жақта бір жылдай болып қайтты. Осы аға-әпкемнің арасында да «бір кішкентайым шетінеп кеткен» дейтін анамыз. Үйге қайтып келген соң, Нұржамал Шымкенттің ір­ гесіндегі, сауда училищесін оқып тауысып, қаладағы дүкендердің бірінде сатушы боп істеді. Бұл әпкеміз қақ-соқпен ісі жоқ, жұмсақ мінезді, момын. Тұрмысқа кешірек шықты. Екі ұл, бір қызы бар… Бір жылдары шешеміз қаттырақ ауырған болуы керек, әкеміз үйге бір бие алып келіп, байлатты. Сонда, Нұржамал әпкем қала­ дағы жұмысын тастап келіп, сол биені сауып, қымыз дайындап,

анамызды күтті. Ол биенің де жем-шөбі, уақтылы суарылуы деген сияқты бар күтімі, болса да біздің мойнымызда. Айтайын дегенім, күтімі жақсы болды ма, жоқ, тұқымы сүтті жануар ма, сол жалғыз биенің қымызы көл-көсір болды. Науқас шешеміз ішеді, үйге ке­ лімді-кетімді кісілер ішеді... Сол әпкем, оңтүстіктің аспан айналып жерге түскендей ыстық күндерінде, түске қарай үйді сыпырыпжуып, терезелерді қараңғылап, шыбындарды қуып, бөлмені салқындатып, «ішпейміз» дегенімізге қоймай, қымызды біздің де аузымызға құйғандай күштеп ішкізіп, бәрімізді мәпелеп бақты. Қымыздың қуаты болар, балбырап, балқып, ұйықтап қалатынбыз. Ал одан кейінгі Бибіжамалдың іс-қимылы ширақ, ойын ашық айтып тастайтын өткірлігі, өзіне жарасып тұратын аздаған тентек­ тігі де бар. Мектепте жүргенімізде тіл алмасақ бізді ұрсып, сабап та алатын және көбірек жұмсайтын да осы – Бибіжамал әпкем еді. Бір қызығы, біздің көршілеріміздің бәрі де көп балалы болды. Әйтеуір, науқандық жұмыстарды жарысып істейтінбіз. Мысалы, қыс бойы қорада болатын малдың тау боп үйілген малағын көк­ тем шыға илеп, тезек жасау, оны кептіріп, төбесі жабық қораның су тимейтін бір бұрышына текшелеп жинап қою сияқты шаруалар көп қой. Ата-аналардың саясаты ма, жоқ балалардың өзара бәсте­ суі ме, әйтеуір, мамыр айының соңында, қалай үш айлық жазғы демалысқа шығасың, солай, ең алдымен, үйдің жұмыстарын бітіру керек болатын. «Сондай шаруаларды кімнің үйі бірінші атқарып бітеді?» деген, іштей бәсеке басталатын. Сол кезде, Бибіжамал әпкем 9-10-кластарда оқитын болуы керек, ол, міне, осы істерге біздерді, үйдегі жас балаларды шегелеп жегетін шебер «үйлестіру­ ші» ұйымдастырушымыз, тапсырылған ісімізді тиянақты тындыр­ майынша тырп еткізбейтін қатал бақылаушымыз да болды. Енді, өзімнің алдымдағы Әбдіманап ағам – ерекше кісі бол­ ды. Менен төрт жас үлкен. Шешемнің айтуынша, ол екеуіміздің арамызда да бір ұл шетінеп кеткен екен... «Кішірек кездеріңде екеуің тайталасып, жағаласып жүретін едіңдер», – деп шешем айтып отыратын, «Сен де қайтпайсың, ол да сені сабауын қоймайды», – деп. Адам бол, тірлік істе деп сабайды

ғой енді. Мен бірдемені бүлдіріп жүретін, бұзықтау өстім. «Бір­
де әкеңнің атына мініп алғансың. Қолыңда келтек ағаш (шоқпар),
дүрсілдетіп есіктің алдына келіп: «Шық, пәленшенің баласы, көр­
сетем саған, атпен қуалап сабаймын!» деуші едің» – деп шешем

әңгімелейтін. Өзім сонда, небәрі, тоғыз-он жастамын, ол он үш-он
төрт жас шамасында болар… Сөйтіп, ауылдағы төртжылдық мек­
тепті біткесін, совхоз орталығы – Бөржардағы Абай атындағы мек­
теп-интернатқа бардым. Ол жерде, біз сияқты айналадағы көрші

ауылдардан келгендер, қойшылардың балалары бар, көп оқушылар
жатып оқиды. Әбдіманап ағам менен төрт жыл бұрын барып, се­
гізінші класта оқып жүрген сол жерде. Жаңа барған біздерге бей­
таныс, жасы үлкен балалар тиіседі. Міне, «қанаттыға қақтырмай,

тұмсықтыға шоқыттырмай» дегендей, Әбекеңнің ағалық зор
қамқорлығын, алғаш, сонда көрдім...
Келесі жылы ауылдан сегізжылдық мектеп ашылды да, қайтып
ауылға кеп оқыдым. Ал ағам тоғыз-оныншы кластарды «Октябрь­

скі» жүзім совхозында оқыды. Онда сол жылдары Рахимаш әпкем
мен Балғабай жездеміз тұрды. Мұғалім Мұсахан – Ажар дейтін
жиен аға-жеңгеміз де тұрады екен. Сол екі үйдің ортасында жүріп
оқыды. Қуандық атамыздың екі қарындасы болған. Соның біре­

уінен осы – Мұсахан, екінші қарындасынан Иманәлі деген жиен
ағаларымыз болды. Иманәлі Тәшкенде жоғарғы білім алған, Шым­
кентте пединститутта мұғалім болды. Кейінірек кандидаттығын
қорғады, әкеміз қойын сойып апарып, араласып жүретін.

Әбдіманап ағам, оныншыны біткесін, әкем: «Не істейсің, ба­
лам?» дегенде, «Ең үлкен Әбдімәлік ағамыз Целиноградта оқып
жатыр. Мен оқымай-ақ жұмыс істейін, сіздерге көмектесейін», –
деді. Сөйтті де, қалаға барып, қорғасын зауытына жұмысқа тұрып

кетті. Жатақханада тұрды. 8-ді бітірген соң, мен де қалаға барып,
кооптехникумға құжат тапсырғанда, соның жатақханасының бөл­
месінде бірге тұрдық. Сонда маған, бірінші рет қаланы көрсеткен,
«Родина» паркінде қыдыртып, ең алғаш оның ішіндегі жаздық

үлкен кинотеатрдан кино көрсеткен («Укрошение строптивого».
Киноның атын да ұмытпай есімде сақтап қалыппын), қалалық

асханадан тамақтандырып, «котлет» дейтін тағамды бірінші рет
жегізген, бірінші рет шаштаразға алып барып, сәндетіп шашым­
ды қидыртқан, бірінші рет үлкен дүкенге кіргізіп, көйлек (жейде)
алып берген, тіпті әрбірден соң, қоғамдық туалетті дұрыс пайдала­

нуды да тұңғыш көрсетіп, үйреткен, Әбекем!.. Қысқасы, қалалық
өмірге көзімді ашқан, жарық дүниедегі ең бір жанашырым болған,
осы – Әбдіманап ағама деген бөлекше ыстық бауырмалдық сезім
де өз бойымда сол бір ерекше әсерлі де шуақты күндерде оянды-ау

деймін. Содан былай, ол кісінің бетіне тік келмедім, алдын қиып
өтпедім десем, өтірік емес! Оның, бір маған емес, әке-шешеме,
басқа бауырларыма, жалпы отбасымызға деген айрықша азаматтық
қамқорлық іс-әрекеттерін айтып тауысу мүмкін емес. Ауыл-үйде­

гілерге, оңайлықпен табыла бермейтін: таза шай , сары май дейсіз
бе, анамыз жарықтықтың, көкірегіндегі күйігін басу үшін тартып
кеткен темекісіне шейін, тазасынан блоктап жеткізіп беретін. Өзі­
нен кейінгілерге дұрыс жөн-жоба көрсетіп, қолынан келетін көме­

гін аямай, нағыз арқа сүйер аға болудың үлгісін көрсеткен тұлға
болды ол кісі!..
1980 жылы, Әбдіманап ағам әскерге кетті. Ол әскерден кел­
генде, мен әскерде болдым. Әбдіманап ағам әскерден келген соң,

үйдің жағдайын көрген. Қартайып, зейнетке шыққан әкеміз бар,
сүрбойдақ жүрген үлкен ағамыз, менен кейінгі іні-қарындастарым
бар... Оның бәрінің күнделікті ыстық тамағын жасау, кір-қоңын
жуу деген сияқты үй шаруаларының бәрі науқас меңдеген жалғыз

анамыздың мойнында. Содан, бірден үлкен ағамызға шарт қойған.
«Ағалық жолыңызбен бірінші Сіз үйленіңіз, болмаса, маған рұқ­
сат беріңіз. Жастары келіп, шаршаған әке-шешемізге обал жаса­
майық. Қолдарына келін түсіріп, қартайғанда жеңілдік сыйлайық»

деп. Соның арқасында, үлкен ағамыз үйленеді. Әбдімәлік ағамнан
соң, көп ұзамай, Әбдіманап ағамның өзі де үйленеді. Ағайынды
екеуінің тойлары бірге болады. Тойға «шақыру қағаздарын» маған
да жіберді. Әрине, оған бола мені әскерден жіберген жоқ, бірақ

кейінірек отпускіге келдім. Ал әскери борышымды өтеп, біржолата
келгенімде, олар кішкентай балалы боп үлгерді.

Әбдіманап ағам сол қорғасын зауытындағы жұмысын жалғастырады. Сонда жұмыс істей жүріп, сырттай Құрылыс тех­ никумын бітіріп, орта дәрежелі мамандық та алып алды. Бірақ құрылыс саласында істей қойған жоқ. Соңырақ, 1985–89 жылдары әкеміз Әбдікерім қан қысымына шалдығып, аяқ-қолы жансыз­ данып, ұзақ уақыт төсекке таңылып жатқанын айттым. Сол жыл­ дары ол кісіні жуындырып-шайындырып, киім-төсегін жаңалап ауыстырып, сақал-мұртын басып, аяқ-қолын уқалап дегендей, ұл балаларының ішінде әке алдындағы перзенттік парызын алғаусыз, адал атқарған да сол – Мәкең – Әбдіманап ағам болды. Жас кезінде гитарада ойнайтын. Есейген соң, аздап домбыраға әуестеніп жүр­ ді. Сол домбырасын шертіп, ақырындап, терме-толғаулар айтып та әкеміздің көңілін көтереді екен. Мен ол кездері, алғашында сту­ дент боп Алматыда жүрдім, онан әрі түрмеге түстім... Әбдіманап ағамның кесіп айтатын ер мінезділігіне қатысты тағы бір оқиға есіме келіп отыр. 1989 жылдың басында колониядан ерте босанып, бірден Ал­ матыға тартқам. Менің кесілген мерзімімді 5 жылдан 2 жылға қысқартқан. Ақпанның 24-і күні босанып шығуым керек болатын. Әбдіманап ағам, сол күні мені «барып күтіп аламын» деп, Қараған­ дыға билет алып қойған екен. Ал мені түрмеден ертерек – 3-ақпан­ да шығарып жіберді. Содан, қасымда бірге отырып шыққан досым екеуіміз Алматыға келдік. Сондағы бар ойым – маған жалған куә­ гер болған студенттерді көріп, көздеріне тік қарау. Оларды «осылай жерге қаратсам» деймін. Жастық қой, көкірек шіркін ұрып тұр!.. Енді бір жағдай, мен түрмеде отырған кезде, екінші жартым – әйе­ лім, арыз беріп, сыртымнан ажырасып кеткен болатын. Қолында үш жасар ұлым кеткен... Құда балалардың, яғни үлкен жеңгемнің бауырларының үйінен Әбдіманап ағама телефон соғып: «Осылай да осылай, мен босанып шығып, Алматыға келдім. Маған ақша керек», – дедім. Күтпеген жағдайға сәл дағдарып қалған болуы ке­ рек: «Ей, сен онда қайдан жүрсің?!..» деді де, артынша аман-сәлем жоқ, «жолыңа 10 сом ақша жіберем. Қалғанын өзің білесің!» – деп, телефон трубкасын тастай салды. Сөйтсем, мен босанардан екі

апта бұрын ғана әкем дүниеден озыпты... Енді бір ай шамасында
шығатынымды білген соң, алаңдамасын, «келген соң бір-ақ біл­
сін, аз қалды» деп, ауылдағылар маған хабар айтпаған. Әлгі сөз­
ді айтқанда, ағам маған: «Бостандыққа шыққан бойда, басыңа іс

түскенде тастап кеткен қатыныңның соңынан кетіпсің. Қайтсаң –
қайт, қайтпасаң – сонымен қал. Ендігісін өзің шеш!..» дегенді
тұспалдап тұр ғой.
Сол Әбдіманап ағам, 2003 жылдың қазан айында, түн жамылған

қараниет қарақшылар қолынан 44 жасында, қапыда қайтыс болды.
Одан бір ұл, екі қыз қалды. Ұлы Олжас – мектеп жасында қалған.
Олжас жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алып шығып, қызмет­
ке ілігіп кеті. Қазір Олжастың бір ұлы бар. Олжастан кейін Айнұр,

Дана есімді қыздар. Жеңгем – Алтынай, Түлкібастың қызы.
Арада жылдар өтсе де, аға-бауырларымның мезгілсіз қазалары
жанымды ауыртады. Есіме алған сайын, өксік буып, көз жасыма ие
бола алмай қалам... Әдетте, уақыт ұмыттырады деп жатады... Кей­

де, ұмытқан шығармын деп, ойлаймын. Алайда, ұмыта алмаймын.
Әлі күнге жүрегіме жүк қылып алып келем... Уфф!.. Бәрібір, ба­
уырдың орны бөлек!..
Өзімнен кейінгі Ерғали інім жас кезінен момын, кісіге қия­

наты жоқ, мінезі біртоға болатын. Ата-ана – балаға сыншы. Ерға­
лиды шешем: «Үйден кетпесін, бұл үйден кетсе аш қалады. Қара­
шаңыраққа ие болып, осында отырсын», – деп кеткен. Ол да сол,
шешеміздің айтуы бойынша, қарашаңырақта отыр. Үйге барғанда,

өз басым әлі күнге әке-шешемнің алдында жүргендей сезінемін.
Аяқты көкке көтеріп жата алмаймын. Есіктің алдын сыпырып
тазалаймыз, бау-бақшаға қараймыз... әйтеуір тыныш таппай,
қызметке жегілеміз. Ең алдымен, үйді жаңартып салып бердік. Үй-

жайымыз басқа демейміз, сол баяғы жас күніміздегідей, сол қара­
шаңырақтың «отымен кіріп, күлімен шығып» жүреміз...
Анам марқұм кете-кеткенше «аяқтандырып үлгермедім» деп,
бойдақ жүрген ең кіші ұлы Айтмұхамбетті арман қылып кетіп еді.

Оны да үйлендірдік. Ауылдан үй-жай алып, алдына мал салып,
бөлек үй еттік. Кенжеміз болса да шаруаға пысық. Тырысып, «өз
арбасын өзі сүйретіп», өз күнін өзі көріп кетті.

Гүлжан қарындасым тұрмыс құрып, ол да қалада пәтершілеп жүрген. Қыздарының кенжесі болған соң ба, шешеміз сол қызы­ на да қатты алаңдайтын. Бір жағынан, үлкен қыздарын ата-енеле­ рі меншіктеп, бауырларына басып ала бергеннен кейін де, кейінгі ұл-қыздарына деген аналық сезімі күштірек болды ма екен?.. Әй­ теуір, «мүмкіндігің болса, пәтерден-пәтерге көшіп-қонып жүрген кіші қызға қол ұшың бер, менің көзім тірісінде сол қыздың баспа­ налы болуына көмектес» дегенді құлаққағыс еткен. Бір орайы кел­ генде, анамның сол аманатын орындап, кіші қарындасыма қаладан пәтер сатып алып беріп, бір қуанттым. Қай кезде де, қолымнан кел­ генше, анамның айтқандарын орындауға тырыстым. Кенже қарын­ дасым Гүлжан да бүгінде үйлі-жайлы, балалы-шағалы... Мендік болмыс Жас күнімде тентектеу болдым дедім ғой, сондай бір бұзықтық істерім үшін ата-анамды мектепке шақыртқанда, әкеме айтпай, өзі барған анам мұғаліміме: «Айналайын бикеш-ау, баламды тусам да, мінезін туғам жоқ қой. Енді қайтейін...» – деп айттым дегені бар. Анамның «мен балама бұзықтық жаса деп айтпадым, үйретпе­ дім» деп айтқысы келгені шығар... Онда мен бесінші сыныптамын. Бір сабақтан «екілік» алғанмын, оны апай қонжитып күнделігіме қойып берген. Мен оны үстінен «5» деген бағаға түзеткенмін. Апай бұл ісімді көріп, қатты ашуланып, жағымнан тартып жібереді. Мен жыламай, кешірім сұрамай, бедірейіп тұра бергем. Апай өзімізбен көрші тұратын, әрі аталас әпкем боп келетін. Содан ғой, шешемнің апайымды «бикеш» деп, қазақ дәстүрімен кішірейіп тұрғаны. Сон­ да жарықтық анам да білмей тұр ғой, баланың мінезі, ісі, тірлігі кімнен, неден болатынын... Кім біледі, «адам дүниеге келгенде Алла тағдырын маңдайына жазып қояды» деп жатады. «Пешенеңе жазғанды көресің» дейтін сөз бар ғой. Әрине, қанаттанып ұшқан ұяң, оқыған, жүрген ортаң қалыптасуыңа әсер етпей қоймайды. Әке-шешеңнің бірлі-жарым сөзі мен қайбір істерінен де, сырттан көрген-білгеніңнен де бірде­

ме жұқпай тұрмайды. Тіпті кездейсоқ ұшырасқан бейтаныс біреу­ дің жаман қылығынан да тәрбие аласың, «сол сияқты болмасам екем» деп. Мен өзім көп оқып, тоқитындардан гөрі, көріп-білге­ нінен түйсініп-тоқығандар санатынан секілдімін. Сондай, «көріп өскенімнің» кейбір қарапайым, өмірлік мысалдарын тарқатып көрмекпін... Көршіміз Әнәпия көкемізді, анық-қанығын білмедім, «ерте­ рек жетім қалған кісі» деп айтатын үлкендер. Сол кісі өзі совхозда жұмыс істеп жүріп, сол заманда, жекеменшік жеріне көптеп пісте егіп, соның өнімін сатып, қосымша пайда жасайтын. Жұбайы – Ақжарқын деген жеңгеміз керемет кісі болды. Жеңешеміз барда, бар бала сол кісінің есік алдында ойнаймыз. Сайрам жақтың қызы болатын, мүмкін сол кісінің шаруақорлығының, саудаға жақын­ дығының да әсері болуы. Міне, солар пісте саудалап, мал алды: қой, сиыр дегендей. Біз – балалар күнге кептірілген күнбағыстың дөңгелек бастарын ойнап отырып, таласа таяқпен қағып, дәнде­ рін төгіп, түсіріп береміз. Ол кісілердің өз балалары бар, басқа да көршілердің балалары бар – бәріміз жарыса жасаймыз. Жеңгеміз түскен пісте дәндерін суырып, тазалап, қаптайды. Ойын баласы, біздер – тегін жұмыс күшіміз. Екінші жағынан, бізді еңбекке бау­ лу, тәрбие мектебі! Үшіншіден, бала күнімізде көрген сол көрші­ леріміздің бұл әрекеттері «еңбек етсең – емерсің» демекші, жер тырмалап, ерінбей еңбектенсең, онан алған өнімді шашпай-төкпей ұқсатып, орнымен пайдалана білсең, отбасыңның, бала-шағаңның ризық-несібесін айналаңа алақан жаймай, өзің өндіріп аласың де­ геннің өмірлік өнегесі, үлкен сабақ қой! Осы кісілердің екінші бір шаруасын тағы айтайын. Біздің көр­ шілердің ішінде үйде үйрек асырауды да бірінші болып бастаған солар болды. Есік алдындағы ен-тегін ағып жатқан арық суына тор құрып, үйрек асырады. Үйіміздің арасында үй жоқ, сол замандағы адамдардың пейілінің кеңдігі ғой, суды былғап жатсың-ау, тағы басқа дау-дамай жоқ. Кейде, үйректері тордан сытылып шығып, біздің немесе екінші көршінің бау-шарбағында да жүре береді. Маусымы келгенде, сол үйректерін сатып, ауылда ең алғашқы бо­

лып, «Жигули» жеңіл мәшинесін алды. Көкеміз – өзі шопыр. Ерте
көктемнен қара күзге дейін «ЗиЛ» мәшинесінен түспей гүжілдетіп,
өкіметтің айлық төлейтін жұмысын істейді. Күзге қарай қырманға
астық тасиды. Сол кезде ұнға деп, жемге деп, арпа-бидайдан аз-аз­

дап түсіріп алады. Қыс түскен бойда мәшинесін бұзып тастайды.
Күн суықта ол мәшинені қыздырып оталдыру, жылуы жоқ көлікте,
тайғанақтап жүріп жұмыс істеу де ауыр мехнат қой. Сөйтіп, қора­
дағы малы мен қаз-үйрегін бағып, бірер жылда жаңағы айтқандай,

жеңіл мәшине мінді.
Әнәпия көкем мен Ақжарқын жеңгемнің үшінші еңбегі – біз­
дің ауылға соған дейін бейтаныс «индюкті», қазақтар «күркета­
уық» деп кеткен, міне, сол күркетауықты да бірінші болып әкеліп,

асырап, бақты. Содан былай, бүкіл ауылымыз қызығып, күркета­
уық ұстауды дағдыға айналдырды. Әнәпия көкем енді, оны көбей­
тіп бағып, пұлдап, «Волга» мәшинесін мінді!.. Міне, менің көріп
өскенім. Мінезі ауыр, сұсты болғандықтан ба, көкеміз жұмыстан

келгенде, ол ауладан тарап кетеміз. Ауылда жиі жарық болмай
қалатыны бәріне үйреншікті боп кеткен. Ондай кезде өзге үйлер,
алдын ала дайындап қойған сықсима майшамдарымен отырғанда,
тек Әнәпия көкемнің үйінде ғана жарық жарқырап тұратын. Кейі­

нерек білсек, бар-жоғы, мәшинесінің аккумуляторын шешіп алып,
12 вольтты жалғай салады екен. Демек, көкеміз де құралақан адам
емес, кез келген шаруаның ыңғайын келтіре қоятын, қолмен ғана
емес, «баспен» де жақсы жұмыс істей алатын икемді жан боп тұр

ғой.
Рас, Әнәпия көкем мен Ақжарқын жеңгеміздің мен айтып
отырған «шаруақорлықтары» бүгінгі күн үшін таңсық емес. Бірақ
бұл оқиғалардың, сонау, бұдан 40–45 жыл бұрын, басқа қоғамдық

жүйе тұсында болғанын, соны сол кісілердің ынтымақтаса отырып
іске асырып, отбасы берекесіне айналдыра алғандарына қайран­
мын. Ал олардың замандас-ауылдастарының тоқсан тоғыз пайызы,
оның ішінде біздің үйіміз де бар, тап сол кезде, соншама мүмкін­

дікті пайдаланбай, бір «айлықпен» жұтаң тіршілік кешкендерін
көз көрген жұрт жақсы біледі.

Әке-шешеміз де таңертең жұмысқа кетіп бара жатып, үйде қа­
латын біздерге күні бойы, яғни кешке дейін атқарылуға тиісті үй
шаруаларын тапсырып, табыстап кетеді. Бәріміз жабыла істейтін,
кейде көрші балалардың, достарымыздың көмегіне жүгініп,«асар­

латып» жасайтын ауқымды жұмыстар болады. Бәрін істейміз. Бұл
да – ауыл баласын шаруаға икемдеудің, күнделікті пайдалы еңбек­
ке баулудың қарапайым бір нұсқасы.
Ең бастысы, біздің Оңтүстіктің басқа өңірлерден басты ерек­

ше бір шаруашылығы – шитті мақта дақылын егіп, өсіру. Сол
мақта шаруашылығына да мектеп жасындағы оқушылардың қоса­
тын үлесі орасан болды. Көктемгі мақта шабығына болсын, күз­
гі жиын-терім науқанына болсын, оқушыларды апталап, айлап

жегетін. Рас, бір өңірлерде қызылша, бір жерлерде көкөніс, же­
міс-жидек сияқты бақша өнімдері, енді бір жерлерде астық, дән­
ді дақылдар егу сияқты – мектеп оқушыларын барлық жерлерде
шаруашылықтың науқандық жұмыстарына тартқан да шығар. Бі­

рақ мақта шаруашылығының бейнеті ұшан-теңіз әрі аса ауыр еді.
Әсіресе, терім кезінде мектеп оқушыларын, орта және ЖОО-дары
студенттерін, қаладағы түрлі мекемелер мен зауыт-фабрикалар­
дың жұмысшыларын жұмылдырып, тіпті өзге аудандар мен көрші

облыс тұрғындарын да жәрдемге әкеп жатушы еді.
Шақырайған күн астында, белің бүгіліп, партық сүйретіп,
ұзақты күнге бойыңды бір жазбай, тоңқаңдап жүріп жалаң қо­
лыңмен мақта теру – дүниедегі ең азапты жұмыс! Бармақтарыңды

мақтаның қауашағы жырып, тілім-тілім болып, қанайды... Дәл біз­
дің бөлімшеде мақталық болмады, бізді көрші ауылдарға жәрдемге
алып кететін. Мақталықтың басында омбай-домбай қам қышпен
соғылған үлкен баспана-жатақтарда, қара жерге қамыс, сабан та­

стап, үстіне қанар жабылған төсеніштерде 50–60 бала қатар-қатар
жатасың. Қарашаға қарай қырау түсіп, су мұздап, күн суытқанда,
жуынудың өзіне қиналасың. Беті-қолың, еріндерің шырт-шырт
жарылып, шып-шып қан шығады. Табылса, вазелин жағып амал­

дайсың, әйтпесе, ол үйреншікті нәрсе боп кеткен, ешкім оған көңіл
аударып та жатпайды. Жүресің солай. Үйдегідей тамақ қайдан бол­

сын, бергенін ішіп-жеп, қанағат етесің. Тіпті болмаса, айналадағы
жабайы өскен жеміс-жидек теріп жеп, аш қарныңды жұбатасың...
Мақта терім аяқталып, ауылға қайтқан соң, бірде балалар­
дың аты-жөнін атап 2–3 сомнан еңбек ақыларын беріп жатқан құ­

сайды. Сөйтіп, менің фамилям аталғанда, әкеме: «Сіздің балаңыз
ішкен-жеген тамағына қарыз!..» – депті. Сонда ғой: «Әкеңнің
аузын.., жұрттың балдары мақта теріп ақша тауып келеді, менің
балам ішкен-жегеніне қарыз боп келеді», – деп әкемнің күлетіні.

Соншалықты бір көп те ақша емес, сондағы беретіндері... Десе
де, еңбектенудің, ұжымдық еңбекке баулудың бұл да бір мектебі
болғаны анық.
Сондай-ақ осы жерде айта кету керек, мұғалімдерге деген үл­

кендердің, ата-аналардың құрметі балаға әсер етпей қоймайды.
Сол кездегі әке-шешеміздің өзі біздің мұғалімдеріміздің алдында,
кәдімгідей етек-жеңдерін жинап, оқушының ар жақ-бер жағында
болып, қысылып-қымсынып тұратын. Енді тәртіп бұзып, көзге

түсіп, әке-шешеңнің мектепке шақырылуы дегенің – жазаның ең
үлкені болатын!.. Соның бәрі менің жеке басымның қалыптасуына
әсер етпеді деп айта алмаймын.
Тағы бір айтқым келетіні, мен жақсы адамдармен көп жүрдім.

Әлде өзім жақсы адамдарды көре білдім бе?.. Бұл да – меніңше,
жас адамның тәлім-тәрбиеге сусындайтын бір бұлақ-қайнары.
Мен біршама уақыт интернатта да жатып оқыған кездерім болды.
Бізде, негізінен, жарыс, бәсеке болатын. Спорт түрлерінен, сабақ

үлгерімінен, тәрбиеден, ең ақыры, әдеби-көркем кітап оқудан да
жарыс болатын...
Оныншы класс оқып жүргенімде, 1981 жылдың көктемінде
үлкен сайлау болды. КСРО Халық әртісі, әйгілі әнші Роза Бағлано­

ва апамыз біздің округтен депутаттыққа түссе керек. Сол кісімен
кездесу жиынында Республикамыздың мемлекеттік Туын ұстап
тұру сеніміне мен ие болдым. Мен онда, Бадамда әкемнің ағасы –
Әбдіқайым атамның үйінде жүріп оқып жүрген кезім болатын.

Қызығы сол, арада жылдар өткенде, Құттыбек Аймаханов
екеуіміз бірде сөйлесіп отырып, сөзден-сөз шығып, сол оқиға

айтылғанда, Құттыбек те қоштай кетті. Ол кісі оның аулына да соққан боп шықты. Ол Шаян ауданынан, мен сол кездегі Бөген ау­ данынан (қазіргі Ордабасы ауданы) – екеуіміз көрші ауданнанбыз. Бірақ қызығы сол, Құттыбек мүлде басқа жағдайда ұшырасқан... Құттыбек достарымен ауыл сыртында, мамыр айында думандатып отырады. Сонымен, не керек, Роза апамызды алып келе жатқан мә­ шинелер тізбегі өтіп бара жатады да, жол бойында өздерінше той­ лап жатқан бір топ баланың ішіндегі Құттыбек шараптың бос шөл­ мегін әлгі көліктерге қарай лақтырғанда, қас қылғанда, тура Роза апамыз отырған мәшинеге барып тиіп, «партизандардың грана­ тасындай» боп шағылады. Тізбектің алды-артын қоршап келе жат­ қан күзет қызметкерлері қарап тұрсын ба, жан-жақтан бассалып, отырғандардың бәрін ұстайды.Тергеп-тексеріп келгенде, «бас қылмыскер» Құттыбек екені анықталып, бірден іс қозғалады. Сон­ да, мектепті жаңа ғана бітіріп, үлкен өмірге қадам жасағалы тұрған жап-жас баланы тұтқындап, қамаққа жауып, соттамақ болғандарға: «Өрімдей жас балалар екен, білместікпен жасаған болар, обал ғой. Екіншіден, мен бұл елге келін боп түскем. Сондықтан мені тың­ дасаңдар, істі тоқтатып, баланы жіберіңдер, ұят болады...» – деп, Роза апамыздың өзі ара түсіп, босаттырып жіберген екен. Сол оқиғадан тура алты жарым жыл өткенде, мені, Құттыбекті және балтаңдай әнші Роза апамыз – үшеуімізді, тағдырымыз Алма­ тының жаңа алаңында тоқайластырып, бірге жүрген боп шықтық. Бірақ бір-бірімізді білмейміз, әлі бетпе-бет ұшыраспағанбыз. Құттыбекпен танысып-білісуіміз – соңырақ, екеуіміз де қамақта отырып, босанып шығып келгеннен кейін. «Мен мектеп бітірер-бі­ тірмес кезімде сотталып кете жаздағанмын» деп, сондағы Құт­ тыбектің айтқаны. Ал жас қиялыма қанат бітіп, асыл армандарға енді-енді қол созып, биікке талпынып жүрген бозбала кезімдегі аты аңызға ай­ налған әнші апамызбен жүздескен сол кездесу салтанатында,Ту ұстау мәртебесіне ие болуым, мен үшін ұмытылмастай әсерлі, ай­ рықша тағылымды болғаны, айтпаса да түсінікті еді...

Біз де сарбаз болғанбыз Ол кездегі әркімнің әскери өмірі жылдар бойы айта жүретін­ дей, түрлі оқиғаларға толы болушы еді. Ұмытылмастай болып есімде қалған менің де әскери өмірім, мен үшін – бір мектеп бол­ ды. Жоғарыда айтқанымдай, мектеп оқушыларын көктемде, күзде мақталықты күтіп-баптау, оны теріп-жинау жұмыстарына айлап жегеді. Бұл дегеніңіз – жалпыға орта мектеп бағдарламасынан көп қағыс қалу, тиесілі білімді өзгелер деңгейінде игере алмау! Яғни оңтүстік оқушыларының орта мектепте алған білім деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда, бәрібір төмен болатыны белгі­ лі. Екіншіден, сол заманның өзінде оқу орындарына түсу үшін ол жақта пара беру деген үрдіс жанып тұратыны мектеп жасындағы біздердің құлағымызға да жетіп жататын. Ал мен, қалайда жоғары білім алуды армандадым. Сондықтан ағаларымның ақыл-кеңе­ сімен, жоғарғы оқу орнына түсудің бірден-бір оңтайлы жолы ре­ тінде, әскерге барып, сол жақтан жолдама алып қайтуды саналы түрде мақсат еттім. Мектепке бір жыл кеш бардым, онжылдықты бітірген жылы жоғары оқу орнына түсе алмадым, қазан айында өз ықтиярыммен әскерге кеттім... Шымкенттен пойызбен 60–70 жігітті бірге алып шықты. Қал­ тамызда ақша көп, жігіттер жолай әр стансыға тоқтаған сайын ішкілік алады, ішкен соң төбелеседі. Барғанша вагонның іші қан болып барды . Ол кезде мен ішпеймін, темекі тартпаймын. Душан­ бенің маңындағы шағын бір стансыдан түсірді. «ГАЗ 66» деген мәшинелерді бірінші рет сонда көрдім. Бәрімізді сол мәшинелер­ ге отырғызды. Әскери формадағы екі солдат бірге отырды. «Оо, хош келдіңдер, балақандар, қазір жеткен соң, тексереміз. Қалта­ ларыңды қағамыз, қызық басталады!..» – деп өзара мәз-мейрам боп олар отыр. Ол сөздерін естіген соң, бір-бірімізбен сыбыр­ ласып: «Осылардан таяқ жейміз бе? Көп болса, бізден бірер жас үлкен болар, ақшамызды бұларға бергенше, жыртып тастайық», – деп келісіп, қалтамызда қалған ақшамызды бәріміз жыртып тастадық. Таудың ішіндегі пионер лагері сияқты бір жерге апарып,

палаткаларға жатқызды. Сөйтсек, бұл «перевалочная» база екен. Оншақты ғана солдатты байқадық. Бір армян солдат мәшине­ нің үстіне шығып көрген болуы керек: «Ребята, ну зачем деньги рвать!?..» – деп жыларман болып жүр. Оңашалау тігілген бір әскери палатканың ішіне алып барды да, бәрімізді шешіндіріп, үстімізге бір шылапшын мұздай суды шашып жіберді. Сөйтті де «Жуынып болдыңдар, енді барып киініңдер», – деп, қасында тұрған тағы бір палатканың ішіне кіргізіп жіберді. Оның іші толған әскери киім­ дер. Жапа-тармағай бассалып, әрқайсысымыз өзіміздің өлшеміміз­ ді іздеп жүрміз. Біреуі үлкен, бірі қысқа... Өйтіп-бүйтіп киіндік, Шашымызды тықырлап алып тастаған. Сыртқа шығып, бір-бірі­ мізді танымай, қайта танысып жүрміз, күліп. Сол жерден Самарқанға алып келді. Әскери байланысшы ма­ мандығына дайындайтын алты айлық оқу курсы екен. Бірге барған 70 баланың бәрін бөліп тастады. Негізі взводта адам саны – 18–20. Біздің взводта 45 солдат болдық, бізді «китайский» взвод атайтын. Байқауымша, көбі – хохолдар. Әскери өмір басталып кеп кетті. «Отбой-подьемға» уақытпен үлгере алмай, күнде қара тер бо­ лып жаттығамыз. Жатын орнымыз – екіқабат темір төсектер. Мен үстінде жатам. Секіріп шығып, секіріп түсіп, киініп-шешініп жат­ тығып жатқанбыз. Астымдағы бір хохол бірдеме деп былжырайды. Бізден бұрын барғандардың бірі. Жаңағыны екі ұрып құлаттым. Сөйтіп едім, жан-жағымнан жүгіріп-жүгіріп келіп бірнешеуі жа­ былып кетті. Сержант жетіп келді де, жаңағы бастаған екеуімізге «наряд» беріп, туалет жууға жіберді. Сөйтіп барғанымызға енді үшінші күн толғанда «наряд» алып, туалет жудық. Бір-екі сағат ке­ шіктіріп жатқызды , сонан кейін төбелескеміз жоқ. Маған тиісуге болмайтынын хохолдар да білді, қайтып ешқайсысы артық сөйле­ мейтін боп тыншыды. Мен де олармен шаруам жоқ, өзіммен-өзім жүрем. Учебкада жүрміз солай. Түрікменстанның Негидаг деген қаласынан төрт түрікмен келді. Бәрі бойлары сорайған, қоңқақ мұрын, күнге тотыққан, сылыңғыр қаралар. Іштерінде бір орыс баласы да бар. Төртеу-бе­ сеуі бір бөлек жүреді. Бір жаманы, аяқкиімдерін тазартпайды, жағаларын ауыстырып тікпейді. Взвод командирінің орынбасары

аға сержант, күндегі әдетімен, жатар кезде «отбой-подьем!» жаса­ тып, жылдам шешініп-киінуге жаттықтырып, бізді де шаршатты, өзі де шаршады. Әсіресе, анау «төрт түрікмен» бұйрық тыңдамай, жүйкелетіп болды. Күйіп кеткен сержантымыз бәрімізді сапқа тұрғызып қойып, түрікмендердің ортасындағы орысты шақырып алып: – Сен мыналарға түсіндірші, команда бойынша тез тұрып киініп, сапқа тұру керек. Күн сайын етіктерін ысқылап жалтыра­ тып, жағаларын ауыстырып тігіп, таза жүру керек... – деді. Сөйтіп еді, анау орыс аузынан насыбайын ағызып, алақанына салды да, жеңімен бір сүртініп: – Я руский не панимайыт! – дегенде... Сапта тұрған бәріміз күлкіден жарылдық! Сержант та не дерін білмей, қолын бір сіл­ теп, «да-ну, вас!..» деп теріс айналды... Сонда, Түрікменстандағы орыстың «орысша білмеймін» дегені, айдаладағы ауылдан шыққан қазақ – мына маған ерсі көрініп тұрды. Сол кеңес кезінен-ақ, бізге, қазақтарға, орыстандыру саясатының қатты өтіп кеткендігі емес пе?.. Орталарына түскен орысты өз тілдерінде сайратып, туған тіл­ дерін ұмыттырып жіберген сол түрікмен, сол өзбек, тәжіктеріңіздің дұрыстығын, мықтылығын мойындап, түсіну үшін, маған жылдар керек болды! Желтоқсан қырғыны мен қуғынын, түрмені... бастан кешу керек болды! Әскери өмір оңай емес. Оның үстіне қырықтан астам сол­ даттың ішінде қазақтан бір өзім ғана. Күнде ерте тұрғызады, қа­ ру-сайманымызбен марш-брасокқа жүгіртеді... Бір күні орнымнан тұра алмаймын. Ішім бүріп ауырады. Көктем кезі болатын. Сер­ жант шақырған болуы керек, мәшине келіп, санчастьқа алып бар­ ды. Одан Самарқанға әскери госпитальға жеткізді. Сол жерде 60 күн жаттым, гастрит деп диагноз қойды. 1982 жылдың көктемі бо­ латын. Осы госпитальда Ауғанстаннан жараланып келген солдат­ тар да емделіп жатыр екен. Біреуінің қолы, екіншісінің аяғы жоқ... Бұл жерде «дедовщина» бар екен. Бір Қарағандының орысы, аты, ұмытпасам, Вася болуы керек, сол «земляк» деп, ешкімге тигізбе­ ді, жақсы болды. Ол да Ауғанда боп келген. Бір жарым жыл қызмет

жасап қойған. Маған «Б-5» деген диеталық тағам столын белгіле­
ген. Сүтке жасалған ботқа жеймін. Ақ нанмен сары май жеймін.
Шектеу жоқ. Жаңағы Қарағандылық жігітпен әңгімелесеміз. Біраз
жағдайлардан хабардар болдым. Рас, әркім әртүрлі айтады, әсіре­

се, аяқ-қолынан айырылғандар... Арасындағы жарайтындарын
жазылған соң, аптаның белгілі бір күнінде қайтадан Ауғанға жібе­
ріп жатады. Аптаның сол күндері бұлар қашады. Қоршаудан секі­
ріп шығып, самоволкаға қашып кетеді. Ол жаққа қайта барғылары

келмейді. Қайтып келеді, соттамайды. Ол жаққа асқазан аурумен
ауырғандарды алмайды екен. Ол жақтың суы нашар, үйренбейді.
Сөйтсем, әуелде Венгрияға әкетеді дегенмен, Душанбе, Самарқан­
ды айналдырып жүргені – біздің учебный бригаданы о бастан сол

жаққа дайындап жатқан екен. Жаңағы Қарағандының жігіті – Вася
айтты: «Сені алмайды ол жаққа», – деп...
Сонда жатқанымда күтпеген бір оқиға болды. Бір күні: «Саған
сыртта бір кісі келіп тұр» – деген соң, ойымда ештеңе жоқ, КПП-

ға (контрольно пропускной пункт) барсам, сыртқы қақпаның ал­
дында... ботадай боздап, ағыл-тегіл жылап Рахимаш әпкем тұр! Өз
көзіме өзім сенбеймін!.. Құшақтасып амандасып, хал-жай сұрасып
жатырмыз. Жаңа ғана бордай егіліп тұрған әпкем менің аппақ,

борықтай боп семіріп алған түріме қарап енді күле бастады. Госпи­
тальда жатқаныма ай шамасы боп қалған. Ерекше диетадамын.
Құдайдың құтты күні сүтке пісірілген ботқа, сары май мен ақ нан­
ды тойғанымша соғам. Семірмегенде қайтем... Сөйтсем, Рахимаш

әпкеме жұмысынан тегін жолдама тиіп, Самарқанға саяхаттай ке­
ліпті. Менің әскерге алынып, осында қызмет етіп жатқанымды бі­
леді. Мұнда келген соң, «жолыға кетейін» деп, уақыт тауып, хатта
көрсетілген мекенжай бойынша әскери бөліміме барады. Менің

госпитальда жатқанымды солардан естіп, шошып кеткен. Ауған
соғысына әкетілген балалары мырыш табытпен келіп жатқандар
туралы қаралы хабарлар ауыл-ел ішін дүрліктіріп, жұрттың үрей
құшағында жүрген кезі. Мені «госпитальда жатыр» дегенді есті­

гендегі бауырмал әпкемнің не ойлап, қандай күйге түскенін ай­
тпай-ақ түсінуге болады. Сөйтіп, Самарқанда, күтпеген жерден,
туған әпкеммен сағыныса қауышқанымыз есімнен шықпайды!..

Хош, госпитальда емделіп шығып, өзіміздің әскери бөлімге қайтып бардым. Алты ай оқу-жаттығу уақытымыз біткен. Бір күні таңертең тұрсақ, біздің ротаның жартысынан көбі, 80 пайыздайы жоқ, түнде Ауғанстанға әкетіп қалған. Мен сияқты 5-6 жігіт қалып­ пыз. Біреуінің көзі ауыра ма, біреуінің тағы бір жері?.. Сонымен, бөлініп қалған бес-алтауымызды Ресейге – Иркутскіге, Читаға қарай жіберді. Маусым айы, күн ыстық. Самарқаннан жаз­ дық формамен шыққанбыз. Жолқапшықтарымызға сухой паек та­ мақтарымызды салып, шинельдерімізді орап иығымызға байлап беріп, самолетке отырғызып жіберді. Иркутскіге түссек, мұнда сірескен қар жатыр. Ол жерден Читаға пойызға отырдық. Читаға жеткенде жолға берген ақшалары таусылды. Біз әрі қарай, Борзый деген жерге дейін тағы жүруіміз керек. Читаның вокзалы екі қабат екен, баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатсам, қарама-қарсы бір топ қазақтар түсіп келе жатыр. Қазақ көрмегелі алты айдан асқан. Айғай салып, қуанып, бассалып құшақтап жатсам, аналар аңырып бетіме қарап қалыпты. Менің сөздерімді олардың түсінбей жатқандарын енді байқап, «қазақша білмейсіңдер ме?..» – деймін. «Біз қазақ емеспіз!..» – деп орысша сөйлейді. «Кімсіңдер?» «Бу­ рятпыз», – дейді. Бәріміз күліп тарқастық. Сол жерде буфеттен бірінші рет какао іштік. Бәрібір де сол күні Читада пединститут­ та оқып жатқан қазақтың студент балаларымен кездесіп қалдық. Билетімізді алып алғанбыз. Қалтамда қалған тиын-тебенге жаңағы қазақ студенттерімен бірге тамақтанып, қимай қоштастық. Ат­ тарын қазір ұмыттым ғой... Борзый стансысына бардық. Күтіп алушыны тосып тұрдық. Бір прапорщик келді. Аты-жөнімізді атап-атап, үшеуімізді төбесі жабық мәшинеге салып алып кетті. Жол-жөнекей, қасымдағы екі солдатты бір жерге қалдырды да, мені басқа әскери бөлімге алып келді. Түскі тамақ кезінде келген екенбіз, мен мәшинеден түсіп жа­ тқанымда, беліне штык-нож байлаған батальон кезекшісі жүгіріп келді де, маған қарап тоқтап қалды. «Ты кто, казах что-ли?» – дей­ ді. «Да, казах», – дедім. «Наверное спортсмен?..» – деді тағы. «Нет, не спортсмен». «Куришь?» «Нет.» «Пьешь?» «Нет.» «Ой, бля...

Опять казах, епт!..» – деп боқтады да бұрылып кетіп қалды. Мен түк түсінбедім. Алып келген прапорщик штабқа апарды да, біреу­ ді шақырып, мені «ротаға барасың» деп, соған қосып жіберді. Ка­ зармаға келіп отырмын. Солдаттар түскі астан келіп жатыр. Мені ертіп жіберген солдат асханаға алып барды. Бұл екі ротадан тұра­ тын жеке байланысшылар батальоны екен. Тамақ ішіп қайтып ка­ зармаға келсем, топырлап отырған солдаттар: «О-о, молодой при­ шел!» – деп гу ете түсті. «Ты из Казахстана?..» – деп дәлді­реңдеп сөйлеп біреуі келді қасыма. «Иә, Қазақстаннан, қазақпын», – дедім. Анау басын бір иығына қисайтып, бетіме қарап сәл тұрды да, басын бір шайқап кетіп қалды. Ішімнен: «Мыналардың дені сау ма?» – деп, түкке түсінбей мен отырмын... Кейін естіп, білдім, сөйтсем, менің алдымда Мұстафин Қанат деген спортсмен келген. Үстінде искуственный шубасы бар екен. «Оо, молодой, үстіңдегіні шеш!..» – деп, дембельдер дуылдап бас­ салған. Сөйтіп арсалақтап алдымен келген біреуін Қанат бір ұрып құлатқан. Ол – ол ма, одан әрі Қанат дембельдердің өздерін сапқа тізіп, жатқызып-тұрғызатын болған. Содан, 6 ай өткен соң, жаңа призыв болып, тағы бір қазақ келген. Ерғали деген – Шымкент­ тің жігіті. Денесі шағындау болғанымен, физкультура техникумын бітірген. Ұрғанын қағып түсіріп, ол да бірден беттерін қайтарып тастайды... Сонымен, араға уақыт салып мен келгенде... ана­ дай сұрақтармен күтіп алғандары: «Если не куришь и не пьешь, спортсмен наверное!..» – деп бұрқылдап жүргендері де сол екен. Жаңағы, бәрін сескентіп тастаған екеуі, мен барғанда, спорт рота­ да, сборға кеткен екен. Барған күннен мен де сынаққа түстім. Менің «призывтарым­ ның» көбі сол Сібір жақтың, Иркутскінің орыстары және татар­ лар мен башқұрттар бар. Таңертең «жастарды» да «кәрілерді» де – бәрін таңғы жаттығуға қуып шығаратын. «Дедовщина» деген бо­ лған жоқ. «Чмо» деген атпен жүрген кейбіреулер болды. Бірақ олар, өздерінің кір-лас болып жүруіне қарай, солай аталып кеткендер. Сөйтсе де, «молодойлар» күн сайын таңертең казармада уборка жасайды екен. Елин деген капитан рота командирі болды, жақсы

жігіт. Гасанов дейтін прапорщик старшинамыз бар. Олар кезінде
әке-шешесі қуғындалып, сонда барып, қалып қойған екен. Әйелі
«Алибабаевич» дейді оны. Бойы кішкентай, дауысы жағымсыз,
бажылдап сөйлейді. Сол мені келген күні дежурствоға нарядқа

қойып қойды. Нарядтың не екенін әлі біле бермеймін. Түнімен тұр­
дым. Келесі күні ауыстыратын шығар десем, ауыстырмайды. «Бұл
неге бұлай?» – деп сұрасам, «Бізде солай, нарядта екі-үш күндеп
тұра бересің», – дейді. Екінші күн өткенде ауыстыратын болды.

Мен қабылдап алғанда, ештемені білмеймін, өзімнің тұстас қызмет
ететіндерден қабылдай салғам. Енді менен қабылдап алушы ме­
нен 6 ай бұрын барған Симонов деген бала екен, маған «ана жерді
тазала, мына жерді жу...» – дей береді. «Мен қабылдап алғанда,

маған ешкім олай тапсырған жоқ», – деймін. «Молодой, еще сөз
қайтарасың», – деп қожаңдайды. Екеуіміз ал кеп төбелесейік. Анау
еңгезердей, дәу денелі, артқа шегіншектеп жүріп ұрып жүрмін.
Алибабаевич старшинамыз келіп қалды. Айғай салып екеуіміз­

ді ажыратты. Анау: «нарядты қабылдамаймын», – деп өкіреңдеп
қоймайды. «Қабылдағанда қалай қабылдайсың, еще!» – деп мен де
қайтпаймын. Ақыры тазаламай, солайымен тапсырдым. Сөйтсем,
«стариктер» алдарындағы молодойларға бәрін тазарттырып алады

екен. Сөйтіп, мұнда да үшінші күні төбелесіп алдым. Оның үстіне,
оларда «қазақ» дегеннен бойларында қалып қойған үрейден бо­
луы керек, онша бата алмай жүр. Бірақ мен барғанда, менен басқа
қазақ жоқ болды ол жерде. Содан кейін өзімнің «призывымның»

балалары маған жасқаншақтап қарайтын болды. Іштерінде Чи­
каев, Габидуллин деген сияқты татар-башқұрттар бар. Солардың
біреуі – башқұрт жігіті, жөн-жосықты сол түсіндірді. «Бізде солай
қалыптасқан, «молодойларға» бәрін тазарттырады. Бізден кейінгі

молодойлар келгенде, солар жуып, біз жумайтын боламыз» деп.
Бірер айдан соң, спорт ротаға кеткен әлігі екі спортсмен қа­
зақ қайта оралды. Олармен танысып табыстық. Соларға айттым
ғой, мұндағылардың мені қалай қарсы алғандарын. Екеуі естіп,

ішек-сілелері қатып күледі. «Жалғыз өзің жасқанбай, алдыңдағы
«призывтың» баласымен төбелесіп жүрсің бе? Олардың ішіндегі
ең дәулері – сол Симонов еді ғой!» – деп одан сайын күліп жатыр.

1982 жылдың жазы үйден хат келді. Ағаларымның үйленгенін
жазып, тойға шақырыпты. Оған бола мені үйге жібермейтіні анық.
Оның үстіне, «қалай болғанда да дұрыс қызмет жасап, оқуға жол­
дама алып қайтуым керек» деген мақсатым бар. Бір күні қару-жа­

рақ бөлмесінен (оружейныйдан) автоматымды алдым. Манағы екі
спортсмен қазақ үнемі жаттығу-жарыстарда жүреді, тағы да кетіп
қалған. Алдыма орындық қойып, автоматымды бөлшектеп шашып,
тазалап, майлап, қайта жинамақ боп отырғам. Сөйткенімше, менің

орындығымды «Сен барып өзіңе тағы табуретка алып кел, мынау
менікі болады», – деп, «старик» Баннов Олег алып қойыпты. Оның
алдынан жұлып алдым. Сол жерде екеуіміз шартпа-шұрт ұстасып,
жағаласып қалдық. Тәртіпті болуға тырысып-ақ жүргем. Бірақ

қасымызда менен 6 ай кейін келгендер де отыр. Бір жағы, олардың
алдында шегіншектеу де – намыс. Сонымен, жаңағымен «после
отбоя поговорим» десіп қойдық. Төсекке жатуға команда берілген
соң, «жүр, сөйлесеміз» деп сыртқа шыққанбыз. Ол алдымда келеді.

Бұрыштан бұрыла бергеніміз есімде, әрі қарай ештеме білмеймін.
Есімнен танып жатқанымда қосымша тепкілеген тағы. Спортпен
қатты шұғылданатын Олег орыстардың ішіндегі мықты жігіттің
бірі болатын. Оның турникте ойнағанындай ешкім ойнай алмай­

тын. Есімді жимай үш күн жатқам. Ауыз-мұрыннан, құлақтан қан
кеткен. Болмаған соң, жігіттер жасырып, гаражға көтеріп апарып,
мәшинеге жатқызған. Тек, аузыма су тамызып, қанымды сүртіп
отырған. Үшінші күні барып ес кіре бастаған, онда да есім бір

кіріп-бір шығады... Өң мен түстің арасында жатырмын. Қалай,
өзіме-өзім келіп, жігіттердің сүйемелдеуімен казармаға келдім,
рота командирі түрімді көріп шошып кетті. «Арыз жаз, бүгін көзін
құртамын, дисбатқа жіберемін!» – деді. «Жоқ, жазбаймын» – де­

дім. Анау Баннов та зәресі ұшып, маған көрінуге шыдамай, қашып
жүр. Рота командирі де мені кек алады деп ойласа керек, нарядқа
екеуімізді тоғыстырмай, екі бөлек қойып жүрді. Себебі, біз на­
рядқа оқтаулы қарумен шығатынбыз. Атып тастай ма деп қорқады.

Менде ондай ой болмады да. Новочихин деген замполитіміз біздің
Қазақстанда, Семейде қызмет жасаған. Қазақтарды жақсы көре­

тін. Сол бір күні мені шақырып алып сөйлесті. «Не болды, қалай болды?..» деп, сыр тартып. Ештеме айтқамын жоқ. «Жарайсың, азаматсың!» – деп, арқамнан қақты. Әлігі Баннов артынан өзі ке­ ліп, кешірім сұрады. Кек қуғамын жоқ, маған сол баяғы, жолдама алу керек. Есесіне, өзіміздің жігіттер де, әсіресе, офицерлер қат­ ты риза болып, сыйлап кетті. 36-шы армия қолбасшысы – генерал Краевтың қолынан «гвардияшы» деген марапат алдым... Күнделікті қызметтемін. Стансы бастығының орынбасары (по­ мощник начальника станций) болдым, айлығым – 12 сом. Бір күні №1-ші Ту күзететін поста тұрғам. Таң ата, нағыз ұйқы қысатын кезде, тексеру жасады. Замполитіміз Новичихиннің өзі жиі тексе­ ретін. Мен тұрып: «Стой, кто идет?!» – деп айғайлаймын. Олар үн­ демейді. Мен есік ашылғанын көріп: «Стой, стрелять буду!» – деп, автоматтың затворын тартқам. Сосын барып аналар: «Біз-біз», – деп, баскиімін шығарып көрсетеді. Әдейі, солай тексереді. Соның нәтижесі ме, кейінірек, 7-қарашаға қарай, отпускі берді. Ауылға келіп, әке-шешемді, бауырларымды, жаңа түскен жас жеңгелерімді көріп қайттым. Отпускіден қайтарда, бірнеше кітап алып кеттім. Оның біреуі «Для поступающих в ВУЗ-ы. Пособия по историй СССР» болатын. Сонымен бірге, өзіміз мектепте оқыған Тарих, Қазақ әдебиеті, Қа­ зақ тілі сияқты, оқулықтарды, сосын Қоғамтану деген кітапты да алғам. Әскерде біздерді алыс жерлерге айлап оқу-жаттығуларға алып шығатын. Бөлімшемізде он-он екі адам, байланысты қосып қойып, оқта-текте орталыққа жағдайымызды баяндап тұрамыз. Тәулік бойғы кезекшілікке алмасып түсеміз. Демалатын күнде­ рі ұйқыдан тұрып, тамағыңды ішкен соң, бос уақыт көп болады. Әркім өзінше өткізетін сондай кездерде, мен кітаптарымды оқып, конспектілеп жаттым. Қызметім өсіп, соңғы алты айда «Р-412» байланысшылар ра­ диостансысының бастығы болдым. Жиырма бес сом айлығым бар. Темекі тартпаймын, басқа нәрсеге жұмсамаймын. Қайтқанша, бі­ раз ақша жиналып қалды. Бұл – прапорщик лауазымының қызметі. Қарамағымда: Аппаратный, дизельный, транспортный – үш стан­

сы мәшинесі және 6 солдат болды. Белгіленген нүктеге шығамыз да, антенналар мен байланыс құрылғыларын ашып, ЗАС (засекре­ ченная аппаратная станция) деген аппаратты іске қосып қоямыз. Екі адам телефонмен сөйлесе береді, ал жолдан қосылған үшін­ ші не төртінші, бесіншілер олардың сөздерін түсінбейді. Сөйле­ сіп отырған екі адамға ғана анық естіліп тұрады. «Р412 тропо­ сферный» деп аталатын қуатты құрылғымыз – бір стансыдан екін­ ші стансыға дейінгі 150 шақырымдық арақашықтыққа байланыс ұстайды. Ал, кәдуілгі «радиолинейный» дегендер бар, олар 40–60 шақырым арасын қамтиды... Бір қызығы, манағы айтқан үш қазақ жігіті – үшеуіміз де темекі тартпаймыз, арақ ішпейміз. Ана екі жігіт спортсмен, екеуі де бокс­ пен айналысатын. Мен де нақты спорт түрімен айналыспағаным­ мен, кіммен болмасын жұдырықтасудан сескенбеймін. Біз – жеке байланыс батальоны болдық, тәртіп өте қатал. Күн сайын таңер­ теңгілік жаттығуда, басқа офицерлерді айтпағанда, қолбасшымыз – генералдың өзі бізбен бірге жүгіретін. Айына, міндетті түрде 12 шақырымнан екі рет, аптасына 6 шақырымнан екі реттен, «фор­ ма полный боевой» – марш-брасок жасаймыз. Әйтеуір, семіруге мүмкіндік бермейтін. Кейде, ротада біреу тәртіп бұзса, қосымша 12 шақырымды тағы да жүгіртетін. Қызмет еткеніме бір жарым жылдай боп қалғанда, тағы бір қызық болды. Спортсменбіз. Мен турникте тартылып, аяғымды асырып, аунап жатқам (подьем с переворотам). Таңертең емес, кешке қарай. Жаңадан взвод командирі келген. Азеев Сергей деген – Бішкектің жігіті. Кемеровода әскери училищені бітірген, жаңа үйленген келіншегі бар. Өзі спорттың «мунчаки» (ортасы цеппен байланған екі таяқша) түрімен айналысады. Одан біздің Қанат пен Ерғали үйренгілері келеді. Екеуі түнде клубқа барып үйренеді. Мен кітап оқып жатам. Содан бір күні мен спортплощадкада, өз бетімше турникке тартылып тренировка жасап жатырмын. Бір қа­ расам, жаңағы Сергей келіп: «Че, Ермухан, занимаешься?» – деп тұр. «Да», – деп күлдім. Жасы біз шамалас, жас жігіт. «Жетіден әрі аса алмайсың ғой», – деді маған ол да күліп. Мен: «Одан асырам», –

деймін. Сөйтіп екеуіміз бәстесіп қалдық. Сөйтіп, «подьем с пере­
воротом» жасап жарыстық. «Мен сенімен бекер жарыспаймын,
егер мен сенен көп жасасам, мені екі күнге увольнительге жібе­
ресің», – дедім. Күлді де «Жарайды», – деп келісті. 18 рет жасап

тастадым. Ол қалып қойды.
Ол да жігіт екен, уәдесінде тұрып, маған увольнительный бер­
ді. Мен оны алып, қалаға шығып кеттім. Содан, қаладан қайтып
келсем, батальонда ешкім жоқ. Жалғыз старшинамыз Алибабае­

вич жүр бажылдап айғайлап. Сөйтсем, аяқ астынан оқу-жаттығу
тревогасымен, айналадағы бүкіл әскери бөлімдермен қоса біздің
батальонды да дүр еткізіп көтеріп әкеткен екен. Артынан келген
соң, рота командирі шақырып алып тергеп, сұрады: «Кім жіберді

сені қалаға?» деп. «Азеев жіберді, осылай да осылай, бәсекеден
ұтылып қалған», – деп едім, күліп: «Жарайды, бара бер», – деді.
Шындығында, әскерде болғандардың бәрі біледі, мұндай жағдай
әскери трибуналға дейін жетуі мүмкін...

Рота командиріміз Елин деген – Волгоградтың тумасы. Нағыз
ақсүйек, зиялы, әділ азамат. Дюманың «Три мушкетерасын» мен
әскерде, взвод командиріміз Азеев Сергейден алып оқығам. Фрун­
зелік дедім ғой. Қазақстанның түкпірдегі бір аулында туып-өскен

мен үшін бірінші рет оқыған орыс тіліндегі ең көлемді кітабым
болғандықтан ба, өте әсерлі болды. Сол жердегі офицерлер, осын­
дай, бір өңкей жақсы жандар болды. Бәрі – оқыған, мәдениетті,
таза жігіттер. Бойыңнан бір жақсы қасиетті байқаса, өздері жақын­

дап, жылы тартып тұратын. Манағы айтқан замполитіміз Новичи­
хин де осы күнге дейін есімде. Біздің ротадағы жігіттердің көпші­
лігі Москвадан, Иркутскіден келген және көбі техникум, институт,
университеттерде оқып, түрлі жағдайлармен бітірмей тастап кет­

кен, яғни жарым-жартылай жоғары білімділер болды. Солардың
алдында мен политзанятияларда лекция оқитынмын. Орталықтан
шығатын күнделікті көлемді партия басылымдары мен әкери-па­
триоттық газеттерге шолу жасап, басты тақырыптарды, саяси

маңызы бар материалдарды сараптап, талқылап-талдап, әңгіме­
леп отыратынмын. Міне, рота, взвод командирлері мен саяси же­

текшіміз осындай жақсы жігіттер болды. Олар да мені бағалады, өздеріне сенімді дос-жолдас ретінде қарады. Демек, қай ортада болмасын адам өзін қалай ұстап, қалай жүріп-тұрса, оған деген көзқарас та солай болады. Солардың сондай қарым-қатынастары менің де ой-санамды өсірді, тапсырылған істі біліктілікпен және жауапкершілікпен, уақтылы атқаруға деген ынта-ықыласымды арттырды. Өзімді іштей де сырттай да биіктеп, тұлғалана түскен­ дей сезіндім. Жан-дүниемнің жаңғырып, жаңаша қалыптасуына, ізгі істерге икемделуіме, бәлкім, сол әскери өмірім де негіз болды ма деп те ойлаймын. Сөйтіп, екі жыл бойы әрі шынығып, ысылып, әрі өз бетімше оқуға дайындалып, оның үстіне, әу бастағы көздеген мақсатым бойынша, жоғарғы оқу орнына әскери оң мінездеме мен комсомол­ дық жолдама алып қайттым... Оқуға құлшыныс 1983 жылдың күзінде әскер қатарынан келген бойда, ауылда бір аптадай болып, бірден Қарағандыға оқуға құжат тапсыруға кет­ тім. Онда қалың қар, бұрқасын боран, қыс болып тұр. Тарих фа­ культетінің дайындық бөліміне құжат тапсырайын десем, қабыл­ дап жатқандар: «Тарихқа орын жоқ, басқа кез келген мамандыққа тапсырсаңыз, қабылдаймыз», – дейді. Өз шамам өзіме белгілі, математика, физика, химия дегендерге «күшім» жетпейді. Жазда көрермін деп, амалсыз кері қайттым. Мектепте бірге оқыған ауыл­ дың екі-үш баласы Шымқалада жұмыс істейді, солардың пәтеріне соқтым. Олар күндіз жұмыс істеп, кешке, «вечернийде» оқиды. Бір күні солардың біреуі алып келген «Оңтүстік Қазақстан» газетінен жарнама көріп қалдым. ПТУ (профессионально техническое учи­ лище) әскерден келген жастарды алты айлық оқуға қабылдайды екен. Степендиясы – 50 сом. Екі айдан соң практикаға шығарады. Одан тапқан еңбекақыңның елу пайызын тағы алады екенсің. Сон­ да, айына 120 сомдай айлық шығып тұр. Маған да керегі алты ай мерзім болатын. Сөйтіп, көзді жұмып, құжаттарымды тапсырдым

да, ауылға, үйге бардым. Әкем оқуға түсе алмағанымды білді де:

– Не болды, балам? – деп жөн сұрады.

– Ол оқу болмады. Бірақ Шымкентке бір училищеге құжат

тапсырып келдім деп едім:

– Қандай мамандыққа?.. – деп қайыра сұрады.

– Сварщик... – деп едім, онша дұрыс қабылдамағандай болды.

– Бірақ көке, стипендиясы – 110 сом! – деп едім, әкем елең

ете қалды. Елең ететіні, ол кісі, колхоз-совхозда өмір бойы жұмыс
істегенде, 60–80 сомнан асырып айлық алып көрмеген. Сосын,
таңырқап:

– Ол не қылған оқу, сонша ақша төлейтін? Ақша беріп оқыта­

тын да оқу бар ма? – деп, жүзі жылып қоя берді.

– Иә, сонда көктемге дейін, алты ай оқып, жаз шыға, оқуға

тапсырамын, – деп, түпкі мақсатымды айттым. Қарсы болған жоқ.
Әскерде жүргенде хат жазысып тұратын бір қыз болатын. Пе­
динститутта кешкісін оқитын. Соны күтіп алып, шығарып салып
жүретінмін. Бір күні, сол институттың жанынан бір жарнама көріп

қалдым. Көктем, май айы. «Мектептен кейін жұмыс істеген, тә­
жірибесі бар жастарға: Ленинград, Минскі, Киев, Москва, Сара­
тов, Қазан, Свердлоск университеттеріне философия, СОКП та­
рихы мамандықтары бойынша талапкерлерге жолдама беріледі»

деген. Ол жолдама жергілікті, облыстық партия комитеттерінен
беріледі екен. Келесі күні әркім-әркімнен «қалай?» деп сұрастыра
бастадым. Сөйтсем, мен сияқты оқитындарға, әуелі, сол оқу меке­
месінен аудандық комитетке мінездеме беріледі. Аудан мақұлдап,

облыстық партия комитетіне жібереді, одан әрі облыс шешеді екен.
Мен әскерге кеткенге дейін де, санаулы уақыт болса да жұмыс іс­
теп, еңбек кітапшамды аштыртып кеткем. Әскер қатарындағы мер­
зімді қосқанда, екі жылдан астам еңбек стажым бар. Айтылған та­

лаптардың бәрін орындап, облыстық партия комитетінен жолдама
алдым. Свердловск университетіне, «СОКП тарихы» мамандығы
бойынша деп. Себебі, сол кездегі білуімде, «Қазақстан оқу орын­
дарына парасыз түсу мүмкін емес» деп естиміз. Тұрақты «став­

кілері» де бар дейтін. Сондықтан, не де болса, «Ресейге барып

көрейін» дедім. Ал Ресей қалаларының ішіндегі бізге жақындауы
Свердловскі болды. Әйтпесе, өзіміздің Алматыдағы ҚазМУ-ға мен
таңдаған «СОҚП тарихы» мамандығы бойынша жолдама болды.
Бірақ жолдама шектеулі. Демек, «ол орындарды қалталылар мен

шенді-шекпенділердің бала-шағалары иемденетіні белгілі» деп
ойладым...
Барлық талапкерлерді бір күнде жинап, облыстық пария коми­
тетінің өкілдері сөз сөйлеп, «мамандық алып, елге оралып, туған

жерге қызмет етіңдер» деген тілекпен, қолыма жолдаманы ұстат­
ты. Менің түсінгенім, емтиханды Алматыда ҚазМУ-да тапсырып,
түскен жағдайда, оқуды Свердловскіде оқисың. Сол оймен, мен,
емтихан тапсыруға Алматыға, ҚазМУ-ге бардым. Сөйтсем, он­

дағылар: «Бізде ондай жоқ, сіз дұрыс түсінбеген шығарсыз?..» –
дейді. Құжат тапсыру науқаны басталып кеткен. Сол жерде «қа­
лайша, бұлай?!» деп, мен дауыс көтеріп, құжат қабылдаушылармен
сөзге келіп қалдым. Содан қасымыздан бір үлкен кісі өтіп бара жа­

тып: «Не болып жатыр, мұнда?» – деп қайырылды. Құжат қабыл­
дап жатқандар:

– Мына жігіттің жолдамасы бар екен. Бірақ Свердловскі уни­

верситетіне. Емтиханды осында тапсыруым керек дейді, – деп тү­
сіндірді. Сосын, ол кісі:

– Иә, ондай бізде жоғы-жоқ қой. Сол Свердловскіңе барып

тапсырасың емтиханыңды, – деп, бұрылып жүре берді...

– Мен енді Свердловкіге жету үшін, аэропортқа баруым керек

пе?! – деп, тағы дауыстадым. Ана кісі қайта қайырылып:

– Әй, бала, ол жаққа шапқылағанша, осында, өзіміздің тарих

факультетіне неге тапсыра салмайсың құжаттарыңды? – деді. –
Бізде де тарих факультеті бар. «СОҚП тарихы» бөлімі, былтыр
ашылды, – деді.

– Аға, – дедім, – жолдамада Свердловскі деп тұр, сіздерге қа­

лай болады?.

– Ой, жоғарғы оқу орындарының жолдамасы бірдей болады,

қабылдаймыз ғой, – деді.
Сөйтіп, күтпеген жерден құжатымды сол жерге тапсырдым.
Бұл жақтан медосмотрдың бәрін өтіп барғанмын. Содан, құжат

тапсырдым да, ауылға қайтып кетіп, емтиханға бір-ақ келдім. Алла
оңынан қаласа, солай болады. Әскерде жыл бойы оқып дайын­
далған Ілияс, Бейімбет, Сәкендердің «90 жылдығы» болатын сол
жылы. Шығарма тақырыбы солардан келді! Не жазғаным, қалай

жазғаным есімде жоқ, әйтеуір, еркін тақырыпқа жаздым. «Төрт»
деген баға алдым!.. Екіншісі – Қоғамтану. Құда баламның үйінде
жатқам. Түнде отырғанда ол:

– Күндіз-түні оқып, сонша дайындалып жатсың, капитализм­

нің бес белгісін білесің бе? – деді. Мен сандырақтап бірдемелерді
айтқан болдым. Содан оның «Мына жерлерін қате айттың», – деп,
түзетуімен, екеуміз соны қайтадан қайталадық. Содан Қоғамтану­
дан емтиханға барғанымда, келген үш сұрақтың бірі – капитализм­

нің бес белгісі!.. Содан әйтеуір, өйтіп-бүйтіп айттым. «Үш» деді.
Шықтым, екі езуім, екі құлақта. Шықсам, жұрттың ата-аналары
топырлап жүр. Менің ешкімім жоқ. Жалғыз өзім. Күліп шыққанға
жұрт ойлады ғой деймін, «бестік» баға алды деп.

– Тапсырдың ба? – дейді маған қызыға қарап.

– Тапсырдым!

– Қанша?..

– «Үш!» – деп қоям. Қолдағы қағазды алып қалған. Олар бір-бі­

ріне қарағандай болды. Мынау неменесіне мәз болып келе жатыр.
«Үштікпен» конкурстан өте алмайды деп тұр ғой. Мен өзімнің
«вне конкурсник» екенімді білем. Әскерден келгем, жолдама алып
келгем. Конкурссыз өтуге құқығым бар. Оныншы класта Мұса­

хан көкем сабақ берді. Мен ауылда сегізінші класқа дейін неміс
тілін оқығам. «Қай мамандыққа барсаң да, төртінші емтихан шет
тілі болады. Саған справка жасап берейін» деген. Егер «шет тілін
8-класқа дейін ғана оқыған» деген анықтама болса, саған емтихан­

сыз «үш» қойып беретін болады» деп, сол анықтаманы дайындап
берген. Оны құжат тапсырғанда қоса тіркетіп қойғам. Кірдім де,
«автоматический» «үштік» қойдырып шықтым. Соңғы, төртінші
емтихан – Тарих пәні. Одан өз дайындығыма сенімдімін. Сөйтіп,

Тарих емтиханына да кірдім. Билет алдым. Екі сұрақты білем.
Үшінші сұрақты білмеймін... Ары отырдым-бері отырдым, ештеңе

есіме келмеді. Жарайды, екі сұрақтың жауабына үш қояды деп отырмын. Шақырды: «Дайынсың ба?» Бірден айттым: «Алғашқы екі сұраққа жауап берем. Үшінші сұрақты білмеймін. Қосымша сұрақ қоясыз», – дедім. «Жауап бере беріңіз», – деді. Біріншіні ай­ тып жатсам, тоқтатады. «Екіншіге көшіңіз», – дейді. Екіншісін ай­ тып жатсам, тоқтатады... – Үшіншісін білмеймін деп мен айттым ғой. Қосымша сұрақ қойыңыз, – деймін. – Сіз бірінші, екінші сұраққа толық жауап бермедіңіз. Сіздің жауабыңыз қанағаттанғысыз, – дейді. – Қалай қанағаттанғысыз? Ол мүмкін емес, мен жауап бердім. Сіз мені тоқтатпаңыз. Қайтадан айтайын... Қарап отырып «құлатып жатыр!»... Орын толып қалған ғой, ана жақта, әйтеуір құлату керек. Емтихан қабылдаушы – Жанба­ тырова деген. «Шығыңыз, кетіңіз!» – деді. «Жоқ, кетпеймін, онда аппеляционный комиссияға барамыз», – деп отырып алдым. Ары айтты-бері айтты, бір кезде «Жүріңіз», – деп, қағазды алып, келесі кабинетке барды. Ішінде әнеу күнгі «Құжатыңды осында тапсыра салмайсың ба?» деген кісі де бар – төрт қасқа бас отыр. Таны­ маймын, кім екенін де білмеймін. Бәрі шахмат ойнап отыр. «Не болды?» – деді. «Не соглашается с оценкой», – деді мені ертіп кел­ ген мұғалім. Мен де орысшалап: «Конечно, не буду соглашатся, на два вопроса ответил. У меня твердое тройка, на нет!..» – деймін. Содан ана кісі қарады да, «Әй, бала, сен отыра тұр», – деп, мұға­ лімге бара бер дегендей ым жасады. Ол шығып кетті. Бұлар шах­ мат ойындарын жалғастырып отыр. Қастарында аузы ашылған шыны бөтелкеде минерал суы тұр екен. – Аға, су ішуге бола ма? – дедім. – Іше ғой, – деді. Содан, бөтелкедегіні стақанға лақылдатып құйып ем, бәрі маған қарады. Толтырып құйып алдым да, түбіне дейін төңкеріп ішіп салдым. Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті. Аз­ дан соң, жаңағы үлкен кісі маған қарап: – Ал, бала, жауап бер, – деді. Бірінші, екінші сұраққа судыра­ тып жауап бердім. «Тоқта-тоқта, жарайды-жарайды», – деді. «Үшінші сұрақты білмеймін, аға, шынымды айтайын. Қосымша

сұрақтар қойсаңыз...» – дедім бұ кісіге де. Содан қосымша сұрақ
қояды. «1905 жылы не болды? Қос үкімет деген не?..» деген
сияқты, болмашы сұрақтар.

– Ей, мынау әжептәуір жауап беріп отыр ғой. «Удо» жарай

ма? – деді.

– Жарайды, аға, – дедім. Соныменен, шықтым айғайлап.

Студентпін!.. Ол кезде 2-ші Алматыда, қазіргі Абылай ханның
(бұрынғы Коммунистический) бойында жалғыз «переговорный
пункт» болатын. Сол жерге келіп, басқа ешкімде телефон жоқ,
Нұржамал әпкемнің магазиніндегі жұмыс телефонына қоңырау

шалдым. «Студентпін!» – деймін айғайлап. Әлі қабылданғандар
тізімі шыққан да жоқ. Құда бала Құрманның үйіне бардық. Олар
да қуанып жатыр. Дос баласын алып келді. Дастарқан жасады.
«Экспедиция» деген жерде бір бөлмелі пәтерде тұрады. Сол күні

өмірімде бірінші рет коньяк іштім. «Сыртқа шығып, темекі шегіп,
демалайық», – деді. Мен темекі шекпеймін. Бірақ тұрайын десем,
тұра алмаймын. Буынымды алып қойған. Қабырғадан ұстап келем,
күле берем. «Капитализмнің бес белгісін білесің бе?» – деп сұрап,

жауабын миыма шегелеп берген сол ғой...
Сөйтіп, түскендердің тізімін жариялайтын күн де келді. Анау,
қасқа бас үлкен кісі – тарих факультетінің деканы Шәлекенов Уа­
хит Хамзаұлы. танымал тарихшы ғалым боп шықты. Сол кісі қа­

былданғандардың аты-жөнін өзі дауыстап оқыды. Алтын медаль
иегерлері бір емтиханнан «бес» алса, бірден түседі. Алтын медаль­
мен келген үш-төрт баланың тізімін алдымен оқыды. Одан кейін
еңбек өтілімен келген үш адамды атады, ішінде мен де бармын!

Сосын, қалғандарының ұпайларын санап жатты ары қарай... Қа­
былданғандар туралы ректордың бұйрығы да сол жерде оқылды.
Біреулер қуанып, біреулер жылап, естері шығып жүрсе, «Студент­
тік билетті қашан бересіңдер?» – деймін мен. «Ой, қайда оған,

бәлен күні келесіңдер. Әуелі, сельхозкаға, жұмысқа барасыңдар», –
деп жатыр...
Ауылдағылар үшін, ол енді, қиямет оқиға! Менің Алматыдағы
атақты оқу орнына қалай түсуім мүмкін екендігі туралы гу-гу әң­

гіме!.. Екінші ағам достарын шақырып, дүрілдетіп жуып жатыр.

Біраз күннен соң, сол лепірген көңіл күймен, ауылдағы бір тойға ер­ тіп барды. Сол тойда төбелес болды. Осыған дейін ауылдағылар атын естігені болмаса, бірде-бір бала түсіп көрмеген, астанадағы «Қаза­ қстан бойынша ең жоғарғы оқу орны – ҚазМУ-ге түсіп келдім!» де­ ген көкірек қандай!.. Сол төбелестің жуан ортасында мен де жүр­ сем керек... Ертесі милиция іздестіре бастаған көрінеді. Содан, ағам маған «Жоғал ауылдан!» – деді де, бірсыпыра киімдерім салынған шабаданымды қолыма ұстатып, Алматыға шығарып салды... Кейін ойлаймын: «Менің тағдырыма үлкен әсер еткен, әлгі кісі», – деп. Ол кісі сол күні, тап сол сәтте ұшыраспаса, менің шығып жүре беруден басқа амалым жоқ еді. Ресейге кетіп қалудан мені тоқтатқан сол кісінің бір ауыз жанашырлық сөзі болды. Кет­ кенде, барған жерімде оқуға түсер-түспесім бір Құдайға ғана аян... Ал енді, емтихан тапсыру үстінде дауласып, тағы да тағдыр айдап, сол кісінің алдына барып жүгінуім, шиеленісті одан әрі ушықтыр­ май, оң шешуі туралы не деуге болады?!.. Сөйтсем, тарих факуль­ тетінің деканы Уахит Хамзаұлы – қан кешкен майдангер, атақты археолог, көптеген шәкірт тәрбиелеген ғалым-ұстаз екен. Кейінге шейін көп жылдар факультетті басқарды. Осылайша, жаратқанның жазуымен, алдынан кездейсоқ кездескен бейтаныс талапкердің «қыл үстінде тұрған» тағдырына бір емес, екі қайтара «арашашы» болып, ендігі өмірімнің түбегейлі өзгеруіне тікелей ықпал еткен сол кісі, мен үшін, шылауымды ұстаған Қызыр-Ілиястан бір де кем болған жоқ! Қалай болғанда да, сол сәтте маған жасағаны – ол кісі­ нің соғыстың қанды қырғынын басынан кешкен, өмір бойы ұстаз­ дық етумен бірге ғылымға адал қызмет етуден айнымаған азамат­ тық болмысы биік тұлға екендігінің қарапайым бір ғана мысалы болса керек... Студент болдым Сонымен, 1984 жылы студент атанып, оқуға түстім. Ауылша­ руашылық жұмысына барып келдік. Жиырма бес баланың ішін­

де үшеуіміз ғана әскерге болып, жұмыс істеп, аз-кем «өмір көріп»
ысылған, еңбек өтілі барлар санатынан екенбіз. Қарапайым от­
басынан шыққан «қарабайыры» да – үшеуіміз. Қалғанының көп­
шілігі – «шенді-шекпенділердің» ұл-қыздары және дені мектептен

келгендер. Соның ішінде, бары-жоғы – бес ер баламыз. Арман
болған студенттік билетіміз де қолға тиді. Маған ауырлау тиген:
«Не жатақхана аласың, не стипендия аласың» деген шарт болды.
Мен екеуіне де зәрумін. Бірақ оны маған кім беріпті? Алматының

ұл-қыздары әке-шешесінің үйінде тұрады да, стипендия да алады.
Мен жатақханада тұрам, стипендия жоқ. Несін жасырайын, біраз
қиналдым. Бірінші сессияны тапсырған соң барып, стипендияны
да, жатақхананы да алуға қол жеткіздім.

Сабақ үлгеріміне келсек, менде бірде-бір пәннен «қарыз» бол­
ған жоқ. Бірақ өте жоғары оқыдым деп те айта алмаймын. Себе­
бі, мен қазақ мектебін бітіргенмін. Ал сабақты орысша оқыдық.
Алғашқы жылы, негізінен, арнайы курстар жүрді. Логика деген

пән мені қинады. Ол бірінші курсты бітіріп жатқан кез болатын.
Есімде қалғаны – Агашков деген мұғалім. Ол иттің баласы студент­
терді, негізінен, қазақтарды дачасына апарып жұмыс істеткізіп,
сөйтіп «зачет» қояды екен. Мен ондайға бармаймын. Тіке барып

емтихан тапсырам, құлатып жібереді. Бірақ қоймай жүріп алдым.
Ол оқулықтан сұрамайды, тек өзінің лекцияда айтқанын ғана
сұрайды. Сондай «қуғынбай» мұғалімдер болған. Бізге спецкурс
лекцияларын көбіне партшколдың ұстаздары келіп оқитын.

Бірінші курс бітті, алғашқы ССО-ға, құрылыс отрядымен
жұмысқа кеттік. Нарынқолдың Қызыл шегара деген аулына бар­
дық. Жаздың күні, жергілікті жұрт күпәйкамен жүр. Қызыл ше­
гара – дәл Қытаймен шегараның бойында тұр. Тікенек сымдар

тартылған. Ол жерге баруымызға себеп, сол совхоздың дирек­
торының қызы біздің факультетте оқиды екен. Сол қыз комиссар
болды, тағы біреу командир дегендей... Қой қора салдық. Жақсы
табыс тауып қайттық.

Отрядымызда екі-үш қыз болды. Болашақ ұлымның шеше­
сімен сол ССО-да таныстым. Ол менен екі курс жоғары оқиды,
3-ші курс бітірген. Жатақханада тұрмаған. Алматының іргесін­

дегі Есіктің қызы. Сол жерде танысқанымыз болмаса, тереңге
барғамыз жоқ. Бірақ кейін ол жатақханаға ауысты да, шайға, та­
маққа шақырып жүріп... екеуіміз тым жақындасып кеттік. Рас,
алып бара жатқан махаббат, үйленіп, үй болу туралы әңгіме болған

емес, есесіне, алды-артыңды ойлатпайтын жастық қызбалық, ал­
бырттық пен аңғырттық болды...
«ССО – 1986». Чернобыльда
Екінші курсты бітіріп, ССО-ға Чернобыльға баратын болдым.

Патриоттық ұранға желігіп, көпшілік студенттер соған жазылып
жатты. Бірақ жеме-жемге келгенде, бастапқы жазылғандардың
көбі айнып, отыз шақты ғана бала шықтық білек сыбанып. Бұл –
1986 жылдың жазы болатын...

Командиріміз – философия факультетінің ұстазы Васильев, ко­
миссар Байғабатов Болат – қалалық комсомол комитетінде қызмет­
те болған. Қойшымановпен бірге ол да қызметінен төмендетіл­
ген. Алматыдан ұшып шығып, Киевке жексенбі күні келдік. Сол

жерге келгенде барып, қайда келе жатқанымыз түйсігімізге жете
бастағандай болды. Біз қонған Борисполь аэропортынан Киевке
дейінгі жолдың екі шеті қалың ағаш, тұтасқан орман екен. Үл­
кен-үлкен алып емен мен алмаағаштары аралас. Тоқтағанда көрдік,

көлеңкелі жол жиектеріне әдемі ағаш отырғыштар жасап тастаған.
Киевке автобуспен кірдік. Көшеде жан баласы көрінбейді, өлі
тыныштық. Бірінші рет бойымызды белгісіз үрей буды. Мамыр
айының аяғы болатын. Киевтен оңтүстікке, Қара теңізге қарай

жүрдік. Белая Церковь қаласынан өтіп, одан әрі жүз шақырымнан
астам жердегі Зрайки деген жерге келдік. Ну орманның іші. Ол
жерде ауыл бар деп ешкім ойламайды. Сол жерде палатка құрып
тұрдық. Бізден басқа Украина университеттерінің студенттері бол­

ды. Құрылысшылар бар қаншама!.. Құрылыс материалдары ва­
гон-вагонмен келіп жатыр. Бізге енді-енді жетіп жатқан газопена
блокты бірінші рет сол жақтан көрдім. 1986 жылы!
Бір жарым айдың ішінде, бір көше бойына 20-дан астам тұрғын

үйлер салдық. 10х11 шаршы метрлік, асханасымен төрт бөлмелі

үй. Бір отбасына лайықталған. «Алматы көшесі» деп, сол көшеге Алматының атын беріп кеттік. Біз тұрғызып, төбесін жауып кете­ міз. Сылау-бояу, обой жапсыру жұмыстарын басқалар істейді. Сол жерге Алматының АСИ-нен студенттер бригадасы да барыпты. АСИ студенттері – дайын құрылысшылар ғой. Олардың командирі өте пысық, еті тірі жігіт екен. Ол өздеріне үй тұрғызу емес, аяқжол, үй айналасын қоршау сияқты жұмыстарды алған. Сметалық құны жағынан үй салғаннан сол тротуар, штакетник, забор орнату қым­ бат екен. Ал жұмысы жеңіл. Олар бізден әлдеқайда мол ақша та­ уып қайтты. Киевте адам болмайтыны – сенбі-жексенбі күндері жұрттың бәрі Қара теңізге кетіп қалады екен. Чернобыль – солтүстікте. Біз Киевтен тағы да оңтүстік бағытқа қарай жүргенбіз. Таза аймақ деп есептелген соң, Чернобыль айналасынан көшірілгендерге сол жақтан үй салуға алып барды. Орманның ішінде кішкентай посе­ лок бар. Өңшең қарттар тұрады. Орманды отап, сол жерге жаңа по­ селок салдық. Құрылыс материалында есеп жоқ, ағылып келіп жа­ тыр. Бара салысымызбен, «Тупикте тұрған вагоннан кірпіш түсіріп аласыңдар», – деді. Өзіміз көріп жүрген кірпіш екен деп ойлағам. Сөйтсем, 40х60 көлемі үлкен кірпіштер. «Екі адам болып көтер­ месек, қалай көтереміз», – дейміз. Бір-екі жігіт төбесіне шығып көтеріп көрді. Жеп-жеңіл дейді. Сол газопенаблоктан 23–24 үй соқтық. Өнімді әрі жылдам. Бізге, Қазақстанға газопеноблок кел­ гені – кеше, 2010 жылдар... Комиссарымыз бұрын комсомолда істеген, ондағылардың көбін таниды. Өзі ұйымдастырып, футболға, «Қайрат» пен «Дина­ моның» ойынына алып барды бізді. Стадионда айғайлап отырмыз. «Қайрат, Қайрат!», «Қазақстан, алға!» деп. Жұрттың бәрі бізге қа­ райды. Стадионның арғы жағынан біреулер келді бізге. Алматы­ дан барған біздің гимнастар екен. Қайрат 2:1 есебімен ұтылып қал­ ды. Ойыннан соң командамен кездесіп, естелік суретке де түстік. Кейін Алматыда қарымта ойын болды. Бұл жақта жеңіп жіберді. Қайтар қарсаңда «Радиация бар екен. Ол зиян екен» деп ай­ тыла бастады. «Оны қалай білуге болады?» – десек, «Маңдай мен

көкірекке қасық жабысса – радияция алғаның», – деді бір білгіштер. Оны естіген соң, тыныштық қашты. «Жаппарқұлға да жан керек», қасықты денемізге бір-бірімізден жасырып қоямыз. Біреулер «жа­ бысады», біреулер «жабыспайды» деп жатады. Бәрімізде үрей бар... Қызығы, Киевте болды. «Сухой закон» кезі. Қайтатын күні Киевке «самолётпен ұшамыз» деп келдік. Крещатникке келдік. Қо­ нақүйге түстік, ертесі ұшуымыз керек. Кешке келгенбіз, ақша бар. Қарнымыз аш, тамақ ішетін жер жоқ!.. Дым жоқ, ресторанның бәрі жабық. Бір ресторанға кірсек, «ливерный» дейтін колбаса ғана бар. Басқа ештеме жоқ. Оның алдында, күндіз жігіттер арақ алған бола­ тын. Араққа да ұзыннан-ұзақ кезек. Үстімізде ССО-ның формасы. Арқамызда «Алматы-Киев. ССО» деген жазулар бар. Кезектегілер айғайлап жатыр: «Бессовестные студенты, араққа очередке тұр­ сыңдар!» – деп. Екі-үш жігіт алты бөтелке алып келді. Сөйтіп, өмі­ рімде екінші рет Киевте арақ іштім. Бөтелкесі ерекше дәу. Сыртына «Украинский с перцем» деп жазылған. Ішінде қызыл бұрыш жүр. Радиация туралы әңгімеден соң, араққа жақындай бастаған түрі­ міз. Қонақүйде жиналып отырып, ашқарынға ащы арақты сылқит­ тық. Ертеңіне Москваға ұшуымыз керек самолётпен. Өз басым, бір-екі стақаннан кейін-ақ, жоғарыдағы бөлмеге көтерілуге шамам келмей, сол отырған жерімде тәтті ұйқыға кетіппін!.. Келесі күні самолётте басымыз сығып, асқазанымыз шұрылдап бүріп, бүгіліп отырдық. Комиссарымыз Москваға кідіртіп, «Кос­ мос» деген қонақүйге орналастырды. Мәскеудің комсомолы күтіп алды, бәрімізге грамота ұйымдастырды. Сөйтіп, қаланы қыдырт­ ты. Лениннің мавзолейіне апарды. МГУ-де болдық. ЦУМ, ГУМ, «Белград», «Берлин» деген магазиндер бар екен. Тауып қайтқан ақ­ шамызға сауда жасатты. Дефицит заттар алып, қарық боп қалдық... Жаңсақ қадам Сонымен, Украинада ССО-да болып келсем, «Есіктің қызы» мені күтіп жүр екен. «Менің аяғым ауыр, үйленейік...» деп. «Өй, сен не айтып тұрсың?!.. Біздің арамызда ондай әңгіме болған жоқ

қой? Мен үйленбеймін!.. Оқуым керек!» деймін. Сол кезде әкем сырқаттанып жатқан. Артынан, шешесі келді. «Мен қызыңды аламын, үйленеміз деп айтқан жоқпын. Өз ықтиярымен бірге бол­ ғанымыз рас. Мынандай қалпында үйіме апара да алмаймын...» – дедім. «Онда, ең болмаса, ЗАГС-ке тұрыңдар, бала заңсыз тумасын, паспортыңды бер», – деді. Ойымда ештеме жоқ, паспортымды бере салдым. Шешесі Горный-Гиганттан квартира жалдап қойыпты. «Аяғы ауыр ғой, қызым қорқып қалмасын, босанғанша бірге тұр қасында», – деп тағы келді. Бардым. Біреудің үйінің подвалы. Көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймаға жүкші болып жұмысқа тұр­ дым, қосымша. Чернобыльден тамыз айында келген болатынбыз. Оқуға дейін біраз уақыт бар. Бір күндері паспортымды сұрасам, бермейді. Сөйтсем, шешесі ауылдарына барып, екеуімізді сырттай некелестіріп, «ерлі-зайыпты» қылып қойыпты... «Жағдайды әкесі білмейді», – деді. Жаңа оқу жылы басталатын болды. Жатақханаға келуім керек. Мен ана жақта тұрып жатырмын. Гу-гу әңгіме. Ойлағам, ешкім білмейді деп. Бірақ бәрі белгілі болыпты. Оның дос қыздары әң­ гіме таратып жүрген сияқты. Ол – бесінші, мен – үшінші кур­ стамын. Қалай жүресің жұрттың көзінше талтаңдап, ұятым жібер­ меді. Шыдамай, ауылға барып, жағдай осылай да осылай, үйленуге тура келіп тұр деп, екі ағама айттым. «Ал, мақұл, бала сенікі ме?» «Иә, менікі...» «Қанша айлық?» «Анығын білмеймін, жеті-сегіз ай шығар, шамамен». «Қайтеміз онда, алып кел», – деді. Алып бар­ дым. Әкем ауырып жатыр. Беташарын жасап, көп болмай, қайтып кеттік.... Киевте жүргенімізде, біз туралы мақалалар көп шыққан, сол кездегі жастар газеті «Лениншіл жас», тіпті республиканың бас газеті «Социалистік Қазақстан» тілшілері де телефон арқылы ин­ тервью алып, сұхбаттар жазды. Келген соң, бірде, тағы бір тілші келіп тұр: «Сен туралы мақала жазайын деп едім», – дейді. Бі­ раз әңгімелескендей болдық отырып. Бір күні газетін алып кел­ ді. «Ленинская смена» газетінде «Чужой беды не бывает» деген тақырыптың астына ірілетіп менің комсомол билетімнің нөмірі

теріліп беріліпті. «Рақмет» деп газетті алып қалдым. Жастық кеу­
денің әсері ма, сол журналистке шамалы ықылас жасап, ілтипат
білдіруді де ескермеппін. «Соншама, 30 адамның ішінде неге тек
маған келді екен?» – деп, кейін, арада жылдар өткенде барып ой­

лаймын. Сол жарияланымдарды ауылдағылар да оқыды ма деймін.
Әйтеуір, Желтоқсанда «отырып» келгеннен соң, анам жарықтық:
«Мен десең, бұдан былай осы, кәзит-жорнал, телебезір дегенге жо­
ламай, аулақ жүрші, балам!..» – деп қатты өтінгені есімде қалды.

Арман болған бақ құсым
Бүгінгі жұбайым Зурамен бір курста, бір топта оқыдық. Оны,
ең алғаш, ҚазМУ-ға оқуға түсіп, студент атанып, ауылшаруашылық
жұмысына барғанда көріп-таныстым. Ол кезде солай еді ғой, бі­

рінші курстықтарды оқу бастала салысымен, жеміс-жидек, көкө­
ніс өнімдерін жинауға, жиын-терімге жіберетін. Сол жылы оқуға
жаңа түскен тарихшылардың орыс-қазақ бөлімдерінің барлық сту­
денттерін Алматы облысының Қызыл ту деген аулына апарды. Жі­

гіттерді бөлек, қыздарды бөлек – бір баракқа орналастырды. Ерте­
сі, таңертеңгілік жұмысқа кетіп бара жатсақ, мүсіні талшыбықтай
бұратылған бір қызға сыртынан көзім түсті. Адамда «алтыншы
сезім» деген болады деп жатады ғой, сол сәтте «Менің болашақ

жарым – осы қыз!» деген түйсік санамда жарқ еткендей болды.
Әл-әзір атын да білмеймін, бет-жүзін де дұрыстап көргенім жоқ...
Көкөніс егілген үлкен егістік басына жеттік, помидор жи­
найды екенбіз. Шаруашылық бригадирі мен алып барған мұғалім:

«Пәлен гектарлық осы егістіктің помидорын сұрыптап жинап,
бүлдірмей апарып тапсырасыңдар», – деп, қолымызға бір-бір ше­
лектен ұстатып, жүйек-жүйекке бөліп, жұмысқа салды. Аздан соң,
мен ақырын қиыстап, манағы қыздың маңына келдім. Үш-төрт қыз

шелектерін төңкеріп үстіне отырып алып, помидор жеп, бір-біріне
лақтырып ойнап отыр. Бәрі ақсаусақ, қаланың, бастықтардың ерке
қыздары екені көрініп тұр. Сол жерде танысып, түр-келбетін көріп,
«Зура» деген атын білдім. Шымкенттік екенін естігенде, онан

сайын ішім жылып қоя берді. Іштей, өзімше бәрін кесіп-пішіп,
иемдене бастағандаймын. Есімді білгелі анамның көп сырқаттана­
тынын көңілге түйіп өскендіктен болар, «Шіркін, апама бір дәрігер
қызды келін етіп түсіріп берсем» деген құпия арманым болатын.

Бірақ аяқастынан Зура аруды ұшыратқан сол сәтте, ол ойымның
мәні көмескі тартқандай еді.
Осылайша, ойламаған жерден, таныстығымыздың алғашқы
күнінен басталып кеткендей болған махаббат «машақаты» оқу

басталған соң маздай түсті. Жаспыз, сезімімізді аңдатып, хат жа­
замын, өзімше өлең жазамын. Сөйтсем, бұл да облыс деңгейіндегі
бір бастықтың отбасынан шыққан қыз екен. Қалада өскен, орыс­
шаға жетік... бірақ қазақшаға шорқақ. Менің жан-жүрегіммен «те­

біреніп» жазған өлең, хаттарымды «аударып, түсіндіріп берші»
деп, құрбысына оқытатын құсайды. Айтып отырмын ғой, өзімше
сырттай иемденіп жүргеніммен, қол ұстасып, бірге киноға, театрға
бару деген арман ғана. Оның үстіне, бірінші курс болғандықтан,

аса көп бос жүріс жоқ, есіл-дертіміз – оқуда! Жақындасудың орайы
келмей-ақ қойды.
Бірінші курсты бітірген жылы ССО-ға – құрылыс отрядына
барғанымызда, біздің бұлықсыған ерке қыздар барған жоқ. От­

рядымызға мединституттың Шынар дейтін қызын дәрігер етіп
қосып берді. Қаршығадай жалт-жұлт еткен жігіт кезіміз. Қарап
жүрмей, «Апама дәрігер келін болуға қалай екен» деп, Шынардың
да «тамырын басып» байқадым. Мен ойлағандай «келін» шықпай­

тындай көрінді де, ол ойымнан айныдым.
Екінші курста оқып жүрміз. Алаулаған жастық қызумен көңіл
құрғыр әртарапқа алып қашқанымен, Зура қыздың бейнесі жүрек
төріне мықтап орнығып алған. Бір топта оқимыз, аудиторияның

арт жағына таман жайғасып аламын да, ту сыртынан телміріп қа­
раймын да отырамын. Сәл көзден таса бола қалса, жалтақтап іздеп
тұрамын. Бірақ бетпе-бет кеп қалғанда, тек, ыржалақтап күлгеннен
артыққа бара алмаймын. Қатар жүріп, әңгіме құруға жүрексінем.

Сөйтіп, өзіммен-өзім іштей арпалысып жүрген күндердің бірінде,
Зура аудиторияға келіп:

– Алдағы қысқы демалыста Шымкентке баратындарың бар ма? – деп сұрап қалды. Қысқы сессияны тапсырып біткен соң, ауылға жиналып жүргем. – Мен барам!.. Не керек еді? – дедім жұлып алғандай. Не айтса да құлшынып, дайын тұрмын ғой. – Біршама заттарымды беріп жіберсем, үйге апарып бересің бе?.. – Жарайды! Апарайын!.. – деп, алақайлап жіберуге шақ қал­ дым. Келесі күні бір сөмке заттарын алып кеттім. Үйлері Шымкент теміржол вокзалының маңында екен. Зура берген адрес бойынша іздеп тауып бардым. Қоңырауын соққан ем, есігін, сіңлісі болу ке­ рек, жас қыз ашты. Зура телефон шалып айтып қойған болса керек, «Үйге кіріңіз!..» – деді де, жүгіріп барып мамасына телефон соқты. Ол кісі: «Ешқайда жіберме, қазір келем, кетіп қалмай мені күтсін», – депті. Сосын, жаңағы кішкентай күлегеш қыз қонақ бөлмесіне кіргізді. Әкесі үйінде болмады. Айналама ақырындап көз салсам, мен сияқты ауыл баласы көре қоймаған дүние-жиһаз, еденде жұм­ сақ, түкті кілем. Әсіресе, сөрелердегі самсаған кітаптардан көз тұнады!.. Орысша-қазақша әлем әдебиетінің классикасы, Комму­ нистік идеяның көсемдері Маркс-Энгельс-Лениннің алтын жа­ латқан көптомдықтары!.. Бөлменің ортасында ұзын стол жасалынып қойған. Екі жерге қойылған әсем вазаларда алма, жүзім т.б. көздің жауын алатын же­ містер сықап тұр...Үлбіреген таза матамен беті жабылған. Осының бәріне тамсанып қараған сайын «Апырмай, арман болған Зура қыз менің теңім болмады ғой!..» деген өкініш күшейіп, көңілім түсіп бара жатты. Қолыма әр кітапты бір алып, ашып қараған боп жүргенімде, есік ашылып, анасы келді. Орта бойлы, қыр мұрынды, ақ құба, сымбатты кісі екен. Орысша-қазақша араластырып сөйлейді. Шап­ шаң қимылдап, дайын тұрған дастарқанның бетін ашып, шай жа­ сады. Мені төрге отырғызып, дәм ұсынды. Ананы-мынаны сұраған боп, әңгімеге тартады. Мынадай үйде, мынадай дастарқан басында әңгіме айту қайда, «иә-жоқпен» қысқа ғана жауап берем. Онсыз да

алабұртып, өзімнен-өзім қымсынып отырған ғаріп басыма: «Елің кім? Әке-шешең қайда, кім болып жұмыс істейді?» деген сауалдар ыңғайсыз, ауырлау тиеді. Намыстанатын сияқтымын, қызарақтап, қитығып қалам. Іштей: «Ее, бұлар үшін, менің әкем мен шешем де өздерімен терезесі тең, кемі, облыс деңгейіндегі қызмет жасайтын адамдар болуы керек қой...», – деймін де: «Қазақтың баласымын!» – деп, сырғақсып жауап берем. Ол кісі жылы жымиып күледі. Бірақ дастарқан басынан тұрғанымызша, ек-үш рет қайталап сұрағаны есімде. Мен де сол жауабымнан айнымадым. Бәлкім, ол кісінің ойында, ана ретінде, менің жөнімді білгісі келгеннен өзге бөтен ой болмаған да болар. Есесіне, жарқыраған бөлмедегі жинақылық пен тазалық, сөредегі том-том кітаптардан ескен сән-салтанаттан есім шығып отырған мен бейбақтың көз алдыма, бұл сұрақ қойылған сайын, алыс ауылдағы топырақ көшесі шаңытып жататын, шағын үй-жайымыз, «он баланы қайтсек ел қатарынан кем қылмаймыз» деп, қысы-жазы қара жұмысқа қос-қабат жегіле жүріп те тұрмысын бір түзей алмаған әке-шешемнің қажыңқы жүздері келе береді. Қалай болғанда да, сол жолғы көрген-сезгенім ішкі жан-дүние­ ме үлкен соққы болды-ау. Демалыстан соң, оқу қайта басталғанда, аудиторияда Зураның оңаша қалған сәтін бағып тұрып, сол өкінішті сезінісімді өзімше тұспалдап жеткізіп, қоштасқандай болдым. Ол менің өзіне деген сезімімді, өзін сыртынан «меншіктеніп» жүрге­ німді біле ме, білсе, «мақұл көре ме, жоқ па?..» онда шаруам жоқ. Екеуіміздің әулетіміздің әлеуметтік жағдайының сәйкес еместігі жаныма қатты батып кеткен ғой, қайтейін!.. Бір жағынан жастық «жындылықтың» әулекілігі бар, екінші жағынан, Зураны ұмытудың сылтауы бар, сол жылдары ғой, басқа қызға «ұрынып» жүргенім де. Сол жылы күзге қарай Зура да тұр­ мысқа шығып кетті... 1989-да қамақтан босап шыққан соң, оқуға қайта қабылдан­ бақ болып, әрекеттеніп жүргенмін. Бұрынғы курстастарым маған комсомолдық мінездеме мен «ходатайство» жазғанда, жақын құр­ бы-досы, қол қойдырамыз деп, Зураның үйіне алып барды. Бір топ

қыз-жігіттер бірге барғанбыз. Есігінің алдына шығып жолықты.
Бұрынғы, қылтиған қаланың қызы емес, Зура кең-мол пішілген
сары ала гүлді көйлек киген, ана болған. Ортамызға күлімсірей
келіп, жылы амандасты. Арамыз екі-үш қадамдай ғана. Жылдар

бойғы кеудемде тұншығып, ынтызар қылған бейнесіне көзім­
ді суарып, жанарыммен ғана аймалап, ыржиып тұрдым. Тілім
жұтылған... Жан-дүниемде аласапыран арпалыс... Мен ғой, талай
тауқыметті бастан кешіп, тар қапастан жаңа шықтым. Қайта қа­

былданар-қабылданбасым да, осылардай оқу бітіріп, арманыма
жетер-жетпесім де белгісіз. Ал бұлар болса, 5-курсты тамамдап,
алды диплом жұмыстарын қорғап жатыр... Сол бір санаулы сәттер­
де шарқ ұрған сансыз ойлар санамды шабақтап, кеудемде қоздаған

шоқ өн бойымды шарпып жатты...
Сол кездесуден соң, бір-бірімізден тағы да көз жазып қалдық.
Оқу бітіріп, өз өмірінің ағысымен ол кетті. Соқпағымды шиырлап
мен жүрдім.

Олжас Сүлейменовтің тапсыруымен болған Мамашевтың зор
азаматтық көмегінің арқасында, Алматыға оралып, оқуымды қай­
та жалғастырдым. Оқуды бітірген соң, көңіл орнына түсіп, өмі­
рім қалпына келе бастағандай, біршама жеңілдендім. Бір қызығы,

тағдырдан тартқан аз-кем тауқыметтің тартуы ма, маған оқу жеңіл
берілді. Үзбей кітапханаға барып жүрдім. Қоғамдық жұмыстарға
бұрынғыдан да белсенді араласатын болдым. Университетте­
гі, факультеттегі жұмыстар өз алдына, отырып келген өзіміздің

«желтоқсаншылардың» бас қосуларынан, қозғалыс, партия құру
жұмыстарынан қалмай, барлық іс-әрекеттің басы-қасында жүр­
дім. Оған, сол, зонада отырғанда заң саласы бойынша өз бетімше
оқып, ізденулерімнің, айналадағы күнделікті өмірден көрген-түй­

ген, жиып-терген іс-тәжірибелердің көп пайдалы әсер-ықпалы бо­
лғаны анық...
Бірақ арқамды аяздай қаритын бір жағдай – үлкендердің ара­
ша түсуімен қайта қосылған жарымызбен арамыз қайта шиеле­

нісіп, уақыт озған сайын қатты салқындап бара жатты. Баланың
тағдырына алаңдағандықтан ғана, ол да, мен де бірге тұруға төзіп
жүрдік...

Мен кейінгі бірге оқыған курстастарыммен жақын араласып кете алмағам. Алғашқылары менен бұрын бітіріп кетсе де, сон­ дағы группалас қыз-жігіттермен хабарласып, кездесіп, араласып тұрдым. Сондай бас қосқан кездерде Зураға: «Әріпбаева, әлі күнге шейін сен менің түсіме кіресің...» – деп, ойын-шыны аралас әзіл­ дейтінмін. Ол да, басқалар да күледі де қояды. Көріскен сайын сөй­ тіп айтамын да, көзімді ала-алмай, ыржиып қарап отырам. Одан артыққа бара алмаймын... Оның да, менің де балаларымыз өсіп, есейіп келе жатты. Содан: «Зура, екеуіміз қосыла алмай, арманда кеттік. Енді, сенде қыз бар екен, менде ұл бар. Екеуін үйлендіре­ йік, құда-құдағи боп араласайық», – деп әзілдеген де кездеріміз болды. Жылдар жылжып өтіп жатты. 2007 жылдың көктемінде, Зура ұялы телефоныма қоңырау шалды. – Ермұхан, маған жедел қомақты қаржы керек боп қалды, жағ­ дайың болса, көмектесуге қалайсың? – дейді. Зура жанымды сұра­ са да «мақұл!» деуге әзірмін ғой!.. – Бар! – дедім, – қанша керек? Қазір, екі сағатта жеткізіп бе­ рем!– деймін аптығып. – Екі сағатта емес, кешке дейін тауып берсең жарайды, – дейді ол. Мен ол кезде коммерцияға кетіп қалғам. Жұмысым дүрілдеп жүріп тұр. Бірнеше үй-жайым, екі дүкенім бар... Сонымен мәшинеге отырдым да межелеген жерге, ақшаны апарып бердім. Қытайға барып мебель алған екен, сол үй жиһазы мерзімінен ертерек келіп қалыпты. Соның жол өтемінен қысылып тұр екен... Ол кезде өзі де шетелдік компанияда жұмыс істей­ ді. Қосымша шет тілін меңгеріп алған... Сол сәтте ақшаны неге алғанында жұмысым жоқ. Өзімнің оның қажетін шығарып, әжеті­ не жарағаныма қуанып жүрмін. Сондағы бар ойым – «осыдан соң, жиірек қатынасып, жиірек көрісіп тұруға мүмкіндік туады» деген есеп менікі. «Пәлен уақытта қайтарам» деген, сол уақытында қай­ тарды. Бірақ сол «пәлен» уақыт ішінде мен де оған оны-мұны сыл­ тауратып, «пәлен» рет телефон соғып тастадым. Бар қуанышым, үлкен олжам сол болды, мен үшін...

1997 жылдары Зура Тастақта жұмыс істейтін. Кездейсоқ біліп алғам. Гүл алып, офисіне барам. Өңшең сары роза гүл алып ба­ рамын. Сары түс – меніңше, ғашықтардың «қоштасу» гүлі. Сосын, ол гүлді үйіне апармайтынын, сол офисінде қалатынын білдім. Орыс тілділердің ашық сөйлейтін әдетімен, бір күні: – Сен студенттік кездегі өкінішіңді қайтарып, менімен жақын­ дасқың кеп жүр ме? Қайта-қайта гүлмен келесің, – дегені бар емес па?! Оны көргеніме мәз боп жүрген басым, мына сөзінен қорқып кеттім. Оның отбасы, күйеуі бар, балалы екенін білемін. Содан кейін баруымды бірден доғардым. Сөйтіп, қайтадан, ескі курс­ тастармен қандай бір жағдайда боп тұратын сирек басқосуларда ғана көріскенімізбен, жақындасып сөйлесе де алмаймыз. Міне, сөйтіп, арада он жылдай өткенде барып, сұраған ақ­ шасын апарып беріп, байланысты қайта жалғағандай болдық. Соған дейін де, сол кезде де қолын ұстауға қорқамын. Болмашы ренжігендей қалып танытып қалса, маған бүкіл аспан төңкері­ ліп кететіндей көрінетін... Ақырындап, қатынасымыз жеңілдей бастағандай болған соң, кейде бірге тамақтанатын, қаланың ішін­ дегі көрікті жерлерге аз-аздап серуендейтін болдық. Бірақ не оның, не менің отбасыларымыз туралы сөйлеспейміз. Сансыз сұрақ кө­ мейімде тұрғанмен, «ренжітіп аламын ба?» деп, сұрауға батылым бармайды. Бірде психологиялық тренингке қатысып жүргенін кездейсоқ біліп қалдым. Оған дейін бейхабармын. Сейфуллин мен бұрынғы Киров көшелері қиылысына жеткізіп салып, күтіп тұрғам. Кеші­ гіп, түнге қарай шықты. Егіліп, еңіреп жылап шықты... Әрі-бері жұбатқан болам. Өзі айтпаған соң, себебін сұрауға батылым бар­ мады. Бір-екі күннен соң, жаңағы тренингіне тағы апарғанымда, өткендегіден бетер боздап жылап келді. Ештеме түсінбеймін... «Қой-қойлап» отырып әзер жұбаттым. Келер жолы сол жер­ ге апара жатқанда, кәдімгідей мазам қашатын болды. «Бұл не жұмбақ?..» – деймін де қоям ішімнен. Өзі ештеме айтпайды. Үшін­ ші-төртінші барғанда, бірте-бірте жылауын қойды, әйтеуір. Он­ шақты рет барды-ау, ұмытпасам.

Содан, соңына қарай, жайлап отырып сұрадым: «Дені-басың сау ма, не боп жүр саған? Бұл не құпия?..» – деп. Сөйтсем, жаңағы тренинг өткізетін психолог-маман, өздерінің әдіс-тәсілдері бар шығар, қабылдап отырған пациенттерінің басындағы ауыр ахуал­ дарын өз ауыздарынан айтқызып, бар шерін тарқатып, жылататын құсайды. Мен айтам: «Оған ақша беріп жылап-еңірегенше, басың­ дағы проблемаларыңды маған-ақ айтпайсың ба? Сені жылатпай-ақ жолын тауып, өзім шешіп беретін едім ғой», – деп күлемін... Сөйтіп жүріп, өз бетімен ізденіп, оқып, біршама уақыт өткен соң, қосым­ ша психолог маманының дипломын да алып шықты. «Жұмысына керек шығар», – деп ойладым да қойдым. Тамызға қарай, туған күні қарсаңында, дүкеннен сыйлыққа деп, ұшында желкенді кеме бейнеленген алтын алқа алдым. Ол кез­ де Зура америкалық компанияда, «Спутник» сауда орталығында, арендаторлар тауып, солармен келісімшарт жасасу жұмыстарын атқаратын. Сол жерден түс ауа алып кетіп, Науаимен тауға қарай өрлеп барып, Алматы өзенінің бойындағы бір саялы бақтың ішін­ де тұрған кафеге барып отырдық. Ас-тамақпен қосып бір бөтелке қызыл шарап алдырттым. Официанттарға құйдырту ойға келмеген. Өзім қолыма алып, баяғы студенттік шақтағы құйыспен, бөтел­ кенің аузымен екеуіміздің фужерларымыздың ернеуін соққылап тұрып, лақылдатып, толтыра құйғанмын ғой. Зура соны айтып: «Мынау алқаш па, немене... деп ойладым», – деп күледі кейінірек. Фужерді қолыма алып, көңілім толқып, дауысым дірілдеп отырып, құттықтау сөз айтып, сыйлығымды тапсырдым. – Мынау желкенді қайықты (яғни мені) дүлей дауыл қуалап, қанша сенделткенімен, ол алтын шынжырға (саған (!) байлаулы. Оны үзіп ешқайда кете алмайды, – деп, өзімше ынтызар көңілімді көркемдеп, тұспалдап айтып, алқаны мойнына салдым. Екеуіміз де аз-аздап қана ұрттап отырдық. Мен болса да ішпеймін, оның үстіне рульдемін. Ол қасымда, оңаша отырмыз. Қолын ұстағым ке­ леді, әлі де батпаймын сонда!.. Содан, бір кезде, шараптың қызуы бойына тепті ме:

– Өте қатты шаршап отырмын, – деді, баяу үнмен. Көзі кіртиіп, расында, жағдайы көрініп тұрды. Аяп кеттім. – Шаршасаң, кел, менің алдыма басыңды қойып, шамалы де­ малсаңшы, – деп едім, тіземнің үстіне орамалын қабаттап төседі де, ақырын қисайып басын қойғаны сол екен, заматта пысылдап ұйқыға кетті. Мен қимылдай алмай, қалшиған күйі отырдым. Бі­ рақ дәл сол сәтте менен бақытты адам жоқ еді!.. Жиырма-отыз ми­ нуттай тәтті ұйқыда болды. Содан соң барып сергіп, көзін ашып, «қайтайық» деді. Жолда қайтып келе жатқанда: – Зура, күйеуің бар, үй-жайың бар, осынша шаршап, қинала­ тындай не басыңа күн туды? Өзің демалыссыз жұмыс жасайсың, балаларыңа қарайсың, сырттан мебельді де өзің тасисың... Күйеуің қайда, неге көмектеспейді, неге атқармайды сол жұмыстарды?.. – дедім шыдамай. Біраз үнсіз отырып қалды. «Құдай-ай, нем бар еді, неге сұрадым!..» деп жаным мұрнымның ұшына келді... – Ажырасып кеткенбіз...– деп, басын көтеріп, бірінші рет көзіме қадала қарады... Сонда, ажырасып кеткендеріне 3-4 жыл болып кеткен екен. Екі баласын асыраймын деп, намыстанып, қалжырап-қажып жүргені сол екен... – Баяғыдан бері айтпайсың ба?!.. Оқыс қойған өз сауалымнан өзім қуыстанып қалдым. – Ереке, бұл орынды-орынсыз айтыла беретін қайбір қуанышты жағдай дейсің?.. – деген салмақты сөзінен соң, тілімді тістедім... Шынын айтқанда, анау бір жылдары қайта бас қосқан бірін­ ші әйеліммен ұзақ жылдар бойы ырың-жырың болып жүріп, біз­ дің де біржола кетіскенімізге біраз болған. Мұғалімдерге тиесілі ипотекалық бағдарламамен алынған «Құлагердегі» үйдің бар ақ­ шасын төледім де, жекешелендіріп, атына аударып бердім. «Бұдан әрі тұз-дәміміз жараспайтыны анық болды. Бала 18 жасқа толды, есейді, дипломын өзім алып беремін. Үйлендіріп, оны үйлі-жайлы қылуды да өз мойныма аламын. Енді қай үйде тұрғың келеді, қа­ лағаныңды ал да, қиналмай өз өміріңді сүр. Мені қайтып мазалама. Мен де сенімен тұра алмаймын!» дегем... Содан кейін ол әу бастан

өз атындағы «Құлагердегі» үйге шығып кеткен. Қажетті қаржысын
құйып бердім. Өзім «Ақбұлақтағы» үйді салып бітіргенмін...
Бұл – 2008 жыл, жұмыс тоқырап, техникаларым қаңтарылып
тұрған, әлемді жайлаған қаржылық кризис кезі болатын. Бір күнде­

рі, ойламаған жерден Оңтүстіктен жолдас балам келді. «Көксарай­
да үлкен құрылыс жұмыстары басталып жатыр. Техникаларыңды
алып, сонда келсейші, бірлесіп жұмыс жасайық» деп ұсыныс айта
келіпті. «Тәуекел» деп, әуелі эксковатор, тракторларымды жібер­

дім де, онша-мұнша шаруаларымды реттеп алған соң, өзім де кет­
тім Шымкентке. Алматыға келіп-кетіп тұрам. Үйде студент інім –
Олжас тұрып жатты. Зураға хабарласып тұрамын, бірақ әйеліммен
біржола кетіскенімді, жалғыз тұрып жатқанымды, әуелде мен де

айтпадым. Әйелдермен арадағы сойқан «драмалар» басқа тигенді­
кі болу керек. Әйтеуір, «өзіме-өзім келіп алайын» деген сияқты ой
тежей береді. «Жеке басымның шаруасына бой ұрып жүріп, қолға
алған жаңа жұмысымды ақсатып алмаймын ба?» деп те күдікте­

нетін болуым керек... Зураға ұсыныс айта қалғандай болсам, «ол
мақұл көре қойса жақсы, «жоқ» деп, бас тартса қайтем» деген се­
німсіздік те жоқ емес.
Өзіммен-өзім арпалысып жүргенде, «сенің семьяң бар, менің

бала-шағам бар, жиі телефон шалып мазалай беруің жарамайды...»
деген сөздерді айтып, Зура хабарласудан қашқақтай бастады. Сөй­
тіп, күндерде бір күн телефон шалсам, нөмірі өшірулі. Жұмысы­
на іздеп барсам, жұмыстан кеткен дейді. Үйіне барсам, есігі

құлыптау­лы... Шарқ ұрып іздеп, достарынан сұрап білсем, маған
айтпай, «Астанаға барып жұмыс істеймін», – деп кетіп қалыпты!..
«Өмірдің маған деген «тарту-сынағы» таусылмаған екен ғой.
Арада қаншама жыл өткенде, тағдырдың ғайыптан-тайып ұсынған

мүмкіндігінен «әрі-сәрі» боп жүріп, тағы айырылдым ба!?..» –
деп, ойсырап, еңсем түсіп кетті. Алматыда бірнеше күн сенделіп
жүріп, амал жоқ, шаруаларыммен Шымкентке қайтып кеттім.
Ауыр сырғып арада ай өтті... Күдерімді үзе алмай, бір күндері те­

лефон шалсам, көздеп барған жұмысы ойынан шықпай, Алматыға

қайтып кеп қапты! Естіген бойда ұшып отырып, Алматыға жеттім.
Бұл жолы, «енді жалтақтаудың реті жоқ» деп шештім де, бойым­
дағы бар батылдығымды жинап, жағдайды ашып айтып, түсіндір­
іп, сендіріп, «жүрегімді қолына ұстаттым»!..

«Ақбұлақтағы» үйде Олжас жалғыз тұрып жатқан. Үйге көші­
ріп әкелдім...
Аллаға шүкір, содан бері әлі күнге екеуіміз бір-бірімізге «сен»
десіп, салқындасқан күніміз жоқ. Зурамен қосылғанымызда, менің

ұлдарым есейіп қалған. Зураның ұл-қызы да ержеткен. Ұлдар үйле­
ніп, қыздар тұрмысқа шығып, бәрі үйлі-жайлы болды. Екеуіміз бас
қосуға шешім қабылдаған күні-ақ бар әңгімені олардың алдарына
жайып салғанбыз. Ә дегеннен бәрі бірдей «иә!» деп, қуана қостап

кетпегенімен, уақыт өте келе, түсіністікпен қабылдап, бұл күнде
әкелі-балалы тату-тәтті бір отбасы мүшелері болдық. Ақырын-
ақырын тіршілігіміз қалыпқа түсті деп, нық сеніммен айта аламыз.
Қуана күткен немерелеріміз жарық дүниеге келіп, шаңырағымыз

шуаққа толуда!..
Зурамен екеуіміздің арамыздағы «ғашықтық хикаяның» шет-
жағасын тиіп-қашып естіген достарымызға өз басым әзіл-шынын
араластыра: «Біздің махаббатымыз – әлі жазылып бітпеген кі­

тап!..» – деп қоямын.
Қандай бір іс-әрекетті қолымызға алмайық, туған-туыс,
дос-жолдастармен қарым-қатынасымызда да, тіпті, ұл-қыз­
дарымызға қандай бір көмек жасамақ болсақ та – екеуіміз ақыл­

дасып отырып жасаймыз. Жасыратыны жоқ, ер-азамат ретінде,
әсіресе Зураны бағалайтыным, ол өзінің менің елімнің, менің
әулетімнің келіні екенін, менің жарым екенін, ұл-қыздарымыздың
Анасы екенін дұрыс түсінеді. Ол – оның әке-шешесінен алған ізгі

тәлім-тәрбиесінің жемісі. Бәлкім, одан да терең – атаның қанымен,
ананың сүтімен сіңген бекзаттық болмысы! Сондықтан, мен үшін
оның қадір-қасиеті арта түспесе, кемімек емес...
Зура – менің көп жылдар арман еткен аңсарым, тәлейлі тағдыр­

ды басымнан кеше жүріп қолыма қондырған бақ құсым!

Жақсылық – өмірлік ұраным!.. Шынымды айтсам, осы күнге шейін өз өміріме жақсы не жа­ ман деп, немесе «қорытындылау» туралы ойламаппын. «Әлі де өмірге беретін-алатынымыз, көретініміз бар» деп ойлаймын. Меніңше, адамның өмірден көретін қуанышы бар, қиын­ шылығы бар – екеуі тең жүреді. Ол – кез келген адамның басынан өтетін қалыпты нәрсе. Өмірден татқан сол ащы-тұщы тағдырын кім қалай қабылдап, өзін қалай сезінеді? Мәселе, міне, осында болса керек... Өзіме келсем, «басымнан кешкен ыстық-суықты ақыл-санамның жеткенінше теңдей қабылдай білдім» деп ой­ лаймын. Морт сынатын да сәттер болып, «арғы жағалауларға» барып-барып қайтқанымды да өзім білем. Бірақ сүрінсем де құлап жатып қалмадым. Тұруға ұмтылдым, тұрдым да. Тұрған­ да да қалтырап емес, аяғымнан нық тұра білдім деп ойлаймын. Мен – «өмірдің күрес» екенін кітаптан оқып танығандардан емес, шалшық пен балшықты тізеден кеше жүріп түйсінгендерденмін. Өмірден жеген таяқты ауырсынып опынсам да өкінбедім, әлдекім­ дерді кінәлап, әлдебіреу­лерге кіжініп, кек сақтағам жоқ. Өз-өзімді қамшыланып, қатарға қайта қосылдым. Бейбіт бәсекеге бойым­ дағы қабілет-қарымымның барын қостым. Қайбір бәйгеде «атым озып келіп», қалтама «он теңге» түскенде, асқақтап тасынбадым. Қалай болдым, солай қалдым. Біреуден асып, біреуді жекіп, кісіге доқ көрсеткен адам емеспін. Қайта, одан сайын кішірейе түскенді жөн көрдім. Өйткені бәріміз де пендеміз, «алып та, беріп те сынай­ тын» біздің ырқымыздан тыс және бізден биік құдірет Иесі бар екеніне мойынсұнамыз... Яғни ненің де жауапкершілігі, сұрауы бо­ латынын, адам баласы шыр етіп жарық дүние есігін ашқан замат оның пешенесіне тағдыры жазылатынын. Өлшеніп берілген бұ дү­ ниелік, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың, бар-жоғы, сүйем­ дей ғана сынақ мерзімі екендігін түйсініп, мойындаймыз... Әлбетте, осы күнге дейінгі жүріп өткен өмір-тағдырыма көңі­ лімнің толмайтын, өкінішті тұстары да, «тәубе» дейтін кезеңі де аз емес. Сол өкініштің бір иірімі – ерікті-еріксіз жағдайларға бай­

ланысты, балаларымды өз қолымда, өз тәрбиеммен өсіруге мүм­ кіндігімнің болмағаны. Үлкенім Жақсылық азды-көпті қасымда болды, ауыл-елді көріп, әке-шешем, бауырларыммен араласты. Ал жарық дүниеге келгенінде шын қуанып, өзім үшін дүниедегі ең ар­ дақты абзал жан – әкемнің құрметіне «Керімжан» деп, атасының атына үйлестіріп атаған екінші, кіші ұлыммен кішкентайынан жақын қарым-қатынаста бола алмадым... Әйтсе де, Құдайдың қа­ расқаны болар, жасы үлкен нағашылары тарапынан тәлімді тәрбие алып өскен Керімжаным, есейгеннен соң табыссақ та, сондай се­ зімтал, қағілездігі өз алдына, сонымен бірге, өте білімді, сауатты азамат болып жетілгендігін көрсетіп, жаныма жұбаныш сыйлады. Әкелік махаббатым екі балама бірдей. Қолымнан келген әкелік парызымды атқарып, екеуін де өзім аяқтандырып, үйлі-жайлы қылдым. Өздері таңдап қосылған сүйікті жарлары – ибалы, ізет­ ті келіндеріме де көңілім толады! Олар да, міне, немере сүйгізіп, біздің аталық-әжелік қуанышымызды жыл өткен сайын арттырып келе жатыр. Бұған қалай тәубе, шүкір демеске!.. Аяқты шалыс басқан жерлерім де баршылық. Шалыс бастым дегенде, тек «сүрінген» тұстарымды ғана меңзеп отырған жоқпын. Кейбір мүмкіндіктерді (оны «мүмкіндік» деп айтуға келе ма, жоқ па...) айтпағым, «қызмет жолдарында мен өз мүмкіндіктерімді дұрыс пайдаланбаған адамның бірімін» деп ойлаймын. Лауазым­ ды қызметтегі адамдармен көп араластым. Мемлекеттік қызмет­ ке жұмысқа шақырғандар да болды. Өзімнің түрлі ішкі ой-пі­ кір, көзқарастарымның жетегіне еріп – бас тарттым, бармадым... Шынымды айтсам, оған соншалық өкінішім де жоқ, былайша да еңбек етіп, бұйырғаны болып жатыр. Кейде бүгінгі күні қызметі жоғары, бірақ деңгейі белгілі жігіттердің мемлекеттік тұрғыдан айтқан әңгімелерін естігенде, істеп жатқан тірлігін көргенде, ішің ашиды, әрине. Бірде, белгілі қайраткер кісі шақырып алып, маған: «Ақымақ екенсің, сен көшеде айғайлап сөйлегеннен гөрі, осында қызмет етіп, бір қағазды дұрыс жіберсең, халыққа да, мемлекетке де пайдаң көбірек тиер еді!» дегені бар...

Кім біледі, солай болып кеткен күннің өзінде, бәлкім, бүгінгі
күнде ірі коррупционер болып отырар ма едім?.. Әлде?!..
Осы тұрғыдан келгенде, өмірде өзіңе қатысты қандай бір тір­
ліктің болып, не болмай қалуын да, өз басым, тек жақсылыққа

балаймын. Жеңісің де, сүрінуің де.., бәрі де – жақсылыққа! Же­
бірейлерден үйренеміз, «Құдайға шүкір, ақшамен алғаныңа» деп
жылайды дейді ғой олар, ақша жоғалтқанда. Денсаулығым жақсы,
бала-шағам, туған-туысым аман деп... Қалай болғанда да, «болып

жатқан барлық істі – жақсылықтың бастауы деп қарап, солай қа­
былдау керек» деп білем.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» – үлкен тағдырымның
дәл табалдырығында тұрғанымда, іңгәлап жарық дүниеге келген

тұңғыш ұлымның атын «Жақсылық» қойғанда, сол есімді Құдай
аузыма бекер салмаған болса керек дегенді айтқым келеді.
Ендеше, Жақсылық – менің ұраным болып келді, солай қала
береді!..

Зура МИЯТБЕКҚЫЗЫ

БІЗДІ ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРДЫ

Мен, туыстары көп, тату, көңілді отбасында туып өстім. Әлем
маған жайдары, шуақты, мейірімді болып көрінетін. Біз ағайынды
үшеу едік. Талғат ағам жас күнінен оқуға өте зерек, алғыр бол­
ды. «Менің балам кіп-кішкентай болып, білмейтіні жоқ» деп, әкем

мақтанып отыратын. Менен кейінгі Жанар сіңлім әкемнің сүйік­
ті, ерке қызы болды. Есімде, кешке папам бәрімізді залға жинап,
өзі оқыған кітаптарының оқиғаларын әңгімелеп айтқан кезде, біз
қызығып тыңдайтынбыз. Бірде, дастарқан басында: «Менің атым­

ды неге Зура деп қойдыңыздар?..» деп сұрағанымда, мамам: «Жас
кезімізде, біздің ауылда, Зура деген жасы үлкен, өте ақылды апа
болды. Бүкіл ауыл адамдары сол кісінің алдын кесіп өтпейтін.
Ақыл-кеңес сұрайтын, өте құрметті кісі еді. Сол сияқты ақылды

әрі қадірлі болсын деп ырымдап, сені сол кісінің атымен атадық»
деген...
Әкем Миятбек Әріпбайұлы, 1939 жылы Түлкібас ауданында
туған. Ташкент университетін инженер мамандығы бойынша бі­

тірген соң, оны жолдамамен Целиноградқа жіберген. Сол жерде
анаммен кездесіп, үйленіп, біраз жыл сонда тұрған. Ағам және
мен екеуіміз де сол жақта Жақсы деген ауылда дүниеге келгенбіз.
Анам Рыскүл Нұрғалиқызы, 1945 жылғы. Нағашыларымыздың ұр­

пақтары Ақмола облысының Анар стансысында әлі де тұрады.
Әкем мен анам 3–4 жыл жұмыс істеген соң, өз еліне, Шым­
кентке жас маман болып келеді. Әкем, негізі, жастайынан оқу үз­
дігі болған. Жоғарғы оқу орнын да қызыл дипломмен бітірген. Өз

ісіне жетік, білікті маман болады. Әкемнің бойы екі метрге жақын,
зор денелі кісі еді. 1972–1980 жылдары әкеміз облыстық автомо­
биль өндісінде бас инженер, онан кейін Шымкенттегі таксопарк
директоры болып, лауазымды қызметтер атқарады.

Мамам да өте сауатты, өз ісіне берілген, мәдениетті адам бол­ ды. Анамыз облисполкомда бас бухгалтер болып жұмыс істейтін. 80-жылдары ма, Д.А. Қонаев келіп, облисполкомдағы біраз адам­ дарды орден-медальдармен марапаттайды. Солардың арасында ма­ мам да болады. Ол медалі әлі бар. «За заслуги лет» деген болуы ке­ рек... Есімде қалғаны, сол күні мамам алып-ұшып, есіктен ентігіп кірді де: «Балалар, келіңдер, Қонаевтың өзі марапаттап, қолымды алды, сендерге де жұғысты болсын!..» – деді. Мамамның алдынан мен шығып қалыппын. Екі алақанымен менің қолымды сипалап, елжіреп тұрып, мамам маған: «Өмірде жолың ашылсын, қызым!..» дегендей тілек айтқан. Ол кезде бізге күлкілі сияқты көрінген... Оның да бір жақсылық ырым екенін енді ғана түсініп жатырмыз. Өкінішке қарай, сол тамаша күндеріміз тым ерте үзілді... 1984 жылы әкеміз ауруханаға түседі. Өте жылдам арықтап кетті. Осы күні ойласам, өкпе рагы болған сияқты. Алла Тағаланың жазған тағдырын өзгерте алмайсың, әкем ауыр науқастанды. Содан 1986 жылдың маусым айында әкемізден айырылып қалдық. Анам өз жұмысын жалғастырып, үшеуімізді жеткіземін деп сүйрелеп жүргенінде, ағамның әскер қатарына алынатын уақыты да келді. Талғат 1984–1986 жылдары әскерде болып қайтты. Мен ҚазМУ-ге оқуға түсер қарсаңда, сол кезеңнің өлшемімен алғанда, жақсы мамандық ашылады, «КОКП тарихы» деген. Жо­ лым болып оқуға түстім. Бір жағы, бұрын үйден ұзап шықпаған­ дықтан, үлкен қалада жалғызсырағандікі болса, екінші жағынан, әкемнің қатты ауырып, ауыр науқасқа душар болғанын уайым­ дадым...не керек, бірінші курс маған қиын соқты. Алайда, аса ауыр болса да, бар күш-жігеріммен намысқа тырысып, оқуыма үлгеріп кеттім. Себебі, менің осы оқуға түсуімді сүйікті әкем қалаған еді... Екінші курста юрфакта оқитын жігітпен танысқам. Көп өтпей, ол «үйленейік» деген ұсыныс айтты. Шымкентке келіп, анаммен ақылдастым. Таяуда қайтыс болған әкеміздің жылы да өткізілме­ геніне қарамастан, анам: «Бақытты бол, қызым», – деп, батасын беріп, шығарып салды. Кейінірек ойлаймын, сонда анам өзінің де ұзақ өмір сүрмейтінін сезгендей болды ма екен деп...

Сөйтіп, 1986 жылы қазан айында мен тұрмысқа шықтым. Біз Алматыда қайын ата-енеммен бірге тұра бастадық, жақсы кісілер екен, олар мені туған қызындай, жылы қабылдады. Келесі жылы тұңғыш қызым Әлима дүниеге келді. Нәрестемізді қырқынан шығаруға дайындалып жатқанда, аяқастынан анам жазатайым тұр­ мыстық газбен уланып, дүниеден өтті. Алла Тағала анамызға бар болғаны 42 жыл өмір берді... Біз, ағайынды үшеуіміз, жетім қалдық. «Алланың маңдайға жазған ғұмыры қанша болса, пендесі сон­ ша ғана өмір сүреді» дейді ғой, бәрінен де менің жаныма қатты батқаны – өзімнен үлкен ағамның мезгілсіз қазасы болуы. Ағам 23-ақпанда дүниеге келген. Ол кезде бұл – әскери-теңіз флоты күні деп аталатын мереке күн. Папам ұлын «атақты ержүрек ұшқыш Талғат Бигелдиновтей батыр болсын» деп, Талғат деп атайды. Талғат та папам сияқты, ашық-жарқын, ақкөңіл болатын. Әке-ше­ шеміз дүниеден кеткен соң, біртүрлі, өзін жоғалтып алғандай боп жүрді... Ол ҚазМУ-дың заң факультетіне түсіп, оқып жүргенінде, бірінші курстан кейін әскерге алып кетті. Одан келген соң, екінші курсқа қайта қабылданып, оқуын жалғастырып жүргенде, көлік апатынан көз жұмды. 1990 жылы жетінші наурыз күні қайтыс бол­ ды. Небәрі жиырма бес жасында, қыршын кетті... Иә, бәрі де бір Жаратушының еркімен болатынына мойын­ сұнғаннан басқа шарамыз жоқ еді. Осылайша, әке-шешенің аялы алақанында, не ішем, не кием демей, бұла өскен екі қыз – сіңлім екеуіміз, жарық дүниедегі ең жанашыр қамқор жандарымыздан айырылып, қорғансыз қалғандай болдық... Мектеп бітірген соң, Жанар Нархоз институтына түсіп, сту­ дент кезде менің қолымда болды. 1992 жылы менің ұлым Алдияр дүниеге келгенде, Жанардың маған көп көмегі болды. Институт­ тың соңғы курсында Алматының бір жігітімен танысып, тұрмысқа да шықты. Қазір – үш баланың анасы, жақсы жар. Алматыда тұрып жатыр. Небәрі 16-17 жасында әке-шешемізден бірдей айырылып қалған соң ба, Жанар маған қатты бауыр басып кеткен. Өте жақын, мені анасындай көреді. Екеуміз татумыз, бәрінен бірге өткенбіз. Бүгінгі таңда туыстардан анамыздың сіңлісі – Батеш апамыз бар, Алматыда тұрып жатыр, Құдай оған денсаулық, ұзақ өмір сый­ ласын!..

Талғат ағамыз бен Раушан жеңгемізден Мират есімді жалғыз
бала қалған. Ол да өсіп, жігіт болды. ҚазМУ-дың журфагін бітір­
ген. Осы күні Алматыда, «Гакку» деген телеарнада жетекші ма­
ман, режиссер болып істеп жүр...

Қазақтың «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген ғажап
сөзі бар. Ел-жұртымызға жақсы танымал Мүсілім Дайырбеков
аға – әкеміздің өте жақын сыйласқан, тату досы болған. Ол кісі
оқта-текте біздің жай-жағдайымызды сұрап, хабарласып жүретін.

Бірде, кезекті бір сөйлескенімізде: «Зура, айналайын, қазір менің
құрылыс компаниям бар. Жөндеу жұмыстарын жасаймыз. Құдай
қаласа, Миратқа бір пәтер сатып алып берсем деген ойым бар» де­
ген болатын. Мират ол кезде Алматыда пәтер жалдап, жұмыс іс­

теп, өз нанын өзі тауып, күнін көріп жүрген бала ғой. Арада бірер
жыл өткенде, 2010 жылы, Мүсілім аға сөзінде тұрып, пәтер алып,
оны толық тазалатып, жөндеуден өткізіп, сол үйге Миратты кір­
гізді. Өмірде, сирек те болса, осындай жақсы адамдар бар. «Алла

разы болсын, Сізге, Мүсілім аға, ұрпағына үлкен жақсылық жа­
сап, әкеміздің әруағын тебіренттіңіз!» – деп, алғыс айттық. Қазір
жасы сексеннен асып қалса да, әлі күнге дейін телефон шалып,
жағдайымызды сұрап, әкелік қамқор көңілін танытып тұрады.

Қайырымы мол, кісілікті, текті жан – Мүсілім ағамыз жүз жа­
сасын!..
1984 жылы оқуға түсе сала, ауылшаруашылық жұмысына бар­
дық. Біздің топта 25 студент болса, соның жиырмасы – қыздар.

Және бәріміз мектеп қабырғасынан кеше шыққан жаспыз. Ал бес
ұлдың екі-үшеуі – ересек, әскер қатарында болып келген естияр
жігіттер. Соның бірі – Ермұхан.
Ерекең алғашында маған үлкен кісі болып көрінді. Егістік

басында костюммен помидор жинап жүрген Ерекеңді көріп:
«Мына жігіт жұмысқа костюм-шалбармен шығады екен, дәл бір
колхоз председателі сияқты», – деп күліп жүрдік. Кейін білдік,

киімдерін шабаданымен ұрлатып алыпты да, үстіндегі киімімен
қалыпты. Ол кезде оны білмедік.
Мен 1-ші курста, әуелі, туысқандардың үйінде, сосын пәтер
жалдап, үй иесімен бірге пәтерде тұрып оқыдым.

Қыздар арасында әңгімелер болмай тұрмайды ғой, группалас
қыздарым күліп: «Сен Ермұханға ұнайсың», – деп айтатын. Бі­
рінші курстың көктемінде болу керек, Ерекең маған өлеңмен хат
жазған. Алып оқыдым, неге екенін білмеймін, аса мән бермедім...

Бір күні группаға кіріп: «Қыздар, жігіттер! Алдағы демалыста
араларыңда біреу Шымкентке барады ма?» – деп сұрадым. Ерекең
бірден: «Мен барам. Не болды?» – деді. «Мен бір заттарымды бе­
ріп жіберейін деп ем», – деймін. Ол: «Жарайды», – деді. Сонымен,

киімдерімді беріп жібергенмін.Теміржол вокзалы қасында, тоғыз
қабатты биік үйде тұратынбыз. Сол барғанында Ерекең біздің үйді
көріп, мамаммен, Жанар сіңліммен танысқан. Осыдан кейін ол:
«Мен бұл қызбен тең емеспін», – деп, өзінше шешім қабылдаған

екен. Ал мен оның өзіме деген сондай көңіл-сезімінен мүлдем бей­
хабармын.
Тағы бірде, сабақта отырғанда, Ерекең қасымыздан өтіп бара
жатып: «Зура, мынау саған», – деп, қолыма тағы бір парақ қағаз

ұстата салды да, үндемей кетіп қалды. Сол хаттың соңында: «Сен
менің бұйырмаған ақ бақытымсың» деген бір сөз есімде қалыпты.
Осы сөздерімен менімен қоштаскандай болыпты. Қасымдағы кыз­
дардың: «Мына жігіт саған шынымен ғашық болыпты ғой», – деп

күлгендері есімде.
Ұмытпасам, 1985 жылы болуы керек, бірде, бәріміз сабақта
мұғалімді күтіп отырғанбіз. Біраз уақыт өтсе де, мұғаліміміз кел­
меді. «Болды, енді сабақ болмайды, тұрып кетейік», – деп, қыздар

ұсыныс айта бастады. Сонда тобымыздағы үлкен жігіттер – Әбді­
рахман, Ермұхандар тұрып: «Жоқ, отырыңдар, ол мұғалім келмесе,
басқа біреуін жібереді. Мен кафедраға барып айтам», – деп, қыз­
дарды бөгеп жатты. «Ой, айтпай-ақ қойыңдаршы, демалайық та», –

деп қыздар шуладық. Кейбір батылдау қыздар шығып кетейін десе,
бұлар есіктің аузында тұрып алған, жібермеді. Сол кезде қыздар
маған: «Зура, сен барып айтшы, Ермұхан сені тыңдайды», – дейді.

«Мені неге тыңдайды?» – деп күлем. Содан қыздарды жақтаймын деп, мен де өзімше батылданып, қасына барып: «Ермухан, тебе надо, тогда жди, қыздардың жұмыстары бар, жібер!» – дедім. Мой­ нымда ұзын ақ шарф болатын. Ерекең сол шарфты ұстап, көзіме карап тұрып қалды. Мен де қорықпай, қарсы алдында оның көзіне тік қарап тұрмын. Ішімнен «Бұл кісі маған ештеңе істемейді», – деп ойлап қоям. Содан: «Да-ну вас, что хотите, то и делайте!» – деп, өзі де кетіп қалды. «Егер сол кезде менің қаншалықты толқығанымды білсең, ғой...» деп кейін маған айтқаны бар. Екінші курста мен тұрмысқа шығып кеттім. Тура қысқы сес­ сияда, 1987 жылы мамам қайтыс болды. Оның үстіне, кішкентай қызым бар. Жөнді дайындала алмағандықтан, емтихан тапсыру барысында тағы қиналдым. Сонда Ерекең жүгіріп жүріп, «шпар­ галка» тасып, көмектескені бар... 1986 жылы желтоқсанда мен отбасылы болатынмын. Бір күні таңертең сабаққа бара жатып, Гоголь көшесімен қаптап келе жат­ қан жастарды көрдім. «Шығыңдар, бәрің көшеге шығыңдар!..» деп бара жатты. «Бұлар желтоқсан айы болған соң, жаңа жылға дайын­ далып жатыр ма?..» – деп ойладым да, өз жөніммен жүре бердім. ҚазМУ-ға келсем, «Сабақ бола ма, болмай ма?..» – деп, қыздар шулап жүр екен. Не оқиға екеніне ол кезде де жете түсінбедім. Группалас кыздар: «Кесіріміз үлкендерге тимесін, – деген оймен, – ешқайда шықпаймыз» – деп, аудиторияда отырдық. Қысқы сессиядан кейін, 1987 жылдың басында «Ерекең ұстал­ ды» деген хабар жетті. Мен активист болып комсомолда, профсо­ юзда жұмыс істегем. Басшылықтан келіп: «Группаластарың осын­ дай оқиғаға қатынасыпты. Қалай ойлайсыңдар?..» деген мәселе­ мен жиналыс өткізді. Бірақ Ерекең туралы ешкім жаман сөз айтқан жоқ. Өйткені ол өзі де қоғам жұмыстарына қатысатын, әскерде бо­ лып келген, активист болды. Жаман жағын көрсеткен адам емес. «Мүмкін кездейсоқ жағдайлар болған шығар» деген сөздер айтыл­ ды. Комсомол комитетінен келген өкілдер: «Сенің группаңнан не­ месе тарих факультетінен алаңға барған кімді көрдің?» , – деп, ме­ нен оңашалап та сұрады. Мен: «Ештеме білмеймін» , – деп жауап бердім. Шынында, өзім бармаған соң, қалай көрмекпін?...

Ал кейінерек жатақханада тұратын қыздар Ерекең шын мәнін­ де алаңда болған екен деп айтты. Ол үйленген екен, ұлы бар екен деп естігенде: «Обал болды ғой» , – деп ойладық... Арада, бір-екі жыл өткен соң, 1989 жылдың көктем кезін­ де, диплом жазып жатқанбыз, группалас досым телефон соқты. «Зура, Ермұхан шығыпты. Енді оқуға қайта қабылдануы үшін, оған мінездеме керек екен. Біз дайындап, қол жинап жатырмыз. Саған барсақ, қол қойып бересің бе?» – деді. «Әрине, келіңдер», – дедім. «Онда, жарты сағаттан соң далаға шық, үйіңе келеміз», – деді. Сонда, бір көргеннен байқадым, Ерекеңде өзгеріс жоқ, тура бұрынғысындай, ыржың-ыржың күледі. Мен ішімнен: «Осы жігіт мені көрсе, неге күле береді», – деп ойладым. «Сәлем, как дела?», – десем, «Хорошо хорошо», – деп күліп қойды. Қолымды қойған қағазды алып кетті. «По моему он до сих пор в тебя влюблен», – деп группалас дос қызым күлді. «Ты че, сума сошла, он семейный, я семейная», – дедім де қойдым... Біз – біраз қыздар, тұрмысқа шыққан соң да, дос-жол­ дастығымызды жалғастырып, отбасымызбен, кейін келе ұл-қыз­ дарымызбен жақын араласып жүрдік. Университетті бітіргенімізге 10 жыл болғанда, бір ресторанда, оншақты қыздар басқостық. Өт­ кен-кеткенді еске алып отырып, сол кезде де: «Ермұхан саған әлі күнге хат жазбай ма?» – деп қыздар күліп, біраз әңгіме болған. 2000 жылдары «екінші мамандық алсам» деген оймен, оның үстіне, психолог мамандығына қызығып, Қайнар университетінің Психология факультетіне құжаттарымды тапсырдым. Сол кездері күйеуіммен арамызда түсініспеушілік болып жатқан. Ауыр сәттер көп болып, ақыры болмаған соң, ажырасуға сотқа арыз тапсырғам. Өзім жұмыс істеп жүріп, кешке қарай университетте оқыдым. Сөйтіп, қиындықпен, екінші дипломымды алдым. Бұл мамандық менің көптеген өмірлік жағдайларға деген көзқарасымды өзгерту­ ге көмектесті.

Екінші мамандығым бойынша дипломым қолыма тиіп, «биз­
нес-психолог болам» деп жүргенде, достарым тарапынан сауда
орталығында жұмыс істеуге ұсыныс түсті. Жаңа салынған сауда
орталығы маған қызық көрінді. Тәуекел етіп, 2004 жылы сол жерге

менеджер болып жұмысқа кірістім. Сол жылдың соңына қарай ди­
ректор қызметіне көтерілдім. Ол кезде ажырасып, балаларыммен
бірге бөлек тұрып жатқам. Тұрақты еңбекақым болды.
Бірде бір құжаттарды біреулер арқылы Шымкентке беріп

жіберейін деп вокзалда жүрсем, күтпеген жерден Ермұханмен
ұшырасып қалдым. «Ой, сәлем, халің қалай?» – десем, сол, баяғы­
ша күліп: «Әріпбаева, әлі күнге сен менің түсіме кіріп жүрсің», –
дейді. «Ой, қойшы, өтірік соқпай», – деп, мен де күлгенмін...

2007 жылдары бір шетелдік компания Қазақстанға кірді. Аме­
рикалық коммерциялық, жылжымайтын мүлік бойынша риэл­
торлық компания, Москвада орталық офисі бар екен. Менің біраз
жылдық тәжірибеме қарап, өздері жақсы ұсыныс білдірген соң,

сол компанияға бардым. Бірақ жұмыстың бәрі ағылшын тілінде
жүрді. Шетелдік компания болған соң, олар толық қайтарымды
талап етеді. Таңнан кешке дейін жұмыс істейсің. Екі баланың күті­
мі, сабақтары бар... Оның үстіне, несиеге үй алғанмын. Қызым да

оқуға түсіп, бірінші курста оқып жатқан. Сол кредитті жабу үшін
де уақытпен санаспай жанталаса жұмыс істеп, сүрініп-жығылып
жүргем...
Ерекең бірде хабарласқанда, «Не істеп жүрсің?» – деп сұра­

ғанмын. Сонда ол: «Үй салып жатырмын. Жекеменшік үй салу –
баяғыдан арманым» деген. Ақпан айы болатын. Мен де: «Кредитке
пәтер алдым, жөндеу жұмыстарын жасап жатырмын. Қазір күн әлі
суықтау. Көктемде көшетін шығармын», – деп өз жаңалықтарымды

айтып жатырмын. Сөйтсем, «Өз үйің болған соң, ол саған бәрібір
жылы көрінеді.Үйің дайын болса, көше берсеңші», – деп, маған
ақылын айтты. Содан, расында, еденге жатсақ та өз үйіміз ғой деп,
шабаданмен көшіп кеткенбіз. Ешқандай жиһаз жоқ... 2007 жылы

көктемде Қытайға барып, үйіме жиһаз алдым. Бір күні, аяқастынан
логистикалық компаниядан телефон шалып тұр. «Сіздің мебеліңіз
келді. Алып кетпесеңіз, процент жүреді», – дейді. Оны ала қоятын

дайын ақшам жоқ, уақытынан ерте келіп тұр. Жалақымды әлі ал­
мағам. Кімнен қарыз сұраймын деп қиналғанда, Ермұхан есіме
түсті. Телефон шалып, жағдайымды айтып, қарыз сұрадым. Ол
маған табанда: «Жарайды, бүгін сен жұмыстан шыққан уақыт­

та алып барамын», – деді. Жұмыстан кейін ол шынымен ақшаны
әкеліп тұр. «Бір-екі аптадан соң, айлығымды алам, сонда қайта­
рам», – дедім. «Жақсы, асықпа», – деді де қойды. Екі жетіден соң,
қарызымды берейін деп, телефон арқылы шақырып алдым.

Жаз шығып келе жатқан кез, күн жылы. Біраз жаяу жүріп сөй­
лесіп, студенттік өмірімізді еске түсірдік.
Оныншы тамыз менің туған күнімде жұмыстағы әріптестерім
құттықтады. Жұмыстан кейін сыртқа шықсам, Ермұхан тосып тұр

екен, қолында гүл. Екеуіміз кафеге барып, сөйлесіп отырдық. Сол
кезде ол менен:

– Сен неге жиһаз тасып жүрсің, күйеуің қайда? – деп, сонша

жылда бірінші рет сұрады. Айырылысып кеткенімізді сонда, ашық
айттым. Ол қатты таңғалып:

– Қашан?!.. – дейді.

– Ой, біраз уақыт болды, – деймін . Ол:

– Бұрын неге айтпадың? – дейді қадалып. Мен айтам:

– Бұндай нәрсені елдің бәріне айта бермейсің. Бұл қуанышты

нәрсе емес қой, – десем,

– Солай ма?!.. – деп жатыр одан сайын таңырқап.

Сөйтсем, оның ойы басқа екен... Содан бастап әрнәрсені сыл­
тауратып жиі телефон шалатын болды. Бірдеме сұраған болады.
«Сенің консультацияң керек, тағы бірдеме» деп. Айтқандай, сол
жолы, кафеде отырғанымызда, Ермұхан менің туған күніме ар­

найы алған сыйлығын берді. Керемет алтын алқа алыпты. Мына­
дай қымбат сыйлық ұсынады деп мен де күтпегем, ыңғайсызданып
қалдым. Ерекең дереу, әңгімені бұрып, маған жеңіл шарап құйып
жатқанда, қолы дірілдеп жатқанын байқадым. Маған, бір түр­

лі, күлкілі болды... «Жас балаға ұқсап, неменеге қолы дірілдейді
мына жігіттің», – деп ойлаймын.
Сол жолы екеуіміз еркін отырып, өмір туралы сөйлестік...
Шынымды айтсам, жақын жолдас, қамқоршы жан ретінде жақын

көре бастағанымды сездім. Өйткені көп нәрсені түсініп, тың­ дайды. Жақсы-жақсы ақылын айтады. Сенімім қалыптасты. Басқа ешкімге айтпаған нәрселерімді айтатынмын. Өйткені әкемді біле­ ді. Кей-кейде басымдағы қиыншылықтарға торығып, көңілім түсіп кеткенде: – Өй, мұның қалай? Сен Әріпбаевтың қызы емессің бе?! – деп, әзілдеп, күш беретін... Сөйтіп-сөйтіп, жиі араласып, жақын сөйлесіп кеттік. Біршама көріспей қалсақ, іздесетін болдық. Ол да ажырасып, бөлек тұрып жатқанына біршама уақыт өткен екен. Содан бір күні Ерекең: – Зура, бір-бірімізді көптен білеміз. Екеуіміз де өмірдің біраз бұралаңын басымыздан кештік. Менің саған деген көңілімнің со­ нау ертеден ерекше екенін өзің де сезетін боларсың. Егер, мақұл десең, жүрегім сені қалайды, – деп, көңілін білдірді. Қызым студент. Балам да мектеп бітірейін деп жатқан. – Егер шынайы сезім болса, шын ойың болса, онда балаларға айтайық, бірге тұрайық, – дедім. Көп ұзамай, мені өз үйіне көшіріп алды. Сөйтіп, «екі жарты – бір бүтін», бір отбасы болдық... Сол жылы Ерекең: – Шымкентте бір жұмыс ашылып жатыр. Мен барып-келіп тұрам, – деді. Біз Олжас кайным екеуміз үйде қалатын болдық. Ол біраз уақыт Шымкентке барып-қайтып жүрді. Жас емеспіз, жағ­ дайға екеуміз де түсініп қараймыз. Дегенмен, Ерекеңнің де біраз мінезін жақыннан көре бастадым. Шымкентке барып қайтса, кейде мүлдем басқа адам болып келеді. Сонда ішімнен «бұларды да түсі­ нуіміз керек қой» деп ойлаймын... Соңырақ – 2010 жылы, Шымкентке көшіп келгеннен кейін, Ерекеңнің осындағы жолдастарымен танысып, араластық. Олар да мені сынап қарайтындарын байқадым. Бірде қонаққа шақырып, үйде күттім, айт мейрамы болатын. Әйелдерімен бірнеше адам болды. Сонда Ерекеңнің бір жолдасының сөйлеген сөзі есімде қал­ ды. – Зура, бүгін – айт мерекесі. Адамдар бір-бірін құттықтасып, қателіктері болса, кешірісетін ұлық мейрам, деді ол. – Ерекең маған: «Өмірімде осындай өзгеріс болып жатыр, «бірінші махабба­

тыма кездесіп, соған қосылсам ба?» деген ойым бар», – деп, алғаш сен туралы айтқанда: «Ереке, оның дұрыс емес. Сен оны сүйге­ ніңмен, әйел, жар ретінде білмейсің ғой, әрі екі баласымен... Мой­ ныңа масыл болады, – деп, мен тоқтатқан едім... Енді сені көріп, жақыннан танысқанда: «Ереке, сен мені кешір, мұндай әйелдің жүрегін жаулап, сеніміне ие болу үшін – шындап күресу керек», – деп, күлдіргені бар. – Болғанды жасырмай, ашық айтып отырған сізге рақмет. Бәсе, Ерекең Шымкентке келіп-қайтқан сайын көңіл күйі өзгеріп, басқа адам боп қайтушы еді, құлағын бұрап жіберетін сіздер екен ғой, – деп, мен де күлдім... Ойлап отырсаң, сырт көзге өз отбасымен кетіскен ер адамның екі балалы әйелге қосылып жатуы – ағайын-туыстары мен бауыр­ лары үшін де, дос-жолдастары үшін де оңайлықпен түсініп кететін жағдай емес екені де рас... Сондықтан, осы қадамға барарда, ойласып, Ерекеңмен ке­ ліскенбіз. «Екеуміз де осыған жеткенше сан қилы өткелектерден өттік. Сенісіп қосылғаннан кейін, қандай бір түсініспестік жағдай болып жатса, ұрыспай отырып, ашық сөйлесейік. Екі адам жасы келгенде, әйел немесе күйеу болу үшін ғана емес, қалған өмірім­ де жарастықты, бақытты отбасы болайын деп қосылады. Сырттан үйге келгенде, әдемі әңгімелесіп, балалардың қылығын қызықтап, солардың бақытты келешегі туралы сөз қылып, жарқын өмір сүру­ ді мақсат етуіміз керек» деп... Тәуекел етіп, солай бастадық. Дайын тұрған оңай жол жоқ. Ал өмір болған соң, бәрі болады. Қиыншылықтар да, күтпеген кедер­ гілер де дегендей. Соның бәрінен ақырын-ақырын жол тауып, қа­ зір жеңілдеп келе жатырмыз деп ойлаймын. Кез келген отбасылық қарым-қатынас белгілі бір дамудан өтеді ғой. Рас, дағдарыс та болады. Одан да өту керек. Ол дағдарыс, қиыншылықтар не үшін беріледі? Сол қиыншылық үстінде не сен – өсесің, немесе, кері кету жолына түсесің. Құдайға шүкір, біз бірлесе, түсінісе күресіп, бірте-бірте ілгерілеп келеміз!.. Менің Шымкентке келуім де үлкен сынақ болды. Бұл қалада мен ең жақын адамдарымды жерледім, ағамның жылын өткізген

соң, іштей өзіме «бұл қалаға енді қайтып келмеспін» деген едім. Аяулы әке-шешемнің, сүйікті бауырымның мезгілсіз қазаларына байланысты жас жүрегімді тілгілеген қайғы-қасіретті еске салатын осы көшелерді, үйлерді, таныс, туыс адамдарды күнделікті көруді ауырсындым... «Бірақ адамның қалаған еркі емес, құдіреті күшті Жарату­ шының дегені болады» деген. Құдай менің пенделік еркімнен тыс тағдыр сыйлады. Ауыр да болса, өткенді қайта сезінуді, әу баста маңдайыма жазылған тағдырымды мойындатты. Мен өзім ойнап өскен, мектепке барған көшелермен жүрдім, көзімнен бұлбұл ұшқан бақытты балалық бал дәуренімді кешкен бау-бақшаны ара­ ладым, ата-анамыздың ыстық құшағында болған үйімізді көрдім!.. Соның бәрінде Ерекең қасымда болып, қолымды ұстап, қолтығым­ нан демеп, менімен бірге жүрді... Иә, біз үшін ештеңе оңай болған жоқ. Кезінде бізде, қаржы қиындығынан бөлек, моральдық-психологиялық проблемалар да көп болды. Негізі, әке-шешенің ажырасуын балалар өзінше қа­ былдайды ғой. Ерекең екеуіміз некеге тұрғанда «балаларды бөліс­ пейміз» деп уәде берген едік. Қазір екі жақтағы балалардың бәрі отбасын құрды. Үлкен ұлымыз – Жақсылық Әсел есімді келінмен, Керімжан баламыз Заринамен отау құрды, ал Алдияр Индира келі­ німізбен көзайым етіп қуантты. Әлима да бір үй болды. Осылайша, үлкен шаңырақ болып жатырмыз. Келіндермен де жайымен тіл та­ бысып келеміз, шүкір. Алғашқы немереміз дүниеге келгенде, қатты қуанып, ата-ене болып, келінімізді қалжалап күттік, шақалақты бірінші күннен өзім шомылдырып, құндақтап, қырқынан шығарып бердім. Сонда келініміз: «Сізге рақмет, көмегіңіз көп тиді. Ене ретінде әр нәрсе­ нің жолын жасап, көрсетіп жатырсыз», – деп ризалығын білдір­ генінің өзі не тұрады?!. Райымбегіміздің артынан Сафиятуылды. Одан кейін Елхан немереміз келді. Тәубе, немерелерімізді бірінен соң бірін сүйіп, ата-әже атанып, қуанышымызға қуаныш қосылу­ да!..

Бірге оқыған студенттік жылдарда, шынымды айтсам, мен Ерекеңді, тіпті де білмейді екенмін... Осы күндері сөйлесіп отырғанымызда, ішімдегі нәрселерді айтам. Ақыл-кеңес сұраймын, ол өз ойын айтады. Маған сонда ол басқа қырынан көрінеді. Сон­ дай кезде: «Қандай ақылдысың, жаным. Біз бірге оқып жүргенде сен мүлде ашылмағансың ғой!» – деймін, таңданысымды жасыра алмай. Негізі, абақтыда отырып шыққан соң, көп адамдар сынып қалады. Кейбіреулер агрессиямен шығады. Өкініш болады деген­ дей... Ерекеңнің өмірге деген өкпе-ренішін мен бірде-бір байқаған жоқпын. Қайта, керісінше, адамдарға көмектескісі, жақсылық жа­ сағысы кеп тұрады. Әдемі әзіл-қалжыңы бар, адамгершілігі биік... Осыларды байқаған соң, кейде жайлап сыр тартамын. Ол сонда: «Ана жақта отырғанда мен бос отырған жоқпын. Түрлі кітаптар оқып, өз бетімше іздендім. Өзімді жоғалтпауға ұмтылдым. Адам, қоғам, мемлекет, тарих, саясат туралы еңбектерді, өзіміздің және шетелдік көркем әдебиеттерді де, қолыма түскенін оқи бердім», – дейді. Және айтады: «Сол жақта отырғанда есіме алдым. Сен қа­ былдау комиссиясында отырғанда, үнемі қолыңнан шетел клас­ сиктерінің әдебиеттері түспейтін. Көп оқушы едің ғой, сол кітап­ тардың бәрін есіме алып, қолым жеткенін оқып шықтым», – дейді. Екеуіміз оңтүстікке келгенде, Ерекеңнің жұмысы жақсы жүріп кетті, береке де келіп жатты. Негізі, ақша тауып, табысқа кенелу де адамдарға сынақ, көп адамдар оны көтере алмайды. Бірақ екеуміз бұны да өттік. Өйткені, Ерекеңнің ниеті дұрыс болды. Ол: – Әкеміздің кезінде салынған үй ескіріп қалыпты, – деп, ауыл­ дағы қарашанырақ үйді қайта көтерді. – Ауылдағы мешіттің құрылыс жұмысы тоқтап қалыпты, – деп, оған да көмек көрсетті. «Иманды адамдар көп болсын, жастардың да тәрбиесіне жақсы» деген ниетпен. Қаладағы бір балалар үйін қамқорлығымызға алдық. Жыл сайынғы балалар мерекесі, Наурыз, Құрбан айт күндері, басқа да жағдайларға байланысты, міндетті түрде өзіміздің сый-сия­

патымызды жасап, көмегімізді көрсетіп тұрамыз. Менің ойым­ ша, ер азаматтың іскерлігімен, ізгі идеясымен жарқылдап көрінуі маңызды! Ерекең, кейде, ақша жоқ кезде де іске асырғысы келетін жаңа ойларымен бөлісіп отырады: «Осылай етсек, сен қалай ой­ лайсың? – дейді. – Сен дұрыс деп санасаң, солай етейік», – деймін... Ол не туралы айтса да, сондай энергиямен, беріліп, сенім­ мен айтады. Кейде, жасалған істің нәтижесі біз ойлағандай бол­ май шығады. «Бекер болыпты!..» деп, өзі де өкінетін кездер бо­ лады. «Сен мені неге тоқтатпадың? – дейді маған. – Мен қайдан білейін?..» – деп қоямын. Бірақ артынан ойлап отырсақ, ол да – тәжірибе. Онсыз тағы болмайды. Құдайға шүкір, сосын тағы да жолымыз ашылады. Ең бастысы – бір-бірімізді дұрыс түсіну. Түсі­ нісу. Басқасының бәрі кезегімен өте береді... Ерекең, мәселен, тарихта болған әр нәрсеге терең қарайды. Соның бәріне мән беріп, сараптап отырып, бүгінмен бай­ ланыстырып айтқанда, мен оған «Осы тарих факультетінің дип­ ломына, тек сен ғана лайықтысың», – деп айтам. Ерекеңнен бірдеме сұрай қалсаң, сол туралы таратып жазылған кітапты ерінбей іздеп табады. Оған сол фактіні растауы керек. Ол заңгер маманы болмаса да, өз бетімен құқық саласына терең үңіл­ ген, көп оқып-тоқыған. Конституцияның, азаматтық-құқықтық за­ ңдардың баптарымен, бәрін рет-ретімен түсіндіріп сөйлей біледі. Сонда мен: «Кей адамдар өзінің екінші мамандыққа деген қызығу­ шылығын, бейімін есейе келе, жасы ұлғая келе түсіне бастауы мүмкін. Ереке, сенің де заңгер мамандығына мықты негізің бар. Сен сол саланы оқып алсаңшы», – деймін. Ол ұялады. «ҚазМУ-да, сендермен оқығанда, орыс тіліне шорқақтығыма ұялушы едім. Араға жылдар салып, жасым ұлғайғанда, жастардың арасында тағы ұялып отырам ба?..» – деп қалжыңдайды. Екі-үш жыл бұрын екеуміз кешке қарай серуендеп келе жат­ сақ, алдымыздағы тротуардың шеті босап қалыпты. Кеш батып, көз байлана бастаған кез. Алдымызда еңгезердей ер адам келе жа­ тқан. Бізге төрт-бес қадамдай қалғанда, ол еңкейді де жолдан бір нәрсе алды. Байқасам, тротуардың босаған тастарын алып, қал­ тасына салып жатыр. Дәл біздің қасымыздан өте бергенде, әлгі адамға Ерекең:

– Ал, ал, ұялмай, көбірек ал! Бәріміз осылай тасып әкетейік, – деп айтты. Анау еркек жүгіріп кетіп қалды. Мен ішімнен: «Ерекең­ нің айдаладағы біреуде несі бар, неге тиіседі?» – деп ойладым. Бұл – менің сол сәттегі ойым. Кейін, артынан ойланып қарасам, «мұның маған қатысы жоқ» дегенге саятын – менікі дұрыс емес екен. Сол, жаңа төселген аяқжол тастарынан әрқайсысымыз бір-бірден тасып әкете берсек, қала көшелерінде түк қалмайды ғой. Сосын барып: «Ереке, сен дұрыс ойлайсың, дұрыс істейсің», – дедім. Ойлап қа­ расақ, шынында, қазір қоғамда «әркім өзіне және өзі үшін» дегенге саятын – ел ертеңіне, ұрпақ болашағына аса қатерлі эгоистік ұғым, түсінік бел алып кетті. Ерекең соның бәрін жүрегімен ойлайды. Осындай, күнделікті өмірде, көз алдымда көрініп қалатын оның кең ойлайтын адами, азаматтық қасиеттері мен бойындағы күшті энергиясына қарап, қайран қалдырады. Маған да ой салады... Қандай бір шаруасымен қай мекемеге кірсе де, бірдеме дұрыс істелмей жатса – бөлімнің атауы, немесе, қазақша аударылған бір сөз дұрыс жазылмаған болса, үнсіз қалмайды. Соған жаны ауырып, арнайы барған жұмысын қоя тұрып, әуелі міндетті түрде жаңағы қателіктерді дұрыс жазып, көрсетіп кетеді, ерінбейді. Тиісті жері­ не жеткізіп, түзеттірмейінше тоқтамайды. Бірде Алматыдан Шым­ кентке пойызға отырғанбыз. Вагон ішіндегі электронды тақтаның жүгіртпе жолдарында қазақша қала атаулары дұрыс жазылмапты. Жолдан шаршап, келгенімізге қарамай, «пойыздың бастығына ба­ руым керек», – деп, оны күтіп, соның бәрін ерінбей жазып қалдыр­ ды. Одан бірнеше күн бойы хабарласып, ақыры оң жауабын алды... Біздің Үсіпхан жолдасымыздың үлкен баласы әкесіне алғаш «үйленем» деген ниетін айтады. «Балам үйленгісі келетін қызын айтқанда, біршама тосылып, «той жасаймын ба, жасамаймын ба?» деп, екі ойлы боп, біраз жанашыр ағайындар мен жолдастарға хабарласып, ақылдастым», – дейді ол. Өйткені ұлының әкелетін қызының ұлты – орыс, есімі Виктория екен. Жастар ұзақ уақыт бір-бірін жақсы біледі, ұнатады. Бізді де тойға шақырған, сонда жолдасымыздын өзі сөйлегенде айтып жатыр. Сонда Үсіпхан: «Өзі де, сөзі де салмақты бір жолдасым бар еді, соны тыңдайын деп, Шымкентке, Ермұхан досыма телефон шалып, осындай-осындай

жағдай, дегенде, ол менің көңілімді орнықтырды», – деді. Сонда Ермұхан: «Сен қуануың керек, өйткені, ұлың басқа ұлттан әйел алып, оны мұсылман етіп отыр. Екіншіден, өзіңе тартқан ұл бол­ са, Құдай қаласа, қазақтың санын ғана арттырып қоймай, сапасын да жаңартады. Сондықтан, сен ағайының мен дос-жолдастарың алдында ұялмай, қайта, мақтануың керек!..» – депті. «Содан өзөзіме келіп, балам мен келініме шын жүректен қуанып, той жа­ сап жатырмын, рақмет саған, Ермұхан!» – деп, көпшілік алдында алғысын айтты. Қалай дегенде де, тарихтан білеміз, осы біз басымыздан кешіп отырған, қоғамдық жүйелер ауысып жатқан аралық өтпелі кезең, өзінің барлық қайшылықтарымен ерекшеленеді. Меніңше, бұл – өте күрделі де қызық кезең. «Ереке, осындай кезеңнің көзі тірі куә­ гері ғана емес, белгілі деңгейде, кейіпкері ретінде де, өзің қатысқан тарихи Желтоқсан оқиғасы туралы сенің көзқарасың, ойларың ке­ лешекте немерелерің үшін, жалпы жас буын ұрпақ үшін маңызды болады, сен басыңнан кешкендеріңді жүйелеп жазсаңшы», – деп те мазалап қоям... Мен, негізі, бір көргеннен ғашық болатын адам санатынан емеспін. Алдымен, адамның ішіне үңілетін сияқтымын. Ерекеңе тұрмысқа шыққанда, ең жақын адам ретінде, сеніммен қарадым. Қамқоршым ретінде қабылдадым. «Осы адам өмір-бақи жаным­ да болса» деген сезіммен, сондай ниетпен қосылдым. Екеуіміз кез келген нәрсені сөйлескенде түсінісеміз. Ойлап отырсам, осы күні Ерекеңе соншалықты бауыр басып қалыппын. Маған қазір Ерекең болмаса, ештеме қызық емес. Бұл сезім бәрінен де күшті. Менің­ ше, махаббат деген осы шығар!.. Екеуіміз басқосқан соң Ерекең: «Сендер оқуды бітіріп кеткен­ нен кейін, бір курстасымызбен кездесіп, сөйлесіп қалдым. Сонда соның аузынан «Зураны саябақта бөпесімен қыдырып жүргенін көрдім» деген сөзді естіп, сол саябақ сенің үйіңнің маңында екенін түсіндім», – дейді. Жаным жай таппай, сені қатты көргім келді. Бір көрсем деген үміт-аңсармен сол саябаққа сан рет бардым. Мүмкін, кішкентайыңмен серуендеуге шығып қаларсын деп, сағаттап күте­ тінмін», – деді. Оның бұл әңгімесі көзіме жас келтіріп, жүрегімді терең қозғады!..

Бірақ отбасын тек жанып тұрған жалаң сезіммен ғана ұстап
тұруға болмайды. Сезімді сақтап қалу, көп нәрсеге көз жұмып қа­
рау деген – басқа нәрсе. Бұрын екеуміз «қызылды-жасыл» әлемде
жүрсек, енді немерелі ата-ене болып жатырмыз. Балаларға да от­

басылық өмірдің, ерлі-зайыпты өмірдің, ондағы қарым-қатынас­
тың қандай болу керек екенін өзіміз көрсетіп жүрміз. Демек, қазір
де біз үшін – жаңа этап, жаңа кезең. Жауапкершілігіміз артпаса,
кеміген жоқ.

Мен мұнда көп ағайынды үлкен отбасыға келін болып кел­
дім. Бастапқыда жаңа ортаға кірігу, ортақ тіл табысу да оңай бо­
лған жоқ. Мысалы, әулетке келін болып келгенде, мен қырықтан
асып кеткем. Шымкент болған соң, елдің бәрі біледі, қазақшылық

дәстүр көбірек сақталған. «Сәлем саласың ба, салмайсың ба?» де­
ген сұрақтар да болды. Сонда:

– Ереке, сен қалай ойлайсың? – деп сұрадым.

– Мен үшін бұл маңызды емес, – деді ол. Бұрын да сәлем

салмағам. Енді, қырықтан асқанда сәлем салып тұру да біртүрлі,
ыңғайсыз көрінетіндей болды. Сол оймен:

– Ереке, егер сен ренжімейтін болсаң, сәлем жасамай-ақ қо­

яйыншы, маған бұл күлкілі көрінеді, – деп едім:

– Жарайды, – деді де қойды. Туысқандар онша көңіл аудар­

маған сияқты болды. Сөйтіп, сәлем салмай жүрдім. Біраз уақыт
өтті. Бірде, әулеттегі жеңешемнен:

– Жеңеше, сіздер сәлем салмайсыздар. Сонда келіндер қай

кезден бастап сәлем салмайды? – деп сұрадым. Жеңешелеріміздің
жолдастары, яғни қайынағаларымыз өмірден ертерек өтіп кеткен.

– Жұбайың қайтыс боп, жесір болғанда сәлем салудың керегі

жоқ, – дегенді айтты...
Содан ойланып, «қателігімді түзетуім керек» деп шештім. Сөй­
тіп, келін боп түскеніме біраз жыл өткен болса да, осы жақыннан
бастап, сәлем салуды бастадым. Аға-жеңгелеріміз риза болып, бәрі

алғыстарын айтып, батасын беріп жатады. Осылай, өз-өзіме үңі­
ліп, көп нәрсеге басқаша қарап жатырмын. Уақыт ілгері жылжыған
сайын, ұрпағымыздың алдындағы қарыз-парыздарымыз терең ой­
лануға, көп нәрсені қайта түсінуге мәжбүр етуде...

Негізі, «баланың өмір жолы әу бастан пешенесіне жазылып туады» деген бар. Демек, әрбір адамның мінез-құлқы да өзімен бір­ ге туылады. Осындағы Бадам елді мекенінде бізге қарасты әулет­ тің үлкен қарашаңырағын ұстап отырған Күлбибі апамыз болған. Мен келін болып келгенде, сол апамыз 83 жаста екен. Мен кіріп сәлем бердім. Сонда жарықтық, сол апамыз: – Аа, айналайын, бақытты бол!.. Мына Ермұханның кінді­ гін өзім кескенмін, – деді. – Бала туылып жатқанда «баланы сен аласың» деп, маған табыстады... Уақыты жетіп, бала келді жарық дүниеге. Қолыма алдым, кіндікті кеспей тұрып, шайқасам, жыла­ майды. Қорқып кеттім. Ойбуй, қайныма енді не бетімді айтам деп... Содан, тез есімді жиып, құйрығынан екі-үш рет шарт-шұрт шапа­ лақтағанымда барып, «іңгәлап!» – шар еткен даусы шықты. Менің де маңдайымнан қара тер бұрқ етіп, «үһ!..» деп жеңілдедім, – дей­ ді. – Сонда, Құдай аузыма салды ма: «Әй, бұл бала, аман болса, елді өзіне қаратқызатын бала болады екен!..» деп күлдім, – дейді. Жарықтық, сол апамыздың сөзінің жаны бар ма деп ойлаймын. Әдетте, кең ойлап, кесіп-пішіп байламын бір-ақ айтатын Ерекең­ нің кім-кіммен де сөзі жараспай, ойындағысы болмай қалса, есікті жауып, жүре беретін шарт мінезі де бар... Өмірде қиындықтармен бірге Алланың хикметі қатар жүреді. Соны аңдай білуіміз керек. Мен мұны анық түсінетін жағдайды басымнан кештім. 2016 жылдың күзінде біз күтпеген жағдай болып, жақын адамдармен арамызда ауыр айыптаулар, шағым-арыздар жүрген қақтығыс орын алды. Арқадан пышақ ұрғандай болған осы оқыс оқиғадан соң, мен қатты жабырқап, денсаулығым күрт нашарлады. Бар дүниеден баз кешкендей, бәрінен қашқым келді. Ерекеңе мені бір санаторияға жіберіп, емдетуін өтіндім. Реті келіп, сол мақсат­ пен бір күні пойызға отырдым. Купеде, жас шамасы алпыстан асқан бейтаныс бір апа отыр екен. Үлкен ұлына қонаққа бара жатқанын айтты. Купеде басқа ешкім жоқ. Жанымды ашу мен ыза мүжіп, өзімнен-өзім торығып отырған мен жолда мүлде сөйлегім келме­

ді. Бірақ әлгі апа ананы-мынаны сөз қылып, менің көңіл күйімді
аулап, әңгіме бастады. Өзінің біраздан бері намаз оқи бастағанын,
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың өмірі туралы қызықты кітап
оқығанын айтты. Қазір пайғамбарымыздың сүйікті әйелі Айша ту­

ралы оқып жатыр екен. Айша күйеуін, яғни «пайғамбарымызды
алдады» деп айыпталыпты және айналадағылардың бәрі ол туралы
өсек таратады. Бұған, тіпті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-ның
өзі күмән келтіре бастайды...

Әлігі апаның бұл әңгімені ынты-шынтысымен, беріліп айтқаны
соншалық, мен өзімнің жанымды жеген қиналысымды ұмытып,
сондай бір қызығушылықпен тыңдадым. Көп ұзамай, Мұхаммед
пайғамбарымыз (с.а.у.) Айшаның кінәсіздігі туралы аян көріпті.

Сосын, ол Айшаның ата-анасының үйіне келіп: «Құдіреті күшті
Құдай сенің кінәсіздігіңді аян етті. Сен ақталдың», – деп айтады.
Сонда Айшаның әкесі қуаныштан айғайлап: «Қызым, бар, пайғам­
бар Мұхаммедке рақметіңді білдір, ол сені ақтады» дегенде, Айша:

«Күйеуім күмәнданған кезде, маған сенетін Аллаға шүкір етемін», –
деп жауап берді дейді. Бұл тақырып Айшаға жала жабу туралы деп
аталады екен.
Сол түні мен пойызда ұзақ түн ұйықтай алмадым. Болғанның

барлығы бір Алланың Құдіретімен болатынын, бейкүнә адамдарға
ақтау-ақталу қажет емес екенін түсіндім. Тек бір Алла сені ақтап,
бәрін орнына қояды екен. Өмір туралы түсінігімді өзгерткен сол
апамен дәл сондай ауыр ахуалдың үстінде кездескеніме қатты

қуандым. Мен содан былай өз ойымды түзеп, адамдарға ренжуді
қойдым. Содан былай, жағдай бірден өзгеріп, қалпына келіп, өмі­
рім жеңілдей бастады.
Өмірде кездейсоқ нәрсе болмайды. Біз Ерекеңмен екеуіміздің

соншама сынақтардан кейін қайта кездесіп, бір шаңырақта та­
бысуымыз да – сол, құдіреті шексіз Жаратқанның жарылқауы, ал­
дын ала маңдайымызға жазған тағдырымыз деп білемін. Тағдырым
Ерекеңнің қасында менің ойымды түбегейлі өзгертті. Жаныма

жақын ер азаматыммен бірге, өміріме ризалықпен, адамдарға кеші­
рімді болып, сыйластықпен өмір сүруді үйрендім. Жаратушыдан,
екеуіміздің бақытымызды баянды қылып, қуаныш-қызығымызды
ұзағынан сүйіндірсін деп тілеймін!

МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРКЕН ЖЕЛТОҚСАН Қапаста..................................................................................................... 5 Әке болдым.............................................................................................. 6 Жиналыс.................................................................................................. 7 Шеруге шақыру...................................................................................... 11 Қазақ болып атойладық......................................................................... 12 Есікте қамалдым.................................................................................... 16 Гүлжан алаңда жарақат алыпты........................................................... 17 Қамзолдаевпен қайта ұшырастым........................................................ 21 Түзету мекемесінде................................................................................ 23 Шырғалаң .............................................................................................. 27 Торуыл мен торығу................................................................................ 30 Тұтқындағы тергеу ................................................................................ 32 Соттағы сілкілесу................................................................................... 39 «Паханым» ара түсті.............................................................................. 47 Түрмеде «пара» бердім.......................................................................... 50 Нөмірленіп жерленбеу үшін.................................................................. 53 Бостандықтың қадірін........................................................................... 53 Түрмедегі тіршілік................................................................................. 56 Бостандықтың бірінші күні................................................................... 58 Әкем бақилық болыпты......................................................................... 60 Сарыла күткен күн................................................................................. 61 Жексенбай және тағдырлас достар...................................................... 64 Олжастың сенімді өкілі......................................................................... 67 «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі мен партиясы ............................... 72 Бірегей тұлға болған жоқ....................................................................... 77 Желтоқсанның бастауы......................................................................... 79 Үкіметтік ақтау Комиссиясында........................................................... 81 Өтем және Комиссияның тегеурінсіздігі ............................................ 86 Тәуекелмен ысылдық............................................................................. 89.

Екінші бөлім ҚАРАШАҢЫРАҚ – ҚАСИЕТІМ . Ауылым, аталарым... ...........................................................................93 Асқар тауым – әкем ..............................................................................95 Жанымның шуағы – асыл анам............................................................98 Бауырдың орны бөлек...........................................................................103 Мендік болмыс......................................................................................111 Біз де сарбаз болғанбыз........................................................................117 Оқуға құлшыныс...................................................................................128. Студент болдым ...................................................................................134. «ССО – 1986». Чернобыльда .............................................................136 Жаңсақ қадам........................................................................................138 Арман болған бақ құсым......................................................................140 Жақсылық – өмірлік ұраным...............................................................151 Үшінші бөлім БІЗДІ ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРДЫ. Зура Миятбекқызы Бізді тағдыр табыстырды ....................................................................155

Ермұханбет Қуандық
Редактор – М. Әжібекұлы
Корректор – М. Солтангазина
Дизайн және беттеген – Н. Наурызбаев,

Н.Серғожаұлы
Мұқабаның суретін түсірген – Д. Абдилдинов
Басуға 22.04.2022 ж. қол қойылды. Пішімі 60×841⁄16.
Есептік баспа табағы 12,5. Шартты баспа табағы 11.

Әріп түрі «Tіmes New Roman ». Офсеттік басылым.
Таралымы 1030 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙