TELEGEI

Home

Дінде шектен шыққандар

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дінде шектен шыққандар

Дінде шектен шыққандар (Ұстанған жолы мен ерекше мəн берген мəселелері). Қолыңыздағы бұл кітап – көлемінің кішілігіне қарамастан осы мəселе төңірегінде жазылған таптырмайтын құнды еңбектердің бірі. Аталмыш еңбек – ұзақ зерттеу мен терең талдаудың жемісі. Сонымен қатар, дерт пен дауа түрлерінің қыр-сырын жақсы таныған білікті дəрігердің берген бағыт-бағдарымен пара-пар дүние.

МЫСЫР ЕЛІНІҢ МҮФТИІ,

ДОКТОР АЛИ ЖҰМА

(Ұстанған жолы мен ерекше мəн берген мəселелері)
Екінші басылым
1433һ\2012ж.
Алматы

ƏОЖ КБЖ Д Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын Аталмыш еңбектің барлық құқықтары қорғалған Кітапты сақтауға берілген нөмір 16149\2011

Али Жұма, доктор, Мысыр елінің мүфтиі.

Дінде шектен шыққандар (Ұстанған жолы мен ерекше мəн
берген мəселелері). – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы,

2015. – 112 бет.

ІSBN Ислам ғұламасы, анық. ƏОЖ КБЖ ІSBN © «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015 И 12 БАСПАГЕР КІРІСПЕСІ Алланың атымен бастаймын. Барша мақтау-мадақ Аллаға тəн! Алла елшілерінің соңғысы, Пайғамбарымыз Мұхаммедке жəне оның əулетіне, сахабаларына, оларды дос тұтқандарға салауат пен сəлем болсын! Дінде шектен шығу – ертеден бері көрніс тауып келе жатқан үрдіс. Алайда, соңғы ғасырларда бұл үрдіс басқаша белең алып, өзгеше өрши түсті. Міне, осы жағымсыз көрініс бүгінгі таңда мұсылман үмбетінің мазасын қашырған түйткілді мəселелердің біріне айналды. Бұл жағдай Алладан шынайы қорқатын жəне Оның Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүннетін терең түсінетін мұсылман ғұламаларының көпшілігіносы бүлікке қарсы белсене күресуге итермеледі. Олар аталмыш зұлмат қауіпке ынта-шынтасымен қарсы тұруда. Атап айтсақ, дінде шектен шыққандардың негізгі ұстанымдарымен діни көзқарастарының діңгегі болып табылатын бидғат атаулармен күресуге кірісті. Міне осындай сұңғыла ғұламалардың бірі – Мысыр елінің құрметті мүфтиі, доктор Али Жұма. Оның ақиданы түзету жəне дінде шектен шыққандардың ішіндегі бидғатшыларға қарсы тойтарыс беру төңірегінде бірқатар еңбектері жарық көрді. Олар: 1 – Əл-Баян ли-ма яшғалу əл-əзһан (1). 2 – Əл-Баян ли-ма яшғалу əл-əзһан (2). 3 – Фəтауа əн-ниса. 4 – Ақида əһлүс-сунна уəл-жамаға Қолыңыздағы бұл кітап – көлемінің кішілігіне қарамастан осы мəселе төңірегінде жазылған таптырмайтын құнды еңбектердің бірі. Аталмыш еңбек – ұзақ зерттеу мен терең талдаудың жемісі. Сонымен қатар, дерт пен дауа түрлерінің қыр-сырын жақсы таныған білікті дəрігердің берген бағыт-бағдарымен пара-пар дүние. Кітаптың бірінші басылымы Ислами істер жөніндегі жоғарғы кеңестің бастамасымен 2011 ж. шілде айында жарық көрді. Сол уақыттан бері кітап оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, үлкен сұранысқа ие болды. Себебі аталмыш кітап – уақыт талабына сай жазылған еңбек. Аса Ұлық, күллі кемшілік атаулыдан пəк Алладан, бізге жəне барша мұсылмандарға жарық көргелі отырған еңбектегі құнды мəліметтерді ұғынуды нəсіп етуін сұраймыз. Оған Алла Тағаланың құдіреті жетеді. Барша мақтау-мадақ əлемдердің Раббысы – Аллаға тəн!

«СƏЛƏФИЯ» СӨЗІ ЖƏНЕ «СƏЛƏФИТТЕР» ДЕП АТАЛҒАН ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛАРДЫҢ ҰСТАНҒАН ЖОЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫСҚАША КІРІСПЕ Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау-мадақ Аллаға тəн! Алланың Елшісі Мұхаммедке, оның əулеті мен сахабаларына жəне оны дос тұтқандарға салауат пен сəлем болғай! «Сəлəфия» сөзінің тілдік мағынасы «бір нəрсеге қатысты болу» дегенді білдіреді. Сондықтан да, бұл сөз күн-түн алмасып жатқан уақыттың барлық кезеңіне қатысты қолданылады. Əр заман ағымы өзінен кейін келетін уақыт үшін сəлəф1 (өткен, ілгері, алдыңғы), ал өзінен бұрын өткен уақыт үшін халəф2 (кейінгі) саналады. Уақыт өте келе «сəлəф» сөзі ислам мəдениетінде тұрақты терминдік мағынаға ие болып нəтижесінде ислам үмбетінің тарихында алғашқы үш ғасырда ғұмыр кешкен ізгі ұрпаққа қатысты қолданылды. Оның негізі Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мына бір хадисіне сүйенеді: : َħَّĥ َøَĐَīِ اĤĭُّđْĩَאنِ Öِīْ Öَýِ Ļóِ، Ĝَאلَ : Ĝَאلَ رَøُ ijلُ اųَّ ِ Āَ ĥَّĵ اųَّ ُ ĐَĥَĻْįِ و

Нұғман бин Баширден3 (Алла оған разы болсын) келген хабарда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Адамдардың игі-жақсылары менің ғасырымдағылар, содан соң олардан кейін келгендер, содан кейін олардың артынан келгендер. Олардан кейін, бірінің куəлігі сертінен бұрын жəне серті куəлігінен бұрын берілетінқауымдар келеді»4, – деген. 1 Сəлəф сөзі – алдыңғылар, яғни алдыңғы буын ұғымын береді. 2 Хəлəф сөзі – кейіңгілер, яғни кейін келген буын ұғымын береді. 3 Нұғман бин Башир бин Сағд əл-Хазражи (Алла оған разы болсын) сахаба, аңсарлық, һижрадан кейін 14 ай өткенде Мəдина шаһарында туылған, алғашқы мұсылмандық қоғамда дүниеге келген алғашқылардың бірі. Туған күні анасы Пайғамбарымызға (оған Алланы игілігі мен сəлемі болсын) алып келген кезде: «Жақсы өмір сүреді, шəһид болып жан тапсырады жəне жəннатқа кіреді», – деп сүйіншілі батасын берген. 4 Имам Бұхари «Сахих» кітабы, 2509-шы хадис. Муслим «Сахих» кітабы, 2533-ші хадис. Алайда, қазіргі таңда «сəлəфия» терминінің мағынасы да, қолданылу аясы да түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Өздерін сол игі жақсылар буынына қатыстымыз деп есептейтіндер тарапынан мағынасы бұрмаланған. Олардың кейбірі өздерін ғана «сəлəфтардың мұрагеріміз, бізден басқа сəлəфи жоқ» деп санайды. Олардың сəлəфия термині туралы түсініктері тартыс тудырған болмашы мəселелер төңірегінде шоғырланғандығын байқаймыз. Осы үмбеттің санаулы адамдарымен ғана кеңесетін олар, əлемнің əр түкпірінде діннің таралуына сүбелі үлес қосқан үмбет ғұламаларының басым бөлігін дінді қанша терең түсінетініне қарамай, бидғатшылар деп есептейді. Олар шариғаттағы негізге саналмайтын кейбір тармақты мəселелер бойынша аталмыш ғұламалардың айтқан пікірлерін жоққа шығарып, келіспей дабыра қағып, талас тудыруда. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ «СƏЛƏФИ» ТЕРМИНІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ «Сəлəфия» термині Мысыр Британияның отары болып тұрған, Жамалуддин əл-Афғани5 мен Мұхаммед Абдуһтар6 байрағын желбіреткен реформация қозғалысы белең алған кезеңнен қолданыла бастады. Реформаторлар мақсаттарына қол жеткізу үшін сəлəфия терминін өздеріне ұран етіп алды. Бұл сол кезеңдегі Мысыр елінің басынан кешіріп жатқан қиын жағдайымен тікелей байланысты еді. Дəл сол кезеңде Мысырда алуан түрлі бидғаттар, хурафаттар (дінде негізі жоқ, дінге енгізілген жаңалықтар) бар болатын. Олар күнненкүнге ұлғайып, көбейе түсті. Аталмыш қате сенімдердің, бидғаттардың дұрыс (сахих) сопылыққа ешқандай қатысы жоқ еді. Міне, осындай кезеңде адамдар екі топқа бөлінді: бірінші топ: «Батыс өркениетінің көшіне қосылу қажет. Бұрыннан келе жатқан шектеулерден, қағидалардан тіпті ислами ой-пікірлерден де арылу керек» дегенді алға тартты. Екінші топ: «Мұсылмандарды түзеу бүкіл бидғаттардан, хурафалардан (дінде негізі жоқ, дінге енгізілген жаңалықтар), жаңсақ 5 Жамалуддин бин Сафтар бин Али əл-Афғани, Ауғанстанның Кабул шаһарында 1879 ж дүиниеге келген, 1938 жылы қайтыс болған. 6 Мұхаммед бин Абдуһ бин Хасан, Мысыр елінің Бухайра елді мекенінде 1849 ж. дүниеге келген. Əкесі түрік, анасы мысырлық болған. 1899 ж. Мысырда муфти қызметін атқарған. 1905 ж. мысырдың Александрия шаһарында қайтыс болған.

пікірлерден ада, дұрыс исламға бағыттау арқылы жүзеге асады. Бастысы ислам дінін жаңа заман көшіне ілестіру керек. Сырттан келген шетелдік өркениет пен исламның арасынан өзара үндестік жолын іздестіру қажет» деген пікірді айтты. Міне осы екінші топтың алдыңғы қатарында Шейх Афғани мен шейх Мұхаммед Абдуһ тұрды. Олар сəлəфияны өздеріне ұстаным етіп алып, осы ұран арқылы елді ислам дінінің саф, таза келбетін бұзған жаңсақ пікірлерден, бидғаттардан, хурафалардан тазартуға шақырды. Негізгі мақсат, дінді түсінуде, ғибрат алуда, мінез-құлқын қалыптастыруда мұсылмандарды сəлəф салих (Алла оларға разы болсын) дəуіріндегі қалыпқа түсуге үндеу еді. «Сəлəфия» терминін қолданудағы басты мақсаттары сол кезеңдегі мұсылмандардың құлдырап кеткен жағдайына бұқара халықтың жиіркенішін тудыру болатын. Осы мақсаттарын əуелгі ғасырдағы ислам мен мұсылмандардың гүлденген жағдайы, сондай-ақ кейінгі халықтың басынан кешіріп жатқан ауыр халдерін салыстыра отырып жүзеге асырмақ болды. Осылайша ислам дінін сəлəф дəуірімен байланыстырып, сəлəф дəуірін барша бақыттың, өрлеу мен жақсылықтың ұйытқысы ретінде көрсетуге күш салды. Сол аралықта Мұхаммед бин Абдулуаһһаб7 құрған Уахабизм мəзһабы Нажд8 пен Араб түбегіндегі кейбір жерлерге ғана тараған еді. Бұл ағыммен Мысырда жүріп жатқан діни қалыпқа келтіру қозғалысының арасында ортақ пікір мен көзқарастар бар болатын. Ол хурафаларға жəне бидғаттарға қарсы күресу еді. Міне, осылайша сəлəф пен сəлəфия сөзі Уахабия ағымы өкілдерінің арасында да үлкен қарқынмен таралды. Уақыт өте келе «уахабия» сөзінің орнына сəлəфия қолданыла бастады. Мұндағы мақсаттары уахаби ағымының пікірлері тек Мұхаммед бин Абдулуаһһабтан емес, керісінше сəлəфтардан бастау алады деген ойды қалыптастырып халықты бұл ағымды құруда сəлəфтар ақидасын, пікірлеріне сүйеніп, діни түсініктерін жүзеге асыруда ұстанған жолдарын сақтаушымыз» деп сендіруге шақыру еді. Осы кезеңнен бастап «сəлəфия» ұғымы мысырлық қозғалысқа ғана қолданылған ұран аясынан шықты. Сөйтіп, өздерін өзге мұсылмандарға қарағанда «ақиқат жолындамыз, сəлəф салихиндер (алғашқы ізгі буын) ақидасын сақтаушымыз, исламды түсініп оны 7 Мұхаммед бин Абдул Уаһһаб бин Сулайман əт-Тəмими, қазіргі Сауд Арабия Əн-Нажд (Əр-Рияд) жерінде 1703 ж. дүиниеге келген. 1791 ж. қайтыс болған. Уахабия (Сəлəфия) ағымының негізін қалаушы. Өздерін ханбали мəзһабының өкілдері санағанмен ханбали мəзһабының негізін қалаушы Ахмад бин Ханбалмен көп мəселеде келіспейді. 8 Нажд – қазіргі Сауд Арабиясындағы Əр-Рияд қаласының көне атауы. жүзеге асыруда ұстанған жолдарын таратушымыз» деп есептейтін (уахаби) ағымының өкілдерінің лақабына айналды. СƏЛƏФ САЛИХТАРҒА ЕРУДІҢ НЕГІЗІ ТУРАСЫНДА ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ Сəлəф салихтарға еру олардың айтқан сөздерінің тікелей мағынасынан шықпай қою немесе ұстанған сөйлемдерінің бір бөлігіне ғана келісу емес. Өйткені сəлəф салихтар бұны талап етпеген. Олардың көзқарастарына ерудің дұрыс үлгісі – Құранды тəпсірлеудің немесе астарлы мағыналы аяттардың мағыналарына үңілу қағидаларына сүйену, ижтиһад негіздеріне жүгіну, үкімдер мен ұстанымдарға қатысты қалай пікір жүргізгендеріне көз жүгірту арқылы жүзеге асады. Бұл ұстанымдар мен үкімдерге жүгіну – қай уақытта болмасын мұсылмандардың міндеті саналады. Аталмыш мəтіндер мен ережелерге сүйену тек сəлəф салихтарға ғана емес, хəлəфтарға да қатысты. Сəлəф салихтардың бұл мəселеде халəфтардан еш айырмашылықтары жоқ еді. Негізгі ерекшеліктері қағидалар мен сол қағидаларға жүгінудің қажеттілігін сезіне білу, содан кейін ол қағидаларды негіздеп, қағаз бетіне түсіруде ғана болатын. Шынайы сəлəф салихтарға ерушілер, ол – Құран мен сүннетті түсінудегі сəлəф салихтардың жолын (ислам ғұламаларының бірізділікке түсірген қағидалар мен ережелерін) ұстанушылар. Бұл жол ізгі сəлəф салихтардың (Алла оларға разы болсын) істерінде анық көрініс тапқан. Бұл жолды ұстанған адамның барлығы, кейінгі ғасырларда өмір сүрсе де, əһлү-сүннет уəл жамағат санатына кіреді. Ал аталмыш жолды ұстанбаған адам, Исламның алғашқы кезеңінде ғұмыр кешсе де, бұл жамағат қатарынан шет қалады. Сəлəф салихтарға еру – барлық мұсылмандардың жалпы бағыты. Яғни бұл олардың аталмыш жолды түсінуде жəне оны дұрыс қалпында іске асыруда орындаған əрекеттеріне, ілімдеріне сүйенуді білдіреді. Сондай-ақ ізгі сəлəфтар аталмыш жол аясында белгілі бір мəселеде əртүрлі көзқарас білдіргеніндей, кейінгілер де оларға еріп, олардың жолын ұстана отырып əртүрлі пікір білдіре алады. Сəлəф салихтардың өзара түрлі көзқараста болуы олардың бірлігіне сызат түсіріп, «тура жолды ұстанушы» немесе «тура жолдан таюшы» деп екіге бөлінуіне себеп болмаған. Сол секілді кейінгілердің арасында туындаған пікір қайшылықтары да мұсылмандардың бірлігіне нұқсан келтірмейді жəне сəлəфи мен бидғатшы деп те екі топқа бөлмейді.

Сəлəф салихтар (Алла оларға разы болсын) сəлəф сөзін қандай да бір адамды, пікірді немесе басқа мұсылмандарды қоғамнан алалау мақсатында қолданбаған. Олар өздерінің сенімдері мен мінез-құлық тəрбиесіндегі ұстанымдарын өзгелерден ерекшелейтін айрықша көзқарастағы ислами жамағат ретінде де көрсетпеді. Керісінше сəлəф салихтар мен қазір біз хəлəф деп атап жүрген ғалымдар арасында осы үрдіс негізінде ортақ келісіммен өзара түсіністіктегі қарым-қатынас қалыптасқан. Кейін мұсылмандардың арасынан шыққан бір топтың əрекеті салдарынан олардың арасындағы осы бірлік пен тұтастықты бұзатын бүліктің туындайтындығы сəлəф салихтар мен хəлəфтардың ойына да келмеген еді. Сондай-ақ сəлəф салихтар діннің тармақты мəселелерінде бір ғана жолды ұстанбаған. Фақиһтардың арасындағы тармақты мəселелерге қатысты түрліше көзқарастардың орын алуы сəлəф салихтардың арасында да болған. Сəлəф салихтар іс-амалға қатысты үкімдер мен сенімдегі тармақты мəселелерге байланысты түрлі ұстанымда болған. Сол себепті кейбір тармақты мəселелерге берілген үкімдерді сəлəф салихтардың ұстанымы деп есептеу дұрыс емес. Өйткені, мұндай көзқарастан екі түрлі ой туындайды. Біріншісі: Жекелеген ұстанымдарды сəлəф салихтардың бірауыздан келісіп ұстанған фиқһи (шариғат заңы) жолы деп есептеу. Бұл – құр болжам ғана. Екіншісі: Фиқһ имамдарының табиғин ұстаздарынан жеткізген ұстанымдарын сəлəф салихтардың жолы емес деп ойлау. Бұл – тек бүлікшінің айтатын сөзі. Дұрысы, фиқһ мəзһабтары сəлəф салихтардың ұстанымдарын жеткізуші əрі олардың фиқһқа қатысты көзқарастарын түсіндіруші бірден-бір дəнекер болып табылады. Құран Кəрімнің мутауатир қирағаттары – Алланың кітабын жеткізудің, хадистегі сəнад (тізбекті сақтау) – пайғамбар хадистерін жеткізудің жолы болғаны секілді, фиқһ мəзһабтары да сахабалардың фиқһқа қатысты көзқарастары мен ұстанымдарын жеткізудің жолы болып саналады. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДІНДЕ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ Бүгінгі кездегі өздерін «сəлəфиміз» деп жүргендердің басым көпшілігінің пікірлері, бағыттары, əрекеттері, ұстанған жолдары, мəселелерге берген үкімдерінің негізгі бөлігінің дінге теріс екенін көреміз. Бұл көрініске талдау жасап, зерттеу жүргізген адам бес нəрсеге назар аударуы қажет. Олардың негізгі ойы – талас-тартыс тудырып, жанжалдастыру.Бұл əрекеттері үш нəрседен тұрады. Біріншісі: Əлем жұртшылығы барлық мұсылмандарды жек көреді, оларға үстемдік ету жолында соғысуға əрдайым дайын. Бұл қара ниетті үш топтың əрекетімен жүріп жатыр. Олар сионистер (яһудилер), миссионерлер (христиандар) жəне зайырлылар (діннен оқшауланушылар) деген үштік. Кейде мұсылмандарға қарсы, астыртын түрде қастандық ұйымдастырса, кейде бірнеше мəрте жария түрде де үлгерді. Мұсылмандарға үстемдік қылу үшін үгіт-насихат шаралары қарқынды жүріп жатыр. Оған қарсы тұрарлықтай бізде де дəрмен қалмады. Екіншісі: Жауыздық пен озбырлыққа тойтарыс беріп, ислам əлемінде болып жатқан ауыр жағдай үшін кек алып, дүние жүзімен күресу керек. Күрес екі түрде көрініс табады: біріншісі – лағнетке ұшыраған кəпірлердің көзін жою. Екіншісі – діннен бет бұрған пасықтарды өлтіру. Мұндағы кəпірлер деп отырғандары – екі куəлік сөзін (кəлима шəһəдə) айтпағандардан басқа адамдардың барлығы. Діннен бет бұрған пасықтар дегендері – екі куəліксөзін (кəлима шəһəдə) айтып тұрып, Алла Тағала түсірмеген ислам шариғатынан тыс үкім берушілер жəне олардың пікірлеріне қайшы келушілер. Көріп тұрғанымыздай бұл пікірлердің ішінде адамды жаңылдыратын өтірік, алдау, надандық жатыр. Дегенмен де жастардың көбісі аталмыш пікірлердің жетегінде кетуде. Үшіншісі: Ой-пікірлерінің бұлжымай орындалғанын қалайды. Яғни, олардың бұл бағыты – белгілі бір ұйым немесе мекеме арқылы таралмай, кез-келген жерде осы пікірді қабылдаған адамның – өз еркімен бұйрықсыз, қандай да бір орталыққа бағынбай, қолынан келгенін жасай беруін көздейді. Осының негізінде анархизм ықпалы күшейіп, ел ішінде тамыры тереңге тартары анық. Бұл теория (аталмыш пікір) анархия теориясымен байланысты. Көп адамдар анархизм сөзінің түп-төркінін, мағынасын, тигізер əсерін жəне ғылыми анықтамасын білмесе де,ол соңғы кезеңде саяси, əдеби қолданыстарда кең тараған терминдердің біріне айналды. Дінде шектен шығушылардың бағыты мұсылмандардың дамуына, діни диалогты жаңғыртуына, жалпылама алғанда ислам əлемі қажет етіп отырған өрлеу жолына, жеке алғанда Мысырға анық кедергі келтірді. Бұл фанаттық бағыт – шектен шығуға үгіттейтін идеологияның негізгі ұйытқысы, қоғамның бөлшектенуіне, адамзаттың өмір көшінен кері қалуына, дертке шалдықтыратын қиял жетегінде жүріп, өзіне немесе қоршаған ортаға деген қатынастан тыс қалуға, жалғыз өмір сүруге шақыратын қайнар көз.

Аталмыш фанаттық ой-пікір жоғарыда аталған бірнеше ерекшеліктермен анықталады. Қазіргі таңда бұл жағдайды анықтап, онымен күресу жəне сол ой-пікір ығында кеткен адамдарды барлық тəсілдерді қолдану арқылы оқшауланған орталарынан шығару – баршаның міндеті. Өйткені олар тек өздеріне ғана емес, айналасындағылар мен үмбет жастарының болашағына жəне жалпы қоғамға зиянын тигізері анық. Осы идеология арқылы олар өткен дəуірдегі мəселелерді қазіргі заманға қолданғысы келеді. Нəтижесінде өткен дəуірдегі мəселелерді өршітіп, өздері мен айналасындағылардың арасын бөліп тұратын нормаларға айналдырғанын көресің. Бұл мəселелердің көбісі – əдетғұрыптар, киім кию жəне ішіп-жеу əдебі мен иіс-суды қолдану секілді қажеттіліктерді қамтамасыз етуге қатысты. Идеологияның бұл ерекшелігі өткен дəуірдегі мəселелерді қазіргі заманға алып келіп, бір қырынан əсер етуді көздейді. Өткен дəуірде орын алған қандай да бір істі бүгінгі күннің күрделі мəселесіне айналдырады. Осы идеология негізінде басқа ой-пікірлерге баға беріп, оны қабылдап немесе қарсы шығады. Кім оның идеологиясымен жүрсе, онда онымен бірге, ал кім ол идеологияны қабылдамаса қарсылас көріп, жауласа бастайды. Ақыр соңында қате пікір құрсауында өмір сүріп, қоғамнан оқшауланып қалады. Осының барлығы адамды «өмірдің мəні жоқ» деп есептеуге ұрындырып,өзін-өзі өлтіруге, адамдар арасында жарылғыш заттармен өзін жаруға итермелейді. Өйткені ондай адам өмір ағысына қарсы жүзуде. Ол өзін жалғыз қалғандай, айналасындағы адамдардың көбісі оны өлтіруге тырысып, буындырып жатқандай сезінеді. Сол себептен де оқшаулануға тырысып, даму үрдісінен кері қалдыратын бұл идеологияны өз серіктерінің арасында жаюға ұмтылады. Аталмыш ой-пікірдің тағы бір ерекшелігі – шектен шығу. Бұл пікірдегі адам өмірді қате түсініп, осы қателіктен арылуды індет санайды. Одан арылудың жолы қоғамнан алыстау арқылы жүзеге асады деп біледі. Ол нəрселер – өнер, этика немесе қоғамдық қатынастар мен қарым-қатынас этикасы да болуы мүмкін. Ол адамның өмірді үзуді мақтан еткенін көресің. Бірақ бұл оның қолынан толық келмейді. Сол себепті де оның өмірінде үлкен қайшылықтар басталады. Бір нəрселерді жасап, екінші бір нəрселерден тартынып жүреді. Мұның барлығы өз нəпсісіне (құлқына) еруден туындайды. Бұл құбылыс ғылыми түсінік пен адамзат қоғамының салиқалы санасына қарама қайшы келеді. Осы тұста олардың ғұламаларға сенбей, жекешеленіп, шектен шыққанын байқайсың. Өзінің ойымен бөлісетін шағын топқа ғана сенеді. Бұл оның санасының терең сауаттануына кедергі жасайды. Адамдардың бұл тобы өздерін қаскүнемдіктің құрбанымыз деп ойлағандықтан айналасындағылардың бəрін өздеріне қарсы қастандық жасайтындай көреді. Олар жер бетінен бізді жойып жіберу үшін тырысып бағуда деп санайды. Содықтан да олар айналасындағыларға үнемі қасарысып, қарсы əрекет жасайды. Сондай-ақ олар өз пікірінен басқа барлық пікірлерді төмен санап, менмендік пен тəкаппарлықтың жетегінде кетеді. Оның басқа біреу туралы болжамы, кесімді тұжырымға айналады. Түсіністікке жол ашатын əртүрлі мəселелер олардың түсінігінде ешқандай талқыға салынбайды,олар қалай түсінсе өзгелерде солай түсінуі керек деп ойлайды. Осындай əрекеттері арқылы маңызды істерден бұрын маңызсыз істерді алға тартып, жеке бас игілігін жалпы қоғам игілігінің алдына шығарып, күмəндіні дұрыс нəрседен бұрын қояды. Осының барлығы қоғамға қай жағынан алсақ та кері əсер етеді. Олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі, əрбір жаңа нəрсе – бидғат, ал əрбір бидғат – адасушылық, ал əрбір адасушылық тозаққа алып барады деп үгіттеу арқылы ислам қоғамында болып жатқан реформаларға қарсы тұрулары. Зерттеліп жатқан мəселенің өзегінен үнемі алшақтап, тек сыртқы сипатына ғана мəн береді. Шариғатты (Құран мен сүннет) түсінуде нəпсіге ереді. Арам деген түсініктің аясын кеңейту арқылы мұсылмандардың өмірін қиындатады. Ғұламаларға құрмет көрсету секілді қалыптасқан үрдістен алшақтап, фиқһи (шариғат заңдары) мəселелерде өз беттерімен иджтиһад жасап, ал сенімге қатысты ақида ілімінде ғылымда өзіндік орны жоқ біреулерге еріп, қалыптасқан дəстүрі жоқ адам сияқты таңқаларлық негіссіз жүйемен жүреді. Ғұлама емес адамдарды ғұламадай құрметтеп, ғұламаларды елемейді. Жүзден аспайтын мəселелерде асыра сілтеп адамдарды күпірлікпен жəне пасықтықпен айыптайды. Шектен шығаратын бұл идеологиямен күресуді жалпыхалықтық міндетке айналдырар кез келді. Оған жетелер жол – ғасырлар бойы əһлүсүннет уəл жамағат байрағын көтеріп келе жатқан Əл-Азһар9 жолына шақыру. Əһлү-сүннет өкілдері (сүнниттер), басқа ислами ағымдармен 9 Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында орналасқан мың жылдан астам тарихы бар Əл-Азһар ислам университеті.Алғашқы іргетасы Мысырды Фатимиттер басқарып тұрған кезде 970-ж мешіт болып қаланған. Фатимиттер шииттік бағытты ұстанған. Сондықтан Əл-Азһар басында шииттердің Исмағилия мəзһабына негізделген мешіт жəне діни орталық еді. Кейін Мысыр Салахуддин Айубидің кезінде 1171 ж сүнниттердің қолына өтеді. Осы кезде Əл-Азһарды шииттік негізде деп жауып тастайды. Кейін Мысыр билігі аталарымыз Мəмлүктерге өтеді. Сөйтіп 1266 ж Əл-Азһар Сұлтан Бейбарыстың бастамасымен қалпына келтіріліп, сүнниттік бағыттағы діни оқу орнына айналады. Міне осы кезден бастап күні бүгінге дейін Ислам əлемінде теңдесі жоқ көне əрі ауқымды оқу орны болып саналады. 1961 ж университет атауын алады.

салыстырғанда ортаны ұстанатын хақ жолда болып табылады. Олар Али (Алла оған разы болсын) жəне айналасындағы аз адамдарды ғана мойындап, басқа сахабаларды мойындамайтын шииттер сияқты емес,сахабалардың барлығын мойындайды. Діндердің арасындағы ислам өкілдері қандай болса, Əһлү-сүннет уəл жамағат өкілдерінің, мəзһабтар арасындағы орны сондай. ƏлАзһар ақида саласында мұсылмандардың басым көпшілігі негізге алған Ашғари10 (Матуриди)11 ақидасын ұстанады. Сондай-ақ Əл-Азһар фиқһта сүнниттік Ханафи12, Мəлики13, Шафиғи14, Ханбали15 сынды 10 Ашғари деп бұл мəзһабтың негізін салушы Əбу əл-Хасан Али бин Исмағил əлАшғариға (Алла оны рақымына бөлесін) ерушілерді айтамыз. Имам Ашғари сахаба Əбу Муса (Алла оған разы болсын) əл-Ашғариге жетінші атадан барып қосылады, һижраның 260 жылы Ирактың Басра қаласында дүниеге келіп, 324 жылы қайтыс болған. 11 Матуридия деп бұл мəзһабтың негізін салушы Мұхаммад бин Махмуд Əби Мансур əл-Матуридиге (Алла оны рақымына бөлесін) ерушілерді айтамыз. Имамның арғы тегі сахаба Əбу Айуб əл-Ансариге (Алла оған разы болсын) барып қосылатындығы жайлы дерек бар. Имам Самарқанд қаласының Матурид ауылында дүниеге келген. Ханафи мəзһабын ұстанған. Əбу Мансур əл-Ғиади медресесінде тəлім алған жəне ханафи мəзһабының төртінші буыны болып саналады Əбу Ханифаның шəкірттері Насир бин Иахия əлБалхидан сабақ алған. Фиқһты, ақиданы жəне тағы басқа да діни пəндерді меңгеріп көптеген еңбектер жазған. Заманында болған Муғтазила сияқты қателескен топтарға тойтарыс беріп, аһлү-суннеттің ақидасын қорғаған. Дінге сіңірген ерекше еңбегіне орай оған «Имам əл һудə» тура жолдың имамы деген лақап ат берілген. 12 Ханафи мəзһабы, Имам Əбу Ханифа Нұғман бин Сəбит əл-Куфидің бастауымен қаланған, мұсылмандардың басым көпшілігі ұстанатын, дұрыс əрі сенімді сүнни бағыттағы төрт мəзһабтың бірі. Ханафи мəзһабын ұстанатын елдер: Балқан түбегі, Кавказ аймағы, Мысырдың оңтүстігі, Ауғанстан, Орта Азия елдері, Пəкістан, Бангладеш, Үндістан, Ирак, Сирия елдерінің басым көпшілігі, Түркия, Қытай мұсылмандары. 13 Мəлики мəзһабы, Имам Мəлик бин Анастың бастауымен қаланған сүнни бағыттағы дұрыс төрт мəзһабтың бірі. Мəлики мəзһабын: Солтүстік Африка, Либия, Тунис, Алжир, Судан, Марокко, Маврутания, Иритерия елдері жəне Батыс Африка Синегал, Чад, Мали, Нигерия елдері, Араб жарты түбегі елдері: Бахрейн, Біріккен Араб Əмірліктері, Кувейт, Оман, Сауд Арабиясының кейбір аймақтары. Кейбір Таяу Шығыс елдері ұстанады. 14 Шəфиғи мəзһабы, Имам Мұхаммед бин Идрис əш-Шəфиғидың бастауымен қаланған сүнни бағыттағы кең тараған төрт үлкен мəзһабтардың бірі. Шəфиғи мəзһабын: Палестина, Мысыр, Иордания, Индонезия, Малайзия, Шығыс Африка елдері, Сауд Арабиясының кейбір аймақтары, Йемен, Сирия, Ирак, Оман, Кавказ елдерінің кейбірі ұстанады. 15 Ханбали мəзһабы, Имам Ахмад бин Ханбалдың бастауымен қаланған сүнни бағыттағы төрт мəзһабтың бірі. Дегенмен алдыңғы үш мəзһаб сияқты өте қатты төрт мəзһабты оқытады. Көпшіліктің немесе жеке бір ғұламаның иджтиһадына тыйым салмайды. Сондай-ақ Ибадия16, Заһирия17, Имамия18, Зəйдия19 сынды халық ұстанып жүрген мəзһабтардың, дұрыс ойларын алуды жоққа шығармайды. Тіпті аталмыш сегіз мəзһабтан бөлек фиқһ кітаптарында келген сексеннен астам мəзһаби ойларды да назардан тыс қалдырмай ислам фиқһының бай мұрасынан сусындауды да құп көреді. Немесе қазіргі заман қажеттіліктері мен Мысыр игіліктеріне сай келетін жəне айналамыздағы мына əлем ағымына сəйкес құран мен сүннеттен алуға болатын үкімді бұрыс көрмейді. Орта жолды көздейтін Əл-Азһардың бағыты – адам жанын, ақылды, дінді сақтау, адамды құрметтеу жəне оның мүлкіне қол сұқпау сынды жоғары мақсаттарды жүзеге асыру. Бұл – жалпы жүйені, адам құқықтарын, шариғаттың ұлы мақсаттарын, адамзат пен ислам өркениетінің келбетін көрсететін жол. Əл-Азһар ахлақ (көркем мінез) ілімімен қатар адам жүрегін тəкаппарлық, қырсықтық сынды жаман қасиеттерден тазартып, жақсы қасиеттерге толтыруды үйретіп, пайдалы ілімге, Алла Тағала мен Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бойсұнуға жəне арамыздан шыққан басшыларға бағынуға шақырады. таралмаған. Негізінен Араб Түбегі елдерінде таралған. Кезінде Сауд Арабиясының негізгі ресми мəзһабы болған. Бірақ Уаһабия ағымы салдарынан Сауд Арабиясының ұстанымы мен мəзһабы өзгерген, нəтижесінде Ханбали мəзһабынан ауытқып кеткен. 16 Ибадия мəзһабы, Абдулла бин Ибад деген кісінің бастамасымен құрылған сүнни бағыт пен шииттік бағыттан бөлек, харижиттерге жататын фиқһ мəзһабтарының бірі. Негізі Оман жерінде қалыптасқан. Бірақ Либия, Алжир, Тунистің кейбір жерлері ұстанады. 17 Зоһирия мəзһабы, Дəуд бин Али əз-Заһиридің бастауымен һижраның үшінші ғасырында Бағдадта басталған сүнни бағыттағы фиқһ мəзһабтарының бірі. Кейін Андалусте (Испанияда) Али бин Хазм əл-Андалуси жалғастырады. 18 Имамия мəзһабы, мұсылмандарға имам болған адам міндетті түрде əһлү бəйттан (Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) отбасынан) болуы керек жəне күнəдан пəк болуы керек деп сенетін, шииттік бағытта қалыптасқан фиқһ мəзһабтарының бірі. Бұлар бүгінгі таңда Иснə ғашария (яғни он екі имам) деп аталады əрі шииттердің басым көпшілігін құрайды. Имамия – Иснə ғашарияның басым бөлігі Иранда жəне кейбір араб өлкелерінде бар. 19 Зəйдия мəзһабы, Зайд бин Али есімді адамның бастауымен басталған шииттік бағыттағы фиқһ мəзһабтарының бірі. Басым көпшілігі Иемен жерінде тұрады.

ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНЕ НЕГІЗ ЕТІП АЛҒАН ЕҢ МАҢЫЗДЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ Шектен шығушылар, үмбеттің маңызды емес мəселелерінің бірсыпырасын негізгі мəселе етіп алған. Олардың бас ауыртқандары – діннің негізіне жатпайтын мəселелер. Шектен шығушылар бұл мəселелерді мұсылмандарды бөлу үшін қолданады. Көптеген топтарда, аталған мəселелер тартысты емес, бірауыздан келісілген мəселелер ретінде қалыптасқан. Ол топтардың пікірінше, ақиқат тек өздерінің жағында. Олардың ойларынан бөлек пікір білдірушілер дінбұзар, пасық, тура жолдан тайған немесе ең кемінде ислам нормасын сақтамайтын, жеңіл қарайтын немесе Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жолына ермейтіндердің қатарына жатады. Олар мұсылмандарды осындай мəселелермен бастарын қатырып, əуре-сарсаңға салуда. Бұл мəселелерде ұстанған жолдарының дəлелдері көбіне əлсіз немесе шəз (негізге қайшы келетін сирек нəрсе) болып келеді. Төменде осы мəселелерге жауап беруде ғұламалардың сүйенген дəлелдері баяндалады. Мұндайқисыны жоқ пікірлер мен көзқарастарды мұсылмандарды бір-бірінен айырып, бөлшектейтін өлшем ретінде алуға болмайды. Керісінше негізгі өлшем – Алла Тағала мен Оның Елшісін (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүю жəне үмбеттің бірауыздан келісіп сүйенген негіздері арқылы болады. Олардың сүйенген мəселелерінің ішінен тек 17 мəселе іріктеліп алынды. Олар: 1 – Алла Тағалаға мекен беру; 2 – Ашғарилерді кемсіту; 3 – Фиқһи мəзһабтарға еріп, олардың ұстану жолын жоққа шығару; 4 – Білімсіз, жүйесіз пəтуа беру; 5 – Мұсылмандардың басым көпшілігін бидғатпен айыптауға түрткі болған бидғат түсінігінің аясын кеңейту; 6 – Дұға қылған кезде Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) құрметіне деп сұрауды (тəуассулды) харамға шығарып, оны Аллаға серік қосу деп санау; 7 – Ішінде мазарлар салынған мешіттерде намаз оқуды харамға шығарып, оларды міндетті түрде бұзу керек деп ашық айту; 8 – Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мен ізгі тұлғалар арттарынан қалдырған заттармен тəбəрік (тəбаррук) етуді Аллаға серік қосу деп есептеу; 9 – Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туған күнін атап өтуді харамға шығарып, бидғат жəне адасушылық деп санау; 10 – Пайғамбарымыздың қабіріне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зиярат жасауды жəне басқа да пайғамбарлар мен ізгі тұлғалардың қабірлеріне зиярат жасауды харамға шығару; 11 – Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үміт артуды, шапағат сұрауды кіші ширк деп санау; 12 – Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасы Қиямет күні тозақта деп үкім беру; 13 – Мəйітке қандай да бір нəрсенің жетуін (мысалға, құран бағыштау, дұға ету) жəне оны зиярат жасаған адамды сезуін мойындамау; 14 – Көп зікір жасауды жоққа шығару; 15 – Тəспі санау; 16 – Сырт келбетке аса қатты мəн беріп, құлшылықты киім киюмен өлшеу; 17 – Түсінбей тұрып амал жасауға ұмтылу жəне уағыз бен ілімнің арасын айыра алмау. Енді осы мəселелердің əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық: * * * 1. Алла Тағалаға мекен беру Шектен шығушылардың көтеріп жүрген негізгі мəселелерінің бірі – Алла Тағалаға мекен, тарап беру. Олар Алла тағаланың физикалық тұрғыдан жоғары сипатын бекіту керек деп сенеді. Олардың қасарысып ұстанған бұл тұжырымдары, өте Пəк, аса Ұлы Алланы пəктеуге қарама-қайшы келеді. Бұның себебі: Али бин Əби Талиб20 (Алла оған разы болсын): « »כאن اų و ź Ĩכאن، و İij اŴن Đĥĵ Ĩא ĐĥĻį כאن «Мекен болмай тұрып Алла Тағала болды, Ол қазір де солай»,21 – деген. 20 Əбу əл-Хасан Али бин Əби Талиб əл-Һашими – исламды алғаш қабылдаған сахабалардың бірі əрі исламды қабыл еткен жас балалардың алғашқысы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) күйеу баласы əрі немере ағасы Əбу Талибтың баласы. Құран тəпсірін білген, төрт əділетті халифаның төртіншісі, ғалым сахаблардың бірі болған (Алла оған разы болсын). 21 Əл-Бағдади «Əл-фарқу байнал-фирақ» кітабы, 1\321.

Имам Əбу Ханифа22 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: ź »ĜĥÛ : أ رأĺÛ Ĥij ĜĻģ: أĺī اų ÜđאĤĵ؟ ĺĝאل Ĥį: כאن اų ÜđאĤĵ و Ĩכאن Ĝ×ģ أن ĺíĥě اĤíĥě، و כאن اų ÜđאĤĵ و Ĥħ ĺכī أĺī و ź ìĥě و ź üĹء، و İij ìאĤě כģ üĹء «. Əбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Егер Алла Тағала қайда?» – деген сауал қойылса, оған: «Жаратылыстарды жаратпай тұрып, мекен болмай тұрып, Алла Тағала болды. Мекен, жаратылыс тіпті еш нəрсе болмай тұрып та, Алла Тағала болған жəне ол бүкіл нəрсені Жаратушы»,23 – деп жауап берген. Имам Шафиғи24 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: ÙĻĤ» إĬį ÜđאĤĵ כאن و ź Ĩכאن، Ęíĥě اĤĩכאن و İij Đĥĵ ĀęÙ اŶز כĩא כאن Ĝ×ģ ìĥĝį اĤĩכאن، و ź ĺåijز ĐĥĻį اĤÝĕĻĻó Ęĵ ذاÜį، و ź اĤÝ×ïĺģ Ęĵ ĀęאÜį «. «Мекен болмай тұрып Ұлы Алла болды, Ол мекенді жаратқан. Мекенді жаратпай тұрып əзали (басталусыз) сипатында болған. Оның Өз затында өзгеру мен сипаттарының ауысуы мүлде болмайды»25. 22 Оның азан шақырып қойған əрі толық аты-жөні – Нұғман бин Сəбит бин Зузо бин Марзубəн əл-Куфи (Алла оны рақымына бөлесін). Ол ханафи мəзһабының негізін салушы, һижраның 70-80-ші жылдар аралығында дүниеге келіп, 150 ші жылы қайтыс болған. Əбу Ханифа жас кезінде бірнеше сахабаны көргендіктен табиғин саналады. Ол көзін көрген Əнас бин Малик хижраның 93-ші жылы, Абдуллаһ бин Ауф 87-ші жылы, Уəйла бин ал-Асфағ 85-ші жылы, Саһл бин Сағд 88-ші жылы қайтыс болған. Ал Əбу ат-Туфайл Ғамир бин Уəйла (Аллаһ оларға разы болсын) хижраның 102-ші жылы ең соңғы дүниеден өткен сахаба. Бұл деректер Имам ас-Суютийдың (Алла оны рақымына бөлесін) «Табиид ас-сахифа би манақиб Əби ханифа», «Ал-манақиб лил макки» кітаптарында баян етіледі. Басқа бір деректерде он бір сахабаны, жүздеген табиғинді көрді деп айтылады. 23 Əбу Ханифа «Əл-фиқһул-абсат» кітабы. 24 Оның азан шақырып қойған əрі толық аты-жөні Мұхаммед бин Идрис əш-Шəфиғи əл-Құраши (Алла оны рақымына бөлесін). Шəфиғи мəзһабының негізін қалаушы һижраның 150-ші жылдары дүиеге келіп, 204-ші жылы қайтыс болған. Фиқһ, фиқһ негіздерін терең меңгерген хадистанушы мұжтаһид имамдардың бірі. 25 Əз-Забиди əл-Ханафи «Итхафус-садатил-муттақин» кітабы, 2\25. Имам Тахауий26 (Алла оны рақымына бөлесін) өзінің «Баян əссүннати уəл жамаға» кітабында: و ĐŻ ĨijĀijف Öāęאت اĤijèïاĬĻÙ، Ĩĭđijت Öĭđijت اĤęóداĬĻÙ، ĤĻ÷ Ęĵ Ĩđĭאه أèï Ĩī اĤ×óĺÙ، و ÜđאĤĵ اų Đī اĤéïود و اĤĕאĺאت و اŶرכאن و اŶĐąאء و اŶدوات، ź Üéijĺį اĤåıאت اĤùÛ כùאئó اĤĩ×ÝïĐאت «. «Кім Алланың сипаттарын жоққа шығарудан (нəфи), жаратылғандарға ұқсатудан (тəшбиһ) сақтанбаса қор болып, Алланы пəктегенболып саналмайды. Ақиқатында аса Ұлы Раббымыз жалғыздық (уахдания) сипаттарымен, даралық (фардания) сипаттарымен сипатталған27. Жаратылыстардың ішінде оған ешкім ортақ емес. Шектеулерден, сүйемелдерден, мүшелерден, құралдардан пəк, барлық жаратылыстар сияқты Оған алты тарап тəн емес»,28 – деп бұл мəселенің астын сызып тұрып айтқан. Мұсылмандар Алла Тағала қадим (əуелі жоқ) сипатына ие екеніне иман келтірген, аса пəк Ұлы Аллаға мекен беру мүмкін еместігін ақиқат иелерінен алған. Алла Тағала басталусыз, яғни кейіннен пайда болмаған немесе бар болуының əуелі жоқ. Бұл ұстаным Алланың Кітабы Құранда: ﴾ُ﴿İُijَ اŶْ َوَّل 26 Оның азан шақырып қойған жəне толық аты-жөні – Имам Ахмад бин Мұхаммад бин Сəлəма Əл Аздий Əл Мысрий Əт Тахауий (Аллаһ оны рақымына бөлесін). Мысырдың Тоха деген ауылында Һижраның 229-шы жылы, кейбір деректерде 239-шы жылдары (алтын ғасыр атанған Сəлəф заманында) дүниеге келіп, һижраның 321-ші жылы дүниеден өткен. Туған нағашысы Исмағил бин Яхия Əбу Ибраһим Əл Музаний Əл Мысридан дəріс алып, фиқһты үйренген. Ол Ханафи мəзһабында бола жүріп, ханафилық əрі хадисшы Əбу Жағфар Ахмад бин Əби Ғимран Əл Бағдадидан сабақ алады. Кейін һижраның 268-ші жылы Шамға барып Əбу Хазимнан (Алла оларға рахым етсін) ханафи əрі шафиғи мəзһабының фиқһын үйренеді. Мұсылман құқығында орны бөлек, мəртебесі биік ханафи мəзһабына үлкен еңбек сіңірген ғалым. Сондықтан Имам Тахауи ханафи мəзһабының мəшһүр имамдарының бірі саналады. Ол – ілімі телегейтеңіз əрі көптеген еңбектер жазған ұлы ғалым (Алла оған рахым етсін). 27 Алла Тағаланың сипаттары жалғыз, яғни Аллада бір түрлі екі сипат бар немесе екі құдірет, екі есту сипаты бар деп айтылмайды. Мысалы, Аллада екі құдірет, екі есту сипаты бар деген сияқты. Алла Тағаланың сипаттары бір-бірден дара. 28 Əбу Жағфар əт-Тахауи «Баян əс-сүнна уəл жамаға» кітабы.

«Ол – Алла əуелгі»29 деген. Сондай-ақ Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мына бір хадисінде: « » أĬÛ اŶول ĘĥĻ÷ Ĝ×ĥכ üĹء «Сен əуелгісің, Сенен бұрын еш нəрсе болған емес»,30 – делінеді. Хақ тағаладан бұрын қандай да бір нəрсенің болуы немесе қандай да бір нəрсенің Онымен қатар болуы мүмкін еместігін қидам (əуелгі) сипаты білдіреді. Сол себепті аталмыш қидам сипаты, Одан бұрын қандайда бір нəрсенің бар болуы түсінігіне қайшы келеді. Ұлы Алланың сипаттары да Өзі сияқты қадим əрі жаратылыстардың пайда болуымен бірге өзгермейді. Алла Тағалаға тарап (жиһа) пен мекен (макан) бекіту – Алла тарап жағынан (фауқия) жоғары болу сипатына тек əлемді жаратқаннан кейін ғана ие болды,əлемді жаратпай тұрғанда төменгі тарап жоқ болғандықтан жоғары тарапта болмаған деген мағынаға саяды. Осы тұрғыдан алғанда мекен жағынан (яғни, физикалық тұрғыдан) жоғарылау немесе жоғары мекенге көтерілу кейіннен туындаған сипат болады. Ал бұл Ұлы Аллаға тəн сипат болуы əсте мүмкін емес. Мұсылмандар Алла Тағала ешқандай жаратылысқа ұқсамайды деп сенеді, яғни Ол жаратылыстардың болмыстарына ұқсамайды дегенді білдіреді. Бұл сипат жирамия (мөлшерлік), ғарадия (елестік), куллия (бір тұтас денелік), жузия (бөлшектік) сынды нəрселерге қарама-қайшы жəне аталмыш ерекшеліктер Алла Тағалаға тəн емес. Жирамияға бір заттың құрамында болу сипаты, ғарадияға басқа бір заттың əсерімен пайда болу сипаты, куллияға үлкею жəне бөлшектену сипаты тəн, жузияға кішірею жəне т.б. сипаттар сəйкес келеді. Егер шайтан адам: «Жаратушы иеміз жирам, ғарад, кулл, жуз болмаса, онда Оның ақиқаты қандай?» – деп, адам: «Алланы өзінен басқа ешкім білмейді», – деген жауап қайтаруы. Бұл сипат Алла Тағаланың мына бір сөзінен алынған: «Оған ұқсас еш нəрсе жоқ. Ол – Алла, əр нəрсені естуші, толық көруші»31. Бұны Убай бин Кағбтан32 (Алла оған разы болсын) риуаят етілген мына бір хадистен де байқауға болады: 29 «Хадид» сүресі, 3-аят. 30 Муслим «Сахих» кітабы, 4\2084. 31 «Шура» сүресі, 11-аят. 32 Убай бин Кағб бин Қайс аңсарлық сахаба, уахи жазушылардың біріəрі Құран Кəрімді жақсы білген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Құран Кəрімді төрт адамнан алыңдар» деген төрт адамның бірі (Алла оған разы болсын). İُijَ اųَّ ُ أَèَ ïٌ، اųَّ ُ اĤāَّ ĩَïُ﴾ Ĝאل: اĤāĩï اĤñي Ĥħ ĺĥï: ﴿ Ĥَħْ ĺَĥِïْ وَĤَħْ ĺُijĤَïْ ، وَĤَħْ ĺَכُ īْ Ĥَįُ כُęُijًا أَèَ ïٌ﴾، ŶĬį ĤĻ÷ üĹء ĺijĤï إź øĻĩijت و ĤĻ÷ üĹء ĺĩijت إź øĻijرث و أن اų ź ĺĩijت و ź ĺijرث: ﴿وَĤَħْ ĺَכُ īْ Ĥَįُ כُęُijًا «Мүшріктер: «Ей, Мұхаммед, Раббыңды бізге сипаттап берші», – дейді,сонда Алла Тағала: «Айт, Ол – Алла жалғыз, Алла – мұңсыз»33деген аятты түсіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): Мұңсыз дегені туылмаған мағынасында: «Ол тумады да, туылмады, Оған тең келер ешкім жоқ»,34 – деген. Өйткені туылған нəрсе өледі, өлген нəрсенің артынан мұрагерлік жүреді, ал Алла өлмейді де, артынан мұрагерлік те жүрмейеді: «Оған тең келер ешкім жоқ». Оған ұқсайтын, жəне Онымен тең Ол сияқты еш нəрсе жоқ»,35 – деген. Алла Тағала Өзін жəне Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Оны ұқсасы жоқ, кемшіліктерден пəк деп сипаттаған. Міне осы дəлелдерді негізге алған момындар Жаратушының жаратылыстарға ұқсамайтындығын түсінген. Сол себепті Алла Тағаланы жаратылыстарға ұқсатып сипаттауға түрткі болатын сұрақ қоюға мүлде болмайды. Ұлы Аллаға қатысты затының тарапы мен мекенін меңзеу мақсатында ғана «қайда?» деп сұрақ қоюға болмайды. Тек Оның иелігіндегі нəрселерді немесе періштелерін, сондай-ақ сұрауға болатын қандай да бір нəрсені тану мақсатында оған «қайда?» деген сұрақ қойылады. Сондықтан шариғаттағы «қайда?» деп келген сұрақтар мен сыртынан қарағанда тарапты білдіретін хабар мəтіндерінің мағынасына тəуил36 жасалады. 33 «Ықылас» сүресі, 1, 2-аяттар: 34 «Ықылас» сүресі, 3, 4-аяттар. 35 Əл-Хаким «мустадрак» кітабы, Ықылас сүресінің тəпсірі, 2\589. 36 Тауил сөзінің тілдік мағынасының аясы өте кең. Ол көптеген ұғымды білдіреді. Солардың бірқатарын мысалға келтірелік: Қайтару, Қайту, Талап қылу, Баяндау. Тауил сөзінің діндегі қолданысы,мұтəшəбиһ аяттармен хадистерде келген мұтəшəбиһ сөзге Құдай Тағаланың Өзіне лайықты дəрежеде астарлы мағына беріп түсінуді айтады.

* * * 2. Ашғарилерді кемсіту Шектен шыққандардың тағы бір жаласы – ашғари ғұламаларын адасқан топқа жатқызулары. Осы тұста өздерін ғана ақиқат жолындамыз деп өзге мұсылмандарды кемсітіп, адасқан деп айыптап, көпшілікке қарсы шығуды оғаш көрмейтін харажидтердің37сипаты анық көрініс тауып отыр. Ашғарилер – Имам Əбу əл-Хасан əл-Ашғаридің ізіне ергендерге берілген атау. Сонда бұл имам кім? Ғұламалар ол туралы не деген? Осыған тоқталып өтсек. ИМАМ ƏБУ ƏЛ-ХАСАН ƏЛ-АШҒАРИ ЖƏНЕ ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ОНЫҢ МƏЗҺАБЫНА БЕРГЕН ОҢ БАҒАЛАРЫ Толық аты-жөні – Əбу əл-Хасан Али бин Исмағил бин Əбу Бишр Исхақ бин Сəлим бин Исмағил бин Абдулла бин Муса бин Билəл бин Əбу Бурда Амир бин Əбу Муса əл-Ашғари, оның тегі сахабаға барып тіреледі (Алла оны рақымына бөлесін). Əбу Хасан əл-Ашғари ғұлама (Алла оны рақымына бөлесін) һижра бойынша 260 жылы Басрада дүниеге келген. Һижри 270 жылы туылған деген дерек те бар. Дүниеден өткен жылы туралы əртүрлі пікірлер келген, соның бірі ғұлама һижри 333 жылы дүниеден өткен десе, басқа деректе өмірден озған жылы һижри 324 жыл делінген. Тағы бір дерек бойынша һижри 330 жылы дүние салған деп келеді. Бағдадта дүниеден өтіп, əл-Карх пен Басра қақпасының арасында жерленген. Əбу əл-Хасан əл-Ашғари (Алла оны рақымына бөлесін) сүнниттік жанұядан шығып, сүннит бағытын ұстанатын ғалым болған. Өскеннен кейін Əбу Али əл-Жуббайидың алдында Мұғтазил38 бағытында ілім 37 Харажиттер, Исламда алғаш пайда болған саяси топтардың бірі. Мұсылмандардың үшінші халифасы Осман бин Аффан мен Али бин Əби Талибтың (Алла оларға разы болсын) тұсында пайда болды. Осы кездегі мұсылмандар арасында пайда болған саяси шиеленістің нəтижесінде, харажиттер өз ұстанымдарын ашық көрсетіп, ешкімді мойындағылары келмеді. Кейін уақыт өте келе саяси тұрғыда пайда болған топ, өзінің діни ұстанымдарын қалыптастырды. Нəтижесінде Исламдағы қателесуші, адасушы топтардың біріне айналды. 38 Мұғтазила ағымы, Исламда алғаш пайда болған сенім (ақида) ағымының бірі. Алғашында Басра қаласында көрініс табады. Кейін Аббаситтердің алғашқы кезеңінде, олардың дəуірі туып өрістері кеңейді. Алғаш негізін қалаушы Уасыл бин Ато болған. алып, ұстазының жолымен жүрді. Кейін мұғтазил көзқарасынан қайтып, жұма күні Басрадағы үлкен мешітте орындыққа көтеріліп, бар даусымен: «Кім мені таныса, таныр. Ал, кім мені танымаса онда мен оған өзімді таныстырайын. Мен пəленшенің ұлы пəленшемін. Мен Құран жаратылған, Алла тағаланы адамдар көрмейді деп айтқанмын. Енді мен тəубе етіп, бұл пікірімнен түпкілікті бас тарттым. Мұғтазилиттерге қарсы жауап беруге құлықтымын жəне олардың қателіктерін паш етемін»,39 – дейді. Фиқһтанушы Əбу Бакр əс-Сайрафи40 (Алла оны рақымына бөлесін): «Мұғтазилиттер бас көтерген болатын. Ақыры əл-Ашғари шығып, оларды күнжіт сабағына тығып тастады» – деген»41. Əл-Қади Ғияд əл-Мəлики42 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Ол Əһлү-сүнна адамдарына арнап еңбектер жазды. Сүннетті ұстанудың болатындығына жəне бидғатшылардың Алланың сипаттарын, Оны көру нығметін, сөзі мен құдіретінің қадим (басталусыз) екендігін жоққа шығарған пікірлеріне қарсы дəлелдер келтірді. Əһлү-сүнна өкілдері оның кітаптарын оқып, одан ілім алды. Оның алдында отырып тəлім көрді, оның жолымен фиқһ ілімін үйренді, сүннетті қорғау тəсілдерін жəне осы үмбетке көмектесу жолында дəлелдер келтіру əдісін үйрену үшін артынан ерген шəкірттері көбейді. Сол себепті шəкірттері оның есімімен аталды. Кейін шəкірттерінің шəкірттері шығып ашғариттер деген атпен танымал болды. Одан алдын мұғтазилиттер оларды «мусбита» (сипаттарды мойындаушылар) деп атаған. Себебі олар (ашғарилер) мұғтазилиттердің шариғат пен сүннетті жоққа шығаратындықтарын дəлелдеп беріп отыратын. Шығыс пен Батыс əһлү-сүннет жолын ұстанып, оның дəлелдерін келтіріп, ілімде сол жолмен жүреді. Ғалымдардың барлығы оның ұстанған жолының дұрыстығын атап, оң баға берген».43 39 Ибн Əн-Надим «Фиһрист» кітабы, 231 бет. «Уафаятул-ағиян» кітабы, 3 том, 275 бет. 40 Мұхаммед бин Абдулла əл-Бағдади əс-Сайрафи əш-Шəфиғи һижраның 330 жылы дүние салған. Фиқһ жəне фиқһ негіздерін жетік меңгерген Шəфиғи мəзһабының ғалымы. 41 Бұл дерек пен ғұламалардың Ашғари туралы айтқан сөздерін имам Зəһабидің «сияр ағлам əн-нубала» кітабынан қараныз, 15-том, 85-бет. 42 Əбу əл-Фадыл Ғияд бин Мұса əс-Сабти əл-Ияхсаби һижраның 476 жылы туылып, 544 жылы дүние салған. Фиқһ, тарихтанушы Мəлики мəзһабының ғалымы. 43 Қади Ғияд «Тартибул-мадарик» кітабы, 5\24, 25 беттер.

Қади бин Фархун əл-Мəлики44 (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Ол əһлү-сүнна өкілдеріне арнап кітаптар жазған. Сүннет жолын ұстанудың қажеттілігін, сондай-ақ, Алланың сипаттарын, оған қатысты риуаяттарды жоққа шығарған бидғатшыларға (дін бұзарларға) қарсы кітап пен сүннеттен, рационалдық тұрғыдан анық дəлелдер келтірген. Мұғтазилиттер мен олардан кейін келген материалистердің тудырған күмəндарын сейілтіп, сол туралы еңбектер жазды. Алла Тағала үмбетке, оның еңбектерін пайдалануды нəсіп етті. Мұғтазилиттермен пікірталастар жасап, олардан басым түсті. Əбу əл-Хасан əл-Қабиси оны мақтаған жəне Ашғаридың мəзһабы туралы сұраған адамдарға арнап ғылыми еңбек жазған. Кітабында ғұламаны мақтап, əділ баға берген. Сондай-ақ Əбу Мухаммад бин Əбу Зейд пен одан да басқа ғұламалар Ашғариға оң баға берген»45. ƏҺЛҮ-СҮННЕТ УАЛ ЖАМАҒАТТЫ АШҒАРИЛЕР ДЕП ЕСЕПТЕУ НЕНІ БІЛДІРЕДІ? Мұсылмандар өзара қайшылыққа түсіп, Аллаға жəне Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) деген əдептілікті сақтамайтын бидғатшылар пайда болғанда, адамдардың санасында бидғатшылардың айтқанын жөн екен деп, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мен сахабалардың ақидасы осы екен деген түсінік қалыптасты. Осы кезде Пайғамбармызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оның сахабаларының ақидасын түсіндіретін Əбу əл-Хасан əл-Ашғари секілді бір тұлға керек болды. Əбу əл-Хасан əл-Ашғари (Алла оны рақымына бөлесін) ақидада жаңа мəзһаб ойлап шығарған жоқ, ол тек əһлү-сүннет уал жамағат мəзһабын түсіндіріп жеткізді. Əс-Субки46 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Əбу əл-Хасан əл-Ашғаридыңжаңа пікір ойлап тауып, мəзһаб құрмағаны 44 Ибраһим бин Али бин Мұхаммед бин Фархун жетінші ғасырдың аяғы сегізінші ғасырдың басында өмір сүрген, Мəлики мəзһабының үлкен ғалымдарының бірі болған. Қазылық қызметін атқарған. 45 Ибн Фархун Əл-Мəликидың «əд-дибаж əл-музаһһаб фи мағрифа ағян улама əлмəзһаб» кітабы, 194 бет. 46 Əбу Насыр Тəжуддин бин Абдул Уаһһаб əс-Субки һижраның 727-771 жылдар арылығында өмір сүрген Шафиғи мəзһабының үлкен имамдарының бірі. Фиқһ, хадис, ақида, тарих ілімдерін жетік меңгерген. анық. Ол тек ілгеріде өткен сəлəф салихтардың мəзһабын түсіндіріп, жеткізе білді. Ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабалары жүрген жолды қорғаушы ғана. Ол сəлəф салихтар жолын айқындап, сол жолды ұстанып, қорғау жолында бұлтартпас дəлелдер келтіргендіктен ашғарилік əһлү-сүннет деп аталған. Ашғаридың дəлелдер келтіру жолымен жүріп, оған ергендер ашғарилер деп аталып кеткен». Əс-Субки əл-Майарқи əл-Мəликидің мына сөзін келтіреді: «Əбу əлХасан əһлү-сүнна тілімен сөйлеген бірінші адам емес. Ол тек өзінен бұрын өткен ғұламалардың жолымен жүріп, əһлү-сүннетті қорғау жолында еңбек еткен. Содан аталмыш мəзһабтың дəлелдерінің қолдану аясымен халыққа түсіндіру өрісі кеңейе түсті. Ол өз бетімен сөз айтып, мəзһаб ойлап тапқан жоқ. Мəдина халқының мəзһабы Имам Мəликке жататынын көрмейсің бе, кім Мəдина халқының мəзһабында болса оған мəлики деп айтылады. Ал Мəлик тек өзінен бұрын өткендердің жолымен жүрген жəне өзінен бұрын өткендерге көп еретін. Алайда мəзһабтың аясы кеңейе түскенде соның атымен байланысты аталып кеткен. Əбу əл-Хасан əл-Ашғари де сол сияқты, еш айырмашылық жоқ. Ашғаридың да сəлəф салихтардың мəзһабы туралы жазған түсініктеме мен анықтамалары жəне олардың жолын қорғау үшін жазған еңбектерінен бөлек еш нəрсесі жоқ»,47 – деген. Сонымен қатар əс-Субки былай дейді: «Ханафилер, Шафиғилер, Мəликилер, Ханбалилердің ақидалары бір. Олардың барлығы əһлүсүннет уəл жамағат сенімінде, сүннеттің шейхы болған Əбу əл-Хасан əл-Ашғаридың (Алла оны рақымына бөлесін) жолы арқылы Аллаға құлшылық қылады....», кейін ол сөзін былай деп жалғастырады: «Əһлүсүннет ұстанымы саналатын Əбу Жағфар əт-Тахауидың ақидасына тура келгендіктен, ғұламалар Ашғаридың ақидасын дұрыс деп есептеген»48. Ғұлама Ибн Абидин əл-Ханафи49 (Алла оны рақымына бөлесін) өз кітабында: «Егер ақидамыз туралы сұралсақ» деп айтқан сөзі бар. Яғни ақидамыз деген сөзі тармақты мəселелерді қоспағанда, ұстанатын сеніміміз туралы сұралсақ деген мағынада айтылған. Бұл əһлүсүннет уəл жамағат ұстанған, яғни Ашғарилер мен Матуридилер ұстанған сенім. Олар бірімен-бірі келіседі, тек кейбір негізгі емес 47 Имам əс-Субки «Табақат аш-шафиғия əл-кубра» кітабы, 3 том, 367 бет. 48 Имам Тəжуддин əс-Субки«Муғидун-ниғам уа мубидун-ниқам» кітабы, 62 бет. 49 Мұхаммед Амин бин Омар Ғабидин əл-Ханафи һижраның 1198-1252 жылдар аралығында өмір сүрген Ханафи мəзһабының үлкен имамдарының бірі. Шам өлкесінің фиқһтанушысы болған.

мəселелерде ғана екіге бөлінеді. Жоғарыда баяндалғандай олардың кейбіреулері бұл мəселелерді тілдік тұрғыдағы айырмашылықтар ретінде ғана есептеген», – деген.50 Осы айтылғанның барлығын негізге ала отырып: «Расында ашғарилердің ақидасы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне сахабаларының (Алла оларға разы болсын) ақидасы деп айтсақ, «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қирағатының басым көпшілігі Нафиғ51 қирағаты» деп айтылғандай, сөзіміз шындыққа жанасып, ақиқатты айтқан боламыз. Нафиғ (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көрмеседе, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сияқты оқитын болған. Ол бұл қирағатты жаттап, сақтап қалған. Осыған байланысты «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қирағатының басым көпшілігі Нафиғтен жеткен» деп айтылған. Айтылған дерекке сүйене отырып, Ашғарилердің ақидасын Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын), сахабаларының ақидасы деп айтуға толық негіз бар. АШҒАРИЛЕРДІ КЕМСІТУШІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ БЕРГЕН ИБН РУШДТЫҢ ПƏТУАСЫ Мəзһаб шейхы атанған имам ибн Рушд əл-Жадд əл-Мəликиге52 (Алла оны рақымына бөлесін) Мəлики ғалымдарының ашғари имамдарына қатысты түйген пікірлері жайында жəне ашғарилерді кемсіткен адамдарға айтылар үкім туралы сауал қойылған. Бұл сауал имамның пəтуалар кітабының, 2 томының, 802 бетінде келтірілген. Сұрақ пен жауаптың мəтіні мынадай: Үлкен Фақиһ Қазы Əбу əл-Уəлид53(Алла 50 Хашия ибн Абидин атымен белгілі «раддул мухтар алад дуррул мухтар» кітабы, 1-том, 49 бет. 51 Нəфиғ бин Абдурахман бин Əбу Нұғайым əл-Лəйс Құран қирағатын меңгерген он қырағаттың біреуін жеткізуші тəбиғин имамдардың бірі. Он қирағаттың бірі «Нафиғ қирағаты» деп осы кісінің есімімен аталады. Һижраның 70-169 жылдар аралығында өмір сүрген. 52 Əбу Уəлид Мұхаммед бин Ахмад бин Рушд əл-Андалуси əл-Мəлики – һижраның 520-595 жылдар аралығында өмір сүрген Мəлики мəзһабының ғалымы. Ибн Рушд деген атпен танылған. Фиқһ, ақида, фəлсафа ілімдерін меңгерген. 53 Əбу Уəлид Сулайман бин Халаф əл-Андалуси əл-Мəлики – һижраның 403-474 жылдар аралығында өмір сүрген Мəлики мəзһабының ғалымдарының бірі. оның туралық пен тауфиқта тұрақты болуын нəсіп етсін жəне жүрген жолында əрбір қадамы ізгі амалға жетелесін), Əбу əл-Хасан əлАшғари, Əбу Исхақ əл-Исфираини, Əбу Бəкр əл-Бақиллани, Əбу Бəкр бин Фурак, Əбу əл-Мағали жəне солар сынды (Алла оларды рақымына бөлесін) кəлəм (сенім, ақида) ілімімен айналысып, дін негіздері туралы сөз қозғап, қалауларына ергендерге қарсы жауап ретінде кітап жазған ғұламалар туралы не дейді? Олар тура жолды ұстанған имамдар ма,əлде адасқан имамдар ма? Ашғари іліміне қатысы бар адамдардың барлығына тіл тигізіп, оларды кемсітіп, күпірлікке шығарып, оларды дос тұтпай, безініп, адасқан деп айыптап, надан санап жүргендер туралы не дейді? Оларға не айтқан дұрыс, не істеу керек жəне олар жайында қандай көзқараста болуы керек? Оларды қалауларына ерген күйлерінде қалдыру керек пе немесе шектен шыққан райларынан қайтару керек пе? Ибн Рушдтың жауабы Алла бізді де сіздерді де сақтасын! Бұл сұрағыңызды жəне ғұламалар деп атаған адамдарды қарап шықтым. Бұлар жақсылық пен тура жолдың имамдары жəне арттарынан еруге лайықты жандар. Өйткені олар шариғатқа жақтасып, жолдан тайып адасқандардың күмəндарын сейілтті, түсініксіз мəселелерді түсіндірді, сенімде не нəрсені ұстану керектігін баяндап берді. Олар – дін негіздерін білгендіктен, Алланы танығандықтан, Аллаға ненің тəн, ненің тəн еместігін түсінген ақиқат жолындағы ғұламалар. Себебі, негіздерді (сенімге тиісті ілім) білмей шариғат тармақтарын үйрену мүмкін емес. Аталған ғалымдардың білімдар, алдыңғы қатардағы ғұламалар екендіктерін мойындау керек. Олар – Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) хадисінде меңзелген адамдар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): اų ĐĥĻį وøĥħ: » ĺéĩģ İñا اĤđĥħ Ĩī כģ ìĥė ĐïوĤį، ĺĭęijن Đĭį Üéóĺė اĤĕאĤĻī، و اĬÝéאل اĤĩ×ĉĥĻī، و ÜÉوĺģ اĤåאİĥĻī «. «Бұл ілімді əр келешек ұрпақтан шыққан əділеттілер арқалайды. Олар бұл ілімді шектен шыққандардың бұрмалауынан, жалғаншы адамдардың осы ілімді жамылуларынан, надандардың қате талдауларынан қорғайтын болады»54 деген. 54 Имам əл-Байһақида келген.

Оларды (ілімді көтерген ғұламаларды) адасқан, надан, ақылсыз, білімсіз немесе ақиқаттан тайған деп тек қана бидғатшы адам ойлайды. Оларға тіл тигізіп, істемеген нəрселерін істеді деп тек пасық адам айтады. Алла Тағала Құран Кəрімде: ﴿ وَاĤَّñِĺīَ ĺُËْذُونَ اĤْĩُËْĨِĭِĻīَ وَاĤْĩُËْĨِĭَאتِ ÖِĕَĻْóِ Ĩَא اכْÝَùَ ×ُijا Ęَĝَïِ اèْ Ýَĩَĥُijا ÖُıْÝَאĬًא وَإِàْĩًא Ĩُ×ِĻĭًא ﴾ «Сондай момын ерлер мен момын əйелдерді жазықсыз кінəлаушылар, əрине олар жала жауып, ашық күнə жүктеп алады»55 деп ескертеді. Сондықтан білмегеннің көзін ашып, пасықты əдепке салу керек. Ақиқаттан тайған бидғатшы көзқарасынан қайтпай табандап тұрып алса, тəубеге шақыру керек. Егер тəубеге келсе, еркіне жіберу қажет. Олай болмаған жағдайда Омар ибн Хаттабтың (Алла оған разы болсын) жаңсақ сенімі үшін Сабиғ əт-Тамимиды ұрғанындай, тəубе қылғанша соққыға жығу керек. Сабиғ ақыры Хазіреті Омарға: «Ей, момындардың əмірі, менің түзелгенімді қаласаңыз, онда дерттен айықтырдыңыз, егер мені өлтіруді қаласаңыз, тезірек өлтіріңіз», – дейді. Сонда Халифа Омар оны еркіне қоя береді. Алладан есендік пен туралықты тілеймін. Бұны келтірген Мухаммед бин Рушд болатын. АЛЛАҒА ТЕЛІНІП КЕЛГЕН НƏРСЕЛЕР (мағынасы ашық емес сипаттар) ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШҒАРИЛЕРДІҢ ҰСТАНҒАН АҚИДАСЫ Əһлү-сүннет уəл жамағат (Ашғарилер мен Матуридилер) – таухид іліміне қатысты барлық мəселені анық түсінген дұрыс мəзһаб. Алайда бұл екі мəзһабты дұрыс білмейтіндер, Аллаға иман келтіру мəселесіне байланысты олардың түсініктерін қате деп пайымдайды. Бұл қайнар көздерде (аят-хадис) келіп, Аллаға телінген сипаттар мəселесіне қатысты. Аталмыш көзқарастар Құран Кəрімде келген Алла Тағалаға байланысты кейбір сөздердібіреулердің тілдік мағынасында тікелей түсініп, оны Жаратқанға сипат қылып бекіткісі келетіндіктерінен туындайды. Бұл Жаратушыны жаратылыстарына ұқсату болып табылады. Сол себепті ислам теологиясында аталмыш тақырып пайда болды. Ал, ақиқат өкілдері Құран Кəрімде келген мұндай сөздердің 55 «Ахзаб» сүресі, 58-аят. мағынасын: «Түсіндіруге терең үңілмейміз, өйткені ол сөздер мүташəбиһке (мағынасы ашық емес) жатады», – деп есептеген. Əһлү-сүннет өкілдері бұл бапты «Əл-идафат илə Алла (Алла тағалаға телу)» деп атаған. Олар Құран Кəрімдегі Аллаға телініп келген сөздердің, Оның тікелей сипаты емес екенін түсіндіргілері келген. Бұл сөздер Құран Кəрімдегі Нақатулла, яғни Алланың түйесі деп Алла Тағаланың Өзіне теліген сөз тіркестің бір түрі сияқты. Сондай-ақ осы тақырыпты «Əс-сифат əл-хабария, (Яғни хабарларда (аят-хадис) келген сипаттар)» деп те атаған. Бұл сипаттар Аллаға ақыл арқылы емес, тек аят-хадистер арқылы бекітілген. Аллаға телініп келген мұндай сөздерді немесе хабарлау арқылы келген сипаттарды жоққа шығармай, тілдік мағыналарын тікелей түсінбестен мəтіндерде қалай келсе солай оқып өтіп кету керек. Ғұламалар бұл сөздерді тікелей тілдік мағынасына негіздеп, мұндай сипаттарды Аллаға тəн қылып бекітпейді. Өйткені бұл сөздер тілде белгілі болған мағыналарды ғана береді. Тілдік мағыналар жоқтан Бар етуші, Аса пəк əрі Ұлы Алланы пəктеуге қарама-қайшы келеді. Міне, бұл – алғашқы əһлү-сүннет уəлжамағат саналған, кейіннен ашғарилер деген атпен белгілі болған ғұламалар ұстанған жол. Хақ Тағаланы пендеге ұқсату арқылы сипаттарды бекіту адамдардың кейбірін Аллаға ағза беруге апарып соқтырғандықтан, ашғарилердің кейінгі ғұламалары сипаттарға қатысты келген сөздерді тəуил жасауға көшті. Əһлү-сүннеттің алдыңғы буын ғұламалары мен кейінгі буын ғұламаларының барлығы мүташəбиһ (мағынасы ашық емес немесе ұқсастықты білдірген) сөздер мəтінде қалай тұрса солай оқып, сөздің мағынасына терең кірмеуге жəне Алла Тағаланы жаратқан нəрселеріне ұқсатуға түрткі болатындай сөздердің тілдік мағынасын тікелей түсінбеуге бір ауыздан келіскен. Ғұламалардың кейінгі буыны бұл сөздерді Аллаға лайықты мағынада түсіну керек деп топшылаған. Олар шектен шыққандарға: «Егер сипаттардың мағынасы туралы сөз қозғауға бел бусаңдар, онда Раббымызды кемсітетін жəне Оны жаратқан нəрселеріне ұқсататын мағынадан басқа мағынаны айтыңдар. Мысалы, Ғайнулла (Алланың көзі) сөзін Құран Кəрімде келгендей: ﴾ĹِĭْĻَĐ ĵَĥَĐ َďَĭ ْāُÝِĤَ﴿ و «Көз алдымызда бағылуың үшін»56 дегенді «Оның қамқорлығы, бақылауы» деп түсіну керек. «Бұл сөз көретін мүшені білдіреді» деп айтудан сақтаныңдар», – деген. Алдыңғы буын сəлəф салихтардың 56 «Таһа» сүресі, 39-аят.

ұстанымы – аталған сипаттарға сеніп иман келтіру болса, кейінгі халəф имамдарының ұстанымы – иман келтірумен қатар пікір бөлісіп, дəлел келтіру болып табылады. Бұл əһлү-сүннеттің Құран Кəрімдегі сөздерді түсінуде ұстанған мəзһабы. Егер ол сөздер тікелей тілдік мағынасында алынса, сөзсіз тəшбиһке (ұқсату) ұрындырады. Осы тұрғыдан əл-Хафиз əл-Ғирақи57 Құран Кəрімдегі уəжһ (жүз) сөзі туралы былай деген: «Құран мен сүннетте жəне ислам ғұламаларының еңбектерінде, Алла Тағаланың «жүзі» деген сөз бірнеше рет қайталанып келген. Адамдар бұл мəселеде бұрыннан белгілі мына екі бағытты ұстанады: Оның біріншісі: «Қалай»? деп сұрақ қоймай, сөзді келген қалпында оқып өтіп, оған иман келтіріп:«Алла еш нəрсеге ұқсамайды жəне Оның сипаттары, жаратылған нəрселердің сипаттары сияқты емес» деп, кесімді түрде сенім білдіріп, мағынасын Жаратушыға тапсыру. Ал екіншісі: Алла Тағаланы Өзіне лайық келетін мағынада түсіндіру. Аятта айтылған «жүз» деген сөз, «бар» деген ұғымды білдіреді»58. Ғирақидың адамдар деудегі мақсаты хақ жолдағылар дегенді білдіреді. Ибн Қудама əл-Мақдисидің59 «Лумғатул-иғтиқад» кітабында муташəбиһ сипаттар туралы айтқан мына сөздері қандай көркем: «Құран Кəрімде немесе Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жеткен хадистердің барлығында келген Рахманның сипаттарына иман келтіру – уəжіп. Ол хабарларды мойындап, илану керек. Тəуил (астарлау), ташбиһ (ұқсату), тамсил (салыстыруды) арқылы қарсы шығуды тастау керек. Ұқсастықты білдіретін сөздерді сол күйінде қалдырып, мағынасына терең бойламай, бұл жайлы ілімді иесіне тапсыруымыз керек. Бұл туралы Құран Кəрімде: أُوĤُij اŶْ َĤْ×َאبِ﴾ 57 Əл-Хафиз Зайнуддин Əбу əл-Фадыл Абду Рахим əл-Ғирақи əш-Шəфиғи – һижраның 725-806 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының ғалымы. Фиқһ, қирағат, фиқһ негіздері, хадис ілімдерін жақсы білген. 58 Əл-Ғирақи «Тарх əт-тасриб» кітабы, 3-том, 107-бет. 59 Əбу Мұхаммед Абдулла бин Ахмад бин Құдама əл-Ғадауи əл-Құраши əл-Мақдиси əлХанбали – һижраның 541-600 жылдары аралығында өмір сүрген Ханбали мəзһабының ғалымы. «Білімі терең ғалымдар: «Біз бұған иман келтірдік, барлығы Раббымыздан. Мұны тек ақыл иелері ғана түсінеді»60 деп айтқан терең білімді ғұламаларға еріп, біз де ол хабарларды иесіне тапсырамыз. Ұлы Жаратушы мүташəбиһ аяттардың мағынасын табамыз деп құлшынғандарды сөгіп қасиетті Кітабында былай деп айтады: َ﴿ĘَÉَĨَّא اĤَّñِĺīَ ĘِĹ ĜُĥُijÖِıِħْ زَĺْēٌ ĘَĻَÝَّ×ِđُijنَ Ĩَא Üَýَ אÖَįَ Ĩِĭْįُ اÖْÝِĕَאءَ اĤْęِÝْĭَÙِ وَاÖْÝِĕَאء ÜَÉْوِĺĥِįِ وَĨَא ĺَđْĥَħُ ÜَÉْوِĺĥَįُ إِźَّ اųَّ ُ﴾ «Ал енді жүрегінде қыңырлықтары барлар бұзақылық іздеп, мағынасы ашық емес аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі»61. Алла Тағала муташабиһ аяттардың мағынасын табуға құлшынуды тура жолдан тайғанның белгісі деп, отырып түсіндіреді. Жəне бұл амалды бүлік іздеу сөзімен қатар қойады. Содан кейін оларды райларынан қайтару үшщін аяттың жалғасында: ﴾ُ َّų﴿وَĨَא ĺَđْĥَħُ ÜَÉْوِĺĥَįُ إِźَّ ا «Оның ұғымын Алла ғана біледі»62 деп баяндады» деді. Имам Əбу Абдулла Ахмад бин Мухаммад бин Ханбалдан риуаят етілген хадисте (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Алла тағала дүние аспанына түседі. Расында Алла Қиямет күні көрінеді» деген жəне соған ұқсас басқа да айтқан хадистеріне қатысты: «Мағынасы не?» деп сұрақ қоймай, иман келтіріп, оны растап, бəрін бірдей мойындаймыз. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөздерін түгел қабылдап. Ол алып келген хабардың барлығын ақиқат деп білеміз. Алла Тағаланы Өзін сипаттағаннан артық сипаттамаймыз, шектеу, пішінбермейміз. Алла Тағал айтқандай: «Ол сияқты еш нəрсе жоқ. Ол – естуші, бəрін көруші»63, – дейміз. Оны Өзін сипаттаған нəрсемен сипаттай60 «ƏлиИмран» сүресі, 7-аят. 61 «Əли-Имран» сүресі, 7-аят. 62 «Əли-Имран» сүресі, 7-аят. 63 «Шура» сүресі, 11-аят.

мыз жəне бұдан ары аспаймыз. Сипаттаушылардың сипаттағаны оған жетпейді. Құран Кəрімнің барлығына, оның ішінде мухкам (ашық мағыналы, кескінді үкім беруші) жəне мүташəбиһ (мағынасы ашық емес) аяттарға толық иман келтіреміз. Хақ Тағаланың сипаттарының бірін де жоққа шығармаймыз. Құран Кəріммен хадистен асып, шектен шықпаймыз жəне Оның қандай екенін Елшінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) растауымен, Құран Кəрімнің бекітуімен ғана білеміз» деген. Имам Əбу Абдулла Мухаммад бин Идрис əш-Шафиғи (Алла оны рақымына бөлесін): «Алладан келген нəрсеге, Алла не мақсат еткен болса соған иман келтірдім жəне Алланың Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) келген нəрсеге, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) не мақсат еткен болса соған иман келтірдім», – деп айтқан. Сəлəф салихтар мен халəф имамдардың барлығы Алланың Кітабы мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүннетінде келген сипаттарды мойындап, балама мағынасына қарсы келмей оған бірауыздан келісіп, осы жолмен жүрген. АШҒАРИЛЕР ҮМБЕТ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒАЛАР ЖƏНЕ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТІ ЖЕТКІЗУШІЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ Ашғари имамдары Құран мен сүннет ілімдеріне қызмет етіп үкімдер шығарған. Фиқһ мəзһабтарын дамытуға үлестерін қосып, нəтижесінде мəзһабтардың тамыры тереңге жайылды. Олардың ішінен тəпсіршілер, хадис ілімінің əмірі атанған ғұламалар, мүжтаһид фақиһтар, дін негіздерін меңгерген ұшқыр ойлы ғалымдар, білікті тіл мамандары шыққан. Дегенмен де шектен шығушылардың ашғари имамдарына тіл тигізіп, əһлү-сүннет уəл жамағат қатарына жатқызбайтындықтары таңғаларлық жағдай. Олар өздерінің қауіпті жолда жүргендерін ұмытып, Құран мен сүннетті жеткізіп, оған қызмет еткен көрнекті имамдар туралы күмəнді ойлар айтуда. Үмбеттің барлығы оның ішінде, шектен шыққандардың өзі де аталмыш ғұламалардың ілімдерінен сусындаған. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТІ ЖЕТКІЗГЕН ЖƏНЕ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ИМАМДАРЫ АТАНҒАН БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАР • Хафиз ибн Хиббан əл-Бусти (Алла оны рақымына бөлесін) һижри жыл санауы бойынша 354 жылы дүниеден өткен. «Сахих», «Сиқат» жəне басқа да кітаптардың авторы. Өмірі үлгіге толы, өз заманының алды болған, өз ғасырының білікті имамы. • Хафиз Əбу əл-Хасан əд-Дарақутни (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 385 жылы дүниеден өткен. «Сунан» атты хадис жинағының авторы. Өз заманының теңдессіз имамы. Дарақутнидың имам əл-Бақилланимен болған қиссасы ашғари мəзһабын ұстанғандығы туралы көп дерек келтіруді қажет етпейді64. • Хафиз əл-Хаким əн-Нейсабури (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 405 жылы дүниеден өткен. Екі сахих кітапқа толықтыру ретінде жазылған «Мустадрак» кітабының иесі. Өз ғасырындағы мұхаддистердің (хадис танушылар) имамы. Оның аты таныстыруды аса қажет етпейді. Ғұламалар бір ауыздан ол кісі жайлы: «Алланың дінін сақтауға себепкер болған имамдардың ішіндегі ең білікті адам» деп айтқан. Хафиз ибн Асакир өз кітабында ғұламалардың екінші санаты туралы жазғанда, Хакимді имам Ашғаридың артынан ерген ғұламалардың қатарына жатқызған65. • Хафиз Əбу Нұайм əл-Асбаһани (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 430 жылы дүниеден өткен. «Хилиятул-аулия» кітабының авторы. Ашғари ғұламаларының екінші буынына кірген. Яғни, имам əл-Бақиллани, Ұстаз Əбу Исхақ əл-Исфираини, əл-Хаким, ибн Фаурак (Алла оларды рақымына бөлесін) сынды ғұламалар санатында66. • Имам Хафиз Əбу Бəкр əл-Байһақи (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 458 жылы дүниеден өткен. Ел арасында кең тараған атақты кітаптар жəне жақтаушылары мен қарсыластарының көңілдерінен шыққан əдебиеттердің авторы. • Имам Хафиз əл-Хатиб əл-Бағдади (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 463 жылы дүниеден өткен. Хафиз ибн Асакир өз кітабында ол кісіні төртінші буындағы ғұламалардың басында атап өткен67. 64 «Табиин кизби əл-муфтари», 255-бет, «Əс-сияр» 558 бет, Əбу Зар əл-Һарауидің өмірдерегін, «Тазкиратул-хуффаз» 3-том, 1104-бетінен қараңыз. 65 «Табиин кизб əл-муфтари», 227-бет. 66 «Табиин кизб əл-муфтари», 246-бет, Тажуддин əс-Субкидің «Əт-табақатул-кубра» кітабы 3\370 – қараңыз. 67 «Əт-Табиин», 268-бет.

• Екі Харам мешітінің имамы əл-Жуайни (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 478 жылы дүниеден озған. Шафиғи фиқһы бойынша жазылған «Ниһаятул-матлаб», усулул-фиқһ (фиқһ негіздері) бойынша жазылған «Əл-уарақат» пен «Əл-бурһан» кітаптарының авторы. • Худжатул-Ислам əл-Ғазали (Алла оны рақымына бөлесін), һижри 505 жылы дүниеден өткен. «Əл-ихия» мен фиқһ бойынша жазылған «Əл-уасит» кітаптарының авторы. • Тəпсірші, имам, Хафиз Əбу Мухаммад əл-Бағауи (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 516 жылы дүниеден өткен. Сүннетті жандандырушы, «Шархус-сунна» кітабының авторы. Оның бұл тəпсір кітабы əһлү-сүнна ақидасын көрсететін деректерге толы жəне мүташəбиһ аяттарды сүнниттік жолмен тəпсірлеу əдістеріне бай. • Имам Хафиз ибн Асакир (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 571 жылы дүниеден өткен. «Тарих Димашқ» кітабының авторы. Автор бұл кітапта сирек кездесетін, сондай-ақ бұрыннан белгілі деректердің де біреуін қалдырмай қамтыған. • Шейхул-Ислам, имам, Хафиз Əбу Амр бин əс-Салах (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 643 жылы дүниеден өткен. Ашғари ғалымдары басқаратын əл-Ашрафия хадис мектебінің шейхтар орталығының дəрежесіне дейін көтерілген бірінші ғалым. • Имам Ғиззуддин бин Абдуссалам (Алла оны рақымына бөлесін), һижри 660 жылы дүниеден өткен. Ғұламалардың сұлтаны атына ие болған. «Қауағид суғра», «Қауағид кубра» кітаптарының авторы. • Имам, тəпсірші, хадис ғалымы əл-Қуртуби (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 671 жылы дүние салды. Тəпсір бойынша жазылған «Жамиғ ли ахкамил-Қуран» кітабының авторы. Сəлəф салихтардың барлық мəзхабтарын келтірген. Тəпсірі ел арасында кең тараған. ƏдДаууди «Табақат» кітабында, оның тəпсіріне: «Тəпсірлердің ішіндегі ең үлкені жəне өте пайдалысы кітап», – деп баға берген. • Имам Хафиз Мухиддин Яхя бин Шараф əн-Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 676 жылы дүниеден өткен. «Риядус салихин», «Əл əзкар», «Шарх сахих Муслим» сынды адамдар арасында кең таралған пайдалы еңбектердің авторы. • Имам Хафиз тəпсірші Əбу əл-Фида Исмаил бин Касир (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 774 жылы дүниеден өткен. «Əт-тафсирулазим», «Əл-бидая уа əн-ниһая» жəне т.б. кітаптардың авторы. «Əд-дурар əл-камина» (1/58), «Əд-дарис фи тарих əл-мадарис»(2/89) кітаптарында келгендей ол өзінің ашғари екендігін ашық айтқан. Сонымен қатар ашғари ғана басқаратын Ашрафия хадис мектебінің шейхтар орталығы қызметіне тағайындалған. Бұған ғұламаның тəпсірінде келген тəнзиһ (кемшіліктен пəктеу), тақдис (дəріптеу) жəне Ағраф сүресіндегі «Алла аршыға истəуə етті» аятына жасаған тəпсірінде мүташəбиһ аяттарды тікелей алатындарға айтқан қатаңдығын жəне əһлү-сүнна, ашғарилік екендігін көрсететін ашық мысалдар келтірген. • Хафиз ибн Хажар Əл-Асқалани, һижри 852 ж. дүниеден өткен. Хадис саласы бойынша мүміндердің əмірі. «Сахих Бұхариге» жазылған ең үлкен түсініктеме «фатхул-Бари» жəне «таһзиб əт-таһзиб», «нухбатул-фикр», «нузһатун-назр» кітаптарының авторы. • Имам Хафиз Шамсуддин Əс-Сахауи (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 902 жылы дүниеден өткен. • Имам Хафиз тəпсірші Жалалуддин Əс-Суюти (Алла оны рақымына бөлесін), һижри 911 жылы дүниеден қайтты. «Əд-дуррул-мансур фи əт-тафсир бил-ма’сур», «Əл-итқан фи улумил-Қуран» кітаптарының авторы. • Имам тəпсірші Əбу əс-Сана Шиһабуддин əл-Əлуси əл-Хусейни əл-Хасани (Алла оны рақымына бөлесін) һижри 1270 жылы қайтыс болған. Шейх Баһжат əл-Байтар оны «тəпсіршілердің мөрі, хадисшілердің қаймағы жəне «Хилятул-башар» (3/1450) кітабында аталмыш ғұлама туралы: «Алла оны рақымына бөлесін. Сүннеттерге бекем, бүліктерден қашық жүретін, ақиқатты айтатын, шындықтан басқаны қабылдамай-тын дүниедегі дара тұлғалардың бірі болған» – деп айтқан. * * * 3. Фиқһ мəзһабтарын ұстанып, оған еруді жоққа шығару Оларды оқшаулай түсетін тағы бір нəрсе – олардың төрт мəзһабты жоққа шығарып, оған ергендерді айыптап, кемсітулері. Ол мəзһабтар – имам Əбу Ханифа, имам Мəлик, имам Шафиғи, имам Ахмад (Алла оларды рақымына бөлесін) сынды имамдардың мəзһабтары. Төменде еру (тақлид) түсінігі мен шектен шыққандардың мұсылмандарға осы тұрғыда қырғидай тиюіне себеп болған мəселенің мəнін түсіндіреміз. Шариғат үкімдері мен шариғат дəлелдеріне байланысты жауапкершілікті мойнына алушылар (мукаллаф) екі түрлі болады: Біріншісі: «ижтиһад арқылы шариғат дəлелдерінен үкім алуға толық қабілетті адамдар. Екінші түрі қабілеті толық жетпейтіндер. Біріншісі мүжтаһидтер, екіншісі соларға еліктеп соңынан ерушілер (муқаллидтер). Екі топтың əрқайсысы амал ету үшін мойындарына жүктелген міндеттеріне сай шариғат үкімін білулері керек. Біріншісі шарғи үкімдерге амал жасап, сонымен жүру үшін ижтиһад қылуға бұйырылса, екіншісі еруге бұйырылған»68. 68 Мухаммад Хуснин Махлуф «Булуғ əс сул фи мадхал илм əл усул» кітабы, 26 бет.

Усул ғұламаларының барлығы «муқаллид» деп қарапайым халықты атаған. Себебі олар мəтіндерге үңіліп, өздігінен ижтиһад жасай алмайды. Сондай-ақ ижтиһадқа қатысты кейбір ілімдерді үйреніп, бірақ ижтиһад жасау дəрежесіне жетпеген ғалымды да муқаллид санатына қосқан. Аталмыш екі түрлі адамдар санатының əрқайсысы (тақлид жасайды) еруші болуы керек. Ғұлама шейх Мухаммад Хуснин Махлуф69 «Булуғ əс-сул» кітабының «Мүжтаһид сөздерінің шариғи қайнар көздерінен алынуы» деген тақырыбында былай деп жазады: «Усул ғұламалары мен олардан басқа ғалымдардың айтуларынша мүжтəһидтерге шарғи дəлелдер қандай маңызды болса, бұқара халық үшін де мүжтəһидтердің сөздері дəл сондай қажет. Мүжтəһидтердің сөздері адамдарға дəлел болады, бірақ Елшілердің (оларға Алланың сəлемі болсын) сөздері арқылы бекітілгендей олардың сөздері арқылы шарғи үкімдер үнемі бекітіле бермейді. Ешкім бұлай деп айтпайды. Керісінше, ғұламалардың сөздері шарғи қайнар көздерден бастау алады. Олар əділдікті сақтай отырып, терең білімдерімен, ұшқыр ойларымен шариғатты егжейтегжейлі қарастырып, ондағы мəтіндерідің мағыналарын зерттеген жəне мəтіндерді жаттаған.Сондықтан да, дəлел-дəйектерге сүйене отырып, үкім шығару үшін арнайы ыждағаттылық, ерекше қабілет пен зерделі дарын иесі болуы керек. Осы арқылы ол діни үкімдерді барынша қателіктен сақтайды». Шейх Мұхаммед тағы былай деген: «Алла тағала мен Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұжтаһид дəрежесіндегі адамдарға үкім шығару үшін шариғат қайнар көздеріне үңілгенде аянбай тер төгуді бұйырған. Сол сияқты ижтиһад дəрежесіне жетпеген ғұламаларға мүжтəһидтерге еріп ижтиһад сынды шарапатты дəрежеге қол жеткізуге талпыну бұйырылған. Бұл екі дəрежеден басқа адамдарға ілімдері мен түсініктерінің аясына қарай міндет жүктеледі. Ілім алмаған қара халыққа ғұламаларға жүгініп, солардың айтқанымен жүру бұйырылды. Нахыл сүресінде: ﴾َ﴿Ęَאøْ ÉَĤُijا أَİْ ģَ اĤñِّכْóِ إِنْ כُĭْÝُħْ źَ Üَđْĥَĩُijن «Білмегендеріңді білгендерден сұраңдар»70 деп айтылған. Яғни бастарыңа түскен түйіткілді мəселенің үкімін ғұламалардан сұраңдар. Олар Алланың, Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі 69 Хуснин Мұхаммед Махлуф əл-Мəлики əл-Азһари 1890-1990 жылдарда өмір сүрген, ƏлАзһарды тəмамдаған Мысырлық ғалым. 70 «Нахыл» сүресі, 43-аят. болсын) немесе тек өзінің сөзімен байланысты шариғаттан алынған дəлелдермен сендердің мəселелеріңді шешіп береді. Сенімді мұжтаһид немесе ғалым түйткілді мəселеде Алланың үкімін білмейтін адамға, əсіресе үкім сұраған адам қарапайым халықтың көпшілігі сияқты шариғат мəтіндерінің мағынасын түсінбейтін болса немесе келтіретін дəлел терең түсінуді қажет ететін кіріспелерге толы болса жəне қарапайым адамның білімі жете бермейтін мəселелерге кіруді қажет етсе, дəлел келтіруі міндет емес»71. Əш-Шатиби72 (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Мүжтəһидтерге шарғи дəлелдер қандай қажет болса мұжтаһидтердің пəтуалары да қара халыққа дəл осындай қажет. Себебі ілімі таяз халық шарғи дəлелдерден ешқандай үкім шығара алмайды. Дəлелдерге үңіліп, үкім шығару – қарапайым халықтың ісі емес. Алла Тағала: ﴾َ﴿Ęَאøْ ÉَĤُijا أَİْ ģَ اĤñِّכْóِ إِنْ כُĭْÝُħْ źَ Üَđْĥَĩُijن «Білмегендеріңді білгендерден сұраңдар»73 деп айтқан. Еруші (муқаллид) ғалым емес, сондықтан күрделі мəселелелерді білім иелерінен сұраған дұрыс. Дін үкімдерінде толығымен ғұламаларға жүгіну керек. Ғұламалар қарапайым халыққа шариғатты үйретуші ретінде, жəне сөздеріде шариғатты түсіндіруші болып табылады»74. Сахабалар мен табиғиндердің кезінде халықтың басына қандай да бір іс түссе, түйткілді мəселе туындаса, олар Алланың үкімін сұрап сахабалар мен табиғиндерге жүгінетін. Олар қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беретін. Сахабалар мен табиғиндер сұрақ сұрап келген халықты иждиһатқа бұйырмаған. Сондықтан ижтиһад жасауға шамасы жетпеген адамның ижтиһадқа қабілетті адамнан сұрауы – сахабалар мен табиғиндер кезеңінде қалыптасқан үрдіс. Қарапайым халыққа иждиһатты жүктеу немесе міндеттеу аталмыш қабылданған жүйеге бірауыздан қайшы келеді. Сондай-ақ олар «мəзһабқа ермеу керек» дейді. Мұндай сөздің астарында дəлелден үкім шығаруға шамасы келмейтін адамды ижтиһад жасауға мəжбүрлеу жатыр. Бұл шамадан тыс нəрсені жүктеу дегенді білдіреді. Сондықтан да мұндай түсінікке тыйым салынады, себебі Алла Тағала: 71 Мухаммад Хуснин Махлуф «Булуғ əс сул фи мадхал илм əл усул» кітабы, 15 бет. 72 Əбу Исхақ Ибраһим бин Мұса əш-Шатиби əл-Андалуси һижраның 790 жылы қайтыс болған. Мəлики мəзһабының үлкен ғалымдарының бірі. 73 «Нахыл» сүресі, 43-аят. 74 Имам əш-Шатиби «Əл-муафақат» кітабы, 4/292-293.

﴾﴿źَ ĺُכَ ĥِّėُ اųَّ ُ Ĭَęْùً א إِźَّ وُøْ đَıَא «Алла тек шамасы келетін нəрсені жүктейді»,75 – деп айтқан. Оның үстіне мəзһабтан тыю адамдарды өздеріне қажет болған игіліктерді тастауға, «үкімдермен айналысамыз» деп кəсіптерін тастаулары арқылы күнделікті өмір тұрмысынан қол үзуге əкеліп соғады. Бұл қарапайым халықтың тұрмысын қиындатып жібереді. Ғұламалар тармақты мəселелерде «тақлид (еру) жасау сөзсіз міндетті» деп шешкеннен кейін, тақлид жасаушының əр түйткілді мəселеде мүжтəһидтердің бірінің ғана мəзһабына еріп, оны ұстануға қатысты екі түрлі көзқарас білдіріледі: Ғұламалардың бірінші тобы: белгілі бір мəзһабты ұстану міндет саналады деп айтқан. Əл-Жалал əл-Махалли76 (Алла оны рақымына бөлесін) «Жамғул-жауамиғ» атты кітапқа жазған шархында былай деген: «Қарапайым халыққа жəне одан басқа да мүжтəһид дəрежесіне жетпеген адамдарға мүжтəһидтердің бірінің мəзһабын ұстану – міндет. Ол өзі қайсысы абзал деп сенсе соны ұстанады».77 Ғұламалардың екінші тобының айтуынша, туындаған əрбір түйткілді мəселеде белгілі бір мəзһабты ғана ұстану міндет емес, керісінше қарапайым адам қай мүжтəһидтің сөзін ұстанса, соны ала берсе де болады. Бұл қате түсінікке жатпайды. Сол себепті «қарапайым адамның мəзһабы жоқ, оның мəзһабы оған пəтуа берушінің мəзһабы» деген сөз кеңінен тараған. Яғни, ілімі жəне əділдігімен белгілі пəтуа берушінің мəзһабын ұстанады. Екінші көзқарас дұрыс. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін): «Қарапайым адам белгілі бір мəзһабты ғана ұстануы міндет емес, керісінше қалаған адамнан (мүфтиден) пəтуа сұраса болады»,78 – деген болатын. Ибн Абидин Шурунбулалидің79 (Алла оны рақымына бөлесін) кітабына жазған ескертпелерінде: «Адам бір ғана мəзһабты ұстауы міндет емес, өз мəзһабына қайшы келетін мүжтəһидтердің сөзімен де амал жасай алады», – деген. 75 «Бақара» сүресі, 286-аят. 76 Жəлəлуддин Əбу Абдулла Мұхаммед бин Шиһабуддин əл-Ғаббаси əл-Махалли һижраның 791-864 жылдар аралығында өмір сүрген, Шəфиғи мəзһабының ғалымы. 77 Əл-Мухалли «Жамғил жауамиғ» атты кітапқа жазған шархы, 2/441. 78 «Раудатут талибин»кітабы, 11/117. 79 Хасан бин Ғумар бин Али əш-Шурунбулали əл-Ханафи һижраның 994-1064 жылдар аралығында өмір сүрген мысырлық, Ханафи мəзһабының ғалымдарының бірі. Муқаллидтың (еруші адам) мүжтəһид болып табылатын қалаған ғалымына еруі – ақиқатқа ерумен тең. Имамдардың барлығы – ақиқат жолында. Муқаллид бір мүжтəһидтің ұстанымымен жүріп, қалған мүжтəһидтердің бəрі қателеседі деп түсінбеуі керек. Зерттеу жəне фиқһ ілімін үйрену үшін төрт мəзһабқа да жүгіну аса қажет. Өйткені төрт мəзһаб фиқһы дінге үлкен қызмет етті. Шариғатты жеткізіп, оны сақтауға, ондағы ең дұрыс нəрсені іріктеп алуға үлкен мəн берген жəне мəзһаб имамдарының өмір деректерін жазып қалдырған. Нəтижесінде белгілі негіздері мен тармақтары қалыптасқан жеке медреселер пайда болды. МƏЗҺАБТЫ ҰСТАНУҒА, ОҒАН ЕРУГЕ ҚАРСЫ ПАЙДА БОЛҒАН КЕЙБІР ҚАЙШЫЛЫҚТАР Біріншісі – шариғаттың бізге міндеттегені имамдардың сөздеріне емес, Құран мен сүннетке еру керек деген қайшылық. Бұның жауабы: дəлелге тек Құран мен сүннет қана жатпайды. Дəлел ижмағ80 пен қиясты81 жəне сахабаның сөзін, бізден бұрын өткен заңды, ғұрыпты, истихсанды82 жəне тағы басқа үкім түрлерін қамтиды. Дəлел тек Құран мен сүннеттен тұрады деу – үстірт жəне тар түсінік. Өйткені дəлелдің мағынасы Құран, сүннетпен ғана шектелмейді. Оның аясы өте кең. Құран мен сүннет тек мұжтаһидтің үкім шығаратын қайнар көздері болып саналады. Сол сияқты мұжтаһид имамдардың сөздері – Құран мен сүннеттен бөлек нəрсе емес. Керісінше Құран мен сүннетті түсіндіретін, егжейтегжейлі баяндайтын түсініктеме. Имамдардың сөзін алу аяттар мен хадистерді тəрк ету деген сөз емес. Керісінше бұл – аят пен хадисті ұстанудың нақ өзі. Расында аяттар мен хадистер бізге сол имамдардың дəнекерлігімен жетті. Олар хадистердің дұрыс-бұрысын, дəйекті-дəйексізін, үкімі жойылғанын жəне жойылмағанын, айтылу себептерін, тілдерін жəне хадиске қатысты ілімдердің барлығын кейінгілерден жақсы білді. 80 Замандас болған Ислам ғұламаларының бір үкімге бірауыздан келісім берулерін ижмағ деп айтады. 81 Құранда, сүннетте не ижмағта келмеген қандай да бір үкімді осы аталған негіздердің бірінде келген үкімге қарай салыстыру арқылы шариғатта үкім шығар жолын қияс деп айтады. 82 Мүжтəһид адамы қандай да бір мəселенің үкімін қалдырып, екінші бір жасырын тұрған үкімге өтуін шариғатта истихсан дейді.

Сонымен қатар, олардың түсініктері мол, діндері берік, аса сақ əрі қырағы, көкірек көздері ашық еді, дінге жəне тақуалыққа үлкен мəн берген. Олар Құран мен сүннетті ғылымның қажетті қағидаларына сай түсінді. Жəне Құран мен хадистердің мақсат етілген сырларын ашты, одан үкімдер шығарды жəне ақыл мен нақылға (шариғатқа) сай адамдарға байқала бермейтін жасырын қырларын ашып берді. Сол арқылы адамдардың дін істерін жеңілдетті. Негіздерден тармақтар шығару жəне тармақтарды негіздерге сүйеу арқылы түйткілді мəселелерді шешті. Олардың себебімен жалпыға ортақ игілік қалыптасты83. Екінші қайшылық – мəзһаб ұстанушы мəзһабына қайшы келген хадисті көрсе де мəзһабын тастамайды. Яғни бұдан Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үкімінен өз мəзһабын үстем санау қайшылығы туады. Бұл қайшылыққа шейх əл-Кайранауи84 (Алла оны рақымына бөлесін) «Фауаид фи улум əл фиқһ» кітабы бойынша жауап берген: «Имамның сөзін Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөзінен жоғары қояды деп айтқан сөздерің сендердің қате тұжырымдарыңнан жəне жалған сенімдеріңнен туып отыр. Бірақ мəселе керісінше. Ақиқатында Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөзі имамның сөзіне қарама-қайшы келгендігін екі түрлі нəрсе арқылы білуге болады. Бірі айтылған бұйрықтың Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөзі екендігін анық білу. Екіншісі имамның сөзі аталған сөздерге қарсы келетіндігіне көзі жету. Əрине, муқаллид бұл екеуін де білмейді. Өйткені бұл ілім истидлалды (дəлел көздерін анықтауды) қажет етеді. Муқаллид дəлел жасауға толығымен қабілетті емес. Басы жараланған адамға тəйаммум соғу аятын дəлелге келтіре отырып, ғұсылды міндеттеген адамның пəтуасы85 сияқты муқаллидтің келтірген дəлелі шарғи жағынан қабылданбайды. Егер мəселе бұлай болса, мүжтəһидтің жасаған ижтиһадын «Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үкіміне 83 Шейх Юсуф əд-Дəжуаның пəтуалары мен мақалаларын қара, 2/581. 84 Хабиб Ахмад əл-Кайранауи əл-Һинди əл-Ханафи һижарның 1306 жылы қайтыс болған, Индиялық ғалымдардың бірі. 85 Бұл тарихта болған бір оқиға. Басынан ауыр жарақат алған сахабаның біріне су тұрғанда тəяммум соға алмайсың деп ғұсыл алдырған. Соңында оның өміріне қауіп төнген. қарсы шықты» деп қалай айта алады? Егер бұл мүмкін болмаса, онда сөзін қалай қайшылыққа салады? Қорыта айтқанда, муқаллидтің имамның сөзіне еріп хадисті немесе басқа нəрсені тастауын имамның сөзі Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөзінен жоғары санағандығынан деп түсінбеу керек. Мұндайдан Алла сақтасын. Керісінше бұл имамның Алла мен Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қайшы келмегендігінен. Егер «Муқаллид өз бетімен имамның қайшы келгендігін білмейді. Біз жəне басқа ғұламалар муқаллидтың ерген имамы хадиске қайшы келгендігін білеміз. Сөйтіп мұқаллидке оны көрсете аламыз» десе, оған былай деп жауап береміз: «Сенің сөзің дəлелдеуге жатпайды, дəйексіз болып есептеледі. Егер өзі дəлел келтіре алмаса, сендерге муқаллид болады, екі тақлид бірінен бірі аспайды. Ол алдыңғы тақлидын тастап қалай сендерге ермек?!86 Үшінші қайшылық: имамдарға тақлид жасау «көздері соқыр болғандарға ермеңдер» деп айтқан сөздеріне қайшы келмей ме деген мəселе. Əсіресе егер олардың пікірлері сахих хадиске қайшы келген жағдайда төрт мəзһабтың имамдары: «Сахих хадис тапсаңдар менің мəзһабым сол» дегенін негізге алып,қарсылық көрсетулері. Жауап: «Мүжтəһид имамдар өздерінің арттарынан толық ермеу керек деп айтқан емес. Бұл имамдардың ешқайсысының аузынан шықпаған. Егер олардан бұл сөз келіп, тақлидті тастаса ол тақлидтің нақ өзі саналады. Бұл сендердің көзқарастарың бойынша қате. Олардың сөздеріне тақлид жасап тақлидты қалай тастау керек? Оларға тақлид жасауды таста деп басқа тақлид жасату қарама қайшы нəрсе. Міне, бұл – адасу. Имамдар тақлид жасауға тыйым салған деген сөз рас болса, онда тақлидті жоққа шығару арқылы мұжтаһид болғандардың барлығына ермеу керек деген түсінік пайда болады. * * * 4. Білімсіз жəне жүйесіз пəтуа беру Шектен шыққан бұл ағым тудырған мəселелердің бірі – өз бетімен пəтуа беру. Ғылыми ой-сана, ақпараттық даму кезеңіндегі мұсылмандардың бастарынан кешіріп жатқан қазіргі жағдайы бұрын соңды болмаған. Қазір ерте кездегідей пəтуа, ілім алу жолдарын 86 Хабиб Ахмад əл-Кайранауи «Фауаид фи улум əл фиқһ» кітабы, 30 бет.

анықтап, қадағалау мүмкін емес. Тіпті көруге, оқуға болатын ақпарат құралдарының түрлері көбейгені соншалық, оны пайдалану əр адамға қолжетімді болғандықтан мұсылман қауым пəтуа мен идеологиялық бағытты əр жерден ала бастады. Шектен шығушылар бұл ахуалды өз мүддесіне шебер пайдаланды, сондай-ақ пəтуаларын тарататын арналардың көбісін жекешелендіруде материалдық мүмкіндіктерін қолданып отыр. Олардың көбі мұсылмандардың бастарына түскен мəселеге қатысты шарғи үкімдерді шешіп, пəтуа беруге лайықты адамдар емес. Егер мұсылман адам мүфтиге қойылатын талаптар мен пəтуа берудің шарттары жəне əдептерінің қандай болатындығын білсе, əлгілердің білім мен пəтуадан қаншалықты алыс адамдар екендігіне көз жеткізер еді. Пəтуа беру – үлкен шеберлік. Өйткені, пəтуа ілім мен терең түсінікті қажет ететін іс, өзіндік жүйесі бар. Ол жай іс емес. Керісінше пəтуа нəтижеге қол жеткізу үшін қолданылатын ірілі-ұсақты тақырыптарды қамтиды. Пəтуа бірнеше нəрседен тұрады: Дəлел жəне адамның басына түскен жағдайды тексеру мəтін мен орын алған оқиға арасында жүретін, əртүрлі қырларды қамтитын дəлелдердің ара қатынасына қарау87. Пəтуаның асқан шеберлікті қажет ететін себебі, егер ол мəселе қарапайым болса, мүфти алдымен орын алған жағдайдың неден туындағанына үңіліп, оның мəн-жайына көз жеткізгеннен кейін барып мəселеге сəйкес келетін шарғи үкім іздейді. Ал, егер шешімі ауыр, түйткілді мəселе болса шариғи мəтіндерден алынған дəлелдерге үңіледі. Мəтіндерден (аят-хадис) дəлел таппаған жағдайда оның шарттарын сақтай отырып қияспен ижтиһад жасайды. Пəтуа құрылымы – үлкен іс жəне қажырлы еңбектің жемісі. Қысқасы мəселенің қалай болғандығын зерттеп, оны анықтау үлкен еңбекті қажет етеді88. ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ПƏТУА БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕРІ Пəтуаның қатері үлкен, жүгі ауыр. Пəтуа бере алатын білікті мамандар аз болғандықтан ертедегі ғұламалар пəтуа беруден барынша сақтандырған. Осы тақырып төңірегінде имам Науауидің (Алла оны рақымына бөлесін) сөзін келтірейік. Ол кісі былай дейді: «Пəтуа берудің жауапкершілігі ауыр əрі алатын орны, игілігі өте маңызды екенін біл! Өйткені мүфти Пайғамбарлардың (оларға Алланың сəлемі 87 «Синағатул фатуа уа фиқһул ақаллият», 11-бет. 88 «Синағатул фатуа уа фиқһул ақаллият», 14-бет. болсын) мұрагері, парыз кифаяны орындаушы, бірақ, қателікке бой алдыру қаупіде жоқ емес. Сол себепті ғұламалар: «Мүфти Алла тағаланың атынан сөйлеуші» деген. Ибн əл-Мункадирдың89 (Алла оны рақымына бөлесін) былай дегені риуаят етіледі: «Ғалым – Алла Тағала мен жаратылыстарының арасындағы дəнекер. Сондықтан, ол осы дəнекерліктің жолын іздеуі керек». Сəлəф салихтар мен халəфтардың көрнекті тұлғалары пəтуа беруден сақтанып, өздерін бұдан алыс ұстағандығы туралы бізге көптеген деректер жеткен. Соның бірі Абдуррахман бин Əбу Лəйладан90 (Алла оны рақымына бөлесін) жеткен риуаят: «Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабаларының ішіндегі 120 ансарды көрдім, олардың кез-келгенінен бір мəселе жайында сұрай қалсаң бірінші екінші бір ансарға нұсқайды, екіншісі басқабіреуін көрсетеді, ақыры мəселенің мəнісін түсіндіру бірінші сұралған адамға қайта оралады. Бір риуаятта: «Олар сөз сөйлесе, өзінен бұрын бауырласы сөйлегенін, бір нəрсеге қатысты пəтуа сұралса өзінен гөрі жанындағы бауырласы пəтуа бергенін ұнататын» – делінген. Ибн Масғуд91 пен Ибн Аббастың92 (Алла оларға разы болсын) былай деген сөздері бар: «Алдына келген сауал89 Мұхаммед бин əл-Мункадир əл-Құраши əт-Тəмими һижраның 30 жылдар аралығында өмір сүрген табиғин. Көптеген хадистерді риуаят еткен. 90 Абдурахман бин Əбу Лəйлə əл-Ансари əл-Куфи һижраның 83 жылы қайтыс болған үлкен табиғиндердің бірі. Хадис ілімінде сенімді деп танылған. Көптеген хадистер жеткізген. 91 Абдулла бин Масғуд бин Ғафил бин Хабиб һижраның 32 жылы дүниеден өткен, үлкен ғалым сахабалардың бірі болған. Құрандағы халал-харам мəселелерін жақсы білген, əрі Құранды көркем оқитын адамдардың бірі болған. Өте арық адам болған деседі. Бірде құрма ағашына шығып Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) құрма алып берген кезде, балтырының жіңішкелігіне қарап сахабалар күледі. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Абдулланың аяғы Қиямет күні таразыда Ұхуд тауынан ауыр болады» деген. Ең көп хадис риуаят еткен төрт сахбаның бірі. Алла оған разы болсын! 92 Абдулла бин Аббас бин Абду Мутталиб һижрадан үш-төрт жыл бұрын дүниеге келген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туысы, ғалым сахабалардың бірі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дүниеден өткен кезде Абдулла не бары 13-14 жаста ғана болған. Құран Кəрімнің тəпсірін жақсы білген. Алла Елшісі (оған Алланың игілінгі мен сəлемі болсын): «Аллаһым оның дін ілімінде түсінігін кең ет жəне Құран тəпсірін үйрет» деп дұға жасаған. Нəтижесінде Құран тəржімасы атанған. Ең көп хадис риуаят еткен төрт сахбаның бірі. Абдулла һижраның 68 жылы, жетпістен асқан шағында дүниеден озған. Алла оған разы болсын!

дың бəріне пəтуа берген адамның есі ауысқан». Əш-Шағби93, əлХасан, Əбу Хасин94 (Алла оларды рақымына бөлесін) сынды табиғиндар былай деген: «Расында сендердің араларыңда адамдар белгілі бір мəселеге пəтуа береді. Егер Омар бин Хаттабтан (Алла оған разы болсын) осы мəселе сұралса, ол исламға алғаш кірген Бəдір жорығын көрген сахабаларды жинар еді». Табиғин Ата бин əс-Саиб95 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Бір мəселеге қатысты сұрақ қойылып, оған жауап бергенде бойын үрей билеген адамдарды көрдім. Суфян бин Ғуйайна96, Сахнун97 (Алла оларды рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Пəтуа беруге батылы барып кірісетіндер – ілімі аздар», – деген. Əл-Əсрам98 (Алла оны рақымына бөлесін) Ахмад бин Ханбалдың «білмеймін» деп көп айтататынын еске алады. Əл-Һайсам бин Жамил99: «Имам Маликке (Алла оларды рақымына бөлесін) 48 сауал қойылып, соның 32 мəселесіне білмеймін деп жауап бергеніне куə болдым», – дейді. Тағы бір деректе Имам Мəликке 50 сұрақ қойылғанда біріне де жауап бермегендігі туралы айтылады. Ол: «Кім бір мəселеге жауап беруге кіріссе, жауап беруден бұрын өзін жəннат пен тозақ арасында тұрғандай көрсін, əрі содан шығар жолды қалай табарын ойласын. Содан кейін барып жауап берсін» – дейтін. Бірде имам Мəликке сұрақ қойылғанда Ол: «Білмеймін», – деп жауап береді. «Бұл 93 Амир бин Шурахил бин əл-Һамдани əш-Шағби, имам əш-Шағби деген атпен танылған табиғин. Омар халифаның (Алла оған разы болсын) кезінде һижраның 21 жылы дүниеге келген. Фиқһ, хадистанушы сəлəф салихтардың бірі. Һижраның 103 жылы Куфа шаһарында дүние салған. 94 Əбу ХасинҒусман бин Асим əл-Асдииəл-Куфи фиқһ, хадистанушы табиғиндердің бірі. 95 Ато бин əс-Сайб əл-Куфи. Куфалық кіші табиғиндердің бірі əрі хадис көп риуаят етушілерден. Анас бин Мəлик, Абдулла бин Əби Əуфа, Ғамру бин Харис сынды сахабаларды көрген. Бірқатар хадис мамандары сенімді деп тапқан. 96 Суфиян бин Ғуйайна бин Əби Ғумран Мəймун һижраның 107-198 жылдары аралығына өмір сүрген хадистанушы ғалым. Хадис ілімінде сенімді деп танылған. 97 Əбу Сағид Абду Салам əт-Танухи əл-Мəлики,, һижраның 160-240 жылдар аралығында өмір сүрген, фиқһтанушы Мəлики мəзһабының үлкен, танымал ғалымдарының бірі. 98 Хафиз Əбу Бəкір Ахмад бин Мұхаммед əл-Искафи əл-Əсрам, һижраның 273 жылы қайтыс болған хадистанушы. Ахмад бин Ханбалдың шəкірті болған. 99 Əбу Саһл Хафиз Əл-Һайсам бин Жəмил əл-Бағдади, хадис мамандарында сенімді деп танылған хадистанушылардың бірі, һижраның 213 жылы қайтыс болған. жеңіл мəселе емес пе?» дегендерге Имам Мəлик ашуланып: «Ілімде жеңіл нəрсе жоқ», – деп қатулана жауап берген екен. Имам Шафиғи (Алла оаны рақымына бөлесін) бір сөзінде: «Ибн Ғуйайна (Алла оларды рақымына бөлесін) сияқты бойында пəтуа беруге қаблеті бар ешкімді көрмедім», – десе, Имам Əбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Ілім жоғалады деген Алла алдындағы қорқынышым болмағанда пəтуа бермес едім», – деген. Олардың пəтуа туралы айтқан сөздері көп. Əс-Саймари100 əл-Хатиб (Алла оларды рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Айт, кім пəтуа беруге құштар болса, оған ұмтылса, туралығы аз болмақ, істерінде жаңылмақ. Егер пəтуа беруді қаламай бас тартып, басқа біреуді ұсынса, Алла тарапынан оған көмек беріледі. Ондай адамның көп жағдайда жауабы тура болады». Аталған екі имам бұл сөздерді Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мына сахих хадисіне сүйеніп айтса керек: «Билікті сұрама, егер сен билікті сұрап өз қалауыңмен келсең, биліктің ықпалында қаласың. Ал егер сұрамбай келсең, билікте игілік көресің».101 МҮФТИ БОЛУДЫҢ ШАРТТАРЫ Болымсыз шарттар: Мүфти болатын адамның бойында болмауы тиіс деп есептелетін шарттар бар. Ондай шарттар көп десе де болады. Бұл шарттарды айтуымызға адамдардың көпшілігі шариғатта пəтуа беруге қатысты мəселелерді түсіне бермейтін кезеңде өмір сүріп жатқанымыз себеп болып жатыр. Ол шарттар: 1 – Пəтуа беруші ер адам болуы шарт емес. Əйел кісінің де пəтуасы алынады. 2 – Пəтуа берушінің сөйлей алуы шарт емес. Жазып немесе түсінікті ишарамен пəтуа берген жағдайда мылқаудың да пəтуасы жарайды. 3 – Пəтуа берушінің көзі көруі шарт емес. Соқырдың пəтуасы жарамды. Бұл – мəлики мəзһабының көзқарасы. 4 – «Пəтуа берушінің естуі шарт па?» деген сауалға келер болсақ, ханафи мəзһабының кейбірі: «Естуі шарт, саңыраудың 100 «Əл-Хусайн бин Али бин Жағфар əс-Сайрами əл-Ханафи 351-436 жылдар аралығында өмір сүрген, Ханафи мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. 101 Имам Науауи «Мажмуғ» кітабы, 1 том, 72-73 беттер.

пəтуасы алынбайды» – десе, танымал ханафи ғалымы Ибн Ғабидин (Алла оны рақымына бөлесін): «Егер саңырауға мəселені жазып беріп, ол оған жауап берсе, оның пəтуасымен амал жасауға болады. Алайда оны мүфтилік қызметке тағайындамаған абзал. Өйткені адамдардың бəрі бірдей мұң-мұқтажын жазып жеткізуі қиынға соғады», – дейді. Бұл шартты ханафилардан басқалары айтпаған. Пəтуа беретін адамға қойылатын міндетті шарттар: 1 – Мұсылман болу: мұсылмандардан басқаның пəтуасы жарамайды. 2 – Ақыл-есі дұрыс болуы: Ақыл-есінде ауытқуы бар адамның пəтуасы алынбайды. 3 – Балиғат жастан асқан болуы: Ер немесе əйелдік ерекшеліктер бойынан байқалған шамамен он бес жастан жоғары болу. Себебі жасы кіші ұл немесе қыз баланың пəтуасы жарамайды. 4 – Ілімді болуы керек: ілімсіз пəтуа беру – харам. Өйткені білімсіздікпен пəтуа беру – Алла мен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) атынан жалған сөйлеу болып саналып, адамдарды адастырады əрі бұл үлкен күнəлар қатарына жатады. Себебі, Алла Тағала бір аятта былай дейді: Ĩَא źَ Üَđْĥَĩُijنَ﴾ «Күдіксіз Раббым, ашық-көмес арсыздықтарды, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дəлел түсірілмеген нəрсені Аллаға серік қосуларыңды жəне білмейтін нəрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды».102 Бұл аятта ілімсіз əрекет ету арсыздық, озбырлық, серік қосу сынды күнəлармен қатар аталған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) былай деп айтқан: ă×ĝĺ ī» إن اų ź ĺĝ×ă اĤđĥħ اĬÝõاĐא ĺĭÝõĐį Ĩī اĤĭאس ، وĤכ Ęùئĥijا ĘÉĘÝijا ÖĕĻó Đĥħ Ęąĥijا وأĄĥijا «. «Расында, Алла ілімді ғұламалардың көкірегінен алмайды. Алайда ілім ғұламалардың дүниеден өтуімен алынады. Ғалым қалма102 «Ағраф» сүресі, 33-аят. ғанда, адамдар надандарды басшы етіп алады. Олар сұрақ сұраса, надандар ілімсіз пəтуа беріп, өзін де өзгені де адастырады»103. Сондай-ақ, тағы бір хадисте былай делінген: .« » Ĩī أĘÝĵ ÖęÝĻא ÖĕĻó Đĥħ כאن إàħ Đĥĵ Ĩī أĘÝאه «Кім ілімсіз пəтуа берсе, пəтуа алған адамның күнəсін арқалайды»104. 5 – Пəтуа берудің маманы болу: яғни пəтуаға кіріскен адам фиқһ, усул фиқһ қағидаларына терең бойлаған, мəселелерді шешуде жəне өмірлік оқиғаларды талдауда тəжрибесі мол болу керек. Қазіргі заманда мамандану деп шариғат ілімдеріне негізделген оқу орындарынан жоғарғы білім деңгейінде арнайы дəреже алып шығуды айтады. Бұл шарт ілім мен ижтиһадты талап етеді. Ал, ілім фиқһты меңгеру арқылы келеді. Ал, ижтиһад – мамандануды талап етеді. Өйткені пəтуаны міндетті түрде фақиһтар береді, фиқһ ілімімен айналыспаған хадис ғалымдарының пəтуа берулері дұрыс емес. Фақиһ (фиқһ ілімінің майталманы) барлық саланы емес, белгілі бір саланы ғана зерттеп, сол сала бойынша мамандық алып шығуы мүмкін. Бұл туралы əз-Зəркаши105 (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Мүфти ілімнің бір саласын ғана меңгеріп, соның дəлелдерін, усулдарын біліп, мирас немесе қажылық рəсімдеріне байланысты ілімі болмаса өз саласынан тыс салада пəтуа беруіне болмайды. Ал өз саласында ғана пəтуа беруіне бола ма деп сұралса: «Иə, оның усулдары мен дəлелдерін жетік білсе пəтуа бере алады» деген жауап айтылады. Бірақ көптеген ғалымдар бұған да тыйым салады. Өйткені мүфти барлық саладан хабардар болуы керек»106. 6 – Əділетті болу. Əділ адам дегеніміз ол – пасықтықтан алыс, жақсы мінезді, қоғамда жат көрінген əркететтерге жол бермеген адам. Ғұламалардың көпшілігінің пікірінше пасықтың пəтуасы қабылданбайды. Өйткені пəтуа – шарғи үкімді жеткізуді білдіреді. Пасықтың айтқан хабары алынбайды. Ғұламалар ішінара «пасық өзіне пəтуа 103 Имам Ахмад «муснады» кітабы, 2-том, 162-бет. Бұхари «Сахих» кітабы, 1-том, 50-бет. Муслим «Сахих» кітабы, 4-том, 2058-бет. 104 Дарими «Сунан» кітабы, 69-бет. Хаким «Мустадрак» кітабы, 1-том, 184-бет. Байһақи «Сунан кубар» кітабы, 10-том, 116-бет. 105 Əбу Абдулла Бəдруддин Мұхаммед əз-Заркəши əл-Мысри əш-Шəфиғи, һижраның 745-794 жылдар аралығында өмір сүрген, фиқһ, хадис танушы Шəфиғи мəзһабының ғалымы. 106 Заркаши «Əл-бахрул мухит» кітабы, 8 том, 358 бет.

шығарса болады. Себебі пасық өзінің жағдайын жақсы біледі» дегенді айтады. Осылайша пасықтың пəтуасы туралы көзқарас біржақты болды. 7 – Ижтиһад. Ижтиһад – бар ынта жігерімен дəлелдерден шарғи үкім шығару дегенді білдіреді. Бірақ, бұл – ғалым əр пəтуаның алдында үлкен күш жұмсап, зерттеу жүргізеді дегенді білдірмейді. Керісінше, осы ижтиһад ете алатын деңгейге жету дегенді аңғартады. Əл-Хатиб əл-Бағдади Иамам Шафиғидың (Алла оларды рақымына бөлесін) былай дегенін айтады: «Алланың дінінде тек Алланың Кітабын таныған адамнан басқа ешкімге пəтуа беруге рұқсат етілмейді. Ол əсіресе кітаптың үкімі жойылғаны мен үкімі жойылмаған жерлерін, мағынасы анық аяттар мен мағынасы ашық емес аяттарды, тəпсірін, түсу себебін, аяттардың меккелік не мединелік екенін білу керек. Содан кейін Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) хадистерін терең түсінуі, Құранды танығаны сияқты хадисті де жақсы тануы, араб тілін жетік меңгеруі қажет. Сондай-ақ Араб əдебиетін біліп, қалалар мен елдердің арасындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктерден хабардар болуы керек. Осыдан кейін ол адамның бойында қабілет пайда болады.Осы шарттарды орындаса ғана халал мен харамға байланысты пəтуа беру жайында сөз қозғаса болады. Егер бұл айтылған нəрсенің барлығы бойынан табылмаса пəтуа бере алмайды»107. Дегенмен де əз-Заркаши (Алла оны рақымына бөлесін) ижтиһадтың шарты мəселеде бар күшін жұмсау десе, Ибн əс-Самғани108 былай дейді: «Мүфти үш шартты орындау керек: ижтиһад, əділ болу, пəтуада шектен тыс жеңілдік жасамауы керек»109. 8 – Қабілеті жоғары болуы. Яғни, мəселелерді шешкенде көбіне дөп түсіп отыруы қажет. Үкімдерді дұрыс шығара білуі керек. Пəтуа беру – мəселелерді жақсылап ой елегінен өткізуді қажет етеді. Мүжтəһид шамасы жеткенше мəселелерді ойымен көз алдынан өткізе алуы тиіс. Өз ғасырындағы адамдардың алды болып, психологиялық зерттеулерде айтылып жүрген «creatіve іmagіnatіon» қабілетіне ие болуы міндетті. Осы мағынада имамдардың айтқан сөздері бар: 1. Ибн Бурһан110 (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Егер бір мəселеге қатысты ғалымдардың көпшілігі бірауыздан келісіп, бір 107 Ибн Қаийм «Иғламул муқиғин» кітабы, 1-том, 37-бет. 108 Əбу Сағд Абдул Кəрим əс-Самғани əш-Шəфиғи-һижраның 506-562 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының имамы. 109 Əз-Заркаши «Əл-бар əл-мұхит» кітабы, 8/358-бет. 110 Əбу əл-Фатых Ахмад бин Али бин Бурһан əл-Бағдади əш-Шəфиғи-һижраның 518-жылы қайтыс болған Шəфиғи мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. мұжтаһид оларға қарсы шықса, ижмағ қалыптаспайды. Тартыстың негізі ол мүжтəһидтерден келген тауатур (бұлтартпас дəлел) саны,егер олар бір мəселеге бірауыздан келіссе біреуінің олардан бөлінуі бөлінген адамның ойында қандай да бір əлсіздік бар деген түсінікті білдіреді. Біз бұған: «Дұрыс емес», – деп жауап береміз, себебі, көпшілік ұстанған пікір адамның ойына бірден келетін пікір болуы мүмкін, жалғыз адамның пікірі дəл əрі терең болуы да мүмкін. Жалғыз ғалым көпшіліктен ой күшінің көптігімен даралануы мүмкін. Сол себепті əр ғасырда ілімде озаттар шығады жəне олар мəселелерді тармаққа бөледі, ғажайып нəрселер тудырады»111. 2. Əл-Ғазали (Алла оны рақымына бөлесін) «Хақиқатул қаулайн» кітабында былай деп айтқан: «Мəселелерді електен өткізу – оңай іс емес. Тіпті зеректің өзі суреттеліп берілген мəселеге пəтуа беріп, адам басына түскен əр оқиғаны егжей-тегжейлі көз алдынан өткізуге шамасы жетпеуі, оқиғаны елестете алмауы мүмкін. Бұл – тек мүжтəһидтердің қолынан келетін іс»112. 3. Бір істі електен өткізе білу қабілетін адамдарға үйрететін жеке сала ілімдердің пайда болғаны əмбеге аян. Бұл ілімді (creatіve іmagіnatіon) батыста басшылар, шешім қабылдайтын арнайы өкілдер үйренеді. Бұл усулул фиқһқа қосылуы керек. Қазіргі ғасырда ижтиһад жасауға қолданылатын құрал қызметіне жарайды. Осы айтылған нəрселердің негізі ретінде ақылсыз бен көп жаңылған адамның пəтуасы жарамсыз екенін айтуға болады. Ғалым табиғатынан сөздердің түпкі мəнін, дəлелдердің мағыналарын тез түсінетін жəне үкім бергенде шындыққа жүгінетін жан болуы тиіс. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «Мүфтидің шарты – түсінігі (фиқһі) мол, санасы таза, ойы салмақты, көзқарасы жəне үкім шығаруы дұрыс адам болуы керек»113. 9 – Тапқыр, алғыр болу. Мүфтиге қойылатын шарт, ол сұңғыла, зерек, бейғамдықтан алыс қырағы адам болуы қажет. Ибн Абидин (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан: «(Ғұламалардың кейбірі мүфтиге сергек болу шартын қойған) яғни бейғамдығы мен жаңылуы көп адам муфти болмау керек. Бұған қатысты айтарым: «Бұл – біздің заманымызда қажет шарт. Қазіргі таңда кімнің қолында мүфтидің пəтуасы болса: «Маған пəтуаны мүфти берді, ақиқат мен жақта. Қарсыласым надан əрі пəтуа туралы еш нəрсе білмейді» деген сөздер 111 Суюти «Əр-радду ала ман ахлада илал ард» кітабы, 169-бет. 112 Суюти «Əр-радду ала ман ахлада илал ард» кітабы, 181-бет. 113 Əн-Науауи «Əл-мажмуғ» кітабы, 1-том, 75-бет.

арқылы пікірталастырып, қарсыласынан басым түсіп, оны жеңгісі келетіндер шыққан. Сондықтан мүфти, адамдардың айласы мен əзəзілдігін тани алуы керек»114. Ибн əл-Қайим: «Мүфти адамдардың қулығын жəне айласын, жағдайларын білу керек. Адамдар жайында тек қана жақсы ойда болмай, керісінше сақ, сын көзбен қарап, адамдардың ахуалы мен істерін жақсы түсінуі керек. Егер бұлай болмаса, адасады жəне өзгені де адастырады. Сыртқы келбеті жақсы көрінгенмен, іші қулық, зұлымдық, айлаға толы қаншама мəселе бар? Аңғал – мəселені үстірт қарап рұқсат берер, қырағы – мəселенің мəні мен астарын ашып білер»115 дейді. Бұл мүфтиде болуы қажет болған шарттар.Сонымен қатар, оның бойынан басқа да қасиеттер табылу керек. Бұл қасиеттер «əдеп» деп аталады. Оны төмендегідей баяндаймыз. Мүфтидің əдептері: Мүфти көптеген əдептерге ие болуы керек. Өйткені бұл əдептер шарттар секілді шектелмеген. Имамдар мен ғалымдардан келген əдептерді айтар болсақ, имам Ахмад (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: «Адам бес қасиетке ие болмайынша мүфтилік қызметке тағайындалмағаны жөн. Біріншісі: ниеті болуы керек. Оның ниеті бойында болмаса, сөзінде ешқандай нұр болмайды. Екіншісі: ілімді, мейірімді, салмақты, байыпты болуы қажет. Үшіншісі: атқарып жатқан жұмысына, алған біліміне берік болуы тиіс. Төртінші: еті тірі болуы керек, олай болмаған жағдайда адамдар оның аузын аштырмасы анық. Бесінші: адамдарды жақсы тануы маңызды»116. Шарғи үкімдерде біліктілігімен қатар, үсті-басының тазалығы, ұқыптылығы да ескеріледі. Сонымен қатар, жібек, алтын, кəпірлердің таңбасы салынған киімдерді киюден аулақ болуы керек. Қымбат, сапалы киімдер кисе, сөзі өтімдірек болуына себеп болады, өйткені сырт келбеттің жалпы адамдарға əсер ететіні сөзсіз. Мүфти бұл үкімде қазы сияқты рөл ойнайды. Сондай-ақ, амалы мен сөзін шариғатқа сай қылуға тырысып, жүріс-тұрысын түзеуі керек. Өйткені мүфтидің жасаған əрбір ісі мен айтқан сөзі – адамдар үшін үлгі. Іс-əрекеттері орынды болса сөзі өтімді бола түседі, өйткені адамдардың назары əрқашан мүфтиде болғандықтан, жұрттың барлығы оның бағыт-бағдарына қарайды. 114 Əн-Науауи «Əл-мажмуғ» кітабы, 1-том, 75-бет. 115 Ибн Қаим «Иғламул муқиғин» кітабы, 4-том, 176-бет. 116 Ибн Қаим «Иғламул муқиғин» кітабы, 4-том, 152-бет. Сөзі іс-əрекетіне сай келу үшін мүфти бір жақсылыққа бұйырса оны алдымен өзі жасап, өзі тыйған харамдар мен мəкрүһтерден сақтануы керек. Егер керісінше, істері сөзіне сай келмей жатса, онда пəтуа сұраушы сөзін қабылдағанмен, оған бойсұнбайды. Себебі, адамның табиғаты сөзден бұрын іске қарайды. Əрине, бұл «мүфти пəтуа бермесін» дегенді білдірмейді. Өйткені, қателеспейтін адам жоқ. Сондай-ақ ғұламалардың жалпы ұстанымы бойынша жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюды бұлжытпай орындау міндет емес. Тек мүфтидің жасаған қайшы əрекеттері əділдігіне нұқсан келтіретін болса, ол кезде пəтуасы жарамсыз болып қалады. Сондай ақ, мүфти дұрыс ойлау мен тура үкім беруге кедергі келтіретін ашу немесе қуаныш, аштық немесе шөл қысу, шаршау немесе ұйқы қысу, қатты ауру,қатты ыстық не қатты суық, дəрет қысу сынды жағдайларда пəтуа бермегені абзал. Өйткені, пəтуа «шарғи үкімді жеткізу» дегенді білдіреді. Пəтуа беру – адамдардың арасында үкім шығару сияқты нəрсе жəне Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): .« » ź ĺĝąĻī èכħ ÖĻī اàĭĻī و İij Ĕą×אن «Үкім беруші ашу үстінде екі адамның арасына қазылық етпесін»117 деген насихатына құлақ асу. Үкім берушіні ашу кернесе, ашуы тарқап, қалпына түскенше пəтуа бермеуі тиіс. Егер жоғарыда айтылған жағдайларда кейде пəтуа беріп, қателеспегеніне көзі жетсе пəтуасы дұрыс саналады. Сөйтсе де ол қатерге басын тіккенмен тең. Бірақ, Мəликилер мұндай жағдайға шек қойған. Ашуға ерік бермей, ойын шашыратып алмау керек. Егер ойлау қабілетіне əсер етіп, ауытқып кетсе пəтуаны қателеспей бергеннің өзінде пəтуəсы кесімді түрде жарамайды. Пəтуа əдептерінің бірі – кеңесу. Егер мүфтидің қасында ілімі мен дініне берік адам болса, онымен міндетті түрде кеңесу керек. Кеңесуге тəкаппарланып пəтуаның жауабын өзі жалғыз бермегені жөн. Осы негізде ізгі халифалар əсіресе Омар (Алла оған разы болсын) көптеген сахабалармен кеңесетін болған. Кеңесу арқылы пəтуа берудің ұтымдылығы сол мəселенің жасырын қалған қырларының ашылып қалуы бек мүмкін. Егер сыр жайылып кетер болса, кеңес құрылмайды. Əдептердің бірі – сыр сақтау. Негізінде мүфти өзгелер білмейтін адамдардың сырлары мен əуреттерін білетін дəрігер сияқты. Сырла117 Бұхари, 6-том, 2616-бет. Əбу Дауд, 1-том, 83-бет. Нəсаи, 8-том, 247-бет.

рын жария ету арқылы адамдарға зиян келтіреді немесе ынғайсыз жағдайда қалдырады. Сондықтан мүфти пəтуа сұраушылардың сырларын жа-сырын ұстауы керек. Сондай-ақ мүфти пəтуа сұраушының жағдайына қанығып алған дұрыс. Оның да өзіндік шарттары бар: 1. Егер пəтуа сұраушының түсінігі баяу болса, мүфти оған жұмсақ болу керек. Қойған сұрағын түсінуде жəне жауабын оған түсіндіруде сабырлық танытуы керек. 2. Егер сұрақ пəтуа сұраушыға шарғи мəселелерді түсіндіруді қажет етсе, онда мүфти жауаптың үстінен тағы да қосымша мəселелерді баяндап беріп, насихат пен нұсқау айту керек. Ғұламалар бұны хадистен алған. Ол былай болған кейбір сахабалар (Алл оларға разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) теңіздің суымен дəрет алу туралы сұрағанда, ол: .« įÝÝĻĨ ģéĤ» İij اĤĉıijر Ĩאؤه ا «Теңіздің суы таза, өлексесі адал» – деген. Мүфти жауаптың арнасын пайдалы нəрсеге бұру керек. Бұл тəсіл Алла Тағаланың мына бір аятында кездеседі: َīĻِÖَóْĜَ ْŶ﴿ĺَùْ ÉَĤُijĬَכَ Ĩَאذَا ĺُĭْęِĝُijنَ Ĝُģْ Ĩَא أَĬْęَĝْÝُħْ Ĩِīْ ìَ Ļْóٍ ĘَĥِĥْijَاĤِïَĺْīِ وَا وَاĤْĻَÝَאĨَĵ وَاĤْĩَùَ אכِĻīِ وَاÖْīِ اĤùَّ ×ِĻģِ وَĨَא Üَęْđَĥُijا Ĩِīْ ìَ Ļْóٍ ĘَÍِنَّ اųَّ َ Öِįِ ĐَĥِĻħٌ﴾ «Олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. Нендей хайыр қылсаңдар: Əке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер жəне жолда қалғандар үшін. Қандай жақсылық жасасаңдар да, күдіксіз Алла оны біледі де»118, – деп баяндайды. Адамдар Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) нені жұмсау туралы сұрағанда, кімдер үшін жұмсау керектігін айтып берді. Себебі, ол сұраған нəрселерінен де аса маңызды еді. 3. Пəтуа сұраушы өзі қажет етіп тұрған мəселе турасында пəтуа сұрайды. Егер мүфти пəтуа сұраушының қажетті мəселесіне тыйым салу арқылы жауап табылса, онда мүфти сұралған нəрсенің орнына, оның орнын алмастыратын нəрсеге нұсқау көрсетуі керек. Мүфти білікті дəрігер секілді болғаны абзал. Егер науқасты денсаулығына зиян келтіретін азықтардан тыйса, оның орнына денсаулығына пайдалы азықтарды көрсеткені жөн. 118 «Бақара» сүресі, 215-аят. 4. Егер біреу əлі орын алмаған жағдай турасында сауал қойса жəне мəселе ижтиһадты талап етсе, онда мүфти пəтуа сұраушыға өзіне қатысты, пайдалы, амал жасауға болатын сұрақ қою керектігін білдіру үшін жауап бермейді. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай деп айтқан: «Олар өздеріне тек пайдалы нəрсені ғана сұрайтын еді жəне ибн Аббас Икримаға былай деп айтқан: «Ей, Икрима шық та, адамдарға пəтуа бер, кім сенен өзіне қатысы жоқ нəрсені сұрайтын болса, пəтуа берме, өйткені адамдарды өзіңнен қашырасың»119. Сол секілді егер сұрақ қоюшының ақыл деңгейі жауапты көтере алмаса, мүфтидің жауап беруі міндетті емес. Өйткені Али (Алла оған разы болсын) былай деп айтқан: «Адамдарға білетін нəрсені айтыңдар, Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жасынға шығарылғанын қалайсыңдар ма?»120. Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Адамдарға ақылдары көтермейтін нəрсе айтсаң олардың кейбірінде фитна шығады», – деп айтқан»121. Біздің мына қиын заманда мүфтидің ұстануы міндетті маңызды əдептердің бірі – адамдарға дінді ауырлатпай, оларды Алланың дініне кіргізу жəне адамдардың шариғаттағы ғибратты сөзге ерулері үшін амал жасау. Олар бұл дінді толығымен тастай салуға, пасықтыққа бой алдыруға біртабан жақын тұрады. Бұл жеңілдік – Алланың шариғатынан шығаратын жəне тыйымдарға итермелейтін жеңілдік емес. Бұның ара-жігін ажырата білу үшін үлкен қырағылық керек, оған көптеген адамдар жіті мəн бере бермейді. Мүфти жүзеге асыру керек болған негізгі мүдде – ислам фиқһының көне мұрасымен тығыз байланысы болу үшін мүфтидің жаңа шарғи тəсіл ойлап шығаруы керек болады. Сонымен қатар шариғаттан ауытқып кетпей, қазіргі таңдағы мұсылмандардың дамуына кедергі келтірмейтіндей позицияны ұстану керек. * * * 5. Мұсылмандардың басым көпшілігін айыптауға түрткі болған бидғат түсінігінің аясын кеңейтулері Шектен шыққандардың саналарын құрсаулап алған кикілжіңге мəселелері мұсылмандардың əдет-ғұрыптарына жататын істерін жəне əдеттерін «бидғат», «адасушылық» деп есептейді. Бұның себебі олар 119 Ибн Абдилбар «Əл-истиғаб» кітабы, 2 том, 31 бет. 120 СахихБұхари, 2-том, 185-бет. 121 Сахих Муслим, 1-том, 11-бет.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) істемеген барлық нəрсе бидғат, адасу, оны істеуге болмайды деп ойлайды. Алладан дұға тілеу үшін намаздан кейін қолын көтерген адамды тыйып: «Сенің бұл ісің – бидғат. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұны істемеген» деп айтқандарын көресің. Намаздан кейін оларға біреу қолын созып амандасса да: «Бұл ісің бидғат. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұлай жасамаған», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) істемеген нəрсенің бəрі бидғат, адасушылық па? Негізінде осы мəселеге қатысты шейх ғұлама Абдулла бин əс-Сиддиқ əл-Ғуммари122 кітап жазып, оны «Хуснут тафаһһум уа əд-дарк ли масала əт-тарк» деп атаған. Кітабын көркем шумақтармен былай бастаған: Амал етпеу (тарк) шариғатымызда дəлел емес, Жəне тыйым, міндетті де білдірмейді Кім Пайғамбарымыз амал етпеген деп тыйым салса Əрі онысын дұрыс, сауап үкім деп есептесе, Дəлелдердің барлық жолынан адаспақ, Тіпті дұрыс үкімді қатеге шығарып, сəтсіздікке ұрынбақ. Тыйым – оған қарсы шыққандарға азапты ескертіп келеді, Немесе істеген ісін сөгіп жазаны ескертіп харам сөзімен жетеді. Мұсылмандардың мейлі сəлəф салихтері, мейлі хəлəфы болсын Шығыс пен Батыстағы ғұламалардың барлығы тəрк етудің, яғни Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қандай да бір істі жасамауы жалғыз өзі дəлел келтіруге жатпайды дейді. Əсілінде ғұламалардың уəжіп, мəндүб, мүбах, мəкруһ, харам сынды шариғи үкімдерді бекіту жолдары былай жүзеге асқан: 1 – Құраннан дəлел келу. 2 – Сүннеттен дəлел келу. 3 – Ижмағ қалыптасқан болу керек. 4 – Қияс. Шариғи үкімді бекітуде басқа жолдарда бар дегенге ғұламалар түрлі көзқараста болған. Ол дəлелдерге мыналар жатады: 5 – Сахабаның сөзі. 6 – Түбі күнəға ұрындыратын амалдың алдын алу (саддуз зариға). 7 – Мəдина халқының істері. 122 Абдулла бин əс-Сиддиқ əл-Ғуммари əл-Мағриби əл-Мəлики, 1910-1993 жылдар аралығында өмір сүрген Марокколық Мəлики мəзһабының үлкен ғалымдарының бірі. Фиқһ, хадистанушы. Əл-Азһар университетін тəмамдаған. 8 – Мурсал хадис. 9 – Истихсан. 10 – Əлсіз хадис, жəне одан басқа да ғұламалардың есепке алған жолдары. Амал жасамау (тəрк) жалғыз өзі шарғи үкім бола алмайды. Бұл – мұсылмандардың арасында бірауыздан қабылданған шешім. Сахабалардың (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қандай да бір ісін жасамағаны туралы нəрсесі харам, тіпті мəкруһ деп түсінбегендері деректер бар фақиһтар да. Ғасырлар бойы осылай түсінген. Мəликилер мен ханафилер Əбу Бəкр123, Омар124, Осман125 (Алла оларға разы болсын) шам намазының алдында екі рəкағат намаз оқымаған деген дерекке сүйеніп,«оны оқу – мəкруһ» деген сөздеріне қатысты Ибн Хазм: «Бұнда тұрған еш нəрсе жоқ; біріншіден бұл дерек мунқатиғ, яғни хадистің тізбегі үзіліп қалған. Өйткені Ибраһим (хадисты жеткізуші) біз атап шыққан адамдардың бірін де көрмеген жəне Осман (Алла оған разы болсын) өлгеннен кейін бірнеше жылдан кейін туылған. Дерек сахих болғанның өзінде одан еш дəлел алынбайды. Өйткені деректе аталмыш үш сахабаның (Алла оларға разы болсын) екі рəкағат оқудан тыйғандығы жəне оны мəкруһқа шығарғандары туралы еш нəрсе айтылмаған. Барлық нəпіл амалды орындау мүбах саналатындықтан біз оларға қарсы келмейміз»126 – деп айтқан. Ибн Хазм сахабалардың екі рəкағат намазды оқымағандықтары туралы дерекке көп тоқталып жатпай, расында Сахабалар ол намаздың 123 Əбу Бəкр əс-Сиддиқ Абдулла бин Ғусман əт-Тəйми əл-Құраши – милəди жыл санауымен 573-634 жылдар аралығында өмір сүрген, алғаш Ислам қабылдаған ұлы сахабалардың бірі. Мұсылмандардың алғашқы халифасы. Əділетті төрт халифаның бірі. Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Меккеден Мəдина шаһарына һижрет жасағанда жанында болған үңгірлес серігі. «Əс-Сиддиқ» – шыншыл деген лақап ат берілген. (Алла оған разы болсын). 124 Əбу Хафс əл-Фаруқ Омар бин əл-Хаттаб əл-Ғадауи əл-Құраши – милəди жыл санауымен 586-644 жылдар аралығында өмір сүрген шоқтығы биік сахабалардың бірі. Мұсылмандардың екінші халифасы. Əділетті төрт халифаның бірі. Əділдігімен танылған «əл-Фаруқ» – хақ пен жалғанды ажыратушы деген лақапқа ие болған. (Алла оған разы болсын). 125 Əбу Абдулла Зуннұрайн Осман бин Ғаффан əл-Умауи əл-Құраши – милəди жыл санауымен 576-656 жылдарда өмір сүрген үлкен сахабалардың бірі. Əділетті төрт халифаның үшіншісі. Күйеу баласы болғандықтан Зуннұрайын екі нұрдың иесі деген лақап ат берілген, өйткені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) екі қызына үйлеген. (Алла оған разы болсын). 126 Ибн Хазым «Əл мухалла бил əсар» кітабы, 2-том, 22-бет.

мəкруһ екендігін ашық айтпайынша жəне мұндай дерек олардан нақты келіп жетпейінше, аталмыш намазды оқымауға қатысты бұл хабардың ешқандай үкімге негіз бола алмайтындығын айтқан. Бұл – Ибн Хазмның, сахабалардың белгілі бір ғибадатты орындамағандарына қатысты ұстанған жолы. Пайғамбарымыздың да (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) белгілі бір ғибадатты орындамағанын осы негізде түсінген. Асыр намазынан кейінгі екі рəкағат нəпіл туралы былай деген: «Али бин Əби Талибтың (Алла оған разы болсын) хадисі дəлелге жүрмейді. Өйткені, бұл хадисте ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) аталмыш екі рəкағатты оқығанын көрмедім деп айтқан. Ол өзіне мəлім жəйтті ғана хабарлаған. Бұл хадисте екі рəкағатқа қатысты тыйым да, мəкруһ те қозғалмайды. Рамазан айынан басқа айларда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) толық бір ай ораза ұстамаған. Бұл рамазаннан бөлек айда нəпіл түрде толық бір ай ораза ұстау мəкруһ дегенді білдірмейді»127. Ибн Хазм Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) рамазаннан басқа айларда бір ай толық ораза ұстамағандығын осылай түсінген жəне бұл дерек рамазаннан бөлек басқа айларда, тіпті оны Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) орындамаса да бір ай толық ораза тұтудың харам не мəкруһ екендігін білдірмейді дейді. «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мінбердің үстінде емес, құрма ағашының діңгегінде тұрып хұтпа оқығандығы туралы дерек жеткен. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұл амалынан сахабалар мінбердің үстінде тұрып хұтпа айту бидғат, не харам деп түсінбеген. Олар Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мінбер жасап берген»128 деген хабар келген. Олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) арам санаған амалын жасамаған. Олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жасамағанын бидғат деп түсінбеген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) намазда рукуғтан көтерілгеннен кейін: 127 Ибн Хазым «Əл мухалла бил əсар» кітабы, 2-том, 36-бет. 128 Имам Ахмад «Муснад» кітабы, 1-том, 363-бет. Тирмизи «Сунан» кітабы, 2-том, 370-бет. Дарими «Сунан» кітабы, 1-том, 29-бет. Байһақи «Сунан кубра» кітабы, 3-том, 196-бет. Ибн Əби Шайба «Мусаннаф» кітабы, 3-том, 319-бет. Табарани «Муғжам аусат» кітабы, 1-том, 90-бет. Һайсами «Мажмағуз зауаид» кітабы, 2-том, 182-бет, хадисті жеткізуші адамдардың барлығы сенімді дəрежесінде. .« ...» رÖĭא وĤכ اĤéĩï èĩïا כáĻóا «Раббымыз саған мадақ болсын» дұғасын айтпаған. Сахабалар: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) намазда əлгі дұғаны оқымады. Демек, болмайды», – деп түсінбеген. Егер сахаба ол дұғаны айтуға болмайды деп түсінсе, ол дұғаны қалай айтсын? Жəне Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) аталмыш сахабаны жасаған амалы үшін сөкпеген. Мəселен оған: «Бұл амалың жақсы, бірақ енді оны қайта жасама» – деп айтқан жоқ немесе оны намазда басқа дұғаларды айтудан тыйған жоқ. Бұл тұста түсіндіріп кететін мəселе, ол – намазды уақытынан кешіктіруге болмайтыны. Хадисті Рифаға бин Рафиғ əз-Зирқи129 риуаят еткен, ол былай деген: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) артында намаз оқып тұрған едік, Ол рукуғтан көтерілгенде: .« » øĩď اų Ĥĩī èĩïه «Оның мақтағанын Алла естіді», – деп айтты. Сонда артта тұрған бір кісі: .« įĻĘ » رÖĭא وĤכ اĤéĩï، èĩïا כáĻóا ĈĻ×א Ĩ×אرכא «Раббымыз саған мадақ, көптеген мадақ болсын» – деді. Намазды аяқтаған соң Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): » Ĩī اĤĩÝכĥħ, Ĝאل: أĬא، Ĝאل: رأĺÛ ÖąđÙ و àŻàĻī Ĩĥכא ĺ×Ýïرون أĺıħ ĺכÝ×ıא أوź «. «Намазда дұғаны айтқан кім», – деп сұрады. Əлгі сахаба: «Мен» – деді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Ол дұғаның сауабын бірінші болып жазуға жарысқан отыздан астам періштелерді көрдім», – деді130. 129 Əбу Мұғаз Рафаға бин Рафиғ бин Мəлик əл-Ансари əл-Хазражи əз-Зирқи, шамамен һижраның 60 жылы қайтыс болған делінеді. Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бірге Бəдір, Ұхуд, Хандақ оқиғасын көрген сахабалардың бірі. Сондай-ақ Ғақаба, Ридуан келісімін көрген. Али мен Мұғауия (Алла оларға разы болсын) арасында болған оқиғаны да көрген. Алла оған разы болсын. 130 Имам Ахмад «Муснад» кітабы, 4-том, 340-бет. Бұхари «Сахих» кітабы, 1-том, 275бет. Əбу Дауд «Сунан» кітабы, 1-том, 204-бет. Насаи «Сунан» кітабы, 1-том, 222-бет. Мəлик «Муатта» кітабы 1-том, 211-бет. Байһақи «Сунан кубра» кітабы, 2-том, 95-бет.

Сахаба Білəл131 (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəреттен кейін екі рəкағат намаз оқымайтындығынан, ол намазды мүлде оқуға болмайды деп түсінбеген. Керісінше орындайтынынПайғабарымызға да (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) айтпаған болатын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір күні Білəлға (Алла оған разы болсын): » ĺא ÖŻل èïàĭĵ ÖÉرäĵ Đĩģ ĐĩĥÝį Ęĵ اŸøŻم، ĘÍĬĵ øĩđÛ دف ĬđĥĻכ ÖĻī ĺïى Ęĵ اĤåĭÙ. Ĝאل: Ĩא ĐĩĥÛ ĐĩŻ أرäĵ Đĭïى، أĬĵ Ĥħ أÜĉıó Ĉıijرا Ęĵ øאĐÙ ĤĻģ أو Ĭıאر إź ĀĥĻÛ ÖñĤכ اĤĉıijر Ĩא כÝÕ Ĥĵ أن أĀĥĵ. Ĝאل: أÖij Đ×ï اų: دف ĨđĥĻכ ĺđĭĵ Üéóĺכ «. «Ей, Білəл, исламда жасаған ең ұнамды амалыңды айтшы. Расында мен жəннатта аяғыңның сыбдырын естідім» – дейді. Сонда Білəл: «Түннің бір уақытында немесе күндіз, дəрет алғаннан кейін, маған міндетті болмаған намазды нəпіл оқимын» – деп жауап береді»132. Білəл (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын)оқымаған бір намазды белгілі бір уақытта оқып, намазды өзіне сүннет қылып алды. Əрі өзіне сүннет қылып алған бұл амалды ең ұнамды іс деп санады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) одан жасаған ең ұнамды амалы туралы сұрағанда сол намазын айтқан еді. Бұдан дəреттен кейін оқылатын намаз, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оны мойындағаннан кейін ғана сүннет болды деген түсінік шықпайды. Бірақ, сахабаларға дұғалар мен намаздарды шығаруға болады деген түсініктері арқылы біз истидлал (дəлел келтіру) жасаймыз. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұл іс пен тəсілді жоққа шығармағандығын жəне тыйым сал-мағандығын дəлелге келтіреміз. Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабалардың (Алла оларға разы болсын) белгілі бір амалды жасамағандықтары бидғатты білдірмесе, мұсылман ғұламаларының бидғатқа 131 Əбу Абдулла Билəл бин Рабах əл-Хабаши, һижраның 20 жылы қайтыс болған алғаш ислам қабылдаған сахабалардың бірі. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) азаншысы, көркем дауысты болған. Туған жері Хабашстан, құл болып келген, кейін Əбу Бəкір сахаба азат етіп алады (Алла оған разы болсын). 132 Бұхари « Сахих» кітабы, 1-том, 366-бет жəне 3-том, 1371-бет. қатысты көзқарастары қандай болмақ? Бұл мəселеде ұстанған жолдары қандай?! Шариғатта бидғатқа анықтама беруде ғұламалардың ұстанған екі түрлі жолы бар: Бірінші жол: Əл-Ғизз бин Абдуссаламның133 (Алла оны рақымына бөлесін) жолы. Ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жасамаған амалын бидғат деп санап, бидғатты бірнеше үкімге бөліп қараған. Ол былай деген: «Бидғат – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ғасырында белгілі болмаған іс-əрекет. Бидғат: уəжіп бидғат, харам бидғат, мəндуб бидғат, мəкруһ бидғат, мүбах бидғат деп бөлінеді. Бұларды түсінудің жолы – бидғатты шариғат қағидаларына салып қарастыру. Егер уəжіп қылатын қағидаларға кірсе, онда уəжіп бидғат болады. Егер харам қылу қағи-даларына сай келсе, онда ол – харам бидғат. Мəндуб қағидаларына кірсе, мəндуб, ал мəкруһ қағидаларына кірсе, мəкруһ бидғат болады. Мүбах қағидаларына кірсе мүбах бидғат болады»134. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) бұл сөздің мағынасын бекітіп былай деп айтқан: «Оның заманында болмаған істердің барлығы – бидғат. Бірақ бидғаттың жақсы жəне оған қайшы түрі болады»135. Екінші жол: Бидғатты толығымен жаман деп санау. Бұл топтағылар əл-Ғизз бин Абдуссалам (Алла оны рақымына бөлесін) секілді уəжіп, мəндүп, мүбах, мəкруһ бидғаттар деп бөлмеген. Бидғат түсінігін хараммен шектеген. Бұл көзқарасты ұстанғандар Ибн Ражаб əлХанбали136 (Алла оны рақымына бөлесін) сөзінің мағынасын түсіндіре келе былай деген: «Бидғаттың мағынасы – шариғатта негізі жоқ нəрсені ойдан шығару, ал шариғатта негізі бар нəрсе бидғат емес»137. Ақиқатында аталмыш екі ұстаным бидғаттың мағынасына бірауыздан келіскен. Қайшылық тек астарына үңілгенде ғана туындайды. Яғни, орындаушы күнə табатын, шариғатта негізі жоқ жаман бидғат жайында Пайғамбарымыздың: 133 Əбу МұхаммедƏл-Ғизз бин Абдусалам ғалымдардың сұлтаны деген лақаб ат берілген. Һижраның 577-660 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының фиқһ танушы ғалымы. 134 Ғиззуддин бин Абдуссалам «Қауағидул ахкам фи масалихил анам» кітабы, 2-том, 204-бет. 135 Ибн Хажар «Фатхул Бари» 2-том, 394-бет. 136 Əбу Фараж Зайнуддин Абдурахман бин Ахмад əл-Ханбали – һижраның 736-795 жылдар аралығында өмір сүрген Ханбали мəзһабының хадистанушы ғалымы. 137 Имам Науауи «Жамиғул улум уал хикам» 394-бет.

.« ÙĤŻĄ ÙĐïÖ ģ» כ «Əр бидғат – адасу» деп айтқан хадисінде айтылған. Фақиһ имамдар осы анық мағынаға сүйенген. Əл-Байһақи Имам Шафиғидің138 (Алла оларды рақымына бөлесін) мына сөзін риуаят еткен: «Істердегі ойдан шығарылған амалдар екі түрлі болады: кітапқа, сүннетке немесе ижмағқа қайшы келген іс-амал, бұл – адастырушы бидғат. Екіншісі: жоғарыда айтылған негіздерінің біріне де қайшы келмейтін жақсы амал, бұл – айыптауға жатпайтын бидғат»139. Əбу Хамид əл-Ғазали140 (Алла оны рақымына бөлесін): «Ойдан жасалған амалдың барлығы тыйым салынған іске кірмейді. Керісінше, бекітілген сүннетке қайшы келіп, шариғаттың бір ісін жоққа шығарған бидғат тыйымның аясына кіреді»141 – деген. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) ғұламалардың сұлтаны, əртүрлі ілімдер саласында біліктілігі бірауыздан мойындалған шейх, имам Əбу Мухаммад Абдулазиз бин Абдуссалам (Алла оны рақымына бөлесін) былай деп айтқан – имам Ғизз бин Абдуссаламның мына бір сөзін келтірген: «Бидғат уəжіп, харам, мəндүп, мүбах болып бөлінеді»142. Жəне Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) намаздан кейін қол алысу туралы кітабының бір жерінде былай деген: «Əр кездескенде қол алысу мұстахаб екенін біл! Ал, таң мен асыр намаздарынан кейін адамдар əдет еткен қол алысудың шариғатта негізі жоқ. Бірақ ештеңе етпейді. Қол алысудың негізі сүннет болып саналады. Адамдардың кей кездерде сол сүннетті үзбей орындаулары, кейде аз орындаулары немесе өте көп орындаулары шариғатта негізі бар қол алысудан тыс əрекет болып саналмайды»143. 138 Ахмад бин əл-Хусайн бин Али əл-Хурасани əл-Байқаһи, һижраның 384-458 жылдар аралығын өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының хадистанушы имамдарының бірі. ƏлБайқаһи деген атпен кең танылған. 139 Байһақи «Манақиб Шафиғи» кітабы, бұл деректі Əбу Нуғайм «Хилятул аулия» кітабында риуаят еткен (9\113). 140 Əбу Хамид Мұхаммед Əл-Ғазали əт-Туси əн-Нисабури 450 һижри/1058-505 һижри/1111. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Ашғари ақида мектебінің көрнекті өкілі. Хұжжатул-Ислам (Ислам дінінің құжаты), Зəйнуд-дин (діннің көркі), МуфтиУмма (мұсылман үмбетінің мүфтиі) т.б. лақаптары бар. Əйгілі имам, имамул-харамайын əл-Жуайнидің шəкірті. Ақида, фиқһ, тасаууф, фиқһ, усулул-фиқһ т.б. ғылым салаларында жазған керемет еңбектері бар (Алла оны рақымына бөлесін)! 141 Имам əл-Ғазали «Ихя улумиддин» кітабы, 2-том, 248-бет. 142 Имам Науауи «Таһзиб əл асма уа əл луғат» кітабы, 1-том, 22-бет. 143 Науауи əл азкар кітабында айтқан. Ибн əл-Асир144 (Алла оны рақымына бөлесін): «Бидғат екі түрлі болады: тура жолға бастар бидғат, адасуға жетелер бидғат. Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əмір еткеніне қайшы келген іс-əрекет сөгіс пен жоққа шығару шеңберіне кіреді. Ал, мəндүп не махдуд болған амал мақтауға лайық саналмақ»145 деген. Негізінде жақсылық жасау мақтауға лайық болмақ. Шариғатта келген нəрсеге қарсы болмау керек. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұнда сауап бар дей келіп: øĻئÙ כאن ĐĥĻį و زرİא ووزر Ĩī Đĩģ Öıא Ĩī Öđïه Ĩī ĔĻó أن ĺĭĝÿ Ĩī أوزارİħ üĻÏ «. «Кімде-кім Исламға жақсы бір амал енгізсе, оның сауабын жəне өзінен кейін оны жасаған адамның сауабындай сауап алады. Ал, кімде-кім Исламға жаман бір амал енгізсе, оның күнəсін жəне өзінен кейін оны жасаған адамның күнəсындай күнə арқалайды»146 деген. Егер бұл амал Алла жəне Оның Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұйырған нəрсеге қайшы келсе, Омардың (Алла оған разы болсын): «Бұл қандай жақсы бидғат» деген сөзін қайда тастаймыз? Жақсы іс болғандықтан мақтауға лайық істердің қатарына кірді жəне оны бидғат деп, мақтау білдірді. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ол амалды оларға сүннет етіп бекітпеген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тарауихты кейбір түндерде оқып, кейде оқымаған. Тіпті, түнгі намазды адамдарды жинап оқыған кезі болмаған. Ол Əбу Бəкірдің (Алла оған разы болсын) кезінде де жасалмаған. Тек Омар (Алла оған разы болсын) ғана адамдарды ол намазға жинап, сол намазды орындауға шақырған. Сондықтан оны бидғат деп атаған. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): .« » ĐĥĻכħ ÖùĭÝĹ وøĭÙ اĤíĥęאء اĤóاüïĺī اĤĩıïĺĻī Ĩī Öđïي 144 Ғиззуддин Əбу əл-Хасан əл-Жазари əл-Маусили, Ибн əл-Асир деген атпен танылған. Һижраның 555-630 жылдар аралығында өмір сүрген тарихшы ғалым. 145 Ибн əл-Асир «Əн-ниһая» кітабы, 1-том, 80-бет. 146 Муслим «Сахих» кітабы.

«Менің сүннетім мен менен кейінгі төрт ізгі халифалардың сүннеттерін ұстаныңдар»147 жəне: «Менен кейін Əбу Бəкір мен Омарға еріңдер»148 деп айтқан хадистеріне сүйене отырып, бұл амалды сүннетке жатқызуға болады. Осы ұстанымды негізге алсақ,«əрбір жаңа амал – бидғат» деген хадис – шариғат негіздеріне қайшы, сүннетке сəйкес келмеген амалды меңзейді»149. ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ БИДҒАТ ТҮСІНІГІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ Соңына ілесуге болатын үмбет ғалымдарының басым көпшілігі бидғатты бірнеше түрге бөліп қарастырған. Бұны Имам Шафиғидің жəне оған еруші Ғизз бин Абдуссаламның, Имам Науауидің, Əбу Шаманың, Мəликилерден əл-Құрафидің, əз-Зарқанидің, Ханафилерден Ибн Абидиннің жəне Ханбалилерден ибн əл-Жаузидің, Заһирилерден ибн Хазмның (Алла оларды рақымына бөлесін) сөздерінен анық көруге болады. Бұл бағыт Ғизз бин Абдуссалмның (Алла оны рақымына бөлесін) бидғат сөзіне берген анықтамасынан көрініс тапқан: «Бидғат – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ғасырында белгілі болмаған амал. Бидғат уəжіп, харам, мəндүп, мəкрүһ, мүбах бидғаттар болып бөлінеді»150. Ғұламалар бидғаттың бұл түрлеріне мысалдар келтіріп түсіндірген: уəжіп бидғатқа Алламен Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөздерін түсінуге себеп болатын араб тілінің синтаксисімен айналысу жатады. Ал, бұл – уəжіп. Өйткені, осы ілім арқылы шариғат сақталады. Уəжіпсіз орындалмайтын нəрсені орындау уəжіп саналады. Харам бидғат жəне оған мысал: Қадария151, Жабрия152, 147 Имам Ахмад «Мұснад» кітабы, Əбу Дəуд «Сунан» кітабы, Тирмизи «Сунан» кіабында келтірген. 148 Тирмизи «Сунəн» кітабы, (Əбу Бəкір, Омардың қасиеттері жайлы тақырыпта) келген. 149 «Əн-ниһая» 1-том, 80-бет. 150 Қауағидул ахкам фи масалихил анам 2-том, 205-бет. 151 Əл-Қадария мұсылмандар арасында пайда болған алғашқы адасушы сенім топтардың бірі. Бұл топ Умауиттер кезеңінде басталған. Негізін қалаушы, Ғайлан əл-Қадари деген кісі. Негізінде бұлар тағдырды жоққа шығарған, сондықтан тағдыршылдар деп аталып кеткен. 152 Əл-Жабария мұсылмандар арасында пайда болған алғашқы адасушы сенім топМуржия153, Хауариждердің мəзһабтары жатады. Мəндүп бидғат əрі оның мысалы: оқу орындарын, көпірлер салу жəне бір имамға ұйып жамағатпен мешітте тарауих намазын оқу. Мəкруһ бидғаттың мысалы: мешіттерді безендіру, мұсхафтарды əрлеу жатады. Мүбах бидғатқа мысал: намаздардан кейін қол алысу жəне тəтті сусын мен дəмді тамақты, киімді молынан пайдалану. Бидғатты бес үкімге бөлу туралы көзқарастарын төмендегідей дəлелдер арқылы келтірген: 1 – Рамазан айында мешітте жамағаттың намаз оқып жатқанын көргенде, Омардың (Алла оған разы болсын): «Бұл қандай жақсы бидғат», – деп айтқан сөзін негізге алады. Абдурахман бин Абдулқариде154 (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хабарда: «Рамазан айының бір түні Омар бин Əл Хаттабпен (Алла оған разы болсын) мешітке шықтым. Адамдар бөлектеніп, əркім өз бетімен намаз оқып жатты, біреулері бір топ адамдармен оқыды. Сонда Омар (Алла оған разы болсын): «Меніңше бұлардың намазын бір қаридың артына жинап оқытсақ, өте жақсы болар еді. Содан кейін шешім қабылдап, оларды Убай бин Кағбтың155 (Алла оған разы болсын) артына жинады. Келесі түні Омармен (Алла оған разы болсын) тағы шықтық, адамдар араларынан шыққан бір қариға ұйып намаз оқып жатты, сонда Омар (Алла оған разы болсын): «Бұл қандай жақсы бидғат, тұрып намаздарын оқығандар, ұйықтап жатқандардан абзал» – деді. Яғни түннің соңғы уақытында тұрып, намаз оқу абзал екенін меңзеді. Өйткені адамдар түннің бірінші уақытында тұрып оқып жүрген еді»156. Мешітте дұха намазын жамағатпен оқуды ибн Омардың (Алла оған разы болсын) бидғат деуі, жақсы істердің қатарынан саналады. тарының бірі. Алғаш Жабри болып танылған Жағд бин Дирһам. 153 Əл-Муржия мұсылмандар арасында пайда болған алғашқы адасушы сенім топтарының бірі. Алғаш Муржи болып танылған Əл-Хасан бин Мұхаммед бин əл-Ханафия деп келеді. 154 Абдурахман бин Абдулқари əл-Мəдани, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) заманында дүниеге келген, кейбір имамдар сахаба десе, біреулері табиғин деген. (Алла оған разы болсын). 155 Убай бин Кағб бин Қайс əл-Хазраж танымал, фақиһ, Құранды жақсы оқитын сахабалардың бірі болған. Һижраның 30 жылы қайтыс болған. Құран үйренетін төрт адамның бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Кағбты «Əбу Мунзир» деп атаса, Омар халифа «Əбу Туфайыл» деп атаған. Уахи жазушы сахабалардың бірі (Алла оған разы болсын). 156 Бұхари «Сахих» кітабы, 2-том, 707-бет.

Мужаһидтен157 (Алла оны рақымына бөлесін) келген риуаятта: «Уруа бин Əз-Зубайр екеуміз мешітке кірдік. Абдулла бин Омар Айшаның (Алла оларға разы болсын) бөлмесіне жақын отыр екен. Адамдар мешітте дұха намазын оқып жатты. Сонда біз одан олардың намаздары туралы сұрадық. Ол: «бидғат» – деп жауап берді»158. Басқа риуаятта: «Бидғат жəне қандай жақсы бидғат» – деп айтқан. Тағы бір риуаятта: «Расында ол – жаңадан шығарылған амал, тіпті – жаңадан шығарған амалдардың ең жақсысы» – деп айтқан»159. 2 – Бидғаттың жақсы мен жаманға бөлінетінін білдіретін хадистерді дəлелге алған. Сол хадистердің ішінде марфуғ дəрежесіне жеткені: «Кімде-кім Исламға жақсы бір амал енгізсе, оның сауабын жəне өзінен кейін оны жасаған адамның сауабындай сауап алады. Ал, кімде-кім Исламға жаман бір амал енгізсе, оның күнəсын жəне өзінен кейін оны жасаған адамның күнəсындай күнə арқалайды»160. Жоғарыда келген деректерден мынандай екі көзқарас қалыптасады: Жалпы көзқарас: бұл ибн Ражаб Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін) мен одан басқа ғұламалардың ұстанған көзқарасы, яғни адам жасаған нəрсесі үшін сауап алып, шариғатта есепке алынатын істер тілдік жағынан бидғат деп айтылса да, шариғат бойынша бидғат болып саналмайды. Қалыптасқан көзқарас ретінде бұған Ғизз бин Абдиссаламның (Алла оны рақымына бөлесін) жан-жақты келтіріп, түсіндірген тұжырымдамасын алуға болады. Біз келтірген нəрсені толық түсінуі үшін мұсылман адам міндетті түрде ислами көзқарасқа əсер ететін маңызды мəселелерді жəне фиқһ мəселелерінің қолдану аясын білуі қажет. Мұны білмеген адам өзгелерге «бидғатшылар» деген үкім береді. Ондайлардан Алла сақтасын! Бұл егжей-тегжейлі түсіндірілген осы принциптерді білмегендіктен туындайды. Алладан есендік тілейміз. Алла Тағала толық білуші. 157 Мұжаһид бин Жабир – һижраның 21-104 жылдар арасында өмір сүрген табиғиндердің бірі. Құран Кəрім қирағатын, тəпсірін жəне хадис ілімін жақсы білген табиғин ғалым (Алла оны рақымына бөлесін). 158 Сахих Бұхари 2-том, 630-бет. Муслим 2-том, 917-бет. 159 ФатхулБариде келгендей (3/263) екі риуаяттында тізбегі дұрыс. 160 Муслим «Сахих» кітабы, 2-том, 705-бет. * * * 6. Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасауды харамға шығару жəне оны Аллаға серік қосу деп есептеу

Шектен шыққан бұл ағымның тағы бір қатерлі көзқарастарының бірі Алладан дұға тілегенде Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасауды харамға шығарады. Бұл фақиһтар бірауыздан келіскен мəселе болғандығына қарамастан, кім бұны істесе, серік қосты деп айыптайды. Төрт мəзһаб ғұламалары Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасаудың болатындығына келіскен. Тіпті ол амалды мустахаб санаған. Ең бастысы ғалымдар аталмыш амалды пайғамбардың көзі тірісінде ғана жасауға болады, дүниеден өткеннен кейін жасауға болмайды деп бөлмеген. Бұл мəселені ғалымдар арасынан тек ибн Таймия бөліп қарастырып, ауытқып кеткен. Ол: «Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде ғана тауассул жасауға болады, ал дүниеден өткеннен кейін жасалмайды», – деген. Алайда оның бұл көзқарасы негізге алынбайды жəне оның ғылыми құндылығы жоқ. Ғұлама Тажуддин Субки «Шифа əс-сиқам» кітабында былай дейді: «Раббымызға жалбарынып, Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасап, шапағат тілеу – жақсы нəрсе жəне ондай амалды жасауға болады. Тауассулдың болатындығы жəне оның жақсы нəрсе екендігі кез-келген діндар адамға мəлім дүние. Тауассул – Пайғамбарлар мен Елшілердің (оларға Алланың сəлемі болсын) амалдарынан, сəлəф салихтар мен ізгі тұлғалар, ғұламалар мен көпшілік мұсылмандардың өмірлерінде көрініс тапқан белгілі жайт. Бұл амалды діндар адамдардың ешбірі жоққа шығармаған. Ислам тарихында, мұсылмандар арасында тауассулдың бұрыс, теріс екендігі жайлы оғаш мағлұмат айтылмаған. Тек ибн Таймия ғана қарапайым, діни сауаты төмен халыққа түсініксіз сөзбен тауассул турасында сөз қозғады. Осылайша ғасырлар бойы ешбір мұсылман баласы жасамаған бидғатты (дінде негізі жоқ жаңа нəрсе) шығарды»161. Мұсылман үмбетін ғұлама имамдарымыз бірауыздан келіскен нəрсені ұстануға шақырамыз. Төменде бұл мəселе жайлы Құран Кəрімнен, сүннеттен, фақиһтердің мəзһабтары бойынша жазылған сенімді кітаптардан дəлелдер келтіріледі. 161 Фатауа Əс Субки 119-бет, бірінші басылым, Хайдар Абад.

Бірінші: Құран Кəрімнен дəлел: 1. Алла Тағала былай дейді: ِįِĥĻِ× َø ĹِĘ ﴿ ĺَאأَĺُّıَא اĤَّñِĺīَ آĨَĭُijا اÜَّĝُijا اųَّ َ وَاÖْÝَĕُijا إِĤَĻْįِ اĤْijَøِ ĻĥَÙَ وَäَ אİِïُوا Ĥَđَĥَّכُ ħْ Üُęْĥِéُ ijنَ﴾ «Əй, иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар! Оған жететін уəсиланы іздеңдер. Екі дүниеде мұратқа жетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер»,162 – деп баяндайды. «Олар дұға еткенде Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рақымынан үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде, Раббыңың азабы өте қатты»163. ْħُı َùُęْĬَ﴿وَĨَא أَرْøَ ĥْĭَא Ĩِīْ رَøُ ijلٍ إِźَّ ĤِĻُĉَ אعَ ÖِÍِذْنِ اųَّ ِ وَĤَijْ أَĬَّıُħْ إِذْ Čَ ĥَĩُijا أ «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бойұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне зұлымдық жасаған сəтте саған келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрине олар Алланы тəубелерді қабыл етуші, ерекше мейірімді түрде табар еді»164 деген. Алғашқы аятта момындарды Алла Тағалаға жетудің барлық түрлерін пайдалануға бұйырады. Сондай-ақ, дұғада Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасау – сүннет дəлелдерін егжей-тегжейлі қарастырғанда барып анықталатын Аллаға жетудің бір түрі болып саналады. Бір тауассулдан екінші бір тауассулды ерекшелейтін ереже жоқ. Аяттағы бұйрық жалпылама түрде келген. Ол жерде Алла Тағала разы болатын барлық тауассулды пайдалануға болатындығы көрсетілген. Дұғаның өзі ғибадат, туыстық қарымқатынас үзілмесе, күнə істелмесе немесе ақида негіздеріне, ислам принциптеріне қайшы келетін сөздер айтылмаса қабыл етіле береді. Екінші аятта Алланың шақыруын қабыл еткен жəне дұғада Өзіне тауассул арқылы жетуге əрекет еткен момындарды Хақ Тағала мақтаған. Енді сүннеттен дəлелдер келтіре отырып мұсылман адамның дұғасында Аллаға қалай тауассул жасау керектігін баяндаймыз. 162 «Мəйдə» сүресі, 35-аят. 163 «Исра» сүресі, 57-аят. 164 «Ниса» сүресі, 64-аят. Ал, үшінші аятта: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне қиянат жасаған сəтте, саған (Пайғамбарға) келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрине олар Алланы тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді түрде табар еді»165 деген» Саған келіп» деген сөз жалпылама тауассулды білдіріп тұр. Мұнда ақыл тұрғысынан да, шариғат тұрғысынан да ешқандай шектеу жоқ. Яғни, аятта Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тек тірі кезінде ғана тауассул етуге болады дейтіндей қағида жоқ. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тіршілігі Қияметке дейін жалғасады. Бұл жерде Құраннан шығатын ғибрат,себептің ерекшелігімен емес, сөздің жалпылама ұғымымен болады. Кімде-кім «бұл аят Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірі кезіне ғана немесе Оның өзіне ғана қатысты» десе, онысына дəлел келтіру керек. Ал, сөздің жалпылама ұғымы дəлелді қажет етпейді. Өйткені сөздің жалпылама ұғымы негіз болып саналады, ал сөздің шектеліп келуі дəлелді қажет етеді. Міне, бұл – тəфсір түсінігі. Тіпті,бұл Хафиз ибн Асир (Алла оны рақымына бөлесін) сынды хадиске сүйенген тəфсіршілердің басым көпшілігінің ұстанымы. Хафиз ибн Асир (Алла оны рақымына бөлесін) осы аятты келтіре отырып былай дейді: «Бір топ ғұламалар оның ішінде Əбу Насыр əс-Сибағ166 «Əш-шамил» атты кітабында «əл-Ғатабиден167 (Алла оларды рақымына бөлесін) мына бір мəшһүр қиссаны келтірген. Əл-Ғатаби: «Бірде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) раудасының (мінбері мен қабірінің арасындағы жəннат бағы) жанында отыр едім, сонда бір бəдəуи келіп: Уа, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) саған бейбітшілік болсын – дейді де Алла Тағала былай деген: اĤóَّøُ ijلُ Ĥَijَäَ ïُوا اųَّ َ ÜَijَّاÖًא رَèِ Ļĩًא﴾ 165 «Ниса» сүресі, 64-аят. 166 Əбу Насыр Абдусайд бин Мұхаммед əл-Бағдади əш-Шəфиғи – һижраның 400-477 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. 167 Əбу Абдулла Мұхаммед бин Ахмад əл-Ғатаби əл-Құртуби əл-Мəлики – һижраның 225 жылы қайтыс болған, Мəлики мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі.

«Егер олар өздеріне бір қиянат жасаған кезде, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, əрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, əрине Алланы тəубелерді қабыл етуші, ерекше мейірімді түрде табар еді»,168 – деп осы аятты оқыды. Міне, мен Раббымнан күнəм үшін кешірім тілеп, сен арқылы шапағат сұрап келіп тұрмын» дейді де мына өлең жолдарын оқыды: Уа, мына жерде жерленгендердің ең хайырлысы, Жерленген жеріңнен дала мен қыр көркейді. Сен жерленген қабірге жаным пида, Онда кеңшілік пен жомарттықтың бары сөзсіз. Содан кейін əлгі бəдəуи кетіп қалды. Мен ұйықтап кетіппін. Түсімде Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көрдім. Маған Ол (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): Əй, Ғатаби, бəдəуиді қуып жетте, Алла Тағаланың оған кешірім жасағанын хабарла»169 – дегенін келтіреді. Сол сияқты аталмыш қиссаны Байһақида риуаят еткен170. Фиқһ ғалымдарының басым көпшілігі осы аятқа сүйене отырып Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне зиярат етудің мұстахаб екендігін айтқан. Сондай-ақ Оның (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шарапатты раудасын (мінбарымен қабірінің арасына)зиярат еткен кезде аталмыш аятты оқуды мұстахаб санаған. Ханафи ғалымдары да Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірінің басында аталмыш аятты оқуды мұстахаб деген. «Əл-фатауа əл-һиндия» кітабында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірін зиярат ету əдептері туралы: «Кейін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірінің басында тұрып былай деп айтады: Аллаһым расында сен: ﴾ َ﴿وَĤَijْ أَĬَّıُħْ إِذْ Čَ ĥَĩُijا أَĬْęُùَ ıُħْ äَ אءُوك «Егер олар өздеріне бір кесір істеген кезде, саған келіп»171 дедің. Сенің сөзің ақиқат»172. 168 «Ниса» сүресі, 64-аят. 169 Ибн Касирдың тəпсірі 1-том, 521-бет. 170 Байқаһи «Шуғабул иман» кітабы, 3-том, 496-бет. 171 «Ниса» сүресі, 64-аят. 172 «Əл-фатауа һиндия» кітабы, 1-том, 266-бет. Мəлики ғалымдарының ішінде ибн əл-Хаж əл-Абдари173 былай деген: «Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасау қиыншылықтарды мойыннан түсіретін əрі күнəлар мен қателіктердің зілінен арылатын орын. Өйткені, Оның (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапағатының берекесі – Раббысының құзырында ұлы. Күнəлар одан үлкен болмайды. Себебі, Оның (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапағаты барлығынан да үлкен. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зиярат жасаған адамды қуандыр, ал оған зиярат жасамаған адам Пайғамбарының (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапағаты арқылы Алла Тағаладан пана іздесін. Аллаһым Сенің құзырыңда қасиетті болған, Оның (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапағатынан бізді мақұрым қалдыра көрме. Уа, əлемдердің Раббысы, дұғамызды қабыл ет! Кім бұған қайшы сенімді ұстанса ол шапағаттан мақұрым қалмақ. Ол Алла Тағаланың: اĤóَّøُ ijلُ Ĥَijَäَ ïُوا اųَّ َ ÜَijَّاÖًא رَèِ Ļĩًא﴾ «Егер олар өздеріне бір қиянат жасаған кезде саған келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, əрине тəубелерді қабылдаушы Алланы ерекше мейірімді түрде табар еді»174дегенін естімедіме?Кімде-кім Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне келіп, есігінің қасында тұрып, онымен тауассул жасаса Алла Тағаланың жарылқауы мен рақымын табады. Өйткені, Алла уəдені бұзбайды, Ол ондай нəрседен пəк. Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) келіп, есігінің қасында тұрып, одан сұрап, Алладан кешірім тілегеннің тəубесін қабыл алуға уəде берген. Бұған дінді жоққа шығарушы, Алла мен Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қарсы шығушы ғана күмəн келтіреді. Шапағаттан құр қалмау үшін Алладан пана тілейміз»175. Шəфиғи ғалымдарының ішінде Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі 173 Ибн əл-Хажж Мұхаммед бин Мұхаммед əл-Абдари əл-Фаси əл-Мəлики, һижраның 737 жылы қайтыс болған Мəлики мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. 174 «Ниса» сүресі, 64-аят. 175 Ибн Хаж «Əл мадхал» кітабы, 1том, 260бет.

болсын) қабіріне зиярат жасаудың əдептерін баяндағанда: «...Содан кейін қайта орнына барып, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне қарап тұрып, өзіне Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасайды. Раббысына жалбарынып, Онымен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапағат етуін тілейді. Осы мəселеде ең жақсы айтылған нəрсе əл-Мауарди176 жəне Қазы Əбу əт-Таийбтың177 келтірген риуаяты (Алла оларды рақымына бөлесін) жəне барлық ғұламаларымыздың əл-Ғатабидің (Алла оны рақымына бөлесін) сөзін құптап: «Бірде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірінің жанында отыр едім, сонда бір бəдəуи келіп: Уа, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) саған бейбітшілік болсын – деп, мен Алла Тағаланың: اĤóَّøُ ijلُ Ĥَijَäَ ïُوا اųَّ َ ÜَijَّاÖًא رَèِ Ļĩًא﴾ «Егер олар өздеріне бір қиянат жасаған кезде, саған келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, əрине Алланы тəубелерді қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»178деп айтқанын естіп едім. Міне, мен Раббыма күнəм үшін кешірім тілеп, сен арқылы шапағат сұрап келіп тұрмын...»179 деген. Кейін ибн Касирдің (Алла оны рақымына бөлесін) келтірген қиссасын баяндады. Ханбали ғалымдарынан ибн Қудама180 (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шарапатты қабірін зиярат жасау əдептері тақырыбында аталмыш аятты оқып, осы аят арқылы Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тілдесуге жəне Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өзі үшін кешірім сұрауға болатындығын 176 Əбу əл-Хасан Али бин Мұхаммед əл-Басри əл-Мауарди əш-Шəфиғи, һижраның 364-450 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының фиқһтанушы ғалымдарының бірі. 177 Əбу əт-Тайб Тоһир бин Абдулла əт-Табари əш-Шəфиғи, һижраның 348-450 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. 178 «Ниса» сүресі, 64-аят. 179 Имам Науауи «Мажмуғ» кітабы, 256-бет. 180 Ибн Қудама əл-Ғадауи əл-Құраши əл-Ханбали, һижраның 541-620 жылдар аралығында өмір сүрген Ханбали мəзһабының фиқһ, хадистанушы ғалымдарының бірі. айтқан. Оған (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сəлем беріп, дұға тілеп, салауат айтқаннан кейін былай деп айту керек: «Аллаһым, расында, сенің сөзің хақ, Сен: اĤóَّøُ ijلُ Ĥَijَäَ ïُوا اųَّ َ ÜَijَّاÖًא رَèِ Ļĩًא﴾ «Егер олар өздеріне бір қиянат жасаған кезде, саған келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, əрине Алланы тəубелерді қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,181 – деп айттың. Уа, Пайғамбар! Саған күнəларым үшін кешірім тілеп, Раббымның құзырында маған шапағат етуіңді сұрап келдім. Уа, Раббым! Сенен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде оған келген адамдарды жарылқағаныңдай мені де жарылқауыңды тілеймін. Аллаһым оны шапағат етушілердің ең алғашқысы қыл жəне сұраушылардың ішінде жолымды болдыр, алдыңғылар мен кейінгілердің ең ардақтысы қыл! Уа, Рақымдылардың Рақымдысы» деп, кейін ата-анасына, бауырларына, барша мұсылмандар үшін дұға тілейді»182 деген. Ханбали ғұламаларының бірі əр-Рахибани183 (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шарапатты қабірінің басында аталмыш аятты оқу – мұстахаб» деген. Ғалым былай дейді: «Аллаһым, расында,Сенің сөзің хақ, Сен: اĤóَّøُ ijلُ Ĥَijَäَ ïُوا اųَّ َ ÜَijَّاÖًא رَèِ Ļĩًא﴾ «Егер олар өздеріне бір қиянат жасаған кезде, саған келіп, Алладан жарылқау тілесе, əрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, əрине Алланы тəубелерді қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,184 – деп айттың. Уа, Пайғамбар! Саған күнəларым үшін кешірім тілеп, Раббымның құзырында маған шапағат етуіңді сұрап келдім. Уа, Раббым! Сенен Пайғамбарымыздың (оған Алланың са181 «Ниса» сүресі, 64-аят. 182 Ибн Қудама «Əл муғни» кітабы, 3-том, 298-бет. 183 Мұстафа бин Сағд бин Ғабдуһ əс-Сюути əр-Рахибани əл-Ханбали – һижраның 1160-1243 жылдар аралығында өмір сүрген Ханбали мəзһабының фиқһтанушы ғалымдарының бірі. Дамск шаһарында муфти болған адам. 184 «Ниса» сүресі, 64-аят.

лауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде оған келген адамдарды жарылқағаныңдай мені де жарылқауыңды тілеймін. Аллаһым оны шапағат етушілердің ең алғашқысы жəне сұраушыларадың жолы болғаны, алдыңғылар мен кейінгілердің ең ардақтысы қыл Уа, Рақымдылардың Рақымдысы»! – деп, кейін ата-анасына, бауырларына, барша мұсылмандар үшін дұға тілейді»185. Екінші: Хадис шəрифтен дəлел: 1. Осман бин Ханифтан186 (Алла оған разы болсын) соқыр адам туралы хадис келіп жеткен: «Бірде бір соқыр адам Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) келіп: «Алла мені сауықтырсын деп тілеңізші» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Егер қаласаңыз дұға тілеймін, қаласаңыз сабыр етіңіз, сабыр ету сіз үшін хайырлы»» – дейді. Əлгі адам: «Дұға тілеңіз» – деп өтінеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оған дəрет алуды бұйырып, дəрет алып болғаннан кейін, мына дұғаны айтсын дейді: «Аллаһым, мен Сенен жарылқау тілеймін, Сенің кешіруіңді Пайғамбарың Мұхаммедпен жалбарынамын. Уа, Мұхаммед, менің қажетімді өтеп беруің үшін сен арқылы Раббыма жалбарындым. Аллаһым, Оны (с.а.у.) мен үшін шапағатшы қыл!»187. Бұл хадис аталмыш түрдегі дұғаның мұстахаб екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, оны Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабаларының біріне үйреткен. Алла Тағала соқыр адамның дұғасын отырған жерінде қабыл ету арқылы Пайғамбарының (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұғжизасын көрсетті. Егер Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өзінің сахабаларының біріне осы үлгідегі дұға тілеудің əдісін үйретсе əрі хадис бізге дұрыс тізбекпен келген болса, бұл хадис Қиямет қайымға дейін Алла Тағала Жер мен оның бетіндегілерді толық алғанға дейін барлық уақытта аталмыш дұға түрін айтудың мұстахаб екендігіне дəлел болады. Жəне де аталмыш дұға əлгі сахабаның өзіне ғана қа185 Рахибани «Маталиб ули əн нуһа» кітабы, 2-том, 441-бет. 186 Осман бин Ханиф бин Уаһид əл-Ғаким əл-Ансари – Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бірге барлық жорықтарды көрген сахаба. Ал халифаның (Алла оған разы болсын) кезінде Басра шаһарына əкім болып сайланған. 187 Ахмад «Муснады» кітабы, 4-том, 138-бет. Тирмизи «Сунан» кітабы, 5-том, 569-бет, жəне: бұл хасан сахих хадис – деп айтқан. Насаи «Сунан» кітабы, 6-том, 169-бет жəне амал əл яум уа əл лайла кітабы 1-том, 417-бет. Ибн Мажа «Сунан» кітабы, 1-том, 441бет. Хаким «Мустадрак» кітабында екі жерде келген 1-том, 458-бетте жəне 1-том 707бетте. Табарани «Муғжам сағир» кітабы, 1-том, 306-бет, жəне «Муғжам аусат» кітабы 2-том, 105-бет. тысты деуге келмейді. Сондай-ақ, бұл дұға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тірі кезіне ғана қатысты дейтінде тосқауыл жоқ. Үкім беруде жəне шариғатта сөздің жалпылама ұғымы жекелеуге немесе шектеуге келмесе, негіз болып саналады. 2. Жоғарыда айтылған хадистің хикаясы: Осман бин Ханифтың (Алла оған разы болсын) осы хадисты риуаят етуіне себеп болған оқиға. Бұл оқиғаның мазмұны былай: «Бірде бір кісі Осман бин Аффанға (Алла оған разы болсын) бір қажетін сұрап келген еді, Осман (Алла оған разы болсын) оған көңіл аудармайды əрі оның қажетіне мəн бермейді. Сөйтіп, əлгі адам Осман бин Ханифты кездестіріп, оған болған жайтты айтып шағымданады, сол кезде оған Осман бин Ханиф (Алла оған разы болсын): «Дəрет алатын жерге барып, дəрет алып, кейін мешітке бар да, екі рəкағат намаз оқы. Содан кейін: «Аллаһым, расында мен Сенен қажетімді сұраймын жəне Сенен кешірім тілеп, Пайғамбарың Мұхаммедпен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жалбарынамын. Уа, Мұхаммед менің қажетімді өтеп беруің үшін сенімен Раббыма жалбарынамын – дегенен кейін қажетіңді ата» – дейді. Əлгі адам мешітке барып өзіне айтылған нəрсені жасайды. Кейін Осман бин Аффанның (Алла оған разы болсын) есігіне келеді, оны қызметшісі қарсы алып, қолынан жетелеп Осман бин Аффанға (Алла оған разы болсын) кіргізіп, кілемге отырғызады. Осман (Алла оған разы болсын) одан: «қандай мəселеңіз бар? – деп сұрайды. Ол мəселені айтады. Осман (Алла оған разы болсын) айтқан өтінішін орындайды. Əрі оған: «Осы уақытқа дейін қажетіңді ескермедім енді қандай да бір қажет тілегің болса бізге келіп тұр» – дейді. Кейін əлгі адам Османның (Алла оған разы болсын) алдынан шығып кетеді де, жолда Осман бин Ханифты (Алла оған разы болсын) кездестіріп, оған: «Алла сізге разы болсын! Сіз мен үшін онымен сөйлескенге дейін ол менің мəселеме мəн бермейтін əрі назар да аудармайтын» – дейді. Сонда Осман бин Ханиф (Алла оған разы болсын): «Алланың атымен ант етемін мен сіз үшін онымен сөйлеспедім. Бірақ, Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) соқыр адамның келгенін көрдім...»188 – дейді. Кейін соқыр адамның хадисін айтып 188 Табарани «Муғжам сағир» кітабы, 1-том, 306-бет. Байһақи «Далаилун нубууа» кітабы. Əл Мунзири «Аттарғиб уа ат тарһиб» кітабы, 1-том, 273-бет. Һайсами «Мажмағуз зауаид» кітабы, 2-том, 279-бет. Əл Мубаракфури «Тухфатул Ахуази» кітабы, 10-том, 24-бет. Ғұлама Хафиз Сейд Абдулла бин Ас-Сиддиқ ƏлҒаммари былай деп айтқан: «Бұл қиссаны Байһақи «далаилун нубуа» кітабында Яғқуб бин Суфян арқылы риуаят еткен Яғқубқа хадисты Ахмад бин Шабиб бин Сағид айтқан, Ахмадқа хадисты əкесі айтқан, əкесіне хадисты Раух бин Əл Қасим атйқан. Раух хадисты Əбу Жағфар

береді. Бұл оқиғадан кейін аталмыш хадис Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тірі кезіне ғана қатысты деп есептейтіндердің жолын жабуға дəлел болады. 3. Намаз оқу үшін мешітке бару хадисі Əбу Сағид əл-Худриден189 (Алла оған разы болсын) келген хабарда: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): īĻĥ» Ĩī Ĝאل èĻī ĺíóج إĤĵ اĤāŻة: اĤĥıħ إĬĵ أøÉĤכ Öéě اĤùאئ ĀŻÜį «. «Кімде-кім мешітке қарай шыққан кезде: «Аллаһым, расында мен Сенен, Саған жалбарынушылардың жəне мешітке басқан қадамымның ақысымен сұраймын. Расында мен жамандық қалап, өзімді жоғары санап, көзбояушылық қылып, атақ іздеп шықпадым. Сенің азабыңнан қорқып, разылығыңды іздеп шықтым. Мені тозақ отынан құтқаруыңды, күнəларымды кешуіңді сұраймын. Расында күнəларды Сеннен басқа ешкім кешпейді», – деп айтатын болса, намаздан шыққанша Алла Тағала ол адам үшін кешірім тілейтін 70 мың періште жібереді жəне Алла Тағаланың өзі оны панасына алады»190, – деген. Əл Хатамидан риуаят еткен. Əбу Жағфар хадисты Əбу Умама бин Сəһл бин Ханифтан риуаят еткен. Əбу Умама хадисты көкесі Осман бин Ханифтан риуаят еткен, бірде бір ер кісі Осман бин Аффанға баратын болған ... содан оқиғаны толығымен баяндап берді. Содан кейін ƏлҒаммари былай деп айтады: «Яғқуб бин Суфян ол Əн Насауилік сиқа, хафиз дəрежесіндегі имам, тіпті ол сиқа дəрежесінен де жоғары мəртебеге лайық, бұл сахих иснад. Хадистегі оқиға да өте дұрыс. Хадистың сахихтігіне өзінің «Аттарғиб» кітабында əл-Мунзири де келіскен 3-том, 606-бет. Хафиз Һайсами мажмағуз зауаид кітабында келтірген 3-том, 379-бет». [Ғұлама Сейд Абдулла бин Ас Сиддиқ Əл Ғаммаридың «ирғам əл мубтадиғ əл ғаби» кітабы]. 189 Əбу Сағид бин Мəлик бин Синан бин Сағлəбə əл-Худури əл-Ансари. Һижраның 74 жылы қайтыс болған. Жас кезінде исламды қабылдаған ілімді жəне көп хадис жеткізуші сахабалардың бірі. Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Хандақ соғысында болған. (Алла оған разы болсын). 190 Ахмад «Муснадə кітабы, 3-том, 21-бет. Ибн Мажа «Сунан» кітабы, 1-том, 256-бет. Ибн Хазима «Сахих» кітабы, 17-том, 18-бет. Табарани «Муғжамы» кітабы, 2-том, 990бет. Ибн Əс Сунни «Амал əл йаум уа əл лайла» кітабы, 4-бет. Байһақи «Ад-дағауат əл Бұл хадис сахих, хадисті əл-Хафиз ибн Хажар əл-Асқалани191, əл-Хафиз əл-Ирақи192, əл-Мунзиридың193 шейхы Əбу əл-Хасан əл-Мақдиси194, əл-Хафиз əд-Димяти195, əл-Хафиз əл-Бусайри196 дұрыс деген баға берген. Аталмыш хадис дұға тілегенде ізгі амалмен Аллаға тауассул жасаудың рұқсат екендігіне дəлел болады. Бұл жердегі жақсы амал – дəреті бар адамның намазға шығуы жəне Аллаға жалбарынушылардың хақысымен сұрау секілді əрекеттің бірі. 4. Омардың (Алла оған разы болсын) кезінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірінің басында тұрып, жауын тілеу оқиғасы. Бұл хадис Мəлик əд-Дардан197келген. Ол Омардың (Алла оған разы болсын) кезінде мемлекет қазынасына жауапты адам болған. Ол: «Омардың (Алла оған разы болсын) кезінде адамдарды қуаңшылық жайлайды. Сонда бір ер кісі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне келіп былай дейді: «Уа, Алла Елшісі, үмбетіңіз үшін жауын сұраңызшы, расында олар қырылуға жақын қалды. Сол кезде Алла Елшісі оның түсіне кіріп былай дейді: «Омарға барып,менен оған сəлем айт жəне үмбетіме жауын түсетінінен хабар бер əрі Омарға: «Парасаттылық қылсын» деп айт. Əлгі адам Омарға келіп түсін айтады, сонда Омар (Алла оған разы кабир» кітабы, 47-бет. Ибн Əби Шайба «Мусаннаф» кітабы, 10-том, 211-212 беттер. Əбу Нуғайм Əл Фадл бин Дукайн риуаяте кеткен. Ибн Хажар «Əмали əл азкар» кітабы, Əбу Нуғаймнан риуаят еткен 1-том, 273-бет. 191 Ибн Хажар Шиһабуддин Ахмад бин Али əл-Асқалани əш-Шəфиғи, һижраның 773-852 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының хадистанушы ғалымы. Хадис ілімінде «момындардың əмірі» дегген атқа ие болған үлкен ғалым. «Əмали əл азкар» кітабы, 1-том, 272-бет. 192 Əл-Хафи əл-Ирақи «Тахриж ахадис əл ихия» кітабы, 1-том, 291-бет. 193 Закиуддин Əбу Мұхаммед бин Абдулазим əл-Мунзири əл-Мысри əш-Шəфиғи, һижраның 581-656 жылдар аралығында өмір сүрген Шəфиғи мəзһабының хадистанушы, хадис ілімінде атақты имамдардың бірі. 194 Əбу əл-Хасан əл-Мақдиси «Ат тарғиб уа ат тарһиб» кітабы, 3-том, 273-бет. 195 «Фи əл матжар ар рабих фи сауаб əл амал ас салих» кітабы, 471-472 беттер. 196 Мұхаммед бин Сағд əл-Сунһажи əл-Бусири – һижраның 608-696 жылдар аралығында Алжир жерінде өмір сүрген адам. Бұл кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мадақ өлең шығарумен мəшһүр болған. «Мисбах аз зужажа» кітабы, 1-том, 99-бет. 197 Мəлик бин Ғияд, Мəлик əд-Дар деген атпен танылған мұхадрам болған. Мұхадрам деп пайғамбарымыздың (оған Алланың игіліг мен сəлемі болсын) кезінде өмір сүрген, алайда оны (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзімен көрмеген адам айтады.

болсын): «Уа, Раббым, шамам келген нəрседе аянбадым»198 – деген. Бұл – дұрыс хадис. Ибн Хажар əл-Асқалани (Алла оны рақымына бөлесін) бұл дұрыс хадис дей келіп: «Ибн Əби Шайба199 (Алла оны рақымына бөлесін) дұрыс тізбекпен бұл хадисты Əбу Салих əс-Самманның200 жолымен жеткізген. Ол Малик əд-Дардан (Алла оны рақымына бөлесін) жеткізген. Ол: «Омардың заманында адамдарды қуаңшылық жайлайды, сонда бір кісі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне келіп былай дейді: «Уа, Алла Елшісі үмбетіңіз үшін жауын сұраңызшы, расында олар қырылуға айналды». Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оның түсіне кіріп былай дейді: «Омарға барда...» деген жоғарыдағы хадисті келтіреді. «Сейф əл-футух» кітабында: «Аталмыш түсті көрген сахабалардың бірі – Білəл бин əл-Харис əл-Музани»201 делінген. Хафиз ибн Касир да202 аталмыш риуаятты дəл осылай келтіріп: «Бұл хадистің иснады (тізбегі) дұрыс» – деген203. Хадисті хафиз (хадис ілімін терең меңгерген) дəрежесіндегі үлкен ғұламалар дұрыс деп таныған. Сондықтан да, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дүниеден өтсе де ол арқылы дұға жəне жауын сұрауға болатындығын бұл хадис тікелей дəлелдейді. 5. Мұсылмандар халифасы əл-Мансурд пен имам Мəлик (Аллаһ оны рақымына бөлесін) арасында орын алған оқиға: «Бірде Мəликтен Аббасилердің екінші халифасы Əбу Жағфар əл-Мансур əл-Аббаси: «Уа, Əбу Абдулла, Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қарап дұға тілейін бе, əлде қыблаға қарап дұға тілейін бе?» – деп сұрайды. Сонда Имам Мəлик (Алла оны рақымына бөлесін) халифаға: «Жүзіңізді Одан (Пайғамбарымыздан (оған Алланың сала198 Ибн Əби Шайба мусаннаф кітабында келтірген 6-том, 356-бет. Ибн Абдил Бар истиғаб кітабында келтірген 3-том, 114-бет. 199 Абдулла бин Мұхаммед бин əл-Қади Əби Шəйба əл-Куфи, һижраның 159-235 жылдар аралығында өмір сүрген хадистанушы ғалымдардың бірі. Хадис жаттаушылардың мырзасы деген лақап ат берген. 200 Зəкуан бин Абдулла Əбу Салих əс-Самман, һижраның 101 жылы қайтыс болған. Хадистанушы əрі көп хадис риуаят еткен табиғин. 201 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 2-том, 495-496 беттер. 202 Əбул-Фида, Имадуд-дин Исмайыл ибн Омар ибн Касир, һижри 700 жылы дүниеге келіп, һижри 774 жылы дүниеден озған. Əйгілі тəфсір ғалымдарының бірі. Шафиғи мəзһабын ұстанған. Бірнеше бағалы еңбектердің авторы. (Алла оны рақымына бөлесін). 203 Ибн Кəсир «Əл бидая уа əн ниһая» кітабы, 7том, 9 -бет. уаты мен сəлемі болсын)) неге бұрасыз? Ол Қиямет күні сіздің жəне арғы атаң Адамның (оған Алланың сəлемі болсын) Аллаға уасила жасайтын сүйенішіңіз емес пе? Керісінше, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бет бұрыңыз əрі Оның шапағатын тілеңіз сонда Алла Онымен шапағат етеді»,204 – дейді. Бұл оқиғада имам Мəликтің (Алла оны рақымына бөлесін) Адам Атаның (оған Алланың сəлемі болсын) тауассул жасайтындығы туралы хадис есепке алынатындығына жəне Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне қарап, одан шапағат тілеуді жақсылық істерден деп есептейтіндігіне ишарат жасап тұр. Бұл дəлелдердің барлығы Раббымыздың Кітабында, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүннетінде дұрыс жолмен əрі ашық түрде келген. Төрт мəзһабтың ғұламалары Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде жəне дүниеден өткеннен кейін де Онымен туассул жасаудың мұстахаб екендігіне жəне рұқсат етілгендігіне, сондай-ақ, бұл істің кесімді түрде харам еместігіне бірауыздан келіскен. Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасау – мұстахаб, сондай-ақ Аллаға жалбарынуда дұға тілеудің рұқсат етілген түрлеріне жатады. Ибн Таймия сияқтылардың үлкен ғұламалардың бірауыздан келіскен келісімінен тыс ерекше пікір білдіргені əрі одан кейін келіп оның сөзін қайталаған адамдардың пікірлері негізге алынбайды. Алла Тағала аса Ұлы, толық білуші. * * * 7. Ішінде мазары бар мешітте намаз оқуды харамға шығарады жəне ондай мешіттерді бұзу керек деп ашық айтады Шектен шығушылар ізгі адамның мазары орналасқан мешітте намаз оқуды харам санайды жəне ол мазарды немесе мешітті бұзу керек деп ашық айтады. Олар бұл əрекетімен мұсылмандардың бір204 Əбу Əл-Хасан Али бин Фаһр «Мəликтің артықшылықтары» кітабында жарамды иснадпен бұл хадисті баяндаған. Жəне Қазы Ғияд «аш шифа» кітабында сиқа дəрежесіндегі өзінің бірнеше машаихтары арқылы риуаят еткен. Сол сияқты бұл оқиғаны Əс-Субки де «шифаул асқам» кітабында риуаят еткен. Ас-Самһуди «уафа əл уафа» кітабында риуаят еткен. Əл-Қастлани да «əл-мауаһиб əл-ладунния» кітабында риуаят еткен. Ибн Хажар «əл жауһар əл муназзам» кітабында былай деп айтқан: «бұл оқиға сахих иснадпен риуаят етілген». Ғұлама ƏзЗарқани «шарх əл-мауаһиб» кітабында былай деп айтқан: «ибн Фаһр бұл оқиғаны сахих иснадпен айтқан». Қазы Ғияд та бұл оқиғаны сахих иснадпен риуаят еткен.

ауыздан келіскен ісіне қарсы келуде. Жалпы, Пайғамбарлардың (оларға Алланың сəлемі болсын) немесе ізгі адамдардың бірінің мазары бар мешітте намаз оқу – дұрыс əрі шариғатта бар нəрсе. Сондай-ақ, мұстахаб дəрежесінде. Бұған Құран, сүннет, сахабалардың іс-амалдары, үмбеттің жүзеге асырған келісімдері дəлел болады. Құран Кəрімдегі дəлелі, Алла Тағала: ْħِİِóْĨَ﴿ĘَĝَאĤُijا اÖْĭُijا ĐَĥَĻْıِħْ ÖُĭْĻَאĬًא رَÖُّıُħْ أَĐْ ĥَħُ Öِıِħْ Ĝَאلَ اĤَّñِĺīَ Ĕَĥَ×ُijا Đَĥَĵ أ ĤَĭَÝَّíِ ñَنَّ ĐَĥَĻْıِħْ Ĩَùْ åِ ïًا﴾ «Олардың үстіне үй салыңдар», – деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал, бұлардың істерін басқарып жүргендер». Олай болса, олардың үстіне мешіт тұрғызып алайық», – деді»205. Аятта меңзелген үңгір адамдарының оқиғасы бұған дəлел ретінде алынады. Оларға кезіккен кезде адамдардың кейбірі: «Оларға арнап ғимарат тұрғызамыз» – деді. Енді біреулері: «Асхабул кəһфқа» (яғни, үңгірді паналаған адамдар) міндетті түрде мешіт соғамыз» – деген. Сөз төркінінен біріншісі мүшріктердің, ал екіншісі мұсылмандардың сөзі екендігін байқауға болады. Аталмыш аят айтылған екі ұсыныстыда жоққа шығармайды. Айтылған екі ұстанымның бірінде жалғандық болса,онда аятта ол ашық айтылар жəне де қандайда бір белгі арқылы жалғандығын дəлелдер еді. Аят екі ұстанымның да шариғатқа сай болып қала беруін бекітіп береді. Керісінше осы аятта мұсылмандардың ұстанымын мақтауды білдіретін сөз тіркесі келген. Бұл мұсылмандар мен мүшріктердің күмəнмен айтқан сөздерін салыстыру арқылы көрніс табуда. Мұсылмандардың кесімді түрде «тұрғызып алайық» деп айтқан сөздері имани көрегендіктен шыққандығын көрсетеді. Олардың мақсат тұтқан нəрселері тек ғимарат тұрғызу емес, керісінше мешіт тұрғызу болатын. Бұл сөз аталмыш қауымның Алла Тағаланы таныған, ғибадат пен намаз амалдарын мойындаған қауым болғандығын көрсетеді. Əр-Рази: «Тұрғызып алайық» деген аяттың тəпсірінде: «Салынған мешітте Аллаға құлшылық қыламыз жəне сол мешіт арқылы үңгір адамдарының артында қалған ескерткіштерді (ғибратты) сақтап қаламыздегені»206 деп түсіндірген. Шаукани207: «Мешіт тұрғызу сөзінің айтылуы үңгірдегілердің мұсылмандар екендігін білдіреді. Олар аталмыш қауымның ішіндегі 205 «Кəһф» сүресі, 21-аят. 206 Əр-Рази «Мафатих əл-ғайб» тəфсірі, 11/106 207 Мұхаммед ибн Əли əш-Шаукани. Һижри 1173 жылы дүниеге келіп, һижри 1250 жылы дүниеден өткен. Көптеген еңбектердің авторы. сұлтан, патшалар əулетінен шыққан адамдар еді дегендер кездескен. Расында олар өздеріне дұшпандық еткендерден басым түскен деп айтылған. Дегенмен де, біріншісі дұрысырақ»208. Сүннеттегі дəлелі: Əбу Басирдің209 (Алла оған разы болсын) хадисі. Бұны Имам Зуһри210 (Алла оларды рақымына бөлесін) өзінің атақты риуаяттарында келтірген: «Əбу Басир Хұдайбия келісімінен кейін мүшріктерден құтылып шығып, Сейфул Бахрге211 барады. Оның артынан Əбу Жандал бин Суһайл бин Амр212 (Алла оған разы болсын) қуып жетеді. Ол да мүшріктерден қашып құтылған еді. Екеуіне мұсылмандардан бір топ адамдар қосылып, сандары үш жүзге жетеді Əбу Басир олармен намаз оқитын жəне былай деп өлеңдететін: Алла аса Ұлы. Кім Аллаға жəрдемдессе жəрдем көреді. Əбу Жандал оны қуып жеткенде, ол адамдарға имамдық етіп жатқан болатын. Қашан қастарынан құрайыш керуендері өтсе, тонап, иелерін өлтіріп тастайтын. Құрайыштар Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) елші жіберіп адамдарын босатуды өтінеді. Оларды аман алыпқалу туралы өтінішін қоса айтады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Əбу Жандал мен Əбу Басирға хат жазады. Хатта екеуінің алдына келуін жəне қасындағы мұсылмандарға үйлеріне, жанұяларына қайтуын бұйырады. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) хатын Əбу Жандалға ұсынады. Ол кезде Əбу Басир өлім аузында жатқан болатын. Ол хатты оқып жатып көз жұмады. Əбу Жандал оны жерлеп, қабіріне мешіт салды»213. 208 Фатхул Қадир 3/277. 209 Əбу Басир Ғутба бин Усайд əс-Сақафи Исламды алғаш қабылдаған, исламды қабылдағандығы үшін қатты бейнет көрген меккелік сахабалардың бірі (Алла оған разы болсын). 210 Мұхаммед бин Муслим бин Ғубайдилла əл-Құраши əз-Зуһри, һижраның 58-124 жылдар аралығында өмір сүрген хадистанушы табиғиндердің бірі (Алла оны рақымына бөлесін). 211 Жердің аты. 212 Əбу Жандал бин Суһайл бин Ғамру əл-Құраши Исламды алғаш қабылдаған, исламды қабылдағандығы үшін қатты азап көрген меккелік сахабалардың бірі (Алла оған разы болсын). 213 Ибн Абдул Бар «истиғаб» кітабы, 4/1614. «Ар-рауд əл унф» кітабы, 4/59. Ибн Сағд «Ат-табақат əл кубра» кітабы, 4/134. «Ас-сиратул халабия» кітабы, 2/720. Жəне бұл қиссаны Муса бин Уқба «Əл-мағази» кітабында риуаят еткен. Ибн Исхақ «Сира» кітабында риуаят еткен. Муса бин Уқбаның мағази кітабы сира бойынша жазылған

Сахабалардың істерінен дəлел: Ал Сахабалардың (Алла оларға разы болсын) ісінен дəлел келтірер болсақ, олардың Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жерлеу мəселесінде əртүрлі ой айтуларын Имам Мəлик (Алла оны рақымына бөлесін) былай əңгімелейді: «Адамдардың кейбірі: «Мінбердің қасына жерленсін» – десе, басқалары: «Бақиғқа жерленсін» – дейді. Сонда Əбу Бəкір Сыддық (Алла оған разы болсын) келіп: «Алла Елішісінен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): .« įĻĘ įĤ óęéĘ įĻĘ ĵĘijÜ »Ĩא Ĩī Ĭ×ĵ Ĝć إź Ęĵ ĨכאĬį اĤñى «Дүниеден өткен Пайғамбар қайтыс болған жеріне жерленіп, жатқан жерінде қабірі қазылған» деп айтқанын естідім»,214 – деген. Бұдан шығатын дəлел, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабалары Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мінбердің қасына жерленсін деп ұсыныс білдірді. Ал мінбер болса мешіттің ішінде орналасқан еді. Бұл ұсынысты олардың ешқайсысы жоққа шығармады. Ал Əбу Бəкрдің (Алла оған разы болсын) бұл ұсынысқа қарсы пікір айтуы, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мешітте жерлеудің харам екендігінен емес, керісінше қасиетті рухы шыққан жерге жерленеді деген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұйрығын жүзеге асыруға қатысты еді. Сахабалар (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) бөлмесіне жерлену туралы шешім шығарғанымен, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жерленген бөлменің мұсылмандар намаз оқитын мешітке жапсарлас орналасып тұрғанын көреміз. Кейін де, мұсылмандар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірі орналасқан бөлмемен жалғасып жатқан мешітте намаз оқып жүрді. Əбу Бəкір (Алла оған разы болсын) дүниеден өткен кезде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қасына жерленді. Сөйтіп мешіт екі қабірі бар бөлмеге жапсарлас болды. Кейін Омар бин Хаттаб (Алла оған разы болсын) дүниеден өткен кезде де екеуінің қасына жерленді. Сөйтіп, мешітке үш қабірі бар бөлме жапсарлас орналасады. кітаптардың ішінде ең дұрысы. Имам Мəлик аталмыш сира кітабында былай деп айтқан: «Ізгі адам Муса бин Уқбаның жазған сирасын оқыңдар, расында ол сира мағази кітаптарының ішіндегі ең дұрысы». Яхя бин Мағин былай деп айтқан: «Муса бин Уқбаның Зуһридан риуаят еткен кітабы – басқа кітаптардың ішіндегі ең дұрысы». 214 Имам Мəлик «Əл-муатта» кітабы, 1-том, 231-бет. Мұсылмандар сол мешітте намаз оқыды. Ешкім оны жоққа шығармады. Міне, бұл олардың іс-əрекет арқылы жүзеге асқан келісімдері болып табылды. Бұдан шығатын қорытынды Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Оның екі сахабасының қабірі бар бөлмеге жалғасып тұрған мешітте намаз оқудың харам еместігі. Бұл сөзге шектен шығушылар қарсы келіп: «Расында бұл – Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ғана қатысты нəрсе», – деген. Оған айтарымыз:«Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қатысты үкімдерді талдап көрсету дəлелді қажет етеді. Негізінде үкім жалпылама тұрғыда алынған. Əрі оны пайғамбарға ғана қатысты дейтіндей жеке дəлел деуге келмейді. Сондықтан олардың пайымынша айтылған жекелеу (пайғамбарға ғана тəн деулері) негізсіз болып есептеледі. Бұл тек Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ғана қатысты деп айтқан тартысушының сөзіне оралсақ, бұл бөлмеде Əбу Бəкір (Аллаһ оған разы болсын), одан кейін Омар (Алла оған разы болсын) жерленген, ал бөлме болса мешітке жапсарлас орналасқан. Сонда бұл жекелеу Əбу Бəкір мен Омарға (Алла оларға разы болсын) да қатысты бола ма? Сахабалар үш бірдей қабірі бар бөлмеге қабырғалас тұрған мешітте намаз оқыған жəне Айша анамыз (Алла оған разы болсын) сол бөлмеде тұрған əрі онда парыз, мəндүб намаздарын оқыған. Бұл сахабалардың (Алла оларға разы болсын) іс-əрекеті арқылы жүзеге асқан келісімдері болып есептелмей ме? Омар бин Абдулазиз (Алла оны рақымына бөлесін) Мəдинада билеуші болып тұрған кезінде үш қабір мешітке қосылды. Бұған Мəдинаның жеті фиқһ саласының ғалымы келіскен болатын. Тек Сағид бин əл-Мусаийб215 (Алла оған разы болсын) ғана қарсылық білдірген. Оның қарсылығы қабірлері бар мешіттерде намаз оқу харам болады дегендіктен емес еді. Керісінше оның қарсылық білдіруі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бөлмелерінің сол қалпында сақталып қалғанын, мұсылмандар оған қарап дүниеге қызықпай қайта Пайғамбарларының (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қалай өмір сүргендігін көріп, ғибрат алсын деген жанашырлықтан туындаған еді. Осы сүннет негізінде мұсылмандар мешіттерін тұрғызып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) отбасы немесе ардақты кісілердің бірінің мазарын мешітке қосуға қарсылық 215 Сағид бин əл-Мусайиб əл-Махзуми əл-Құраши-һижраның 14-94 жылдар аралығында өмір сүрген, фиқһ, хадис, тəфсіртанушы ғалым, үлкен табиғиндердің бірі.

білдірген емес. Міне, бұл алдыңғы, кейінгі өткен, Шығыс пен Батыстағы мұсылмандар тарапынан болған келісім еді. Шектен шығушылардың мұндай мешіттерде намаз оқуды харамға шығарулары мен ондай мешіттерді немесе ішіндегі мазарларды қирату керек деп ашық айтуларының себебі не? Мұның себебі аталмыш адамдар хадис кітаптарына үңіліп, осыған қатысты хадис тауып əрі оны мұсылмандар разы болған нəрсеге сəйкес келеді деп ойлауларынан. Ол: .« َï ِä» Ĥَđَīَ اųَّ ُ اĤْĻَıُijدَ وَاĤĭَّāَ אرَى اÜَّíَ ñُوا Ĝُ×ُijرَ أَĬْ×ِĻَאئِıِħْ Ĩَùَ א «Пайғамбарларының (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірлерін мешіт қылып алған яһудилер мен христиандарға Алланың лағнеті болсын»216 деген хадис еді. Имам Муслимде келген хадисте: .« ħıĻéĤ» Ĝ×ijر أĬ×Ļאئıħ و Āא «Пайғабарлары мен ізгі адамдарының қабірлерін» делінген217. Бұл хадисте қабірді мешітке айналдырып алуға болмайтындығы туралы айтылған. Бірақ, ізгі адамдардың бірінің мазарына қосып мешіт салуға ешқандай тыйым жоқ. Үмбет ғұламалары бұл хадисте мешітті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мазарына немесе ізгі адамдардың қабірлеріне қосып салуға болмайды деп түсінбеген. Керісінше; «қабірді мешіт жасап алуға болмайды. Қабірдің өзін сəжде қылатын орын етіп алмау» деп тұжырымдаған. Егер қабірдің өзін құлшылық орнына айналдырса,онда қабірдегі мəйітке құлшылық етіп жатыр деген түсінік туады. Бұлай тек яһудилер жəне христиандар жасаған. Алла Тағала бұл жайында: َħَĺْóَĨ َīْÖ﴿اÜَّíَ ñُوا أَèْ ×َאرَİُħْ وَرُİْ ×َאĬَıُħْ أَرْÖَאÖًא Ĩِīْ دُونِ اųَّ ِ وَاĤْĩَùِ Ļçَ ا «Олар (Яһудилер мен Хриятиандар) ғалымдары мен машайыхтарын жəне Мəрия ұлы Ғисаны Алладан өзге тəңір етіп алды. Негізінде олар, бір Тəңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын»218 деген. 216 Сахих Бұхари 1-том, 446-бет. Сахих Муслим 1-том, 376-бет. 217 Муслим «Сахих» кітабы, 1-том, 377-бет. 218 «Тəубə» сүресі, 31-аят. Міне, сəжденің осы түріне Алланың лағнеті болады. Сондай-ақ, кітап иелері істегендей шариғат бекіткен құбылаға қарамай қабірді құбыла етіп алулары лағнетке лайық болмақ. Олар намаздарын дінбасыларының қабірлеріне қарап оқитын болған. Ғұламалар осы бейнеде намаз оқуды харам деп білген. Бұл мəселені хадистерге жазған түсініктемелерінде ғалымдар ашық баяндаған. Солардың бірі шейх əс-Сунди219 (Алла оны рақымына бөлесін) бұл хадиске қатысты былай деген: «Бұл хадистің мақсаты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үмбетін яһудилер мен христиандар сияқты мұсылмандар да Пайғамбарларының (оларға Алланың сəлемі болсын) қабірлерін ұлықтау негізінде сəжде жасайтын орынға əрі мешітке немесе намаздарында жүздерін құбылаға емес, қабірге бұрып жүрмесін деген ескертуі еді. Ал енді ізгі адамның қабірінің жанына тəбəррук ретінде мешіт тұрғызуға тыйым салынбаған»220. Ғалым ибн Хажар əл-Асқалани (Алла оаны рақымына бөлесін) жəне басқада хадис кітаптарына түсіндірме берген ғұламалар əл-Байдауидың (Алла оны рақымына бөлесін) мына сөзін келтірген: «Яһудилер Пайғамбарларының (оларға Алланың сəлемі болсын) қабірлеріне оларды ұлықтап сəжде жасаған жəне қабірлерін құбылаға айналдырып алған əрі намаздарын соған қарап оқитын. Сөйтіп, қабірді пұттарға айналдырған кезде Алла оларды лағнеттеді. Мұсылмандарға бұлай жасауға тыйым салынды. Ал, енді кім ізгі адамның қасынан мешіт салса немесе қабірдің басында мəйіттің рухын асқақтату мақсатында, жасаған ғибадатының сауабы мəйітке де жетер деген мақсатта намаз оқыса болады. Бұл іс мəйтті ұлықтау болып саналмайды. Сондай-ақ оған қарап оқудың да ешқандай əбестігі жоқ. Исмағилдың (оған Алланың сəлемі болсын) жерленген жері Харам мешіті, кейін үгітіліп кеткен болатын. Алайда,соған қарамастан Харам мешіті намаз оқуға, құлшылыққа ең қайырлы орынға айналды. Ал, қабірлерде намаз оқуға болмайтындығы жайлы тыйымдар мəйітті қазуға байланысты айтылған. Себебі, мəйіт қазылған жағдайда нəжіс болады»221. 219 Нуриддин Əбу əл-Хасан Мұхаммед бин Абдул Һади əс-Сунди əл-Ханафи, һижраның 1139 жылы қайтыс болған. Мəдина Мунаууарада тұрған. 220 Əс-Сунди «Хашия Ас Синди» кітабы, 2 том, 41 бет. 221 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 1-том, 524-бет. «Шарх Аз Зарқани» кітабы, 4-том, 290-бет. «Файдул Қадир» кітабы, 4-том, 466-бет.

Сол сияқты əл-Мубаракфури222 имам əт-Тирмизидің223 (Алла оларды рақымына бөлесін) жинағына жазған түсіндірмесінде əт-Турбуштидің сөзін келтірген: «Əт-Турбушти: «Бұл мəселені екі түрлі қарауға болады: оның бірі олар Пайғамбарларының (оларға Алланың саəлемі болсын) қабірлеріне ұлықтау мақсатында сəжде жасап, сол амалдарымен құлшылықты ғана мақсат еткен болатын. Ал, екіншісі олар Пайғамбарлары (оларға Алланың саəлемі болсын) жерленген орынға намаз оқуға тырысты. Сондай-ақ, Аллаға арнап намаз, құлшылық қылғанда Пайғамбарларының (оларға Алланың сəлемі болсын) қабірлеріне жүздерін қарататын. Олар бұл амал екі бірдей істі қамтып тұрғандықтан Алланың құзырында дəрежесі үлкен деп санаған»224. Алдымен əлгі шектен шығушылар мұсылмандардың мешіттерінде істеп жатқан нəрселеріне кіріскенше, бұл мəселенің тыйым салынған тұсын анықтап алулары керек еді. Олар жоғарыдағы хадисті мұсылмандарға қатысты айтылған деп келте түсінді. Құдай сақтасын! Бұл – Хауариждердің іс-əрекеті. Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Хауариждер мүшріктерге қатысты түскен аятты мұсылмандарға қолданған. Бұл жерде ішінде қабірі бар мешіттерге ұқсайтын христиандардың да, яһудилердің де ғибадат үйі немесе шіркеуі болмаған. Сондай-ақ, олардың кейбіреуі хадис осы көріністі меңзеп тұр деп жеңістік бермейді. Жоғарыда келген деректерге сүйене отырып, ішінде мазары бар мешітте намаз оқудың үкіміне келер болсақ, қабір мешіттен алшақ болу керек. Яғни, қабірде намаз оқылмайды. Ал, енді қабір жапсарлас болған мешітте намаз оқу дұрыс. Олай оқу харам да, мəкруһ те емес. Егер қабір дəл мешіт ішінде болса намаз дұрыс саналмайды, ал Ахмад бин Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін) мазһабында бұл – харам. Қалған үш имамның айтулары бойынша болады, дұрыс деген шешім қабылдаған. Оларда қабір намаз оқушының алдында болса мəкруһ, себебі, онда мəйітке намаз оқып жатқан сияқты болып қалады», – деген. Алла Тағала аса Ұлы, толық білуші. 222 Мұхаммед Абдурахман бин Абдурахим əл-Мубаракфури əл-Һинди, һижраның 1283 жылы Үндістанның Мубарафур деген елді-мекенінде дүниеге келген. 1353 жылы қайтыс болған. 223 Əбу Ғиса Мұхаммед бин Ғиса əс-Салими əт-Тирмизи, һижраның 209-279 жылдар аралығына өмір сүрген хадистанушы ғалым. Мұсылмандарға кеңінен танылған «Сунан əт-Тирмизи» атты хадис жинағы, «Əш-шамаил əл-Мұхаммедия» атты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қасиеттеріне қатысты хадистер жинағының авторы. 224 Мубаракфури «Тухфатул Ахуази» кітабы, 2-том, 266-бет. * * * 8. Пайғамбарымызбен жəне ізгі адамдардың заттарымен табаррук жасауды ширк деп есептеулері Шектен шығушылардың үмбетті бөліп, үмбетке қарсы шығуларына себеп болған тағы бір мəселе – «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне ізгі адамдардың заттарымен табаррук жасау – серік қосу, оларды исламға жатқызуға болмайды» деумен қатар, оларды мұсылман жұртшылығынан бөлу, Алланың алдында адасушылық деп есептейді. Төменде табаррук сөзіне анықтама беріп, оның негізгі мағынасын түсіндіріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне ізгі адамдардың заттарымен табаррук жасаудың қаншалықты рұқсат етілген іс екендігін баяндаймыз. Табаррук сөзінің тілдік мағынасы – береке іздеу. Береке сөзінің мағынасы – өсу, арту дегенді білдіреді. Əр-Рағиб əл-Исфаһани225 (Алла оны рақымына бөлесін): «Береке дегеніміз – Илəһи жақсылықтың бір нəрсеге даруы», – деген. Ибн Манзур (Алла оны рақымына бөлесін): «Береке дегеніміз – өсу, арту мағынасын береді жəне «ат-табрик» десе, адам үшін дұға тілеу немесе береке тілеуді білдіреді. «Барракту алейһи табрикан» десе, ол: «Саған Алланың берекесі болсын!» деген тілекті: «Барака Аллаһу аш-шайа» жəне «барака фиһи уə алейһи», – дегенде: «Оған береке қойылды» мағынасын білдіреді. «Тағамун барикун» десе, «берекелі тамақ» деген ұғымды білдіреді», – дейді226. Мұсылман адам берекені беретін Алла Тағала екендігіне сенеді. Ол – кез-келген нəрсеге береке беруші. Жаратылған нəрселер өздігінен береке бере алмайды. Демек, береке тек Алладан келеді, кімге қаласа соған береді. Мəселен, Хақ Тағала Өзінің хикметімен уақыттардың бірін таңдап, оған береке береді. Құран Кəрімде: ﴾َīĺِ﴿إِĬَّא أَĬْõَĤْĭَאهُ ĘِĹ ĤَĻْĥَÙٍ Ĩُ×َאرَכَÙٍ إِĬَّא כُĭَّא Ĩُĭْñِر «Біз Құранды берекелі түнде түсірдік. Расында біз ескертушіміз»227, 225 Əбу əл-Қасим Əл-Хасан бин Мұхаммед бин əл-Фадыл əл-Исфаһани əш-Шəфиғи, һижраның 502 жылы қайтыс болған. Араб əдебиеті, тəфсір іліміне қатысты еңбектері бар. 226 Ибн əл-Мунзир «Лисан əл-араб» кітабы, 3/395. 227 «Дұхан»сүресі, 3-аят.

اĤَّÝِĹ Öَאرَכْĭَא ĘِĻıَא﴾ «Сондай езілген халықты біз берекелі қылған жердің шығысына да, батысына да мұрагер қылдық»228, «Ол құлын бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін харам мешітінен біз айналасын берекелі қылған Ақса мешітіне апарды. Ол естуші, білуші»229 деген. Мына аятта: ﴾َīĻِĩَĤ﴿وَĬَåَّ Ļْĭَאهُ وَĤُijĈً א إِĤَĵ اŶْ َرْضِ اĤَّÝِĹ Öَאرَכْĭَא ĘِĻıَא Ĥِĥْđَא «Лұтты құтқарып, əлемдер үшін берекелі болған жерге жеткіздік»230, – деп баяндайды. Алла Тағала Харам мешітін де берекелі еткен. Ол жайында: ﴾َīĻِĩَĤ﴿إِنَّ أَوَّلَ ÖَĻْÛٍ وُĄِ ďَ Ĥِĥĭَّאسِ Ĥَĥَّñِي Öِ×َכَّ Ùَ Ĩُ×َאرَכًא وَİُïًى Ĥِĥْđَא «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл əлемге береке жəне тура жол»231. Хақ Тағала адамдардың ішінен таңдап, оларға да береке берген. Олар Пайғамбарлар (оларға Алланың сəлемі болсын) жəне олардың əулеттері. Осыған қатысты Алла Тағала Құран Кəрімде: إِĬَّįُ èَ ĩِĻïٌ Ĩَåِ Ļïٌ﴾ «Сен Алланың əміріне таң қаласыңба? Алланың рахымы, берекеті сендерге болсын. Алла мақтауға лайық, аса жоғары»232, – деген. Пайғамбарлардың (оларға Алланың сəлемі болсын) артынан ергендерге жəне оларға ілескендерге де береке берген. Ол жайында: 228 «Ағраф» сүресі, 137-аят. 229 «Исра» сүресі, 1-аят. 230 «Əнбия» сүресі, 71-аят. 231 «Əл Ғымран» сүресі, 96-аят. 232 «Һуд сүресі», 73-аят. َ﴿ĜِĻģَ ĺَאĬُijحُ اİْ ×ِćْ Öِùَ Żَ مٍ Ĩِĭَّא وَÖَóَכَאتٍ ĐَĥَĻْכَ وَĐَĥَĵ أُĨَħٍ Ĩِĩَّīْ Ĩَđَכ وَأُĨَħٌ øَ ĭُĩَÝِّđُıُħْ àُħَّ ĺَĩَùُّ ıُħْ Ĩِĭَّא Đَñَابٌ أَĤِĻħٌ﴾ «Əй, Нұх! Саған жəне сенімен бірге болған қауымға бізден амандық, беркеттер болған күйде кемеден түс! Біз талай топты дүниеде жүргіземіз. Содан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды»233. Алла Тағала Пайғамбарларды (оларға Алланың сəлемі болсын) қайда жүрсе де берекелі етіп қойған. Ол турасында: ﴿وَäَ đَĥَĭِĹ Ĩُ×َאرَכًא أَĺْīَ Ĩَא כُĭْÛُ وَأَوْĀَ אĬِĹ ÖِאĤāَّ Żَ ةِ وَاĤõَّכَאةِ Ĩَא دُĨْÛُ èَ Ļًّא﴾ «Сондай-ақ мен қайда болсам да берекелі етіп қойды де». Тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырады»234. Тағы бір аятта Жаббар Хақ Өзінің түсірген шариғатымен жүрген момындарға береке бергендігі айтылады. Ол жайында Құран Кəрімде: ِ﴿وَĤَijْ أَنَّ أَİْ ģَ اĤْĝُóَى آĨَĭُijا وَاÜَّĝَijْا ĤَęَÝَéْ ĭَא ĐَĥَĻْıِħْ Öَóَכَאتٍ Ĩِīَ اĤùَّ ĩَאء وَاŶْ َرْضِ وَĤَכِ īْ כَñَّÖُijا ĘَÉَìَ ñْ Ĭَאİُħْ Öِĩَא כَאĬُijا ĺَכْ ùِ ×ُijنَ﴾ «Егер бір ел иман келтіріп, тақуалық жасаса, əрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ, олар жасынға шығарады. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық»235. Хақ Тағала сөздерге де береке берген əрі Өзінің сөзін берекелі деген: «Бұл Құран – біз түсірген берекелі насихат. Енді, соған да қарсы келесіңдер ме?»236. Момындардың бір-біріне берген сəлемі де берекелі.Мұны Құран Кəрім: ُ َّų﴿Ęَùَ ĥِّĩُijا Đَĥَĵ أَĬْęُùِ כُ ħْ Üَéِ ĻَّÙً Ĩِīْ Đِĭْïِ اųَّ ِ Ĩُ×َאرَכَÙً Ĉَ Ļِّ×َÙً כَñَĤِכَ ĺُ×َĻِّīُ ا Ĥَכُ ħُ اŴْ ĺَאتِ Ĥَđَĥَّכُ ħْ Üَđْĝِĥُijنَ﴾ 233 «Һуд» сүресі, 48-аят. 234 «Мəриям» сүресі, 31-аят. 235 «Ағраф» сүресі, 96-аят. 236 «Əнбия» сүресі, 50-аят.

«Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сəлем беріңдер. «Түсінерсіңдер», деп осылайша Алла сендерге аяттарын ашық баян етеді»,237 – деп баяндады. Алла Тағала тарапынан берекелі деп айтылған осы нəрселердің берекесін іздеу момындарға мұстахаб саналады. Сондықтан, момын адамға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне оның заттарымен табаррук ету – мұстахаб. Аталмыш табаррукты сахабалар Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде жасаған. Оларды бұл істері үшін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сөкпеген болатын. Керісінше жауап ретінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оларға береке тілеген. Имам Бұхари (Алла оны рақымына бөлесін) өзінің кітабында Уруадан, мынандай хадисті келтіреді: «į»وإذا ÜijĄÉ اĤĭ×ĵ Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ כאدوا ĺĝÝÝĥijن Đĥĵ وĄijئ «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəрет алған кезде сахабалар оның дəретінен қалған су үшін бірбірімен таласып қала жаздайтын»238. Имам Бұхаридың кітабында келген Хұдайбия239 келісімі туралы хадисте Уруа бин Масғудтың240 Құрайшқа оралғаннан кейінгі оқиғасы баяндалған: ĺđčĩį أĀéאÖį Ĩא ĺđčħ أĀéאب Ĩéĩï Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ Ĩéĩïا واų إن Üĭíħ ĬíאĨÙ إź وĜđÛ ĘĹ כė رäģ Ĩĭıħ ĘïĤכ Öıא وäıį وإذا Üכĥħ ìęąijا أĀijاÜıħ Đĭïه وĨא ĺéïون إĤĻį اĤĭčó ÜđčĻĩא Ĥį وإĬį Ĝï Đóض ĐĥĻכħ ìĉÙ رüï ĘאĜ×ĥijİא «. 237 «Нұр» сүресі, 61-аят. 238 Бұхари «Сахих» кітабы, 1\81. 239 Һижраның алтыншы жылы Зул-қағда айында мұсылмандар мен Мекке мүшріктерінің арасында болған келісімді əл-Хұдайбия келісімі деп атайды. 240 Əбу Масғуд Уруа бин Масғуд бин Муғтаб əс-Сақафи. Кезінде өз қауымының мырзасы, арабтардың беделді адамдарының бірі болған. Алғаш исламды қабылдаған танымал сахаба (Алла оған разы болсын). «Уруа өз серіктеріне оралып: Ей, адамдар, Аллаға серт! Мен Патшалардың алдын көрген адаммын. Қайсар мен Кисраның да, Нажашидің де алдында болдым. Алланың атымен ант етемін, Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабалары оған құрмет көрсеткендей өзге елдің патшаларын халқы солай құрметтегенін көрмедім. Алланың атымен ант етемін! Егер Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) түкіріп, түкірігі сахабаларының бірінің қолына түссе түкірігін бетіне, денесіне жағатын. Егер сахабаларына бұйырса, оны орындау үшін асығатын. Егер дəрет алса дəретінен қалған суы үшін бір-бірімен таласа жаздайтын. Егер Ол сөйлесе оның қасында дауыстарын көтермейтін. Жəне Оған құрмет ретінде тесірейіп қарамайтын. Ол сендерге тура жүрудің жолын көрсетті, енді сол жолды қабылдаңдар», – деген болатын.241 Тағы бір сахих хадисте: .« ħı» ĺËÜĵ ÖאĤā×Ļאن ĘĻ×óك ĐĥĻıħ و ĺéĭכ «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) алдына сəби балалар əкелінсе оларға береке тілеп, құрмамен ауыздарын ысқылайтын»242 деп келеді. Əсмадан243 келген бір хабарда: ÛĤ»Đī أøĩאء رĄĹ اų Đĭıא أĬıא èĩĥÛ Öđ×ï اų Öī اĤõÖĻó Ĝא Üęģ ĘĹ ĘĻį Ęכאن أول üĹء دìģ äijĘį رĺě رøijل اų Āĥĵ اų ĐĥĻį اŸøŻم «. «Əсма Меккеде Абдулла бин əз-Зубайрға244 жүкті болатын. Əсма: «Мен жолға шықтым. Толғақ уақыты таяған болатын. 241 Бұхари «сахих» кітабы, 1/147. Мүслим «Сахих» кітабы, 1/360. 242 Муслим «Сахих! Кітабы, 1/232. 243 Əсмə бинт Əби Бəкр əс-Сиддық һижрадан он төрт жыл бұрын дүниеге келген. Əбу Бəкр сахабаның қызы, алғаш Исламды қабылдаған сахаба əйелдердің бірі. (Алла оларға разы болсын). 244 Абдулла бин əз-Зубайр бин əл-Ғаууам əл-Асди əл-Құраши-һижраның екінші жылы дүниеге келген, Исламда алғаш туылған нəрестелердің бірі. (Алла оған разы боласын).

Сөйтіп, Мəдина қаласына келе жатып, жолда Қуба деген жерге аялдадым жəне сонда босандым. Кейін Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) келіп баланы қолына бердім, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) құрма сұратып, оны шайнап, кейін онымен баламның аузына түкірді. Баламның аузына түскен ең бірінші нəрсе Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) түкірігі болатын. Кейін құрмамен оның аузын ысқылады жəне балаға дұға мен береке тіледі. Балам исламда дүниеге келген ең бірінші нəресте еді»245. Əсма бинт Əби Бəкір (Алла оларға разы болсын) əл-Хажажға246: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қан алдырып, қанын менің ұлыма (Абдулла бин əз-Зубайрға) бергенде, ол оны ішіп қояды. Сол кезде Жебрейіл (оған Алланың сəлемі болсын) келіп, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) хабар береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Оған сен не істедің?» дейді. Сонда Абдулла: «Қаныңызды төгуді қаламадым» – деп жауап береді. Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): ģ廟 Üĩùכ اĤĭאر و Ĩùç Đĥĵ رأøį، و Ĝאل: وĺģ Ĥĥĭאس Ĩĭכ و و Ĥכ Ĩī اĤĭאس«. «Сені от шалмасын» деп басынан сипайды да: «Сенен адамдар күш-қуат, батырлық көреді, ал сен олардан алдау мен өтірікті көресің»247 деген. Умайра бинт Масғудтан (Алла оған разы болсын) келген хадисте: Ĺ×ĭĤ» Đī ĐُĩĻóة ÖĭÛ Ĩùđijد رĄĹ اų Đĭıא : »أĬıא دìĥÛ Đĥĵ ا Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ İĹ وأìijاÜıא ĺ×אĺđĭį وİī ìĩ÷ ĘijäïĬį وİij ĺÉכģ Ĝïĺïًا Ęĩąē Ĥıī Ĝïĺïة àħ ĬאوĤĭĵ اĤĝïĺïة ĘĩąĕÝıא כģ واèïة Ĩĭıī ĜĉđÙ ĘĥĝĻī اų وĨא وäïن ŶĘijاİī ìĥijف «. 245 Бұхари «Сахих» кітабы, 3\1422. Муслим «Сахих» кітабы, 3/1691. 246 Əбу Мұхаммед əл-Хажжаж бин Юсуф əс-Сақафи, һижраның 40-95 жылдар аралығында өмір сүрген табиғин. 247 Əл-Хаким «Мустадракə кітабы, 3/638. Əд-Дарақутни «Сунан» кітабы, 1/228. ƏсСуюти «Əл хасаис əл кубраə кітабы, 1/171. Əбу Нуғайм «Хилятул аулия» кітабы, 1/320. «Бірде Умайра Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бауырларымен (сіңілілерімен) бірге келіп ант береді. Олардың саны бесеу еді. Сол кезде олар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) кепкен ет жеп отырғанын байқайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оларға кепкен еттен шайнап берді əрі маған да кепкен еттен ұсынды. Сөйтіп олардың əрқайсысы кепкен еттен үзіп жейді. Дүниеден өткенде, олардың ауыздарынан жағымсыз иіс шықпады»248 деп келеді. Бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзінің тірісінде заттарымен табаррук қылғаны жайында келген деректер. Ал ізгі адамдардың заттарымен табаррук қылуға келер болсақ, оған қатысты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жеткен мұсылмандардың қолы тиген нəрсемен табаррук жасауға қатысты хадисін айтуға болады. Ибн Омар (Алла оған разы болсын): اĤéĭĻęĻÙُ اĤùĩéÙُ Ĝאل : وכאن رøijل اų Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ ĺ×đß إĤĵ «Уа, Алла Елшісі, сізге жаңа құмырадан дəрет алған ұнай ма, əлде мұсылмандар дəрет алатын ортақ ыдыстан дəрет алған ұнай ма? – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Мұсылмандар дəрет алатын ортақ ыдыстан дəрет алған ұнайды. Негізінде, Алланың діні жеңіл, тура» – деп жауап береді. Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұсылмандар дəрет алатын ортақ ыдысты алып келуді бұйыратын. Сөйтіп, ыдысты суымен алып келетін. Одан су ішіп, мұсылмандардың қолдары тигендіктен берекесін тілейтін249. Бұл хадис дəрежесі жоғары адамның, өзінен 248 Табарани «Муғжам кабир» кітабы, 24/341. Əбу Нуғайм «Хилятул аулия» кітабы, 2/70. 249 Табарани «Муғжам аусат» кітабы 2/305, жəне «Муғжам кабир» кітабы 11/168. Байһақи «Шуғабул иман» кітабы 6/309. Əбу Нуайм «Хилятул аулия» кітабы 8/203. Əлбани «Силсила сахиха» кітабында былай деп айтқан (5/154): «Бұл хадисті Табарани «муғжам аусат» кітабында келтірген (35) жəне Əбу Нуайм «хилятул аулия» кітабында келтірген (8/203), Хассан бин Ибраһим Əл Карманидан жеткізген, Хассан Абдулазиз

дəрежесі төмен адаммен табаррук жасауына болатындығын көрсетеді. Бұл тақырыптағы дəлелдердің негізі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) заттарымен табаррук қылуға қатысты хадистерге сүйенеді. Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) келген берекенің орны жоғары бола тұра, берекенің Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ғана қатысты емес екендігін көреміз. Міне, бұл мəселені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) таза сүннетін түсіндірген Имам Науауи, ибн Хажар (Алла оларды рақымына бөлесін) сынды үлкен ғұламалар осылай түсінген. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапанымен шипа тілеу туралы хадисті келтіріп, былай деген: «Бұл хадисте ізгі адамдардың заттары жəне киімдерімен табаррук қылудың мұстахап екендігіне дəлел бар»250. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін): «Бірде Білəл (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəрет алған суын алып шығып, Оның (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қалдығын табаррук етіп, адамдардың біреулері қолымен, енді біреулері үстеріне шашып жатты», – деп айтқан сөзі жəне басқа бір хадисте: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəрет алып болғаннан кейін қалған суынан адамдардың алып жатқандарын көрдім», – деп ашық келген. Бұл хадисте ізгі жандардың заттарымен табаррук қылу бин Əби Рауадтан жеткізген, Абдулазиз Нафиғтан, Нафиғ ибн Омардан жеткізген. Омар былай деп айтқан: «Уа, Алланың Елшісі, сізге жаңа құмырадан дəрет алу ұнай ма, əлде адамдардың дəрет алатын ортақ ыдысынан дəрет алған ұнай ма», – деп сұрадым? Ол:«Жоқ, керісінше адамдардың дəрет алатын ортақ ыдысынан дəрет алған ұнайды. Алланың діні кең, тура дін. Ол: «хадисті ары қарай жалғастырды. Жəне: «Абдулазизден бұл хадисті Хассан ғана риуаят еткен» деді. Мен былай дедім: «Ол адам жайында біріне бірі қайшы түрлі пікірлер айтылған. Көбісі оны сенімді деп тапқан. Менің қөзқарасым бойынша дұрысы ол адам хадис айтуда – хасан, орташа дəрежесінде. Əсіресе, Бұхари «сахих» кітабында одан хадис келтірген. Хафиз ибн Хажар былай деп айтқан: «Сенімді дəрежесінде, кейде қателеседі». Аталмыш хадисті Əл Һайсами да айтқан (1/214). Табарани хадисті«муғжам аусатта» риуаят еткен, тізбектегі адамдары сенімді дəрежесінде. Абдулазиз бин Əби Рауад сенімді дəрежесінде, муржиялық көзқарасы болған деп келтіреді. Мен былай деймін: «Бұл хадисті Мүслим дəлел ретінде келтірген, «мусталах əлхадис» кітабында бекітілгендей оның муржиялық көзқарасы,жеткізген хадисіне еш кедергі келтірмейді» деген. 250 Имам Науауидың Мүслимның сахих кітабына жазған шархы 14/44. жəне дəрет суының қалдығын, сарқыттарын, киімдерін пайдалануға болатындығын білдіреді»251. Сонымен қатар имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) жаңа туған нəрестенің аузына құрма жағу туралы хадисін келтіріп, былай деген: «Бұл хадистен біраз пайда алуға болады.Сондай пайдалардың бірі – сəби бала туылған уақытында аузын құрмамен ысу. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл ғалымдар келіскен сүннет амал болып саналады. Тағы бір пайдасы ізгі ер немесе əйел кісі нəрестенің аузын құрмамен ысуына болады. Тағы бір пайдасы құрметті кісілердің заттарымен, түкірігімен жəне олардың барлық нəрсесімен табаррук қылуға болады»252. Алла оны рақымына бөлесін, Имам Науауи тағы былай деп айтқан: «Бұл тақырыпқа қатысты үкімдерге келер болсақ, тақырып бойынша жаңа туылған сəбидің аузын құрмамен ысу жəне ізгі, əрі парасатты адамдармен табаррук қылу мұстахаб екендігін көруге болады. Сондай-ақ сəби балаларды ізгі адамдарға апарып, олармен табаррук жасауда – мұстахаб. Мейлі бала туыла салысымен болса да немесе одан кейін болса да мұстахаб саналады»253. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) адамдарға жақын болуы, олардың Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) табаррук қылулары, сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оларға кішіпейілдікпен қарауы жайлы тақырыпта былай деген: «Мұнда ізгілердің заттарымен табаррук қылудың болатындығы жəне сахабалардың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) заттарымен табаррук қылулары, сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мүбəрак қолын салған ыдыс арқылы табаррук жасаулары, мүбарак шашымен табаррук етулері жəне сахабалардың Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) деген құрметі еді. Ал, егер қандайда бір сахабаның қолына Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір заты түссе, оны алуға шығатын»254. Ғитбан бин Мəликтің255 (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыз251 Имам Науауидың Мүслимның сахих кітабына жазған шархы 14/44. 252 Имам Науауидың Мүслимның сахих кітабына жазған шархы, 14/124. 253 Имам Науауидың Мүслимның сахих кітабына жазған шархы, 14/194. 254 Имам НауауиМүслимның сахих кітабына жазған шархы, 15/82. 255 Ғитбан бин Мəлик бин Ғамру Мəдиналық сахаба. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) Омар бин əл-Хаттабпен (Алла оған разы болсын) бауырластырады. Бадр, Ұхыд, əл-Хандақ жорықтарына қатысқан, кейін Пайғамбарымыздың

дың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) намаз оқыған жерін өзіне намазхана етіп алу үшін Пайғамбарымызды (Оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үйіне намаз оқуға шақырғандығы туралы хадисті келтірген Ибн Хажар (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: «Бұл хадис Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) намаз оқыған немесе басқан жерлерін табаррук етуге болатындығын көрсетеді. Жəне бұл хадистің тағы бір пайдасы, ізгі адамдардың бірін табаррук ету үшін шақырса, келіп кетуінде қауіп болмаса баруы керек»256. Ибн Хажар (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шапанын сұраған кісі əрі оны сол үшін сахабалар жазғырғандығы жайлы хадисті келтіріп: «Бұл оқиғада сыйлы кісілердің заттарымен табаррук қылуға ишарат бар»257 деген. Ибн Хажар (Алла оны рақымына бөлесін) сағынған адам туралы хадиске қатысты былай деген: «Хадисте ізгі адаммен жəне оның барлық ағзаларымен əсіресе оң қолымен табаррук қылуға белгі бар»258. Басқа бір хадисте былай деген: «Хадисте тəйаммум соғумен табаррук жасау үшін ізгі адамдардың заттарын қолданып, киімдерін киюге дəлел бар»259. Ибн Хиббан (Алла оны рақымына бөлесін) өзінің «сахих» кітабында: «Ізгі адамдардың нəрселерімен табаррук етудің мұстахаб болатындығы» жайлы тақырып келтіреді. Əрі осы тақырыпта Əбу Мұсадан260 (Алла оған разы болсын) келген мына хадисты береді: َħَّĥ َøَ»Đَīْ أÖِĹ Ĩُijøَ ĵ، Ĝَאلَ : כُĭْÛُ Đِĭْïَ رَøُ ijلِ اųَّ Āَ ĥَّĵ اųَّ ĐَĥَĻْįِ و – زَادَ اÖْīُ èَ ĩْ ïَانَ: Ĭَאزِź – ÖِאĤْåِ đْóَاĬَÙِ ÖَĻْīَ Ĩَכَّ Ùَ وَاĤْĩَïِĺĭَÙِ، وَĨَđَįُ ÖِŻلٌ ، ĘَÉَÜَĵ رَøُ ijلَ اųَّ Āَ ĥَّĵ اųَّ ĐَĥَĻْįِ وَøَ ĥَّħَ رَäُ ģٌ أَĐْ óَاÖِĹٌّ ، Ęَĝَאلَ – زَادَ اÖْīُ (оған Аллланың игілігі мен сəлемі болсын) көзі тірісінде көзі көрмей қалады. Кейін Ғитбан Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үйіне келіп намаз оқуын өтінеді. Сөйтіп Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) намаз оқыған жерді өзіне намаз оқитын орын етіп алады. Алла оған разы болсын. 256 Имам Науауидың Мүслимның сахих кітабына жазған шархы, 14/219. 257 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 3/144. 258 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 3/198. 259 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 10/198. 260 Əбу Мұса Абдулла бин Қайс əл-Ашғари, алғаш исламды қабылдаған сахабалардың бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оның Құран оқығанын жақсы көретін. Сахаба һижраның 42-жылы қайтыс болған. ُ أَź Üُĭْåِ õُ ĤِĹ ĺَא Ĩُéَ ĩَّïُ Ĩَא وَĐَïْ ÜَĭِĹ؟ Ęَĝَאلَ Ĥَįُ رَøُ ijل- :źèَ ĩْ ïَانَ : Ĥَįُ، وَĜَא Ĩِīَ اĤْ×ُýْ óَى، Ĝَאلَ : ĘَÉَĜْ×َģَ رَøُ ijلُ اųَّ Āَ ĥَّĵ اųَّ ĐَĥَĻْįِ وَøَ ĥَّħَ Đَĥَĵ أَÖِĹ Ĩُijøَ ĵ ĺَא رَøُ ijلَ اųَّ «، Ĝَאلَ : ĘَïَĐَא رَøُ ijلُ اųَّ Āَ ĥَّĵ اųَّ ĐَĥَĻْįِ وَøَ ĥَّħَ Öِĝَïَحٍ ĘِĻįِ Ĩَאءٌ Đَĥَĵ رُؤوøِ כُ ĩَא – وَĜَאلَ اÖْīُ èَ ĩْ ïَانَ: وُäُ ijİِכُ ĩَא – وَĬُéُ ijرِכُĩَא«، ĘَÉَìَ ñَا اĤْĝَïَحَ ، ĘَęَđَŻ Ĩَא أَĨَóَİُĩَא Öِįِ رَøُ ijلُ اųَّ Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ، ĘَĭَאدَÜْıُĩَא أُمُّ øَ ĥَĩَÙَ Ĩِīْ وَرَاءِ اĤùِّ Ýْóِ: أَنْ أَĘْąِ Ż ŶُĨِّכُ ĩَא Ĩِĩَّא ĘِĹ أَĺْïِĺכُ ĩَא، ĘَÉَĘْąَ Ż Ĥَıَא Ĩِĭْįُ Ĉَ אئِęَÙً «. «Бірде мен Мекке мен Мəдинаның арасындағы Жағрана деген жерге барғанымды, ол жерде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əрі Онымен бірге Білəл болатын, сол кезде Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір адам келіп: «Уа, Мұхаммед, сен маған уəде еткеніңді орындамайсың ба?», – дейді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оған: «Сүйіншілеймін» дегенде əлгі адам: «маған сүйіншіні көбейттіңізғой!» – дейді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ашулы түрде Əбу Мұса мен Білəлға қарайды да: «Мынау расында сүйіншіні қайтарды, сен екеуің қабыл алыңдар», – дейді. Екеуі: «Қабыл алдық, уа, Алланың Елшісі», – дейді. Сонда: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) суы бар бір ыдысты алдырып, оған дұға жасайды да, ол екеуіне: «Мынадан ішіңдер жəне беттеріңе əрі мойындарыңа құйыңдар», – дейді. Ол екеуі ыдысты алып екеуіне Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бұйырғандай істейді. Сол кезде бізге перденің артынан Уммү Сəлама (Алла оған разы болсын) дыбыстап: «Екеуің аналарыңа ыдыстарыңдағыны қалдырыңдар», – дейді. Ол екеуі суды момындардың анасына қалдырады»,261 – деген. Ғалымдар ізгі адамдарды табаррук қылудың рұқсат екендігіне Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қал261 Ибн Хиббан «Сахих» кітабы, 3/317.

ған мұрамен табаррук етуге болатын хадистерді дəлелге келтірген. Ахмад бин Ханбал Яхия бин Яхияның шапанын табаррук еткендігі жайлы риуаят келген. Бұны ибн Муфлих262 (Алла оларды рақымына бөлесін) былай жеткізеді: «Əл-уарағ» кітабында əл-Маруази Ахмад ибн Ханбалдың: «Маған Яхия бин Яхия (Алла оларды рақымына бөлесін) қайтыс боларында шапанын өсиет етіп қалдырыпты. Кейін оны баласы маған алып келді, мен оған «Яхия жақсы адам болған əрі осы шапанмен Аллаға құлшылық ететін. Сондықтан мен бұл шапанмен табаррук қыламын» дегенін айтады263. Ал, енді Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне қалдырған мұрасымен дүниеден өтіп кеткеннен кейін табаррук ету мəселесіне келер болсақ, мұсылмандар бұл мəселені «тірі кезінде, дүниеден өткеннен кейін» деп бөліп қарамаған. Өйткені, көптеген Сахабалардың (Алла оларға разы болсын), сəлəф салих имамдардың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұрасымен дүниеден өтіп кеткеннен кейін де табаррук жасағандығына қатысты мəліметтер анық келген: «Омар бин Абдул Азизге (Алла оны рақымына бөлесін) өлім сəті жеткен кезде, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) шашынан бір тал шаш, тырнақтарынан бір тал тырнақ алдырып былай дейді: «Егер мен өлетін болсам, осы шаш пен тырнақты кебінімнің ішіне салыңдар», – деп бұйырған». Сəхілден264 (Алла оған разы болсын) келген хадисте: ħĥø »Đī øıģ Ęĵ èïĺß اĤĩóأة اĤÝĵ ĜאĤÛ Ĥĥĭ×ĵ Āĥĵ اų ĐĥĻį و أĐijذ Öאų Ĩĭכ و İĵ ź ÜđóĘį و ĘĻį: »... ĘאĜ×ģ رøijل اų Āĥĵ اų 262 Əбу Абдулла Шамсуддин бин Муфлих əл-Мақдиси əд-Димашқи əл-Ханбали, һижраның 763-жылы қайтыс болған Ханбали мазһабының фиқһтанушы имамдарының бірі. 263 Ибн Муфлихтың «Əл-адаб əш-шарғия» кітабы, 2/235. 264 Əбу əл-Аббас Сəхіл бин Сағд əл-Хазраж əл-Ансари-Мəдиналық жас сахабалардың бірі. Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бірқатар хадистер риуаят еткен. Əбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жəне Сағид бин əл-Мусайиб, əз-Зуһри сынды (Алла оларды рақымына бөлесін) тұлғалар Сəхілден (Алла оған разы болсын) хадис жеткізген. Сəхіл Мəдина шаһарында ең соңғы болып дүниеден өткен сахаба. (Алла оған разы болсын). «Бір əйел Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Сенің жамандығыңнан Алладан пана тілеймін», – дейді. Əлгі əйел Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) танымайтын еді. Күндердің бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Сəхілді жолықтырады да сөйтіп, Сақифа деген кісінің үйінде сахабаларымен жиналып отырады. Кейін: «Бізге су бер» – дейді. Сəхіл: «Мен оларға осы ыдысты алып шықтым да, су бердім» деген. Əбу Хазм айтады: «Сəхіл бізге сол ыдысты алып шығып, біз одан су іштік. Кейін оны Омар бин Абдул Азиз сыйға сұрады, Сəхіл оны соған сыйға береді»265, – деп келеді. Имам Науауи (Алла оны рақымына бөлесін) осы хадистің соңында: «Осы хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ұстаған, киген немесе соған қатысы бар мұрасынан табаррук етуге дəлел бар. Міне, осы дəлелдерге сүйенген сəлəф пен хəлəф ғалымдары Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) раудасында (мінбері мен қабірінің арасында) намаз оқу арқылы табаррук жасауға бірауыздан келіскен. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) адамдарға таратып беру үшін Əбу Талхаға(Алла оған разы болсын) шашын беруі, қызын кебіндеу үшін киімін беруі, екі қабірдің басына тал егуі,осыны аңғартса, сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) кірген үңгірге кіру сияқты басқа да істері де осыған жатады. Мұлхан деген кісінің қызы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) денесінен шыққан терін жинаған. Ал, сахабалар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəрет суымен үстерін сипаған, түкірігін беттеріне ысқылаған. Жалпы осыған ұқсаған нəрселер сахих хадистерде көптеп кездеседі. Еш күмəн жоқ, осының бəрі табаррукты анық көрсетіп тұр»,266 – деген. Əбу Бəкірдің қызы Əсмə (Аллаһ оларға разы болсын) бірде етекжеңі жібекпен қапталған қалың шапанын шығарады да: «Бұл Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) дүниеден өткенше киген шапаны 265 Термезиде , 4/306, Ибн Мажада, 2/1132 келген. 266 Науауи «Муслимның сахих шинағына береген түсіндірмесінде» келтірген, 13/178179.

еді. Ол кісі қайтыс болған соң оны мен алдым. Бұны Пайғамбарымызда (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) киетін. Біз бұл шапанды жуып, суымен ауырған адамды емдейміз»267 деген. Сəхіл бин Сағыдтан (Алла оған разы болсын) келген хабарда: اĤāéאÖÙ Ęĝאل: ĺא رøijل اų Ĩא أèùī İñه، ĘאכùĭĻıא، Ęĝאل: Ĭđħ Ęĥĩא Ĝאم اĤĭ×Ĺ Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ źĨį أĀéאÖį ĘĝאĤijا: Ĩא أèùĭÛ èĻī اĤĭ×Ĺ Āĥĵ اų ĐĥĻį وøĥħ ĤđĥĹ أכęī ĘĻıא «. «Бір əйел Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын)шапан алып келеді. Сол кезде Сəхіл елге қарата: «Шапанның не екенін білсесіңдер ме? – дегенде олар: «Жүннен жасалған шапан ғой», – дейді. Сонда Сəхіл: «Иə, бұл етек-жеңі тігілген жүн шапан», – деді. Əлгі əйел: «Уа, Алланың Елшісі, мына шапанды сізге кигіземін», – деп береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұқтаж болғандықтан оны қабылдап, үстіне киіп алады. Сахабалардың бірі Алла Елшісінің үстіндегі шапанға қызығып: «Уа, Алланың Елшісі! Мынау неткен керемет, маған кигізіңізші», – деп өтінеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Иə» – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) орнынан тұрған кезде айналасындағылар: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мұқтаждықтан алып тұрғандығын көре тұра, оны сұрауың дұрыс болмады. Оның елден еш нəрсе сұрамайтынын, өзінен сұраған нəрсені бермей қоймайтынын білесіңғой», – деп оған ескерту жасайды. Сонда ол: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) оны киіп алған кезде, оның берекетін тіледім əрі онымен кебінделермін» дейді»268. Ол өзінің өлімінің Пай267 Муслимда келген, 3/1641. 268 Бұхариде келген, 5/2245. ғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дүние салуынан бұрын, əлде кейін болатынын білмейді. Бірақ, сахабалар оның бұл ісіне қарсылық білдірмеді. Имам Заһаби (Алла оны рақымына бөлесін): «Сəбир Бунани Анас бин Мəликті (Аллаһ оған разы болсын) көрген сайын оның қолынан сүйетін де: «Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қолын ұстанған қол», – дейтін. Алланың жердегі құрметтісі болған қара тасқа Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) екі ерні тиген, егер сен қажылыққа бара алмай қалсаң, қажылық жасаушыны жолықтырып ернін сүй де айт: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүйген қара тасты сүйген ауыз де»269, – деп келтіреді. Имам Заһаби (Алла оны рақымына бөлесін) Абдулла бин Омардан жеткізеді: «Ибн Омар (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірін сипауды ұнатпайтын. Сондықтан оны əдепсіздік деп білетін. Ахмад бин Ханбалдан (Алла оны рақымына бөлесін) Пайғамбарымыздың (оғанАлланың игілігі мен сəлемі болсын) қабірін ұстау əрі оны сүю жайында сұралғанда, одан қандай да бір жамандық көрмейтінін айтатын». Бұл риуаятты баласы Абдулла бин Ахмад (Алла оны рақымына бөлесін) жеткізген. Егер: «Осы нəрсені сахабалар істеді ме?» – деген сұраққа келсек, онда олар көзі тірісінде Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жақсы көріп қолын сүйетін. Тіпті, дəрет алған суына таласып та қалатын. Қажылық кезінде мүбəрак шашын да бөлісіп алатын. Тіпті, түкірігі де жерге түспей сахабалардың бірінің қолына түсіп, ол онымен бетін сипап алатындығы айтылады. Ал, қазір əдеппен, құрметпен, сəлем берумен, сүюмен қабіріне жақындауымызға неге болмасын?»270 деп, сұраққа сұрақпен жауап береміз. Жоғарыда келтірілген деп Құран аяттары, Пайғамбар хадистері, əһлү-сүннет уəл жамағаттың білгір имамдарынан жеткен мəліметтер. Бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əрі Оның отбасының бізде қалған мұрасымен табаррук етудің рұқсат екендігін қуаттайды. Бұл мəселеде Оның тірі болуымен, дүниеден өтуінде еш айырмашылық жоқ. Сондай-ақ, жақсы адамдардың мұрасымен де табаррук жасауға рұқсат етіледі. Тірі болсын, дүниеден өткен болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Алла Ұлы əрі Білуші. 269 Имам Заһаби«Сиар ағлам əн-нубəлə» кітабы, 4/43. 270 Имам Заһаби «Мұғжам əш-шуюх» кітабы, 1/73, 74.

* * * 9. Мəулітті харамға шығарып,

Бидғат жəне адасушылық деп санау

Мұсылмандардың басым көпшілігі атап өтетін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мəулітін тойлауға шектен шығушы топтар қарсы болып жатады. Бір қызығы, шектен шыққандар өздерінің кейбір имамдарының, оқымыстыларының жылдық мерейтойларын атап өтеді. Əрі оларды бидғат жасауда, адасушылықта деп айыптамайды. Міне, бұл жағдай – олардың қателіктерінің бірі. Осыған орай төменде мұсылмандардың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мəулітін атап өтудегі ұстанымдарының дұрыстығын баяндауға тырысамыз. Омар бин Хаттабтан жеткен хадисте (Алла оған разы болсын): īĐ ģ»أن اĤĭ×Ĺ Āĥĵ اų ĐĥĻį و øĥħ כאن ĺāijم ĺijم اźàĭĻī Ęĥĩא øئ ذĤכ Ĝאل: ذĤכ ĺijم وĤïت ĘĻį وأĬõل ĐĥĹ ĘĻį «. ...«Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дүйсенбі күні не үшін ораза ұстайтындығы жайында сұралады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Мен ол күні туылдым, сол күні пайғамбар ретінде жіберілдім (сол күні маған уахи берілді)...»271 деп жауап береді. Хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылған күні нығыметіне орай дүйсенбі күні ораза ұстап, Раббысына шүкір ететіндігі айтылған. Осы тұрғыдан салих ғалымдарымыз төртінші ғасырдан бастап Ұлық пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мəулітін атап өтуді, бұл түнді алуан түрлі ізгі істермен өткізуді, яғни ас беру, Құран Кəрім оқу, зікірлер айту, өлеңдер оқу, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мадақтар айтумен қатар Алла елшісінің өмірінен жақынырақ таныстыруды жөн көрген. Аталмыш тарихи оқиғаларды көптеген тарихшы имамдар риуаят еткен. Атап айтсақ, хафиз имам Ибн əл-Жаузи, хафиз-имам Ибн Кəсир, хафиз-имам Ибн Дихия əл-Андалуси, хафиз-имам Ибн Хажар, хафиздердің соңғысы хафиз Жəлəлуддин əс-Сюути сынды ғалымдар. Хафиз-имам Ибн Хажар мəулітті тойлаудың рұқсат етілгендігіне дəлел ретінде екі сахих хадис жинақта риуаят етілген мына бір хадисті 271 Муслимде келген. келтіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Мəдинаға келген кезде Яһудилердің ашура күні ораза ұстап жүргендерін көреді. Олардан себебін сұрайды. Олар: «Бұл күн – Алла Перғауынды суға батырып, Мұсаны (оған Алланың сəлемі болсын) құтқарған күн. Сондықтан біз бұл күні Аллаға шүкіршілік ретінде ораза ұстаймыз», – деп жауап қатады. Хафиз Ибн Хажар: «Бұл хадисте арнайы бір күнде нығметті өтеу немесе қайғы-қасіреттің алдын алғандығы үшін Аллаға шүкір ету ісі бар. Əрі аталмыш маңызды күн əр жылда келетіні хақ. Ал, шүкір етуді сəжде жасау, ораза ұстау, садақа беру, Құран оқу секілді құлшылық түрлерінің бəрімен атқаруға рұқсат. Олай болса рақым Пайғамбарының туылған күнінен асқан үлкен нығмет бар ма?». Ал, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне сахабаларының (Алла оларға разы болсын) рабиғ əл əууəл айының он екінші күнін əр жылы атап өтпеулері, мəуліт тойлаудың дінде тыйым салынғандығын, жаман бидғат амал екендігін көрсетпейді. Өйткені, жаман бидғат – шариғи дəлелдің аясына кіретін мақтаулы іс емес. Ал, шариғи дəлел аясына кіретін мақтаулы іс жаман бидғат санатына əсте жатпайды», – деген. Имам əл-Байһақи имам əш-Шафиғидің былай деп айтқандығын келтіреді: «Дінге енген жаңалықтардың екі түрі болады. Бірінші түрі – Құран Кəрімге, сүннетке, сахабалар ісіне немесе ижмағқа қайшы келетін жаңалық. Ол діннен шығаратын бидғат болып саналады. Ал, екінші түрі – жақсы жаңалық болса, əрі жоғарыда айтылған шариғи дəлелдердің біріне қайшы келмесе, міне, бұл жаман бидғат саналмайды.Омар бин Хаттаб (Алла оған разы болсын) тарауих намазы жайында: «Бұл қандай жақсы бидғат», – деген, яғни тарауих намазын жамағатпен оқу бұрын болмаған жаңалық еді. Демек, бұл нəрседе де бұрын болған істерге қайшылық жоқ. Имам əш-Шафиғидің соңғы сөзі осылай тəмамдалған». Имам əс-Суюти: «Мəулітті атап өту Құранға, сүннетке, сахабалар ісіне жəне ижмағқа қайшы келмейді. Мəуліт дінде тыйым салынған жаман бидғат ұғымына кірмейді. Имам əш-Шафиғиден риуаят етілген хабар соны нұсқайды. Керісінше, бұл – əуелгі ғасырда мұсылмандар арасында көрініс таппаған жақсылық жасаудың бір түрі. Мысалы: қандай да бір күнəға бой алдырмай өзгелерді тамақтандыру жақсылық болып саналады. Демек, бұл жайында ғалымдардың сұлтаны болған Əл-Ғизз бин Абдуссалам айтып кеткендей мəулітті атап өту – мəндүб бидғат», – деген. Имам əс-Суюти қираат имамы Шамсуддин бин əл-Жазаридің «Ғурфут тағриф би мəулид əш-шариф» атты кітабынан мынандай

сөзін келтіреді: «Əбу Лаһабтың əр дүйсенбі сайын азабы жеңілдейтіні жайлы сахих хадистер риуаят етілген. Себебі ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылғандығы жайлы сүйінші хабар жеткізген Суайбаны азат етіп жіберген. Тозақтық екендігі Құран Кəрімде нақты келген кəпір Əбу Лаһабтың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылғанына қуанғандығы үшін тозақта азабы жеңілдейтін болса, онда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үмбеті, Алланы жалғыз деп таныған мұсылманның Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылған күніне қуанып, шамасы келгенше оған деген сүйіспеншілігін көрсету үшін күллі қажыр-қайратын жұмсаса жағдайы қандай болмақ? Жанымның иесі, жомарт Аллаға ант етейін! Мұның сыйы, кеңшілігімен жəннатына кіргізу ғана болмақ. Хафиз Шамсуддин əдДимашқи «Маурид əс-сади фи мəулид əл-һади» атты кітабында мынадай өлең жолдарын келтіреді: Бұл кəпірдің сөгісі, келген болса Құранда, Қолы құрып, мəңгі-бақи қалады ол Тамұқта. Əр дүйсенбі келгендей-ақ ол хабарда, Жеңілдейді азабы Ахмадтың келгеніне қуанғандығына. Ал, енді өмір бойы хақ сенімде жүріп Ахмадтың дүние есігін айқара ашқанына қуанып өткен пенденің халі қандай болмақ, ойлап көріңізші!»272 Жалпы, бұған Алла Тағаланың мына сөзін дəлел ретінде келтіруге болады: ﴾ِ َّų﴿وَذَכِّóْİُħْ ÖِÉَĺَّאمِ ا «Алланың күндерін олардың есіне сал!»273. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылған күні Алланың күндерінен екендігі сөзсіз. Сондықтан оны атап өту, тек Алланың бұйрығын орындау ғана. Демек бидғат болып саналмайды. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) көзі тірісінде болмаса да, жақсы сүннет қатарына жатады. Біз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) туылған күнін атап өтеміз. Өйткені біз оны жақсы көреміз. Оны 272 Бұл хабар Имам Суютидан «Хуснул мақсид фи ғамал əл-мəулид» атты еңбегінде жəне бұл сөзді Ибн Қасим əл-Ғибади ибн хажар əл-һайтамидің «Тұхфатул мұқтаж» атты еңбегіне берген хашиясында (толықтыруында) келген. 273 «Ибраһим» сүресі, 5-аят. неге жақсы көрмеске?! Барша жаратылыс атаулы оны танып, жақсы көреді емес пе?! Жансыз діңгектің өзі Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сəленмі болсын) жақсы көрді ғой! Бүкіл есіл-дерті соған ауды емес пе? Тіпті, оның өзіне жақын болуын қалайтынын айтсаңшы. Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сағынғандықтан дыбыс шығарып жылады емес пе?!. Мұндай мағынадағы хадистер мутауатир деңгейіне жетіп, күмəнсіз ілімге айналды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабаларының көпшілігінен осыған қатысты риуаяттар келген: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) түрегеп хұтба жасаған кезде құрма ағашына сүйеніп тұратын. Егер хұтбасы ұзаққа созылып кетсе, шарапатты қолын сол діңгекке қоятын. Кейін намаз оқушылар көбейген кезде сахабалары хұтпа оқу үшін арнайы мінбер жасап берді. Жұма хұтбасын оқуға өзінің шарапатты бөлмесінен шығып мінберге қарай жүргенде бұрыннан сүйеніп хұтба айтып жүрген діңгек күңіреніп қатты дыбыс шығарады. Тіпті, мешіт күңіреніп кеткен деседі. Діңгек жылап, тынышталмаған соң, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мінберінен түсіп келіп, əлгі діңгекке қолын қояды. Сипап, екі қолымен құшағына қысады.Сол кезде ғана діңгек тынышталады. Пайғамбар діңгекке тамыры жəннат өзендерінен сусындап тұратын жəннат ағашы немесе дүниеде жеміс беретін ағаш болуына таңдау еркіндігін берді. Діңгек болса жəннат ағашы болуды таңдады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Алла қаласа жасаймын, Алла қаласа жасаймын, Алла қаласа жасаймын»,– дегенде діңгек тынышталады. Кейін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Жаным Оның иелігінде болған Жаратқанға ант етемін, мен бұны істемегенде, бұл діңгек Қиямет күніне дейін Алланың Елшісін (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сағынып, күңіреніп тұра берер еді»,274 – деген. Жоғарыда Ибн Хажар, Ибн əл-Жаузи, əс-Суюти сынды имамдардың жəне өзге де ғұламалар келтірген сөздер һижраның бесінші ғасырындағы үмбеттің жағдайын баяндап тұр. Бұдан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мəулітін атап өтудің ғалымдардың жəне үмбеттің келісуімен мұстахаб (рұқсат 274 Хадис мамандары осыған жақын мағынада өте көп риуаят еткен. Имам Ахмад «Муснадында», 3/293-бет. Бұғари «Сахихында», 3/1313-хадис. Термези «Сунанында», 5/594-бет. Ибн Мажаһ «Сунанында», 1/454-бет. Дəрими «Сунанында» 1/30-бет. Ибн Хиббан «Сахихында», 14/435-бет. Ибн Əби Шайба «Мусаннафында», 6/319-бет. Табарани «Аусатында», 2/327-бет. Əбу Яғлə «Муснадында», 6/14-бет.

етілген нəрсе) амал болғандығын көреміз. Ал, енді атап өту Құран оқу, зікір айту, ас беру тəрізді істер арқылы атқарылуы қажет. Мəулітте шариғатта жек көрілген билеу, барабан соғу сияқты істерге жол берілмеуі тиіс. Ең бастысы мəуліт кештерінде имамдарымыздың жəне үмбеттің бірауыздан келісіп істеген істерінен басқа, шектен шығып жатқандардың істеріне жол берілмейді. Əлемдердің Раббысының сүйіктісі, тура жолға бастаушы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үшін қанша мəуліт өткізілсе де көптік етпейді. Сөз соңында мына арнауды келтіремін: Ол, кемел бейнесі мен мағынасы толысқан, Таңдап алды сүйіктіғып оны өзіне Жаратқан Көркіне оның тең келер ешкім жоқ, Бір өзіне берілген жақсылықтың жауһары Жолда қалар христианның пайғамбарына арнауы Қалауыңша оған мадақ айтарсың Қалауыңша жақсылықтың бəрін теңе, болмысына, Қалауыңша ұлықтықтың бəрін теңе, қадіріне, Расында Алла Елшісінің артық болуының шегі жоқ Осы нəрсе білінеді айтумен. * * * 10. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне пайғамбарлардың (оларға Алланың сəлемі болсын), ізгі жандардың қабірлерін зиярат етуді харам санау Шектен шығушылардың таңғалдыратын істерінің тағы бірі – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игіліг мен сəлемі болсын) қабірін, сондай-ақ, Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сəлемі болсын) жəне ізгі адамдардың қабірлерін зиярат ету үшін сапарға шығуды харамға санаулары. Олардың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне мұсылмандардың қабірлерін зиярат етуді мұстахаб275 деп үкім берулері, тіптен таңқаларлық іс. Осылайша олар негізгі мақсатты, яғни қабір зияратын мұстахаб деп санап, ал оның себебін, яғни оған баруды харамға шығарады. Олар өздерінің бұл таңғаларлық, оғаш əрекеті арқылы ғалымдар тарапынан бірауыздан келісілген, «себептер үкімі – негізгі «мақасид» шариғат үкімдерінен алынады» деген ережеге қайшы келді. Сондықтан негізгі шариғат үкімі мандуб (рұқсат етілген) болған істің себебін 275 Шариғи тұрғыдан жақсы көрілген іс. харам деу ақылға қонбайды. Енді Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірін зиярат етудің мұстахаб екендігіне фиқһ мəзһабтарының бір ауыздан келіскендігіне тоқталайық. Ханафи мəзһабының ғалымы Имам Кəмəлуддин Мұхаммед бин Абдул Уахид «Шарх фатх əл-қадир» кітабында: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне зиярат етуді шейхтарымыз (Алла оларды рақымына бөлесін) мəндуб276 жақсы амалдардан санаған. Ал, енді «Манасик əл-фариси уə шарх əл-мұхтар» атты еңбекте зиярат ету мүмкіндігі бар адам үшін уəжіпке жақын»,277 – деп келтіреді. Мəлики мəзһабының ғалымы əл-Құрафи: «Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зиярат ету – бекітілген сүннеттерден»,278 – деген. Шəфиғи мəзһабының ғалымы Имам Науауи: «Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірін зиярат ету Аллаға жақындататын ең маңызды нəпіл құлшылықтарға əрі сауапты істерге жатады. Меккеден қайтуға бет алғанда қажылар мен умра жасаушыларға, Пайғамбарымызды (оған Алланың игіліг мен сəлемі болсын) зиярат ету үшін Мəдинаға қарай бет алуы – сауапты іс жасау тұрғысынан мұстахаб болады. Бастысы зиярат етуші жасаған зияраты арқылы Аллаға жақындауды, əрі оған сапар шегу, салауат айтуға ниеттену керек»,279 – деген. Ханбали мəзһабының ғалымы əл-Мардауи əл-Ханбали: «Қажылық амалдарын аяқтаған адамға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірі мен екі серігін зиярат ету мұстахаб болады. Міне, осы үкім – мəзһабтың алдыңғы қатарлы ғалымдардың да, кейінгі ғалымдардың да ұстанымы» деген. Ал, мұстахабты харам санап, шатыстыруға не итермеледі, мұның мəні неде? Мұның негізгі себептерінің бірі – хадистерді ғалымдарсызақ түсінуге күш салуларында. Олар қандай да бір хадис көретін болса, хадисті ғылыми тұрғыдан алыс мағынада жүзеге асыра бастайды. Түсініктері: «Харам мешіті менің мешітім жəне Ақса мешітінен басқа жерге арнайы сапар шегілмейді»280 деген хадиске қайшы келді. 276 Шариғи тұрғыдан дұрыс көрілген 277 Кəмалуддин Мұхаммед бин Абдул Уахид «Шарх фатх əл-қадир» кітабы, 3/179. 278 Əл-Құрафи «Əз-захира» кітабы, 3/375. 279 Имам Науауи «Əл-мажмуғ» кітабы, 8/201. 280 Бұхари «Сахихында» 1/397-хадис , Муслим «Сахихында», 2/1014-хадис.

Олар осы хадис аясында үш мешіттен басқа жерге арнайы сапар шегілмейді деп ойлады. Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын), Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сəлемі болсын) мен ізгі адамдардың қабірлерін зиярат ету үшін сапар шегуді харамға шығарады. Имам Ибн Хажар əл-Асқалани: «Мұхаққиқ ғалымдардың кейбіреулері былай дейді: «Тек осы үш мешіт» дегенде (мүстəснə минһу) түсіп қалған немесе негізгі түсінік ойда сақталып «осы үш мешіт деп» айтылған. Сонда қандай іс болмасын осы үш орыннан басқа бір орынға арнайы сапар қылма деген ұғым шығады. Немесе одан жекелеген мағынаны көздейді. Олай болса алғашқы мағынаға жол жоқ. Себебі, одан сауда-саттық, туыстық қарым-қатынас жасау, ілім талап ету сияқты басқада істер үшін сапар шегуге болмайды деген де ұғым шығады. Демек, бұл хадистен екінші мағынаның көзделгендігі байқалады. Бұл жағдайда көбірек сəйкес келетінін алған дұрыс. Ол намаз оқу үшін осы үш мешіттен басқа жерге арнайы сапар шегуге болмайды деген мағынаны білдіреді. Міне, осы тұрғыдан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне басқада ізгі жандардың қабірін зиярат етуге болмайды деген көзқарас жоққа шығады. Дұрысын Алла біледі»281, – дейді. Имам Ибн Хажар Ибн Тəймияның мұндай қателікке ұрынуын жазғырып: «Бұл – Ибн Тəймиядан жеткен ең сорақы мəселелердің бірі»282, – деген. Бұл хадистегі «арнайы сапар» дегенді ғалымдар, егер осы аталған үш мешіттен басқа мешіттерге арнайы құлшылық жасау мақсатында баруды нəзір еткен болса, нəзірін өтеу міндет болмайды деп түсінген. Имам Ғазали: «Егер Харам, Мəдина жəне Ақса мешітінен басқа мешітке баруды нəзір еткен болса, нəзірін өтеу міндет болмайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлеемі болсын): «Харам мешіті, Менің мешітім жəне Ақса мешіті осы үш мешіттен басқа жерге арнайы сапар жасалмайды», – деді. Дұрысы бұлардан басқа жерге арнайы құлшылық жасау мақсатында сапар шегу харам, мəкруһ дегенді білдірмейді. Керісінше Аллаға жақындау мақсатында болса ғана дұрыс емес екендігін баяндап жатыр»,283 – деген. Ибн Құдама қабірлерге, шейіт қорымдарын зиярат ету үшін сапар шегу жайында былай дейді: «Бұл – рұқсат берілген істерден жəне сол сапарда намазды қысқартып оқуға рұқсат етілген. Өйткені, 281 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 3/69. 282 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 3/69. 283 Ибн Хажар «Фатхул Бари» кітабы, 3/69. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Құба деген жерге жаяу əрі көлікпен келетін. Əрі қабірлерге зиярат жасап: «Қабірлерді зиярат етіңдер! Ол сендерге Ақыретті еске салады»дейтін. Ал, «Үш мешіттен басқаға арнайы сапарға шығуға болмайды» деуі басқасын осы үшеуінен артық көрмеу деген мағынада. Бару харам деген сөз емес»284. Шейх Алиш (Алла оны рақымына бөлесін): «Сапарға шығуға болмайды» деген хадис намазға қатысты. Ибн Абдул Барр: «Үш мешіттен басқаға баруға болмайды деген» хадисте осылай келген, яғни, намаз оқу үшін болмайды, бірақ, зиярат етуге болмайды дегенге дəлел жоқ»285, – деген. Көріп отырғанымыздай қасиетті үш мешіттен басқа мешітке арнайы сапар шегу – харам іс емес. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) «Рабиғ» мешіті деп аталатын Құба мешітіне арнайы барғандығы жайлы сахих хадистер бар. Ибн Омар (Алла оларға разы болсын): «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əр сенбі күні жаяу жəне көлікпен Құба мешітіне келетін»286, – деген. Бұл істі Абдулла бин Омар (Алла оларға разы болсын) жасайтын. Осы тұрғыдан Ибн Хажар: «Хадистегі үш мешіттен басқасына арнайы сапарға шығуға болмайды деген тыйым оның харам екенін білдірмейді»287 деген. Имам Ибн Абидин былай дейді: «Муттафақун алейһи хадисте: «Қасиетті үш мешіттен басқасына арнайы сапарға шықпайды: ол Харам мешіті, менің мешітім жəне Ақса мешіті» делінген. Хадисте: «Осы үш мешіттен басқасына арнайы жолға шығуы деуі осы үш мешітте басқаларына қарағанда сауап еселеп беріледі дегенді білдіреді. Ал басқа мешіттер осы тұрғыда бір-бірімен тең. Алайда, бұл хадис бұдан басқаға арнайы сапар шегуді туған-туысымен қатынас жасау, ілім үйрену, шəһиттер қорымын, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірін, Ибраһимның (оған Алланың сəлемі болсын), басқада ұлы имамдардың қабірін зиярат ету сияқты істерге тыйым салуды білдірмейді. Жоғарыда келтірілгендер шектен шығушылардың хадисті дұрыс түсінбегендігі, өзге ғалымдардан іргесін аулақ салған ат төбеліндей бірнеше ғалымның түсінігімен шектелгендігін білдіреді, əрі хадис284 Ибн Құдама «Əл-мұғни» кітабы, 3/52. 285 Мұхаммед Али «Минах əл-Жалил шарх мұхтасар əл-халил» кітабы, 1/100. 286 Бұхари «Сахихында» 1/399-хадис, Муслим «Сахихында», 2/1017-хадис. 287 Ибн Құдама «Əл-мұғни» кітабы, 3/52.

терді дұрыс түсінген басқа ғалымдардың түсініктерін жоққа шығаратындығын баяндайды. Олардыңақылға қонымсыз көзқарасты келтіруі негізді мұстахаб санап, соған апаратын себепті харам санауынан туындаған. Немесе зиярат етудің мұстахап үкімі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабіріне жақын маңдағыларға ғана қатысты деген көзқарасты алға тартуы болатын... * * * 11. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үміт артқан кісіні кіші серік қосты деп айыптауы Шектен шығушылар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) дəрежесін дəнекер етуді серік қосу деп айыптайды да, артынша дереу Алладан басқа тəңір жоқ (лəə илəəһə иллəллаһ) деп айтқызуға асығады. Бұл мəселеде олар қателесуде. Бірінші қателігі: олар Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасауды əрі онымен сөзбен білдіруді, серт берумен бірдей көреді. Ал екінші қателігі: Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ант ішудің үкімі мүшіріктердің пұттарымен серт етумен бірдей деп сенеді. Төменде осы екі нəрсені түсінуде қандай қателікке жол бергенін баяндаймыз. Ислам жəне Қағба сияқты шариғатта мəртебелі саналған құндылықтарды алға тартып,серт беруі мүшіріктердің ант ішуіне ұқсастығы жоқ. Кей ғалымдар «Алладан басқамен ант ішу болмайды» деген үкімді, жалпылама тыйымнан, яғни, «Алладан басқамен ант ішуге болмайды» деген жалпылай қағидадан шығарған. Бірақ, бұған рұқсат бергендерде болған. Екі көзқарасының бірінде Ахмад ибн Ханбал рұқсат береді. Сүйенген уəжі! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) кəлимə шəһəданың бір жартысы, онсыз шəһəда толық болмайды. Өйткені бұл нəрседе ол Алла Тағалаға ұқсамайды. Керісінше, оны дəріптеуіміз Алланың оны ұлықтауынан туып отыр. Сондықтан, «Алладан басқамен ант ішуге болмайды» деген үкім жалпы тұрғыдағы тыйымды білдірмейді. Себебі, ғалымдар бірауыздан Алланың сипаттарымен ант ішу шариғи тұрғыдан рұқсат іс екендігіне келіскен. Міне, бұл «ерекше бір мəселе мақсат тұтылып, жалпылама түрде ескерту» деген қағидасын білдіреді. Имам Ибн Манзур: «Алладан басқаның атымен ант ішуге тыйым салынғандығына қатысты ғалымдар арасында қайшылық туындады. Кей ғалымдар оны жəһилият (ислам дінінен бұрынғы надандық кезеңі) кезіндегі ант берумен шатастырып отыр. Олар ұлықтау, дəріптеу мақсатында Алладан басқа Лат, Ғузза секілді пұттармен, əкелерімен ант ішетін. Осындай ант ішкен кісі күнəға батады жəне сол ісі үшін кəффарат өтемейді. Ал енді Алланы ұлықтауды білдіретін пайғамбардың, исламның, қажылықтың, ұмраның, құрбандықтың, садақаның, құл азат етудің хақымен жəне осы сияқты нəрселермен ант ішу тыйым салынған анттардың қатарына жатпайды. Əбу Ғубайда жəне біз кездескен бірнеше ғалымдар осы көзқарасты ұстанатын. Олар тыйым салынғандығына қарамастан аталмыш көзқарастарын сахабалардан риуаят етілген құл азат ету, құрбандық шалу, садақа беру арқылы ант ішкендердің антын өтеу керектігін міндеттейтін. Міне, осыдан Алладан басқамен ант ішуге болмайды деген үкім шықпайды. Егер тыйым бəріне бірдей келгенде ант ішуге тыйым салар еді жəне мұндай ант бергендерге антын өтеуге міндеттемейтін еді»288, – деген. Ал Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сəлеемі болсын) тауассул жасау немесе түпкі мағынасы қаперге алынса, оның есімімен тілмен айтып жеткізу сөз арқылы иман келтіру, тіпті, одан басқасының атын атап ант ішу бұл тақырып аясына мүлдем кірмейді. Керісінше мұнда тұрған ешқандай оғаштық жоқ, рұқсат етілген нəрсе. Себебі, ол жайында Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне сахабаларынан жеткен бұлтартпас дəлелдер келген. Солардың бірі Əбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) біреу келіп, «Уа, Алланың Елшісі! Қандай садақа ең сауапты?» деп сұрады. Ол: «Əкеңе серт! Сен одан хабардар боласың. Сау бола тұрып, кедейліктен қорқып əрі сараң бола тұрып байлықтан үміттенніп жүрген шағыңда берген садақаң»,289 – деп жауап береді. Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі болсын) ислам жайында сұраған Нəжідтық кісінің хадисі бар. Сол хадистің соңында Пайғамбарымыз: «Əкесіне серт! Егер сөзінде тұрса құтылды немесе басқа риуаятта: «Əкесіне серт! Егер сөзінде тұрса жəннатқа кірді» деген. Əбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) біреу келіп: Уа, Алланың Елшісі! Мəміле жасауыма ең лайықтырақ адам жайлы мағлұмат берсеңіз», – деп сұрады. 288 Ибн Хажар «Фатул Бари» кітабы, 11/535. 289 Ахмад «Муснад» кітабы, 2/231. Муслим (Сахих» кітабы, 2/716).

Пайғамбарымыз: «Нендей керемет! Əкеңе ант! Сен ол жайында хабардар боласың! Мəмілеге ең лайықты адам – анаң!»290 – деп жауап береді. Əбу əл-Ғашра əкесінен келтірген риуаятта: «О, Алланың Елшісі!»291 деген. Мəтін жоқ??? Аударылмаған. Пайғамбарымыздың алдына (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ет жəне наннан жасалған тағамның қойылғандығы жайлы риуаят етілген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Маған кəрі жілігін беріңдер», – дейді. Сөйтіп жілікті қолына алып, оны мүжиді. Сосын тағы да: «Маған кəрі жілігін беріңдер», – дейді. Сөйтіп жілікті қолына алып, оны да мүжиді. Кейін тағы да, маған кəрі жілігін беріңдер» дейді. Сонда сахаба: «Уа Алланың Елшісі! Кəрі жілік екеу ғана», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Əкеңе серт! Үндемей отырғанда ғой, əлі кəрі жілік мүжи беретін едім»,292 – деп жауап қатқан екен. Ғумайстың қызы Əсмəның (Алла оларға разы болсын) моншағын ұрлаған Ақтағтың қыссасында Əбу Бəкір оған (Алла оған разы болсын): «Əкеңе серт! Түнің ұрлықшының түні болмады!»293 дейді. Сахих жинақтарда Əбу Бəкірдің əйелі (Алла оларға разы болсын) оған: «Көзімнің қарашығына серт! Ол қазір мен үшін бұдан бұрынғыға қарағанда үш есе артық»294, – деген. Меңзеп тұрғаны қонағының тағамы еді». Имам əн-Нəуəуи: «Бұл ант ішу емес! Араб ғұрпында əдейі ант ішуді білдірмейді,сөз арасында айтыла салатын сөз ғана. Ал тыйым шынайы ант ішуді қалаған кісіге қатысты. Өйткені, онда ант ішкен нəрсені ұлықтау əрі Алла тағалаға теңеп қою бар. Міне, осы көзқарас мəселеге қатысты ең дұрыс жауап»295, – деген. Имам Ибн Хажар имам Байдауидың мынадай сөздерін келтіреді: «Имам Байдауи: «Бұл сөз (яғни, Алланың атынан басқа сөзбен ант ішу) сөзбен растау үшін айтылады. Негізінде онда ант ішу мақсат емес. 290 Муслим «Сахих» кітабы, 4/1974-хадис. Ибн Мажа «Сунан» кітабы, 2/903. 291 Байһақи «Сунан» кітабы, 9/246. 292 Ахмад «Муснад» кітабы, 2/487 . Əбу Бəкір əл-Һайсəми «Мажмаг əл-зауайд» кітабы, 8/312. 293 Мəлик «Муатта» кітабы, 2/835. Байһақи «Кубра» кітабы, 8/273. Шəфиғи «Муснад» кітабы, 1/336. 294 Ахмад «Муснад» кітабы, 1/18. Бухари «Сахих» кітабы, 1/28. Муслим «Сахих» кітабы, 3/1628-хадис. 295 Науауи «Муслим схихына түсіндірме» кітабы, 1/168. Мысалы, қаратпа сөзді шақыру мағынасында қолдануды көздемей, меншіктеу мақсатында қолдану секілді. Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын), оның отбасымен жəне басқада сөздермен тауассул немесе сөзбен растау мақсатында сұрақта келгендей, егер əдейлеп ант ішуге ниет етпей, өзгелердің атымен ант ішу – шариғи тұрғыдан рұқсат етілген іс. Бұлай істеген адамға күнə да жазылмайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын), сахабалардың сөздерінде мұндай сөздер кездеседі. Сондай-ақ, адамдардың əдет-ғұрыптарына сай келеді. Бастысы, шариғатқа қайшы болмауы керек. Сондықтанда бұл ешқандай харамда, серік қосуда емес. Мұсылман адамға ілімсіз Алла Тағала атынан сөз сөйлеуге болмайды. Ол жайында Хақ Тағала Құран Кəрімде: «Алла Тағалаға жала жабу үшін «Мынау – харам, мынау – адал» деп ауыздарыңа келген өтірікті айтпаңдар! Расында, Алла Тағалаға өтірік теліп, жала жапқандар ешқашан құтылмайды»296 деп бұйырады. Алла – ең ұлы! Ең дұрысын білуші!. * * * 12. Қиямет күні «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасы тозақта болады» деп үкім айтуы Олардың бұлайша сырттан тон пішіп,үзілді-кесілді үкім берулері – мұсылманның көңіліне қаяу салатын, зардабы ауыр мəселелердің бірі. Олардың Алла Елшісінің (оған Аллагың игілігі мен сəлемі болсын) атаанасын Қиямет күні «тамұқта болады» деп үкім шығаруы – мыңдаған мəселелер туындатып, əуреге салатын күрделі дүние. Бұл олардың жүректерінде Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігт мен сəлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің қажетті деңгейде еместігін, сондайақ «Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жақсы көреміз» деулерінің шынайы еместігін көрсетеді. Негізінде жақсы көру – сол жақсы көріп тұрған нəрсенің құнын төмендетуге тосқауыл болуы керек. Олай болса, Пайғамбарымыздың 296 «Нахыл» сүресі, 116-аят.

(оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасы жайлы жаңсақ сөз қозғау Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жанын жаралап, удан басқа түк емес екендігінде дау жоқ. Бұл жайында Хақ Тағала: ﴾ٌħĻِĤَ﴿وَاĤَّñِĺīَ ĺُËْذُونَ رَøُ ijلَ اųَّ ِ Ĥَıُħْ Đَñَابٌ أ «Сондай Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зиян тигізіп, жанын жаралағандарға қатты азап бар»297, – деп ескерткен. Жəне бір аятта: ْħُıَĤ َّïَĐَ﴿إِنَّ اĤَّñِĺīَ ĺُËْذُونَ اųَّ َ وَرَøُ ijĤَįُ Ĥَđَĭَıُħُ اųَّ ُ ĘِĹ اĤïُّĬْĻَא وَاŴْ ìِ óَةِ وَأ ĐَñَاÖًא ĨُıِĻĭًא﴾ «Сондай Аллаға жəне Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зиянын тигізіп, көңіліне қаяу салғандарды Алла Тағала екі дүниеде лағнеттеді əрі оларға қинаушы азап əзірледі»298, – деген. Алла Тағала біздерді айқын түрде Өзінің Елшісіне зиян тигізуден жəне осы нəрседе Яһудилеге (оларға Алланың лағынеті болсын) ұқсаудан сақтандыруда. Ол жайында Хақ Тағала: وَכَאنَ Đِĭْïَ اųَّ ِ وَäِ Ļıًא﴾ «Ей иман келтіргендер! Мұсаға (оған Алланың сəлемі болсын) зиян тигізгендер секілді болмаңдар. Олардың айтқан нəрселерінен Алла Тағала Мұсаны (оған Алланың сəлемі болсын) пəктеп алды. Өйткені, оның Алла алдында мəртебесі бар еді»299 деп баяндайды. Əл-Қади Ғияд: «Біздер тек Раббымыз жəне Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) разы болатын нəрсені ғана айтамыз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) мəртебесіне шек келтірмейміз, əрі Оған қандайда бір разы болмайтын сөзбен қиындық келтірмеңіз», – деген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əкелері, аталарының кейбірінде серік қосу сияқты істер байқалғанымен олардың мүшіріктер қатарына жатқызылмайтындығын білу керек. Өйткені оларға елшілер жіберілмеген. Əһлү-сүннет уəл жамағат бəрі 297 «Тəубə» сүресі, 61-аят. 298 «Ахзаб» сүресі, 57-аят. 299 «Ахзаб» сүресі, 69-аят. бірдей бірауыздан «кімде-кім екі Пайғамбардың арасында қандайда бір уақыт серік қосқан болса немесе сенімі өзгерген болса азапталмайды» деп сенеді. Бұған қатысты дəлелдер өте көп. Солардың бірінде Алла Тағала Құран Кəрімде: ﴾ًźij ُøَ﴿وَĨَא כُĭَّא ĨُđَñِّÖِĻīَ èَ Ýَّĵ Ĭَ×ْđَßَ ر «Елші жібермейінше бір қауымды азаптамаймыз»300 десе жəне бір аяттарда: ﴾َ﴿ذَĤِכَ أَنْ Ĥَħْ ĺَכُ īْ رَÖُّכَ Ĩُıْĥِכَ اĤْĝُóَى Öِčُ ĥْħٍ وَأَİْ ĥُıَא ĔَאĘِĥُijن «Өйткені, Раббың халқы хабарсыз бір елді зұлымдыққа бола құртып жібермейді»301. ﴾َ﴿وَĨَא أَİْ ĥَכْ ĭَא Ĩِīْ ĜَóْĺَÙٍ إِźَّ Ĥَıَא Ĩُĭْñِرُون «Ескертуші келген елді ғана жойып жібердік»302. وَכَאنَ اųَّ ُ Đَõِĺõًا èَ כِ Ļĩًא﴾ «Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін, Ескертуші, сүйіншілеуші елшілер жібердік. Алла – өте үстем, хикмет иесі»303 делінген. Сондықтан, Елшілер жіберілгеннен кейін ғана барып оларға қарсы дəлел келтіруге болады. Ал елші жіберілмей тұрып адамзат Алланың рақымымен, мархаматынан құр қалмайды. Бұл аяттар əһлү-сүннет уəл жамағат ұстанатын сенімге дəлел болады. (Яғни, Елші келмеген бір ел сұралмайды). Алла Тағала бір елге ескертуші Елші жіберіп, ескертпейінше Өзінің рақымымен, кеңшілігімен ешкімді азаптамайды. Мүмкін біреу: «Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасына ескертушілер жіберілмеді ме, оларға дəлел келгеннен кейін мүшірік болмады ма?» деп қарсы уəж айтар болса, олардың бұл ойлары ешбір шарғи дерек дəйек бола алмайды, керсінше мұндай ойға тыйым салатын шарғи деректер келіп, оның ақиқатқа қайшы екенін растай түседі. Ол жайында Хақ Тағала: 300 «Исра» сүресі, 15-аят. 301 «Əнғам» сүресі, 131-аят. 302 «Шұғара» сүресі, 208-аят. 303 «Ниса» сүресі, 165-аят.

﴾ٍóĺِñَĬ ْīِĨ َ﴿وَĨَא آÜَĻْĭَאİُħْ Ĩِīْ כُÝُÕٍ ĺَïْ رُøُ ijĬَıَא وَĨَא أَرْøَ ĥْĭَא إِĤَĻْıِħْ Ĝَ×ْĥَכ «Оларға біз Құраннан бұрын оқылатын кітап жібермедік. Сондай-ақ сенен бұрын оларға ескертуші пайғамбар да жібермедік»304 десе, тағы бір аяттарда: «Міне, біз осылайша сенен бұрын ешбір пайғамбар келмеген елге сен жасайтын ескертуден ғибрат алар деп ескертуің үшін жібердік»305. ْħِıْĻَĥَĐ ijُĥْÝَĺ ًźij ُøَ﴿وَĨَא כَאنَ رَÖُّכَ Ĩُıْĥِכَ اĤْĝُóَى èَ Ýَّĵ ĺَ×ْđَßَ ĘِĹ أُĨِّıَא ر آĺَאÜِĭَא وَĨَא כُĭَّא Ĩُıْĥِכِ Ĺ اĤْĝُóَى إِźَّ وَأَİْ ĥُıَא Čَ אĤِĩُijنَ﴾ «Қандайда бір елдің ортасына аяттарымызды оқитын елші жібермейінше Раббың оларды жойып жібермейді. Елшіні мойындамасасол кезде ғана оларды жойып жіберген»,306– деп баяндайды. Жоғарыдағы келген шарғи деректер Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасының азапталмайтындығына дəлел болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасы болғандықтан емес, ата-анасының əһлү фитрадан (яғни, пайғамбар келмей тұрған уақытта өмір сүрген адамдар) болғандығы үшін. Оларды мұсылмандар солай деп таныған. Шатиби: «Алланың өзгермес қағидалары жаратылысқа қолданылды. Ол дегеніміз – Елшілер жібрілгеннен кейін барып қайшы келушілерді жазалау. Ал адамдарға нұсқау келген болса, онда қалағаны иман келтірсін, қалағаны кəпір болсын. Əрқайсысының жазасы өзіне сай болады»307, – деген. Қасими Алла Тағаланың: ﴾ًźij ُøَ﴿وَĨَא כُĭَّא ĨُđَñِّÖِĻīَ èَ Ýَّĵ Ĭَ×ْđَßَ ر «Елші жібермейінше бір қауымды азаптамаймыз»308 деген аятына берген тəпсірінде: «Бір қауымды, хақты көрсететін, адасудан 304 «Сəбə» сүресі, 44-аят. 305 «Қасас» сүресі, 46-аят. 306 «Қасас» сүресі, 59-аят. 307 Шатиби «Муафақат» кітабында келген, 3/377. 308 «Исра» сүресі, 15-аят. құтқаратын, дəлел көрсетіп, қателіктерін түзететін елші жібермейінше азаптамайтындығымыз ап-айқын шариғатымызда көрсетілген дегенді білдіреді», – дейді309. Ибн Тəймия: «Құран мен сүннет Алла Тағаланың біреуді пайғамбарлық жібергеннен кейін ғана азаптайтындығын көрсетеді. Ал кімге толық пайғамбарлық шақыру жетпеген болса, оны азаптамайды. Ал енді кімге жартылай ғана пайғамбарлық шақыру жеткен болса, дəлел келген нəрсені мойындамағандығы үшін ғана азапталады», – 310 деген. Ал енді əһлү фитраның азаптан азат болатындығы туралы дəлелді айтпағанның өзінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасының азаптан құтылатындығы жайында өз алдына дəлел керек болатын болса, ол Алла Тағаланың: ﴾َīĺِï ِä﴿وَÜَĝَĥُّ×َכَ ĘِĹ اĤùَّ א «Сəжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де»311 дегені. Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) келген осы аяттың тəпсірінде: «Сəжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де» дегенді «пайғамбар болғанға дейін əкелерің Адам, Нұх, Ибраһимдардың белінде болуың»312 деп түсіндірген. Уасила ибн əл-Асқағтан келген хабарда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): Алла Тағала Ибраһим ұрпағынан Исмаилды, ал Исмаилдың ұрпағынан Кинананы, ал Кинана ұрпағынан Құрайышты, ал Құрайыш ұрпағынан Һашимды таңдап алды, ал Һашимнан мені таңдалды»313 деген. Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Алла Тағала жаратылысты жаратып, олардың ішінен мені қайырлысы етіп, замандардың жақсысын берді. Кейін руларды іріктеді де, мені рулардың қайырлысы қылды. Кейін отбасыларды іріктеді де, мені жақсы отбасынан шығарды. Сондықтан мен олардың ішіндегі жаратылыс жағынан жəне отбасы жағынан ең жақсысымын»314, – деген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен 309 Қасими «Махасин əт-тəуил» кітабы, 10/312. 310 Ибн Тəмия «Мажмуғ əл-фəтауа» кітабы, 13/493. 311 «Шұғара» сүресі, 219-аят. 312 Табари тəфсірінде, 7/287. Қуртуби тəфсірінде, 13/144. 313 Ахмад «Муснад» кітабы, 3/108. Муслим «Сахих» кітабы, 5/584. 314 Ахмад «Муснад» кітабы, 4/165. Термези «Сунан» кітабы, 5/584.

сəлемі болсын) өз тегінің пəк, əрі текті екендігін сипаттап көрсетті. Бұл екі сипат, яғни, пəк əрі қайырлы текті болу күпірлік пен серік қосушылықтан ада дегенді білдіреді. Алла Тағала Құран Кəрімде: «Ақиқатында мүшіріктер нəжіс (лас)»315, – деген. Ал енді қарсы тараптың келтіретін дəлелі – екі ахад (дара) хадис, бұл екеуіде жоғарыда келген ашық аятқа қайшы келеді. Бұл екі ахад хадис Имам Муслимде келген. Біріншісі: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Раббымнан анам үшін кешірім сұрадым, рұқсат бермеді, ал қабірін зиярат етуге рұқсат сұрап едім, берді»,316– деген хадис. Екіншісі: «Бірде бір адам: Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) менің əкем қайда», – деп сұрайды? «Тозақта» деп жауап береді. Кейін шақырып алып: «Менің əкем де, сенің əкең де тозақта»,317– деген хадис. Мұны деушілерге мынадай жауап беріледі: Біріншіден, алғашқы хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) анасының тозақтық екендігі ашық айтылмаған. Ал «кешірім тілеуге рұқсат бермеді» дегені, ол – мүшрік деген сөз емес. Егер мүшрік болғанда, Алла Тағала қабірін зиярат етуге рұқсат бермеген болар еді. Өйткені, мүшріктердің қабірін зиярат етуге де рұқсат етілмейді. Екіншіден, бұл жерде əкем деп отырғаны əкесінің ағасы Əбу Талиб болса керек. Ол пайғамбарлық келгеннен кейін қайтыс болған. Əрі өзінің мұсылман екендігін айтпаған болатын. Сондай-ақ, арабтар «əке» сөзін «аға» сөзінің орнына қолдана береді. Алла Тағала Ибраһим (оған Алланың сəлеміə болсын) жайлы: ĹِĘ َ﴿وَإِذْ Ĝَאلَ إِÖْóَاİِĻħُ Ŷِ َÖِĻįِ آزَرَ أَÜَÝَّíِ ñُ أَĀْ ĭَאĨًא آĤِıَÙً إِĬِّĹ أَرَاكَ وَĜَijْĨَכ Ąَ Żَ لٍ Ĩُ×ِĻīٍ﴾ «Ибраһим əкесі (ағасы) Əзарға: «Пұттарды өзіңе құдай етіп аласың ба? Мен сені жəне қауымыңды ашық адасуда көрудемін»318, – деген. Ибн Кəсир жəне басқада тəфсіршілер негізі Иб315 «Тəубə» сүресі, 28-аят. 316 Муслим «Сахих» кітабы, 2/671. 317 Муслим «Сахих» кітабы, 1/191. 318 «Əнғам «сүресі, 74-аят. раһимның (оған Алланың сəлемі болсын) əкесі Тəрих деген деректер келтірген. Ал егер қарсы келуші тарап бұндай тəуилді қабылдамай, екінші хадистің тікелей мағынасын басшылыққа алған күннің өзінде, тіпті, алғашқы хадисте сырттай дəлел болмайды десе, оларға: «Сендердің сөздеріңе келісіп, жоғарыдағы екі хадис Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) ата-анасының тозақтан құтылмайтындығына дəлел болады», – деп есептесек те, бұл екі хадистің жоғарыда келтіріп кеткен нақты əрі ашық аятқа қайшы келгендіктен қабылдай алмаймыз. Міне, бұл имамдардың, ғалымдардың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан жолдары. Осы қағидаға байланысты əлХатиб əл-Бағдади мынадай уəж келтіреді: «Сенімді адам тізбегі үзілмей жалғасып келген риуаят келтіретін болса, бірнеше себептерге байланысты қбылданбауы мүмкін. Мысалы, Құранға жəне мұтауатир сүннетке қайшы келсе. Демек, негізсіз немесе мансух (үкімі жойылған) хадис екендігін білеміз»319. Мысалы, Имам Бұхари жəне əл-Мəдини сынды хадис мамандары: «Алла Тағала топырақты сенбі күні жаратты, əрі одан тауды жаратты. Ал ағаштарды дүйсенбі күні, жағымсыз істерді сейсенбі күні жаратты, нұрды сəрсенбі күні жаратып, бейсенбі күні оған жануарларды жіберді. Адам пайғамбарды (оған Алланың сəлемі болсын) жұма күні асырдан кейін, соңғы жаратылыс етіп əрі жұманың соңғы сағатында асырмен түннің арасында жаратты»320, – деген хадисті қабылдамаған. Өйткені, бұл хадис Құран Кəрімге қайшы келеді. Бұл жайында Ибн Кəсир өзінің тəпсірінде Алла Тағаланың: ﴾ٍ﴿إِنَّ رَÖَّכُ ħُ اųَّ ُ اĤَّñِي ìَ ĥَěَ اĤùَّ ĩَאوَاتِ وَاŶْ َرْضَ ĘِĹ øِ ÝَّÙِ أَĺَّאم «Раббыларың сондай аспандар мен жерді алты күнде жаратты»321 деген аятына берген түсіндірмесінде келтірген. Имам Науауи де мұсылмандардың анасы Айшадан (Алла оған разы болсын) келген: «Сапар намазы, мейлі намазы болсын, екі-екі ракағат ретінде парыз болған. Сөйтіп сапар намазы сол күйінде, ал тұрғылықты адамның намазына қосылып бекіді», – деген хадистің жалпы түсінігін қабылдамаған. Тіпті, бұл хадистің екі сахих жинақта келгендігіне қармастан, тікелей мағынада айтылса да оған басқаша реңк беруге тырысқан Имам Науауи: «Хадистің сыртқы 319 Бағдади «Əл-фақиһ əл-мутафаққиһ» кітабы, 132-бет. 320 Муслим «Сахих» кітабы, 4/2149-хадис. 321 «Ағраф» сүресі, 54-аят.

түсінігі негізі сапар намазы екі ракағат болған, яғни, қысқартылмаған, ал тұрғылықты адамның намазына қосылған деу Құранға жəне мұсылмандардың бірауыздан болған келісіміне қайшы келеді. Қашан ахад (дара) хадис Құранға, ижмағқа қайшы келсе, сыртқы мағынасын қабылдамау – уəжіп»322, – деген. Қарсы келушілер осы екі жолдың бірін таңдап, тəуил жасасын. Бұл – шарғи дəлелдерді қабылдамаудан абзал немесе Құран кəрімге қайшы келіп тұрғандықтан ахад (дара) хадисті қабылдамасын. Міне, бұл белгілі имамдардың ұстанымы. Қандай жағдай болмасын Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасының Қиямет күні тозақтан азат екені анық. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) барлық ата-балары азаптан алыс десе де болады. Алла бізге оны сүюді, оны шынайы қадірін біліп тануды нəсіп етсін. Барлық мадақ əлемдердің Раббысы Алла Тағалға болсын! Ең анығы тек Аллаға мəлім. * * * 13. Қабірде жатқан кісінің қандай да бір нəрсені жəне зиярат етушінің зияратын сезуін түбегейлі жоққа шығару Бұл шектен шыққандар ұстанған жолдың қауіптілігі, жиіркеніштілігі соншалықты, сұмпайы материализ етіп түсінілген нəрселер. Өйткені, олар қабірде жатқан мəйіттің қандай да бір нəрсені сезуін, атап айтсақ зиярат етушінің зияратын мəйіттің біліп жатуын түбегейлі жоққа шығарады. Олар бұл мəселеге тұтастай қарсы шығу арқылы шынайы хақ дінді, таухидті сақтап қаламыз деген қияли ойларына беріледі. Мұндай ойдың қалыптасуы «өлім» ақиқатын жете түсінбегендіктен, шарғи дəлелдерді дұрыс білмеуден жəне осы мəселеге қатысты ғалымдардың қөзқарастарынан бейхабар болудан туындап отыр. Шын мəнінде «өлім» ұғымы толық жоқ болып кетеді білдірмейді. Сонымен қатар өлім, Алла Тағаланың жаратқан болмысын жоқ етуге де жатпайды. Керісінше, өлім – адам баласы басынан кешетін жанға батарлық ауыр халдердің бірі ғана. Себебі, ол кезде адамның жаны басқа əлемде ғұмыр кешу үшін тəнді тастайды. Демек, өлім-хақиқи тұрғыдан жанның тəннен ажырауы. Имам əл-Ғазали323: «Жанның тəн322 Науауи «Əл-мажмуғ» кітабы, 4/222. 323 Əбу Хамид Мұхаммед Əл-Ғазали əт-Туси əн-Нисабури 450 һижри/1058-505 һижри/1111. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Ашғари ақида мектебінің көрнекті нен ажырауы деп отырғанымыз, жанның тəннен шығуы арқылы тəнге жүргізетін билігінің тоқтағандығын меңзейді», – деп түсіндіреді. Ал қабірде жатқан мəйіттің зиярат етушінің зияратын сезінуіне келетін болсақ, сахаба Əбу Һұрайраның324 пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) риуаят еткен мынадай бір хадисі бар: «Кімде-кім мына дүниеде таныған мұсылман бауырының қабірінің тұсынан өтіп бара жатып сəлем берсе, ол да оны танып, сəлеміне жауап қайтарады»325. Имам əл-Мунауи326 бұл хадиске былайша түсініктеме береді: «Имам, хафиз əл-Ирақи327: «Білу, тану жəне сəлемді қайтару – тірі болудың белгісі һəм жанның кері қайтарылуы дегенді білдіреді. Осыған қажетті «жанның» дененің барша болмаса да, бағзы бөлігінде жаратылуында тұрған еш кедергі жоқ. Кейбір ұлы ғалымдарымыз былай дейді: «Жанның тəнге деген байланысы ессіз ғашықтыққа, күшті махаббатқа ұқсайды. Жан тəнді тəрк етіп тастап кеткенімен өкілі. Хұжжатул-Ислам (Ислам дінінің құжаты), Зəйнуд-дин (діннің көркі), МуфтиУмма (мұсылман үмбетінің мүфтиі) т.б. лақаптары бар. Əйгілі имам, имамул-харамайын əл-Жуайнидің шəкірті. Ақида, фиқһ, тасаууф, фиқһ, усулул-фиқһ т.б. ғылым салаларында жазған керемет еңбектері бар. Алла оны рақымына бөлесін! 324 Əбу Һұрайра Абдуррахман ибн Сахр əд-Дауси. Һижреттің жетінші жылы мұсылмандықты қабылдаған. Мəдинаға көшіп келіп, Пайғамбардың (с.а.у.) жанында төрт жылдай уақыт бірге жүрген. Ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың бірі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның мысыққа деген ерекше мейірімділігін байқап: «Уа, Əбу Һир (мысықтың иесі)! деп шақырған. Содан кейін осы атпен шақырылатын болды. Мұсылмандар арасында да «Əбу Һұрайра» (кішкене мысықтың иесі) деген атпен танылды. Түн уақытының бір бөлігін тынығып алуға бөлсе,екінші бөлігінде құлшылық жасап дұға оқитын. Қалған үштен бір бөлігін жаттаған хадистерін ұмытпау үшін үнемі қайталайтын. Ол үлкен ғалым, фақиһ жəне хафиз сабалардың бірі еді. Һижра жыл санауы бойынша елу жетінші жылы дүниеден озды. Алла оған разы болсын. 325 Бұл хадисті имам Хатиб Бағдади əш-Шафиғи, Тəриху-Бағдад атты еңбегінің 6 том/ 138 бетте; шейх əс-Сайдауи «Мұғжамуш-шуюух» атты еңбегінің 1том/351 бетте; имам, хафиз əл-Мунауи əш-Шафиғи «Файдул-Қадир» атты еңбегінің 5том/487 бетінде келтірген. 326 Мұхаммед Абдуррауф ибн Тəжил-Арифин əл-Мунауи. һижри 952 жылы дүниеге келіп, һижри 1031 жылы Кайрда дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Көптеген шариғи құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін. 327 Əбул-Фадл, Зəйнуд-дин Абдуррахим ибн Хұсейн əл-Ирақи. Һижри 725 жылы дүниеге келіп, һижри 806 дүниеден өткен. Шейхул-хадис (хадис шейхі) деген лақаппен танылған. Əйгілі имам Ибн Хажар əл-Асқаланидің ұстазы. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Көптеген құнды кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін.

əлгі» ғашықтық» ұзақ уақыт солмайды. Осылайша əлгі «жанның» бұрынғы тəніне деген «құштарлығы» арта түседі. Сол себепті, өлген адамның сүйектерін сындыруға, қабірінің үстінде отыруға тыйым салынған»328. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Бəдір шайқасында өлген мүшріктердің мəйіттерін жинап, кеуіп қалған құдыққа тастауды əмір етеді. Кейін құдықтың басына келіп, əрқайсысының атын жеке-жеке атап дауыстап: «Ей, пəленшенің ұлы пəленше! Ей, түгеншенің ұлы түгенше! Раббыларыңның сендерге уəде еткенін көрдіңдер ме? Мен, маған Раббымның уəде еткен нəрсесін көрдім», – дейді. Жанында тұрған сахаба Омар (Алла оған разы болсын): «Уа, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын)! Иістеніп, шіріп кеткен өліктермен сөйлесіп тұрғаның қалай?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Мені ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етейін! Сендер менің айтып тұрғанымды олардан артық естіп тұрған жоқсыңдар. Алайда, олар жауап қайтара алмайды», – деп сұрағына жауап береді»329. Демек, мəйіт сезеді. Бізге беймəлім бір түйсік арқылы зиярат етуге келген кісіні сезінеді. Келгеніне қуанады. Міне, осындай нəрселер болғандықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірде жатқандарға «сəлем»330 беруді бұйырады. Бұған байланысты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қабірлерді зиярат еткенде сахабаларына үйреткен мынадай дұғалары да бар: «Асссаламуғалейкум, мұсылман жəне момындардан болып, мына жерді мекендеп жатқандар! Алла арамыздан ертерек қайтқандарды рақымына бөлесін! Біз де Құдай қаласа, сендердің ізде-ріңмен қатарларыңа қосыламыз!»331. 328 Бұл хадисті имам Хатиб Бағдади əш-Шафиғи, Тəриху-Бағдад атты еңбегінің 6 том/137 бетте; шейх əс-Сайдауи «Мұғжамуш-шуюух» атты еңбегінің 1том/351 бетте; имам, хафиз əл-Мунауи əш-Шафиғи «Файдул-Қадир» атты еңбегінің 5том/487 бетте келтірген. 329 Бұл хадисті имам Ахмад ибн Ханбал Муснадында, 2 том/131 бетте; имам Ибн Хиббан Сахих атты жинағында 15 том/562 бетте; имам əл-Хаким əл-Мустадракта, 3 том/241 бетте келтірген. 330 Алладан амандық, есендік сұрауды. 331 Бұл хадисті имам Ахмад ибн Ханбал Муснадында, 5 том/680 бетте; имам Мүслім Сахих жинағында 2 том/670 бетте; имам əн-Нəсаий Сунанында 4 том/92 бетте; имам Əйгілі ғалым, имам əн-Науəуий332 былай дейді: «Қабірді зиярат етуге келген кісінің қабірін мейлінше жақындауы мұстахап. Яғни, тірі күнінде зиярат еткенде қандай жақын тұрса, дəл сондай жақындау тұрғаны жөн»333. Ибн Тəймиядан334 адам өлгенннен кейін қандай да бір нəрсені естуі жайлы сұралғанда: «Күллі мадақ Əлемдердің Раббысы Аллаға тəн! Иə, жалпылама алғанда өлген адам естиді», – деп жауап берген. Артынша осы мəселеге қатысты бірнеше хадистерді дəлел ретінде алға тартқан. Қабірде жатқандарға «сəлем» беру хадисінен кейін сөзін: «Бұл оларға арналып айтылуда. Ал, расында, сөз тек еститін адамға арналады», – деп түйіндейді. Танымал ғалым Ибн Абдулбарр335 Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім мына дүниеде білген, таныған кісісінің қабірінің тұсынан өткенде сəлем берсе, берген сəлемге жауап қайыру үшін мəйітке Алла жанын қайтарып береді», – деп айтқандығын жеткізеді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: «Жұма күні жəне жұма түні маған салауат айтуды көбейтіңдер! Себебі, айтқан салауаттарың маған білдіріледі», – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сенің сүйегің шіріп кетпей ме? Біздің салауатымыз саған қалайша білдірілмек», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Шын мəнінде Алла Тағала жерге пайғамбарлардың етін жеуді харам етті», – деп жауап береді. Ибн Мажа Сунанында 1 том/494 бетте; имам Ибн Хиббан Сахих атты жинағында 16 том/46 бетте келтірген. 332 Əбу Закария Яхия ибн Шараф əн-Нəуəуи əд-Димашқи. Һижри 631 жылы дүниеге келіп, һижри 676 жылы дүниеден өткен. Мұсылмандар арасында Мұхиддин (дінді жандандырушы) деген лақабымен мəшһүр. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Ислам əлеміне əйгі ғалымдардың бірі. Көптеген баға жетпес құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 333 Қараңыз: имам əн-Нəуəуидің əл-Мажмуғ атты кітабы, 5 том/282 бет. 334 Ахмад ибн Абдулхалим ибн Тəймия. Шейхул-ислам деген лақабы бар. Ханбали мəзһабы имамдарының бірі. Һижри 661 дүниеге келіп, һижри 728 жылы дүниеден өткен. Кейбір оғаш, теріс ақидаға қатысты көзқарастары бар. Алла оны рақымына бөлесін. 335 Əбу Омар Юсуф ибн Абдулла. Мұсылмандар арасындар Ибн Абдулбарр деген атпен танылған. Һижри 368 жылы дүниеге келіп, һижри 463 жылы дүниеден озған. Мəлики мəзһабы имамдарының бірі. Көптеген бағалы еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін!

Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Расында, Алла Тағала менің қабірімнің басына, үмбетімнің жолдаған сəлемін жеткізіп тұратын періштелер тағайындады», – дейді. Міне, осы жəне өзге де сенімді дəлелдер жалпылай алғанда мəйіттің тірі жанның сөзін еститіндігін көрсетеді, бірақ, бұл мəйіттің «естуі» үздіксіз жалғасады дегенді білдірмейді. Олардың кейде естіп, кейде естімейтін уақыттары да болады. Себебі тірі кісінің өзі-өзіне арнап айтатын сөзді еститін уақыттары қандай да бір өткінші себептерге байланысты естімейтін сəттері секілді оларда да кездеседі. Қандай айтарлық жайт, бұл бар болғаны «есту» түсінігіне, ұғымына кіреді. Бұл естуден «жаза» яки «сый беру» деген ұғым шықпайды»336. Ибнул-Қаййм337 былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үм-бетіне қабірдегілерге сəлем бергенде күнделікті өмірде сəлем беріп жүргендерге сəлем бергендей «Ассаламуғалейкум момын қауымы!», – деп сəлем беруді үйреткен. Бұл сəлемге жауап қайтара алатындарға жəне ақыл жүгірте алатындарға арналуда. Егер олай болмаса, бұл сəлем жансызға жəне мүлдем жоқ жанға арналуда деген ұғым шығады. «Сəлаф» қабірдергілердің еститіндігіне бірауыздан келіскен əрі «мəйіттің» тірі жанның жасаған зияратын білетіндігіне əрі оған сүйінетіндігіне қатысты көптеген бұлтартпас дəлелдер бар»338. Міне, осы жоғарыда келтірілген дəлелдерге сүйене отырып, ақиқатына жүгінсек, мəйіт сезеді, біледі, зиярат етушінің келгеніне қуанады жəне берген «сəлеміне» жауап қайырады. Сондай-ақ, ең маңыздысы өлім «бар болуды» жоқ етпейді. Керісінше мəйіт жанымен бірге болады жəне «жанның» тəнге деген бізге беймəлім тұрғыдан қандай да бір байланысы тоқтамайды. Бізде «ақысы» бар, дүниеден өткен бауырларымыздың қабірлерін зиярат етуімізді, сəлем беруімізді баршамызға нəсіп етуін Алла Тағаладан сұраймыз. Алла – ең ұлы жəне Алла ең дұрысын біледі. 336 Қараңыз: Ибн Тəймия, əл-Фатауал-Кубра 5 том/282 бет. 337 Мұхаммед ибн Əбу Бəкір. Ибн Қайймул-Жаузия деген атпен танылған. Һижри 691 жылы дүниеге келіп, һижри 751 жылы дүниеден өткен. Шейх Ибн Тəймияның шəкірті. Алла оны рақымына бөлесін! 338 Қараңыз: Ибн Қайймул-Жаузия, «Рух» атты кітабының 5 беті. * * * 14. Көп зікір тартуды, əурад жəне ахзабты шариғатқа теріс іс деп табу Бұл шектен шыққандар мұсылмандардың көпшілігінің күнделікті өмірінде ұстанып жүрген жəне мешіттерде ғана Алланы еске алумен шектелмей, оңаша, жалғыз қалғанда Алланы зікір етуіне, зікір мəжілістерінде оңашалануына түрпідей тиіп, қарапайым жұрттың Алланы көп зікір етуіне тыйым салды. Сондай-ақ, Алланы белгілі аурад немесе ахзабпен зікір етулеріне қарсылық білдіруге кірісті. Жалпы алғанда, сүннетте келген мөлшерден артық зікірмен айналысудың шарғи үкімі – мұстахаб. Тіпті, Алла кітабы Құран Кəрімде бұл нəрсе айқын бұйырылып айтылған деуге де болады. Төмендегі мына аяттар соны көрсетеді. «Ей иман келтіргендер! Алланы өте көп зікір етіңдер»339. Алла Тағала басқа бір аятта бұл əмірді орындап жүргендерді мадақтап, былай дейді: Öَđْïِ Ĩَא Čُ ĥِĩُijا وَøَ Ļَđْĥَħُ اĤَّñِĺīَ Čَ ĥَĩُijا أَيَّ ĨُĭْĝَĥَÕٍ ĺَĭْĝَĥِ×ُijنَ﴾ «Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа»340. َ﴿Ĥَĝَïْ כَאنَ Ĥَכُ ħْ ĘِĹ رَøُ ijلِ اųَّ ِ أُøْ ijَةٌ èَ ùَ ĭَÙٌ Ĥِĩَīْ כَאنَ ĺَóْäُ ij اųَّ َ وَاĤْĻَijْم «Расында сендер үшін, Алладан жəне ақырет күнінен үміт еткен жəне Алланы көп еске алған кісіге Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»341. Đَčِ Ļĩًא﴾ 339 «Ахзаб» сүресі , 41 аят. 340 «Шұғара» сүресі, 227 аят. 341 «Ахзаб» сүресі, 21 аят.

«Алланы көп зікір етуші ерлер жəне əйелдерге Алла күналарына жарылқау жəне үлкен сый əзірледі»342. Тіпті, Раббымыз Алла аз зікір айтпауды мұнафықтықтың басты белгілеріне жатқызған жəне осы жағымсыз сипаты турасында былай дейді: ِ﴿إِنَّ اĤْĩُĭَאĘِĝِĻīَ ĺُíَ אدِĐُijنَ اųَّ َ وَİُijَ ìَ אدِĐُıُħْ وَإِذَا ĜَאĨُijا إِĤَĵ اĤāَّ Żَ ة «Мұнафықтар Алланы алдамақшы болады. Негізінен, Алла оларды алдауға ұшыратады. Олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, Алланы өте аз еске алады»343. Төмендегі мына хадистерде зікір неғұрлым көп жасалса, соғұрлым жөн екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабаларына қарап: «əл-Муфридун» озып кетті», – дейді. Сахабалар: «Уа Алланың елшісі! «муфридун» деген кім?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Алланы көп зікір ететін ерлер мен əйелдер», – деп жауап береді»344. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде ақыл-кеңес сұрай келген сахабасына: «Тілің Алланы зікір етуден құрғамасын»345, – деп ақыл айтады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) басқа бір хадисінде: «Кімде-кім Алладан өзге тəңір жоқ. Ол жалғыз. Оның серігі жоқ. Барша мүлік оған тəн. Күллі мадақ атаулы да соған тəн. Оның барша нəрсеге құдіреті жетеді деп күніне жүз мəрте айтса, он құл азат еткеннің сауабын алады. (Амал дəптеріне) жүз жақсылық жазылып, жүз күнəсі кешіріледі», – дейді. Артынша: 342 «Ахзаб» сүресі, 35 аят. 343 «Ниса» ссүресі, 142 аят. 344 Бұл хадисті имам Ахмад ибн Ханбал Муснадында, 2 том/232 бетте; имам Мүслім Сахих атты жинағында, 4 том/2062 бетте; имам əт-Тирмизи Сунанында 5 том/577 бетте; имам Ибн Хиббан Сахих атты жинағында 3 том/140 бетте келтірген. 345 Бұл хадисті имам Ахмад ибн Ханбал Муснадында, 4 том/190 бетте; имам əт-Тирмизи Сунанында 5 том/458 бетте; имам Ибн Хиббан Сахих атты жинағында 3 том/96 бетте; имам əл-Хаким əл-Мустадракында 1 том/672 бетте келтірген. «Бұдан артығын, абзалын тек осы кісіден артық жасаған адам ғана иеленеді», – деп сөзін тəмамдайды346. Жоғарыда келтірілген аяттар мен хадистер Алланы зікір етудің белгілі бір мөлшері жоқ екендігін көрсетеді. Əрі шариғаттың «зікір айту» есігін айқара ашқандығын, қандай мөлшер болмасын зікірді көбейтудің шариғи тұрғыдан дұрыс іс екендігін жəне сүннетте келген шамамен шектелген жанға қарағанда артық зікір айтқанның абзал екендігін аңғаруға болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) «Бұдан артығын, абзалын тек осы кісіден артық жасаған адам ғана иеленеді», – деген сөзі соны білдіреді. Демек, Алланы зікір етудің шарғи үкімі – мұстахаб. Оның мөлшерін арттырудың үкімі – мұстахаб. Себебі Алланы зікір етумен жүректерге жан бітпек. Ал зікірді тəрік етумен жүректер уақыт өте келе өлмек. Мұсылман кісінің Алланы көп зікір етуіне септігі тиетін нəрселердің бірі – мұсылманның күндіз немесе түнде оқитын белгілі бір «уирдының» болуы абзал. Алайда, дінде асыра сілтеп, шектен шыққандар көп зікір айтуға тыйым салғандарымен қоймай, мұндай əрекетке де қарсы шығады. Бірақ, дені дұрыс мұсылманның ішінде, сауапты істің соңына түсіп жүрген жанның зікір айтуына тыйым салғанды көзіміз көрген жоқ. «Уирд» немесе «хизб» деп отырғанымыз – сүннетте келген зікірлердің жиынтығы яки сүннетте келмеген зікірлердің жиынтығы. Оны Аллаға жақындау мақсатында зікір айтушы ұстанады. Үзбей жасап жүреді. Сондай-ақ, ең бастысы бұл іс – Алла парыз еткен іс емес. Қайта мұсылман кісінің нəпіл құлшылықтарының қатарына кіреді. Əйгілі имам, шейх Зəкария əл-Ансари347 былай дейді: «Нəпілге қатысты арнайы шарғи дəлел келмеген. Керісінше адам баласының өз таңдауының шеңберінде жүзеге асатын «уирдтар» жиынтығы»348. Белгілі ғалым, имам Ибн Хажар əл-Һайтами349 былай дейді: «Кісінің таңертең немесе кешке яки түнде намаз, Құран оқу, зікір, дұға 346 Бұл хадисті имам əл-Бұхари Сахих атты жинағының 3-том 1198-беттерінде; имам Мүслім «Сахих» атты жинағының 4 том/2071 беттерінде келтірген. 347 Закария ибн Мұхаммед əл-Ансари. Һижри 823 жылы дүниеге келіп, һижри 926 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабын ұстанған. Тəфсір, хадис саласында жазған құнды еңбектері бар. Каирде дүниеден өткен. Алла оны рақымына бөлесін! 348 Қараңыз: шейх Закария əл-Ансари, əл-Ғұрарул-Бəһия 1 том/367 бет. 349 Əбул-Аббас Шиһабуд-дин Ахмад ибн Мұхаммед əл-Һəйтами. Һижри 909 жылы дүниеге келіп, һижри 973 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар баға жетпес шариғи кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін!

секілді тағы да басқа нəпіл құлшылықтарға берік болуы пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне бұрын-соңды ғұмыр кешкен тақуа құлдардардың сүннеті болып табылады. Егер қандай да бір нəпіл құлшылық бес уақыт намаздағыдай жамағат түрінде жасалуы сүннет болса, дəл солай жүзеге асқандығы дұрыс. Ал егер қандай да бір нəпіл құлшылық «уирдтер» секілді оңаша, жалғыз жасалуы сүннет болса, дəл солай іске асуы жөн болады. Мəселен, сахабалар (Алла оған разы болсын) кейде жиналып, арасынан біреуі Құран кəрім оқып, қалғаны тыңдайтын. Сахаба Омар (Алла оған разы болсын): «Уа, Əбу Мұса350! Бізге Раббымызды еске түсіртші», – дейді екен. Сахаба Əбу Мұса (Алла оған разы болсын) құран оқығанда өзге сахабалар ден қойып, тыңдайтын болған351. Кітаптарда кездесетін «уирдтер» жайлы ғалымдардың сөздері, бұл істің ғалымдар тарапынан бірауыздан қабыл етілгендігін көрсетеді. Олар сөз арасында «уирдтер» жайында айтқанда, оның үкіміне мүлдем тоқталмайды. Яки ол жайында ғалымдар арасында «əртүрлі көзқарастар» бар дегенді тəптіштеп қозғамайды. Осындай сөздің бірі əйгілі ғалым Ибн Нұжайымға352 тиесілі. «Имам Халуани,353 сүннет пен парыздың арасында «уирдпен» айналысудың шарғи тұрғыдан жайыз екендігін айтқан»354, – дейді. Ғалымдар қандай да бір «уирдті» ұстанып жүрудің пайдаларына ерекше назар аударған. Сонымен қатар, «уирдке» берік болудың қажеттілігін де баса айтқан. Имам əн-Нəуəуи былай дейді: «Кімдекімнің күндіз немесе түнде яки намаздан кейін яки қандай-да бір уақытта жасайтын əдеттенген зікірі болып, оны қаза етіп алса қазасын 350 Əбу Мұса Абдулла ибн Қайс əл-Ашғари. Əйгілі ғалым сахабалардың бірі. Арабтың танымал руы Ашғарилардан шыққан. Пайғамбардың (с.а.у.) оқыған құранын тыңдаған сахабалардың бірі. Һижра жыл санауы бойынша 42 жылы дүниеден өткен. Алла оған разы болсын. 351 Қараңыз: Ибн Хажар əл-Һəйтами, əл-Фатауал-Фиқһия əл-Кубра, 2 том/385 бет. 352 Зəйнуд-дин ибн Ибраһим. Мұсылмандар арасында Ибн Нұжайым деген атпен танылған. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі. Һижри 926 жылы дүниеге келіп, һижри 970 жылы дүниеден өткен. Көптеген құнды кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 353 Əбу Мұхаммед Абдулазиз ибн Ахмад əл-Халуани. Һижри 448 жылы Бұхарада дүниеден өткен. Ханафи мəзһабының көрнекті имамдарының бірі. Шамсул-əимма (имамдардың күні) деген лақабы бар. Көптеген баға жетпес кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 354 Қараңыз: Ибн Нұжайым, əл-Бахрур-Райқ, 2 том 52 бет. мүмкіндік туған сəтте өтеуі қажет. Елемей, енжарлық танытудан аулақ болуы керек. Себебі адамның бойы зікірге үйреніп қолса, оны қаза етпейді. Алайда, жалқаулық жасап қазасын өтемесе уақыт өте келе дəл сағатында жасауды тəрік етеді. Шейх əш-Шаукани355 былай дейді: «Сахабалар (Алла оларға разы болсын) белгілі бір уақыттарда жасайтын зікірлерін қаза етіп алса, қазасын өтейтұғын». Ал имам Ибн Ғиллан356 былай дейді: ««Халдер» деп отырғанымыз, уақытқа тəуелді жағдайлар. Жаңа туған айды көргенде немесе найзағай күркірегенде айтылатын себептерге қатысты халдерді меңзеп отырғанымыз жоқ. Өйткені, мұндай зікірлердің себебі өтіп кетсе, қазасын өтеудің қажеті жоқ. Кімде-кім «уирдтерге» дағдыланғаннан кейін «уирдты» тастуы шарғи тұрғыдан «мəкрүһ» іске жатады»357. Ибнул-Хаж358 былай дейді: «Мүридтің барша уақыты жүйелі болуы керек. Əрбір уақытқа тиесілі «уирды» болуы тиіс. Жəне, бастысы, мүрид, нəпіл намаз, нəпіл ораза секілді бұрын жасаған «уирдімен» шектелмегендігі жөн. Қайта күллі уақытын «уирдке» арнап, бағыттағаны дұрыс». «Сəлаф»359 (Алла оған разы болсын) біреу бауырымен кездесуге келгенде іздегені ұйықтап жатып, «ол қайда» деп сұралса, ол ұйқы «уирдінде» деп жауап береді екен. Ұйқы немесе тағы да басқа осыған ұқсас істер «ниетін» түзетсе Алла Тағаланың разылығына жақындау мақсатында жасалатын істердің санатына кіріп кетеді. Демек, мұндай сауапты іс болса, ұйқының уақыты белгілі болуы қажет. Дəл сол секілді түнде жасайтын «уирдінің» уақыты, сондай-ақ, бауырларымен кездесетін уақыты да белгілі болуы лəзім. Сонымен қатар, бала355 Мұхаммед ибн Əли əш-Шаукани. Һижри 1173 жылы дүниеге келіп, һижри 1250 жылы дүниеден өткен. Көптеген еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 356 Мұхаммед Əли ибн Мұхаммед Ғиллан. Һижри 996 жылы дүниеге келіп, һижри 1057 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар құнды шариғи кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 357 Қараңыз: əл-Маусуға əл-фиқһия əл-Кувейтия, 21 том/257, 258 бет. 358 Мұхаммед ибн Мұхаммед ибнул-Хаж əл-Абдари. Һижри 737 жылы дүниеден өткен. Мəлики мəзһабы имамдарының бірі. Бірнеше құнды, бағалы еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 359 Араб тіліндегі «сəлəф», яғни, «бұрынғы өткен», «бұрынғылар» деген сөзден шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын – Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың жəне олардың шəкірттері – табиғиндердің кезеңдеріне «сəлəф» деп айтылады. Сонымен қатар, бұл үш буынның ұстанған жолы нағыз ақиқат əрі дұрыс болып саналады.

шағасымен, жақын достарымен сөйлесетін, сұхабаттасатын уақыты да белгілі болуы тиіс. Міне, осының барлығы «ниетін» түзетсе «уирдке» жатады. Себебі, мұндай кісінің барша уақыты Алла Тағалаға бағыну мақсатында сарп етілуде. Сондықтан, мұндай кісі «мұбах» немесе «мəндуб» үкіміндегі істің өзін Алла Тағалаға жақындау мақсатында жасайды. Міне, біз сөз қылып отырған «уирдтің» ақиқаты осындай. Яғни, Алла Тағалаға жақындауды меңзеп отырмыз. Адам – əртүрлі кедергілерді, өткінші тосқауылдарды бұзып-жарып немесе «уирдті» тастауға себеп туғызатын жағдайлардан аман-есен қалу үшін күресу жолында жүрген кісі»360. Міне, сондықтан, біз, Алланы зікір етуге қатысты «уирд» немесе «хизб» ұстануды мұсылман кісіге Алланы үзбей зікір етуге септігін тигізетін маңызды жəне тиімді құралдардың бірі ретінде көреміз. Бұл – «сəлафтың» жасаған ісі. Сол себепті, шариғи үкімі – мұстахаб. Өйткені, құралдарға «мақасидтың361» үкімі беріледі. Алла– ең ұлық. Алла – ең дұрысын білуші * * * 15. Шектен шыққандардың көпшілігі зікірді тəспімен жасауды бидғат деп есептейді Шектен шыққандар Алла Тағаланы көп зікір етуге тыйым салумен, адамдардың зікір жасауына кедергі келтірумен шектелмеген. «Уирдтерге»362 жəне «хизбтерге»363 тыйым салумен де тоқтамаған. Қарсылықтарын үдете түсіп, адамдардың Алла Тағаланы көп зікір етуде қолданып жүрген құралдардың соңына түскен. Аталмыш құралдарға «бидғат»364 жəне «адасушылық» деп үкім беріп, қолданылуына тыйым салған. Қолдан келгенін жасап бағып, қаралауға, күйе жағуға күш салады. Сол тыйым салған құралдарының бірі – Алланы зікір етіп жүргендердің қолында, біз күнделікті өмірде көріп жүрген тасбих. Төменде тəспінің мəн-мағынасы мен тəспі арқылы зікір айтудың үкіміне тоқталатын боламыз. «Тəспі» деп зікір жасаушының санауына ыңғайлы етіп жіпке тізілген моншақтарды айтамыз. 360 Қараңыз: Ибнул-Хаж əл-Абдари, əл-Мадхал 3 том/179,180 бет. 361 Діннің негізгі көздеген мақсаттары. 362 Уирд – мұсылман кісінің өзі жүйелеп алған, күнделікті жасайтын нəпіл құлшылықтары мен зікірлерінің жиынтығы. 363 Хизб – мұсылман кісінің күнделікті оқитын құран жəне зікірлерінің жиынтығы. 364 Шариғи тұрғыдан негізі жоқ, шариғатқа кейіннен енгізілген іс. Демек, тəспіні зікір жасағанда санау үшін мұсылман кісінің қолдануына рұқсат. Əсіресе, кісі тəспіні қолданғанда санауда қателесуге жол бермесе де, қолданғаны абзал, əрі дұрыс болады. Себебі, тəспі, кісі жүрегінің тек зікірге ден қоюына, ойының шоғырлануына септігін тигізеді. Шариғи тұрғыдан тəспіні қолдануға болатындығын көрсететін бір сахих хадис бар. Əйгілі сахаба Сағд ибн Əбу Уаққас (Алла оған разы болсын) жеткізген365. Оның айтуы бойынша, ол пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бірге бір əйелдің үйіне кірген екен. Əлгі əйелдің алдында зікір жасағанда қолданатын құрма дəндері немесе майда тастар жатыр екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Мен саған оңай болу үшін бұдан жақсысын немесе абзалын үйретейін бе?», – деді. Артынша: «Алланың көкте жаратқанының санындай «Субханалла366», Алланың жерде жаратқанының санындай «Субханалла», жер мен көктің арасындағы жаратылыстың санындай «Субханалла», Алланың енді жарататының санындай «Субханалла», дəл соның санындай «Əлхамду лиллə»367, дəл соның санындай «Аллаһу Əкбар»368, дəл соның санындай «Лəə илəəһə иллəлла»369, дəл соның санындай «Лəə хаулə уə лəə қууəтə иллə биллəһ370» деп зікір айт», – деді371. Хадиске көз жүгіртсеңіз пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əлгі əйелдің зікір еткенде «құрма дəнін» немесе «майда тастарды» қолдануына тыйым салмаған. Бар болғаны əлгі əйелге зікірдің ең оңайын жəне ең абзалын үйреткен. Ал, егер майда тастарды, яки құрма дəнін зікір жасағанда қолдану «мəкрүһ» болса, пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үкімін баян етер еді. Аталмыш хадисті негізге алған фақиһтер зікір жасауда құралдар қолдануға рұқсат берген. Осылайша олар намаздан тыс зікірді қолмен, 365 Сағд ибн Əбу Уаққас жəннатпен сүйіншіленген сахабалардың бірі. Сағд пайғамбарымыздың нағашысы болып келеді. Соның арқасында: «Міне менің нағашым! Кімнің қандай нағашысы бар, кəні көрсетсін», – деген пайғамбарымыздың ілтипатына іліккен. Көптеген елдердің мұсылман болуына үлкен үлесін қосқан. Һижри 55 жылы дүниеден өткен. Алла оған разы болсын! 366 Субханалла сөзі, Алла сені барша кемшілік атаулыдан пəктеймін дегенді білдіреді. 367 «Барша мадақ Аллаға тəн» деген мағынаны білдіреді. 368 «Алла ең ұлық» дегенді білдіреді. 369 «Алладан өзге құлшылыққа лайық ешбір тəңір жоқ» дегенді білдіреді. 370 «Күш, құдірет тек Аллада ғана» дегенді білдіреді. 371 Хадисті имам Əбу Дəуіт, Сунанында 2-том, 80-бетте; имам əт-Тирмизи, Сунанында 5-том, 562-бетте; имам Хаким, Мустадрак атты жинағында 1-том, 732-бетте келтірген.

майда тастармен жəне тəспілердің алуан түрін қолдану арқылы жасауға рұқсат берген. Мысалы, жүрегімен зікір тарту немесе саусақ буындарын пайдаланып зікір тарту сияқты. Ал, намаз ішінде зікір құралдарын пайдаланудың үкімі – мəкрүһ. Себебі, құралды пайдаланып зікір айту намаздың амалдарына жатпайды. Имам Əбу Юсуф372 жəне имам Мұхаммед373 парыз болсын, нəпіл болсын барша намазда қирағат сүннетіне жəне сүннетке сай амал ете отырып сүннетте келген дұғаларды оқудың шариғи тұрғыдан рұқсат етілгендігіне үкім берген. Бұл мəселеге дəлел болатын хадистер жетерлік. Солардың бірі Қасым ибн Абдуррахманнан келіп жеткен мына бір хадис. Ол былай дейді: «Сахаба Əбу-Дарданың дорбаға салып жүретін құрма сүйектері болатын. Таң намазын оқығаннан кейін, əлгі дорбадағы құрма сүйектерін шығарып, таусылғанша солармен зікір тартатын»374. Əбу Насра əл-Ғифари былай дейді: «Тафауа руының ақсақалы маған мынадай бір оқиғаны əңгімелеп берді. Мəдинаға барғанымда сахаба Əбу Һұрайраның үйіне түстім. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сахабаларының ішінде одан артық құлшылыққа берік жəне одан артық қонақжайын көргенім жоқ. Бір күні мен жанында ал өзі төсектің үстінде отырған болатын. Жанында құрма сүйектері немесе майда тастар салынған дорба бар еді. Ал, төсектің төменгі жағында қара түсті күң отырды. Əбу Һұрайра дорбадағыларды шығарып тəспі тартты. Дорбадағы таусылғанда, дорбаны күңге лақтырып жіберді. Күң шашылғандарды жинап, дорбаға қайта салып оның қолына ұстатты»375. Нуғайым ибн Əл-Мұхаррар ибн Əбу Һұрайра, атасы Əбу Һұрайраның мың түйіні бар жібі болғандығын жəне атасының əлгі мың түйінді санап зікір жасамай көз ілмейтіндігін жеткізген376. 372 Яғқұб ибн Ибраһим əл-Ансари. Мұсылмандар арасында Əбу Юсуф деген атпен танылған. Имам Əбу Ханифаның ең үлкен шəкірттерінің бірі. Тұңғыш рет «қазылардың қазысы» деген атқа ие болған. Һижри 113 жылы дүниеге келіп, һижри 182 жылы дүниеден озған. Ханафи мəзһабының қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Алла оған разы болсын! 373 Мұхаммед ибн Хасан əш-Шайбани. Имам Əбу Ханифаның таңдаулы шəкірттерінің бірі. Һижра жыл санауы бойынша 131 жылы дүние есігін ашып, һижри 189 жылы дүниеден озған. Ханафи мəзһабының жүйелеленуіне ат салысқан. Бірқатар құнды еңбектердің авторы. Алла оған разы болсын! 374 Имам Ибн Əбу Асым, Зуһд атты кітабында, 1 том, 141 бетте келтірген. 375 Хадисті имам Ахмад ибн Ханбал, Муснад атты еңбегінде 2 том, 540 бетте; имам Əбу Дəуіт, Сунанында 2 том 253 бетте келтірген. 376 Имам Əбу Нұғайым, Хиляатул-Əулие атты керемет туындысында 1 том, 383 бетте келтірген. Дəл осындай деректер Сағд ибн Уаққастан, Əбу Сағид əл-Худриден, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қызметшісі Əбу Сафиядан, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қызы, Хұсейн ибн Əли ибн Əбу Талибтің анасы Фатимадан жəне өзге сахабалардан риуаят етілген. Сондай-ақ, тəспімен зікір тартуға шарғи тұрғыдан кедергі жоқ екендігіне қатысты еңбектер жазған ғалымдар да баршылық. Солардың бірқатары мына ғалымдар: 1. Танымал ғалым, имам əс-Суюути 377 «əл-Минхату фис-Субхати» атты еңбек жазған. 2. Беделді ғалым, шейх Мұхаммед ибн Ғиллан əс-Сиддиқи378 «Иқадул-Масабих ли-Машруғияти иттихазил-Мəсəбих» атты кітап жазған. 3. Əйгілі ғұлама, имам əл-Лəкнауи379 «Нузһатул-фикр фи субхатиззикр» атты шығарма жазған. Бұл мəселе тайға таңба басқандай анық болса да, сенімді фиқһи мəзһабтардың көзқарасына тоқталуды жөн көріп отырмыз. Мəселен шафиғи мəзһабы имамдарының бірі, имам Ибн Хажар əл Һайтамиден380 «Тəспінің сүнннетте негізі бар ма, əлде жоқ па?» деген сұрақ сұралған болатын. Ол былай деп жауап қайырған: «Иə, сүннетте негізі бар. Бұл жөнінде хафиз, имам əс-Суюти еңбек жазған. Дəлел болатын сахих хадистердің бірі сахаба Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткзілген. Ол былай дейді: «Мен пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) зікірді қолымен санап отырғандығын көрдім». Сондай сахих хадистердің бірі Сафиядан (Алла оған разы болсын) жеткен: «Алла елшісі мен отырған үйге кіріп келді. Алдымда тəсбих381 377 Абдуррахман ибн Камал Жəлəлуд-дин əс-Суюути. Һижри 849 жылы дүниеге келіп, һижри 911 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Көптеген шариғи құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақым етсін! 378 Мұхаммед Əли ибн Мұхаммед Ғиллан. Һижри 996 жылы дүниеге келіп, һижри 1057 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар шариғи бағалы кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 379 Мұхаммед Абдулхай ибн Мұхаммед Абдулхалим əл-Лəкнауи. Һижри 1264 жылы дүниеге келіп, һижри 1304 жылы дүниеден өткен. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар құнды еңбектердің авторы. Алла оған разы болсын! 380 Əбул-Аббас Шиһабуд-дин Ахмад ибн Мұхаммед əл-Һəйтами. Һижри 909 жылы дүниеге келіп, һижри 973 жылы дүниеден өткен. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар баға жетпес шариғи кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 381 Субханалла деп зікір тарту.

тартқанда қолданып жүрген төрт мың құрманың сүйегі жатыр еді. Маған қарап: «Уа, Хуайдың қызы, мынау не?» – деп сұрады. Мен: «Тəсбих тартқанда қолданамын», – деп жауап бердім. Ол: «Сенің жаныңа келгелі бері, сенен артық тəсбих айттым», – деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Маған үйретші», – дедім. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Алла жаратқан барша нəрсенің санындай «Субханалла» деп айт», – деді. Имам ибн Əбу Шайба, имам Əбу Дəуіт жəне имам əт-Тирмизи пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) былай деп айтқандығын риуаят етеді: «Уа, əйелдер жамағаты! Тасбих, тəһлил382 жəне тəқдиске берік болыңдар. Салғырттық көрсетпеңдер, тəухидті ұмытасыңдар. Саусақтарды қолданып тартыңдар. Себебі, олар соған жауапты жəне қиямет күнінде тіл бітіп сөйлейді». Зікірді, тасбихті майда таспен, құрма сүйектерімен жəне түйіні бар жіптер арқылы сахабалардың жəне одан кейін келгендердің тартқандығы туралы деректер жетерлік. Имам əд-Дəйлами пайғамбарымыздың: «Зікір құралы ретінде тəспі қандай тамаша!» – деп айтқандығын риуаят етеді. Кейбір ғалымдар тəспіден гөрі саусақпен зікір етудің абзалдығын алға тартқан. Сүйенген дəлелі Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадис. Ал, кейбір ғалымдар бұл жайында түсіндіре келе былай дейді: «Егер кісі зікір айтқанда қателеспейтінідігіне сенімі нық орнаса, онда саусақпен тартуы абзал. Ал, сенімді болмаса, тəспі ұстауы дұрыс»383. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі, имам Ибн Абидин384 былай дейді: «Тəспі қолданудың шариғи тұрғыдан еш əбестігі жоқ» деген сөз, кəдімгі зікір құралын білдіреді. Бұл əл-Бахр385, əл-Хилия жəне əлХазаин еңбектерінде араб тілінен түрленген деп көрсетілген. Шейх, имам əл-Əзһари: «Бұл сөз туынды сөз», – деген. Қолдануға болатындығының дəлелі ретінде имам Əбу Дəуіт, имам əн-Нəсаий, имам Ибн Хиббан жəне имам əл-Хакимның386 Сағд ибн 382 Лəə илəəһə иллалла (Алладан өзге құлшылыққа лайық ешбір тəңір жоқ) деу. 383 Қараңыз: Ибн Хажар əл-Һəйтами, əл-Фатауа əл-Фиқһия əл-Кубра, 1 том/152 бет. 384 Мұхаммед Əмин ибн Омар əд-Димашқи. Һижри 1198 жылы дүниеге келіп, һижри 1252 жылы дүниеден өткен. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі. Көптеген құнды еңбектердің авторы. Алла оған разы болсын! 385 əл-Бахрур-Райқ Шарху Кəнзид-Дақаиқ. Зəйнуд-дин ибн Ибраһим əл-Ханафидің (Ибн Нұжайымның) еңбегі. 386 Ол аталмыш хадис тізбегінің сахих екендігін айтқан. Уаққастан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен мына хадисті келтіруге болады: «Оның айтуы бойынша, ол пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бірге бір əйелдің үйіне кіреді. Əлгі əйелдің алдында зікір тартуда қолданып отырған құрма дəндері немесе майда тастар жатыр екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Мен саған, мынадан оңайлауын немесе абзалын үйретейін бе?», – деді. Артынша хадисті тұтас толық нақыл етеді. Кейін былай дейді: «Қараңыз! Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тасты немесе құрма сүйектерін қолдануға тыйым салмаған. Бар болғаны зікірдің одан абзалырағын жəне оңайлауын көрсеткен. Егер шариғи тұрғыдан «мəкрүһ» іске жатса, пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үкімін баян етер еді. Алайда тəспі осы хадистің аясынан шықпаған. Тек сол құрма сүйектерін жіпке тізуді ғана алып келеді. Бұл оған тыйым салатындай əсер етпейді. Сондықтан сопылардың, тақуалардың жəне өзге де жандардың тəспі ұстаудың қажеттілігіне, онымен зікір тартып амал ету қажеттілігіне қатысты айтқан сөздерінде шариғи тұрғыдан ешқандай күнə жоқ. Дегенмен, тəспі ұстаудан «рия», яки «дабыра» туындаса біздің бұған айтар сөзіміз жоқ. Сондай-ақ, жоғарыдағы хадис мəтіні айрықша зікір аз айтылса да жекелеген зікірден абзал екендігін көрсетеді. əл-Хилия жəне əл-Бахрде солай айтылған»387. Əш-Шауканидің бұл жөнінде айтқан керемет сөзі бар. Біз соны сол күйінде беруді жөн көріп отырмыз. Ол былай дейді: «Мына соңғы екі хадис, зікірді майда тастар жəне құрма сүйектері арқылы жасауға рұқсат берілетіндігіне дəлел болады. Бұған тəспі де кіреді. Ал, оған Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) екі əйелдің де жасаған ісін бөліп-жармай құптауы жəне бұл істі теріс көрмеуі айғақ болады. Айта кетерлік бір жайт, зікірдің абзалырағын, яки оңай жолын көрсету зікірдің ұсақ тастармен яки құрма сүйектерімен жасалуының жайыздығына қайшы келмейді. Бұл жайында келтірілген бірнеше шариғи дəлелдер бар. Солардың бірі ретінде Һилал əл-Хаффардың еңбегінде Мұғтамар ибн Сүлеймен тізбегі арқылы, Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) құлы сахаба Əбу Сафияның мынадай бір іс-əрекеті риуаят етіледі. Əбу Сафияға отыратын кеспелтек пен ішінде майда тастары бар үлкен себетті əкеліп,жанына қояды. Ол сол тастарды қолдана отырып, жарты күн бойы зікір тартады екен. Намаз оқығанда себетті бір жаққа 387 Қараңыз: Ибн Абидин, Хашия, 1 том/650, 651 бет.

алып қойып, намаз оқып болғаннан кейін екінші жаққа көшіріп, күн батқанға дейін зікір тартатын көрінеді. Имам Ахмад ибн Ханбал «Зуһд» атты еңбегінде мынадай бір риуаятты келтіреді. Юнус ибн Ұбайд анасының былай деп айтқандығын риуаят етеді. «Пайғамбар сахабаларының арасынан Əбу Сафияны көрдім. Қазынашы болатын. Жəне ұсақ тастармен зікір тартатын». Имам Ибн Сағд388 Хаким ибн əд-Дəйламнан мынадай бір дерек келтіреді: «Сағд ибн Əбу Уаққас ұсақ тастармен зікір тартатын». Имам Ибн Сағд əт-Табақат атты кітабында Фатима бинти Хұсейн ибн Əли ибн Əбу Талибтың түйілген түйндері бар жіпті пайдаланып зікір тартатындығын айтқан. Абдулла ибн Ахмад389 «Зəуəидуз-Зуһд» атты еңбегінде Əбу Һұрайраның мың түйіні бар жібі болғандығын жəне соны тартып зікір етпестен ұйқыға бас қоймайтынын жеткізеді. Имам Ахмад ибн Ханбал Қасым ибн Абдуррахманның былай деп айтқандағын жеткізеді: «Əбуд-Дарданың дорбаға салып жүретін құрма сүйектері болатын. Таң намазын оқығаннан кейін, əлгі дорбадағы құрма сүйектерін бір-бірлеп шығарып, таусылғанша санап зікір тартатын». Имам Ибн Сағд атақты сахаба Əбу Һұрайраның (Алла оған разы болсын) жиналған майда тастармен зікір тартатындығы туралы деректі жеткізеді. Имам əд-Дəйлами Муснадул-Фирдаус атты кітабында сахаба Əлиден (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыздың: «Зікір құралы ретінде тəспі қандай жақсы нəрсе», – деп айтқандығы туралы дерек келтіреді. Имам əс-Суюти «əл-Минхату фис-Субхати» атты кітабында бірнеше хадисті келтіреді. Хадистердің көпшілігі оның «əл-Мажмуғ фил-Фатауа» атты кітабынан алынған. Сөз соңында шейх əш-Шаукани былай дейді: «Сəлəф» немесе «хəлəф» ғалымдарының ешбірі зікірді тəспімен санауға тыйым салмаған. Керісінше, көпшілігі тəспіні зікір тартуда қолданған жəне бастысы тəспі қолдануды шариғи тұрғыдан «мəкрүһ» деп санамаған»390. 388 Мұхаммед ибн Сағд, һижри 168 жылы дүниеге келіп, һижри 230 жылы дүниеден өткен. Тарих ғылымының білгір имамдарының бірі. Бірқатар бағалы кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 389 Абдулла ибн Ахмад ибн Ханбал, һижри 213 жылы дүние есігін ашып, һижри 290 жылы дүниеден озған. Алла оны рақымына бөлесін! 390 Қараңыз: имам əш-Шаукани, Нəйлул-Аутар, 2 том/366 бет. Жоғарыда келтірілген дəлелдердің аясында зікірдің тəспімен тартылуының шариғи тұрғыдан үкімінің мұстахаб екендігін көрдік. Сондай-ақ, адам зікір тартуда қателесуден қорықса, жүрегін зікірге шоғырландыру үшін жəне ойының бөлінбеуі үшін тəспіні қолданғаны абзал. Алла-ең ұлық жəне Алла ең дұрысын біледі! * * * 16. Сырт көрініске мəн беріп киімге ғибадат көзімен қараулары (Киім киісімен əйгілену жəне ниқаб) Бұл шектен шыққандар мұсылмандар арасында сыртқы көріністерімен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан оларды бір қарағанда-ақ тануға болады. Себебі олар, қазіргі таңдағы мұсылмандардың киімінен барынша өзгеше киінуге тырысып бағуда. Əсіресе өткен ғасырларды еске салатын немесе өзге қоғамдардың əдет-ғұрпына тəн киімдер киюде. Олар осы арқылы Алла Тағалаға шынайы жақындаймыз деп ойлайды. Бұл түсінік оларды санасына теріс бағытта қалыптасып жатыр. Тіпті, бұл нəрсе олардың пікір фанатизміне берілген, дөрекілігі басым тұлғағаларға айналдырды. Киім жөнінде Алла Тағала Құран Кəрімде былай дейді: إِĬَّįُ źَ ĺُéِ Õُّ اĤْĩُùْ óِĘِĻīَ﴾ «Ей, адам баласы, Намаз оқитын жерге (жақсы) киімдеріңді киіп барыңдар! Ішіңдер, жеңдер! Ысырап етпеңдер! Шын мəнінде Ол, ысырапшылдарды жақсы көрмейді»391. Бұл аятта Алла Тағала сөзін барша адамзат баласына арнап отыр. Яғни, еркектер мен əйелдерді жəне мұсылмандар мен мұсылман еместерді тегіс қамтып отыр. Оларға «киім кию» əмір етілуде. Яғни, əурет жерді жабу үшін яки көрік үшін мешіт, медресе, университет, жұмыс орны немесе басқа да қоғамдық орындардың бəрінде киім киюді бұйыруда. Демек, аят маңызды, өзекті діни жəне қоғамдық реформалардың бірінің негізін қалап отыр. Бұл айтқанымызды тəпсіршілердің осы аяттың түсуіне себеп болған оқиғаға байланысты тəпсір кітаптарында келтірген сөздері қуаттай түспек. Олардың айтпағының түйіні мынадай: «Арабтар əуелден əйел немесе еркек деп бөліп жармастан 391 Ағраф сүресі, 31 аят.

киім атаулыдан жұрдай күйде «Қағбаны» тəуап жасайтын. Бұл аят осыған байланысты түскен». Əрі бұл сол дəуірде жер бетінде ғұмыр кешкен бірнеше қоғамға тəн құбылыс еді. Тіпті, ислам діні жетпеген кей жерлерде əлі күнге дейін аталмыш үрдіс жалғасып келеді. Бастысы, аят киімнің түріне немесе формасына шектеу қоймаған. Себебі, ислам діні кез келген жерде, кез келген уақытта жарамды негіздер қалыптастыруымен ерекшеленеді. Яғни, аяттағы айтылған жалпылама əмір, кісінің өзгелермен кездесу кезінде өз мүмкіндігі мен заманының ғұрпы шеңберінде жəне сол қоғамның əдеттері негізінде киініп жүруін меңзеп отыр. Міне, осы себепті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өзгелердің киімінен ерекшелене киетін арнайы киімі болмаған. Адамдарға қиындық тудырмау үшін қандай да бір киімнің формасымен де шектелмеген. Хадис жинақтарында пайғамбарымыздың кең киімді де, ықшам киімді де кигендігі туралы деректер кездеседі. Сахабалар да, табиғиндер де бұл үрдістен айнымаған. Баса назар аударарлық жайт еркектерге яки əйелдерге қатысты болсын пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) немесе сахабалардан немесе табиғиндерден белгілі бір сипаттағы яки формадағы киім жайлы дерек жоқ392. Шариғат, киім формаларының баянын, түсінігін, денеге жарасымды болуын жəне пішілу түрлерін əдет-ғұрып, тəжірибе жəне зəрулікке қатысты дүниелік өлшемдер негізінде қарастыруды жөн санаған. Имам Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін) ақ жəне қара жолақты шапан киген кісіні көріп қалып: «Мына киімді киме! Өз еліңнің киімін ки», – дейді. Артынша: «Бұл харам емес. Егер сен Меккеде немесе Мəдинада осы киіммен жүрсең, мен сені айыптамас едім», – дейді393. Адамдардың көзі үйренген, ыңғайлы киім түрлері мен формалары жалпылай қағиданың аясындағы шариғи киімді қамтыса, яғни бұл киім дене бітімін білдірмейтін, дене көрінетін жұқа емес, шариғи тұрғыдан əурет саналатын жерлерді жауып тұратындай болса, ең маңыздысы «өзін көрсету»394 ниетінде болмаса, онда оның шариғи үкімі – мубах болады395. 392 №3281 пəтуа. Пəтуа атауы «Қоғамдық киім немесе «жилбабпен» кездесуге келуге бола ма?» Əл-Əзһар университетінің бұрынғы шейхтарының бірі шейх, Жəдал-Хақ Əли Жəдал-Хақтың пəтуалар жинағынан. 393 Мұхаммед əс-Сафариини, Ғиза-ул-Əлбаб, 2/163. 394 Мұсылмандар арасында ерекшеленіп, өзін əйгілеу мақсатында өзгелердің назарын аударатын киім. 395 Мубах – жасалуы мен жасалмауында діни тұрғыдан ешбір кедергі болмаған, мұсылман кісінің еркіндегі іс. Мəселен, тамақ ішу, ұйықтау т.б. Егер шариғи тұрғыдан күнə болмаса, заманына сай киіну бекзаттылыққа жатады. Ал заманынан ерекше киіну «өзгешелену мен өзін көрсету» нышаны болмақ396. Демек, мұсылман кісі «өзін көрсету немесе өзгешелену» ұғымына кірмеу үшін киім киюде, ғұрыптық формаларда өз замандастарынан ерекшеленбеуі қажет. Шариғатта «өзін көрсету» үшін киілетін киімдерді сынға алатын дəлелдер де бар. Абдулла ибн Омар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) былай деп айтқандығын риуаят етеді: «Кімде-кім «өзін көрсететін» киім кисе, қиямет күні Алла Тағала оған «масқаралау» киімін кигізеді»397. Абдулла ибн Омар риуаят еткен басқа бір хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) былай дейді. «Кімде-кім «өзін көрсету» үшін киім кисе, қиямет күні Алла Тағала оған «масқаралау» киімін кигізеді. Кейін отқа оранады»398. Сахаба Əбу Зар пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) былай деп айтқандығын жеткізеді: «Кімде-кім өзін көрсету үшін киім кисе, ол киімді шешіп тастамайынша Алла одан бет бұрады»399. Жоғарыда келтірілген хадистер «мақтанышпен» киім киюдің харам екендігін көрсетеді жəне хадистер тек мұндай киімдерге ғана қатысты емес. Жалпы көпшілік киіп жүрген киімдерден өзгешеленіп киім киюді де қамтиды. Нəтижесінде мұндай киімді киген кісі жұрттың жалпы əдет-ғұрпына сай киінбегендіктен сынға алынып, айыпталады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) «өзін əйгілеу» үшін киімін киюге тыйым салғандығы екі түрлі риуаятпен келеді. Əуелгісі, жұрттың назарын аударатын əсем киім кию, ал 396 Қараңыз: Фəтхул-Бəəрии, имам Ибн Хажар əл-Асқалани имам Табаридан нақыл еткен. 10/306. 397 Хадисті имам Ахмад ибн Ханбал Муснад атты еңбегінде №5664 хадис ретінде; имам Əбу Дəуіт Сунанында, Либас (киім) тарауында №4029 хадис ретінде; имам ибн Мажа, Сунанында, Либас (киім) тарауында №3606 хадис ретінде; имам Нəсаий, Сунанында, №9560 хадис ретінде нақыл еткен. 398 Хадисті имам Əбу Дəуіт, Сунанында, Либас (киім) тарауында №4069 хадис реттінде; имам Ибн Мажа, Сунанында, Либас (киім) тарауында №3607 хадис ретінде нақыл еткен. 399 Хадисті имам ибн Мажа, Сунанында, Либас (киім) тарауында, №3608 хадис ретінде келтірген.

екіншісі жұрт тарапынан еленетін «көріксіз» яки «ескі-құсқы» киім кию400. Имам Шəукани былай дейді: «Егер кісі киімді адамдар арасында «өзін көрсету» пиғылымен киетін болса, киімнің əсем болуының немесе ұсқынсыз болуының яки жұрт киіп жүрген киімге сай келуінің немесе сай келмеуінің айырмашылығы болмай қалады. Себебі,оның ниетінде өзін көрсетіп қалу пиғылы көрініс табуда. Жағдайға сай келмесе де ең маңыздысы кісінің пиғылы, ниеті маңызды рөл атқарады»401. Киім киюде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) өзі үлгі көрсетіп, сара жолын салып кеткен. Мұсылман кісінің тұрып жатқан аймағының тұрғындары киетін киімдердің арасынан қолайлысын жəне əдет-ғұрыптарына сай киімдер кию пайғамбарымыздың үлгі жолының жалғасы. Имам Мəлікке қалың жүнді киім кию жайлы сауал қойылғанда: «Өзін көрсетуде» игілік жоқ. Мұндай киімді кейде киіп, кейде киюді тəрк етсе киюге болады деп ойлаймын. Өзін көрсетіп, ерекшелейтіндей ұзақ уақыт үзбей киюді жөн көрмеймін», – деп жауап берген екен402. Ибн Тəймия былай дейді: «Пайғамбарымыздың бұл мəселе жөніндегі сүннеті – киімінің əртүрлі келуі, кісі киім кигенде, ішіпжегенде тұрып жатқан аймағына байланысты Алла Тағала нəсіп еткен тағамды ішіп-жеп, киімді киеді. Бұл нəрсе аймақтар мен қалалардың əртүрлі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады»403. Имам Əбул-Уəлид əл-Бəжи404 былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əдет-ғұрыптан тыс киім киюді мақұлдамаған. Киімді емес, сол киімді киетін кісінің əйгіленуін дұрыс көрмеген. Сондай-ақ, кісінің мəртебесін көтеретін нəрселермен ерекшеленуін жөн санамаған»405. 400 Қараңыз: имам Бəйһақи, əс-Сунанул-Кубрасында, №5897 хадис ретін келтірген. 401 Имам Шəукани, Нəйлул-Аутар, 2/111. 402 Əл-Мунтақа Шархул-Муатта, 7/220. 403 Шейх Ибн Тəймия, Мажмуғул-Фатауа, 22/186. 404 Əбул-Əулид Сүлеймен ибн Халаф əл-Бəжи, һижри 403 жылы дүниеге келіп, һижри 474 жылы дүниеден озған. Мəлики мəзһабы имамдарының бірі. Ашғари ақида мектебінің көрнекті өкілі. Бірқатар құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 405 Əл-Мунтақа Шархул-Муатта, 7/219. Əйгілі шейх Абдулқадир əл-Жайлани406 былай дейді: «Мəкрүһ407 киімдердің қатарына, кигенде адамдардың арасында өзін ерекшелейтін, тұрып жатқан аймағының əдет-ғұрпына қайшы немесе өз руластарының киіміне керағар киім кию секілді кез-келген киім жатады. Демек, саусақпен шұқып көрсететін кісінің қатарына кірмеу үшін олар қандай киім кисе, дəл сондай киім кигені дұрыс. Егер осындай теріс əрекет жасайтын болса, жұрттың жамандауына себеп болады. Осылайша ғайбаттау күнəсына басқаларды ортақ қылады408. Имам Ибн Абдул-Барр Абдулла ибн Омардың былай дегенін айтады: «Кімде-кім ерекшелену үшін киім кисе, əулие болса да Алла Тағала одан сырт айналады». Тағы бір сөзінде: «Тəбетің тартқан асты ғана ішіп-же! Адамдар жақсы көрген киімді кигенің жөн»409. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сəлде киетін, аса таяқ ұстайтын жəне басқа да сол кездегі адамдардың əдетғұрпына сай киген киімін, қолданған заттарын пайдалатын еді. Мысалы, сəлделерге келетін болсақ, ол мұсылманшылықты қабыл еткен халықтардың ғұрыптарына сай өзгерген жəне оны киюге қатысты үкімдер де өзгеріп отырған. Демек, қандай-да бір аймақтың ғұрпына қайшы болмаса, сəлдені кию жайыз410. Алайда, сəлде кию ғұрыпқа қайшы келсе, «ерекшелену» киімдерінің қатарына кіреді. Егер кісі мүлдем сəлде кимейтін елдің арасында ғұмыр кешіп, сəлде киетін болса саусақпен нұсқап көрсететін ерекшеленуге жатады жəне бұл ісі сүннет ұғымына кірмейді. Имам Ибн Əбу Шайба411 «Мусаннаф» атты мəшһүр еңбегінде Аббад ибн əл-Аууамнан Хұсайынның былай деп айтқандығын риуаят 406 Абдулқадир əл-Жəалани, һижри 470 жылы дүниеге келіп, һижри 561 жылы дүниеден өткен. Əулиелердің сұлтаны деген лақабымен танылған. Сопылық мектептің мəшһүр тұлғаларының бірі. Ханбали мəзһабын ұстанған. Бірнеше бағалы еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 407 Діни тұрғыдан жағымсыз, ұнамсыз істер. 408 Мұхаммед əс-Сафариини, Ғиза-ул-Лубаб, 2/162. 409 Мұхаммед əс-Сафариини, Ғиза-ул-Лубаб, 2/163. 410 Жайыз-жасалуы шариғат тарапынан рұқсат берілген іс. 411 Абдулла ибн Мұхаммед ибн Əл-Қади Əбу Шайба, һижри 159 жыды дүниеге келіп, һижри 235 жылы дүниеден озған. Əйгілі мұхаддистердің бірі. Бірқатар құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақым етсін!

етеді: «Зəбид əл-Ями412 қайырмалы бас киімі бар жадағайды413 киіп жүретін. Бір күні Ибраһимнің оны сол киімі үшін айыптап жатқандығын естідім. Мен: «Оны адамдар бұрын киетін еді ғой», – дедім. Ол: «Иə. Бірақ оны кигендердің барлығы дүниеден өтіп кетті. Егер қазіргі кезде мұны біреу кисе жұрт оны «өзін ерекшелеу» үшін киіп жүр дейді жəне саусақпен шұқып көрсетеді», – деді»414. Басты мəселе кейбір қарапайым жандардың өз аймағының ғұрпына қайшы киімдерді киюге қадалып алып, амал етілуі «парыз» сүннеттердің қатарына жатқызуы мүлде дұрыс емес. Мұндай қателікке бой алдырудың басты себебі, адамдарға міндетті емес сүннет ұғымын формалық ғұрыптарға қатысты мəселелерде дұрыс қолданбауынан болады. Сондай-ақ, мұхаддистердің415, фақиһтердің416 жəне усулшылардың417 «сүннет» ұғымын ажырата алмауынан туындап отыр. Фиқһ негіздері терминологиясында «сүннет» шариғи үкімдер шығарылатын дəйекті негіздердің əрі Алла Тағаланың кітабы Құран Кəрімнен кейінгі маңызды дəлелдерінің бірі болып табылады. Усулшылардың сүннетке берген анықтамасы мынадай: «Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) Құран Кəрімнен өзге телінген сөз418, іс-əрекет419 жəне құптау420»421. Яғни, мұсылмандарға дəлел болуға жарамдысы осылар. Фақиһтер сүннетті «уəжіп», «мубах» тағы да басқа шариғи үкімдер ретінде қарастырады. Олардың түсінігі бойынша сүннет дəйекті 412 Зəбид ибн əл-Харис əл-Ями, əйгілі табиғидердің бірі. Тақуалығымен, діндарлығымен мұсылмандар арасында танылған. Һижри 122 жылы дүниеден өткен. Алла оған разы болсын! 413 Капюшонды плащ. 414 Имам Ибн Əбу Шайба, Мусаннаф, 6/81. 415 Хадисшілер. 416 Фақиһ – шариғи тафсили дəлелдерден шариғи, амали үкімдерді мүжтаһид имамдар қолданған қағидаларға сай шығарушы, дінді терең түсінге ғалым. 417 Усулшы – шариғи дəлелдерден шариғи, амали үкімдерді шығаруда қолданатын қағидаларды қалыптастыруышы, дінді мейлінше терең меңгерген білікті ғалым. 418 Яғни, пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан шыққан сөздер. Мысалы, «Тазалық иманның жартысы» деген пайғамбарымыздың хадисі. 419 Яғни, пайғамбарымыздың жасаған іс-əрекеттері. Намаз оқуы, дəрет алуы т.б. 420 Пайғамбарымыздың қандай бір сөзді естігенде немесе оқиғаны көргенде яки өзі болмаған уақиғаны естігенде ашық немесе іштей құптауы. 421 Қараңыз: Адудуд-Дин əл-Ижи, Шарху Мухтасар ибнул-Хажиб, 2/290. дəлелден алынған үкім. Яғни, бұл үкімдегі істі жүзеге асырған адам сауап алады. Ал, тəрк еткен кісі жазаға тартылмайды. Демек, сүннет – мандуб, мұстахаб, нəпіл, тағат, жақсы көрілген іс, фазилет секілді үкімдерге мəндес, синоним сөз. Ал, мұхаддистер «сүннет» деп – пайғамбарлықтан бұрын яки пайғамбарлықтан кейін болсын, пайғамбардан жеткен сөз, іс-əрекет, құптау, түр-тұлғасы мен келбет сипаты жəне мінез-құлық сипатына қатысты барша мəліметті атайды. Демек, мұсылман ғалымдары арасында сүннет ұғымын кеңейткен мұхаддистер. Себебі, мұхаддистер сүннетті шариғи үкім шығатын дəлелдің шеңберінде шектемейді. Олардың негізгі мақсаты, Алла Тағала пайғамбарды бізге барша ісімізге үлгі тұтарлық, ғибрат аларлық тұлға ретінде таңдағандықтан, əрбір ісімізге жол нұсқаушы болғандықтан оның өмірбаянын, мінез-құлқын, кескін-келбетін, сөздерін, ісəрекеттерін түгелдей риуаят етіп жеткізуге бел шешіп кіріскен. Яғни, хадистерді шариғи үкімнің негізін салуға жарамды əлде жарамсыз деп ажыратпастан риуаят еткен. Усули (фиқһ негіздері) ғалымдары болса сүннеттің ішінен «нақты шариғи үкімді» негіздеуге, дəлелдеуге лайық болғанын ғана зерттеген. Міне, осындай сауаты таяз көпшілік мұны ажырата алмағандықтан пайғамбарымыздың сыртқы келбетіне, киіміне қатысты мəліметтерге мұхаддистердің, сияр ғалымдарының «сүннет түсінігімен қарап, фақиһтер терминологиясындағы «сүннет», «мəндуп» секілді үкімдер беруде. Қысқасын айтсақ, бұл шектен шыққан ағым өкілдері дінді терең ұқпағандықтан мұхаддистер, сияр ғалымдары сүннет деп атаған əдет-ғұрыптық істерге фақиһтер түсінігіндегі шариғи үкім болып табылатын «сүннет» үкімін беруде. Бұл нəрсе үкімдерді бір-біріне араластырып былықтыруға, шиеленістіруге жəне қарапайым мұсылмандардың берекесін кетіруге, шырқын бұзуға дейін алып барады. Жоғарыда келтірілген дəлелдерге, беделді ғалымдардың пəтуаларына негіздей отырып қандай да бір мұсылман кісінің аймағында тұрып жатқан елдің киген киімі шариғатқа қайшы келмесе, елден ерекшеленіп киініп жүрудің керегі шамалы деген үкімді шариғи тұрғыдан тұжырымдай аламыз. Шектен шыққан əйелдердің «ниқаб» киіп ерекшеленуі жайлы жоғарыда келтірілгеннің барлығы ер кісілер мен əйелдердің киімдеріне қатысты жалпылама айтылған шариғи тұжырымдама болатын. Ал, төменде қозғайтын мəселеміз əйелдердің бетіне жауып жүретін «ниқаб» жайында өрбімек. «Ниқаб» деп отырғанымыз матадан тігілген, кигенде əйелдің жүзі мен екі көзінен басқа жерін көрсетпейтін

бет жамылғысы. Беттің терісіне тиіп тұратындықтан əйелдердің оны қажылыққа барғанда ихрам етіп киюіне де болмайды. Фақиһтардың көпшілігі бөтен ер адамдарға əйел затының беті жəне екі қолының білезігінен төмен жерінен басқа барлық жері əурет екендігін айтқан. Себебі, əйел адамның ер кісілермен қарым-қатынас, алыс-беріс жасауы – күнделікті өмірдің қажеттілігі. Имам Əбу Ханифа əйелдердің аяғының басы көрінсе, ешқандай оғаштығы жоқ екендігін айтқан. Өйткені, Алла Тағала «зейнет» жерлерін көрсетуге тыйым салған. Тыйым салғандарының арасынан еріксіз көрінетін жерлерін əурет жерге жатқызбаған. Бұған аяқтың басы да кіреді. Оның себебі, екі аяқтың басы еріксіз көрінеді. Имам Ахмет ибн Ханбал мəзһабының заһиры, əйел кісінің бөтен еркекке барлық жері əурет болып табылады. Тіпті əйелдің тырнағы əуретке жатады. Имам Ахмад ибн Ханбалдың былай дегендігі айтылады: «Кімде-кім өзінің əйелін дастарханға ертіп келсе, онымен бірге тамақ жеуге болмайды. Себебі, қолы көрінеді». Ханбали мəзһабы ғалымдары Əл-Қади деген лақаб атпен белгілі Əбу Яғла əл-Фарра422 былай дейді: «Бөтен еркектің бөтен əйелдің жүзі, екі қолының білезігінен төмен жерінен басқа жерлеріне назар салуы – харам». Ғалымдардың көпшілігі өз көзқарастары мен үкімдерін Құран Кəрім жəне пайғамбарымыздың сүннетіне негіздеген. Сол дəлелдердің бірі мына аят: «Олар (əйелдер) өздігінен көрінетін жерлерінен өзге зейнеттерін көрсетпесін»423. Яғни, зейнетке жататын жерлерінен өзге жерлерін көрсетпеуі керек. Мысалы, сүрме жүздің зейнетіне, ал сақина қолдың зейнетіне жатады деп есептеген. Əйгілі тəпсірші, имам Ибн Кəсир424 аталмыш аятқа тоқталып, артынша мынадай деректерді келтіреді. «Ағмаш425, Сағид ибн Жубəйрдан426, ол сахаба Абдулла ибн 422 Əбу Яғла əл-Фарра Мұхаммед ибн Хұсейн Əл-Қади, һижри 458 жылы дүниеден өткен. Ханбали мəзһабы имамдарының бірі. Алла оны рақым ына бөлесін! 423 Нұр сүресі, 31 аят. 424 Əбул-Фида, Имадуд-дин Исмайыл ибн Омар ибн Касир, һижри 700 жылы дүниеге келіп, һижри 774 жылы дүниеден озған. Əйгілі тəфсір ғалымдарының бірі. Шафиғи мəзһабын ұстанған. Бірнеше бағалы еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 425 Əбу Мұхаммед Сүлеймен ибн Миһран, һижри 61 жылы дүние есігін ашып, һижри 148 жылы дүниеден озған. Ағмаш деген атпен танылған. Мəшһүр табиғиндердің бірі. Алла оған разы болсын! 426 Əбу Абдулла Сағид ибн Жубəйр, һижри 46 жылы дүниеге келіп, һижри 95 жылы Аббастың: «Олар (əйелдер) өздігінен көрінетін жерлерінен өзге зейнеттерін көрсетпесін» аятының тəпсірінде: «Əйел адамның өздігінен көрінетін жері жүзі мен екі қолының білезігіне дейінгі қолының басы сақина тағатын саусақтары», – деген сөзін келтіреді». Осындай көзқарас сахаба Абдулла ибн Омар, Ата427, Икрима428, Сағид ибн Жубəйр, Əбуш-Шағса429, Даххак430, Ибраһим əн-Нахағи431 жəне өзгелерден де риуаят етілген432. Сүннетте келген дəлелдерден Айша анамыздан риуаят етілген мына бір хадисті айтуға болады: «Айша анамыздың айтуы бойынша Əбу Бəкірдің қызы Əсма жұқа киімімен пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) алдына кірген екен. Пайғамбырымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сырт айналып: «Ей, Əсма! Əйел баласы балиғат жасына толғанда, мына жері жəне мына жерінен басқа жері көрінбеуі қажет», – деп жүзі жəне екі қолының білезігіне дейінгі жерін көрсеткен»433. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) əйелдерге тозақтың азабынан құтылу үшін садақа беруге шақырған хадисін де дəлел ретінде алуға болады. Аталмыш хадистің мəтінінде: «Орта бойлы, бет түсі қаралау əйел: «Неге садақа береміз?», – деп сұрады деген сөйлем бар»434. дүниеден озған. Əйгілі табиғидердің бірі. Мұсылмандар арасында тақуалығымен, білімдарлығымен танылған. Алла оған разы болсын! 427 Ата ибн Əбу Рабах, һижри 27 жылы дүние есігін ашып, һижри 114 жылы дүниеден өткен. Танымал табиғиндердің бірі. Мұсылмандар арасынан діндарлығымен, білімпаздығымен танылған. Алла оған разы болсын! 428 Əбу Абдулла Икрима ибн Абдулла əл-Барбари, һижри 105 жылы дүниеден өткен. Сахаба Абдулла ибн Аббастың құлы болған. Мəшһүр табиғиндердің бірі. Алла оған разы болсын! 429 Əбуш-Шағса Жəбир ибн Зəйд, һижри 21 жылы дүниеге келіп, һижри 93 жылы дүниеден озды. Мəшһүр табиғиндердің бірі. Алла оған разы болсын! 430 Əбул-Қасим əд-Даххак ибн Мұзахим, һижри 100 жылдан кейін дүниеден өткен. Мəшһүр табиғиндердің бірі. Алла оған разы болсын! 431 Ибриһим ибн Язид əн-Нахағи, һижри 47 жылы дүниеге келіп, һижри 96 жылы дүниеден өткен. Тақуалығымен, фақиһтігімен танылған əйгілі табиғидердің бірі. Алла оған разы болсын! 432 Имам Ибн Кəсир тəфсирі, 3-том, 284-бет. 433 Имам Əбу Дəуіт, Сунанында 3-том, 62-бет. Артынша: «Бұл хадис Халид ибн Дəриктің мурсалына жатады. Ол Айшаны (р.а.) көрмеген», – деп сөзін сабақтайды.; Имам əл-Бəйһақи Кубрасында 2-том, 226-бетінде риуаят еткен; Жəне имам əл-Бəйһақи Шұғабында 6-том, 165-бетінде келтірген. 434 Хадисті имам Ахмад ибн Ханбал, Муснадында 3-том, 318-бетте; имам Мүслім Са-

Хадисті риуаят етіп отырған сахаба Жəбир (р.а.). Əрі аталмыш хадисте əлгі əйелдің бетінің ашық болғандығына ишарат бар. Сондайақ хадисті жеткізуші сахаба оны солай көрген. Бұған байланысты басқа хадистер де баршылық. Бұл пікірмен келіспейтін қарсы тарап «ниқаб» аяты арқылы əйелдің беті ашық жүруі үкімі жойылғандығын алға тартады. Алайда үкімнің жойылғандығына қатысты дəлел жоқ. Қарсы дəлел ретінде Құран Кəрімдегі «Ахзаб» сүресінің мына бір аятын дəлел ретінде қолданған: َّīِıْĻَĥَĐ َīĻِĬ ْïُĺ َīĻِĭِĨْËُĩْĤ﴿ĺَאأَĺُّıَא اĤĭَّ×ِĹُّ Ĝُģْ Ŷِ َزْوَاäِ כَ وَÖَĭَאÜِכَ وَĬِùَ אءِ ا Ĩِīْ äَ Żَ ÖِĻ×ِıِīَّ ذَĤِכَ أَدْĬَĵ أَنْ ĺُđْóَĘْīَ ĘَŻَ ĺُËْذَĺْīَ وَכَאنَ اųَّ ُ Ĕَęُijرًا رَèِ Ļĩًא﴾ «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа жəне иман келтірген əйелдерге айт: «Үстілеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Шынында Алла күнəларды кешіруші жəне аса рахымды»435. Бірақ, бұл аятта бетті бүркеу керек немесе жамылғы жабу қажет деген мағына жоқ. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі, имам əл-Марғинани436 былай дейді: «Азат əйелдің екі алақаны жəне жүзінен басқа жерінің барлығы əуретке кіреді. Өйткені, Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Əйел жабылуы керек əурет», – деген хадисі бар. Ал, екі мүшені бөлектеп айтуының себебі, олардың өздігінен көрінетін мүшелерге жататындығы белгілі. Ол (Алла рақым етсін (авторды айтып отыр)) бұл хадис аяқтың басы да əуретке жататындығына дəлел», – деді. Дегенмен, басқа хадисте аяқтың басының əуретке жатпайтындығы риуаят етілген. Міне, осы ең дұрыс көзқарас»437. Айша анамыз «Өздігінен көрінгеннен басқа» деген аяттағы сөзді, «əйелдің жүзі жəне екі қолының білезігінен төмен жері» деп түсінхих жинағында 2-том, 606-бетте; имам Əбу Дəуіт Сунанында, 4-том, 338-бетте; имам Нəсаий Сунанында 3-том, 186-бетте; имам Ибн Хұзайма Сахих жинағында 2-том, 357бетте; имам əд-Дарими Сунанында 1-том, 458-бетте келтірген. 435 Ахзаб сүресі, 59 аят. 436 Шейхул-Ислам, Бурһануд-дин, Əбул-Хасан Əли ибн Əбу Бəкір əл-Фирғани, əлМирғрнани. Һижри 511 жылы дүниеге келіп, һижри 593 жылы дүниеден озған. Ханафи мəзһабы имамдарының бірі. Бірқатар шариғи құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 437 Имам əл Мирғинани, Һидая кітабы, 1 том, 258-259 бет. Бұл кітап «Фатхул-қадир» деген шархымен басылды. дірген. Сонымен қатар, біз Абдулла ибн Омардың «өздігінен көрінетін зейнет» деп «əйелдің жүзі жəне екі қолының білезігінен төмен жері» дегендігін айтқан болатынбыз. Дəл осы мағыналас сөздерді Ата ибн Əбу Рабахтан, Сағит ибн Жубəйрдан риуаят еттік. Бұл – имам Əузағидің438 көзқарасы439. Мəликилердің негізгі ұстанымы бойынша егер əйелдің «ниқаб» жабынуы тұрып жатқан аймақтың ғұрпына сай келмесе, онда үкімі – «мəкрүһ»440. Мəлики мəзһабының ғалымдары бұл істі дінде шектен шығуға жатқызған. Имам əд-Дəрир441 «əш-Шархул-Кəбир» атты кітабында əйелдің ниқаб жамылуын мəкрүһқа жатқызған. Шейх əд-Дасуқи аталмыш кітаптың хашиясында: Егер «ниқаб» сол аймақтың əдет-ғұрпына қайшы болса, əйелдің ниқаб жамылуы – мəкрүһ, бетін ниқабпен бүркеуі жəне намазда көздің маңайына жақын жерлерді жабуы дінде шектен шығушылыққа жатады. Ал ер адамның мүлдем бетін жаппағандығы дұрыс. Тек, ниқаб кию ғұрыптарына сіңіп кеткен елдер бұған жатпайды. Шейх əд-Дасуқидің «əйелдің ниқаб киюі – мəкрүһ» деген сөзі, намаз үшін немесе басқа мақсат үшін болсын, намаздың ішінде яки намаздың сыртында болсын бірдей» деген мағынаны білдіреді. Ал, «себебі дінде шектен шығушылыққа жатады» деген сөзі, дінге кейіннен келіп қосылған қосымша нəрсе дегенді білдіреді. Бұлай деуінің себебі, ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) сүннетінде келмеген. Жалпы киім мəселесі мұсылман елдерінің əдет-ғұрпымен тығыз байланысты. Ал, қазіргі кездегі Мысыр халқының жағдайына келетін болсақ, ең лайықтысы, ең оңтайлысы – көпшілік ғалымдардың көзқарасын ұстану. Өйткені, қазіргі қоғамымызда əйелдің бетін жауып жүруі оғаш көрінеді. Əрі шын мəнінде «ниқабты» кию кейбір əулеттердің оқшаулануына себеп болуда. 438 Абдуррахман ибн Амр ибн Яхмад əл-Аузағи. Һижри 88 жылы дүние есігін ашып, һижри 157 жылы дүниеден озған. Əтбағут-Табиғидердің бірі. Шам аймағының имамы. Өз мəзһабы болған, алайда шəкірттері оны бізге жеткізбеген. Алла оған разы болсын! 439 Имам əл-Бəйһақи, əс-Сунанул-Кубра, 2/319. 440 Мəкрүһ-араб тілінде жағымсыз, ұнамсыз іс, нəрсе дегенді білдіреді. Шариғи терминдік мағынасы діни тұрғыдан ұнамсыз, жаман іс-əрекеттер. 441 Ахмад ибн Ахмад əл-Адауи əд-Дардир, һижри 1127 жылы дүниеге келіп, һижри 1201 жылы дүниеден озған. Мəлики мəзһабын ұстанған. Əйгілі əл-Əзһар университетінің танымал ғалымдарының бірі. Көптеген құнды еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін!

Ал, «ниқаб» киюді оғаш көрмейтін қоғамға тоқталар болсақ, «ниқабтың» əйелдің діндарлығын көрсететін құрал болмауы жəне əйел тұрып жатқан аймақтың əдет-ғұрпына қайшы келмеу шартымен болса, онда əйелдің «ниқаб» киюіне тыйым жоқ. Өйткені, олардың əдет-ғұрпы солай қалыптасқан жəне ғұрып бойынша əйелдің бетін жабуы айып емес. Міне, сондықтан біз көпшілік ғалымдар ұстанған көзқарасты, үкімді артық көреміз. Яғни, əйел бетінің жəне екі қолының білезігінен төмен жерінің ашық болуына рұқсат берілетіндігін, ал денесінің қалған жерін жабу парыз екендігін меңзеп отырмыз. Ең маңыздысы егер бетті бүркеу, ниқаб кию мұсылман үмбетінің бөлінуінің белгісі немесе діндарлықтың, тақуалықтың нышаны ретінде қаралса, «мəндуп» немесе «мубах» үкімінен шығып «бидғат» іске айналады. Қазіргі уақытта «бидғаттың» нақ өзі деп айтуға болады. Сондай-ақ, біз əйел адамның əурет жерін жауып бүркенуінің, хижаб киюінің қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Хижаб деп əйелдің əуретін жауып тұратын кез-келген киімді айтамыз. Бастысы əурет жерді жабуда қолданылатын киім төмендегі сипаттарды қамтуы лəзім: а. Киім өте қысқа болып, дененің кейбір тұстарын көрсетпеуі; ə. Киім өте тар болып, дене бітімін ашық көрсетпеуі; б. Киім өте жұқа болып, терінің түсін көрсетпеуі қажет. Міне, осы шарттарды қамтыған киім қалай аталса да, ол шариғи тұрғыдан «хижабтың» ұғымына кіреді. Алайда жоғарыда келтірілген сипаттардың біріне сай болмаса, шариғи «хижаб» ұғымынан шығады. Ал, «ниқаб» кию – парыз емес. Тіпті, мəлики мəзһабының имамдары да бидғат істерге жататындығын айтқан. Себебі, бұл дінде шектен шығушылыққа жатады. Алайда «ниқаб» кию əйелдің тұрып жатқан қоғамындағы ғұрыпқа сай келсе, киюіне ешқандай кедергі жоқ. Алла Тағала ең ұлы жəне ең дұрысын білуші. * * * 17. Мəселенің мəн-жайын білмей жатып оны шешуге ұмтылу жəне уағыз бен ғылымның аражігін ажырата алмау Бұл шектен шыққан ағымның əдістемелік проблемаларының, түйткілдерінің бірі – қандай да бір мəселені терең түсінбей жатып, оны таратуға тырысу жəне айтылған уағыз бен негізі берік қаланған ғылымның аражігін ажырата алмау болып табылады. Олар Алланың ақ жолына шақыратын уағыз бен мəжілістерді пəтуа беру алаңы ретінде қолданады. Міне, осыдан барып, надандық, сауатсыздық тарап, мұсылмандардың ауызбіршілігі бұзылады. Шынымен-ақ сауатсыздық белең алып, ғалымдар азайып бара жатқаны ма? Жоқ əлде, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) айтқан: «Алла Тағала құлдардан ғылымды бірден жұлып алмайды. Алайда ғылым ғалымдардың жанының алынуымен жойылады. Осылайша ешбір ғалым қалмай, адамдар надандарды (сауатсыздарды) көшбасшы етіп алады. Сонымен, əлгілерден (шариғи) сауалдар сұралып, олар ғылымға негізделмеген пəтуалар береді. Міне, осылай əуелі өздері адасады əрі өзгелерді де адастырады»442, – деген сөзінің уақыты жақындап қалды ма? Төменде келтіретін сөзімізде ғылым жəне ғалымдардың мəртебесі жайында айтылады. Ең бастысы уағызшылар мен ғалымдардың айырмашылығына, парқына тоқталмақпыз. Алла Тағала кітабы Құран Кəрімде ғалымдарды өзгелерден артық көріп, ерекше бағалаған. Ғалымдардың ұлық мəртебесі жайында былай дейді: َź ِć ْùِĝْĤ﴿üَ ıِïَ اųَّ ُ أَĬَّįُ źَ إِĤَįَ إِźَّ İُijَ وَاĤْĩَŻَ ئِכَ Ùُ وَأُوĤُij اĤْđِĥْħِ Ĝَאئِĩًא Öِא إِĤَįَ إِźَّ İُijَ اĤْđَõِĺõُ اĤْéَ כِ Ļħُ﴾ «Алла өзінен басқа ешбір тəңірдің жоқ екендігіне куəлік етті. Періштелер мен ғалымдар əділ түрде Алладан өзге Тəңір жоқ екендігіне куə болды»443. Ғибрат көзімен назар салып қарайықшы! Əуелі Алла Тағала өзінен бастады. Кейін періштелерді келтірді, артынша ғалымдарды айтты. Аңғарып қарасақ, бұдан артық мəртебе, ұлықтық, қадір, қасиет жоқ шығар!444 Басқа бір аятта Алла Тағала: «Уа, Мұхаммед! «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп айт», – дейді. Аяттағы сұраулы сөйлем əуелгілердің, яғни білетіндердің (ғалымдардың) жақсылық атаулының ең шыңында екендігін көрсетеді. Ал өзгелердің яғни білмейтіндердің (сауатсыздардың, надандардың) жамандық атаулының ең төменгі сатысында жүргендігін білдіреді. Міне, осылайша ешбір жанға кімнің ынсапты, əділ жан екендігі, ал кімнің даукес, бəлеқор екендігі құпия қалмайды445. Демек Алла Тағала иман келтірген құлдарының дəрежелерін, өзге құлдардан, иман келтірген мүмин құлдардың арасынан ғалымдардың 442 Хадисті имам Бұхари сахих жинағында 1/50; имам Мүслім сахих жинағында 4/2058 нақыл еткен. 443 Əли-Ғимран сүресі, 18-аят. 444 Қараңыз: имам Ғазали, Ихяə-у Улумид-Дин, 1/8-бет. 445 Қараңыз: имам Алуси, Тəфсиру Рухил-Мағани, 23/246 бет.

дəрежесін жоғары қойып, оларды үстем еткен. Бұл жайында Алла Тағала: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендерді жəне ғылымға берілгендердің дəрежелерін көтереді», – дейді446. Əйгілі ғалым сахаба Абдұлла ибн Аббас аталмыш аяттың тəпсірінде: «Ғалымдардың Аллаға иман келтірген құлдардан жеті жүз есе дəрежесі артық. Екі дəрежесінің арасында бес жүз жылдық арақашықтық бар», – дейді447. Алла Тағала басқа бір аятында: «Шын мəнінде құлдарының арасында Алладан тек ғалымдар қорқады», – деген. Осы аяттың тəпсірінде Таһир ибн Ашур: «Егер бұл мəселе нақтыланса, бұдан шығатын қорытынды ғалымдардан өзге жандардың бойында Алладан шынайы қорқу сезімі көрініс таппайды. Демек, адамзат баласы жүректің жайкүйі мен түйсік-сезім деңгейлерінде бірдей бола бермейді», – деп сөзін түйіндейді.448 Ұлықтығы шексіз Алла Тағала бір аятында пайғамбарына білімін арттыруды сұрауды бұйырады. Ол мынадай мағынадағы аят: «Уа, Мұхаммед! «Раббым, білімімді арттыра гөр!» – деп айт». Яғни, «Раббым маған үйреткен ғылымыңнан бөлек, ғылымның беймəлім сырлы тұстарын үйретіп, білімімді одан сайын арттыра гөр!» – деп айт дегенді білдіреді!449 Ал, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кімге Алла Тағала жақсылық, игілік қаласа оған дінді терең түсінуді нəсіп етеді», – дейді450. Əйгілі ғалым имам Ажурри аталмыш хадисті түсіндіре келе: «Демек Алла Тағала оларға жақсылық, игілік қалап, олардың дінді терең түсінулерін нəсіп етті. Оларға Құран Кəрім мен сүннеттің барша қыр-сырын тəлім етті. Міне, осындай қамқорлықтың аясында олар уақыт өте келе Алланың құлдарына жол көрсетіп, мұсылман жұртшылығына сəулесін шашып тұратын шамшырақтарға айналды», – деп тұжырымдайды451. 446 Мүжадала сүресі, 11 аят. 447 Қараңыз: имам Ғазали, Ихияə-у Улумуд-Дин, 1/8 бет. 448 Тəфсирут-Тахрир уəт-Тəнуир, 22/304 бет. 449 Қараңыз: имам Табари, Тəфсир, 18/382 бет. 450 Хадисті имам Бұхари сахих жинағында, Ғылым тарауында №71 хадис ретінде; ал имам Мүслім сахих жинағында, Зекет тарауында № 98 хадис ретінде нақыл еткен. 451 Қараңыз: Ахлақул-Ғұлама, 28-бет. Танымал сахаба Əбу Умама əл-Бəһили былай риуаят етеді: «Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) біреуі «ғабид452», ал екіншісі ғалым екі адамның қайсысының артық екендігі туралы сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Ғалымның ғабидтен артықшылығы, менің сендердің араларыңдағы ең төменгі жаннан артықшылығым секілді», – деп жауап берді. Артынша: «Расында Алла Тағала, оның періштелері, жеті қабат көк пен жерді мекендеген жаратылыс атаулының барлығы, тіпті илеуінде жүрген құмырсқа, суда жүзген балыққа дейін адамдарға жақсылықты үйретіп жатқандардың тілеуін тілейді», – деді453. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) басқа бір хадисінде: «Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары», – дейді454. Адамзаттың ішінде пайғамбарлықтан артық мəртебе жоқ екендігі белгілі. Əрине сол мəртебеге мирасқор болудан асқан абыройдыңдаболмасы анық455. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: «Мұнафықтың болмысымен мына екі қасиет мүлдем қабыспайды. Олар: тартымдылық жəне дінді терең түсіну (фиқһ)», – дейді456. Ал, басқа бір хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын): «Үлкенді сыйлап, кішіні аялай білмеген жəне ғалымдарымыздың қадірін білмеген менің үмбетімнен емес», – деген457. Имам Ахмад ибн Ханбалдың мынадай бір сөзі бар: «Адамдардың ғылымға деген мұқтаждығы, тамаққа немесе сусынға деген мұқтаждығынан артық. Себебі, тамақ пен сусынды адам баласы күніне екі немесе үш мəрте қажетсінуі мүмкін. Ал, ғылымға деген қажеттілік кез-келген сəтте əрдайым болады»458. 452 Көп құлшылық жасайтын кісі. 453 Имам əт-Тирмизи жинағында, Ғылым тарауында №2685 хадис ретінде келтірген. 454 Бұл хадисті имам Əбу Дəуіт жинағында, Ғылым тарауында, №3641 хадис ретінде; имам Тирмизи жинағында, Ғылым тарауында, №2682 хадис ретінде; имам Ибн Мажа жинағында, Ғалымдардың артықшылығы тарауында, №223 хадис ретінде; имам ибн Хиббан сахих жинағында №88 хадис ретінде риуаят еткен. 455 Қараңыз: имам əл-Ғазали, Ихия-у Улумид-Дин, 1/9-бет. 456 Хадисті имам əт-Тирмизи жинағында, Ғылым тарауында, №2684 хадис ретінде келтірген. 457 Хадисті имам Ахмад ибн Ханбал, Муснад кітабында №22807 хадис ретінде; имам Табарани, əл-Муғжамул-Кабир жинағында №7703 хадис ретінде нақыл еткен. 458 Қараңыз: Иғламул-Муаққиғин, 2/257.

Абдулла ибн Ахмад ибн Ханбал əкесіне мынадай сауал қойғандығын айтады: «Бір күні əкемнен: «Мен сенің оған көп дұға жасайтыныңды естіп жүрмін. Сонда Имам Шафиғи қандай кісі болды екен?», – деп сұрадым. Əкем: «Əй, балам-ай! Ол мына дүниеге нұрын төккен күн, адамдардың дертіне шипа секілді еді ғой. Сенің ойыңша осы екі қасиеттің орнын басатын немесе орнына жүретін нəрсе бар ма?!» – деп жауап қатты.459 ҒАЛЫМ МЕН УАҒЫЗШЫНЫҢ НЕМЕСЕ НАСИХАТШЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Соңғы кездері ғылымға ешбір қатысы жоқ адамдардың есімдерінің көптеген кісілердің санасын жаулап алғанын байқап жүрміз. Дей тұрғанмен қандай да бір адамның есімі санаға берік орнығуының сүйіспеншілікте, оның соңынан еруде үлкен əсері бар. Мұның басты себебі, əлгі ғалымсымақтардың уағыз, хұтпа айтудағы қабілеттеріне қарапайым жұрттың алдануында жатыр. Міне, осындай қабілеті барларды былайғы жұрт асқан білімді ғалым ретінде қабылдап жүрген жайы бар. Сондықтан, жалпы қалың көпішіліктің (шариғи саланың маманы еместер) ғалымның мəжілісінен гөрі уағызшылардың мəжілісіне асығатындығын байқайтын боларсыз. Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) бір мəжілісте: Сендер уағызшылары аз, фақиһтары көп заманда ғұмыр кешіп жатырсыңдар. Сендерден кейін фақиһтері аз, уағызшылары көп заман келеді», – деп айтқан екен460. Əйгілі ғұлама Ибнул-Жаузи əл-Ханбали461 (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді: «Бұрынғының уағызшылары ғалымдар, фақиһтер болатын. Ұбайд ибн Ұмайырдың462 уағыз мəжілісіне сахаба Абдулла 459 Имам əз-Заһаби, Сияру Əғламин-Нубала, 10/45. 460 Имам əл-Бұхари, Əдəбул-Муфрад, №789 хадис. 461 Жамалуд-дин Əбул-ФаражАбдуррахманибнƏлиəл-Жəузи, һижри 508 жылы дүниеге келіп, һижра жыл санауы бойынша 597 жылы дүниеден озған. Ханбали мəзһабының əйгілі имамдарының бірі. Көптеген керемет туындылардың авторы. 462 Абу Асым Ұбайыд ибн Ұмайыр, һижри 73 жылы дүниеде нөткен əйгілі табиғиндердің бірі. Ең алғаш Омардың халифалығы тұсында насихат, уағыз айтқан кісі (Алла оған разы болсын). Білім деңгейінің жоғарылығы соншалықты Абдулла ибн Омар секілді сахаба келіп уағызын тыңдайтын. ибн Омар келеді екен. Халифа Омар ибн Абдулазиз463 де оның уағыз мəжілісіне келіп отырады екен. Кейін бұл мамандық, ғылым біртебірте өлді. Нəтижесінде бұл істі, яғни уағыз айтуды сауатсыздар қолға алды. Сауаттылар мұндай уағыз мəжілістерінен алыстай бастады. Ал, қарапайым жұрт пен əйелдерге мұндайлардың (яғни, сауатсыз уағызшыларға) уағыздары қызықты бола бастады. Бұл уағызшылар ғылыммен айналысуды қойды. Оның орнына сауатсыз халыққа ұнайтын алуан түрлі аңыз-əңгімелер мен хикаялар айтуға құлшына кірісіп кетті»464. Өкініштісі сол, біздің заманымыздағы уағызшылар да алған білімдері аз болса да, уағызшы атануға құмбыл тұрады. Өздерін ғылымды меңгерген жандай сезінеді жəне солай көрсеткісі келеді. Əсіресе хадис ғылымын меңгердік деп менменсіп пəтуа беруге, сабақ оқытуға кірісіп кеткендер де баршылық. Міне, осылайша олар адамдардың ақиқаттан жырақтауының, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан негізі берік ғылыми əдістемеден, жүйеден ауытқудың негізін қалауда. Атақты имам əз-Заһабидің мына сөзі дəл осы сипаттағы ғалымсымақтарға арналған: «Олар – сыртқы бейнесімен ғана ғылымға қатысы бар адамдар. Діни ғылымға қол жеткізгендерінің өзі ауыз толтырып айтуға келмейтін, болмашы нəрсе. Сол болмашы дүниесімен асқан ғұламамыз деп қарапайым халықты алдап жүр, сендіріп жүр. Олардың басына: «алған біліммен Аллаға жақындаймыз» деген ойы кіріп шықпайды. Себебі, олар ғылымда лайықты бір ғалымның тəлімін көрмеген. Осылайша қашқан-пысқан тобырға, сілімтікке айналған. Олардың арасынан шыққан мұдарристің ең ұлы мақсаты бағалы кітап жазу жəне оны сақтау. Күндердің күнінде əлгі жазған кітабына көз жүгіртіп, келтірген хадистерді бұрмалайды. Үкімдерді (яғни, имамдар тарапынан хадистерге берілген үкімдерді) растамайды. Мұндай сорақылықтан Алла құтқарсын, – деп кешірім тілейміз!465 Танымал ғалым, мухаддис, имам əл-Хатиб əл-Бағдади466 де осы463 Омар ибн Абдулазиз, һижра жыл санауы бойынша 61 жылы дүние есігін ашып, һижри 101 жылы дүниеден озған. Умауи əулетінің сегізінші халифасы. Ғалымдар əділдігіне сай төрт əділ халифаның, бесіншісі деген лақап берген. Тақуалығымен, білімге деген құштарлығымен танылған. Алла оған разы болсын. 464 Имам ибнул-Жаузи, Тəлбису-Иблис, 151 бет. 465 Имам əз-Заһаби, Сияру Ағламин-Нубала, 7/153 бет. 466 Əбу Бəкір Ахмад ибн Əли əл-Хатиб əл-Бағдади, һижри 392 жылы дүниеге кліп, һижри 463 жылы дүниеден өткен. Əйгілі хадис имамдарының бірі. Шафиғи мəзһабын

ларға ұқсас ғалымсымақтар жайында былай дейді: «Қазіргі таңдағы адамдардың арасынан «хадис» ғылымына қатысы бар секілді көрініп жүрген, əрі хадисті естуде өзгеге жеткізуде өздерін осы істің маманымын деп жүргендерді көзім көріп жүр. Ең жанға бататын жері, олар – бұл ғылымнан мүлдем бейхабар жандар. Əрі маманбыз, осы саланың өкіліміз деп жүргендер ғылымның сол саласынан мүлдем хабары жоқтар. Олардың арасынан біреу аздаған хадис жинақтарын жазса əрі болмашы уақыт хадис тыңдаумен шұғылданса өзін кəміл хадисшімін деп есептейді. Ол міскін хадис алуда осы уақытқа дейін табаны тозып шаршап, тер төгіп көрмеген. Хадистердің түрлерін, тарауларын жаттау машақатының дəмін татпаған адам. Олар хадис ғылымы жайлы жазған кітаптары аз, мағлұматтары жоқ бола тұра адамдардың ең тəкаппары, ең қатты адасқаны, ең қатты менменшілі. Олар ешбір шейхқа, ғалымға титтей де құрмет көрсетпейді. Ешбір білім алушы шəкіртті қорғауына, панасына алмайды. Хадис рауилеріне тіл тигізеді. Ғылым үйреніп жүргендерге дөрекілік көрсетеді. Мұның барлығы өздері тыңдаған ғылымға əрі орындауға тиісті, міндетке қайшы істер»467. Көптеген жандардың ғалымдар мен өзгелердің парқын нақты ажырата алмаулары, ғалымсымақтардың, маман еместердің абыройының артуына басты себеп болды. Олар мұнымен шектелмей, пəтуа беруге жеңді түріп тастап кірісіп кетті. Төрт мəзһабтың фиқһи мəселелерге берген үкімдеріне өздерінің көзқарастарын білдіруге құлшынды. Міне, осыдан қандай да бір мəселені терең түсінбестен оны елдің арасына жаюға тырысу, ғылым алудан бұрын амал ету, дінді өз деңгейі мен абыройына сай жеткізе алмау үрдісі туындап жатыр. ПƏТУА БЕРУГЕ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАСҚА ТЕК СОЛ САЛАНЫҢ НАҒЫЗ МАМАН ҒАЛЫМЫ ҒАНА ЛАЙЫҚТЫ Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырда кімнің пəтуа беретін ғалым екендігі, ал кімнің уағызшы екендігі нақты белгісіз. Осы екі бөлек ұғым бір-бірімен араласып, аражігін ажырату қиындап кетті. Нəтижесінде адамдар кімге сенерін білмей, дағдарып қалды. Негізінде, пəтуа мəселелеріне, салыстырмалы фиқһи мəселелерге тек ғылыми тұрғыдан арнайы маманданған ғалым ғана кірісуі қажет. ұстанған. Көптеген ғажап туындылардың авторы. Əсіресе хадис ғылымы саласында теңдессіз еңбектердің авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 467 Имам əл-Хатиб əл-Бағдади, əл-Жамиғ ли-Ахлақир-Рауи уəс-Сəмиғ, 1/75-77 беттер. Бұл маман фиқһ, фиқһ негізі, фиқһ қағидалары ғылымдарын терең меңгергеруі лəзім. Сондай-ақ, ғылыми, фиқһи тұрғыдан тартысты мəселелерді талқылауда мол тəжірибесі болуы керек. Сонымен қатар, жалпылай түрде хадис ғылымын, ал жекелей алғанда «əл-жарх уəт-тағдил»468 ілімінде білімі жəне соған машықтанғаны абзал. Ең бастысы араб тілі ғылымдарына қатысты: тіл, сарф, наху жəне балағат ғылымының негізгі үш саласын жалпылай терең меңгерген болуы қажет. Пəтуа берілетін кезеңнің шартын, жағдайын жан-жақты терең бағамдай алатын қабілеті болуы керек. Қазіргі замандағы мамандығына қатысты ғылым саласында белді университеттерде тым болмағанда магистрлық қорғаған дəрежесі болуы тиіс. Мұның барлығы фиқһ, усулул-фиқһ ғылымын игеріп маман болмағандардың ана тұстан бір, мына тұстан бір пəтуа беру бассыздығын тоқтату үшін қажетті шарттар. Олар маман ғалымдар шығарған пəтуаларға фиқһтық ұстанымдардан жəне фиқһ негіздерінен бейхабар бола тұра өздерінше ескерту жасап, пікір-таласқа түсіп жүр. Бұрынғы ғалымдар «фиқһ» ғылымының маманы болудың маңыздылығына ерекше тоқталып өткен. Ғалымдар арасында бұрыннан келе жатқан мынадай бір сөз бар: «Кімде-кім ғылымды меңгерместен пəтуа беруге кіріссе, піспей жатып мейізге айналған жүзіммен бірдей». Əйгілі əдебиетші Али ибн Зəйд əл-Бəйһақидің бұл жайында жазған «Тəнбиһул-Улама ала Тəмуиһил-Муташаббиһина бил-Улама» атты арнайы еңбегі бар. ҒҰЛАМАЛАРҒА ТІЛ ТИГІЗУ МЕН СЫНАП-МІНЕУДІҢ ХАРАМДЫҒЫ ЖАЙЛЫ Осы ғалымсымақтардың пəтуа беруге, үкім шығаруға бұл істің маманы болмаса да белсене араласа бастады. Ғалымдарға тіл тигізуге де батылы жетіп жүр. Себебі, алған білімдері аз бола тұра салыстырмалы фиқһ жəне пəтуа мəселелеріне батыл кірісіп, пəтуа беру секілді мəртебелі іске жылдам қол жеткізулерінің салдарынан өздеріне қарсы шыққанның мысын басуға күш салады. Соңында мазаққа айналдырып, «надан» деген айдар тағып, көптеген қарапайым халық ғалымдардың қателігін айтып, арына тіл тигізуге себеп болды. Шектен шығушылардың бұл əрекеттері ислам əдебіне сай келмейтін, 468 Хадис жеткізушілердің əділдігі мен кемшілігін зерттейтін ғылым саласы.

жағымсыз қылықтар болып табылады. Мұны ғалымдарға қолдануға шарғи тұрғыдан қалайша рұқсат бола қойсын?! Кез-келген кісінің лайықты ғылыми деңгейі болса қандай-да бір көзқараста немесе ижтиһади мəселеде бір ғалыммен яки уағызшымен келіспеуінде шариғи тұрғыдан күнə жоқ. Алайда, көзқараспен келіспеуді аталмыш ғылымның мəртебесін төмендетуге, қадірін кетіруге, келеке етуге, əдепсіздік жасауға айналмау керек. Бұл дегеніміз шариғи тұрғыдан үлкен күнə болады. Кейбіреулер əлгі ғалымның берген пəтуасының себебін толық зерттемегендіктен ғалымға қарсы шығуы мүмкін. Яғни, ғалымның аузынан немесе кітабынан бірнеше ықтималды білдіретін «мужмал» сөзді естуі яки оқуы мүмкін. Осы «мужмал» сөздің неге негізделіп тұрғанын білмейді. Сондай-ақ, бұны ғалымдардың бірінен сұрайын, түсініктемелерін оқиын деген ой қаперінде болмайды. Керісінше, естіп алған нəрсені дереу жүзеге асыруға асығып, адамдардың арасына кіріп аталмыш пəтуаның үлкен қателік екендігін, үлкен күнə екендігін жар салып таратуға күш салады. Бір шайыр бұлар жайында былай деген екен: «Біздің ойымызша бұл шариғи тұрғыдан дұрыс емес», – деп айтады. «Біздің ойымызша»,– деп айтатындай сендер кім едіңдер?!». Сөйтіп, сабаздар бұл істің қауіпті іс екендігіне немқұрайлылық танытып, алуан түрлі айыптауларға, бидғат жасауға, билікті жақтап шығуға белді буып килігеді. Негізінде терең ойлап қарасақ шариғатта мұның мүлдем негізі жоқ немесе мүлдем дұрыс іс емес екеніне көзің жетеді. Алайда қарсылық танытып жүрген сабаздың ойына бұл кіріпшықпайды да. Мұндай іске қазіргі таңда біз көп зардабын көріп жүрген ғалымсымақтар ғана кіріседі. Егер бұл арлы ғалым болса, аталмыш іске кіріспес еді. Себебі, ғалым кісі, өзінің ғалым бауырының ақысын, қадірін біледі. Жəне ғылыми мəселедегі түрлі көзқарастарға негіз болған мəселелерге қалай ғылыми түрде жауап беру керек екендігін, ғылыми пікірталастың қандай негіздерде, деңгейлерде болу керектігін жақсы біледі деп ойлаймыз. Имам əз-Заһаби (Алла оны рақымына бөлесін) Мұхаммед ибн Наср əл-Маруазидің469 өмірбаянына қатысты жазған еңбегінде былай дейді: «Егер біз қандай да бір имамның, ғалымның қателігіне бола тырнақ астынан кір іздеп, соған бола оған қарсы шықсақ, бидғатшы деп 469 Əбу Абдулла Мұхаммед ибн Наср əл-Мəруази, һижри 202 жылы дүниеге келіп, һижри 294 жылы дүниеден озған. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. Алла оны рақымына бөлесін! айыптасақ, оны тəрік етсек, онда Ибн Наср мен Ибн Мандаһ470 секілді, тіпті бұл екеуінен үлкен ғалымдар да мұндай айыптаулардың құтыла алмас еді. Ақиқатқа барша адамды жетелейтін – бір Алла ғана. Ол – рақымдылардың ең рақымдысы. Нəпсіге еруден жəне тұрпайылықтан, дөрекіліктен Аллаға сыйынамыз»471. Имам əз-Заһаби (Алла оны рақымына бөлесін) Əбу Камил əлБасридың былай деген риуаятын келтіреді: «Мен кейбір шейхтарымнан мынадай бір оқиғаны өз құлағыммен естідім. Біз Əбу Ханабтың хадис мəжілісінде отырған едік. Ол бізге үш халифаның артықшылықтарына, асыл қасиеттеріне байланысты хадистерді жаздырғаннан кейін əзірет Əлидің артықшылықтарына қатысты хадистерді жаздырып жатқан болатын. Дəл сол уақытта Əбу Фадл əс-Сүлеймани орнынан атып тұрып: «Уа, адамдар! Мына адам Дəжжалдың472 тап өзі. Бұдан хадис жазбаңдар!» – деп айқай салды. Артынша мəжілісті тастап шығып кетті»473. Себебі, ол бұған дейін айтылып кеткен үш халифаға қатысты хадистерді естімеген еді. Имам əз-Заһаби бұл қиссаға мынадай түсініктеме берген: «Бұл қисса əс-Сүлейманидің қаттылығын, қызбалығын көрсетеді. Алла оны кешірсін»474. Ғалымдар бірауыздан ілімсіз адам мен ижтиһад жасауға қабілеті болса да ижтиһад дəрежесіне жетпеген ғалымдардың «тақлид»475 етуі керектігін құптаған. Ең бастысы мəзһабтың мұжтаһид имамына еріп, оның пəтуасымен, үкімімен жүргеннен кейін, өзара шарғи мəселелерде дауласудың қажеті жоқ. Олай болса, бір ғылымды толық игермеген ғалымсымақтардың беделді ғалымдарға қарсы шығулары қалайша дұрыс бола қойсын?! Бұл жерде имам əз-Заһабидың сөзінен артық сөз айтуымыздың қажеті жоқ шығар. Ол кейбір сауатсыз надандардың имам Ахмад ибн Ханбалды мұхаддис, алайда фақиһ емес дегендеріне жауап ретінде 470 Əбу Абдулла Мұхаммед ибн Исхақ ибн Мандаһ, һижри 311 жылы дүние есігін ашып, һижри 395 жылы дүниеден өткен. Əйгілі хадис имамдарының бірі. Бірнеше құнды кітаптардың авторы. Алла оны рақымына бөлесін! 471 Имам əз-Заһаби, Сияру Ағламин-Нубала, 14/39-40. 472 Өтірікші, кəззаб. Рауиға тағылатын ауыр лақаптардың бірі. 473 Өйткені ол, Əбу Ханабты тек Алиді жақтайтын шиит деп ойлаған. 474 Имам əз-Заһаби, Сияру Ағламин-Нубала, 15/524. 475 Шариғи ғылымдарды терең меңгермеген кісінің, қандай-да бір мəзһаб имамының көзқарастарымен амал етуі.

былай дейді: «Өзінің дəрежесін білмейтін сауатсыз надан, өзгенің дəрежесін қалайша білесін?!»476. Демек осындай ғалымсымақтарға арналар сөздің мазмұны былай болуы қажет: «Əуелі өзіңнің деңгейіңді біл! Шамаң жететін мəселеге ғана аралас! Себебі, кісінің білім деңгейі, алған ғылымының үлесімен өлшенеді. Ақиқатты мойындамауға, адамдарды менсінбеуге жетелейтін тəкаппарлықтан аулақ бол! Ислами орталарда кейінгі кездері жиі орын алатын ғылыми сипаттан іргесі алыс талас-тартыстан аулақ болған жөн. Имам əл-Ғазалидің төмендегі мына сөзі қандай ғибратты, қалай дəл айтылған десеңізші! «Білмейтін кісі жағын ашпаса, талас-тартыс тоқтар еді». Сөзімізді əйгілі имамдарымыздың бірінің сөзімен тəмамдауды жөн көріп отырмыз. Ол кісілер ғалымдарға тіл тигізіп, мəртебесін түсіріп,жаман атты қылудың соңы немен аяқталатынын тамаша ескертіп кеткен. Белгілі ғалым – Хафиз Əбул-Қасым ибн Асакир477 (Алла оны рақымына бөлесін) өзінің танымал еңбектерінің бірі «Тəбиину Кəзибил-Муфтаридің» кіріспесінде былай дейді: «Уа, бауырым! Мына нəрсені біліп ал! Алла Тағала саған да, маған да разылығына сай жетістік нəсіп етсін! Бізді лайықты түрде сақтанатын, лайықты түрде қорқатын құлдарының қатарынан етсін! Ғалымдардың еті улы болады, əрі Алла Тағаланың ғалымдарға тіл тигізіп, кемсіткендердің абыройын қалай төгетіндігі де белгілі. Кімде-кім ғалымдарды даттайтын сөз айтар болса, көзі тірісінде-ақ Алла Тағала оның жүрегін (жүрегі езілетіндей) өлтіретін бəле береді»478. Алла – ең ұлы! Алла ең дұрысын білуші!

476 Имам əз-Заһаби, Сияру Ағламин-Нубала, 11/321. Бұлардың тағы да бір жиіркенішті, сорақы істерінің бірі ислами құнды еңбектерге «тахқиқ (жаңадан зерттеу, талдау) жасаулары» жəне кітап жазғыш болып келетіндіктері. Кітаптардың сыртына «пəленшенің» еңбегі немесе «түгеншенің» тахқиқы деп жазып қояды. Олардың арасында ең болмаса бір шейхтің алдын көрмегендері кездеседі. Алайда тегін байқап қарасаң бұл адасушылықтың шыңы, ғалымсымақтықтың, шейхсымақтықтың ең сорақы бейнесі. Қараңыз: əт-Тағалуму уə Əсаруһу фил-фикри уəл-Китаб, Əбу Бəкір Зəйд, 58 бет. 477 Əбул-Қасым Əли ибн Хасан ибн Асакир əд-Димашқи, һижри 499 жылы дүниеге келіп, һижри 571 жылы дүниеден озған. Шам аймағының əйгілі хадис имамдарының бірі. Шафиғи мəзһабы имамдарының бірі. 478 Имам ибн Асакир «Тəбин кəзибил – муфтари», кітабы, 29-бет. МАЗМҰНЫ Баспагер кіріспесі ....................................................................................3 «Сəлəфия» сөзі жəне «сəлəфиттер» деп аталған шектен шығушылардың ұстанған жолдарына қатысты қысқаша кіріспе .......................................................................................4 Қазіргі таңдағы «сəлəфи» терминінің қолданылу аясы ......................5 Сəлəф салихтарға ерудің негізі турасында ғұламалардың көзқарастары ..................................................................7 Қазіргі кездегі дінде шектен шығушылардың белгілері .....................8 Шектен шығушылардың өздеріне негіз етіп алған ең маңызды мəселелері .........................................................................14 1. Алла Тағалаға мекен беру ................................................................15 2. Ашғарилерді кемсіту ........................................................................20 Имам Əбу əл-Хасан əл-Ашғари жəне ғұламалардың оның мəзһабына берген оң бағалары ..................................................20 Əһлү-сүннет уал жамағатты ашғарилер деп есептеу нені білдіреді? .........................................................................22 Ашғарилерді кемсітушілерге қатысты берген Ибн Рушдтың пəтуасы ...................................................................................................24 Аллаға телініп келген нəрселер (мағынасы ашық емес сипаттар) тақырыбындағы ашғарилердің ұстанған ақидасы ..................................................................................................26 Ашғарилер үмбет ғұламаларының ішіндегі ірі тұлғалар жəне Құран мен сүннетті жеткізушілер болып табылады ..........................30 Құран мен сүннетті жеткізген жəне мұсылмандардың имамдары атанған белгілі тұлғалар .....................................................31 3. Фиқһ мəзһабтарын ұстанып, оған еруді жоққа шығару ................33 Мəзһабты ұстануға, оған еруге қарсы пайда болған кейбір қайшылықтар .........................................................................................37 4. Білімсіз жəне жүйесіз пəтуа беру ....................................................39 Ғұламалардың пəтуа беру туралы ескертулері ...................................40 Мүфти болудың шарттары ...................................................................43 5. Мұсылмандардың басым көпшілігін айыптауға түрткі болған бидғат түсінігінің аясын кеңейтулері .....................................51

Мысыр елінің мүфтиі, доктор АЛИ ЖҰМА ДІНДЕ ШЕКТЕН ШЫҚҚАНДАР (Ұстанған жолы мен ерекше мəн берген мəселелері) Редакторы Дизайнері Беттеуші Н. Садықова Басуға 00.00.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16 . Офсеттік баспа. Баспа табағы 10,0. Таралымы 000 + 00 дана. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 050035, Алматы қаласы 8-ықшамауданы, 19а үй Ғұламалардың бидғат түсінігіне көзқарастары ..................................60 6. Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) тауассул жасауды харамға шығару жəне оны Аллаға серік қосу деп есептеу .............................................................................................63 7. Ішінде мазары бар мешітте намаз оқуды харамға шығарады жəне ондай мешіттерді бұзу керек деп ашық айтады ........................75 8. Пайғамбарымызбен жəне ізгі адамдардың заттарымен табаррук жасауды ширк деп есептеулері ............................................83 9. Мəулітті харамға шығарып, Бидғат жəне адасушылық деп санау ................................................................................................98 10. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) жəне пайғамбарлардың (оларға Алланың сəлемі болсын), ізгі жандардың қабірлерін зиярат етуді харам санау .......................102 11. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) үміт артқан кісіні кіші серік қосты деп айыптауы ...........................106 12. Қиямет күні «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) ата-анасы тозақта болады» деп үкім айтуы ....109 13. Қабірде жатқан кісінің қандай да бір нəрсені жəне зиярат етушінің зияратын сезуін түбегейлі жоққа шығару ......................... 116 14. Көп зікір тартуды, əурад жəне ахзабты шариғатқа теріс іс деп табу ................................................................................................121 15. Шектен шыққандардың көпшілігі зікірді тəспімен жасауды бидғат деп есептейді ...........................................................................126 16. Сырт көрініске мəн беріп киімге ғибадат көзімен қараулары (Киім киісімен əйгілену жəне ниқаб) ................................................133 17. Мəселенің мəн-жайын білмей жатып оны шешуге ұмтылу жəне уағыз бен ғылымның аражігін ажырата алмау .......................144 Ғалым мен уағызшының немесе насихатшының айырмашылығы ...................................................................................148 Пəтуа беруге жəне ғылыми пікірталасқа тек сол саланың нағыз маман ғалымы ғана лайықты ..................................................150 Ғұламаларға тіл тигізу мен сынап-мінеудің харамдығы жайлы .....151

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙