Мазмұнға өту
Home

Төрткүл дүние

Мекембай Омарұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Төрткүл дүние

Авторы: Мекембай Омарұлы

─ 2 ─ УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 О 58 Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. Мекембай Омарұлы. Төрткүл дүние. Өлеңдер жинағы – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2011. – 320 бет. ISBN 978-601-7023-40-9 Ташкент топырағында дүниеге келіп, қазақ жəне өзбек əдебиетінен қатар сусындаған, екі тілде бірдей өлең жазатын Мекембай Омарұлының творчествосы бүгінде барынша кемелденіп, биік азаматтық сипатқа ие бола түскен. «Төрткүл дүние» атты жыр жинағына ақынның əр жылдары жазылған, шоқтығы биік, көркемдігі жоғары өлеңдері топтасырылған.

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-7023-40-9 © Мекембай Омарұлы, 2011 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2011 О 58

─ 3 ─ КЕУДЕСI ЖАҚСЫЛАРДЫҢ – АЛТЫН САНДЫҚ Мекембай Омарұлы 1949 жылдың 9 ақпан күнi – əлем поэзиясының алыбы Əлiшер Науаи мен Мұқағали Мақа таевтар дүниеге келген күнi Ташкент уəлаяты, Қыбырай ауданы, Түзел елдi мекенiнiң Таукент ауылында туылған. Əкесi – Омар, анасы – Несiбелi. Бұл екi кiсi де – ауылдың ардақты аталары мен аналары едi. Бабаларының есiмiмен аталатын Анайбұлақтың мөлдiр суындай өз пер зенттерiн тазалыққа, адалдыққа баулыды. Мекембай Омарұлы – отбасындағы 3 ұл, 4 қыздың сүт кенжесi. Омар қария өзi оқымаса да, балаларының оқымысты болуын арман еттi. Ақсақал кенжесiнiң Орал Қал дыбаевтай ақын болуын құдайдан тiледi. Сол тiлегiнiң орындалып келе жатқанының бiр шетiн көзi көрдi. Өйткенi, 1966 жылы республикалық «Қазақстан пионерi» газетiнде Мекембайдың тұңғыш өлеңi жарияланған едi. Бұл оқиға əкесiнiң де, баласының да жүрегiне қозғау салды. Бəрiнен де көп қуанған анасы. Сөз арасына халық мақал-мəтелдерiн жүзiкке көз қойғандай етiп орын-орнында сөйлейтiн. Əкесi Омар ақсақал қиыстырып, өлең құрап жiберетiн ақын кiсi едi. Мекембайдың өзi құралпы балалардан алабөтен жерi мынада едi. Халық ауыз əдебиетi үлгiлерiн көп оқитын. Сол кезде Ташкент қаласының бас пасөз дүкендерiнде қазақша газет-журналдар самсап тұратын. Сортөбеден барып əр түрлi қазақша кiтаптар сатып алып келетiн. Оқыған өлеңдерiн əндетiп айтатын-ды. Мектепте қазақ тiлi мен əдебиетiнен қазақ университетiнiң түлегi Шəмшi Жұмақұлов, əдiскер-мұғалiм

─ 4 ─ Қамбар Ахмедов, Тұрдыгүл Ташкенбаева сияқты бiрқатар мұғалiмдер сабақ бердi. Низами атындағы педагогтық институтында профессор Саид Усманов, өзбек əдебиетi тарихының бiлгiрi Н.М. Мал лаев, Н. Базарбаев, М. Бекбергенов, Тұрап Айдаров, Əбулақап Райымбеков, М. Оразов, Қ. Саттаров сияқты профессор лардың тəрбиесiн алды. Өзi де тынбай iздендi. Сол iздену мен үйренiп, үлгi алудың нəтижесiнде Мекембай Омар ұлының өлеңдерi республикалық газеттерде жариялана бастады. «Ұстаз көрмеген адам əр əуенге салады» деген өзбек ағайындардың мəтелi бар. Сол айтпақшы, М. Омарұлы қазақ сатирасының классигi Оспанхан Əубəкiровтiң ақ батасын алды. «Жалын» альманағының 1979 жылғы №6 санында Оспанхан Əубəкiров ақсақал «Мен бұл балаға ризамын» деп ақ жол тiледi. Қазақтың белгiлi жазушысы Молдахмет Қаназовтың қолдауымен Жетiсай қаламгерлерiнiң «Жетiсай əуендерi» жəне мəшғүр ақын ағамыз Исраил Сапарбаевтың тiкелей көмегiнiң арқасында «Төрткүл дүние» атты жыр жинағына да («Жазушы» баспасы, 1988) бiр топ өлеңдерi ендi. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының органы «Қазақ əдебиетi» газетiнде (17.Х.1975; 13.VI.1975; 14.V.1976; т.б.) қысқа мысалдарының жариялануын «Сырбай Мəуленов ақсақал редакторлық жасаған кезде шыққан» деп мақтанышпен тiлге алады. «Қазақ əдебиетi» газетiнiң редакциялық алқасы газетте 1992 жылы жарияланған шығармаларды айрықша атап өткенде, олардың арасында «Жыл бойғы жарияланған сатиралық өлеңдерi үшiн лауреат болғандар» арасында Мекембай Омарұлының да аты-жөнi бар едi («Қазақ əдебиетi» газетi, 1 қаңтар, 1993 жыл). Мекембай ақынның екi тiлде – қазақ жəне өзбек тiлдерiнде өлең жазғанын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Өзбек тiлiндегi тұңғыш өлеңi аудандық «Коммунизм

─ 5 ─ тонги» газетiнде 1970 жылдың 13 қазан күнгi санында жарияланған. Дəл осы газеттiң 1989 жылдың 9, 12, 14 желтоқсанындағы сандарында «Ажралишганларнинг пинхона хати» сатиралық поэмасы жарияланды. Ташкенттiң «Навруз» баспасы шығарған «Умид юлдузи» кiтабында да өзбек тiлiнде жазған бiр топ өлеңдерi бар. «Тошкент оқшоми», «Тошкент хақиқати» газеттерiнде де Науаи тiлiндегi туындылары жарық көрген. Тiптi «Ізбекистон адабиүти ва санъати» газетiнiң 1986 жылдың 14 ақпан күнгi № 7 санында өзбек тiлiндегi «Тутун» өлеңi жарияланған. Қазақтың атақты ақын-жазушылары Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Молдахмет Қаназовтардың туындыларын ең алғаш өзбек оқырмандарымен таныстырған да – Мекембай Омарұлы. Республикалық «Ізбекистон овози» газетiнiң 1993 жылдың 14 тамыз күнгi санында Мұхтар Шахановтың «12-3 = ?» поэмасын, Фариза апайдың «Тағдыр менен» өлеңiн «Коммунизм тонги» газетiнiң 1993 жылғы 7 қаңтар күнгi сандарында аударып, жариялаттырды. Өзiнiң досы, өзбек ақыны Мiрполат Мырза мен Сиро жиддин Сайдовтардың туындыларын да қазақ тiлiне аудар ған – Мекембай Омарұлы (қараңыз: «Қазақ əдебиетi» газетi, 1986 жыл, 28 наурыз). Мекембай Омарұлы Əлiшер Науаи бабамыздың ең соңғы əрi проза саласындағы iрi еңбегi болып табылатын «Көңiлдердiң сүйгенi» атты еңбегiн қазақ тiлiне аударып, Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсiп Баласағұни еңбектерiндей IV сыныптың «Ана тiлi» оқулығына ендiруi қуанышты жайттардың бiрi. Қытай қазағы болып табылатын Таңжарық Жолдыұлының да «Жаз мысалы» атты өлеңiнiң осы кiтаптан орын алуына себепкер тағы да Мекембайдың өзi. М. Омарұлы республикалық байқау – «Жылдың ең озық əдебиетi жəне авторы» байқауында 2 рет оза шауып, дипломмен сыйлықтанған. Қолына Жамбыл,

─ 6 ─ Құрманғазы бабаларының домбырасын алып, Орта Азия бахши-ақында рының сайысында 2-дəрежелi дипломмен тағы да сыйлық танғаны бар. Алматыда, Ташкентте жəне басқа жерлерде Əселхан Қалыбекова, Қонысбай Əбiлов, Абаш Кəкенов, Қуаныш Мақсұтов, Анар, Маржан Есжанова, Оңғар Оразбаев сынды бiрқатар айтыскер ақындармен айтысқаны да өз алдына бiр əңгiме. «Халқым» атты термесiнде ел-жұртты əлi де оянуға, бiрлiк-ынтымаққа шақыра келiп: Бiр қарасам өзiңе Қасқырлардың ойынын Əуес көрген ұлдайсың. Қанатыңды қақпайтын, Ана тiлдi сатпайтын Асыл ұлдар ұлғайсын,– дегендi айтады. Бұл сөз – өз елiмiздегi қазақтарға да, шет елдегi қазақтардың да күн тəртiбiнен түспейтiн терең мəндi сөз. Ақын жүрегiнде қашан да бiр күдiктiң жүруi əбден мүмкiн. Өйткенi, ол да – тiрi жан, қам сүт емген пенде. Бəрiне таныс едi дауыстарым, «Құтқар!» деп тал түсте мен дауыстадым. Қол ұшын беру қайда, там басында. Отырды шықылықтап сауысқаның. Көбелек сынды күйген шамға талай, Əдiлдiк ұнамайды жанға қалай? Хақтығым үшiн болар кей надандар Итерiп бара жатты жарға қарай. Тұрсам да алыс емес, жақында тек, Жəрдемiн бере алмады жақын да кеп.

─ 7 ─ Дүмпiген даусың шықса қорқам, жерiм, Сенi де жарға итерiп жатыр ма деп. Сөз жоқ, адамның басынан өткен, өтер жаманат жағдайлар жұмыр жердiң басынан да өтуi мүмкiн. Əсiресе соңғы екi жол өлең өлеңнiң толық мəнiн ашып берiп тұр. Мекембай Омарұлы өлеңдерiн негiзiнен ойға құрады екен: Əлде кесiп, əлде қатты шапқызып Алған тəнi əлi осы қанап тұрған секiлдi. Сол бiр сенiң жаралыңды жатқызып, Емдеу ендi мына бiзге қарап тұрған секiлдi. Ей, жұмыр жер, маңдайынан тер кетiп, Алдымызда бейкүнəсiз ғарiп тұрған секiлдi Сенiң барлық жалғызыңды тербетiп, Қатарына қосу бiзге қалып тұрған секiлдi. Мекембайдың осы өлеңi алдыңғы өлеңiндегi ойларды толықтырып тұр. Замана алдындағы, ел-жұрт алдындағы адамдық борышты ақынның лирикалық кейiпкерiнiң терең сезiнгенiн «Сенiң барлық жалғызыңды тербетiп, қатарына қосу бiзге қалып тұрған секiлдi» дейтiн шумағынан байқауға болады. «Құмдарым» атты өлеңiнде: Көшiп-қонып жүргенде бiлiпсiң бе, Бұл ауылға күз келдi жер суынып. Құмдарым-ау, бастарың бiрiксiн де, Ал əйтпесе кетедi жел суырып! Бұл өлеңi кешегi кеңес заманында жазылған. Сондықтан да үш əрiп жағынан басуға рұқсат етiлмеген. Құмдардың кiмдер екенiн iштей сезiп те отырсыз.

─ 8 ─ Өлеңнiң идеясы айдан анық – елдi бiрлiкке шақырып отыр. Өлеңнiң құндылығы да осында ғой деп ойлаймын. «Ана тiлiм» атты өлеңiн оқып көрейiк: Елiккен мен ерiккенге ермейдi, Ел баласы елiменен ерлейдi. Қара көзiн бес жүз қырық мектептiң Сенiң даусың бесiк болып тербейдi. Жер бетiнде боп кеткенше бiр нүкте, Алдан аққан су қадiрiн бiлдiк пе? Ана тiлiм! Ташкенiмнiң төрiнен Төле болып шақырасың бiрлiкке Бəрiмiзде Мақсат анық, бағыт бiр, Жүрген жоқпыз дүниеге бағып құр. Аз ба, көп пе, бес жүз қырық мектептiң Жүрегiнде семiп қалмай, ағып тұр, Сылдыратып қоңырауын қағып тұр! Анаң туылған тiл, атаң туылған тiл, сенi өсiрген тiлiң жəне 540 мектеп босқа айтылып тұрған жоқ. Ақын көңлi сол мектептердегi қара көздерiмiздiң тiлiне алаңдаулы. 540 мектеп оңай күш емес, соның бiрде-бiреуiнiң жабылып қалмауын тiлейдi ақын көңлi. Бүгiнде бiр қазақ мектебiн ашудың өзi барлық жерде қиын болып тұр. Бiздiң қазақ сан ғасыр iшiнде өзi жаратқан мысал дарынан бастап, Абай, Сəбит Дөнентаев, Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Əубəкiров, Ислам Шұғаев, Сұлтан Қалиев сияқты алдыңғы ұрпақ өкiлдерiнiң жазған аллего риялық шығармасы – мысалдарын əрқашан мақ таныш етедi. Сондай-ақ Көпен Əмiрбеков, Балтабай Əдiлов,

─ 9 ─ Баймұрат Азнабаев сияқты мысал арбасының алтын дөңгелегiн сын дырып алмай, абыроймен дөңгелетiп келе жатқан мысалшы лар дың да шығармашылықтарын қадiр тұтатынын бiлемiз. Мекембай Омарұлы ағамыздың да шығармашылығының бiрқатары – мысал өлеңдер. Мекембай Омарұлының мысалдары өзiне тəн мiнез-құлықпен, өмiрден ойып тұрып алынған өмiршеңдiгiмен де ерекшеленедi. Өзiнiң ақындығын ел алдында жарыстырған айтыстары да Мекеңнiң шығармашылығының бiр қыры болып табы лады. Өлең дегенiңiз – қашан да халық мұңын мұңлап, жоғын жоқтайтын парызы мен қарызы мол мiнбелердiң бiрi. Осыны түсiне бiлген Мекембай Омарұлы – ел iшiнде өзiнiң ақ жарқын мiнезiмен, терең бiлiмдарлығымен мемлекеттiк тұрғыдан ойлай алатындығымен халқымыз жүрегiн əлде қашан баурап алған көп асыл ағаларымыздың бiрi. Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының атқарып отырған орасан үлкен жұмыстарына көз жұмып, саусақ арасынан қарауға болмайды. Бұдан да алдын өз алдына қойған мақсат-мұратына жеткен, бұдан да кейiн дəл солай болады деп кəмiл сенемiн. «Қауымдастық кiтапханасы» сериясымен қазiрде Қытай, Моңғолия, Өзбекстандық бауырластардың арасынан шыққан бiрқатар қаламгерлердiң туындылары шетел қазақтарының да қолдарына тиiп, қуанышқа бөлеп отыр. Өзбекстандық қандасымыз Мекембай Омарұлының да «Төрткүл дүние» атты бұл жинағы да көпшiлiктiң көңiлiнен шығады деп үмiттенемiз. «Отан» атты өлеңiнде: Ашық ауыз не демейдi сыртыңнан, Отанымсың жүрегiнде сыр тұнған.

Қызғалдақтай қыр үстiнде құлпырған Шаттық сыйлап келе жатыр нұр тұлғаң, – деп толғанған екен. Əрi қызыға, əрi қызғана қарайтындай осынау бiр шумақты кiндiк қаны тамған Ташкенттiң ғана ардақтысы, мақтанышы емес, сондай-ақ, бүкiл елiмiздiң де адал ұлы, сүйiктi перзентi Мекембай Омарұлы ағамыздың өзiне де айтсақ, нұр үстiне нұр болар едi. Үкiбаев Марат Қынабекұлы, Өзбекстан Республикасы Қазақ ұлттық мəдени орталығының төрағасы.

─ 11 ─ ХАЛҚЫМ (терме) Қандайсың, халқым, қандайсың? Қаңтарда жауған қардайсың. Он бес күндiк айдай боп, Айтқан сөзден танбайсың. Бақ-талайы ашылып, Жапырақ жайған талдайсың. Ащы менен тұщыны Бəрiнен жақсы талғайсың. «Сiз» десең де кiшiрiп, «Сен» десуге бармайсың. Жатыры бөлек жат бала: «Лаң тигендей...» – десе де, Өзiме алтын маңдайсың. Дұшпаныңа у татып, Достарыңа балдайсың. Көк найза бидай секiлдi Надандардың алдында Иiлуге бармайсың. Жүнiн жұлған тырнадай Жалған сөзге нанбайсың. Сар баланың бағына Арайлап атқан таңдайсың. Алтын қазан iшiнде Майға пiскен нандайсың. Пана болып халқыңа, Ел сұратқан хандайсың. Қандайсың, халқым, қандайсың? Сендер аман болсаңдар, Алынбас дейсiң қандай шың? Қыжылы бар болса да, Үзiлгендi жалғайсың. Қиямет-қайым төнгенмен, Алаштың арын арлайсың.

─ 12 ─ Қасқырдайын анталап, Аққа қарсы бармайсың. Дарабоз туған ұл-қыздың Мейiрiне қанбайсың. Кесiлсе де қайтар жол, Айтқан жерден қалмайсың. Қайтқан көңiл, шыққан жан, Мойынсұнбас нардайсың. Қандайсың, халқым, қандайсың? Көлеңкесiз шамдайсың. Ақыр заман орнатып, Шымалды да шалмайсың. Алған жардың алдына Ата-ананы салмайсың. Ауызынан ақ май ағызып, Сөзiңдi соған арнайсың. Толымы жоқтың қасында, Болымы жоқтың басында Таң атырма əрқайсың. Отан үшiн, ел үшiн Қуырдақ боп қу жаның Қайтiп қана жанбайсың? Қандайсың, халқым, қандайсың? Нəубеттiң жылын ойласаң, Өмiрден көңлi қамдайсың. Кəрiге де, жасқа да Дəнекердiң керегiн Алдыменен аңдайсың. Қадiрi жоқ қарғадай Қандасты қайтiп қарғайсың? Қалсаң егер бiр сөзден, Кiшiрейiп қалмайсың. Əдiлдiк бойда болмаса, Суын сүт қып қайнатқан Берекесiз жандайсың. Жұлдыздайын таң көрген Өшу үшiн жанбайсың.

─ 13 ─ Оянатын түрiң жоқ, Ұйқыға əлi қанбайсың? Тiлiң құрып барады, Бiрдеңе деуге қандайсың? Дүние түгел болады, Орныңда тұрсаң əрқайсың. Қандайсың, халқым, қандайсың? Жел айдаған қаңбақтай Бiр орында тұрмайсың. Жерде соққан қос жүрек – Əму менен Сырдайсың. Қиыс кетпей қиырда Қимасқа түскен нұрдайсың. Бiр қарасам өзiңе, Қасқырлардың ойынын Əуес көрген ұлдайсың. Қанатыңды қақпайтын, Ана тiлдi сатпайтын Асыл ұлдар ұлғайсын. Қандайсың, халқым, қандайсың? Маңдайға бiткен қалдайсың. Ұшқыннан Қрт шығады, Соны да ойлап тұрғайсың. Ұштық түгiл, пұштық жоқ, Көңiлдiң бетiн тырнайсың? Өз тiлiңдi кесуге Неге дайын тұр қайшың? Қонар көгi тарылып, Ашу қысқан құрдайсың. Ұялы қасқыр секiлдi Бiреуге тор құрмайсың. Иманменен қапталған Жұлдызы биiк қырдайсың. Адалдықтың тұсынан Қолды дайым бұлғайсың. Бұрысқа бiреу бет бұрса, Дұрысқа оны бұрғайсың.

─ 14 ─ Қандайсың, халқым, қандайсың? Сүмбiдей сұлу ақылы. Қыз есiгiн «ұрғайсың». Ыңыршағы айналған Ұлыңды да тыңдайсың. Ұртын алып, мұрт жалға, Мұңымен де тынбайсың. Тұңғиық теңiз болсаң да, Бiр лайқамай тұнбайсың. Ұлық болсаң, кiшiк бол, Көл-дария қарттардың Қолын алып тұрғайсың. Нан сындырып құда жақ, Бетке жаққан ұндайсың. Қандайсың, халқым, қандайсың? Жайдың атқан тасындай Шырық бұзып көрмейсiң. Арман ауыл есiгiн Көппен ашып көргейсiң. Екi шоқып, бiр қарап, Жүрмеске сiрə көнбейсiң. Суалса да екi ұртың, Кем-кетiгiн жөндейсiң. Елеусiздi ел қылып, Өрiсiңе Қргейсiң. «Ел аузына елек сап», – Қоямын деуден Қнбейсiң. Əдет емес, əдепке Тұз жегендей шөлдейсiң. Дəулетi мен сəулетi Бастан кетпес көлдейсiң! Қол жисаң да жетпес жыл, Жүректi жеңе бiлмейсiң. Жат есiкте жүргенде Ел қадiрiн бiлгейсiң. Адалдықтан қол үзген Дұшпаныңа зiлдейсiң.

─ 15 ─ Қадiрiңдi бiлгенге Қайыспас қайсар пiлдейсiң. Қараға да, ханға да Тəңiртаудай бiрдейсiң. Қадiрдiң жүзiн кiрлетпес Ағайынды кiм дейсiң? Бiреулерге – күнгейсiң. Арқасында Ананың Жыл он екi ай гүлдейсiң. Адамзатқа шуағын Тең шашатын Күндейсiң!

─ 16 ─ ДОМБЫРАЛАР Бiр-бiрiне көршi қонды да, Бiрi үлкен, Бiрi кiшi домбыра Дос болуға келiстi. Достасып-ақ жүргенле Əлденеге керiстi. – Менiң, – дедi үлкенi, – Арамдық жоқ ойымда. Сенiң əлi кемшiлiк Толып жатыр бойыңда... (Сiрə, ендi екеуi Бiр-бiрiне жау шығар). Не десек те, Өзi кiшi болғанмен, Қоңыр ғана даусы бар Домбыра айтты «досына»: – Жақсылығың осы ма Маған ендi қайтарған? Мен де сенi Қанша үлкен болсаң да, Мiнсiзсiң деп айта алман. Мiнсiзсiң деп Айта алмаймын, iрi дос. Неге десең, сенiң де Iшегiңнiң Бiрi қатты, бiрi бос...

─ 17 ─ АЮ МЕН АРЫСТАН Есептi Дым бiлмейтiн Есектi Айдаған соң жұмыстан, Аю оның орнына Меңгерушi болды да, Бұрыннан Ұрлық iстеп «ұрынған» Өңшең ала тышқанға Не iстерiн бiлмей сандалды. Ақыл сұрап Жолбарысқа да, Барысқа да сан барды. Жайма-шуақ Жаз күнiнiң бiрiнде Арыстан Бара жатқан болатын Ертеден таныс бiр iнге. – Аға, – дедi аю оған, – Дəмсiз бе, əлде дəмдi ме, Онысына қарамай, Тасып бiттi аз ғана қалған дəндi де, Қап тескенi Ол да бiраз əңгiме. Жалпы бiздiң қоймада Тышқандар кеткен көбейiп. Соларды жою амалын Ақылдасып көрейiк. Ал ендеше жақсы пiкiр, Ақыл айт. – Ақыл түгiл, – дедi арыстан, – Десең-дағы нақыл айт. Айтарымның бар-жоғы Бiр ауыз сөз-ақ Мысықтарды көбейтсең, Тышқандардың құрып кетедi өзi-ақ!

─ 18 ─ ҚОҢЫЗ ҚАЙТIП ТIРI ЖҮР? Инелiк Өрмекшiден Бес-алты сом сұрауға именiп, Барлық жақта Танысы мол, Танысынан да Тапқан табысы мол Доңыздiкiне емес, Қоңыздiкiне кiрiп барды. Күлiп барды. – Сен тұрғанда ұят қой Басқадан ақша iздесем. Жетi-сегiз сом берiп, Бiр сауап iс iстесең. Неге десең, шiрiген Жапырақтан дерек боп, Ақша тұр ғой керек боп. Қарызыңды Сенiммен айта аламын. Бұл аптада болмаса, Ендiгi бiр аптада қайтарамын. Жылда сан рет Өзгеретiн қонысы Инелiктiң Iздеп келген қоңызы Сауап қылмай, Жауап қылды: – Айнам-ау, инелiгiм... Бiрiншi рет бас иiп Келсең-дағы үйге бүгiн, Былтырғы Екi мың сом да, Биылғы Жетi мың сом да,

─ 19 ─ Тiптi, Кешегi үш-төрт тиын да Қазiр дəп бiр қиында... Шынын айтсам, Бəрi сақтық кассада... Ал ендеше Немдi саған берейiн? * Мен де, достар, Шындығына келейiн. Қоңыз байғұс өлмептi Таяуда өгiз басса да. Өйткенi, ол шыбын жанын да Сап қойған екен сақтық кассаға... ОРМУ-ДЕГI ҚОДЫҚТАР «Қаңғырған бiреу ме?» – деп, Керегi жоқ қорқудың. Өзiмiздiң Ормандағы ОрМУ-дiң Батпағында емес, Матфагында оқитын Қодық деген қоқидың Аласы айтты: – Арыстанның өзiнен Барып дəрiс алсақ та, Аяғы шидей елiк пен Тiптi осы қарсаққа Мазақ болып, «Неудов» алдық есептен... Неге сонша ақыл-ойдан кендемiз? Қарасы айтты: – Өйткенi бiз анашымыз есектен Қам сүт емген пендемiз.

─ 20 ─ АРЫСТАН МЕН ЕСЕК Астанадан – алыстан Құс-аңдардың бiлiмiн Тексерiп келген арыстан Қазiргi кезде аққумен Айдын көл жақта бiр тұрған Сұрады əншi бұлбұлдан: – Ұмытпасам, сен əманда құс ең ғой сенiм артулы. Келгелi берi орманға Үйрендiң ненi тартуды? Бұлбұл айтты: «Үйрендiм Домбыраны... қобызды». Бүркiт айтты: «Тартатын Болдым мен де қобызды». Елiк айтты еркелеп: «Тарта бiлем дутарды, Қане, ендi ертерек Үйренiп алсам гитарды». Əлi əншiлiк есептен Шыға қоймаған есектен Көбейiп кетiп сұрағы, Арыстан күлiп сұрады: – Ал сен не тарта бiлесiң? Отырған шетте шаттанып Есек айтты Бар дауыспен мақтанып: – Бiлмейсiздер əлi де Бiздерге сенiм артуды. Пайдасы осы бiреуге тиiп қалар деп Үйрендiм мұрын тартуды!

─ 21 ─ МАСА Бiреуге дос аса, Бiреуге дұшпан Кəдiмгi маса Ызыңдап ұшқан Орманға кеп оқудан Құлап қалды. Кейiн бiр тамшы сыраға Əжептəуiр қызып қап, Қыз деген бұлақтарды Жүр едi қызықтап, Бiр жерлесi бұлбұл деген Алдымен оған сыр ақтарды, Кейiн одан сұрап қалды: – Құмырсқа да қасына Ертiп алып араны, Қарашы, əне жұмысқа Бiрге кетiп барады. Қандай жақсы, шiркiн-ай, Биыл сенiң жасың да Он сегiзге толады. Нан шығатын заводқа Iске барсаң болады. Маса айтты: – Кiмге керек жай ғана нан шығатын жер? Айтқызбай-ақ барар ем Егер болса соратын... қан шығатын жер...

─ 22 ─ КӨЛБАҚАНЫҢ ҚАУПI Көлбақа Жағалауда шiркей қуып Ойнап қалған. Көлге барып батқан күндi Көлге құлап түстi деп Ойлап қалған. Ойлап-ойлап, өзi де Көлге қайта түсудi қауiп көрдi. Кейiн өзге Бақаларға «қорбаңдап»шауып келдi: – Көлге тайыз арықтан Ағып түскен балықтар Айтқанымды ұқпаушы едi, Ашуыма күнде тиiп, Жағаға да шықпаушы едi, Ендi мiне, өлетiн болды-ау күнге күйiп... «ОПАСЫЗДЫҚ ҚЫЛМАУЫМ МҮМКIН БЕ?» «Бiр қызына – Маңдайындағы Жалғыз ғана жұлдызына Үйлендiрем тiрi болсам... Сөйтiп, сен де елiктiң Күйеуiнiң бiрi болсаң...» – Деп арыстан қаншама қақсағанмен, Бiр томарға қағылып, Аяғы ақсағанмен, Перзенттiк борышын ұмытып, Ата-анасының үмiтiн Бiр ақтамаған. Бұған дейiн үш рет есiк көрiп,

─ 23 ─ Опасыздығынан бiр үйде де тұрақтамаған, Түлкiайды үйiне Бастап келдi баласы: – Мына ару – болашақ Балаларымның анасы. Тойыс, Жоқ қой менде сiздерден Жасыратын секрет те. Табысқанымызға бiрер ай... Уже бұл ертең шыққалы жүр декретке! қам көңiлiме қараса, Дəл қошқардай ұл тауып Бермек, құдай қаласа. Сосын шашын шұнтитып, қара қасын сызықтай ғып қырмайды. Бұдан былай ешкiмге қиылып, көзiн бұрмайды. Шынында, əке, Алдағы осы бiр күнде Сүйiктiм менiң Көзiме шөп салмауы мүмкiн бе? – Осыған жауап айтайын Аспанға қарап жатқанша... Түлкi – келiн мүмкiн саған опасыздық қылмауы Сендей тағы бiр ақымақты тапқанша!.. АРЫҚ ПЕН КӨЛ Көктемде суы молайып, Сəл ғана тасыған Арық, Терең Көлдiң Бара жатқан соң қасынан ағып, Көркiне оның Қызығып бiр сəт көз тастады. Ашумен кейiн Сөз бастады:

─ 24 ─ – Арманым едi Көптен бергi... қыс та өттi... Көктем келдi. Бiрақ та бұл, Бейбас өзен секiлдi. Бəрiн бұзып, ақпаймыз да сарқырап, Неге бiзбен сонда да, Сырласпайсың бетiң бiр рет жарқырап? Бұл сауалды кiм күттi? Көлге сонда тiл бiттi: – Көрiнсем де кейбiреуге мұнартып, Жүрегiне ешкiмнiң, Жүрген емен қайғы салып, мұң артып, Ал сендердей тайызбен сырлас болғанша, Үндемей-ақ жатқанымның өзi мың артық! ТАУЫҚ ПЕН ИТ Қауiптi жерде Қорықпай-ақ Тауықты жеуге Əбден болатынына Ойы жетпей, Ойы жетсе, Биiктегi тауыққа бойы жетпей, Дымы құрып тұрғанда Үй қасында, Итке тауық тiл қатты: – Ей, қояншық! Бастарың Сопиғаны болмаса, Мен сияқты Талдың биiк бұтағында Бiр отырып көрмеген Сенiң үрiм-бұтағың да...

─ 25 ─ Ал, қысқасы, Жастарың да, кəрiң де, қояншығы ұстайтын Делқұлысың бəрiң де. – Мұқататын сенбiсiң, Мен сияқты жақсы иттi? – Деп өзiнше iшi күйiп, Ит тауыққа тiсiн ақситты: – Шөжелерiң шиқылдап, Ел-жұртқа сөз болдың, Ендi маған кез келдiң. Намыс өтпес жындысың, Егер көк ми болмасаң, Табар ең ғой жұмыртқаның жүндiсiн! БҰЛБҰЛ МЕН СҰҢҚАР – О, құрметтi, сұңқар аға! Дос-жарынан бұлбұлда Жасыратын сыр бола ма? Айт десеңiз айтайын, Дүйсенбiдей қатты күнi емес, Сəрсенбiнiң сəттi күнi. Таң азаннан кешке дейiн Сайрап-сайрап шаршадым, Есектердiң қорасының басында. Сонда да олар: «Талантың Жоқ екен, – дедi, – расында». – Беу, шiркiн-ай, Жас құстардың талабын қайтарған сiрə оңар ма? Сана... сезiм, парасат, Ес жоқ екен оларда... Бұлбұл iнiм, шынымен Қалыпсың ғой өкiнiп Ал тегiнде

─ 26 ─ Айтқаныңды өтiрiк, Өсек дер кiм?.. * Бұлбұлдың да есi жоқ қой Орманға емес, қорасына кеп сайраған есектердiң... ƏУКЕМБАЙ ҒА БIР АҚЫЛ Түн iшiнде Сүрiнiп-қағынып келген, Бiр баласын Əбден-ақ сағынып келген Айназ əжей Əукембайдан Бiр əңгiме есiттi: – Күн соғып кетер демей, Жын соғып кетер демей, Алыстан, – Зiнəшiт, алыстан келдiңiз. Сондағы əукем бар деп, Əукемнен Сəукем бар деп Əкелгенiң бес кiлə Сырдың күрiшi. Ол да болса, Өзiмiздiң селитрасы мол қырдың күрiшi. Ау, бұныңыз немене, Бiр шетiн ит тiстеген Е, е... ет екен ғой пiспеген, Қазанға сап қайнатып, Баламызға шайнатып, Жегiзбесек, Оңынан келмей жүргенде iсiмiз, Бəрiмiздiң бiр түн iшiнде «Өлең» айтып кетпесiн iшiмiз. Қап, апа-ай!

─ 27 ─ Адамның құны емес қой, Қауын əкелмепсiз, Қарбыздың да iшi түспегенiн, Сауын əкелмепсiз. Ендi келсең, Немереңе күшiк, Келiнiңе iшiк ала кел. Өзiмнiң жоқ едi бесiншi кəлөшiм. Айтқандай, қызыма... * Қызыңа жетiншi «Желiнқап» сұрағын, Келмейтiн болса егер намысың. БҰЛБҰЛ МЕН ТАУЫҚ – Барынан жоғы тəуiр қанатын, Ертеңгiсiн Қатты-қатты қағатын. Сосын Баратын Қамыстардың арасына... Əтешiң аман ба? – Қызылы ма, қарасы ма? – Қарасы... – Е, оның қоқырсық ақтарып, Жазылып кеткен жарасы. – Қызылың ше? – Ол оңбаған Опасыздау аз ғана. Мен жоқ кезде Қырындайды екен қазға да... – Жалпы, Содан ашқан Жұмыртқаң нешеу?

─ 28 ─ – Құдайға шүкiр, Бе-сеу. – Бар екен ғой бес бақытың, несiбiң. – Бəрiн-дағы қанаттыға қақтырмай, Бауырыма басып өсiрдiм... Күн шығып кеттi, тоқта, Басқа айтарың жоқ па? Ал, шынында, Бесеудiң төртеуiн Тауық жарып алған. Тiптi, жалғыз жұмыртқасының да Өзге ұяда жаны қалған. БАС БОЛМАСА «Күшiк те болса бiледi, Ұмытпасам, қызталақ: Бұғылардың құйрықтары бiр елi. Шошқанiкi онан-дағы қысқарақ. Ау, бауырым, таңым бар ғой тағы да Кеудесiне мақтанатын пiлге де... Құйрықтары о сорлының бағына Жез қамшыдай бiрдеңе. Қысқасы, құйрығына өзгенiң Көңлiм менiң толмайды. Неге олар бiздердiкi сияқты Əрi ұзын, əрi мамық болмайды?» – Деп, Итекеңдер ымырт түссе ертерек Бiр-бiрiне ешкiм жоқта еркелеп, Тастақ жақта ауыз-мұрын жаласар.

─ 29 ─ Бас болмаса, Құйрығым бар деп Мақтанбаған жарасар. ПЫШАҚ ПЕН ИНЕ Өткiр пышақ Қындағы, Бiр иненiң Өкпе-назын тыңдады. Тыңдап-тыңдап Пiкiр айтты: «Мен сенi Iнiм деушi ем еңселi. Əзiлi жоқ сөзiмнiң Бiр-екi жауап айтайын Сұрағыңа ендi өзiңнiң. Көп көрдiм дейсiң Əлдекiмдердiң зорлығын, Рас, Əдiлетсiздiк көрсем, менiң де Келедi ит қорлығым. ...Кей бөздердiң Жыртықтарын жiбек жiппен орап ең, Сол үшiн де доссыз қалдың, сорлы iнiм!..» КЕЙIНГI ТҮСIНIСУ Тұмсығы Зеңбiректiң оғындай, Көздерi Сексеуiлдiң шоғындай Қара қасқыр Талай жаққа қаңғырды. Ишарат-ымды бiлмейтiн Бөлтiрiктерiнiң аузын қара қан қылды. Бүгiн, мiне, түн бойғы «еңбегi»

─ 30 ─ Кеткендей бiр желге ұшып, Бөлтiрiктерiне тағы да Сес көрсеттi жер құшып: – құдайға шүкiр, Бар жағымыз тегiс емес. Не болмаса Жайқалып жатқан егiс емес, Жар ғой... Олай болса, талайды омақастыруға мүмкiндiк бар ғой? Демек ендi баяғы Көңiлшектiк əдеттердi тастаймыз. Тастаймыз да омақастыру «ойынын» Қане, кiмнен бастаймыз? – Құс патшасы сұңқардан... Я болмаса тұлпардан... Айта берсең, елiк түгiл, керiк те Бiр-бiрiне қиянат iстемейдi. Сондықтан да бұларды Ит өлiп Жатқан орға Күмп еткiзiңдер итерiп. Оншама зерек емес Ешкiлерге Əурешiлiк керек емес. Неге десең, бұ байғұстар бiр-бiрiн, Өздерi-ақ орға сүзiп түсiрер. * Кей ешкiлер бiр-бiрiнiң қадiрiн Қасқырларға жем болғанда түсiнер.

─ 31 ─ ƏТЕШ ПЕН ТАУЫҚ Əлдекiмдерден Келетiн бiр қауiп бар. Тұмсықтары болған соң ба алтыннан, Далаға көп шықпайды тауықтар, Қоқырсық та түртпейдi. Əтешiмен бiрақ та Шоқысқаны бiтпейдi. Сүйгенiнен емес, Əтеш байғұс күйгенiнен Тауығына бүгiн бет бұрмады. Ит жыны кеп, тырысып Тауық та тек тұрмады: – Сен бейбақтың бағыңа Мен бар екем тағы да. Менiң арқам емес пе, Көп əтештен жүргенiң əлi зор болып? Əйтпегенде бiр аққуға үйленiп, Өлер едiң қор болып. – Сен дiмкəстiң бағыңа Мен кез боппын тағы да. Осыған да шүкiр де, Баяғыда қыран деген бүкiрге Тiк басыңды игенiңде, Құдай ұрып Сол шəлтiкке тигенiңде, Жастай арам қатар ең. Осы күнi айдаһарға жем болып, Жəһаннамда жатар ең. – Атың өшкiр, əтеш-ау, Қаршадайдан қағынған, Шөжелердiң əкесi-ау, Тiл-жағыңа от тисiн. Саған да, ендеше, оқ тисiн! – Тарт тiлiңдi, Қоқаңдама, секiрме.

─ 32 ─ – Сен де бүйтiп Қопаңдама, жекiрме! – Ұмыттың ба өткендi... Ертелi-кеш «Жаным»– деп ең қолыңа Жүрегiмнiң «алтын кiлтi» тигенше. Сендей сұңғыт əтешке, Сонда басты игенше, Неге ғана етегiн Ұстамағам басқаның?! * Ақымақтықтан осындай Саусыңдар ма, жас қауым? ҚАРҒ А Тереңге тамырлары таралып, Көктемнiң шуағынан нəр алып, Қуаныштан жапырағы жайқалып, Бақыттылығы тұрған кезде байқалып, Өрiктiң ең алдағы Мақтаншақтау бiреуi Шаттығын жасыра да алмады: – Бұл қызықты өмiрдi Жiбердiк-ау бастап та. Бiздер мықты екенбiз Өсiп шыққан тастақта... Осы кезде бiр қарға Ұшпақ едi шарықтап, Өрiктiң айтқан сөздерiн Құлағы дереу шалып қап: – Сөздерiңе құлақ сап Тұрғаным үшiн ұрыссаңдар, ұрсыңдар. Бiрақ сендер Не деп бөсiп тұрсыңдар?

─ 33 ─ Қайта оның орнына Шындық жағын ұқ, түсiн... Мықты болсаң, Бiзге емес, өзiңдей Осалдарға мықтысың. Негiзiнде, ұқтың ба? Күштi əрi мықтың да – Тесiп шыққан темiрдi Мына жатқан кетпеннiң,– Сабы!– дедi, – Сұрағың бар ма тағы?– дедi. ƏМБЕБАП Бiр кiшкене орманға Əңгi ұрпағы– Есек басшы болғанда, Оның алыс-жақындағы Iздеп келiп, Өкпе айтты жақындары; – Белгiлi-ақ болса да Ибасыздау, Имансыздау екенi, Бос орынның бiрiне Серкеұлы Текенi, Екiншiсiне Туыстар мен достарды Шет қалдырып, Отырғызғаның не қошқарды? Маңырамаса да, Аңыраған соң жақындары, Есек байғұс туыстарына амалсыз Жақындады: – Өйткенiмнiң мəнiсi– Жоқтығынан емес есiм... Естiген жұрт: «Жаңа басшы Əмбебап екен»– десiн.

─ 34 ─ АТАСЫ МЕН БАЛАСЫ – Балам, Қағынғаннан емес, Сағынғаннан Екi көзiм алақтап, От-басыңа қарай Шауып келдiм далақтап. Үлде мен бүлде көрмей, Мүрде көргендей неге сонша түңiлдiң? Бүйтiп қақиғанша Жүрегiме бiр сəт үңiлгiн. Жақсы жiгiт Аталы сөзге тоқталады. Барлық үмiт– сендерде, Əйтпесеки, бiздiң əулет жоқ болады! Сосын бақыт деген Айлықпен, Байлықпен, Алтынмен де өлшенбейдi. Қартайғанда мына əкең Немере сүйiп өлсем дейдi! Бiр жағынан, балалы үйдiң Дастарқанынан береке кетпейдi. Кейбiр заржақтар да «Бұдан бетер бол!»– деп келеке етпейдi. – Ата деймiн, ата, Асықпа пока. Не, сен маған Тоқтау айтқалы келдiң бе? Əлде, Жоқтау айтқалы келдiң бе? Жүргелi тұрмын... жиылып қалған «Жырларың» болса түгел айт. Түгел айт та, ешбiр жаққа бұрылмай, Ауылға тiке қайт!

─ 35 ─ – Қайтпағанда қайтейiн? Бүкшиген анаң байғұстың Бiр сəлемiн айтпағанда қайтейiн? Жұмыртқадан жүн қырқып, Тiлiмен жұлдыз құлатқан Естiп ем ұзын құлақтан... «Жигули» апсың, Құтты болсын, Қалдыбай. – Оның, ата, Қаңқасы ғана қалды ғой... – Солай де... I-i-м-м... Батырхан-екең Тiрiдей тұздап, Қу шалды əбден қатырған екен. Ə, мейлi, ендi алдың– қыс... Кемiңдi ойла, Келiндi ойла. Айтқандай осы, Келiн қайда? – Мана таңсəрiде Абортқа кеткен... – Сөзiңдi, қане, қайтала?! Апорт болғанда... сонда... Алма терiп қайта ма? Əй-əй-əй-əй! Ай-ай-ай-ай! Қыстың iшiнде қағынып Апорт тергiш келiндер-ай! Ұшып кетпей басынан Аман-есен келiңдер-ай!

─ 36 ─ «ҚАЙТЫП КЕЛГЕН ҚЫЗ...» «Мен сенен, апа, Көп үмiт күткен едiм. Бiр айыбың – алтынмен аптап, Күмiспен күптемедiң. Содан ба, со жылы Бiр дегелекпен бөтен жұртты қыстап кеттiм. Ал одан кейiнгi қағынғыр жылы Басқа бiреудiң етегiн ұстап кеттiм. Қыз байғұс барған жерiнде Тынбайын деп тынбайды ма? Бiр нəмəрттiң Сөзiн сөз-ақ деп тыңдайды да... Ашып айтсақ: Кимешегi киiлген Бiз байғұсқа Имешегi иiлген Əлгi байғұс Бiр күнi үйiңе келiп кiредi. Уəдесi жұлдыздан төмен түспегесiн, Iшiңе желiк кiредi. Бiреудiң айтуынша, Ерiккен жаман екен. Жоқ, ерiккеннен Желiккен жаман екен. Ерiккен Ел бiлгiш деп бұрыс айтады. Желiккен Желпiнгiш дегендер дұрыс айтады. Олай да желпiнiп, Былай да желпiнiп, Үлкеннiң алдын Талай мəрте кесiп өттiм. Бара-бара «Алтын! Алтын!» деп Кергудi кəсiп еттiм.

─ 37 ─ Бұл кəсiппен Болмайды екен жан сақтап. Қызылкөзiм бiрте-бiрте Босағамнан алшақтап, Соттастым. Осыменен Екiншi рет от бастым. Желпiну мен кергудiң Көрдiң бе жарамсызын?.. – Өзiң құрттай болсаң да, Аяқ алысың жаман, қызым?.. Əлi де талай алдыңнан Бұралаң-бұлың жол шығар. Ал мынаны есiңе Сап қойғаным жөн шығар... – Ертеде маған тарттың!– деп Тыжырынбай-ақ мақтап ең ғой? – Əй, қызым-ай, Байқұсым-ай, Қимайды ғой жамандауға Құс – екеш құс та ұясын... Шыжғыртып шынымды айттым, Несiне тұштиясың? О баста Менi көрсе тентектiгi басылып, Аяғыма Сонадайдан бас ұрып, Көз жасы көл болғандар Үш кiсi едi. Бiрiншiсi – Ұшқыш едi. Қалған екеуi iшкiш едi. Үшеуiн де сотта отырып Жоқтау айтып, жоқтағанмын. Сосын шал да болса əкеңнiң Есiгiне мықтап тоқтағанмын. Содан

─ 38 ─ Тырп етуге шамам болды ма? Əкеңдi жалмап сен тудың, Жаман болды ма? Сорымды құртып, Қалжыраттың. Əнеугүнi Алатаудан хат жазып, Қан жылаттың... Сол хатыңда: «Не тiлегiң болса, айт!» – депсiң. Қане, құлағыма-ақ сыбырла, Бұдан былай қайтпексiң? – Үйленсем деп Сөз бастап бiр бала жүр. Сыртымнан Көз тастап бiр қара жүр. Алғашқысының Талай-талай кемiсiн көрдiм. Соңғысы «Волгалы» жiгiт көрiнедi, Сiрəзу келiсiм бердiм. Менiкi бұл.., Келiсiм дейсiң қай тəуiр?.. Өстiп жүрiп.. бұзылып Кетпесем болды əйтеуiр!.. «ӨЗIҢ БIЛ...» Қос құлағым қалқиғанда, Қозы қарным қампиғанда, Бөксе жағым балпиғанда, Өкше жағым жалпиғанда, Аяқтарым тарбиғанда, Атқа мiнiп жарбиғанда, Арақ iшiп, қылжиғанда, Қабырғаларым ыржиғанда, Ай маңдайым мыржиғанда Отызға кеп тыржиғанда,–

─ 39 ─ Он гүлiнен бiр гүлi де ашылмаған, «Сүйемiн» деп Бiр жазғанның мойнына асылмаған, Бiр қыз бiздiкiне «қонақтап», Тас қараңғы үйдiң көзi жарқ еттi. Ойда жоқта Қағанағымды қарқ, сағанағымды сарқ еттi. Сарқ еткен соң ба, қарық еткен соң ба, Түктi де одан аямадым. Шекесiнен шертпей Аяладым: «Отқа түскен мұздайын Қой, тынышын бұзбайын...» Бара жатты ма сөзi ұнап, Өзiм-ақ Түнде тұрып, пеш жақтым. Бара-бара Ерте оянып, кеш жаттым. Не керек, ол үйге аяғын басқалы Бiр рет күбi пiскен жоқ. Ал мен пiскен күбiнiң Түбi əлi түскен жоқ. Бұл, Сiрə, сiзге шаққан мұңым ба? Өтiрiк емес мұным да, Бетi-қолын шаятын Суына дейiн тасып қоям. Сексеуiлдiң қышып жатқан желкесiн Балтаменен «қасып» қоям. Қысқасы, бұл қояншық келгелi Бiр қайғым бесеу болды. Шашым – сыпырғы, Қолым көсеу болды. Сөйткендегi көк долым Ар-ұяттың Шешiп тастап көк тонын, «Күшiктерiн» төркiнге

─ 40 ─ Қыңсылатып бастап кетiптi: «қолынан оқтауы түспес», Тамағы пiспес, Күңбай! Атыңды Бiздiң жаққа жайдақ мiнбей, Кiсен сап қой аяғына. Айтпақшы, есiңде ме, Баяғыда Пушкин атаң: «Простое – Вы, Чудесное – Ты» деген екен. Мен де саған «Сiз-бiз» деп иiлетiн Əдетiңдi тый дегем. Ал сен бiрақ Иiлудi одан бетер үдеттiң. «Көзiңiз айдай, Сөзiңiз майдай»,– Деп жүрегiмдi жүдеттiң. Еркектiгiңе таң қалдым Сендiк осы жүректiң... Кеше тағы да «Америка» аштың өзiңше. Колхоздан iс тапқандардың емес, Əбден тiс қаққандардың көзiнше Көше жаққа күл тасып Шыққаның қай сасқаның? Күл түгiлi, қарамайды гүлге де Еркектерi басқаның. Бүйтiп отымнан кiрiп, Күлiмнен шықпай-ақ қой. Бетiңе айтқанға қабырғаң қайысып, Қабағыңды шытпай-ақ қой. Ей, малғұн-ау, Аяғымның тырнағын Ап тастамақ та болдың-ау. Қара бет боп сенен-ақ өлдiм-ау.

─ 41 ─ Шынын айтсам, Көлiңде қамыс жоқ екен. Өзiңде намыс жоқ екен. Қатын да бiр, Сен де бiр. Бүйтiп еркек болғанша Өмiрең қатып, жерге кiр!.. Қазанға қолың тиiп кетiп, Самауырдың құлағына жармаспасаң, Ар баспасаң, Жар баспасаң, Менiң алдымда жүнiң жығылып, Бұға бермесең, Əйелдiң iсiне басыңды сұға бермесең, Қалған гəптарымды Құлағыңа келiп айтам. Бiрақ осы шарттарымды Орындасаң ғана керi қайтам!..» Мұны оқып, Күңбайдың жүрегi бүлк еттi, Сонда да əдетiне басып: «Өзiң бiл»– деп күңк еттi. ШЫМШЫҚТЫҢ ШЫРҒАЛАҢЫ – Мына бүркiт, Иттiң ғана баласы. Қатарынан бұрын кiтап шығарып, Қағынып кеткенiн қарашы? Бүркiттер əдептен озып Қайда барады? Бүйте берсе, бəрiнде де Эгоистик сезiм пайда болады. Жə, тақырыптан ауытқыған Болар айып, Бүркiттiң мына бiр

─ 42 ─ Өлеңсымағына оралайық, «Тау басында тайраңдап Жүрген қойдың Киiзiне қонуды Мүлдем қойдым». «Көздi ашып-жұмғанша Шыршықтан су iшiп, Ертiстi жағаладым. Шошқаның мүйiзiн қағып. Аяғын тағаладым!..» Қойда киiз, Шошқада мүйiз Бар дегеннен жақсылық Шығады деп иегiм қышымайды. Жалпы, Бүрекеңнiң басқа да Өлеңдерiне ауызым тұщымайды. О, шiркiн-ай! Бұзылған сөздiң шырқын-ай! Да-а-а-а! Бiреуге бiреудiң «əй!» деуi де, Қиын боп кеттi бүгiнде. Бүркiттен бұқсақ, бұл сөздiң Айтпас едiк бiрiн де. Ал ендi тоқсан ауыз сөзiмiзге Тобықтай түйiн – iншалла айтайық. Қанаттары қатайып Қалғанына қарамай, Қарлығашты көрсе, қорқып Қипақтайтын, Нəуiрзектi көрсе, жортып Сипақтайтын, Мына милау бүркiттiң Кесек-те-е-й жинағы Басымызды қатырып, Шешек-т-е-й қинады. Сөйтiп, шымшық Бүркiтке батырды «тұмсық».

─ 43 ─ ҚАРҒ АНЫҢ РЕЦЕНЗИЯСЫ Құс жақсысы қорғайтын Шымшықтың, Тойыс торғайдың Мына жасыл кiтабын, Жасыл емес-ау, Асыл кiтабын Шарболаттай шыңдалып, аяқ жазған. Өмiр шындығын бос даурықпай, Шындыққа таяп жазған. Мəселен, Теректер тербелiп, Мұнда да Теңiздер шайқалады. Кiтаптың өн бойынан Тапқырлық байқалады. Ауылға көптен берi Қарасын да көрсетпейтiн, Таспен ұрсаң, Аспен ұрып, қорс етпейтiн Итекеңдi Арыстанға теңеуi де орынды. Қырғиға қитұрқыланып: «Надансың!»– демеуi де орынды. Бiр бөлiмде: «Шуламайды ұлардай. Сайрауды тегi бұлардай Құйқылжытып едi қай құстар? Қыста бар да, жазда жоқ Бiздiң осы байғұстар – Қарғалар азайып кеттi. Солардың өмiрiн Үлгi етiп жазайық!»– дептi. Жаннаттың суындай Тапшы пiкiр ме? Тапшы пiкiр! Бiр азамат батылы барып айтпаған

─ 44 ─ Жақсы пiкiр ме? Жақсы пiкiр! «Иiр ағаштікi сияқты Əр бетiнде көзi көп. Бiр ауыз да Тектi сөзi жоқ!»– Деп бiреулер Бостан-босқа қақсайды екен... Кiтап... тек бағасы мен Тираж жағынан ғана ақсайды екен!!! ҚАЛПАҚ ХИКАЯСЫ Ауылдың iшi тым ғажап қой. Онда не бар? Байғыздан басқа Дым да жоқ қой. Жағдай солай болғасын. Дiттегенiңдi шəһардан Табуың оңай болғасын Əтеш ақымақ Шақырмай жатып-ақ, Бiр шетiне қаланың жетiп қаламын. Мiне, бүгiн де қап алып, кетiп барамын. Асан мен Үсенiмнiң шешесi: – Көкесi, əй, көкесi!? Түрiң нақұрыс адам сияқтанбасын. Жеңгеңе жолықсаң, Сұрланған жүзiң шуақтанбасын. Келiншек көрсең, Қылжақтама. Қыз көрсең, Ыржақтама. Бiлесiң, Менiң қолым қысқыштай. Сенiң жолың Сызғыштай.

─ 45 ─ Тiк барып, Тiк қайтыңыз. Ұмытып қалып тəубасын, Жең iшiнде саудасын Қылғанға сəлем айтыңыз! Сайрап жатыр көкiрек, Егер қалпақ тапсаңыз, Жетедi ғой ақшаңыз, Алыңызшы көбiрек! Бағана жұмыстан Бейрұқсат кетiп қалдым. Мiне, Астанаға да жетiп бардым. Бiр дүкеннiң алдында Бiр топ əйел тұрған екен кезекте: – Не сатып жатыр? – Тұрған жоқпыз, əрине, кезек күтiп тезекке... Не керек екенiн бiзге айтып зарла, – дедi,– Егiзiңiз бар ма? – дедi. Барлығын айттым. Барлығының бiр қалпаққа Зарлығын айттым. – Вот соларға лайықты Импортный қалпақ кептi, ағайын. – Iздегенiм де сол едi, Үш-төртеуiн алайын. Қыс iшiнде Киiп-киiп тоздырсын. Басқадан атын оздырсын! О бастан-ақ Емес едiм əуметсiз. Он қалпақты сатушы Орап-орап бере салды нəубетсiз... Үйге келсем, əйелiм Тойыс, Жайпар деген «батыр-екем» Iстен келiп,

─ 46 ─ Ендi ғана шешiнiп жатыр екен; Қалпақтарды тығып қойып, Бiраз жалтақтаттым. Сөйттiм де мақтандым, – Қалпақ таптым! – Нешеуiн? – Тұп-тура бесеуiн... – Бесеуiн? Тiптi-тiптi тамаша... Күшiктерiң Киетiн бопты таласа... Ал ендi мына сеткеңдi Бiсмiлда деп ашайын. Iшiндегi құтты болғыр қалпаққа Сөйтiп шашу шашайын!– Деп қалды. Сөйткенiнше томпаңдап Егiздерiм де кеп қалды. – Қазiр... қазiр... судай жаңа Қалпақ киесiңдер. Əкелерiңнiң бетiнен Шөп-шөп сүйесiңдер. Бiр уақытта... Əбiлеттiң басқанын-ай. Мысық қуған тышқандай Сасқаным-ай... Маңдайым да Шып-шып терлей бастады. Жайпаржан сұқ саусағын шошайтып Тергей бастады: – Таста да, Анау қолыңдағы шылымды, Айтшы, қане, Имандай бар шыныңды, Мыналар не? қалпақ па? – Жоқ... – Мыналарың, қарашы,

─ 47 ─ Кiлең кепшiктер ғой. Қалпақ-ау деп алғаның Маған да үлкен лепшiктер ғой?! – Кепшiк болса, Кепшiк болар. Саған да үлкен лепшiк болса, Лепшiк болар. Асықпасаң, көкiрегiң толады ғой. Сонда саған мынаның Бəрi лайық болады ғой... Əйтпесе бекерден бекер Тулай бермей, Шибөрiдей шулай бермей, Ана Бұқпыш келiмсекке бер. Оған қимасаң, көкiрегi торсықтай Көршi үйдегi келiншекке бер. Бүйтiп... ашуыңның зəғары Тамшылағанда не пайда? Арық аттай менi көп Қамшылағанда не пайда? Онсыз-дағы iшкенiм, Бойыма тұр тарамай... Бiр топ əйел: «Егiздердiң қалпағы»,– деп тұрғасын Ала сап ем қарамай. Ендiгəрi жоқ iздеп Қалаға да бармаспын! Қап ала да бармаспын! Балаларға қалпақ түгiл, Жаңғақ та алмаспын!..

─ 48 ─ «НЕ АЙТПАҚ ЕҢ?» Не жетсiн, шiркiн, Отырғандарға бас қасып?.. Үй iшi жайбарақат бас қосып, Бəрi түстенiп отыр. Ағасы əлденеге тiстенiп отыр. Бұлардың да Сiңлiсiнiң аты Еңлiк, Iнiсiнiң аты Кебек едi. Екеуi ағасына Бiрдеңе демек едi. – Егер əулие болсаң да Озып кетпе əдептен! Қашанғы айтам, үндемей Тамақ жеуге əдеттен!– Деп, ағасы Сорпасын сораптады, Жанына жолатпады. Бiр кезде дастарқан да жиналды, Ағасы iнiлерiнiң шаруасын Сұрамауға қиналды: – Құдайға шүкiр, iшiмiзге Ел де қонды-ау! Не де болса əйтеуiр Кешегiден ерте қонды-ау! Мына жаман ағаңа Не айтпақ еңдер бағана? – Лажымыз да жоқ ендi Əттең-ай демеске. Ендi кеш қалдық емес пе? Айтсам егер шынымды, Iшiп қойдыңыз лықытып Көжеге түскен шыбынды!..

─ 49 ─ Əр жылдар – ар жылдар жырлары ТАШКЕНТ Арайлап атқан таң қандай, Жүзiңнен нұр тамғандай. Бiр көрген жан өзiңдi Кете алмас таңданбай. Кернейлетiп көктемi, Тау-тасы да көктедi. Ұл-қыздары таласар Жұлдыздармен көктегi. Қайырмасы: Данадай сөз бастаған Алысқа көз тастаған Ару қала – Тас қалам. Тас қала ғой бас қалам Артық көрем басқадан. Көкте самғап бар құсың, Бауырлары балқысын. Қызыл шапақ шаттығың Шыршығыңдай шалқысын. Бақытыма айналған Жазираңа жайланғам. Бiзден басқа кiмiң бар Жiпсiз саған байланған?! Қайырмасы: 18.09.2007 жыл.

─ 50 ─ БЕСIКТАУ Қадiрге жету болған соң арзу-арманы ердiң, Бiр тасыңды да баспадым ойнап. Бесiктау, жаным, болсам мен сендей ардағы елдiң, Жүре ме екем бас қамын ойлап?.. Желкенi берiк жер-көгiң келiп бас иетiн үйдi, Жағалай ағып өзенiң өтер. Зiлмауыр түнде арс етiп жыққан қасiрет-итiң Өрiмтал өмiр өзегiн өртер. Бiр параң сенiң – Төле би берген даналық– дəрiс Əдiлдiк сынды ойымда болар. Абзалкеш жанға ақ сүтпен енген балалық парыз Өтелмей кейде мойында қалар. Қол жетпес сенiң шыңыңа бiр-ақ кеп қонсам ба деп Қырандар жүр-ау ойланып көптен. Қазақтың тұңғыш бесiгi, сiрə, сен болсаң керек Көгiлдiр тауға айналып кеткен... ТУ ҒАН ЖЕР Қуантсын қалай құлқын iсi? Туған жердiң гүл– тынысы, Бақ-береке– бұлқынысы, Жақсы үмiт– жұлқынысы, Қадiр, қасиет– құлшынысы, Нұр мен сəуле– жыршы құсы, Ай– батысы, Күн – шығысы. Түсiнемiн қырсығы шын Кей «жақсының» күрсiнiсiн. «Туған жер» деп сыртың емес, Ең алдымен күлсiн iшiң!.. 09.02 2005 жыл. Таукент.

─ 51 ─ Тiршiлiктiң болсын да желкенi аман, Ақ бөкендей жалғанда желген адам, Адалдықтың базарын қызықтамай, Шырт түкiрiп келедi жерге надан. Жаманаттың жыланы жанында өрiп, Дəмнiң алдын– жеп үстi нанын бөлiп. Сонда-дағы, шiркiн-ай, жұмыр жердiң Тұрған да жоқ бойынан жалын көрiп. Адамдық па? Қып-қызыл надандық ол... Жұмыр жерiм етпеген адамды қор. Жұмыр жерiм өсiрдi ағашты да Қанын берiп, сенбесең анарды көр!.. * Болған соң жөн де басқа, жол да басқа, Е, құдайым, жап-жақсы жолға баста. Көк аспан, Жарық Күннiң қуатын ап, Ер жiгiт туған жерiн қолдамас па?! Атаның Бөлiп берген жетегiндей, Ыстық жер жоқ Тəшкеннiң етегiндей. Қашан да жұлдыздары жақын маған Қол созсам, төгiлiп бiр кететiндей... 07.12. 2005 жыл. Ардың ауылы мəурiтсiз шетте қалып, Надандыққа тəслiм боп кеткенi анық. Жанар-көзге жас толар көрмəдiктер Тұрар болса арп етiп беттен алып.

─ 52 ─ Айна-көңiл Сонда да тұр сынбастан, Бiздiң жаққа аяғы құрсын басқан. Қолы арам адалдық жайлы бiрақ Сөз толғайды құдайдан қымсынбастан. Бiздердей Бұлардың да анасы бар, Қайыры жоқ халқына аласұрар. Бiр жанға жең болармын деген жанды Жем қылып, тамағынан əрi асырар. Бəрi аққу ма көлге құс толғанымен? Iсi жоқ оңғанымен, тоңғанымен. Таңымыз, жанымыз бiр дүниеде Азамат аз, адам көп болғанымен... 09.02. 1996 жыл. Ешкiмнiң аттағам жоқ ала жiбiн, Елдiң қамы– Көтерген дара жүгiм Өкпелi маған жан бар айыра алмай Жақсы менен жаманның ара жiгiн. Көп бұлтты Көшiргенмен ауыл əрi, Дiлiмде сол себептен дауыл əлi. Қырықты қарсы маған қайрамаса, Бiр жерi байғұстардың ауырады. Дүрия-дiл бiраз жайды байыптайды, Бұл дерттен ендi бұлар айықпайды. «Жүргенмен арамызда, Бөлектенiп Тұрасың» деп те менi айыптайды.

─ 53 ─ Сырымды Құшқым келген қалаға айтам, Төсiнде Ұшқым келген далаға айтам, Аққайың бастан жалғыз болғанымен, Тұрмай ма дараланып қарағайдан?! 27.02. 1994 жыл. Етегiңе жабы деп айдап барған Керқұла ат болмас па байтаққа арман? Жай таппайтын жанымның жаман атын Жерiң бар ма жəһанда байқап қалған? Түсiп кетiп жүз өрiм қамшы қолдан, Сен дегенде көзiме тамшы қонған. Туған жерiн елемеу теңiм бе бұл, Қашан саған, Бесiктау, қарсы болғам? Несiн сенен аясын əншi жiгiт... Керек десең жүректi алшы жұлып. Құшағыңа ертерек жеткiм келсе, Сонда ғана шығамын қарсы жүрiп... АНА ТIЛIМ Сəт кеп кiрсең Самарқанның iшiне, Əуре болма шырақ жағып iшiңе. Регистанда Сүйсiнедi ДҮНИЕ Жалаңтөстей баһадүрдiң iсiне. Ағайынның өтсе-дағы азары, Аз қызбаған балалы үй – базары. Тiллəқары, Шердарының көркiндей Ер Жалаңтөс бабамыздың ажары.

─ 54 ─ Сенiң үшiн желке кеткен қиылып, Қам көңiлдiң қашан-дағы күйiн ұқ. Əз Əйтекем Нұратада туыпты Мүбəрак бiр нұрың сенiң құйылып. Ұл-қызыңды жетелеп бұл сан арман, Керi соққан дауылдардан, самалдан Аман-есен алып өткен Самарқан Алшынға да ата қоныс саналған. Қара бастан заман өтiп əрқилы, Қалдаш тартса кемтар қолмен ар-күйдi, Сенiң даусың Тауелiбай төрiнен Зарафшан боп, Əму болып шалқиды. Сенiң даусың: «Тастарыңды қия атпа, Тиiп жүрер жазатайым қияққа...» Сенi жерге қаратсақ та қаншама, Сен бiздердi қалдырмайсың ұятқа. Сырнайымен көздiң жасын ыршытқан Құтбай болып алдарыңнан Сыр шыққан. Маңдайыңның бағы шығар дауысың Асқақтаса Ташкент пенен Шыршықтан. Əр қадамың – гүл бiтетiн нұр қадам, Сенiң даусың асты талай қырқадан. Əуелетiп əнұранын қазақтың Алғаш менiң Жамал апам шырқаған. Аққулары сампылдасып көлiнде, Жұлдыздары жарқыраған көгiнде. Елдiгiң мен ерлiгiңдi паш еткен Елтаңба да туған Төле төрiнде. Елiккен мен ерiккенге ермейдi, Ел баласы елiменен ерлейдi.

─ 55 ─ Қара көзiн бес жүз қырық мектептiң Сенiң даусың бесiк болып тербейдi. Жер бетiнде боп кеткенше бiр нүкте, Алдан аққан су қадiрiн бiлдiк пе? Ана тiлiм! Ташкенiмнiң төрiнен Төле болып шақырасың бiрлiкке. Бəрiмiзде Мақсат анық, бағыт бiр, Жүрген жоқпыз дүниеге бағып құр. Аз ба, көп пе, бес жүз қырық мектептiң Жүрегiнде семiп қалмай, ағып тұр, Сылдыратып қоңырауын қағып тұр! СЕН ҮШIН, БЕЙБIТ КҮН! Шаптықпаны шат қылған Шапағатсыз шақтағы күйдi ұқпадық,– Үзiлуге шақ тұрған Жүйкемiздi тауысты титықтатып. «Таң қалдырып» əлемдi, Тiршiлiкте тiрлiктi көп iстеген Бұлар үшiн əпендi Əзiлiндей гəп те бiр соғыс деген... Кесiрiнен бейқұттың Саусақтарым барады жұмылып та. Бiр сен үшiн, бейбiт күн, Жүрегiм де айналар жұдырыққа!..

─ 56 ─ ЖҰЛДЫЗДАР Қош айтқандай қиқулап бiр құсқа анау, Қайтып осы баратқан жыл құстары-ау. Қатарының үзiлiп, бұзылғаны– Кесепаты өсектiң, жұлдыздар-ау! Жұлдыздар-ау, саған бар далам ғашық, Көрiнбесең, қаламыз алаңдасып... Сендерге де өсектiң жеткенi ме, Болды екен нелiктен араң қашық?..

1979 жыл. Əжiкөл. АНАШЫМ (əнi бар) Өмiрде өзiм жалғыз, өзiм жаспын, Анашым, аяғыңды өзiң басқын. Жалғанда сен өлгенмен, жер тоймайды Қинамай жалғызыңды, көзiңдi ашқын. Ойлай ма сенi ойнап ауырған деп, Халiңдi сұрамайды ауылдан кеп. Тағдырдың тауқыметiн өзге емес, Тарттың-ау ағайын мен бауырдан көп. Наданға келiсiм не, керiсiң не, Тас жүрек алтын құйсаң, ерiсiн бе? Жатырсың палатада жалғыз сұлық, Болмас па жадырасаң ел iшiнде? Болдым ба сiздiң əбден жайдан безер, Жүрегiм менiң ендi майдан кезер. Орныңнан бiр тұра алмай жатырсың-ау, Өзгелер бұл қайғыңды қайдан сезер?

─ 57 ─ Бiр қайғың ендi сенiң тарқамас та, Жатырсың өйткенi сен тар қапаста. Анашым, бар қайратты бойға жиып, Арайлы таңға баста. Тауға баста. Өтедi өмiр – өзен бiр-ақ толып, Алатын секiлдiсiң жырақ қонып. Кiм менiң түнегiмдi жарық етер, Өлгенше сен сияқты шырақ болып? КӨБЕЛЕГIМ Надандардың көргенде бұзық iсiн, Өкiнгеннен кетедi қызып iшiң. Мың қоңыздан абзалдау, көбелегiм, Қуды сенi кей надан қызық үшiн. Болмаса да бас жарып, тiс қанаған, Жұдырығын көбейдi қысқан адам. Көбелегiм, көрiнбей кетiп едiң, Шығыпсың ғой сен-дағы қыстан аман. Шөлiң қанбай бұл суға, шөлдедiң бе, Жалғыз жүрсiң нелiктен көл шетiнде? Қараңғыда ұшпашы... бiр жапалақ Қағып кетпес дейсiң бе көрсе түнде..? * Үстiне келiп қонбай таза тастың, Аққумен қатар ұшқан, қаз, адастың! Арият– ар-ұяттан жұрдай болып, Келмейдi менiң-дағы жаза басқым. Демеймiн: «Басқа жолға бекер өттiм», Қаламын Абай-дүрдiң өнер еттiм.

─ 58 ─ Бiтiспес жау да – жалғыз, майдан – жалғыз, Жанып келем iшiнде өлең-оттың. Ұясын ар-аққудың бұздың деме, Байлап жүр бағымызды құзғын неме. Төбесiн бiр қылтитып астанадан Шықпайды гүл-жырымыз бiздiң неге? Бұл арзу-арманым ғой мол аңсаған, Жетпей жүр жариялауға– оған шамам. Түк емес астанадан шықпағаны, Жүректен шықпағаны одан жаман... ШЫНАР Етегiңдi сал-самал құша қалып, Əлсiн-əлсiн соғады жазық беттен. Бұтақтарың толған ат...пышақ алып Есiмдерiн надандар жазып кеткен. Бұтақтарың толған ат, қайран қалдым: Соншалықты көбiн-ай шатпақтардың. Қайырымы жоқ қайырсыз қайрандардың, Шапқаты жоқ аты бар Шапқаттардың. Айнадай ақ жүзiңдi қаралапты (Есi барлар бүйтпейтiн шығар деп ем). Жарық талап жаныңды жаралапты, Жаралапты бiр қыз да Шынар деген. Сондай iсiн көргенмен адамдардың, Алтын күнiм бар нұрын құйып кеп тұр. Сен осы өскен сайын надандардың Есiмдерi барады биiктеп бiр... 1977 жыл.

─ 59 ─ Бұлбұлдай болған соң ба даусым ашық, Таулардан тұрар кейде даусым асып. Төменде тiршiлiгi алмағайып Балапандар қояды аузын ашып. Қанаты қатаймаған қарақтарым Ұқпайды тұмсығын кiм қанатқанын. Əйтеуiр қонып жатыр өмiр– көлге Сабалап алма-кезек қанаттарын. Жалғанда жазығы не құрдай құстың, Жем болмау– бар арманы бұл байғұстың. Қасыңдағы торғай да аққу емес, Қанатының астында бiр байғыздың... Байғыздың отырмайсың үнiн бағып Келген соң өмiрге бұл күлiм қағып. Қайтарда көтерiлуге шамаң келмей, Болмас па батар күндей күнiң ғарiп?! 12.02.1975 жыл. Таукент. БОРАН ҚЫДЫРОВҚА Алмаймын сенi досыңа ақтай: Биiктен ұшып түстiң де, Толқыныңа қосыла ақпай, Жатырсың құмақ үстiнде. Жағаға түскен бiр сен бе... Мен-дағы жалғыз тамшымын. Теңiзден гөрi бiлсеңдер Дастаны ұзақ тамшының... 1976 жыл. Кемерден

─ 60 ─ Шот та емес, атасының кетпенiн Ауырсынбай көтерiп-ақ алыпты. – Досым,– дедiм,– күте тұршы, кетпегiн, Тазаласам бiрге барып арықты. Киiндiм де, бардым Рəштен қалыспай, Онда бiрақ ойнап босқа тұрмадым. Кiп-кiшкене болсам-дағы қамыстай, Күректi алып арық бетiн қырнадым. Бiр күндерi көктем келiп, Шағанға Болған шақта құстар тегiс қайтқандай, Арықтан су толып ақты маған да Ризалықпен үлкен алғыс айтқандай.

6.11.1977. Таукент. * Боранға, желге Намысқа осы тырысып шыдар Көрiнер көзге тым ыстық шынар. Сонда да ренжiп дейсiң-ау «Көкте Құламас талдар, тыныштық шығар...» Тұрса да, жаным, Бетiнде жердiң бiр ызғар налып, Бақыттың гүлiн жүр қыздар алып... Ал бiрақ көкте тыныштық болса, Несi бар онда жұлдыздар ағып?.. 28.08.1980 жыл. Көкмойын ауылы.

─ 61 ─ БЕРИНГ ТЕҢIЗIНЕ Отан қорғау! Бастап келген – осы үмiт,.. Қалдырмаймын мəңгi сенi, дос, ұмыт! Анадырдағы бақытымның тұсынан Талай шықтым толқыныңа қосылып. Əз жүрегi ақ боранда сыз етiп, Ендi, мiне, бара жатыр күз өтiп. Бiз кетемiз... сенiң жағаң бiрақ та Мəңгiлiкке қалады елдi күзетiп... 1973 жыл. Чукотка ЖIБЕРСЕ ДЕ... Жiберсе де ойымды он мың бөлiп, Бастан осы жүретiн қонғым келiп. Боран күнi жаралы қанатыммен, Адалдықтың көлiне қондым келiп. Надан болса кететiн елiк те оңбай, Өмiр мұнда барады желiп, тоңбай. Болмас, сiрə, тынышым қатарыма Бiзден кейiн ұшқандар келiп қонбай!.. 1971 жыл. Сарыағаш. КӨРГЕН ЖОҚ... Көрген жоқ көңлi тарлығын Қонған құс та көлiне. Достарының барлығын Отырғызған төрiне. Халқым қадiрi азаймас Жақсыға бас игеннен. Алтын қадiрi азаймас Ит тұмсығы тигенмен...

─ 62 ─ БАУЫРЫМ БОЛСАҢ... Жүрек-таудан шырқырай бiр ар ұшқан, Тынып қалдың нəр сыйлайтын ағыстан. Дүрiлдеген, дiрiлдеген күндер де Бiзге баға бередi əлi алыстан. Бет қызылдан айрылған жоқ,– Қорс етпей, Шаш ағарды: «Жақсылығын көрсек!» дей. Атаң сүйген адалдықтың аулынан Кетiп қалдың қараңды да көрсетпей. Қонымсыздың қолдарынан май iшiп, Ұяттың да белi кеттi майысып. Бақа түгiл, бұқа жұтқан жыланға Əлденеге қабырғаң жүр қайысып. Бұ надандық емес те ғой гүлден қат, Нең бар, қалқам, адалдықтан – дүрден қап? Баурым болсаң, жүрегiмнiң қақпасын Қолмен емес, жалындаған жырмен қақ!..

  1. 01. 1996 жыл. * Байшұбары жығылмай озып келген, Аяулысың жол жақтан тосып келген. Бiздiң əмбе айнамкөз анашымыз Соғыс отын Гитлерге қосып көмген. Арам еттi бiр надан-жылмаң асты, Тiлге тиек еттiк пе жырламасты? Шаңырақты шайқалтқан сол қиямет Бiткелi де қырық бiр жылдан асты. Мың мəрте болғанымен əке-шынар, Адамзаттың қазанат қатесi бар.

─ 63 ─ Желдi күнi желпiнiп, бəлкiм, бiздiң Соғыс бiттi деуiмiз қате шығар? Қайтсек-дағы оралды көктем күнi, Қолында жүр əркiмнiң күткен гүлi. Адамдықтан бiржола айрылармыз, Жүректегi ар – соғыс бiткен күнi!.. 1986 жыл * Жақсыға Мен де серiк, сен де серiк, Келiппiн көп наданға мен де сенiп. Ақ көңiл арман-тауға қол жетпейдi, Жолымызға кiлең тас, сең төселiп. Бұл өзi сөз емес-тi арман жайлы, Жалған жайлы жəне де орман жайлы. Қолтығын iнiлердiң сүйер ме деп, Жыр қылып ек бəрiңе болған жайды. Надандармен күреске тым құмар-ақ, Ағалар, Түрдiң бiлек, түрдiң балақ. Жан қию қайда қалың қазақ үшiн, Бiр шетте күңк-күңк етiп, тұрдың қарап. Биiк тауды аяқтан жайлап шалып, Жаттың ба сөз мəнiсiн айлап шағып... Ақылман– ел алдында «көсемсiңдер», Iнiнi бiр-бiрiне айдап салып. Шымбайымды шымшылап, жының бұрап, Атақ жайлы айтсаңдар, жырың-бұлақ... Қоңырқай бұқа мойным қиылар деп,

─ 64 ─ Алаштың тартқың да жоқ жүгiн бiрақ. Аппақ қана – Болғанмен Отан қардай, Бiр жерiм жоқ сендерден от алғандай. Үстiне кiтап артқан қос құлақ кiм, Сендер кiмсiң? Айырмаң одан қандай?!.. * Мəрт болсаң Бауыржандай Қол баста тек, Налыма, аман болсақ, жолдас та көп. Қаршадай қағынғанға Қайта-қайта Қақсадың: «Ол жүретiн жол басқа!»– деп. Оның рас, Сендерге кеттiк ермей, Келсең, кел, Жауар бұлттай көп түнермей. Ар-иман қалыс бiзге, не жазып ек, Қара жердi соншама тепкiлердей? Жүректi Болды жасын – көк тiлердей, Мен де тұрмын қасқиып Көктiм ердей!.. Қисайғанша ақи көз дұшпаныма, Кететiн болдым, шiркiн, кектi бермей. Қазақшылмын, Сонымды мiн еткен де, Жүрегiм Ұқсамай ма мұң еткенге. Өмiрдi жаннат екен дей алмаймын, Табаным көп тiлiнген мың өткелде. Менiмен

─ 65 ─ Күреске шын – кiрдiң қызып, Сен келгелi Басталды қырғын «қызық». Сөздерiң тау шығып та оңалмады, Қағынғыры екенсiң қырдың бұзық. Қу тiлiң Ит тiлiндей салақтаған, Бiрге iшсем – тамақ, Алсам – сабақ та арам. Бiреуi аз болардай жетi иненi Сенсiң ғой елге қарсы сабақтаған. Сенен де көп– Басқалар қыршып өткен, Қырықты Айдамақсың бiр шыбықпен. Көңiл тарлау болғанмен, Тiршiлiк кең. Ауыз-мұрын жаласып кiл шiрiкпен, Қара бастың қамы үшiн сен сияқты Оңа ма дүниеде ГҮЛ шiрiткен?! * Ашық емес Биiктiк, тереңге кiм? Нұрын шашып тұрған соң төбеңде күн. Кiсiнiң кiшкене бiр бақыты үшiн Өрлiктiң жынын қағып, төмендедiм. Күн соңынан бiлемiн түн ергенiн, Жауар бұлттай жиырылып, түнермедiм. Бəрi де – бақыт тiлер бауыр етiм, Қызғаныш отын, сiрə, тiлер ме едiм?.. Болса дедiм, мерейiң, бағың үстем, Бiр жүрекке əйтсе де бағынышты ем.

─ 66 ─ Тамаққа жас тығылып жыламастан, Кездессек екен, шiркiн, сағынышпен. Ақ бесiгiн Бiрiнiң қауыздағам, Бiрақ менi мақтамен бауыздаған. Түсiнiсер, Түсiнер тiрi жүрсе, Болғай да тым жұлқынғыш жауыз да аман...

08.01.2005 жыл. Таукент. ҚАЛПАҚ М. ЮСУФҚА Тiл деген не демейдi бос қойсаң «ауыздығын», Екiнiң бiрi осы, болып па, жауыз бүгiн? Еркемдi бiр сүйгенше, айбат сап не демедiң, Сенiң де емес пе бұл жауыздығың? Жалғыз да болса жұлым – жүрегi «жыртық» тайды, Алыпты көз астына маңдайы тыртық қайғы, Бұл байғұс қорқақ дейдi жол берсең сыйлағаннан, Елiм деген жаныңды жұрт ұқпайды. Тойғаннан болмас, сiрə, Америка – ел аспақсың, Келген соң туған жердiң төсiнен кен ашпақсың. Тұрсаң да оққа ұшқан аққуды тамашалап, Сен ерсiң, сен пəкиза, сен асқақсың! Айтыла қалса егер атыңа теңгедей сын, Алдыңа жан салмайсың желiккен жеңгедей шын. «Ақ киiз қалпақ кисек, Абылай болмаса да, Шерханнан бiр жерiмiз кем бе?»– дейсiң.

─ 67 ─ Нағыз ұл – қимасыңның мейiрiне ел қанбай ма? Бұлбұлдың мыңын кезек қондырар ер таңдайға. Суын iшкен көлiне шырт түкiртiп, қарап тұрар Ездер қайда, қайыспас Шерхан қайда?! Бауырым! Жан нұры мен таң нұрын төкшi адамға! Ақ адал ынсандардың көзiне шөп салам ба? Жiгiтке кием десе, бiзде де қалпақтар көп, Қалпаққа налайық бас одан да көп, шамамда... Егiске Қарай ағып батылырақ Бiр нəрсе айта алмай жүр батыр бұлақ. Еңiсте Асқақтауды бiлмей өскен Нелiктен кермиық тау жатыр құлап? қолда, рас қанша шалғы болғанымен Көктесiнiн шықпағам орғалы мен. Жаныма жастайынан жақын бiр тау, Барады көшiп ол да орманымен. Көрмеңдер Етегi бiр сəт тайсызынан, Бiр жақсы сөз естiдi қай қызынан? Көшедi не құлайды таулар кейде Қиыршық тасының да жайсызынан. 04.03.1981 жыл. ƏДIЛДIК Сiңлiм таудай расында Жаның аса пəк сенiң. Кiндiгiңдi жасыңда Кесiп едi ақ СЕНIМ.

─ 68 ─ Кiмнiң қара, ақтығын Айту едi мақсатың. Тастан берiк хақтығың Үшiн шықты жақсы атың. Махаббатты көргенде Опа деген қаладан, Сен едiң ғой көлден де Терең толқып қараған. Ездiк деген есектiң Ұнамас саған аяңы. Кейде сенi өсектiң Аз шалған жоқ аяғы. Өзiңдi бiрде жамандық Есiктен қойды шығармай. Болды-дағы амандық, Жайқалдың кейiн шынардай. Көз қырыңды сал тек бiзге О, əдiлдiк, еңселiм, Алпыста да, жетпiсте Көшеңнен өтем мен сенiң... 10.12.1979 жыл. ЖОҒ АРЫ ШЫРШЫҚ. ҚАРАСУ Жағаңның да өзгерiп сап кейпi күрт, Жүрегiңдi жегiдей-ақ жейдi құрт. Аппақ, мөлдiр тұнығыңды iшсе де, Сенi қара дейдi жұрт. Ашуымды Сезсiн олар, сезбесiн, Саған қосып менi де қара, ез десiн.

─ 69 ─ Тұл бойыңнан көргенiмiз жоқ бiздiң Жақсылықтан өзгесiн. Жерге түскен Тамшың егер қарайса, Сенi мейлi қара десiн қанайша. Əйтсе де бiр көңiл көзi ашықтар Қара деуге қияр сенi қалайша? Дархан тұста қараңдайсың, қарасу, Ертеңiңе алаңдайсың, қарасу. Бұл пəниде нахақ жаман атанған Сен де жақсы адамдайсың, қарасу!..

31.07.1980 жыл. Дархан Саған деген бар сезiм Өштi гүлдiң шоғындай. Жүрек тесер əр сөзiң Қырық бiрдiң оғындай. «Жеңiс» iзiн суытпай Шошайта түс саусақты. Атпасаң да, уықтай Қабырғалар қаусапты. Өмiр деген мəңгi ме? Мəңгi ме, аға, Мəңгi ме! Шалқайғаның шиқылдап – Шаттығыңнан əңгiме. Бақтың желi «төбеңде» қалып едi соқпастан. Жылап түстiң төменге, Оңай ма екен шоқ басқан?..

─ 70 ─ Ұқсасаң да желiмге, Қай iсiңдi мақталық? Аяқ басқан жерiңде Бара жатыр дақ қалып... Найзаларды саптай бер, Қылыштарды қаптай бер. Тындырғанды емес-ау, Сындырғанды мақтайды ел. Туды айтпай, жол қарап, Руды айтып қалдық па? Маңдайда тер сорғалап Таластым ба хандыққа? Бəрiн малып нұрға ойдың, Қалысқам жоқ дүрмектен. «Сен кiмсiң?» деп бiр қойдың, Кiмдiгiмдi бiлмеп пе ең? Аздың да бар көптiгi, Аштың да бар тоқтығы. Аға-iнi қырқысса, Ақыл-естiң жоқтығы. Бiздiң де жүрек жаралы, Оған қырттар баға ма? Тырнай берсең жараны, Қаннан басқа аға ма?!

15.12.1994 жыл. Тасқала. * Ардан аттап, адалдық бұрыс қалып, Демеймiз-ау, кiрестеп пұл ұсталық. Он жыл бойы көздiң майы – қағаз, қалам, Он жыл бойы тағы да гүл ұстадық.

─ 71 ─ Дiлдi бiрақ жаралап сөздiң оғы, Шын дүбiрден қап қойдық – сездiм оны. Шаш қалада тұлпарлар шапқан сайын, Жарқ етедi, құлдығым, көздiң оты. Күзден берi жүр едi Бөкеде ойым, Ойланумен ендiгi өтедi айым. Қайтып ем-ау, қайтып ем сонда боздап, Енесiнен айрылған ботадайын. Қызыл-жасыл дүние қапа емес пе Қайғы-жапа қашанғы қалар есте. Ұмытқанмен, баяғы жадау күндi, Жамау – күндер бəрiбiр салар еске. 1974 жыл. Анайбұлақ. ҚАЛАДА ҒЫ ҚОҢЫЗ БАУЫРЫМА... Өз-өзiңе жараспай пұшық «тұлғаң», Нəзiк көңлiң əр саққа ұшып тұрған. Өзiң жалғыз болсаң да, баз əдетiң Талайларды бiр көрсе ұшықтырған. Сыйға тартып сонда да дала гүлiн, Тойлап өттi қырқыңды қала бүгiн... Күмiс тұрмақ, алтынға аунасаң да, Ағармапты-ау, байғұс-ау, қаралығың... 06.09.1980 жыл. * Ақылман бiр құрдасым деп келдiм дала қосыңа, Не керемет, не қасиет көрсетiп ең досыңа? Басқан тауым ың-жыңдар мен мылжыңдардың арасы, Маған қылған сенiң шапқат-шарапатың осы ма?

─ 72 ─ «Анайбұлақ – жүз жылда да ер көгермес тастақ»,– деп, Жүргiң де бар надандықтың ауылына тастап кеп... Сен одан да қиын да болса, Отаныма, халқыма Деген байтақ махаббаттың көшесiне бастап кет!

1974 жыл. Анайбұлақ ЖАЛҒ ЫЗ ШЫНАР Жас қалам əбден осы ұшталғанша, Болдың сен жақсы күнге құштар қанша. Тербелiп кетпедiң бе, бұтағыңда Ұялап жаз бойына құстар қалса? Дауылы кейде өмiрдiң қатал есiп, Басыңа тас та тидi қателесiп. Өкiндiң тым құрыса бiр бəйтерек Жаныңда тұрмаған соң қатар өсiп. Қайырмасы: Аха-ау, жалғыз шынар, Қашан келсем, Алдымнан жалғыз шығар. Кей-кейде сағындырып көктем көптен, Жел-жiбек өзiңдi де өпкен беттен... Жапанда жаны ышқынған жалғыз шынар, Сен жайлы не демейдi өткен-кеткен?! Найзағай – жүрегiңдi аспан тескен, Сондықтан болғандайсың астан-кестен. Жалғыздық Алатаудан ауыр екен, Бiледi оны өзiңдей бастан кешкен... Дос таппай сөздерi де еш өтiмдi, Өткiздiң қапалықпен неше түндi.

─ 73 ─ Бiр жалғыз дүниеде азайсын деп, Қададым қатарыңа көшетiмдi... Қайырмасы: Аха-ау, жалғыз шынар, Қашан келсем, Алдымнан жалғыз шығар. 1974 жыл. Ташкент. БАЛА МЕН ҒАЛАМ Ұйықтап жатқан балам алдына мен Барамын қарлығаштай шыр айналып, Аспан да, тау да, тас та – барлық əлем Кеткендей баяғыдан шырайланып. Ойлашы, бiрақ осы өзiң бүгiн, Бара ма заман-өзен тыныш ағып?.. Тастаймын, пұшығыма көздiң қырын, Ғаламмен жатыр бiрге тыныс алып. Өз балам – өз ғаламым, шынарым ғой, Мұныма қай ағайын таласады? Ал ғалам баламның бiр сыңарындай, Күлкiсi бiр-бiрiне жарасады. Балам мен жасыл ғалам – балаң күйiм, Жүремiн екеуiнiң қамын ойлап. Тынышсыз болса күнi – маған қиын, Кетедi бойымдағы қаным ойнап. Оянды бөбек, мiне, осы əлемдi Ақ нұрға бөлеу үшiн сақ тұрасың. Баламды ғалам-досқа қосам ендi, Екеуi сықылықтап шапқыласын!..

─ 74 ─ ШЫРШЫҚ Əлемдi бүгiн отты бiр үн басқан. Барданкөл. Сақтан қалған бұрынғы аспан. Шыршығым, кiм деп сенi атар едi Тiк тартып бара жатсаң бұрылмастан. Қаяусыз қасиеттi елдi елепсiң, Елдi елесең, Жаным-ау, сен де ерексiң. Жүректi шайлықтырған дұшпан емес, Ата жұртқа жайды ұқтырған сен керексiң. Аққу-қаздар Қаңқылдап алысқандай. Ақыннан да Аңқылдақ ағыс қандай. Арыстандай, алапат арыстандай Сенiң жаның жатады жараланып, Көңiлден көтерiлiп ар ұшқанда-ай. «Өмiрге кiрпiш болып қаланып қал!»– Деп ыршитын басыңда қара бұлт бар. Өкiнiштен өзегiң өрт болса да, Саған қорған болмайды қалалықтар.

Өлген жоқсың сен тегi күндесуден, Тоқтайды нұр болмаса гүл де өсуден. Қырық жерi таңулы арудайын Жалықтың ит тiршiлiк күн кешуден. Шын қағылып қайсы бiр тұста бақыт, Жетiсемiз құсыңды ұстап атып. Құдайдың жазында да жадырамай, Жатасың, айналайын, қыста қатып. ─ 75 ─ Қубастар айуаннан айнымаған, Қимайды күн түгiлi, айды маған. Таусылып бара жатсам, тым болмаса Шерiмдi шегiрткеңе айтып алам. Өшпестен жүректегi сенiм-жалын, Сен үшiн қиса аз ғой елiм жанын. Көз алдымда жоқ болып бара жатқан Кiмдерге мұң шағады сенiң жаның?!

1980 жыл. Барданкөл. Өмiрдiң желi шайқап, ырғалғанда, Ағаштар мұң шегуден құр қалған ба? Мың бiр көктем басталып кететiндей Алмалар бүр жарғанда. Өткiзiп Сондай қызық жайды бастан, Бүршiгiн ағаштың да қайғы басқан. Тауып көр мықты болсаң, қара бұлтсыз Қай бiр жер, қай бiр аспан?.. 06. 12. 2005 жыл. Бүркiтiм, Бүркiтiм-ай биiктегi, Тұрсың ба не дерiмдi бiлiп тегi? Көп құсы бiздiң жақтың оралмады. Бар ма екен тырнағыңа iлiккенi? Сұраса Сендер жайлы жас қызым кеп Қалайша онда айтам əз құсым деп.

─ 76 ─ Надандыққа байланып туып па еңдер, Тырнағың батқанына мəзбiсiң тек? Арайланып тұрғанда төбеңде арай, Жазықсыз бiр құс қуып төмен қарай Ар сусып шүйлiксең тау басынан, Жетедi көкке менiң төбем қалай?!. 1980 жыл. Азалкент. Қызыл сөзден сынғаның да, Перделi сұмдарың да, Зерделi шын дарын да – Көңiлдiң шыңдарында. Көлбеңдер дос сықылды Басыңда Күн барында. Өжет жерi көп сияқты, Көшеттерi көк сияқты, Өсектерi оқ сияқты, Өзектерi шоқ сияқты. Басыңды Бұлт шалғанда Жым-жылас – бəрi жоқ сияқты!.. 01.01.2005 жыл. Көргендер көп өмiрдiң iрi сынын, Бiр тыңдасын олар да iнi сырын. Көңлiңнен күн шығарып еккенiңнiң Бола бермес бiрiнен бiрi шырын. Жүректiң мұны ерте сезгенi шын, Қай жаққа бұрам сонда сөз желiсiн? Қарасуға тұрса да құлайын деп Қызыл өрiк төгiп тұр өз жемiсiн.

─ 77 ─ Аспан тiреп тұрсаң да, баста жөнге, Бар сырыңды желпiлдеп ашпа желге. Бiз жақта төгiлгенмен, қызыл өрiк Тəуше де түймейдi екен басқа жерде... 1981 жыл. Ангрен * Өрекпiген Өгемдей өктем жiгiт, Не батырды жүрсiң бе көптен жығып? Дүние тұс кiлемдей құлпырады Қарлығаш қанатымен көктем шығып. Шыршықтың сонда еридi мұзы қалың, Мұзы қалың көңiлдi жүз ұғамын... «Бəрiнде нағыз ердiң көкiрек кең...» Бұл сөзiңнiң несiне қызығамын? Ақыл айтып тұр ғой деп абыз елге, Ту биедей туламас тағы зерде. Не қайыр көр көкiрек кеңдiгiнен, Тар болса пейiл деген нағыз ерде?.. ОТЫНА ЕМЕС Отына емес тағдырдың, қызып қалам Шыбынымды кезде бiр қыз ұқпаған. Шықылығын қайтемiн сауысқанның, Торғайлардың бiрлiгiн қызықтағам. Жан-жағыма қараша қар да алақтап, Кеткенiм жоқ алысқа қаңғалақтап. Əз Чукотка – менiң-дағы алтын ұям, Қызмет еттiм халқыма қалбалақтап.

─ 78 ─ Ашық етiп гүлiме Назаниндi, Шырқатып-ақ келесiң жаз-əнiмдi. ...Надандардың алдында, өмiрiм, сен Төмен қылма əйтеуiр назарымды... 1973 жыл.Чукотка. ЖҰМЫР ЖЕР Жатыр-ау көктайғақ, боп жерiң тағы, Жатыр-ау құшағыңда iңiр алып. Күнiңнiң суықтығың желiң-дағы Айтып тұр ыңыранып! Жұмыр жер, айнала бер жүдеткелi Жүрген сол суығыңа бол да сыншы. Тек мына ұрпағыңның жүректерi Жылусыз болмасыншы! 1973 жыл. Чукотка. «ЖЕТIСУ» ҚОНАҚ ҮЙIНДЕГI ОЙ... Алатауға бiр шығып Кеткелi келген «батырмыз». Дем алған да – тiршiлiк... Қонақ үйде жатырмыз. Бəрiмiзден көрiктi Мына бiр қыз Арыстан... Ана жiгiт келiптi Одан əрi алыстан. Сырымыздың дегенмен Болмас бəрiн айтуға. Қанша опық жегенмен Асықпаймын қайтуға...

─ 79 ─ ... Жүрегiмнiң, гөзелiм, Ортасы – тау, шетi – су. Сегiзiншi өзенiң Болайыншы, Жетiсу!!! * Сөзiн тыңдап – қария – ескiлердiң, Қатарында жүрсең де естiлердiң, Келiп-келiп мүйiзi қағылған бiр Маңырауына тап болдың ешкiлердiң. Бəрi сынып сен еккен көшеттердiң Теңiзiне баттың ғой өсектердiң... О, досым-ай, мұңаймай жүре бершi, Аңырағаны қалған ба есектердiң?!.. ДIЛДА... Қадiрлi боп қалың ел арасына, Айтам алғыс бiр аққу анасына. Нəзипа, Манатжан мен Иса да бар, Келiп қалдық жақсының арасына. Жүректе найзағай-күн күркiредi, Бұл кезде ару күлмей, кiм күледi? Алтынның аты – алтын, бiрақ, қалқам, Қадiрiн бiлмеуi де мүмкiн елi. Теңiзсiң... жүректердi басады арман, Ару – күн алтын нұрын шашады алдан. Күндерiң – қуанышың əлi алда, Болса да əжiм түсiп, шаш ағарған. Кетпедi, Дiлда-ару, отың шетке, Нəзипа Манатпенен отыр шетте.

─ 80 ─ Бұларың менен алыс кетер емес, Мың мəрте «Ары отыр» деп өтiнсек те!.. «Помидорға» «гəптiң басын бұр ақырын» Қоймайды бiзге айтып iрi ақылын, Жаңабазар жайында өлең жазған Осында отыр Иса – бiр ақының. «Не болса болар» деп те баспақ белден, Топ iшiнде қол-дағы бастап көрген. «Мекембай, Нəзипамен сөйлесер» деп Ұлбосынды үйiне тастап келген. Барады, мiне, отты жылдар iзбен, Ашық боп Баяндайын жырға бiзбен. «Құнанбайды» өзiң бiл, бiрақ, еркем, «Абайыңа» сəлем айт, Дiлда, бiзден!.. 13.03.1989 жыл. Сексената. * Жүрген жоқсың басыңды Нəмəртке иiп бiр де сен. Досың түгiл, қасыңды Айбаттауды бiлмес ең. Жағалауда қайыңың – Көп болғанмен ескегiң, Өмiр – өзен қайығын Есте жалғыз ескенiң... Сондықтан ба тау сынды Мықты деп сенi айтар ек... Ұмытқан жоқ даусыңды Сенен қалған бəйтерек:

─ 81 ─ «Қорғаушың егер жоқ болса, Гүлiң-дағы гүл болмас. Қорлаушың егер көп болса, Екiң қайтып бiр болмас?!» Əлде кесiп, əлде қатты шапқызып, Алған тəнi əлi осы қанап тұрған секiлдi. Сол бiр сенiң жаралыңды жатқызып, Емдеу ендi мына бiзге қарап тұрған секiлдi. Ей, жұмыр жер, маңдайынан тер кетiп, Алдымызда бейкүнəсiз ғарiп тұрған секiлдi. Сенiң барлық жалғызыңды тербетiп, Қатарына қосу бiзге қалып тұрған секiлдi. 07.06.1970 жыл. Өмiр – өзен ақса да арнасымен, Жар басып ең, жұлқынып ар басып ең. Шындықты асырып та, жасырып та, Жағаңа қашан сенiң жармасып ем? Тұрған соң Таукент сынды сөзiм толқып, Жаралы жүректерде сезiм толқыт. Торай түгiл, торғайың қорықпасын, Жүрген жанмын өзiмнен өзiм қорқып... АНА ТIЛI Бiрiндей көп арнаның, Ана тiлi – ардағың. Ана тiлде арман ет, Орындалар арманың.

─ 82 ─ Сен бiлмесең құрметiн Күлмейдi ме басқалар? Елге деген құрметiң Ана тiлден басталар. Досым едiң мəңгiлiк айрылмастай, Сөз де саған айтпағам қайрылмастай. Адамзатқа қайрымсыз болу шарт па, Кеткенiң не, құрбым-ау, қайырласпай? Досым едiң... Ту сыртыңнан жөн бiлiп етер дастан, Қол үздiң ғой заузада бекер достан. Шошаң етiп жалт берген сенсiз-дағы Күнiм өтiп барады шекер қосқан... Гүл-гүл жайнап, келесiң жайқалып та, Кешегiлер бүгiнде қай қалыпта? Бор Бор қалпында. Сор Сор қалпында. Зор Зор қалпында. Зар Зар қалпында. Нар Нар қалпында. Бар Бар қалпында. Таз Таз қалпында. Жаз

─ 83 ─ Жаз қалпында. Қаз Қаз қалпында. Бақыт та бақытың да халқыңда екен. Халқым бiрақ Жайма-шуақ, жайбасар қалпында екен. ТӨРТ ҚАЗАҚ Оңай ғана Бiтер ме жай сынық та? Қиын ғой құласақ та жайшылықта. Үй iшiнен Үй тiккiш əумесердiң Əйтеуiр жаны құмар қайшылыққа. Тырнағына Нағыз ит iлiкпестен Тiлiмдi өздерiнше бiлiп кескен. Ақ туын да Елдiктiң тас қатырды-ау Тəшкеннiң төрт қазағы бiрiкпестен. Жақсысы болған да жоқ шеттегеннен, Бəрiнен Сол себептен шеттегем мен. Қайда-дағы Төрт қазақ қиқуласар Үш жүз емес, иман жүз жетпегеннен!.. * Лəззат алып түнiмен, Бесiктаудан тұрады дауыл есiп. Жүрегiмнiң түбiнен Келе жатыр бес-алты ауыл өсiп.

─ 84 ─ Ару-аққу аяғын Жараладық қадiрiн бiлмегеннен. Өмiр – өлмес Баяның Жанға жалау бола ма бiр дегеннен? Iңкəр балаң «кекiлдi» Жылатқанша дiлдегi шермен көптi, Кемпiрқосақ секiлдi Байланыстырып жатса ғой Жер мен Көктi!.. «Бақыт не?» деп көп сұрайсың, бауырым, Сұрағыңның қарашы бiр ауырын. Бақыт деген адал өмiр кешу ғой, Одан қалса тау-тасың мен ауылың. «Бақыт не?» деп көп сұрайсың еркелеп, Бақыт деген көлден ескен ерке леп. Бақыт деген Отаныңның қадiрiн Кештеу емес, түсiнуiң ертерек!.. Бəрiне таныс едi дауыстарым, «Құтқар!» деп тал түсте мен дауыстадым. Қол ұшын беру қайда, там басында Отырды шықылықтап сауысқаның. Көбелек сынды күйген шамға талай, Əдiлдiк ұнамайды жанға қалай? Хақтығым үшiн болар кей надандар Итерiп бара жатты жарға қарай. Тұрсам да алыс емес, жақында тек, Жəрдемiн бере алмады жақын да кеп. Дүмпiген даусың шықса қорқам, жерiм, Сенi де жарға итерiп жатыр ма деп.

─ 85 ─ Кей-кейде Бесiктаудай басы «қар» қауым Тумаған құстарының бастар дауын. Ал бiрақ иба сақтап, өмiр-ана Алдында отырады асқар тауым. Жүрегiн қызыл-жасыл қырдың тырнап, Қышқыртып қай жазғанды қылғындырмақ? Қаңлы, қорсай, Бесiктау – бiрiнiң де Дiлiнде болмаған еш қырғын қылмақ. Таппапты асқар таудан əлi шын дос, Əйлеңкес қарғалардың бəрi жүр бос. Болады түлкi-дағы сөз ұқтырмақ, Болғанмен əрi надан, əрi жылпос. Адамзат, бұл не деген бiлiктiлiк, Наданға үндемеймiз бiлiп тұрып... Бiз емес, бiзден алдын тауларымыз Бастарын қалайша алған бiрiктiрiп? Қаншама Жапырағын гүлiм жаймақ, Жатырмыз Көп қиырдың бiрiн жайлап. Таусылып тұз бен дəмi ала қыстың, Əзiзбек, көктем келдi қырым жайнап. Қуантқан Жаздың-дағы дерегi елдi, Мықты болсын деп тiле керегемдi. Ақ-қарасы аралас дүние бұл, Менiң де бiр сайрауым керек ендi.

─ 86 ─ Құшағы қашан-дағы гүлдей-жалын, Бұл сөзiме отырар күлмей жарым... Тiлге тиек етпедiм өмiр-таудың Бақыттан бас айналған күнгей жағын... Содан ба, Жалаң аяқ жалын кештiм, Қан жылап арыстанның жанында өстiм. Ауылға əлi осы бала құспын, Өмiр де өтер ұққанша жанымды ешкiм... 1990 жыл.Жаңабазар. СҮЙIКТIМ Көңлiмнiң көгалына елес «үйдiм», Елес «үйдiм», Еркелеу егесi үйдiң?! Ақ жаздай жадыраған жүзiң қалып, Көзiңнен, бiлесiң бе, неге сүйдiм? Махаббат Болғанымен таныс айдын, Бұла өскен бiздерден алыс Ай, Күн. Мен сүйген күн түндерi тамылжыған Жиырма сегiзi ме тамыз айдың? Жар емес, Жетi жатты – өзге сүйiп, Бүгiнде қалмағандай сөзде сиық. Бiлмеймiн не сиқыры барын мұның, Кең дүние кетiптi көзге сыйып. «Есiң барда тапқын, – деп, – елдi қайтып», Қоярмысың сен-дағы елдiк айтып? Тəшкен сыймай, сыйыппын сендiк көзге, Сүймейiн көздерiңдi ендi қайтiп?!.

─ 87 ─ АҚҚУЫМ Тозғандай бiр жүйкең де, Бiлдiң өмiр қаталын. Сен үйрекпен жүргенде Озып кеттi қатарың. Құмартпадың бiр күн де Бiреуге ор қазғанға... Тең емесiн бiлдiң бе, Бөлек ұштың қаздан да... Аққуым-ау, Бiрде жылап, Бiрде осы күлесiң. Сонан ба сен Бiрде жырақ, Бiрде жақын жүресiң... ЭЛЕГИЯ Қалмады сыр да отырар сенен жасырып, Қалар ма деп ем мен байғұс сенi жазылып. Бiрақ та, жаным, келмеске тартып бердiң де, Ауылың жақтан кiрпiкке қайттым жас iлiп. Ал содан берi дауыл кеп соққан кеменiң Бiрiндей мен де теңселiп əзер келемiн. Сен əсте оған таңданба, жаным, өйткенi Əманда қиын жоғалтқан жанға керегiн!.. 05.03.1972 жыл. Сайхұнабат.

─ 88 ─ Кешiр... кешiр... бiр сырды айта жүрсем... Жiбек болып ризамын қайта есiлсең... Нұры ешкiмге бiр түспей ағып кетер Жұлдыздарды бiрақ та қайтесiң сен? Түсiнбейсiң бəрiбiр бүркiт жанын... Бiр күн алау, боламын бiр күн жалын... Кеш те болса... мəңгiлiк жұлдызыңды Бiздiң жақтан табуың мүмкiн, жаным!.. 23.07.1981 жыл. «Сұраймын ылғи сенi – БАСТЫ адамды, Сенсiз маған дүние – тас қараңғы», – Дегiш қыз-ау, құйттай бiр жүректегi Сенiң бүгiн орныңа тас қаланды. Ерiп кеттiң бiр ездiң ер құсына, Барғаннан менi емес, ЕЛДI сұра. Кешеден перiште боп кетсең-дағы, Сен мендiксiң дей алман ендi, сiрə. Жүректi Жатса да егер сөз тiлiмдеп, Айтшы, өзiң, тұра ма көз күлiмдеп? Бiреудiң бағындағы əтiр гүлдi Қай ақымақ айтады өз гүлiм деп?.. 18.03.1974 жыл.

─ 89 ─ Жаңбырдай күзгi себелеп өткен Қинады себез ойларың менi. Ақынға сенiң не керек өкпең, Махаббатты ма, ойладың ненi? ... Болғанмен қолда гүл бүршiктерi, Көңiл-құс қалай жолыңда ұшпақ?.. Кешiршi, жаным, бiр пұшық менi Алысқа кеткен қолымнан ұстап... Махаббатқа артпасаң егер сенiм, Əдiлетсiздiгiңе егесемiн. Əне, Алматы, Оянғалы жатыр ғой аман-есен, Даусыңда дiрiл бар неге сенiң? Қаншама осы десем де «қалма суып», Шым-шым етiп, өттi ме жанға суық... ... Жұлдыздар да Алатаудың басынан кете алмай, Мұңаятын секiлдi таңға жуық!.. * Көңiл құрғыр əбден-ақ қайнап тұр, ə? Қарттық бар ма құлшынса қайраттыға? Ақ iсiм тақиясына тарлық жасап, Қанымды тас жүректер қайнатты ма? Əлi де доссынады қауқылдасып, Тұрғанмен тiс жарудан зауқым қашып.

─ 90 ─ Қыл шылбырмен қырқы кеп қылғындырып, Ала ғойсын бəрi де мауқын басып. Қағылуы шарт па едi қыздың жонда? Тар жол мен тайғақ кешу – бiздiң жол да. Мен емес, басқалар ғой, қасқалар ғой Түсетiн өзi келiп сiздiң жолға. Дiлде бар дүниеде ғашық өлең, Өлсем де ақтың жолын басып өлем. Бiз сияқты арыстан iс қылар ма, Сiз сияқты қаншықтың басыменен!.. ТУ ҒАН КҮНГI ӨЛЕҢ НЕМЕСЕ... Əз өмiр дастанымды жатқа бiлер Шыршығым – жыршы құсым жақта бiр ел Сен десе бар жұлдызын жамыратып, Қаңтардың қарасында атқа мiнер... Сен десе менiң де арқам құрыспаған, Сонда да күнiң аз-ау ұрыспаған... Бiз бүгiн көл мен арық сияқтымыз Тiрлiкте бiрiн-бiрi ұғыспаған... * – Шыршық бойын неғып жүрсiң жағалап? – Үйге сыймай... (Iнiммен болған əңгiмеден) Өмiр қырбық қабағын жиырмаған, Сондықтан ба, езуiң жиылмаған... Əн дария – Шыршықты жағаладың, Жасың өтiп көктемде жиырмадан...

─ 91 ─ Ендi осымен балалық – сағым саған, Қол бұлғайды жiгiттiк шағың сараң... Қырықта да дəл сендей үйге сыймай, Жүредi екен сүйгенiн сағынса адам... НЕ ЖЕТСIН?! – Cекiрдi үйдiң қонағы, Көкейге исi қонады. Сирағың ұзын, арықтан, Аттап-ақ өтсең болады. – Қорқамын, арық ақ таңда, Арқырап ағып жатқанда. Секiргенге не жетсiн Бар суы мұз боп қатқанда?! ӨКПЕСI БАР МА? – Үшбаудың ұшар құзында, Ұшып жүр екен құсым да. Ал, апа, тайым қайда жүр? – Ақтаудың өкпе тұсында. – Балаңның жетпес көпке есi, Бiр сұрақ берсем, сөкпешi. Нелiктен айттың əлгiнде, Таудың да бар ма өкпесi?!. БАЗАРКҮЛГЕ Бота көз қыз Алдыма кеп жаңа тұрған?! Дəнiңе Сенiң алтын жалатылған. Биязы Баяндайын байсалдылық, Мiнез де бар Жiбектей жаратылған.

─ 92 ─ Кiмдiгiңдi көргеннен бiлген iшiм, Басқаның да дəл солай бiлгенi шын. Аппақ күн шырайындай бойыңнан да, Ойыңнан да таппадым бiр кемiсiн. Кетпек болған əумесер буындырып, Сен де қойма жүректi суындырып. Алманың əбден пiскен шақтары екен, Ауызымнан отырдым суым құрып. Сан тербелiп жүргенде өрiк, талдай, Махаббаттың гүлi де өнiптi алда-ай. Сұлусың!.. Пəкизасың!.. қыр соңыңнан Не ғып жүрмiн сүйем деп «өлiп» қалмай?!. * Бұл ерiң – қыз дейтұғын құстың пiрi, Қолында тағы да бiр қыздың гүлi. Сенi мен мына бiздi таныстырған: Ташкент. Қытымырлау күздiң күнi. «Тiрлiкте Сыйласпайтын ердi нетпек, Қиындап кеттi ғой бұл ендi мектеп. Сыныпта қалдырмаңдар балаларды!» – Деп қыршып алды ағаң Бердiбек кеп. Кей надан «Қақпақ – дейдi, – көзге сына,» Қу жүрек Надандыққа төзбесiн, ə? Iшiнде гүл-көктемнiң жүретұғын «Сыныпта қалу» деген сөз бе, сiрə?!.

─ 93 ─ Туымдай Тiк көтерiп еңсемдi анық, Қуанар ма мақсатқа жетсем халық? Сiз оқытқан сыныпта, еркем, ендi Арман не мəңгiлiкке кетсем қалып?! 10.10.1989. ЖАНЫМ-АУ Жаным-ау, өзiндейсiң қаңтарда туар айдың, Сен десе жүректегi шалқымай тұра ма айдын?.. Мен сенiң жəутеңдеген көзiңнен айналайын, Мен десе жəудiреген көзiндей құралайдың. Жаным-ау, шақырсаң да соншама... бiр-ақ бардым, Сырымды сонда саған бiр ақтардым: Шешесi емес тегi, көктемде махаббат қой Көзiн ашқан қыз деген бұлақтардың... Кетiп ең, жаным, өкпелеп маған шамалы (Шықты ма ол күн естен де?). Естiдiм сыпсың жылымық Пəркент самалы Пiстелi тұстан ескенде... Бесiктау жақта шынымен жүрсең менi iздеп, Шырайым қалай ашылмас? Бəрiбiр, жаным, сен келмей жүрек – теңiзде Сағыныш – дауыл басылмас!.. Жүректе өшпес жұлдыз-сенiмi əман, Көптiң бiрi емес жан-серiң аман.

─ 94 ─ Көздiң жасын көлдетпе «Сүйемiн!» деп, Болуға жараймын, ə, сенiң ағаң? Қайта-қайта жүрекке сенiм алам: «Болуға жараймын, ə, сенiң ағаң?» Көбiк сатқан баяғы көгала күн Нелiктен кез еттi бұл сенi маған? Мақтансақ та: «Жұлдыздан жарық едiк», – Жатқан жоқ жүректердiң жалыны өтiп. Бақыт-балы тасыған бiр дiлдi сен Шынымен кетпексiң бе жарым етiп? Адалдық – асқар тауға иiл баста-ақ, Бiзге мақсат емес қой иiр баспақ. Жаным-ау, аққулардың iсi ме едi Қит етсе ұша берген үйiр тастап?! * Ынсапсыздықтан кəусар көңлiм күптi ме, Əлде бiреу тасада менi күттi ме... Күңкiлдеген, күпiлдегеннен басқа сен Сезбейсiң-ау түктi де. Сезбейсiң-ау, аспан-жаным күркiреп. Ой-жаңбырым мазалайды сiркiреп. Қайтсем екен... түп тамыры шiрiген Əй, ағашты қажетi не сiлкiлеп?.. 24.04.1982. КИIКШI ҚАРЫНДАСЫМА Шырқаған сенiң əнiң – тамаша əнiм, Несiне оның, қалқам, таласамын.

─ 95 ─ Бiрақ та ағаң əуре – саған деген Жаға алмай жүрегiнiң жаңа шамын. Үмiткер көп жiгiт бар желегiңе... Қолынан бiр жақсылық келедi ме? Адамдық, адалдығын айт олардың, Наданның саған осы керегi не? Жансың ғой туған тегi байтақ дала, Содан ба, көңлiң жатыр байтақтана... Өмiрдiң ой мен қыры мəлiм саған, Дегенмен жан-жағыңа байқап қара: Бiр надан суытып кеп түсiн елден, Қайрауы мүмкiн бiзге тiсiн ертең. Бəрi де алтын емес ағарғанның, Ақ Баян, жан сырымды түсiн, еркем!.. 12.04.1972. ДОС СЫРЫ Дос сырын көп те емес, бiраз тыңда, Бiлмеймiн нұр аштың ба, бүр аштың ба? Əйтеуiр гүлсiң əсем... ал шынардың Өсуi мүмкiн емес гүл астында. Ойларым жапырағын жайып күнге Тастаса, айтшы, жаным, айып кiмде? Шынар – мен... ал шынардың түбiнде əр кез Бiр орын табылады лайық гүлге. Беимансыздар ағалық жолды ұққан ба, Қарамай қыс кəрiне, домбыққанға, Жылт етiп көктем шықса, жан гүлiм, сен Шынарды бетке ап жүр сондықтан да!..

─ 96 ─ ƏЙ, ҚАЙНЫМ-АЙ! «Жезде, егер құм болса, үйге апарып тастаңыз. Келiнiңiз үйде!!.» (Жаңа үйленген қайнымның сөзiнен). Уай, қайным-ай! Бай қайным-ай! Əй, қайным-ай! Пай, қайным-ай! Бiрi қалмай «Төрт аяқ» болды жан-жағың, Өзiңнiң де кеше бiттi жанжалың. Бүгiн ендi алтын емес, қара құм Ала кел деп қалды ма сол жан-жарың? Уай, қайным-ай! Бай қайным-ай! Əй, қайным-ай! Пай, қайным-ай! Отыратын барыңда да тым ойлы-ақ Жүрмек сенi одан басқа кiм ойлап? Жыламасын, Жылаған соң жан-жарың Жұбатармын деп ойлама құм ойнап... * Қояйыншы əсте мейлiң Өзге жайлы армандауды. Басқанiкiнен пəс демеймiн Өзiң шыға алған тауды... Сол таудағы жай терекпiн, Жанымды ұғасың ба? Ал сен биiк бəйтерексiң Қимайтын иiр бұтасын да... 17.12.1979.

─ 97 ─ Осынау сенi мен бiз жоқта да ыршып аққан Бiр күнi келе жаттың кермиық Шыршық жақтан. Тербелiп шаңдақ жолдың шетiнде көп тұрдың сен, Сiңлiңдi көрдiң-дағы тойы боп сыңсып жатқан. Жарқ етiп көкiрегiңде кейiннен жақұт тiлек, Бiр сүйдiң маңдайынан бардың да бақыт тiлеп. Жiгiттiң құзғынына Баяның тап болса да, Ойладың «əлдеқайда менен ол бақытты» деп. Сенбесең, «Серi Шыршық – сырласым, серiгiм» дер Куə ғой бəрiне де серi күндер... Елiң де серi сенiң, жерiң де серi сенiң, Ендеше бақытсыз деп айтады сенi кiмдер?!. 14.12.1980. * Ариб сүйген сүмбiле Сəнем дерлiк Сенi көрсем дертiмнен сəл емделiп, Баратынмын алдыңа сəлем берiп. Бүгiн соқпай кетуден ұялдың ба, Отырсың-ау əйтеуiр əрең келiп. Қиын ба едi, тiлдей хат жаза алмадың, Байқалмайды əлi де жасарғаның... Қойшы, сəулем, көзiңе жас алмағын... Əлi ешкiм өмiрде көрген емес Жылап жүрiп бiреудiң жасарғанын... 18.12.1979. МАХАББАТ Бiреудi ерте, бiреудi кеш арбайтын Бұл махаббат жұмбақ-ау шеше алмайтын.

─ 98 ─ Бұл махаббат сенi мен бiз шығармыз Өз қолыңды өзiң кеп кесе алмайтын. Бiреудi ерте, бiреудi кеш арбайтын Бұл махаббат көл болар кеше алмайтын. Бұл махаббат тегiнде қайық шығар Екеумiз мəңгiлiкке есе алмайтын! 18.04.1970. Не аға, iнiсi жоқ Жалғыз ұл мен-ақпын ба? Не əпке, сiңлiсi жоқ, Жаным-ау, сен-ақсың ба? Айт десең, айтармын да Өмiрде жалғыздар сан. Екеу боп қайтармын ба, Жүрегiңе жалғыз барсам?.. ТАС ОЙЫН – Қарасудың шағырмақ жазы ұнамай, Сұстидың да қалдың сен жазирада-ай... Мен байғұсқа жетiп-ақ алар едiң, Неге, неге қумадың Нəзирадай? – Жүрмегесiн Шыршықтан кемең алыс, Саған деген өзгермес кенен ағыс... Тұра қусам... жұлынып... бiрақ онда Махаббатым кетпей ме менен алыс? – Уысына сап бергендей аялы айды, Бiрiн-бiрi бекер-ақ аялайды. Сен де тас ат... өйткенi тас ойында Бiрiн-бiрi тағы да аямайды?..

─ 99 ─ – Тас ойын ойнасаң да биiкте егер, Ойын емес көңлiңдi биiктетер. Абай болғын, жұлымыр қыздың тасы Жай атсаң да, қаттырақ тиiп кетер... Əсер етпей ар атты жаза-дағы, Жан емеспiн тұратын тасада əлi. Уыждансыз болмаса, кiм өзiнiң Махаббатына, жаным-ау, тас атады? ... Бар бəдендi қалғандай басып арман, Қуаныштан жүрек – Сыр тасып алған. Көрiктi қыз қолында талай сөйтiп Маған деген атылмай тасы қалған. Не сездiң сен, сүюге ерiктi қыз, Бiздер қазiр екi-үш елiктiмiз. Түтемес ед түтiнiм... болмағанда Менi аяған баяғы көрiктi қыз... О, ұяң қыз, өмiрде асығы алшым, Бiздiң қыздар тасыса, тасып алсын. Тас ойынға кетiп ед, бұлардың да Қолда лайым атылмай тасы қалсын!.. * Келгенмен қаншалықты көктем қашық, Мен саған болсам керек көптен ғашық. Өйткенi сен бе деп те қорқып қалам Ести қалсам қыз жайлы кеткен қашып. Адамдай өмiрден бiр өткен тоңып, Жылай да алардаймын өкпем толып. Сен егер көз алдыма елестесең Өзге бiр жiгiттердi өпкен болып!.. 10.10.1971.

─ 100 ─ Өзiме теңдес Таңсың, Тон пiштiм бе сыртыңнан? Бiз жаққа келмес жансың, Көздерiңде сыр тұнған. Жүректi сен емдегiн Қасиеттi қаржандай. Жан бар ма сенен керiм, Күлген ернiң маржандай. Кеткенiм жоқ басқамен, Қадiрлеп дəннiң түйiрiн. Əу баста өзiң бастап ең, Өзiң шеш жүрек түйiнiн... 9.01.2005. СIРГЕЛI ҚЫЗ Жүрген соң Өмiр деген толағай iрi сында, Мейiрiмге Жаны толы жiгiттiң дiлi – шыңда... Жадырап, Төбең көкке жеткендей бола ма екен Сыр шертсем Жүрген көптен тiл ұшында? Кiм бiлмес Махаббатқа шуақты күн керегiн? Қолыңда Дайым сенiң ақ-қызыл гүл көремiн. Жаныңда Дүлей түгiл, үрей сап жатқаным жоқ, Шиыршыққа – Шыршыққа күмп беремiн.

─ 101 ─ Қойған соң Қу дүние бəрiн де қызық етiп, Барады Сiргелiнiң бар сұлу қызы кетiп... Шыршыққа, рас, Күмп берсем, толқыған жүрегiңнiң Көлiнен Кетер ме едiм жүзiп өтiп?!.. * Далада желiп өскен бала бөкен Үйренсе, демейдi екен қала бөтен... Бiрауық күнде осы Алатауға Сен түсiп қалатындай қарап өтем. Келсең ғой. Келсең бұлай күрсiнбес ем, қалқам-ау, аман-есен жүрсiң бе сен? Махаббат – бəйтерегiңдi идiрмешi Жанымда бiр құс ұшып жүрсiн десең... ҚАДИША -1 Сенсiң ерке елiгiм де, Бұдан артық теңеймiн сенi кiмге? Жеңiс құшып тұрсам да Күн астында, Өзiң үшiн болады шегiнуге. Тəңiр сенен сұлулық аямаған, Ай мен Күндей өзiңдi аялағам. Кiрпiгiң көлеңкесi сонша мықты Қырық қырдың ханымы саялаған... ҚАДИША – 2 Кетсе де бiр сөз қызып, Отырасың түк демей.

─ 102 ─ Шикiл сары, көз қысық, Мұрын-дағы нүктедей. Салдыр-гүлдiр дауысың Сырдың мұзы көшкендей. Үрiп қойған ауызың Сүреннiң желi ескендей. Қорлықта қалған ағаш сан, Жүр екен оны қорлап кiм?.. Сыртыңа қарап адассам, Iшiңе қарап жол таптым... 10.01.2005. ҚАДИШ А – 3 Нұр да бар, сыр да бар ғой жан көзiнде, Ашықпын сондай асыл жанға өзiм де. Арманымдай аңсаймын жалғыз сенi Арайланып ататын таң кезiнде. Келестi кешiп өтiп, Күлтөбеде Жолыма етек-етек гүл төге ме? Аңсаймын аяулымдай жалғыз сенi, Нұр тұнып келсе-дағы күн төбеге. Көлдерiн сағыныштың бойлап өткен Қу жүректi сезiмге айлақ еткем. Аңсаймын жалғыз сенi, кетсе-дағы Жанарын жасауратып ай да көктен. Қара түн жұлдызына жалғанып таң, Шығарар дырдуы көп жол бағыттан. «Бiр адамды сүю де – бақыт» дей ме, Көз жазып қалмайықшы сол бақыттан...

─ 103 ─ Жан-жануарлардың мүшəйрасы ЖЫЛАН «Қара бұлтын қайғының Бiр басыма үйiрiп, Тау басынан Төмен қарап шүйiлiп, Жылы жатқан орнымнан Менi алуға ұшқанда, Құдайға шүкiр, Күлкi болмай дұшпанға, Бүркiттердiң Аяқтарын ақсатып, Ақырында бəрiн де Қайтарғам қан қақсатып! Кiмдер маған Бас имеген?!», – деп Жылан Түн iшiнде ирелеңдеп, Тышқандiкiне барды. Сөйтсе тышқан Жоқ боп шықты iнiнде. «Бұ қызталақ жүрген ғой Көп iндердiң бiрiнде. Иə, иə, ол анық...» – Деп жылекең Жатыр едi оралып, Жетiп келдi тышқандар Сүр етiмен, дəнiмен. Жыланға мақтау қағазын Тапсырғасын бар салтанат, сəнiмен, Қорыққанын сездiрмей, Бəрi «мəз» боп ойнады... Ал жылекең: «Мен келгенге қуанып Қалды екен ғой!» – деп ойлады.

─ 104 ─ КҮННIҢ НЕСI КЕТТI... – Tүк бiлмегенге Ұқсатасыңдар ма өздерiңдi, Əлде осы Шел басқан ба көздерiңдi... Мына немене Аспанда жалғыз жанып қалған? Дүниеге одан Өрт кетпесiн... өшiрiңдер..! Онсыз да iнiмiз Баяғыдан берi жарық болған... – Деп, Арқасында қып-қызыл жарасы кеп, Жарасынан домалақ жаласы көп Тышқан серiктерiне маза бермей, Күн батқанша Iн iшiнде есi кеттi... Күннiң оған несi кеттi... ИТКЕ БIР СҰРАҚ – О, итеке, қалса-дағы жасының Жарымы өтiп, Сен мақтайтын қасқыр Тұлпардың қос өрiм құйрығын жарым етiп, Пiлдiкiн де шұнтитып тiстеп кеткен. Нелiктен бұл бел ауру дiңкелеткен Арыстанға да жамандық iстеп кеткен? – Ақылсыз ба ең соншама... Əй, ешкiм-ай, жадыбас... Өзi кəрi болса да, Қасекеңнiң құйрықтарға жаны қас... – Естiгем жоқ түктi де, қаттырақ айтсаң кетпейдi ғой ештеңең. – қасекеңнiң құйрықтарға жаны қас!!! – Онда неге өз құйрығын əлi кеспеген?..

─ 105 ─ ШОШҚА Қара басқыр Қара қасқыр Көп iс бүлдiрген. Сөйтiп жүрiп, бостан-босқа да Терi шығып жүретiн Шошқаға «Надансың!» – деп ренiш бiлдiрген. Бiрде Ешкiлермен жүретiн бiрге Бұл байғұстың бабы емес, Бағы шауып кетiп, Фермаға директор болған күнi (Он жасқа да толған күнi) Қасқырдың сөзi есiне түсiп, Шəт-шəлек болды. «Менi мұқататын Бұл қандай нəлет болды?!» – Деп, Əлек болды. Сөйтiп, «жылап» тұрғанда Хатшысы Елiк Басшысына есiктен Еркелеп келiп: – қара қасқыр дəл Сiзден Рұқсатсыз құрылықта болған. Қой десек те, түлкiмен Қырық рет ұрлыққа барған. Жұмыстан да кетiп жүрдi Жаз айында. Мiнездемесiне «надан» деп, «Ерiншек» деп жазайын ба?.. Сонда шошқа Қарсы алдында тұрған көркiн көрсетiп Елiкайға Жауап бердi қорс етiп:

─ 106 ─ – «Ерiншегiң » не?! «Нағыз ер, – деп жаз, – Ерiнбейтiн iсiнен». «Наданың» не?! «Адал» деп жаз. Бүйтiп мұндай Жақсылардың түңiлмегiн түсiнен! * Шошқа байғұс не демейдi Қорықса егер қасекеңнiң тiсiнен... ИТ Биiктеу мiнбедегi, Арсыз ит жөтелiңкiреп, (Мұнысы мiн бе тегi), Дауысын көтерiңкiреп: – Бұл деген əзiл iс пе, Жолдастар, осы бiздiң Бүгiнгi мəжiлiсте Тап мына өзiмiздiң Қасқырдың мəселесi Бiрiншi болып қаралады. Қасекеңдi бiреулер Деп жүр екен, Қой жейдi, пара алады. Жоқ, тiлге тиексiздер Басқадан тапсын айып!.. Қайта бiз қой фермасын Қасекеңе тапсырайық, – Деп қалды. Бұл тұста арыстан Кеп қалды. Ал, сонда бүлiк шықты. Қысқасы, əлгi ит қасқырға қарсы үрiп шықты.

─ 107 ─ ТЫШҚАН Алма баудың iшiндегi Iнiне Көртышқан деген ақын келген Бiр тышқан Тағы да бiр iн қазды Жыланның ұясына жақын жерден. Япырай-ай, сонда да ол Жаңа iнге де толтырып дəн тасып алды. Өйткенi, оның қырманда Атжалман деген қарауыл досы бар-ды... БАС ПЕН ТАРАҚ Қу бастың тұтып əйтегi: – Оңбайсыңдар-ау, əй, тегi. Болмаса тарап шашымды, Жақсылық етсең қайтедi? – Деп едi күлiп Тараққа, Ол байғұс барлық талапқа Сай қылып, бастың тараусыз Шаштарын қойды тарап та. Бас бiрақ алғыс айтпады, Дегенмен, түсiн суытып, Сондағы болды айтқаны: – Бiлмей-ақ қойсын ауыл түк, Қылмысың сенiң ауыр тiк. Себебi мына шашымды Тарадың ғой ауыртып?! Əй, есi шыққан жарым-ай, Өмiрiң өтсiн жарымай. Осы-ау «Иттiң iшiне Жақпайды, – деген –, сары май».

─ 108 ─ КӨРТЫШҚАН МЕН АРЫСТАН Көксеңгiр көктем шығып, Ағаштан бүр жарғанда. Əлденеге қапа боп жүрген, Бұ жалғанда, Көртышқан Арыстанды iздеп келдi. – Жылылау iн табуға Көмектесерсiз сiз? – деп келдi. Ал арыстан «Қабырғасымен» кеңесiп ап: – Сол iн саған Керек болды неге, шырақ? – Жел соқса да, тал-қайыңы Теңселмеген Орман астын Сонда жатып тексермек ем, Iнiңнiң ендi Сындырмашы сағын, аға... – Не десең де, Орманның сенi Жуытпаймын маңына да. – Себебi не? – қош... Себебi ме? Себебi, iнiм, Тыңдамай жүрек əмiрiн, Бiр iнiңе бола Тастайсың қиып, Талдардың талай тамырын.

─ 109 ─ ӨГIЗ Баласына деген Махаббат жiбiн үзбеген, Анасын сүзсе де, Бейбастау танасын сүзбеген, Бiр өгiз Сөз байласып танамен: «О, сүйiктiм, Сiздей асыл, данамен, Көлге болмай, Көрге болса да барайын», – деп, Үйленуден алдын бау жағалады. Содан соң тау жағалады Таудан түсiп, Керексiз бе, керек пе, «Бастан жалғыз терекке Серiк болсын», – демек пе, Я болмаса... Ел-жұрттан ұялды ма, əйтеуiр үй алдына Айдалада өсетiн Отырғыза салды Бiрдеңенiң көшетiн. – Бұл iсiмiз, танаш-ау, Бəрiнен де тамаша-ау, – Шынында да Қатып кеттi!! – Деп, өз сөздерi өздерiне Бал татып кеттi. * Шырағым-ау, хақ айтсам намыстанба, Еккендерiң қос жүрек табысқанда, Гүл бере ме, соны айт, ал əншейiн Көк жапырақ шығады қамыстан да...

─ 110 ─ ҚАСҚЫР – МЕҢГЕРУШI (Мысал) – Бейпiл келiп, Бейпiлденiп iшпейтiн. Адамдықпен, Адалдықпен iстейтiн Түкеңнiң мен бiр жыл бойы соңынан Жүрдiм-дағы: «қасап бол!» – деп өтiнiп... Ал ендеше оған ендi, бəрiмiз Шығармашылық табыс тiлей отырып, Құттықтайық жаңа iсiмен Түкеңдi! – Деп түлкiге дайын ет Сатылатын тапсырды бiр дүкендi. ҚОШҚАР МЕН ЕСЕК –Өзiн-өзi, байғұс-ай, Тастайды кеп оңға да. Жүредi кейде солға да. Лəм демейсiң нелiктен Құйрығыңа сонда да? – Деп қара қошқар жөнiмен Жiбергенде маңырап, Оттап тұрған есек оған Жауап бердi аңырап: – Жеген емес Тартып алып жемiмдi бұл, Ешкiммен де Емес қой ол жауықтырған. Жиiркенетiн жерiмдi Сол байғұс қой жауып тұрған!..

─ 111 ─ ТАҒ Ы ДА БIР ƏТЕШ ТУРАЛЫ Кереметiн əтештiң Кiмдер осы көрмептi? Жүруге онда арланып, Бақа да бармас көлмектi Кешiп-кешiп, тайызға Əбден етi үйренген, Мекиенiне бiреудiң Өзi жоқта үйленген əтеш бiрде адасып, Ақ теңiздiң барды-дағы тұсына: – Таңым бар ғой Барлық теңiз құсына ... Бəрiнiң де баяғы Осыншама тереңге қонғандағы аяғы Болса керек теректей! – Дедi алғаш қызығып, Теңiзге ал шағала кеп қонған соң, Ол ойынан заматында бұзылып: – Ойпырмай-ай, əй, тегi... Мына титтей Жартыкеш байғұс қайтедi? қарасаңшы, Су түбiне батқан жоқ. Толқыннан да Тiптi қорқып жатқан жоқ. Шамасы, оның баяғы Осы теңiз түбiне Жетiп тұр-ау аяғы... Сондықтан да Ақылы бар, есi бар Азаматтар көлшiк демей бұл суды Теңiзсiң деп босқа есiртiп несi бар?

─ 112 ─ ИТ БАСЫН НЕГЕ БҰҚТЫ? Қалың қамыс iшiнде, Қоян, қозы – бəрi бар Тамыр, таныс iшiнде Қып-қызарып көз алды Жылаңқы ит сөз алды: – əй, ханымдар! Сендерге бiр айтарым бар. Бiр рет емес, иттiгiмдi Күшке толған кездерiмде Үшке толған өздерiң де Талай мəрте байқадыңдар. Əнеугүнi ұл тойына Жалаңбасов Арапбектiң Рəштiң өзiн де, бiр қойын да Қып-қызыл ғып талап кеттiм. Содан берi сенсеңдер сөзiме, Ауылға кешкiлiкте Келiп-кетiп жүрмiн. Бiр-екi күшiктi өзiме Елiктетiп жүрмiн. Адалдық пен адамдық Алдында мен емес бас иетiн. Надандық пен арамдық – Ең жақсы көретiн қасиетiм. Ал ендi Билеп тұрсаңдар да əлемдi, Қорықпаймын сендерден де. Дүниеде маған ешкiм тең келген бе? Өлсем өлем намыс үшiн Тiстесiп əкесiмен де Жаны маған қас адамның. Сол кезде ит басын бұғып қалды, Өйткенi сытырлатып қамыс iшiн Бас жағы көрiнiп ед қосатардың...

─ 113 ─ ҚАСҚЫР – ДИРЕКТОР «Тəртiпке салды келiп елдiң iшiн, Бал тамып сөйлеген əр сөзiнен бұл. Жүр тағы адалдығы, ерлiгi үшiн Алғыс ап арыстанның өзiнен бiр. Ендеше ет-сүйектен үркiп туған Түлкiден титтей бiзге қауiп бар ма?»... – Дедi де, сұм түлкiнi бүркiт қуған Жiбердi күзетшi етiп тауықтарға. ПIЛ Күш болғанмен бiлекте, Өмiрiнде бiр рет те Кiрпiш қалап көрмеген, Кiрпiш түгiл, Тiптi қалақ көрмеген Талапсыз бiр есекке «Талантсыз ғой» десек те, Бiр ағамыз, Анығын айтсақ, Пiл ағамыз құрылысты өзендегi Сенiп оған тапсырды. Кетерiңде тағы да Мақтап кеттi есекеңдi – тақсырды. * Сау басыңа сақина Есiң болса тiлеме. қалақ ұстап көрмеген Көпiр құра бiле ме?

─ 114 ─ ИТ – Ығына құлай бермей қаз, аңдардың, Халайық, қараңдаршы қазандардың Бəрiнде бу бұрқырап, ас қайнап тұр. Жоқ «шешек өлтiрдi» деп мойынына Акт мiнген қой етi мен бас қайнап тұр. Ал бiз мұны «Шыққан iс,– деп бiр ұшына»,– Деп болмай, бiреу еттiң түйiрiн ап Итекеңнiң алдына тастағанда, Қалды ол алдыменен тиылып-ақ. ҚАРҒ А Шаң жуытпай киiнудi еп көрген, Жақсыны да, жаманды да көп көрген Кептермен Бiр тұратын Бұлбұл ақын Тiзесiн емес, Жеңiн қысқа ғып, Əрi нұсқа ғып Көйлек киiптi. Ал бұл қарғаның ашуына тиiптi. Бiрақ Бұлбұлға айта алмай, Өз ойын оның көзiнше: «Киерге түгi жоқ та»,– Деп күңк етiп күлiптi өзiнше.

─ 115 ─ КӨК ШЫБЫН... «Қонаққа барсам, Болмас-ау, – деп, – көп шығын» Есектiң көзiн үйелеп тұрған Көк шыбын Сырттай ғана танитын. Көбелектi көрiп қалды да, Ұшып барды алдына: – Жаңа ғана бiрдеңе Сезiп едi жүрегiм. Көптен берi шарқ ұрып, Сенi iздеп жүр едiм. Не десең де көнейiн. Сендер жақта Не қызық бар, көрейiн... Ақ көбелек ауырып жүрiп Аралап қайтқан тастақтарды. «Қуанып бiр кетсiн!» – Деп шыбынды гүлзарға бастап барды... Көк шыбын əтiр гүлдердi, Болған соң əбден иiскеп, Көбелекке наз айтты: «Тұрады екен бəрiнен де жаман иiс кеп... Тiфу-тiфу, неткен сасық құрысын...» Көк шыбындар иiстiң Бiлсiн қалай көңдiкiнен дұрысын. ҚАҢБАҚ Шынарға Жете алмай биiктегi, Жатыр едi Жағада «күйiп» тегi. Өмiрдiң кiрпiгiнен

─ 116 ─ От өрiлiп, Бiрден Кеттi биiк көтерiлiп: «Алақай, Арайлы таңдай тапшы Бiр күнi Биiктеп кеттiм, қандай жақсы! Мұны естiген Бар дұшпан күйiнедi. Ал достарым, əлбетте, мəз болып, сүйiнедi. Япыр-ай, күнге-дағы Кетер ме екен денем тиiп?! Əлемде Кiм бар ұшқан менен биiк?! Мұны, сiрə, көрер ме едi Қу қамыстың дүйiм елi? Бақытқа бөлей берсiн Кең даланың күйi менi...» Сол сəтте қаңбақ төмен құлдилады, Өйткенi, көтерген оны құйын едi... ЖАҢҒ АҚ НЕГЕ ЖАНЫП КЕТТI? (Поэма) Басында сауысқандар «төбелескен» Бiр жаңғақ Болмаса да төмен өскен, Бiр күнi Тым мейiрбан бола қалды, Жан-жағын қамыс, қой тiкен Орап алды. Жаңғақтың əлi достығын Жүрген екен есiтпей, Ошағандар да түбiнде Пайда болды кешiкпей...

─ 117 ─ Шынар айтты бəрiн де Байқап тұрып алыстан: – Əй, жаңғағым, Келген де болсаң ғарыштан, Адамдарға қуаныш Үлестiрсең болмай ма? Қамыс... тiкен... немене ол тəйiрi, Онан гөрi гүл өсiрсең болмай ма? Өн бойынан Жаман иiс шығарып, Жаңғақ айтты шынарға: – Болмас сөздi былшылдап, Ашуымды шығарма! * Жаңғақ шiркiн кiрмеп едi Шынардың бiр сөзiне. Жас текелер От қойғанда, тiкендерге қосылып Жанып кеттi өзi де.

─ 118 ─ ЖIГIТТЕР МЕН ҚАРА ЖИРЕН Күздiң күнi қырдағы Көкпарда бiр, ойпырым-ай, Қара жирен иесiн Құлатып кеттi оңдырмай. Қызыққа əбден кенелген Сонда бiр топ жiгiттер: – Арыстанбек бəйгеден Едi ғой шын үмiткер. Ал сен болса, тұлпарым, Дəл басында бұлақтың Су iшiп жатсын дедiң бе, Неге оны құлаттың? – Деп сұрап едi жиреннен, Жауап берiп үйренген Тұлпар айтты кiсiнеп: – Болмасам да əйгiлi, Талай осы əпердiм Жеңiп оған бəйгенi. Ендi менсiз... қалған бұл Тағдырына көнсiн де, Өзi-дағы өмiрде Бəйге алып көрсiн де!.. ҚЫРЫҚАЯҚ ПЕН ҚҰМЫРСҚА Өтiп бара жатқанда Қасынан Құмырсқаны қырықаяқ Шаға жаздап басынан: – Iнiм, сенi бағана Əлденеге Көп мақтады бал ара. – Немене, оған Iшiң күйiп бара ма? – Оны қайдан байқадың?

─ 119 ─ Ие, сенiң, батыр-ау, Мұртыңды осы айтамын, Өстiм-өндiм дегенде Мұрт қою ма едi арманың? Не арыстан, не мысық та емессiң, Сондықтан оны жөн болар, сiрə, алғаның... – Жын пейiлмен емес, Шын пейiлмен, о, ағайын, Ал, десеңiз, тап содан Шықпастай ғып алайын. – Мына сөзiң Болар шын. Аяғыңа, дегенмен, Өкпелi-ақ боларсың? – Жо-оқ, қырке, ол менен Жалқаулықты кетiрген. Шынын айтсам, аяғым Сiздiкiнен жақсы жетiлген... – О, шiрiк-ай, ə, Онға-дағы жетпейтiн Аяғыңның мақтанасың несiне? Ал, менiкi қырық қой, Үш-төртеуi түспей тұр тағы есiме... – Есiңе солар түскенше, Саған бiр «сыр» айтайын, аға, «басқаша», Аяғыңның қырықтығынан не пайда, Егер де оның бiрi түзу баспаса..?

─ 120 ─ ЕЛIКТЕР МЕН АРЫСТАН (Мысал) – Менсiнбегенi ме, несi екен, Есекең Судай жаңа орақты Қисық деп, Отқа тастады. Сөйтiп, Бiр жаманат бастады. – Ол нəкəстiң Қолына билiк тигенде, Зияннан басқа, бiреуге Пайдасы сiрə тиген бе?! Қисық аузы көпiрiп, Айтқандары да өтiрiк. Сенбе оған, алдайды. Бiрақ Есiне де алмайды Түсе қалса орнынан, Тартатын қайта арбасын. Пысқырып жүрген бұл байғұс Өзiңдi теуiп алмасын. Өйтпеген күннiң өзiнде Тұрақ болмай сөзiнде Бiр құлаш тiлi жалаңдап, Басқаларға Сендердi өле жамандап Аңырауы да əбден мүмкiн, қыздар-ау. Өйткенi оның ақылы Құйрығынан қысқалау...

─ 121 ─ ЕКIНШI БIР КӨЛШIК ЖАЙЛЫ Елеместен Жаман ауа райын да, Жылдағыдай Бiр таудың баурайында Мəжiлiс жайлы Шыққасын Мұхит жарлығы, Өзен мен теңiз, дария мен көлшiк – Барлығы Өздерiнiң кезектi Жиылысына жиналды. Сонда көлшiк бəрiнен Кейiн сөз ап қиналды: – Iсiме жақсы баға Қайтейiн бермесеңдер. Сөздi де сұрап алдым, Сендерге салса, оны да бермес еңдер... Сөйтiп, қане, қайсыңның Ақыл болса басыңда, Айтыңдаршы, арықтың Ақылы менен басым ба? Ə, қойсаңшы, гəп айтып Болады ма сендерге? Дегенмен де, Сендерде Күншiлдiк жасау, Көре алмау деген бар əдет. қазiргiдей қараны ақ, Ақты отырасыңдар қара деп... Қадiрiңдi бiлер деп Қинағанмен өзiңдi, Жаман екен сөзiңдi Болмағасын қолдайтұғын ешкiмiң. Əйтпесе менiң арықтан Жасым да үлкен əрi одан естiмiн, – Дедi көлшiк

─ 122 ─ Iлезде лайқаланып. Дария оған тiл қатты Пысықтығын байқап алып: – Сенi осы, шырағым, Шақырып ек қайдан бiз... Естi болсаң, əлi осы жол таппай, Жүргенiңе қайранбыз... ШЫБЫН Қара шыбын буына Шалқып жүрдi жастықтың. Ешкiм жоқта кеңседе Орындығына қонды да кеп бастықтың: – Орманға, – дедi шындап, – Шынында мен бастықпын. Бiр кез даусы естiлiп ед аржақтан Арыстанның жолбарысқа ақырған, Шыбын байғұс аза жаздап ақылдан, Ызыңсыз-ақ ұшып шықты Шкафтың ту үстiне. Шамасы, бұл есiне Шыбын ғана екендiгi түстi ме?.. ҚЫР МЕН ТАУ – Ана бұлттар, Түсi қара, Ала бұлттар Менсiнбей ме өзгенi, Көшiп-қонып Жүредi ғой өздерi. Шынын айтсам, қауыпты ол сiзге де... – Ей, шырағым, тырнақтың Астынан кiр iздеме.

─ 123 ─ Мен де саған Теңдес адам Ретiнде бiр Шынын айтсам, есiң болса оларды қарғама, Аппақ бұлттар Болмай қалса, бiзден де сен көбiрек Зар боласың, жаңбырға да, қарға да... ГҮЛ Əбден суға Қанып өскен, Бiр де шағы сынбай Қалың өскен Тал-теректiң арасында Бiр гүл байғұс Көрмедi көлеңкеден басқаны. Бiр күнi Мекен-жайын өзгертiп, Тауда өсе бастады. Бəрiне де жетедi ғой ақылы: Сирек те болса, биiк-биiк Шынарлармен ақыры Бiрге өскендi сүйiп қалды. Өйткенi мұнда Басына күн нұры тиiп қалды... ҚАР ҒА Бақытын-ай қарғаның – сəншiл ердiң, Ортасында туды да əншiл елдiң. «Бұлбұл екем ендеше мен-дағы!» – деп Санатында ұшып жүр əншiлердiң... Көңiл бiрақ бұл күнде күптi дейдi, Қарқылының кесiрi – түрткi жейдi,

─ 124 ─ Есi болса... жөн сөзге қоқиланбай, Қоқырсығын баяғы тiнткiлейдi... ТЫШҚАННЫҢ ТҮСIНДЕГI СӨЗI «Жыбырлаған не? Тышқандар. Қыбырлаған не? Тышқандар. Сытырлатқан ше? Тышқандар. Қытырлатқан ше? Дұшпандар емес, тышқандар. Асудан өзi он асып, Бiздерге қойған жол ашып. Арыстан мұртты мысекең Неткен бiр жомарт қолы ашық?!». ЖОЛБАРЫС ПЕН ИТ (Мысал) – Қайда осы Барсаң бар. Тiптi Қарсы емеспiн Арыстанға да барсаңдар... Бiрақ та Сен, iнiм, Қасқаның Ақтайтын шығарсың сенiмiн. Ал маған «Өмiрдiң қалғанын Орманға арнаймын» Десең де, Жұмысқа алмаймын.

─ 125 ─ – Нелiктен? Сiздерге Биiктен қарайтын Пiлекеңнен бұйрығым бар ғой. Əжетiмiзге жарайтын... Құйрығым бар ғой. – Өйткенi, сен ластайсың Жаңа бiткен тамды-дағы. Ал құйрығың төңiрегiн Өзiңнен көп шаңғытады... КЕҢЕС Жан-жағын Қорып көптен Бiреулер орып кеткен Бiр Жоңышқа болатын. Кей Өгiздер соған Болды ұрлыққа баратын. Ешқайсысы да олардың Ақылдан кенде емес-тi. Дегенмен, жас өгiздер Бiр-бiрiмен кеңестi: – Қашыр барса Аңырап, Қой барса Маңырап, Ұрлығымызды бiлдiрiп қояды. – Ешкi барса, Артында құмалағы қап, Бəрiн де бүлдiрiп қояды. – Ендi қайтуiмiз керек? – Сiз бен бiзге серiкке, Шынын айтуымыз керек,

─ 126 ─ Бiреу болса барғанда Өзiмiзден көп жемейтiн... Əй, сендерге онда иттерден Жақсысы жоқ шөп жемейтiн... 10.01.1978. ТӨҢКЕНIҢ МОНОЛОГЫ – Мен Бұтаққа нағашы, Тамырдың ағасы боламын. Басы қатты жаңғақтың Төңке деген баласы боламын. Айтқандай, жассыңдар ғой, Бiлмеуiң де мүмкiн сендердiң: Жыңғылдың жынды қызын алған Бажасымын шеңгелдiң. Сондықтан ба, бойы биiк, Бойынан да ойы биiк, Шынарлар да, сiрə, бiр Тойын менсiз бастамайды, аха-хау! Қағылса да ешкiм шетке шығарып Тастамайды, аха-хау! Айтып-айтпай немене Мұң-шердi бұл мендегi... Ақыр, көптен еңбегi Ескерiлмес батырмын. Сондықтан ба, өткенге опақ, Кеткенге сопақ болып жатырмын. Əй төңкешiм, көп болса (Айтқым жоқ саған қатал сын), Басыңа балта тигенше Үлкен жолда жатарсың...

─ 127 ─ ЖАЙРА МЕН АЛМАЛАР – Күн бойына жем iздеп, Бiр қақпайтын кiрпiгiн Кiрпiнiң Алтыннан да ардақты, Күмiстен де салмақты Досымын. Қате де емес шығар Менiң, достар, осыным. Кезi келсе тиiннен де Кiшкенемiн. Сонда да оларға мен Айтып қоям кiшкене мiн. Ал, өзiмнiң, құдайға шүкiр, Денсаулығым тəуiр бүгiн. Таудай осы болса да Ауырлығың, Тоқтағанша Соғудан бiр жүрегiм. Бəрiңдi де Көтерiп-ақ жүремiн. Сендерге ендi айтатын Мынадай бiр ойым бар. Бəрiң де, қане, үстiме Топ етiп түсе қойыңдар... Пəстегi қара жайраға Биiктегi алмалар Жауап бердi жай ғана: – Жайра аға! Ақылы жоқ, есуас, Ақымақ та деме бiздi. Өйтсек егер, үстiңдегi сояуың Cау қоя ма денемiздi?

─ 128 ─ СЫНЫҚ ТА ҒА МЕН БАЛ А (Мысал) – Кейбiреулер орынсыз Жүредi мақтап тұяқты. Ал, менiңше, сол өзi Ақымақ та сияқты. Айта берсең, Тiптi – тiптi масқара. Тым болмаса өкшедей Мейiрiмi жоқ басқаға. – Олай деме, Сен, таға! Қайта оған алғыс айт... – Тентекпiсiң сен де, аға? қай iсiне Оның алғыс айтайын?.. – Əй, сенiң де, тағаш-ай, Бiтпейдi екен, айқайың. Ендi былай, Бұдан былай Шегелердiң жанына Батып жүрген тұяққа Болар-болмас сөз айтып, Қалдырмағын ұятқа. Аз емес қой өйткенi Ол iстеген жақсылықтың өлшемi. Айта берсең, сынық та болсаң тастамай, Көтерiп жүр ол сенi. ҚЫЗЫЛША ҚҰРТ ПЕН ҚАРАША ҚҰРТ – Ау, Қыртсыңдар ма, Құртсыңдар ма? – Құртпыз, аға, құртпыз.

─ 129 ─ – Жұтсыңдар ма, Жұртсыңдар ма? – Жұртпыз, аға, жұртпыз. – Не жейсiңдер, Не дейсiңдер? – Бəрiн де жей беремiз, «Бергенге – береке» дей беремiз. –О, Жасарғандай болды қайта əлем, Қызылша құрт, Алма берсем қайтер ең? Жауабыңа жауаптымын деп қара. – Алма берсең, Өзiн жер ем тек қана. – Жасарғандай қайта əлем, Қараша құрт, Алма берсем, сен қайтер ең? Жауабыма жауаптымын деп қара. – Алма берсең, Тұқымын жер ем тек қана... КӨҢIЛIҢ ТОҚ БОЛСА... (Мысал) Кей қылығы тиiп кеткен соң шекесiне, Бұ дүниеде ешкiмi Жоқ та емес ешкiнi Жамандап, талайлар келдi оның текесiне. – Мына озбырың, Табанынан тозып, Қатарынан озғырың Маған кеше жекiрдi! – деп сұңқар сұңқылдады. Екеуi де сын айтты. Шын айтты Көңiлiң тоқ болса ешкiңнен, Сөз де есiтпейсiң ешкiмнен.

─ 130 ─ ИТТIҢ ЗƏЛIМДIГI – Тып-тыныш жүрмей жайлауда, Ойнақтаймын деп қойнауда, Атың да, тай да, өгiз де – Барлығың түстiң байлауға. Iшiмiз қыз-қыз қайнауда, Тұрмын ғой мен де байлауда. Əйтпесе Болар-ақ едi бəрiңдi Бiр шыбықпенен айдауға!.. ҚАСҚЫРДЫҢ ƏЛДИI Əлди де əлди, ақ бөрiм, Аяқты басшы, сақ бөрiм. Бар жақсыны берейiн Алдыңа айдап сап, бөрiм. Əлди де əлди, бөрiшiм, Қозы да туған бөрi үшiн. Арпадай асар көбейiп, Болмасын итпен бөлiсiң. Бұйырған дəмнен татқышым, Оңайдан олжа тапқышым. Көк жұлын болған шақтарда Арыстанға да шапқышым. Соқтықпай тасқа ақ тiсiң, Олжалы таңың атты шын. Бiр итке ұшып кетпесiн Бастағы бақыт, бақ құсың!

─ 131 ─ ЕКЕУДIҢ ƏҢГIМЕСI – Тарбиған тiкенге қуанып, Жүрсiң бе арықтан су алып? – Tiкеңдi жұпары аңқитын Гүлi үшiн қоямын суарып!.. ТАЛ МЕН БҰЛАҚ Жазғы шiлденiң бiр кешiнде Дəл өзiнiң iргесiнде (Жамандықтың бетi əрман!) Гүлзарға қарай бет алған Бiр бұлаққа iшi тар, қаңбақтай ғана кiшi тал Еңсесiн сəл көтерiп, Өтiрiк-ақ жөтелiп: – Соншама суықсың?! – Дедi. – Тегi, – тiл қатты Бұлақ, – Бiрақ менiң «жалынды» Жанымды Болады ғой түсiнсең. Қайтiп суық болмайын, Көлеңкеңдi түсiрсең!.. ҚАРҒ А МЕН БҮРКIТ Жиналыстан болған алыс пунктте Шыққан құстар жатқан шақта тарасып, Қара қарға қарқылдады бүркiтке, Өлексеге көрмеген еш таласып: – Па, шiркiн-ай! Адамдар да тау сынды Айтқанымды екi етпеуге əуес-тi.

─ 132 ─ Ал егер де бiлмек болсаң даусымды, Ол бар құстың дауысынан əуездi. Расын айтсам, күн шыққанда түстiктен, Кейде сыртта, кейде осы үйге енiп, Сөздерiме құлақ салса, құс бiткен Менен қалай шырқауды жүр үйренiп. Бүркiт сонда қарғасына қаланың Тiл қатты жай достарының көзiнше: – Бұл сөздерiң рас болса бiр, қарағым, Бұлбұл тегi сайрамас ед өзiнше. ШОҚ ПЕН ГҮЛ – Айым-ау... күнiм-ау... Гүлiм-ау, Тоқта, деймiн. Тоқта. Төбеңдегi күн, қарашы, Ыстық па, жоқ па? – Тауға да, Көкпеңбек бауға да, Тiптi, əр үйге ыстық, Жылу беретiн Күн Əрине ыстық. – Соны бiлсең, Бiздi мақтау орнына. Неге құрта жаздайсың? Бұған осы не себеп? – Сендерге, шоқ-ау, қайталап, Айтуым керек неше рет: Сонау зеңгiр көктегi Күннiң аса ыстықтығы сендерге Байланысты емес те өйткенi!

─ 133 ─ ҚА ҒАЗДАР МЕН ЖЕЛIМ Бiр-бiрiнiң сырын Бiлiп ап, Түн iшiнде бiрi қызыл, Бiрi ақ Қос қағаздар – Дос қағаздар Өз-өзiнен үрейленiп Жатқан сол бiр жерiнде Былай дедi Желiмге: – Сөздерiңдi бiлмедiк Мəнсiз бе, əлде мəндi ме. Көрiнген жұрт сен жайлы қыртып жүр көп əңгiме – Кiм не десе де, Кiм не жесе де, Тұрмаймын босқа ақталып, – Дедi желiм қағазға, – Өз борышымды адал атқарып, Мақсатыма жеттiм ғой. Шашылып жатқан сендердiң Бастарыңды бiрiктiрiп кеттiм ғой!.. БАҚА (Мысал) Күнi-түнi «Əн» салатын өнерi бар, Балшығы жайлы Жазған үш-төрт өлеңi бар. Баяғы Басы жалпақ, Бақа балпақ Жазғандарын

─ 134 ─ Қоярға бiр жай таппай, Көлшiгiнде жата алмады. Бiр күнi теңiзге келдi, Дельфиннен бата алғалы. Шiркiн-ай, «Жерi бөтен, тұзы бөтен Бұл бақаның аяғы Аққудiкiнен де түзу екен. Талабы зор. Таланты мол. Жақсы жағын Айтпайық неге сонша?.. Бiз қайықтай екенбiз, Егер бақа кеме болса...» – Деп дельфиннен Бата алса кекесiн, Бақа байғұс араққа қыздырып ап шекесiн, Көлшiгiне де емес, Көл жаққа тез қайтпай ма? Балыққа кеп: «Талантсыз деп ең... сен түгiл, Дельфиндердi таң қалдырдым», – деп айтпай ма? ТҮЛКI Қатарынан биiк өскен Алғыс алып көптен-көп. Биiктiктi сүйiп өскен Жапырағы көкпеңбек Күретамыр еменге Тағы да өсем дегенде Əлде күннен, əлде айдан, Əйтеуiр əлдеқайдан Шоқ түстi. Сонда аю көк түстi Көпшiлiкке

─ 135 ─ Ақыл салғанды жөн бiлiп: – Тастайық, – дедi, – бұл шоқты Су сеуiп-ақ сөндiрiп. – Жоқ, жоқ, Бұл туралы газетке Мен бiр хабар жазайын. Маған шоқтың екеуiн де берiңдер, Тартсын қазiр сазайын! – Деп, Түлкi-екең адамдар көп сүймейтiн, Бiр-бiрiне басқанмен, Екеуi де күймейтiн Екi шоқты «Күйiп осы қалсын!» деп Жұрт алдында бiр-бiрiне басты да қойды. Ел тараған соң, болып шайын қайнатпақ Пештiң астына қойды. 10.03.1997. КӨЛ МЕН ТАУ Не де болса, Көл бiледi, Көлгiр едi, Ойыс пен суға Былай деп көлбiредi: – Көтермей ақыл мен өрең сын, Жетпейдi биiкке төбең шын. Ойысжан! Су-еке! Екеуiң Бүгiнде бəрiнен төменсiң!.. Тау Байыпты да байсалды Көлге Бүй деп ой салды: – Төсеп пе сен жүрген жолға сең? Шөл болмай,

─ 136 ─ Көл боп ең зорға сен. Ойыс пен Су бауырың болмаса, Көл-еке, сен-дағы болмас ең!.. БӨДЕНЕ, ҰЗАҚ ПЕН ҚЫЛ Жүрегiнде сызат көп Бөдене мен ұзақ кеп: – Қыл дегенiң – ертеңгi Аяққа түсер тұзақ! – деп Айтып қалды, – бəрiң де Бұл пəледен ұзақ кет! – Қыл емеспiн, жарығым, Аттың нағыз жалымын. Бұлай десең, тұлпардың Шегер одан жаны мұң. Абырой жиған тiрнектеп, Тұрсың бекер дiрдектеп. – Айналасың тұзаққа Қойса сəл-ақ iлмектеп!.. ШОРТАН МЕН САЗАН Əрең құтылған тордан – Ащы көлдегi шортан, Таң атысымен – азанда Шоршып келiп сазанға: – Айтқан сөзi де мəндi, Сенсең, өзi де дəмдi Балық деп бiлем сенi мен. Суынан тасы көп өзенде Қор болғаныңа төзем бе?.. Қане, бол, жүре ғой менiмен. – Жоқ, – дедi сазан мiнезi күрт өзгерген, – Жаман достан кiмдер опа тауыпты? Сен секiлдi шортаны бар көлдерден Тасты өзен емес аса хауыпты.

─ 137 ─ ЖАҢ ҒАҚ ПЕН ӨРIК Жаңғақ өрiкке мұңын шағып едi, өрiк оған былай деп жауап бердi: – Ей, достым, сен бүйтiп ақталма, ешкiмдi жазғырма, қарғама да. Өйткенi, барлық айып өзiңде: қаттылығыңнан басыңа тас тиедi. ӨЗЕН МЕН ДАРИЯ Өзен дарияны ұнатпайтынын айтып, арыққа ренiш бiлдiрдi. Түктi де түсiнбеген арық оның дариядан ренжуiнiң мəнiн сұрап едi, өзен сонда да тiл қатпады. Содан соң арық теңiзге барып, өзеннiң дарияны жек көруiнiң себебiн сұрап едi, теңiз: – Дария басталған жерде тентек өзен тамам болады да, –дедi. БҰЛБҰЛ МЕН БҮРКIТ Бүркiт, лашын жəне ала қарға – үшеуi таудың бiр тасының тасасында жаңғақ шағып, тойғандарына мəз болып, ыржиып отырған болатын. Көңiлi көтерiлiп, шаттығын жасыра алмай, кiп-кiшкене бұлбұл олардың алдына келiп қонды да: – Ау, ағалар, сiздердi шарқ ұрып өзiм де iздеп жүр едiм... Бəрiңiздiң де басыңыз қосылып, осында отырғандарыңыз қандай тəуiр болған? Артық айтсам, кешiресiздер. Мына отырыстарыңыз қай отырыс? Мен қазiр сонау қырдан ұшып келе жатырмын... Көрсеңiздер, көзiңiз қуанады... Шiркiн дердiң шайыдай қып-қызылын-ай... Ендi, ағалар, ерте күндi кеш қылмай, тез барыңыздар сонда... – деп, бұл сөздерiн ол басқа құстарға да айту үшiн ұшып кеттi. Ашыққан бүркiт ендi ұшуға ыңғайланған қарға мен лашын екеуiн қанатымен аямай қағып-қағып жiберiп,

─ 138 ─ жуық арада қанат қағып ұша алмайтындай етiп жаралап, өзi əбден шырқау биiкке көтерiлiп алды да, бiраз ұшқаннан соң, бiрден төмен қарай құлдилады. Жерге жақындап қалғанда қараса, əлгi қыр үстiндегiлердiң бəрi жай ғана тербелiп жатқан əсем қызғалдақтар екен. – Тiфу, – дедi бүркiт сонда ашуға мiнiп, – мына кеңкелес бұлбұлдың менi өмiрде тап бiр қызық көрмегендей ғып алдағанын-ай... Жазған басым қыпқызыл дегенiне ет пе деп ойлап қалды да... əйтпесе бұл шөптiң үстiнен ұшып та өтпеймiн ғой мен... қап, сен, бұлбұл, бiр кездессең бар ма, шайнамай-ақ өзiңдi бiрақ жұтармын. Бүркiт ашумен аспанға қайта көтерiлiп кеттi. АНТЕННА МЕН ТЕЛЕДИДАР – Мен сенсiз бiр күн де жасай алмаймын, сенсiз қалсам, ешкiмге қадiрiм де жоқ, – дедi теледидарға антенна. – Айналайын-ай, сен болмасаң, мен де кəдеге аспаймын. Соның үшiн де мен сенi басыма көтерiп жүр емеспiн бе? –жауап бердi теледидар. ЖЫЛАН МЕН АРЫСТАН Құмырсқа бiр досымен ұзақ жол жүрiп кеттi. Бұта арасында бұғып жатқан жылан оған қатты өкпеледi. – Баламды ертiп кетпептi деп құмырсқаға ренжуiңнiң ешбiр жөнi де, ретi де жоқ. Сенiкi қисынсыз өкпе, əншейiн, – дедi арыстан оған жауапты кесiп айтып. – Қалайша? – жылан басын көтерiп, өзеуреп сұрады. Алып арыстан басын шайқап, жыланға жауап қайырды: – Жыланып қалған жыланым-ай, қалайша дейсiң-

─ 139 ─ ау, өйткенi құмырсқаға бұта арасымен емес, жақсы жолмен жүре алатын жолдас керек. Ал сенiң балаңа келсек, ол да өзiң секiлдi теп-тегiс жолда-дағы жүре алмайды емес пе? Жылан өз қатесiн ұғынды ма, əйтеуiр басын иiп, ұясына кiрiп кеттi. МҰРЖА МЕН МҰНАРА Талай жылдардан берi қалпын бұзбай көкпен тiлдесiп тұрған сымбатты да, сындарлы мұнара мен жаңа ғана салынған үйдiң мұржасы көрiсiп қалды. – Қанша биiк болсаң да, – дедi мұржа, – сенен түк шықпайды. Сонда мұнара: – Сен секiлдi түтiн шығарғаннан осы тұрысымның өзi мың мəрте артық, – дедi. ҚЫРАУ МЕН ЕМЕН Таяуда ғана ғылыми атақ алған қырау: – Мың дегенмен, ешкiм де ендi мендей бола алмас! –деп мақтанды қырға алғаш түскен түннiң өзiнде-ақ. – Жоқ, – дедi сонда емен күре тамырына қарап қойып, – керiсiнше: сен қайта басқалардай бола алмайсың. Айтқандай, мақтану деген сендердiң не теңдерiң осы? Өздерiңнен көш iлгерi жүретiндер жоқ дейсiң бе, түге? – Бар болса, соншалықты кiм екен ол? –деп кекесiн мағынада сұрады қырау еменнен. – Кiм болушы едi, өз iнiңмен тең қарды айтамдағы... – Жə, соның несiн мақтайсыз? Соншалықты ол да аспаннан түспей, жұлдыздан түсiптi ме? – Оны жұлдыздан түстi деп отырған ешкiм жоқ, ай-

─ 140 ─ налайын. Бiрақ сенен ол жерге қанша кейiн түссе де, дəл сен секiлдi атырабын ала-құла етiп, қатқалақтатпайды да, қайта бар жақты аққа орап, жер көркiне көрiк қосады. Ал ерiсе түске дейiннiң өзiнде-ақ өзi жатқан жердi ғана емес, тiптi сонау етек жақта жатқан сайсалалар мен арық екеш арықты да суға қарқ етедi. Ал сен тап осыдан кешке дейiн ерiмек боп жатсаң да, қар секiлдi арықты тасыту былай тұрсын, бiр рет қол шаярлықтай да су шықпайды өзiңнен... əттең, сендерге қор болған есiл атақ, есiл даңқ! КҮН МЕН ШИ (Мысал) Ендi шығып келе жатқан күнге Ши «Менi өзiңмен бiрге аспанға ала кет, серiк болайын... жалғызсыратпайын», – дедi. Сонда бар жаққа нұрын шашып жiбердi де, Шиге тiл қатты: – Өз басын күйдiрiп, егер жанса, бар атырапқа нұры түсетiн шырақтың пiлiгiне де емес, барып-барып қайдағы бiр сасық темекiге бар жалынын берген сенен не үмiт, не қайыр?! Аспаннан садаға кет, сен оңбаған! БАҚА МЕН ШАҒ АЛА Бақа өзiнен қауiптенiп: – Көлшiктiң суы көбейсе, айтпады демеңдер, кiмге де болса өте қауiптi...– дедi. Өмiрi теңiзде өткен шағала оның бұл сөзiне шамданып қалды: – Əй, басы сұлуым, – дедi кейiп, – сенiң сол əркiмнiң арбасы кешiп өтетiн көлшiгiңнiң суы қаншалықты көбейгенмен, бiздiң теңiз секiлдi кеме көтерiп жарытпас...

─ 141 ─ ƏТЕШ Қап-қара аяқтарының жартысынан да келмейтiн көлмек суды кешiп үйренiп қалған əтеш бiр күнi теңiз жағасына адасып келiп қалды да, қанат қақпай оған тамсанып бiр сəт тұрды. Кейiн: – Бұған қонатын құстардың аяқтары да, менiңше, теректiң бойынан төрт есе үлкен болса керек, – деп ойлады. Сол кезде толқып жатқан теңiзге бiр кiп-кiшкене ақ шағала келiп қонып, əтештiң зəре-құты қалмады. Өйткенi, ол аяқтары бiр-ақ қарыс шағала теңiз түбiне батып кетедi ғой деп ойлаған едi. Бiрақ кейiн теңiзде қаннан-қаперсiз жай ғана тербелiп отырған шағаланы көрген соң, ол: – Қап, қысқа ойлайтынымды-ай... Бiздердiң мына мықты ұзын аяқтарымыздан əлдеқайда қысқа осы бiр жартыкеш шағалалардың аяқтары түбiне жетiп тұрған соң, теңiз деп тамсанатын мынаның несi бар? – дедi қарсы алдындағы тұңғиық теңiзге қарап. ШЫРША МЕН МƏЖНҮН ТАЛ Жасыл шырша мəжнүн талмен бiр күнi сұқбаттасып қалды. – Тəке, – деп сұрады шырша мəжнүн талдан, – осы сенiң жапырақтарыңның түбiне сап-сарғайып түсетiндiгi рас па? – Рас қой, – деп жауап бердi тал, – несiн жасырайын. – Ал олардың, – сұрады шырша тағы да талдан, – соншалықты сарғаюына не себеп болды деп ойлайсың? – Менiңше, олар да ерте ме, кеш пе, əйтеуiр бiр күнi бiздiң түбiмiзге түскенiмен, шiритiндiгiн сезiп, сарғайған болар... – Ал өзiңiз ше, неге кеудеңiз терек секiлдi тiк емес? – Ех, шырағым, – жауап бердi тал шыршаға, – қаухарсыздық жеңiп, қуат жетпей, көтере алмағандықтан емес, «Өз түбiмiзге түскен жапырақ-

─ 142 ─ тарымызды қайтсек осы шiрiтiп алмаймыз?» деп ойлай-ойлай-ақ иiлiп кеттiк... ЕСIК ПЕН ТЕРЕЗЕ Ағаш есiк-терезеден сұрады: – Өздерi əбден ескiрiп, орнынан тiптi қозғала алмаса да, диван мен шкафтар нелiктен саған дайым iлтипат-құрмет көрсеткiсi келгендей сыңай бiлдiрiп тұрады? Терезе: – Есiк-ау, өйткенi, сен үйге оқта-текте кiрiп тұратын самалды да кiргiзбей, жыл бойы жабық, құлыптаулы тұрған кезiңде, мен үйдегi оларға күндiз болса күн нұрын, түн болса ай сəулесiн түсiрiп, өмiрден үмiт үздiрмей, жүректерiне жарық ұялатқам да... ТҮЙЕ Қызықты да, бұзықты да көргенi бар болғанмен, ешкiмнен сөзiне титтей да болса сенбейтiн түйе қара басып паркке кiрiп, ондағы үлкен айнаның алдына келiп тұра қалды да, одан өз түрiн көрiп, шошып кеттi. əйтсе де: – Басқалар келiп қалса, ернiмнiң жырығын, сырықтай ғана сирақтарымның қисығын, белiмнiң бүкiрлiгiн көрiп, күлiп жүрер. Одан да мына көптiң ортасында жүрсем, кем-кетiгiмдi кiм көре қояр дейсiң осы? – деп, жолда келе жатқан қойлар мен жас қозылардың арасына қосылып, жайлауға қарай бет алды. ДОП ПЕН АЛМА Доп алмадан сұрады: – Алма, екеумiз де бiрдеймiз. Бiрақ не үшiн қарбызды менен гөрi əлдеқайда ауыр, салмақты деп ойлайсың?

─ 143 ─ Алма допқа жауап бердi: – Өйткенi, оның iшiнде толған дəн бар, ал сенiң iшiңде желден басқа түк те жоқ. МАСА Ақ отауға кiре алмаған соң, маса соңында ерiп жүрген масашықтарына да қайырылып қарамай, қаңғып жүрiп аузы ашықтау бiр бөтелкенiң iшiне кiре сала, ызыңдап кеп жiберiп едi, даусы жаңғырып шыққандай болды. Содан соң: – Тап қазiр даусымды есiтпеген жер қалмаған шығар, сiрə? – деп, өзiнше мəз боп күңк еттi. ТАУ МЕН ТАС Қозғалуға ерiнiп, бiр кəрi жартастың тасасында жатқан да қойған тастан тау оның неге мұп-мұздай екенi туралы сұрап едi, ол: – Бар жылуымды жерге берiп қойғам! – дедi тауға. АЛА КӨЗ Ала көз көзiлдiрiктi мақтайтын: – Бұл мың жасағыр тап мына бiр менiң өзiмнен де, сендерден де – бəрiмiзден алысты көредi! – деп. Бiр күнi көзiлдiрiктiң орнына жұмысқа дүрбi келген соң, ол дүрбi есiтетiндей дауыспен: – Құрметтi достар, сендерге қайдам, ал маған көзiлдiрiктiң жұмыстан босап кеткенi тiптi-тiптi жақсы болды. Өзi де бəтшағардың түк көрмейтiн көр едi ғой, – дедi ойнақшып.

─ 144 ─ ТАЛ, ТЕРЕК, БҰЛБҰЛ – ҮШЕУI Тал мен теректер таудың басына қараса, онда кiлең шыршалардың емiн-еркiн тыныс алып, бойын көкке соза, жайқалып өсiп тұрғанын көзi шалып қалды да: – Мына тауекеңнiң басын түгелдей ақ басса да, əлi есi кiрмептi. Сол жаман шыршалардың несiн ұнатты... Бойынан қандай асыл қасиет таба қойды екен? – деп көкейiнде жүрген бiр ойын досы терекке қалай айтып жiбергенiн де байқамай қалды. Бiреулер егер дос көрiп сəл болса да, ауырлығын түсiрсе, бiраз сабыр етпей, морт сынып кететiн бақа терек те тау туралы талайдан берi жаман ойда жүргендiгiн айтты. Кейiн: – Басының ағын құрметтеп, үндемеген сайын бiздердi аяқ астында қалдырып бара жатыр. Бұл тау – бiздiң нағыз жауымыз, – дедi. Бұл ойларын олар бiраз күндерден соң көршi шынар ағашының басында сайрап отырған бұлбұлға айтып едi, ол тал мен терек екеуiне қарсы шықты: – Бойларыңа ойларың сай емес сендердiң, қашанға дейiн бiреуге кiна артасыңдар да жүресiңдер? Көктемдi көрсеңдер, бiр түрленесiңдер, жаз жолықса тағы, күз қарсы алдыңнан шықса, онда да, ал қыстың өзi iздеп келiп қалса, жəне-дағы түрленесiңдер. Сендердiң осындай құбылма мiнездерiң бар. Ал шыршалар болса, ешкiмнiң алдында да түрленбейдi, түсiн де өзгертпейдi. Тiптi қыс дегендерiңiз қаһарын шашып, қуратып жiберемiн деп қатуланса да, ол уəдесiне берiк, сол баяғы жап-жасыл бiр қалпында тұратын жақсы қасиетi бар. Таукеңнiң олардың бəрiнiң биiкте өсуiне ешқандай қарсылық бiлдiрмеуi де сондықтан. БҮРКIТ ПЕН ИТ (Мысал) Өмiрiнде талай рет өлiммен бетпе-бет келiп, түлкi алған бүркiт биiк жартастың үстiнде отырған едi, тазы ит келiп қалды да , оған шəуiлдедi.

─ 145 ─ – Əбден қартайып, құр сүлдең ғана қалыпты-ау... Сонда да адамдар неге сенi басқаға үлгi етедi? – Өйткенi, қартайсам да, сен секiлдi бiреудiң атып түсiрген олжасына қарай жүгiрмеймiн де... КӨЛШIК ПЕН ТЕҢIЗ Iшiн қалың қамыс басқан көлшiк қуаныштан шалқып жатқан шалқар теңiзден сұрады: – Ақсақал, ортаңыз тұрмақ, неге жағаларыңыз да қамыссыз? Теңiз бiр толқып жауап айтты: – Сендер секiлдi батпағымыз жоқ та, балам, батпағымыз... АРЫСТАН Көк иттер, көк болса да көп иттер ауыл сыртындағы тастақта кешке дейiн бiрiн-бiрi қуып, ырылдасты. Мың ойласаң да, түсiңе кiрмейтiн, айтпасаң ым-дымды түсiне бермейтiн басқа жақтан ауып келген келiмсек күшiктер де өздерiнен үлкендердiң iзiн басып, арада боркемiк сүйек жатпаса да, бiр-бiрiне шəуiлдеп үрiп, құлағын үлкендердiң сөзiне түрiп жатты. Жаздың жайсаң ғана күнi болатын. Тастақ жақтан дауыс шыққанға алыс жүрiп келе жатқан арыстан «Бұлар кiмдер екен шуылдасқан?» деп жалғыз аяқ жолға қарап едi, ауыздары қан боп тарасқан əлiгi көк соққан иттер екен. – Сендер де, – дедi арыстан иттер өзiне таяп келгенде, – ет пен сүйектен жаралғансыңдар ғой. Бiрбiрiңдi болмасқа таласып, көк ала қойдай еткендерiң қай сасқандарың? Ақыр сендер дəн емессiңдер ғой. Көмген соң жер бетiне қылтиып қайта шығатын?!

─ 146 ─ ҚАЛАМ МЕН ҚА ҒАЗ Сырты ақ болғанмен, iшi қара қалам аппақ қағазға ренiш бiлдiрдi: – Газеттен де жұп-жұқасың-ау, шiркiн. Ақ қағаз сонда да əдеп сақтап, ибамен жауап бердi қаламға: – Жұқа болсам да, жыртылып кетпей, барлық сөзiңдi ауырсынбай көтеретiн менмiн ғой... ҚАЙДА? – Ұйқы иттiң жоспарын Жүз пайыз орындап, Ұйықтай берсе Түске дейiн қорылдап, Жаман əйел атанбай ма? Қош, шырағым, Апаң қайда? – Ферма жақта... қиырда. – Əпкең ше? – Шөп салып жүр сиырға. – Ал Зымзия келiн ше? – Отын жарып Болған шығар, менiңше. – Ал Жазира... – Құдық қазып жатыр ғой Қолына кирка, лом алып... – Əйелдердiң көп екен ғой Қайғысы-ау... Еркектер қайда, байғұс-ау? Кешегiден соң пəхмелге Арақ iшiп, «оңалып», Үйiнде отыр омалып...

─ 147 ─ ТЕЛЕФОНДА ҒЫ ƏҢГIМЕ – Əлө, бұ кiм, Сəуселiм бе? – Иə, жетiскен Сəуселiммiн. Ал өзiң кiмсiң? – Ертеңнен қол астында Iстейтiн дəу сарыңмын. – Əй, дəу сарым, өзiңе мəлiм, Сыртымнан ел-жұрт не демеген... Сен де маған Не демек ең? – Əмпей-жəмпей екенiмдi Сiзбенен Естiмеген де, естiген де естiсiн. Бүгiн Сiздiң Үйге барып кешкiсiн... – Ей, қоя тұр, түстен соң Кəмандировкаға кетiп барам... – Қап, шақырмақ ем ғой қонаққа... – Ə, онда əдресiңдi айт, жетiп барам!.. АСА « ҒЫЛЫМИ» БОЛЖАМ Дүрмектей ғылымда Күрмектей де беделi жоқ. Ялтада, Қырымда Дегенiнен жегенi көп Кенен, Əлiм екеуi – Аспиранты астананың. Iшiнде сөйлесiп отыр Салқын сыралы асхананың. – Əй, досым Əлiм, Соншама жаның шығады? – Ал, менiң, Кенен, Жүрегiмнен жалын шығады. Ендеше менен Үлкен дарын шығады.

─ 148 ─ Отыра берсе осылай, Екеуiнен де ең бұрын Əңгелектей қарын шығады! ӨСЕТIН ЖIГIТКЕ «ӨСИЕТ» (Керi өлең) Қонағыңды келген жерден қайтар да, Басшыңменен шыққын тағы керiсiп. Жо-жоқ, жаным, жұмысыңнан қайтарда «Ақ» па, əлде бiр «қызылды» кел iшiп. Опасыз ғой əу бастан бұл қыз-ғарiп, Жiгiтi бар үйдi сенiп көршi етпе. Ал онан соң əйелiңдi қызғанып, Iздеп келген досыңа да көрсетпе! Өтiрiк-ақ «үдеп бастың солқылы», Қалып кетсiн оқылмастан сабағың. Есiң болса, қабақ шытып сол күнi Балаларды бiр шетiнен сабағын. Бiреулердi қалдыр да осы жолынан, Кешке дейiн кезе түскiн ауылын. Өлсең-дағы ата-анаңның қолынан Iсiн алып, жеңiлдетпе ауырын! ЖОЛДАҒ Ы ƏҢГIМЕ – Барғандайсың қалаға. Иə, қайдан келесiң? – Шымкенттен. Балаға «Жұлдыз» таппай келемiн. – Ау, түнде iздемейсiң бе Сол болса егер керегiң?

─ 149 ─ – «Ара» да таппадым, əйтеуiр оңынан Келмедi iстерiм... – Бiздiң үйден ала ғой, Бiрақ өзiң егеулейсiң тiстерiн. – Көптен берi Келмейдi бiздерге. «Балдырған» бар ма осы Сiздерде? – «Жоқ» дедiм ғой. Таңданасың неге сен, Ендi ғана жүктi болды Жеңешең. – Бiр «Ұлан» керек едi... – Ой, мəледес-ай, не оны Араққа жiбермек пе ең? Тек осындай жауап қана естисiң Досың болса, араққор жүгермектен. ШIРКIН Сен деп емес, Сiз деп келгенге. Ағам бар деп ат арытып Iздеп келгенге Кет деп көкiрегiнен итеретiн Пенде емеспiн. Өйткенi ақыл-естен Кенде емеспiн. Бұдан ровно бiраз алдын Пiрназардың Үсенi келiп, Костюм-сым-ит киiп кеттi. Жоқ-а, ит емес, Кит киiп кеттi

─ 150 ─ Содан соң өзгеден Мың мəрте артық көретiн, қатынына жейтiн тамағын да Тартып беретiн Өз бөлем – Ол да оңбаған Өзi ерттеп, жүктi боп отырған қатынды мiнiп кеттi. Ту-ай, есiм құрысын, Күсен атымды мiнiп кеттi. Сонда да менi, қатын бердi деп, жоқ, а, Атын бердi деп елемейдi... Шiркiн, бiздiң ағалар Iшiп алса, не демейдi? АДАЛ АҚША – Сиырды суарып кел. – Iшiм ауырып тұр. – Құдықтан су алып кел. – Тiсiм ауырып тұр. Шөбiңе бара алмаймын. Картобыңа Жүйек те ала алмаймын. – Болмаса, Асанжанды көтерiп кел, Бiлесiң ғой балабақшаны. – Айтшы, ата, содан басқаны. Ну, мəселен, кассадан Əкеле аламын ақшаны. – Дұрысында, Бiр тиын да бермеймiн Бұл тұрысында. Ал ендi бiр iс айтайын Бəрiнен де тазарақ...

─ 151 ─ Биге Баласы ақша ап кеттi Есектiң астын тазалап. «ЖАТА ҚАЛСАҢ БОЛМАЙ МА!» «Есен-сауын бiлiп қайт!» – деп Қоймағасын анасы, Нағашысының аулынан Бүгiн келдi баласы... * – Қалай, балам, Барған жерiң есен бе? – Иə. Айтып жатыр сəлемiн Қарани да, Есен де... – Саламат болсын... Келiндi айтам... Байғұстың ата-енесi тəуiр едi... Анада келгенде Аяғы ауыр едi... Жеңiлдеп пе? – Аяғы сонша ауыр боп Өгiздiң жемiн жеп пе? Əйтпесе о не дегенiңiз? – Қағынғыр-ай, Туып па деймiн, туып па? – Жоқ, оны ақымақ дейсiз бе Жазда тумай, туып осы суықта?! – Сен, сүмелек, тiлiңдi Шайқап сөйлемей, Байқап сөйле. Ал сөйтiп нағашың Менiң жаман «немеме» – Саған осы бiрдеңе

─ 152 ─ Əпермедi ме, немене? – Екi түйе, отыз қой, Жетi сиыр, ат бердi... «Киiп кет!» – деп үстiме Костюм-сым да əпердi... Кейiн барып... таяуда Кандидат деген атақ алды. – Қағынғыр-ау, Сондай ма? Кəндiдаттың жартысын «Бөлiп бер!» – деп жата қалсаң болмай ма?! САХНАДА ҚЫРЫҚ БОЛДЫ – Кетсем-дағы атылып, Бармаппын-ау, о, сорым! Билеттiң бəрi сатылып, Қалмаған да шығар бос орын? – Несiн осы айтасың? Жақсысына жоқ дауа... – Түу, шынымен Концерт қызық бопты-ау, ə? – Əрине. Бiрақ достым, Мəдениет үйiне Келгендердiң бəрi де Бiрiн-бiрi бiлiп болмай, Бiр сағат алдын кiрiп болды. Шынын айтсам, залда – екеу, Сахнада – қырық болды...

─ 153 ─ ТƏРБИЕ Тұңғышының оқу жайын бiлгелi Отырса егер алдына бұл келiн кеп, Қарап қойып үй жағына iргелi, Былай дейдi жай дауыспен Керiмбек: «Сөкпеу керек балаларды сiрə да Болса-дағы миына ақыл қонбаған...» * Өз ұлына айтатынын сұрама: «Өл!», «Ақымақ!», «Оспадар!», «Ит!», «Оңбаған!». КƏМƏСИЯ «Басшымыз бұл ер емес, – деп, – жiгерлi», Бес жалақор қыртыпты. Жоғары жақ тексеруге жiбердi Шəлтiк пенен мыртықты. Қысқа ғана гүл өмiрдi егеудiң Қажетi не расында? Шiкiрейген шəлтек, мыртық – екеудiң Өгiз де бар қасында. Орнатпақ боп бұл үшеуi тəртiптi, Əбден түлен түртiптi. Орынынан алып тастап артықты, Əкеп тықты тыртықты...

─ 154 ─ Аттарыңнан айналайын МОЛДА ҚОШЫҚ БАБАМЫЗҒ А Дiлiне Дүние емес, ар қаланып, Тамшылары кетiптi тарқап анық. Атыңнан айналайын Дархан арық, Сенi көрсем кетемiн арқаланып. Жағаңда оң да басып, сол да басып, Туған жерге болыпты сонда ғашық. Тарих-тауда сайрайды алтын iзiң, Датқасы Шанышқылы Молда қошық! Кiм бiлмейдi Қараңғы, жарық барын, Елге қызмет етуден жалықпадың. Бiр анадан туғанның бəрi-дағы Ойлап па мына сендей халық қамын?! Нұр пейiлiңе Ел бегi, биi қанық, Мақсатың да болыпты биiк, анық. Ынтымақ пен бiрлiктi талап еттiң Жақсысын əр шахардың жиып алып. Сырлас десең, еңселiм, Сырласыңмын, Мұңдас десең, мен сенiң Мұңдасыңмын. Майлықожа, Əкiмқұл, Марқалармен Екi жүзiн жасапсың мың жасыңның. Ұрпағың жүр Тастап бiр əр күндi артқа, Отырғызба сiрəда халқымды атқа. Қарға тамыр қазақтың басын қосқан Алтын той құтты болсын, Алтын Датқа?!

─ 155 ─ СIРГЕЛI. ТУТАҢБАЛЫ Қадiрiңдi бiлетiн iлгерiден, Бiрден кейiн, бiреуден iлгерiм ең. Сыр да, сiр де, сүр де боп келе жатқан Айналайын киелi Сiргелiден. Жүректе бiлiм менен бiлiк жүр шын, Сондықтан да қадiрдi бiлiп жүрсiң. Қалайша мақтамаймын Тулы елдi, «Тоныкөкте» мақталған түрiк-сiрсiң. Тұрсаң да Таң алдында алтындалып, Бiрлi-жарым қояды алқымды алып. Тұрымбет боп тарихта Ту көтерген Тутаңбалы дегенiң – Алтын халық! Дүниенiң кiтабын парақтаған Тутамғалысыз болмай ма таң атпаған? Қай атадан өнсең де, бəрiбiр сен Ұлысың қасиеттi, Манат бабам! Тау басында Бастаса қыран ойын, Биiктерде менiң де тұрады ойым. Жеңiсiң, Кеңiсiң көп, Кемiсiң жоқ, Адамдың пен адалдық тұла бойың. Қызыл-жасыл етсе де кешiмiздi, Тарихтың қадiр тұттық көшiн iзгi. Тутаңбалы намысы – Текей датқа, Соған қарап түзедiк көшiмiздi. Соған қарап жинадық есiмiздi.

─ 156 ─ Ел болдық па жүрегi ауырмастан, Бұл тарих – бəрiнен де ауыр дастан. Бозыеке, Жанайларым ар ойласа, Жанқара – Бүркiт жақсыға бауыр басқан. Сөгiлмеген Ешқашан ар көбесi, Қасиеттi қазақтың əр төбесi. Күн сияқты əлi де биiк екен Аманқұл мен Əйтеннiң мəртебесi. Шарқ ұрып Шыршық, Таукент жағалаған, Жан баласын бауырым деп бағалаған. Бақыт сынды Боранбай, Шағырым бар, Бiрiн iнi, бiреуiн ағалағам. Жүректерде Алдымен нұр есiп ал, Озбақ болсаң, бəйгенi күресiп ал. Шөлiркетiп жүретiн бұл өмiрде Құрбан, Қоңыр, Шаңғарақтың үлесi бар. Қош болып кеттi жаздар, келдi күздер, Абызды абыз деймiз ендi бiздер. Қожа бала танытып ұлылықты, Əр жүректен ерлiк пен елдiк iздер. Тар шақта тартылғандай атойларың, Аман болсын тiрлiкте ат айдарың. Тутамғалы – ордаға iрге болып қаланған Малайым мен Матайларым. Тақтан гөрi ұнатар жұпты Шора, Иығымен көтерген жүктi Шора. Бiр мықтысы бұл елдiң – Дəулен шора,

─ 157 ─ Шоралардың бəрi де мықты шора. Жер мен көкте сiрəда байыз таппа, Бақыт болып тербелгiн, құтты шора! Оразгелдi, Əшiрбек тiректер боп, Орындалсын айтылған тiлектер көп. Мадиярдың даусындай мəңгi естiлiп, Нармаханның жырындай жүрек тербет! Тутамғалы Ташкентте өседi көп, Бiр-бiрiне қылаудай өсегi жоқ. Құрбан, Серiк – алдағы ағаларым, Жол бастасын елiмнiң көсемi боп. Талай көрдiм туыспен суысқанды, Ұмытып, арыздасып, қуысқанды. Дүниенi айналып шықсаң-дағы, Тутаңбалыдай таппайсың туысқанды. Толғатқандай əр жолы мəйiн жырдың, Жақсылыққа Ораздай дайын жүрмiн. Жүрегiне күйеудiң ту тiктiң бе, Сiргелi Тутаңбалы – қайын жұртым?.. Көз алдыңа Келгенмен небiр елес, Салмайды дей алмаймын жебiр егес. Қазақта Ту көтерген халықсың сен, Сенiң жырың мəңгiлiк жеңiл емес, Сенiң жүгiң мəңгiлiк жеңiл емес!.. БƏЙДIБЕК БАБА ҰРПАҚТАРЫНА Шашқан соң күндей жүзден анасы нұр, Ұлы елдiң болған-ау даласы гүл. Бəйдiбек дейтiн атам – ханнан артық Қараша атамыздың баласы бұл.

─ 158 ─ Армысың, суаным мен албандарым, Алатаудай сендердiң армандарың. Бақ пен бақыт туына бас айналып, Алтын болсын əмiсе алғандарың! Кiм қумаған дүние қуыстарын, Сары үйсiн – сенiң бiр ту ұстарың. Байрағың мəңгiлiкке желбiрейдi Қолдап тұрса бар Алаш туысқаның, Армысың, сарыүйсiн туыстарым! Өренi өнiп-өсiп ақ дəнектен Емес қой кiсi жолын аттап өткен. Көзiңе Алатау боп шалынатын Шапырашты ер халық мақтан еткен. Жарқылы бар əр алтын, əр күмiстiң, Жақсысын iстемей ме əркiм iстiң. Қайда осы жүрсе де, қазағыңның Арын арлап келедi алтын ыстың! Есiгiнiң түбiне дүр байлатқан, Жүрегiне тек қана нұр жайлатқан. Бұл жақта Дулатым бар – тулы атам бар Дүрия дүниенi гүл жайнатқан. Сарықыз, Зерiп, Жұпар – шалқығандай Байдолладан туылған талқы қандай: Шақшамды айтсаң егер, қуанасың Көктасы Самарқанның балқығандай Тəңiрiм шығарып Күн, Айды көктен, Нұр-құшағын Бөгенге жайды көктен. Ұлы үмiт бар, бойында ұлылық бар Туған ұлда данамыз Бəйдiбектен!

─ 159 ─ МҰХТАР ƏУЕЗОВ. МАХАББАТ Шыңғыстау, Омбы ма, Орынбор ма, Бiр жүрекке бəрiнде орын бар ма? Қай жерi қазағымның болғанымен, Құдайым бастапты ғой жолыңды алға. Көңiл мен Көкжиекке нұр қаланбай, Жүргенде Алаштағы ұлға алаңдай, Қылаң еткен қыз емес, аңсағаның – Қай шындық тұрып едi бұрмаланбай?! Өтсе де Тағы да көп күн құйынды, Нақақ сөздi қыртудан кiм тыйылды? Тəлкекке сап, жаһанға жар салғанмен, Бəрiнiң де аузына құм құйылды. Бiр сырын əйтеуiр бұл жұмбақтаған Сөзге құлақ асты ма жұмбақ далаң? Абай атам сықылды сiздi-дағы Кiндiк кескен жерiң де жұбатпаған. Құлаққа тұрса-дағы жан даусың кеп, Бiр ынсан тұрды ма екен қорғаушың боп. Қаршыға, құладын да құлақ тiктi Бiр Алла тұрғаннан соң қолдаушың боп! Зая күндер өткен соң бастан, аға, Соққыға кiрiптар көз жастана ма? Сүйемiн деп сан мəрте қиқу салған Бiр махаббатың жатыр-ау Тасқалада. Тартқызды кiм ғашықтық күйдi саған, Жолы қысқа... өмiрiн қиды сəнам.

─ 160 ─ Шешуi жоқ сол жұмбақ махаббаттың Басынан да өтiптi қилы заман! Найзағайдай лап берер дүр махаббат, Тасқала ажарындай гүл махаббат. Мəңгiлiкке сырың боп, жырың боп та Қалар ма екен, ағатай, бұл махаббат?! Бүгiн шындық көрiнбес кешегi елес, Астыңыз дүниеде неше белес. Əрбiр жан Сiздегiдей махаббатпен Тасқалаға келмесе есеп емес!.. ХАЛЫҚ СУРЕТШIСI ОРАЛ ТАҢСЫҚБАЕВҚА Ар-туын адамдықтың жоғары ұстап, Сенiмен жоқ қой ендi қол алыспақ. Нөкiс деп кiм ойлаған барар жерiң, Кеттi ғой одан-дағы жол алыстап. Iздедiң сексен жастың белесiнен (Шығасың жақсылардың неге есiнен?). Халқыңның төрiнде сен отырар ең Түспесең тiршiлiктiң кемесiнен. Шынары артта қалды күн-қаланың, Жасыл бел, артта қалды қырқалардың. Иесiн бұл өмiрде iздейтiндей Жоғары қойып кеткен қылқаламың. Алдында отауыңның дара тiккен Жайқалар еккен гүлiң даналықпен. Ұшады биiк-биiк көгершiнiң, Төменде қиқу салса бала бiткен.

─ 161 ─ Көктем кеп қарлығаштың қанатында-ай, У-шуда жатыр түнгi қала тынбай. Жаппайды əлi жеңгем есiктерiн Сапардан сен оралып қалатындай. АКАДЕМИК ТЫНЫСБЕК ҚАЛМЕНОВҚА Қара көзiн Алаштың құшып толық, Жүрсiздер ме бекерге ұшып-қонып? Ат мiнгендер Атасын ұмытпапты, Ұлық та болсаң, келесiз кiшiк болып. Тасқа жаңбыр жауғандай күйi мұңды, Қу көңiлiм – таппаған қиынымды. Сұмдықтардан салса да арқа кеңiп, Несi бар жыртып жұлдыр киiмiмдi?.. Қызыл көздер – сүзiсiп азбан қырда Əуiр-сəуiр қашқандай жаздан нұр да. «Көз жетпеске сөз жетер» деген болар, Бiреу аузын баспастан жазған құлға: «Күн iстеткен, Зердесiн түн iстеткен, Тау-көңiлi едi бұл тыныш неткен?! Үйде қаңсып жататын əбзелiңдi Қалайша алтындатып, күмiстеткен? Ер Төледен соғылған зуаласы Iлiнiсiң бар ма бұл Тынысбекпен? Сен жiлiк ұстасып ең кiмдерменен, Бiте қайнап барасың КҮНДЕРменен! Мойын қоймай лажың жоқ мына сөзге: «Күндiз шырақ жақтырар күн көрмеген».

─ 162 ─ Болғанымен қол ашық, дос көрiнiп, Бiрi қатты, ал бiрi бос көрiнiп, Керi тартсам күректi, кетпен сынды, Қорыққаннан отырдым қос көрiнiп. Ақ бөрiсi ауылдың анық ұлып, Шыбын жанның тұрғанда əлi құрып, Кереуетке таңды да тастады ғой, Аяғымнан ауру – ит алып-ұрып... Көкiрегiне Ағаштың мұз қатыпты, Қақап кеттi ақ шұнақ қыс та тiптi. Мен болсам жоқ бұлттардан жаңбыр күтiп, Күрмей алмай отыр ем қысқа жiптi. Бар жақсыдан болған соң дəмелi – мен, Қауын бердiң жайқалған пəлегiмен. Би бабамның батыры дедiңiз бе, Өрiк те бердiң алтын дəнегiмен Бiр өтiнiш еткенде бiздей «бөтен», Демiн iшке түсiрдi жүздей көкем. О, дариға-ай, бəрi де ағалардың Зер қадiрiн бiлетiн Сiздей ме екен?! Ер қадiрiн бiлетiн Сiздей ме екен?! КIМ БАР? (Мұстафа мен Ханым Сүлейменовтерге) Жiп тақты да, Қырықты кеп жасырды, Елу-ердiң Есiктерi ашылды. Өзiң емес, Сарыағашты самғатып,

─ 163 ─ Тойыменен бастап бердi АСЫРДЫ. Таудай биiк Мəртебеге жеткелi Жүргенiң жоқ ел iсiнен шеткерi Сарыағаш деп құрақ ұшар Ханымға Құтты болсын Елуiңнiң шекпенi. Түскен жұрттың Көретұғын желiн ем Ханым деген ханышадай келiн ең. Сендер үшiн дүниеде ешбiр жұрт Биiк емес Сарыағаштың жерiнен. Балалар да, қыздарың да арайлы, Бойларыңнан иман нұры тарайды Құлақ түрген дүниеге... туған жер – Сарыағаштың көзiменен қарайды. Кiм бар мұнда, мырзалар мен ханымдар? Танымасаң нағыз ердi таныңдар: «Мұратыма туған жермен жетем» дер Сарыағашта Мұстафа мен Ханым бар!.. АЛТЫН БЕСIК (Жазушы Сұлтанəлi Балғабаевқа) Жаралып Өмiр дейтiн Нұрдан əнi, Бақыт па жүру деген Сырдан əрi? Алпысың Босқа кетпей, досқа кеттi, Кiм мұны түсiнбейдi, Сұлтанəлi?! Ар қажамай, Болмас-ау əр ғажап күн, Екеу болса, Бiрiсiң нар қазақтың.

─ 164 ─ Тусаң да қасиеттi бiр Анадан, Арын арлап келесiң бар қазақтың. Сендерсiң Алдыңғы арба, алдыңғы есiк, Адалыңның жүрмепсiң алдын кесiп. Қазақтың бағы үшiн жүзiңде де Қолыңда тербетiлсiн Алтын бесiк!..

─ 165 ─ МЕКЕМБАЙҒА (Оспанхан Əубəкіров) Омар шалдың баласы – Мекембайым, Ұстазыңа құрметiң екен дайын. Хат жазар ем, салақтық қол байлады, Айып етпе, қарағым Көкентайым. Аман болсын отбасы, мекен-жайың, Айналайын шəкiртiм Мекембайым. Сəлем айтқын көрмеген келiнiме, Ұлытаудан ұстаған елiгiме! 5.01.1980. БАҚЫТ Бейжiң олимпиадасы жеңiмпазы Бақыт Сəрсекбаевқа Сəйгүлiктей қалған бiр құрықталып Көрсеттiң-ау тəп-тəуiр қылықты анық. Адам ұқсап жұдырық түйiстiрер Барлық есiк қалған жоқ құлыпталып. Ел шақырды, Несiне тосылайын, (Тым шикiлеу болды ма осы райым?) Үйдек-түйдек болмай-ақ үйден шығып, Үкiлетiп үйiрге қосылайын. Тартпау керек мұндайда ер де кейiн, Жолдарымды демейдi ел бөгейiн. Табақсайдан барам да құстай ұшып, Өлең төсек – елiме тер төгейiн.

─ 166 ─ Сонда менiң тұрады тасып бағым, (Отқа салған темiрдей жасытпадым). Қазақ деген ел үшiн қызмет етем Жан-тəнiмде қалғанша қасық қаным. Бiр алаш жоқ Иман мен ардан өткен, Ақбозат пен көкбозатты арман еткен. Бөлiнбей бозiнгеннiң ботасындай Бұл ұлың да тайған жоқ алған беттен. Табақсайдан шыққанша алып қолды, Күн де, түн де сүттей бiр жарық болды. Алты алаш Баласы төс қағысқан Алатаудың баурына барып қонды. “Тастап келген Тауы мен бар даласын Сен кəдiмгi оралман сар баласың”.. Келмей жатып əлдекiм беттен алды Қарпып-қарпып сүйгендей нар баласын. “Төгiлмесе маңдайдан несiп терi Айқарылмас Бейжiңнiң есiктерi. Топты жарып, көкжалдай сытылып шық!..” Осы болды тағы бiр есiткенi. Көтеретiн жүктерi жолда қалмай, Көрсетедi күш барын қолда қандай. Жеген таяқ қаруын бiр қайтарар Болса егер Атажұрт қолдағандай. Қайрағанмен қаншама ағаң тiстi, Қазағыма қашан да бағаң күштi. ҚАЗАҚСТАН намысын қорғап қалу, Қарағым-ау, қаршадай саған түстi. Байлық пен сұлулықтың қоры сынды Артқа тастап жайлы бiр қонысыңды,

─ 167 ─ Төртеу түгел болатын Атажұртқа Неге келдiң бермесең қол ұшыңды?!.. Жүрмесе де ерiм деп елеп алдын, Баба арымен өзiңдi егеп алғын. Ел намысын жыртпасаң осындайда Отаным деп, қаным деп неге бардың?! “Қайтер екен?” – күдiкпен мен дiр еттiм, “Жеңбей қойман!” – үмiтпен сен гүр еттiң. Жапырағы үзiлiп түскен талдай Қарсыластың бəрiн де селдiреттiң. Басқа емес, Бейжiңнiң қақ төрiнде ҚАЗАҚ Арын Байрақ қып желбiреттiң. Шеберлiктiң, күшiмен қол, бiлектiң Жеткенiң-ай бiрiне мол тiлектiң. Бар ҚАЗАҚтың көзiнде МАҚТАНЫШ пен ҚУАНЫШтың жастарын мөлдiреттiң. Əмбе алаш баласың Отанда күт, Көзiң тоймас көркiне – оған бағып. Ата жұртсыз дүниеде не қызық бар, Алтын басың аманда Отан – бақыт. Дос-жаранды жүретiн аралатып Ата – бақыт, аяулы ана – бақыт. Ел намысын дəл сендей қорғай бiлсе, Бəрiнде де Алаштың бала – бақыт. Бақыт деген атыңнан айналайық, Бақыттардың iшiнде, дара Бақыт!..

─ 168 ─ ҚАДIР (Тартулы Қамбар Тұрсынбаевқа) Талай жыл Қамбар батыр жүрдi iзденiп, Тартулының басынан жұлдыз көрiп. Ағайынның тауына ұя салған Кеудесiн бара жатыр бiр күш керiп. Тiрегi, тiлеуi де сонша мықты, Бұл өзi қуаныш қой соншалықты. Ар тулының – Тартулының таудай ұлы Жүрегiне халқының жол салыпты. Талайдың өзiң-дағы қорғанысың, Сен дегенде соғылар қолдары шын. Қадиша, Зүлфиялар тұрған кезде Аралау қиын болмас орман iшiн. Адам да көп,өмiрде надан да көп, Дегенмен, абай болғын, жолбарысым! Iнiнiң бiр мiн бар ма пошымында, Көңлiнiң тарайды ендi хошы мыңға. Шəлкем-шалыс жүрiстен ада жүрек, Батасын алды елдiң, досының да. Қамбаржан, туған күнi толғанып ал, Дүниенiң оңғаны, тоңғаны бар. Адам болмай, жалғанда кiм айыпты Сəл кермектеу татыса қолдағы бал? Дүниеде болғанымен толған ғажап, Арсызға адамбыз ба қорланбасақ? Құдiретiнiң жеткенi шығар, бəлкiм, Батырларды жатырмыз қолдан жасап! Сырымды мен айтамын кiмдерге кеп, Жұпар исi шаша ма гүлдер де көп?

─ 169 ─ Аспан бұлтсыз болғанмен, бұ жалғанда Ай көрiнбес тұңғиық түндер де көп. Кез де кептi бiр нəрсе аңғаратын, қадiр тұтар қазағы Қамбар атын. Баяғы Тұрсын ханның кезi болса, Түрiң бар-ау қасқиып хан болатын!.. РАУШАН (Есенғали Раушановқа) Дəмелi ем ақ қыздың алмасынан Ендi менi жылатып алмасын əн. Өмiр – өзен Шыршыққа ұқсамайды Дайым асып ағатын арнасынан. Ал шырақтың тұрса да бары жанып, Өмiрiмнiң демейсiң бəрi жарық. Жүрегiмiз жарасы – шақа жыр ед, Жаза алмаспыз жүз жылда дəрi жағып?! * Жазға ұласып көктемi жаңа жылдың, Қызға мұртың тебiндеп, бара жүрдiң. Зiркiлiнен емес-ау бомбалардың, Уiлiнен ояндың бала-жырдың. Алатауда тасытып бiлiм селiн, Ақын болдың артатын бүгiн сенiм. ... Пəдəрiңiз Раушан ба меңдар айдай, əлде сөзiң раушан ба, iнiм, сенiң?.. 9.11.1985.

─ 170 ─ МҰ ҒАЛIМ Гүлдерiндей даланың Сөзi дастан – мұғалiм. Жас нəресте баланың Көзiн ашқан – мұғалiм. Нұрмен көңлiн жазғандай Елдегi адам – мұғалiм. Инемен құдық қазғандай Еңбегi адал – мұғалiм. Жақсылықтың басында, Жақсы үмiттiң қасында Сен жүресiң, мұғалiм. Шаншитұғын жүрегiң Елжiресiн, мұғалiм. Халықтың қамын қашанда Жеп жүресiң, мұғалiм. «Отаныңа адал бол!» Деп жүресiң, мұғалiм. Сөздерiнiң семiзi, Арығы бар – мұғалiм. Жүрегiнде негiзi, Жарығы бар – мұғалiм. Бостандығы, Бесiктау, Ақтасы бар – мұғалiм. Мақтасы бар – мұғалiм. Бақшасы бар – мұғалiм. Тышқан да сатып ала алмас Ақшасы бар – мұғалiм. Бидайы бар – мұғалiм. Өз iсiне берiлген, Фидоиилар 1 – мұғалiм. 1Фидойи – адал, шын берiлген деген мағынада.

─ 171 ─ Жас баланы биiкке Алып келген – мұғалiм. Жүрегiне елiмнiң Жарық берген – мұғалiм. Жақсы менен жаманды Анық көрген –мұғалiм. Айтады ғой қашан да Ұнағанын – мұғалiм. Ұлы адамым – мұғалiм. Қу зейнетке жетпестен Құламағын, мұғалiм... БƏРI БЕКЕР ( Ғалым М. Жүсiповке) Шаш – толқын Қас-орманнан асыңқырап: «Елдiң ендi келемiз басын құрап. У шашып, – дедiң жанып бiр жыланға, – Адалдың арамдама асын бiрақ!..» Үреймен Үйден шығып, түн кезiнде Барамын солар жаққа, – Күнде өзiңде! Қой дегенге көне ме, айдаһарлар Жатады қыздырынып күн көзiнде. Жан жарасын Ете ме дəрi бетер, Айдаһарға ақылдың бəрi бекер. Сыйын бiлмес сұмның да суық тiлiн Суырып алсаң ғана зəрi кетер!.. 9.11.1999.

─ 172 ─ НИЯЗЫМБЕТ Кiрпiгiнен күн-дағы тең өрген нұр, Қуаныш пен бақытқа кенелген гүл. Сымбыл боп, Сəстiлес боп, Сексен болып Қадiрленген киелi Кемерден бұл. Сұңқарлары саңқылдап сұңқармын деп, Тұлпарлары мақтанбас тұлпармын деп. Туған жердiң төсiнде өскеннен соң Еңбегiн еш етпейдi ұлдар мiндет. Iзгiлiктiң туған жер салса əнiне, Биiк тұрды жұлдызың таң сəрiде. Туған жер деп соғатын ер жүректiң Елдiктен басқа оның аңсары не? Аядың ба халқыңнан қолғабысты? Жүрегiң елдiң атын қорғап ұшты... Көңiлiң сiрə-дағы көншiмейтiн Бастамасаң тереңнен толғап iстi! Дедiң де: «Көңiл-айна неге сынды?» Елден ерте жиғансың сен есiңдi. Бiрлiкке қарай бəрiн бастадың сен Қаңтар айда мұз жарған кеме сынды. Қалың елдiң жөн бiлер жобалысы, Қасиеттi Шыршықтың жолбарысы. Елiң ел боп танылды сендей асқар Ағалардың болған соң жобалы iсi. Көңiл-айна ел десе, қалай сынар? Өн бойына атқан таң – арай сыңар. Туған жерге саясын түсiруде Жеңгеммен өзiң еккен талай шынар.

─ 173 ─ Асқақтатып өмiрде арияңды, Қадiр тұттың сен, аға, əр ұяңды. Өмiрде талай осы қиналғанда Жаныңа жалау еттiң Мəриямды Жүректе бақыт-фонтан атқыласын, Халқыңды қайда барсаң шат қыласың... Өзiңнен аумай қалған Əзiзбек те Ел үшiн дəл өзiңдей шапқыласын. МАҚАЛБАЙ КӨКЕМЕ Сый-құрметi сан қатпар Саңырауда Сiздей саңлақ бар. «Ата – құлып, Ана – кiлт», Аталы сөздi талғап бар. Мейiрiңдi қандырар Мейiрман, Дəулет, Талғат бар. Қалширадай жеңгемнен Тарайтын талай тармақ бар. «Мəуелi ағаш – майысқақ», Құлаққа мұны алмақ бар. «Тай мiнген ат та мiнедi», Бұл сөзде қанша салмақ бар. Атадан қалған қорлы əнiң – Қалың қорсай – қорғаның. Асылбек, Абай, Аязбек, Қанат та – жасыл орманың. Көрiп өс, көке, жеңеше, Солардың жiгiт болғанын. Жүректен ғана толғадың Таңатар салған мақамдай. Ауызбен орақ ормадың. Анамыз айтқан мақалдай. Жетпiсiңiз құт болсын, «Зер қадiрiн зергер бiледi», –

─ 174 ─ Мақалға лайық Мақалбай. Құдайыма шүкiр деп Күлiп тұрған – жеңешем. Көкемiздiң ашуын Ұмыттырған – жеңешем. Қорсай дейтiн ел басын Ұлық қылған – жеңешем. Ұят болар, Сiзге де Мың жасаңыз демесем. Басыңда күн мен ай күлiп, Жақсылар ғана қоршайтын. Мiнетiнi тұлпар, сəйгүлiк Данасысыңдар қорсайдың, Анасысыңдар қорсайдың. АСЫЛХАН МЕН ТОҚТАГҮЛГЕ Ақ айлы жандар мақтасын, Арайлы таңдар атқасын. Ағайын аман, алдында Алпысқа тарттың ат басын. Адалдық пейiлiн асырған Адамдық мейiрiң асылдан. Ақиық таулар секiлдi Ассалаумағалейкум, Асылхан?! Алланың нұры – жүректе, Арманның гүлi тiлек пе?.. Алпыстың елу басы ғой, Аққайың сынды дiр етпе! Жапырақ жайып гүл əрең, Қырандай қадiр бiлер ең. Өзiңдей асыл жандардан Құралған тегi бұл əлем.

─ 175 ─ Шыршық пен Келес əрi ағып, Досыңның болды бəрi анық. Ұлың мен қызға той жаса, Оған да аман баралық. Желiң де бекер соқпапты, Жаңадан салдың соқпақты. Есiгiңе, Асылхан, Тоқтагүл бiлiп тоқтапты! Қадiрдi бiлген жоқ па бұл, Оза да шапқан топта бiр. Жаныңды осы балқытып, Шалқытып жүрген – Тоқтагүл. Бастаған үш жүз топтала, Сарыағаш – көзi тоқ қала. Иман жүз дейтiн ауылдан Басқаға сiрə тоқтама. Құшақты елге жайып кең, Елуге келдiң байыппен. Өмiр де – теңiз, жүзе бер Махаббат атты қайықпен. Маңдайды күнде сүйiп күн, Қадiрiн бiлсек биiктiң. Халқыммен ғана тереңмiн, Халқыммен ғана биiкпiн. Ашылсын жүздiң гүлi шын Асылхан сынды ұл үшiн. Елiңмен ғана мерейлi, Елiңмен ғана ұлысың! 12.11.2001.

─ 176 ─ АЛТЫН КЕНI БАР ( Апыр Қалыбайұлына) Ауылдың жалғап арасын, Алпысқа қарай барасың. Жеңешем тоқсан толғатып, Көкемнен туған баласың. Көкемнен туған баласың, Ауылда бiрақ дарасың. Қасқыр да емес, басқа емес, Ректорлар жеген бар асын. Маңғыттың сүйiп даласын, Бiреумен болмас таласың. Көкем менен жеңгемдей Жақсы атың елге тарасын. Дастарханың бай сенiң, Маңдай термен табасың. Гүлзина келiн – Ар, жаның, Бастағы бақ – Балжаның. Елу жас бүгiн құтты боп, Бақытқа толсын бар жағың. Əр нəрсенiң кемi бар, Апырдың алтын кенi бар. Жандосжанға биылдан Қалдырмай жақсы келiн ал! 12.07.2000

─ 177 ─ ШIРКIН-АЙ Көтерiле қалса егер бiр күн кеудем, Келесiң жер-жағанға зiркiлдеумен. Өмiр-дағы өтетiн болды бiздiң «Қашан бiз ел боламыз, шiркiн?» – деумен. Сай-сүйегiм соны ойлап сырқырайды, Бiр əдiлет ортада шырқырайды. Надандық жер бетiнде пəлек жайса, Əлi де көп айтамыз «Шiркiн-айды». Шiркiн-ай, түк шықпады мұрасадан, Қуандың қырық қазақ – құласа адам. Сəуiрде өз атыңды өзiң айтқан Итсiң демей, не дейiн мына саған? Тағдыр да – тұмандағы қара көк шың, Көңiлге ездер қалай қарап өтсiн? Ермiн деме, ел туын құлатысқан Тəшкенге сен əйгiлi қара бетсiң. Ағаңмын есiмiңдi атап тұрар, Алдыңда даңқтылар, атақтылар. «Мықтылығың» болар-ау: «тұлпар» дедiң, Бiр есектi даңқұмар, атаққұмар. Шiркiн-ай, дiлiң де – бал, тiлiң де – бал, Жүрегiң мұны естiп тiлiнбек, ал... Тұрымтайдай басыңмен боқтанып ең, Бұл тентектiк екен-ау түбiңде бар. Тай қазанын сырымның сапырам ба-ай, Кiмдiгiңдi халқым да жатыр аңдай... Елден қолдау таппаған сен, пəлекет, Көңiлде қалдың неге запырандай?..

─ 178 ─ Басыңды елге əзер қосқан да – мен... Бiр дуа ағайын мен достан деп ем. Есектiң аты – есек аққа бөлеп, Тобына арыстанның қосқанменен... ҰЛЫ ҒЫН ҰЛЫҚТА ҒАН ҮШ ТАУ ЕДIК (Марқұм Бердiбек Тұрғынбаевқа) Сағында садақ тартқан ел мекендеп, Бұл өмiр жақсылардан белгi екен тек. Сiз туғанда анамыз шырқатыпты: «Құдайым маған да ұл бердi екен!» деп. Елiң де елпiлдеткен еркелетiп: «Бердiбек», «Бердiжаным», «Бердекем!» деп. Қатарыңнан артық та, кем де өспедiң, Құда-андаңдай сыйласып сен деспедiң. Ұсақ-түйек жатқан соң аяқ тұсап, Атаңыздай адаммен шендеспедiң. Иiр тартпай кiмге де шегiң бiрден, Жақсы ғой шама-шарық, шегiн бiлген, Ағам едiң ашу-ит қосындарын Ақыл-ердiң аулына шегiндiрген. Басқа жаққа аудық па бiз тəуетiп, Қыбырайды қалғанбыз қыстау етiп. Ұрыншақтың ұлдарын ұрындырмай, Ұлығын ұлықтаған үш тау едiк, Құлмахан, Құлназармен күштi-ау едiк. Көрiнсең өзгеге өзiң қатал, Күлiмдейтiн күндейiн көзiң қатар. Қылшығы қылаң iлмей кете бардың, Еттi ме бұл дүние өзiңе тар?!

─ 179 ─ Баурыңда сан балқыды ел киiгi, Оңай емес кiмге де ер күйiгi. Ор мен сорға есепсiз есең кеттi, Болғаныңмен таулардың ең биiгi. Кешiре гөр, етсек бiр алдыңда айып, Көпiрдiк пе тұрғандай алтын шайып? Сарайын зерелеген зəршұнастай Құшағыңды бiздерден алдын жайып: –Есiгiңе келiп тұр күлмес ағаң, Бiз дегенiң емеспiз күндес адам. Бердiбек: «Күн де саған, гүл де саған» Деп айтады деймiсiң күнде саған?! Қара жiптей алмайсың ердi бұрай, Сағынамын көрмесем елдi бiр ай. Былдыр қағып тұрмын ба, əлде саған, Сылдыр қағып тұрмын ба, ендi былай: Қашан, қайтiп қашырдым кiсi құтын? Бiткен емес бiрде-бiр iсi бүтiн. Отаным деп жар салар өте сақи Көкеңнiң сырты бүтiн, iшi түтiн. Көрген бе Жұрттыкiндей құсың күтiм, Байлығың ба, Болмаса тiсiң бүтiн?! Суға кеткен жандайын домбыраң тұр, Сенiң-дағы емес пе iшiң түтiн?.. Бай-сұлтанмен болсам да керегелес, Биттей ғана кiтаптың дерегi елес. Қыбырай деп сен жырлап, Мен жылаймын, Бiрақ оған ақындар керек емес!

─ 180 ─ Шындығыңа шырқырап шөлдегемiн, Нелiктен бұл көл емес, көл дегенiң? Нелiктен бұл төр емес, төр дегенiң? Нелiктен бұл өр емес, өр дегенiң? Бiр-ақ нəрсе болып тұр көрмегенiм. Ұстаған соң ар-ұят кеп қолымнан, Қара үздiм ыза мен кек жолыңнан. «Айықпасын, – дегендей, – бұлттан басы», Ай мен күнiм туыпты тек солымнан!.. Қанып-қанып алмай бiр ақ тұмадан, Құйрықты жұлдыздайын ақтың, ағам. Ажалдың быт-шыт етер зеңбiрегi қыбырайдың заңғарын атқылаған. Бiр қағылып жыр деген пырақ қатты, Қай жүрекке дейсiңдер шырақ жақты? Түсе алмай «Нұрлы жол» биiгiнен, Жырларың да солқылдап жылап жатты. Жақсы хабар жел болып елден соқсын, Өмiрге ойнау үшiн келген жоқсың. Кiм бiледi қашан дəм таусыларын, Хабар келсе, бүгiн бар, ертең жоқсың! Кетер ме ендi бүгiн тауды асып əн, Желi де сен деп ескен тауға асығам. Шүкiрана етемiн, Бердекемнiң, Жас тауларын көргенде ауласынан. Қадiрдi Иiрқастай далаң бiлiп, Сонда да кеттiң Майды алаң қылып. Қаншалықты биiктеу болғанымен, Тауға да бiр түседi қараңғылық! Қу тiрлiкте жолдары бұралаңдау, Сiзден қалған ұл менен жыр алаңдау.

─ 181 ─ Қанаттының бəрi де сұңқар емес, Қарын емес, қадiрге жылаған тау! Бердекем! Көкiрегi көл, Сыр-адам! Бiреулер Жөн сұраған, Жол сұраған, Өмiр Сiздi əйтеуiр мол сынаған. Алланың нұры жауып асқарыңа, Артта қалған тауларың болсын аман! СУРЕТ «Достық туы» газетiнiң 1992 жылдың қаңтар айындағы бiр санында (1-беттегi сурет) сегiз қаламгердiң соңында тұрған суреттегi басым алынып, аяғым суретке шығып кетiптi. Iнiнiң көрмеп пе ең соны iздерiн?.. Ойыңа ненi алсаң, Соны iстедiң. Санамның шаңырағын шайқалтатын Бүгiнде жүрегiмде соғыс менiң... Бара қалсаң аулыңа жолым түсiп, Жүргенмiн iнiнiң де қолын қысып. От құшып, оққа ұшқандар аз ба едi, Соғысты сен бастадың қолың қышып. Iнiге ағалығын ұмыттырған, Жүректе аш қасқыры ұлып тұрған. Пəс болмай, iнiлерге бас болатын... Қай пенде Мына саған үмiт қылған? Қор болды есiл ақын, есiл арман... Сайлап ек хатшыны да

─ 182 ─ Есі бардан. «Бас» хатшымыз суреттен бас жағымды, Жас хатшымыз тiлiмдi кесiп алған. «Ақылдымен əр iшкен шай шырын-ды», Айтсам айттым жалпыға Жай сырымды. Кеудеден басты айырып аларлықтай, Мен сенiң Бұзып едiм қай сыныңды? Басымды кескiледiң! Кектермiн бе? Қадiрдi Бiлмес мүше кептер мүлде. Ананың он үшiнен тiрi қалған Мəкеңнiң жалғыз басын көп көрдiң бе? Желi де Надандықтың естi тарай, Жүректi Бұл, Надандық, тестi талай, Бар қазағым қадiрлеп, қастерлеген Əз басым мен тiлiмдi кестi қалай? Ата бер Кеткен басқа тасыңды алып, Болғандай досым да анық, қасым да анық. Аяғым сегiзiңмен ел кезiп жүр, Кеткенмен жауыз қолда басым қалып. Құрқылдап, Құрық салған адамға бiр, Қатал ел, Қатал өмiр, қатал тағдыр. Қалайша жебiр көздер көрмей қалған, Қан жоса... аяқтарым қатарда тұр. қызықтап Кеткенiм жоқ шет көлдi көп,

─ 183 ─ Ойлама: «Мына бiздi жек көрдi !» – деп. Қолыңды қан сасытсаң, мұңдар надан Кигiзбек болып па едi Шекпенді кеп!.. Пiлдей етiп көрмеген масадайды, Жүрек байғұс Көп шаншып, мазалайды... Соңында Ақанжанның тұрған аяқ Жазықсыз кеткен басын азалайды... АҚ ЖАҢБЫР (Рахматулла жəне Баян Сұлтановтарға) Аппақ жаңбыр деп алып: «Шебер ек бұл», Абай ауыл басында себелеп тұр. Түбi бостау ойымды ақ нөсердiң Тамшылары жатқандай шегелеп бiр. Озбырлық жасамаған елiкке елiк, Iнi десек, оған да ерiктi едiк. Ерлердi дəл өзiңе елiктетiп, Ел дегенде жүресiң ерiп кетiп. Десе-дағы: «Жұлдыздай жарық болам!”, Адам да көп кiмдiгiн жан ұқпаған. қарын емес, қазақтың қадiрi үшiн Iнiсiң əрқашан да жалықпаған... Болуын тiлеп осы халық та аман, Аққу – арман құс та боп қалықтаған. Баян сұлу жүректiң қылын шертiп, Күн секiлдi көңiлде шарықтаған Көксеңгiр көктемiңе жаз ұланды. Жаз ұланып, көктеттiң жас ұланды.

─ 184 ─ Дəнге де, əнге-дағы, сəнге-дағы, Мəнге де толтырдың қазынаңды. Балаң да ата-баба тiлiн емдi, Елуге келiп тұрсың бүгiн ендi. құшақты ағайынға ашып қойып, Табыстырып отырсың бүкiл елдi. Рахматулла, бiлiмдi, бiлiктi ұлсың, Басқалардан оқ бойы биiк тұрсың. Жүзiңде де той жаса дүрiлдетiп, Сонда да аппақ жаңбыр құйып тұрсын. ПƏЛЕНШЕ ТҮГЕНШЕЕВАҒ А (Ақан Серiнiң iзiмен) Кафесi мол Алатау етегiнде Гүлге толып жүредi етегiң де. Кандидатқа лайықты қарағым-ай, Кетесiң бе студент жетегiнде? Құлақ салмай қартайған анашыңа, «Артық тудың» ағайын арасына. Жастайынан iнiсiн сүйген, сəулем, «Волгасы» үшiн тидiң-ау ағасына. Алып жүрген жарыста «бəйгенi» мен Əсем деймiн барлық үй əйнегiмен. Тым құрыса, қыз кезiңде ернiң тиген Пиялайды тастап кет шəйнегiмен...

─ 185 ─ ЖАПЫРАҚСЫЗ ҚАЛАРЫҢ ... Өмiрде бұл ендеше Өскендер аз демеусiз. Мен сияқты сен кеше Қаламша ең елеусiз. Көргенде бiр таңғалып, Жапырағың жайқалды. Борандарда сан қалып, Мықтылығың байқалды. Көзiң жасын ыршыттың Бар сырыңды қазға айтып. Жағасымен Шыршықтың Бара жатыр жаз қайтып. Күн тимеген, қарағым, Ах ұрмайын несiне: Тағы азда... Жапырақсыз қаларың Түсiп кеттi есiме... ҮШ ТIЛЕК (Дүйсенбаев Ерлан Алтынбекұлына) Алтынбек босқа алтын атанбаған, Еселi еңбек еттi Отанға анаң. «Ақылды ұл патшаның орнын басар»... Елбасы болсын елге Ботан балаң. Қаз-үйректер қаңқылдап қонсын бөлек... Аққулар ақ айдынға толсын дер ек... Күрделi iс күрмеуiн шешетұғын Iшкi iстер министрi болсын Медет.

─ 186 ─ Елдiң жүгiн көтерiп иығында, Отан болсын Абайдың үйi мыңға. Азамат бас хатшы боп дүрiлдесiн Бiрiккен ұлттардың ұйымында. Көрсе де асыл күннiң күркiрiн кеп, Тыңдамас жiгiт ездiң күңкiлiн көп. Асыл, Əсел, Балнұр мен Ақеркенiң, Басында мəңгi тұрсын Күн күлiмдеп. БIР АДАМ БАР (Шəмшi Жұмақұловқа) Бiр адам бар қара түзде қалдырып, Жүрегiңдi паршалайтын қан қылып. Бiр адам бар адасқанда жолыңа Қайтаратын кетпесiн деп қаңғырып. Бiр адам бар Қасқыр алар сырттанша Тырнағында асығатын сыққанша. Бiр адам бар өмiр түгiл, өлiммен Алысатын бiз адам боп шыққанша!.. 27.12.1969.

─ 187 ─ СҮТШI ƏКЕМ ОМАР ҒА Жеңiлдетiп ауырым, Не жетсiн өзiң ерткенге. Бiр жасайтын ауылың Сен домбыра шерткенде. Саз үйрендi кей iнiң Əн салғанда өзiңнен. Елге деген мейiрiң Байқалатын көзiңнен. Балапаны Күзердiң Үмiтiңдi ақтайтын. «Гомерi – деп, – Түзелдiң» Ақын баурың мақтайтын. Сен де осы бiр күнi қона алмадың ерiңе... Ауыр қазаң бұл күнi Батып кеттi елiңе. Мəрттiгiңе мен сенем, Кез болғанмен жасыған. Айналайын мен сенен Өлгенше ақ тасыған!.. * Беу, достым, өзiм азып, iзiм азып, Басымнан бара жатыр iсiм асып. Халiмдi бiлгiң кептi босқа кеткен Бiр күнге отырғанда iшiм ашып. Көрiп пе ең ұрғашысын бөгелектiң... Мен соған жүрегiмдi көген еттiм. Қанаты байқаусызда отқа күйген, Халi қалай болушы ед көбелектiң!..

─ 188 ─ ЖАН А ҒА (Үсен Өмiрзақовқа) Елу жасың құтты болсын, жан аға, Мейлiң күлгiн, мейлiң менi табала Мейлiң ұрғын, мейлiң келiп сабала, Қайғы-мұңын жинап басқа, санаға, Жасын төгiп тау мен тасқа, далаға Жырламаса, Ақын – Ақын бола ма? Елу жасың құтты болсын, жан аға! Жаңқадайын толқын атқан жағаға Аппақ арын боямаса қараға. Өсек қуып от тастайтын араға, Жандайшаптан жолықпаса жалаға, Ақын – Ақын бола ма? Елу жасың құтты болсын, жан аға, Жас емессiң, оңды-солды жобала. Мұсылманбыз, келгiн бiраз тобаға, Аты өшсiн, қыз-қырқынға жолама, Қиялдағы қыздай қылып кiтапты Бiрiн-соңды қамай бергiн қораға. Елу жасың құтты болсын, жан аға, Елiң-жұртың бiрге жүрiп тойласын. «Ит пен биттi» бұдан кейiн көп айтпа, Ер жасында бұның өзi бойға сын. Қылмыңдатып-жылмыңдатып Қызды, аға, қайтесiз?.. Құдай жазса қара қатын, – Хадишадан қоймасын!.. 9.11.1999.

─ 189 ─ Тiрлiктiң таусылмастай қазанында Қиын-ау қайнамасаң, сiрə, балам. Тал бесiктiң бағасын қазағым да, Өзбегiм де ар бiлiп сұрамаған. Дəн риза ма Ақ гүлдi тiрлiктен бiр, Көкiрек көзi ашық, Таңдай құстар? Сүйiнгенде сырт бермей, дүрлiккен бұл Дүниенi тербетер қандай күш бар? Тал басы да, мiнеки, қыбыр еттi, Əз тiлекпен жел жiбек есiп жылы. Əлемдi тербетуге құдiреттi Бiр ғана ана əлдиi – бесiк жыры!.. 27.01.2005. БIР АСПАН (Ақын Мiрполат Мырзаға) Көз жасы бұл пəниде аз ақсын ба, Кезiге де бермеңдер азап-сынға. Сайрамдық сөз байласқан өзбекпiсiң, Өзбегiмен бiр өскен қазақсың ба? Бар етсе де, iсiңдi бор етпеген, қайғының бесiгiне бөлетпеген. Ағайынның жетейiк қадiрiне, Кiмге пайда бiр-бiрiн бөлектеген? Сүмбiледе ақ сүмбiл сыр ашқанның, Несi айып хал-жайды сұрасқанның? Бəрiмiз де өмiрге жауаптымыз Жасаған соң астында бiр аспанның!.. 5.09.1979.

─ 190 ─ БАЛПАҢ-БАЛПАҢ, БАЛПАҢБАЙ Балпаң-балпаң, балпаңбай, Қасқа да жүр балпаңдай. Басқа да жүр балпаңдай. Жау кеткен соң тасқа шап Алтын да болса балтаңды-ай. Балпаң-балпаң, балпаңбай, Сенде өкпем бар қандай? Жiгiт едiң бал таңдай, Дұшпан төрге озған соң, Тiлiмнен қайтiп бал тамғай? Балпаң-балпаң, балпаңбай, Мына сенiң арқаңда-ай Iс болады əрқандай. Тартушы көп тұс-тұстан, Үзiлiп кетпе арқандай... 5.05.1993.

─ 191 ─ НАДАНДЫҚ (Адаммын деп жүрген жiгiтке) «Жiгiт едiм iлестiрген Талай қызды соңыма. Сырын көпке «үлестiргем», Өкпелi ме соныма... Əйтеуiр кеп бақырады, Үйде шаян өргендей... Неге түнде ах ұрады Тап əкесi өлгендей?..» Бiлмей жүрсiң неге соны... Сенi қайтсiн... қимайды... Адамдығың емес, оны Надандығың қинайды. 1.01.1974. ОТ (Ақын Мұқағали Мақатаевқа) Сен едiң-ау жаны жайсаң жаз адам, Жыр оқысаң, болушы ек мəз оған. Алатаудың етегiнен бiр жарық Көрiнбейдi ендi бүгiн, əз ағам. Бəрiн айтып тауысқаным жоқ, тыңда, Мен да сендей Алаумын ба, отпын ба? О, əттең-ай, мың Жанғанмен, өзiңдей Бiр өшуi бар ғой барлық оттың да... 3.05.1981.

─ 192 ─ БIР ТАНЫСҚА Саған айтқан сөзiмнiң барлығы шын, Үйiмiздiң əзiрге тарлығы шын... Көңiлiмнiң бiрақ та кеңдiгi ғой, Жоқ болса да, iстеймiн бардың iсiн... (Жарып өткен бұл досың топтың iшiн), Айып етпе тiлiмнiң шоқтығы үшiн... Адамдардан қайтесiң қарғыс алмай, Қылғаннан соң бар болып жоқтың iсiн!.. ЖАННҰРҒ А Кей надан жүретұғын баласынып, Атаңды қинағанда жала-шiрiк, Сенi де жылатты ғой, Жаннұр қызым, Саусағың арасына жара шығып. Жүретiн ит-екештiң тəлiмiн ап, Надандар қара болсын... бəрiбiр ақ. Дəрiнi жағуменен жазылмайды, Жүректегi жараның бəрi бiрақ... ҚУАНЫШҚА Адалдықты мұрат қып, Аға бер таудан еркелеп. Теңiз де тегi бұлақ-ты Сендерден аққан ертерек. Көңiлi кəусар, ең iзгi Ниеттi болып қайда да. Дауысын емес, теңiздiң Ерлiгiн, жаным, қайтала...

─ 193 ─ СА ҒАН ДЕГЕН... Саған деген бар сезiм Өштi гүлдiң шоғындай. Жүрек тесер əр сөзiң Қырық бiрдiң оғындай. Жеңiс iзiн суытпай Шошайта түс саусақты. Атпасаң да, уықтай Қабырғалар қаусапты. Өмiр деген мəңгi ме? Мəңгi ме, аға, Мəңгi ме. Шалқайғаның шиқылдап – Шаттығыңнан əңгiме. Бақтың желi «төбеңде» Қалып едi соқпастан. Еңiреп түстiң төменге, Оңай ма екен шоқ басқан?.. Ұқсасаң да желiмге, Қай iсiңдi мақталық? Аяқ басқан жерiңде Бара жатыр дақ қалып. Найзаларды саптай бер, Қылыштарды қаптай бер. Тындырғанды емес-ау, Сындырғанды мақтайды ел. Болмас iстi қолқалап, Алалап елдi алдық па? Туды айтпай, жол қарап, Руды айтып қалдық па?

─ 194 ─ Бəрiн малып нұрға ойдың, Қалысқам жоқ дүрмектен. «Сен кiмсiң?» деп бiр қойдың, Кiмдiгiмдi бiлмеп пе ең? Аздың да бар көптiгi, Аштың да бар тоқтығы. Аға-iнi қырқысса, Ақыл-естiң жоқтығы. Бiздiң де жүрек жаралы, Оған қырттар баға ма? Тырнай берсең жараны, Қаннан басқа аға ма? * Бұл өмiрде ар-ибасыз сен, залым, Алпамыстан ер екем деп мақтанба. Ешкiмге де айдын көлi – кең залын Тарсынбайтын момын бiр құс атқанға... Түбi... тайыз арықтардың ағысын Керi бұрсаң, оның бiраз ақыл-ақ. Мен – теңiзбiн, ал теңiздiң ағысын Шым тоғанмен бұрам деп болма ақымақ! ҚҰМДАРЫМ... Алтынды да, ол рас қой, талай ғасыр Сақтап келген толағай батырсыңдар. Ал ендi бiр айта алмай талайға сыр. Ойларымдай шашылып жатырсыңдар. Көшiп-қонып жүргенде бiлiпсiң бе.. Бұл ауылға күз келдi жер суынып, Құмдарым-ау, бастарың бiрiксiн де... Мазалайды əйтпесе жел суырып!..

─ 195 ─ ТАС (Тасауылдық Абдужəлiлов Құрбанəлi Тұрғанбекұлына) Бақ сыйламас дəл бұдан өзге дала, Түссең де еңбегiңмен көзге дара. «Қашан да күйген ердiң күйiн бақ» та, «Көрпеңе қарай көсiл». Сөзге қара. Заманада тұратын жасауыл кеп, Бiздер жүрмiз бұл Елге бас ауыл деп. Таңғы желмен тербелер таңқурай да: «Туылған тектi жерiм – Ташауыл» деп. Ери ме Жүректегi əсте сеңдер, Кеткен-дүрсiң жаңылып баста сендер? Кiм ауызды қағады қақпақыл боп, Ата-ана тiлiмен «Тас» десеңдер?! 2008 жыл КӨҢIЛ ҚҰРҒ ЫР ҚАЙНАП ТҰР Көңiл құрғыр əбден-ақ қайнап тұр, ə? Қарттық бар ма құлшынса қайраттыға? Ақ iсiм тақиясына тарлық жасап, Қанымды тас жүректер қайнатты да. Əлi де доссынады қауқылдасып, Тұрғанмен тiс жарудан зауқым қашып. Қыл шылбырмен қырқы кеп қылғындырса, Алғаны бəрiнiң де мауқын басып. Қағылу шарт па едi қыздың жонда? Тар жол мен тайғақ кешу – бiздiң жол да.

─ 196 ─ Мен емес, басқалар ғой, қасқалар ғой Түсетiн өзi келiп сiздiң жолға. Дiлде бар дүниеде ғашық өлең, Өлсем де ақтың жолын басып өлем. Бiз сияқты арыстан iс қылар ма, Сiз сияқты қаншықтың басыменен?!.. КӨҢIЛ КӨШЕСI Көлеңкелеу Сол балалық кезден Елi Пiр тұтқан Əкең-дағы дүниенi кезген едi. Батыр да, балуан да, сал мен серi, Алдыңнан Қанша адам жүре берсең кез келедi. Тар жолдан Тайғақ кешiп алып өтер Жақсыға Кез келмесең, сөзiңнiң де əрi кетер... Өмiрдiң көшесiнде жүздескенмен, Көңiлдiң Көшесiнде кездеспесек бəрi бекер!.. 31.12.1983. IНIМЕ Жылайтын бостан-босқа да Көңлi бостар баршылық. Жамандық етсе, досқа да Көрсет, iнiм, қарсылық. Адалдықты сүйетiн Жол бергiн де үлкенге,

─ 197 ─ Сүрiп қойғын сүйегiн Иттер оған үргенде... Қылған iсiң кесiрге – Қиянатқа баспасын. Жүрек байғұс кешiрер Одан бiрақ басқасын!.. АҚ ТАЛ Анам сенiң саяңда Отыр жiбiн иiрiп. Жүргенмен көңлiң Шаянда, Қалыпсың-ау иiлiп. Ақ басыңды мұң шалып, Бұтаң не ғып кесiлген? Иiлмес ең мұншалық Сау болғанда кесiрден. Егiлместен ездерге, Басыңды биiк сүйедi ел. Сүйенiшi жоқ кездерде Саған келiп сүйенер. 06.12.1979. Келес. * Арайланып атқанда көктiң таңы, Батыр-ай, бiр мұқатып өттiң тағы. Тұяғын тапыл басып қағынатын Болса-шы еш болмаса тоқтым-дағы. Қойғанмен төбедегi ай күлiп те, Өмiр бiзге кей iстi сай бiлiп пе?

─ 198 ─ Есектiң де бағасы артық қазiр, Қол жетпейдi сендегi сəйгүлiкке. Жоғы рас сендегiдей киiм менде, Қобыланды болдың ба киiнгенде? Саулықтың да қадiрiн бiлер едiң, Жалаң аяқ жар кешiп күйiнгенде. Қабағыңнан қар жаумақ ақпын десем, Жантиып жаннат жерде жаттың да есен. Таң атып, күнi шықпас Чукотканың Аязында тас болып қаттың ба сен? Бағыңа тағы бұлтты күн ашылды, Аңсайтын емессiң сен нұры аз жылды. Қасына көкелердiң қоныс теуiп, Басына арнап жүрсiң бiраз жырды. Қып-қызыл мəй орнына ақыл iшiп, Жарасады отырса ақын iсiп. Сен жоқта өңшең дегдар қуған «жауды» Батыр болдың соңынан ақырысып. Ер мен елдiң бiтiмiн тоқтам ет те, Əдiлдiктiң аулына тоқтап өтпе. Қол-аузың қышыса, барған елдiң Адамына тас атқын оқта-текте. Ерлiк пенен елдiктен өзге арманды Ту етпеген атадан сөз қалған-ды. «... Тұлпар қап, тайы озсын ауылдастың!» Көр де болса мақтай бер өз қарғаңды. Қорлығы, зорлығы жоқ арман ойлап, Қайтесiң, қайтесiң сен арға бойлап? Отыз жетi бiр сəтке қайта оралса, Атақ үшiн атар ең дарға байлап.

─ 199 ─ Бұл күнге Мағжандардан үндер жеткен... Сен айтқандай, шыққан жоқ күндер шектен... Түркiге бас боп тұрса болмас па едi, Түбiне Тұрарлардың кiмдер жеткен? Ақиқат қашан оңай көкке өрледi, Жыртық-жыртық жүректi кек кернедi Жүзеге асты iсi нəкəстардың, Тұтып ап күн жарықта бетперденi... Сенiмi саған елдiң құмға сiңдi, Сонда-дағы шалады нұр басыңды. Артықтығын өзiң де сезер жанның Бiлесiң тырнағына тұрмасыңды. Жүзi сынбай барғанмен алдына мың, Ағаның кiмдер сорып алды қанын? Мына сенен жүз бұрмай мен қайтейiн, Арыстан басы болса аңдығаның?!.

─ 200 ─ БАТЫР («Совет Одағының Батыры» атағына ұсынылған, бiрақ, бұл атақ берiлмеген Əзiмбаев Тұрдымұрат ақсақалға). Сенiмдi бiр құдайға артып келiп, Сыйластыңыз болғанда тəртiп берiк. Қарап Қстiң шындықтың көзiне тiк, Ар, иманды қойған соң артық берiп. Қыран боп Күн ұштық па, түн ұштық па, Қадiрi Бұл күндердiң Тыныштықта. Сылдыраған суының суығы жоқ, Келес Сiзге бəрiнен тым ыстық па? Қате болмас туған жер БИIК десек, Аяқтан шалулар бар биiктесек. Бар қазақта қасқиып Сiз келесiз Адамдық, Адалдыққа иық төсеп. Келесiң – Өлең төсек, үйiңде өстiң, Бұл бақытқа бүгiнде сүйiнбес кiм? Тəңiртауға Тұрса да төбең жетiп, Алпамыс, Қобыланды күйiн кештiң. Қан майданда бұздыңыз шептi, Батыр, Келестейiн құшағы лептi Батыр. Өз қазағың да бермедi атағыңды, Болсаң-дағы қаншама тектi Батыр! Ерлiк нұрын жүрекке ектi Батыр, Сыйқымдардан қыз алған ептi Батыр.

─ 201 ─ «Көл-құрағы, құсымен, ер-iсiмен!» деп, Жүздiң жарық аулына кеттi Батыр. ҚҰДА (Тасбалта Əбдiкəрiмұлына) Бiлмейсiң Ерiгудi, зерiгудi Жақсылықтың тұрған соң келiп үнi. Алпыстың асқарына аяңдады Кешегi Кəрiекеңнiң керiм ұлы. Алдымен Аулыңызға шырай бердi, Көргем жоқ бұдан асқан шырайлы елдi. Шалдардың жалғыз ұлы көбейсiн деп, Жетi ӨРIС, бiр ТАУды құдай бердi. Болады ма көңiлдiң хошы күнде, құмар шығар əркiмнiң досы гүлге. Гүлбаршындай табынның сұлуымен Жеткiздi бұл құдайым осы күнге Жүрсiң де жақсыларға ерiп алып, Шалдар дейтiн шуақты елiң анық. Үйiңдi топырлаған бала бассын, қызынан қазақтардың келiн алып!.. Жел-дағы жел емес қой күзде еспеген, Бостан-босқа орнынан мұз көшпеген. Адалдық пен адамдық – тереңдер бұл, Теңiз бар ма жалғанда Сiз кешпеген?!

─ 202 ─ ҚОРСАЙ Сəуiр боп толқыса да өңiр – теңiз, Қалатын насыбайдан көңiл деңiз. Қорсайдың арай-таңы секiлденген Балықбай, Көшет, Жайлау, Өмiр, Тебiз. Жанарындай өткеннiң елесiң тек, Бүр ашқан бəйшешекке ересiң кеп. Есенқұл бабамыздың əз таулары: Қараша, Қарақұл мен ер Есiмбет. Жүректерге шашылған дəнi мына, Мəрттiк, ерлiк қасиет тəн ұлына. Қалымбет, Жүзей менен Байтемiрлер Тартып туған туған жер тамырына. Қатуланар өзiңдей көл-сайым көп, Тұрса егер күндi бұлт қоршайын деп Дiлiң түгiл, тiлiңде болмасам да, Сенi мақтан етемiн қорсайым деп!..

─ 203 ─ ДОМБЫРАНЫ ҚОЛ ҒА АЛҒ АНДА Омар Шадыұлы 1892 жылы Ташкент уəлаятының Қарасу ауданында (қазiргi Қыбырай) туылған. Руы – шанышқылы. Саламат Қадыркелiнi 1888 жылы Ташкентте туылған. Руы – сыйқым. Екi ақын да бiр өңiрде жасағандықтан, бiр-бiрiмен көп айтысқан. Бұл айтысы «Нұрлы жол» газетiнiң 2008 жылғы 13 ақпандағы санынан алынып отыр. ОМАР ШАДЫҰЛЫ МЕН САЛАМАТ ҚАДЫРКЕЛIНIНIҢ АЙТЫСЫ Омар: Ақ мақтадай бəденiң ғаламат та, Өзiң бiлшi дей қалсаң: «Салам отқа!» Тебiседi тайың да теңiменен, Кiрпiгi сажын-сажын, саламат па? қысырақтай қытыққа тиiп алып, қап жүрмейiн байыңнан маламатқа?.. Саламат: Күн шығарда ұшатын мизамдайын қимасыма қалайша қисаңдайын? Жөнелмессiң жабыңа бөктерiп ап, Бiр күнiмдi болады қисам дайым. Күндерi күлiмдеген кiсiлiктi, Үйренгенбiз сiздерден кiшiлiктi. Бел балаңдай бел асар бел байлаған, Жеңедi елдi ойлаған күшi мықты. Омар: Селбескендi сергiтiп селiң бүгiн, Сеңгiрлерге сепсiмей, сенiмдiмiн.

─ 204 ─ Сабырымды тауысып, менi мұнда, Бастап келген, Саламат, сенiң буың. Алдан шығып, алқапты ақтарғамын, Аламанға алаңсыз Ақтамдамын. Алты арыс елiмiз аман болып, Аруақтанып алуға ат таңдағын. Саламат: Алалы жылқы, ақтылы қой Ақтамдамын, Алау-жалау болмаған ақ таңдарым. Алма бетiм албырап алтайыдай, Алшаң басар алапат ат таңдадым. Еркелiгiн көрдiң бе бұла түннiң, Боз балаға бүйрегi бұратынмын. Бұлаң-бұлаң етiсiп жоқ бола ма, Өзiң айтшы, несi бар бұл «атыңның?» Омар: Биiк өре, кiмде жоқ асық талғам, «Аттарымның» кезi ғой асып-толған. Тоғыз ат топырласып жол тосса да, Сексен сұлу сыртынан ғашық болған. Саламат: Сиықсыз деп келеке етпейiн-ақ, қиын iске жүргенсiң жекпей бiрақ. Сiркесi су көтермес бұл батырың Жүрмейдi ме Бапанға жетпей құлап?! Омар: Ойың жоқ па, немене, басқа ойлаған, Қандай зұлмат iске де бас байлаған. Əжетiңе жарайды əз тұтсаңыз, Тұяғының тəптiне тас қайнаған. Ата салған баяғы жүрер iзбен, Ат көрсе, аяғынан шiдер үзген.

─ 205 ─ Сұлу деп шыбын жаны шырқырайды, Кiм өзi мұндай «аттан» күдер үзген? Саламат: Екi бiрдей болса да ат ұстарың, Əптер-тəптер етiсiп, атысқаның. Қармаққа iлiгiскен шарық жiптей Аяғыма оралып, шатыспағын. Жеңбексiң бе, əйтеуiр, үйдеп-бүйдеп, Ойларың да емес қой үйдек-түйдек. Жапатармағай өседi түйеқарын, Асқабақ та салады үйнек-түйнек. Қосар болсаң, атыңды жақсы атқа қос, Сыңқыл-сылтың не керек, қақсатпа бос. Көзатаның көркiндей керiм болсаң, Құралайды көзге атып, мақсатқа көш! Омар: Күндердi құйындатқан таң алып па, Iстiң бəрiн қиындатқан жан алып па? Қара тер боп келген соң қармағымды Тастап алсам қайтедi Таларыққа, «Тар арыққа?!» Саламат: Алтын сөзiң осы ма ардағыңа, Сөйтiп бiр жетпексiң бе арманыңа? Таларық, «тар арық» та зəру емес Iлгекшесi сап болған қармағыңа. Сұрағыңа «сүйсiнiп» əрең жанан, Əрмен кетсiн бiздерден бəлең-жалаң. Иесi бар «арықта» нең бар сенiң, Сорлы байғұс, соншама дəмең жаман?!

─ 206 ─ Омар: Көңiл бетi көктемдей тез мұнартып, Керегi жоқ қадiрсiз сөздiң артық. «Арығыңа» жақ ашпай қайтамын ба, Дөң-ойыстар тұрған соң көз құмартып?! Болып-ақ тұр ашылар гүлдiң кезi, Жалын атқан бүршiктей күлдiң бе өзi? Биiкте қалықтаған бүркiттердей Бұл «арыққа» түспептi кiмнiң көзi? Саламат: Қалайша кеттiң екен сыйып дара, «Арығың» да – толғатар сүйiктi ана. Ата-бабаң – бəрiң де сол байғұстың Жағалауын шыққансың сүйiп қана!.. Омар: Дүниенiң iстерiн қош алып таң, Барлығымыз туылдық қос алыптан. Тақияда тамтығым қалмаса да, Iрге бөлiп кетпеймiн осы арықтан!.. Түсiнiктер: 1. Бəден – дене деген сөз. 2. Маламат – маломат, сөзге қалмайық деген мағынада. 3. Бапан – төбенiң аты. 4. Түйеқарын – өсiмдiк. 5. Көзата – əулиенiң есiмi, жердiң де аты. 6. Таларық – Шыршық жағалауындағы арық. 7. Жанан – жонон деген сөз, ару, сұлу. Айтыс 1985 жылы Саламат Қадыркелiнiнiң өз аузынан жазып алынған.

─ 207 ─ МЕКЕМБАЙ МЕН ҚҰЛМАХАН ДҮЙСЕНОВТЫҢ АЙТЫСЫ Мекембай: Аулақпыз бiздер, iнiм, қыңыр ойдан, Жерiмiз жоқ сiрəда қыңырайған. Ташкенттiң қасиеттi бар халқына Сəлемдi ала келдiм қыбырайдан. Көңiлде өзбек-қазақ дос тұрады, Шырқалсын сол себептен достық əнi. Алдыңа тағы да бiр келiп отыр, Киелi қыбырайдың қос қыраны. Көңiлдi жамандыққа бұрмағансың, Бұл айтыс бiр саған сын, бiр маған сын. Милиса болсаң-дағы, заңды бұзып Бiр қызын Жалайырдың ұрлағансың. Ескi жылда ағаңа бiр кезiкпей, Жыл басында жолыққан Құлмахансың. Құлмахан: Аспаным ашық болсын төбемдегi, Төгiлер көмейiмнен өлең кенi! Шыққанда ағамызбен айтысуға Мен оған түсiрмеймiн көлеңкенi. Iнiңiз ендi былай жырласын да, Өлең болды сыйласым, сырласым да. Ағатай, сiрə осы айып боп па Жолымыз тоғысса кеп жыл басында? Iнiңе тағы бiраз еркелешi, Көрiнер биiктерден ел төресi. Оу, Мəке, ə дегеннен сұрау бердiң, «Жоқ деген жақсылықтың ерте-кешi».

─ 208 ─ Деп айттың: «Жалайырдан ұрлағансың», Үлкендi сыйлап өскен ұлы ағамсың. Кезiнде əпшелерге қолың жетпей, Қыздарынан қыпшақтың құр қалғансың. Мекембай: Келгенмен мың мəрте бұл əн арнағым, Менiң де жүрегiмде бар арманым. Қасында мiлиса боп сен жүргеннен соң Əпшеңе мен жақындап бара алмадым. Бiр аққу қыбырайдың жонында ұшпақ, Жүремiн жақсылықтың жолын нұсқап, Сен егер шеттеу тұрсаң өзiң бiлiп, Əпшеңнiң кетпес пе ем қолын ұстап?.. Елдiкке бет бұрады ер кемесi, Дедiң ғой бұл ағаңа еркелешi. Туларын Түркiстанның тiк көтерiп, Келедi ел ағасы, ел Кеңесi. Айтылмай ақындарда сөз қала ма, Көзiмдi тастап тұрмын өз далама. Халықты болашаққа бастайтұғын Бiрлiктен артық сiрə сөз бола ма? Қалың ел жақсылықты алды бетке, Бiзде сом, теңге бопты арғы бетте. Сонда да достығымыз бұзылмайды, Адамзат қу тiрлiкке мəңгi кеп пе? Құлмахан: Ағамсың сұм баладай – ұры ғана, Құдайдың түстi бiзге нұры, қара. Байлығың – байлық емес, бiрлiк – байлық, Сол бiрлiк керек кiшi, ұлыға да.

─ 209 ─ Кейде сен де Тамды мен Арал астың, Бiлек талмай жақсымен араластың. Əр түннiң де күнi бар шығатұғын, Бөзiн емес, сөзiн ал бар Алаштың. Қызыл күнiң Тойтөбе тұстан аунап, Ташкенiмнен жүрсiн де дұшпан аулақ. Бiрақ менiң, ағатай, бiр таңым бар, Бүркiттер нелiктен жүр тышқан аулап? Мекембай: Күн де шықты аспанды бұлт торлаған соң, Мен не дейiн, сақшы солай толғаған соң. Қайтсiн бүркiт, жүрген де тышқан қуып Жемсауы ыңқ-ыңқ етiп толмаған соң. Құлеке, мұны қалай пiкiрледiң, Сезгем жоқ басқадайын пiкiр лебiн. Айдынында жүзiп жүр аққу-қазың, Соларға шүйлiккен жоқ, шүкiр дегiң... Көпiршiген iшiп ап жатып iркiт, Қалықтаған шағында атып үркiт. «Салса баптап бұл өзi не алмайды» Не десек те, бүркiттiң аты – бүркiт. Буыменен жасайтын тек даланың, Қыбырайлық мақтайды тектi адамын. Дүниеге биiктен көз тастайтын Бүркiттердiң бiрiсiң деп қаламын. Құлмахан: Ау, ағатай, етiп бұл тiлiң тақ-тақ, Емессiң бе мақтаудың гүлiн тақпақ? Тым майдалап, мақтамен бауыздап сап, Болғансың-ау сақшының тiлiн таппақ?

─ 210 ─ Мекембай: Iнiм-ау, iсiнбейiк бұқтырмадай, Жан дейсiң бе отырған ықтырмада-ай. Майы тамған сөзiмдi əлгiндегi Бұлаңы бар пара деп ұқтың қалай? Құлмахан: Алты алаш абайлап ағалаған, Адамшылық адаспай сағалаған. Сыр тұнған сыртың қалып, iштей менi Қалжыңмен сен шығарсың сабалаған? Мекембай: – Ақтығына таң қалып талай қардың, Ақ жүзiңнен сенiң де арайландым. «Қамшымен сабалаған» дегенiң не, Ондай озбыр ойларға қалай бардың? Ай-маңдайды адалға сүйгiз деймiн, Кiлем болсаң, мен əлi киiздеймiн. Дəл сендей арғымақтың сауырына Қамшы түгiл, тамшы да тигiзбеймiн. Қамшы түгiл, тамшы да тигiзбеймiн!.. Тойтөбе. 1990 жыл.

─ 211 ─ МЕКЕМБАЙ ОМАРҰЛЫ МЕН ҚАЛДЫБЕК БЕКБАУОВТЫҢ ЖЕЗДЕ МЕН ҚАЙЫН АЙТЫСЫ Мекембай: Əпшеңдi алған едiм қиялдағы, Қалдыбек, балдызымсың қияндағы. Тойында Ахметжанның сəлем бердiм «Қаңлы» деген елiме Миямдағы. Бұл тойға келiп қалдық бiз де, мiне, Қалдыбек, пiсiп жүрсiң қыз демiне. Нұрхан да мына жақтан келiп отыр, Қош кептi қылдай əпшең «Пiстелiге». Жүрегiң ақ қой айдың жарығындай, Жүрек деген жазылмас дəрi қылмай. Себебiн айтып бергiн, не себептен Саған бiткен əпшенiң бəрi қылдай? Қолында ер жiгiттiң байрақ жүрер, Ой түйiнiн бiр жерге байлап жүрер. Мұрыны қол шоқпардай жаман балдыз, Сен-дағы бiразырақ сайрап жiбер. Қалдыбек: Көргенмен қаңлылардың анық таңын, Ер жiгiт ойлайды ғой халық қамын. Салғаннан «балдызсың» деп сен отырсың, Жезде-еке, сөз астарын парықтағын. Бұл елде «гəуiл» деген жайылымың, Өзiңнен үлгi алған жайыныңмын. Балдыз деп Нұрекеңе айтпайсың ба, Жездеке, көзiңдi аш, қайыныңмын. Айта алмай пəктiктiң көлiне мiн, Көзiңе қос та болып көрiнемiн.

─ 212 ─ Сiргелi қыздарының бəрi сұлу, Балпиған қайсы бiрiн көрiп едiң? «Сiргелiден сұлу қыз көргем жоқ» деп Алғаныңша əпшемдi «өлiп» едiң. Болсаң да сағынышы бар таудай күштi, Нелiктен қышырлаттың жаудай тiстi? Мекембай: Əпшелерiң биедей кiсiнеп жүр, Сол себептен жездеңiз баудай түстi. Досымды кеше жаман күтiп алды, Əпшеңнiң бұрындары құты бар-ды. Арыстандай ақ жаққа атылса да, Əй, оның шұты кетiп, бұты қалды!.. Бесiктаудың басынан атқан таңдай Жалынды жастың дəмiн татқан қандай. Нұрхан да, сен де шымшық қорымайсың, Қызығына жастықтың батқан қандай! Қалдыбек: Жездеме бiр жақсылық бастайын да, Соншама бұл құмарсың жас қайыңға Қыз-қыз деп қырық жаста қылқылдадың, Бiр аққуды iлiп əкеп тастайын ба? Əсем ғана көрсетер мойынды иық, Бұл қайның айтпайды ма ойын түйiп? Əлгi сөздiң жауабын өзiң айтқын, Не себептен шынында бойым биiк? Мекембай: Талай-талай жас тұрған жанарымда «Алтын ғой бұл», – деп келдi жаманын да,

─ 213 ─ Қалдыбек, ой өспестен, бойлар өстi Кешегi селитраның заманында. Бұл жайды талай-талай ойлағанбыз, Əпшеңiздiң жанында жатқан жездең Дəл сенен сұрамайды бойдан қарыз. Мына сендей есерсоқ қайындарға Беруiм мүмкiн əбден ойдан қарыз. Қалдыбек: Арт жағын əрбiр iстiң ойластырмай, Арманыңды келедi ойға астырмай. Дүңк-дүңк етiп қоятын қайның емес, Бiр жесе, жейдi сенi ой қасқырдай. Мекембай: Өмiрдiң жолдарында анық жүрiп, Жүректi алармысың анық жұлып? Сөзiмдi аяқтайын, ал, ендеше Ес бiлмес ешкiден де арық жiгiт?! Қалдыбек: Кедергi жасамайды арықтығым, Арайлы атар таңым жарық бүгiн. Футболдың добындай боп сен отырсың, Тепкiге қалар күнiң анық бүгiн! Мекембай: Айтыссақ та көзiмiз жанып тұрып, қойдық па бұл халықты жалықтырып. Доптай боп домаланған бұл жездеңдi Тебе алмас дəл сендей арық-тырық! Жағып алған жандайсың қара майды, Қу сүйек деп жездеңiз даралайды. «Итiңдi сүйекпен ұр!» дейтiн сөз бар, Бүгiнгi ит сүйекке қарамайды.

─ 214 ─ Қалдыбек: Жүрегiңнiң төктiң-ау «лағылдарын», Қу сүйек деп бөскенiң нағылғаның? «Басқа пəле-тiлден» ғой, бiлмес пе ең Жаман өгiз мүйiзден қағылғанын. Ел болса да кəрiмен, жаспен ұлық, Тұрсың маған көздегi жаспен ұлып. Бұл жездем сау сиырдың боғы емес, Жiберейiн бе мүйiзiн таспен ұрып! Күнгейлерден ауса да айым ойлы-ақ, Салдырмаймын Миямда дайым ойнақ. Тiлiмдi тiстеймiн де қалам осы Үйдегi жиендердiң жайын ойлап! Мекембай: Саған батқан сойдақтау тiсiм едi, Бұл жездеңнiң беделiн түсiредi. Əйтсе-дағы көлшiгi бiр болған соң Балық тiлiн бақалар түсiнедi. Қалдыбек: Жездеке, қаңлы елде болғанымда Сен – балық та, мен – бақа болғаным ба? Өзiн-өзi мақтайды өгiз тентек, Ищай деп жүз шайысуға бармағын да. Жеп тоймастың жағы да талмайды екен, Жездемнiң бiр əдетi қалмайды екен. Бiлмедiк қай иеңе тартқаныңды, Жаман түйе жабуын жалмайды екен. Мекембай: Елiм деп еңiреп, дедектер Ахметжан саған құрдас па! Озу да бар бiр баста, Тозу да бар бiр баста.

─ 215 ─ Қайткенде де елiңнiң Жүрегiне нұр таста Аға келсе, таудай боп Iзет бiлер iнiлер Орынынан тұрмас па? Үкiлi үмiт үздiрмес, Жақсыға жер сүздiрмес Қазақта көп жылқылар. Жылқыда да жылқы бар Қазанаты бiр басқа. Қаңлыда да қаңлы бар Қожалардан қыз алған Азаматы бiр басқа. Азамат: Желкеден шықпай жетпiс сын, Жақсыға құдай жеткiзсiн. Ырылдасар ит жоқта Шошқа үрмейтiн еткiзсiн. «Берместiң асы пiспес» пе, Ахметжан, дереу ет пiссiн, Ет пiскенше бет пiссiн!.. Нұрхан: Сенбiсiң iнiмдi кеп қанайтұғын, Жабысқырсың түрмеге қамайтұғын. Қалдыбекке қалайша жан баспайын, Iнiм ғой жыртығымды жамайтұғын. Мекембай: «Алмасына Нұрханның тимегiн» деп, Бiз жүрмiз қолымызға тигенiн жеп. Қайырбектей мəрт бажам арқасында Бөксесi де балпиды сүйгенiн жеп. Жаманнан жақсыларды айыр, бажам, Қылды ғой Нұрханжанды шайыр бажам.

─ 216 ─ Сiргелiнiң пұшығын ана еткен, Дана еткен жасасын қайыр бажам. Бажам жүр сөзi, өзi нақ кiсi боп, Сен жүрсiң перiштесi, ақ құсы боп. Орыны оймақтай бiр жыртығыңды Жамауға Қайырбектен жақсысы жоқ!.. Қалдыбек: Көр көңiлiң жақсы-ақ күйге келсiн, Сыртқа тар да, əйткенмен үйге кеңсiң. Əлгi сөзге қалайша тiлiң барды, Ит десе итиетiн ит екенсiң!.. Мекембай: Түсiп алып тереңге – ойлы ағынға, Сөз – мұхиттың түбiне бойладың ба? Ит деген бiлсең жетi қазынаның Бiрегейi екенiн ойладың ба? «Итсiң!» деп, қос Тутаңбалы, таза күлдiң, Сен ездердi деп намазды қаза қылдым. Китi десең китiмiн билiгi жоқ, Итi десең итiмiн қазағымның!.. Ташкент уəлаяты, Жоғары Шыршық ауданы, Пiстелi аулы. Миям қаңлы. 1990 жыл.

─ 217 ─ МЫРҚЫМБАЙ ШАЛ Əз адам – табиғаттың көтем шалы – Қыс қайтып, Қайта оралды көктем шағы. Қызғалдақ базар күнге жетiп келген Қынатөс қарлығаштар көкте ұшады. Қашады үрген кезде бұла күшiк, Жел – жiгiт гүл – қыздарды тұра құшып. Бiр шалға келе жатқан астанаға Бұлақтар сылдырайды құрақ ұшып. Көп сырды шертерi рас қарап айға, Келедi жан-жағына қарамай да. Бұл қай шал? Қодар шығар мүттəйiмдеу, Сарыбай əлде бейбақ қарабай ма? Ақаным Болса зары мол əлемде, Кемерi бұл жүректiң толар əнге. Тоқсанда қайғыменен қан жұтатын Тоқтарбай сол баяғы болар əлде? Кiмдiгiн айтатын тез жұрат қайда, Жүрiсi ұқсамайды Мұрат байға. Күреңбай болса егер, қазығына Құйрығы күлтеленген бiр ат байла. Бақытын Жер бетiнде тапқандардан, Сұрайын Қазақ дəмiн татқандардан. Көппiз бе Бес миллиард жан? Бəрiбiр бiз Азбыз ғой Жер астында жатқандардан.

─ 218 ─ Қаншама тiректерi болсын мықты, Бұл – дағы ұғып қояр зор сұмдықты. Амал не, Көңлi соқыр, Көзi зайыр Көп надан Ұқпайды əлi сол шындықты!.. Қайткенмен, соғыс деген «Ойын» бiтпей, Өмiрдiң Қойшы Үлкен тойын күтпей, – Дейдi шал: – Бұл да менiң, беу, Дүние, Сексенде саған айтқан ойым бүкпей». Бажайлап, қарашы, ей, iрi «неме», Бұл қай шал? Қазақтығы бiлiне ме? Тұрлығұл, Сарбас, Итбай, Жексендердiң Япыр-ай, ұқсамайды-ау бiрiне де. Жетедi бiр иттiң де кейiткенi, Сендер де жүрмеңдершi Кейiп менi. Бұл ақ шал – бiздi көптен iздеп жүрген Мырқымбай 1 – Биағамның кейiпкерi. Мырекең дос болса да талайыңмен, Жетiптi бұл күнге аз ағайыңмен. Өлiмнен басқасының бəрiн көрген Мұның да ендi сөзiн алайын мен: «Шыбықтай ашыққаннан «толысқан» ем, Кедейге шыр бiтпеген болысқан ем. Боқтадым... ал кейiннен қол қусырып Барғам жоқ əдiлетсiз болысқа мен.

─ 219 ─ Сейiлiп жапалақ бұлт – бастан қайғым, Ендi аяқ Жер бетiнде басқандаймын. Жаннатым – жарты əлем қарасорды Қолынан тартып алдық Оспанбайдың. Тұрғанда дəрмен кетiп, көзден қалмай, Қадiрсiз болмайын деп көшкен қардай, Өмiрдiң асқарына өрледiм тез Iлгерi кетiп қалған көштен қалмай. Қоймастан қас-дұшпаным келекесiн, Рəт iстiң кiргiзбедi берекесiн. Тойладым астанада қаншама рет Елiмнiң ұлан-асыр мерекесiн. Бұл уақта Мəулен еркем жас басымен Күрестi ұры-қары «баспашымен». Рəбиғам жаз жайлауда бала оқытты, Өмiрдiң артық көрiп басқа iсiнен. Байрақты көтергенмен жастар қолда, Жоқ едi дейсiңдер ме тастар жолда? Бұлыңғыр бұлтты күнi сайға тастап, Өлтiрмек болды өзiмдi қастар жонда. Бiрақ та сағат сайын қосталдағы Жақсарды шырай кiрiп, достар халы. Ағаңның баяғыдай емес ендi, Тұратын болды ашық дастарханы. Оқуға көрiп жүрген дайындығын Ұғады бұдан былай жайымды iнiм. Мəңгiге қарасордан мұнарланып Көрiнбес тал – ағашы қайыңдының. Айтуға бел байлап ем бағанадан, Айналайын жақсарған заманадан.

─ 220 ─ Кедейдiң кер төбелi – тракторды Мен едiм алғаш мiнген маман адам. Сенетiн болса, сенсiн сенгiр құлақ, Əлемде жоқ баяғы селдiр құрақ. Дəл мендей кешеуiлдеп көзi ашылған Сылдырап ақты бүгiн мөлдiр бұлақ. Ал Сырдан соғып жылы алғашқы леп, Қуандық өмiрге өмiр жалғасты деп. Тұтасып, отызыншы жыл соңында Тасыттық Арал менен Балқашты кеп. Көппенен жүрсем солай күлiп бiрге, Шықты да Гитлер – қанден үрiп пiлге, Мен-дағы Отанымды қорғау үшiн Аттандым соғысқа сол қырық бiрде. Самалы надандықтың əр күнде есiп, Шықты ғой адамдықтың алдын кесiп. Атылған оқ пенен от астында да Тербелiп жатты бiздiң алтын бесiк. Белгiсi Жеңiс болды елдiгiмiздiң, Батырлық, Барлық мəрттiк ерлiгiмiздiң. Оқ емес, сол фашист азғындарды Айнымас Достығымыз жеңдi бiздiң. Бұл Мырқаң көнiп... төзiп барша ауырға, Жеңiспен Қырық бесте 1 барса ауылға, Соғысқа бəрi өзiндей кеткен екен, Бiр еркек Шықпады-ау қарсы алуға... «Қара хат» Келген естiп iнiлердi-ей,

─ 221 ─ Жоқтығы Болды маған бiлiнердей. Өксiттi тағы бiздi достарымның Соғыстан Бiрi келсе, бiрi келмей. Кей надан сықылды олар елiк атпас, Бiр сырын Жалынсаң да келiп айтпас. Соғыстан қайтпағандар оқ боп кеткен... Ешқашан атылған оқ керi қайтпас! Махаббат Дəмi қалған ерiндерде... Үмiтпен Жол қарайды келiндер де. Солдаттың жесiрлерi белiн буды Зар болып жар құшағы... ерiндерге. Жеңiстен кейiн айтып əндi бiз көп, Жаз өттi... өттi жəне сəндi күз көп. Оқ болып кеткендердiң сүйгендерi Өтуге бел байлады мəңгi қыз боп... Түсетiн ұрпақпыз ғой жылда сынға, Өмiрдiң жүрсек ұят жылғасында. Бəрiмiз келген едiк тың-теңiзге Аттанып елуiншi жыл басында. Сол жылы ойнақтап көп қара құйын, Тыңдадық күйшi аяздың талай күйiн. Нан жеген оңай шығар... Дəн өсiрген Сондай да болмас дейсiң қалай қиын?! Тыңда да сияқты емес ауылдағы, Быт-шыт қып кетер қыста дауылдары.

─ 222 ─ Жазында шыбыныңа құм-тақырдан Су таппай қиналғаның ауыр тағы. Бiр ауыз жылы сөзге уандық па, Баспадық бiз бiлегi жуандыққа. Даланы iңгəлаған дауыс басып, Ол да рас: жыладық та, қуандық та. Бұл да рас: өзiмiздi өжет еттiк, Өйткенi қыста туып, өсе кеттiк. «Мəуесiн бiз болмасақ, басқа жер», – деп, Алтыннан зият 1 оймен көшет ектiк. «Тыңбай шал» тыңда жүрiп аталсам да, Қостым мен талай жанды қатар санға. Еңбектiң бiр жұлдызын кеудесiне Тыңнан сол тағып қайтқан атаң сонда. Тың сөйтiп басын мəңгi иiптi ерге, Тасыттық Дəн теңiзiн сүйiктi елде. Бiз тыңды көтерiп ек, шынында да, Көтердi тың да бiздi биiктерге. Мiне, ендi соңымызда нұрлы iз барын, Бiлетiн Байқоңырда жүр қыздарым. Жалғыз да болса осы артық шығар, Кем емес ешкiмдерден жұлдыздарың. Сол жұлдыз кейде биiк жанған кезде, Кетпеңдер сенiңкiреп жалған сөзге. Келмей ме намыстарың бiр-бiрiңдi қара бас қамын күйттеп шалған кезде?.. Бiлмейсiң, Келмей елден шеттегiсi. 1Зият – артық.

─ 223 ─ Ұшып жүр қазақтың көп шетте құсы... Бауырыңа баспасаң да, көктем сайын Оның бар Алатауға беттегiсi. Етектен қасын емес, досын табар, Көп құстың бiрi келсе, қасында қал. Жан-тəнi жақсылыққа жаратылған Сайрамақ сол құстың да басында бар... Жүзбеген көк теңiзде кемең артық, Сенiмдi бiр құдайға келем артып. Қазағым, қасiреттiм, қасиеттiм, Мен үшiн халық бар ма сенен артық?! 1978 жыл. КҮНДЕЛIКТЕР (Поэма) Тауда Айқын, Əзiлхан – Жүрген едiк гүл терiп, Бiр-бiр бетi жазылған Тауып ап қос күнделiк, «Кiмдiкi?» деп иесiн Сұрап көрдiк Зейiннен. Табылмады иесi Iздесек те кейiннен. «Айыбымыз» бар, iнiм, Неғылайық жасырып. Үйге келсек... бiр күнi Күнделiктiң бəрiнiң Қалыпты бетi ашылып.

─ 224 ─ Бiрiншi күнделiктегi жазулар СЫР Марат менiң, расында, Iздеп тапқан досым ғой. Барат болса жасында Ит көп қапқан досым ғой. Сонда-дағы бəрiмiз Теледидардағы қызық қап, Көлдiң көркiн кеттiк бiз Қайту үшiн қызықтап. Жаңа үйi тiзiлген Артта қалып ауыл жақ, Марат айтты: – Апам тойға пiсiрген қалтам толы бауырсақ, Ал мен айттым Айдынға Жетейiн деп қалғанда: – Аз десеңдер, айтыңдар, Нан, мейiз бар қалтамда... – Палау жегем бағана, Сондықтан бiр алмадан, – Дедi Барат жағада, – Басқа түк те алмағам... Айдынкөлге келгесiн Домбыра тарттық алдымен. Бастамақ боп ем «Еркешiм» Деген жақсы əндi мен. Барат айтты: «Кешке дейiн айтсақ та Таусылмайды əнiмiз. Болар ендi қайтсақ та, Отыра бермей бəрiмiз. Бiлесiң бе, адамның Ашып кеттi құрсағы. Бiр жағынан атамның

─ 225 ─ Ашуы тез, ұрсады. – Палау жеген баланың Былай деуi – айып та... Шомылайық, «қарағым», Мiнбесек те қайыққа. Көп нəрсеге ақылы Жетпесе де керiстi. Шомылғанмен ақыры Отыруға күтiп келiстi. Келiстi де ол сонда: – əй-əй! – дедi еркелеп, – Қанша «түлкi» болсам да, Түсiрдiңдер қолға ертерек, Бiз жүргенде шомылып, (Келедi-ау күлкiмiз) қалтадағының бəрiн де Жеп кетiптi «түлкiмiз». қане тоқпын дегенi Жүдə осы өкiнiп. Бараттың палау жегенi Болды сөйтiп өтiрiк. Ертеңiне ол сыныпқа Сəлемдеспей кеп кiрдi. – Кешегiнi ... Сыдыққа, Бəрiне айттым! – деп күлдi. Ту, мынаның əлi де Жоқтығын-ай есiнiң. Сондықтан ғой, əрине, Сұрамады кешiрiм. Күн шуақты болды да, Бiрде барлық бұлаққа. Тазалаудың орнына Шөп тастады бiрақта. – Айтшы, Барат, досым-ау. Не болған бұл өзiңе? Шөп тастама осынау Ақ бұлақтың көзiне.

─ 226 ─ – Менiң-дағы сөзiме Сенсеңдер не етедi? Өз ақылым өзiме Сенiкiнсiз де жетедi... Бағым ба əлде сорым ба, Жүрмiн ойын соңында. Тастағаным бiр шөп-ақ, Несi айып соның да?.. Барат өстiп менiмен Ұрсып қалды өзi шын. Шынын айтсам тегi мен əдiлеттi сөз үшiн Ұрыспайды досымен Болса ақыл, ес кiмде. Сырым тамам осымен Айтпаған əлi ешкiмге.

─ 227 ─ Екiншi күнделiктегi жазу БЕЛДIК Демалыс қой Ендiгi ай. Келдi сəуiр. Келдi май. Сөйтiп зеңгiр көктем кеп, Келдi құстар көптен-көп. Сержант Сабыр, Əзберген Ағамдар да əскерден Келгеннен соң азаннан Бiздiң үйде той болды. Ет алып жеп қазаннан, Талай бала тойып алды. Той өткен соң ендi бiр Рəштердi көрiп көшеде, Екi ағам белдiгiн Тағып шықтым көшеге. Сол-сол екен, белдiкке Қызықты ма көп бала-ақ, Тал түбiне келдiк те, Бəрi тұрды көп қарап. Тақ-тақ етiп тақпақты Көп айтатын Санабар: – Тағы бiреу тақпақты, Не дейсiңдер, балалар?! қалтамнан бор тапса да, Мақтады-ақ Мұқанбек: – Он белдiктi тақса да Жарасады бұған, – деп. Мұқанбекке тек бүгiн Болса керек ес кiрген, Бермек болды белдiгiн Сəл ғана-ақ ескiрген Дайым менi мұқатып,

─ 228 ─ қате тапқан iсiмнен. Ал Санабар – оңбағыр... Сыныпкомда бола ма ес? Тыныш жүрсе, ол да бiр Жүдə жаман бала емес. Дегенменен, қарашы қарамай көңiл-күйiме, Шақырғасын ағасы Бəрi зытты үйiне, қорқақтар ғой... «Ойнайық та!» – десем де Бұрылмады артына. Əкiмдi ертiп Есенбек Келiп қалды алдыма. Екеуi де Əуезов Көшесiнiң баласы. Бұлардың да... Белдiгiме əуесi Келiп-ақ тұр, қарашы. – Айтқан сөздi ұқ, түсiн, Ақпа құлақ атанбай. Қайсың, – дедiм, – мықтысың Қажымұқан атамдай? Бостан-босқа ала сұр Түрiлмейдi жеңдерiң: Бiр белдiктi аласың Күресiп, қай жеңгенiң... – Жеңiлетiн болсам мен, Басқа қойғын атымды. Құртақандай болғанмен, Атып ұрам Əкiмдi. – Жетпегесiн жетеңе, Мен не дейiн өзiңе. Күшiң алдын жете ме Бiр қолымның өзiне? – Бос тұрғанша, – дедiм мен, – Иықтарың тiресiп,

─ 229 ─ Күштi екен кiм-кiмнен, Байқаңдаршы күресiп... Жықпайын-ақ десе де Қажымұқан сияқты. Əкiмханды Есенбек Бiр шалып-ақ құлатты. Айналып кеп үй алдын: – Белдiктi ендi бер, – дедi. Ал мен болса ұялдым Бейрұхсат оны бергелi: Сосын Есен Жылағанмен əкесiн Шақырмақ боп бақырып. Тiптi Қати тəтесiн Келмедi ол шақырып. Өстiп ендi тамыма Шығып алып, бiр апта Балаларға тағы да Мақтанбақ ем... бiрақ та... Белдiк тақса əскерлер Шаттанып бiр айтады əн. Ағаларым белдiгiн Тағып кеттi қайтадан! * «Бестен» «кiлем» тоқитын Ау, балалар, балалар, Бесiншiде оқитын Iздессе де балалар, Күнделiктер иесiн Тапқан жоқ əлi Айқындар. əлде оның иесi Өздерiң бе, айтыңдар?..

─ 230 ─ ТАС ҚАЛАДАН ШЫН СƏЛЕМ (Тəжiбай Ілесовке) Бақытты Сiзге ендi мол тiледiк, Тұрса да жүрек дейтiн көл дiр етiп. Кеп қалды Шанышқылы бауырларың Iнiлiк ақ пейiлiн мөлдiретiп. Шын жiгiт шыңға шықпай шыңдала ма, Шаттық тiлеп шалқисыз шын далама. Шындығы шанышқылы боп шарықтайтын Тас қаладан шын сəлем Шым қалаға Дүрия дүниенiң сыйы бөтен, Бəрiн де бiр жүрекпен сүйiп өтем. Айдынына алпыстың қалса-дағы, Қазығұрт сынды ағам биiк екен. Биiк екен Пайым мен Талғам аса, Болмас едi хақ жолын таңдамаса. Ағайынды сүйсiнткен адалдығы, Тəжiекеңе боп тұрмыз таң-тамаша. Бiр шындықты айтайын тойда отырып, Болмай қайтсiн дəл бүгiн ойда тынық. Ата-баба ту еткен қасиеттер, Япыр-ай, қалыпты ғой бойда тұнып. Елге қашан береке тiлегелi, Ағыл-тегiл жаңбырдай тiлегенi... Алпыс жас – оңай емес, ойың менен құдай берген бойдың да түлегенi. Ақ нұрдай көктен тiлеп ендiгiнi, Ешқашан басылмаған ел дүбiрi. Iнi десе iзгi жан сыйын бiлiп, Аға дедi халықтың ендi бiрi.

─ 231 ─ ТАШКЕНТНАМА (Ташкенттiң 2200 жылдығына) Қылаулады ақ қардың соңы көктен, Күтiп едi зарығып соны көктем. Бəйтерегi түгiлi, Бəйшешектiң Бiр басынан мың тарих соғып өткен. Көкiрегi күмбiрлеп асыл шалдың, Ұлы дүбiр бастады жасыл шалғын. Үш мың жасар данадай бас қостың да, Жан жолдаспен баладай асыр салдың. Шыршық, Келес, Гiжiген бойын сыйлап, Қос қылыш қайрағандай ойың ширақ. Бозқырауға малынған бозымың да, Тау-тасың да алыпты бойын жинап. Жүрегiнде лап еткен отты байқап, Шынарын да жел-тағдыр өттi шайқап. Туған жерден Құсы да баз кешпейдi, Жiберсең де сыйлап бiр көктi байтақ. Қайнауынан Жұлдыздай жайнауы көп, Қысында да аспаны, жайлауы көк. Адалдыққа Алқынбай аяқ басқан Шыршық шалқыр мың iстiң байлауы боп. Азаматы аңқылдақ арға бағып, Ақтығына қозады арқаң анық. Сөзiң жетпей қаңқаның биiгiне, Аққорғаннан қайтасың арқаланып.

─ 232 ─ Жаңбырдан соң ұйтқыған ақ қарыңдай, қараларға қалған ба ақ қарылмай? Ата-баба Бiлмейсiң АМАНАТын Шаштөбелер ағынан ақтарылмай. Алтыны мен күмiсi аралас бiр, Қарасуды қапталдап қарабас тұр. Қамқа тоннан қыбырай қапы қалмас, Қара емес бауырын бала басқыр. Бозсуында шоршыса майда балық, Кетер дейсiң қарасу қайда қалып? Меймандостық мейiрiне мезiрет қыл, Махаббаттың мекенi – Майға барып. Шыназ, Шəңгi, Шiлкескен барғаныңда, Жұрт көресiң жүрген бiр ар қамында. Дандақ емес, дайым да даналық бар Дидары күн Дөрменi, Дарханында. Жетiкенттiң жүрсем де аңсап елiн, Сұрамашы сүюдiң сан себебiн. Омыртқаңды үзердей ештеңе жоқ, Оң көзiң боп сəнденсе Самсерегiң. Əжiкөлдiң сезiнiп мəңгi демiн, Əуендейтiн əудемде əн бiлемiн. Күлтөбенiң көгiнде күндей болып, «Жетi жарғы» жазылған Ангренiм. Қайқақтаған қайыстай қара елес, Балағаттай болмайды балаға ес. Отпен кiрiп, Күлiңмен шығатұғын Шағарың да қақпасыз қала емес.

─ 233 ─ Ақ бата ап адалдар атадан тек, Қақпаларын қалаңның атаған кеп: қаңлы, қият, тақтапұл, сақпан, көкше, қақырғаны құйма алтын қатаған деп. Бесағаштың талындай ағашы көк, Махалла мен аулыңның бағасы жоқ. Елдерiң де келедi Оқшы, Зергер, Шырақшы мен Темiршi, Тағашы боп. Аламанның арасын киiп-жарып, Ұл-қызың жүр сен үшiн күйiп-жанып. Жырып бердiң аузыңнан, Сондықтан ба, Жұлдыздардай мəртебең биiк, жарық. Бұлағындай кiршiксiз ары мына, Тосқауыл жоқ өмiрдiң арынына. Тауың тұрмақ, Жатады көктесiнiң құлақ қойып Шыршықтың сарынына. Кер заманды тайдырып əулет бастан, əумет қашқан, Кез де бар дəулет тасқан. Заманында кешегi Шаш өлкенiң қырық екi қаласы сəулет шашқан. Көгiңдегi үркерден үмiт қылған, Үштөбең бе қайғыңды ұмыттырған?.. Алтынтөбе, қауыншы, Көгейт, Нараз Мəртебеңдi бəрiнен ұлық қылған. Молда қошық, Құралбай, Мамай батыр, Алаш, Сұран – тағы да талай батыр. Iлияс, Алқар, Қаңлыбай, Нұрлан, Əбдəкiм – Атқан таңның шапағы – арайда тұр.

─ 234 ─ Дəл осындай бегiмен басқа Алаштың Iргелерге өзге бiр тас қаластың. Емес пе бұл көз жеткен көргендiгiң Гүл жайнаса жер үстi, аспан астың? Сен тұрасың əлемнiң назарында, Бiр мiн бар ма айдайын ажарыңда? Табан асты табасың жоқты қайдан, Бəрi қызық барымен базарында. Ақсақата, Аққабақ, Көктената, Жаны жаз да, көңiлi көктем ата. Надандықтың тырнағы қатты батып, қош айтысқан ЖЕРмен де, КӨКпен ата. Зеңгiата, Ойсылата, Шопаната, Сексената, Көзата, Бапаната. қанаттыға қақтырмас аруағың, Бəрiнен артық қой бағаң, ата. Сұңқарыңды тербесе достық үнi, Тұлпарыңның шыға ма бос дүбiрi? Зауықтырар Зүлфия, Жамал апам – Бақтарыңның сайраған қос бұлбұлы. Тақ талап кiм? Ақиқат – ақ талап кiм? Балағында битi бар бақ талаппын. қадыридi итердi iбiлiстер Iшiне шапқан қылыш, атқан оқтың. Бойларында бiлген соң күштiң барын, Көз көрмеске ұшырды құстың бəрiн. Жағасында Бозсудың қырқылды ғой, Елiңе сүйеу болған ұстындарың. Тарихыңнан сыр тарттың ел көзiнде Көргеннен соң үмiттiң ұшқындарын.

─ 235 ─ Паш еткендей бақытты елдер жайын, Боқасайым, Болдырсай, Белдерсайым. Төбем көкке жетедi қорсайы мен қассай, қоссай, құссайға келген сайын. Жұлдыздары жымыңдап жайнар жайым – Шұқырсайым, Палтаусай, Айдарсайым. Жан беттетпес ақ қар, көк мұзыңда да, Айнымайды жаннаттан қайнарсайым. Бiлгенiмен əр қайдан тарасуды, Ынтымағы судың да жарасулы. Емiп өстiк ананың ақ сүтiндей, Тартылса да Шыршық пен Қарасуды. Туған жерге тұрғанда жүгiнiп шың, Сол сайлардан шығамын жүгiрiп шын. Ашылғанға аялы алақан да, Жұмылғанға Жұмырық, Жұдырықсың. Сүлеймендей сулардың пiрi – суың, Шетсу, Көксу, Қызылсу, Iрiсуым. қан сорпамыз шыққан соң қас сұлумен Ақ тұмаңнан керек қой бiр iшуiм. Болмаса да дəл бидай қуырғандай, Емес бəрi қамырдан қыл суырғандай. Меккеден кеп iшер ме, болмаса бұл, Сылаң-сылаң қағатын суың балдай. Есiгiңдi ашпады оқпен кiмдер? Оған куə таң шығы өпкен күндер. «Отаныңа құл емес, ұл болыңдар!» Деп тұрғандай əлi де өткен күндер.

─ 236 ─ Өсегi жоқ Иненiң жасуындай, қапал Шаши – дəл əлем асуындай. Бəдiр Шаши – бұл-дағы ақын ұлың Өткел бермес Шыршықтың тасуындай. Жамшит Шаши – шеберi қылқаламның Жалғанды жалпағынан басуыңдай. Төле шешен сөздерi төске тиген Балғалардың от-ұшқын шашуындай. Жанкел ақын ешкiмге шыдас бермес Қара түннiң жарықтан қашуындай. Абдулла ал Илақидiң емшiлiгi Сабынның кетпес кiрдi ашуындай. Асқа емес, тойдырған ақ ниетке Жақсы-жаман арасы бiр адымдай. Айбек, Афур, Мiрмұқсын, Хамид ұлам, Шукрулла, Шухрат – туған жер құнарындай. Саид Ахмад, Озод аға, Абдулла Шер, Өнерiңнiң киелi тұрағындай. Фахриддин мен Алмагүл, Үрбiгүлдер – əсем əннiң қайнаған бұлағындай. Тахир Мəлiк, Рауф Парфи, Өткiр Хашым, Дауылдарға тiк тұрар шынарыңдай. Бердiқожа батырың тау үстiнде Қалқыған құрыш қанат қыраныңдай. Сұлусары, Қылышбек, Елшiбектер Екi бетi нарт алма құрамындай. Тасболат пен Тұрсымат, Тұрсынхандар Сақтаған Қымызыңның құнанындай. Зиямиддин, Сүлеймен, Боран, Үсен Суырылып озған бiр пырағыңдай.

─ 237 ─ Əлжан, Бақыт, Гүлбаһар – чемпионың Мың жылда күңiренбес ұларыңдай. Құлаш ұрған тауларға Ақан, Нұрлан Қызулы қырдың ерке құланындай. Анар, Лала, Айсұлу, Нұрғизалар, Қатарласқан терең көл құрағындай. Қаһарман мен Құлмахан, Əбдiсалық Сөздерiн қалт еткiзбес қырағыңдай. Махмұд Тайыр, Хайриддин, Қалдыбектер Хан сұратқан егiздiң сыңарындай. Өмiрiмдi жарық қып сен тұрасың Ата-анамның жалғыз-ақ шырағындай. Əбдiқадыр, Бексейiт, Сейдуалы, Алтындарың жатқан бiр шаң қарылмай. Əз əшiр мен Ибрахым, Қоныс, Құрал – Шалдар жоқ Ташкеннiң бұл шалдарындай. Мейiрманқұл, Қарсыбай, Алдаберген Қараңғыда ұстаған шамдарыңдай. Талғат, Құрбан, Азамат, Нұрбек, Мұрат – Бұлбұл болып сайраған алдарыңда-ай. Марат, Икрам, Жақсылық, Убайдулла – Болсаң бол елдiң осы балдарындай. Ергеш, Дiлшат, Өсербай, Анар, Гүлнəр – Бiлiмнiң бiр арайлы таңдарындай. Бас ауырып, балтырың сыздағанда, Жетектескен Марс таудың заңғарындай. Қылау емес, араға қырау түсiп, Аман болсын ұл-қызың қамбарыңдай. Жүрегiңнiң тұсынан бiз де өтермiз, Ордаңды қиып өткен Аңғарыңдай!.. Бiр құдай мен арқаң ғой бəрi сенiң, Жүректерде өшпесе əлi сенiм.

─ 238 ─ Кiсiмен кiсiнеспей ел басқарды, Əбдiхалық, Қамбар, Мырза, Əлiшерiң. Шаш өлкенiң шетi – гүл, ортасы – нұр, Қайнап шығар өнердiң тортасы бiр. Нан қаламыз, Əн қала, Жан қаламыз – ғылымның да ақ Алтын Ордасы бұл. Адам тұрмақ, құсының баспанасы, Торқадай жерi – осы, аспаны – осы. Белiн бекем буынған Баһадүр Ел – Нұр Ислам мəдениетi астанасы. Бiр құдайдан тыныштық сұраған жер, Тарих əбден пейiлiн сынаған жер. Дүние жетiмдерiн ата болып, Ана болып басынан сылаған жер. Тоқ та болдың, Азырақ аш та болдың, Шындығы Шырай шашқан Шаш та болдың. Табандыға терiсi тарылмаған Iргесi тастай берiк Тас та болдың. Тасып аққан бұлақтай күшiң қайнап, Кетедi еткен əрбiр iсiң жайнап. Енесiнiң бауырында шұрқырасқан, Құлын-тайға тұрған бар тiсiн қайрап... Құтбай болып асқақтар сазың да бар, Адалдықтың аққуы, қазың да бар. Ауыс-түйiс төрт мезгiл өзгеде жоқ, Күрең күз, қыс пен көктем, жазың да бар. Тiл байланып, теңiздiң iшiлгенiн, Намақұлын бiледi iшiң ненiң.

─ 239 ─ Тауларың да, Байсалды бауларың да, Көргенiм жоқ iркiлдеп iсiнгенiн. Көбелектей соратын далаң сөлiн, Саған ғана артады балаң сенiм. Бiздерге теңдесi жоқ Отансың сен, Алтынмен де өлшенбес бағаң сенiң. Түйiр дəндi ел үшiн өсiрiп сап, Қара тауды көкейден көшiрiп жат. Сəн-салтанат ешкiмнен кем де емес, Сəйгүлiктей сайлаған көсiлiп шап. Қамқор болар кiмiм бар өр тұлғаңдай, Жүрегiңде мөлдiреп көл тұрғандай. Он сегiз мың əлемдi таң қалдырып, Көгiн де күлiмдеткен көркiң қандай. Көл артынан жайқалған көрiнiп қыр, Аспаның да кеткендей сөгiлiп бiр. Жаңбырдан соң ағаштар су-су етiп, Мөлдiр моншақ үстiнен төгiлiп тұр. Бас АЛАҢның төрiне жайланысып, Бозсуыңнан қояды жайлап iшiп. Сен не деген бақытты ЕЛСIҢ, жаным, Аққу қонып, тұратын лəйлек ұшып! Тiршiлiк мəнi – Ташкент, дəнi – Ташкент, Жер-дүние сымбаты, сəнi – Ташкент. Алтын бесiк тербеткен ұл-қызының Бөлегi жоқ, БОЛАШАҚ əрi – Ташкент! Таң сəрiден шақырған жас ұлыңдай, Көңiлдердi көктеттiң жасылыңдай. Адам боп неғып жүрмiн бiр басыңды, Көрмесем дүниенiң асылындай.

─ 240 ─ Бақ-ырысқа самсатып таулар iшiн, Алланың нұры саған жауғаны шын. Кiм сенiң құтханаңа таласпаған, Дүниенiң гауғары, жауғарысың. Қасиетiңдi тұрғанда айтып қала, Жайнатқан жазираңа қайтып қара. Аялап, əлпештедiң, əкем демей, Анам демей жүремiн қайтiп қана?!. Түсiнiктер: 1. Əбубəкiр қапал Шаши – XI ғасырда Ташкентте туылған, философ, математик ғалым, ақын. 2. Бəдiр Шаши – XIV ғасырда Ташкентте туылған философ, ақын. 3. Жəмшит Шаши – XIV ғасырда Ташкентте туылған атақты суретшi. 4. Абдулла ал Илақи – XI ғасырда Ташкентте туылған əйгiлi дəрiгер, ғалым. 5. Төле би Əлiбекұлы – 1698 жылдан 1710 жылға дейiн Ташкенттi билеп тұрған қоғам қайраткерi. 6. Жанкел – ақын, Төле бидiң замандасы. Ташкент облысы, Жоғарышыршық ауданы, Жаңабазардың қарақалпақ аулында туылған. 7. Бердiқожа – Паркенттiң «Жұдырық» елдi мекенiнде туылған халық батыры. 8. Сұлусары, Қылышбек, Елшiбек – Ташкенттiң қыбырай, Жоғарышыршық аудандарында туылған халық батырлары. «Нұрлы жол» газетi, № 79, 80, 81, 82, 83, 2008 жыл. СЕЗIМДЕР ГҮЛТƏЖI Тұнығын да шайқатпай анық көлдiң, Сезiм дейтiн сыры сан алып көрдiм. Қасиетiн қадiрсiз етпейтұғын Таразысына ақылдың салып көргiн.

─ 241 ─ 1. МАХАББАТ Жүретiн бар бұлақтың ашып көзiн Жас кезiм – найзадан да жасық кезiм. Көңiлдi жүретiн ем нəзiк пе деп, Бар екен одан-дағы нəзiк сезiм. Жүректе арта түсiп үрейiм көп, Алдына көршi қыздың кiрейiн кеп. Тiл қатты: «Сезiмдерден көбi бар ма, қайсылығын мен қайдан бiлейiн?» деп Шақырып ап жеңешем гүлiндегi, Көз жəудiреп: «Солай де, күнiм?»дедi. «Нəзiк сезiм – махаббат, сүйiспеншiлiк Сезiмдерi болар» деп күлiмдедi. Дүние етпесе де тарлық əрең, Дауыстадым тамағым қарлығы мен: «Арыстанның аузына бас тықтырар Махаббаттың құлы ма барлық əлем? Қарасуы сарқырап сайды асқанда, Жұлдыздары жамырап жайласқан ба? Күнiң үшiн өзгемен жүрiп кетпей, Махаббат па шығарған айды аспанға? Отырғанда бастарын құрап жүз ел, Жайқалсын деп жағаға құрақ тiзер. Бiр киесiн мойындап бұл ерiң де Махаббаттың алдында құлап түсер. Бiр ұшқанмен хан сарай – кең қорғанда Аққу менен қу қарға тең болған ба? Барына да шындықтың көз жетпестей құзғындарға махаббат жем болғанда.

─ 242 ─ Наз құсыңдай жылында бiр келмейтiн Ендi қалай кеуденi жыр кернейтiн. қас-қабағын қаншама бақсаң-дағы Махаббат қой бiр жанға сыр бермейтiн. Махаббатсыз ақ семсер майрылғандай, қос та болса қанатың қайрылғандай. Онсыз менiң қыл сыймас жүрегiме, Тау жарылып, қара жер айрылғандай. Көз жасы теңiзiңдi жарып аққан, Болса-дағы басқа бiр жан ұнатқан. Бiр зəрреңдi, махаббат, судай шашып, Шөп салғам жоқ көзiңе жалын атқан. Гүлдей ғып қоймағанмен аса халын, Сүюдiң бiр табады жас амалын. «Сен сұлу да перiсiң» демегенiм – Құр əншейiн дұшпан көз жасағаным. Шаң жұға ма деп қырын қарама сен, Жүген-құрық көрсе де, Далаң əсем. Махаббаттың межелi жерi анық, Жеткiзiп қой шерткiзбей аман-есен. Сансыз құсқа сағасын сағалатқан Шыршық бойын атады жағалап таң. Ұлықтау да, Биiктеу Ештеңе жоқ Туған жерге дейтұғын МАХАББАТтан!..

─ 243 ─ 2. СҰЛУЛЫҚ Жер бетiн қаптағанмен өңiр селi. Көңiл – сал, Көңiл – ақын, Көңiл – серi. Болсам да сүйенiшсiз сорлыша бiр, Сүйемiн сұлулықпен, өмiр, сенi. Селк етiп сезiм деген, Хайуан ғой сұлулық сезiнбеген. Ботаналар алдында мөлдiрлердiң қалайша сұлулығы сезiлмеген?! Саңлауын көр, Не жатыр жүрегiмде Сұлулықсыз адам боп жүремiн бе? Бiр мақсатқа жар салмай күшiн салған Сұлулық бар жiгiттiң жiгерiнде. Жаманға бiр өздерiн қиятын ба, Жүрегiне мың өзен құятын да. Мiнəжаты Аллаға жетiп асқан Сұлулық бар қызыңның ұятында. Аспаның да жел тұрса өзгермес пе, Болатұғын балалар сөзге ермес те. Сұлулығы ымынан бiлiнедi, Жасағанмен кiсiңiз көз көрместе. Көргенсiз бе бұлардың кiр қанатын, Қырандар ғой тау асып, қыр қонатын. Сүрмесiз-ақ сұқтанып сұлулыққа, Аққулардың ажары жыр болатын. Қыраннан Қара үзiп қамықпаған

─ 244 ─ Дүниенiң сырына қанықпағам. Қына төс қарлығаш та, көбелек те Сұлулық қой төбеңде қалықтаған. Жыбырласып дария жылымында, Алмайды түн бойы көз шырымын да. Сағыныш симфониясы секiлденген Сұлулық бар шегiртке шырылында. Құлын дауыс қоңырау сыңғырында, Ботакөз бұлақтардың сылдырында. Жаңбыр соғып, бойынан таулар көшкен Сұлулық бар жапырақ сыбдырында. Бiр сұлулық ах ұрған күнiңде де Жұпар исiн төгетiн гүлiңде ме? Бiр сұлулық болғанмен iшi қуыс, Жан балқытар сыбызғы үнiңде ме? Əй, сұлулық-ай, Сəл кештеу ес кiргенде, Жүрек тұстан дауысың естiлген бе? Махаббатты ту қылып көтерiп ап, Саған соқпай өтпейдi ешбiр пенде!.. 3. МЕЙIРIМ Тауып айтқан сөзiме ауыл ғашық, Бiрақ жағдай амалсыз ауырласып, Мең-зең күй кешкенiмде көршi-қолаң Жетiп келдi қалғандай бауыр басып: «Ай да күлiп, шығып тұр көгiңе күн, Кезiң бе бұл ақ тұттай төгiлетiн? Бұхар киiм тiгiсi сияқтанып Не күн туды қабырғаң сөгiлетiн?

─ 245 ─ Қиянат қой гүл дейтiн ерке солса, Көкiрегiң, көкешiм, шер ме сонша? Дүрiмiздi берейiк жиып-терiп Iздегенiң егерде жерде болса!..» Су қымбат, Болғанмен көзе тегiн, Өзi жабар əркiм де өз етегiн. Жұты емес, елiмнiң құты болған Мейiрiмдi жандарды сөз етемiн. Мезiрет қып байлығы iрi жанға, Сүйремей ме досыңның бiрi жарға. Қара көзге телмiрген мейiрiң түсiп, Жаның ашып көрдi ме тiрi жанға? Жұлдызы жаудыраған түн де – мейiр, Бар нұрын шашып əуре күн де – мейiр. Аш-арығын Тойынтпақ бүгiн байлар, Қайырымдылық, жоқ дейсiң кiмде мейiр?! Қатал күйiн қайрымсыз толғағанда, Қара көздер жəудiреп тоңбаған ба? Дүниенi тас қаптап кетер ме едi, Мейiр мен қайырымдылық болмағанда? Шыққаныңмен тiлiңдi безеп керiм, Құр уəденiң бiлерсiң мезi еткенiн. Мейiрбанның мейiрiне жолықтыр да, Қайрымсыздың кəрiне кез етпегiн!.. 4. ҚАДIР Артқан сайын қадiрiм дəдiлденем, қолдың кiрi болып па қадiр деген. Бұра тартпай, салған соң бар тапқанын Қолдарыңды ауызың қадiрлеген.

─ 246 ─ Басқанымен аяғын ұзын кеуде, Үзеңгiнiң қадiрi – үзiлмеуде. Зəулiм сарай iргесi боп қаланар Тас қадiрi тым ерте мүжiлмеуде. Жаманымды жүрсiң бе тек тiзуге, Сабын қадiрi кiрiңдi кеткiзуде. Берекесiн iсiңнiң қашырмайтын Жол қадiрi мұратқа жеткiзуде. Соғыс бастап жататын жар, қырыңда Найзағайдың қадiрi жарқылында. Балтырыңа жабысып шабынатын Не қадiр бар итiңнiң арпылында? Бой көтерткен талы мен терегiн де Бала қадiрi ұғымтал, зерегiнде. Бас айналмай тапқанда той беретiн Бар қадiрi жоқ кезде керегiнде. Қыз қадiрi жамылған желегiнде. Ұн қадiрi елеген елегiнде. Қаз-үйрегi қаңқылдап, шаңқылдайтын Көл қадiрi тербелген тереңiнде. Қадiр таппай, елiңнен көшесiң бе, Елден көшсең, бiржола Қшесiң де. Жаманыңды жақсымен жарылқайтын Ер қадiрi кiшiлiк көшесiнде. Ернеулерi кетiлген болса да бiр Шай қадiрi өзiнiң кесесiнде. Ағайын боп бiр опа көрсетпесе, Өз қолыңды өзiң кеп кесесiң бе?!

─ 247 ─ 5. ЖАҚСЫЛЫҚ Жүрген аяқ бiледi жол арасын, Егiстiкке ертемен жол аласың. Арпа сеуiп, бидайдан үмiт етпе, Қара жерге не ексең, соны аласың. Iсiң болсын алдымен өнегелi, Өзiң көрсет содан соң өнегенi. Iстегенi, жақсылық iздегенi, Осы болар адамның көрегенi. Бөлектемей қырың мен Сыр адамын, Жақсылық қой жағдайын сұрағаның. Алдарыңа не қойса, соны же де, Кiсi малын қазбалап сұрамағын. Ешбiр мұның жерi жоқ қайран қалар, Арық емес, су деген сайдан да ағар. Оңай ғана олжа жоқ қолға түсер, Тау шықпасаң долана қайдан болар? Пышақ саптай болғанда қысқа күнiң, Дəнiңдi шаш ашыққан құсқа бүгiн. Жақсылықтың басы – дүр бiлгенiң де Бiр бармақтан бiр бармақ қысқалығын. 6. ƏДIЛДIК Жақсы аттың бiр жолы – əдiлдiкте, Мақсаттың да бiр жолы – əдiлдiкте. Ақиқаттың шекпенiн жамылмасаң, Шырағым-ау, осы да əдiлдiк пе? Бұл не еткен шырайлы сағым дала, Əдiлдiктiң кепесi шағын ғана.

─ 248 ─ Тура би боп туралап тартатұғын Ол бар жерде болмайды ағың қара. Дүниенi əдiлдiк десе де кең, Өзгертiп пе шындығың кеше мекен? Жалғыз ғана қозыма қасқыр тиiп, Ит үрдi деп иесi көше ме екен? Орындалмай қалмайды жұп тiлегi, əдiлдiктiң əрқашан құт бiлегi. Бет пердесiн ашпақ боп əуреленбе, Алтыныңды, мысыңды жұрт бiледi. Өмiрiмнiң қалғанда күзiн көрiп, Бiр қуантты бəйшешек қызым келiп: – Жетпес екен бiрi де жасағанға əдiлеттiң əдемi жүзiн көрiп!.. 7. АБЫРОЙ Күн күлiмдеп, төбеңде ай аунасып, Соғысы да жүректiң баяуласып. Абыройын ұл-қыздың ойлағаннан Əрi-берi жүресiң баяу басып. Əкесiнiң көрсе де жетегiн көп, Жетесiзге өкiнбей нетемiн кеп? Ауыз ашар: « Сiз сынды кiтап мүжiп, Сары қағаз шоқыған не теңiм?» деп. Ауыз ашар: «Дей-дей-ақ: «Бiлiм iзде!» Бiрiн iске, түсiрдiң бiрiн iзге. Əңгiмесi əр жанның əр басқа боп, Қадiрiңе жеттi ме тiрiңiзде?!» Алматының басында аспанға атты, Ертеңiне тағы да аспандатты.

─ 249 ─ Түсiнсеңдер қайтедi адам болып, Тiлеп жеген майың да тастан қатты... Тұрамысың ақыл сап өңшең жасқа, Кешегiден бүгiнгi өлшем басқа. Өз көжесi өзiне керемет боп, Жазады да қояды өлсең тасқа. Ауру дəмiн ұзақтау татыңқырап, Төсегiмде қалдым ба жатыңқырап? Өзiм емес, балдардың абыройы Келе жатыр күн сайын батыңқырап. Көңiлiмдi тас-талқан еткенiнде, Жағаласпай, жақсымен кеткенiм бе? Абырой бұл шыбын жан қысылғанда Шақырусыз алдына жеткенiм бе? Бiр мүсəпiр жай таппай сасқанында, Есiгiмдi айқара ашқаным ба? Абырой бұл түн болып келген жанға Мейiрiм нұрын күн болып шашқаным ба? Жебiр желдiң бiлсек те жылы ескенiн. Көргенiм жоқ тақырда гүл өскенiн. Абыройдың күштiсi – халқым туған Тiлiм үшiн тайсалмай күрескенiм. Жаз жаңбыры тау бетiн жуғанында, Ата жолын арланбай қуғаным ба? Абырой бұл өзгелер армандайтын Жаннатында Ташкенттiң туғаным ба? Төстi қақпай ұлына басқа белдiң, Өренiн де келдiм ғой бастап елдiң. Қадалғанда қан iшiп, сөзiн бақпай. Жалғыз ғана атымды досқа бердiм.

─ 250 ─ Қисық қайда, қарағым, тура қайда, Иiрiңдi туралар туралай ма? Еш мiндетсiз елiме еткен iсiм Абыройдың iргесiн құрамай ма? 8. СЕЗIМДЕР ТЕРМЕСI Əлдеқайда биiкке шықсаңдар да, Қоймадыңдар жарамды қасығанды. Түн жамылып жүгiрген ақ бөрiдей Тауларымның ағарған басы қалды. Қаны қызба қатындар арыстанды Бауырына күшiк қып басып алды. Əй-түйiңе қарайтын əдiлеттiң Көзi ойылып, күйген бiр қасы қалды. Ертеңiне немкеттi қарайтынның Көздерiнде мөлдiреп жасы қалды. Ауа жетпей демiккен жан сияқты Суы кетiп, Шыршықтың тасы қалды. Шымшықкөлде шымшықтай шырылдаған Шындығыңның екi тал шашы қалды. Ұшқан құс пен қуған аң жете алмас Көбi кетiп, өмiрдiң азы қалды. Өзi болған кiмдер бар дүниеде, Өмiрiңнен бəрi де азық алды. Ұлы таулар алыстан көрiнгенмен, Аққу ұшып, көлiмнiң қазы қалды. Мыңғырған мал сақтамай, ар сақтадым, Қойсаңдаршы жанымды қажығанды. Көбi кетiп, өмiрдiң азы қалды. Байқаусызда гiрт етiп шөгiр кiрген

─ 251 ─ Табанымда туған жер сазы қалды. Жолбарыстар жоғалып, бiр түлкiнiң Əдiсiн де бiлмейтiн тазы қалды. Жанын берер жақсыға қақаған қыс, Жан алатын жаманға жазы қалды. Айтып салып халқыма базынамды Арттағыға тастаймын қазынамды. Найзамен де, ақшамен сатып алмас Көбi кетiп, өмiрдiң азы қалды. Қымбат демей кiсiге қадiр бiлген Сүйсiнетiн сұлулық – бəрi қалды. «Бiлiм түзер бəрiн де» деп насихат Айтатұғын бес-алты кəрi қалды. Тез шашсаңдар, мейлiнше ерте шығар Жақсылық пен мейiрiмнiң дəнi қалды. Он сегiз мың əлемдi ғашық еткен Махаббаттың ауызда дəмi қалды?..

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙