Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері
Л.З. Шильман
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Түрлі типтегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы өндірістің технологиялық үдерістері, соның ішінде, көкөністер мен саңырауқұлақтардан, ет пен ет өнімдерінен, ауылшаруашылық құсынан және қауырсынды жабайы құстардан, балықтан және балық емес су шикізаттарынан жартылай фабрикат өндірудің техно...
Л.З. ШИЛЬМАН
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ
1
Алғы сөз
1 Тарау ӘРТҮРЛІ ҮЛГІДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІ
2 Тарау КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН ДАЙЫНДАЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРДЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 3 тарау ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНЕН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫН ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
4 Тарау ҚАУЫРСЫНДЫ ЖАБАЙЫ ҚҰСТАР МЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰСТАРЫНАН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАР ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 5 Тарау БАЛЫҚ ЖӘНЕ СУ КӘСІБІНІҢ БАЛЫҚ ЕМЕС ШИКІЗАТТАРЫН ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
6 Тарау АСА КҮРДЕЛІ СОРПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7 тарау АСА КҮРДЕЛІ ТҰЗДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
8 тарау ҚУЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР, ЖАРМАЛАР, БҰРШАҚ ЖӘНЕ МАКАРОН ӨНІМДЕРІНЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ТАҒАМДАР МЕН ГАРНИРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 9 тарау ҚУЫРЫЛҒАН, БҰҚТЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ЕМЕС СУ ӨНІМДЕРІНЕН ТАҒАМДАР ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
10
ТАРАУ
ҚУЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН ЕТТЕН, ЕТ ӨНІМДЕРІНЕН, ҚҰС ЕТІНЕН, ЖАБАЙЫ ҚҰС ЕТІНЕН ЖӘНЕ ҚОЯННАН ТАҒАМ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
11 ТАРАУ
АСА КҮРДЕЛІ САЛҚЫН ТАҒАМДАР ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
12
ТАРАУ
КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТӘТТІ ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13
ТАРАУ
ҰННАН ЖАСАЛҒАН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
14
ТАРАУ
ДИЕТАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
15
ТАРАУ
БӨЛЕК ҚҰРАМДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ҮШІН ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАҒАМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16
ТАРАУ
САЛҚЫНДАТЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Оқу басылымы
К ӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ
ТАМАҚТАНДЫРУ ИНДУСТРИЯСЫ
Л.З. ШИЛЬМАН
«Білімді дамытудың федералды институты» мемлекеттік федералды мекемесі
«Азық-түлік өнімдері және тұтыну тауарларының технологиясы» дайындығы және қосымша кәсіби білім бағытындағы орта кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсыналған
Пікірдің тіркеу нөмірі – 137
14 мамыр 2010ж. МФМ «БДФИ»
5-басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы
2014
ӨӘЖ 664(075.9)
КБЖ 36я75 Ш606
П і к і р ж аз ғ ан —
Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясының техника ғылымдарының докторы, технология және тамақтандыру кәсіпорындары ұйымы кафедрасының профессоры А. И.Мглинец
Шильман Л. З.
Ш606 Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері: орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқу құралы / Л. З. Шильман. — 5-басылым., стер. — М. : «Академия» баспа орталығы, 2014. — 192 б. — (Тамақтандыру индустриясы).
ІSBN 978-5-4468-1372-8
Түрлі типтегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы өндірістің технологиялық үдерістері, соның ішінде, көкөністер мен саңырауқұлақтардан, ет пен ет өнімдерінен, ауылшаруашылық құсынан және қауырсынды жабайы құстардан, балықтан және балық емес су шикізаттарынан жартылай фабрикат өндірудің технологиялық үдерістері қаралған. Сорпалардың, тұздықтардың, түрлі тағамдық шикізаттардан жасалған салқын және ыстық тағамдар мен сусындардың, сондай-ақ ұнды кондитерлік өнімдердің технологиялары келтірілген. Оқушыларға арналған тағамдардың, емдік және профилактикалық тамақтандыру, өндіріс асханалары, ерекше жағдайларда тамақтану және салқындатылған өнімдер өндірісіндегі тағамдар технологиясының ерекшеліктері баяндалған. Оқу құралы «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша ПМ.07 «Аспаз» мамандығы бойынша жұмыстарды атқаруды» меңгерген жағдайда пайдалануға болады. Орта кәсіби және жоғарғы білім мекемелерінің студенттері үшін және тамақтандыру индустриясы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін.
УДК 664(075.9)
ББК 36я75 Бұл басылымның түпнұсқа-макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады және оны құқық иесінің рұқсатынсыз қандай да болсын жолмен көшіруге тыйым салынады
ІSBN 978-5-4468-1372-8
© Шильман Л.З., 2011
© «Академия» білім баспа орталығы, 2011
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2011
Алғы сөз
Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтандыру экономиканың өз алдына жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі болып саналуда. Әсіресе, көпшілікке қол жетімді кәсіпорындар – мейрамхана, кафе, дәмхана, бар – жылдам қызмет көрсету кәсіпорындарының желісі қарқынды дамып келе жатыр. Бұрынғы ғасырдың еншісінде қалған трактирлер қайта пайда бола бастады. Жаңа үлгідегі өнеркәсіп мекемелерінің қайтадан пайда болуына байланысты, зауыттық тамақтандыру да қарқынды дамуда. Мұның барлығы бұл саланы тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет жасап, өз біліктілігін жоғарылатқысы келетін мамандар мен алдағы уақытта қоғамдық тамақтандыру жүйесінде жұмыс жасауға шешім қабылдаған өзге сала мамандарына беретін үлесі көп. Қазіргі уақытта тұтынушыларға ұсынылатын шикізаттардың жаңа түрлері мен қосымша өнімдерді пайдалану арқылы жүзеге асатын аспаздық өнімдердің сұрыпталымы кеңейді. Заманауи құрылғылар өнімдерді өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл саланың жұмыскерлеріне өз дағдыларын үнемі жетілдіріп тұру қажет. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процес- терінен хабардар болу – 5-дәрежедегі аспазға қойылатын қатаң талап, ал аспаздық өнімдердің технологиясын үйрену – кәсіби біліктілігін көтергісі келетін тұлғалардың бірінші кезектегі міндеті. Біліктілік мінездемесіне сәйкес, 5-дәрежелі аспаз мына нәрселерді білуі керек: шикізатты өңдеп, күрделі тағамдар мен аспаздық өнімдерді, сонымен қатар, диеталық тағамдарды өндіру; аса күрделі тағамдар мен аспаздық өнімдерді (құймалы салқын тағамдар, еттен, балықтан ассорти, басқа да күрделі салқын тағамдар; мөлдір, күрделі асқатықты сорпалар, еттен, құс етінен, балықтан жасалған екінші тағамдар; шарап, саңырауқұлақ, киеуіл қосылған және т.б. тұздықтар; күрделі тәтті тағамдар; үгілмелі, қатпарлы қамыр және одан жасалған өнімдер; диеталық тағамдар) жасап, безендіру. 1-бөлімде түрлі үлгідегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестерінің жалпы сипаттамалары көрсетілген, 2-5 бөлімдерде аса күрделі жартылай дайын өнімдердің технологиясы қарастырылған, 6-12 бөлімдерде тағамдар мен сусындардың технологиясы сөз етілген, 13-бөлім ашытқысыз қамырдан жасалған түрлі өнімдердің технологиясына, 14-бөлім диеталық және сауықтыру мақсатындағы тамақтандыруға арналған тағамдардың технологиясына, 15-бөлім түрлі құрамдағы тұтынушыларды тамақтандыруға арналған тағамдардың технологиясына және 16-бөлім салқындатылған өнімдердің технологиясына арналады
1 Тарау ӘРТҮРЛІ ҮЛГІДЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІ
1.1. Технологиялық үдерістердің түрлері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық үдерісі – өнімді өндіру, іске асыру және оны қолдануды ұйымдастырудағы операция- лардың жиынтығы.
1.1. -сур. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының толық технологиялық үдерісінің сызбасы
1.2. -сур. Дайындау кәсіпорнының технологиялық үдерісінің сызбасы Өндірістік-сауда қызметінің ерекшелігіне байланысты кәсіпорындарды толық және қысқарған технологиялық үдерісті деп ажыратады. 1.1-суретте қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының толық технологиялық үдерісінің сызбасы көрсетілген. Толық даярлау, жабдықтау кәсіпорындарында шикізат пен дайындығы жоғары деңгейдегі шала фабрикат өнімдері және орталықтандырылған өндірістегі дайын салқындатылған өнімдер, технологиялық үдеріс сызбасындағы кезеңдердің саны азайтылмайды, бірақ қойма орындары мен дайындау цехтарының саны және сәйкесінше олардың ауданы кішірейтіледі. Дайындау кәсіпорындарына таратушы асханалар, кафе, дәмханалар, вагондардағы мейрамханалар жатады.
Дайындау кәсіпорнының технологиялық үдерісінің сызбасында өзіндік
1.2. Технологиялық үдеріс кезеңдерінің сипаттамасы
Шикізатты қабылдау. Бұл операцияны қоймашы немесе басқа да материалдық жауапты тұлға (өндіріс меңгерушісі, бригадир т.б.) орындайды. Бұл кезеңдегі қоймашының міндеті – қабылданған шикізаттың сапасы мен мөлшерін және оның жолдама хатқа сәйкестігін тексеру. Сапасын тексеру органолептикалық жолмен іске асырылады: қоймашы өнімдердің сапасыздығының белгілерін біліп, оларды зерттеудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруі міндетті.
Сандық қабылдау – дара тауарларды тексеру мен салмақтық тауарларды өлшеу. Ол үшін тиегіш таразылармен жабдықталады. Қабылданған шикі- затты қоймашы қойма орындарына жібереді.
Шикізатты сақтау. Түрлі өнімдер физика-химиялық ерекшеліктеріне қарай сақтаудың әртүрлі шарттарын қажет етеді. Осыны есепке алғанда кәсіпорындарда салқындатқыш камералар мен салқындатпайтын қоймалар қарастырылады. Қойма орындарының саны кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына байланысты. Осылайша, ең ірі кәсіпорындарда алты салқын- датқыш камералар мен үш қойма қарастырылуы мүмкін (1.1-кесте).
К е с т е 1.1. Қойма түріндегі орындардың сипаттамасы
Орта қуаттылықтағы кәсіпорындарда ет және балық, сүт-май және гастрономиялық өнімдер, жемістер, көктер, сусындар камерасы бірге болуы мүмкін. Шикізаттың артық қорларын құрмайтын қуаттылығы аз кәсіпорын- дарда тек бір тоңазытқыш камерасы орнатылуы мүмкін. Толық даярлау кәсіпорындарында ет-балық камерасы мен көкөніс қойма- сының орнына шала фабрикат өнімдерін сақтайтын камера қарас-тырылған. Қоймашы өнімдерді қойма орындарына орналастыра отырып, тауарларды арнайы талаптарға сәйкес бірге орналастырудың ережесін сақтап және өнімдердің мүлтіксіз сақталуын, өндіріске жіберілуін қадағалауы тиіс..
Жартылай фабрикаттарды даярлау. Ірі кәсіпорындарда үш дайындау цехтары болады (дайындау кәсіпорындарында – төртеу), орта қуаттылықтағы кәсіпорындарда ет және балық цехтары біріктіріледі. Толық даярлау кәсіпорындарында олардың орнына маусымдық көкөністерді өңдейтін телім құрылатын орталықтандырылған өндірісті жартылай фабрикат дайындайтын толық даярлау цехы қаралады. Үлкен мейрамханаларда бұл телім көктерді өңдейтін дербес цехқа өзгертілуі мүмкін.
Аталмыш кезеңде кәсіпорындарда арнайы тәсілдердің көмегімен келесі кезектегі міндеттердің қатары шешіледі.
Жартылай фабрикаттарды дайындау кезеңіндегі міндеттер мен оларды шешудің тәсілдері
Осылайша, жартылай фабрикаттарды дайындауда өнімге әсер етудің түрлі тәсілдерін пайдаланады: механикалық (сұрыптау, елеу, тазалау, ұнтақтау, араластыру т.б.), гидромеханикалық (жуып-шаю), химиялық (картопты сульфиттеу, маринадтау т.б.), биологиялық (ашытқысыз қамырды, квасты дайындауда спиртті және сүт қышқылды ашыту, ферменттеу), термиялық (жылыту, салқындату).
Дайын өнімді жасау. Бұл кезеңдегі басты міндет – шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды аспаздық дайындық күйіне дейін жеткізу. Мұндағы негізгі тәсіл жылумен өңдеу болып табылады Жылумен өңдеуді қабылдаудың екі тобы бар: дымқыл жылыту және құрғақ жылыту.
Дымқыл жылытудың кеңінен таралған тәсілі су артығымен қосылған сұйықтықта қайнату (өнім толығымен сумен, сорпамен, сүтпен және т.б жабылған). Кейбір жағдайларда өнімдерді артылған сұйықтықта қайнатады: мысалы, кеспе өнімдерін қайнатуда 1 кг өнімге 6 л суды пайдаланады.
Мұндай қайнату ауа қысымында (температурасы 100°С шамасында), төмендетілген қысымда вакуумдық аппараттарда (температура 100°С-тан төмен) және көтеріңкі қысымда автоклавтарда, жылдам қайнататын ыдыстарда (бір артық атмосферада су 119°С-та, екі атмосферада 132°С-та) жүзеге аса алады. Бірақ мына нәрсені естен шығармау қажет, мұндай тәртіпте өнімдерде қолайсыз дәм мен иіс тудыратын заттардың пайда болуына әкеп соғатын сәтсіз өзгерістер орын алады. Керісінше, төменгі қысымдағы қайнату өнімдегі табиғи заттардың сақталуына едәуір әсер етеді.
Сонымен қатар, арнайы қайнап жатқан судың деңгейінен жоғары орналасатын буқазандарда, пароконвектоматтарда немесе арнайы пешке арналған торқапшықта ыдыста буда қайнату деп аталатын су буының атмосферасындағы қайнату да қолданылады.
Өнімдерді азғантай мөлшердегі сұйықтықта (сұйықтық өнімді биіктігінің үштен бірін немесе жартысын жауып тұрады) немесе өз шырынында аспаздық дайындық күйіне жеткізу – бөктіру деп аталады. Бұл ретте өнімнен қайнаған сұйықтыққа құрғақ заттар аз өтеді, өйткені диффузия үдерісінің қарқыны азаяды. Тұздықтағы бөктіруді бұқтыру деп атайды (бұл терминнің басқа да мағынасы келесіде келтіріледі).
Құрғақ жылытудың әртүрлі тәсілдері қуыру деген ортақ атауға ие.
«Құрғақ жылыту» термині даярлаудың бұл әдісінде ылғалдылыққа толы сұйықтық қосылмайды дегенді білдіреді. Жылудың қуыру аппаратынан өнімге берілетін әдісімен ерекшеленетін қуырудың төрт тәсілін қолданады. Әдетте, негізгі тәсіл болып аталатын аз мөлшердегі маймен қуырудың өзіндік ерекшелігі онда 1 кг өнімге 100-200 г май қолданады. Майды бастапқыда табада немесе жайпақ қаңылтыр табада 160-180°С-та қыздырады, артынша «үстінен астына аударып» қуырылатын бөлшектенген тілімдерін қояды немесе әр тілімінде қызарған қабықша пайда болатындай етіп, ауық- ауық араластыра қуырылған және ұсақ етіп туралған өнімдерді себеді (өнімді салғаннан кейінгі майдың температурасы 130-140 °С-қа дейін төмендетіледі). Бұл жағдайда өнімге жылу жылу өткізгіштік арқылы беріледі. Жоғары температураның әсерімен өнімнің жоғарғы қабаты тез құрғап, құрғақ жылытудың жағдайында қыза бастайды. 120°С-тан жоғары температурада өнімде тиісінше қызарған қабықша пайда бола бастайды. Бірақ жоғарғы қабаттың температурасы 135°С-тан жоғары болса, күйген дәм беретін заттар пайда болып, қабықша қарая бастайды. 1970 жылдардан бастап, өнімді құрылғының жоғарғы бетінде (тегіс, ойлы-қырлы) тікелей қуыратын құрылғылар қолданыла бастады. Көп мөлшердегі майда немесе шыжып тұрған майда қуыру арнайы қуырма ыдыста іске асады. Оның ерекшелігі – бірге салынатын 1 кг өнімге 4 кг майды алады, оны 170-196 °С –қа дейін қыздырып, артынша жартылай фабрикаттарды салады. Ол кезде температура 130... 140°С –қа дейін төмендетіліп, бірақ қайтадан жылдам көтеріледі (май аз болса, температура бірден төмендеп, өнім қуырылып емес, булана бастайды). Майдың артықтығының арқасында қызара түскен қабыршақ өнімнің бетінде толықтай бірден пайда болады, дегенмен, бәліш, бүкпе сияқты өнімдер майдың бетіне қалқып шығып, оларды майға күштеп батырып немесе аударып қуыруға тура келеді. Бұл жағдайда да жылу өнімге жылу өткізгіштік арқылы беріледі. Дайын өнімді шығарады, ал майға өнімнің жаңа топтамасын салады, яғни май бірнеше мәрте қолданыла береді. Қуырма ыдысқа арналған майлардың ішіндегі ең үздігі – «қуырма майы» деп аталатын аспаздық май. Тазартылған майларды да қолдана беруге болады, бірақ сол ретте болатын тотығу оның физиологиялық құндылығын айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан өсімдік майы мен аспаздық майдың қоспасын ара қатынасы 1:2 болатындай етіп пайдаланған орынды. Соңғы жылдары қуырма май ретінде пальма майы кеңінен қолдыныла бастады. Арасында 1 кг өнімге 2 кг майды қолданғанда жартылай шыждыра қуыру қолданылады. Осылайша, мысалы, бүтіндей тауық немесе балапандар ұшасын қуырады, бірақ өнімді ұшаның бетінде толықтай қызарған қабықша пайда болғанша ауық-ауық аударып тұру керек. Ашық отта қуыру мангалдарда (кәуап пештерінде) жүзеге асады. Майда кесектелген жартылай фабрикаттарды іспараға (шампурларға) тізбектеп немесе май жағылған гриль немесе рашпер деп аталатын темір торлардың бетіне қойып, жалынды ағаш көмірлеріне орналастырады (жанып жатқан газ тектес өнімдер болмауы керек). Бұйымдардың біркелкі жылытылуы үшін және өнімнің бетін қызарған қабықша түгелдей жабуы үшін іспараны ауық- ауық бұрып, ал өнімдерді аударыстырып отыру керек. Өнімге жылу, негізінде, инфрақызыл сәулелену арқылы беріледі (жылудың азғантай бөлігі қыздырылған іспаралар мен темір торлар арқылы беріледі). XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық тамақтандыру кәсіпо- рындарында инфрақызыл сәулеленудің электр қыздырғыштары бар түрлі құрылымдағы арнайы құрылғыларды қолдана бастады. Бұндай құрыл- ғылардың түрлеріне сәулелену көзі қыздырылған лава тастары болып табыла алатын кәуапқа арналған құрылғылар жатады. Жабық кеңістікте немесе қуыру шкафында қуыруда өнім дайын жайпақ табаға салынып, үлкен тілікті етті қуыруды мысалға алатын болсақ, 250-260°С-қа дейін қыздырылған қуыру шкафына қойылады. 15-20 минуттан кейін температураны 160-170 °С-қа дейін төмендетеді және бұл температурада өнімнің өзінен бөлініп шыққан майы мен шырынын әлсін-әлсін құйып отырып, даяр болғанша әзірлейді. Сәйкесінше қамырдан жасалған өнімдерде бұл тәсілді пісіру, ал өсімдік өнімдерінде көмбештеу деп атайды. Көмбештелген тағамдарды, сонымен қатар, түрлі гарнирлер мен тұздықтарды қосу арқылы балық және ет өнімдерінен де әзірлейді. Жылу өнімге бірнеше жолмен беріледі: жайпақ табадан жылу өткізгіштік арқылы, шкаф қабырғаларынан сәулелену арқылы, сондай-ақ шкафтағы қозғалып жатқан ауаның конвекциясы арқылы (мәжбүрлі конвекциялы шкафтар да бар). Ылғал және құрғақ қыздырудың аталған тәсілдерінен бөлек жылу өңдеудің құрамдастырылған тәсілдері бар. Оларға бұқтыру, өнімдерді қоюланған тұздықта бөктіру, қуырудан бұрын қайнатып алу, ботқа, көкөніс қоспалары, балық және ет тағамдары өнімдерін көмбештеу жатады. Бұқтырудың мәні мынада. Ет пен балықтан жасалған бұқтырылған тағамдарды даярлауда жартылай фабрикаттарды бастапқыда қуырып (құрғақ жылыту), артынша тұздықта бұқтырады (ылғал жылыту). Көкөністерден жасалған бұқтырылған тағамдарды даярлауда картопты бастапқыда дәл солай қуырып, жуа мен сәбізді шала қуырады, гүлді қырыққабат пен қызылшаны қайнатып, ақбас қырыққабатты шикі күйінде бұқтырады. Балықты шикілей де, алдын ала қуырып та бұқтыруға болады.
Брезерлеу (өнімдерді қоюланған тұздықта бөктіру) термині (французша «брез» сөзінен алынған) қайнату кезінде өнімнен шыққан майды білдіреді. Брездеу технологиясы өнімдерді тұздықпен және брезбен бөктіруді көздейді. Кейін сұйықтықты құйып, өнімді қуыру шкафында қуырады. Жалтырақ болуы үшін өнімге брез құяды.
Қуырудан бұрын қайнатып алу (ылғал және құрғақ жылытудың қосындысы) өнімді ерітіндісі нәзік келген жағдайда бірден қуыруға болмайтын кездерде (үй жануарларының миы) және пішінін сақтайтын жартылай фабрикаттарды даярлай алмайтын кездерде немесе керісінше өнім аса қатты болған жағдайда (бұзау сирақтары), бірден қуыратын болса, толық әзірленбейтін кезде жүзеге асады. Бірінші кезеңде қайнатуда ми нығыздалады және оларды бөліктерге бөліп, аунатып, қуыруға болады, ал бұзау сирақтарын дымқылды жылытуда ішінара жұмсартылып, қуырылған кезде әзір болады.
Көмбештеу келесі жолдармен іске асады. Көкөністер мен жармадан көмеш дайындау үшін өнімдерді алдымен дайын болғанша әзірлеп, олардан қоспа жасап, алдын ала дайындалған жайпақ табаға салып, қуыру шкафында пісіреді. Ет өнімдерін осы шамада қайнатып, қуырады немесе бұқтырады, дәл сол немес өзге де гарнир, тұздық қосып жайпақ табада немесе үлестенген табада безендіріп пісіреді. Балықты да осылайша аз мөлшердегі суға қайнатып немесе қуырады, бірақ оны шикілей де пісіруге болады.
Бақылау сұрақтары
2 Тарау КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН ДАЙЫНДАЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРДЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1. Көкөністен жасалған жоғары күрделіліктегі жартылай фабрикаттардың өндірісі
Картоп пен тамыр жемістерінен жасалатын тапсырыс беру арқылы, банкеттік және көрмелік тағамдарды даярлау үшін пішінді жартылай фабрикаттар жасалады. 2.1-кестеде сондай жартылай фабрикаттардың сұрыптамалары көрсетіліп, олардың сипаттамасы мен мақсаттары келтірілген.
Пішінді жартылай фабрикаттардың өндірісіне көкөністердің орташа және үлкен даналарын, тамыр кескіш пышақтар және ойма деп аталатын арнайы құралдардың жиынтығы қажет (2.1-сурет).
К е с т е 2.1. Картоппен тамыр жемістерінен жасалатын пішінді жартылай фабрикаттардың (тіліктер) сипаттамасы
Кеспекті дайындау үшін түйнегінен екі ұшын кесіп тастап, тамыр кескіш пышақтың көмегімен бүйіріндегі бетін кеспек пішініне келтіру үшін үшкірлейді. Сонымен қатар, жартылай фабрикатқа цилиндр пішінін, ал бөлігіне сарымсақ пішінін беруге болады.
Алмұрт пішініне қол жеткізу үшін түйнектің бір ұшын жартылай сфера пішініне келтіріп үшкірлеп, екінші ұшын конус пішіндес етіп қайрайды.
Шарлар мен жаңғақтарды дөңгелек немесе сопақ пішіндерді ойып жасау көмегімен алады, бұған қоса жинақта әртүрлі көлемдегі ойықтар бар.
Жұлдызшалар мен тегершіктерді бүтіндей бір түбірден (көбіне сәбізден), тегершіктерді тамырдың бойлық жартысынан жасайды. Бастапқыда түбірдің барлық беткі бөлігінен бойлық жырашықты ойып алады (сәбізді тілгілейді): жұлдызшалар мен тешершіктерге терең және жиілетілген, тегершіктерге – терең және сирек. Содан кейін түбірден немесе түбірдің жартысынан көлденеңінен қалыңдығы 23 мм болатындай етіп тілім жасайды
1.2-сур. Картоппен тамыр жемістерінің ойықтары (а) және пішінді кесудің түрлері (б)
Шиыршықтарды картоптан ою арқылы алады. Бұрандаға дәнекерленген сақинаның әртүрлі пішіндері түрлі сұлбадағы шиыршықтырға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шиыршықтардың айналымдарының арасындағы ара қашықтық бұранданың адымына байланысты.
Жоңқа жасау үшін ірі түйнектер пайдаланылады. Тамыр кескіш пышақпен түйнектің бір ұшынан бастап картоптың үздіксіз бауын шиыршықтау арқылы екуінші ұшына дейін кеседі, артынша біріншіге қайта оралады және т.б.
Аталып өткен пішіндерден бөлек тамыр жемістерінен әртүрлі гүлдерді – нарғызгүл, лала және т.б. ойып жасайды. Бұл өнер карвинг деп аталады. Гүлдерді басқа да көкөністер мен жемістерден де ойып жасауға болады. Солайша, жемістің түкпіріне шиыршықты терең тіліктер жасап, қияр, қызанақ, алма мен басқа да көкөніс-жемістердің беті тісті болып келетін екі бөлікке ие болады. Осы жолмен кесіліп, бөлек қабыршақтарға бөлінген басты пияз судағы лала гүліне айналады. Қызылшадан ойып алу арқылы нарғызгүл, қызыл шалғамнан раушан гүлін т.б. жасалады.
2.2. Саңырауқұлақтарды өңдеу
Адам азығында саңырауқұлақтар ежелгі замандардан бері қолданылып келе жатыр. Ең алдымен олардың саңырауқұлақ сорпасына да тән жоғары дәмдік сапасы бағаланады. Саңырауқұлақтардың құрамында азық заттары, талшықтар, минералды заттар бар. Осылайша, ақуыздардың балғын саңырауқұлақтардағы мөлшері 2 (томарқұлақ)-3,3% (терекқұлақ) шамасында болады. Бірақ бұл ақуыздардың адам ағзасында сіңірілуі өте қиын, өйткені қабықшасы фунгин деп аталатын жылу өңдеуде де өзгермейтін заттардан құралған торларда қамалған. Саңырауқұлақтардағы майдың құрамы көп емес – 0,3% (сазқатпа), 0,9% (қайың саңырауқұлақ, түлкішек), қант — 0,5-1,6 %, минералды заттар — 0,4-1 %. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың саны жүзден асса да, қоғамдық тамақтануда тек қана ақ саңырауқұлақтарды, қозықұйрықтарды және аспа саңырауқұлақтарды пайдаланады. Бұған қоса қозықұйрықтар мен аспа саңырауқұлақтарды қазіргі кезде жылыжайларда өсіреді. Саңырауқұлақтарды кептіргенде ылғалдың айтарлықтай бөлігін жоюдың арқасында ондағы құрғақ заттардың мөлшері 6 есе артады. Қоғамдық тамақтандыруда,сонымен қатар, тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтар да өндіріледі.
Тұтынушылар кооперативінен алынған ақ саңырауқұлақтардың ішінен тек бүтіндері, пісіп кетпегендері, шірімегендері теріліп, мұқият сұрыпталады; жабысып қалған қылқандар, шөптер, қоқым, құмдар бөлініп шығуы үшін 30 минутқа салқын суға салып қояды; саңырауқұлақтың басын тазартып, сабағынан ластанған терісін қырады да, сабағының төменгі бөлігін кесіп, шаяды.
Қозықұйрықтардың басының төменгі жағының қабықшасы алынып, артынша одан терісін сылып алады. Сабағын тазалап, басынан төмен 1,5-2см кесіп тастайды. Тазаланған саңырауқұлақтарды қарайып кетпес үшін қышқыл суда жуып-шаяды.
Аспа саңырауқұлақтардың ластанған тұстарын тазалап, саңырау құлақтарды жуады.
Тазаланып, жуылған саңырауқұалқтар бірден жылумен өңдеуге жіберіледі. Кептірілген ақ саңырауқұлақтарды сұрыптап, бірнеше мәрте жуып, 3-4 сағат салқын суға салып, қайтадан жуады. Саңырауқұлақтарды жуылған суда қайнатады. Тұздалған, маринадталған саңырауқұлақтарды тұздығы немесе маринадынан ажыратып, жуып, кеседі.
2.3. Көкөністен жасалған жартылай фабрикаттардың орталықтандырылған өндірісі
Көкөністен жасалған жартылай фабрикаттардың өндірісі үлкен мөлшердегі еңбек күші (қол жұмысының көптігі) мен қаражаттың жұмсалуымен (үлкен қойма орындары, арнайы құрылғылар және т.б. қажет) байланысты. Сонымен қатар, бұл үдеріс кәсіпорынның санитарлық жағдайын нашарлатады, себебі көкөніс – ең бүлінгіш өнім. Сондықтан, 1960 жылдан бастап, елімізде көптеген амалдарды өнімділігі жоғары құрылғылардың көмегімен механикаландыруға мүмкіндік берген үлкен өндірістік қуатты фабрика-дайындау орындарында жартылай фабрикаттардың орталық- тандырылған өндірісі ұйымдастырыла бастады. Сонымен қатар, ондай фабрикаларда картопты аршу мен тазалаудан туындайтын қалдықтардан крахмал өндіруді ұйымдастыру экономикалық тұрғыдан тиімді болып шықты. Алғашында тазартылған көкөністерден жасалған жартылай фабри- каттардың бес түрінің орталықтандырылған өндірісі жүзеге асты. Олар: картоп, сәбіз, қызылша, ақбас қырыққабат, және бас пияз. Кейінірек бұл сұрыпталым кеңейе түсті.
Картоп, аршылған шикі тамыр жемістері. Бұл жартылай фабрикаттар өзіне жуу машинасын, картопаршығышты, қосымша тазалау конвейерін, картопқа сульфитация жасайтын машина мен мөлшерлегіш құрылғыны (метилцеллюлоза көбігін пайдалану кезінде картоп сульфитациясына арналған машина көбік дайындау құрылғысына ауыстырылады) қамтитын ағымдық механикаландырылған сызықта өндіреді.
Аршылған картопты метилцеллюлоза көбігімен бірге полиэтиленді қалтаға өлшеп орайды. Көбікті дайындау үшін крахмалды бейорганикалық қышқылдармен декстринге дейін гидролиздеп, метилцеллюлоз ерітіндісімен шайқайды. Көбікте сақтау үшін картоп кесектеп туралуы мүмкін. Картоптың көбіктегі жүзеге асу мерзімі – 72 сағат. Аршылған картоптың сульфитациясының мәні картопты 5 минутқа 1%- ды натрий бисульфитінің ерітіндісіне (күкіртті ангидридті қоса есептегенде) батырады. Күкіртті ангидрид әсерінен картоптың қараюына ықпал ететін үрдістерге қатысатын фермент әсерсіздендіріледі. Сульфиттенген картоптағы күкіртті ангидридтің құрамы 0,002%-дан аспауы тиіс (қайнатудан кейін ол пайыздың он мыңдық үлесіне дейін төмендейді). Сульфиттенген картоп ауада 48 сағат бойына 2-7°С температурасында сақталса, қараймайды, сонымен қатар, даярлаушы кәсіпорында оны 12 сағаттан асырмай сақтау керек, бірақ картоптың үстіңгі қабаты жылулық әсерге орнықты болып, ағара түседі. Оған қоса, дәм сезгіштігі жетік адамдар бұндай картопта жағымсыз дәмнің пайда болғанын байқайды. Картоп пен тамыр жемістерін механикаландырылған аршудың ағымдық сызығынан бөлек, отпен және бумен тазалау сызықтары да қолданылады. Бірінші жағдайда көкөністер термоагрегатта ыстық ауамен (1100-1200 °С) 6- 12 с аралығында өңделіп, артынша жуу-тазарту машинасына жүктеледі. Бұл агрегатта басты пиязды да тазалауға болады: құрғақ қабыршақтары әпсәтте ыстық ауаның әсерінен жанып кетеді. Екінші жағдайда термоагрегатқа картоп пен тамыр жемістері 0,5-1 минутта өндірілетін жоғары қысымдағы (0,6-0,7 МПа), қатты қыздырылған бу беріледі.
Тазаланған балғын ақбас қырыққабаты. Жартылай фабрикат тазаланған бүтін қаудан түрінде өндіріледі. Бұл жартылай фабрикаттың дайындау кәсіпорнындағы технологиясы дәл толық технологиялық циклді кәсіпорындарындағыдай.
Тазаланған көктер. Ақжелкен, балдыркөк, аскөк және көк пияз көктерін тура толық технологиялық циклді кәсіпорындарындағыдай өңдейді. Сақтау мен іске асырудың ортақ мерзімі – 18 сағат.
Шикі күйдегі жартылай фабрикаттармен бірге дайындау кәсіпорындары ішінара және толық жылулық өңдеуден өткен жартылай фабрикаттарды да өндіре алады. Бұндай жартылай фабрикаттар дайындықтың жоғары деңгейіндегі жартылай фабрикаттар атауына ие.
Көкөністер мен көктерден жасалған жартылай фабрикаттарды 4°С температурасында сақтау мерзімдері
Сульфиттеніп аршылған шикі картоп……………………48
Тазаланған балғын қырыққабат……………………………12
Тазаланған, шикі сәбіз, қызылша, басты пияз…………..24
Өңделген, туралған шалғам, шомыр……………………...12
Өңделген ақжелкен, балдыркөк……………………………24
Өңделген көк пияз, аскөк……………………………………18
Бақылау сұрақтары
3 тарау ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНЕН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫН ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1. Аса күрделі жартылай ет фабрикаттарының өндірісі
3.1.1. Жартылай фабрикаттарды өңдеудегі қолданылатын тәсілдер
Жартылай фабрикаттарды өңдеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Оларды екі топқа бөлуімізге болады:
механикалық, қажетті жиынтықтағы (турау, қайтара ұру, ұнтаққа аунату), көлемдегі, түрдегі, пішіндегі жартылай фабрикаттарды алуға мүмкіндік береді.
химиялық және биохимиялық (маринадтау, ферменттеу) жылумен өңдеуді жылдамдатып, қажетті дәмдік сапа береді.
Жартылай фабрикаттарды турау бұлшықет талшықтарына кесе-көлденең жүзеге асырылады. Бұл жылумен өңдеуде жартылай фабрикаттардың пішінінің өзгеруін азайтып, дайын өнімдердің оңай шайналуына әсер етеді.
Үлестірмелі және майда кесектелген жартылай фабрикаттар бір уақытта өндірілгенде алдымен үлестірмелі, сосын майда кесекті бөліктерді турайды.
Қайтара ұруға еттің үлестірмелі бөліктерін және ет тіліктерін (оларды бефстроган секілді ұсақ бөлікті жартылай фабрикаттарды кеспес бұрын) ұшыратады.
Қайтара ұру үдерісінде бөліктерінің қалыңдығы біркелкі болады. Ол дегеніміз, қыздырғанда бірқалыпты болып, жылумен өңдеуде пішінін жақсы сақтайды. Бір мезгілде жалғаушы тін қопсып, нәтижесінде жылумен өңдеу біршама жылдамдай түседі. Жаппай өндіруде бұл әрекетті арнайы механизм – қопсытқыш арқылы жүзеге асырады. Онда жартылай фабрикаттың екі жағының да үсті механизм пышақтарымен кертіп түсіріледі. Бұл қолмен қайтара ұрудағыдай жалғаушы тіннің қопсуына әсерін тигізеді.
Ұнтаққа аунату — бұл жартылай фабрикаттың қуырғанда әсем қызарған қабықша пайда болатындай және шырынының жоғалуын тежеп, ылғалдың булануын азайтатындай етіп үстіңгі қабатын ұнтақпен толықтай жабу.
Ұнтаққа аунатудың бірнеше түрлері қолданылады: ұнға аунату– еленген бидай ұны, аққа аунату – електен өткізілген қатты бидай наны, қызылға аунату – бидай нанының ұнтақталуы (өнеркәсіпте өндірілген аунатылған кепкен нандарды немесе бидай нанынан кепкен түрлерін өз бетінше ұнтақтауға болады). Кейде қысқа сабан түрінде кесілген қабықшасыз қатты нанды да пайдаланады. Ерекше арнайы тағамдарды әзірлеуде үлестірмелі бөліктерді, сонымен қатар, кокос түйіршіктеріне, жүгері қауыздарына, ұнтақталған бадамға және т.б өнімдерге аунатады.
Шыжыған майда қуыру үшін жартылай фабрикаттарды екі мәрте аунатады – ұнға, льезонға, қызылға немесе аққа аунату. Льезон – тұздаулы жұмыртқа-сүт қоспасы (670 г жұмыртқа не мұздақ, 340 г сүт, 10 г тұз).
Шырынды және хош иісті болуы үшін жартылай ет фабрикаттарын дәмдеуіштермен дәмдейді. Дәл осылай сиыр етін шошқаның қыртыс майымен және хош иісті тамырсабақтармен, шошқа еті мен қой етіне сарымсақ арқылы қосымша дәм береді .
Маринадтауды етті маринадтаушы қоспалардың құрамына енетін көкөністер мен дәмдеуіштердің хош иістендіргіш заттарына байыту үшін жүргізеді. Бұл жағдайда маринадтайтын қоспалардың құрамына тағамдық қышқылдар – лимон, сірке суы, аскорбин, қымыздық қышқылдары немесе құрамында қышқылы бар өнімдер – құрғақ ақ шарап, майонез және т.б. (кәуап жасау үшін кәрі қой етін, жабайы аңдардың етін маринадтау) кіреді.
Ферменттеуде кезекті жылулық өңдеуді жылдамдататын зат ретінде жалғаушы тіннің коллагенін ыдырататын протеолиттік ферменттер қолданылады. Ондай ферменттер қауын ағашының (папаин), інжір (фицин), ананас (бромелин немесе бромелаин) жемістерінен, сояның өнген тұқымдарынан, ірі қара малдың ұйқы безінен (АФҚ – автолизерленген ферментті қоспа және ҚКФП – құрғақ кешенді ферментті препарат) алынады. Оннан аса протеолиттік ферменттер микроағзалардың (оризин, терризин, субтилизин, кератиназ және т.б.) көмегімен алынған.
Ұнтақ, паста немесе ерітінді түріндегі ферменттерді жартылай фабрикаттың беткі қабатына жағады немесе көп инелі шприцтің көмегімен қалың қабатына енгізіп, жартылай фабрикатты 1 сағат шамасында тоңазытқышта ұстайды. Мұндай өңдеудің нәтижесінде ет, мысалға алатын болсақ, сиыр жауырыны қуыруға жарамды болып шығады.
3.1.2. Үлкен кесекті жартылай фабрикаттар
Нақышталған ет, тартылған төс еті, қуыруға арналған маринадталған және ферменттелген ет секілді үлкен кесекті жартылай фабрикаттарды дайындау жоғары біліктілікті талап етеді.
Қуыру мен бұқтыруға арналған нақышталған етті тұтас еттің сәйкесінше бөліктерінен 1-2 кг шамамен бірдей қалыңдықта кесіп, артынша нақыштайды.
Тартылған төс (қой еті) еті. Төс етінің ішкі бөлігінен қабырға бойымен қабықшасын кесіп, қабырғаларын алып тастайды. Сосын төс етінің беткі қабаты немесе қабырға тұсындағы қабаттарын жұқа шетінен бастап «қалташа» пайда болатындай етіп қабықшаларын кеседі. Қалташаны шала қуырылған пияз не маймен араласқан үгілген күріш немесе қарақұмық ботқасымен, бітеу асылған ұсақталған жұмыртқалармен және ақжелкен, аскөк көктерімен (тураманың басқа да түрлері бар) толтырады. «Қалташаның» жиектері тігіліп немесе түйреуішпен қыстырылады.
Үлестірмелі жартылай фабрикаттарды дайындаудың күрделілігінің мәні мынада – әрбір тілімі сәйкесінше салмақта болуы керек. Ондай дәлдік тәжірибемен келеді, сондықтан үлестірмелі жартылай фабрикатты кесу 5- дәрежеден төмен болмайтын аспазға тапсырылады.
3.1.3. Үлестірмелі және табиғи жартылай фабрикаттар
Бифштекс — сиырдың кесек етінің қалыңдау бөлігінен 1 бөлікке қалыңдығы 2-3 см болатын 1 тілікті кесіп, аздап жаншылады.
Жон ет — сиырдың кесек етінің ортаңғы бөлігінен 1 бөлікке қалыңдығы 4-5 см болатын 1 тілікті кесіп, баумен байлайды.
Лангет — сиырдың кесек етінің жұқа бөлігінен 1 бөлікке қалыңдығы 10- 12 мм болатын 2 тілігін кесіп, аздап жаншиды.
Антрекот — қалың және жұқа шетінен 1 бөлікке қалыңдығы 15-20 мм болатын 1 тіліктен кеседі, жаншиды.
Табиғи котлет — төс етінің қабырға бөлігінен (соңғы 6-7 қабырғалар) қабырға сүйегімен (қой етінен жасалған котлеттің қабырға сүйегінің салмағы - 12 г, шошқа және бұзау етінікі – 20 г) бірге 1 тіліктен кесіледі. Сүйектің шетін тазалап, туралап шауып тастайды.
Егер котлеттерді айтарлықтай күйлі емес жануарлардың төс етінен кесетін болса, онда 2-3 қабырғалы бөлігін кесіп, артық қабырғаларын кесіп алып тастайды. Егер жануар қоңды болса, котлеттен бөлек, қабырғалар арасынан кейінірек эскалоп үшін пайдаланылатын еттің қажет бөліктерін кесіп алады.
Эскалоп — төс етінің бел аймағынан 1 бөлікке қалыңдығы 10-15 мм болатын 1-2 тілікті кесіп, аздап жаныштайды.
Қуыруға арналған етті төс етінен немесе ұсақ малдың жамбас бөлігіндегі тұтас етінен 1 бөлікке 1-2 тілімнен кеседі, жаныштайды.
Қуырыла салып, бұқтырылатын етті қайнату мен бұқтыруға арналған бөліктерінен 1 бөлікке 1-2 тілімнен келетіндей етіп кеседі.
Жаншылған қазыларды бұқтыруға арналған бөліктерден 1 бөлікке 1-2 тілімнен келетіндей етіп кесіп, жұқалап жаншып; әр тілімнің ортасына тураманы салып, кішкене шұжықтар түрінде орап, тұз бен бұрыш себеді.
Турама үшін басты пиязды жұқалап ұсақтап кесіп, шала қуырады: үстіне бидай нанынан жасалған ұнтақталған кепкен нанды, ұсақ асылған жұмыртқаларды немесе асылған саңырауқұлақтарды, ақжелкен (аскөк) көгін, тұз, бұрыш қосады.
3.1.4. Үлестеп бөлініп аунатылған жартылай фабрикаттар
Ромштекстте-сиыр етінің жамбас бөлігінің жоғарғы және ішкі бөліктерінің жұқа және қалың шеттерінен 1 бөлікке 1 тілімнен келетіндей етіп кесіп алады, жаншылайды (жұмсартады), тұз, бұрыш қосып, льезонға салып жібітіп, кепкен нанға аунатады.
Жаншылған котлетте-төс етінің қабырға бөлігінен (алғашқы 6-7 қабырға) қабырға сүйегімен бірге (Рецептуралар жинағының 3-бағаны бойынша – сүйексіз) 1 тілім етіп кесіп, аздап жаншылап, тұз, бұрыш сеуіп, льезонда жібітіп, кепкен нанға аунатады.
Шницельде-сан етінен 1 бөлікке 1 тілімнен келетіндей етіп кесіп, сопақша пішін беру үшін жаншылап, тұздап, бұрыштап, льезонда жібітіп, кепкен нанға аунатады.
3.1.5. Майдакесекті жартылай фабрикаттар
Бефстрогановта-сиырдың кесек етінен жалпақ ет бөліктерін кесіп алып, 5-8 мм қалыңдығына дейін жаншылайды және ұзындығы 30-40 мм (5-7г-нан) болатындай етіп кесектеп кеседі.
Бефстрогановқа деген сұраныстың көптігінен оған арналған жартылай фабрикатты сиыр етінің жамбас бөлігінің жоғарғы және ішкі бөліктерінің жұқа және қалың шеттерінен, бұзаудың төс еттерінен, жауырынынан, сан еттерінен кесіп алады.
Қуырмада-қуыруға арналған барлық бөліктерден (кесек еттерден басқасы) 10-15 г болатын кесек пішіндес етіп кесіп алады.
Кесек еттен дайындалған кәуапта-сиыр етінің сан етінен текше пішіндес массасы 40 г шамасында болатындай етіп кесіп алады, тұздап, бұрыштап, қойдың құйрық майы тілімімен аралыстырып таяқшаға кіргізіледі.
Қой, сиыр, шошқа етінен дайындалған кәуапта-қуыруға арналған бөліктерді 30-40 г-нан (1 бөлікке 3-5 тілімнен) текше пішіндес етіп кесіп, тұздап, бұрыштап, ұсақталған шикі басты пиязды қосып, араластырып, салқын жерге 4-6 сағатқа қояды, кейін таяқшаларға кіргізеді.
Гуляшта-сиыр, қой, шошқаның тұтас еттерінің бұқтыруға арналған бөліктерін 20-30 г- нан кеседі.
Үй қуырдағында-сиыр етінің бүйір немесе сыртқы бөліктерінен, шошқа етінің жауырын немесе мойын бөліктерінен текше пішіндес етіп 30-40 г-нан (1 бөлікке 2-4 тілімнен) кеседі.
Рагуда-қой етінің төс және мойын бөліктерінің 20-30 г болатын ет-сүйекті тұстарын кеседі. Сүйектің үлесі шала фабрикат массасының 20 %-нан аспауы қажет.
Шошқа етінен дайындалған рагу үшін-төс етінен 30-40 г болатын ет- сүйекті тұстары кесіп алынады. Сүйектің үлесі 10%-дан, май тіндері – 15%- дан аспауы қажет. Массасы 20-30 г болатын котлет етінің бөліктеріне рұқсат етіледі.
Азуда-сиыр етінің жамбас бөлігінің бүйір немесе сыртқы тұстарын 10-15 г-нан кесек пішіндес етіп кеседі.
Палауда-қой, қозы, шошқа еттерінің жауырын немесе төс етін, сиыр етінің бүйір немесе сыртқы тұстарын 20-30 г-нан кеседі.
3.1.6. Майдакесекті жартылай фабрикаттар
Сиыр етін паштетті торлы еттартқыштан өткізіп, сүтке салып жібітілген қатты бидай нанының жұмсағын қосады, араластырады және қайтадан екі мәрте паштетті торлы еттартқыштан өткізеді, жақсылап араластырып, елек арқылы тазартады. Пайда болған массаға жұмыртқаның ақуызы мен сүтті қоса отырып біртіндеп шайқайды. Шайқау соңында тұздайды. Дұрыс әзірленген массаның түйіршіктері ыстық суда батпайды.
Кнель массасын май жағылған арнайы пішіндерге салып, жылумен өңдеуге жібереді. Массаны май жағылған табада шағын түйіршік түріндегі кондитерлік қалта арқылы өңдеуге болады.
3.2. Торайларды өңдеу
Торайларды, әдетте, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қылшықсыз, жүнсіз және тазаланған күйде келіп түседі. Бұндай торайларды қалған қылшықтарынан тазартып жуу үшін үйітеді.
Өңделмеген торайларды жидітіп, қылшықтарынан тазартып, кебек жағып, үйітеді. Артынша оларды жарып, салқын суға шаяды.
Жылумен өңдеу үшін торайларды бүтіндей дайындайды, олардың жамбас сүйегі мен ұшасының ішіндегі жауырындарының арасындағы омыртқасын шауып, арқа мен қарын қалыңдығын тегістеу үшін ұшаны асты-үстіне ауыстырады. Бұл жылумен өңдеу кезінде ұшаның біркелкі қыздырылуына жағдай жасайды.
3.3. Субөнімдер мен сүйектерді өңдеу
Тағамдық құндылығы мен өнеркәсіптік өңдеуіне байланысты субөнімдер екі санатқа бөлінеді:
І санат — бауыр, бүйрек, тіл, ми, жүрек (сиырдың, шошқаның, қойдың); сиыр желіні, сиырдың ет-сүйекті құйрығы;
ІІ санат — бас, өкпе (сиырдың, шошқаның, қойдың); шошқа аяқтары және сиырдың сирағы; сиыр және шошқа құлақтары; сиыр еріндерін; сиыр, қой қарындары.
Бірақ субөнімдердің тағамдық құндылығының бір санаттың шегінде де айырмасы болады. Осылайша, ақуыздардың құрамы 9,5-9,7-ден (ми) 18,7 %- ға дейін (бауыр), майдың мөлшері 2,5-тен (бүйрек) 16,1% -ға дейін (тіл).
Субөнімдер тез бұзылатын өнімдердің қатарына жатады, сол себепті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қабылдау кезінде олардың сапалылығын мұқият тексеру қажет. Сыртқы пішіні, иісі немесе консистенциясы өзгерген субөнімдер қабылданбайды.
Субөнімдер салқындатылған немесе мұздатылған күйде түседі. Салқындатылған субөнімдердің қалдықтары 2-13%-ды, мұздатылған субөнімдердің қалдықтары 10-20%-ды құрайды. Мұздатылған жүректі баяу жібіту керек (тоңазытқыш камерасында), мұздатылған миды, бүйректі және қарынды суда жібітуге болады. Қалған субөнімдерді цехта жайпақ табаға немесе басқа ыдысқа бір қатарға жайып, 15-18 °С температурадағы ауада жібітеді. Жібіген немесе салқындатылған субөнімдерді кейін әртүрлі жолдармен өңдейді.
Бауырды салқын суда жуып-шайып, сыртқы қабығын алып, ішкі қан тамырларын немесе ірі өт жолдарын кесіп алып тастайды. Кейбір тағамдарда бауырды үлеспелі немесе майда бөліктерге бөліп кеседі.
Сиыр бүйректерін майынан қабығымен бірге ажыратады, ортасына дейін кесіп, 2-3 сағат көлемінде салқын суға ауыстыра отырып малиды.
Бұзау, шошқа және қой бүйректеріндегі майды 5 мм аспайтын қабатта қалдырады және оларды суға малымайды.
Миды қышқылдандырылған салқын суға 1-2 сағат миды судан шығармай тұрып алып тастайтын қабықтың ісінуі үшін малындырады.
Қарынды салқын суға ауыстыра отырып мұқият түрде малып алады, сосын бірнеше мәрте қайнаған сумен жібітеді және қайтадан салқын сумен жуып-шаяды.
Тілді салқын сумен мұқият жуып-шайып, қылтасын кесіп тастайды. Жүректі салқын суға 1-2 сағат бойына салып қойып, жақсылап жуып- шаяды.
Басты салқын суға малып, пышақпен қабығын тазалап, артынша жұмсақ етін терісімен бірге кесіп тастайды. Тіл және мимен бірге түскен бастардан алдымен тілді кесіп тастап, сосын барып жұмсақ етін терісімен бірге кеседі, қиғышпен маңдай сүйегін кесіп, миды шығарып алады.
Бұзау және шошқа бастарын жидітіп, тазалап, жуып-шаяды. Егер жүні қалып қойған болса, онда оларды қосымша үйітеді. Одан кейін маңдайынан мұрнына дейінгі жұмсақ етті тілік жасап, жұмсақ етті құлақтармен бірге кесіп тастайды.
Желінді массасы 1,5-2 кг етіп бөліктерге кеседі және 3,5 сағат аралы- ғында салқын суға малып алады.
Ірі қара малдың сирағынан тұяғын ажыратып алып тастап, сирақты мұқият жуып-шайып, 2 бөлікке және әр бөлігін көлденеңінен шабады. Шабылған сирақтарды салқын суға 2-3 сағаттай салып қояды. Егер сирақтар жүнімен бірге түскен болса, оларды алдын ала үйітіп алады.
Бұзау және шошқа сирақтарын жидітіп, тазалап, тұяғын алып тастайды. Одан кейін ұнмен сылап, үйітеді. Етті екі жағынан сүйегін бойлай кесіп, буындарында тілік жасайды.
Өкпе-бауырды құрамдас бөліктеріне бөлшектейді: жүрек, өңеш және кеңірдекті ен бойына тіктеп кеседі. Одан кейін барлық бөліктерін жақсылап жуып-шаяды.
Етті сылып алу нәтижесінде алынған сүйектерді тазалап, түтік тәрізді сүйектердің буын бастиегін арамен кесіп тастайды. Жайпақ сүйектер мен буын бастүйектерін ұзындығы 6-7 см болатындай етіп, бөліктерге шабады. Түтік тәріздес сүйектерді бөлшектемейді.
3.4. Жартылай ет фабрикаттарын орталықтандыра өңдеудің ерекшеліктері
Етті орталықтандыра өңдеудің ерекшелігі мұздаған етті жібіту техно- логиясы болып табылады. Дәл осы дайындау кәсіпорындарында дефростерде жібітудің қос сатылы режимі қолданылады.
Етті жуу бөлек орында жүзеге асады. Ет онда аспалы жолмен түсіп, сол орында үрдіс аяқталғанша қалады. Тұтас етті себезгі шөткі көмегімен жуады.
Сосын аспалы жолмен ет кептіру бөлімшесіне орналасады. Онда бірнеше шүмектен жылы ауа соғып тұрады. Ол кептіру үдерісін біршама жылда- мдатады.
Кептірілген ет негізгі бөлімшеге жіберіледі. Технологиялық тізбектің ең басында таспалы ара қондырылған. Оның көмегімен тұтас ет екі бойлық жартылай тұтас еттерге бөлінеді.
Жартылай тұтас еттерді өңдеу конвейерде жүзеге асады (ет ілінеді). Онда аунатушылар арасында еңбек күші теңдей бөлінген: біріншісі жарты ұшадан жауырынды кесіп алып, оны жіліктейді, екіншісі – мойнын, үшіншісі – жұлын-төссүйегін, төртіншісі – бел-көгетін, бесіншісіне жамбас бөлігі қалады. Осының есебінен еңбек өндірісінің жоғарылығы қамтамасыз етіледі.
Үлестірмелі және майда бөлікті жартылай фабрикаттарды дайындау аумағында олардың рецептура жинағында көзделген барлық сұрып- талымдары өндіріледі. Ет тағамдарының рецептурасында бұл жартылай фабрикаттар жұлдызшамен белгіленген.
Шабылған жартылай фабрикаттарды дайындау аумағында табиғи шабудан бифштекс, шницель, шабылған табиғи котлет, люля-кебаб; котлет массасынан «Мәскеулік», «үй», «Киевтік», қой етінен котлеттер, шабылған шницель даярлайды.
Дайын болған жартылай фабрикаттарды функционалдық ыдысқа (шабылған жартылай фабрикаттарды салатын ыдыстың түбіне май жағады) салып, 6°С-тан аспайтын температурада салқындатады, жөнелтілетін тоңазытқыш камерасында сақтап, сосын салқындататын немесе изотермалық көлікте толық даярлау кәсіпорындарына тасылады.
Толық даярлау кәсіпорындарында шабылған жартылай фабрикаттарды арнайы көрсетілген ыдыстарда қуырады.
Сүйексіз жартылай ет фабрикаттарын 2-6°С температурасында сақтау мерзімдері (СанЕжН 2.3.2.1324 —03)
3.5. Жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар
Үлкен кесекті жартылай фабрикаттардың үстіңгі қабаты тегіс, сіңірсіз; жұмсақ еттің ішіне қарай кесілген тілігі 0,5 см-ден көп емес. Шошқа етінен жасалған жартылай фабрикаттардағы тері асты майларының қалыңдығы 1 см-ден аспайды.
Түсі – ет түрлеріне сәйкес, иісі – жаңа сойылған еттікіне сәйкес, консистенциясы – нығыз, шымыр.
Сапасыздығының қандай да бір белгілеріне (қараю, шырыштану) жол берілмейді.
Үлестенген жартылай фабрикаттар — сәйкесінше пішіні мен қалың- дығы бар өнімдер. Үстіңгі қабаты аздап ылғал, бірақ жабысқақ емес. Түсі мен иісі ірі кесектілердікіндей. Лакмусқа әсері– қышқыл.
Жеке жартылай фабрикаттар массасының ұйғарынды ауытқушылықтары ±3%, 10 данасында ауытқушылық болмауы тиіс.
Аунатылған жартылай фабрикат — сәйкесінше пішіні мен қалыңдығы бар өнімдер. Шеттері түзу. Сыртқы қабаттың тарамыстануына, ылғалда- нуына немесе аунатылмай қалуына жол берілмейді.
Майда кесекті жартылай фабрикаттар — түзу пішіндегі өнім, шырынның бөлінуіне, қабықшасы мен сіңірінің болуына жол берілмейді, майдың мөлшері – нормадан жоғары. Иісі, түсі, консистенциясы үлкен кесектілердікіндей.
Шабылған еттен жасалған жартылай фабрикаттардың сыртқы қабаттары біркелкі ауналған, сызатсыз және сынған қырларсыз. Пішіні мен қалыңдығы өнімге сәйкес. Күйреткен кезде массасы біркелкі, сіңір мен нан бөліктерінсіз. Иісі дәмдеуіштері бар сапалы етке тән.
Массаның ауытқушылығына ±5 % шегінде жол беріледі.
Бақылау сұрақтары
4 Тарау ҚАУЫРСЫНДЫ ЖАБАЙЫ
ҚҰСТАР МЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰСТАРЫНАН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАР ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
4.1. Қауырсынды жабайы құстардан жартылай фабрикаттар өңдеу
Жібітіп болғаннан кейін қауырсынды жабайы құстың қауырсындарын мойнынан бастап жұлады. Қауырсандарды өсу бағытына қарсы жұлады. Қауырсандарды жұлу барысында теріні зақымдап алмас үшін оны сол қол саусақтарымен созады. Кендір жіптерін қысқышпен жұлып кетіреді. Артынша мына жолмен өңдейді.
Үйітуге тек ірі жабайы құстар (қара құрлар, құрлар, жабайы үйректер және қаздар) алынады.
Жабайы құстың қауырсыны мен мойнын толығымен жұлып, табанын шабады, ал ұсақ жабайы құстардың онымен қоса, басы мен мойын терісін шешіп, көздерін алып тастайды (бұл жағдайда басын бөлмейді).
Ірі жабайы құсты ауылшаруашылық құсы секілді тазалайды, ұсақ жабайы құсты арқа тұсынан алғандағы мойын бөлігінің тілігі арқылы тазалайды.
Жабайы құстардың тұтас еттерін қалыпқа келтіруде түрлі тәсілдер пайдаланылады:
«аяқты аяққа» салу (муфтаға): бөдененің аяғына жұмсақ ет пен сіңір арасынан тілік жасайды және бұл тілікке екінші аяқты салады.
«тұмсықпен» дәмдеу: ұзын және өткір тұмсықты батпақты құстардың санын тесіп, уатылған және ширатылған аяқтарды тұлыпқа басы мен мойнын қысып, құстың тұмсығын салады.
Жабайы құстардан жасалатын тағамдар рецептурасында шикізатты енгізу нормасы данамен немесе дана бөлігімен көрсетілген (1/2, 1/4 және т.б.), бірақ дайын өнімдердің шығуы ұшаның орташа массасына сүйенбей граммен келтіріледі: қауырсынсыз, сұр қарабауыр және шіл — 320 г, құрлар — 1 000 г, ақ шіл — 500 г, қара құр — 1 800 г.
Жылумен өңдеуге дайындалған тұтас тұлыптан бөлек, қауырсынды жабайы құстардың тұлыбынан да жартылай фабрикаттар дайындалады: табиғи, аунатылған, тартылған котлеттер; астаналық шницель; палауға арналған үлеспелі тілімдер; котлет пен домалатпаларға арналған котлет массасы. Ұсақ жабайы құстардың еті қуырған кезде құрғап кетпесі үшін белдемені жіппен байланған шпик кесіндісімен жабады.
4.2. Бүтін ұша мен құстың белдеме етінен жартылай фабрикат дайындау
Құстың бүтін ұшасынан жартылай фабрикат жасау. Гурмандардың арасында зор танымалдылыққа ие болған грузиндік тағам – табақтағы балапан. Бұл тағамға шала фабрикат әзірлеу үшін өңделген балапанның төс етін ен бойына тіктеп кеседі, ұшаны жалпайтып, аяқтарды «қалташаға» салып, құсты тұздап, қаймақ жағады.
Құс сүбесінен жартылай фабрикат жасау. Алдымен екі сүбені де (төс бұлшықеті) қауырсынды сүйегімен бөліп алады. Сонымен бірге бұғана да («айыр сүйек») қақ бөлінеді және оның бөліктері әрбір сүбеде қалып отырады. Сүбеден табиғи, аунатылған және тартылған котлеттер мен астаналық шницель дайындалады.
Табиғи котлетті әзірлеу үшін еттен бірінші буын бойынша шабылған қанатты сүйекті тазартады және сүбені тазалайды. Ол үшін оны екі бөлікке бөледі: үлкен және кіші сүбе: үлкенінен айыр сүйекті алып тастайды, сыртқы қабатын шешіп, бойлық тілікпен орталық сіңірді жалаңаштайды және оны 2- 3 жерінен кеседі: кіші сүбеден орталық сіңірді («тамыр») алып тастайды. Тазартылған кіші сүбені үлкен сүбенің бойлық тілігіне салып, соңғысының жиектерін орап, котлетке жапырақ пішінін береді.
Аунатылған котлетті даярлау үшін табиғи котлетті льезонда дымқыл- датып, аққа аунатады.
Турамалы котлетті келесідегідей әзірлейді: үлкен сүбені ен бойына тіктеп кеседі, жұмсақ етін асты-үстіне келтіріп, 2,5-3 мм қалыңдыққа дейін аздап жаншылайды, 2-3 жерінен сіңірін кесіп, жаншылған үлкен сүбенің ортасына тураманы салады, оны жаншылған кіші сүбемен жауып, үлкенінің жиектерін турамасы көрінбейтіндей етіп орайды. Турама ретінде саңырау- құлақ қосылған қою сүтті тұздықты, пиязбен, тамырсабақтармен немесе шпикпен қуырылып, тартқышта ұсақталған бауырды немесе кілегей сары майды (киевтік котлет) пайдаланады. Турамалы котлетті міндетті түрде аунатады (киевтік котлеттерді екі мәрте).
Астаналық шницельді әзірлеу үшін сүбеден қанатты сүйекті кесіп алып тастайды, сосын сүбені киевтік котлеттікі секілді дайындайды, бірақ оны шикі жұмыртқаға салып, қысқа тілікті ақ нанға аунатады,
Палауға құсты 1 бөлікке 145 немесе 181 г болатын 1 тілімнен шабады.
4.3. Ауылшаруашылығы құсынан дайындалған жартылай фабрикаттардың орталықтандырылған өңдеуі
Ауылшаруашылығы құсынан дайындалған жартылай фабрикаттардың орталықтандырылған өңдеуі салалық стандартты басшылыққа ала арнайы цехтарда жүзеге асады:
тауықтан – аспаздық өңдеуге дайындалған ұша; сүбе; сүйекті сүбе; тауық саны; қанаттар; бауыр; сорпаға арналған жинақтар; кілкілдек; рагу және сорпа.
балапаннан – аспаздық өңдеуге дайындалған ұша; кілкілдекке арналған жинақтар; кілкілдек; рагу және сорпа.
үйрек және үйрек балапанынан – аспаздық өңдеуге дайындалған ұша; төс еті; сан еті; кілкілдекке арналған жинақтар; рагу; сорпа; турама үшін мойын терісі; бауыр; қанаттар.
түйетауықтан – аспаздық өңдеуге дайындалған ұша; сүбе; сан еті; мықын; жіліншік, турама үшін мойын терісі; сорпаға арналған жинақтар, кілкілдек, рагу, сорпа.
Құс етінен, сонымен қатар, шабылған жартылай фабрикаттар әзірленеді: ерекше котлеттер, зразы, бұршақ ет және т.б.
Ұшаны өңдеу. Ұшаны өңдеу бұрын қаралған сызба бойынша жүргізіледі, бірақ өндірістің үлкен көлемі көптеген қиын үрдістерді механикаландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, құсты бөлек-бөлек бұрыштардан алты газды жанарғы құрылған камерада үйітеді. Ұшаларды камерада айналатын қозғалып тұрған тізбекті конвейерде мойындарымен іледі. Келесі өңдеуді таспалы конвейерде іске асырады. Аяқ терісін картоп тазалағыш құрылғыда ыстық су беру арқылы кетіреді. Одан котлет массасы мен жартылай фабрикатты жоғары механикаландырылған жұмыс орнында (тартқыш, турама араластырғыш, котлет қалыптайтын автомат) өндіреді.
Сорпа жинағына – сүбе мен сан еттерін алып тастағаннан қалған ұшаның қалдықтары; көже жинағына – бастар мен аяқтар; кіркілдек жинағына – бас, аяқ, мойын, асқазан және жүрек; рагу жинағына – асқазан, жүрек, қанат және мойын кіреді.
Тоғанақтау. Ауылшаруашылығы құсынан дайындалған жартылай фабрикаттарды таразылық және өлшеніп оралған түрде шығарады. Өлшеніп оралған бөлікті шала фабрикаттарды қалтаға буып, термо дәнекерлеумен бекітеді.
Салқындату. Жартылай фабрикаттарды тоңазытқыш камераларында 60°С температурасында және 95% болатын ауаның салыстырмалы ылғалдығында салқындатады: табиғи және субөнімдерді – өнімнің қалың-дығында 10°С температураға дейін, шабылғандарды — 8.4°С-қа дейін.
Қаптау, таңбалау, сақтау және тасу. Өлшеніп оралған және таразылық жартылай фабрикаттарды бір-екі қатарға функционалдық ыдыстарға салады, қатарлардың арасына (таразылық жартылай фабрикатқа) пергамент қағазын төсейді. Аспаздық өңдеуге дайындалған ұшаларды бір қатарға орналас- тырады. Жалпы салмақ массасы 10 кг-нан аспауы қажет.
Турама котлеттерді бір қатарға сақтап және дайындау кәсіпорындарына таситын, сонымен қатар, қуыратын май жағылған функционалды ыдыстарға салады.
Аспаздық дүкендер үшін жартылай фабрикаттарды құрғақ, таза, бөтен иіссіз алюминий, ағаш, тақтайлы немесе полимерлік жәшіктерге қаптайды.
Әрбір қаптағыш бірлік алда көрсетілетін таңбаға ие болуы керек: кәсіпорын мен өндіруші атауы;
шала фабрикат атауы; таза салмағы;
өндірілген күні мен уақыты; сақтау және пайдалану мерзімі; 100 г өнімдегі тағамдық және энергетикалық құндылығы туралы деректер;
қаптаушы нөмірі;
нормативті құжаттың белгілері (ССТ немесе ТТ). Құс тұлыптарының қабында қоңдылық категориясы көрсетіледі.
Жартылай фабрикаттарды 2-6°С температурасында келесі мерзімдерге дейін сақтайды.
Жартылай фабрикаттарды сақтау мерзімдері, с және одан аспайтын
Құс етінің табиғи жартылай фабрикаттары:
етті-сүйекті, аунатылмаған сүйексіз, (аспаздық өңдеуге дайындалған ұша, сан еті, сүбе, төрттік, табақтағы балапан, мықым, жіліншік, қанаттар,
төс еттері)………………………………………………………..48
етті-сүйекті, сүйексіз, аунатылған, дәмдеуіштермен, тұздықпен………………………………………………………..…..24
Шабылған құс етінен жартылай фабрикаттар,
аунатылған және аунатылмаған……………………………..18
Тауық турамасы………………………………………………..12
Субөнімдер, құстың субөнімдерінен жартылай фабрикаттар……………………………………………………………………..24
Кіркілдек жинағы, рагу, көже……………………………….12
Жартылай фабрикаттарды салқындатылған немесе изотермикалық көлікте тасымалдайды
Бақылау сұрақтары
Құстың бүтін ұшасын жылумен өңдеуге қалай дайындайды?
Қауырсынды жабайы құстардың ұшасы қалай өңделеді?
Құс сүбесінен жасалған жартылай фабрикаттарды дайындаудың сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Жартылай құс фабрикаттарын орталықтандырылған өңдеудің технологиялық үдерісіне қандай кезеңдер кіреді?
Жартылай фабрикаттардың қандай сұрыпталымдарын орталықтандыра дайындайды?
Жартылай құс фабрикаттарын өткізудің талаптары мен мерзімдері қандай?
5 Тарау БАЛЫҚ ЖӘНЕ СУ КӘСІБІНІҢ БАЛЫҚ ЕМЕС ШИКІЗАТТАРЫН ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5.1. Шеміршек қаңқалы балықтан жартылай фабрикаттар жасау
Шеміршек қаңқалы балықтардың денесі – ірі, 5 қатар құратын (арқалы, 2 қатар бүйірлі және 2 қатар қарын) және аздап ұсақтау сүйекті пластинка- лармен қапталған. Бұл қоңыз тәріздес деп аталатын пластинкалар теріге өте тығыз жанасып тұрады.
Бекіре тұқымдас ірі балық – бекіре, шоқыр, ақсеркені ішек-қарны кесіліп, тазаланып келетіндіктен ауада мұздатады (салмағы жүздеген кг болатын ақсерке балығы массасы 20-30 кг болатын ірі бөліктер түрінде түседі). 20°С- та мұздату 10-24 сағатқа созылады.
Мұздатылған ұшалардың басын кеуде жүзбеқанаттары мен иық белдеуі сүйектерімен бірге бөледі (5.1, а-сурет). Сосын қоңыз тәріздес арқа сүйектерін арқа жүзбеқанаты және тері жолағымен бірге кеседі (арқа бойымен жүрген май қаттамасы жалаңаштанады), жота және қарын жүзбеқанаттарын алып тастайды (5.1,б-сурет). Құйрық тұсынан терісі мен мәйегін омыртқа желісіне дейін тік бұрыштап кеседі, желінің шеміршегін сындырып, үзіп жібермеуге тырысып, шеміршек жотасын соза құйрық жүзбеқанаттарын бөліп тастайды (ол үшін балық жақсы мұздалған болуы керек).
Бұдан кейін балықты жоғарыда атап өткендей арқасындағы май қаттамасы ортасынан тіліп, екі бөлікке бөледі (5.1, в-сурет). Егер шеміршек жотасын бүтін балықтан ала алмаған болса, онда оны осы сәтте әрбір бөлімінде аспаздық инемен түйрей отырып жасауға болады.
Ірі бөліктерін бойлық немесе көлденең бағытта бөліктердің ұзындығы 60 см, ал массасы 4-5 кг-ға теңесетіндей етіп кеседі. Қалған қоңыз тәріздес арқа сүйектерін алып тастауды жеңілдету үшін бөліктердің терісін 2-3 мин аралығында жидітеді: арқа сүйегінінің терімен байланысы әлсізденіп, пышақпен оңай тазаланатын болады. Жидіту нәтижесінде бөлік массалары 5- 10%-ға азаяды.
5.1-сур. Бекіре тұқымдас балықтарды өңдеу: а — басын бөлу; б — арқа сүйектерін кесу; в — тұлыптарды бөліктерге бөлу ; г — «сақина тәріздес» сүйрік балық жартылай фабрикатының кескіні
Қарынның ішкі бетінен қабықшасын алып тастайды.
Ұшаны бүтіндей қайнату үшін бөліктен қарын бөлігін бұрайды, бөлікті баумен байлап, оны балық қазанының (коробин) торына орналастырады. Бөлікті бүтіндей қуыруға дайындап, шеміршектерінен тазартады. Егер бөлік үлеспелі бөліктерге кесілсе, онда оны жидітпейді, үлеспе бөліктерді теріден бөліп, оларды 1-2 мин 95-97°С температурадағы суда жидітеді. Бұл ретте олардың бетінде ашыған ақуыздың ұйындысы пайда болады. Оны салқын сумен шаяды. Жидіту нәтижесінде бөліктердің көлемі кішірейеді, сондықтан келесі жылумен өңдеуде олар пішінін сақтайды, ал қуырған кезде оларда аунатылған қабат жақсы сақталады. Мейрамханаларда қуыруға арналған жартылай фабрикаттарға түрлі пішіндер береді: шиыршық, бантик және т.б. Сүйрік денесі айтарлықтай кіші көлемге ие. Мұздатқаннан кейін оны арқа сүйектерінен тазартып, қарынын кесіп, аршиды, желбезектері мен шеміршек жотасын алып тастайды. Бүтіндей қуыру үшін қалыңдығын тегістеп, біркелкі жылытуды қамтамасыз ету үшін ұшаны жалпайтады: арқасын кеспей ішінен мәйегін тіліп алады және балықты кері айналдырады.
Бүтіндей бөктіру үшін арқа сүйектерін жылумен өңдеуге дейін алып тастамайды (оларды бөктіргеннен кейін алады); ұшаны шеңбермен орайды. Құйрық тұсына тұлып мәйегін түйреп, сол саңылауға балық тұмсығын тығады (5.1, г -сурет).
Үлеспелі бөліктерді дайындау үшін арқа сүйектерін алып тастағаннан кейін аршылған сүйрікті қабаттайды, артынша көлденеңінен кеседі. Сүйікті өңдеуегі қалдық 42 %-ды құрайды.
5.2. Аса күрделіліктегі жартылай балық фабрикаттарын дайындау
Жартылай ет фабрикаттарын дайындаудағыдай жоғары біліктілік үлесті жартылай балық фабрикаттарын жасауда талап етіледі (әр тілімі сәйкесінше массалы болуы тиіс). Балықтың үлесті жартылай фабрикаттарын әртүрлі тәсілдермен дайындайды. Шыжып тұрған майда қуыру үшін оларға арнайы пішін береді:
шиыршық: терісіз бөліктермен шеміршектерден немесе терісіз және сүйексіз сүбеден үлеспе тілімдерді тік бұрышты қабат түрінде кеседі, «сегіздік» түрінде орап, ағаш түйреуішпен бекітеді, тұздап, қара бұрыштап, ұнға аунатады, льезонда дымқылдатып, кепкен нанға аунатады. бантик: үлеспе тілімдерді ромб түрінде кеседі, ортасын үлкен осі бойынша тіледі, оған өткір ұштарының бірін өткізіп, бантик түрінде байлайды, артынша тура алдыңғы шала фабрикат секілді дайындайды.
«Қуырылған қамырдағы балық» тағамы үшін (орли) таза сүбені қалыңдығы 1 см, ұзындығы 5-6 см болатындай етіп кесектеп турайды. Сосын балықты 20-30 минут өзіндік хош иіс пен дәм беруі үшін өсімдік майы, лимон қышқылы, ұнтақталған бұрыш, туралған ақжелкен көгі қоспасымен маринадтайды. Лимон қышқылы болса, жалғаушы тіндерді жұмсартуға, сонымен қатар, бұлшықет тінінің нағыздалуына әсерін тигізеді. Қуырмас бұрын балықты сұйық қамырға (кляр) батырып алады.
Қамырды дайындау үшін ұнды елеп, жылы сүтпен немесе температурасы 30°С-тан аспайтын сумен ерітіп, түйірі қалмас үшін жақсылап илеп, өсімдік майын, жұмыртқаның сарыуызын және тұз қосып, желімтігі ісінуі үшін 15-20 минутқа қалдырады. Қуыру алдында қамырға шайқалған ақуызды қосып, араластырады.
Торда қуыру үшін (грилье балығы) терісіз және сүйексіз сүбе немесе терісіз және шеміршексіз бекіре балығының үлесті тілімдерін маринадтайды.
5.3. Балықты турамалау үшін мүшелеу
Балықты бүтіндей ұшамен, үлесті тіліммен және сопақ нан түрінде турамалайды. Бүтін ұшаны турамалау үшін балықты құйрық жүзбеқанаттарының орналасуына байланысты екі түрлі тәсілмен бөледі.
1-тәсіл. Егер балықтың арқа жүзбеқанаты көксеркенікіндей арқаның ен бойында орналасса, онда балықты теріні зақымдап алмас үшін қабыршағынан мұқият тазартады; арқа сүбесін арқа жүзбеқанаттарынан бастап екі жағынан да кесіп, алып тастайды; сүбені әрі қарай мұқият тазаланған омыртқа сүйегіне дейін кесіп, оның қабырға сүйектерімен жалғанған жерін кесіп тастайды, басы мен құйрық жағынан сындырып, алып тастайды. Пайда болған саңылау арқылы ішкі бөліктерін суырып, балықты жақсылап жуады. Құйрық жүзбеқанатынан басқа жүзбеқанаттардың сыртқы қауырсынын шауып тастайды. Жіңішке пышақпен теріде 0,5 см-ден аспайтын қабат қалдырып, сүбені кеседі. Жүзбеқанаттардың ішкі сүйектерін қайшымен кесіп, желбезегі мен көзін алып тастайды. Су немесе сүтте жібіген нан, шала қуырылған пияз бен сарымсақ қосылған сүбені еттартқыштан өткізеді, жұмсартылған маргарин, жұмыртқа, тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосып, жақсылап араластырады.
Пайда болған турамамен өнімге бүтін балықтың түрін беретіндей етіп теріні толтырады, басын толтырады, оны тұлыпқа тақап, дәкеге орап, жылумен өңдеуге жібереді.
2 -тәсіл. Егер балықтың арқа жүзбеқанаттары шортандікіндей қысқа және құйрығына жақын болса, балықты қабықшасынан аршып, жуып, бас жағындағы терісін шеңберлеп тіліп, жиегін сүбеден тазалайды, оны қолмен ұстап алып, жыртып алмас үшін абайлап, жүзбеқанаттардың ішкі сүйектерін қайшымен кесіп, басынан аяғына дейін «шұлық тәріздес» етіп шешеді; омыртқаны құйрық жүзбеқанаты теріде қалатындай етіп сындырады. Осыдан кейін басын кесіп, қарнын тіліп, балықты аршиды және мұқият жуады. Басынан желбезегі мен көзін алып тастайды. Сүбені сүйектен ажыратып, одан бұрын айтып өткендей етіп турама жасайды. Тураманы тері мен басына толтырып, жартылай фабрикатқа бүтін балықтың кескінін береді. Дәкеге орайды.
Сазанды, тұқыны, нәлімді орта көлемдегі балықтың сызбасы бойынша мүшелейді және тік бұрыштан омыртқаға дейін үлесті тілімдерге кеседі (домалақша). Әр бөліктен жіңішке пышақпен теріге зақым келтірмей және омыртқаны қалдырып сүбені кесіп алады. Турама дайындап, оны бөліктегі барлық үш саңылауға толтырады.
Бұлшық еттерінде сүйектері аз боп келетін өзендік немесе мұхиттық балықты дайынауда сүбеге ішінара сүйексіз терісімен, ішінара таза сүбенің өзіне бөледі. Соңғысынан толтырғыштармен турама дайындайды. Целлофанға сүбені терісімен төмен қояды, оған тураманы, оның үстіне екінші сүбені терісімен жоғары қояды, целлофанға нығыздап орап, жіппен байлайды.
5.4. Жартылай фабрикаттар сапасына қойылатын талаптар. Сақтау мерзімдері.
Балық және одан дайындалатын жартылай фабрикаттар аса тез бұзылатын өнімдерге жатады. Жартылай фабрикаттың сапасы ең алдымен шикізат сапасы арқылы анықталады. Сондықтан балық шикізатын қабылдағанда оның сапасы мұқият тексеріледі. Бүтін күйінде пайдаланылуы және үлесті жартылай фабрикаттарды кесу үшін ұшалар қабыршағынан толықтай тазартылуы қажет, оған қоса, терісі бүтін болып қалуы керек, ал құрсақ қуысы ішек-қарындар мен қара қабықшадан түгелдей тазалануы керек. Балық сүбесін сақтау мерзімдері 0...- 2°С температурасында 24 сағаттан аспауы тиіс. Бекіре балықтарының ұшалары мен бөліктерін, балық турамасын, котлет массасы өнімдерін - 2...+2°С температурасында не 24 сағаттан асырмай сақтау керек. Котлет массасын дәл осындай температурада 6 сағаттан асырмай сақтайды. Үлесті жартылай фабрикаттарды сақтаудың қажеті жоқ, олар бірден жылумен өңдеуге жіберіледі.
5.5. Жартылай балық фабрикаттарын орталықтандыра дайындау
Жартылай балық фабрикаттарын орталықтандыра дайындау өнімділігі жоғары құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік беріп, қол еңбегінің үлесін айтарлықтай төмендетеді.
Арнайы мүшеленген мұздатылмаған балықты дайындау үшін барлық тұқымдастықтар мен түрлердегі (бекіре, албырт, майшабақ, хамса, жебе тісті сутіл, қаракөз, тыран, азов-қара теңізді тікенді балықты қоспағанда) салқындатылған және мұздатылған балықтарды пайдаланады. Технологиялық үрдіс 5.2-суретте көрсетілген сызба бойынша жүзеге асады.
Балықты суда 12°С-тан аспайтын температурада жібітеді.
Қабыршағынан тазалау үшін қабыршақ тазалағыш машиналарды, желбезегі мен басын алып тастау үшін желбезек кескіш және бас кесетін машиналарды пайдаланады. Одан кейін балық конвейерге түсіріледі.
5.1-сур. Балықты орталықтандыра өңдеу сызбасы
Онда ішек-қарындарын, құрсақ қуысын тазалап, иық сүйегін кесіп, жуады.
Өңделген және жуылған балық ұшаларын қапталған ыдысының ұзындығына қарай сұрыптайды. Үлкен даналарын бөліктерге бөледі. Дайындалған балыққа тиянақтау жүргізіледі: -6.- 4°С температурада 5-15 минут 18%-ды аспаздық тұз ерітіндісіне салады. Тұздық пен балықтың ара қатынасы 2:1-ден аз емес. Тиянақтау нәтижесінде ұшаның сыртқы қабаты аздап тұздалады (тұздың мөлшері — 1%), нәтижесінде балық ақуызының ылғал ұстайтын қасиеті артып, келесі сақтау, тасымалдау, мүшелеуде шырынының жоғалуы 5.12%-ға азаяды. Тұздықты әр жұмыс ауысымнан кейін сүзгіден өткізеді, ондағы тұздың мөлшерін қайта қалпына келтіріп, салқындатады. Тұз- дықты пайдалану ұзақтығы 40 сағаттан аспайды. Тиянақталғаннан кейін балықты торлық жаймаларға 15 см-ден аспайтын қабатпен орналастырады, тұздықтың ағуына 15-20 минут уақыт береді, сосын 2-4 сағатқа 2-4 °С температурада тоңазытқыш камераларға салып қояды. Арнайы мүшеленген балықтарды -2°С -ден +2 °С температурадағы камераларға 24 сағат аралығында сақтайды.
Бекіре балықтарының бөліктерін арқа және қабырға шеміршектерінен тазартып, 40-60 см ұзындықта бөліктерге кеседі және 10-15 минут аралығында тиянақтау жүргізіледі.
Домалатпалар, тефтели және балық бұршақ етін дайындау рецеп- туралар жинағында котлет массасының үш түрлі рецептурасы қаралған. Бұл балық дайындау цехтарының жұмысын ұйымдастыруға қолайсыз және өнім сапасының бақылауын қиындата түседі. Оған қоса котлет массаларында ылғал ұстайтын қасиет төмен және аз уақытқа сақтағанның өзінде одан ылғал бөлініп, сапасы нашарлайды. Сондықтан бұл жартылай фабрикаттарды орталықтандыра дайындауда алда келтірілген балықты котлет массасының бірыңғайланған рецептурасы бекітілді. Онда нанның және ең бастысы сұйықтықтың мөлшері балық массасынан 25%-ды құрайды.
Жұмыртқа мен пияз енгізілген. Масса 6 сағатқа дейін ылғал бөлмей сақтала алады.
Бірыңғайланған балықты котлет массасының рецептурасы, 100 кг массаға кг
Балық (сүйексіз терілі сүбе)...................................................59,3 Нан...............................................................................................14,9 Су..................................................................................................15,8
Жұмыртқа…………………………………………………………5
Тазаланғаң басты пияз………………………………………….5
Тұз…………………………………………………………………..1
Бұрыш ........................................................................................0,05 Массаны әзірлеу үшін балықтың сүйексіз терілі сүбесі, суда жібітілген қатты бидай нанын және пиязды еттартқыштан өткізеді, жұмыртқа, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырады. Массадан котлет қалыптайтын автоматтан домалатпалар жасап, кепкен нанға аунатып, май жағылған Е1х65 функционалды ыдыстарына бірқатарғаорналастырып,жөнелту тоңазытқыш камерасына жіберіледі. Домалатпалар жасаудың жалпы мерзімі - 12 сағат, оған қоса өндіруші кәсіпорнында сақтау мерзімі 4 сағаттан аспайды. Тефтели мен бұршақ етті арнайы саптамалары бар еттартқыштың көмегімен қалыпқа келтіреді. Тефтелиді май жағылған функционалды ыдыстарға, ал бұршақ етін тесікті ыдысқа салады. Бұл жартылай фабркиаттарды жылумен өндіретін аспаздық цехқа жібереді.
5.6. Су кәсібінің балық емес өнімдерін өңдеу
5.6.1. Су кәсібінің балық емес өнімдерінің тамақтанудағы маңызы
Дүниежүзілік мұхит біздің ғаламшарымыздың 70%-дан жоғары бөлігін алып жатыр, бірақ адам тамақтануындағы теңіз өнімдерінің үлесі тек 1%-ды құрайды. Сол уақытта дүниежүзілік мұхит жануарларының салмағы шамамен 30млрд. т, соның ішінде балықтар мен ірі теңіз жануарлары шамамен 3млрд. т тартады. 1,5млрд т-дан жоғары салмақты балдырлардың биомассасы құрайды. Егер бұл байлықтарды су құнарлылығын азайтып емес, көбейтіп ақылмен пайдаланатын болсақ, дүниежүзілік мұхит миллиардтаған адамды тамақтандыра алады. Бүгінде су кәсібінің балық емес өнімдері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылуда. 5.1-кестеде су кәсібінің кейбір балық емес өнімдерінің химиялық құрамы көрсетілген. Теңіз өнімдері ақуызының құрамында лизин, триптофан секілді таптыр- майтын аминқышқылдары бар. Мөлшері – сүт казеині, жұмыртқа альбумині құрамында болуымен салыстырмалы түрде. Мидия майында көп қанықпаған май қышқылдары 24-30%-ды құрайды. Теңіз өнімдерінің минералды құрамы әртүрлі, оған қоса, олар В тобының дәрумендеріне бай. Бұл өнімдердің емдеу-профилактикалық маңызын да атап өткен жөн. Теңіз қырыққабаты нутриенттердің әртүрлі кешенінің арқасында қалқанша безі, атеросклероз ауруларына профилактикалық және емдік әрекет жасайды және ішек қызметін реттейді. Трепангтарды Корея, Қытай елдерінің жағалық аудандарында тұратын халқы «теңіз адамтамыры» деп атайды. Қиыр Шығыс ғалымдары трепанг мәйегінен шын мәнінде адамтамыр тамырында да кездесетін және оның адам ағзасына деген пайдалы әсерін анықтайтын затты тапқан.
Кесте 5.1. Су кәсібінің кейбір балық емес өнімдерінің химиялық құрамы, %
5.6.2. Су кәсібінің балық емес өнімдерінің классификациясы
Су кәсібінің балық емес өнімдері мына топтарға бөлінеді: шаян тектес – өзен шаяндары, теңіз шаяндары, асшаяндар, омарлар, қысқышсыз шаяндар; бір жаппалы ұлулар – жағалық ұлулар және кернейші, теңіз құлақшасы: екі жаппалы ұлулар – устрица, теңіз ирекшелері, мидиялар; басаяқтылар — кальмарлар, сегізаяқтар, теңіз құрттары; тікен терілілер – трепангтар, кукумариялар;
балдырлар — теңіз қырыққабаты (ламинария).
5.6.3. Шаян тектестерді өңдеу
Шикі күйінде шаян тектестердің еті сұр түсті қоймалжың консистенцияға ие, сондықтан оны қайнатқаннан кейін қабықшасынан ажыратады. Нығыздалғаннан кейін ол ақ түсті және талшықты болады.
Өзен шаяндары. Шаяндар жұмсақ деликатесті дәмімен ерекшеленеді. Тамаққа қарын («мойын») және шымшуыр еттерін пайдаланады. Шаяндар тірідей (кәсіп аудандарында) шикі-мұздатылған және қайнатып-мұздатылған түрінде келіп түседі. Тірі шаяндарды қайнату алдында сыртқы қабатын мұқият тазаланғанша салқын суда жуып-шаяды. Мұздатылған шаяндарды 3- 4 сағат ішінде 18-20 °С температурада ауада жібітеді.
Асшаяндар. Асшаяндардың түрлері өте көп. Асшаяндардың еті шаян етіне ұқсас ерекше дәмге ие. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында асшаяндар тірі күйде (теңіз жағалауындағы қалаларда), шикі-мұздатылған, қайнатып-мұздатылған және кептірілген күйде келіп түсуі мүмкін.
Тірі асшаяндарды тура шаяндарды дайындағандай етіп дайындайды. Шикі-мұздатылған және қайнатып-мұзатылған аяшаяндар массасы 12 кг болатын топтама ретінде түседі. Оларды мұздату қажет, бірақ толығымен емес. Өйткені, олардың басы қарайып, сыртқы келбеті бұзылады. Асшаян- дарды 18-20°С температурасында 2 сағат ішінде мұздатып, топтамаларды бөліктерге бөліп, жылумен өңдеуге жібереді. Кептірілген асшаяндарды сұрыптап, жуып, салқын немесе жылы суға (30-35°С) 4 сағатқа салып қояды. Қолдануға дейін асшаяндарды салқын қайнатылған суы бар ыдыста тоңазытқыш шкафында сақтайды. Криль асшаяны Оңтүстік Атлантикадан алынады. Бұл майда асшаян – ұзындығы 2-6 см, массасы 1 г шамасында болатын шаяндар. Оны жүзбелі зауытта базалық кемеде өңдейді. Балық аулайтын кемемен жеткізілген шаяндар массасын сүзгі преспен баспалайды. Бұнда шырышты ақуыз массасы сауытты қабықшадан бөлініп шығады. Фильтр арқылы жаншылған ақуыз массасы 3 минут ішінде 95°С температурада қыздырылады. Ақуыз табиғисызданып, нығыздалады, сүзілетін сұйықтықты ажыратып ақуыз ұйытындысын брикет түрінде мұздатады. Сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына өнім «Мұхит пастасы» атауымен келіп түседі. Паста құрамы: су – 65-72%, ақуыздар – 15-20%, майлар – 5-10%, көмірсулар – 2%, күл – 2-3%, В тобының дәрумендері. Ақуыздар құрамында – барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары, май құрамында – көп қанықпаған клупанодонды қышқыл. Санитарлық көзқарас бойынша паста 98%-ға сіңіріледі. Оның дәмі – жағымды тәтті (теңіз шаяндары мен асшаяндардікіндей). Құрылысы үгітілген, паста ақсары түсті біркелкі массаға ұнтақталады. Ол әртүрлі өнімдермен жақсы үйлеседі. Пастаны ауада 18-20°С температурада 2-6 сағат арасында жібітіп, сыртқы қабатын тазалайды. Еріген пастаның сақталу мерзімі – 4-8 °С температурада 6 сағаттан аспау керек. «Мұхит» пастасын қайталап жібітуге болмайды.
Омарлар (лобстер) мен қысқышсыз шаяндар. Омарлардың қырық шақты түрлері бар. Дәмі мен иісі ең таңдаулысы европалық омар болып саналады. Ең жақсы сапамен сипатталатын – тірі омарлар (арнайы аквариумдармен келіп түседі). Омарлардан жартылай фабрикаттар дайындау кезеңінде оларды жақсылап жуса болғаны.
Шикі-мұздатылған және қайнатылып-мұздатылған омарларды (сауытты мойын) 2-3 сағат аралығында мойындарының бір-бірінен толық ажыра- тылғанына дейін ауада жібітеді (18-20°С). Қысқышсыз шаяндар омарлардан шымшуырларының жоқтығымен ерекшеленеді. Кәсіпорындарға әдетте бөлінген (сауытты мойын) шикі- мұздатылған немесе қайнатып-мұздатылған түрде келіп түседі. Оларды омарлар секілді жібітеді.
Теңіз шаяндары. Камчатка теңіз шаяны шаян тектестердің ішіндегі ең ірісі (5 кг дейін). Жеуге жарамды еті қарында, екі шымшуырында және алты аяғында орналасқан. Теңіз жағалауындағы қалаларда теңіз шаяндары тірі күйде түсуі мүмкін, бірақ көбіне оларды консервіленген күйде, қайнатып- мұздатылып қабылданады (бүтін тұлып немесе аяқтары сауыттарымен бөлек); оған қоса, қайнатып-мұздатылған теңіз шаяны етін брикет түрінде 250-500 г массада дайындалады. Мұздатылған шикізатты басқа да шаян тектестер секілді жібітеді.
Тірі шаян тектестерді сақтау мерзімі – 0-12°С-та 12 сағат.
5.6.4. Бір жаппалы ұлуларды өңдеу
Жағалау ұлуы мен кернейші (букцинум) ұлуы. Бұл ұлуларды жылумен өңдеуге қабыршағымен жібереді.
Теңіз құлағы. Ұлу қатты ақ етке ие. Сондықтан оны алдымен жаншылап, сосын барып бұқтырады немесе қуырады.
5.6.5. Екі жаппалы ұлуларды өңдеу
Ұлулар. Шикі түрінде қолданылатын ең таңдаулы өнімдердің бірі – әдеттегі (жеуге жарамды) ұлу. Бірақ ұлудың тірі, қабыршағының жабық болуына әбден сенімді болу керек. Егер қабыршағы ашық болса, оны қағып көру керек. Тірі ұлу қабыршағын жауып алады. Қағып көргеннен кейін ашық қалған қабыршақты пайдалануға болмайды. Екі жарманы жалғап тұрған бұлшықет жеуге жарамды болып саналады. Оның үлесіне 5-8%-дан 12-15%- ға дейінгі ұлу массасы тиеді. Қабыршағын майда бақалшықтардан тазалап, ағынды салқын суға жуып, жиналып тұрған қағаз майлыққа орап, турайтын тақтайға жазық жармамен үстіне қояды; қабыршақты бір қолмен мықтылап ұстап, арнайы пышақпен жармаларды ашады, бұлшықетті жазық қабыршаққа жалғанған тұсынан кесіп, сол қабыршақты алып тастайды.
Шұңғыл қабыршақта ұлуларды тұтынушыларға ұсынады (олар сақталуға жатпайды) немесе жылумен өңдеуге жібереді. Әдеттегіден бөлек қиыр шығыстық және португалдық ұлулар да алынады. Португалдық ұлулар шикі күйінде қолданылады. Кәсіпорындарға сондай-ақ мұздатылған ұлу еті брикеттері және консервіленген ұлулар келіп түседі.
Теңіз ирекшелері. Ирекшелердің бірнеше түрлері алынады – үлкен, шағын, ұлы Жақып. Бұл ұлудың қабықшасы желпуіш тәрізді.
Жеуге жарамдысы жармаларды жалғап тұрған бұлшықет және бұлшықетті жауып тұрған сары-алқызыл қабықшалы мантия (ирекшенің жалпы массасының 20-28%-ы) болып табылады. Бұлшықет ерекше дәмге ие. Қоғамдық тамқтандыру кәсіпорындарына бұлшықет мұздатылған, кептірілген немесе консервіленген түрде келіп түседі. Мұздатылған бұлшықет топтамасын ауада 1,5- сағат аралығында жібітіп, жуып, жылумен өңдеуге жібереді. Басқа да екі жаппалы ұлулардың қатарын тамаққа шикі түрінде қолданады: жүрекшені, ұстара қабыршақты, донаксты, қоразшаны, венераның түрлерін.
Мидиялар. Мидия еті жағымды балық дәмі мен иісіне ие. Мидиялар тірі күйінде қабыршақтарымен, жаңа мұздатылған немесе қайнатып-мұзда- тылған күйінде брикет немесе консерві түрінде келіп түседі.
Мидия қабыршақтарын жабысып қалған майда бақалшықтардан тазалап, бірнеше сағат салқын суда ұстайды. Ағынды суға жуып, жылумен өңдеуге жібереді. Мұздатылған мидия брикеттерін ауада немесе салқын суда ерітіп, жақсылап жуып, нәрлі мүшесі биссусты алып тастайды.
Екі жаппалы ұлуларды (тірі) сақтау мерзімі – 0-2°С-та 12 сағат.
5.6.6. Басаяқты ұлуларды өңдеу
Кальмар. Тамақтану кәсіпорындарына кальмарлар мұздатылған ұша (бөлінбеген кальмар) немесе мұзды сүбе (бассыз тұлып) түрінде келіп түседі. Мұздатылған кальмар топтамасын салқын суда -1 °С-қа дейін топтаманың қалың қабатында жібітеді.
Тамаққа кальмардың мантиясын (ұлудың жалпы массасының 31-32%-ы ), басын қармауыштарымен (20-21%), екі құйрық жүзбеқанаттарын (19-20%) пайдаланады. Көзін, терісін, ішек-қарындары мен аузын («тұмсық») әрдайым алып тастау керек. Ішек-қарындарының арасында қара сұйықтығы бар бояу қапшығы бар. Егер тағамды Жерорта теңізі мен Адриатика аспаздық өнерінде іске асып жүргендей «бояумен» әзірлеу керек болса, қапшығын зақымдамай алып тастау керек. Жібітілген ұшалардың егер қалып қойғаны болса, ішек-қарын қалдықтары мен хитинді пластинкалары алынып тасталады. Сосын ұша мен сүбені 3-6 минутқа 60-65°С температурадағы ыстық суға салып алады (су мен кальмарлардың ара қатынасы 3:1) және шөпті шөткемен мантия мен үшбұрышты құйрық жүзбеқанаттарының сыртқы қабығын алып тастайды. Кейбір технологиялық сызбаларда басты тамаққа пайдалануға кеңес бермейді, ал жүзбеқанаттарды денесінен ажыратады. Басы мен қармауыштарын мантиядан бөліп алады. Артынша басынан қармауыштарын түйінге жеуге жарамды еттің тар шеңберімен жалғанған күйде қалатындай етіп кеседі. Сол шеңбердің ішінде кальмардың аузы («тұмсығы») орналасқан. Оны шеңберден саусақтармен сығып шығару керек.
Сегізаяқ. Сегізаяқты дайындауда қармауыштарын кальмардағыдай «түйінмен» кесіп алады. «Тұмсығын» алып тастап, мантияның ішкі қуысын мұқият тазалайды. Сегізаяқтың үстіңгі қабығы (терісі) денеге өте тығыз бекітілген, сондықтан оны қайнаған суға салып немесе аздап пісіру керек.
Теңіз құрты. Теңіз құртының денесі жеуге жарамсыз ақ сауытқа біткен. Оны кальмар секілді өңдеуге болады. Егер теңіз құртынан «бояумен» бірге тағам әзірлеу керек болса, оның мантиясын бояу қапшығы замқымданбастай етіп кесіп, ашады. Ол үшін өткір пышақпен арқасын басынан құйрығына дейінгі бағытта кеседі. Кесілген жердің жиектерін сопақша арқа жоны көрінетіндей етіп ашады. Оны абайлап саусақтармен денесінен ажыратады. Саусақтармен бөліп, алып тастайтын жұқа мембраналармен жабылған ішек құрылыстары жалаңаштанады.
Артынша қалған ішек-қарындардан ақырындап бояу қапшығын ажыратады. Қармауыштарды кальмардағыдай ажыратып, дәл солай «тұмсығын» алып тастайды.
5.6.7. Тікен терілілерді өңдеу
Трепангтар — сопақша келген аз қимылдайтын ұлулар. Олардың дене консистенциясы өте нәзік келген, сондықтан оларды қандай да бір техникалық әдіс-амалдармен табу мүмкін емес. Сүңгуірлер оларды жайылымдардан қолмен жинап, «теңіз қиярлары» деп атайды. Оларды бірден ұстайтын кемелерде өңдейді: қарнын аздап тіліп, ішек-қарындарының көп бөлігін алып тастап, кептіреді. Кептіргенде жағымсыз иіс пайда болмас үшін трепангтарға ағаш көмірінің ұнтағын себеді.
Аспаздық қолданысқа дейін кептірілген трепангтарды салқын сумен су мөлдір болғанша жақсылап жуады. Одан кейін оларға салқын су құйып (18...20°С), онда 24...30сағат, суды 2-3 рет ауыстырып ұстайды. Ісінген трепангтардың қарындарын ұзынынан кесіп, қалған ішек-қарындарды алып тастайды. Тазаланып ісінген трепангтардың түсімі – 400 %.
Қайнатып-мұздатылған трепангтарды суда 15°С температурадан дененің ортасында 1°С-қа дейін жібітеді. Суда 40°С температурамен 40 минут ішінде су массасы мен трепангтардың ара қатынасы 2:1 болған жағдайда жібітуге жол беріледі. Жібітілген тікен терілердің қарындарын кесіп, ішек-қарындарынан, құмнан тазалап жуады. Өңделген трепангтарды 1- 2 минут жидітіп, ас әзірлеуге пайдаланады. Жібіту мен тазартуда массаның жоғалуы 6%-ды құрайды.
5.6.8. Балдырларды өңдеу
Өнеркәсіп теңіз қырыққабатын кептірілген және мұздатылған түрде шығарады. Кептірілген теңіз қырыққабатын сегіз еселенген мөлшердегі салқын суға 12 сағатқа салып қояды. Сосын құм мен басқа да механикалық қоспалар толығымен кеткенше жуады.
Мұздаған қырыққабатты 15-20°С температурадағы суда 30 минут ішінде жібітеді.
Бақылау сұрақтары
6 Тарау АСА КҮРДЕЛІ СОРПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
6.1. Тұздықты сорпа дайындау
Тұздықты сорпаны әртүрлі ет немесе балық өнімдерімен, жаңа терілген немесе кептірілген саңырауқұлақтармен әзірлейді. Тұздық сорпа гарнирінің көкөністік бөлігін бөктірілген тұздалған қияр, сары майда томат езбесімен бірге шала қуырылған басты пияз, каперс, қара зәйтүн немесе жасыл зәйтүн (жасыл зәйтүнді әбден қайнатады, қара зәйтүнді сорпаға құятын кезде салады) құрайды. Каперстер — бұл киеуілдің оңтүстік бұтасының консервіленген бүр жармаған гүлді бүршігі. Олар тұздықты сорпаға өзіне тән ащы дәм береді.
Тұздықты ет сорпасын лимон және қаймақпен, тұзды балық сорпасын лимонмен, саңырауқұлақ сорпасын қаймақпен береді. Лимонның қабығын аршып, домалақтап кеседі. Барлық тұздықты сорпаларға көктерді себеді. Тұздықты ет сорпаларының ішінде тұтынушылар арасында құрама тұздықты ет сорпасы айрықша танымал. Мейрамханаларда тұздықты сорпаларды тапсырысты қабылдағаннан кейін сорпа табақтарында әзірлейді.
Құрама тұздықты ет сорпасы. Бұзау еті мен сиыр етін ірі кесекті бөліктермен қайнатады, сиыр бүйректерін бөлек әбден қайнатады. Қайнатылған ет өнімдерін, сонымен қатар, ысталып-қайнатылған сан етін, шұжықшаларды тілімдеп кеседі.
Сорпа табағына ет сорпасының үлесін құяды, бөктірілген қиярды, қызанақпен бірге шала қуырылған пиязды, каперстерді, жасыл зәйтүнді, туралған ет өнімдерін салып, плитаға қояды. Қайнатуға дейін жеткізіп, 8-10 минут аралығында пісіреді. Піскенге дейін 5 минут бұрын тұздықты ет сорпасына керегінше тұз, дәмдеуіштер қосады. Ұсынар алдында қаймақ салып, көктер сеуіп, қара зәйтүн мен лимон тілігін салады.
Үй тұздықты сорпасы. Бұл сорпаның гарнирінің құрамына текше пішінде туралған картоп кіреді. Бірақ каперстер, қара зәйтүндер, лимон қосылмайды. Бірінші болып сорпаға картопты салады.
Құс пен жабайы құстардан тұздықты сорпа. Бұл тұздықты сорпаны ет сорпасын дайындағандай етіп әзірлейді, бірақ ет өнімдерінің орнына асылған немесе қуырылған құс пен жабайы құсты пайдаланады.
Тұздықты балық сорпасы. Балықты сүйекті қаңқасымен сүйексіз терілі сүбеге мүшелейді. Ал бекіре тұқымдас балықты бөліктерге терісімен шеміршектерісіз үлесті бөліктерге кеседі. Қалғанын тура ет сорпасы секілді дайындайды.
Тұздықты саңырауқұлақ сорпасы. Дайындалған балғын немесе кептірілген саңырауқұлақтарды қайнатады, сорпаны сүзгілейді, саңырауқұлақтарды жуады, майдалап турап, қайнатпаға басқа өнімдер және дәмдеуіштермен бірге салады.
6.2. Езбе тәрізді сорпаларды әзірлеу
Езбе сорпалардың өзіне тән ерекшелігі – біркелкі консистенциясы. Оған арасында аздаған мөлшерде үгілмеген өнімдер қосылып тұрады. Езбе сорпаларды көкөністерден (картоп, жер алмұрты, сәбіз, шалқан, бәді, асқабақ, қызанақ, гүлді қырыққабат және т.б.), саңырауқұлақтардан (ақ, қозықұйрық), дәндерден (күріш, арпа, сұлы, бадана, асбұршақ, жасыл бұршақ), ет өнімдерінен (бауыр, ауылшаруашылық құсы, қауырсынды жабайы құс), балық және балық емес өнімдерден дайындайды.
Езбе тәрізді сорпаларды мына түрлерге бөледі: ақ тұздықта дайындалған езбе сорпалар;
сүт тұздығында дайындалған крем сорпалар; шаян тәріздестерден дайындалған биск сорпасы.
Езбе сорпаларды көкөніс немесе ет сорпаларынан дайындайды. Негізгі өнімдердің бөлек, олардың гарниріне пияз, тамырсабақтар кіреді.
Өзінің нәзік консистенциясы мен жоғары дәмдік сапасының арқасында бұл сорпалар балаларды тамақтандыруда және диеталық тамақтандыруда кең қолданысқа ие. Күнделікті тамақтануда олар батыс еуропалық елдер қатарында танымалдылыққа ие.
Езбе сорпаларды дайындау технологиясының жалпы сызбасы 6.1-суретте келтірілген.
Өнімдерді жылумен өңдеу. Езбе сорпалардың құрамына кіретін өнімдерді жылумен өңдеу олардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады.
Пияз бен тамырсабақтар сорпаның негізгі өнімдері болмаса, оларды шала қуырып, негізгі өніммен бірге дайын болғанша әзірлейді.
Картоп, жер алмұрты және шаян тектестерді тұздалған суда қайнатады. Басқа көкөністерді, жасыл бұршақты, терісіз және сүйексіз балық сүбесін, балық емес өнімдерді сары май және татымды көктер қосып бұқтырады.
6.1-сур. Езбе тәріздес сорпаларды дайындаудың жалпы сызбасы Саңырауқұлақтардың қалпақтарынан ажыратады. Сабағын жиілетілген торлы еттартқыштан өткізіп, май қосып 20-30 минут бұқтырады. Саңырауқұлақтардың қалпағын тілімдеп кесіп, дайын болғанша бұқтырып, сорпаны берерде қосады. Жарма, бадана, ақталған бұршаққа ыстық су не сорпа құйып, әбден пісіреді. Жармаларға бес еселі, бұршақтарға үш еселі су мөлшерін пайдаланады. Майдалап туралған бауырды сәбіз және пиязбен бірге аздап қуырады. Аз мөлшерде сорпа құйып, бұқтырады. Ауылшаруашылығы құсын (тауық, күркетауық, қоңды балапан немесе үйрек) қайнатып, салқындатып, сүйегінен етін ажыратады.
Өңделген өнімдерді үгіту. Көкөністер, саңырауқұлақтар сабағы, әбден қайнатылған және бұршақты жармаларды қайнатпамен бірге езгілейді.
Жануар тектес өнімдерді еттартқыштан өткізіп, үккіште езеді, електен өткізіп, жұмсарған сары маймен араластырады және тоңазытқыш шкафында қатқанша салқындатады.
Шала қуырылған ақ ұнды дайындау. Шала қуырылған ақ ұнды қатқан сорпалар секілді дайындайды.
Сорпаның сұйық негізін дайындау. Шала қуырылған ақ ұнды салқындатылған сорпа немесе қайнатпамен араластырып, қайнатуға дейін
апарып, 10-15 минут әбден қайнатады. Осындай жолмен алынған ақ тұздық аса жабысқақтыққа ие болады. Өйткені, онда сорпа дайын болғаннан кейін қатпарланбауына әсерін тигізетін клейстер түзген крахмал болады. Жармалар өздері де крахмалға бай болғандықтан, олардың рецептурасына ұн кірмейді.
Үгітілген өнімдердің негізбен бірігуі. Бұл әрекетті де өсімдіктен және жануардан жасалған өнімдер үшін әртүрлі етіп жасайды. Өсімдік өнімдерінен езбені ақ тұздықпен араластырады, ал салқындатылған жануар өнімдері массасын аздаған үлестермен ыстық ақ тұздыққа салып, әр үлесін мұқият араластырады.
Майдың болу себебінен өнімдер тұздықта біркелкі таралады.
Езбе сорпаны дәмдеу. Тағамдық құндылығын арттырып және дәмінің сапасын жақсарту үшін бұршақты езбе сорпадан басқа сорпаларды сары май және ыстық сүтпен (рецептура жинағының 3-бағаны бойынша) немесе жұмыртқа-сүт қоспасымен дәмдейді. Сүт пен сары майдың орнына езбе сорпаны дәмдеу үшін кілегейді пайдалануға болады. Кілегеймен крем сорпаларды да дәмдейді.
Дайын езбе сорпаларды сулы жылытқышта 80-85°С температурада сақтайды.
Езбе сорпаларды жіберу алдында безендіру. Кез келген өнімнен дайындалған езбе сорпа бірсарынды түске ие. Ол әдеттегідей реңсіз болып көрінеді. Бұған жол бермес үшін берер алдында сорпаға негізгі өнімнің аздаған бөлігін үгілген түрде емес, кесілген түрде салу керек. Бірақ басқа түсті өнім салынған сорпалар әдемірек көрінеді: картоп қосылған езбе сорпаға – жасыл бұршақ немесе жалпақ қияқты пияз, сәбіз немесе қызанақ қосылған езбе сорпаға – шашыраңқы күріш және т.б.
Оған қоса, езбе сорпаға нан тәрелкеге салынған кесіліп қуырылған нан немесе бидай, жүгері қауыздарын қосып беруге болады.
Биск сорпасы. Бұл сорпаларды шаяндардан, асшаяндардан, омарлардан немесе теңіз шаяндарынан әзірлейді. Шаяннан дайындалған биск сорпасын әзірлеу үшін асылған шаяндардан мойнын, шымшуырын алып тастап, тазалайды. Қабыршағынан аяқтарын жұлып алып, ішек-қарындарын тазалайды. Пияз, сәбіз, балдыркөкті сары майға шала қуырып, қабыршағын және мойын мен шымшуыр қабығын қосады, коньяк құйып, спирттің булануы үшін жандырады. Алынған массаға балық сорпасын қосып, дайындалған күрішті қосып, мойын мен шымшуыр еттерін, ақ шарапты, татымды көктерді қосып, күріш жұмсарғанша қайнатады. Көктерді алып тастайды, қалған массаны миксер не блендерде ұсақтайды, електен өткізіп, қайнағанға дейін апарып, лимон шырыны, кілегей және маймен дәмдейді.
6.3. Мөлдір сорпаларды дайындау
Бұл сорпалардың негізі түссіздендіру жолымен алынған мөлдір сорпалар болып табылады. Олардың гарнирін бөлек дайындайды.
Сиыр етінен мөлдір сорпа. Бұл сорпаны ет-сүйекті немесе сүйекті сорпалардан алады. Оны қайнату үшін тек сиыр сүйектерін пайдаланады, әсіресе, түтік тәрізділерін. Омыртқа сүйектерін пайдаланбайды, өйткені олардан оңайлықпен түссізденбейтін бұлыңғыр сорпа шығады.
Сорпаны түссіздендіру және сығып алынған заттектер мен сүйек желімге қанықтыру үшін «созба» деп аталатын тәсілді дайындайды. Ол үшін жалғанбалы тін мен қанға бай сиырдың котлет етін еттартқыштан өткізіп, салқын су құяды (1 кг етке 1-1,5 л), тұз қосып, 1-2 сағатқа салқынға қалдырады. Бұл ретте суға созудың негізгі бөлігі боп табылатын су және тұз еріткіш ақуыздар өтеді. Түссіздендіретін сорпаны 60-50°С-қа дейін салқындатады, созбаны аз мөлшердегі сорпамен қарқынды түрде араластыра отырып, сорпаға құяды. Қарқынды араластыру сорпа массасынан созба ақуызын жылдам анықтау үшін қажет. Сорпаға құрғақ табада пісірілген сәбіз, пияз, ақ тамырсабақтар қосып, ең жоғары мөлшердегі қыздыруда қайнатуға дейін апарады, қыздыруды азайтып, созба түбіне дейін түскенше әлсіз қайнатуда 1-1,5 сағат ішінде әбден пісіреді. Тегінде түссіздену сорпа қайнамас бұрын болады: бұл ретте оралмалы ерігіш ақуыздар сорпада қалқыған бөлшектерді алып қалады. Оған қоса, созбаның тығыз бөлігі аса нығайтылған сыртқы қабат құрады. Онда қалқымалы бөлшектер адсорбталады. Осы екі үдеріс нәтижесінде сорпа мөлдір болады. Бір мезгілде орау нәтижесінде ылғал бөлігін онда еріген заттар, оның ішінде сығып алынған заттектерді баспақтай түсіп ақуыз тығыздалады. Сүйек желімнің пайда болуына және оның сорпаға өтуіне қайнауы 1 сағаттан кем болмайтын пісу ұзақтығы керек. Піскеннен кейін сорпадан майын алады. Абайлап сүзгіден өткізіп, қайтадан қайнатады. Сорпа қоңыр түске, айқын сезілетін етті дәм және көкөніс аңқитын хош иіске ие. Оны мармитте 2 сағаттан кем болмайтындай сақтайды. Түссіздендірудің жоғарыда атап өтілген тәсілімен бірге мөлдір сорпаны үккіштен өткізілген сәбіз бен жұмыртқа ақуызынан жасалған созбаны сүйекті сорпада әбден қайнатып дайындауға болады.
Тауық немесе күркетауықтан дайындалған мөлдір сорпа. Бұл сорпаның негізі бүтін ұшалы, тағам қалдықтарын қайнату арқылы алынған сорпа болып табылады. Оның түссізденуі үшін созуды ұсақталған тауық пен күркетауық сүйектерінен дайындайды. Созуды дайындау технологиясы мен қолдану жоғарыда келтірілгендей. Сорпа кәріптас түсті.
Қауырсынды жабайы құстардан дайындалған мөлдір сорпа. Мұндай сорпаны қарабауыр, шіл, құрлардың сүйектері мен аяқтарынан жасалған (жауырыны алынған бүтін тұлыптан сирек) созуды ет немесе тауық сорпасында әбден қайнату арқылы әзірлейді.
Еттен, ауылшаруашылық құсынан және қауырсынды жабайы құстардан дайындалған мөлдір сорпаларды екі тәсілмен жібереді: сорпаны сорпа тостағанына құйып, нан тәрелкесіне кесіліп қуырылған нанды, бәлішті, самсаны, профитролиді, жүгері немесе бидай қауыздарын салып береді; шұңғыл тәрелкеге сорпаны құйып, оған сол немесе өзге гарнирді (қалталы жұмыртқа, макарон өнімдері немесе үй кеспесі, бөлек қайнатылған дайын тұшпаралар, қайнатылған көкөністер, бұршақ, ет, омлет, көмештелген күріш және т.б.) қосады.
Балықты мөлдір сорпа (уха). Алдымен майда балықтан (таутандар, алабұғалар) немесе балықты тағам қалдықтарынан сорпа қайнатады. Майда балықты қабыршағын аршымай ішін жарып, желбезегін алып тастайды. Дайындалған балықты немесе балықты тағам қалдықтарын мұздай суға салып қайнатады. Қайнап болар алдында көбігін алып, қайнап болғаннан кейін ақжелкен тамырын және пияз қосып, 40 - 50 минут баяу қайната отырып пісіреді. Сорпаны сүзгіден өткізіп, түйірсіз уылдырықтан жасалған созбамен түссіздендіреді. Уылдырықты біркелкі масса пайда болғанға дейін аз мөлшердегі сумен ұнтақтайды. Оған шикі басты пияз, тұз қосады, салқын сумен немесе сорпамен араластырады. Дайын болған созбаны температурасы 50-60°С түссізденген сорпаға құйып, жақсылап араластырып, қайнағанға дейін апарып, 20-30 минут аралығында пісіреді. Сорпаны сүзгіден өткізеді.
Осындай түссіздену тәсілінде сорпа өте бағалы болып шығады. Әдетте созбаны бес есе мөлшерде салқын сорпамен араласып, тұз қосылған жұмыртқа ақуыздарынан дайындайды. Сорпаны тура уылдырықты созба секілді түссіздендіреді. Сорпаны сорпа тостағанымен береді. Нан тәрелкеде оған қосып растегаилар, бәліштер ұсынады. Басқа әдіс бойынша сорпаны тәрелкеге немесе сорпа ыдысына құйып, оған асылған балық немесе балық бұршық етінің тілімдерін салады.
Кесіліп қуырылған нан мен борщ. Сүйек сорпасын шошқаның ысталған еті сүйектерін қосып, сүзгіден өткізу арқылы әзірлейді. Сорпада ет созбасын пісіреді. Түссізденген сорпаға сірке суын, ұсақтап туралған немесе үккіштен өткен қызылшаны қосып, 5-10 минут аралығында қайнатады, сүзгіден өткізеді. Борщты сорпа тостағандарында кесіліп қуырылған нанмен бірге береді.
6.4. Салқын сорпаларды әзірлеу
Бұл сорпаларды ұсыну температурасы 14°С-тан жоғары болмау керек. Сондықтан оларды жазда әзірлейді. Сұйық негіз ретінде наннан жасалған квасты, көкөніс қайнатпаларын және айранды қолданады. Салқын сорпаларға көк сорпа, қызылша сорпасы, көк көже, көк қосып пісірілген щи және салқын сорпа жатады.
Салқын сорпаларды әзірлеу үшін өнеркәсіптік өндірістегі арнайы квас көк сорпалы квасты пайдаланады. Ол басқа квастың басқа түрлерінен аз мөлшердегі тығыздығымен және қышқылдылығымен ерекшеленеді. Ондағы спирттің мөлшері 1,2 %-ға дейін жетеді.
Көк сорпалы квас құрамындағы сүт қышқылы, көмірқышқыл газының арқасында тәбетіңді шақырып, шөліңді қандырады және сергітетін әсер береді. Квас, сондай-ақ, В дәрумендер тобының көзі ретінде бағаланады. Сонымен қатар, оның құрамында көмірсулар, аминді азот бар. Егер кәсіпорынның қажетті құрылғылары мен тұтынушылар құқығын және адам саулығын қорғау аясын қадағалаушы федералды қызметінің жергілікті ұйымының рұқсаты болса, квасты өз бетінше жасауға болады.
Квасты дайындау үшін жақсылап қуырылған қара бидай кептірілген нанын бөліктерінің диаметрі 5-6 мм дейін ұсақтайды және үздіксіз араластыра отырып, ыстық қайнаған суға (80 °С) төгеді. 1-1,5 сағатқа жылы жерге әлсін-әлсін араластыра отырып, ашытуға қалдырады. Пайда болған сыра ашытқысын төгіп, кепкен нанға қайтадан су құйып, 1-1,5 сағат тағы да ашытады. Сыра ашытқысын төгіп, алдыңғысымен біріктіреді. 23-25°С температурадағы сыра ашытқысына аз мөлшердегі сыра ашытқысымен езілген (бұйраланған жалбыз қосуға да болады) қант пен ашытқы қосады және сол температурада 8-12 сағатқа ашуға қалдырады. Дайын квасты сүзгіден өткізіп, салқындатады.
Көк сорпалар. Көк сорпалардың көкөністі және етті түрлері бар. Екеуін де бітеу пісірілген жұмыртқа, жаңа піскен қияр және көк жуа кіреді.
Квасты дәмдеу маңызды технологиялық үрдіс болып табылады. Ол үшін жұмыртқа сарысын қыша, тұз, қант және қаймақ бөлігімен үгітіп, осы қоспаға квасты құйып, жақсылап араластырып, тұзбен ұнтақталған көк жуаны қосады. Көкөністер, ет өнімдері, жұмыртқа ақуызын майдалап текшелеп немесе тілімдеп кеседі.
Көкөністі көк сорпаны әзірлеу үшін аршылған картопты, сәбізді, шалқанды турап, буға пісіріп, салқындатады. Ірі қиярлардың қабығы мен тұқымын алып тастап, жас қиярларды аршымай турайды. Шұңғыл тәрелкеге туралған көкөністерді салып, дәмделген квасты құяды, араластырып, квасты дәмдеуден қалған қаймақты қосады, ұсақтап туралған аскөкті себеді. Шалқанның орнына шалғамды пайдалануға болады.
Оралдық көк сорпаны қиярдың орнына ашытылған қырыққабатпен дайындайды.
Етті көк сорпаның гарниріне қайнатылған сиыр еті мен картоп, жаңа піскен қияр, бітеу пісірілген жұмыртқа және көк жуа кіреді.
Етті құрама көк сорпаны қайнатылған сиыр еті және тілімен, сүрленіп- қайнатылған сан етімен дайындайды.
Көкөністі, етті және етті құрама көк сорпаны, сонымен қатар, қайнаған салқын сумен тең мөлшерде араласқан пастерленген айранда да әзірлейді.
Қызылша сорпасы. Қызылша мен сәбізді текшелеп не сабандап турап, бөлек-бөлек бөктіріп (қызылшаны сірке суын қосып), салқындатады. Қайнатпалы қызылшаға дәмделген квасты құйып, сәбіз, қияр және қайнатылған жұмыртқаның ақуызын қосып, жақсылап араластырады. Түсі ретінде қаймақ қосып, майдалап туралған аскөк себеді.
Көк көже. Бұл сорпаны орыстардың салқын сорпаларының патшайымы деп атаған. XVІІІ ғасырда көк көженің бірнеше түрлерін дайындаған: қызанақ сабағымен, сәбізбен, шалқанмен, қояншөппен және басқа да бақша өсімдіктерімен. Ол аса танымалдылыққа XІX ғасырда ие болды. Ол кезде оны қайнатылған балықтармен дайындап (бекіре, көксерке тұқымдас), бекіре балықтың жон етінің тілімдерімен, қиярды гарнирлермен, көк пиязбен, теңіз шаяндарымен, аскөкпен және ақжелкекпен бірге берген. Әсіресе, жеңсік тағам мерекелік көк көже болған. XX ғасырда бұл тағам ұмытыла бастады және рецептуралар жинағында көк көженің тек бір нұсқасы келтірілген.
Саумалдық пен қымыздықты бөлек бөктіріп, езгілеп, кваспен езеді, тұзбен, қантпен және лимон цедрасымен дәмдейді. Бөлек тәрелкеде балықтың порциялы бөлігін салат жапырақтарымен, көк пиязбен, жаңа піскен қиярмен және сүргіленген ақжелкекпен гарнирлейді. Бір-екі шаянмен түсіруге болады.
Көкөністен әзірленген щи. Қымыздық пен саумалдықты бөлек бөктіріп, езгілеп, араластырып, ыстық сумен езеді, тұз, қант қосып, қайнатуға дейін апарып, салқындатады. Рецептуралар жинағының 3-бағаны бойынша щиге текшелеп кесілген немесе үккіштен өткізілген қайнатылған картоп қосады. Қияр, көк пияз, бітеу пісірілген жұмыртқа және қаймақты түсі ретінде салып, аскөк себеді. Щиді жұмыртқаның орнына қайнатылған сиыр етін қосып түсіруге болады.
Салқын борщ. Қызылша мен сәбізді сабандап турайды. Қызылшаны сірке суымен дайын болғанша бөктіреді. Сәбізді бөлек бөктіріп, қызылшамен біріктіріп, ыстық су, тұз, қант қосып, қайнатып, салқындатады.
Түсірерде тәрелкеге туралған қияр, көк пияз, қайнатылған жұмыртқа салып, борщты құйып, қаймақ қосады. Қиярды шалғаммен алмастыруға болады. Борщты қайнатылған сиыр етімен, қайнатылған немесе бөктірілген балықпен, консервіленген теңіз шаяндарымен беруге болады.
Бақылау сұрақтары
7 тарау АСА КҮРДЕЛІ ТҰЗДЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7.1. Негізгі қызыл туынды тұздықты дайындау
Шарапты қызыл тұздық (мадера). Шарапты қыздырылған ыдысқа құяды, қақпағын жауып, қайнатады да негізгі қызыл тұздыққа құяды. Тұздыққа маргарин қатады. Ащы қылу үшін өнеркәсіп өндірісінің «Оңтүстік» тұздығын 1 кг тұздыққа 30 - 50 г мөлшерде қосуға болады.
Тұздықты асылған не қуырылған ет, құс еті, жабайы құс еттерінен жасалған тағамдарға қосып береді.
Пиязды тұздық (миронтон). Майдалап туралған пиязды шала қуырып, сірке суын, түйірлі қара бұрыш қосып, 5-7 минут қайнатады. Дайын болған пиязды негізгі қызыл тұздыққа салады, 10-15 минут аралығында пісіріп, маргарин қатады.
Домалатпаларға, котлеттерге, қуырылған, қайнатылған шошқа еттеріне және басқа да ет тағамдарына қосып береді. Ет тағамдарын көмештеуде пайдаланады.
Пияз және қиярлы тұздық (қышқыл). Пиязды пиязды тұздыққа дайындаған секілді әзірлейді, негізгі қызыл тұздықта 10-15 минут пісіріп,
«Оңтүстік» тұздығын және майдалап туралып бөктірілген маринадталған немесе тұздалған қабықсыз және тұқымсыз қиярларды қосады. Тұздықты маргаринмен қатады.
Асылған не қуырылған еттен жасалған тағамдар мен шабылған ет өнімдеріне қосып береді.
Қыша қосылған пиязды тұздық (робер). Майдалап туралып шала қуырылған пиязды негізгі қызыл тұздыққа салып, 10-15 минут аралығында пісіреді. Тұздықты ас қышасы, тұз, «Оңтүстік» тұздығымен қатады. Бұл тұздықты қыша ақуыздары ұйып, иісі шықпас үшін қайнатуға болмайды.
Тұздықты шабылған ет өнімдеріне, қуырылған шұжыққа, шұжықшаларға, қысқа шұжықтарға, қайнатылған желінге қосып береді.
Пияз және саңырауқұлақты қызыл тұздық (аңшылық). Майдалап туралған пиязды аздап шала қуырады. Жартылай дайын болғанша бөктірілген балауса саңырауқұлақтарды немесе қайнатылып кептірілген саңырауқұлақтарды жұқалап сабан тәріздеп турап, пиязбен бірге 3-5 минут аралығында қуырады. Қуырылған пияз бен саңырауқұлақты, түйір бұрышты негізгі қызыл тұздыққа қосып, 10-15 минут пісіреді.
Пісіру соңында тұздыққа қайнатылған құрғақ ақ шарап, туралған ақжелкен көгін және шырғалжың қосып, маргарин қатады.
Тұздықты қуырылған жабайы құс етіне, қуырылған табиғи котлеттер мен еттен дайындалған басқа да тағамдарға қосып береді.
Саңырауқұлақ және қызанақты қызыл тұздық. Аңшылық тұздығы секілді дайындалған пияз бен саңырауқұлақтарды негізгі қызыл тұздыққа қосып, 10-15 минут қайнатады. Қайнату соңында терісінен ажыратылған қызанақ тілімдері мен шырғалжың көгін қосып, қайнауға дейін апарып, дайындалған құрғақ ақ шарапты құяды. Аздап салқындатып, маргарин қатады.
Қуырылған, шабылған еттен әзірленген тағамдармен береді.
Қызанақтарды терісінен оңай ажырату үшін 5-7 минутқа қайнап тұрған суға салып алып тазалайды.
Тамырсабақты қызыл тұздық (буға пісірілген ет үшін). Басты пияз, жалпақ қияқты пияз, сәбіз, шалқан (тарна) және ақжелкенді (балдыркөк) бөліктеп немесе кесектеп турап, шала қуырып, негізгі қызыл тұздықпен біріктіреді. Хош иісті түйір бұрыш қосып, 10-15 минут қайнатады. Қайнату соңында жасыл бұршақ, үрмебұршақтың кесілген собығын салып, тұздықты қайнатуға дейін апарады және қайнатылған қызыл шарап қосады (мадера, малага, мускат, портвейн).
Тамырсабақты қызыл тұздық (тефтели үшін). Басты пиязды (немесе жалпақ қияқты пияз), сәбізді, ақжелкенді (балдыркөк) және болгар бұрышын жұқалап сабан тәріздеп турап, шала қуырады.
Шырғалжыңды қызыл тұздық. Шырғалжыңның сабағын бөліктерге бөліп кесіп, негізгі қызыл тұздыққа салып, қойылтылған қоңыр тұздық (фюме) қосып, 25-30 минут қайнатады, сүзгіден өткізеді. Шырғалжың жапырақтарына құрғақ ақ шарап құйып, қайнатуға дейін апарады және сүзгіленген тұздыққа құяды, маргарин қатады.
Қуырылған ет және құс етінен жасалған тағамдарға қосып береді.
Сірке су мен бұрышты қызыл тұздық. Ақжелкенді (балдыркөк) және басты пиязды майдалап турап, қалампыр, хош иісті бұрыш, ақжелкен көгін (балдыркөк) қосып, сорпаны құйып, 15-20 минут аралығында қақпағы жабылған күйде бұқтырады. Қайнату соңында фюме мен сірке суын қосады. Тұздықты сүзгіден өткізіп, қайнатып, қызыл ұнтақталған бұрыш және маргаринмен дәмдейді.
Кәуаптарға және қуырылған ет пен құс етінен жасалған басқа тағамдарға қосып береді. Тұздықты құрғақ қызыл шараппен дайындауға болады.
Қышқылтым-тәтті қызыл тұздық. Қара өрік пен мейізді сұрыптап, жуады. Қара өрікті аз мөлшердегі суда қайнатып, сүйектерінен ажыратып, турайды. Грек жаңғағын қабығы мен қауызынан тазалап, бөліктерге кеседі. Жаңғақ, мейіз және қара өрікті қара өрік қайнатпасына салып, хош иісті бұрыш қосады да қақпағы жабық күйде 7-10 минут бұқтырады. Негізгі қызыл тұздықпен біріктіріп, қайнатады, дайындалған құрғақ қызыл шарапты немесе сірке суын қосады.
Қайнатылған, бұқтырылған ет пен құс етінен жасалған тағамдарға қосып береді.
Егер бұл тұздықты қант және сары маймен дәмдесе (маргариннің орнына), «Аврора» тұздығы шығады.
7.2. Етті ақ туынды тұздықты дайындау
Жұмыртқалы ақ тұздық (сюпрем). Шикі жұмыртқа сарысын сары май немесе маргарин кесегімен біріктіріп, кілегей немесе тұздық қосып, сулы жылытқышта 75-80°С температурада қоюланғанша үзбей араластырып, әбден қайнатады. Алынған массаға араластыра отырып, сол температурасымен негізгі ақ тұздықты, үгілген жұпар жаңғақты, лимон қышқылын және тұз қосады.
Бұзау еті, құс және жабайы құс етінен пісірілген тағамдарға қосып береді.
Көкөністі ақ тұздық. Тамырсабақтар (сәбіз, ақжелкен және балдыркөк) мен пиязды текшелеп турап, 3-5 минут шала қуырады. Аздаған тұздық құйып, дайын болғанша бөктіреді. Шалқан немесе тарнаны (текшелеп туралған) өзеріне тән иісті кетіру үшін қайнаған сумен шаяды, суды төгіп, басқа суда туралған жасыл үрме бұршақпен бірге қайнатады. Дайындалған көкөністерді біріктіріп, негізгі ақ тұздықты құйып, әбден қайнатып, лимон қышқылы мен тұз қосады да маргаринмен дәмдейді.
Бұзау еті, құс және жабайы құс етінен қайнатылған және бөктірілген тағамдарға қосып береді.
Киеуілді ақ тұздық. Дайын ақ тұздықты тұзбен, лимон қышқылымен, қызыл бұрышпен дәмдеп, қыздырылған тұздықсыз киеуілдерді қосып, сары май немесе маргаринмен дәмдейді.
Саңырауқұлақты томат тұздығы. Майдалап туралған пиязды аздап шала қуырады, жартылай дайын болғанша бөктірілген майда тілімдермен туралған балғын немесе кептірілген піскен саңырауқұлақтарды қосып, 3-5 минут бірге қуырады. Дайындалған гарнирді қызанақ тұздығымен біріктіріп, 10-15 минут ішінде қайнатады. Қайнау соңында езілген сарымсақ қосып, дайын шарапты құяды. Маргарин немесе сары маймен дәмдейді.
Ет және құс етінен қайнатылып, қуырылған тағамдарға, котлет массасы өнімдеріне қосып береді.
Саңырауқұлақ және көкөністі томат тұздығы. Оның алдыңғы тұздықтан айырмашылығы: пиязбен бірге сәбізді, ақжелкенді, тәтті бұршаққанды бұрышты шала қуырады, ал қайнату соңында киеуіл көгін, саумалдық, езілген сарымсақ қосып, май қатады.
Қуырылған құс, шошқа, бұзау етінен дайындалған тағамдарға қосып береді.
7.3. Саңырауқұлақты тұздықты дайындау
Саңырауқұлақты тұздықтар картопты және жармалық тағамдармен (котлет, домалатпалар, көмеш, рулет және т.б.) жақсы үйлеседі. Оларды балық және ет тағамдарын дайындауда сирек пайдаланады. Өйткені айқын дәм мен иіске ие бола отырып, олар өзіндік татымды дәмі мен негізгі өнімнің иісін басып тастауы мүмкін. Оларды саңырауқұлақ сорпасында (кептірілген саңырауқұлақтардан) және ақ ұнды қуыруда дайындайды.
Саңырауқұлақ тұздығын дайындауда шала қуырылған ұнды біртіндеп саңырауқұлақ тұздығымен біріктіреді, бірнеше минут қайнатып, тұз қосып дәмдеп, сүзгіден өткізеді. Гарнирді бөлек дайындайды: басты пиязды сабандап турап, 5-7 минут шала қуырады, қайнатылып туралған саңырауқұлақтарды қосады, бірге тағы да 3-5 мнут шала қуырады. Гарнирді тұздықпен біріктіріп, 10-15 минут аралығында пісіреді.
Егер пиязбен саңырауқұлаққа шала қуыруда қызанақ езбесін қосатын болса, саңырауқұлақты томат тұздығы болады. Егер бұл тұздыққа жуылған мейіз, сүйексіз қара өрік, қант, сірке суы, түйірлі қара бұрыш, лавр жапырағын қосып, 10-15 минут пісірсе, қышқылтым-тәтті саңырауқұлақ тұздығы шығады.
7.4. Сары майдан тұздықтар мен қоспалар
Бұл тұздықтар өте калориялы, бірақ құрамында майдың көптігі асқорыту темірлерінің қызметін әлсіретеді. Асқазан шырынының бөлінуін ынталандыру үшін бұл тұздықтарға лимон қышқылын немесе шырын қосады.
Майлы қоспаларды бутербродтар мен ет және балық тағамдарын әрлеу үшін пайдаланады.
Кептірілген нанды тұздық. Сары майды ылғалы жоғалып, ашық қоңыр түсті болғанша, қыздырады. Одан кейін майды сүзгілеп, оған үгітілген кептірілген бидай нанын, тұз, лимон шырынын немесе қышқылын қосады. Піскен қырыққабатқа, майлы емес піскен құс етіне қосып береді.
«Польшалық» тұздығы. Жібітілген сары майға майдалап туралған бітеу етіп піскен жұмыртқа, ақжелкен немесе аскөк көгін, тұз және лимон қышқылын қосады.
Арзандату мақсатында «Польшалық» тұздығын балықты негізгі ақ тұздықта әзірлейді: ақ тұздыққа сары май мен басқа да құрамды салады. Осындай технологиямен дайындалған тұздық табиғи тұздыққа қарағанда калориясы аз.
Тұздықты пісірілген майлы емес балыққа қосып береді.
«Голландтық» тұздығы. Оны да табиғи немесе ақ тұздықта даярлайды. Табиғи голландтық тұздықты әзірлеуде жұмыртқа сарысына салқын қайнаған су, сары майдың 1/3 бөлігін қосып, 75-80°С температурада сулы жылытқышта қоюланғанша үздіксіз араластыра отырып, пісіреді. Артынша жақсылап араластырып және аздап шайқап, жұқа ағыспен қалған майды құяды.
Бұл тұздықты тұз және лимон шырынымен дәмдейді.
Тұздықты ақ тұздықта дайындауда сары май мен жұмыртқа сарысын толығымен біріктіргеннен кейін жұмыртқа-май қоспасын ақ тұздыққа құяды, араластырып, дәмдейді. Температураны қатаң бақылау керек. Егер ол 80°С- тан асса, тұздық қатпарланып кетеді.
Тұздықты асылған көкөністер мен балықтардан дайындалған тағамдарға қосып береді.
Егер лимон шырынының орнына тұздықты сірке суымен дәмдейтін болса, сірке сулы «Голландтық» тұздығы шығады.
Егер «Голландтық» немесе сірке сулы «Голландтық» тұздығына ас қышасын қосса, қышалы «Голландық» тұздығы пайда болады. Оны қуырылған және асылған балық тағамдарына қосып береді.
«Голландтық» тұздығына қыздырылған тұздықсыз киеуілдерді қосқанда, киеуілді «Голландтық» тұздығы шығады. Оны бөктірілген, қайнатылған және қуырылған балық тағамдарына қосып береді.
Егер «Голландтық» тұздығына ұсынар алдында шайқалған кілегей қосып, мұқият араластыратын болса, кілегейлі «Голландтық» тұздығы шығады. Оны десерттік көкөністер (қояншөп, бөрікгүл) мен асылған және бөктірілген балық тағамдарына қосып береді.
Тәтті жұмыртқа тұздығы. Тот баспайтын болат ыдысқа бүтін жұмыртқалар мен сарыуыздарды салады, қант қосып, жақсылап ұнтақтайды. Артынша дайындалған құрғақ ақ шарап, лента түрінде аршылған лимон цедрасын немесе су мен лимон қышқылын қосады да, шайқағышпен үздіксіз шайқап, сулы жылытқышта 75-80°С температурада қою көбікті масса түзілгенше әбден қайнатады. Цедраны алып тастап, лимон шырынын қосады. Тұздықты пудинг, шарлотка, қояншөп, бөрікгүлдерге қосып береді.
Көк май. Жұмсартылған сары майға ұсақталған ақжелкен көгін, лимон шырынын немесе езілген лимон қышқылын қосып, мұқият араластырады. Диаметрі 3 см, массасы 200-300 г болатын сопақ нан пішінін беріп, тоңазытқышта салқындатады.
Қолданар алдында майды қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп домалақтап кесіп, антрекот, шыжып тұрған майда қуырылған балық және басқа да өнімдерге салып береді.
Майшабақ майы. Майшабақ сүбесін езгілеп, сары май және қышамен бірге шайқап, қалыпқа келтіреді және салқындатады. Ыстық асылған картоп, құймақтарға қосып береді және бутербродтарды дайындауда пайдаланады.
Сондай-ақ шабақ майын ірімшікпен, қышамен және т.б. өнімдермен дайындайды.
7.5. Өсімдік майынан жасалған тұздықтар мен дәмдеуіштер
Өсімдік майынан жасалған тұздықтар мен дәмдеуіштер азды-көпті түрлі дәмдеуіштер қосылған өсімдік майының қоюлатылған эмульсиясын білдіреді. Бұл топтағы негізгі тұздық майонез болып табылады. Қазіргі таңда өнеркәсіп майонездің түрлі құрамдағы және майлылықтағы (25-67%) кең сұрыпталымдарын өндіруде және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын- дарында әдеттегідей, майонезді өздігінен дайындаудың қажеттілігі жоқ. Дегенмен, рецептуралар жинағында классикалық майонездің рецептурасы мен технологиясы келтірілген.
Майонез. Шикі жұмыртқа сарысын дайын қышамен, тұзбен және қантпен ұнтақтайды. Алынған қоспада өсімдік майын әр кезде шайқағышпен жақсылап шайқап отырып, аздаған бөліктермен құйып эмулгирлейді. Барлық май сарыуызбен бірікккен кезде, қошқыл сары түсті біркелкі қою масса түзіледі.
Дайын болған тұздықты сүзгіден өткізеді. Бұл майонездегі майдың мөлшері 77%-ды құрайды. Майонезді дайындау үшін кез келген тазартылған және иіссіздендірілген сары май жарамды. Тазартылмаған май тұздықтың сапасын төмендетеді.
Алынған эмульсиядағы дисперсиялық орта – сарыуыз бен сірке суының суы, майда фаза – май, эмульгатор – жұмыртқа сарысының және қыша ақуызының фосфопротеидтері болып табылады. Қолмен шайқаудағы май түйіршіктерінің өлшемі 15-20 мкм шамасында. Егер миксер қолданатын болса, май түйіршіктерін 1-4 мкм-ге дейін ұсақтауға болады. Бұндай майонездің тұрақтылығы сақтауда айтарлықтай жоғары.
Мына себептер қатары эмульсияның бүлінуін тудыруы мүмкін: майонезді сақтауда 30°С-қа дейін көтерілген немесе -15°С-қа дейін төмендетілген температура, қақпағы ашық ыдыста немесе жарық сәуледе сақтау және т.б.
Рецептуралар жинағында сірке суы, май және сарыуыз бөлігін сірке сулы ақ тұздықпен ауыстыру арқылы арзандатылған майонез технологиясы келтірілген. Ақ тұздыққа арналған ұнды майсыз қыздырады, түсінің өзгермеуін қадағалап, 50°С-қа дейін салқындатады. Дәл осындай температурада салқындатылған сірке суымен араласқан сорпамен біріктіріп, қайнатуға дейін апарып, салқындатады. Мұндай майонездің калориялығы төмен.
Майонезді салаттарды дәмдеуге, балық, ет, жұмыртқа, көкөністен дайындалған салқын тағамдарға, сонымен қатар, туынды тұздықтардың бүтін қатарын дайындау үшін пайдаланады.
Қаймақты майонезді дайын майонезге қаймақты қосып, қоспаларды араластыру арқылы алады.
Негізгі майонез секілді пайдаланады.
Тоңбалы майонезді алу үшін етті немесе балықты тоңбаны сұйық күйге дейін ерітеді, майонезге қосып, салқында жартылай қою күйге дейін шайқайды. Бұл тұздықты ет, балық, құс еті және т.б. тағамдарды дайындау үшін қолданады.
Карнишонды майонезді алу үшін карнишондарды майдалап турап, майонезбен біріктіреді. «Южный» тұздығын қосып, араластырады.
Ет пен балықтан дайындалған салқын және ыстық тағамдарға қосып береді.
Көкті майонезді майонезге саумалдық езбесін, майдалап туралған ақжелкен, аскөк және шырғалжың көгін және «Оңтүстік» тұздығын қосу арқылы алады. Шырғалжың көгін алдын ала жидітеді.
Тұздықты ет пен балықтан дайындалған салқын және ыстық тағамдарға қосып береді.
Ақжелкекті майонезді майонезге жидітіліп және салқындатылған езілген ақжелкекті қосу арқылы алады.
Балық, турама толтырылған балық, кілкілдек, асылған ет өнімдерінен жасалған тағамдарға қосып береді.
Қызанақ және пиязды майонезді алу үшін басты пиязды майдалап турайды, өсімдік майына қызанақ езбесін қосып, 5 минут ішінде шала қуырады да, қант салып, салқындатады. Пияз және қызанақты, ұсақтап туралған ақжелкен көгін, жидітілген шырғалжыңды майонезге салып, араластырады.
Асылған салқын және қуырылған балықтан жасалған тағамдарға қосып береді.
Дәмдеуіштер. Көбіне салат және қышалы дәмдеуіштерді қолданады.
Салатты дәмдеуішті өсімдік майын сірке суы, тұз, қант және түйіршікті қара бұрышпен араластырып дайындайды. Бұл жағдайда эмульсия тұрақсыз болып құрылады, эмульгатор ретінде бұрыш бөлшектері шығады, бірақ бұл әлсіз эмульгатор, сондықтан эмульсия тез бұзылады. Осының салдарынан әр қолданыс алдында эмульсияны уақытша қалпына келтіру үшін қоспаны сілкіп шайқайды. Оны салат, винегретті дәмдеу үшін қолданады.
Қышалы дәмдеуішті дайындау үшін қышаны тұз және құмшекермен ұнтақтайды және алынған қоспада майды эмулгациялайды. Бұл ретте эмульсия тұрақты болып шығады. Өйткені қыша эмульгатор ретінде бұрыштан асып түседі. Соңында сірке суын қосады. Дәмдеуішті майшабақтан дайындалған тіскебасарларға қолданады.
Рецептуралар жинағының 1-бағаны бойынша дәмдеуішті жұмыртқа сарысын қосу арқылы әзірлейді. Оны салаттарды дәмдеу үшін пайдаланады. Сарыуыз бен майларды дәмдеуішке майонезге қарағанда аз, ал сірке суын көбірек қосады.
Бақылау сұрақтары
Тамақтану мен аспаздықта тұздықтардың мәні қандай?
Тұздықтар қалай салаланады?
Негізгі қызыл туынды тұздықтың сұрыпталымдары, технологиясы мен тағайындалуы қандай?
Етті ақ туынды тұздықтың сұрыпталымдары, технологиясы мен тағайындалуы қандай?
Саңырауқұлақты тұздықты дайындаудың технологиясы қандай? Саңырауқұлақты тұздықтың туындыларының сұрыпталымдары мен тағайындалуын айтып шығыңыз.
Сары майда дайындалған тұздықтардың сұрыпталымдары, технологиясы мен тағайындалуы қандай?
Майлы қоспалардың сұрыпталымдары, технологиясы мен тағайындалуы қандай?
Майонез жасаудың технологиясы қандай? Оның туындыларының сұрыпталымдары мен тағайындалуын атап шығыңыз.
Өсімдік майында дайындалған дәмдеуіштердің сұрыпталымдары, технологиясы мен тағайындалуы қандай?
8 тарау ҚУЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН КӨКӨНІСТЕР МЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР, ЖАРМАЛАР, БҰРШАҚ ЖӘНЕ МАКАРОН ӨНІМДЕРІНЕН ӘЗІРЛЕНГЕН ТАҒАМДАР МЕН ГАРНИРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қуырылған көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар мен гарнирлер
Жылумен өңдеуде өзгеруі көкөністердің жұмсаруына әсер ететін негізгі заттек протопектин болып табылады. Құрамында тұрақтылығы аз протопектин бар көкөністерді ғана қуыруға болады. Олар: картоп, кәді, баялды, пияз, саңырауқұлақ және т.б. Аса тұрақты протопектинді көкө- ністерді алдын ала қайнатады немесе бөктіреді, ұсақтап, котлет, зразы, басқа да өнімдер (қызылша, сәбіз, қырыққабат) түрінде қуырады. Кейде картопты да алдын ала қайнатып алып, қуырады. Бұл жағдайда ол ерекше дәмге ие болады.
Қуырылатын көкөністерді бөліктеп, кесектеп, текшелеп, тілімдеп, кейде сабандап турайды.
Көкөністерді аз мөлшердегі майда және шыжып тұрған майда қуырады. Бірінші жағдайда табада немесе жайпақ қаңылтыр табада майды (аспаздық май немесе өсімдік майы) 150-160°С температурада қыздырады. Дайын тұрған көкөністерді салып, дайын болғанша қайта-қайта араластыра отырып, қуырады; көкөністерді қуырып болуға 5-7 минут қалғанда тұздайды. Бұл жағдайда 1 кг көкөніске 30-75 г май тұтынылады. Котлеттер мен зразыларды екі бетінде де қызғылт қабықшалар пайда болғаннан кейін қуыру шкафында дайын болғанша пісіреді.
Екінші жағдайда қуырма ыдыстағы майды (фритюр майы немесе 1:2 ара қатынасындағы өсімдік майы мен аспаздық майдың қоспасы, немесе пальма майы) 175-180°С-қа дейін қыздырады, дайын көкөністерді салып, дайын болғанша қуырады, елекке түсіріп, майын ағызады да жұқалап үгілген тұзбен тұздайды. Майдың шығыны 1 кг көкөніске 30-50 г.
Қуырылған көкөністер мен саңырауқұлақтарды маймен, қаймақпен, тұздықтармен, жаңа піскен немесе тұздалған қиярлармен, қызанақтармен бірге береді. Майдалап туралған ақжелкен, аскөк көктерін себуге болады.
Негізгі тәсілмен қуырылған картоп. Картопты кесектеп, бөліктеп, текшелеп немесе тілімдеп турап, крахмалын кетіру үшін салқын суда жуып тазартады. Өйткені крахмал қуырғанда бөліктердің жабысып қалуын тудырады. Одан кейін картопты кептіріп, қабаты 5 см-ден аспайтын маймен қыздырылған таба немесе жайпақ қаңылтыр табаға салып, 15-20 минут қызарып піскен қабықша пайда болғанша әлсін-әлсін араластыра отырып қуырады. Егер осы уақытқа дейін картоп толығымен жұмсармаса, оны қуыру шкафына салады. Қуырылып бітуіне 5-7 минут қалғанда тұздайды.
Картопты электртабада қуырған кезде қуыру соңында қақпағын жауып қояды және картопты қуыру мен бумен өңдеуді үйлестіре отырып дайын болғанша пісіреді.
Берер алдында картопқа еріген маргаринді немесе қаймақты құйып, көк себеді. Қуырылған картопты гарнир ретінде де пайдаланады.
Картопты пиязбен немесе пияз және саңырауқұлақпен дайындауға болады. Ол үшін жарты шеңбермен немесе бөлікпен кесілген пиязды шала қуырады. Дайын тұрған бөліктеп туралған балғын ақ саңырауқұлақтарды немесе тілімдеп туралған қозықұйрықтарды қуырады. Берер алдында қуырылған картопты пиязбен немесе пияз және саңырауқұлақтармен араластырады.
Қайнатылып қуырылған картоп. Картопты қабығымен қайнатады, тазалап, жұқа тіліктермен кесіп, тұздап, қыздырылған майы бар табада әлсін- әлсін қағып-сілкіп қуырады. Берер алдында картопқа еріген маргарин немесе қаймақ құяды. Оған көк пияз сепсе де болады.
Шыжып тұрған майда қуырылған ұзынша етіп кесектеліп туралған картоп (фри картобы). Шикі картопты ұзынша етіп кесектеп турап, крахмалын кетіру үшін жуады, кенеп майлықтармен құрғатып, шыжып тұрған майға салады да, дайын болғанша 8-10 минут қуырады. Майы ағу үшін кепсерге салып, жұқалап тартылған тұз себеді. Егер картопты құрғатпаса, қарқынды булану кесірінен шыжыған май қатты көбіктеніп, қуырма ыдыстың сыртына шығып кетеді. Оған қоса, оның температурасы бірден төмендеп, картоп қуырылудың орнына буланады.
Фри картобын гарнир ретінде қолданады және өз алдына жеке тағам ретінде еріген маргарин мен сары май құйып және туралған көк сеуіп, ұсынады. Картопқа қосымша ретінде жаңа піскен, тұздалған немесе маринадталған қияр және қызанақ, жаңа піскен немесе ашытқан ақбас қырыққабатынан жасалған салат береді.
Шыжып тұрған майда сабан түрінде қуырылған картоп (пай картобы). Шикі картопты сабандап турап, әрі қарай жоғарыда атап өтілгендей етіп әзірлейді, тек 5-6 минут қуырады. Гарнир ретінде пайдаланады.
Қуырылған қырыққабат. Ақбас қырыққабатын қылыштап, кольраби қырыққабатын дөңгелектеп турап, брюссель және гүлді қырыққабатты бөлек алып бөлшектейді. Қырыққабатты қайнап жатқан тұздалған суға салып, қайнауы қайта қалпына келгеннен кейін 5-10 минут ішінде қайнатады. Піскен қырыққабатты кепсерге салып, артынша қуырып, үстіне жұмыртқалар қосып (рецептуралар жинағының 1-ші бағаны) немесе кепкен нан сеуіп (рецептуралар жинағының 2-ші бағаны), қуыру шкафында 3-5 минут ішінде дайын болғанға дейін пісіреді.
Қызанақ, бәді, баялды және басқа да қуырылған көкөністер. Дайын тұрған қызанақтарды дөңгелектеп кеседі, тұздап, екі бетін де қуырады. Баялдыны жуып, қабығынан тазартады, дөңгелектеп кесіп, тұздап, ащы заттектерінен арылту үшін 10-15 минут қоя тұрады. Одан кейін жуып- шайып, құрғатып, ұнға аунатып, екі бетін да қуырады.
Бәдіні тығыз мәйегі және майда тұқымдарынан және асқабақты қабығынан тазалап, асқабақ пен үлкен бәділердің тұқымдарын алып тастайды. Дайын көкөністерді дөңгелектеп немесе тілімдеп турап, тұз себеді, ұнға аунатып, екі бетін де бірдей қуырады. Баялды мен асқабақты қуырыу шкафында дайын болғанша пісіреді.
Берер алдында қуырылған көкөністерге қаймақ, сүтті тұздық немесе қаймақты тұздық немесе қызанақты қаймақ тұздығын құйып, ұсақталған ақжелкен не аскөк көгін себеді.
Қызанақтармен немесе саңырауқұлақтармен қуырылған кәділер. Кәділерді, қызанақтарды және саңырауқұлақтарды қуырады. Берер алдында тәрелкенің ортасына кәділерді, жан-жағына қызанақтарды салады. Саңырауқұлақтарды дөңгелек кәділердің үстіне салып, қаймақ немесе қаймақ тұздығы, қазанақты қаймақ тұздығын құяды да, көк бұтақшаларымен сәндейді немесе майдалап туралған көктерді себеді.
Қаймақты тұздықтағы саңырауқұлақтар. Қайнатылып кептірілген саңырауқұлақтарды, жаңа піскен ақ саңырақұлақтарды, қозықұйрықтарды немесе қайнатылған тыржыңқұлақтарды тілімдеп не бөліктеп турап, ауық- ауық араластыра отырып, дайын болғанша қуырады. Дайын болған саңырауқұлақтарға қаймақ тұздығын құйып, 5-10 минут қайнатады. Саңырауқұлақтарды шала қуырылған пиязбен де дайындауға болады.
Гарнир ретінде қуырылған саңырауқұлақтарға қайнатылған картоп беруге болады.
Табиғи көкөністерден бөлек қуыру әдісі арқылы көкөністі котлет массаларынан жасалған өнімдерді де дайындайды.
Картопты котлеттер. Аршылған картопты қайнатады, құрғатып, ыстық күйінде езгілейді, 50-40°С-қа дейін суытып, одан кейін жұмыртқаларды салып мұқият араластырады. Массадан 1 порцияға 2 данадан келетіндей етіп котлеттерді қалыпқа келтіреді. Кепкен нанға немесе ұнға аунатып, екі бетін де негізгі әдіспен қырады.
Котлеттерді еріген маргарин не май құйып немесе бір жағына қаймақ, қызанақ тұздығы, қаймақ тұздығы, пиязды қаймақ тұздығы немесе саңырауқұлақ тұздығын құйып береді. Қаймақ пен тұздықты тұздық ыдысымен беруге болады.
Картоп котлерттерін ірімшікпен әзірлеуге болады. Котлет массасына үкпе сүзбе, ұн және ерітілген сары май немесе маргарин қосады. Оларды картоп котлеттері секілді қуырады. Берер алдында ерітілген маргарин не май немесе бір жағына қаймақ құйып береді.
Картопты зразылар. Котлет массасынан қалыңдығы 1 см шамасында болатын, 1 порцияға 2 данадан келетіндей етіп шелпек жасайды. Әрқайсысының ортасына турама салады. Шелпектердің жиегін тураманың үстінен біріктіріп, жабыстырады. Бүйірі сопақшалау кірпіш пішінін беріп кепкен нанға немесе ұнға аунатады да, негізгі тәсілмен қуырады.
Турама үшін басты пиязды сабандап турап, шала қуырады. Қайнатылған саңырауқұлақтарды майдалап турап, қуырады, сәбізді сабандап турап, маймен бөктіреді, жұмыртқаны бітеу етіп пісіреді. Пиязды қуырылған саңырауқұлақтармен немесе ұсақталып туралған бітеу етіп піскен жұмыртқалармен немесе бөктірілген сәбізбен араластырып, тұздап, ұнтақталған бұрышпен дәмдейді.
Берер алдында зразыларға ерітілген майды, қаймақты немесе қызанақты, қаймақты не саңырауқұлақты тұздықтарды құяды.
Картопты крокеттер. Аршылған картопты қайнатып, ыстық күйінде езіп, 50°С температураға дейін суытып, бидай ұнының 1/3 бөлігі мен жұмыртқа сарысын қосып, араластырады. Алынған массадан 1 порцияға 3-4 данадан келетін әртүрлі пішіндегі (шар, алмұрт, цилиндр) крокеттер жасайды. Қалған ұнға аунатып, ақуыздарда дымқылдатады, кепкен нанға аунатып, шыжып тұрған майда қуырады.
Крокеттерді қозықұйрықтармен дайындағанда картоп массасына майдалап туралған саңырауқұлақтар мен пияз қосады. Берер алдында крокеттерге пиязды және қиярлы қызыл тұздықты немесе қызанақты, саңырауқұлақты тұздықты құяды.
Сәбізді котлет. Сәбізді жұқалап сабан түрінде кесіп немесе көкөніс турағыштан өткізіп, маймен бірге сүтте немесе сорпа қосылған сүтте не болмаса суда бөктіреді. Бөктіру соңында ақырын ағыспен ұнтақ жармасын сеуір, жақсылап араластырып, дайын болғанша пісіреді.
Алынған массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, тұз, жұмыртқа, үкпе сүзбе қосады (рецептуралар жинағының 2- бағаны бойынша). Араластырып, 1 үлеске 2 данадан келетіндей етіп котлеттерді пішіндейді, кепкен нанға немесе ұнға аунатып, аударып қуырады. Берер алдында май құяды немесе бір қырына қаймақ не сүтті, қаймақты тұздық құяды.
Қырыққабатты котлеттер. Қырыққабатты сабандап турап немесе майдалап кеседі, артынша сәбіз сияқты бөктіріп, котлет массасын да дәл солай дайындайды (сәбізден дайындаған секілді). Қырыққабатты котлеттерді алмамен әзірлегенде тұқымды ұясы алынған алманы сабандап турайды, аз мөлшердегі майды қосып бөктіреді және дайын қырыққабат массасымен біріктіреді. Әрі қарай дәл сәбізді котлеттер секілді дайындап, дастарханға тартады.
Қызылшалы котлеттер. Қызылшаны қабығымен қайнатады, одан кейін тазалайды, езгілейді немесе көкөніс турағыштан өткізіп, маймен қыздырады. Артынша ұнтақ жармасын сеуіп, дайын болғанша қайнатады. Әрі қарай сәбізді котлеттер секілді дайындайды. Қаймақпен, немесе сүтті, қаймақты тұздықпен не болмаса қаймақты пиязбен береді.
8.2. Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар
8.2.1. Жалпы мәліметтер
Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар өте ауқымды және алуан түрлі тағамдар тобы. Рецептуралар жинағы оны тұздықта піскен көкөністер, көкөністі пісірмелер және турамалы көкөністер түрлеріне бөледі. Бірақ бірінші топ бөлігін пісірілген турамасыз көкөністер деп атаған дұрысырақ, өйткені оған құрамында тұздығы болмауы да мүмкін тағамдар жатады.
Көкөністер мен саңырауқұлақтарды алдын ала қайнатып, бөктіріп, бұқтырады немесе қуырады, ал кейде шикілей қолданады. Көкөністерді түрлі өнімдермен ал кейде тұздықтармен де бірге үйлестіре пісіреді. Пісіруге дайындалған өнімдерді май жағылған жайпақ қаңылтыр табаға немесе үлесті табаларға салады. Өнімнің үстіне пісіру алдында май сеуіп немесе сумен араласқан жұмыртқа жағады. Кейбір өнімдерге үгілген ірімшік немесе ұнтақталған кепкен нан себеді. Қуыру шкафында 250-280°С температурада өнімнің үстіңгі қабатында қызарған қабықша пайда болғанша және ішіндегі температура 80°С болғанша пісіреді. Бірақ тағам массалары бәсең қыздырылатынын және пісірмелерді дайындап шығаруда пісірме күйіп кетпес үшін температураны өнімнің ортасында қажетінше жететіндей етіп реттеу керек.
8.2.2. Пісірілген турамасыз көкөністер
Көкөністерді қаймақ немесе орташа қоюлықтағы сүт тұздығымен пісіреді: біріншісімен – картоп, саңырауқұлақтар, гүлді қырыққабат, кәділерді, екіншісімен – гүлді қырыққабат, кәділер, бөрікгүлді. Пісіру алдында картопты қайнатады немесе қуырады; саңырауқұлақтарды, гүлді қырыққабатты, бөрікгүлді қайнатады; кәділерді қуырады.
Қаймақты тұздықта піскен картоп. Рецептуралар жинағының 1-бағаны бойынша шикі аршылған картопты текшелеп турап, қуырады, 2-3-бағандар бойынша тазартылған түйнектерді тұздалған суда қайнатады, суын төгіп, картопты құрғатып, бөліктермен турайды (жас картопты түйнегімен қолданады).
Дайын картопты үлесті май жағылған табаларға немесе жайпақ қаңылтыр табаға салады. Қаймақты тұздық құйып, үгілген ірімшік сеуіп, май сеуіп, пісіреді. Берер алдында ұсақтап туралған көктерді себеді.
Жұмыртқамен пісірілген көкөністер. Картоп, пияз және қызанақтарды қуырып, көк пияз қосады да, үстіне шайқалған жұмыртқаларды қосып, пісіреді.
Табадағы көкөністі ащы көже. Жаңа піскен немесе ашытылған қырыққабатты бұқтырып, шала қуырылған пияз, аршылған және ромб тәрізді туралып шарпыланған тұзды қиярлар, туралған тұзды саңырауқұлақтар және киеуілдер қосады. Көкөністерді табаға төбешік етіп салып, үгілген ірімшік пен кепкен нан себеді және май сеуіп, пісіреді. Дайын болған ащы көженің үстін лимон бөлігімен, зәйтүнмен, маринадталған жемістермен әсемдейді.
8.2.3. Турама салынып піскен көкөністер
Тәтті бұрыш, баялдылар, кәділер, қырыққабат, қызанақтар және картоп, шалқан, қызылшаны турамамен толтырады.
Турамалау алдында бұрыштан тұқымдарын алып тастап, қайнап жатқан тұзды суда 3-5 минут қайнатады. Жас кәділерді көлденіңінен ұзындығы 4-5 см цилиндрлерге кеседі. Тұқымдарын мәйек бөлігімен алып тастап, тұзды қайнап тұрған суда жартылай дайын болғанша пісіреді. Баялдыларды да цилиндрлеп кеседі, бірақ қайнатудың орнына тұз сеуіп, ащы шырыны бөліну үшін 10-15 минут қалдыра тұрады да, кейін жуып-шаяды. Қызанақтардың төбесін кесіп, тұқымдарын алып тастайды.
Қырыққабаттың қауданын өзегін алып тастағаннан кейін ыстық суға салып, 12-15 минут ішінде пісіреді. Содан соң алып, суын ағызып, жапырақтарға бөлшектейді.
Көкөністі, күріш қосылған көкөністі, күрішті, саңырауқұлақ қосылған күрішті, күріш қосылған етті турамалармен толтырады.
Көкөністі турамамен толтырылған бұрыш. Қырыққабатты бұқтырып, шала қуырылған сәбіз, ақжелкен, пияз, қызанақ езбесі, қант және сірке суын қосып, дайын болғанша бұқтырады. Алынған турамамен дайындалған тәтті бұрышты толтырады да, қызанақ тұздығын құйып пісіреді. Берер алдында бұрышқа өзінде піскен тұздықты құйып, ұсақталған көктерді себеді.
Көкөністі голубцы. Қырыққабаттың өзексіз қауданын тұзды суда жартылай дайын болғанша пісіреді, жапырақтарға бөлшектеп, жапырақ- тардың шыбықтарын аздап жаншылайды. Қырыққабаттың дайын жапырақ- тарына тураманы салып, хатқалта түрінде бүктейді. Жартылай фабрикат- тарды жайпақ қаңылтыр табаға немесе табаға салып, қуырады. 2/3 биіктікте қаймақты немесе қызанақ қосылған қаймақты тұздықты құйып, пісіреді.
Турама үшін майдалап туралған сәбіз, шалқан және басты пиязды шала қуырып, ақжелкен көгін қосады. Ал саңырауқұлақтарды қуырып, қайнатылған шашыраңқы күрішпен және бітеу етіп пісіріліп, майдалап туралған жұмыртқамен біріктіріп, барлығын араластырады. Кептірілген саңырауқұлақтарды қолданған жағдайда оларды салқын суға салып, 3-4 мәрте жуады да қайнатады. Артынша майдалап турап, қуырады.
Көкөністі турамамен толтырылған кәділер. Дайын кәділерді (8.1- бөлімде келтірілген) көкөністі турамамен толтырып, май жағылған жайпақ қаңылтыр табаға салады. Үгілген ірімшік сеуіп, пісіреді. Содан кейін кәділерге қаймақ тұздығын немесе қызанақ қосылған қаймақ тұздығын не болмаса қаймақтың өзін құйып, қайнатады.
Турама үшін сабан түрінде немесе ұзыншалап туралған ақбас қырыққабатын қуырады; сәбіз бен ақжелкенді немесе балдыркөкті текшелеп не сабан түрінде турап, шала қуырады. Бөлек жартылай шеңбермен туралған басты пиязды шала қуырып, оны қырыққабат және тамырсабақтармен біріктіреді. Шала қуырылған қызанақ езбесін, майдалап туралған және аздап қуырылған көк пиязды, жасыл бұршақты, үгітілген сарымсақты, ұнтақталған бұрышты қосып, араластырады және қыздырады.
Көкөністі турамамен толтырылған баялдылар. Дайын баялдыларды көкөністі турамамен немесе саңырауқұлақ не жұмыртқа қосылған көкөністі турамамен толтырып, жайпақ қаңылтыр табаға бір қатар етіп салады. Аз мөлшердегі су не сорпа қосып, дайын болғанша пісіреді. Берер алдында қаймақты немесе қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды.
Турамасы үшін сәбіз, ақжелкен (балдыркөк) және басты пиязды алдыңғы тағамдағыдай дайындап, араластырады. Шала қуырылған қызанақ езбесін, қуырылған қызанақтарды, үгітілген сарымсақты қосып, қайнауға дейін апарады. Содан кейін турамаға бөліктеп туралған қайнатылған жұмыртқалар немесе майдалап туралып қуырылған саңырауқұлақтар және тұз, бұрыш қосады.
Турамамен толтырылған картоп. Картопты шикі күйінде немесе жартылай асылған күйде турамалауға болады. Ең ірі және тегіс түйнектің жоғарғы бөлігін алып тастайды және өзегін ойып алады. Пайда болған шұңқырды қаймақпен қуырылған саңырауқұлақтармен толтырып, кесілген «қақпағымен» жабады. Жайпақ қаңылтыр табаға салып, қаймақты тұздықты құяды, үгітілген ірімшік сеуіп, пісіреді.
Сүзбе және мейізді турамамен толтырылған қызылша. Қызылшаны асып, тазалап, тамырының жоғарғы жағын кесіп тастайды, ішіне шұңқыр жасау үшін ойып алып, ішін турамамен толтырады.
Турама үшін сүзбені езгілеп жуылған мейізбен, қантпен, ұнтақ жармасымен және шайқалған жұмыртқалармен біріктіреді. Барлығын араластырып, ойып алынған ұсақталған қызылшаны қосады.
Берер алдында турамамен толтырылған қызылшаны маргарин жағылған үлесті табаға салып, пісіреді. Тураманың қызуы үшін (турамаға қосылған ұнтақ жармасы шикі болатын) қажетті уақыт – 1 сағат шамасында. Сондықтан қыздыру температурасы қызылша күйіп кетпесі үшін 180°С-тан жоғары болмауы керек.
8.2.4. Көкөністі пісірмелер мен пудингтер, картоптан жасалған бәліштер мен ватрушкалар
Көкөністі пісірмелерді картоптан, қырыққабаттан, сәбізден, асқабақтан, түрлі көкөністердің қоспаларынан әзірлейді. Көкөністерді алдын ала біркелкі массаға айналдырады.
Көкөніс немесе саңырауқұлақтар қосылған картопты пісірме. Аршылған картопты бүтін түйнектерімен қайнатады, құрғатып, ыстық күйінде езгілеп, араластырады. Алынған массаның жартысын май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ қаңылтыр табаға қалыңдығы 2 см етіп салады. Содан кейін қалған картоп массасымен жабылған тураманы біркелкі етіп салады. Өнімнің үстіңгі қабатын тегістеп, қаймақ жағып, қасықпен өрнектейді, кепкен нан сеуіп, май сеуіп, пышақпен екі-үш жерден тесіп, пісіреді.
Турама үшін сабандап кесілген немесе туралған қырыққабатты қуырады: сабандап немесе бөліктеп туралған басты пияз, сәбізді шала қуырады; кептіріліп қайнатылған саңырауқұлақтарды немесе жаңа піскен ақ қозықұйрықтарды сабандап немесе бөліктеп турап, аздап қуырады. Дайындалған қырыққабатты немесе саңырауқұлақ, сәбіз, пияз, асылып туралған жұмыртқаларды араластырып, бұрышпен дәмдейді (ақжелкен не болмаса аскөк көгін қосуға болады).
Дайын пісірмені үлеспен кеседі. Берер алдында қаймақ немесе қызанақты, қаймақты не саңырауқұлақты тұздық құяды.
Картопты орама. Картоп массасын пісірмедегідей таза ылғал майлыққа қойып, ортасына тураманы салып, шелпектердің жиектерін тураманың үстінен біріктіріп, орама пішінін беріп жабыстырады. Оны май жағылған жалпақ табаға аунатады. Ораманың үстіңгі қабатына қаймақ жағып, кепкен нан себеді. Екі-үш тесік жасап, май сеуіп, пісіреді.
Жұмыртқа және ұнды картоп массасынан бәліш, ватрушка сияқты өнімдерді әзірлеуге болады.
Картопты бәліш. Саңырауқұлақты турамадан, шала қуырылған көкөністерден немесе өзге шикізаттармен дайындайды. Пішінделген бәілштерге жұмыртқа жағып, пісіреді.
Ватрушкалар. Ватрушкалар үшін картоп массасын жаймалап жазып, дөңгелек ойықтар кесіп, оларды шұқырлап, сүзбелі (сүзбені қант және қаймақпен езгілейді) немесе басқа да турамамен толтырады.
Қырыққабатты пісірме. Рецептуралар жинағының 1-бағаны бойынша майдалап туралған және маймен бөктірілген қырыққабатты жұмыртқалармен араластырып пісіреді. 2 және 3-бағандар бойынша шала қуырылған қырыққабатқа ұнтақ жармасын қосып, ауық-ауық араластыра отырып, дайын болғанша пісреді. 50-40°С-қа дейін салқындатып, шикі жұмыртқаларды қосып, араластырады. Қырыққабат массасын май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ табаға тегіс қабатпен салып, пісіреді. Берер алдында қаймақ немесе сүтті, қаймақты, қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды.
Сәбізді пісірме. Пісірме массасын котлеттерге дайындағандай етіп дайындайды. Езілген сүзбе мен қантпен немесе тек қантпен (рецептуралар жинағының 3-бағаны) араластырып, дайындалған жайпақ табаға салады, үстіңгі жағын тегістеп, қаймақ жағады да, өрнек салып пісіреді. Берер алдында май немесе қаймақ не болмаса сүтті, қаймақты тұздық құяды.
Сәбіз бен үрме бұршақты пісірме. Дайындалған үрме бұршақты дайын болғанша қайнатып, езгілейді. Жартылай қуырылып езгіленген сәбізді езгіленген үрме бұршақпен араластырып, жұмыртқа қосады. Массаны алдын ала дайындалған табаға салып, қаймақ жағады, кепкен нан сеуіп, пісіреді. Үрме бұршақты жасыл бұршақпен ауыстыруға болады. Оны езгілемей енгізеді.
Берер алдында қаймақ құяды немесе қаймақты бөлек береді.
Асқабақты пісірме. Дайын асқабақты ұсақтайды. Қайнап жатқан сүтке тұз, майдың бөлігін, ұсақталған асқабақты, дайын тарыны салып, қоюланғанша пісіреді. Массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, оған жұмыртқаларды қосып араластырады. Май жағылған жайпақ табаққа салып, үстіңгі қабатына қаймақ жағады да, қасықпен өрнектеп, пісіреді. Берер алдында қаймақ немесе сүтті не қаймақты тұздық құяды.
Көкөністі пісірме. Сабандап туралған сәбізді, қырыққабатты, шалқанды бөлек-бөлек шала қуырып, араластырып, жартылай шеңбер пішінінде жартылай қуырылған пиязды қосып, ұнтақ жармасын салып, қоюланғанша пісіреді. Алынған массаны қайнатылып езілген картоппен, жасыл бұршақпен араластырып, 50-40°С-қа дейін салқындатады. Жұмыртқаларды қосып, араластырады. Массаны дайын жайпақ табаға не табаға салып, қаймақ жағып, кепкен нан немесе ірімшікпен араластырылған кепкен нан сеуіп пісіреді. Берер алдында қаймақ немесе май не болмаса сүтті, қаймақта не қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды.
Көкөністі пудинг. Майда текшемен туралған сәбізді және туралған қырыққабатты сүт пен майға бөктіреді; майда текшемен туралған картоп, кәділерді қуырады; гүлді қырыққабатты қайнатады. Дайын болған көкөністерді араластырып, оларға жасыл бұршақ қосып, ұнтақ жармасын сеуіп, қоюланғанша пісіреді. Массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, сарыуыз бен шайқалған жұмыртқа ақуызын қосып, ептеп араластырады. Май жағылған жайпақ табаға не қалыптарға салып, кепкен нан себеді. Үстіңгі қабатына қаймақ жағып немесе үгітілген ірімшік сеуіп, пісіреді. Қаймақпен немесе сүтті не қаймақты тұздықпен береді.
Асқабақ пен алмадан әзірленген пудинг. Дайын асқабақты майда текшемен турап, сүтте маймен бірге дайын болғанша бөктіреді. Тұқымынан тазартылған алманы майдалап текшелеп турап, суда қантпен бірге бөктіреді. Асқабақты алмамен араластырып, артынша ұнтақ жармасын қосып, қоюланғанша пісіреді. Алынған массаны 50-40°С-қа дейін салқындатып, қантпен езгіленген жұмыртқа сарысын қосады. Араластырып, одан кейін ептеп шайқалған жұмыртқа ақуызын енгізеді. Массаны май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатын тегістеп, кепкен нан сеуіп, пісіреді. Берер алдында май немесе қаймақ не болмаса қаймақ тұздығын құяды.
Сәбізден әзірленген пудинг. Сәбіз массасын котлеттердікі секілді дайындайды. Рецептуралар жинағының 3-бағаны бойынша ұнтақ жармасының орнына сүтке салынып, еттартқыштан өткен бидай нанын пайдаланады. Араластыру барысында дайын массаға жұмыртқа сарысын, сосын шайқалған жұмыртқа ақуызын қосып, май жағылған және кепкен нан себілген (егер пудинг буда әзірленетін болса, қалыпқа тек май жағады) қалыпқа не жайпақ табаға салады. Пудингтің үстіңгі қабатына қаймақ жағып, өрнектеп, қуыру шкафында немесе буда пісіреді. Қаймақпен не болмаса сүтті не қаймақты тұздықпен бірге береді.
Сәбізден әзірленген суфле. Маймен бөктірілген сәбізді 50-40°С-қа дейін салқындатып, езгіленген сүзбемен, қантпен, жұмыртқа сарысымен және шайқалған ақуызымен біріктіреді. Алынған массаны май жағылған қалыптарға немесе үлеспелі табаларға салып пісіреді немесе буда қайнатады.
8.3. Жармалардан әзірленген тағамдар
Котлеттерді, пісірмелерді, басқа да өнімдер мен тағамдарды дайындау үшін жармаларды ең алдымен қайнатады. Бұл ретте бүгінгі таңда нарық бір жарманың әртүрлі, оның ішінде су сіңіргіш және май сіңіргіш (палау пісіргенде маңызды) қасиеттерге ие сан түрлі сұрыптарын ұсынатынын есепке алуымыз керек. Бұл жағдайға тән күріш болып табылады. Сөрелерден краснодарлық, үнділік, өзбектің «дезира», италяндық «арборио» және «рома» күріштерін көруге болады. Сонымен қатар, ақ сұрыптар мен қоңыр түсті күріштер де бар. Күрішті дәнінің пішініне байланысты да ажыратады – ұзын, орта түйіршікті және домалақ.
Күріштің пішіні мен қасиеттерінің арасында айқын өзара байланыс бар (сирек жағдайларды ескермегенде). Дәні қысқа немесе ағырақ болған сайын жұмсақ болып, суды көбірек сіңіріп, қаттырақ ісініп, жабысқақ бола түседі. Бұндай күріштер Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде, Қытайда және Жапонияда танымал.
Дәні ұзын болған сайын қаттырақ, түссіздеу, ал пісірген кезде көбіне ұзыныдығы бойынша ұлғаяды. Дұрыс пісіретін болса, бұл күріш шашыраңқы, жеңіл және үлпілдек болып шығады. Ол Үндістанда және онымен көршілес елдерде танымал.
Ресейде «Ресурс» кәсіпорны ерекше қалталардағы бумен өңделген шашыраңқы («Увелка») күрішті өндіреді. Күріш сол қалтада 20-25 минут ішінде көп мөлшердегі тұзды қайнаған суда піседі.
Ірімшік немесе қаймақ қосылған ұнтақ жармалы үзбе кеспе. Сүт пен су қоспасында немесе судың өзінде қою жабысқақ ботқа пісіреді (1 кг жармадан 3 кг шығатындай), 75-70°С-қа дейін салқындатып, шикі жұмыртқа және ерітілген маймен араластырады. Алынған массаны екі қасықтың не кондитерлік қапшықтың көмегімен үзбе кеспелерге бөліп (10-15 г-нан), тұздалған суда баяу қайната отырып 5-6 минут ішінде пісіреді.
Дайын үзбе кеспелерді кеселерге салып, ыстық күйінде маймен және үгітілген ірімшік не қаймақпен береді.
Котлеттер мен домалатпалар. Оларды тары, күріш, бидай және басқа да сүт пен су қоспасында не судың өзінде піскен қою жабыспалы ботқалардан әзірлейді. Тәтті тұздықпен берілетін котлеттер мен домалатпаларға көбіне ботқаны қантпен пісіреді; хош иістендіру үшін дайын ботқаға ванилин қосуға болады: рецептуралар жинағының 2-бағаны бойынша жұмыртқа қосады. Егер өнімдер саңырауқұлақты тұздықпен берілетін болса, қант пен ванилинді салмайды. Котлет (домалатпалар) массасына толтырма ретінде сүзбе мен сәбіз қосуға болады.
Дайын болған массадан котлеттер немесе домалатпалар жасайды, кепкен нанға аунатып, негізгі тәсілмен 10 минут ішінде қуырады.
Котлеттер мен домалатпаларды көбіне ыстық күйінде тәтті немесе сүтті, не болмаса саңырауқұлақты тұздықтармен береді. Қаймақпен, тосаппен, джеммен және повидломен оларды ыстық және салқын түрінде беруге болады.
Пісірмелер. Оларды түрлі жармалардан дәмді етіп сүзбемен, асқабақпен, жемістермен, мейізбен, цукаттармен әзірлейді. Пісірмелер үшін жабысқақ немесе шашыраңқы ботқа пісіреді. Оған май, жұмыртқа, қант және басқа да ингредиенттер қосады. Тәтті пісірмелер үшін ботқаға ванилин қосады. Дайын массаны май жағылып, кепкен нан себілген жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатына жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып пісіреді.
Пісірмелерді қаймақпен немесе маймен, не болмаса өрік не мүкжидек тұздығымен береді.
Қарақұмық ботқасы. Бұл өнім үшін шашыраңқы қарақұмық немесе бидай ботқасын пісіріп, 70-60°С-қа дейін салқындатады. Езілген сүзбе, қант, маргарин, шикі жұмыртқа қосып, араластырады. Содан кейін кәдімгі пісірме секілді әзірлейді. Маймен не қаймақпен береді.
Пудингтер. 60-70°С температурадағы жабысқақ ботқаға майда бөліктермен туралған цукаттарды, қантпен үгілген жұмыртқа сарысын, мейізді, ванилинді, майды араластырып, қою көбік болғанша шайқалған жұмыртқа ақуызын қосады. Қайтадан ептеп араластырып, май жағылып, кепкен нан себілген үлесті табаға немесе жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатын жұмыртқа және қаймақ қоспасымен жауып, пісіреді. Берер алдында өрік не мүкжидек тұздығын құяды, не болмаса тосаппен береді.
Атақты гурьевтік ботқа да пудинг болып табылады. Оны әзірлеу үшін жабысқақ ұнтақ ботқасын пісіріп, 70-60°С-қа дейін салқындатады. Сары май, қант және ванилинмен шайқалған жұмыртқа қосады. Массаның жартысын тегіс қабатпен май жағылып, кепкен нан себілген үлеспелі табаға салып, сәл қуырылып ұсақталған жаңғақтарды себеді. Оның үстіне қуыру шкафында піскен сүттен алынған көбікті салып, ботқаның екінші жартысымен жабады. Үстіңгі қабатын тегістеп, қант сеуіп, қуыру шкафында қызарған қабықша пайда болғанша пісіреді.
Ыстық күйінде үстіңгі қабатын шәрбатта қыздырылған консервіленген жемістермен әрлеп, үгітілген жаңғақ сеуіп береді. Бөлек өрік тұздығын береді.
8.4. Бұршақтылардан әзірленген тағамдар
Бұршақтылардан және картоптан дайындалған пісірме. Пісірілген бұршақтыларды, асылған картопты және шала қуырылған пиязды ыстық күйінде араластырып, езгілейді. Массаны тұздап, шикі жұмыртқаларды қосып, дайын тұрған жайпақ табаға салып, үстіңгі қабатына қаймақ жағады. Аунатылған кепкен нан сеуіп, 10 минут ішінде пісіреді. Берер алдында қызыл тұздық немесе қаймақ құяды.
8.5. Макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар
Макарон өнімдерінен әртүрлі пісірілген тағамдар жасайды. Бірақ тағамдардың қатары үшін оларды аз мөлшердегі суда алып тастамай қайнатады: 1 кг құрғақ макарон не кеспеге (вермишель) 2,2-3 л су.
Жұмыртқамен пісірілген макарон. Шикі жұмыртқаларды салқын сүтпен араластырып, тұздайды. Бұл қоспаны піскен, май қатылған макарондарға құйып, май жағылған таба немесе жайпақ табаға салып, 10 минут ішінде пісіреді. Берер алдында май құяды.
Ірімшікпен пісірілген макарон. Маймен дәмделген піскен макаронды үлеспелі табаға салып, үгілген ірімшік сеуіп, май сеуіп, қызарған қабықша пайда болғанша пісіреді. Берер алдында май құяды.
Макарон пісірмесі. Макаронды сүт пен су қоспасында немесе судың өзінде қайнатып, шығарып тастамай, аз мөлшердегі сұйықтықпен (1 кг құрғақ макарон өніміне 2,2 л сұйықтық және 30 г тұз) пісіреді. 70-60°С-қа дейін салқындатылған макарондарға қантпен шайқалған жұмыртқаларды салып, араластырып, май жағылған жайпақ табаға салып, кепкен нан себеді де пісіреді. Берер алдында май құяды.
Ірімшік қосылған кеспе. Кеспені немесе макарондарды не болмаса вермишельді шығарып тастамай қайнатып алады. Езілген сүзбені шикі жұмыртқалармен, тұз және қантпен араластырады. Қоспаны піскен макарон өнімімен біріктіріп, май жағылған, кепкен нан себілген жайпақ табаға салады. Үстіңгі қабатына қаймақ жағып, май сеуіп, пісіреді. Кеспені маймен немесе қаймақпен береді.
Бақылау сұрақтары
Аз мөлшердегі маймен қуырылған көкөністерді дайындаудың сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Шыжып тұрған майда дайындалған көкөністердің технологиясы мен сұрыпталымдары қандай?
Котлеттер мен картопты крокеттерді қалай әзірлейді?
Сәбізді, қырыққабатты, қызылшалы котлеттерді қалай әзірлейді?
Турамамен толтырылмай пісірілген көкөністерді әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Турамамен толтырылып пісірілген көкөністерді әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Көкөністі пісірмелерді әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Ботқадан өнімдердің қандай сұрыпталымдарын жасайды? Үзбе кеспе және жармалы котлеттерді дайындаудың технологиясын сипаттап беріңіз.
Жармалы пісірмелер мен пудингтерді қалай әзірлейді?
Пісірілген бұршақтылардан тағамдардың қандай сұрыпталымдарын жасайды?
Пісірілген макарон өнімдерінен тағамдардың қандай сұрыпталымдарын жасайды?
Макарон өнімдерінен пісірілген тағамдарды қалай әзірлейді?
9 тарау ҚУЫРЫЛҒАН, БҰҚТЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ЕМЕС СУ ӨНІМДЕРІНЕН ТАҒАМДАР ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
9.1. Адам тамақтануындағы балықтан әзірленген тағамдардың маңызы
Тамақтанудағы балық тағамдарының маңызы ең алдымен олардың құрамындағы балықтың болуымен анықталады. Балық толыққанды ақуыздар мен майлардың, минералды және сығып алынған заттектердің, В тобы дәрумендерінің қайнар көзі. Балықпен бірге беретін гарнирлер мен тұздықтар оны көмірсулармен, С дәрумендерімен (көкөністі гарнирлер), дәмдік заттектермен толықтырады. Сары және өсімдік майларының негізінде жасалған тұздықтар арық балықтардағы май жетіспеушілігінің орнын толтырады.
Балықтан ыстық тағамдар жасауда жылумен өңдеудің барлық бес тәсілін қолданады – асу, бөктіру, қуыру, бұқтыру және пісіру.
Балықтың әртүрлі түрлерін аспаздық қолдануда келесі ұсыныстар бар: балықта неғұрлым су мен май аз, ақуыз көп болған сайын, бұлшықет тіні
соғұрлым тығыздау болады. Ол консистенциясы бойынша құрғақтау. Бұл, мысалы, ставрида, скумбрия, құныс балық, тікенді балық, сайра, тунец және т.б. Бұндай балықты қайнату мен бөктіру үшін пайдалануға кеңес беріледі;
көп мөлшердегі ылғалды балықты оның құрамында бар ақуыздар мен аз мөлшердегі маймен салыстырғанда (нәлім, путассу, минтай, навага, макрорус, көмір балықты) қуыру үшін пайдаланған жөн. Ол сулы консистенцияға ие;
көрсетілген екі топтың арасында аралық орынды алатын балықтар – көксерке, хек, сазан, теңіз алабұғасы, сардина, — су мен ақуыз, сондай-ақ май мен ақуыз арасындағы аспаздық өңдеу үшін қолайлы арақатынасқа ие. Бұл балық түрлерінің жұмсақтығы нәзік немесе тығыз, бірақ шырынды консистенцияға ие. Бұндай балықты қайнатуға не қуыруға кеңес беріледі.
Тұздалған балықты қуырып, пісіруге кеңес берілмейді, оны қайнатып, бөктіріп немесе бұқтырып дайындайды.
Жылумен өңдеуде балық етінде түрлі өзгерулер болады. Егер технологиялық үрдістер қажетті тәртіппен өтетін болса, олар оның сіңім- ділігін жақсартады.
9.2. Қуырылған балықтан әзірленген тағамдар
Балықты барлық тәсілдермен қуырады: аз мөлшердегі шыжып тұрған маймен ашық отта және қуыру шкафында; бүтіндей (майда балықты), үлесті бөліктермен қабырғалы сүйектермен бірге не сүйектерсіз, терісімен не терісіз сүбеден, сондай-ақ үлеспелі бөлік түрінде ұшалары жарылмаған балықтан, буындармен немесе котлет массасынан жасалған өнімдер түрімен.
Үлеспелі бөліктердің терісіне пісіргендегідей 2-3 кішкене тілік жасайды.
Аз мөлшердегі маймен қуыру. Жартылай фабрикаттарға тұз, ұнтақталған қара бұрыш сеуіп, ұнға аунатады. 150-160°С-қа дейін қыздырылған өсімдік майында не аспаздық майда екі бетін де қызарған қабықша пайда болғанша қуырады. Сосын қуыру шкафында 250°С температурада 5 минут қуыра түседі.
Балықты қуырудың жалпы ұзақтығы – 10-20 минут. Аз мөлшердегі майға қуырылған балыққа гарнир ретінде піскен не қуырылған картоп, картоп езбесі, май қосылып пісірілген көкөністер және басқа өнімдерден қосымша ретінде жаңа піскен, тұздалған немесе маринадталған қияр, қызанақ, жаңа піскен не ашытылған қырыққабаттан жасалған салат бола алады.
Балыққа еріген май немесе бір қырына негізгі қызыл, қызанақты, немесе көкөніс қосылған қызанақты тұздық құяды.
Ленинградтықша қуырылған балықты дайындау үшін қуырылған балықтың бөлігін үлеспелі табаның ортасына салады, балықтың айналасына желпуіш түрінде дөңгелектеніп қуырылған картоптарды қойып, үстіне шыжып тұрған майда қуырылған пиязды себеді.
Балық қуырмасын үлеспелі бөліктерді кескенде алынатын кесінділерден дайындайды немесе балықты арнайылап кеседі (1 порцияға 3-5 тілім).
Балыққа тұз бен бұрыш себеді, ұнға аунатып, майдалап туралған пиязбен бірге ауық-ауық араластырып отырып қуырады.
Шыжып тұрған майда қуыру. Терісіз және сүйексіз сүбені үлесті бөліктерге бөліп, тұз бен бұрыш сеуіп, ұнға аунатады. Льезонда дымқылдатып, бидай кепкен нанына аунатады. Жартылай фабрикаттарға жиі бантик, сегіздік және т.б. пішіндер береді. Балықты толығымен 180-190°С-қа дейін қыздырылған шыжып тұрған майға салып (май мен өнімнің ара қатынасы 4:1), 3-5 минут ішінде қуырып, 5-7 минут ішінде қуыру шкафында 230-240°С температурада дайын болғанша пісіреді. Балық массасының жоғалуы 13%-ды құрайды.
Бұндай балыққа ең жақсы гарнир – қуырылған картоп, тұздықтар – қызанақты, майонез, корнишондар мен майонез және ерітілген май. Берер алдында балыққа жасыл май дөңгелегін және лимон бөлігін қоюға болады.
Мейрамханаларда фри балығын, әдетте, күрделі гарнирлермен береді. Оның құрамына бір-бірін дәмі, түсі, химиялық құрамы бойынша толықтырып тұратын 2-5 компонент қосады: мысалы, фри картобы, піскен гүлді қырыққабат, алмамен бұқтырылған сәбіз және сүтті тұздықтағы жасыл бұршақ.
Қамырда қуырылған балықты (сұйық қамырдағы балық) әзірлеу үшін терісіз және қабырға сүйектерінсіз сүбені немесе терісіз және шеміршексіз үлеспе бөліктерді қалыңдығы 1-1,5 см, ұзындығы 5-6 см болатындай етіп кесектеп турап, 20-30 минут ішінде сары май, лимон қышқылы, тұз, қара бұрыш және майдалап туралған ақжелкен көгі қоспасымен маринадтайды.
Дайындалған балықты аспаздық ине көмегімен сұйық қамырға (кляр) салады. Артынша шыжып тұрған майда қызарған қабықша пайда болғанша қуырып, кейін қуыру шкафында қуыра түседі.
Сұйық қамыр үшін ұнды жылы сүтпен не сумен илеп (ұн мен сұйықтық ара қатынасы 1:1), кішкене өсімдік майын, жұмыртқа сарысын және тұз қосады. Қамырды 10-15 минутқа желімшесі ісінуі үшін қалдыра тұрады. Қуырар алдында қамырға шайқалған жұмыртқа ақуызын қосады.
Берер алдында тәрелкеге ойып алынған қағаз майлықты қойып, оның үстіне құдық немесе пирамида пішініндегі балық кесегін, жанына лимон тілімін қояды. Тұздық ыдысында қызанақ тұздығын немесе корнишон қосылған майонез береді.
Дондық зразыларды келесідей етіп әзірлейді. Терісіз және сүйексіз немесе терісіз және шеміршексіз сүбеден жұқа жалпақ бөліктерді кеседі. 0,5- 0,6 см қалыңдықтағы қабатқа ептеп жаншылайды. Тұз, бұрыш сеуіп, тураманы салып, өнімге шылым пішінін беріп орайды. Өнімді ұнға, льезонға және аққа аунатады. Қамырдағы балық секілді қуырады.
Турама үшін пиязды майдалап турап, аздап шала қуырады, салқындатып, бидай кепкен нанын, қайнатылып туралған жұмыртқаларды, ұсақталған ақжелкен не аскөк көгін, тұз, бұрыш қосып, барлығын араластырады.
Зразыларды 1 үлеске 1-2 данадан шашыраңқы қарақұмық ботқасымен немесе картоп езбесімен не болмаса қуырылған картоппен не басқа да гарнирлермен береді, май құяды. Тұздық құятын ыдыста қызанақты тұздық немесе майонез беруге болады.
Қуыру шкафында қуыру. Бекіре балығының бөлімдерін жайпақ табаға терісімен төмен етіп салып, тұз сеуіп, қаймақ жағып, қуыру шкафында 200- 220°С температурада 30-50 минут ішінде қуырады. Әр 10 минут сайын бөлімдерге бөлініп шыққан шырынды құйып отырады.
Тағамды безендіруде бөлімдерді тік бұрышпен үлеспе бөліктерге кесіп, қуырылған картоппен гарнирлеп, лимон тілімімен әрлеп, май құяды немесе бөлек қызанақ тұздығын не корнишон қосылған майонез береді.
Ашық отта қуыру. Балықты торда (грилье балығы) не істікте қуырады.
Торда қуыру үшін каспий албырты, көксерке, бекіре, шоқыр немесе ақсеркенің үлеспе бөліктерін өсімдік майы, лимон қышқылы, бұрыш, тұз, майдалап туралған ақжелкен көгі қоспасымен 10-20 минут ішінде маринадтайды. Май жағылған гриль торында «аударып отырып» қуырады.
Қуырылған картоппен береді. Ерітілген май құйып немесе бөлек карнишон қосылған майонез тұздығын береді.
Істікте қуыру үшін бекіре не шоқыр бөлімін терісіз және шеміршексіз үлеспе бөліктерге кеседі. Жидітіп, жуып, тұздап, бұрыштап, істікке кіргізіп, маргарин жағып, мангалда немесе электргильде 10-15 минут ішінде қуырады.
Гарнирге табиғи қызанақтар, шеңберлеп туралған басты пияз, 4-5 см ұзындықта бөліктеп туралған көк пияз, лимон тілімдерін береді. Кәуапты шыжып тұрған майда қуырылған картоппен беруге болады.
9.3. Бұқтырылған балықтан әзірленген тағамдар
Бұқтырылған балық ұнамды дәмімен ерекшеленеді. Өйткені оны тамырсабақтар, пияз, қызанақ езбесі, дәмдеуіштер қосып әзірлейді. Бұқтырылған күйде тұздалған балықты дайындаған абзал. Оның едәуір құрғақ және қатты мәйегі бұқтыру барысында жұмсарып, шырынды бола түседі.
Мәйегінде майда сүйектері көп балық үшін де бұқтыру жылумен өңдеудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Өйткені қышқыл ортаның ұзақ әсері олардың жұмсаруын қамтамасыз етеді.
Әсіресе, бұқтыру балық шикізатының сұрыпталымдары теңіз және мұхит балықтарының түрлері арқылы кеңейгеннен бастап жиі қолданылатын болды.
Шикі немесе алдын ала қуырылған балықты бұқтыру үшін балықты терісімен және қабырға сүйектерімен немесе терісімен және қабырға сүйектерінсіз сүбеге мүшелейді.
Қызанақта көкөністермен бұқтырылған балық. Үлеспе бөліктерді терісімен қабырға сүйектерінсіз сүбеден кесіп алады. Ыдысқа майдалап туралған көкөніс (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк, пияз) қабаттарымен кезектестіре екі қабаттап салады. Сорпа не су құйып, өсімдік майын, қызанақ езбесін, сірке суын, қант, тұз қосып, ыдыстың қақпағын жауып 45-60 минут ішінде бұқтырады. Бұқтырылып болуына 5-7 минут қалғанда бұрыш, лавр жапырағын, даршын және калампыр қосады.
Берер алдында балыққа өзі бұқтырылған тұздықты құяды. Гарнирге піскен картоп, картоп езбесі, көкөністі рагу береді.
Қаймақта бұқтырылған балық. Сауыттың түбіне май жағып, оған терісі және сүйегі бар сүбеден кесіліп тұздалып, бұрышталған үлеспе бөліктерді аздап қуырылған картоппен алма-кезек салады. Ерітілген май, қаймақ құйып, қақпағын жауып, бұқтырады.
9.4. Піскен балықтан әзірленген тағамдар
Пісірілген балықтан әзірленетін тағамдардың сұрыпталымдары әдеттен тыс алуан түрлі.
Балықты шикілей, бөктірілген немесе қуырылған күйде картоппен, шашыраңқы ботқамен, бұқтырылған қырыққабатпен түрлі тұздықтармен пісіреді. Балықты үлеспе ыдыста пісірген ыңғайлы. Оны ауыстырып салуды болдырмас үшін (өйткені өнімнің сыртқы пішіні бұзылады) осы ыдыста береді. Бірақ көпшілікке дайындауда жайпақ табаларды пайдаланады.
Балықты бүтін ұшамен немесе терісі мен сүйектері бар не сүйексіз терісі бар сүбеден үлеспе бөліктерге кесіп пісіреді.
Дайындалған балықты май жағылып, тұздық құйылған табаларға салып, сәйкесінше гарнирлерді қосып, тұздық құяды. Үгітілген ірімшік не кепкен нан сеуіп, май сеуіп, қуыру шкафында 250-280°С-та қызарған қабықша пайда болғанша пісіреді. Шығын тағамның жалпы массасының 10%-ын құрайды.
Егер тағамды шикі балықтан әзірлейтін болса, балықтың 80°С-қа дейін қызғанына кепілдік беру үшін қызарған қабықша пайда болғаннан кейін табаны плитаға қойып, тұздықты пісіреді. Бірақ оның үстіңгі қабықшаны бұзбасы үшін бақылап отырады.
Картоппен пісірілген орысша балық. Қабырға сүйектерінсіз терісі бар сүбеден кесілген шикі балықтың үлесті бөліктерін немесе шеміршексіз терісі бар бекіре балықтарының үлеспе бөліктерін тұздап, ұнтақталған қара бұрыш сеуіп, май жағылған ыдысқа салады, үстіне піскен картоп тілімдерін қойып, ақ тұздық құяды. Үгітілген кепкен нан немесе үгітілген ірімшік сеуіп, ерітілген май сеуіп, дайын болғанша плитада пісіреді.
Қаймақты тұздықта пісірілген балық. Қуырылған балықты май жағылған үлеспелі табаға орналастырып, оған шашыраңқы қарақұмық ботқасын немесе қуырылған картоп домалақтарын салып, қаймақ тұздығын құяды. Үгітілген ірімшік сеуіп, май сеуіп, пісіреді.
Саңырауқұлақтармен қаймақты тұздықта пісірілген мәскеуше балық. Үлеспелі табаға кішкене қаймақ тұздығын құйып, қуырылған балық бөлігін салады. Оның айналасына қуырылып піскен картопты, оның үстіне шала қуырылған пияз, қуырылған саңырауқұлақтардың тілімдерін және піскен жұмыртқа бөліктерін салады. Қаймақты тұздықты құйып, үгітілген ірімшік сеуіп, май құйып, пісіреді.
Сүтті тұздықта піскен балық. Май жағылған табаға гарнирді (картоп езбесі немесе сүттегі картоп), ал үстіне бөктірілген балықты (сүйексіз терісі бар сүбе) салады.
Сүтті тұздыққа шала қуырылған басты пиязды қосып, қайнатуға дейін апарып, оны балыққа құяды. Тағамға үгітілген ірімшік сеуіп, пісіреді.
Табадағы балықтан жасалған ащы көже. Сүйексіз терісі бар сүбені немесе алдын ала жидітілген терісі бар шеміршексіз үлеспелі бөліктерді 25- 30 г массасымен кеседі. Май жағылған ыдысқа салып, туралған тұзды қияр, сорпа қосып, дайын болғанша бөктіреді. Артынша киеуілдерді, шала қуырылған пияз бен қызанақ езбесін, лавр жапырағы мен бұрыш қосып, жабық ыдыста 8-10 минут ішінде қайнатады.
Май жағылған табаға бұқтырылған қырыққабат қабатын салып, оны үстіне гарнирмен және өзі бұқтырылған тұздық (тек лавр жапырағы мен бұрышты алып тастайды) қосылған балық бөліктерін, үстіне бұқтырылған қырыққабаттың екінші қабатын салады. Үстін тегістеп, ірімшік не кепкен нан сеуіп, май құйып, 10-15 минут ішінде пісіреді.
Берер алдында үстіңгі қабатын лимон домалағымен, сүйексіз зәйтүнмен, маринадталған жемістермен безендіреді.
9.5. Шаян тәріздестерден әзірленген тағамдар
Псірілген шаяндар. Ыдысқа су құйып, тұз, қара түйірлі бұрыш, лавр жапырағын, майдалап туралған сәбіз, ақжелкен, аскөк және шырғалжың қосып қайнатады. Қайнап жатқан суға дайындалған шаяндарды салып (су оларды толығымен жауып тұруы қажет), қақпағын жауып, су қайнаған сәттен бастап 12-15 мин ішінде пісіреді. Одан кейін ыдысты плитаның шетіне қойып, шаяндар жағымды иісті иелену үшін 10-15 миутқа қоя тұрады.
Шаяндарды тұздалған сырада немесе нанды кваста қайнатуға болады. Піскен шаяндарды табиғи түрде өз алдына бөлек басытқы ретінде береді.
Мойындары мен қысқыштарын тазалап, көкөніс қосылған қызанақты немесе тұздық қосылған ақ тұздықта қайнағанға дейін қыздыруға болады.
Тағамға қызанақпен бөктіріліп, үгітіліген ірімшікпен араласқан күріш бөлігін салуға болады. Үстіне піскен шаян мойындарын салып, қызанақты немесе көкөніс қосылған қызанақты тұздықты құюға болады.
Күріш және тұздық қосылған лангуст. Жібітілген лангуст мойындарын қайнап жатқан тұзды суға түйіршік бұрыш пен лавр жапырағын қосып салып (1 кг мойынға 2 л су және 100 г тұз), 15-20 минут ішінде пісіреді.
Дайын мойындар бетіне шығады. Оларды елеуішке түсіріп, сәл сууға қалдырады. Сосын арнайы қайшылармен мойын сауытын ортасымен арқа тұсынан бастап бар ұзындығы бойынша кесіп немесе бүйір тұсындағы жиегін қиып тастайды. Уылдырықты (егер бар болған жағдайда) пайдаланбайды.
Берер алдында мәйекті сауыттан босатып, ен бойына тіктеп кесіп, сорпа құяды да қайнатады. Бөктірілген күрішпен береді. Бөлек көкөніс қосылған қызанақ тұздығын немесе кілегей қосылған «Голландтық» тұздығын береді.
Теңіз шаяндарын да осыған ұқсас етіп береді.
Табиғи пісірілген теңіз шаяндары. Толықтай емес ерітілген теңіз шаяндары топтамасын қайнап жатқан тұзды суға түйіршікті бұрыш пен лавр жапырағын қосып салады (1кг теңіз шаянына 3л су мен 150г тұз). Араластырып, шикілей мұздатылғандарды 5 минут ішінде, пісіріліп мұздатылғандарды 3 судың екінші мәрте қайнау сәтінен бастап 3 минут пісіреді.
Дайын теңіз шаяндары бетіне қалқып шығады. Оларды үлестерге бөліп, дербес басытқы ретінде береді.
Тазартылған теңіз шаяндарын гарнирмен (піскен картоп, май қосылған піскен көкөністер) және тұздықпен (қызанақты немесе сүтті) беруге болады.
Күріш қосылған теңіз шаяндары. Пісірілген теңіз шаяндарын сүбеге бөліп, сорпа құйып, қайнатуға дейін апарады. Басты пиязды жартылай шеңбермен турап, шала қуырады.
Берер алдында тәрелкеге шашыраңқы күріш ботқасын салып, үстіне теңіз шаяндары мен шала қуырылған пиязды салып, үгітілген ірімшік себеді. Бөлек қызанақ тұздығын береді.
Қаймақты немесе сүтті тұздықта пісірілген асшаяндар. Май жағылған үлеспе табаға пісіріліп тілімдеп кесілген картоптың жартысын, оның үстіне піскен асшаян сүбесін, жан-жағына картоптың қалған тілімдерін салады. Сүтті немесе қаймақты тұздық құйып, үгітілген ірімшік себеді. Ерітілген маргарин сеуіп, қуыру шкафында 5 минут ішінде пісіреді.
«Мұхит» пастасымен әзірленген тағамдар. Жібітілген «Океан» пастасын түбі жуан ыдысқа салып, өз шырынында ақырын қайнатып, қайнаған сәттен бастап 3 минут ішінде бөктіреді. Егер паста жылумен өңделген тағамдарды әзірлеуге пайдаланылатын болса, онда оны алдын ала бөктірмейді.
Бөктірілген пастаны жайпақ табаға қабатының қалыңдығы 5 см-ден аспайтындай етіп салады. Дәкемен жауып, 12-10°С-қа дейін салқындатады.
Паста картоппен, күрішпен, басты пиязбен, майонезбен, ірімшікпен, сары маймен жақсы үйлеседі. Ол ірімшік қосылған пастаны, майонезді, картоп салатын, турамаланған жұмыртқаларды, әртүрлі сорпаларды (толықтай пісуіне 3 минут қалғанда пастаны салады), екінші тағамдарды әзірлегенде қолданылады.
9.6. Екі жаппалы ұлулардан әзірленген тағамдар
Рецептуралар жинағында ұлулардан жасалған тағамдар келтірілмеген, бірақ әлемдік аспаздықта олар өте жоғары бағаланады.
Табиғи ұлулар. Табиғи түрде (шикілей) тек тірі ұлуларды – (кәдімгі және португалдық) беруге болады. Оларды шұңғыл жармада, лимон шырынын құйып береді.
Бөктірілген ұлулар. Ұлулардың етін екі жаппасынан да ажыратып, сары май, лимон шырыны және тұз қосылған аз мөлшердегі сорпада бөктіреді.
Пісірілген ұлулар. Ұлуларды шұңғыл жармада үгітілген ірімшік және сары май сеуіп пісіреді.
«Рокфеллер» ұлуы. Оларды дайындау үшін ерітілген сары майға ұсақталған сүрсүбе, майдалап туралған саумалдық, ақжелкен мен балдыркөк көгін, жұқалап кесілген көк пияз, үккіштен өткен катты ақ нан және тұз бен «Табаско» тұздығын салып, араластыра отырып жәй отта 5-10 минут ішінде аздап қуырылған салма болғанша қыздырады.
Салманы шұңғыл жармада қалдырылған ұлуларға салып, қуыру шкафында 220°С температурада қызарған қабықша пайда болғанша пісіреді.
Тікелей берер алдында әр ұлуға әніс ликерінің бірнеше тамшыларын тамызады.
Теңіз тарақшасының бұлшықеті. Дайындалған бұлшықетті қайнап тұрған тұзды суда (1 кг бұлшықетке 2 л су, 60 г тұз) тамырсабақтар (сәбіз, ақжелкен), түйіршікті қара бұрыш салып, 15-20 минут ішінде пісіреді. Пісірілген бұлшықетті тілімдермен талшықтарға көлденең кесіп немесе бөлек талшықтарға бөледі. Салқын тағамдар мен сорпаларды әзірлеуде пайдаланады.
Ыстық тағам ретінде бұлшықетті қызанақты немесе қаймақты тұздықпен береді; оны, сонымен қатар, көкөністермен бұқтырып, сұйық қамырда шыжып тұрған майда қуырады, картоп және макарондармен пісіріп, палау дайындайды; онымен голубцыларды, бұрышты, кәділерді, картоп зразыларын, омлет, тұшпара және құймақты турамалайды: котлет массасынан котлеттер, домалатпалар, тефтели дайындайды.
Мидиялар. Дайындалған мидия қабыршағына салқын су құйып, қайнатуға дейін апарып, 15-20 минут ішінде пісіреді. Піскен етті қабырша- ғынан ажыратып, жылы қайнаған суға шайып алады. Одан кейін өзіне тән ыза иісті кетіру үшін етті қуырады.
Сорпаға арналған жібітілген мидия брикеттеріне салқын су құйып, қайнатады. Тұз, тамырсабақтар, пияз қосып, тағы бір мәрте 7-10 минут ішінде қайнатады. Сорпаны сүзгіден өткізіп, сорпаларды әзірлеу үшін қолданады. Берер алдында мидияларды турап, сорпаға қосып береді.
Салқын және екінші тағамдарға мидияларды 30-35 минут аралығында аз мөлшердегі суда немес сүтте пияз, тамырсабақтар, бұрыш, тұз, лавр жапырағын, лимон қышқылын және құрғақ шарап қосып бөктіреді.
Мидяидан сондай-ақ қуырдақ, гуляш, палау, ащы көже, қызанақ тұздығымен мидиялардан пісірілген тағамдар, турамамен толтырылған бұрыш, картопты орама, омлет, котлеттер дайындайды.
9.7. Басаяқтылардан әзірленген тағамдар
Кальмарлар. Дайындалған кальмар тұлыбын (филе) қайнап жатқан тұздалған суға салып (1 кг-ға 2 л су, 20-40 г тұз), екінші мәрте қайнағаннан кейін (аса ұзақ қайнауда кальмардың еті қатты болып кетеді) 5 минут ішінде пісіреді. Сабандап туралған кальмарларды салқын тағамдар мен сорпаларды, ыстық тағамдарды әзірлеуде пайдаланады.
Қызанақты немесе қаймақты тұздықтағы кальмарлар. Піскен кальмарларды сабандап турап, қызанақты немесе қаймақты тұздық құйып, қайнағанға дейін апарады. Піскен картоппен не картоп езбесімен береді.
Оған қоса, кальмарлардан қуырма, зразы дайындап, оларды көкөністермен бұқтырып, түрлі тұздықтармен пісіреді: еттартқышта ұсақталған кальмарларды картоп зразыларын, флоттық макаронды, кальмардан жасалған котлеттерді әзірлеуде пайдаланады. Пісіргеннен кейін кальмар ұшасын көкөністермен, күрішпен, балықпен, турамамен толтыру үшін өте ыңғайлы болып келеді.
9.8. Тікен терілілерден әзірленген тағамдар
Трепангтар. Жылумен өңдеуге дайындалған кептірілген трепангтарды 2- 3 сағат ішінде қайнатып, осы суда тағы да 1 сағатқа қалдырады. Одан кейін жуып-шайып, түрлі пішіндегі бөліктермен кеседі. Жидітілген қайнатып- мұздатылған трепангтарды бірден тағамдарды әзірлеуге пайдаланады.
Өзіне тән қандай да бір дәмнің жоқтығының арқасында трепангтар түрлі өнімдермен үйлеседі. Олардан салқын тіскебасарлардың кең ассортименттерін (уылдырық, паштет, картоп және баялды қосылған салаттар, винегрет және басқа да маринадталған, майонез қосылған тағамдар), түрлі сорпалар (борщ, щи, қышқылтым көже, ащы көже, картоп және бұршақ сорпасы, трепанг қосылған тауық сорпасы) дайындайды.
Екінші тағамдарды дайындау үшін трепангтарды шошқа етімен, қырыққабатпен бұқтырып, палау, көкөністі рагу, картоп не қырыққабат пісірмесін, қарақұмық ботқасын немесе трепангтар қосылған үрмебұршақ, турама толтырылған бұрыш, құймақ, омлет т.б. дайындайды.
9.9. Теңіз қырыққабатынан әзірленген тағамдар
Дайындалған теңіз қырыққабатын екі-үш суда 15 минуттан оған күйік дәм беретін артық йодты кетіру үшін қайнатады. Піскен қырыққабатты майдалап кеседі. Кейбір тағамдарға қосымша маринадта пісіріп алады.
Түрлі салаттар, винегрет, теңіз қырыққабаты қосылған саңырауқұлақты икра, теңіз қырыққабаты қосылған ұсақталған майшабақ, бауыр паштетін т.б. дайындайды.
Қиыр Шығыстық аспаздар теңіз қырыққабаты қосылған сорпалардың рецептураларын жасады: «Сахалинск» сорпасын, теңізділерден щи, «Қиыр Шығыстық» қышқылтым көже, сонымен қатар, борщ, ащы көже, оралша щи және т.б.
Теңіз қырыққабатын екінші тағамдарды дайындау үшін де пайдаланады: бұқтырылған шошқа етін, етті орама, көкөністі рагу, омлет, ақ саңырауқұлақтармен бұқтырылған теңіз қырыққабатын, теңіз қырыққабатынан әзірленген котлетті, пісірмелерді және т.б.
Теңіз қырыққабатының құрамында дірілдекті заттек болуының арқасында одан кисель әзірлеуге болады.
Бақылау сұрақтары
Адам тамақтануында балықтан әзірленген тағамдардың маңызы қандай?
Негізгі әдіспен қуырылған балықтардан әзірленген тағамдардың сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Шыжып тұрған майда қуырылған балықтардан әзірленген тағамдардың сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Балықты ашық отта және қуыру шкафында қуырудың технологиясы қандай?
Бұқтырылған балықтан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Пісірілген балықтан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Шаян тектестерден тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Екі жаппалы ұлулардан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Басаяқтылардан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Трепангтан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Теңіз қырыққабатынан тағам әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
10
ТАРАУ
ҚУЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ПІСІРІЛГЕН ЕТТЕН, ЕТ ӨНІМДЕРІНЕН, ҚҰС ЕТІНЕН, ЖАБАЙЫ ҚҰС ЕТІНЕН ЖӘНЕ ҚОЯННАН ТАҒАМ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
10.1. Адам тамақтануындағы еттен дайындалған тағамдардың маңызы
Ет өнімдері құнды мал ақуыздарының негізгі көзі болғандықтан, ұтымды аспаздықтың маңызды міндеті – олардың жылумен өңделуін дұрыс өткізу, дайын тағамдардың және аспаздық өнімдердің әуелгі шикізаттары мен жартылай фабрикаттарының тағамдық және биологиялық құндылық- тарының төмендеуінсіз жақсы сапасын қамтамасыз ету.
Ет пен ет өнімдерінен қайнатылған, бұқтырылған, қуырылған, ең аз дәрежеде бөктірілген және пісірілген тағамдардың кең сұрыпталымдарын дайындайды. Бұл тағамдардың рецептураларына, сонымен қатар, гарнирлер мен тұздықтар кіреді.
10.2. Қуырылған ет пен ет өнімдерінен дайындалған тағамдарды әзірлеу
10.2.1. Ірі бөліктермен қуырылған еттерден дайындалған тағамдар
Еттен қуырылған тағамдар дайындау үшін ет кесінділерін, жұқа және қалың жиектерін, сиыр етінің жамбас бөлігінің сыртқы және ішкі бөліктерін, ұшалардың барлық бөліктерін, ұсақ малдың мойыннан басқа (шошқа етінің мойын бөлігін де) бөліктерін, сондай-ақ субөнімдер мен кейбір шұжықтық өнімдерін пайдаланады.
Еттің ірі бөліктері 1-2 кг массаға ие болуы керек және шамамен бірдей қалыңдықта болуы тиіс. Ұсақ малдың жауырын сүбесін орама тәрізді орап, баумен байлайды.
Сан етін 2-3 бөлікке бөледі. Еттің пішінінің өзгеруін азайту үшін төс етін қабырға сүйектерімен бірге қуырады. Сиыр етінің ішіне май, қой етіне сарымсақ толтыруға болады. Қой және бұзау төс етін турама-лауға болады.
Ет бөліктеріне тұз, бұрыш сеуіп, қыздырылған майы бар жайпақ табаға сиыр етін, салқын жайпақ табаға шошқа етін, қой етін, бұзау етін салады. Бөліктердің арасында 0,5 см-ден (4-6 см) аспайтын аралық болуы тиіс. Тар етіп салса, ет бәсеңдеп қызып, қызарған қабыршақтың пайда болына ұзақ уақыт кетіп, шырын қаттырақ бөлінеді де ет дәмсіз болып шығады.
Май ретінде ерітілген малдың майын (әдетте шошқа майы) пайдалануға кеңес беріледі.
Жайпақ табаларды 275-325°С температурадағы қуыру шкафына салып, бөліктердің үстіңгі қабатында қызарған қабыршақ пайда болғанша қуырады. Артынша шкафтағы температураны 175-150°С-қа дейін төмендетіп, етті дайын болғанша қуыра түседі. Төмен температурада қуыра түсу шырынды, сыртқы пішіні жақсы етті алуға ықпал етеді. Егер қуыру шкафында жоғары температураға қол жеткізу мүмкін болмаса, онда алдымен етті плитада аударып пісіреді, қызарған қабықша пайда болғаннан кейін барып қуыру шкафына салады.
Қуыру үдерісінде бұзау еті мен қой етіне май, сиыр етіне су құяды. Бөлінген шырыны табаға күйіп кетпесі үшін жайпақ табаға ауық-ауық аз мөлшермен су немесе сорпа құйып отыру керек. Бірақ табада сұйықтық көп болмауы керек, өйткені оның көптігі қабықшаның құрылуына кедергі келтіреді.
Қуыру ұзақтығы бөліктердің көлеміне, еттің сапасына және қуырудың талап етілетін дәрежесіне байланысты. Осылай, аздап қуырылған ет кесіндісін алу үшін 30-45 минут қажет. Ал қалың жиегінің толық қуырылуына 1 сағат 40 минут қажет. Еттің дайын болғандығын аспаздық инемен бөліктің қалың тұсын шаншып біледі. Толық қуырылған еттен түссіз шырын бөлінуі керек.
Қуырғандағы масса шығыны – 32,37%, майдың шығыны – 1 кг шикі етке 25-30 г.
Қуырылған төс етінен қабырғаларын алып тастайды. Дайын етті басқа ыдысқа салып, ұсынылғанға дейін 45-50°С температурада сақтайды. Әсіресе, аз және орташа қуырылған өнімдерді сақтауда пісіп кетпеуі үшін температураны мұқият бақылау керек.
Жайпақ табада қалған шырын ұйындысында әдетте ет шырынын дайындауға кеңес беріледі. Оны берер алдында өнімге құяды. Бірақ зерттеулер бұл ұйындылардың жоғарғы температурада ұзақ қыздырылуы оларда еттің органикалық компоненттерінің қызулық ыдырау өнімдерінің құрылуына әкеліп соғатынын көрсетті. Олар адам ағзасына жағымсыз ықпал етеді.
Қуырылған сиыр еті (ростбиф). Ростбифтің үш түрі әзірленеді – жартылай шикі, жартылай қуырылған және жақсылап қуырылған. Жартылай шикі ростбифте бөліктің ортаңғы тұсының температурасы 60°С-тан аспайды. Оның қызыл түсі жәймендеп ақшыл қызғылтқа ауысып, одан кейін үстіңгі қабаты сұрлана түседі.
Жартылай қуырылған ростбифтің ортаңғы бөлігінің температурасы 70°С және ол ортасында ақшыл қызғылт түске ие, жақсылап қуырылғанының температурасы 75-80°С және оның бар қалыңдығы бойынша біркелкі қошқылтым сұр түсті.
Ыстық етті талшығына көлденең 1 порцияға 2 тілімнен кесіп, тәрелкеге салып, бір қырына гарнир, сүргіленген ақжелкек қойып, ерітілген май құяды.
Гарнир ретінде май қосылған піскен картоп, ірі шарлармен қуырылған картоп немесе күрделі гарнир беріледі.
Қуырылған қой еті. Қой етін де дайындықтың түрлі деңгейімен қуыруға болады.
Гарнирлер – пісірілген не қуырылған картоп, бөктірілген күріш, майдағы немес қызанақ тұздығындағы үрме бұршақ. Оларға май немесе пияз қосылған сүтті тұздық құяды.
Қуырылған шошқа еті. Бұл тағамды тек толықтай қуырылған түрінде әзірлейді. Егер шошқа етінің бөліктерін терісімен қуыратын болса, оны ромб пішіндес етіп кеседі.
Бұл тағамға арналған гарнирлер – бұқтырылған қырыққабат, пісірілген не қуырылған картоп, картоп езбесі, шашыраңқы қарақұмық ботқасы, күрделі гарнирлер. Ыстық гарнирдің орнына жаңа піскен, тұздалған, маринадталған қиярларды, қызанақтарды, қызылша не қырыққабат салатын және т.б. беруге болады.
Қуырылған торай еті. 4 кг салмаққа дейінгі тұлыптарды бүтіндей қуырады, 4-тен 6 кг-ға дейінгілерді ен бойымен екі жарты бөлікке, 6 кг-нан асса 4-6 бөлікке бөледі.
Бүтін ұшаны ұзынынан екіге бөліп тілу керек. Ол үшін ішкі жағынан жауырындар арасындағы омыртқаны және омыртқаға дейінгі жамбас сүйекті шабады. Құйрығы мен құлақтарын жанып кетпес үшін қамырмен жабады.
Торайды май жағылған жайпақ табаға терісімен жоғары салады. Терісіне қаймақ жағып, қуыру шкафында терісіне ауық-ауық май жағып, бірақ терісі күтірлек болуы үшін бөлінген шырынын құймай және келесі бетіне аудармай қуырады.
Берер алдында ұшаның басын бөліп алады. Ұшаны өн бойына екіге бөліп, одан кейін көлденеңінен үлесті бөліктерге бөледі. Тағамға шашыраңқы қарақұмық ботқасынан тұғыр жасап, оның үстіне өнімге бүтін тұлыптың пішінін беру үшін торайдың бөліктерін салады.
Басын тіреп қойып, май құяды. Тұздық құйғышпен ақжелкек қосылған қаймақ тұздығын беруге болады.
10.2.2. Үлесті және одан да майда бөліктермен қуырылған еттерден әзірленген тағамдар
Үлесті жартылай фабрикаттардан қуырылған тағамдардың кең сұрыпталымдарын дайындайды. Оларды көбіне аз мөлшердегі майда, сирек шыжып тұрған майда қуырады. Бірінші тәсілмен табиғи және аунатылған өнімдерді, ал екінші тәсілмен тек аунатылған өнімдерді қуырады. Істік пен торда қуыруды анағұрлым сирек қолданады. Аунатылған өнімдерді плитада қуырғаннан кейін қуыру шкафында қуыра түседі. Бифштекстер мен сүбені қуырып қана емес, сонымен бірге, жартылай шикі түрінде әзірлейді.
Кейбір ет өнімдерін (ми, бұзау сирақтары, қойдың төс еттерінің бөліктері) алдымен қайнатып алып, кейін шыжып тұрған майда қуырады. Қызарған қабықша пайда болғаннан кейін оларды шығарып, майын ағызып, қуыру шкафында бөліктердің қалыңдығына қарай 3-10 минут ішінде қуыра түседі.
Үлесті бөліктердің қуырылу ұзақтығы – 10-25 минут; үлесті табиғи бөліктердің қуырылымы – 32-37, аунатылған бөліктердікі – 27-30%. Майдың шығыны 1 кг жартылай фабрикатқа 60 г шамасында.
Етті майда бөліктермен тағамдардың шектеулі сұрыпталымдары үшін турайды: сиыр етін бефстроган үшін, еттің барлық түрлерін кәуап пен қуырма үшін. Кәуапты ашық отта немесе табада 10-20минут ішінде, ал басқа өнімдерді табада 5 минут шамасында қуырады.
Салмағын жоғалтуы майда бөліктерде де тура үлесті бөліктердегідей. Майдың шығыны 1 кг жартылай фабрикатқа 100 г ашмасында. Барлық тағамдарға ұсқатлаған ақжелкен немес аскөк көгін себеді.
Бифштекс. Дайын бифштексті қуырылған картоп және сүргіленген ақжелкекпен гарнирлеп, май құяды. Бифштекске жасыл май домалағын салуға, басқа гарнирлермен (піскен картоп, сүттегі картоп, крокет, күрделі гарнир) беруге болады.
Жұмыртқа қосылған бифштекс. Бифштекске бір жұмыртқадан қуырыл- ған жұмыртқа салып, сол гарнирлермен береді.
Пияз қосылған бифштекс. Бифштексті үлесті табаның ортасына салып, оған шеңберлеп туралып шыжып тұрған майда қуырылған басты пиязды салады. Бифштекстің айналасына домалақтап қуырылған картопты қояды.
Осындай тәсілмен антрекотты да береді.
Дәл осылай сүбе мен лангеттен бірнеше тағам әзірлеуге болады: сүбе, тұздық қосылған сүбе, саңырауқұлақ және тұздық қосылған сүбе, лангет, қызанақ қосылған лангет, тұздық қосылған лангет.
Табиғи котлеттер. Бұзау еті мен шошқа етінен дайындалған котлеттерді қиын гарнирлермен, сүттегі картоппен, картоп езбесімен, қуырылған картоппен, сүтті тұздықтағы көкөністермен және т.б. береді. Қой етінен дайындалған котлеттерге қуырылған картоп, шашыраңқы күріш, бұршақ қабығын немесе майдағы дәнді бұршақ, күрделі гарнирлер қосып береді.
Котлеттерге май құйып, сүйекке папильотка кигізеді. Қой етінен дайындалған котлеттерге пияз қосылған сүтті тұздық беруге болады.
Бірнеше тағамдарды эскалоптан әзірлейді.
Эскалоп. 1 үлеске 2 тілімнен береді. Ақ наннан кесіліп қуырылған нанға ет салады. Пісірілген не қуырылған картоппен не болмаса күрделі гарнирмен гарнирлеп, май құяды.
Қызанақ қосылған эскалоп. Эскалопқа қуырылған қызанақтардың жарты бөлігін салады. Алдыңғы тағам секілді гарнирлейді.
Тұздық қосылған эскалоп. Эскалопқа қуырылған қызанақтардың жарты бөліктерін, қуырылған бүйректер мен тілімдеп кесілген пісірілген саңырауқұлақтарды салып, тұздықтардың бірін (шарап қосылған қызыл тұздық, пияз және қияр қосылған қызыл тұздық, эстрагон қосылған қызыл тұздық, майдалап туралған сарымсақ қосылған қызанақ тұздығы) құяды.
Ромштекс. Ромштексті тәрелкеге салады. Гарнир ретінде ботқа немесе пісірілген бұршақтылар, сүтті тұздықтағы көкөністер, бөктірілген көкністер, қуырылған картоп, күрделі гарнирлерді береді. Май құяды.
Жаншылған котлет. Ромштекске ұқсас етіп береді. Тек сүйекке папильотка кигізеді.
Шницель. Ромштекс секілді береді. Тек шницельді гарнирге салып, каперсті және лимон цедрасы қосылған май құйып, үстіне лимон домалағын қояды.
Бефстроганов. Етке тұз, бұрыш сеуіп, жақсылап қыздырылған табада 3-5 минут аралығында қуырады. Қызанақ қосылған шала қуырылған пияз қосып, қаймақ тұздығын құяды. «Южный» тұздығымен дәмдеп, қайнатуға дейін апарады. Пісірілген немесе қуырылған картоппен береді.
Егер жартылай фабрикат кесінді еттен емес, тұлыптың ұзақ жылумен өңдеуді қажет ететін бөліктерінен кесілген болса, қайнатылғаннан кейін, өнімді сулы жылытқышта ет толығымен жұмсарғанша бұқтырады.
Қуырма. Етті дайын болғанша қуырып, майдалап туралып қуырылған пияз, қызанақ езбесі және «Оңтүстік» тұздығын қосып, қайнатады. Қуырылған немесе пісірілген картоппен, макарондармен, шашыраңқы ботқалармен, пісірілген үрме бұршақпен және басқа да гарнирлермен бірге береді.
Кәуап. Бұл Күнгей Кавказ, Солтүстік Кавказ, Орталық Азия және басқа да шығыс асханаларының дәстүрлі тағамы бүгінгі таңда барлық халықтарда танымал. Сонымен қатар, әрине, әр халықтың кәуап дайындау және беру тәсілдері бар. Олардың тек кейбірін келтіріп кетейік.
Кавказша кәуап. Қой етінің дайындалған бөліктерін таяқшаларға (іспаралар) тізіп, ағаш көмірде қуырады.
Шеңберлеп туралған басты пиязбен, қызанақтармен, көк пияз байламдарымен, лимон бөліктерімен, кептірілген бөріқарақатпен береді. Бөлек ткемали тұздығын береді.
Өзбекше кәуап. Таяқшаларға (іспаралар) алма-кезек маринадталған қой етінің бөлігі мен құйрық майының бөлігін тізіп, ұн себеді. Ағаш көмірде қуырады. 1 үлеске 3-5 данадан береді. Гарнирге туралған басты пияз және ақжелкен көгі ұсынылады.
Сиыр етінен әзірленген кәуап. Кесінді бөлігіне тұз, бұрыш сеуіп, таяқшаларға немесе ағаш түйреуіштерге шпик тілімдерімен (ет бөліктері шеткі болуы тиіс) алма-кезек тізеді. Табада аз мөлшердегі малдың ерітілген майында қуырады.
Берер алдында тәрелкеге төбешіктеп бөктірілген күрішті, оның үстіне таяқшадан алынған, бірақ бөлек бөліктерге бытырамаған кәуапты салып, үстіне шыжып тұрған майда қуырылған пияз шеңберлерін қояды. Бөлек «Оңтүстік» тұздығын береді.
Сонымен қатар, шұжықты, шұжықшаны, қысқа шұжықты, шошқаның сүрленген етін, субөнімдерді қуырады.
Қызанақтармен немесе лимон шырынымен қуырылған бүйректер.
Бүйректерді қабықшасы мен артық майларынан тазартады. Өзіне тән иісті кетіру үшін сиыр етінің бүйректерін 2-3 сағат ішінде екі мәрте ауыстырылатын суға салып қояды. Одан кейін таза су құйып, қайнатады. Суын төгіп, бүйректерді жуып-шайып, қайтадан таза су құйып (1 кг бүйрекке 3 л су), дайын болғанша пісіреді.
Сиырдың пісірілген немесе қой, бұзау, шошқаның шикі бүйректерін тілімдеп турап, тұз бен бұрыш сеуіп, 3-6 минут ішінде қуырады.
Берер алдында бүйректерге қуырылған қызанақтардың жарты бөліктерін салып немесе лимон шырынын құяды. Қуырылған бүйректерді сақтауға болмайды. Өйткені олардың дәмі тез бұзылады.
Гарнирге пісірілген картоп, картоп езбесі, қуырылған картоп, картопты крокеттер, май қосылған піскен көкөністер беріледі.
Шарап қосылған қызыл тұздықтағы саңырауқұлақ қосылған бүйректерді, бүтіндей қуырылған бүйректерді (ұсақ малдың) әзірлеуге болады.
Маймен немесе пиязбен қуырылған бауыр. Бауырды 1 үлеске 1-2 кесектен кесіп (шошқа бауырын булайды), тұз және бұрыш себеді. Ұнға аунатып, дайын болғанша аударып, бірақ күйдіріп жібермей (бауырдан ащы дәм шығады) қуырады. Берер алдында бауырға май құяды немесе оған қуырылған пияз салады. Гарнирге шашыраңқы ботқа, пісірілген картоп, қуырылған картоп, май қосылып пісірілген көкөністерді береді.
Сонымен қатар, строгановша бауыр әзірлеуге болады.
Ми мен жүректі қайнатқаннан кейін шыжып тұрған майда қуырады.
Қайнатылған желінді негізгі тәсілмен қуырады.
10.3. Пісірілген ет тағамдары
Ет және ет өнімдерін картоппен және басқа көкөністермен, ботқалармен, басқа гарнирлермен, тұздықпен немесе тұздықсыз пісіреді. Пісірілген тағамдар үшін ет және ет өнімдерін алдын ала қайнатып, бөктіріп немесе қуырып алады.
Тағамдарды үлеспе табаларда не жайпақ табаларда қуыру шкафында 220- 280°С температурада пісіреді. Тағамдардың барлық бөліктері пісірілгенде өнімнің ортасында 80°С-тан төмен болмайтын температурада қыздырылуы керек. Ол үшін үлеспе ыдыста (1-5 порция) пісіруде температура режимі 250- 280°С (10-30 минут), ал көп мөлшердегі порцияға 60 минут, бірақ 220-250°С температурада болуы қажет.
Пісірілген тағамдардың дайын болуының сыртқы белгісі – беткі қабатында қызарып піскен қабықшаның түзілуі. Оның түзілуі үшін тағамның бетін пісірер алдында қаймақпен, үгітілген ірімшікпен, кепкен нанмен жабады.
Пісірілген тағамдарға, сонымен қатар, ет немесе субөнімдер қосылған картоп пісірмесі, ет қосылған картоп орамасы, ет немесе субөнімдер қосылған макарон пісірмесі, пияз тұздығында пісірілген сиыр еті, ет және күріш турамасымен толтырылған бәділер, баялдылар және бұрыш, ет және күріш қосылған голубцы және т.б. жатады.
10.4. Қуырылған құс еті, жабайы құс еті, қояннан әзірленген тағамдар
10.4.1. Құс етін бүтін ұшамен қуыру
Дәмделген ірі үй құсы етін (күркетауық, үйрек, қаз) тұздап, жайпақ табаға арқасымен төмен салады. Күркетауықтың бетіне құстың ерітілген майын (егер құс арық болса, онда ерітілген шошқа майын), ал майлы қаздар мен үйректерге ыстық су құйып, қуыру шкафына салады.
Тауық, балапан, қарабауыр, шіл, құр және қоянның ұшаларын тұздап, қаймақ жағып, 150-160°С-қа дейін қыздырылған жайпақ табаға не табаға маймен салып, біртіндеп айналдыра отырып, тұлыптың бетінде түгелдей қызарған қабықша пайда болғанша плитада қуырады.
Бұдан кейін ұшаны арқасына аударып, қуыру шкафына салып, дайын болғанша пісіреді. Шкафта қуыру кезінде тұлыптарды ауық-ауық аударып отырып, май және бөлініп шыққан шырынын құяды.
Еті қаттылау ересек тауық, қаз, үйрек, күркетауықтардың тұлыптарын қуыру алдында жартылай дайын болғанша қайнатып алу қажет.
Жіптің көмегімен шпик бөліктерімен байланған ұсақ құс етін шеті биік табада аударып отырып, беткі қабатында түгелдей қызарған қабықша пайда болғанша қуырады. Одан кейін табаның қақпағын жауып, қызуды бәсеңдетіп, құс етін дайын болғанша пісіреді.
Күркетауық пен қаздардың қуырылу ұзақтығы – 1,5-2 сағат, тауықтардікі – 45-60 минут, балапан, қарабауыр мен шілдердікі – 20-30, құр мен қырғауылдардікі – 40-50 минут. Дайын болғанын аспаздық инемен шаншу арқылы және бөлінген шырынының түсі арқылы тексереді. Бұл өнімдерді қуыруда салмағының жоғалуы 25-тен (қоян, қарабауыр, шіл) 40%-ға (қаз) дейінгі шамада.
Дайын болған ұшаларды қуыру шкафынан шығарып, жіптерін алып тастайды. Өнімді бөліктерге тікелей берер алдында кеседі. Ірі құстардың тұлыптарын теңдей екіге бөліп, әр бөлігін сүбелермен аяқтарға бөледі және тең мөлшердегі бөліктерге кеседі. Омыртқа сүйегін кесіп тастауға болады. 1 үлеске 2 тілімнен береді: біреуі сүбеден, екіншісі аяғынан.
Тауықтардың ұшаларын 4, 6 және тұлыптардың көлемі мен салу нормасына байланысты одан да көп бөліктерге кеседі.
Қарабауыр мен шілдерді бүтін ұшаларымен не болмаса төс сүйегінің бойымен жарты ұшаларға кесіп береді.
Егер құс еті суып қалса, кесілген үлестерді майы бар шеті биік табаға немесе жәй табаға салып, 5-7 минут қуыру шкафында қыздырып алады.
Құсқа ерітілген май құяды. Ең кең таралған гарнир – қуырылған картоп. Қосымша түрде жасыл салат, тұздалған не маринадталған қияр, самсар, қызанақ беруге болады. Қуырылған майлы қаз, үйректі бәрінен бұрын бұқтырылған қырыққабат немесе пісірілген антоновтық алмалармен берген дұрыс.
Ұсақ жабайы құс етін бауырдан жасалған паштет жағылған қуырылған нандармен береді. Гарнирі – күріш, пісірілген алмалар. Бөлек қара қарақат немесе итбүлдірген тосабын береді. Саңырауқұлақ қосылған қызанақ тұздығын беруге болады.
Қаз бен үйректі қуырар алдында көбіне картоп, қара өрік немесе алмамен турамалайды.
10.4.2. Үлесті бөліктермен қуырылған құс етінен әзірленген тағамдар
Бұл тағамдарды тікелей ұсынар алдында әзірлейді.
Табиғи котлеттер. Дайындалған жартылай фабрикатты қыздырылған майы бар табаға салып, аударып отырып 7-10 минут ішінде қуырады.
Берер алдында котлеттерді кесіліп қуырылған нандарға салып, күрделі гарнирмен гарнирлеп, сары май құяды. Сүйекке папильотка кигізеді.
Аунатылған котлеттер. Тура табиғи котлеттер секілді қуырып, береді. Гарнирдің компоненттерін майқоспа қамырдан жасалған себетшелерде (тарталетка) берсе болады.
Астанаша шницель. Жартылай фабрикатты табада екі бетінде де қызарған қабықша пайда болғанша қуырып, қуыру шкафында дайын болғанша пісіре түседі. Қуырудың жалпы ұзақтығы – 12-15 минут.
Берер алдында шницельді үлесті тағамға салып, сабандап туралып қуырылған картоппен және жасыл бұршақпен гарнирлейді; шницельге сары майды гүл түрінде салып, көктермен, консервіленген жеміс-жидектермен әрлейді.
Турамаланған котлеттер. Дайындалған жартылай фабрикаттарды 5-7 минут шыжып тұрған майда қуырады. Одан кейін қуыру шкафында дайын болғанша пісіреді. Берер алдында гарнирлеп, сары май құяды. Сүтті тұздық немесе бауырмен турамаланған котлеттерге бөлек шарап қосылған қызыл тұздық береді. Сүйекке папильотка кигізеді.
Киевше котлеттерде майы ағып кетпеуі тиіс.
10.5. Пісірілген құс еті, жабайы құс еті және қояннан әзірленген тағамдар
Құс еті мен рецептураға кіретін басқа да өнімдерді алдын ала қайнатып, бөктіріп, бұқтырып немесе өнімдер толықтай дайын болғанша қуырып, тұздықпен дәмдейді. Пісіруге дайындалған тағамдарды үлеспе табаларға, металл қалыптарға, қалашқа, себетшелерге қатпарлы немесе тәтті қамырдан жасалған воловандарға салып пісіреді. Пісіріліп жатқан уақытта қызарған қабықша мүмкіндігінше тезірек пайда болуы керек. Ол үшін 300-350°С температураны орнатады. Ал қызарған қабықша пайда болғаннан кейін 200- 150°С-қа дейін төмендетіп, 10-15 минутқа қалдырады.
Пісіру үшін дайындалған тағамдарды 2 сағаттан артық сақтауға болмайды. Дайын пісірілген тағамдарды сақтаудың қажеті жоқ.
Сонымен қатар, құс еті мен жабайы құс етін турама түрінде пісіреді.
Құс етінен немесе жабайы құс етінен әзірленген турамалы себет- шелер. Май жағылған металл қалыпшаларға тәтті қамырдың жұқа қабатын төсеп, турама толтырады. Үгітілген ірімшік, май сеуіп пісіреді.
Турама үшін тауықтың немесе жабайы құстың қайнатылған етін сары май және бөктіруден алынған сорпамен (турама массасының 10%-ы) біріктіріп, майда торлы еттартқыштан 3-4 рет өткізеді. Массаға шикі жұмыртқа сарысын, тұз, ұнтақтағы жұпар жаңғағын, мадера шарабын, қосып, жақсылап қағымдайды. Артынша шайқалған жұмыртқа ақуызын қосып, ақырындап барлығын араластырады.
Бақылау сұрақтары
Адам тамақтануында ет пен ет өнімдерінен әзірленген тағамдардың маңызы қандай?
Ірі кесектермен қуырылған еттерден тағам әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Үлесті немесе одан да ұсақ бөліктермен қуырылған еттерден еттерден тағам әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Пісірілген еттен тағам әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Қуырылған және пісірілген құс етінен тағам әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
11 ТАРАУ
АСА КҮРДЕЛІ САЛҚЫН ТАҒАМДАР ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
11.1. Салқын тағамдарды әзірлеуге өнімдерді дайындау
Салқын тағамдарды әзірлеу үшін гастрономия өнімдерін келесідей өңдейді:
Шұжықтардан бауы мен қабығының шеттерін алып тастайды; қабықты батонның кесілетін бөлігі жағынан ғана алып тастайды (бұл басқа да гастрономия өнімдеріне қатысты – сан етіне, ірімшікке, тұздалған балыққа, балықтың жон етіне және т.б.). Қабығы әзер алынатын шұжықтарды 1-2 минут ыстық суға салып қояды. Қабығын өн бойымен кесіп, алып тастайды; тазартылған шұжықты кеседі: жуан батондарды бастапқыда өн бойымен екіге бөліп кеседі. Ал әрбір бөлігін тік бұрыштан көлденеңінен; жұқа батондарды қиғаштап кеседі.
сан етінің терісі мен сүйектерін алып тастап, сүбесін жалғаушы-тінді қабат бойымен бөліктерге бөледі; төстік пен төс етіне терісі мен сүйегінен тазартады; қайнатылған және қуырылған ет өнімдерін салқындатады; бұл өнімдерді талшығынан көлденең жалпақ жұқа бөліктермен 3-4 мм қалыңдықта, май қатпарын біркелкі бөліп кеседі;
ірімшікті тік бұрышты не үшбұрышты пішінмен ірі бөліктерге кеседі.
Одан кейін қалыңдығы 2-3 мм болатын тілімдерге кеседі;
тұздалған балықты (ақсеркені, кетаны және т.б.) омыртқа бойымен жарады; кесуге арналған бөлігінен омыртқа мен қабырға сүйектерін алып тастайды; балықты құйрығынан бастап терісінен жалпақ жұқа бөліктерін турайтын тақтайға бұрышымен кеседі; қалған терімен балық кеуіп кетпес үшін кесілген жердің орнын жабады;
қатты тұздалған майшабақты салқын суда 10-12 сағат бойына малып қояды; одан кейін ұшаның басына алып тастап, қарын бөлігін кесіп, пайда болған саңылау арқылы балықты ақтармалап, жуып-шаяды; арқа бойымен теріні тіліп, оны ұшадан арқадан қарынға және басынан құйрығына қарай шешіп алады; жұмсақ етін омыртқадан және қабырға сүйектерінен бөліп алып, қалыңдығы 6-8 мм кесектерге бөліп кеседі; майшабақ, хамса, және басқа да дәмдеп тұздалған майда балықтарды дәмдеуіштерінен тазартып, басын, ішек-қарындарын, құйрық жүзбеқанаттарын және омыртқасын алып тастайды;
жон еттерінен ластанған және сүрленген жерлерін кесіп тастап, сүйектер мен шеміршектерінен және терісінен тазартады (кесілетін жон етінің бөлігі); терісіз жұқа жалпақ кесекпен кесіп, қалған терімен кесілген орнын жабады.
11.2. Мал өнімдері қосылып жасалған салаттар
Ет салатын сиыр не қой етімен не болмаса шошқа еті және сиыр тілімен әзірлейді. Қайнатылған ет өнімдері бөлігін, картоп және жаңа піскен немесе тұздалған қиярды жұқалап тілімдеп кеседі. Қияр бөліктерінен әшекей жасайды.
Тілімдеп туралған өнімдерді араластырып, «Оңтүстік» тұздығы қосылған майонез бөлігімен дәмдейді. Алынған массаны ет тілімдері салынған салат ыдысына төбешік етіп салып, қалған майонезді қосады. Піскен жұмыртқа бөліктерімен, қиярмен, консервіленген теңіз шаяндарымен немесе шаян мойындарымен, көк бұтақшаларымен әрлейді.
Осыған ұқсас етіп үй еті немесе жабайы құс еті қосылған астаналық салатын, бөктірілген частик балықтары қосылған балық салатын, бекіре тұқымдас қайнатылған балық, жаңа піскен қызанақтар, сәбіз, гүлді қырыққабат қосылған деликатесті балық салатын әзірлейді.
Бұнымен қоса, майшабақ, қайнатылған балық не кальмар, ыстық сүрленген балық, қайнатылған ет қосылған винегреттер дайындайды.
11.3. Көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген салқын тағамдар
11.3.1. Маринадталған көкөністер
Маринадталған асқабақ. Тұз, қант, дәмдеуіштер қосылған суды қайнатып, оған қабығы мен тұқымдарынан тазартылып, текшелеп туралған (12-15 мм) асқабақты салады. Жұмсарғанша пісіріп, салқындатып, сірке суын қосады да 5-6 сағат бойына тоңазытқышта ұстайды. Маринадпен бірге береді.
Бұл маринадты маринадталған пияз, маринадталған қызылша, басқа да көкөністерді әзірлеуге пайдалануға болады.
Маринадтағы асқабақ. Қабығы мен тұқымынан тазартылған асқабақты тілімдеп кеседі. Ұнға аунатып, өсімдік майында аударып қуырады. Қуырыл- ған асқабақты тотықпайтын ыдысқа салып, «Қызанақ қосылған көкөніс маринады» тұздығын құяды және 10-15 минут бұқтырып, салқындатады.
11.3.2. Турамаланған көкөністер
Тағамдардың кең сұрыпталымдарын турамаланған қызанақтардан әзірлейді.
Жұмыртқа және пиязбен турамаланған қызанақтарды келесі жолдармен әзірлейді. Қызанақтың жоғарғы бөлігін қақпақ пайда болатындай етіп кеседі. Қызанақтан мәйегінің бөлігін алып тастайды. Ойып алынған жерге тұз бен бұрыш сеуіп, турамамен толтырады (бітеу етіп пісіріліп туралған жұмыртқаны ұсақталған қызанақ мәйегімен және майдалап туралған басты немесе көк пиязбен араластырады).
Берер алдында майонез қосып немесе «Оңтүстік» не «Шығыстық» тұздығы қосылған қаймақты құйып, ұсақталған көктерді қосады.
Сондай-ақ саңырауқұлақтармен (тұздалған не маринадталған) турамаланған қызанақтар, ет не балық салаты, «Мұхит» пастасын әзірлейді.
Салқын басытқы ретінде егер май ретінде өсімдік майы қолданылса, турамаланған болгар бұрышын, кәділерді, баялдыларды береді (8-бөлімді қараңыз).
11.3.3. Көкөністер мен саңырауқұлақтардан дайындалған икра
Баялды икрасы. Дайындалған баялдыларды қуыру шкафында дайын болғанша қуырады, салқындатады, терісінен ажыратып, мәйегін ұсақтайды. Басты пиязды жұқалап турайды, өсімдік майында аздап шала қуырады да томат езбесін қосып, қайтадан 10-15 минут ішінде шала қуырады. Шала қуырылған өнімді баялдылармен біріктіріп, қоюланғанша бұқтырады. Бұқтыру соңында тұз, бұрыш, ұнтақталған сарымсақ және сірке суымен дәмдеп, салқындатады.
Басқа технология бойынша жылумен тек баялдыларды өңдейді: пісіріліп, тазаланған баялды мәйегін ұсақтап, майдалап туралған басты пияз, тұз, бұрыш, ұнтақталған сарымсақ, ұсақталған ақжелкен не аскөк көгін қосып, өсімдік майы және сірке суымен дәмдейді. Бұл икра ащылау болып шығады, бірақ оны іске асыру мерзімі 6 сағатқа дейін қысқарады.
Кәді икрасы. Қабығы мен ірі тұқымдарынан тазартылған кәділерді домалақтап турап, қуыру шкафында пісіріп, ұсақтайды. Майдалап туралған ақбас қырыққабатын жартылай дайын болғанша бұқтырып, қызанақпен шала қуырылған басты пиязды қосып, дайын болғанша бұқтырады. Бұқтыру соңында кәділерді қосып, сірке суымен, тұзбен, бұрышпен дәмдейді.
Көкөніс икрасы. Баялдылар мен кәділерді алдыңғы тағамдар секілді дайындайды. Майдалап туралған сәбіз бен басты пиязды томат езбесімен шала қуырады. Жартылай дайын болғанша бұқтырылған ақбас қырыққабатымен біріктіріп, дайын болғанша бұқтырады. Одан кейін баялдылар мен кәділерді қосып, екеуін бірге 15-20 минут ішінде бұқтырады. Икраны сірке суымен, тұзбен, бұрышпен дәмдейді.
Саңырауқұлақ икрасы. Дайындалған кептірілген саңырауқұлақтарды дайын болғанша қайнатып, салқындатады. Салқын суда жуылған тұздалған саңырауқұлақтармен біріктіріп, ұсақтайды. Майдалап туралған басты пиязды өсімдік майында аздап шала қуырады. Саңырауқұлақтармен біріктіріп, 10-15 минут ішінде қуырады. Сірке суы және бұрышпен дәмдеп, салқындатады.
11.4. Балық және балық өнімдерінен әзірленген тағамдар
11.4.1. Балық гастрономиясынан жасалған басытқылар
Дәнді немесе кеталы уылдырық. Икра порциясын икра ыдысының табақшасына салып, лимон тілімімен безендіреді. Бөлек сары май мен нан береді. Майдың орнынан майдалап туралған көк пияз беруге болады.
Түйірсіз уылдырық. Түйірсіз уылдырық порциясын турау тақтайында езіп, балық немесе басқа да пішін береді. Майшабақ жаймасына ауыстырып салып, лимонмен безендіреді. Бөлек дәнді уылдырыққа бергендей өнімдерді береді.
Тұздалған балық (порциямен). Кета немесе ақсеркені, алабалық, албыртты жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан кесіп, лимон тілімімен, ақжелкен көгінің бұтақшаларымен әрлейді.
Салқын сүрлену балығы (порциямен). Бекіре немесе албырт балықтардың арқа-жон еттерін жұқа тілімдермен 1 порцияға 2-3 данадан кесіп, лимонмен безендіреді.
Пияз қосылған табиғи майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Үстіне жұқа шеңбермен кесілген басты пиязды немесе майдалап туралған көк пиязды себеді. Берер алдында салат дәмдеуішін құяды.
Гарнир қосылған майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін жұқа бөліктермен кесіп, майшабақ жаймасына «шыршалап» салады. Қырларына кішкене төбешіктермен («байламдармен») гарнирді (майда текшелеп туралған пісірілген картоп, сәбіз, қызылша, жұқалап майдалап туралған көк пияз) салады. Бітеу етіп пісірілген жұмыртқа домалағымен әрлеуге болады. Берер алдында майшабақ пен гарнирге салат дәмдеуіштерін құяды.
Картоп және май қосылған майшабақ. Майшабақты майшабақ жаймасына салады. Нан тәрелкесімен оған өсімдік майы құйылған ыстық піскен картоп немесе табақшада сары май қосып береді.
Ұсақталған майшабақ. Майшабақтың таза сүбесін, қабығы мен тұқымды ұясынан тазаланған алмаларды, басты пиязды еркінше турайды. Сүтте немесе суда суланған сығылған бидай нанын қосып, еттартқыштан өткізеді. Алынған массаға сары май немесе өсімдік майын, сірке суын, қосып, шайқайды. Майшабақ жаймасында балық түрінде безендіреді.
Жаймадағы дайындалған майшабаққа туралған піскен жұмыртқа немесе көк пиязды сеуіп, пісірілген сәбіз және сары маймен әрлеп, дөңгелектеп не тілімдеп туралған жаңа піскен қияр және қызанақтармен гарнрилеуге болады.
Балық консервілері (порциямен). Консерві құтыларын жуып, сүртіп, ашады. Балықты үлестерге бөліп салады; май, қызанақ құйындысын немесе шырынын олардың арасында біркелкі етіп орналастырады. Гарнирмен бірге беруге болады.
11.4.2. Дайындау күрделілігі жоғары салқын балықты тағамдар
Сорпа құйылып ұйыған балық. Салқындатылған пісірілген балықты кесектейді. Пісірілген сәбіз бен лимоннан әшекей жасап, ақжелкен жапырақтарын дайындайды. Сорпа құйылып ұйыған балықты қандай ыдыста дайындайтынына байланысты екі технологияның біреуін қолданады.
Егер жайпақ қаңылтыр табаға ұйытса: алдымен табаға желатин қосылған балық сорпасын (ланспик) құйып, тоңазытқышқа сілікпенің жұқа түпкі қабаты түзілгенше қояды. Қатпаған сорпаны құйып алады. Жайпақ табаға піскен балықтардың үлеспелі бөліктерін бір-бірінен 4-5 см ара қашықтықта салып, әр бөлікке ланспикте суланған әшекейлерді (ақжелкен жапырағы, лимон тілімі, өрнектелген сәбіз тілімі) қояды. Табаны әшекейлер балыққа бекуі үшін қайтадан тоңазытқышқа салады. Одан кейін біржолата сорпа құйып, тоңазытқышқа қояды.
Берер алдында жіңішке пышақтың ұшымен балық үлесін жиектері ирек болып шығатындай етіп кесіп, басытқы ыдысына салады. Бір қырына гарнирді қоюға болады. Ақжелкек тұздығын бөлек береді.
Балықты қалыпта (салтанат үстеліне) ұйытуда оның түбі мен бүйір қабырғаларына 1см қалыңдықтағы сілікпе қатпарын биіктетіп, оған әшекейлерді, ал үстіне балық бөліктерін қояды. Ланспик құйып, тоңазытқышқа салады.
Берер алдында қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға салып аалды. Балықты тағамға салады. Бұл ретте әшекейлер үстіне шығады. Балықты гарнирлеп, безендіреді.
Балықты кілкілдек. Кілкілдекті балықтың тағамдық қалдықтарынан – бастарынан, жүзбеқанаттарынан, бекіре балықтарының терісі немесе басынан, сүйектерінен, жүзбеқанаттарынан, терісінен, сүйек қаңқасымен балық қабыршағынан қайнатады. Дайындалған өнімдерге салқын су құйып (1 кг шикізатқа 1-1,5 л), 1,5 сағат ішінде пісіреді.
Өнімдердің құрамына кіретін бұл уақытта еритін глютинге (желатин) айналады. Оның ерітіндісі салқындатқанда кілкілдек түзеді (бұл үшін глютиннің концентрациясы 3%-дан кем болмауы керек). Пісуге 20-30 минут қалғанда тұз, пияз, сәбіз және ақжелкен тамырын, ал пісу соңында лавр жапырағы және түйіршікті бұрыш қосады.
Піскен қалдықтардың сүйегі мен шеміршегінен мәйегін ажыратады. Бекіре балықтарының шеміршектерін бөлек пісіре түседі. Шеміршектер жұмсарғанда оларды мәйегімен бірге ұсақтап, сүзгіленген сорпамен біріктіреді де тағы да 10 минут ішінде қайнатады. Одан кейін дайындалған желатинді (берік кілкілдек түзу үшін бұл сорпада өз глюти оньяні жеткілік- сіз) қосып, қайнатып, үгілген сарымсақпен дәмдейді. Кілкілдекті салқындатып, қалыптарға құйып, қатыру үшін тоңазытқышқа қояды.
Берер алдында үлестерге бөліп, ақжелкек тұздығымен береді. Көкөніс гарнирімен беруге болады.
Ж е л а т и н д і д а й ы н д а у. Желатинді 10 есе көлемдегі салқын суда 1 күн ішінде дымқылдатады. Ол ісініп, көлемі 8 есе көбейеді. Ал артылған суда желатиннің ыдырауынан төмен молекулалы өнімдер ериді. Оларға көбіне жағымсыз дәм мен иіс тән. Ал кілкілдек түзуші қасиетке олар ие емес. Ісінген желатинді дәке арқылы сүзгілеп, еріген заттектері бар артылған суды сығады. Одан кейін 50-60°С температурадағы сорпа бөлігінде ерітіп, негізгі сорпаға енгізеді. Желатин қосылған сорпаны қайнатуға болмайды. Өйткені желатиннің молекуласы жарықшақтанып, оның дірілдекті қасиеті төмендейді.
Балықтан дайындалған кілкілдек. Балықты кілкілдектен айырмашы- лығы – оны әзірлеуде балықтың тағамдық қалдықтары емес, 30-40 минут ішінде қайнататын сүйексіз терілі сүбені пайдаланады. Бұндай сорпада глютиннің шоғырлануы төмен, сондықтан желатинді балықты кілкілдекке қарағанда 2 есе көп алады.
Маринадтағы қуырылған балық. Терісі бар қабырға сүйектерінсіз сүбенің үлеспе тілімдерін ұнға аунатып, дайын болғанша қуырады. Қуырыл- ған балықты тотықпайтын ыдысқа салып, қызанақ қосылған көкөністі ыстық маринадты құяды. Бөлме температуасында салқындатып, балық тұздықты сіңіруі үшін тоңазытқыш шкафқа салады.
Берер алдында маринадпен балық бөлігін басытқы ыдысына салып, ұсқатап туралған көк пияз себеді.
Балық ассортиі. Бұл тағамның құрамына балық өнімдерінің 3-4 түрі – түйірсіз немесе түйірлі не болмаса кета уылдырығы, тұздалған ақсерке немесе албырт, шпрот не майшабақ, қайнатылған шоқыр кіреді (өнімдердің жинағы өзгеруі мүмкін, көбіне оған балық емес өнімдерді қосады).
Өнімдерді тағамға әдемі етіп салады. Түйірлі не кета уылдырығын әдетте себетшелерге салады; корнишондармен, жаңа піскен қызанақтармен, жасыл бұршақпен, туралған сілікпемен гарнирлейді; гарнирге салат дәмдеуіштерін құяды; тағамды лимон тілімімен әрлейді.
11.5. Ет, ет өнімдері және құс етінен әзірленген тағамдар
11.5.1. Ет гастрономиясынан дайындалған тағамдар
Үлестермен шұжық. Шұжық тілімдерін басытқы тәрелкесіне әдемілеп салады. Бір қырына шикі не пісірілген көкөністерден гарнир қояды. Пісірілген шұжыққа ақжелкек тұздығын немесе корнишон қосылған майонез беруге болады.
Ветчина немесе шпик гарнирмен. Шұжыққа ұқсас етіп үлестермен береді.
11.5.2. Ет өнімдерінен дайындалған тағамдар
Ет ассортиі. Бұл тағамдардың нұсқалары алуан. Өнім жинағына үштен кем емес, алтыдан аспайтын компоненттер кіруі керек. Ол пісірілген сиыр еті немесе бұзау еті, тілдер, шошқаның ысталған еті, шұжықтар, қуырылған тауық немесе күркетауық, қуырылған шошқа еті және т.б. болуы мүмкін.
Жаңа піскен немесе пісірілген көкөністерден дайындалған гарнирлермен береді. Көктермен әсемдейді. Ақжелкек тұздығы немесе корнишон қосылған майонезді бөлек береді.
Ет немесе тіл, не болмаса құймалы торай еті. Пісірілген сиыр етін, қой етін немесе шошқа етін, не болмаса қуырылған бұзау етін немесе пісірілген тілдердің бір түрін 1 үлеске 1-2 бөліктен кесіп, пісірілген торай етін үлестерге кеседі. Бөлек сорпада (ет өнімдерін пісіргеннен алынған кейбір сорпаларды қолдануға болады) қоймалжыңданған сорпа (рецептуралар жинағында – етті сілікпе) әзірлейді. Тағамды әрлейді.
Өнімді балық секілді безендіріп, құяды. Үлестеп, көкөніс гарнирімен береді. Ақжелкек тұздығын бөлек береді.
Турамаланған тауық еті (галантин) немесе турамаланған торай еті. Өңделген тауық ұшасында омыртқа бойымен бойлық тілік жасап, онда 1 см қалыңдықтағы жұмсақ ет қабатын қалдырып, терісін бүтіндей кесіп алады. Қалған жұмсақ етті сүйектерден кесіп алып, сиыр етімен бірге еттартқыштан 2-3 мәрте, одан кейін езгілеу машинасынан өткізеді. Алынған турамаға шикі жұмыртқалар, сүт, тұз, бұрыш, жұпар жаңғағын қосып, қағымдайды. Сонан соң майда текшемен туралған шпикті, пісте немесе жасыл бұршақты қосып, араластырады.
Алынған турамамен өнімге бүтін тұлып пішінін беріп теріні толтырады. Тіліктерді тігіп, жартылай фабрикатты майлыққа немесе пергаментке орап, баумен байлайды да сорпада әлсіз қайнауда 1-1,5 сағат аралығында пісіреді. Дайын тауық етін сорпада салқындатып, жеңіл баспаққа салып, тоңазытқышта салқындатады.
Берер алдында тауық етін 1 үлеске 1-2 бөліктен кесіп, гарнирлейді.
Тұздықты (майонез, карнишон қосылған майонез, ақжелкек) бөлек береді.
Өңделген торайды қарны бойынша бойлап кесіп, сүйектерін алып тастап, кесілген орнын ішінара тігеді. Қалған саңылау арқылы торайға турама толтырып, саңылауды тігіп тастайды.
Тураманы тауық етіне дайындағандай етіп, тек торай етінен әзірлейді. Әрі қарай тауық еті секілді дайындап, алынып тасталған сүйектермен бірге 1,5-2 сағат ішінде бәсең қайнауда пісіреді. Одан кейін галантин сияқты жібереді.
Бауырдан әзірленген паштет. Туралған пияз бен сәбізді шпикпен жартылай дайын болғанша қуырып, туралған бауырлы, дәмдеуіштерді қосып, барлығын дайын болғанша қуырады. Қуырылған өнімдерді жиіленген торлы
еттартқыштан 2 рет өткізіп, жұмсартылған сары майдың 2�3нормасын, сүт немесе сорпа қосып, мұқият илейді. Батон түрінде пішіндеп, сыртқы қабатына қалған майды жағады, майдалап туралған піскен жұмыртқаны сеуіп, тоңазытқышқа қояды.
Кілкілдектер. Сиыр еті, шошқа еті, сиыр және шошқа етінен, құс етінің субөнімдерінен желатинді пайдалану арқылы әзірлейді. Ет субөнімдерінен жасалған сиыр және шошқа етін желатинсіз әзірлейді. Өйткені бұл субөнімдерді қайнатуда көп мөлшердегі глютиндер түзіліп, салқындатқан уақытта берік кілкілдек жасалады.
11.6. Жұмыртқалар мен ірімшіктен дайындалатын тағамдар
Майонездегі гарнир қосылған жұмыртқа. Қабығымен пісірілген картоп пен сәбізді аршиды; тұздалған қиярды қабығы мен дәндерінен тазалайды; жаңа піскен қызанақтарды тазалап, жуады. Көкөністерді жұқа тілімдермен кесіп, майонез бөлігімен және «Южный» тұздығымен дәмдейді. Жұмырт- қаларды бітеу етіп пісіреді.
Дәмделген көкністерді білікшелеп салып, үстіне жұмыртқалардың жарты бөліктерін қойып, оларға қалған майонезді қосады. Берер алдында тағамды туралған ет сілікпесімен және көкөністермен әрлейді.
Майшабақ және пиязбен турамаланған жұмыртқалар. Бітеу етіп пісірілген жұмыртқаларды өн бойымен кесіп, сарыуызын бөліп алады. Оны езгілеп, еттартқыштан өткен майшабақ мәйегімен және пиязбен біріктіреді. Алынған массаны майонездің жартысымен дәмдеп, ақуызға сарыуыздың орнына қояды; жұмыртқа бекем болуы үшін ақуыздың төменгі жағынан кішкене тілім кесіп алады. Жұмыртқаларды тәрелкеге орналастырып, қырына гарнир (жасыл бұршақ, жаңа піскен қияр және қызанақ) салады. Жұмыртқаларға қалған майонезді қосады.
Жұмыртқаларды басқа да турамалармен толтыруға болады.
Жұмыртқа салаты. Жұмыртқаларды бітеу етіп пісіріп, тұздалған қиярларды тазалайды. Жұмыртқа, қияр және басты пиязды майдалап турайды. Дайын қышаны, майонезді қосып, араластырады.
Тәбет ашатын басытқы. Балқытылған ірімшікті үккіштен өткізіп, үгілген сарымсақ және майонезбен дәмдейді.
Ірімшік (үлестермен). Дәстүрлі түрде тұтынушы ірімшіктің қандай да бір түріне тапсырыс береді. Ірімшік тілімдерін басытқы тәрелкеге ақырындап салады.
Салтанатты кештер үшін әдетте ірімшікті ассорти дайындайды.
Бақылау сұрақтары
Адам тамақтануындағы салқын тағамдардың маңызы қандай?
Салқын тағамдарды дайындау үшін гастрономия өнімдерін қалай өңдейді?
Балық гастрономия өнімдерінен басытқы әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Балықтан жасалған күрделілігі жоғары салқын тағамдарды әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Гастрономиялық ет өнімдерінен басытқылар дайындаудың сұрыпталымдары мен технологиясы қандай?
Ет өнімдерінен жасалған күрделілігі жоғары салқын тағамдарды әзірлеудің сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
Жұмыртқа мен ірімшіктен дайындалған салқын тағамдардың сұрыпталымы мен технологиясы қандай?
12
ТАРАУ
КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТӘТТІ ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
12.1. Тәтті тағамдарды әзірлеуде өнімдерді дайындау
Жаңғақтар. Фундук, грек жаңғағы, миндаль, пістені қабықтарынан тазалап, кептіреді. Қауызын алып тастап, қуырып, ұсақтайды.
Карамельденген жаңғақтарды да әзірлеуге болады. Ол үшін қауызын алып тастағаннан кейін оларды біркелкі бөліктерге кеседі. Табаға қант сеуіп, кішкене су қосып (қантты дымқылдатады), орта қызуда ағаш күрекшемен үздіксіз араластыра отырып, орта қызуда қыздырады. Қайнап жатқан шәрбатқа дайындалған жаңғақтарды қосып, қоңыр түсті болғанша қайнатады. Карамельденген жаңғақтарды шығарып, салқындатады да құрғақ жерде сақатйды. Қолданар алдында оларды уатады.
Кілегей және қаймақ. Көптеген тәтті тағамдарға бұл өнімдер шайқалған күйде қосылады. Бұл күйде олар көбікті құрылымға – ұялы-дисперстік жүйеге ие. Көбік түзуші осы өнімдердің ақуыздары болып табылады. Ең берік көбік 25-35% майлылықтағы кілегейлерді 4-7°С температурада шайқағанда түзіледі. Кілегейдің майлылығы төмен болған сайын оны шайқауға соғұрлым төмен температура қажет. Төменгі температура майдың түзілуіне кедергі жасайды. Сондықтан қаймақты да (36% майлылықтағы қаймақ бәрінен жақсы шайқалады) шайқағанда салқындатып алады.
Көбіктің беріктігі май түйіршіктерінің көлеміне байланысты: олар неғұрлым ірі болған сайын (белгілі шегіне дейін), көбік соғұрлым берік болады. Майда май түйіршікті гомогенделген кілегейдің шайқалмайтын себебі – ақуыздардың айтарлықтай мөлшері май фазасының өскен бетінде адсорбталған.
Кілегейді шайқауға арналған ыдысты 1/3 – ге толтырған дұрыс, өйткені шайқау соңында оның көлемі 2-2,5 есе үлкейеді. Шайқалған кілегей шайқау құралында нық тұру керек. Олар сақтауға жатпайды: олардың көлемі кішірейіп, оған қоса, олар микроағзалардың дамуына жақсы орта болып табылады.
Дірілдекті заттектер. Тағам қатарларын дайындауда дірілдекті заттерк- терді қолданады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында сілікпе, мусс, аюбадам, крем, сондай-ақ дірілдекті өнімдерді дайындау үшін желатин, агар, агароид, фурцелларан, пектиндер (алма, қызылша, цитрусты) қолданылады.
Бұрыннан бұл мақсаттар үшін желатин қолданылған (оны қолдануға арналған дайындау технологиясы 11.4.2-бөлімшеде қаралған). Бірақ желатинге мұқтаждық үнемі өсіп тұрды. Оның жетсіпеушілігі айтыла бастап, соған ұқсас қасиетке ие жаңа заттектер қажет бола бастады. Оған қоса желатиннің біраз кемшіліктері бар: берік кілкілдек алу үшін ерітіндідегі оның шоғырлануы 3%-дан кем болмауы тиіс; желатинді кілкілдекте балқу температурасы салыстырмалы түрде төмен; желатин ерітіндісін қайнатқанда оның кілкілдек түзуші қасиеті төмендейді. Теңіз балдырларынан алынатын кілкілдек түзушілер (беломорск немесе тынық мұхиттық анфельция балдырынан алынатын агар-агар, агароид немесе қара теңіздік қызыл балдырдан алынатын қара теңіздік агар, фурцеллярия балдырларынан алынатын фурцелларан) барлық осы сипаттамалар бойынша желатинге қарағанда артықшылыққа ие (12.1- кестесі).
12.1-кестеден желатинге қарағанда балдырлық полисахаридтер 2-3 есе аз шоғырлануда берік кілкілдек түзетінін көруге болады; бұл кілкілдектердің балқу температурасы айтарлықтай жоғары – олар, тіпті, 30°С температурада да берік болып қалады; бұл кілкілдек түзушілердің ерітінділерін 1сағат ішінде қайнату олардың дірілдекті қасиеттерін болмашы төмендетеді.
Қолдануға дайындауда оларды 20 есе мөлшердегі салқын суда 30-45 минут сулайды. Бұл ретте агароид массасы 8-10 есе, агар мен фурцелларан – 6-8 есе ұлғаяды.
К е с т е 12.1. Кейбір кілкілдек түзушілердің салыстырмалы сипаттамасы
Артық ылғалды ондағы ерітілген бояғыш, иісті заттектермен бірге сүзгі арқылы кетіреді. Қоймалжыңданудың жоғары температурасы себебінен агарды мусс пен самбуктарды дайындауда қолданбайды. 12.1-кестесінде көрсетілгендерден бөлек тамақ өнеркәсібінде натрий альгинаты секілді кілкілдек түзушіні пайдаланады. Оны қоңыр теңіз балдырларынан өндіреді. Кальций альгинаты кілкілдекті қасиетке ие, сондықтан тағамдарды дайындау үдерісінде кальций натриімен орнын басуға жағдай жасалады. Дірілдетуге арналған қоспаға фосфорлы қышқыл кальций мен қышқыл қосады. Бұған қоса қышқыл ортада түзілген кальций альгинаты өте жылдам қоймалжыңданады. Бұл қасиет оны мусс және самбуктарды дайындауда , шайқау қажет жағдайларда қолдануға жол бермейді. Пектиндер деп көкөністер мен жемістердің, сонымен қатар, олардан өңделген өнімдердің (мысалы, жемісті езбе) құрамында болатын пектин қышқылдары қоспасын айтады. Әртүрлі шикізаттардан алынған пектиндер бір-бірінен едәуір өздерінің дірілдекті қасиеттері бойынша ажыратылады. Олар пектиннің полимерлеу дәрежесіне (төмен молекулалы пектиндер бұл қасиеттерге ие емес), оның молекуласындағы метоксильді топтардың мөлшеріне (төмен метоксиленген пектиндер де кілкілдек түзбейді) және т.б. байланысты. Кілкілдектің түзулуі үшін 1,5% пектин шоғыры қажет. Пектин ұнтағын қантпен 1:3 ара қатынаста, одан кейін талап етілген шоғырмен жақсылап араластырады. Ісіну ұзақтығы пектиннің табиғаты мен сапасына байланысты және 1,5-тен 3 сағатқа дейінгі шамада. Пектиндер емдеу-профилактиқалық тамақтануда кең қолданысқа ие. Өйткені ауыр металдарды (қорғасын, қалайы, сынап, стронций және т.б.) ішекте жалғап, ағзадан шығаруға жарамды. Тәтті өнімдерді өңдеуде целлюлозаның жай эфирлері (жасұнық) қолданылуы мүмкін. Көп қолданысқа метилцеллюлоза (МЦ) және карбоксиметилцеллюлоза натриі (NaКМЦ) ие. Өндірісі әр заттектің өз қасиеттерімен ерекшеленетін бірнеше таңбаларын шығарады. Бұл заттектерді целлюлозадан ажырататын маңызды қасиет – ісіну немесе суда еру. Ыстық суда тек МЦ ерімейді, ал NaКМЦ ыстық суда да, салқын суда да ериді. Екі эфирдің де су ерітіндісі түссіз, 7-7,5-ке тең рН-қа ие. Яғни, іс жүзінде бейтарап. Олардың ең маңызды құндылығы химиялық және микробиологиялық беріктігі. Жасұнық тәрізді олар да адам ағзасында таралмайды. Сондықтан төмен калориялы өнімдерді өндіруде емдік тағамдарда қолданысқа ие. МЦ-ның су ерітінділерінің беттік белсенді қасиеттері оларды тәтті тағамдарға көбік түзуші ретінде қолдануға мүмкіндік береді. МЦ-ның түрлі сұрыптарына ең жоғарғы көбік түзуші қасиеті мен көбіктің беріктігі оның 3%-ға тең ерітіндідегі шоғырлануында көрінеді. Төмен тұтқырлы сұрыптар үшін – 1,5-2%.
12.2. Сілікпеленген тағамдар
12.2.1. Сілікпе
Сілікпені жаңа піскен немесе консервіленген жемістерден, жидектерден, жеміс-жидекті шырындардан, шәрбаттардан, сүттен жасайды. Сілікпені дайындау үдерісі екі сатыдан тұрады: сұйық негізді дайындау және дірілдету. Сұйық негізді түрлі шикізаттан әртүрлі етіп жасайды.
Жаңа піскен жидектерден дайындалған сілікпе. Мүкжидек немесе карақатты іріктеп, жуып, олардан шырын сығады. Оны суықта сақтайды. Қалған мезгаға ыстық су құйып, 5-8 минут ішінде қайнатады. Қайнатпаны сүзгілеп, қант сауып, қайнатуға дейін қыздырып, бетінен көбікті алып тастайды.
Сұйық негізге шәрбат бөлігінде еріп (50-60°С-та), алдын ала суланған және сығылған желатинді қайнатады. Жидек шырынын құйып, қалыптарға құяды да бөлме температурасына дейін салқындатады. Салқындату үдерісінде желатин молекулалары арасында көлденең байланыстар пайда болып, ұяшықтарында ылғал ұсталатын үш өлшемді қаңқа түзіледі, ерітінді кілкілдекке айналады. Бірақ сілікпе түзілуі бұл сәтте әлі аяқталмаған, сондықтан сілікпені 2 сағатқа тоңазытқышқа қояды. Бұл ретте кілкілдек беріктігі ұлғаяды. Дірілдекті заттектердің ерітіндісінде қанттың болуы кілкілдектердің беріктігін және сілікпе түзілудің температурасын ұлғайтады.
Берер алдында қалыптарды бірнеше секундқа ыстық суға салып алады. Сілікпені тағамға, вазаға немесе шұңғыл шыны ыдысқа салып, шәрбат құяды. Лимондардан(апельсиндерден, мандариндерден) дайындалған сілікпе. Жемістерден шырынын сығып, онытоңазытқышқақояды. Қайнатылған қанты бар суға жемістерден алынған цедраны салып, одан кейін шәрбат бөлігінде еріген желатинді құяды. Шәрбатты қайнатып, шырынды қосады. Сүзгіден өткізіп, қалыптарға құяды. Әрі қарай жидекті сілікпелер секілді дайындап, тура солай етіп береді. Апельсиндерден дайындалған сілікпеге ыстық қантты желатин шәрбатына лимон қышқылын қосады.
Жаңа піскен жеміс, жидек және бақша өнімдері қосылған сілікпе. Алмаларды қабығынан тазалап, тұқымды ұясын алып тастайды. Бөліктеп турап, лимон қышқылымен қышқылдандырылған суда қайнатады. Қайнатпаны сүзгілеп, дайын желатинді қосып қайнатады.
Қабығы мен тұқымдарынан тазартылып, тіліктеп кесілген қауын және қарбызды, жүзім мен қайнатылған алмаларды қалыптарға немесе вазаларға салып, сұйық негізді құяды. Әрі қарай алдыңғы тағамдар секілді дайындап, дәл солай береді. Көп қатпарлы сілікпені алу үшін қалыпқа біртіндеп түрлі-түсті шәрбаттарды құйып, дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі. Теңбілді сілікпені дайындау үшін түрлі-түсті қатқан сілікпелерді кесіп, қалыптарда араластырады. Түссіз немесе аздап боялған сілікпені (мысалы, лимонды) құяды және дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі.
Сүттен дайындалған сілікпе. Бастапқыда бадам сүтін дайындайды. Ол үшін бадамға ыстық су құйып, 3-4 мнут ішінде қайнатады. Елеуішке қойып, қабығынан тазалап, үккіште біртіндеп қайнатылған салқын су құя отырып ұсақтайды. Алынған сұйықтықты (бадам сүті) елеуіштен құйып, үккіште қалған мезганы судың жаңа үлесін құйып, қайтадан езгілейді. Бадам сүтінің екінші үлесін біріншімен біріктіреді.
Бадам сүтін ыстық сиыр сүтімен біріктіріп, қант қосып, үздіксіз араластыра отырып қайнатады. Дайын болған қоспаға дайындалған желатинді қосып, араластырып, сүзгілеп, қалыптарға құяды да салқындатады және дірілдетейтін қалыпқа келтіріледі.
12.2.2. Мусстар
Мусс — ол шайқалған сілікпе. Дірілдетуге дайындалған массаны 30°С-қа дейін салқындатып, үлпілдек көбікке дейін шайқайды. Әрі қарай қалыптарға орналастырып дірілдетеді. Берер алдында муссты десерт тәрелкесіне немесе вазаға салып, шәрбат құяды немесе тағамға сүт сауытпен сүт береді. Муссты сілікпенің орнына ұнтақ жармасында дайындауға болады. Дайындалған сұйық негізді қайнатып, жіңішке ағыспен еленген ұнтақ жармасын салып, 15-20 минут ішінде араластыра отырып қайнатады. Қоспаны 40°С-қа дейін салқындатып, қою көбік тәрізді масса түзілгенше шайқайды. Оны қалыптарға орналастырып, салқындатады.
12.2.3. Аюбадамдар
Аюбадамдарды алма, өрік немесе алша езбесінен, шайқалған ақуыз қосылған алма тұздығынан дайындайды. Ондағы дірілдекті заттектер желатин немесе оны алмастырушы және жеміс негізіндегі пектин болып табылады. Қабығы мен тұқымынан тазаланған алмалар мен алшаларды жайпақ табаға салып, кішкене су құйып, қуыру шкафында пісіреді. Сүйексіз өріктерге ыстық су құйып, қайнатады. Одан кейін жемістерді салқындатып, езгілейді. Алынған езбеге қант, жұмыртқа ақуызын қосып, мұзда салқындатып шайқайды. Шайқалған массаға жіңішке ағыспен дайындалған сілікпені құйып, тез араластырып, қалыптарға немесе жайпақ табаларға салып, дірілдетеді. Шәрбатпен береді.
12.2.4. Кремдер
Кремдерді қою кілегейлерден (35% майлылықтағы) немесе 36% майлылықтағы қаймақтан жұмыртқа, сүт, қант, жемісте не жидекті езбе және желатин, сонымен қатар, түрлі дәмдік және хош иісті өнімдерді қосу арқылы дайындайды. Салқындатылған кілегейді үлпілдек қою көбікке шайқап, түрлі толтырғыштар мен дайындалған, қайнатылған желатин кіретін жұмыртқа-сүт қоспасын қосады. Жұмыртқа-сүт қоспасын дайындау үшін шикі жұмыртқаларды құмше- кермен үгіп, қайнаған сүтпен біріктіріп, үздіксіз араластыра отырып, 70- 80°С-қа дейін қыздырады. Бұл қоспада дайындалған желатинді ерітіп, сүзгілеп, 30-25°С-қа дейін салқындатып, сол немесе басқа толтырғышты – ванилин, кофе тұнбасын, қантпен үгілген какао ұнтағын қосады. Екінші тәсіл бойынша, ванилин немесе қантты какаоны шайқалған кілегейге қосады. Әрі қарай үздіксіз араластыра отырып, жіңішке ағыспен аздап суыған ерітілген желатинді қосады. Кофе кремі үшін желатинді қою кофе тұнбасында ерітеді. Крмеді бірден қалыптарға құйып, дірілдетеді. Берер алдында қалыпты бірнеше секундқа жылы суға салып алып, кремді вазаға немесе десерт тәрелкесіне салып, кофе не шоколад шәрбатын не болмаса жидекті тұздық құяды.
Дәл осылай жаңғақты кремді, тосаптан жасалған кремді және т.б. дайындайды.
Шайқалған кілегейді өз алдына бөлек өнім ретінде де шақпақ қант ұнтағын немесе қуырылған үкпе жаңғақтарды сеуіп, қолданады. Осылайша шайқалған кілегейді піспенан немесе құрғақ бисквитпен беруге болады.
12.3. Балмұздақтан әзірленген тағамдар
Қатқан балмұздақ. Бұл балмұздақ тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында өндіріледі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына жеміс балмұздағы, кілегей балмұздағы және гильзадағы пломбир келіп түседі. Арнайы қасықтармен оны вазаларға немесе шұңғыл шыны ыдыстарға салып, консервіленген жемістермен, піспенандармен, балғын жидектермен безендіріп, шәрбат, тұздық, тосап немесе шарап құйып, жаңғақ себеді.
«Сюрприз» балмұздағы өзіндік тағам болып табылады. Металл табаққа бисквит тілімдерін салып, олардың үстіне жұқа тілімдермен кесілген консервіленген алма не алмұрттарды қойып, одан кейін пломбир түйіршіктерін салады.
Балмұздақты үстінен және қырларынан кесілген жемістердің және бисквиттің тілімдерімен жауып, кондитерлік капшықпен шақпақ қантты ұнтақпен шайқалған жұмыртқа ақуызымен тағамды түгел жабады. Дайындалған өнімді ақуыздар бірден қызара түсуі үшін жоғары температурада тез пісіреді (1-2 минут). Берер алдында шақпақ қант ұнтағын себеді.
Жаңа жыл түнінде дайын өнімді тағамға аздап коньяк құйып, өртейді.
Залдың жарығын сөндіреді.
Жұмсақ балмұздақ. Бұл балмұздақты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында арнайы аппарат – фризерде – өнеркәсіптік өндіріс қоспаларында дайындайды.
Қоспаны фризердің цилиндріне оның 1/3 толтыра құйып, жауып, аппаратты іске қосады. Қоспа бір уақытта шайқалады және салқындайды. Жұмсақ балмұздақтың түрлері: кілегейлі, кілегейлі ақуызды, кілегейлі шоколадты, кілегейлі кофелі, жоғары майлылықтағы сүтті, және сүтті. Балмұздақтарды шұңғыл шыны ыдыстарда түрлі гарнирлермен береді: какао ұнтағынан, қойылтылған сүттен, қанттан және ванилиннен – шоколадты, кептірілген өрік пен қанттан – өрікті және т.б. Жұмсақ балмұздақтардан бөлек фризерлерде түрлі десерттерді өндіруге болады: жидекті крем десерттер, сүтті жұмыртқалы қоспа, жеміс-жидекті сығынды, шырын негізіндегі жаңғақты т.б.
Тәтті ботқалар, пісірмелер, пудингтер
Сүтте дайындалған ұнтақ, күріш, сұлы жармасынан жасалған тәтті жабысқақ ботқаларды десерт ретінде жиі береді. Күріш ботқасына мейіз, қара өрік салуға болады.
Берер алдында ботқаға май құйып не болмаса қант себеді.
Тәтті тағамдар ретінде, сонымен қатар, пісірмелер (сүзбе және мейіз қосылған күрішті, балғын жемістер қосылған ұнтақты не күрішті, жеміс тұздығы қосылған бидайлы, ұнтақты немесе жемісті пісірмелер және жармалы, сүзбелі, кепкен нанды пудингтер) береді.
Балғын жемістер қосылған пісірме. Май жағылып, кепкен нан себіл- дген жайпақ қаңылтыр табаға біркелкі қабатпен жабысқақ ботқаның жартысын салады. Оған 10 мм текшелеп туралған жемістерді (қабығы және тұқымсыз алма, алмұрт, сүйексіз алша, өрік) салады. Жемістерді ботқаның екінші қабатымен жауып, бетіне жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып пісіреді.
Жармалардан пудинг дайындау технологиясы 8-бөлімде қаралған.
Сүзбелі пудинг. Ыстық суда (1 үлеске 10-20 мл) ванилинді ерітіп, ұнтақ жармасын қосып, араластырады да қайнатады.
Үгілген сүзбеге қантпен езілген жұмыртқа сарысын, қайнатылған ұнтақ жармасын, жұмсартылған маргарин немесе сары май, тұз, дайындалған және кептірілген мейіз, ұсақталған жаңғақтарды қосады. Массаны мұқият араластырады. Жұмыртқа ағын қою көбік болғанша шайқап, дайындалған массаға пісіру алдында қосады. Алынған массаны май жағылған және кепкен нан себілген жайпақ табаға не қалыпқа салып, қаймақ жағып, 25-35 минут ішінде қуыру шкафында пісіреді. Дайын болған пудингті 5-10 минут ұстап, қалыптардан шығарады. Жайпақ табада пісірілген пудингті алмай үлестерге кеседі.
Пудингті ыстық күйінде қаймақпен немесе сүтті не тәтті тұздықпен береді.
Кепкен нан пудингі. Жұмыртқа сарысын құмшекермен үгіп, салқын сүтпен араластырады, бұл қоспаны майда бөліктерге сындырылған ванильді кепкен нандарға құяды. Кепкен нандар ісінгенде мейіз, цукат және көбік болғанша шайқалған жұмыртқа ағын қосады.
Массаны құмшекер себілген (егер пудингті буда пісіретін болса) немесе пісірер кезінде май жағылған қалыптарға салады. Пудингті ыстықтай, өрік тұздығын құйып береді.
Бисквитті пудинг. Кепкен нан пудингі секілді дайындайды. Тек кепкен нанды бисквитпен алмастырады.
12.5. Суфле (үлпілдек бәліштер)
Суфленің негізі түрлі дәмдеуіш өнімдер қосылған шайқалған жұмыртқа ағы болып табылады.
Ванильді, шоколадты, жаңғақты суфле. Жұмыртқа сарысын құмшекер- мен үгіп, ұн, ваниль (ванилин) немесе какао ұнтағын, не болмаса қантпен қуырылып ұсақталған жаңғақтарды, 60°С шамасындағы температурадағы қайнаған сүт қосып, үздіксіз араластыра отырып, қоспаны қоюланғанша қайнатады да, артынша оны шайқалған жұмыртқа ақуыздарымен біріктіреді. Массаны бірден май жағылған үлесті табаларға салып, 12-15 минут ішінде қуыру шкафында пісіреді.
Суфлені піскеннен кейін бірден қант ұнтағын сеуіп береді. Бөлек салқын сүт немесе кілегей береді.
Жемісті, жидекті суфле. Жеміс немесе жидек езбесін қантпен қоюлан- ғанша қайнатады. Шайқалған жұмыртқа ақуызадрымен араластырып, ванильді суфле секілді пісіреді.
12.6. Алмалардан әзірленген тағамдар
Орыс және басқа да славян асханаларында ыстық тәтті тағамдардың сұрыпталымдарын алмалардан әзірлейді.
Пісірілген алмалалар. Алмалардың өзегін алып тастап, оның орнына құмшекер салады. Алмаларды жайпақ табаға орналыстырып, аз мөлшерде су құйып, қуыру шкафында 15-20 минут ішінде пісіреді.
Алмаларды ыстық не салқын күйде береді. Берер кезде мүкжидек не шие тұздығын немесе тосап құйып, шақпақ қант ұнтағын себеді.
Шайқалған кілегей қосып пісірілген алмалар. Пісірілген алмаларды суытып, өрік не алма тұздығын құйып, қуырылған ұсақталған жаңғақтарды себеді. Ал алмалардың айналасына кондитерлік қапшықтан шайқалған кілегейді шығарады.
Күріш қосылған алмалар. Сүтте жабысқақ күріш ботқасын қайнатып, 70-60°С-қа дейін суытады. Ботқаға жұмыртқа, мейіз, ванилин, сары май қосып, араластырады. Алынған массаны маргарин жағылған үлесті табаларға салып пісіреді.
Қабықсыз және тұқымды ұясыз алмаларды бүтіндей немесе жарты бөлігін қышқылданған суда дайын болғанша қайнатады. Ботқаға салып, алма не өрік тұздығын құяды.
Қаттамадағы алмалар. Қатпарлы қамырды қалыңдығы 0,5 см болатын қабатта жайып, алмалардың өлшемдеріне сәйкес шаршыларға кеседі. Аршылған, тұқымды ұясы алынған алмаларды қамырға салады. Тұқымды ұясы алынғанда пайда болған амланың әр саңылауларына қант сеуіп, алмаларды қамырға хатқалта етіп орайды. Жұмыртқа жағып, қуыру шкафында пісіреді. Берер алдында шақпақ қант ұнтағын себеді.
Алмалар қосылған шарлотка. Алмаларды аршып, тұқымды ұяларын алып тастайды. Майдалап текшелеп турап, құмшекер себеді. Бидай нанынан қыртыстарын кесіп, жұмсағын қалыңдығы 0,5 см (ұзындығы мен ені қалыптың өлшемдерімен анықталады) болатын тік бұрышты тілімдермен кеседі.
Наннан қалған кесінділерді майда текшемен турап, кептіреді.
Нан тілімдерін бір бетін жұмыртқа, сүт және қант қоспасына дымқылдатып, олармен май жағылған қалыптың түбі мен қабырғаларын құрсайды (дымқылданған бетін сыртқа қаратып). Кептірілген нан тілімдерін алмалар және даршынмен араластырып, осы қоспамен қалыпты толтырады. Үстінен нан тілімдерімен жауып, жұмыртқа- сүт қоспасында дымқылдатып, қуыру шкафында пісіреді. Дайын болған шарлотканы қалыпта 10 минут бойына ұстап, одан кейін табаққа не тәрелкеге салады. Өрік тұздығын құяды не болмаса тұздықты бөлек береді.
Қамырда қуырылған алмалар. Тұқымды ұясы алынып тасталған және қабығы аршылған алмаларды 0,5 см қалыңдықта дөңгелектеп кесіп, қант себеді. Ақуыздан бөлініп алынған сарыуызға қант, тұз, қаймақ, ұн қосып, жақсылап араластырып, сүтпен езеді. Жұмыртқа ақуыздарын қою көбік болғанша шайқап, қамырға ақырындап енгізеді.
Алма домалақшаларын аспаздық ине көмегімен қамырға салып, 170- 180°С температурамен шыжып тұрған майға ауыстырып салады. Сарғайған қабықша түзілгенше қуырып, шығарып алады да майының ағуына мүмкіндік береді.
Қуырылған алмаларды тәрелкеге салып, шақпақ қант ұнтағын себеді.
Өрік немесе алма тұздығын бөлек береді.
12.7. Басқа да тәтті тағамдар
Жеміс және жидек қосылған кесіліп қуырылған нан (гренки). Ақ нанның батонынан қыртыстарын кесіп алып, оны жұқа тілімдермен кеседі (4- 6 мм қалыңдықпен). Тәтті жұмыртқа-сүтті қоспаға сіңіртіп, екі бетімен де қуырады.
Берер алдында гренкиге шәрбатта қыздырылған жемістер мен жидектерді салып, өрік тұздығын құяды.
Жидектері бар себетшелер. Үгілмелі қамырдан 240-260°С температурада 12-14 минут ішінде себетшелерді пісіреді. Себетшелерге дайындалған бақша бүлдіргені мен таңқурайын салып, берер алдында бүлдірген немесе таңқурай тұздығын құяды.
Себетшелерге қышқылданған суда қайнатылған алма бөліктерін (қабықсыз, тұқымсыз) салып, өрік тұздығын құюға болады. (алмалары бар себетшелер).
Консервіленген жемістер мен жидектерді салып берер алдында өрік тұздығын құюға болады (консервіленген жемістер мен жидектері бар себетшелер).
12.8. Шарапты ыстық сусындар
Бұл сусындар жақсы жылытады. Сондықтан тау-шаңғылы шипажайларда ерекше танымал. Оларды қағида бойынша 10-12 адамға дайындайды.
Қызыл шарапты шай. Даршын мен қалампырды 2-3 минут суда қайна- тады. Сосын осы қайнатпада қара шай демдеп, 5-10 минут шығарады. Бұдан кейін қант қосып, қайнатып, сүзгілеп, құрғақ қызыл шарап құйып, қайтадан қайнатады.
Глинтвейн. Неміс тілінен аударғанда ыстық, алаулаған шарап дегенді білдіреді. Кіреуке ыдысқа асханалық қызыл шарап құйып, онда құмшекерді ерітеді. Қайнатуға дейін апарады, бірақ толық қайнатпайды. Даршын, қалампыр және лимон қосып 10-15 минут тұндырып қояды. Шыны- аяқтармен береді.
«Жаңа жылдық» пунш. Құрғақ қара байха шайын даршын және қалампырмен араластырып, қайнаған су құйып, 6-7 минут тұндырады. Тұнбаны кіреуке ыдысқа сүзгілеп, құмшекер мен құрғақ қызыл шарап қосады. Араластырып, 60°С-қа дейін ысытып, лимон мен апельсиндердің жаңа сығылған шырынын қосады. Сусынды қант ұнтағынан жасалған қыраулы бокалдарға құйып, лимон бөліктерімен, жалбыз жапырақтарымен және коктейльді шиелермен безендіреді.
Ыстық сусындарды күшті алкогольді сусындар негізінде де дайындайды.
Грог. Грог — ром, қант және ыстық судың қосындысы. Стақанға не шыны-аяққа шақпақ қант салып, шай қасықты түсіреді. Қайнаған су құйып, қант толық ерігенше араластырып, содан кейін ром құяды.
Грогтарды дайындаудың басқа да рецептуралары мен технологиялары бар.
Тодди. Тодди — күшті алкогольді сусындар, шәрбаттар, шараптар, тәтті тұнбалар немесе ликерлер және дәмдеуіштер қоспасынан (даршын, қалампыр, зімбір тамыры немесе үгілген жұпар жаңғақ) тұратын ыстық аралас сусындар. Қолданар алдында тоддиді 1-2 минут тұндырады. Одан кейін ол аса жағымды иіске ие болады.
Ыстық тодди. Оны дайындау үшін шотланд вискиін (немесе басқа күшті сусындар) қыздырылған стақан немесе бокалға құйып, бал не құмшекер қосып, қайнаған су құяды. Лимон дөңгелегін және даршын таяқшасын салып, аздап араластырады.
Тодди ромы. Стақан немесе шыны-аяққа шақпақ қант салып, ыстық су, одан кейін ром құйып, араластырады. Берер алдында лимон дөңгелегін салып, жұпар жаңғағын себеді.
12.9. Квастар
Квас — біздің халықтың ең сүйікті салқындатқыш сусындарының бірі. Шығыстық славяндар квасты Киев Русі құрылғанға дейін біршама уақыт бұрын дайындаған деседі. Сан ғасырлық тарих ішінде халықтар квастың көптеген түрлі рецепттерін шығарды. Квас тек дәмді сусын ғана емес. Ағзаға әсері бойынша ол ашымал сусындар секілді: асқазан ішек жолдарының қызметін реттейді, зиян және ауру тудыратын микроағзаларды басады, жүйке- жүйесінің тонусын көтереді, зат алмасуды жақсартып, жүрек қызметіне жақсы әсер етеді. Квастың бұл қасиеттері онда сүт қышқылдарының, дәрумендердің, амин қышқылдарының, түрлі қанттар мен микроэлементтердің болуымен түсіндіріледі. Кең таралағаны наннан жасалған квас болып табылады. Қазіргі таңда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары негізінде өнеркәсіп өндірісінің дайын квасын немесе квас концентратын не болмаса құрғақ квас алады. Бірақ квасты өз бетінше де дайындай алады.
Наннан жасалған квасты келесіде келтірілгендей дайындайды. Жақсылап қуырылған қарабидай кепкен нанын ұсақтап, қайнатылған және 80°С-қа дейін салқындатылған су құйып, әлсін-әлсін араластырып отырып, 1- 1,5 сағатқа тұндырып қояды. Алынған сыра ашытқысын құйып алып, кепкен нанға қайтадан су құяды да екінші мәрте 1-1,5 сағатқа тұндырып қояды. Екінші ашытқыны құйып алып, біріншісімен біріктіреді. Қант, бұйраланған жалбыз, аз мөлшердегі сыра ашытқысымен езбеленген ашытқы қосады. Бұл кезеңдегі ашытқының температурасы 23-25°С болуы тиіс және ашу үдерісі болып жатқанда осы дәрежеде 8-12 сағат тұруы керек. Алынған квасты құйып алып, салқындатады.
«Петровский» квасын дайындау үшін әдеттегі дайын квасқа сүргіленген ақжелкек және бал қосып, салқын жерге 1-12 сағатқа қалдырады. Артынша квасты сүзгілеп, салқын түрінде береді.
Наннан бөлек түрлі жемістер мен жидектерден квастар жасайды.
12.10. Алкогольді аралас сусындар
12.10.1. Аралас сусындардың жіктелуі
Аралас деп бірнеше компоненттерден құралған және соңғыларының механикалық жалғану жолымен дайындалған (кейде қыздыру және тұндыруды қолданады) сусындарды айтады. Олар әдетте барларда, дайындалып, іске асады. Бірақ мейрамханаларда да берілуі мүмкін. Аралас сусындар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі. Ал халықаралық тәжірибеде оларды үлес көлеміне қарай жіктейді. Бұл белгі бойынша оларды үлкен үш топқа бөледі: коктейльдер — үлес көлемі 50-90 мл (екінші атауы – қысқа сусындар); сергітетінжәнесалқындататынсусындар—150-300мл (салқындатқыштарды алкгольді құрамсыз дайындайды, олардың технологиясы жайлы алдында айтылды) (екінші атауы – ұзын не ұзақ сусындар); үлкен үлестермен дайындалатын сусындар – 500 мл және одан да көп (екінші атауы – топтық сусындар).
Өз кезегінде топтардың әрқайсысы топшаларға бөлінеді:
коктейльдер:
аперитивтер (түстікке дейінгі) — арақ, виски, коньяк, ром және т.б. негізінде; диджестивтер (түстіктен кейінгі) — сауэр, кордиал, қабаттамалылар кілегеймен, флип, ойстер, смэш және т.б.;
сергітетін сусындар — коблер, джулеп, эг-ног, сан-гари, тодди, гроги, хайбол (бакс, рикки, кулер, слинг, коллинз, физз, дейзи);
топтық сусындар — крюшон, пуни, эг-ног, боул және т.б.
Беру температурасына байланысты аралас сусындарды салқын (2-10°С) және ыстық (70°С-тан жоғары) деп бөледі.
Тағайындалуы бойынша аралас сусындар бөлінеді: түстікке дейінгі немесе аперитив (коктейльдер мен ұзын сусындар); түстіктен кейінгі немесе диджестив (қысқа, ұзын және топтық сусындар); кешкі (қысқа, ұзын және топтық сусындар).
12.10.2. Аралас сусындардың құрамы
Аралас сусындардың құрамына база, жұмсартатын-тегістейтін компонент, дәмі хош иісті компонент, толтырғыш, гарнир кіреді.
База аралас сусындарды жасаудың негізі болып табылады. Әдетте көп мөлшерде болады. Ол сусынның сипатына реңк, дәм береді. База рөлінде алкогольді және алкогольсіз сусындар бола алады.
Құрамындағы спиртке байланысты базалар төмендегідей бөлінеді: алкоголі аз — спирт (көлемі) 9%-ға дейін;
алкоголі орташа — 20%-ға дейін ; алкоголі күшті — 20 % және одан жоғары. Құрамындағы қантқа байланысты базаларды қантының құрамы 2%-ға дейінгі, 10%-ға дейінгі және 10%-дан жоғары болып бөлінеді. Құрамындағы қант 2%-ға дейінгі алкоголі күшті базаларға арақ, виски, ром, коньяк, джин және жеміс-жидекті бренди жатады. Құрамындағы қант 10%-дан жоғары алкоголі күшті базаларға ликер, тәтті және орташа тәттіліктегі шараптар мен тұнбалар жатады. Құрамындағы қант 10%-ға дейінгі алкоголі орташа базаларға күшейтңлген шараптар (портвейн, херес, мадера, марсала), хош иістендірілген шараптар (вермут), десертті шараптар (мускат, токай, кагор) жатады.
Құрамында қанты жоқ алкоголі орташа базаларға құрғақ шараптар жатады.
Жұмсартатын-тегістейтін компонет (ЖТК) базаның өткірлігін тегістейді. Оның мөлшері әдетте базадан аз, бірақ теңесіп те жатады. ЖТК алкоголді болуы мүмкін (вермут, хош иісті ликерлер – «Бенедиктин», «Шартрез»,«Куантро», «Мятный»,«Амаретто»). Алкоголсіз ЖТК-ға жұмыртқалар, шырындар, қаймақ, сүт, бал жатады.
Дәмді хош иісті компонент (ДХК) сусынға тәтті дәм, хош иіс, түс береді. Аз мөлшерде қолданылады. ДХК-ға жеміс-жидекті шәрбаттар, жеміс- жидекті және хош иісті ликерлер, бальзам, кофе, шай, шоколад жатады.
Толтырғыш — ұзын аралас сусындардағы негізгі компонеттердің бірі. Алкоголді толтырғыштарға аққайнар, басқа да шымырлайтын шараптар, сидр, сыра жатады. Алкоголсіздерге минералды, газдалған, сергіткіш сулар, шырындар, ауыз су, сүт жатады. Әдетте, толтырғыш мөлшері 100 мл-ден аз болмайды.
Гарнир — сусынды әрлеуде қолданылатын компонеттер. Гарнир ретінде әр түрлі мұздар (текше, шар, жарма), лимон, апельсин, өрік, шабдалы, айва домалағы немесе тілімдері, цитрус жемісінің қабығы немесе цедрасы, шие, черешня консервіленген жидектері, ұнтақталған даршын, жұпар жаңғағы, қара зәйтүн, жасыл зәйтүн, балмұздақ шары, шайқалған кілегей, қанттан жасалған «қырау» және т.б. пайдаланылады.
12.10.3. Аралас сусындарды дайындаудың технологиясы
Аралас сусындарды дайындауда түрлі технологиялық тәсілдерді пайдаланады. Беруге арналған ыдысында тікелей дайындалатын сусындар бар. Ондай сусындарға қабатты коктейльдер жатады. Оларды дайындауда ең маңызды сәт – компоненттерін іріктеу. Олар араласпауы керек, сондықтан әртүрлі тығыздыққа ие болулары керек. Сонымен қатар, компоненттерінің түсі әртүрлі болғаны жөн. Қабатты коктейльдерді оғаш коктейльдер деп атайтыны кездейсоқ емес.
Алкогольді сусындардың салыстырмалы салмағы негізінде оның құрамындағы қантпен анықталады: қант неғұрлым көп болса, сусын соғұрлым тығыз. Егер алкогольді сусындарды құрамындағы қантқа байланысты кемімелі ретпен орналастыратын болса, келесідей реттілік шығады: шәрбаттар – кремдер – десертті ликерлер – күшті ликерлер – пунштар – шараптар – десертті шараптар – тәтті тұнбалар – аперитивтер – жартылай тәтті тұнбалар – ащы тұнбалар – арақ – коньяк – джин – виски. Бұл коктейльдердің құрамына спиртті сусындардан бөлек, кілегей, жұмыртқаның ағы немесе сарысы, түрлі жеміс шырыны, сүт кіреді. Барлық компоненттер тең үлеспен алынады. Оларды алдын ала салқындатып, рөмкеге көлбеу ұсталған пышақтың жүзімен құяды (жұмыртқа сарысын рөмке қабырғасымен). Бұл коктейльдерге түтікшелерді беру қажет емес. Өйткені оларды бір жұтыммен ішеді. Коктейльдердің көбін арнайы аспап – шейкер не миксерде барлығын немесе компонент бөліктерін араластырып дайындайды.
Бақылау сұрақтары
13
ТАРАУ
ҰННАН ЖАСАЛҒАН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13.1. Өңделген жартылай фабрикаттар
13.1.1. Кілегейлі кремдер
Кілегейлі крем (негізгі). Тазаланып, бөліктерге кесілген сары майды шайқау машинасымен аз мөлшерлі айналымда 5-7 минут ішінде біркелкі масса алынғанша шайқайды. Артынша көп мөлшерлі айналымда біртіндеп шақпақ ұнтағын, қойылтылған сүт қосып, тағы 7-10 минут шайқайды. Шайқау соңында ванильді ұнтақ, коньяк немесе десертті шарап қосады.
«Жаңа» кілегейлі кремі. Сары майды кілегейлі крем (негізгі) секілді дайындап шайқайды. Одан кейін салқындатылған сүтті-қантты шәрбат, ванильді ұнтақ, коньяк немесе десертті шарап қосып, біркелкі массаға дейін шайқайды.
Шәрбатты дайындау үшін 3:1 қатынасындағы құмшекер мен суды ашық қазанда қайнатады. Қазанның қақпағын жауып, шәрбатты 107-108°С температурасына (орташа жіппен байқап біледі) дейін көп қайнатып суалтады. Алынған шәрбатты торларының өлшемі 1,5 мм болатын електен өткізіп, 20°С-қа дейін салқындатады және қойылтылған сүтпен біріктіреді.
Кілегейлі кремдердің түрлері: кілегейлі-жаңғақты крем, кілегейлі жемісті крем, кілегейлі какао ұнтақты крем (кілегейлі негізгі негізінде), кілегейлі шоколадты крем (кілегейлі «Жаңа» негізінде).
13.1.2. «Шарлотт» және «Глясе» кремдері
«Шарлотт» кремі (негізгі). Сары майды кілегейлі крем (негізгі) секілді дайындап, шайқайды. Артынша жәймен коньяк не десертті шарап қосылған
«Шарлотт» салқындатылған шәрбатын құяды. Ванильді ұнтақ қосып, көп мөлшердегі айналыммен көлемі 2,5-3 есе өскенше 20-30 минут ішінде тағы да шайқайды.
«Шарлотт» шәрбатын екі түрлі тәсілмен дайындайды.
1- т ә с і л . Құмшекер, жұмыртқа және сүтті мұқият араластырып, үздіксіз араластырып отырып қайнатады. Шәрбатты 104-105°С температураға дейін көп қайнатып суалтады да сүзгілеп салқындатады.
2- т ә с і л . Құмшекер мен сүтті араластырып, 104-105°С температураға дейін (жұқа жіппен байқап көреді) 60-80 минут ішінде көп қайнатып суалтады; жұмыртқаларды 5-7 минут ішінде шайқап, сүтті-қантты шәрбаттың бөлігін құяды (жұмыртқалардың санына 1:1 қатынаста). Артынша сүтті-қантты шәрбаттың қалған бөлігімен араластырып, 95°С температурада 5 минут ұстайды. Дайын шәрбатты сүзгілеп, салқындатады.
Осылайша шоколадты, кілегейлі-жаңғақты «Шарлотт» және т.б. кремдерді әзірлейді.
«Глясе» кремі. Жұмыртқаларды алдымен жай айналымдармен, одан кейін жылдам айналымдармен 20-25 минут ішінде шайқайды. Шайқалған массаға ыстық қантты шәрбатты құйып, масса 28-26°С-қа дейін суымайынша шайқайды. Алынған массаны алдын ала шайқалған сары маймен біріктіріп, біркелкі қою масса болғанша тағы да 5-10 минут шайқайды. Шайқау соңында коньяк немесе десертті шарап пен ванильді ұнтақ қосады.
Қантты шәрбатты дайындау үшін құмшекер мен суды 4:1 қатына- сында 118-120°С температураға дейін (әлсіз шарға байқап көреді) көп қайнатып суалтады.
Бұл кремнің түрлері: шоколадты, жаңғақты «Глясе» кремдері.
13.1.3. Ақуызды және басқа да кремдер
Ақуызды крем. Алдын ала салқындатылған жұмыртқа ақуыздарын шайқау машинасында алдымен жай, кейін жылдам айналымда 5-7 минут ішінде шайқайды. Шайқалған массаға 25-30% құмшекер қосып, тағы 10 минут шайқайды. Шайқауды тоқтатпай жұқа ағыспен ыстық қантты шәрбатты («Глясе» кремін көр.), ванильді ұнтақты қосып, 3-7 минут шайқайды.
Пісірілген крем. Сүт пен құмшекерді араластыра отырып қайнағанша қыздырады. Ұнды 105-110°С температурада 40-50 минут ішінде қыздырып, артынша салқындатып, аздап шайқалған жұмыртқалармен біріктіреді.
Алынған жұмыртқа-ұнды қоспаға ептеп сүтті шәрбатты құяды да, үздіксіз араластыра отырып, 95°С температурада 5 минут қыздырады. Дайын массаны 30-20°С-қа дейін суытып, «Шарлотт» кремін қосады да мұқият араластырады.
Осылай кілегейден, ірімшіктен, сүзбеден және т.б. әзірленген кремдерді дайындайды. Кремдер қатарын агарда дайындайды.
13.1.4. Дымқылдтауға арналған шәрбаттар
Дымқылдатуға арналған шәрбат. 1:1,1 қатынасындағы құмшекер мен суды үздіксіз араластыра отырып қайнатады. 1,22-1,25 тығыздыққа дейін (орташа шәрбат) пайда болған көбікті алып, 20°С-қа дейін салқындатады да сүзгіден өткізеді. Ром эссенциясы мен коньяк немесе десертті шарап қосады.
Дымқылдатуға арналған шәрбат (күшейтілген). Ерекшелігі – оның рецептурасына 2 есе көп коньяк және соған сәйкес аз су кіреді.
13.1.5. Помада
Помада. 3:1 қатынасындағы құмшекер мен суды ашық қазанда аралас- тырып, көбігін ала отырып, қайнатады. Содан кейін қазанның қақпағын жауып, шәрбатты 108°С-қа дейін қайнатып суалтады. 50°С-қа дейін қыздырылған сірнені қосып, содан кейін 115-117°С температураға дейін (әлсіз шармен байқап көреді) қайнатып сулайды. Қайнату соңында эссенция қосады.
Ыстық шәрбатты 20-30 мм қабатпен мәрмәр қақпақты үстелге құйып, 40- 45 минут ішінде 45-35°С-қа дейін салқындатады. Салқындатылған шәрбатты үстелде ағаш күрекшемен қолмен немесе шайқау машинасымен 15-20 минут шайқайды.
Осылайша қантты (эссенциясыз және көп мөлшердегі қантпен), шоко- ладты помаданы дайындайды.
13.1.6. Өзге де өңдейтін жартылай фабрикаттар
Қант массасы (мастика). Шақпақ қант ұнтағын елеп, жұмыртқа ақуызын қосады. Аздап шайқап, сірне, химиялық таза глицерин, және күріш немесе бидай крахмалын қосады.
Массадан гүлдер, пішіндер, себетшелер қалыптайды.
Ақуызды сурет салатын масса. Жұмыртқа ақуызын фарфор тостағанға салып, қант ұнтағын қосады да үлкен қатпарланбайтын масса болғанша шайқайды. Шайқау соңында лимон қышқылы мен бояғыштар қосады. Оралған қағаз (корнет) көмегімен түрлі өрнектер салады.
Пралине. Жаңғақтарды сары түске дейін қуырып, кәстрөлге салады. Құмшекер қосып, қарқынды түрде араластыра отырып, ол ерігенше қыздырады. Массаны май жағылған жайпақ қаңылтыр табаға құйып, салқындатып, одан кейін үккіште не тетікте (меланжер) уатады. Сосын жаныштап қақтайтын машинада үгеді, еттартқыштан немесе үккіш құрылғыдан өткізеді.
13.2. Бисквитті қамыр және одан жасалатын өнімдер
Бисквит қамырды илеудің бірнеше тәсілдері қолданылады.
Бисквит (негізгі). Қыздырылмаған (салқын тәсіл) немесе шайқауды тездету үшін 40°С-қа дейін қыздырылған құмшекермен меланжды шайқау машинасында алдымен баяу, одан кейін жылдам айналымда 30-40 минут ішінде көлемі 2,5-3 есе артқанша шайқайды. Шайқау соңында 2-3 әрекетпен ұн крахмалымен араласқан ұнды, эссенцияны қосып, 15 секундтан асырмай аралатырады.
Дайын қамырды бірден май жағылған не қағаз төселген жайпақ табаларға не қалыптарға құяды. Қамыр көтерілгенде жиегіне шығып кетпес үшін жайпақ табалар мен қалыптарды 3/ биіктікке толтырады.
Өнімдерді 195-200°С температурада 50-55 минут ішінде немесе 40-45 минут 205-225°С температурада пісіреді. Бұндай тәртіп қамыр піскеннен кейін басылып қалмас үшін қажет. Илеу барысында қамырға енген ауа көпіршіктері температура жоғарылаған сайын оларды қоршаған ақуыз қабықшасын созып кеңейе бастайды да қамыр көлемі жағынан ұлғаяды. Алайда егер созылған ақуыз қабықшалары бекімей, жұмсақ болып қалатын болса, бисквит пештен алғаннан кейін басылып қалады. Сондықтан бисквит қамырынан дайындалған майда өнімдерді де пеште неғұрлым ұзағырақ ұстаған жөн.
Піскен бисквитті 20-30 минут ішінде салқындатып, қалыптарынан немесе табалардан алып, 8-10 сағат бөлме температурасында ұстайды. Одан кейін қағазды шешіп, бисквитті тегістейді.
Бұл бисквиттің бір түрі – какао ұнтағы қосылған бисквит. Оны дәл солай дайындайды, тек ұнды алдын ала какао ұнтағымен араластырып алады. Пісірілген жартылай фабрикаты торт, тәтті нан, тәтті орамалар дайындауда пайдаланады. Торттарды әзірлеу үшін жартылай фабрикатты тегістеп, пышақпен түзеп, екі не үш қабатқа бөліп кеседі. Шәрбат сіңіртіп, крем (бисквитті крем торттары) немесе жеміс салмасын (бисквитті жеміс) жағып, не болмаса кондитерлік помадамен әшекейлейді (әйнекеленген). Торттың бетін сәйкесінше әрлеу жартылай фабрикаттарымен безендіреді («Ертегі», «Сыйлық», «Үйлену тойы», «Бисквитті-жемісті», «Прага», «Қар бүршігі» торттары).
Тәтті нандар үшін пісірілген жартылай фабрикатты қажетті пішінге кесіп, дәл солай шәрбат сіңдіртіп, безендіреді.
Тәтті орама үшін жұқа шелпек түрінде (пісіргенге дейінгі қалыңдығы – 2-3 мм) 10-15 минут ішінде 200-220°С температурада бисквит пісіреді. 5-6 сағат бөлме температурасында ұстап, қағазынан шешіп, тегістейді.
Бисквитке жеміс салма жағады (жеміс тәтті орамасы) немесе шәрбат сіңіртіп, кілегейлі сүзбе кремін («Экстра» тәтті орамасы) жағады да бөліктерге бөліп кеседі.
Дөңгелек бисквит (буше). Жұмыртқа ағын сарысынан бөліп, салқын- датады. Одан кейін 20-30 минут бойына алдымен бәсең, артынша жылдам айналымда көлемі 6-7 есе ұлғайғанша шайқайды.
Шайқау соңында лимон қышқылын қосады. Бөлек жұмыртқа сарысын құмшекермен 30-40 минут шайқайды. Эссенция, ұн, қосып, 5-8 секунд тағы да шайқайды. Одан кейін ақырындап шайқалған ақуыздарды салып, біркелкі қамыр болғанша араластырады.
Дайын қамыр үлпілдек, ауаға жақсы қаныққан, біркелкі араласқан, түйіршіксіз, ақшыл -сары түсті және қою болуы тиіс.
Қамырды дереу қағаз жайылған шелпек түріндегі кондитерлік парақтарға орналастырады. 15-30 минут 190-210°С температурада пісіріп, салқындатады да бөлме температурасында 8 сағат ұстайды. Одан кейін қағазын шешіп, тегістейді.
Екі даналы жартылай фабрикатқа шәрбат сіңіртіп, жеміс салмасымен біріктіреді. Бетін жеміс салмасымен, жеміс не цукаттармен, бисквит үгінділерімен және шақпақ қант ұнтағымен безендіреді («Бисквитті» жемісті тәтті наны) немесе кілегейден жасалған креммен біріктіріп, беткі қабатын шоколадты помадамен әшекейлейді және ақ помададан шиыршық түріндегі суретпен әрлейді (помадамен әшекейлейленген «Буше» тәтті наны).
Майлы бисквит. Бұл қамырға сары майдың айтарлықтай мөлшері кіреді. Сондықтан дайындау мен пісіруде оның өз кеуектілігін сақтау қиындау. Оның тек шайқалған жұмыртқа ағы арқылы қопсуы әркез мүмкін болмайды. Сондықтан қосымша қопсытқыш ретінде соданы пайдаланады. Алайда ақуызды сарыуыздан жақсылап айыратын болса, химиялық қопсытқыштың қажеті болмайды.
Бисквитке майды қосу өнімнің құнарлылығын жоғарылатып, дәмін жақсартып қана қоймай, оларды қатып қалудан қорғап, жұмсақ (үгілмелі) қыла түседі.
Шикізатты таңдау мен илеуде қолданылатын құрылғыға байланысты илеудің түрлі тәсілдері қолданылады.
13.3. Үгілмелі қамыр және одан жасалатын өнімдер
Үгілмелі қамыр (негізгі). Қамыр илейтін машинаға сары май, құмшекер, меланж, химиялық қопсытқыштар, тұз, эссенция салып, біркелкі масса алынғанша (қант түгелдей еруі тиіс) 20-30 минут бойына араластырады. Содан кейін ұн сеуіп, илеуді 2 минуттан асырмай жалғастырады.
Қамыр түйіршіксіз жетілдіре иленбеген ізсіз, түсі ашық сарыдан-сарыға дейін, жағымды иіс пен эссенцияның жеңіл иісі болуы тиіс.
Қамырды 3-4 кг-нан бөліктерге кесіп, ұн себілген үстелде қабат түрінде жаяды. Одан кейін қабаттарды кесіп, оқтаудың көмегімен кондитерлік парақтарға салады (парақтарды майламайды). Ісудің алдын алу үшін қамырдың бетін бірнеше жерден түйрейді.
Торттар мен кесілген тәтті нандардың қамырын 3-4 мм қалыңдықта жаяды. Домалақ пішіні торттарға қамырды дөңгелек металл ойықпен пішіндеп, шаршы пішінге пышақпен кеседі.
Сақиналарға арналған қамырды 6-7 мм қалыңдықта жайып, металл ойықпен пішіндейді. Себетшелерге арналған қамырды 7-8 мм қалыңдықта жайып, ирек қалыптарға салып, оның түбі мен қабырғаларына төсейді; қамырлы қалыптарды парақтарда пісіреді.
Піспенанға кесілген қамырды 4,5-5 мм қалыңдықта жайып, ойықтардың көмегімен тік бұрышты немесе дөңгелек пішінді піспенандар қалыптайды.
Қабаттарды 220-225°С температурада пісіру ұзақтығы – 10-15 минут, себетшелер мен сақиналарды – 10-13, піспенандарды – 5-6 минут 220-240°С температурада. Тортқа арналған Алма қосылған үгілмелі бисквитті тортқа және «Кравковский» тәтті нандарына арналған қабаттарды жартылай дайын болғанша пісіреді.
Үгілмелі қамырдың түрлерінің бірі болып үгілмелі жаңғақтармен және үгілмелі какао ұнтағымен піспенандары болып табылады. Оларды дәл солай жасайды, бірақ ұнды алдын ала майдаланып қуырылған жаңғақтармен немесе какао ұнтаығмен араластырады.
Үгілмелі торттар. Пісіріліп, торттың өлшемімен кесілген үгілмелі жартылай фабрикаттың қабаттарын крем, жеміс салмасымен немесе тосап, повидломен қабаттайды. Жоғарғы қабаттардың бетін крем, жеміс салмасы немесе тосаппен жауып, не болмаса помадамен әйнекелейді. Содан кейін крем, тосап, жаңғақтар, үлпілдек не қайнатылған жартылай фабрикатпен әрлеп, не болмаса кремнен, помададан және басқа да әрлеуші жартылай фабрикаттардан сурет жағады. Қырларын крем немесе жеміс салмасымен жауып, бисквит үгінділерін себеді («Ленинградтық», «Листопад», «Пешт», «Добрыниндік» және т.б. торттар).
Үгілмелі тәтті нандар. Үгілмелі тәтті нандар пісірілген даналы жартылай фабрикаттардан, мысалы себетшелерден кесіліп, дайындалуы мүмкін. Піскен жартылай фабрикатты крем не жеміс салмасымен қабаттап не жағып, түрлі әрлейтін жартылай фабрикаттармен безендіреді.
13.4. Қатпарлы қамыр және одан жасалатын өнімдер
Қатпарлы қамыр. Қатпарлы қамырды дайындау үш үдерістен тұрады: қамырды илеу, майды дайындау және қатпарлау.
Қамырды илеу келесі жолмен жүзеге асады. Салқын суға лимон қышқылы қоспасын құйып, меланж, тұз, ұн қосып, біркелкі масса алынғанша 15-20 минут араластырады. Содан кейін қамырды ақуыздарының ісінуінің аяқталуына және желімше қалыптасқанша 30 минутқа қалдырып, артынша бөліктерге кеседі.
Майды дайындау үшін сары майды бөліктерге кесіп, ондағы ылғалды біріктіру үшін оған ұн қосып (май массасынан 10%), біркелкі масса алынғанша араластырады. Дайын болған майды бөліктерге бөліп, қалыңдығы 20 мм болатын тік төрт бұрышты қабат пішінін береді де ұн себілген тақтайда 30-40 минут 5-10°С температурада май қату үшін тоңазытқыш камерасына салып қояды.
Машинада қатпарлау кезінде қамыр бөліктерін ортасының қалыңдығы 20- 25 мм, жиектерінің қалыңдығын 17-20 мм етіп, тік төрт бұрышты қабаттарға аздап жаяды. Қабаттың ортасына дайындалған майды салып, қамырдың жиектерін ортасына қалта тәрізді орап жабыстырады. Содан кейін қамырды білдектерінің арасы 20 м қамыр жайғыш машинада жайып, төрт қабатқа дестелеп, машинада бірніші бағытқа перпендикуляр түрде жазып, қайтадан төрт қабатқа дестелеп, 30-40 минут садқындатады. Қамырды жаюды, төрт қабатқа дестелеуді және салқындатуды тағы бір мәрте қайталайды. Одан кейін қамырды білдектерінің арасы 10 және 6 мм-де екі мәрте жазады. Дайын қамырда 256 қабат болады.
Аз мөлшердегі қамырды қолмен қатпарлауға болады.
Қатпарлы қамырдан жасалған жартылай фабрикаттар. Екі амалмен дайындайды: алдымен қалыптап, содан кейін пісіреді.
Жартылай фабрикаттарды қалыптауды қамырды салқындатқаннан кейін жүзеге асырады. Оны 2-5 кг-нан бөліктерге кесіп, оқтаумен торттарға және кесілген тәтті нандарға арналған қабаттарға 4,5-5 мм етіп жаяды. Дайындалған қабатты сумен дымқылданған кондитерлік параққа салады. Қамырдың қабатын 15-20 минут ұстап, беткі қабатын пісірер алдында бірнеше жерден түйрейді.
Қамырдан түрлі даналық жартылай фабрикаттар да жасайды: хатқалта, кітап, үшбұрыш, тіл, бантик, металл түтікшелерден орамалар (цилиндр пішінді) және түтікшелер (конус пішінді) жасайды және т.б.
Қатпарлы жартылай фабрикаттарды пісіру 25-30 минут аралығында 220- 250°С температурада жүзеге асады. Май мен қамырдан су буланады, бірақ желімтік буды өнімнен шығармайды. Нәтижесінде қамыр қатпарлары бір- бірінен ажырап, қамырдың көлемі ұлғаяды.
Қатпарлы торттар. Қатпарлы жартылай фабрикаттың торттың өлшемімен кесілген бірнеше қабатына крем немесе конфитюр жағып, біріктіреді. Үстіңгі бетіне тегістеп крем немесе конфитюр жағып, үстіңгі бетін және қырларын қатпарлы жартыла фабрикаттың қиқымымен және шақпақ қант ұнтағымен әрлейді.
Қатпарлы тәтті нандар. Қатпарлы тәтті нандардың негізі тәтті нан пішінімен кесілген (тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш және т.б.) қатпарлы жартылай фабрикат немесе крем толтырылған түтікше не орама пішініндегі немесе бантик, үшбұрыш және не басқа да бетіне түрлі әрлеу жасалған басқа пішіндегі даналап пісірілген жартылай фабрикат болып табылады.
13.5. Қайнатылған қамыр және одан жасалған өнімдер
Қайнатылған қамыр. Бөліктерге кесілген сары май, тұз, және суды қайнағанша қыздырады. Қайнап жатқан массаға күрекшемен мұқият араластыра отырып, жәймен ұн қосып, біркелкі масса алынғанша 5 минут қайнатады. Алынған массаны 70-60°С-қа дейін суытады. Одан кейін баяу айналымда үздіксіз шайқай отырып, біртіндеп меланж қосып, 15-20 минут қамырды илейді.
«Қайнатылған түтікше» тәтті нанына қамырды аздап май жағылған жайпақ табаға диаметрі 18 мм домалақ саптамалы кондитерлік қалтамен (майда тәттін нандарға – 5-6 мм) салады. Қамырды тәтті нанның салмағына қарай 5-тен 12 см-ге дейінгі ұзындықта, 3-4 см аралықта 15 мм енімен таяқша түрінде орналастырады. Майда тәтті нандарда таяқшаның ұзындығы – 3,5-4 см.
«Шу» тектес бөлішке түріндегі тәтті нандар үшін қамырды диаметрі 10 мм домалақ саптама арқылы домалақ шелпек пішінінде салады.
Сақиналар үшін қамырды 18 мм-лі саптамасы бар кондитерлік қапшықпен сақина пішінінде қалыңдығы -15 мм, диаметрі-10 см етіп салады.
Профитроли үшін қамырды диаметрі 1 см шар түрінде бір-бірінен 2-2,5 см арақашықтықта салады.
Торттар үшін қамырды алдын ала пісірер алдында алынып тасталатын жиектеме трафарет жайылған параққа орналастырады. Пісірілген дайындама бисквитпен құрамдасқан тортты әзірлеуде пайдаланылады.
Шала фабрикаттарды 180-200°С температурада 35-40 минут ішінде пісіреді. Пісіруде қамырдың ішіндегі су буланады, бірақ жапсырмаланған крахмал буды сыртқа шығармайды. Нәтижесінде өнімдер көлемі жағынан ұлғайып, ал олардың ішінде камера түзіледі. Өнімдер пісірілгеннен кейін басылып қалмауы үшін камераның созылған ақуызды қабырғалары қызудың әсерінен бекуі керек. Ол үшін уақыт керек. Ал тәтті нандар күйіп кетпесі үшін температура 200°С-тан аспауы тиіс.
Қайнатылған тәтті нандар. Түтікшелер немесе бөлішкелердің ішінде түзілген кеңістікті креммен немесе шайқалған кілегеймен толтырады; беткі қабатын помадамен әйнекелеп, не болмаса жұқа қабат креммен жауып, үгінді жәнен шақпақ қант ұнтағын себеді.
Сақиналарға қант ұнтағын себеді.
13.6. Пірәндік қамыры және одан жасалатын өнімдер
Орыс пірәндіктері халықтың ең сүйікті тәттілерінің бірі. Оларды 1000 жылдан аса бұрын жасай бастаған. Олар нанның бір түрі болып пайда болды: қарабидай ұнын балмен және жидек шырынымен араластырып, пісірген және бастапқыда бұл өнім балды нан деп аталған. Уақыт өте келе бұл қамырға түрлі дәмдеуіштер қоса бастады және бұл нан пірәндік деген жаңа атауға ие болды. Яғни, көп мөлшердегі дәмдеуіштері бар өнім.
Пірәндіктердің ондаған түрлері бар. Ресейдің әр облыстарында оларды әртүрлі етіп дайындады. Кең танылғандары – тулалық, мәскеулік, воронеждік, вяземстік пірәндіктер. Олар түрлі дәмдеуіштерінің арқасында қалыптасатын дәмдік қасиеттерімен ажыратылады: балды, таңқурайлы, қантты, жалбызды, лимонды және т.б. пірәндіктер. Не болмаса сыртқы көрінісіне байланысты: безендірілген, пішінді, сұлбалы, баспалы. Өзгеше пірәндіктерді бұрындары Городецте (қазіргі Нижегородск обл.) жасаған: оларды қамырдың бүтін бөлігінен 1 пұт массамен әзірлеген. Ондай бөлікті қолмен илеу мүмкін болмаған, сондықтан оны арнайы ағаш тоқпақпен жаншылаған. Ондай пірәндіктер «соғылған» деп аталған.
Көбіне пірәндіктер аңдар, гүлдер, көбелектер, Аяз ата, Ақшақар түрінде пісіріліп, айқыш-ұйқыш өрнектермен безендірілген.
Пірәндік қамыры. Бұл қамырға ұн 26-28% желімтікті қамтуы керек. Пірәндік қамырын илеудің екі тәсілін қолданады: өңделмеген және қайнатылған.
Өңделмеген тәсілде бал, сірне, күйдірілген қантты араластырып, 40-50°С температураға дейін қыздырады. Нан илейтін кеспекте сүзгілеп, салқын су, меланж, қант қосып, 2-3 минут ішінде араластырып, артынша «хош иісті» дәмдеуіштерді, ас содасын, аммоний, май, ұн қосып, 10-15 минут ішінде қамырды илейді.
«Хош иісті» дәмдеуіштер құрамы, %: даршын – 40, қалампыр, хош иісті бұршақ, жұпар жаңғағы – 12, күймесгүл – 8, қара бұрыш, кардамон, зімбір - 4%-дан.
Қайнату тәсілінде ұнның бөлігін қантты бал шәрбатында қайнатады.
Пірәндіктерді пісіру. Алдымен сынама түрінде пісіреді. Қамырды керегінше қалыңдықта молынан ұн сеуіп отырып жаяды. Өнімдерді ойықпен кесіп, артық ұнды сыпырып тастап, жайпақ табаға орналастырады: қатты иленгеннен құрғаққа, әлсіз иленгеннен май жағылғанға не ұн себілгенге. 200- 240°С температурада 10-15 минут ішінде (балды коврижканы 30-40 минут, 190-210°С температурада) пісіреді. Жұмыртқа жағылған пірәндіктерді пеште бусыз пісіреді.
Егер сынама пісіруде өнім талап етілген сапада шықса, қамырдың барлық бөлігін бөліп, пісіреді.
Пірәндік өнімдерінің сұрыпталымдары: жалбызды пірәндіктер, қантты, сүтті шелпек нан, балды коврижка және т.б.
13.7. Кекстер
«Көктемгі», «Мамыр», ромды баба. Мейіз немесе мейіз және цукат қосылған ашытқы қамырдан дайындайды. Қамырды май жағылған қалыптарға салып, көтерілуі үшін 30-60 минутқа (өнімнің салмағы мен рецептуарсына байланысты) қоя тұрады. «көктемгі кексіне меланж жағып, онымен қоса жаңғақ сеуіп, 210-220°С температурада 40-60 минут ішінде пісіреді. Дайын өнімдерге қант ұнтағын себеді; ромды бабаға алдын ала ром эссенциясы мен коньяк не десерті шарап қосылған шәрбатты сіңдіртеді.
Бақылау сұрақтары
Адам тамақтануында қамырдан жасалған өнімдер несімен бағаланады?
Ұнды кондитерлік өнімдерді жасауда кремнің қандай түрлерін қолданады?
Шәрбат, помада, мастиканы қалай дайындайды?
Негізгі бисквит қамырын дайындаудың технологиясы қандай? Одан қандай өнімдерді және қалай жасайды?
Буше бисквитін және одан әзірленетін өнімдерді қалай дайындайды?
Майлы бисквитті және одан әзірленетін өнімдерді қалай дайындайды?
Үгілмелі қамыр мен одан әзірленетін өнімдерді қалай дайындайды?
Қатпарлы қамыр және одан әзірленетін өнімдерді дайындау технологиясы қандай?
Қайнатылған қамыр мен одан әзірленетін өнімдерді қалай дайындайды?
Пірәндік қамырын және одан әзірленетін өнімдерді қалай дайындайды?
14
ТАРАУ
ДИЕТАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТАМАҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
14.1. Емдік және профилактикалық тамақтанудың мәні
Науқастың ағзасына емдік мақсатта қолданылатын тамақтандыру емдік немесе диеталық деп аталады. Бір кеселдерде ол емделудің негізгі амалы болса, басқа кеселдерде емделудің басқа түрлерінің сәтті өтуіне ықпал ететін амал болып табылады. Бірақ кез келген жағдайда дұрыс ұйымдастырылған емдік тамақтандырусыз дұрыс ем болмайды. Оған қоса, емдік тамақтандыру үлкен профилактикалық маңызға ие. Ол аурудың ерекше қабынуының созылмалы түріне ауысу мүмкіндігін ескертеді.
Емдік тамақтандыруды дәрігер диета деп аталатын тәуліктік тағам мөлшері түрінде тағайындайды. Оны науқасты толық тексеріп және қосалқы кеселдерді есепке алу негізінде жүзеге асады. Емдік тамақтану ең алдымен емдік-профилактикалық мекемелерде – аурухана, шипажай және т.б. қолданылады. Бірақ науқас өзінің еңбек қызметін диеталық тамақтануын жаттықтыра отырып жүзеге асыратын жағдай кең тараған. Бұл жағдайда мұндай мүмкіндікті науқасқа қоғамдық тамақтандыру беруі керек. Қоғамдық тамақтандырудың дамыту жүйесінің қарастыруы бойынша көпшілікке қолжетімді жүйеде 7% орын, студенттік асханаларда 10% және өндірістік кәсіпорындар асханаларында 20% орын диеталық тамақтандыру мақсатында бөлінген. Қазіргі таңда бұндай қажеттілік мектеп асханаларында да туындады. Бірақ оларға нормативтер құрылмаған.
1930 жылдары 15 диета (көбі бірнеше нұсқада) құрылды. Әр диетаның өзіндік медициналық сипаттамасы бар. Онда диетаның емдік тағайындалуы, оның калориялығы, химиялық құрамы, физикалық қасиеттері (рацион массасы, тағам консистенциясы, дайын тағамдардың температурасы) және тамақтану тәртібі баяндалған. Бір уақытта тағамдарды іріктеуге кеңестер беріледі. Бұл жүйе диеталардың санды жүйесі атауына ие болды.
2003 жылы РФ денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша емдік-профилактикалық мекемелер (аурухана, шипажай және т.б.) үшін стандартты диеталардың жүйесі (стандартты диетаның 5 нұсқасы), сондай-ақ хирургиялық, жеңілдетілген диеталар мен арнайы рациондар енгізілді. Стандартты диеталардың нұсқалары негізгі тағамдық заттектер және энергетикалық құндылық, тағамдарды әзірлеу технологиясы және тағамдарды орташа тәуліктік іріктеу мазмұны бойынша ажыратылады.
Нөмірлі жүйе диетасы ауру күрделілігінің сатысы, деңгейіне немесе түрлі мүшелер мен жүйелер жағынан асқынуына байланысты түрлі кеселдерде тағайындалатын стандартты диеталар жүйесімен бірігеді немесе қосылады.
Стандартты диета жүйесі олардың келесідегідей жіктелуін береді.
Стандартты диетаның негізгі нұсқасы. № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 13, 14 және 15 нөмірлік жүйесінің диеталарын қосады.
Диетаның механикалық және химиялық есіркеулі нұсқасы № 1б, 4б, 4в және 5п (1-нұсқа) диеталарын қосады.
Ақуыз мөлшері жоғары диета нұсқасы (ақуызы мол диета). № 4э, 4аг, 5п (2-нұсқа), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, R-І және R-ІІ диеталарын қосады.
Ақуыз мөлшері төмендетілген диета нұсқасы (ақуызы аз диета). № 7а, 7б диеталарын қосады.
Төмендетілген калориялық диета нұсқасы (төмен калориялы диета). № 8, 8а, 8о, 9а, 10с диеталарын қосады.
Еңбек қызметі зиянды заттармен байланысты болатын адамның ауыру мүмкіндігін ескерту үшін ұйымдастырылған тамақтануды профилак- тикалық деп атайды. Ондай тамақтану ең алдымен өнеркәсіп өндірістерінің асханаларында ұйымдастырылады. Бірақ қызметкерлердің кейбір категориясына берілуі мүмкін (мысалы, жоғары оқу орындарының химиялық зертхана зертханашыларына және т.б.).
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары емдік-профилактикалық мекемелерге жатпайтындықтан, тағамдарды дайындау технологиясының ерекшеліктерін біз нөмірлі диета жүйесіне сәйкес қарастырамыз (оған қоса, ол толықтай күшін жойған жоқ). Оған қоса қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тағамдарды тек кейбір диеталар бойынша әзірлейді. Себебі тек емдік-профилактикалық мекемелерде ғана тағайныдалатын диеталар бар. Диеталық асханаларға бөлек рецептуралар жинағы шығарылғанын атап өтейік.
14.2. Диеталардың сипаттамасы
14.2.1. №1 диета
Жалпы сипаттама. Бұл диета асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезінде, асқазан сөлінің қалыпты және жоғары секрециясымен созылмалы гастритте, сонымен қатар, асақазанға жасалған отадан кейін (№ 1а және 1б диеталарын қолдану кезеңінен кейін). Диетаның емдік тағайындалуы – асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығын механикалық, химиялық және термалық тітіркендіргіштерді шектеу, асқа- занның сөл бөлу және қозғалтқыш қызметін қалыптандыруды қамтамасыз ету жолымен орынды есіркеу.
Механикалық есіркеу өсімдік жасұнығының мөлшері жоғары өнімдерге шектеу қойып және шикі өсімдікті тағамдарды, қатқыл қуырылған қабықшалар, пісірілген тағамдарды (қатқыл қабықшамен), қиын қорытыла- тын өнімдерді және тағамдарды алып тастау жолымен іске асады. Тамақты, негізінде, үгіп дайындайды.
Химиялық іріктеу өте қышқыл, ащы өнімдерді, дәмдеуіштерді, қуырыл- ған тағамдарды, сығып алынған заттектерге бай сорпаларды алып тастауды қамтамасыз етеді. Тамақ, негізінде, суда немесе буда қайнатылады.
Термалық іріктеу өте ыстық (65°С-тан жоғары) және өте салқын (15°С- тан төмен) тағамдарды алып тастауды қамтамасыз етеді.
Калориялығы және химиялық құрамы бойынша диета толыққанды (14.1- кестесі).
К е с т е 14.1. Жеке диеталардың тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа)
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды әзірлеу тәсілдері. Нан және ұн өнімдері: кешегі пісірілген өнімнен (немесе кептірілген) жоғары, 1 немесе 2-сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны; құрғақ бисквит, құрғақ піспенан, пісірілген бәліштер, сүзбе қосылған ватрушка.
Салқын тағамдар: асылған көкөністерден, еттен, балықтан жасалған салаттар; еттен жасалған паштет; асылған тіл; докторлық, диеталық, сүтті майда туралған шұжықтар; тұщы үгілген ірімшік.
Сорпалар: сүтті үгілген немесе әбден пісірілген жармалардан, көкөніс езбесінен (қырыққабат езбесінен басқа), үгілген көкөністер қосылған вермишельдер; көкөніс қайнатпасындағы (сәбіз, картоп) сорпалар; қайнатылған тауық немесе еттен, ұнтақ жармасы қосылған үгілген тәтті жидектерден дайындалған езбе сорпалар. Сорпаларды сары маймен, жұмыртқа-сүт қоспасымен, қаймақпен, кілегеймен дәмдейді; майдалап туралған ақжелкен не аскөк көгін себуге рұқсат етіледі.
Картоп және басқа көкөністер: картоп, сәбіз, қызылша, гүлді қырыққабат, асқабақ, салат, ерте піскен кәділер және үгілген күйде суда немесе буда піскен басқа да көкөністер; езбе, буланған пудингтер, суфле, жасыл бұршақ және піскен қызанақтар шектеліп қолданылады.
Жармалар және макарон өнімдері: сүттегі немесе судағы ұнтақ жармасынан, күріш, қарақұмық және сұлы жармасынан әбден піскен немесе үгілген жабысқақ немесе сұйық ботқалар; суфле, пудингтер, жармадан буланған котлеттер; макарондар және майдалап ұсақталған, қайнатылған үй кеспесі.
Жұмыртқалар: шала пісірілген немесе буға пісірлген омлет түрінде, суфле (күніне 2-3 дана).
Сүт және сүт өнімдері: қаймағы алынбаған, табиғи, құрғақ, қойылтылған сүт, кілегей, айран, қатық, балғын қаймақ (тамаққа) және үгілген сүзбе және одан жасалған өнімдер – варениктер, пудингтер, суфле, сырниктер.
Майлар: тұздалмаған және ерітілген сары май, тазартылған өсімдік майы (зәйтүн майы, күнбағыс майы).
Балық: майсыз (майдың мөлшері 8%-дан аспайды), терісіз үлесті бөліктер түрінде және суда немесе буда піскен котлет массасынан өнімдер.
Ет және құс еті: майсыз (сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті) сіңірсіз (терісімен құс), суда немесе буда піскен, ұсақталған немесе үгілген (терісіз) – котлеттер, кнельдер, бұршақ еттер, орама, езбе, суфле т.б.
Тұздықтар: сүтті, қаймақты, жұмыртқалы-майлы, тәтті.
Дәмдеуіштер: аскөк, ақжелкен, ванилин, даршын шектеулі мөлшерде.
Жемістер мен жидектер: балғын, піскен, үгілген тәтті, қайнатылған және пісірілген түрде: езбе, үгілген шәрбаттар, кисельдер, желе, мусстар, аюбадамдар, пісірілген алмалар, сүтті кисельдер, шайқалған кілегей.
Тәттілер: қант, бал, тәтті жемістер мен жидектерден жасалған тосап, зефир, пастила.
Сусындар: табиғи қою емес немес сүтпен, кілегеймен шай; сумен езілген жемісті немесе жидекті тәтті шырындар; итмұрын қайнатпасы.
Шығарылатындар: етті, балықты, көкөністі консервілер, қақталғандар; эфир майлары мен жасұнықтарға бай шикі үгілмеген көкөністер (шалғам, шомыр, саумалдық, қымыздық, пияз, қияр, балдыркөк, ақбас қырыққабаты, тәтті бұрыш, сарымсақ, саңырауқұлақ); тұздалған, ашытылған және маринадталған көкөністер; тары, бұршақтылар; жоғары қышқылдықтағы сүт өнімдері; тұздалған және шоколадты сары май, маргарин, сиыр, шошқа, қой және аспаздық майлар; лимондар, шоколад, балмұздақ; қара кофе, какао, квас; жеміс сулары және басқа да газдалған сусындар.
14.2.2. №2 диета
Жалпы сипаттама. Жеткіліксіз секрециямен созылмалы гастритте және өшпелі өткір емес асқыну сатысындағы асқазан сөлінің қышқылдығы, сонымен қатар, ішектің (колит) созылмалы ауруында және шайнау аппараты жағының бұзылуында тағайындалады. Оның емдік мақсаты – асқазан мен ішек қызметін жақсарту, механикалық термалық тітіркендіргіштерді шектеу жолымен асқазанды есіркеу, бірақ оны өткір емес химиялық тітіркен- діргіштермен қоздыру. Калориялығы мен химиялық құрамы бойынша диета толыққанды. (14.1-кестесін қара.).
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындау тәсілі. Нан және ұн өнімдері: дәл № 1 диетадағыдай.
Салқын тағамдар: ірімшікті май, тұщы ірімшік; малынған майшабақтан паштет, тұзы аз уылдырық; ет, балық, бауырдан паштет; құймалы ет, балық және тіл; сиыр етінен кілкілдек (майсыз); докторлық, диеталық, сүтті шұжық; жаңа піскен қызанақтардан, ет, балық, жұмыртқа қосылған қайна- тылған көкөністерден салаттар (тұздалған қиярсыз, ашытқан қырық- қабатсыз).
Сорпалар: өткір дәмдеуіштерсіз майсыздандырылған сүйек, ет, балық сорпаларында және майдалап туралған көкөністермен, картоппен, жақсылап қайнатылған жармалармен, вермишельмен, кеспемен, бұршақ етпен көкөністі, саңырауқұлақты қайнатпаларда; езбе сорпалар, крем сорпалар; көндігу қабілеттілігінде – борщ, щи, қызылша сорпасы.
Картоп және басқа көкөністер: салаттар, шырындар, қайнатпалар, екінші тағамдарды дайындауда кеңінен пайдаланылады. Кәділерді, қызылшаны, асқабақты, сәбізді, картопты қайнатылған, бұқтырылған және пісірілген күйде тілімдермен, езбе, пісірме, пудинг түрінде дайындайды; гүлді қырыққабатты қайнатылған күйде; піскен қызанақтар, майдалап туралған көк, көндігу қабілеттілігінде – жасыл бұршақ рұқсат етіледі; ақбас қырыққабатты сорпа, басқа көкөністермен үйлескен екінші тағамдарды қайнатылған немесе пісірілген түрде әзірлеу үшін майдалап турайды.
Жармалар, макарон өнімдері: сүт қосылған судағы, сүйекті немесе етті сорпалардағы ботқа, буда әбден пісірілген сұйық немесе жабысқақ ботқалар немесе пісірілген пудингтер, буландырылған немесе қуырылған қатқыл қабықсыз котлеттер; кеспе, жеміс не жидекті палау, ірімшік, жұмыртқа қосылған қарақұмық ботқасы.
Жұмыртқалар: шала пісірілген, қайнатылған не қуырылған (қабықшасыз); бітеу етіп пісірілген, майдалап туралған; буланған омлеттер, жұмыртқа ақуызынан жасалған омлеттер.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған, сұйылтылған сүт (қаймағы алынбаған сүтті пайдаланбайды). Сүт пен кілегейді тағам мен сусындарға қосады. Қышқыл сүтті суындар, тұщы сүзбе және одан жасалатын өнімдерге (суфле, пудингтер, варениктер) рұқсат етіледі; тұщы ірімшік (үгітілген және тілімдермен); қаймақ (әсіресе, тағамдарға).
Майлар: тура № 1 диетадағылар.
Балық: үлесті бөлік түріндегі майсыз асылған, котлет массасынан жасалған пісірілген немесе қуырылған қатқыл қабықшасыз өнімдер; ұсақталған күйде малшынған майшабақ.
Ет және құс еті: еттің өрескел жалғанбалы ұлпасынсыз майсыз сұрыптары, терісіз қайнатылған, пісірілген, қуырылған аунатылмаған түрдегі құс еті; котлет массаларынан жасалған өнімдер; сүтті шұжықшалар.
Тұздықтар: сүйекті, етті, балықты сорпалардағы, көкөніс қайнатпасындағы қаймақты, ақ, қызыл тұздықтар.
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, аскөк, ақжелкен, балдыркөк көгі, даршын, ванилин.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: өте жұмсақ немесе езбе түріндегі піскен жемістер мен жидектер; майдалап туралған жемістерден, кисельден, желеден, мусстан, аюбадамнан жасалған шәрбаттар; пісірілген алмалалар; жемісті және жидекті шырындар, балғын жидектер, апельсиндер, лимондар (шайға).
Тәттілер: мармелад, жеміс қағынан жасалған кәмпит, зефир, қант, бал, тосап, кәмпиттер.
Сусындар: судағы шай, какао және кофе сүтпен немесе кілегеймен, итмұрын қайнатпасы, жемісті, жидекті және көкөністі шырындар.
Шығарылады: ащы және майлы басытқылар, сүрленгендер, етті және балықты консервілер; қаймағы алынбаған сүттегі ащы, майлы, сүтті сорпалар, көк сорпа, бұршақ тұқымдастардан сорпалар; арпа, жармалары; үлкен дәнді шикі түрдегі жидектер (қызыл және ақ қарақат, қарлыған); құрма, інжір; квас; шоколад өнімдері, балмұздақ.
14.2.3. №5 диета
Жалпы сипаттамасы. Бауыр, асқазан, өт қабы және басқа да бауыр мен өт жолы қызметінің бұзылуынан туындаған кеселдерде тағайындалады. Оның мақсаты – бауыр мен өт қабы қызметін қалыпқа келтіруге жәрдемдесу, өт жолы мен өт қабында тастардың пайда болуының алдын алу, өт бөлінуіне жағдай жасау. Бұл диетаны, сонымен қатар, атеросклерозға тағайындайды.
Калориялығы жағынан диета толыққанды (14.1-кестесін қара), ақуыз мөлшері қалыпты, бірақ кейбір майлар шектеулі (ең алдымен баяу балқитын) және көмірсулардың мөлшері тым жоғары, азотты сығындалғыш заттектер барынша шектелген (әсіресе пуриндер), құрамында холестерині бар өнімдерді, майларды ажырататын, бірақ липотропты заттектер (метионин, холин, лецитин), жасұнық және сұйықтық мөлшері жоғары өнімдер шектелген. Тағамдарды қайнатып, пісіріп, арагідік бұқтырып дайындайды. Ет пен балықты алдын ала қайнатылғаннан кейін пісіреді. Сіңірлі етті және жасұныққа бай көкөністерді езгілейді.
Өнімдерді қуыруға, тіпті аз уақытқа (шала қуыру) болса да жол берілмейді. Өсімдік маймымен дәмделген балғын көкөністерден жасалған салаттарды кеңінен пайдалануға кеңес беріледі. Өте ыстық (65°С-тан жоғары) және суық (15°С-тан төмен) тағамдар мен сусындарды қолдануды шығарып тастайды.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. Нан және ұн өнімдері: 1 және 2-сұрыпты ұннан, еленген және тартылған ұннан (кеше пісірілгеннен немесе кептірілген) жасалған бидай наны; ұн өнімдерінен жасалған – майқоспасыз піспенан, құрғақ бисквит, пісірілген бәліш.
Салқын тағамдар: ет, балық, балғын көкөністер теңіз өнімдерінен әзірленген салаттар; винегреттер; қайнатылған, турама толтырылған балық, суланған майшабақ; тұщы және майсыз ірімшік; докторлық, сүтті, диеталық шұжықтар.
Сорпалар: сүтті макарон өнімдерімен, көкөністі, жармалы көкөністі қайнатпада, жемісті; жаңа піскен қырыққабаттан борщ, щи (вегетариандық); қызылша сорпасы, көк сорпа.
Картоп және көкөністер: шикі, асылған, бұқтырылған, пісірілген көкөністер пайдаланылады; алдын ала жидітілгеннен кейінгі тағамдағы басты пияз; тұщы ашытқан қырыққабат, пікен қызанақтар, жасыл бұршақ, бақшалылар; майдалап туралған көк пияз және шикі басты пиязға салаттар мен винегреттерге қоспа ретінде рұқсат беріледі.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі жармалардан, әсіресе, арпа және қарақұмық жармасынан ботқалар, кептірілген жемістерден, сәбізден палау; сәбіз және сүзбемен пудингтер; ірімшік, жұмыртқа қосылған қарақұмық ботқасы, қайнатылған макарон өнімдері.
Жұмыртқалар: тек қандай да бір тағамдардың құрамында ғана, ал сарыуызын тұтыну күніне 1 данадан ғана рұқсат етіледі. Жұмыртқа ақуыздарынан буландырылған немесе пісірілген омлет жасайды.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған сүт, қышқыл сүтті балғын сусындар (ацидофилин, айран, майлы айран), тұщы, майлы, жартылай майлы, майсыз сүзбе және одан дайындалатын тағамдар – пісірмелер, варениктер, буланған немесе пісірілген пудингтер; 6% майлылықтағы қаймақ (тағамдарға қосуға), кілегей, сүт. Майлы сүзбе, тұзды, майлы ірімшікке шектеу қойылады.
Майлар: табиғи түрдегі және тағамдағы сары май және тазартылған өсімдік майы.
Балық: асылған майсыз үлес түріндегі, қайнатылғаннан кейін піскен; сорпа құйылып ұйыған (көкөніс қайнатпасындағы желе); котлет массасынан жасалған өнімдер – кнель, бұршақ ет, суфле, турама толтырылған балық.
Ет және құс еті: майсыз, өрескел жалғанбалы ұлпасыз қайнатылған немесе қайнатылғаннан кейін пісірілген түрдегі сиыр еті, тауық еті, қоян еті, күркетауық еті. Үлесті бөліктер және котлет массасынан өнімдер. Голубцы, қайнатылған еттен палау, сүтті шұжықшалар рұқсат етіледі.
Тұздықтар: қаймақты, сүтті, жеміс-жидекті және көкөніс қайнат- пасындағы. Ұн мен тамырсабақтарды аунатпайды.
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, ванилин, даршын.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: шикі, қайнатылған, пісірілген күйдегі жемістер мен жидектердің барлық түрлері (қышқыларынан басқа). Олардан компот, кисель, желе, мусс, аюбадамдар дайындайды. Тәттілерден
тосап, қант, бал, жеміс қағынан жасалған кәмпит, мармелад, орынды мөлшердегі шоколадты емес кәмпиттер.
Сусындар: сүтпен шай, сүтпен кофе, тәтті жемісті және жидекті шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шектеу қойылады: ащы және майлы басытқылар, етті және балықты консервілер, сүрленгендер, қымыздық қышқылы мен эфир майларына бай көкөністер; саңырауқұлақтар; бұршақ тұқымдастар; бітеу пісірілген және қуырылған жұмыртқалар; кілегей және ащы ірімшік; субөнімдер – бауыр, бүйрек, ми; мүкжидек, қызыл қарақат, қарлыған; шоколад; балмұздақ; сүтсіз кофе, какао, газдалған сусындар.
14.2.4. №7 диета
Жалпы сипаттамасы. Бүйрек ауруларына тағайындалады. Оның емдік мақсаты – бүйректерді орынды есіркеу, олардың қалыпты қызметтерін қалпына келтіруге жәрдемдесу, ас тұзын жедел шектеу жолымен ағзадан азоттық және зат алмасудың басқа өнімдерін шығаруға ықпал ету, тұтынылатын ақуыз, бос сұйықтық, айтарлықтай мөлшердегі холестерині бар (бауыр, ми, жұмыртқалар, малдың майы) өнімдер мөлшерін азайту.
Құрамында липотропты заттектері бар өнімдерді (сүзбе, сүтті қышқыл өнімдер, өсімдік майлары), сондай-ақ бүйректердің қызметін жақсартатын көп мөлшердегі калийі бар көкөністер мен жемістерге (картоп, жасыл бұршақ, қызанақ, қызылша, қарақат, жүзім, өрік, кептірілген жемістер) кеңес беріледі. Балық пен етті асылған күйде дайындайды. Артынша қуыруды және пісіруге рұқсат етіледі. Тағамдардың дәмі тұздықтармен, дәмдеуіштермен, лимон қышқылымен жақсара түседі. Тамақты тұзсыз әзірлейді, Ал науқасқа қандай да бір тағамға себуі үшін күніне 2-3 г тұз береді. Тұздай түсуді қажет ететін өнімдерді тұзсыз да керемет дәмге ие өнімдермен (сүзбе, жемістер және т.б.) үйлестіру тәсілі кеңінен қолданылады.
Ыстық тағамдарды 75°С, салқын тағамдарды 15-20°С температурада береді.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. Нан және ұн өнімдері: тұзсыз нан, алма қосылған, сүзбелі және басқа да турамалар қосылған құймаққа кеңес беріледі.
Салқын тағамдар: балғын көкөністерден, жемістерден жасалатын тұзсыз салаттар, тұзсыз өнімдерден жасалатын винегреттер; анда-санда баялды және кәділі икра.
Сорпалар: вегетарианды сорпалар көкөністермен, жармалармен, картоппен; сүтті, жемісті.
Сорпаларды сары маймен, лимон қышқылымен дәмдеп, майдалап туралған көктерді себеді.
Картоп және көкөністер: көкөністерді балғын, қайнатылған, пісірілген түрде қолданады; картоп кеңінен қолданылады, сәбіздерден котлеттер, бұқтырылған қызылша, асқабақ, кәділер, гүлді қырыққабат жасайды; құрамында қымыздық қышқылы жоқ қияр мен басқа да көкөністер. Басты пиязды шала қуыру алдында булайды.
Жармалар және макарон өнімдері: түрлі ботқалар, пісірмелер, пудингтер, іррімшік, жұмыртқа қосылған қарақұмық ботқасы, котлеттер, түрлі жармалардан домалатпалар дайындайды; кез келген дайындықтағы макарон өнімдеріне рұқсат беріледі. Бұршақ тектестерден жасыл бұршаққа жол беріледі.
Жұмыртқалар: күніне 1 данадан артық емес (шала асылған немесе тағамдар құрамында)
Сүт және сүт өнімдері: қаймағы алынбаған, құрғақ, қойылтылған сүт, сүтті қышқыл сусындар, сүзбе, қаймақ, кілегей. Бүйректерде кальций тұзынан тастар түзілгенде шектеу қойылады.
Майлар: тұздалмаған сары май (ерітілген – шектеулі мөлшерде), тазартылған өсімдік майын (зәйтүн, күнбағыс, жүгері майы) қолдануға кеңес беріледі.
Балық: майсыз асылып, артынша қуырылған немесе пісірілген; котлет массасынан жасалған тағамдар, турама толтырылған балық.
Ет және құс еті: балық сияқты түрлерде майсыз сиыр, бұзау, тауық, қоян, күркетауық еттері.
Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты, лимон қышқылы қосылған жемісті тұздықтар. Ұнды түсін өзгертпей кептіреді.
Дәмдеуіштер, көктер: ванилин, даршын, аскөк, ақжелкен.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: балғын, компот, кисель, желе, тосап түріндегі түрлі жемістер мен жидектер.
Әсіресе, ағзадан ылғалды шығарып, ісіктерді кішірейтетін калийге бай жемістер (өрік, кептірілген өрік және т.б.) құнды болып келеді. Тәттілерден – қант, бал, джем, повидло, тосап, шоколадты емес кәмпиттер, жемісті балмұздақ.
Сусындар: шай, сүтпен шай, сүтпен кофе, жемісті және көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шектеу қойылады: ет, балық, саңырауқұлақтың азоты сығып алынған заттектері; құрамында қымыздық қышқылы (рауғаш, қымыздық, саумалық) және эфир майлары (сарымсақ, шомыр) барлар; балық және ет консервілері, сүрленгендер, тұздалған ірімшіктер; маринадталған және ашытылған көкөністер; бұршақ тектестер; бұрыш, қыша, ақжелкек; тәтті және қатпарлы қамырлардан жасалған өнімдер; шоколад, сүтсіз кофе; газдалған сусындар.
Рұқсат етілген өнімдер мен тағамдарды іріктеу бойынша №7 диетаға №10 диета өте ұқсас және мәзірде мұндай тағамдарға бөлшекті сызық арқылы екі санды да жазады – №7/10. Сондықтан №10 диетаның сипаттамасын бірден қарап кетеміз.
14.2.5. №10 диета
Жалпы сипаттама. Қан айналымның жетіспеуінен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларында, қабынған үдерістерде тағайындалады. Емдік мақсаты – бұзылған қан айналымын, су-тұз және май алмасуды ас тұзын 5-6 кг-ға дейін (олардың 2-3 г өнімдердің құрамында болады), бос сұйықтықты 1,2 л-ге дейін (сорпа, сусын, тәтті тағамдарды қоса), шектеу жолымен қалпына келтіру, азотты сығып алынған заттектерді, құрамында холестерині бар өнімдерді шығарып тастау.
Диетада калий, магний, липотропты заттектердің, сілтіленетін әрекет беретін өнімдердің (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер) мөлшері артқан. Ас қорыту жолы аллергиялық серпілістердің дамуында маңызды рөл атқарады. Бір жағынан ішек-қарын жолында (ІҚЖ) тағамдық, дәрілік, химиялық және басқа да аллергендердің сіңірілуі болады. Оның жеңілісі аллергияның ықтималдылығын көтереді. Екінші жағынан ас қорыту мүшелері науқас тері арқылы (мысалы, экзема) ағзаға енетін заттектердің қозуынан туындайтын аллергиялық серпілістердің пайда болу орны болуы мүмкін. Осыған сәйкес экзема және басқа да тері ауруларында кейде сипаттамасы №7 және 10-диеталарға сәйкес келетін қабынуға қарсы диета сәтті қолданылады.
14.2.6. №8 диета
Артық салмақтың пайда болуы немесе семіздіктен туындайтын май- көмірсу алмасуының бұзылуында тағайындалады. Оның емдік мақсаты – семіздік деңгейіне байланысты тағамның калориялығын мөлшерленген, денеге түсірелтін салмақты қатаң бақылаумен сәйкес дені сау адамның тәуліктік рационына қарағанда 20-50%-ға азайту. Диетада тағамның калориялығын көмірсулар, әсіресе, тез сіңірілетіндері (қант, крахмал) және ақуыз, дәрумендер, көп қанықпаған май қышқылдары, минералды заттектер т.б. ағзаның алмасу қызметіне қажетті заттектердің мөлшері қалыпты болатын майларды тұтынуды шектеу жолымен азайту қарастырылады. Рационда жармалар, макарон өнімдері, картоп, майлы өнімдерге шектеу қойылады. Тәтті тағамдар мен сусындарда қанттың орнына ксилит немесе сорбитті пайдаланады. Нанды көбіне қарабидай және ірілеу ұнтақталған ұннан бидай, ақуызды-бидай және ақуызды-бөлектелген түрде қолданады. Калориялықты азайту көбіне науқасқа ағза көтеруіне қиын болып келетін үйреншікті ас мөлшерін азайтумен пара-пар келеді. Ол мөлшерді құру үшін рационға жасұныққа бай өнімдер (көкөністер мен жемістер) немесе жасұнықтың ерігіш эфирлері – метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза және т.б. енгізеді. Бұл полисахаридтер сілікпе түзетін қасиетке ие және мысалға алатын болсақ, жемісті не жидекті кисельдерде крахмалды алмастыра алады. Бұл диетадағы маңызды ескеретін жәйт – 6 мәртелік тамақтану режимі. Бұл қатты ашығу сезімінің пайда болуын ескертуге жол береді. Сонымен бірге тағамның көп бөлігі алғашқы жарты күндікте қабылданады, Оған қоса, ақуызды және жеңіл тамақ берілетін күндерге кеңес беріледі. Ақуызды күндерде рационға сүзбе, айран, сүт қосады; жеңіл тамақ берілетін күндер алма, айран, алма-айран күндері болып санала алады.
Тағамдардың температурасы әдеттегідей.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. Салқын тағамдар: балғын және ашытылған көкөністерден салаттар, винегреттер, асылған ет, балық, балық емес су өнімдерінен жасалған салаттар, сиыр етінен істелген сілікпе, сорпа құйылып ұйыған ет және балық. Сорпалар: сорпаның бір үлесі – 250 г. Сорпаларды түрлі көкөністерден аз мөлшердегі картоп немесе жарма қосу арқылы әзірлейді, щи, борщ, көк сорпа, қызылша сорпасы. Аптасына бір-екі рет сұйық, майсыздандырылған етті немесе балықты сорпалардағы көкөністермен, домбаймен әзірленген сорпалар.
Картоп және басқа көкөністер: қырыққабаттың барлық түрлері, кәділер, асқабақ, қызанақтар, қайнатылған не пісірілген шалқан; көкөністердің бір бөлігі шикі күйде, ашытқан қырыққабат жуылғаннан кейін. Көмірсулардың тәуліктік норма шегінде картоп, сәбіз, қызылша, тарна, жасыл бұршақтан жасалған тағамдарға шектеу қойылады.
Жармалар, бұршақ тұқымдастар және макарон өнімдері: көкөніс сорпаларына қоспа ретінде шамалап қолданады. Қарақұмық, бидай, арпа жармаларынан анда-санда сол күні нанның қалыпты мөлшерін азайтып шашыраңқы ботқалар әзірлейді
Жұмыртқалар: күніне 2 данадан асырмай, бітеу пісірілген, көкөніс қосылған ақуызды омлет түрінде пайдаланады.
Сүт және сүт өнімдері: аз майлылықта болуы тиіс. Қаймақ тек тағамдарды дәмдеу үшін қажет. Сүзбе – табиғи, сондай-ақ сырник, пудинг түрінде. Ірімшіктің майсыз сұрыптары шектеулі түрде.
Майлар: көбіне өсімдік майы және сары май (ерітілген шектеулі түрде).
Балық: майсыз, айрықша қайнатылған, сорпа құйылып ұйыған, пісірілген, арасында – қуырылған.
Ет және құс еті: майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті ірі және майда бөліктермен айрықша қайнатылған, сондай-ақ бұқтырылған, пісірілген. Қайнатылғаннан кейін қуырылған ет, сиыр етінен қысқа шұжық, диеталық шұжықша.
Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты – шектеулі түрде.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: қышқыл және қышқылтым- тәтті жемістер мен жидектер табиғи және компот, желе, мусс түрінде ксилитте немесе сорбитте не болмаса қант алмастырғышсыз.
Сусындар: шай, сүтпен шай, сүтсіз кофе және сүтті кофе, ксилитпен немесе сорбитпен, томат шырыны, қышқыл сұрыптардан жеміс-жидекті шырындар.
14.2.7. №9 диета
Жалпы сипаттама. Қант диабетінде көмірсу алмасуын қалыпқа келтіру және май алмасудың бұзылуын ескерту үшін тағайындалады. Бұл диета келесідегідей сипатқа ие:
жеңіл сіңірілетін көмірсулар едәуір, майлар және ет пен балықтың азотты сығып алынған заттектері орынды шектеледі; қант пен тәттілерге шектеу қойылады, тәтті тағамдар мен сусындарға ксилит немесе сорбит пайдаланылады, не болмаса тағамдарды тәтті емес етіп әзірлейді; липотропты заттектер, дәрумендер (сүзбе, майсыз балық, теңіз өнімдері, көкөністер, жемістер, бүтін дәндерден жармалар, ірі ұнтақталған ұннан пісірілген нан) мөлшері ұлғаяды; өнімді қайнату мен пісіру тиімдірек, қуыру (қайнатылғаннан кейін) мен бұқтыру – сирегірек; ұн мен көкөністерді шала қуыру тиімсіздеу. Құрамындағы қантты алу үшін сәбіз, шалқан және тарнаны алдын ала туралған күйде қайнатып немесе сулайды. Ыстық тағамдардың температурасы 75°С-тан жоғары, салқын тағам- дардың температурасы 15°С-тан төмен болмауы тиіс.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. Нан және ұн өнімдері: корта есеппен күніне 300 г-нан қарабидай, ақуызды- бөлектелген, ақуызды-бидайлы 2-сұрыптан дайындалған нанға кеңес беріледі. Майқоспасыз ұнды өнімдерді нан мөлшерін азайту арқылы пайдалануға болады.
Салқын тағамдар: винегреттер, балғын көкөністерден салаттар, кәді немесе көкөніс қоспаларынан икра дайындайды; докторлық және диеталық шұжықтар, сорпа құйылып ұйыған балық, майсыз сиыр етінен істелген
кілкілдек, тұздалмаған, майсыз ірімшік, суланған майшабақ, теңіз өнімдері қосылған салаттар мен винегреттер дайындайды.
Сорпалар: әртүрлі көкөністерден щи, борщ, қызылша сорпасы, етті және көкөінсті көк сорпа, картоп, түрлі жармалар, домбайлар қосылған вегетариандық сорпалар. Дәмін жақсарту үшін алдын ала буланған, артынша шала қуырылған басты пияз, бөктірілген сәбіз, ақжелкен және балдыркөкті пайдаланады.
Картоп және басқа көкөністер: картопты шектеулі түрде көмір- сулардың күндізгі нормасын есепке ала отырып пайдаланады. Көбіне қайнатылған күйде. Көмірсуларды сондай-ақ сәбізде, қызылшада, жасыл бұршақта есепке алады. Қырыққабат, кәділер, асақабақ, салат, қияр, қызанақ, баялдыларды, қайнатылған, пісірілген, бұқтырылған күйде жиі пайдаланған тиімдірек. Сирек – қуырылған күйде. Тұздалған көкөністерге шектеу қойылады.
Жармалар: көмірсулардың күндізгі нормасы шегінде шектеледі. Шашыраңқы ботқаларды қарақұмық, арпа, бидай жармаларынан, ал сұйық және жабысқақ ботқаларды сұлы жармасынан әзірлейді; бұршақ тұқым- дастарды пайдалануға мүмкіндік бар.
Жұмыртқалар: күніне 1,5 аспайтын данада шала пісірілген және омлет, соның ішінде ақуызды түрінде пайдалануға кеңес береді; сарыуыздарға шектеу қойылады.
Сүт және сүт өнімдері: сүт және сүтті қышқыл сусындарға кеңес беріледі; жартылай майлы сүзбе және одан жасалатын өнімдер, тұздалмаған және майсыз ірімшіктер тиімдірек, қаймақ – шектеулі.
Майлар: тұздалмаған сары және ерітілген майлар, сонымен қатар, өсімдік майлары қолданылады.
Балық: әсіресе, асылған, пісірілген, кейде қуырылған (асылғаннан кейін) түрде майсыз балық қолданылады. Рационға суланған майшабақ, өз шырынындағы және томаттағы балық консервілерін қосуға болады.
Ет және құс еті: майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті, сонымен қатар, балық. Котлет массасынан дайындалған өнімдер, асылған тіл, шұжықшалар, пісірілген шұжықтар (докторлық, диеталық).
Тұздықтар: томат, сүтті, қаймақты (пиязбен не томатпен).
Дәмдеуіштер және көктер: лавр жапырағы, ванилин, лимон қышқылы, аскөк және ақжелкен көктері; даршын шектеулі түрде.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар, тәттілер: қышқыл және қышқылтым тәтті жемістер мен жидектер табиғи және қантсыз, ксилитпен немесе сорбитпен компот, желе, мусс, аюбадам. Кәмпит, піспенан, ксилиттегі немесе сорбиттегі бадамды тәтті нан рұқсат етіледі.
Сусындар: шай, ксилит немесе сорбиттегі сүтті кофе; өнеркәсіп өндірісінің томат шырыны, қышқылтым-тәтті жидектер мен жемістерден қантсыз дайындалған шырындар, итмұрын қайнатпасы.
Шығарылады: майқоспалы және қатпарлы қамырлардан дайындалатын өнімдер; сүрленген, майлы шұжықтар; сорпалар; ұнтақ жармасы, күріш қосылған сүтті сорпалар; макарон өнімдері; ұнтақ жармасы, күріш ботқасы; тәтті сүзбелі ақ ірімшік, кілегей, тұздалған ірімшіктер; баяу балқитын және аспаздық майлар; майлы ет, құс еті, балық; майлы, ащы тағамдар және тұздықтар; балғын және кептірілген тәтті жемістер, жидектер, бақшалылар; қант, тосап, кәмпит, балмұздақ, бал; ұнды аспаздық өнімдер; жүзімді және басқа да тәтті шырындар; қанттағы лимонад.
14.2.8. №11 диета
Жалпы сипаттамасы. Бұл диета туберкулезде тағайындалады. Оның емдік мақсаты – жалпы тамақтану мен ағзаның әрекет қабілеттілігін көтеру, оның ауруға қарсы тұруының артуына жағдай жасау.
Диетаны қолданудың негізгі принциптері:
ауру динамикасын есепке алғандағы тамақтанудың әртүрлілігі;
қатал тәртіптер мен шектеулерді тек қысқа мерзімге тағайындауға болады;
ем алудың барлық сатыларында (стационарлық, шипажайлы, емханалық) тамақтану сараланған болуы тиіс. Аурудың барысы мен сатысына байланысты тағайындалатын диетаның түрлі химиялық құрамы және калориялығымен (2600-ден 3600 ккалға дейін) 5 нұсқасы құрастырылды. Бұл жақсартылған тамақтанудың ең алдымен рационды липотропты заттектермен, кальций тұздарымен байыту үшін сүтті өнімдер есебінен мал тектестердің ақуызының жоғарылатылған мөлшерімен диетасы.
Өнімдердің аспаздық өңделуі әдеттегідей, тәуліктік рационның массасы – 3 кг, бос сұйықтық мөлшері – 1,5 л. Тамақтану тәртібі күніне 4-5 рет. Өнімдердің іріктелуі әртүрлі, бірақ піспенан – майқоспалы емес, құрғақ бисквит.
14.2.9. №15 диета
Жалпы сипаттамасы. Тағайындалады:
ішек-қарын жолдарының қалыпты күйі шартымен арнайы диеталарды қажет етпейтін әртүрлі кеселдерде; емдік тамақтану аяқталғаннан кейінгі жалпы тамақтануға ауыспалы диета секілді;
кейбір асқазан-ішек ауруларында төзе алушылықты тексеру ретінде; Калориялығы, тағамдық заттектер мөлшері бойынша диета дені сау адам үшін тамақтану нормасына толықтай сәйкес келеді (14.1-кестесін қара.), тек дәрумендердің қалыпты мөлшері көбейіп және кейбір сіңірілуі қиын өнімдер, ащы басытқылар және дәмдеуіштер шығарылады. Өнімдерді аспаздық өңдеудің барлық тәсілдері қолданылады. Ыстық тағамдарды беру температурасы – 75°С, салқын тағамдардікі – 15-20°С.
14.2.10. Иондаушы радиация жағдайындағы рационалды тамақтандыру
XX ғасырдың аяғынан бастап, сәулеленуге шалдыққан адамдарды тамақ- тандыруды ұйымдастыру өзекті бола бастады. Адам ағзасына радионук- лидтердің кіргенін ескерту және келіп түсіп үлгерген радиациялық белсенді заттарды одан шығаруды жеделдету шарасы – мұндай диетаның басты мақсаты. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, радиациядан қорғаушы әрекетке ақуыздар және жеке амин қышқылдары, альгин қышқылының тұздары, пектиндер, сондай-ақ ферроцин (сары қанды тұз) ие. Осы заттектердің рацион құрамына қосылуы цезий-137 және стронций-90-ның қорын айтарлықтай төмендете алады.
Жеке заттектер мен өнімдерді пайдаланудың сипаттамасы мен технологиясы. Ферроцин жоғары сіңірілу қасиетіне ие. ІҚЖ-ға түсіп, олармен ағзадан шығарылатын ерімейтін кешенді бірігу түзе отырып, радиоактивті элементтерді байланыстырады. Кеңес берілетін тәуліктік мөлшер ересек адам үшін – 1-1,5 г.
Пайдалану технологиясы. Ферроцин алдын ала жұқа дисперстік ұнтақ күйіне дейін ұсақталады; еттен, құс етінен, балықтан, көкөністерден жасалған тағамдарға ол тікелей жылумен өңдеу алдында енгізіледі; салқын тағамдар мен басытқыларға – дайын болғанша 10-15 минут ішінде өнімдер немесе бұйымдарды жылумен өңдеу үрдісінде; құймалыларға – желені пісіру үрдісінде, дайын болғанға дейін 10-15 минут.
Альгинаттар — теңіз балдырларының полисахаридтері (соның ішінде натрий альгинатын қоңыр балдырлардан шығарады). Ісінгенде олар желе түзеді. Тамақ өндірісінде мармелад, балмұздақ, майонез өндіруде, қоғамдық тамақтандыруда – дірілдекті тәтті тағамдарды дайындау үшін кеңінен пайдаланылады.
Емдік мақсатта ішекте стронцийдің сіңіруін 3-6 есе төмендету үшін сүтпен қолдануға (ересектерге – күніне 15 г-ға дейін, балаларға – 10 г) кеңес беріледі.
Пектиндер — түрлі өсімдік көкөністерінің құрамында бар суда ерігіш заттектер. Бұл заттектер әртүрлі бірігулерді, оның ішінде ауыр металлдар және радионуклидтерді адсорбтауға және оларды өздері өздігімен сіңбейтіндіктен ағзадан шығаруға қабілетті.
Ең көп мөлшерде пектиндер алма, өрік, алша, қызылша құрамында бар. Дірілдекті қасиетке ие, желе, мусс, аюбадам, кремдерді дайындауда қолданылады.
Тағамдық кебектер дәннің қауызынан және қорлы қабатынан тұрады. Биологиялық белсенді заттектер мен тағамдық талшықтар қатарының көзі қызметін атқарады. Орта есеппен алғанда олардың құрамында 15,1% ақуыз, 3,8% май, 53,6% көмірсулар, 8,2% жасұнық, әртүрлі минералдық заттектер, С және В тобының дәрумендері бар.
Тағамдық кебектер ІҚЖ-да пайдалы бактерия әлемінің дамуына жағдай жасап, онда өскіндердің пайда болуын қиындататын жағдай жасайды. Бұл қасиет адамды тік ішек обырынан сақтап, канцерогенді ішектің ішкі қабырғаларымен байланысуын оқшаулайтын кебек құрамындағы селенге байланысты. Ал кебектің жасұнығы асқазан жұмысының реттелуіне, ішектердің жиырылуына және ағзадан зат алмасу өнімдері мен радионуклидтерді тез шығарып тастауға жағдай жасайды. Тағамдық кебектерді етті, балықты өнімдерге, сүтті және сүтті-жемісті сусындарға, ұнды тағамдарға және кондитерлік өнімдерге, тұздықтарға қосуға болады. Кебектерді пайдаланудың бірнеше тәсілдері қолданылады:
Кебектерді ағынды суда жуып, ұн өнімдерін енгізеді; Кебектерді қуыру шкафында кептіріп, салқындатады, тұзды суда 10-15 минут дымқылдатып алып, етті, балықты, көкөністі тағамдардың құрамына ендіреді; Кебектерді кофе ұнтақтағышта ұнтақтап елейді, қайнағанша қыздырып, 3-5 минут қайнатады. 1 сағат ішінде 80-90°С температурада тұндырып, сүзгіден өткізеді; тұнбаны сорпаларға, тұздықтарға, кисельдерге, сусындарға, ал нығыз бөлігін ботқаларға, гарнирлерге қосады;
Ұнтақталған және еленген кебектерді үзбе кеспелерді дайындауға пайдаланады.
14.3. Кейбір диеталық тағамдарды дайындау технологиясы
14.3.1. Салқын тағамдар
Диеталық тағамдарды дайындау технологиясында буда пісіру, езгілеу, бір өнімде әртүрлі азықтарды үйлестіру, бүркеу сияқты тәсілдер кеңінен қолданылады.
Етті ірімшік. Жабысқақ күріш ботқасын пісіріп, електен үш рет еттартқыштан өткізілген қайнатылған етпен бірге езгілеп, жұмсартылған сары маймен араластырады. Массаны қағымдап, салқындатады. №1 және 2 диеталарда пайдаланады.
Балықты паштет. Сәбізді майдалап тілкемдеп кесіп, маймен бұқтырады. Терісі бар сүйексіз балық сүбесін бөктіреді. Артынша сәбізбен бірге жиілетілген торлы еттартқыштан өткізіп, үлпілдек масса алынғанша маймен бірге жақсылап шайқайды. Паштетке сопақша пішін беріп, майдалап туралған көк пияз себеді. №1-10 диеталарда пайдаланады. Тек №1 және 5 диеталарда пияздың орнына паштеттің бетін сары маймен жабады, ал №7 және 10 диеталар үшін оны тұзсыз дайындап, лимон тілімімен береді.
14.3.2. Сорпалар
Сорпалар — рационның қажетті бөлігі. Ол тек төтенше жағдайларда ғана болмайды. №7/10 диеталарға сорпаның жарты үлесті бөлігін қосады.
Сәбізбен үгілген сұлы ботқасы. (№1 диета). Сұлы жармасын ыстық сумен жуып, қайнаған су құяды да қатты қыздыруда, кейін 3 сағат шамасында әлсіз қыздыруда пісіреді. Әбден піскен жарманы қайнатпамен бірге езгілейді. Түйірлері қалмас үшін шайқап және осы массаға ақырындап ыстық сүт құяды (сүттің бір бөлігін қатуға алып қалады).
Қайнатылған сәбізді турап, езгілеп, сорпаға қосады. Оны қайнатып, жұмыртқа-сүт қоспасымен дәмдеп, мармитке қояды. Егер «Геркулес» сұлы қауызын қолданатын болса, сорпа 1 сағат пісіріледі.
14.3.3. Тұздықтар
Тұздықтар диеталық тамақтануда дәмдік компонент ретінде ерекше маңызды рөлге ие. Өйткені қуырылған тамақтардың алынып тасталуы көптеген диеталарда рационның татымдық гаммасын біріктіреді. Оған қоса, жалпы тамақтандырудағы секілді тұздықтар тағамдардың сұрыпталымдарын түрлендіруге әсер етеді, олардың калориялығын жиі көтереді. Кейбір диеталарда тұздықтардың қолданылуына шектеу қойылған. Ол жағдайда тағамға сары май немесе қаймақ құяды (диетаны есепке алумен).
Диеталық тамақтандыруда жалпы тамақтандыруда жоқ тұздықтарды да дайындайды.
Ваниль тұздығы (№1 және 2 диеталар). Жұмыртқа сарыуыздарын қантпен үгіп, кілегей қосады да жақсылап араластырады. Үздіксіз араластыра отырып, қайнаған сүт құяды. Тұздықты сулы жылытқышта 75-80°С температурада қоюланғанша қайнатып, ванилин қосып, сүзгіден өткізеді.
Алайда аттары сәйкес келетін тұздықтар жалпы тамақтандыру тұздықтарынан рецептурасы және дайындалу технологиясымен ерекшеленеді. Мысалы, қоңыр сорпаны қайнатуда пісірілген көкөністерді қоспайды; негізгі қызыл тұздықты пиязсыз дайындайды; май ретінде ерітілген майды қолданады; дәмдеуіштер қоспайды. Радиацияға қарсы диеталарға арналған көптеген тұздықтарды пісіруде сорпа немесе судың бір бөлігін бидай кебектерінің қайнатпасымен алмастырады (негізгі ақ, сүтті, қаймақты, саңырауқұлақты тұздықтарда). Кептірілген наннан жасалған тұздыққа кептірілген нандардың орнына қуырылған ұнтақты кебектерді қосады. Майонез тұздығын жұмыртқа сарыуыздары бөлігінің орнына пектин негізінде әзірлейді.
Қызылшадан дайындалған тұздық. Қызылшаны пісіріп, аршып, ең майда үккіштен өткізеді; пиязды майдалап турап, сары майда қуырып, бидай кебегін, қызылша, қаймақ қосып қайнатады. Тұз, сірке суымен дәмдеп, жақсылап араластырады. Шұжықшаларға, котлеттерге, шошқаның сүрленген етіне қосып береді.
14.3.4. Балық тағамдар
Балық азықты заттектерге бай болғандықтан емдік тамақтандыруда үлкен құндылыққа ие және оңай сіңіріледі. Жылумен өңдеу тәсілдерінен бөлек емдік тамақтандыруда балықтың түрі аса маңызға ие, өйткені түрлер өздерінің тағамдық құндылықтарымен бір-бірінен ерекшеленеді. Диеталардың сипаттамаларынан барлық ауруларда асылған және бөктірілген балықтардан жасалған тағамдар, будағы котлеттер, домбайлар, будағы зразыларды пайдаланатынын көруге болады. Қуырылған балық өнімдері тек №2, 8 және 9 диеталарда ғана рұқсат етіледі. Тек диеталық тамақтануға ғана тән тағамдар да бар.
Балықты суфле (№ 1-10 диеталар, тек әртүрлі гарнирлермен). Терісіз және сүйексіз сүбені дайын болғанша қайнатып, 2 мәрте жиілетілген торлы еттартқыштан өткізеді. Алынған массаға қою сүтті тұздық, жұмыртқа сарысын қосып, мұқият араластырады. Шайқалған жұмыртқа ағын қосып, сары май жағылған қалыпқа салады да, буда қайнатады немесе пісіреді (№1 диетадан басқа диеталар үшін).
№9 диета үшін РФ МҒА тамақтандыру институты белип (тамақтандыру институтының ақуызды өнімі) деген атау алған ерекше котлет массасын жасап шығарды: терісіз және сүйексіз нәлім, тұщы сүзбе, суда дымқылданған қара нан және өсімдік майында шала қуырылған басты пиязды еттартқыштан өткізіп, тұзбен (дәмдеуіштер қосуға болады) дәмдейді. Жақсылап араластырып, котлеттерті пішіндейді, кепкен нанған аунатып, өсімдік майында қуырады. Радиацияға қарсы диета үшін қамырдағы балықты әзірлеуде сұйық қамырға шайқалған ақуыздармен бірге ферроцин қосады (пышақтың ұшы- мен).
14.3.5. Ет тағамдар
Емдік тамақтандыруда ет, құс еті, қоян етінен дайындалған тағамдар маңызды орын алады. Әсіресе, қайнатылған өнімдерден – сиыр еті мен тауық (№1, 5, 10 диеталар), қоян еті мен күркетауық етінен (№1-10 диеталар) әзірленген тағамдар кеңінен пайдаланылады. Қайнатылған сиыр етінен бефстроганов пен гуляш әзірлейд. Кейбір өнімдерді буда пісіреді. Ет өнімдерінен дайындалған бұқтырылған тағамдарды негізінде №8 және 9 диеталарда, қуырылғандарды - №9 (кейбіреулерін №2 және 9 диеталарда), пісірілген тағамдарды № 2, 5, 9, және 7/10 диеталарда пайдаланады. Тағамдардың әртүрлі сұрыпталымдарын ұсақталған еттерден әзірлейді. Бұған қоса, жалпы тамақтандырудағы сияқты диеталық тамақтандыруда ұсақталған еттердің 3 түрін дайындайды: табиғи (крахмалды толтырғышсыз) үш нұсқада: а) сиыр етінен, шошқа етінен немесе бұзау етінен пиязсыз; б) дәл солай, тек пиязбен в) дәл солай, тек шикі-маймен;
нан қосылған котлет массасы: а) пиязсыз және сарымсақсыз; в) сарымсақпен;
дәл сол ет түрлерінен күріш және пияз қосылған котлет массасы.
Ұсақталған еттен дайындалған өнімдерді буда пісіреді (№1, 2 және 5 диеталар), қуырады, бұқтырады (№2 диета) және пісіреді (№2, 5 және 7/10 диеталар). Радиацияға қарсы диетада котлет массасына нанның орнына кебектерді қосады. Субөнімдерден барлық диеталарда қайнатылған тілді пайдаланады; жүрек, бауыр, ми негізінде №8 және 9 диеталарда рұқсат етіледі. Кейде №2 диетада строгановша бауыр, бауырдан жасалған құймақ, қайнатылған, қуырылған миға рұқсат беріледі.
Омлет пен зразылар (№ 1, 2 және 5 диеталар). Нан қосылған котлет массасынан 1 см қалыңдықта шелпектер қалыптайды; ортасына майдалап тілімденген омлетті қояды; зразыларды пішіндейді. Буда 15-20 минут ішінде пісіріп, гарнирлермен береді. Май немесе тұздық құяды.
Көкөніс қосылған сиыр етінен пудинг (№ 5 диета). Қайнатылған ет, сәбіз, гүлді қырыққабатты еттартқыштан өткізіп, ұнтақ жармасы, жасыл бұршақпен біріктіріп, сарыуыз, майдың жартысын қосады да, жақсылап қағымдайды. Артынша массаны шайқалған ақуыздармен ептеп араластырып, май жағылған және кепкен нан себілген қалыптарға немесе жайпақ табаға салады. Пудингке қаймақ жағып, тұщы үгілген ірімшік себеді, май сеуіп, пісіреді. Шашыраңқы қарақұмық ботқасымен, күрішпен не қайнатылған макарондармен береді.
14.3.6. Көкөністерден дайындалған тағамдар
Көкөністердің химиялық құрамының ерекшеліктері олардың әртүрлілігі, тағамдардың кең сұрыпталымдарын дайындау мүмкіндігі диеталық тамақтануда көкністердің кеңінен қолдануылуын қамтамасыз етеді. Көкөністер минералды заттектердің, дәрумендердің, тез сіңірілетін көмірсулардың, сондай-ақ ішектің қалыпты қызметін қамтамасыз етіп, өт бөлінуіне және ағзадан холестериннің артық қалдықтарын шығаруына ықпал ететін өсінді жасұнықтардың көзі ретінде үлкен маңызға ие. Натрийдің ең аз мөлшерінде калийдің болуының арқасында көкөністер түрлі ісіну ауруларында, гипертониялық ауруларда, ісінумен болатын жүрек ауруларында таптырмайтын өнім. Калийге асқабақ, кәді, баялдылар бай. Бауыр, атеросклероз ауруларында қызылшадан дайындалған тағамдар пайдалы. Көкөністердің калориялығы аз ғана, бірақ олар мөлшерінің ауқымдылығының арқасында тойымдылық сезімін тудырады. Бұл көкөніс- терді семіздікті емдеуде кеңінен қолдануға ықпал етеді. Диеталық тамақтандыруға арналған тағамдарда көкөністерді бір-бірімен немесе басқа өнімдермен жиі үйлестіреді.
Сәбіз қосылған картоп езбесі (№ 1-7/10 диеталары). Сәбізді бөліктерін дайын болғанша сүтпен бөктіреді; картопты қайнатып, сәбізбен бірге еттартқыштан өткізеді. Массаға сары май және араластыра отырып 2-3 ретпен сүт қосады.
Ірімшік қосылған картоп пудингі (№ 2, 5 және 7/10 диеталар). Картопты қайнатып, езгілеп, аздап суытады, езілген сүзбемен, ұнмен, қайнаған сүтпен, жұмыртқа сарысымен, ерітілген маймен (қалыптың 50%-ы) біріктіріп, шайқалған жұмыртқа ақуызын қосады. Массаны жақсылап араластырып, май жағылып және кепкен нан себілген қалыптарға немесе табаларға салып, пісіреді.
14.3.7. Жармалар мен макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар
Диеталық тамақтандыруда №8 және №9 диеталардан басқаларында ұнтақ, қарақұмық, күріш, сұлы, арпа, бидай жармалары мен макарон өнімдерін пайдаланады. Жармалардан шашыраңқы, жабысқақ және сұйық ботқалар пісіріп, пісірмелер мен пудингтер, домалатпалар, құймақтар дайындайды. Кейбір тағамдарда ботқаға мейіз, алма, сүзбе, сәбіз салады. Макарон өнімдерін қайнатылған түрде маймен (1-7/10 диеталары), ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), сүзбемен (2-7/10 диеталары), томат және ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), және пісірме түрінде (№5 және 7/10 диеталар), сүзбе қосылған кеспе түрінде (№2, 5 және 7/10 диеталар) қолданады.
14.3.8. Кондитерлік өнімдер
Бұл өнімдердің сұрыпталымдары көлемді емес.
Бисквитті таяқшалар (№ 8 және 9 диеталардан басқа). Жұмыртқа ақуыздарын қою көбікті етіп шайқап, оған ақырындап қант, сарыуыз, крахмалмен араласқан бидай ұнын қосып, ақырындап араластырады. Кондитерлік қалтамен май жағылып, ұн себілген табаққа сопақша келген таяқшаларды салып, 180-200°С температурада пісіреді.
Бисквитті ақуыз таяқшаларын жұмыртқа саруызынсыз дайындайды. Осылайша май қосылған қайнатылған бисквитті (дәл сол диеталар), алма қосылған бисквитті орама (№1, 2 және 7/10 диеталар), сүзбе және күріш қосылған үгітіліп тұратын бәліш (№2 және 7/10 диеталар), ірімшікті таяқшаларды (№2 және 9 диеталар) дайындайды.
Ірімшікті таяқшалар. Жұмыртқа ақуыздарын шайқап, оларға сарыуыз, үгілген ірімшік қосып, араластырып, қасықпен май жағылған табаққа сопақша шелпек түрінде салады. 180-200°С температурада пісіреді.
№9 диетаға бәліштер, ватрушкалар, піспенандар және кебектерден дайындалған басқа өнімдер әзірлейді.
Кебектерден әзірленген піспенан. Кебектерді үлкен елекпен елеп, табаққа жұқа қабатпен салып, қуыру шкафында кептіреді, артынша сындырады. Жұмыртқа ақуыздарын қою көбікшеге шайқап, шайқауды доғармай отырып, сарыуыз, сорбит және кебектерді қосып, ақырындап араластырады. Май жағылған табаққа қасықпен сопақша шелпектерді салып, 180-200°С температурада пісіреді.
Бақылау сұрақтары
15
ТАРАУ
БӨЛЕК ҚҰРАМДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ҮШІН ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАҒАМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
15.1. Оқушыларды тамақтандыру үшін дайындалатын тағамдарды әзірлеу технологиясының ерекшеліктері
15.1.1. Оқушылардың тамақтануына қойылатын ерекше талаптар
7-ден 17 жасқа дейінгі мектеп жасы баланың дамуында үлкен серпіліс болатын өмір кезеңіне шектеу қояды. Осы 11 жыл ішінде балалардың бойы мен дене салмағы, ішкі мүшелерінің көлемі артып, баланың ақылы қызу дами бастайды. Осылайша мектеп жасы адам дамуының «қиын-қыстау» кезеңіне жататыны белгілі болды. Үйлесімді даму, бала денсаулығы, бала ағзасының қалыпты қызмет атқаруы сыртқы ортаның қолайлы жағдайларында, соның ішінде барлық қоректі заттардың жеткілікті келіп түсуінде ғана қамтамасыз етіледі.
Физиологиялық көзқарас бойынша мектеп жасын үш кезеңге бөледі: кіші (7-10 жас), орта (11-13 жас), ересек (14-17 жас). Рационалды тамақтану әр кезең үшін өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол рациондағы негізгі тағамдық заттектердің дәлме-дәл айқындалған қатынасын қарастырады. Бұндай рационды жасын ескеріп, ал екінші және үшінші кезеңде жынысын ескеріп жасау үйлесімді тамақтану тұжырымдамасының негізінде жатыр (15.1- кестесі). Сонымен қатар, балалық тамақтану рационы ағзаға қажетті әсерді қамтамасыз етуін ескеру қажет.
Бала тамақтануында ақуыздардың, оның ішінде мал тектестер ақуыздарының жетіспеушілігінде бойдың өсуі кідіріп, ақыл-ой дамуы артта қалып, сүйек ұлпасының құрамы өзгереді, ауруға төтеп беру қабілеті төмендейді, ішкі секреция темірлерінің қызметі бұзылатынын естен шығармау керек. Алайда ақуыздардың артық болуы да зиян: жүйке жүйе- сінің қозғыштығы жоғарылап, ас қорытудың бұзылуы, алмасу үдерістерінің жылдам күшеюі байқалады.
К е с т е 15.1. Қойма түріндегі орындардың сипаттамасы
Майлардың жетіспеушілігінен рационда ауруға төтеп беру қасиеті төмендеп, бойдың өсуі бәсеңдейді, тері, қан тамырлары, бауыр аурулары пайда болады. Артуында басқа тағамдық заттектердің сіңірілуі нашарлап, алмасу үдерістері бұзылады.
Көмірсулар — негізгі энергетикалық материал. Олардың арутында семіздікке әкелетін, жұқпалы ауруларға орнықтылығы төмендейтін зат алмасу бұзылады. Балаларды тамақтандыруда рациондағы жеңіл және күрделі көмірсулар арасындағы қатынас 1:2-ні, ақуыздар, майлар және көмірсулар арасындағы қатынас 1:1:4-ті құрағаны маңызды.
Ұлпалардың өсуі және дамуы үрдісінде, соның ішінде сүйек ұлпасының, көптеген физиологиялық қызметтердің реттелуінде, тамақты сіңіруде минералды заттектер үлкен рөлге ие. Осылайша, рационда ас тұзының жетіспеушілігінде жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі, ал артуында бүйректер мен басқа мүшелердің жұмысы бұзылады.
Дәрумендердің, әсіресе, С дәруменінің маңызы барлығына мәлім. Солай десек те, мектеп асханаларын тексеруде оның тағамдардағы мөлшері ағза қажеттілігін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті. Осыған орай мектептердің медициналық қызметкерлеріне тағамдарды оларға С дәруменінің дәріханалық дәрі-дәрмегін қосу жолымен С-дәрумендеуді жүзеге асыру тапсырылған. Алайда оны тек қышқыл дәмге ие тағамдарға ғана қосуға болады. Сондықтан салқын және ыстық тағамдарды дайындауда аспаздар осы дәруменге бай ақжелкен, аскөк көгін, көк пиязды пайдалануы тиіс, сонымен қатар, өнімдерді өңдеуде дәрумендерді жоғалтып алуды азайту шараларын жүзеге асырулары қажет.
Балалар үшін тамақтану тәртібі үлкен маңызға ие. Яғни тамақтану арасындағы сәйкесінше аралықты сақтау, оны бір күнге дұрыстап бөлу: аралықтар 3-4 сағатқа тең болуы керек, яғни, тамақтану мөлшері 4-5 рет. Балалар мектепте 3 сағаттан артық болатын болғандықтан, олар сол уақыт ішінде тамақтанулары керек және мамандар XX ғасырдың өзінде оның ыстық таңғы ас болуы керектігі туралы шешімге келген. Ал ұзартылған күн тобында қалатындарға түскі асты ішу керек .
Мектеп-интернаттарда және балаларды сауықтыру лагерьлерінде төрт не бес реттік тамақтану ұйымдастырылады.
Физиологтар бөлек тамақтану аралығындағы тәуліктік рационды бөлуге кеңес жасап шығарды (15.2-кесте). Әрбір тамақтану негізгі тағамдық заттектер мен калориялығының мөлшері бойынша теңдестірілуі өте маңызды. Бұны тек мамандар жасап шығарған жинақталған рацион бойынша тамақтануды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуге болады. Бұндай мәзір,әдетте, 2 аптаға жасалады. Бұл ретте маңызды шарттар қатары орындалуы қажет:
Мәзір екі нұсқада жасалуы керек: 7-11 жастағы және 12-17 жастағы балаларға арналған. Сонымен бірге екі түрлі бөлек мәзір жасалмайды — тағамдық заттектер мен рационның калориялық мөлшерінің айырмашылығын салаттар мен басқа тіскебасарлардың (100 немесе 150 г), сорпалардың (250 немесе 300-400 г), гарнирлердің (100 немесе 150 г), нанның (50 немесе 75 г) алынып тасталуын түрлендіре отырып қамтамасыз етеді; екінші тағамдардың негізгі өнімін (котлеттер, гуляш және т.б.) алып тастауды ғана өзгертуге рұқсат берілмейді.
К е с т е 15.2. Қойма түріндегі орындардың сипаттамасы
Мәзірде әртүрлі өнімдер болуы тиіс. Міндетті түрде балғын көкөністер мен жемістерден, еттен, балықтан, сүзбеден, жұмыртқалардан дайындалған тағамдар ұсынылуы тиіс. Бірақ өнімдер майсыз болуы керек және балық пен сүзбені, ет ақуыздарына қарағанда, жеңіл сіңірілетін ақуыздарды артық көрген дұрыс. Алайда, етті мәзірден толықтай алып тастауға болмайды; қуырылған жұмыртқа рұқсат етілмеген; Тағамдарды әзірлеуде жылумен өңдеудің түрлі тәсілдері қолданылуы керек. Олар: қайнату, бөктіру, бұқтыру, пісіру, тек кейде аз мөлшердегі маймен қуыру. Мектеп асханаларында шыжып тұрған майда қуыруға тыйым салынған; Оқушыларға тағам әзірлеуде, әсіресе, кіші жастағыларға үлкен жастағы- ларды тамақтандыруға қарағанда еттартқыш, езгілеу машинасы, басқа да құрылғылардың көмегімен өнімдерді ұсақтау тәсілі жиі қолданылады; бірақ кесекті ет, балықтан әзірленген тағамдарды түгелдей алып тастаудың қажеті жоқ; ащы дәмдеуіштер, астатымдар, тағамдар алынып тасталады; сірке суын лимон қышқылымен алмастырады; тағамның асқазан сөлін өндіруі хош иісті көкөністерді қолдану мен тағамдарды әсем етіп әрлеумен қамтамасыз етіледі; сорпаларды, тұздықтарды әзірлеуде сүйек сорпасын пайдалануға кеңес берілмейді; тағамдарды әзірлеуде тек сары және өсімдік майларын пайдаланады; баяу балқитын малдың майы және маргариндер алынып тасталады; өнімдерді өндіруде бір массада әртүрлі өнімдерді үйлестіру (мысалы, сәбізді-картопты немесе алмалы-асқабақты езбе) жолымен бүркеу тәсілі жиі қолданылады. өнімдерді өңдеуде құнды заттектердің жоғалуын азайту және басқа да қолайсыз өзгерістерді және керісінше сапасын жоғарылататын және өнімдердің сіңірілуін жоғарылататын жағдай жасау. Онымен қоса, сол не өзге шектеулер мен тыйымдарды енгізетін Ресейдің бас санитарлық дәрігерінің өкімдерін үнемі бақылап отыру қажет.
15.1.2. Тағамдарды дайындау технологиясының ерекшеліктері
Сорпалар. Оларды негізінде мектеп жасындағы балаларға да, ересектерге де дайындайды, бірақ сүйекті сорпа және ащы дәмдеуіштерді қолданбайды. Шала қуырылған пиязды асқатықты көжеге езгілейді. Қоюланған мөлдір сорпаларды әзірлемейді, бірақ есектерге қарағанда жиі езбе сорпалар, сүтті және жемісті сорпалар әзірлейді.
Сәбізден езбе сорпа әзірлеу үшін тазартылған сәбізді қалауынша турап, аз мөлшердегі қайнаған су құяды. Май, қант шәрбатын қосып, қақпағын жабық күйде қайнатады. Одан кейін сұрыпталып, жуылған күрішті салып, су күріштің бетін жабатындай етіп қайнаған су құяды. Дайын болғанша пісіреді (40 минут шамасында). Өнімдерді езгілеп, ыстық сүтпен езеді, тұз ерітіндісі дәміне жеткізіп, қайнағанша қыздырады. Берер алдында сорпа құйылған тәрелкеге сары май салады.
Тұздықтар. Оқушылардың тамақтануында тұздықтар қажет, себебі тағамды дәмдік, хош иістік заттектермен байытып, оларға жағымды түр береді.
Мектеп асханаларында қызыл тұздықтар жасамайды. Ақ тұздықтарға бұрыш, шарап қоспайды. Қаймақты, сүтті, көкөністі, жемісті тұздықтарды кеңінен қолданады.
Қызанақтардан тұздықты келесідегідей әзірлейді. Піскен қызанақтарды тазалап, жуып, тілік жасап, шырынын тұқымдарымен бірге сығып тастайды. Қызанақтарды жидітіп, терісін алады. Қызанақтарды екіге теңдей бөліп, шеті биік табаға салып, етті не балықты сорпа қосып, қайнағанша қыздырады. Шала қуырылған ұнмен араласқан май, тұз, қант қосып, 5 минут араластыра отырып пісіреді. Оны етке, макарондарға, картоп котлеттеріне, ал балық сорпасындағы тұздықты балыққа қосып береді.
Блюда из овощей. Оқушылардың тамақтануында көкөністер қажет, өйткені дамып келе жатқан ағзаға маңызды заттектердің – дәрумендердің, минералды, дәмдік және хош иісті заттектердің қайнар көзі болып табылады. Жаздық-күздік кезеңде олардан түрлі салаттар, қыста винегрет, сонымен қатар, гарнирлер мен екінші тағамдардың кең сұрыпталымдарын дайындайды. Әртүрлі көкністерді пайдалану маңызды.
Асқабақ пен алмадан езбе жасау үшін дайындалған асқабақты тілімдеп турап, аз мөлшердегі су құйып, жабық ыдыста дайын болғанға дейін пісіреді. Содан кейін тілімдеп кесілген алмаларды (қабығынсыз және дәнексіз) қосып, өнімдер піскенше үздіксіз араластыра отырып қайнатады. Дайын болған асқабақ пен алмаларды езгілеп, қант шәрбатын, сары май қосады да, қыздырады.
Жармалар мен макарон өнімдерінен жасалатын тағамдар. Ботқалар, котлеттер, пісірмелер, пудингтер, жармалы және макаронды гарнирлер оқушылардың тамақтануында кеңінен қолданылады. Жармаларды жемістермен үйлестіру өте дұрыс: алма қосылған күріштен дайындалған пісірме, қара өрік қосылған күріш және т.б. Бұршақ тұқымдастарды сирек қолданады.
Балықтан дайындалатын тағамдар. Балық балалардың тамақтануында өте маңызды, өйткені құрамындағы ақуыздар, минералды заттектер мөлшері еттен қалыспайды және сіңімділігі жағынан еттен асып түседі. Оны салқын және ыстық тағамдарды дайындауда қолданады. Алайда көптеген балықтардың дәмі айрықша болады. Мысалы, ащы емес маринад (лимон қышқылында), қаймақты, томат, қымыздықтан әзірленген тұздықтармен. Бұл жағдайда жылумен өңдеудің тиімді тәсілі бұқтыру болып табылады.
Қымыздықтан дайындалған тұздықтағы балықты келесідегідей әзірлейді. Терісі бар, сүйексіз балықтардың үлесті бөліктерін қуырып, қымыздық тұздығын құйып, 25-30 минут бұқтырады да, крахмалмен дәмдейді.
Тұздық үшін: ұсақтап туралған пиязды өсімдік майында шала қуырып, томат езбесін немесе балғын қызанақтарды, қымыздықтың сағақсыз жуылған жапырақтарын, балық сорпасын қосып, 10-15 минут ішінде пісіреді. Тұздықты әбден піскен көкөністерді езгілей отырып, сүзгіден өткізеді. Оқушылардың тамақтануында балықты котлет массасы да кеңінен қолданылады және оның әзірленуінде бүркеу тәсілін қолданады.
Балық пен картоптан котлет әзірлеу үшін картопты қабығымен қайнатып, салқындатып, тазартады. Терісі бар сүйексіз балық сүбесін және картопты еттартқыштан өткізіп, ұнтақталған кепкен нан бөлігін, сары май, тұз, жұмыртқа сарыуыздарын және сүт қосып, жақсылап араластырып пішінге келтіреді.
Котлеттерді ылғал тақтайда өңдеп, жұмыртқа ағуызында дымқылдап, кепкен нанға аунатады. Негізгі әдіспен қуырып, қуыру шкафында пісіреді.
Ет өнімдерінен дайындалатын тағамдар. Ет тағамдарын дайындау үшін ұшаның оңай жұмсаратын ең жақсы бөліктері қолданылуы керек. Тағамдардың бұл тобында, әсіресе, ұсақтауды жиі қолданады. Бірақ табиғи өнімдер толығымен шығарылмауы керек. Өйткені ағза құнарсыз тамаққа үйретілуі керек, сондықтан қайнатылған, бұқтырылған еттерден жасалған тағамдар мәзірге қосылуы тиіс. Қуыруға жылумен өңдеу тәсілі ретінде шектеу қойылады. Балалар тамақтануында ет өнімдерінің ең сәйкес келетін түрлері жұмсақ сиыр еті, бұзау еті, қоян еті, тауық еті, кейбір субөнімдер (тіл, жүрек, бауыр), шұжықшалар, пісірілген шұжықтар болып табылады.
Ет өнімдерінен тағамдар жасауда маңызды рөлді олардың дәмдік қасиеттері мен сыртқы түрін жақсартатын тұздықтар алады. Негізгі өнімді дайындау технологиясы ересектер кулинариясындағыдай.
Сүзбе мен жұмыртқалардан дайындалатын тағамдар. Бұл тағамдар балалар тамақтануында ерекше маңызды, ал олардың сұрыпталымдары кең болуы тиіс: қайнатылған жұмыртқалар, омлеттер, жұмыртқа ботқасы, қаймақпен сүзбе, сүзбе қоспасы, варениктер, сырниктер, пісірмелер, пудингтер. Егер сүзбе қышқыл (250 °Т-қа дейін) болса, оны жағымсыз деп қабылдау мүмкін. Бұл қатынаста сүзбе алдында артықшылыққа ие өнім – коприцепитат. Оны хлорлы кальций көмегімен ақуызды тұндыру арқылы алады: оның әсерімен казеинмен бірге сарысу ақуыздары да тұндырылады, ал қышқылдық 60°Т-тан аспайды.
Сүзбеден тағамдарды әзірлеуде онымен қоса, оны көкөністермен үйлестіру тәсілін (картоппен, сәбізбен сырниктер) қолданады.
Картоп қосылған сырниктерді келесідегідей дайындайды: тазартылған картопты қайнатады, езгілейді, езгіленген сүзбе, шиік жұмыртқалар, ұнның қалыпты мөлшерінің 2/3-ін, тұз қосып, жақсылап араластырады. Алынған массаны сырниктерге бөліп, оларды қалған ұнға аунатып қуырады.
Сәбіз қосылған сырниктерді дайындау технологиясын қарастырайық. Тазартылған шикі сәбізді ұсақтап, сары маймен аз мөлшердегі суда (сәбіз массасына 10%) бөктіреді. Одан кейін ұнтақ жармасын қосып, араластыра отырып, ісінгенше пісіреді.
Массаны салқындатып, оған езгіленген сүзбе, шикі жұмыртқалар, қант және ұнның қалыпты мөлшерінің 2/3-ін қосып, мұқият араластырады. Алынған массадан сырниктер қалыптап, оларды ұнға аунатып, қуырады.
Ұннан дайындалған тағамдар және аспаздық өнімдер. Тұшпара, жұқа құймақ, құймақ, сондай-ақ бәліштер, ватрушкалар сияқты тағамдар балалардың сүйікті тағамдарының қатарында. Жұқа құймақтар мен құймақтардың тағамдық құндылығын көтеру үшін қамырға жидекті, көкөністі немесе жемісті езбелерді (сәбізді, асқабақты, кәділі, алмалы және т.б.) қосады.
Тәтті тағамдар. Үлкендер тәрізді балалар да тәтті дәмді сезінуге құмар. Сондықтан олардың тамақтануында тәтті тағамдар мен тәттілер міндетті түрде болуы қажет. Тек тамақтану арасында емес, олардың біреуінің не бірнешеуінің құрамында болады. Ең алдымен балғын жемістер мен жидектер пайдалы. Сонымен қатар, мектеп асханаларының мәзіріне компот, кисель, желе, ыстық тәтті тағамдар қосады.
Бөлішкелі және ұнды кондитерлік өнімдер. Бұл өнімдер дәмді, калориялы, балалар сұранысына ие. Оларды мектеп таңғы асының, мектеп- интернаттары мен лагерьлердің бесіндіктерінің мәзіріне қосу керек. Түрлі бөлішкелер, піспенандар, пірәндіктер, кішкентай шелпек нандар, үгілмелі сақина, жұмсақ қаттама нан, бисквит. Бірақ кремді өнімдерге рұқсат берілмейді.
Сусындар. Мектеп асханаларының мәзірінде шай, кофе суррогаттарынан кофе сусындарын, какао, жеміс сусындарын әзірлейді. Сондай-ақ балаларға сүт және қышқылтым-сүт сусындарын (айран, майлы айран, йогурт және т.б.) береді.
15.2. Зауыт асханаларының технологиялық үрдісінің ерекшеліктері
15.2.1. Жалпы ережелер
Өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек қызметі тағамдық заттектер мен қуатты жұмсаумен байланысты және ол шығындардың орнын толтыру керек. Физиологтардың зерттеулері жұмыс басталғаннан 4 сағаттан кейін жұмысшылардың еңбек өнімділігі төмендеп, оларға тамақтану мен демалуға уақыт беру қажет екенін көрсетті. Сондықтан жұмыс күнінің ортасында түскі үзіліс қарастырылған. Әртүрлі өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс еңбек үдерісі ауырлығының әртүрлі деңгейімен сипатталады. Осыған байланысты, барлық еңбекке жарамды халық тағамдық заттектер мен калориялардағы әртүрлі қажеттіліктермен еңбек қарқындылығының 5 тобына бөлінген. Сондықтан зауыт асханаларында жұмысшыларға ұсынылатын түскі ас еңбек сипатына сәйкес келуі керек. Кәсіпорын жұмысшыларының қажеттілігін ең дәлме-дәл, үйлестіріле қанағаттандыруды тек мамандар жасаған, жинақталған рацион көмегімен ғана жүзеге асыруға болады. Бұл ретте психологиялық жағдайды – тамақтанушылардың таңдау мүмкіндігіне ие болу тілегін ескеру қажет. Осыны ескере отырып, зауыттық асханаларда жұмысшылардың ең болмағанда ең аз таңдауы болуы үшін жинақталған рационның 2 нұсқасын дайындайды. Оған қоса, калория мен тағамдық заттектердің физиологиялық қалыпты мөлшері адамның жасы мен жынысына байланысты өзгереді. Сондай-ақ, бір немесе екі апта ішінде мәзірге әртүрлі көкөністерден дайындалатын, жылумен өңдеудің әр түрінен өткен тағамдардың қосылуы маңызды. Түскі үзіліс әр ауысымда 1,5-2 сағатқа созылады, яғни осы аз мерзімге өнімдердің көптеген түрлерін дайындау қажет. Зауыттық асханаларда жүзеге асатын тағамдарды дайындау технологиясының көп жағдайларда жалпыға ортақ асханаларда жүзеге асатын технологиялардан болмашы ғана айырмашылығы бар. Келесі айырмашылықтарды белгілеп кетуге болады: -зауыттық асханаларда күрделі, қымбат тұратын үлесті, мысалға алатын болсақ, мейрамханаларға тән тағамдарды дайындамайды; -өнім рецептуралар жинағының 3-бағаны бойынша дайындалады. Ол қымбат тұратын шикізаттың аз салынуымен және соған сәйкес дайын өнімнің аз шығуымен өзгешеленеді. Осылай, қайнатылған еттің үлес массасы 3-бағаны бойынша – 50 г, 2-бағаны бойынша – 75 г; гарнирдің массасы болса өзгермейді және 150 г-ды құрайды; -көбіне салқын және екінші тағамдармен беретін тұздықтың массасы мен үлесі аз; кейбір көп құрамдас бөлікті тағамдарға, мысалы көкөністерден жасалған рагуға өнімдердің аз аттары кіреді, бірақ оларды салудың жоғары қалпымен. Сондықтан бұл тағамның түсімі барлық үш бағанда бірдей; басқа өзгешеліктердің қатары да бар. Сол жағдайларда еңбек қызметі айрықша жағдайларда жүзеге асқанда, тағамдарды дайындаудың технологияларында да, тамақтану тәртібінде де ерекшеліктер пайда болады.
Кеншілердің тамақтану ерекшеліктері
Кеншілердің жұмыс күнінің ұзақтығы көптеген өндірістік кәсіпорындарға қарағанда аздау, бірақ жер астындағы еңбек шарты ауыр. Сондықтан олардың тамақтануын жер астында ұйымдастыру қажеттілігі құпталды. Әрине, шахтада толыққанды асхананы ұйымдастыру мүмкін емес. Әрі кетсе тамақтану орнын жабдықтау мүмкін болады. Жинақталған таңғы асты болса кеншілер кенжарға түсер алдында термостармен өздерімен бірге ала түседі немесе оларды түскі үзілісте тамақтану орнына жетікзеді.
Жер астында тамақтану үшін ыстық таңғы астардың бірнеше нұсқалары жасалды:
400 г сорпа мен ақ наннан дайындалған кесіліп қуырылған нан (қуырылған);
400 г сорпа және әртүрлі салмалармен бәліштер;
400 г какао, маймен, ірімшікпен немесе шұжықпен және бәліш; 500 г ыстық сүт, 200 г ақ нан немесе майқоспалы бөлішке.
Бөлке шахталарда кеншілер асқатықты көже алады.
15.2.3. Ыстық цех жұмысшыларының тамақтануының ерекшеліктері
Ыстық цехтарда жұмыс жасаудың басты ерекшелігі жоғары температуралардың әсері болып табылады. Ол айтарлықтай шамада жүрек- қан тамырлары жүйесіне жүктемені жоғарылатады, терінің салқындауына қажетті тердің көп бөлінуін тудырады. Тер бөлінуінде сумен бірге минералды тұздар да жоғалады. Әсіресе, қандағы калий иондарының құрамы, сонымен қатар, кейбір қышқылдардың – лимон, аспарагин қышқылдарының құрамы жылдам төмендейді. Ыстық цех жұмыскерлерінің қанағаттанарлық жағдайларының ұзақтығы, олардың денеге түсетін ауырлыққа қабілеттілігі айтарлықтай шамада дұрыс ұйымдастырылған тамақтануға тәуелді. Сондықтан қажет: Тамақтанудың арнайы тәртібін көлемді тамақтанудан жұмысқа дейінгі не кейінгі кезеңдерге ауысуымен сақтау. Түскі үзіліс кезінде болса, тәуліктік тамақтанудың 20%-дан аспайтын бөлігін орындау керек. Жұмыстан кейінгі тамақтануды жылулық әсер аяқталғаннан 1-1,5 сағаттан кейін жүзеге асыру қажет. Өйткені тек осы уақытта ғана ас қорыту сөлінің белсенді секрециясы басталады; тәуліктік рацион калориялығы 3700-3400 ккалды құрауы керек (жас топтары бойынша сәйкесінше 40-қа дейінгі және 40-тан кейінгі жас); рациондағы ақуыздардың мөлшері қалыпты нормадан аспауы керек. 14,5- 15% қуаттың тәуліктік қажеттілігі солардың есебінен жабылуы тиіс; майлардың мөлшері 30%-дан кем болмайтын қуат қажеттілігін қамтамасыз етуі керек; мәзірге ащы басытқылар, тағамдар қосу керек, ащы дәмдеуіштерді, әсіресе, түскі үзіліс кезіндегі тамақтарда пайдалану керек; рационда суда еритін дәрумендер мөлшері көбеюі керек: С дәрумені 150- 200 мг-ға дейін, В1 дәрумені 2-3 мг-ға дейін;
дұрыс су ішу тәртібін сақтау өте маңызды. Минералданған суды, шие не қарақат қайнатпасын, көк байха шайын, аскорбин қықшқылының ерітіндісін пайдаланған жөн.
15.2.4. Химиялық өндіріс жұмысшыларының тамақтану ерекшеліктері
Диеталық тамақтану бөлімінде атап өткендей, бұндай зауыттарда сәулеленуге ұшырайтын және зиянды әсерлермен байланыс жасайтын жұмысшыларға арналған РФ МҒА тамақтандыру институты жасаған алты рационның бірі бойынша профилактикалық тамақтандыру ұйымдас- тырылады:
№ 1 — ренгтген сәулелері және радиоактивті заттектер; № 2 — азот және күкірт қышқылы, хлор, фтор, суперфосфат, цианды бірігулер, фосген, басқа да заттектер қатары;
№ 2а — хром және құрамында хромы бар заттектер;
№ 3 — қорғасын (рацион №2 және №4-пен апталап алмасады);
№ 4 — бензол мен оның қосындыларының нитро және амин қосындысы;
№ 5 — күкіртті көміртек, хлорлы барий, марганец қостотығы, сынап қосылысы, бромды этил және т.б.
15.3. Ерекше жағдайларда тамақтануға арналған өнімдерді өндірудің ерекшеліктері
15.3.1. Жылдам мұздатылатын өнімдерді өндіру және қолдану
Кәсіпорындар қатары өз жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты шикізат пен жартылай фабрикат алуға емес, өнімнің орындалуының дайындығына барынша құштар. Ондай кәсіпорындарға алыс сапарға шығатын пойыздардың вагон мейрамханалары. Онда шектеулі аумаққа байланысты санитарлық нормаларды сақтап, өнімдерді өңдеудің толық кезеңін ұйымдастыру мүмкін емес. Сауықтыру маусымы кезеңінде шипажайлы қалалардың маусымдық кәсіпорындары кезек мәселесімен соқтығысып қалады және оларға осындай өнімді пайдалана отырып, қызмет көрсетуді жылдамдату қажет. Осыған байланысты 1960 жылдары толық даярлау кәсіпорындарында тек қыздыруды ғана талап ететін тез мұздатылатын тағамдар өндірісі ұйымдас- тырыла бастады. Тез мұздатылатын өнім өндірісі өзіне келесі үш кезеңді қосады: тағамдарды дайындау; салқындату; үлестіру, буу; мұздату; картон жәшіктерге жайлау; сақтау. Тағамдарды дайындау үшін тек жоғары сапалы шикізаттар қолданылады. Өнімдерді мұздатқаннан кейін еріген майлы етке рұқсат берілмейді. Мұздатуға дайындалған өнімдер мен тағамдардың қалыңдығы 3 см-ден аспауы қажет. Тағамдарды жаймаларға, қалыптарға, алюминий ыдыстарына 1, 2, 5 және 10 үлестен орналастырады; құймақтар мен голубцыларды бірден целлофанмен орайды. -36-30°С температурасында, өнімнің қалың қабатында -18°С температурасына дейін мұздатады. Қатпаржақты картоннан жасалған жәшіктерде -18°С-та 1-ден 3 айға дейін сақтайды. Салқындатқыш не изотермалық көлікте тасымалдайды. Бұндай тағамдар тізімі өзіне салқын, бірінші, екінші, түрлі сұраныстарды қанағаттандыра алатын қамырдан жасалған өнімдер сұрыпталымдарын қосады. Біраз уақыт бұл сұрыпталымға тұздықты тағамдар кірмеді. Өйткені бидай ұнынан жасалған тұздықтар жібітілгеннен кейін өз қасиеттерін қалыпқа келтіре алмайды: олар су бөліп, жағымсыз кеуекті масса пішінінде табылды. Ұнды фосфатты түрлендіру крахмалдарының бірімен алмастырғанда тез мұздатқыш тағамдар сұрыпталымында гуляш, пештегі ет және басқа да бұқтырылан тағамдар пайда бола бастады. Соңғы жылдары вакуум-қаптама жабдықтары қолданыла бастағаннан бері сұрыпталым айтарлықтай кеңейді. Толық даярлау тағамдық кәсіпорындарында тез мұздатылатын өнім ортасындағы температурасы -15°С-тан аспай түсуі керек. Оның көп күндік қорын төмен температуралы, бір күндік қорын орта температуралы жабдықта сақтайды. Өндіріске тағамдар өнімнің ортасында -8°С температурада келіп түседі. Тез мұздатылатын тағамдардың ең оңтайлы әдісі диэлектрлі қыздыру болып табылады. Бірақ тағамды дәстүрлі тәсілдермен де – буда немесе қуыру шкафында да (сыртқы қабатында жібіту режимі көрсетілген) жылытуға болады.
15.3.2. Сублимациялық кептірілген өнімдердің сипаттамасы мен оларды қолдану технологиясы
Тез мұздатылатын өнімдер оларды өндіру мен сақтауда минустық температураларды қамтамасыз етуде қуаттың көп шығынын талап етеді. Кептірілген өнімдер бұл қатынаста артықшылыққа ие. Бірақ жылумен кептіруде өнімдерден көптеген табиғи заттектер ұшып кетеді. Балғын өнімге тән емес дәм мен иісті заттектер түзілуі мүмкін. Бұл кемшіліктер сублимациялық кептірілген өнімдерде болмайды. Өнімдегі ылғалдылық минустық температураларда вакуумда жоғалады. Сублимация әдісімен еттерді үлесті және майда кесекті жартылай фабрикат, шикі не піскен еттен турама, қышқыл-сүтті өнімдер (сусын, қаймақ, сүзбе), жемістер мен жидектер, дайын аспаздық өнімдер түрінде кептіреді. Төменгі ылғалдық пен дымқыл жібермейтін қаптамасының арқасында өнімдер 20°С температурада бірнеше жыл сақтала алады. Бұндай өнімдердің бірінші тұтынушылары болған геологтар мен таушылар болған. Олар оны өте жоғары бағалады. Табиғи өнімдерге қарағанда сублимациялы кептірілген өнімдер 10 есе аз салмақта екенін ескере кету қажет. Геологтар үшін аспаздық өнім 1, 2 және 4 адамға арналған таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа арналған тамақ жинағы ретінде жинақталады.
Соңғы жылдары бұндай өнімдер ғарышкерлер тамақтануында да пайдаланылуда. Тұтынуға дайындық кезінде тағамдарды қаптамасынан алып, суда немесе 1-2%-дық тұз ерітіндісінде 10-25 минут малып алады (бұл үдеріс «қайта қалпына келтіру» атауына ие болды). Жемістер мен жидектерді алдын ала дымқылдатпайды, бірден қайнап жатқан шәрбатқа салып жібереді, онда олар ісініп, дайын болады. Қайта қалпына келтіруде су мен өнімнің қатынасы – 1 кг өінмге 2-4 л су (қаптама сыртында көрсетілген).
15.3.3. Құрғақ таңғы астардың сипаттамасы мен оларды пайдалану технологиясы
Құрғақ таңғы ас деп әртүрлі жармадан, ұннан, көкөністерден, басқа өнімдерден қосымша өңдеусіз немесе аз мөлшердегі өңдеуді қажет ететін (мысалы, суда дымқылдату) тұтынуға дайындалған өнімдерді айтады. Бұндай өнімдер жорықтық-түздік жағдайларда тамақтандыруды ұйымдас- тыруға өте ыңғайлы. Ал кейбір өнімдер, мысалы үлпілдек жүгері жаппай демалыс және адам көп жиналатын басқа да орындарда белсенді түрде сатылады. Құрғақ таңғы астар жоғары емес ылғалдықпен сипатталады (12%-дан көп емес), сондықтан суықсыз жақсы сақталады. Қазіргі таңда құрғақ таңғы астардың аз шығындармен жылдам тағам әзірлеуді қамтамасыз ететін түрлі сұрыпталымдары жасап шығарылды.
Құрғақ таңғы астар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі: негізгі өнім бойынша: жармалар мен бұршақ тұқымдастардан, картоп пен көкөністерден, ұннан, көкөністер қоспасынан; жағдайы бойынша: үлпек тәрізді, жеңіл, түйіршектелген, ұнтақ тәрізді; тағайындалуы бойынша: тіскебасарлар, сорпалар, екінші тағамдар, тәтті тағамдар, нанды концентраттар.
Қоймалжыңдарды жан-жақты қарастырайық.
Жорықты-түзді жағдайда (геологиялық экспедициялар, туристік жорықтар, тауға шығу) тамақтану үшін дайын қойылтылған тәуліктік рацион түрінде өнімдер жасап шығарылды. Ол бірінші, екінші, тәтті тағамдарды; қосымша өңдеусіз тұтынылуға дайын тағамдарды, сондай-ақ сол жағдайларда нан пісіру үшін ұн қоспаларын жылдам дайындайтын көп құрамды концентраттар.
Қысқа мерзімді жылумен өңдеуді талап ететін концентраттар. Түскі ас концентраттарын брикеттелген түрде 2, 5, 10 және 20 үлеспен, 2 қабат қаптамаға оралған түрде шығарылады. Тәуліктік жинақ таза салмағы 30 кг- нан аспайтын жәшіктерде қапталған.
Концентраттар құрамына кептірілген өнімдердің қоспасы – көкөністі, көкөністі-жармалы, көкөністі-бұршақты, жармалы, бұршақты – үш нұсқада шығарылатын: үлес массасына 3% май, 12,5% май, 12,5% май және 12,5% кептірілген ет. Олардың сұрыпталым-дарында картоп сорпасы, көкөніс қосылған жармалы, бұршақты сорпалар, бұршақты езбе сорпасы, әртүрлі ботқалар, бұқтырылған картоп, қайнатылған бұршақ, бұршақ қосылған картоп езбесі және т.б. Сонымен қатар, құрғақ майсыздандырылған сүтпен, басқа да ақуызды құнарландырғыштармен қаныққан концентраттар жасап шығарылды. Әртүрлі концентраттардан тәуліктік рациондар жинақталады, мысалы: таңғы ас- ботқа, түскі ас- борщ және қайнатылған бұршақ, кешкі ас – бұқтырылған картоп. Тағамдарды дайындау үшін брикетті қаптамасынан босатып, органолеп- тикалық жолмен оның сапасын тексеріп, ұнтақты күйге дейін уқалайды. Қазанға салғанға дейін бұршақты езбе сорпасы мен картоп езбесінің езілген концентраттарына аз мөлшердегі салқын су немесе сорпа құйып, біркелкі масса пайда болғанша мұқият араластыру қажет. Осы массаны қайнаған суы бар немесе сорпасы бар қазанға салғаннан кейін жедел түрде қайнатуды қалыпқа келтіріп, дайын болғанша пісіреді. Қалған барлық концентраттарды біртіндеп қайнап жатқан суы бар қазанға түйіршік түзілмесі үшін үздіксіз араластыра отырып, салады. Сорпаларды дайындауға қажетті су мөлшері — 100 г концентратқа 0,5 - 0,6 л, екінші тағамдарға 0,3 л. Екінші қайнау сәтінен бастап пісіру ұзақтығы – 20-30 минут. Тағамдардың бірінші нұсқасына дайын болуына 10-15 минут қалғанда май қосады. Сорпаларға, сонымен қатар, ет консервілері қосылады. Егер олар екінші тағам ретінде пайдаланылатын болса, онда оларды алдын ала 10-15 минут ішінде жылытып, концентрат қосылған гарнирмен береді.
Пісіруді қажет етпейтін концентраттар. Бұл концентраттарға дайын көкөніс ұнтақтары және бұршақ тұқымдастардан немесе жармалардан дайын болғанша қайнатылған, жартылай құрғатылған, жарма түрінде түйіршіктеліп, кептірілген әжіктер жатады.
Көкөніс ұнтақтары мен жармаларының кейбір дәмдеуіштер және натрий глютаматы қосылған қоспалары 1-10 үлеспен брикеттер түрінде нығыздалған. Осы концентраттардың бірінен тағам әзірлеу үшін ұнтақталған концентратқа қайнаған су құйып, жақсылап араластырып, қақпағын жауып, 10-15 минутқа ісінуі үшін қалдыру керек (немесе концентратты қайнаған суға сеуіп, қайнату). 1 үлес сорпа үшін су нормасы – 0,5-0,6 л, екінші тағамға – 0,3-0,4 л.
К е с т е 15.3. Нанды пісіру үшін қажетті ұн қоспаларының құрамы, г
Бұнымен қоса, нан концентраттары жасап шығарылды. Оның құрамына ет, сүзбе, сүт, бал, шоколад, кофе және басқа толтырмалар кіреді. Ең құндысы құрамында өсімдік және малдық өнімдері бар концентраттар. Нан концентраттарынан да тәуліктік іріктеулер құрастырады (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Оларды аспаздық өңдеусіз пайдалануға болады. Сондай- ақ ыстық сорпаларды әзірлеуге де қолданады: қайнаған суға (0,5 л) ұнтақталған концентратты сеуіп, қайнатады.
Тұзды татымынша қосады.
Сүтті және сүзбелі концентраттарды сақтау мерзімі – 6 ай, қалғандарынікі – 18 ай.
Нан пісіруге арналған ұн қоспалары. Нан өнімдерінің ЖҒЗИ-і (Жалпы одақтық ғылыми-зерттеу институты) 30-35 минут ішінде бидай немесе қарабидай-бидай нанын дайындауға мүмкіндік беретін ұн қоспаларын жасап шығарды. Ол қоспалардың құрамы 15.3-кестеде келтірілген.
Қалтаның бұрышын кесіп тастап, алынған тесікке алдын ала дайындалған салқын су мөлшерін құяды, 2-3 минут біркелкі масса алынғанша аралас- тырады.
Қалыпқа май жағып, оған қалтаның ішіндегіні сығып салады. 15-35 минут ішінде 200-250°С температурада пеште пісіреді. Түздік жағдайларда нанды табада асты-үстіне аударып отырып пісіреді.
Бақылау сұрақтары
16
ТАРАУ
САЛҚЫНДАТЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16.1. Салқындатылған өнімнің жалпы сипаттамасы
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тез мұздатылатын өнімдерді қолданудың тиімді тұстарымен бірге оларға кемшіліктер де тән: 1-3 ай аралығында сақтау үдерісінде ет өнімдерінің денатуратталған ақуыздары ылғалдылығын жоғалтып, тығыздалып, жібіткеннен кейін жаңа дайындалған өнімдерге қарағанда аса қатты болып шығады; мұздатылған өнімдерде, бәсең болса да, майлардың қышқылдану үдерістері жалғасып жатады және т.б.
1970 жылдары әлемнің әртүрлі елдерінде салқындатылған аспаздық өнімдерді өндіре бастады. Салқындатылған өнімдердің кең сұрыпталым- дарына нормативті құжаттар – технологиялық нұсқаулық (ТН) және технологиялық шарттар (ТШ) – біздің елімізде де жасап шығарылды.
Салқындатылған өнім дайындалғаннан кейін өнім ортасында 8°С-қа дейін салқындайтынымен ерекшеленеді. Әрине, бұндай өнімдерді іске асыру мерзімдері тез мұздатылатын өнімдердікі секілді айлап өлшенбейді, бірақ жоғары сапа оның заманауи нарықтағы тұрақтауын қамтамасыз етті. Мұздатылған өнімдерді қолдану өндірістік кәсіпорын, оқу мекемелері, шикізат пен жартылай фабрикаттардан тағам жасау ұйымдастырушылық- экономикалық түсінік бойынша жөн емес кейбір жалпы кәсіпорындарда өзін жақсы танытты.
Мұздатылған тағамдардың рецептурасы қоғамдық тамақтану жүйесі нормасында бар өнімдерді механикалық және жылумен өңдеудегі қалдықтар мен шығындар негізінде жасалған. Бірақ технологияға өнімді сақтау мен жылытуда сапаны тұрақтандыруға бағытталған өзгертулер енгізілді: жаңа дайындалған өнім қарқынды салқындату шкафында (ҚСШ) 8°С-қа дейін тез (2 сағаттан артық емес) салқындайды; бұндай салқындату жылдамдығы температура аралығынан тез «өтуге» мүмкіндік береді. Ол микроағзалардың дамуына, сондай-ақ жоғары температура әсерінен болатын өнімнің органолептикалық көрсеткіштерінің жағымсыз өгерістерін бәсеңдетуіне ықпал етеді;
Салқындатылған өнім 0-4°С температурада сыртқы түріне байланысты бірнеше сағаттардан бірнеше тәуліктерге дейін сақталады; әр тағам мен өнімнің ұйғарынды сақтау мерзімдері физика-химиялық, микробиологиялық зерттеулер және органолептикалық бағалаулар (бұған қоса техникалық шарттарға зерттеулер кезінде белгіленген мерзімдерден де қысқа мерзімдер енгізілген) негізінде эксперимент түрінде белгіленген;
толық даярлау кәсіпорындарында өнім (салқын тағамдардан басқа) ортасында 85°С температураға дейін қыздырылады. Ол оның санитарлы- эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
салқындатуда және салқындатылған өнімнің одан кейінгі қыздырылуында ылғалдың шамадан тыс жоғалуының орын алуы және рецептуралар жинағы қарастырған тағамдардың шығуын қамтамасыз ету үшін, олардың рецептураларына түзетулер енгізілетіні ескерілген.
Салқындатылған күйде дайындығының әртүрлі сатысындағы жартылай фабрикаттарды, аспаздық өнімдерді және тағамдарды өндіреді. Қаптау тәсіліне қарай салқындатылған өнімдерді екі топқа бөледі: атқарылымды сыйымдылықта және саңылаусыздандырылған полимерлік ыдыста.
16.2. Жартылай фабрикатты өндірудің сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
Ең алдымен тазартылған ақ тамырсабақтар (ақжелкен, ботташық, балдыркөк), тазартылған көк көкөністер (салат, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, шырғалжың, көк пияз) және дайындалып, туралған шалғам, шомыр арқылы жылумен өңдеуге ұшырамаған жартылай фабрикаттардың сұрыпталымдары кеңейгенін атап өткен жөн. Етті ұсақталған жартылай фабрикаттардың тобында табиғи ұсақталған котлеттер табиғи ұсақталған шницель және люля- кебаб пайда болды.
Дайындықтың жоғары деңгейіндегі жартылай фабрикаттардың кең сұрыпталымдары жасалды (тазартылмай қайнатылған, тазартылып, қайнатылып және текшелеп туралған картоп, сәбіз, қызылша). Бұл ретте көкөністердің механикалық өңделуі жоғары өндірістік жабдықтарда жүзеге асады. Оларды буқазанды шкафтарда пісіріп, одан кейін олар аспаздардың қолына да, стерилденбеген құрылғыларға да жанаспайды. Бұл дегеніңіз – олардың санитарлық жағдайын жақсартады деген сөз. Бұл сұрыпталымға, сонымен қатар, текшелеп маринадталған және сабандап бұқтырылған қызылшалар; туралған, шарпыланған тұздалған қиярлар; туралған, шарпыланған, ақбас қырыққабаты; әртүрлі турамамен толтырылған (көкөністі, күрішті етпен, күрішті балықпен, күрішті сүзбемен, бидайлы шпикпен) голубцы; қызылшалы, балықты домалатпалар; жармалы домалатпалар; сырниктер; турамаланған жұқа құймақтар; етті, астаналық, балықты салаттар; қойылтылған тұздықтар жатады. Салаттардың жартылай фабрикаттарын өндіру технологиясынцң ерекшелігі – олардың компонент- терін майонезбен дәмдемейді және араластырмайды. Оларды атқарымдық сыйымдылықтарға (ыдыс) қабаттармен салады: тұздалған қиярлар – ет (құс еті, балық) – картоп – жасыл бұршақ немесе жұмыртқалар. Сақтау мен өткізу мерзімі – 12 сағат. Соның ішінде өндіру кәсіпорындарында 4 сағаттан артық болмайды. Толық даярлау кәсіпорындарында жартылай фабрикаттарға майонез қосып, араластырып, үлестіріп, безендіреді.
Қойылтылған тұздықтардың сұрыпталымына негізгі қызыл, негізгі ақ, томатты, қаймақты, алма тұздығы немесе томат қосылған көкөністі маринад. Дайындау ерекшелігі оларды сұйықтықтың толық нормасымен әзірлемейді (ол жартылай фабрикаттың атауында дакөрсетілген). Толық даярлау кәсіпорындарында оларды жылы сумен қажет консистенцияға дейін сұйыл- тып, мұқият араластырады. Дәмдеуіштер қосып, 10-20 минут ішінде пісіреді (амлма тұздығын тек қайнатуға дейін жеткізеді). Өткізудің жалпы мерзімі 48- ден 120 сағатқа дейін.
16.3. Аспаздық өнімдерді дайындау сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
Аспаздық өнімдердің сұрыпталымы да айтарлықтай алуан түрлі. Оған қайнатылған, қуырылған немесе нақышталған, ірі кесекпен бұқтырылған және кесілген сиыр, шошқа етін; қайнатылған немесе бүтін ұшасымен қуырылған тауық еті кіреді. Қайнатылған тауық еті үлестерге бөлініп кесілуі мүмкін. Кесілген (туралған) бөліктер кеуіп қалмасы үшін оларға атқарылымды сыйымдылықта желатин қосылған сорпа құяды. Бұл өнімдерді жүзеге асыру мерзімі – 24 сағат.
Сонымен қатар, аспаздық өнімдер түрінде орталықтандыра голубцы, бекіре тұқымдасының бөлімдерімен қайнатылған балығын, тефтели мен балық домбайларын дайындайды.
Бұған қоса, бұрын аталып кеткен балық домалатпаларына, тефтели және домбайларға котлет массасын рецептуралар жинағында әр өнімге өз рецептурасы қаралғанымен, бір рецептурамен (оны сәйкестендірілген деп атады) дайындайды.
Сәйкестендірілген рецептурада су мен нан қатынасы өзгертілген (16.1- кесте), нәтижесінде жартылай фабрикаттарды сақтау мен үлеске бөлуде масса ылғалды жақсырақ ұстайды.
Алдында атап өткендей домалатпалар тапсырыс берушілерге май жағылған атқарымды сыймдылықта жартылай фабрикат түрінде жеткізіледі.
Тефтелиді болса, сыйымдылықта қуырып, томат тұздығын құйып, бұқтырады, домбайларды тесікті сыйымдықта сорпада бөктіріп, бітеу сыйымдылықтарға салып, томат тұздығын құяды.
Тефтели мен домбайларды ҚСШ-да салқындатады. Жүзеге асыру мерзімі– 48 сағат.
Қайнатылған картоп, сәбіз, қызылша. Картоп пен тамырсабақтарды көкөніс цехтарында ағымды желілерде тазалап, аспаздық цехына бүтіндей немесе текшелеп туралып беріледі. Мұнда оларды буда пісіру аппараттарында дайын болғанша пісіріп, ҚСШ-да 8-6°С температураға дейін салқындатады (салқындату ұзақтығы 2 сағаттан аспайды). Дайын өнімдер камерасында аз уақытқа сақтап, одан кейін жөнелтіледі. Сақтау мен өткізудің ортақ мерзімі – 12 (текшеленіп туралған картоп), 18 (бүтін түйнекті картоп, сәбіз, текшелеп туралған) және 24 сағат (сәбіз, бүтін түйнекті қызылша).
Маринадталған қызылша. Тазаланған қызылшаны тесік сыйымды- лыққа текшелеп турап, электр қазанға ыстық 2%-ды сірке
суымен салып, 50 минут ішінде бәсең қайнатуда пісіреді. Пештен алып, тесікті емес сыйымдылыққа ауыстырып салып, қызылшаны қайнатқан сірке суы ерітіндісін құяды. Қақпағын жауып, ҚСШ-да салқындатады. Сақтау мен іске асыруға жөнелтіледі.
К е с т е 16.1. Котлет массасының сәйкестендірілген рецептурасы
Сақтау мен өткізудің ортақ мерзімі – 96 сағат.
Борщқа бұқтырылған қызылша. Электрқазанға немесе электртабаға май құйып, қыздырады. Сумен сұйылтылған томат пастасын (1 кг шиікзатқа 3 л су) қосады. 20-30 минут ішінде шала қуырып, сабандап туралған қызылшаны, қантты, 3%-ды сірке суын салып, 1-1,5 сағат ішінде бұқтырады.
Дайын қызылшаны 15 кг массамен атқарымдық сыйымдылықтарға салып, қақпағын жабады. ҚСШ-да өнімнің ортасында 8°С-қа дейін салқындатып, жөнелтіледі. Сақтау мен өткізудің жалпы мерзімі – 96 сағат.
Шарпыланып туралған балғын ақбас қырыққабаты. Қырыққабатты сабандап майдалап турап, салғышқа 5 см қабатпен салып, қазандағы қайнап жатқан суға 3 минут шарпылайды және атқарымдық сыйымдылықтарға ауыстырп салып, ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Сақтау мен өткізу мерзімі – 12 сағат.
Бұқтырылған ашытқан қырыққабат. Ашытқан қырыққбатты тұздықтан сығып, сұрыптап, бөтен қоспаларды алып тастайды. Сәбіз бен қырыққабат өзегін іріктейді. Оларды қосымша түрде ұсақтап, қайтадан қырыққабатпен біріктіреді. Ұсақталған қырыққабатты қосымша тағы майдалайды (кеседі).
Қырыққабатты салқын суда артық қышқылдығы болса ғана жуады. Өйткені суға қышқылмен бірге басқа да еритін заттар (қанттар, дәрумендер, татымдық заттектер) өтіп кетеді. Қырыққабатты қазанға салып, сорпа мен май қосып, 1,5-2 сағат ішінде бұқтырады; бұқтырудың аяқталуына 15-20 минут қалғанда, сорпамен 25- 30°С температурада сұйылтылған шала қуырылған ұнды қосады. Бұқтырылған қырыққабатты сыйымдылыққа 15 кг массамен бөлшектеп салып, қақпағын жабады. ҚСШ-да өнімнің ортасында 8°С-қа дейін салқындатып, жөнелтеді. Қырыққабаттың бір бөлігі аспаздық цехқа жіберіліп, ашыған қырыққабат қосылып жасалған борщ немесе щи дайындауда пайдаланады. Сақату мен өткізудің жалпы мерзімі – 72 сағат.
Бөктіріліп туралған тұздалған қиярлар. Қабығы мен дәнегінен тазаланған немесе тазаланбаған тұздалған қиярларды көкөніс турайтын машинада турап, аз мөлшердегі суда (1 кг туралған қиярға 0,2 л) атқарымдық сыйымдылықта электрплитада 10 минут ішінде бөктіреді. ҚСШ-да салқындатып, жөнелтуде сақтайды және осы сыйымдылықтармен тасымалданады. Сақтау мен өткізудің жалпы мерзімі – 24 сағат.
Шала қуырылған көкөністер (пияз, сәбіз). Тазартылған басты пияз немесе сәбізді көкөніс турау машинасында сабандап турайды. Майды электртабада 120-130°С-қа дейін қыздырып, оған туралған пияз немесе сәбізді 5 см аспайтын қабатпен салады. 20 минут ішінде пиязда сары түсті реңк пайда болғанша немесе сәбізді шала қуыруда майдың түсі қызғылт сары болғанша шала қуырады. Көкөністерді атқарымдық сыйымдылықтарға бөлшектеп салып, ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Сақтау мен өткізудің жалпы мерзімі – 48 сағат.
Голубцы (жартылай фабрикат). Өзексіз қауданды суы бар табаға алынып тасталған қауданын жоғары қаратып салады. Саңылауға ыстық су (80-90°С) құйып, 1 кг қырыққабатқа 0,3 л су, 250-280°С-қа дейін қызды- рылған қуыру шкафына 15-20 минутқа қояды. Шығарып, 55-50°С температураға дейін салқындатып, жапырақтарын реттеп, оларды тұз және сірке суы (сәйкесінше 1 л суға 10-5 г) қосылған суда 7-8 минут ішінде пісіреді. Одан кейін жапырақтарды шығарып, 40°С-қа дейін суытып, қалың жерлерін жаншылайды. Турамалардың бірімен (көкөністі, күрішті етпен, күрішті сүзбемен, бидайлы шпикпен) толтырады.
Көкөністі домалатпалар (котлеттер). Бұл жартылай фабрикаттың сұрыпталымына картоп, сәбіз, қырыққабат және қызылша домалатпалары кіреді.
Картоп домалатпаларын әзірлеу үшін тазартылған картопты шүмегі және араластырғышы бар электрқазанда қайнаған су құйып, тұз қосып пісіреді. Қатты қыздыруда қайнатуды қалпына келтіреді, қыздыруды бәсеңдетіп, картопты жәй қайнатуда дайын болғанша пісіреді.
Қазанды өшіріп, шүмегі арқылы қайнатпаны құйып алады. Араластырғыштың көмегімен картопты езбеге айналдырып, 50-40°С-қа дейін салқындатады. Шикі жұмыртқаларды шайқап, араластырып, котлет қалыптағыш машинаға салады. Кепкен нанға аунатып, май жағылған атқарымдық сыйымдылықта (жайпақ таба) домалатпа пішінінде қалыптайды. Табаларды ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Дәл осы сыйымдылықта домалатпаларды толық даярлау кәсіпорындарына тасымалдап, осы сыймдылықта қуырады. Аспаздық дүкендерге жартылай фабрикаттарды бір қатарға қырымен түбіне кепкен нан себілген сыйымдылыққа орналастырады.
Сәбізді немесе қырыққабатты домалатпалар үшін тазартылған көкөністерді көкөніс кескіште сабандап турап, май және тұзбен суда 15-20 минут бөктіреді. Артынша жіңішке ағыспен ұнтақ жармасын сеуіп, мұқият араластыра отырып, дайын болғанша 10-15 минут пісіреді.
Қызылша домалатпалары үшін тазартылған қызылшаны буда пісіріп, тілімдеп кеседі, тұздап, маймен бірге 10 минут қыздырады. Ұнтақ жармасын сеуіп, дайын болғанша 10-15 минут қайнатады.
Алынған массаны 40°С-қа дейін қабат қалыңдығында салқындатып, котлет қалыптайтын автоматқа салады. Қалыптап, кепкен нанға аунатады. Бөлшектеп өлшеп, салқындатып, домалатпаларды картопты тәрізді сақтап, тасымалдайды. Сақтау мен тасымалдаудың жалпы мерзімі – 18 сағат.
Көкөністерден жасалған пісірмелер. Пісірмелерді қырыққбаттан, сәбізден, көкөніс қоспаларынан, картоптан әзірлейді.
Картопты, қырық-қабатты және сәбізді пісірмелер үшін массаны домалатпалар (котлет) секілді дайындайды. Бірақ рецептурасындағы кейбір айырмашылықтар болады: сәбізді бөктіруде қант қосады. Қырыққабат және сәбіз массасына 40°С-қа дейін салқындатылғаннан кейін шикі жұмыртқалар қосады, содан кейін массаны араластырады.
Көкөніс пісірмесіне бөктірілген қырыққабат пен сәбіз және шала қуырылған пияз қоспасына еленген ұнтақ жармасын қосып, қоюланғанша қайнатады. Езгіленген қайнатылған картоппен араластырып, 40°С-қа дейін салқындатады. Жұмыртқаларды қосып, араластырады.
Пісірмелерге дайындалған қырыққабатты, сәбізді және көкөністі массаны май жағылған және қыздырылған кепкен нан себілген әрбір атқарымдық сыйымдылыққа 20 үлеспен (4,65 кг) бөлшектеп салады.
Ет қосылған картопты пісірме үшін котлет етінің бөліктерін электртабада қуырып, сол табада су мен тұз қосып, бұқтырады. Дайын етті еттартқыш көмегімен майдалап, шала қуырылған пиязбен біріктіреді. Алынған тураманы 5 см қабатқа дейін қуыру шкафында 250°С температурада үздіксіз араластыра отырып, 7 минут ішінде пісіреді.
Дайындалған картоп массасын екі бөлікке бөледі: бір бөлігін дайын- далған атқарымдық сыйымдылыққа үстіне турама салып, картоп массасының екінші бөлігімен бетін жабады. Бетіне кепкен нан және май себеді. Жартылай фабрикаттарды ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Пісірме- лердің жылумен өңделуін толық даярлау кәсіпорындарында жүргізеді. Сақтау мен өткізудің жалпы мерзімі – 18 сағат.
16.4. Салқындатылған тағамдарды әзірлеу сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
Салқындатылған тағамдардың сұрыпталымдары көп емес. Ол өзіне 7 салқын тағам, 9 сорпа, 16 екінші тағам және 3 гарнир мен 7 тәтті тағамдарды қосады. Алайда аспаздық өнімдермен бірге толық даярлау кәсіпорынында бір апта ішінде тағамдардың алмасушылығын қамтамасыз етуге тағамдардың бұл сұрыпталымы жеткілікті. Сорпалар мен компоттарды дайындау технологиясының ерекшелігі – оларды сұйықтықтықтың толық емес нормасымен (қою) әзірлеуінде. Нәтижесінде, тасымалдауда олар сапырылмайды және сол үшін өздерінің қасиеттерін жоғалтпайды. Толық даярлау кәсіпорынында оларды қажетінше консистенцияға ыстық сумен сұйылтады. Қайнатуға дейін апарып, 3-5 минут ішінде пісіреді; сорпаларды артынша қайнатпай 15-20 минут тұндырады. Компоттарды 40°С-қа дейін салқындатып, стақандарға құяды.
Бақылау сұрақтары
Әдебиеттер тізімі
Евсеевский Ф. / Ф. Евсеевский. — М. : КолосС, 2003.
Ковалев Н.И. Технология приготовления пищи / Н. И. Ковалев, М.Н. Куткина, В.А. Кравцова ; под ред. д-ра техн. наук, проф. М.А.Николаевой. — М. : Деловая литература, 1999.
Ляховская Л. П. Русская кухня / Л. П. Ляховская. — СПб. : Кристалл, 1999.
Меджитова Э.Д. Русская кухня / Э.Д. Меджитова. — М. : ЭКСМО- Пресс, 2000.
Рыба и морепродукты / пер. с англ. С. Пастуховой. — М. : ТЕРРА- Книжный клуб, 1998. Скурихин И. М. Таблицы химического состава и калорийности российских продуктов питания : справочник / И.М.Скурихин, В.А. Тутельян. — М. : ДеЛи принт, 2007. Справочник технолога общественного питания / [А. И. Мглинец, Г.Н.Ловачева, Л.М.Алешина и др.]. — М. : Колос, 2000. Технология производства продукции общественного питания / [В. С. Баранов, А. И. Мглинец, Г.Н.Ловачева и др.] — М. : Экономика, 1986.
Тойбнер Х. Мировая кухня / Х.Тойбнер, А. Вольтер. — М. : Лик- Пресс, 1998
Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау. Әртүрлі үлгідегі кәсіпорындардың технологиялық үрдістері
1.1. Технологиялық үрдіс түрлері
1.2. Технологиялық үрдіс кезеңдерінің сипаттамасы
2 Тарау.Көкөністер мен саңырауқұлақтардан жартылай фабрикат өндіру технологиясы
2.1. Көкөністен жасалған жоғары күрделіліктегі жартылай фабрикаттардың өндірісі
2.2. Саңырауқұлақтарды өңдеу
2.3. Көкөністерден жасалған жартылай фабрикаттардың орталықтандырылған өндірісі
3 Тарау.Ет және ет өнімдерінен жартылай фабрикат дайындау технологиясы
3.1. Аса күрделі жартылай ет фабрикаттарының өндіріс
3.1.1. Жартылай фабрикаттарды өңдеуде қолданылатын тәсілдер
3.1.2. Ірі кесекті жартылай фабрикаттар
3.1.3. Үлестірмелі және табиғи жартылай фабрикаттар
3.1.4. Үлестеп бөлініп аунатылған жартылай фабрикаттар
3.1.5. Майда кесекті жартылай фабрикаттар
3.1.6. Кнель массасын даярлау
3.2. Торайларды өңдеу
3.3. Субөнімдер мен сүйектерді өңдеу
3.4. Жартылай ет фабрикаттарын орталықтандыра өңдеудің ерекшеліктері
3.5. Жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар
4 Тарау. Қауырсынды жабайы құстар мен ауылшаруашылық құстарынан жартылай фабркиаттар өңдеудің технологиясы
4.1. Қауырсынды жабайы құстардан жартылай фабрикаттар өңдеу
4.2. Бүтін ұша мен құстың белдеме етіне жартылай фабрикаттар дайындау
4.3. Ауылшаруашылығы құсынан дайындалған жартылай фабрикаттардың орталықтандырылған өңдеуі
5 Тарау. Балық және су кәсібінің балық емес шикізаттарын өңдеудің технологиясы
5.1. Шеміршек қаңқалы балықтан жартылай фабрикат жасау
5.2. Аса күрделіліктегі жартылай балық фабрикаттарын дайындау
5.3.Балықты турамалау үшін мүшелеу
5.4. Жартылай фабрикаттар сапасына қойылатын талаптар. Сақтау мерзімдері
5.5. Жартылай балық фабрикаттарын орталықтандыра дайындау
5.6. Су кәсібінің балық емес өнімдерін өңдеу
5.6.1. Су кәсібінің балық емес өнімдерінің тамақтанудағы маңызы
5.6.2. Су кәсібінің балық емес өнімдерінің классификациясы
5.6.3. Шаян тектестерді өңдеу
5.6.4. Бір жаппалы ұлуларды өңдеу
5.6.5. Екі жаппалы ұлуларды өңдеу
5.6.6. Басаяқты ұлуларды өңдеу
5.6.7. Тікен терілілерді өңдеу
5.6.8. Балдырларды өңдеу
6 Тарау. Аса күрделі сорпаларды дайындау технологиясы
6.1. Тұздықты сорпа дайындау
6.2. Езбе тәрізді сорпаларды әзірлеу
6.3. Мөлдір сорпаларды дайындау
6.4. Салқын сорпаларды әзірлеу
7. Тарау. Аса күрделі тұздықтарды дайындау технологиясы
7.1. Негізгі қызыл туынды тұздықты дайындау
7.2. Етті ақ туынды тұздықты дайындау
7.3. Саңырауқұлақты тұздықты дайындау
7.4. Сары майдан тұздықтар мен қоспалар
7.5. Өсімдік майынан жасалған тұздықтар мен дәмдеуіштер
8 Тарау. Қуырылған және пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтар, жармалар, бұршақ және макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар мен гарнирлерді дайындау технологиясы
8.1. Қуырылған көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар мен гарнирлер
8.2. Пісірілген көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген тағамдар
8.2.1. Жалпы мәліметтер
8.2.2. Пісірілген турамасыз көкөністер
8.2.3. Турама салып піскен көкөністер
8.2.4. Көкөністі пісірмелер мен пудингтер, картоптан
жасалған бәліштер мен ватрушкалар
8.3. Жармалардан әзірленген тағамдар
8.4. Бұршақтылардан әзірленген тағамдар
8.5. Макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар
9 Тарау. Қуырылған, бұқтырылған және пісірілген балық және балық емес су өнімдерінен тағамдар дайындау технологиясы
9.1. Адам тамақтануындағы балықтан әзірленген тағамдардың маңызы
9.2. Қуырылған балықтан әзірленген тағамдар
9.3. Бұқтырылған балықтан әзірленген тағамдар
9.4. Піскен балықтан әзірленген тағамдар
9.5. Шаян тәріздестерден әзірленген тағамдар
9.6. Екі жаппалы ұлулардан әзірленген тағамдар
9.7. Басаяқтылардан әзірленген тағамдар
9.8. Тікен терілілерден әзірленген тағамдар
9.9. Теңіз қырыққабатынан әзірленген тағамдар
10 Тарау. Қуырылған және пісірілген еттен, ет өнімдерінен, құс етінен, жабайы құс етінен және қояннан тағам әзірлеудің технологиясы
10.1. Адам тамақтануындағы еттен дайындалған тағамдардың маңызы
10.2. Қуырылған ет пен ет өнімдерінен дайындалған тағамдарды әзірлеу
10.2.1. Ірі бөліктермен қуырылған еттерден дайындалған тағамдар
10.2.2. Үлесті және одан да майда бөліктермен қуырылған еттерден әзірленген тағамдар
10.3. Пісірілген ет тағамдары
10.4. Қуырылған құс еті, жабайы құс еті, қояннан әзірленген тағамдар
10.4.1. Құс етін бүтін ұшамен қуыру
10.4.2. Үлесті бөліктермен қуырылған құс етінен әзірленген тағамдар
10.5. Пісірілген құс еті, жабайы құс еті және қояннан әзірленген тағамдар
11 Тарау. Аса күрделі салқын тағамдар дайынадудың технологиясы
11.1. Салқын тағамдарды әзірлеуге өнімдерді дайындау
11.2. Мал өнімдері қосылып жасалған салаттар102
11.3. Көкөністер мен саңырауқұлақтардан әзірленген салқын тағамдар
11.3.1. Маринадталған көкөністер
11.3.2. Турамаланған көкөністер
11.3.3. Көкөністер мен саңырауқұлақтардан дайындалған икра
11.4. Балық және балық өнімдерінен әзірленген тағамдар
11.4.1. Балық гастрономиясынан жасалған басытқылар
11.4.2. Дайындау күрделілігі жоғары салқын балықты тағамдар
11.5. Ет, ет өнімдері және құс етінен әзірленген тағамдар
11.5.1. Ет гастрономиясынан дайындалған тағамдар
11.5.2. Ет өнімдерінен дайындалған тағамдар
11.6. Жұмыртқалар мен ірімшіктен дайындалатын тағамдар
12 Тарау. Күрделілігі жоғары тәтті тағамдар мен сусындарды дайындаудың технологиясы
12.1. Тәтті тағамдарды әзірлеуге өнімдерді дайындар
12.2. Сілікпеленген тағамдар
12.2.1. Сілікпе
12.2.2. Мусстар
12.2.3. Аюбадамдар
12.2.4. Кремдер
12.3. Балмұздақтан әзірленген тағамдар
12.4. Тәтті ботқалар, пісірмелер, пудингтер
12.5. Суфле (үлпілдек бәліштер)
12.6. Алмадан әзірленген тағамдар
12.7. Басқа да тәтті тағамдар
12.8. Шарапты ыстық сусындар
12.9. Квастар
12.10. Алкогольді аралас сусындар
12.10.1. Аралас сусындардың жіктелуі
12.10.2. Аралас сусындардың құрамы
12.10.3. Аралас сусындарды дайындаудың технологиясы
13 Тарау. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясы126
13.1. Өңделген жартылай фабрикаттар
13.1.1. Кілегейлі кремдер
13.1.2. «Шарлотт» және «Глясе» кремдері
13.1.3. Ақуызды және басқа да кремдер
13.1.4. Дымқылдатуға арналған шәрбаттар
13.1.5. Помада
13.1.6. Өзге де өңдейтін жартылай фабрикаттар
13.2. Бисквитті қамыр және одан жасалатын өнімдер
13.3. Үгілмелі қамыр және одан жасалатын өнімдер
13.4. Қатпарлы қамыр және одан жасалатын өнімдер
13.5. Қайнатылған қамыр және одан жасалатын өнімдер
13.6. Пірәндік қамыры және одан жасалатын өнімдер
13.7. Кекстер
14 Тарау. Диеталық және профилактикалық тамақтануға арналған тағамдарды дайындау технологиясының ерекшеліктері137
14.1. Емдік және профилактикалық тамақтанудың мән
14.2. Диеталардың сипаттамалары
14.2.1. № 1 диета
14.2.2. № 2 диета
14.2.3. № 5 диета
14.2.4. № 7 диета
14.2.5. № 10 диета
14.2.6. № 8 диета
14.2.7. № 9 диета
14.2.8. № 11 диета
14.2.9. № 15 диета
14.2.10. Иондаушы радиация жағдайындағы рационалды тамақтандыру
14.3. Кейбір диеталық тағамдарды жасау технологиясы
14.3.1. Салқын тағамдар
14.3.2. Сорпалар
14.3.3. Тұздықтар
14.3.4. Балық тағамдары
14.3.5. Ет тағамдары
14.3.6. Көкөністерден жасалған тағамдар
14.3.7. Жармалар мен макарон өнімдерінен жасалған өнімдер
14.3.8. Кондитерлік өнімдер
15 Тарау. Бөлек құрамдағы тұтынушыларды тамақтандыру үшін дайындалатын тағамдарды әзірлеу технологиясының ерекшеліктері160
15.1. Оқушыларды тамақтандыру үшін дайындалатын тағамдарды әзірлеу технологиясының ерекшеліктері
15.1.1. Оқушылардың тамақтануына қойылатын ерекше талаптар
15.1.2. Тағамдарды дайындау технологиясының ерекшеліктері
15.2. Зауыт асханаларының технологиялық үрдісінің ерекшеліктері
15.2.1. Жалпы ережелер
15.2.2. Кеншілердің тамақтану ерекшеліктері168
15.2.3. Ыстық цех жұмысшыларының тамақтану еркешеліктері
15.2.4. Химиялық өндіріс жұмысшыларының тамақтану ерекшеліктері
15.3. Ерекше жағдайларда тамақтануға арналған өнімдерді өндірудің ерекшеліктері
15.3.1. Жылдам мұздатылатын өнімдерді өндіру және қолдану
15.3.2. Сублимациялық кептірілген өнімдердің сипаттамасы мен оларды қолдану технологиясы
15.3.3. Құрғақ таңғы астардың сипаттамасы мен оларды пайдалану технологиясы
16 Тарау. Салқындатылған өнімдерді өндіру және пайдалану ерекшеліктері
16.1. Салқындатылған өнімнің жалпы сипаттамасы
16.2. Жартылай фабрикатты өндірудің сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
16.3. Аспаздық өнімдерді дайындау сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
16.4. Салқындатылған тағамдарды әзірлеу сұрыпталымы мен технологиясының ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімі
Оқу басылымы
Шильман Лев Залманович
Оқу құралы
5-басылым, стереотиптік Редактор И.В. Пучкова
Техникалық редактор Е. Ф. Коржуева
Компьютерлік беттеу: С. Ф. Матвеева
Корректорлар: Н.В.Савельева, Т.Н. Чеснокова
Бас. № 105113921. Басуға қол қойылды 23.06.2014. Формат 60 х 90/16. «Балтика» гарнитурасы. Офсеттік қағаз, Офсеттік баспа, Усл. печ. л. 12,0. Таралым 1200 дана. Тапсырыс №
ЖШС «Академия» баспа орталығы . www.academіa-moscow.ru 129085,
Мәскеу, Мир даңғылы, 101В, стр. 1. Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16592 от 29.04.2014.
Баспаның электронды иелерінен басып шығарылды.
«Тверь полиграфиялы комбинаты» ЖАҚ, 170024, Тверь қаласы, Ленин даңғылы, 5.
Телефон: (4822) 44-52-03, 44-50-34. Телефон/факс: (4822) 44-42-15.
Home page – www.tverpk.ru Элетронная почта (E-maіl) – sales@tverpk.ru
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру