TELEGEI

Home

Ақан сері шығармалары

Ақан сері Қорамсаұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақан сері шығармалары

Жинаққа əрі əнші-сазгер, əрі суырып салма ақындар қата рында есімдері елге белгілі Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбы рай Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлының түрлі жи нақ тардан, сонымен бірге мұрағаттардан алынған туындылары енгізілді.

Ақан сері
Қорамсаұлы
Үкілі Ыбырай
Сандыбайұлы

Балуан Шолақ
Баймырзаұлы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

«Нұрлы Press.kz»
Алматы

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 қаз)-5

А 37

Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы
С.Пірəлиев, С.Қирабаев, Т.Кəкішев,
У.Қалижанов, Б.Ыбырайым, Б.Сманов

«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша
əдебиеті жобасының авторы:
Бекен Ыбырайым
А37 Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы,

Балуан Шолақ Баймырзаұлы. Шығармалары. – Алматы:
«Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б. – (Ақындар аманаты)

ІSBN 978-601-80288-7-8

Жинаққа əрі əнші-сазгер, əрі суырып салма ақындар қата-
рында есімдері елге белгілі Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбы-
рай Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлының түрлі жи-
нақ тардан, сонымен бірге мұрағаттардан алынған туын ды лары

енгізілді.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 қаз)-5

ІSBN 978-601-80288-7-8

© Б.Ыбырайым
© «Нұрлы Press.kz», 2014

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері
Қорамсаұлы
(1843-1913)

Ақан сері Қорамсаұлы

ӨЛЕҢДЕР

Ақан сері Қорамсаұлы

ҚҰЛАГЕР

Жел соқса, қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?!

Түбінен дəйекшенің тұрдым тосып,
Бəйгеңді алушы едім талай қосып.
Отыз ат уəделі өтіп кетті,
Сол жерде тұра алмадым денем шошып.

Міндім де Сарыалама, тұра шаптым,
Бəйге алам деп бұл істен залал таптым.
Намазшам, намаздыгер арасында,
Баланы жылап жатқан əрең таптым.

Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағың, елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.

Құлагер, шешең – сұңқар, əкең – тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең, орның басар Көкбесті бар,
Болады құдай қосса о да тұлпар.

Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерім естігенде,
Бір тұрып, бір отырып, ойбайладым.

Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым, сұрағанда беріп едің.
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,

Бір сыншы көзің шыққыр көріп едің.
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.
Түбіне Ерейменнің айдап келіп,

Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай!
Тұлпарым, аунағаның туған жерің,
Биеден туа бермес сендей керім.
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тай тұяқ,

Бір жолда ердің құны бəйгең сенің.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптыаяқтай төменгі ернің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір шырқамай менің шерім.
Құлагер, нұрың қандай, даңқың қандай,
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.
Бəйгеге жүз шақырым айдағанда,

Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,
Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.
Өлімің адамзатпен бірдей болып,

Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.
Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,
Атағың Орта жүзге мағлұмданған.

Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,
Шырқайды қалың елім əнге салған.
Құлагер, құнаныңнан жайлатқаным,

Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.
Тартыншақ жаман əдет қыла ма деп,
Артыңнан бір балаға айдатқаным.
Құлагер, айналайын, тұлпарым-ай,

Бір көрмей тұра алмайтын сұңқарым-ай.
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,
Бір көрсек деп тұратын іңкəрім-ай!..
Қапыда өліп кеттің, жануарым,

Жібектей күлтілдеген құйрық, жалың.
Өлді деп жаман хабар естігенде,
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.
Қарағым, айналайын, «үркек керім»,

Шықпаған қанша шапсаң ащы терің.
Тамсанып жолыңда боп жұрттың көзі,
Тілейтін тілегіңді елің сенің.
Құлагер, саған келген оқыс өлім,

Толғантып наз айтады Ақан серің.
Сібірден сегіз дуан қоймай озған,
Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.
Күйдірдім отқа салып ашудасты,

Не көрмек əлі де болса басым жас-ты.
Бəйгеде ешбір жүйрік ілеспеген,
Күйігі Құлагердің басылмас-ты.

Ақан сері Қорамсаұлы
Құлагер, сені ұзақ міне алмадым,
Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.
Өлді деп Құлагерді естігенде,

Ой, ойлап орнымнан тұра алмадым.
Бағаңа ділдə беріп алдым сатып,
Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.
Бəйгеден жалғыз дара алды келіп,

Жүріп ем бар халықты таңырқатып.
Аузыңа қос ауыздық салып едім,
Сені алып ел шетіне барып едім.
Бəйгеңе сол сапарда, Құлагерім,

Он жылқы, екі жамбы алып едім.
Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,
Кетуші ем сен барыңда елден қия.
Артыңнан тағы шығар бір Аягөз,

Көзімнің шүкір қылдым жасын тия.
Сұрасаң менің атым Ақан серің,
Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім.
Дүниеде оған жетер ат бар ма еді?,

Өлді ғой мен қайтейін, Құлагерім.
Ауылым жер төресі сылқым белде,
Жүруші ем сайран салып жүйткіп төрде.
«Барма өзің, дұшпаның көп» деп еді ғой,

Көрінем қалай ғана үлкендерге?
Ауылым Сырымбеттің жел жағында,
Кездесті ауыр қайғы дер шағымда.

Ақан сері Қорамсаұлы
«Жер шалғай, атсыз бар» деп қақсап еді-ау,
Не дермін Құлагерсіз ел алдында?..
Сенемін ағайынның бірлігіне,

Əр үйдің құт тілеймін түндігіне.
«Мал бітер басы есенге» деген сөз бар,
Өзімнің тəуба қылдым тірлігіме.
Əркімнің Тəңірім берген несібесін,

Дүлдүлді өлтіргендей алдым несін?!
Қас қылған жануарым Құлагерге
Жауызға, бар тілегім, өлім берсін.

Ақан сері Қорамсаұлы

КӨКЖЕНДЕТ

Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.
Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған
Құс қайда Көкжендеттей қыран шəулі?!

Көкжендет, шалғың ұзын, мойның қысқа,
Қайырып салушы едім ұшқан құсқа.
Айрылып Көкжендеттен қалғаннан соң,
Осы əнге шырқап салдым мына тұста.

Көкжендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп,
Шабытқа таңертеңгі қоя бер деп,
Ертеден қара кешке салғанымда,
Көкбестім жүре алмайтын көзі терлеп.

Шуылдай сұқсыр үйрек ұшар кешке,
Көкжендетім түседі сонда еске.
Қарасам оң қолымда Көкжендет жоқ,
Жүгірдім сасқанымнан қозы көшке.

Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа əшекейлеп тұмар тағып.
Қарасам жан-жағыма Көкжендет жоқ,
Айрылдым қапияда сенен нағып?!

Ақан сері Қорамсаұлы

МАЙДАҚОҢЫР

Жігіттің падишасы Əмір-Темір,
Бозбала, əнге салсаң қайғың кемір.
Кешегі бес болыстың кеңесінде
Шығарған Ақан сері Майдақоңыр.

Сұлу ат, жақсы əйел – ер қайрағы,
Жігіттің болып өстім боз тайлағы.
Қағаз шай, ащы насыбай – ер арқасы,
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.

Ақан сері Қорамсаұлы

МАҢМАҢГЕР

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Жүйрік жоқ сенен озған құнан, тайда.
Жүрісің желмаядай, жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Қайырмасы:
Ақау, жігіт ері,
Дерсің мені,
Деп салған

Маңмаңгерге
Ақан сері.
Маңмаңгер, əн қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме?

Сыдыртып Маңмаңгермен келе жатып,
Осындай əн құйылып түсті есіме.
Қайырмасы.
Ақау, жігіт ері,

Дерсің мені,
Деп салған
Маңмаңгерге
Ақан сері.

Ақан сері Қорамсаұлы

ƏЙКӨК

Сырымбет биік адыр, қатар кезең,
Жарысып таудан құлап аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көкорай қайың мен тал, бəрі де əсем.

Мөп-мөлдір сынапқа ұсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал, егінге жай,
Шырайлы əдемі көл күлім қаққан.

Ақан сері Қорамсаұлы

АЛАЙКӨК

Дария ағып жатқан суда сын жоқ,
Жануар өлдім деген малда тіл жоқ.
Құрбылар, тіршілікте ойна да күл,
Бұл дəурен екі айналып келмегі жоқ.

Қайырмасы:
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,
Кеткенде ауылың шалғай,

Уа шіркін, қалдым жүдеп.
Салғанда қара өлеңге тілім майда,
Тілімнің майдасынан көрем пайда.
Əрдайым мəдет берсе тіл-жағыма,

Салайын түрлендіріп осындайда.
Қайырмасы:
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,

Кеткенде ауылың шалғай,
Уа шіркін, қалдым жүдеп.
Ұшып жүрген əуеде қара шыбын,
Қолдан шыққан нəрсенің бəрі шығын.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым.

Ақан сері Қорамсаұлы
Қайырмасы.
Ақ-қау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,

Кеткенде ауылың шалғай,
Уа шіркін, қалдым жүдеп.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЛƏЙЛІМ

Есен-аман жүрмісің, Лəйлім шырақ,
Жаңа таптым ауылыңды көптен сұрап.
Жел тимесе, жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.

Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.

Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені əуреледің,
Болмаған соң əуелде баста еркің?!

Ақан сері Қорамсаұлы

НƏЗІКГҮЛ

Нəзікгүл, дертке дауа айтқанда атың,
Жаралған перизатым, асыл затым.
Əр түрлі қылықтарың ойға түссе,
Жиылған бар денеме қасіретің.

Қарағым, етің аппақ аялаған,
Қаршыға өзен суды жағалаған.
Тауындай Баянауыл мұнарланған,
Жүз жылқы көлеңкеңді саялаған.

Келмейді қара шашың тарақтауға,
Көнбейді бала бүркіт балақтауға.
Дарияның ортасында сіз – бəйтерек,
Біз келдік бұтағыңа қонақтауға.

Ақан сері Қорамсаұлы

ГАУҺАР-ЖАҚҰТ

Енжілдің жаспенен жел қалпындасың,
Халықтың ертегілі тарпындасың.
Бұл сөздің уақиғасын адам білмес,
Мағынаң Биданпаның шарқындасың.

Бір жерден сізді қоштап қалам шықса,
Ғашығың ақ иықтай саңқылдасын.
Шабытын ақсұңқардың сырттан естіп,
Қоңыр қаз айдындағы қаңқылдасын.

Ақ түлкі шыңнан қашқан сен болғанда,
Төскейде ақ иықтай аңқылдасын.
Пенде боп қорғалаған күнің қараң,
Зайыр боп қарға-құзғын қарқылдасын.

Қосылса екі асыл зат жарасады,
Қосылып гауһар-жақұт жарқылдасын...

Ақан сері Қорамсаұлы

РАЙХАН ГҮЛ

Ақ көйлек, қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер, нəзік таңдай.
Халіңнен, қасіретіңнен берші хабар,
Жолыңа сарп етемін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау, құрбым-ай,
Қыздар гүл-гүл-ай.
Лағыл шаш жазғы таңда-ай,

Райхан гүл-ай.
Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,

Жалын боп жарым үшін жүрмін күйіп.
Қайырмасы.
Ахау, құрдас-ай,
Біз бір мұңдас-ай.

Жерлерге көк майсасыз
Бір күн қонбас-ай.

Ақан сері Қорамсаұлы

ҚАРА НАР

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Бірге өскен кішкентайдан сəулем едің,
Не болар енді күнім сен кеткен соң?

Кілтін бір алтын сандық ашқым келді,
Көңілді қапаланған басқым келді.
Басында биік шыңның тұрсаң-дағы,
Үстінен сол қияның асқым келді.

Ар жағы Қап тауының иран бағы,
Жігіттің дəл жиырма бес деген шағы.
Бағаңа жан жетпейтін, асыл еркем,
Дəрежең жұлдызбен тең аспандағы.

Түлкінің қалың тоғай іні болар,
Жаманның тал бойында міні болар.
Басыңды шардан шарға соқсаң-дағы,
Бір кесел осындайдың күні болар.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЕКІ ТОРЫ АТ

Пар жектім екі торы сүмеңдетіп,
Жеріне уағда еткен келдім жетіп.
Уағда өткен айдың басында еді,
Кетіпті содан бері күндер өтіп.

Алайын əсем əнге басып-басып,
Есілдей ұзын аққан жүрмін тасып.
Көңілім қалқатаймен көптен тату,
Іс қылар қандай жігіт менен асып?!

Ұшады бозша торғай аспанменен,
Бұйрықсыз жан шыға ма сасқанменен?!
Кісіге кісі жары жар бола ма,
Бауырына тартып қанша басқанменен?

Су аспас биік жардан тасқандағы,
Жігіттің жары Құдай сасқандағы.
Бағаңа жан жетпейтін асыл еркем,
Дəрежең жұлдызбен тең аспандағы.

Ақан сері Қорамсаұлы

ҰРҚИЯЖАН

Ұрқия, шашың жібек, қанжар қасың,
Көрінер тамағыңнан ішкен асың.
Жаманға сені қор ғып қия алмаспын,
Тірлікте аман болса ғазиз басым.

Күмістей он саусағың тартқан сымға,
Құрайын тұзағымды тартып жымға.
Құрысын Ақан атым, жете алмасам,
Қор қылсам қапияда сені сұмға.

Айырар асылзада жігіт парқын,
Жүрекке жара салдың, қалқам, алтын.
Махаббат екеумізде қайнаған су,
Ішімді жандырады, сыртым салқын.

Ақан сері Қорамсаұлы

ҚАРА ТОРҒАЙ

Ұшады қара торғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан, қара торғай,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қайырмасы:
Қара торғай,
Ұштың зарлай.
Бишара-ай, шырылдайсың

Жерге қонбай.
Ертістің ар жағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,

Сайрайды таң атқанда қара торғай.
Қайырмасы.
Қара торғай,
Ұштың зарлай.

Бишара-ай, шырылдайсың
Жерге қонбай.

Ақан сері Қорамсаұлы

МАҚПАЛ

Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара.

Үш жүзге атым мəлім Ақан сері,
Келгенім – Мақпал қыздың туған жері.
Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені.

Біз қайтып елге таман бастық қадам,
Сымбатың хатқа сыймас айтса тамам.
Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып қайтпас па едім келсе шамам?

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚСАУСАҚ

Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірə, мұндай.
Қайырмасы:
Ғашықпын, қалқам,

Сырымды айтам.
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай.

Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы Ақсаусақтай.
Қайырмасы:
Ғашықпын, қалқам,

Сырымды айтам.
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай.

Қабылдашы құрбыңның жазған хатын,
Əдейі арнап жолдаған аманатын.
Қайырмасы:
Жалындаған жүректің жастық отын,

Сөндірмеші сүюші махаббатын.
Қайырмасы.

Ақан сері Қорамсаұлы

АЙҒЫН ҚЫЗҒА

Айғынжан, бетің де аппақ, етің де аппақ,
Ауылыңнан шыға алмаймыз айналақтап.
Қойды алдырып, қораны бекітерміз,
Керекті жалғыз түйір жүрген сақтап.

Көз көрмей, құлақ естіп байқаушыдан,
Өтті деп бүгін түнде біреу аттап.
Кім екен түнде жүрген, ол антұрған,
Сескеніп əлдекімнен тайғанақтап.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚТОҚТЫНЫҢ ЗАРЫ

Шошимын шымылдықтың құруынан,
Жеңгемнің маған қарап тұруынан.
Жұртыма мен риза болар едім,
Құтқарса бөктергінің құрығынан.

Қоскөлге құсым салып қиялаймын,
Қолымда көк орамал, биалайым.
Ішімді қайғы оты күйдіреді,
Несіне айтар сөзден ұялайын.

Ақан сері Қорамсаұлы

КЕТКЕНІҢ БЕ, АҚТОҚТЫ?

Айрылдым сенен, сəулем, жылай-жылай,
Не болар енді күнім бұдан былай?
Айрылып, амандасып қалғанымша,
Одан да кəріп жанға өлім оңай.

Кім айтар мақтауыңды мендей қылып,
Тартылған телеграмы сымдай қылып.
Жаманға қор қылғанша қарағымды,
Күшала берсең етті удай қылып.

Қыз қайда енді, сəулем, нағыз-ау жар
Көңілім осы күнде болды нашар.
Қай топқа, қайда барып сияр басым,
Ой қалқа, бір сен едің көңіл ашар.

Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен,
Тар жерде бал беруші ең тіліңменен.
Сарымида басыңды кесіп алып,
Даулассам-шы өмірде құныңменен.

Дарияның қайраңындай, қалқа бала,
Зарланып əн шырқадым үнімменен.
Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Малға жай Жеке көлдей су бар ма екен.

Селт етіп оң қабағым көтерілді,
Көңілімді қалқам келіп аулар ма екен?

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚТОҚТЫҒА АЙТҚАН АУЖАРЫ

Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныменен, жар-жар,
Талай мейіз беруші ең тіліңменен, жар-жар!
Алысқан қол бар еді, айтысқан серт, жар-жар,
Ант етіп ең айрылмас денеңменен, жар-жар.

Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныменен, жар-жар,
Алтын сапы асындым қыныменен, жар-жар .
Ғашық болған көңілім, асылзада, жар-жар,
Жатсам ұйқым келмейді түніменен, жар-жар.

Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныңменен, жар-жар,
Талай жауап айтушы ең сырыңменен, жар-жар.
Асып туған құрбыңнан, тоты құсым, жар-жар,
Əн шырқайын азырақ үнімменен, жар-жар.

Дін мұсылман естіген Қорылғайын, жар-жар,
Қытай, шүршіт, қалипа, үрімменен, жар-жар.
Таңмен қайтқан жұлдыздай дəуірің аз, жар-жар,
Өте шықты дəрежең дүрілдеген, жар-жар.

Тəңірі бұйрық қылмады, шара нешік, жар-жар,
Бұ дүниеде пенде жоқ сүрінбеген, жар-жар.
Ақ қайраңы мұхиттың сықылданып, жар-жар,
Біздің қармақ бұйрықсыз ілінбеген, жар-жар.

Таң мезгілде шығушы ең шұбалаңдап, жар-жар,
Жарық қылып дүниені нұрыңменен, жар-жар.
Бағы иран гүліндей түрленуші ең, жар-жар,
Қара көзге көрініп түріңменен, жар-жар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Заманында үш тоты атанып ең, жар-жар,
Тым болмаса жүрмедім біріңменен, жар-жар.
Көптен жалғыз барасың аздай болып, жар-жар,

Жылағаның батады наздай болып, жар-жар.
Құрбың үшін жылаған замандасым, жар-жар,
Сан тобынан адасқан қаздай болып, жар-жар.
Қасың қара қаламның сиясынан, жар-жар,

Қолың нəзік таулардың миясынан, жар-жар-ай!
Көгілдірі аққудың сықылданып, жар-жар,
Қайтқан құстай боздайсың ұясынан, жар-жар-ай!
Жібек шəлі басыңа ораушы едің, жар-жар,

Жұпар құйып, шашыңды тараушы едің, жар-жар.
Барқыт бешпет, көйлегің материя, жар-жар,
Оқаменен əр сайын қынаушы едің, жар-жар!
Өз үйіңе патсадай қарындасым, жар-жар,

Шəһизада басыңды балаушы едім, жар-жар!
Күміс тұрман, алтынды ер, боз жорғамен, жар-жар,
Қырық ауылды көшіңді жанаушы едім, жар-жар.
Лағыл сырға құлаққа ілуші едің, жар-жар,

Барлық қыздың туындай асыл еркем, жар-жар.
Тамашаға сайрандап жүруші едің, жар-жар,
Жүруші едің құлаққа інжу тағып, жар-жар.
Тамашаңа барушы ем күнде бағып, жар-жар,

Торғын мəнер, шимайлы орамалың, жар-жар.
Қарақаттай көзіңнен жастар ағып, жар-жар,
Көңілдіге тұс болмай асыл зада, жар-жар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Көндігесің жаманға енді нағып, жар-жар,
Күміс тұрман салушы ең мініп жорға, жар-жар!
Гəуһар кəмəр беліңді буған шақта, жар-жар,

Ұқсаймын деп ойлаушы ең Ғайн қорға, жар-жар.
Өз үйіңе патсадай замандасым, жар-жар,
Ақ сұңқар құс сықылды түскен торға, жар-жар!
Бəрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа, жар-жар,

Бұрама шоқ шекеңе таққаныңа, жар-жар!
Бұдан артық құдайдан не сұрайсың, жар-жар,
Қорқау қасқыр түсіпті қақпаныңа, жар-жар!

Ақан сері Қорамсаұлы

ҰРҚИЯҒА АЙТҚАН АУЖАРЫ

Аққу кетіп, көлдердің қазы қалды, жар-жар-ай,
Қысы кетіп, мешіннің жазы қалды, жар-жар-ай.
Біраз назым тотыға айтпай болмас,
Көбі кетіп, дəуреннің азы қалды, жар-жар-ай.

Түйін болып көңіліме кетеді ғой, жар-жар-ай,
Бір айтатын асылдың назы қалды, жар-жар-ай.
Кеше туған жас қызды шалдар алды, жар-жар-ай,
Қолғанатын он төрттен кеші қалды, жар-жар-ай.

Толғанатын оларда несі қалды, жар-жар-ай.
Ғашықтықтың қыйсабы асып еді,
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай.
Қалам алған бұлбұлың біз бір қия, жар-жар-ай.

Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай.
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай,
Мəликедей ақ жарқын жан едіңіз, жар-жар-ай,
Кетемісің осыныммен Ұрқия, жар-жар-ай,

Бұл жалғанда елімнен кетпес деуші ем, жар-жар-ай,
Енді құрбым, есен бол, уа, дариға, жар-жар-ай.
Жібектей оратылған қолаң шашың, жар-жар-ай,
Қиылған қандай сұлу екі қасың, жар-жар-ай.

Лəззат пен сұлу көркем бəрі бірдей,
Қай затқа бағаланар сенің басың, жар-жар-ай,
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай,
Машинамен қандай қып шырға тартқан,

жар-жар-ай.

Ақан сері Қорамсаұлы
Көп қыздардың ішінде тоты дана, жар-жар-ай,
Қия жүзі асылдың қорға тартқан, жар-жар-ай.
Ақмаңдай, қарақат көз, сүйген сəулем,

Секілді нəзік белің сымға тартқан, жар-жар-ай.
Көлбеңдеп дəл алдымнан өткенің бе,
Бағалы жүйрік аттай сыйға тартқан, жар-жар-ай.
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай,

Білесің жазылғанын қандай қаттан, жар-жар-ай.

Ақан сері Қорамсаұлы

АУЖАР-АЙ

Мен сері домбырамды қолға алайын,
Тап басып қырғауылдай жорғалайын, жар-жар-ай.
Тойыңа бұлбұлдайын кез келген соң,
Азырақ ағызайын тілдің майын...

Жылтырап екі көзің шоқтай болып,
Жылағаның батып тұр оттай болып.
Елің үшің еңіреген қарындасым,
Сан тобынан айырылған лақтай болып.

Құс ұшады өзінің ұясынан,
Жартастың жарып салған қиясынан, жар-жар-ай.
Аққудың көгілдірі секілденіп,
Қайтқан қаздай боздайсың ұясынан.

Қыздар мұңлық айырылған құрдасынан,
Əзіл айтып, тең өскен құрбысынан.
Бос қалғанға ұқсайды алтын бегі
Күміс құйрық, қара көз жорғасынан.

Кім көтерер назаңды баяғыдай,
Қор боларсың көңілің соған тынбай.
Құлын-тайдай еркелеп жүрген басың,
Іздесең де дəурен жоқ бұрынғыдай.

Тізген меруерт секілді отыз тісің,
Оңға бассын, шырағым, əрбір ісің, жар-жар-ай.
Күзгі күнгі аққудай қанат қомдап,
Мекеніңе ұшуға отырмысың?

Ақан сері Қорамсаұлы
Жарасар келбетіңе сүмбіл шашың,
Қиылған сымдай болып екі қасың.
Сарының малы түгіл басы жетпес,

Сексен қол, қырық кəнизак сенің бесің,

жар-жар-ай!
Уһ дегенде бойымды дуалады,
Бұқарды – су, Қиуаны – құм алады.
Құры кетіп, Қоскөлдің қазы қалды,

Қысы кетіп, мешіннің жазы қалды,
Көбі кетіп дəуреннің азы қалды.
Біраз назым қалқаға айтпай болмас,
Айтатұғын асылдың назы қалды.

Ауылыңа сен кеткен соң кім барады,
Ертай мен Ысмағұлдай тазы қалды, жар-жар-ай.

Ақан сері Қорамсаұлы

ШӨБЕКТІҢ БІР ҰЗАТҚАН ҚЫЗЫНА

АЙТҚАН АУЖАРЫ

Риясыз ойдан шығар сөз дегенің,
Ойым жоқ тойдан бөлек өзге менің.
«Баста!» деп осы аужарды халық ұнатып,
Япырмай, бола қалды өз дегенім.

«Адам басы – Алланың добы» деген,
Айдаса қайда апармайд зор дегенің.
Бес-он күн туған үйге түнеп көшкен,
Ойласаң аз күн мейман қыз дегенің.

Бала едің халық ішінде көңілің ауыр,
Ұнамды, халық біледі аса тəуір.
Бұл сөзге ақылың болса түсінерсің,
Келмейді екі айналып өткен дəуір.

Дүниенің біл, қарағым, өтерін-ай,
Аяңдап жылдан жылға жетерін-ай.
Атаңыз халықты жинап той қылған соң,
Бұл елден тұз-нəсібің көтерілді-ай.

Атаңыз халықты жинап той еткен соң,
Қыз бала қайтып келмес бір кеткен соң.
Шіркін-ай, көңілін бұзып қайғырады-ау,
Бұл елден бөтен елге жөнелткен соң.

Əзелден ұзатылмақ болған мирас,
Қалай мұндай болғанын Ақтан сұрас.
Қолынан ата-анаңның өскенменен,
Жат жұрттық əйел бала деген рас.

Ақан сері Қорамсаұлы
Қолынан ата-анаңның айырыларсың,
Жылаумен екі көзің жаудырарсың.
Тікенсіз гүл, садапсыз дүр1 болмайды,

Ойлаумен ақыл иін қандырарсың.
Қарағым, тыңласаңыз ағаң сырын,
Бұл сырды анаң көрген сізден бұрын.
Оң жақта бұлаңдаған жас бала едің,

Ақ тамақ, үлпілдеген бота бұрым.
Келін боп бөтен елге барғаннан соң,
Жалғыз-ақ ас ішерің иттен бұрын.
Болады сонда қалай ахуалың,

Қайғымен отырарсың көңіл жарым.
Бұрынғы оң жақтағы дəурен қайда,
Болмайды өз басыңда ықтиярың.
Болғанда сөзің – гəуһар, тілің – шарап,

Құрбыңа қатарыңда жүрдің жарап.
Болсаң да қанша əулие бір кеткен соң,
Есіктен отырарсың төрге қарап.
Бұл сізге сөзім еді жармасқан-ақ,

Біз қалдық ойыныңа бармастан-ақ.
Сұрар деп тойдан мүше, ойыннан жол,
Ат ізін кеттің бізге салмастан-ақ.
Болмады ойыныңыз бізге нəсіп,

Баһым қыл, ишарат сөз айттым қасып.
1 Садапсіз дүр /а/ – ұлусыз меруерт

Ақан сері Қорамсаұлы
Бас қосып, мəжілісте отырмас па ек,
Сықылды балға малған алтын қасық.
Танысып ана ауылға келдің-дағы,

Жылт етіп, бір көрініп, кеттің қашып.
Бойыңа лайықты болса осының,
Қараңды көріп қалдым шамаласып.
Ықтияр өз басында тұрған кез ед,

Тұсалдың, жүре алмассың аяқ басып.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЕРМАҒАМБЕТ БОЛЫСТЫҢ ҮЙІНДЕ

ҚЫЗОЙНАҚТА ҚЫЗДАРҒА АЙТҚАНЫ

Ойласаң аз ғана күн дүние-жалған,
Адамды жуықтатар берген-алған.
Оң жақта бұлғаңдап өс, мырза қыздар,
Ұялып қорғалама кемпір-шалдан.

Кемпір-шал қыз-бозбала болып өскен,
Жастықта көрген қызық кетпейді естен.
Оң жақта бос кезіңде шарықтап қал,
Кезінде тырп етпессің, кесең түскен.

Бұл күнде сіздей жанды қай жан алған,
Жалғыз мен құрметіңді көрмей қанған.
Қолынан қой жарысы келмейтұғын,
Жамандар бағасы кем құмарланған.

Бас қосып мəжілісте біз отырмыз,
Сықылды алтын қасық балға малған.
Басқаға лайықсыз жайнар нұрың,
Шарапсыз мыңнан таңдап бізге тамған.

Ғашықлық біз шығарған мирас емес,
Жүсіп пен Зылихадан үлгі қалған.
Ізденіп Баһарам да Күлəндамды,
Бейнетпен ақырында іздеп алған.

Бұлардың зар тартқаны Лəйлі-Мəжнүн,
Ізденіп ақырында қайда болған?
Бозжігіт-Сақыпжамал жас өндірлер,
Ат саздап жүре алмаған аққан қаннан.

Ақан сері Қорамсаұлы
Көп жапа, Шырынды іздеп, тартты Пархат,
Зарлатып, қоспай жапа берді жалған.
Зұһра-Таһирменен жаста кетіп,

Заманда піспей орған шөптей солған.
Ақыры Қозы Көрпеш-Баяндай боп,
Көзінің аққан жасы көл боп тамған.
Жүре бер тіл алмасаң барлығың да,

Кездесер ақырында бір бұйырған.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЖАМАЛ ҚЫЗҒА

Қыздарды мен қайтейін қылаң-сылаң,
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?!
Бірге өскен кішкентайдан қимас сəулем,
Басы жұм, ортасы мем, аяғы лəм.

Жамалжан, етің аппақ, мақтадайсың,
Əр уақыт мені есіңе сақтағайсың.
Тұсынан ауылыңның əн саламын,
Сол кезде шырт ұйқыда жатпағайсың!

Ақан сері Қорамсаұлы

ҚАЛҚА БАЛА

Шығушы ең кеш болғанда көлденеңдеп,
Жеріңе уəде айтқан қолың сермеп.
Кешігіп көп айналып қалды ма деп,
Келемін өзен сумен томарды өрлеп.

Жеріңе уағда еткен жетіп, қалқа,
Мойныңа қолымды арттым тілің бер деп.
Көлбеңдеп көрінгенге тұра берсең,
Кетпей ме айдалаға есіл еңбек?!

Келгенде қыз он беске қызыл түлкі,
Шақырар бозбаланы келсең кел деп.

Ақан сері Қорамсаұлы

СЫРЫМБЕТ

Ауылың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қалқа бала,
Бөктергіге жем болып барасың да...

Ауылың қонған Сырымбет жел жағына,
Артық туған бала едің ел бағына.
Лашын құсқа лайық қалқа бала,
Бөктергінің іліндің тырнағына.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған
Бешпетіңді бер, қалқа, түймесімен.

Ақан сері Қорамсаұлы

ПЕРИЗАТ

Ғизатлу жаздым сəлем перизатқа,
Қимаймын сені, қалқам, басқа жатқа.
Аршын төс, алма мойын, ей, перизат,
Оқыңыз зейін салып осы хатқа.

Перизат, хат жазамын саған қастап,
Қолыма қара сия, қалам ұстап.
Мойныңда жібек арқан сөзім болсын,
Жүрмеңіз сол арқанды шешіп тастап.

Ақан сері Қорамсаұлы

БАЛҚАДИША

Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нəзік тал, Қадиша.
Жиналған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан Қадиша.

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боларсың қандай жанға жар, Қадиша.

Баласы Ыбекеңнің, бал Қадиша,
Есілді өрлей біткен тал, Қадиша.
Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,
Рұқсат бізден сізге, бар, Қадиша!

Ақан сері Қорамсаұлы

ШЫРМАУЫҚ

Шырмауық шығарында бас тартады,
Біздің ел ерте жайлап, кеш қайтады.
Ел қайтқан жайлауынан құла дүздей,
Көңілімді ұқпай қойды қалқам-дағы.

Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,
Шырмап алған.

Үйректің атқызбайды қасқалдағы,
Шебердің былқылдайды бас бармағы.
Бұл күнде ағаң болдым төр алдында,
Бір кезде Ақан едім аспандағы.

Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,
Шырмап алған.

Дүние қызыл-жасыл кімді алдадың,
Сен берген ризықтан құр қалмадым.
Дəуренді мендей сүрген кім бар екен,
Сонда да қызығыңа бір қанбадым.

Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,
Шырмап алған.

Ақан сері Қорамсаұлы

ƏУДЕМ ЖЕР

Əудем жер жүре алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім,
Кəрілік келіп қалды қай жағымнан?..

Қайырмасы:
Сəулем-а-а-ай, уаһ-а-һау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан?

Қал-ла-ли-ла-ау,
Қалала, лалалу-ей, еһейə ей-ей-ау.
Əудем жер жүре алмаймын белім ұйып,
Кім тілер кəрілікті жанын қиып?

Тиынды біреу берген олжа көріп,
Жүремін жас кісідей дүние жиып.
Қайырмасы.
Сəулем-а-а-ай, уаһ-а-һау,

Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан?
Қал-ла-ли-ла-ау,
Қалала, лалалу-ей, еһейə ей-ей-ау.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАННЫҢ БЕЛГІСІЗ БІР ҚЫЗҒА

АЙТҚАН ӨЛЕҢІ

Қыз ілгек жібек қамзол түймесіндей,
Нəзік бел миуа ағаштың жемісіндей.
Ақылды, алғыр мінез, алтын кеуде,
Əзілге полный хоттың күймесіндей.

Жігітке өзі тиген қыздар да көп,
Түйенің арық қотыр шүйдесіндей.
Қыз – түлкі, жігіт – қазған ор емес пе,
Құрулы қызға жігіт тор емес пе?!

Бозбала – алмас қылыш, қыздар – қынап,
Миясар бір-бірінің қолы емес пе?!
Тең табу жас өмірдің жолы емес пе,
Бас байлау қызығыңның соры емес пе?!

Сұлу қыз теңін таппай кемге барса,
Бақытсыз адамзаттың қоры емес пе?!

Ақан сері Қорамсаұлы

ЕРКЕМ

Мен қайтермін, ой, еркем, сен кеткен соң,
Құлазиды кең жайлау ел кеткен соң.
Он жетіңе мен келдім осынау елге,
Айтып-айтпай немене іс өткен соң.

Жастық күні, ой еркем, түседі еске,
Жез бұйдалы кер тайлақ ерер көшке.
Ата-ананың жолынан кім аттаған,
Не десең де көнерсің Хақтық іске.

Ақан сері Қорамсаұлы

СҮЙГЕН ҚАЛҚА

Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің?!

Қалқаның бес мың теңге бір басында,
Восемсот три тысяч сырғасында.
Ақ меруерт, асылзада бекзат қалқам,
Мен сенің жараймын ғой жолдасыңа.

Серінің қолқасы бар бір басыңда,
Күн сəулең елес беріп тұр қасымда.
Өмірің өткіншідей өте шығар,
Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.

Кім кепіл өмір гүлі сынбасына,
Саяда тұрса-дағы, шың басында.
Армансыз жас шағыңда өткізіп қал,
Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.

Ақан сері Қорамсаұлы

«АҚ СƏУЛЕ...»

Ақ сəуле, қоймадың бас бұрмасыма,
Ұйқымды онға бөліп тұрмасыма.
Келешек бақ тəуекел не болады,
Кездестім махаббаттың құрдасына.

Серінің қолқасы бар бір басыңда,
Күн сəулең елес беріп тұр қасымда.
Өмірің өткіншідей өте шығар,
Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.

Кім кепіл өмір гүлі сынбасына,
Саяда тұрса-дағы, шың басында.
Армансыз жас шағыңды қызықтап қал,
Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЖАНАТАЙ ҚАЖЫНЫҢ ҚЫЗЫНА

Аққу құстай сымбаты
Айдынкөлде қалқыған.
Сайраған бұлбұл секілді
Бақыт іздеп талпынған.

Балдай тəтті сөзіңнен,
Қозғалып жүрек алқынған.
Қадірін біл ағаңның,
Кемімеген нарқынан.

Аңғарарсың ықыласпен,
Сөйлеген сөздің салтынан.
Тісің меруерт, тілің бал,
Иісің жұпар аңқыған.

Он саусағың өнерлі
Жұрттың бəрін таң қылған.
Сөйлесең есімді аласың,
Раушан жүзің балқыған.

Хақ жазбаса шарам жоқ,
Сүйгенім сен зар қылған.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ ӨЛЕҢМЕН ҚЫЗ ШЕШЕСІН

АЙНАЛДЫРҒАНЫ

Шөбектің Мəмбетəлісі Ақанды шақырып алып:
«Еркеңнің үйіне ертең аң қағып барып қонамыз, Зағұн
қызға жеңгесі қастау, шешесі тоқал жастау, соған ба-
рып қонғанда, өлеңмен айналдыра беретін өлеңді ой-

лан?» – деп, аң қағып барып, ымыртта жер қар, бұрқасын.
Ақанның өлеңі:
Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа,
Мінген ат қыраулатып танауласа.

Адамы, өзі қызыл арлан түлкі,
Құлпыртып ақ сабаумен сабауласа.
Болғанда биең бедеу, атың қату,
Жігітке лайық па қарап жату.

Жүрген жер ойын-сауық, сəн-салтанат,
Жан бойда тұрған кезде дуылдату.
Қара көк, салыңқы төс, қамыс құлақ,
Қимастай бір құрбыңнан алсаң сұрап.

Нағыз дос, жанқиярдан майын мініп,
Кежімдеп, керуатта жатсаң сұлап.
Бүркітің сонда тұрса саңқ-сұңқ етіп,
Күтілген саятшымен бабы жетіп.

Қанды көз, қайқы тұмсық қарауытып,
Көзіне көрінгенге шап-шап етіп.
Қарғылы арлан тазың сылдыр қағып,
Керіліп, бір сілкінсе дүр-дүр қағып.

Ақан сері Қорамсаұлы
Таңертең аңға шығар мезгіліңді,
Еркелеп келсе жетіп, бұраң қағып.
Сол кезде іздеп келсе аң құмарың,

Осындай бір іс болып ынтызарың.
Бүгілтіп жылқыдағы қату атты,
Азанмен алып келсе малшыларың.
Құсты алып, аңға шықса құсты біреу,

Еріңе күміс балдақ етіп тіреу.
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
Пау, шіркін, шалқытып өт, бұл – бір тілеу!
Тауыңнан қашса түлкі бұлдыр қағып,

Соңынан қуса тазың сылдыр қағып.
Ойдағы қағушының айқайымен,
Шайқалып ұшса қыран бұлтты жарып.
Алғанда бірі бастан, бірі таңнан,

Құтылмас қашқан түлкі құс қыраннан.
Жігіттің бес күн жарым өмірінде,
Пау, шіркін, шалқытып өт, бұл жалғаннан!
Күн бұрқақ, түлкі қақсаң тауды айналып,

Күн батып, қарауытып, көз байланып.
Түлкіні қанжығаға байлап алып,
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Сол мезгіл соқса көңілің қайтуға елге,

Мінген ат қыраулатып, батса терге.
Өлеңшің, домбырашың қасыңда боп,
Кез болсаң қоналқыға бұраң белге.

Ақан сері Қорамсаұлы
Самаурын, ақ шəйнекпен тұрса қайнап,
Құлпырған бір мамыр гүлі көзі жайнап.
Сол күні қыз əкесі үйде жоқ боп,

Отырсаң əзілдесіп, күліп-ойнап.
Шешесі желөкпелеу жастау келсе,
Ол қыздың бір жеңгесі қастау келсе.
Бір жігіт жарықпенен түлкі сойып,

Өлеңмен əзіл сөзін бастай берсе.
Ол жігіт бастай берсе əзіл сөзін,
Төрт қылып мырза отырса екі көзін.
Тиюге қиыстырып жол таба алмай,

Ұнатып қыз да отырса істің тезін.
Шеттегі Алысқорадағы үйден насыбай сұрата жеңгесін
жіберіп, шешесін Ақан сері өлеңмен күлдіріп, айнал-
дырып, есін алып, қызды Мəмбетəлі дербес тигізеді.

Қарқылдап күліп, желөкпе кемпір сезбей қалды.

Ақан сері Қорамсаұлы

РАЗИЯ ДЕГЕН ҚЫЗҒА АЙТҚАНЫ

Слуши, скажу мен жүз бул ния,
Құрбыңнан артық тудың ақылың зия.
Мен сізді екі тілде мақтау үшін,
Келіп ем рашотпен шерле мния.

Əй, құрбым, формыңызды сыйғызайын,
Басы «Ре», ортасы «зи», аяғы «я»,
Үстінде киіп тұрған асыл көйлек,
Бір аршын дест руб матария.

Шай ішкен қолыңдағы асыл кесе,
Болады пары рубли карлания.
Қалқамен бұл сықылды бір түн жатып,
Шіркін-ай, болар ма еді кампания.

Бір киім өзі атлас, кезі он теңге,
Жан батып бара алмайды сіздің шенге.
Сегіз кез сексен сомға баға шыққан,
Айқасар соны шешіп, неткен пенде?

Фаруана ғашық болып, түсер отқа,
Шын ғашық аямайды басын сотқа.
Ғашыққа дүниенің керегі жоқ,
Мал емес, бас байлайды расхотқа.

Кеудеме тиді қайғың атқан оқтай,
Риясыз отыр құрбың сабыр сақтай.
Есімнен айырылатын уақыт болар,
Талықсып, дене мұздап, тамыр соқпай.

Уағдаға қашан опа болар екен?
Болып тұр сырласқалы бір жыл аттай.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЖҮСІП ТӨРЕГЕ

Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,
Дəражаң қара қазақ аяғындай.
Досыңды дұшпан көріп айбаттайсың,
Мінезің əзəзілдің таяғындай.

Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми,
Айдаған мал, үстіңде тігулі үй.
Қиямет таразыны құрған шақта,
Айса, Ермек, Торытай болады би.

Мүңкір, Нəңкір бесеулеп ұрған шақта,
Көтіңнен шығады ғой сонда бір қи.
Майын мінген аттай ғып қайтарарсың,
Күңшенің арқасынан шығармай ши.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАННЫҢ ШОҒЫРМАҚҚА АЙТҚАНЫ

Шоғырмақ, талай жерді бүлдіргенің,
Досты жылатып, дұшманды күлдіргенің.
Түлкідей шыңнан қашқан бұлаңдаушы ең,
Төскейде ақиыққа ілдіргенің.

Шоғырмақ, бұл уақытта келдің қайдан,
Болды ғой саған түсу бір Құдайдан.
Қиянат, зұлымдықты ойлаушы едің,
Енді мен астым ғой деп Атығайдан.

Қолында Əубəкірдің талдан таяқ,
Шоғырмақ, соғып едің аямай-ақ.
Тоғыз жыл болыснай боламын деп,
Семіріп кетіп едің шошқадай-ақ.

Омбыдан кісі келгенде қалдың сасып,
Жөнелдің Қызылжарға қадам басып.
Үйіңе бір мезгілде тоқтай алмай,
Есілдің ар жағына кеттің қашып.

Қашсаң да ер Сұраған қуып жүрген,
Ажалға шыбын жаның жуық жүрген.
Қаныңды қайда барса ішемін деп,
Беліне алмас қылыш буып жүрген.

Баласы Жылгелдінің алтындарым,
Дұшпанға тиіп жүр ғой салқындарың.
Əр жерде Аю батыр шығып жүр ғой,
Кісінің Шоғырмақтай алқымдары.

Ақан сері Қорамсаұлы
Жəрмеңке болатнайда жиын болды,
Сол жерде біразырақ сиың болды.
Ісіңді Абрамобиш тексергенде

Мүн беру жан беруден қиын болды.
Арбасы Əлібектің үрілдеген,
Табаны Шоғырмақтың дірілдеген.
Бетіне Шоғырмақтың қарап тұрсаң,

Екені жанды-жансыз білінбеген.
Қалтаңа қайта-қайта қол салғанда,
Ызнакқа тура қолың ілінбеген.
Ақбұзау болыснай болған шақта,

Андағұл, Ырсай болып күлімдеген.
Кеудеңді жолбарысқа талаттырдың,
Мұрныңды қышаменен қанаттырдың.
Жағасы дүрия қамзол дал-дал қылып,

Қатынына Саполаттың жаматтырдың.
Жаныңда қайда кетті азбандарың,
Секілді шілдің боғы тозғандарың.
Аяғы арыслан боп сынған екен,

Аспанда айға қолы созғандардың.
Бетіне оралмастай перде салып,
Намруд, Шеддат секілді азғандарың.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ

ҚҰЛАГЕР ЖАЙЫНДА АЙТҚАНЫ

Ел еді Баянауыл барған жерім,
Бар еді һəр мүшеңде біткен келім.
Арымас алты ай шапса арғымағым,
Серке сан, қанжар мойын, қурай керім.

Түбінде қарақшының тұрдым тосып,
Бəйгеңді алушы едім талай қосып.
Алдыңғы ат баран емес, қылаң деді,
Сол жерде тұра алмадым бойым шошып.

Құлпырған қара құндыз құйрығың-ай,
Суырылып топтан озған жүйрігім-ай.
Жеріне Ерейменнің алып барған,
Тəңірімнің айналайын бұйрығын-ай.

«Бас есенге мал бітеді» деген сөз бар,
Жанымның қылдым тəуба тірлігін-ай.
Қараймын отқа салып ашутасты,
Не көрмен, əлі де болса басым жас-ты.

Күнінде тоқсан тұлпар мінсем-дағы,
Ашуы Құлагердің басылмас-ты.
Жануар Құлагерім қолдан кетті,
Дұшманның қастығымен қаза жетті.

Өзге жұрт көтермеге аттанғанда,
Алдынан қарсы бармай маған нетті.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Баласы Орта жүздің намыс етті.

Келетін жеке дара жануарым,
Үмітсіз қандай дұшман қағып өтті.
Жүз жылқы, бір қыз болса сенің құның,
Сондай-ақ бір биеден туар құлын.

Мың сом ақша, отыз түйе, екі жамбы,
Алтайдан əпердің ердің құнын.

Ақан сері Қорамсаұлы

ШОНТЫБАЙ ҚАЖЫҒА АЙТҚАНЫ

Қыпшақ елінің білікті адамы Шонтыбай қажылық са-
парынан оралып келгенде, Ақан серінің оны құттықтаған
сөздері. Мұны біреулер Ақан өзі барып ауызша айтты десе,
енді біреулер хат арқылы айтқан дейді. Шонтыбайдың кім

екені, қай жерде мекендегені əзірге анық емес.
Ассалаумағалейкум, хай, қажеке,
Мəдина құтты болсын бардың Мекке.
Қыл көпір сол сираттан өткендей боп,

Сау қайтып есен-аман келдің жеке.
Қажылар опат бопты əрбір елден,
Құдайдан пəрмен екен бұл бір келген.
Сіздерге қалай айтсам жарасады,

Бөлініп сол қырғыннан аман келген.
Келдің бе аман-есен данышпаным,
Дін үшін қайрат қылған арысланым.
Көзбен көріп пайғамбардың раузасын,

Төрт жармен құтты болсын табысқаның.
Мəдина мунаууара бардыңыз ба,
Жайларды харам-шараф көрдіңіз ба?
Пайғамбар раузасына зиярат қып,

Есіктен баба ислам ендіңіз ба?!
Келдіңіз сондай абзал жайға барып,
Тілектес болып жатқан біз бір ғаріп.
Көз көріп, қолмен ұстап қадам басып,

Сонан соң айналдыңыз рауза шəріп.

Ақан сері Қорамсаұлы
Бір жатқан Əбу Бəкір, хазірет Омар,
Тарқайды бəрін көрсе көзден құмар.
Келетін сол Жебірейіл қадам жайлар,

Сайрап тұр көңіліңізде айтсам солар.
Аралап кезіп келдің дүние жүзін,
Ұнатып қостаған соң Құдай сөзін.
Зиярат еткеніңіз құтты болсын,

Фатима пайғамбардың сүйер қызын.
Мекке мен Мəдинаның бəрі араб,
Баршасын көріп келдің қылып тауап.
Сол жерде асхабларға қылдың дұға,

Жүзленіп Əли хазірет қарсы қарап.
Мекке мен Мəдинаға қондыңыз ғой,
Нұрланып сол жайларда толдыңыз ғой.
Жұма күн зиярат қып біткеннен соң,

Жəннатул бақияда болдыңыз ғой.
Ибраһим пайғамбардың жалғыз ұғлы,
Сахаба жеті мəшһүр кетті тұғры.
Басында дұға қылып отырдыңыз,

Имамға имам мəлік болып тұғры.
Тұз айдап барады екен дəмі тартқан,
Бара алмай не бітірді мұнда жатқан.
Рухы пайғамбардың мұтаһарат,

Өзі бір күмбезбенен алтындатқан.
Бар дейді жəне сонда Ғайша анамыз,
Көре алмай сол жайларды көп санамыз.

Ақан сері Қорамсаұлы
Сіз бір шам жанып тұрған ішімізде,
Айналып біз бір келген пəруанамыз.
Болды ма сізге басшы дəлел онда,

Көп шығар ішіңізде жетік молла.
Зейнеп пен һəм Рақия, Һуммугүлсім,
Қызлары пайғамбардың жатқан сонда.
Басына хазірет Ғайбас барғаныңыз,

Табылған сол жерде ойға алғаныңыз.
Раузасы имам Хасан көзбен көріп,
Қажеке, тарқады ма арманыңыз?!
Мекке мен Мəдинаны араладың,

Жақсыны жамандардан сараладың.
Бəріне сахабаның зиярат қып,
Гүлістан, пақияны араладың.
Саны көп, хисабы жоқ мəсжит көрдің,

Қыдырып соның бəрін, əбден кездің.
Тамамлап Мəдинаны болғаннан соң,
Бет түзеп Ұхит тауға енді жүрдің.
Келтеді Тəңірім қалап біздің үшін,

Мəдина араладың іш пен тысын.
Басшысы хазірет Хамза жетпіс шаһит,
Көрдіңіз пайғамбардың жалғыз тісін.
Зиярат қылдың бəрін болсын қабыл,

Жерлерге аяқ бастың жетпейтін қол.

Ақан сері Қорамсаұлы
Жүруге енді Мекке жабдықтанып,
Қуанып мұнан шығып түзедің жол.
Қағазға жаза берсем кетер симай,

Көзіңнің ағызғанда жасын тыймай.
Артыңда сол бір нəрсе қалғандай боп,
Жөнелдің пайғамбарды ішің қимай.
Бір түйеге қажылар екеу ара,

Мінуге көлік жоқ боп жеке дара.
Өңің мен түсіңдей боп қала берді,
Мəдина рауза шəріп, бес мұнара.
Жолсыз шөл, жапан кезіп таудан астың,

Артыңа бұл жалғанды тастап қаштың.
Арманың ойыңа алған бала жастан,
Байтулла, қағбада боп араластың.
Түйесін бəдəуилер жаяу айдап,

Бойыңа ехрам кидің, сəлле байлап.
Жамыратқан қозыдай боп улап-шулап,
Жөнелдің лəббакайлап, иə құдайлап.
Бұл жалған пəни сонда шықты есіңнен,

Көп рахат, қызық көрдің сол күшіңнен.
Шарапат сіздерден біз үміткерміз,
Сау қайтып, есен-аман келісіңнен.
Басқаны қажы есіңнен қылдың харам,

Шарттарын Құран айтқан істеп тамам.
Бет түзеп Байтуллаға жүргеніңде,
Жөнелдік құстай ұшып көкке таман.

Ақан сері Қорамсаұлы
Өлімге бердің басты ыңғайланып,
Ақырет жабдығын жеп, соны ойланып.
Ия Ғафур, ия Рахман деген Алла,

Жүгірдің Байтулланы жеті айналып.
Байтулла қара жабу төрт бұрышты,
Көргенде Байтулланы көңілің өсті.
Есіңнен мал, жан шығып кетіп еді-ау,

Дариядан бері өткен соң, сонда түсті.
Айналдың Байтулланы көбелектей,
Қарамай жолдағыны баса көктей.
Қажеке, əлі күнге армандасыз,

Келдіңіз сонда жаның шығып кетпей.
Мойныңды ұсынған соң бердің Хаққа,
Болмаған қайтуға ойың сол боп жақта.
Келтірді сізді мұнда Тəңірім айдап,

Жүзіңді көрсетуге біздің баққа.
Тірідей сонда үстіңе кебін кидің,
Желге төгіп, жалаңаш күнге күйдің.
Ғайбаттан қиянаттан түгел көшіп,

Қол созып, хажыра суат тастан сүйдің.
Қажеке, қабыл болсын бұл қылғаның,
Бұйырған бұл сөзіңе адал малың.
Күнəні ішкі, тысқы кетіруге,

Суына зəмзəм шəріп шомылғаның.
Бақытына ел-жұртыңның аман келдің,
Шарапат дұға тиіп, өлмей жүрдің.

Ақан сері Қорамсаұлы
Өзіңді ғазап уаракку һəм,
Уараккун-хатте арасында аттай желдің.
Сағындық сыртыңыздан сізді жоқтап,

Əкелген бақытымызға Құдай сақтап.
Тұрғанда сол ғаршының саясында,
Өзі пəни ямалында тұрдың тоқтап.
Көрмеген біз білмейміз жер шамасы,

Қармансаң қолың ұзын, мол табасың.
Қажеке, айналайын қолыңыздан,
Қағбаның құшақтаған босағасын.
Шақырған сізді сонда Тəңірім қалап,

Бас қосып жүрдіңіздер өңшең манап.
Құдая, күнəһымды кеше көр деп,
Қол жайып сол жайларда қылдың тəуап.
Бастаған құдай оңдап бұл ісіңді,

Ұнатқан дос пен дұспан жұмысыңды.
Тіледік мұндай шариф жайда жүріп,
Ағайын халық туған-туысыңды.
Тағы да тірі болсаң барасың ба,

Есіңе сонда бізді аласың ба?
Меллайын, ехзирайын зиярат қып,
Жүгірдің Мəруа, Сапа арасында.
Бардыңыз түйе мініп Арафатқа,

Жүрмейді ешкім мініп ол жерде атқа.
Бесін мен намаздыгер қосып оқып,
Үйдің ондағы көп жамиғатқа.

Ақан сері Қорамсаұлы
Айт күні оныншы күн құрбан айда,
Байлықтан хаж бармаған көрмес пайда.
Оқыдың таң намазын сарғайтпастан,

Машһүрүк харам деген абзал жайда.
Қонақтап сол жайларда жатқаныңыз,
Жалғанды ақыретке сатқаныңыз.
Қажеке, қабыл болсын бастан-аяқ,

Шайтанға жетпіс тасты атқаныңыз.
Күн шықпай Мина барып даярландың,
Бір-бір қой қажы басы сатып алдың.
Ағызып таудан қанын сарқыратып,

Құдайға жанын қиып құрбан шалдың.
Мойныңнан парыз, уəжіп түсіп қалған,
Есіңнен сонда кетті пəни жалған.
Тастарды жалаңаяқ басып жүрдің,

Үстіне тастаған ет пісіп қалған.
Адамзат қайдан білсін көрмей оны,
Бола алса сіздей болып жұрттың бəрі.
Анамыз жатқан жайы Хадишаның

Көрдіңіз сол жаннатул мұғаланы.
Сахаба онда жатқан əулие көп,
Шаһиттың онда жатқан хисабы жоқ.
Дін үшін əр тараптан барып өлген,

Жетпейді хисап қылсаң жердегі шөп.
Тілеген тілегіңді берді Құдай,
Күнəдан əбден пəк боп болдың, жүдə-ай.

Ақан сері Қорамсаұлы
Жарылып қуанышпен жүрегіңіз,
Болды деп дұғаң қабыл етіп нудай.
Жиналған Арафатқа көпті көрдің,

Күн бата Мұзталапа тауға келдің.
Қалмайтын бір зəрредей бойда күнə,
Жерлерге қасиетті енді келдің.
Пайғамбар сонда тұрып дұға қылған,

Сақта деп үммəтымды ғазабыңнан.
Күнəсін үммəтіңнің ғапу ет деп,
Құдайға жанын қиып құрбан қылған.
Құдайдан сол уақытта уахи жеткен,

Кешірдім үммəтіңді күнə еткен.
Нахақтан кісі өлтірген кешілмейді,
Зорлап алып кісі ақысын ренжіткен.
Құдая, көп түйінді өзің шештің,

Жылаймын қадір Алла өзің күштің.
Бар ауыр екі күнə кешілмесе,
Кешкенде үммəтімнің несін кештің?
Сол күні хақ пайғамбар жатқан жылап,

Күнəсін үммəтінің хақтан сұрап.
Наз қылып, досы еркелеп жылаған соң,
Енғам ғып тұра алмады Тəңірім шыдап.
Ей, достым, көп түйінді шештім дейді,

Куə боп періштелер естің дейді.
Дұға оқып Арафатта тұрғандарың,
Бар болса қанша күнə кештім дейді.

Ақан сері Қорамсаұлы
Хаж барар пайғамбардың жолын қуған,
Махшарда ол үммəті жасыл тудан.
Күнəдан тазарады пəндам дейді,

Баладай анасынан жаңа туған.
Бізге айтқан хақ пайғамбар Құдай сөзін,
Жаратқан абзал етіп Тəңірім өзін.
Сол жайда аяғыңмен басып келген,

Қажының көзге сүрме қылсақ ізін.
Көресің іздеп Мəкка сол барғаның,
Баянсыз əлі-ақ өтер бұл жалғаның.
Сол жайды аяғыңмен басып келген,

Қажеке, сіздердің де бар ма арманың?!
Ол бір тау шықтыңыз ба Хұбайысқа,
Айтыңыз көрген күнді біз байғұсқа.
Жете алмай арманда боп жүрген жанбыз,

Айрылып хазірет Науан қолым қысқа.
Көрдіңіз Мұхамметтің туған жерін,
Тазалап жуып келдің көңіл кірін.
Дəлелдер басшы болып көрсетті ма,

Зиярат етуіңе еркін күнің.
Сөйлескен Мұса хаққа тауы да тұр,
Тартады қиямет күні Есрапыл сор.
Баршасын сіз келдіңіз тамам айлап,

Ақыры зияраттың жаббалы нұр.
Дəлелдер басқыш болып оңыңызда,
Бірге еріп періштелер соңыңызда.

Ақан сері Қорамсаұлы
Əулие Шайхы Махмұт зияратын,
Бастыңыз кіре бере жолыңызда.
Бар шығар көңіліңізде бұл арасы,

Көп таудың Мəкка шаһар сол дарасы.
Елестеп көз алдыңа тұрған шығар,
Қырық есік, соның жеті мұнарасы.
Бұл жолда аш-арықтар сізді жақтар,

Шарапат дұға тиіп, құдай сақтар.
Сауабы өзге жылдан артық дейді,
Жəне де болған биыл «Хаж акбар».
Жүйріксіз сағымдайын топтан шыққан,

Көргенде көңіліңнен шайтан бұққан.
Ехласың бір Аллаға жақын болып,
Сіздерден қасиетті баға шыққан.
Ту болдың бұл жалғанда қыпшаққа,

Жасыңнан қойған жансың мойның Хаққа.
Жетелеп алып барып енгізгендей,
Соңыңнан ергендерді сол жұмаққа.
Алтын, күміс оңғақ шығар көрігіңнен,

Жасыңнан дін ісіне жерігіңнен.
Шонтыбай батыр қажы атанып ең,
Айрылып қала қапсыз серігіңнен.
Өлді ғой дін жолында шыбын жаның,

Жасыңнан сіздің жағдай бізге мəлім.
Таяныш бір босағаң жоқтай болып,
Қайғымен таласып тұр сол бір бағың.
Ендігі бола берсін қалғаны аман,

Ақан сері Қорамсаұлы
Жан тумас сіздей болып енді атадан.
Есіл мен қыпшақтың арасынан,
Жүруге оңай болды тоғыз барған.

Жарасар не деп айтсақ сірə сізді,
Кез қылып сөйлеткен соң Тəңірім бізді.
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Сүйредің басшы болып Кіші жүзді.

Бердіңіз зəмзəм шараф базарлыққа,
Құттықтау сөздер айттым жарарлыққа.
Наурызбай күнде аңдиды Ақаныңды,
Сырты дос, іші құса боп наразылыққа.

Науанның елемеймін айтқандарын,
Жүруші ем аңдып қажы қайтқандарын.
Ұранға шыққан атым көре алмайды,
Мақұл ғой ақыл айтып қайтқандарың.

Деген бар: «көңіл – ғазы, көз – таразы»,
Қажеке, лəззат сөзге бол разы.
Ақанға не болмаса Құлагерге,
Науанның мəхкам тұтқан бар назары.

Сыйынсам тəуекелмен жалғыз хаққа,
Тағдыр келсе жамыламын топыраққа.
Иесі Құлагердің Қамбар атам,
Өз басым шылауында Мұхамметке.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚАЖЫЛАРДЫ

ҚАРСЫ АЛҒАНДА АЙТҚАНЫ

Қажылар, барған жерің Маккаи мукаррама,
Екінші Мəдинаи мунаууара.
Ішінде бұл жиһанның абзал орын,
Жаратқан абзал қылып хақ тағала.

Шапағат барған жанға уəжіп дейді,
Пайғамбар Хадишамен сейіл құра.
Үзіліп бақ алманың піскен жері,
Қайғыны бал-шекердей ішкен жері.

Қабырына анасының хазірет Жүсіп,
Түйеден бұғауменен түскен жері.
Қажылар, зиярат қып, көріп қайттың,
Тақсырдың сол мəнзелден көшкен жері.

Ысмағұл туып, хазірет Ажар ана,
Кірін жуып, кіндігін кескен жері.
Су шығып зəмзəм шариф құдіретпен,
Өкшесі қара жерді тескен жері.

Жəннатттың инһарына əсер келіп,
Шешманы шешма келіп шешкен жері.
Жəннатул пердаусиден қошқар келіп,
Көңілі қызыл гүлдей өскен жері.

Тауында сол Минаның құрбан шалып,
Ысмағұл забихулла дескен жері.
Қажылар, зиярат қып көріп қайттың,
Көшпелі алтындардың көшкен жері.

Ақан сері Қорамсаұлы
Хұрматлу қаж болдыңдар хақ қасында,
Риядат сізлерді Алла сақласын да.
Қажыларға Құдай айдап кез келген соң,

Ақаның судай ағып таспасын ба?!

Ақан сері Қорамсаұлы АҚАННЫҢ ДІН ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ Дүниенің қызығын кешіп өтіп, Тəттіліктің алмадық еш лəззатын. Парһійзгар1 супылардың жолыменен, Құдайға құлшылықта ғибадатым. Айырушы Алла бар, не ғамым бар, Адамның ішкі сырын, заһар, батын. 1 Парһійзгар — 2008 жылғы басылымда «пəраудигар» деп берілген. Фольклор шығармаларында бұған дейін «пəруардигар» деп айтылатын.

Ақан сері Қорамсаұлы

ӨСИЕТ ӨЛЕҢ

Уа, шіркін, кедейліктен кісі өлмейді,
Өлмегені құрысын, ісі өнбейді.
Аузың бұлбұл, аяғың дүлдүл болсын,
Ер жігіттің аяғын кісендейді.

Ер жігіт мақтанады асы болса,
Биік тау шаттанады тасы болса.
Сол жігіттің басына бақыт қонбас,
Ағайыннан алданған қасы болса.

Жігітке кедейшілік намыс емес,
Жоқ болсаң, туысың да таныс емес.
Суық су, арық соғым, жаман əйел –
Үшеуі кедейліктен алыс емес.

Жігітке ең керек іс – білім деген,
Білімсіз ілтипатқа ілінбеген.
Білсеңіз елден таңдап бір сұлу ал,
Қыпша бел, оймақ ауыз күлімдеген.

Үшінші, елден таңдап бір жүйрік мін,
Көзіне көрінгеннен сүрінбеген.
Төртінші, заманыңда күліп-ойна,
Бір кезде шал боларсың дірілдеген.

Сал жігіт сүйер ғашық жарды айтады,
Бай кісі қорадағы малды айтады.
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын,
Үшеуі ер жігітті қартайтады.

Ақан сері Қорамсаұлы
Дүние жеткізбейді ойласаң да,
Жақсы артық əзілдесіп ойнасаң да.
Баласы құладынның қу ілмейді,

Тұғырға баптап неше байласаң да.
Шын тұлпар дүбір көрсе тоқтамайды,
Тас қылып төрт аяғын байласаң да.
Жатпайды болат пышақ қап түбінде,

Өтпейді жасық темір қайрасаң да.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдасаң да.
Қаршыға əлсіз болса, қаз алмайды,

Ер жігіт малсыз құлаш соза алмайды.
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,
Əр адам өз əлінше базарлайды.
Жаманды жақынсынып есепке алма,

Айырып туысқанды өсекке алма.
Жетем деп осыменен мұратыңа,
Тұлпарды айырбастап есекті алма.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІ АЙТҚАН ƏЙЕЛ СЫНЫ

Ақыл – шам, керек оған май мен білте,
Сасарсың кеш боп қалсаң, ескер ерте.
Кеш болмай, күн бұрыннан жабдық сайлап,
Қолыңа түсіре бер бірте-бірте.

Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Жігіт жоқ танитұғын əйел затын.
Дүниенің тұрақтайтын мекені осы,
Гүл жүзлі, шырын сөзді жақсы қатын.

Белгілі ұрғашының бізге жайы,
Бұл күнде мал боп кетті қыздың байы.
Қарауыл кəні құлан, түссе қолға,
Қатынның барып тұрған қақ маңдайы.

Болмайды онан кісі ерте тұрған,
Бұлаңдап оң қолына алар құман.
Көйлегінің етегі шұбатылып,
Асады маң-маң басып екі-үш қырдан.

Аймақты ауыл, қоңсы бірдей сыйлап,
Адамды ренжітпес текке тұрған.
Ерінің бары-жоғын білдірмейді,
Қонаққа қандай жайлы ол антұрған.

Ешкіммен бет жыртысып көрген емес,
Шақ етіп, даусы шықпас баланы ұрған.
Бұлттан шыққан күндей көрсең жүзін,
Келтіріп əрбір түрлі күймен сөзін.

Ақан сері Қорамсаұлы
Толғанып, оқжыландай толықсиды,
Пəндаға сынатпайды басқан ізін.
Ал сонда түгел болар ажар-көрік,

Мінезі сымбатына болар серік.
Алыстан құрбыларын лебі тартып,
Боп жүрер кім көрінген оған жерік.
Көрмедік өңде түгіл, түсте де біз,

Қыламыз сенің үшін əңгіме сөз.
Бірден соңғы əйелдің бабірігі,
Алып кете жаздайды қиғашты көз.
Ішпей-жемей тойғызып сөзіменен,

Жақсы əйелді бəстес қып өзіменен.
Шығып кете жаздайды кеудеңнен жан,
Мөлдір қара, қарақат көзіменен.
Танимыз осылай деп əйел түрін,

Мінезін, ажар-формын, көрік-нұрын.
Нөмірге, міне, үшінші жаңа келдік,
Ақ мамық, үлпілдеген бота бұрым1.
Іс болар басқа түскен ол бір сарсаң,

Жаманнан құтылмассың қайда барсаң.
Төртінші нөмерлі əйел көңіл ашар,
Алқызыл, ақ саладан қимылға алсаң.
Қол жетпес сермегенмен көктегі айға,

Дерт болар бірдей келген жарлы-байға.
Жолама шамаң келсе бесіншіге,
1 Бота бұрым – ботаның жүніндей үлпілдеген деген мағынада.

Ақан сері Қорамсаұлы
Жай бабірік, жайма төсек жадағайға.
Сияды қанша иірсең жіп ұршыққа,
Ілінсең шыға алмайсың бір қырсыққа.

Шалсаң да боз қасқаңды құтыл сонан,
Сары аю, сартылдаған тымырсыққа.
Шошытар иманыңды кейбір жауыз,
Дəні жоқ іліп алар бəрі қауыз.

Дұшпанға досың түгіл, кез болмасын,
Талайтын ит сияқты қисық ауыз.
Тай ойнап, тақыр жерге жылқы жусар,
Не жұтса, ит баласы соны құсар.

Өлікті бір аманат сақтағандай,
Тұнжырға томағалы болма душар.
Үй ішін жаман қатын тұмандатар,.
Домалап от басында құман жатар.

Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Күнəға жігіт адам сонан батар.
Көйлегі жуылмаған май-май ғана,
Байымен ұрысады таймай ғана.

Сыртына шөмішінің битін сығып,
Салады қазанына шаймай ғана.
Ойламас бұл байының ата тегін,
Сонымен қатын алар байдан кегін.

«Үстіңе киім кисең, жыртасың» деп,
Бермейді жəне жамап екі жеңін.

Ақан сері Қорамсаұлы

АЙТАМЫН ЗАМАНДАСҚА БІРАЗ КЕҢЕС

Бірінші жігіттің сипаты:
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,

Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Атағы артта қалған кей сабаздың
Өлсе де, оның сөзі өлмек емес.
Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып,

Бақ қонса ғажап емес ертелі-кеш.
Келгенде оралыңа ойнақтап қал,
Келмейді қайта айналып бұл жиырма бес.
Жастықта əр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тəуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектеген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Жігіт бар он үш түрлі біз білетін,

Соларды баяндайын, құлақ салсаң.
Əуелі абзалында жігіт басы
Биік боп тұрар оның дəрежесі.
Бəйгеден күнде келген ол бір саңлақ,

Жабының тең келмейді жүз бағасы.
Ілмейтін көлден таңдап қудан басқа,
Алынған ақ тұйғынның томағасы.
Бір мінез, əрі дана, дархан лебіз,

Айнымас темір қазық уəдесі.
Қолға алса күллі жанды раушан еткен
Дүниенің мысалы абзал гəухар тасы.

Ақан сері Қорамсаұлы
Екінші жігіттің сипаты:
Екінші бір жігіт бар баулы құстай,
Бауынан босанбайды жазы, қыстай.

Ерігіп құсқа салса ілмей түспес,
Босатар тегеуріні мықтап қыспай.
Зауыттан жаңа шыққан екі жүзді,
Алмастай, майысатын емес мыстай.

Ол-дағы қаз ілгендей бір қаршыға
Жіберсе бабын тауып, көлге нұсқай.
Үшінші жігіттің сипаты:
Үшінші бір жігіт бар толық торы,

Ойлайды кез келмес деп дұшпан оры.
Ауызбен нағыз асыл жігітпін деп,
Кеудесін көтеретін таудай зоры.
Құлашын жас кезінде сермей алмас,

Жетсе де неше апатқа созған қолы.
Аударып бірін-бірі əкете алмас,
Тең тұрар таразыда оң мен солы.
Қырандай бау аспаған көлбелеңдеп,

Көмескі із түспеген жүрген жолы.
Білемін бір жігіттің білсе-дағы,
Не керек зая кеткен білген молы.
Төртінші жігіттің сипаты:

Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,
Асылзат ажар берген, өңі тəуір.
Жетсе де неше атырапқа атақ-даңқы,
Қажымас қара етті, аттай берік сауыр.

Алмай ма аманатын қолын созса,
Желдетіп соқса-дағы үлкен дауыл.

Ақан сері Қорамсаұлы
Топ көрсе, бəйге атындай шабатұғын,
Тұрады жалы барға өкпе-бауыр.
Бесінші жігіттің сипаты:

Бесінші бір жігіт бар терең ойлы,
Сыр айтып еш адамға бермес бойды.
Өнерін жақсы-жаман іште сақтап,
Шығарып майда тілмен перуат қойды.

Адамға жүйрік ақыл бере тастап,
Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды.
Түсіріп ақ көңілді қайласына,
Ішінен білдірместен бітеу сойды.

Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакер-ді,
Із тастап, бірдей жортты қыр мен ойды.
Алтыншы жігіттің сипаты:
Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған,

Арсызды ілтипат қып алқымдаған.
Ақ жарқын, ашық ықылас ол бір шаһуаз,
Ақ көңіл, ашық мінез аңқылдаған.
Ажалсыз маған тағдыр келмейді деп,

Қарысып дұшпанынан тартынбаған.
Жетінші жігіттің сипаты:
Жетінші бір жігіт бар желдей есер,
Байлаусыз əр сөзінің артын кесер.

Бір көрген жат адамға сыр алдырып,
Сырының іштен жанған бəрін шешер.
Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,
Дүниеден биопасыз күнін кешер.

Ақан сері Қорамсаұлы
Сегізінші жігіттің сипаты:
Сегізінші бір жігіт сегіз қырлы,
Нық сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы.

Сөзінен тартқан сымдай теріс шықпай,
Сау басын шатыстырмас іске кірлі.
Құйқылжып ақ бүркіттей төңкеріліп,
Сөйлейді əр мəжілісте əрбір түрлі.

Жігіттің оңды-солды құлқын танып,
Əркімнің өзіне сай табар тілді.
Тоғызыншы жігіттің сипаты:
Тоғызыншы бір жігіт бар қоңыр бөрік,

Жел шықпай қозғалмайды белгі беріп.
Табандап шана тартқан өгіздей боп,
Шығармас сырын сыртқа сондай берік.
Кісіден алса алып, өзі бермей,

Қайла мен ақылына болған серік.
Қызбайтын топты көрсе қалың тері,
Базарда бағасы бар қырық теңгелік.
Оныншы жігіттің сипаты:

Оныншы бір жігіт бар қатын жанды,
Киеді қатынынан артылғанды.
Аяғын қия жерге бір баспайды,
Алдынан құрулы арқан тартылған-ды.

Біріне-бірі сондай машықтасып,
Қызықпен таңды солай атырған-ды.
Бұл жігіт əйелменен бірге қисап,
Əйелге жақын келіп ғапылданды.

Əйелдің қолтығына кіріп алып,
Не айтса, бəрін соның мақұлдады.

Ақан сері Қорамсаұлы
Он бірінші жігіттің сипаты:
Бір жігіт он бірінші өсек айтар,
Ауызбен көп адамды ол байытар.

Кішкене торсығына сөз құйып ап,
Апарып əр ауылға барып шайқар.
Жамандап бірді-бірге құйылыстырып,
Қуанып ат алғандай үйге қайтар.

Дұрыс сөз ақылынан шықпаса да,
Қынадан жаман сөздің түбін байқар.
Он екінші жігіттің сипаты:
Бір жігіт он екінші кербез сал-ды,

Бойына адамдықты жиып алды.
Өзіне өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,

Семірген мəстек аттай майлы жалды.
Сіресіп сықырлаған тəкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халді.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,

Ойға алмай, санамастан дүние малды.

Ақан сері Қорамсаұлы

ОН ҮШ ЖЕТІМ

Жас гүлдер жайнатады жердің бетін,
Көтеріп қуантқандай ел ниетін.
Айтайын тыңдасаңыз біраз кеңес,
Бар екен бұл дүниеде он үш жетім.

Намаз бен мешіт – жетім, оқылмаса,
Дəріске білсін қайдан отырмаса?!
Екінші, бұл дүниеде əйел – жетім,
Кезінде теңін тауып қосылмаса.

Ер – жетім, ақылсыздан əйел алса,
Отырып отбасында тақымдаса.
Ат – жетім, өрен жүйрік шабылмаса,
Бойынан ащы тері алынбаса.

Құс – жетім, ерте түлек салынбаса,
Салатын саятшысы табылмаса.
Сақара, жайлау – жетім, көлдер – жетім,
Қасына мұнарланып ел қонбаса.

Таусылған, кірер үй жоқ, кəрі – жетім,
Ойнайтын тең құрбысы табылмаса.
Сегізінші, бұл дүниеде ғалым – жетім,
Құр босқа алтын сөзі алынбаса.

Тоғызыншы, бұл дүниеде кедей – жетім,
Байлардан еңбек қақын ала алмаса.
Тағы да бұл дүниеде нашар – жетім,
Жеріне барам деген бара алмаса.

Тағы да, он бірінші, қалам – жетім,
Жазатын ерлері оның табылмаса.
Тағы да, он екінші, қағаз – жетім,
Бəрінен, он үшінші, қазақ – жетім,

Ақан сері Қорамсаұлы
Қорқақтап жан-жағына алаңдаса.
Қорытынды сізге деген ақыл сөзім,
Өкінер бұдан ғибрат ала алмаса.

Ақан сері Қорамсаұлы КОНОБАЛОПҚА Конобалоп1, ақсай бастың аяғыңды, Түсірдің барымтаға таяғыңды. К..ңе Есенбайым салды дүре, Əзер болса бір бөлек саяғыңды. Параны Шалабайдан2 оңдап алдың, Басыңды бос мойныңнан қорғап қалдың. Бозбала бет-ауызға сабағанда, Ақшаңдап шолақ иттей жолда қалдың. Шалабай, болыс болдың пара сайлап, Соғыстың жеті ұлыңмен алақайлап. Жақсылық пен жамандық тең бола ма, Уағдаң құдай деген болды ыжалп. Смағұл3, айналайын алтыным-ай, Бір құдай сақтай көрсін, жарқыным-ай. Жанына жігіттерін ертіп алып, Алды ғой ерлікпенен теңдігін-ай. Смағұл, болғандайсың елге тұтқа, Тұлпардың баласы едің мəлім жұртқа. Иншалла, тиянақты жұрт кемесі, Бір тоқтамай кете алмас Қазықұртқа. 1 Конобалоп – Көкшетаудың уез нашалнигі. 2 Шалабай – Тінке баласы, өзі қажы, ірі бай. Шалабай балалары: Мақмет, Шаймұрат, Боқай, Құрманқожа, Мұқаметжан, Қожақмет. 3 Смағұл – Жанқожа баласы, Шалабайға тең адам. Конобалоптың өзін не стражниктерін сабатушы адам. Жолын тосып, оңашада ұрыпты, ұрылғанын арланып, айыптапты немесе Арыстанбаев жазалапты деседі.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАННЫҢ ҚАЙЫН АТАСЫ ШОМАНҒА ЖАУАБЫ

Шоман күйеу баласының ажар-көркіне, ақсұңқардай
сипатына, тəрбиелі сөз, инабат иіріміне көңілі əлей толып,
бек қатты шаттанады. Ақанға арнай сөз бастап:

– Балам, сенің келуіңмен елім қызық думанға бөленіп,

бір жасап қалды. Ризамын! Алдыңнан ай, артыңнан күн
тусын! – деп, отырған жұрттың қолпаштай көтермелеуін
ту ғызуға бата береді де: – Ал енді өзіңді осы ел һəм мы на
отырған халайық, игі жақсылар ақын-ақын деп хан кө теріп,

дəрежелейді ғой, кəнекей, өлең айтып жіберші! – де генде,
Ақан іркілмейді. Ыңғайлана отырып, тамағын ке неп ала-
ды да, нақ бір, бұрыннан дайындап келгендей-ақ төгілте
жөнеледі:

Атаңыз Ажы қожа келген кенттен,
Үш жүздің баласына қолы жеткен.
Азырақ дəрежеңіз көтерейін,
Нəсілің келе жатыр Хожақметтен.

Қыз алған бізден бұрын Шампи төре,
Азыхан күйеу болып ол-дағы өткен.
Бірі бай, бірі – көпес граждандар,
Не керек байдың малы арам тектен.

Олардай бай граждан болмасақ та,
Келеміз артта қалмай қалың көптен.
Бізді де қара қазақ осал демес,
Сіздердей асыл текке қолы жеткен!

Осы араға келгенде, кенет Шомат қожа оң қолын көте ре
қойып: – Тамам, балам, тамам! дейді. Ақан тоқтай қа ла ды.

Ақан сері Қорамсаұлы

ЖАҚЫПҚА

Ақан жолаушылап келе жатып, Зікірияның інісі
Жақыптың үйіне қонады. Ымырт үйіріліп, қас қарайғанда,
бір тоқты əкеліп сояды. Тоқтының еті пісіп, алдына келген
Ақан «бісміллə» деп дəмін татады да, жемейді. Өйткені

жасық екен. Бірақ аузына оралған бір ауыз қағытпаны тас-
тай салады:
Жануар, күндіз келмей, түнде келдің,
Білмеймін қай сайтанның тіліне ердің?

Обалыңа қалыппын, өзің кешір,
Қараңғыдан қол жайып бата бердім.
Ертеңіне Ақан Зікірияның үйіне келіп қонады. Ол
қой əкелуге кісі жіберейін деп жатқанда, мұнысы да бір

жасықтың обалына қалмасын деген ниетпен: «Түнде
Жақыптың үйіне қонып едім, бір тоқтысы арыз айтты», –
дейді-дағы, өлеңдетіп жібереді:
Жаңа май жан денеме шашып едім,

Көк жеген соң, көзімді ашып едім.
Тамыз бенен шілдеде мені сойса,
Адам алса аузына, жасық едім.
Имиіп не бетіммен көрінем деп,

Мейманнан ұялғаннан қашып едім.
Жақып мырза бір қиял бастап алды,
Бес жүз қойдың ішінен қастап алды.
Талдан талға қорғалап қашсам-дағы,

Жұлдыз туа қуалап ұстап алды.

Ақан сері Қорамсаұлы
Енемді жаздай, күздей сауып алды,
Көздің жасы жаңбырдай жауып алды.
Бозторғайдай жорғалап қашсам-дағы,

Стражникке іздетіп тауып алды.

Ақан сері Қорамсаұлы

БІР ҚЫЗҒА АЙТҚАНЫ

Көк ала тай көтеріп иегіңді,
Өлсең, тауға қояйын сүйегіңді.
Буаз марал секілді көрінесің,
Қайсы жеккен, көтерген күйегіңді?

Сағынай асына келгенде, ел Ақан ағаң келді десіп, мəз
боп жүргенде, Ақан түскен бай үйдің қызы сырттан: «Е,
тəйір-ай, Ақан-Ақан дегендерің бір қу бақан ғой, оның
үстіне кірмейтін несі бар?!», – деп, өркөкіректеніп кіріп

келгенде, Ақан оның жүкті екенін сезіп қалып, жоғарғы
өлеңді айтты. Оны қыздың ағалары естіп, намыстанып,
Құлагерді өлтіріпті.

Ақан сері Қорамсаұлы

НҰРИЛАҒА...

Ақан сері өз заманында бір Орын деген қызбен тамыр
болыпты. «Орынды ұзатады» деген хабарды естіп, Орын
танысуға нағашысына барғанда, Ақан əдейі іздеп барады.
Орын бір ауылда бір байдың үйіне қонып жатқанда,

Ақан барады. Қыз жатқан үйге Ақанды түсірмей, бір
отауға түсіреді. Тамақ ішіп болған соң, Ақан қызға барай-
ын десе, үлкен үйге кілт салып қойыпты. Ақан сері ашу-
ланып, отауда жатып қалады.

Ертеңінде шай ішіп болған соң, қымыз ішуге Ақанды
үлкен үйге шақырады. Ақан кіріп келгенде, енді оның
бір нəрсе айтатынын біліп, байдың Үрилə деген тоқалы
жүктің үстінен бір бөстекті алып, төрт қабаттап Ақанның

астына салады. Ақан бөстекке отырмай, түрегеп тұрып:
Үрилə, мен нетермін бөстегіңді,
Орынға ғашық болған түстегімді.
Үйіңе бір ойменен келгенімде,

Есікке қойдың байлап кескегіңді.
Іс емес есептесем естен кетер,
Кешегі қыз келгенде кештегіңді!
Түлкінің тоғайдағы таңын қорып,

Құланның шөлде жатқан шаңын қорып.
Бұл сенің меншіктеген қызың емес,
Асылдың алып жейтін аңын қорып.
Ішіне құрт-майыңды салушы ма ең,

Бір келген жолаушының қабын қорып?!

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ БІР КЕЛІНШЕККЕ АЙТҚАНЫ

Ақан сері ел аралап келе жатып, бай баласы Азнабайдың
отау үйіне түседі. Сəлем беріп, жайғасып отырған кезде
Азнабайдың əйелі, «осы үйде дайын бауырсақ та жоқ, шəй
да бітті, осы бір таусылмайтын қонақтан өлетін болдық

қой» деп күңкілдейді. Сол сəтте Ақан Азнабайға қарап:
Қарағым, шығып қапты сақал-мұртың,
Келіннің ұнатпадым мінез-құлқын.
Үй іші, шаруаның бəрі жақсы,

Айтсаңшы, кім болады қайын жұртың?
Жақсылап бұл келінді бағу керек,
Алдына лағыл шамын жағу керек.
Қонаққа бұдай былай күңкілдесе,

Азу тісін балғамен қағу керек.
Жақсы əйел жігіт сырын шашпайтұғын,
Бұралқы басқа жүріс баспайтұғын.
Қырсығы жаман қатын ерге тиер,

Мұндайды арттан теуіп тастайтұғын, –
дейді де, орнынан тұрып жүре береді. Отау үйден шыққан
бетте Ақан сері Азнабайдың əкесінің үйіне кіріп келді де,
былай дейді:

Отауға түсіп едім қонуды ойлап,
Кіші үйде отыруға күліп-ойнап.
Алдымнан шабаланып шыға келді,
Бір қаншық босағаға қойған байлап.

Ақан сері Қорамсаұлы
Қабам деп келіп еді, басқа тептім,
Ағызып улы тілдің зəрін төктім.
Қыңсылай, тепкенімде, қалып еді,

Отаудан үлкен үйге шығып кеттім.
Сол үйде отырған біреу аңқаулау болса керек, «отаудың
иті қаншық емес, арлан еді ғой» депті. Сонда Ақан сері
былай деген екен:

Ол үйде арлан да бар кекірейген,
Мысықтай сирек мұрты тікірейген.
Ұлыңыз арлан, келініңіз қаншық болар,
Алдыңнан шабаланып шықса егер.

Сонымен Ақан түнімен үлкен үйде əн салып, домбыра
шертіп, ойын-сауық құрады. Ертеңінде таңертең қымыз
ішіп отырғанда, бəйбіше: «Ақанжан, кешегі сөз осы жер-
де қалсын, балалардың бір білместігін кешіре сал», – деп

иығына шапан жабады. Сонда Ақан:
Бəйбіше, жан екенсіз асыл дара,
Сай екен көркіңізге ақыл дана.
Маған жапқан шапанды сіз алыңыз,

Жүргем жоқ ақымаққа айып сала, –
деп, шапанды бəйбішенің иығына жауып, жүріп кетеді.

Ақан сері Қорамсаұлы

НАУАН ХАЗІРЕТ БАЛАСЫ ҒАЛЫМТАЙҒА

Науан хазірет баласы Ғалымтайға қыз айттырар-
да, ақылдасу үшін Ақанды алдырыпты. Науан: «Сені
əдейі алдырып отырмын. Мына Ғалымтайға қандай қыз
əперейін, қандай жердің қызын айттырайын?», – дейді.

Сонда өлеңмен Ақан былай дейді:
Құр қуыс жаман əйел – бұттың қабы,
Нəсілдің жұрағатта қалар табы.
Өтпейді жасық темір қайрағанмен,

Болса да нақышталған алтын сабы.
Шобырға арғымақтан айғыр салсаң,
Баласы сол арғымақ туар жабы.
Ер жігіт қанша жақсы болғанменен,

Əйелге байланысты жігіт бағы.
Алғаны бола алмаса ерге серік,
Жігіттің болмашыдан сынар сағы.
Өкініш өмірінше кетпейді естен,

Жігітке жаман əйел салған дағы.
Тегіне алғаныңның зер салып ал,
Төркіні, нағашысы барлық жағы.
Ақыл-ой, қылық-мінез бірдей келсін,

Құр бекер керек емес беттің ағы.
Жігіттер, қатын алсаң сөйлесіп ал,
Сөзіне сөйлес тағы, паһімің сал.

Ақан сері Қорамсаұлы
Ұқыпсыз нашар əйел алған жігіт,
Мойнына арық аттай бітпейді жал.
Құтылу қиын болар бала тапса,

Жоятын сатып, сойып емес қой мал.
Деуменен «əттеген-ай» өмір өтіп,
Күнелтіп итшілеумен боласың шал.
Жақсы əйел алған жігіт базары үйде,

Махаббат сүйіспендік келсе егер дəл.
Ақаннан сұрасаңыз айтары осы,
Хазірет, ендігісін ақылға сал, –
депті Ақан сері.

Ақан сері Қорамсаұлы

КӨКШЕТАУДА НАУАН МОЛДА МЕН ХАМИ-

ДОЛЛА НОҒАЙ МОЛДАСЫ БАҚАС БОЛҒАНДА,

ХАМИДОЛЛАҒА АҚАН СЕРІНІҢ АЙТҚАНЫ:

Жамандар, жақсы жолдан арындаған,
Бұл іске бұрын неге барылмаған?
Жал бітіп, көбеңдікті көтере алмай,
Жүр екен əлі сорың арылмаған.

Шəһəріңде бір болат бар емес пе,
Тыс шығып, алтын тұтқа жарылмаған.
Қасиетті дін Исламның тірегі еді,
Ғалымдық панарындай жалындаған.

Гəухардың қолыңдағы қəдірін біл,
Пиғылды тастау керек қалыңдаған!
«Əл құлəмə вəрисəту əнбия» деген қайда,
Теп-тегіс төрт аяғы шалынбаған?

Дін шашқан, əр дуанға үлгі берген,
Дə молда Көкшетауда хəзірет Науан!
Талдырмас көк қауырсын бала Күкі,
Кетіпті ғылым іздеп бұл арадан.

Ғəлімдік дəражасын нəсіп етіп,
Жеткерген мақсұтына Хақ Тағаллам!
Дін үшін ғазиз басын қанжығалап,
Қиындық өмір кешкен неше заман.

Сол күнде қазақ ісі тіпті нашар,
Надандық себебінен болған жаман.
Болса да ісі нашар, көңілі адал,

Ақан сері Қорамсаұлы
Бұрынғы келіп-кеткен өткен бабаң.
Жыл сайын түрлі-түрлі күй шығады,
Іжəят, тəуфиықты екі баспас қадам.

Дəрия, мұхит, теңізі осы емес пе,
Қылады шəк-шүбə неткен адам?!
Əмірін шəриғаттың тұтпай жүрсең,
Жол тапсын басқа жерден сарт пен сауан!

Көкшетау түзулікке есеп едің,
Бір күнде тамаша еткен халық-қауам.
Ғалым жиса, құдіретін қарасаңыз,
Ғəлімдік қаймағынан жаласаңыз.

Мұнармен тау басында талайындай
Көртышқан жерде жүргенмен аласаңыз.
Əуелде келіп едің сарша бала,
Шабата тоқыманы киіп қана.

Қаражат барлық ақшаң жалғыз бақыр,
Шетіне орамалдың түйіп қана.
Əуелі келгеніңде сары бала едің,
Не қылып кемеңгер боп пар болады?

Ұстаздың тілін алмай телміресің,
Иншалла, мекен-жайың тар болады.
Мен айтпан, кітап айтар қолыңдағы,
Сөйлесең шəриғаттың молын-дағы.

«Ұстаз хақы – Тəңірдің хақы» деген қайда,
Ренжітсең ұстазыңды сорың-дағы.

Ақан сері Қорамсаұлы
Өз кітабың өзіңе айғақ болды,
Қадамды таптап баспа жолыңдағы.
Əуелде келіп едің, сары ноғай,

Нашарлықтың көріп едің зорын, ноғай.
Көбеңсіп, ұстазыңмен тайталасып,
Хəзірет, неғып болды саған оңай?!
* * *

Бір мəжілісте отырғанда, ас артынан Ақан насыбай
атады. Науан хазірет отырып: «Ақан, осының жарамай-
ды», – дейді. Сонда Ақан отырып:
Рас, хазірет, осыным жарамайды,

Атпасам, ішкен асым тарамайды.
Парыз, уəжіп, сүннетті тамам етсе,
Құдайым насыбайға қарамайды, –
депті.

Хазірет: «ол рас», – дейді.

Ақан сері Қорамсаұлы

СƏЛІМ ЖАУАРҒА КӨҢІЛ АЙТУЫ (3)

Уақ Сəлім Жауардың жалғыз баласы дүниеден қайтып,
бас көтермей жатқанда, Ақанның келіп отырып, айтқан
көңілі:
Дейсіз бе, бұл дүниеде өлмеген бар,

Құданың құдіретіне көнбеген бар?
Аталы жақсылардың бəрі сонда,
Ата-ана, ағайынды көрмеген бар.
Қазақта Шорманұлы асты Мұса,

Бақ-дəулет, сондай-ақ қып дүние жиса?
Омск қаласында опат бопты,
Жігіттер ғажап емес Тəңірім қылса!
Шыңғыстың сүйер ұлы Шоқан еді,

Империя патша жұртын түгел көрді.
Өнері жұрттан асқан жігіт еді,
Құдайым сапар жолда қаза берді.
Қанжығалы Мендеке Шаңқы болған,

Орта жүздің елінде даңқы болған.
Қызылжар қаласында Төкіш қайтып,
Бұ-дағы жақсылардың арты болған.
Менің айтқан сөзімнің жалғаны жоқ,

Пəниден өлмей тірі қалғаны жоқ.
Басына жастық, аузына сусын берген,
Артында қалған жанның арманы жоқ.
Тұлпар бар ма тұяғы майырылмаған,

Ақан сері Қорамсаұлы
Сұңқар бар ма қанаты қайырылмаған?
Тағдыр, ажал, мерзімі жеткен күнде,
Кімдерден кімдер жылай айырылмаған?

Өлімнен үлкен жау бар ма?
Бауыры бүтін сау бар ма?
Пұлсыз берді, құнсыз алды,
Бұған айтар дау бар ма?

Көтер басыңды! –
депті. Сонда Сəлім Жауар басын көтеріп, тынышталған
екен дейді.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІ МЕН МОЛДАЛАР

Тіршілік дүниеде өнерімен танылған белгілі Ақан сері
бір жиында қожа-молдалармен дастархандас, мəжілістес
болып қалады. Шалқыған көңіл мен қалықтаған əнді,
өмір туралы сөзді жақтырмаған молдалардың бірі «Дүние

сөзін қойыңдар, ақырет сөзін айтыңдар» деп, аларған
көзін Ақанға қадапты. Сонда ардагер ақын:
Қожалар құр кеудесін көтереді,
Маңғазсып маңғаздана жөтеледі.

О дүние бұ дүниеден артық болса,
Алдымен қожа-молда кетер еді.
Өте алмай, қыл көпірден қалталақтап,
Бəрі де отқа жанып кетер еді, –

деп миығынан күлген екен.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАННЫҢ СЕКСЕНБАЙ

МОЛДАҒА АЙТҚАНЫ

Осы күні надандардан молда нашар,
Алланың рахматынан шайтан қашар.
Аузыма бір тамшы тама ма деп,
Дарияның түбінде жатып аузын ашар.

Ақан мен Сексенбай молда жаңбыр жауып тұрғанда,
бір ауылға келіп түсіпті. Сексенбай молда түсе сала, үйге
кіріп кетіпті. Ақан жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан,
далада жаңбыр суымен басын жуып, сонан кейін үйге

кіріпті. Үйге кіргенде, Сексенбай молдаға осы өлеңді ай-
тыпты. Сексенбай молда Науан хазіреттен оқыған, өзінше
«тəуір» молда аталады екен.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ ҚЫЗ

АЛЫП ҚАШҚАНДАРҒА АЙТҚАНЫ

Қарауыл ішінде Шұңқырша деген елде үйші Көтібай
деген адам інісінің қалыңдығын алып қашуға Тəжі деген
құдасын жəне он шақты жолдас ертіп шығады. Қызды
алып қашып келе жатқанда, қуғыншы жолда қуып жет-

кенде, бұлар шым-шытырық қашады. Алты кісі адасып,
Сапар деген тауға қарай кетеді, бір сақалды адам қолда
қалады, біреуінің далада бөкебайы түсіп қалады. Сол
уақиғаға Ақанның шығарған өлеңі:

Қайрақтай Бөденені бастап кетіп,
Алмақ түгіл, бір ұят тастап кетіп,
Бір-екеуің қызды алып жөнелсеңші,
Кедергіге он жігіт қостап кетіп.

Қуалап күйкентайлар қанаттанды,
Жағалтай қайқалаңдап алақтады.
Несібе қияр іс боп екі арадан,
Қылдыдан бір құладын қабаттады.

Көтібай мен Тəжіге күрзі тиіп,
Үйіне əзер жетіп салақтады.
Бұрынғы ізбөшкесін борай бермей,
Құдайым бұл бір ісін ұнатпады.

Адасып алты жігіт сапар кетті,
Соғыстан соң бір-екеуі қатар кепті.
«Алдымен əкең кетті» дегендейін,
Қашуға елден бұрын сақал кетті.

Ақан сері Қорамсаұлы
Бозбала келіспепті біздің сияқ,
Батырлардың тұқымы едің алмас қияқ.
Салалап шеңгел салып ұстайтұғын,

Бір жігіт шыға алмапты лашын аяқ.
Тақымынан ол нағып құтылмасын,
Көтібайға бөгесін қарға тұяқ.
Иықтап кейбіреуі ығып кетті,

Басысып бірін-бірі шығып кетті.
«Құдай берсе қар кеткен соң аламыз» деп,
Кебекке бөкебайын тығып кетті.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ ҚОНДЫРМАҒАН ҮЙГЕ

ШЫҒАРҒАНЫ

Ақан сері жазғытұры шөптің жоқ уақыты Серəлі
Мырзалыұлының үйіне қонамын деп келеді. Үйіндегі
жұмыскері үй ішіне айтпай, шөптің азайып, малдың өліп
жатқанын айтады. Сонан соң Ақан сері Серəлінікіне

түспей, Сердəліұлы Придонның үйіне келіп қонады.
Март айының іші екен. Таңертең қонған үйінің бір биесі
құлындайды. Ақан барып кеткеннің артынан Серəлінің
екі жұмыскері қашып кетіпті. Серəлінің қыстап отырған

жері Қоскөл екен. Қоскөлдің сыртын Бота деп атайды
екен. Придонның үйіне айтқаны:
Қоскөлдің көк мұзы жайларында,
Шошақай, томпақай шөп байларында.

Көтерем ірі малда толып жатыр,
Өлім бар жабағы мен тайларында.
Түріне қарап тұру қиын болар,
Кедір-бұдыр мұздары бар сайларында.

Қоскөлге амандаса келе алмайсың,
Март пенен февралдың айларында.
Қабағы ашық болмайды қыстаған ел,
Жел жағын Ботаменен тыстаған ел.

Аузыңның бес шақырым зары тиіп,
Маңайыңнан қоймайсың қыспаған ел.
Биеміз құлындап, айымыз март боп кетті,
Қазақ қонақ қондырмайтын сарт боп кетті.

Ақан сері Қорамсаұлы
Байы мен жарлысы əдет қылып,
Жұртқа «шөп жоқ» дейтұғын шарт боп кетті.
Біздің айтқан сөзіміз жара болып,

Зым-зия екі жігіт тарт боп кетті.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН АУЫРЫП,

ӨЛІМ ХАЛІНДЕ ЖАТҚАНДА...

Ақан
ауырып,
өлім
халінде

жатқанда,
көңілін
сұрауға Науан хазірет келіпті. Науан: «Ақан, қалайсың?
Сырқатыңды білейін деп келдім», – дейді. Осы аурудан

осыдан кейін көп кешікпей Ақан өліпті. Сонда хал үстінде
жатып, Ақанның айтқаны:
Құдая, исламның дінінде қыл,
Идия тұғрылықтың жолынан қыл.

Ажалым, дəмім бітіп жетер кезді,
Мұхамбет ұлы жұма күнінен қыл.
Тіріліп, қабырдан бас көтергенде,
Бір Алла жауабымды көңілден қыл.

Жақындап періштелер келген шақта,
Сауалын мүшкілдетпей, жеңілден қыл.
Мақшарда жақсы, жаман айрылғанда,
Үмметі Мұхамбеттің елінде қыл.

Сусардай саясы жоқ заман болса,
Сусынды каусар шарап көлінен қыл.
Хор қызы нұрдан болған бақша, сарай,
Тұрағым сегіз жұмақ бірінен қыл.

Мінгенде құрған таққа ізгу жандар,
Мүбəрак, ізгулердің бірінен қыл.
Тілеймін даргаһыңнан қолым жайып,
Сұрауым бір өзіңнен болмайды айып.

Рахымат қазынаңнан шашсаң гəухар,

Ақан сері Қорамсаұлы
Ғаріптар барлығы да қалар байып.
Кез болып ғазазілдің асуасына
Кетпейік теріс жаққа аяқ тайып.

Тазарриға қабыл ет айтқан сөзім,
Тасаһил ши даргаһыңда болған кезім.
Пəндеңді əрбір жерге көшіресің,
Пендеңді не қылсаң да ерікті өзің.

Осыны айтып, Хазірет аттанған соң, Ақан көп кешікпей
өледі. Бұл сөз Ақанның ең ақырғы сөзі, бұдан соң өлең
айтқан жоқ.

Ақан сері Қорамсаұлы

ҚАЙТАР АЛДЫНДА АЙТҚАНЫ

Отырмын жалғыз жүре алмай,
Тірлікке көңіл бұра алмай.
Ақыретті ойлаймын,
Кісіге қарап күле алмай.

Хаққа көңіл бергенмін,
Жақсыларға ергенмін.
Талай ғалым бас қосса,
Жақсылап жауап бергенмін.

Тірлікте бақыт беріп ең,
Жақсыларға еріп ең,
Үш жүзге мəлім бас болған,
Құлагерді мініп ем.

Бұл күнде тағдыр сол болды,
Мінекей, солай болып ем.
Бұл күнде мені кім білді,
Жақсы-жаман көріп ең.

Жүйрік жорға мінген бас,
Ағады көзден енді жас.
Тағдырға солай көніп ем,
Бұ күнде тағдыр бұл болды,

Мінекей, солай болып ем.
Менен ғибрат алдыңдар,
Ағайын-туған, келіңдер,
Жалғыздық түсті басыма,

Жолдасым жоқ қасымда.
Дүние бақыт ермейді
Қалайша болдың демейді?!
Алладан тағдыр келгенде,

Туысқаның, туғаның,
Бəрі де соңыңнан ермейді...

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАННЫҢ ЖҮСІПКЕ АЙТҚАНЫ

Тыңдасаң Ақан сері əнге салар,
Байқасаң бəрімізден дүние қалар.
Тірлікте шамаң келсе, ойна да күл,
Дүниеден өлмей тірі қай жан қалар?

Білесің өсиетін ата-бабаң,
Қараңдар кем-кетікке келсе шамаң.
Тірлікте мен болдым деп өте кетпе,
Бəрінен адамзатқа осы жаман.

Төрелер шиырады есіп мұртын,
Алмайды еш теңдікке елі-жұртын.
Əдейі тойға келіп қарамайсың,
Томпиған неге керек сенің сыртың?

Ақан сері Қорамсаұлы

БІР БОЛЫСҚА

Жақсы болсаң көпшіл бол,
Көпшіл болсаң дүние мол.
Дүниенің молдық себебі,
Жақын қылар оң мен сол.

Оң мен сол жақын болады,
Дұшпанның көңілі солады.
Болыс болдым деп мақтанба,
О да бір күн қалады.

Қаншама қайрат қылсаң да,
Көп тілегі болады.

Ақан сері Қорамсаұлы

САРАҢ ƏЙЕЛДІҢ ЕРІНЕ

Қуарыңқы тартыпты сақал-мұртың,
Жеңгейдің ұнатпадым ниет-құлқын.
Тұрмысың тұрпатыңның бəрі жақсы,
Кім еді, түсіндірші, қайын жұртың?

Бұл жеңгейді жақсылап бағу керек,
Шырағын жұрттан асыра жағу керек.
Мейманға сараңдығын қоймас болса,
Азуын алты қарыс қағу керек.

Ақан сері Қорамсаұлы

АЙТЫСТАР

Ақан сері Қорамсаұлы

ОРЫНБАЙ АҚЫННЫҢ

АҚАН СЕРІМЕН АЙТЫСЫ

Ақан:
Ассалаумұғалайкум, Орекем-ай,
Бар еді жүз кісілік берекең-ай.
Кешегі хан Шыңғыстың заманында,

Сауық қып сайрандаған жер екен-ай.
Сіздерге біздей іні жар болармыз,
Қалайша кемеңгерге пар болармыз.
Басың бұлбұл, аяғың – дүлділім-ай,

Бір күнде сіздерге де зар болармыз.
Орынбай:
Үстіңде киген киім қолбыраған,
Əкеңнің киіміндей солбыраған,

Əр заманның киімі басқа болар,
Бұл киім ұнамайды, інім, саған.
Кигенің үстіңе бұл қара шекпен,
Пішінің ұқсамайды асыл тектен,

Құда түсе келгендей үй таңдайсың,
Не себептен, шырағым, сөзің өктем?
Ақан:
Ақан да жауап берсін ағасына,

Қарайды ағасының бағасына.
Атамның өзі ұнатып киген киім,
Мирас боп қалған еді баласына.
Ореке, біздер қайық, сіздер кеме,

Орны келген сөз болса айттың деме,
Неке жолын аттаған обал деуші ед,
Ана үйге, басқа əйелге бардың неге?

Ақан сері Қорамсаұлы
Орынбай:
Оның рас Намахрамға қалғандығым,
Сөз айтыста жоқ еді жалғандығым.

Хошеметі Ұжмақтай болғаннан соң,
Бетін қақпай сол еді барғандығым.
Ақан:
Рас, сіздің Намахрамнан қалғандығың,

Сөйлер сөзге жоқ еді жалғандығың,
Балығынан болмаса, бақасынан деп,
Тамхиуан боп жүрмесе барғандығың.
Орынбай:

Күш – атта, ақыл – аста, сөз – малдыда,
Ақыл-айла болмайды жоқ-жарлыда,
Аллаға парыз-уəжіп, сүннəт қылып,
Жалғыз-ақ Намахрам деген сөз қалды ма.

Дəрет алып жүрмісің, қолың жуып,
Өзің зирек жігітсің дінге жуық,
Ақанжан, сенен бір-ер сөз сұрайын,
Шəждаға басың тиді ме өзің туып.

Ақан:
Хақтығын дін ислəмның білгем шығар,
Хақ дінге көңіл қойып жүргем шығар,
Ореке, сұрасаңыз мен айтайын,

Иншалла, шəждаға бас тиген шығар.
Орынбай:
Айтайын бұл сөзімді тыңдасаң құп,
Сөз ұқпас қаса надан қадірі жоқ,

Ақан сері Қорамсаұлы
Тиді деп бас шəждаға айтасың-дағы,
Мен оны өз көзіммен көргенім жоқ.
Ақан:

Хақтығын бір тəңірдің надан білмес,
Қадірін хас жақсының жаман білмес,
Пенденің құлшылығы тəңірге аян,
Адамның көрмегені дəркер емес.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІНІҢ ОРЫНБАЙДЫ ЖЕҢГЕНІ

Ақан серінің Құлагері өліп, жүдеп жүрген кезі. Орын-
бай ақынның алпыс асып, Зейнолла ишанға мүрит болып,
қол тапсырған уақыты болу керек. Жайлауда бір үлкен
тойда Орынбай ақын қатындар отырған бір үйге кіріп,

өлең айтып шыққанын Ақан сері көріп, аңдысып жүрген
екеуі айтысып кетеді. Əуелі Ақан сері бастайды:
Ақан:
Ореке, сөз бастайын жолың қисаң,

Мүрит боп ең ғой, пірге сен, Зейнолла ишан?
Жаңа ғана өңкеңдеп қол тапсырдың,
Шулаған ақ сəллелі бұл қай ишан?!
Орынбай:

Ақыл – аста, күш – атта, сөз – малдыда,
Ақыл-айла болмайды жоқ-жарлыда.
Парыз, уəжіп бəрін де тамам қылып,
Жалғыз-ақ əйел деген сөз қалды ма?

Ақан:
Өзімді жамандықтан ақтамаймын,
Аузыма келген сөзді сақтамаймын.
Ант беріп, қол тапсырған уəдеңді

Бұзғаныңды сірə, мен мақтамаймын!
Орынбай:
Əй, Ақан, сөзің рас таласпаймын,
Таласып Хақ жолынан адаспаймын.

«Аңдыған алмай қоймас» деген рас,
Сен жеңдің, мен жеңілдім, жолың дайын!

Ақан сері Қорамсаұлы

«АҚАН ҚҰЛАГЕРДЕН АЙРЫЛЫП...»

Ақан Құлагерден айрылып, бір қара айғырды жаратып
мініп жүріпті. Бір күні Шөбектің Бегалысының үйінің
əйнегінен өте беріпті. Бегалының үйінде құдасы Кемелдің
Сүлеймені (ашық ауыз Сүлеймен дейді екен жұрт) отыр

екен. Ақан осы үйге түссе, екеуміз жарты ауыздан өлең
айталық десіпті.
Ақан үстінде қара құлын жарғақ, басында түлкі тымақ,
қолында сарала қамшы, сəлем беріп кіріп келгенде:

Уағалайкумассалам, арыстаным,
Шұбар айғыр көзденіп шалыстанып, –
депті Бегалы. Сонда Сүлеймен:
Бұл күнде Ақан ағаң жай жүрген жоқ,

Қара атты жаратып жүр намыстанып, –
депті. Ақан тұрған күйінде:
Көргенде молда ағасын сөйлейтұғын,
Аузы толған баспақтай шалыстанып, –

депті. Сонда Бегалы ұялып қалған екен. Өйткені Ақан,
Бегалы – бір елдікі, Сүлеймен – қонақ. Əңгіме болған
ауыз да Сүлеймендікі ғой.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН МЕН ҒАЛИЯНҰРДЫҢ АЙТЫСЫ

Бір жиында төре тұқымдары кеу-кеулесіп отырып Ақан
мен Ғалиянұрды айтыстыру үшін Молдабек деген кісіге
айтады: «Сен Ақан келгенде, Ақанға бір ауыр өлеңмен сөз
баста, артын Ғалиянұр іліп əкетсін», – дейді.

Ақан келгенде амандасып болған соң, Молдабек
Ақанға:
Əр түрлі жан жаратқан хақ тағала,
Жақсылар жаманына болар пана.

Ғибрат кейінгіге қалмақ үшін,
Бір сөзді бастасайшы Ақан аға.
Сонда Ғалиянұр іліп алып Ақанға:
Бір сөзді баста дейді жүйрік інің,

Інісіз не болады көрген күнің.
Жүйрікпін деп ілгері кете берме,
Айтатұғын артыңда қалар дінің.
Ақан жауабы:

Істік мұрын, шақша бас ноғайым-ай,
Саған да өлең айту оңайын-ай.
Қазақтың қағидасын набу қыл,
Құйрығыңды жерге шаншып қояйын-ай.

Ғалиянұр:
Арғы тегім мұсылман затым ноғай,
Кеудеңде ақыл, басыңда миың жоғы-ай.
Дəражам сізден-дағы артығырақ,

Ноғай деп кемітуің болмас оңай.

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан:
Кел өлең айтысалық олай болса,
Кəпелімсіз болатын ноғай болса.

Қазақтың қағидасы саған қиын,
Өлеңмен айта қойшы оңай болса.
Ғалиянұр:
Айтайын олай болса өлең кептен,

Өлеңмен қозғасайық ата тектен.
Қазақ ұран дін исламға үлгі салып,
Мен өзім бір қиырдан келдім шеттен.
Ақан:

Бір Алла бəндасына берсін жəрдам,
Жəрдам берген құлында қалмас арман.
Бұқара жұрт пайғамбар нəсіліміз,
Нəсілің болар ма екен пайғамбардан?

Ғалиянұр:
Асылдың асылдасаң асылымыз,
Бұл күнде дін исламның ғашығымыз.
Ақан аға, тап өзіңдей көре берме,

Иншалла, біз де пайғамбар нəсіліміз.
Ақан:
Пайғамбар бола бермес жұрттың бəрі,
Пайғамбар болам десең кетерсің одан əрі.

Пайғамбар тап сен сияқты болып па екен,
Шұңғыл көз, орақ мұрын, ақжал сары.

Ақан сері Қорамсаұлы
Ғалиянұр:
Ақан аға, ноғай деген сөзіңнің арты шолақ,
Асыл жасықты айырмастай фаһымсыз

болма олақ.
Əбул Жаһил пайғамбарды кеміткен

сиқыршы деп,
Семіртіп əзəзілді қылма қонақ.
Ақан:
Құдайым, мың ғалам жан жаратқан,

Ішінде абзалы жоқ адамзаттан.
Тəкаппарлық əзəзілден қалған мирас,
Сізге ұстаз əрі жолдас болды ма бөтен заттан?!
Ақан «пар атты мен дара атты ғой бірдей бола ма?» деп

Ғалиянұр да ақындық ғалімлік қатар адам: «қош тұрғыл»,

– деп айтыстырған төре тұқымдарына бұрылмай кетіпті.

Ақан сері Қорамсаұлы

МƏШҺҮР ЖҮСІП ПЕН АҚАН СЕРІ

Ассалаумағалейкум, Ақан мырза-ай,
Ашқа қандай дауа бар тоқ қылғандай,
Азға қандай дауа бар көп қылғандай?
Қандай тағы айтарлық ақылың бар,

Қияметтің ғазабы жоқ болғандай? –
деп сұрақ тастап, əзілдей қол алысқан екен. Əйтпесе,
мұндай сұраққа Мəшһүрдің өзі де жауап таба алмай
қиналып жүрген адам емес еді. Сонда Ақан Мəшһүр

Жүсіптің қолын алып тұрып:
Ашқа дауа қанағат тоқ қылғандай,
Азға дауа шүкірлік көп қылғандай.
Сайраңдап дүниені өтер болсаң,

Қияметтің ғазабы жоқ болғандай, –
дей салған екен.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН МЕН ҚОЖАМБЕТ

Қожамбет:
Дарияға қарсы жүзген біз бір кеме,
Ауызға келген сөзді айтты деме.
Үш жүздің əлпештеген ............

Аяғыңда тұрмайды мəсі неге?
Ақан:
Сіз – бір қайық болғанда, біз – бір кеме,
Ауызға келген сөзді айтты деме.

Тоғыз жыл ауылнай боп дүрілдейсің,
Бүтін болып тұрмайды шəйнек неге?!
Қожамбет:
Сіз – бір кеме болғанда, біз – бір қайық,

Айыптама сөз айтсам жолдан тауып.
Елу жылқым өзімде бар дейсіңіз,
Аяғыңа кимейсің мəсі нағып?
Ақан:

Біз – бір кеме болғанда, сіз – бір қайық,
Айыптаман сөз айтсаң жолдан тайып.
Түске де он екі жыл ауылнай болдым дейсің,
Түбі бүтін бұйырмаған құман нағып.

Ақан сері Қорамсаұлы

ƏДІЛ МЕН АҚАН СЕРІНІҢ АЙТЫСЫ

Əділ:
Алармын ұрып-соғып борсығыңды,
Айналдырып шығарып ұршығыңды.
Өнерге мен сабадай толықсимын,

Жаныма байланармын торсығыңды.
Ақан:
Əділ-ау, ойлап тұрсам ақылың жоқ,
Сенің ақылыңды аударған дүние боқ.

Толған торсық секілді мен толқимын,
Құр саба неге керек қымызы жоқ?!
Əділ:
Есенбай бəріміздің атамыз-ды,

Қисық болсаң түзермін қатаңызды.
Ежелден Əділ ағаң емес пе едім,
Менің неге алмайсың батамызды?!
Ақан:

Есенбай бəріміздің атамыз-ды,
Қашан мен алмаушы едім батаңызды.
Қисық ағаш секілді қыңырайсаң,
Тезге салып түзермін қатаңызды.

Əділ:
Алдыңда Əділ ағаң елестейді,
Қайда жақсы жиылса кеңеседі.
Қатамызды түзесең түзерсіңіз,

Ағаң сенің Меңдібай молда емес пе еді?

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан:
Біздің елдің күлдің бе молдасына,
Сөзің енді келеді орнасына.

Сенің ағаң Арыстанбай емес пе еді,
Орыстың дұға қылған молдасына.
Əділ:
Сөзімнің менің айтқан жөні жоқ па,

Ақан-ау, біздің сөзге енді тоқта.
Үш əйел бар дейді ғой бір басыңда,
Кемпіріңнің енді маған жөні жоқ па?
(Бес перизат бір өзіңде бар дейді ғой,

Біреуінің ағаңа жөні жоқ па?)
Ақан:
Малқара бабаң сенің батыр екен,
Арыстанбай батырлардың ақыны екен.

Ақымақтық қайда деп іздеп жүрген,
Ыңырсып Құттыбайда жатыр екен.
Құр өтірік жаланы жауып алдың,
Баяғы ит мінезбен қауып алдың.

Қайда деп ақымақты іздеп жүрсем,
Ішінен Құттыбайдың тауып алдым.
Ақымақтың сүгіреті белгілерін,
Қағазға мөрін басып салып алдым.

Əділде де жүр екен бір-екі жын,
Шөменше бір-ақ ойнап, қағып алдым.
Əділ еш нəрсе айта алмай, жеңіліп қалады.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІ МЕН МҰРЗАЛЫ ҰЛЫ МҰҚАННЫҢ

АЙТЫСЫ НАСЫБАЙ ТУРАЛЫ

Мұқан:
Ақан, сен білем дейсің əрбір жөнді,
Оңын тастап қуасың жөнін солдың.
Бойыңда ауруың жоқ, сырқауың жоқ,

Не себептен насыбайға құмар болдың?
Ақан:
Нəпсіні Ақан тағы іркіп еді,
Сабырмен нəпсі тағы бекіп еді.

Қалипар уыз менде бар дейді ғой,
Насыбай көңілашар шіркін еді.
Мұқан:
Айтса да Ақан мəнін біле алмайды,

Арам ғой, қой десем де тіл алмайды.
Əуесі Стамбулдың бізден бөлек,
Жерінде темекісіз жүре алмайды.
Ондай сенің бойыңда зəруің жоқ,

Бұл сөзің пəтуаға тұра алмайды.
Ақан:
Бір емес барлық нəпсі қамалайды,
Көбінен көңіл тоқтап тұра алмайды.

Бəрінен тегіс жүдə болу қиын,
Кей адам біздің жайды біле алмайды.
Зияны өзіме тиеді деп ойлаймын,
Бұ сөзім пəтуама жағалайды.

Ақан сері Қорамсаұлы
Мұқан:
Бұ сөзің ұнамайды бастағаның,
Насыбайды алып, өзгені тастағаның.

Өзіңе сүндет істі тəрік қылып,
Обал істі бұ қалай қастағаның.
Денені түзер осы-ау ол бір парыз,
Келіспейді денеңді настағаның.

Ақан:
Айтылған Стамбулда мұның сөзі,
Сұрайық ғалымдардан болса кезі.
Дегенге бір себебі барлығына,

Тəн пəгі деп аталған мұның өзі.
Арақтай мұтлақ арам емес,
Рауаятын молдалардың көрген көзі.
Мұқан:

Топырақтан жаратқан адам тəнін,
Əзəзіл оттан жаралған білсең мəнін.
Адамға ол əзəзіл ұйымаған,
Адамнан басқамын деп жаным, тəнім.

Сондықтан қарғыс алып ібіліс болған,
Нəжістер қорыққанына болған забын,
Сол бауылдан темекі жаралыпты,
Есітіп ем молдалардың мен айтқанын,

Басқанда матушкелер сиед дейді,
Атқанда ащы қылуға оның дəмін.
Бойыңда ауруың жоқ, сырқауың жоқ,
Неге салып былғайсың иман қабын?

Арақтай арам емес деп адал қылдың,
Рауаятын көрсет сол патуаның.

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан:
Насыбайдың айтасың сөздің құнын,
Нағыз сен көргендейсің иман қабын.

Заты арам нəрсенің ақысы адал,
Шариғат адалдайды сатқан пұлын.

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІ МЕН МҰҚАННЫҢ АЙТЫСЫ

Ақан серінің қатыны өліп, қатын алмай, ел ара-
лап жүргенде, Рамазан дейтін інісі өліп, оның қатыны
жесір қалады. Жұрт ал десе де, Ақан алмайды. Сонда
Мырзалыұлы Мұқан Ақанға мынаны айтады:

Мұқан:
Сөйлесе сөз табатын мен бір ақын,
Мен біреу аңғартайын саған жақын.
Алысқа көңіліңді шабыттама,

Жақыннан көзіңді сал, жесір қатын.
Осынау өсиетімді қабыл қылсаң,
Мүберек құтты болар сіздің тұқым.
Ақан:

Мұныңа жауап табар мен бір ақын,
Қатынға жұғыспайды біздің тақым.
Иншалла, қыз ал десе жарар еді,
Алғасын айтасың ғой өзің қатын.

Мұқан:
Мен саған достықпен жөн айтамын,
Өз мұраң жақының ғой деп айтамын,
Мекенсіз боп əр жерде жүргеніңше

Мұраңды алып, бір үй бол деп айтамын.
Ақан:
Мұқан, сен сүйгеніңнен жеримісің,
Мұз болып жанған отқа еримісің?

Орын болсын дегенің жақсы жауап,
Сонда да сүймегенге телимісің?

Ақан сері Қорамсаұлы
Мұқан:
Мұны ауыр көрдің бе бүйдегенге,
Телісем де көнбейсің сүймегенге.

Мекенсіз боп əр жерде жүргеніңше,
Қатын менен бала керек өлмегенге.
Не қылсаң да қатын ал деп айтамын,
Инансаң, достығым бар сен дегенде.

Ақан:
Менің де достығым бар сен дегенде,
Көңіл шіркін ренжір кем дегенге.
Қыз деген сөз аузыңнан бір шықпайды,

Оны қызғаныш көрдің бе мен дегенде.
Мұқан:
Қыз алсаң болар ма еді көңілің қош,
Қатын ал деген сөзге боласың өш.

Əйелдердің бəрі де саған жақпай,
Қала ма деп ойлаймын мақұрым бос.
Ақан:
Бұған да бір айтар сөз қамдайын да,

Құдайым өнер берген таңдайыма.
Елден жақсы бір сұлу табылмай ма,
Сүйгеніме құрықты салмаймын ба?!
Алты күн ат мінсе, ауына тартар деген,

Құдайым кез келтірсе маңдайыма.
Мұқан:
Бір кезде болып едік жақсы халда,
Сол кезде берген саған патша Алла.

Ақан сері Қорамсаұлы
Бұл кезде қатын өліп, бұлай болдың,
Қатынға ілтипатың жоғын аңда.
Ақан, сен қатын ал деп ана жылы,

Өсиет қып айтқаныма Шыңғыс хан да.
Кім жолықса айтады достықпенен,
Еш пайда қылмай жүрсің шыбын жанға.
Ақан:

Рас, қыз ал деп айтушы еді Шыңғыс хан да,
Сол кісі айтушы еді анда-санда.
Елден таңдап бір сұлу ал деуші еді,
Өзім күш берейін деп дүние малға.

Менің көңілім қатынды ұнатпайды,
Көңілім бір сұлу қыз абзалда.
Мұқан:
Ақан-ау, мына сөзді көңіліңе алма,

Алартып бөтен жерге көңілің салма.
Қатын, қызын қазақтың ұнатпайсың,
Бөтен заттан алатын жерің бар ма?!
Ақан:

Мұқан-ау, құр сілтеме мына шетке,
Жала сөзің келмейді тіпті епке.
Мирасқор менен кейін қайнысы бар,
Ал деп неге айтпайсың Мұқамбетке?!

Ақан сері Қорамсаұлы

АҚАН СЕРІ МЕН НҰРЫМ НОҒАЙДЫҢ

АЙТЫСҚАНЫ

Ертерек уақытта Қазаннан Нұрым деген ноғай қазақпен,
мақсұты – айтыспаққа шығады. Қазақта бар болған
кемшіліктердің бəрін жинап, қазақтың бір ақынымен ай-
тысып, жеңбек болады. Сол мақсұтпен Көкшетаудағы

Мырзалы деген байдың үйіне келген.
Мырзалы ноғайдың не себеппен жүргенін біліп,
Мейрамға кісі жіберіп шақыртады. Мейрам мұны естіген
соң, жолшыбай Ақан серіні ертіп алады. Екеуі бірнеше

кісімен Мырзалынікіне келеді. Сол арада үлкен жиылыс
болып, Ақан сері мен ноғай айтысады. Келіп отырғанда,
Ақан серінің киген киімі Жанайдардың Мейрамынан
артық болады. Пат құндызбен тымағын тыстатқан екен.

Ноғай ойлап отырады: «Мейрам анау отырған екен», –
деп. Мейрам əңгіме бастап ноғайдың атасының кемдігін,
түрлі ноғайда болған кемшіліктерді сөз қылып, жиылған
жұртқа айтып отырады. Ноғай Мейрамның айтқан сөзіне

шыдай алмай, өлеңменен жауап қайырады.
Нұрым:
Мырзалының келіп ордасына,
Қасымдағы сөз айттым жолдасыма.

Əркімдер: «Қазақ жүйрік!» дей берген соң,
Көңілім тоқтамады бармасына.
Бұл қазақ бұдан бұрын ақын болып,
Жолдас болып көріп па хан қасына?

Қазақтың моллалары харам жеп жүр,
Береді не деп жауап Алласына?!

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан:
Ноғайым, танымаймын келдің кеше,
Біздің елде татар көп əлденеше.

Сылдырап жіпке тізген қоңыраудай,
Алдымнан шыға берме кесе-кесе?!
Бір Құдай, тексеретін сен емессің,
Күнəсін өзі тартар харам жесе.

Сен қайдан жөнді біліп іс тересің,
Көшеңнен ерте тұрып, кеш келесің.
Анаңды сартқа сатқан сары ноғай,
Қазаққа сатпай неңді бос бересің?

Қазағым жалғыз-жарым сауда қылса,
Бір тиынға жаныңды бес бересің.
Тəңір айдап қалаңа қазақ барса,
Нақақтан пəле жауып, нос бересің.

Бойыңдағы өз мініңді өзің білмей,
Қазақты қай жерінен тексересің?!
Нұрым ноғай:
Қазағым, менің атым – ақын Нұрым,

Қазақты көп көргемін мұнан бұрын.
Қазақтың əуресін талай көрдім,
Күшіктей қанжығадан жеген жырым.
Қазағым, меніменен ерегеспе,

Аузымнан құлаш-құлаш шығар тілім.
Əдеп жоқ, абырой жоқ, арсыз қазақ,
Қалай-қалай сөйлейсің жөнсіз қазақ?!

Ақан сері Қорамсаұлы
Ауылға қонып жатып нəрсе ұрлайды,
Қалайша біздің елге қонсын қазақ.
Ұрлықты қыла тұра, ант береді,

Боқтан көп біздің елде жансыз қазақ.
Тайпалған төрт аяғым бірдей жорға,
Айтып бақ, мінім болса, қорғалама?
Біздің ел «Бір тиынға ант береді» деп,

Соқырдай жан-жағыңды қармалама.
Сен мінді біздің жұрттан таба алмайсың,
Қазағым «Өтірік» деп сандалама?
Ақан:

Ноғайым, айтар сөзді біле алмадың,
«Айтпай-ақ қой», – деп едім, тіл алмадың.
«Татардың нəсілі харам» деген рас,
Ғəдетің болғаннан соң тұра алмадың.

Есіңнен қалмағандай қылар едім,
Көп ноғай басың қосып жүре алмадың.
«Бойымда мінім жоқ», – деп мақтанасың,
Алдыңа бөгет салсам тоқталасың.

Қалаңа түйе тізіп, қазақ барса,
Жасырып арқан менен қапты аласың.
Өтірік пен ұрлықтың бəрі өзіңде,
Қалай-қалай сөйлейсің шақша басым?!

Ежелден болған жұртсың еңбегің еш,
Харам жеп иманыңнан қаласың кеш.
Жиылып тамам ноғай бас қосқанда,
Жанжалды шығарасың ертеңді-кеш.

Ақан сері Қорамсаұлы
Кей ноғай шашын қойып келеді іштен,
Кім айтар «мұсылман, – деп, – астын кескен?»
Құдайдан үміті жоқ кейбір ноғай,

Көңілін құмарланып арақ тескен.
Күнінде таңда маһшар қисаплы күн,
Дұрыс па тырағайлап арақ ішкен?
Нұрым ноғай:

Қазағым, наданбысың, молламысың?
Тең басқан төрт аяғың жорғамысың?
Мына жақта Қазан деген шаһарым бар,
Сен бұған мұнан бұрын барғанбысың?

Қазанда мың мешіт бар құрамалы,
Күмістен күмбезі бар бұрамалы.
Ішінде сол мешіттің қажылар бар,
Қолында қатым еткен бар Құраны.

Дəрісті тамам еткен молласы бар,
Тəж, дəулет, басында сəллесі бар.
Мешіттен намаз оқып қайта қалса,
Кіретін бина сарай ордасы бар.

Байларым сəндік үшін ел қыдырса,
Қазантас мың теңгелік арбасы бар.
Арбаға алты-алтыдан парлап жексе,
Əрбірі мың теңгелік жорғасы бар.

Сайраған ақ сарайда бұлбұлым бар,
Алысты жақын қылған дүлдүлім бар.
Бақшаға ақылменен басын қосқан,
Дəулетті, бақыты асқан жүлгілім бар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Күмістен қышылатқан үйлерім бар,
Таныған заң-закунді білерім бар.
Орымбор, Қырым, Қытай малын жиған,

Саудагер қазыналы байларым бар.
Саудагер байларым бар мал жинаған,
Сүпім көп Құдай үшін жан қинаған.
Залым мен пасық кісі сіздің жұртта,

Көңілін жамандыққа бір тимаған.
Жақсылық бірің түгіл, бəріңде жоқ,
Ортаңда біздей салған шаһарың жоқ.
Əншейін жалған сөзбен келтіресің,

Ноғайдай мақтанатын еш салтың жоқ.
Секілді киік, құлан тозған қазақ,
Əр жерде пəле болса, қуған қазақ.
Үйіне ит кірсе де кет демейді,

Хайуанмен араласып жүрген қазақ.
Қазақта бұрын өтті батыр деген,
Батырлары пақырдың хақын жеген.
Қазақтың бұрынғы өткен батырлары,

Қуырып бауыздау қан жатып жеген.
Ақан:
Ноғайым, Арқада жыл барыс болар,
Қарасаң əр шаһарға кіріс болар.

«Кəпір» деп мұсылманды діннен шықтың,
Қарасаң соның түбі бір іс болар.
Мен сендей өтірік сөз сөйлемеймін,
Кітапта айтқан сөзің дұрыс болар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Білмейсің, ақмақ ноғай, сөздің тегін,
Айтасың өтірікпенен сөздің ебін.
Арақпен күнің кешкен халық едің,

Сен неғып тəуір болдың бүгінгі күн?!
Кеше мен үш сақаба баласы едім,
Бөлінген екі кенттің арасы едім.
Ежелден ноғай-қазақ болған шақта,

Біздерге көңіл қоймай талас едің.
Айт десең байлық пенен мырзалығым,
Ежелден артық еді қазақ халқым.
«Ишарат білімдіге» дегендейін,

Азырақ аңдатайын сөздің қалпын.
Айтамын ерте тұрып азанымды-ай,
Қайырым Астананың қазанындай.
Малдан зекет, басымнан пітір берем,

Құданың бес парызын қаза қылмай.
Қазақтың ишаны бар мешіт баққан,
Мүрит іздеп дүнияда, Тəңір тапқан.
Қазақтан сексен рет хан өтіпті,

Түспеген өмірінше алтын тақтан.
Осынша қазағыма тіл тигізіп,
Тазыдай ырылдадың шынжыр таққан.
Менің де неше алуан пірлерім бар,

Қосылған басы законге білерім бар.
Бəрі де бір ауылда осы күнде,
Байларым азат еткен құлдарым бар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Таныған ғəділдікпен тура жолды,
Тартылған шариғаттай сымларым бар.
Осындай түзушілік бір ісің жоқ,

Сататын жанжалменен бұлдарың бар.
Ноғайым, неге кепті сенің ұртың,
Бұзылған қашаннан-ақ ақыл-құлқың.
Қыс мініп, жаз айдаған қазағымдай,

Бар ма еді ыңырандырып, қой мен жылқың?
Салдырлап арба жеккен кейбір ноғай,
Босатпас жаз болғанда үйдің сыртын.
Орысқа жалшы болып жүрген ноғай,

Келеді шашын қойып, қақпай мұртын.
Орысқа тоқалдыққа қызын берген,
Бай болса неге беред сенің жұртың?
Ежелден қазыналық біздің халық,

Бұл сөзім жалған емес Аллаға анық.
Қала шығып еліңе барғанымда,
Ноғайдың көп байларын көрген барып.
Тапқанын тамағына қағып жейді,

Хайуандай жүреді суға қанып.
Шіреніп шырт түкірген кейбір ноғай,
Іздейді су түбінен сүлік, балық.
Халипа, ағылшынмен төрт патшалық ел

Болды ма күні қараң сендей халық?
Шулаған айдын көлдің жағасындай,
Шулатып тауықпенен жидың сарық.
Шаһаріңді Қазан деген орыс алған,

Көп ноғай бір жағынан қоныс алған.

Ақан сері Қорамсаұлы
Бірі тас, бірі кірпіш, бірі ағаш,
Түзетіп төрт мешітті ноғай құрған.
Салдыртқан түгел соны сен емессің,

Бекшора Абай деген ханым салған.
Бар болса сонда мешіт төртеу шығар,
Мың мұнара дегенің шіркеу шығар?
Алтын-күміс дегенің сенің байқұс,

Шығынмен түзеттірген нəрсең шығар.
Сенің дүлдүл дегенің арбаң шығар,
Жəне бұлбұл дегенің қарғаң шығар?
Мешітте молда көп деп мақтанасың,

Бірі ақсақ, бірі соқыр болғаннан соң,
Жүре алмай мүгедек боп қалған шығар?
Қазанда ең көп болса, төрт ишан бар,
Өзгесі хат танитын моллаң шығар?

Жеріңе жеміс түгіл, шөп шықпайды,
Сабанмен еккен егін əрең шығар.
Менімен айтыстырып, таластырған,
Құдайдан о да болса, пəрман шығар.

Нұрым:
Шаһарым білсең менің Қазан деген,
Таң атса, күңіренеді азанменен.
Бұл қазақ күн шыққанша ұйықтап жатар,

Ісі жоқ бұл қазақтың намазбенен.
Қазанда Азан деген бір молда бар,
Бір өзін мекен қылған жүз ноғай бар.
Патша Александр дəл қасында,

Салдырған Петерборда бір сарай бар.

Ақан сері Қорамсаұлы
Білемін Ахмет деген бір ноғай бар,
Қазақтың Орынборда малын матар.
Қазақтан жетім менен жесір барса,

Ақшаны садақа қып тастай атар.
Болғанда сөзім жібек, тілім майда,
Таласып пар келмейсің біздің жайға.
Біздің жерде жемейтін мəстектердің

Іздейсің аламыз деп қарон қайда?
Аласың қайда қазақ қарон болса,
Қаронды алар ма едің арың болса.
Демін қағып біздің жұртқа айтар едің,

Тырнақтай көкірегіңде ағың болса.
Қазағым, құр далада асып жүрсің,
Аяғыңа дініңді басып жүрсің.
Бұқарадан бергі жердің бəрі қазақ,

Сен кімнен арқаланып қашып жүрсің?
Бос белбеу, қисық өкше, сасық қазақ,
Қалай-қалай сөйлейсің асып қазақ?
Шариғатқа туралы бір ісің жоқ,

Көзі тар, көңілі қара, пасық қазақ!
Сен-дағы ел болдың ба «Қазақ» деген,
Өмірің өтіп барады мазақпенен.
Құдайым күнəліға қазап қылса,

Мақшарда байланарсың дозақпенен.
Қазағым, сен білмесең мен айтайын,
Мəнісін бұл қазақтың «Мазақ» деген.

Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан:
Қолыма тəуекел деп домбыра алам,
Дүниенің қызығына қайран қалам.

Жəрдем берсе сөйлейін, аруақ қонып,
Ер Қотан, Қарақожа, Арғын бабам!
Мұсылман кəпірменен дінге талас,
Ежелден ноғай-қазақ шыққан жанас.

Отыз үйлі қазақтың ата-анасы,
Бір туған өзбек-қазақ, ұраны – Алаш!
Мына ноғай жай жүрмей, бізге тиді,
Мен сөйлесем қозғармын талай күйді.

Жалған сөйлеп, қазақты қиянаттап,
Айтқанына ит татардың ішім күйді.
Бейілім ежелден-ақ кең жаралған,
Ата-тегім əр жұртпен тең жаралған.

Көзі шегір орыстың жиені еді,
Қайда тегім ноғайдан кем жаралған?!
Ноғай дінге кіргені аз-ақ еді,
Ежелден ноғай бізге мазақ еді.

Ормамбетті өлтіріп, елің шауып,
Сарыарқадан аударған қазақ еді.
Он сан ноғай жиылып, Еділ барған,
Қыз беріп, өзі орыстан əм қыз алған.

Қыз беріп, қыз алысып əм жиен боп,
Орысты арқа күш қып жаның қалған.
Орыстан бөлек емес ноғай пормы,
Ежелден мəстек аттай болған сорлы.

Көзі тұздай болғанда, мұрны біздей,
Сөзімнің менің айтқан бар ма міні?

Ақан сері Қорамсаұлы
Арқадан ауып еді ноғай көшіп,
Орыспенен бірігіп ақыл қосып.
Күллі татар Қазанда, Мəскеуде орыс,

Ел болдың башқұрт, мешер өсіп-өніп.
Еділге Қазан деген қала салған,
Əмір Темір көреген дүниені алған.
Неше сонан қорыққаннан жан сауғалап,

Əрең ғана мұсылман болып қалған.
Ежелден жұрт едің ғой дінің қатты,
Тік сөзді, мейірімсіз, тілің тəтті.
«Тұқымыңнан жалғыз жан қоймаймын!» – деп,

Əмір Темір үйреткен шəриғатты.
Аз ауыл бұл ноғайың пақыр еді,
Орысты арқа күш қып жатыр еді.
Кешегі ноғай атасы – Моғол, татар,

Белгілі шежіреде кəпір еді.
Қайда сенің затыңда дін бар еді,
Ежелден-ақ бойыңда мін бар еді.
Пайғамбардың қасында асхаб болған,

Атасынан ноғайдың кім бар еді?
Ердің кегі ежелден өтпеді ме,
Ащы тілің түбіңе жетпеді ме?
Өз алдыңа хан сайлап, адам қылып,

Əмір Темір жұрт қылып кетпеді ме?!
Сонан соң алды-артыңды жинадың аз,
Көшпейсің бір боғыңнан қыс пенен жаз.
Көшпес кент, ұшпас тауық болдың ноғай,

Қазақша бола алмайсың аққу мен қаз.
Тағы да ұзатпастан орыс алды,

Ақан сері Қорамсаұлы
Басыңа құтылмастай бəле салды.
Не қылсын, түбің бірге нағашың ғой,
Мəз болып жиып жүрсің соған жанды.

Көзі көк, мұрны біздей бала туар,
Бір ауыз сөзге келсе закон қуар.
Тентіреп төрт жылдан соң үйіне кеп,
«Аппағым!» деп баласын сүйген болар.

Ноғайда бір ру бар шерміш мешер,
«Мақсым» десіп, мас болып арақ ішер.
Орыспен қатын-қызың бір жатады,
Сауықпен сонда қаңғып өмірің өтер.

Ноғайды орыс дерсің мүшесінде,
Обалы неде болса шешесінде.
Ноғайдың қыздары мен қатындары,
Күн көрер орыстардың көшесінде.

Орыспенен бауырлас, бастас жұрт қой,
Арақты күні-түні бірге ішеді.
Нан салып, абыз тайлап, қамар айлар,
Арттарын күні-түні орыс жайлар.

Қыздарың тірəкпенен бір жүреді,
Байқұс-ау, не бетің бар бізге күлер?!
Сөз қайтара алмай, ноғай жеңіледі.

Ақан сері Қорамсаұлы
Үкілі
Ыбырай
Сандыбайұлы

(1860-1932)

Ақан сері Қорамсаұлы

ӨЛЕҢДЕР

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ГƏККУ

І түрі
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым,
Əн салып, талай жердің дəмін таттым.
Жетсін деп осынау даусым «Гəккуіме»,

Гəккуді қайтқан қаздай қаңқылдаттым.
Таранған аққудайын айдын көлде,
Көз тартқан шолпыдағы алтын теңге.
Қарағым, айналайын, кез келдің ғой,

Атанған əнші Ыбырай біздей ерге.
Түрлентіп тоқсан түрлі əн саламын,
Жай тастап, құлашымды кең жаямын.
Түскенде сен есіме ерке “Гəкку”,

Құлпыртып осынау əнді толғанамын.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЙРАН ГƏККУ

ІІ түрі
Таранған айдын көлде сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің, бек лəззəтлу?!
Сырнай мен домбыраның арасында,

Балқыған қорғасындай қайран Гəкку.
Асығыс бара жатыр өмір өтіп,
Өрт шалған табар ма екен кеңіл тетік.
Көргенде ажарыңды айдан аппақ,

Алайын қайғы шерді жеңілдетіп.
Шомылған дарияда сен қоңыр қаз,
Əнімді естіртейін айтып бір наз.
Айрылып сенен сəулем қалған күні,

Дұшпаным масайрайды-ау, болып бір мəз.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ГƏККУ

ІІІ түрі
Таранған айдын көлде сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің, бек лəззатлу?
Сырнай мен домбыраның арасында,

Балқыған қорғасындай қайран Гəкку.
Шүрегей көлден ұшқан сен бір тарғақ,
Мұхиттың дариясына салдым қармақ.
Іліксе қармағыма іздегенім,

Басайын аяғымды алғақ-шалғақ.
Дарияның ортасында сіз қоңыр қаз,
Қалқама көңілім сүйген айтамын наз.
Толықсып мың құбылған «Гəккуімді»,

Өзімдей үйреніп ал, бір сал маңғаз.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ГƏККУ

ІV түрі
Қыздан да қылықтымын жүрген жерде,
Құлақ сал сөз сөйлеген біздей ерге.
Ақтамақ, шұбар бауыр қоңыр қаздай,

Сала алмас «Гəккуіме» ешбір пенде.
Ақынға қиын емес өлең деген,
Адамның ойында жоқ өлем деген.
Ақ көйлек, үкілі бөрік қыз секілді,

Басайын «Гəккуіме» көлбеңдеген.
Шомылған дарияда сен қоңыр қаз,
Əнімді естіртейін айтып бір наз.
Айрылып сенен, сəулем, қалған күні,

Дұшпаным масайрайды-ау, болып бір мəз.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ГƏККУ

V түрі
Таранған дария көлде-ай, сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе ең, бек лəззатлу?
Сырнай мен домбыраның, ей, арасында,

Балқыған қорғасындай қайран Гəкку.
Ақынға қиын емес өлең деген,
Адамның ойында жоқ өлем деген.
Талай жыл сағынғаным жарқ еткендей,

«Гəккудің» ақ дидарын көрем сенен.
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым,
Əн салып талай елдің дəмін таттым.
Жиналып қыз-бозбала отырғанда,

«Гəккуді» қайтқан қаздай қаңқылдаттым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЙРАН ГƏККУ

VІ түрі
Қыздан да қылықтымын жүрген жерге,
Ханнан да қадырлымын туған елге.
Ақтамақ, шұбар бауыр қоңыр қаздай,

Сала алмас Гəккуіме еш бір пенде.
Таранған айдын көлде сіз бар аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің, бек лəззатлу.
Сырнай мен домбыраның арасында,

Балқыған қорғасындай қайран гəкку.
Дүниені сайран қылган мен бір сері,
Бұл əнді салып жүрмін көптен бері.
Ақ тамақ үкілі бөрік қыз секілді,

Басайын «Гəккуіме» əрлі бері.
Құс салып айдын көлде дабыл қақтым,
Əн салып талай жердің дəмін таттым.
Айта алмай “Гəккуімді” еш бір пенде,

«Гəккуді» қайтқан қаздай мамырлаттым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АЛТЫБАСАР

Қыз қайда қалқатайдай көңіл ашар,
Өмірім, сəулем кетіп болады нашар.
Айрылып жан қалқадан қайтқан күні,
Əніме бір басайын «Алтыбасар».

Айрылдым сенен, қалқам, жылай-жылай,
Боламын неғып адам бұдан былай?
Қапаға мені, сəулем, салып кеттің,
Алты жыл ғашық болған, қарағым-ай.

Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп,
Ежелден қадірлестік бірге өсіп.
Астынан Ақсандықтың аттандырып,
Қалушы ең есендесіп, қолды қысып.

Ей, қалқа, талпынушы ең, бала құстай,
Аулыңа неше келдім ала қыстай,
Бір жаман мал бердім деп алар, кетер,
Тұйғыннан жем айырған қара құстай.

Ей, қалқа, сен маған жоқ, сен маған жоқ,
Басыңда кəмшат бөркің үкілі шоқ.
Көзіме шырт ұйқыда елестейсің,
Оянып тұра келсем, дəнеме жоқ.

Ей, қалқа, сен ақ қоян құмнан қашқан,
Аспанда мен ақиық шабыт құшқан.
Қан қылмай ақ жүніңнен бір ілейін,
Қарасын тамашалап қас пен дұшпан!

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖАЗҒЫТҰРЫМ

Наурыз келді, қар кетті,
Кеңшілік келді, тар кетті.
Қара жерге жайылып,
Бетіменен мал кетті.

Сұрша бұлтты жамылып,
Көкше мұзды тебініп,
Талма-қазан зарыққан,
Жылқышы баққан таң кетті.

Байларға қосқан аз малын,
Өзді-өзіне меңгертті.
Балалар, бақ малынды,
Ұмытпа адал еңбекті.

Қалың бұлтты қақ жарып,
Күн көрсетті шуақты,
Алты ай жатқан ақ күртік,
Қимады жатқан тұрақты.

Сол жақтан шыққан суық жел,
Ақ күртіктің арасын
Дем салғандай үшкіріп,
Үңгірлеп ішін құлатты.

Шын келгенін білген соң,
Денесіне суық жел
Ызғарланып кірген соң,
Қар да бекіп тұрмапты.

Жердің жүзі саз болып,
Сазы жоқ жер аз болып,
Сай-сайдан жылжып су ақты
Жол-жолын тауып бұрмаштап,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Биіктен ақса құлаштап,
Демін алып кідірмей,
Көзі ілініп мүдірмей

Қаншама күндер түн қатты.
Тіке тартып кете алмай,
Жалпақ жерде ылбырап,
Биіктен ақса сылдырап,

Терең жерде тұнжырап,
Тұрымтайдай құлдырап,
Ақылға салсаң, халайық,
Жалтаң-жұлтаң бұлт еткен,

Көрсеткен аз күн бұлғақты.
Бастап жүрген басшы жоқ,
Бұраңдап жүріп бұлтыңдап,
Құятын барып жөн тапты.

Кұстар келді шуылдап,
Қанаттары зуылдап,
Білгенімше айтайын
Бас-басына буындап.

Көк мойын «Таған» құс алды,
Көрдік міне нысанды,
Жалаңаш жалпы шуылдап,
Бала-шаға қотанда

Алты ай қыс көрген қысанды,
Жасыл шұбар жүні бар,
Бұлбұлдайын үні бар,
Қара торғай деген құс,

Оның да атын біліп ал.
Қоңыр қаз келді қаңқылдап,
Қауырсыны жалпылдап,
Сұқсыр мен көгал жаңа да,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Көгалдың даусы барқырап,
Көл қорыған қызғыш құс,
Бауыр жүні жалтылдап.

Жер жүзі тойды ыңқылдап,
Буланып беті дымқылдап
Ителгі келді сыбанып,
Сұлу қаздай назданып,

Көмейден даусы сыңқылдап.
Сегіз найза қолыңда,
Тұяқтың ұшы жылтылдап.
Екі көзі мөлдіреп,

Шабыттанып сымпылдап.
Ызғарын төгіп суық жүз,
Аузынан жалын бұрқылдап.
Жұмыртқа іздеп балалар,

Өзекті, шілік көлдерді,
Ізденіп жүріп аралар.
Балалықпен байқамай,
Аяғын шөгір жаралар.

Бұдан басқа мың түрлі
Ғажаптары жəне бар.
Ойлап тұрсаң бұл кезді,
Қиялға қиял жамалар,

Құбылысты мың түрлі
Қай ақын түгел шамалар.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АҢШЫНЫҢ ƏНІ

Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа,
Мінген ат шабуылмен танауласа.
Кигенің іші қызыл орман түлкі,
Құлпыртып жез сабаумен сабауласа.

Болғанда биең жарау, атың қату,
Жігітке ылайық па қарап жату,
Серілік, жастықта ерлік бойға қонып,
Аңшылық бір қызық іс дуылдату.

Қызыл жел көңіліңді қыздырмалап,
Тұрмай ма тағатыңды бұздырмалап.
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы
Үшеуі ер жігітке құйрық, қанат.

Тақтай бет, салыңқы төс, қамыс құлақ,
Бөп-бөлек ойынды еті жатса құлап.
Қимастай бір досыңнан сұрап алып,
Кежімдеп кереуетте жатсаң сұлап.

Бүркітің сонда тұрса саңқ-саңқ етіп,
Күтіліп саятшымен бабы жетіп.
Қанды көз, қайқы тұмсық қарауытып,
Ұмтылып көрінгенге тап-тап етіп.

Қарғылы тұрса тазың, құмай анық,
Керіліп бір сілкінсе бұраң қағып.
Таңертең аңға шығар мезгілінде,
Еркелеп келсе жетіп сылаң қағып.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Сол күні келе қалса аң құмарың,
Көңілің соғып тұрса, ынтызарың.
Бүгілтіп жылқыдағы жарау атты,

Əкелсең төгілдіріп жібек жалын.
Серік боп аңға шықса құсты біреу,
Еріне алтын балдақ қылып тіреу.
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,

Уа, шіркін, қиял жеткен бұл бір тілеу.
Таулардан қашса түлкі бұлдыр қағып,
Соңынан қуса тазы сылдыр қағып.
Кейінгі дабылшының айқайымен

Қайқақтап қыран ұшса бұлтты жарып.
Алғанда бірі бастан, бірі таңнан,
Құтылмас қашқан түлкі құс қыраннан.
Жігіттер, бес күн жарым өміріңде

Мұншама қызық өтпес бұл жалғаннан.
Сол күні түлкі қуып, тауды айналып,
Қарайып, күн кеш болса көз байланып.
Түлкіні қанжығаға байлап алсаң,

Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желіккен сол көңілмен қайтқанда елге,
Мінген ат қырауыртып батса терге.
Өлеңші домбырашың қасыңда боп,

Кез болсақ қоналқаға, бұраң белге.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Самауыр ақ шəйнекпен тұрса қайнап,
Отырса бір сұлу қыз көзі жайнап.
Сол күні қыз əкесі үйде жоқ боп,

Отырсақ əзілдесіп күліп, ойнап.
Шешесі желөкпелеу жастау келсе,
Ол қызға бір жеңгесі қастау келсе.
Бір жігіт жакуімен түлкі сойып,

Əзілмен қалжың сөзін бастай берсе.
Сол жігіт бастай берсе əзіл сөзін,
Толқысаң төртеу болып екі көзің.
Тиісер қиыстырып сөз таба алмай,

Ұнатып қыз отырса істің тезін.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАҒЫМ, ҚАЛҚАМ, СЕНІ АЙТАМ

Көп ойлаймын, көп айтам,
Қарағым, қалқам, сені айтам.
Табынтты саған жаратқан,
Сүйгізші аппақ тамақтан.

Дүние жалған демеші,
Қолдашы мені, жебеші.
Ертеңім артық бүгіннен,
Сүйгізші қалқам тіліңнен.

Құштармын ғашық кезіңе,
Еліктім ынтық сөзіңе.
Құшақтап тұрып ерінген
Сүйгізші балдай ерніңнен.

Сағынып, қайғы жеп айтам,
Аққуым көлде деп айтам.
Өзгені қайтем сөз қылып,
Қарағым, қалқам сені айтам.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАҚАТ КӨЗДІ, СЫМ САУСАҚ

І түрі
Қарақат көзді сым саусақ,
Лебізің сенің бал қаймақ.
Жолыңа сенің сарп етпей,

Неге де керек малды айдап.
Қадірін білмес ақымақтар,
Атын бір қалсын борбайлап.
Қарақат көзді ақ білек,

Айтайын бір сөз үлгілеп.
Қайғың алды денемді,
Жүректің басын тілгілеп.
Жананай сөзді қой, сəулем,

Қалмасын көңіл құр жүдеп.
Карақат көзді ернің бал,
Сен кеткен соң не дүр хал.
Жолдасың теңдес болмаса,

Керексіз қалар жиған мал.
Ұшып кетер қызыл гүл,
Жан-жағыңа көзің сал.
Шолпанның едің жұлдызы,

Мұқиттың едің құндызы.
Ардақтаған жұмақта
Өзіңнен аспас хор қызы.
Өмірімнің еркесі,

Балбырап тұрған қырмызы.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Көктемнің көркем айындай,
Қытайдың қағаз шайындай.
Еркелейсің жан сəулем,

Қысырдың арда тайындай.
Жарқ етіп шықшы алдымнан,
Еш адамнан тайынбай.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

МƏЛИКЕГЕ

Бозбалаға бұл бір сын жеке, жеке,
Əркімнің қасындағы сəулесі ерке.
Бұйрығы ханзаданың екеу емес,
Жаныма келіп отыр, ей, Мəлике!

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

БІР АЙТҚАНДА ҚАРМАҒАН

Тас балқитын сөз шықса,
Қабылдай бірін алмаған.
Залымға қалар көңілің,
Жарқ етіп көзін салмаған.

Ат-жөні басқа естінің,
Алудан ғибрат талмаған.
Бір жақсы көрсе, қасынан,
Өле-өлгенше қалмаған.

Сертке берік ер жігіт,
Сөз бұзуға бармаған.
Жұмағын көрер жалғанның,
Ақ жолда тəңірім таңдаған.

Əне, сондай адамның,
Қылығына жанданам.
Əніңмен сөзді бұлжытпай,
Бір айтқанда қармаған.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙДЫҢ ТЕРМЕСІ

Ыбырай ақын сөйлесін,
Қайғысыз-мұңсыз жан болмас,
Ай жарығы таң болмас,
Қарасу жайнап көл болмас,

Айыр өркеш нар болмас.
Ата-ана сөзі балаға,
Қанша ұрысса да ар болмас.
Түрі бірдей болса да,

Желең мен шапан пар болмас.
Көлденең тапқан жолдасың,
Жанын қияр жар болмас.
Боз қырау қалың қар болмас,

Тəтті желке жал болмас.
Қара нар жатып қартайса,
Күні өткен сөз пұл болмас.
Біткен істе мін болса,

Күлбадам ұста дым болмас.
Жаман мен жақсы бір болмас,
Жақсы құста сын болмас.
Тəтті желке жал болмас,

Өзіңнен тумай ұл болмас.
Аспанда құс боп ұшса да,
Дүние, малсыз күн болмас.
Адал жолдан адасқан

Ұрының сөзі шын болмас.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Бірлік қонған ауылда,
Шуылдаған үн болмас.
Адал жолдан адасқан,

Ұрының сөзі шын болмас.
Ақын Ыбырай атандым,
65 жасқа таяндым,
Басқармаға келгенде,

Үндемей кету жөн болмас.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАКӨЗ

ІІ түрі
Ақ алма, қызыл алма жемедің бе,
Тəтті алма шықты қайдан демедің бе?
Жүгіртіп бір баланы жіберіп ем,

Шырағым, неге келдің демедің бе?

Аппақ етің қояндай,
Шошып сəулем оянды-ай.
Ғашық болған Қаракөз,
Қызығыңа тоя алмай.

Ей, сүм біл шаш,
Қаракөзім, тəтті-ау сөзің.
Білсейші келгенімді жалғыз өзің.
Қарағым, сен ар жақта, мен бер жақта,

Ойнайды торы арғымақ тал шарбақта.
Ойымнан жатсам, тұрсам бір кетпейді,
Сенімен қосылсам деп қай уақытта.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАКӨЗ

ІІІ түрі
Шіркін-ай, жақындығы қандай еді,
Құрбының өзі теңдес маңдайы еді.
Ахау айым, Қаракөз айым,

Кез болған кезең жерде, сəулетайым.
Бағдат шаһарында гүл жазира,
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға.
Ахау, бұлбұл, мойның бұрғыр,

Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр.
Лағыл тас су түбінде жатады алтын,
Суының беті жылы, түбі салқын.
Суынан сол лағылдың сүзіп алып,

Азырақ көрер ме еді рахатын.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖЕЛДІРМЕ

Заулап қал тілім, мүдірмей,
Аққан бір судай, кідірмей.
Еркін жүйрік белгісі —
Бауырын жазбас жүгірмей.

Пенденің бітпес жұмысы
Қара да жерге көмілмей.
Жайқалды, шіркін, қызыл тіл,
Күзгі бір піскен егіндей

Сараңнан қайыр тимейді,
Жайлаған жылқы тебіндей.
Жолдас болсаң жақсымен,
Терең ойлы, ақылы кең,

Кіші пейіл, сыр шашпас,
Мінезі, білім келсе тең.
Жанған отқа бір кіріп,
Жау қолына тастамас,

Ішіңе кіріп, тор құрып,
Алдап сені қастамас.
Қайқақтамай көтерер,
Досы үшін зілдей тау тасын.

Таза жүрек, ақ пейіл
Ренжітпейді жолдасын.
Өзің жалтақ, өсекшіл
Болсаң, өмірі оңбассың.

Іші қулық, сұрқия,
Кездессең соған, сорларсың.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

КЕРЕЙ ЕЛІНЕ

Атыңнан айналайын, Керейім-ай,
Тар жерде тары төксең, терейін-ай!
Тағдырға тоқсан тоғыз алғыс айтам,
Керейдей берген құтты мерейін-ай!

Төгілсе əнім көмейден,
Мерейлен, жаным, мерейлен.
Əнші, ақынды сыйлауда,
Ел аспайды Керейден.

Əр жерде тиіп еді пайдаң, Керей,
Ортаңда салып едім сайран, Керей.
Астыма ат мінгізіп, шапан жапқан,
Тақуа мырза мейір, қайран, Керей.

Керейдің өңшең кербез жігіттері,
Бірі сал, бірі балуан, бірі сері.
Табылар талай тарлан ақтаңгерлер,
Қысылсаң пана болар жігіт ері.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ШАЛҚЫМА

Өлеңмен екі өкпеңді қалқытайын,
Қорғасындай денеңді балқытайын.
Біржаннан алып қалған əнім еді,
Азырақ “Шалқымамды” шалқытайын.

Салайын “Шалқымамды” ырғақтатып,
Үкілі домбырамды бұлғақтатып.
Шығарған əнім еді Көкшетауда,
Оңаша Торшолақпен келе жатып.

Өлеңмен болдым таныс ой мен қырға,
Құлақ салып, халайық, əнімді тыңда.
Біреуге айдай алмас малды беріп,
Мол қылған əн-өлеңмен мені жырға.

Өлеңмен талай жерді тегістедім,
Қадір білмес адаммен келіспедім.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,
Сен алма, мен бір тауық, жеміс тердім.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖИЫРМА БЕС

Қызды ауылдың сыртынан,
Қылаң еткен жиырма бес.
Қызды көрсем қиқайып,
Құлай кеткен жиырма бес.

Суға келген жеңгейге,
Ұнай қалған жиырма бес.
Жеңге, халің қалай? — деп,
Сұрай қалған жиырма бес.

Қыз-бозбала жиналып,
Қызып кеткен жиырма бес.
Алдында мың қамалды
Бұзып кеткен жиырма бес.

Іздесең де табылмас,
Өтті-ау, кетті-ау жиырма бес.
Күлдір-күлдір кісінетін,
Күреңді мінген жиырма бес.

Күрек тісін ақситып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Тастан қашқан түлкідей,
Сылаң қаққан жиырма бес.

Жастық шақтың қызығын,
Ұрандатқан жиырма бес.
Төрде жатқан кемпірден
Қарғыс алған жиырма бес.

Бесіктегі баладан
Алғыс алған жиырма бес.
Іздесең де табылмас,
Өтті-ау, кетті-ау, жиырма бес.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ТОЛҚЫН

Əуелі бұл толқынды бастау қиын,
Екінші көптің сөзін тастау қиын.
Төрт сөзің түгелімен шықпаған соң,
Барқырап топ ішінде қақсау қиын.

Толқынды айту керек жайлап қана,
Өзінің нақысымен сайлап қана.
Дариядай шалқып жатқан болмаса да,
Бұлақтай көзі шыққан сайрап қана.

Толқынды айту керек жалындай боп,
Екпіні емен жыққан дауылдай боп.
Мамырда майда мақпал жауып өткен,
Төгілтіп, нөсерлеткен жауындай боп.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АҚЛИМА ҚЫЗҒА АЙТҚАНЫ

Көңілім жабырқайды жаман десе,
Өмірім жарқырайды аман десе.
Кісіге сенен өзге мойын бұрман,
Таласса нұры көкке, маған десе.

Сарқырап менің сөзім таусылмаған,
Ақиық мұзбалақпын саңқылдаған.
Күніне тыным таппай сілтесең де,
Мұқалмас қылыштай мың жарқылдаған.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ШОЛПАН ҚАҚҚАН

Бір жұлдыз бар аспанда Шолпан қаққан,
Шарайнаның бетіне күміс жапқан.
Бөгелді, көп ағалар, сөге көрме,
Артың жүйрік аяғын томар қаққан.

Сəулем, сені сағындым, еркем-ай,
Сəулем ай, ай-яй, сəулем-ай.
Орамалдың шетіне түйдім өрік,
Жүзің сұлу болғанда қасың керік.

Қасың керік кəмшаттың құндызындай,
Екі-ай көзің Шолпанның жұлдызындай.
Сəулем, сені сағындым, еркем-ай,
Сəулем ай, ай-яй, сəулем-ай.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙДЫҢ ҚАНТАЙ СҮЛЕЙМЕНГЕ

АЙТҚАНЫ

Мен Ыбырай, жасымнан əнге басқан,
Талай жақсы-жайсаңмен жем сауласқан,
Сенің əкең Малдагүл кешегі өткен,
Қажы қолымен қамбаның аузын ашқан.

Жасың кіші болсаң да, ағам сенсің,
Қарағаштай алдымда панам сенсің.
Соңында мен қоңыр тай, телі емген,
Ішетін пісіп-пісіп сабам сенсің.

Сен шолпан көтерілген жарық таңнан,
Кем емес, бір басыңа бағың ханнан.
Құдайым қу жағымды аман қойса,
Бағыңды көтерермін одан əрман.

Сені көрсем, үндемей отыра алман,
Шыға келер сол кезде топыр алдан.
Əлі де қызарғанға көзім түссе,
Мəстектей желпінемін оқыранған.

Бір төмен, бір жоғары өрлейін де,
Көкке өрлеп домбырамды сермейін де,
Қарағым, Сүлейменжан, сен болмасаң,
Басқаға мен осындай терлеймін бе?

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АҚАН СЕРІГЕ

Көз қайда, айнадай боп жайнайтұғын,
Тіл қайда, бұлбұлдай боп сайрайтұғын?
Əн қайда, қанша естісең тоймайтұғын,
Ақыл қайда жер түбін болжайтұғын?

Айтысқанды аз сөзбен байлайтұғын,
Асыл қайда бұрқырап қайнайтұғын?
Өзің ақын, өзің би, Ақан аға,
Күн туды-ау, саған жоқтау арнайтұғын.

Құлады тауым алдымда,
Есімнен танып қалдым ба?
Тойымсыз туған қара жер,
Ақанды да алдың ба?!

Жайлы болсын тұрағың,
Пейіште жансын шырағың.
Шұрқырап шығып қарсы алсын,
Құлагердей пырағың.

Салтыңа мəңгі ерейін,
Жабыққан жанды жебейін.
Ақан-аға, бақыл бол,
Одан артық не дейін?

* * *
Қиналдық қиын іске кіруге де,
Ойландық əр харіпті білуге де.
Көңілдің жас күндегі зауқы сөніп,

Шабандап барамыз ғой жүруге де.
Досыңды мəңгі даяр телуге де,
Себепсіз қиын болды керуге де.
Бетімен шауып барын түсетұғын,

Үй де азайып қалды ғой кіруге де.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

МАЙДАҚОҢЫР

Жігіттің бір қызығы — сауықты өмір.
Шырқатып əн салғанда қайғың кемір.
Кешегі бес болыстың съезінде
Əні еді Ыбырай салған “Майдақоңыр”

Сұлу ат, жақсы қатын — ер қайрағы,
Жігіттің болып өстім боз ойнағы,
Қағаз шай, тəтті қымыз — ер азығы —
Қайғыңды шығарады қай-қайдағы.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙДЫҢ МАҢМАҢГЕРІ

Маңмаңкер, кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр шекер қосса қағаз шайға.
Жүрісің желмаядай, жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Маңмаңгер, əн қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісе ме?
Сыдыртып Маңмаңкермен келе жатып,
Осы əнім құйқылжыған түсті есіме.

Жүйріктің келмей отыр əрбір жері,
Шығады шапқан сайын аттың тері.
Жорғаша мұзға салған майда жалды,
Шырқаған Ыбырайдың Маңмаңкері.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

БАЛҚУРАЙ

Домбыра екі ішекті қолға алайын,
Қайырып он екі алуан əн салайын.
Нұр жауар талапты ерге деген сөз бар,
Мен неге бұл талаптан құр қалайын.

Қайырмасы:
Домбырам басы бал қурай,
Басына қонар бозторғай.
Бақ ішінде бұлбұлдай,

Сайрайды əн бір тынбай.
Домбыра екі ішекті мойыны ырғай,
Тартқанда он саусағым кетер зырлай.
Құрбылар жастық шақта ойна да күл,

Бұл дəурен əлі-ақ өтер бір күн тұрмай.
Қайырмасы:
Домбырам басы бал қурай,
Басына қонар бозторғай.

Бақ ішінде бұлбұлдай,
Сайрайды əн бір тынбай.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЛДЫРҒАН

І түрі
Жасымда болдым балдырған,
Халқымды сөзге қандырған.
Айналайын, халқым-ау,

Маңдайдан шырақ жандырған.
Мəжілісімді көркейтіп,
Мырзалар қалап алдырған.
Сол балдырған кезімде,

Ғашықтық оты жандырған.
Бір сағатта он көрсе,
Көсіліп əнім жаңғырған.
Сүмбіленің бұлтындай,

Сөзім қалың жаңбырдан.
Алпысқа келген мендей шал,
Есін білмей қаңғырған.
Құрбы-құрдас, замандас,

Іздеп кеп атын шалдырған.
Кейінгі жастар айтсын деп,
Атын бір қойдым Қалдырған.
Шіркін, дүние, кең едің,

Біраз күн алдап бөгедің,
Орта жүздің ішінде,
Əн шырқаған мен едім.
Сарыарқаны сайраңдап,

Жал мен жая жеп едім.
Қартайған, да дүние-ай,
“Қайдасың, Ыбырай” демедің.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Қызығың, дүние, өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Қарлығып қарттың дауысы,

Жастар желдей ескен күн.
Қара бура қартайса,
Жар басына көшкен күн.
Байланбаған асаудай

Сырт айналып тепкен күн.
Беремін, жастар, батамды,
Сендерге тізгін көшкен күн.
Кəрілер бесік тербетіп,

Жастар гүлдеп өскен күн.
Жасымда өстім қындай боп,
Күмістен тартқан сымдай боп.
Болам деген ой бар ма,

Аппақ қу шұнақ мұндай боп.
Алпысқа келдім аманат,
Шықпады-ау ешбір жаманат.
Қалдырғанды тапсырдым,

Сұраған саған аманат.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЛДЫРҒАН

ІІ түрі
Суаты құмдық көл қайда?
Жағалай қонған ел қайда?
Қыз, бозбала бас қосса,

Ыбырай ақын, сен қайда?
Шіркін бір дүния, кең едің,
Біраз күн алдап бөгедің.
Өкпеледім, дүние-ай,

Жолдас едің демедің.
Жан-жаққа гүлің балбырап,
Қызықты дүния сен едің.
Орта жүзді қыдырған,

Жалғыз да бұлбұл мен едім.
Арғын, Найман ұлынан
Талайдан сарқыт жеп едім.
Алпыс жасқа келгенде,

Сақал, мұртым қуарып,
Тамыр біткен суалып,
Неліктен мұнша жүдедім?
Алпысқа келдім азамат,

Халыққа шықпай жаман ат.
“Қалдырғанды” тапсырдым,
Сұраған саған аманат.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЛДЫРҒАН

ІІІ түрі
Жасымда болдым балдырған,
Айтысып сөзге қандырған.
Айналайын, халқым-ау,

Маңдайдан шырақ жандырған.
Мəжілісімді көркейтіп,
Мырзалар таңдап алдырған.
Сол балдырған кезімде,

Ғашықтық отын жандырған.
Бір сағатта өзгеріп,
Халқыма əнім жаңғырған.
Сөз сөйлесем жұртым-ай,

Сөзім жиі жаңбырдан.
Алпысқа келген мендей шал,
Алпысқа келген мендей шал,
Есін де білмей қаңғырған.

Құрбы-құрдас, замандас,
Іздеп кеп атын шалдырған,
Іздеп кеп атын шалдырған.
Шіркін, дүние, кең едің,

Қызығы қайтпас төбе едің,
Орта жүздің ішінде,
Əнші бұлбұл мен едім.
Сарыарқаны сайраңдап,

Сарыарқаны сайраңдап,
Тойдан сыбаға жеп едім.
Сарыарқаны сайраңдап,
Тойдан сыбаға жеп едім,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Тойдан сыбаға жеп едім,
Қартайған соң дүние-ай,
“Қайдасың, Ыбырай” демедің,

Қартайған соң, дүние-ай,
“Қайдасың Ыбырай” демедің,
Қара бура қартайса,
Қара бура қартайса,

Жар басына көшкен күн,
Ұстатпаған асаудай
Сырт айналып кеткен күн,
Сырт айналып кеткен күн,

Беремін, жастар батамды,
Сендерге тізгін көшкен күн,
Беремін жастар батамды,
Сендерге тізгін көшкен күн.

Кəрілер бесік тербетіп,
Кəрілер бесік тербетіп,
Жастар гүлдеп өскен күн,
Кəрілер бесік тербетіп,

Жастар гүлдеп өскен күн,
Жастар гүлдеп өскен күн.
Жасымда өстім қындай боп,
Төске соққан сымдай боп.

Болам деген ой бар ма,
Аппақ қу шұнақ қудай боп.
Алпысқа келдім азамат,
Алпысқа келдім азамат,

Шықпады-ау ешбір жаманат.
Алпысқа келдім азамат,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Шықпады-ау ешбір жаманат.
Шықпады-ау ешбір жаманат.
Қалдырғанды тапсырдым,

Сұраған саған аманат.
Қалдырғанды тапсырдым,
Сұраған саған аманат.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ШӨРЕНГЕ

1-өлең
Арықты бекер мініп төпелейсің,
Кедейдің жауырына төтелейсің.
Қасыңа қансонарда ертіп алып,

Несіне қара көкті жетелейсің?
Қайырып ақ тұйғынды салғандай боп,
Қолға алып Кезқұйрықты мəпелейсің.
Мінгенің астыңдағы өгіздей-ақ,

Қарамай алды-артыңа төпелейсің,
Сөзіме менің айтқан түсінбесең,
Наз қылып маған неге өкпелейсің?
Қақтығып үлкенге де, кішіге де.

Аптығып, айтпас сөзді төкпелейсің.
2-өлең
Сөзіңді кім тыңдамас, жүйе болса,
Ғашықтық балбыраған шие болса.

Ақ жүзің кімге дəрі, керек емес,
Жұқпалы, оты сөнген күйе болса.
Нартайлақ жез бұйдалы деп жүргенім,
Тайлақшам жабу жапқан түйе болса.

Атымды көкорайға шалдырғаным,
Қолыма Ақтұйғында қондырғаным.
Ақ тұйғын деп жүргенім қара болып,
Отырып шаппай желмей болдырғаным.

Жамылдым жанат ішік деп жүргенім,
Жанатым шекпен болып тоңдырғаным.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАКӨЗ

Кез болдың тəтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тиылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сиынбаған.

Қайырмасы:
Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,

Көкіректе зарлы дертім бар.
Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,

Уа, шіркін-ай.
Ой, қалқа, мендей адал, сертке жетсең,
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.
Жанымды өз жолыңнан аямайын,

Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең.
Қайырмасы:
Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.

Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.
Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,

Мен не дейін,
Уа, шіркін-ай.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

БІЛМЕГЕН ДОС КӨҢІЛІН ЖАРАЛАЙДЫ

Əр түрлі тілек, мақсат зор болған соң,
Тірлікте сөйлер тілің бар болған соң.
Жігіттер, дер кезінде сөйле де қал,
Күркілдеп отырарсың шал болған соң.

Əр адам өз ісінен шамалайды,
Білмеген дос көңілін жаралайды.
Неше жыл тəрбиелен асыраған,
Иттер де иесіне абалайды.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ТОПЖАРҒАН

Шұқанақ су түскенмен көл болмайды,
Құдыққа суалмалы ел қонбайды.
Біздерге сіздер сөйле дегеннен соң,
Азырақ сөз сөйлемей жөн болмайды.

Топжарған, сал көзіңді шабысыма,
Түсейін тартынбай-ақ намысыңа.
Белгілі ортаңдағы жүйрігіңмін,
Сала бер аш-тоқ демей жарысыңа.

Мұхаммед, құдай досы, өзің қолда,
Сүрінген ер Ғали да қазған орға.
Алдына абзалдардың келгеннен соң,
Қарағай екі шекті алдым қолға.

Халайық, тыңда кеңес біздей ерден,
Пенде өлмес, ажал жетпей, қайғы-шерден.
Орта жүз Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Жүйрікпін жақсылардың қасына ерген.

Мəжілісі жақсылардың дүкенмен тең,
Кімге ырыс болар дейсің, алған берген.
Желді күн келді айналған лашындайын,
Баптаған жүйрігіңмін жиынға енген.

Қанжардай екі жүзді теңдей тілген,
Қақпаған шаужайымнан жүйрік желген,
Тайпалған төрт аяғым бірдей жорға,
Таймас деп мұзға салса, халқым сенген.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Қырымнан қиқу салып дабылға ерген,
Қыранға Алла жар боп барын берген.
Жігіттер, дер кезінде қимылдап қал,

Кəрілік тосып алар сары белден.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

КӨКЕЙКЕСТІ

Қатты соқан кəрілік жынменен тең,
Көзім көрмес болған соң, құлағым кем,
Əулиесі бақсының қараса да,
Жүрегімді жазуға табылмас ем.

Қайырмасы:
Дегеніңе жеттің бе,
Қайран дүние, өттің бе?
Сырнай менен домбыра,

Мені тастап кеттің бе ?
Бірді алдап жүргем жоқ бірді қарғап,
Жігіттікті өткіздім өмір талғап.
Күрмеуіме қысқа жіп келмеген соң,

Ұш жағына жібердім кендір жалғап.
Қайырмасы:
Дегеніңе жеттің бе,
Қайран дүние өттің бе?

Сырнай менен домбыра,
Мені тастап кеттің бе?

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖАЙМА ҚОҢЫР

Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйріктей ат өрге салған өршеленер.
Бозбала, жастық шақта ойна да күл,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн сөнер.

Жігіттің бір қызығы сауықты өмір,
Шырқатып əнге салсаң, қайғың кемір.
Кешегі бес болыстың жиынында,
Жайқалтып Ыбырай салған Жайма қоңыр.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚҰРАМА

Əнім бұл салған — “Құрама”,
Дауысым тозған шағында.
Бұл жалған мəңгі тұра ма,
Орамай бұлдыр сағымға?

Əн сал десең, əлеумет,
Шырқайын қуат барында,
Қалмай да қойды ескі əдет,
Шашымның мынау ағында.

Тарлан көк енді жорғалар,
Көп думан келсе ағылып.
Домбырасын қолға алар,
Қалған екен сағынып.

Біраз шырқап берейін,
Дариядай шалқар ағылып.
Əлеумет, өссін мерейің,
Қалмаса күшім тарылып.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАЛДЫМ

Артық туған Қаралдым,
Өзіңді ойлап жаралдым.
Құрмалдық шалың сарп етпей,
Бар малын сенен аяр кім?

Биікте асыл тұрағың,
Жайқала шыққан құрағың.
Ақылың дария мұхиттай,
Қолымда жанған шырағым.

Ақ сұңқар ұшса қолымнан,
Бөктергі түссе соңыңнан.
Басқа да жаққа ұмтылып,
Адаспа, қалқам, жолыңнан.

Жүйрік міндік жиынға,
Қызығып кеттім ойынға.
Бір сен үшін, Қаралдым,
Басымды тостым сойылға.

Таяқ жеп он күн ағаңнан,
Түк қалдырмай жағамнан.
Келуден саған бас тартпас,
Сұңқармын артық жаралған.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЕРЛІ-БАЙЛЫ ЕКЕУГЕ

Па, шіркін!
Ат тұрманның келіскені,
Тырашпан қара майлы жегісті еді.
Мендей-ақ бір адамның еміншегі,

Ақ көңіл ашық ыклас қарағыма,
Құдайдың кез келтірген келіншегі.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

МАЙМАҚҚА

Бұқшантайдың баласы Маймақ едің,
Өлі жүнің түспеген тайлақ едің.
Əкеңді көрмесем де, естуім бар,
Арбаңа жалғыз сыйыр байлап едің.

Көбештің қойын жаяу айдап едің,
Күйген нан қытырлатып шайнап едің.
Бұл күнде болыспын деп күпілдейсің,
Сол кезде Маймақ болсаң қайда-ақ едің?

Танымай өтсең, нені ойлап едің,
Шұқшиып мен де сырттай қоймап едім.
Ақ майды осы кезде жей алмайсың,
Ұмытпа, жылында бір тоймап едің.

Төс қағып менен қайда бармақ едің,
Аяқтан əлде мені шалмақ едің?
Ұмытпа, бес тиындап ақша ұрлаған,
Посселщик боқтық қазған парнақ едің.

Бір қатынға беруге малың жетпей,
Отыз беске келгенше бойдақ едің.
Мен сені жамандайын дегенім жоқ
Сен қаспақ, мен халқымның қаймағы едім.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖАН БАСПАС

Қара -ай көзің сүзіліп,
Қынай белің үзіліп.
Сіз-біз деген отыз тіс
Меруерттей тізіліп;

Ұйықтамадым ой ойлап,
Жүре алмадым той, тойлап.
Санаменен сарғайдым,
Қарағым, қалқам, сені ойлап.

Үйден шықтым аттанып.
Барайын деп баптанып,
Ақ дидарын бір көріп,
Қызыққа қандым шаттанып.

Жадырап кеттім жайнадым,
Жəннатын жердің жайладым.
“Жан баспас” атгы əнімді
Өзіңе, қалқам, байладым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЕЛДІ САҒЫНҒАНДА

Мүдіртпе қызыл тілімді,
Көңілге алып білімді.
Айтып бір халқым өтейін,
Өсіп бір өнген жерімді.

Аса самал қоңыр жай,
Есмырза өзен, көлім-ай.
Шілдеде келіп жайлайтын,
Қоңыр салқын көк орай.

Тізілтіп бие байлаған,
Қызыл, жасыл киініп,
Қыз-келіншек жайнаған,
Ерлер қайда сондағы-ау.

Айтар созге тоймаған.
Колчак деген жау шығып,
Қазақты жерден айдаған.
Қайырмасы:

Өзен-суың бал татыр,
Ақ шабағың май татыр,
Қайткен-сүйткен жерім-ай
Атығай мен Қарауыл,

Артта қалдың, елім-ай...
Қызыл аяқ жас бала,
Сексендегі кемпір-шал,
Өмірі байлық көрмеген,

Сондай сорлы жəне бар.
Мынау шалың кім дейді,
Бір құдайым білмейді.
Безіп байдан партияға,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Оның аузын тілдейді.
Жалған дүние, тағдыр-ай,
Күтіп алдым зарменен.

Одан басқа дəрмен жоқ,
Бұған қылар пəрмен жоқ.
Қайырмасы:
Өзен-суың бал татыр,

Ақ шабағың май татыр,
Қайткен-сүйткен жерім-ай
Атығай мен Қарауыл,
Артта қалдың, елім-ай...

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРА КӨЗ

Шіркін-ай жақындығы қандай еді,
Құрбының өзі теңдес маңдайы еді.
Ахау, айым, қара көз айым,
Кез болған кезең жерде сəулетайым.

Бағдаттай кең шаһарда гүл жазира,
Мақсатқа жетемін бе, уа, дариға.
Ахау, бұлбұл, мойның бұрғыр,
Бұралып тал шыбықтай жолда тұрғыр.

Лағыл тас су түбінде жатады алтын,
Суының беті жылы, түбі салқын.
Суынан сол лағылдың сүзіп алып,
Азырақ көрер ме еді бар рахатын.

Ахау, айым, жорға тайым,
Кез болған кезең жерде, қалқатайым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

«ЖАЛҒЫЗТАУ»

«Бісміллə» — деп бастайын,
Жадымда алып алланы.
Бісміллə жүрсе аузыңда,
Жан тəніңнің қорғаны,

Дəулет пен бақ, ауру, сау,
Бір алланың пəрмені.
Шешен деп айтса, біреуді,
Аузына құдай салғаны.

Тіл жақсысын бермесе,
Пəнденің нешік дəрмені?
Қайырсыз пəни сұм дүние,
Баяны жоқ жалғаны.

Жеріне жетіп шаппаса,
Ешкім бабын таппаса,
Жүйріктің кетер арманы.
Жүйріктіктің белгісі,

Артында үлгі қалғаны.
Қас ақымақтың белгісі,
Қиюсыз сөзге нанғаны.
Жомарттықтың белгісі,

Мұхтар жи нашар алғаны.
Жұрты келсе үймелеп
Кетпесе дұшпан кимелеп,
Маңдайдан шырақ жанғаны.

Дариялықтың белгісі,
Шөлдеген мақұлық тойғаны.
Қорқақтықтың белгісі,
Айтқан бір сөзден танғаны.

Ақсүйектің белгісі,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Бергенін қайтып алмайды,
Қайырылып көзін салмайды.
Сүйегі тату кей жаман,

Айтқан бір сөзге нанбайды.
Ақырғы күнім нешік деп,
Хақ мұсылман зарлайды.
Өлерін кəміл білген жан,

Жұмақтан орын қамдайды.
Таупықсыз болса пендесі,
Сүйместен ұлын қарғайды.
Аллаға мойын қойған жан,

Бұл сөзімнен аңдайды.
Аманат тұр жаныңыз,
Жазуда риыздық дəміңіз,
Қайсыңды ажал таңдайды?

Өлімге дауа таппаған,
Оплотон, Хакім, Даниэл,
Табармыз деп салған бал,
Алланың ісін кім бұзар,

Пəнделіктен не дүр хал.
Илəиел ғаламен,
Тұғирлық жолға өзің сал.
Еһтияр жүзі екі жол,

Жанға айтты, бірін таңдап ал,
Тəніңнен жаның шыққан соң,
Артыңда қалар жиған мал,
Бұл дүниеден пайда жоқ

Болсаң да патша Даль мен Зал.
Жаңғалақтың белгісі,
Айтқанға кетер тоқтамай.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Парақордың белгісі,
Ит аузында соқтадай.
Жеті атасы бергенді айт,

Ұлы-қызын көргенді айт.
Тұрайын неғып мақтамай,
Жақсының сөзі алтынды,
Адал сөз бұзбас халқыңды.

Ағайының мол болса,
Дəулеті шалқар көл болса,
Қара ағаштай барқын-ды.
Ағайын аузын қақпаса,

Бойыңнан мінді таппаса,
Топта бір жүзің жарқын-ды.
Кей жақсының мінезі,
Аялаған мақтадай.

Аузынан бөтен шықпайды,
Қиюы келген қақпадай.
Артыңда жатып қалың жол,
Дұшпанға салсаң салқынды.

Дəулеті келте ер жігіт,
Баулы құстай талпынды.
Бұл күнгі кеңес малды да,
Қалмады қуат жарлыда,

Бұрынғы тəртіп сарқылды.
Арғымақтан жал кетіп,
Мəстекке кілем артылды.
Ер боп өткен атам деп,

Мен не ғып жайға жатам деп,
Талайдың беті шарпылды.
Томар судан көз шығып,
Бұрынғы дария тартылды.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Томар су дария көл болды,
Ойпаң өсіп, дөң болды.
Көлде жүзген қоңыр қаз,

Қара құсқа жем болды.
Қойыңды баққан қызметшің,
Көбейіп алып, ел болды.
Атыңды ерттеп, ас ішкен,

Өзіңменен тең болды.
Уағадалы бір жан жоқ,
Қылған бір қайыр сел болды.
Мəстектен жүйрік көбейіп,

Тұлпардан жүйрік кем болды.
Осындайда көрген соң,
Теріс азу қайран сабаздар,
Ақылы кетіп, мең болды.

Жер жүзіне қазақтың,
Ақылы ауды сайлауға.
Бай малын шашып бақ үшін,
Қызығына тоймауға.

Мал мен сатып бақ алып,
Адалды қоям дегенге,
Жібермеді таңдауға.
Болыстық билік бақ беріп,

Жыландай келді арбауға.
Күш-қуатыңды алуға,
Əуелде келген алдауға.
Денеңнен қуат кеткен соң,

Келе ме тілің қарғауға?
Жапырақты жайқалтып,
Жорға мініп тайпалтып,
Көшуші едік жайлауға.

Жүрер жолың бекініп,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Енді түстік қармауға.
Керегін кəпір алып тұр,
Жеріңе қала салып тұр.

Тастаған байлап құлындай,
Зират, молаң қалып тұр.
Қиындықтың белгісі,
Атаң қонған жер қалса,

Көз үйренген көл қалса,
Бір жағынан бөлініп,
Ағайын-туған, ел қалса.
Қатты-тəтті сейлескен,

Құрбы-құрдас тең қалса,
Шыға алмайсың бұлқынып,
Кəпірдің құрған торынан.
Қайырылып келіп қонарсың,

Тартып бір қалса бауынан,
Өз еркің болса өзіңде,
Құлан да кетпес қағынан.
Кім еркімен кетеді,

Айырылып жеке табынан,
Тағдырда жазса болмайды,
Істің бір қара ағынан,
Қойдай шулап жөнелдік,

Атамыз қонған тауынан.
Көңілге кірді жабырқау,
Осы ма бізге таңырқау?
Оқ атпай, қылыш шабыспай,

Мұнысы несі, япырмау?
Қиындық көрсе бір адам,
Кемшілік соның басында-ау.
Алыстан төбең көрінген,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Көрінумен хабар берілген,
Қош, есен бол, Жалғызтау!
Бауырыңда қыстап, жаз жайлап,

Атамыз қонған тау едің,
Жел жағымда пана едің,
Ешкімнен көрмей кемдікті,
Бетімен өскен жан едім,

Мүліктенген бұл тауды,
Атамыз өтті билеген,
Мүдірмей топта сөйлеген,
Бір құрықтық ағашқа,

Сұрамай ешкім тимеген.
Мейманамыз тасты ма,
Болды ма бір іс сүймеген?
Сылымадай шауып балтамен,

Бір сұмдық көрдік бүй деген.
Меңге түсті кемшілік,
Алланы хақ деп бірлеген.
Қолы шебер, тіл шешен,

Атамды жұрт жоқ білмеген,
Жұрт иесі сұлтан да,
Маңайға батып келмеген,
Бір нəрсеге бет қойса,

Жалғыз тəңірім жөн деген,
Тəңірінің берген кезінде,
Талайларды емдеген,
«Жалғызтау», сенің себебің,

Елдегі жүйрік жорғадан,
Қалған жоқ шығар мінбеген.
Осындай болып тұрғанда,
Талай жақсы күндеген,

Қамалып келіп, жау кəпір,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Жан-жағыңды күрмеген,
Жайылып жатқан кең күнде,
Кімнің бір малы жүрмеген,

Кімдер келіп кірмеген,
Қала қылып жеріңді,
Жүндей түтіп еліңді,
Сылымадай шауып өлтірді,

Аты атанған еріңді.
Көп екен күнің көрмеген,
«Жансуыр», «Бұлақ», «Суылдақ»,
Жұрт жиылған жер едің,

Төре, қара дуылдап,
«Шалқар» көл сенің ығыңда,
Бағусыз қара қыбырлап,
Топырағың — алтын, суың — бал,

Жұрт кетпейтін тұғырлап,
Осындай болған жерлерім,
Көкіректің қозғап шерлерін,
Енді кеттік, «Жалғызтау»,

Табысқан қойдай шуылдап.
Қош, есен бол «Жалғызтау»,
Табысқан қойдай шуылдап.
Қош, есен бол «Жалғызтау»,

Сыртыңда биік мұнар бел,
Суынды ішіп, шөбің жеп,
Күнелткен сенен қанша ел.
Ол заман қайтіп келмейді,

Соғып бір өткен ол — бір жел.
Ел мен жер еске түскенде,
Көзімнің жасы болар сел.
Мына сұм дүние алдаған,

Адамзаттың талайын,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Кім еркімен бұзады,
Қондырған ата сарайын.
Атаң қонған сарайдың,

Кім кетер қиып панайын,
Басына келген біледі,
Қиыны мен оңайын.
Біздерден сізге аманат,

Кейінгі қалған ағайын.
Кейінгі қалған зираттың,
Алып тұр кəпір маңайын,
Зиратты олар қорласа,

Алла берсін сазайын.
Зиратты қорлап жүрмесін,
Аманат сізге тағайын.
Қош, аман бол ұрықтар!

Аққан бір бұлақ тұнықтар,
Тауды айналған бұлттар,
Саған біткен қарағай,
Құйылған шамдай құрықтар,

Жалмауыз жалған сұм дүние,
Қайсыңызға тұрақтар?
Риыздық дəмің біткен соң,
Күннен күнге ажал жуықтар,

Қарағай, қайың, терегің,
Көп еді сенің себебің,
Сыпырған тас па ағашың,
Талайдың көріп өнерін,

Пенде ұлық бұзар ма,
Бір алланың дегенін.
Еһлұмға патша болсаң да,
Алла бір салса, көнерің,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Көретұғын күн болар
Талапты ердің жігерін,
Еркін жүйрік талмайтын,

Жіберсең алып шідерін.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙДЫҢ БЫЛҚЫЛДАҒЫ

Жігіттің жас кездері — алтын шағы,
Шешеннің сөйлейтұғын тіл мен жағы.
Тұғырын ақ сұңқардың ителгі алып,
Ақ сұңқар осы күні көңілі жабы.

Жүректің бола бермес күнде бабы,
Сынбаған алты алашта əнім сағы.
Үкідей, буыны жоқ былқ-сылқ еткен,
Сал, сері Ыбырайдың «Былқылдағы».

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

МЕНІҢ АТЫМ ЫБЫРАЙ

Менің атым Ыбырай,
Қалмасын сөзім жарамай.
Қартайған осынау шағымда,
Қыздар қойды қарамай.

Арманым жоқ заманға,
Талай əнді салам-ай.
Қайран дүние, өттің бе,
Жетпіске мен де жеттім бе?

Гармонь менен домбыра,
Мені тастап кеттің бе?...
Менің атым Ыбырай,
Қалмасын сөзім жарамай.

Қартайған осынау шағымда,
Қыздар қойды қарамай...

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАЙЛАУ

Ағалар, өлең бізден, ұрықсат сізден,
Үлгі алған қызыл тілім ескен желден.
Елімнің ардақтаған мен ақыны,
Серпіліп қанат қаққан айдын көлден.

Ежелден елге таныс шапқын үнім,
Қайлаудың ғажап əнін таптым бүгін.
Таңертең ерте тұрып шырқап, шырқап,
Жүректің көптен бергі қақтым жүгін.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚАРАТОРҒАЙ

Құс болсаң, жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

Салайын мен əніме,
Қараторғай, қараторғай.
Қайырмасы:
Хала-ла-ла,

Лила-ла-ла,
Ли-лай-ла.
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Албырап екі бетің жанар гүл-гүл.

Бейіштің гүл жамылған сарайында,
Сайраған тоты құстай сен бір бұлбұл.
Қайырмасы.
Хала-ла-ла,

Лила-ла-ла,
Ли-лай-ла.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ОТАРШЫЛДЫҚ ҚЫСПАҒЫ

Айрылып туған жерінен,
Бишара қазақ талып тұр.
Қолынан келер шама жоқ,
Ішің бір оттай жанып тұр.

Еркі болса өзіңде, ...
Құлан да кетпес қағынан,
Тағдыр жазса болмайды,
Жасқанбасқа жауынан.

Қойдай шулап жөнелді,
Атамыз қонған тауынан.
Алыстан төбең көрінген,
Көрінумен хабар берілген,

Қош-есен бол, Жалғызтау,
Бауырыңды қыстап, жаз жайлап
Атамыз қонған тау едің,
Жан-жағымда пана едің,

Ешкімнен көрмей кемдікті,
Бетіммен өскен жан едім.
Қош-есен бол, Жалғызтау,
Сыртында биік заңғар бел,

Суыңды ішіп, шөбін жеп,
Күнелткен сенен қалың ел.
Ол заман қайтып келмейді,
Соғып өткен ол бір жел.

Ел мен жер еске түскенде,
Көзімнің жасы болар сел.
Сұм дүние алдаған
Адамзатты жалмаған

Кім бұзады еркімен
Қондырған ата сарайын.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Ата қонған сарайдың
Кім кетер қиып маңайын.
Қиыны мен оңайын,

Аманат сізге, ағайын.
Қош-есен бол, рухтар,
Аққан бұлақ тұнықтар.
Жалмауыз жалған дүние

Қайсыңызға тұрақтар.
Ризық дəмің біткен соң,
Күн сайын ажал жуықтар.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

КӨКШЕ

Арқаның асау туған ардагері,
Кім сүймес, кім жырламас, Көкше, сені?
Суың бал, қойның ырыс, шөбің шүйгін,
Дүниеде бағаң қымбат сен бір сері.

Жарқырап жатқан жүзбен тал сұлуы
Тербеліп жатыр толқып қалың нуы.
Ер Көкше, ерке Көкше күлімдейді,
Желбіреп күмбезінде бақыт туы.

Көз тоймас кербез сұлу Көкшетауым,
Əн-күйге толқып жатыр омырауың.
Сені аңсап асқақтаған ащы əнімнің,
Ұшарда сыпырайын балақ бауын.

Құс салдым сексен көлді жарқыратып,
Жан құмар сан қызыққа қалдым батып.
Арнаған Көкшетауға əнім еді,
Бүлкілдеп Торшолақпен келе жатып.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

КӨКШЕТАУДАН АТТАНАРДА ҚОШТАСУ

Ал, жұртым, қоштасайын, халқым, енді,
Кең дүние бұйыртқызды салқын желді.
Атығай, Қарауылға дұғай сəлем,
Сұм дүние сумаңдаған артын берді.

Амалсыз мен аттандым алыс жолға,
Тапсырып ғазиз басты бір Аллаға.
Еңкейіп, егде тартып қалсам-дағы,
Қамады түрме деген бір қордаға.

Білгендер құлағың сал біздің іске,
Бармадым бас кессе де жүгініске.
Туған ел баршаңызға дүғай сəлем,
Бір қиын жолға түстім жіп-жіңішке.

Төрт ру бір Момынның баласы едік.
Жайқалған қызыл гүлдің саясы едік.
Кең дала Сарыарқадан қоныс алған
Атығай, Қарауылдың баласы едік.

Біздерге дəмді жазды əлде қайдан,
Болмады бұл сапарға ешбір қайран.
Айқайлап күңірентетін Көкшетауым,
Бір кезде басты қосып, қылған сайран.

Отарба Қызылжарға жүреді енді,
Көк будақ көкке шапшып түрегелді.
Дабылы Ыбырайдың айқайындай,
Болса да, бермеді Алла тілегенді.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Хан, қара, алаш демей қолымды арттым,
Жасымда жақсыларды таңырқаттым.
Ортаңда бұлбұл құстай сайраушы едім,

Жазықсыз бұл уақытта қайғы тарттым.
Желпініп етек жайған жерім қалды,
Тізерлес бірге өскен ерім қалды.
Ортаңда ақиықтай саңқылдаушы ем,

Есембай, Шұңғыршадай елім қалды.
Ақ орда, алтын бесік, аппақ майың,
Жарасқан кең қонысқа көк орайың.
Жаз жайлап, қыс қыстайтын еліміздің,

Көкшетау туып — өскен жер шұрайым.
Дəм айдап ауыр сапар, шықтым шетке,
Қылмаса тəңірім рахым, үміт етпе.
Дүниеден қазам жетіп, өтіп кетсем,

Бақұлдық сөзім осы ақиретте.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҚОШТАСУ

Ал жұртым, мен аттандым алыс жолға?
Тапсырып Ғазиз басты бір аллаға.
Аяқтан кəрілік келіп шалған шақта
Кездестім шідер торлы бұл шаруаға.

Өтедім ел алдында өлең сертін,
Тұңғиық қара су ем тереңдейтін.
Тұйық жол, межесі жоқ, мезгіл білмес,
Қайрылып қашан қайтып келем дейтін.

Көкіректе қайнаған шер тыйыла ма,
Шыбын жан қасыреттен қиыла ма?
Жұмыстың ақ-қарасын шешер күн боп,
Туған Жер топырағың бұйыра ма?

Ал, жұртым, хош аман бол, мен аттандым,
Қапыда жаман атқа құлақтандым.
Əйтеуір һəм көңілде жалғыз медеу,
Көрген жан, естіген дос жылап қалдың.

Көкшетау, мұнарланып көрінесің
Көзден жас, көңілден наз, егілесің.
Қайыспас қалың дертке қайратты едім,
Қабырғам, мұнша неге сөгілесің.

Жалғызтау, айналайын, ата мекен,
Қоштасу жанға қатты батады екен.
Соңымнан іздеп түсер бір жігіт боп,
Менің де таңым қайтып атар ма екен?

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Қамсақты, Жарқын, Жалтыр, Есілдерім,
Байлауда бара жатыр есіл ерің.
Айдарлы, Сандық Қылыш, Тас бұлағым,

Кір жуып кіндік кескен бесік едің.
Қалдаман, Тоғай менен, Жерін, Даубай,
Барамын өздеріңнен кетіп шалғай.
Ерге серт, мерт боп кетсем осы жолда,

Оқи көр ақ дұғаңды бізге арнай.
Атығай, Қарауылмен, Керей, Уақ,
Артымнан елі-жұртым шықтың шұбап.
Қор болған көз алдыңда қиын екен,

Барамын шықпаған жан əрең шыдап.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЖАЛҒЫЗТАУМЕН ҚОШТАСУ

Айғайлап əн саламын, халқым, енді,
Қарауыл аруағың білер мені.
Жамиғат құлақ салып тыңдасаңыз,
Арнадым баршаңызға бұл өлеңді.

Межесіз алыс жолға аяқ бастық,
Кең жайлау, туған елмен амандастык,
Көк зеңгір көрінетін Жалғызтауым,
Топырағың бұйырмас деп бақылдастық.

Төрт ата біз Момынның баласы едік,
Шырмалған қызыл құлан саласы едік.
Сарыарқа көк орайға қоныс салған,
Атығай, Қарауылдың баласы едік.

Адамға жазды нəсіп əлде қайдан,
Болмай тұр бұл сапарға ешбір айлам,
Күңірентіп Көкшетауда салған əнді,
Тапсырдым жалғыз саған, алтын ордам.

Теміржол, міне, келдік аяқ басып,
Алыста ағайынмен амандастық.
Ішінде өңкей маңғаз зар еңіреді,
Көзінен қанды жасы араласып.

Желпініп етек жайған жерім қалды,
Тізелес бірге өскен серім қалды.
Үстінде ақиықтай саңқылдайтын,
Есенбай, Шоқтыбайдай елім қалды.

Ақ орда, алтын бесік, өзен, сайым,
Жарасқан ел қонысқа көк орайым.
Ғарып пен ғасырға кəсіп болған,
Дариядай Торанғұл мен Жалғызтауым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АБАҚТЫДАҒЫ ТОЛҒАУ

Атығай мен Қарауыл,
Бірің — тіл, бірің — көмейсің.
Жақындығың осындай,
Қайсың маған өгейсің.

Ашыққанда ас беріп,
Əлсіздерді демейсің.
Нəсіліңе тартып сендер де,
Елдің қамын жегейсің.

Сөз сұрасаң өреннен,
Алармын тартып тереңнен.
Артта, қалған балалар,
Ыбырай айтты дегейсің.

Олай болса, шырағым,
Көрейінші қарыштап!
Тыңдаушылар келіссе
Ақынға қайда жалықпақ,

Танытайын өзімді
Кім екенімді анықтап.
Бақшадағы бұлбұл ем,
Сайрап ұшқан қалықтап.

Елдің көркі сері едім,
Көтерген халқым — анықтап.
Күмістей қақтап шырқадым,
Сөз асылын парықтап.

Шарықтап, шарлап кетсек те,
Ұлғайып жасың жеткенде,
Оңай екен шырағым,
Бəлеге басың жолықпақ.

Еркелетіп ел сүйіп,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Атап жүрді саңлағын,
Сөз нөсерін тыңдасаң,
Қыран құстай самғадым.

Ел арасы бас қосса,
Жақсыға толды жан-жағым.
Қаумалап халқым келгенде,
Қияға қанат қомдадым.

Би-болысты мысқылдап,
Қыр соңынан қалмадым.
Мырзалардан ат-айғыр
Алудан да талмадым.

Сақал-мұрттың ағында,
Өлерімнің шағында,
ГПУ деген мекеме,
Ішіне салды қамбаның.

Бірге отырған бесеуің,
Бір рулы елдейсің.
Құмар болып сөзіме,
Өлең жазып бер дейсің.

Тар қапаста отырып,
Құлашты қалай сермейсің,
Қысқарып өріс тұрғанда
Биікке қалай өрлейсің?

Асылды білмес наданды,
Айтып та қалай жөндейсің.
Туысынан жаманды
Үшкіріп қалай емдейсің.

Қалдырған сырым артыма,
Айтып жүрсін халқыма,
Аузының ебі бар еді,
Беркімбайға бергейсің.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙДЫҢ АБАҚТЫДА

ҚАЛҒАН СӨЗІ

«ГПУ» — деген сотымыз,
Жүріп тұр ғой хотыңыз.
Жетпісте шалды айдаттың,
Кесілді ғой, кө...міз.

Жылы жерде жатқызбай,
Ыстық дəмді татқызбай.
“Үштікке” қайта піштірдің,
Ақырғы сөз айтқызбай.

Əділет жолын тыйғыздың,
Тар түрмеге сыйғыздың,
Аппақ қудай шал күнде,
Қияметке қиғыздың.

Жақпады асау ақындық,
Кінəм жоқ іске татарлық.
Үндемей үнсіз əкеттің,
Жасатқызбай бақылдық.

Аямадың, қаматтың,
Қаматтың да сабаттың.
Алғысым сол айтарлық,
Өлеңге толсын абақтың.

Шуақты күндер сарқылды,
Қызықты думан тартылды.
Бетіңді берген дүние-ай,
Тостың ба бүгін артыңды?

«Едрене майт Николай,
Қырсығың тиді-ау бірталай».
Сыбасам да сыр бермей,

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Демедің — «достым бұл қалай?»
Атымды елге білгіздің,
Жүйрік пен жорга мінгіздің.

Мақпалдан шапан, шалбар мен,
Жібектен дамбал кигіздің.
Төремен төрде жүргіздің,
Алғыс пен сыйлық үйгіздің.

Пəуеске парлап жеккіздің,
Сауық пен сайран шеккіздің.
Ұлыққа сыйлы еткіздің,
«Гəккулетіп» əн салсам,

Сөзімді көпке өткіздің.
Жал менен жая жегіздің,
«Үкілі Ыбырай» дегіздің.
Айналайын Советім,

Өлімге тартты тəбетің.
«Аша тұяқ қалдырмай»,
Асқынды масыл ғадетің.
Зобалаң келді тонаған,

Сыпырдың малды қорадан.
Сол үшін мақтап өзіңді,
Өлеңім қардай бораған.
Теріден шалбар кигіздің,

Кенептен дамбал кигіздің.
Отырып дəрет алғызбай,
Түрегеп тұрып сигіздің.
Басыма пəле жиғыздың,

Жамандыққа қиғыздың.
ГПУ-ді салып соңыма,
Басыма жала үйгіздің.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Ыбырай ақын демедің,
Құрыққа мойын ілгіздің.
Алыстан келген жауым жоқ,

Ауылдың итін үргіздің.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

АЙТЫСТАР

АЙТЫСТАР

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ МЕН ДОСКЕЙ

Үкілі Ыбырай:
Кім келіп, кім кетпей жүр бұл жалғанға,
Тілегім — кез келтірме пейілі тарға!
Сəт түсіп жігітшілік қызу күнде,

Бір ақынмен айтыстым Атбасарда.
Əрбір айтқан өлеңім халқыма аян,
Сараңдарға біткен мал шаққан шаян.
Байды сабап, жарлыны жаншып өткен,

Кеше, он екінші жыл да өтті “тақыр қоян”.
Өлеңге жастан қанық менің ойым,
Мəжіліс, алты алаштың, көрдім тойын.
Сол жылы Есен — Мөржан асыраған,

Бірі қалмай қырылды-ау, елу қойым.
Қойым өліп, көңіліме түйін толды,
Дуылдап жүрген жерім жиын болды.
Елу қойдан бес саулық қалмаған соң,

Бойды жазу ақынға қиын болды.
Ойладым Атбасарға барайын деп,
Айқайды жиын топқа салайын деп.
Қараған Атбасарға он бір болыс,

Жиырма-отыздың, тұяғын санайын деп.
“Біз жатпайды,— деген бар, — қап түбінде”,
Ойладым талай сынап қалайын деп.
Жел сөзден егер жазған нафқам болса,

Бұйырғанын мен жиып алайын деп.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Жасымнан өнер бітті қызыл тілге,
Пенде қуып жетпейді өткен күнге.
Атбасарда үйіп қойған ақшам бардай,

Белді буып жөнелдім тəуекелге.
Тізгінді тəуекелге түйіп алдым,
Өзімде жоқ, жұртта бар, жиып алдым.
Ылғи кастөм-трико қайдан болсын,

Жай, ақшанан кенептен киіп алдым.
Аралап, əрбір елдің дəмін таттым,
Қызыл тілмен халқымның бабын таптым.
Самекеден қалаған қара қалпақ,

Шекесіне қос буын үкі тақтым.
Шаш сəндеуді білмей-ақ салбыраттым,
Құлағымнан түсіріп жалбыраттым.
Пері ме, диуана ма, бақсы ма? — деп,

Айтқандай, көрген жанды таңырқаттым.
Сол кезде өткір сөзбен əнім ұнап,
Құм-қайрақ тастан аққан мен бір бұлақ.
Бегəлінің баласы Кенжеболат

Мінгізді көптен таңдап жүйрік кер ат.
Жақсының сыбағасы — жая-жамбас,
Сөзіме қалай, халқым, мейірің қанбас.
Ат бағудан басқаға мұқтажы жоқ,

Жаныма бір қарт адамды қылдым жолдас.
Өзімді жолдағы елге таныстырдым,
Қызыл тілді халқыма жағыстырдым.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Жеткенше Атбасарға сайран етіп,
Бес шапан, жиырма теңге қағыстырдым.
Біреудің біреу алмас бақ, ырысын,

Өлеңмен қандырайын құлақ құрышын.
Сералы, Мырзалыдан сөз сөйлейін,
Ыбырай сол жөнімен бара тұрсын.
Ойласам мына дүние жалған екен,

Опасыз талайлардан қалған екен.
Есенгелді — Мөржанға шөп шықпай қап,
Сиырын сол жылы Есілге салған екен.
Күйлісін жазғытұры айдап келіп,

Қотыр мен көтеремі қалған екен.
Қалған малдың хабарын білейін деп,
Жанына бір жолдас ертіп барған екен.
Шырағын кей пенденің жандырмаған,

Қас жақсы айтқан сөзден тандырмаған.
Аққошқар, Сайдалы аулына барған жерде
Сералы, Мырзалыны қондырмаған.
Базарда пұл болады піскен қауын,

Қызыл алма алады көздің жауын.
Қозған, Қақсал, Төртуыл əдеті сол,
Желілеп байлап, базарға сауар сауын.
Қона алмай Атбасарға барған екен,

Наданның құлшылығы жалған екен.
Жөні келсе бұл елді бір ұялтып тастайын деп,
Бір тай мен бес саба қымыз сатып алған екен.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Дəулетін Сыр суындай сапырыпты,
Дұшпанға айдаһардай ақырыпты.
Əлменбай, Қара, Бұзау, Мағзұм болыс,

Сол төртеуін қонаққа шақырыпты.
Сол күні маған пəтеріне келсін депті,
Біздің қылған құрметті көрсін депті.
Үйде, түзде дəміміз бұйырмай ма,

Келіп сау-саламаттығымызды білсін,— депті.
Базарға халық толып соғылысқан,
Тұс-тұстан өрен-жаран құйылысқан.
Төрт-бес болыс бас қосты дегенменен,

Əр жерден, саңлақ ақын жиылысқан.
Одағы ата аруағы асып жүрген,
Көп жүйріктің көңілін басып жүрген.
Өр Алтай Омар болыс қол астында,

Доскей деген ақын бар деп қашып жүрген.
Одағы сөйлейді екен жүйе-жүйе,
Оған да артық тіл берген жаппар ие.
Ығысып өз елінен мұнда кепті,

Жаласы жабысқан соң елу бие.
Елінен кемшілікті көрді деген,
Жапқан жала кемшілік берді деген.
Өр Алтай Қозғанымен кіндігі бір,

Есімсейіт қолына енді деген.
Жақсының кім жүрмейді панасында,
Қармақ салдым мұхиттың саласына.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Төрт-бес болыс бас қосты дегенменен,
Одағы кірген екен арасына.
Жақсыдан кім жүреді күдер үзіп,

О да жүрген əр топта бұйрық сүзіп.
Біздің болыс, Қарауыл, Мағзұмнан,
Ат орнына алыпты алтын жүзік.
Осылай тыңдатайын сөздің түрін,

Тегістеп айтып болмас мыңнан бірін.
Ертеңіне базарға мен де келдім,
Бұл жиын тарқапты ғой бір күн бұрын.
Біреуді біреу білмес жүрген жайға,

Шықса да атым Қарауыл — Атығайға.
Мəмбеталы, Балқожа, Жаналы мен
Құлыбекұлы жыр айттым Қалманбайға.
Шат болып Қалманбайдан күліп шықтым,

Нəсібіме жазғанды іліп шықтым.
Алдым да билерінен сегіз теңге,
Өзінен бір кер дөнен мініп шықтым.
Жақсылар келіп жатыр — өңшең қыран,

Біреуі Ертіс болғанша, бірі Нұраң.
Мəмбеталы, Балқожа, Жаналы мен
Есімсейітті іздедім кешке таман.
Əр елден де бар екен өрен-жаран,

Жоқшылық көрген жанның күні қараң.
Бұзау болыстың алдына барып едім,
Ол байлады көпейірек құла құнан.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Ойласам мына дүние жалған екен,
Ата аруағы балаға қорған екен.
Есімсейіт сол кезде боласынай,

Төрт үй тұтас пəтерге алған екен.
Шіркін сөз келе жатыр кезек-кезек,
Жақсыны əркім сырттан қылады өсек.
Пəтерге алған төрт үйдің ішін сəндеп,

Бəріне де тастапты кілем төсеп.
Келістіріп сөйлейсің, өнерпазсың!
Сөзімде қата болса, сөкпе жазым.
Қолында алтын сағат жарқ-жұрқ етіп,

Бұрқылдатып тартады папиросын.
Сəрке қажы қақпадан есік ашты,
Ағасы Жаманкөз ғой елге басшы.
Солармен топта тұрған таныс екен,

Тұра кеп үшеуімен амандасты.
Есімсейіт:
Байқаймын жігітім, сен гүлсің, — деді,
Қадіріңді тек құрбың білсін, — деді.

Ақ қамзол, қара қалпақ, шашың ұзын,
Мен сені танымаймын, кімсің, — деді.
Үкілі Ыбырай:
Есеке, Арғындасаң жақыныңмын,

Қызыл тілден жүлде алған батырыңмын.
Атығай, Қарауылға аруақ шашқан,
Ыбырай бесті жүйрік ақыныңмын.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Есімсейіт:
Өлеңші, тіленшімен пақыр деймін,
Өлеңіңді оңды-солды сапыр деймін.

Өнерің, өлеңшімнен асқанда ал,
Қайда кетті, əлгі Доскей, шақыр деймін.
Үкілі Ыбырай:
Есеке, көп келгенмін Атбасарға,

Танысайын деп келгем жақсыларға.
Өлеңге, өлең сата жүргенім жоқ,
Өзімде өлең деген он екі арба.
Есімсейіт:

Байқаймын жігіттікте сен бір гүлсің,
Қадіріңді тең құрбың ойлап білсін.
Өнерің болса тартынбай тобыма түс,
Қорғалап қашам десең, мейлің білсін!

Үкілі Ыбырай:
Есеке, Атбасарға көп келгенмін,
Жақсылардың сарқытын жеп көргенмін.
Айтысып өлеңшімен азаптанбай,

Ат пен шапан киемін деп келгенмін.
Есімсейіт:
Бүйте берсең бұл жиын тарар деймін,
Сенің үнің əр жерге барар деймін.

Сен қолыңа шалғы алып шөп шаппайсың,
Бір түніңе үш сом ақша жарар деймін.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Үкілі Ыбырай:
Есеке, сенің сөзің шекер мен бал,
Өлеңшіге бек мұқтаж ғой дүние-мал.

Аталы созге арсыз тек таласады,
Олай болса үстелге бəйгемді сал.
Дедім де сөзді қайта бастай бердім,
Мəмбеталы сөзімді қостай берді.

Əлгі айтқан өз сөзінен ұялғаннан,
Он үш теңге алдыма тастай берді.
Біреуді біреу білмес жүрген жайға,
Атым шыққан Қарауыл, Атығайға.

Осы жолы ақыннан жеңдірме деп,
Сиындым Қарауыл мен Атығайға.
Егізім төрт арыстың бірі едің, деп,
Сиындым Жаубасар мен Орынбайға.

О да жүрген бір топтың ақыны екен,
Қызыл тілден жүлде алған батыр екен.
Өлеңші жиын жерде жай табар ма,
Болысқа өлең айтып жатыр екен.

О да көрген жасынан жиын топты,
Он бесінен өңгерген қу дөңбекті.
Есімсейіт шақырған соң тоқтала ма,
Қолтықтап төрт-бес жігіт алып кепті.

Сұлудай үйден шығып керіледі,
Аяқты бір басуға ерінеді.
Есіктен кіріп келіп айқай салды,
Қырықтарда жас шамасы көрінеді.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Доскей:
Уа, інішегім, жүрмісің, есен-аман,
Сені тақ-тақ жаратқан қақтағалам.

Қай ру, қай нəсілден боласың сен,
Əуелі нəсіліңді білдір маған.
Үкілі Ыбырай:
Төрт Момындап келгенде қалың Шормын,

Елім бай, шалқып жатқан көлден молмын.
Келген бұлт төбесінде қақ айрылған,
Атығай, Қарауылдай елден болдым.
Доскей:

Інішегім, сөйлейсің ғой əрбір тұстан,
Шын ақын көз екенсің қолды қысқан.
Қоян деген зымыстан жұт боп еді,
Жаным-ай, елің қалай, биыл қыстан?

Үкілі Ыбырай:
Артық созып шешпейік ұзын бауды,
Ойға алып тоқтатайық нəпсі жауды.
Жалпы елдің іргесі аман қалып,

Жұт болды əр жерінен ала жаулы.
Доскей:
Уа, інішегім, жақсы болсаң құйрық қанат,
Бас қостық мұнда келіп жақсы сағат.

Құдайберді, Бейімбет, Қойлы, Сағатай,
Аман ба, Кəдір, Бағыс сау-саламат?

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Үкілі Ыбырай:
Доскей ақын, сұраған елің аман,
Мені тақ-тақ жаратқан қақтағалам.

Ит жүгіртіп, құс салған нешік ерлер,
Көрінген асқар-адыр белім аман.
Көрінген сіздің жерде бел аман ба,
Қоңыр қаз төстеп ұшқан көл аман ба?

Майлы тондай ажары жылтыраған,
Бесқозының мекені, жер аман ба?
Бегендік, Шегендік пен Қозған, Қақсал,
Төртуыл мен Қарақойдай ел аман ба?

Жасыдан Орта жүзге аты шықкан,
Мейрам мен Жаманкездей ер аман ба?
Доскей:
Уа, інішегім, сөйлейсің сөзді қамдап,

Бас қостық осы арада тəңірі оңдап.
Біздің елде тоқшылық жұт болған жоқ,
Базарлап жүр ғой əне, өңшең саңлақ.
Үкілі Ыбырай:

Ол рас, ер-тоқымы жер кесіп жүр,
Біздің елдің мырзасы жөндесіп жүр.
Бір ер-тоқым жетеді қайсысыңа,
Мейманың сусын таппай шөлдесіп жүр.

Доскей:
Сəрке қажы алдында биік төбем,
Есімсейіт дарияда алтын кемем.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Қашан біздің елдің мейманы шөлдеп еді,
Алжасты жалған айтып мынау неден?
Үкілі Ыбырай:

Ой, Доскей, тілің бар ғой сараңдаған!
Нəпсің бар аш күзендей жалаңдаған.
Табаның жалғыз сағат жерге тимей,
Қашқынсың əрнəрсеге арандаған.

Аққошқар мен Сайдалы ауылына
Барғанда Сералыны қондырмаған.
Доскей:
Өлеңге дəл өзіңдей мен де құмар,

Өлеңменен ертермін ұмар-жұмар.
Бар еркегі базарға кетіп қалып,
Ұрғашы қадір білмей жүрген шығар.
Үкілі Ыбырай:

Мен шықтым Қарауыл мен Атығайдан,
Түрлі кеңес естірсің, Ыбырайдан.
Бар сауынын базарға айдап сауып,
Алдымда күйің аумас сұмырайдан.

Доскей:
Жібермейін дедің бе намысыңды,
Көрсетейін дедің бе шабысыңды.
Бір аулымнан өреді он мың қара,

Салыссаң, салысып көр арысыңды.
Үкілі Ыбырай:
Өнермен таныстырдым оң мен солды,
Дəулетке көре алмассың менен молды.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Кеше арналып көшкенде алтын артқан,
Естіп пе едің, Атығай Қосшығұлды?
Доскей:

Осылай мақтандың ба, Ыбырайым,
Мені тақ-тақ жаратты бір құдайым.
Аяқты жерді басқан малды айтсайшы,
Тасыңды жерде жатқан не қылайын?

Үкілі Ыбырай:
Ыбырай Қарауылдан нəсіл еді,
Өлең айтсам мұрадым қасыл еді.
Кеше Мағзұм болыс ат бергенде,

Атқа балап алған ед алтын жүзік,
Ол тас емей, атаңның басы ма еді?
Доскей:
Ой, шырағым, өлеңшіге ұнау керек!

Ағасының сөзіне шыдау керек.
Келмей жатып бетімнен тырналама,
Əдеппенен ел-жұртты сұрау керек!

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙ МЕН ҚҰДАЙБЕРГЕН

Үкілі Ыбырай:
Есіктен кіріп келдім басып қадам,
Он үште сөз сөйлетті қақтағалам.
Ассалаумағалайкүм үлкен аға,

Қызығың құтты болсын, тақсыр бабам.
Асқар тау қиядағы белден келдім,
Тасыған дария бұлақ көлден келдім.
Көкшетау дуанындағы атым Ыбырай,

Татуға зəмзəм суын шөлдеп келдім.
Құдайберген:
Уағайлейкүмассəлем, Ыбырай аға,
Миһарбан дидарынды көрдім жаңа.

Адамға бір ғанибет дидарласпақ,
Елу жылда — ел, жүз жылда — қазан жаңа.
Үкілі Ыбырай:
Көкшетау дуанында атым Ыбырай,

Патшаға сөз сөйлеуші ем бір жылымай.
Алдыма ешбір адам шыққан емес,
Шықты ма жер астынан мына сұмырай?
Құдайберген:

Ыбеке, сұрасаңыз, затым Қыпшақ,
Арғы атам сұрасаңыз, Сейіт болмақ.
Баулының тоқсан екі бұлбұлы едім,
Сайрасын мартабаңда тіл менен жақ.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Үкілі Ыбырай:
Ия, балам, сен мəз болма ішпей-жемей,
Жол берген əркім маған кімсің демей.

Кереку, Омбы уезі маған мағлұм,
Жазбайтын қолын бүйтіп сорлы кедей.
Құдайберген:
Ыбеке, ел қаралау сізге жөн бе,

Барыпсыз мырза болып біздің елге.
Жерің жоқ кінə қояр мырзаларға,
Керек пе мырзаларға сіздей делбе.
Қатты-қатты сөйлесем, дұшпан дейсің,

Бөгелсем балалықтан, пысқан дейсің.
Кетпесін бүйте берсең миың шіріп,
Қартайса кəрі бүркіт тышқан жейсің.
Үкілі Ыбырай:

Ия, балам, шықтың сөзге мына дайын,
Мен саған көрсетейін сөз ыңғайын.
Симаған тіл-аузыңа ақын болсаң,
Үш ауыз кеңесім бар, мен сұрайын.

Құдайберген:
Аспанның бауыры жазық бір кең дала,
Жаратқан ғарып қылды құдай нана.
Ақын боп сөзден қашсақ жүреміз бе,

Ыбеке, кеңесіңді сұрап қара.
Үкілі Ыбырай:
Ия, балам, тыңдап отыр сөзді барлап,
Мен саған ұқтырайын сөзді ыңғайлап.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Мұхаммед пайғамбардың заманында
Бір ғарып дарияға салды қармақ.
Дарияға сол ғарыбың қармақ салып,

Алыпты дариядан нені қармап?
Құдайберген:
Ыбеке, түсіп кеттің бұл мінезге,
Жоқ па еді жұмбағыңыз бұдан өзге!

Моллалар шариғатқа қарап отыр,
Қалмасын бір жаласы соңыра бізге.
Сегіз жыл мектеп жүзін көріп едім,
Кітаптан көрініп тұр біздің көзге.

Қамыстан күркесі бар бір кемпір-шал,
Бір түнде жайнамазға жатып жылар.
Жылағанда мал бер деп жылаған жоқ,
Құдайдан жалбарынып бала сұрар.

Алла емес, түсінбейтін айтқан сөзге,
Тілегін қабыл етті сол бір кезде.
Дейтұғын Зейнілғабиден бала туды,
Нəрсесі қармақ салған сол емес пе,

Дыбыста зират көпір дəл қасында,
Күмбезде Зейнілғабиден тұр емес пе.
Үкілі Ыбырай:
Ия, балам, нағып болды саған оңай,

Құрылған мен емес пе сөзге тоғай.
Симаған тіл-аузыңа ақын болсаң,
Қонады бір ағашқа дəл үш торғай.
Екеуі ұшса, бірі қозғалады,

Бірі қалып, екеуі жоғалады.
Ия, балам, бұл жұмбақты шешіп берсең,
Осыдан ақындығың сыналады.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Құдайберген:
Ыбеке, бұл сұрағың мін емес пе,
Əгеркі шешіп берсем жөн емес пе.

Екі торғай дегенің ол екеуі —
Ұйықтап барып ашылған көз емес пе.
Жалғыз бір торғай дегенің қаза келіп,
Кеудеден шығатұғын жан емес пе.

Үкілі Ыбырай:
Он алты дария бар кез кермеген,
Ішпеген онан пəнде кез келмеген.
Он алтысын қақ жарып жүзге бөліп,

Жартысын пенделерге өлшеп берген.
Білейін, иə, балам, жүйріктігің,
Бекінді бұл кеңесім қайсы жеңмен?
Құдайберген:

Ыбеке, адам жоқ қой кəсіп тыйған,
Пəндеңіз кең, сарайда дүние жиған.
Он алты дария бар дегеніңіз
Аятпенен бекіткен он алты имам,

Жасымнан сөйлер сөзге болдым құмар,
Сөйлесем жүйріктермен көңілім тынар.
Үш ауыз сөзбен бөгелтем деп еді ғой,
Ыбырайды тақсыр, төре үйден шығар.

Үкілі Ыбырай:
Есерлер аз табысқа жынданады,
Əзілге жөнді мəзір кім табады.
Айтысқан ақындарды қуа берсең,

Дүниеде сенен басқа кім қалады?

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ЫБЫРАЙДЫҢ

МАҚПАЛ ҚЫЗБЕН АЙТЫСЫ

Мақпал:
Қызы едім Ақтентектің шұға Мақпал,
Жігітті талап қылған тəңірім сақтар.
Кірмейтін ешбір жанның өсегіне,

Айтыссам Ыбыраймен Алла жақтар.
Ыбырай:
Айтамын саған, қалқам, мен де бастап,
Қап пен би бір лəмға қалмас ақсап.

Мезгілсіз ауылыңа бара қалсам,
Қужайтын кəрі-жасың шығар аңсап.
Түтіктен су, түндіктен күн көрсек те,
Екеуміз жолығармыз ебін тапсақ.

Кез болған кезең жерде, қайран құрбым
Кетпеспін тойған жерге сені тастап.
Мақпал:
Ей, құрбым, ризамын сертке жетсең,

Жерлер көп, қиын-қыстау аман өтсең.
Сен үшін жақынымнан болдым алыс,
Тапсырдым бір өзіңе келмей кетсең.
Кез болған кезең жерде, қайран құрбым

Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең.
Ыбырай:
Құдыретің жетеді алла бар қылғанда,
Біреудің кең дүниесін тар қылғанда.

Қабырғам сынбаса да қайысады,
Артымда мен қалдым дер зар қылғанда.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Өлгенше айырылман деп ойлаушы едім
Не болар сонда күнім айрылғанда.
Мақпал:

Біліп ем, төгілген соң толмасыңды,
Ақ сұңқар қайтып қолға қонбасыңды.
Қалайын амандасып, су перизат,
Біліп ем өмір жолдас болмасыңды.

Əлім жоқ енді ұшқанмен алысатын,
Күн қайда жүйрік мініп жарысатын?
Жайлауға қой қоздатып шыққан елдей,
Маңырап бір-бірімізге табысатын.

Ыбырай:
Біраз күн жеңгесіне салдым салық,
Артымда зарланамын Мақпал қалып.
Кез болған кезең жерде, қайран құрбым,

Қасіретің өзегімді кетті-ау жарып.

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Балуан Шолақ
Баймырзаұлы
(1864-1919)

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ӨЛЕҢДЕР

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

БІР БАЙ АДАМҒА АЙТҚАНЫ

ЖАМАНША ДЕГЕН

Сұрасаң Нұрмұхамбет Балуан Шолақ менің атым,
Мағұлым дүр бір Құдайға заһыр батын.
Ішінде Орта жүздің өсіп-өнген,
Болады Ұлы жүзден арғы затым.

Нұрекең көп дұшпанмен қарсыласқан,
Қарсысына келгенде қаршылдасқан.
Омбы да əрбір ру бас қосқанда,
Өзіңдей əр жақсымен жемсауласқан.

Сен дегенде құриды жарым жасым,
Жаңбыр жауып көгертпес таудың тасын.
Жақсының шарапаты көпке тиед,
Ит те асырап күнелтед жалғыз басын.

Мен Шолақ, он жасымнан сайрап жүрмін,
Талай-талай бау-шарбақты жайлап жүрмін.
Тəңірім берген өнерді таңу қылып,
Арыстандай айға шабысып, жайнап жүрмін.

Арыстан талай-талай қалған өліп,
Қапы болма жігіттер, досқа сеніп.
Заманның ақыры таяу болып,
Жақының қас боп кетер, дұшпанға еріп.

Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу шат, біреу қапа саласында.
Егерде сары шымшыққа бақыт қонса,
Самұрық қызмет етер саясында.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы
Бұл күнде арғымақтан мəстек озды,
Асылдың сол секілді бəрі тозды.
Ғаламат жердің жүзін жусан қаптап,

Өзгертті шегіртке жеп шыққан бозды.
«Тəуекел» ер жігіттің шамшырағы,
Ашылар талап қылса, ердің бағы.
Беліңді тəуекелге бел байласаң,

Əрқашан арымайды арғымағы.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ЖЕЛІП-ЖЕЛІП

Алайын даусым келсе, желіп-желіп,
Гулесе, басылмайтын мен бір көрік.
Ат жалын өзім тартып мінгеннен соң,
Сұлу қыз, келіншекке болдым жерік.

Сұрасаң менің атым – Балуан Шолақ,
Денемде Тəңірім берген күшім мол-ақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,
Жалғыз-ақ тал бойымда кінəм сол-ақ.

Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі Сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір бұт кірдің тасын.

Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Жиылған орыс-қазақ таңғалысты,
«Болды, – деп, – қаһарманнан мынау басым!»

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ҚҰЛАН КІСІНЕС

Баймырза əкем аты, атым – Шолақ,
Кеудемде қайратым мен күшім мол-ақ.
Көргенде қыз-келіншек мазасызбын,
Жалғыз-ақ, бойымдағы мінім сол-ақ.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ƏН САЛЫП,

ТОҒЫЗ ЖАСТАН САЙРАП ЖҮРМІН

Əн салып, тоғыз жастан сайрап жүрмін,
Талай-талай балуанды жайлап жүрмін.
Жаманға жол білмейтін жол көрсетіп,
Арбаға бұзаудай ғып байлап жүрмін.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

«ЖАПАЛАҚ ҚҰС БОЛҒАНМЕН

НЕГЕ ДƏРІ?..»

Жапалақ құс болғанмен неге дəрі,
Жаманның кісілікке бар ма сəні?
Жаманға айтқан сөзің еш қонбайды,
Ағады құлағынан сөздің бəрі.

Жапалақ жарбаңдайды жар басында,
Немене, жоқтың күні, бар қасында?
«Сиыр-ау, өз тіліңнен болдың қотыр»,
Сақина тілеп алып сау басыңа.

Жігіттің мейманасы асып кетсе,
Ақырда түспей қалмас тəубасына.
Жасымнан мен жақсыға жақын жүрмін,
Дария, шалқар көлдей тасып жүрмін.

Мол күштің Тəңірім берген арқасында,
Дұшпанды жүндей төпеп, басып жүрмін.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ҮШ ЖҮЗГЕ АТЫМ ШЫҚҚАН

БАЛУАН ШОЛАҚ

Үш жүзге атым шыққан Балуан Шолақ,
Денеме тегіс біткен күш пенен бақ.
Көргенде сұлу əйел есім қалмас,
Жігіттік бойымдағы күнəм сол-ақ.

Нұрмахамбет, Балуан Шолақ – менің атым,
Бар елге мағлұм болған асыл затым.
Нағашым «Жалпақ Қанай»1 деп айтады,
Болады Ұлы жүзден арғы затым.

1 Жалпақ Қанай – Балуан Шолақтың нағашылары

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ШЫН АТЫМ – НҰРМҰХАМБЕТ,

БАЛУАН ШОЛАҚ

Шын атым – Нұрмұхамбет, Балуан Шолақ,
Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.

Мен өзім он жасымнан зор-ақ едім,
Намаз бен оразаға олақ едім.
Барғанда о дүниеге кешір, Құдай,
Оң қолым отқа күйген шолақ едім.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

МЕН ӨЗІМ АҚҚАН СУДАЙ

ТАСЫП ЖҮРМІН

Мен өзім аққан судай тасып жүрмін,
Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.

Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан,
Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан.
Анталаған сан дұшпан қамаса да,
Сырдың суы келмейді жұлығымнан.

Мен – Шолақ, он сегізде өнер тапқан,
Үкілеп ақбоз атқа тұмар таққан.
Басымда пұшпақ бөрік, шекемде үкі,
Үстіме кидім жібек шымқай ақтан.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АБАҚТЫ – АЗАП ОРНЫ,

ЖАЙНАҒАН ШОҚ

Абақты – азап орны, жайнаған шоқ,
Басқаным от сияқты, ішімде дерт.
Кіргізген кəміріне1 қарап тұрсам,
Ішінде менен басқа адам да жоқ.

Өнерпаз атқа мініп неге керек,
Тудым мен өнерпаз боп елден ерек.
Есікті шегіншектеп сүзгенімде,
Ұшырдым тақтайларын төртке бөлек.

1 Кəмірі – камера (орысша)

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

МЕН ЖҮРМІН ҚАРАӨТКЕЛДЕ

ӨГІЗ САТЫП

Мен жүрмін Қараөткелде өгіз сатып,
Қызық пен мерекеге күнде батып.
«Қап, бəлем, осыған болсын!» дегендерді,
Шығармыз бір-ақ күні таңырқатып.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ТАУ КӨРМЕДІМ

КӨКШЕНІҢ БИІГІНДЕЙ

Тау көрмедім Көкшенің биігіндей,
Бауырында ойнап ем киігіндей.
Кіндік кесіп, кір жуған қайран жерім,
Болмайды екен еш қайғы күйігіңдей.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

МОЙЫНҚҰМНЫҢ БОЛЫСЫНА

Шамасы 1910-жылдары Шолақ балуан Ұлы жүздегі
Үйсін ішіндегі тамырын іздеп келіпті. Сонда Үйсіннің
Мойынқұмдағы бір болысы Шолақты жамандап, орыс
ұлықтарына білдіріпті. Ұлықтар Шолақты ұстамақ бо-

лып, əуре де қылса керек. Сонда Шолақ былай деп өлең
шығарыпты:
Сəлем айтам Мойынқұмның болысына,
Əдейілеп білдіріпті орысына.

Осыдан қайта айналып келе қалсам,
Шіркінді қондырар ем қонысына.
Арқада еркін өскен Ақтаңкерді
Балапты Мойынқұмның ұрысына.

Шолақ қайта айналып келген жоқ. Өлеңі Үйсін елінің
аузында қалып қалған.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ЖАПЫРМАЙ,

МЕН ҚЫЛДЫМ ЖАҚЫНЫМА?

Жапырмай, мен қылдым жақыныма,
Жақыным бір көнбеді ақылыма.
Жатқанда абақтыға бір келмеді,
Мұжық қол батты ма екен тақымына?!

Мен Шолақ, он жасымнан болдым баяу,
Қаңғырып Қараөткелге жүрдім жаяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу.

Қамалып орыс-қазақ тұрса-дағы,
Қайтпаған бір бетінен мені қой-ау!

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ОМБЫҒА ПАТША КЕЛДІ РУССИЯ

Омбыға патша келді Руссия,
Əмірін айта келді, халқын жия.
Сібірден сонда күшім асып кетіп,
Мен болдым жан шықпайтын биік қия.

Бұл Шөкең қайдан білсін ұрлық жайын,
Алаштың алмаушы едім жалғыз тайын.
Семейден сексен мəстек айдап келіп,
Билерге шайнаттым ғой желін майын.

Мен Шөкең, екі дайдан асып жүрген,
Елдегі құрбыласпен ашық жүрген.
Кеудеме Құдай өнер бергеннен соң,
Дұшпанды қаудан шөптей басып жүрген.

Жаз мініп, Кертөбелді жайлағаным,
Белдеуге үкі тағып байлағаным.
Саудамен Қараөткелден қайтқанымда,
Қырық өгіз Қайрақтыдан айдағаным.

Əуелі сиынғаным бір Құдайға,
Одан соң таныс болдым меруайға.
Соңыма қанша дұшпан түссе-дағы,
Соңынан таныс болдым оязнайға1.

Атбасар базарына түйе айдадым,
Біреуін қалдырмастан жия айдадым.
Түйенің он-он бесін бөліп алып,
Нəпсіні мол ашылған тия алмадым.

1 Оязнай – уездный начальник деген орыс сөзінің қысқарған түрі

Балуан Шолақ Баймырзаұлы
Нұрмұхамбет атандым Баймырзаұлы,
Жасымнан əрбір іске болдым қырлы.
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілген,

Жақсының естен кетпес əр қылығы.
Кіреді топты көрсем менің жаным,
Көрмесем сұлу қызды болмас сəнім.
Жаманға айтқан сөзің желге кетер,

Білмейді итке салсаң қанттың дəмін.
Жасымнан іске кірдім дамыл таппай,
Бір дуан соңға түсті, түгел-жаппай.
Бүлдірген бүлдіргенге болғаннан соң,

Бетіме қоя берді тағы қақпай.
Секірген жар басынан мен бір құлан,
Байлардың асауындай жүрдім бұлаң.
Өгізді отыз алты айдаймын деп,

Өзіме өзім салдым үлкен лаң.
Жасымнан атқа міндім оттай жайнап,
Көп дұшпан қамалады одағайлап.
Дұшпандар, аяғымнан алсаң-дағы,

Қаларсың ақырында дəңгіл1 шайнап.
1 Дəңгіл – шөптің бір түрі

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АТАНДЫМ МЕН ЖАСЫМНАН

БАЛУАН ШОЛАҚ

Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болды олақ.
Бір өзім қырық өгізді айдап кетіп,
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

МАЛ СЕМІРЕР,

КӨП БОЛСА ЖЕРДІҢ ОТЫ

Мал семірер көп болса, жердің оты,
Осы күнде келмей тұр көңіл хоты.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Көрсетпей тұр, бұл күнде өгіз соты.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

СҰРАСАҢ НҰРМАҒАМБЕТ –

МЕНІҢ АТЫМ

Сұрасаң Нұрмағамбет – менің атым,
Шыққан жоқ əзір елге жаман атым.
Нағашым: «Жалпақ Қанай» деп айтады,
Болады Ұлы жүздік арғы затым.

Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,
Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тынышсыздаумын,
Жалғыз-ақ, тал бойымда мінім сол-ақ.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

БІР АТ КЕЛДІ БАЗАРДАН

ҚҰЛА ҚАСҚА

Бір ат келді базардан құла қасқа,
Жібек ноқта басында, бауы басқа.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Кел, екеуміз мінелік, тарантасқа.

Ойпырмай, жан сəулем, Ғалия, қабағың
Күндей аппақ тамағың.
Қарақаттай көзіңе,
Құмарланып, ой-ой, ой қарадым.

Хат жаздым, Ғалия, саған арнап,
Сипатыңа екінші құрмет айлап.
Анда-санда көзіме бір көрінсең,
Қарға аунаған түлкідей қалам жайнап.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

МЫНА ДҮНИЕ, ҚАЙ ДҮНИЕ,

КҮЛКІ ДҮНИЕ

Мына дүние, қай дүние, күлкі дүние.
Түзден қашқан сылаңдап түлкі дүние.
Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы,
Ғалияның алмаймын кірпігіне.

Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,
Менің діңкем құриды сен дегенде.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Сусын болар лебізің шөлдегенде.

Күнім де сен, Ғалия, айым да сен
Көзді тартар баты сайы, шайым да сен.
Ғашық болып айқасқан құшағыңды,
Балтаменен шапса да, айырма, сен.

Тау көрмедім Көкшенің биігіндей,
Бауырында ойнап ем киігіндей.
Кіндік кесіп, кір жуған қайран жерім,
Болмайды екен еш қайғы күйігіңдей.

Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Келмедің деп, Ғалия, өкпелеме,
Амал қанша бір минут кідірмес ем.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ҒАЛИЯ

Əнеугі айтқан сəулем-ай, сөзіңді ұқтым,
Көп дұшпаннан қорғалап, қашан бұқтым?
Ақсұңқарды бөктергі іле ме деп,
Ерегіскен дұшпанды жерге тықтым.

Ерейменнің түбінде сегіз ағаш,
Сені маған телиді көрген алаш.
Аға-жеңгең бас болып қорыса да,
Амандасып қалушы ең таңмен талас.

Бір ат келді базардан құла қасқа,
Жібек ноқта басында, бауы басқа.
Ғашық болып қосылған, Ғалияжан,
Кел, екеуміз мінелік, тарантасқа.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ҒАЛИЯҒА

Ойлап тұрсам, дүние, жалғаның-ай,
Өгіз сатып Қараөткел барғаным-ай.
Қапаланып, жүргенде ел сағынып,
Қайдан менің іліндің қармағыма-ай?

Құрмет еткен кішіні үлкен аға,
Сүйеніш, ерлерге болған баға.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Өлеңменен сөйлейін бір аз ғана.

Есен бол, енді айналып келгенімше,
Қылығыңды ұмытпан өлгенімше.
Ел сағынып, барамын үйге қайтып,
Бір Аллаға тапсырдым көргенімше.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АЙНАЛАЙЫН, ҒАЛИЯ, СЕН БІР ТОТЫ

Айналайын, Ғалия, сен бір тоты
Осы күнде келмей тұр көңіл хоты.
Ғашық болып қосылған, Ғалияжан,
Көрсетпейді қорған боп өгіз соты.

Айналайын, Ғалия, сен бір тоты,
Енді айтпасам, келмейді көңіл хоты.
Сен есіме түскенде, Ғалияжан,
Бит шаққандай болмайды өгіз соты.

Мынау дүние, қай дүние, күлкі дүние,
Таудан қашқан сылаңдап түлкі дүние.
Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы,
Ғалияның алмаймын кірпігіне.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АЙЫМ ДА СЕН, ҒАЛИЯ, КҮНІМ ДЕ СЕН

Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауалансын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.

Айдың көзін жылт еткен бұлт алсын,
Бүйте берсең діңкемді құрытарсың.
Қиуадан қосылған, Ғалияжан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың?

Нұр сипатты, Ғалия, жамалыңыз,
Ешбір жанға тимесін залалымыз.
Аршын төс, алма мойын Ғалияжан,
Əлде қандай болады заманымыз?!

Ғалияның қолында бұйда пышақ,
Ғалияны көрдім де жайдым құшақ.
Жатыр ма екен, Ғалия, отыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққуға ұсап?

Қараөткелде, Ғалия, сен емес пе ең,
Бұл Арқаның шортаны мен емес пе ем.
Құралай көз, сүмбіл шаш Ғалияжан,
Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең?!

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АЙНАЛАЙЫН, ҚАРАҒЫМ,

ҒАЛИЯСЫҢ

Айналайын, қарағым, Ғалиясың,
Білдірмеуші ең сөзіңнің жариясын.
Түнеу күні бір сөзді айтып едім,
Сол сөзіме не жауап қайырасың?

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ҚЫНЖЫЛ

Айтуға мен бір өлең көңілім ауып,
Қыз бала, алдыңда тұр үлкен қауіп.
Əкеңнің оң жағында ойна да күл,
Бір жақсы жігітпенен теңің тауып.

Əкеңнің оң жағынан кеткеннен соң,
Жүрерсің бөтен елде сиыр сауып.
Егер де, күйеуіңе жақпай қалсаң,
Басыңа кетер сонда қамшы жауып.

Жіберер əкең сені малға сатып,
Мал болса, болғаны ғой Тəңір атып.
Жігітпен көңілің сүйген ойна да күл,
Айтамын осы өлеңді таңырқатып.

Жігітке өзің сүйген бара алмасаң,
Өтерсің бір жаманмен сілең қатып.
Уəй, сəулем, ұғып алшы бұл сөзімді,
Сендерге айтқан менің нəсихатым.

Ойланып түбінде бір білерсіңдер,
Сөзімнің шындығы мен һақиқатын.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АТАНДЫМ БАЛУАН ШОЛАҚ

БАЛА КҮННЕН

Атандым «Балуан Шолақ» бала күннен,
Ту ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген.
Ешкімге опасы жоқ жалған дүние,
Өтті ғой талай-талай кемеңгерден.

Бұл дүние – шын емес, жалған дүние,
Адамды əрбір жолға салған дүние.
Ойласаң түбің заһар, сондай ащы,
Лəззатты болсаң-дағы, балдан, дүние!

Жалғанның алданбадық, несін біліп,
Жастықта тəубе етпедім, есім біліп.
Дүниеге жаяу келіп, жаяу кеттім,
Үстіме жеңсіз көйлек тесіп киіп.

Өлімнен құтылу жоқ батыр болып,
Сөзге шешен, айтса жүйрік ақын болып.
Барамын алыс сапар қайтып келмес,
Қалыңдар, елі-жұртым, бақыл болып.

Көп сəлем, жақсыларға болған сырлас,
Дəурені жігіттіктің қолда тұрмас.
Көз көріп, заманымда атым білген,
Тұрыңдар дұға қылып құрбы-құрдас.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

ЕЛІМНІҢ АРАЛАДЫМ ТАУ МЕН ҚЫРЫН

...Елімнің араладым тау мен қырын,
Маржандай ойға тіздім əн мен жырын.
Егін егіп, жаз жайлап, қыс қыстауға,
Бауырың жазық, қойның кен, суың шырын.

Сарқырап сай-салаңда бұлақ ағып,
Гүл шашып нұрландырған жердің түрін.
Сəулетті ел, мейірбанды ата-ана,
Сыйласқан əзілдесіп бірі-бірін.

Сыр шешкен түн күзетіп қыз-бозбала,
Куə ғып шұғылалы таңның нұрын.
Адамы кішіпейіл, сырлы мінез,
Халқымның жаңа білдім жүрек сырын.

Көркем ғой Асы жайлау Жетісуың,
Кең алқап, көк торғынды асқар нуың.
Жыр төгіп, əн шырқаған тамашалап,
Жүрген жер сауық-сайран тігіп туын.

Асының батысында асау Түрген,
Шығысы мөлдір бұлақ Жіңішке өзен.
Қос Қараш, Үш қасқа су, Қызыл күнгей,
Аққия, Байсауырмен көмкерілген.

Шың құздар мұнарланған айналасы,
Көк майса раушан гүлді сай-саласы.
Мекендер Жетісудай көркем жерді,
Талантты өнерпаздар ел данасы.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы
Қақпақ пен Бөрібасында бүркіт салып,
Арпалысып бауырында бөрі де алып.
Шалкөде, Қарқара мен Сырт жайлаудың,

Шырқайын көркемдігін əнге салып...

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

САЙЫСТА ТАЛАЙ ЖЕҢДІК

БЕЛ ТІРЕСКЕН

Сайыста талай жеңдік бел тірескен,
Не таптық даурықпа сөз ерегістен.
Қолдағы қата жұмсап құралымды,
Шатасып оязнайға ісім түскен.

Үстем тап айғайына аттан қостық,
Деп ойлап қосылмасақ, болар бостық.
Орыстан қазақ жерін қорғаймыз деп,
Көшпелі мұжықтардың жолын тостық.

Надандық – енді ойласақ мұның бəрі,
Бізден де зор олардың көрген зары.
Дұшпанның айдап салған тіліне еріп,
Сол ісімнен не пайда таптым кəні?..

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

НЕ ШЫҒАР ЖЕМҚОР,

ТОПАС БОЛЫСТАРДАН

...Не шығар жемқор, топас болыстардан,
Танысып кəсіпке үйрен орыстардан.
Қала сал, еңбек етіп, балаңды оқыт,
Ел болып салтанатты қоныстанған.

Аман бол, Шапырашты, Албан, Дулат,
Дертіме шипа болдың жүргенде улап.
Жалайыр, Қаңлы, Ошақты, жалпы Үйсінді,
Аралап сайрандадым аунап-қунап.

Мəуелі естен кетпес Алатауым,
Қош боп тұр көріскенше, жалпы қауым.
Жеріне жастай барып өскен елдің,
Мен қайттым білейін деп есен-сауын.

Мақсатым – қайта оралу Жетісуға,
Саяңда көңілім толған шаттық нұрға.
Шырқаған асқақтатып əн мен өлең –
Тартуым кейін қалған ұрпақтарға.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

АҚБӨПЕ, СƏЛЕМ АЙТШЫ

АСЫЛ ТАСҚА

Ақбөпе, сəлем айтшы асыл тасқа,
Ділданың мен дегенде жаны басқа,
Қызынан меруайдың хат бергенмін,
Сау бол деп Алтын менен Қаламқасқа.

Бұрынғыдан басылып болдым баяу,
Көп жүруге бұлғақтап қаза таяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Алдында құрулы оқтың жүрмін жаяу.

Ақан сері Қорамсаұлы МАЗМҰНЫ Ақан сері Қорамсаұлы Өлеңдер Құлагер .................................................................................... 5 Көкжендет .............................................................................. 10 Майдақоңыр ..........................................................................11 Маңмаңгер ............................................................................ 12 Əйкөк ...................................................................................... 13 Алайкөк ...................................................................................11 Лəйлім .................................................................................... 16 Нəзікгүл .................................................................................. 17 Гауһар-Жақұт ........................................................................ 18 Райхан гүл ............................................................................. 19 Қара нар ................................................................................ 20 Екі торы ат ............................................................................ 21 Ұрқияжан ............................................................................... 22 Қара торғай ........................................................................... 23 Мақпал .................................................................................. 24 Ақсаусақ ................................................................................ 25 Айғын қызға .......................................................................... 26 Ақтоқтының зары .................................................................. 27 Кеткенің бе, Ақтоқты? ......................................................... 28 Ақтоқтыға айтқан аужары ................................................... 29 Ұрқияға айтқан аужары ........................................................ 32 Аужар-ай ................................................................................ 34 Шөбектің бір ұзатқан қызына айтқан аужары .................... 36 Ермағамбет болыстың үйінде қызойнақта қыздарға айтқаны ................................................................. 39 Жамал қызға ......................................................................... 41 Қалқа бала .............................................................................. 42 Сырымбет ............................................................................. 43 Перизат ................................................................................... 44

Ақан сері Қорамсаұлы Балқадиша ............................................................................. 45 Шырмауық ............................................................................. 46 Əудем жер .......................................................................... 47 Ақанның белгісіз бір қызға айтқан өлеңі............................ 48 Еркем ..................................................................................... 49 Сүйген қалқа .......................................................................... 50 «Ақ сəуле...» ........................................................................... 51 Жанатай қажының қызына ................................................... 52 Ақан серінің өлеңмен қыз шешесін айналдырғаны .......... 53 Разия деген қызға айтқаны ................................................... 56 Жүсіп төреге .......................................................................... 57 Ақанның Шоғырмаққа айтқаны .......................................... 58 Ақан серінің Құлагер жайында айтқаны ............................ 60 Шонтыбай қажыға айтқаны ................................................. 61 Ақан серінің қызылжарда қажыларды қарсы алғанда, айтқаны ................................................................................. 72 Ақанның дін туралы айтқаны .............................................. 74 Өсиет өлең ............................................................................ 75 Ақан сері айтқан əйел сыны ................................................. 77 Айтамын замандасқа біраз кеңес ......................................... 80 Он үш жетім ........................................................................... 85 Конобалопқа .......................................................................... 87 Ақанның қайын атасы Шоманға жауабы ............................ 88 Жақыпқа ................................................................................. 89 Бір қызға айтқаны ................................................................. 91 Нұрилаға ................................................................................ 92 Ақан серінің бір келіншекке айтқаны ................................. 93 Науан хазірет баласы Ғалымтайға ....................................... 95 Көкшетауда Науан молда мен Хамидолла ноғай молдасы бақас болғанда, Хамидоллаға Ақан серінің айтқаны: ...... 97 Сəлім Жауарға көңіл айтуы (3) ......................................... 100 Ақан сері мен молдалар ...................................................... 102 Ақанның Сексенбай молдаға айтқаны .............................. 103

Ақан сері Қорамсаұлы Ақан серінің қыз алып қашқандарға айтқаны .................. 104 Ақан серінің қондырмаған үйге шығарғаны .................... 106 Ақан ауырып, өлім халінде жатқанда... ............................ 108 Қайтар алдында айтқаны .....................................................110 Ақанның Жүсіпке айтқаны .................................................111 Бір болысқа ...........................................................................112 Сараң əйелдің еріне .............................................................113 Айтыстар Орынбай ақынның Ақан серімен айтысы ........................ 115 Ақан серінің Орынбайды жеңгені ......................................118 «Ақан Құлагерден айрылып...» ...........................................119 Ақан мен Ғалиянұрдың айтысы ........................................ 120 Мəшһүр Жүсіп пен Ақан сері ............................................ 123 Ақан мен Қожамбет ............................................................ 124 Əділ мен Ақан серінің айтысы .......................................... 125 Ақан сері мен Мұрзалы ұлы Мұқанның айтысы насыбай туралы ................................................................... 127 Ақан сері мен Мұқанның айтысы ..................................... 130 Ақан сері мен Нұрым ноғайдың айтысқаны .................... 133 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Өлеңдер Гəкку (І түрі) ........................................................................ 147 Қайран Гəкку (ІІ түрі) ........................................................ 148 Гəкку (ІІІ түрі) ..................................................................... 149 Гəкку (ІV түрі) ..................................................................... 150 Гəкку (V түрі) ...................................................................... 151 Қайран Гəкку (VІ түрі) ...................................................... 152 Алтыбасар ............................................................................ 153 Жазғытұрым ........................................................................ 154 Аңшының əні ....................................................................... 157 Қарағым, қалқам, сені айтам .............................................. 160

Ақан сері Қорамсаұлы Қарақат көзді, сым саусақ .................................................. 161 Мəликеге .............................................................................. 163 Бір айтқанда қармаған ........................................................ 164 Ыбырайдың термесі ............................................................ 165 Қаракөз (ІІ түрі) ................................................................... 167 Қаракөз (ІІІ түрі) ................................................................. 168 Желдірме .............................................................................. 169 Керей еліне .......................................................................... 170 Шалқыма .............................................................................. 171 Жиырма бес ......................................................................... 172 Толқын .................................................................................. 173 Ақлима қызға айтқаны ....................................................... 174 Шолпан қаққан .................................................................... 175 Ыбырайдың Қантай Сүлейменге айтқаны ........................ 176 Ақан серіге ........................................................................... 177 Майдақоңыр ........................................................................ 178 Ыбырайдың Маңмаңгері ................................................... 179 Балқурай ............................................................................... 180 Қалдырған (І түрі) ............................................................... 181 Қалдырған (ІІ түрі) .............................................................. 183 Қалдырған (ІІІ түрі) ............................................................ 184 Шөренге .............................................................................. 187 Қаракөз ................................................................................. 188 Білмеген дос көңілін жаралайды ....................................... 189 Топжарған ............................................................................ 190 Көкейкесті ............................................................................ 192 Жайма қоңыр ...................................................................... 193 Құрама .................................................................................. 194 Қаралдым ............................................................................. 195 Ерлі-байлы екеуге ............................................................... 196 Маймаққа ............................................................................. 197 Жан баспас ........................................................................... 198 Елді сағынғанда................................................................... 199

Ақан сері Қорамсаұлы Қара көз ................................................................................ 201 «Жалғызтау» ........................................................................ 202 Ыбырайдың былқылдағы ....................................................211 Менің атым Ыбырай ........................................................... 212 Қайлау ................................................................................. 213 Қараторғай ........................................................................... 214 Отаршылдық қыспағы ........................................................ 215 Көкше ................................................................................... 217 Көкшетаудан аттанарда қоштасу ....................................... 218 Қоштасу ............................................................................... 220 Жалғызтаумен қоштасу ...................................................... 222 Абақтыдағы толғау .............................................................. 223 Үкілі Ыбырайдың абақтыда қалған сөзі .......................... 225 Айтыстар Үкілі Ыбырай мен Доскей .................................................. 229 Ыбырай мен Құдайберген .................................................. 241 Ыбырайдың Мақпал қызбен айтысы ............................... 245 Балуан Шолақ Баймырзаұлы Өлеңдер Бір бай адамға айтқаны Жаманша деген ........................... 249 Желіп-желіп ......................................................................... 251 Құлан кісінес ....................................................................... 252 Əн салып, тоғыз жастан сайрап жүрмін ........................... 253 «Жапалақ құс болғанмен неге дəрі?..» .............................. 254 Үш жүзге атым шыққан Балуан Шолақ ............................ 255 Шын атым – Нұрмұхамбет, Балуан Шолақ ....................... 256 Мен өзім аққан судай тасып жүрмін ................................. 257 Абақты – азап орны, жайнаған шоқ .................................. 258 Мен жүрмін Қараөткелде өгіз сатып ................................. 259 Тау көрмедім Көкшенің биігіндей ..................................... 260 Мойынқұмның болысына .................................................. 261

Ақан сері Қорамсаұлы Жапырмай, мен қылдым жақыныма? ................................ 262 Омбыға патша келді Руссия ............................................... 263 Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ ........................... 265 Мал семірер, көп болса жердің оты .................................. 266 Сұрасаң Нұрмағамбет – менің атым ................................. 267 Бір ат келді базардан құла қасқа ........................................ 268 Мына дүние, қай дүние, күлкі дүние ................................ 269 Ғалия .................................................................................... 270 Ғалияға ................................................................................ 271 Айналайын, Ғалия, сен бір тоты ........................................ 272 Айым да сен, Ғалия, күнім де сен ..................................... 273 Айналайын, қарағым, Ғалиясың ........................................ 274 Қынжыл ................................................................................ 275 Атандым Балуан Шолақ бала күннен ............................... 276 Елімнің араладым тау мен қырын ..................................... 277 Сайыста талай жеңдік бел тірескен ................................... 279 Не шығар жемқор, топас болыстардан ............................. 280 Ақбөпе, сəлем айтшы асыл тасқа ...................................... 281

Ақан сері Қорамсаұлы Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Балуан Шолақ Баймырзаұлы ШЫҒАРМАЛАРЫ Редактор Ш. ЖҰБАТОВА Мұқабаны көркемдеген Ж. БОЛАТАЕВ Беттеуші: Н. КЕЛГЕНБАЕВ ИБ 5(7) Теруге 25. 06.2014 ж. берілді. Басуға 04. 09. 2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Əріп түрі «Tіmes New Roman», кегль 11,5. Офсеттік басылыс. Қағазы офсеттік. Көлемі 15 шартты баспа табақ. Таралымы 2000+10. Тапсырыс № 212. «Полиграфсервис» ЖШС. 050050, Алматы қаласы, Зелёная көшесі, 13 «А». «Нұрлы Press.kz» ЖШС 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙