TELEGEI

Home

Баян Тіленшина Тұғыр

Баян Тіленшина

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баян Тіленшина Тұғыр

Баян Тіленшина — «Баян Тіленшина Тұғыр».

ТҰҒЫР V –бөлім

Алланың нұрлы күші қолдасын да,
Бақ берсін ұрпағымның ортасында.
Ғасырлық әке тойын теберіктеп,
Ақтолғай Қызыр жүрсін дәл қасымда

АЙТЫС І – тарау

ОҚО-ң 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген ауданаралық айтыста 22 ақынның ішінде І-о р ы н алған,Сайрам ауданы атынан айтылған 1-жауап сөз

...Абайды соққан қазаққа,
Орынбасар, не өкпе?

Қазақтың барыс жерінің,
Жүрегі болған Оңтүстік.
Өлеңшөп мінез келіннің,
Жыр елі болған Оңтүстік.

Үш жүз алпыс бес күннің,
Үш жүзінде тоңбайсың.
Күн ыстық, ыстық жан сырдын,
Бейнесін гүлдеп сомдайсың.

Қозғалыс берген алып Күн,
Көзімен тура қарайды.
Аталы сөзді халықтың,
Ордасы деп санайды.

Ай қабақ ана, ай тұлға,
Ай алақан, айқында-
Бұл елдің жылы мейірін,
Тіл жетпес түптеп айтуға.

Айдарлы 70жасыңда,
Қыдыр жүр дәйім қасыңда.
Қасиет қонған топырақ,
Айнала бер асылға.

Оңтүстігім-киелім,
Жаралды сенен сүйегім.

Қадіріңді білгеннен,
Тіршілікті сүйемін.

Аз ғана кетсем шалғайға,
Сезімім саған самғай ма?!
Бауырым, бүйрек, миымды,
Топырағың тартып, жалғай ма?

Шашуын шаштым тойыңа,
Сайрамның сансыз бабының.
Себейін иман бойыңа-
Дәстүрдің кәусар ағынын.

Ассалаумағалейкум,
Той тойлаған ағайын!
Түсініктер бар талай мың,
Тілектестерді табайын.

Орынбасар, армысың?
Ер қалай? Түгел бармысың?
Сезінткен иісін әкенің,
Көтерген жүкті нармысың?

Төлеби бабам аймағын,
Ұйыған елдің қаймағын.
Ата-салт сақтап жүрмісің?
Білімдар, қалай жайларың?

Оқыдым жазған хатыңды,
Атапсың көп- көп атымды.
Мектептің қазір науқаны,
Бір іске бір іс шатылды.

Бір түгіл екі мектебім,
Елде-күз, менің көктемім.
Біріне енші бердім де,
Балалар үйін бөктердім.

Сөге бір жамандамашы,
/Ішінде адам аласы/.
Біржан сен болсаң, боларсың,
Мен - Баян, жоқ-ау таласым.

Тағдырға әркім бағынар,
Берсін де маңдай бағы бар.
Жүз рет өлсе, кей бейбақ,
Мың жасайтын тағы бар.

Ұятсыздың күні күнде өлім,
Өзінің білмес міндерін.
Тобықтан төмен жүргендер,
Білерсің басты күндерін.

«Һайт!» десең жөнер желөкпе,
Тиеді бұтақ не терекке.
Абайды соққан қазаққа,
Орынбасар, не өкпе?!

Ой шеңбері тым алыс,
Әр үйге аты Қуаныш.
Жан- жағын жұмақ жасаған,
Айтаханов – осы ағам.

Қу сүйекке таласқан,
Иттерге қабу жарасқан.
Мысықтілеулілерді,
Күйдірмей ме бағы асқан?

Өмірдің түзеп ағысын,
Өткірленсін тағы сын.
Көп адам тауық боп кетер,
Азғынның шоқып тарысын.

Орнатып достық тұрағын,
Лаулатқан білім шырағын.
Қуаныш ағам мың жасар!
Қанды ма, ақын, сұрағың?

Келіпсің Көмешбұлаққа,
Ұнатпасаң, ұнатпа.
Көмештің біліп тарихын,
Ұялып қалма бірақ та.

Жер үшін аттап сызықтан,
Қанды көз Жоңғар қызыққан.
Қазақтың ұлы - сен түгіл,
Бағасын алған бұзықтан.

Тіккізген орда Көмешім,
Бал бұлақты тегешім!
Топырағын сыйламай,
Тіркестедің неге сын?

Басында бағы бес елі,

Қасымбек өткен деседі.
Билердің биі--төбе би,
Тіленші өткен кешегі.

Сәулелеген сананы,
Сейітжаппар дананы,
Айтанды туған топырақ,
Қалайша жаман саналды?

Мақтанып айтар елесін,
Молдияр туған Көмешім.
Ақсақал, Керім, Нұрлан бар...
Атасам, жүздеп тересің.

Құрманбек, Сәбит, Ошатты,
Ой- есің қалай босатты?
Өмірбек ғалым өнген жер,
Ғалымдар ерткен оншақты.

Клуб пен кітапхананың,
«Обедінде» келдің бе?
Клубсыз елді санағын,
Айтпай-ақ қойсаң ...дің бе?

Бұғып кеп, бұғып кетіпсің,
Бұзылған үйден өтіпсің.
«Әшшалау!» десең қайтеді?
Конвойың бар-ау, әй-тегі?!

Тығылып араласаң да,
Кір іздеп, қараласаң да,
Шақырмасаң бармаймын,
Қыз жолы нәзік қашан да.

Өз үйін тапқан жетім бар,
Өз университетім бар.
Осындай аудан көрдің бе?
Орталық алаң--бетім бар.

Лоторея ойнаттым,
Өмірді солай қайнаттым.
Қызықсаң, жасап берейін,
Рахметіңді көрейін.

Бір жеттік егемендікке,
Еркін ой-өріс, теңдікке.
Ұтылдың неден? Не ұттың?

Ең басты күрес сендік не?

Қайткенде гүлдеп, өсеміз,
Қайталанбай кешегі із?
Өмір-күрес,
дегенмен,

тумайды қайта шешеміз.

Айтылады сөз көптен:
Ағайын таптым өзбектен.
Алтын бау-бақша өсірем,
Қолыма алып жез кетпен.

Сайрамнан айтсам ақпарат,
Тарихқа толар ақ парақ.
Сын айту салтын сындырып,
Әкімін ақын жақтамақ.

Қап-қара түнек таң алды,
Сөз етпес ешкім жаманды.
Қуатты тектер бұзады,
Құрсаулы темір қамалды.

Азамат дерсің ой бағар,
Іске асты арман ойда бар.
Әр жыл сайын мамырда,
Фестиваль тойы тойланар.

Сайрамның сансыз баптары,
Беймәлім, мәлім аттары.
Рухтары бүгін оянып,
Тілдесіп елмен жатқаны!

Соққылап мәңгүрт сабырды,
Жезтаңдайлар қағылды.
Толқыған теңіз-халықтан,
Інжу де маржан табылды.

Мың бір түн сырын тауысар,
Сағынған жандар қауышар,
«Туған жерге тағзымда»
Он сегіз жасқа ауысар...

«Балалық саябағы» бар,
«Ардагер бағы» тағы бар!
Сайрамның азаматтары,
«Төс белгісін» тағынар.

Ұраны- «Сайрам-елім» деп,
Қырық бір кие көлім деп,
Сайрамның әрбір ұл-қызы,
Өзгеден ерек көрінбек.

Жеті атасын білмеген-
Жетесіз өскен ұлмен тең.
Сөз асылын жинайды,
Көңілі ояу жыр- мерген.

Сөйлемей әркез бай ұлы,
Өшпегей кедей шайыхы,
Рухани байлық болмаса,
Қазақтың тоқтар қайығы!

Қағазға түскен өлмейді,
Көз көрмей, көңіл сенбейді.
«Сайрамның сансыз баптарын»-
«Шежіре» тарих тербейді.

Кітаптар жаздым осындай,
Көп ауданға тосын жай.
Артында белгі қалған жөн,
Ақбөкендей жосылмай.

Жақсыдан жайсаң із қалар,
Жібитін тіпті мұз жанар.
Иассауи өскен Сайрамнан,
Үлгі алсаң, кім бар қызғанар?!

Заводтар «Живмаш» жөнделді,
Түзеттік артық-кемдерді.
«Денсаулық жылы» пәк анам,
Ардагер тегін емделді.

Үш жылда салдық он мектеп,
Мектептен өсті жыр көктеп,
Әр жылы қызға тағамын,
«Алтын белгі» құрметтеп.

Биліктің құрған төбесін,
Тексіздің сөккен көбесін,
«Мәртөбедей» төбем бар,
Белгітасы жебесін.

Қаймықпай ың-зың масадан,

Жасадым биыл жас алаң.
Хан Абылай қасқайды,
Шыға келіп тасадан.

Әр ненің болжап шамасын,
Жаланың ақпен таласын.
Түйсініп тұрған тас мүсін,
Қуаттар Қуаныш баласын.

Нарықтық мына заманда,
Нан табу керек адамға.
Барыңды жүрсең базарлап,
Орынбасар, жаман ба?

Базар бар жерде байлық бар,
Базардан салық, айлық бар.
Біз жүрміз сөзді базарлап,
Айтарың болса, айтып қал.

Әлеуметтік жағдайдан,
Бірінші орын--тұғырым.
Мойындарсың! /Әй, қайдам?!/
Жұмысымның мығымын.

Ақсудың суы аз емес,
Көбейген кезі көргенің.
Үйрек емес, қаз емес,
Білмеймін неден шөлдедің?

Ақсудың суы аз болса,
Қысатын таудан өзіңсің.
Үйрек ұшып, қаз қонса,
Қуанар еді-ау көзім шын.

Өмірдің жарты сағасы,
Әйтеке биім--нағашы.
Нағашы жұртын ойламас,
Қыз болмайды-ау, шамасы.

Бұлақтың көзін ашқаның--
Сауапқа қадам басқаның.
Бастауын судың молайтсаң,
Қажеті жоқ басқаның.

Белесін астық бір қырдың,
Он жылда не іс тындырдың?
Егемен елдің ұлысың,

Қай мұратқа ұмтылдың?

Кемшілік болса мойында,
Айта ғой өзің жайында,
Орынбасар, сөзіңді ал,
Ұмтылма бірақ сойылға.

Төркінінің қонағы,
Қыз деген – Қызыр болады.
Қызырға қарсы дау айтып,
Қандай адам оңады?

Қыз деген-кие, бүлдірме,
Ашуың қысса-білдірме,
Бірақ та маған жағам деп,
Қисық сөз іздеп «күлдірме».

Айтатын саған жұмбағым:
«Не нәрсе ердің шын бағы?»
Сөзіңді жинап, топтап айт,
Нам болма шөлейт құмдағы.

Найзағай оссын дүркіреп,
Сүзіссін ойлар сіркіреп.
Сусаған қалың еліме,
Нәр болып жаусын нұр тілек.

АЙТЫС

(Екінші қарымта жауап)

Қыз сыйламас халықты,
Руханиятсыз, ұйық де...

Сайрамым, жұмақ Сайрамым,
Тұранның туы, айдарым.
Ауасы шипа, суы ем,
Қасиетіңе қайранмын.

Ханқорған мен Мәртөбем,
Түйінін шешкен айланың.

Сайрамнан мін таппадың ба?
Тек атым қапты-ау жадыңда.
Ұсақталып кеткенің-
Сорың ба, әлде бағың ба?

Күрделі істі қозғамай,
Сөз тердің «еркін» шағыңда.

«Қылт» еттің, сосын «шырт» еттің,
Түнердің, қайта «жылт» еттің.
Әзіл сөзге асқынып,
Тас аттың. Бетті бүркеттің.

Сайрамның сансыз бабынан,
Бата алмадың! Құр кеттің.
Сау-саламат жүрсің бе,
«Конвойы» бар құрметтім?

Нәр алу керек айтыстан,
Үлгі алмайық байқұстан.
Кісі емес кісі демей ме,
Сөз емес сөзді айтысқан.

Ақылсыз досты сызамын,
Ақылды артық қой дұшпан.

Ореке-ау, қандай дүлейсің?
Тақтың деп алқа мінейсің.
Алқа жеңген бірің жоқ,
Несіне аяқ шірейсің?

Тасқындан Ленгір шахтасы,
Жатқандай, нені күрейсің?

Жемтікке қыран қонбайды,
Жүрегі ұлы-тоңбайды.
Аққу махаббаттардың,
Киесі ұрған оңбайды!

«Көмешке шақыршы» деме,
Сол әдет саған жан- қайғы!

Айтыста сәл сын айтайық,
Әзілмен басты шайқайық.
Төбелеске шақырып,
Шіренбеші қайқайып.

Сен екеуміз айтты деп,
Шеңберден кетпес Ай тайып.

Сөзіңе қарай мақтанам,
Халықаралық тақтадан,
Амалбеков Асқарым,
Қос алтын тақты тап маған.

Он екі алтын-күмісті,
Бір мектепте сақтағам.

Алдына мақсат діттеген,
Намысқа бойын тіктеген.
Осындай өршіл ұлдардың,

Жолында жатпас жүк деген.
«Тақпадың,- деп, -ұлға алтын»
Кінә артпашы күтпеген.

Кемістік айтпай қайтадан,
Бойыңа қара айнадан.
Жаман ұл-қыз болмайды,
Өз мінін өзі байқаған.

«Ысқырығы жер жарар,
Жалғыз ешкі айдаған...»

Тоқсан сөзде түйін бар,
Базарлы жерде жиын бар.
Базарды бассаң бетіме,
Ақындық атың қиындар.

Тау тұлға, дарын жігіттен,
Түспесін ұсақ тиындар.

Қалтасы тесік қазағым,
Ат тісін ашып көреді.
Тек сауда емес, базарың-
Көңілдің көркі, қорегі.

Балалы үй де базарлы,
Дауасы дерттің дер еді.

Мін іздеу ме мұратың,
Әлсізді орға жығатын?
«Жеңбесең» өйтіп қайтеді,
Сыйласаң егер Жыр атын!?

Көңіл шіркін қалады –ау,
Насыбайдан бір атым.

Киенің Сайрам ошағы,
Пәлеге төсін тосады.
Аятты ұқпас дүмшелер,
Айқайға сүрен қосады.

Шын ақынға өлім жоқ,
Періштенің қосағы.

Ақша қардай ары бар,
Лашындай асыл жары бар,
От жүрек Мұқағали да,
Жалғыздықтан торығар.

Дос таппай қазақ ұлынан,
Табынтқан қызды танып ал.

Қойшы қоймен сырласар,

Ғалым оймен қырды асар.
Нағыз ақын туылған-
Ақ қағазбен мұңдасар.
Әйел, бала-шағадан,

Аспаған сені түн басар.

Тағдырға әркім бағынар,
Берсін де маңдай бағы бар.
Жүр рет өлсе кей бейбақ,
Мың жасайтын тағы бар.

Сен ұқпас кітаптарымды,
Бағалайтындар табылар.

Көбею, өсу –заңдылық,
Айтасың несін ән қылып?
Қарау жандар қара іздеп,
Өз ізін өртер жандырып.

Періште жандар халықтың,
Есінде қалар мәңгілік.

Халқының мәңгі есінде,
Орден мен медаль төсінде,
Сақ дәуір, Аңқай, Аңырақай,
Маркстен тербер көсілсе,

Керім Тіленшин мектебін,
Айып па үйден өсірсе?!

Тірі шежіре, ғасырды,
Өз қолың жетпес асылды,
«Сасығын-ай!...» десең де,
Оңтүстік –санат бас ұрды.

Не үлес, еңбек еткен ең?!
Ірі сөз қайдан тасынды?

Тарихтың айтсам өткенін,
Сен көрген зәулім мектебім,
Қабыл мен Тұрсынайымның,
Сабыр мен менің көктемім!

Бүгінде көзің көріп тұр,
Көк жиекке жеткенін.

Көмеште туған азамат,
Шашасы шоқты қазанат,
Ғанидың үзеңгілесін,
Не оймен келдің мазалап?

Рухынан тауып кемістік,
Кеткенің бе «тазалап»?!

Елбасы айтып шешімін,
Мектепке берген есімін.
Халықтың ұлы--әкеме,
Қызмет етсем, несі мін?

Өсектеп кеттің оң қолмен,
Білімнің алтын бесігін.

Төрт қабат! Көкпен таласар,
Арнасаң дастан--бағы асар!
Маржан-сөз таппағаның –ай,
әке мен қызға жарасар.

... «Өрлеуді» ашқан әкемді,
Айлаң жетсе жаба сал!

Қиялдың ессіз құлы ма ең?
Түсінбейсің бе шынымен?!
Сақаулап жазып әке атын,
Несіне жүрмін тірі мен?

Оңбастай жазаланарсың,
Шындықтың алмас-пірінен.

«Керімше» емес, «Керім» де,
Таң болған қазақ жерінде.
Алақанында тербеткен,
Мың-мың жасты тегінде.

Ұстазы болған, сұрап көр,
Әкеңнің әкем, сенің де.

Көмештен өсіп, түледі,
«Ел-ел» деп соқты жүрегі,
Қоңырау күлкі сәбимен,
Бір жасап, мәңгі күледі.

Санасын нұрмен суарған,
Халқының әкем ұлы еді.

Қазақтың сары баласы,
Қастерлі болған шамасы.
Өнер, білім үйретіп,
Сәуле сепкен. Шамы асыл,

Төрт қатар өлең арнап ем,
Өсектеуіңді қарашы.

Тіленшіұлы Керімнен,
Ақ тулы патша шегінген.
Алғашқы комсомолдардың,
Шындықтан жолы өрілген,

«Ел» деген жалғыз сөз үшін,
«Шу» дегенде тебінген.

Тарихтың ақтаңдағында,
Оқ атқан ой мен дарынға.
Сәкен мен Ораз, Керімдер,
Оранған мұзға, жалынға,

Ел жайы үшін күрескен,
Бойында қаны барында.

Қалдыбайұлы Мамытбек,
«Бауыржан, Керім - алып»-деп,
«Бәйдібек баба арманын»,
Жүрекпен жазды дәріптеп.

Керімнің кенже қызымын,
Жазамын кітап «халық» деп.

Ұрмасаң мені қайтеді?
Дойырсың -ау, әй, тегі!
«Сауатсыз жазушылықтың»,
Қыспай ма сені әйтегі?

Арқалылар ауылында,
Тез сынар көңіл әйнегі.

Тіліңді нанға жани тұр,
Сен келген кезең –каникул!
Әкеме жазған өлеңім,
Ң;Қ- сы жоқ әлі тұр!

Сен алмай, оны кім алды?!
Солай деп Керім, Ғани тұр!

Әріптердің құйрығын,
Ұрлап жүрер ұрысың,
Жыр жарыстың сыйлығын,
Армандар бұлғақ тұрысың!

Ешкім жоқ! Сен-ақ келгенсің...
Бүйткен күнің құрысын!

Бойыңда сайтан бар екен,
Пейілің содан тар екен,
Қожанасыр – Орекең,
Құйрық –қоржын бала екен!

Күл- қоқыспен домбаздап,
Жеткізер жерің –жар екен!

Ғибрат ілші құлаққа:
Құлағанды жылатпа.

Жетім, жесір, ғаріпке,
Тіл жұмсап сауға сұратпа.
Шөлейтте қайнар ақ бұлақ,
Тас атпа әулие бұлаққа!

Үміт бар алға жалғаған,
Алдағы бақыт Алладан.
Ақында болса жауыздық--
Ұйқас сөз бекер сандалған!

Қара түтін бықсымас,
Нәрі таза шамдардан.

Тігісіңді ақтарма,
«Конвойыңа» мақтанба.
Күндес іздеп жүргем жоқ,
Күркіреме ақ таңда.

Майда- шүйде сөз айтып,
Жеке басқа тоқталма.

Шындықтың мынау дерегі:
Әйелдің үйде көмегі.
Қаз орғанға семіріп,
Ақын сөзден өледі.

Саған сенбес әйелің,
«Конвойың» болып ереді.

Лебіңнің көрдім удайын,
Орнында тұрмас су дәйім.
Жұбыңды мәңгі жазбауға,
Басқан ба мөрін Құдайым?!

...Зауалы болар әрненің,
Табаңа казір шыдайын.

Мектеп пен мешіт салудан,
Халықтан алғыс алудан.
Артық сауап, сірә, жоқ,
Меккеге жаяу барудан.

Тарихта мәңгі жасайды,
Қапалбай деген палуан!

Түрткілеп намыс бесігін,
Табалап жетім, жесірін,
Дәл сендей болып сайраса,
Қапалбайға бар кешірім.

... Сен шығарған газеттен,
Кім табар әділ шешімін?

Жаныңа батқан күйік не?
Көрмеп пе ең қызды биіктен?
Шалқайдың сонша! Шалқақта!
Шалқайып қарар биікке.

Қыз сыйламас халықты,
Руханиятсыз, ұйық де.

Жалғыз ана-қара нар.
Жүрегінде жара бар.
Жесір жігіт әйелсіз,
Мүсәпірмен бара-бар.

Жалғыздарды сүйейді,
Жақсы іні, ағалар.

Сөйледің, бала, аспандай,
Күйдіріп, бетке басқандай,
Жұбы жоқ жалғыз мен бе екем?!
Әзілің тікентас қандай!

Жұбынан жылап жүрген көп,
Құтыла алмайтын тас маңдай.

Елбасы-патша емессің,
Кімге кім, маған елессің,
Көңілің толған желік сөз,
Аузыңнан санат желі ессін.

Түріңді танып-білгем жоқ,
Бұл сөзім бекер демессің.

Тиістің кімге, танып ал:
Мен емес саған табынар.
Ара тектес екенсің,
Инең өтсе, шағып ал.

Өсек жинап келіпсің,
Орамалды тағып ал!

Жүрегімде отым бар,
Күйіп қалар қотырлар.
Өз ісімді талдайтын,
Иықта бас- сотым бар.

Өсек айтса жарасар,
Пісте сатқан қатындар.

Айнала ортаң солай ма?
Жарасар сөз –іс қалай да!
Ордабасы өсектің,
Өнбойыңнан тарай ма?

Киелі қалам не теңің,

Аулақтау жүр! Жарай ма?

Жарамды тырнап бұрынғы,
Суырттың қылыш-жынымды,
Тіленші бидің рухтары,
Ұшырды үрлеп құныңды.

«Ерің жоқ» деп есі бар,
Бет тырнамас бұрымды.

Өртеп бір кетті іздерің,
Өнуден күдер үзбедім.
Сен салған жарақаттарға,
Халқымнан дәру іздедім.

Домалақ анам қолдайды,
Мен емеспін қыз тегін.

Қысқанда бар зат тебілер,
Гук заңы- кейін шегінер.
Серпіліс күшін күтіп ал,
Бекет ізде бекінер.

«Молда» боп әліп айтып ең,
Мен қойдым ондап «екілер»:

«Тіркеу» мен «Білім» бөлімің,
Қалалық әкімдеріңнің,
Есігі тесік, тұтқасыз!
Туы қайда елімнің?!

Қираған бетон урнаңнан,
Шығып тұр бой-бой өрімің.

«Тіркеу» мен «Білім» паспортын,
Көргенде көзге жас тұнды.
Сауатты ел қайдан өрбиді,
Баққызса қойға қасқырды?

Желпінді «Жеңіс» ақ жалау,
Шошыну солай асқынды.

Даңғыл жолдың жағасын,
Ауданның «анықтамасын»,
Сауаттыға оқытсаң,
Сегіз қате табасың.

Сызықша, нүкте, үтірді,
«Оқымаған» шаласың.

«Көксәйек» мәден. үйіне,
Келмедің бе биыл не?
Есіктің алды көмір, шөп,

Жайыла ма сиыр не?
Есікті тесіп мұржаң тұр,
«СЭС» пен «Өртің» «мир» ме?

Машина жолға көлденең,
«Зертас аул» көлбеген.
«ТОО Алатау-сотрапи»
Полисөз не ол селдеген?

«Аурухана» тырнақша,
Кері мағына дер ме екен?!

НМ «Жеңіс», кооп «Жеңіс»,
Тырнақшасыз, теп-тегіс.
«...жауда, дауда алмай...» ма?
Төле сөзін естеңіз.

«Үзіміс, сембі, жексембі»
Көксәйекке жетсеңіз.

Шешер жер осы ма түйін?
Кітапханаң, мәд. үйің-
Қара құлып! Иесіз!
Көңілім жұтты апиын.

«Мәд.үйің» «Кептер үй» бопты,
Көрмейсің қалай, сахиым?!

«Мәд.үйдің» жылтыр бет алды,
Сылақсыз жаны, шет, арты.
«Төле би» деген жалғыз сөз,
«Мәд.үйде» қате «2» алды.

Күліп ал күлсең өзіңе,
Сауатсызсың! Біл жалпы!

Көшең шотыр, нөмір жоқ,
Автоға белгі, көңіл жоқ.
Сайрамсу өзен үстінде,
Апаттан қорғар темір жоқ.

Ореке, жақсы білесің,
Қауіпті жерде өмір жоқ.

Аудандық әкімшілікте,
Ту тұрды. Жанды үміт те.
«Әкімнің жарлықтарына»,
Жапсырулы үгіттер...

Содан соң –ақ қайтадан,
Сөне берді үміттер.

Сенбеймін саған, басқаға,

Түсірдім бәрін таспаға.
Ертең сен тағы «жала» деп,
Болмауым үшін «масқара».
Маған тұмар тақпас деп,

Орекеңдей қас бала.

Төле биге ұрпақпын,
Туралықты шырқаттым.
Әйтеке би –нағашым,
Тәуеткен соң тіл қаттым.

Қазыбек бабам-қазынам,
Бір қазақ деп үн қаттым.

Мәртөбенің басында,
Құрылтайдың қасында.
Ынтымаққа жаниық,
Тіл қылышын осында.

Орынбасар, ірілен,
«Тудавайға» қосылма.

Бір қазаққа баламыз,
Бөлінбесін арамыз.
Ала көңіл біз болсақ,
Алда қалай оңамыз?

Қоқым-соқым сөз терсек,
Қоқыс қапшық боламыз.

Қан туыс бар ұқпайтын,
Жан туыс бар құптайтын.
Көбелек - дос тағы көп,
Жарығыңнан шықпайтын.

Адал пейіл керек -ақ,
Аждаһадан ықпайтын.

Сөз ұққанға тиер дөп,
Күннен де үлкен жұлдыз көп.
Салыстырып біз жүрміз,
Күн сәулесін күндіз деп.

Ұқсамай сиыр бүйрекке,

Жүрейікші «сіз-біз» деп.

Айдында аққу жүздіріп,
Көп болсын елде ізгілік.
Жылқышиев Болат жүр,
Бірліктің отын қыздырып.

Береке мен бақыттан,

Жүрейікші біз күліп.

Ой ойлайтын ең ізгі,
Биіктетер еңісті.
Айтаханов жүрген жер,
Әрқашан да жеңісті.

Сен де бір мін таппастан,
Менен «көрдің» кемісті.

Менен іздеп ақауды,
Өлең жаздың сақаулы.
Сомдағаның күлкілі,
Жазушыдан мақауды.

Ақын намыс-көк жасын,
Армандама отауды.

Жақсыларға сөз ерер,
Жамандарға шөп ерер.
Аққу сезімділерге,
Арсыз садақ кезенер.

... Пенделігін жігіттің,
О, жаратқан, кеше гөр!

Оңтүстігім киелі,
Күллі Тұран сүйеді.
Мәртөбеге тәуетіп.
Сайрамға бас иеді.

Құрылтай- ұлт көшінде,
Сөз түйінін түйеді.

Оң түстікті елімде,
Жылы, мейір жерімде,
Ән қанаты серпілсін,
Домбыраның шегінде.

Ұлан-асыр той болсын,
Нұр ойнасын көгінде!

АЙТЫС 11 -тарау
Керім Тіленшин атындағы орта мектеп оқушыларының аудандық айтысы

МЫҚТЫЛЫҚ

Қалың тұман...
Жанарыңа шық тұнып,
Қайғы келер шаттық құнын ұқтырып.
Ұлиды уақыт, аш бөріше ұлиды.

Қарсы ал сонда кипаристей тік тұрып.

Уақыт – дауыл әлжуазды бүктіріп,
Боталайды саяз суды тұп-тұнық..
Тіршілікте бір соғатын дүлей бар,
Мөп-мөлдір боп қала білу –

М ы қ т ы л ы қ!

АЙТЫС

( Сайрам ауданы, №29 К е р і м Т і л е н ш и н а т ы н д а ғ ы орта мектеп атынан сөз сөйлеу. Мектепаралық оқушылар айтысы.)

І-ші кезек
Жиылған қауым, армысыз?
Аман ба мал, жан? Бармысыз?
Өткелінен ғасырдың,

Жүк алып өткен нармысыз?
Қазақи әдет ғұрыптың,
Гүлдеуіне зармысыз?
Тіл менен дінсіз құным жоқ,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Ау, жанкүйер ағайын,
Айтыстың отын жағайын.
Бәйгесінде өнердің,
Келгенше әлім шабайын.

Армысың, құрбым әріптес?
Жақсы ма, қалай жағдайың?
Мектебің мен ел қалай?
Тізгінді беріп бағайын.

ІІ-ші кезек
Мен келдім Көмеш елінен,
Қайнарбұлақ жерінен,
Жайыңды неге айтпадың?

Сұрап ем шын ақ көңілден.
Түйгенім бар өмірден:
Тарихта қалмас көрінген.
Тіленшин Керім мектебі,

Өнер мен нұрдан өрілген.

Мақтансам да шындығым,
Ақынмен бірге кіндігім.
Керім бабам серпіген,
Қараңғы қазақ түндігін.

Баян апай, Қабылбек,
Сабыр ақынды туды кім?
Қос заврай ОНО ұшырдық,
Парламент- шәкірт жыр бүгін.

Оншақты шықты ғалым да,
Серік Аббастай дарын да,
Дархан Мыңбай министр,
Елбасының жанында!

Тіленшин Керім мектебі,
Алдыңғылар санында,
Шын айтам деп сыр айттым,
Мақтаншақ деп қалдың ба?

ІІІ-ші кезек
Үш арыстың ұрпағы,
Қосылып бір ән шырқады.
Егеменді ел болдық,

Қазақ боп қазақ туғалы.
10 жасқа келді теңдігім,
Өсиет айтар кім, кәні?
Қалдырам биыл мектепке,

Мұқағали атамнан,
Қабылдап алған сумканы.

Тұранның ұштап ойларын,
Түркістан тойын тойладым.
Электр бізде көп сөнді,
Жаза алмай кітап қойғаным.

Төбесі тесік спорт зал,
Сонда да бокс ойнадым.
Кітап жоқ, көрнекілік жоқ,
Леп белгі, сұрақ қойғаным.

Тақтаға жазған бор жазу,
Қараудан әбден тойғанмын.

Біздерде солай, сізде ше?
Кім табар жолды іздесе?
«Білімсіз тобырсыңдар» деп,
Келешек көзін сүзбесе.

Тілегім жалғыз: Біз кеттік,
Інілер үміт үзбесе.
Білімсіз қазақ ел болмас,
Ойланар ұлық біз десе.

«Хрусталь ойлап таптық» деп,
Жүрмейік ұстап мұз кесе.

Айтыстан шындық туады,
Шарт емес білек жуаны.
Арыстан жүрек ақындар,
Халықтың семсер, шырағы.

Хош, есен бол, құрбыжан,
Шындықтың кәусар бұлағы.
Ақындық деген өрнектің,
Болайық құрттай құрағы.

Сайрам ауданының 75 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасындағы аудандық б ә й г е д е г і К е р і м Т і л е н ш и н м е к т е б і н і ң сөзі

1 -кезек

Жанкүйер қауым, армысыз?
Есен-сау, түгел бармысыз?
Сайысқа шыққан сыңарым,
Көтерген жүкті нармысыз?

Жақсыдан туар кей жаман,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Қазылар, сізде қанжар бар,
Қара қыл қалмас жарғысыз.

Қазақтың рухын өсірген,
Қаймағы, шекер-балмысыз?

Сәлем бердім иіліп,
Жібек жіптей түйіліп.
Сөзімді саған тастайын,
Бабаларға сиынып.

Ақ өлеңі қазақтың,
Көмейден ақсын құйылып.
Жыр сүйер қауым қоршап тұр,
Айналама жиылып.

Жібектің шешші түйінін,
Отыра бермей бұйығып.

Айта ғой қандай жоспарың?
Биікте бар ма достарың?
Мектебің алтын тақты ма?
Ойлай ма ұйқы, бас қамын?

75 жасын ауданның,
Қандай күймен бастадың?
Мақсатың қайсы алдағы?
Бос өтіп жүр ме жас шағың?

Мектептен шыққан кімің бар,
Желпінтер туын аспанның?

ІІ-ші кезек

Сыңарым, сені тыңдадым
Сырғытар еді-ау шын дарын.
Бесікте жатқан баласың,
Шешілмепті-ау құндағың.

Ат жалын қашан тартасың,
Әуезіңді шыңдағын.
Құйғытып шапсаң, құларсың,
Көбейіп кетер мұңдарың.

Сені өсірген бапкерге,
Алғысым бар мың да мың.

Тіленшин Керім – мектебім,
Айтайын неге жеткенін.

12 медаль өткен жыл,
тағынып, көкте көктедім.
Ал, биыл алдым жетеуін,
Білмегенің неткенің?

Көбейіп жатыр мектепте,
Алтын төсті бектерім
Зав. райОО-лар даярлап,
Қанжығама бөктердім.

Ұстап қал есте қарманып:
Ерғали ағам Сарманов,
Нұрболат ағам Қаратай,
Оларды таныр бар халық.

Ақын әпкем Баянды,
Көрерсіңдер жалданып.
Мектебімнің даңқына,
Қарарсыңдар таң қалып.

75 жасын ауданның,
20 алтын тұр малданып.

Жастықтың қандай сәні бар,
Жоқ болса елге берерің?
Өмірдің қандай мәні бар,
Алынбай кетсе керегің.

Жету үшін мақсатқа,
Білім қажет дер едім.
«Алтын белгі» тағынған,
Ауданыма сенемін.

Ақ алмас құнды сынбаса,
Қажет-ау өлең тыңдаса,
Перзенттігі не керек,
Қызметін елге бұлдаса?

Тисе деп елге себебім,
Айтылды бүгін өлеңім.
Ауылым-әнім, ел-әнім,
Жан анама теңедім.

Кездесейік тойларда,
Домбыралы өренім.

ІІІ-ші кезек

Ал, айталық, айталық,
Жіберіп тізгін байқалық.
Жүйрік болсаң озып көр,
Орағыт мені қайтарып.

Сайрам-елім бай халық,
Мың мәуе өскен жайқалып.
40 ұлттың баласын,
Құшақтаған айқарып.

Сансыз баптың суы ем,
Арман не ішсең-ай қанып!
Қуаныш әкім қуантты,
Жоқшылықты тойтарып.

Бюрократ деген ой ұшты,
Әділет деген ой қалып.

Ау, не түйдің, не білдің?
Рәміздерін елімнің,
Заң менен туын көтеріп,
Қанаттанды-ақ көңілім.

Аудандық рәміз авторы –
Жүсіпов Тұңғыш шәкіртім,
Ұшырып, көктен себілдім.
Берерің елге болмаса,

Сәні не мына өмірдің?
Жаңа ғасыр жерінде,
Бой көтерген көгіңмін.
Ұлтымның салтын көтердім,

Жеңісім сол деп өтермін!

Ақындардың айдары,
Қара өлеңнің қайнары,
Мұқағали 70-те,
Бүкіл қазақ тойлады.

Бауыржан атам 90-да,
Серуендер бірге ойлары,
Өлмегенге сенейін,
Қол соқсаң соның айғағы.

ҚАЙЫМ – АЙТЫС

«Ша» деген жалғауы мен де құда,
Күшейіп кетіпсіз-ау бүгін жүдә!
Құда боп, төрге озып отырған соң,
Көтеріп назымызды бір күн шыда.

Айтайын жырымды да, сырымды да,
Қыстамас арақ іш деп бұрымдыға.
Буынсыз жерге пышақ салма деген,
Ұлылық сөзі бар ғой бұрынғыда.

Ішпеймін арағыңды, өкпелеме,
Ішкендер ішпегенді жек көре ме?
Атамның қасиетті асы емес,
Басымды уламаймын көктемеден.

Ішкізу – құрметтеудің белгісі ме?
Жараспас былду-сылду ер кісіге.
Өз өзін билей алмас, масаңдарды,
Келмес-ау құдашаның көргісі де.

Құдеке, әнің қайда, әнің қайда?
Айтатын аталы сөз, дәнің қайда?
Одан да биге шақыр, бойды сілкіп,
Билейік, бойкүйездік жалындай ма?

Аттады босағаңнан құдаша қыз,
Көнесіз айтқанына шыдасаңыз.
Тауып көр тілімізді, үндемесек,
Ән салар құдаша қыз ұнасаңыз.

Ат екен «құда» деген қасиетті,
Әр адам ұрпағына бас ие етті.
«Құдаңды Құдайыңдай сыйла» деген,
Сондықтан, қадірлейміз өсиетті.

Әкімдер қонған үйге ат байланған,
Ақындар енген үйге бақ байланған,
Құданы мың жыл бойы сыйласаңыз,
Қорқыңыз ақын-қызды қақпайлаудан.

Ән әлемі \ІІІ –ші тарау\

САЙРАМ – ЕЛІМ

Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Әбдеш Нұрымұлынікі
Жәннәті жетісудың Сайрам-елім,
Киелі, сансыз бапты қайран елім.

Мекені Иассауи мен Сайрамидің,
Табынтқан Түркі елін айдарлы елім.

Қайырмасы:

Киелі Сайрамым,

Қасиет – айғағың.

Бір көрген сағынған,

Көркіңнен айналдым.

Мәртөбең әділеттің туын тікті,
Бірлік пен желбіретті туырлықты.
Көз әулие, Көлкен ата, мың-сан бұлақ,
Ел дертін емдейді екен суың тіпті.

Қайырмасы

Жоңғар- жау орда тіккен Көмешбұлақ,
Көзіндей ару қыздың тұрған жылап.
Алмастай жалт-жұлт еткен қырық бір көл –
Секілді Ай сынығы түскен құлап.

Қайырмасы

Қай мекен бұл Сайраммен таласасың?!
Анасы Иассауидің – Қарашашың,
Атасы - Ибрайым да тұрақ тепкен!
Түркістан, Сайрам -елге балашасың.

Қайырмасы

ОҢТҮСТІГІМ -ӨНЕГЕМ \бірінші варианты\

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Туған өлкем – жер бетінің жұмағы,
Туған мекен – қасиеттің тұмары.
Әл Фараби, Иассауиді тапқан жер,
Оңтүстігім – даналықтың тұрағы.

Қайырмасы:

Оңтүстігім – нұр өлкем,
Желбіреген көк желкен.
Ақ шабақты айдынға,
Алтын сепкен Күн-көркем.

Оңтүстігім – жұмағым,
Махаббатым, жыр, әнім.
Бау-бақшалы гүл далам,
Қуат көзі, тұмарым.

Туған жерім - көк шапанды ұлы атам,
Перзентіңмін, мен сондықтан ұнатам.
Алыс кетсем топырағың тартады,
Оңтүстікте нұрлы атады құба таң.

Қайырмасы

Оңтүстігім – оң сапарға бастайтын,
Оңтүстігім – ата салттан аспайтын.
Менің өлкем бірлік туын көтерген,
Айналаны айбынымен жасқайтын.

Қайырмасы

ОҢТҮСТІГІМ - ӨНЕГЕМ \соңғы варианты\

Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі

Туған өлкем –жер бетінің жұмағы,
Бәйдібек би, Төле биім –шырағы.
Арыстан бап, Яссауиді тапқан жер,
Оңтүстігім –даналықтың тұрағы.

Қайырмасы:
Оңтүстігім –нұр өлкем,
Сарыағашым –көк желкен!
Шардара мен Шымкентке,

Алтын сепкен күн-көркем.
Оңтүстігім –жұмағым,
Арыс, Созақ –жыр-әнім,
Бау-бақшалы Түлкібас,

Сайрам –менің тұмарым!

Өмір басы Қазығұрттан таралған,
Ұмай-ана бауырынан нәр алған,
Ғаламшарда екінші ұстаз –Фараби –
Оңтүстікте –Отырарда жаралған.

Қайырмасы

Жетісайым, Мақтаралым –алтын тау,
Оңтүстікте салт-дәстүрім жарқындау,
Менің өлкем –Ордабасы бірлігі,
Түркістаным – Тұран туы, халқым-ау!

Қайырмасы

АҢСАУ

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Махаббатым, қуанышым, көктемім,
Неге мәңгі бірге көктеп өтпедің?
Неге орнадың жүрегіме?
жылатып

кетер болсаң,
Мен жылауға ке\лі\п пе едім?

Сағындырған, табындырған шаттығым,
Сені аңсаумен атты таңым, батты күн.
Саз кеудемді кернеп кетті-ау сағыныш,
Қайда екенсің, асыл айым, тап бүгін?

Неге жарық сәулем болдың таңымда?
Өстің екен неге балғын бағымда?
Шаштарымды сипап тұрар сағым боп,
Сенің бейнең сені аңсаған шағымда.

ЖЕҢІСТІ ҚАЗАҚСТАН

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Алдымен Отан керек бар адамға,
Отансыз тең адамға санала ма!
Мен сенің перзентіңмін, Қазақстан,
Теңізін сүйеді екен шағала да.

Қайырмасы:

Біз – Жеңістің баласымыз,
Сары, қоңыр, қарасымыз.
Жалғыз Отаным – \Қазақстан\ 3 рет
Болашақтың ағасымыз.

Ұлы Жеңіс, мың жасаңыз,
Ұраныңа үн қосамыз.
Туған мекенім – \Қазақстан\ 3 рет
Түндігіңді біз ашамыз.

Маңдайға жазса көрді тәңір нені,
Ақ жуып, арулап та көмілмеді.
«Отан» деп бір жүргендер бір жерленді;
Ұлтына, дініне де бөлінбеді.

Қайырмасы

Соғыстан қайтпағандар, қайтпағандар,
Арманын еркін ашып айтпағандар.
Сендерге мәңгі тағзым, періштелер,
«Періште емессің» деп айтпа, адамдар!

Қайырмасы

Тұрар аға

Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі
Алаштың сом тұлғасы –Тұрар аға,
Желпіген азат туын ұран аға!
Жүрегім жүрегіңнен жылу алып,

Тулатқан намыс –толқын, ұран аға!

Қайырмасы:

Туған елдің бұлағымыз,
Бірге лаулар шырағымыз.
Әділеттікке ұран аға, Тұрар аға, Тұран аға!
Егемендік – тұрағымыз.

Өр қыраны паң даланың,
Гималайға самғағаным!
«Елім- елім!» деп соққан жүрек,
құрыш білек, каусар тілек!

Өзің менің арман –әнім.

Жаһандық ғаламында көк жұлдызым,
Көңілін саған жалғар шоқ ұл-қызың,
Адами махаббатпен, мархабатпен,
Көгілдір сәуле сеуіп сен тұрмысың?!

Қайырмасы

Айтулы азаматы алты алаштың,
Әлемдік көсемдермен нұр таластың,
Сун- Ят –Сен, Ататүрік, Неру сынды,
Санаттар заңғарынан бір тарастың.

Қайырмасы

Тұранның туы болған қайраттарым,
Жаныма батты зауал жайратқаны,
Жаһандық ғаламдану заманында,
Жол ашып болашаққа айғақталдың.

Қайырмасы

Ұстаздың ұлағаты Керім аға \Мектеп әнұраны\ Қараша 1997 ж.

\Мектепке К.Тіленшиннің есімі берілу салтанатында авторлар тұңғыш орындаған Сөзі: Серікбай Бершімбаевтікі; Әні: Әбдеш Нұрымұлынікі

Ұстаздың ұлағаты –Керім аға,
Ерекше қасиетті жеке тұлға,
Мыңдаған шәкірттерге білім беріп,
Абыройға ие болған жеке дара!

қайырмасы: Халқының қасиетін қадірлеген,
ешкімді бөтенсініп шет көрмеген,
үлкенге ілтипатты жайдар мінез,
кішіге өнегелі жөн сілтеген.

Өңірі Көмешбұлақ жер құнары,
аулына жарасқандай өмір салты,
білім мен тәрбиені ұштастырған,
Керекең сол өңірдің шамшырағы!

Қайырмасы

Ауылым Тіленші атқа мақтанады,
Менің де көңілім оған шаттанады,
Бұрынғы «съезд» деген орта мектеп,
Атымен Керім аға аталады!

Қайырмасы

№29 Керім Тіленшин мектебінің ӘНҰРАНЫ

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Көмештің бұлақ мінез азаматы,
Тұлпардың тумысында қазанаты.
Кіл жүйрік жарысқанда тектіліктен,
Тобыңда жан болмайтын оза алатын.

Қайырмасы:

Көмештен өсіп түледі,
«Ел-ел» деп соқты жүрегі.
Қоңырау-күлкі сәбимен,
Бір жасап мәңгі жүреді.

Қоңырау-күлкі сәбимен,
Бір жасап мәңгі күледі.

Халқыңа сана беріп мектеп аштың,
Кітаптан өнер-білім -- шашу шаштың.
Жетімге алақаның жастық болып,
Айналдың әкесіне мың-мың жастың.

Қайырмасы

Тіленшин Керім баба ұрпағымыз,
Елімнің ертеңгісі, нұр таңымыз.
Бабамның өсиетін алға жалғап,
Есімін кең әлемге шырқары – біз.

Қайырмасы

ШЫМКЕНТ, ЖАРАЙСЫҢ!

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

80 ұлт гүлін құрайды,
Сүйінтіп көкте Күн, Айды.
Мейірім тұнған бақ қалам,
Бір көрген мәңгі сұрайды.

Қайырмасы:

Жарайсың-ау, Шымкентім, жарайсың-ау!

Күннің нұрын өзіңе балайсың-ау!
Аламанның бәйгесін думандатқан,
Бұрандасы тірліктің, қалайсың-ау?
Қайнайсың-ау,

Жайнайсың-ау
Жарайсың!

Айдары алтын басымның,
Мәңгі жас қала – асылым.
Иассауи туған топырақ,
Табынып саған бас ұрдым.

Қайырмасы

Жібек жол түйген киелім,
Жаралды сенен сүйегім.
Тіл менен ділдің уытын,
Туыма сен деп түйемін.

Қайырмасы

Бұйырмас бақыт басқаға --
Үштікке қосқан Астана!
Шоқтығы биік Шымкентім,
Шарықта, шырқа, аспанда!

Қайырмасы

РАУАНДЫ САЗ

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Ұлылық бардай,
Шөккен бір қара нардай,
Қызығам тауларға,
Кіршіксіз ардай,

Табынтып, аласармай,
Жүректі жаулар ма?

Қайырмасы:

Рауандап таңым атып келеді,
Маған бақ –көгілдір нұр себеді.
Анамның тілегіндей аяулы,
Көгілдір, нұр сәулеңмен жебеші.

Тауларым кимешекті анамдай,
Таңдарым таусыз атпас ағармай.
Көгілдір көзін ашқан тіршілік –
Қызырлы бақытымдай,

О, Алла-ай, арман-ай!

Тербеліп сезім,
Маужырап жұмар көзін,
Тіршілік құндақта.
Кешегі кешің.

Тынымсыз күн-түн, бесін,
Тыншығар бұл шақта.

Қайырмасы

НЕ ДЕР ЕДІҢ?

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Өзіңді, тек өзіңді қиялдасам,
Өзге емес, өзіме де қия алмасам,
Білмейсің, білсең егер не дер едің,
Өмірге өзіңсіз мен сия алмасам.?

Өзіңсіз жетім көңілім жылар менің,
Аққуым, айдыныңды ұғар ма едің?
Не дер ең? Не дер едің «Сүйем» десем?
Тапсырып тағдырыңды тұрар ма едің?

Әлде сор, не бақытқа бастадым ба?
Арман-ау сенің жібек шаштарың да.
Ерке қыз, айтшы маған не дер едің,
Сен мендік гүлсің бе, әлде басқаның ба?

Хош бол, бала бақша
Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі

Биіктеді талап, ой,
Қуыршағым, қала ғой.
Мен есейіп кетсем де,
Мәңгі сәби бола ғой.

Қайырмасы:

Еркелеткен лақша,

Хош бол, бала бақша.

Алғашқы рет қоштаса,
Адым басу – жақсы, ә?

Әткеншек пен сырғанақ,
Қимай бізге қарап тұр.
Алыстайды кемеміз,
Жалау-қолын бұлғап-ақ.

Қайырмасы

Хош бол, ойыншықтарым,
Көңілімді жықпадың.
Мәшинелер, ұшақтар,
Не десем де құптадың.

Қайырмасы

ӘЛІППЕ Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі

Алтын ұям – мектебім,
Менің балғын көктемім.
Баспалдағым – бастауыш,
Сенен өсіп көктедім.

Қайырмасы:

Білім көзі – бұлақ,

Шешілетін сұрақ.

Біз жалын боп лаулаймыз,

Мұғалімнен нұр ап.

Білім алдым тақтадан,
Қарағандай бақ маған.
42 әріптер,
Өздеріңмен мақтанам.

Қайырмасы

Арман, арман көп менде,
Ащы терді төккенде,
Тағзым етем, мұғалім,
Мұратыма жеткенде.

Қайырмасы

Балақан Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі

Үйрек, үйрек, аяқтарын сүйреп,
Келе жатыр байпаңдап, Құйрықтары қайқаңдап.

Бота, бота, жәудір көзі –нота,
Тілерсегі дірілдеп, Арқалап жүр жота.

Әтеш, әтеш, тілі сақау кекеш,
Ку-ка-ре-ку ку-ку деп, Ән салады ерте, кеш.

Піл, піл! Піл, піл! Аяғы ауыр –зіл-зіл,
Керней тұмсық тірі тау, Құлақ желпіп жылжыр.

Бала, балақан, Саған ұя алақан.
Ұлпа көйлек нәзігім, Жоқ-ау сенің жазығың.

Кукалаша Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі \тәй-тәй басу\ Кукалаша –кулалла, аяғымды турала! Күн қуанып, Ай күлді, Мен өмірге туғанда. Ку-ка! Тәй-тәй қадам басамын, асулардан асамын, Бойымды тік өсірер, жаса, жаса, жаса Күн! Ку-ка! Кука деген сөзім бар, қарақаттай көзім бар, Кука тәйтәй басқанда, қолдарыңды созыңдар! Ку –ка! Жаңа туған анадан, сары ауыз балапан, Кукалаша мен болам, әжетайым қалаған! Ку –ка!

Балақандар биі Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі \Төрт түлік\ Туц –туц! Цу-цу-цу! Құлыншағым, чу-чу-чу! Қозылаққа барайық, Ботаханды табайық, Жарысайық, шабайық!

Қайырмасы:
Әйт-чу! Цу-цу-цу! Бал бұлақта су-су-су!
Жиналып кіл балақан, Би өрейік жаңадан,
Ғаламшарға тараған! Әйт-чу!

Бір! Екі! Балақан! Соғайықшы алақан!
Дүбірлетіп жүгіріп, Жазылып, бір бүгіліп,
Би билейік тізіліп!
Қайырмасы

Төрт түліктің баласы, қандай көркем, қарашы!
Алтын тұяқ, ай мүйіз! Жібек жалын тарашы!
Ішінде жоқ аласы.
Қайырмасы

Төрт түліктің төлдері, Жақсы көрем сендерді!
Санайықшы, нешеуміз? –Бұзауханмен бесеуміз!
Сонда, біздер бесеуміз!
Қайырмасы

Мектеп –ана
Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі
Әріптерім –әр беті әліппемнің,
Жанарыма рухани жарық бердің,

Ғарышкермін білімнің кемесінде,
Қожасымын ғаламда алып Жердің.

Қайырмасы:
Бас ием мектебім, мектебіме,
Мәңгі жас көктемім, көктеміме,
Мектебіме, ұстазға ұлы дана,

Мектеп –ана, ұстазым, саған ғана!

Ата- әжем қаласа негізімді,
Білім –санат рухани егізім-ді!
Он сегіз мың ғаламға қызықтырып,
Жеті жарық толқытты теңізімді.

Қайырмасы

Мектеп- ана! Қауызда балапандар,
Ұстаз білім сеппесе, шалажансар!
Аялашы, аяла өмір көшін,
Алақандар! Ұстаздар! Ана жандар!

Қайырмасы

Ана Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Белгибай Дарибаевтікі
Жанарымның нұрысың,
Саф ауалы тынысым,

Өмір берген жан анам,
Сен мен үшін ұлысың.

Шұғылалы келбетің,
Нұрға бөлеп жер бетін,
Әлдилейсің әлемді,
Ақ бесікте тербетіп.

Аққу пейіл анашым,
Жүрген жері жарасым,
Біріктірер мен үшін,
Үш жұртының арасын.

Жүрегінен жан берген,
Ақ сүтімен нәр берген,
Барын берген анамды,
Әулиеге теңгергем.

Еркетаймын Сөзі: Баян Тіленшинанікі Әні: Белгибай Дарибаевтікі Еркесімін апамның, Еркесімін атамның, Бармақ бала болсам да, Балдай бала атандым.

Кітап- дәптер ашсам да,
Көтереді аспанға,
Мені қатты сөкпейді,
Ойыншықты шашсам да.

Еркетайым, еркем деп,
Елден ерек көркем деп,
Апам мені айтады,
Ай- жұлдыздан келген деп.

Еркетайым, еркем деп,
Өміріме желкен деп,
Атам мені айтады,
Самұрық құс берген деп.

Жүре бермей еркелеп,
Есейсем- ау ертерек,
Жасар едім барлығын,
Біздің үйге не керек.

Оңтүстігім
Сөзі: Қаныбек Сарыбаев пен Баян Тіленшинанікі
Әні: Белгибай Дарибаевтікі
Оңтүстігім ұлысың

Он қазақтың бірісің
Үйіп берген құдайым
Ырысың мол ырысың

Фарабидің нұрысың
Яссауидің жырысың
Түркістанмен ұлысың
Отырармен тірісің

Сансыз бапты Сайрамның,
Қасиетіне қайранмын,
Төселген жерге кілемдей,
Келбетінен айналдым!

Таза сақтап тіліңді
Сүндеттеп бар ұлыңды
Дін мұсылман қалпында
Жеттің күнге бүгінгі.

Сырдариям, Арысым,
Атам қазақ ары үшін,
Желтоқсанда бұрқылдап,
Қайнады жас намысың.

Тауларың бар бөрікті,
Тауларың бар көрікті,
Молшылықты мұншалық,
Кім қай жақтан көріпті?!

МӘРТӨБЕ

Сөзі: Б. Тіленшинанікі
Әні: С. Тоқташовтікі
Үш биді қосқан төбем,
Шешілген шие-шемен.

Салауат-найзағайдан,
Қақырар аспан-денең.

Қайырмасы:

Сыр-сандық әр төбең,

Сайрамым – мәртебем.

Бірліктің бесігі,

Мерейім – Мәртөбем!

Сананың нұр көгінен,
Себездеп сыр төгілген.
Алмастай өткір ойдан,
Пенделік шер шегінген.

Қайырмасы

Құт қоныс, кер даламның,
Рухынан мен нәр алдым.
Береке, мерекелі,
Көркіндей кер маралдың.

Қайырмасы

Үш жүздің басын қосқан,
Мәртөбем – «Бірлік» дастан.
Желбіре, қазақ туы,
Зеңгірмен ақылдасқан.

Қайырмасы

АНА БАҚЫТЫ

Сөзі мен әні Баян Тіленшинанікі
Рауанды, нұрлы бақтардың,
Бар гүлін саған сақтармын.
Айтшы сен маған, асылым,

Теңіздей неге тасыдың?
Жыр- жауһар жиған жасыным,
Көзіңде мұң тұр жасырын.
Жүректің тыңда дүрсілін,

Жүректе өнген бүршігім.

Қайырмасы:
Өзіңсің менің бақытым,
Жанарым, жаным, жақұтым!

Өзіңдей Еңлік гүл кімде,
бар екен, айтшы, бұл күнде?
Жасыма, менің ардағым,
Жанымды саған арнадым.

Туылған Сенің күніңде,
Сыйлаған осы –гүлім де!
Куә бол, Ай, Күн, ақ аспан,
Өзінен кімнің бағы асқан?!

Қайырмасы:
Өзіңсің менің бақытым,
Жанарым, жаным, жақұтым!

ӘКЕШІМ Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі

Жаратқан жаным –әке,
Жүректе қаным –әке,
Ар туым, ардағым –сен,
Жалғызым, барым әке.

Қайырмасы:
Әкешім, әкетайым,
Ақ көкем, жәкетайым!
Жаныма шуақ сепкен,

Күндіз –күн, түнде –Айым! Әкетайым!

Сөзіңнен жидым сана,
Қауыздан шыға сала,
Сен үшін елден ерек,
Мен болдым дана бала.

Қайырмасы
Қымбаттым, қасиеттім!
Жатталды өсиетің,
Мен сенің жас шағыңмын,

Кием сен бас иетін.
Қайырмасы
Аялап өсіргенім,
Қатемді кешіргенім,

Сәт сайын жарқын жүзің,
Жаңғырар есімде мың.
Қайырмасы

Анашым Сөзі: Баян Тіленшинанікі Әні: Жүректен жүрегімді бөліп берген, Мейірі бар әлемге көрік берген, Анашым, жаным анам, жалғызым –сен, Бар кезең, бар жағдайда еріп келген.

Қайырмасы:
Анашым, алақанда тербеткенім,
Мейірім уызымен ерке еткенім,
Асқарым, аспан анам, дастан анам,

Табаны жер жұмағын басқан анам.

Ғаламда сенен асқан дана бар ма!
Сен болып ойланам ой сараларда.
Келбетің көз алдымда күндіз –түні,
Хор қызы, ғалым жетпес жан анама!

Қайырмасы

Өсиет, өнегеңді сақтағанмын,
Ешқашан ала жіпті аттамадым.
Атыңнан айналайын, киелі жан,
Өзіңе перзентпін деп мақтанамын.

Қайырмасы

Кітапхана
Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Алтынай Лесованікі
Киелі қазынасы қасиеттің,

Даналық, ұлылықтар бас иетін,
Шежіре, дастандарын бабалардың,
Жеткізген аманатын, өсиетін.

Қайырмасы:
Құтханам –кітапханам,
Жанымды жұтатпаған,
Санамның шамшырағын,

Кітапсыз тұтатпағам,
Кітапханам!

Үйреттің әр дәуірдің сабақтарын,
Сезімнің кәусарларын, қабаттарын,
Жұлдызға қанат қақтым маржан оймен,
Сезбедім кітап оқып, таң атқанын.

Қайырмасы

Дәстүрін, салтын оқып әр халықтың,
Даналық тарамына жалғаныппын,
Он сегіз мың ғаламдай сыры шексіз,
Әр кітап ашқан сайын жанжаныппын.

Қайырмасы

Көмешім, Көмеш –бұлағым Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі Әні: Үшкемпір Ақашевтікі Жаралдым топырағыңнан, Кәусар су аққан лағылдан. Көмешім, Көмеш –бұлағым, Сондықтан сені сағынам.

Қайырмасы:
Көмешім, Көмеш - бұлағым,
Туған жер –мәңгі тұрағым,
Қоғалы қамыс, жалбыздым,

Үкілі кәусар бұлағым.
Аяулы сұлулығыңның,
Салтанатын сұрадым.

Көмешім, көмбе нан берген,
Сол нанмен өмір, жан берген,
Көмешім, Көмеш –бұлағым,
Анаға сені теңгергем!

Көмешбұлақ

Ішегін паң даланың сансыз бұрап,
Сылқылдақ күй тартады сансыз бұлақ,
Алқаң боп тағылады 41 көл,
Секілді Ай сынығы түскен құлап.

Қайырмасы:
Көмеш –бұлақ, күміс бұлақ,
Секілді Ай сынығы түскен құлап!

Шашылған меруерттей бәйшешегі,
Көк барқыт жер жәннәтті жай деседі,
Үкілі самал тербеп сезімімді,
Қанатты жұлдыз жолын Ай төседі.

Қайырмасы

Табаннан өткен дәру –ыстығыңды,
Сағынам мінезіңді қысты күнгі,
Қызғалдақ қырларыңда тербетілген,
Сүйіпті сені мендей жер бетінен.

Қайырмасы

Әже тілегі Сөзі: Баян Тіленшинанікі

Қоштастың мектебіңмен, балақаным,
Толқыттың көк теңіздей ана жанын,
Киелі Керім бабаң жолыңды ашып,
Жайылсын ақ батаға алақаның.

Қайырмасы:
Аққудың сыңарысың,
Арымның тұмарысың,
жолыңа шашу шаштым ақ әжең боп,

жаным –ау, орындалсын бар арманың.

Жалғаған арман –қанат аққу қыздар,
Ұзатсам бауырымнан жаным сыздар,
Қолдасын Қызыр бабаң, жар боп Алла,
Тілейтін ақ жолыңды әжең –біз бар.

Қайырмасы

Мектебің ұзатып тұр, азаматсың,
Халқыңа тұлға болар қазанатсың!
Ақ күліп, адал сөйле, білім ізде,
Санаттың бәйгесінде оза алатын.

Қайырмасы

Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Жұпар Бекшораеванікі
Мәңгілік ел –Қазақстан

Алты алаштың айбыны –ер сыңары,
Желбіресін көк туым –ел тұмары!
Ынтымақ пен бақыттың тал бесігін,
Бар адамға бұйыртып өрші тағы.

Мәңгілік ел –арманы бабалардың,
Тәуелсіздік –мұраты адал ардың,
Білім, ғылым, зияткер нұр қанатпен,
Аманатты шам-шырақ жаға алармын.

Қайырмасы:

Жаса мәңгі көк тулы қазақ елім,
Көк жұлдыздай қуатты азат елім!
Өз таңбасы, өзіндік өрнегі бар,
Жер танысын Қазақ ел –ғажап елін!

Қазақ елі, мәңгі ел боп айқындалдың,
Күндіз күнің, түнде ашты Ай құндағын,
Шаңырағың уықпен бекемделіп,
Арта берсін, туған ел, айбындарың!

Аналар –ару қыздар Сөзі: Баян Тіленшинанікі Әні: Жұпаркүл Бекшораеванікі Сезімнен нәр алғандар, Сәуледен жаралғандар, Аққудың жүрегімен, Арманға бара алғандар.

Қайырмасы:
Ақ нұры айналаның, Ақ түнім, Ай болғаным,
Аналар –ару қыздар, Атыңнан айналамын!

Жұмақ боп тербеткенім, Жанымды ерке еткенім,
Жұп- жұмсақ әуезіңе, Жетпейді жер-көктегі үн.
Қайырмасы

Әлемнің ардақтысы, Сөзімнің алғашқысы,
Жұмақ бар табанында, Асылдың салмақтысы!
Қайырмасы

Бәйтерек

Бақытты елдің паш еткен еркіндігін,
Таң шолпандай жаратты көркіңді кім!?
Ұя салған самұрық бәйтерегім,
Астананың төрінде желпін бүгін!

Қайырмасы:

Есіл өзен есіліп тербеткенім,
Елжіреді көркіңе жер- көктегің,
Шуақ болып шашылды өрнектерің,
О, бәйтерегім!

Арман- ғұмыр шындыққа айналғанда,
Ұлы дала думаны тойланғанда,
Мәңгі елдің тектілік тұмары боп,
Тағылдың ба жұлдыз бен Айдан дара!

Қайырмасы

Жәдігерім оралған ертегіден,
Қиял- қанат беретін желкенім –сен,
Барыс сынды жерімнің жан- жүрегін,
Сары арқаның күйі етіп шертетін –сен!

Қайырмасы

Бәйтерек
Қазаққа мерей –бәйтерек,
Көркіңді көктен Ай көред,
Самұрық ұя мекені,

Сен болмасаң, қайтер ек?!

Арман қалам –Астанам,
Ай, жұлдызға қосқан ән,
Рауанды нұрдың ордасы,
Арналсын саған асқақ ән.

Нұр елі Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі

Самұрық ұя салған Бәйтерек пе?
Алатау, мұз айдынды Ай керек пе?
Тіршілік кемесі ме Қазығұрттың?
Табарсың біздің елден қай керекті!

Қайырмасы:
Қазақтың көшінде,
Елінің есінде,
Нұр болып қалған ЕЛБАСЫ!

Лүпілдеп жүрегі,
Арман-ой, тілегі,
Бір болып қалған ЕЛБАСЫ!

Отаны екінші ұстаз –Фарабидің,
Отаны Құрманғазы –дара күйдің,
Абайы, Жамбылы мен Күләші бар,
Туған ел, өз анам деп сені сүйдім.

Қайырмасы

Әлемде алмас оймен жарқылдаған,
Әр елге қазақ атын алтындаған,
Дамуда дара жүйрік Ұлы далам,
Заманның заңғарында қарқындаған!

Қайырмасы

Менің Сайрамым
Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Сәкен Дартаевтікі
Алатаудан атқан таңды арайлы,

Мұнаралы Сайрам бақыт санайды,
Яссауи мен Сайрамидің отанын,
Күллі Тұран рух туына балайды.

Қайырмасы:

Ауасы ем, суы шипа Сайрамым,
Кие қонған қасиетіңе қайранмын,
Ой тұмары, бой тұмары Алаштың,
Туған елім, топырағыңнан айналдым!

Ханқорған мен Құрлық сырды жастанған,
Ақмешіттен ақындық жыр басталған,
Ақсу, Көмеш, Қарабұлақ, Ақарыс,
Біздің елге жұлдыз жауған аспаннан!

Қайырмасы

Сайрамым
Сөзі мен әні: Баян Тіленшинанікі
Тіршіліктің жұмағы,
Сексен ұлттың тұрағы,

Алты Алаштың айбыны,
Күллі Тұран тұмары.

Қайырмасы:
Сайрам, Сайрам!
Көрген адам қайран,
Аты аңыз әлемге,

Айтылатын әр елде,
Жер жәннәті –менің туған мекенім!

Алтын бақша, алтын дән,
Ән толқытқан әр қырман,
Ханқорған мен Құрлығым,
Тарих әнін жаңғыртқан.

Қайырмасы

Көмешбұлақ, Арысым,
Ақсу, Көлкент –дәрісің,
Төрт түлігің ойнақтап,
Таси берсін табысың.

Қайырмасы

Сайрамым –жұмағым Сөзі: Баян Тіленшинанікі Әні: Сейіткерім Нұрановтікі Сайрамым –сұлу мекенім, Салтдәстүр, сертке бекемім, Сыр сандық, тарих болмысың, Тәуетпей саған өтер кім!?

Қайырмасы:
Сайрамым –жұмақ Сайрамым,
Тұранның туы, айдарым!
Төселген жерге кілемдей,

Келбетіңнен айналдым!

Яссауи туған топырақ,
Сансыз бап жатқан атырап,
Абылай орда тіккен жер,
Жуас бап жатыр бақылап.

Қайырмасы

Суың да шипа, шөбің де,
Бау- бақша, гүл, жыр тегіңде,
Жаныма ән мен жыр тұнған,
Өзіңе тартқан менің де.

Қайырмасы

Сайрам аспаны Сөзі: Баян Тіленшинанікі
Әні: Белгибай Дарибаевтікі
Алаулап Сайрам аспаны,
Арайлы бір күн басталды.

Ақсудың бұйра толқынын,
Мөп- мөлдір Көмеш қоштады.

Қайырмасы:

Аспаннан жауған жұлдыздар,
Жұлдызды таққан үр қыздар.
Ай – алақан тербеткен,
Бақытты –ау біздің ұл- қыздар.

Төрт түлік тарай қыр асты,
Жапырақ хал- жай сұрасты.
Ақ ұлпа бұлттан күн күліп,
Өріктер нәзік гүл ашты.

Мәжнүн тал төгіп шаштарын,
Ғашықтар қосты бастарын,
Үлпілдек үкі сезіммен,
Үзіліп үндер жарасты.

Биші қайың Сөзі: Баян Тіленшинанікі Әні: Жеңілмей күресіннен гүл өсірген, Айналдым алып туған мінезіңнен! Тағдырдың дауылына дес бермеген, Айналдым тал бойыңнан жыр есілген, Жыр есілген! Қайырмасы: Өңездеп өтпек желі, Өзекті үзбек пе еді!? Өртеңнің арасынан, Қайсар нұр тізбектелді. Алланың ақ жолынан, Арман –нұр іздеп келді, іздеп сені.

Майысып, он бұралып өскен қайың,
Ой тумай, кім біледі кімнің жайын?
Бишідей білектері майысқаным,
Оңыңнан туса екен күн мен айың,

Биші қайың.
Қайырмасы
Заңдылық –түннен кейін таң ататын,
Бұл – сенің тіршілікке махаббатың!

Ерік, күш – жігеріңнің мықтылығы –
Адамзат үйренетін шапағатың!
Шапағатың!
Қайырмасы

ҚЫЗ -ЖҰЛДЫЗ

Ақмарал-еркем, ақылдың кені – байлығым,
Аққуым менің – ақ арман тұнған айдыным.
Әлиям - әнім, көгершін болып қалқыған,
Күлкісі кәусар, нұрлантқан жүзін Ай – Күннің.

Қайырмасы:

Қыздар-ай, қыздар,
Жанымда жүрген жұлдыздар,
Сағынсам қайтем,
Көрмесем қайтем,

Нұржамал сынды нұр қыздар.

Ауырмай жүрсін Қатираш, нәзік жүрегің,
Зиядашым, бастан аумасын бақыт-тілегім.
Гүлбибі-ару. Аруана сезім тулатқан,
Күндерді қайтем, сырласып бірге күлетін.

Қайырмасы

Тоғжаным менің-ұлы Абай сүйген киелім,
Шахризадам-шах-патша басын иетін.
Өтеді-ау өмір өзендей тасып толқындап,
Сырластар қайда Баянды бақыт түйетін.

Қайырмасы

АРМАН - ӘН

Шуақтың көзімісің,
Өмірдің өзімісің?
Құрыштан құйылдың ба?
Тұлға боп, төзім үшін?

Қайырмасы:
Жаным-ау, сағындырғаным,
Тағдыр боп табындырғаным,
Көзіме лағыл тұнғанын

байқамадың ба?

Тереңнен шайқалғанымды,

Сағыммен айқарғанымды,

Лебіңнен жайқалғанымды

айта алмадым ба?

Қиялдан жаралғаным,
Абыз боп саналғаным.
Шақырған айдыныңа,
Аққу боп қона алмадым.

Қайырмасы

Қиянға беттегенде,
Өмір – бір. Көп пе сенде?!
Арманын іздемес-ау,
Қанатсыз, жұмыр пенде.

Қайырмасы

Өзіңе арналамын,
Толқысын шартарабың.
Қып-қысқа тіршілікте,
Әніммен жалғанамын.

Қайырмасы

Мен сені ұмытпадым

Мен сені ұмытпадым, ұмытпадым,
Көзімді ашып көрген тұнық таңым,
Жанымда жетектесіп жарым жүр-ау,
Жүрегім сені іздейді, бір ұққаным.

Қайырмасы:Сәулеге таранғаным,
Қол жетпес аралдағым,
Мен сені ұмытпадым,
Бірақ та бара алмадым.

Жүректі кестеледің,
Жоқ бүгін еш дерегің,
Жаралы жан-дүнием,
Жалғызым, не істегенің?!

Тірліктің сексен түрлі саласынан,
Қарайсың дәйім сағым арасынан.
Үйіме үйсем- дағы тапқанымды,
Сезімге сенсің қымбат бар асылдан.

Жан нұры елден ерек жаралғаным,
Бір көріп, шер тарқату –бар арманым.
Аралда, аралдасың «Барса келмес»,
Қайтейін, жолым жабық, бара алмадым.

Мәртебелі Мәртөбем

Теңгерген ақ-қарасын бар алыптың,
Таусылмас қазынасы даналықтың.
Төлеби, Әйтеке мен Қазыбек би,
Қазақтың қасиетінен жаралыпсың.

Халқымның дау-жанжалы шешім тапқан,
Күйреген қастандықпен құрған қақпан.
Тоқтаған түйін сөзге атам қазақ,
Іздеген құдіретін тіл мен жақтан.

Үш жүздің басын қосқан мерей төбе,
Ән болған жүректе де, көмейде де.
Мәртөбе, шаңырағың биіктеліп,
Бірліктің керегесін кеңейте бер.

Қайырмасы:

Мерейі үстем Мәртөбе,
Ой-сана шөккен нартөбе.
Бітімін берген халқымның,
Үш жүзге түгел мәртебе.

ЖАН АҒА

Еркелеп еріп жүрдім, ағаладым,
Сүйенер асқарымдай бағаладым.
Қызықтап қылығымды қуанушы ең,
Көк теңіз сүйегендей өз шағаласын.

Қайырмасы:

Ағажаным, жанашыр, жаным ағам,

Жаурағанда сәулесің жалындаған.

Ағажаным, сағынды-ау қарындасың,
Кең әлемде қымбатты кім бар маған?!

Дәл өзіңдей асқар тау кім бар маған?!

Қайсарсың, қайраттысың, арман, алмас,
Өзіңе сенім артқан жолда қалмас.
Мәдина-Меккедегі аружандай,
Сағыныш, мерейіңе қанат жалғас.

Қайырмасы

Сұңқарсың, кәусарысың қасиеттің,
Аялар жұлдыз, Айдай өсиетін.
Айнұрым, таң Шолпаным адастырмас,
Бейбарыс, жан дәулетім бас иетін.

Қайырмасы

Туған күн

Туған күн жыл құсы ма бір келетін,
Жылу ма жан- дүниең гүлденетін,
Туған күн – дербес тарих бастаған күн,
Қожасы Өмір атты нұр кеменің.

Қайырмасы:
Ауылдың түнгі аспаны,
Аққудың сырластары,
Қалықта ғашық жүрек,

Бақыттың құрдастары!
Туған күнде,
Айлы түнде.

Ата –анам, бауырларым,
Гүл қыздар, тау ұлдарым,
Дос –жаран, құдаларым,
Менімен дауылдағын,

Туған күнде,
Биле бірге!

Туған күн – уыз дәмін татқан күнім,
Жар салып жаңа жұлдыз атқандығын,
Жан әжем, бабам жолын жалғастырып,
Бесікте бір тіршілік жатқандығын.

Қайырмасы

«Ел- ел» деп соқты жүрек ержеткенде,
Беу халқым! Өзің мені ерке еткен де,
Тамырда қаным-- қазақ, жаным – қазақ,
Қазақша ән салды әжем тербеткенде.

Қайырмасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙