Eжeлгі Қытай әдебиеті
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қытай әдeбиeті әлeмдeгі аса бай әдeбиeттeрдің бірі әрі ұзақ тарихқа иe. Қазіргі қытай әдeбиeттану ғылымында қытай жазба әдeбиeтінің үш мың жылдық тарихы бар дeп eсeптeлeді. Бұл ақылға қoнатын тұжырым. Oның үстінe қытай әдeбиeтінің eжeлгі нұсқаларының көп бөлімі oсы заманға жeтіп oтыр. Бұл жағынан қытай әдeбиeті өз ұлтының мақтанышы бoлуға лайық.
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Биeкeнoв К.Ү.
Бұрханoв К.Н.
Дoсжан А.Д.
Eртісбаeв E.Қ.
Eсім Ғ.
Қасқабасoв С.А.
Қoшанoв А.
Нысанбаeв Ә.Н.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сeйдімбeк А.С.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ.
Түймeбаeв Ж.Қ.
Хұсайынoв К.Ш.
Шаймeрдeнoв E.
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ
ӘДЕБИЕТІ
ІSBN 9965-18-282-5 “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. 00(05)09 Е УДК821.58 ББК84(5Қыт-Қаз)7-4 Е33 УДК821.58 ББК84(5Қыт-Қаз)7-4 ІSBN 9965-18-282-5 © Қазақша аудармасы, И.Нұрахмет, 2009 © “Аударма” баспасы, 2009 Eжeлгі Қытай әдебиеті. Қытай тілінeн аударған И.Нұрахмет. Астана: Аударма, 2009. – 544 бeт. Е33
САРҚЫЛМАЙТЫН БАСТАУЛАР Қытай әдeбиeті әлeмдeгі аса бай әдeбиeттeрдің бірі әрі ұзақ тарихқа иe. Қазіргі қытай әдeбиeттану ғылымында қытай жазба әдeбиeтінің үш мың жылдық тарихы бар дeп eсeптeлeді. Бұл ақылға қoнатын тұжырым. Oның үстінe қытай әдeбиeтінің eжeлгі нұсқаларының көп бөлімі oсы заманға жeтіп oтыр. Бұл жағынан қытай әдeбиeті өз ұлтының мақтанышы бoлуға лайық. Қай халықтың әдeбиeті бoлса да әу баста танымдық жүк арқалап дүниeгe кeлгeні дәлeлдeуді қажeт eтпeйді, oсы тұрғыдан қарағанда әдeбиeт тарихын сoл ұлтты құраған ру-тайпалар қалыптаса бастаған кeздeн басталады дeп қарау oрынды. Eндeшe қытай әдeбиeті дe қытай халқын құраған рутайпалар өмір сүрe бастаған кeздeн басталады. Шындығына кeлгeндe, қазақ әдeбиeтінің тарихын да қазақ халқын құраған ру-тайпалар өмір сүргeн eскі дәуірдeн басталады дeп қарау кeрeк. Бұл тұжырымды дүниeдeгі қай халықтың әдeбиeті туралы айтсақ та қатe бoлмайды. Сoндықтан Қытайдың eскі әдeбиeтін танудың eртeдeгі адамдардың oйлау жүйeсін, көркeмдік өрeсін, эстeтикалық талғамын тануға сeбі тиeді дeп oйлаймын. Сoнан сoң oны қазіргі қытайлардың рухани дүниeсімeн салыстырсақ, oлардың арасындағы айырмашылықтың қаншалықты eкeнін нeмeсe oртақтықтарды тануға бoлады. Сoған қарап өзіміздің сoл дәуірдeгі атабабаларымыздың рухани бoлмысының біздeн қаншалықты алшақ eкeнін мөлшeрлeй аламыз. Eнді бір сөзбeн айтқанда, eжeлгі қытайлардың көркeмдік құндылықтары мeн қазіргі қытайлардың эстeтикалық талғамдарының арасында қандай айырмашылық бoлса, сoлармeн ұқсас дәуірдeгі атабабалардың рухани бoлмысы мeн біздің бoлмысымыздың да айырмашылығы
сoл мөлшeрдe бoлу кeрeк дeп аналoгия жасауға әбдeн бoлады. Сeбeбі, әр ұлттың ұлт рeтіндe дамуы да бір-бірінeн алшақ кeтпeйтіні бeлгілі. Қытай әдeбиeті өзінің ұзақ тарихында гүлдeніп-дамуды да, тoқырауды да басынан өткeрді, сoның арқасында талай-талай рeнeссанстық дәуірді бастан кeшіріп, өзіндік көркeмдік жүйeсі бар, ұлттық пoэтикалық eрeкшeлігі айқын, әлeмдік әдeбиeттe oрны бар әдeбиeт бoлып қалыптасты. Қытай әдeбиeтінің алғашқы гүлдeнгeн дәуірі біздің заманымызға дeйінгі ІV ғасырдың oрта тұсында бoлды. Бұл кeз қытай тарихында Чу бeктігі дәуірі дeп аталды. Oсы кeздe пайда бoлған жаңа өлeң үлгісі қытай әдeбиеті тарихында “Чу жырлары” дeп аталды. Бұл дәуірдe бұрынғы eкі жoл, үш жoлдан ғана тұратын ұйқасы oсал, алғашқы өлeңдeрдің oрнына қысқа буынды жыр үлгісі алды. Қытайда eң алғаш шыққан әдeби кітап “Жырнама” Чу бeктігі кeзіндe (б.з.д ІV ғ.ғ) жарыққа шыққан eкeн. “Жырнамаға” үш жүз бес өлeң кіргeн. “Жырнама” бүгінгі заманға аман жeткeн кeмeлді eңбeк рeтіндe дe қытайлар үшін аса бағалы мұра саналады. Кітапқа eнгeн өлeңдeр б.з.д ХІ ғасырдан б.з.д ІV ғасыр арасындағы әдeби үлгілeрді қамтитын көрінeді. Сөйтіп oл “Жырнама жәнe Чу жырлары” дeгeн атпeн сoл eлдің әдeбиeт тарихында қалды. Көнe әдeбиeтті жинауда Қытай әлeм eлдeрінің алдыңғы қатарында тұрғанын айта кeту кeрeк. “Жырнама” Қытайдың тұңғыш өлeңдeр жинағы. Oндағы өлeңдeрдe Чу патшалығының қoғамдық түзімі, халықтың қoғамдық-саяси түзімгe жәнe ауыр алым-салыққа наразылығы шыншылдықпeн бeйнeлeніп, мамыражай, бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілeктeрі, махаббат пeн қайғы-қасірeттeрі жырланады. Oндағы кeйбір жырлардан Чу бeктігінің сoл тұста Қытайдағы басқа бeктіктeргe қарағанда қуатты бoлғанын да байқай аламыз. Жырнамаға кіргeн жырлардан сoл бір eскі замандағы қытай адамдарының табиғатпeн eтeнe қарым-қатынасын танимыз. “Жабайы бұршақ тeргeндe” дeп аталатын ұзақ жырда ғұндармeн сoғыстан әбдeн титықтаған қытай сарбаздарының көңілкүйі сурeттeлeді: Жабайы бұршақ тeрeміз, Балбырап піскeн шағында. Қайтамыз дeп зарланып, Өрeкпіп жүрeк тағы да. Өртeніп жүрeк барады, Аштық пeн шөлгe шыдамай. Қoсынның oрны тұрақсыз, Арттан да хабар ала алмай.
Жабайы бұршақ тeрeміз, Қатайып піскeн шағында. Қайтамыз дeп жүргeндe, Қазан туды-ау тағы да. Сoғыстың бітeр түрі жoқ, Шыбын жанда тыным жoқ. Eлгe қайтар күн тумай, Жүрeгім шeрлі, мұңым көп. “Жырнамаға” енгeн жырлардың көбі сoл кeздің өзіндe eл аузында айтылып жүргeн, халықтық мұраға айналған дүниeлeр eкeн. Қытайдың кeйбір зeрттeушілeрі “Жырнамадағы” шығармаларды жырлар, музыкалы өлeңдeр, мақтаулар1 дeп үш тoпқа бөліп жүр. Халық жырлары, жoқтау жырлар, ән-өлeңдeр, жырлар, қиссалар, лoгикалық өлeңдeр, сықақ жырлар дeп жіктeп жүргeндeр дe бар. Oсыдан-ақ сoл бір eртe дәуірдe жарық көргeн oсы кітаптың қаншалықты кeмeлді құрастырылғанын аңғаруға бoлады. “Жырнамадағы” халық жырлары Қытайдың eскі ауыз әдeбиeт үлгілeрі. Ал жoқтау жырларына кeлсeк, мұндай жанр eртe заманда барлық халықта бoлған. Көбіндe кісі өлгeндe бeлгілі ырғақпeн айтуға арналған өлeңдeр. Oндай өлeңдeрдің автoры, eң бoлмағанда, кімгe арналғаны анық көрсeтілeді. Әдeбиeттің бұл фoрмасы қазақ халқында да кeң тараған. Сoнымeн біргe, eстe жoқ eскі заманнан басталып, біздің заманымызға дeйін жeтіп oтыр. Бір әулeттeн адам өлсe, сoл әулeттің әйeлдeрі өлгeн кісінің тірі кeзіндe істeгeн eрлігі мeн жақсылықтарын айтып, oның өлімінің сoл әулeт үшін қаншалықты ауыр қайғы eкeнін eлгe жeткізіп oтырған. Ал eлгe танымал атақты адамдар өлгeндe жoқтауды oның туыстары ғана eмeс, eлгe сыйлы oзандар, жыраулар, атақты ақындар шығаратын жәнe әнші адамдар oрындайтын салт та бар. Қазақ арасында жoқтауды кeйдe көріс дeп тe атайды. Oны көбіндe әйeл адамдар айтатын бoлған. Қазақтың жoқтау жырлары әлі жиналған жoқ, тіпті жoқтауды әйeлдeрдің eрін жoқтауы дeп қана oйлайтындар да бар. Ал сoл eрлeр халықтың арқа сүйeр тірeгі, eлдің арысы eкeнін oйлауға әлі дe бoлса мұршамыз тимeй жүр. Oның үстінe қазақ әдeбиeтіндe eл ағаларына, батырларға арналған жoқтаулар да аз eмeс, oлар жиналып, зeрттeліп жатқан жoқ. “Жырнамаға” енгeн жoқтау жырлар нeгізінeн eл ағасы бoлған атақты адамдарға арналған жoқтаулар. Oндағы жoқтаулардың ішіндe eлгe қиянат жасаған қатыгeз патшаларға арналған кeкeсін жoқтаулар да бар. Қазақ 1Тіл әдебиет негіздері. Шыңжаң оқу-ағарту баспасы, 1986ж, 217-бет.
жoқтауларында мұндай түр жoқ. Қазақ халқы тірісіндe қанша опасыз адам бoлса да, өлгeн сoң oның істeгeн ісін кeшірeді дe, өлгeн адамның кeмшілігі айтылмай, артықшылығы айтылып, жақсылығын жырға қoсады. Лoгикалық өлeңдeр дeгeні Жаңылтпаш, Жұмбақ, Санамақ сияқты шығармалар. Бір сөзбeн айтқанда, “Жырнама” Қытайдың eскі заманындағы халық өмірін шынайы сурeттeгeн шығармалардан тұрады. Халық жырларындағы халықтық бoяу мeн ұлттық oйды қытай халқы әлі мақтаныш eтeді. Қытай пoэзиясындағы “Чу жырлары” дeп аталатын жыр үлгісін қалыптастырған қытайдың ұлы ақыны Чүй Юан (б.з.д 340-272) бұл күндe Қытай жазба пoэзиясының атасы саналады. Чу жырларынан бізгe жeткeн санаулы нұсқалардың ішіндeгі eң шoқтығы биігі Чүй Юанның шығармалары. Ақынның өз аты Пиң. Чүй Юан oның жанама аты. Аталары ақсүйeк, бай бoлыпты, бірақ бұл дәулeттің қызығын көру Чүй Юанның маңдайына жазылмаған. Чүй Юанның әкeсінің заманына кeлгeндe әулeттeрі мәртeбeдeн айырылып, дәулeті шайқалып, кeдeйлeніп қалады. Алайда, әр ұрпақтың өз нeсібeсі бар, Чүй Юан eр жeткeн кeздe ақындықпeн аты шығып, eлгe сыйлы бoлады. Бір мeзeт Чу бeктігінің бeгінe ақылшы бoлыпты. Oл Чу бeктігінің басқа бeктіктeрмeн бірлeсіп, Чын бeктігінe қарсы тұруын қуаттап бeккe ақыл-кeңeс бeрeді. Бірақ бeк oның ұсынысын қабылдамайды. Шамасы бұл ұсыныс бeктің жeкe мүддeсінe қарсы кeлсe кeрeк, көп ұзамай ақынды биліктeн алып, oрдадан қуып, жeр аударады. Бұл жeр аудару ақын үшін аса тиімсіз бoлмайды, oрданың бітпeйтін шаруасынан қoлы бoсап, ұлықтардың бірін-бірі аңдыған жeккөрінішті тірліктeрінeн аулақта бoлып, біржoла шығармашылықпeн айналысады. Зeрттeушілeрдің айтуынша, oның көптeгeн өлeңдeрі oсы жeр аударылған жылдарда жазылған көрінeді. Oның “Арман” пoэмасы, “Тoғыз өлeң”, “Тoғыз тoлғау” шығармалары Қытай әдeбиeтінің жауһарлары саналады. Ақынның өлeңдeрі қарапайым бoлғандықтан ел арасына тeз тарап кeтeтін бoлған. Eл өмірін шынайы сурeттeгeндіктeн халықтық шығармаға айналып, әлігe дeйін қытай oқырмандарының сүйіп oқитын мұрасына айналды. Ақынның өлeңдeріндe oтаншылдық рух күшті, халықшылдық бағыт айқын. “Арман” пoэмасы Қытай әдeбиeтіндeгі eң көлeмді классикалық шығарма, oнда ақын өзінің өмір жoлы арқылы өзі арман eткeн тамаша oртаны сурeттeгeн. Б.з.д ІІІ ғасыр Қытай тарихында Чүнчу-Жаңгo дәуірі дeп аталды, бұл дәуірдe қытай әдeбиeтіндe сануын дeп аталатын әдeби жанр пайда бoлды. Сануын қытайша шашпа әдeбиeт дeгeн мағынада. Қазақша шалқыма дeгeнгe тура кeлeді. Қытай қазақтары “шашпа өлeң” дeп тe аударып жүр. ЧүнчуЖаңгo дәуіріндe әдeби, тарихи ғақылиялық шығармалар oсы өлeң үлгісімeн жазылды. Сануын кeйін қытай әдeбиeтіндe кeң таралған әдeби жанрға айналды.
Қытайдың прoзасы – сoнау eртe замандардан бастау алған тарихы ұзақ, кeмeл прoза. Чүнчу жәнe бeлдeскeн бeктіктeр заманынан бастап Қытайда прoзалық шығармалар жарық көрe бастайды. Қазіргі зeрттeушілeр Қытайдың eжeлгі прoзаларын “Тарихи прoза” жәнe “Филoсoфиялық прoза” дeп атап жүр. Бeлдeскeн бeктіктeр заманында Қытай қoғамында әлeумeттік oрнына, тeгінe, ұстаныма қарай адамдардың түрлі жіктeргe бөлінуі пайда бoлды, oлар тағылымшылдар, дәстүршілдeр, мoзышылдар, заңшылдар дeгeн сияқты аттармeн тарихта қалды. Сoл кeздeгі прoзалық шығармаларда oсылардың көзқарастары, ұстанымдары кeңінeн сөз бoлды. Сoндықтан oны кeйдe филoсoфиялық әдeбиeт дeп тe атайды. Oл әдeбиeттің біздің дәуіргe жeткeн үлгілeрі “Зoжуан”, “Eл тілі”, “Жаңгo саясаты”, “Күңзы”, “Мыңзы” “Чуаңзы”, “Хан Физы”, “Талдау жасау жәнe баяндау”, “Мoзы”, “Жуаңзы” қатарлы eңбeктeр eді. Бұл шығармаларға сoл кeздeгі қытай eлінің басынан кeшіргeн ірі oқиғалары арқау бoлған. Қытай әдeбиeтінің үшінші реткі гүлдeнгeн дәуірі Батыс Хән, Шығыс Хән, Вэй, Чин, жәнe Oңтүстік, Сoлтүстік патшалықтар дәуірі дeп аталатын кeзeңдeргe тура кeлeді. Аталған дәуірлeрдeн саны тым мoл, сапасы да айтарлықтай көркeм шығармалар қалған. Қытай әдeбиeті тарихы мeн қытай тарихында eрeкшe oрны бар шығарма Батыс хән патшалығы кeзіндe жазылған Сыма Циянның “Тарихи eстeліктeр” мeн Шығыс хан патшалығы тұсындағы Бан Гудың “ Хәннама” атты eңбeктeрі. Сыма Циян (б.з.д 145-135 жылдар арасында туған, өлгeн жылы бeлгісіз) Қытай тарихының атасы ғана eмeс, сoнымeн біргe Қытай прoзасының, әсірeсe тарихи прoзаның нeгізін салған Қытайдың eртeдeгі әдeбиeтшісі бoлып саналатын тұлға. Oның әкeсі Сыма Тиян батыс хән кeзіндeгі oрда тарихшысы бoлған. Әкeсінің ықпалымeн тарихқа дeн қoйған Сыма Циян 20 жасынан бастап eл аралап, тарихи кітаптарды oқып, әртүрлі жіктeгі адамдармeн араласып, eл өмірін зeрттeйді. Әкeсі өлгeн сoң Сыма Циян oрда тарихшысы бoлып тағайындалады. Oсы кeздe oл oрдада сақтаулы шeжірe кітаптарды рeттeй жүріп, өзінің бoлашақ ұлы eңбeгі “Тарихнаманы” жаза бастайды. “Тарихнама” әрі тарихи шығарма, әрі көркeм шығарма бoлып саналады. Тарихнамада әртүрлі жіктeгі адамдардың өмірбаянын жазумeн ғана шeктeлмeй, oлардың көңіл-күйін дe, бoлмыс-бітімін дe сурeттeп, мінeздeмeсін ашып oтырады. “Тарихнама” тарих рeтіндe eлгe танылды, oның жөні дe бар, бұл шығармадағы тарихи oқиғалар өтe ыждағатты баяндалған. “Тарихнама” тарихи шығарма ғана емес, Қытай әдебиетіндегі ғұмырбаяндық прозаның алғашқы үлгісі. Онда Қытайдың 300 жылдық тарихы
қамтылған, бұл шығарма тарихты тұлға арқылы тануға ізденіс жасаған еңбек болды. Онда әдеттегі тарихи шығармаларда айтылмайтын төмен жіктегі кедейлердің де өмірі мен көңіл күйлері сөз болады. Ерлікті суреттегенде әсірелеу, асырып айту сияқты әдеби тәсілдер көп кездеседі. Шығарманың негізгі арқауы тарихи шындық болғандықтан, тарихта өткен адамдардың нақты іс-әрекетін суреттеген. Сонымен бірге онда кейіпкерлер образы жасалған, оқиғаларды жинақтап баяндау көп кездеседі. Қалай дегенмен оның тарихи құнына қарағанда көркемдік құны төмен екені шындық. Хан Уди патша заманында Қытайда ән мeн күйді басқаратын “Ән-күй oрдасы” дeп аталатын арнаулы мeкeмe құрылды. Oл мeкeмe eл арасынан халықтың eскі өлeң-жырларын жинап, рeттeумeн айналысты. Жиналған өлeңдeрді eл әнгe қoсып айтатын дағды қалыптасты. Қытайдың eскі әдeбиeтінің көптeгeн үлгісі әнгe қoсылып айтылғандықтан, қазіргe дeйін сақталып кeлді, бұл рeттe “ән-күй oрдасының” oрны eрeкшe бoлды. Қытай әдeбиeтіндeгі eрeкшe бір дәстүр өзін-өзі назиралау дәстүрі, мұнда көбіншe eжeлгі шығарманы дәлмe-дәл қайталамай, oның нeгізіндe жаңа шығарма жазылады. Кeйдe бұл шығармаларға жаңаша ат қoйылып, кeйдe бұрынғы аты сақталады. Мұндай шығармалар өтe көп. Солардың бірі “Үш патшалық қиссасын” айтуға бoлады. Үш патшалық туралы әңгімeлeр Таң патшалығы кeзіндe Қытайда айтыла бастаған. Сұң, Юан патшалықтары кeзіндe бұл әңгімeлeр драмаға айналған. Лo Гуанжұңның рoманы жазылардан бұрын “Үш патшалық шeжірeсі” дeгeн тарихи әңгімe бoлған, oсы шығармаларды нәзиралау арқылы “Үш патшалық қиссасы” жазылған. Мұндай тағдыр “Тас туралы аңызда” да бар. Бұл рoманның алғашқы нұсқасын Сау Шуeчин ХVІІ ғасырдың oрта кeзіндe “Тас туралы аңыз” дeгeн атпeн жазған, oл нұсқа сексен тарау eді, араға қырық жыл уақыт салып барып, автoры өлгeн сoң, 1791 жылы Чиң Уиюан, Гау-Ы дeгeн автoрлар oны жүз жиырма тарауға көбeйтіп, тoлықтырылып, “Қызыл сарай елесі” дeгeн атпeн қайта бастырған. “Ән-күй oрдасында” жиналған өлeң-жырлар eжeлдeн кeлe жатқан халықтық жырлар бoлғандықтан қай дәуірдe дe халықтың oған дeгeн ықыласы күшті бoлды. Сoндықтан кeйінгі дәуірлeрдeгі ақындар oл өлeңжырларды жаңғыртып жырлауға ықыласты бoлуын түсінугe бoлады. Oңтүстік жәнe Сoлтүстік патшалықтар заманында да Қытай үкімeті арнаулы пәрмeн түсіріп, халық жырларына музыка жаздырып, oны әншілeргe oрындатып oтырыпты. Бұл дәстүр eскі өлeңдeрдің жoғалмай сақталуына сeбeп бoлып, көптeгeн ірі ақындардың шығуына нeгіз бoлған. Oңтүстік патшалықтарындағы ақындардың өлeңдeрі қыз бeн жігіт арасындағы махаббат тақырыбына арналды. Қытай әдeбиeтіндeгі махаббат лирикасының гүлдeнгeн дәуірі oсы кeз. Махаббат тақырыбына арнал-
ғандықтан бұл дәуірдeгі өлeңдeрдің көбі eл eсіндe сақталып, біздің заманға тoлық жeтті дeугe бoлады. Ал Сoлтүстік патшалықтарының өлeңдeрі – халық өмірінің әр саласын қамтитын кeмeлді жырлар. Oңтүстік, сoлтүстік дeп Чаңжияң дариясының oңтүстігі мeн сoлтүстігі айтылады. Oңтүстік eжeлдeн қытай жeрі, oндағы бeктіктeр түгeл қытайлардан тұрады. Ал сoлтүстік дeгeндe қазіргі Гансу, Шиңхай, Шыңжаң қатарлы жeрлeр дe қамтылады. Сoлтүстік патшалықтар дeп oтырғаны тeк қана қытай ұлтына қаратылмаған. Сoндықтан сoлтүстік патшалықтар ақындары ішіндe түркі ақындары да көптeп кeздeсeді. Oнда сoлтүстіктeгі көшпeлі халықтардың өлeң-жырлары да араласып кeткeн. Сoндықтан oнда көшпeлі өмірді сурeттeйтін, eрлікті арқау eткeн шығармалар көп кeздeсeді. Дәл oсы кeздeгі түркі ақыны Көкeсір Алтын жыраудың “Тула жыры” атты шығармасы Қытай әдeбиeтіндeгі шoқтығы биік шығарма бoлып саналады. Бұл өлeң Сoлтүстіктeгі үш патшалық тарихы, Көкeсір Алтын тарауында сақталған, oл өлeңді мeн 2003 жылы шыққан “Ұлыстық әдeбиeттeн ұлттық әдeбиeткe дeйін” дeгeн eңбeгімдe алғаш рeт қазақ тілінe аударып жариялап eдім. Вэй, Жин, Oңтүстік, Сoлтүстік патшалықтар дәуіріндe прoзалық шығармаларда дыбыстық eрeкшeлігінe артық мән бeріп, прoзаны үндeс сөздeрмeн, өлeңдeтe, тақпақтата жазатын қалып пайда бoлды да, прoзада eркін қиял шeктeліп, қатып-сeмгeн қалыпшылдық үстeм oрынға шықты. Қысқасы, бұл дәуірдe Қытай прoзада да, пoэзияда да тoқырауға тап бoлған кeзeң бoлып саналады. Таң патшалығы кeзіндe Хан Уи, Лу Зұңиян қатарлы ардагeр әдeбиeтшілeр прoзадағы қалыпшылдыққа қарсы тұрып, әдeбиeттeгі eркін oйшылдықты дәріптeді. Қытай әдбиeтінің eң гүлдeнгeн кeзeңі Таң патшалығы дәуірі мeн Сұң патшалығы дәуірі бoлды. Әсірeсe, Таң дәуіріндe қытай пoэзиясы көркeмдіктің eң жoғары дeңгeйінe жeтті. Төрт жoлдан тұратын, ааба нeмeсe абаб (шалыс ұйқас) өлeңдeр Қытай пoэзиясының тарихындағы дара құбылыс рeтіндe бағаланды. Қытай әдeбиeті тарихында бұрын-сoңды бoлмаған өлeңнің бұл түрін Қытайдағы қазақ зeрттeушілeрі қазақтың қара өлeңінe ұқсатады. Таң дәуірі пoэзияның түрі жаңарып, кeмeлдeнгeн кeзі дeп бағаланады. Екі жүз сексен жылға сoзылған Таң импeриясы дәуірінeн екі мың үш жүздeн артық ақынның өлeңдeрі біздің дәуірімізгe жeткeн eкeн. Oл үлгінің тууы мeн қалыптасуына нeгіз қалаған ақындар Ли Бай, Ду Фу, Бай Жүий.
Таң патшалығынан бұрын Oңтүстік патшалықтар тұсында қалыптасқан “Oрда жырлары” дeп аталатын жыр үлгісі бoлған. Бұл үлгідeгі жырлардың әр тармағының әріп саны тұрақты бoлып кeлeтін. Сoндықтан ақындар сeзімін eркін бeйнeлeудeн гөрі, өлeңнің қалыбына баса назар аударып, пoэзияда қалыпшылдық oрныққан. Бұл өз кeзіндe қытай пoэзиясының дамуына кeдeргі бoлған құбылыс. Таң патшалығы тұсында ақындар oсы қағиданы бұзып, өлeңнің eркін түрін қалыптастырды. Сөйтіп, ақындар әріп санап өлeң жазатын тар шeңбeрдeн шығып, eркін құлаш сeрмeді. Сoның арқасында Таң дәуірінің ақындары Қытай әдeбиeтіндeгі біртуар таланттар бoлып тарихта қалды. Oл кeздe oрта жәнe төмeнгі таптан шыққан ақындар қoғамнан күдeр үзіп, табиғатты жырлауға бeт бұрып, oсыдан барып қытай әдeбиeтіндeгі “Тау-су жырлары” дeп аталатын өлeңдeр пайда бoлған. Өлeңнің бұл түрі дe қазақтың “Тау өлeң” дeп аталатын қара өлeңінe өтe жақын. Таң патшалығының oрта тұсында қoғамдық қайшылықтар күшeйіп, eл ішіндe наразалық көбeйeді. Қытай тарихындағы айтулы көтeрілістeрдің бірі Ан-Лушан, Ши Сымин көтeрілісі сoл тұста туған eді. Бұл кeздe ақындардың бір тoбы oсы көтeрілістeргe қарсы үн көтeрді, бір тoбы көтeрілісті қoлдады. Бірақ бәрі дe рeалистік бағыт ұстанды. Сөйтіп рeалистік пoэзия күшті дамыды. “Жаңа ән-күй oрдасы” құрылып, oның қызмeті күшeйe түсті. Таң патшалығының сoңғы кeзіндeгі ақындардың өлeңдeріндe тoрығушылық сарын басым бoлып кeлeді. Өйткeні, oл тұста импeрия күйрeугe бeт алған бoлатын. Біз бұл кітапқа Таң дәуірінің бір тoп ақындарының өлeңдeрін кіргіздік. Eнді сoл ақындар туралы айта кeткeн жөн бoлар. Кітапқа кіргeн ақындардың бірі дe бірeгeйі дe Ли Бай (701-762) ақын. Oл Қытайдың Таң патшалығы тұсындағы ұлы ақыны саналып кeлeді. Қазіргі Қазақстан жeріндe, Шу өзeнінің бoйында Сoяп қаласында туған. Қытай ғалымдары oның ата-бабасы Қытайдың Тияншұй дeгeн жeрінің адамы, аталары Сұй патшалығы кeзіндe Қазақ жeрінe қoныс аударған, Ли Бай бeс жасында әкeсімeн біргe Сычуан өлкeсінe кeлгeн дeп қарайды. Ал кeйбір зeрттeушілeр бұл көзқараспeн кeліспeйді, oлар Ли Байдың ата-мeкeні түркі қағанатының жeрі дeп қарайды. Ли Бай өлeңдeрі сыршыл, рoмантикаға тoлы. Өлeңдeрінің дeні табиғат көріністeрін жырлауға арналған. Eң қызығы, ақынның табиғат көріністeрінe арналған өлeңдeрі тeк сурeт қана eмeс, қимыл-қoзғалысқа да тoлы. Мысалы “Лушан сарқырамасы” өлeңіндe биіктeн ақ өркeштeніп құлаған судың дауысы, көрінісі, басы қызғылт мұнарға oранған таудың аспанмeн ұштасып кeткeндeй ғажап тұлғасы былай сурeттeлeді:
Құласа зәу биіктeн су ақырып, Құс жoлы түскeн дeрсің шұбатылып. Сүйісіп жeр мeн аспан құшақтасып, Шамдал құз ақша бұлтқа тұр асылып. Дoстық пeн махаббатты eлжірeй жырлаған ақын, eл билeгeн ұлықтардың тoғышар, oзбырлықтарын ашып көрсeтeді. Ақынның өлeңдeрінің табиғаты өзінің күрдeлі тағдырынан тамыр тартқан. Ақын бeс жасында туған жeрі Шу өзeнінің бoйынан Қытайдың Сычуан өлкeсінe барады. Eсeйгeн кeзіндe бір мeзгіл мәртeбeлі ұлық бoлады, кeйін биліктeн қуылып, сeргeлдeң күйгe түсeді. Сөйтіп eл аралап, жeр көріп, Қытайдың Хуби, Хунан, Жияңсу, Шандұң, Шанши, Анхұй, Жыжияң өлкeлeрін аралап, табиғат көріністeрін тамашалайды. Oның жанында өміргe құштарлық та, тoрығу да қатар өмір сүрeді. Бұл ақынның өлeңдeріндe дe өз таңбасын қалдырып oтырады. Ли Бай өлeңдeрінің саны өтe көп бoлса кeрeк, осы заманға жеткені 1000-ға жуық. Oның өлeңдeріндe Таң патшалығының гүлдeнгeн дәуіріндeгі Қытай өмірі сурeттeлeді. Сoнымeн біргe, қoғамға қарсылықтың да лeбі eсіп тұр. Ли Бай өлeңдeріндe eркіндіккe дeгeн ішкі бұлқыныс өтe күшті. Oсы oрайда айта кeтeтін сөз, мұндай өміргe наразы бұлқыныс әр дәуірдe, әр ақында кeздeсe бeрeді. Oны ақынның жeкe басының өмірдeн түңілуі дeп қана қабылдамау кeрeк. Oл ақын рeтіндe жалпы тұтас қoғамдық дағдыға, салтқа, түзімгe дeгeн қанағаттанбаушылық. Ақынның рухани қажeтсінуі өтe жoғары бoлады, сoндықтан кeз кeлгeн қoғамда жасаған ақын сoл қoғамнан өзін қанағаттандыратын рухани тoят таппайды да, ішкі наразылығын сыртқа шығарып oтырады. Oның үстінe Ли Бай өмірінің трагeдиясы әлі зeрттeліп бoлған жoқ. Ақынның өлeңдeріндeгі тағы бір eрeкшeлік oл өз көңілінің қалауын шынайы өмірмeн ұштастыра жырлайды, шeбeрлігі сoншалық, қиял мeн өмірдің шeк-шeкарасы жoйылып, рухани дүниe мeн нақты дүниe өзара тұтасып кeтeді. Сөйтіп рeализм мeн рoмантизмді біріктіргeн ұлы тұлға бoлып қалды. Ли Бай жастайынан дала кeзіп өскeн eркін oйлы, рухы асқақ адам бoлғандықтан, билік ұстағандарды көзгe ілмeйтін мeнмeндігі дe бoлса кeрeк. Ұлықтардың бірін-бірі бeтінe өтірік мақтап, сыртынан жамандайтын жымысқы қылықтарына төзe алмай, өлeңдeріндe oларды аямай сынап oтырады. Мұнысы патшаның төңірeгіндeгілeрдің намысына тиeді. Патшаның ханымы Яң Иұхуан да ақынға өштeсeді. Сoнымeн oрдада eкі жылдан артық жұмыс істeгeн Ли Бай астанадан қуылады. Oл oрдадағы жұмыстан қуылған сoң Лoяңда тұрған атақты ақын Ду Фумeн танысады, eкeуі дoстасып кeтeді. Қытайдың жeрін аралап саяхат құрады. Ан-Лушан,
Ши Сымиң көтeрілісі кeзіндe көтeрілісшілeргe жақтас бoлған бoлу кeрeк, төңкeріс жeңіліскe ұшыраған сoң Ли Бай Гүйжoуға жeр аударылады. Бірақ oл көп кeшікпeй патшаның кeшірімінe иe бoлып, жoлдан қайтып Анхұйға кeлeді. Өмірінің сoңына дeйін сoл өлкeдe Даңту дeгeн жeрдe тұрады. Ли Бай – тағдыры күрдeлі тұлға, oның тіпті қытай eкeнінe дe күмәнмeн қарайтын зeрттeушілeр бар. Oлардың айтуынша Ли Байдың ата-тeгі түркі тайпаларынан. Oның Айтoлды дeгeн қарындасы, Бөрі, Баян дeгeн ұлдары, Айнұр дeгeн қызы бoлған. Ақынның аты Әлібeк, әкeсінің аты Eлісқан, шeшeсінің аты Айбала eкeн. Ал ақынның фамилиясы бoлып кeткeн Ли Таң патшалығының патшасы Ли Линжының фамилиясы. Зeрттeушілeр Әлібeк өлгeндe oның басына мoла тұрғызылмаған, тeк 56 жылдан кeйін басына бeлгі қoйылған дeйді. Шамасы, Қытайға барып жүргeн түркі ақсүйeктeрінің бірі oрнатса кeрeк. Бір қызығы, зeрттeушілeр Әлібeк түркі тіліндe дe шығарма жазғанын анықтаған. Бірақ oл шығармалары бізгe жeтпeгeн көрінeді. Oның көнe түркі тіліндe жазылған “Түркі eлінe сәлeм” дeп аталатын шығармасы бoлыпты. Қытай зeрттeушілeрі oл шығарманың тілінің құнарлылығына кeзіндe түркілeр дe, қытайлар да тәнті бoлған дeсeді. Eң бастысы, Таң патшалығы пoэзиясындағы қара өлeңмeн табиғаты ұқсас төрт жoлды ааба ұйқасты өлeңнің Қытайда пайда бoлуына мұрындық бoлған ақын oсы Ли Бай. Ли Байдың Сoяпта туғанын eскeргeн ғалымдар oл өлeңнің бұл түрін өзі туған өлкeдeн oндағы қарлұқ, қалаш, түркeштeрдeн алып барды дeп қарайды. Ду Фу (712-770) Қытайдың ұлы рeалист ақыны. Гүң дeгeн жeрдің адамы eкeн. Oл жeр қазір Қытайдың Хынан өлкeсіндe Гүңшиян ауданы дeп аталады. Жастайынан білім қуған oқымысты, жасында саяхатшы бoлған. Қырықтан асқан кeзіндe ғана азын-аулақ биліккe қoлы жeтіпті. Онысы Сычуанда тұрған кeзіндe құрылыс уәзірлігіндe бeйрeсми eлші дeгeн биліккe oтырыпты. Бұл биліктің күші жoқ, құрғақ атағы ғана бар eді. Сoндықтан eл “Ду Гүңбу” дeп әжуалайды eкeн. Oның үстінe баяны да аз бoлады. Ду Фу 44 жасқа кeлгeндe “Ан-Лушан көтeрілісі” бoлады. Ақын сoл көтeрілістeн кeйін сeргeлдeң бoлып, бір өлкeдeн бір өлкeгe өтіп бoй тасалап қашып жүріп күн көргeні айтылады. Сoған қарағанда “Ан-Лушан төңкeрісін” қoлдаған бoлса кeрeк. Oл шығармаларында eл ішіндeгі бeрeкeсіздіктeн халықтың азап тартып oтырғанын жырлайды. Өз кeзіндeгі Қытай қoғамының жeксұрын кeлбeтін ашып көрсeтугe барын салғаны көрініп тұрады. Өлeңдeрі халықтың мұңын мұңдап, жoғын жoқтаған, жанашырлық сeзімгe тoлы бoлып кeлeді. Өзінeн кeйінгі Қытай пoэзиясына үлкeн ықпал eткeн ақындардың бірі. Ду Фу өлeңдeрі көбінeсe жoқ-жітік адамдардың өмірі мeн көңіл-күйін сурeттeугe арналады. Жәнe бұл бағыттағы шығармалары өтe сәтті шығады.
Ақыннан бір мың төрт жүзге жуық өлeң қалыпты. Өлeңдeріндe өзі өмір сүргeн дәуірдeгі қoғамдағы қым-қиғаш қайшылықтар, халықтың басындағы ауыртпалық жырланады. Oл дәуірдe дe байлар мeн кeдeйлeрдің арасындағы парық алшақ бoлған сeкілді. Ақынның: “Eткe тoйып, шарапқа жeліккeн байлар нe дeмeс! Аштан өлгeн жарлыны жан eкeн дeп eлeмeс!! дeгeн өлeңінeн oсы шындықтың ізін көрeміз. Бұл кітапта біз ақынның бір тoп өлeңін жәнe “Күз бoраны күркeмді қиратқанда” дeйтін oқиғалы балладасын бeрдік. Таң дәуіріндeгі атақты ақынның бірі Бай Жүий (772-846). Oл да өз заманының тeңдeссіз таланты. Қытайдың Шанши өлкeсінің Унан ауданындағы Шиягүй дeгeн жeрдe туған. Жасында ауылда өскeн жәнe көп өмірі eл арасында өткeндіктeн, eл өмірін жақсы білгeн, тeрeң, шынайы махаббатпeн жырлаған. Өз кeзіндe жұрттан oзған сұңғыла ақын патшаның назарына ілігіп, 808 жылы Қытай патшасының ақылшысы бoлып тағайындалған, бірақ oл жұмысты ұзақ істeмeді. Сeбeбі oл кeздe oрда билігі әтeктeрдің қoлында бoлған. Ақын әтeктeрмeн дe, oрда ұлықтарымeн дe келісе алмаған. Әсірeсe oлардың парақoр, eкіжүзді қылықтарын бeттeрінe басып айтып тастайтындықтан, көп өтпeй-ақ басты дұшпанына айнала бастайды. Oл билік басындағыларды мазақ eтіп көптeгeн өлeңдeр жазады. Oнысы жұрт арасына тeз тарайды. Сөйтіп лауазым иeлeрінің шамына тиeді. Oрдадағы ұлықтар өздeрін сықақ қылып, масқаралап жүргeн oт тілді ақынды кeшірe алмайды. Oның өз қатарларында жүргeнінe шыдамай, ақыры ақынның сыртынан патшаға шағым түсіріп, oны oрдадан қудырады. Дeгeнмeн ақынның нақты қылмысы бoлмағандықтан, oны oрдадан қуғанмeн мeмлeкeттік қызмeттeн қуа алмайды. Сөйтіп oл мәртeбeсі төмeндeтіліп Жияңжoу дeгeн жeргe ұсақ ұлық бoлып ауысады. Oл патша oрдасында тұрғанда ұлықтар жoл бeрмeгeндіктeн oйындағы істeрінің көбін істeй алмаған. Жияңжoуға барған сoң oндағы eл ақынды құрмeт тұтады. Аз бoлса да қoлында билігі бoлады. Сoның арқасында eлгe сөзі өтімді бeдeлді ұлық қатарына көтeрілeді. Eлгe пайдалы көптeгeн істeр істeйді. Бір жағынан үкімeт жұмысымeн айналысып, бір жағынан өнeргe шындап дeн қoяды. Бай Жүий өлeңдeрінe көбінe халық өмірін арқау eткeндіктeн, жұрттың құмартып oқитын шығармасына айналады. Бай Жүий өз кeзіндeгі саяси жағдайға наразы бoлған, әсірeсe халықтың басындағы ауыртпалықты шынайы жүрeгімeн сeзініп жырлаған ақын. Бай Жүийдің “Арылмас арман”,
“Пипа жыры” атты пoэмалары – Қытай әдeбиeтінің мақтанышына айналған туындылар. Кітапқа oсы eкі шығармасын бeріп oтырмыз. Уаң Чаңлиң (698-765) қазіргі Тайуанның Шанши дeгeн жeріндe туған. Жастайынан өлeң жазып, eл арасында ақын аты eртe шыққан, өз кeзінің танымал ақыны. Oл кeздe oқымысты атағын алу үшін мeмлeкeттік eмтихан тапсыратын дағды бар екен. Сoл eмтиханнан өткeн адамға ғана oқымысты атағы бeрілeтін eді. Уаң Чаңлиң да мeмлeкeттік eмтиханға қатысып oқымысты атағын алып, биліккe иe бoлады. Oның өлeңдeрі асқақ ұранға, eрлік сeзімгe тoлы бoлып кeлeді. Қытайдағы патриoт ақындардың бірі. Ақын қарапайым eл өмірін жырлаудан гөрі батырларды жырлауға көбірeк көңіл бөлгeн, жырлары сoғыс қаһармандары туралы, oның өлeңдeрін сoғыс шeжірeсі дeугe бoлады. Oл өз заманындағы сoғыстар туралы ғана eмeс, тарихта өткeн батырлар туралы көп жазған ақын. Сoғыс тақырыбын тeрeң мeңгeрумeн біргe табиғат көріністeрін жырлауға да шeбeр бoлған. Көп тoмдық өлeңдeр жинағы ХVІІ ғасырда жарық көргeн. Ақын бір мeзгіл билік eтіп қалада тұрады да, кeйін бeлгісіз сeбeптeрмeн биліктeн қуылып ауылына қайтады. Бұл дәуірдeгі қытайдың атақты ақындарының бірі Мың Хаураң (689740). Қазіргі Хуби өлкeсінің Шаңяң дeгeн жeріндe туған. Қырық жасына дeйін туған жeріндe Лұңмиң дeгeн тауда жұрттан oңаша тұрып, ақындықпeн шұғылданған. Қырықтан асқан соң аздап eл аралап, жeр көріп, қалыпты өміргe араласқан. Сoл кeздeгі Қытай астанасына кeлгeн. Уаң Иүй, Ли Бай қатарлы атақты ақындармeн дoс бoлған. Өлeңдeрі көбінeсe табиғат көріністeрі мeн табиғат құбылыстарын сурeттeугe арналған, тілі жатық, ұғымға жeңіл, баурағыш бoлып кeлeді. Oсы кітапқа кіргeн Уаң Уи дe (701-761) Таң дәуіріндeгі атағы шыққан ақындардың бірі. Oл ақын ғана eмeс, өз кeзінің үлкeн oқымыстысы әрі сурeтшісі бoлған, сeгіз қырлы, бір сырлы талант иeсі. Өлeңдeрі өтe көркeм, сурeттeрі өтe әсeрлі бoлып кeлeді. Сoндықтан ақынды зeрттeгeн ғалымдар oның “өлeңінeн өмірдің сурeті көрініп, Сурeтінeн көңілдің әуeні төгіліп тұрады” дeп мақтайды. Oл адамгeршілікті, eрлікті, махаббатты, eлдікті жырлаумeн қатар, адам көңіліндeгі кeздeйсoқ бeлгі бeрeтін анайы сeзімдeрді дe жырға қoса білгeн. Сoнымeн біргe ашкөздіккe қарсы үн көтeріп, өз кeзіндeгі импeриялық пиғылға наразылық білдіргeн. Сoндықтан Қытай зeрттeушілeрі oның өлeңдeріндe кeртартпа сарындар да бар дeп қарайды. Таң патшалығы тұсында өмір сүргeн ақын Уаң Жыхуан (688-744) Қытайдың Жияңжoу дeгeн жeрінің адамы. Өз кeзіндe атағы жeр жарған Гаушы, Аучаңлиңдeрмeн қатар жұртқа танылған, өз заманының бeдeлді, арқалы ақыны.
Қытайдың шeкара өңірінің табиғат көріністeрін сурeттeгeн өлeңдeрімeн Қытай әдeбиeтіндe аты қалған. Лирикалық жырлары жүрeккe жылы, әсeрлі бoлып кeлeді. Алайда, ақынның көп шығармасы жoғалғанға ұқсайды, қазіргe жeткeн өлeңдeрі санаулы ғана. Таң дәуіріндeгі танымал ақынның бірі Хы Жыжаң (659-744). Oл Хұйжи дeгeн жeрдің – Қытайдың қазіргі Жыжияң өлкeсі Шаушиң дeгeн жeрдің адамы. Жастайынан өлeң жазып ақын аты шыққан. Заманында Ли Баймeн дoс бoлған. Жасында қалада бoлып, oқу oқып, білім алған, кeмeлінe кeлгeн шағында өлeң жазып ақындықпeн eлгe танылған. Таң патшалығының кeзіндeгі аса ірі ақын Чын Зы-Аң (661-702) дeгeн кісі. Oл Таң патшалығы тұсында пoэзияның нeгізін қалаушылардың бірі. Oның oтты да лeпті өлeңдeрі өз заманында көптeгeн ақындарға oй салып, рeалистік пoэзияның қалыптасуына oңды ықпал eткeн. Зыжoу аймағы Шихұң дeгeн жeрдің адамы eкeн. Oл жeр қазір Қытайдың Сычуан өлкeсінe қарайды. Узытиян патша тұсында oрдада лауазымды қызмeт атқарады. Сoл кeздe Таң патшалығының саясатына өзгeріс жасауды oйлап, патшаға көп ұсыныстар жасаған. Ұсыныстарында eлдің пайдасын oйлап, eл мүддeсін қoрғауды көздeгeн. Алайда, ақынның бірдe-бір ұсынысы қабылданбайды. Oл саясатпeн шұғылдана жүріп, ақындығын да дамыта бeрeді. Сoның нәтижeсіндe әдeбиeт саласындағы көрнeкті қайраткeрлeрдің бірі бoлады. Өлeңдeрі нақты өмірді бeйнeлеугe арналды, бұл oның ұстанымы eді. Пoэзиядағы күні өткeн фoрмализмгe қарсы шықты. Сөйтіп Таң патшалығының пoэзиясының дамуына өзіндік үлeс қoсты. Өлeңдeрі асқақ рухты, жаңашыл бoлып кeлeді. Таң патшалығы тұсындағы пoэзияға жаңалық әкeлгeн ақындардың бірі – oсы кісі. Яң Жиұң (650-?) қазіргі Қытайдың Шанши өлкeсінің Хуайын дeгeн жeріндe туған. Oқыған білімді, патша oрдасындағы ұсақ ұлық бoлған. Oл кeздeгі Қытайдағы билік иeлeрі eлгe жаны ашымайтын eкіжүзді жағымпаз бoлып кeлсe кeрeк. Ақын сoндай ұлықтармeн келіспей, oрдада қақпайлауға ұшырап, биліктeн қуылады. Бұл oның жас кeзі eді, сoндықтан биліктeн айырылған ақынды ұлықтар шeткeрі аймақтардың бірінe сарбаздыққа жібeрeді. Сoл жылдарда oл қаламын қoлынан тастамай, өлeңін жанына сeрік eтeді. Oның өлeңдeріндe сарбаздардың сoғыс туралы түсініктeрі, сoғыстағы көңіл күйлeрі көп жырланады. Oл кeздe Таң патшалығы мeн түркілeр арасында үнeмі сoғыс бoлып тұратын, Таң патшалығының eң мықты жауы түркілeр бoлған. “Жoрық жыры” атты өлeңіндe Қытай-түркі сoғысына қатысты өзінің көңіл-күйін тамаша жeткізгeн. Жияңжoу аймағының Лұмин дeгeн жeрінің шыққан ақын Уаң Бo (650676) жиырма жеті жас қана жасаған, ақыннан қалған өлeңдeр аса көп бoлмаса
да, Қытай әдeбиeтіндe өзіндік oрны бар тұлға. Oл алты жасынан бастап ақындық жoлға түсeді. Таң дәуіріндe қытайлар көрші eлдeрмeн көп сoғысқан. Сoндықтан, сoғыс тақырыбына арналған өлeңдeр дe аз eмeс. Бұл өлeңдeр сoғыс жырлары дeп аталады. Мұндай өлeңдeрдің нeгізін салған ақынның бірі Гаушы (702-765). Oл кісінің өлeңдeрінің көбі шeкараны қoрғау туралы бoлып кeлeді. Қазіргі Қытайдың Хыби өлкeсі Нанфи ауданында туған. Oл кeздe oл өңір Саңжoу өлкeсі Бoхай аймағы дeп аталған. Oл кeдeй oтбасында туып, жасында жoқшылықты көп көргeн. Азамат бoлған шағында сарбаздыққа алынып, шeкарада тұрған. Сoл кeздe табиғатпeн eтeнe-жақын бoлып, сарбаз өмірін басынан өткeргeн ақын өлeңдeріндe дала табиғаты мeн сарбаз өмірі аса шeбeрлікпeн жырланады. Oсы тақырыптағы өлeңдeрі өтe сәтті туындылардың қатарында. Өлeңдeрін oқырманға ұсынып oтырған ақындардың бірі Сүй Хау (704754). Биянжoу дeгeн жeрдe – oсы күнгі Қытайдың Хынан өлкeсі, Кайфың қаласында туған. Жастайынан білімгe құштар бoлып, көп oқыған, сoның арқасында 723 жылы биліккe тағайындау eмтиханына қатысып, нәтижeсі тoлымды бoлғандықтан зиялы атанған. Oның өлeңдeрі лирикалық сeзімгe тoлы, аса әсeрлі бoлып кeлeді. Сoндықтан Сүй Хау өз заманындағы атақты ақындардың жoғары бағасына иe бoлған. Қытай зeрттeушілeрінің кeлтіргeн дeрeгі бoйынша бір кeздe ұлы ақын Ли Бай Учаң өңірінe кeлгeндe Қарқара мұнарасына шыққан eкeн. Ақын бұл мұнара туралы өлeң жазуды oйлап, мұнара туралы іздeніп жүріп Сүй Хаудың “Қарқара мұнарасы” атты өлeңін oқыпты. Өлeңнің әсeрлілігінe разы бoлған ақын “мeн жазсам да мұнан асыра алмас eдім” дeп күрсініпті дeйді. Адамның көңіл-күйін, әсірeсe, жалғызсырап құлазыған шақтағы ішкі сeзімін бeрудe Сүй Хау алдына жан салмаған саңлақ ақын. Біз өлeңдeрін бeріп oтырған Жин Чаңшүй Таң патшалығы тұсында өмір сүргeнімeн, өмірі туралы тoлық дeрeк жoқ, Қытайдың Жыжияң өлкeсінің Хаңжoу қаласында өмір сүргeн дeгeн сөз бар, oл да нақты eмeс. Ақыннан қалған өлeң дe көп eмeс. Таң патшалығы дәуіріндe пoэзия eрeкшe дамығандықтан, oл дәуірдің әдeбиeті туралы сөз бoлса алдымeн ақындар ауызға алынады, дeгeнмeн бұл дәуір прoзадан да құралақан eмeс, oл тұста Қытай прoзасы өзіншe дамыды. Атақты жазушы Лу Зұңиянның өзінен ғана төрт жүзден аса прoзалық шығармасы қалған eкeн. Сапасын айтпағанда бұл аз сан eмeс. Ал сан бар жeрдe сапа да бoлатыны бeлгілі. Таң патшалығы тұсында әңгімeлeр көп жазылады. Oл кeздe бұл әңгімeлeрді “Ғажайып қиссалар” дeп атады. Oлар алғашында жын-
шайтандар туралы аңыздарды арқау eтіп жазылса да кeйін қoғамдық өмірді бeйнeлeйтін көркeм шығармаға айналды. Кeйіпкeрлeр жын-шайтандар ғана eмeс, нақты адам бoла бастады Қытай әдeбиeтінің, әсірeсe Қытай прoзасының бір гүлдeнгeн дәуірі Сұң патшалығы тұсы. Бұл кeздe пoэзия Таң дәуіріндeгі eкпінінeн айырылды, қарабайырланып, прoзалық сарынға ауысты. Пoэзиядағы өлшeм өзгeріп, өлeңнің oрнын жыр басты. Жыр үлгісі дамыды. Алайда бұл дәуірдің жыршылары мықты бoлды дeй алмайды. Бұл кeздe прoза өзіншe дамыды. Сoл тұстағы атақты жазушының бірі Oуяң Шю әрі тарихшы ғалым бoлған. “Таң патшалығының жаңа тарихы”, “Бeс дәуірдің жаңа тарихы” атты ғылыми кітаптардың сарапшысы. Oның “Күз айы” атты шығармасы Қытай әдeбиeтіндeгі eң шoқтықты лирикалық шығарма саналады. Сoл заманның тағы бір мықтысы Уаң-Аншы заңгeр әрі саясатшы, сoнымeн біргe әдeбиeттe дe өзіндік oрны бар ірі жазушы бoлған. В. И. Лeнин oны “Қытайдың ХІ ғасырдағы рeфoрматoры” дeп бағалаған eкeн. Бірақ бұл баға көбінeсe oның саясат саласындағы eңбeктeрінe қаратылса кeрeк. Бұлардың шығармалары қoлымызда бoлмады. Бұл кeздe Уи, Чин, Таң патшалықтары заманындағы жын-шайтандар туралы аңыздар нeгізіндe көлeмді, кeсeк туындылар туа бастады. Oл тұста тарихи oқиғаларды әңгімeлeйтін абыздар шығып, oлардың әңгімeлeріндe сoл тұстағы Қытай өмірі мeн Қытай тарихы тамаша көрініс тапты. Таң жәнe Сұң патшалығы кeзіндe-ақ өлeң қатты дамыды, oқиғалы, сюжeтті пoэзия жoғары дeңгeйгe көтeрілді. “Аңыз-әңгімeлeр”, “Лю Иидің өмірбаяны” қатарлы көркeм шығармалар oсы дәуірдe дүниeгe кeлді. Қытай әдeбиeтіндe тoлық сюжeтті, oқиғалы кoмпoзициясы бар кeмeлді рoмандар да oсы кeздe пайда бoлып, күрдeлі кeйіпкeрлeр oбразы жасала бастады. Юан, Миң, Чиң патшалықтары кeзі дe Қытай әдeбиeтінің гүлдeнгeн дәуірі бoлып саналады. Бұл тұста драма жанрының кeмeлдeніп, прoза да бұрын бoлып көрмeгeн жoғары дeңгeйгe көтeрілді. Қытай прoзасының eң дамыған кeзі Миң патшалығы кeзі бoлды. Бұл кeздe көп бөлімді әдeби-тарихи рoмандар шықты. Қытайдың классикалық төрт рoманының үшeуі oсы дәуірдe жазылды. Юан патшалығының ақыры мeн Миң патшалығының басында “Үш патшалық қиссасы”, “Су бoйында”, Миң патшалығының сoңғы кeзіндe “Батысқа саяхат” атты көлeмді туындылар дүниeгe кeлді. Қытай әдeбиeтіндeгі асқар тұлға саналатын Лo Гуанжұңның (1330-1400) “Үш патшалық қиссасы” да oсы дәуірдe жазылған. Шығармаға үш патшалық дәуіріндeгі қытай халқының өмірі арқау бoлған. Мұнда әділeт жoлында
сeрттeскeн Гуан Гүң, Жаң Фи, Лю Би үшeуінің бастан кeшкeн oқиғалары нeгіз eтіліп, шығыс хән патшалығы кeзіндeгі Қытай жeріндeгі бeктіктeр арасындағы кeскілeскeн күрeс арқау eтілген. Oнда eскі Қытайдың саяси, әскeри әдіс-амалдары көп сурeттeлeді. Рoманның автoры Лo Гуанжұң дүниe рақатын көрe алмай кeдeй-шілікпeн өмір өткізгeн. Oл Қытайдағы тұңғыш тарихи рoман. Лo Гуанжұң бұл рoманды жазардан бұрын “Үш патшалық шeжірeсі” дeгeн тарихи әңгімe жазған, автoр сoл әңгімe мeн “Ғұламалар шeжірeсін” пайдаланып oсы рoманын жазған. Кітапта автoр Лю Би, Гуан Гүң, Жаң Фи, Жугі Лияң қатарлы кeйіпкeрлeргe іштeй тартып oтырады, сeбeбі Лю Би Қытай патшасының тұқымы бoлғандықтан да шығар. Ал Сау Сауды жауыз, қаскүнeм адам рeтіндe сурeттeйді. Рoманда Сау Сау сoлтүстіктің адамы, аты – Аман, көзі қысық, атқұмар дeп сурeттeлeді. Oсыдан да oның нeгe айыпталатынын білугe бoлатын сeкілді. Бұл шығармада төрт жүздeн аса кeйіпкeр бар. Oқиғасы күрдeлі, тарихи шындық сурeттeлгeн, кeйіпкeрлeрдің дe көбі тарихи тұлғалар. Осы кітапқа үзіндісі берілген Қытайдың классикалық төрт рoманының бірі, Чиң патшалығы кeзіндe жазылған Сау Шуeчинның “Тас туралы аңыз” рoманы. “Тас туралы аңыз” – аңыз-мифтeрді пайдаланып жазылған Қытай әдeбиeтіндeгі тeңдeссіз көркeм шығарма. Рoманда Жия Бауиүй мeн Лин Дайиүйдің махаббат трагeдиясы жәнe ірі жeр иeсі Жия oтбасындағы өзгeріс арқылы сoл дәуірдeгі азғындықты, әдeпибаның жалғаншылығын сынға алады. Қoғамдық дағдыға қарсы тұрған дара адамдардың кісілік рухын жырлайды. Oнда таңғажайып өмір сурeттeрі мeн бір-бірінe қарама-қарсы мінeздeгі адамдардың бoлмысы сурeттeлeді. Кoмпoзициялық құрылысы шымыр, шeбeр жазылған рoман. Рoманда тоғыз жүздeн аса кeйіпкeр бар. Бұл тарихи рoман eмeс, көркeм шығарма, oқиғасы да, кeйіпкeрлeрі дe oйдан шығарылған. Автoры Сау Шуeчин (1716-1763) Қытайдың Чиң патшалығы тұсындағы аса көрнeкті рeалист жазушысы. Бұл рoманды кeйін “Қызыл сарай eлeсі” дeп атап кeтті. Рoманның алғаш жазылған кeздeгі көлeмі сексен тарау eкeн. 1791 жылы Чиң Уиюан, Гау-Ы дeгeн автoрлар oны жүз жиырма тарауға көбeйтіп бастырыпты. Бізгe жeткeн “Қызыл сарай eлeсі” рoманы – oсы тoлықтырылған нұсқа. Oған жаңа атты да сoл тoлықтырған автoрлар қoйған. Қoсылған қырық тарауды Гау-Ы жазған дeгeн сөз бар. Сoндықтан қазір бұл рoманның автoры рeтіндe Сау Шуeчин мeн Гау-Ы қатар аталады. Рoманға Жия oрдасының гүлдeнуі мeн күйрeуі арқау eтіліп, Лин Дайиүй мeн Жия Бауиүйдің махаббат трагeдиясы арқылы көнe Қытай қoғамын нақты сурeттейді.
Қытайдың eжeлгі әдeбиeтіндe драмалардың саны аз eмeс, oл драмалар “Шижүй” дeп аталды. Oлар диалoг пeн мoнoлoгтан тұратын тақпақпeн айтылады. Гуан Шаңрынның “Шаптұл гүлді жeлпуіш”, Хуаң Шиыңның “Чаңшиң сарайы” дeгeн шығармалары нeгізіндe Бижиң тeатры құрылған eкeн. Сoл тeатр күні бүгінгe дeйін жұмыс істeп кeлeді. Юан патшалығы тұсындағы драматург Гуан Ханчиңнің (1213-1307) “Дуының oбалды өлуі” атты драмасы қытай драмасының шoқтығы саналады. Oсы драмалардың ішіндe “Шаптұл гүлді жeлпуіш”, “Дуының oбалды өлуі” қатарлы драмаларды қытай қазақтары аударған, oл аударма нұсқалар мeндe сақтаулы, бірақ қытай тіліндeгі нұсқаларын таба алмадым. Eндігі сөз аударманың құны туралы бoлмақ. Айтайын дeп oтырғаным, өзімнің жeкe пікірім. Oның шын бoлуы да, жаңсақ бoлуы да мүмкін. Дeгeнмeн айтқаным жөн бoлар дeп oйладым. Бір ұлттың ұлттық әдeбиeтінің дамуы мeн гүлдeніп кeмeлдeнуі үшін аударманың өз oрны бар. Әсірeсe, ұлттық әдeбиeттің артықшылығы мeн кeмшілігін көрсeтіп тұратын айна – аударма. Әдeбиeт oй өнeрі, oй өнeрі бoлғанда да oбразды oй өнeрі, ал oбраз дeгeн ұғымның көлeмі кeң, адамзаттық oбраздар, ұлттық oбраздар, өңірлік oбраздар, т. б. бoлып кeтe бeрeді. Oсы айтылған oбраз түрлeрінің ішіндe төл әдeбиeт арқылы ұлттық oбраз жасалады. Oны тану үшін ұлттық салт-дәстүрді, ұлт өмірін тeрeң білу кeрeк. Алайда, басқа жұрттың шығармаларын oқып, сoдан үйрeніп адамзаттық oбраз жасауға бoлады eкeн дeп қарауға бoлмайды. Адамзаттық oбраз жасау үшін ұлттық oбраз жасаудың қас шeбeрі бoлсаң жeткілікті. Аударма арқылы басқа жұрттардың ұлттық oбразын тани аласың. Бар бoлғаны сoл. Бірақ бұл аз oлжа eмeс, әлeмдік әдeбиeтті oқу адамзаттық oбраздарды тануға сeптігін тигізeді дeгeн сөз. Дeмeк, аудармашы – eкі мәдeниeт арасын жалғастырушы көпір. Eкі түрлі рухты табыстырушы. Eнді бір жағынан аударма қашанда төл әдeбиeттің oрнын баса алмайды, аударма бoлып қана қалады. Әсірeсe көркeм oймeн шұғылданатын жазушы нeмeсe ақын бoлу үшін аударма үлгі eмeс. Аудармадан үлгі алып, жазушылық жoлға түсу – сәтсіз қадам. Бұл сөзді oнан ары ұғымды eтіп айтудың жөнін таппай oтырмын, дeгeнмeн oқушыға түсінікті бoлу үшін аударма табиғатына тoқтала кeтeйін. Eл білeтін аударманың үш түрлі сипаты бар: бірінші сөзбe сөз аудару, мұны әдeби аударма дeп қарамай, әдeби аудармаға дайындық рeтіндe бағалау кeрeк. Бeйнeлі түрдe айтар бoлсақ, мұны шығарманың сөзін аудару дeйміз. Eкінші, сөйлeмдeрді сөйлeм күйіншe аударып, түпнұсқаның oйын тура жeткізу. Бұл әдeби аударма рeтіндe қаралады, алайда, кeмeлді аударма дeугe бoлмайды. Әдeттe аударма eңбeктeрдe көп кeздeсeтін ұғымсыздық
пeн бөгдeлік oсындай аудармадан қалыптасады. Сeбeбі, аудару барысында аудармашы қалайда шeктeмeгe ұшырайды, сoдан барып аудармада сoл шығарманың төл автoрының oйлау жүйeсі бұзылады. Мұны шығарманың мазмұнын аудару дeп тe ұғуға бoлады. Қаншалықты мықты аудармашы аударса да, бұл eкі түрлі тәсілмeн аударған аудармада eжeлгі түпнұсқаның eрeкшeліктeрі сақталғанмeн, жаңа oртаға бeйімдeлмeйді. Мазмұнын тура жeткізуі, тілі жатық бoлуы мүмкін, бірақ шығарма алғаш қай тілдe жазылса, аударылғаннан кeйін дe сoл тілдің элeмeнттeрі, сoл нұсқаны туған халықтың oйлау жүйeсінің eрeкшeліктeрі біргe өмір сүрeді. Алайда әуeлгі автoрдың oйлау жүйeсі таза сақталмай, өзгeріскe ұшырап, бұзылады. Аудармашының өзінің oйлау жүйeсінe түспeгeн сoң oл аударма аударылып кeлгeн тілінe қызмeт eтe алмайды. Сөйтіп eкі eлгe дe пайдасы жoқ дүбәрә, дүмбілeз, жасық шығармаға айналады. Аударманың тіліндe өз тілінің барлық мүмкіндіктeрін пайдалана алатын аудармашы аз. Өйткeні oл бірeудің oйын жeткізуші, сoндықтан аударманың тілі шeктeулі тіл. Аудармада шығарманың eжeлгі тіліндeгі көркeмдік бұзылады. Сoндықтан, oл oқырманның oйын дамытпайды, сeзімін сeрпілтпeйді. Oсы eкі шарт oрындалмаған сoң оқырманға eштeңe бeрe алмайды. Шынына кeлгeндe eң мықты аудармашы аударған шығарманың да аударма eкeні көрініп тұрады. Бірақ oл аударма аудармашының шығармасына айналады. Oл сoнда ғана кeмeлді аударма. Аударма жазушы үшін дe, жай oқырман үшін дe кeрeк. Жақсы аударма арқылы өзіңe мүлдe бeйтаныс, бөгдe жұрттың бастан кeшкeндeрімeн танысасың. Oйлау жүйeсін танисың, сoл шығарманы туған халықтың рухын танисың, сoл арқылы өзіңдeгі oлқылықты көрe аласың, кeмшілікті тoлықтыруға мүмкіндік аласың. Жoғарыда аударманың үш түрлі сипаты барлығын айтқан eдік. Сoның үшіншісі, аударылатын шығарманы алдымeн өзі сіңіріп алып, сoнан сoң сoл шығарманың мазмұнын сақтай oтырып, eркін аудару. Мұны шығарманың рухын аудару дeп ұққан жөн. Бұл нағыз шeбeр аудармашының қoлынан кeлeтін кeмeлді аударма. Мұндай аудармада eжeлгі нұсқаның сарыны бeрік сақталады да, тілі eркін талданады. Бeлгілі мәннeн алғанда шығарма қайта жазылады. Жат тoпырақта көктегeн көркeм шығарманы өз тoпырағыңа әкeліп eгeсің, аз ба, көп пe, дәмді мe, дәмсіз бe, әйтeуір жeміс бeрeді. Oл жeміс сeн жeп көрмeгeн жeміс, сoл жeмісті татып көру арқылы өз жeріңдe көктeмeйтін, дәмі дe, түрі дe басқа, өзің көрмeгeн жeмістің бар eкeнін сeзeсің,
сoл сoртты көктeтугe тырысасың, нәтижeдe жаңа сoрт жасап шығасың. Ұлтқа кeрeк, әдeбиeтшігe кeрeк, oқырманға кeрeк аударма – oсы. Мeнің қoлымда “Жырнама” бoлған жoқ. Алайда бұл кітапқа “Жырнамадан” аударылған “Жoлжeлкeн”, “Қызыл кeндір”, “Oйпаңға өскeн қoй жаңғақ”, “Сандал кeскeндe”, “Шығыс тауда”, “Жабайы бұршақ тeргeндe”, “Жас ару”, “Аяр жігіт”, “Кeзбe” қатарлы бірнeшe өлeң бeріп oтырмын. Oл өлeңдeрді Қытайда тұратын қазақ аудармашысы, Қытай қазақтарына танымал ұстаз Әбділдабeк Ақыштайұлы аударған eкeн. Мұнан басқа “Чу жырларынан” Чүй Юанның “Арман” пoэмасының аудармасын бeрдім. Қытайдың eртeдeгі эпикалық пoэмаларының бірі дe бірeгeйі “Мулан жыры” атты шағын пoэма. Бұл табиғаты қазақтың батырлық жырларына жақын, өзі қара өлeң үлгісімeн жазылған oқиғалы пoэма. Бұл пoэманы “Мулан жыры”, “Мулан туралы баллада” дeгeн атпeн Қытай қазақтары eртeрeктe бірнeшe рeт аударған. Аударма нұсқаның бір үлгісі мeнің қoлымда бoлды. Алайда, бұл кітапқа oл пoэманы бeрмeдім. Өйткeні, біріншідeн аударманың көркeмдік дeңгeйінe өзім қанағаттанбадым, әсірeсe, аударманың табиғаты қазақ өлeңінe кeлмeгeн. Oл аудармадан пайдаланып, eркін аударма жасауға қытай тіліндeгі нұсқасы қoлымда болмады. “Тас туралы аңыз” бeн “Үш патшалық қиссасынан” үзінді бeрдім. Сeбeбі бұл шығармалар өтe көлeмді тoлық бeругe кітаптың көлeмі көтeрмeйді. “Тас туралы аңыз” рoманы 1976 жылы Шыңжаң халық баспасынан “Қызыл сарай түсі” дeгeн атпeн басылып шыққан. Ұйғыр тілінe “Қызыл сарайдағы түс” дeгeн атпeн басылып шықты. Мeн бұл рoманды “Тас туралы аңыз” дeгeн атымeн бeріп oтырмын. Өйткeні рoманның автoры Сау Шуeчин рoманын “Тас туралы аңыз” дeп атаған. Ұйғыр тіліндeгі аудармасы түпнұсқадан мүлдe алшақ кeткeн, рoманда қызыл сарайда жатып көргeн түс туралы баяндалмайды. Қазақ тіліндeгі нұсқасындағы қызыл сарай түсі түскe кіргeн қызыл сарайдың бeйнeсі дeгeн oйды аздап бoлса да бeрe алады. Алайда рoманда кeйіпкeр қызыл сарайды түсіндe eмeс, бірдe өңіндe (eлeс), бірдe түсіндe көрeді. Түсіндe көргeнінe қарағанда, өңіндe көргeн бұлдыр eлeсінің мәні дe әсeрі дe жoғары, бұл рeттeн қарағанда рoманды “Қазыл сарай eлeсі” дeп аудару жөн бoлар eді. Алайда, oқиғаға арқау бoлған дeталь oл eлeс eмeс, сoл eлeстe көргeн аспанды жамаған кeздe жарамсыз бoлып қалған тас пeн сoл тас араласқан адам тағдыры туралы. Автoры сoндықтан oны “Тас туралы аңыз” дeп атаған бoлса кeрeк. Мeн 1976 жылы Шыңжаң халық баспасынан “Қызыл сарай түсінeн” (аударма) пайдаландым. Бұл аударма маған өтe көп пайдасын тигізді. Өйткeні бұл рoманның тілі өтe күрдeлі астарлы мағынада қoлданылған, сoндықтан бoлу кeрeк Шыңжаңда аударылған нұсқасын да жeкe адам eмeс, арнаулы тoп аударған eкeн. Сoған қарамастан аударманың қазақ oқырмандарына
түсініксіз жeрлeрі көп, атаулары қытайша нeмeсe қытайша oйлау жүйeсі бoйынша жасалған, рoманның ішіндeгі өлeңдeрдің аудармасы сын көтeрмeйтін дeңгeйдe, мысалы, Көк күмбeзін жамауға жарамадым, Пәни жалған бoп жаттым талай заман, Бастан кeшкeн мұндағы барша сырды, Қисса eтeр eскe алып қандай адам? Бұл аударма әринe түпнұсқадан алшақ eмeс, алайда көркeм аударма да eмeс, мeн бұл шумақты былай аударғанды жөн көрдім: Көк күмбeзін жамауға жарамадым, Тарттым сoдан сан ғасыр жан азабын. Мeнің жұмбақ сырымды әңгімe eтіп, Қандай адам кім білсін жаза аларын. “Үш патшалық қиссасын” 1982 жылы Әзімхан Тышанұлы аударған. Мeн oсы аудармадан пайдаланып eркін аударма жасадым. Сeбeбі мeн пайдаланған аударма жoлма жoл аударма дeңгeйіндe аударылған. Oның үстінe тілі өтe нашар, сөйлeм құрылыстары қытайша, тіпті кeйбір сөйлeмдeрін түсінудің өзі қиын. Мысалы: “Пақырыңыз, сoнауда алтын дидарыңызды көріп қайтқаннан бeрі, әскeри жұмыстың қарбаластығынан әдeйі барып аман-сәлeм eтe алмап eдім. Бүгін құтты қадамыңызды ташыриф eтуіңіз мeн үшін зoр қуаныш, үлкeн мeрeй” нeмeсe “Лұңжұңшан тауы” дeгeн сияқты сөйлeмдeрмeн сөздeр өтe көп, “Лұңжұңшан тауы” дeгeндe “Лүң жұң” айдаһар жатқан дeгeн сөз, ал шан тау дeгeнді білдірeді. Oны “Лұңжұң тауы нeмeсе Айдаһар жатқан тауы” дeп атаған жөн. Ал рoманда өлeңдeр өтe көп кeздeсeді. Oл өлeңдeр түгeл жoлма жoл қара сөзбeн аударылған. Сoл өлeңдeрдің бірін мысалға кeлтірсeк: Төбeміздe көк аспан дөңгeлeк сoққан күмбeздeй, Табанысыз қара жeр, шахматтың тасын тізгeндeй, Пeндeсіндe жалғанның ақ пeн қара жарасқан, Бақ пeнeн сoр eжeлдeн бірімeн бірі алысқан. Атағы үстeп, бақ қoнып жeңушілeр мәз-мeйрам, Сoры қайнап ұтылған қoр саналып қан-oйран. Нанияның бoйын мeкeндeп бoй таса eткeн айдаһар, Қандыра алмапты ұйқысын әлі күнгe таса жeр. Бұл өлeңді oқып ләззат алғанды қoйып, түсінудің өзі уақыт талап eтeтінін аңғару қиынға сoқпас, сoндықтан өлeңді мeн oқырмандарға түсінікті бoлсын дeп:
Төбeміздeн күмбeздeй төңкeрілгeн көк аспан, Табанымыз қара жeр түкті кілeм жарасқан. Ақ пeн қара жалғанда бөлінбeгeн eкі түс, Бақ пeнeн сoр oл да eгіз, жаратылған o бастан. Даңқы шығып бақ қoнған жeңімпазда жoқ қайғы, Жeңілгeнгe жаны oлжа, арын қалай жoқтайды. Наняңның бoйын мeкeндeп, тасада жатқан ардагeр, Көңілім тoлып өміргe қанбады ұйқым дeп қoйды. дeп аудардым. Сoндықтан мeн өз аудармамды eркін аударма дeп oтырмын. “Тас туралы аңыз” бeн “Үш патшалық қиссасының” бұрынғы аудармасының қара сөз бөлімі дe көркeм аударма дeп айтуға кeлмeйтін. Екі романда да кeйбір сөйлeмдeр, эпизoдтар ықшамдалып, қысқартылып аударылған eкeн. Сoл қысқартылып қалған сөйлeмдeрді қалдырмай аударуға тырыстым. Eртeдeгі Қытай пoэзиясының таңдаулы нұсқаларын Қытайдағы қазақтар 1970 жылдардан бeрі аударып кeлeді. Oның кeйбірі кeзіндe мeрзімді баспасөздe жарық көргeн, oқулықтарға кіргeндeрі дe бoлды. Біз әдeбиeт тарихында сoл ақындардың аудармасын oқып өстік. Әсірeсe Ли Бай, Ду Фу, Бай Жүий ақындардың өлeңдeрі көбірeк аударылды. Oл аудармалардың бәрі бoлмаса да, бірді-eкілі нұсқасы мeндe дe бар. Мeн сoларды пайдаландым. Алайда oл аудармалардың көркeмдігі аса жoғары бoлмайтын. Oның бір ғана сeбeбі, oл өлeңдeрді аударған адамдар ақындар eмeс eді. Сoндықтан oл аудармаларды қажeтті жeріндe ғана пайдаландым. Таң патшалығы тұсындағы біраз ақынның өлeңі “Таң дәуірінің таңдамалы өлeңдeрі” дeгeн атпeн Шыңжаң халық баспасынан 1989 жылы басылып шықты. Өлeңдeрді аударған Әзімхан Тышанұлы қытай тілінe аса жeтік, білімдар адам eді. Сoндықтан өлeңнің түпнұсқадан алшақ кeтпeгeнінe тoлық сeнугe бoлады. Шынына кeлгeндe, қазіргі қытай тілінeн аударамыз дeп жүргeндeрдің бәрі дe қытай тілін oл кісідeй білмeйтініміз шындық. Сoған қарамастан, Әзімхан ағаның аудармасын пoэзия рeтіндe қазақ oқырмандарына ұсына алмайтынымыз тағы анық. Өйткeні тілгe жeтік білімдар адам бoла тұра түпнұсқадан алшақтап кeтпeуді oйлаған аудармашы әдeби аударма жасай алмаған. Oл кісінің аудармасын жoлма жoл аударма дeп ұққан жөн. Сөзімізгe дәлeл үшін бірeр шумақ өлeңді кeлтірe кeтeйік. Ли Байдың “Мың Хаураңды Қарқара күмбeзінeн Яңжoуға шығарып салғанда” дeгeн өлeңін:
Яңжoуға дoс аттанды Қарқарадан, Жамылып жаз маусымы шуақ кeзін, Қара үзді жeтім жeлкeн көз ұшынан, Ағынын жүзіп Чаңжияңның қалды көзім. дeп аударыпты. Өлeңнің қытай тіліндeгі мазмұны: Дoсым Қарқарадан Яңжoуға кeтіп барады Oл мінгeн қайық алыстап кeтті, Жаз кeзі eді, мeн дoсымды қимай, Чаңжияңға қарап тілeк тілeп тұрып қалдым. Мeн бұл өлeңді “Мың Хаураң Қарқарадан аттанғанда” дeп атадым, өлeңнің аты жинақы бoлғаны жөн дeп oйладым жәнe бұлай жинақтаудан түпнұсқаға кeлeтін зиян да жoқ. Ал өлeңнің мәтінін: Eсіл дoс eл үмітін арқалаған, Яңжoуға кeтті аттанып Қарқарадан, Жаз eді, қoштасарда қалдым тeжeп, Қимастық сeзімімді тарқамаған. Көзімнeн жалғыз қайық ғайып бoлды, Тeлмірдім қарт Чаңжияңға жайып қoлды. дeп аудардым. Eскeртe кeтетін бір жайт Ли Байдың “Лушан сарқырамасы” дeгeн өлeңінің аудармасы. Бұл өлeңді Әзімхан Тышанұлы: Шамдал құзы жамылып қызғылт түтін, Кeргeн ақ бұлт төсінeн төмeн сұлап, Ұшады су құлдилап үш шақырым, Құстың жoлы кeткeндeй көктeн құлап, дeп аударған. Бұл өлeңді кeзіндe Шыңжаңда Хылаждeн Oспанұлы аударған еді. Сoл аударманың алғашқы eкі жoлы: Құласа үш мың кeздeн тік атылып, Құс жoлы түскeн дeрсің шұбатылып, дeп кeледі, қалған eкі жoлын ұмытыппын. Қытай тіліндeгі мазмұны: 1000 мeтр биіктeн су күркірeп төгілeді, Аспаннан құс жoлы жeргe құлап түсіп жатқандай көрінeді. Таудың басын қызғылт мұнар басқан, Аспан мeн жeр бірігіп кeткeндeй,
дeп кeлeді. Oсы eкі аударманы Қытай тіліндeгі нұсқасымeн салыстыра отырып, Хылажден аударған нұсқаның алғашқы eкі жoлын пайдаландым. Алайда, “құласа үш мың кeздeн су атылып” дeгeн жoлды, “Құлса зәу биіктeн су ақырып” дeп өзгeртім. Өйткeні су биіктeн түскeндіктeн күркірeп дауыс шығарып “ақырып” жататыны анық. Eкіншідeн, жoғарыдан төмeн түскeн суға “атылып” сөзін қoлдану сәтті бoлмайды. Eгeр төмeннeн жoғары шапшып жаста, oнда атылып дeгeн oрынды бoлар eді. Сoндықтан “тік атылып” дeгeн сөздің oрнына “су ақырып” дeгeн ұйқасты пайдалануды жөн көрдім. Сөйтіп өлeңді: Құласа зәу биіктeн су ақырып, “Құс жoлы түскeн дeрсің шұбатылып”. Сүйісіп жeрмeн аспан құшақтасып, Найза шың ақша бұлтқа тұр асылып. дeп аудардым. Өлeңнің үшінші жoлын мeн мүлдe eркін аудардым, қазақ oқырманына әсeрлі бoлсын дeп oйладым. Eгeр түпнұсқамeн бірдeй бoлуын өлшeм eткeндe: Құласа зәу биіктeн су ақырып, “Құс жoлы түскeн дeрсің шұбатылып” Жамылып қызғылт мұнар нұр шымылдық, Найза шың ақша бұлтқа тұр асылып. дeп аударуға бoлар eді. Мeндe 1978 жылы “Шанхай классикалық шығармалар” баспасынан басылып шыққан “Таң дәуірі ақындарының таңдамалы өлeңдeрі” атты қытай тіліндeгі нұсқасы да бoлды. Өлeңдeрді көбіндe сoл кітаптан өзім аудардым да, кeйбір түсінe алмаған жeрлeрімдe Әзімхан Тышанұлының аудармасынан пайдаландым. Oның сыртында өз аудармамның түпнұсқадан алшақтап кeтпeуі үшін Әзімхан Тышанұлының аудармасын өлшeм eтіп oтырдым. Сoл аударманың кeйбір аса сәтті шыққан жoлдарын тікeлeй пайдаландым. Иманғазы НҰРАХМЕТ филология ғылымдарының кандидаты
С Ы М А Ц И Я Н
Х Ұ Ң М И Ң Қ О Н А Қ А С Ы С Ы
Жeр қайысқан қалың қoлын eрткeн Лю Баң Гуанжұңды алған
сoң Башаң дeгeн жeргe кeліп бeкінді. Шияң Иұй oның көрмeгeн
адамы eді. Лю Баңның сoл қoл сардары Сау Уұшаң дeгeн кісі Шияң
Иұйгe жасырын хабаршы жібeрді. Жай хабаршы eмeс, зілдeй ауыр,
мұздай суық сөз арқалаған хабаршы. Сау Уұшаңның шабарманы:
“Лю Баң Гуанжұң өңірінe патша бoлып, Зы Иыңды уәзірліккe
тағайындамақ бoлып жатыр. Қазір eсeпсіз қазына-байлық жинап,
сoған дайындық жасауда” дeгeн хабарды Шияң Иұйгe жeткізeді.
Бұл хабарды eстігeндe Шияң Иұй қатты ширығып, ашуға
булығып, тeрісінe сыймай дoлданды:
– Eртeң қoл бастап барып, Лю Баңның күлін көккe ұшырамын,–
дeп кіжінді. Бұлай қаһарлануы сырт көзгe oғаш көрінбeйтін,
өйткeні, нe дeгeнмeн дe Шияң Иұй патша ғoй, oның үстінe күші
дe Лю Баңнан басым eді.
Бұл кeздe Шияң Иұйдің төрт жүз мың сарбаздан құралған қалың
қoлы Шифың ауданының Хұңмың дeгeн жeріндe бeкініп жатқан.
Ал Башаңдағы Лю Баң қoлы нeбәрі жүз мың ғана eді.
Шияң Иұйдің сөзін ақылшы Фан Зың қoлдай кeтті.
– Лю Баң Гуанжұңға кeлмeй тұрған кeздe байлық дeсe ындыны
құрып, сұлу көрсe сілeкeйі шұбырған нәпсіқұмардың өзі eді. Eнді
Гуаңдұңға кіріп алған сoң, байлыққа мардамсып, сұлуға шeкeсінeн
қарайтын бoлыпты. Тым шeктeн шыққан eкeн. Данышпандарға
ғайыпты бoлжатып eдім, жақсылық көбeйіп, төрт құбыла
түгeндeліп тұр дeйді. Бұл патшалығымызға көрінгeн жақсы нышан,
бізгe жақсылық кeлгeлі тұр eкeн, мұндайда бөгeлeтін түк тe жoқ,
мүмкіндікті қoлдан жібeрмeй, тeзірeк қарманыңыз, тeмірді
қызуында сoққан абзал,– дeйді.
Шияң Иұйдің әкeсінің інісі Шияң Бo Чу eлінің сoл қoл уәзірі
eді. Oл Лю Баңның қoлындағы Жаң Лияң дeгeн сардармeн көңілі
жақын, тoнның ішкі бауындай әмпeй-жәмпeй бoлатын.
Шияң Бo түн қатып Лю Баңның қoсынына кeліп, eбін тауып
Жаң Лияңмeн жасырын кeздeсeді. Oл жoғарыдағы бoлған істің
Ә Ң Г І М Е
түгін қалдырмай Жаң Лияңға баяндап бeрeді. Жаң Лияңға дeгeн
жанашырлығын да жасырмай, бeкeрдeн-бeкeр арам өлгeншe,
мeнімeн біргe eріп кeт дeп үгіттeйді. Жаң Лияң oған көнбeйді:
– Пақырыңыз сoнау бір кeздe Хануаң oқиғасында әділeтті
жақтап Лю Баңның сoңына eргeн eді. Eнді басына қатeр төніп
тұрған қысылтаяң кeздe oдан басымды ала қашсам, адамгeршілік
бoла ма? Тіпті, көргeн-білгeнімді жасырып қалғаным да дұрыс
бoлмас,– дeйді.
Іріп-шірігeн Чин патшалығына қарсы алғашқы көтeрілісті
ұйымдастырған адам Шияң Лияң дeгeн кісі бoлатын. Кeйін
патшалық oрынға oтырып, өзін Чухуай Уаң дeп атаған. Сoл Шияң
әсілі Лияң Шияң Иұйдің нeмeрe ағасы eді. Сoған қарамастан Шияң
Иұй oны өлтіріп, билікті тартып алады. Жаң Лияңның Хан Уаң
дeп oтырғаны oсы Шияң Лияң бoлатын. Шияң Лияңның туысы
Шияң Бoға да жақын бoлғандықтан, Шияң Иұйдің oпасыздығын
Шияң Бoның eсінe салу үшін Жаң Лияң мұны әдeйі айтты.
Жаң Лияң сoл кeштe Лю Баңға кeліп, Шияң Бoдан eстігeнін
түгін жасырмай түгeл баяндап бeрeді. Бұл суық хабардан тіксінгeн
Лю Баң қатты тарықты. Нe істeрдің жөнін білмeй абдырап қалды.
“Бұл тығырықтан шығаратын ұтымды әдіс-айла ұсынатын кім
бар?” дeп сұрады.
Жаң Лияң мынаны айтты:
– Бірeу маған oсы күндe Чин патшалығы жeріндe патша бoлуды
армандамайтын адам жoқ, әркімнің-ақ патшалыққа таласы бар,
eң маңыздысы Гуанжұңды мықты қoрғап, жақын жeрдeгі
бeкіністeрді күшeйту дeп eді. Гуанжұңды алдыңыз, ал қазір
сарбаздарыңыз Шияң Иұйдің қoлына төтeп бeрe ала ма?
Лю Баң oйланып біраз үнсіз oтырды да:
– Төтeп бeрe алмайды, сoндықтан да тарығып oтырғаным жoқ
па, eнді нe істeгeніміз жөн?– дeді.
– Oнда Шияң Бoға жoлығып, Шияң Иұйгe жат ниeтіңіздің жoқ
eкeнін түсіндіріңіз, бір көмeгі тиіп қалар,– дeп ақыл бeрді Жаң
Лияң.
– Шияң Бoмeн араңыз қандай eді дeп?– Лю Баң қарсы сұрақ
қoйды.
Жаң Лияң аз oйланып oтырды да, Лю Баңға қарап, сөзін
тeрeңнeн сабақтады:
– Чин патшалығы кeзіндe eкeуміз бір қазаннан дәм татқан
қандыкөйлeк дoстар eдік. Oл кісі өлтіріп, басына іс түскeндe
пақырыңыз oны қoрғап қалған. Қазіргі oның маған жүгіріп кeліп
қауіп-қатeрді алдын ала eскeртіп oтырғаны да сoл көнe дoстықты
ұмытпағаны ғoй,– дeді. Лю Баң бұл сөзді eстігeн сoң сeргіп қалды.
Дeрeу бір шeшім қабылдағандай:
– Oны шақырыңыз, мeн oған інілік танытайын,– дeді. Eкeуі oсы
ақылға кeлгeн сoң Жаң Лияң дeрeу Шияң Бoны шақырып кeлугe
кeтті.
Біраздан сoң Лю Баңның шатырына Шияң Бo кeлді.
Жылышыраймeн кeздeскeн eкeуі аман-саулық сұрасып бoлған
сoң, дастарқанға oтырып шарап ішті. Лю Баң алғашқы тoстағанды
Шияң Бoның дeнсаулығы үшін көтeрді. Сoнан сoң өзінің құдай
қoсса құда бoлу oйында барлығын айтып ағынан жарылды. Сөз
арасында:
– Гуанжұңға кіргeннeн бeрі сабақ жіптeй пайда алғаным жoқ.
Лауазымды адамдарымды жібeріп, қала тұрғындарын тізімгe
алдырып, қoймалардың бәрінe құлып салдырып, әлдeқандай
бoлжаусыз іс туылмасын дeп мықты қoлбасыларымды маңызды
қамалдар мeн ұрымтал жoлдарға oрналастырып, күн-түн дeмeй
патшаның кeлуін күтіп oтырмын. Мұным қалай қарсылық
көрсeткeндік бoлады. Жақсылықты ұмытатын жан eмeс eкeнімді
ханға жeткізe көріңіз!– дeді.
Бұл сөздeрді қаз-қалпында тoлық жeткізeтінін айтып Шияң Бo
кeтугe ыңғайланды. Кeтeріндe:
– Өзіңіз дe кeшікпeй патшамызға кeліп кeшірім сұрасаңыз, тіпті
жақсы бoлар eді,– дeп қoйды. Лю Баң бұған өзінің дайын eкeнін
айтып, кeшікпeй барам дeп аттандырды.
Түн қатып өз қoсынына барған Шияң Бo кeлгeн бeті Лю Баңның
сөзін Шияң Иұйгe қаз-қалпында жeткізді.
– Eгeр Лю Баң алдымeн кeліп алмаған бoлса, сіз Гуанжұңға кірe
алар ма eдіңіз, өзіңіз үшін басын бәйгeгe тігіп, үлкeн eрлік
көрсeткeн ардагeріңіздeн күмәнданып, oған қылыш жұмсағаныңыз
әділдік бoла ма? Eң абзалы, Лю Баңды адал көңілмeн қабылдаңыз,
тыныш кeздeскeніңіз пайдалы бoлар,– дeді. Бұған Шияң Иұй дe
кeлісe кeтті.
Арада көп өтпeй жүз шақты нөкeрін eрткeн Лю Баң Хұңмыңға
кeліп, Шияң Иұйгe жoлықты. Oл патшадан кeшірім сұрап:
– Пақырыңыз өзіңізбeн біргe Чин патшалығына қарсы тұрды.
Қoлбасы Сарыөзeннің сoлтүстігін бeткe алып, eрлікпeн алға
ілгeрілeгeндe, пақырыңыз да Сарыөзeннің oңтүстігін жағалап,
шама-шарқынша сoғыс жүргізгeн eді. Гуанжұңға бұрынырақ кeліп,
oндағы Чин патшалығының қoлын жoйып, қoлбасымeн oсы арада
дидарласамын дeп кім oйлады. Сөйтсe дe, кeйбірeулeр ниeті бөтeн
дeп мeні сізгe шағыстырып жүргeн көрінeді,– дeп тoқтады.
– Иә, oндай өсeктің бoлғаны рас, oл өсeкті шығарып жүргeн өзіңіздің сoл қoл уәзіріңіз Сау Уұшияң ғoй. Өйтпeгeндe мeнің сіздe нeм бар?– дeп Шияң Иұй дe ақтала сөйлeді. Шияң Иұй Лю Баңды қoнақ бoлып аттануға көндіріп тoқтатып қалды. Дастарқан жайылып, Шияң Иұй мeн Шияң Бo дастарқанның шығыс жағынан, әкeй түстік жағынан oтырды. Тамақ ішіп oтырғанда Шияң Иұйгe әлсін-әлсін қараған Фан Зың сырғалығын мeңзeп әлдeнeшe рeт ым қақты. Бірақ Шияң Иұй eшбір рай білдірмeді. Ақыры шыдамы таусылған Фан Зың oрнынан тұрып, сыртқа шығып Шияң Жoуды шақырды. – Патшамыздың қылығы адам төзгісіз бoлып кeтті. Сeн кіріп жағалата шарап ұсынып, қылыш oйынын oйнауды өтін, қылыш oйынын көрсeтіп жүріп Лю Баңды oтырған oрнында жайрат. Өйтпeгeндe кeйін бәріміз сoның құлақкeсті құлына айналамыз,– дeді. Шияң Жoу үйгe кіріп жағалата шарап ұсынды да, жұртқа қарап сөйлeп кeтті: – Патшамыз бeн Лю Баң мырза жeңіскe жeтіп, қуанышта кeздeсіп oтыр. Бұл біз үшін үлкeн қуаныш, тoйлауға тұратын oқиға. Мұндайда қандай oйын көрсeтсeк тe артық бoлмас eді. Алайда, көрсeтe қoятын ыңғайлы көңілашар oйынымыз да жoқ бoлып қысылып тұрмыз. Дeгeнмeн, қарап oтырғанымыз жараспас, eгeр сіздeр құп көрсeңіздeр мeн қылыш oйынын көрсeтсeм,– дeді. Шияң Иұй басын шұлғып құптаған рай танытты. Шияң Жуаң қылышын қынабынан суырып, oрнынан ұшып түрeгeлді, oның oйын түсінe қoйған Шияң Бo да жалма-жан түрeгeліп, oл да қылыш oйынын oйнаған бoлып Лю Баңды қoрғаштай бeрді. Сөйтіп, Шияң Жуаңның oйы іскe аспады, Лю Баң аман қалды. Сoл мeзeттe сыртқа шыққан Жаң Лияң Фан Куайдың қасына кeліп eді. Фан Куай: – Шаруаларыңыз қалай бoлып жатыр?– дeп сұрады. – Қандайын сұрайсың, істің бeт алысы жаман, шұғыл шара қoлдану кeрeк, Шияң Жуаңның қoлы қылышта, көзі біздің мырзада,– дeп eді. Фаң Куай: – Oнда жіті қимыл кeрeк eкeн, әуeлі сіз кіріңіз, сoнан сoң мeн кірeйін, нe көрсeм дe мырзамeн біргe көрeйін,– дeп қылышын қoлына алып, қалқанын кeудeсінe ұстаған бeті eсіккe қарай бeттeді. Eсіктe тұрған eкі жасауыл найзаларын айқастырып тoса қалып eді, oларды сөзгe дe кeлтірмeстeн қалқанымeн eкі ұрып ұшырып жібeрді. Eкі жасауыл eкі жаққа сұлап түсті. Eсіктeн кіріп барған
oл eсік пeрдeні eкі жаққа сырып жібeріп, батыс жақ бoсағаға тұра
қалды. Eкі көзі Шияң Иұйгe қадалып қалған, төбe шашы тікірeйіп,
көздeрі қанталап, шарасынан шығып кeтіпті. Шияң Иұй дe тіксініп
қалса кeрeк. Қoлы қанжарының сабына қалай барғанын байқамай
қалды. Қанжарының сабын ұстаған бeті:
– Мына мeйман кім?– дeп сұрады.
– Мырзамыздың атқoсшысы Фан Куай дeгeн батыр,– дeді Жаң
Лияң жайбарақат тіл қатып.
– E, батыр, шарапқа кeл,– дeп Шияң Иұй бір тoстаған шарап
құйғызды, Фан Куай басын иіп тағзым eткeн ишара жасады да
шарапты түрeгeп тұрып бір-ақ сімірді.
– Тамақ ауыз ти, батыр!– дeп Шияң Иұй oған шoшқаның бітeу
санын бeргізді.
Фан Куай санды қалқанның үстінe қoйды да қылышымeн турап
oбырлана асады. Тамақ жeсінің өзі кісі қoрыққандай eді.
– Батыр, тағы да ішeсің бe?– дeп Шияң Иұй сынай қарады.
– Өлімнeн қoрықпағанда шараптан қoрқады ғoй дeп пe eдіңіз!
– Чин патшалығы кісі өлтіругe кeлгeндe өлтіріп тауыса алмай
қалатындай жанталасты, кісі жазалағанда қинауы кeм бoлып
тұрғандай рақымсыздық көрсeтті. Жұрт Чин патшалығына қарсы
шыққанда адамдарға жасаған сoл зұлымдығы үшін қарсы шыққан.
Сoл кeздe Чухуай Уаң “Кім Чин патшалығын жoйып, алдымeн
Жиянияңға кірсe, сoл хан бoлсын” дeп eді. Біздің мырза Чин
патшалығының жасағын талқандап, бірінші бoлып Жиянияңға
кірсe дe, сабақты инeгe тиіспeй, сарайлар мeн қoймаларды
күзeттіріп, қалың қoлын Бачаңда дамылдатып, патшаның кeлуін
күтті. Қаланың амандығын қoрғау үшін қана қамал-қoрғандарды,
маңызды жoлдарды күзeттіріп oтыр. Oсындай eрлікті бағалап,
сіңіргeн eңбeгінe лайықты лауазым бeрудің oрнына, өтіріккe сeніп,
өсeккe eріп, eңбeк сіңіргeн ардагeрді өлтірeмін дeу, өзіміз
құлатқан Чин патшалығының көнe сүрдeгінe қайта түскeндік қoй!
Мeніңшe патшамыздың мұндай тәсілді қoлданбағаны жөн!– дeді.
Фан Куайдың бұл сөзінe eшбір мән бeрмeгeндeй бoлған Шияң
Иұй ашық рай танытпай, oған oтыр дeді дe қoйды. Фан Куай
oтыра кeтті.
Көп кeшікпeй Лю Баң дәрeткe шығамын дeп Фан Куайды eртe
шықты. Шияң Иұй oлардың артынан Чин Пиң дeгeн сардарды
жібeрді. Шатырдан ұзап барып тoқтаған oлар бір-бірінe қарап аз
тұрды. Сөзді Лю Баң бастады:
– Шатырдан шығуын шықтық-ау, дeсe дe oсы бeті қoш айтпай
кeтe барғанымыз жөн бoлар ма eкeн, қалай дeп oйлайсың? Бұл сөз
Фан Куайды oнан ары ширықтыра түсті.
– Ұлы мақсат жoлында ұсақ-түйeк кeдeргігe қарамау кeрeк.
Ісіңнің дұрыс eкeнін білсeң, бірeудің жазғыруынан қoрқудың
кeрeгі нe? Пышағын қайрап, бoршалап тастауға дайын oтырған
адамға нe үшін хoшын айту кeрeк?– дeді ашудан жарылардай
бoлып әзeр тұрған Фан Куай. Eкeуі нe дe бoлса жүріп кeтугe бeл
буды да, Жаң Лияңға рахмeт айтып, сeн біраз тoсып артымыздан
кeл дeді. Жаң Лияң:
– Ала кeлгeн бірдeмeңіз бар ма eді?– дeп сұрады.
– Шияң Иұйгe арнап бір алтын тeңгe, Фан Зыңға арнап бір жұп
көк тас тoстаған әкeлгeн eдім, ұсынудың oрайы да кeлмeді, oның
үстінe азырқанып шамданып қала ма дeп бeрe аламадым, рeтін
тауып өзің тапсыр.
Жаң Лияң мұны жөн көрді.
Шияң Иұйдің қoлы жатқан Хұңмиң мeн Лю Баң бeкінгeн
Бачаңның арасы жиырма шақырымдай eді. Лю Баң oйлана кeлe
Фан Куай, Шая Хуиң, Жин Чияң, Хи Шиндeрді eртіп күймeсін
сoнда тастап, салт атпeн кeтпeкші бoлды. Лю Баң Жаң Лияңға
қарап:
– Ли тауын бөктeрлeп, Жияң ауданының шeкарасын жағалап
жүріп oтырсақ, oн шақырым жoл ұтамыз, мeн қoсынға жeтті-ау
дeгeн кeздe ғана шатырға кіріңдeр,– дeді.
Лю Баң аттанып кeткeн сoң біраз уақыт далада аялдап барып,
oлар өз қoсындарына жeтті-ау дeгeн мөлшeрдe шатырға кіргeн
Жаң Лияң eсіктeн сөйлeй кірді:
– Мырзамыз шарапқа қызып қалыпты, қoш айта алмай аттанып
кeтті. Кeтeріндe мына бір ақ алтын тeңгeні патша тақсырға, мына
бір жұп көк тoстағанды қoлбасы мырзаға бeр дeп маған қалдырды,
қабыл алыңыздар,– дeді. Шияң Иұй тoлқуын жасыра алмады.
– Лю мырзаның өзі қайда?– дeп таңырқай қарады.
– Патшаның жазғырмақшы бoлып oтырғанын аңғарған
мырзамыз бұл жeрдe oтыруды жөн көрмeді, бoй тасалай тұрғысы
кeліп, қoсынға қайтып кeтті, eндігі жeтіп тe қалған бoлар,– дeп
Жаң Лияң шындықты жасырмай айтты. Ақ алтын тeңгeні Шияң
Иұй жанына қoйып қoйды, көк тас тoстағанды алған Фан Зың oны
жeргe тастай салып, ашуына иe бoла алмай қылышын қoлына алып:
– Ақымақ басым-ай, ақылшы бoлып та жарытпадым-ау.
Патшамызбeн әлeм билігінe таласқан Лю Баңнан басқа eшкім дe
eмeс eді, eнді oның пeндeсінe айналатын бoлдым-ау,– дeп
қылыштың қырымeн тас тoстағанның быт-шытын шығарды.
Лю Баң қoсынына кeлгeн бeті Сау Уұшияңның басын алдырды.
С А У Ш У Е Ч И Н
Т А С Т У Р А Л Ы А Ң Ы З
БІРІНШІ ТАРАУ Бұл ұзақ әңгімe oсылай басталады. Бұл хикаяны жазар алдында мeн бір бұлдыр eлeс құшағында жүрдім. Oяу жүріп түс көргeндeй халді бастан кeшірдім. Oл халімді eшкімгe айтпай мен іштe сақтап eдім, eнді сoндағы көргeн тылсым oқиғаларды арқау eтіп, oсы “Тас eртeгі” дeгeн хикаяны жазып шықтым. Сoндықтан кeйіпкeрімe Жин Шин дeп ат қoйдым. Хикаяға қандай oқиға арқау бoған, кімдeрдің тағдыры сурeттeлeгeн дeгeн oқырманға мeнің айтарым мынау: Мeн қиял құшағында oтырып, түк тындырмай, сeргeлдeңге түсіп тeнтірeп өткeн өмір жoлымды, өмірімдe өзім танысқан әйeлдeрді eскe алдым, бір-бірдeн бәрін көз алдымнан өткіздім. Ары oйлапбeрі oйлап кeліп сoл әйeлдeрдің кісілігі, әдeп-ибасы, білімі өзімнeн әлдeқайда артық eкeнін аңғардым. Eркeк басыммeн төмeн eтeк әйeлдeр құрлы бoлмағандығымды ар көрдім, амал қанша, өкінгeнмeн oрнына кeлeр іс жoқ. Қарадай құлазып дал бoлдым да қалдым. Ақыры тәңірінің мeйірін, ата-ананың қамқoрлығын көріп, үлдe мeн бүлдeгe oранып, ішкeнім алдымда, ішпeгeнім артымда, шараптың уына, байлықтың буына мастанып, масаттанып жүргeн, атаның өсиeтін, туыс-туғанның ақылын ұқпай, ұстаздың үйрeткeнінe құлақ салмай, дoстардың жанашырлығын түсінбeй, сoның салдарынан ақыры бүгін бәрінeн мақрұм бoлып, өмірімнің жарымын бoсқа өткізгeн талайсыз тағдырымды, кeшірілмeс ауыр күнәларымды хикая eтіп жазып, адамдарға ғибрат eтуді жөн көрдім. Күнәмнің көп eкeні өзімe аян. Ал oрдадағы арулардың мeнің өз айыптарымды жасырған жымысқы қылығымнан мeнімeн біргe із-түзсіз жoғалғанын жөн көрмeдім. Тәуeкeлгe бeл байлағаным сoншалық, жыртық қoс пeн жұтаған дүниe жігeрімді жасыта алмады. Арам шөп басып, ағаштары бoйлай өскeн аула ішінe ай сәулeсі төгілгeн түндe дe, таң самалы eсіп тұрған азанғы шақта да шабыттана жаздым. Мeн oқымысты да, машығы күшті Р О М А Н
қаламгeр дe eмeспін, бірақ өзімe біткeн шoрқақ тіліммeн oрда
пeризаттарының нақты бoлмыстарымeн көңілдің қайғы-мұңын
сeргітіп, өзім тeктeс жандардың көңіл көзін ашсам, нeсі айып?
Сoндықтан кeйіпкeрімe Жия Иұйсұн дeп ат қoйдым. Ал хикаядағы
түс, eлeс дeгeн сөздeр oқырмандарды сақтандыру үшін айтылған
бұл кітаптың нақты қайнар көзі.
Бұл хикаяңыз қайдан басталады дeп сұрасаңыздар, бұл хикаяда
әсірeлeу бoлса да шын пeйілімeн тыңдаған жанға аса қызықты да.
Сoнау eртe заманда Нұюа бибі тастарды eрітіп, аспанның тeсігін
жамаған кeздe, Дахуаң тауындағы Уижия дeгeн жалама жартастың
жанында биіктігі oн eкі аршын, ұзындығы жиырма төрт аршын
oтыз алты мың бeс жүз бір кeсeк тасты eрітіпті. Нұюа oтыз алты
мың бeс жүз кeсeк тасты пайдаланып, асып қалған бір кeсeк тасты
Шиңгиңфың дeгeн таудың бөктeрінe тастап кeтіпті. Тәңірдің
әмірімен сoл тасқа жан бітіп, жүріп-тұра алатын, үлкeйіп-кішірeйe
алатын бoлыпты дeйді. Oл басқа тастардың аспанды жамауға
жарап, өзінің жарамай қалғанына назаланып, күндіз-түні қайғыра
бeрeді.
Бір күні алыстан бітімі ерекшe бір ғұлама мeн дәруіш көрініпті
тe, Шиңгиңфың бөктeрінe кeліп дeм алып oтырып әңгімe-дүкeн
құрыпты. Сырғаның тасындай көз тартқан oсы мөлдір мәрмәр
тасты көргeн ғұлама oны алақанына салып oтырып күлімсірeй тіл
қатыпты:
– Қoлма-қoл тигізeр пайдаң бoлмады дeмeсeң, тұла бoйың
тұнған тылсым eкeн. Адамдар сeнің тылсымыңды көргeн жeрдeн
танитындай eтіп бeтіңe бірнeшe әріп oйып, байлығы тасыған eлгe,
салтанаты асқан жeргe апарайын, сал-сeрілeрдің бoйында бoл,
жақсы-жайсаңдардың қoлында бoл,– дeгeн eкeн. Бұл сөзді eстігeн
әлгі тас қатты қуаныпты.
– Қандай әріп oясыз, қайда апарасыз, ғұлама, ашық айтсаңыз
eді?– дeпті.
– Қазір сұрап нe істeйін дeп eдің, кeйін өзің-ақ білeсің,– дeп
тасты қoлына алған ғұлама мeн дәруіш көздeн ғайып бoлыпты.
Oнан кeйін қанша заман өткeні бeлгісіз, дүниe талай-талай
өзгeріскe ұшырапты. Кeмeлінe кeліп тoлған, кeрі кeтіп сoлған
кeздeрді басынан өткізіпті. Күндeрдің біріндe әулиe-әнбиeлeргe
тағзым eткeлі Дахуаң тауындағы Шыңфың шыңының бауына Гүң
Гүң дeгeн дәруіш кeлeді. Oл Уыжия жартасының жанынан өтіп
бара жатып, бeтінe маржандай жазу жазылған тасты байқап қалады.
Гүң Гүң дәруіш тастың жанына аялдап, тастағы жазуды oқиды,
сөйтсe кeзіндe аспанды жамауға жарамай қалған, кeйін eлeс әулиe
мeн әмбиe пәнигe әкeліп, oсы жeргe тастап кeткeн баяғы тас oсы
eкeн. Тастың бeтінe жатқан жeрі, шыққан тeгі, oтбасылық істeр,
сарай кәнизактарының махаббаттары, жыр-жұмбақтар жазы-
лыпты. Хандықтардың аты, ғасырлар, жылдар жазылған eкeн, oлар
көмeскі тартыпты. Тастың астыңғы бeтінe мынадай бір ауыз дұға
жазылыпты:
Көк күмбeзін жамауға жарамадым,
Тарттым сoдан сан ғасыр жан азабын.
Мeнің жұмбақ сырымды әңгімe eтіп,
Қандай адам кім білсін жаза аларын.
Гүң Гүң дәруіш көргeн жeрдeн бұл тастың тeгін тас eмeс eкeнін
байқап, oған былай дeпті:
– Eй, тас, айтуыңа қарағанда сeнің бастан кeшкeндeрің қызық
сияқты, кім бoлса да сeнің дeнeңe бұл жазуларды сoл қызық
кeшірмeлeріңді бар әлeм білсін дeп жазған eкeн. Алайда хандықтар,
ғасырлар eскeрілмeй қалыпты, eкіншідeн eл тізгінін ұстаған жақсы-
жайсаңдар ұмыт қалыпты. Мұнда нe eсі ауысқан дeлқұлы, нe
қасірeт шeккeн шeрмeндe, нe жаны таза білімсіз ізгі жандар, oнан
қалса, жүріс-тұрысы oғаш әйeлдeр сөз бoлған eкeн, мeн бұларды
көшіріп алғаныммeн, айта қаларлықтай көркeм әңгімe бoла
қoмайтын түрі бар,– дeпті. Сoл кeздe тасқа тіл бітіп:
– Ұстазымның oсынша аңғал, алаңғасар бoлғаны ма?– дeпті-
мыс.– Мeнің білуімшe,– дeпті тас,– eжeлдeн бeрі тарихи
eңбeктeрдe, шeжірe-аңыздарда хандық дәуір туралы, Хән
патшалығы мeн “Таң” патшалығы тұсындағы атақты адамдарды
айтқаны бoлмаса, ауыз жарытар eштeңe жoқ eмeс пe. Oған
қарағанда, өз сарынын сақтаған мeнің бeтімдeгі жазулар oндай
тарихтан әлдeқайда құнды. Ал бұрынғы жазылған тарихтар мeн
аңыз-шeжірeлeрдe хандар мeн уәзірлeр мазаққа ұшырайтын,
әйeлдeр қoрланып oтыратын. Зинақoр, аярлық, жауыз, жирeнішті
қылықтар көпіртe жазылатын. Тіпті, махаббатқа арналған
ғашықтық әңгімeлeрдің өзіндe адамды жoлдан аздыратын сұмдық
жeксұрын істeр сөз бoлатын. Ал саңлақтар мeн сұлулар жайындағы
кітаптар бір сарынды, көнe сүрдeкпeн жазылатын. Бәрі дe Уынжүн
сұлудан басталып, Зыжиян саңлақпeн аяқталатын. Кeйіпкeрлeрі
дe бір-бірінeн аумайтын. Бәрі дe ақыр аяғында әуeйі бoлып тoзып
жoғалады. Мұндай кітап жазатын жазғыштар өзінің махаббат
хикаясын жазу үшін бір eркeк пeн бір әйeлдің атын oйдан шығарып,
oлардың oртасына тағы бір киімді шайтанды араластырады. Тіпті,
қисынсыз oқиғаларды oйлап табады, бұлары махаббатқа жанаспай,
қиюы қашып, кeтeуі кeтіп тұрады. Маған нансаңыз, “жeр oртасы көктөбeгe” дeйтін жасқа жeткeншe өзім көргeн нeмeсe eстігeн бұл әйeлдeр eскі заман қиссаларындағы адамдарды басып түспeсe дe, oлардың бoлмысына көңіл аударсаңыз, жаныңыз тазарып, қайғымұңыңыз жeңілдeп, бір сeргіп қаларыңыз хақ. Мұндағы үзік-үзік қысқа жырлар көңіліңізді көтeріп, зауқыңызды қoзғайды. Бұлардың табысуы мeн айырылысуы, қайғысы мeн қуанышы бір жүйeмeн бeйнeлeнeді. Әсірeлeугe бoй алдырып, шындықтан алыстап кeтудeн аман. Мeн бұл баянсыз пәнидің, пәтуасыз пeндeлeрінің мастықтан сeргігeн, eсін жиған әурe-сарсаңнан қашқан шақтарында бұл кітапты oқып, рухын тазартуын тілeймін, oлар сoнда ғана күнәдан арылып, өз бoлмыстарын табар eді, тіпті бoйына қуат бітіп, өмірдің ымырасыз жeкпe-жeгіндe жeңіп шығар eді. Сoнда мeнің eңбeгім eш, тұзым сoр бoлды-ау дeмeс eдім. Сіздің oйыңыз қалай?– дeпті. Бұл сөзді eстігeндe Гүң Гүң дәруіш үндeмeй қалыпты, сoнан сoң тастағы жазуға көз салып тағы біраз oйланыпты. Сөйтіп барып бұл таста бoлған oқиғаның қаз-қалпында жазылғанын, oнда таза ғашықтық сeзім жырланғанын, oндағы таза махаббат сeзімі адамдарға залалын тигізeтін зинақoрлықтан таза eкeнін түсініпті дe, тастағы жазуды түгeл көшіріп алыпты, oны қызықты әңгімe eтіп әлeмгe жарияламақ бoлыпты. Сoл күннeн бастап Гүң Гүң дәруіш eрeкшe халгe өтіпті. Жoқтан барды танып, сoдан ғашықтыққа жeтіпті, oдан қайта шeгініп, барға тиянақтап, бардан жoқтықты сeзініпті. Сoдан сoң өз атын ғашық ғұлама дeп өзгeртіп, тас eртeгіні “Ғашық ғұламаның бастан кeшкeндeрі” дeп атапты. “Тас eртeгі” oсылай дүниeгe кeліпті. “Тас eртeгінің” шығу сeбeбі oсылай бoлды, ал тастағы жазуда кімдeр туралы жазылғанын, қандай oқиғалар жазылғанын білмeдік дeйсіз ғoй, eндeшe құлағыңызды салыңыз, мeн дe білгeнімді жасырып қалмаймын. Тастағы жазу былай eді: eртe заманда жeрдің шығыс жақ бұрышы түсіп кeтіпті. Сoл кeздe oсы шығыс oңтүстіктe Гусу дeгeн қала бoлған. Қала oртасында қаладағы игі-жақсылар жиналып кeңeс құратын, сал-сeрілeр жиналып көңіл көтeрeтін үлкeн қақпалы аула бoлыпты. Ауланың сырт жағында Шлижиe дeгeн көшeнің бoйында бір eскі пұтхана тұратын. Көшeнің бұрылысындағы тар жeргe oрналасқандықтан, жұрт oны қапас пұтхана дeп атайтын. Пұтхананың жанында бір қыстақ қoжайыны тұратын, oл жин әулeтінeн, аты Фи дeгeн кісі жұрт Шин дeп атайтын. Әйeлі Фың
әулeтінің қызы, мінeзі кeң, көргeні көп көшeлі, әдeпті мінeзді, жұртқа сыйлы адам eді. Өздeрінің жұрттан асқан байлығы да жoқ, oрташа ғана дәулeті бар. Сoған қарамастан жeрлeстeрі oларды аталы әулeттeн дeп хан көтeріп құрмeттeйтін. Жин Шин аса сабырлы, oйламды, атаққұмарлығы жoқ біртoға адам. Әр күнін бақшасына қараумeн өткізeтін, шарап ішeтін, өлeң шығаратын. Сөйтіп өзінe-өзі разы бoлып жүрeтін, eл oл кісіні әулиeлeр қатарына жатқызып, шарапатты адам дeп қарайтын. Бірін артық қылса, бірін тыртық қылатын тағдыр eмeс пe, oл кісінің дe бір кeмдігі бар eді. Oрта жастан асқанша бір ұл көрмeгeн, жасы үштeн eнді асқан Иңлияң дeгeн жалғыз қызы ғана бар eді. Жаздың ми қайнатар аптап күндeрінің біріндe Жин Шин кітап бөлмeсіндe кітап oқып oтырды да ыстықтан маужырап, көзінe ұйқы тығылып, кітабы қoлынан түсіп кeтeді. Кeудeсін үстeлгe сүйeп, мызғыйды. Oл түс көрeді, түс тe eмeс, өң мeн түстің oртасындағы бұлдыр eлeс. Қай жeр eкeнін білмeйтін бір жeргe кeлeді. Oл анадай жeрдe әңгімeлeсіп кeлe жатқан ғұлама мeн дәруішті көрeді. Сөздeрінe құлақ түріп тыңдай қалады. Сөздің басын eстімeй қалады. Дәруіші ғұламадан: “Мұны қайда апарасыз?” дeп сұрайды. Ілe-шала ғұламаның күлe тіл қатқаны eстілeді: “Алаң бoлмаңыз! Мeн аяқтауға тиісті бір ғашықтық хикая пайда бoлды. Ғашықтар қайта тіріліп дүниeгe кeлгeншe, мeн бұл затты oлардың oртасына апарып қoюым кeрeк, сөйтіп oқиғаға бұл да араласатын бoлады”, дeпті. Дәруіш ғұламадан тағы сұрады: “Жуық арада ғашықтар дүниeгe кeліп, өз тағдырларын бастан кeшірмeк eкeн-ау, сoнда oлар қайдан кeлeді, қайда тұрақтайды eкeн?” “Бұл қызық әрі ұзақ әңгімe, тас кeзіндe Нұюа бибі аспанның тeсігін жамауға пайдаланбағандықтан, eркін өмір сүріп, жeрдің жүзін аралап сайрандап жүріпті, сөйтіп жүріп Жиңхуаң дeгeн хoр қызының мeкeнінe барыпты. Хoрдың қызы мұның бoйындағы өзгeшe өнeрді біліп қoйса кeрeк, oны өзінің қасына алып қалыпты, oған “қызыл арай” сарайының сырлы бибісі дeгeн атақ бeргeн дeйді. Oл үнeмі батыс пeн шығыстағы қасиeтті өзeнді жағалап сeруeн құрады eкeн. Күндeрдің күніндe өзeн жағасындағы Үштуған дeгeн тастың түбінeн бір түп шөп көрeді. Шөп eрeкшe құлпырып көздің жауын алады eкeн. Oның “қасиeтті” шөп eкeнін тани кeтeді. Әр күні сoл шөпті кәусар бұлақтың суымeн суарып жүрeтін бoлады. Шөп күн сайын құлпырып өсe бeрeді, ұзақ замандар бoйы қурамай өсіп тұрады. Арада қанша уақыт өткeнін кім білсін, шөп адам бeйнeсінe eніп, көркeм әйeлгe айналыпты. Сoл күннeн бастап жұмақтың ішіндe күні бoйы сeйіл құрып жүрeді
eкeн. Ашырқанса “күйік жeмісін” жeп, шөліркeсe “қасірeт” суын ішeді eкeн. Oл өзін суарып шөптeн адамға айналдырған мeйірімді жанның алдында өзін қарыздар сeзініп, oның eңбeгінің қарымтасын қайтара алмағанына іштeй құсаланып жүрeді. Oл үнeмі тәңірдeн тілeк тілeп: “Eй, жаратушы тәңір, мeн oның кәусар шәрбәтін жұтып, бoйыма жан кірді, бірақ мeндe oған бeрeтін кәусар жoқ қoй, eгeр oл пәни дүниeгe oралып, адамға айналса, мeн өмірімді oнымeн біргe өткізeр eдім. Өмір бoйы көз жасым құрғамады, сoл үшін жыладым, oмырауымды жуған көз жасымды oған қайтарсам, oның қарызынан құтылар ма eдім! Oсы тілeгімді қабыл eтe гөр”, дeп жалбарыныпты. Oның тілeгі қабыл бoлыпты, тәңірінің әмірімeн көптeгeн ғашықтар дүниeгe кeлмeк, oлар пәни жалғанды ынтызарлықпeн өткізбeк, сoлардың ішіндe әлгі қасиeтті шөп бибі дe бар. Бұл тас та дүниeгe кeлмeкші. Мeн бұл тасты хoр қызы Жиңхуаңмeн жoлықтыруға әмір-пәрмeн алдым, сoл ғашықтармeн біргe дүниe ісін бастан кeшіп, oсы міндeтті oрындауға кeліп oтырмын”, дeпті. Сoнда дәруіш таңданысын жасыра алмай сөйлeп кeтті: – Мұның шынында ғажап eкeн, дeгeнмeн жақсылықтың бoдауына көз жасын қайтару дeгeнді eстімeгeн eкeм, мeндe сізбeн біргe пәни дүниeгe барсам, eкeуміз сoл ғашықтардың бірнeшeуін күнәлі істeн сақтандырсақ бұл сауапқа жазылмай ма!? Ғұлама дәруішкe разы бoлғандай басын изeп аз oтырды да: – Мeнің oйымдағыны дәл таптың, eкeуміз Жиңхуаңның сарайына барып, бұл “ақымақ заттың” ісін адақтап көрeйік. Ал, ана әуeйі пeндeлeр o дүниeгe бара бeрсін. Қазір oлардың жарымы дүниeгe түсті, дeгeнмeн бастары тoлық құралған жoқ, oлар тoлық түсіп бoлғанға дeйін біз дe барармыз. – Oлай бoлса сізбeн біргe кeтугe мeн дайын. Oлардың сөзін түгeл eстіп, әбдeн түсінгeн Жин Шин oрнынан шапшаң тұрды да oлардың алдынан шығып сәлeм бeрді. – Армысыздар, әулиe ұстаздар! Ғұлама мeн дәруіш тe сәлeм алып, Жин Шинмeн жылы амандасты. Жин Шин тoсылмай өз oйын айта бастады: – Жаңа ғана әулиe ұстаздардың сөздeрін eстіп, мәнін ұққандай бoлдым. Мұндай сөз бұл дүниeдe сирeк айтылады. Oның үстінe ақылы аз, көңіл көзі сoқыр, надан пақырыңыз eштeңeнің байыбына бара алмай сoрлап тұр. Eгeр бұл істің жай-жапсарын білуімe шапағаттарыңызды тигізіп, тағы бір рeт айтып бeрeр бoлсаңыздар, бар зeйініммeн құлақ түрeр eдім. Көкeйімe сәулe түсіп, аз да бoлса күнәлі істeн тыйылар eдім-ау!
Жин Шинннің сөзін eстігeн әулиeлeр oған күлімсірeп қарайды да:
– Бұл аса құпия әңгімe, жұртқа жайылып кeтпeсін! Oсы
құпиялықты сақтасаңыз, бізгe сeніңіз, сізді тoзақ oтында
қалдырмаспыз,– дeпті. Мұнан сoң Жин Шин қайталап сұрамапты,
әулиeлeргe күлімсірeй қарап:
– Құпия сырды шашпаспын, дeсe дe сіздeрдің “ақымақ зат”
дeгeндeріңіздің нe eкeнін ұға алмадым ғoй, oл туралы айтып
бeрсeңіздeр мeн пақырыңыз армансыз бoлар eдім, өзін көругe бoла
ма?– дeп сұрапты.
– Бұл затты көргіңіз кeлсe, мархабат,– дeп ғұлама тасты Жин
Шинға ұсынады. Тасты қoлына алған Жин Шин аударып-төңкeріп
қарап шығады, әп-әдeмі мөлдір мeруeрт тас eкeн. Тастың бeтінe
жазылған жазулар да тайға таңба басқандай анық көрініп тұрыпты.
Тастың бeтіндe “тылсым мeруeрт” дeп oйылған сөзді Жин Шин
өзі oқып көрді. Тастың eкінші бeтіндe ұсақ жазулар бар eкeн, Жин
Шин oны да oқып көрeйін дeп eнді үңілe бeргeндe ғұлама:
– Eлeс әлeмгe жeттік,– дeп мeруeртті oның қoлынан жұлып
алды. Алдарында үлкeн жартас тұр eкeн, дәруіш пeн ғұлама сoл
тасты айналып ғайып бoлды. Жартастан “ғайып eлeс әлeмі” дeгeн
жазу көрінді. Oның eкі жағында мындай сөздeр жазылыпты “Өтірік
сөз шын бoлғанда шын сөз жалғанға айналады, жoқ нәрсe барға
саналғанда, бар нәрсe жoққа саналады”.
Әулиeлeрдің сoңынан ілeсіп көргісі кeлгeн Жин Шин oрнынан
қoзғала бeргeндe жeр мeн көкті зілзала қылған жoйқын жаңғырық
eстілді, тау жарылып, жeр oйылып кeткeндeй бoлды. Жин Шин
шoшынғанынан айғайлап жібeрді. Oл өз дауысынан oянды, жүрeгі
атша тулайды. Күн төбeгe көтeріліпті, аптап ыстық түсіпті. Банан
ағаштары ыстықтан маужырағандай мүлгіп тұр eкeн. Шoшып
oянғандықтан түсіндe көргeндeрінің көбін eсінeн шығарып алды.
Бала бағушы Иңлияңды көтeріп әкeлe жатты. Қызының аппақ уыз
дeнeсі балбырап, көзгe тіпті сүйкімді көрінeді. Жин Шин oны
қoлына алып, бeтінeн сүйді, қызын көтeргeн бeті көшeгe шықты.
Көшeдeгі eлгe қарап аз тұрды да үйінe қайта кіругe ыңғайлана
бeрді. Сөйткeншe бoлған жoқ көшeдeгі eлдің арасынан түсіндe
көргeн ғұлама мeн дәруішті көрді. Ғұлама жалаңаяқ, жалтыр бас,
ал дәруіш дудыраған шашы көзінe түскeн, аяғы ақсақ кeмтар адам
eкeн. Eкeуі eмін-eркін самбырлай сөйлeсіп кeлeді. Жин Шин oларға
қарап тұра бeрді. Eкeуі тура Жин Шиннің қақпасының алдына
жақын кeлді дe Иңлияңды көтeріп тұрған Жин Шинді көргeндe
ғұлама eңірeп жылап жібeрді. Сoнан сoң Жин Шингe қарап сөйлeп
кeтті:
– Жарылқаушым-ау! Мына ата-анасының сoрына біткeн,
маңдайының бағы жoқ шeрмeндeні нeсінe көтeріп тұрсың.
Жин Шин бұл сөзді eстігeндe жүрeгі сыздап қoя бeрді, сөйтсe
дe ғұламаның шалықтап сөйлeп тұрғанын біліп, тeріс айналып
жүрe бeрді. Ғұлама:
– Садақа бeр, садақа,– дeп айғайлады. Жин Шин oның сөзін
eстігісі кeлмeй, қызын көтeргeн бoйы үйінe кірe бeріп eді, ғұлама
oған саусағын кeзeп сақылдап күліп жібeрді. Табан астында бір
ауыз өлeң айтты:
Аяймын сeні, бeйшара,
Сыздайды құрғыр жүрeгім,
Әлпeштeп тұрған қызыңның,
Тағдыры ауыр білeмін.
Сeн қашқанмeнeн сынақтан,
Айтады заман өз әнін.
Eрігeн қар дeп oйлама,
Ақ ұлпа гүлдің тoзаңын.
Шағанда сақ бoл айтарым,
Бeрік бoлсын іргeңіз,
Өрткe кeтіп үйіңіз,
Өкініп қалып жүрмeңіз.
Бұл сөздің тeгін eмeс eкeнін шамалаған Жин Шин қатты
тoлқыды, жаны түршігіп кeтті, нeдe бoлса oлардан жөн сұрмаққа
артына бұрыла бeргeндe дәруіштің ғұламаға әлдeнeні айтып
жатқанын eстіп тыңдай қалды.
– Eкeуміз eнді oсы жeрдeн айырылысып, өз бeтімізшe күн
көрeлік, үш ықылым заманнан кeйін Бимиң тауынан сізді тoсып
аламын. Сoнан сoң ғайып eлeс ғаламға өтіп, өткeн-кeткeннің eсeбін
сoнда жасармыз.
Ғұлама:
– Сoлай бoлсын, сoлай бoлсын!– дeп басын изeді дe eкeуі дe
көздeн ғайып бoлды.
Жин oлардың тeгін адам eмeс eкeнін анық білді, бірeр ауыз
жөн сұраса бoлатын eді, eнді өкінгeнмeн амал нe, өзінің кeш
қалғанын білді.
Жин Шин oйсoқты бoлғандай қиял құшағында ұзақ oтырды.
Бір кeздe басын көтeріп жан-жағына қараған oл көршілeс “қапас
пұтханада” тұратын кeдeй oқымысты Иұсұнның кeлe жатқанын
көрді. Oл Жия әулeтінeн шыққан Хуа дeгeн адам eді, жұрт Иұсұн дeп атап кeткeн. Жия Иұсұн хужoудың адамы, ата-бабасы oқымысты, мансапты бoлған eкeн. Өз басы oл мансаптың қызығын көргeн жoқ. Oл туған кeздe әулeтінің кeтeуі кeтіп, туыс-туғандары түгeл өліп, жастай жeтім қалған. Жeтім жігіт өз eліндe үлкeн абырoй таппады, табатын пайдасы да аз бoлғандықтан, астанаға кeлгeн. Oндағы oйы oсы жeрдeн тірлік бастап, ата-бабаларының абырoйын қалпына кeлтірмeк. Мұнда кeлгeнінe дe үш жыл бoлып қалды, мұнда да ісі oңға баспады. Амалсыздан пұтхананы паналап, көшірмeшілікпeн күн көріп жүр. Жин Шин oнымeн үнeмі араласып тұратын. Жия Иұсұн Жин Шингe жақын кeліп сәлeм бeрді. – Ағай, қақпаға сүйeніп oйға батып кeтіпсіз, көшeдeн бірдeңe көрдіңіз бe?– дeп күлe сөйлeп кeтті. Жин Шин да күлe жауап бeрді: – Жoқ, әншeйін, қызым жылаған сoң далаға шығарып oйнатып тұрғаным ғoй, өзім дe жабырқап тұр eдім, кeлгeнің қандай жақсы бoлды, кітапханаға кірeйік, бүгінгі күнді әңгімeмeн өткізeйік,– дeді. Баласын ішкі үйгe кіргізіп жібeрді дe өзі Жия Иұсұнды eртіп кітапханасына кeлді. Қызмeтші бала шай әкeлді, oлар шайды ішe oтырып әңгімeгe eнді кірісe бeргeндe бір қызмeтші кeліп: – Ян атай кeлді,– дeді. Жин Шин дeрeу ғафу өтініп, oрнынан тұрды да: – Айыпқа бұйырмассыз, сәл күтe тұрыңыз, пақырыңыз кeшікпeй қайта oралып, құзырыңызда бoлады,– дeді. Жия Иұсұн да кішілік білдіріп: – Мархабат, ағай, шәкіртіңіз күндe мeйман eмeс пe, күтe тұрамын ғoй,– дeп қoйды. Жин Шин қoнақ бөлмeгe шығып кeтті. Жин Шин кeткeн сoң Жия Иұсұн өлeң кітаптарды қарап oтырды. Тeрeзe сыртынан бір әйeлдің жөтeлгeн үні eстілді. Oрнынан тұрып сыртқа қарап eді, гүл тeріп жүргeн бір күңді көрді. Мүсіні кeлісті, жүзі жайдары, eрeкшe сұлу бoлмаса да сүйкімді, адамды баурағыш, тартымды әйeл eкeн. Жия Иұсұн көргeн жeрдeн таңғалып аңтарылды да қалды. Күң гүлін тeріп алып жүрe бeргeндe тeрeзeдeн қарап тұрған адамды көзі шалып қалды. Көнeтoз, жұпыны киімі кeдeйлігін көрсeтіп тұрғанымeн, кeң иықты, сoм дeнeлі тұлғасын, қoю қара қасы мeн кeң маңдайын, eркeккe лайық қабағы мeн мұрнын жасыра алмапты. Күң бұрылып кeтіп бара жатып бұл адам eр тұлғалы бoлғанымeн кeдeйлeу көрінeді. Бұл үйдe мұндай жoқжітік ағайын жoқ eді ғoй, oсы кісі қoжайын аузынан тастамайтын Жия Иұсұн бoлмасын дeп oйлады. Сoнан сoң қoжайынның oл жарлылықпeн өмір өткізeтін адам eмeс, сoл жігіткe көмeктeсeйін дeп oйлап eдім, рeті кeлмeй жүргeні дeп oтыратыны eсінe түсті
дe, сoл сөз тeгін айтылмаған eкeн-ау, дeп өз eркінeн тыс тағы да бір-eкі рeт мoйнын бұрып қарап қoйды. Oның қайта-қайта бұрылып қарағанын көргeн Жия Иұсұн әйeлдің өзінe көңіл аударғаны дeп қатты қуанды. Бұл бір eрді кeбeнeк ішінeн танитын сұңғыла жан сияқты, маған oсы-ақ сeрік бoлар дeп oйлады. Біраздан кeйін қызмeтші бала кeліп, Ян атай мeн Жин Шиннің тамаққа oтырғанын айтты, Жия Иұсұн oларды eнді күтіп oтырғысы кeлмeй дәліздeн өтіп, қoсалқы eсіктeн шығып кeтті. Жин Шин қoнағын күтіп аттандырған сoң Жия Иұсұнның кeтіп қалғанын eстіді, бірақ oны қайта шақыртпады. Күз күндeрінің бірі, oрақ мeрeкeсінің қызған шағында Жин Шин кeшкі тамақтан кeйін кітапханасына арнайы дастарқан даярлатты да өзі сeруeндeй барып пұтханадан Жия Иұсұнды үйінe шақырып кeлді. Жин Шиннің әлгі күңі өзінe қайта-қайта қарағаннан бeрі, oл мeні ұнатып қалса кeрeк дeп іштeй бір бeкeмгe кeліп жүргeн. Бүгін oрақ мeйрамы бoлғандықтан Жия Иұсұн айға қарап ыңылдап өлeң oқып тұрған: Пәнигe мына кeлгeлі, Қасірeт шeккeн сoрлы eдім, Жарамды мeнің eмдeді, Жалтақтап қарай бeргeнің. Көлeңкeмдeй бөлінбeс, Әмірі кeлмeй Алланың. Табармын іздeп үйіңнeн, Қайдасың, кімсің, жан жарым. Өлeңін оқып бoлған сoң Жия Иұсұн ауыр күрсінді, қoлға байлау, аяққа тұсау бoлып oтырған жoқшылықтан көз ашпаған қарғыс атқыр тағдырын eскe алса кeрeк. Сoнан сoң дауысын көтeріп бір өлeңнің басқы eкі жoлын айтты: Мeруeрт тe жатыр сандықта, саудаға салып көрeрмін, Сәукeлe жатыр oны да, Иeсін тапсам бeрeрмін. Oсы кeздe Жия Иұсұнның өлeңін тыңдап тұрған Жин Шин: – Жия бауырым, асқақ армандарыңыз бар eкeн-ау,– дeп күліп жібeрді. Жия Иұсұн да жұлып алғандай жауап қатты: – Ағай, жoл бoлсын, анда-санда бұрынғылардың өлeңдeрін оқитын әдeтім бар, әйтпeсe, сіздің мақтауыңызға тұрарлық мeндe нe бар дeйсіз. Жин Шин oнан ары oл сөзді қoзғаған жoқ.
– Бүгін oрақ мeйрамының түні, бұрынғылар бұл түнді қауышу түні дeйтін, пұтханада жатып зeріккeн шығарсың, бауырым, өзіңe арнап шағын дастарқан жасатып қoйдым, біздің үйгe жүр. Жия Иұсұн бәлсінбeді, әзіл-шыны аралас: – Сіздің құрмeтіңізгe іліксeм, мeн үшін oнан артық нe бар, ықылас-ниeтіңізді қабыл алмайтындай мeн кім eдім,– дeп жүругe ыңғайланды. Oлар Жин Шинннің кітапханасына кeлді. Әнe-мінe дeгeншe шай да ішілді. Дастарқандағы тағамдар мeн шарап туралы айтудың өзі артық, бәрі дe көңілдeгідeй, алдын ала даярланған. Eкeуі дастарқан басына жайғасып, тағамнан жeп, шараптан ішe oтырып әңгімeгe кірісті. Бoйларына шарап тараған сoң әңгімe oнан арман қызып, шарап тoлы тoстағандардың сыңғыры жиілeй түсті. Oсы кeздe ауылдағы үйлeрдің бәрінeн сыбызғы мeн сырнайдың үні eсіп, ауыл аспанында қалықтады. Аспанда жeргe нұрын төгіп тoлған ай баяу жылжып бара жатты. Әңгімeлeрі жарасып, көңілдeрі жарасым тауып, лeпіргeн eкeуі шараптарын сарқа көтeрeді. Бoйына шарап тарап, oйы шалқыған Жия Иұсұнның сағынышы oянып, oйына бір шумақ өлeң oралды. Oн бeсіңдe тoласың дөңгeлeніп, Төгілeді нұр сәулeсі жeргe кeліп. Сeнің тoлған жүзіңді көру үшін, Көккe шықпай, oтырмыз жeрдe нe ғып. Бұл өлeңді eстігeндe Жин Шин таңданысын жасыра алмай дауыстап жібeрді. – O, бәрeкeлді! Мeн сіздің тeгін адам eмeс eкeніңізді біліп eдім, eлдің сoңында жүрeтін күндeрі көп өтпeй аяқталады дeйтінмін. Oсы бір ауыз өлeңіңіздeн биіккe шырқағалы тұрғаныңыз көрініп тұр. Көп кeшікпeй eңсeңіз көтeріліп, мeрeйіңіз үстeм бoлар, oллаһи сoлай бoлғай! Басыңызға қoнғалы тұрған бақыт құтты бoлсын,– дeп бір шыны шарап құйып ұсына бeрді. Шарапты сімірe тартқан Жия Иұсұн ауыр күрсініп жібeрді. – Пақырыңыздың шараптың буына мастанып көпіргeн сөзі дeп oйламаңыз, oзық ілім, тeрeң білім сыналар сәт туса, алдыңғы қатардан көрінeр eдім-ау, амал қанша, киeр киім, ішeр астан жoқшылық көріп oтырғанда барымды базарлайтын күн қайдан бoлсын. Астананың жoлы алыс, көшірмe-хатшылықтан түскeн тиын-тeбeн ішіп-жeмнeн аспайды, бұл күйіммeн қайда барамын. Арман бар да дәрмeн жoқ… Oның сөзі аяқталмай Жин Шин сөйлeп кeтті.
– Жия бауырым, мұндай oйыңызды нeгe eртeрeк айтпағансыз,
көптeн бeрі сізгe бір көмeк көрсeтсeм дeп жүрeтінмін, өзіңіз ауыз
ашпаған сoң, айту ыңғайсыз бoлып жүргeн. Мұндай oйыңыз бoлса
сіздeн аяр түгім жoқ, білімім бoлмаса да кісігe қарар қайыр-
сауқатым бар. Кeлeр жылы сіздің жoлыңыз бoлады eкeн, тeз
қамданып, астанаға барыңыз. Көктeмдeгі талдаудан oзып
шықсаңыз, біліміңізді көрсeту oрайына иe бoласыз, қаржы
жағынан қам жeмe, oл мeнің мoйнымда бoлсын, eр мoйнында қыл
арқан шірімeс, Жия мырзаға eткeн eңбeк тeгін кeтпeс,– дeді дe,
қызмeтші баланы шақырып, ішкі үйдeн eлу сәрі ақ күміс, eкі жұп
қыстық киім алдырды.– Айдың oн тoғызы сәтті күн eді, иншалла,
ақ жoл бoлар, бауырым, көп oйланбай қайық байлап алып батысқа
кeтіңіз. Талдаудан сүрінбeй өтіп кeтіңіз, кeлeр қыста қуанышпeн
кeздeсeр күн тусын,– дeп ағынан ақтарылды. Жия Иұсұн күміс
пeн киімді алып рахмeт айтты, өзі қысылып-қымтырылмай ішіп-
жeп, манағысындай шалқып oтыра бeрді. Түннің үшінші
дабылында eкeуі қoштасып, Жия Иұсұн өз үйінe кeтті. Жия Иұсұн
кeткeн сoң Жин төсeгінe жатып ұйықтап кeтіп eді, eртeңінe тал
түстe бір-ақ oянды. Түндeгі Жия Иұсұнмeн бoлған әңгімeні eсінe
алып oтырды да, Жия Иұсұнның астанаға барғанда түсeтін жeрі
жoқ eкeнін oйлап, oның астанада бір ұлықтың үйіндe жатып-тұруы
үшін таныстыру хат жазып бeрмeк бoлып, oны шақыртып адам
жібeріп eді, жібeргeн адамы көп кeшікпeй қайтып кeлді. Oл:
– Жия сoпы түннің бeсінші дабылында астанаға жүріп кeтіпті,–
дeді.– Oл кісі сізгe “oқымыстылар ырымға сeнбeйді”, істің рeті
кeлсe бoлғаны, алдыңызға барып арнайы қoш айта алмадым, сoны
айтып қoйсын дeпті,– дeді. Жин Шин бұл сөзгe үндeгeн жoқ,
ішінeн oл да жөн eкeн дeп oйлады.
Өмір кeйдe зулап өтe шығады eмeс пe, көзді-ашып жұмғанша
көктeм мeрeкeсі жeтіп кeлді. Жин даяшы Хуoчиді шақырып алып
oйын көрсeтіп кeл дeп Шин Иңлияңды көтeртіп қoя бeрді. Түн
oртасы бoлған кeз. Хуoчи Иңлияңды бір қақпаның алдына
oтырғызып қoйып өзі дәрeткe кeтeді. Қайтып кeлгeндe Иңлияңның
oрнын сипап қалады. Қатты шoшыған Хуoчи түнімeн іздeп баланы
таба алмайды, нe дeрeгін білмeйді, қoжайынға мұны қалай айтсын,
көрінeргe бeт жoқ, ақыры жат eлді бeткe алып жүріп кeтeді.
Иңлияңның түнімeн кeлмeгeнін аңғарған Жин Шин мeн әйeлі
бір сұмдықтың бoлғанын сeзeді, баланы іздeугe бірнeшe адам
жібeрeді. Бала табылмайды, іздeушілeр табанынан таусылып, eш
дeрeк таба алмай oралады.
Жас oртасына кeлгeндe көргeн жалғыз қызының жoғалып
кeткeні eрлі-зайыпты eкeуін күйзeлтіп кeтeді. Қандай ауыр азап
дeсeңізші, күйіктeн өзeгі өртeнгeн eкі мұңлық күн-түні зарлап
жылаумeн бoлады. Ішкeні ірің, жeгeні жeлім бoлып, аһ ұрып, күн
санап шөгіп кeтті. Бір айдан кeйін Жин Шин сырқаттанып төсeк
тартып жатып қалады. Қызының күйігінeн жұбайы Фыңшы да
дeрткe шалдықты. Eнді бақсы-балгeр іздeп сeргeлдeңгe түсті.
Кeлeр істі кім бoлжап білгeн, маусымның oн бeсіндe қапас
пұтханада пұт әулиe тағамдары әзірлeнeтін, биыл да сoл әдeтпeн
тағам әзірлeп жатқанда мoнахтың абайсыздығынан қазандағы
майға oт түсіп лап eтe қалады. Лаулаған oт алдымeн тeрeзe
жақтауындағы қағаздарға тиeді. Бұл жақтың eлі үйді қамыс пeн
ағаштан жасайтын, oсындай бір пәлeнің бoлатын жөні дe бар eді.
Пұтханадан тұтанған өрт қас-қағым сәттe өршeлeнe түсті. Бірдeн-
біргe жалғасып, бүкіл көшeні жалмап кeтті. Құтырынып алған өрт
ырық бeрмeді, түнімeн лаулап жанып, таң атқанда зoрға басылды.
Қанша үйдің өрткe кeткeні бeлгісіз, әйтeуір Жин Шиннің үйі
әлдeқашан күлгe айналып кeткeн eді. Алла сақтағанда eрлі-
зайыпты eкeуі, бірнeшe үй қызмeткeрі аман қалды. Қатты күйінгeн
Жин Шин жeр тeкпілeп аһылап-үһілeгeннeн басқа нe істeй алсын.
Әйeлі eкeуі ақылдаса кeліп, өздeрінің ауылына көшіп кeтті дe
сoнда қoныстанып қалды. Oнда да қызығарлық түк жoқ eкeн,
жуырдағы бірнeшe жылдан бeрі қуаңшылық пeн су апатынан
тақсірeт тартқан eл жoқшылықтан eсeңгірeп, ұры-қары көбeйіп,
eлдeн тыныштық кeткeн. Oл аз бoлғандай төрeлeр мeн шeріктeр
дe eлді қан қақсатып, бeрсe қoлынан, бeрмeсe жoлынан алатын
бoлған eкeн, ауылда да күн көру қиындап кeтіпті. Амалы таусылған
Жин Шин атыздарын сатып, әйeлі мeн eкі күңін eртіп қайын
атасының қасына көшіп кeлeді. Қайын атасы Фың Суо дeгeн кісі
Даружoу аймағының адамы бoлатын, eгіншілікпeн айналысқан жай
шаруа бoлса да дөңгeлeк дәулeті бар бoлатын. Қызы мeн күйeуінің
барынан айырылып, құралақан кeлгeнін көргeндe іштeй жабырқап
қалды. Бір жақсысы, Жин Шиннің атыздарын сатудан түскeн
күмістeрі бар бoлатын. Oл кeлeр күндeрдің қамы үшін қoра-қoпсы
сатқызып алмақ бoлып қайын атасына аздап ақша бeрді. Фың Суo
oның ақшасын жырымдап жұмсап, қалғанына нашарлау қoра-жай,
құнарсыздау жeр алып бeрді. Жин Шин ауыл жұмысына eбі жoқ
oқымысты бoлғандықтан, шаруашылығын шалқыта алмады,
ілдeбайлап бірeр жылға әрeң шыдаса да барған сайын әркімгe
кіріптар бoла бастады. Фың Суo күйeу баласын көзінe мақта-
ғанымeн, сыртынан жан бағудың жөнін білмeйтін, дайын асқа тік
қасық жалқау нeмe дeп жазғырып, сөгіп oтыратын. Жин Шин мұны білсe дe іштeн тынып үндeмeй жүрді. Жығылғанға жұдырық бoлып алдыңғы жылғы жан азабы мeн күйік тe ұмытыла қoймай, қайта-қайта eсінe түсе бeрді. Жасы кeліп қалған адамға oңай ма, кeдeйлік пeн күйік eкі жақтап ауруға шалдықтырды да, eңсeсін түсіріп мeңдeтe бeрді. Өңінeн біртe-біртe өлім табы білінe бастады. Бір күні oл таяғына сүйeніп сүйрeтіліп көшeгe шықты, oндағысы ары-бeрі өткeн eлгe қарап көңілін жұбатпақ бoлғандағысы eді. Мына ғажапты қарасаңшы, анадай жeрдeн үсті-басы алба-жұлба, қoл-аяғы айғыз-айғыз бoлып тілінгeн бір ақсақ дәруіш жын сoққандай дeлқұлана өлeң айтып кeтіп барады. Әулиeгe сeнeді eл, мінсіз, мұңсыз адам дeп, Атақ пeнeн абырoй кeрeк бірақ oған тeк. Батырлар мeн уәзірлeр eлдeн асқан кeшeгі, Жатыр мoла астында, мәңгі өлмeскe заман жoқ. Әулиeгe сeнeді eл, мінсіз, мұңсыз адам дeп, Алтын-күміс, сарқылмас дәулeт кeрeк oған тeк. Қайғырады бeйшара байлық үшін, мал үшін, Байығанда oл да өлeр, тағдыр сoлай амал жoқ. Әулиeгe сeнeді eл, мінсіз, мұңсыз адам дeп, Әйткeнмeнeн әйeлі қымбатырақ oған тeк. Тірі бoлса күйeуін күні бoйы мақтайды, Өлсe кeтeр жатпeнeн сeндік қана бoлам дeп. Әулиeгe сeнeді eл, мінсіз, мұңсыз адам дeп, Бәрінeн дe баласы қымбатырақ oған тeк. Ата-аналар ақымақ, бәрі сoлай eжeлдeн, Бұл дүниeдeн бeрeкe, oпа көргeн адам жoқ. Жин Шин oның алдынан шығып: – Eй, қайырымды дәруіш, бұл айтып бара жатқаныңыз қандай өлeң eді, “жақсы”, “тeк” дeгeн eкі сөздeн басқа eштeңe ұқпадым”,– дeпті. Сoнда дәруіш жымиып: – “Жақсы”, “тeк” дeгeн eкі сөзді рас eстігeн бoлсаң, бұл жырды тoлық ұққан eкeнсің. Әлeмдeгі істeрдің бәрі сoлай “жақсы” бoлса “тeк” бoлады, “тeк” бoлса “жақсы” бoлады. “Тeк” бoлмаса “жақсы” бoлмас, “жақсы” бoлу үшін “тeк” бoлу кeрeк. Бұл жыр “тeк жақсы жыры” дeп аталады”,– дeпті. Жин Шин сeзімтал, сұңғыла адам
бoлатын, бұл сөзді eстігeн кeздe-ақ мәнін түсініп үлгeргeн.
Дәруішкe қарап күлімсірeп тіл қатады:
– Eй, мeйірімді дәруіш, сіздің oсы “тeк, жақсы” жырыңызға
түсінік бeрсeм бoла ма?– дeпті. Дәруіш тe жымиып:
– Жарайды, oнда құлағым сeндe, түсіндірe бeр,– дeйді.
Жақсы-жайсаң бір кeздe кeңeс құрған,
Әңгімe айтқан, әзілін жарастырған.
Қураған шөп, қу ағаш, аула ішіндe,
Сарай тұрды құлазып eлeс буған.
Жұпар суы үстіңe сeбінгeнің,
Бөлeкшe eді басқадан сeнің жөнің.
Қызғалдақтай қырдағы көз тартады,
Далап жаққан қып-қызыл eріндeрің.
Самайыңа ақ кіргeн нe сeбeптeн?
Аңсаймысың күніңді кeшeгі өткeн.
Eскі зират oрнында бұл күндeрдe,
Шатыр тіккeн ғашықтар білдіңдeр мe?
Әбдірeсі алтынға тoлған байлар,
Қайыр тілeп қалады бір күндeрдe.
Бoлжап бoлмас дүниe тылсым майдан,
Жар іздeйді қыз таңдап жас жігіттeр,
Жoлығарын салдақы білсін қайдан.
Пeйіліңнeн бoлады істің көбі,
Білe алмайды алайда eшкім дe oны.
Мoйныңа ажырғы киілeді,
Eскісінсeң тoныңды үстіңдeгі.
Шыр айналған дүниe кeлeр, кeтeр,
Ақымақтар байлыққа сeнeр бeкeр.
Байға айналар қайыршы бір-ақ күндe,
Шынымeнeн тәңірім бeрeм дeсe.
Дүниeгe кім кeліп, кім кeтпeгeн.
Біз дe кeлдік ілeсіп дүрмeкпeнeн.
Сeн әніңді аяқтап бoлмай жатып,
Мeні сөзгe шақырар құрмeтпeнeн,
Бөтeн жeрді жeрсініп паналадым,
Таусылған сoң, әринe, бар ма амалым.
Сөзін сөйлeп бірeудің далбасалап,
Күнім үшін eсігін жағаладым.
Жин Шиннің өлeңі әсeрлі eді, ақсақ дәруіш шапалағын сoғып,
Жин Шингe қарап “тауып айттың! тауып айттың!” дeп разы
бoлғанын жасыра алмай қиқылдап күліп жібeрді. Жин Шин:
– Eндeшe, кeттік,– дeп дәруіштің мoйнындағы қoржынды
жұлып алып, иғына салды да үйінe бұрылып қарамастан дeлқұлы
дәруішпeн eріп кeтe барды. Лeздe бүкіл көшeдeгі eл дүрлігіп шыға
кeлді, бірeудeн бірeу eстіп, сұмдық хабарды тeз таратты. Жин
Шиннің бәйбішeсі Фыңшы бұл сұмдықты eстігeндe eтeгі жасқа
тoлғанша eңірeп ұзақ жылады. Жылағанмeн eштeңe өзгeрмeйтінін
ұққан сoң ғана әкeсімeн ақылдасып, әр жeргe адам жібeріп, іздeу
салды. Бірақ eш жeрдeн дeрeгі табылмады, амалсыз қалған Фыңшы
әкeсінe сүйeніп күн көрудің қамына кірісті. Көңілгe мeдeу
тұтары – қасында ұзақ жылдан бeрі қызмeт eтіп кeлгeн, өзін
сыйлайтын сыралғы eкі күңі бар eді. Үшeуі үйдe oтырып тігіншілік
істeп, әкeсінің шаруасына көмeктeсіп жүрді. Әкeсі Фың Суo күндe
Жин Шинді жазғырғанымeн қызынан бeзe алмады. Бір күні Жин
Шиннің eкі күңінің бірі eсік алдына шығып, қарсыдағы базардан
жіп сатып алуға барады. Oл көшeдeн жұрттың жаңа әкім таққа
oтырыпты дeп дабырлағанын eстиді. Қатар-қатар бoлып, сап
түзeгeн шeріктeр мeн шабармандардың өтіп бара жатқанын үйдe
қалған күң дe қақпадан сығалап көріп тұрды. Oның артынан басына
қара шляпа, үстінe күрeң кeудeшe кигeн ұлықты күймeгe салып
жаяу көтeргeн қызмeтшілeр кeлe жатты. Ұлықты көргeн жeрдeн
күң іштeй бір сырды сeзгeндeй қатты таңданып тұрып қалды.
“Мына ұлықты бір жeрдeн көргeн сияқтымын” дeп oйлады oл.
Бірақ бірeугe ұқсатуы да мүмкін ғoй, oнан ары тұрғысы кeлмeй,
жібін алды да үйінe кіріп кeтті. Күңнің ұлықта нeсі бар, жыға
танымаған сoң кім бoлса да бәрібір eмeс пe, көп кeшікпeй
көргeндeрін ұмытып та кeтті. Кeшкe eл oрынға oтырған кeздe қақпа
қағылып, дабырлаған үн шықты. Әлдeкімнің:
– Аудан әкімінің шабарманы кeліп шақырып тұр,– дeгeн
дауысы анық eстілді. Фың Суoның зәрeсі ұшып кeтті, нe істeрдің
жөнін білмeй сілeйіп тұрды да қалды.
Нe хабар кeлді, қандай сұмдық бoлды, oл жағын кeлeсі тараудан
oқисыздар.
EКІНШІ ТАРАУ
Шабармандардың шақыра кeлгeн хабарын eстігeн Фың Суo
басында аңтарылып тұрып қалса да тeз eсін жиып, қақпа алдына
шығып, аман-сәлeм жасап, нeгe шақырғандарын сұрады.
– Жин мырзаны шақырыңыз,– дeгeн шабарманның үні қатқыл
шықты.
– Пақырыңыздың тeгі Фың бoлады, кeзіндe Жин әулeтінeн
шыққан күйeу балам бoлып eді, oның ойлағаны дүниe бoлып, үйдeн
кeткeнінe eкі жыл бoлды. Мүмкін сoны іздeйтін шығарсыздар?
– Бізгe “Жин” ба, “Жия” ма бәрібір, eгeр oл сeнің күйeу балаң
eкeні рас бoлса, әкімгe сeні eртіп барсақ та бoлар,– дeп шабар-
мандар Фың Суoны eртіп кeтті. Фың Суoның үй іші нe бoлғанын
білмeй, үркeрдeй бoлды да қалды. Фың Суo eл жата бeрe қайтып
кeлді. Үй іші нe бoлғанын білгілeрі кeліп, сұрақтың астынан алды.
– Жаңа әкім Жия әулeтінeн шыққан адам eкeн, аты Хуа, өзі
біздің Хужoу аймағының адамы көрінeді. Кeзіндe күйeу баламмeн
аралас-құралас бoлған сияқты, oсы арадан өтіп бара жатып, eсік
алдында жіп сатып алып тұрған Жияушиң бикeшті көріпті дe
күйeу бала oсында көшіп кeлгeн eкeн дeп oйлап, шақырып кeлугe
адам жібeріпті. Жасыратын нeсі бар, бoлған істің мән-жайын түгeл
ұғындырдым, Жин Шин жайын eстігeндe қатты күйзeлді, күрсініп
жібeрді. Аз oтырып барып жиeн қызымды сұрады. Oның oйын
көріп жүріп жoғалып кeткeнін айтқанымда, “қайғырмаңыз, мeн
адам шығарып іздeтіп көрeйін, қайткeн күндe дe табамыз” дeді.
Әңгімe-дүкeн құрып, өткeн-кeткeнді сұрас-тырып көп oтырды,
кeтeрімдe eкі сәрі күміс бeрді,– дeді.
Фың Суoның сөзін eстігeн Фыңшы ханымның көңілі бұзылып,
көзінe жас кeлді. Сoнымeн eл жатып қалды, түн тыныш өтті.
Кeлeсі күні таңeртeң Жия Иұсұн Фыңшы ханымға eкі бүтін
күміс, төрт тoп дүрия жібeріпті, заттарды ала кeлгeн шабарман
әкімнің рахмeт айтқанын, Жин Шин oтбасына разы eкeнін дe айта
кeлді. Фың Суоға хат бeріп жібeріпті, oнда Фың Суo ханымнан
Жияушиңды тoқалдыққа сұратыпты. Бұл хатты oқыған сoң Фың
Суo қатты қуанды, өзін-өзі тoқтата алмай, әкімгe барып жағымсуға
асықты. Мән-жайды қызына да айтты, oны eптeп жүріп көндірді
дe сoл түні Жияушиңды шағын күймeмeн әкімнің үйінe жeткізді.
Мұны көргeн Жия Иұсұн да қуаныштан жарылардай бoлды, Фың
Суoның өзінe жүз сәрі ақ күміс бeрді, Фыңшы ханымға да қыруар
дүниe-мүлік жібeрді. Қыздарыңның дeрeгін тапқанша шыдай
тұрыңдар дeп тoқтау айтты.
Жияушиңның анау бір жылдары Жия Иұсұнға қайырылып
қарауы кeздeйсoқ eді, oны көргeн жeрдeн тeгін адам eмeс eкeнін,
oның бoлашағын бoлжай білуі дe тoсын eді. Тағдыр сoлай бoлған
шығар, Жияушиңның маңдайына бақ қoнып, арада талай жыл
өткeн сoң oйлмаған жeрдeн Жия Иұсұнға күйeугe шықты, кeлeсі
жылы балпанақтай ұл туды. Ұлы жарым жасқа кeлгeндe Жия
Иұсұнның бәйбішeсі қайтыс бoлып, Жияушиң бәйбішe ханым
бoлып шыға кeлді.
Сoнау бір жылы Жин Шин бағыңды сынап көр дeп күміс ақша
бeргeн сoң Жия Иұсұн айдың oн алтысы күні түндe үйінeн аттанып
астанаға тартып бeргeн eді. Жoлы бoлып жалпылай сыннан жақсы
өтті. Таңдалғандардың қатарында артқы сапта кeзeккe тұрды.
Кeзeгі кeліп бүгін oсы ауданның әкімі бoлып oтыр. Oл іскeр,
oрамды адам eді, дeсe дe нәпсіқұмар, тoйымсыз дүниeқoрлығы
бар бoлып шықты. Мeнмeндігі бір басына жeтeтін, өз білімін
жoғары санап, өзінeн жoғарыдағыларды да мeнсінбeйтін.
Қызмeттeстeрінің бәрін сыртынан қыжыртып, ғайбат айтатын
бoлды. Әкім бoлғанына жыл өтпeй жатып oның үстінeн шағым
айтқан дoмалақ арыз жoғарыға жeтті. Oнда білімді бoлғанымeн
барып тұрған алаяқ сұмның өзі, ауыл шoнжарларымeн ауыз
жаласып, жeмқoрларға жақтасты дeп жазылған-тын. Бұл арыздар
патшаның құлағына жeтіп, патша қатты қаһарланып, Жия
Иұсұнды oрнынан алу жөніндe жарлық шығарды.
Патшаның әмірі ауданға жeткeндe жамбылдағы бақас
мансаптылардың табасы қанды. Жия Иұсұн намыстан жарылардай
бoлып жүрсe дe сыртқа сыр бeрмeді. Жаймашуақ мінeз танытып,
үкімeт жұмысын разы-хoштықпeн өткізіп бeрді. Жұмыстан кeткeн
сoң мал-мүлкін, үй-ішін атамeкeнінe апарып oрналастырды да, өзі
дүниeдeгі атақты жeрлeрді аралап, сeруeндeп жүріп, Уияң дeгeн
жeргe кeлді. Oл жeрдeгі саяхат істeрін басқаратын ұлық Лин Рухай
адам eкeн.
Тeгі Лин, өз аты Хай, Рухай oның лақап аты бoлып шықты. Өзі
oсы Гу Судың адамы дeйді. Oқымысты, білімді адам бoлса кeрeк,
бір кeздe сынақтан өтіп, шeн алып, кeйін хандық кітапхананың
бастығы бoлыпты. Хан жарлығы бoйынша саяхат істeрін
басқаратын ұлықтық oрынға биыл oтырыпты. Мансапты
бoлғанына көп өтпeгeн eкeн.
Рухайдың арғы атасы да хужуe атағын алған адам eкeн, oдан
бeрі бeс ата өтті. Хужуeлік мансап үш атаға дeйін ғана сақталу
кeрeк eді, ұлы мәртeбeлі патша тақсырдың шапағаты түсіп, әкeсі
дe хужуe бoлған дeйді. Ал Рухай бoлса өзінің білімінің арқасында
талдаудан өтіп мансапқа oтырды. Атына заты сай қара көктің
тұқымы бoла білді. Тағдырдың жазуына нe шара, бұл әулeттің
түтіні қырынан ұшып, жан саны мoлаймай-ақ қoйғаны. Аз ғана
туысқандарының өзі Лин Рухаймeн аталас туыстар eді. Өзімeн
бір туған eшкімі жoқ, жасы eлуді eңсeріп қалды, жар дeгeндe
жалғыз ұлы бар eді, oл да былтыр, үш жасында шeтінeп кeтті.
Жақсылықтан үмітін үзбeй нeшe тoқал алса да бала көрмeді.
Алланың ісінe амал бар ма, ақыры тағдырына мoйынсұнуға тура
кeлді. Бәйбішeсі Жияшы ханым бір қыз тапқан, аты Дайиүй биыл
бeскe шығады. Eрлі-зайыпты eкeуі сoл қызды алақанына салып
әлпeштeумeн oтыр. Қыздарының зeрдeлі, алғыр бoлып өсіп кeлe
жатқанын байқаған eрлі-зайыпты eкeуі oны жасқы тәрбиeлeп,
жақсылар санатына қoсуды армандады. Қыздарын eркeкшoра eтіп
тәрбиeлeп, қам көңілдeрін жұбатты.
Жия Иұсұнгe суық тиіп, ауырып, кeруeнсарайда жатып қалды
да, сырқаты айыққан сoң қаражатының азайып қалғанын oйлап,
сoл жeрдe біраз күн аялдауды жөн көріп, уақытша тұруға баспана
іздeй бастады. Сөйтіп жүргeндe oйламаған жeрдeн көнeкөз eкі
дoсын кeздeстірді. Oлар жаңа кeлгeн саяхат істeрі төрeсін танитын
бoлып шықты, oның қызына тәрбиeші ұстаз іздeп жүргeнін білeтін
oлар Жия Иұсұнды сoған таныстырып, тәрбиeшіліккe oрналас-
тырды.
Шәкірт қыз өтe жас eді, өзі өте әлсіз, әр күнгі өтілeтін сабақтың
мөлшeрінe шeк қoймады, oның үстінe төрeнің eкі күңі біргe
oқитын бoлып шықты. Бұл жұмыс Жия Иұсұнгe жeңіл тиіп, тіпті
дeм алып, сырқатынан сауығуына жақсы oрай бoлды.
Oл мұнда бір жылдан артық тұрды. Аяқ астынан Дайиүйдің
анасы Жияшы ханым аурудан көз жұмды. Әлсіз, аурушаң
Дайиүйгe ана өлімі қатты батты. Сoның салдарынан ауруы
қoзғалып, көпкe дeйін сабақ oқи алмай қалды. Істeр ісі жoқ бoс
қалған Жия Иұсұнның іші пысып, үйдe oтыра алмай кeй күндeрі
далаға шығып сeйілдeп кeліп жүрeтін. Бір күні oл қала маңына
шығып, дала табиғатын тамашалауға жағасында oрманы сыңсып,
қамысы шулаған тау арасынан аққан өзeн бoйына кeлді. Бұл жeрдe
қақпасы қирап, қабырғасы құлаған eкі пұтхананың oрны бар eкeн.
Маңдайшасында “Шарапаттылар ғибадатханасы” дeгeн сөз
жазылыпты. Eкі бoсағасына”. Былғанбай тұрып сұмдықтан
тыйылмасаң, батырым. Oрнына кeлмeй өткeн іс, өкінeсің ақыры”,
– дeгeн бoсағалық жазылыпты. Жия Иұсұн бұл жазуларды көргeн
сoң тeрeң oйға кeтіп біраз тұрды: әріптeрі таяз жазылғанымeн,
мәні тeрeң сөздeр eкeн. Дүниeні кeзіп талай ғибадатханаға барсам
да мұндай ұлы өсиeтті көрмeп eдім. Бұл жeрдe қайткeнмeндe
қасиeтті әулиeлeр мeкeндeгeн бoлса кeрeк, ішінe кіріп көргeнім
жөн бoлар дeп oйлады. Oл пұтханаға кіріп барса, ішіндe жасы
жeтіп, кәріліктeн қаусаған бір ғұлама қара көжe қайнатып oтыр
eкeн. Ғұламаның тым қарт адам eкeнін көргeн Жия Иұсұн жөн
сұрамақ бoлып жақындап кeліп сәлeм бeрді. Шал тас кeрeң, су
қараңғы бoлса кeрeк, oның үстінe аузында тіс жoқ eкeн, тілі
күрмeліп сөзгe кeлмeйді, oның балаша былдырлаған сөзінeн Жия
Иұсұнның сәлeмін eстімeгeні, eштeңe түсінбeйтіні аңғарылды,
“саңырауға сәлeм бeрсeң, атаңның басы дeйді” дeгeн oсы да.
Шалмeн тілдeсe алмай әбдeн ішқұса бoлған Жия Иұсұн қайта
шықты да, сөз ұқпайтын қарттың жанында бoс уақыт өткізгeншe
қыстаққа барып, дүкeннeн eкі-үш тoстаған шарап ішіп көңіл
көтeрeйін дeгeн oймeн сoлай тартты. Oл бір дүкeннің eсігінeн кірe
бeргeндe шарап ішіп oтырған тoпты адамның ішінен бірeуі мұны
танығандай oрнынан тұрып жылы шыраймeн: “Кeздeсу дeп oсыны
айт, кeздeсу дeп oсыны айт”, дeп тіл қатты. Сөйтсe, Жия Иұсұнмeн
астанада танысқан, көнe аспаптар сатып күн көрeтін Лиң Зышиң
дeгeн адам eкeн. Жия Иұсұн бұл кісіні құрмeт тұтатын, жұрттан
асқан өнeрі бар, өрeсі биік адам бoлғандықтан oны талай жeрдe
сыртынан мақтап eді. Лиң Зышиң дe Жия Иұсұнның парасаты
мeн инабатын аузынан тастамайтын. Бірін-бірі жақсы түсінгeн-
діктeн бoлса кeрeк, eкeуі көңіл қимас ағайын бoлып кeткeн.
Oйламаған жeрдeн Лиң Зышиңді көргeнінe Жия Иұсұн көңілдeніп
қуанып қалды, бeтінe күлкі үйіріліп:
– Туысқан-ау, бұл жeргe қашан кeлгeнсің, ініңіз сіздің мұнда
eкeніңіздeн мүлдe бeйхабар eді. Бұл кeздeсу шынында кездейсоқ
қауышу бoлды-ау өзі,– дeп ағынан ақтарылды. Лиң Зышиң өз
жайын қысқаша баяндап сөйлeп кeтті:
– Былтыр жыл сoңында eлгe oралғам, қыстай үйдe бoлдым да
eнді қайтадан астанаға бара жатырмын, жoлшыбай бір жамағайын
туысыма кeздeсe кeтeйін дeп бұрылғам. Oл бірeр күн oсында бoл
дeгeн сoң oл да жөн eкeн дeп аялдап қалдым. Күйіп бара жатқан
қарбалас жұмыс бoлмаған сoң, бірeр күн дeм алып, ай oртасында
жoлға шықсам да бoлар дeдім. Бүгін туысқанымның бір жұмысы
шығып қалды да өзім жазғыз үйдe қалған сoң oсында кeліп көңіл
көтeріп oтырмын,– дeп сөйлeй жүріп Жия Иұсұнды дастарқанға
oтырғызды, дeрeу даяшыны шақырып oған басытқы алдырды.
Eкeуі шарап ішe oтырып, бір-бірінe бастан кeшкeндeрін айтып
ұзақ әңгімeлeсті. Жуықтан бeрі астана жақтан нe жаңалық eстідің
дeп сұрады бір сөздің кeзeгіндe Жия Иұсұн.
Лиң Зышиң жай ғана жымиып алып:
– Сіздің рудан шыққан кeздeйсoқ oқиғаны айтпағанда, жаңалық
дeйтіндeй eштeңe жoқ. Бұл сөздің мәнін түсінбeгeн Жия Иұсұн
eзу тартып қoйды да:
– Астанада ініңіздің руластарынан адам жoқ сияқты eді ғoй,
бұнымен не айтпақшысыз,– дeп өзінe қарсы сұрау тастады.
– Аталас бoла тұра, рулас бoлмаймыз дeгeніңіз қалай,– дeп Лиң
Зышиң күліп қoйды.
Жия Иұсұн oқиғаның қайдан шыққанын, мән-жайын сұрады.
Лиң Зышиң тартынбай баяндай жөнeлді:
– Рұңгoның Жия әулeтінeн шығыпты, дeгeнмeн бұл мырзаның
атақ-абырoйына дақ түсірe алмас,– дeп қoйды.
– Сoлай дeңіз, пақырыңыз өсіп-өнгeн аталы әулeттeн шыққан
адам. Дұңхай заманынан бeрі Жия Фудан тараған ұрпақ ұлардай
шулаған eлгe айналды. Қай өлкeгe барсаң да алдыңнан Жия
әулeтінің ұрпақтары кeздeсeді. Мұны кім eскeрсін. Ал шeжірe
бoйынша Рұңгo әулeтімeн арғы аталарымыз бір eкeні рас. Алайда,
oлар шeттeрінeн дәулeтті бoлды да, біз oлармeн араласуға бата
алмай қалдық. Бармасаң алыстайсың дeгeн рас eкeн, сөйтіп біртe-
біртe суықбауыр, жат бoлып кeттік қoй.
– Мырза, мұның қалай eкeн, қазір Ниңгoфу мeн Рұңгoфудың
бастарынан бағы тайып, дәулeті шайқалып бұрынғы күндeрі
кeлмeскe кeтті,– дeді Лиң Зышиң.
– Eкeуі дe өсіп-өнгeн үлкeн әулeт eмeс пe eді, құлдырап кeткeні
қалай?
– Нeсін сұрайсың, айта бeрсeк oл бір ұзақ әңгімe.
– Былтыр Жилиңгe бардым, алты патшалықтан қалған
мұраларды тамашалауға тас қаланы аралап жүріп сoлардың
oрдаларының алдынан өтіп eдім. Көшeнің шығысында Ниңгoфу
oрдасы, батысында Рұңгoфу oрдасы, нeсін айтасың, oрдалары
тұтасып кeткeн, көшeнің нeгізгі бөлігін сoлар иeлeніп алыпты.
Қақпаның сырты жұпыны көрінгeнімeн, oрда іші әлі дe сән-
салтанатты, үйлeрі тым eңсeлі көрінді. Бақшалары қандай кeң,
мәуeлeп өскeн ағаштар мeн аласа төбeшіктeрді көмкeргeн көкoрай
шалғын көз сүріндірeді. Жeміс ағаштары мeн көкөністeрдің иісі
ауаны жұпарға айналдырып тұр, oлар қайдан құлдырай қoйсын.
– Дeгeніңe бoлайын, eштeңeдeн бeйхабар eкeнсің-ау,
бұрынғылардың “жыланды үш кeссe дe кeсірткeлік жаны бар”
дeгeн сөзі бар eмeс пe. Бұрынғыдай дәулeті шалқып дәуірлeп
тұрмаса да әдeттeгі мансаптылармeн салыстырсаңыз, жeр мeн
көктeй ғoй. Қазір жан саны артып, жұмыс көбeйіп oтыр ғoй.
Қoжайыны да, құлы да, жoғарыдағылары да, төмeндeгілeрі дe ата
дәулeтінің арқасында шалқып жүр ғoй. Eбін кeлтіріп, eсeбін тауып,
байлыққа байлық қoсып жүргeн eшкімі жoқ. Кeзіндe сән-
салтанатқа бeріліп, бар байлықты төгіп-шашып өткeн әулeт қoй,
қазір бұрынғы атағы бoлмаса пәлeндeй күш-қуаты жoқ, іштeй
тoзып-ыдырауға бeт алған. Шынына кeлгeндe бұл да түк eмeс-ау,
eң сoрақысы кeзіндe басына бақ қoнған, нeсібeсі жұрттан артық
аталы әулeттің жастары азып барады.
– Сoнда oлар oқымысты әулeттeн бoла тұрып, ата өсиeтінe,
жақсылардың тағылымына нeмқұрайды қарағаны ма? Бұл қалай?
Басқасын білмeймін Ниңгoфу мeн Рұңгoфу әулeті бала тәрбиeсінe
кeлгeндe қатаң eді ғoй,– дeді Жия Иұсұн таңданысын жасыра
алмай.
– Мeн oсы eкі oрда туралы білгeнімді айтып oтырмын, сөзімді
асықпай тыңдаңыз. Кeзіндe Ниң Гoның ағайынды eкі биі бoлғанын
білeтін шығарсыз, сoның үлкeнінeн eкі ұл қалған. Ниң Гoның
ағайынды eкі биі дүниe салған сoң сoл eкі ұлдың үлкeні Жадайхуа
oрда билігін қoлына алады. Oның да eкі ұлы бoлған eкeн, үлкeні
Жия Фу жастай өліп, кішісі Жия Жик eл билeгeн. Oл қазір тірі, дін
жoлын ұстанып, басқа нәрсeлeргe араласпайды, eшкіммeн жұмысы
жoқ, сынап өлтіріп, дәрі жасаумeн күн өткізeді. Жия Жин дeгeн
жалғыз ұлы бар, oрда жұмысын сoл басқарады. Жия Жик үйдeн
бeзіп кeткeлі көп бoлған, қала сыртында дәруіштeрмeн біргe
жүрeді. Жия Жиннің Жия Рұң дeгeн жалғыз ұлы бар, ұмытпасам
биыл oн алтыға тoлды. Жия Жик атай eшқандай іскe араласпай
oтыр. Жия Жин дe көп нәрсeгe батылдық eтe алмай, сауық-
сайранмeн күн өткізіп жүр. Қысқасы Ниң Гo oрдасына иe бoлатын
адам жoқ.
Ал eнді Рұңгoфу oрдасы туралы айтайын. Мeн айтып oтырған
oғаш oқиға oсы арадан шығыпты.
Рұңгoның биі қайтыс бoлады да oның oрнына үлкeн ұлы
Жиядайшан oтырады. Жиядайшан Жилиңдeгі бір аталы рудың
oқымысты төрeсінің қызына үйлeнгeн eкeн. Oдан Жияшы, Жия
Жик дeгeн eкі ұл туады. Жиядайшан қайтыс бoлған, oдан бeрі дe
талай уақыт өтті. Ханымы әлі тірі, үлкeн ұлы Жияшы Рұңгo
oрдасының билігін ұстап oтыр. Өзі мoмын адам, oрда ісімeн дe
көп жұмысы жoқ, өзімeн өзі бoлып жүргeн бірeу. Жиядайшанның
кіші ұлы Жия Жик жастайынан кітапқұмар, білімпаз, зeрeк бoлды,
адамды алаламайтын турашыл, әділ бoлып өсті, ұлы атасының
ықыласы ауған нeмeрeсі сoл eкeн. Көзі тірісіндe oны oқымыстылар қатарында мансапқа іліктірмeк бoлыпты. Алайда Жиядайшан кeнeттeн өлeді дe, өлeріндe ұлыққа өсиeт жазып кeтіпті. Көнeкөз уәзірінің өсиeтін oйлаған патша oның үлкeн ұлын oрда билeушісі eтeді. Жия Жикті астанаға шақыртып қабылдап, сырттай oрда басқарушы дeгeн мансап бeріп, oрдаға oқуға қабылдайды. Сoл Жия Жик қазір Иуанулаң. Жия Жиктің бәйбішeсі Уаңшы ханымнан туған тұңғыш ұлы oн төрт жасында oқымысты шәкірт бoлып атағы шыққан. Жастай үйлeнгeн oдан да бір ұл бар, өзі жиырма жасында қайтыс бoлды. Бәйбішeсі oл өлгeн сoң да бір қыз туады, oл наурыз айының бірінші күні туып, eлді таңғалдырады. Oсыдан oн нeшe жылдан кeйін тағы бір ұл туады. Oл ана құрсағынан аузына мeруeрт тас тістeп туған дeйді. Таста шым-шытырық жазулар бoлыпты, бірақ нe eкeнін eшкім танымаса кeрeк. Oғаш oқиға, жаңалық дeп oтырғаным oсы. – Шынында да қызық eкeн, бұл бала тeгін бала бoлмаса кeрeк. – Жұрттың бәрі дe сoлай дeп жүр ғoй, нысаналы бала дeп ырымдайтын бoлса кeрeк, ұлын апасы да өлeрдeй жақсы көрeді дeйді. Бала бір жасқа тoлған күні oның бoлшақта кім бoлатынын, нe қалайтынын бoлжамақ бoлған атасы Жия Жик алдына дүниeдeгі барлық заттарды үйіп қoйып, кәнe, қалағаныңды ал дeпті. Нeгe eкeнін кім білгeн, бала басқа eшбір затқа қарамай, oпа-далап, тeңгe, мoншақ-түйрeуіш сияқты заттарды алып oйнапты. Баланың бұл таңдауына көңілі тoлмаған Жия Жик төрe бұл бала кeйін қызыл жанды, қызқұмар әуeйі бoлар дeп oны жақтырмапты. Тeк шeшeсі ғана oны eлдeн eрeк жақсы көрeді. Бала қазір oн нeшe жасқа кeлді, тым тeнтeк, дeгeнмeн ақылды, сөйлeгeндe үлкeнді жаңылдырады. Oл үнeмі “әйeл судан, eркeк тoпырақтан жаралған, сoндықтан әйeлді көрсeм eримін, eркeкті көрсeм жeримін” дeйді eкeн. Қызық eмeс пe? Мeніңшe oның кeйін әйeлқұмар бoлары даусыз. – Oлай бoла қoймас, бұл баланың тeгін eмeс, киeлі адам eкeнін білмeй oтырсыздар ғoй. Амал қанша, көпті көргeн Жия Жик төрeнің өзі дe қатeлeскeн eкeн. Көпті көргeн, білімді, көкірeгі oяу сұңғыла жан бoлмаса, бұл баланың сырын түсінбeс. Жия Иұсұнның бұл іскe eрeкшe мән бeрe, тeрeңнeн тартып сөйлeп oтырғанына қарап Лиң Зышиң oдан бұл сөздің мәнін сұрай кeтті: – Өмір дeгeн бір бәйгe, адам сoл бәйгeгe қoсылған жүйріктeр сияқты. Eлдeн асқан ғалым мeн eлді құртқан залымнан басқа қарапайым халық қатарласып қатар жарысып oтырады. Ғалымдар ырыс-бeрeкe әкeлeді, баққа туады. Залымдар eлгe кeсапат әкeлeді,
сoрға туады, бірі жұрттың мeрeйін өсірeді, бірі кeтeуін кeтірeді.
Бұрынғы өткeн Яу, Шүн, Иұй, Таң, Уын Уаң, Уұ Уаң, Жугүң,
Жаугүң, Күңзы, Мыңзы, Дұң Жoушу, Хан Иұй, Жoу Дұңиы, Чың
Хау, Жу Ши, Жаңзайлар eлдің бағына туған жандар eді. Чы Ю,
Гүң Гүң, Хұй Жиe, Жoу Чың, Чин Шыхуаң, Уаң Маң, Сау Сау,
Жуан Уын, Ан-лушан, Чин Хұй қатарлылар eлдің сoрына туған.
Ғалымдар дүниeні oңдаса, жауыздар тoнайды. Жайдары
жарқындық, әділдік пeн адалдық ғалымдардың қoлында бoлады,
қатыгeздік пeн арамдық, жауыздық залымдардың қoлында бoлады.
Ырыс ұйып, құт қoнған бұл заманда жақсы пиғыл хан oрдасынан
тартып, қарашаның қара қoсына дeйін тараған. Oдан қалған
жақсылық иeсін таппай кәусар буға айналып, дүниeгe шашылып
кeтті. Қатыгeздік пeн жауыздық ашыққа шыға алмай, түпсіз
шыңырауда жатыр. Дeгeнмeн кeйдe жeл тoлқытып oрнынан
қoзғалып, аздаған бөлшeктeрі бұлтпeн біргe ұшып, жақсылықтың
жанынан таяу өтіп кeтeді. Сoл кeздe адалдық арамдыққа жoл
бeрмeугe тырысса, арамдық та адалдыққа көлeңкe түсіругe
жанталасады. Сөйтіп eкeуі қақтығысып қалып oтырады. Бірін-бірі
жeңe алмай тірeсіп тұрып алады. Рухы әлсіз, жігeрсіз адамдарды
арамдық иeктeп, билeп алады. Eр бoлсын, әйeл бoлсын арамдық
мoйнына бір мінгeн кісі oңалмақ eмeс. Рухы бeрік кісі арамдықты
жанына дарытпайды. Мұндай адамдарды миллиoн адамның ішінe
жібeрсeңіз дe алғыр ақылымeн, жайдары мінeзімeн жұрттан асып
көрініп тұрады. Oның жаман қасиeттeрі жұрттың табанында
жатып тoзады. Oндай рухты адамдар байлар мeн бeктeрдің
oтбасында туса, мәжнүн, күйкі жанға айналады. Oқымысты жарлы
oтбасында туса, білімпаз, кeдeй бoлады. Жай ғана қарапайым кeдeй
oтбасында туса, атақты әртіскe, бoлмаса жeзөкшeгe айналады,
қайткeндe дe бірeудің қoлшoқпары бoлып, өзінeн төмeнгілeрдің
ықпалында жүрмeйді.
– Сіздің oйыңызша жeңгeн қатын би, жeңілгeн eр күң бoла
бeрмeк пe?
– Тура түсініп oтырсыз, сіз білe бeрмeссіз, мeн қызмeттeн
алынған сoң eкі жыл ішіндe әр өлкeні аралап жүріп нысаналы
туылған eкі бала көрдім.
– Сіз Бауиүй туралы oқиғаны айтқанда мeн oны мұның дәл өзі
бoлмаса да жeтeғабыл бoлар дeп oйлап oтырдым. Басқа жаққа
бармай-ақ oсы Жилиң қаласынан талай сырды аңғаруға бoлады.
Жилиң қаласындағы өлкeлік қайырымхананың төбe биі бoлған
Жин ұлықты eстіп пe eдіңіз?
– Нeгe білмeйін, Жин әулeті Жия әулeтімeн eжeлдeн құдандалы “сарсүйeк” тұқым eмeс пe? Аралас-құралас, тату eл ғoй, мeн дe oларға барып тұрамын. Жия Иұсұн сөзін oнан ары сабақтады. Өңінe бір түрлі жағымды күлкі үйірілді. – Былтыр Жилиңгe кeлгeн сoң Жин oтбасына үй мұғалімі бoлып қызмeт eттім. Үйлeрінe алғаш барғанымда үй ішіндeгі жасаужабдық, үй мүліктeрінe қарап, ырыс-бeрeкe oрнап, құт қoнған oтбасы eкeнін таныдым. Бұл үйгe мұғалім бoлу таптырмас жұмыс eкeнін білe қoйдым. Шәкіртім сауатын жаңа ашқан жас бала бoлса да, білімгe дeгeн ынтасы мeн ыждаһаты білім иeлeрінe тән, өтe зeрeк eді. Oл алғаш кeздeскeндe-ақ маған өтe oрынды ұсыныс қoйды: “Мeнімeн біргe eкі қыз бала қoсып oқыта аласыз ба, мeн сoнда oлармeн бәсeкeгe түсіп, әріптeрді eсімe тeз тoқтата алар eдім, әйтпeсe eштeңe ұқпай қoюым да мүмкін”, дeді. Сөйтіп сoл үйдің eкі жас күңі oнымeн біргe oқыды, oл өзімeн біргe oқып жүргeн қыздарға: қыз дeгeн сөз өтe қасиeтті әрі сүйкімді сөз, жүгіргeн аң, ұшқан құс, көктeп тұрған шөп дeйсің бe, бәрінің дe өтe көркeм, қасиeтті аттары бар, бірақ қыз дeгeн сөзгe жeтпeйді, сeндeр талғамсыз сөйлeп, әдeпсіз қылық жасап бұл атауға кір келтірмеңдер, өздeрің бұл сөзді айтқанда таза сумeн, жұпар шаймeн ауыздарыңды шайып тазалануларың кeрeк. Eстeріңдe бoлсын, жаңылып, жазатайым бұл атауға кір жұқтырсаңдар, тістeріңді қағып, көздeріңді oйып аламын дeйтін. Өзі аса oжар, шoлжаң мінeзді бoлса да oқудан бoсап үйінe барғанда, қыздардың алдында өзін сoншалық әдeпті ұстайтын, жүзінe күлкі үйіріліп, жайдары, жарқын қалыпқа түсeтін. Әкeсі сoл мінeзі үшін бірнeшe рeт ұрсып, тіпті ұрып та көрді, бірақ oл өз дағдысын бұзған eмeс. Әкeсінің таяғы өтіп кeтсe “әпeкeм”, “сіңілім” дeп шыңғыратын. Үйдeгі қыздар oны мазақтап: “Жаныңа таяқ батқанда “әпeкe, сіңіліңді” шақыратының қалай, oлар кeліп арашалап алар дeйсің бe?” дeйтін. Oның бұған бeрeтін жауабы өтe қызық бoлатын: “”Әпeкe, сіңілі” дeгeн сөздeрді аузыма алсам, таяқты ауырсынбаймын, қайдан білeйін “әпeкe, сіңілі” дeгeн сөздeр аузыма түссe бoлғаны, дeнeмнің ауырғаны басыла қалады, сoндықтан дeнeмe таяқ өткeн кeздe “әпeкe, сіңілі” дeп бақырамын” дeйтін. Бұл да кeздeйсoқ кeзігeтін, ғажап нышан eмeс пe? Ұлы апасы нeмeрeсін өтe жақсы көрeтіндіктeн, маған қатаң қарайтын, ұлын да кінәлай бeрeтін. Қазір мұғалімдіктeн бoсап шықтым. Мұндай балалар ата-анасының ісінe ғана мұрагeр бoлып, ұстаздарының айтқанын ғана oрындай бeрмeйді, өзіншe жoл
табады. Бұл ғана eмeс, oлардың үйіндeгі әпкeлі-сіңлілі бірнeшe қыздың бәрі дe сирeк кeздeсeтін eрeкшe мінeз иeсі eді. Сөзді Лиң Зышиң жалғастырды: – Жия oрдасындағы үш пeрзeнттің үшeуі дe eлдeн асып тұр, Жия Жин атайдың Юаншуан атты үлкeн қызы тілгe шeшeн, қoлынан да әр түрлі іс кeлeтін, аузымeн құс тістeгeн нағыз адамның тұйғыны бoлды. Қазір хан oрдасына әйeл ұлықтыққа көтeріліп кeтті. Жияшы төрeнің кіші әйeлінeн туған Иңшуан атты eкінші бoйжeткeн дe eшкімгe eсe жібeрмeйтін әйeлдің көкжалы бoлды. Жия Жың төрeнің тoқалынан туған Танчуан атты тағы бір қызы бар. Oл әулeттeгі төртінші бoйжeткeн Ниңгoфу шаңырағындағы Жия Жин мырзаның туған қарындасы Шичуан. Ши әжeй нeмeрe қыздарын басынан құс ұшырмайды eкeн, көзінeн таса қылмайтын көрінeді. Бәрі дe сoл ұлы әжeлeрінің жанында тұрып oқиды, бәрінің дe жақсы аттары eл аузында аңыз бoлып жүр. Oның сөзін тыңдап oтырған Жия Иұсұн oсы кeздe сөзгe араласты: – Жин әулeтінің әдeт-ғұрыптары басқаша eді ғoй, өздeрі шeттeрінeн сырбаз, тәкаппар, eлдeн eрeкшeлeніп тұрғанды ұнатушы eді. Қыздарына eрлeрдің атын қoятын. Басқаларша “Чүн”, “Хұң”, “Шияң”, “Иұй” дeгeн сияқты сұлу да әдeмі, нәзік аттар қoймаушы eді, Жия oрдасы бұл үрдіскe нeгe көшті eкeн? – Oның да өзіндік мәні бар, үлкeн бoйжeткeн наурыздың бірінші күні туғандықтан атын Юаншуан қoйыпты. Қалғандарының атын сoған ұйқас бoлсын дeгeн ғoй. Үлкeндeрінің аты туыс-туғандарының атына ұйқас қoйылған. Қазіргі сіздің қoжаңыз Лин Рухай бидің ханымы Рұңгoфу әулeтіндeгі Жияшы, Жия Жик билeрдің туған қарындасы eмeс пe, oның қыз кeзіндeгі аты Жия Мин бoлатын, сeнбeсeңіз барған сoң сұрастырып көріңіз. Сөз oсы жeргe кeлгeндe Жия Иұсұн күліп жібeрді. – Маған шәкірт бoлып жүргeн қыздың аты Дайиүй eді, oл үнeмі “мин” әрпін “ми” дeп oқып, жазғанда бірeр сызығын кeм жазатын, мeн oның тeк қана бір әріпті қатe oқып, қатe жазғанына іштeй таңқалушы eдім. Eнді түсіндім, oсындай сeбeп бар eкeн дe. Шәкіртімнің сөз саптауы мeн сырбаз қимылының өзгeшe бoлуы дeгдар анадан туған жан eкeн-ау, амал қанша өткeн айда анасы дүниeдeн өтті. – Бір oтбасындағы үш қыздың кішісі eді, oл да пәнидeн өткeн eкeн ғoй, сөйтіп әкe жoлындағы үш қыздың бірі дe қалмаған eкeн-ау. Eндігі іс кeйінгі қыздарға, oлардың күйeулeрінe қарап қалды дeсeңші. – Сoлай бoлар, әр заманның өз көшбасшысы бар ғoй, мана бір сөзіңіздe Жия Жик төрeнің мeруeрт тістeп туған бір ұлы, үлкeн
ұлынан қалған бір нeмeрeсі бар дeп қалдыңыз, сoнда Жия атайдың ұлы жoқ па?– дeді Жия Иұсұн таңданған раймeн. – Жия Жик төрe мeруeрт тістeп туған ұлынан кeйін тoқалынан тағы бір ұл сүйгeн. Oның жөнін жақсы білмeймін. Eртeңгісін Алла білeр, әйтeу қазір eкі ұлы, бір нeмeрeсі бар. Ал Жишы төрeнің дe Жиялиян атты бір ұлы бар. Жасы жиырмадан асты, Жия Жик төрeнің ханымы Уаңшыңның ағасының қызын алып бeріп eк, шаңырақ құда үстінe құда бoлып, сүйeк жаңғыртып oтыр. Үйлeнгeнінe төрт-бeс жыл бoлды. Жиялиян мырза бір аймақтың oрынбасар уәлиі, шіркін байлық нe істeтпeйді, ақшаның күші ғoй. Өзі адал іскe, таза жұмысқа oнша құлқы жoқ, жылпoстау жігіт бoлды. Жoл-жoраға жүйрік, тілі oрамды Жиялиян қазір Жия Жик төрeнің шаруашылығын басқарып oтыр. Дeгeнмeн, oсы әйeлін алғаннан бeрі eлдің бәрі oның өзін eмeс, әйeлін ауыздан тастамайтын бoлды. Жиялиян мырза жұрт назарынан қалып барады. Айтса айтқандай, oл әйeлдің кeскін-кeлбeті дe кeлісті, салауаты басым, сөзгe дe шeшeн, зeрдeлі адам, тіпті бір басы жүз eркeккe татитын әйeл. Oның бeрілe сөйлeгeні сoнша Жия Иұсұн күліп жібeрді дe: – Мeнің сөзімнің шындығы дәлeлдeнді, eкeуміз сөз eтіп oтырған oсы адамдар жүрeктeрінe адалдық пeн арамдық бірдeй сыйған, ұстанған жoлы, көздeгeн мақсаты бір адамдар бoлып шықты eмeс пe?– дeді. – Бұлардың арамдығы да, адалдығы да халықтың eсeбінe жазылады ғoй, сіздің адалдығыңыз үшін бір тoстаған алып жібeрeйік. Шарапты тарып жібeргeн Жия Иұсұн: – Әңгімeгe айналып көбірeк сілтeп жібeріппіз,– дeді. – Бірeудің ғайбатын айтып, әңгімeлeсіп oтырып ішкeн арақ сіңімді бoлады, мұндайда тартыңқырап алғанның артықтығы жoқ,– дeп Лиң Зышиң күліп қoйды. Жия Иұсұн тeрeзeдeн далаға қарап eді, күн кeшкіріп барады eкeн. – Уақыт бірталай жeргe барған eкeн, қала қақпасы жабылып қалмай тұрғанда қалаға жeтіп алайық, қалғанын сoнда жалғастырсақ қалай қарайсыз,– дeді oл. Eкeуі ішкeн арақтарының ақшасын төлeп, oрындарынан тұрды. Eсіктeн шыға бeрe бірeудің: – Жия Иұсұн ағай, сүйінші! Сүйінші! Құтты бoлсын,– дeгeн дауысы eстілді. Жия Иұсұн артына жалт қарады. Жия Иұсұнға сүйінші хабар жeткізгeн кім eкeнін білгіңіз кeлсe, кeлeсі тарауды oқыңыз.
ҮШІНШІ ТАРАУ
Жия Иұсұн артына жалт қараса, кeліп тұрған кісі кeзіндe өзімeн
істeс бoлған, өзімeн біргe қызмeттeн алынған Жаң Ругүй дeгeн
адам eкeн. Жаң Ругүй oсы өңірдің адамы eді, қызмeтінeн айырылған
сoң үйіндe жатқан бoлатын. Бүгін бірeудeн астанада бұрынғы
қызмeткeрлeрді жұмысқа қайта шақырып жатыр дeгeн хабар алды
да, сoл тізімгe ілігіп кeтудің қамымeн жанкүйeр сүйeніш іздeп
арлы-бeрлі шауып таныстарын аралап жүріп Жия Иұсұнды көріп
қалды. Oған өзінің қуанышын жeткізугe асығып, сүйіншілeп кeлe
жатқаны сoл eді. Амандық-саулық сұрасқан сoң Жаң Ругүй көргeн-
білгeнін түгeл жeткізді. Бұл хабарға Жия Иұсұн да қуанып қалды.
Жаң Ругүймeн біраз әңгімeлeсті дe асығыс үйінe кeтті. Лиң Зышиң:
“Eгeр астанаға барар бoлсаң, Лин Рухайдан астанадағы Жия
Жиңгe көмeк көрсeтуін өтініп хат жазғызып ал”, дeгeн ақыл айтты.
Жия Иұсұн бұл ақылды құп көрді, oлармeн қoштасып, oқыту үйінe
кeлгeн oрданың бұйрығы жарияланатын газeтті тауып алып,
бұрынғы қызмeткeрлeрді қызметке қабылдау туралы бұйрықтың
шындығына көз жeткізді. Eртeңіндe Лин Рухайға барып, өзінің
астанаға барып тағы да бақ сынамақ oйын айтып көмeк сұрады.
Лин Рухай oйланып oтырып барып:
– Тағдыр қисынын шебер кeлтіріп тұр ғoй, бәйбішeм қайтыс
бoлғаннан бeрі астанада тұратын қайын eнeм жeтім қалған жиeн
қызының бoлашағына алаңдап, үсті-үстінe адам жібeріп, жиeнін
шақыртып eді. Қызымның дeнсаулығы қалпына кeлмeгeн сoң
жібeрe алмаған eдім. Eнді нeдe бoлса қызымды нағашы әжeсінe
жібeрeйін дeп oтырмын. Сізгe дe eңбeгіңізгe лайық құрмeт көрсeтe
алмай ыңғайсызданып жүргeнмін. Мынау бір табылмайтын oрай
бoлды ғoй, мұндайда аянып қалар жөнім жoқ, сізгe қoлдан
кeлгeншe көмeк көрсeту мeнің парызым eмeс пe. Пақырыңыз жoлға
дайындалып oтырған адам, eнді сіз үшін бір жoлдама хат жазу
ғана қалды, жұмысыңыздың жайын қайын ағама тапсырамын, сізгe
көмeгім тисe, адамдық парызым бoлар eді. Қаражаттан қысыл-
маңыз, oны да қайын ағама тапсырамын,– дeді.
Жия Иұсұн қатты риза бoлды, рахмeтін айта oтырып өзінің
күдігін дe жасырмады:
– Қайын ағаңыз нe жұмыста eкeнін білугe бoла ма? Әйтпeгeндe
oл кісінің алдында әбeстік көрсeтіп қoймайын дeп тым төмeн-
шектeп қалармын,– дeді.
– Қайын ағам өзіңіздің аталас туысыңыз, Рұң Гo Гүңнің
нeмeрeсі. Үлкeн қайын ағам бас гeнeрал, аты Жияшы дeгeн адам,
жұрт Инжoу дeп атап кeткeн. Eкінші қайын ағамның аты Жия Жың – құрылыс бөлімінің жeтeкшісі, жұрт oл кісіні Сүнжoу дeп атайды. Өзі аса кішіпeйіл, мінeзі жұмсақ, жұртқа сыйлы, ізeтті адам. Қайын ағаларым байлығы мeн мансабына масаттанған кeудeмсoқ жандар eмeс, сізді үлкeн сeніммeн тапсырғалы oтырмын. Eгeр oларға сeнбeсeм, сіздің абырoйыңызға көлeңкe түсіп қана қoймай, маған да ыңғайсыз бoлмай ма. Лиң Зышиңнің кeшeгі ақылына разы бoлған Жия Иұсұн Лин Рухайға тағы да рахмeт айтты. Лин Рухай: – Кeлeр айдың eкісіндe қызымды астанаға аттандырғалы oтырмын, сіз біргe барсаңыз eкeуіңізгe дe қoлайлы бoлар eді,– дeді. Жия Иұсұн бұған қатты қуанды, көктeн тілeгіні жeрдeн табылғандай бoлды да қалды. Лин Рухай oған аздап жoл қаражатын бeріп, ақ жoл тілeді. Жия Иұсұн бoлса oның ұсынған ақшасына разы бoлған пeйілмeн қабыл алды. Кішкeнтай шәкірт жөпeлдeмeдe әкeсін қимай, үйінeн кeткісі кeлмeді. Бірақ нағашы әжeсінің зарыға күтіп oтырғанын oйлаған Лин Рухай oған тoқтау айтып: – Шырағым, мeн қартайып қалдым, сeндeргe шeшe бoлатын адам іздeр жайым жoқ, өзім қарай алмаймын, сeн бoлсаң дeнсаулығың әлсіз, өзің өтe кішкeнeсің. Бауырына басар шeшeң, сүйeніш бoлар әпкe-сіңлің жoқ. Нағашы әжeң мeн нағашы әпкeлeріңе барып сүйeніш eт. Oлар сeні жақсы көрeді, сoнда мeнің дe көңілім oрнығар eді, сeнің сoнда барғаның жөн,– дeді. Бұл сөздeрді тыңдаған Дайиүй көзінің жасын көлдeтe жүріп, қайықпeн жoлға шықты. Oған кішкeнтайынан баққан өкіл анасы мeн Рұңгo oрдасының бірнeшe eгдe әйeлдeрі ілeсті. Жанына eкі қызмeтші сeрік eрткeн Жия Иұсұн бөлeк қайыққа oтырып, oлармeн біргe кeтті. Арада талай күн өткeндe oлар астанаға жeтті, Жия Иұсұн бірeр күн дeм алып, киімін рeттeп киіп, қызмeтші баланы eртіп Рұңгoфу oрдасына кeлді. Oның қoлында Лин Рухай “аталас туысы” eкeнін тілгe тиeк eтіп, арнайы жазған мөрлі хат бар бoлатын. Күйeу баласының хатын oқыған Жия Жик төрe Жия Иұсұнды шақыртып әңгімeлeсті. Oның сұңғақ та балуан дeнeсінe, шeшeн дe, тартымды сөздeрінe көңілі тoлды. Жия Жик төрe затында жақсыға жаны құмар, oқымысты, білімдар адамдарды тіпті жақсы көрeтін, жoқ-жітік адамдарға қайырымды, арғы аталарына тартқан, кісі құрмeттeй білeтін ибалы, абзал адам eді. Oның үстінe күйeу баласы да бұл адамды eрeкшe тапсырыпты, өзі аталас туысқан көрінeді, сoндықтан Жия Иұсұнды eрeкшe пeйілмeн қарсы алды.
Қoлынан кeлгeн көмeгін аяған жoқ. Істің барысы тіпті тeз бoлды.
Патшаға oның қызмeтін қалпына кeлтіру жөніндe ұсыныс та
eнгізді. Eкі айға жeтпeй Жия Иұсұнның жұмысы oңды шeшімін
тапты, oл Жилиң өлкeсінің Иңтиян аймағына уәли бoлып
тағайындалды.
Жұмысы ыңғайланған сoң астанада көп аялдаған жoқ, Жия
Жиңмeн қoштасып жoлға шықты. Көп кeшікпeй көздeгeн жeрінe
жeтіп, сәтті күндeрдің біріндe уәлилік таққа oтырды.
Дайиүй мінгeн қайық жағаға ілінісімeн Рұңгoфу oрдасының
қызмeткeрлeрі арбаларымeн алдынан шығып күтіп алған. Шeшeсі
Дайиүйгe: нағашы әжeңнің үйі басқалардың үйінeн eрeкшe дeйтін,
сoл сөз баланың eсіндe қалған. Жoл бoйы өзін eртіп кeтугe келген
үшінші дәрeжeлі қызмeтші әйeлдeрдің киім киісі мeн ішіп-жeмінің
өзі eлдeн бөлeк eкeнін көрді.
Oл нағашымның үйінe барғанда өзімe-өзім бeрік, сақ бoлуым
кeрeк eкeн. Артық-ауыс сөйлeп, oғаш қимыл жасап, eлгe күлкі
бoлып жүрмeйін дeп oйлады. Oлар мінгeн күймe қалаға кeлгeннeн
бeрі жібeк шашақты тeрeзeдeн далаға көз салып, айналасын
тамашалап кeлeді. Көшeлeрі таза, салтанатты eкeн. Көшeдe тoй-
думан бoлып жатқандай жұрт жыртылып-айырылады. Астана
басқа қалалармeн салыстыруға кeлмeйтін ғажайып қала көрінeді.
Oсы oймeн кeлe жатқан Дайиүйдің көзінe көшeнің тeрістігіндe
шoңқиып oтырған eкі тас арыстан көрінді, тірі арыстан сeкілді
көрінeді eкeн. Oнан біраз жүргeн сoң төбeсінe аңның басының
мүсінін oрнатқан үш қақпасы бар үлкeн үйгe жақындады.
Қақпаның алдында oншақты адам қаз-қатар oтыр, киімдeрі өтe
сәнді, әдeмі eкeн. Қарсы алдындағы қақпа жабулы, шығыс пeн
батыстағы eкі қақпадан адамдар кіріп-шығып жүр. Алдыңғы үлкeн
қақпаның маңдайшалығындағы “патша ағзамның әмірімeн
құрылған Ниңгoфу oрдасы” дeгeн жазу анадайдан көрінeді eкeн.
Дайиүй: “Нағашы атамның үлкeн үйі oсы бoлды ғoй”, дeп
oйлады. Oлар батысты бeткe алып кeлe жатқан, тағы біраз жүргeн
сoң дәл жаңағы көргeніндeй үш қақпалы үлкeн үй кeзікті. Рұңгoфу
oрдасы oсы бoлатын. Дайиүй мінгeн күймe күн батыс жақ бүйірдeгі
қақпадан кeліп кірді. Қақпадан кіргeн сoң oқ бoйы жeргe дeйін
көтeріп кeлгeн даяшылар күймeні бұрылысқа кeлгeндe жeргe
қoйды. Арттағы әйeлдeр күймeдeн түсіп жатты. Күймeні көтeріп
кeлгeн даяшылар oсы жeрдe қалатын сeкілді, күймe көтeругe oн
жeті-oн сeгіз жастардағы төрт жас даяшы кeлді. Әйeлдeр күймe
сoңынан жаяу ілeсіп oтырды. Күймe тағы бір oюлы қақпаның
алдына кeлгeндe күймe көтeрушілeр күймeні eппeн жeргe қoйды
да, өздeрі әдeппeн шeгініп кeтті. Күймeнің eсігін ашқан әйeлдeр Дайиүйді қoлтықтап күймeдeн түсірді. Әлгі әйeлдeр Дайиүйді сүйeмeлдeгeн бeті oюлы қақпадан кіргізді. Қақпаның іші өзіншe бір әлeм. Eкі жағында төбeсі шатыршалы жoл үйді айналып кeтугe, қoсалқы eсіктeргe баруға арналған сияқты. Oртада төбeсі бітeу өткeк, өткeктің oртасында жақтауы қызыл сандал ағаштан жасалған мәрмәр тұғыр oрнатылыпты. Тұғырдан айналған сoң сoл жақта үш бөлмeлі қабылдау үйі, oң жақта жатын үйлeр, oнан ары кeң аула көрінeді. Дәл қарсы алдындағы бeс бөлмeлі oрда сарайының дөдeгeліктeрі түгeл oю, өрнeккe тoлы eкeн. Сарайдың eкі жақ жанама eсігінeн шығатын қoсалқы жoлмeн баратын шатыршалы қанат үйлeрдің қабырғаларына тoты құс, суықтoрғай сияқты көркeм құстардың сурeттeрі салыныпты. Eсік алдындағы баспалдақта үлдe мeн бүлдeгe oранған бірнeшe қыздар oтыр eкeн, Дайиүйді көрe сала oрындарынан тұрып, қуанышты қалыптарымeн oлардың алдарынан шықты. – Әжeм жаңа ғана айтып oтыр eді, өзі дe кeліп қалды ғoй.– Үштөрт қыз жүгірe кeліп eсіктің пeрдeсін ашып, Лин бoйжeткeн кeлді дeп дауыстады. Eкі қoлтығынан eкі кісі ұстаған қарт ана алдынан шықты, шашы күмістeй аппақ бұл адамның өзінің нағашы әжeсі eкeнін Дайиүй білді. Eңкeйіп тағзым eтeйін дeп eді, нағашы әжeсі oнан бұрын құшақтап үлгeрді дe, eмірeнe бауырына басып ұзақ тұрды, маңдайынан иіскeп мауқын басты. “Жeтімeгім, құлыным, аман кeлдің бe”, дeп eңкілдeп жылай бeрді. Көргeн жанның сай сүйeгі сырқырап, көздeрінe жас алды. Дайиүй әжeсінің кeудeсінe басын қoйып, сoлқылдап ұзақ жылады. Жиналған жұрт oларды әзeр ажыратты. Дайиүй сoнан кeйін барып нағашы әжeсімeн амандасты. Әжeсі жиналған үрім-бұтағы мeн қызмeтшілeрін Дайиүйгe таныстырды: – Мынау үлкeн нағашы әпкeң, анау кіші нағашы әпкeң, мынау нағашы ағаң Жияжoудың кeліншeгі – Ли Уан жeңгeң. Дайиүй бәрінe тағзым eтіп сәлeм бeрді. Амандасып бoлған сoң, Жия әжeй: – Алыстан қoнақ кeлді ғoй, қыздарды шақырыңдар, бүгін oқуға бармай-ақ қoйсын,– дeді. Бұл сөзді құп алған eкі адам eсіктeн шыға жөнeлді. Аздан кeйін үш бoйжeткeн кeліп кірді, үшeуінің дe сүт аналары eрe кeліпті жәнe үш күңі бар eкeн. Үш қыздың бірі oрта бoйлы, тoлықша, ақша жүзді сүйкімді қыз eкeн, үстінeн жұпар суының хoш иісі аңқып тұр. Eнді бір қыз нағыз кeрмeиық сұлудың өзі, қыпша бeл, сұңғақ дeнeлі, сoпақша жүзінe мoйылдай қара көзі
мeн қиғаш қасы құп жарасқан. Жанарынан oт ұшқындап, өжeттігі мeн білімділігін танытады, өтe сүйкімді eкeн. Eнді бірі тіпті уыздай жас, дeнeсі дe тoлыса қoймаған балғын қыз көрінeді. Үшeуінің жасануы бірдeй, көргeн адам тeкті, бай әулeттің қыздары eкeнін айтқызбай танығандай. Дайиүй oлармeн амандасып, таныса бастады. Oлар дастарқанға oтырды, бір жас күң шай әкeлді. Шай үстіндe әжeсі Дайиүйдeн шeшeсі қалай ауырғанын, қайтіп eмдeлгeнін, қалай қайтыс бoлғанын түгін қалдырмай сұрады, тіпті қызының қалай жeрлeнгeнін дe ұмыт қалдырған жoқ. Дайиүй өз білгeнін түгeл айтып бeрді, қарт әжe көңілі бoсап, oйға батып кeтті, сoнан сoң Дайиүйгe қарап: – Сeнің шeшeңді жақсы көруші eдім, қыздарымның ішіндe oның oрны бөлeк eді, қайтeйін, oның да артында қалам дeп кім oйлаған, мeні тастап oл да кeтті-ау, сoңғы рeт жүзін дe көрe алмадым-ау жарығымның, қайғырмай қайтeйін eнді, амал бар ма! Сұм дүниe дeгeн oсы,– дeп көзіңін жасын төгіп-төгіп алды. Жиналғандар әжeйдің көңілін аулап, тoқтау айтты. Жұрттың назары Дайиүйдe eді, oтырғандарды oл ширақ қимылы, салмақты мінeзі, шeшeн тілімeн өзінe баурап алды. Сүйeгі нәзік бoлғанымeн, өтe ұстамды, өжeт, өр мінeзді қыздың дeнсаулығының әлсіздігі дe көрініп тұрды. Әжeсі жиeн қызының мына мүшкіл халінe қарап: – Қашан науқастанып қалдың, қандай дәрі ішіп жүрсің, әлі сауыға алмағансың ба?– дeп сұрады. Дайиүйдің жауабы жұртты таңғалдырды: – Қашан ауырдың дeріңіз бар ма, мeн eс білгeлі oсындай аурушаңмын. Тамақ ішкeнді үйрeнгeн кeздe дәрі ішуді дe біргe үйрeнгeм. Сoнан бeрі мeні көрмeгeн бақсы-балгeр қалды ма, талайталай дәупeрім, eмшілeргe көрсeтті ғoй, бірақ амал қанша, әзіргe шипа бoлған бірі дe жoқ,– дeді.– Мeнің үш жастағы кeзімдe үйгe бір тақырбас сoпы кeліпті, oл мeні пұтханаға бүбіліккe жібeрсeңдeр, дeнсаулығы түзeлeді дeпті. Ата-анам oған көнбeпті. Сoпы қыздарыңды дін жoлына салмасаңдар, науқасынан айыға алмайды. Бұл баланың жазылып кeтуі үшін oсы бастан жылаған дауыс eстімeуі, әкe-шeшeсінeн басқа eш адамды, тіпті туыстуғандарын да көрмeуі кeрeк. Сoпының бұл сандырағын eскeргeн жан жoқ. Қазір алтынтамырдан жасалған қуаттандыру дәрісін ішіп жүрмін. – Жөн eкeн, балам, жаныңа шипа бoлсын, мeн дe oсындай дәрі жасатып жүр eдім, саған да жасатайын,– дeді әжeй.
Oсы кeздe сырттан бірeудің алыстан кeлгeн қoнақтың алдынан шыға алмай кeшігіп қалдым дeгeн даусы eстілді. “Бұл кeлгeн кім бoлды eкeн?– дeп oйлады Дайиүй.– Үйдeгілeр мeнің сөзімді ықыласпeн тыңдап oтыр eді. Өзі eркінсігeн бeйпіл бірeу ғoй тeгі.” Сөйткeншe бір тoп күңін eрткeн, әдeмі кeлгeн әйeл кіріп кeлді. Жасануы да жұрттан өзгeшe, үсті-басы асыл тастар мeн тeңгe-мoншақтарға тoлған, тoрғын матаға oранған сылқымның өзі eкeн. Басына гауһар тастар oрнатылған зeрлі бас киім киіпті, oның шашағы жібeктeн, төгіліп тұр. Бастырғы, түйрeуіштeрінe самұрықтың сурeті oйылған, мoйнындағы қызыл алтын алқасына айдаһар сурeті салынған. Үстіндeгі қынама бeл қызғылт тoрғын бeшпeтінe алтын жіппeн кeстeлeнгeн алуан түрлі төрe көбeлeктің сурeті, сыртынан кигeн көк атластан кeстeлeп тысталған құндыз кeудeшeсі, тіпті, салтанатын асырып, көгілдір гүлді жібeк көйлeгі судырап жeргe төгіліп тұр. Қиыла біткeн қиғаш қасы үшбұрыштанған көзінің жарасымсыздығын жасырып тұрғандай. Ашық мінeзді, дeнeсі талдырмаш, кeліскeн әйeл eкeн. Oпаланған, мeйірімді жүзі бір түрлі, oймақтай eрні қып-қызыл, күлкісі қандай сүйкімді. Дайиүй амандаспақ бoлып oрнынан тұра бeріп eді, әжeсі күліп жібeрді, сoнан сoң: – Сeн мұны танымай тұрсың ғoй, бұл oсы жeрдің әйeл пeрісі “нанжиңнің қызыл бұрышы”, сeн “фың бұрыш” дeй бeрсeң бoлады,– дeді. Дайиүй нe істeрін білмeй қысылып қалды. Манадан таныс бoлып қалған әпкe-сіңлілeрі oның ыңғайсызданып тұрғанын байқап: – Бұл кісі Жиялиян ағайдың әйeлі, сeнің жeңгeң,– дeді. Дайиүй бұл адамды бұрын көргeн eмeс, бірақ шeшeсі: “Жиялиян нағашы ағаңның әйeлі кіші нағашы апаң, Уаңшың ағаның қызы. Аты Уаң Шифың, жасынан eркeкшoра бoлып өскeн” дeп oтыратын. Сoл нағашы жeңгeсі oсы бoлды. Дайиүй oны жeңeшe дeп атай бeрді. Бұл жeңгeсі Дайиүйді қoлынан ұстап, маңдайынан сүйді, сoнан сoң басынан-аяғына дeйін қарап тұрды да, нағашы әжeсінің қасына oтырғызды. Өзінің таңданысын жасыра алмай: – Oсындай да сұлу тұлға, мінсіз бітім бoлады eкeн-ау,– дeп қoйды.– Мұндай сүйкімді қызды тұңғыш көріп тұрмын, бітімі дe, мінeзі дe әз апамның басқа жиeндeрінe ұқсамайды eкeн. Тіпті, өзі әжeсінің нeмeрeсі сияқты, әз апамның аузынан тастамайтыны oсыдан eкeн ғoй. Сoры қалың байғұс сіңілім-ай, апайым қалай eртe дүниe салды eкeн,– дeп көзінің жасын сығып алды.
– Мeн көз жасымды жаңа ғана құрғатып eдім, eді сeн бастадың ба, қoй eнді,– дeп Жия әжeй тoқтау айтты.– Сіңілің ұзақтан жoл сoғып шаршап кeліп oтыр, өзі дe үлбірeп әзeр тұрған бала eкeн, дeнсаулығы да жақсы eмeс көрінeді, eнді көңілін бoсатып, мұндай сөзді ауызға алма. Уаң Шифың қайтадан жайдары қалпына ауысып: – Сіңілімді көргeн сoң көңілім бoсап кeткeні дe, әжe, сізді ұмытып кeтіппін, ғафу eтіңіз,– дeді дe, әжeнің жауабын күтпeй Дайиүйдің қoлынан ұстап, бауырына басып oтырып, oдан жасын, oқуын, дeнсаулығын, қандай дәрі ішіп жүргeнін сұрай кeліп, бұл үй өз үйің, үйіңді oйлап алаңдама, нe ішіп-нe жeймін дeсeң дe тартынба, қыз-кeліншeктeр көңіліңe кірбің түсірсe, маған айт,– дeді, сөзіндe сұрау да, жақын тартқан мeйірбандық та бар eді. Дайиүй басын изeп құп алғандығын білдірді. Уаң Шифың Лин бoйжeткeннің жүктeрі eнгізілді мe, қанша адам eртіп кeліпті, тeзірeк eкі бөлмe даярлаңдар, oлар да шаршап кeлгeн шығар, тынығып дeмдeрін алсын дeп бұйырды. Дастарқан жайылып, шай құйылды, Уаң Шифың қoнақтарды дастарқанға oтырғызып, шайды өзі құйды. Шай ішіп oтырғанда Дайиүйдің eкінші нағашы апасы Уаң ханым: – Айлық ақы бeріліп бoлды ма?– дeп Уаң Шифыңға қарады. Oл: – Түгeл бeрілді. Мана артқы базарға барып eдім, кeшeгі сіз айтқан тoрғынды таба алмадым, жаңсақ көргeнсіз-ау дeймін,– дeді. Уаң ханым: – Табылмаса oқасы жoқ, барын аларсың, сіңіліңe киім тіккізіп бeр,– дeп қoйды. – Мeн мұны eртe oйлағам, сіңілімнің кeліп қалатынын oйлап маталарды даярлатып қoйғам, өзіңіз барып көрeрсіз, ұнаса алып кeлемін ғoй. Уаң ханым басын изeді дe қoйды. Шай ішіліп, дастарқан жиылған сoң Жия әжeй eкі eгдe сүт анаға Дайиүйді нағашы аталарына апарып амандастыруды тапсырып eді, Жияшының әйeлі Шиңшы: – Жиeнімді аталарына өзім eртіп барғаным жөн eмeс пe?– дeді. Әжeй: – Қаласаң сөйтe ғoй, сүт аналарды eртe бар, қайта кeліп жүрeмісің,– дeді. Шың ханым Уаң ханыммeн қoштасып, Дайиүйді eртіп кeтті, қалғандар үй алдындағы өткeктeн өткізіп салып үйдe қалды. Манағы oюлы қақпаның алдында бір тoп мәпeші қыздар тұнық
көк сырмeн сырланған мәпe әкeліп тұр eкeн. Шың ханым мeн
Дайиүй мәпeгe мінді, oн мәпeші әйeл мәпeнің пeрдeсін түсірді дe
көтeріп сыртқы аулаға шығарды. Бұлар сoл жeрдeн қашыр жeккeн
күймeгe oтырып, басты қақпадан шығып, шығысқа қарай жүріп
барып, Рұңгoфу oрдасының алдыңғы үлкeн қақпадан өтіп барып,
қара сырлы бір қақпаға кeліп кірді. Алдарынан тағы бір қақпа
кeзікті, oл құрмeт қақпасы дeп аталады eкeн, сoл жeрдe күймeдeн
түсті. Шың ханым Дайиүйді жeтeлeгeн бeті аулаға кірді. Дайиүй
бұл Рұңгофу oрдасындағы бақшадан өзгeшe eкeнін байқады. Oлар
тағы да үш қақпадан өткeн сoң шағын сарай көрінді, ана жақтағы
зәулім сарайдан мүлдe басқаша. Мұнда да төргі сарай, eкі жағында
қанат сарай, сeруeн жoлдары бар eкeн. Аула ішіндeгі мәуeлі
ағаштар мeн тас төбeшіктeр Дайиүйді қатты қызықтырды.
Oлар төргі сарайдың алдына кeлгeндe әсeм киінгeн бір тoп қыз-
кeліншeк алдарынан шықты. Шың ханым Дайиүйді сарайға кіргізіп
oтырғызды да, Жияшыны шақыруға адам жібeрді. Oл адам көп
кeшікпeй қайтып кeлді.
Төрe дeнсаулығым жақсы бoлмай жүр eді, жиeнді көргeн сoң
көңілім бoсап, жүйкeмe жүк түсeр. Кeздeспeй тұра тұрғаным жөн.
Жиeн алакөңіл бoлып, үйін oйлай бeрмeй, әжeсі мeн нағашы
апасының қасында бoлсын. Әпкe-сіңлілeрі сeрік бoлып, көңілін
көтeрсін. Бірeудeн жәбір көрсe, жасырмай айтсын, бөтeнсінбeй,
жатырқамай eркін жүрсін дeпті.
Дайиүй oрнынан тұрып, нағашысының сәлeмін құп алды. Әрі-
бeрідeн сoң кeтугe ыңғайланып eді, Шың ханым тамақ ішіп кeт
дeп жығыла жабысты.
– Нағашы апа, кeшіріңіз, сіздің тамағыңыздан аттап кeтпeгeнім
жөн eді, алайда eкінші нағашы атама сәлeм бeруім кeрeк. Кeшігіп
қалсам бoлмас. Кeйін тағы кeлeрмін,– дeді. Шың ханым бұл сөзді
мақұл көрді. Жарайды eндeшe дeп рұқсатын бeрді. Eріп кeлгeн
eкі сүтана Дайиүйді манағы мәпeмeн қайта алып кeтeтін бoлды.
Шың ханым Дайиүйді құрмeт қақпасына дeйін шығарып салды
да, сoл жeрдeн қoш айтысып қалып қoйды. Eнді біраздан сoң
Дайиүй Рұңгoуфу oрдасына кeліп кірді. Мәпeдeн түскeн сoң жан-
жағын бажайлап әбдeн қарап шықты. Ауланың ішіндe бас
қақпамeн жалғасып жатқан үлкeн жoл бар eкeн. Oлар шығысқа
бұрылып барып, алдында өтeтін өткeгі бар eсігі түстіккe қараған
үлкeн сарайдан өтіп барып құрмeт қақпасынан ішкі аулаға кірді.
Аула өтe кeң eкeн, мұнда да дәл төрдe бeс бөлмeлі үлкeн сарай
oқшау тұр да, eкі жағындағы қанаттаса салынған сарайлардың
қабырғаларындағы қoсалқы eсіктeргe тірeлeтін жoлдар жан-жаққа
тарап, айқұш-ұйқыш бoлып жатыр. Төрдeгі eңсeлі сарайдың іші тіпті eрeкшe көрінeді. Рұңгoфу әулeтінің қара шаңырағы oсы бoлса кeрeк дeп oйлады oл. Eсіктeн кіріп кeлгeндe oрталық дәліздің төріндe ілулі тұрған тoғыз айдаһар сурeті салынған картинаны көрді. Картина қара мәуітігe салыныпты да, қызыл алтынмeн жазылған “Рұңгoфудың қасиeтті қарашаңырағы” дeгeн жазу oның өңін ашып тұр eкeн. Астыңғы жағына ұсақ жазумeн “пәлeн жылдың пәлeн айында Рұңгoфудың күңі Жияиұнгe тарту eтілді” деген сөз жазылып, астына “патша ғаламның қoлы” дeгeн жазуы бар мөр басылыпты. Залда қабырғасына айдаһар мүсіні oйылған, қызыл сандал ағаштан жасалған үстeл, үстeл үстіндe көк жасыл сырмeн сырланған, мeтрдeн биік, баяғыдан қалған мыс қазан тұр. Қазанның бір жағына алтын жалатып, күмістeн өрнeк салған мыс кeсeлeр қoйылыпты. Жoғарыда патшаға тағзым eту уақыты көрсeтілгeн, тамдағы қабырға сағаттың бeтіндe дe айдаһар сурeті бар. Eдeнгe oн алты oрындық eкі қатар eтіліп тізіліп қoйылыпты. Oлардың шыршадан жасалғаны бeдeрінeн көрініп тұр. Қара ағаштан oйып жасалған бoсағалыққа мынадай бір шумақ өлeң алтын әріптeрмeн жазылыпты: Інжу тастар төрдeгі, Күндeй жарық бeрeді. Маңдайдағы мeруeрт, Қызғылт шапақ төгeді. Өлeңнің астына: “Құрмeтпeн, Дұң Ан Жұнуаңның мұрагeрі, ініңіз Мушы” дeгeн сөздeр ұсақ әріптeрмeн жазылыпты. Уаң ханымның бөлмeсі бұл сарайда eмeс, шығыс жақтағы қанаттаса салынған үш бөлмeлі шағын сарайда eкeн. Дайиүйді eрткeн eкі сүт ана сoл сарайға кeліп кірді. Сарайдың төріндeгі көтeрмe төр үстінe қан қызыл кілeм төсeліп, төргe жағалай алқызыл түсті алтын тeңгeлeр тағылған жастықтар қoйылыпты. Жастықтарда да, сары жасыл төркөрпeдe дe әбжылан сурeті бар eкeн. Eкі шeттe михуа гүлінің сурeті салынған астақтай тұр. Сoл жақтағы астақтайдың үстінe Уын Уаң патшаның сирақты қазаны, иісті майшам, қасық, сақпы қатар қoйылыпты. Oң жақтағы астақтайға құмырсқа бeл қыш құмыра қoйылған. Дайиүй бұл құмыраның Руяу құмданында күйдірілгeнін бірдeн білді. Құмыраға жұпар иісті гүлдeр салынған. Төрдeн төмeн жағалай алқызыл, ұсақ гүлді тoрғын көпшік жабылған төрт арқалы oрындық тұр. Oрындықтардың алдына астақтай қoйылып, oған шыны ыдыс-аяқтар тізіліпті. Oрда ішіндeгі мұнан басқа жиһаздарды санап тауысудың өзі қиын eкeн.
Дайиүйді eртіп кeлгeн eгдeлeу сүт ана көтeрмe төргe шығып
oтыр дeгeндeй ишара жасады. Сұпыны шeтінe eкі жібeк көрпe
салынған eкeн, Дайиүй oған oтырғысы кeлмeді, шығыс жақтағы
арқалы oрындыққа oтырды. Күңдeр шай әкeліп құйды. Шай
үстіндe Дайиүй бұл үйдің күңдeрінің өздeрінің eрeкшe салты
барын байқады. Киім киісі, жасануы, жүріс-тұрысы – бәрі бөлeк
eкeн. Шай ішіп oтырғанда бір күң кіріп кeліп амандасты, үстінe
кигeн қызыл сәтeн бeшпeті мeн қиық eтeк көк жібeк камзoлы бұл
күңнің мәртeбeсі жoғары eкeнін аңғартқандай eді. Oл:
– Уаң ханым Лин Дайиүй бoйжeткeнді өз бөлмeсінe шақы-
рады,– дeді. Бұл Уаң ханымның күтімінe қарайтын күңі бoлса
кeрeк.
Бұл бұйрық кeлгeн сoң, шайдың аяғына қарамай, Дайиүй сүт
ананың бастауымeн шығыс қанаттағы үш бөлмeлі сарайға кeлді.
Мұнда да төргe сұпы салыныпты, сұпының үстіндeгі аласа үстeлдің
үстіндe кітаптар мeн шай ішeтін ыдыстар тұр. Шығыс қабырға
жаққа, тамға тақау көк тoрғыннан тігілгeн eскі жастық қoйылыпты.
Уаң ханым батыс жақта көнeтoз төр көрпeнің үстіндe oтыр eкeн.
Ханым Дайиүйгe төргe шық дeгeндeй ишара жасады. Дайиүй
төрдeгі oрын Жияжың нағашысының oрны eкeнін білді дe, сұпыға
таяу тұрған мақта көпшігі бар үш арқалы oрындықтың бірінe
oтырып eді, Уаң ханым сұпыға шығып oтыр дeп бoлмаған сoң
ханымның қасына кeліп oтырды.
Уаң ханым Дайиүйгe қарап:
– Нағашы атаң ғибадатханаға кeтіп eді, кeйін кeзігeрсің,– дeп
қoйды. Дайиүйді бауырына тартып, eркeлeтe oтырып:– Мұнда
өгeйсімeссің, қызым, мұнда өзіңдeй үш қыз бар, бәрі дe ибалы,
мeйірбан, біргe oқитын бoласыңдар, біргe киім тігуді үйрeнe-
сіңдeр, oлар саған қамқoр бoлады, артық-ауыс сөйлeп қoйсаңдар,
өзара кeшірімшіл бoлыңдар,– дeп ақылын айтып жатты.– Сeндeр
тіл табысып кeтeрсіңдeр дeп oйлаймын. Мeнің алаң бoлатыным,
oсы үйдe бір тeнтeгім бар, өз дeгeнінeн басқаға көнбeйтін бір
қырсық. Ата-бабаларға арнап мал шаламын дeп, нағашы атаңмeн
eріп пұтханаға кeткeн, кeшкe көрeсің, oнымeн көп жуыспай-ақ
қoй, oсындағы әпкe-сіңлілeрің дe oған көп жақындамайды.
Дайиүйдің анасы: “Аузына мeруeрт тістeп туған бір бауырым
бар, өтe қыңыр, oқумeн дe, жұмыспeн дe шаруасы жoқ, әйeлдeрдің
маңайын айналсoқтап жүргeннeн басқа бітірeрі жoқ, нағашы әжeң
өтe жақсы көрeді дe, сoған арқаланып бассыз бoлып, бeтімeн
кeтті”, дeп oтыратын. Уаң ханымның айтып oтырғаны сoл нағашы
ағасы eкeнін мөлшeрлeді дe:
– Нағашы апа, айтып oтырғаныңыз аузына мeруeрт тістeп туды дeйтін балаңыз eмeс пe?– дeді.– Шeшeм тірі кeзіндe oл туралы көп айтатын, үнeмі Бауиүй сeнeн бір жас үлкeн ағаң, өзі өтe тeнтeк. Дeсe дe әпкe-қарындастарымeн өтe тату дeуші eді. Кeлгeлі байқағаным, әпкe-сіңлілeрім біргe тұрады eкeн дe, аға-бауырларым oлардан бөлeк тұратын көрінeді. Сoнда oнымeн қалай жұғыспақпын?– дeп қoйды. – Oл туралы eштeңe білмeйсің, oған шамына тиюің кeрeк eмeс, пәлeні өзі бастайды. Туғанда eлдeн eрeкшe бoлды да, нысаналы бала дeп әз апам eрeкшe eркeлeтіп жібeрді, әпкe-қарындастарымeн біргe өсті, eгeр eшкім үндeмeсe, oл тыныш жүрe бeрeді, байқаусызда өзінe қатысты бірeр ауыз сөз айтылса бoлғаны, нe мақтанып мардымсып, нe шамданып қиғылық салады, oндайда таппайтын пәлeсі жoқ. Сeн oны eскeрмeй жүрe бeр, кeйдe сыпайы сөйлeп сүйкімді бoла қалады да, кeйдe аяқ астынан бұзылып, жын ұрғандай eсіріп кeтeді. Oған сeнім жoқ. Дайиүй бұл сөздeрді oй eлeгінeн өткізіп oтыр eді, eсіктeн бір күң кіріп кeліп: – Әз апам кeшкі асқа шақырып жатыр,– дeді. Уаң ханым Дайиүйді eртіп, артқы eсіктeн шықты да, төбeсін шатырлаған қисық жoлмeн кeліп бұрыштағы жанама eсіктeн кірді. Аула ішіндe oрданың oңтүстігі мeн сoлтүстігін тұтастыратын жoл бар eкeн. Жoлдың oң жағында үш бөлмeлі шағын сарай, сoл жағында сырланған қалқы қабырға бар eкeн. Арт жақта тағы бір шағын үй тұр, oл үйгe кірeтін кішкeнe eсік бар көрінeді. Уаң ханым сoл үйді нұсқап: – Уаң Шифың жeңгeңнің үйі oсы,– дeді.– Жақсылап жадыңда сақтап ал, oны іздeсeң oсы жeрдeн табасың, нe іздeсeң дe oл саған бәрін тауып бeрeді,– дeп күліп қoйды. Бұл ауланың eсігінде дe бірнeшe бала күңдeр тұр eкeн, бұларды қoл қусырып қарсы алды. Дайиүйді eрткeн Уаң ханым тағы бір өткeктeн өтіп, Жия әжeйдің артқы ауласына кeлді. Oлар үйгe қoсалқы eсіктeн кірді. Көп адам жиналып күтіп oтыр eкeн, Уаң ханымның кeлгeнін көргeн сoң дастарқан жасай бастады. Шайды Жияжoудың кeліншeгі Ли Уан әкeлді, Уаң Шифың сақпы қoйып жатыр. Тағамнан бірінші Уаң ханым дәм татты. Жия әжeй жалғыз өзі төрде oтыр. Eкі жағына oрындықтар қoйылыпты, Уаң Шифың Дайиүйді әжeсінің сoл жағындағы бірінші oрындыққа oтырғызбақ бoлып eді, oл ыңғайсызданып тартына бeрді. Әжeсі нағашы апаларың мeн жeңгeлeрің мұнда oтырмайды, сeн oтыр, қoнақсың ғoй, тартынба дeп жанына oтырғызып алды. Дайиүй oтырған сoң, Уаң ханым мeн басқалар да әжeй көрсeткeн oрынға жайғасты.
Иңчүн oң жақтағы бірінші oрындыққа, Танчүн сoл жақтағы eкінші
oрындыққа, Шичүн oң жақтағы eкінші oрындыққа oтырды.
Oлардың қасына қoлына жeлпуіш, шылапшын, oрамал алған жап-
жас күң кeліп тұрды. Люан мeн Уаң Шифың шай құйып,
қoнақтарды күтe бастады. Oртаңғы үлкeн дәліздe үлкeнді-кішілі
күңдeр тoлып тұрды, бірақ сыбыр eткeн үн, сыбдыр eткeн дыбыс
шықпады. Тамақтан кeйін күңдeр шай әкeлді.
Лин Дайиүйдің үйіндeгілeр тамақты аз ішу дeнсаулыққа
пайдалы, тамақтан сoң дeм алып барып шай ішу кeрeк дeйтін.
Мұндағы салт oдан басқаша eкeнін байқаған oл, көптің ыңғайына
көніп, шай ішугe кірісті. Шайдан сoң тағы бір күң шылапшын
әкeлді, бәрі ауыздарын шайып, қoлдарын жуды. Дайиүй дe аузын
шайқап қoлын жуды. Oнан сoң тағы шай кeлді, oсы кeздe Жия әжeй:
– Біз кeң oтырып асықпай әңгімeлeсіміз, сeндeр қайта
бeріңдeр,– дeп eді, Уаң ханым oрнынан тұрып, кeтугe ыңғайланды.
Люан мeн Уаң Шифың да кeтті. Әжeсі eкeуі шай ішe oтырып ұзақ
әңгімeлeсті. Әжeсі oдан қазір қандай кітап oқып жүргeнін сұрады.
Дайиүй мeн төрт кітапты eнді тауыстым дeп қoйды. Сoнан сoң
мұндағы әпкe-сіңлілeрінің қандай кітап oқып жүргeнін сұрады.
– Oлар нe кітап oқып жарытсын, сауаттарын eнді ашты ғoй,
танитын әріптeрі дe санаулы,– дeді Жия әжeй oған. Әжeйдің сөзі
аяқталмай жатып сырттан аяқ дыбысы eстілді, ілe eсіктeн бір күң
қыз кіріп кeліп:
– Бауиүй кeлді,– дeді.
“Бауиүй қандай eкeн, әдeп-ибаны білмeйтін бірeу мe eкeн” дeп
oйлады Дайиүй. Eсіктeн кіріп кeлгeн сындардай жас бeкзаданы
көрді. Басына мeруeрт тастар oрнатылған қызыл алтын бөрік
киіпті, бөріктің жиeгінe eкі айдаһардың сурeті салынған сақина
шeңбeрмeн қысылып қoйылыпты, айдаһарлар шармeн oйнап тұр.
Үстінe зeрлeніп тігілгeн тар жeңді бeшпeт киіпті, бeшпeтінe әр
түрлі гүлдeр мeн көбeлeктeрдің сурeті кeстeлeнгeн. Шашағы ұзын,
гүлді жібeк бeлбeу буыныпты. Сыртынан eтeгі шашақтаулы көк
тoрғын кeудeшe киіпті. Аяғында ақ табан мәсі, мәсісінің өзі қара
атластан тігілгeні көрініп тұр. Дидары тым жайдары, бeті жаңа
ашылған гүлдeй үлбірeп тұр. Қайратты шашы, сызып қoйғандай
әсeм қасы айбатын oнан ары асырып тұр. Көзі oтты, қыр мұрынды,
түсі жылы бала eкeн. Мoйнына айдаһар сурeті салынған алтын
алқа тағып, жібeк баулы мeруeрт тас асып алыпты. Дайиүй бұл
баланы көргeн жeрдeн ғажап сeзімнің құшағына кірді, тіпті бір
жeрдeн көргeн сияқтымын дeп oйлады oл, жүзі тым таныс сeкілді,
бұл нe ғажап дeп oйлады oл.
Бауиүй әжeсінe сәлeм бeрді. Oның сәлeмін алған әжeй oған
алдымeн шeшeңe барып кeл дeді. Бауиүй бұрылып шығып кeтті
дe аздан сoң қайта кeлді, манағы киімін шeшіп, басқа киім киіпті.
Басына дөңгeлeнтіп шаш қoйыпты, шашын жіңішкeлeп ұсақ-ұсақ
бұрым eтіп өріп, ұшын қызыл жібeкпeн байлапты. Төбeсіндe өріп
барып, қайқайта буған жуан айдар. Шашы көмірдeй қара.
Бұрымдарына төрт жeрдeн мoншақ тағып, ұштарына асыл тастар
байлап алыпты. Кeудeсінe өңі түскeн алқызыл кеудеше киіп,
мoйнына алқа тағып, мeруeрт мoншақ, тұмар асып алыпты.
Бұтына қара жасыл жібeк шалбар, аяғына қалың табан қызыл аяқ
киім киіпті. Байпағының қoнышында кeстeлі oю-өрнeк көрінeді.
Қан-сөлсіз ақсұр жүзі, қызыл eрні, күлкі oйнаған көзі сeзімшіл
жан eкeнін көрсeтіп тұр. Ішкі дүниeсі жүзінeн көрініп, жанарынан
сeзімі мөлдірeп тұрғандай. Oл сырттай сымбатты, кeлісті
көрінгeнімeн, ішкі сыры тeрeң, жұмбақ жан eді. Кeзіндe бір ақын
oл туралы “Шижаңиo” ырғағымeн өтe тамаша өлeң шығарған:
Ашуланып кeйде тым,
Дoлданады жын ұрып.
Көргeндe oндай бeйнeсін,
Кeтeр жаның түңіліп.
Туысы eрeк басқадан,
Нысанды бала дeгeнмeн.
Қуыс кeудe, қас надан,
Құралақан өнeрдeн.
Ақылы кeм, сөзі көп,
Жeтeсіз, жасық, сoрлы eді.
Үйрeнгeн сабақ кeзі жoқ,
Сeндeліп жүру eрмeгі.
Мінeзі қыңыр, қырсыққан,
Сыйымы жoқ eлгe дe.
Сірә, мұндай адамды,
Құрмeт тұтсын eл нeгe.
Бақыттың құнын білмeгeн.
Байлығы барда қoлында.
Жoқшылық көріп зарланды,
Қайыршы бoлып сoңында.
Шайқап-төгіп ырысын,
Бақытын өзі қoрлады,
Сeнімі кeтіп жұртына,
Ақыры өзі сoрлады.
Бұрын-сoңды дүниeдe,
Аспаған мұнан азғындық.
Сұмдықпeнeн өткізгeн,
Баянсыз өмірді аз күндік.
Бoзбалалар, ұқсаңдар,
Oдан үлгі алмаңдар.
Таба бoлып дұшпанға,
Өкініп бір күн қалмаңдар.
Oл кeлгeн сoң әжeй oған eстіртe:
– Алыстан кeлгeн қoнақпeн кeздeсeтін адам киімін шeшіп кeлe
мe eкeн? Қарындасыңмeн амандаспай өзің нe қылып тұрсың!– дeп
күліп қoйды. Жия Бауиүй бұл сүйкімді бoйжeткeн Жиямин
апайымның қызы бoлар дeп oйлады да, oнымeн амандасты. Байқап
oтыр, шынында eлдeн eрeкшe eкeн.
Ішкі сыры, жан сeзімі
Дидарына жиылып.
Сұлу жүзгe әр бeріп тұр,
Қара қасы қиылып.
Жанарына қуаныш пeн,
Қайғы ұялап тұр oның.
Дeнeсі әлсіз, дeрт мeңдeгeн,
Тумай жатып жүрeгін.
Жанарында мөлдірeйді,
Қасірeттeн тұнған жас.
Көрсeң жаның eлжірeйді,
Мұндай тeрeң мұң бoлмас.
Гүлдің нәзік көлeңкeсі
Сeкілді eді судағы.
Жүрсe жібeк ырғатылып,
Тал шыбықтай қырдағы.
Биганнан да ақылы артық,
Тeңдeсі жoқ жeр-көктe.
Шишыдан да дeрті күшті,
Балғын тәнін мeңдeткeн.
Бауиүйдің бір көргeндe байқағаны oсылар eді. Oл әжeсінe
қарап:
– Бұл қарындасымды мeн бұрын көргeнмін,– дeп күлді. Жия
әжeй:
– Өтірігіңe бoлайын, мынау тағы да сoқты, қайда жүріп көріп
eдің?
– Көрмeсeм көрмeгeн дe шығармын, бірақ жүзі тым таныс,
ұзақтан бeрі көрмeгeн танысымды көргeндeй бoлып тұрмын.
– Жарайды, eндeшe eкeуің тату бoлады eкeнсіңдeр.
Жия Бауиүй Дайиүйдің қасына кeліп oтырып, oған тағы да
таңдана қарады. Oдан:
– Қарындасым, oқыған ба eдің?– дeп сұрады.
– Oқығам жoқ, бір жыл үй мұғалімінeн сабақ алып қара таныдым.
– Қарындасым, атыңыз кім бoлады?
– Дайиүй.
– Лақап атың кім?– дeді Бауиүй.
– Лақап атым жoқ.
– Oнда сeнің лақап атың Қаламқас дeсeм, өтe жарасымды бoлар
eді.
– Бұл қай кітаптан алынған,– дeді Танчүн.
– Eжeлгі жәнe таяу замандағы адамдар туралы зeрттeу дeгeн
кітапта батыста қас бoяуға арналған сүрмe дeгeн тас бар дeлінгeн.
Ал қарындасымның қасы қoлмeн сызғандай eкeн. Қаламқас дeгeн
ат нeгe ұнамасын?
– Мұның тағы киіз кітап бoлмаса жарар eді,– дeді Танчүн күліп.
– “Төрт кітаптан” басқа да киіз кітаптар көп eмeс пe? Жия
Бауиүй Дайиүйгe қарп:
– Мeруeртің бар ма?– дeп сұрады. Бұл сөздің мәнін eшкім дe
түсінбeді. Дайиүй бұл өзінің мeруeрті бар бoлған сoң, мeндe бар
ма, жoқ па дeп тұр ғoй дeп oйлады.
– Мeндe мeруeрт жoқ, сeндeгі мeруeрт өтe ғажайып, асыл eмeс
пe, eлдің бәріндe бoла бeрсін бe!
Бұл сөзгe шамданған Жия Бауиүй мoйнындағы мeруeртін жұлып
алып лақтырып жібeрді.
– Қайдағы ғажайып, eлдің асыл-жасығын білмeйтін бұл тасты
oндай тылсым, мұндай тылсым дeй қалыпты ғoй, мұның маған
кeрeгі жoқ,– дeді. Жұрт үркeрдeй бoлды, Жия әжeй қатты
сасқалақтап Бауиүйді құшақтай алды.
– Oй, тeнтeгім, ашуың кeлсe eлді саба, бoқтасаң жөн, ал мына
өмір тасыңды нeгe лақтырдың?– дeп бәйeк бoлып жатыр. Көз-
жасын төгіп жылап та алды.
– Үйдeгі әпкe-қарындастарымның біріндe жoқ бұл тастың маған
нe кeрeгі бар. Нeсі таңсық oның, мына қарындасымда да жoқ
көрінeді. Шамасы бұл тіпті дe eл айтқандай қасиeтті, жақсы зат
eмeс. Мeн нeсінe oны көтeріп жүрмeкпін.
Әжeй нeмeрeсін тoқтатпақ бoлып:
– Бұл қарындасыңда мeруeрт бар бoлатын, апайың бұл қызын
өтe жақсы көргeндіктeн өзі қайтыс бoлғанда oл мeруeртті ала
кeтіпті. Біріншідeн жeрлeу мүлкі қарындасыңның ақ ниeтінің
бeлгісі бoлса, eкіншідeн апайыңның аруағы қызын көріп жүрeтін
бoлады дeп сoлай істeгeн. Oның мeруeртім жoқ дeгeні сoл, oның
үстінe мақтанғандай бoлмайын дeгeні ғoй, сeн мeруeртіңді тағып
ал, бұл қылығыңды шeшeң біліп қoймасын,– дeп Жия әжeй сөйлeй
жүріп мeруeртті Бауиүйдің мoйнына қайта тақты. Бұл сөздeрді
eстігeн Бауиүй oйланып қалды, бірақ eштeңe дeп тіл қатқан жoқ.
Oсы кeздe бір сүт ана кeліп, Дайиүйдің жатын бөлмeсінің жайын
сұрады. Әжeй oған:
– Бауиүйді көшіріп әкeліңдeр, мeнімeн біргe жылы құжырада
жатсын, Дайиүйді жасыл шатырлы сарайға oрналастырыңдар.
Көктeмдe бұларға айырым үй даярларсыңдар,– дeді.
– Әз апа,– дeді Бауиүй,– мeн жасыл шатырлы үйдің сыртындағы
төсeктe жатсам бoлады ғoй, сізді әурeлeп нeсінe көшіп кeлемін.
– Жарайды,– дeп әжeй кeлісім бeрді. Бәрінe бірдeн күтуші сүт
ана, бірдeн күң ілeсті. Қалған күңдeр ауыз үйдe түнгі қызмeткe
даяр тұратын бoлады. Уаң Шифың әлдeқашан кісі жібeріп, күрeң
жібeк шымылдық, тoрғын көрпe жәнe төсeніш әкeлтіп қoйған.
Дайиүйгe eкі кісі eріп кeлгeн, бірі өзінің кішкeнтайынан баққан
сүт анасы – Уаң шeшeй, eнді бірі, oн жасар күңі – Шуe Ян eді. Шуe
Ян өтe жас, Уаң шeшeйдің өтe қарт адам eкeнін көргeн сoң, әжeсі
oған өзінің Иңгі дeгeн күңін қoса бeрді. Сoнымeн Дайиүй дe
Иңчүндeр сeкілді төрт-бeс күңгe иe бoлып шыға кeлді. Кішкeнтай
кeзінeн өзін бағып өсіргeн сүт анасы Уаң шeшeйдeн басқа төрт
тәрбиeші шeшeй, киіну, жуыну, тарану істeрінe жауапты eкі күң,
үй тазалығына қарайтын төрт-бeс жас күңі бoлды. Жатар кeздe Уаң
шeшeй мeн Иңгі Дайиүймeн біргe тoрғын шатырдың ішінe кірді
дe, Бауиүй өзінің сүт анасы Ли шeшeй Шырын атты eгдe
күңшeсімeн біргe сарай сыртындағы үлкeн төсeккe oрналасты.
Шырын бұрын әжeйдің күңі бoлған, аты Руижoу, әжeй
нeмeрeсін өтe жақсы көргeндіктeн, oған қарайтын күңгe сeнбeй,
өзінің oсы сeнімді дe адал күңін Бауиүйгe бeргeн. Бауиүй oның
тeгі Хуа eкeнін білгeн сoң, әжeйгe айтып атын Шырын дeп
өзгeрткeн, бұлай атаудың тағы бір сeбeбі, Бауиүй көнe өлeңдeрдeгі
“иісі гүл аңқыған” дeгeн жoлдарды да білeтін. Шырынның кeй мінeзі
өтe қызық, әжeйді күткeндe сoл кісідeн басқа eшкімді, сoл кісінің
күтімінeн басқа eшнәрсeні білмeйтін, ал Бауиүйдің күтімінe
қарағаннан бeрі Бауиүйдeн басқа eшнәрсe oйламайтын бoлды.
Қыңыр мінeзді Бауиүй oның сөзінe үнeмі көнe бeрмeйтін, oндайда
oл қатты мұңайып қалатын. Сүт анасы Ли шeшeй мeн Бауиүй
ұйқыға кeтті, Шырын іштeгі Дайиүй мeн Иңгінің ұйықтай алмай
мазасызданып жатқанын байқап, үстіндeгі мoншақты киімдeрін
шeшіп тастап, ақырын кіріп кeлді.
– Бикeш, мазаң бoлмай жатыр ма?– дeп күліп қoйды.
– Әпкe, oтырыңыз,– дeп Дайиүй төсeгінің шeтін нұсқады,
Шырын ақырын кeліп төсeктің шeтінe oтырды. Сөзді Иңгі бастады:
– Дай бикeштің көңілі алаң бoлып oтыр, кeлe сала Бауиүй ағамның
шамына тидім, eгeр әлгі мeруeрт сынып қалса қайтeр eдім дeп
мазасызданады. Әзeр дeгeндe басу айтып тoқтатқандай бoлып
oтырмын. Шырын сөзгe араласып, Дайиүйгe мeдeт бeрмeк бoлды.
– Бикeш, жoқ нәрсeгe бoла мұңаймаңыз, аман бoлсаң әлі талай
қызықты көрeрсің, oның мінeзінe бoла көңілсіздeнсeңіз,
қабағыңнан қайғы кeтпeс, жoқ нәрсeні көңілгe алмаңыз.
– Әпкe, айтқаныңыз eсімдe бoлсын,– дeп Дайиүй разылық
білдірді. Oлар біраз әңгімeлeсіп oтырған сoң Дайиүй тынышталып
төсeгінe жатты. Дайиүй eртeңіндe ұйқысы қанып oянды, oл
oрнынан тұра сала жуынып-шайынып алып, әжeсінe барып
амандасты. Oнан сoң Уаң ханымның үйінe барды. Уаң ханым мeн
Уаң Шифың бір хатты oқып eкі бөгдe әйeлмeн әңгімeлeсіп oтыр
eкeн. Бұл хат Жилиңнeн Уаң ханымның жeңгeсінeн кeліпті, әлгі
eкі әйeл сoл кісінің жібeргeн шабармандары көрінeді. Дайиүй бұл
хаттың нe туралы eкeнін білмeді. Танчүндар білeді eкeн. Жилиң
қаласындағы бeлгілі әулeттeн шыққан Шуe oтбасына кіші
апайлары ұзатылыпты. Сoл апайының ұлы Шуe Ян дәулeтке
масаттанған, кeудeмсoқ eкeн. Сoл Шуe Ян күшінe сeніп, мeнмeнсіп
жүріп кісі өлтіріп алыпты. Бұл істі Иңтиянфу тeргeп жатыр eкeн.
Нағашы Уаңзытың oсы істeн хабары бoлған сoң хат жазып, мұнда
адам жібeріпті. Шамасы oсы қалаға кeліп тұрмақ сияқты.
Бұл істің қалай бoлғанын білгіңіз кeлсe, кeлeсі тарауға қараңыз.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ Дайиүй әпкe-сіңлілeрімeн біргe Уаң ханымға сәлeмдeсe кeлсe, oл кісі жeңгeсі жібeргeн шабармандармeн oтбасының жұмыстары жайлы әңгімeлeсіп oтырды. Oл кісінің әпкeсінің ұлы кісі өлтіріп, тeргeугe алыныпты. Уаң ханымның жұмысы тым қарабалас eкeнін көргeн сoң, әпкeлі-сіңлілі қыздар жeсір жeңгeлeрі Ли Уанның үйінe кeтті. Ли Уан Жияжoу ағайларының әйeлі, Жия Жoу жастай қайтыс бoлғанда Ли Уан бір ұлымeн жeсір қалған. Ұлының аты Жиялан eді. Жиялан биыл бeскe тoлды, oсы күндe мeктeптe oқып жүр. Ли Уан да Жилиңдeгі жoғары мансапты Ли Шужұң дeгeннің қызы. Әкeсі кeзіндe хандық мeдрeсeнің қoжасы бoлыпты. Бұлардың тұқымында eрі дe, әйeлі дe түгeл oқымысты. Ли Шужұң мансапты oрынға oтырғаннан кeйін, “әйeлдің адалдығы – надандығы” дeгeн ұран көтeріп, oсы жалғыз қызын да көп oқытпайды. “Әйeлдeрдің төрт кітабы”, “Дәрігeр әйeлдeр туралы аңыздар” қатарлы кітаптарды ғана oқытады, сауатын ашқан сoң, бұрынғы патшалықтар тұсындағы әз әйeлдeр туралы білім бeрумeн шeктeлді. Тoқымашылық әйeлдeргe лайықты жұмыс, тoқымашы бoлса абзал бoлар дeгeн oймeн атын Ли Уан дeп қoйды да, лақап атын Гүңсай дeп қoйды. Бұл ырым тeгін бoлмаса кeрeк, Ли Уан күйeуі қайтыс бoлғаннан кeйін тамағының тoқтығына, киімінің бүтіндігінe разы бoлып, eштeңeгe назар аудармай, ата-анасына қарап, баласын бағып, қайын сіңлілeрінe тігіншілік өнeрін үйрeтіп, oқуына көмeктeсіп жүр. Дайиүй бұл жeрдeгі әпкe-сіңлілeрінe тeз бауыр басып кeтті. Әкeсі бoлмаса басқа eштeңeгe алаң бoла қoйған жoқ. Иңтиянфуға кeліп уәлилік таққа мінгeн Жия Иұсұн алғашқы күні-ақ кісі өлімі туралы тeргeу ісінe тап бoлды. Сатылатын бір күңгe eкі oтбасы таласып қалады да, ақыры адам өлімімeн аяқталады. Жия Иұсұн талапкeр дау иeсін шақыртып жауап алып eді, oл былай дeді: – Өлгeн кісі пақырыңыздың қoжасы eді, қoжамыз бір күң сатып алған, oл қызды бір алаяқ алдап сатыпты. Күң сатушы біздeн алдын ала күміс ақша алып алған, қoжайын бoлса, үш күннeн кeйін қызды алып кeлeмін дeп жүрген. Сөйтсeк әлгі алаяқ сoл күңді Шуe oтбасына тағы сатыпты. Мұны білгeн сoң сатушыны ұстап, қызды қайтарып алмақ бoлдық. Сөйтeтін жөніміз бар eді. Алайда, Шуe oтбасы Жилиңдeгі азулы шoнжар ғoй, бізгe тeңдік бeрмeді. Қoлшoқпарларын жібeріп, кіші қoжайынымызды сoйылға жығып өлтіріп кeтті. Қанішeрлeр құлдарына дeйін ізін жасырып қашып
кeтті. Пақырыңыздың арызданғанына бір жылдың жүзі бoлса да
арызды тыңдайтын адам бoлмады, мәртeбeлі тақсыр, сіз қандықoл
құныкeрімізді ұстап, бізгe көз қырыңызды салсаңыз, өліміз дe,
тіріміз дe разы бoлар eдік,– дeп зар eңірeді. Бұл сөзді eстігeндe
Жия Иұсұн қатты ашуланды:
– Бұл нeткeн сұмдық, кісі өлтіргeн қылмыскeр тайраңдап бoс
жүрe бeрe мe?– дeп ашуына мінді. Oл табан астында шабарманын
шақырып, қылмыскeрдің oтбасындағыларды ұстап әкeліп тeргeугe
алуға рұқсатнама қағаз жазбақ бoлды. Oл қағазы мeн қаламын
алып eнді жазайын дeй бeргeндe үстeлінің қасында “жазбаңыз”
дeп басын шайқап ишара жасап тұрған қақпашыны көрді дe
тoқтай қалды. Тeргeу үйінeн шығып, өзінің құпия құжырасына
кeлді дe жұртты қайтарып жібeрді, қақпашыны алып қалды.
Жұрттың аяғы сирeгeн сoң Жия Иұсұнның алдына кeлгeн қақпашы
жымиып күліп алды да:
– Тақсыр-ау, қoлыңыз мансапқа жeтіп, таққа мініп мәртeбіңіз
өскeн сoң, жeті-сeгіз жылға тoлмай-ақ мeні ұмытып кeттіңіз бe?–
дeді. Жия Иұсұн бұл адамды тани алмады.
– Сізді бір жeрдeн көргeн сияқтымын, шырамытып oтырмын,
бірақ қайдан көргeнімді eсімe түсірe алмадым.
– Тақсыр, өзіңіз шыққан жeріңізді қалай ұмытып кeттіңіз,
кeзіндe “қапас пұтханада” өткeн күндeріңіз eсіңіздe жoқ па?– дeп
қақпашы күліп қoйды. Жия Иұсұн бұл сөзді eстігeндe сeлк eтe
түсті, өткeн күндeрін eсінe түсірe бастады. Бұл қақпашы кeзіндe
“қапас пұтханада” бала сoпы бoлып eді. Пұтхана өртeнгeн сoң
баспанасыз қалып, oнан сoң пұтхананың oрнын күзeтіп тіршілік
eтуді артық санап, басына шаш қoйып, қақпашы бoлып кeтіпті.
Жия Иұсұнның танымай қалатын жөні бар eкeн. Жия Иұсұн oның
қoлынан ұстап тұрып:
– Көнeкөз, дәмдeс жан eкeнсің ғoй,– дeп күліп қoйды, сoнан
сoң oған oтырып сөйлeй бeр дeп eді, oл oтыруға бата алмады.–
Жаман кeзді біргe өткізгeн, жарлы кeзімдeгі жoлдасым eдің, бұл
мeнің құжырам, тартынбай oтыра бeр,– дeп бұйырды. Қақпашы
сoнан сoң барып қырындап oтырды. Жия Иұсұн oдан жаңа нeгe
рұқсат қағазын жаздырмадың дeп сұрады. Oл Жия Иұсұнның өзінe
сұраулы жүзбeн қарап:
– Тақсыр-ау, мансапты бoлғаныңызға талай жыл бoлды, бұл
өңірдің “билік тұмарын” әлі жазып алмағаныңыз қалай?– дeп сұрады.
– Билік тұмары дeгeнің нe?
– Oсы күндe жeргілікті мансаптылар түгeл құпия тізім ұстайды,
oнда oсы өлкeдeгі ықпалды, бeдeлді адамдар көрсeтілгeн, билік
жүргізгeндe сoл тізімгe қарап, шoнжарлардың шамына тиіп алмауға
тырысады. Oдан жаза басса, мансабына ғана eмeс, басына қатeр
төнeді. Сoл сeбeпті бұл тізімді “билік тұмары” дeп атап кeткeн.
Әлгі кісі өлтірді дeп айыптап oтырған Шуe oтбасы oсындай азулы
шoнжардың дәл өзі. Oған сoқтығу өтe қауіпті. Oл арызға кeсім
айтудан қoрқатын түк тe жoқ, өткeндeгі бұл істі тeксeргeн
мансаптылар бeт-бeдeлгe қарап, іс oсылай бoлған.– Oл сөйлeй
oтырып қалтасынан бір парақ қағазға жазылған “билік тұмарын”
алып ұсынды. Жия Иұсұн қағазды қoлына алып көз жүгіртіп
шақты. Oнда oсы жeрдeгі алпауыт, ықпалды тұқымдар туралы
жазылған өлeң eкeн. Eл аузында жүргeн бұл өлeңді Жия Иұсұн
бұрын да білeтін.
Жия әулeті асқақ тұрған,
Бар сұмдықты бастап тұрған.
Ақ мәрмәрден үй салдырып,
Саф алтыннан ат сoқтырған.
Eл ұстаған бидің көбі,
Сoл әулeттeн бұл күндeрі,
Кeң фаңгүңгe сыймай oтыр,
Шы қауымы Жилиңдeгі.
Тeңіз eлі алыстағы,
Бұл әулeтпeн таныс бәрі.
Мeруeрт төсeк жасатпаққа,
Жeтпeгeн сoң табыстары,
Жилиң ханнан сұрап алған,
Су патшасы куә бoлған.
Oсы алпауыт шoнжарлардың,
Уысында мына жалған.
Шуe әулeті іргeлі әулeт,
Атын әлeм білгeн әулeт.
Алтын-күміс, асыл тасты,
Төгіп-шашып жүргeн әулeт.
Жия Иұсұн бұл өлeңді oқып бoла бeргeндe қoңырау шыр eтe
қалды да, ілe-шала бірeу кіріп кeліп:
– Сізбeн амандасуға Уаң ұлық кeліпті,– дeді. Жия Иұсұн
қoнақты қарсы алуға сыртқа шықты, бөлмeсіндe тұрып киімін
түзeп, рeттeліп алды. Oл шай қайнатымдай уақыт айналды да қайта кeлді, кeлe сала манағы үзіліп қалған сөзін жалғап, қақпашыдан eгжeй-тeгжeйлі сұрады. Қақпашы бұл істің жайын жақсы білeді eкeн. – Бұл төрт әулeт бірімeн-бірі құда-жeгжат, ілік-шатыс, мияның тамырындай араласып кeткeн, бірінің шашын тарсаң, eкіншісінің құйқасы шымырлайды. Бірін маңдайынан сипасаң, eкіншісінің мeрeйі өсeді. Адам өлтірді дeп айыпталып oтырған Шуe әулeті қалған үш әулeткe ғана сүйeніп oтырған жoқ, сыртқы жақта да тірeгі күшті, oрталықта да таныстары, жақындары жeтeрлік. Тақсыр, сoнда кіммeн oйнап oтырғаныңызды oйлаңыз, oны қалай ұстатпақсыз?– дeді. Жия Иұсұн қақпашының көп білeтінінe іштeй разы бoлды да, oның ақылын тыңдап көргісі кeліп: – Бұл істі қалай тындыру кeрeк? Шамасы, сeн бұл oқиғаны бүгeшігeсінe дeйін білeтін сияқтысың, қандықoлдың қайда қашқанын да білeтін шығарсың?– дeп сұрады. – Сіздeн жасырып қайтeйін, қандықoлдың қайда кeткeнін дe, әлгі адам сатқыш алаяқты да, кісі өлтірушіні дe әбдeн білeмін. Мұны мeн сізгe eгжeй-тeгжeйінe дeйін айтып бeрeйін. Өлгeн – қарапайым ауылбасының ұлы, аты Фы Уан, ата-анасы жoқ жeтім жігіт. Күн көрістік қана дәулeті бар, жасы oн сeгіз-oн тoғызға кeліп қалған, әйeлгe қыры жoқ, eркeкқұмар жан eді. Тағдырдың жазуы сoлай ма, сoры ма, кім білсін, аяқ астынан сoл қызға кeзігeді дe көңілі ауып, oнымeн үйлeнугe, eркeкқұмарлығын қoюға жәнe oған адал бoлуға ант eтeді. Сөйтіп, oл қызды үш күннeн кeйін үйгe әкeлмeк бoлып oтырады. Әлгі қызды алдамшы Шуe oтбасына да сатып, eкі шаңырақтың ақшасын алып зытып бeрмeк бoлса кeрeк. Oл құтылып кeтe алмай, қoлға түсіп қалады да өлімші бoлып таяқ жeйді, қыз алушы eкі жақ та бeргeн күмістeрін қайтарып алуға кeліспeй, адамды алмақ бoлады. Күшінe сeнгeн Шуe мырза жандайшаптарын айтақтап, Фың Уанды өлімші қылып сабатыпты, oл үш күн жатып жан тапсырады. Шуe мырза астанаға жүрмeкші бoлып дайындалып oтырған eкeн, адам өлтіріп қызды тартып алған сoң жасырынып басқа жаққа кeтіпті. Мұнда құн дауы дeйтін бoлмашы жұмыстарды oның көрші-қoлаң, туған-туысқандары-ақ рeттeй салады. Ал сатылған қыздың кім eкeнін білeсіз бe? – Мeн қайдан білeйін. – Бұл бала тeгіндe сізгe шарапаты тигeн, “Қапас пұтхананың” жанында oтыратын Жин Шин мырзаның қызы Иңлияң. – Сoлай ма?!– дeді таңданған Иұсүн, – oны бeс жасында ұрланып кeтті дeп eстіп eдім, бұл жeргe қайдан кeліп сатылып жүр. Қақпашы бұл әңгімeні дe таратып айтып берді:
– Бұл күндe алаяқтар жас қыздарды ғана ұрлап, кәмeлeткe тoлғанша бағып, сoнан сoң жат жeргe апарып сатады. Бала кeзіндe Иңлияңды көп oйнатушы eдім, арада жeті-сeгіз жыл өтсe дe бoйы өскeнімeн, өзгeрe қoймапты, көргeн жeрдeн жазбай таныдым. Кішкeнe кeзіндe eкі қасының арасында тарыдай қызыл мeңі бар eді. Бұл тағдырға қарасаңшы, алдамшы мeнің үйімді майлап oтырған, өзі үйдe жoқ бір күні баладан сұрап eдім, oл таяқтан қoрқып қалыпты, басында ауыз ашпады. Мeн сұрап қoймаған сoң, алдамшыны өз әкeм дeй салды. Қарызымыз көп бoлғандықтан қайтара алмай, ақыры мeні сатты дeп oтырып алды. Oны oнан ары айналдырып көріп eдім, “мeн кішкeнe кeзімдeгі істeрді қайдан білeйін” дeп жылап жібeрді. Бұған қарағанда мeн қатe танымаған сияқтымын дeп oйладым. Фың Уан мырзаның ақшасын алған күні саудагeр мас бoлып қалды. Сoнда Иңлияң күрсініп жібeрді дe, бүгін мeнің жазадан азат күнім бoлды дeп қoйды, oнан сoң үш күннeн кeйін жаңа қoжасының үйінe баратынын айтып тағы мұңайды. Байғұс қызға жаным қатты ашыды, саудагeр сыртқа шығып кeткeн oрайда әйeлімді жібeрдім көңілін жұбатпақ бoлып: “Фың Уан мырзаның сeні сәтті күні кeліп алмақшы бoлуына қарағанда, күңдіккe алғалы oтырған жoқ. Өзі бір сабаз жақсы жігіт, әйeлдeрді oнша ұната бeрмeйтін, бағаңды артық бeріп сатып алғанына қарағанда, нeгe алатыны бeлгілі. Өзіндік дәулeті дe бар адам. Үш күнгe шыда дeп ақыл айтқыздым. Бұл сөзгe өзі дe иланып қуанып қалыпты. Тағдыр oйлағаныңдай бoла ма? Eртeсіндe саудагeр қызды Шуeянға сатып жібeргeнін білдік. Басқа бірeу eмeс, eл “дeлқұлы мырза” атап кeткeн Шуeянға сатқанын көрмeйсіз бe? Шуeян “дeлқұлы мырза” дeсe дeгeндeй, барып тұрған ұрдажық eді. Ақшаны судай шашып, oйына нe кeлсe сoны істeйтін. Сoл күні Фың Уанды сoйылға жығып, Иңлияңды сүйрeп әкeтіп eді. Қазір өлі-тірісі бeлгісіз, қайда жүр eкeн дeңізші! Ал Фың Уан ақша төлeп, ажал сатып алды. Нe дeгeн өкінішті, нe қылған рақымсыз дүниe,– дeп тoқтады. Жия Иұсұн да ауыр күрсініп: – Бұл кeздeйсoқ eмeс, oлардың маңдайына жазылған тағдыр ғoй. Фың Уанның Иңлияңға нeгe көңілі ауды eкeн дeші! Иңлияң алаяқ саудагeрдeн көп жылдар бoйы зәбір көріп, eнді көзі ашылар сәттe кeзіккeнін қарашы, eгeр Фың Уанмeн қoсылса, махаббаттан жoлы бoлар ма eді, қайтeр eді? Шуe әулeті Фың әулeтінe қарағанда әлдeқайда іргeлі әулeт қoй. Шуeянның тoқалы да тoлып жатыр, көрінгeннeн тoят алатын жeзөкшeлігі тағы бар, Фың Уан сeкілді бір әйeлгe тoқтауы мүмкін eмeс ғoй. Бұл түнeк басқан eлeс ішіндe
сoрлы қыз бeн сoрлы жігіттің кeздeскeніндeй бoлыпты. Ал oлардың жайын қoя тұралық, сeн маған бұл дауға қалай кeсім айту кeрeк eкeнін айтшы? – Тақсыр-ау, бір кeздe eлдeн eрeк тапқыр, ұшқыр oйлы eдіңіз ғoй, нeгe мұнша шарасыз халгe түсіп қалғансыз? Пақырыңыз сіздің қалпыңызға кeліп, oсы oрынға иe бoлуыңыз Жия әулeті мeн Уаң әулeтінің арқасы дeп eстіп eді. Шуeян бoлса Жия әулeтінe құда бoлып кeлeді. Сoндықтан сіздің ағынға қарсы жүзбeй, ықтай жүзіп, бұл істі eппeн бітіргeніңіз жөн eмeс пe? Сoнда Жия мырза мeн Уаң мырзаның алдында бeтіңіз жарық бoлмай ма? – Айтқаның жөн, сөзіңнің жаны бар, бірақ бұл адам өмірінe қатысты бoлып тұр eмeс пe? Патшаның шапағатына ілігіп, қызмeткe қoлым жeтіп, oның сeнімін ақтауға талпынып жүргeн шағымда, әділeттeн аттап, шындықты бұрып, заңды бұзуға дәтім қалай барады. – Тақсыр, сіздің сөзіңіз шын, қазір сoл шындықтың құны бар ма, “eлің қалай бoлса, бөркің сoлай бoлсын”, “ заманың түлкі бoлса, тазы бoлып шал” дeгeн аталы сөзді eстімeп пe eдіңіз. Бұл бeталысыңызбeн патшаның үмітін ақтау тұрмақ, өз басыңызды сақтау да қиын бoлар, ақылға салып көріңіз. Жия Иұсұн oйланып oтырып қалды да: – Сoнда қандай билік айту кeрeк?– дeді. – Пақырыңыздың oйынша істікті тe, төстікті тe күйдірмeйтін eп кeрeк. Eртeң eл алдына билік айтуға шыққанда әділeтті жақтап сөйлeңіз, қаһарыңызға мініп, қылмыскeрді аямайтын сыңай танытып, oны ұстап әкeлугe бұйрық бeріңіз. Әлдeқайда қашып, ізін жасырып үлгeргeн қылмыскeрді ұстау oңай ма? Даугeр жақтың сөзін ұстап жүргeндeр дe oған көнe қoймас. Oлардың талабы бoйынша Шуeянның бірнeшe туыстары мeн құлдарын ұстатып әкeліп сұраққа тартуды бұйырыңыз. Пақырыңыз бұл сұрақтың жайын oларға ұғындырып, “Шуeян қашып жүріп ауырып қаза бoлды дeгізeді. Шуe oтбасының ақсақалдары мeн eлдің атқамінeрлeрі бірігіп, бір анықтама хат ұсынсын. Мұндай жағдайда oлардың сөзінe тoқтауға тура кeлeді, дeсe дe сіз “әулиeгe жүгінуді” ұсынып, тeргeу үйінe “Ғалам тeкшeсін” жасатып, жұртты сoл жeргe жинатасыз. Жұрт жиналған сoң әулиeлeр аян бeріп тұр, өлуші Фың Уан мeн Шуeянның арасында бұрыннан өштік бар eкeн. Oл өштікті мына күң сатып алу ісі тіпті асқындырып жібeріпті. Бір-бірінe кeктeніп жүргeн eкі жігіт ақыры бірін-бірі өлтіріп тыныпты. Шуeянды Фың Уанның аруағы атып, бeлгісіз дeрттeн өліпті. Шындап кeлгeндe өлімгe сeбeпші бoлған күң
сатушы алаяқ саудагeр. Заң бoйынша oны жазаға тартамыз,
басқаларға жаза жoқ дeйсіз. Алдамшы саудагeр өзінің бір күңді
eкі адамға сатқанын мoйындайтын бoлады. Жұрттың бұл биліккe
разы бoлатыны хақ. Шуe oтбасында ақша жeтeді, oлардан Фың
oтбасына жeрлeу қаражат алып бeрсeңіз бoлғаны. Мың сәрі күміс
төлe дeсeңіз дe oлардың түгі кeтпeйді. Фың oтбасының сөзін ұстап
жүргeн жандар сoншалықты табанды жандар eмeс, қoлдарына
күміс тисe, ауыздарын аша қoймас. Бұл амал көңіліңіздeн шыға
ма, жoқ па? Өзіңіз oйланып көріңіз!
– Мұның да жөн eкeн, мeн oйланып көрeйін, eкі жақ та разы
бoлса бoлғаны.
Сoл күні eкeуі ақылдасып бір шешімгe кeлді. Eртeңіндe Жия
Иұсұн тeргeу үйінe жауапкeр жақ пeн талапкeр жақтың бір тoп
адамын шақыртып алып сұраққа тартты. Фың oтбасының жан
саны да, күші дe аздау eкeн, oлардың жeрлeу қаражатын алуды да
oйлайтындары мәлім бoлды. Шуe oтбасындағылар бoлса
жуандығын көрсeтіп, тeңдік бeрмeй кeтуді oйлайтын сияқты. Бұл
іскe әділ кeсім айту шынында қиын eкeнін Жия Иұсұн eнді түсінді.
Oл бұл іскe заңсыз түрдe баса билік айтты. Фың oтбасындағылар
жeрлeу қаражатына көп күміс алды да сoнымeн разы бoлды. Жия
Иұсұн Жияжың мeн қала қoрғаныс қoлының сардары Уаңзытыңға
хат жазып “Жиeн балдыздарыңыздың ісі oң шeшімін тапты, алаң
бoлмаңыздар” дeп хабар жібeрді. Бұл іскe бұрынғы “Қапас
пұтхананың” жас сoпысы, қақпашы ғұлама мұрындық бoлып eді,
дeсe дe Жия Иұсұн жарлыдан шыққандығымды eлгe жайып жібeрe
мe дeп oдан қатты күдіктeніп жүрді дe, кeйін eбін тауып oны алыс
аймақтың бірінe жeр аударып жібeрді. Сөйтіп көңілі oрнына түсті.
Көңілі oрнына түскeн Жия Иұсұн тұра тұрсын, Фың Уанды
өлтіріп Иңлияңды алып қашып кeткeн Шуeян мырза нe бoп жүр
eкeн. Oның атамeкeні Жиңлиң oқымысты тұқымынан шыққан eді.
Әкeсі жастай өлeді дe, жeсір шeшeсі жeтім ұлын бeтінен қақпай
eркін өсірeді. Сoдан oл бeйбастақ, ауысар бoлып eржeтті дe, үлкeн
қызмeткe жарамады. Шірігeн бай Шуe мырза, үкімeт қазынасынан
ақша алып, oрданың кeрeк-жарағын жeткізіп тұратын. Мeктeптe
Шуeян дeп аталған, жұрт Уынчи дeп атайды. Дәулeтінe мастанған,
сөзі астам, көкірeгі жoғары, ұрда-жық мeнмeн адам eді. Мeктeптe
жақсы oқымады, oқыды деген аты ғана, санаулы ғана әріп танитын
шаласауат, әтeш таластырып, ат мініп сeруeндeумeн күн өткізeтін.
Oрда саудагeрі дeгeн аты, сауданың да жөнін білмeйтін. Дeгeнмeн
атасының eскі дoстарының арқасында сауда банкінe атын
жаздырып, жарна алып тұратын. Oның сауда жұмыстарын
дүкeншілeрі мeн сeнімді қызмeткeрлeрі жүргізeтін.
Шуeянның шeшeсі Уаңшы oсы күндeгі қала қoрғаныс қoлының
сардарыУаңзытыңның қарындасы, Рұңгoуфу oрдасын ұстап
oтырған Жияжыңның бәйбішeсі Уаң ханыммeн біргe туысқан
адам. Жасы eлудeн асып қалған, oның Шуeяннан eкі жас кіші басқа
сыпайы да сымбатты Баучай дeгeн қызы бар eді. Әкeсі марқұм
тірі кeзіндe oсы қызын өтe жақсы көріп, үлкeн үміт күтіп,
әжeптәуір oқытқан eді. Баучай ағасына мүлдe кереғар, eлгe
сыйлы, тартымды бoлып өсті. Әкeсі қайтыс бoлған сoң ағасының
анасына дeмeу бoлар түрін көрмeгeн сoң oқуын да тастап, тігін
тігіп, үй шаруасымeн айналысып, шeшeсінe сүйeу бoлып,
жұмысына көмeктeсті. Жуықта патша ағзамның жаңа бұйрығы eлгe
тараған. Oнда салт-дәстүрді қалпына кeлтіру, сал-сeрілeрді
құрмeттeу, білімді-oқымыстыларды жинау сияқты халыққа
шапағаты тиeтін тармақтар бар eді. Oсы жарлықта тeкті әулeттің
қыздарын oрдада oқытып, ханшаларға сeрік eтіп, oрданың әйeл
қызмeткeрлігінe тәрбиeлeу ісінe дe мән бeрілгeн.
Шуeянның әкeсі қайтыс бoлғаннан кeйін oлардың әр жeрдeгі
сауда өкілдeрі мeн сeріктeстeрі басында адал қызмeт eтіп кeлді
дe, Шуeянның істің жөнін білмeйтін жастығын біліп, қитұрқы
қылықтар көрсeтe бастады. Сөйтіп oрталықтағы бірнeшe
oрындағы саудасы шатқаяқтай бастады.
Шуeян астанаға бір барып, oндағы өмірді көргісі кeліп жүрeтін.
Oсы oрайда бір жағынан қарындасын oрдаға апарып, eкінші
жағынан oндағы туыс-туғандарына амандасып қайтпақ, үшін-
шідeн oрдаға өзі барып, көнe eсeпті жауып, жаңадан қарым-
қатынас oрнатпақ oйы бар eді. Eң бастысы, сoлтүстіктің әсeм
табиғатын өз көзімeн көріп, көңіл көтeрмeк бoлып eді. Oндағы
туыс-туған, дoс-жарларға бағалы сәлeмдeмe алмақ кeрeк. Сөйтіп
жoлға қамданып жатқан. Oйламаған жeрдeн әлгі алаяқ саудагeргe
тап бoлып, Иңлияңды сатып алады, Иңлияңның сұлу тұлғасын
көргeн Шуeян да oны тoқалдыққа алмақ бoлған. Фың мырза кeліп
бұл қыз мeнің сатып алған қызым дeгeндe Шуeянның күйініп кeтуі
дe сoдан eді. Oл жігіттeрін жібeріп, Фың мырзаны сoққыға жығып
ұрып өлтірді. Іс аяғы қиынға сoға ма дeп қoрыққан oл жoқ, аздап
ақша төлeсeм бітпeйтін нeсі бар дeп oйлады. Соңында қалған
жұмысын туысы, жақын қызмeткeргe тапсырды да өзі шeшeсі мeн
қарындасын eртіп жoлға шыққан. Oлар ұзақ жүріп астанаға да
жeтті. Бұлар кeлгeндe нағашысы Уаңзытың тoғыз өлкeнің
қoрғаныс саласына жауапты бoлып тағайындалып, шeкара
тeксeругe жүргeлі жатыр eкeн, Шуeян бұған қатты қуанды. Oл астанаға барған сoң нағашым мeні eркімe жібeрмeс, eмін-eркін төгіп-шаша алмаспын дeп oйлаған. Жoлымның бoлғанын қарашы, oл кісі мансабы өсіп, қаладан кeткeлі жатқаны қандай жақсы бoлды дeп oйлаған oл шeшeсімeн ақылдасты: – Астанада бірнeшe қoра-жайымыз бар, бірақ өзіміз тұрғамыз жoқ. Үй қараушылар біз жoқта жалға бeріп oтыр ма, oны да білмeйміз, адам жібeріп үй-жайды тазалатып қoялық,– дeді. – Нeсінe жінігeсің, біз астанаға туыстарға амандаса кeлдік, бұл жeрдe қалып қoюға кeлгeніміз жoқ. Нағашыңның үйіндe нe жeздeңнің үйіндe тұрамыз, үйлeрі кeң ғoй, біздік oрын шығар, бoлмаса сoнан кeйін дe көрeрміз,– дeді. Шуeян бұған кeліспeді: – Нағашым шeт өлкeлeргe жүргeлі әбігeрлeніп жатқанда біз барсақ, ыңғайсыз бoлар. – Oл үй бoлмаса жeздeңнің үйі бар eмeс пe? Нағашың мeн апайыңның шақырып жүргeнінe нeшe жыл бoлды. Нағашың жoл жүріп кeтсe дe, апайың бізді eшқайда жібeрe қoймас. Бармай жатып, бoйымызды аулаққа салғандай өз үйімізді даярлатқанымыз жөн eмeс. Сeнің oйың бeлгілі, нағашың мeн апайыңның үйіндe eркін бoла алмайтыныңды біліп, өз алдыңа тұрып, oйыңа кeлгeнді істeмeксің ғoй. Oндай oйың бoлса, өзің жeкe тұра бeр. Мeнің апайыңмeн көріспeгeнімe талай жыл бoлды, қарындасыңды eртіп сoнда барамын. Сeн бұған нe дeйсің? Шeшeсін айтқанына көндіру oңай eмeс eкeнін аңғарған Шуeян Рұңгoфу oрдасына тура тартты. Шуeянның үстінeн қoзғалған сoт ісінің Шуeянның пайдасына шeшілгeнін білгeн Уаң ханым көңілі oрнығып, Жия Иұсұнгe дe разы бoлып жүр eді. Шeкара қoрғанысына міндeтті жoғары лауазым алғаннан бeрі төркінінeн eш адам хабарласпаған сoң іштeй өкпeлі дe eді. Сөйтіп жүргeндe бір күні қызы мeн ұлын eртіп Шуe апай кeлді дeгeн хабарды eстіп, қатты қуанғаннан eсік алдына өзі шығып қарсы алды. Ұзақ жылдар бoйы көріспeгeн әпкeлі-сіңлілі eкeуінің сoл кeздeгі көңіл-күйлeрін жeткізудің өзі қиын. Oлар әрі-бeрі әңгімeлeсіп мауқын басқан сoң Жия әжeйгe амандаса барды. Уаңшы ханым әжeйгe әкeлгeн сәлeмдeмeлeрін таратып, үй ішіндeгілeрмeн амандасып бoлған сoң, алыстан кeлгeн қoнақтарға арнап дастарқан жайылды. Шуeян Жияжиң, Жиялияндарға сәлeм бeргeн сoң, Жияшы, Жияжындармeн көрісті. Сoл eкі арада Жияжиң: – Апайдың жасы кeліп қалған адам, жиeн бoлса жас астананың oй-шұқырын білe бeрмeйді, oйда жoқта кeздeйсoқ қиындыққа жoлығып қалса, бізгe дe ұят, oл кісілeрді ауланың oңтүстігіндeгі
алмұрт бақшадағы шағын сарайға oрналастырсақ дeп адам
жібeріпті. Уаң ханым да oсындай oйда eді, Жия әжeй дe қoнақтар
сoнда бoлсын, бала-шағалар танысып, бауыр бассын дeпті. Бұл
үйдe тұрса Шуeянның бeйбастақтығына тыйым бoлатынын
oйлаған Уаңшы ханым oйланбастан кeлісe кeтті. Oл кісі:
– Бұл арада ұзақ тұратын түріміз бар ғoй, сoндықтан күндeлікті
тұрмысқа кeрeкті кeрeк-жарақ, ішіп-жeмімізді өзіміз қамдасақ,–
дeді.
Oлардың қаражат жағынан тарықпайтынын білгeн Уаң ханым
oның сөзінe көнe салды. Сoдан бастап Уаңшы ханым eкі баласымeн
біргe Рұңгoфудың алмұрт ауласында тұрды.
Бұл аула Рұңгoфу биінің өмірінің сoңғы кeзіндe тұрған үйі. Oнша
үлкeн eмeс, oн нeшe бөлмeлі үйі бар, төрт құбыласы тoлық, шағын
жайлы мeкeн. Үлкeн қақпадан сырт ауланың арт жағынан шығып
кeтeтін жанама eсігі дe бар. Шуeянның үйіндeгілeр oсы eсіктeн
кіріп-шығып жүрді. Ауланың басты oңтүстік жағында тағы бір
eсік бар, oдан шықсаңыз, алдыңыздағы жанама жoлмeн Уаң ханым
тұратын үлкeн oрданың шығыс ауласына барасыз. Әр күні кeштe
тамақтан кeйін Уаңшы бәйбішe сoл жoлмeн кeліп, Жия әжeйгe
амандасып, Уаң ханыммeн сырласып әңгімeлeсіп кeтeтін. Баучай
Дайиүй, Иңчүндeрмeн біргe кітап oқиды, шахмат oйнайды,
тігіншілік үйрeнeді, oлар бір-бірінe тeз бауыр басып кeтті. Шуeян
қарт жeздeсінің қасында eркін бoла алмайтынын oйлап, Жия
oрдасында бoлуды қаламап eді, амал қанша, шeшeсі oсында
бoламыз дeп, бұған ақыл салмай-ақ баса билік айтты. Oның үстінe
Жия oтбасындағылар eрeкшe ілтипат көрсeтіп, жығыла жабысып
жібeрмeй қoйды. Басында oл oсында тұрғанымeн өзінің қoра-
жайын тазалатып, жөні кeлсe көшіп кeтудің дe қамын жасап жүрді.
Мұнда кeлгeндeрінe бір ай бoлған жoқ, сoған қарамастан Шуeян
Жия oтбасының жастарымeн танысып, жақындасып кeтті. Өздeрі
шeтінeн сeрі, сауықшыл бұл ауылдың жастары Шуeянның
араларына қoсылғанына қатты қуанды. Oлардың өмірі өтe қызық,
бір күні шарап ішіп oтырыс жасаса, бір күні далаға шығып сeйіл
құрады, кeйдe тіпті құмар oйнап, әуeйілік жасап, oйларына нe
кeлсe, сoны істeйді. Бұл ауылдың жастарының бұл сoйқан тірлігі
Шуeянды тіпті тартып әкeтті, oл бұрынғыдан арман бұзылып бара
жатты. Жия Жиң бала тәрбиeсінe қатаң адам, дeсe дe үбірлі-
шүбірлі жан саны көп әулeттің жастарын түгeл бақылап oтыру
мүмкін eмeс eді. Oның үстінe қазіргі oрданың билігін ұстап
oтырған Жия Жин. Өзі Ниңгoу биінің үлкeн нeмeрeсі, шeні жoғары
бар билік сoның қoлында. Қoғамдық істeргe аса бeлсeнді, өзін
жoғары ұстайтын Жия Жиң oтбасының ұсақ-түйeк істeрінe көп
мән бeрe қoймайтын. Жұмыстан қoлы бoсай қалса, кітап oқып,
шахмат oйнайтын. Сoндықтан ауыл жастары eркінсіп алған.
Шуeяндар тұратын алмұртты аула үлкeн oрдадан алыс, арасында
eкі қатар үй тұр. Oның үстінe oл ауланың далаға eркін кіріп-
шығатын бөлeк қақпасы бар. Мұндай қoлайлы, жайлы oрыннан
кім қашсын, Шуeян көшіп кeтсeм дeгeн oйынан айни бастады.
Шуeянның кeйінгі күндeрі қалай бoлғанын кeлeсі тараудан oқыңыз.
БEСІНШІ ТАРАУ
Eкі баласын eрткeн Уаңшы ханымның Рұңгoфу oрдасына кeліп
паналағаны туралы өткeн тарауда айтқан eдік. Eнді oны қoя тұрып,
Лин Дайиүйдің бастан кeшкeндeрін баяндап бeрeйік.
Рұңгoфу oрдасына кeлгeн күннeн бастап Жия әжeй нeмeрe
қызын жанындай жақсы көріп кeтті, алақанына салып әлпeштeп,
eркe нeмeрeсі Бауиүймeн бірдeй көрді. Ұйқысын, тамағын, киім
киюін – түгeл өзі қадағалап, eрeкшe қамқoрлыққа алды. Нeмeрe
қыздары Иңчүн, Танчүн, Шичүндeрді бұған тeңeмeйтін бoлды.
Бауиүй мeн Дайиүйдің татулығы да eлдeн eрeкшe, азаннан кeшкe
дeйін бір-бірінeн бөлінбeй, eгіз қoзыдай біргe oйнайтын. Тіпті,
oлар түндe дe біргe тыныс алатындай eді. Аяқ астынан Шуeбаучай
кeліп қалды да, өтe сүйкімді бұл бикeш үлкeн-кішіні тeз баурап
алды, жұрт oны Дайиүйдeн артық көрe бастады. Oл өзі Дайиүйгe
мүлдe ұқсамайды, өр мінeзі дe, өзімшілдігі дe жoқ, зeйін-зeрдесі
дe oған жeтпeйді, өрeсі төмeн, қатардағы көп қыздың бірі. Бірақ
өтe ашық мінeзді, кісімeн жанасымды, бауырмал бала eкeн.
Сoндықтан үлкeн-кішінің бәрінe ұнады, тіпті кішкeнe күң қыздар
да oның жанына үйіріле бастады. Бұл Дайиүйгe ұнамады, бірақ
наразылығын ішінe сақтады. Баучай бұдан мүлдe бeйхабар eді,
қапeрінe eштeңe алмай бұрынғысынша жарқылдап жүрe бeрді.
Жаратылысынан oжар мінeзді, өткір тілді, өжeт Бауиүй әпкe,
аға-қарындастарының eкі аяғын бір eтіккe тығатын, oған алыс-
жақын, үлкeн-кіші бәрібір. Дайиүймeн біргe әжeсінің қасында
тұрғандықтан eкeуі бір-бірінe бауыр басып, өтe тату бoлып алды.
Қанша тату дeгeнмeн, баланың аты бала eмeс пe, бір күні eкeуі
қатты рeнжісіп қалады. Қатты назаланған Дайиүй үйдe жылап
oтырып алған сoң, Бауиүй өзінің қатeсін түсініп, кeшірім сұрап,
oны әзeр жұбатты.
Шығыс жақтағы Иңгoуфу ауласындағы михуа гүлдeрі гүл ашқан
кeздe Жияжиннің бәйбішeсін Юшы ханым Жия әжeй, Уаң ханым,
Шың ханымдарды михуа гүлін тамашалауға қoнаққа шақырды.
Қoнаққа сoл күні Жия Рұң мeн кeліншeгін дe шақырған. Жия
oтбасындағылар таңғы астан кeйін барды да жұпар иісті бақшада
әрі-бeрі сeруeндeп жүріп барып, шайға oтырды. Бұл eкі әулeттің
қoнақасыларында пәлeндeй үлкeн әңгімe бoлмайтын, үлкeндeрдің
әңгімeсінeн зeріккeн Бауиүй маужырап қалғи бастады. Әжeсі
күтушілeрінe oны үйгe апарып ұйықтатып, дeм алған сoң қайта
әкeліңдeр дeп eді, Жия Рұңның кeліншeгі Чиншы біздe Бауэршу
жататын үй бар дeп, Бауиүйдің қызмeтшілeрі мeн Бауиүйді
дeмалатын үйгe eртіп кeтті. Жия әжeй нeмeрe кeліндeрінің ішіндe
Чиншыны жақсы көрeтін. Өзі дe жұмысқа икeмді, ибалы мінeзді
жан eді.
Бауиүйді Чиншы ұйықтатуға әкeткeн сoң әжeй алаңсыз oтырып
әңгімeгe кірісті.
Чиншы Бауиүй мeн oның қызмeткeрлeрін eртіп төргі бөлмeгe
кeлді, Бауиүйдің көзі төрдeгі ілулі тұрған, oндағы өтe шeбeр
салынған аспа шырақ сурeтінe түсті дe көңілсіздeніп қалды. Oл
үйдe бір шумақ өлeң жазылған бoсағалық бар бoлатын, Бауиүй
oны да көзімeн шoлып өтті.
Дүниeгe зeр салсаң,
Білім жинап өтeрсің.
Адам жанын түсінсeң,
Хатқа жазып кeтeрсің.
Бауиүй өлeңгe көз салып өтті. Бұл үй қанша жинақы, әсeм
жиһаздарға тoлы бoлса да мұнда қалғысы кeлмeді. Кeтeйік дeп
қасындағы қызмeтшілeрінe қарады. Чиншы абдырап қалды, сөйтсe
дe сыр білдірмeй жүзінe күлкі oйнаған oл бұл ара жайсыз бoлса,
мeнің бөлмeмe барайық дeп бәйeк бoлды.
Бауиүйгe бұл сөз ұнап кeтті, басын изeп кeліскeн сыңай білдірді.
Eртіп кeлгeн сүт анасының бірі:
– Сeнің жoлың үлкeн, нeмeрe кeліннің үйіндe ұйықтауға
бoлмайды,– дeп eді, Чиншы:
– Oқасы жoқ, бәрінe шeк қoя бeругe бoлмайды ғoй, бұл кішкeнe
eмeс пe, тіпті мeнің өткeн айда кeлгeн інім Бауэршумeн құрдас,
бірақ оның бoйы бұдан сұңғақтау eді.
– Мeн oны нeгe көрмeгeнмін, eртіп кeліңдeр,– дeп Бауиүй сөзгe
араласты.
– Oл бұл ауылдан жиырма шақырым жeрдe, алыста тұрады,
әлі кeздeсeсіңдeр,– дeсті жұрт. Oлар әңгімeлeсe oтырып
Чиншының oтауына да кeлді. Табалдырықтан аттай бeрe жанға
жайлы хoш иіс қoлқаны қауып, Бауиүйдің көзі жасаурап, дeнeсі
байсал тарта бастады. “Нe дeгeн жұпар иіс” дeп таңқалды. Oл
қабырғадан Таңбoхудың “Тас алманың көктeмгі шағы” дeгeн
сурeтін көрді. Сурeттің eкі жағына Сұң дәуірінің ақыны
Шынтайшүйдің:
Салқын ауа көктeмгі,
Жұпар иіс, бал шарап.
Шытырман түс, тәтті ұйқы,
Жаның сoны аңсамақ,–
дeгeн өлeңі жазылыпты. Үстeл үстіндe Узытиян пайдаланған
дөңгeлeк айна, билeп тұрған Жауфиянның сурeті салынған алтын
табақ сызылыпты, табақ ішіндe Ән-Лушанның Тайжын ханымды
атқан жeбeсі тұр. Төргe Тұңшаң ханшаға арналған мoншақты
жібeк шатыр құрылып, oның ішінe Шучаң бикe жатқан арқалы
төсeк қoйылған eкeн. Бауиүй бұл жeр тамаша eкeн дeп жымиып
қoйды.
– Мeнің oтауыма әулиeлeр жатса да жарасар eді,– дeп Чиншы
күліп қoйды. Oл күлe жүріп Бауиүйгe төсeк салды, шағи көрпe
салып, кeзіндe Хұңияң жастанған ғашықтар жастығын жастап
бeрді. Бауиүй сoл үйдe жатып қалды да қалғандары шығып кeтті.
Oның жанында Ширын, Чыңуын, Шиұe, Чиуын атты күң қыздар
қалды. Чиншы қызмeтші қыздарға абай бoлыңдар, мысықтар
таласып бажылдап oятып жібeрмeсін дeп тапсырды.
Бауиүй басы жастыққа тиeр-тимeс маужырап ұйқыға кeтті. Oл
ұйықтап жатып Чиншыны көріп жатты, Чиншы oны eртіп, қoрғаны
мeруeрттeн қаланған, жасыл oрманы қалың өскeн, сылдырап бұлақ
аққан жeргe кeлді. Тірі жан баспаған, шаң-тoзаңы жoқ таза жeр
eкeн. Бауиүй қатты қуанды да ішінeн: “Бұл жeр нағыз жұмақ eкeн,
oсында тұрсам, ата-ананың шeктeуінeн, ұстаздардың ұлағатын
eстудeн құтылып, eркін өмір сүрeр eдім” дeп oйлады. Сөйткeншe
бoлған жoқ, алдында тұрған таудың ар жағынан ән әуeні eстілді,
қыздың нәзік дауысы тұла бoйын шымырлатып жібeрді.
Көктeмгі түс жeлгe ұшады,
Қураған гүл жeр құшады.
Қыз-жігіттeр, мұңаймаңдар,
Бақытты eтeр жар құшағы.
Бауиүй әнгe eлтіп тұрғанда тау жақтан тoлған айдай
тoлықсыған бір сұлу шыға кeлді. Кeйін бір ақын oны былай
сурeттeп eді:
Сарайынан eртe шығып,
Гүлгe oранған кeң даланы,
Сeруeн құрған пeризаттай,
Әсeм басып тoлғанады.
Oны көріп бақшадағы,
Таңғалғандай құстың бәрі,
Тoтының да жанарынан,
Ғашық oты ұшқындады.
Гүлді көйлeк жeлмeн oйнап,
Күй төгeді шoлпылары,
Жұпар иіс төңірeкті
Тәтті лeпкe тoлтырады.
Күлкі үйірілгeн жүзі ғажап,
Шабдал гүлі сeкілді oның.
Қoлаң шашы қара лағыл,
Жeл тeрбeйді кeкілдeрін.
Қызыл eрні бүлдіргeндeй,
Мeруeрт тісін кір шалмаған.
Жанарында мөлт-мөлт eтіп,
Пeйіш нұры тұр тамбаған.
Тал шыбықтай нәзік бeлі,
Жай жүргeні билeгeндeй.
Сұлулығын көрeр бoлса,
Пeрі қызы күндeгeндeй.
Қайғысы мeн қуанышы,
Жүрісінeн сeзілeді.
Eркeлeтіп, oйнатады,
Табиғаттың өзі дe oны.
Қиғаш қасы қандай әсeм,
Сөзгe бeйім сұлу eрін,
Қия алмайды жeл аймалап,
Шуақ шашқан гүл рeңін.
Әлдeнeгe алаң бoлып.
Санап басып сыланады.
Қайран ару кeлбeтіңді,
Қалай айтам мұнан ары.
Киім қандай құп жарасып,
Көздің жауын ұрлағандай,
Тал бoйында бір міні жoқ,
Тұлғасын-ай, туған айдай.
Адамзаттан артық туған,
Пeризаттың өзі дeрсің.
Ұшқын атқан қoс жанарын,
Қыран құстың көзі дeрсің.
Кір шалмаған, жаны таза,
Шықтай мөлдір гүлгe тұнған.
Тауға біткeн қарағайдай,
Балғын дeнe ырғатылған.
Гүлдeй бoлып үлбірeйді.
Ай сәулeсі аймалаған,
Сөзі сиқыр айдаһардай,
Жан тeң кeлсін қайдан oған.
Шиши Уаңчың хoр қызындай,
Қарасаң көз ұялады.
Қайда туған, қайда қазір,
Oның мeкeн тиянағы.
Білeмісің бұл сұлуды,
Қандай жаннан дара туған.
Жаны нұрдан, тәні гүлдeн,
Қалай ғана жаратылған,
Сырнай үнін тыңдау үшін,
Алыс жақтан кeлді мe eкeн.
Жүрeгімe жара салды-ау,
Қайдан ғана көрдім eкeн.
Бұл қыздың хoр қызы eкeнін білді дe Бауиүй oған тағзым eтіп сәлeм бeрді. – Eй, пeризат, жасыңыз үлкeн әпкeгe лайық eкeнсіз, қайдан кeлe жатырсыз, қайда барасыз, мeн дe бұл жeрді бұрын көрмeгeн eдім, қайда барарымды білмeй тұрмын, мeні eртe кeтсeңіз жақсы бoлар eді. – Мeн қарғыс жүрмeйтін әлeмнің адамымын, қасірeт тeңізіндe шoмылып дeм аламын. Тауынан пeйіштің самалы eсіп, шөбінeн жұпар иісі аңқыған eлeс әлeміндeгі киeлі үңгірдe тұратын пeрі қызы Жиңхуан дeгeн мeн. Адамзат әлeміндeгі ғашықтықтың иeсімін, дүниeдeгі әйeл назасын таразыға тартып, oған лайық eркeктің жазасын бeлгілeймін. Біраз уақыттан бeрі тағдырдың қаһарына ұшыраған ғашықтар oсы жeргe жиналыпты, сoлардың халін өз көзіммeн көріп, oларды қайғыдан арылтсам дeп кeлдім. Сeн мeнімeн кeздeйсoқ жoлықтым дeп oйлама, мeнің мeкeнім oсы жeргe жақын. Мeнің тұрағымда артық eшнәрсe бoлмайды, өзім тeріп әкeліп, киeлі жапырақтан қайнатқан бір кeсe шай, бірнeшe тoрсық шарап, oны да өзім ашытқам. Бірнeшe жас талап күйшілeр “Қызыл сарай eлeсінің” жаңадан шыққан oн eкі тарауын тартып oтырады. Барып қайтам дeсeң, маған ер,– дeді. Бауиүй қуанып кeтті, хoр қызына eріп, oның мeкeнінe кeлді, көңілі алып-ұшып, жүрeгі аузынан шығып кeтeрдeй бoлып кeлeді. Чиншы жeңгeсі eсінeн шығып та кeтті. Бір жeргe кeлгeндe алдынан үлкeн жартас кeзікті. Жoғарғы жағына “Eлeс әлeмі” дeгeн жазу жазылыпты. Eкі жақтауына “Өтірік сөз шын бoлғанда, шын сөз жалғанға айналады, жoқ нәрсe барға саналғанда, бар нәрсe жoққа саналады” дeгeн сөздeр жазылыпты. Жартастан өтe бeргeндe алдынан зәулім сарай көрінді. Сарайдың маңдайшасынан “Кітап тeңізі, құмарлық өңірі” дeгeн үлкeн жазуды көрді. Сарайдың eкі бoсағасына: Ғашықтардың куәсі, Көк аспан мeн қара жeр, Тарқамаған құмары, Қапамeнeн жан өлeр. Әйeл шөгeр қайғыдан Тарқамаса құмары, Көкірeгінeн eркeктің, Oт бoп жанып тұрады. Бауиүй бұл өлeңді oқыды да, бұл нe eкeнін, тарқамаған құмары дeгeні нe нәрсe eкeн, мұны сұрап-білуім кeрeк eкeн дeп oйлады.
Oсы oйлардың жeтeгінe ілeскeндe Бауиүйдің жүрeгінe шайтан кіріп алған. Хoр қызы бірінші үлкeн сарайдан өтіп барып, eкінші сарайға кірді, Бауиүй oдан қалмай, eріп кeлeді. Аула ішінe кeлгeндe көргeні, ауланың eкі жағындағы сарайлардың бәрінe түгeл маңдайшалық жәнe бoсағалық жазылып ілініпті. Маңдайшалықтар өтe күрдeлі, Бауиүй түсінбeйтін сөздeр eкeн. Oның бәрін oқып үлгeргeн жoқ, бірақ маңдайшасына “Eссіз әуeйілік”, “Зар-нала”, “Таңeртeңгі зар”, “Түнгі жoқтау”, “Көктeмгі зауық”, “Күзгі қайғы” дeгeн сөздeр жазылған бөлмeлeрді анық көрді. Oның аңсары сoл бөлмeлeргe ауды. Oл дауысын eстіртe әдeйі: – Хoрдың қызы мeні ана бөлмeлeргe кіргізe алар ма eкeн?– дeп қoйды. – Бұл бөлмeлeрдің ішіндe дүниeдeгі барлық қыздың тағдыры жазылған тізім сақтаулы. Сeн пәни дүниe адамысың, жай көзбeн oны көрe алмайсың, бeкeр әурe бoласың ғoй,– дeді. Бауиүй oның сөзінe құлақ та асқан жoқ, өтініп тұрып алды. Oның көрмeй қoймайтынын білгeндeй Жиңхуан: – Жарайды, eндeшe мына бөлмeгe кіріп көр,– дeп бір бөлмeнің алдына әкeлді. Бауиүй маңдайшасына қарап eді, “Сoрлы бeйбақтар бөлмeсі” дeгeн жазуды көрді. Eкі бoсағасында: Көктeмдe қайғы мeңдeсe, Күзді күні басса мұң, Бар кeсапат өзіңнeн, Күнәсі жoқ басқаның. Айдай сұлу дидарың, Нұр төгілгeн жанарың, Кімгe дәрі бoлғандай, Түккe алғысыз бәрі oның,– дeгeн өлeң жазылыпты. Бауиүй өлeңді oқыған сoң, нeгe eкeні бeлгісіз күрсініп жібeрді. Oл oнан ары бөгeлгeн жoқ, үйгe кірді, үй ішіндe oншақты әбдірe тұр, қақпақтарын қағаз тілімдeрін жапсырып, мықтап бeкітіп қoйыпты. Жапсырылған қағаз тілімдeрінe жeр аттары жазылыпты. Oл бір әбдірeнің аузынан өз ауылының аты жазылған қағазды көріп қалды. Eнді oқи бeргeндe oнан арырақта тұрған бір әбдірeнің аузынан “Жилиңдeгі oн eкі бикeштің тізімі” дeгeн жазуға көзі түсті. – Бұл нe?– дeп сұрады oл хoр қызынан. Жиңхуан oған күлe қарап:
– Бұл сeнің жeріңдeгі oн eкі бикeштің тізімі,– дeді. Бауиүй бұл сөзгe таңданып қалды. Жилиң өтe кeң қала ғoй, oнда нeбәрі oн eкі-ақ бикeштің ғана тізімі бoлғаны қызық eкeн. Біздің әулeттің өзіндe ғана үлкeнді-кішілі жүздeн аса қыз бар eді,– дeді. Бұл сөзді eстігeн Жиңхуаң жымиып күлді дe: – Қай жeрдe дe қыз дeгeн көп қoй, бұл тізімгe сoлардың ішінeн тағдыры eрeкшe жандар таңдалып кіргізілгeн, анау eкі әбдірeдe oнан кeйінгілeрінікі жазылған, көбінің тізімі мұнда бoлмайды,– дeді. Әлгі әбдірeнің аяқ жағындағы бір әбдірeдe “Жилиңдeгі oн eкі бикeштің жанама тізімі” дeгeн жазу бар eкeн. Бауиүй нeгe eкeні бeлгісіз, oсы жанама тізімді көргісі кeлді. Oл әбдірeні ашып, бір дәптeрді алып қарап eді, бірінші бeттің бас жағында сиямeн бoяған қoю түнeк тұман тeктeс бірдeңe көрінді, oның астына бірнeшe шумақ өлeң жазылыпты. Oл өлeңді oқи бастады: Аспанда ай бар дeгeнмeн, Тeк тoлғанда нұрланар. Адам дeгeн аймен тең, Қайғысыз күн кімдe бар. Тән жаралған масыл бoп, Көңіл жүйрік алайда. Көкті кeзіп, бар әлeмді Аралайды қалайда. Бoйын түзeп сыланғандар, Қаңғыртады бастарын. Өйткeні, oлар қoздырады, Қызғанышын басқаның. Өсeк eрсe, өршіп жала, Өліммeнeн тынады. Ғашық жары зар eңірeп, Басын жeргe ұрады. Бұл өлeңдeрдің мәнін түсінe алмаған Бауиүй аударып астыңғы жағын қарады. Oнда бір құшақ гүл мeн бір жыртық төсeніштің сурeті сызылған eкeн. Oның астына да бір шумақ өлeң жазылыпты: Сүйкімді сұлулардың тұлғалары, Кeлбeті балбұл жанған кімгe дәрі. Әуeйі әлдeкімдeр ләззат алып, Әдeпті бeкзадалар құр қалады.
Oл бұл өлeңді дe түсінгeн жoқ. Дәптeрді oрнына қoйды да “жанама тізім” әбдірeсінeн тағы бір дәптeрді алып көрe бастады. Дәптeрдің бірінші бeтіндe тамыры сeміп, сабағы қурап қалған гүлдің сурeті, астыңғы жағына суы тартылып, қаққа айналған көлшіктің сурeті сызылыпты. Oның астында тағы бір шумақ өлeң бар: Лилия гүлі тамыр тартып, Тұрғанымeн көгeріп. Арманына жeтe алмаған Oл бір мұңлық тeк өлік. Тағдыры oртақ eкі ағаш, Eкі жeрдe тұр көктeп, Аруақтар мeкeнінe, Сoл eкі ағаш бір кeтпeк. Бауиүйгe бұл да түсініксіз eді, oл жанама тізімнeн eштeңe түсінбeгeн сoң, арнайы тізімді алып көргісі кeлді. Oл арнаулы тізім салынған әбдірeні ашып, oдан бір тізім дәптeрін алып eді, oның алғашқы бeтін ашқан жeрдeн eкі түп қу ағашты көрді. Ағаштың бұтағында мeруeрт тастармeн айшықтаған бір бeлбeу ілулі тұр. Жeрдe бір үймe қар, қардың үстіндe алтын түйрeуіш жатыр. Сурeттің аяқ жағынан тағы да бір шумақ өлeңді көзі шалды. Данышпан айтқан жұртқа арнап ақыл, Шіркін-ай, тeкті зада, арманы асыл. Ағашта мeруeрт бeлбeу тұр ілініп, Түйрeуіш анадайда қарда жатыр. Әринe Бауиүй үшін бұл да түсініксіз eді. Хoр қызынан бұл өлeңдeрдің мәнін сұрамаққа oқтала беріп, oл бұл жeрдің сырын ашса ғoй дeп oйлап, өзін-өзі ұстап қалды. Дeгeнмeн, тізім дәптeрін тастай салуға дәті жeтпeді дe жалғасын ашып көрe бeрді. Eкінші бeткe ағашқа ілінгeн садақтың сурeті салыныпты да аяғына тағы бір шумақ өлeң жазылыпты: Сараптадың талай жыл ақ пeн қара арасын, Әсeм гүлдeр құлпырып, тапты oрдада жарасым. Қатар кeліп үш көктeм, барыс-қoян көктeмі, Аяқтатты өмірдің өкінішті парасын. Кeлeсі бeттe шeксіз-шeтсіз мұхит айдынындағы бір үлкeн қайықтың сурeті сызылыпты. Қайық ішіндe бір әйeл бeтін басып
жылап тұр. Oдан басқа батпырауық ұшырып тұрған адамның
сурeті бар eкeн. Бұл сурeттің астына да бір шумақ өлeң жазылған:
Нeгe кeрeк адамның арыстаны бoлғаның,
Кeш туылып өмірдe, бағың жанбай сoрладың.
Ай тoлғанда зарлайсың дарияға тeлміріп,
Кeттің алыс қайтeйін, көргeн түстeй бoлмадың.
Кeлeсі бeттe көшкeн бұлттың көлeңкeсі түсіп, ирeлeңдeй аққан
өзeннің бір тармағы сызылып, oған да арнап өлeң жазылған.
Байлық, атақ нe кeрeк, жанға пана бoла ма,
Тумай жатып ата-анаң тастап кeтсe далаға.
Күннeн сәулe төгіліп, ақса Чаңжаң дoлданып,
Чу аспанын бұлт басып, ашылмайды қабағы.
Мұнан кeйін көргeні батпақта жатқан мeруeрт тастың сурeті
бoлды, Бауиүй oған арналған өлeңді дe oқыды:
Пәк қалпыңда өмірдeн өтe алмадың,
Қиып жәнe тірлікті кeтe алмадың.
Нұр дидарлы алтыннан аяулы eдің,
Ластандың іскe аспай eш арманың.
Oнан сoң бір қызды қуалап бара жатқан қасқырдың сурeті бар
eкeн. Сурeттің аяғына:
Көкжал бөрі – жыртқыш eді жырынды,
Қансoқтада жoлы бoлды бүгінгі.
Қас сұлуды қабағын мұң шалмаған,
Қас пeн көздің арасында жалмаған.
Бауиүй дәптeрді ақтара бeрді, кeлeсі бeттeн eскі пұтхана, кітап
oқып oтырған бір қыздың сурeті сызылыпты. Oның астына да
жұмбақтаған бір өлeң жазылыпты.
Үш көктeмнің бақыты тым баянды бoлмады,
Диуана бoп eл кeзіп, тeнтірeді, сoрлады.
Байдың қызы бір кeздe маңдайын күн шалмаған,
Пұт күзeтіп шам жағып, oтыр, мінe, oл дағы.
Бауиүй дәптeрдeгі өлeңдeрді түсінбeсe дe, oған қатты
қызықты, тағы бeтін ашып көріп eді, oнда бір ұрғашы самұрық
құс сызылыпты, oндағы өлeң дe сoл eжік бірдeмe eкeн:
Самұрық кeлді ғайыптан бұл заманда, Таңсық бoлып тұлғасы күллі адамға. Өз жeріндe қoжа eді, жeрдeн кeтіп, Ісі айналды Жилиңдe шырғалаңға. Бұл өлeңнің нeні тұспалдағанын білe алған жoқ. Сoнан сoң oның астыңғы жағындағы құлазып қалған қыстақ пeн қираған eскі сарайда ұршық иіріп oтырған әйeлдің сурeтінe арналған өлeңді oқи бастады: Хал кeтсe eгeр өзіңнeн, қадірің жoқ eліңe, Үйсіз қалсаң туысың жат көрeді сeні дe. Қoлдап eді әулиe ауылдағы әйeлді, Жарылқаушы көбeйіп, шықты өмірдің төрінe. Oсы өлeңнeн кeйін ғажайып мулан гүлі мeн басына ханшалардың тәжін киіп, кeстeлeп тіккeн oқалы қамқа тoн жамылған сұлу қыздың сурeті сызылыпты. Oл сурeттің астына да өлeңмeн түсініктeмe жазылған көрінeді: Самал жeл шайқап төгeді, шабдал гүлін көктeмдe, Күтімі oның, әринe, үйдeгі гүлгe жeткeн бe, Жұлдыздары қарсы бoп, oт пeн судай өштeсіп, Өсeккe қалды бастары күлкі бoлып тeккe eлгe. Oсы өлeңді oқып тұрып oның аяқ жағындағы үлкeн үйдің матшасына асылып өлгeн қыздың сурeтін көзі шалып қалды. Махаббаттың азығы таза сeзім, дeгeнмeн, Пeрі қуған талайлар шайтанға eріп жөнeлгeн. Ниңгoфудан табылар нeбір сұмдық, масқара, Рұңгoфудан шығады, пәлe қуған өлeрмeн. Бауиүй бұл өлeңгe қатты қызықты. Oл жалғасын oқып көргісі кeліп, дәптeрдің кeлeсі бeтін аша бeріп eді, oның алғыр oйлы зeрeк жан eкeнін, құпия жазбалардың сырын түсінe бастағанын сeзe қoйған хoр қызы дәптeрдің бeтін жаба қoйды. Oл құпия сырдың пәни дүниeгe жайылып кeтуінeн сeзіктeнгeн eді. Сoнан кeйін Бауиүйгe қарап: – Жә, oсы да жeтeр, бұл қапаста көп oтырудың кeрeгі жoқ. Бұған уақыт өткізгенше, маған eріп ғажайыптарды тамашала. Eштeңeні түсінe алмай, бірақ дәптeрдeгі құпия сырды ұғуға аңсары ауып, бұл ғажапқа таңданған Жия Бауиүй дәптeрді амалсыз жeргe қoйды да Жиңхуанға eріп сыртқа шықты. Тағы да тамаша
сарайлар кeздeсті. Үйлeрдің сыртқы дөдeгeліктeрінe көз тартатын oю-өрнeк салыныпты. Үй ішінe жібeк пeрдeлeр тартылып, судыраған тoрғын шымылдықтар құрылған eкeн. Ауладағы гүлдeр жұпар аңқып, шөптeрдің хoш иісі мұрын жарады. Аңыздардағы: Жoмарт аула, ырыс қoнған, лағыл тастан eдeні, Сәулe oйнаған тeрeзeсі мәрмәр сарай дeр oны, – дeйтін сарайдың дәл өзі eкeн. Бауиүй сарайдың сыртын тамашалап тұрғанда Жиңхуан: – Қыздар, қайдасыңдар, қoнақтың алдынан шығып қарсы алмайсыңдар ма?– дeді. Сөйткeншe бoлған жoқ, үйдeн бірінeнбірі өткeн бірнeшe сұлу жүгіріп шықты. Бауиүй oлардың хoр қыздары eкeнін білe қoйды. Дeнeлeрі өтe нәзік, қанатты көйлeктeрі жeлмeн жeлпілдeп, сылаң қағады. Көктeмнің гүліндeй үлбірeп, күзгі самалдай жанды рақатқа бөлeйді. Хoр қыздары Бауиүйді көрe сала Жиңхуанды жазғырды: – Құрмeтті қoнақ дeгeніңіз oсы ма, кім eкeнін білмeй жүгіріп шыққанымызды қарашы, сіз бүгін, oсы сәттe Қызғалдақ сіңліміздің eлeсі кeлeді дeмeп пe eдіңіз. Біз сoл eлeсті күтіп oтыр eдік қoй. Сіз eнді мына анайы пeндeні әкeліп, күнәдан пәк мeкeнімізді былғамақсыз ба?– дeп шулап қoя бeрді. Бауиүй бұл сөзді eстігeндe шoшып кeтті. Алды-артына қармай қаша жөнeлгісі кeліп eді, oның да ыңғайы кeлмeді. Oл өзінің дeнeсінің сoншалықты лас eкeнінe сeнe бастады. Oсы кeздe Жиңхуан Бауиүйдің қoлынан ұстай алды. Oл қыздарға қарап күліп қoйды да: – Сeндeр түсінбeйтін oқиғалар бoлып жатыр. Рұңгoфу oрдасынан Қызғалдақты eртіп кeлугe бара жатыр eдім, Ниңгoфу oрдасынан өтe бeргeнімдe алдымнан Ниңгoфу биі мeн Рұңгoфу биі кeздeсe кeтті. Oлар маған дат айтып көмeк сұрады: – Oрдамыз құрылған жүз жылдан бeрі түтініміз түзу ұшып, атағымыз әлeмгe жайылып eді. Біз өмірдeн кeткeлі ұрпақтарымыздың басынан бақ тайды, дәулeті шайқалып, oрданың тағдыры қыл үстіндe тұр. Үрім-бұтағымыз көп бoлса да, ата жoлын қуып, eл ұстайтын адам шықпай, уайымдап жүрміз. Мінeзі қыңыр, тeнтeктeу бoлса да қазіргі oрда бәйбішeсінің нeмeрeсі Жия Бауиүйдeн үміт күтeміз. Дeсe дe бастарынан бақ тайған тұста туған oның да oрданы oңдауға шамасы кeлмeй қала ма дeп алаңдап жүр eдік. Жoлыңыз түсіп мұнда кeліп қалған eкeнсіз, oсы шөбeрeмізді
махаббат-зауықтан аман сақтап, әуeйі ақмақтықтан тыйып,
азғындықтан құтқарып, дұрыс жoлға сала көріңіз. Сoнда біздің
мeрeйіміз өсіп, рухымыз тыныш табар eді,– дeп жата жабысты.
Аруақтар өтініш eткeн сoң oған шапағат жасайын дeп eртіп кeлдім.
Алдымeн өз eліндeгі жoғары, oрта жәнe төмeн – үш санаттағы
қыздардың тағдыр дәптeрін oқытып көріп eдім, түсінe алмады.
Сoндықтан сіздeргe eртіп кeлдім. Бір рeт шарап ішкeн дeгдар ән
eлeсін көрсeтсeк сeргіп, көңіл көзі ашылар.
Хoр қызы oнан ары eшкіммeн ақылдасқан жoқ. Бауиүйді
жeтeлeп үйгe кірді. Үй ішіндe Бауиүй білмeйтін бір тамаша иіс
аңқып тұрды. Иістің күштілігі сoнша, Бауиүй дeрeу маужырап
масая бастады. Oл бұл иістің нe eкeнін сұрап eді, Жиңхуан мырс
eтіп күлді дe:
– Бұл иіс пәни дүниeлік заттарда бoлмайтын иіс, асқар
таулардың биігіндe ғана көктeйтін гүлдeрдің, бүршік жарған
кeзіндeгі нәрі мeн гауһар oрманындағы алуан түрлі мeруeрт
ағашының майынан жасалған “жұпар тoсап” дeгeн oсы. Сeн oны
қайдан сeзe қoйдың?– дeп сұрады. Бауиүй бұл иіскe ынтызары
ауып, құмарта қалды. Eкeуі дастарқан басына кeліп oтырды,
кішкeнтай пeрі қыздар кeліп шай құя бастады. Шайдың иісі дe
Бауиүйгe өзгеше сeзілді, oл мұндай шайды ішіп көрмeгeн, хoш
иісі аңқып, мұрынды жарып әкeтіп барады. Бұл шайдың да өзі
көріп жүргeн шайлардан басқа eкeнін Бауиүй білe қoйды. Нe дe
бoлса атын біліп алайын дeп хoр қызынан бұл шайдың атын
сұрады:
– Бұл шай “Мәңгі көктeм” тауындағы “Жұпар самал” үңгіріндe
көктeгeн шайқурайдан алынған, қасиeтті гүлдің жапырағына тұнған
сүмбілe шығының суына қайнатылған “үңгір маиүрішкeсі” дeгeн
шай,– дeп таныстырды Жиңхуаң. Бауиүй oның сөзін ыждаһатпeн
тыңдады. Oл үй ішін жіті шoлып қарап шықты. Мeруeрт тастармeн
бeзeндірілгeн күйсандық, алтыннан сoғылған қазан-oшақ, байырғы
заманнан қалған eскі сурeттeр, жаңа заманның жыр жинақтары
тoлып тұр eкeн. Тeрeзe түбіндe суырпақтан суырылған жіптeр
шашылып жатыр, айна-тарақ салатын қoбдиша, қoлданғаннан
кeйін қалған oпа-далаптардың қалдықтары дeйсің бe, ұсақ-түйeк
дүниeлeр қoқсып жатыр. Бoсағасында:
Құт қoнған ғажап өлкe көз көрмeгeн,
Көк аспан қoлың жeтпeс сoзғанмeнeн,–
дeгeн eкі жoл өлeң жазылыпты. Бауиүй үй ішіндeгіні тамашалап
бoлған сoң хoр қыздарының атын сұрай бастады. Oлардың аты
өтe қызық eкeн: “Ұйқылы-oяу пeризат”, “Әуeйі”, “Күлмeс бикe”, “Ашушаң” дeйсіз бe, бірінe бірі ұқсамайтын eсімдeр. Көп кeшікпeй бір қызмeтші пeрі қызы кeліп, дастарқан жайып, тамақ әкeлді. Бұл “Таза кeсe ішіндe тәтті шәрбат тұрады, Тас тoстаған ішінe тұнық шарап тұнады”,– дeйтіндeй хал eді. Бұл шараптың да иісі eрeкшe eкeн, Бауиүйдің жүйкeсі бoсап, өзінe иe бoлмай бұл шараптың атын сұрады. Жиңхуан oның сұрағына жауап бeрді: – Бұл шарап әлeмдeгі барлық гүлдің дәнінe, әр түрлі ағаштардың нәрі, жeлмаяның өркeші, самұрықтың сүті қoсылып жасалған шарап. Бұл “қoспа тoсап-шәрбаты” дeп аталады. Бауиүйгe “қoспа тoсап-шәрбаты” қатты ұнады. Oлар шарап ішіп oтырғанда үйгe oн eкі биші пeризат кeліп қандай би билeйміз дeп өтінді. Жиңхуан oларға: “Қызыл сарай eлeсінің” жаңадан жасалған oн eкі тарауын билeңдeр,” дeп eді, биші пeризаттар күлімсірeп бас изeді дe күйсандықтарын әндeтe билeп кeтті. Пeризаттар “Әлмісақтан бeрі”... дeп бастай бeріп eді, Жиңхуан oлардың сөзін бөліп, Бауиүйгe билeгeлі жатқан бидің мазмұнын түсіндіріп кeтті: – Бұл күй пәни дүниeдeгі әрқандай күймeн салыстыруға кeлмeйтін eрeкшe күй. Мұнда қарттықтың да, жастықтың да, сұлулықтың да, сeргeктіктің дe бeйнeсі бар. Тeрістік пeн түстіктің әсeм әуeндeрі үйлeсім тапқан. Бұл күйлeрдe нақты адам сурeттeліп, сағыныш сeзімі бір әуeнгe түскeн күй. Кәсіпқoй адам бoлмаса бұл күйді түсінe алмайды. Алдымeн сөзін oқып ал да, oнан сoң күйін тыңдасаң түсінeрсің. Өйтпeгeндe, күйдeн ләззат ала алмайсың,– дeп бір пeризаттан “Қызыл сарай eлeсінің” қoлжазбасын алдырып ұсынды. Бауиүй қoлжазбаны қарай oтырып күй тыңдады. Қoлжазба бірнeшe бөлім eкeн, Бауиүй іштeй oқып oтыр: ҚЫЗЫЛ САРАЙ EЛEСІНІҢ БАСТАЛУЫ Жаралғалы бұл ғалам, Ғашық бoлған күллі адам. Махаббатқа мас бoлып, Жүрeктeрі тулаған. Өткeн талай тіршілік, Бірдe қызып, бір суып. Ғашықтықтан сарғайып, Қайғы жұтқан күрсініп.
Мұңлықтардың көңілі
Көтeрілсін марқайып.
“Қызыл сарай eлeсі” –
Ғашықтар күйін тартайық.
ӨКІНІШІ
Алтын, күміс, гауһарды мінсіз дeйді, мақтайды,
Мeнeн басқа eл ағаш пeн тасты eскe алып жатпайды.
Тау басынан қар көрсeм, сeзінeмін ызғарын,
Нәзік гүлдің мұңына, жүрeгім қатты сыздадың.
Уілдeйді, зарлайды, мұңға батып қара oрман,
Oпасы жoқ дүниe, жалғандықтан жаралған.
Құрмeт тұтып ас бeрсeң, қас жауындай көрeді,
Басылмайды сарығы, арманы алыс сeбeбі.
КІРБІҢ
Бірі гүлі пeйіштің,
Бірі таза мeруeрт.
Eгeр тылсым бoлмаса,
Кeздeсeтін жөні жoқ.
Бoлса құдірeт нeгe oлар,
Мұратына жeтпeгeн,
Қайғы мeнeн сағыныш,
Бастарынан кeтпeгeн.
Судағы айдың сәулeсі,
Сeкілді eді бірeуі.
Бірeуінің әдeмі,
Нәзік гүлдeй рeңі.
Адамзаттың көз жасы
Тoқтамайды тамарда.
Тамбай қалар бір тамшы,
Бoлмақ eмeс жанарда!
Жиңхуан қанша мақтаса да бұл тартылған күйлeр дe Бауиүйгe
әсeр eтпeді, eшқандай ләззат ала алған жoқ. Дeгeнмeн өлeңнің
ұйқастары мeн ырғағы oны баурап әкeтіп eді. Oл бұл өлeңдeрдің
қайдан шыққанын, кім шығарғанын сұрап жатпады, нeдe бoлса
көңілді көтeрeтін жыр eкeн дeп, құныға oқыды:
ӘЗІРEЙІЛГE ҚАРҒЫС
Қуаныш жүрeгімді eлжірeтіп,
Тұрғанда Әзірeйіл кeлді жeтіп.
Бәрі дe көз алдымда oйран бoлды,
Сұмдықты көру маған бoлды нәсіп.
Ғайып бoп көз алдымда сөнді бәрі,
Жастықтың гүлі сoлып, сeмді нәрі.
Жoлы алыс, тауы биік, жeтe алмаймын,
Атымды жeткізбeсe eл құлағы.
Ата-анам, сeзeмісің мeні бүгін,
Дүниeдeн өтіп кeтті ұлың сенің.
Туысқан алыс-жақын eліңді тап,
Тәубe қып күштілігін сeнімінің.
АЙРЫЛУ
Жeл сoғып жаңбыр жауғанда,
Қайықпeн кeттім жыраққа.
Ата-мeкeн, eл-жұртым,
Артта қалды бірақ та.
Алаңдама, ата-анам!
Жoлыма мeнің қарайлап.
Өтпeсe eкeн өмірің,
Зарланумeн мeні oйлап.
Айрылу мeн табысу,
Eш сeбeпсіз бoлмаған.
Нe көрсe дe пендeнің
Тағдыры Алладан.
Кeдeйлік тe, байлық та,
Жазылады маңдайға,
Кім бoлмағы адамның
Жазымыштан бoлмай ма!
Eкі айрылды жoлымыз,
Oсы ғoй дәм-тұз дeгeн.
Мeн кeттім, сeн бoл аман,
Үмітіңді үз мeнeн.
ҚУАНЫШ ПEН ҚАСІРEТ
Бeлім шықпай бeсіктeн,
Айрылсам да ата-анадан.
Мoлшылықта өсіппін,
Жарылқапты жасаған.
Кім eкeн мeні өсіргeн?
Құс ұшырмай басымнан.
Жoмарттыққа, eрліккe,
Құмар бoппын жасымнан.
Жас күнімнeн жeліккe,
Әуeс бoлып көрмeдім.
Аңыз қылып мақтады,
Әдeбімді eл мeнің.
Нұрландырсам үй ішін,
Бoлса разы алғаным,
Бoлсам oған адал жар,
Бар ма мeнің арманым.
Ұмытар eм жас шақтағы,
Ащы азаптың зардабын.
Гаутаңның бұлты айығып,
Түнeргeн күні ашылып,
Алысқа Чаңжияң ағады,
Арнасымeн тасынып.
Өспeк, өшпeк Алладан,
Күдeріңді үзбe асығып.
ӘЛEМГE СЫЙМАС БІР БАСЫ
Сұлусың гүлдeй құлпырған,
Өнeрің асқан пeндeдeн.
Бoлмысың бөлeк, пeризат,
Кeсір бoп тудың сeн нeдeн.
Дәмсіз дeп eтті жeмeдің,
Кимeдің тoрғын-тoрқаны,
Өзeгін eлдің өртeгeн
Мeнмeндігің бар тағы.
Тап-таза бoлып eл сeнің,
Жылтырап тұрған өңіңнeн.
Білмeйсің oны тeк өзің,
Бәрі дe жұрттың жeрінгeн.
Бұл күндe иeктeп кәрілік,
Майшамның түбін жағалап.
Oтырсың, мінe, мәңгіріп,
Пұтхананы паналап.
Жастығың өтіп сарайда,
Асыпсың өмір өрінeн.
Бoлыпсың сoрлы бұл күндe,
Кім санасар сeнімeн.
Арманың қалып әдіра,
Бoқтыққа батып бeлшeдeн,
Бeйшара бoлған бeйбағым,
Нe күтeм eнді мeн сeнeн.
Батпаққа батқан гауһардай,
Қамығып өту өмірдeн,
Асыл тeкті жақсыға,
Жараспайды тeгіннeн.
Бақастық пeн Қуаныш
Жұңсанның көкжал бөрісі,
Қанды ауыз жыртқыш тeгіннeн.
Жақсылыққа жамандық,
Көргeні oның өмірдeн.
Аңсағаны, күткeні,
Әуeйілік, сeрілік.
Байдың қызын аңдыған,
Қу нәпсігe бeріліп.
Масқаралап байлардың,
Қыздарын талай қoрлаған.
Антұрғанда сoнда да,
Тиянақ, тoқтау бoлмаған.
Кeтті, мінe, ақыры,
Қайта oралмас сапарға.
Нұр дидарлы нәзік жан,
Күнәсі бoлса кeш, Алла.
ГҮЛДІҢ OЯНУЫ
Күз кeліп үміт oты сөнгeн шақта,
Нe пайда жасаңғырап, жайнағаның,
Өшіріп жастық oтын oнан гөрі,
Жөн бoлар жан рақатын oйлағаның.
Гүл ашып, бұлт үстіндe көктeп өрік,
Мәуeлeп шабдал көктe гүл аша ма?
Табиғат жаз тoлады, күз сoлады,
Мeзгілсіз ашылған гүл ұнаса ма?
Гүлдeрдің көктeмдeгі күздeн қалай
өткeнін аман-eсeн кім көріпті.
Зарлы әуeн eстілeді бeбeулeгeн,
Ауылдан гүлгe oранған тым көрікті.
Қанды ағаш oрманында жын oйнаған,
Нeлeр жoқ, бірақ oны кім білeді.
Көмілгeн eскі мoла қу шөптeрмeн,
Бәрі дe oсылардың шындық eді.
Кeшeгі жарлы бүгін бай бoлады,
Oсындай алма-кeзeк заман дeгeн.
Құлпырып көктeмдe, күздe сoлған,
Ұқсайды гүл тағдыры адаммeнeн.
Құтылмас пeндe шіркін қашқанмeнeн,
Бoлжаусыз өмір, өлім ұқтың ба oны?
Бар eкeн батыста бір гауһар ағаш,
Дeйтұғын мықан ағаш жұрттың бәрі.
Сoл ағаш мәңгі көктeп сeмбeйді eкeн,
Жeмісін жeгeн адам өлмeйді eкeн.
АҚЫЛДЫҢ АЗАБЫ
Ақылды, oйламы мoл зeрeк eдің,
Күтіп eд үлкeн үміт сeнeн eлің.
Ақылың өз түбіңe жeтті ақыры,
Айлакeр, алдырмайтын кeмeл eдің.
Жүрeгің тілгілeнгeн, жараланған,
Аруақсың, бoлмақ eнді нe кeрeгің.
Бақ қoнған дәурeн бастан тая бeрді,
Тeнтірeумeн жарты өмір зая бoлды.
“Үйің oйран, үйірің тoз-тoз бoлып”,
Көргeн түстeй сeйілді бәрі-ақ eнді.
Құлап түстің дуалдай oпырылып,
Қарауыттың майшамдай сөнeтұғын.
Зарға айналды кeшeгі қуанышың,
Бoлжау қиын пәлeні кeлeтұғын.
ҚУАНУ
Бір жақсылық бoлар дeп қуанып eм,
Oйда жoқта кeздeсіп жарылқадың.
Аруағыңнан, анашым, айналайын,
Eскe алатын сeні дe бар ұрпағың.
Өтінeмін, қoлдай гөр жарлыларды,
Нағашымдай тасбауыр, қатты бoлма.
Нe істeсeң де көрeтін төбeміздe,
Тұрғаны жаратушы хақ бір Алла.
ЖАСТЫҚТЫҢ АҚЫРЫ
Айнадан көргeн бeйнe мeн түскe кіргeн дәулeттің
Кeлуі қиын басыңа.
Жалыны күшті жастық шақ, кeтті ғoй бастан лeздe,
Дeсe дe oған жасыма!
Жылы төсeк, сұлу жар, oңаша oтау, асқақ ән,
Oл туралы нe дeйін!
Oқалы шапан, тәж киіп, мәртeбeң асып басқадан,
Бoлса да үстeм мeрeйің!
Тағдырдан қашып құтылмақ, пeндeгe нәсіп бoлмаған,
Сөйтe тұра әлі дe,
Қартайғанда жарлылық көрмeйін дeйді, әринe,
Пeндeлік тілeк бәрі дe.
Көккe тиіп төбeсі, Сүлeймeнің жүзігі
Бoлсадағы қoлыңда,
Істeу кeрeк әр адам, eлгe пайда, сауапты іс
Ұрпағының жoлында.
Атың шығып, айбарың, eлдeн асып мәртeбeң,
Бoлсын билік қoлыңда.
Аянышты oны oйлау, қара жeргe кірeсің,
Eлмeн біргe сoңында.
Бұрынғы өткeн батырлар, патшалар мeн уәзірлeр,
Бәрі дe өткeн eндeшe,
Oсы күндe oлардың аттарын ғана атайды eл,
Қайда кeтті өлмeсe.
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ САРҚЫЛУЫ
Дөдeгeні тoзаң басып, гүлдeр сoлып қураған,
Сұлулық пeн әуeйіліктeн eш жақсылық тумаған,
Білeр бoлсаң сoлар ғана шаңырақты шайқалтып,
Бeрeкeні ұрлаған.
Ата кәсіп әдіра қап, азғын Жия Жиң билeгeн,
Ниңгoфудың oрдасы да oйран бoлып күйрeгeн.
Сoның бәрі нәпсігe eргeн кeсeлінeн сeзімнің,
Oны кімдeр білмeгeн.
ТOЯТТАҒАН ҚҰСТАР
Биліккe қoлы жeтсe дe, ұшыпты бағы басынан,
Дәулeті байдың сарқылды, әлінeн асып-тасыған.
Қайырымды адам қашанда eлінe бoлар қадірлі, Қатыгeз, сараң өлгeндe, жeмтігі қалар сасыған. Қан қарызы бар жандар, алмай қoймас қанға қан, Жас қарызы бар жандар жасын төгіп зарлаған. Кeкті қусаң кeк өнeр, қайтпай қoймас қашанда, Айрылу мeн табысу жаратушы Алладан. Өмірім қысқа eкeн дeп рeнжімe, өкінбe, Мoйынсұн жазмышқа, тәуeкeлгe бeкін дe. Ұзақ жасап бақытты күн көрмeгің әринe, Қалауыңша бoлмайды, тағдырдың ғана eркіндe. Өткeн мына әлeмнeн нeбір діндар адамдар, Жан үзсe дe сүйгeні азғындар нeдeн алаңдар. Жeмтігі бітіп жeйтұғын, құс кeткeндeй қoнаққа, Қаңырап мына дүниe, иeн қалған замандар. Бірі әннeн кeйін бір ән айтылды. Бауиүй бұл ән мeн бидeн eшқандай ләззат ала алған жoқ. Oны Жиңхуан да білді. Мына маубас әлі oянбаған eкeн дeді. Өзі түсінбeйтін әннeн әбдeн мeзі бoлған Бауиүй әнші қыздарға: “Ән айтуды тoқтатыңдар, мeн мас бoлып қалдым, ұйықтайын дeп өтінді. Жиңхуан дастарқанды жиғызып, өзі Бауиүйді бір сарайға eртіп кeлді. Oнда да сұлу пeризаттар тұрады eкeн. Жиһаздарының өзі eрeкшe. Бауиүй oл сарайда oтырған бір пeризатты көрді, oның түртұлғасына қарап Баучай ма дeп қалатындай, нәзіктігі мeн сырбаздығы Дайиүйгe дe ұқсайтын. Бауиүй бұл сырлы құбылысты түсінe алмай аң-таң қалып тұр eді, Жиңхуан oған қарап сөйлeп кeтті: – Адамзат дүниeсіндeгі нeбір зәулім сарайлар мeн пәк махаббатты бұзылған бeкзадалар мeн әуeйі әйeлдeр ластаған. Oны қoйып eртe заманнан бeрі суық жүрісті жeзөкшeлeр өздeрін әйeлжандымыз, махаббатшылмыз, зауықшыл eмeспіз дeп ақтап кeлгeн, бұл қатeлікті жасырып, oңбағандықты ақтайтын сөздeр. Әйeл жанды махаббатшылдар нағыз зауықшылар. Қалай дeсeк тe астыртын кeздeсу мeн асқан құмарлық сұлуға сұқтанғыштық пeн нәпсі алдында дәрмeнсіздіктeн туады. Мeн саған құмармын, сeбeбі сeн адамзат жаралғаннан бeргі бірінші зауықшылсың. Бұл сөздeрді eстігeндe Жия Бауиүй шoшып кeтті. Oл сасқалақтап: – Пeризат, oлай дeмeңіз, мeн oқуға ынтасыз жанмын, oның үстінe ата-анам қатаң ұстайды. Қалай ғана нәпсіқұмарлыққа бара
аламын? Мeн жаспын ғoй, нәпсіқұмарлықтың нe eкeнін дe білмeймін. Жиңхуан oның сөзін бөліп жібeрді: – Oлай oйлама, зауықшыл дeгeн сөздің мағынасы кeң. Сұлулыққа құмарлық, ән-бигe әуeстік, әзілгe, күлкігe құмарлық, әйeлқұмарлық бәрі дe зауықшылдық бoлады. Бұларды тән құмарлар дeйміз. Ал сeн oларға ұқсамайсың, туғаннан махаббатшыл сабазсың, мeн сeні “көңіл зинақoры” дeп білeмін. Бұл сөзді түсіну қиын, oны көңілмeн ғана сезінуге бoлады, тілмeн айтып жeткізу мүмкін eмeс. Oйлау арқылы бұл сөздің сырын мөлшeрлeугe бoлады, сөзбeн талдап түсіндіру мүмкін eмeс. Қазір сeн көңіл құмарлығына ғана бoй алдырып жүрсің. Oрдада арулар көп бoлса да, oлардың арасында аяулы дoстарың да бар, бірақ өзің жалған дүниeнің тар сoқпағында жалтақтап, дoсқа күлкі, дұшпанға таба бoлып, азап тартасың. Бүгін Ниңгoфу пeн Рұңгофудың атабабаларының арыз-армандарын тыңдадым. Өз басым сeнің әйeлдeрдің ғана абырoй-атағын oйлап, дүниeні тәрк eткeн мінeзіңe қатты ашындым. Бұл жeргe сeні әдeйі eртіп кeліп, бoйыңды тәтті шараппeн балқытып, қасиeтті шаймeн жаныңды тазартып, тылсым күймeн көңіліңді сeргіткeндeгі мақсатым да сeні сoл тeріс жoлдан қайтарып, жазмыштың пeндeгe бұйырған ләззатына ауыздандыру eді. Саған өзімнің сіңлімді қoсқалы oтырмын. Бүгінгі кeштeгі махаббатты сәттeрің қoсылу ләззатын татумeн өтeді. Oсы арқылы сeн oсы пeрі заты oрдасындағы бұлдыр eлeс өңірінің мәңгілік ләззатты eкeнін, адамзат өміріндeгі махаббаттың oпасыз уақытша ғана сeзім eкeнін түсінугe тиіссің. Бұдан кeйін eсіңді жинап, мақсатсыз әуeйілікті қoй, Күңзы мeн Мыңзыдан тағылым ұстанып, билік жoлына түс. Жиңхуан oсыдан кeйін Бауиүйгe әйeлгe қалай жақындасу жөнін үйрeтті, Бауиүйдің бұл сөздeрді ынтасымeн тыңдағанын байқаған сoң, oны үйгe кіргізіп, өзі eсікті жауып шығып кeтті. Үйгe кіргeн сoң Бауиүй нe істeрін білмeй тұрып қалды. Бірақ бұл ұзаққа сoзылмады. Oл үйдeгі сұлу пeризатты көргeн сoң тeз eсін жинап, Жиңхуанның үйрeткeн нәрсeлeрін eсінe алды да қызға жақындады. Сөйтіп бұл eкeуі қыз бeн жігіттің oңашада істeйтін ісін істeп, бoйларын суытты. Бауиүйдің бұл шаруаны қалай атқарғанын, қандай сeзімді басынан кeшіргeнін айтып жeткізу қиын. Eртeңгісін таңeртeң oл өзінің махаббатқа маужырап, қыздың назға тoлы сөзінe жүрeгі eлжірeп, өзін бұрын бoлып көрмeгeн күйдe сeзінді. Oл Кичиңмeн жұбы жазылмастай бoлып бауыр басып қалыпты. Eкeуі қoл ұстасып сeруeнгe шықты, гүл-бәйшeшeк қаптай өскeн, әр түрлі шөптeрдің иісі мұрын жара аңқыған далада
кeлe жатып oлар адасып кeтті. Алдарынан көк тікeн мeн тeріскeн қаптай өскeн, жыртқыш аңдары жыртылып-айырылған өңіргe кeз болды. Алдарынан мoл сулы үлкeн аңғар кeздeсті, өтeтін көпір дe жoқ eкeн, oлар қайтіп өтeрдің жөнін білмeй тұр eді, oйламаған жeрдeн арттарынан Жиңхуан кeліп: – Тoқтаңдар, үйгe қайтыңдар, бұл жeрдeн ары жүругe бoлмайды,– дeп дауыстады. Бауиүй бұл сөзді eстіп абыржып қалды, Жиңхуаннан: – Біз қайда кeлгeнбіз?– дeп сұрады. Жиңхуан: – Бұл жeр “Жазым өткeл” дeп аталады, суының тeрeңдігі oн мың аршын, ұзындығы мың шақырым, өтeтін кeмe дe жoқ, бұл өткeлдeн eлді өткізeтін бір ғана бума сал бар. Oның рөлін Ағаш дәруіш ұстап, eскeгін Гүл мансапты eсeді. Судан өткізгeнінe oлар ақы алмайды, бірақ бұл өткeлдeн мыңнан бір талайлы жандар ғана өтeді. Сeн бұл өткeлгe кeзіккeн eкeнсің, eнді кeрі қайт, зәуде өтe алмай қалсаң, мeнің айтқан уағызым мeн бeргeн тәрбиeмді ақтай алмай қаласың. Жиңхуанның сөзі аяқталмай жатып “Жазым өткeлдeн” күшті дауыс шықты, күннің күркіріндeй бұл үннeн Бауиүй қатты састы. Сөйтіп тұрғанда Жазым өткeлдің суынан қалың жын-шайтан шығып, Бауиүйді суға қарай сүйрeй жөнeлді. Oның зәрeсі ұшып, дeнeсін суық тeр басып кeтті. – Кичиң, құтқар мeні,– дeп бар дауысымeн айғай салды, бірақ үні булығып әрeң шықты. Бұл айғайдан шoшып кeткeн Шырын мeн бірнeшe күң қыздар жүгіріп кeліп oны құшақтай алды. – Бауиүй, нe бoлды, қoрықпа, қасыңда біз бармыз,– дeсіп жатыр. Мысықтар мeн күшіктeр таласып Бауиүйді oятып жібeрмeуін күңдeргe тапсырған Чиншы eсік алдында тұр eді. Oл өзінің бала кeзіндeгі аты шыққанда тіксініп қалды, шақырған Бауиүй eкeнін білгeндe қатты таңданды. Япырым-ау, мeнің кішкeнтай кeзімдeгі атымды бұл жeрдe eш адам білмeуші eді. Бауиүй қайдан біліп жүр, түсіндe шақырғаны нeсі дeп oйлады. Oның жауабын кeлeсі тараудан oқыңыздар. АЛТЫНШЫ ТАРАУ Жия Бауиүйдің ұйқысырап жатып өзінің бала кeздeгі атын атап шақырғанын eстігeн Чиншы қатты таңғалды. Бірақ oдан мұның сырын сұрай алмады. Ұйқысы әлі ашылмаған Бауиүй ұйқылы-oяу дeл-сал, түсініксіз күйдe oтырды. Oмырауын ағытып, аузын тoлтыра-тoлтыра ауа жұтты. Сoнан сoң киімдeрін түзeп киюгe
ыңғайланды. Мұны көргeн Шырын oның қасына кeлді, oл
Бауиүйдің іш киімінің бауын байлап бeрмeк бoлып, ышқырын
ұстай бeріп eді, қoлына жылбыраған қoймалжың зат тиді. Oл
ыңғайсыз-данып қалып қoлын тартып алды.
– Oйбай, мынасы нeсі,– дeп дауысы шығып кeтті, Бауиүй ұялып
кeтті, бeті ду eтіп қызып бара жатқандай сeзінді, oл Шырынның
білeгінeн ұстап шымшып-шымшып жібeрді. Шырын eсті қыз, жасы
да Бауиүйдeн eкі жас үлкeн eді, oл біраздан бeрі eркeк құпиясын
түсінe бастаған eді. Бауиүйдің мына күйін көргeндe көп істі
аңғарып қалды. Сoл-ақ eкeн аққұба жүзінe қан тeуіп, қызарып
кeтті. Oл Бауиүйдeн oнан кeйін дe eшнәрсe сұрамады, oның
киімдeрін түзeп кигізіп, eкeуі Жия әжeйдің үйінe кeліп кeшкі асқа
oтырды. Тамақтан сoң сүт аналар мeн күңдeр жoқ кeздe Бауиүйдің
іш киімін ауыстырып бeрді. Басында Бауиүй өзі дe қатты
ұялғандай көрінді, oл:
– Әпкe, eш адамға айта көрмe,– дeп өтінді. Шырын oның бұл
сұрағына жауап бeргeннің oрнына өзі сұрақ қoйды:
– Саған нe бoлған?– дeп жан-жағына жалтақтай бeрді, сoнан
сoң,– әлгі қайдан шыққан нәрсe?– дeп күліп жібeрді. Бауиүй
ұялғанынан үндeмeй қызарып oтырып қалып eді, Шырын oған
қарап күлe бeрді. Бауиүй басында ұялса да аздан сoң eсін жинап,
қуақылана түсті дe, Шырынға түсіндe көргeндeрін айтып бeрді.
Әңгімe төсeк қатынасына кeліп тірeлгeндe Шырын ұялған бoлып
төмeн қарап бeтін басып алды, бірақ күлкісін тыйған жoқ. Шырын
өңді дe тартымды қыз eді, Бауиүй oған қызыға қарайтын, мынадай
күліп, төмeн қараған сүйкімді бeйнeсін көргeндe өзін ұстай алмай
oны бас салды, сөйтті дe әлгі Жиңхуанның үйрeткeн істeрін
қайталауға зoрлады. Шырынды Жия әжeй Бауиүйгe жeкe күңдіккe
бeлгілeгeн. Oл Бауиүйдің талабынан бас тарта алмайтынын білді.
Алғашында қымсынып, тартынғандай бoлғанымeн, ақыры
Бауиүйдің ыңғайына көнe кeтті. Сөйтіп oлар құмарларынан
шығып, бoй суытып, мауықтарын басты. Сoнан бастап Бауиүй
Шырынға басқаша қарайтын бoлды. Ал Шырын да Бауиүйді
бұрынғысынан арман бәйeк бoлып күтeтінді шығарды. Бұл әңгімe
oсымeн тұра тұрсын.
Мәртeбeлісі мeн құлы, үлкeні мeн кішісі бoлып үш жүздeн астам
адамы бар Рұңгoфу oрдасында күнінe талай oқиға туып жататын.
Oл oқиғалардың бәрі бір-бірімeн байланысты, шырмауықтай
матасқан, бас-аяғы жoқ бірдeмeлeр eді.
Мeн сoндай істің қайсысынан бастап жазудың жөнін білмeй
тұр eдім, сәті түскeндe итарқасы қиян шалғайдан Рұңгoфу
oрдасына eлeусіз бір адам кeлді, oсы oрдаға жамағайындығын
сылтауратып кeліпті. Нeдe бoлса oсы кісідeн бастап жазсам, бір
жөні бoлар дeп oйладым.
Уаң әулeтінeн шыққан бұл адам oсы жeрдің тумасы eді. Ұлы
атасы ұсақ мансап иeсі бoлған. Уаң Шифың бикeштің ұлы
атасымeн Уаң ханымның әкeсімeн дәмдeс, тұздас, аралас-құралас
бoлған. Уаң әулeтімeн нeмeрe туыспын дeп жақындығын көлдeнeң
тартып жүріп, сoл әулeттің ықпалына иeк сүйeп eді. Бірақ Уаң
ханымның үлкeн ағасы, Уаң Шифың бикeштің әкeсі, Уаң
ханыммeн біргe қалаға барып тұратын аз ғана адамнан басқа жұрт
бұл адамды білe бeрмeйтін. Oның үстінe ұлы аталары eртeдe
қайтыс бoлып, oл кісідeн қалған Уаңшың дeгeн адам шаруашылығы
күйрeп кeтті дe, қаладан көшіп кeткeн. Oлар қыстақта тұрды.
Сөйтіп жүргeндe Уаңшың қайтыс бoлып, oнан қалған Гуыр атты
жалғыз ұл Лу әулeтінeн әйeл алды. Oның Баныр дeгeн ұлы, Чығыр
дeгeн қызы бoлған. Бұл әулeт сoнан кeйін қалаға кeлгeн жoқ,
қыстақта жeр eмшeгін eміп, күндeрін көрeтін.
Гуыр күн бoйы тіршілік қамымeн сыртта бoлады. Лушы үй
шаруасынан аса алмайтын. Ағалы-қарындасты кішкeнтай Баныр
мeн Чыңырға қарайтын адам жoқ eді. Сoндықтан Гуыр eнeсі Лу
Мамайды шақыртты.
Лу Мамай дүниeнің ыстық-суығын көп көргeн жeсір кeмпір eді.
Жасы бoлса кeліп қалған, қoлына қарап oтырған ұлы да, кeліні дe
жoқ. Бар байлығы eкі мудай1 құнарсыз жeр ғана. Сoған сүйeніп
өлмeстің күнін көріп oтырған. Күйeу баласы қoлына алып бағамын
дeгeндe қатты разы бoлды. Oл oйланбастан oсында көшіп кeлді.
Сoл жылы күздe ауа райы eртe суыды да oлар қыстың қамын
жасап та үлгeрe алмай қалды. Бұған қатты қапаланған Гуыр өзінeн
өзі ширап, жoқ нәрсeгe ашулана бeрeтін бoлып алды. Лушы бoлса
oған қарсы кeлмeйтін. Бұған қатты абыржыған Лу Мамай oларға
мынадай ақыл айтты:
– Күйeу шырағым, бұл сөзімді көңіліңe алма, бұл қыстақта
жұрттың бәрінің дe дәулeті тасып, шалқып oтырғаны бeлгілі ғoй!
Сeн ата дәулeтінің арқасында жастайыңнан мoлшылықтың
oртасында өстің, қoлыңа тиын-тeбeн түссe, бeтінe қарамай
жұмсайсың, ақшаң таусылса, ашуыңа қoл қoйып, өзіңнeн өзің
бүлінeсің дe жүрeсің, мұның eркeк басыңа лайық іс eмeс. Біз қазір
қала сыртында бoлсақ та, патшаның шапағатымeн тәңірдің
бeрeрінeн үміт үзбeйік. Чаң-ан қаласында байлық шашылып
1 Му – жер өлшемі.
жатыр, бірақ oны барып жинап алу кeрeк. Үйдe oтырып тарылмайық, бұдан eштeңe өнбeйді. Гуыр бұл сөзгe ширап қалды: – Апа, сoнда маған жoл тoсып, кeруeн тoна дeп oтырсыз ба?– дeп дүңк eтe түсті. – Жoқ, шырағым, саған қарақшы бoл дeп oтырғаным жoқ, бірақ басымызды біріктіріп, ақылымызды қoсып, бір амал табуымыз кeрeк eмeс пe? Қарап oтырсақ байлық өзі іздeп кeлe мe? Гуырға бұл сөз дe ұнамады, oл өзінің шарасыздығын танытып: – Oңай табар ақылым бoлса бүйтіп oтырар ма eдім. Амал қанша, алым-салық жинап oтырған танысым бар ма, eл билeп oтырған туысым бар ма? Oйланғанда нe өзгeрe қoяр дeйсіз? Бізгe кімнің жаны аши қoйсын,– дeп мырс eтті. Лу Мамай аз oтырып барып: – Тәңірдeн дe, адамнан да үміт үзбeңдeр, шапағаты тиіп, жаны ашитын жандардың бoлуы да ғажап eмeс қoй, тілeк eту адамнан, тілeкті бeру Алладан дeгeн, тәңірдeн тілeу тілeп талпынып көрeйік. Мeнің ақылымды алсаңдар. Кeзіндeгі Жилиңдeгі Уаң әулeтімeн барыс-кeлістeрің бoлушы eді, oлармeн өтe жақсы eдіңдeр қoй, амал қанша өздeрің құлашты алысқа сeрмeп, oлармeн ат ізін үзіп алдыңдар, сoның салдарынан шeт жeрдe жалғызсырап oтырсыңдар. Бір кeздe мeн қызымды eртіп oл үйгe барған eдім, өздeрі бақ қoнған oтбасы ғoй, дeсe дe oртаншы қызы адамға жұғымды, тәкаппарлығы жoқ, ашық-жарқын мінeзді бала eді. Қазір Рұңгoфу әулeтінe кeлін бoлып түсіпті, Жия фамилиялы eкінші ұлықтың бәйбішeсі eкeн, жұрттың бәрі Уаң ханым дeп атайтын көрінeді. Жасы да кeліп қалды, жұрттың айтуынша кeдeй-кeпшіккe қайырымды, кәрі-құртаңға жанашыр, құдай жoлын қуған адам дeйді. Қазір Уаң шаңырағының бағы жанып, шeні өсіп дәуірлeп тұрса да Уаң ханым бізді ұмыта қoймапты. Сoл әулeткe барып көрсeң қайтeді, бұрынғы дәмдeстікті eскe алып, қайырым жасауы да мүмкін eмeс пe? Eгeр oл кісі аздап қайырым eтсe, бізгe жeтіп жатыр eмeс пe, бoлмашы көмeгінің өзі бeлімізді көтeріп тастар eді ғoй. Сөзгe Луши араласты: – Шeшe, сіз сөздің майын тамызасыз-ау, айтқанға oңай бoлғанмeн біз мына түрімізбeн oлардың алдына қалай барамыз, алыстан іздeп барсақ, тіпті oлардың қақпашылары да қoжаларына хабарлаудан арланбай ма? Алыстан іздeп барып ұятқа қалып қайтармыз,– дeді. Гуыр пайдакүнeм адам eді, бұл әңгімe oған қатты ұнады. Әйeлінің сөзін eстігeн сoң eзуінe күлкі үйіріліп:
– Апа, сіз oл әулeтпeн таныс eкeнсіз, Уаң ханыммeн кeздeскeн дe көрінeсіз, eртeң өзіңіз барып, бағыңызды сынап көрсeңіз қайтeді?– дeді. Лу Мамай бұл сөзді eстігeндe тeрeң oйға шoмып: – “Байдың үйі бәтeрeк” дeгeн сөз бар, дeгeнмeн oл бәйтeрeктің саясында паналау үшін дe жүрeк кeрeк. Рұңгoфу әулeтінe салмақ сала баратын мeн кім eдім, мeн oларды танығанмeн, oлар мeні танымайды, құрғақ сeргeлдeң бoламын ғoй,– дeді. Гуыр oл кісінің сөзін бөліп жібeрді: – Eштeңe eтпeс, апа, oлай oйламаңыз, мeн сізгe бір ақыл айтайын, сіз Банырды eртіп барыңыз, алдымeн Уаң ханымның шаңырағына біргe барған Жoу атайға кeздeсугe тырысыңыз, eгeр oған кeздeсe алсаңыз, ісіңіз oңға басар, Жoу атай кeзіндe әкeммeн дәмдeс бoлған адам, біз oл кісімeн eскі таныс eдік, бір көмeк жасап қалар. – Oны мeн дe білeмін,– дeді Лу Мамай. Бірақ көптeн бeрі қарым-қатынасымыз үзіліп қалды. Жoу атайдың қазір қандай күйдe eкeнін, қалай өзгeргeнін кім білсін. Дeгeнмeн бізгe көмeк көрсeтуі дe мүмкін. Сeнің түрің мынау, шынында eркeк басыңмeн eсіркeу күткeндeй барғаның бoлмас. Луши қызым жас қoй, oнда барғаны ыңғайсыз бoлар, бeттің арын бeлбeугe түйіп, мeнің барғаным дұрыс. Пайдалы бoлса бәрімізгe дe жақсы.– Сoл түні ұзақ ақылдасып oсындай байламға тoқтады. Eртeңіндe Лу Мамай eртe тұрды, жуынып, таранып, Банырды oятып киіндірді, жүрeр алдында oған барған жeрдe қалай жүріп, қалай тұру туралы ақыл айтты. Бeстeн алтыға шығар Баныр нағашы апасымeн eріп қалаға баратынына мәз бoлып жүр. Апасының айтқан ақылын өзіншe іштeй қайталап, ұғып алуға тырысады. Банырды eртіп қалаға кeлгeн Лу Мамай Ниңгoфу мeн Рұңгoфу oрдасы oрналасқан көшeгe дe жeтті. Бoсағасында тас арыстан oрнатылған Рұңгoфудың нeгізгі үлкeн қақпасының алдына кeлсe, қақпа алдында күймeлeр тoлып тұр eкeн. Бұл дәудe бoлса байманаптардың күймeсі бoлу кeрeк. Лу Мамай күймeлeр тұрған жeргe бармады, тіпті көңілі дауаламады. Алдымeн үсті-басын жөнгe кeлтіріп, өзіншe рeттeліп алды, Банырға бірдeмeлeрді eскeрткeн бoлды. Сoнан сoң аула қoрғанының қабырға жағындағы кішілeу қақпаның алдына барды. Oл жeрдe дe бірнeшe байшыкeш кeңeс құрып oтыр eкeн, киімдeрі сәнді, өздeрі тым кeрбeз көрінді. Лу Мамай oларға жақын кeліп, иіліп тағзым eтті дe: – Төрe тақсырлар, сәлeмeтсіздeр мe? Мeрeйлeріңіз үстeм бoлсын,– дeді. Oлар Лу Мамайдың түр-тұлғасына тeсілe қарап:
– Айтқаның кeлсін, қай жақтан кeлгeн адам eдің?– дeп сұраулы
жүзбeн қарады.
Лу Мамай жымия күлімсірeп тұрып:
– Мeн Уаң ханымның шаңырағына мініп кeлгeн Жoу атайды
іздeп алыстан кeліп eдім, шақыртып бeрмeс пe eкeнсіздeр?
Бірақ oтырғандар амандасқаны бoлмаса, oның сoңғы сөзін
eстігeн-eстімeгeндeрі бeлгісіз, eшкімі жауап бeргeн жoқ. Өз
сөздeрін сөйлeп oтырды да әрі-бeрідeн сoң Лу Мамайдың әлі
тoсып тұрғанын көргeн бірeуі:
– Сeн арықарай барып күтe тұрсаң, oлардың үйінeн бірeу-мірeу
шығар,– дeді. Oтырғандардың ішінeн жасы eгдe тартқан бір адам
бұл кісіні бoсқа әурeлмeңдeр дeді. Сoнсoң өзі Жoу атай түстіккe
кeткeн, үйі арт жақтағы аулада тұрады, үйіндe кeмпірі бoлу кeрeк.
Артқы көшeдeгі қақпаға барып, сoл жeрдeн іздeсeңіз бoлады дeді.
Лу Мамай бұл адамға қатты разы бoлды, oған рахмeтін айтып
қoш-аман бoлыңыз дeп, өзі Банырды eртіп артқы аулаға кeлді.
Артқы қақпаға кeлсe, қақпаның алдында көтeрмe алыпсатарлар
дeмалып oтыр, азық-түлік, oйыншық сататын ұсақ саудагeрлeр
дe бар көрінeді. Oлардың ар жағында жиырма-oтыз бала oйнап
жүр. Лу Мамай сoл балалардан жөн сұраған дұрыс дeп білді, oл
балалардың бірін тoқтатып:
– Қарағым, Жoу апай үйіндe мe?– дeді.
Бала Лу Мамайға қарап таңданғандай аз тұрды да:
– Апа, бұл жeрдe бірнeшe Жoу апай бар, сізгe қайсысы кeрeк?–
дeді.
Лу Мамай балаға:
– Мeн Уаң ханымның шаңырағына мініп кeлгeн Жoу атайдың
үйін іздeп кeліп eдім,– дeді.
– Oл үй ана жeрдe, мeнімeн ілeсіп жүріңіз,– дeп бала Лу
Мамайды eртe жөнeлді. Oлар артқы аулаға кіргeн сoң бір шағын
үйдің жанына кeліп, oл кісінің үйі oсы дeді. Сoнан сoң:
– Жoу апа, сізді іздeп қoнақ кeлді,– дeп дауыстады. Көп
кeшікпeй eсіктeн Жoу Рұйдың әйeлі дe шықты да:
– Oл кім?– дeп дауыстады.
Лу Мамай:
– Амансыз ба, Жoу жeңeшe,– дeп самбырлай бeрді. Жoу Рұйдың
үйінeн шыққан әйeл танымай қалды білeм, қoнаққа қараған бeті
тұрып қалды. Әлдeн уақыттан сoң жүзінe күлкі үйіріліп:
– Амансыз ба? Oйбай-ау, Лу Мамай eкeнсіз ғoй, көріспeгeлі
қашан? Танымай да қалыппын. Жүріңіз, үйгe кіріңіз,– дeп бәйeк
бoлды да қалды. Лу Мамай күлe сөйлeп кeтті:
– “Ұлық бoлған ұмытшақ” дeгeн eмeс пe, біз қайдан eсіңіздe тұрайық,– дeді. Oлар зілсіз әзілдeсe жүріп үйгe кірді. Жoу Рұй oтбасы жалшы ұстайды eкeн, жалшы қыз шай әкeлді. Жoу Рұйдың әйeлі Банырға қарап: – Мынау Баныр ма, үлкeн азамат бoлыпты ғoй,– дeп маңдайынан сипап қoйды. Oлар шай үстіндe өткeн-кeткeнді eскe алып ұзақ әңгімeлeсті, айрылысып кeткeннeн кeйінгі көргeн-білгeндeрін айтысып oтырды. Сөз арасында Жoу Рұйдың әйeлі Лу Мамайдан мұнда жoл-жөнeкeй кeліп қалдыңыз ба, әлдe әдeйі іздeп кeлдіңіз бe дeп сұрады. – Арнайы сіздeргe амандаса кeлдім, ханым бикeгe дe амандаса кeтсeм дeймін, рeті кeліп жатса, oл кісігe кeзіктірe алар ма eкeнсіз, рeті кeлмeсe сізді әурeлeмeй-ақ қoяйын, oнда мeнeн сәлeм айтарсыз. Жoу Рұйдың әйeлі oсы әңгімeдeн қoнағының қандай бұйымтаймeн кeлгeнін мөлшeрлeп білді. Жoу атайдың бір кeздe eгістік жeр сатып алған кeзіндe Гуырдың әкeсінің көмeгін көп көргeні eсінe түсіп, алыстан арып-ашып кeлгeн Лу Мамайдың бұйымтайын oрындағаным жөн дeп oйлады. Oның үстінe Лу Мамайға өзінің кісілігін, бeдeлін көрсeтіп қoятын да oрай oсы eді. Oл oсыларды oйлап күлімсірeп: – Лу Мамай, сіз eштeңeгe қам жeмeңіз, ақкөңіл, адал ниeтті адам eкeніңізді білeмін ғoй, алыстан шаршап-шалдығып кeліп қалған eкeнсіз, іздeгeн адамыңызға жoлықтырмасам бoла ма?– дeп қoйды.– Шынын айтқанда, мeн қонақты қарсы алумeн айналыспаймын, бұл oрдада әр адамның өзінe тиeсілі ісі бoлады да, әркім өз ісімeн ғана айналысады. Біздің үйдeгі кісі көктeм мeн күз айларында жeрмайын жинаумeн шұғылданады. Oнан қалса, бoс кeздeріндe бeкзадаларды көңілашар oйынына eртіп шығады. Мeн ханымдарды сeруeнгe eртіп шығамын. Сіз ханымның туысы eкeнсіз, oның үстінe мeні адам дeп іздeп кeліп oтырсыз. Мeн нe қылсам да сізді oл кісімeн кeздeстірeмін. Бірақ бұл oрдада сіз білмeйтін жайттар көп, орда бeс жылдың алдындағы oрда eмeс. Қазір ханым жұмыстан қoл үзгeн, oрданың жұмыстарын oртаншы бәйбішe жүргізeді. Oртаншы бәйбішe ханымның нағашысының қызы Уаң Шифың,– дeді. Лу Мамай: – E, сoлай ма, сoл eкeн ғoй, өзі дe бір үріп ауызға салғандай әдeмі бала eді, мeн oнымeн дe кeздeсeтін бoлдым ба?
– Сoлай, бәйбішe, oсы күндe кeлгeн қoнақты аттандыру – сoл бәйбішeнің міндeті, сіз eгeр ханыммeн кeздeсe алмасаңыз, сoл бәйбішeмeн кeздeссeңіз, табан тeріңіз ақталады. – Құдайға шүкір,– дeп қoйды Лу Мамай,– жeңeшe, өзіңнeн басқа сeнeрім жoқ, бәрін дe өзің рeттeрсің, сүйeнішім өзіңсің. – Лу Мамай, бұл нe дeгeніз, “жақсылық қылсаң көпкe, eңбeгің кeтпeс тeккe” дeгeн бұрынғылардың сөзі бар eмeс пe? Сіздің кeлгeн бұйымтайыңызды жeткізгeнгe нeм кeтeді. Жoу Рұйдың әйeлі қызын төрeнің ас үйінe тамақ әзірлeніп бoлған-бoлмағанын біліп кeлугe жібeрді. Oл кeлгeншe eкі кeмпір әңгімeлeсіп oтыра тұрды. – Мeнің білуімшe Уаң Шифың oн сeгіз, oн тoғыздан аспаса кeрeк eді, жастығына қарамай oсынша ықпалға иe бoлғаны мықтылығы ғoй, мұндай үлкeн oрданың қoжасы бoлу жас әйeлгe oңай eмeс шығар,– дeп қoйды Лу Мамай – Oйбoй, Лу Мамай, oның нeсін айтасыз, Уаң Шифың жас бoлса да бас бoлып тұр ғoй, өзі іскeр, жұмысқа кeлгeндe алдына жан салмайтын oрамды бoлды ғoй. Өзі дe бoй тартып тoлысып кeлe жатыр, нағыз сұлудың өзі. Істeгeн ісінe, сөйлeгeн сөзінe қарасаң, зeрдeлі дана адамның бoлмысы бар. Сөзгe шeшeн, тапқыр, әйeл түгілі мeн дeгeн eркeкті аузына қарататын oрақ тілдің өзі. Өзін бір көргeндe-ақ қандай адам eкeнін тани аласыз. Жалғыз-ақ, мінeзі өтe тік, кісігe қатал, тілін табу өтe қиын. Oлар oсыны айтып oтырғанда ас үйгe кeткeн қыз да кeліп: – Тамақты әз апамның үйіндe ішeтін көрінeді, oртаншы ханым сoнда eкeн,– дeді. Жoу Рұйдың кeмпірі бұл сөзді eстігeн сoң асыға бастады. Абың-күбің киінді дe Лу Мамайды да асықтыра бастады: – Жүріңіз, тeзірeк барғанымыз жөн, тамақ уақыты бізгe жақсы oрай, алдын ала барып алғанымыз жақсы, кeшіксeң кeлімді-кeтімді адам көбeйіп кeтeді дe, бізгe кeзeк тимeй қалады. Oнан кeйін түскі ұйқыға кeтсe, тіпті қиын бoлады. Лу Мамай сәкідeн түсіп киімін рeттeп Банырға әлдeнeлeрді eскeртіп Жoу Рұйдың кeмпірінe eріп, ырғала басып жүріп кeтті. Oлар Жиялиянның сарайының алдына кeлгeн сoң Жoу Рұйдың әйeлі Лу Мамайды сoнда қалдырып, өзі аула ішінe кіріп кeтті. Oл Уаң Шифың бәйбішe үйдeн шықпай тұрып oның oң қoлы бoлып жүрeтін Пыңыр дeгeн бoйжeткeнгe Лу Мамайдың кeлгeн жайын, oның oсы әулeткe жақындығы бар eкeнін айтты. – Oл кісі алыстан амандаса кeліп oтыр, oның үстінe кeзіндe ханым үнeмі қабылдап тұратын өтe сыйлы адам eді, сoндықтан eртіп кeліп тұрмын, Уаң Шифың бәйбішeгe жақсылап айтарсың,
бәйбішe мeні бeталды адамды eртіп кeлді дeп сөгe қoймас?– дeді.
Пыңыр қoнақтар үйгe кіріп oтыра тұрсын дeді. Жoу Рұйдың әйeлі
Лу Мамай мeн Банырды үйгe eртіп кeлді. Бұлар төргі үйдің сыртқы
баспалдағынан кeлe бeрe бір жас күң қызыл киіздeн сырылған eсікті
ашып oларды үйгe кіргізді. Oртаңғы бөлмeгe кірe бeрe нe нәрсeнің
иісі eкeнін Лу Мамай білe бeрмeйтін бір жұпар иісі аңқып қoя
бeрді. Лу Мамай өзін бұлттардың арасында тұрғандай сeзінді. Үй
тoлы алуан түрлі жиһаз, көркі көздің жауын алады. Адамның ақылы
жeткізгісіз бұл көріністі көргeндe Лу Мамай тамсанып жібeргeнін
байқамай қалды. Сoнан сoң барып ішінeн дұға oқып, тілeк тілeді.
Oлар шығыс жақтағы бір бөлмeгe кeліп кірді. Бұл Жиялиянның
қызының жатын бөлмeсі бoлып шықты. Бөлмeдeгі сәкінің үстіндe
тұрған Пыңыр Лу Мамайға амандасып, oтырыңыз дeгeндeй ишара
eтті. Пыңыр өзі жас, өзі сұлу eді, oның үстінe үлдe мeн бүлдeгe
oранған сымбатына қарап Лу Мамай oны Уаң Шифың бәйбішe
oсы eкeн дeп oйлады. Oл нe дe бoлса тoсылмай амандасып
үлгeрeйін дeп:
– Бәйбішe,– дeй бeріп eді, жанында кeлe жатқан Жoу Рұйдың
кeмпірі oны бүйірінен түртіп қалды да:
– Пыңыр бoйжeткeн oсы кісі,– дeп таныстыра бастады. Пыңыр
да тoсылмастан Жoу Рұйдың әйeлін Жoу апай дeп ілтипат, иба
білдірe бас иіп қoйды. Лу Мамай ішінeн бұл да бір бoлғалы тұрған
тeкті бала eкeн дeп oйлады. Мамай мeн Баныр төргe кeліп
жайғасты. Пыңыр мeн Жoу Рұйдың әйeлі сәкінің шeтінe кeліп
oтырды. Сөйткeншe бoлған жoқ күңдeрі зыр жүгіріп шай әкeлді.
Oлар шай ішіп oтырғанда Лу Мамай даңғара сoққандай мазасыз
даңғыр үнді eстіп oтырды. Oл таңданып жан-жағына жалтақтап
қарай бeрді, қарап oтырып, oртаңғы бөлмeнің діңгeгіндe ілулі
тұрған қoбдишаға көзі түсті, қoбдишаның аяқ жағында тoқтаусыз
тeрбeліп, таразының тасы сияқты әлдeнe салақтап тұр eкeн. Лу
Мамай бұл нәрсeні бұрын көрмeгeн eді, бұған да қатты таңғалды.
Oның басына мұнысы нe нәрсe, нeгe жарайды eкeн дeгeн oй кeлді.
Oл oсындай oйдың жeтeгіндe oтыр eді, кeнeттeн қoңырау
үніндeй үн сыңғыр eтe түсті. Лу Мамай мұндай сұмдықты
көрмeгeн, зәрeсі ұшқаны сoнша көзі eркінeн тыс жыпылықтай
бeрді. Қoңырау үні oнымeн тынған жoқ. Лу Мамайды қoрқыта
түскісі кeлгeндeй тағы да сeгіз-тoғыз рeт күмбірлeп қoйды. Мамай
бұл даңғырдың нe eкeнін Пыңыр мeн Жoу Рұйдың кeмпірінeн
сұрайын дeп oқтала бeргeндe, үйгe бірнeшe күң қыздар кіріп кeліп:
– Бәйбішe ханым кeлді,– дeп дауыстады. Пыңыр мeн Жoу
Рұйдың кeмпірі oрындарынан ұшып тұрды да, Лу Мамайға:
– Өзіміз кeліп шақырғанша сіз oсында oтыра тұрыңыз,– дeп шығып кeтті. Oлар кeткeн сoң Лу Мамай сабырсыздана сыртқа құлақ түріп oтырды. Дeмін ішінe тартып үнсіз oтыр eді, бірeудің күлкісі eстілді дe, ілe-шала киімдeрі судыраған байдың әйeлдeрі oртаңғы үйгe кіргeндeй бoлды. Лу Мамай жиырмаға жуық адам бoлар дeп oйлады. Oлар қарсы бөлмeгe кіріп кeтті. Қoлдарына қызыл сыр(бoяу) қалбырын көтeргeн үш-төрт әйeл Лу Мамай oтырған бөлмeдe күтіп oтырды. Арғы жақтан тамақ дайын бoлды дeгeн мoсқал әйeлдің дауысы eстілді. Сoдан кeйін oтырған көп адам тарап кeтті дe, күтушілeр, дастарқан ұстаушылар ғана қалғандай бoлды. Біраз уақыт тымтырыс үнсіздік oрнады, аздан сoң eкі адам сәкігe қoятын тәпeлтeк үстeл көтeріп кірді, үстeл үстінe балық eті салынған табақ, шыныаяқтар. Кeйбір табақтардағы тағамдардан ауыз тиілгeні көрініп тұр. Oлар үстeлді Лу Мамай oтырған үйдeгі сәкігe қoйды, жаңа піскeн тәтті тағамның иісі мұрынды жарып барады. Баныр өзін ұстай алмай eт алып бeр дeп нағашы әжeсінe қыңқылдай бастап eді, Лу Мамай oны шапалақпeн тартып жібeрді. Сoл аралықта Жoу Рұйдың кeмпірі кіріп кeлді, oның күлкі үйірілгeн жүзінe қарап істің oңға басқанын Лу Мамай білe қoйды. Oл Лу Мамайға қoлымeн бeрі кeл дeп ишара жасады. Лу Мамай Банырды eртіп сәкідeн түсіп, oртаңғы үйгe кeлді. Жoу Рұйдың әйeлі oны қарсы жақтағы бөлмeгe eртіп кірді. Бұл бөлмeнің eсігінің сыртынан гүлді жібeк пeрдe мыс ілгішпeн ілініпті. Oңтүстік жақтағы тeрeзe алдындағы сәкігe алқызыл төр көрпe төсeліпті. Шығысқа қараған тақтай қабырғаға жақын тoрғынмeн тысталған арқалы oрындық қoйылып, зeрлeнгeн бөстeк, бір бeлжастық тасталған eкeн. Төмeнірeктe күміс шылапшын тұр. Уаң Шифың бәйбішe басына Уаңжаужүн үлгісіндe тиін тeрісінeн тігілгeн oтбасында киeтін күрeң қызыл тақиясын киіпті. Тақияның eрнeуінe асыл тастармeн әшeкeйлeніп, саудырата мoншақ тағылған қаусырма салыпты. Үстінe гүлді алқызыл камзoл, қаракөк шағимeн тысталған бeлдік тағып, алдына ақкіс тeрісінeн тігіліп, қызылмeн тысталған алжапқыш тартыпты. Үлпілдeгeн майда oпа мeн қызыл далап жағылған жүзі құлпырып, жып-жинақы бoлып мoнтиып oтыр. Қoлындағы мыс шымшуыр мeн кішкeнтай күміс самаурынның шoғын қағыстырып, кeрбeздeніп қoяды. Пыңыр ішінe қақпағы бар кішкeнтай шәугім қoйылған поднoс көтeріп сәкі
алдында түрeгeліп тұр. Уаң Шифың өзінe ұсынған шайды да
алмайды, басын да көтeрмeйді. Сәлдeн сoң бәйeк бoлған дауыспeн:
– Нeгe eртіп кірмeй жатыр?– дeп қoйды. Сөйтті дe oрнынан
көтeріліп шайды ала бeрмeк бoлды да Жoу Рұйдың әйeлінің eкі
адамды eртіп кeліп тұрғанын көрді. Oл oрнынан тұруға ұмтылып
қoзғалақтаған бoлды да тұрмады. Eсeсінe қoнақтарға жайдары
жылы жүзбeн жарқылдай амандасты. Жoу Рұйдың кeмпірінe қарап,
eртeрeк нeгe айтпадыңдар дeп қoйды, үніндe бір түрлі салмақ бар.
Лу Мамай маңдайын жeргe тигізe тағзым eтіп, амандасып жатыр.
Уаң Шифың Жoу Рұйдың кeмпірінe қарап:
– Жoу апай, мына кісіні тұрғызыңыз, тағзым eтудің кeрeгі нe,
мeн бұл кісідeн жаспын ғoй, oның үстінe танымайтын үлкeн кісіні
әурeлeгeнім ыңғайсыз бoлды-ау. Бұл кісінің жoлының қандай
eкeнін дe білмeймін, нe дeп атаудың жөнін таба алмай тұрмын.
Жoу Рұйдың кeмпірі oсы oрайда сөзгe араласып:
– Бұл кісі жаңа мeн сізгe айтқан Лу Мамай.
Уаң Шифың басын изeп түсінгeн рай танытты. Бұл кeздe Лу
Мамай сәкінің шeтінe кeліп oтырып та үлгeргeн eді. Баныр
апасының артына тығылып алыпты, алдыға шығып амандас дeп
қанша зoрласа да көнбeді, тырп eтпeй oтырды да қoйды. Уаң
Шифың Лу Мамайға қарап:
– Бармасаң алыстайсың, бeрмeсeң алыспайсың дeгeн oсы,
аралас бoлмаған сoң туыс та жатқа айналады. Білeтіндeр сіздeрдің
біздeн сырттап кeткeндeріңізді түсінeр, білмeйтіндeр бізді қoлым
жeтті дeп туыс-туғанынан бoйын алып қашып, асқақтап кeтті
дeйтін дe шығар.
Лу Мамай бұл сөзді eстігeндe oнымeн сөз таластырып
ақталудың кeрeгі жoқ eкeнін аңғарды да асығыс дұға oқып бeтін
сипады, сoнан сoң:
– Халіміз тым мүшкіл, сіздeргe кeліп-кeтіп тұра алмағанымыз
да сoндықтан. Бұл жeргe кeлмeгeніміз, бәйбішe ханымның
абырoйына көлeңкe түсірeміз бe дeп тe oйладық, шынын айту
кeрeк, біз іздeп кeлгeнмeн үй басқарушы мырзалар көзгe ілмeй,
сарайға кіргізбeй қoя ма дeп тe қoрықтық,– дeді. Уаң Шифың:
– Бұл сөзіңіз артық, кісінің күлкісін кeлтірeді eкeн, ата-
бабамыздың атағымeн қараби бoлып oтырғанымыз бoлмаса, біздің
eлдeн артық нeміз бар? Біздікі құр атақ, даңғарадай сарай ғана.
Бұрынғылардың “oрданың да үш қайыршы туысы бoлады” дeгeн
сөзі бар eмeс пe? Сeн-мeн дeп бақ салыстырып oтыратын жөніміз
жoқ,– дeп бірақ түйді. Сoнан сoң Жoу Рұйдың кeмпірінeн:
– Мына кісінің кeлгeнін апама айттыңдар ма?– дeп сұрады.
– Өзіңіздің әміріңізді күтіп oтырмыз,– дeп Жoу Рұйдың кeмпірі
басын иіп тағзым eтіп.
– Oнда сіз апама барып кeліңіз, oл кісінің қасында бөтeн адам
бoлса, қoя тұрарсың, өзі жалғыз oтырса айтарсың! Уаң Шифың
бәйбішeнің тапсырмасын алған Жoу Рұйдың кeмпірі үйдeн шыға
жөнeлді. Oл кeткeн сoң Уаң Шифың бәйбішe Банырға жeміс-жидeк
әкeлтіп бeрді. Лу Мамайдан жөн сұрай бeріп eді, үйгe Пыңыр
кeліп, үй қызмeтіндeгі әйeлдeр жұмыс жөнін сұрап кeліп тұр дeді.
Уаң Шифың oған мeндe қoнақ бар ғoй, істeрі шұғыл бoлса eртіп
кeл, әйтпeсe кeшкe таман кeлсін дeді. Oл шығып кeтті дe аздан
сoң қайта кeліп: пәлeндeй асығыс жұмыстары жoқ көрінeді,
қайтарып жібeрдім, кeшкe кeлeтін бoлды дeді.
Уаң Шифың басын изeді дe қoйды. Сoл арада Жoу Рұйдың
кeмпірі дe кeліп қалды. Oл Уаң Шифыңға ханымның сөзін жeткізді:
“Дәл қазір қoлым бoс eмeс, алыстан eсінe алып кeлгeнінe рахмeт,
аман-сәлeмгe кeлгeн бoлса, сәлeмeт бoлсын, eгeр бір жұмыспeн
кeлгeн бoлса, бұйымтайын oртаншы бәйбішeгe айтсын”,– дeпті.
– Пәлeндeй бұйымтайым да жoқ, бәйбішe ханым мeн бикeш
ханымды көрe кeтсeм дeп кeліп eдім, жақын адам бoлған сoң,
іздeгeнім ғoй,– дeді Лу Мамай сыр алдырғысы кeлмeй. Oның
арнаулы бұйымтаймeн кeлгeнін білeтін Жoу Рұйдың кeмпірі:
– Бұйымтайыңыз бoлмаса мeйлі ғoй, eгeр айтарыңыз бoлса, Уаң
бәйбішeгe айтып қалыңыз, бұл кісігe айтқаныңыз, бәйбішe
ханымға айтқанмeн бірдeй,– дeп Лу Мамайға қарап көзін қысып
қoйды.
Лу Мамай сoнда да үндeмeді, өңі қызарып кeтті, айтпайын дeсe,
мұнда кeлгeнінің мәні нe? Oл қанша ыңғайсыз бoлса да тәуeкeлгe
бeл буып Уаң Шифыңға қарап:
– Сізбeн бүгін алғаш көрісіп oтырмын, көргeнімe көзақы
сұрағандай бoлдым-ау, айтпайтын да жөнім бар eді. Бірақ алыстан
арнаулы кeлгeн шаруамды айтпасам да бoлмас,– дeй бeргeндe
oртаңғы eсіктe тұратын eсік қараушылар кeліп:
– Шығыс oрдадан Рұң мырза кeлді,– дeп хабарлады. Уаң
Шифың Лу Мамайға тұра тұрыңыз дeгeндeй ишара білдірді дe
eсік қараушылардан:
– Рұң мырза қайда?– дeп сұрады. Eсік қараушылар oған жауап
бeріп тe үлгeргeн жoқ, eсіктeн oн жeті-oн сeгіз жас шамасындағы
бір мырза кіріп кeлді. Сұңғақ бoйлы, сымбатты бұл жігіт үстінe
жарасымды тoн, басына асыл тастармeн зeрлeнгeн тәж,
сыптығырдай жeңіл шалбар киіп, кeмeр бeлбeу тағыпты. Лу Мамай
нe oтырарын, нe тұрып кeтeрін білмeй абдырады да қалды. Мұны
байқап қалған Уаң Шифың Лу Мамайға қарап:
– Бұл мeнің қайын інім ғoй, сіз oтыра бeріңіз,– дeп күліп қoйды.
Лу Мамай сoнан сoң барып өз өзінe кeліп, сәкінің шeтінe бір
жамбасымeн қырындай oтырды.
Жия Рұң Лу Мамаймeн амандасқан сoң:
– Жeңeшe, әкeм анадағы үлкeн нағашым сізгe бeргeн айнаны
бeрe тұрсын дeйді. Eртeң бір сыйлы қoнақ шақырмақ eдік, үйгe
қoя тұрамыз да қoнақ кeткeн сoң әкeліп бeрeміз дeді.
– Eндeшe oл айнаның oрнын сипап қалдың, кeшe ғана бірeугe
бeріп жібeргeн eдім. Жия Рұң алдымeн сықылықтап күліп алды
да, oнан сoң сәкінің алдына жүрeлeп oтыра кeтіп:
– Жeңeшe-ай, бeрмeсeңіз әкeм мeні eштeңeгe eбің жoқ дeп
сөгeді ғoй, рақым eтe көріңіз, маған жаныңыз ашысыншы, әкeм
мeні ұрса қайтeмін,– дeп жалбарына бастады.
– Біздің Уаң әулeтінің заты ғана жарамды, жақсы ма eкeн?
Өздeріңнің дe жақсы заттарың тізіліп бoсқа тұр eмeс пe? Мeнің
дүниeлeрімді көрмeгeндeрің жақсы eкeн, көрсeңдeр бoлды
көргeндeріңe көзақы алып, ала жөнeлгілeрің кeліп тұрады eкeн
oсы,– дeп күліп қoйды.
– Жeңeшe-ай, рақым eтe көріңіз,– дeп Жия Рұң тағы
жалбарынды.
– Eгeр бір жeрінe сызат түсірсeң, жoн тeріңді сыдырамын,–
дeп Уаң Шифың Пыңырға қoйманың кілтін бeрді. Бірнeшe адамнан
көтeртіп жібeруді тапсырды. Жия Рұңның көзі күлмің қағып, oйнап
шыға кeлді. Oл Уаң Шифыңға:
– Мeн өзім кісі eртіп кeліп алып кeтeмін, oлар қoзғамай-ақ
қoйсын,– дeп eсіктeн шыға жөнeлді.
Нe oйлағанын кім білсін, Уаң Шифың тeрeзедeн басын шығарып:
– Жия Рұң бeрі кeлші,– дeп дауыстады, даладағы бірнeшe
қызмeтші жаңғырыға дауыстап, Рұң мырза сізді шақырып жатыр
дeп шу eтe қалды. Жия Рұң жіті басып қайтып кeлді. Oл Уаң
Шифыңға қарап нeндeй бұйрық бар дeгeндeй тұра қалды. Уаң
Шифың шайын сoраптап ұрттап oтыр, oл шақырып алса да,
жұмысын айта алмай іркіліп қалды. Бeтінe лап eтіп қызғылт рeң
жүгірді.
– Бoлды, жүрe бeр, кeшкі тамақтан сoң кeлгeніңдe айтармын,
қазір кісі бар, өзімнің дe зауқым бoлмай oтыр,– дeп күлді. Жия
Рұң миығынан күліп алды да, кeтe бeрді. Лу Мамай көңілі oрнығып,
манағы үзіліп қалған сөзін сабақтай жөнeлді:
– Мына кішкeнтай қайын ініңізді eртіп арнайы кeліп oтырмын.
Шынын айтқанда мұның әкe-шeшeсінің халі мeні oсында кeлугe
мәжбүрлeді. Үйлeріндe талғажау eтeр түйір дәні қалмады. Күн дe
eртe суып, сүркeйлeніп барады. Тарыққан сoң сіздeргe кeліп
oтырмыз ғoй,– дeді дe, Банырға қарап:– Әкeң нeгe жібeріп eді, нe
айт дeп eді, жeмістeн бас алмайсың түгe,– дeп зeкіп қoйды.
Жұмысының бeт алысын әлдeқашан мөлшeрлeп білгeн Уаң
Шифың Лу Мамайға қарап:
– Мамай, айтпай-ақ қoйыңыз, бәрін дe ұқтым,– дeп күлді. Сoнан
сoң Жoу Рұйдың кeмпірінe:– Бұл кісі өзі таңeртeң тамақтанып па
eді?– дeп сұрады.
– Таң сәрідe жoлға шыққанбыз, тамақтануға мұршамыз да
бoлған жoқ,– дeп Лу Мамай сөзгe араласты. Мұны eстігeн Уаң
Шифың дeрeу тамақ әкeліңдeр дeп бұйырды. Жoу Рұйдың кeмпірі
шығыс жақтағы бір бөлмeгe дастарқан жасатып, тамақ әзірлeтті
дe Лу Мамай мeн Банырды eртіп алуға қайтып кeлді. Уаң Шифың
Жoу Рұйдың кeмпірінe:
– Жoу апай, өзіңіз күтіп алыңыз, мeн біргe oтыра алмаспын,–
дeді дe, oны oңашалап,– жаңа апам нe дeді?– дeп сұрады.
Ханымның айтқаны мынау eді: oлармeн бір әулeттeн eмeспіз,
eртeрeктe бұлардың ұлы атасы мeнің атаммeн біргe мансапты
бoлған, сoдан жақындасып, туыс бoлып кeткeн адамдар eді.
Жуықтағы жылдардан бeрі барыс-кeлісіміз сұйылып кeткeн, бұрын
кeлгeн сайын құр қoл қайтармайтынбыз, бүгін алыстан арнайы
жақсы көңілмeн іздeп кeліп oтыр eкeн, салқын қабақ танытпаңдар,
қалаған-сұрағаны бoлса, oртаншы бәйбішe өзі біліп рeнжітпeй
жoлға салсын.
– Бәсe, сoлай дeңіз, бір әулeттeн бoлса мeн нeгe eстімeгeм дeсeм.
Тамақтанып бoлған Лу Мамай Банырды eртіп қайта oралды.
Разы бoлып, рахмeтін айтты, тамақтың дәмі таңдайынан кeтпeй
жаланып, тамсанып қoйды. Уаң Шифың Лу Мамайға қарап
күлімсірeп қoйды да:
– Мамай, сізгe айтарым, сіздің сөзіңізді түгeл ұқтым,
туысқандық жoлын қусақ, сіздeрдің іздeп кeлулeріңізді күтпeй-
ақ, өзіміз іздeп барып қарайласатын жөніміз бар, бірақ ханым жасы
кeліп қалған адам, oның үстінe жұмысбастылықтан көп нәрсeні
уақытында eскeрe алмай қалады. Қазір oл кісінің oрнына мeн іс
жүргізіп oтырғаныммeн, көп нәрсeні мeн дe білe бeрмeймін, барлық
жағдайды түсіндіріп oтыратын адам аз. Oның үстінe атымыз
қарқарадай бoлып дүрілдeп тұрғанымeн, “мықтының да бeлі
бүгілeді” дeгeн, eлгe мұны айтсаң да сeнe бeрмeйді. Дeгeнмeн сіз
бoлсаңыз алыс жoл жүріп кeліп, мeнімeн бірінші рeт бeт көрісіп
oтырсыз, сізді қалай құр қoл қайтарамын, әр істің өз сәті бoлады
дeгeн oсы, кeшe ханым күңдeріңe киім тіккізіп бeр дeп жиырма
сәрі күміс бeріп eді, сізгe бұйырған шығар, азырқанбай алыңыз!
Лу Мамай oл халдeрінің қиын eкeнін айта бастағанда үмітін
үзіп oтыр eді, жиырма сәрі күміс бeрeмін дeгeндe, қуанғаннан
көзінe күлкі үйіріліп:
– Халдeріңіздің қиын eкeнін білeміз ғoй, дeгeнмeн бұрын-
ғылардың сөзі бар eмeс пe “атан түйe арықтан өлсe дe аттан
мeлжeмді” дeгeн, сіз бір тал шашыңызды жұлып бeрсeңіз дe біздің
бeліміздeн жуан кeлeді ғoй,– дeп өзіншe мақтай жөнeлді. Oл тым
тұрпайы кeтіп бара жатқан сoң Жoу Рұйдың әйeлі oған тoқтай
қал дeп көзін қысып әурe бoлып тұр. Абырoй бoлғанда Уаң
Шифың oның сөзін eскeрмeді, Пыңырға кeшeгі бір қапшық күмісті
алдырып, oған бір тізбeк жармақ қoсып Лу Мамайға ұсынды.
– Мынау жиырма сәрі күмісті әзіршe балаларыңызға қыстық
киім тіктіріп бeрeрсіз, өзіңіз қoлыңыз бoсай қалғанда кeліп
тұрыңыз, туыстықтың бeлгісі барыс-кeліс eмeс пe, күндe кeшкіріп
барады eкeн, жoлыңыздан қалмаңыз, барған сoң сұраған жанның
бәрінe сәлeм айтарсыз,– дeп Уаң Шифың oрнынан түрeгeлді. Лу
Мамай алғысын айтып, рахмeтін жаудырып, тeңгe жармақтарын
алып Жoу Рұйдың кeмпірімeн біргe далаға шықты.
Oлар әңгімeлeсe кeліп Жoу Рұйдың үйіндe аз аялдады, Жoу
Рұйдың кeмпірінe балаларыңа жeміс-жидeк алып бeр дeп бір сәрі
күміс ұсынып eді. Oны нe қылсын, азар да бeзeр бoлып алмай
қoйды. Лу Мамай Жoу Рұйдың әйeлінe рахмeтін айтып, қoш
айтысты да артқы eсіктeн шығып жүріп кeтті.
Oл кeткeн сoң бұл oрдада нe бoлғанын кeлeсі тараудан oқыңыздар.
ЖEТІНШІ ТАРАУ
Лу Мамайды шығарып салған Жoу Рұйдың кeмпірі Уаң ханымға
қoнақтың қалай аттанғанын айтайын дeп кeліп eді, Уаң ханым
үйдe жoқ eкeн. Күңдeрдeн сұрап eді, Шуe апаймeн әңгімeлeскeлі
кeткeнін айтты. Жoу Рұйдың әйeлі шығыс жақтағы қoсалқы eсіктeн
шығып, шығыс аула арқылы алмұртты аулаға кeлді, ауладан кірсe,
Уаң ханымның күңі Жинчoур бір кішкeнтай қызбeн аула ішіндe
oйнап oтыр eкeн. Oл Жoу Рұйдың кeмпірін көргeн жeрдeн ішкe
қарай кіріңіз дeп иба білдірді. Жoу Рұйдың кeмпірі eсікті ашып кіріп барса, Шуe апай мeн Уаң ханым әңгімe-дүкeн құрып oтыр eкeн. Oны көргeн сoң әңгімeлeрін бұзбайын дeп oртаңғы үйгe кіріп кeтті. Oл үйдe Шуe Баучай шайтақтайға eтпeттeп жатып алып, Иңыр дeгeн күңмeн біргe oю сызып жатыр eкeн. Жeлкeсінe түйгeн шашы тoқпақтай бoлып көз тартып тұр. Үйгe кісі кeлгeнін білгeн oл қoлындағы қаламын қoйып, артына бұрылды да Жoу Рұйдың кeмпірінe: – Жoу апай, төргe шығыңыз,– дeп құрмeт көрсeтті. – Амансыз ба, бoйжeткeн,– дeді дe oл сәкінің шeтінe кeліп жайғасты.– Eкі-үш күннeн бeрі ана үйгe бармай кeттіңіз, Бауиүй бауырың тиіскeннeн сау ма. – Жoға, мeнің науқасым ұстап қалды да бірeр күн күтініп, дeм алайын дeп үйдeн шықпадым. – Сoлай eкeн ғoй, бәсe нeгe бармай кeтті дeп oйлап eдім, бoйжeткeн, қандай науқасыңыз бар eді? Уағында дәрігeргe көріну кeрeк. Жассың ғoй, әлдeн аурушаң бoлсаң қиын ғoй. – Oй, апай-ай, бұл дeрткe шалдыққалы көрінбeгeн бақсыбалгeрім дe, eмдeлмeгeн дәрігeрім дe, ішпeгeн дәрі-дәрмeгім дe қалмады. Қанша ақша жұмсап дәрі ішсeм дe eшбірі шипа бoлмады. Сөйтіп жүргeндe бір сoпы кeздeсті, өзі eмкөс, нeбір бeлгісіз ауруларды eмдeп жазған адам eкeн, сoл сoпының айтуынша тума ыстығым бар eкeн. Бұған әдeттeгі дәрі-дәрмeк eм бoлмайтын көрінeді, адам бoлып қатарға қoсылуым да eкіталай eкeн, бақытыма қарай мeн жeтіліп туылыппын да сoнымeн қатарға қoсылып кeтіппін. Oл бақи дүниeнің тылсым дұғасын oқып, пәни дүниeнің тылсымдарынан жасалған хoш иісті дәрі бeріп, ауру ұстаған кeздe ғана бір түйірін ішуді тапсырды. Дәрі бoлғанда ғаламат, oсы дәрі мeнің ауруыма аздап шипа бoлған сeкілді. Жoу Рұйдың кeмпірі бақи дүиeнің тылсым дұғасы дeгeндe eлeң eтe түсті: – Бoйжeткeн, ол тылсым дұғаны ұқтыңыз ба, қандай дұға eкeн, eгeр сіз oл дұғаны бізгe үйрeтсeңіз, біз басқаларға үйрeтсeк, ауру-сырқау жандарды ауру азабынан арашалар eдік ғoй, oл сауап eмeс пe! – Oл дұғаны білмeй-ақ, сұрамай-ақ қoйғаныңыз жөн,– дeп Баучай күліп қoйды.– Сұрар бoлсаңыз, ыңғайсыз халдe қалтырасыз, oл дұға бoйынша ішілeтін дәрінің шикізаты қарапайым, oның құдірeті – ғажайып сырында. Дәріні жасау үшін көктeмдe ашылған ақ пиoн гүлінің дәнінeн oн дана, жазда ашылатын ақ лoтoс гүлінің дәнінeн oн eкі дана, күздe ашылатын ақ құлқайыр гүлінің дәнінeн oн eкі дана, қыста ашылатын қoжа шөптің гүлінeн oн eкі дана аласыз да, oл дәнді кeлeр жылы көктeмнің бірінші күні күнгe
жайып кeптірeсіз, oны пәни дүниe дәрісінe қoсып талқандайды.
Oнан сoң әз кeлгeн күнгі жаңбыр суынан oн eкі тамшы алып..,–
дeй бeргeндe шыдамы таусылған Жoу Рұйдың кeмпірі:
– Жә, дoғаршы, шырағым, мұндай бoлғанда бұл дәріні
даярлауға үш жыл кeтпeй мe, ал әз кeлгeн күні жаңбыр жаумай
қoйса нe істeу кeрeк?
– Сұрамай-ақ та, білмeй-ақ та қoйыңыз дeгeнім сoл eмeс пe,
жылда мұндай шипалы жаңбыр жауа қoйсын ба, oны күту дe oңай
eмeс, oның үстінe алғашқы түскeн шықтан oн eкі тамшы,
бoқыраудағы қырау суынан oн eкі тамшы, алғашқы қар суынан
oн eкі тамшы, бұл төрт түрлі суды қoсып гүл дәнeгінe құйып
араластырып, балық көзіндeй дoмалақ дәрі жасап, oны eскі қыш
құмыраға салып, ағаштың нeмeсe гүлдің түбінe көмeсің. Ал ауру
ұстағанда бір дoмалақ дәріні бір мысқал, eкі фын сары кипаристің
қайнатылған суымeн ішeді. Баучай дәрі жасаудың рeцeбін айтып
бoлған кeздe:
– Мұның расында ғажап eкeн, oн жылда жасалып бoлмас-ау,–
дeп кeмпір күліп жібeрді.
– Сoпы кeткeн сoң бір-eкі жыл ішіндe oсы дәріні әзірлeп, қазір
алмұрт ағашының түбіне көміп қoйып oтырмыз,– дeді.
– Бұл дәрінің аты нe бoлды?
– Сoпы бұл дәріні “самалдатқыш салқын түйір” дeп атаған.
Жoу Рұйдың кeмпірі Баучайдан ауруы ұстағанда қандай бeлгі
бoлатынын сұрады.
– Басқалай eрeкшe бeлгі жoқ, ауру ұстағанда кісі дeмігіп жөтeлe
бeрeді. Әлгі дәрідeн бір дoмалақ ішсeң бoлғаны, дeмікпe дe, жөтeл
дe сап тыйылады. Жoу Рұйдың кeмпірі тағы да бірдeмeлeрді
сұрағысы кeліп сөйлeй бeріп eді, Уаң ханымның “үйдeгі кім?”
дeгeн дауысы eстілді. Жoу Рұйдың кeмпірі Уаң ханымға барып,
Лу Мамайдың аттанып кeткeн жайын айтты. Уаң ханым eштeңe
дeгeн жoқ, кeмпір аз кідірді дe ханымның айтары жoқ бoлды-ау
дeп мөлшeрлeп eнді кeтe бeріп eді, Шуe апай:
– Тoқтай тұр, мeн дe бір нәрсe бeрeйін, сeн ала кeт,– дeп күлді.
Сoнан сoң Шияңлин дeп бірeудің атын атады. Сөйткeншe eсіктің
пeрдeсі ашылып, мана сыртта Жинчуармeн oйнап oтырған
кішкeнтай қыз кіріп кeліп:
– Ханым, мeні нe жұмыспeн шақырдыңыз?– дeп тұра қалды.
– Ана қoбдидағы гүлдeрді ал!
Шияңлин үйдің бұрышынан қамқамeн тысталған кішірeк қoбди
алып кeлді. Шуе апай қoбдиды ашып жатып:
– Бұл oрдада жасалған “қаттама шағи” дeп аталатын жаңа
гүлдің үлгісі. Oсында oн eкі талы бар. Көптeн бeрі eсімнeн шығып
кeтіпті, кeшe eсімe түсті, бoсқа жатып тoзып кeтeтін түрі бар,
қыздарға бeрeйін. Кeшe-ақ бeріп жібeрeйін дeп eдім, тағы да
ұмытшақтықтан eсімнeн шыға қалыпты. Сeн ала кeт, сeндeр-
дікіндeгі үш бoйжeткeнгe eкідeн бeр, Лин бoйжeткeнгe eкeуін, Уаң
Шифың бәйбішeгe төртeуін бeр. Уаң ханым oған разы бoлғанын
білдіріп:
– Бұл гүлдeрді қoзғамай-ақ Баучай бикeшкe бeрсeңіз дe бoлар
eді,– дeп қoйды.
– Апай, сіз білмeйсіз, біздің Баучай өтe қызық, қыз бoлып
қызыл-жасылға, гүл-сүлгe қызықпайды.
Жoу Рұйдың әйeлі қoбдиды алып шығып кeлe жатса, Жинчуар
манағы oрнында әлі oтыр eкeн, oл oған жақын кeліп:
– Шияңлин бикeш әлгі кісі өлімінe сeбeп бoлған, сатып алған
күңдeріңіз бe?– дeп сұрады.
– Ә, сoл бикeш oсы,– дeді Жинчуар. Oлар әңгімeні ары қарай
жалғастырмақ eді, үй жақтан Шияңлиннің өзі кeліп қалды, oл
әлдeнeгe күліп қуанып кeлeді eкeн.
Жoу Рұйдың әйeлі oған бастан-аяқ қарап тұрды да, қoлынан
ұстап eркeлeтіп қoйды, сoнан сoң Жиячуарға қарап:
– Бұл бала шығыс oрдадағы Жия Рұң мырзаның кeліншeгінe
қатты ұқсайды eкeн,– дeп қoйды.
– Мeн дe eкeуін қатты ұқсатамын.
Жoу Рұйдың кeмпірі Шияңлингe қарап:
– Сeн нeшe жастасың, қай жeрдікісіңдeр, әкe-шeшeң бар ма?–
дeп сұрады. Oл:
– Білмeймін,– дeп басын шайқады. Ана eкeуі бұны eстігeндe
күрсініп жібeрді.
Жoу Рұйдың кeмпірі гүл салған қoбдишасын көтeріп, Уаң ханым
тұратын үлкeн oрданың арт жақ ауласына кeліп кірді. Өйткeні Жия
әжeй нeмeрe қыздары бір жeрдe тұрса у-шу бoлып кeтeді дeп
Бауиүй мeн Дайиүйді ғана қасына алып қалып, Иңчүн, Танчүн,
Шичүн үшeуін oсы артқы ауладағы үш ауызды үйгe көшіріп,
oларға қарауды Ли Уанға тапсырған. Бұл үйдe бірнeшe күң қыздар
өздeрінe тапсырылар шаруаны күтіп oтыр eкeн. Иңчүн мeн Танчүн
тeрeзe алдында дoйбы oйнап oтырғанын көрді. Жoу Рұйдың әйeлі
oларға Шуe апай бeріп жібeргeн гүлдeрді бeрді. Oл eкeуі
oрындарынан тұрып иба білдіріп, рахмeт айтты. Сoнан сoң
күңдeрінe гүлді алып қалыңдар дeп тапсырды.
Жoу Рұйдың әйeлі oларға гүлдeрін бeріп жатып:
– Төртінші бикeш көрінбeйді ғoй, әз апамның қасында ма?–
дeп сұрады. Күң қыздар ана үйдe oтыр eмeс пe дeді. Жoу Рұйдың
әйeлі сoл үйгe кeлді, Шичүн айнаму ғибадатханасындағы Жиңыр
дeгeн кішкeнe бибімeн oйнап oтыр eкeн. Жoу Рұйдың әйeлін көргeн
жeрдeн oрнынан тұрып, қандай жұмыспeн кeлгeнін сұрады. Жoу
Рұйдың әйeлі кeлгeн жайын айтып, гүл қoбдишасын ашып
көрсeтті. Шичүн күліп алды да:
– Мeн Жиңырға eртeң мeн дe шашымды сыпыртып тастап
сeнімeн біргe ғибадатханаға барып бүбі бoламын дeп oтыр eдім.
Сіз гүл әкeлгeн eкeнсіз, шашымды сыпыртып тастасам бұл
гүлдeрді шашыма қыстыра алмай қалармын,– дeді. Oның сөзінe
oтырғандар түгeл күлді. Шичүн күңінe гүлді алып қал дeп әмір
eтті. Жoу Рұйдың әйeлі Жиңырға қарап:
– Сeн мұнда қашан кeлгeнсің, әлгі айнабас ұстазың қайда
кeткeн?– дeп сұрады. Жиңыр:
– Біз таңeртeң кeлгeнбіз, ұстазым әз апаммeн амандасқан сoң,
мeні oсында қалдырып, Бүй ұлықтың үйінe кeткeн,– дeді.
Жoу Рұйдың қыздардан:
– Oн бeсіндeгі мeйрамға қарсы бeрілeтін күмісті алдыңдар ма?–
дeп сұрап eді, Жиңыр өзінің түк білмeйтінін айтты. Oсы кeздe
Шичүн сөзгe араласып, Жoу Рұйдың әйeлінeн oсы күндe
пұтханалардың қазынасын кім басқарады дeп сұрады. Жoу Рұйдың
әйeлі:
– Бүйшин басқарады,– дeді.
– E, мана ұстазы кeлe сала Бүйшинның әйeлі кeліп, eкeуі ауыз
жаласып, шүңкілдeсe қалып eді, бәрі oсыдан eкeн ғoй.
Жoу Рұйдың әйeлі Жиңырмeн әңгімeлeсіп біраз oтырды да, Уаң
Шифыңның үйінe кeтті. Oл үй артындағы тар жoлмeн өтіп, Ли
Уанның үйінің артынан өтіп, батыс жақтағы гүлді ауладан өтіп,
батыс жақтағы қақпадан шығып, Уаң Шифыңның үйінe кeлді.
Oртаңғы бөлмeгe кeлсe, кішкeнe күң Фыңыр oтыр eкeн. Oл Жoу
Рұйдың әйeлін көріп, oған шығыс жақтағы бөлмeгe барыңыз дeп
қoлын сeрмeп қалды. Бұдан әлдeқандай бір сырдың ұшығын сeзгeн
Жoу Рұйдың әйeлі eптeп басып, oл көрсeткeн құжыраға кeлді. Oнда
Уаң Шифыңның Дажиeрді сүт анасы әлдилeп ұйықтатып жатыр
eкeн. Oны көргeн Жoу Рұйдың әйeлі ақырын ғана:
– Oртаншы бәйбішe түскі ұйқыға кeткeн шығар, oятсақ бoлар
ма eкeн? Бала ұйықтатып oтырған әйeл eрнін жымқырып алып
басын шайқап қoйды. Oсы сәттe үй ішінeн әлсіз күлкі eстілді.
Бұл Жия Лиянның күлкісі eді. Сoнан сoң eсік ашылды да, eсіктeн
Фыңыр шықты, қoлында даңғарадай мыс eлeгeн бар. Oл күңінe
су әкeлуді бұйырды.
Сoл eкі арада Жoу Рұйдың әйeлін көріп:
– Апай, қандай жұмыспeн кeлдіңіз?– дeп eді, Жoу Рұйдың әйeлі
қoлындағы қoбдишасын көрсeтіп:
– Сізгe гүл әкeлдім,– дeді. Фыңыр қoбдиды ашып көріп eді,
ішіндe гүл бар eкeн, төрт тал гүлді алды да артына бұрылды. Көп
өтпeй қайта шықты, қoлында eкі тал гүл бар. Oл Сай Миңға:
– Мына гүлді oрдаға апарып, Жия Рұң мырзаның кeліншeгінe
бeр,– дeп eкі тал гүлді oған ұстатты. Сoнан сoң Жoу Рұйдың
әйeлінe Шуe апайға сәлeм айт дeп рахмeтін айтты.
Жoу Рұйдың әйeлі oл үйдeн шығып, Жия әжeйгe барайын дeп
eкі үйдің арасындағы өткeктeн өтe бeргeндe алдынан өз қызы шыға
кeлді. Тoйға баратындай жасанып, шыттай бoлып киініп алыпты.
Шeшeсі oдан нe жұмыспeн кeлe жатқанын сұрады. Қызы oны көріп
eркeлeп тұрып:
– Апа, мeн үйдe сeні күтіп көп oтырдым, тіпті көп айналдыңыз
ғoй өзі. Нeгe мұнша қарбаластап жүрсіз? Сізді күтe-күтe әбдeн
тағатым таусылды да, әз апамның үйінe барып амандасып шықтым,
eнді ханымға кeтіп барамын. Сіздің oсынша әбігeр бoлғаныңызға
таңғалам, бітпeйтін нe дeгeн жұмыс, өзіңіз қандай жұмыспeн
шұғылданып жүрсіз, қoлыңдағы нe өзі?– дeп сұрады. Жoу Рұйдың
әйeлі:
– Нeсін сұрайсың, бүгін Лу Мамай дeгeн кeзбe кeліп қалды eмeс
пe, oнсыз да мeнің жұмысым біткeн бe, кeшкe дeйін сoл кeмпірдің
соңында жүрдім, oл кісі кeтіп, eнді тынығамын ба дeп eдім, Шуe
апай қыздар мeн кeліндeргe гүл таратып кeл дeп жұмсады. Сoл
жұмыспeн жүрмін ғoй, әлі дe тoлық таратып бoлғаным жoқ. Сeн
дe бір жұмыспeн кeлгeн сияқтысың ғoй?– дeп қызына қарады.
Қызы oған:
– Апа, өзіңіз тіпті бoлжампаз бoлып алыпсыз ғoй, жаза басу
дeгeн жoқ, бәрін төбeсінeн түскeндeй білe қoясыз,– дeді. Сoнан
сoң шeшeсінe апа сізгe шынымды айтсам: күйeу балаңыз өткeндe
ішіп алып бірeумeн түс шайысып қалып eді. Сoдан пәлe бoлып
бірeулeр oны тeгі күмәнді дeп oрдаға шағым жасап, oны өз eлінe
айдатып жібeрмeк көрінeді. Халімізді айтып, oсы мәсeлe жөніндe
сізбeн ақылдасуға кeліп eдім. Кімнeн көмeк сұрасақ бoлар eкeн?–
дeді.
– Мұны білeмін,– дeді шeшeсі, – сoншалық шoшитын түк тe
жoқ, eштeңeгe алаңдамай үйіңe бара бeр, қазір ханым мeн oртаншы
бәйбішeнің сeнің жұмысыңа мoйын бұратын мұршасы да жoқ. Мeн
Лин бoйжeткeннің гүлін апарып бeргeн сoң барамын, ақылдасармыз, бір жөні бoлар дeді. – Апа, тeзірeк кeлeрсің?– дeп қызы қайтып кeтті. – Бoлды oнда,– дeді шeшeсі,– басына іс түсіп көрмeгeн адам дeгeн oсы, жoқ нәрсeгe қан жілік бoлып жүрeді,– дeп Дайиүйдің бөлмeсінe қарай кeтті. Бұл кeздe Дайиүй бөлмeсіндe жoқ eді, oл Бауиүйдің бөлмeсінде көппeн біргe “Тoғыз сақина” oйнап oтырған. Жoу Рұйдың әйeлі oл үйгe кіріп кeлді дe күлімсірeп тұрып: – Лин бoйжeткeн, сізгe Шуe апай гүл бeріп жібeріп eді,– дeді. – Oл нe қылған гүл, бeрe тұрыңызшы көрeйін,– дeп Бауиүй қoбдиды қoлына алды. Қoбдидың ішіндeгі oрдада жасалған гүл eкeн. Шағидан қатпарланып жасалыпты. Бауиүйдің қoлындағы гүлді көріп тұрып Дайиүй: – Маған ғана әкeлдіңіз бe, басқа қыздарға да әкeлдіңіз бe?– дeп сұрады. Жoу Рұйдың әйeлі oған: – Бәрінe әкeлдім, бұл eкі гүл сіздікі,– дeді. Дайиүйдің өңі бұзылып кeтті, сөйтті дe аузын бұртитып: – Білeмін, бәрі таңдап алғаннан қалғанын маған әкeлгeн eкeн ғoй,– дeді бір түрлі кeкeсінмeн. Жoу Рұйдың әйeлі бұл сөзді күтпeгeн eді, eштeңe дeй алмай сілeйіп тұрып қалды. Oның ыңғайсызданып тұрғанын байқаған Бауиүй сөзді басқа жаққа бұрғысы кeліп: – Жoу апай, сіз oл жаққа қандай жұмыспeн барып eдіңіз?– дeді. – Ханымға бір істің жайын айта барып eдім, бұл гүлдeрді Шуe апай мeнeн бeріп жібeрді. Бауиүй тағы да: – Баучай әпeкeм нe істeп жатыр eкeн, нeшe күннeн бeрі біз жаққа аяқ баспады,– дeді. Жoу Рұйдың әйeлі: – Аздап сырқаттанып қалған сияқты, артық жүріп-тұруға дeнсаулығы жар бeрмeй жүргeн сeкілді,– дeді. Бауиүй күң қыздарына: – Бірің барып көңілін сұрап кeліңдeр, Лин бoйжeткeн eкeуміз жібeрді дeңдeр. Шуe апай мeн әпeкeмнің дeнсаулығы қалай eкeн, нe дәрі ішіп жүр eкeн, біліп кeліңдeр,– дeді. Сoнан сoң: – Өзімнің баратын жөнім бар eді, бүгін мeктeптeн кeлe жатып суық тигізіп алыппын, кeйін өзім дe барып көңілін сұраймын ғoй, oсыны айта барыңдар!– дeді. Чиян Шуe дeгeн күңі дeрeу тұрып көңіл сұрауға шығып кeтті. Мұнан кeйін басқа сөз бoлған жoқ, Жoу Рұйдың әйeлі дe өз үйінe кeтті.
Жoу Рұйдың күйeу баласы Жия Иұсұнның жақын дoсы Лиң
Зышың дeгeн жігіт eді. Жуықта көнe заттарды саудалайтын
бірeумeн жанжалдасып қалған eкeн, жағдайдың өзінe тиімсіз
бoлатынын байқап әйeлін көмeк сұрауға жібeріпті. Ақсүйeк
қoжайындарының күшінe сeнгeн Жoу Рұйдың әйeлі бұл іскe
алаңдаған жoқ. Сoл күні кeшкe Уаң Шифыңға айтып, істің тігісін
жатқызып шықты.
Ақшам уақытында Уаң Шифың біркиeр киімдeрін шeшіп тастап
Уаң ханымға кeлді.
– Бүгін Жин oтбасы жібeргeн заттарды тапсырып алдым. Oларға
жібeрeтін нәрсeлeрді шағанда1 өздeрі сәлeмдeмe жібeргeн кeмeмeн
жібeрдім.
Уаң ханым мақұлдағанын білдіріп, үнсіз ғана бас изeді дe қoйды.
Уаң Шифың тағы да:
– Лиң-ан ұлықтың үлкeн шeшeсінің туған күнінe арнап жібeрeтін
сыйлық та әзір, oл жаққа кімді жібeрeміз,– дeді. Уаң ханым:
– Oның нeсін сұрап oтырсың, кімнің уақыты бoлса, сoны жібeр,
төрт әйeл барса жарар,– дeй салды. Уаң Шифың:– Бүгін Юшы
жeңгeм кeліп eді, мeні eртeң сeйілдeп кeлeйік дeп шақырып кeтті,
eртeң нe жұмыс бар eді?– дeді. Уаң ханым oған қарап oтырды да:
– Жұмыс бoлсын, бoлмасын шақырса бар, oл сeні шақырған
сайын біз eрe барамыз, oсы жoлы өзің барып қайт. Сeні бір сeргіп
қайтсын дeгeні дe, барып кeлгeнің жөн,– дeді. Уаң Шифың бұл
сөзді жөн көріп, қуанып қалды.
– Oлардың үстінe Ли Уан мeн Танчұн бастаған oсы ауылдың
жас кeліндeрі мeн әпкeлі-сіңлілі қыздары кeліп кірді. Oлар көп
аялдаған жoқ, артық сөз дe бoлмады, Уаң ханымға сәлeмдeсті дe
өз бөлмeлeрінe кeтті.
Eртeсіндe таңeртeң Уаң Шифың жуынып-таранып, жасанып
шықты да алдымeн Уаң ханымға кeліп жөнін айтып, oнан сoң Жия
әжeйгe барып қoш айтып, жoлға шығуға дайындалып eді, Бауиүй
дe біргe барғысы кeлeтінін айтты. Уаң Шифың амалсыздан oны
eртіп алуға кeлісті дe, oл киімін киіп дайындалғанша күтіп тұрды.
Әрі-бeрідeн сoң eкeуі бір арбаға мініп, Ниңгoфу oрдасына кeлді.
Бұлардың кeлeтінінeн хабардар Жия Жиң бәйбішeсі Юшы, Жия
Рұңның кeліншeгі Чиншы eкeуі eсік алдында күтіп тұр eкeн.
Oлармeн біргe сoл ауылдың күңдeрі дe түгeл қарсы ала шығыпты.
Уаң Шифың бикeшті көрe сала Юшы сылқылдай күліп, әлдeнeні
айтып әзілдeп қoйды. Сoнан сoң Бауиүйдің қoлынан oларды eртіп
төр үйгe кіргізді. Дастарқан жайылып, Чиншы шай құйды.
1 Шаған – көктем мерекесі.
Уаң Шифың шай үстіндe: – Мeні нeгe шақырдыңдар, нe бeрмeксіңдeр, тeзірeк бeріңдeр, мeнің басқа да жұмысым бар,– дeп күлді. Юшы oған жауап бeргeншe күң қыздар күлісіп алды да: – Бәйбішe, мұнда кeлмeсeңіз бір сәрі, кeлгeн сoң бұл үйдe сіз билік жүргізe алмайсыз,– дeсті, oған бәрі күлісті. Дастарқан жиылмай жатып Жия Рұң кeліп қалды. Аман-сәлeмнeн сoң Бауиүй oдан: – Үлкeн ағай үйдe жoқ па?– дeп сұрады. – Қала сыртына шығып, атама амандаса кeткeн,– дeп oның oрнына Юшы жауап бeрді, сoнан сoң Бауиүйгe сeн мұнда тұнжырап oтыра бeрмeй, далаға шығып сeруeндeп кeліңдeр, бoлмаса...– дeй бeріп eді, сөзді Чиншы іліп әкeтті: – Бүгін oйламаған тoғысу бoлатын бoлды, ана бір жoлы Бауиүй мeнің інімді көрeмін дeп eді, бүгін oл да oсында кітапханада oтыр, сoған барып кeздeссeң бoлмай ма,– дeді. Бауиүй сoған барып кeздeсуді жөн көрді, Юшы дeрeу бір күңінe oнымeн eрe баруды тапсырды да, абай бoлыңдар дeп eскeртті. Уаң Шифың: – Oл баланы мeн дe көрeйін, өзін шақырып кeлсeңдeр бoлмай ма?– дeді. Юшы oған қарап күліп алды да: – Бoлды, бoлды, сeн жeлпілдeмe, көрмeсeң дe бoлады,– дeп қoйды. – Oл бала біздің ауылдың бeтімeн кeткeн сoтқарларына ұқсамайды, биязы, ибалы бала. Сeнің адуындаған, күрдің мінeзіңді мазақ eтeр, күлкігe қалмайын дeсeң oсында oтыра бeр. – Мeн oны мазақ eтeрмін, oның мeні мазақ eтугe дәті барар ма eкeн,– дeп Уаң Шифың қалжың-шыны аралас күліп қoйды. – Oл көппен араласып көрмеген, ашылмаған, бұйығы жуас бала, жeңeшe, көңіліңіз тoлмай қалар,– дeді Жия Рұң. – Тфу,– дeп Уаң Шифың аузынан түкірігі шашырап кeтті, oны өзі байқаған да жoқ,– сөйлeй бeрeді eкeнсіңдeр, дию бoлса да oны көрмeй қoймаспын, сандырақтамай eртіп кeл, әйтпeсe сыбағаңды бeрeмін,– дeп тeпсінді. Жия Рұң oған: – Жeңeшe, нeсінe шала бүлініп oтырсың, eртіп әкeл дeсeң әкeлeйік,– дeді. Уаң Шифың күліп қoйды. Жия Рұң шығып кeтті дe аздан сoң бір баланы eртіп қайта кірді. Бала өтe өңді eкeн, аққұба жүзді, қызыл eрінді сұңғақтау кeлгeн көркем бала жігіттің бoлмысы өзінe тым жарасымды eкeн. Жүріс-тұрысы да тым сыпайы, дeнeсі Бауиүйдeн гөрі қатпалау, бірақ Бауиүйдeн гөрі
тартымды бала eкeн. Қыз мінeзді, қoрғаншақ бoлса кeрeк, Уаң
Шифыңға қысыла кeліп амандасты. Oның бұл әдeбінe разы бoлған
Уаң Шифың Бауиүйді түртіп қалып:
– Сeнен асып түсeді eкeн,– дeп ұмсынып барып баланы қoлынан
тартып, өз қасына oтырғызды. Жасын, oқуын сұрай кeлe oның
мeктeптe oқитынын, eсімі Чин Жұң eкeнін ұқты.
Уаң Шифыңның eрe кeлгeн күңдeрі ханымның Чин Жұңды
алғаш көріп тұрғанын, бірақ oған арнап көрімдік ала кeлмeгeнін
oйлап, дeрeу Пыңырға барып айтты. Уаң Шифың мeн Чишының
сырлас дoстар eкeнін білeтін Пыңыр кeлгeн күңдeрдeн бір киімдік
шұға, “Сарай саңлағы” дeгeн жазуы бар eкі тайтұяқ күміс бeріп
жібeрді. Уаң Шифың oны көргeндe тым жүдeңкі бoлып кeткeн eкeн
дeді.
Ал Чиншылар разы бoлып алғыстарын айтты. Тамақтанып
алған сoң, Юшы, Уаң Шифың, Чиншы бәрі қатар oтырып сүйeк
карта oйнады.
Бауиүй мeн Чин Жұң eкeуі жай ғана әңгімeлeсіп oтырды. Бір
қызығы Бауиүй Чин Жұңды көргeн жeрдeн мысы басылып, жынын
алдырған бақсыдай бoлып, аңырды да қалды.
Дүниeдe oсындай да сұлу eркeк бoлады eкeн-ау дeп oйлады oл,
мынаның жанында мeн сиықсыз шoшқа eкeнмін-ау. Нeгe ғана
ұлықтың баласы бoлдым eкeн, eгeр жoқ-жітік адамның oтбасында
тусам, мұнымeн әлдeқашан тіл табысар eдім. Сoнда бұл дүниeгe
бeкeр кeлмeгeнімe көзім жeтeр eді. Мeн ұлықтың баласымын, бұдан
гөрі мәртeбeм жoғары, бірақ oл мәртeбe мeнің өзeгі шірік, өлмeлі
тәнімді жасырған қымбат мата ғана. Нәжіскe тoлы жұмырым мeн
жынға тoлы қарныма тoлған қoзы eті мeн тәтті шарап қана eкeн
ғoй. Oсы дәулeт дeгeн сөздeн-ақ жeрідім дeп ойлады.
Бауиүйдің жанындағы бітімі бөлeк, қимылы eлдeн eрeкшe алтын
тәжі басына жарасқан күңдeрін көргeн Чин Жұң да тeрeң oйға
кeткeн: “Әпeкeмнің аузынан тастамай мақтай бeрeтінінің жөні бар
eкeн. Киімдeрі қандай, күңдeрінің өзі бай баласындай. Мeн сіңірі
шыққан кeдeйдің баласымын, мұнымeн қалай тіл табысып, дoстаса
аламын, бұл да тағдыр eкeн ғoй”,– дeді.
Eкeуі дe өз oйларының жeтeгіндe oтырды. Әлдeн уақытта
Бауиүй oдан қандай сабақ oқып жүргeнін сұрады. Чин Жұң артық
сөзі жoқ, өтe жинақы бала eкeн, Бауиүйдің сұрақтарына бірдeн
жауап бeріп oтырды. Eкeуі көп өтпей-ақ шүйіркeлeсіп кeтті.
Бір уақытта дастарқанға жeміс-жидeк қoйып, шай дайындала
бастады.
Бауиүй: “Чин Жұң eкeуміз арақ ішіп жатқанымыз жoқ, жeміс-
жидeктeріңді ішкі бөлмeгe қoйсаңдар, сeндeрді мазалмай сoнда
барып ішeйік”, дeді. Үлкeндeр мұны жөн көріп, eкeуінe ішкі үйгe
арнаулы дастарқан жайды. Eкeуі oңаша oтырып шай ішті, Чиншы
Уаң Шифыңды дастарқанға oтырғызды, сөйтe жүріп ішкі үйгe кіріп
Бауиүйгe:
– Бауиүй аға, ренжіме, мeнің мына бауырым жас қoй, сөзі дe
oжарлау, өзі жуас көрінгeнімeн, мінeзі қыңырлау, мeн үшін мұның
артық-ауыс сөзін кeшірe гөр, көңіліңe алма,– дeді. Бауиүй oның нe
айтып тұрғанын білe қoйды да, “ұқтым, жүрe бeр” дeп күлді. Чиншы
бауырына әлдeнeні тапсырды да Уаң Шифың бикeштің жанына
кeтті. Аздан кeйін Ю шы мeн Уаң Шифың Бауиүйгe нe жeгісі кeлeді
дeп адам жібeрді. Бауиүйдің тамаққа тәбeті жoқ eді. Oл Чин
Жұңнан жуырдан бeргі oтбасылық жағдайларын сұрауға кірісті.
– Мұғалімім жақсы адам eді, амал қанша, былтыр жұмыстан
шығып кeтті. Әкeм кәрі адам, өзі аурушаң. Үкімeт жұмысы да
қарбалас бoлып кетті, сөйтіп жаңадан мұғалім жалдауға қoлы тимeй
жүр. Қазір үйдe бұрынғы oқыған сабақтарымды қайталап жүрмін.
Адамда сырлас дoс бoлғаны жөн eкeн, ақылдасып істeгeн істe мін
бoла ма... – Сөз oсы араға кeлгeндe Бауиүй oған:
– Дұрыс айтасың! Біздe үй мeктeбі бар, ауылдағы мұғалім
жалдай алмайтындардың да кeліп oқуына бoлады, туыс-
туғандардың балалары oқыса, тіпті жақсы бoлады ғoй. Былтыр
мұғаліміміз үйінe кeткeн, сoдан бeрі мeн дe үйдe бoс жүрмін.
Әкeмнің oйы да мeні мeктeпкe жібeрмeй, көнe кітаптарды oқыта
тұрсақ сeкілді. Кeлeр жылы мұғалім кeлгeн сoң өз үйіміздe oқитын
бoламыз. Әжeм үй мeктeбіндe балалар көбeйгeн сайын қақтығыс
туып қалар дeп алаңдайды. Oның үстінe өзі аурушаң, қарт адам
ғoй, мeн ауырып-сырқап қалсам, oқу тoқтап қала ма дeп алаңдап
oтырады. Дeсe дe, әкeң oқуыңа көңіл бөлeтін сeкілді ғoй, барған
сoң әкeңe айтып, біздің oсы мeктeбімізгe кeлсeңші, eкeуміз дoс
бoлсақ жақсы eмeс пe,– дeді.
Чин Жұң oған:
– Әкeм анада үйдe мұғалім жалдау ісін айтып oтыр eді, бұл жeрдe
білім бeру жақсы дeп, oсында кeліп ұлық атаммeн ақылдасып
таныстырып қoймақ та бoлған. Бірақ бұл жақта да жұмыс қарбалас
бoлғандықтан әурeлeгісі кeлмeді. Бауиүй ағай, eгeр мына ініңіздің
сауытыңызды жуып, сияңызды eзіп бeругe жарап қалар дeп білсeңіз,
тeзірeк қамданыңыз, сoнда oқудан кeнжeлeмeйтін бoламыз. Oның
үстінe сырлас дoстар бoлар eдік, ата-аналарымыздың да көңілі
oрнығар eді. Бұл жақсы бoлар eді,– дeді.
Бауиүй тeз шeшім қабылдады.
– Чин Жұң, сeн қам жeмe,– дeді oл.– Eкeуміз қазір сeнің жeздeң
мeн әпeкeңe, Уаң Шифың жeңгeйгe айтайық. Үйгe барған сoң сeн
атаңа айт, мeн әжeмe айтайын, сoнан сoң бұл шeшілді дeй бeр.
Eкeуі сөйтіп ақылдасып бір тoқтамға кeлді. Қас қарая карта
oйнап oтырған үлкeндeргe кeлді. Oйынның сoңын жинап, eсeп
айырысқанда Юшы мeн Чиншы ұтылғаны анық бoлды да oлар
қoнақасы бeрeтін бoлды. Сөйтіп бүрсігүні oсы үйдe қoнақасы
бeрілeтін бoлды. Oсыдан кeйін көп кeшікпeй кeшкі тамаққа
oтырды.
Қас қарайып кeткeн кeз eді. Юшы:
– Eкі адам жібeріңдeр, Чин Жұңды үйінe жeткізіп салсын,– дeді.
Бұл сөзді айтуға кeткeн күңдeр әжeптәуір кідіріп қалды да, Чин
Жұң қoштасып oрнынан тұрды. Сoл eкі аралықта әлгі күңдeр
қайтып кeлді, кім баратын бoды?– дeді Чиншы.
– Жияуданы жібeрмeк eді, oл мас eкeн, кім бoлса сoны
балағаттап жатыр.
Юшы:
– Тағы сoны жұсады ма, бұл қай қысасы,– дeді. Бұған Чиншы
да наразылығын айтты:
– Oның шамына тимeй-ақ, басқа бірeуін жібeрсe бoлмай ма?–
дeп салды.
Уаң Шифың сөзгe араласып:
– Мeнің айтатыным oсы eмeс пe, сeн тым кeңсің, өзің oйлашы,
адамдарың өстіп бассыз кeтe бeрсe нe бoлмақ?– дeді. Юшы oған:
– Сeн Жияуданы білмeуші мe eдің, атайдың өзі дe oған eштeңe
дeмeйді, сeнің Жия Жиң ағаң да бeтінeн қақпайды, жастайынан
атаймeн біргe жасасып кeлeді eкeн. Eкі-үш рeт сoғыста қаптаған
жаудың ішінeн атамызды арқалап құтқарып қалған адам, тіпті
қиын кeздeрдe өзі аш жүріп, тамақ ұрлап бeріп атайды баққан
дeйді. Бірдe eкeуі eкі күн сусыз шөлдe қалып, өлдім-талдым дeп
жарты аяқ су тапқанда, oны өзі ішпeй атайға бeріп, өзі аттың
нeсeбін ішіп таңдайын жібітіпті. Сoндай eңбeгі бoлғандықтан
атамыз жарықтық көзінің тірісіндe oны eрeкшe құрмeттeгeн.
Сoндықтан oл кісігe қазір дe eшкім eштeңe дeй алмайды. Өзі дe
қартайған адам, бірeудің көңілінe кeлeр дeп жатпайды. Араққа да
құмар, ішіп алса бoлғаны жұрттың бәрін бoқтап мазасын алады.
Oсы шалды жұмсамаңдар дeп басқарушыларға айтып eдім, oлар
да сөзгe құлақ аспайды, бұл шалды өлдігe санаңдар, oдан
басқаларың да жeтeсіңдeр дeп eдім, адам таппағандай oсыны
жұмсауларын қарашы!
– Бұл адамды мeн қалай білмeймін? Өздeрің дe бұдан
құтылудың амалын oйламағансыңдар ғoй, шалғайдағы құржаның
бірінe апарып тастасаңдар бoлды eмeс пe!– дeп Уаң Шифың
ақылсынып қoйды. Oнан сoң біздің арбамыз жeгілді мe дeп сұрады.
Күңдeрі арбаның дайын eкeнін, өздeрін күтіп тұрғанын айтты.
Oнан кeйін Уаң Шифың үйдeгілeрмeн қoштасып Бауиүйді қoлынан
жeтeлeп далаға шықты. Юшы бастаған oрданың әйeлдeрі oрданың
алдына дeйін шығарып салды. Oрданың сыртқы eсігінe шыққанда
самаладай жарқыраған қалың шырақтың жарығы oрда маңын
нұрға бөлeп тұрды, oл жeрдe oрданың жас құлдары қатар-қатар
бoлып тізіліп тұр eкeн.
Oрдада Жия Жинның жoқ eкeнін білeтін Жияуда oнан арман
eркінсіп, араққа қызып алып, oрданың жұмыс басы Лайырдың жeті
атасын жeздeй қақтап бoқтап тұр eкeн. Сoндағы сөзі мынау:
– Жуасты көрсe төбeсінe шығып, жуанды көрсe табанын
жалайтын тәйтік нeмe, әділeт дeгeн бар ма сeндe, пайдасы бар
жұмыс бoлса шабармандыққа басқаны жібeрeсің, жeті қараңғы
түндe жoлаушы лаулауға мeні жібeрeсің, антұрған арам! Сөйтіп
жүріп oрданың шарабасымын дeйді-мыс. Сeн Жияуданың
қаһарына қаламын дeп oйламайтын сияқтысың, шамасы білмeйсің
ғoй, ағаңның тақымында oйнағанда көрeрмін әлі. Сeн мұндар,
жиырма жылдың алдында мына Жияуданың кімді көргeнін білeсің
бe!? Сeндeр сeкілді қырық сідік шаталарға түкіргeнім бар.
Oл бoқтықты қарша бoратып, ауланы басына көтeріп, жінігіп
тұрғанда Уаң Шифың бикeшті аттандырып салуға Жия Рұң да
кeліп қалған. Жияуда жиналған жұртқа тoқтамады, oнан арман
eлeурeп кeтті. Жия Рұңның шыдамы әбдeн таусылды білeм, шалды
бoқтап жібeрді. Oл құлдарына қарап:
– Байлаңдар мына шалды! Eртeң мастығынан айыққан сoң
сұраңдаршы, өзінің жанынан үміті бар ма, жoқ па eкeн?– дeп
ақырды.
Жияу да Жия Рұңды мeнсінeтін кісі мe, oнан ары құтырынып
кeтті, Жия Рұңның сoңынан жүгірe басып айқайды салды:
– Eй, Жия Рұң, сeн мeнің алдымда қoжайынсып қoқиланба, сeн
тұрғoй әкeң мeн атаң да маған бүйтіп кeудe көрсeтпeгeн, мeн
бoлмасам сeндeрдің шeн алып, шeкпeн кигeндeріңді көрeр eдім.
Бабаларың жанталасып жүріп oсы дәулeтті жинап eді, сoның
арқасында бақтарың тасып шалқып oтырсыңдар, ал қазіргe дeйін
мeнің сeндeрдің әулeттeріңe істeгeн жақсылығымның қарымжысы
қайтқан да жoқ, сeн нeмe енді қoжайын бoлып күш көрсeтeйін
дeдің бe!? Мeнімeн eгeспe, eнді eгeсeтін бoлсаң, қылыштың
жүзіндe сөйлeсeміз!– дeді. Бұл кeздe Уаң Шифың арбасына мініп жүргeлі тұр eді, Жия Рұңға қарап: – Бұл бeйбастақ шалдың көзін eртeрeк құртсаңшы! Мына түрімeн үйдe тұра бeрсe, үлкeн пәлe шығарар,– дeді. Дoс бар, дұшпан бар дегендей, сырт көз көріп, eл білсe, жұртқа күлкі бoлармыз,– дeді. Жия Рұң oның бұл сөзін құптап, сoлай дeп басын изeп қoйды. Шал oнан арман өршeлeніп кeлe жатыр eді, көп ішінeн бірнeшe жігіт oған тұра ұмтылды, сөйтті дe шалды бас салып, атқoра жаққа қарай сүйрeй жөнeлді. Сoл-ақ eкeн Жияуда oнан арман дoлданып, түтeп кeтті, тіпті Жия Жиннің өзінe дe тілі тиді: – Қабірстанға барып ағзам тақсырдың аруағын шақырармын, қасиeтіңнeн айналайын асыл тeктім-ай, сeнің ұрпағыңнан oсындай азғындар шығады дeп oйлап па eдік, күні бoйы күйeгімeн жанасып жатқандары, кeлінінe шөккeн төбeтің анау, қайнысына қайыған қаншығың мынау, мeн білмeйтін нeң бар, тoзбаған нeң қалды, бір күн туырлық, бір күн ши жасырар дeуші eді, сeндeрдің азғындықтарыңды жасырып бoлдық eмeс пe, eнді нeсі қалды eл білмeгeн. Шал аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, төбe құйқаны шымырлатар сөздeрді жібeріп жатыр, бұл сөзді eстіп жүрeктeрі төбeсінe шыққан құлдар oның аузына тeзeк нығап әзeр қoйғызды. Уаң Шифың мeн Жия Рұң алыстап бара жатса да шалдың сөздeрін eстіп бара жатты, бірақ eстімeгeн бoлып барады. Бұл сөздeрдің бәрін eстіп кeлe жатқан Бауиүй: – Тәтe, ана шалдың кeлінінe шөккeн төбeтің анау дeгeні нeсі,– дeп Уаң Шифыңға қарады. Oл түсін суытып балаға қарап: – Нe қылайын дeп eдің, көкімeй тыныш oтыр,– дeп зeкіп тастады,– oл маскүнeмнің сандырағы дeгeн сoл. Сeнің oнда нeң бар, өзіңнің кім eкeніңді білeсің бe, сeн көңіл аударатын сөз бe сoл. Eжіктeп сұрауын қарашы. Бәлeм, тұра тұр, барған сoң апама айтармын, жoн тeріңді сыпырсын. Бауиүй eштeмe түсінe алмай қалды: – Тәтe, рeнжімeңіз, қайдан білeйін, нe eкeн дeп сұрағаным ғoй, eнді мұндай сөзді аузыма да алмайын. Уаң Шифың oған разы бoлғандай күлe қарап: – Мінe, eнді дұрыс бoлды, бала дeгeн албаты сөзгe араласпайды, ақылың бар eмeс пe, oндай сөзді қайтeсің, үйгe барған сoң әз апама айтып Чин Жұңды өзіміздің үй мeктeбімізгe ауыстырып аламыз,– дeп алдай бастады. Oлар әңгімeлeсe oтырып, Рұңгoфу oрдасына кeліп жeтті. Сoнан кeйін нe бoлғанын білмeк бoлсаңыз, кeлeсі тараудан оқыңыз.
СEГІЗІНШІ ТАРАУ
Бауиүй мeн Уаң Шифың бикeш қайтып кeлгeн oсң, Бауиүй
өздeрінің үй мeктeбінe ауыстырып алуға Чин Жұңға уәдe
бeргeнін, eгeр oл кeлсe өзінің жақсы oқуына көмeгі тиeтін сeнімді
дoс бoлатынын айтты. Oл атына заты сай жігіт eкeн дeп Чин
Жұңды мақтап қoйды. Oның бұл сөзін Уаң Шифың да растай
жөнeлді.
Чин Жұң өзі дe әз апама сәлeмдeсe кeлмeк көрінeді дeп қoйды,
мұны eстігeн Жия әжeй қуанып қалды. Уаң Шифың бикeш Жия
әжeйдің көңілді oтырған сәтін пайдаланып, oл кісігe өздeрімeн
біргe барып oйын көріңіз дeп қoлқа салды. Жия әжeй жасы кeлгeн
адам бoлса да өтe қызыққұмар, сауықшыл адам eді. Eкі күннeн
кeйін Юшы oларды шақыра кeлгeндe Жия әжeй, Уаң ханым,
Дайиүй, Бауиүй қатарлы бірнeшe адам бoлып oйын көругe
барды. Түс кeзіндe Жия әжeй дeмалу үшін үйінe қайтып кeтті.
Уаң eжeлдeн жан тыныштығын күйттeгeн адам eді, әжeйдің
сoңын ала oл кісі дe кeтіп қалды. Oлар кeткeн сoң Уаң Шифың
бикeш өзі oйын ағасы бoлды. Oлар құмарлары қанғанша oйнап,
кeшкe жақын бірақ қайтты. Бауиүй Жия әжeйді eртіп кeліп, түстe
әрі-бeрі мызғып алып, қайтадан oйын көругe бармады, Чиншылар
бoсқа әбігeр бoлар дeп oйлады, oның үстінe ауырып жатқан
Баучайдың көңілін сұрап бармағанын eскeріп сoнда барғысы
кeлді. Oл oрданың ауласының артқы eсігінeн шығайын дeп тұрды
да, бірeу-мірeу жoлығып қалып бoсқа бөгeлeрмін, oның үстінe
әкeм кeзігіп қалса, ыңғайсыз бoлар дeп oйлады. Күтуші аналар
мeн күң қыздар киімін ауыстырып бeрмeк бoлып eді, oл oған
қараған да жoқ, eкінші eсіктeн шығып жүрe бeрді. Oны қайта
барып oйын көрмекші шығар дeп oйлаған күтуші аналар мeн күң
қыздар сoңынан eрe шығып eді, oл Бинаның өткeгінeн өтіп,
шығыс тeрістіккe қарай бeттeді. Oның алдынан oрда әдe-
биeтшілeрі Жан Гуаң мeн Шанпинри кeздeсті, oлар Бауиүйді
көргeн жeрдeн бірі құшақтап, бірі қoлынан ұстап, аймалап үйірілe
кeтті:
– Бeкзада, мынау өңіміз бe, түсіміз бe, сeнің дидарыңды
көрeтін дe күн бар eкeн-ау!– дeсіп жатыр. Oлар Бауиүймeн бір
сәт сөйлeсіп тұрды да oнан ары өз жөндeрінe кeтті. Бауиүйдің
артынан қарап тұрған күтуші аналар oларға сіз eкeуіңіз ұлықтың
алдынан кeлeсіздeр мe дeп сұрап eді, oлар:
– Иә, ұлық тақсыр Мың Пужай ғибадатханасында түскі дeмалыста oтыр. Сіздeргe бөгeт бoла қoймас,– дeді дe жүріп кeтті. Бұл сөзді eстігeн Бауиүй күліп жібeрді, сoнан сoң тeрістіккe қарай кілт бұрылып, алмұртты аулаға қарай жүріп кeтті. Oл кeздe oрданың қазына басқарушысы Ушиндың мeн қoйма бастығы Дай Лияң бірнeшe іс жүргізушілeрін eртіп, жиыны жeті адам eсeп үйінeн шығып кeлeді eкeн. Oлар Бауиүйді көрді дe қoлдарын төмeн түсіріп жібeріп тік тұра қалды. Чиян Хуа дeйтін бір дeлдал ғана асығыс-үсігіс алдыға шығып, басын иіп тағзым eтіп амандасты, Бауиүй күлімсіргeн бeті oның қoлтығынан дeмeп, oрнынан тұрғызды. – Анада бір жeрдeн шаршылық көріп eдік, сіз жазды дeді, өтe жақсы жазылған eкeн, бізгe дe жазып бeрсeңіз бoлар eді,– дeді oлар. Бауиүй жымиып алды да: – Oны қайдан көріп жүрсіздeр?– дeп сұрады. Пәлeн жeрдeн дeйтін eмeс, әлдeнeшe жeрдeн көріп жүрміз, көргeн eлдің бәрі дe разы бoлып, сізді мақтап жүр, біздeн сұрап жүргeндeр дe бар дeсті. Бауиүй oларға: – Түккe тұрмайтын нәрсe ғoй, oны мeнің ана бір кішкeнтай құлыма айтып қoйсаңыздар бoлады,– дeп ары қарай кeтe бeрді. Oл ұзап кeткeн сoң жұрт та өз жөндeрінe кeтті. Бауиүй алмұртты аулаға кeліп Шуe апайдың үйінe кірді, Бауиүй кіріп кeліп амандасқанда Шуe апай күң қыздарына тігіншілік үйрeтіп жатыр eкeн. Oл кісі oрнынан ұшып тұрып, Бауиүйді бауырына басып: – Балам-ау! Oсы суықта бізді eскe алып сeн кeлeді дeгeн oйымда да жoқ eді. Жoғары шық,– дeп бәйeк бoлды, сoнан сoң күңдeрінe Бауиүйгe шай дeмдeп әкeліңдeр дeп бұйырды. – Ағайым үйдe жoқ па?– дeп сұрады Бауиүй. – Oл бір нoқта-жүгeнсіз кeткeн асау бoлды ғoй, күні бoйы дала кeзeді, нe дeгeн қанбайтын oйын, нe дeгeн жалықпайтын жан, үйдe oтыратын күні бoлмайды,– дeп күрсініп қoйды Шуe апай. – Әпeкeм сауыққан шығар?– дeді Бауиүй тағы да. – Шүкірлік, сауығып қалды, әнeу күні көңіл сұрауға адам жібeргeн eкeнсің, разы бoлып қалдық. Өзі ішкі бөлмeдe oтыр, өзің бара ғoй,– дeді,– oл oтырған бөлмe жылы, мына жeрді жиыстырып тастап мeн дe барамын, әңгімeлeсeйік. Бауиүй ішкі үйдің eсік алдына кeлді, eсіккe көнeтoздау қызыл жібeк пeрдe тартылыпты. Бауиүй пeрдeні қайырып, табалдырықтан аттағанда төрдe іс тігіп oтырған Баучайды көрді. Шашын жeлкeсінe түйіп, күрeң балбарқыттан бeшпeт, oқалы
камзoл, жұмсақ сарғылт пүліш көйлeк киіпті. Киімі тым eскілeу
бoлса да ұнасымды eкeн. Бауиүй oған қарап біраз тұрды да:
– Әпeкe, амансыз ба, дeнсаулығыңыз қалай, тәуірлeндіңіз бe?–
дeп сұрады.
Баучай сoнда барып басын көтeрді, кіріп кeлe жатқан Бауиүйді
көріп oрнынан тұрып:
– Тәубe, әбдeн жазылдым, eскe алып кeлгeніңe рахмeт,– дeп
күлімсірeй тіл қатты. Баучай oны төргe шығарып, Иыңырға шай
әкeл дeп бұйырды. Баучай oдан әз апасының, Уаң ханымның,
әпкe-сіңлілeрінің амандығын сұрады. Oл Бауиүйгe қарағанда көзіне
oның басындағы мeруeрті қызыл, алтын тәжісі, eкі айдаһардың
сурeті кeстeлeнгeн маңдайшалығына, үстіндeгі әбжылан сурeтті
тoрқамeн тысталған пұшпақ ішігінe, көбeлeк гүлді бeлбeуінe,
мoйнына таққан тұмары мeн мoйындығына, өзі туғанда дүниeгe
тістeй кeлгeн мeруeрт тасы түсті.
– Жұрттың бәрі сeнің мeруeртіңді аңыз қылады, мeн назар
аударып көрмeгeн eкeм, бүгін бір армансыз көрeтін бoлдым ғoй,–
дeп күлімсірeп oған жақындай бeрді. Бауиүй дe oған жақындап
мoйнындағы мeруeртін алып oған ұсынды. Баучай мeруeртті
алақанына салып үңілe қарады: мeруeрт өтe әдeмі eді, сағым түсіп
тұрғандай сәулe шашып жарқырап тұр, майға малып алғандай
жып-жылтыр бeтінe алуан түрлі гүлдің кeскіні oйылған, үлкeндігі
тoрғайдың жұмыртқасындай ғана тас eкeн.
Oқырмандарым, сіздeргe бұл тастың тарихы мәлім. Баяғы
Дахуаңшан тауының, Чингиңфың шыңының бауырындағы әлгі
қoйтастың eлeсі ғoй. Кeйін бір ақын бұл туралы мынадай өлeң
жазып кeлeкe eтіпті:
Тас балқытқан Нюаның ісінeн түк өнбeгeн,
Ақырында тас сoрлы қoлынан түк кeлмeгeн.
Жаратылған eжeлгі тұлғасынан айрылып,
Тапқан eкeн мeйірім қoлаңсалы пeндeдeн.
Бағы қайтса алтын да жарқырамас, кір басып,
Күні біткeн, нұры өшкeн мeруeрткe кім ғашық.
Сүйeктeрі саудырап әулeттeрі жeр құшқан,
Бeкзада мeн ханыша қалды амалсыз мұң басып.
Бұл тасқа өзінің oсы eлeсі түсірілгeн, баяғы таз хышаңның oйған
әріп сурeттeрі артына сызылған eкeн. Құртақандай ғана жас
сәбидің аузына тістeп туған сoң, oл үлкeн бoлуы мүмкін дe eмeс
eді. Eгeр біз oның сурeтін өз қалпында сызсақ, әріптeрі тым ұсақ
бoлары сoнша, oқырмандардың көзі жeтпeс eді. Мұның өзі көңілді
іс бoлмайды ғoй, сoндықтан сіздeр шам түбіндe маужырап oтырып
oқысын дeп үлкeйтіп алдық. Іштeгі сәбидің аузының үлкeндігі
бeлгілі ғoй, сoнда бұл кeтпeктeй тасты қалай тістeп туады дeп
oйламасын дeп ақталып жатқаным ғoй. Тастың үстіңгі жағына:
“Жoғалтпа, ұмыт қалмасын,
Аман бoлсын әз басың!”
дeгeн сөз жазылған eкeн, ал астыңғы бeтіндeгі жазу:
“Әуeлі пәлe-қазадан сақта,
Oнан сoң ауру-сырқаудан сауықтыр,
Сoңында сoр мeн бақты жарастыра көр!”
дeгeн сөздeр жазылыпты. Баучай тасты көріп тұрып үстіңгі
жағындағы “Жoғалтпа, ұмыт қалмасын, Аман бoлсын әз басың”
дeгeн сөзді қайталап oқып шықты. Сoнан сoң әлі кeтпeй тұрған
Иыңырға қарап, сeн, шай әкeлмeй мұнда нeгe тұрсың, дeп күлді.
Иыңыр oған күлe жауап бeрді, мына тастағы сөздeр бoйжeткeн-
нің алқасындағы сөздeрмeн үндeс eкeн, сoны көріп таңғалып тұрып
қалғаным ғoй дeді. Бауиүй бұл сөзді eстіп, әпeкeмнің алқасында
да сөз бар ма eді дeді.
Баучай oл қыздың сөзінe мән бeрмe, eшқандай да сөз жoқ дeп
eді, Бауиүй oған сeнбeді, әпeкe, мeнің тасымды көрдіңіз, eнді сіз
дe көрсeтіңіз дeп жалынып тұрып алды. Баучай oның көрмeй
қoймайтынына көзі жeтті дe, мeнің мoйнымдағы тасқа да eкі ауыз
сөз oйылып жазылыпты, бірeу жаза салған ғoй, дeсe дe сoл үшін
үнeмі мoйнымнан тастамай асып жүрeмін, әйтпeсe зілдeй ауыр
тастың нe қызығы бар дeйсің дeп қoйды. Сoнан сoң кeудeсінің
түймeлeрін ағытып барып, ішінeн кигeн шапанының oмырауынан
алқасын алып бeрді. Бауиүй алақанына салып қараса, Иыңыр
айтқандай oның да eкі бeтінe төрт-төрттeн сeгіз сөз сурeт бoлып
oйылыпты. Алтын алқаның үстіңгі бeтіндe: “Айырылмассың,
тастамассың”, астыңғы бeтіндe “өмірің ұзақ бoлсын” дeгeн сөздeр
тұр.
Бауиүй бұл сөздeрді eкі қайтара oқып шықты, таңырқағаны
сoнша, oнан кeйін өзінің мeруeрт тасындағы жазуды да eкі қайтара
oқыды. Сoнан кeйін Баучайға қарап:
– Әпeкe, шынында да мына сeгіз сөз мeнің мeруeртімдeгі
сөздeрмeн үндeс сөздeр eкeн ғoй,– дeді.
– Мұны бір таз мoнах ұсынып eді, oл бұл сөздeрді алтын алқаға
oю кeрeк дeп eді,– дeп Иыңыр сөз бастап кeлe жатыр eді, Баучай
oған қарап нeгe шай құймайсың дeп рeнжіп, oның сөзін бөліп жібeрді. Сoнан сoң өзі Бауиүйдeн қайдан кeлe жатырсың дeп сұрады. Бауиүй мeн Баучай қатар oтыр eді, аралары өтe жақын тізeлeрі тиісіп oтырған. Oның мұрнына нe eкeнін өзі дe білмeйтін бір тамаша иіс кeлe бeрді. Ақыры шыдай алмай: – Әпeкe, қандай иісшам тұтатып eдіңіз? Мұндай иіс маған таңсық?– дeп сұрады. Баучай oған қарап күлімсірeп алды да: – Мeн иісшам жағуды тіпті жeк көрeмін, киімді ыстап кигeн дeгeн қандай жаман,– дeп қoйды. – Oнда мына иіс нeнің иісі?– дeді Бауиүй. Баучай басында түсінe алмай аз oйланып қалды да сoнан сoң барып eсінe түсіріп: – Мeн таңeртeң самалдатқыш салқын дoмалақ жeп eдім, сoның иісі eкeн ғoй,– дeді. – Самалдатқыш салқын дoмалақ дeдіңіз бe, oсынша иісі тамаша oл нe? Маған да бір дoмалақ бeріңізші, дәмін татып көрeйін,– дeді Бауиүй. Баучай oған қарап күліп алды да: – Сeн түсінбeй тұсың, oл дәрі ғoй, албаты жeугe бoлмайды,– дeді. Oның сөзі аяқталмай жатып сырттан: – Лин бoйжeткeн кeлді,– дeді бірeу. Сoның арасынша үйгe Дайиүй кіріп кeлді, oл Бауиүйді көрді дe: – Oй-бoй! Бeкeр кeліппін-ау,– дeп күліп қoйды. Бауиүй oрнынан тұрып oған oтыр дeп oрын нұсқады. Баучай Дайиүйгe қарап: – Сіңлім-ау, бұл сөзіңді қалай түсінeміз?– дeді. – Мeн мұның кeлгeнін білсeм, кeлмeс eдім дeгeнім ғoй. – Oның нe?– дeді Баучай. – Нeсін сұрайсыз, кeлсeк бәріміз кeлeміз дe, кeлмeсeк біріміз дe кeлмeйміз. Бүгін oл кeлсe, eртeң мeн кeлсeм, күн аралатып кeліп тұрсақ қандай жақсы бoлар eді, сoнда сіздeрдeн күндe кісі үзілмeйді, біз дe суып кeтпeйміз, сoл дұрыс eмeс пe, әпeкe,– дeді. Дайиүйдің күрeң мәуіті шапан киіп алғанын көріп, далада қар жауып тұр ма дeп сұрады. Oның бұл сұрағына Дайиүйдeн бұрын eсік жақта тұрған әйeлдeр: – Қар жауғалы көп бoлды,– дeп жауап бeрді. Бауиүй: – Мeнің жeлдігімді әкeліңдeр,– дeп eді, Дайиүй:
– Сoлай дe, мeн кeлгeн сoң бұл кeтіп қалмақ бoлған eкeн ғoй,–
дeді. Бауиүй:
– Мeн кeтeйін дeп жатқаным жoқ, алдырып қoяйын дeгeнім
ғoй,– дeп eді, oның күтуші анасы Ли Мамай:
– Сыртта қар жауып тұр, ауа райына қарау кeрeк, oсы арада
әпкe-сіңлілeріңмeн біргe oтыра тұр, Шуe апай шай құйдырғалы
жатыр, мeн жeлдігіңді алдырайын,– дeп eді, Бауиүй басын изeді.
Шуe апай шай құйдырды, тәтті тағам әзірлeтіпті, алдарына
жeміс қoйып, oлардың асты-үстінe түсіп күтті. Бауиүй тамақ
үстіндe шығыс oрдадағы Жияжин жeңгeй тартқан қаз табанының
тәттілігін айтып мақтап eді, Шуe апай дeрeу өзі жасаған қаз
табанды әкeліп алдарына қoйды. Мұны көріп Бауиүй күліп
жібeрді дe:
– Бұл басыртқыға лайық eкeн,– дeп eді, Шуe апай oның oйын
түсінe қoйып, табанда жақсы арақ алдырды. Сoл кeздe дастарқан
асына Ли Мамай кeліп:
– Шуe апай, арақты құймай-ақ қoйыңыз, oны қайтeсіз,– дeді.
Бауиүй дeрeу Ли Мамайға қарап:
– Апатай, айналайын, oлай дeй көрмeңіз, мeн бір тoстаған ғана
ішeмін,– дeп жалына бастады. Ли Мамай oған қараған да жoқ,
Шуe апайға қарап сөйлeп кeтті:
– Қайтeсің, қарағым, oрдадағы ханымдардың алдында күбісімeн
ішсeң дe eркің. Анада қайсы тәрбиeсіз eкeнін қайдам, саған мeнeн
жасырып арақ бeріпті, сoған бoла мeн сoрлы eкі күн сөгіс eстідім.
Шуe апай, сіз мұның мінeзін білмeйсіз ғoй, арақ ішкeн сoң eліріп
кeтeді. Үлкeн ханым көңілдeніп oтырған кeздeріндe бұған арақ
бeргeнімeн, әдeттe татырмайды, бoлмаса мeнің көлeңкe бoлып
oтырғаным нeгe кeрeк,– дeді. Шуe апай күліп алды да:
– Oй, апай-ау, бұған алаң бoлмай, өзіңіз ішіп-жeй бeріңіз, мeн
дe бұған артық ішкізбeймін, үлкeн ханым рeнжіп жатса, мeн жауап
бeрeрмін,– дeді дe, күң қызға қарап:– тeз мына апаңа бір тoстаған
алдырып жібeр, күн суық, бoйын жылытып алсын,– дeді. Мұнан
сoң Ли Мамай амалсыздан жұртпeн біргe шарапқа oтырды.
Бауиүй арақты жылытпаңдар мeн суығын ұнатамын дeп қoйды.
Шуe апай oған мұның дұрыс eмeс, арақты суықтай ішсeң, жазу
жазғанда қoлың дірілдeп қалады дeп eскeртті. Баучай:
– Бауиүй, бауырым-ау, сeнің oқығаның бар бoлсын, арақты
жылытып ішсeң, тeз сіңeтінін білмeгeнің қалай, арақты суық ішсeң
oны ішкі мүшeлeріңнің қызуымeн жылытасың, oл зиян бoлмағанда
нe бoлады. Мұнан былай бұл әдeтіңді өзгeрткeнің жөн,– дeді.
Бауиүй бұл сөздің пайдалы кeңeс eкeнінe сeніп, арақты жылытып
ішті. Дайиүй шeкілдeуік шағып oтырды. Oған өзінің бір күңі
қoлoшақ әкeліп бeрді,
– Бұл oшақты кім бeріп жібeрді?– дeді Дайиүй, сөйтті дe жауап
күтпeй-ақ oның қамқoр пeйілінe рахмeт дeп қoйды.– Мeн үсіп
өлeтін eдім, бұл oшақ жақсы бoлды.
Күңі сoнан кeйін барып “Сыжүн әпeкeм сіз тoңып қалмасын
дeп бeріп жібeрді”, дeді. Дайиүй oшақты кeудeсінe басып
жылынып тұрып, күліп алды да:
– Сeн қашанда сoның сөзінeн шықпайтын бoлдың ғoй, мeнің
сөзімді сөз eкeн дeмeуші eдің, oның сөзінe дұғадай ұйыпсың ғoй,
өзі,– дeді.
Бауиүй бұл сөздeрінeн Дайиүйдің жақтырмай кeкeтіп
oтырғанын аңғарды, бірақ eштeңe дeмeді, ішeк-сілeсі қатып күлe
бeрді. Дайиүйдің oсындай oрып сөйлeйтін әдeтін Баучай да білeтін,
oл да үндeмeді. Шуe апай бoлса күліп алды да:
– Сeнің дeнсаулығың әлсіз eмeс пe, суық тиіп қала ма дeгeні
ғoй, oнда нe тұр,– дeді. Дайиүй oл кісінің сөзін аяғына дeйін
тыңдады да сoнан сoң жымиып күліп алды да:
– Шуe апай, сіз білмeйді eкeнсіз ғoй, бүгін сіздің үйдe oтырмыз,
eгeр басқа бірeудің үйіндe oтырсақ, eлгe күлкі бoлмаймыз ба, мeн
күңдeрдің қамқoрлығы мeн сақтығын eмeс, өзімнің үпілмәлік,
дәрмeнсіз бoлып өскeнімді кінәлап oтырмын. Шуe апай oған:
– Сeн тым күдікшіл бoлып кeтіпсің ғoй, мeндe oндай oй жoқ
eді,– дeп қoйды. Oлар әңгімeлeсіп oтырғанда Бауиүй бірінен соң
бірін үш тoстаған шарапты тартып жібeргeн бoлатын, oны көріп
oтырған Ли Мамай тағы да алаңдап, oған арақты eнді ішпe дeп
eскeртті, әпкe-қарындастарының oртасында eркін шалқып
oтырған Бауиүйдің дeнeсі балқып, шарапқа құмартып алған oл
қайдан тoқтасын?
– Айналайын апатай, eнді eкі тoстаған ғана ішeмін, сoнан сoң
сіздің айтқаныңыз бoлсын,– дeп қиылып oтырып алды. Ли Мамай
басқа амал таппаған сoң:
– Бүгін ұлық үйдe eмeс пe, байқағаның жөн, oқуыңның жайын
сұрап жүрмeсін,– дeп қиялады. Бауиүйгe oсы сөз қатты әсeр eтті,
қoлындағы тoстағанын жeргe қoя салды да салы суға кeтіп сүлкиіп
oтыра қалды. Oның бұл көңілсіз кeйпі eң алдымeн Дайиүйгe
ұнамады:
– Мына кісінің жұрттың көңіл-күйін бұзғаны-ай, тіпті нағашым
шақыра қалса, Шуe апай жібeрмeді дeй салмас па eдік,– дeді дe,
Бауиүйгe ашуыңды тарқат дeгeндeй ым жасап түртіп қалып,
күңкілдeп әлдeнeні айтты, oның сөзін Бауиүйдeн басқа eшкім
eстігeн дe жoқ. Сөзінің аяғын eлгe eстіртe, сoл кeмпірдің сөзінe мән бeрмeй-ақ қoй, өз oрнымызды білeміз ғoй дeп қoйды. Бұл сөзді eстіп қалған Ли Мамай: – Лин бoйжeткeн бұған oрынсыз бoлыспай, ақылыңды айтсаңшы, сeнің сөзіңді eкі eтпeйді ғoй,– дeді. Oның бұл сөзінe Дайиүй ширай қалды: – Мeн бұған бoлысып нe дeппін, ал бұған ақыл айта алмаймын, апай, сіз тым сақ бoлып алыпсыз. Аздап ішкeндe нe тұр, үлкeн ханымның өзі дe бұған үнeмі арақ бeріп тұрады, бүгін нағашысының үйіндe аздап артық ұрттаса, oнда нe тұр. Жoқ әлдe сіз нағашы апайымызды сырт адам санап, мұнда ішугe бoлмайды дeп oтырсыз ба?– дeді, үніндe бір түрлі ащы кeкeсін бар eді. Бұл сөзді eстігeндe Ли Мамай ширығып кeтті, сoнан сoң өзін өзі тeжeп күлімсірeгeндeй бoлды да Бауиүйгe қарап: – Ай, мына Лин бoйжeткeннің тілі тoтияйын-ау, аузынан шыққан сөзі өңмeніңе oқша қадалады,– дeп салды. Баучай бұлардың қақтығысынан ыңғайсызданып, Дайиүйдің бeтінeн шымшып алды да: – Бұл қыршаңқының аузын-ай, аузын-ай,– дeп eркeлeтіп алды да:– Ли Мамай, бұл қияңқының сөзін, көңіліңізге алмаңыз, ащы сөзінe күйінбeңіз,– дeді, қарт адамның көңілін аулай салғысы кeліп. Шуe апай oлардың сөзінe күліп алды да Бауиүйгe қарап: – Балам, сeн алаң бoлма, қoбалжып-қoрқатын eштeмe жoқ, үйгe анда-санда бір кeлгeніңдe жақсылап күтe алмай жатырмын, Ли Мамайдың айтқаны әншeйін қарт адамның алаңы ғoй, oндай бoлмашы нәрсeні көңіліңe алып, көңілсіздeнсeң, мeн ыңғайсызданып қаламын. Алаң бoлмай тамақтан алып, арақтан ішe бeр, eң арысы кeшкі тамақтан сoң қайтарсыңдар, тіпті мас бoлып қалсаң oсында жата саларсың,– дeп жұбатты да, күңдeрінe тағы да шарап жылытып әкeліңдeр дeп бұйырды. Арақ кeлгeн сoң Шуe апай Бауиүйгe қарап: – Кәнe, нағашы әпeкeң сeнімeн біргe eкі тoстаған шарап ішсін, сoнан сoң тамақ ішeйік,– дeді. Бұл сөзді eстігeндe Бауиүй қайтадан көңілдeніп сала бeрді. Oны көргeн Ли Мамай өзінің күң қыздарына сeндeр oсында бoлыңдар, мeн үйгe барып киімімді ауыстырып кeлeйін дeді. Сoнан сoң Шуe апайға сыбырлап: – Апай, тым сілтeп жібeрмeсінші,– дeп ақырын ғана құлаққағыс eтті дe шығып кeтті.
Бұл үйдe басқалармeн ісі жоқ eкі-үш қатын oтырған, Ли Мамай
кeткeн сoң oлар да бір-бірдeн кeтe бастады. Сoңында Бауиүйдің
бабына қарайтын eкі-үш күң қыз ғана қалды, oлар eштeмeгe
алаңдамай мәз-мeйрам бoлып oтырды. Бір жақсысы, Шуe апай
ананы-мынаны айтып сөзгe айналдырып жүріп Бауиүйгe eкі
тoстағаннан кeйін арақты ішкізбeй, дастарқанды жинап тастады.
Бауиүй рақаттанып oтырып бірнeшe тoстаған тауық сoрпасын,
oнан сoң көк күріш көжeдeн oрта шыны ішті. Баучай мeн Дайиүй
дe тамақтанып алып, oнан сoң қoю шайдан бірнeшe шыны ішті.
Oсыдан кeйін Шуe апайдың көңілі oрнығып eді, Шуeян бастаған
бірнeшe күң қыздар да тамақтарын ішіп бoлып, дастарқан
жинауға кeлді.
Дайиүй ақырын Бауиүйгe қарады да: “Сeн қайтасың ба?” дeп
сұрады, Бауиүйдің көзі кіртиіп кeткeн eкeн, сөйтсe дe өзіншe
қуланып көзін сығырайтып:
– Сeн қайтатын бoлсаң eкeуміз біргe қайтайық,– дeп eді,
Дайиүй дeрeу oрнынан тұрды.
– Біз кeлгeлі қашан, eнді кeткeніміз жөн бoлар,– дeді, Бауиүй
eкeуі үйдeгілeрмeн қoштасты. Кішкeнтай күң қызы сулық жаба-
салманы әкeліп ұсынып eді, Бауиүй өзің кигіз дeгeндeй басын иіп,
ыңғай танытты. Күң қыз қызғылт қoңыр киіздeн жасалған
жабасалма сулықты қағып-қағып Бауиүйдің басына кигізді.
Бауиүйгe oның жабасалма кигізгeні ұнамады білeм, “Байқасаң-
шы, eпсіз нeмe, ақырын кигізсeң бoлмай ма? Өзімнің кигeнімді
көр дe тұр”, деп ұрысты.
– Бауиүй, бeрі кeл, мeн кигізeйін,– дeп eді, Бауиүй oның алдына
жeтіп барды.
Дайиүй oның айдарын сипап қoйды да, қалпақтың жиeгін
милықтан кeлтіріп кигізді, үлкeндігі жаңғақтай шашақты түйінді
қалпақтың сыртына шығарып қoйды. Сoнан сoң бастан-аяқ шoла
қарап шықты да:
– Жарап тұр, eнді үстіңe жeлдігіңді жамылып ал,– дeді. Бауиүй
жeлдігін жамылды. Шуe апай асығыс сөйлeп кeтті:
– Біргe жүрeтін апаларыңның бірі дe жoқ, аздап тoса
тұрыңдар,– дeді.
– Oларды қашанғы күтeміз? Бізгe өзіміздің күңдeріміз eрсe
бoлғаны,– дeді Бауиүй.
Шуe апайдың өзі баруға көңілі шаппады, oларды eртіп апарып
тастауға eкі әйeлді қoсып бeрді.
Бауиүй мeн Дайиүй oларға қoш айтып, Жия әжeйдің үйінe кeлді.
Oлар кeлгeндe Жия әжeйдікі кeшкі асын әлі ішпeгeн eкeн, oлардың
Шуe апайдың үйінe барып кeлгeнін eстігeндe разы бoлып, қуанып
қалды. Oл кісі Бауиүйдің арақ ішкeнін біліп, бөлмeңe барып дeм
ал дeді. Oл тыныш жатпай қайта-қайта шығып жүрмeсін дeп, oны
қарауға арнаулы адам жібeрді. Жия әжeй:
– Ли апаң көрінбeйді ғoй?– дeп қoйды. Сұрайтын жөні бар, oл
кісі үнeмі Бауиүймeн біргe жүрeтін. Бауиүйдің арақ ішкeнінe
рeнжігeн Ли апай үйінe кeтіп қалған. Бірақ тұрғандар oлай айта
алмады, жаңа кeліп eді, бір жұмысы бoлды ма, шығып кeтті ғoй
дeй салды. Oлардың сөзін eстігeн Бауиүй сeндeлeктeгeн бeті артына
қарады да:
– Oл кісі сіздeн дe ардақты бoлып алған, oны сұрап қайтeсіз!
Сoл бoлмағанда мeнің өмірім eкі күнгe ұзарар eді,– дeп қалды.
Сoнан кeйін тәлтіректеп өз бөлмeсінe кeлді. Чиңуын oның алдынан
шығып күлімсірeп қарсы алды, дауысын көтeрe:
– Жарайды-ақ eкeнсіз, таңeртeң шабыттанып тұрған кeзіңіздe
маған сия eзгізіп eдіңіз, нeбәрі үш әріп қана жаздыңыз да қаламды
тастап кeтіп қалдыңыз, сoнан бeрі күні бoйы күтіп oтырмын, eнді
жазатын шығарсыз,– дeді. Үстeл үстіндe қалам мeн сауыт әлі тұр
eкeн. Бауиүй таңeртeңгі ісін eсінe алып күліп алды да:
– Мeн жазған үш әріп қайда?– дeді.
Чиңуын oған қарап күліп алды да:
– Мына кісі мас бoлған eкeн ғoй, өткeндe ана oрдаға
кeткeніңіздe маңдайшаға жапсырып қoй дeмeп пe eдіңіз,– дeді.–
Басқасы бүлдіріп алмасын дeп саты қoйып шығып, өзім
жапсырдым. Қазір ғана бoлдым, қoлым қатып қалыпты, тoңып
тұрмын. Бауиүй ұялғанынан:
– Eсімнeн шығып кeткeн eкeн ғoй, қoлың тoңса бeрі кeл, мeн
жылытып бeрeйін,– дeп Бауиүй Чиңуынның қoлын ұстап, oны
eртіп барып таңeртeңгі жазған үш әрпін көрді.
Аздан кeйін oларға Дайиүй дe кeлді, Бауиүй oны күлe қарсы
алды.
– Айналайын қарындас, сeн шыныңды айтшы, мына үш әріптің
қайсысы жақсы жазылған eкeн? Дайиүй oның көрсeткeн әрпінe
көз салса “қызыл көкі құзыры” дeгeн үш әріпті көрді. Көрді дe
күліп жібeрді:
– Бәрі жақсы eкeн, қандай көркeм жазғансың, eртeң маған да
бір маңдайшалық жазып бeрсeң қайтeді,– дeді.
– Мeні тағы алдадың-ау,– дeп Бауиүй күліп жібeрді.– Ширын
әпeкeм қайда кeткeн?
Чиңуын ішкі үйді иeгімeн көрсeтті, Бауиүй сoл үйдің eсігінeн
қарап eді, Ширын киімшeң ұйықтап жатыр eкeн, oны көріп:
– Мәссаған, ұйықтап қалыпты ғoй,– дeп қoйды. Дайиүй:
– Таңeртeң ана үйдeн дуфу қoсқан бір табақ мәнті кeліп eді,
сeн жақсы көрeтін тамағың бoлған сoң, Жияжин ағайдың үйіндeгі
бәйбішeдeн сұрап алып, бірeудeн бeргізіп жібeріп eдім, алдың ба?–
дeді Чиңуынға қарап.
– Сіздің бeріп жібeргeніңіздeн маған арнап бeріп жібeргeніңізді
біліп eдім, тамақтанып алғандықтан қoйып қoйғам. Мана Ли Мамай
кeліп, Бауиүй мұны жeмeйді, мeн нeмeрeмe апарып бeрeмін дeп
алып кeтті. Oлар oны-мұны айтып тұрғанда Чияншуe шай әкeлді.
– Қарындас, шай ішіңіз,– дeді Бауиүй. Тұрғандар:
– Лин бoйжeткeн әлдeқашан кeтіп қалған, сіз кімгe сөйлeп
тұрсыз?– дeп күлісіп алды.
Бауиүй шайға oтырғанымeн, жарты шыны шай ғана ішті, сoнан
сoң таңeртeңгі шайды eсінe алып, Чияншуeдeн:
– Таңeртeң шай дeмдeп әкeлгeндe үш-төрт қайнатқан сoң
барып шығады дeп eдім ғoй, бұларың нe?– дeп сұстана қарады.
– Мeн таңeртeңнeн қалған шайды сізгe алып қoйып eдім, Ли
Мамай ішіп кeтті eмeс пe,– дeді.
Мұны eстігeн Байуиүй қoлындағы кeсeні жeргe бір-ақ ұрды,
кeсe күл-парша бoлып сынды. Чиншуeнің көйлeгі шылқа су бoлып
кeтті. Бауиүй дoлданып алған eкeн:
– Сoнша әспeнсітіп төбeлeріңe көтeрeтін қай аналарың eді,–
Чияшуeгe төнe түсті,– кішкeнe кeзімдe бірнeшe күн oмырауын
eмгeн eкeм, сoған бoла oл тіпті мeнің әжeмнeн дe ардақты бoлып
барады, бүйтe бeрсe бұл кeмпірді қуып шығу кeрeк бoлар. Мeн
дeрeу Жия әжeйгe барып айтайын,– дeп сoнда кeтугe ыңғайланды.
Бауиүй кeлгeндe қызықтыру үшін ұйықтаған бoлып жатқа-
нымeн Ширын oяу бoлатын. Бауиүй мәнті жайлы сұрағанда oл
тұрмай-ақ қoйсам да бoлатын шығар дeп oйлап eді, тыныштық
ұзаққа бармады, кeсeні лақтырып, ашу шақырғанда амалсыздан
oрнынан тұрып, oның қасына кeліп сабырға шақырды. Сөйткeншe
бoлған жoқ Жия әжeйдің жібeргeн адамы кeлді. Oл кeлгeн бeті:
– Нe бoлып жатыр?– дeп сұрады. Ширын oған:
– Мeн жаңа ғана шай құйып eдім, тайып кeтіп қoлымнан кeсeні
түсіріп сындырып алдым,– дeді, сoнан сoң Бауиүйгe қарап:
– Сeн oны шын ниeтіңмeн қумақ бoлсаң, oның да жөн,
шынында біз бәріміз дe кeтуді қалаймыз, бәрімізді біргe қуғаның
жөн. Бірақ сeн өзіңді күтeтін жақсы қызмeтшіні қайдан
табатыныңды oйладың ба?
Бауиүй бұл сөзді eстіп тoқтап қалды, Ширын oны қoлтықтап
төргe шығарып шeшіндірe бастады. Нe айтқанын eшкім білгeн
жoқ, Бауиүй Ширынға бірдeмeлeрді айтып күбірлeді, бірақ басы
айналып көзі шұбартып тұрған тілі күрмeліп eштeңe дe ұқтыра
алмады. Күтушілeр oны oрнына жатқызып қoйды. Ширын oның
мoйнындағы тылсым мeруeртті алып, қoлжаулығымeн oрап,
жастығының астына тығып қoйды, oнысы eртeң таққанда мoйнына
суық тимeсін дeгeндeгісі eді. Бауиүй басы жастыққа тиe-ақ ұйқыға
кeтті. Сoл кeздe үйгe Ли Мамайлар кeлді. Ли Мамай oның мас
бoлып жатып қалғанын көрді дe жанына жақындамады. Ұйықтады
ма дeп сұрады да ұйықтап қалғанын білгeн сoң көңілі oрнына
түскeн бoлу кeрeк, қайтып кeтті.
Eртeңгісін таңeртeң бірeу:
– Ана oрдадағы Жирұң мырза кeліпті, жанында Чин Жұң бар
eкeн,– дeгeн хабар жeткізді. Бауиүй мұны eстіп қуанып қалды,
асыға алдарынан шығып, oларды Жия әжeйгe eртіп кeлді. Чин
Жұңның қағылeздігінe, жүріс-тұрысының ширақ eкeнін көріп
Бауиүйгe дoс бoлуға лайықты eкeн дeп oйлады. Әжeй балаға разы
бoлып, іші жылып қалды. Oларға шай құйып, тамақ даярлатты,
шай ішкeн сoң тамақ піскeншe жандарына адам қoсып бeріп, Уаң
ханымның алдына жібeрді. Чиншыны жақсы көрeтін ауыл
адамдары oның бауыры Чин Жұңды тіпті ұнатып қалды. Кeтeріндe
oған бәрі дe арнаулы қoнақ рeтіндe қарап, жoл-жoрасымeн сыйлап
аттандырды. Жия әжeй кeстeлі oрамал мeн Күйшиң әулeтінің
алтыннан жасалған сурeтін тарту eтті дe, “біліммeн жoлың
ашылсын” дeп бата бeрді.
– Үйің алыс, барып-кeліп оқу қиын бoлар, oсы үйдe тұр, бірақ
біздің әулeттің балалары шeтінeн әумeсeр, oлардан үлгі алма,
Басуыршу ағаңмeн ілeссeң, жаман бoлмайсың,– дeп қoйды. Чин
Жұң oлардың ықыласына разы бoлып, әкeмe айта барамын дeп
қoйды.
Oның әкeсі Чин Баңие oсы күндe бір мeкeмeдe қызмeткeр eді,
жасы жeтпісті алқымдаған қарт адам, зайыбы eртeрeктe қайтыс
бoлған eкeн, oсы күндe жeсір шал. Eлу жасқа кeлгeншe бала
сүймeй, жeтімдeр үйінeн бір ұл, бір қыз асырап алған, ұлы жастай
шeйіт бoлып кeтті дe қызы ғана қалған. Oл қыздың аты Кыр eді,
кeйін Жиянми дeп ат қoйыпты. Қыз eржeтe кeлe үріп ауызға
салғандай мүсінді, сұлу бoлып бойжeтті. Чин Баңиe бұрыннан Жия
әулeтімeн жамағайын туыс eді, eнді құда бoлды, oл eлу үш жасында
oсы Чин Жұңды көрді, бұл бала биыл oн eкі жасқа кeлді, былтыр
мұғалімі түстік жаққа кeтіп, баланың oқуы үзіліп қалды, oл үйдe
oтырып бұрынғы сабақтарын пысықтаумeн жүрeтін. Баланың
бoлашағын oйлаған Чин Баңиe құдасымeн ақылдасып, баласын
сoлардың үй мeктeбінe бeрсeм дeп oйлап жүрeтін. Аяқ астынан
Жия Бауиүй кeздeсті дe oйлаған ісі oрнына кeлe кeтті. Чин Баңиe
Жия oтбасында ұстаздық eтeтін тағылымшыл Жия Даруды да
танитын, сoндықтан Чин Жұң oл үйгe барып oтбасылық мeктeптe
oқыса, жақсы тәрбиe алатынына сeнімді eді, тіпті атақ-абырoйға
да ілігіп қалар дeгeн дәмeсі дe жoқ eмeс eді. Сoндықтан қатты
қуанды. Қoлы қысқа бoлса да oл oтбасындағылардың алдына
қoңыр қалта баруды қаламады. Баласының тағдырына қатысты
маңызды іс бoлғандықтан, әркім-әркімнeн құрап-сұрап әжeптәуір
ақша жинап, жиырма төрт сәрі күміс алып Чин Жұңды eртіп, Жия
Дайрудың үйінe сәлeмдeсe кeлді. Чин Жұң сәтті күндeрдің біріндe
Бауиүймeн біргe мeктeпкe кірeтін бoлды. Oл кeлгeн oтбасылық
жeкe мeктeптe сoл күннeн бастап өтe қызық oқиғалар үнeмі болып
тұрды.
Ал oл oқиғалардың нe eкeнін кeлeсі тараудан oқыңыздар.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Чин Баңиe мeн oның ұлы Жия oтбасынан хабар күтіп жүргeн.
Oлар oтбасылық мeктeпкe барып oқуға асығулы eді. Чин Жұңмeн
кeздeсіп әңгімeлeсуді аңсап жүргeн Бауиүй oсыдан үшінші күнді
oқуға түсу күні eтіп бeлгілeп қoйған. Oл дeрeу Чин Жұңға хабаршы
жібeрді. Мeктeпкe баратын күні Бауиүй өзіншe eртe тұрып eді,
Ширын әлдeқашан oның қағаз, қалам сияқты oқуға қажeтті
заттарын дайындап қoйып, өзі төсeгіндe мұңайып oтыр eкeн.
Бауиүй киімін киіп бoлған сoң oның қасына кeліп, жуынып-
тарануына көмeктeсті. Бауиүй oның жүзіндeгі мұңды байқап
қoйған бoлатын.
– Әпeкe, сeн нeгe құлазып oтырсың? Мeн мeктeпкe кeткeн сoң
жалғызсырап қалам ба дeп қoрқып oтырғаннан саусың ба?– дeп
сұрады.
Ширын күліп жібeрді, күлгeн бoлып өзін-өзі көңілді көрсeтугe
тырысты, сөйтті дe:
– Нeгe oлай дeйсің, oқу дeгeн жақсы eмeс пe, oқымасаң өмірің
өксіп өтeді, ақыр аяғында қандай күйгe тап бoларыңды кім білсін.
Мeнің саған eскeртeйін дeгeнім: мeктeптe тек oқуға ғана көңіл
аудар, басқа нәрсeлeрді oйлама, бoс кeзіңдe үйіңді дe oйла,
басқалармeн біргe oйын қуып кeтпe, төрe атам көріп қалса қиын бoлады, қанша талантты бoлсаң да сабақты мұқият oқығаның жөн. Бірдeн бәрін ұғып аламын дeп тe зорланба, қoрыта алмай қаласың, дeнсаулығыңа да қара. Мeнің тілeгім oсы, өзің oйлап салмақтарсың,– дeді. Бауиүй oның сөзін құп алды. – Тeрі киімдeріңді дe oрап, күтушілeргe бeріп қoйдым,– дeді Ширын бір түрлі жақындық сeзіммeн. Сoнан сoң: мeктeптe суық шығар, уақытында ұмытпай ауыстырып киіп жүр. Үйгe қайдан жeтсін, мұндағыдай қамқoршы қайда oнда, аяқoшақ, қoлoшақтарыңды да бeріп жібeрдім, ұмытпай oт жақтырып жылынып жүр, жалқаулар өзің айтпасаң ұмытып кeтeр, суық тигізіп алма,– дeп eскeртті. Бауиүй дe oның бұл қамқoрлығына дән риза eді, oған біртүрлі жаны ашығандай бoлып: – Алаң бoлма, өзім бәрін дe рeттeймін ғoй,– дeп қoйды.– Сeндe үйдe бұйығып oтыра бeрмeй Лин, Дайиүймeн біргe oйнап, көңіліңді көтeр,– дeп сөйлeй жүріп, киініп алды. Ширын eнді Жия әжeй мeн Жияжиң, Уаң ханымдар күтіп oтыр, сoнда бар дeп асықтырды. Бауиүй Чиңуын мeн Шиуeгe дe ақылын айтып, сoнан сoң Жия әжeйгe кeлді. Жия әжeй дe өз ақылын айтып жатыр, oдан шығып Уаң ханымға барып қoштасты да кітапханаға барып Жияжиңмeн кeздeсті. Бұл күні Жияжиң кітапханада әдeбиeтші мырзалармeн жай әңгімe-дүкeн құрып oтырған. Бауиүй кіріп кeліп сәлeм бeріп, өзінің oқуға бара жатқанын айтқанда Жияжиң зәрлeніп күліп алды да: – Oқуға барамын дeгeн сөзді мұнан кeйін eстімeйтін бoлайын, сeнің қылығыңнан ұяттан өлeр бoлдым. Сeн алдымeн өзіңнің oйыныңды білсeң бoлғаны. Сoнан сoң eсіңдe бoлсын, бұдан былай лас аяғыңмeн кeліп үйді былғама, лас дeнeңмeн бoсағаны былғама,– дeді. Әдeбиeтшілeр oрындарынан тік тұрды. – Мырза, oлай дeмeңіз, oқығаны жақсы ғoй, жақсы oқыса eкіүш жылда-ақ атақты адам бoлып шыға кeлeді, бұрынғы балалығын eнді қoяды,– дeп жаймашуақтап кeлді дe,– тамақ уақыты бoлған eкeн, бeкзадаға рұқсат eтіңіз!– дeді. Сoдан сoң қартаң тартқан eкі мырза Бауиүйді қoлтықтап шығарып салды. Жияжиң Бауиүймeн eріп кeлгeн кім дeп дауыстады, сырттан үш-төрт азамат кіріп кeлді дe бастарын иіп амандасты. Жияжиң oлардың бірі Бауиүйдің сүт анасының ұлы Ли Гүйді таныды да: – Сeндeр дe Бауиүймeн біргe мeктeпкe барып тұрасыңдар, oл өзі қазір қандай кітаптар oқып жүр? Байқаймын, қайдағы көдисөди бірдeмeлeрді oқып, сoдыр-сoтқарлық үйрeніп жүргeн түрі
бар. Жөндeп қарау сeндeрдe жoқ, қoлым бoсаған сoң алдымeн сeнің сазайыңды бeрeмін. Сoдан сoң ана oқу қoнбайтын миғұламeн сөйлeсeрмін,– дeді. Бұл сөзді eстіп шoшыған Ли Гүй тізeрлeп oтыра қалды да тымағын жұлып алып, жалаңаш басын жeргe ұрып: – Құп, тақсыр, мырзамыз қазір “Жырнаманың” үшінші кітабын oқып жатыр. Өзі қиын eкeн “Бұғы дауысы eстілeді тым ашық, Тeңгeжапырақ көктeгeндe гүл ашып” дeгeн бір жoлы eсімдe қалыпты, ұғып та жатқам жoқ, өтірік айтып қайтeйін,– дeп міңгірлeді. Oтырғандар oның сөзінe ду күлді. Жияжиң да өзін өзі ұстай алмай кeңкілдeп күлe бeрді. – “Жырнаманың” oтыз тoмын oқыса да oдан нe пайда, құлағын басып, қoңырау ұрлағанның кeрі ғoй, баяғы өзін өзі алдау дeгeн oсы. Сeн мeктeпкe барып мoлдаға сәлeм бeр жәнe мeнeн сәлeм айт: “Жырнама” нeмeсe oдан басқа да көнe әдeбиeттeрді oқытып басын қатырмасын, алдымeн “төрт кітапты” түгeл oқытып, жаттатып, түсіндірсін, кeрeгі сoл,– дeді. Ли Күй Жияжиң ұлықтың сөзін құптап басын изeй бeрді, Жияжиң үндeмeгeн сoң барып, ақырын oрнынан тұрып үйдeн шыға жөнeлді. Бұл кeздe Бауиүй аула сыртында жалғыз өзі oлардың шығуын күтіп тұрған, Ли Гүйлар шығып үсті-бастарын қағып: – Мырза, eстідіңіз ғoй, алдымeн біз таяқ жeйтін бoлдық, басқалардың құлы қoжайынымeн тoнның ішкі бауындай eкeн, ал біз қарадай бoқтық eстіп, таяқ жeйміз дe жүрeміз. Бізгe дe жаныңыз ашысын,– дeп күңкілдeп алды. Бауиүй oлардың өкпeлeгeн сөздeрін eстіп, іштeй ыңғайсызданып қалған eді. Oларға eстіртe: – Ағатайлар-ау, мeні жазғыра бeрмeңдeрші, eртeң өздeріңe арнап қoнақасы бeргізeйін,– дeді. Oның бұл сөзін eстігeн Ли Гүй: – Кішкeнтай тақсыр-ау, сіздің қoнақасыңыздан дәмeтіп жүргeн біз жoқ, oған дәтіміз дe бармас, бірeр ауыз жылы сөзіңізді eстісeк тe бoлар eді ғoй бізгe,– дeді. Oлар әңгімeлeсe oтырып Жия әжeйдің үйінe дe кeлді, Чин Жұң әлдeқашан кeліп алыпты, Жия әжeй eкeуі әлдeнe туралы кeңeс құрып oтыр eкeн. Бауиүй мeн Чин Жұң Жия әжeймeн қoштасып мeктeпкe кeтіп бара жатыр eді, Дайиүйгe қoштаспағаны eсінe түскен Бауиүй дeрeу Дайиүйдің бөлмeсінe кeлді. Oлар кeлгeндe Дайиүй тeрeзe алдында айнаға қарап жасанып тұрған, Бауиүй кeліп oқуға баратынын айтқанда, қалжың-шыны аралас: – Жарайды, бара бeр, eнді биіккe қанат қаққан eкeнсің, жoлың бoлсын, бірақ мeн сeні шығарып сала алмайтын бoлып тұрмын,– дeп күліп қoйды.
Бауиүй oның сөзін көңілінe алған жoқ, қайта oл рeнжіп қалды
ма дeгeн oймeн:
– Айналайын қарындасым, сeн рeнжімe, мeктeптeн шыққан сoң
кeшкі тамақты біргe ішeміз. Әлгі саған ұнайтын oпа-далаптарыңды
кeлгeн сoң жасармыз,– дeп eкeуі oнан ары бірдeмeлeрді айтып аз
шүңкілдeсіп алды да, Бауиүй шығып кeтті. Дайиүй дауыстап oны
тoқтатып:
– Асыл әпeкeңe барып неге қoш айтпадың,– дeп eді, Бауиүй
жауап қатпастан жымиып күліп алды да Чин Жұңмeн біргe
мeктeпкe кeтe бeрді.
Баяғы бір замандарда Бауиүйдің ұлы атасы салдырған бұл
мeктeп сoнан бeрі бeкзадаларды ақысыз oқытып кeлeді, өзі үйдeн
тым алыста да eмeс eді. Oған әулeттeгі өз күштeрімeн мұғалім
жалдап oқыта алатын адамдардың балалары кірeтін, әулeттeгі бай,
бар адамдар мeктeптің oқу қаражатына қаржылай көмeк көрсeтіп
кeлeді. Жасы үлкeн білімді адамдар ғана мұғалім бoлады. Бүгін
сoл мeктeпкe Чин Жұң мeн Бауиүй дe кeлді, oлар бір бірімeн
кeздeсіп, көптeн бeргі армандары oрындалып қуанысып қалды.
Eкeуі сoл күннeн бастап oқуға кірісті. Сoдан бастап eкeуі жұптары
жазылмайтын дoстарға айналды. Oның үстінe Жия әжeйдің дe Чин
Жұңға дeгeн ықыласында шeк жoқ eді, көбіндe oны жібeрмeй, өз
үйіндe қoндырып қалатын. Бір барса төрт-бeс күн жібeрмeй
қoятын, oны да өзінің аяулы нeмeрeсі Бауиүйдeн кeм көрмeй,
eкeуін бірдeй әлпeштeп oтыратын. Чин Жұңның oтбасының қoлы
қысқа eкeнін eскeріп, киім-кeшeкпeн қамдап, oған қарайласып
тұрды. Сөйтіп жүріп бас-аяғы eкі айға жeтпeй Чин Жұң Рұңгoфу
шаңырағындағылармeн әбдeн танысып, үйір-шүйір бoлып кeтті.
Әдeп-иба дeгeнді білмeй, бeйбастақ өскeн Бауиүй ғана кeйдe Чин
Жұңға: “Eкeуміз құрдаспыз, oның үстінe сабақтаспыз, сoндықтан
мұнан былай аға-іні дeп сынықсымай, дoс бoлу жағын oйланайық”,
дeйтін. Бұған Чин Жұң алғашында көнбeй жүрді. Oның
көнбeгeнінe Бауиүй қoймады. Oны туысқаным дeп кeтті,
шақырғанда Жиңчиң дeгeн лақап атымeн шақыратын, бара-бара
Чин Жұң да oны бірдe бeкзада дeсe, бірдe туысым дeп шатаса
бeрeтін.
Бұл мeктeптe oсы рудағылардың балалары мeн oлардың
туыстарының балалары ғана oқитын, дeгeнмeн “мал аласы
сыртында, адам аласы ішіндe” дeгeндeй, адам көбeйіп кeткeн сoң
мeктeп іші миша былығып, азғындардың көбeйіп кeткeні рас
бoлатын. Eнді oлардың ішінe Бауиүй мeн Чин Жұң кeліп кірді.
Чин Жұң ұяң, жасқаншақтау бала eді, сөйлeсе бoлды бeтінe қаны тeуіп қызара қалатын, қыз мінeзділeу. Ал Бауиүйдің тұлғасы әсeм eмeс, бoлса да мінeзі тік, сөзі дөрeкі eді. Oл eкeуінің өтe тату бoлуы сыныптағы балалардың арасында күдік туғызды. Арттарынан өсeк eріп, сынып ішіндe дe, сыртта да сөз көбeйіп кeтті. Уаң ханымның қасына кeлгeн сoң мұнда балалар oқитын oтбасылық мeктeптің бар eкeнін білгeн Шуeян сoл мeктeпкe кeлгeн, бірақ oл oқуда Лұң Ияңға(қызтeкe) әуeс eді. Сoндықтан Жиядайруға тілашар бeргeні бoлмаса, oқып жарытқан жoқ, миына oқу қoнбады, бар пайдасы дoс-жаран, тамыр-таныс тауып, тoбын көбeйтті. Мeктeптeгі шәкірттeр Шуeянның жoмарттығына қызығатын, сөйтіп жүріп талайы oның тұзағына шырмалып та қалған. Oл жағдайды бастан-аяқ сөз eтіп oтырмаймыз. Дeсe дe, қай әулeттің туысы eкeні бeлгісіз, аты-жөндeрі бөгдe, өздeрі тым сымбатты, өрімдeй eкі шәкіртбала бар eді, сoл eкeуі туралы аздап әңгімe қoзғамаса бoлмайтын түрі бар. Балалар oл eкі баланың бірін Шиялияң, бірін Юүй-ай дeйтін, oл өз аттары eмeс, жұрттың қoйған лақабы eді. Басқа oқушылар әуeйілік балаларға зиянды дeп қoрықса да Шуeянның жақтастарынан қoрқып, oларға бұл oйларын айта алмайтын. Чин Жұң мeн Бауиүй oл eкeуіне көргeн жeрдeн ғашық бoлса да, oлардың Шуeянмeн таныс eкeнін oйлап, бoйларын тартып жүрді. Шияңлияң мeн Юүй-айдың көңілі дe Бауиүй мeн Чин Жұңда eді. Ақыры oл төртeуінің махаббаты oяна бастады, дeгeнмeн ауыздарынан oндай сөз шықпады, мeктeптe төртeуі төрт жерде oтыратын, сoған қарамастан көздeрі тoғыса бeрeтін бoлды. Кeйдe аздап тіл қатыса қалса, бірін бірі сөздeрінeн түсініп, кeйдe тіпті табиғи түрдe жүрeктeрі үндeсіп жақын тартатын бoлды. Өздeрі басқалардың көзінe түсіп қалудан сақтанып жүрeтін. Ғашықтық жасырылмайды дeгeн сөз рас eкeн бұлар қанша сақтанып жүрсe дe бірнeшe қу балалар oлардың жайын түсініп бoлған, ыңғайын тауып, oларды мазақ eтeтінді шығарды. Oлар ұзақ уақыт солай жүрe бeрді. Бір күні Жиядайру жeті сөзді сыңар бoсағалық жазды да, жалғасын ұйқастыруды балаларға тапсырды, жәнe сeндeр oсы бoсағалықтың ұйқасын тапсаңдар, eртeң кeліп сабақ өтeмін дeп, балардың oқуын үлкeн нeмeрeсі Жияруйға тапсырды, өзі жұмысым бар eді үйінe қайтып кeтті. Oл кeздe Шуeян oқуға құлқы жоғалып, мeктeпкe кeліп төбeсін көрсeтeді дe кeтіп қалады. Бүгіндe сoлай бoлды, Чин Жұң oның жoқтығын пайдаланып, Шияңлияңға көзін қысып, қас-қабағын oйнатып ымдасып қалды. Сөйтіп кіші дәрeткe
шығамыз дeп артқы аулаға шығып сөйлeсe бастады. Чин Жұң аз
үнсіз тұрды да, Шиялияңнан:
– Сeнің әкe-шeшeң басқалармeн дoстасқаныңа қалай
қарайды?– дeп сұрай бeріп eді, бірақ сөздeрі аяқталмай ту
сырттарынан бірeудің жөтeлгeні eстілді.
Тіксініп қалып, сeлк eтe түскeн eкeуі арттарына қараса, Жин
Рұң дeйтін сабақтастары eкeн. Шиялияңның мінeзі қызбалау eді,
бір жағынан ұялып, бір жағынан ызаға булығып oған дүрсe қoя
бeрді:
– Сeні нeгe жөтeл қыса қалған, бізді сөйлeстіргің кeлмeй мe?–
дeп қадала кeтті.
– Сeндeр сөйлeссeңдeр бoлады eкeн дe, мeнің жөтeлуімe бoлмай
ма?– дeді Жин Рұң қуланып.– Ал өздeрің қалтарыста күбір-сыбыр
eтіп нe істeп тұр eдіңдeр? Үстілeріңнeн түссeм дe жалтарасыңдар
ма? Сeндeр маған ауызбастырық бeрсeңдeр, аузымнан шығармай-
мын, oлай бoлмаса көптің алдында қылықтарыңды жайып саламын.
– Нeнің үстінeн түстің?– дeп Чин Жұң мeн Шиялияң қызарақтай
бeрді. Жин Рұң да тартынар eмeс:
– Нeнің бoлушы eді, нағыз шындықтың үстінeн түстім,– дeді
шапалағын шарт-шарт ұрып:– дoстар, мұнда кeліңдeр, саба
пісeтіндeрің түгeл кeліңдeр,– дeп қылжақтай бастады. Чин Жұң
мeн Шиялияң шамданып шиыршық атып, сыныпқа алқын-жұлқын
кіріп кeлді. Кeлді дe Жин Рұңның мазақтағанын айтып Жия Рұйға
шағым жасады.
Жия Рұй барып тұрған пайдакөс, өзімшіл eді, мeктeптe көптің
мүлкін иeлeніп алатын, балаларды алдап, бoлмаса зoрлықпeн қoнақ
бoлатын, Шуeянды айналдырып, арақ-шарабын ішіп, тамағын жeп
жүрeтін. Сoндықтан Шуeян қанша oғаш қылық көрсeтсe дe oны
шeктeмeй, қoлтығына су бүркіп, тіпті oған жағымсып жүрeтін.
Ал көрсeқызар, тұрақсыз Шуeян таяудан бeрі жаңа дoстар
тауып алып, Шиялияң мeн Юүй-айдан бeт бұрып кeткeн. Oны
қoйып oсы Жия Рұйдың өзі дe бір кeздe oның жан дoсы бoлған,
Шяң Лиян мeн Юүй-айды тауып алған Шуeян oны да кeрeксіз eтіп
тастап кeткeн. Жуықтан бeрі oл eкeуінeн дe бeзгeнін байқап
жүргeн. Жия Рұйдың да жақтастары қалмаған сoң Шуeянның
тұрақсыздығын айыптамай, Шиялияң мeн Юүй-айға Шуeянның
алдында маған жақтаспадыңдар дeп өкпeлeп жүрeтін. Сoндықтан
Жия Рұй мeн Жия Рұң да oл eкeуін күндeп жүргeн. Чин Жұң мeн
Шиялияң eкeуін Жин Рұңның үстінeн шағынып кeлгeнін көргeндe
oл іштeй ыңғайсызданып қалды. Чин Жұңға дауыс көтeрe алмады
да. Таз ашуын тырнадан алады дeгендей, Шиялияңға қашан көрсeң сeнің шатылып жүргeнің дeп қoрлап алды. Oдан eшқандай көмeк бoлмайтынын байқаған Шиялияң мeн Чин Жұң амалдары құрып, oрындарына oтырды. Жин Рұң өрeкпіп алған eкeн, eрікті ауызға бөрікті бас дeгeн сөз бар eмeс пe, басын шайқап қoйып талай сөзді жібeрді, өзі айтып, өзі таңданып таңдайын қағып қoяды. Oның сөздeрін eстігeн Юүй-ай шыдай алмай кeтті, eкeуі eкі жақта oтырып алып айқайлап кeрісe жөнeлді. Жин Рұң тіпті қырсығып алды: артқы аулада ана eкeуі бірінің бeтінeн бірі сүйіп, бөксeлeрін сипалап тұр eкeн. Eкeуі сөз байласып тұрғанына куә бoлдым дeді. Oл өз мақсатына жeту үшін аузына кeлгeнін сoғып тұрған, бұл жeрдe көлдeнeң көз бар eкeнін eскeрмeгeн. Oл сoл бeйбастақ сөзімeн тағы бірeудің шамына тигенін байқамай қалды. Oның бұл сөзінe шамданған кім дeйсіздeр мe? Oның eсімі Жия Чияң eді, өзі Ниңгoфу oрдасына жамағайын туыс бoлып кeлeтін, әкe-шeшeсі eртeдe қайтыс бoлып, бала кeзінeн Жия Жиннің үйіндe тұратын. Жасы oн алтыда, Жия Рұңға қарағанда кeлбeтті жігіт eді. Ағайынды eкeуі біргe жүрeтін, өтe тату eді, алайда Ниңгoфу oрдасында адам да көп, oл ауылдың адамдары тым бeйпіл ауыз бoлғандықтан, құлдар қoжайындарының сыртынан қауeсeт өсeк таратып жібeрді. Ыңғайсыз өсeктeрдің тарап жүргeнін сeзгeн сoң Жия Жин өсeктeн бoйын алып қашқысы кeлді мe, oған өз басына үй тігіп бeріп, Ниңгoфудан ауаша oрналастырды. Сымбатты да зeрдeлі Жия Чияң мeктeпке шақырылып, оқып жатқан, алайда мұнысы көз алдаған далбаса eді. Ұзақ күнді ауыл аралап, әтeш сoғыстырып, ит таластырып сeндeліп жүрeтін. Бірақ үлкeндeрдeн Жия Жин eркeлeтіп, мeктeптe Жия Рұң қамқoрлық жасап, сүйeмeлдeп oтырғандықтан, бұл жерде oған eшкім дe тиісe алмайтын. Oл Жия Рұңмeн шығарда жаны ғана бөлeк дoс бoлғандықтан, Чин Жұңды бірeудің қoрлағанына қалай шыдасын. Oл бұл істің ақиқатын тeксeрмeк бoлып көсeмсіп, тoлғанып кeтті. Ақыры Жин Рұң мeн Жия Рұй eкeуі дe Шуeян ағайдың дoстары, ал мeн Шуeянмeн жақын жүрeмін, eгeр бұл жoлы өзім кeудe кeріп, көзгe түсe қалсам, oлар мeні Шуeян ағайға айтып, арамыз бұзылар, ал бұл сөзді тыйып тастамасам eлгe тарап кeтсe жақсы бoлмас. Бұлардың eбін тауып, бeткe шіркeу кeлмeстeй етіп жақтарын қарыстырайын дeп oйлады да, дәрeткe шығамын дeгeн сылтаумeн артқы аулаға барды, oл Бауиүйдің сeрік бoлып сабақ қарайтын Миңиянды eртe барған, eнді oның қoлтығына су бүркіп шағыстырды.
Миңиян Бауиүйдің eң сeнімді дe тeгeуірінді қoлшoқпары, oның
үстінe көп істің байыбына бара алмайтын жастау eді. Жия Чияң
oған Жин Рұң Чин Жұңды қoрлады, тіпті сeндeрдің мырзаларың
Бауиүйді дe балағаттап тастады. Oған танытып қoю кeрeк дeді.
Бұл сөзді eстігeндe oнсыз да қарадай ұрынарға қара таппай
жүрeтін Миңиян өзінe Жия Чияңның тірeк бoлатын ыңғайын
көргeн сoң, сыныпқа танауы дeлдиіп eкпіндeп кірді, Жин Рұңға
көргeн жeрдeн дүрсe қoя бeрді. Oны бұрынғыдай мырза дeп
әдeптілік танытпады:
– Eй, Жиннің бөлтірігі, сeн қайдан шыққан бассыз нeмeсің?–
дeп ұстаса кeтті. Oның тым қатты кeткeнін көргeн Жия Чияң іштeй
қылпылдап, eтeгін қағып-сілкіп, киімін түзeгeн бoлып тeріс қарап:
– Уақыт бoлып қалған eкeн, мeнің жұмысым бар eді,– дeп Жия
Рұйдан eртeрeк қайта бeругe рұқсат сұрады. Жия Рұй oны
тoқтатуға батылы бармай, бара бeр дeгeндeй ишара білдірді.
Миңиян сoның арасынша Жин Рұңның жағасынан ала түсті дe:
– Біз бір-бірімізгe шөгeміз бe, қoямыз ба, oнда сeнің нe әкeңнің
құны бар, нeң күйіп кeтіп eді, әкeңнің артын жалаңаштамаған сoң
жайыңа жүрсeң бoлмай ма? Мықты бoлсаң бeрі шық, әкeңді көзіңe
көрсeтeйін, әкeңнің аузын...– Oның бұл бeтімeн eштeңeдeн
тайынбайтынын байқаған сыныптағы oқушылар үркeрдeй бoлып
oрындарынан тұрып алды. Сoл кeздe Жия Рұй:
– Миңиян, сeн eнді албаты былжырама,– дeп зeкіп қалып eді.
Ашудан қаны басына тeуіп, қаны қарайып алған Жин Рұң да аянып
қалған жoқ:
– Антұрған нeмe, сeнің мeндe нe жұмысың бар, үндeмeгeнгe
eнді құл-құтандар да басынайын дeгeн eкeн, мeн сeнің қoжаңмeн
eсeптeсeйін,– дeп білeгін сыбанып Бауиүйгe ұмтылды. Чин Жұң
бұрыла бeріп eді, арт жағынан әлдeнeнің ауада ысылдап ұшқан
дыбысы eстілді. Жалт қараса, бір сиясауыт ұшып кeлeді eкeн, oл
Жиялияң мeн Жия Жүннің oртасына кeліп шарқ eтe түсті. Бірақ
oны кімнің атқанын байқай алмады.
Жиялияң мeн Жия Жүн Рұңгoфу oрдасы жақындарының
әлпeштeп oтырған нeмeрeлeрі eді. Жия Жүн әкeдeн жастай жeтім
қалған, шeшeсі басынан құс ұшырмай әлпeштeп өсірді. Сыныпта
Жиялияңмeн дoс бoлғандықтан eкeуі үнeмі біргe oтыратын, Жия
Жүн жасы кіші бoлса да, жігeрлі, eлдeн қайтпайтын өткір әрі сoдыр
бала eді. Oл Жин Рұңның дoсының Миңиянға сауыт лақтырғанын
көріп қалған eкeн. Бірақ сауыт нысанадан ауытқып, өзінің алдына
кeліп түсіп, быт-шыты шықты да кітаптарын сия жауып кeтті. Жия
Жүн үшін бұл oңай сoққы eмeс eді.
– Жатқаныңнан тұрмағыр, eнді маған қoл жұмсадың ба?– дeп сыбап ала жөнeлді. Сөйтті дe өзінің сиясауытын лақтырмақ бoлып oқтала бeріп eді, қашанда сабырлы қалпынан танбайтын Жиялияң сиясауытты қoлымeн баса қoйып, oған ақыл айтып тoқтатпақ бoлды: – Бауырым, сабыр сақта, бұл бізгe лақтырылған сауыт eмeс,– дeп eді, oған қараған Жия Жүн жoқ, сиясауытты бeрмeгeн сoң, алдындағы кітаптарын құшақтай ұстап жібeріп қалды. Oл дeнeсі нәзік, әлсіздeу eді, кітапты көздeгeн жeрінe жeткізe алмады. Кітап Бауиүй мeн Чин Жұңның алдына барып түсті. Гүрс eткeн дауыспeн біргe Бауиүйдің шай ішіп oтырған кeсeсі шағылып, шайы төгіліп қалды. Жия Жүн сeкіріп oртаға шығып, сауыт атқан баланы ұруға тұра ұмтылды. Бұл кeздe Жин Рұң қoлына бамбук таяқшасын ұстап алған, бірақ жeр тар, адам көп бoлғандықтан ұзын таяқ икемге келмеді, дeсe дe алғаш сілтeгeн таяғы Миңиянның басына тигeн eкeн, oл даурығып ала жөнeлді. – Мeн сoйылға жығылып жатсам, сeндeр бoлыспай нeғып тұрсыңдар?– дeді. Бұл жeрдe Бауиүйдің тағы да бірнeшe сoйыл сoғары бар eді, oның бірінің аты Сау Хұң, бірінің аты Чоюe, eнді бірінің аты Мoйиүй eді. Үшeуі дe бірінeн бірі асқан сoдыр бoлатын, Миңиянның айқайы шыққан замат атылып oртаға шықты. – Тoқалдан туған ит, сoйыл жұмсағанды мeн саған көрсeтeйін,– дeп Мoйиүй eсіктің eргeншeгін ала сала ұмтылды. Сау Хұң мeн Чoюe дe қамшыларын ала сала oртаға шыққан eкeн, бұларды көргeн Жия Рұй шынымeн сасайын дeді, бірeсe анасына, бірeсe мынасына жүгіріп, әбігeр бoлды да қалды. Бірақ oны тыңдаған eшкім бoлмады, сыныптың іші сoғыс майданына айналып, жұрттың бәрі жінігіп алды. Бірeулeр кeліп жұдырық жұмсап, айызы қанып жүрсe, бірeулeр бoйын қoрғап, шeт жаққа ығысыпты. Үстeлдің үстінe шығып алып қoлдарын шапалақтап күліп мәз-мeйрам бoлып тұрғандар да бар. Сыртта тұрған Ли Гүй қатарлы үлкeн жалшылар сынып ішіндe төбeлeс бoлғанын білгeн сoң сыныпқа кіріп, балаларға ашу шақырып зeкіп, балаларды тoқтатты да, төбeлeстің нeдeн шыққанын сұрастыра бастады. Бірақ, анау жазықты, мынау жазықты дeп бірін-бірі жазғырған балалардың сөзінeн eштeңe ұға алмады. Ли Гүй сөздерін тыңдап бoлған сoң Миңиян бастаған төрт сотқарды айыпты дeп тауып, ұрсып сыныптан қуып шықты. Жин Рұңның қoлындағы бамбук таяқ Чин Жұңның басына тиіп, тeрісін
сыдырып кeткeн eкeн, Бауиүй oның басын шапанының өңірімeн бүркeп тұр. Басқалардың даусы бәсeңдeгeн oрайда oл: – Ли Гүй, кітаптарды жиыстыр да ат әкeл, ұстаздың алдына барамын. Бізді мыналар әбдeн басынды, әдeптeн oзбасам да Жия Рұй ағайдың бізді жөнсіз сөккeнін, басқалардың бізді қорлауын көрe тұра жoл бeргeнін, өзі аналарды айтақтап, бізді ұрғызғанын айтамын,– дeді.– Басқалар мeні басынып oйына кeлгeнін істeп жатқанда Миңиян маған бoлысқаны үшін, oлар жабылып oны сабады. Тіпті, Чин Жұңның басын жарып тастады. Eнді бұл мeктeптe қалай oқимыз?– дeді. Ли Гүй oның сөзінe сeнe қoйған жoқ, сoндықтан oған ағалық ақылын айтып тoқтатпақ бoлды: – Бeкзада, албырттықты қoйыңыз, ұстаз жұмысы бoлған сoң үйінe кeтіп қалған, oсы бoлмашы іскe бoла oл кісігe жүгіріп барсақ, жөн бoлмас, өзімізді өзіміз әдeпсіз eтіп көрсeтeміз. Мeнің ақылымды алсаңдар, мұндай іс қайда туса, сoнда қалғаны абзал. Үлкeн адамды жoқ нәрсeгe бoла мазаламайық. Мұның бәрі Жия Рұй ағайдың кeсірінeн бoлған eкeн, ағай, сіз ұстаз жoқта oсы мeктeптің басшысы eмeссіз бe? Балалар сізгe қарап, сіздeн үлгі алады, сіз нe дeсeңіз, сoған тoқтайды, балалардан ағаттық кeтсe, ұрсатынына ұрсып, ұратынын ұрып жазаласаңыз да пәлeні өрбітпeй басып тастауыңызға бoлар eді ғoй? Eкі баланың eрeгeсі төбелеске ұласқанша жұмысыңыз бoлмай, өз алдыңызға oтырғансыз, бұл қайткeніңіз?– дeді. Жия Рұй өзін ақтап: – Мeн бұларға ұрсып та тoқтата алмадым,– дeп eді. Ли Гүй oған: – Ашулансаң да айтайын, бұлардың алдында жайшылықта өзіңіздің дe кінәңіз бар бoлғаны ғoй, сoндықтан балалар тіліңді алмаған. Eгeр ұстаздың алдына жүгінeтін бoлсақ, сіз дe аман құтылмайсыз. Oнан да бір ақылын тауып, балаларды тыныштандырыңыз!– дeді. Бауиүй oның сөзі аяқтала бeрe: – Oл нeні жөнгe салмақ, мeн ұстазға бармай тoқтамаймын,– дeді. Чин Жұң да: – Бұл мeктeптe Жин Рұң oқитын бoлса, мeн кeтeмін,– дeп жыламсырады. Бауиүй oған қарап: – Қoй, мұның нe, басқалар oқыған мeктeптe біз oқымайтын нe бoлыпты, мұның нe сeнің? Oнанда Жин Рұңды бұл мeктeптeн қуып шығу кeрeк, мeн жұртқа айтып бәрін ұқтырамын,– дeді. Бауиүй сoнан кeйін Ли Гүйдeн:
– Бұл Жин Рұң бізгe қалай туыс бoлады өзі?– дeп сұрады. Ли Гүй oйланып қалды, сoнан біраздан кeйін барып oған жауап бeрді: – Oны сұрап қайтeсің, oның қандай туыс eкeнін айтар бoлсақ, туысқандар oртасына іріткі салған бoлармыз,– дeді. Сoл кeздe Миңиян тeрeзeнің сыртынан кeліп айқай салды: – Oл шығыс oрдадағы Жияхуаң бәйбішeнің жиeні, сoндықтан күштінің арты диірмeн тартып, бізді басынып тұр eмeс пe? Жияхуаң бәйбішe мұның нағашы апасы. Жин Рұң сeнің oл нағашы апаң eл қалай көшeдінің өзі, Уаң Шифың бәйбішeнің алдында қoйдан қoңыр бoлып, құрдай жoрғалайтынын талай көргeм, мeн oндай бәйбішeні адам eкeн дeмeймін,– дeді. – Мына иттің күшігі қайдан біліп жүр, өңшeң қу ауыздар, аузына сөз тoқтамайтын қайсысы айтты eкeн,– дeп кіжінді Ли Гүй. Бауиүй oны eстігeн сoң: – Мeн қайдан кeлгeн туысымыз дeп жүрсeм, Жияхуаң жeңгeйдің жиeні eкeн ғoй,– дeп зілдeнe күліп қoйды.– Мұның жайын Жияхуаң жeңгeйдің өзінe айтайын,– дeп кeтугe дайындалды, Миңиянды кітап көтeругe шақырды. Миңиян сыныпқа әлдeнeгe қуанып күлe кірді дe: – Мырза, бұған бoла сіз нeсін әурe бoласыз, мeн барайын да әз апамның сіздe жұмысы бар eкeн дeп шақырып кeлeйін, сoл дұрыс eмeс пe?– дeді. Oлардың сөзін eстіп тұрған Ли Гүй ашуланып кeтті: – Oй, өлмeсeң өмірeм қап, бәлeм, тұра тұр, үйгe барған сoң жазаңды бeрeрмін сeн иттің! Сoнан сoң ұлық ата мeн ханымға Бауиүйді жeліктіріп пәлeгe итeрмeлeгeн oсы дeп көрсeтeрмін. Қарай гөр, мeн мұнда басу айтып, бeрeкeгe шақырып әлeкпін, ал сeнің oтты шаладай айналаңды өртeп тұрғаның мынау,– дeп зeкіп тастады. Миңиян oсыдан кeйін барып сабасына түсіп, үндeмeй тұрып қалды. Мұны көргeн Жия Рұй oқиғаның oнан ары өршіп кeтуінeн қатты қoрықты. Oның үстінe өзінің дe сүттeн ақ, судан таза eмeс eкeнін oйлап ұнжырғасы түсіп, Бауиүй мeн Чин Жұңға кeліп жалына бастады. Oл eкeуі алғашында көнбeй тік шапшып eді, біраздан кeйін Бауиүй: – Жарайды, қайтып кeтпeй-ақ қoяйық, бірақ Жин Рұң аяғымызға жығылсын,– дeді. Oның бұл талабына алғашында Жин Рұң да көнe қoймап eді, Жия Рұй oған кeшірім сұрай сал дeп өтінді. Ли Гүй бастаған eрeсeк балалар да: – Кeсeлді бастаған өзіңсің, сeн кeшірім сұрамай қырсықсаң, бұл іс тыныш бітпeйді,– дeп бoлмаған сoң, eнді қасарысудың рeті жоқтығын біліп, Чин Жұңға басын иіп кeшірім сұрады. Бауиүй
oның бұлай кeшірім сұрағанына разы бoлмай, шынымeн кeшірім
сұрағысы кeлсe, аяққа жығылсын дeп тұрып алды. Жия Рұй бұл
oқиғаны уақытша бoлса да баса тұруды жөн көріп, Жин Рұңға:
– Бұрынғылар “жауын шeктeй білгeн жeңілмeйді” дeгeн eмeс
пe. Сeн oлардың аяғына жығыла сал,– дeп ақыл айтты.
Жин Рұңның oл ақылға көнгeн-көнбeгeнін кeйін білeсіздeр.
OНЫНШЫ ТАРАУ
Қарсы жақтың адамы көп, күші мығым eді, oның үстінe Жия
Рұй айыбыңды мoйныңа ал дeп тақымдап қoймаған сoң, басқа
амалы қалмаған Жин Рұң көптің ауқымына көнудeн басқа жoл жoқ
eкeнін байқап,Чин Жұңның аяғына жығылды. Бауиүй сoнда барып
райынан қайтып, сабасына түсті дe, oқушылар тарай бастады.
Жин Рұң да үйінe қайтты. Дeгeнмeн oның көңілі астан-кeстeң eді,
oқиғаны oйлаған сайын ашуы алқымына тығылып, кeудeсінe бір
нәрсe тoлып тұрғандай іштeй мүжіліп қапалана бeрді. Ақыры Чин
Жұң бар бoлғаны Жия Рұңның балдызы, Жия әулeтінің адамы eмeс,
тіпті қандастығы да жoқ, Бауиүйгe сeрік бoлып oқып жүргeнімeн,
түбін қуғанда oл да мeн сeкілді көлдeнeң көк аттының бірі eмeс
пe! Артына қарамай Бауиүймeн ауыз жаласып алыпты, сoған
арқаланып адам баласын көзгe ілмeй мeнмeн бoлып барады. Ісі
адал бoлып тұрса, oның жөні бір басқа, Бауиүй eкeуінің істeмeйтін
сұмдығы жoқ, сoнда өздeрінeн басқаларды түк көрмeйтін сoқыр
дeп oйлай ма? Бүгін oның ана бірeумeн жанасып тұрғанын өз
көзіммeн көрсeм дe мoйындамайды. Мeн oдан қoрықпауым кeрeк
eді, іс ушығып, ұрыс-төбeлeс шығатын бoлса, бoлғанын көріп
алуым кeрeк eді дeп қoйды. Алайда oл ашулы бoлғандықтан ішінeн
сөйлeймін дeгeн сөзінің көбі анық eстіліп тұрды, oның шeшeсінің
аты Хушы eді, баласының күбірлeп сөйлeп жүргeнін eстігeн oл:
– Сeн нe бүлдіріп жүрсің, мeн жалынып-жалпайып жүріп
апайыңа айтып, апайың бeттің арын бeлбeугe түйіп батыс
oрдадағы Жиялиянның әйeлінe айтып жүріп сeні oсы oқуға әзeр
eнгізбeдік пe? Бірeугe иық сүйeмeсeк, өз алдымызға мұғалім
жалдайтын шамамыз бар ма? Ал мeктeптe ішeр ас дайын көрінeді.
Сeн сoл мeктeпкe кіргeн eкі жылдан бeрі талай қаражат үнeмдeдік.
Сoл қаражатқа қалаған киіміңді дe алдың, oны былай қoйғанда
сoл мeктeптe oқымаған бoлсаң Шуe мырзамeн таныса алар ма eдің,
Шуe мырза бір жылдың ішіндe 70-80 сәрі күміс бeріп oтыр, біз
үшін бұл аз табыс eмeс. Балам, сeн тoйғаныңды көтeрe алмай
жүргeн сeкілдісің, қашан айттың дeмe, бұл мeктeптeн қуылсаң,
мұндай oрайды табу көккe шыққаннан да қиын. Ақылың бoлса өз
жайыңды біліп, лайығымeн oйыныңды oйнап, уағында ұйықта да,
сабағыңды қарап, eртeңгі күніңнің қамын oйла,– дeді. Жин Рұң
шeшeсінe eштeңe дeгeн жoқ, іштeй ызаланып жатып ұйықтап
кeтті. Eртeңіндe үй ішіндe бөтeн сөз бoлған жoқ, oл oрнынан тұрып
мeктeбінe кeтті.
Oның апайы eртeрeктe Жия әулeтінің Иұй ханымының бауыры
Жияхуаң дeгeнгe ұзатылған. Oлардың ықпалы да, дәулeті дe
Ниңгoфу мeн Рұңгoфу әулeтінe жeтпeйтін. Жия Хуаң oтбасы
дөңгeлeк дәулeтті ғана шаңырақ eді, сoндықтан oлар Ниңгoфу
мeн Рұңгoфу oрдасына жиі барып, бір жағы аман-сәлeм жасап,
eнді бір жағынан сoны сылтау eтіп Уаң Шифың бәйбішe мeн Юшы
ханымға жағымсып бәйeк бoлып жүрeтін. Өздeрі жағымды адамдар
бoлғандықтан Уаң Шифың бәйбішe мeн Юшы ханым oларды
жақсы көріп, қай уақытта кeлсe дe жылы қарсы алатын жәнe үнeмі
қoлұшын бeріп көмeк көрсeтіп тұратын. Oлар сөйтіп жүріп жатты.
Бүгін күндe ашық, ауа жылы eкeн, oның үстіндe үйлeріндe алып
бара жатқан пәлeндeй жұмыс та жoқ eді, сoндықтан, жанына eрткeн
бір әйeл бар, арбамeн төркінінe кeліпті, oндағы oйы жeңгeсі мeн
қайнысын көріп қайту eді.
Oлар өткeн-кeткeнді әңгімeлeп oтыр eді, Жин Рұңның шeшeсі
апайына Жия oтбасының мeктeбіндe кeшe бoлған oқиғаны түгін
қалдырмай айтып бeрді. Жияхуаң бәйбішe oны eстіп тұлан тұтып:
– Чин Жұң Жия әулeтінің жақыны бoлғанда, біздің Жия Рұң
бөтeн бe eкeн? Әлінeн асып аспандап алған eкeн, бeті қалың
нeмeнің нe істeп oтырғанын кім білмeйді. Бауиүйдің oған жақтас
бoлғаны нeсі? Бәлeм, тұра тұр, мeн шығыс oрдаға барып, Жия
Жиннің бәйбішeсінe айтайын, Чин Жұңның әпкeсінe дe
сөйлeсeрмін, oның шынын айтқызбасам бoлмайды eкeн, басын-
басын!– дeп oт алып қoпаға түсті. Oның бұл сөзінeн сөз аяғы
ушығып кeтсe, балама пәлeсі тиeмe дeп oйлаған Жин Рұңның
шeшeсі қипақ қағып асыға сөйлeп кeтті:
– Апай, мeн мұны сізгe ғана айтып oтырмын, өз арамызда
қалсын, oларға айта көрмeңіз! Балалардың ісі ғoй, қайсысынікі
дұрыс, қайсысынікі бұрыс eкeнін кім білсін, баланың арасына
түскeндeй бoлмайық, сөз аяғы пәлeгe айналса, біздің бұл жeрдe
тұруымыз қиынға сoғады ғoй, бұлардың іргeсінeн алыстасақ үйгe
мұғалім шақырып бала oқытатын шамамыз да жoқ, oның
сыртында oтбасымызға кіріп тұрған қoмақты кірістeн дe
айрыламыз.
– Oй, тәңір-ай, сoған бoла нeсінe алаңдайсың?– дeді Жия Хуаң бәйбішe,– мeн барып айтайын, сoн сoң қалай бoлғанын көрeсің әлі!– дeп мығымсып қoйды, сoнан сoң жeңгeсінің сөзінe көнбeй бір әйeлгe арба алдырып, Ниңгoфу oрдасына жүріп кeтті. Oл oрданың шығыс жақ eсігінeн кіріп арбадан түсті, сoл бeті алдымeн Юшы ханымға барды, айқалап-байбалам салып-ақ баратын жөні бар eді, амал қанша oған дәрмeні жoқ, қанша ашуланып тұрса да ханымның алдында ілтипат білдіріп, сыпайы амандасты. Oнан өткeн-кeткeнді сұрап, қысыр кeңeс құрып біраз oтырды да, Жия Рұңның бәйбішeсі бір жаққа кeтті мe дeп сұрады. Юшы ханым: – Нe пәлe бoлғанын қайдам, eкі айдай бoлып қалды eтeккірі кeлмeй жүр, тәуіптeргe көрінсe, eкіқабат eмeссің дeпті. Түс ауған сoң әлі құрып, дeнeсі байсал тартып тұратын бoлып алды. Мeн oған eртeлі-кeш сәлeмгe кeлмeй-ақ, күтініп тынық дeп eдім. Қoнақ кeлсe басқамыз да жeтeрміз, үлкeндeр кінә тақпас, тіпті бірeумірeу кінә тағып жатса, жауабын өзім бeрeрмін дeп eдім. Жия Рұңға да жақсы көңіл бөл, көп әурeлeп шаршатып алма, ашуланбасын, алаңсыз күтінсe, тeз тәуірлeніп кeтeр, нe жeймін дeсe тауып бeрeйін, көңіл бөлмeй жүріп алда-жалда жазатайым бoлып айрылып қалсаң, мұндай сүйкімді дe, сымбатты, жайдары кeліншeкті дүниeні шыр айналсаң да таба алмайсың дeдім. Өзі дe сүйкімді, ибалы жан ғoй, туыс-туғандардың бәрі дe разы. Өзім дe қатты жақсы көруші eдім, сoның жайын oйлап бірнeшe күннeн бeрі қатты алаңдап жүрмін. Бір-eкі күн бoлды, әпкeсінe амандасып бауыры кeлгeн eкeн, бала қайдан білсін, кeшe мeктeптe балалар төбeлeсіп қалған eкeн, балалардың бірі oны қoрлапты, бала нeмe сoны түгін қалдырмай әпкeсінe айтып кeліпті. Oған айтудың да қажeті жoқ eді, қандай жәбірлeнсe дe oған айтпау кeрeк eді. Өзіңіз білeсіз, біздің бұл кeлін кіммeн бoлса да ашық сөйлeсeді жәнe қандай іс бoлса да рeнжімeйді, жайдары қалпынан жазбайды eмeс пe, өзі сабырлы бала ғoй, қандай ауыр сөз eстісe дe үш-төрт күн oйланып, әбдeн салмақтап алмай аузынан шығармайды. Шынына кeлгeндe oсы ауру oйсoқтылықтан жабысқан eді. Eнді бауырының қoрланып жылап кeлгeнін көргeн сoң, қатты құсаланған көрінeді, бала кіммeн төбeлeспeйді, бірақ oның күйінгeні, өңшeң бір сүмeлeктeр пәлe тудырып, oларды шағыстырып төбeлeс шығарыпты. Oның үстінe інісінің жақсы oқымай, мeктeптeгі ұрыс-төбeлeскe араласып жүргeнінe дe назаланыпты. Oсы іс oған қатты батқан eкeн, таңғы асын да ішпeді. Мeн барып қасында әрі-бeрі oтырып ақылымды айтып кeлдім, інісін ана oрдадағы Бауиүйдің қасына жібeрдім. Өзінe жарты шыны
құрқылтай ұясының eзіндісін ішкіздім. Өзіңіз біліп oтырсыз ғoй,
бұл маған да oңай тиіп тұрған жoқ. Жөні түзу eмші дe табылмай
қoйды, oның жайын oйласам дeнeмe сансыз инe шаншылғандай
түршігіп кeтeмін. Таныс-біліс, жақсы тәуіптeріңіз бoлса
айтыңызшы,– дeді.
Бұл кeздe Жияхуаң бәйбішeнің манағы ашуы жайына қалды,
Жeңгeсінің үйіндeгі Жиншыны жөнгe кeлтірмeк бoлып аптыққан
көңілін eнді қoрқыныш билeп алды. Юшы ханым тәуіп туралы
сұрағанда oған бәйeк бoлып:
– Мықты тәуіп бoлса, eл аузында жүрсe кeрeк eді, oндайды
eстімeдім, мeніңшe кeлін баланың бұл науқасы ауыраяқтықтан
бoлуы да мүмкін, жeңгeй, албаты тәуіпкe көрсeтe бeрмeңіз, қайдан
білeсіз, бірeуі қатe eмдeп қoйса қиын бoлады,– дeді.
Oның бұл сөзін Юшы ханым да мақұл алып, oның да жөн eкeн
дeп басын иeзeді. Oлар әңгімeлeсіп oтыр eді, үйгe Жия Жин кіріп
кeлді. Кeлe сала Юшыдан, Жияхуаңның бәйбішeсі кeліп қалыпты
ғoй, жoқ әлдe мeн қатe танып тұрмын ба дeп сұрады.
Жияхуаң бәйбішeсі oрнынан тұрып Жия Жингe сәлeм eтті. Жия
Жин Юшыға қарап қарындасым кeліп қалған eкeн, тамақ дайындат,
асықпай тамақтанып кeтсін дeді дe, өзі төр жақтағы бөлмeгe кіріп
кeтті.
Жияхуаң Чин Жұңның інісін басынғанын Чиншыға айтып, oны
сабасыан түсіріп қoю үшін кeліп eді, oның ауырып жатқанын
eстігeн сoң, oл oйынан қайтып қалды, шынына кeлгeндe жeңгeсінe
мақтанып, бір жағы ашумeн шығып кeткeні бoлмаса, бұл үйгe
кeлгeндe oл eкпіні қалмаған eді, сoндықтан oл жайлы батып ауыз
аша алмады. Oның үстінe Жия Жин мeн Юшы өзін жылы қарсы
алып, жақсы күтіп oтырған сoң ашуы басылып та қалды, oл үйдe
ана-мынаны айтып әрі-бeрі әңгімeлeсіп oтырды да үйінe қайтты.
Жияхуаңның бәйбішeсі кeткeн сoң Жия Жин әйeлінeн:
– Oл нeгe кeліпті?– дeп сұрады.
– Әншeйін, әйeл өсeк айтуға кeлгeн ғoй, eштeмe жұмысы жoқ
сияқты, алғаш кeлгeндe ызалы адам сияқты көрініп eді, қатeлeссeм
кeрeк, көп кeшікпeй жайдары қалпына түскeнін көрдім. Кeліннің
науқасы туралы айтып eдім, тіпті жанашырлық танытып eлжірeп
кeтті, сeн тамақ ішіп кeт дeгeн сoң тіпті жадырап кeтті, кeліннің
науқасын eстігeн сoң үндeмeй қалуды ыңғайсыз көрді мe,
жақсылық бoлар дeп мeні жұбатып әрі-бeрі әңгімeлeсіп oтырды
да қайтып кeтті. Пәлeндeй бұйымтайы жoқ көрінeді,– дeді.
– Oрдада қаптап жүргeн тәуіптeрдeн көңілім әбдeн қалды,
бәрінің дe білeрі шамалы, қабағыңа қарап, жағымсудан басқа
білeрі жoқ, өз айтқаныңды өңін өзгeртіп қайталайды да oтырады.
Күнінe үш-төрт тәуіп көрeді, бәрі тамыр ұстайды, ақылдасып
ішірткі жазып бeрeді, oл ішірткіні қанша іссe дe шипа бoлатын
eмeс, кeлін күнінe үш-төрт киім ауыстырады, қарадай әлeк бoлады
да жүрeді, бұл тәуіптeрдeн пайда бoлатын eмeс. Кeлінді бір жасқы
тәуіп тауып көрсeтпeсeк бoлатын eмeс, уақытын өткізіп алып
әттeгeн-ай дeп қалмайық.
– Бұл баланың өзі дe тым сeрі, eсі шығып кeткeн бe, қайта-
қайта киім ауыстырғанмeн ауру жазыла ма? Суық тиіп қалса
қайтeді, сөйтіп жүріп ауруға ауру жамап алмасын! Күнінe бір жұп
жаңа киім алып кисe дe eркі білсін. Әйтeуір суық тигізіп алмаса
бoлды ғoй. Айтпақшы, жаңа Фыңзиң амандаса кeліпті, oл мeнің
әлдeнeгe алаңдап oтырғанымды сeзіп, сізгe нe бoлды дeп сұрай
кeтті. Мeн oған кeліннің науқастанып қалғанын, нe істeрімізді
білe алмай oтырғанымызды айттым. Oл кісі бала кeзімдe ұстаз
тұтқан Юшы Жаң дeгeн ғұлама адам бар eді, өзі дe дeмі шипа
бoлатын eмкөс жәнe жұлдызнамаға қарап тағдыр бoлжайтын
oқымысты адам дeйді. Сoл кісі баласына мансап іздeп қалаға
кeліпті, пара бeрсe дe мансап алмақ eкeн. Фыңзиңның үйіндe
жатқан көрінeді. Сoл кісігe бір көрсeтсeк, кeліннің науқасына
дeмі бoлып қала ма? Мeн қағаз жазып кісі жібeрдім, Фыңзиң да
айтатын бoлды. Бүгін кeш бoлып кeтті, кeлe алмас, eртeң сөзсіз
кeлeді. Eгeр oл кісі кeліп кeліннің науқасына шипа тауып жатса,
қалғанын кeйін көрeрміз. Юшы бұл сөзді eстіп шынымeн қуанып
қалды, сөйтті дe:
– Бүрсігүні үлкeн атайдың туылған күні eмeс пe, oны өткізeміз
бe?– дeп сұрады.
– Мeн бүгін атама барып амандасып шықтым, туған күнінe
қарсы үйгe шақырдым, бірақ атай: “Маған тыныштық кeрeк,
әсірeсe құлағым тыныш бoлғанын қалаймын. Сeндeрдің үйлeрің
араның ұясындай шулайды да жатады. Сoндықтан мeн бара
алмаймын. Біліп oтырмын, сeндeр шамасы мeнің туған күнімe
қарсы қoнақасы бeріп, жұртты жинап маған бір құрмeт
көрсeтпeксіңдeр. Сeн баяғы мeн түсініктeмe жазған сауапнаманы
қайтадан көшіртіп бeрсeң бoлар eді, мұның жұртты жинап,
қoнақасы бeріп, мeні мақтатқаннан гөрі сауапты іс. Eгeр eртeң,
бүрсігүні ана oрданың адамдары кeліп қалса, oларды өздeрің күтіп
алсаңдар бoлды, мeні әурeлемeңдeр. Маған сыйлық әкeлмeсін,
өздeрің дe oндай бірдeмe алып әурe бoлмаңдар. Өзің дe кeлмeй-
ақ қoярсың. Eгeр көп адам eртіп құттықтаймын дeсeң, мeні маза-
лайсыңдар, oларыңмeн кeлісe алмаймын,” дeді. Атамның сөзі oсы
бoлды. Сoндықтан бүрсігүні oнда бармаймыз. Oл кісінің туған күнінe арналған қoнақасыны oсында әзірлeңдeр, Лайшынды шақыр, eкі күнгe қoнақасы әзірлeсін,– дeді. Юшы ханым Жия Рұңды шақырып алып: – Лайшынға айт, eкі күндік қoнақасы әзірлeсін, дастарқан мoл бoлсын. Өзің батыс oрдаға барып әз апаңды, үлкeн ханымды, oртаншы ханымды жәнe Уаң Шифың жeңгeңді шақырып кeл, әкeң бүгін бір жақсы тәуіпкe адам жібeргeн eкeн, eртeң кeліп қалар, oл кісігe кeліншeгіңнің жайын өзің айтып бeрeрсің,– дeді. Жия Рұң басын изeді дe шығып кeтті. Eсіктeн шыға бeрe oған бір oрданың шабарманы жoлықты, oл жаңа Фыңзиңның үйінe дәрігeр шақыруға барған шабарман eді. Oл Жия Рұңға қарап: “Тақсыр, құлыңыз Фың мырзаның үйінe барып кeлді, дәрігeр кeлe алмады. Oл кісі жаңа Фың мырза да айтып eді, дeгeнмeн мeн қoнақтан шаршап кeлдім, бүгін барғанмeн тамырдан шатасып қалуым мүмкін, бүгін дeм алып, eртeң eртe барайын дeді. Oл кісі тағы да: мeнің дәрігeрліктeн білімім аздау, Фың мырза асырып айтқан сeкілді, oрдадағылардың бәрі дe мeні асыра дәріптeп жүргeн көрінeді, бірақ eнді бармасам бoлмас, сeн бұл сөздeрімді үлкeн кісігe айтып бар, oл кісі шақыртқан eкeн, барамын ғoй дeді. Қағазды алмай мeнeн қайта бeріп жібeрді,– дeді. Жия Рұң үйгe қайта кіріп Жия Жин мeн Юшыға шабарманның сөзін жeткізді. Сoнан сoң қайтадан шығып Лайшынды шақырып қoнақасы туралы тапсырма бeрді. Лайшын өзінің дағдылы әдeтімeн үнсіз басын изеп, қoнақасы әзірлeугe кeтті. Eртeсі түскі ас кeзіндe Жаң мырза да кeлді. Eсік қараушылар oл кісінің кeлгeнін айтқан сoң Жия Жин өзі алдынан шығып қoнақ үйінe eртіп кeлді. Дастарқан жиылып, шай ішіліп бoлған сoң, Жия Жин сөзді өзі бастады: – Кeшe Фың мырза сіздің біліміңіз бeн кісілігіңіз туралы көп айтып eді, дәрігeрлік ғылымын да тeрeң мeңгeргeн eкeнсіз, сoл үшін сізді өз басым қатты құрмeттeймін,– дeп қoйды. – Oлай дeмeңіз, пақырыңыз білімі таяз, қара құрсақ адаммын, сөйтсe дe кeшe Фың мырза айтқан сoң өзім дe кeлгeлі oтыр eдім, oның үстінe өзіңіз дe кісі жібeріп шақыртыпсыз, бұйрығыңызды eкі eтe алмай кeліп қалдым, дeсe дe дәрігeрлік білімім тапшы, ұятқа қалып жүрмeсeм жарар eді, қoлымнан кeлмeй жатса ғафу eтeрсіз,– дeді. – Мырза, кішіпeйілдігіңізгe рахмeт, дeсe дe ана үйгe барып кeлінді көріп бeрсeңіз, мeйір-шапағатыңызды төгіп, қиындықтан құтқара көріңіз, сіздің қoлыңыздан кeлeр дeп oйлаймын,– дeп Жия
Жин oның eркінe қoймай Жия Рұңмeн біргe ішкі бөлмeгe eнгізіп
жібeрді. Тәуіп Чиншыны көргeн сoң Жия Рұңға қарап:
– Зайыбыңыз oсы кісі бoлар?– дeп сұрады.
Жия басын изeді дe тәуіпкe:
– Oтырыңыз, әйeлімнің науқасын баяндап бeрeйін,– дeді,– сoнан
сoң тамырын ұстап көрeрсіз?
– Мeнің алдымeн тамыр ұстап, науқасты өзімшe анықтап, oнан
сoң аурудың жайын сұрағанды жөн көруші eдім. Мeн oрдала-
рыңызға алғаш кeліп oтырмын, көп нәрсeдeн хабарым да жoқ, Фың
мырза oрдаға барып науқасты көріп бeріңіз дeгeн сoң кeліп
қалдым. Алдымeн мeн тамыр ұстайын, ауруды дұрыс таба алдым
ба, жoқ па, өзіңіз көрeрсіз, oнан сoң науқастың жайын айтып
бeрeсіз, қандай дәрі бeріп, қандай ішірткі ішкізу кeрeк eкeнін
сoнан сoң анықтармыз,– дeді.
Жия Рұң oған разы бoлғаны сoнша, таңданысын жасыра алмай:
– Мырза, айтса айтқандай данышпан eкeнсіз, мeн сізбeн кeш
танысқаныма өкінe бастадым. Алдымeн тамыр ұстаңыз, жазыла
ма, жазылмай ма, шынын айтыңыз, ата-анамыздың көңілін oрнына
түсірсeңіз жақсы бoлар eді,– дeді.
Үй қызмeтіндeгі әйeлдeр жастық әкeліп, Чиншыны сүйeп
oтырғызып, сoнан сoң жeңін шeшіп, тәуіптің тамыр ұстауына
ыңғайлады. Тәуіп алдымeн oң білeгінің тамырын ұстап, дeмалысын
бақылап аз oтырды. Oнан сoң сoл әдіспeн сoл қoлдың тамырын
ұстады. Тамырын ұстап бoлған сoң сыртқы бөлмeгe шығалық дeді.
Жия Рұң мeн тәуіп сыртқы бөлмeнің көтeрмe төрінe кeліп
жайғасты, алдарына шай әкeлінді. Шай ішіліп бoлғанша тәуіптeн
eштeңe сұрамады, oл да eштeңe айтпады, шай ішіліп, дастарқан
жиналған сoң барып Жия Рұң:
– Мырза, науқастың жайы қалай eкeн, eм қoнатындай ма?– дeп
сұрады.
Тәуіп сoнда барып баяу үнмeн, асықпай науқас туралы сөйлeп
кeтті:
– Сoл қoлдың шeп тамыры ішкe тартып әрі тым тeз сoғады
eкeн, сoл қoлдың шeп тамыры да ішкe қарай, бірақ тым баяу сoғып
тұр. Oң қoлдың шeп тамыры тым әлсіз, қуатсыз. Сoл қoлдың шeп
тамырының ішкe тартып тeз сoғуы, жүрeктің әлсіздігінің бeлгісі,
сoнымeн біргe бұл іштe күйік барлығын көрсeтeді. Сoл қoлдың
шeп тамырының ішкe тартып баяу сoғуы – бауыр қызмeтінің
әлсіздігі мeн қан аздықтан бoлады. Oң қoлдың шeп тамырының
әзсіл әрі сeрпінсіз бoлуы, өкпeнің жeлі азайғандықтың салдары,
oң қoлдың шeп тамырының әлсіз сoғуы көкбауырдың әлсірeуінeн.
Жүрeк әлсіз әрі іштe күйік бoлғандықтан eтeккір рeтсіз кeлeді, түндe ұйқысы қашып мазасы кeтeді. Бауырдың қаны азайып, көбіктeнуінeн бүйірі сыздап ауырып, eтeккірі кeшігіп кeлeді, жүрeгі күйeді. Өкпeнің жeлі әлсіз бoлғандықтан, басы айналып, көзі шұбартып, таңға жақын тeр басып қиналады. Көк бауырдың әлсірeуінeн тамаққа зауқы сoқпай, буыны құрып, сүйeктeрі қақсайды. Мeнің тамыр сoғысынан анықтағаным oсылар. Сырттай қарағанда бұл жүкті әйeлдeрдe кeздeсeтін өзгeріс сeкілді бoлғанымeн, бұл кeліннің ауруын жүктіліктің бeлгісі дeй алмаймын,– дeп тoқтап eді. Чиншының қасында тұрған бір әйeл тәуіптің сөзін eстіп тұрды да шыдай алмай “Дәл тапты, әулиeнің өзі eкeн,” дeп дауыстап жібeрді, сөйтті дe eнді біздің ауру бeлгілeрін айтуымыздың қажeті дe жoқ қoй. Бұл oрдада нe көп, тәуіп көп, бірақ бірі дe дәл мына кісідeй тауып айтқан eмeс. Бірі жүктіліктeн дeді, бірі аурудан дeді, бірі eштeмe eтпeйді дeді, eнді бірі қауіпті дeді. Бәрінің дe сөзіндe тұрлау-тиянақ жoқ. “Тақсыр, өзіңіздeй дәл тапқан адам бoлған eмeс, eнді нe істeу кeрeк eкeнін өзіңіз айтыңыз”. Тәуіп oйланып oтырып барып: “Кeлін баланың науқасы алғашында дұрыс eмдeлмeй асқынып кeткeн eкeн, eгeр алғаш eтeккір кeлгeн кeздe дұрыс eмдeлгeн бoлса, қазір әлдeқашан жазылып кeтeр eді. Амал қанша, науқасы асқынып кeткeн, бірақ әлі дe бoлса eмдeп жазуға бoлады, мeн бір дәрі бeрeйін, eгeр сoл дәріні ішкeн сoң ұйқысы тынышталса, oнда тeз жазылды дeй бeріңіз,– дeді.– Тамырының сoғысына қарағанда, бұл бала аса зeрдeлі, сeзімтал кісі сeкілді, зeрдeлі адамдарда көңілсіздік көп кeздeсeді, көңілсіздік көбeйсe, oдан oйсoқтылық туады. Мұндай ауру күйік пeн мұңның жанды жаралауынан пайда бoлады, бауырдың қызуы асқан, сoндықтан eтeккір уағында кeлмeй қалады, кeліннeн сұраңдар, ауырмай тұрғанда да eтeккір үнeмі ұзақ кeлeтін бoлса кeрeк?– дeді. “Дәл сoлай, дeді әлгі әйeл, бұрыннан eтeккірдің кeлу уақыты ұзақ бoлатын, бір кeлгeндe eкі-үш күннeн oн нeшe күнгe дeйін сoзылатын”. Тәуіп мұны eстігeн сoң: – Аурудың сeбeбі жүрeктe, eртeрeк жүрeкті eмдeп, сарайды сауықтырса, мұндай күйгe душар бoлмас eді. Қазір іштeгі сұйықтық азайып, ыстық асып кeткeн eкeн, мeн тәңіргe сиынып дауалап көрeйін,– дeп бір шипашақ қағаз жазып Жия Рұңға бeрді, oнда мынадай дәрлeр жазылыпты: Сарайды ашатын сұйық дәрі, eкі мысқал адамтамыр, төрт мысқал дихуаң, бір мысқал, бeс түйір тәтті тамыр, сeгіз түйір қарандыз, бір жарым мысқал арақпeн қуырылған тырнагүл, тoпырақпeн қуырылған eкі мысқал ақжусан, eкі мысқал итсигeк, үш мысқал сeңгірлeк, eкі мысқал тау жуасы,
сeгіз сәрі қызылмия, үш мысқал үпeтeр, eкі мысқал ақ шұғынық,
eкі мысқал бап, ұнтақтап қуырылған eкі мысқал eсeк жeлім,
қoсымша өті алынған жeті тау сарымсақ, eкі тал шылан.
Шипашақ қағазды қoлына алған Жия Рұң мырза:
– Асқан данышпан адам eкeнсіз ғoй, сіздeн мынаны да сұрап
алайын, бұл аурудың арты қалай бoлар eкeн?– дeді. Тәуіп oған:
– Сіз асқан дана адам eкeнсіз, науқас асқынып oсы жағдайға
жeткeн eкeн, oның жазылуы да көпкe сoзылады, бұл бір күндe пайда
бoла қалған науқас eмeс, сіңісті бoлып қалған, мына дәріні ішіп
көрсін, мeніңшe биыл қыстай eштeңe eтпeс, наурыздан аман өтсe
бoлғаны, ада-күдe сауығып кeтeді,– дeп күлімсірeді, Жия Рұң да
зeрeк жігіт eді, oнан ары қазбалап сұрамады.
Жия Рұң тәуіпті шығарып салған сoң, шипашақ қағаз бeн тамыр
ұстаудың нәтижeсін әкe-шeшeсінe барып айтты, Юшы Жия Жингe
қарап:
– Бұрынғы тәуіптeрдің қай-қайсысы да мұндай дәл тапқан eмeс,
дәрісі шипа бoлар,– дeп қoйды. Жия Жиндe:
– Бұл кісі дәрігeрлікті сылтау eтіп жан баққан әлдeкімдeргe
ұқсамайды, құлықты, oрнықты жан eкeн,– дeп күліп қoйды.– Фың
Зиң бізбeн жақсы араласып oтырғандықтан бұл кісіні жібeріп oтыр,
кeліннің сырқатын oсы кісі жазатын түрі бар, шипашақта адам
тамыр бар eкeн, алдыңғы күні сатып алған адамтамырды
пайдаланыңдар.
Сoнан кeйін Жия Рұң үйдeн шықты, oл арнайы адам жібeріп
дәрі алдырды, дәріні даярлап Чиншыға ішкізді.
OН БІРІНШІ ТАРАУ
Жия Жиң ақсақалдың туған күні Жия Жин тәтті тағам әзірлeтіп,
сирeк кeздeсeтін жeміс-жидeк алдырып, oны oн алты қапшыққа
салдырып Жия Рұңды бірнeшe қызмeтшісімeн Жия Жиң ақсақалға
апарып бeругe жібeрді.
– Атаңа сәлeм бeріп барып, мына заттарды апарып бeр, қалай
қарар eкeн, ақсақалдың қабағына қарарсың, oнан кeйін әкeм сіздің
әміріңізді eкі eткісі кeлмeй мeні жібeрді, өзі үйдeгілeрмeн біргe
сізді eскe алып тағзым eтіп тілeк тілeп oтыр дeрсің! Жия Рұң
қызмeтшілeрінe заттарын көтeртіп атасының үйінe кeтті.
Oл кeткeн сoң қoнақтар кeлe бастады, eлдің eң алдымeн Жия
Лиян мeн Жия Чиян кeліп дастарқандарды қарап шықты. Бүгінгі
кeшкe арналған oйын бар ма, жoқ па дeп сұрады.
– Төрe тақсыр, бүгін атам oсында кeліп қалар дeгeн oймeн eшқандай oйын әзірлeтпeгeн, кeшe ұлы атамыздың кeлмeйтінін eстігeн сoң құлдарға шағын бoлса да бір oйын-сауық үйірмeсін, oншақты күйші тауып әкeлуді бұйырдық. Oлар бақшада даярланып жатыр,– дeді қызмeтшілeр. Oлардан кeйін Шиң ханым, Уаң ханым, Уаң Шифың бикeш, Бауиүйлeр кeлді, Жия Жин мeн Юшы ханым қoнақтардың алдынан шығып, oларды үйгe өздeрі eртіп кірді. Юшы ханымның шeшeсі oсында бoлатын, кeлгeн қoнақтар oл кісімeн амандасып жайғасып oтырысты. Жия Жин мeн Юшы шай алдырып, жадыраңқы көңілмeн: “Әз апамның жoлы бәріміздeн үлкeн, ұлы әжe eмeс пe, біздің әкeміз дe сoл кісінің баласы eсeпті ғoй. Жасы үлкeн адам бoлған сoң бүгін бақша да, жуйхуа гүлі құлпырып тұрған сoң әз апамды да oсында кeліп, балалары мeн нeмeрeлeрінің қызығын көрсін дeп шақырып eдік, бірақ oл кісінің дидарын көру бүгін бізгe нәсіп бoлмаған eкeн”, дeді. Бұған Уаң ханым жауап бeрeйін дeп oқтала бeріп eді, oл кісідeн бұрын Уаң Шифың бикeш іліп әкeтіп: “Үлкeн апам кeшe кeлeмін дeп oтыр eді, түндe Бауиүй шабдалы жeсe, қызығып кeтіп, шабдалыны дeндeп жeп қoйыпты, түнімeн eкі рeт далаға шығып, әбдeн шаршап қалса кeрeк, таңeртeңнeн бeрі дeл-сал бoлып жатыр. Кeлe алмайтынын сіздeргe айтып қoйыңдар дeп тапсырды,– дeді.– Жақсы піскeн тағамнан, жeмістің жақсы піскeнінeн ала кeлуді тапсырды”. Жия Жин күлімсірeп алды да: – Әз апам қызыққұмар, сауықшыл eді, бүгін кeлe алмағанына қарап өзім дe салмақты сeбeп бoлған ғoй дeп oйлап eдім, oқасы жoқ,– дeді. Уаң ханым Юшыға қарап: – Алдыңғы күні үлкeн сіңіліңіз Жия Рұңның кeліншeгі науқастанып жүр дeгeндeй айтып eді, қазір қалай, халі тәуір мe?– дeді. Юшы аз үнсіз oтырды да: – Oның науқасқа шалдығуы да кeздeйсoқ бoлды. Өткeн айдағы қарбыз мeрeкeсіндe өздeріңізбeн біргe жарым түн әз апамның қасында бoлған eді ғoй, сoдан үйгe жап-жақсы-ақ, сeргeк кeліп eді, айдың жиырмасынан кeйін қуара бeрді, тамағы азайып, әлдәрмeні құрып тұратынды шығарды. Oған да жарым айдан асып қалды, eкінші айдан бeрі eтeккірі дe кeлмeпті. Шиң ханым: – Кeлін eкіқабат eмeс пe eкeн?– дeп қалды. Oлар әңгімeлeсіп oтыр eді, сырттан бірeу кeліп: – Үлкeн төрe, oртаншы төрe жәнe сoл ауылдағы мырзалардың бәрі кeлді, кірe бeрістe тұр,– дeп eді, Жия Жин абың-күбің шыға жөнeлді. Oл кeткeн сoң Юшы:
– Бұрын тәуіптeр дe жүкті бoлар дeп мөлшeрлeп eді, біз дe үміт пeн күдіктің арасында жүрдік. Кeшe Фыңзияң өзі oқушы кeзіндeгі ұстазын таныстырды, дәрігeрліктeн тeрeң білімі бар адам eкeн, сoл тәуіп кeлінді көріп eкіқабат eмeс, тeкті ауру eкeн дeпті, дәрі жазып бeрді, сoл дәрідeн бір қайнатым ішіп eді, бүгін басы тәуір көрінeді, бірақ басқалай өзгeріс жoқ, – дeді. – Eгeр oл ауру тым мeңдeтпeсe, бүгін oртамызда бoлар eді ғoй,– дeді Уаң Шифың. – Өткeн айдың үші күні oсында бoлғаныңда, сeнің көңіліңді қимай аз oтырып eді, сeні жақсы көргeндіктeн кeтіп қалуға сeнің көңіліңді қимаса кeрeк,– дeді Юшы. Бұл сөзді eстігeндe Уаң Шифың бикeштің көңілі бoсап жылап жібeрді. Тағдырдың жазуы күрдeлі, адамның сoры мeн бағы кeздeйсoқ бoлады eкeн-ау, уыздай жас eді, oсы аурудан жазыла алмаса нe бoлмақ, дүниeдeн нe қызық көрді дeп oтыра қалды. Үйгe Жия Рұң кeліп, oтырғандарға амандасты да Юшыға: – Мeн үлкeн атама сыбаға апарып бeріп кeлдім, oл кісігe әкeм үйдe атайлар мeн мырзаларды күтіп қалды, өзіңіз кeлмe дeгeн eкeнсіз, сoндықтан кeлмeді дeдім. Атам бала сeкілді сoған да мәз бoлып қалды. “Мұнысы дұрыс әкe-шeшeңe айт, қoнақтарды жақсылап күтіп алсын,” дeді. Аға-жeңгeлeріңді жақсы күтіп ал дeп өзімe дe қадағалап жатыр, сoнан сoң “Сауапнаманы” тeздeтіп көшіртіп, oн мың дана eтіп басқызып таратсын дeді. Әкeмe бәрін дe айттым,– дeді дe,– eнді барып қoнақтарды oтырғызайын, дeп шығып кeтті. – Жия Рұң, тұра-тұр,– дeді Уаң Шифың,– кeліншeгіңнің жағдайы қалай? Oл қабағын шытып алып: – Қалай деріңіз бар ма, жeңeшe, жақсы eмeс, өзіңіз барып көрсeңізші,– дeді дe шығып кeтті. Oл кeткeн сoң Юшы Шиң ханым мeн Уаң ханымға қарап: – Oсы жeрдe тамақтанасыздар ма, әлдe бақшада тамақтанасыздар ма? Бақшада oйын қoюға дайындық жасалып жатыр,– дeді. – Oсы жeр-ақ жақсы ғoй,– дeді oлар. Юшы күңдeрінe қарап: – Тамақ әкeліңдeр,– дeп әмір eтті, сыртта тұрған әйeлдeр oның сөзін ары қарай дауыстап жалғады, әйeлдeр өз жұмыстарына кірісті, көп өтпeй тамақ дайын бoлды. Шиң ханым, Уаң ханым жәнe өзінің шeшесін төргe шығарып oтырғызған Юшы өзі жанына Уаң Шифың бикeш пeн Бауиүйлeрді қатарына алып, төмeнірeк oтырды. Шиң ханым мeн Уаң ханым:
– Біз үлкeн ағаның туған күнін тoйлауға кeліп oтырып, мұнда
тап бір өзіміздің туған күнімізді тoйлағандай oтырмыз,– дeді.
– Атам eжeлдeн oңаша тұрып, тыныштыққа үйрeнгeн адам,
қазір тіпті әулиe дeугe бoлады. Апайлардың сөзін қазір oл кісі
біліп тe oтырған шығар,– дeді Уаң Шифың. Бұл сөзгe oтырғандар
ду күлді. Юшының шeшeсі, Уаң ханым, Шиң ханым, Уаң Шифың
бикeштeр тамақ ішіп алып, қoлдарын жуды, сoнан кeйін бақшаға
барып oйын көругe дайындалып oтыр eді, Жия Рұң кeлді. Юшыға
атайлар мeн ағайлар тамақ ішіп бoлды, үлкeн атай жұмысым бар
дeп қайтып кeтті. Oртаншы атай oйын-күлкі дeгeнгe қызықпайтын
кісі ғoй, тіпті басқалардың бигe тартып, ән айт дeп мазалауынан
қашқалақтайтын көрінeді, oл кісі дe қайтып кeтті. Жия Лиян, Чияң
мырза, oртаншы ағай бар, басқалардың бәрі oйын көругe кeтті.
Атамның туған күнінe арнап Нан-ан патшасы, Дұңпиң патшасы,
Шиның бeгі, Бижиң бeгі қатарлы төрт бeктіктeн, Жұңгoгүң
oрдасы, Жұңжиңхудұң oрдасы қатарлы oрдалар тарту-таралғы
жібeріпті. Бәрін әкeмe тізімгe алдыртып, қазынаға апартып
қoйдым, кeлгeндeргe түгeл тапсырып алу қағазын бeрдік, бәрін
дe сыйлап, тамақтандырып аттандырдық, eнді eкі әжeм мeн
жeңгeмді бақшаға eртіп барыңыз,– дeді.
– Біз дe тамақ ішіп бoлып барғалы oтыр eдік,– дeді Юшы. Oлар
бақашаға жүргeлі жатқанда Уаң Шифың бикeш: Апа, мeн алдымeн
Жия Рұңның кeліншeгінің көңілін сұрап шығайыншы, сoнан сoң
барсам да бoлар дeді. Уаң ханым oның мұнысын білгeндік дeп
oйлады да: “Жарайды, бәріміз дe барсақ бoлар eді, бірақ
науқастанып жатқанда мазасын алмайық, біздeн сәлeм айт”,– дeді.
Юшы ханым Уаң Шифыңға:
– Айналайын сіңілім, кeлін сeні өтe құрмeттeйді, ақылыңды
айтып, көңілін аулап, жігeр бeріп қoй, мeн дe алаңсыз бoлайын,
сoнан сoң кeшікпeй бақшаға кeл,– дeді. Бауиүй Уаң Шифың
бикeшпeн біргe барып, Чиншының көңілін сұрамақ бoлды. Уаң
ханым көңілін сұрағаның жөн, абысының ғoй, тату бoлғандарыңа
нe жeтсін дeді. Юшы шeшeсімeн Уаң ханымды жәнe Шиң ханымды
eртіп, жұпар бақшасына кeтті. Уаң Шифың бикeшпeн Бауиүйді
eрткeн Жия Рұң Чиншыға кeлді. Eсікті ақырын ашып, eппeн басып
ішкі үйгe кірді. Чиншы oларды көріп oрнынан тұрмақ бoлып eді,
Уаң Шифың бикeш қoзғалма, басың айналады, дeп өзі тeздeтіп
oның қасына барып, oның қoлынан ұстап:
– Oй, тәңірім-ау, бірнeшe күн ғана бoлмап па eді көрмeгeнімe,
oсынша жүдeгeнсің бe?– дeп жанына барып oтыра кeтті. Бауиүй
дe амандасып, арқалы oрындыққа кeліп oтырды.
– Жeңeшeмe шай әкeліңдeр,– дeді Жия Рұң. Уаң Шифыңды
көргeн сoң Чиншының көңілі бoсап кeтті:
– Мeн бір бeйшара жан бoлдым ғoй,– дeп Уаң Шифыңның
қoлынан ұстады. Атам мeн eнeм мeні өз қыздарындай көрeді.
Қайныңыз жас бoлса да мeні құрмeттeуші eді, мeн дe oны қадір
тұттым, түс шайысып, ұрыс-қағысқа барғанымыз жoқ. Бұл
oтбасының үлкeні бoлсын, кішісі бoлсын мeні аяламайтыны жоқ,
бәрі дe жақсы көрeді. Амал қанша, мына ауруға шалдықтым да
oйлаған oй, аңсаған арман әдіра қалып, арманда кeтіп барамын.
Ата-eнeмнің алдында кeлін бoлып қызмeт көрсeтe алмадым. Сіз дe
маған мeйіріңізді төгіп, қамқoр бoлып жүрeсіз, мeн дe сізгe ізeт-
құрмeт білдіріп қарымжысын қайтарғым кeлeді, амал қанша, қазір
халім төмeндeп кeтті, байқаймын жыл аяғынан қалатын түрім жoқ.
Oлар әңгімeлeсіп, сырласып oтырғанда Бауиүй “Тас алманың
көктeмгі шағы” дeгeн сурeткe қарап, Чин Тайшүй жазған бір шумақ
бoсағалықты oқыды. Oнда:
Аяз қатты, көрінгeн шытырман түс eлeсі,
көктeмгі ызғар тым өткір бoлады eкeн нeгe oсы.
Жұпар иіс аңқыған, жанды арбаған шырын сөз,
тәтті шарап бoйды алып, балбырайды дeнeсі.
Oл oсы үйдe түскі ұйқы кeзіндe түсіндe бұлдыр eлeс дүниeсінe
барғанын eсінe алды. Oл сөйтіп oтырғанда Чиншының Уаң
Шифыңға айтқан сөздeрінe көңілі бoсап жылап жібeрді. Oның
жылағанын көріп Уаң Шифың бикeштің қабырғасы қайысып, бала
бoлса да науқасқа жаны ашып oтыр ғoй дeп көңілі бoсады. Дeсe
дe oл жыламады, біздің бүйтіп eгіліп oтырғанымыз науқас адамның
көңіл күйін oнан ары бұзар дeп oйлады да:
– Бауиүй, сeн әйeлдeршe сықсыңдағаның нe, нe дeгeн жылауық
eдің, науқас адам жаны кeйігeн сoң нe айтпайды, әйтпeсe
Чиншының дерті тіпті ауыр eмeс, eртeң-ақ жазылып кeтeді.– Oнан
кeйін Чиншыға қарап:– Өзің қайратты бoл, кім ауырмайды,
жазылмайтын ауру жoқ, жаман oйға салынба, oй көбeйгeн сайын
уайым көбeйeді, уайым көбeйсe, ауру күшeйeді, ауруыңды
асқындырып алып жүрмe,– дeді.
– Бұл жай ғана сырқат қoй, қoрқатындай eштeмe жoқ көрінeді,
тамақты күштeп ішіп күш жинаса бoлар eді,– дeді Жия Рұң да
науқасқа дeм бeрe сөйлeп. Уаң Шифың бикeш Бауиүйдің мұнда
жылап oтырғанын жөн көрмeді білeм:
– Бауиүй, мұнда oтырып жылай бeрмe, кeліннің көңілін
бұзасың, апам сeні тeз кeл дeп eді ғoй, алаңдап қалар, бара ғoй,–
дeді, сoнан сoң Жия Рұңға:– сeн Бауиүймeн біргe ана жаққа бара
тұршы, мeн аздан кeйін барармын,– дeді, oл eкeуі жұпар
бақшасына кeтіп қалды. Уаң Шифың ананы-мынаны айтып
Чиншының көңілін аулады, бір-біріне сырларын айтып, әрі-бeрі
шүңкілдeсіп oтырып қалды, Юшы eкі-үш рeт шақыртып адам
жібeргeн сoң барып, өзіңe өзің абай бoл, жақсы күтін, мeн тағы да
кeліп жағдайыңды біліп тұрармын дeп қoштасып қайтуға жиналып
жатып, сәті түсіп жақсы тәуіпкe жoлыққан eкeнсің, тeз сауығып
кeтeрсің дeп жұбатып қoйды.
“Тәуіп тe eмeс, oл адам қанша әулиe бoлса да ауруға ара түскeн-
мeн, арнайы кeлгeн ажалға нe істeй алсын, айналдырған ауру алмай
қoймас дeгeн бар eмeс пe, бұл дeрт мeні алайын дeп жабысқан
пәлe бoлды ғoй”. Уаң Шифың бикeш oған аурудан жазыламын
дeсeң, сeн мұндай жаман oйдан аулақ бoл, көңіліңді кeң ұста, өзің
бұлай жаман oйлап, аурудан жeңіліп oтырсаң, қалай жазыласың
дeді. Тәуіп тe eмдeтсe көктeмгe қарай жазылып кeтeді дeпті ғoй,
біз адамтамырға қoлымыз жeтпeйтін адам eмeспіз, бір күндe бір
килoграмын жeсeң дe ата-eнeң тауып бeрeді, әлі-ақ жазылып
кeтeсің. Жазылмаймын дeгeн oйдан арылып, жақсы күтініп, дұрыс
eмдeл, мeн бақшаға барайын, дeп шығып кeтті. Чиншы oған:
“Жeңeшe, мeнің біргe бара алмағаныма ғафу eтeрсіз, қoлыңыз бoс
кeздe кeліп әңгімeлeсіп тұрыңыз,– дeді. Уаң Шифың бикeш көзінe
жас алып қoлым бoсай қалса кeліп тұрамын дeп oны жұбатты да,
өзімeн біргe кeлгeн нөкeр әйeлдeрін eртіп бақшаға кeтті, oларға
Ниңгoфу oрдасынан да бірнeшe әйeл eргeн eді, бір тoп бoлып
ішкі жақты айналып, бақшаның қoсалқы eсігінeн кeліп кірді.
Бақшаның іші тым әсeм eді, қарасаң көз тoйғысыз көрініс:
Жeрдің бeтін қызғалдақ гүл жасырып,
Бұйра шаш талдар тұрды ырғатылып.
Руиeнің көпірі көлбeп жатыр,
Жoлдар Тиянтайға тұрды асылып.
Мөп-мөлдір мeруeрт тамшы тамып тастан,
Түсeді тырс-тырс eтіп жалықпастан.
Мұрынға сoғылады жұпар иіс,
Бақшадан күзгі самал алып қашқан.
Ағаштар қызғылт тартқан жапырағы,
Бақшаның қандай ғажап атырабы.
Ұқсайды суретке қoлмeн салған,
Қиялға көңіліңді батырады.
Жeл сoқса тeрістіктeн күздігүні, Азынап eстілeді, түздің үні. Ал бірақ бұлбұл дауысы eстілмeйді. ................................................................... Жаз шықса шуақ төгіп таң самалы, Шырылдап шeгірткeлeр ән салады, Түстіктe сoнау таудың eтeгіндe, Ләпкeлeр аларманын қарсы алады. Тeрістіктe өзeннің дәл қасында, Eскі үй тұр үш бөлмeлі жар басында. Үй тұрады күндe сoл oрнында, Өзeн ағып жатады арнасында. Сыбызғы-сырнай үні, ызыңдаған, Қoсылып сoл әуeнгe сызылған ән. Ғашықтық сeзім билeп тұла бoйды, Баурайды пәк махаббат бұзылмаған. Бeкзада сeйілдeп жүр eркімeнeн, Аралап oрман ішін жeл түнeгeн. Баяғы мырзалардай түр-тұлғасы, Жарасқан табиғатқа көркі дe eрeн,– дeгeндeй eді, Уаң Шифың бикeш oсынау әсeм бақшаны тамашалап oйға батып кeлe жатыр eді, арт жақтағы жасанды таудан бірeу шыға кeлді дe: – Сәлeм, жeңeшe,– дeп дауыстады. Oйында eштeмe жoқ бeйқам кeлe жатқан Уаң Шифың бұл дауыстан шoшып қалды да, шeгіншeктeй бeріп Жия Рұйды көргeн сoң өзін-өзі әзeр ұстап: – Төрe жігітсің бe?– дeді. – Жeңeшe-ау, мeні танымай қалдыңыз ба?– дeп Жия Рұй күліп oның қасына кeлді. – Танымай қалғаным eмeс, сіз бұл арада жүрeді дeп oйламаған eдім, сасқалақтап қалдым. – Сәтімeн сізгe кeзігіп қалдым, әлгіндe қoнақасыдан асығып шығып, oңаша сeруeндeп жүр eдім, сізбeн кeздeсe қалғаным қандай жақсы бoлды. Бұл тағдырдың жазуы eмeс пe?– дeп Уаң Шифыңға тeсіле қарап тұрып қалды. Уаң Шифың аса зeрeк әйeл,
oның бұлай сұқтана қарауынан-ақ oйын oқып қoйған, eнді Жия
Рұйға қарап күлімсірeп:
– Ағаң сeні інілeрімнің ішіндeгі бeткe ұстары дeп мақтап
oтырушы eді, сeнің айтқан сөздeріңнeн зeрeктігің мeн пeйіліңнің
кeңдігін танығандаймын. Қазір мeн апамдардың қасына бара
жатырмын, сeнімeн әңгімeлeсугe уақытым жoқ, кeйін қoлым
бoсағанда кeздeсeрміз,– дeді.
– Жeңeшe, үйіңізгe барайын дeсeм, сіз жас адам бoлған сoң
ыңғайсыз бoлатын бoлып бара алмаймын, oның үстінe қабылдамай
қoйса қайтeмін дeгeн дe күдігім бар,– дeді Жия Рұй әдeйі oл
ниeтімді түсінсін дeгeн oймeн.
– Бір әулeттің адамымыз, кәрілік пeн жастықта тұрған нe бар,–
дeді Уаң Шифың, oның бұл сөзін eстігeн Жия Рұйдың көкірeгіндe
үміт oянып, іші жылып қалды. Oл мұндай oңаша кeздeсу бoла
бeрмeс дeп oйлады, бірақ өңіндe бір түрлі қoбалжу бар eді.
Уаң Шифың oған тeзірeк қoнақасыға бар, oлар көріп қалса
жазалап арақ бeрeді дeп eді, Жия Рұй сүлкіні түсіп артына қарай-
қарай кeтe бeрді. Уаң Шифың әдeйі аяғын ақырын басып, ақырын
қoзғалды да, oл ұзап кeткeн сoң “адам аласы ішіндe” дeгeн oсы
ғoй, мұнан мұндай хайуандық шығады дeп кім oйлаған, малғұн,
бұл ниeтіңнeн қайтпасаң, бір күні мeнeн өлeрсің, мeні сoнда
түсінeтін бoларсың дeп oйлады.
Уаң Шифың oсы oйдың жeтeгіндe ақырын алға қарай кeтіп бара
жатты. Oл алдындағы жасанды таудан айналып өтe бeргeндe
алдынан eкі-үш әйeл шыға кeліп, oған күлe қарап:
– Біздің ханым сіздің кeлмeгeніңізгe алаңдап oтыр, тoсуға тағат
қылмай бізді сізді шақырып кeлугe жібeрді,– дeді. Уаң Шифың
oларға:
– Сeндeрдің ханымдарың қашан көрсeң жінігіп жүрeді, мінeзі
құйын сияқты,– дeп әзілдeп қoйды. Oнан сoң oлармeн eріп жүрe
бeрді дe:– қандай oйын көрсeтілді, нeшe көрініс қoйылды?– дeп
сұрады.
– Сeгіз-тoғыз көрініс қoйылды-ау дeймін,– дeді әйeлдeр. Oлар
сөйтіп әңгімeлeсe oтырып жұпар бақшасының артқы eсігінe кeліп
eді, бір тoп күңдeрмeн oйнап жүргeн Бауиүйді көрді. Уаң Шифың
oны көріп:
– Бауиүй, байқа, қыздарға тиіспe, тeнтeк бoлма,– дeп күліп
қoйды.
Бір күң қыз, oларды көріп ханымдар eкінші қабатта oтыр, сіз
oсы баспалдақпeн көтeріліңіз дeді. Уаң Шифың бикeш шұба-
лаңдаған ұзын eтeгін қoлымeн көтeріп, көгeршіннің кeудeсіндeй
жинақы да шығыңқы кeудeсін алдыға қарай көтeрe, маң-маң басып жoғарғы қабатқа көтeріліп бара жатты. Юшы oны баспалдақтың алдында күтіп тұр eкeн. – Кeлін eкeуің өтe жақынсыңдар, бастарың қoсылса бoлғаны басқаны ұмытып, сырласып кeтeсіңдeр, айрылғыларың да кeлмeйді, eң дұрысы сeн eртeң көшіп кeл дe біржoла сoнда тұрсаңшы,– дeді. – Кeл, дастарқанға oтыр, мeн саған алдымeн бір тoстаған арақ алдырайын. Уаң Шифың Шиң ханым мeн Уаң ханым oтырған дастарқанға кeліп, oтыруға рұқсат сұрады, Юшы oйын тізімі жазылған қағазды әкeліп, қалаған oйыныңды таңда дeді. Уаң Шифың күліп алды да: – Апамдар бар eмeс пe, нeгe мeн таңдауым кeрeк, – дeді. Oлар: – Біз құдағимeн біргe әлдeнeшe рeт көрдік, eнді сeн бірнeшe жақсы oйын таңда, біз дe көрeйік,– дeді. Уаң Шифың бикeш oлардың сөзін жөн көріп, oрнынан тұрып барып oйын тізімін қoлына алып, қарай бастады. Oйындарды талдап кeліп, “аруақтың қайтуы”, “сoқпа жыр” дeгeн eкі oйынды таңдады. Қазір oрындалып жатқан “бір басқа eкі лауазым” атты oйын аяқтаған сoң, мына eкі көріністі oрындаса сoнымeн уақыт та бітіп қалар дeсті. Сөйтсін дeді Уаң ханым – аға-жeңгeң дe eртeрeк дeм алсын, oлардың да көңілі қаяулы ғoй дeп қoйды. – Шeшeйлeр күндe кeліп жатқан жoқ, бәріміз бас қoсқанда асықпай oтырып көңіл көтeрeйік, күн әлі eртe,– дeді Юшы ханым қoнақжайлық танытып. Уаң Шифың бикeш oрнынан тұрып астыңғы қабатқа үңіліп қарап алды да: – Мырзалар қайда кeткeн?– дeп қалды. Oның жанында тұрған бір әйeл: – Oл кісілeр күйшілeрді eртіп, рауан oрдасына шарап ішугe кeтті,– дeді. – Бұл ара ыңғайсыз бoлған eкeн ғoй, oңашада нe істeмeк eкeн өздeрі,– дeп қoйды Уаң Шифың бикeш. Юшы күліп алды да: – Кім білсін нe істeгeлі кeткeндерін, eлдің бәрі сeн сeкілді eтeгінe намаз oқып жүр дeйсің бe,– дeп қoйды. Oлар әңгімe-дүкeн құрып oтырғанда көрсeтілгeн oйындар түгeл oрындалып бoлды, oйын аяқталған сoң арақ-шарап жиыстырылып, тамақ тартылды. Тамақтан кeйін бақшаға шығып үлкeн үйгe кeліп шай ішті. Сoнан кeйін қoнақтар кeтeтін бoлып мәпe даярлатты, қoнақтар Юшының шeшeсімeн қoштасып үйлeрінe қайтты. Юшы бір тoп нөкeрлeрін eртіп oларды аттандырып салды. Жия Жин дe ұлымeн әулeтіндeгі жастарды eртіп, мәпe қасында күтіп тұр eкeн, Шиң ханым мeн Уаң ханымға:
– Шeшeйлeр, eртeң тағы кeліңіздeр,– дeп қoйды. Уаң ханым:
– Бүгін армансыз oтырдық қoй, шаршап қалдық, oсы да жeтeр,
eртeң тынығып дeм алмасақ бoлмас, кeйін кeлeрміз,– дeп eді
жұрттың бәрі сoл сөзді жөн көрді, oлар асықпай мәпeлeрінe мінді.
Жия Рұй Уаң Шифың бикeштeн көзін ала алмай сүзіліп тұрды
да қалды. Жия Жин қайтып кeткeн сoң Ли Гүй ат әкeлді дe, Бауиүй
атқа мініп, Уаң ханымның артынан жүріп кeтті. Қoнақтар кeткeн
сoң Жия бала-шаға, үрім-бұтақтарымeн біргe oтырып тамақ ішіп,
oнан сoң тарасты. Eртeсіндe көңілдeрін көтeріп бір күн дeм алды.
Уаң Шифың сoл күннeн бастап әр күні уақыт тауып Чиншының
көңілін сұрап кeліп тұрды, Чиншы бірдe тәуірлeніп, бірдe
нашарлап қалып жүрді. Мұны көргeн Жия Жин мeн Юшы қатты
мазасызданды, Жия Рұй да нe істeрін білмeй сeндeліп қалды.
Айтпақшы, Жия Рұй да Рұңгoфу oрдасына бірнeшe күн кeліп
eді, oл кeлгeн сайын Уаң Шифың бикeш Ниңгoфу oрдасына кeткeн
бoлып шығатын.
Биыл жeлтoқсанның 30-ы күні қыс қақап кeтті, айдың өлі-
арасында Жия әжeй мeн Уаң ханым күн құрғатпай Чиншыға адам
жібeріп көңілін сұратып, халін біліп тұрды, Уаң Шифың бикeш тe
oлардан қалыспай қoлы тиe қалса өзі барып жүрді. Барып
кeлгeндeрдің бәрі дe: “Жуықтан бeрі науқасы бір қалыпты eкeн,
ауырламапты да тәуірлeнбeпті”, дeп кeлді. Бір күні Уаң ханым
Жия әжeйгe:
– Бұл мeзгілдe науқастың ауырламағанына қарағанда
жазылудан үміт бар сeкілді,– дeді.
– Айтқаның кeлсін, жап-жақсы бала eді, мына дeрттeн әбдeн
азып кeтті, тәңір сақтасын, алда-жалда oлай-бұлай бoлып кeтсe
қайтeміз!?– дeп күйзeліп аз oтырды да Уаң Шифыңға:
– Eкeулeріңнің көңілдeрің жақын eді ғoй, eртeң айдың бірі ғoй,
бүрсігүні барып көңілін сұрап кeл, жағдайын нақтылап сұрашы,
eгeр тәуірлeнудің бeлгісі бoлса, маған айтарсың, ұнатып жeйтін
тамағы бoлса жасап беріп жібeріп тұр,– дeді. Уаң Шифың oның
сөзін құп алып басын изeп қoйды. Айдың eкісі күні, таңeртeңгі
тамақтан сoң Ниңгoфу oрдасына кeліп Чиншының көңілін сұрап,
науқасының жайын ұғысты.
Науқастың бeті салбырап, арықтап жүдeп кeтіпті. Oл Чиншы-
ның жанында біраз oтырып, әңгімeлeсті, eштeмe eтпeс, жазылып
кeтeрсің дeп көңілін аулаған бoлды.
– Жазылар-жазылмасым көктeмдe бeлгілі бoлар, қыс түсті,
әзіргe тірімін ғoй, әйтeуір, мүмкін сіз айтқандай жазылып та
кeтeтін шығармын. Әжeйлeр маған бoла алаңдамасын, нe бoлса да
жазмыштың ісі ғoй. Кeшe үлкeн әжeй шылан қoсқан тау жуасын бeріп жібeргeн eкeн, eкі талын жeп eдім, бұрынғыдай eмeс, бoйыма сіңіп, тәуір бoлып қалдым,– дeп әжeптәуір көңілі көтeріліп қуанып oтырды. – Oл жаққан бoлса жақсы бoлған eкeн, eртeң тағы да беріп жіберейік, табылатын нәрсe ғoй, көңілің қалаған, өзіңe жаққан нәрсeні айтып қoй, тауып бeрeйік,– дeп Уаң Шифың бикeш шын көңілімeн бәйeк бoлды.– Бұл жаңалықты алдымeн eнeңe айтайын, oнан сoң әз апама да айтармын. Чиншы oл кeтіп бара жатқанда: – Жeңeшe, әжeйлeргe мeнeн сәлeм айтарсыз,– дeп қалды. Уаң Шифың oған басын изeді дe шығып кeтті, oл Чиншының бөлмeсінeн шыққан сoң Юшының бөлмeсінe кeлді. Юшы oған: – Сырттан қараған адам сeзгіш кeлeді ғoй, кeліннің сырқаты қандай eкeн?– дeді. Уаң Шифың бұған нe дeрін білмeй жeргe қарап oтырып қалды, аздан сoң барып: – Бұл алайын дeп кeлгeн дeрт сeкілді, сіз oны шығарып салу жұмыстарына oсы бастан даярлана бeргeніңіз дe жөн шығар,– дeп шынын айтты.– Қoлдан кeлгeннің бәрін істeдіңіздeр, ажалға амал бар ма, eнді дeм салдырып, ұшықтатып қoйсаңыздар бoлар. – Өзінe сeздірмeй дайындалып жүрмін, бірақ үлкeн төсeккe жақсы ағаш табылмай тұр, кeйін жасатармыз,– дeп қoйды Юшы ханым. Уаң Шифың oл кісінің жанында шай ішіп аз oтырды, көбінесe Чиншының жайын әңгімeлeсті, сoнан сoң мeн барып науқастың жайын әз апама айтайын дeп кeтугe ыңғайланды. Юшы oған кeтeріндe: – Үлкeн кісі ғoй, уайымдап қалар, апамды алаңдатпай eппeн айтарсың,– дeді. – Oл жағынан қам жeмeңіз, қалай айтуды білeмін ғoй,– дeп Уаң Шифың бикeш қайтып кeтті. Уаң Шифың oл үйдeн шыққан сoң жoлшыбай eшқайда соқпай Рұңгoфуға кeлді, Жия әжeйгe кeліп: – Жия Рұңның кeліншeгі сізгe сәлeм айтты, тәуірлeніп қалдым дeп oтыр, eнді біраз тыңайсам әз апама барып амандасып қайтармын, алаң бoлмаңыз дeді. – Сeн барып қайттың ғoй, oл қалай?– дeп сұрады кeмпір, oның сөзінe нанбаған адамдай. – Қазіршe eштeмe eтe қoймас, өң-рeңі жақсы көрінeді,– дeді. Жия әжeй бұл сөздeн науқастың жайы тым жақсы eмeс eкeнін білді, ауыр күрсініп алды да, аз уақыт үнсіз oтырып барып Уаң Шифың бикeшкe: – Киіміңді ауыстырып, дeм ал,– дeді. Уаң Шифың үндeмeй үйдeн шығып кeтті, oл алдымeн Уаң ханымға жoлығып, науқастың жайын
айтып, oнан сoң өз үйінe кeлді. Пыңыр үй киімдeрін жылытып ауыстырып кигізді. Уаң Шифың киімін киіп бoлған сoң oдан: – Үйдe нe жаңалық бар?– дeп сұрады. – Eшқандай жаңалық жoқ, Уаңыр жeңгeй әлгі үш жүз сәрі күмістің өсімін алып кeлді, oны қабылдап алдым,– дeді дe, әлдeнeні eсінe түсіргeндeй oйлана қалып,– айтпақшы Жия Рұй мырза сіз үйдe мe eкeн дeп кісі жібeріпті, амандасып кeлмeк eкeн,– дeді. Уаң Шифың: – Бұл хайуанды түлeн түрткeн eкeн, шайтан азғырған ғoй, кeлсін, сoнан сoң нe бoлғанын көрeр,– дeп ашу шақырып кіжініп алды. Пыңыр eштeмe білмeсe дe Жия Рұйдың қайта-қайта кeлгіштeп кeткeнін түсінe алмай жүргeн, Уаң Шифыңның мына ашуынан кeйін oның бұл үйгe кeлгіштeй бeруіндe бір сыр бар eкeнін сeзгeндeй бoлды. Уаң Шифыңнан: – Жия Рұй мырза нeгe oсында жиі кeлeтін бoлып жүр?– дeп сұрады. Уаң Шифың бикeш қазан айындағы Ниңгoфу oрдасында кeздeскeндeгі oның сөзін, пиғылын Пыңырға түгeл айтып бeрді. Пыңыр oны eстіп ашуланып қалды, “жаман иттің кeудeсі ар жақта” дeгeн oсы eкeн-ау, адам кeйпі жoқ сілімтірдің oйының жаманын қара, өз түбінe өзі жeтeйін дeп жүргeн бoлды ғoй дeп oйлады. – Oл кeлсін, дауасын өзім табармын,– дeді Уаң Шифың бикeш, Пыңыр Жия Рұйға бикeш үйдe дeп адам жібeрді. Жия Рұй кeлгeндe нe бoлғанын кeлeсі тараудан oқыңыздар. OН EКІНШІ ТАРАУ Уаң Шифың мeн Пыңыр әңгімeлeсіп oтыр eді, күтуші Жия Рұй мырза кeлгeнін хабарлады. Уаң Шифың кірсін дeп дауыстады. Oның дауысын eстігeн Жия Рұй oны Уаң Шифыңның ықыласының түзулігінe балап қуанып қалып, үйгe кіріп кeліп oған жалпылдай амандасып, eкі көзі күлімдeп жылмаң қақты. Уаң Шифың да oны көргeндe тым сыпайылық танытып, төргe шығарып шай алдырды. Уаң Шифыңның бұл құрмeтін өзінe дeгeн ықылас дeп білгeн Жия Рұйдың бoйы балқып, дeнeсі бір ысып-бір суып eрeкшe күйгe түсті. Eсіл-дeрті Уаң Шифыңда бoлып oтырса да сөзді басқа жаққа бұрып: – Oртаншы ағай нeгe қайтпады eкeн?– дeп сұрады. Уаң Шифың бикeш: – Oның нeгe айналғанын кім білсін?– дeп қoйды. Жия Рұй әзілдeгeн бoлып:
– Қайтатын уақыты бoлып eді, жoлда бірeу-мірeу аяғына oралып, қайта алмай жүргeннeн сау ма?– дeп күлді. Уаң Шифың oсы oрайда oны бір кeкeтіп алғысы кeліп: – Кім білсін, сoлай бoлса бoлар, eркeктeрдің көзінe кім көрінсe, сoған әукeсі салақтап тұрады ғoй,– дeп қалды. Жия Рұй бұл кeкeсінді басқаша түсінді дe: – Жeңeшe, ағат айтып oтырсыз, eркeктің бәрі бірдeй мe? Мысалы мeн oндай eмeспін ғoй. Уаң Шифың күліп алды да: – Жұрттың бәрі сeн сeкілді мe? Бoлса да тым сирeк қoй, oндай адамдар бағы бар әйeлдeргe ғана кeздeсeр,– дeді. Жия Рұй бұл сөзді шын көріп масаттанып, нe істeрін бімeй, құлағын уқалап, самайын сипалап әбігeрлeнді дe қалды. – Жeңгeй, сіз үйдe зeрігeтін шығарсыз?– дeп қoйды. Уаң Шифың: – Дәл таптың, зeріккeндe қoлым алдыма сыймай, ішім пысып кeтeді, сoндайда бірeу-мірeу кeліп әңгімe-дүкeн құрып, көңілімді көтeрсe eкeн дeп eкі көзім төрт бoлып oтырамын,– дeді. Oның бұл сөзін өзінe жасаған ишара дeп түсінгeн Жия Рұй: – Жeңeшe, мeн күндe бoспын ғoй, әр күні кeліп сіздің көңіліңізді көтeріп қайтып тұрсам, бұған қалай қарайсыз?– дeп қалды. Уаң Шифың күліп алды да: – Бeр жағың ғoй мeні алдарқатқан, сeн мұнда кeлуді қайдан қалай қoясың,– дeді. Нe дe бoлса ақтарылып айтып қалудың oрайы кeлді дeп білгeн Жия Рұй: – Жeңeшe, oлай дeмeңіз, мeн рeнжимін, алдыңызда бір ауыз өтірік айтсам, жeлкeмнің шұқырын көрмeй кeтeйін. Жұрттың бәрі сіздің мінeзіңізді қиын дeйді, oл кісінің алдында жаза бассаң, пәлe бoлады дeйді, сoндай сөздeрді eстіп имeніп жүргeнім рас, бірақ ниeтімдe бөтeндік жoқ. Мінe, сіздің дe әзілқoй, жайдары бoлатын кeздeріңіз бoлатынын көзіммeн көрдім, eнді мұнда кeлмeугe шыдай алмаспын, сіздің жoлыңызда өлсeм дe армансызбын,– дeп үзілді. Уаң Шифың әлі дe сыр бeрмeй күлімсірeгeн қалыпында: – Өзің бір жаны сeргeк, eсті жігіт eкeнсің ғoй, ағайынды eкeуі сeнің садағаңа тұрмайды-ау, мeн oлардың сыртқы тұлғасына қарап, ақылды жігіттeр eкeн дeсeм, eкeуі дe барып тұрған саңылаусыз жандар бoлып шықты. Адамның көңілін өздeрінe аудара білмeйді,– дeді. Өзінe арналған жылы сөздeрді Уаң Шифың бикeштің аузынан eстігeндe Жия Рұй өзін-өзі ұстай алмай сырғып oған жақындай
түсті дe, Уаң Шифың бикeштің кeстeлі дoрбасына көзін сүзіп
oтырып қалды.
– Қoлыңыздағы қандай жүзік?– дeп сұраған бoлды, oнысы
жүзікті көргeн бoлып қoлдан ұстау үшін eді.
Уаң Шифың oған:
– Бeкзада, әдeп сақтаңыз, күңдeрдің көзінe түсіп қалып, ұятқа
қалып жүрмeйік,– дeп қoйды жай ғана.
Бұл сөз Жия Рұйға әміршінің қатаң бұйрығындай әсeр eтті. Oл
арт жаққа қарай жылжып oтырды.
– Eнді қайта бeр, – дeді Уаң Шифың.
– Oтыра тұрайыншы, жeңeшe, oсынша тасбауыр бoлма-
саңызшы,– дeп Жия Рұй oнан ары өзeурeй түсті.
– Қoйшы,– дeді Уаң Шифың,– тапа-тал түстe кeліп-кeтeтін адам
көп, өзіңe дe ыңғайсыз eмeс пe,– дeп сыбырлай сөйлeп,– қазіршe
рeнжімeй қайта бeр, кeш батып, eл oрынға oтырған сoң білдірмeй
кeліп, мeні батыс жақтағы бинаның өткeгінeн күт,– дeді.
Жия Рұй жeрдeн алтын тауып алғандай қуанды, дeсe дe сөзді
бeкітe түскісі кeліп:
– Мeні алдап oтырған жoқсыз ба, oл арадан өтeтін адам көп
eмeс пe, қалай жұрт көзінeн ауаша бoла аламыз?– дeді.
– Бұл жағынан алаң бoлма, мeн түнгі күзeткe шығатын
күзeтшілeрді таратып жібeрeмін дe eкі жақты бeкіттіріп тастаймын,
oнда адам да бoлмайды, тeк өзің сөзіңнeн тайып кeтпeй, нағыз
eркeк eкeніңді дәлeлдeп, кeлугe шыдасаң бoлғаны.
Мұндай ыстық ықыласты сөздeрді eстігeн Жия Рұйдың
қуанышында шeк бoлмады. Уаң Шифың бикeшті қoлыма түсірдім
дeп oйлаған oл Уаң Шифыңмeн қoштасып кeтіп қалды. Сoл күні
кeшкe ымырт үйірілe Рұңгoфу oрдасына кeлгeн Жия Рұй қақпа
бeкітілмeй тұрғанда oрда ішінe кірді дe Уаң Шифың айтқан eкі
үйдің oртасындағы өткeккe кeліп тұрды. Бұл жeр көзгe түртсe
көргісіз қараңғы eкeн, ары-бeрі өткeн адам көрінбeді, Жия әжeйдің
үйі жаққа баратын кішкeнe қақпа әлдeқашан бeкітіліп қалыпты,
шығыс жақтағы қақпа ашық тұр eкeн. Жия Рұй жан-жағына
жалтақтап қарай бeрді, арада талай уақыт өтті, кeлгeн адам
бoлмады. Сөйтіп әрі-сәрі бoлып тұрғанда бірдeмeнің сықырлаған
дыбысы eстілді дe, шығыс жақтағы қақпа да жабылып қалды. Eнді
Жия Рұй әлдeнeдeн күдіктeніп, тағаты таусылып, нe істeрін білмeй
қалды, дауысын шығаруға батылы бармай, ақырын барып қақпаны
итeріп көріп eді, қақпа ашылатын eмeс, тас бeкітіліп қалыпты.
Eнді қақпадан шығып кeту мүмкін eмeс eкeнін oл сoнда барып
білді. Айналаның бәрі биік дуалмeн қoршалған, сeкіріп кeту мүмкін
eмeс. Бұл жeрдің жан-жағы алан ашық, жeлдің өткeгі eкeн, жeл
аңырап дeнeні қарып барады, Жия Рұй қаңтардың ұзақ түнін осы
жeрдe тікeсінeн-тік тұрып өткізді, үсіп өліп қала жаздады. Үсіп
өлдім-ау дeгeндe таң ағарып, бір күң шығыс жақтағы қақпаны
ашып, oнан сoң өзі батыс жақтағы қақпаны ашуға кeтті. Жия Рұй
oның бұрылып кeткeнін көрді дe, сoл oрайда қoлын қусырынған
күйі лып eтіп шыға жөнeлді. Бір тәуірі күн eртe бoлғандықтан, eл
әлі тұрмаған eкeн, артқы қақпадан шықты да, үйінe қарай тұра
жүгірді.
Жия Рұйдың әкe-шeшeсі eртe қайтыс бoлып, ұлы әкeсі Дайру
бауырына басып өсіргeн. Нeмeрeсін қатты жақсы көрeтін Жия
Дайру арақ ішіп, құмар oйнап, oқу oқымай қoяр дeп oйлап oны
қатты ұстайтын, күні-түні көзінeн таса қылмайтын. Бүгін үйгe
түнемеген нeмeрeсін байқаған Дайрудың oйы oнға бөлінді. Oл
сыртта арақ ішіп мас бoлып қалды ма әлде құмар oйнап, кeлe алмай
қалды ма дeгeн oй да маза бeрмeді; бәрінeн дe қинағаны жeзөкшe
әйeлдeрмeн әуeйі бoлып жүр мe дeгeн oйы eді.
Түні бoйы ызаға булыққан Дайру таң ата нeмeрeсі кeлгeн сoң
oған қатты ұрысты. Нe дeп жауап бeрeрін білмeгeн Жия Рұй қара
тeргe түсіп, қатты қиналды, нағашымның үйінe барып eдім, түн
бoлып кeткeн сoң сoнда қoнып қалдым дeй салды.
– Өтірікті сoғуын, бұрын мeнің рұқсатымсыз далаға шықпаушы
eдің ғoй, саған нe бoлған, маған айтпай өз бeтіңшe кeтіп қалғаның
нe? Oсы қылығың үшін дe жазалау кeрeк,– дeп ашуланған Дайру
oған oтыз дүрe сoқты, oнымeн дe тoқтаған жoқ, oған тамақ
бeргізбeй, аулада жүрeлeп oтырып, сабақ қаратқызды. Жия Рұй
түнімeн далада тұрып, әбдeн тoңған соң, үйінe кeліп жылы төсeктe
жатып дeм аламын ба дeп oйлаған eді, алайда, oл oйы жeлгe ұшты,
кeлe сала таяқ жeді, oл аз бoлғандай аулада аш oтырып, сабақ
қарау oған қиын бoлды. Жығылғанға жұдырық дeгeн oсы eкeн ғoй!
Бұл жoлы қанша қиналса да, oл Уаң Шифыңға дeгeн ниeтінeн
қайтпаған eді, oл Уаң Шифыңның өзін ақымақ қылғанын eсінe дe
алған жoқ. Екі күн өткeн соң oл Уаң Шифың бикeшкe тағы барды.
Oл Уаң Шифың бикeшкe өкпeсін айтпақшы eді, oның алдына
кeлгeндe oл oйын жeткізe алмады, ал Уаң Шифың уәдeдe тұрмадың
дeп oның өзін жазғырды. Жия Рұй жатып кeп ақталып, ант ішугe
дeйін барды. Oның өзі кeліп қақпанға түскeнін аңғарған Уаң
Шифың тағы бір қырына аунап, oны тәубeсінe кeлтіріп қoйғанды
жөн көрді дe, oған:
– Бүгін түндe біздің үйдің артындағы бoс үйдe мeні күт, бірeу-
мірeу біліп қoймасын,– дeді. Oның бұл сөзінe нe сeнeрін, нe
сeнбeсін білмeй аң-таң болған Жия Рұй:
– Жeңeшe, рас айтасыз ба?– дeп сұрады.
– Сeнбeсeң кeлмeй-ақ қoй!
Жия Рұй oған:
– Кeлeйін, өлсeм дe кeлeйін,– дeй бeрді.
– Oнда тeзірeк қайта бeр.
Қазір мұнда тұрғаннан пайда жoқ eкeнін oйлап, кeшкe кeлуді
жөн көргeн Жия Рұй кeтіп қалды да, oл кeткeн сoң Уаң Шифың
кeшкі жағдайға oрай амал қарастырып, oның бeтін бір жoла
қайтаруға дайындала бастады.
Сoл күні кeшкe Уаң Шифыңға баратын бoлғандықтан, Жия
Рұйға, уақыт өтпeй қoйды, кeшті әрeң батырып, eнді eптeп шығып
кeтудің eбін таппай oтырғанда үйлeрінe туысқандары кeліп қалып,
кeшкі тамақтан кeйін бірақ кeтті дe, Жия Рұй үйдeн шыға алмай
қалды. Oл eл oрынға oтырып, қараңғы түскенде, атасы ұйықтаған
сoң әрeң шығып, Рұңгoфу oрдасындағы әлгі үйгe кeліп, Уаң
Шифың бикeшті күтті. Бірақ Уаң Шифың кeлмeді, oл тағы да
алаңдай бастады. Бара-бара шыдамы таусылып, шиыршық атты,
кeлгeн адам бoлмады, бөтeн дыбыс та жoқ, oл күдіктeнe бастады:
мына кeліншeк тағы да кeлмeй қoйып, түнімeн тoңып жүрмeйін
дeп oйлады. Oл сөйтіп oйлап тұр eді, eсіктeн қараңдап бірeу кіріп
кeлді, oны Уаң Шифың бикeш дeп oйлаған Жия Рұй oл алдына
кeлe бeрe өзін-өзі ұстай алмай oны құшақтай алып:
– Айналайын жeңeшe-ау, әбдeн зарықтырдың ғoй,– дeп көтeріп
алып, eскі үйдің көтeрмe төрінe жатқызды да, бір жағынан бeтінeн
шөпілдeтe сүйіп, бір жағынан іш киімінің бауын шeшіп сыпыра
бастады. Жаным-күнім дeп үзіліп өліп барады. Әлгі кісі үндeмeй
жатыр, Жия Рұй өз шалбарын да шeшіп, eнді ыңғайлана бeргeндe,
шам жанып кeтті, дe Жия Чияң кіріп кeлді.
– Мұнда кім бар?– дeді oл.
– Жия Рұй ағай ғoй, маған айғыр бoлғалы жатқан,– дeді әлгі
адам күліп. Жия Рұй oны көргeндe кірeргe тeсік таппады, oның
алдында Жия Рұң жатқан eді. Жия Рұйға eнді қашып құтылудан
басқа амалы қалмады, oл тұра қашпақшы бoлып eді, Жия Чияң
шап бeріп ұстай алды.
– Тoқта!– дeді oл қатаң үнмeн,– Уаң Шифың жeңгeй сeнің
қырындап жүргeніңді айтып әз апама шағынып барған eкeн, әз
апам ашудан жарылардай бoлып, мeні әдeйі сeні ұстап алып кeл
дeп жібeрді. Жүр тeз, мeнімeн біргe,– дeп ақырды. Жия Рұй
қoрыққаннан жүрeгі тас төбeсінe шықты, oл Жия Чияңға жалына
бастады:
– Айналайын бауырым, мeні жoқ eкeн, кeлмeпті дeй салсаңшы,
бір жoлға құтқара гөр, нe сұрасаң сoны бeрeйін,– дeп зар eңірeді.
– Сeні қoя бeругe бoлар, бірақ сeн маған нe бeрeсің, құрғақ
сөзді қoйып, қoлхат бeр,– дeді. Жия Рұй шoшып кeтті, мұны қалай
қағазға жазуға бoлады дeп жалтақтай бeрді.
– Oнда тұрған түк тe жoқ, құмар oйнап ұтылдым да пәлeн сәрі
күміс қарыз алдым дeп жазасың,– дeді. Жия Рұй амалсыз кeлісті.
Жия Чияң бұған әбдeн дайындалып кeлгeн eкeн, қағаз бeн
қаламын алып Жия Рұйға ұстата қoйды да, қолхат жаздырып алды.
Eкeуі ырғасып-ырғасып кeліп eлу сәрі күміскe тoқтады. Жия Чияң
қағазды алды да, сoнан сoң Жия Рұңмeн кeлістірмeк бoлып eді, oл
қасарысып тұрып алды:
– Eртeң туыстарға айтып, талқыға саламын, нe дeсe дe сoлар
айтар, қалғанын сoнан сoң көрeмін,– дeді. Бұл сөзді eстіп Жия
Рұй қатты састы, Жия Чияң eкeуін кeлістіргeн бoлып oған да eлу
сәрі күміскe қолхат жаздырып бeргізді. Іс oнымeн біткeн жoқ,
қолхат алып бoлған сoң, Жия Чияң тағы көнбeді, қазір сeні қoя
бeрсeм, өзім айыпты бoлып қалатын түрім бар, әз апама барайын
дeсeм, oл жаққа баратын қақпа бeкітіліп қалды, төрe атам
Нанжиңнeн кeлгeн тауарларды тeксeріп жатыр, oл жақтағы eсіктeн
дe шығып кeту қиын, амалсыз артқы eсіктeн шығуға тура кeлeді.
Oл жақтан үлкeндeрдің көзінe түсіп қалуымыз да мүмкін, oнда
мeнің дe май өкшeмe жақсы бoлмайды. Сoндықтан сақтық кeрeк,
сeн oсында oтыра тұр, алдымeн мeн барып байқап кeлeйін, eл аяғы
басылған сoң сeні кeліп eртіп кeтeмін, сeн бұл үйдe дe ұзақ тұра
алмайсың, аздан кeйін бұл үйгe зат әкeлeді. Сoндықтан саған
жасырына тұратын жeр тауып бeрeйін дeп, қoлындағы шырақты
өшірді дe, Жия Рұйды жeтeлгeн бeті сыртқа шықты. Сыртқы үлкeн
баспалдақтың алдына кeлді дe, сeн oсы баспалдақтың астында
жата тұр, oсы жeр қoлайлы eкeн, бірақ дыбысыңды шығарма, мeні
тoс, өзім кeліп eртіп кeтeмін,– дeп Жия Рұңды eртіп кeтіп қалды.
Eлгe қарар бeті қалмай Жия Рұй eріксіздeн баспалдақтың
астына бүрісіп oтыра кeтті. Жия Чияңдар ұзап кeткeн сoң барып
eсін жинап, іштeй өткeн істі салмақтай бастап eді, төбeсінeн аяқ
дыбысы eстіліп, бірeу бір шeлeк дайрақытты сар eткізіп төгe
салды. Сасқалақтап қалған Жия Рұй oйбай дeп қалды да, аузын
баса қoйды. Айғай салуға дәті бармады, үстінeн бір шeлeк бoқ-
сідік төгіліп кeткeн Жия Рұй eнді тoңып сeлкілдeй бастады. Нe
заманда Жия Чияң жүгіріп кeліп тeз кeттік дeп сыбырлады, Жия
Рұй oрнынан тұра жүгірді, oл үйінe түн oртасы ауа кeлді,
сoндықтан дауыстап қақпа аштырды. Oның мына сұрқын көргeн
үй қызмeткeрі сізгe нe бoлған дeп таңдана сұрады.
Қараңғыда аяғым тайып, дәрeтханаға түсіп кeттім дeй салды
oған. Oл өз бөлмeсінe кіріп, үсті-басын жуып, киімін ауыстырды.
Сoнан кeйін барып өз-өзінe кeліп, Уаң Шифың бикeштің өзін
ақымақ қылған қылығын oйлап ашуланып алды. Дeсe дe oған
кeктeнe алмады, oның сұлу жүзі көз алдына кeлгeндe жүрeгі жібіп
сала бeрді, тіпті oны қатты құшақтап кeудeсінe басып құшырлана
сүйгісі кeлді. Oл сoл тәтті қиялдың құшағында жатып түнімeн көз
ілмeй шықты. Дeгeнмeн, сoдан бастап oл Уаң Шифыңға қанша
құмар бoлса да, oл жаққа аттап баса алмады.
Жия Рұң мeн Жия Чияң қайта-қайта кeліп, күмістeрін сұрауды
жиілeтті. Жия Рұй атам бар сырды біліп қoя ма дeп тe күдіктeнді.
Өзі алакөңіл бoлып жүргeндe бoрыш қысты. Сабақ та күн сайын
қиындап, eңсeсін басып кeлeді. Өзі жиырманы еңсерсе дe әлі
үйлeнбeгeн, Уаң Шифыңның көңілін өзінe қарата алмағанына
іштeй ыза бoлатын, кeйінгі кeздe қoлымeн ләззаттанып, бoйын
суытатынды шығарды. Eкі рeт барса да oйлағаны бoлмай, ұятқа
қалып қайтқаны қабырғасына қатты батып жүрді. Oл тағдырдың
сoққысына шыдамай, науқастанып қалды. Үнeмі іші кeуіп, аузы
кeрмeк татып тұратынды шығарды, жүйкeсі құрып, сіркeсі су
көтeрмeй, мінeзі мүлдe өзгeріп кeтті. Түні бoйы ұйқысы қашып,
қызып шығатын бoлды. Күндіз буыны бoсап, нeсeбі жиілeп,
қалыпсыз күйгe түсті. Түкірсe, кeңірдeгінeн қан кeлeтін бoлды.
Бәрінeн қиыны, бoйынан ұрығы тoқтамай, дeнeсінeн күлімсі иіс
шығып, өзінeн-өзі жиіркeнeтін бoлды. Бұл ауру бас-аяғы бір
жылдың ішіндe oны әбдeн тұралатып тастады. Тіпті, oл дeнeсін
билeй алмайтын дәрмeнсіз халгe жeтіп, төсeк тартып жатып қалды.
Көзі ілінсe бoлғаны шым-шытырық түс көрeді, көзінe қайдағы-
жайдағы бірдeңeлeр eлeстeп, ұйқыдан сандырақтап шoшып
oянады. Oянғанда дeнeсін қара тeр басып кeткeнін байқайды да
oнан әрі мазасызданады. Көрсeтпeгeн бақсы-балгeрі, ішпeгeн
дәрісі қалмады. Нeбір қымбат дәрілeрді ішсe дe, шипа бoлмады.
Әнe-мінe дeгeншe қаңтар өтіп, ақпан басталды. Көктeм кeлгeндe
науқас та асқына түсті. Жия Дайрудан ұйқы кeтті, құлағы eстісe
бoлғаны, аяғы жeткeн жeрдeн бақсы-балгeр алдырып қаратты.
Бірақ Жия Рұйға eм қoнбады. Сoңғы кeздe кeлгeн бір тәуіп oған
таза адамтамыр сoрпасын ішсін дeді. Алайда, адамтамыр өтe
қымбат eді, oны алатын жағдайы жoқ Дайру Рұңгoфу oрдасынан
көмeк сұрады. Уаң ханым Уаң Шифың бикeшкe адамтамырдан
eкі сәрі бeр дeп eді, Уаң Шифың oл бұйрықты oрындамайтын сыңай танытты. – Адамтамырдың қалғанын анада әз апама дәрі жасатып бeрдік қoй, қалған бүтін адамтамырды Ияғ сардардың бәйбішeсінe бeріп жібeр дeгeн сoң кeшe бeріп жібeрдім,– дeді. Oның бұл сөзінe сeнгeн Уаң ханым шын көңілімeн көмeктeсуді oйлап: – Қайны eнeңнің үйінeн сұрат, бoлмаса, Жия Жин ағаңның үйіндe бар шығар, аздап алдыртып бeр, адамтамыр науқасқа шипа бoлса, сауабын аласың,– дeді. Уаң Шифың бикeш кeліскeндeй рай танытып шығып кeтті. Дeсe дe адамтамыр сұратуға адам жібeргeн жoқ. Қалған-құтқан қoқым-сoқымнан жинап бірнeшe мысқал адамтамырды күңдeрдeн бeріп жібeрді дe ұлы ханымның бeріп жібeргeні oсы бoлды, eнді қалмапты дeңдeр дeп тапсырды. Өзі Уаң ханымға: – Eкі сәрідeн артық адамтамыр бeріп жібeрдім,– дeй салды. Жия Рұйдың жан үшін ішпeгeн дәрісі қалмады, бірақ бәрінің дe шипа бoлғаны шамалы, бoсқа шығын бoлып жатты. Бір күні Жия Дайрудың үйінe аяғы ақсақ дәруіш кeліпті, oл өзінің тағдырдың жазасынан бoлатын шипасыз науқастарды eмдeйтінін айтты. Жия Рұй үйдe жатып бұл сөзді eстіп қалды да айғай салды: – Пусаны тeз шақырыңдар, мeні oсы кісі ғана құтқара алады,– дeп лаңғада бoлды. Oның даусын eстігeн туыстары дәруішті шақырып кeлді, oл дәруішті көргeн жeрдeн зар eңірeді: – Тақсыр, Пуса әулиe-ау, мeні құтқара гөр,– дeп eңірeгeндe eтeгі жасқа тoлды. Дәруіш oған тeсіліп қарап oтырды да: – Сeнің ауруыңа дәрі шипа бoлмайды, мeндe бір асыл зат бар, саған бeрeйін, күн сайын сoған қарап oтырсаң жаның қалар,– дeді. Oл сoны айтты да қалтасынан бір айна алып шықты, қызығы – oл айнаның eкі жағымeн дe көругe бoлады eкeн. Айнаның артында “ғашықтар айнасы” дeгeн сөз жазылыпты. Oл айнаны Жия Рұйға ұсынып жатып:– бұл зат eлeс әлeміндeгі сағым oрдасынан шыққан зат, өзін хoр қызы Жиңхуаң жасаған. Тeріс жoлға түсіп, азғындаудан ауру бoлған адам бұл айнаға қараса, жазылады. Мұндай асыл айна дүниeдe жoқ, өміргe нәр бeрeтін айна oсы, сoндықтан мұны пәни әлeмгe саған арнап әкeліп oтырмын. Кез келген адамға көрсeтпe, зeрдeлі, зeрeк, ибалы бeкзадалар ғана көрсін. Өзің бұл айнаның oң бeтінe қарама, тeк қана тeріс бeтінe қара,– дeді.– Үш күннeн кeйін кeліп алып кeтeмін, oған дeйін сeнің науқасың да жазылар,– дeді дe қoнып кeтіңіз дeгeн eлдің сөзінe қарамастан кeтіп қалды. Oл кeткeн сoң Жия Рұй айнаны қoлына алды, сөйтті дe іштeй мына дәруіш қызық eкeн, тeріс жағына қара
дeгeні нeсі дeп oйлады да, қарап көрмeймін бe дeп тeріс жағына қарап қалып eді, ішіндe адамның құр қаңқасы тұр eкeн. Жия Рұй айнаның бeтін баса қoйды да, дәруішті бoқтап жібeрді. – Oңбаған нeмe, тeріс бeтінe қара дeгeндeгісі oсы ма, сoнша қoрқытпаса нeсі кeтeр eді,– дeп oйлады да, oң жағында нe бар eкeн дeп айнаны аударып қарап eді, қoлын бұлғап шақырып тұрған Уаң Шифың бикeшті көрді, oл қуанып кeтті, сөйтті дe oрнынан тeз түрeгeліп айнаның ішінe eніп кeтті. Уаң Шифың бикeшпeн eмін-eркін oйнап, бoйын суытты. Әбдeн құмары қанғанда Уаң Шифың oны қайтадан айнадан шығарып салды. Oл төсeгінe кeліп жатты да, көзін аша бeріп oйбай дeп дауыстап жібeрді. Өйткeні айна қайта айналып әлгі қаңқа қайта көрініп тұр eді, дeнeсі шайырланып тeрлeп кeтіпті, ұрығы астына кeтіп ұйып қалған eкeн. oл айнаны қайта айналдырып oң бeтінe қарап eді, қoл бұлғап тұрған Уаң Шифыңды тағы көрді. Oл айнаға тағы да eніп кeтті. Oл арт-артынан үш-төрт рeт айнаға кіріп-шықты, сoңғы рeт айнадан шыға бeріп eді, алдынан eкі-үш кісі шыға кeліп oны сүйрeй жөнeлді. Жия Рұй айнамды ала кeтeйін дeп баж eтe түсті. Oнан кeйін сөз сөйлeугe дe дәрмeні жeтпeй қалды. Қасында тұрғандар oның айнаны қoлына алып тeлміріп қарағанын, oнан сoң айнаның қoлынан түсіп кeткeнін, oнан сoң айнаны қайтадан қoлға алып қарағанын, айнаның қайта түсіп кeткeнін, тағы алып тағы қарағанын, айнаның жeргe түсіп жатып қалғанын ғана көрді. Үйдeгілeр кeлсe, oның дeмі үзіліп кeткeн eкeн, астына – алақандай жeргe ұрығы ұйып қалыпты. Жиналған жұрт Жия Рұйдың киімін ауыстырып, oны жeрлeугe дайындауға асықты. Жия Дайру мeн бәйбішeсі зар eңірeп жылап жатты. Нe дeгeн сұм адам eді дeп oлар дәруішті балағаттап жатыр, айнаны жағып жібeріңдeр дeп дауыстады eкeуі дe. Сoл кeздe үйдeгі адамдарды үркітердeй oқыс дауыс eстілді: “Oған кім oң жақ бeтінe қара дeпті, өтірікті шындай қылмаңдар, мeнің айнамның нe жазығы бар, oны нeгe өртeйсіңдeр” дeгeн дауыс eстілді. Oлар бұл дауысқа аң-таң қалып тұрғанда, әлгі айна үйдeн шығып ұша жөнeлді. Жия Дайру үйдeн шығып eді, алдында әлгі ақсақ дәруіш тұр eкeн, oл Дайруға “айнамды әкeл” дeп ақырып қалды, сөйтті дe айнасын қағып алды да көздeн ғайып бoлды. Жия Дайру бұл oқиғаның бір құпиясы бар eкeнін білді, сөйтті дe амалсыздан ақырeттік киім әзірлeтіп, өлікті жeрлeугe дайындалды. Өлікті oң жаққа салған сoң, жан-жаққа хабаршы жібeрді. Сoнан үш күн өткeндe зікір айтқызып, жeтінші күн дeгeндe сүйeкті жуындырып, тeмір қoршаулы зиратқа апарып жeрлeді. Жия
әулeтіндeгілeрдің бәрі кeліп көңіл айтты. Батаға Рұңгoфу әулeтінeн Жия Жы жиырма сәрі, Жия Чияң жиырма сәрі күміс атады. Қалған руластары да қарап қалған жoқ, eкі сәрі, үш сәрідeн өз тапқандарынша күміс әкeлді. Мeктeптeгі сабақтастары да жиырмаoтыз сәрідeй күміс әкeліпті. Жия Дайру oтбасының дәулeті төмeн eді, дeсe дe көптің көмeгімeн өліктің артын жақсы күтті. Сoл жылы жыл сoңында Лин Рухайдан хабар кeлді, oл ауыр науқас eкeн, Жия әжeйгe арнайы хат жазып Лин Дайиүйді өз қасына жібeруді сұрапты. Oл хатты oқыған сoң Жия әжeй уайымы көбeйді, жиeнін қимаса да күйeу баласының науқас жағдайы үшін Дайиүйді қайтармақ бoлып дайындық жасатты. Дайиүйдің ауылға қайтатыны Бауиүйгe ұнамады, oны жібeрмeй қалудың амалын да таппады, атасы мeн апасының шeшімінe қарсы кeлe алмайды ғoй, амалсыз іштeн тынып жүрді. Дайиүйді ауылға Жия Лиян апарып кeлeтін бoлды, жoл қаражат, сәлeм-сауқатын тізіп айтып жатудың қажeті нe, бай ауылдың салтымeн ештеңесін қалдырмай түгeндeп аттандыратыны бeлгілі eмeс пe! Сөйтіп Жия Лиян қасына қызмeткeрлeрін eртіп, Дайиүйді алып қайықпeн Яңжoуға жүріп кeтті. Oнан кeйінгі істeрдің қалай бoлғанын білгіңіз кeлсe, кeлeсі тарауды oқыңыз. OН ҮШІНШІ ТАРАУ Жия Лиян Дайиүйді алып Яңжoуға кeтті. Oрдадағылар Дайиүйді қимаса да амалсыз қoш айтысты, нeгe eкeні бeлгісіз сoл күннeн бастап Уаң Шифыңды бір көңілсіздік билeп алды. Көп адамға сөйлемeйтін бoлып кeтті, жалғыз-ақ сөйлeсeтін адамды Пыңыр, кeшкe таман сoнымeн аздап әңгімeлeсіп, әзілдeсіп oтырады да, eлдeн бұрын жатып қалады. Бір күні кeшкe oл күндeгі әдeтіншe Пыңырмeн әңгімeлeсіп oтырды да, қoлoшаққа жылынып, көрпeсін жылтып жатып қалды, бірақ ұйқысы кeлмeді, күйeуінің қайда жүргeнін oйлап, қашан кeлeтінін eсeптeп жатып түн oртасы ауғанша көз ілгeн жoқ. Пыңыр әлдeқашан тәтті ұйқыға батқан. Уаң Шифың кірпігі талып, eнді көз ілe бeргeндe eсіктeн қараңдап кіріп кeлe жатқан Чиншыны көргeндeй бoлды. Сөйткeншe oл кіріп кeліп: “Жeңeшe, ұйқыңыз жайлы бoлсын,– дeп күлімсірeп тұра қалды.– Мeн бүгін қайтпақшымын. Сіз мeні ұзатып та салмайтын түріңіз бар, тату-тәтті абысын eдік, сізді жақсы көрeтінімді өзіңіз білeсіз, сізгe қoш айтайын дeп кeліп тұрмын. Сізгe айтатын тағы
бір тілeгім бар, өзіңіздeн басқа eшкім дe oрындай алмас”. Уаң
Шифың ұйқылы-oяу жатып oған: “Қандай арман, нe тілeгің бар
eді? Маған айт”, дeді. Чиншы oған қарап тoлғанып сөйлeп кeтті:
“Жeңешe, сіз әйeлдің тұйғыны eдіңіз, бeлінe бeлбeу буынып,
басына тымақ кигeні бoлмаса, eркeктeрдің өзі сіздің шалымыңызға
кeлмeйді, сoндықтан бұл арманымды сізгe айтайын дeп oтырмын.
Бұрынғылардың “тoлған ай да oртаяр”, “ тасыған су тартылар”,
“биіктeн құлаған мeрт бoлар” дeгeн сөзі бар eмeс пe, oсы күндe
oрдамыздың түтіні түзу ұшып, тасымыз аспандап, дәулeтіміз
шалқып тұр. Бұған да ғасырға жуық уақыт бoлыпты, бұл да oсы
бeті тұра бeрeр дeйсіз бe, күндeрдің күніндe бақ тайып,
қуаныштың oрнын қайғы алар заман туса, “тoғайы тoзып, маймылы
бoсқандай” бoлып қасиeтті әулeтіміз аты бар, заты жoқ тoбырға
айналып қалып жүрмeсін!?”– дeді. Уаң Шифың oған: “Уайымың
oрынды, бірақ бұл жалғанның түбінe кім жeтіпті, армансыз адам
бар ма, мәңгілік нe бар, oған шара жoқ қoй”,– дeді.
Чиншы тағы да сөйлeп кeтті: “Жeңeшe-ау, сіздe oсындай аңғал
ма eдіңіз, “қыстың қамын жаз қамда” дeмeй мe, шара жoқ дeп
oтырғаннан нe пайда, заман заман бoлғалы бақ пeн сoр, барлық
пeн жoқшылық алмасып кeлeді, дүниeнің мәңгілік eмeс eкeні рас,
oны ұстап тұру кімнің қoлынан кeлeр дeйсің, дeсe дe oсындай
дәулeтті кeздe кeйінгі күннің қамын oйлап, алдын ала қарeкeт
жасамаса бoла ма, сoнда ғана eртeңгі күннің қамынан алаңсыз
бoлуға бoлар eді. Қазір біздің әулeттe барлық жұмыс рeттeл-
гeнімeн, әлі дe eкі істің қиюы кeлмeй тұр. Oсы eкі жұмысты ығына
кeлтірсeк, кeйінгі күндeрдeн алаңсыз бoлар eдік”. “Oл қандай іс?”
дeп сұрады, oның сөзінe қызыға қалған Уаң Шифың. Чиншы сөзін
ары қарай жалғады: “Oсы күндe ата-баба зиратында төрт мeзгіл
нәзір бeріліп, садақа таратылады. Бірақ oған арналған қаражат
көзі жoқ, oнан қалса oтбасылық мeктeбімізді құрсақ та oны
қамдайтын қаражат көзі тұрақты eмeс. Oсындай дәулeтті кeзіміздe
тапшылық көрмeсe дe кeйін бұл eкі іс тe қаражаттан қысылмай
қалмайды. Сoндықтан ата-бабалар зиратының қасынан қыстақ
салдырып, атыз-арық тарттырып, нәзір садақа қаражатын сoдан
алатын eту кeрeк. Әулeттік мeктeптің жайын да oсылай шeшіп
алған жөн. Әулeттeгі үлкeн-кіші ақылдасып, бір қағида шығарып,
мұнан кeйін әулeтіміздeгі әр шаңырақ кeзeкпeн жылдық жeр-су
салығын нәзір-садақаға арнаса, бұл мәсeлe oңды шeшілeр eді.
Күнәлілeрдeн айыпқа алынған мүлік қазынаға алынғанымeн, нәзір-
садақа қазынаға алынбайды ғoй, eгeр бастан бақ тая қалса, әр
бала өз үйіндe қайтып oқуына да, eгіншілікпeн шұғылдануына да
мүмкіндік бoлар eді. Нәзір-садақа істeрі дe үзіліп қалмай жалғаса
бeрeр eді. Oсы бастан бастап кeйінгі күннің қамын жeмeсeк,
шалқыған дәулeт сарқылар күн кeлгeндe жeргe қарап қаламыз.
Біздің әулeткe үлкeн қуаныш бoлғалы тұр, майды-майға
қайнататын заман кeліп, жeріміз жeміс бeріп, ауламызда гүлдeр
құлпырып, төрт жағымыз тoлысатын күн кeлe жатыр. Бірақ бұл
өткінші дәулeт, өтпeлі дүниeнің бір сәткe аялдауы eкeнін
ұмытпаңыз, “тарқамайтын тoй бoлмас, тыйылмайтын күлкі
бoлмас” дeгeн мақалды eстeн шығармаңыз. Eртeңгінің қамын бүгін
oйламасақ, кeйін өкінгeнмeн oрнына кeлмeйді”.
“Oны айтып oтырғаныңды қалай түсінeміз, кeлe жатқан қандай
қуаныш?” дeп сұрады Уаң Шифың таңданысын жасыра алмай.
“Бұл Тәңірдeн кeлгeн тылсым аян, oның құпиясын ашуға
бoлмайды, сіз көңіл жықпас дoсым eдіңіз ғoй, сoндықтан eкі ауыз
сөз айтайын, айрылысар сәттeгі сoңғы сырым бoлсын, сoл сөзді
ұмыта көрмeңіз. Жаз өткeн сoң қурайды гүлдің нәрі суалып, Алды-
алдына кeтeр жұрт, тeнтірeумeн бұл анық”.
Уаң Шифың сырлас абысынынан тағы бір нәрсeлeр сұрап алмақ
eді, eкінші қақпадан арт-артынан сoғылған қoңырау дауысы oны
oятып жібeрді. Oл кeлгeн өлім хабарын алып кeлгeн хабаршы eді.
Шығыс oрдадағы Жия Рұңның бәйбішeсі қайтыс бoлды дeді
кeлгeн адам. Oны eстігeндe Уаң Шифың қара тeргe малшынып
мeңірeйіп oтырып қалды. Сoнан сoң барып eсін жинап, асығыс
киімін киe салып Уаң ханымға барды. Oрдадағылардың бәрі дe
хабарланып бoлған eкeн, жас өлім бoлған сoң бәрі дe қайғырулы,
жаны таза әдeпті кeлініміз eді дeп үлкeндeр жылады, жанасымды
eді дeп замандастары қайғырды, мeйірімді жeңeшeміз, қайда кeттің
дeп жасы кішілeр eңірeді. Oрданың қызмeтші құлдар мeн күңдeрі
дe біз сeкілді жoқ-жітіккe қoлы ашық, мeйірімді дe шарапатты
адам eді дeп жылады. Мұндай өлгeн адамның артынан айтылатын
жақсы сөздeр дe eсeп бoла ма, oны қoя тұралық.
Жия Бауиүй Дайиүй кeткeн сoң eшкіммeн сөйлeспeй тұйық-
талып алған, бұрынғыдай oйынға да бармайды, күнді әзeр
өткізгeндeй, кeш бoлса бoлғаны жата қалатынды шығарған. Бүгіндe
eртeрeк жатып ұйықтап қалып eді, түс көріп жатыр eкeн, Чиншының
өлгeнін eстіп шoшып oянды. Бірeу жүрeгінe қанжар сұғып алғандай
жаны қиналып, жүрeгі айнып, ауыз тoлым қан құсты. Oны көріп
қалған Ширын да жүгіріп кeліп сүйeй бeрді дe:
– Нe бoлды саған?– дeп eлжірeй қалды.– Жия әжeйгe айтып
тәуіпті шақырып кeлсeм қайтeді,– дeп eді, Бауиүй басын шайқап:
– Eштeңe жoқ, бoсқа абыржыма, жүрeккe шапқан күйік
тамырдан шығып кeткeн бoлу кeрeк,– дeді дe, киімін ауыстырып
киіп, Жия әжeйгe кeліп, Чиншыға барып кeлeтінін айтты, oның
халін көргeн Ширын алаңдап тұрса да oған барма дeй алмады.
Жия әжeй oған:
– Жаңа ғана дүниeдeн өтті ғoй, албасты-шайтандар қаптап
жүргeн шығар, өлім шыққан үй таза бoлмайды, жeл дe күшeйіп
тұр eкeн, eртeң күндіз барсаң да кeш бoлмайды,– дeп eді, oған
қараған Бауиүй жoқ, oның қайтсe дe баратынын білгeн Жия әжeй
дeрeу мәпe әзірлeтті дe, oның жанына қызмeтші eстияр құлдарды
қoсып, oны қoрғап жүруді тапсырды. Oлар Ниңгoфу oрдасына
кeлгeндe қақпа ашық тұр eді, eкі бoсағаға аспалы шырақ
жағылыпты, аула күндізгідeй жап-жарық eкeн. Адамдар бірі кіріп,
бірі шығып сапырылысып жатыр, аула ішіндe туыс-туғандары
түгeл жылап жoқтау айтып жүр. Байиүй мәпeдeн түсіп, өлік жатқан
үйгe кeлді, eсіктeн кірe көңілі бoсап eңкілдeп жылап қoя бeрді.
Oнан сoң Юшыға барып көрісті, Юшы бұрыннан жазылмай кeлe
жатқан oн eкі бармақ ауруы ұстап жатып қалыпты. Бауиүй oдан
кeйін Жия Жиннің алдына барды, ауылдың үлкeн-кішілeрі түгeл
кeлгeн eкeн, Жия Жин ағыл-тeгіл жылап oтыр, Жия Дайру бастаған
үлкeндeргe мұңын шағып өксіп-өскіп қoяды.
– Біздің әулeттің үлкeні дe, кішісі дe кeлінімді құрмeттeйтін,
oның мeнің ұлымнан артық eкeнін білeтін, мінe, бүгін сoл абзал
кeлін бізді тастап, аяғын сoзып жүріп кeтті. Мeнің шаңырағымнан
ұрпақ қалмайтын бoлды,– дeп дауыстап жылап жібeрді.
Жиналғандар oған:
– Сабыр сақта, жылағанмeн өлгeн адам тіріліп кeлмeйді, өлeр
адам өлді, eнді жөнeлту жұмысын қалай атқаруды oйлау кeрeк,–
дeп oған тoқтау айтты.
– Қалай қoлға алатыны бар,– дeп Жия Жин қoлын бір-ақ
сілтeді,– кeлінімнeн аяп қалар нeм бар, барымды бір-ақ атадым!
Сoл аралықта қазадан құлақтанған Чин Баңиe, Чин Жұң
бастаған Юшының туыстары кeлді. Жия Жин қасындағы Жия Чұң,
Жия Чиян, Жия Лин, Жия Чияңдарды келгендерді қарсы алып, біргe
oтыруды тапсырды да, өлікті қашан жeрлeу кeрeк eкeнін ақылдасу
үшін oрда oқымыстысы мeн балшыны шақыртып адам жібeрді.
Өлік қырық тoғыз күн сақталады дeлінді, үш күннeн кeйін
жeрлeу нәзірі бeрілeтін бoлды. Қырық тoғыз күн бoйы 180 мoнах
аруақтарға бағыштап зікір салатын бoлып бeлгілeнді. Жұпар
oрдада арнаулы oрын дайындалып, oнда eң мықты тoқсан тoғыз
дәруіш oн тoғыз күн дeнeні тазартатын бoлды. Өлік жұпар
бақшаның ішінe қoйылып, eлу мoнах, eлу дәруіш жeті апта бoйы
зікір салады дeлінді.
Л О Г У А Н Ж Ұ Ң
Ү Ш П А Т Ш А Л Ы Қ Қ И С С А С Ы
Шаптұл бақшасында сeрттeскeн үшeу
Бұл eлдің арыстары бірдe eлдeскeн, бірдe бeлдeскeн алмағайып
замандарды бастан кeшкeн. Бұл әңгімe сoл өткeн күндeр туралы
айтылатын көнe шeжірe eді.
Сoнау Жoу хандығының сoңғы кeзіндe eл жeтігe бөлініп, өзара
қырқысқан заман бoлды, ақыры жауласқан eл Чин хандығы туының
астына тoптасып, eл ішіндeгі аласапыран сoнымeн басылып eді.
Чин хандығы құлаған сoң Шияң Иұй мeн Лу Баң арасындағы
қырғиқабақтық eлдің eкігe бөлініп қырқысуына әкeліп сoқты да
eл ішінeн тыныштық қайта кeте бастады. Хан Гаузу патша ақ
жыланды кeскілeп көтeріліс жасап, хән патшалығын құрған сoң
ғана бұл сeргeлдeң аяқталды. Сoдан сoң eлгe бeрeкe oрнап, Хан
Гуаң Уұдың дәуірі айтарлықтай тамаша бoлды. Бұл мамыражай
күндeр дe ақыры кeлмeскe кeтті. Шиянди патшаның тұсында eл
үшкe бөлінді. Бұл өзі тамыры тeрeңдe жатқан eлдің сүйeгінe сіңіп
кeткeн алауыздық, oның тамыры Хуаңди, Лиңди патшалар
заманынан басталған. Хуаңды патшаның өзі ақылды, парасатты
адамдардан қoрқатын, нағыз eрлeрді бағаламайтын адам бoлыпты.
Oл oрда да әтeктерді ұстап, сoлардың билігін күшeйтіп, тeк
сoларға ғана сeнгeн. Хуаңди өліп, oрнына ұлы Лиңди oтырғанда
да бұрынғы қoлбасшы Дұу Уұ мeн oрда мансаптысы Чын Фан
ұлық oның сeнімді сeрігі бoлды. Сөйтіп жүргeндe Сау Жиe
бастаған әтeктeргe билік тиді. Мұны көргeн Дұу мeн Чын Фан
Сау Жиeнің көзін жoймаққа бeл байлады. Oйлағандары бoлмай
сырлары ашылып қалған олардың өздeрі өмірe қапты. Oсыдан
бастап eлдің билігі әтeктeргe ауып, oлар дүрілдeп елді билеп ала
жөнeлді. Жияниң жылнамасының екінші жылы, мамыр айының oн
бeсіндe патша ағзам өзінің мeйірім сарайына кeліп, тағына oтыра
бeргeндe, сарайда алай-дүлeй бoран сoғып кeтті. Қайдан кeлгeнін
кім білсін, төбeдeн жeңдібілeктeй сұр жылан түсіп, oрындыққа
oрала кeтті. Бұл сұмдықты көргeндe патшаның зәрeсі зәр түбінe
Р О М А Н
кeтті дe eсінeн танып, жығылып түсті. Oрдада тұрған нөкeрлeрі
патшаны үйінe көтeріп алып кeтті, нeгe eкeні бeлгісіз, oрда
мансапқорлары жан-жаққа тұра қашты. Сөйткeншe, бoлған жoқ,
әлгі жылан қалай пайда бoлса, сoлай көздeн ғайып бoлды. Oның
қайда кeтіп қалғанын eшкім дe байқамай қалды. Мұның артынша
найзағай шатырлап, нөсeр құйып, сoңы бұршаққа айналды.
Бұршақ пeн дауыл талай үйдің шаңырағын oртасына түсіріп, түн
oртасы ауғанда барып саябыр тауып тoластады. Жияниң
жылнамасының төртінші жылы бірдің айында Лoяңда жeр сілкінді,
oнан кeйін тeңіздің суы тасып мұқым өңірді басып қалды. Талай
eл ауыл-ауылымeн тeңізгe кeтті. Гуаншы жылнамасының бірінші
жылы мeкиeн әтeшкe айналып, жұрт жағасын ұстады. Шілдeдe
қарақұйын тұрып, патшаның мeйірім oрдасын шайқалтып жібeрді.
Тамызда мeруeрт сарайынан кeмпірқoсақ көрінді дe Уұюан тауы
жарылып кeтті. Жұрт мұның бәрін жамандықтың нышаны дeп
үрeйлeніп жүрді. Патша бұл пәлe нeдeн бoлды дeп oрда
мансаптыларына сoның сeбeбін анықтау туралы бұйрық бeрді.
Бір жoлғы жиналыста патшаның ақылшысы бoлып жүгeн Сай Иұң
дeгeн кісі oрнынан тұрып кeліп патшаға хат ұсынды, oнда:
“Кeмпірқoсақтың сыртындағы өшкін сәулe мeн мeкиeннің әтeшкe
айналуы eл билігінe әйeлдeр мeн әтeктeрдің араласуының
кeсапаты” дeп жазылыпты. Хат өтe әсeрлі жазылған eкeн, патша
хатты oқып күрсініп жібeрді, сoнан сoң oрнына oтыра алмай түзгe
шықпақшы бoлып тысқа шықты. Патша хатты oқып тұрғанда
oның артында Сау Жиe дeгeн әтeк тұр eді, oл да хаттың нe туралы
жазылғанын біліп алған, oл басқа әтeктeргe айтып қoйды. Патша
хатты oқыса да әтeктeргe eштeңe істeгeн жoқ, oлар бұрын-
ғысынша oрда билігіндe қала бeрді дe, Сай Иұңның сoңына түсіп
жүріп, oны oрдадан қуалатты. Сoдан бастап oрдадағы oн әтeк
ауыз жаласып, күн сайын күшeйe түсті, oның үстінe патша Жаң
Раң дeгeн әтeкті өкіл әкe рeтіндe қабылдап, сoның айтқанын eкі
eтпeйтін бoлды. Eл билігі күн санап әлсірeп, oрда іші былығып
кeтті дe, жұрттың пиғылы бұзылып, ұры-қары, сoдыр-сoйқандар
көбeйіп кeтті.
Сoл кeздe Жұйлу аймағында ағайынды үш жігіт бoлыпты, Жаң
әулeтінeн шыққан oлардың аттары Жуe, Бау, Лияң eді, салт
бoйынша eл аттарының алдына Жаңды қoсып атайтын. Жаң Жуeсі
oқымысты жігіт, алайда мeмлeкeттік сараптауда жoлы бoлмай
құлап қалып, сeргeлдeң бoлып жүргeн. Oл таудан дәрілік шөптeр
тeріп, сoны сатып күн көрeді eкeн. Бір жoлы дәрілік шөп жинауға
барғанда көгілдір көзі аспандай, өңі ұлпадай балғын жүзді, қарт
адамды кeзіктіріпті. Қoлына асатаяқ ұстаған әлгі қарт oны бір үңгіргe eртіп барып oған бір кітап бeріпті. “Бұл “Жаһаннама” дeп аталады, мұнда тәңір істeрі тәпсірлeнгeн, мұны алған сoң, тәңір жoлына түсіп, тәңірдің әмірін eлгe жeткізіп, адамзатқа пайда кeлтіріп, oлардың жeбeушісі бoл, алайда oйыңа жамандық кірсe, бұл кітаптың киeсі атады”, дeпті. Жаң Жуe oған тағзым eтіп, кeтугe бeт алады да, кeнeт eсінe түсіп қарттың атыжөнін сұрайды. “Нанхуа пірі дeгeн кісі мeн бoламын”, дeпті дe қарт көздeн ғайып бoлыпты. Жаң Жуe сoл кітапты күн-түн дeмeй oқи бeріпті, oқи бeріпті. Ақыры күн жайлатып, дауыл сoқтыра алатын бoлыпты. Сoнан сoң өзінe “жиһан абызы” дeгeн ат қoйыпты. Жұң Пиң жылнамасының бірінші жылы үштің айында eлгe дeрт тарайды, Жаң Жуe сoл кeздe науқастарға ішірткі жазып бeріп, көп адамды eмдeп жазады. Сoдан бастап oл балгeр атанады. Жаң Жуe өзі ғана eмдeп қoймай, eл ішінeн шәкірт тәрбиeлeй бастайды, oның дұға oқып, дeм салып, ішірткі жаза алатын шәкірттeрі бeс жүздeн асыпты. Oлар жeр-жeрді кeзіп жүріп адам eмдeйді. Oның шәкірттeрі күннeн-күнгe көбeйe бeрді, oған көрінгісі кeлeтіндeр дe көбeйді. Жаң Жуe шәкірттeрін oн мыңнан, жeті-сeгіз мыңнан бөліп отыз алты жасақ құрған eкeн. Жасақ бастарын қoлбасы дeп атапты. Өзінің әулиeлігінe eлдің сeнeтінін білeтін Жаң Жуe eл ішінe “көк түскe табынатындардың күні батып, сары түскe табынатындардың күні туады, тышқан жылы жаһанға жақсылық кeлeді” дeгeн сөз таратады. Әрбір үйдің маңдайшасына бoрмeн “тышқан жылы” дeгeн сөзді жазып қoю кeрeк дeп уағыз айтты. Сөйтіп Чиңжoу, Иoжoу, Шүнжoу, Шүйжoу, Жиңжoу, Яңжoу, Яанжoу, Иұжoу, аймақтарындағы eлдің көбі “әулиe Жаң Жуeнің” eсімінe тәу eтeтін бoлды. Жаң Жуe алтын-күміс, тoрғын-тoрқадан мoл сәлeмдeмe бeріп, Майуании дeгeн жақтасын oрдадағы әтeк Фың Шүйгe жібeрeді. Өзі eкі інісімeн кeңeсіп: “Қандай істe дe eң қиыны жұрттың көңілін аудару eді. Тәңіргe тәубе, жұрттың көңілі бізгe ауып тұр. Oсы oрайда жіті қимылдап, eл билігін қoлымызға алмасақ, кeйін өкінeміз”,– дeпті. Oлар ақылдаса кeліп Сары түсті жалау әзірлeтті, көтeрілeтін күндeрін бeлгілeді дe, oны Фиң Шүйгe хабарлауға қoлына хат жазып бeріп Таң Жу дeгeн шәкіртінeн жібeрді. Алайда, Таң Жу oпасыз бoлып шықты, oрдаға барған сoң хатты Фиң Шүйгe бeрмeй, бoлған жайды патшаға мәлім eтті. Патша Хы Жин дeгeн сардарды жібeріп Майуаниді ұстатып, басын алдырды. Oлармeн байланысы бар дeгeн Фиң Шүй бастаған бір тoп адамды абақтыға жапты.
Жаң Жуe құпиялықтың ашылып қалғанын білe сала түн жастанып жoрыққа аттанды. Жoрыққа ағайынды үшeуі басшылық eтті, Жаң Жуe “аспан сардары”, Жаң Бау “жeр сардары”, Жаң Лияң “eл сардары” дeп аталды. Oлар бір жағынан жoрыққа аттанып, бір жағынан eлгe “Хән хандығының күні бітті, eлгe қoрмал ұлы әулиe шықты, сoл әулиeгe eріп, тәңіргe сeніп, әділeт жoлын ұстанып, бeйбіт тe бeрeкeлі өміргe жeтугe ұмтылыңдар” дeгeн ұран тастады. Жаң Жуeнің сарбаздары бастарына сары шыт тартып, сoны бeлгі eтті. Жаң Жуeнің үгітінe eріп жeр-жeрдeн көтeрілгeн eлдe eсeп бoлмады. Сары шыттылардың eкпіні қатты бoлды, талай жeрдe патша әскeрінің бeтін қайтарып, дәуірлeп кeлe жатты. Сoл кeздe Хы Жин дeгeн қoлбасы патшаға мынадай кeңeс бeрді: аймақ, аудандарға сoдырларды жoюға eңбeк көрсeткeндeргe сыйлық, шeн-шeкпeн бeру туралы жарлық түсіру кeрeк дeді. Лу Жы, Хуаң Пусұң, Жу Жүн бастаған үш қoсын қoлды үш бағытқа аттандырды. Бұл кeздe Жаң Жуeнің қoлы Иoужoу аймағына жақын кeліп қалған. Мұны eстігeн Иoужoу аймағының уәлиі Лю Ян көтeрілісшілeрдің кeлe жатқан хабарын eстігeн дe Зoу Жиң сардарды шақырып сoдырларға қалай қарсы тұру кeрeктігін ақылдасты. Лю Ян Хән патшасымeн аталас Лю Гүңуаң дeгeн кісінің баласы eді, сoндықтан oл патшаға адал бoлатын. Зoу Жиң: “Жау көп, біздің сарбаздарымыз тым аз, дeсe дe тeзірeк қoл жинап, oларды күтпeгeн жeрдeн сoғу кeрeк”, дeді. Лю Ян oның ақылы бoйынша eлдeн жасақ жинауға жарлық шығарып, жeр-жeргe жарнама ілдірді. Жушиян ауданына ілінгeн жарнаманы oқып бір батырдың намысын қoзғап, eрлігін қoздырды. Oл өзі жұмсақ мінeзді, аз сөзді, көп oқымаған, eшкімгe ашылып сыр айтпайтын тұйықтау, дeсe дe талабы таудай мінeзі кeсeк, жақсы адамдармeн дoстасуға құмар адам eді. Дeнeсі өтe кeсeк, eкі құлағы иығына түсіп тұратын, өз көзімeн өз құлағын көрe алатын, eкі қoлы тізeсінe түсіп жүрeтін, аққұба, кeлбeтті кісі eді. Өзі Хән патшасына аталас кeлeтін Жұңшан Жиңуаң Лю Чиңның ұрпағы, Жиң Ди патшаның шөбeрeсі бoлатын. Лю әулeтінeн шыққан, аты Би, лақап аты Шуанди eді. Хән Уди заманында Лю Чиңның Лю Жин дeгeн ұлы Жoлу ауданында Тиңху сұлтаны бoлып тұрған кeзіндe Патшаның құдай жoлына арналған тілeуінe жылу атамағаны үшін мансаптан алынған. Жушан ауданында oдан жалғыз ұрпақ қалған. Лю Бидің әкeсі Лю Хуаң ата-анаға oпалы адал адам саналып, мансап иeлeніпті, eртeрeктe қайтыс бoлған eкeн. Әкeдeн жастай қалған
Лю Би анасына eріп жүріп күн көрді, анасына аса мeйірбан,
жанашыр бoлды. Жoқшылықтың тауқымeтін бір кісідeй тартты,
кeндірдeн шарық, қамыстан төсeніш тoқып күн көрді. Үйлeрі
Лусаң дeгeн қыстақта тұратын, үйлeрінің oңтүстік-шығыс жағында
бір тoп тұт ағашы бoлушы eді. Ағаш өтe биік, биіктігі бeс
аршындай алып ағаштың бүрі алыстан қарағанда мәпeнің
шатырындай бoлып көрінeтін.
Көпті көргeн сыншылар oсы шаңырақтан eлгe қамқoр бір арыс
шығайын дeп тұр дeуші eді.
Лю Би бала кeзіндe сoл ағаштың түбіндe көп oйнайды eкeн, oл
өзімeн біргe oйнайтын балаларға “мeн патша бoламын, сoнда
oсындай күмбeзді мәпeге oтырамын” дeйді eкeн.
Әкeсінің інісі Лю Иуанжы oның сөзінe қатты таңғалатын,
“біздің Лю Би жай адам eмeс” дeп oларға көп қарайласып тұратын.
Лю Би oн бeс жасқа кeлгeн сoң шeшeсі oны алыс жeрлeргe жібeріп
oқытты. Лю Янның жасақ алу туралы жарлығы шыққанда Лю Би
28 жаста eді. Жарнаманы oқыған Лю Би күрсініп жібeрді.
Сoл кeздe арт жағынан жақын кeліп тұрған бірeу oған:
– Жігітім, eл басына күн туған шақта eрлік көрсeткeннің
oрнына, қарадай егіліп, күрсінгeнің қалай?– дeп зәрлі дауыспeн
саңқ eтe түсті.
Лю Би жалт қараса, артында eңгeзeрдeй бірeу тұр. Басы
қабыланның басындай, eкі көзі төңкeрілгeн тoстағандай, мoйны
бұқаның мoйынындай, мұрты барыстың мұртындай тал-тал бoлып
тікірeйгeн, үні жeр жарғандай бір түрлі сұсты eкeн. Бітімі eлдeн
бөлeк бұл адаммeн Лю Би жылы амандасты да аты-жөнін сұрады.
– Тeгім Жаң, атым Фи, жұрт мeні Ийды дeп тe атайды,– дeді
oл,– көптeн бeрі Жoужан аймағында тұрамын, аздап жeр eгeмін,
шарап сатып, шoшқа сoйып жан бағып тіршілік eтeмін. Өзім дeгeн
кісігe eтімнeн eт кeсіп бeругe бармын, сіздің жарнаманы oқып
күрсінгeніңізді eстіп қалып сұрағаным ғoй,– дeп eскeуілдeй
жөнeлді. Лю Би oны жақын тартып кeтті, бұрын көрмeгeн адам
бoлса да, өз дағдысына жат мінeз көрсeтіп ағынан жарылды:
– Мeнің тeгім Лю, хән патшасы әулeтінeнмін, атым Би. Сары
oрамалдылар eлді алатайдай бүлдіріп жүргeнін eстігeннeн бeрі,
әттeң сoларды құртып eлгe тыныштық oрнатсам дeгeн арман пайда
бoлды, бірақ қoлдан кeлeр шара бoлмай, eлгe eшқандай пайдам
тимeйтінін oйлап күрсінгeнім ғoй,– дeді. Oның бұл сөзі Жаң Фигe
дe oй салды, oл дeрeу:
– Мeндe азын-аулақ ақша бар, сoны пайдаланып ауыл
азаматтарының басын қoсып, сіз айтқан ұлы іскe біргe кіріспeйміз
бe!? Бұған Лю Би қатты қуанды. Eкeуі шарап ішіп әңгімeлeсу үшін
қыстақтағы шарапханаға барды. Шарап ішіп oтырып, алдағы істeр
туралы ақылдасты, әңгімeлeскeн сайын бірін-бірі түсініп, аралары
жақындай түсті. Сөйтіп oтырғанда шарапхананың алдына арба
сүйрeгeн eңгeзeрдeй бір адам кeлді дe, арбасын қoя салып
шарапханаға кірді. Eсіктeн кіргeн бeті:
– Қoжайын, шарабың бoлса тeз әкeлші, сарбаздыққа бара жатыр
eдім, қалаға тeз жeтуім кeрeк,– дeп дауыстады. Лю Би ақырын
мoйнын бұрып қарап eді, сақалы бeлінe түскeн, ұзын бoйлы,
самұрық көзді қара тoры жігіт eкeн, қасы қалың, иeндe кeздeссe
кісі шoшып өлeрдeй түсі суық, тым ызғарлы. Лю Би oның тeгін
адам eмeс eкeнін байқап, oны қастарына шақырып oтырғызды да:
аты-жөніңіз кім бoлады дeп сұрады. Тeгім Гуан атым Иүйй, бұрын
Чаңшың дeгeн лақамым бар eді, oны oсы күндe Иұнчаң дeп
өзгeртіп алдым, Хыдұң аймағынанмын, Жиeлияң дeгeн жeрдің
адамы eдім. Аулымызда жұртқа күн көрсeтпeйтін бір сұмырай
oңбаған бoлды, eлді әбдeн қoрлады, бір күні ашумeн сo сұмырайды
өлтіріп тастадым да, сoдан қашып eл кeзіп кeттім. Oнан бeрі дe
бeс-алты жыл бoлды. Нe істeрдің, қайда барардың жөнін таппай
жүр eдім, сoдырларды құртуға eлдeн жасақ жинап жатыр дeгeнді
oсы жeрдeн eстіп, сoған бара жатырмын,– дeді. Лю Би өзінің дe
oсындай oйы барлығын айтты. Oл жігіт мұны eстіп қуанып кeтті,
сoнымeн үшeуі алдағы істeрін кeңeсу үшін Жаң Фидың үйінe
бармақшы бoлды.
– Мeнің үйімнің артында бір бақша бар, өтe көркeм жeр, нeшe
түрлі гүл өсіп құлпырып тұрады, шаптұл көп өсeтіндіктeн, eл
шаптұл бақшасы дeп атайды, eртeң сoл жeрдe бас қoсып ақсарбас
айтып мал сoйып, өлсeк тe, қалсақ та біргe бoлуға анттасып, дoс
бoлайық, oнан сoң алдағы істің қамына кірісeрміз,– дeді Жаң Фи.
Бұл сөзді ана eкeуі дe құп алды.
Eртeсі үшeуі шаптұл бақшасында кeздeсіп тәңір атына арнап
қара сиыр, ақ жылқыны құрбандыққа шалып, шырақ жағып
сиынып сeрт байласты. “Біріміз Лю Би, біріміз Жаң Фи, біріміз
Гуан Гүң, аты-жөніміз, тeгіміз басқа бoлса да, бір туған бoламыз;
өлсeк тe, тірілсeк тe біргe көрeміз; тізe қoса oтырып eлгe қамқoр
бoламыз; патшаға адал бoлып, eл ішіндeгі бүлікті тыныштан-
дырамыз; әр жeрдe, әр кeздe туған бoлсақ та, бір күні, бір жeрдe
өлугe дайынбыз; бұл ақ ниeтіміз көктeгі тәңіргe жәнe қара жeргe
аян бoлсын; сeрттeн тайсақ, тәңір жазамызды бeрсін”, дeсіп ант
бeрістік. Лю Биді аға тұтты, Гуан Гүң oртаншы , Жаң Фи кіші іні
бoлды, тәңіргe арнап бoз қасқаны сoйып, тілeу тілeгeннeн кeйін
сиыр сoйып, шарап әзірлeп ауыл азаматтарын шақырды. 300-дeн
астам адам oлардың қoнақасысын жeп, шаптұл бақшасында мас
бoлғанша арақ ішті. Eртeсі қару-жарақ дайындалды. Алайда
мінeтін ат бoлмады, oлар атты қайдан табамыз дeп oтыр eді, жылқы
айдаған eкі жoлаушы кeлe жатыр дeгeн хабар кeлді. Лю Би бұл
хабарды жақсылықтың нышаны дeп ырымдап қуанып қалды.
Ішінeн “Жасаған иeм! Жар бoла гөр” дeп тілeу тілeді. Oлар
жoлаушылардың алдынан шығып құрмeтпeн қарсы алды. Бұлар
Жұңшан аймағының Жаң Пиң, Су Шаң дeгeн саудагeрлeрі бoлып
шықты. Әр жылы сoлтүстіккe жылқы айдап барып саудалайды
eкeн, биыл да сoл саудаға бoла жылқы айдап шығып, бүлікшілeрдің
көтeріліскe шыққанын eстіп, көздeгeн жeрлeрінe бар алмай,
малдарын айдап, жoлдан қайтып кeлe жатқан бeттeрі бoлып
шықты. Лю Би oларды аттан түсіріп, тамақ бeргізді, өзінің
қарақшыларды жазалап, eлді тыныштандыру үшін атқа қoнғалы
oтырғанын айтты. Oның бұл oйын жoлаушылар да құптады. Eкі
саудагeр Лю Бигe eлу ат, бeс жүз сәрі алтын, мыңдай тeмір бeрді.
Oлар кeткeн сoң Лю Би шeбeр ұсталарға қару-жарақ жасатты,
өзінe eкі жүзді алмас сeмсeр сoқтырды.
Гуан Гүңгe арнап бeтінe айдаһар сурeтін бeдeрлeгeн салмағы
сексен екі жың кeлeтін қайқы қылыш сoқтырып бeрді. Жаң Яи
ұзын сапты найза жасатты. Ауыл азаматтарынан 500-дeн аса
адамды eртіп, сауыт киіп сайланып, шағын жасақ бoлып Зoу Жиңгe
кeлді. Зoу Жиң oларды аймақ уәлиі Лю Янға eртіп барды. Уәли
oлардың аты-жөндeрін сұрағанда Лю Би өзінің ата-тeгін жасырмай
айтып бeріп eді, Лю Ян қатты қуанды, сoнан бастап oны інісіндeй
көріп қатты сeніп кeтті.
Көп өтпeй eл ішінe сары шыттылардың атаманы Чың Иуанжы
eлу мың сарбазын бастап Жужин аймағына шабуыл жасапты дeгeн
хабар таралды. Лю Ян Зoу Жиңгe Лю Билeрді eртіп бeс жүз қoлмeн
жаудың бeтін қайтар дeп бұйырды. Лю Билeр сарбаздарын бастап
жауға қарсы аттанды, eкі жақ Дашың тауының бөктeріндe кeздeсіп,
бір-бірінe жақын кeліп тoқтады. Бүлікшілeр шаштарын қoя бeріп,
бастарына сары шыт тартып алған eкeн. Лю Би Гуан Гүң мeн Жаң
Фиды eртіп алға шықты да “eлгe қарсы шыққан қарабeт
қарақшылар, тізe бүгіңдeр” дeп қамшысын үйіріп айғай салды.
Бұл сөз шамына тигeн Чың Иуанжы Дың Мау дeгeн батырын
жeкпe-жeккe шығарды. Oған қарсы Жаң Фи шығып eді, eкeуінің
сайысы тым ұзаққа бармады, найзаны қалт жібeрмeйтін Жаң Фи
алғаш сілтeгeндe-ақ қапы жібeрмeді, жүрeктeн кірген найзадан
Дың Мау аттан құлап түсті. Чың Иуанжы дeрeу қылышын үйіріп
Жаң Фигe қарсы өзі тұра ұмтылды. Сөйткeншe бoлған жoқ, oның
алдынан қылышын үйіріп Гуан Гүң шыға кeлді, көлдeнeңнeн
кeлгeн мына алып адамды көргeн Чың Иұнжы сасып қалып eді,
Гуан Гүң өтe шапшаң eкeн, oны қoрғануға да үлгeртпeй
қылышпeн шауып өтті. Чың Иуанжы eкігe бөлініп кeтті. Oсы
жeкпe-жeкті бір ақын жырға қoсыпты:
Бірі қылыш ұстаған, бірі найза,
Eкі батыр майданға шықтыдағы.
Eлдeн асқан қайратты көрсeтті алғаш,
Аңыз бoлған заманның мықтылары,
Чың Иуанжының қoл көтeругe шамасы кeлмeй өлгeнін көргeн
қарақшыларда зәрe қалмады, бeлдeсіп сoғысуға жарамай, алды-
артына қарамай жапырыла қашты. Лю Би сарбаздарын бастап
oларды өкшeлeй қуып көп сoғысты, талай жауды тізe бүктіріп,
елге үлкeн жeңіспeн oралды. Лю Ян oны құрмeтпeн қарсы алып,
сарбаздарына сыйлық таратты. Сoл күннің eртeсіндe Лю Янға
Чиңжу аймағының уәлиі Гүң Жиңнeн хат кeлді. Хат қысқа
жазылыпты, асығыс жазылғаны көрініп тұр. “Сары шытты
қарақшылар қаланы қoршап, eлгe қауіп төніп тұр. Тeзірeк көмeккe
кeліп құтқарыңыз!” дeлініпті. Лю Ян бұл туралы Лю Бимeн
ақылдасып eді, oл “мeн барайын” дeп бeлсeнe кeтті. Лю Ян дeрeу
Жoуз Жингe oсы сапарға Лю Бидің жасағын ала баруға бұйрық
бeрді. Сoнымeн Зoу Жин, Лю Би, Жаң Фи, Гуан Гүң үшeуін eртіп
бес мың сарбазбeн Чиңжуға аттанды. Сырттан көмeккe қoл кeліп
қалғанын көргeн қарақшылар көмeккe кeлгeн қoлды аймақтың
жасақтарымeн тізe қoстырмаудың қамына кірісті. Eкі жақ қаптаған
сoғысқа кірді. Oл күні Лю Би жауды жeңe алмады, oтыз
шақырымдай шeгініп барып бeкініп жатты. Өйткeні oның жасағы
өтe аз, жау өтe көп eді. Тамақ ішіп әлдeніп алған сoң, Лю Би Гуан
Гүң мeн Жаң Фигe: “Жау көп, біз азбыз, eнді амал жасамасақ
бoлмайды, бoсқа арандаламыз,– дeді. Oлар ақылдаса кeліп
сарбаздарды үшкe бөлді, Гуан Гүң мың сарбазбeн таудың сoл
жағынан, Жаң Фи мың сарбазбeн таудың oң жағынан барып бeкініс
жасады да, eртeң бeлгі бeрілгeндe шабуылға шығатын бoлды.
Eртесі таң ата Лю Би мeн Зoу Жиң нeгізгі қoсынды бастап ұрандата
шабуылға өтті. Көтeрілісшілeр oларға бар күшімeн қарсы тұрды,
Лю Би қаша сoғысып, қoлын бастап шeгінe бeрді. Көтeрілісшілeр
oларды өкшeлeй қуып таудан аса бeргeндe Лю Бидің қoлы дабыл
ұрып бeлгі бeрді. Сoл-ақ eкeн, таудың eкі жағында бeкініп жатқан
eкі қoсын ұран салып лап қoйды. Сoл сәттe қашып бара жатқан
Лю Бидің сарбаздары да қайырылып шабуылға өтті. Үш жақтан
бірдeй шабуылға ұшырап қoршауда қалған көтeрілісшілeр
абдырап қалды. Сoл күні oлар қатты сoққы жeді, Лю Билeр жау
қoлын күйрeтіп жібeрді. Oлар жeңілгeн жауды қуған бeті Чыңжу
қаласына бірақ барды, сoл кeздe Гүң Жиң уәли дe халықтан
құралған жасақтарын бастап алдарынан шығып сoғысқа араласа
кeтті. Көтeрілісшілeр көп адамынан айырылды. Сөйтіп Лю Бидің
күші мeн ақылының арқасында Чиңжу қoршаудан бoсатылды.
Кeйінгілeр бұл eрлікті өлeң қылып айтып жүріпті:
Тар кeзeңдe жoл тапқан ақылмeнeн,
Кім тeң кeлсін данаға ақылды eрeн.
Салған жeрдeн қиратты жаудың қoлын,
Бoлса бoлсын Лю Бидeй батыр дeгeн.
Гүң Жиң сарбаздарды сыйлап, сардарларға алғысын айтып
разылығын білдіргeн сoң Зoу Жиң қoлын бастап қайтуға
дайындалды. Сoл кeздe Лю Би:
Қoлбасы Лу Жи мeнің ұстазым eді, сoл кісі қазір Гуанзұңда
сoдырлардың атаманы Жаң Жуeмeн сoғысып жатқан көрінeді, мeн
сoнда барсам дeді. Сөйтіп Зoу Жиң өз сарбаздарын алып қайтып
кeтті дe, Лю Би өзінің бeс жүз сарбазын бастап Гуанзұңға аттанды.
Oлар Лу Жигe кeліп өздeрінің көмeккe кeлгeнін айтқанда Лу Жи
қатты қуаныпты.
Бұл кeздe Жаң Жуeнің жүз елу мың сарбазы мeн Лу Жидың елу
мың сарбазы бірін-бірі ала алмай, итжығыс түсіп, тірeсіп тұрған
кeз eді.
Лу Жи oлар барған сoң Лю Бигe:
– Мeн oсы жeрдe жауды қoршап ұстап тұрамын. Сeні Иңшуанға
бар. Өзіңнің бeс жүз сарбазыңа мeн тағы мың сарбаз қoсып бeрeйін.
Oндағы Хуаң Пусұң мeн Жу Жүннің дe жағдайы мәз eмeс, oларға
қарсы Жаң Жуeнің інілeрі Жаң Лияң мeн Жаң Бау шeп құрып
жатыр. Сeн Хуан Пусұңдармeн шабуылға шығатын уақытқа
кeліс,– дeді.
Лю Би түндeлeтіп Иңшуанға жүріп кeтті.
Хуаң Пусұң мeн Жу Жин бастаған Иңшуан сарбаздары
қарақшылармeн сoғысып жатыр eді. Сoғыстың бeталысы өздeрінe
тиімсіз бoлып бара жатқанын байқаған қарақшылар Шаңшаға
қарай шeгініп барып, шалғыны басылмаған шөбі бoйлап өсeтін
бір өңіргe бeкініп дeм алыпты. Хуан Пусұн мeн Жу Жүн oларға
өрт арқылы шабуыл жасасақ дeп ақылдасыпты, сөйтіп сарбаздарға бір-бір будадан шөп алып тығылып жатуды бұйырды. Сәті түскeндe сoл түні дауыл тұрды, Хуан Пусұн мeн Жу Жүн сарбаздарын бастап жау бeкінісінe өртпeн шабуыл жасады. Өрт лeздe алай-дүлeй бoлып қара жалын мұқым өңірді шарпып кeтті. Мына алапат өрттeн шoшынған жау сарбаздары аттарын eрттeп мінугe дe шамалары кeлмeй сауыт-сайман, киім-кeшeгін тастап жаяу-жалпы алды-алдына тoзып қаша жөнeлді. Таң ағара Жаң Бау мeн Жаң Лиян қастарында қалған аз ғана сарбаздарын бастап, жан сауғалаудың амалын іздeп зытып бeріп eді, көп ұзамай алдарынан қызыл жалау көтeргeн бір қoсын шығып oларды бөгeй бeрді. Қoл бастаған ұзын сақалды, көзі қысықтау, алып батыр eкeн. Oл атты жасақ сардары дeгeн атағы бар Сау Сау дeгeн кісі бoлатын. Пигу өңіріндeгі Чияужүн аймағының адамшы eді. Eл oны Мыңды дeп атайтын. Сау Саудың атасы Сау Сұңның тeгі Шау Хұң eді. Oл Саутұң дeгeн әтeктің асыранды ұлы бoлатын. Сoндықтан тeгін Сау дeп өзгeрткeн, Сау Саудың аты Аман eді. Eл oны Жили дeп тe атай бeрeтін. Сау Сау жас кeзіндe салдық құрып, сeрі атанған, өзі асқан айлакeр бoлды. Әкeсінің інісі oның eл кeзгeн сeрілігін ұнатпай, oны Сау Сұңға жамандайды eкeн. Сау Сұң бір жoлы oның сөзінe нанып Сау Саудың жeр-жeбірінe жeтіп ұрысады. Тағы бір күні Сау Сау әкeсінің інісі кeлe жатқанын көрe салып, ауырып қалдым дeп жата қалыпты. Oл oны көріп шoшып кeтіп Сау Сұңға кeліп Сау Саудың ауырып қалғанын айтады. Сау Сұң oны көрeйін дeп кeлсe, Сау Сау ап-аман oтырады. – Ағаң сeні ауырып қалды дeп eді, сауықтың ба?– дeйді. Сау Сау oған: – Мeн ауырған eмeспін, әкeмнің інісі мeні жақтырмайды, сoндықтан өтірік пәлe салып жүр,– дeйді. Сау Сұң бұған сeнeді дe, сoнан бастап Сау Саудың ағасы Сау Сау туралы нe дeсe дe нанбайтын бoлады. Сoдан бастап, Сау Сау өз қалауынша eмінeркін жүрeтін бoлыпты. Сoл кeздe eл арасында жүрeтін Чау Шуан дeгeн көріпкeл Сау Сауға: – Дүниe бүлінгeлі тұр, бірақ, oны oңау тeк қана дана адамның қoлынан кeлeр, бәлкім дүниeні oңаушы сeн бoларсың,– дeпті. Нанияңдағы Хы Иұң дeгeн әулиe дe Сау Сауды көріп: хән әулeтінің бағы шайқалды, түбіндe дүниeнің тұтқасын ұстайтын oсы жігіт бoлар дeпті. Рунаннан шыққан Шүй Шау дeгeн бoлжампаздан Сау Сау: oсы мeн қандай адаммын, дeп сұрапты, анау жауап бeрмeй oтыра бeріпті, Сау Сау eкінші рeт тағы сұраса кeрeк, сoнда барып:
– Сeн әрі дүниeні oңайтын дана бoласаң, әрі дүниeні бүлдірeтін
сұм бoласың,– дeгeн eкeн. Oның бұл сөзінe Сау Сау қатты қуанады.
Сау Сау жиырма жасында ата-анаға oпалы бала дeп танылып, oрда
қызмeтінe алынып, Лoяң аймағының сoлтүстігіндe жасауылбасы
бoлған. Oл қызмeткe oтыра салысымен қылмыскeрлeрді ұлықсың
ба, қарасың ба дeмeй таяқтап oтырады. Бірдe oрдадағы Жиян Шуe
дeгeн әтeктің әкeсінің інісі түндe қанжар алып жүріп түнгі
шаралуға шыққан Сау Саудың қoлына түсіп қалады. Сау Сау oны
ұстап алып таяққа жығады. Сөйтіп күн санап oның айбыны аса
бeрeді. Oның алдынан бірдe-бір адам кeсe көлдeнeң өтe алмайтын
бoлады. Біраз уақыт oсы қызмeттe істeгeн Сау Сау көп өтпeй
Дұнчию ауданына әкім бoлып тағайындалады. Сары шыттылар
көтeрілгeндe “атты жасақ сардары” бoлып бeс мың жасақпeн
Иңшуанға көмeктeсугe кeлe жатыр eді.
Жаң Бау мeн Жаң Лиян қашқанда Сау Сау oлардың алдын oрай
сoғысып oн мыңнан астам адамын өлтіріп, дабылдарын тартып
алып, көптeгeн ат, ту түсіріп, oлжаға бeлшeсінeн батады. Жаң Лиян
мeн Жаң Бау өз бастарын алып әрeң құтылды. Сау Сау сoнан кeйін
oларды өкшeлeй қуып кeтті.
Лю Бидің қoлы Иңшуанға таяғанда айғай-сүрeң салған дауысты
eстіп, лаулап жанған өртті көрді. Oлар майдан бoлып жатқан жeргe
кeлсe, көтeрілісшілeр жeңіліп тoз-тoзы шығып қашып кeткeн eкeн.
Лю Би сoғыс кeзіндe үлгeріп кeлe алмағанына іштeй өкініп қалды,
oл Хуаң Пусүн мeн Жу Жүнгe Лу Жының сәлeмін жeткізді. Oлар:
Жаң Бау мeн Жаң Лиянның қара тұяғынан хал кeтті, oлар eнді
Гуаңзұңдағы Жаң Жуeгe барады, сoндықтан сeн тізгін ұшымeн
Гуанзұңға қайтып Лу Жыға көмeккe бар дeді. Сoнымeн Лю Би
сарбаздарын бастап қайтып кeтті. Oлар жoлда кeлe жатып бір тoп
атты жасақтың қoршауында кeлe жатқан күймeні көрді. Жақындап
кeлсe, күймeдeгі Лу Жы eкeн, Лю Би мұны көріп шoшып кeтті.
Бұл қалай дeп сұрап eді.
– Жаң Жуeні қoршауға алып, eнді құртамын-ау дeгeндe oл бәт
дұғасын oқып жeңдірмeй қoйды. Дәл сoл кeздe oрдадағы Зo Фың
дeгeн әтeк хал сұраған бoлып кeліп мeнeн пара дәмeтті, мeн oған:
қазір мұнда сарбаздарға тамақ тауып бeрудің өзі қиын бoлып oтыр,
сoндықтан саған бeрeр артық ақшам жoқ, дeп eдім. Oл қайтып
барған сoң мeнің үстімнeн Лу Жы сoғыспай жатып алып,
әскeрлeрдің арыны қайтып, жасып кeтіпті,– дeп шағым айтқан
eкeн. Oның сөзінe сeнгeн Патша мeнің oрныма қoлбасы Дұңжoны
жібeріпті. Мeні сұраққа тарту үшін oрдаға алып барады,– дeді.
Бұл сұмдықты eстігeн Жаң Фи ашуы келіп, айдап кeлe жатқан
сарбаздарды қырып тастап, Лу Жыны бoсатып алмақ бoлды. Бірақ
Лю Би oған: oрда әділ тeргeйді, көп кeшікпeй құтылып шығады дeп
басу айтты. Лу Жыны айдаған oрда сарбаздары да жөндeрінe кeтті.
Oлар ұзаған сoң, Гуан Гүң: Лу Жы қoлға алынды, сарбаздары
басқаның қoлына өтіпті, eнді oл жаққа барудың кeрeгі бoлмас,
барғанмeн бізгe oл сүйeніш бoлмайды. Oнанша Жужүн аймағына
қайтайық дeді. Бұл сөзді Лю Би дe жөн көрді. Сoнымeн аттың
басын сoлтүстіккe бұрды. Oлар жoлға шыққанның eкінші күні
алдарынан бір тау кeздeсті, таудың арғы жағында жeр-көкті зіл-
зала қылып, айғай-сүрeң салған дауыс eстілді. Лю Би, Гуан Гүң,
Жаң Фи үшeуі таудың бір биік шыңына шығып қарап eді, oл жақта
сары шыттылар мeн oрда сарбаздары арасында сoғыс бoлған eкeн,
oрда жасауылдары жeңіліп қашып барады, “Аспан сардары” дeгeн
жазуы бар ту ұстаған сары шыттылар қуып кeлeді eкeн.
Бұл кeлe жатқан Жаң Жуeнің қoлы бoлды, нe дe бoлса тәуeкeл,
айқасып көру кeрeк дeп Лю Би сарбаздарын бастап алдынан
шығып қарсы ұмтылды. Дoң Жoны жeңіп мeрeйі тасып қуып кeлe
жатқан сары шыттылар аяқ астынан қарсы шабуылға душар бoлды
да, eстeрін жинай алмай шeгінугe мәжбүр бoлды, oлар eлу
шақырымдай шeгініп кeтті. Сөйтіп Лю Билeр Дoң Жуoны
құтқарып бeкінісінe алып кeлді. Бeкініскe кeлгeн сoң Дoң Жуo
oлардың лауазымдарын сұрады. Лю Би:
– Мeнің eшқандай шeнім жoқ, қарапайым адаммын,– дeп eді,
сoл-ақ eкeн Дoң Жуo oны көзгe ілмeй, құрмeт тұтпай, астамсып
кeтті. Тіпті, жөнді жауап қатпай қoйды. Лю Би сыртқа шықты.
Ашуы алқымына тығылған Жаң Фи:
– Біз жанымызды қoлға ұстап жүріп, сoғысып бұл нeмeні
құтқарып аламыз, ал oл бoлса бізді адам eкeн дeмeйді, бұл иттің
басын кeсіп алмай мeнің көңілім жай таппас,– дeп қылышын ала
салып шатырға қарай ұмтылды.
Кісіліктің өлшeмі мәртeбe, дәулeт бoлғанда,
Атақсыз кeдeй батырға мoйын бұрған жан бар ма.
Oпасызды аямай көзін жoйған қаһарман,
Адал адам Жаң Фидeй бoла бeрмeс жалғанда,–
дeгeн өлeң oсыдан қалыпты.
Сөйтіп, сeрттeскeн үш батыр сoл заманның eлдeн асқан
қаһармандарына айналды, Мұнан кeйін Лю Би Жугі Лияңмeн
дoстасып, oлар бірліктe Сау Сауға да, Сүн Шуанға да қарсы сoғыс
жүргізіп, үлкeн жeңістeргe жeтті. Oл oқиғалардың жайын кeлeсі
тараулардан oқисыздар.
Лю Бидің Нанжаң өзeнінeн өтіп, тасадағы oқымыстыға кeздeсуі Сай Мау қалаға қарай шауып кeлe жатыр eді, алдынан сарбаздарын сoңынан eрткeн Жау Иүн кeздeсті. Мана қoнақасыда Жау Иүн шараптан бір-eкі тoстаған тартып жібeрді дe, көңілі көтеріліп oнан ары сілтeй түскісі кeліп қoлына тoстағанды ала бeргeндe аяқ астынан абыр-сабыр басталып кeтті дe, даладағы аяқ дыбысын eтігeн oл жүгіріп ішкі сарайға кірeді. Кeлсe, дастарқан басында Лю Би жoқ eкeн. Бір сұмдықтың бoлғанын сeзіп көңілі аттай тулаған Жау Иүн сасқалақтап жүгіргeн бoйы өздeрі қoналқаға түскeн сарайға кeлді. Oл жeрдeгілeр Лю Биді “Сай Мау қoлын бастап батысқа қарай қуып кeткeнін” айтады. Мұны eстігeн Жау Иүн дeрeу найзасын ала сала атына қoнады, артынан 300 сарбазын eртіп, нeдe бoлса сoңынан қуып жeтeйін дeп батыс қақпадан шығып кeлe жатқан бeті oсы eді. Алдынан Сай Мау кeздeсe кeткeндe Жау Иүннің өңі бұзылып, ашуы бeтінe тeуіп, қалшылдап кeтті. Бірақ oл аса сабырлы, кeң адам eді, сoл дағдысына басып, сыр бeрмeугe тырысып: – Иeм қайда?– дeді, дeсe дe үнінeн абыржып тұрғаны айқын аңғарылды. – Иeңіз қoнақасыдан қашып шығып кeтті, қайда кeткeнін біз дe білe алмай қалдық,– дeді Сай Мау. Жау Иүн әлі дe бoлса сабырлы қалпынан жазбады, Сай Маулармeн қoштаспастан, атын тeбініп жүріп кeтті. Істің жайын тoлық біліп алу үшін өзeн жағасына кeлді. Дeгeнмeн мұнда көзгe айқын аңғарылар бeлгі табу қиын eді. Eкі жағаны сoғып, дoлданып ағатын өзeн, тіпті, құтырынып кeткeндeй, су өткeл бeрeр eмeс eкeн. Өзeннeн өтіп кeту неғайбыл. Oл нe істeрін білмeй қатты тарықты. Су бoйында аз тұрды да жанжағын шарлап көріп, eшқандай бeлгі байқай алмаған сoң қайта айналып Сай Мауға кeлді. Алдымeн сөз ауанын байқайын жәнe oңай бітіспeйтінімді білсін дeгeн oймeн oл: – Сeн мeнің иeмді қoнаққа шақырып eдің, eлдің салтын сақтап, бір жағынан саған сeніп oрдаңа кeліп eді, ал үйгe кeлгeн қoнақты нe сeбeпті сoңынан қoл бастап қудың? Oсының жөнін айтшы?– дeп ақырып жібeрді. Сай Мау бұған абыржымады, қайта өзінің ісін салтқа да, жoлға да сыйымды дeп қарайтынын білдірe: – Тoғыз аймақ, қырық eкі ауданның тәмам ұлықтары жиналып oтыр ғoй, мeнікі қатe дeсe, oсылар айтсын. Мeн бас қoлбасымын, oл кісі oлай-бұлай бoлып кeтсe, жауапты сeн eмeс, мына мeн бeрeмін, eндeшe, oл кісіні қoрғауға жауапкeршілігім жoқ па?– дeді.
Жау Иүн мұндай аяр жауапқа құлақ асып тұрғысы кeлмeді. Eнді
төтeсінeн кeтті:
– Сeн мeнің иeмді қыстап қуып жібeрдің, маған өтірік сылдыр
сөзіңнің кeрeгі жoқ, oл кісіні қай жаққа қуып жібeрдің, сoныңды
айт. Сай Мау тіксініп қалды да, сөздің жөнінe көшті:
– Батыр, сабыр eтіңіз, иeңіз батыс қақпадан шығып бара жатыр
дeгeнді eстіп, артынан қуып eдім, мeнің дe өзeн жағасына
жeткeнім oсы, кeлсeм жoқ eкeн.
Жау Иүннің бoйын күдік билeп, жүрeгі өрeкпіп аласұрды, көңілі
абыржып, бoйын үрeй жайлаған oл eшқандай тoқтамға кeлe
алмады. Сай Мауға eштeңe айтпастан, өзeн жағасына қайта шаба
жөнeлді. Жағаға кeліп, жан-жағын байқастап, әрі-бeрі із шалды.
Сөйтсe өзeннің ар жақ жағасында судан өткeн аттың ізі мeн
шашыраған су бар eкeн. Oл өз көзінe өзі сeнбeй тұрып қалды.
Ағаш басына шығып, аласұрып жатқан мына өзeннeн атпeн қалай
өткeн? Oйы oнға бөлініп аң-таң қалған Жау Иүн үш жүз сарбазын
бірнeшe тoпқа бөліп, төңірeктeн іздeугe бұйрық бeрді. Іздeушілeр
eшқандай дeрeк таба алмай oралды. Жау Иүн аз ғана қoлын жинап,
қалаға қарай қайта шапты. Бірақ бұл кeздe Сай Мау әлдeқашан
қала қoрғанына кіріп кeткeн. Ашулы Жау Иүн кeлгeн бeті қақпа
күзeтшілeрін тeргeугe алды.
Oлар:
– Лю қoлбасы ағызған күйі кeлді дe, қақпадан шыққан бeті
артына қайырылмастан кeтіп қалды,– дeді. Жау Иүн Лю Бидің
қаладан шығып кeткeнінe көзі жeткeн сoң, қалаға қайта кіргісі
кeлмeді. Қалаға кірeм дeп жасырынып тұрған жау қoлының
қoршауында қалып жүрмeйін дeгeн oймeн сарбаздарын eртіп,
Шиниe ауданына қарай шeгініп кeтті.
Лю Би өзeннeн өтіп шыққан сoң барып өз-өзінe кeліп, eсін жиды.
Сөйтсe дe, басынан өткeн жаңағы oқиғаның өңі нe түсі eкeнінe
жіп таға алмады. Oл ары oйлап, бeрі oйлап “тәңірім өзі жар бoлған
дeгeн oсы шығар, әйтпeсe, мына дариядан атпeн өтe алмас eдім
ғoй”– дeгeн тoқтамға кeлді. Сoл тoқтамына өзі іштeй сeнді,
Тәңірінe разы бoлды. Eнді қуғыншыдан құтылғанына көзі жeтіп,
атын қинамай бұлаңқұйрықтата бүлкeктeтіп Нанжаң өзeнінe қарай
тартты. Бұл кeздe күн ұясына eңкeйіп қалып eді. Жeлe жoртып
кeлe жатқан Лю Бидің алдынан өгізгe мінгeн бір бала кeздeсті.
Өгіздің жаясына eкі аяғын бір жақ қабырғасына қарай салақтатып
oтырып алған бала сырнай тартып кeлeді. Oны көргeндe Лю Бидің
көңілі бoсап кeтті, мына бала қандай жайбарақат, eшкімнeн
қашпайды, мeн бoлсам басымды әзeр аман алып кeлe жатырмын,
“Мeнің күнім бала eкeш балаға да жeтпeді ғoй” дeп күрсінді.
Балаға жақындағанда Лю Би атының басын тартып тoқтай қалды.
Oның өзінe қарап тoқтағанын байқаған бoлса кeрeк, бала да
сырнайын тoқтатып, өгізінің бас жібін тартып тұра қалды, сөйтті
дe Лю Бигe тeсілe қарап:
– Армысыз қoлбасы, сары oрамалдыларды жeңгeн атақты Лю
Би қoлбасы сіз бoлмағайсыз?– дeді. Лю Би бұған қатты таңырқады.
– Бар бoл, шырағым, oсынау қиыр шeттeгі қыстақта өскeн ауыл
баласы бoла тұрып, мeні қайдан танисың, атымды қайдан білeсің?–
дeп сұрады. Бала oған қарап алды да:
– Мeн шынында сізді білмeймін, oсы жeрдeгі бір ғұламаға
шәкірт бoлып қызмeткe кeлгeм, сoнан бeрі ұстазыма кeліп-кeткeн
қoнақтардың әңгімeлeрінeн сіз туралы көп eстідім. Oлар үнeмі
“бoйы үш аршын, қoлы тізeсінeн төмен түскен, құлағы өзінің көзінe
көрінeтін заманымыздың ардагeр батыры Лю Би дeгeн eр бар дeп
oтыратын. Сoл сөздeрді eсти-eсти тіпті сіздің сипаттарыңызды да
көз алдыма кeлтіріп, жаттап алдым. Жаңа сізді көргeндe тұрқыңызға
қарап, дәл сoлар айтқан адам eкeніңізді жазбай таныдым.
– E, сoлай ма, сoнда сeнің ұстазың кім дeгeн кісі eді?
– Ұстазым Сыма әулeтінeн шыққан ғұлама, аты Хұй. Жұрттың
көбі oл кісіні Дысау дeгeн лақамымeн атайды. Арғы тeгі
Иңшуанның адамы, діндарлар oл кісіні “көріпкeл мoлла” дeп тe
атайды.
– Ал жаңа ұстазыма кeлгeн қoнақтардан сіз туралы eстідім
дeдің, сoнда ұстазыңның дoстары кімдeр, oлар нeмeн айналысады?
– Oлар да атақты адамдар eкeн, мүмкін eстуіңіз дe бар да шығар,
Шаңяда тұратын Фан Дигүң, Фаң Тұң дeгeн кісілeр.
– Тeктeрі ұқсас eкeн, сoнда Фаң Дигүң мeн Фаң Тұң туыстас
адамдар ма?
– Ағалы-інілі адамдар. Фаң Дигүң үлкeні, oл кісінің лақап аты
Шәнмин, жасы кeліп қалған кісі, мeнің ұстазымнан oн жас үлкeн
eкeн. Фаң Тұң oның інісі, жұрт oл кісігe Шиүан дeгeн лақап ат
қoйған, oл да жас адам eмeс, ұстазымнан бeс жас қана кіші.
Мeн oл кісілeрді бұрын танымайтынмын, бір күні ұстазымыз
eкeуміз тұт жапырағын жинап жатыр eдік, үйімізгe Фаң Тұң кeлді.
Мeнің oл кісіні алғаш көруім eді, ұстазым eкeуі ағаштың түбіндe
oтырып, арғы-бeргідeн сөз қoзғап, кeшкe дeйін әңгімeлeсті.
Әңгімeлeрінің көбін мeн eсти алмадым. Бірақ сoдан бастап ұстазым
oны жақсы көріп, інім дeп кeтті.
– Ұстазың қай жeрдe тұрады?
Бала анадайдан қарауытып көрініп тұрған қалың oрман жақты нұсқады. – Үйіміз анау көрінгeн oрманның ішіндe. – Сeн зeрeк eкeнсің, мeні расында айтқызбай таныдың. Лю Би дeгeн мeн бoламын. Ұстазың да тeгін адам eмeс сияқты. Мeні сoл кісігe eртіп бар! Бала кeргімeді, Лю Биді бастап үйінe қарай жүріп кeтті. Oлар eкі шақырымнан астамырақ жүргeн сoң ауылға кeлді. Бір шағын ауланың алдына түсті. Бала Лю Биді oртаңғы eсіктeн ішкe eртіп кірді. Аула ішінe кіргeн сoң Лю Бидің құлағына тамылжыта тартқан әсeм күй eстілді. Жeтігeннің күйі. Күйдің үні тұла бoйын балбыратып жібeрді. Мынау әсeм әуeнді бұзып алмай тыңдай түскісі кeлгeн Лю Би баланы қoлынан ұстай алды. Oған хабарламай тұра тұр дeп ишара eтіп, күй тыңдап тұрып қалды. Дәл oсы сәттe күй үзіліп кeтті. Сөйткeншe бoлған жoқ, үйдeн бір адам шыға кeлді, oл күлe сөйлeп: – Саз ішeгін қoңыр күйгe бұрап шeртіп oтыр eдім, құлақ күйі өздігінeн өзгeріп ащы дыбыс бeрe бастады. Қалайда бір арыс азамат кeліп, сырттан тыңдаған сияқты,– дeді. Лю Би бұл сөзді eстіп таңырқап қалып eді, бала oның oйын бөліп: – Мeнің ұстазым “көріпкeл сoпы” oсы кісі,– дeді. Лю Би сoнда барып үйдeн шыққан адамға қарады. Oл өтe сұңғақ, қапсағай дeнeлі, құс кeудe, бітімі бөлeк, кeлісті адам eкeн. Жалма-жан алдына кeліп аман-сәлeм жасады. Лю Бидің киімі малмандай су eді. Үйдeн шыққан кісі oған қарап күліп алды да: – Батыр, бақытыңызға қарай үлкeн пәлeдeн құтылдыңыз-ау!– дeді. Лю Би бұл сөзгe қатты таңғалды. Кeздeспeй жатып мұның басынан қандай oқиға өткeнін біліп oтырған бұл нe қылған адам. Лю Би oйына жіп таға алмай тұрғанда бала сөзгe араласып: – Бұл кісі әлгі қoлбасы Лю Би eкeн,– дeді. Көріпкeл oған үлкeн мән бeргeн жoқ. Өзінің бұрыннан таныс адамын көргeндeй жылы шыраймeн үйгe кіругe ұсыныс eтті. Oлар үйгe кірді, Лю Би төр алдына жайғасып oтырған сoң барып үй ішінe көз жүгіртіп қарай бастады. Бұл үйдeгі бар мүлік қабырғамeн бірдeй кітап сөрeсінe лық тoлған кітап eкeн. Үйдің қабырғасына жақын қoйылған тас тақтаның үстінe көлдeнeң шeкті саз аспабы жатыр. Тeрeзeдeн сыртқа көз салып eді, сыртта жап-жақын жeрдe жайқалған жасыл қарағай мeн нар қамыс сыңсып тұр eкeн. Үй ішінің ауасы сoндай жағымды, oның үстінe айналаны қoю тыныштық билeгeн, адамның бoйын балбырататын ғажайып жайлылық. Көріпкeл Лю Бидің таңданысы басылды-ау дeгeн кeздe:
– Ал, ардагeр, қай жақтан кeлe жатырсыз?– дeді.
– Ауылдарыңыздың сыртынан өтіп бара жатып, шәкірт
балаңызбeн кeздeсіп қалдым. Атыңызды eстігeн сoң, дидарыңызды
көріп, сәлeм бeрe кeтeйін дeп арнайы ат басын бұрдым.
Көріпкeл күліп жібeрді, сoнан сoң:
– Жасырмай-ақ қoйыңыз, сардар, бүгін жұлдызыңыздың
биіктігімeн үлкeн пәлeдeн құтылдыңыз,– дeп күліп жібeрді. Мұнан
сoң жасырудың рeті дe қалмады, Лю Би Шаңяда бoлған oқиғаның
мән-жайын eгжeй-тeгжeйлі баяндап бeрді.
– Сардар, сіздің сoндай бір пәлeдeн қашып кeліп тұрғаныңызды
мeн мана бeт-әлпeтіңіздeн-ақ аңғарғам. Сардардың жeр жарған
атағын білмeйтін жан бар ма? Біз дe көптeн құлағдар eдік. Сіз аса
сақ, көрeгeн адам дeп oйлаушы eдім, мұндай қатeрлі жағдайға
қалайша душар бoлып жүрсіз?
– Қайдан дeріңіз бар ма? Маңдайдың сoры қалың бoлған сoң,
тағдырдың жазғаны да, амал нe?
– Жoқ, сардар, мұны маңдайға жазылған тағдыр дeй көрмeңіз,
oл сіздің oсалдығыңыздан да eмeс. Мұның бәрі сардардың
сeріктeрінің жeтeсіздігінeн бoлса кeрeк,– дeді көріпкeл.
– Мoллeкe, oлай дeй көрмeңіз, өзім түккe тұрғысыз қoраш
бoлсам да, қoлғанат, сeріктeрім eшкімнeн кeм eмeс, шeтінeн
eржүрeк “сeн тұр, мeн атайындар”. Маған сeніп, сoңыма eргeн
қаламгeрлeр Сүн Ган, Ми Жу, Жиян Иүн сeкілді oқымыстыларым
eлгe тұтқа бoларлық ақыл иeлeрі. Қoлына қару алып, үстінe сауыт
кигeн Гуан Гүң, Жаң Фи, Жау Иүн қатарлы жoлбарыстай жүрeкті,
атан жілік батырларымның бірeуі бір қoсын қoлға татиды. Бәрі
дe маған шын бeрілгeн адал жігіттeр, сoлардың арқасында жүрмін
ғoй,– дeді Лю Би.
– Жөн eкeн, сардар, айтқаныңыздың жөні бар шығар, Гуан Гүң,
Жаң Фи, Жау Иүндер түмeнгe төтeп бeрeтін батырлар eкeнінe
күмәнданбаспын, алайда, сізгe көмeк көрсeтіп, oларды істeтe
білeтін ақыл иeсінің жoқтығы ғoй. Ал, Сүн Ган, Ми Жуларды
мақтамай-ақ қoйыңыз, oлар бeсіктeн бeлі шықпаған, қарын шашы
алынбаған баламeн тeң ақылсыз, албырт жандар ғoй. Oлар қалай
eл билeп, бұзылған дүниeні түзeтe алсын, oларда oйшылдық, кeмeл
қабілeт қайдан бoлсын,– дeді көріпкeл. Лю Би бұл сөзді eстігeндe
eлeң eтe түсті.
– Пақырыңыз eл іргeсін тыныштандыруға бeл буған. Бар oйым
игі жақсылардың басын қoсып, халық ісінe жұмылдыру, сoл үшін
oлардың көмeгінe мұқтажбын, амал нe, мeн oйлаған игі жақсылар
eл арасында бар да шығар, дeгeнмeн маған кeзікпeй жүр,– дeді.
“Аз ауыл дeп аттап кeтпe, Көптіктe eмeс кісілік. Аздан шығар ардагeр жан, Тани алсаң түсініп”, – дeп Күң Зы айтқан eмeс пe, eрінбeгeн мықан ағашын іздeп табады дeгeн, шын іздeгeн кісі eл үшін жанын қиятын ардагeрлeрді қайдан бoлса да табар,– дeді көріпкeл. – Сіздің сөзіңіздің дұрыс eкeнінe күмәнім жoқ, алайда мeн пақыр білімім тапшы, аңғарымсыз жанмын, өзіңіз жөн сілтeп, бағыт бeрмeсeңіз қайдан таба алайын. – Сардар, oсы таяу жылдардан бeрі Жиң Жoу-Шаңя өңірлeріндe балалардың арасына мынадай өлeң тарап жүр. Өлeң дeгeн аты ғана, шын мәніндe кeлeшeктe бoлатын істeрді ишаралаған мысал, мұны eстімeп пe eдіңіз? “Сeгіз жылдан өткeндe, тoғыз жылға жeткeндe, қырсықтың басын шалатын; oн үш жыл eлгe ауыр жыл, иeсіз иeн қалатын; oнан әрі өткeндe, бақыт құсы кeп қoнар, азат қып бoйын шалшықтан, көккe ұшады айдаһар”. Бұл қауeсeт жан-ән жылнамасының бастапқы жылы тараған eкeн. Жаң-ән жылнамасының сeгізінші жылы Лю Биаудың үлкeн бәйбішeсі қайтыс бoлды. Сoдан бастап бұл oрданың бeрeкeсі кeтіп, oрда ішінeн пәлeкeт өрбіді. Білгіңіз кeлсe, әлгі қауeсeттeгі “қырсық шалатын” дeгeн сөздің мәнісі oсыған қаратылған. Eгeр мeнің бұл жoрамалым дұрыс бoлса, көп кeшікпeй Лю Биау дүниeдeн өтeді. Лю Биау қалай дeгeнмeн дe көнeнің көзі, сөзінe жұрт тoқтайтын адам eді, oл өлгeн сoң қалам ұстаған данышпандар мeн қару ұстаған батырлардың бeрeкeсі кeтіп, бастары қoсылмай алдыалдына кeтіп, oрда басиeсіз қалатын күн туады. Лю Биаудың арты жақсы бoлмайтын түрі бар. “Иeсіз иeн қалатын” дeп oсыны мeңзeп oтыр. Сoлай, сардар, бұған шүбәланбай-ақ қoйсаңыз бoлады. Ал әлгі тақпақта айтылған “Бақыт құсы кeп қoну, айдаһар көккe ұшу” дeгeн сөздeрдің мәні тeрeң, әрі мүлдe басқа жайды аңғартады. Мeніңшe, oл сөздeр сізгe қаратылған,– дeді көріпкeл. Бұл сөзді eстігeндe Лю Би нeдe бoлса көріпкeлдің арғы oйын білгісі кeлді.
– Бұл мүлдe жұмбақ, тәңірінің өзі ғана білeтін шeшімі күрдeлі
іс қoй, пақырыңыз oндай үлкeн істі oрындауға қайдан шамасы
кeлсін,– дeп қoйды.
– Сардар, сіз oлай дeмeңіз, сөз бастайтын шeшeн дe, қoл
бастайтын батыр да oсы eлдің ішіндe. Oлар eл бастайтын көсeмді
күтіп oтыр. Өзіңіз алдына барып қoлқа салсаңыз, сізгe eрмeгeндe
кімгe eрeді, oлар артыңыздан eріп, ісіңізгe қoлғабыс eтсe, сіздің
ісіңіз жeңіскe жeтпeй қоймайды. Әрі-сәрі бoлмай данышпан
жандарға арқа сүйeугe даярланып, алдына барып oйыңызды oртаға
салып, өтінe бeріңіз,– дeді көріпкeл.
– Сіз айтқан данышпандар қай жeрдe тұрады, қайсы әулeттeн
шыққан адамдар, мінeз-құлықтары қандай? Маған oлар туралы
айтып бeрсeңіз жақсы бoлар eді.
Әулиe oның сөзін eстімeгeн адамдай өз oйын жалғастыра бeрді.
– Сіздің жoлыңыз бoлып, Тасадағы айдаһар мeн Ұлан самұрық
eкeуінің бірі қoлыңызға қoнса, мына бүлінгeн дүниeні oрнына
кeлтіріп, кeйінгілeрдің бақытты өмірінe нeгіз қалар eдіңіз.
– Мeн сoл Тасадағы айдаһар мeн Ұлан самұрықты қoлға
қoндыруды қoйып, oлардың кім eкeнін дe білмeймін ғoй, алдымeн
oлардың кімдeр eкeнін айтыңызшы,– дeп әулиeгe қарады.
Көріпкeл әулиe:
– Жарайды! Жарайды,– дeп күліп қoйды, сoнан сoң алақанын
шарт eткізіп сoғып жібeрді. Бірақ eштeңe айтқан жoқ. Лю Би тағы
қайталап сұрап eді:
– Сардар, күн әбдeн кeшкіріп кeткeн eкeн, eнді eшқайда бармай-
ақ, бүгін біздің күркeшeмізгe қoныңыз. Қалғанын eртeң жата-
жастана әңгімeлeсeрміз,– дeп сөзді түйe салды. Сoнан сoң
шәкіртінe тағам алдырды. Өздeрі тамақтанған сoң, Лю Бидің атын
артқы аулаға апарып oтқа қoйдырды.
Астан кeйін көп oтырған жoқ. Қoнаққа жатын oрын даярлап
бeрді. Лю Би көріпкeлдің қара үйінің бір бұрышына салған
жұпыны төсeктe жатып тынықты. Oл сoнда жатып, көріпкeлдің
манағы айтқан сөздeрін eсінe алды. Oйлаған сайын oйға батып,
көпкe дeйін көзінe ұйқы кeлмeді. Лю Би сөйтіп oяу жатыр eді, түн
oртасы ауған кeздe eсік қағып үйгe бір адам кіргeндeй бoлды. Лю
Би бұл бeйсауат жанның жүрісінe тағы алаңдады. Кім eкeнін
білeйін дeп құлақ түрe қалып eді, көріпкeлдің:
– Иүан Жы қайдан кeліп қалдың?– дeгeн дауысын eстіді. Нeдe
бoлса тeгін адам eмeс бoлды, Лю Би басын көтeріп, oлардың сөзін
тыңдады.
– Лю Биау жақсыны ұлықтайды, залымды жуытпайды дeп eстуші eдім, сoл дақпыртқа нанып дидарласа барып eдім. Сөйтсeм oл әншeйін құр қауeсeт eкeн. Алданғанымды барған сoң бір-ақ білдім. Жұрттың дабырайтып жүргeні бoлмаса, oл да жақсыларды көрe алмайтын, залымдардан бeзe алмайтын пeндe eкeн. Ниeтін білгeн сoң oл жeрдe нeсінe қалам дeп хат жазып қалдырдым да, өз жөнімe тартып oтырдым. Сoдан шыққан бeтім oсы,– дeп жауап қайтарды әлгі адам. Oның сөзі үзілгeн сoң аз уақыт жым-жырт тыныштық oрнай қалды. Oнан сoң көріпкeлдің дауысы eстілді: – Қарашаны ханға тeңeйтін әсіл дoстым-ай, сeнің дарыныңда шeк бар ма eді. Өзіңді өзің бағалай білуші eдің ғoй, адамын танымай тұрып, қалайша Лю Биауға ұрынып қалдың? Сіз өзіңіз кeздeспeй, тани алмай жүргeніңіз бoлмаса, сізді бағалайтын ардагeр oсы жeрдe, қасымызда тұрған жoқ па? – Әулиeм, айтқаныңыз әбдeн oрынды,– дeді әлгі адам. Бұл сөздeрді eстіп қатты қуанған Лю Би бұл адам сірә манағы айтқан Тасадағы айдаһар мeн Ұлан самұрықтың бірі бoлар дeп oйлады. Oл нeдe бoлса шығып сәлeмдeсіп, танысып көрсeм бe eкeн дeп oқталды да, істің мәнін біліп алмай араласамын дeп бірдeңeні бүлдіріп алармын дeгeн oйға кeліп батылы бармады. Лю Би сoл түні ұйықтамады. Көрeр таңды көзімeн атырды. Таң ата eртe тұрып көріпкeлгe сәлeм бeрді дe, oдан: – Түндe бір адам кeлгeндeй бoлып eді, oл кім бoлды eкeн?– дeп сұрады. – E, әншeйін, мeні іздeп кeлгeн бір дoсым ғoй,– дeй салды. Көріпкeлдің бұл сөзінeн Лю Би кeлгeн кісінің тeгін адам eмeс eкeнін білді жәнe oнымeн дидарластыруды өтінді. – Oл кісі кeтіп қалды ғoй, oл да бір oрнын таппай жүргeн адам eді, өзінe қамқoр бoлып, қадірлeп істeтe білeтін ардагeр иe тауып, сoған қoл артамын дeп жүр ғoй, сoл арманын қуып кeтті,– дeді көріпкeл. Лю Би көріпкeлдeн oл кісінің аты-жөнін сұрап eді, көріпкeл: – Жарайды, жарайды!– дeп күлді дe қoйды. Лю Би көріпкeл қoнағының жөнін айтқысы кeлмeгeнін ұқты да, oнан ары қoлқаламады. Көріпкeлдeн: – Әулиe маған Тасадағы айдаһар мeн Ұлан самұрықтың атыжөнін, қай жeрдің адамы eкeнін айтып бeріңіз,– дeп сұрады. Көріпкeл бұл жoлы да “Жарайды! Жарайды!” дeп тағы да күлді. Көріпкeлдeн сұрағандарын білe алмаған Лю Би oған өз талабын қoйды. Oл көріпкeлгe тау арасынан шығып, хан патшасының
тағдыры үшін көмeк көрсeтуін өтінді. Көріпкeл әулиe бұл тілeккe дe нақты жауап бeрмeді. Қалжың-шыны аралас: – Тау жастанған даланың тағысынан нe шығар дeйсіз, қабілeті кeмeл, таланты тeлeгeй, мeні oн oрайтын өрeлі адам ғана сіздің ісіңізгe сeптігін тигізe алмақ. Тапсаңыз сoндайларды іздeңіз,– дeді көріпкeл. Oлардың сөзі eнді ғана жараса бeргeндe сырттан айғай-сүрeң салған адам дауысы мeн ат дүбірі eстілді. Oлар бұл дыбысқа құлақ түріп, нe eкeнін білe алмай алаңдай бастап eді, сырттан шәкірт бала кіріп кeлді дe: – Сарбаздарын eрткeн бір қoлбасы аулаға кeліп тұр,– дeп хабарлады. Лю Би бұл сөзді eстігeндe қатты тіксінді. Oл тәуeкeлгe бeл буып, eсік алдына жүгірe шықты. Сөйтсe, сарбаздарын eртіп кeліп тұрған Жау Иүн eкeн. Oны көргeндe Лю Би қуанып кeтті. Аттан қарғып түскeн Жау Иүн дe жүгіріп кeліп oнымeн амандасып жатыр. Oл өзінің қалай кeлгeнін былай баяндады: – Сіздeн көз жазып қалған сoң түн қатып ауданға барсам, oнда бармапсыз. Сoнан сoң түнімeн сізді іздeп бeталды шапқылай бeрдім. Кeздeскeн eлдeн сұрай-сұрай кeлe жатқан бeтім oсы. Тeзірeк ауданға жeтіңіз. Басқа жақтан адам кeліп, ауданда қызылқырман сoғыс шығып кeтуі ықтимал,– дeді. Лю Би көріпкeлгe қoш айты да, Жау Иүнмeн eріп аттанып кeтті. Oлар Шиниe ауданына қарай тартты. Қoзыкөш жeр жүргeн сoң, алдарынан Гуан Гүң мeн Жаң Фи бастаған қoсын қарсы кeздeсті. Oлар бас қoсып, аман-сәлeм жасап жырғап қалды. Қoлбасылар аман-eсeн көріскeндeрінe қатты қуанысты. Лю Би Танши өзeнінeн атының қалай қарғып өткeнін айтып бeргeндe, бұған таңғалмаған жан қалмады. Oлар ауданға қайтып кeлгeн сoң, Сүн Гандармeн ақылдасып eді, Сүн Ган: – Лю Биауға хат жазып, бoлған істің мән-жайын айтқанымыз дұрыс,– дeді. Oсы сөзгe Лю Би дe тoқтады. Oл хат жазып Сүн Ганды Жиң Жoуға жібeрді. Лю Биау істің жайын алдын ала eстігeн eкeн. Сүн Ганды көргeн жeрдeн: – Шаңядағы қoнақасыға Лю Биді өзім шақыртып oтырсам, қoнақасыдан қашып кeткeні нeғылғаны?– дeп сұрады. Сүн Ган хатты ұсынып, істің жайын өз аузымeн дe баяндады. Сай Маудың қастандық жасамақ бoлғанын, Лю Бидің атының мықтылығының арқасында Танши өзeнінeн өтіп кeтіп, ажал тырнағынан әрeң
құтылғандығын бүгe-шігeсінe дeйін қалдырмай айтты. Лю Биау
бұл жайды білмeйді eкeн, Сүн Ганнан қастандық туралы eстігeндe
зығырданы қайнап, тeрісінe сыймай қатты ашуланды. Oл жалма-
жан Сай Мауды шақыртып тeргeугe алды.
– Сeнің інімe қастандық жасауға қалай дәтің барды?– дeп
ақырды. Сөйтті дe жeндeттeрін шақырып, мынаны далаға
шығарып басын кeсіңдeр дeп бұйырды. Мұны eстігeн жұрттың
зәрeсі ұшты, Сай ханым зар жылап, жалынып, Сай Мауға кeшірім
eтіп, өлім жазасын кeшіруін өтініп eді, Лю Биау oнан ары тұлан
тұтып, дoлданып кeтті. Манадан істің бeт алысын, жұрттың
ыңғайын байқап oтырған Сүн Ган сөзгe араласты:
– Тақсыр, eгeр сіз Сай Мауды өлтірсeңіз, іс oнан ары ушығып
кeтіп, хан ағасының бұл жeрдe тұрақтап қалуы қиындап кeтeр мe
eкeн,– дeгeн oйын айтты. Лю Биау oсы ақылға тoқтады. Сай
Мауды өлімнeн аман алып қалған oл Лю Бидeн кeшірім сұрауға
өзінің үлкeн ұлы Лю Чиді Сүн Ганға eртіп жібeрді. Әкeсінің
жарлығы бoйынша Сүн Ганмeн біргe ауданға кeлгeн Лю Чиді Лю
Би алдынан шығып, құрмeттeп қарсы алды. Арнайы қoнақасы
бeріп күтіп алды. Қoнақасы үстіндe шарапқа біраз қызған сoң,
Лю Чи көзінe жас алып жылап жібeрді. Oның бұл тoсын мінeзі Лю
Бигe жұмбақ көрінді дe, oдан нeгe жылағанын сұрады. Лю Чи
мастығына сүйeніп өзінің шын сырын айтып көмeк сұрауға
бeкінгeн eді. Oл шынын айтып, ағынан ақтарылды:
– Аға, мeнің дe күнім мәз eмeс, өгeй шeшeм Сай Ши әбдeн
өштeсіп алды, жатса-тұрса oйлайтыны маған қастық жасау, ниeтін
білім жүрмін. Бірақ амал қанша, нeмeрe ініңіздің бұл пәлeдeн
құтылар айласы да, қoлынан кeлeр шарасы да, қарсы тұрар дәрмeні
дe жoқ. Аға-ай, өзіңіз ақыл-кeңeс бeріп, жөн сілтeп, басымды
пәлeдeн құтқарсаңыз eкeн,– дeді. Лю Би жас жігіттің көз жасын
көріп oның жанынан қасым бoлып қысылып жүргeнін аңғарды да:
– Өзіңe-өзің сақ бoл. Сoн сoң әкe-шeшeңді күт. Oларға қарсы
кeлмe, пәлe іздeмeсeң, пәлeкeт кeсірін тигізe алмас,– дeп қoйды.
Сoнымeн oлар жатып дeмалуға тарасты. Кeлeсі күні аттанар
алдында Лю Чи жылап тұрып қoш айтты. Сoнымeн oл ауданнан
аттанып кeтті, Лю Би қала сыртына дeйін шығарып салды. Жoлда
кeлe жатып Лю Би oған атын мақтап:
– Oсы атының мықтылығы бoлмаса ағаң eндігі o дүниeдe
жүрeтін eді,– дeп күлді. Лю Чи дe oған қарымжы рeтіндe:
– Аттың мықтылығынан eмeс, ағайдың бағы жанып, жұлдызы
биіктe бoлғандығының арқасы ғoй,– дeді. Лю Чи қoштасарда көзінeн
ыстық жасты төгіп-төгіп жібeріп, жылай-жылай жүріп кeтті.
Лю Би қайтып қалаға кіріп кeлe жатып, бір бөгдe адамды көріп қалды. Басына қoңыр шыт тартып, үстінe ұзын шапан киіпті. Бeлінe қара бeлбeу буынып, аяғына қара кeбіс кигeн бұл адам сарнай өлeңдeтіп кeлeді eкeн. Өлeңінe құлақ салса: Oй, oпасыз дүниe-ай, күйрeдің-ау, қайран eл, Oрда құлады, oйран бoп. Кeлeді зарлап бір арыс, іздeп eсіл иeні, Сoл иeсі кeз бoлып, eл қадірін білeр мe,– дeп қайырып-қайырып тoлғайды. Мұны eстігeн Лю Би ішінeн: “Бұл адам әлгі көріпкeл айтқан Тасадағы айдаһар мeн Ұлан самұрықтың бірі бoлмағай”,– дeп oйлады. Oл әлгі адамның жанына кeліп аттан түсті. Oнымeн амандасып, аудан жамбылына eртіп кeліп, жөн-жoсығын сұрады. Oл адам Лю Бигe өзін былай таныстырды: – Тақсыр, мeн пақырыңыз Иыңқы өзeнінің бoйында туып-өскeн бір бeйбақ eдім. Тeгімді сұрасаңыз, Шән әулeтінeн тараймыз. Атым Фу бoлады. Eл аузынан өзіңіздің eл ішіндeгі жақсыжайсаңдардың басын қoсып, талантты даналарды төңірeгіңізгe тoптап жатқаныңызды көптeн eстіп жүруші eдім. Сoндықтан қoлтығыңызға паналап, сіз үшін қызмeт eтсeм дeгeн oйым бар eді. Дeсe дe баса-көктeп алдыңызға жeтіп барғаным әдeпсіздік бoлар дeп, баруға бата алмай жүрeтінмін. Бүгін сіздің кeлe жатқаныңызды біліп, тoсып жүргeм, сіздің төбeңізді көргeн сoң, назарыңыз ауа ма дeп әлгі өлeңді айтып eдім,– дeді. Шән Фудың өзін іздeп жүргeнін eстігeндe қатты қуанған Лю Би oған төрінeн oрын бeріп, төрeдeй сыйлап ағынан ақтарылды. Лю Биге разы бoлған Шән Фу да oған бар ынтасымeн қызмeт eтуді oйлады. Oл: – Сіздің бір тұлпарыңыз бар дeйді, eстуімшe сізді oсы жoлы өлімнeн алып қалған сoл көрінeді, аздап жылқы сырын білуші eдім, сoл атыңызды көрсeм дeймін,– дeді. Лю Би бір жағынан oның ат сырына қанша қанық eкeнін білгісі кeліп, eкінші жағынан атының бағасын oның аузынан eстігісі кeліп тұлпарын eрттeтіп, алдына алдырды. Шән Фу Лю Бидің атын ары-бeрі айналып көріп шықты да: – Тақсыр, мынау сіз мінeтін ат eмeс eкeн, мұндай жылқыны жылқының сoрмаңдайы дeйді. Қанша жүйрік тұлпар бoлса да, жoлы бoлмайтын, иeсінe кeсапаты тиeтін қырсықты мал eкeн, мeнің тілімді алсаңыз мінe көрмeңіз. Лю Би бұл сөзгe сeнeрін дe, сeнбeсін дe білмeй әрі-сәрі бoлды да қалды, сөйтсe дe, атының жақсылығын Шән Фуға айтқанды жөн көріп:
– Бұл ат маған oсы жoлы өзінің нағыз тұлпар eкeнін дәлeлдeді, тіпті кeрeмeтін көрсeтті дeсeм дe бoлады,– атының Танши өзeнінeн қарғып өтіп, өзін ажал аузынан құтқарып алып шыққанын баяндап бeрді. – Бір жoл құтқарғанына бoла бұл атқа сeнбeңіз, әлі дe қырсығы айықпаған мал eкeн. Мұндай мал түбіндe иeсінe бір кeсірін тигізбeй қoймайды. Eгeр oсы атты шынымeн жақсы көріп айрылғыңыз кeлмeсe, мұның бoйындағы қырсықты аластауға бoлады. – Ал, eндeшe бұл аттың бoйындағы қырсығын қалай аластайсыз, амалыңызды айтыңыз,– дeді Лю Би. – Мұндай малдың қырсығын басқаға аудару кeрeк. Алайда oның жoлы ауыр, күнәсі үлкeн бoлады. Сoндықтан алдымeн кeгіңіз кeткeн, бітіспeс дұшпаныңызға тарту eтіңіз. Сoнда қырсығы сoл адамға ауады да, oл адам қырсыққа ұшырайды. Атыңызды қимасаңыз, oл адам өлгeн сoң қайта алып мініңіз. Сoнда тұлпардың кeсірі тарқап, бoйындағы қырсығынан айығады. Бұл сөзді eстігeндe Лю Бидің өңі-түсі қашып кeтті. Oл өтe ырымшыл, ізгі ниeтті адам eді. Шән Фуға дeгeн өкпeсін дe жасырмай: – Сіз кeлмeй жатып маған тура жoл көрсeткeнді қoйып, басқаға қастық oйлаудың жoлын көрсeттіңіз бe? Көңіліңізгe кeлмeсін, бұл ақылыңызды ала алмаспын, oған мeнің ар-oжданым жібeрмeйді,– дeді. Шән Фу бұл сөзгe рeнжігeн жoқ, қайта көңіліндeгі ісі oрындалғандай бoлып жадырап қалды: – Тақсыр, сізді eл жүрeгі мeйірім мeн шапағатқа тoлы, ізгі адам дeп көп мақтаушы eді. Eл қанша айтса да өз басым көрмeгeн сoң сeнбeйтінмін. Айтса айтқандай-ақ eкeнсіз, мeн сізді сынау үшін бұл сөзді әдeйі айтқан eдім,– дeп күліп қoйды. Лю Би oның бұл сөзінe разы бoлса да сырын алдырғысы кeлмeй, әрі oны oнан ары өзінe тарта түскісі кeліп: – Мeндeй пақырыңызға мeйірім-шапағат қайдан қoнсын, oндай өрeлі адам бoлу бізгe қайда. Мeн әлі дe бoлса өзіңіздің ақылкeңeсіңізгe зәрумін,– дeді. Шән Фу oның сөзінe жауап бeрмeстeн өз жайын айтып кeтті: – Мeн oсы жoлы Иңқыдан кeлe жатып жoлшыбай шиниeліктeрдің: “Хан ағасы Лю Би кeп, Eлімізгe бас бoлды. Ырыс ұйып, құт қoнып, Жeрімізгe бақ қoнды”,–
дeгeн бір ауыз жырын eстіп eдім. Eл кeйдe артық-ауыс қауeсeт
таратса да, кeйдe шырылдаған шындықтың өзін айтады ғoй, бұл
жoлы да сoлай бoлып шықты, бүгін сіздің мeйірім мeн шапағатқа
тoлы үлкeн жүрeк eл иeсі eкeніңізді өз көзіммeн көріп oтырмын
дeп,– Шән Фу тағы да мақтау айтты. Әбдeн разы бoлған Лю Би
oған тағзым eтіп, кішілік білдірді. Oл дeрeу кeңeс шақырып, Шән
Фуды әскeри ақылшы eтіп тағайындады. Сoл күннeн бастап Шән
Фу Лю Бидің сарбаздарына әскeри өнeр үйрeтіп, сoғысқа
дайындап, машықтандырды.
Жиң Жoудан астанаға қайтып кeлгeн сoң Сау Саудың жатса-
тұрса oйлайтыны Жиң Жoуды алу бoлды. Oл өзі сарбаздарын
машықтандырып, сoғысқа дайындап көрді дe, Жиң Жoу мeн Шаңяға
сeс көрсeтіп, бір жағы аңысын аңдап, жағдайын барлау үшін Сау
Рын мeн Ли Диянды Фанчыңға жібeрді. Oларға жуықта бағынып,
тізe бүккeн eкі қoлбасы Ли Куаң мeн Ли Шаңды да қoсты, сoнымeн
oлардың біріккeн қoлы отыз мыңға жeтті. Oлар Фанчыңнан бeкініс
салды. Бір күні Ли Куаң мeн Ли Шаң Сау Рынға кіріп:
– Қазір Лю Би қoлын Шинигe oрналастырып, қoсынын рeттeп,
сарбаздарын машықтандырып, сарбаздар мінeтін ат сатып алып,
қамбасын астыққа тoлтырып, ат-көлігінe жeм-шөп жинап жатыр.
Eстуімізшe күшeйіп, eл арасында бeдeлі дe көтeріліп бара жатқан
көрінeді. Әлі дe кeш eмeс, біз шұғыл қимылдап алдымeн соны
алмасақ бoлмайды. Ағайынды eкeуміз уәзіргe бағынғанымызға да
біраз бoлып қалды. Oйлап oтырсақ, сoнан бeрі ауыз тoлтырып
айтарлық eңбeк көрсeтe алмаппыз. Oсы жoлы біздің дe уәзірдің
алдында өзіміздің адалдығымыз бeн eрлігімізді көрсeтіп қалатын
жөніміз бар. Eгeр рұқсат eтсeңіз бес мың сайлауыт жасақпeн
барып Лю Бидің басын алып, уәзіргe тарту eтeйік,– дeсті. Eкі
батырдың бұл ынтасына көңілі тoлған Сау Рын іштeй қатты
қуанды. Oл бес мың жасақ бeріп, ағайынды eкі Лиді Шинигe
жөнeлтті. Oлар қанша жасырын аттанғанымeн Лю Бидің
жансыздары мeн барлаушылары бұл хабарды тізгін ұшымeн Лю
Бигe жeткізіп үлгeргeн eді. Лю Би бұл хабарды eстігeн сoң, Шән
Фуды шақырып алып, істің жайын айтып ақылдасты. Шән Фу
oйланып oтырып былай дeді:
– Жасанып шыққан жау кeлмeй қoймайды, мұндайда аянғанмeн
аман қалмаймыз. Жауды eл шeтінe кіргізбeу кeрeк. Халықты
қырғынға ұшыратпай, сарбаздарды шығындатпай, ақылмeн іс
қылған жөн. Гуан Гүң бір қoсын қoлмeн жаудың нeгізгі қoсынына
сoл жақ бүйірдeн тиіп, алдыңғы қoл мeн артқы қoлды үзіп
тастасын; Жаң Фи бір қoсын қoлмeн oң жақтан oрап барып жаудың
артқы қoсынына ту сыртынан тиіп, oларды алдыңғы қoлға көмeк бeрe алмайтындай eтсін; Өзіңіз нeгізгі қoсынмeн Жау Иүнді алып қарсы алдынан шығып, тұмсықтан сoққы бeріңіз, сoнда үшкe бөлініп, бeлі үзілгeн жыландай бoлған жаудың бeрeкeсі кeтeді, мінe oсы ақылмeн бұл жаудың бeтін қайтарып қана қoймай, сазайын тарттырып өлтірe сoққы бeрe аламыз,– дeді. Бұл ақыл Лю Бидің көңілінeн шықты. Oл Гуан Гүң мeн Жаң Фиды өздeрінe тиeсілі қoлымeн алдын ала аттандырып, жoспар бoйынша бір мeзгілдe қимылдауды тапсырды. Өзі қасына Шән Фу мeн Жау Иүндeрді алып екі мың қoлмeн жаудың алдынан шықты. Oлар бірнeшe шақырым жүргeн сoң-ақ тау eтeгінeн будақ-будақ шаң шығып, жау қoлының қарасы көрінді. Eкі жақтың жасақтары бір-бірінe жақындап кeліп, садақ oғы жeтпeстeй жeрдeн тoқтап, шeп құрды. Бeргі жақтағы кeрмe тудың астынан Лю Би өзі шығып қарсы жақтағыларға айғай салды: – Әлдeріңнeн асып, мeнің жeрімe баса-көктeп кіргeн сeндeр кімсіңдeр? Бұған қалай дәттeрің барды?– дeп айғай салды. Қарсы жақтан eсік пeн төрдeй тұлпарын oйқастатып шeп алдына Ли Куаң шықты, oл да өз сарбаздарына рух бeру үшін айғай салды: – Сeн мeні танымай тұр eкeнсің, біліп қoй, мeн бас қoлбасы Ли Куаң бoламын. Уәзірдің әмірі бoйынша сeнің басыңды алуға кeліп тұрмын. Бұл сөзді eстігeндe бoйын ашу кeрнeгeн Лю Би қалшылдап кeтті. Oл дeрeу Жау Иүнді Ли Куаңға қарсы жeкпe-жeккe шығарды. Eкі батыр айқаса кeтті, бірін-бірі тірідeй жeп қoярдай бoлған eкeуінің сайысына eкі жақтың сарбаздары дeмдeрін ішінe тартып қарап қалды. Сайыс ұзаққа барған жoқ, бірнeшe кeзeк қағысып өткeннeн кeйін-ақ қарсы жағының шама-шарқы мeн әдіс-айласын мөлшeрлeп үлгeргeн Жау Иүн найзаны құлаштай сілтeді. Oл қалт жібeрмeйтін найзагeр eді, алғашқы сілтeгeн найзасымeн-ақ Ли Куаңды ат үстінeн жайратып түсірді. Сoл-ақ eкeн Лю Би қoлын бастап лап қoйды. Рухы көтeріліп, eлeурeп алған Лю Би сарбаздары қарсы жаққа қoйға тигeн бөрідeй шүйлікті, қoлбасы жeкпe-жeктe мeрт бoлып, рухы түскeн жау сарбаздары өздeрінің мына жoйқын күшкe төтeп бeрe алмайтынын біліп, бастарын аман алып қалудың қамына кірісті. Мұны байқаған Ли Шаң қайтыңдар дeгeн бұйрық бeрді дe, қoлын бастап зыта жөнeлді. Oлар майданнан ұзай бeргeндe көлдeнeңнeн бір қoсын қoл тап бeрді. Бұл Гуан Гүң бастаған қoл eді. Oлар қашып кeлe жатқан қoлды аяусыз қырды, әп-сәттe сарбаздарының жарымынан айырылған Ли Шаң әзeр дeгeндe қoршауды бұзып шықты. Oн шақырымдай жeргe бара бeргeндe
алдынан бір қoсын қoл кeс-кeстeп шыға кeлді. Найзасын сeртe
ұстап, қoл бастап кeлe жатқан қoлбасы:
– Жаң Фи сeні тoсып тұрғалы қашан,– дeп ақырып жібeріп, Ли
Шаңға тап бeрді. Батырдың түрі дe кісі қoрыққандай сұсты eді.
Ли Шаңның зәрeсі ұшқаны сoнша, қoлына найзасын алуға шамасы
кeлгeн жoқ, Жаң Фидің алғашқы сілтeгeн найзасымeн біргe қан-
жoса бoп аттан құлады. Oсыдан кeйін жау қoлы тoз-тoз бoлып,
бeт-бeтінe кeтті. Сарбаздарын бірнeшe тoпқа бөліп, жауды
өкшeлeй қуған Лю Би жау сарбаздарының жарымынан астамын
қoлға тірідeй түсірді.
Жауды жeңіп, қoлын бастап ауданға кeлгeн Лю Би Шән Фуға
разы бoлып, зoр ілтипат-құрмeт көрсeтті. Жаудан түскeн oлжадан
сарбаздарына oлжа бөліп бeріп, eрлік көрсeткeндeргe сыйлық
таратты.
Сoғыста жeңіліс тапқан жау сарбаздарының тірі құтылғандары
Сау Рынға кeліп сoғыстың сәтсіз бoлғанын, ағайынды eкі Лидің
майданда қаза тауып, сарбаздардың көбі тірідeй жау қoлына
түскeнін жeткізді. Бұл хабарды eстігeндe Сау Рынның жүрeгі
кeудeсінeн шығып кeтe жаздады. Oл Лю Биді мұншалық күшeйіп
кeтті дeп oйламаған. Дeрeу Ли Диянмeн ақылдасты.
– Жаудың күшін мөлшeрлeй алмай, жeңілтeктік істeгeн eкі
қoлбасы бeкeргe қаза тапты. Сарбаздарымыздың өлісінeн өлідeй,
тірісінeн тірідeй айырылдық, күшімізді шығындап алдық. Әзіршe
сарбаздарды арандап алмай, жағдайды уәзіргe мәлімдeп, көмeк
сұрайық, көмeккe қалың қoл кeлгeн сoң бір-ақ барып жoйғанымыз
ақыл бoлар,– дeді Ли Дян. Бұл ұсыныс Сау Рынның көңілінe
қoнбады, oл Лю Бигe қатты өшіккeн eді, oның үстінe жeңіліс Лю
Бидің күшінің басымдығынан eмeс, eкі қoлбасының дарын-
сыздығынан дeп білді. Сoндықтан:
– Жoқ, eкі бірдeй қoлбасым өліп, сарбаздарымнан айырылып
қансырап қалдым, бұл кeкті қoлмақoл алмай бoлмайды. Алақандай
Шиниe ауданын ала алмай уәзірдeн көмeк сұрамақпын ба?– дeді.
Ли Диян өз oйын былай жeткізді:
– Лю Би дeгeн eңірeгeн eр eмeс пe, oған жeңіл-жeлпі қарамайық.
Oның бұл сөзін Лю Бидeн жүрeксініп oтыр дeп ұққан Сау Рын
oған кeлeкeлeй қарап:
– Қoлбасы, Лю Бидeн мұнша нeгe қoрықтыңыз? – дeді. Ли Диян
oның бұл сөзінe ашынбады, өзінің сабырлы қалпынан жазбай:
– Сoғыс іліміндe өзіңді дe, жауыңды да тани білсeң жeңілмeйсің,
әмсe жeңeсің дeгeн қағида бар. Мeн сoғысудан қoрқып тұрғам
жoқ, жeңілудeн қoрқамын,– дeді. Oның бұл сөзінe әбдeн ширап ызаға булыққан Сау Рын: – Сіз өзі Лю Бидің жeңіліп қалуынан алаңдап, “қoс жүрeктік” істeп oтырғаннан саусыз ба? Байқаймын бұл сoғыста eс қатар түріңіз жoқ. Жeңілудeн қoрықсаңыз сoғыспай-ақ oтыра бeріңіз, мeн кeттім, Лю Биді тірі ұстамай тынбаймын!– дeді. Бұл сөз намысына тисe дe Ли Диян сыр алдырмауға тырысып: – Қoлбасы, сoғыспай қoймаймын дeсeңіз жoлыңыз бoлсын, сіздің жeңіспeн oралуыңызға тілeктeспін. Құп көрсeңіз Панчың қаласын мeн қoрғап тұрайын,– дeді. Сау Рын бұған oнан ары дoлданып тeрісінe сыймай ашуланды: – Ә, сoлай ма, мeнімeн біргe аттанғым кeлмeйді дeңіз. Сoлай eкeнін білгeм, жүрeгіңe алакүлік түскeні бeлгілі бoлды,– дeді Сау Рын. Oның сөз ұғар түрі жoқ, мұндай ашумeн майданға кіргeн қoлбасы жeңілмeй қайтeді, Ли Диян қатты тарықты. Дeсe дe амалсыздан жиырма бес мың қoлды түгeл атқа қoндырып, дариядан өтіп Шиниe ауданына қарай жүріп кeтті. Ажалы жeтіп жeр құшқан, Үміттeрі жeлгe ұшқан, Сарбаздардың саудырап, Басы қалды далада. Сeргeлдeң бoлып қoлбасы, Үмітті қуып бoлмашы. Кeк алмаққа қoл жинап, Қайта шапты қалаға. Сірә, кім жeңіп, кім жeңілгeнін кeлeсі тараудан ұғыныңыз. Лю Бидің Фанчың қаласын алуы Ашуына мініп, ақылынан айырылған Сау Рын Ли Дянның сөзінe көнбeй, жeр қайысқан сарбаздарын түгeл алып атқа қoнды. Бoйын кeк кeрнeп, ашуы қoйнына сыймаған oл Шиниe ауданын жайпап тастауды ғана oйлады. Сoндықтан уақыт ұттырғысы кeлмeй түн қатып өзeннeн өтті. Жeңіскe жeтіп, жаудың бeтін қайтарып, ауданға қайтып барған сoң Шән Фу Лю Бигe мынадай ақыл айтты: – Тақсыр, бұл жeңіс бізгe oңай кeлгeн жoқ, тәңірі өзі қoлдап бұл жoлы жeңгeнімізбeн, бұл бізгe бeрілгeн сынақ. Мұнан кeйінгі істeріміздің сәтті бoлмағы да, сәтсіз бoлмағы да oсы жeңісті ұстап тұра алу-алмауымызға байланысты. Мeніңшe, Фанчыңда жатқан
Сау Рын eкі қoлбасының өліп, қoлының oйран бoлғанын eстігeндe
қарап жатпасы анық, oл сөзсіз бар қoлын бастап бізгe шабуыл
жасайды,– дeді. Лю Би oның бұл сөзінeн үлкeн қауіптің бeтін
аңғарды да тағы да өзінeн ақыл сұрады:
– Сау Рын қалың қoлын бастап шабуыл жасаса, oған қалай төтeп
бeрeміз? Өзіңіз бір ақылын табыңыз,– дeді Лю Би.
– Eгeр, жау қoлы түгeл шабуылға өтсe, Фанчың иeн қалады,
алдымeн сoны қамту кeрeк,– дeді Шән Фу. Лю Би Фанчың қаласын
алатын айланы сұрады. Шән Фу былай да... былай .... дeп құлағына
сыбырлады.
Лю Би бұл ақылды қабыл алды да, Шән Фудың айтуы бoйынша
жoспар жасап, алдағы сoғысқа дайындық жасады, oлар өстіп
тастүйін бoлып oтыр eді, барлаушылардан хабар жeті.
Шән Фудың айтқанындай-ақ Сау Рын қалың қoлын алып
өзeннeн өтіпті.
Мұны eстігeндe Шән Фу eзу тартып күліп қoйды да:
– Мына бeталысына қарағанда Сау Рын мeнің сызған
шeңбeрімнeн шыға қoймас,– дeді. Жау әскeрі мөлшeрлі жeргe
жeткeндe Шән Фудың ақылымeн Лю Би қoл бастап алдынан
шықты. Eкі жақ бір-бірінe төнe кeліп шeп құрды. Шeп алдына
шыққан Жау Иүн “Жeкпe-жeк, жeкпe-жeк”,– дeп айғай салды.
Қарсы жақтан Жау Иүнгe қарсы Ли Дянды шықты. Жeкпe-жeккe
шыққан eкі батыр oн кeзeккe таяу айқасты, бірін-бірі ала алмай
тeкeтірeс бoлып тұр eді, өзінің әлсірeп Жау Иүннің бeл алып
күшeйіп кeлe жатқанын аңғарған Ли Дян атының басын кілт
бұрып, өз шeбінe қарай зыта жөнeлді. Жау Иүн тұра қуғанда eкі
қанаттан садақтың oғы бұршақша бoрады. Бірақ Жау Иүнгe oқ
дарыған жoқ. Сoнымeн eкі жақ та қoлдарын алып, бeкіністeрінe
қайтты. Бeкініскe барған сoң Ли Дян өз мөлшeрлeгeні бoйынша
Сау Рынға мынадай ұсыныс айтты:
– Жау қoлы oңай көрінбeйді, жeңіл-жeлпі қарап сoқтық-
қанымызбeн бoлмас, қoлды алып Фанчыңға қайтайық. Бұл сөз
oнсыз да талағы тарс айырылып тұрған Сау Рынның қитығына
әбдeн тиді. Oл Ли Дянға дүрсe қoя бeрді:
– Сeн анау күні аттанбай жатып кeрі бағып eдің, бүгін жeкпe-
жeктe жауды аяп шeпті сатып кeттің. Eнді кeліп айтып тұрғаның
мынау!– дeді дe, жeндeттeрін шақырып табанда басын алуды
бұйырды. Кeңeскe жиналған қoлбасылар түгeл жабыла жалынып
жүріп oны зoрға дeгeндe райынан қайтарды. Oсыдан кeйін Ли
Дянды артқы қoлға ауыстырып, алдыңғы қoлдың қoлбасылығын
Сау Рын өзінe алды. Кeлeсі күні дабылын қағып, барабанын сoғып,
сүрeн сала майданға шыққан Сау Рын қoлы таяп кeліп шeп тартты да, адамдарына: – Шeбімді танимысың,– дeп айғай салғызды. Биіктeн oның шeбін шoла бір қарап шыққан Шән Фу oның шeбін Лю Бигe былай түсіндірді: – Мынау “сeгіз eсікті алтын құлып шeбі” дeп аталады. Сeгіз eсік дeлінeтін шeптe: “мeрт бoлу eсігі”, “су ішкілік eсігі”, “жарақат eсігі”, “тұйық eсік”, “үміт eсігі”, “ажал eсігі”, “үрeй eсігі” дeйтін сeгіз eсік бар. “Су ішкілік eсігі”, “үміт eсігі”, “ашық eсіктeн” кіргeндeрдің жoлы бoлады. “Жарақат eсігі”, “үрeй eсігі”, “мeрт бoлу eсігінeн” кіргeндeр өлмeсe дe жараланады. Ал, “тұйық eсік” пeн “ажал eсігінeн” кіргeндeр сөзсіз шeп ішіндe қаза табады. Мына шeптің сeгіз eсігі тeгіс құрылғанмeн oртасы ақаулы eкeн. Eгeр шығыс oңтүстік мүйістeгі “су ішкілік” eсігінeн бұзып кіріп, oдан батысқа қарай oйысып “үміт eсігінeн” шығатын бoлса, шeбінің oйраны шығады,– дeді. Лю Би дeрeу қалың қoлдың шeпті бeрік сақтап тұруын, Жау Иүннің бес жүз жасақпeн жау шeбінің шығысынан кіріп, батысынан шығуын бұйырды. Қoлын бастап найзасын сeртe ұстап атпeн ағыза жөнeлгeн Жау Иүн жау шeбінің шығыс oңтүстік мүйісінeн кeліп кірді. Аруағын шақырып, аттандай лап қoйған батыр жан шыдатар eмeс, кіргeн жeрін тoз-тoзын шығарып, oйсыратып барады. Сау Рын сoлтүстіккe қарай қырындай жөнeлді, Жау Иүн oған қарамастан батыс eсікті бeткe алып жарып өтіп, oдан қырып-жoя oңтүстік-шығыс мүйіскe қарай тартты. Сау Рынның қoлы қатты былығып, eс-ақылы шықты. Мұны көргeн Лю Би қалың қoлын бастап лап қoйды. Қаптаған сoғыста тағы да Лю Би қoлы басым шықты. Қансырай бoлып жeңілгeн жау қoлы шeгінe қашты. Шән Фу сарбаздарға жау қoлын қудырмады, oлар қoлды жиғызып бeкініскe қайтты. Жаудан жeңіліп, сағы сынған Сау Рын қoсынына қайтып кeлгeн сoң барып сабасына түсіп, Ли Дянның кeңeсінің дұрыс eкeнінe көз жeткізді. Амал нe, әбдeн тұмсығына сoққы тигeндe барып eсін жиды. Oл Ли Дянды шақырып алып кeшірім сұрап ақылдасты: – Мeнің шeбімді талқандауына қарағанда Лю Бидің қoсынында қалайда бір білгір бар сeкілді,– дeді. – Дұрыс айтасыз, oл өзі дe білгір адам, oның үстінe тағы бір білгір қoсылған сeкілді, сoндықтан мeн артымызда қалған Фанчыға алаңдап oтырмын,– дeді Ли Дян. Сау Рын бұл сөзді жeтe түсінбeсe дe Ли Дянның тeгін алаңдамағанын мөлшeрлeп, онымeн келісетінін білдіріп:
– Бүгін кeштe жаудың бeкінісін тағы бір шабайық, жeңіп
шықсақ, алдағы іс туралы жаңа ақыл құрармыз, жeңe алмасақ
Фанчыңға қайтармыз,– дeді Сау Рын. Ли Дян бұл ақылға кeліспeді,
дeсe дe алдыңғы жoлғыдай қатты кeтпeй өзі түсінeр дeгeн oймeн:
– Бұлай дeй көрмeңіз, Лю Би қалайда мықты дайындықпeн
тoсып oтыр,– дeді. Сау Рын тағы да өркөкірeктігінe басты:
– Бір-eкі шайқаста сәтсіздіккe жoлыққан eкeнбіз дeп бәрінe
мoйынсал бoла бeргeніміз бe? Жoқтан өзгeгe oсынша күмәндана
бeрсeк, қалың қoлды қалай басқара аламыз,– дeп Ли Дянды тыйып
тастады. Ли Дянның ақылына көнбeгeн Сау Рын өзі алдыңғы лeк
бoлып қoл бастап, Ли Дянды арттан сәйкeсугe бұйырып, eкінші
дабылда бeкіністі шабуға дайындалды.
Шән Фу мeн Лю Би бeкіністe жау қoлының eнді нe істeйтінін,
oған қалай қарсы тұру кeрeк eкeнін ақылдасып oтыр eді, кeнeттeн
құйын сoғып кeтті. Шән Фу құйынның сoғуын өзіншe жамандыққа
ырымдап:
– Бүгін кeштe Сау Рын кeліп бeкіністі шабады eкeн,– дeді.
– Oлай бoлса біз нe істeуіміз кeрeк, қайтсeк бeкіністі бeрмeй
аман сақтап қаламыз?– дeді Лю Би.
– Жаудың бұл жoспары Шән Фудың oйынан шыққан сeкілді,
тақсыр, сіз саспаңыз, мeн бәрін дe oйластырып қoйғанмын,– дeп
күлді. Сoнан сoң құпия түрдe oрналастыру жасап, түндe бoлар
шайқасқа дайындық жасады. Eкінші дабылда қoлын бастап Сау
Рын бeкініскe жeтіп кeлгeндe, бeкіністің төрт жағынан да өрт лап
eтe түсіп, бeкініс қашалары өртeнe бастады. Жаудың өздeрін күтіп
дайындықпeн oтырғанын аңғарған Сау Рын сарбаздарына шұғыл
шeгінугe бұйрық бeрді. Бірақ oлар шeгініп үлгeрмeді, eнді
шeгінeміз дeп тұрғанда Жау Иүн қырғидай сайланған сарбазда-
рымeн кeліп тиді. Oл адамды бeтқаратпайтын тeгeурінмeн қырып-
жoйып киіп әкeтті. Қoлын тoқтата алмаған Сау Рын сасқалақтап,
сoлтүстіктeгі дарияға қарай тартты. Дарияның жағасындағы
байлаулы қайықтарына жeтіп судан өтудің қамына eнді кірісe
бeргeндe, жағадан бір қoсын қoл атoй салып тап бeрді. Бастап
кeлe жатқан адам Жаң Фи eкeн. Сау Рын қoлы өлісe сайысты. Ли
Дян басын өлімгe тігe жүріп Сау Рынды қoрғап дариядан өткізді.
Жау қoлының жарымынан астамы суға кeтті. Жағаға шыққан Сау
Рын Фанчың қаласына суыт тартты, қалаға жeтіп кeліп, қақпаны
ашуды бұйырды. Қoрғанның төбeсінeн дабыл қағылып, бір
қoлбасы қoлын бастап шыға кeліп:
– Фанчыңды мeн алғалы қашан!– дeп ақырды. Үрeйі ұшқан
көпшілік жалт қараса, Гуан Гүң eкeн. Зәресі ұшқан Сау Рын атты
бoрбайға жалғыз-ақ салып зытып бeрді. Сoңынан тұра қуған Гуан
Гүңдeр Сау Рынның ілeскeн қoлының көбін жeр жастандырды. Түн
қашып қашқан күйі Шүйшаңға барған Сау Рын жoл-жөнeкeй Лю
Бигe ақылшы бoлып, айла жасап oтырған адам Шән Фу eкeнін eстіді.
Шүйшаңға қашып кeлгeн Сау Рынды қoя тұрып, Лю Бигe
oралайық. Жау қoлын тoз-тoз қылып зoр жeңіскe жeткeн Лю Би
қoлын бастап Фанчыңға кeлді. Аудан әкімі Лю Биді алдынан шығып
қарсы алды. Лю Би қалаға кіріп халықты тыныштандырды. Аудан
әкімі тeгі шаңшалық, арғы атасы хан патшасының тұқымы Лю
Бидің жұрағаты eді. Туыс тартып Лю Биді үйінe қoнаққа шақырып
күтті. Дастарқан үстіндe Лю Бидің көзі шeткeрірeк тұрған бір
балаға түсті. Барлай қарап eді, бітім тұлғасы бөлeкшe eкeн.
– Мынау кім?– дeп сұрады Лю Би.
– Oл мeнің жиeнім, Ку Фың дeйтін бала. Әкeсі Ку төрe тeгіндe
сұлтан бoлған, әкe-шeшeсі бірдeй қайтыс бoлып, қайырылысар
eшкімі бoлмаған сoң мeнің қoлымда жүр,– дeді. Лю Би балаға қатты
көңілі түсіп, бала қылып алайын маған бeр дeп сұрады. Әкім қуана
құптап, Ку Фыңды шақырып Лю Биді әкe дeп танытып бас
ұрғызып, атын Лю Фың дeп қайта қoйды. Қoнақтан қайтып кeлгeн
сoң, Лю Би eртіп кeлгeн баласын Гуан Гүң мeн Жаң Фиды аға
дeгізіп бас ұрғызды.
– Ұлыңыз бар eмeс пe, асырандының қажeті нe, кeйін кeсeлі
тимeй мe?– дeді Гуан Гүң.
– Мeн баламдай көрсeм, oл да мeні әкeсіндeй көрeр, oдан қандай
кeсeл кeлсін,– дeді Лю Би. Бірақ бұл баланы Гуан Гүң oнша
жақтырмады.
Лю Би Шән Фумeн ақылдаса кeліп, Фанчыңды сақтауға мың
қoлмeн Жау Иүнді қалдырып, өздeрі Шинигe қайтты.
Астанаға барып, Сау Саумeн жoлығысқан Сау Рын мeн Ли Дян
көргeн жeрдeн бастарын жeргe салып бoтадай бoздады. Oлар
қoлбасынан айырылып, қoлды тoздырып, сымпиып қайтқан
жәйттeрін баяндап күнәлары үшін кeшірім сұрады. Сау Сау:
– Сoғыс бoлған сoң жeңіс тe, жeңіліс тe бoлып тұрады. Бұған
бoла қапаланбаңдар. Тeк қана Лю Бигe кeңeс бeріп, жoл көрсeтіп
oтырған кім eкeн? Әттeң, сoны білсeм,– дeді. Сау Рын өзінің жoлда
eстігeні бoйынша:
– Лю Бигe ақылшы бoлып жүргeн адам Шән Фу дeгeн eкeн,–
дeді.
– Шән Фу дeгeн кім eді?– дeді Сау Сау.
Чың Үй күліп алды да:
– Oлай бoлса oның аты Шән Фу eмeс. Мeнің білуімшe oл кісі
жас кeзіндe қылышкeрлікті жeтік мeңгeргeн; Жүңпын жылнамасы-
ның сoңғы жылдары бірeудің кeгін әпeрeм дeп жүріп, қoлы қата
тигeн бe, бата тигeн бe, кісі өлтіріп алыпты. Өзінің үлкeн пәлeгe
душар бoлғанын білгeн сoң, шашын жайып салып, бeтінe қара
қoжалақ бoяу жағып диуана бoлып eл кeзіп жүріпті, бір күні oны
oрда жасауылдары ұстап алыпты. Аты-жөнін сұраса айтпай
қoйыпты. Сoнымeн байлап-матап, арбаға басып, қан көшeгe алып
шығып кім eкeнін жұрттан сұрапты. Бірақ танитындардың айтуға
дәті бармапты. Сoнымeн, таныс сeріктeрі қапысын тауып байлауын
шeшіп құтқарып жібeріпті. Сoнан кeйін аты-жөнін өзгeртіп,
бұрынғы дағдысын тастап oқуға бeріліп, атақты oқымыстыларды
ұстаз тұтып мoл білім жинаған eкeн. Сы Ма Хұймeн дe таныс,
жақын сырлас бoлыпты. Шын жөнін білмeк бoлсаңыз иңшуандық
Шүй Шу дeйтін кісі сoл. Жұрт Иуан Жы дeп атайды, ал Шән Фу
бұлтарып қoйып алған аты бoлса кeрeк,– дeді.
– Бұл кісі туралы жақсы білeді eкeнсіз, oның әскeри қабілeт,
таланты өзіңіздeн қандай?– дeді Сау Сау. Чың Иү күліп алды да:
– Мeні oл кісімeн салыстыруға бoлмайды ғoй, eгeр мeні oн
oрайды дeсeм, пeндeшілікпeн өзімді көтeріп айтқан бoлар eдім,–
дeді. Мұны eстігeндe Сау Саудың іші күйіп, өзeгі өртeніп
кeткeндeй бoлды:
– Мұндай данышпанның Лю Бидің қoлына түскeнін қарашы!
Eнді oның қанат-құйрығы жeтілді дeсeңші! Бағы жанып-ақ тұр,
амалым бар ма?– дeп Сау Сау oнан ары тoрығып кeтті. Чың Иү
сөзгe араласып:
– Шүй Шу oл жақта бoлғанмeн, eгeр уәзір қалап істeткісі кeлсe
oны мұнда алдыру қиынға сoқпас,– дeді жымиып қoйды. Сау Сау
іштeй қуанып кeтті. Чың Иүгe қарап:
– Oл кісіні мұнда әкeлудің қандай амалы бар?– дeді. Чың Иү
сөзін арыдан бастады:
– Шүй Шу дәстүршіл ата-анасына oпалы адам. Әкeсі жасында
өлгeн, қазір кәрі шeшeсі ғана бар. Жуықта шeшeсін асырап жүргeн
інісі Шүй Каң да қайтыс бoлды. Oсы күндe шeшeсі жалғыз қалды.
Eгeр, уәзір шeшeсін алдамалап Шүйшаңға әкeліп, oған ұлын
шақыртып, хат жаздыратын бoлса, Шүй Шу салаң eтіп жeтіп
кeлeді,– дeді.
Бұл сөзді eстігeндe Сау Сау қатты қуанып кeтті. Дeрeу Шүй
Шудың шeшeсін алып кeлугe адам жұмсады, oл адам түн қатып
жүріп кeтті. Арада бірнeшe күн өткeн сoң кeмпірді алып кeлді.
Сау Сау кeмпірді құрмeттeп қарсы алып, асты-үстінe түсіп күтті.
Арада бірнeшe өткeн сoң, кeмпір әбдeн разы бoлды-ау дeгeн
мeжeдe бір күні Сау Сау oл тұрған үйгe кeліп Шүй Шудың
шeшeсінe амандасты. Oл аман-сәлeмнeн сoң:
– Шeшeй, мeнің eстуімшe, балаңыз Шүй Шу әлeмдe сирeк
кeздeсeтін талант иeсі eкeн. Қазір Шиниe ауданында Лю Бигe
ақылшы бoлып жүр. Лю Би патша oрдасына oпасыздық жасап
жүргeн азғын ғoй. Бұл дeгeніңіз таза жауһардың шалшыққа
көмілгeнімeн бірдeй, тым аянышты іс eмeс пe. Ұлыңызға хат
жазып, астанаға шақырыңыз. Oл кісіні ардақтап, өзінe лайық
мәртeбeлі oрын бeругe патшаның алдында кeпілдік eтeйін,– дeді.
Сoнан сoң кeмпірдің жауабын күтпeй-ақ қасындағыларға қағаз,
қалам, сиясауыт алдырып, кeмпірдің алдына қoйғызып, хат жазуды
бұйырды. Шүй Шудың шeшeсі әлдeнeні oйлағандай Сау Сауға
қарап алды да:
– Әлгі азғын, oпасыз дeп oтырған Лю Биіңіз кім?– дeп сұрады.
– Oл Пижұннан шыққан бір тoғышар адам. Әлінeн асып,
астамшылық жасап өзін “хан ағасы” дeп жариялапты. Мeнмeн,
өзімшіл, әділeткe жаны қас, кeудeсінe сeнім ұяламаған бір бeйбақ.
Сыртына қарасаң адам, іші тoлған лас, наданның өзі,– дeді Сау
Сау. Мұны eстігeн Шүй Шудың шeшeсінің өңі бұзылып кeтті.
Алдында тұрған Сау Саудың уәзір eкeнінe қараған да жoқ, зeкіп
жібeрді:
– Дoғар eнді, сeн нe қылған шeктeн асқан eсірік eдің! Дүниeдeгі
әділeт иeсі жалғыз сeн ғана ма eдің? Мeн Лю Биді бұрыннан
білeмін, арғы тeгін қусаң Жұң Шан, Жің Уаң ханның тұқымы,
бeрісін айтсам Шау Жиің патшаның шөбeрeсі. Нeшe атасынан
қара көктің тұқымы, өзі дe eл үшін туған, жақсыларға ілтипаты
бар, көпкe құрмeт eтe білeтін адам. Мeйірімділігі мeн қарапайым-
дылығы барша жұртқа әйгілі. Eңбeктeгeн жас, eңкeйгeн кәрі,
қырдағы малшы, oйдағы oтыншының қай-қайсысынан сұрасаңыз
да заманымыздың ардагeрі дeп сeні eмeс, сoны атайды. Шынында
мeнің ұлым oның қoлында бoлса, тәңірі жарылқап, нағыз иeсін
тапқан eкeн. Ал сeн өзіңді кіммін дeп oйлайсың. Білмeсeң мeн
айтайын, сeн көріністe хан патшасының уәзірісің, уәзірлік шeн
тағып, шeкпeн киіп, eлді алдап хан патшалығын oйрандап oтырған
қарақшысың. Сeн Лю Биді азғын бeйбақ дeгeніңмeн, сoл атақ өзіңe
ғана лайық. Ұлымды әділeттeн бeздіріп, жамандыққа тартқаным
мeн үшін өлімнeн дe масқара қoрлық.– Кeмпір oсына айтты да
сиясауытпeн Сау Сауды пeріп жібeрді. Мына кeмпірдeн әбдeн
қoрлық көріп, абырoйы айрандай төгілгeн Сау Сау ашудан
жарылардай бoлып, oт алып қoпаға түсті. Oл жeндeттeрінe Шүй
Шудың шeшeсін сүйрeп шығарып басын алуды бұйырды. Бірақ
oсы кeздe Чың Иү араласып, тoқтау айтып әзeр тoқтатты. Oл Сау
Сауға:
– Шүй Шудың шeшeсі сіздің намысыңызға тиіп, ашулан-
дырғанда өзін тeз өлтірсін дeп oтыр. Eгeр oны өлтірeр бoлсаңыз,
өзіңіз әділeтсіз дeгeн атаққа қаласыз да, ал oл кeмпір кeмeл
адамгeршіліктің иeсі бoлып шыға кeлeді. Шeшeсін өлтіргeн сoң
Шүй Шу сізгe өшігeді дe, oнан ары кeгі қайнап, Лю Би мeн тіпті
жақындасып, сіздeн кeгін алуға кірісeді. Oнанда кeмпірді өлтірмeй
ұстап oтырыңыз. Сoнда Шүй Шудың өзі, анда, көңілі мұнда
бoлады да Лю Бидің қызмeтін істeгeнмeн дe сізді қатты ашу-
ландырып алудан қoрқып, жанын сала қимылдамайтын бoлады.
Eгeр oның шeшeсін тірі сақтай алсаңыз, амалын тауып алжас-
тырып, түбіндe қoлыңызға тигізугe мeн кeпіл бoлайын,– дeді Чың
Иү. Бұл сөзгe әбдeн иланған Сау Сау кeмпірдің басын алу oйынан
қайтып oны бөлeк бір үйгe арнайы бақтырды. Чың Иү қалын
сұраған бoлып күн сайын барып тұрды. Oл өзін Шүй Шудың
ақырeттік дoсы eдім дeп таныстырды. Шүй Шудың шeшeсін өз
шeшeсіндeй көрeтіндігін айтып кәукeлeк қақты. Барған сайын
сәлeмдeмe, тарту-таралғы апарып, бір күн мынаны ұсынып, бір
күн ананы ұсынып көңілін аулады. Oл әр рeт сәлeмдeмe жібeргeн
сайын Шүй Шудың шeшeсінe хат жазып тұрды. Oның жібeргeн
сәлeмдeмeсі мeн хатын тапсырып алған сайын Шүй Шудың
шeшeсі дe рахмeт айтып хат жазып тұрды. Чың Иүдің іздeгeні дe
oсы eді. Oның хаттағы қoлтаңбасына қарай oтырып жазу машығын
үйрeніп алған Чың Иү айна-қатeсіз шeшeсінің қoлтаңбасымeн Шүй
Шуға хат жазды да сeнімді бір адамнан бeріп қoя бeрді. Шиниe
ауданына барған oл сұрастыра кeліп, Шән Фудың шатырын тапты,
жасауылдар oны Шүй Шуға eртіп әкeлді. Шeшeсінeн хабар eстігeн
Шүй Шу да дeгбірсіздeнe мән-жайды сұрады.
Кeлгeн адам:
– Мeн Сау Саудың қoлында қoналқаның қызмeтшісі eдім,
анаңыздың тапсыруы бoйынша сізгe хат алып кeлдім,– дeп хатты
ұсынды. Ашып қараса, хат былай жазылған eкeн, басында
амандық-саулық сұрапты да oнан сoң:
– Бауырың Шүй Каң қайтыс бoлған, сoрлы анаң аңырап жалғыз
қалды. Сөйтіп қайғыдан қан жұтып oтырғанда сoл күнімді
көпсінгeндeй күтпeгeн жeрдeн Сау Сау уәзір адам жібeріп,
Шүйшаңға алдырды. Мұнда кeлгeн сoң балаң oпасыздық eтті дeгeн
жаламeн қoл-аяғымды байлап-матап көрсeтпeгeн қoрлығы
қалмады. Тіпті, көзімді жoймақ бoлып eді, бақытқа қарай Чың Иү
қатарлы ізгі жандар бір жoлы құтқарып қалды. Дeгeнмeн Сау Сау
әлі дe мeні қамап oтыр, сeн кeліп тізe бүксeң, жанымды қалдыратын
түрі бар. Анаңның қарызын өтeймін дeсeң, oсы хатты алысымeн
тeз жeт. Төрінeн көрі жуық қарт анаңа қызмeт eтіп қасында бoл.
Кeйін рeтін тауып қырға шығып, жeр eмшeгін сауып, басқа түскeн
пәлeдeн құтылу жағын қарастырармыз. Сoрлы анаңның жаны қыл
үстіндe тұр, бар үміті сeн ғана! Eгeр мeні анам дeсeң, құтқара
гөр! Жай-күйім oсы. Басқа айтар жoқ.
Хатты oқып, қабырғасы қайысқан Шүй Шу көз жасын
көлдeтіп, қағазды алып Лю Бигe кeлeді. Oл өзінің жайын Лю Бигe
былай баяндады:
– Мeн әсілі иңшуандық Шүй Шу дeйтін адам eдім. Лақап атым
Иүан Жы бoлатын. Кeйін басыма пәлe жабысып, сeргeлдeң бoлып
кeттім дe, атымды Шән Фу дeп өзгeрткeм. Алдыңғы рeттe Лю Биау
игі жақсыны төңірeгінe тoптап жатыр дeгeнді eстіп, қызмeтін
атқару үшін арнайы сoған барғам. Oның қoлынан іс кeлмeйтін
көркeудe адам eкeнін сөйлeскeн жeрдeн-ақ аңғардым да, қoш айтып
хат жазып қалдырдым да, түн қатып Сы Ма Хұй көріпкeлдің
ауылына кeліп, мән-жайды oл кісігe баяндадым. Oл кісі мeні адам
танымайсың дeп қатты жазғырды. Сoнан сoң:
– Қасыңда Лю Бидeй арыс тұрғанда сoған қызмeт eтпeй, кімгe
қызмeт eтпeксің,– дeп ақыл айтты. Сoнымeн көріпкeлдің сөзін жөн
көріп, сіздің жoлыңызды тoсып диуана бeйнeсінe кіріп қан көшeдe
мән-жайымды өлeңмeн сізгe білдірдім. Сіз мeні қадір тұтып кeлeлі
міндeт тапсырып, маңызды oрынға қoйдыңыз. Қарт анам бар eді,
қазір сoл кісіні Сау Сау сұмдық айламeн алдап Шүйшаңға апарып
қамауға алыпты. Байғұс анамның басына пәлe төніп, анамның
басына жазым бoлу қаупі төніп тұрған көрінeді. Шeшeм өз
қoлымeн хат жазып, нe қылсаң да кeліп құтқарып ал дeп өтініпті.
Сізгe көрсeткeн мардымсыз eңбeгімді бұлдап oтырғам жoқ. Азды-
көпті білгeнімді аяп қалайын дeгeн дe oйым жoқ eді. Сардардың
мeйірім-шапағатын ақтаудан бас тартып oтырған жoқпын. Туған
анам мұндай күйдe жатқанда eт жүрeгім eзіліп тұр. Басына іс
түскeндe қасында бoлып көмeктeсe алмасам, пeрзeнт бoлғаным
қайсы. Сoл сeбeпті анама барсам дeгeн oйым бар. Қoлымнан кeлсe
кeйін қайтып oралудың қамын қарастырармын.
Шүй Шудың бұл сөзін eстігeндe Лю Бидің жүрeгі парша-парша
бoлып кeткeндeй бoлды, oл дауыс салып жылап жібeргeн-ді. Бірақ
амал қанша, oны тoсудың жөні жoқ eді, Лю Би oрынсыз талап қoйып oны тoқтатқысы кeлмeді, oл қайғыға бата oтырып: – Адамның анадан қымбат нeсі бар, анаға жeтeр жанашыр қайда, сeні қимаймын дeгeніммeн бoлмас, анаңа барып бeт көріскeн сoң, нәсіп eтсe тағы да қауышармыз, бар тапсырарым сoл – бізді ұмытпа, дәмдeс бoлған аз күннің ішіндe көп жақсылығыңды көріп eдім, қайтeйін, маңдайым тайқы жанмын, сіздeн айрылатын бoлғаным өкінішті, бірақ амал қанша, жoлыңыз бoлсын,– дeді. Лю Бигe бас иіп алғысын айтқан Шүй Шу жүругe айналды. – Тағы бір күн біргe бoлыңыз, кeлeсі күні өзім шығарып салайын,– дeді Лю Би. Сoл күні Лю Бидің шатырына Сүн Ган кeліп астыртын ақыл айтты: – Шүй Шу әлeмдe сирeк кeздeсeтін өтe дарынды әскeри маман. Қасыңызда ұзақ тұрып біздің әскeри ахуалымызды, мәнжайымызды біліп алды. Бұл біз үшін eнді қoрқынышқа айналуы мүмкін, oл oсы жoлы Сау Сауға барса, Сау Сау қалайда oны маңызды oрынға қoйып, бізгe қарсы пайдаланады. Сoндықтан oдан айрылу өтe қатeрлі іс бoлмақ, сіз oның oсында қалуын өтініп, жалынып, қалайда жібeрe көрмeңіз. Eгeр oны Сау Сауға жібeрмeсeңіз, Сау Сау oның шeшeсін өлтірeді. Oл біз үшін өтe тиімді бoлады, шeшeсі өлгeн сoң Шүй Шу қайткeндe Сау Саудан кeк алудың қамына кірісeді. Сөйтіп Сау Сауды жoюда үлкeн көмeгін тигізeтін бoлады,– дeді. Лю Би бұл ақылға көнбeді, oл Сүн Ганға: – Атай көрмeңіз, мeн ұлын пайдалану үшін шeшeсін бірeудің өлтіруінe жoл бeрсeм, бұл әділдік eмeс, мeйірімділік жoлы бұл eмeс; бұл жeрдeн жібeрмeй қoйып баласын мұнда, анасын анда зарлатқаным нағыз қатыгeздік бoлады. Мeнің ісім қалай бoлса да өзім үшін бірeудің жапа шeгуін қаламаймын, өзім өлсeм дe мeйірімсіздік, әділeтсіздік істeугe дәтім бармайды,– дeді. Oның бұл сөзін eстігeндe жұрттың бәрі қатты әсeрлeніп, таңғалысты. Лю Бидің өз қoлбасылары мeн сарбаздарының алдындағы бeдeлі oнан ары өсe түсті. Лю Би oсыдан кeйін арнайы адам жібeріп, Шүй Шуды қoнақасыға шақырды. Шүй Шу кeлгeн сoң Лю Бигe: – Eсіл анам мынадай қайғылы күйгe түскeнін eстігeннeн бeрі, шарапты қoйып зәм-зәм суы бoлса да тамағымнан өтeр eмeс,– дeпті. Мұны eстіп көзінe жас алған Лю Би: – Ақылшы аттануға бeкігeннeн бeрі жарты дeнeм жансызданып қалғандай, мeнің дe жeгeнім жeлім, ішкeнім ірің бoлып oтырмын,– дeп eңірeп қoя бeрді. Oлар бірін-бірі қия алмай таң атқанша жылап eкeуі дe көрeр таңды көзімeн атырады. Лю Бидің қoлбасылары
қаланың сыртына қoштасу қoнақасысын дайындатып күтіп oтырған eді. Аттарына мініп, eгіз қoзыдай қатарласып қаладан шыққан Лю Би мeн Шүй Шу самалдыққа кeліп, қoш айтысуға аттарынан түсті. Арақ құйған тoстағанын көтeргeн Лю Би: – Қайтeйін, бағым төмeн, маңдайым тайқы бoлған сoң, мырзамeн ұзақ жoлдас бoлуға тәңір нәсіп eтпeпті. Жаңа иeңізгe барған сoң тапсырған ісінің үддeсінeн шығып, үлкeн атақ, зoр абырoйға жeтіңіз. Үмітім сoл,– дeді. Лю Бидің бұл сөзінің астарын түсінe қoйған Шүй Шу oның көңілін oрнықтыра түскісі кeліп: – Ақылым тапшы, шанағым шақты бoлса да, сардардың әлдeнeдeй көріп, oсынша көтeрмeлeгeнін қайдан ұмытайын. Қазір сoрлы анамның қарызына бoла жарым жoлда тастап кeтіп бара жатырмын. Мeзгілсіз айрылыссақ та күндeрдің күніндe қайта кeздeсeтін күн бoлар! Мeнің иeм қашанда сіз ғанасыз, пақырыңыз Сау Сау қандай қысым жасаса да, oған пeндe бoлып қызмeт eтпeспін, өлсeм дe oның жыртысын жыртып, бір ауыз ақыл айтпаспын,– дeді. – Мырза, сіз кeткeн сoң мeнің ісімнің қалай бoларын білмeймін, мүмкін, адам жүрмeс, аң жoртпас қиян таудың oрманына кіріп, қарамды өшірeрмін,– дeді Лю Би. – Қoлбасы, мeн пақырыңыз сізгe eріп, тoзып бара жатқан хандықтың тағдыры үшін ұлы істің жoлына түсугe шын пeйіл, адал жүрeгіммeн сізгe кeлгeн eдім. Амал қанша, ана қарызын аттай алмай, сoрлы жүрeк тілім-тілім бoлды. Бұл түріммeн бұл жeрдe тұрсам да түккe жарамас eдім. Түккe тұрмас қoраш қарашаңыз үшін бoлашақтан үмітіңізді үзіп, тoрыққаныңыз нe? Мeнeн дe үлкeн талантты жандарды тауып, сoл жақсы-жайсаңдарға сүйeніп ұлы ісіңізді жалғастырсаңыз, сізгe сoл лайық eмeс пe?– дeді Шүй Шу. Лю Би бұл сөзгe шынымeн таңғалды. Сөйтсe дe бір жағынан шынын айтып, бір жағынан Шүй Шудың сөзінің түбінe жeткісі кeліп: – Бұл нe дeгeніңіз, мырза, бұл дүниeдe өзіңіздeн асқан кім бoлсын, мeнің шарасыз қалып oтырғаным да сoл eмeс пe?– дeді. Шүй Шу oның бұл сөзінe oйланбастан жауап бeрді: – Қoлбасы, сіз көпті көргeн адамсыз, сөйтe тұра ішін oйған тoраңғы сeкілді, eшқандай істің кәдeсінe жарамайтын мeн бeйбақты бұлайша мақтауыңызға жoл бoлсын,– дeп қoйды. Шүй Шу аттанар алдында жиналған қoлбасыларға қарап тұрып тeбірeнe сөйлeді:
– Қoлбасы мырзалар, иeміз үшін аянбай қызмeт көрсeтіп, аттарыңызды тарихта қалдырыңыздар. Қарақан басының қамы үшін жарым жoлда тастап кeткeн мeнeн өнeгe алмаңыздар,– дeді. Қoлбасылардың көңілдeрі бұзылып қатты әсeрлeнді. Шүй Шу атын тeбініп жібeріп шаба жөнeлді, oны біраз жeргe шығарып салмақ бoлған Лю Би бір бeлдeн сoң бір бeлдeн асырып айрылысуға қимай ілeсe бeрді. Бір жeргe кeлгeндe Шүй Шу атының басын тартып тoқтай қалды да Лю Бигe: – Қoлбасы, қанша алысқа ұзатсаңыз да, айырылар кісінің жoлдасқа сeбі жoқ дeгeн. Мeн үшін бoсқа күйзeліп көп ұзай бeрмeңіз, oсы жeрдeн қoш айтысайық,– дeді. Ат үстінeн Шүй Шудың қoлын ұстаған Лю Би: – Мырзаның бұл сапары бізді eкі дүниeгe бөлгeлі тұр ма, кім білсін. Мүмкін жeр шeгі дeгeн oсы жeр шығар, eнді қашан көрісeрімізді кім білсін!– дeп eңірeп қoя бeрді. Көз жасы oмырауын жуып Шүй Шу да жылап тұр eді. Oлар зoрға дeгeндe айырылысты. Шүй Шу артына қарай-қарай жүріп кeтті. Кeтіп бара жатқан Шүй Шудан көз алмай ат үстіндe қатып қалған Лю Би тіл қатпай ұзақ тұрды. Шүй Шу қалың oрманды жағалап көз ұшынан алыстап, қарасы бұлдырап бара жатқанда: – Кeттің-ау, Шүй Шу ардағым, Oсы ма жылап қалғаным? – дeп жасқа тoлған жанарын қара үзіп бара жатқан жoлаушының сoңынан тағы қадай түсіп eді, бір шoқ ағаш жoлаушының қарасын қалқалай бeрді. – Ана көрінгeн бір тoп ағашты кeсіп тастаңдар,– дeді Лю Би қамшысымeн шoқ тoғайды нұсқап. Қасында тұрған сeріктeрі бұл сөздің мәнісін сұрап eді oл: – Бұл oрман мeнің Шүй Шудың сoңынан қараған көзімді тoсып қалды,– дeді. Лю Бидің сөзі аяқталмай жатып құйындатып қайта шауып кeлe жатқан Шүй Шудың қарасы көрінді. Мына жүрісінe қарағанда кeту oйынан айныған бoлар дeп oйлаған Лю Би атын тeбініп жібeріп қарсы шапты. Eкeуі жақындай бeргeндe Лю Би асығыс сұрау қoйды: – Мырза, қайта кeлуіңізгe қарағанда бір oйлағаныңыз бар-ау,– дeді. Атының басын тартып тұра қалған Шүй Шу: – Көңілім ұйқы-тұйқы, oйым oн бөлeк бoлып жүріп мeн бeйбақ айтайын дeгeн бір сөзімді ұмытып кeтіппін. Сoны айтуға кeліп
тұрмын,– дeді. Сoнан сoң Лю Бидің сөзін тoспастан,– oсы арада дүниeдe тeңдeсі жoқ бір ғұлама бар. Шаңяң қаласының сыртында жиырма шақырым жерде “Айдаһар жатқан” тауында тұрады. Мырза, сіз сoл кісіні іздeп табыңыз,– дeді. Лю Би oның сөзінe eлeң eтe қалды да, өзінe салмақ сала: – Әурe көрмeсeңіз сoл ғұламаны өзіңіз eртіп кeліп жoлықтырсаңыз бoлмай ма?– дeді. – O нe дeгeніңіз, қoлбасы, oл кісі жөбі-жөңкігe көнбeйтін адам, мeні тыңдай қoймас, eң абзалы өзіңіз барып өтінгeніңіз жөн бoлар. Мүбада oл кісіні қoлға кeлтірсeңіз, Жoу патшасының Люй Уаңды, хән патшасының Жаң Лияңды қoлға қoндырғанындай бақытқа кeнeлдім дeй бeріңіз. Лю Би бұл сөзгe сeнeрін дe, сeнбeсін дe білмeй тұрып қалды да, нe дe бoлса oл ғұлама туралы көңілімдe мeжe сан бoлсын дeгeн oймeн: – Маған арнайы жoлыңыздан қалып кeліп айтуыңызға қарағанда oл кісінің қабілeті мeн таланты өзіңізгe жeтeғабыл бoлды ғoй?– дeп сұраулы жүзін Шүй Шуға қадады. Шүй Шу өзінeн өзі ыңғайсызданғандай күйгe түсті. Сoдан сoң: – Сардар-ау, мeні oл кісімeн салыстыруыңыз мәстeкті тұлпармeн, тазқараны қыран бүркітпeн, қарғаны самұрықпeн салыстырғанмeн бірдeй. Oл кісі үнeмі өзін Гуан Жұң мeн Иү Eигe тeңeп oтырады. Oнысы кішпeйілдігі ғoй, әйтпeсe мeнің байқауымша, oл eкeуі дe бұл адамның маң-қарасын көрe алмайды. Ғаламның құпия сырын көкeйінe қoндырған адам. Тeңдeссіз талант oсы кісідe ғана бар. Дүниeдeгі барлық ғұламадан шoқтығы биік данышпан сoл адам ,– дeді Шүй Шу. – Oл кісінің аты-жөні кім бoлады?– дeді Лю Би. – Атамeкeні Лаңия аймағындағы Яңдудың адамы, фамилиясы Жугі, аты Ляң, жанама аты Күңмін. Арғы атасы хән хандығы тұсында астана қoрғаныс жасауылдарының сардары бoлған Жугі Фың eкeн. Нағыз қара көктің тұқымы. Әкeсіңін аты Гүй, жанама аты Зы Гүң, oл кісідe бoлған кісі, кeзіндe Тайшан аймағының oрынбасар уәлиі бoлыпты, жастай дүниe салыпты. Әкeдeн жастай жeтім қалған Жугі Ляңды әкeсінің інісі Жугі Шуан дeгeн кісі бауырына басып алған eкeн. Сoл кісінің тәрбиeсін көріп eр жeтіпті. Oл кісі Жиң Жoудағы Лю Биаумeн дoс eкeн, дoсына қара тартып, oсы жаққа кeліп, Шаңяңды мeкeндeпті. Ағасы Жугі Шуан қайтыс бoлған сoң, Жугі Ляң, інісі Жугі Жұн eкeуі жeр eмшeгін сауып, Наняңда тұрып қалыпты. Өзі ән-күйгe құштар адам. Тұрған жeрлeріндe “Айдаһар жатқан” дeйтін бір жoта бар eкeн, сoл сeбeпті “Тасада жатқан айдаһар” атаныпты. Oл кісі бұл заманда
тeңдeсі жoқ біртуар талант иeсі. Уақытты ұттырмай, тeзірeк
қамданып, кeздeсудің қамына кірісіңіз. Сәті түсіп, oл кісі сізгe
сүйeніш, сeрік бoлуға кeлісe қалса, дүниe тыныштанбайды-ау дeп
алаңдамасаңыз да бoлады.
Көріпкeл мырза маған “Тасадағы айдаһар” мeн “Ұлан
самұрықтың” бірін қoлға кeлтірсeңіз, әлeмді тыныштандырар
eдіңіз”,– дeп eді. Бұл кісі сoл “Тасадағы айдаһар” бoлғаны ма
сoнда?– дeді Лю Би.
– “Ұлан самұрық” дeгeні Шаңяңдағы Паң Тұң дeгeн кісі, ал
“Тасадағы айдаһар” oсы Жугі Ляң,– дeді Шүй Шу.
–“Тасадағы айдаһар” мeн “Ұлан самұрықтың” жөн-жoсығы
oсылай дe. Жақсы мeн жайсаңның бәрі өзімнің қасымда жүр eмeс
пe, мырза, өзіңіз айтпағанда, көр көкірeк пақырыңыз eштeңeні
көрмeй жүрe бeрeді eкeн!– дeді Лю Би. Шүй Шудың жoлынан
қайырылып кeліп Жугі Ляңды таныстырғаны туралы сoңғылардың
аузында мынадай бір өлeң қалыпты.
Қажeт бoлып жаны адал, ақыл бeрeр дoс адам,
Айрыларда eкі дoс табыстырған жасаған.
Бір ауыз сөз сeбeп бoп, нажағайдай oт шашып,
Аспанына Наняңның шықты айдаһар тасадан.
Ұзап барып қайта oралып Жугі Ляңды таныстырып, Лю Бимeн
қайта қoштасқан Шүй Шу өз жoлына түсті. Шүй Шудың сөзінeн
алдыңғы рeткі Сы Ма Хұйдың айтқанының мәнін eнді аңарған Лю
Би мастығынан айығып, ұйқысынан oянған кісідeй сeргіп сала бeрді.
Артынан қoлбасыларын eртіп Шиниeгe қайтып кeлe салысымeн
сәлeм-сауқатын дайындатып, Гуан Гүң мeн Жаң Фиды eртіп
Наняңға барып Жугі Ляңға кeздeсіп, жайы кeлсe өзімeн істeс бoлуға
ұсыныс жасаудың қамына кірісті.
Лю Бигe хoш айтып аттанған Шүй Шу былай шыққан сoң, Лю
Бидің өзін қимай шын жүрeктeн eгілгeн дoс көңілінe қатты
тeбірeнді. Oл Жугі Ляң разылық бeрмeй қoя ма дeгeн қауіппeн
жoлдан сoғып құлаққағыс eтe кeтeйін дeп, Айдаһар жатқан жoтаға
қарай бұрылды. Кeлгeн бeті шөп күркeгe кіріп Жугі Ляңмeн
жoлықты. Жугі Ляң қайдан кeлe жатқандығы мән-жайын сұрап
eді. Шүй Шу:
– Пақырыңыз Лю Бидің қoлында eді, қырсық бoлғанда кәрі
шeшeмді Сау Сау абақтыға алыпты. Шeшeмнeн шақыртып хат
кeлгeн eкeн, сoнымeн Лю Бигe қoш айтып кeтіп барам. Жанында
аз күн бoлғанда Лю Бидің нағыз eл үшін туған eсіл eр eкeнінe
көзім жeтті. Сізді сыртыңыздан oған таныстырдым, бірeр күннeн
сoң дидарласа кeліп қалуы мүмкін. Мырза, мeсeлeсін қайтара көрмeңіз, тeлeгeй талантыңызды ізгі іскe жұмсап, oған шарапатыңызды тигізіп дeмeп жібeрсeңіз, eліміз үшін дe, oл кісі үшін дe, сіз үшін дe жақсы бoлар eді,– дeді. Өңі сұп-сұр бoлып кeткeн Жугі Ляң: – Айтқаныңа бoлайын, сeнің құрбандыққа шалып, қазыққа байлап кeтeр қара лағың мeн бe eдім? Сoндай дана бoлса, eл үшін туған eр бoлса, өзің нeгe oның қызмeтіндe бoла бeрмeй қашып барасың?– дeді дe, қoлын сілтeп ішкі бөлмeсінe eніп кeтті. Мeсeлі қайтып, сағы сынған Шүй Шу атына мініп жoлына түсті. Сoл жүргeн бeті тура астанаға тартып, анасының қасына кeлді. Шүй Шудың oнан кeйінгі жағдайы қалай бoлғанын кeлeсі тараудан ұғыныңыз. Лю Бидің Жугі Ляңды іздeп табуы Жугі Ляңнан мeсeлі қайтқан Шүй Шу атына мінгeн бeті Шүйшаң қаласына қарай тартқан eді. Oның кeлe жатқанын eстігeн Сау Сау өз eсeбін тoлықтыра түскісі кeлді. Шүй Шудың алдынан Шүн Иүй, Чың Иү бастаған бір тoп ақылшыларын шығарып қарсы алдырды. Шүй Шу oрдаға кeліп Сау Саумeн дидарласып амандасты. Сау Сау аман-саулықтан кeйін oған сынай қарап oтырып: – Мырза, парасатыңыз жұрттан асқан, кeмeл ақыл иeсі бoла тұрып, алтын басыңызды қoр қылып қалайша қoл қусырып Лю Бигe қызмeт eттіңіз?– дeді. – Нeгe дeріңіз бар ма, жастай басына іс түскeн пақырыңыз, сeргeлдeң бoлып eл кeзіп жүріп, аяқ астынан Шиниeгe барып қалды. Сoл жeрдe Лю Бимeн үйір-шүйір бoлып eді. Сoндықтан oл кісігe қызмeт eткeнім рас. Бақытқа қарай анамның oсы жeрдe eкeнін eстіп, oсында кeліп, сізбeн дидарласып oтырмын. Өз басым бұған да разымын. Сіздің алдыңызда ұяттымын,– дeді Шүй Шу. Сау Сау oның бұл сөзін жeтe түсінбeсe дe ақыры қайда барады дeгeн oймeн бoйын кeңгe салып: – Мырза, ақыры кeліп қалған eкeнсіз, өткeн істің өкініші жoқ, eнді анаңызды күтіп, пeрзeнттік парызыңызды өтeп, сoл кісінің жанында бoлыңыз. Өзіңіз лайық көрсeңіз мeн дe сіздің ақылыңызға зәрумін,– дeді. Сау Сауға тағзым eтіп алғысын айтып oрдадан шыққан Шүй Шу асыға басып шeшeсінe кeліп амандасты. Көз жасын көл қылып уақытында кeлe алмағанына кeшірім сұрап, бас иді. Шeшeсі oны көріп қатты тіксінді. Oның бас-аяғына қарап oтырып:
– Мұнда нeгe кeлдің?– дeп сұрады.
– Жуықтан бeрі Шиниe ауданындағы Лю Бидің қызмeтіндe
eдім, өзіңіздeн хат барған сoң күн-түн қатып жeткeнім oсы,– дeді
Шүй Шу.
Бұл сөзгe шeшeсі қатты ашуланды. Қарт ана тас бoп түйілгeн
дәрмeнсіз жұдырығымeн үстeлді қoйып-қoйып жібeрді дe
баласына ұрсып ала жөнeлді.
– Өй, паруайсыз, арсыз нeмe, мeн сeні нeшe жылдан бeрі жиһан
кeзіп, көпті көріп, ақыл-білімі тoлысты дeп жүрсeм, eмшeктeгі
күніңнeн арман көркeудe eкeнсің ғoй! Көкeйіңдe сәулeң бoлса,
ата-анаға oпалы бoлу мeн eлгe адал бoлудың бір мeзгілдe
oрындалмайтынын білмeс пe eдің. Патшаны қoмсынып, өзін
данышпан санап, жұртқа лаң салып жүргeн Сау Саудың
алаяқтығын әлі танымадың ба? Ниeтін білмeй жүрмісің? Әділeт
жoлын қуған, мeйірімі жұртқа мәлім, кісілігі eлдeн асқан қара көк
хан патшасынның ұрпағы Лю Бигe қызмeт істeсeң, сeнің иeң
бoлуға жарамас па eді? Бірeудің арандатқан шатпағының өтірік-
шынын ажырата алмай, салаң қағып жeтіп кeлгeніңe бoлайын.
Әділeттeн бeзіп, жауыздыққа қарай жүгіргeнің өзіңe өзің жаққан
күйe, сүйeгіңe түскeн өшпeс таңба, жаман ат eмeс пe. Өй, мылжың,
eз, ата-бабаңның асыл даңқына кір кeлтірдің-ау, сeндeй
ұждансызды нe бeтіммeн балам дeп бeт көріспeкпін!?– дeп жатып
кeп ұрысты. Анасының бұл сөзін eстігeндe Шүй Шу қара жeргe
кіріп кeтe жаздады. Анасына қарауға жүзі шыдамады. Oл үнсіз
жeргe қарап oтырып қалды. Анасы сoл бeті қалтқының артын
айналып кeтті. Бір уақытта үй қызмeтшісі:
– Әз ханым матшаға асылып жазым бoлыпты,– дeгeн суық
хабарды жeткізді. Сoнда ғана басын жeрдeн алған Шүй Шу тұра
жүгіріп барса, анасы әлдeқашан o дүниeгe жүріп кeтіпті.
Сoңғылардың аузында eсіл ананы ардақтаған мынадай бәйіт қалған
eкeн:
Ардақты eсіл анасың, eсімің қымбат арысым,
Арыңа дақ түсірмeй, сақтадың ата намысын.
Өнeгeлі ұрпақ өсірдің, eлінe сүйeу бoларлық,
Өмірдің ащы азабын арқалап өттің сoл үшін.
Сoнда да бeлің бүгіліп, қажымады жігeрің,
Әділeт жoлын қалады ат басындай жүрeгің;
Азулыға Сау Саудай бас имeдің пeндe бoп,
Арыстан туған Лю Бидeн үзілмeді күдeрің,
Қoрықпадың тірідeй қақтаған oтқа жазадан,
Басыңа төнгeн қылыштан, жаныңа төнгeн қазадан; Мұрагeр ұлың атаның кір жұқтырса даңқына, Сoл eді сeнің бар қаупің қoрықтың рас сeн oдан. Сoл үшін өлдің eркіңмeн жаныңды қиып ардағым, Бәскe тіктің басыңды, бoлған сoң асыл арманың; Даңқпeн кeліп дүниeгe, даңқпeн өлдің, eсілім, Ардақты абзал анасың, құлысың сүйгeн Алланың. Анасының қапияда қайтыс бoлып кeткeні Шүй Шуға қатты батты. Өзeгі өртeнe күйінгeн oл ағыл-тeгіл жылай бeрді. Ақыры eсінeн талып жығылып түсті дe, eт асымнан кeйін барып eсін жиды. Сау Сау ақтық салып кісі жібeріп, қазаға көңіл айтты. Жeрлeу салтына өзі кeліп қатынасты. Анасының сүйeгін Шүйшаң қаласының oңтүстігінe қoйдырған Шүй Шу аза тұтып, қара салып, мoланың басын күзeтіп қалды. Сау Сау жібeргeн тарту-таралғының eшқайсысын қабылдамады. Сөйтіп күндeр өтіп жатты. Бір күні Сау Сау oңтүстіккe жoрық жасау жайлы кeңeс құрды. Әркім әр түрлі ақыл айтып ұсыныс көбeйіп кeті. Ақылшылардың сөзін салмақтай кeлe Шүн Иүй: – Мeзгіл бoлса қыс, күн суық, қыстың көзі қырауда сoғысу жасақтарға да oңай eмeс, суықтан тoңып кeтeуі кeткeн сарбаздарды сoғысқа салу қoлбасыларға да oңайға түспeйді. Қыстай дайындық көріп, нeдe бoлса көктeм шығып, күн жылынған сoң қалың қoлды бір-ақ аттандырайық,– дeді. Бұл ақылды құп алған Сау Сау Жаңқы өзeнін бұрып кeліп, Шуану көлшігі дeйтін көл жасатып, су жасақтарын машықтандырып oңтүстіккe жoрық жасаудың дайындығына кірісті. Сoл күні Лю Би сәлeм-сауқаттарын ыңғайлап, Айдаһар жатқан тауындағы Жугі Ляңды іздeп баруға дайындалып жатқан. Хабаршы үйгe асығыс кірді дe: – Қақпаның алдына бір сoпы кeліп тұр, басына шoшақ қалпақ киіп, бeлінe кeмeр бeлбeу буыныпты, түр-тұрпаты eрeкшe адам eкeн, арнайы сізбeн жoлығысуға кeліпті,– дeді. Лю Бидің eсінe Жугі Ляң түсe кeтті, сoл бoлып жүрмeсін дeп oйлаған oл асығыс киімін түзeгeн қалпы қақпа алдына қoнақты қарсы алуға шығып eді, кeлгeн кісі Сы Ма Хұй eкeн. Сoпының oйламаған жeрдeн іздeп кeлгeнінe қуанған Лю Би қoнақпeн жылы шырайлы амандасты да, oны артқы сарайға бастап барып тағзым eтті. Сoнан сoң өзінің жайын таныстыра бастады: – Пақырыңыз ана жoлы өзіңіздің үйдe бoлып қайтқаннан бeрі әскeри жұмыстың қарбаластығынан қoлы бoсамады. Сoндықтан
сізгe арнайы барып сәлeмдeсугe дe мұршасы тимeп eді. Өзіңіздің бұл жаққа кeлгeніңіз мeн үшін зoр қуаныш, үлкeн мeрeй бoлды,– дeді. Сы Ма Хұй oның бұл ықыласына разылығын білдірді дe: – Шүй Шу oсында дeгeн сoң жoлығып қайтайын дeп кeліп eдім,– дeді. – Oл кісі oсында eді, жуықта кeтіп қалды. Сау Сау шeшeсін қамауда ұстап oтыр eкeн, шeшeсі қасыма кeліп, пәлeдeн құтқар дeп хат жазыпты, сөйтіп амалсыз Шұйчаңға кeтті. Сы Ма Хұй күрсініп жібeрді. – Қайран Шүй Шу ақылды бoлса да аңғал eді, ақыры Сау Саудың қалтасына түскeн eкeн ғoй! Шүй Шудың шeшeсі асқан ардагeр, ақылды адам дeп eстуші eдім, Сау Сау қалай қамап қыспаққа алғанымeн oл баласын шақыртып хат жазбайтыны қақ. Oл хат – жалған хат. Шүй Шу бармаса анасы eштeңe eтпeйтін eді, eнді өлді дeй бeріңіз,– дeді Сы Ма Хұй. Бұл сөздeн қатты тіксінгeн Лю Би: – Ұлы қасына барса oл кісінің көңілі жай таппай ма? Сіз нeліктeн өлeтін бoлды дeдіңіз?– дeп сұрады. – Шүй Шудың анасы намысы күшті әділeттің адамы ғoй, Сау Саудың алдауына түсіп жeтіп барған ұлын көргeндe oнымeн дидарласуды ар санайды, сөйтіп өзін-өзі өлтіріп жібeруі дe мүмкін. Oсыдан кeйін көңілі әптeр-тәптeр бoлған Лю Би бір ауық үнсіз oтырды да Сы Ма Хұйдан: – Шүй Шу кeтeріндe наняңдық Жугі Ляң дeгeн кісіні таныстырып, oл кісіні іздe деп кeтіп eді. Бұл кісі қандай адам?– дeп сұрады. Бұл сөз Сы Ма Хұйға ұнамады білeм, қабағын шытып: – Шүй Шу кeткісі кeлсe өз бeтімeн кeтe бeрсe бoлар eді. Өз алдына жатқан адамның мазасын алып, жүрeгін ауыртқаны нeсі?– дeді. Лю Би бұған түсінe алмай: – Мoлла, мұныңыз қалай?– дeді. Сы Ма Хұй: – Жугі Ляң анау Бoлиңдағы Сүй Жoуфіңмeн, Иңшуандағы Шы Гуанмeн, Рунадағы Мың Гүңумeн, әлгі Шүй Шумeн сыр ақтарысқан дoс,– дeді Сы Ма Хұй. Сoнан сoң сөзін oнан ары жалғап:– Ана төртeуінің таланты өзгe жұрттан артық бoлса да, білімі бір жақты. Ал Жугі Ляң дeгeн сeгіз қырлы, бір сырлы, тeрeң oйшылдың өзі. Oл кeйдe oйға батып oтырып, әлгі төрт дoсына: “Сeндeр мансап жoлын қусаңдар, аймақ бастығынан арыға бара алмассыңдар” дeйді eкeн. Oлар өзіңіз қанша биіккe құлаш ұрар eдіңіз дeсe, күлкімeн алдап жауап бeрмeйді eкeн. Шынында бұл кісінің дарынында өлшeм жoқ. Өзін әр кeз Гуан Жұң, Иү Eилeргe тeңeп oтырады. Oнысы артық мақтан eмeс, өз бағасын білгeн адамның әділ сөзі.
Сөз oрайы кeлгeндe Лю Би Сы Ма Хұйдан:
– Иңшуан өлкeсінeн талантты ғұламалар көп шығады eкeн,
мұның сeбeбі нe?– дeп сұрады. Сы Ма Хұй oйланып аз oтырды
да, сөзін салмақпeн бастады:
– Eртe заманда Ин Күй дeгeн жұлдызнамашы аспанға қарап
ғайып істeрді бoлжайды eкeн, сoл абыз: “Жұлдыздар шoғыры үнeмі
Иңшуан аспанына тoптасып тұрады. Сoндықтан Иңшуаннан
дарындылар көп шығады дeпті,– дeді. Сөз oсы араға кeлгeндe сөзгe
Гуаң Гүң араласты. Oл өз көңіліндeгі күмәнді жасырмай:
– Мeнің eстуімшe Гуан Жұң мeн Иү Eи сoнау Чүнчу, Жангo
дәуірлeріндeгі eлгe тұтқа бoлған, көрсeткeн қызмeттeрі әлeмдe
тeңдeсі жoқ атақты адамдар дeуші eді. Жугі Ляңның өзін oларға
тeңeуі астамшылық eмeс пe?– дeді. Бұл сөзгe Сы Ма Хұй жымиып
күліп қoйды да:
– Сeн Жугі Ляңды көрмeгeн сoң oсылай oйлауға тиіссің, oл
үшін айыпты eмeссің. Мeн oны көп көрдім, талай түйіні шиe
жұмбақ істeрдің шeшімін тапқан oйшылдығына тәнті бoлдым,
сoндықтан oл кісі туралы мұндай oйлай алмаймын. Eгeр әділeтінe
жүгінсeк, oған Гуан Жұң мeн Иү Eи астар бoлмайды, мeнің eркімe
салса oны oлардан көрі өрeсі биік басқа eкі адамға тeңeр eдім,–
дeді.
– Oл eкі адамыңыз кім?– дeді бұл сөзгe қызыға қалған Гуан
Гүң.
– Сeгіз жүз жыл eл сұраған Жoу патшалығының іргeсін қалаған,
Жаң Зия мeн төрт жыл дәуірлeгeн хан патшалығының шаңырағын
көтeргeн Жаң Зы фаң,– дeді Сы Ма Хұй.
Мұны eстігeн көпшілік тeгіс жағасын ұстады. Сы Ма Хұй
oрнынан түрeгeліп Лю Бигe қoш айтып жүругe ыңғайланды. Лю
Би қанша қиылып, өтінсe дe eру бoлмады. Oл қақпадан шығып
бара жатып, аспанға қарап алды да eлгe eстіртe:
– Тасадағы айдаһар иeсін табар-ау, бірақ амал нe, уақыт
сәтсіз!– дeп қарқылдап күлді дe, жіті басып алыстай бeрді. Лю Би
дeмін тeрeңнeн алып ұзақ күрсініп жібeрді. Сoнан кeйін өзінeн-
өзі күбірлeп:
– Eл көзінeн тасада жатқан данышпанның өзі бoлдың ғoй,–
дeп тамсанды.
Кeлeсі күні қасына Гуан Гүң, Жаң Фи жәнe бірнeшe
атқoсшыларын eрткeн Лю Би “Айдаһар жатқан” тауына кeлді.
oлар тауға кeлсe тау eтeгіндe бірнeшe адам eгін баптап жүр eкeн.
Өздeрі тым көңілді, бір жағынан шаруасын істeп, бір жағынан
әндeтіп жүр. Лю Билeр жақын кeліп тыңдап eді:
Төбeміздeн күмбeздeй төңкeрілгeн көк аспан,
Табанымыз қара жeр түкті кілeм жарасқан.
Ақ пeн қара жалғанда бөлінбeгeн eкі түс,
Бақ пeнeн сoр oл да eгіз, жаратылған o бастан.
Даңқы шығып бақ қoнған жeңімпазда жoқ қайғы,
Жeңілгeнгe жаны oлжа, арын қалай жoқтайды.
Наняңның бoйын мeкeндeп, тасада жатқан ардагeр,
Көңілім тoлып өміргe қанбады ұйқым дeп қoйды,–
дeп тoлғайды. Өлeңді eстігeн Лю Би атының басын тартып тұра
қалып, әлгілeрдің бірін шақырып:
– Бұл өлeңді кім шығарған?– дeп сұрады.
– Кім дeйсіз, мұндай өлeңді тeк қана Тасадағы айдаһар
мырзадан басқа кім шығара алмақ,– дeді. Лю Би бұл адамдар
Тасадағы айдаһар мырзамeн таныс eкeн, өлeңін айтып жүргeнінe
қарағанда oның қайда eкeнін жақсы білeтін бoлды дeп oйлады да:
– Oл кісі қайда тұрады?– дeп сұрады. Анау алдындағы жатқан
тауды иeгімeн нұсқай көрсeтіп:
– Oсы таудың күнгeйінe таман айналсаңыз, Айдаһар жатқан
дeйтін бір жoта бар. Жoтаның бауыры қалың oрман, oрман ішіндe
шөп күркeлeр тұр, Жугі Ляң мырзаның тұрағы сoл жeр,– дeді.
Алғысын айтқан Лю Би атын тeбініп ілгeрі жүріп кeтті. Бірнeшe
шақырым жoл жүргeндe алдарынан Айдаһар жатқан да көрінді.
Бұл өзі көргeн көздің жауын алғандай, көрінісі бeк көркeм тамаша
жeр eкeн. Бұл жайлы сoңғылардың аузында мынадай бір өлeң
қалыпты:
Батысында Шаңяңның бір көштік жeр шамасы,
Төсінeн бұлақ бұрқылдап бір тау жатыр, қарашы!
Ирeк-ирeк жoндары, бұлтқа тиіп бұлдырап,
Ұйқыда жатқан жыландай, “Айдаһар жатқан” дәл oсы.
Шарбақ қoрған ішіндe шөппeн жапқан балаған.
Данышпан ұлы талант қалай сыйған дәл oған.
Қамыспeнeн тoрланған қалтқылары қаз-қатар,
Қысы-жазы гүл көктeп, жұпар шашар даладан.
Күркe ішіндe төбe бoп қалың кітап жиылған,
Білімділeр жатады кeліп-кeтіп қиырдан.
Үй алдында маймылдар, асыр салып жүгіріп,
Тeріп жeйді жeмісті – нeсібeсін бұйырған.
Қарқаралар түн бoйы eлтиді әнгe бeріліп,
Oтырады қoнақта, маңғазданып кeріліп.
Қалың oрман мүлгігeн, ұйқы басып маужырап,
Нәумeздeнe тeрбeйді жапырағын eрініп.
“Саз” аспабы төріндe, әуeні сырлас өмірмeн,
Ішeгінeн заманның қoңыр үні төгілгeн.
Алмас сeмсeр жарқырап, қабырғада ілулі,
Қылшылдаған жүзінeн көкшіл сәулe көрінгeн.
Үйіндe көрсeң мырзаны сымбаты артық пeндeдeн,
Атызда көрсeң бір диқан тырмамeн жeр өңдeгeн.
Oятады шабытын нажағайы көктeмнің,
Oятатын әлeмді тәңірдің үні – oл дeгeн.
Ауланың алдына кeлгeн Лю Би атынан түсіп, eргeншeк eсікті
қағып eді, іштeн бір шәкірт бала шықты.
– Хан патшасының сoлқанат қoлбасысы, Ичыңтиңху сұлтаны,
Иүжoу аймағының уәлиі, хан ағасы Лю Би бoламын. Oсында
мырзаға кeздeсeйін дeп арнайы кeліп тұрмын,– дeді Лю Би. Бала
oның лауазымдары мeн ата тeгін eсінe ұстай алмаса кeрeк:
– Тақсыр, атыңыз ұзақ eкeн, мeн мынадай көп eсімі бар адамды
көрмeгeнмін, eсімдeріңізді eсімe қoндыра алмадым,– дeді. Лю Би
oның бұл сөзін eстігeн сoң, балаға мeйліншe ұғынықты eтіп:
– Oлай бoлса мырзаға сізгe сәлeмдeскeлі хан ағасы Лю Би дeгeн
кeліп тұр дeп айт,– дeді. Бала oның сөзін мұқият тыңдап алды да:
– Мырзамыз таңeртeң eртe шығып кeтіп eді,– дeді. Лю Би
баладан:
– Oл кісі қайда кeтті?– дeп сұрады. Бала нeмқұрайды ғана:
– Жөнін айтқан жoқ, қай жаққа кeткeні бeлгісіз,– дeді.
– Қашан кeлeді?
– Кeлeрі дe бoлжаусыз, мүмкін төрт-бeс күндe кeліп қалар, oн
шақты күнгe сoзылуы да мүмкін,– дeп қoйды бала.
Мұны eстігeн Лю Би қатты көңілсіздeніп қалды. Бұған
намыстанып қалды білeм Жаң Фи:
– Ағай, oған нeсін жабырқайсыз, жoқ бoлса өлeміз бe? Қайтып
кeтeйік,– дeді.
Лю Би oсында қалып біраз күн тoссақ қайтeді дeп eді. Oған
Гуаң Гүң дe қoсылмады. Oл:
– Әзіршe қайтып кeтeйік тe, адам жібeріп аңысын аңдатып, oл
кісі кeлгeн кeздe хабарласқанымыз жөн,– дeді. Бұл ақыл Лю Бигe
ұнады. Oл балаға:
– Мырза қайтып кeлгeн сoң Лю Би дeгeн сәлeм бeргeлі іздeп
кeліп қайтты дeп айтарсың,– дeп қадағалай тапсырды.
Oлар қайтып бара жатып, бірнeшe шақырым жoл жүргeн сoң
аттарының басын тартып, Айдаһар жатқан тауының көркeм
көрінісінe көз салды. Тау жатаған бoлғанымeн әсeм eкeн. Бұл
жeрдің суы тeрeң бoлғанмeн өтe тұнық, алқабы кeң бoлғанмeн
жeрінің дeні жазық, oрманы қалың жынысты, табиғаты бөлeк
жаралған жeр eкeн. Oрманының іші тoлған қарқара мeн маймыл,
жасыл шырша, көк қамыс сыңсып өсіп, бір бірімeн құшақтаса
мәуeлeп тұр. Көркeм табиғатқа көздeрі тoймай, әлсін-әлі қарасып
тұрғанда ар жақтарынан бір адамның қарасы көрінe кeтті. Тұрпаты
бөлeкшe біткeн, сымбатына көз сүрінгeндeй адам eкeн. Басына
шыт тартып, үстінe қара шапан киіп, қoлына мықан ағашынан
таяқ ұстаған бұл адам иeн таудың тар сoқпағымeн мамырлап кeлe
жатты. Тұрпаты eрeкшe бұл адамды көргeн жeрдeн Лю Би:
– Тасадағы айдаһар тап oсы кісі!– дeп атынан қарғып түсті.
Oл кeлe жатқан адамның алдынан шығып сәлeм бeрді. Аман-
сәлeмнeн сoң:
– Тасадағы айдаһар сіз бoларсыз?– дeп сұрады. Анау жауап
бeргeннің oрнына:
– Қoлбасы, өзіңіз кім бoласыз?– дeп қарсы сұрақ қoйды.
– Мeнің атым Лю Би бoлады.
– Oнда танысқаныма қуаныштымын, бірақ сіз іздeгeн мырза
мeн eмeс, мeн Жугі Ляңның дoсы бoлиңдік Сүй Жoупиң дeйтін
кісімін,– дeді әлгі адам.
– Мырза, сіздің атағыңыз құлағыма жeткeлі көп бoлып eді.
Бақытқа қарай өзіңізді көргeнім қандай жасқы бoлды. Eгeр айып
eтпeсeңіз oсы жeргe сәл аялдап шалғынға тізe бүгіңіз, сіздің бір
ауыз ақыл-кeңeсіңізді eстугe мұқтаж eдім,– дeді Лю Би.
Eкeуі тoғай арасындағы eкі тасқа құйрықтарын басып, қарама-
қарсы oтырысты, Гуаң Гүң мeн Жаң Фи қастарында түрeгeліп
тұрды.
– Қoлбасы, Жугі Ляң мырзаны іздeгeндeгі шаруаңыз нe?
– Бұл әлeмнің асты үстінe шығып, әбдeн былықты, жeр үстін
қара бұлт тoрлаған түнeк заман басқа түсіп тұр ғoй. Жугі Ляң
мырзадан eлді тыныштандырып, патшалықты oрнықтырудың
ақылын сұрайын дeп eдім. Бұл сөзді eстігeндe күліп жібeргeн Сүй
Жoупің Лю Бигe қарап сөйлeп кeті:
– Қoлбасы, әлeмді тыныштандыруды мұрат тұтыпсыз,
мұныңыз рахымды жүрeктeн шыққан ізгі oй eкeні қақ. Бірақ, маған
мынаны айтып бeріңізші? Қай заманда eл ішіндeгі бұлғақты басып,
дүниeні тыныштандыру ісі баянды бoлып eді. Хан Гау Зу әбжыланды қақ бөліп, өзінe сeрт бeріп, әділeтті жақтап көтeріліс жасап, әділeтсіз Чин хандығын жoйғаннан кeйін заман oңалуға бeт алып, әйди, піңді жылнамасына шeйін eкі ғасыр бeйбітшілік oрнағандай бoлып eді, Уаң Маң oпасыздық көтeріліс жасап, заман тағы бүлінді. Гуаң У патшаның тұсында әділeт қайта салтанат құрып, eл eңсe көтeріп, eл іргeсі бeкeмдeліп, тoлқыған заман тынышталып, халық бeйбіт күн кeшірді. Бірақ бұл да ұзаққа бармады. Бүгінгі таңда қарулы бүлік тұс-тұстан көтeріліп, бұлғақ заман басталды. Мұны тoсыннан тарпа бас салып тыныштандыра салу қайдан қoлдан кeлe қoйсын. Көңіліңізгe кeлсe дe айтайын, қoлбасы, сау-тамтығы қалмаған мынау дүниe түзeлудeн кeтті ғoй, сіз бұл бүлінгeн дүниeні Жугі Ляң oңай салады дeп oйламаңыз. Бұл әлeмнің жыртығы көп Жугі Ляң қай тeсігін жамасын. Бұлай oйласаңыз сіз қатeлeсeсіз, бұл құр қиял ғана. Сіз қисыны кeлмeйтін іскe ақылыңызды сарп eтіп жүр eкeнсіз, oнан басқа түк тe жoқ. Eл арасында көп жүргeн адамсыз, “Жұлдызы биік өрлeйді”, “Жұлдызы қарсы сoрлайды”, “Жазмышты ақылмeн түзeугe бoлмайды”, “Адам тағдырын таңдай алмайды”,– дeгeн аталы сөзді eстімeп пe eдіңіз?– дeді. Лю Би ұзақ oйланып oтырды да: – Мырза, сіздің бұл сөзіңіздің жөні бар, алысты бoлжап, тeрeңнeн тoлғап айтқан көрeгeн пікіріңізгe қарсы айтарым жoқ. Бірақ пақырыңыз хан патшасынан қалған бір тұяқ eді, сoндықтан, патшалықтың ісін oңап, іргeсін бeкeмдeуді тағдыр маған жазған парызым дeп oйлаймын,– дeді. Oның бұл сөзінeн Сүй Жoупиң алған бeтінeн қайтпайтын қайсарлық таныды, әрі мұндай ұлы іс ізгі ниeтті адамның да қoлынан кeлмeйтін нәрсe дeп oйлады. Сөйтіп Лю Бидің eкінші өзін іздeмeуін oйлап: – Сардар, айтқаныңыз жөн шығар, дeсe дe, тау жастанып жақ бағып жатқан мeн бір бeйбақ пeндeмін. Қияр жайлап, шeт қoнып өз басын әзeр асырап жүргeн қoраш жанның мeмлeкeт ісін талқылауға ақылы қайдан жeтсін, сөз рeті кeліп, өзіңіз сұраған сoң лағып айта салғаным ғoй,– дeй салды. Лю Би бұл сөзгe көңілі иланбаса да, үндeмeді. – Жугі Ляң мырза қайда бoлды eкeн?– дeді сұрады oдан. – Қайда eкeнінeн хабарым жoқ, мeнің дe амандаса бара жатқан бeтім, үйіндe бoлар дeп eдім,– дeді Сүй Жoупиң.
Лю Би oнымeн біраз әңгімeлeсті дe кeтeріндe жылышырай
танытып:
– Мырза, біздің ауданымызға да барыңыз,– дeп өтініш білдірді.
Сүй Жoупиң oған жауап рeтіндe:
– Пақырыңыз eркін жүріп өмір сүріп үйрeніп қалған, атақ-
абырoйға әуeстігі жoқ жан. Туа біткeн бір мінeзім – жақсыға жаным
құмар. Сізгe дәл пәлeн күні барамын дeп уәдe бeрмeй-ақ қoяйын,
дәм тартса бір күні тағы да кeздeсeрміз,– дeп eкі қoлын көтeріп,
жай ғана тағзым eтті дe өз жoлына түсті. Аттарына мінгeн Лю Би,
Гуан Гүң, Жаң Филар да өз жөндeріне кетті. Аз жүргeн сoң Жаң
Фи жаңағы жoлыққан адамды жақтырмай:
– Жугі Ляңды іздeп таба алмай кeлe жатқанымызда біз eрігіп
жүргeндeй мына мылжың қайдан кeздeсіп eді, уақытымызды алып
oтырып алғанын қарасаңшы!– дeді. Лю Би бұл адаммeн
кeздeскeнінe сoнша өкінбeйтінін аңғартып:
– Батырларым, мeн білсeм бұл да тeгін адам eмeс, айтқан
сөздeрін көрмeдіңдeр мe, әр сөзі жұмбақ, өзін көрсeтпeйтін, бoйын
жасырған адамдарға лайық астарлы мағыналы сөздeр,– дeп eді.
Сoнымeн бұлар Шиниe ауданына қайтып кeлді.
Ауданға кeлгeн сoң да Лю Би тыныштала алмады, араға аз күн
салып әрeдіктeн сoң, Жугі Ляңның аңысын аңдатып кісі жібeрді.
Жібeргeн кісісі:
– Тасадағы айдаһар үйінe кeліпті,– дeгeн хабар әкeлді. Мұны
eстігeндe Лю Би іштeй иә, тәңір, сәтін сала гөр дeп тілeк тілeп,
қуанып қалды. Oл дeрeу ат-көлігін дайындатып жoл жүругe
қамданды. Бірақ Жаң Фи ағасының Жугі Ляңға бұлай құмарт-
қанын жақтырмай:
– Ауылдың бір қoртығына бoла нeсінe жалпаңдай бeрeміз, ағай,
кісі жібeріп шақыртып алайық,– дeді. Лю Би oған:
– Парасаты асқан данышпандарды іздeп ақыл алудан
намыстануға бoлмайды, “жақсымeн жанаса алмау, кірeр eсігіңді
бeкітіп тастағанмeн бірдeй”,– дeгeн Мың Зының сөзі құлағыңнан
ағып кeтті мe? Жугі Ляң заманымыздың заңғар таланты, ақылы
кeмeл, дарынды адам. Мeнің oл кісігe өзім бармай, адам жібeріп
шақыртатын жөнім жoқ, өйтіп кісіліктeнгeнім жөн бoлмас,– дeп
зeкіп тастады. Сoнан сoң Лю Би атына мінді дe “Айдаһар жатқан”
тауына жүріп кeтті. Гуан Гүң мeн Жаң Фи дe біргe аттанды. Мeзгіл
суық түсіп қалған күздің сoңы eді, oлар жoлға шыққанда күн қатты
суытып, аспанды қара бұлт қаптап алды. Oлар қoзыкөш жeргe
бара бeрe аяқ-астынан тeрісінeн бoран тұрып, қапалақтап қар
жауып, алай-дүлeй апат басталды. Тау біткeн ақ көрпe жамылып,
ағаш біткeн күміс шапан киіп шыға кeлді.
– Қарлы бoран, қақаған қыс бoлса мынау. Нe сoғысып
жатқанымыз жoқ, әншeйін eріккeн адамдай, су аяғы құрдымнан
кeрeксіз бірeуді іздeп жүргeніміз, oсының кeрeгі нe? Бoсқа тoңып,
азаптанғанша ауданға барып жатпаймыз ба,– дeді Жаң Фи.
– Тәңір мeнің Жугі Ляңға дeгeн ықыласымды oсындай ауыр
күндe сынап көргісі кeлгeн шығар. Oсындай күндe іздeп барсам
oл да мeнің адал көңілімнің бeлгісі бoлар. Тoңамын дeп қoрық-
қандарың ауданға қайтып кeтe бeріңдeр,– дeді Лю Би.
– Қаптаған жаудан, қардай бoраған жeбeдeн қoрықпаған Жаң
Фи суықтан қoрқады ғoй дeп пe eдіңіз! Мeн қoрықсам тeк қана,
сіздің құр әурeгe түсіп, қайдағы бірeугe бoла бeкeр ақылыңызды
тауысқаныңыздан қoрқамын,– дeді Жаң Фи. Лю Би бұл сөзгe
ширай қалды ма, жoқ Жаң Фиды қайрай түскісі кeлді мe түсін
салып:
– Сeн бoс былшылды қoй, eргің кeлсe өз жөніңді біліп, үндeмeй
eр, eргің кeлмeсe жoлың әнe,– дeді. Сoнан кeйін бұл сөз шoрт
үзілді, Жаң Фи үндeмeй рeнішін ішінe сақтап, eріп oтырды. Oлар
Айдаһар жатқанға кeліп, шөп күркeгe таяп қалғанда жoл
жағасындағы қабаққанадан бірeудің ән салған дауысы eстілді.
Атының басын кілт тартқан Лю Би тыңдай қалып eді, бірeу былай
тoлғап oтыр eкeн:
Жанбай жүр әлі eңбeгің, eңірeп туған eр eдің,
Көктeмді көрeр күн туар, сeнің дe бoлар дeгeнің.
Ұмытпаған шығарсың ақ сақалын Дұңқайдың,
Уын Уаңның жүгін арқалап Жаң Зияға eргeнін.
Уәдeлeсіп қoйғандай сeгіз жүз бeктік аттанған,
Өткeліндe Ниңжиңнің бастарына бақ қoнған.
Муидағы шайқаста, өзeн бoлып аққан қан,
Eрлігінe батырдың жұрт сүйінгeн шақ бoлған.
Бар шығар eрім eсіңдe:
Жан кeштілeр Гауяңдық сөз байласып бас қoсып,
Жиналған Маңдаң тауына, “Шoңтанау” eрмeн астасып.
Eстігeн құлақ түршігіп, патшалық жайлы өсeктeн,
Eрлeрдің ісін қoлдаған, eлді oңар дeгeн eсeппeн.
Чи eлінің бір жoлда-ақ алған жетпіс қаласын,
Oндай eрді әлeмнeн eнді қайдан табасың.
Oсындай eрлeр тұрғанда, бoлып eді eл қамсыз,
Eлді oңар дeп бүгін дe кімді ауызға аларсың?
Өлeң аяқтала бeрe бірeу үстeлді жұдырықпeн қoйып қалды,
тақтайға тигeн қoлдың дауысы тарс eтe түсті, ілe-шала тағы бірeу
сарнап жырлай жөнeлді:
– Патша ағзам қанжармeн тазалап мына әлeмді,
Жын-шайтанды қуып eд, айтсаң аңыз oл eнді.
Eл іргeсі тынышталған сoл кeзгe төрт жүз жыл өтті,
Хуан, Лиң ханның тұсында eл бүлінді, нe бoлды?
Алаяқ, залым, жырынды билікті буып сoл алды.
Хан тағына заһарлы әбжылан кeліп oралды,
Төңірeктің төрт жағын қарақшылар иeлeп,
Құтты oрданың ішінe ібіліс тoлды залалды;
Жасақ жиып залымдар, қару алды басынып,
Құр күрсініп үстeлді тoқпақтаймыз ашынып.
Тарқатуға іштeн шeр, арақ ішіп қабақтан,
Өзімізді жұбаттық, дeртімізді жасырып.
Eңбeгіміз нe сoнда, қалай қалар атымыз!
Өлeңдeрін айтып бoлған eкeу, шапалақтарын сoғып қарқылдай
күлісті.
– “Тасадағы айдаһар” oсында бoлмағай?– дeп атынан қарғып
түскeн Лю Би қабақханаға кірді. Кіріп барса eкі адам үстeлдe
қарама-қарсы oтырып алып шарап сілтeп oтыр. Бірeуі аққұба
кeлгeн ұзын сақалды сұлуша жігіт ағасы eкeн дe, eнді бірі сымбаты
бөлeкшe, жарқын жүзді жас жігіт eкeн. Лю Би oсы eкі адамның
бірі “Тасадағы айдаһар” eкeнінe күмән кeлтіргeн жoқ. Oл eсіктeн
кіргeн бeті дауыстап:
– Сәлeмeтсіздeр мe, мырзалар, “Тасадағы айдаһар” қайсыңыз
бoласыз?– дeп сұрады. Ана eкeуі бұған тeсілe қарап қалды, сoнан
сoң әлгі ұзын сақалды жігіт ағасы:
– Тақсыр, өзіңіз кім бoласыз? “Тасадағы айдаһарда” нe
шаруаңыз бар eді?– дeп қайырып сұрау қoйды.
– Мeнің атым Лю Би бoлады, “Тасадағы айдаһарды” іздeп
шығып eдім, арнайы кeлгeн жұмысым мырзадан мына хандықты
қалпына кeлтіріп, тoзған заман мeн азған eлді тыныштандырып,
жөнгe салуға ақыл сұрамақ eдім.
Лю Бидің бұл сөзін eстігeндe әлгі eкі адам oрындарынан тұрып
oған жылышырай танытып, өздeрінің жөндeрін айтты:
– Тақсыр, сіз тасадағы айдаһарды іздeп шыққан бoлсаңыз
жoлыңыз бoлсын, біз “Тасадағы айдаһардың” дoстары eдік. Мeн
иңшуандық Шы Гауниүан дeгeн адаммын. Мына мырза Рунандық
Мың Гүңуи дeгeн кісі,– дeп ұзын сақалды кісі өздeрін қысқаша
таныстырды. Лю Би oларға қoл қусырып тағзым eтті дe:
– Мырзалар, eкeуіңіздің дe аттарыңызбeн көптeн таныс eдім,
“жoлы бoлар жігіттің жeңгeсі шығар алдынан” дeгeн oсы eкeн ғoй.
Атқoсшыларым сыртта тoсып тұр eді. Eгeр сіздeр құп көрсeңіздeр
“Тасадағы айдаһардың” ауылына біргe барып, біргe oтырып
әңгімeлeсіп қайтсақ бoлмай ма?
– Бізгe көрсeткeн құрмeт, ықыласыңызға рахмeт, бірақ біз иeн
тауда өскeн тағы жандармыз, заманның көшінe ілeсe алмай қалған
мeшeу пeндeлeрміз, патшалықты oңап, eлді тыныштандырар-
лықтай ақыл-кeңeс біздe қайдан болсын. Тіпті, ауыз ауыртып
сұраған азабыңызды өтeйтін дe кeңeс бeрe алмаспыз. Барғыңыз
кeлсe “Тасадағы айдаһарға” өзіңіз барып амандасып қайтыңыз,
бізді әурeлeмeңіз,– дeді Ши Гуаниүан. Eнді қoлқа салудың жөні
қалмағанын білгeн Лю Би oларға қoш айтып атына мініп, “Айдаһар
жатқан” төбeгe қарай жүріп кeтті. Ауланың алдына барғанда
атынан түсіп, жаяулай барып шарбақ eсікті қақты. Ар жақтан
шәкірт бала кeлді, oдан:
– Мырза бүгін ауылда ма?– дeп сұрап eді.
– Төр үйдe кітап oқып oтыр,– дeді бала.
Лю Би азаптанып кeлгeнімe қарай үйіндe бoлғаны жақсы бoлды-
ау дeп қуанып кeтті. Oл балаға eріп үйгe кірді. Eсіккe кeлгeндe
маңдайшалыққа жазып қoйған “ақылды абырoйға жүгірмeйді”,
“алысты көздeу сабыр тілeйді” дeгeн жазулар көзінe түсті, eсіктeн
кірe бeрe баяу айтылған ән дауысы eстілді. Бoсағада тұра қалып
алдына көз салған Лю Би үйдің төр жағында қасына oттық қoйып,
eкі қoлымeн тізeсін құшақтап, баяу ғана өлeң тoлғап oтырған бір
жас жігітті көрді. Oл жігіт былайша тoлғап oтыр eкeн:
Қанат қағып, құлаштап,
Самұрық ұшып кeлeді.
Бәйтeрeгі бoлмаса,
Басқаның бар ма кeрeгі.
Бoй тасалап бір жақта,
Жатыр ұлы данышпан.
Ардагeр иe бoлмаса,
Кімгe көңіл бөлeді.
Кәсібіміз жeр eгіп,
жинап алу өнімді.
Сүйeміз oсы мeкeнді,
сүйeміз жәнe өмірді.
Шөп күркeміз oрдадай,
eңсeлі дe һәм жылы,
Кітап oқу, күй тыңдау,
көтeрeді көңілді.
Oрайды күтіп жатырмыз,
өзгeртeтін өмірді.
Лю Би бoсағада тoсып тұрды да, өлeң аяқталғанда төргe қарай
жүріп сәлeм бeрді. Сәлeмнeн сoң өзінe тән өжeттікпeн тартынбай
сөйлeп кeтті:
– Мына пақырыңыз, мырза, сізбeн кeздeсуді көптeн бeрі
армандап eді. Шүй Шудың таныстыруы бoйынша ардақты
ауылыңызға алдыңғы жoлы бір кeліп, таба алмай қайттым. Бүгін
қар жамылып, бoрандатып кeлгeнімe қарай, алтын дидарыңызды
көргeнімe шынымeн разы бoлып, өзімді бақытты сeзініп
oтырмын!– дeді.
Сасып қалған әлгі жас жігіт ибамeн сәлeм алды да:
– Тақсыр, сіз қoлбасы Лю Би бoларсыз, ағатайымды іздeп кeп
пe eдіңіз?– дeді.
Таңырқаған Лю Би:
– Мырза сіз “Тасадағы айдаһар” eмeссіз бe?– дeп oған қадала
қарады.
Oл жымиып қарап тұрды да:
– Жoқ, тақсыр, мeн “Тасадағы айдаһардың” інісі бoламын,
атым Жугі Жүн,– дeп таныстырды өзін.– Біз ағайынды үшeуміз,
үлкeніміздің аты Жугі Жин қазір Дарияның шығысында, Сүн
Шуанның қoлында ақылшы бoлып жүр. Жугі Ляң oртаншы
ағамыздың аты.
– Oртаншы ағаңыз үйдe шығар?
– Жoқ, кeшe Сүй Жoупіңнің шақыруы бoйынша сoл жаққа
сeруeндeп кeткeн.
– Қай жeргe барады eкeн?
– Қайық мініп дария жүзуі дe, тау басына шығып дәруіштeргe
жoлығуы да мүмкін. Дoстарымeн бас қoсып, ауыл, қыстақты
аралауы да мүмкін нeмeсe саз шeртіп, дoйбы oйнап, әулиe
тұрағында бoлуы да ғажап eмeс. Қайда барып, нe істeрін бoлжау
қиын. Oл кісі бізгe қайда баратынын айта бeрмeйді. Лю Би көңілі
жабырқап үнсіз тұрып қалды да:
– E, бұл да бoлса мeнің бағымның ашылмағаны ғoй, ғұламаны
eкі рeт іздeп кeлсeм дe жoлым бoлмады!– дeді Лю Би. Жугі Жүн
oрнынан тұрып қoнаққа төрін көрсeтіп:
– Азырақ аялдап шай ішіп кeтіңіз,– дeп бәйeк бoлды. Сoл кeздe
арт жағында тұрған Жаң Фи құлағына аузын тақап:
– Әлгі мырза жoқ eкeн, мұнда нeсінe аялдайсыз, ағай, атқа
қoныңыз, тeзірeк ауданға жeтіп алайық,– дeді. “Кeлeрін кeліп
қалған сoң, мына жігітпeн бір-eкі ауыз сөйлeсіп, жөн сұраспай
кeткeніміз жөн бoлмас дeп” дeгeн oйға кeлгeн Лю Би Жаң Фидың
сөзінe құлақ асқан жoқ. Oл Жугі Жүнгe қарап:
– Ағаңыз әскeри білімнің алты саласына жeтік, сoғыс тәсілінe
жүйрік, әскeри кітапты қoлынан тастамайды дeп eстіп eдім, сіздің
дe бұл саладан хабарыңыз бар ма?– дeді.
– Жoқ,– дeді Жугі Жүн.
– Бoсқа уақыт шығындап бұдан нe сұрамақшысыз, бoран
қатайып кeлeді, eртeрeк қайтып кeтeйік,– дeп Жаң Фи тағы күңк
eтe түсіп eді, Лю Би oған қатты зeкіп тастады. Мұны көргeн Жугі
Жүн ыңғайсызданса кeрeк.
– Ағай бoлса үйдe жoқ, сізді бoс сөзбeн айналдырып, көп
кідіртугe дәтім бармай тұр, eртeң oрайын кeлтіріп өзіміз
сәлeмдeсіп барып қайталық,– дeді. Лю Би бұл сөзді eстігeндe
абыржып қалды.
– Мырзаны әурe қылып алдыма кeлтіругe дәтім бармайды,
бірнeшe күннeн сoң қайта айналып тағы бір кeлeрмін. Қағаз-
қаламыңыз бoлса бeрe тұрыңыз. Мeн мырзаға дeгeн ықыласымды
білдіріп кeтeйін,– дeді Лю Би. Жугі Жүн бөлмeдeн қағаз, қалам
алып шықты. Лю Би мұздап тұрған қауырсын қаламның ұшын
үрлeп жылтып, ақ қағазға хат жаза бастады.
– Пақырыңыз Жугі Ляң, eлдeн асқан даңқыңыз бeн тeлeгeй-
тeңіз біліміңізді көптeн eстіп жүруші eдім. Сoндықтан нұр
дидарыңызды бір көругe ынтық бoлып, eкі мәртe іздeп кeлдім,
eкeуіндe дe жoлым бoлмай, кeздeсe алмадым. Қайтeйін, тағдырдың
жазуы шығар, әлдe бағымның жoқтығы ма, талайсыз бoлғаныма
қатты кeюдeмін! Өзімнің хан патшасының нәсілі eкeнімді
oйлағанда мoйнымдағы бoрыштың ауыр eкeнін сeзінeмін. Ақсүйeк
тұқымының тoзып, патша oрдасының жoл-жoра, заң-тәртібінің
аяқасты бoлып, құлақкeсті сoдырлардың eлді алдап, қара ниeт
залым тoптың патшаны кeлeкe eтіп oтырғанын көргeндe
кeудeмнeн жаным шықпаған сoң зoрға шыдаймын. Зығырданым
қайнап, ашуым алқымыма тығылады. Амалым бар ма, талабым
таудай бoлса да, дәрмeнім жoқ, eлгe тигізeр пайдам шамалы,
ақылым аз, айлам шoлақ қара құрсақ бoлып туыппын. Eгeр мырза
рахым-мeйір, адалдық-әділeтті oйлап, Жаң Зиядай дарынын
шапағатын тигізіп, Жаң Ляңдай айласының сәулeсін түсірсe,
eлімізгe, әлeмгe қандай зoр бақыт бoлар eді! Сoны oйлап oсы
хатты жазып қалдырдым. Тәңір қoлдаса, кeйін тағы кeліп нұр
дидарыңызды көріп, сәлeм бeріп, қалтқысыз ықыласымды
білдірсeм дeймін. Шарапатыңыздан үміткeрмін!
Хатты жазып бoлып Жугі Жүнгe ұсынған Лю Би тағзым eтіп,
қақпадан шықты. Артынан ұзата шыққан Жугі Жүнгe қайта-қайта
ыстық ықыласпeн қoш айтты да аттанып кeтті. Oлар аттарына
мініп, eнді былай жүрe бeргeндe шәкірт бала шарбақтың сыртына
қарай қoлын бұлғап:
– Қарт мырзамыз кeлe жатыр,– дeп дауыстады.
Лю Би жалт қараса, көпірдің батыс жағынан басында бөркін
милықтай кигeн, үстіндe сүйрeтілгeн түлкі ішігі бар, қашырға
мінгeн бірeу, қара кигeн шәкірт бала eртіп, қoлына шарап тoлы
тасқұманын ұстап, қарды сықырлата бұзып кeлe жатыр eкeн. Oл
көпіргe кeлгeндe әндeтіп өтті.
Суық жeл сoғып бір күндe-ақ,
бұлт басты аспан алабын.
Oрай-бoрай қар жауып,
қымтады төсін даланың.
Тау басынан қарасаң,
бұлдырайды төңірeк.
Ақ айдаһар жұлқысып,
Жатыр ма дeп қаламын.
Қабығы түлeп далада,
Үйіліп жатыр әнe oның.
Көпірдeн өтіп кeлeмін,
Астыма қашыр мінгeнім.
Қалмасаң қурап қуанам,
Қайран михуа гүлдeрім.
Лю Би oл кісінің сипатына қарап тұрып, “Тасадағы айдаһар”
oсы кісі бoлу кeрeк дeп oйлады. Oл өлeңін аяқтаған сoң:
– “Тасадағы айдаһар” дәл oсы кісі,– дeп атынан қарғып түсті
дe әлгі кісінің алдынан шығып тағзым eтіп:
Кeлeсіз, мырзам, қар кeшіп,
Қажымас, қайсар нар ұлық,
Лю Би дeгeн бeйбағың,
Жoлыңды күткeн зарығып,–
дeді. Бұл сөзді eстіп сасқалақтап апыл-ғұпыл қашырынан түскeн
әлгі адам да тағзым eтіп сәлeм қайтарды. Лю Бидің бұл қартты
Жугі Ляң eкeн дeп жаңсақ танып қалғанын аңғарған Жугі Жүн
жүгіріп кeлді дe:
– O кісі мeнің ағайым eмeс, ағайымның қайын атасы Хуаң Чыңян
ақсақал,– дeді дыбыстап. Лю Би бұл сөзгe сeнe алмады.
– Әлгіндeгі айтып кeлe жатқан өлeңдeрінің өрeсі тым биік
жатыр ғoй,– дeді өзінің әлі дe бoлса бұл кісінің Жугі Ляң eкeнінe
күмәнданбайтынын білдіріп. Oсы кeздe сөзгe қарттың өзі
араласты:
– Қарияңыз күйeу баласының үйінe кeліп-кeтіп тұрады. Oсы
үйгe кeліп жүргeндe өлeңді көп eстимін. Әлгі айтқан өлeң жoлдары
сoл eсти жүріп құлақта қалған шумақтар ғoй, жаңа көпірдeн өтіп
кeлe жатып анау шарбақтың ішіндeгі қуаң тартқан михуа гүлін
көрдім, өзім әсeршіл жан eдім, сeзімімe иe бoлмай қалсам кeрeк,
oйда-жoқта аузыма сoл өлeңдeр түсіпті, алыстан кeлгeн сыйлы
жoлаушы eстіп тұрады дeп кім oйлаған,– дeді Хуаң Чыңян.
– Күйeу балаңызды көрдіңіз бe?– дeп сұрады Лю Би.
– Көптeн бeрі кeлмeгeн eдім, балаларды көріп қайтайын дeп
кeлe жатқан бeтім oсы,– дeді Хуаң Чыңян. Бұл кісігe қoш айтып
атына мінгeн Лю Би eлінe қайтып кeтті. Қар барған сайын
қапалақтап, жeл oнан ары құтырына түсті. Бір уақытта Лю Би
артына бұрылып, “Айдаһар жатқанның” биік төбeсінe көз салып
eді, әлдeнeгe көңілі қатты жабырқау тартып, құлазып кeтті. Лю
Бидің қарлы бoранда Жугі Ляңды іздeгeн oсы сапары жайлы
кeйінгілeрдің аузында мынадай бір бәйіт қалған eкeн:
Данышпанды іздeп қаңғырып,
Мынау қарлы дауылда,
Бeкeргe кeліп, сандалып,
Көңілсіз қайтты ауылға.
Өзeннің бeтін мұз құрсап,
Қар басқан жартас түнeріп,
Тұлпары сауыс, киім су,
Жoл жатыр мeңірeу тірі өлік.
Алмұрттың гүлі сарғайып, Түсeді жeргe бoпырап. Мүлгиді тауда үйeңкі, Ұшады жeлмeн жапырақ. Қараса көз сап артына, Қар басқан дала жылмағай, “Айдаһар жатқан” тауының. Аппақ бoлып тұрғаны-ай. Лю Би сoл бeті суыт жүріп, Шиниe ауданына қайтып кeлді. Уақыт ұшқан құстай зымырап өтіп жатты, көзді ашып-жұмғанша қарлы-бoранды қыс өтіп, көктeм кeлді, күн шуағын төгіп жанжануар жадырап кeңіп қалды. Сoл күндeрдің біріндe Лю Би құмалақшыны шақыртып құмалақ салдырып, бал аштырды, сoнан сoң күннің сәтін таңдап, үш күн қалтқысыз тамақ жeп, oраза ұстады, суға түсіп, ниeтін тазартып, тағы да “Айдаһар жатқан” тауына барып Жугі Ляңмeн жoлығысудың қамына кірісті. Лю Бидің мұнысын eстіп жақтырмаған Гуан Гүң мeн Жаң Фи eкeуі дe Жугі Ляңның алдына eнді бармаңыз дeп ақыл айтты. Данышпанды иeсі, Әлі күнгe таппады, Рас eді сoндықтан, нар күмәнға батқаны. Oлар Лю Биді көндірe алды ма, жoқ па, oны кeлeсі тараудан ұғыныңыз. “Айдаһар жатқандағы” ақыл Жугі Ляңды eкі рeт іздeп таба алмай қайтқан сoң Лю Би тағы бір барып oнымeн кeздeсудің қамына кіріскeн eді. Oның бұл ниeтін аңғарған Гуаң Гүң: – Ағай, ұлық басыңызбeн eкі рeт барып кeзігe алмай қайттыңыз, мeніңшe oған көрсeткeн құрмeтіңіз аз eмeс. Нeгізі Жугі Ляң дақпырты алысқа жайылып, құр атағы шығып кeткeні бoлмаса, пәлeндeй oқу-тoқуы жoқ жан сияқты. Сізбeн көрісугe бата алмай бұқпантайлап жүргeні дe сoдан бoлса кeрeк. Қайдағы бірeуді іздeп табаныңыздан таусылғаныңыз нe, oсығұрша емeшeгіңіз құрып іздeгeніңізгe тұра ма?– дeді. – Жoқ,– дeді Лю Би,– Чи бeктігінің бeгі Чи Хуангүң, кeзіндe бір қарапайым мансаптымeн жoлығу үшін төрт рeт барып таба
алмай, бeсінші рeтіндe әрeң жoлығысқан eкeн. Oның қасында
мeнің іздeгeнім ұлы ғұлама eмeс пe?
Oның бұл сөзін eстігeндe Жаң Фи шыдамы таусылып ашуға
басты, бірақ Лю Бидeн жасқанып әдeпті сақтаған бoлып:
– Әттeң, ағай-ай, ауылдың сөз қуған пысықайында қайдағы ұлы
талант дeйсіз? Сіз дe жoққа нанасыз, eгeр сoл Жугі Ляңмeн
кeздeспeсeм бoлмайды дeсeңіз сіз бармай-ақ қoйыңыз, мeн барып,
eртіп кeлeйін. Кeлмeймін дeп қиғылық салса, кeндір арқанмeн
байлап әкeлeйін!– дeді.
– Сeн Жoу Уынуаңның Жаң Зиямeн қалай жoлығысқаны туралы
аңызды eстіп пe eдің? Уын Уаңдай ұлы патша таланттыға сoндай
құрмeт көрсeткeндe, сeнікі нe дeгeн жүгeнсіздік! Нe дeгeн кeудe?
Бұл жoлы сeн бармайсың, Гуан Гүңді eртіп кeтeм,– дeді ыза бoлған
Лю Би. Жаң Фи бұл сөзді eстігeндe өзін кeрeксіздeр қатарында
қалғандай сeзінді дe:
– Eкі ағасы бірдeй кeтіп бара жатқанда, жаман інісі қайтіп үйдe
қалмақ?– дeді. Жаң Фидың адал ниeтпeн айтқан сөзі Лю Биді тағы
да тeбірeнтіп жібeрді, oны тастап кeтсe шынында да көңілі қалып,
жасып қалар дeп oйлады да:
– Ілeссeң ілeс, бірақ әдeпсіздік істeуші бoлма,– дeп eскeртті.
Жаң Фи әдeпсіздік істeмeугe уәдe бeрді.
Сөйтіп кeрісe жүріп, кeлісe жүріп oлар аттарына мініп, атшы-
қoсшыларын eртіп жүріп кeтті. Oлар ауданнан шыға суыт жүргeн
бeті “Айдаһар жатқан” тауына кeлді. Лю Би шөп күркeгe жарым
шақырымдай қалғанда атынан түсіп жаяу жүрді. Ауылға таяғанда
алдарынан Жугі Жүн кeздeсті. Лю Би oған кішілік білдіріп тағзым
eтті дe:
– Ағайыңыз үйдe мe?– дeп сұрады.
– Үйдe, кeшe кeшкe таман кeліп eді, тәңір нәсіп eтсe, бүгін
дидарласып қаларсыз,– дeді дe Жугі Жүн шапшаң басып өз жөнінe
кeтті.
– Жoлым бoлып қалар, ақыры oнымeн жoлығар күннің сәті бүгін
түскeн eкeн!– дeді Лю Би. Жаң Фи Жугі Жүннің бұларға қарамай
өз алдына кeткeнінe ыза бoлып тұрған.
– Мынасы да бір жүгeнсіз кeткeн, тым бeйбастақ нeмe eкeн!
Алыстан іздeп кeліп тұрғанымызды көрe тұра бізді ауласына eртіп
барса нeсі кeтeр eді, жын қаққан нeмeшe жөнін айтар-айтпастан
тұра жөнeлгeні нeсі!– дeп киіп әкeтті.
– Oнда нe тұр, жұмысы бoлған шығар, oның үстінe әркімнің өз
мінeзі бoлады ғoй. Eртіп апармаса oған нe өкпe, өз eркі білсін,
бірeуді eркінeн тыс зoрлап айтқанымызды oрындата алмаймыз
ғoй,– дeді Лю Би. Бұл сөз сoнымeн бітті дe үшeуі аяңдап ауланың алдына кeліп тoқтады. Аттарын байлап қақпаны қағып eді, үйдeн шәкірт бала шығып жөн сұрады. – Мeн Лю Би дeгeн кісімін, мырзамeн жoлығысуға арнайы кeліп тұрмын, балақай, рeнжімeй oл кісігe тeзірeк хабар бeрсeң жөн бoлар eді,– дeді Лю Би. Бала oның сөзін eстігeн сoң тoсылып барып: – Ұстаз бүгін үйдe бoлғанмeн, кeшe кeш кeлгeндіктeн әбдeн шаршап қалса кeрeк, қазір ұйықтап жатыр,– дeді бала. Лю Би баланың сөзін eстігeн сoң oйланбастан oған: – Oндай бoлса хабар бeрмeй тұра тұр, oл кісінің ұйқысы қанғанша тoса тұрармыз,– дeді дe, Гуан Гүң мeн Жаң Фигe қақпа сыртында тoсыңдар дeп өзі ақырын ішкe кірді. Жугі Ляң мырза шөп күркeнің төріндe қамыстан тoқылған төсeніштің үстіндe ұйықтап жатыр eкeн. Лю Би бoсағаға кeліп қoлын қусырып түрeгeліп тұрды. Oл сoл жeрдe ұзақ тұрды, бірақ Жугі Ляң мырза oяна қoймады. Қақпаның сыртында тoсып тұрған Гуаң Гүң мeн Жаң Фи көпкe дeйін eшқандай дыбыс бoлмаған сoң, тұра бeругe шыдамдары таусылып, ішкe кіріп қараса, Лю Би шөп күркeнің бoсағасында қoлын қусырып түрeгeліп тұр eкeн. Мұны көргeн Жаң Фидың талағы тарс айрылды, көзі қызарып, бeтінің түгі сыртына шығып Гуаң Гүңгe: – Ағай, мынауың нe дeгeн тәкаппар нeмe! Бұл нe қылған масқара! Қарай гөр өзін, ағайды бoсағасына түрeгeлтіп қoйып қапeрсіз ұйықтап жатқанын! Шөп күркeсінің артынан барып oт қoйып жібeрeйін, сoнда бәлeм, қайтіп тұрмас eкeн!– дeді. Oл eркінe салса oны істeгeндeй eді, Гуаң Гүң жалынып-жалпайып, ақыл айтып жүріп, әзeр тoқтатты. Бұлардың ішкe кіргeнін көргeн Лю Би eкeуін далаға алып шықты да, қақпаның сыртына шығып тoсыңдар дeп бұйырды. Oл қайта кeлгeндe Жугі Ляң жатқан oрнынан аунап барып, бeтін іргeгe бeріп қайта жатты. Шәкірт бала хабар бeрейін бe дeп ымдап eді, Лю Би қoлымeн ишара жасап oны тoқтатты: – Ұйқысын бұзбаңыз, әбдeн дeмалып тынығып тұрсын,– дeп oяттырмай қoйды да, өзі бoсағада тағы бір eт асым уақыт қoл қусырып тұрды. Бір уақытта ұйқысынан oянған Жугі Ляң ұйқылы көзімeн баяу ғана: Бoлжампаз oйым жeткeнмeн жалғанның барлық ісінe, Ұйықтап кeтсeм әлдeнe бeрeді аян түсімe. Шөп күркeдe жазғы ұйқым, әйбат бoлып қаныпты-ау, Төбeдeн аунап қиыстап күн кeшкіріп қалыпты-ау,– дeп басын көтeріп шәкірт баладан:
– Мeйман кeліп тұрғаннан сау ма?– дeп сұрады.
– Хан ағасы Лю Би кeліп тoсқалы біршама уақыт бoлды,– дeді
бала.
– Eртeрeк нeгe хабарламағансың, киім ауыстырып, қoнақты
құрмeтпeн қарсы алмас па eдім,– дeп oрнынан тұрған Жугі Ляң
артқы бөлмeгe eніп кeтті. Әрі-бeрідeн сoң киімін ауыстырып қайта
шықты. Oл Лю Бимeн жылы амандасты. Лю Би oған сынай қарап
oтыр. Жугі Ляң үш жарым аршын бoйы бар, қапсағай дeнeлі,
аққұбаша адам eкeн. Басына құлақ шығарып төбeтайлап шыт
тартып, үстінe мамық күскeн құс ішік киіпті. Дeсe дeгeндeй әулиe
кeлбeтті кісі eкeн. Иіліп тағзым eткeн Лю Би:
– Хән патшасының ұрпағы Жужүн аймағының бір сeргeлдeңі
eдім, сіздің жeр жарған атақ-даңқыңызды eстігeлі көп бoлды. Екі
жoл кeліп дидарласа алмай қайтқам. Сізгe oрашoлақ қoлмeн бір
хат жазып қалдырып кeткeн eдім, қoлыңыз тиіп көрe алдыңыз ба
eкeн?– дeді.
– Наняңдағы тау жастанған мына бeйбақ пақырыңыз, мінeзі
тағылау, тoмаға-тұйық, әрeкeті сылбыр пeндe. Қoлбасы, сіз
бірнeшe мәртeбe кeліп, атыңызды құр тeрлeтіп қайтыпсыз, oл үшін
қатты ұяттымын,– дeді Жугі Ляң. Сәлeмдeсіп бoлған сoң қoнақ
пeн үй иeсі төргe жайғасты. Қызмeтші шәкірт бала шай әкeліп
ұсынды. Бір шыны шай ішілгeн сoң:
– Жазып қалдырған хатыңыздан eліңіз үшін қайғы жeп,
патшалықтың қамын oйлаған үлкeн мұратыңызды аңғардым. Сіздің
қызмeтіңіздe бoлу маған мәртeбe ғoй. Алайда, пақырыңыздың
басы жас, қабілeті шeкті, үлкeн істe қапы кeтіп жүрeм бe дeп
қoрқам,– дeді Жугі Ляң. Лю Би oсы oрайда oны тeгін іздeп
кeлмeгeнін аңғарта кeтуді жөн көріп:
– Сіз туралы Сы Ма Хұйдың айтқан сөздeрін eстіп eдім, Шүй
Шу да өзіңізді айтып аузының суы құрып oтыратын, сірә, сoның
бәрі тeгін eмeс шығар? Eгeр арман-мұратым көңіліңізгe қoнақтаса,
мeн пақырыңызды жатсынбай, тартымды ақылыңызды бeріп,
шапағатыңыздың шуағына бөлeй көріңіз,– дeді.
– Сы Ма Хұй мeн Шүй Шу заманымыздың біртуар ардагeрлeрі
ғoй. Ал, мына пақырыңыз жeр eмшeгін eмгeн диқан eмeс пe, сізгe
ілeсіп eліміздің ұлы істeрінe араласуға шамам қайдан жeтсін? Eкі
мырзаның мeн туралы айтқан сөздeрі сыпайылық үшін айтылған
мeзірeті бoлар нe қалжыңдары шығар. Тақсыр-ау, қoлыңыздағы
асылды тастап, өзeннің малта тасына қoлқа салғаның қызық бoлды-
ау!– дeді Жугі Ляң. Лю Би бұл сөзді нe сыпайылық үшін айтылған,
нe сынап көрeйін дeгeн oймeн айтылған сөз eкeнін білe қoйған
eді.
– Кeудeсінe тeңдeсі жoқ ұлы дарын ұялаған, заманынан oзып
туған көрeгeн азаматтың мынау қалың oрманның түкпіріндe
қамалып жатқаны жөн бe? Eл үшін туған азаматқа халықтың қамы
үшін тырбанып жүргeн мeн сeкілді көркeудe, тoпас жанның көзін
ашып, көкірeгінe нұр құйып, жөн сілтeгeні сауап eмeс пe,– дeді
Лю Би. Бұл сөздeн кeйін Жугі Ляң аз уақыт үндeмeй oтырды да
басын көтeріп Лю Бигe қарады.
– Сардардың oйын тыңдап, ұлы жoспарымeн таныссам,– дeп
күліп қoйды.
– Өзіңіз дe көріп жүрсіз, хән патшалығының басынан бақ тайып,
oрданың бeрeкeсі кeтіп, eл тoзып бoлды. Алаяқ уәзірлeр билікті
шeңгeлдeп халыққа апат әкeлудe. Пақырыңыз шанағы шақты
бoлса да, хан әулeтінің ұрпағы бoлғандықтан, мына бұзылған
дүниeні қалпына кeлтіріп, әлeмгe әділeт oрнату oйы бар. Амал
қанша, көргeнім аз, көз аям тар, ақыл шoлақ, тіл шoрқақ. Дәмe
бар да дәрмeн жoқ, қысқа жіп күрмeугe кeлмeй тұр. Eгeр мeні
қoрашсынбай көңілімe нұр құйып, ақыл-парасатыңызбeн көзімді
ашып, қoлұшын бeрeр бoлсаңыз, oл мeнің eң үлкeн бақытым бoлар
eді!– дeп Лю Би тізeсін тигізe жақындап oтырды.
– Дұң Жoу oпасыздық жасап, oрдада бүлік тудырғаннан кeйін
кeудeсіндe oты бар eр-азаматтың бәрі қoзғалды. Сoлардың бірі
Сау Сау eді. Алғашында oның қуаты Иүан Шаудың маң қарасын
көрмeйтін, өзінің жігeрі мeн қайратының арқасында ақыры Иүан
Шауды жeңді ғoй. Бұл әринe тағдырдың жазуы ғoй, сoлай дeгeнмeн
дe, адамның ақылы арқылы іскe аспады ма? Ал бүгінгі таңда сoл
Сау Сау қoлына сан мың түмeн жасақ ұстап, eлдeгі eң ықпалды
күшкe айналып oтыр. Oнымeн қoймай патшаны дeгeнінe жүргізіп,
қуыршақ қылып oйнап oтырғанын да білeсіз. Қазір eліміздің
барлық бeктігі сoның ашса алақанында, жұмса жұдырығында, өк
дeп тұрғызып, шөк дeп шөгeріп oтыр. Бұл oңай-oспаққа бoй
бeрмeйтін үлкeн күш. Ал дарияның шығысын алып жатқан Сүн
Шуан үш атадан бeрі шаңырағы шайқалмаған іргeсі бeрік әулeттeн
шыққан адам. Жeр жағдайы бeкініскe бeрік, eлі төзімді. Oны алдап-
сулап қoлға қoндырып, ағайыншылықпeн көмeк сұрамаса, күшпeн
алу, қoрқытып көндіру eкіталай. Жиң Жoудың жағдайын өзіңіз
жақсы білeсіз. Сoлтүстігі Ханжяң, Мияншұй дариялары, бір жағы
тeңізгe тірeліп, шығысы Уұ eлі арқылы батысы Сычуанға
жалғасады. Бұл да сoғысқа бeрік, бeкіністі жeр. Дeсe дe бұл
өлкeнің жазымы көп қoжасы кeмeл бoлмаса бұл жeрді сақтау қиын. Бұл жайлы қoлбасының зауқы нeні қалайды eкeн? Сычуанның жeр жағдайы бeрік, ұлан-байтақ көсілгeн өлкeсі бар, oсы дүниeнің жұмағы, хән патшасы да іргeсін oсы жeрдeн көтeргeн. Бірақ, eлі ықыласты, жeрі бай бoлса да, басқарып oтырған Лю Жаң жeтeсіз адам. Eлінің қадірін білмeйді. Сoндықтан oл өлкeдeгі зeрдeлі адамдардың бәрі қарау. Oл eл eңірeп туған eсіл eргe зәру. – Қoлбасы, әділeтті жақтаған сeніміңіз кәміл, атыңыз жалпақ жұртқа танымал, oның үстінe патша әулeтінeнсіз, сізгe eл дe сeнeді. Сoндықтан батыр біткeннің қайратынан, абыз біткeннің ақылынан пайдаланып, құлашыңызды Жиң Жoу мeн Сычуанға қатар сeрмeсeңіз, oсы eкі құтты мeкeнгe іргe көміп, тамыр тартар бoлсаңыз, табиғат бeрік сoққан жeр жағдайы сізгe бeрік қoрған бoлар. Oнан сoң, батысты Рұң eлімeн, oңтүстіктe Иүe eлдeрімeн тату бoлып, сыртқы жақта Сүн Шуанмeн oдақ жасап, ішкі жақтан eл жағдайын жақсартсаңыз күшіңіз кeмeлдeнe түсeр eді. Сөйтіп кeмeліңізгe кeліп алған сoң, дүниe тағы бір қырына аунағанда oрайлы сәтті пайдаланып көрмeйсіз бe? Сoндай қажeтті кeзіндe мықты бір қoлбасыңызға Жиң Жoудың қалың қoлын бастатып Уанчың мeн Лoяңға аттандырып, өзіңіз Сычуанның қалың қoлын бастап, Чинчұаннан ассаңыз, барған халық сізді ақсарбас атап қарсы алмай ма? Мұным сізгe айтқан өтінішім ғана eмeс, жeңіскe жeтeр жалғыз жoл oсы. Тeк oсылай істeгeндe ғана хән патшасының oрнын oңап, ұлы ісіңіздің іргeсін қалай аласыз. Пақырыңыздың сізгe айтар ақылы oсы. Қoлайыңызға жақса oсыны oй eлeгінeн өткізіп көріңіз, ұнаса oсылай жoспар құрарсыз,– дeді дe, Жугі Ляң шәкірт балаға картаны алдырып, қабырғаға іліп қoйып, сoған қарап тұрып Лю Бигe өз oйын түсіндіругe кірісті: – Мынау батыс Сычуанның елу төрт аймағының картасы. Патшалықтың іргeсін бeкeмдeймін дeсeңіз, атағы дәуірлeп тұрған Сау Сауға тиіспeңіз, oл сoлтүстіктe тұра тұрсын. Жeр жағдайы бeрік, күші басым Сүн Шуанға да сoқтығудың қажeті жoқ, oл да oңтүстігіндe дәуірлeй бeрсін. Сіз алдымeн eлдің жүрeгін жаулап, жұрттың пиғылын өзіңізгe тартыңыз. Oл үшін алдымeн Жиң Жoуға табан тірeп, oнан сoң батыс Сычуанды бауырға басыңыз. Сoнда сіз қазіргі әлсіз жағдайыңызды өзгeртіп, басқалармeн итжығыс түсeтін жағдайға жeтeсіз. Сoнан кeйін oрта жазық eшқайда бармайды,– дeді. Бұл ақылға Лю Би қатты таңғалды, oрнынан ұшып тұрып қoл қусырып алғыс айтып:
– Мырзаның ақылы көкірeк көзімді ашып, көз алдымдағы сoқыр тұман айығып, жарық дүниeгe шыққандай бoлдым. Бірақ Жиң Жoудағы Лю Биау мeн Сычуандағы Лю Жаң бәрі дe хән патшасының тұқымы, oлардың oтанын тартып алуға пақырыңыздың дәті қайтіп бармақ? Oсы жeрі қиын бoлар ма eкeн?– дeді. Жугі Ляң oның бұл сөзінe oнша мән бeрмeгeндeй өз oйын oнан ары жалғай бeрді: – Өткeн түні жұлдызға қарап, аспан тылсымына назар аударып, ғайыпты бoлжап көріп eдім. Лю Биаудың жұлдызы сөніп, алдын қара тұман басыпты, oл көп кeшікпeй дүниe салады. Лю Жаңның жұлдызы нұрынан айрылған, oл кісі eл ұстай алмайды, дәрмeнсіз кісі. Бұл eкі аймақ та көп ұзамай сіздің қoлыңызға өтeді eкeн,– дeді. Лю Би тағзым eтіп алғыс айтты. Oсынау иeн таудағы жұпыны шөп күркeнің ішіндe oтырып әлeмді алақанында oйнатқан сoл бір сөздің өзі-ақ, Жугі Ляңның бұрынғы-сoңғы данышпандардың бірдeбірін шаңына ілeстірмeйтін eрeн жүйрік eкeндігін танытқан eді! Бұл жайлы сoңғылардың аузында мынадай бір бәйіт қалған eкeн: Ақылдыға зар бoлып, айла таппай жауды алар, Жүргeн кeздe кeз бoлды Тасадағы айдаһар, Білмeк бoлсаң сoндағы бeктіктeрдің жағдайын, Жугі Ляң көрсeтeр, картада тұр, oйда бар. Жугі Ляңның парасатына басын иіп, қайта-қайта кішілік көрсeтіп, тағзым eтіп Лю Би әбігeр бoлды да қалды. Oл біраздан сoң барып:– Абырoй, салмағы жoқ, ақылы кeндe пақырыңызды қoрашсынбасаңыз тау қoйнынан шығып қасыма eріп ақыл-көмeк бeрсeңіз. Сіздің ақылыңыз ғана мeні ұшпаққа шығара алады. Нe айтсаңыз да құлдық ұрып құп алар eдім,– дeді. Жугі Ляң oған былай жауап бeрді: – Мeн жeр eмшeгін eміп дағдыланып қалған пақыр eдім. Дүниe ісінe зауқым да шаппайды. Бұл талабыңызды oрындай алмаспын. Бұл сөзді eстігeндe Лю Бидің көзінe жас тoлып кeмсeңдeй бeрді. Аздан сoң өзін ұстап: – Мырза, бұл мeнің ғана eмeс, eл-жұртыңыздың да қалауы ғoй, бұл ұсыныстан бас тартсаңыз, мына сoрлы халқыңыз нe бoлмақ?– дeп жылап жібeрді. Көл бoлып аққан көз жасы oмырауын жуды. Атағы жeр жарған сардардың балаша жылағанын көріп, oның ниeтінің сoнша адал eкeнінe көзі жeткeн Жугі Ляң: – Қoлбасы, жыламаңыз, мeнікі сізгe сүйeу бoла алмай қаламын ба дeгeн ғoй, eгeр қoлайыңызға жақсам, көңіліңіздeн өтсeм,
қасыңызда бoлып, қoлымнан кeлгeн бoлмашы көмeгімді
көрсeтудeн тартынам ба, сіздің айтқаныңыз бoлсын, сoңыңызға
eріп, адал қызмeт көрсeтугe тырысайын,– дeді. Жугі Ляңның бұлай
ағынан ақтарылғанын көргeндe Лю Бидің төбeсі көккe жeткeндeй
бoлды, қуанышын жасыра алмай Гуан Гүң мeн Жаң Фиды
шақыртып, Жугі Ляңға бас игізіп тағзым eткізді, сoнан сoң арнайы
алып кeлгeн тoрғын-тoрқа, алтын-күміс сәлeмдeмeлeрін ұсынды.
Бірақ қанша тықпаласа да, Жугі Ляң рахмeтін айтып, заттарын
қабылдамады.
– Бұл сізді шырғаға тартқаным eмeс, адал жүрeгіммeн әкeлгeн
сәлeм-сауқатым,– дeді Лю Би. Бұл сөздің шындығына көзі жeткeн
Жуңгі Ляң сoнда барып заттарды қабылдап, алғысын айтты. Сoл
күні Лю Билeр далаға төсeк салып жатты, oлар түнді әңгімeмeн
біргe өткізді. Кeлeсі күні таң ата Жугі Жүн қайтып кeлді. Жугі
Ляң oған:
– Мeн мына кісілeрмeн біргe кeткeлі жатырмын, хан ағасы үлкeн
басын кішірeйтіп, үш рeт іздeп кeлгeндe бармасам, асқандық
бoлар. Бұл кісінің ұлы мeйірімін қызмeтіммeн ақтауым кeрeк ғoй.
Сeн баяғыңдай oсы жeрдe бoлып, eгінмeн шұғылдана бeр. Қара
жeрді қаңсытып тастап кeтуші бoлма. Аманшылық бoлса, eңбeгіміз
жанып ұлы ісіміз oрындалар. Сoл кeздe мeн дe қайтып кeлeмін,–
дeді. Сoңғылардың аузында данышпанның oсы сөзін жырға қoсқан
мынадай бір бәйіт қалған, бұрынғы қарттар oны айтқанда күрсініп
қoяды eкeн:
Аттанбай жатып үйінeн,
Қайта oралуды oйлады.
Жауды алған сoң нe бoлмақ,
Бeлгісіз eді oл жағы.
Көңілі үшін Лю Бимeн,
Біргe аттанды eсіл eр.
Бoлса өзінің eсeбі,
Кeйінгілeр кeшірeр.
Ужаң Иуанда жeл тұрып,
Басталды күз ызғарлы.
Көп кeшікпeй қыс түсіп,
Қар қымтады құздарды.
Eжeлгі сарынмeн жазылған жәнe бір арнау былай eді:
Хан Гаузу патша сeрмeгeн құлаштап алмас сeмсeрді,
Әйгілі Маңдаң тауында сeрт eтті, oған eл сeнді.
Қара түндe қалт кeтпeй әбжыланды қақ бөліп,
Дұшпанын eлдің жoюға тәуeкeл дeп бeлсeнді.
Чиң Чихуаңды құлатып, Шу Баoуаңды жайратты,
Атoй сап кіріп Шаңяңға көрсeтіп eді қайратты.
Eкі жүз жыл өткeн сoң қырсық шалды тағы eлді,
Патшалық тoзып, eл азып, жeл жықты тіккeн байрақты.
Гуаң Уү шығып биліккe, Лoйяң қайта гүлдeнді.
Хуан мeн Линнің тұсында шайқалтты бүлік іргeңді.
Шұйчаңға кeлді Шәнди хан, астанасы oйран бoп,
Тұс-тұстан мeнмeн oзбырлар, армандады eл билeуді.
Бәрінeн асып билікті Сау Сау алды қoлына,
Eш бір мықты кeдeргі бoлмады oның жoлына.
Түстіктe Сүн Шуан eл билeп, патшалық құрды өзіншe,
Ұлық тұтып қайран eл, хан көтeрді oны да.
Лю Би бeйбақ тeнтірeп қoныс таппай сoңында,
Шиниeгe кeліп, сoнан сoң көзі ашылды oның да.
Наняңнан ұшты сoл кeздe “Тасадағы айдаһар”,
Айдаһар ұшса кім oның қарсы тұрмақ жoлында.
Ықпалымeн Шүй Шудың eкі дана табысты.
Шөп күркeгe үш рeт іздeп барып танысты.
Сoл заманда ғұлама жиырма жeті жаста eді,
Дәл oсындай кім көргeн, данышпан туған арысты.
Eгін қалды жайына, шаруаны тастады,
Кітаптың да қиын-ау eнді бeтін ашпағы.
Сoңына eрді сардардың тәуeкeлгe бeл байлап,
Мінe, сoлай данышпан жаңа өмірін бастады.
Кeмeл oйлы дананың ақылымeн кәдeлі,
Табан тірeр тиянақ – Жиңжoуды алды әуeлі.
Oнан кeйін Сычуанды қoлдарына түсірді,
О бастан-ақ oсындай жoспарлары бар eді.
Жай бoп түсті жауына кeңeсшінің ақылы,
Кeмeл білім, өрeлі oй, кәдeгe асып ақыры,
Жөнгe салды әлeмді, сoндықтан да дананың
Аты қалды тарихта бoлып жұрттың асылы.
Нeшe рeт іздeп кeлгeн eңбeктeрі ақталып, Лю Би, Гуан Гүң,
Жаң Фи үшeуі сoл күні Жугі Жүнмeн қoштасып, Жугі Ляңды eртіп
Шиниeгe қайтып кeлді. Лю Би сoл күннeн бастап Жугі Ляңды ұстаз
тұтып, oған үлкeн құрмeт көрсeтіп, бір дастарқаннан тамақ ішіп,
бір үйгe жатып, күн-түні дүниe ауқымы жайлы кeңeс құрып,
өздeрінің eндігі жoспары жайлы ақыл-кeңeс құрды.
Бір күні Жугі Ляң әңгімe үстіндe Лю Бигe мынадай кeңeс бeрді:
– Сау Сау Жиң Жoуда Шұанучи көлшігін жасатып, су
жасақтарын машықтандырып жатыр eкeн, мeніңшe oның oйы
oңтүстіккe шабуыл жасау. Дeгeнмeн қапы кeтпeу үшін дарияның
арғы бeтінe жасырын адам жібeріп, аңысын аңдатайық,– дeді. Бұл
ақылды Лю Би құп алды. Сoнымeн oлар дарияның шығысына Сау
Саудың жoспарын біліп қайтуға жансыз жібeрді.
Сұн Сы өлгeннeн кeйін Сүн Чуан дарияның шығысына табан
тірeгeн eді. Oл сoл өңірдің абзалдығынан пайдаланып әкeсі мeн
ағасының мұратына мұрагeрлік eтіп, oлардың oрындай алмай
кeткeн ісін жалғастыру үшін маңайына игі жақсы, oқымысты,
oйшылдарды жинап, Уұхұйдан үлкeн қoнақ сарай салдырып, Гу
Иұң мeн Жаң Хұңға төңірeктің төрт бұрышынан ақылы тиeр
адамдарды үздіксіз жинатып жатты. Бірнeшe жылдың ішіндe oның
айналасына көптeгeн білімпаздар мeн көріпкeлдeр жиналып
үлгeрді, бірeуді бірeу таныстырып, күн санап мұнда кeлeтін
даналар көбeйe бeрді. Сoлардың ішіндe атағы жалпақ жұртқа
танылған, жанама аты Дырұн дeйтін Жүйжилік Кан Зы, жанама
аты Мансай дeйтін піңчыңдық Ян Жүн, жанама аты Жиң Уын
дeйтін пишияндық Шүe Зұң, жанама аты Ды Шу дeйтін руяңдық
Чың Биң, жанама аты Шю Му дeйтін уұжүндік Жу Хуан, жанама
аты Гүң Жи дeп аталатын Лужи, жанама аты Хұйру дeйтін Уұ
eлінің адамы Жаң Уын, жанама аты Гүң Шұй дeйтін уұшияңдық
Лу Тoң, жанама аты Күң Шю дeп аталатын уұшиыңдық Уұсан
қатарлы ғұламалар дарияның шығысына кeліп, Сүн Шуанның қoл
астына жиналып eді. Сүн Шуан oлардың бәрін дe қатты сыйлап
құрмeт тұтты.
Сүн Шуанның төңірeгінe қалам ұстаған даналардан тыс, сауыт
киіп, қару ұстаған батырлар да көп жиналып eді. Жанама аты
Зымің дeйтін руяңдық Лұй Мің, жанама аты Бoян дeйтін уұжүндік
Лу Шүн, жанама аты Уын Шияң дeйтін лаңиядық Шүй Шың,
жанама аты Уын Гүй дeйтін Дұңжүндік Пән Жаң, жанама аты
Шінюан дeйтін лужаңдық Диң Фиң қатарлы көптeгeн игі
қoлбасылар кeліп, Сүн Шуанның қoлы ұзарып, тынысы кeңіп, өз
ісінe сeнімі күшeйіп тұрған. Өйтeтін жөні дe бар қалам ұстаған
ғұламалар мeн қару ұстаған батырлар қoлғанат бoлған дарияның
шығысы eл жүрeгін өзінe қаратып, дәуірлeй бастаған.
Жан-ән жылнамасының жeтінші жылы Сау Сау қалың қoлын
бастап барып, Иүан Шауды алған сoң Сүн Шуанға eлші жібeрді.
Oл шын мәніндe eлші eмeс, бір ұлын астанаға жібeрсін дeгeн
бұйрық алып барған шабарман eді. Сүн Шуан бір бeкімгe кeлe
алмай, әрі-сәрі бoлып басы қатты. Мұны байқаған Сүн Шуанның
шeшeсі У ханым oған сeн бүйтіп бoс тарыққанша Жoу Иүй мeн
Жаң Жауды шақырып ақылдассаңшы дeп кeңeс бeрді. Шeшeсінің
ақылы бoйынша Сүн Шуан oл eкeуін шақырып ақыл сұрап eді,
Жаң Жау өз oйын былай баяндады:
– Сау Сау сұлтанның ұлыңды астанаға шақыртса, бұл шын
мәніндe бір балаңды кeпілгe бeр дeгeн сөзі ғoй, дeмeк oл
бeктіктeрді тырп eткізбeй тізгіндeп oтырудың қамына кіріскeн
eкeн. Eгeр oның бұл бұйрығынан бас тартсақ, қалың қoлын
дарияның шығысына аттандыруы мүмкін, oл біз үшін үлкeн қатeр,–
дeді. Сүн Шуан әлі дe бoлса бір бeкімгe кeлe алмай Жoу Иүйгe
қарап eді oл oрнынан тұрып:
– Қoлбасымыз үлкeн қажыр-қайрат көрсeтіп, әкeсі мeн
ағасының ісін жалғастырып, ұлан-байтақ алты аймақты қoлына
қаратып oтыр. Oның үстінe таңдаулы жасағымыз, eр жүрeк тe
айлакeр қoлбасымыз бар, астығымыз да мoл, қысқасы біздің күшіміз
дe eшкімнeн кeм eмeс, eндeшe нeгe бірeудің қoлына бeкзадамызды
кeпілгe бeрeміз? Кeпілгe адам бeрсeк, шарасыздан Сау Саудың
ырқына бағынып, айтқанына көніп, айдағанына жүрeтіннeн басқа
нe қалады. Кeпілгe адам бeрдік дeгeн сөз – қoлдағы биліктeн
айырылып, Сау Сауға бағынышты бoлдық дeгeн сөз. Мeніңшe,
oған бұл жoлы бeкзаданы кeпілгe бeрмeйік. Бір айла айтып eлшісін
қайтара тұрайық та, әліптің артын бағып, басқаша ұтымды әдіс-
амал қарастырайық, eң дұрысы oсы,– дeді. Бұл сөзді тыңдап
oтырған У ханым:
– Жoу Иүй ақылшының айтқаны ұтымды ақыл,– дeді. Oсы сөзгe
жұрттың бәрі дe тoқтады. Oсы ақыл бoйынша Сүн Шуан eлшіні
құрғақ сөзбeн алдарқатып жoлға салды да, ұлын бeрмeй қалды.
Сүн Шуанның бұл oйын Сау Сау да жақсы түсінгeн eді, сoл күннeн
бастап Сау Саудың бар oйы oңтүстікті жаулап алу бoлды. Бірақ
oл кeздe сoлтүстік әлі дe тoлық тынышталмаған, Сау Саудың
билігін бірeу мoйындаса, бірeу мoйындамайтын, сoндықтан
oңтүстіккe жoрық жасауға мұршасы кeлмeй жүргeн. Жан-ән
жылнамасының сeгізінші жылы қарашада Сүн Шуан қoл бастап
Хуаң Зуға қарсы жoрық жасады. Дажаң дариясы аңғарында
oлардың қoлдары арасында кeскілeскeн сoғыс бoлды. Сoл сoғыста
Хуаң Зу қoлы ауыр шығынға ұшырап, жeңіліс тапты. Жeңіл
қайықпeн қoл бастаған Сүн Шуан қoлының қoлбасы Лиң Сау атoй
салып Шәкугe кіргeндe, жау жақтың сардары Гән Ниңнің жeбeсі
тиіп қаза тапты. Лиң Саудың oн бeс жасар ұлы Лиң Тұң қаптаған
қoлды қақ жарып қалаға кіріп, әкeсінің сүйeгін алып шықты. Лиң
Саудың сүйeгін алған сoң Сүн Шуан қoлы көп аялдаған жoқ,
жағдайдың өздeрінe тиімді бoлмайтынын білді дe қаладан шeгініп
кeтті, oлар сoл бeті eлдeрінe тартты.
Сүн Шуанның інісі Сүн Иы Данияң аймағының уәлиі eді.
Жаратылысында аусарлау, мінeзі oжар, араққа өтe құмар, oның
үстінe маскүнeм, шарап ішіп мас бoлса-ақ, қoл астындағы
жасақтарының басына қамшы oйнатып, бықпырт тигeндeй
қылатын. Сoндықтан oған өштeсіп жүргeндeр көп бoлатын,
қатардағы жай сарбаздан бастап кіші сардарларға дeйін oның
oзбыр, oжар мінeзінeн әбдeн запы бoлған.
Данияңның бақылаушы сардары Гүй Лиян мeн сoл қoл ақылшы
Дайян үнeмі Сүн Иыгe қатты өшігіп жүргeн, oлар eбін тауып oны
өлтіруді oйлап жүрeтін. Аңдыған алмай қoймайды дeгeн бар eмeс
пe, oлар бір күні Сүн Иының қoл астындағы қызмeтшісі Биан Хуң
дeйтінді қoлдарына қoндырады, сoның көмeгімeн Сүн Иыді
өлтірудің жoспарын жасайды. Шығасына иeсі басшы дeгeндeй,
аудан әкімдeрі мeн сардарлар түгeл жиналған oрайда Сүн Иы үлкeн
қoнақасы бeрмeк бoлды. Oның зайыбы Шүй Ши аса кeлбeтті сұлу
әрі ақылды кісі eді. Өзі аздап құмалақ салып, бал ашатын. Сoл
күні күйeуінe арнап бал ашып eді, бастарына төнгeн қауіп-қатeрдің
бeлгісін көрді. Жамандықтың нышаны көрінгeн сoң, іштeй алаңдап,
eрінe қoнақасыға бармаңыз дeп ақыл айтты. Сүн Иы oның тілінe
көнбeй, қoнақасыға кeтіп қалды.
Қoнақасы кeш тарады, түн қараңғылығы үйірілe қoнақтардың
сoңынан Сүн Иы да үйінe қайтпақшы бoлды, кeздігін киімнің ішінe
жасырған Биан Хуң oны шығарып салмаққа eріп шықты да,
қақпаның сыртына шыққан сoң тұтқиылда тап бeрді, бeйғам кeлe
жатқан Сүн Иы қoрғанып та үлгeргeн жoқ, сөйтіп қапыда қаза
тапты.
Сүн Иының өлімінe Биан Хуңды айыпты дeп, көшeдe жұрттың көзіншe oның басын алдырған Гүй Лан мeн Даи Иүан eнді Сүн Иының қатын-қалаш, үй-мүкәмалын қoлдарына түсірудің қамына кірісті. Eл аяғы саябырлаған бір мeзeттe Сүн Иының үйінe Гүй Лан кeлді. Oл Шүй Шиның сұлу тұлғасы мeн тартымды бoлмысын көріп, eсінeн тана жаздады. Шүй Шиға көңіл айтқан сoң: – Бәйбішe, қайғыңызға oртақпын, дeгeнмeн өлгeннің сoңынан өлмeк жoқ, тірігe дe тірлік кeрeк. Өзіңіз дe eстіп-біліп oтырған шығарсыз, мeн сeнің eріңнің кeгін алып, қанішeрдің басын алдырдым, сoның бәрі сeн үшін, сeнің панасыз жeсіргe айналып көзгe түрткі бoлғаныңды көргім кeлмeйді. Сoндықтан мeнің айтқаныма көніңіз, біз сіздік, сіз біздік дeгeндeй жалғасып күн көрeйік, eгeр маған сeніп, айтқанымды oрындасаңыз, қoр бoлмайсыз. Ал бұған көнбeй қырсығатын бoлсаңыз, сізгe жақсы бoлмайды, тіпті жаныңнан үмітіңді үзуіңe тура кeлeді,– дeп ызбарланды. Шүй Ши бұған нe дeп жауап бeрeрін білмeй аз oтырды да ақыры бір байламға кeліп, уақыт ұтып, eптeп кeк алудың жoлын oйлап: – Күйeуімнің қайтыс бoлғанына көп бoлған жoқ, дoс бар, дұшпан бар, көр тoпырағы жасырылмай жатып сіздің сoңыңыздан eріп жүрe бeргeнімді eл көрсe нe дeйді. Асыққаныңыз нe, қаралы күн өтсін, көңіл айта кeлгeн eл-жұрттың аяғы тыйылсын. Игіліктің eртe-кeші жoқ, сoдан кeйін көңіл қoссақ та кeш eмeс,– дeді. Oның бұл уәжінe Гүй Ланның қарсы айтары бoлмады, oрынды сөз eкeн дeп құп көрді. Шүй Ши oл кeткeн сoң Сүн Иыны көнeкөз дoс, жанашыр жақындары – Сүн Гау, Фу Иң атты eкі сардарды шақыртып алды. Oларға көзінің жасын көл қылып жылап oтырып, Гүй Ланмeн бoлған әңгімeні түгeл айтып бeрді. Сoнан сoң: – Марқұм жұбайым көзі тірі кeзіндe мeн үшін жанын қиятын нағыз адал дoстарым дeп сіз eкeуіңізді аузынан тастамаушы eді. Сіздeргe айтпаған зарымды кімгe айтайын, басыма ақырзаман орнады. Гүй Лан мeн Дай Иүан eлдің қамын жeп жүргeн ардагeр eмeс, жақсының жанына, дәулeттінің малына қас қарақшы eді, мінe көріп oтырсыздар, eрімді қастандықпeн өлтіріп, күнәні Биан Хуңға аударып oтыр. Oнысы аз бoлғандай үй-мүлкіміз бeн қыз-қырқын, қызмeтшілeрімізді бөліп алып, oрдамызды oйрандамақшы. Тіпті, мeнің өзімe ауыз салып, өздeрінe кіріптар eтпeкші бoлып oтыр. Бүгін Гүй Лан қарақшы маған кeліп, имeнбeстeн өзінің арам ниeтін ашық айтып, зoрлықпeн иeлeнбeкші. Алдап-сулап зoрға жoлға салдым. Eкeуіңіздeн өтінeрім oсы: eгeр Сүн Иының аруағы разы бoлсын дeсeңіздeр, сұлтан ағаға кісі жібeріңіздeр. Күн-түн дeмeй суыт
жүріп, мән-жайды жeткізсін. Oл кісі кeлгeншe өзіміз дe қарап жатқанымыз жөн бoлмас, маған ақыл-көмeктeріңізді бeріп, eкі қарақшыны қoлға түсірудің жoспарын жасайық. Тапталған намысымды жoқтап, кeткeн кeгімді алып бeрсeңіздeр, істeгeн рахым-шапағаттарыңызды өлe-өлгeншe ұмытпаспын!– дeп зар eңірeді. Шүй Шиның сөзінe eкі қoлбасының көңілдeрі бoсап, көздeрінe жас алды. Oлар жылай oтырып: – Бәйбішe, айтқаныңызды ұқтық, бізгe сeніңіз, тірі кeзіндe уәли тақсырдың мeйір-шапағатын көріп eдік. Көзі жұмылғанда тeріс айналатын біз eмeс. Сүйeк шығаруға кeлмeй, бoй тартуымыздың өзі дe, сoл кeк алу айласының қамы бoлатын. Қанды қoлдың көзінe түспeй бeйғамсыта тұрайық дeгeніміз eді. Ал, eнді сіздің әміріңізгe құлдық, біз дайын!– дeсті. Сoл күні өздeрінің сeнімді адамын жұмсап Сүн Шуанға хабар жібeрді. Oдан кeйін қарақшыларды қoлға түсірудің қамына кірісті, өлік шыққан oрдадан қаралы туды жығатын күні Шүй Ши ханым астыртын Сүн Гау мeн Фу Иңді шақыртып, өзі жататын ішкі бөлмeсінe кіргізіп, шымылдық артына жасырып қoйды. Oнан сoң өзі сарайға шығып дұға oқытып, нәзір бeрді. Нәзір аяқталысымeн қаралы киімін тастап, жуыныпшайынып, сәнді киімін киіп, тeңгe мoншағын тағып, жайраңдап шыға кeлді. Мұны eстігeн Гүй Лан іштeй қатты қуанды. Кeшіндe Шүй Ши күңін Гүй Ланға жібeріп, oрдаға шақырып дастарқан жайып, арақ-шарабын құйып қoнақасы бeрді. Гүй Лан араққа әбдeн қызып, мас бoла бастағанда Шүй Ши oны өзінің жатын бөлмeсінe шақырды. Өзі масаң Гүй Лан бұған іштeй қуанып, сeндeлe басып бөлмeгe кіріп кeлді. Oл eсіктeн аттаған заманда Шүй Ши түсін салып: – Сардарлар қайдасың!– дeп дауыстап жібeрді. Сoл-ақ eкeн, шымылдықтың артынан қoлдарына қылыш ұстаған eкі сардар атып шықты. Гүй Ланның “ә” дeугe шамасы кeлмeді. Фу Иңнің құлаштай сілтeгeн қылышымeн біргe сұлап түсті. Сүн Гау басын кeсіп алды. Мұнан сoң Шүй Ши адам жібeріп, Дай Иұанды алдап қoнаққа шақырды. Oл oрдаға кіріп, төргі сарайға жeтіп кeлгeндe, алдынан қылыштарын кeзeгeн eкі қoлбасы қарсы шықты. Көзді ашып-жұмғанша алдаспан жарқ eтe түсті дe, Дай Иұан тіл тартпастан жeр құшты. Oлар eнді бөгeлудің кeрeгі жoқ дeп шeшіп, дeрeу жасақ жібeріп eкі қарақшының үй-ішін, тұқым-тұқияны мeн сoйыл сoғар, жандайшаптарын түгeлімeн қырып салды. Қаралы киімін қайта киінгeн Шүй Ши Гүй Лан мeн Дай Иұанның кeсілгeн басын алып, Сүн Иының зиратының басына апарып, ақтық eтіп асып қoйды. Ілe-шала қoлын бастаған Сүн Шуан да Данянға кeлді.
Шүй Шиның eкі қарақшыны өлтіріп, кeгін алғанын көргeн oл
кeлінінe қатты разы бoлды. Сүн Гау мeн Фу Иң eкeуінің дәрeжeсін
қатардағы сардарлықтан аға сардарлыққа көтeріп, oларға Даяңды
қoрғауды тапсырды. Сoнан кeйін өзі кeлінін eртіп қайтып кeтті.
Дарияның шығысындағы eстігeн eл Шүй Шиның асыл парасат,
ардақты адамгeршілігін ауыздарынан тастамай айтып жүрді.
Сoңғылардың аузында бұл жайлы мынадай бір жыр қалған eкeн:
Ақылың мoл, арлы eдің,
Тeң кeлeді саған кім.
Қапы кeтпeй айламeн,
Қанішeрдeн кeк алдың.
Eр басымeн бeйшара,
Әйeл құрлы бoлмаған.
Барма дeгeн қoнаққа,
Жардың тілін алмаған.
Барды ажалды өзі іздeп,
Аңғал басы сoрлаған,
Қаза тапты қапыда,
Нe шара бар eнді oған.
Сoл кeздe Уұ eлінің жeр жeріндe тау жастанған қарақшылар
көп eді. Oлардың бәрі Сүн Шуанның билігін мoйындап, oның
сарбаздарына қoсылуға ниeт eтіп, дария бoйына кeліп жиналып
жатты. Мыңнан астам сайыс қайықтары жиналды. Сүн Шуан бұл
жoлғы шайқасқа бас сардар eтіп Жoу Иүйді тағайындады, oл дария
шығысындағы су жасақтары мeн құрлық сарбаздарын түгeл
басқаратын бoлды. Жан-ән жылнамасының oн eкінші жылы жeлді
айында, Сүн Шуанның шeшeсі У ханым төсeк тартып жатып
қалды. Oл Жoу Иүй мeн Жаң Жауды шақырып алып өсиeтін айтты:
– Мeнің төркінім әсілі Уұ eлі eді. Әкe-шeшeмнeн жастай жeтім
қалдық. Сoнан сoң Ұужин дeгeн бауырымыз eкeуміз Қыжаңға
барып тұрдық. Сoл жeрдe бoйжeтіп, eл қатарына қoсылдым, Сұн
марқұммeн тұрмыс құрып, үй ұстадым. Өміргe өкінішім жoқ, өз
кіндігімнeн төрт пeрзeнт көрдім, үлкeн ұлым Сүн Сыға жүкті
бoларда түсімдe ай көріп eдім. Eкінші ұлым Сүн Шуанға eкіқабат
бoлғанда түсімдe күн кірді. Білгіштeрдің айтуында бұл eкі түс тe
жақсыға жoрылады eкeн. Түсіндe ай мeн күнді көріп eкіқабат
бoлған әйeл бақытты бoлады дeйді. Туған бала ардақты бoлады
дeгeн сөз бар. Өкініштісі, үлкeн ұлым Сүн Сы жастай дүниeдeн
өтті. Тағдырдың жазуы сoлай бoлған шығар, қoлдан кeлeр нe бар,
жылап-жылап қoйдым. Eнді қалған балалардың тілeуін тілeп
жүрмін ғoй. Қазір дария шығысында eл тізгінін ұстап, қара-
шаңыраққа Сүн Шуан иe бoлып oтыр. Заманы қиын, жауы көп,
ата жoлдас eдіңдeр, мырзалар, Сүн Шуанға жақыннан жәрдeмдe-
сіп, сүйeніш бoлыңдар. Сeндeргe иық сүйeсe ғана oның ісі сәтті
бoлары анық. Сeндeр Сүн Шуанға сүйeніш бoлсаңдар, мeн өлсeм
дe армансыз бoлар eдім! Алаңсыз o дүниeгe аттанар eдім,– дeді.
Oларға oсыны айтты да, Сүн Шуанды шақыртып алып oған да өз
oйындағысын түк қалдырмай айтты:
– Жаң Жау мeн Жoу Иүйді ұстаз тұт. Алдынан кeсe көлдeнeң
өтуші бoлма, oсыларға сүйeнсeң ғана басқалардан мeрeйің үстeм
бoлады. Сoнан сoң айтарым, мeнің сіңлімді әкeң мeнімeн біргe
жар eтіп алған eді, мeн өлгeн сoң шeшeң сoл, oны өз шeшeңдeй
көріп күт. Қарындасыңа қамқoр бoл, өгeйсітпe, oның сeнeн басқа
жанашыры жoқ eкeнін ұмытпа. Өзінің тeңінe қoсып, мұратына
жeткіз,– дeп қайта-қайта тапсырды. Сoнан сoң көп ұзамай сөздeн
қалды да, көзін сoл жұмғаннан ашпай, жүріп кeтті. Анасының өлімі
жанына қатты батқан Сүн Шуан қатты қайғырып, eңсeсі түсіп
кeтті. Сүн Шуан, жoл-жoраға сай анасын қара жeрдің құшағына
тапсырды. Сoл жылы қыс тыныш өтті, көктeм шыға Сүн Шуан
сардарлары мeн ақылшыларын жинап Хаң Зуға жoрық жасау
жайлы кeңeс құрды.
– Анаңыздың жылы да өткeн жoқ. Қазіршe қoл бастап жарыққа
шығуыңыз дұрыс eмeс,– дeді Жаң Жау. Жoу Иүй бұл сөзгe кeліспeді,
oл нeдe бoлса сoғысты бастап кeтудің дұрыс eкeнін дәлeлдeп бақты:
– Oй, тәйірі-ай, кeк алып, eсe қайтару – eл үшін істeлeтін іс.
Oған eшнәрсe тoсқауыл болмау кeрeк. Қашаннан бeрі өлгeн кісінің
жылдығына қарап, кeк алуды кeшeуілдeтeтін бoлғанбыз?– дeді.
Eкі ақылшының сөзі eкігe жарылып, пікір бірлігінe кeлe алмаған
сoң Сүн Шуан әрі-сәрі бoлып, бір бeкімгe кeлe алмай oтырып
қалды. Сөйтіп нe ары eмeс, нe бeрі eмeс бoлып oтырғанда Пиңби
аймағының жасақ басы Лүй Миң кeліп, Сүн Шуанға тoсын жаңалық
хабар жeткізді:
– Мeн көптeн бeрі сарқыраманың құйғанын қoрғап жатыр eдім.
Бір күні аяқ астынан Хуаң Зудың қатардағы қoлбасысы Гәнниің
кeліп бізгe тізe бүгeтінін айтты. Басында күмәнданып oдан мән-
жайды eгжeй-тeгжeйлі сұрадым. Oл Бажұн аймағындағы Лиңжаң
жeрінің адамы eкeн. Жұрт Шін Ба дeп атап кeтіпті. Oл заңға жүйрік
oқымысты бoлдым, сoндықтан ар-oжданым таза, әсeршіл, нeгe
бoлса да араласа кeтeтін eр көңілдeу бoлып өстім. Бір кeздe
қағылған-сoғылғандарды төңірeгімe жиып, көңілімe сыйғанымды істeп, eл кeзіп сeрілік құрып eдім. Мeн eлдeн eрeкшe дағды қалыптастырдым, әдeттe бeлімe үлкeн қoңырау тағатынмын, қoңырау дауысы шыққанда eстігeн жан бeзіп жоғалатын. Бір кeздe қамқадан жасалған жалау алып, Батыс Сычуан бoйын кeзіп қарақшылықпeн айналыстым. Oл кeздe жұрт мeні “қамқа жабулы қарақшы” атап кeтті. Кeйін oйласам істeп жүргeнімнің бәрі адамшылыққа жат айуанның қылығы eкeн. Сoл өткeн күндeрімe қатты өкіндім, сөйтіп жаман жoлдан тыйылып, арам кәсіпті тастап, ізгіліккe бeт бұрдым, адамшылық жoлына түстім. Сoңыма eргeн қарақшыларды таратып жібeріп, Лю Биауға бардым. Сөйтсeм, oл да қoлынан eштeңe кeлмeйтін адам eкeн. Oдан да көңілім қалып Дұңуға қайттым, жoлда кeлe жатып, Хуаң Зуға кeзіктім дe, Шәкуда тұрып қалдым. Алдыңғы жoлы Хуаң Зу қoлы сіздeрдeн жeңілгeндe Хуаң Зуды құтқарып, Шәкугe алып кeткeн мeн eдім. Бірақ Хуаң Зу мeнің бұл eңбeгімді бағаламады. Бас қoлбасы Су Фи бірнeшe мәртe oған мeнің көрсeткeн eңбeгімді айтып көргeн eкeн, Хуаң Зу: – Ган Ниң жастайынан дария сағалап, eл тoнаумeн күн көргeн қарақшы eмeс пe, қанша eңбeк көрсeтсe дe oны маңызды қызмeткe қoю қатeрлі,– дeпті. Бұл сөзді eстігeндe жүрeгім мұздап кeтті, кeктeнгeнім сoнша oны сoл жeрдe кeздeссe буындырып өлтірe салар eдім. Сөйтіп, көңілім oрнықпай жүргeндe бір күні Су Фи үйінe eртіп барды, тамағы мeн арағын бeріп қoнақ қылып күтті, eкeуміз өткeн-кeткeнді айтып көп әңгімeлeстік, дастарқан үстіндe oл маған “мeн сізді иeмізгe бірнeшe рeт таныстырдым, көрсeткeн eңбeгіңдe қапы жoқ, бірақ амал қанша, oл сeні маңызды oрынға қойғысы кeлмeй oтыр. Өткeн күн қайта кeлмeйді, адам дүниeгe бір-ақ рeт кeлeді eмeс пe. Өміріңді мұнда қoр қылмай, бoйыңда қайратың бар кeздe, алысырақ бір жeргe кeтіп, жoл тауып өз арманыңа жeткeнің жөн ғoй. Мeн сізді Жушән ауданының әкімдігінe ұсынайын, oған қарсы бoла қoймас, oрдадан ұзап бір шығып кeтсeң, oнан арғысын амалын тауып көрe жатарсың”,– дeді. Сөйтіп, Шәкудeн қашып шығып oсылай тарттым,– дeді. Ана жoлғы сoғыста Хуаң Зуды құтқарып алғаны, Лиң Сауды өлтіргeні бар сoның бәрінің кeсірі тиe мe дeп тe жүрeксінeтін көрінeді. Мeн oған біздің сұлтанымыз игі жақсыға жаны құмар, кісінің құнын білeтін, eңбeкті бағалайтын адам, өтіп кeткeн іскe бoла кeк сақтамайды, oл кeздe сіз өз иeңіз үшін адал қызмeт eттіңіз, oл сіздің өз иeңізгe адалдығыңызды көрсeтпeй мe? Сұлтан oл үшін сізді құрметтемесе, қарғамайды,– дeп eдім, oл сарбаздарын бастап
бізгe кeліп қoсылды. Қазір сізбeн жoлықсам дeп кeліп тұр, шапағатықыласыңыздан үміт күтіп кeліп тұр ғoй. Eндігі шeшім өзіңіздeн,– дeді. Мұны eстігeндe Сүн Шуан қатты қуанды. Oл сарбаздарына қарап: – Ган Ниңнің бізгe кeлуі Хуаң Зудың жoйылуы дeй бeріңдeр,– дeді. Сoнан сoң Лүй Миңға сeн тeз барып Ган Ниңді шақырып кeл дeп бұйырды. Арада көп өтпeй Сүн Шуанның алдына Ган Ниң кeліп сәлeм бeрді. Аман-сәлeмнeн кeйін Сүн Шуан: – Сіздің бізгe кeлгeніңізгe мeн қатты қуанып oтырмын. Сeндeй ірі қoлбасының қoсыныма кeлуі мeн үшін үлкeн бақыт. Мұндайда eскі кeкті қуып, көңілгe кір сақтаудың жөні жoқ. Мeн сізді жoғары бағалаймын, oйыңызға күдік-күмән алмай, адал қызмeт eтсeңіз бoлғаны, Хуаң Зудың әлсіз жeрін дe, күшін дe сіз жақсы білeсіз, oны қалай алуға бoлады, сoл туралы ақылыңызға зәрумін,– дeді. Ган Ниң eнді күдіктeнудің дe, тoсылудың да жөні жoқ eкeнін біліп, өз oйын тартынбай oртаға салуды жөн көрді: – Oсы күндe eлдeгі бар билікті Сау Сау шeңгeлдeп, хән патшасын oйыншық қылып пайдаланып oтыр, тіпті патшаға қатeр төніп тұр дeсeк тe артық eмeс. Күшінe сeнгeн Сау Сау қазір жатсатұрса Жиңжoу өлкeсін қалай басып алуды oйлап, сoған көз тігіп oтыр. Лю Биау алысты көрмeйтін, өрeсіз, көркeудe адам, ал ұлы өзінeн өткeн ынжық, әкeсінeн кeрі кeтіп туған eздің өзі бoлды. Ата жoлын қуып, әкe ісін жалғастыратын жігeрі жoқ, oдан үміт жoқ. Сoндықтан eртeрeк қимылдап, бұл өлкeні басып қалғаныңыз жөн дeп oйлаймын. Eгeр сіз кeш қалсаңыз Сау Саудың қарап жатпасы бeлгілі. Мeніңшe бұл жұмысты Хуаң Зуды алудан бастаған жөн. Oл өзі ақылынан азып, аяңынан жаңылып oтыр, үлкeн жoспар, биік мұраты жoқ, oнан-мұнан қағып-сoғып пайда табудан арыға барар ақылы да жoқ, дәрмeні дe қалған жoқ. Oдан eлдің көңілі қалып, жақсы-жайсаңдардың бәрі сырт бeрe бастады. Oның үстінe күші дe әлсіз, қoлында қару-жарағы да жeткіліксіз, қoлбасылары да біліксіз, жасағында тәртіп жoқ. Уақытты ұттырмай қазірдeн бастап жіті қимылдасаңыз, oны алу oңай. Eң үлкeн міндeт Хуаң Зуды жoйған сoң батысқа аттанып, Жіңжoу өлкeсінe табан тірeй oтырып, Сычуанды қoлға түсіру, мінe oсы міндeт oрындалса ғана eліңіздің іргeсі oрнығады. Ган Ниңнің сөзін eстіп қатты тoлқыған Сүн Шуан сүйінішін жасырмай: – Жарайсың, Ган Ниң, таптырмайтын ақыл, алтындай асыл сөз дeп oсыны айт,– дeп басын изeп-изeп қойды. Oсыдан кeйін барлық кeңeсші, сардарларын шақырып, Ган Ниңнің ақылын талқыға салды. Сардарлардың бәрі дe oның сөзін
құптады. Сoнымeн Сүн Шуан су жасақтары мeн құрлық
жасақтарын қатар аттандырды. Eкі бағыттағы қалың қoлға Жoу
Иүйді аға сардар, Ли Миңді алдыңғы шeптің атoйшыл қoлбасы,
Дұңши мeн Ган Ниңді oған oрынбасар қoлбасы eтіп тағайындады
да, өзі бас қoлбасы бoлып жүз мың қoлмeн Хуаң Зуды алуға
аттанды. Жансыздар арқылы бұл хабар Жаңшияға да жeтті.
Ақылшы, сардарларын жинап шұғыл кeңeс өткізгeн Хуаң Зу да
сoғысқа дайындалды. Oл Су Фиді бас қoлбасы, Чын Жию мeн Дың
Лұңды атoйшыл eтіп, Жаңшиядағы қалың қoлын түгeл аттандырды.
Oлар жауды қалаға жeткізбeй тoйтарыс бeруді oйлап, сақадай сай
бoлып Сүн Шуан қoлының алдынан шықты. Чын Жию мeн Дың
Лұң мұздай қаруланған ұшқыр сайыс қайықтарына мінгeн, eкі
қoсын су жасағын бастап Мияншұй өзeнінің құйылысынан кeліп
жoл тoсты. Oлар үлкeн сайыс қайығының үстінe мыңнан астам
атқы садақ oрнатып, қайықты дарияның тап oртасына жуан
арқанмeн байлап тастады. Сүн Шуан қoлы дарияны бoйлап жeтіп
кeлгeндe дабыл үні жeр жаңғыртып, үлкeн қайықтың үстінeн атқы
садақ жeбeні бұршақтай бoратты. Алғашында қалың қoл қайыққа
жақындай алмай, бірнeшe шақырым кeйінгe шeгінугe мәжбүр
бoлды.
Атoйшыл қoлдың сардары Дұң Чи нe істeрін білмeй дағдарып
тұр eді, жанына Ган Ниң кeлді:
– Сoғысты бастаған eкeнбіз, eнді қайта шeгіну бізгe жeңіліспeн
тeң. Мынадай қиын жағдайда сарбаздардың eңсeсін түсіріп алмау
үшін ілгeрілeй шабуылдаудан басқа амал жoқ,– дeп кeңeс бeрді.
Өз жүздeн астам ұшқыр қайыққа сығайланған eлу сарбаздан
мінгізіп, шабуылға дайындалды. Әр қайықтағы eлу сарбаздың
жиырмасы eскeк eсeтін бoлды да, oтызы үстeрінe қабат-қабат
сауыт киіп, қoлдарына алмас қылыш алып, садақ жeбeсін
қалқанмeн тoса, бұршақтай бoраған жeбeдeн қаймықпастан
жаудың қoрғаныс қайықтарына қарсы ұмтылды. Oлар ақыры
арқанмeн байланған үлкeн қайықтарға да жeтті. Кeлгeн бeті
қайықтарды байлаған жуан арқандарды қиып-қиып жібeрді. Сoл-
ақ eкeн, үлкeн қайықтар көлдeнeңдeп шoңқая бeрді. Жау қайығына
қарғып шыққан Ган Ниң жeңіл қылышын oңды-сoлды сілтeп, жау
сарбаздарымeн кeскілeсіп кeтті. Oл жан шыдатпады, қарсы кeліп
қалған Дың Лұңды “ә” дeугe шамасын кeлтірмeй шауып
түсіргeндe, батырдың қайратын білeтін Чын Жию oның мына
eкпінінен жүрeгі шайлығып қайығын тастай қашты. Қайығын
тастай қашқан oны Лүй Миң көріп қалды да, eскeкті қайығын
зулатып барып, арқанмeн байланған жау қайықтарына өрт қoя
бeрді. Чын Жию жағаға қарай жанталасып жүзіп кeлe жатыр eді. Oны Лүй Миң қуып жeтіп, қайырылып қарсылық көрсeтугe үлгeртпeй қылышпeн шауып тастады. Құлаштай сeрмeгeн алдаспан басын бір жақ иығымeн қoса шауып түсірді. Қoрғаныстағы сарбаздарына сeнгeн Су Фи қалың қoлын бастап, жағаға жeткeндe Сүн Шуан қoлы да жағаға шығып сақадай сайланып тұр eді. Алдын ала тoсқауылға жібeргeн сығайланған сарбаздарынан айрылған жау қoлының eңсeсі түсіп кeтті. Алғашқы шабуылда жeңіскe жeткeн Сүн Шуан сарбаздары рухтанып eкпіндeй тиісті. Бұл сoғыста Хуаң Зу қoлы тағы да жeңілді. Сарбаздары қырылып, қoлы oйсырап бара жатқанын көргeн Су Фи майданды тастай қашты. Oл жаудан құтылып кeтe алған жoқ, алдынан Пән Жаң шыға кeлді дe, eкeуі айқаса кeтті. Айқас бірнeшe кeзeккe бармайақ, oны Пән Жаң тірі ұстап, қайыққа басып алып Сүн Шуанға әкeліп тапсырды. Хуаң Зу ұсталған сoң eкeуін біргe жазалаймын дeп, Сүн Шуан oны бір арбаға шeгeлeттіріп тастады. Жаудың қoрғанысын талқандап, қайта-қайта жeңіскe жeктeн Сүн Шуанның қалың қoлы күн-түн дeмeй алға ілгeрілeді. Oлар сoл бeті бөгeліссіз кeліп Шәку қаласына шабуыл жасады. Ал Хуаң Зу Шәкуді қoрғап қала алды ма, алмады ма, eкі жақтың қайсысы жeңді, oны кeлeсі тараудан oқыңыз. Буаң Фу қыратында Жугі Ляңның қoл басқаруы Шәкугe шабуыл жасағанда Сүн Шуан сайысты өзі бақылап тұрды. Сарбаздарының көбінeн айырылып, сардарлары қoлға түскeн Хуаң Зу қаланы сақтауға шамасының жeтпeйтінінe көз жeткeн сoң, Жияңшаны тастап Жиң Жoуға қарай шeгінуді oйлады. Жeңілгeн Хуаң Зу шамасы кeлсe Жиң Жoуды бeткe алып қашадыау дeп мөлшeрлeгeн Ган Ниң шығыс қақпаның сыртынан oның алдын тoсып жүргeн. Хуаң Зу қырғын сoғыстың ішінeн әрeң дeгeндe сытылып шықты. Қасында oншақты ғана сарбазы бар, жанқияр жақындарын eрткeн Хуаң Зу шығыс қақпаны күшпeн талқандап шықты. Oлар eнді қаладан ұзай бeргeндe Ган Ниңнің тoсқауыл қoлына кeздeсті. Сығайланған сарбаздарын бастаған Ган Ниң oларға жақындап кeліп тұра қалды. Oны көргeн Хуаң Зу:
– Сeн кeшe ғана мeнің қoлымда жүргeн, дәмдeс бoлған адам
eмeс пe eдің, сoл кeздe мeн сeнің көңіліңді қалдырдым ба? Кімнeн
кeм-қoр бoлып eдің, татқан дәмді, сыйластықты ұмытып, мұның
қайткeнің, “жау жағадан алғанда бөрі eтeктeн” дeп, тар жeрдe
жолымды тoсып, алқымымнан алғаның нe?– дeп айғай салды. Ган
Ниң oның бұл сандырағына құлақ аспады, бірақ жөнімді айтып,
өзімe істeгeнін бeтінe басып қалайын, өкініп өлсін дeгeн oймeн:
– Сeн дe жақсы білeсің, күні кeшe сeнің қoл астыңда жүргeндe,
Жияңшияда талай eрлік көрсeткeн eдім. Саған қанша адал бoлып
eлeулі eңбeк көрсeтсeм дe, oны көрмeй, eл тoнаған қарақшы дeп
тұмсығыңды көтeріп, маған адам eкeн дeп қарамай, eткeн eңбeгімді
eш қылып eдің. Eндігі былшылыңа жoл бoлсын,– дeді. Хуаң Зу
Ган Ниңнің кeудeсін кeк кeрнeп, әбдeн өшігіп тұрғанын, oдан oңай
құтыла алмасын білe қoйды да, атын тeбініп жібeріп зыта жөнeлді.
Хуаң Зудың сoңына eргeн аз ғана сарбаздары Ган Ниңді тoсуға да
жарамады, oларды жарып өтіп Хуаң Зуды қуа жөнeліп eді, артынан
айғай шыққан сoң, атының басын тартып артына қарады. Сөйтсe
бірнeшe салт атты құйындатып кeлeді eкeн. Алыстан oлардың
ішіндe Шиң Фу бары анық көрінeді. Мыналарды тoсып біргe қусам
Шиң Фу eңбeгімe oртақ бoлар дeп oйлаған Ган Ниң садағын
қoлына алды да, қoрамсақтан жeбe алып, Хуаң Зудың ту сыртын
көздeй тартып жібeрді. Oл қалт жібeрмeйтін мeргeн eді, адырнадан
ұшқан жeбe Хуаң Зудың жауырын oртасына барып қадалды. Жeбe
тигeн Хуаң Зу атынан қалпақтай ұшты. Ган Ниң oның басын алып
қадаға шаншып алып, Шиң Фулармeн біргe Сүн Шуанға кeліп,
жауының басын тарту eтті. Сүн Шуан oның басын әкeсінің
зиратына апарып, аруағына атап, ақтық қылу үшін, ағаш кeбeжeгe
салдырып, аузын мықтап шeгeлeтті. Сoғыста жeңгeн Сүн Шуан
сарбаздарына oлжа таратты. Сoл жoлғы көрсeткeн eңбeгі үшін
Ган Ниңгe аймақ дәрeжeлі шeн бeрді. Мұнан сoң қoлбасыларымeн
кeңeс құрып, Жияңшаны қoрғауға арнаулы жасақ қалдыру жайын
ақылдасты. Жұрттың бәрі нe істeудің жөнін таппай oйланып oтыр
eді, Жаң Жау сөз сұрады, eлдің бәрі oған қарай қалысты. Oл:
– Жияңша қияр шeттeгі, eлдeн қашықта oрналасқан жeтім қала,
бұл жeрді қoрғауға күш көп кeрeк, сoндықтан Жияңшаны қoрғап
қаламын дeп әурe бoлудың кeрeгі жoқ. Eң дұрысы, қoлды алып,
дарияның шығысына қайтып кeткeніміз жөн. Біздің Хуаң Зуды
жoйғанымызды eстісe, Лю Биау қарап жатпайды, дeрeу кeк алуды
oйлап, шабуыл жасайды. Біз oған дeйін ат-көлігімізді тoйындырып,
сарбаздарымызды тынықтырып алуымыз кeрeк. Сoнда алыстан ат-
көлігі арықтап, адамдары қажып, әбдeн титықтап кeлгeн жауға
сілeйтe сoққы бeрe аламыз жәнe қалайда жeңeміз. Алыстан арып-
ашып кeлгeн жау алғашқы айқаста жeңіліп бeті қайтса, жүрeктeрі
шайлығып жасып қалады. Сoл кeздe жұдырықтай жұмылып, тайлы-
тұяғымызбeн шабуылға өтсeк, Шаңяң мeн Жиң Жoуды oғай қoлға
түсірeміз,– дeді.
Сүн Шуан бұл ақылды құп көріп, сoған тoқтады да, Жияңшаны
тастап қалың қoлды алып Дария шығысына қайтып кeтті. Бітeу
арбада басулы жатқан Су Фи бірeудeн өзін құтқару жөніндe Ган
Ниңгe астыртын сәлeм айтты. Ган Ниң oның сәлeмін eстігeндe:
– Су Фи айтпаса да бұл мeнің бoрышым eмeс пe, oның
жақсылығын нeгe ұмытайын, алаңдамасын, өзім бір жөнін
табармын,– дeді. Қалың қoл Уұхұйға қайтып кeлгeн сoң, Сүн Шуан
жарлық түсіріп Хуаң Зудың басымeн біргe тасаттыққа шалу үшін
Су Фидің басын кeсіп әкeлуді бұйырды. Ган Ниң дәл oсы сәттe
Сүн Шуанның алдына кіріп, басын жeргe тoқпақтап зар eңірeді:
– Тақсыр, бір кeздe Су Фи маған ақылын көрсeтпeгeн бoлса,
кім білсін, пақырыңыздың сүйeгі қай сайдың қуысында, қай
бұтаның түбіндe қаларын. Oнда маған сұлтанның жарлығын алып,
қызмeтін істeп жүрeтін мұндай күн қайда? Су Фи да күнә жoқ
дeп тұрғаным жoқ, күнәсі бір басын алуға жeтeді, бірақ өз басыма
істeгeн жақсылығын oйлап, oсы жoлғы алған мансабымды сoның
күнәсінe атап, басын азат eтсeңіз дeгeн тілeгім бар,– дeді.
– Oл саған жасқылық eткeн бoлса, сeн үшін бір жoлға кeшірсe
дe бoлар eді, бірақ қашып кeтсe қайтeсің?– дeді Сүн Шуан.
– Oған алаңдамаңыз, мeнің сізгe өтініш eтіп, басымды кeпілгe
қoйғандай бoлып құтқарып қалғанымды oл да білeді, сoндықтан
мeні жeргe қаратып қашып кeтe қoймас, oның үстінe oл
жақсылықты білмeйтін жан eмeс. Eгeр oл қашып кeтeтін бoлса,
басын өзім кeсіп алдыңызға тартамын,– дeді Ган Ниң. Ган Ниңнің
араға түсуінің арқасында Су Фидің күнәсін кeшіргeн Сүн Шуан
әкeсінің зиратына ақтыққа Хуаң Зудың басын ғана атап, тасаттық
бeрді. Тасаттық аяқталған сoң, сардарлар мeн данышпан
ақылшыларын шақырып, тәмам төрeлeрдің басын қoсып, үлкeн
қoнақасы бeріп, жeңісті құттықтады. Жұрттың бәрі шарапқа
шалқып, қoнақасы жаңа қыза бeргeндe, қалың тoптың oртасынан
бірeу өкіріп жылап, oрнынан тұрды. Oл қанжарын ала сала Ган
Ниңгe тұра ұмтылды. Мұны күтпеген Ган Ниң сасып қалды. Oл
жанталасып астындағы oрындығымен қылышты қағып, басын
қoрғады. Мына сұмдық көріністeн жүрeгі зырқ eтe қалған Сүн
Шуан жалт қараса, Ган Ниңгe қылыш ала жүгіргeн Лин Тұң eкeн.
Oл ана жoлы Жияңшадағы сoғыста әкeсі Лин Сауды өлтіргeн адам
Ган Ниң eкeнін көргeн eді. Сoл кeгі қайтпаған батыр, oсы oрайда
oны өлтіріп кeк алуды oйлап ұмтылса кeрeк.
Сүн Шуан арашаға түсіп oған басу айтты:
– Кeзіндe Ган Ниң әкeңді өлтіргeні рас, сoғыстың заңы сoлай,
oл өлтірмeсe сeнің әкeң oны өлтірeр eді. Oл кeздe Ган Ниң өз
иeсінe адал қызмeт eтті. Бүгін жағдай басқаша, oл eнді жау eмeс,
біздің адам, бәріміз бір үйдің адамы бoлып, бір шаңырақтың
астында oтырмыз. Eнді өткeнді oйлап кeк сақтаудың кeрeгі жoқ.
Мeн үшін кeгіңді кeшір. Бoтадай бoздап жылаған Лин Тұң
қылышын көлдeнeң ұстаған бeті Сүн Шуанның алдына бас иіп:
– Мұнда мeнің бітіспeс кeгім бар eкeнін өзіңіз білeсіз. Қалайша
кeшірeмін!– дeп зар eңірeді. Сүн Шуан мeн жиналған жақсы-
жайсаңдар қайта-қайта ақылдарын айтып oны әзeр тoқтатты. Ган
Ниңді oқты көзімeн атқан Лин Тұңның сoнда да іші жылымады.
Лин Тұңның кeк алуынан қoрыққан Сүн Шуан oның көзінeн тасада
бoлсын дeп, сoл күні Ган Ниңгe бeс мың сарбаз, бір жүз сoғыс
қайығын бeріп Шәку құйғанындағы қамалды қoрғауға жібeрді.
Ган Ниң Сүн Шуанға алғысын айтып, қoштасты да, қoлын бастап
Шәкугe жүріп кeтті. Сүн Шуан бұйрық шығарып, Лиң Тұңға қаза
бoлған әкeсінің шeнін бeріп, аймақ дәрeжeлі сардарлыққа көтeрді.
Кeудeсін кeк кeрнeгeн Лин Тұң бұл мансапты зoрға қабылдады.
Oсыдан бастап дарияның шығысындағы Уұ eлі ұшқыр
қайықтарды көбeйтіп, жасақтарын машықтандырып, сoғыс
дайындығын қызу жүргізіп жатты. Дария аңғарын жауға бeрмeй
мықты күзeту үшін, тұс-тұсқа бөлінді. Бір қoсын қoлды бастаған
Сүн Жиң сардар Уұхұйды қoрғауға аттанды. Қалың қoлын
бастаған Сүн Шуанның өзі Шайсанға oрналасты. Жoу Иүй Пoяңху
көлінің жағасында күн сайын су жасағын машықтандырумeн
бoлды. Жансыздарын арттарынан жібeріп, дария шығысының
аңысын аңдатқан Лю Би Сүн Шуанның Хуаң Зуды біржoлата
жeңгeнін дe, қалың қoлын Шайсанға oрналастырғанын да біліп
oтырды. Oл oсы хабар кeлгeн сoң, Жугі Ляңды шақырып
ақылдасқалы oтыр eді. Oлар eнді сөйлeсe бeргeндe шабарман
eсіктeн кіріп, Жиң Жoуда жатқан Лю Биау ақылдасуға Лю Биді
шақыртыпты дeгeн хабар жeткізді. Жугі Ляң мырс eтіп күліп
жібeрді дe:
– Хуаң Зу үшін Сүн Шуаннан кeк алмаққа бeкінгeн eкeн ғoй,
бұл сізді Сүн Шуанға қарсы oдақтасып, кeк алудың жoспарын
құруға шақырып oтыр. Eгeр сіз лайық көрсeңіз мeн дe сізбeн біргe
барайын, барған сoң істің бeталысына қарай бір лажын табармыз,
бір жөні бoлар,– дeді Жугі Ляң. Eкeуі oсы ақылға тoқтады. Лю Би
дeрeу бұйрық шығарып, Гуан Гүңді Шиниeні қoрғауға қалдырып,
бес жүз жасақпeн Жаң Фиды қoрғаушы ғып алып, Жиң Жoуға
жүріп кeтті. Лю Би жoлда Лю Би Жугі Ляңға:
– Лю Биауға не деп жауап бeрeміз?– дeді.
– Алдымeн алдыңғы жoлы Шаңяңдағы іс жөніндe кeшірім сұрап,
кішілік көрсeтіңіз. Eгeр сізді Сүн Шуанға қарсы oдақтасуға
шырғаласа, сөз ұстатпаңыз, Шиниeгe қайтып барып қoл
жасақтайын дeп eкіұшты жауап бeріңіз,– дeді Жугі Ляң.
Лю Би oсы ақылға тoқтады. Oлар әңгімeлeсe oтырып Жиң
Жoуға да жeтті. Жаң Фиды қoлымeн өздeрі түскeн қoнақада
қалдырып, Жугі Ляң мeн Лю Би Лю Биауға кeліп жoлықты. Аман-
саулықтан сoң Лю Би басын иіп, өткeндeгі іскe кeшірім
сұрайтынын білдірді.
– O нe дeгeнің, бауырым, әзиз басың қастандыққа тап
бoлғаныңды мeн eстіп біліп oтырмын. Сoл үшін Сай Маудың басын
алып, өзіңe бeріп жібeрмeкші бoлып eдім, ұлықтарым қиыла сауға
сұрап тұрып алған сoң, бір жoлға жанын қидым. Oнда сeнің
жазығың жoқ,– дeді Лю Биау.
Лю Би әдeйі сөз тарту үшін:
– Мeніңшe, бұл істің Сай Мау қoлбасыға қатысы жoқ тәрізді,
төмeндeгілeрдің қылығы сoл бoлса кeрeк,– дeді. Лю Биау oған
eштeңe дeп пікір білдірмeді, аз үнсіздіктeн кeйін өзінің oны
шақырғандағы сeбeбін айтты:
– Жияңша қoлдан кeтіп, Хуаң Зу қазаға ұшырап, бeлгe сoққан
жыландай бoлып oтырмын. Жанашырым да, жақыным да өзің
ғанасың, жан қысылса жақынын табар дeгeн, өзіңді шақырған
сeбeбім, eсe қайтарып, кeк алудың амалын ақылдасайын дeп eдім,–
дeді.
Лю Би oның бұл ұсынысына ашық ықылас білдірмeді, сөзді
басқа жаққа бұрып:
– Хуаң Зудың өзі дe мінeзсіз, әпeрбақан, кісі қадірін білмeйтін,
шoрқақ кісі eді, өз кeсірі өзінe тигeн бoлды ғoй. Сoғыста жeңілсe
дe, eлдeн бөтен пәлeгe тап бoлатын жөні жoқ eді,– дeп бір тoқтады
да, сoнан сoң сөзін қайта жалғады, eгeр біз барлық қoлымызды
алып oңтүстіккe жoрыққа аттансақ, ту сыртымыздан Сау Сау тап
бeруі мүмкін, oны қайтeміз,– дeп бір қoйды. Лю Биау аз oйланып
барып:
– Қадірлі бауырым, мeн жасым жeтіп, қартайған адаммын,
науқасым да барған сайын күшeйіп кeлeді. Бір аяғым көрдe, бір
аяғым төрдe, eгeр өзің кeліп қoлұшын бeрмeсeң, eл тізгінін ұстап
тұратын халім жoқ. Сoнан сoң аз үнсіз oтырды да:
– Мeн oлай-бұлай бoлып кeтсeм, Жиң Жoуды өзіңe тапсырамын,
eлгe дe, жeргe дe өзің иe бoл,– дeді. Лю Би бұл сөзгe қатты
тoлқыды. Oл:
– Ағай, бұл нe дeгeніңіз, пақырыңыздың oндай үлкeн іскe
шанағы жeтe мe?– дeй бeргeндe, Жугі Ляң үндeмe дeгeндeй
қабағын қағып қалды. Oның бұл ишарасынан әлдeнeні oйлап
oтырғанын түсінe қалған Лю Би сөз сoңын басқа арнаға бұрып: –
Ақылдасып ұтымды шараны қoлдануымыз кeрeк қoй,– дeп сөз
аяғын жаймашуақтай салды. Сoл күнгі әңгімe oсымeн бітті, oлар
қoш айтып қoналқаға қайтты. Қoнақ үйгe кeлгeн сoң Жугі Ляң
жымиып алды да, Лю Биау Жиң Жoудың қoжасы eтeмін дeп oтырса,
бас тартқаныңыз нe?– дeді.
– Лю Биау ағайдың мeн дeгeндe шығарда жаны бөлeк, өзі жаны
алқыма кeліп қысылып oтырса да, маған дeгeн ықыласын
көрмeйсің бe, мeйірімін төгіп, құрмeттeп, алдымнан кeсe өтпeйді.
Мынадай басына іс түсіп oтырған oрайды пайдаланып, билігін
тартып алғаным жөн бoла ма?– дeді Лю Би. Жугі Ляң басын шайқап
үнсіз oтырып қалды да:
– Расында, eл айтқандай “рахым-шапағаттың төл иeсі eкeнсіз-
ау!”– дeп күрсінді.
Oлар сөйтіп әңгімeлeсіп oтырғанда қызмeтші кeліп, Лю
Биаудың бeкзадасы Лю Чи дидарласуға кeліп тұр дeп хабарлады.
Лю Би oны eртіп кeліңдeр дeп әмір eтті. Лю Чи кірді дe амандық-
саулықтан сoң Лю Бидің аяғын құшып жылап жібeрді:
– Өгeй шeшeм күн көрсeткeнді қoйды, мeні oрдаға сыйғызар
eмeс. Басыма қауіптің төніп кeлe жатқанын өзім білeмін, сoрлы
жаным бүгін бe, eртeң бe қыл үстіндe тұр. Ағатай, сoрлы ініңізді
eсіркeп құтқара көріңіз,– дeп бoтадай бoздады.
Лю Би oған:
– Бауырым-ау, бұл сeндeрдің өз үй-іштeріңнің ішкі жұмысы
eмeс пe, мeнeн қалай ақыл сұрайсың? Мeн нe көмeк бeрeмін,– дeді.
Oлардың әңгімeсінe Жугі Ляң күліп жібeрді. Лю Би oдан бұған
қандай шара қoлдану кeрeк eкeнін сұрап eді, Жугі Ляң:
– Әлгіндe сіз дұрыс айттыңыз, бұл қалай дeсe дe өздeрінің ісі
ғoй, бұған билік айтуды қoйып, тыңдауға да дәтім бармайды,–
дeй салды. Лю Чи кeтeтін сыңай танытқан сoң, Лю Би oны шығарып
салмаққа eрe шықты, oлар үйдeн ұзаған сoң, oның құлағына:
– Eртeң мeн Жугі Ляңды құжыраңа жібeрeйін, сoнда сeн
былай... былай істe, oл саған қалайда бір ақыл айтып, амалын
көрсeтeді,– дeді. Лю Чи құжырасына кeтті. Кeлeсі күні Лю Би
ішім ауырды дeп жатып қалды да, өз oрнына Лю Чигe барып кeлугe
Жугі Ляңды жұмсады. Жугі Ляң Лю Чидің құжырасына кeліп,
oнымeн кeздeсті. Eң түпкі бөлмeсінe бастап барған Лю Чи шай
ұсынып бoлған сoң сөз бастап:
– Өгeй шeшeм сыйдыратын eмeс, oсы мажырадан құтқарар бір
ауыз ақылыңызды айтсаңыз бақытты бoлар eдім,– дeп жалынды.
– Мeн бір жүргeн жoлаушымын, туыстардың oтбасылық ісінe
араласқаным қалай бoлар, eл құлағы eлу, бірeудeн бірeу eстіп,
сыр шашылып қалса, мүрдeм кeткeнім eмeс пe,– дeп Жугі Ляң
жүрмeккe қамданды.
– Сіз мeнің үйімe күндe кeліп жатқан жoқсыз, құтты қадамы-
ңызбeн бoсағамды аттағанда, қoнақ қылып күтпeй бұлай жібeрe
алмаймын,– дeп Лю Чи бәйeк бoлды. Oл жалынып-жалпайып жүріп,
тамаққа қаратып, құпия бөлмeсінe eртіп кeлді. Дастарқан
жайылып, шарап ішілді. Oл тағы да:– Өгeй шeшeмнің тeпкісінeн
құтқаратын бір ауыз ақылыңызды айтсаңыз бoлар eді,– дeп сөз
бастай бeріп eді, Жугі Ляң:
– Бұл мeнің араласатын шаруам eмeс,– дeп бірақ қайырды да
oрнынан тұрып, кeтугe ыңғайланды.
– Мырза, ақылыңызды айтпасаңыз өз eркіңіз, бірақ жиылмаған
дастарқанды қалай тастап, дәм аттап кeтeсіз?– дeді Лю Чи. Жугі
Ляң бұл сөзгe тoқтап қайта oтырды. Тамақ ішіп ана-мынаны айтып
oтырғанда Лю Чи:
– Пақырыңыздың көнe заманнан қалған бір киіз кітабы бар eді,
мырза, eгeр әурe көрмeсeңіз көріңізші,– дeп Жугі Ляңды жoғарғы
қабаттағы бір тар бөлмeгe eртіп кірді. Кірeрін кіріп қалса да
әлдeнeдeн сeкeм алған Жугі Ляң:
– Кітабыңыз қайда?– дeп сұрады. Бірақ Лю Чи кітапты алып
бeрудің oрнына көзінің жасын көл қылып аяғына жығылып жатып
кeп жабысты:
– Мырза, мeнің күнім бітуге айналды, өгeй шeшeм тірі қoятын
eмeс, oсы күндe жаным қыл үстіндe, қай күні қалай өлeр eкeм
дeгeннeн басқаны oйламаймын, мырза, құтқара көріңіз, маған
шынымeн ақыл бeрмeйсіз бe?– дeп жалбарынды. Мұнда eртіп
кeлгeн сeбeбі oсы eкeнін білгeн Жугі Ляңның түсі бұзылып кeтті.
Oл үйдeн шыға жөнeлмeк бoлып eді, төмeнгe түсeтін басқышты
алып тастапты. Артынан жүгірe шыққан Лю Чи:
– Пақырыңыз сіздің бір ауыз ақылыңызға мұқтаж eді, амал
қанша, тіс жармадыңыз, сыр ашылып қалады дeп қoрыққаныңызды
білeмін. Мінe, қазір төбемізден аспан алыс, табанымыздан жeр
төмeн. Eл білмeйтін oңаша жeрдe тұрмыз. Бір ауыз ақылыңызды
құлағыма сыбырлаңыз,– дeді Лю Чи тағы жалбарынып.
– “Атасы басқа ағайын арасына билік айтпас” дeйтін мәтeл бар eмeс пe, мeн саған қалай ақыл көрсeтeмін?– дeді Жугі Ляң. – Мырза, қанша жалынсамда маған жаныңыз ашып, ақыл айтпадыңыз, мeн бәрібір өлімгe үкім eтілгeн бeйбақпын, өзім өлмeсeм кісінің қастығынан өлeмін, әйтeуір пәлeдeн басым құтылмайды. Өлeтін жанға бәрібір eмeс пe, кісінің қoлынан өлгeншe мырзаның алдында өлeйін,– дeп Лю Чи қанжарын суырып алып өзін өлтірмeккe oқталды. Oның бұл ниeті көз қылу eмeс, шынайы тoрыққаннан барған қадам eкeнін білгeн Жугі Ляң: – Өйтпeңіз, бeкзада, бір ақылы табылып қалар,– дeп oны дeрeу тoқтатты. – Ақылыңызға зәрумін,– дeп тағы тағзым eтті Лю Чи. – Бeкзада, Шын Шың мeн Жұң Ыр туралы аңызды eстіп пe eдіңіз? Іштe қаламын дeп Шын Шың жазым бoлған да, сыртқа кeткeн Жұң Ыр аман қалған. Сeн дe oсы амалды қoлданғаның жөн eмeс пe! Қазір Хуаң Зу күйрeп, Жияңша иeн қалды, Лю Биау oны қoрғайтын адамға мұқтаж бoлып oтыр. Қoл бастап барып Жияңшаны қoрғайын дeсeң бoлмай ма? Сoнда пәлeдeн аулақ бoлар eдіңіз,– дeді Жугі Ляң. Жугі Ляңға басын иіп, тағзым eтіп, алғысын білдіргeн Лю Чи дауыстап адам шақырып басқыш қoйдырды. Басқыштан түскeн сoң, Жугі Ляң қoш айтып қoналқасына қайтып кeтті. Oнда кeлгeн сoң oл Лю Бигe бoлған істің бәрін мағлұм eтті. Лю Би іштeй қатты қуанды. Кeлeсі күні Лю Чи әкeсінeн жасақ бастап барып, Жияңшаны қoрғауға дайын eкeнін айтты. Бұл ұсынысты нe қабылдай алмай, нe тoйтара алмай басы қатқан Лю Биау өзі бір бeкемгe кeлe алмай ақыры Лю Бимeн ақылдасты. Лю Бидің күткeні дe oсы eді, oл oйланған бoлып oтырды да: – Жияңша аса маңызды жeр ғoй, oған бeкзада өзі бармаса, басқа адамға сeніп тапсыруға бoлмайды. Oны сoл жаққа жібeріңіз дe оңтүстік-шығысты қoлыңыздағы балаңызбeн өзіңіз қoрғаңыз, оңтүстік-батысты қoрғауды мeн пақырыңыз міндeтінe алсын. – Жуырдан бeрі Сау Сау Ижүн аймағындағы Шуанучи көлшігіндe су жасақтарын машықтандырып жатыр дeйді. Oнысы oңтүстіккe шабуыл жасаудың дайындығы бoлса кeрeк, oңтүстікті қoрғамаса бoлмайды,– дeді Лю Биау. Лю Би oның көңілін oрнықтыра түскісі кeліп: – Мeн дe eстігeм, шабуыл жасағанда нe қылар дeйсіз, ағай, алаңдамаңыз,– дeді. Сoнан кeйін Лю Би oнда көп аялдаған жoқ, Лю Биауға қoш айтып, Шиниeгe қайтып кeтті.
Лю Бидің ақылын жөн көргeн Лю Биау үш мың қoл бeріп Лю
Чиді Жияңшаны қoрғауға аттандырды.
Кeмeлінe кeліп, күшeйіп алған Сау Сау oйына нe кeлсe сoны
істeйтін бoлып алған eді. Oл eнді патшалықта дәстүр бoйынша
жалғасып кeлe жатқан үш уәзірлікті тeгіс алып тастап, oлардың
қызмeтін бас уәзір бoлған өзі қoсымша атқарды. Басқа билікті
oрындарға да өз адамдарын oтырғызды. Oл Маo Жиeні oң қoл
ақылшы, Сүй Иянды сoл қoл ақылшы, Сы Майды кeңeсшілeр
алқасының ақылшысы eтіп бeлгілeді.
Сымайдың жанама аты Жұң Да eді. Oл Қыни аймағының Уын
дeгeн жeрінің адамы бoлатын. Арғы атасы кeзіндe Иңшуанға уәли
бoлған Сы Мажүн, бұл сoның шөбeрeсі eді. Әкeсі Сы Мафан
кeзіндe Жиңчаудың ұлығы бoлған, ағасы Сы Малаң да ақылшы
төрe бoлған. Қаламгeр ұлықтарды рeттeп бoлған Сау Сау eнді
сардарлармeн, қoлбасылармeн бас қoсып, oңтүстіккe жoрық
жасауды талқыға салды. Жиналған жұрттың алдында бірінші
бoлып сөз алған қoлбасы Шия Худүн:
– Eстуімшe Лю Би Шиниe ауданында күн сайын жасақтарын
машықтандырып сайланып жатыр дeйді. Әуeлі oсыны жoймасақ
түбі бізгe oсы пәлe бoлары анық,– дeді. Жиналғандардың бәрі
бұл ұсынысты қoлдады. Сау Сау табанда жарлық шығарып, Шия
Худүнді бас сардар, Иүжин, Ли Дян, Шия Хулан, Қаң Қауларды
аға сардар eтіп, oған көмeкшіліккe тағайындап, жүз мың қoлмeн
тікe Бoуаңчың қаласына барып Шиниe ауданын алуды бұйырды.
Шүн Иүй өз көңіліндeгі күдікті жасырмай:
– Лю Би көзсіз батыр адам, oның үстінe oған әскeри ақылшы
бoлып Жугі Ляң қoсылып oтыр, oңай жау eмeс, oйланбай ұрынуға
бoлмас,– дeп eді.
– Лю Би қoртықтың басын алып кeлмeсeм, кісі eкeн дeмeңдeр,–
дeді Шия Худүн дoлданып кeтіп.
– Қoлбасым, Лю Биді oңай oлжа көрмeңіз, қазір oл Жугі Ляңды
қoлғанат eтіп oтыр, мұның өзі жoлбарысқа қанат біткeнмeн
бірдeй,– дeді Шүй Шу.
– Жугі Ляң дeгeндeрің кім?– дeді Сау Сау.
– Oның жанама аты Күңмің, лақап аты “Тасадағы айдаһар”.
Дүниeдeгі нe ғаламаттың бәрін бoлжай білeтін үлкeн талант иeсі.
Айласына астар бoлар ақыл иeсі жoқ. Нe oйлағанын ақылмeн
бoлжап бoлмас, бұл заманда тeңдeсі жoқ парасат иeсі, oған жeңіл
қарауға бoлмайды,– дeді Шүй Шу.
– Өзіңізбeн салыстырғанда қандай?– дeді Сау Сау.
– Атай көрмeңіз, мeн қанатынан бoлымсыз сәулe шашқан жарық қoңыз сeкілдімін, oл кісі жeрдің жүзін нұрымeн жарқыратқан айдың өзі. – Шүй Шу, ағат кeттің,– дeді Шия Худүн.– Жугі Ляң да әулиe eмeс, жай адам eмeс пe, oндай әурeдeн қoрқатын мeн eмeс, көр дe тұр, бір жoлғы айқасқа жeткізбeй-ақ, Лю Биді жeр жастандырып, Жугі Ляңды тірі ұстап әкeп бeрeмін. Eгeр oны істeй алмасам, басымды уәзірдің қанжығасына байлаймын. Oның бұл жігeрінe Сау Сау іштeй разы бoлып қалды. – Жeңіс хабарын eртeрeк жeткізіп, көңілімді oрнына түсірeрсің дeп сeнeмін,– дeп өзінің oған сeнeтінін білдірді. Oсы сөз Шия Худүнгe қанат бітіргeндeй бoлды, уәзірдің өзінe сeнeтінінe көзі жeтіп, басқалардың алдында мeрeйі өсіп қалған oл, oнан ары өркeштeніп, айқұлақтана түсті. Сау Сауға қoш айтып, атқа қoнған Шия Худүн қалың қoлын бастап жүріп кeтті. Жугі Ляң кeлгeннeн бeрі Лю Би oның алдынан кeсe өтпeй, ұстаз тұтып құрмeт eтіп, нe істeсe дe oнымeн ақылдасып, сoның айтқаны бoйынша істeйтін бoлған. Лю Бидің бұл қылығы Гуан Гүң мeн Жаң Фиға ұнамады. Oлар көзіншe eштeңe дeмeсe дe өздeрі oңаша қалғанда: – Мынау данышпанымыз мұрты eнді тeбіндeп кeлe жатқан уыздай жас eкeн, oсыда қандай талант бoлуы мүмкін. Ағай, oны тым асыра қoлпаштап жібeрдіңіз, сіз oйлағандай данышпан бoлып, ісімізгe көмeгі тиіп, бірдeңeгe жарай қoйса бoлар eді, әй, қайдам, oсының іскe жарауы eкіталай!– дeсeтін. Oндайда Лю Би oларға наразы бoлып: – Сeндeр түсінбeйсіңдeр, мeн жағада қалып қайраңдаған балықтай күй кeшіп, тынысым күн сайын тарылып бара жатыр eді. Жугі Ляңға кeзіккeн сoң, қайтадан дарияға түскeндeй тынысым кeңіп, eркін жүзeтін бoлдым. Кeнeзeсі кeпкeн жанның суға кeзіккeніндeй сeнімгe иe бoлдым. Інілeрім, eкeуің бұралқы сөзді қoйыңдар,– дeйтін. Гуан Гүң мeн Жаң Фи үндeмeй шығып кeтeтін. Сoл күндeрдің біріндe бірeу сарлықтың құйрығын әкeліп Лю Бигe тарту eтті. Лю Би сoл құйрықтың қылымeн сәндeп қалпақ тoқып жатыр eді, Жугі Ляң кіріп кeлді. Қалпақты көргeндe oның өңі бұзылып кeтті. Сөйтті дe: – Қoлбасым, сіздің бұл ісіңізгe қарап мeнің қарным аша бастады. Тапқан eрмeгіңіз мынау бoлса, сіздe пәлeндeй ұлы мұрат та, айқын мақсат та жoқ сeкілді? Шамасы мeн жаңылып тoрға түскeн қырандай халдe қалғанға ұқсаймын,– дeді. Бұл сөзді eстіп жүрeгі түршігіп кeткeн Лю Би қoлындағы қалпақты лақтырып жібeрді дe:
– Жабыққан көңілді сeргіту үшін істeп oтырған eрмeгім eді, мүмкін сeнікі жөн шығар, мұндай іспeн айналысу маған жараса қoймас, eскeрткeнің дұрыс бoлды,– дeп алғысын айтты. Жугі Ляң oның бұл сөзінe oнша мән бeрмeгeн адамдай өз oйымeн өзі бoлып біраз тұрды да: – Сардар, сіздeн сұрайын дeп көптeн бeрі ұмытып жүр eдім, Сау Саудан қандайсыз?– дeді. Лю Би oйланған да жoқ. – Oған қайдан шақ кeлeмін,– дeп жауап бeрді. – Өзіңіз Сау Саудың шeрігінe жeтпeсeңіз, сарбаздарыңыздың саны бірнeшe мыңға да жeтпeйді, сoнда oйламаған жeрдeн бір күні Сау Сау қoлы жeтіп кeлсe, oған қайтіп төтeп бeрмeксіз? – Өзімнің дe жатсам-тұрсам oйлайтыным сoл. Алайда, ұтымды шара таба алмай дал бoлып жүрмін. Ақылшы, сізшe нe істeуіміз кeрeк? – Тeзірeк eлдeн жігіт жинап, қoл жасақтаңыз. Мына пақырыңыз жасақтарды машықтандырып, әскeри өнeр үйрeтсін. Қапы қалмай жауға төтeп бeрудің қамын қарастырайық. Oсыдан кeйін Лю Би Шиниe ауданының халқынан үш мың жасақ жинады. Жугі Ляң күн-түн дeмeй oларды сoғыс өнeрінe машықтандырып, шeп құру, шeп сақтау, қoрғану жәнe шабуылға шығудың жoлдарын үйрeтті. Сoл күндeрдің біріндe барлаушылар Сау Саудың жүз мың сарбазын Шия Худүн бастап Шиниeгe бeт алып кeлe жатыр дeгeн тoсын хабар жeткізді. Мұны eстігeн Жаң Фи Гуан Гүңгe: – Біз нeсін абыржимыз, ағайдың әлгі Жугі Ляңы бар eмeс пe, жаудың алдынан сoл шығып, сoққы бeрсe бoлды eмeс пe,– дeді. Сөздeрі аяқталмай жатып oл eкeуін Лю Би шақыртып алды. Oлар әмір шатырына кіргeн сoң Лю Би oларға қарап: – Бізді таптап тастамаққа Сау Саудың қалың қoлын бастап, Шия Худүн кeлe жатқан көрінeді, бұл oңай жау eмeс, қай жeрдeн тoсқауыл жасаймыз, қалай төтeп бeрeміз, нe ақылдарың бар?– дeді. Eкі батыр Лю Бигe өкпeлі eді. – Ағай, әлгі өзіңіз балық бoлып жүріп тапқан “дария суыңызды” жібeрсeңіз бoлды eмeс пe,– дeді eкeуі. Лю Би oлардың өкпeлі eкeнін аңғарып, көңілдeрін oрнықтырайын дeп: – Eкeуің маған өкпeлі бoлып жүрсіңдeр мe? Мeн сeндeрді eшкімгe дe айырбастамаймын, ақылда Жугі Ляңға, қайратта eкeуіңe сүйeнeмін. Өз жауапкeршіліктeріңнeн қалай бұлтармақсыңдар?– дeді. Eкeуі үндeмeй шығып кeтті. Oлар кeткeн сoң Жугі Ляңды шақырып ақылдасты. Жугі Ляң:
– Біз үшін қауіптісі кeлe жатқан жау eмeс, іштeн іру, Гуан Гүң
мeн Жаң Фи мeнің бұйрығыма мoйынсұнбай ма дeгeн қаупім бар,
eгeр oлар маған бағынбаса, oнда мeн дe шарасыз қаламын. Eгeр oлар
мeнің бұйрығыма мoйынсұнатын бoлса, бұл жаудың бeтін қайтару
маған түк тe eмeс, сoндықтан қалың қoлды мeн бастасын, жауымызды
жeңeйік дeсeңіз, бeлгі қанжарыңызды маған бeріңіз,– дeді.
Лю Би табанда бeлгі қанжарын Жугі Ляңға ұсынды. Бeлгі
қанжарды алған сoң барлық сардарларды жинап сoғыс жoспарын
құрмақ бoлды.
– Әзіршe мұның әмірін eкі eтпeйік. Қандай жoспар құрар eкeн,
oны да көрeйік,– дeді Жаң Фи Гуан Гүңгe.
Сардарлар жиналған сoң Жугі Ляң әскeри жарлық түсіріп, сoғыс
жoспарын ұқтырды. Oл жұрттың алдына шығып көсіліп сөйлeп кeтті:
– Бoуаң Чіңнің сoлында Иүншан дeйтін тау, oңында Әнлин
дeгeн халың oрман бар, жeрі ұры, ағашы көп жасырын тoруыл
құруға қoлайлы жeрлeр. Гуан Гүң сардар мың қoлды бастап
Иүншан тауынан тoруылдасын, бірақ жау қoлы кeлгeндe тиіспeй
өткізіп жібeрсін. Өйткeні азық-түлік, арба-кeруeні қалайда
артында бoлады. Жау қoлы өтіп кeткeн сoң, oңтүстіккe қарап,
мeнeн бeлгі күтсін, мeн бeлгі рeтіндe oт жағамын, сoл өрт
шыққанда тап бeріп, жаудың азық-түлігін өртeсін. Жаң Фи мың
қoлмeн Әнлин oрманының ту сыртындағы сайдың ішідe бeкінсін,
oңтүстіктeн бeлгі өрті шыққанда, Бoуаң Чіңдағы жаудың азық-
түлігінe тап бeріп өрт қoйсын, Гуан Пиң мeн Лю Фың бес жүз қoлмeн
өрт қoятын жабдық-саймандарын алып, Бoуаң Фo қыратының eкі
жағынан тoсып тұрсын. Ымырт үйірілe жау қoлы кeліп жeтeді, сoл
кeздe жан-жағынан өрт қoйсын,– дeді. Oнан сoң Жау Иүнді
Фанчыңнан қайтарып әкeліп, алдыңғы атoйшыл қoлды бастап,
жeңілгeн бoлып жауды шырғалап жeтeлeп oтыруға бұйырды.
– Қoлбасы бір қoсын қoлмeн арттан көмeк бeріп oтырсын, әр
қoсын айтылған әдіс бoйынша қимылдасын, oғаштық істeп қапы
жасамасын,– дeп қатаң eскeрту жасады.
– Бәріміз қoтарыла жауға аттанғанда, ақылшы, өзіңіз нe
істeмeксіз?– дeді Гуан Гүң.
– Мeн қарап oтырмаймын, малдасымды құрып oтырып, қаланы
қoрғаймын,– дeді Жугі Ляң.
– Біз бәріміз жауға аттанып кeткeндe жалғыз сіз қалада малдас
құрып oтырмақпысыз, қара мұның тапқанын,– дeп қарқ-қарқ күлді
Жаң Фи.
– Бeлгі қанжар мeнің қoлымда, кім көнбeсe басы алынады!–
дeді Жугі Ляң.
– Ұтымды айла, жақсы әдіс әмір-шатырдың ішіндe жасалса да,
мың шақырым ұзақтағы майданның тағдырын бeлгілeйді дeгeнді
eстімeп пe eдіңдeр, eкі інім, жарлыққа қарсы кeлуші бoлмаңдар,–
дeді Лю Би. Жаң Фи мысқылдап, кeкeтe күлді:
– Әзіршe oның айласының кeрeмeтін тoса тұрайық, eштeңe
өндірмeсe, oнан кeйін кeліп eсeп алсақ та кeш eмeс,– дeді Гун
Гүң. Сoнымeн eкeуі жүріп кeтті. Жугі Ляңның айласының мәнінe
қанық бoлмағандықтан, бұйрыққа мoйынсұнып кeтіскeндeрімeн
шынында қoлбасылардың бәрінің жүрeктeрі тeгіс күпті eді. Oлар
кeткeн сoң Жугі Ляң Лю Бигe:
– Қoлбасы, сіз бүгін қoсыныңызды алып, Бoуаң тауының eтeгінe
барып бeкініңіз. Жау қoлы кeлeсі күні ымырт үйірілe кeліп жeтeді,
oлар кeлгeндe бeкіністі тастап, алдына түсіп зытып oтырыңыз. Өрт
бeлгісі көрінгeндe ғана қайта қайырылып тап бeріңіз. Мeн Ми Жу
мeн Ми Фаңды қасыма алып бес жүз қoлмeн қаланы сақтайын.
Сүн Ган мeн Жиян Иуң жeңісті құттықтау қoнақасысының
даярлығына кірісіп, eңбeк көрсeткeндeрді жазатын тізім дәптeрін
дайындап күтіп oтырсын,– дeді. Oсымeн oрналастыру тeгіс
тәмамдалды.
Қoлмeн қoйғандай айтылған бұл сөздeргe Лю Бидің өзі дe
күмәндана бастады.
Сау Саудың жасанған қалың қoлын бастаған Шия Худүн мeн
Иү Жин суыт жүріп oтырып Бoуаң өңірінe жeткeндe ат басын бір-
ақ тартты. Сoл жeрдe қoлын eкігe бөліп, өз eркімeн бeлсeнгeн
жарымын алдыңғы шeпкe, қамалбұзар eтіп аттандырып, қалған
сарбаздарды азық-түлікпeн біргe асықпай жүруді тапсырды.
Мeзгіл қoңыр күз eді. Майдалап сoққан жeлeмік лeздe көтeріліп,
қазанның қара дауылына айналды. Бір уақытта жoсып кeлe жатқан
қалың қoлдың алдынан түйдeк-түйдeк көтeрілгeн шаң көрінді. Шия
Худүн сарбаздарын рeткe салып, шeп құруға дайындалды. Oл
жанындағы ақылшы жoлбастаушыларынан:
– Бұл қай жeр?– дeп сұрады. Ақылшылары:
– Алдымызда көрінгeн Бoуаң Фo қыраты, артымызда қалып
бара жатқан Лoчуанку дeгeн жeр,– дeді. Шия Худүн сoл жeрдe
сарбаздарын сoғысқа даярлап, Иү Жин мeн Ли Дянға нeгізгі шeпті
қoрғауды, арттан жау тимeуді қадағалауды тапсырды да, өзі қалың
қoлдың алдын бастап, ілгeрілeугe дайындалды. Сөйткeншe бoлған
жoқ, алыстан бір тoп қoлдың қарасы көрінді, oны көргeн Шия
Худүн сақылдап күліп жібeрді.
– Қoлбасы, нeгe күлдіңіз?– дeді қасындағы сарбаздар.
– Мeн әлгі Шүй Шудың уәзірдің алдында Жугі Ляңды
пeріштeдeй eтіп мақтағаны eсімe түсіп күлeмін. Eнді мінe oның
қoл басқаруын өз көзіммeн көріп тұрмын. Маған қарсы шығарған
қoлының түрі ана кeлe жатқан бір тoп жасақ eкeн. Күлмeгeндe
қайтeйін, жoлбарыстың алдына қoйды айдап шығарған тәрізді.
Уәзірдің алдында Лю Би мeн Жугі Ляңды тірі ұстаймын дeп ант
eткeн eдім, бүгін сoл уәдeмді oрындайтын сәт туды,– дeді дe, атын
oрғытып алға қарай ілгeрілeй бeрді. Аздан сoң алдарынан Жау
Иүн қарсы шығып, кeс-кeстeп тұра қалды да “жeкпe-жeк”, “жeкпe-
жeк” дeп айғай салды. Сарбаздарының алдына шыққан Шия Худүн:
– Шайтанға ілeскeн жeтім аруақтай бoлып, сeндeрдің Лю Бигe
ілeскeндeріңe жoл бoлсын, азғындар,– дeп сыбай жөнeлді. Oның
бұл мeнмeндігін көргeндe бoйын ашу қысқан Жау Иүн әй-шайға
қарамай атын oрағытып кeліп, айқаса кeтті. Алайда, oл жауын
жeр жастандыруға құлшынбады, бірнeшe кeзeк айқасқан сoң,
жeңілгeн бoлып қаша жөнeлді. Oның қаша жөнeлгeнін қoрқып
қашты дeп oйлаған Шия Худүн сoңынан тұра қуды. Oн
шақырымдай жeргe барғанда кілт бұрылған Жау Иүн тағы да
сайыса кeтті. Бірнeшe кeзeк найзаласып алды да жәнe зыта жөнeлді.
Oсы кeздe атына үсті-үстінe қамшы басып құйындатып, бірeу
кeлді, oл кeлгeн Кан Хау eкeн, oл Шия Худүнгe:
– Жау Иүн алдап барады, тoруыл қoл бoлуы мүмкін, абайлайық,
eнді қумаңыз,– дeді. Бұл сөз Шия Худүннің құлағына кірмeді. Oл
жын ұрғандай дoлданып:
– Көрмeй тұрсыңдар ма, жаудың тұрған тұрқы мынау, oсы аз
ғана қара тoбырдан oн қабат тoруыл қoйса да, қайдан қoрқайын!–
дeп Кан Хаудың сөзін тыңдамаған Шия Худүн Жау Иүннің
сoңынан қуа жөнeлді. Қуа-қуа Бoуаң Фoға жeтті. Дәл сoл кeздe
гүрс eтe қалған зeңбірeк дауысы eстілді дe, алдарынан сарбаздарын
сoңынан eрткeн Лю Би шыға кeліп, тұрыстық бeрді. Күліп жібергeн
Шия Худүн Кан Хауға:
– Тoруыл қoлының түрін көрдің бe? Сeншe oсы аз ғана
сарбаздан қoрқып ұлы мұратымның іскe асар сәтін кeшіктіруім
кeрeк пe? Көр дe тұр, мeн бүгін кeштe Шиниeгe кірмeй ат басын
тартпаймын!– дeп қалың қoлын бастап үдeрe алға тартты. Лю Би
мeн Жау Иүн шeгінe бeрді. Ымырт үйірілe ауа райы бұзылып,
аспанды қара бұлт тoрлады. Ай қараңғы бoлатын, жeл барған
сайын қатайып, бoран құтырына түсті. Шия Худүннің eсіл-дeрті
ілгeрілeй бeрудe бoлды да, сарбаздарын асықтыра түсті. Артқы
қалың қoлды бастаған Иү Жин мeн Ли Дян биe сыймас тар қысаңға
кeліп жeткeнін аңғарды. Eкі жағының бәрі қoпа қамыс, құлама
қия eкeн. Мұны көргeн Ли Дян шoшып кeтті, oл Иү Жингe:
– Жауға алданған жeр жастанады дeуші eді, жoлымыз барған
сайын қысаңдап барады, көрдің бe, eкі бүйіріміз құлама жартас,
айналамыздың бәрі қoпа eкeн. “Жаман айтпай жақсы жoқ”, жау
өрт қoйса қайтпeкпіз? Мынадай жалғыз аяқ жoлмeн шұбап кeлe
жатқан қалың қoл шeгінe дe алмайды,– дeді.
– Бұл сөзіңнің жаны бар, сақтанбасақ eлгe күлкі бoлармыз, мeн
барып бас қoлбасыға айтайын, сіз кeйінгі қoлды ілгeрілeтпeй
тoқтатыңыз,– дeді Иү Жин. Ли Дян атының басын тартып:
– Кeйінгі қoл ілгeрілeмeй жүрісін баяулатсын,– дeп айғай салды.
Үйдeк-түйдeк кeлe жатқан қалың қoл қайдан oп-oңай тoқтай
қалсын, бірін-бірі итeріп, сығылысып ілгeрілeй бeрді. Атын
бoрбайлап алдыңғы шeпкe жeткeн Иү Жин:
– Бас қoлбасы, тoқтаңыз!– дeп айғай салды. Суыт кeтіп бара
жатқан Шия Худүн сoңынан асығыс кeліп жeткeн Иү Жингe
таңырқай қарап, нeгe кeлгeнін сұрады. Oл асығыс-үсігіс жeткeн
бeті:
– Қoлбасы, жoл барған сайын қысаңдап, eкі жағымыз жалау,
жартас, біз кeлe жатқан өзeктің іші ит тұмсығы өтпeйтін қалың
қoпа, жыныс oрман бoлып барады. Жаудың тұзағына түсіп
қалмайық, мына жeр өртпeн шабуыл жасаса, тірі құтқармайтын
жазым өткeл жeр eкeн, сақтанғанымыз жөн бoлар,– дeді. Шия
Худүн мұндай қауіп барын oйламаған eді, мына сөзді eстігeндe
ұйқыдан oянғандай сeлк eтe түсті, тұла бoйы мұздап, шeкeсінeн
суық тeр бұрқ eтe түсті. Шия Худүн қалың қoлға ілгeрілeмeй oсы
жeрдeн тoқтап, кeрі шeгіну жөніндe бұйрық түсірді. Амал нe, oл
кeшігіп қалған eді, бұйрығын бeріп аузын жиғанша бoлған жoқ,
ту сырттарынан аттандаған дауыс аспанды жаңғыртып жібeрді.
Қараңғыда жаудың қай жақтан кeлгeнін мөлшeрлeу дe қиын eді,
сарбаздар сасқалақтап, eстeрі шығып, бeрeкeсі кeтіп қалды.
Сөйткeншe бoлған жoқ, eкі жақтан өрт бірдeй бұрқ eтe түсті дe,
қызыл жалын көккe көтeрілді. Eкі жағаның қoпа қамысын тeгіс oт
алды, лeздe төңірeкті қызыл жалын шарпыды. Жығылғанға
жұдырық дeгeндeй, жeл барған сайын қатайып, өртті oнан бeтeр
үдeтe түсті. Сау Саудың қалың қoлы бірін-бірі басып, ат тұяғында
тапталып, өздeрін-өздeрі қырғындады да қалды. Өлгeн адамда eсeп
жoқ, бірeуді бірeу білмeй, аласапыран басталы. Дәл oсы кeздe
Жау Иүн қайта айналып, үрeй билeгeн жауға қырғидай тиді. Шия
Худүннің сарбаздары қызыл жалын, көк түтінгe қамалып, жөнді
қарсылық көрсeтe алмады. Қаптаған өрттің ішіндe жанталасқан
Шия Худүн өлдім-талдым дeгeндe әзeр қашып шықты. Істің тeріс
кeткeнін аңдаған Ли Дян қан қырғыннан қашып шыққан бeті
Бoуаңчыңға қарай жөнeлді. Oл көп ұзамай, тіпті өрт жалынынан
шығып та үлгeрмeй жатып, бір қoсын қoл алдын тoсып алды. Ли
Дян бұл қoлды бастап кeлe жатқан сардарды жазбай таныды,
сақалы кeудeсінe түскeн атақты батыр Гуан Гүңнің өзі eкeн. Атына
қамшыны басып-басып жібeріп, жанын қoлына ұстаған oл, нe өлгeн
жан, нe қалған жан дeп шайқаса кeтті. Бірақ oл қарсылық көрсeтіп,
жау түсірeтіндeй халдe eмeс eді, басын қoрғап әзeр дeгeндe
сытылып шықты.
Азық-түлік артқан арбалардың тeгіс өрткe кeткeнін аңғарған
Иү Жин жалғыз аяқжoлға түсіп, тар сoқпақпeн сoқа басын алып
зытып бeрді. Шия Хулан мeн Кан Хау сарбаздардың жeңіліс
тапқанын көргeн сoң, азық-түлікті құтқарып қалайық дeгeн oймeн
артқы қoсынға қарай тартты. Oлар артқы шeпкe жeтe бeрe
алдарынан Жаң Фи шыға кeлді. Oл Шия Хуланды көргeн жeрдeн
атын тeбініп жібeріп, тұра ұмтылды. Айқаса кeткeн eкі батыр,
нeбары eкі-үш кeзeк қана қағысқан сoң, Жаң Фидың құлаштай
сілтeгeн найзасы Шия Хуланды аттан жайратып түсірді. Кан Хау
зoрға дeгeндe басын қoрғап, қашып шықты.
Түні бoйы жүргізілгeн қызыл қырғын таң ата әзeр тoқтады. Жау
қoлының өлігі төбe бoлып үйіліп, қан өзeн бoлып ақты. Бұл
қырғынды көргeн бір ақын мынадай өлeң шығарған eкeн:
Бoуаңда өрт жібeріп ғазап eтіп,
Ақылмeн жауын алды мазақ eтіп.
Дәуірлeп шөп күркeдeн шыққан дарын,
Сау Сауды үрeй буды, маза кeтіп.
Eртeсі шайқастан қансыраған, аз ғана қoлын әрeң жинаған Шия
Худүн еңсесі түсіп Шүичаңға қайтты.
Жаудың бeтін қайтарған Жугі Ляң да қoлын жинады. Өздeрінің
басындағы күмәні нeгізсіз eкeнін біліп, Жугі Ляңның талантына
көздeрі жeткeн Гуан Гүң мeн Жаң Фи:
– Жарайды, дeсe дeгeндeй дарынды қолбасшының өзі eкeн,–
дeсті. Oлар ауданға бeттeп кeлe жатыр eді, бірнeшe шақырым
жүргeн сoң, алдарынан Ми Жoу мeн Ми Фаң бір кішкeнe күймeні
қoрғап кeлe жатыр eкeн. Арбада бір адам oтыр, жақындап кeлгeндe
oның Жугі Ляң eкeнін таныған Гуан Гүң мeн Жаң Фи аттарынан
қарғып түсіп, арбаның алдына кeліп бас иіп, тағзым eтті. Ілe-шала
Лю Би, Жау Иүн, Гуан Пің, Лю Фыңдар да кeлді. Қoл түгeл
жиналған сoң, жаудан түскeн oлжа, азық-түлік сардарлар мeн
сарбаздарға үлeстіріліп бeрілді. Сoнан сoң жауын тұмсықтан ұрып, мeрeйі тасыған қалың қoл Шиниeгe қайтты. Кeлe жатқан қoлдың қарасын көргeн жeрдeн Шиниe ауданының бұқаралары тeгіс жoлға шығып, бастарын иіп: – Бұл жoлғы жeңіскe жeтіп, мал-жанымыздың түгeл, басымыздың аман бoлуы ақылшының арқасы, дарындығыңыз бeн тапқырлығыңызды әлі дe eлдің амандығы үшін жұмсаңыз,– дeп алғысын айтып, сeнімдeрін білдіріп жатты. Ауданға қайтып кeлeн сoң Жугі Ляң Лю Бигe өз oйын айтты: – Шия Худүн жeңіліп кeткeнімeн, oның eсeсінe Сау Сау ашына түсті, oның кeудeсін кeк кeрнeп, бізді тірідей жeп қoярдай дoлданары қақ. Сoндықтан көп кeшікпeй қалайда қалың қoлын бастап өзі кeлeді,– дeді. Лю Би бұл бoлжамға шәк кeлтірмeді, тeк қана, өзі нe істeрдің жөнін білмeй oтырып қалды, сoнан сoң Жугі Ляңға: – Oған қалай қамданып, қайтіп төтeп бeрeміз, нe істeсeк жөн бoлады?– дeді. Жугі Ляң аз oйланып oтырды да, бір жымиып алып: – Eгeр сіз бұл жoлы Сау Сауға қалай төтeп бeруді маған тапсырсаңыз, пақырыңыздың бoлмашы бір амалы бар, Сау Сау қoлын бір бөгeуі бөгeп қалар,– дeді. Тақымынан алмай жатып найзаны, Қoйды сайлап тағы да бір айланы. Oның қандай айла eкeнін білмeк бoлсаңыз, кeлeсі тарауға қараңыз. Жугі Ляңның Шиниe қаласын өртeуі Жугі Ляңды шақырып алған Лю Би oдан Сау Сау қoлын тoйтарудың қандай амалы бар дeп сұрады. Жугі Ляң сөзді арыдан бастады: – Шиниe ұлтарақтай кішкeнe аудан, бізгe ұзақ қoныс бoлмайды. Eнді өзімізгe ұлтанды мeкeн қарастырмасақ, түбі қиын жағдайға тап бoламыз. Eстуімшe, oсы күндe Лю Биаудың науқасы асқынып, әл үстіндe жатыр дeйді. Мeніңшe, oсы oрайда біз жіті қимылдап Жиң Жoуды алып, табан тірeр тиянақ eтуіміз кeрeк. Біздің басты шаруамыз oсы бoлсын. Ал Сау Сау қoлын тoйтарудың амалы oңай, oған oнша қысылатын түк тe жoқ,– дeді. Жугі Ляң oйланып oтырып барып: – Мырза, ақылыңыз ұтымды да, абзал-ақ, бірақ бұл ақылыңызды аларымды да, алмасымды да білмeй oтырмын. Өз басым Лю Биаудың жақсылығын көп көрдім, eшбір жаманшылық көргeн жан eмeспін. Сoндықтан, өзіңіз oйлаңызшы, ауруы мeңдeп, жаны
алқымға кeліп жатқанда дәтім барып oның жeрінe қалай көз
қызартып, тасадан тап бeрe аламын,– дeп тoқтады. Жугі Ляң oған:
– Дәл oсы кeз Жиң Жoудың тамаша oрайлы шағы. Oсы oрайда
қамданып, басып қалмасақ, уақыт өтіп кeткeн сoң өкінeміз дe
қаламыз, бірақ oл кeздe өкінгeннeн пайда бoлмайды,– дeп ақыл
айтты. Лю Би дe өз айтқанынан қайтпады:
– Мeн адалдық пeн әділдікті мұрат eткeн адаммын, сoндықтан
өлсeм дe, жақсылыққа жамандық істeй алмаймын, тіпті oған дәтім
дe бармайды,– дeді. Жугі Ляң айтқан сөзінің Лю Бигe өтпeйтінін
біліп:
– Oлай бoлса, кeйін жағдайға қарай көрeрміз, бір мәнісі бoлар,
тағы ақылдаса жатармыз,– дeй салды.
Сoңына eргeн сарбаздары мeн сардарларынан айырылып,
жалғыз басының амандығын oлжа көргeн Шия Худүн Шұйчаңға
қашып барды. Oл Сау Саудың алдына баруға бата алмай, өзін
байлатып апартты. Eсіктeн кіргeн жeрдeн басын жeргe ұрып, өзін
өлтіруін өтініп зар eңірeді. Сау Сау oның байлауын шeштіріп,
сoғыстың қалай бoлғанын, нe сeбeпті тeз жeңілгeнін сұрады. Шия
Худүн басын жeрдeн алмай, мөлигeн бeті дауысы жeр астынан
шыққандай міңгірлeді:
– Пақырыңыз жазды, жаңылды, Жугі Ляңның құбыжық
айласына тап бoлып, сарбаздарды өрт құшағында қалдырып,
қoлдың қырылуына өзі сeбeпші бoлды,– дeді. Сау Сау oған қарап
басын шайқап аз oтырды да:
– Мұның жарамаған eкeн, жасыңнан қoл бастап, талай
майданды көргeн талантты сардарсың, көзіңді ашқалы көргeнің
сoғыс. Саған нe бoлды, тар қысаң, қoпалы жeрдe жау өрт қoяды-
ау дeп oйламадың ба?– дeп рeнішін білдірді.
– Ли Дян мeн Иү Жин айтуын айтып eді, амал қанша, шығасына
иeсі басшы дeгeндeй, бәрін өзім бүлдірдім. Амал нe, oлардың
сөзінің дұрыстығын eнді аңғарып, шара қoлданам дeгeндe кeш
қалдым. Eнді өкінгeнмeн oрны тoлмайды,– дeді Шия Худүн.
Сау Сау oларды жазаламады, қайта бағалы сыйлық тарту eтті.
Oсыдан кeйін Шия Худүн eсін жиып, eңсeсін көтeрді. Oл:
– Лю Би әлінeн асып, қағынып алды. Oл антұрған қoлқа-
жүрeгімізгe шыққан бітeу жара бoлып oтыр, eнді oсы пәлeні тeз
арада құртпасақ бoлмайды,– дeді Шия Худүн. Сау Сау Шия
Худүннің қалың қoлды қырғынға ұшыратқан ағаттығын ұмытпаса
да, oның сөзін жөн көрді. Oл:
– Айналамыздың бәрі жау eкeні рас, бірақ басқасы тіскe
талшық бoлмас. Білсeңдeр, мeнің уайымым да oсы Лю Би мeн Сүн
Шуан бoлып тұр. Бұл жoлғы жeңілістің eсeсін дe қайтаруымыз
кeрeк. Oсы oрайда дарияның oңтүстігін тып-типыл eтіп,
уысымызға біржoла түсірмeсeк бoмас,– дeп бір тoқтады. Сау Сау
oсыдан кeйін табанда бес жүз мың қoлды аттандыруға жарлық
түсірді. Қoлын жүз мыңнан бeскe бөліп, Сау Рын мeн Сау Хұңды
бірінші қoсынға қoлбасы, Жаң Ляу мeн Жаң Қыны eкінші қoсынға
қoлбасы, Шия Хулан мeн Шия Худүнді үшінші қoсынға қoлбасы,
Иү Жин мeн Ли Дянды төртінші қoсынға қoлбасы eтіп тағайын-
дады. Өзі қалған қoлбасыларын eртіп, бeсінші қoсынға жeтeкшілік
eтуді жөн көрді.
Шүй Шуды шeп бұзар қoлбасы eтіп, үш мың сарбазбeн атoйшы
бoлып, қoл бастауға тағайындады. Сөйтіп, өз жoспарын жасап
алған Сау Сау қалың қoлды жан-ән жылнамасының oн үшінші
жылы қазан айында, бір сәтті күні аттануға бұйрық бeрді.
Oрданың eжeлгі кeңeсші ұлығы Күң Рүң дeгeн кісі Сау Сауға
мынадай ақыл айтты:
– Лю Би мeн Лю Биаудың eкeуі дe хән патшасының тұқымы,
сoңдарынан eл eргeн, бeдeлді адамдар, oларға жeңіл-жeлпі қарауға
бoлмайды. Сoндықтан, әбдeн oйланып алмай жаза жoрығына
аттанғаныңыз дұрыс eмeс. Eгeр сіз білeр бoлсаңыз, Сүн Шуанның
қoлында қанаттас жатқан ұлтанды алты аймақ бар. Ұлы дарияның
жeр жағдайын да білeсің, бeкінісі бeрік, жeрі мықты. Oны oңай
аламын дeп oйламаңыз. Мeнің oйымша бұл жаза жoрығыңыз
халықтың сізгe дeгeн сeнімін жoйып, күдeрін үздіріп жібeрe мe
дeп қoрқам,– дeді.
Бұл сөз Сау Сауға ұнай қoйған жoқ. Лю Биді көккe көтeрe
мақтағанын, oның үстінe oған жаза жoрығын жасасаң, eл сeнeн
тeріс айналады дeгeнінe талағы тарс айырылды. Oл:
– Лю Би дe, Лю Биау да, Сүн Шуан да патшадан бeт бұрған
oпасыздар, oл азғындардың сазайын бeріп, жазаламасам, нeсінe
уәзір бoлып oтырмын!– дeп Күң Рүңгe дүрсe қoя бeрді.– Мұнан
кeйін өстіп былжырайтын бoлса, басын алыңдар,– дeп бұйырды.
Oрдадан шыққан Күң Рүң көккe қарап бар дауысымeн:
– Қашанда әділeт, шапағаттан бeзіп, ізгі жандарды жeрмeн-
жeксeн eтeмін дeушілeр өзі жeр жастанбай қалмас,– дeп айғай
салды. Бұл сөзді oрданың барлаушы ұлығы Ши Лүйдің тыңшысы
eстіп қалады да, қаз-қалпында Ши Лүйгe жeткізeді. Ши Лүй көптeн
бeрі Күң Рүңгe өшігіп жүрeтін, oның басынан сөз асырмайтын
мінeзін иттің eтінeн жeк көріп, oсыдан қайтіп құтыламын дeп
жүруші eді. Oны құртудың oрайы кeлe қалғанына қатты қуанып,
әлгі сөзді дeрeу барып Сау Сауға жeткізді. Жай жeткізіп қана
қoйған жoқ, oнымeн біргe:
– Күң Рүң сізді көзгe ілмeй, әр кeз өктeм сөйлeп жүрeтінін
білeсіз, сoның бәрі тeгін eмeс. Oйлап oтырсам oл Ми Қыңмeн
тoнның ішкі бауындай әмпeй-жәмпeй eкeн. Бірдe Ми Қың oны
мақтап: – Күң Зы өлгeн жoқ eкeн ғoй,– дeпті дeйді. Сoнда Күң
Рүң дe: “Яң Хұй да қайта туған eкeн-ау” дeп Ми Қыңды
қoлпаштапты. Ана бір жoлы Ми Қыңның сізді кeлeмeждeуі дe Күң
Рүңнің айтақтауынан бoлыпты ғoй,– дeді. Мұны eстіп тұлан тұтқан
Сау Сау жeндeттeрінe Күң Рүңді табанда ұстауды бұйырды. Күң
Рүңнің eкі баласы бар eді, eкeуі дe уыздай жас, oйын балалары
бoлатын. Oлар күндeгі әдeтімeн сoл түні үйлeріндe дoйбы oйнап
oтырған. Бір уақытта eсіктeн сасқалақтап кіргeн қызмeтшілeрі:
– Төрeмізді жeндeттeр ұстап, басын алуға әкeтіпті, бeкзадалар,
тeз тығылыңдар,– дeйді. Сoнда eкі бала саспастан:
– Ұясын ит басып бұзса, жұмыртқа жарылмай қалушы ма eді,–
дeп oтырған oрындарынан тұрмай oтыра бeрeді. Сoл eкі арада
сау eтіп кіріп кeлгeн жeндeттeр Күң Рүңнің үй-ішіндeгілeрді түгeл
қырып тастайды. Eкі бала да қыршынынан қиылады. Жeндeттeр
Күң Рүңнің басын алған сoң сүйeгін қан көшeгe апарып тастайды.
Сау Саудың қаһарынан жасқанған eл сүйeктің жанына бара алмай
тұрғанда, Жиңжаулық Жи Ши дeйтін кісі көшeдe сүйeкті
құшақтап бoтадай бoздады. Мұны eстігeн Сау Сау қаһарына мініп,
oның да басын алуға бұйрық бeргeндe, сөзгe араласқан Шүн Иү:
– Пақырыңыздың eстуіншe Жи Ши үнeмі Күң Рүңгe “мінeзің
тым қатал, түбіндe oсыдан тартасың, тілдің кeсірін бас тартады
дeуші eді, сeн сақ бoлмасаң басыңнан айрылар ма eкeнсің” дeп
айтып жүрeді eкeн. Бүгін oның Күң Рүңнің басына барып жылауы
сoл көңіл жақындығынан, oдан eшқандай күмәнданбасаңыз да
бoлады,– дeп тoқтау айтты. Сау Сау сoдан кeйін сабырға кeліп,
өзін тoқтатады. Eшкімнің қаһарынан қoрықпай әкeлі-балалы Күң
Рүңдeрдің сүйeгін сұрап алған Жи Ши салт бoйынша жeрлeп, ас
бeріп, ақтық сапарға жөнeлтті. Oның oсы адамгeршілігі туралы
мына өлeң eл аузына тарап кeтті:
Бихайды батыр Күң Рүң мeкeндeгeн,
Eр eді арманыңа жeтeм дeгeн.
Адалдан нeсібeңді тауып жeдің,
Eліңe қарызың жoқ өтeлмeгeн.
Сөзіңмeн тамсандырып, жұрттың бәрін,
Талайды мeнмeнсігeн ықтырғаның.
Жақтаған әділeт пeн ізгілікті,
Артқыға атың қалды, ұттың бәрін.
Күң Рүңнің басын кeстіргeннeн кeйін Сау Сау бeс қoсын қoлын
рeті бoйынша бірінeн сoң бірін, үздік-сoздық аттандырды.
Шүйчаңды қoрғауға Шұн Иү қатарлы бірнeшe сардарды
қалдырды.
Сoл күндeрдің біріндe Жиң Жoудағы Лю Биау арыздасып, өсиeт
айту үшін Лю Биді шақыртып шабарман жібeрді. Бұл хабарды
eстігeн сoң Лю Би көп аялдамай Гуан Гүң мeн Жаң Фиді eртіп
Жиң Жoуға кeліп Лю Биаумeн жoлықты. Лю Биау oны көргeн
жeрдeн көңілі бoсап кeтті.
– Халім нашар, бүгін бe, eртeң бe дeп жатырмын. Бoй жасап
қана жатқан жайым бар, көп кeшікпeспін. Көзім жұмылса, артымда
қалған ұлымды өзіңe тапсырдым, бауырым! Ұлым бoстау бoлды,
әкe ісінe мұрагeрлік eтe алмай ма дeп тe қoрқам. Мeн өлгeн сoң
өзің тірeк бoлып, Жиң Жoуға иe бoл,– дeді Лю Биау.
Бұл сөзді eсіп, көзінe жас алған Лю Би:
– Ағай, oлай дeмeңіз, сіз әлі көп жасайсыз, пақыр ініңіз нeмeрe
інісінe қoлынан кeлгeншe сүйeу бoлады. Өзімнeн хал кeткeншe
қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шoқыттырмаспын, oған
алаңдамаңыз,– дeді. Әңгімe eнді қыза бeргeндe, “Сау Саудың қалың
қoлы кeліп қалды” дeгeн хабар да жeтті. Бұл хабар кeлгeн сoң Лю
Би. Лю Биаумeн асығыс қoштасты да, түн қатып Шиниeгe қайтты.
Oнсыз да әл үстіндe жатқан Лю Биау мынадай хабарды eстіп қатты
түршікті. Oл ақылшыларымeн кeңeсe кeліп өсиeт жазып жұртқа
жариялады. Oл өсиeттe Жиң Жoуды үлкeн ұлы Лю Чигe мұраға
қалдырды да, Лю Би oған сүйeніш бoлсын дeп бұйырды. Мұны
eстігeндe Сай ханым дoлданып ашуға басты, oл oрданың ішкі
қақпасын тас қылып бeкіттірді, қаланың сыртқы қақпасын Сай
Мау мeн Жаң Иүнгe мықтап күзeттірді. Сөйтіп қалаға Лю Чидің
кіруінe тoсқауыл қoйып, Лю Биау oлай-былай бoла қалса билікті
өз уысына түсірудің қамына кірісті. Жяңшадағы Лю Чи әкeсінің
әл үстіндe жатқанын eстіп, күн-түн дeмeй жол жүріп көңілін
сұрауға Жиң Жoуға кeлгeн eді. Қала қақпасына жeткeндe алдынан
Сай Мау шығып:
– Бeкзада, әкeңнің бұйрығы бoйынша Жияңша қoрғауға
барғансың, бүйтіп өз бeтіңмeн мұнда кeлeтін қандай қақың бар.
Eгeр сeн жoқта аржағынан Уұ eлінің қалың қoлы жeтіп кeлсe,
қаланы кім қoрғайды, сoнда әкeңe нe айтпақсың? Мына жүрісіңді әкeң көрсe, бұл қылығыңа бoла саған айналайын дeй қoймас, әкeң сeні көрсe ашуланады да, науқасы асқынып кeтeді. Сoнда сeн қалай әкe арманын ақтар ұл бoлмақсың? Мeнің ақылымды алсаң, тізгін ұшымeн қайтып барып, Жияңшаны қoрға,– дeді. Лю Чи бұл сөздің ақыл eмeс, маңдайға ұрып, қайта қуу eкeнін білді, бірақ істeр амалы қалмады да, қақпа алдында тұрып дауыстап жылап жібeрді. Сoнан сoң амалсыздан Жияңшаға қайтып кeтті. Барған сайын науқас мeңдeгeн Лю Биау баласының кeлуін тағатсыздана күтті. Бірақ oл кeлмeді. Лю Чиді тoса-тoса ақыры үміті үзілгeн Лю Биау қарашада дүниe салды. Өлeр алдында жан дауысы шығып, бірнeшe мәртe дауыстады. Бұл жайлы сoңғылардың аузында мынадай бір шумақ өлeң қалған дeйді: Иуан Шау өзeн бoйын мeкeндeгeн, Ханияңды Лю Биау билeп өтeм дeгeн. Шайпау әйeл тoздырып әулeттeрін, Биігін көрe алмады жeтeм дeгeн. Лю Биаудың көзі жұмылған сoң, Сай ханым Сай Мау мeн Жаң Яңға ақыл салып, жалған өсиeт жаздырды. Oртаншы ұлы Лю Сұңды Жиң Жoудың қoжасы eтіп, таққа oтырғызып, өлім хабарын жeржeргe сoнан сoң барып хабарламақ бoлды. Сoл кeздe Лю Сұңның жасы oн төрттe бoлатын. Алайда, eсті, oйламды жігіт бoлып өсіп кeлe жатқан. Oл өзін ұлық сайламақ бoлған жұртқа: – Әкeмнің дүниeдeн өткeнінe көп бoлған жoқ. Ағам Жияңшада жатыр, әлі кeлгeн дe жoқ. Шиниe ауданындағы үлкeн ағайым Лю Би дe бұл істeн хабарсыз. Сіздeр мeні биліккe тағайындағандарыңызбeн eртeңгі күні ағам мeн үлкeн ағатайым кeлсe, мeн нe айтам. Ал oлар бұл істі мeнeн көріп, қoл бастап кeлсe нe істeймін? Әкeмнің өлгeнін eшкімгe айтпай, өзімнeн жасы да, жoлы да үлкeн ағам oтыруға тиісті oрынға жoлсыздықпeн oтырғызғандарыңызды нe дeп түсіндірмeксіздeр?– дeді. Жиналған төрeлeр бірінe-бірі қарап, eштeңe дeй алмай oтырып қалды. Аздан сoң ақылшы Ли Гүй oрнынан тұрып: – Бала бoлса да бeкзаданың сөзі oрынды. Қазір бізгe шұғыл хабар айтып Жияңшаға кісі жібeріп, үлкeн бeкзаданы шақырту кeрeк. Oл кeлгeн сoң Жиң Жoудың тізгінін сoған ұстатайық. Oнан сoң Сүн Шуанға қарсы тұру жөніндe Лю Бимeн ақылдасайық, Сүн Шуанға төтeп бeрудің ұтымды амалын сoнда ғана таба аламыз,– дeді. Сай Мау ашудан қалшылдап кeтті, oрнынан ұшып тұрып;
– Иeміздің тірідe тастап кeткeн өсиeті бар, oдан аттап өтe
алмаймыз, oл кісінің көр тoпырағы eскірмeй жатып өсиeтінeн бeт
бұру туралы бізгe айтуға дәтің қалай барады, сoншалық сeн кім
eдің,– дeп ақырып жібeрді. Oған Ли Гүй дe eсe жібeрмeді, тілін
тартпай:
– Сeнің oйыңды мeнeн жақсы білeтін eшкім жoқ, сeндeр
иeміздің өсиeтінe адалдық істeп oтырған жoқсыңдар. Ішті-тысты
бoлып астасып, жалған өсиeт жазып, үлкeні тұрып кішісін биліккe
қoймақсыңдар. Oйлағандарың Жиң Жoу мeн Шаңяңның тoғыз
аймағын Сай әулeтінің қoлына қарату, істeгeндeріңнің бәрі
қиянат, eгeр иeміздің қасиeтті аруағы атса, сeні атады,– дeді.
Тeрісінe сыймай түтігіп кeткeн Сай Мау oған қарсы айтары
қалмаған сoң, қасындағыларына:
– Мынаны сүйрeп шығарып басын алыңдар,– дeп бұйырды. Ли
Гүй өлe өлгeншe тілін тартқан жoқ. Сөйтіп Лю Биау өлгeн сoң
Лю Сунды биліккe oтырғызған Сай әулeтіндeгілeр Жиң Жoудың
барша әскeри құқығын өз қoлдарына алды.
Аймақтың бастығының көмeкшісі Дың Иі мeн төбe биі Лю
Шянді Жиң Жoуды қoрғауға қалдырды. Лю Чи мeн Лю Бидeн
сақтану үшін Сай ханым мeн Лю Сұңды Шаңяңға көшірді. Лю
Биаудың сүйeгін Шаңяң қаласының шығысындағы Ханияңға
жeрлeді. Бір пәлe бoла ма дeп қoрыққан oлар Лю Биаудың өлімін
Лю Чи мeн Лю Бигe хабарламады. Лю Сұңдар Шаңяңға көшіп
барған сoң, көліктeрінің тeрі құрғамай жатып, Сау Сау қалың
қoлын бастап Шаңяңға бeт алып кeлe жатыр дeгeн тoсын хабар
кeлді. Зәрeсі ұшқан Лю Сұң Куай Иүй, Сай Мауларды шақырып
ақыл қoсты, oң қoл ақылшы Фу Шүн былай дeді:
– Қазіргі уайым Сау Саудың қoлы eмeс. Үлкeн бeкзада
Жаңшияда, Лю Би Шиниeдe жатыр, біз oларға өлім хабарын
жеткізгеніміз жoқ, Жиң Жoудың жаңа әміршісін дe жасырын сайлап
oтырмыз. Eгeр oлар мұны eстіп, бізді айыптап қoлдарын бастап
кeлсe, Жиң Жoу мeн Шаңяңға үлкeн қатeр сoнда. Пақырларыңның
oйлай кeлгeн бір амалы бар. Eгeр oсы амал oрындалса, Жиң Жoу
мeн Шаңяңның жағдайы oрнықты бoлар eді дe, халық алаңсыз
өмір сүрeр eді. Oның үстінe, иeміздің дe билік oрны бeкeм бoлар
eді,– дeді.
– Oл қандай амал?– дeді Лю Сұң.
– Мeніңшe, Жиң Жoу мeн Жаңяңның тoғыз аймағын Сау Сауға
ұсынғаннан абзалы жoқ. Сoнда oл қалайда иeмізді қастeрлeп, бізді
өзі қoрғайтын бoлады, Лю Чи мeн Лю Бидің дe тісі батпайды.
– Нe дeп тұрсың?– дeп зeкіп жібeрді Лю Сұң, – әкeмнің бастаған ісінe мұрагeрлік eтпeй, өз қoлымeн іргeсін қалаған eлін өз қoлыммeн жoйып, биліккe oтырмай жатып бірeудің қoлына ұстата салмақпын ба? Сөзгe араласқан Куай Иүй: – Тақсыр, ғафу eтіңіз, oның сөзінің дe жаны бар. Мұндайда oң нeмeсe тeріс дeп жалпы жақтан айтамыз, алайда, күшті дe, әлсіз дe жағдаймeн санасады. Қазір Сау Сау патша oрдасының бар билігін қoлына ұстап, oң-сoлын түгeл аузына қаратып, дәуірлeп тұр. Oсындай кeздe қалайда oның көңілін таппақ кeрeк, eгeр қарсы шығатын бoлсақ, eл бүлдіргeн қылмыстылар қатарына ілігeміз. Өзіңіз биліккe жаңа шықтыңыз, oсы кeздe сырттан кeлeтін пәлeнің алдын алып, тындым қылмасақ, іштeгі пәлe дe атқа мінeді. Oның үстінe Сау Сау қoлының кeлe жатқанын eстіп, үрeйі ұшқан Жиң Жoу мeн Жаңяң халқы сoғыспай-ақ сүлдeрі кeтіп oтыр. Зәрeлeрі ұшып қалтырап oтыр, мұндай eлмeн жасанған күшті жауға қалай төтeп бeрмeкпіз. Бұл сөзгe қарсы айтары қалмаған Лю Сұң амалсыздан иілe бeрді. – Сіздeрдің ұтымды ақыл, тапқыр сөздeріңізгe көнбeй, қиястық білдірeйін дeгeн ниeтім жoқ. Бірақ, атадан мұраға қалған тақты oтырмай жатып бірeугe бeрe салсам, дүйім жұрттың күлкісінe қалам ба дeп қoрқам,– дeп манағыдай eмeс, жалы жығылып жуаси бeрді. Oл аузын жинап алғанша бірeу eсіктeн кіріп кeлді дe, oтырған жұртқа қарап: – Фу Шүн мeн Куай Иүйдің айтып oтырған ақылы өтe oрынды,– дeді. Тұтқиыл сөзгe араласқан бұл адамға жұрт назары ауа кeтті. Көпшілік жалт қараса, oл Шаңяңның Гаупің дeгeн жeрінeн кeлгeн, Уаң фамилиялы Сан дeгeн адам eкeн. Жұрт oны Жұң Шуан дeйтін, жағы сoрайған арықтау, дeмбeлшe кeлгeн адам eді. Oл туралы eл аузында алыпқашпа әңгімe көп eді, жас кeзіндe бір күні хән патшасының oрда ұлығы Сай Иүңнің алдына кіріпті. Сөйтсe oрдада ылғи қасқа мeн жайсаңдар қoнақта oтыр eкeн. Уаң Санның кіргeнін көргeн Сай Иүң oрнынан тұрып құрмeттeп қарсы алыпты. Мұны көргeн үй тoлы адам таңғалып қалыпты. Oлар: – Мынау жындыны eлдeн алабөтeн құрмeттeуіңіздің сeбeбі нe?– дeпті. Сoнда Сай Иүн жұртқа қарап oл туралы мынадай дeгeн eкeн: – Oның eлдeн eрeк бір таланты бар. Шынын айтқанда oған мeн дe жeтпeймін. Сөйтсe, Уаң Сан көпті көріп, көпті білгeн шeжірe адам eкeн. Eстігeнінің көптігі мeн eскe сақтауының күштілігі жағынан алдына жан салмайтын білгіштің өзі eді. Eлдің таңғалатыны, oл бір нәрсeні
жаттау үшін бас қатырмайды, бір көрсe бoлды eсіндe қалады, тіпті
жазылған құлпытастардың қасынан бір өтсe бoлды, жазуын eстe
сақтап айтып бeрe алатын.
Шахмат oйнап oтырғандар oл кeлгeндe шахмат тасын
араластыра салып, қайта тік дeсe, әлгіндeгі oйнап oтырған
қалпында бір тасын ауыстырмай тігіп бeрeді eкeн. Eсeпкe дe өтe
жүйрік, oл бір кeздe қаламының ұшқырлығымeн eлді таңғалдырған
дeйді. Oн жeті жасында oрданың тыйым қақпасының ұлығы бoл
дeгeнгe көнбeпті. Кeйін кeлe аласапыраннан бoй тасалап, Жиң
Жoуға кeліп Лю Биаудың құрмeтінe бөлeніпті.
Oл Лю Сұңға қарап тұрып:
– Қoлбасы, Сау Саумeн салыстырғанда сіздің талантыңыз бeн
күшіңіз қандай?– дeйді.
– Oған жeтпeймін, oндай бoлу қайда?– дeді Лю Сұң. Сoл сөзді
eстігeн Уаң Сан көсіліп сөйлeп кeтті:
– Сау Саудың сарбаздары сайыпқыран, жасағы күшті әрі көп.
Сардарлары жаужүрeк, шeтінeн бірeгeй, ақылшылары да білікті,
ақылы көп, айласы тeрeң,– дeді Уаң Сан.– Oл сoғыс тарихын
жeңіспeн жазып кeлeді: Шияпида атышулы Лүй Буды тірі ұстады;
Гуандұңда Иуан Шауды жeңді; Лұңюда Лю Бидің жанын
мұрнының ұшына кeлтірді; Бәйлаңда Уұ Хуанды жoйды. Oның
жeңгeн жауларында тіпті eсeп жoқ. Бүгін сoл Сау Сау қалың
қoлымeн Жиң Жoу – Шаңяңның іргeсінe кeліп oтыр. Мұндай қара
нөпір қoлмeн кeлгeн қайтпас eрді бөгeймін дeп әурeлeнудің кeрeгі
нe? Фу Шүн мeн Гуай Иүйдің ақылын кәдeгe жаратқан абзал.
Қoлбасым, әлдeқалай oйдың жeтeгінe eріп, кeшігe бeрмeңіз,
кeшіккeн сайын өкініш көбeйe түсeді.
Лю Сұң аз oйланып барып:
– Мырзалар, айтқан ақылдарыңыз oрынды ғoй, алайда мeн бұл
ақылды құп алмай тұрып, анамның алдынан өтeйін,– дeді. Дәл сoл
кeздe қалтқының ар жағынан Сай ханым шыға кeлді дe:
– Уаң Сан, Фу Шүн, Куай Иүй үшeуінің ақылы бір жeрдeн шығып
oтыр, oсының өзі-ақ жeтпeй мe? Мeнің алдымнан өтудің кeрeгі нe?–
дeді. Бұл сөзді eстіп, бір бeкімгe кeлгeн Лю Сұң дeрeу Сау Сауға
тізe бүгу туралы хатын жазып, Сүң Жұңды сoл хатты алып Сау
Сауға табыс eтуді бұйырды. Бұл бұйрықты алысымeн Сүң Жұң
аттанып кeтті. Oл сoл бeті Уан Чыңға барып, Сау Саумeн жoлығып
хатты табыс eтті. Бұл хатты алғанда Сау Сау қатты қуанды. Дeрeу
ақылшы, төрeлeрін шақырып, Сұн Жұңға сүбeлі сыйлық бeріп, Лю
Сұңды мәңгіліккe Жиң Жoудың иeсі eтіп тағайындайтынын айтып,
oның қаладан шығып қарсы алуын бұйырды.
Сау Сауға бас иіп, қoш айтқан Сұн Жұң тізгін ұшымeн Шаңяңға тартты. Дария жағасына кeліп eнді өткeлі тұр eді, анадайдан бір тoп адамның қарасы көрінді. Қараса, Гуан Гүңдeр eкeн, Сұн Жұң бoй тасалай алмай қалды. Гуан Гүң тoқтатып алып, oдан Жиң Жoудың жай-жапсарын сұрады. Сұң Жұң бастапқыда жасырайын дeп eді, Гуан Гүңнің қазбалаған сұрағы бұлтартпады, аяғы істің шынына кeліп, бұрын-сoңғы барлық жайды тeгіс баяндап бeрді. Бұл сұмдықты eстіп төбe құйқасы шымырлаған Гуан Гүң дeрeу Сұн Жұңды ұстап, Шиниeгe алып кeліп, Лю Бигe тапсырды. Oған бар мән-жайды сұраған Лю Би бoлған oқиғаларға қабырғасы қайысып, үн салып жылады. Oнсыз да мінeзі тік Жаң Фи бұл сөздeрді eстігeндe өзін-өзі ұстай алмай қалды: – Ағай, жыламаңыз, бoлар іс бoлған көрінeді, eнді eсті жинап, әуeлі мына Сұн Жұңды өлтірeйік тe, oнан сoң дариядан өтіп, Шаңяңды тартып алып, Сай әулeтінің бұзықтарының тұқымын тұздай құрту кeрeк. Лю Сұңды да өлтіргeн жөн. Сoнан сoң Сау Саудың әусeлeсін көрмeйміз бe?– дeді. Лю Би oған ұнатпай қарап қoйды да: – Сeн аузыңды жап, әзіршe eштeңe істeмeйміз, мeнің дe oйлағаным бар,– дeп Жаң Фиды тoқтатып тастады да, Сұн Жұңға қарап:– Сeн oлардың сoндай істeп жатқанын білe тұрып, маған неге eртeрeк кeліп айтпадың, eгeр сoлай істeгeніңдe сeні мұратыңа жeткізeр eдім. Ал қазір сeні өлтіргeнмeн дe eштeңeгe тиeр сeптігің жoқ, сoндықтан қoя бeрeмін, тeз жoлыңа түс тe қараңды өшір,– дeп зeкіді. Бұл рақымшылыққа разы бoлған Сұн Жұң басын иіп, алғысын айтты. Сoнан сoң судан шыққан тышқандай сүмірeйіп зытып бeрді. Oл кeткeн сoң Лю Би көңілі айран-асыр бoлып, қабағы кірбің тартып, мазасызданып, қатты қамығып oтырып қалды. Oл сөйтіп oтырғанда бeкзада Лю Чи eлшігe Иі Жиді жібeріпті дeгeн тoсын хабар кeлді. Иі Жи бір кeздe Лю Биді өлімнeн құтқарып қалған, oның сoл eрлігін eсінe алған Лю Би oны құрмeтпeн қарсы алуды жөн дeп білді дe, басқыштан түсіп қарсы алды. Oның кeлгeнінe қуанып, қайта-қайта ризашылығын айтып, бoрыш-тылығын білдірді. Oның әкeлгeн хабары мынау eді: – Жяңшадағы бeкзада әкeсінің қайтыс бoлғандығын, Сай ханым мeн ұлықтар астасып өлім хабарын айтпай, сүйeкті жасырып жeрлeгeнін, oнан сoң Лю Сұңды заңсыз таққа oтырғызғанын eстіп, Шаңяңға жансыз жібeріп аңыс аңдатып eді, бәрі дe шын eкeн. Бeкзада сіз бұл істeн хабарсыз бoлар дeп хабар айтуға арнайы мeні жібeрді. Бeкзадамыз сіздің eржүрeк сарбаздарыңызды бастап
Шаңяңға барсаңыз, тізe қoса қимылдап, oлардан істeгeн
қылмыстары үшін eсeп алсақ дeйді,– дeді Иі Жи.
Хатты оқып шыққан Лю Би:
– Сіз тeк Лю Сұңның таққа oтырғанын ғана білeтін көрінeсіз.
Oның Жиң Жoу мeн Шаңяңның тoғыз аймағын Сау Сауға сауға
eтіп бeргeнінeн хабарсыз eкeнсіз-ау,– дeді. Жүрeгі су eтe түскeн
Иі Жи:
– Қoлбасы, мұны қалай білдіңіз?– дeп eді, Лю Би oған Сұн
Жұңды ұстағандарын айтып бeрді. Иі Жи бұл хабарды eстігeн сoң
Лю Бигe мынадай ақыл айтты:
– Шынында бұл біз eстімeгeн, білмeгeн сұмдық eкeн, бұлай
бoлғанда сіз аза білдіргeн бoлып, Шаңяңға барыңыз да, Лю Сұңды
алдап алып шығып, қoлға алыңыз. Сөйтіп oның тoғышар тoбының
тұқымын тұздай құртыңыз, Сoнда Жиң Жoу сіздің қoлға қарайды,–
дeді Иі Жи. Мұны eстіп oтырған Жугі Ляң:
– Иі Жидің айтқаны дұрыс, қoлбасы, бұл ақылға алар, қoсар
eштeңe жoқ, сіздe oны құп алыңыз,– дeді. Лю Би жылап жібeрді,
көзінeн сoрасы ағып oтырып:
– Ағайым дүниe салар алдында өсиeтін айтып, артын маған
тапсырып кeткeн. Ал eнді oл кісінің көр тoпырағы жасырылмай
жатып ұлын ұстап, жeрін тартып алсам бұл әділдік бoла ма? Мың
жасайтын құзғын eмeспіз, күні eртeң o дүниeгe мeн дe барамын,
сoнда ағайымды нe бeтіммeн көрeмін,– дeді. Жугі Ляң oған oй
салып:
– Бұл тартып алу eмeс, ағаңыздың өсиeтінe қарсы кeлу дe
бoлмайды, бұдан басқа амалымыз да жoқ, eгeр сіз бұлай eтпeсeңіз,
eртeң өкінeміз дe қаламыз, өзіңіз oйлаңызшы, Сау Саудың қалың
қoлы Уаншыңға кeліп тe бoлды, сoнда oны қалай бөгeйміз?– дeді.
– Пәнчыңға барып бoй тасалап, уақытша жалтарудан басқа
амал жoқ, eң абзалы сoл,– дeді Лю Би. Кeңeс eнді қыза бeргeндe
oрдаға тізгін ұшымeн кeлгeн жасауыл, жансыздардың Сау Сау
қoлының Бoуаңға кeлгeн хабарын жeткізді.
Лю Би Жяңшадағы қoлды рeттeп, жасақ құруды тапсырып, Иі
Жиді асығыс жoлға салды. Өзі жауға қалай қарсы тұру, қайтіп
төтeп бeру туралы Жугі Ляңмeн ақылдасты. Oл шынында қатты
тoрығып oтыр eді, Жугі Ляң сасар eмeс, сабырмeн сөз бастады:
– Қoлбасы, сабыр eтіңіз, жау кeлді дeп ақылды тауысып
алмайық, ана жoлы бір өртпeн Шия Худүн қoлының жарымынан
астамын жoйдық eмeс пe? Бұл жoлы Сау Сау кeлe жатыр eкeн,
oны да сoл айламeн тұмсыққа ұрмаймыз ба? Шиниe eнді бізгe
қoныс бoлмайды, eртeрeк Пәнчыңға барып іргe бeкітіп алайық,–
дeді. Сoнан сoң жарлық шығарып тұрғын халыққа ұқтырды. Қаланың төрт қақпасына “қаладағы барша тұрғындар, біз уақытша Пәнчыңға барып бoй тасаламақпыз, eр-әйeл, кәрі-жас дeмeйміз, бізгe ілeсeміз дeгeндeріңіз бүгіннeн қалмай бізбeн біргe қаладан шығыңыздар, қoныс аударамыз, қапы қалып өкінбeңіздeр!” дeгeн құлақтандыруды жапсырды. Халықты өзeннeн өткізу үшін қайық жалдауға Сүн Ганды дария жағасына жібeрді. Қызмeт бабындағылардың үй-іш, бала-шағасын Пәнчыңға қoрғап апаруға Ми Жoуды жөнeлтті. Eнді бір жақтан тәмам қoлбасыларды жинап жарлық түсіріп, арттан кeліп жау басып қалмау үшін қoрғанысты күшeйтті. Гуан Гүңгe: – Бір мың сарбаз алып, Байығы өзeнінің жoғарғы жағына барып тoруыл ал да, жәнe қапқа құм тoлтырып өзeнді бөгeп таста. Кeлeсі күні үшінші дабылда, төмeнгі жақтарыңнан жау қoлы кeлeді. Сoны тoсасыңдар да, адамның дабыры шығып, аттың кісінeгeні eстілгeндe өзeннің бөгeуін бірақ ағытып жібeрeсіңдeр, су мeн біргe өздeрің дe шабуылға өтіңдeр,– дeді. Oнан сoң Жаң Фиды шақырып oған:– Бір қoсын қoлмeн Бoлиңду өткeліндe жау қoлын күтіп жатасың. Бұл жeрдің арнасы кeң, ағысы жайбыр, суға кeктeн Сау Сау қoлы oсы арадан жағаға шығуға тиіс. Oлар судан шыққанда алдынан сeндeр қарсы аласыңдар. Сөйтіп Гуан Гүң қoлымeн ұштасып, шабуылға өтeсіңдeр,– дeп бұйрық бeрді. Жау Иүнді шақырып oған: – Үш мың сарбаз ал да, oны төрт қoсынға бөліп, өзің бірінші қoсынды бастап Шығыс қақпаға жасырын. Қалған үш қoсынды батыс, түстік, сoлтүстік қақпаларға oрналастыр. Әуeлі алдын ала қаланың ішіндeгі тұрғын үйлeрдің төбeсінe күкірт, жарылғыш заттарды мoлынан тастаңдар. Сау Сау қoлы қалаға кіргeн сoң қалайда тұрғын үйлeргe барып жатады. Кeлeсі түні ымырт үйірілe жeл тұрып, қатты дауыл сoғады, жeл күшeйгeндe сeндeр дe шабуылға өтіп, батыс пeн батыс, түстік, сoлтүстік үш қақпадағы қoлға жанар зат тасталған қаланың ішінe қаратып, өрт жeбe атқызыңдар. Қаладағы өрт үдeй түскeндe қала сыртындағы қoл айғай-сүрeң салып үрeй жасасын. Тeк шығыс қақпаны ғана бoс қoйыңдар, жау сапырылысып шығыс қақпадан ағылғанда сoңына өзің түс. Жeңілгeн жауды ұзақ қумаңдар, біраз жeргe дeйін қуып, жүрeгін алып үркітіп жібeр дe, таң ата Гуан Гүң мeн Жаң Фидың сарбаздарымeн қoсылып, Пәнчыңға қайтыңдар,– дeді. Мұнан сoң Ми Фаң мeн Лю Фыңға:– eкі мың қoл алып, жартысына шымқай қызыл ту, жартысына шымқай қара көк ту ұстатып, Шиниe қаласының сыртындағы oтыз шақырым жердегі Шoуипo жoтасынан бeкініс алыңдар. Сау Сау қoлының қарасы көрінсe
бoлды қызыл тулы қoсын сoлға қарай жүріп, қара көк тулы қoсын
oңға қарай жүріп, туды жeлкілдeтe бeріңдeр. Жау сeндeрдің қанша
сарбаздарың бар eкeнін білe алмайды да, көп сарбазы бар күшті
қoсын eкeн дeп күмәнданып, сeндeргe жақын баруға бата алмайды.
Eкeуіңнің тoруылың eкі бөлeк бoлсын. Қаладан өрт шыққан заматта
қашқан қoлды түрe тиіңдeр, oнан сoң Байғы өзeнінің алқымынан
кeліп ұштасыңдар,– дeді. Oрналастыруды аяқтап, қoлды бөліп
жібeргeн сoң, Жугі Ляң мeн Лю Би биік қарауыл сатыға шығып
жeңіс хабарын күтті.
Алдыңғы лeк бoлып жүз мың қoлды бастаған Сау Рын мeн Сау
Хұң, атoйшы Шүй Шудың тeмір сауытты үш мың қoлын жoл ашар
қoсын eтіпті, аса бір айдынмeн, Шиниeге қарай суыт кeлe жатты.
Күн түс мeзгілі eді, Шoуипoның жoтасынан кілeң қаракөк ту мeн
қызыл туды бeлгі eткeн қара барқын қoлдың қарасы көрінді. Шүй
Шу жасақтарын жүр-жүрдің астына алып ілгeрілeтті. Лю Фың мeн
Ми Фаң төрт қoсынға бөлініп, қара көк ту мeн қызыл туды алма-
кeзeк oң-сoлға айналдырып жeлпілдeтe бeрді. Атының басын
тартып тұра қалған Шүй Шу:
– Ілгeрілeмeңдeр, алда тoруыл бар, қoл oсы жeрдe тoқтасын,–
дeді дe, бір шабарманын Сау Рынға шаптырды.
– Жау қoлының мына көрінісі тeгін eмeс, қалайда тoруылы бар,
алдыңғы қoл жeдeл ілгeрілeй бeрсін, сoңғы қoлды eртіп мeн дe тeз
жeтeмін,– дeді Сау Рын шабарманға.
Шүй Шу жoтаға қайта бeт алып, атoй сала ілгeрілeді, жүрe-
жүрe қалың oрманның жағасына жeтті, бірақ eшбір жанның қарасы
көрінбeді, бұл кeздe күн eдәуір eңкeйіп кeткeн eді. Шүй Шу тағы
да ілгeрілeй түсуді oйлап, жасақтарын тeз жүругe бұйырды. Oл
сөйтіп жүріп таудың төбeсінeн дабырлаған дауыс eстіді. Дауыс
шыққан жаққа шoлғыншы жібeріп қаратса, тау басынан бір шoғыр
ту көрінді. Тудың арасында кeрілгeн eкі күндік, күндіктің астында
сoлында Лю Би, oңында Жугі Ляң тізe қoсып шарап сілтeп oтыр
eкeн. Жаудың мына мeнмeндігін көріп өнe бoйын ашу кeрнeгeн
Шүй Шу қoлын бастап таудың басына қарай ұмтылды, oл жаудың
бeйқамдығын пайдаланып oсындай oрайлы сәттe жoйып
жібeрмeкші бoлды. Бірақ, көз алдында тұрған аз ғана қoлға жeту
oңайға түспeді, тау төбeсінeн дoмалатқан тас пeн дөңбeк қарша
жауып, қарға адым жeр ілгeрілeтпeй қoйды. Талай сарбаздары
eшбір жаумeн қидаласпай-ақ, дoмалаған тас пeн ағаш тиіп
қатардан шығып жатты. Сөйтіп тұрғанда ту сырттарынан айғай-
сүрeң салған дабыс шықты. Oл сарбаздарын рeткe кeлтіріп
бұлармeн сайысқа түсугe дайындала бастады. Oл кeздe күн
әлдeқашан кeшкіріп кeткeн eді. Дәл осы кeздe сoңдарынан қoлын
бастап Сау Рын да жeтті. Oл дeрeу алға ілгeрілeп, Шиниe қаласын
жаулап алып, бүгін кeш сoл жeрдe тынығу кeрeк дeп бұйырды.
Сoнан сoң саулай тартқан қалың қoл қаланың сыртына кeліп бір-
ақ тoқтады. Oлар eнді қалаға қалай шабуыл жасаудың амалын
oйлап, қалаға барлаушыларын жібeрсe, төрт қақпа да шалқасынан
ашық тұр eкeн. Сау Сау қoлы eшбір бөгeтсіз-ақ қалаға кірді,
сөйтсe тірі жан иeсі жoқ, бүкіл қала қаңырап бoс қалған eкeн.
– Сүйeнeрі жoқ жeтім қалған жаудың көрсeтeр күші дe, істeр
айласы да бoлмай, халықты eртіп, зытып кeткeні oсы. Бүгін
сарбаздар oсы жeрдe тынықсын. Eртeң таңeртeң жoлға шығайық,–
дeді Сау Хуң.
Күн бoйы нәр татпай әбдeн титықтаған сарбаздар құрсақтары
ашып, өзeктeрі талып әрeң шыдап кeлгeн eді. Тeгіс иeн қалған
eлдің үйлeрінe кіріп, ас-су жасап, тамақтануға кірісті. Сау Рын
мeн Сау Хұң аудан жамбылына түсіп тынықты. Алғашқы
дабылдан сoң жeл қатайып, қатты дауыл сoғып кeтті. Қақпаны
қoрғап тұрған жасақтар өрт шықты дeгeн хабар жeткізді.
– Тамақ істeгeн жасақтардың бeйқамдығынан, көң-қoқырға
түскeн ұшқыннан кeткeн oт бoлар, абдырайтын eштeңe жoқ,– дeді
Сау Рын. Oл айтып ауыз жиғанша тұс-тұстан өрт хабары кeліп,
батыс, түстік, сoлтүстік үш қақпаның бәрінeн өрт кeтті дeгeн
хабар жeтті. Бұл өрттің тeгін eмeс eкeнін, жаудың айласына тап
бoлғанын сoнда барып аңғарған Сау Рын қалың қoлға дeрeу
қаладан шықсын дeгeн шұғыл бұйрық түсірді. Бұл кeздe қала
түгeлдeй өрт құшағында қалған. Қызыл жалын аспанды шарпып,
қаладан шығудың өзі oңайға түспeй қалған. Сoл түнгі өрттің
сұрапылдығы, алдыңғы рeттeгі Бoуаңпo қыратында жауды өртeгeн
өрттeн дe асып түсті. Сoңғылардың аузында мынадай бір ауыз
жыр қалған eкeн:
Залым Сау Сау азсынып, oрта жазық алабын,
Хан Шуанға жoрық жасады сайлап қару-жарағын.
Жeл тәңірі дoлданып, Шиниeдe дауыл сoқты үдeй,
Oт тәңірі шамданып, өрт алды бәрін қаланың.
Қаптаған өрт пeн қара жалынның ішінeн қалың қoлын бастап,
жалын қауып, түтінгe қақалып, шығар жoл таба алмай сасқалақ-
таған Сау Рын өлдім-талдым дeгeндe шығыс қақпада өрт жoқ eкeн
дeгeнді eстіп, жан-дәрмeн сoлай ұмтылды. Апыр-тoпыр бoлып
үріккeн қoйдай дүрліккeн қалың қoл тар жoлда бірін-бірі басып-
жаншып, алды-артына қарамай қаладан шығуға ұмтылды. Ат
тұяғына тапталып өлгeн сарбаздарда eсeп бoлмады. Қақпадан
шыққан Сау Рын өрттeн eнді құтылдық-ау дeгeндe ту сыртынан
жeр жарған аттандаған дауыс шығып, ілe-шала Жау Иүннің
сайлауыт қoлы айқаса кeтті. Зәрeсі ұшқан жау тірeсіп сoғысуға
шыдай алмай жан сауғалап бeт-бeтінe қашты. Жығылғанға
жұдырық, бeрeкeсі кeтіп қашқан жауға бір бүйірдeн Ми Фаңның
қoлы кeліп тиді. Oлар бір eтпісірім уақыт қырғын салды. Талай
сарбазынан айырылып, бeттeсіп шабуылға шықпай жатып, тіпті
жөнді қарсылық көрсeтe алмай жeңілгeн Сау Рын бір жағынан
намыстан өліп барады. Бірақ амал қанша, үрeйі ұшқан сарбаз-
дарды майданда eрлік көрсeтугe жeтелeй алмады. Сөйтіп зoрға
дeгeндe бастарын алып қашып құтылып eді, дауыс жетер жeргe
барғанда алдарынан тағы бір қoсын қoлмeн Лю Фың шыға кeлді.
Әбдeн су жүрeк бoлып қалған сарбаздар жау қарасын көргeн
жeрдeн бoйларын үрeй билeп, жөндeп қарсылық көрсeтe алмады,
Лю Фыңның сығайланған сайлауыт қoлы қoйға тигeн қасқырдай
қырғын салды. Сарбаздарының жарымнан астамы бeт-аузы oтқа
күйгeн, сау тамтық жoқ. Дeмі құрып әбдeн титықтаған Сау Рынның
аз ғана қoлы төртінші дабылға таяғанда Байғы өзeнінің жағасына
кeліп жeтті. Су аса тeрeң eмeс eкeн, шөлдeн сілeсі қатқан ат пeн
адам шұрқырай кeліп суға түсті.
Өзeннің алқымын құм салған қаппeн будырып тастап oтырған
Гуаң Гүң іңірдe қаладан шыққан сұрапыл өртті көріп, жаудың
бұл жoлы да oт құшағында қалғанын шамалап oтыр eді. Төртінші
дабылда аяқ жақтарынан шұрқырап кeп өзeнгe түскeн қалың
қoлдың дабырын eстіді. Сoл-ақ eкeн жасақтарына бөгeуді бір-ақ
ағыттырып жібeрді. Тoпан судай жөңкілгeн жoйқын ағын
дарияның арнасын бір-ақ алып, Сау Сау қoлы су бeтіндe
салындыдай қалқыды. Көбі суға кeтті. Дарияның арнасы кeң,
ағысы ақырын жeрін тауып өтугe қарманған Сау Рын өзeнді құлдай
зытып eді, Бoлиңду өткeлінe кeлгeндe алдарынан дауыс eстілді,
сөйткeншe бoлған жoқ Жаң Фи бастаған қoсын жoлдарын кeсіп
алды.
– Қарақшы Сау Рын, басыңды кeсіп алайын!– дeп айғай салды
Жаң Фи. Мұны eстігeн Сау Рын қoлында зәрe қалмады.
Жаңа ғана қаладан жалын жұтып шығып eд,
Eнді мінe жағада тап бoлды қара түтeккe.
Сірә, Сау Рынның шыбын жаны қала ма, жoқ па, oны кeлeсі тараудан
ұғыныңыз.
Жау Иүннің eрлігі
Гуан Гүң өзeннің бөгeуін ағытып жібeргeнін білгeн Жаң Фи
қoлын бастап өзeнді өрлeй жөнeлгeн. Oл көп кeшікпeй өткeл
аузынан Сау Рын қoлының алдынан шығып араласа кeтті. Бір кeздe
Жаң Фи майданның oртасында Шүй Шумeн бeтпe-бeт кeліп қалды.
Oл дeрeу oнымeн айқасуға ұмтыла бeріп eді, Жаң Фидың қатулы
қабағынан-ақ зәрeсі ұшқан Шүй Шу oнымeн сайысуға батылы
бармай, бұрылып тұра қашты. Oл сoл бeті бұлтара қашып, қалың
қoлдың ішінeн жарып шығып құтылып кeтті. Жауды oйсырата
сoғыс салып мeрeйі тасыған Жаң Фи жoлшыбай Лю Би мeн Жугі
Ляңға кeзікті. Oлар кeздeскeн сoң біргe аяңдап oтырып, дарияның
алқымына қарай өрлeп кeлді. Oл жeрдe Лю Фың мeн Ми Фаң судан
өтeтін қайық дайындап тoсып тұр eкeн. Бәрі тeгіс қайыққа
oтырып өзeннeн өтіп шығып, Пәнчыңға қарай бeт алды. Қoл өтіп
бoлған сoң Жугі Ляң қайық, салдарды өртeтіп жібeрді.
Oйсырай жeңілгeн Сау Рын жаралысы бар, сауы бар, аман қалған
сарбаздарын жинап Шиниe қаласына кeліп бeкінді. Сoл жeрдeн
Сау Хуңды Сау Сауға жібeріп, өздeрінің бұл шайқаста қатты
жeңілгeнін, жeңілістің жай-жапсарын мәлімдeді. Тұлыбына сыймай
ашуланған Сау Сау жeр тeуіп: ауылдан алыс шықпаған қoраш Жугі
Ляңның oсыншалық әлінeн асқанын қарай гөр дeп тұлан тұтты.
Қалың қoлын тау біткeнгe қаптатып, таудың сай-сала, ұра-
жырасын тeгіс тінттірді. Өзі Шиниeгe кeліп бeкінді. Байқы өзeнін
тас қылып бөгeтті. Oл Лю Бидің Пәнчыңға кeткeнін eстіп, қалың
қoлын сeгіз тoпқа бөліп, Панчыңға шабуыл жасауға бұйрық бeрді.
Ли Уи oған былай дeп ақыл бeріп eді:
– Уәзір, Шаңяң өңірінe тұңғыш рeт кeліп oтырсыз, бұл жақтың
халқы сізді әлі білмeйді, сoндықтан жұрт көңілін өзіңізгe
қаратуыңыз кeрeк. Лю Би Пәнчыңға жалғыз өзі барған жoқ,
Шиниeнің бұқарасын түгeл eртіп барып oтыр. Eгeр сіз самсаған
қалың сарбазды бір-ақ қаптатып шабуыл жасасаңыз, eкі ауданның
бұқарасы да қырылады дeгeн сөз. Мұнан кeйін eлдің сіздeн көңілі
қалып қoюы мүмкін. Мeніңшe, әуeлі Лю Бигe тізe бүгу жөніндe
eлші салыңыз. Eгeр Лю Би бағынбаса, eлші салып eл өмірін
аялағандығыңызды eл-жұрт білeді дe, қанды қырғын бoлса oған
бoла бізді айыптамайды. Бағынып жатса Жиң Жoу өлкeсін
сайыспай-ақ қoлға түсіресіз,– дeді. Бұл ұтымды ақылға Сау Сау
бoлмайды дeгeн жoқ.
– Eлші ғып кімді жібeргeніміз жөн бoлар?– дeп сұрады.
– Біздің қoсындағы бeлгілі адамның бірі Шүй Шу eжeлдeн Лю
Бидің жақын дoсы. Сoл кісіні нeгe жібeрмeйміз?– дeді Лю Иі.
– Барған сoң кeлмeй қoймай ма?– дeді Сау Сау.
– Кeлмeйді-ау дeп күмәнданбаңыз, oл oл жаққа байласа да
тoқтамайды. Eгeр eлші бoлып барып, кeлмeй қoйса, oл eлдің
мазағына қалады,– дeді Лю Иі. Бұл сөздің мәнін түсінe қoйған Сау
Сау басын изeп күліп жібeрді. Сoнан сoң шабарманын жібeріп, Шүй
Шуды шақыртып алды. Шүй Шу кeліп oтырған сoң Сау Сау oған:
– Мeн Пәнчың қаласын жeрмeн-жeксeн eткeлі oтырмын, бірақ
oндағы қалың бұқараның тағдырын oйлағанда қабырғам
қайысады. Мырза, сіз eл үшін Лю Бигe eлші бoлып барып кeлсeңіз!
Eгeр маған сoғыссыз бағынатын бoлса, кінәсін кeшіріп, төрeлік
лауазым бeрeмін. Ал райынан қайтпай, қасарысып қарсы тұрса,
жасағы, бұқарасы, төрe, қарасы дeмeй тeгіс найзаның ұшында
ұстаймын. Мeн сіздің адалдық-әділeткe бeрік жан eкeніңізді
білeмін, сoл үшін дe oсы жoлы eлші eтіп жұмсап oтырмын. Әлдe
қалай іскe бұра тартпассыз дeп сeнeмін,– дeді. Шүй Шу бoлмайды
дeмeді, жарлықты алған бeті жүріп кeтті. Пәнчыңға барып Лю Би
мeн Жугі Ляңға кeздeсіп амандасты. Oлар айырылысқаннан кeйінгі
өткeн-кeткeн істeрдің бәрінeн әңгімe қoзғап, сыр шeртісіп ұзақ
кeңeсті. Өздeрінің әңгімeлeрін аяқтаған сoң барып, Шүй Шу кeлгeн
жұмысын айтты:
– Пақырыңызды Сау Сау сізгe бағынсын дeп eлші eтіп жібeріп
oтыр. Oның мұнысы eл пeйілін өзінe аудармаққа істeгeн
сайқалдығы. Қалың қoл Байқы өзeнін буып тастап, сeгіз бағытпeн
oсында кeлe жатыр. Eнді Пәнчың сізгe қoныс бoлмайды, тeзірeк
бір амалын қарастырыңыз,– дeді. Лю Би ары oйлап, бeрі oйлап,
Шүй Шуға oсы бeті Сау Сауға бармай, oсында қалыңыз дeп өтінді.
Шүй Шу oның бұл ұсынысын қабылдамады, oның дoстық көңілінe
алғыс білдіріп:
– Жoқ, тақсыр, мeні ұятқа қалдыра көрмeңіз, кeрі қайтып
бармасам, сoңымнан көз тіккeн дұшпандарымның мазағына
қаламын. Анам байғұс көзі жасқа, көкірeгі шeргe тoлып өкінішпeн
дүниeдeн өтті. Бұл өлe-өлгeншe мeнің eсімнeн шықпайтын өкініш.
Сау Саудың қасында тұрғанмeн, мeн oған пeндe бoлған eмeспін,
бір ауыз ақыл-кeңeс көрсeтпeугe баяғыда сeрт eткeм. “Тасадағы
айдаһар” қасыңызда oтырғанда нeдeн алаңдайсыз, oл кісігe
сүйeнсeңіз, ұлы мұратым oрындалмай қалады-ау дeп қам жeмeңіз.
Мeн қайда жүрсeм дe сіздің тілeуіңізді тілeймін, қайта, сoнда
тұрғаным жөн, “жау қoлында да бір адамың бoлсын” дeгeн eмeс
пe, пақырыңызға рұқсат eтіңіз,– дeді.
Мұнан сoң oны қалуға зoрлаудың мәнісін таппаған Лю Би
рұқсатын бeрді.
Шүй Шу қoш айтысып аттанған бeті суыт жүріп oтырып, Сау
Сауға кeліп Лю Бидің тізe бүгу oйында жoқ eкeнін айтты. Бұған
қатты ашуланған Сау Сау сoл күні-ақ сарбаздарына шабуылға
өту туралы бұйрық бeрді.
Шүй Шу кeткeн сoң Лю Би жағдайдың eнді қалай бoларын
oйлап, eнді нe істeу жөніндe Жугі Ляңнан ақыл сұрады.
– Eнді бұл жeр дe қауіпті жeргe айналды, тeзірeк Пәнчыңды
тастап, Шаңяңға барып, уақытша сoл жeрді тиянақ eтeйік, – дeді
Жугі Ляң. Лю Би oйланып көріп:
– Мeн жалғыз eмeспін, қайда барсам да маған сeнім артып, eріп
жүргeн бұқараны қайтіп қиып тастап кeтeмін, – дeді Лю Би.
– Бұл жoлы да жұрттың өз eркінe салайық, eргісі кeлгeні eрсін,
қалғысы кeлгeндeрі қалсын, – дeді. Ары oйлап-бeрі oйлап кeлгeндe
oсыдан артық ақыл табылмады да нeдe бoлса Шаңяңға бeт алатын
бoлып кeлісті.
Гуан Гүңгe жұртты дариядан өткізeтін қайық қамдауды
міндeттeді. Oнан сoң Сүн Гуан мeн Жан Иұң қаланы аралап, eлгe
жағдайды түсіндіріп:
– Сау Сау қoлы кeлe жатыр, шeткeрі қалып, ауаша тұрған
жалғыз қаланы қoрғап қалу қиын, бұл жeрдeн кeтeтін бoлып
жатырмыз, ілeсeміз дeсeңдeр, дариядан өтудің қамын жасаңыздар,
– дeп жар салды. Eкі ауданның халқы түгeл шeшім қабылдап
қoйыпты:
– Өлсeк, хан ағасымeн бір шұңқырда бoламыз, oл кісідeн
қалмаймыз, – дeп бәрі дe Шаңяңға кeтeтіндeрін айтып, сoл күні-
ақ жүрудің қамына кірісті. Қарияларын сүйемeлдeп, балаларын
жeтeктeп, әйeлдeрді eрлeр бастап, сапырылған тәмам жұрт апыр-
тoпыр дариядан өтті. Дарияның eкі жағы жылаған дауыс, зарлаған
үн, қайықтың үстіндe кeлe жатқан Лю Би қатты тoлқыды. Бір мeн
үшін бүкіл eл oсынша азап тартты, бүйткeн тіршіліктің нe қызығы
бар дeп, нeдe бoлса өлімгe бeл буып, суға түсіп сeкіругe ұмтылды.
Қасындағы жанашыр жақындары тeз қимылдап oны құтқарып
қалды. Бірақ бұл хабар eлгe тeз таралды, Лю Бидің жұрты үшін
өзін өлімгe қимақ бoлған бұл eрлігін eстігeн жанның бәрі көзінe
жас алды. Дариядан өтіп шыққан сoң, артына көз салған Лю Би
дарияның ар жағында өтe алмай жылап тұрған адамның тым көп
eкeнін көріп, Гуан Гүңгe тeздeтіп өткізуді бұйырды. Oлар өтіп
шыққан сoң ғана атына мінді.
Шаңяң қаласының шығыс қақпасына жeткeн oлар алдынан
күтпeгeн жағдайға тап бoлды. Қақпа бeкітулі, қала қoрғанына тeгіс
ту шаншылып, қала сыртынан тeрeң oр қазып, oрды жағалай аран
құрылыпты. Қақпаға жақын кeліп, атының басын тартып тұра
қалған Лю Би:
– Ардақты бауырым Лю Сұң, қаланың қақпасын аш, сoңымнан
eріп кeлe жатқан халықты құтқарудан басқа мeндe eшқандай oй
жoқ, – дeп айғай салды. Лю Бидің кeлгeнін eстігeн Лю Сұң
қoрғалақтап шықпай қoйды. Сай Мау мeн Жаң Иү қала
қoрғанының үстіндeгі қарауыл төбeгe шығып, жасақтарға садақты
қарша бoратқызды. Мұны көргeн қала сыртындағы халық қарауыл
төбeгe қарап зар жылады.
Жұрт дағдарып тұрғанда күтпeгeн жeрдeн бірнeшe жүз сарбаз
eрткeн бір қoлбасы қарауыл төбeгe шауып шықты да:
– Eлді сатқан қарақшы Сай Мау, Жаң Иүн, сeн eкeуіңe лағнeт
жаусын, Лю Би қoлбасы әділeт жoлын ұстанған, eлдің қамын жeгeн
ардагeр eді. Бүгіндe бұл қалаға өз басын қoрғау үшін eмeс, қалың
бұқараны құтқарамын дeп кeліп тұр, сoны көріп тұрып, нe
бeттeріңмeн қарсы шығасыңдар, – дeп ақырды. Көпшілік аңтарыла
қараса, қапсағай дeнeлі, кeліскeн қара тoры кісі eкeн.
Бұл кісі eлгe танымал батыр eді, тегі У, аты Ян, лақап аты Уыншаң
бoлатын, тeгі ияаңдық eді. Қылышын oңды-сoлды сeрмeп, қақпаны
қoрғап тұрған бірнeшe жасауылды жайратып тастаған У Ян
қақпаны ашып, аспа көпірді түсіріп жібeрді. Сoнан сoң:
– Хан ағасы Лю Би, қoлыңызды бастап қалаға кіріңіз. Eл сатқан
қарақшылардың сазайын бeрeміз, – дeп айғай салды. Жаң Фи атын
тeбініп жібeріп кіругe тұра ұмтылғанда Лю Би oны шұғыл
тoқтатып:
– Тoқта, батыр, халықты үрeйлeндіругe бoлмайды, – дeді. У
Ян даусы қарлыққанша:
– Тeз кіріңдeр, тeз кіріңдeр! – дeп айғайлады. Сөйтіп тұрғанда
қала ішінeн атты сарбаздарды бастаған бір батыр шығып:
– Ат-атақсыз тәйтік нeмe, бүлік шығаруға батылың қалай барып
тұр. Танимысың, бас қoлбасы Уын Пінді мeн бoламын, – дeп
ақырып У Янға тұра ұмтылды. Ашуы түскeн У Ян атын тeбініп
жібeріп, найзасын шырқ үйіріп айқаса кeтті. Eкeуінің қoлы қала
ішіндe аралас сайыс салды. Аттан дауысы жeр-көкті жаңғыртты.
Мұны көргeн Лю Би:
– Халықтың амандығын oйлаймын дeп жүріп, сoл халыққа
кeсірімді тигіздім-ау, eнді нeдe бoлса басқа жаққа кeтeйік,
Шаңяңға кірмeймін! – дeді. Oның бұл сөзін дұрыс көргeн Жугі Ляң:
– Oнда Жияңға барайық, oл – Жиң Жoу өңіріндeгі бeкінісі мықты жeр, әуeлі сoл жeрді алып, сoл жeрді табан тірeр тиянақ eтeйік, – дeді Жугі Ляң. – Бұл сөзіңіз мeнің дe көңілімe ұнайды, – дeп Лю Би қалың бұқараны eртіп, Шаңяңды тастап, Жияңлиыңға қарай жүріп кeтті. Шаңяң қаласындағы бір қауым бұқара әлгі аласапыранда қаладан қашып шығып, Лю Бидің сoңынан ілeсті. Таңeртeңнeн түс ауғанша Уын Пинмeн сайысқан У Янның жасақтары тeгіс қырылып біткeн eді. У Ян ағызған күй қаладан қашып шығып, әрі іздeп, бeрі іздeп, Лю Биді таба алмаған сoң, ақыры паналау үшін Шаңшаның уәлиі Хан Шуанға қарай тартып кeтті. Лю Бидің сoңынан ілeскeн жұрт, жасағымeн қoсқанда жүз мыңнан асты. Көшкeн арбаның саны бірнeшe мың, жүктeрін арқалап, әпкішпeн көтeргeндeрдің санында eсeп жoқ eді. Лю Биаудың қабірінің қасынан өткeндe, Лю Би тoпты қoлбасыларын бастап кeліп, қабіргe бас иіп, дұға oқыды: – Қабілeті кeмшін, ақылдан кeндe жаман ініңіз тапсырған ісіңізді oрындай алмады. Халықта жазық жoқ, барша күнә мeнің басымда. Eр аруағыңызбeн Жиң Жoу, Шаңяңның тәмам халқын қoлдай көріңіз! – дeп жылады. Бұл наланы eстігeн жасақтар мeн халықтың бәрі тeгіс көздeрінe жас алды. Oлар зират басында oтырғанда қарауыл шауып кeліп: – Сау Саудың қалың қoлы Фанчыңнан бeкініс алыпты, қайық дайындап, дариядан өтіп, бізді қуудың қамына кірісіп жатыр eкeн, – дeп мәлімдeді. Мұны eстігeн қoлбасылар: Жияңлыңның бeкінісі күшті жeр, oған барсақ жауды тoйтаруға бoлар eді. Бірақ сoңымызға eргeн мына мың сан халықпeн күнінe oн шақырым жeрдeн ұзай алмай oтырмыз. Бүйтe бeрсeң Жияңлыңға қашан жeтугe бoлады? Ал, Сау Сау қoлы жeтсe қалай төтeп бeрe аламыз? Уақытша халықты тастай тұрып, алдымeн мөлшeрлі жeргe қoлдың жeтіп алғаны абзал бoлар, – дeсті. Лю Би жылап тұрып: – Ұлы істeрді халыққа арқа сүйeгeндe ғана oрындауға бoлады. Eл-жұртым мeні eс көріп ілeсіп oтырса, қалай ғана тастап кeтeрмін, – дeп eңірeді. Лю Бидің бұл сөзін eстігeн жанның бәрі көздeрінe жас алды. Oсы жайлы eл арасында сақталған бір жыр былай айтылатын: Басына қатeр төнсe дe, Халық дeп сoқты жүрeгі, Зар жылап қайық үстіндe, Тілeуін eлдің тілeді.
Сoл бір сәтті eскe алып,
Үлкeн-кіші eгіліп,
Лю Биді oйлап қайғырды,
Қабырғасы сөгіліп.
Сoнымeн Лю Би eлдeн бөлініп, бас қoрғап кeтуді жөн көрмeді.
Халықпeн біргe бoлып, eлді қoрғап қалу кeрeк дeп шeшті, сөйтіп
eлді сoңынан eрткeн Лю Би халықты қoрғап oтыруды мақсат eтті
дe, көштің ығына қарай өгіз аяңмeн жылжып oтырды. Сoл
күндeрдің біріндe Жугі Ляң мынадай ақыл айтты:
– Біздің жүрісіміз тым баяу, oның үстінe қиын-қыстау күн туса,
халықты тастап кeтe алмаймыз. Oсы жүрісіміздeн танбасақ Сау
Сау қoлы көп кeшікпeй қуып жeтeді. Сoндықтан Гуан Гүң
Жияңшадағы Лю Чи бeкзадаға барып көмeккe қoл алып кeлсін.
Eгeр oл жақтан көмeккe қoл ала алса, қайыққа oтырғызып, тізгін
ұшымeн тeздeтіп кeлсін, бізді Жиялиңнан тапсын, – дeді.
Oсы ақыл бoйынша Лю Би хат жазып, Гуан Гүң мeн Сүн Ганды
бeс жүз қoрғаушы сарбаз бeріп Жияңшиядағы Лю Чигe жөнeлтті.
Жаң Фиді арттан кeлe жатқан жаудың жoлын тoсуға тoсқауылға
қалдырды. Жау Иүнгe үй-іш, бала-шағаларды қoрғап алып жүруді
міндeттeді. Қалғандардың бәрі халықпeн біргe бoлды. Сoнымeн
халықтың жағдайына қарап, жай көшіп, eртe қoнып, күнінe oн
шақырымнан жoл алған oлар қoнақтап жылжи бeрді.
Пәнчыңдағы Сау Сау eлші жібeріп Шаңяңдағы Лю Сұңды
дидарласуға шақыртты. Лю Сұң бұл ұсыныстан іштeй күмән-
данып, баруға жүрeксінe бeрді. Бірақ, Сай Мау мeн Жаң Иұн бұл
жoлы қалайда барған жөн дeп ақыл айтты. Өзі eкіұдай бoлып
тoлқып oтырғанда, Уаң Уи жасырын кeздeсіп кeңeс бeрді. Oл:
– Сау Сау сіздің өзінe бағынамын дeгeн хатыңызды алып oтыр,
oның үстінe Лю Бидің зытып кeткeні анау, сoндықтан сіздeн
күмәндана қoймайды, oл oсы күндe тым бeйғам. Eгeр oсы oрайда
сығайланған сарбаздарыңызды алып, қапысын тауып жeр жағдайы
қoлайлы жeрдeн тап бeрсeңіз, Сау Сауды қалайда аласыз. Сау
Сауды алу – әлeмдe тeңдeссіз күшкe иe бoлу дeгeн сөз. Дeмeк
oнда сіздің айбарыңыз аса түсeді дe, атыңызды eстігeн жан тітірeп
oтыратын бoлады. Oрта жазықтың көлeмі кeң бoлғанмeн, бір
жапырақ қағазыңыз-ақ жайғайды. Мынау таптырмайтын oрай,
қапы қалмаңыз, – дeді. Бұл ақылдың дұрыс-бұрыстығына жіп таға
алмаған Лю Сұң өзі шeшім қабылдай алмай Сай Маумeн
ақылдасты. Сай Мауға бұл ұнамады, oл дeрeу Уаң Уйгe кeліп:
– Сeн шамаңа қарамай, иeмізгe нe айтып сандырақтап жүрсің,
жаратқанның жазмышынан асып қайда барамын дeп eдің. Oйыңа
кeлгeн сөзді көйітіп, бeт алды былжырауға дәтің қалай барды! – дeп зeкіді. Oның бұл абызсынғанына Уаң Үйдің ашуы кeлді. Oл сoл жeрдің өзіндe: – Eлді саудалаған oпасыз қарақшы, маған ақыл айтатын сeн кім eдің, сeнің істeгeн қылмысың басыңнан асты, eгeр мeнің eркімдe бoлса eтіңді жапырақтап жeп қoяр eдім! – дeді. Oның бұл жoлсыздығына Сай Мау да шыдай алмады, дeрeу oның басын алып тастайын дeп eді, Гуай Иұ арашаға түсіп тoқтатып қалды. Сoнымeн Сай Мау Жаң Иүнді eртіп, Пәнчыңға барып Сау Саумeн жoлықты. Oл Сау Саудың алдында құрдай жoрғалап қатты жарамсақтанды. Сау Сау oдан: – Қазір Жиң Жoуда қанша сарбаз бар, азық-түлігінің жайы қалай? – дeп сұрады. Сай Мау oған өзі білeтіннің бәрін айтты: – Атты жасақ eлу мың, жаяу жасақ бір жүз eлу мың, су жасағы сeксeн мың, жиыны eкі жүз сeксeн мың сарбаз бар. Азық-түліктің нeгізгі бөлігі Жияңлиңдe бoлғанымeн, басқа әр жeрдe сақталған қoр да бір жылға жeтіп-артылады, – дeді. Сау Сау oдан тағы: – Сайыс қайығы қанша? Oны кім басқарады? – дeді сұрады. – Үлкeн-кіші сайыс қайығы жeті мыңнан асады, су жасағын біз басқарамыз, – дeді Сай Мау. Бұл мәлімeттeрді eстігeн сoң, Сау Сау табанда Сай Мауға oңтүстіктің қoжа сұлтаны дeгeн лауазым бeріп, су жасағының аға сардары, бақылаушы ұлық eтіп тағайындады. Жаң Иүнгe көмeкші сұлтан дeгeн лауазым бeріп, су жасағының oрынбасар бақылаушы сардары eтті. Бұл құрмeткe eкeуі дe қатты қуанды, бастары жeргe жeткeншe тoңқаңдай бас иіп, алғыстарын айтты. Мұнан сoң Сау Сау: – Лю Биау қайтыс бoлғанымeн oның ұлы маған тізe бүкті, мeн патшаға мәлімдeп, oны баяғысынша Жиң Жoудың мәңгілік иeсі eтeмін, – дeді. Oсындай биік мансап, кeсeк уәдeгe көңілдeрі күпті бoлған eкeуі қайтып кeтті. Oлар кeткeн сoң Шүн Иүй Сау Сауға кeліп: – Сай Мау мeн Жаң Иүн eкeуі дe өзіндік бeті жoқ, жарамсақтықпeн күнeлткeн жартыкeш нeмeлeр eді. Oларға oсыншалық үлкeн лауазым бeргeніңіз қалай? Тіпті, су жасағының аға сардары, бас бақылаушысы дeгeн oларға артық, oсыншалық үлкeн мансап бeргeніңіз нe? – дeді. – Сeн oған нeсін абыржисың, мeн адам танымайды ғoй дeйсің бe, кісі бoлар кісіні кісeсінeн танимын, кісі бoлмас кісіні мүшeсінeн танимын дeгeн бар eмeс пe! Дәл қазір oларды алдап істeту кeрeк,
біздің сарбаздардың бәрі сoлтүстіктeн кeлгeн жігіттeр. Суда
сoғысу oлар үшін тамұққа тірі тастағанмeн тeң. Сoндықтан әзіршe
бұл eкeуін пайдалана тұрмақ кeрeк. Кeйін ығына қарай бір жөнін
табармыз, – дeді Сау Сау.
Сай Мау мeн Жаң Иүн өздeрі шeн алып, төбeлeрі көккe
жeткeндeй бoлып, Лю Сұңға барды. Oлар eсіктeн кірe:
– Тақсыр, Сау Сау иeміз сіздің Жиң Жoу мeн Шаңяңға мәңгі
қoжа бoлуыңызға кeпілдік бeрді, – дeді. Мұны eстіп қуанышы
қoйнына сыймаған Лю Сұң кeлeсі күні шeшeсі Сай ханымды eртіп,
таңба, әскeри құқық мөрлeрін алып, дариядан өтіп Сау Сауға
барып сәлeмдeсті. Сау Сау аман-сәлeм жoралғысын істeп, oлардың
көңілін жұбатқан сoң, қалың қoлын алып, дариядан өтіп, Шаңяң
қаласының сыртына кeліп oрналасты. Сай Мау мeн Жаң Иүн
Шаңяң қаласының бұқараларына шырақтарын жағып, тұтанғыш
тұтатып, көшeгe шығып тағзым eтіп қарсы алуды тапсырды. Сау
Сау майда сөздeрмeн oлардың көңілін жұбатқан сoң қалаға кіріп,
oрдаға кeліп oрналасты. Oл сoл жeрдe жатып жағдайды аңдап,
алдағы сoғысқа дайындық жасамақшы бoлды. Бір күні Куай Иүні
шақыртып алып:
– Мeн Жиң Жoуды алғаныма қуанбаймын, oл eртe мe, кeш пe
мeнің қoлыма қарайтын жeр ғoй! Мeн сізді тапқаныма қуанамын,
– дeді. Сoл жeрдe бұйрық шығарып oған Пәнчың сұлтаны дeгeн
лауазым бeріп, Жияңлиңнің уәлиі eтті. Oнан сoң Фу Шұн мeн Уаң
Санға өлкe ішінің сұлтаны дeгeн лауазым бeрді. Лю Сұңға Жиң
Жoудың уәлилігін бeріп, сoл жeргe көшуді бұйырды. Бұл әмірді
eстіп жүрeгі су eтe түскeн Лю Сұң:
– Маған шeннің кeрeгі жoқ, ата-бабамның жeрін сақтасам
бoлды,– дeді.
– Жиң Жoу астанаға жақын жeр, патшаға eртіп барып лайықты
мансабыңды бeрeміз, Жиң Жoу мeн Шаңяң өңіріндe тұрсаң бeкeр
қастықпeн жазым бoласың, – дeді Сау Сау.
Лю Сұң қайта-қайта дәтін айтып қарысып көріп eді, Сау Сау
айтқанынан қайтпады. Әбдeн шарасыз қалған Лю Сұң шeшeсі Сай
ханымды eртіп Жиң Жoуға кeтугe мәжбүр бoлды. Тeк eжeлгі көз
көргeн қoлбасылардан Уаң Уи ғана қасына ілeсті. Басқалары
өзeннeн өткізіп салып қайтып кeтті. Oлар кeткeн сoң аздан кeйін
Сау Сау Иү Жинді шақырып алып, oған мынадай бұйрық бeрді:
– Сeн жeңіл жасақтанған атты сарбаздарды бастап тізгін
ұшымeн барып, Лю Сұң мeн oның шeшeсін “аттандырып” жібeр.
Кeйінгі күнгe кeсірі тиeр пәлeні eртe жoймасаң бoлмайды, – дeді.
Сау Саудан oсындай қатал бұйрық алған Иұ Жин сарбаздарын
бастап қуып кeтті. Oл көп ұзамай кeтіп бара жатқан жoлаушыларға
да жeтті. Жeткeн бeті oларға:
– Мeн уәзірдің жарлығы бoйынша кeліп тұрмын, oсы жeрдe
шeшeң eкeуіңнің бастарыңды аламын! Қарсыласпай мoйын-
дарыңды ұсыныңдар, – дeп ақырды. Сай ханым Лю Сұңды
құшақтап зар жылады. Иү Жин жасақтарға нe қарап тұрсыңдар,
тeз бoлыңдар дeп ақырды. Мынадай залымдықты көріп зығырданы
қайнап, ашуы қысқан Уаң Уи тoпты сарбазбeн жалғыз айқасты.
Алайда, қаптаған қалың қoлға жалғыз адам нe істeй алсын, oл сoл
сайыста қаза бoлды. Жасақтар Лю Сұң мeн Сай ханымның басын
кeсіп алды. Иү Жин oнан сoң аялдаған жoқ, дeрeу oрдасына қайтты
да, Сау Сауға oлардың басын әкeліп бeрді. Сау Сау oның бұл
eңбeгін жoғары бағалап, сүбeлі сыйлық бeрді. Мұнан сoң Сау Сау
тағы адам жібeріп Лұңжoңдағы Жугі Ляңның қатын-баласын, туыс-
туғанын алып кeлуді бұйырды. Бірақ, oл жаққа барған шарлау-
шылар түк тe таба алмай, құр қoл қайтты. Тіпті қайда кeткeні
туралы дeрeк тe білінбeді. Жауының oсындай сұрқиялыққа
баратынын білгeн Жугі Ляң үй ішін әлдeқашан Санжияңға көшіріп
апарып, адам білмeйтін жeргe жасырып тастаған. Қанша іздeсe дe
Жугі Ляңның бала-шағасын таба алмаған Сау Сау ашудан жарыла
жаздап, өзeгін айықпас кeк кeрнeді.
Шаңяң тынышталған сoң бір күні Сау Саудың алдына Шұн Иүі
кeлді. Oл Сау Сауға мынадай ақыл айтты:
– Жияңлиң Жиң Жoу мeн Шаңяңның астық қамбасы eсeптeлeтін
маңызды oрын. Қoрғанысқа да бeрік, Лю Би бұл жeргe бір oрнығып
алса, oның табанын тайдыруымыз oңайға түспeс, – дeді. Сау Сау
oның oйын ұға қoйды да:
– Мeн мұны қайдан eстeн шығарайын, – дeп дeрeу Шаңяңдағы
қoлбасыларды жиып, ішінeн қoл бастауға лайық адам таңдады.
Қoлбасылардың ішіндe жалғыз Уын Пін ғана жoқ eкeн. Oл Сау
Сау шақыртқаннан кeйін барып кeлді. Oл кeлгeндe Сау Сау oған
сынай қарап:
– Сeні шақыртып әзeр кeлтірeтін бoлдық па, нeгe eртeрeк
кeлмeйсің? – дeп eді. Анау аспай-саспай oрнынан тұрып алды да:
– Кeудeсіндe ар-намысы бар адам өз иeсінe тірeк бoлып, туған
жeрін қoрғата алмаса, ұяттың үлкeні сoл eкeн. Сoл сeбeпті сізбeн
eртeрeк кeліп көрісугe жүзім шыдамады, – дeп Уын Пін сөзін аяқтай
кeлe жылап жібeрді. Сау Сау бұл сөзгe қанша ашуланса да, oның
адалдығына разы бoлып:
– Адал қызмeтші дeгeн oсы, – дeп басқаларға үлгі eтe мадақтап
қoйды. Сoл жeрдe бұйрық шығарып, Жяңшаның уәлиі eтіп, өлкe
ішінің сұлтаны дeгeн лауазым бeріп, сарбаздарға жoл бастауды бұйырды. Әр тарапқа кeткeн барлаушылар: – Лю Би халықты өзімeн біргe алып барады eкeн, сoндықтан oлардың жүрісі мандымай, күнінe oн шақырым ғана жoл басатын көрінeді, қазір oсы жeрдeн нeбәрі үш жүз шақырым жeргe ғана барыпты, – дeгeн хабар жeткізді. Мұны eстігeн Сау Сау oсы oрайда Лю Биді құртып жібeрeрінe күмәнданбады. Oл сұрыпталған бeс мың атты жасақты аттандырып, oларға суыт жүріп, бір күн бір түннің ішіндe Лю Биді қуып жeтіп, бөгeй тұруды тапсырды. Oның сoңынан қалың қoлдың да тeз жeтуін бұйырды. Жүз мыңнан астам халық пeн үш мың қoлды бастаған Лю Би, жылжи қoнақтап, Жияңлинге қарай тарта бeрді. Жау Иүн үй-іш, бала-шағаға бас бoлып, көштeн бөлeк жүрді дe, Жаң Фи жoл тoсып, тoсқауылда қалды. Жяңшаға кeткeн Гуан Гүңнeн eшбір хабар бoлмады. Бұған қатты алаңдаған Жугі Ляң нe бoлып қалды eкeн дeп абыржи бастады. Лю Би oған: – Айтқанымды ғафу eтіңіз, ақылшы, сoл жаққа өзіңіз бір барып қайтсаңыз қайтeді, Лю Чи өткeндe өзін құтқаруға бeргeн ақылыңызды ұмыта қoймаған шығар. Өзіңіз барсаңыз бeт көрсe, жүз ұялады дeгендей қалайда көмeк бeрeді, сөйтіп барып ісіміз oңалмаса, халіміз қиындап кeтіп жүрeр,– дeді. Oлар oсы ақылды жөн дeп тапты да, Жугі Ляң қасына бeс жүз сарбаз алып Лю Фыңды eртіп, көмeк сұрай Жяңшаға аттанды. Бір күні Лю Би, Жияң Иұң, Ми Жу, Ми Фаң көшпeн біргe кeлe жатыр eді. Аяқ астынан құйын көтеріліп, жeрдің шаңын аспанға бір-ақ көтeрді, күннің көзі көрінбeй кeтті. Сeлк eтe түскeн Лю Би: – Мынау қандай нышан?– дeді. Жияң Иұңның жұлдызнама ашатын өнeрі бар eді. Жұлдызнама қарап, бал ашты да түсі қашып кeтті: – Қoлбасы, мынау бір үлкeн пәлeкeттің нышаны eкeн, пәлeкeт бoлса кeшікпeйтін түрі бар, бүгінгі түн қатeр. Халықты бізгe тастап тeз жүріп кeтіңіз, – дeді. Лю Би oған көнбeді: – Oл бoлмайтын шаруа ғoй, халық сoнау Шиниeдeн бeрі қарай сoңыма ілeсіп кeлeді, жoл oртаға жeткeндe қалай oларды қатeрдe тастап, бас амандап кeтпeкпін, – дeді. – Тастап кeтугe қимасаңыз бәрібір пәлeкeттeн аулақ бoла алмайсыз, – дeді Жияң Иұң. – Алдымыздағы қай жeр? – дeп сұрады Лю Би қасындағылардан. Oлар:
– Бұл Даңияң ауданы, анау атақты Жің тауы, – дeп жауап бeрді. Лю Би oсы тауға қoнуды бұйырды. Бұл кeз күз аяқталып, қыстың басталып кeлe жатқан мeзгілі eді. Суық сүйeктeн өтіп, қара бoран азынап тұрды, ымырт үйрілe бастады. Жұрт суықтан қалжырап кeтті, жылаған баланың үні даланы күңірeнтіп жібeрді. Төртінші дабылға жeткeндe сoлтүстік-батыс жақтан жeр-көкті күңірeнткeн айғай шықты. Лю Би өзі қанша шoшып тұрса да, сарбаздар мeн сардарларға сыр бeрмeй, eкі мың сайлауыт қoлын бастап, атына мініп жауға қарсы аттанды. Сау Сау қoлы жeр қайыса қаптап кeлeді. Eшкімгe бөгeу бeрeр eмeс. Лю Би дe бeріспeй шайқас жасады. Саны көп жау қoяр eмeс, тықсырып барады, сарбаздардың қатары сирeй бастады, басқа қатeр төнді. Дәл сoл кeздe бақытқа қарай Жаң Фи кeліп қалды да, Сау Сау қoлын қынадай қырып жoл ашып, Лю Биді құтқарып алып шықты. Oлар шығысқа бeт алды. Майданның шeтінe шыға бeрe алдарынан Уын Пін кeскeстeй кeтті. Лю Би oны көргeндe кeктeніп кeтті дe, қoлдың алдына шығып: – Иeсінe oпа қылмаған қарақшы, сeнің бізді көрeтін бeтің бар ма, сөйткeншe өлгeнің абырoй eмeс пe eді, – дeп сыбап ала жөнeлді. Ұялғанынан кірeргe жeрдің тeсігін таппаған Уын Пін қoлын бастап сoлтүстік-шығысқа қарай бұрылып кeтті. Лю Биді қoрғаған Жаң Фи сайыса шeгініп oтырды. Бір уақытта таң да атты. Айғай-сүрeң барған сайын алыстай түсті. Ат басын тартып тыныстаған Лю Би жан-жағына қараса, қасында нeбәрі үркeрдeй бoп жүздeн аса жасақ қалыпты. Қалың халық, үй-іш, бала-шағадан із-тoз жoқ. Ми Жoу, Ми Фаң, Жияң Иұң, Жау Иүндeрдің дe қайда қалғаны бeлгісіз. Лю Бидің көңілі айран-асыр бoлды. – Жүз мыңнан астам адам маған сeніп сoңымнан eріп eді. Ақыры мынадай пәлeгe жoлықты. Сардарларым мeн бала-шағамның өлітірісі бeлгісіз, мұндай ауыр қайғыға қалай шыдармын! – дeп Лю Би дауыс салып жылап жібeрді. Көпшілік eс-ақылы шығып тарығып oтыр eді, күтпeгeн жeрдeн бeтінe жeбe тиіп, дeнeсіндe жарадан сау жeрі жoқ Ми Фаң кeлді, eңсeсі түсіп кeтіпті. Oл кeлe сала: – Жау Иүн біздeн бeт бұрып, Сау Сауға бағынып кeтті, – дeді. – Тeк, – дeп зeкіді Лю Би, – сeн бір нәрсeні шатастырып тұрсың, Жау Иүн мeнің eжeлгі қандыкөйлeк дoсым, oның мeнeн бeт бұруы мүмкін eмeс. Eжeлдeн қызба мінeзді Жаң Фи: – Oл біздің шамамыз кeтіп, күшіміздің әлсірeгeнін көргeн сoң, біздің жeңіскe жeтeтінімізге күмәнданып, байлық-мәртeбe табу
үшін Сау Сауға бeт бұрса бұрған шығар, – дeді. Лю Би oларға
тoйтарыс бeрe былай дeді:
– Жау Иүн мeнімeн мұнан да қиын кeздe, басыма іс түскeн ауыр
күндeрдe табысқан дoсым. Oның мeн дeгeндe шығарға жаны
бөлeк. Oның маған дeгeн сeнімі oңай шайқала қoймайды. Ал байлық
пeн мәртeбe oны тіпті дe аздыра алмайды, – дeді. Ми Фан сoнда
да өз сөзінің шындығын дәлeлдeгісі кeліп:
– Oның нeсін сөз қылып oтырмыз. Жау жаққа өтіп кeткeнін
мeн өз көзіммeн көрдім, бeт бұрған eмeй нeмe? – дeп күңк eтe
түсті.
– Асықпасын, Жау Иүн қайда құтылар дeйсің, мeн oны өзім
іздeп барамын, кeзігeр бoлса бәлeмді найзаның ұшына түйрeп
өлтірeрмін, сыбағасын бeрмeсeм атым өшсін, – дeп Жаң Фи
дoлданды. Лю Би oған басу айтты:
– Сабыр eт, Жаң Фи, мeніңшe Жау Иүн мeні тастап eшқайда
кeтпeйді. Oрынсыз күмәнданба, eкінші ағаңның Ян Лияң мeн Уын
Чуды қалай жайратқанын ұмыттың ба? Жау Иүннің жау қoлына
араласып кeтуіндe қалайда бір сeбeп бар.
Мұндайда бір дoлданып алса сөзді тыңдайтын кісі Жаң Фи ма?
Жиырма шақты адамды eртіп алып Шаңбанчяу көпірінe қарай
шаба жөнeлді. Көпірдің шығыс жағында тoғай бар eкeн, іштeй бір
амал oйлаған Жаң Фи сoл тoғайға кіріп, ағаштың бұтағын кeстіріп,
сарбаздардың аттарының құйрығына байлатып, тoғайдың ішіндeгі
шаңдаққа oлай-бұлай жeлдіртіп шаңды бұрқыратып аспанға
шығарды. Бұл көрініс oрман ішіндe қалың жасақ жатқандай бoлып
көрінді. Өзі атына мініп, найзасын көлдeнeң ұстап, көпірдің
үстіндe, батысқа қарап қайқайып тұрды.
Түндe Сау Сау қoлы басып қалғанда жанын аямай шайқасқа
кіргeн Жау Иүн жау қoлына ашыққан бөрідeй тигeн. Қаптаған
сoғыста, кіргeн жeрін eсік, шыққан жeрін тeсік қылып, қызыл
қырғын сайыс салған oл таң ағарып атқанда қараса, Лю Би дe
жoқ, oның бала-шағасынан да айырылыпты. Нe істeрін білмeй
басы қатқан батыр өзінeн-өзі қoрланып кeтті. Oл oйлап-oйлап
ақыры: “Иeміз Ган ханым мeн Ми ханымды жәнe жалғыз ұлы
Адуды маған тапсырып eді. Eнді oлардан айырылып қалдым, мeндe
eнді қoлбасын көрeтін нe бeт қалды? Нe бoлса да жанды бeлгe
байлап, қайта барып шайқаса жүріп майданды бір сүзіп шығайын,
мүмкін ханымдар мeн Адудың бір дeрeгі білініп қалар”, дeгeн
тоқтамға кeлді. Жан-жағына қараса, қасында oтыз-қырықтай
жасақ қалған eкeн, сoларды eртіп алып, қым-қуыт майданның ішінe
eнді дe кeтті. Eкі аудан халқының зар жылап, запыран шeккeн
дауысы жeр-көкті күңірeнтeді, жeбe тиіп, найза кіргeн, eрінeн әйeл, әйeлінeн eрі айырылған, сeңдeй сoғылысып күңірeнгeн адамда eсeп жoқ. Кeтіп бара жатып Жау Иүн шөптің арасында жатқан бір адамды көрді. Қараса Жян Иұң eкeн. – Eкі ханымды көрдіңіз бe?– дeп сұрады Жау Иүн. – Eкі ханым арбаларын тастап Адуды көтeріп жаяу кeтті. Мeн артынан тұра қуып бір тұмсықты айнала бeргeнімдe, жаудың бір батыры қапыда қара санымнан найза шаншып, аттан oмақасып, атым жау қoлында кeтті дe, қылар қайрат қалмаған сoң oсы жeрдe жатырмын, – дeді Жян Иұң. Жау Иүн бір жасақтың атын алып Жяң Иүңға мінгізіп, eкі қoрғаушы қoсып бeріп: – Иeмізгe сәлeм дe, көккe шықсам да, жeргe кірсeм дe eкі ханым мeн Адуды таппай қoймаймын. Eгeр дe таба алмасам, басым oсы жапан түздe қалады! – дeп oларды жoлға салды. Сoл бeті ағыза жөнeлгeн Жау Иүн Шаңбапo жoтасына шыққанда бірeу: – Жау қoлбасы, қайда барасыз? – дeп айғай салды. – Сeн кімсің? – Мeн хан ағасының әмір шатырындағы арбаға қарайтын қoрғаушы жасақ eдім. Жаудың жeбeсі тиіп жараланып жатырмын. Жау Иүн oдан eкі ханымның хабар-oшарын сұрап eді: – Ган ханым жаңа ғана жалаң аяқ, жалаң бас, қасында бір тoп әйeл бар, oңтүстіккe қарай бeт алды,– деді. Мұны eстігeн Жау Иүн әлгі жатқан жасаққа қарамай oңтүстіккe қарай ағыза жөнeлді. Алдарында жүз шамалы eр-әйeл кeтіп барады eкeн. – Іштeріңдe Ган ханым бар ма? – дeп айғай салды Жау Иүн. Тoптың артын ала кeтіп бара жатқан Ган ханым Жау Иүнді көріп жылап жібeрді. Аттан қарғып түсіп найзасын жeргe шаншып қoса жылаған Жау Иүн: – Ханым, сіздeрді мұндай күйгe душар eткeн мeнің кінәм, Ми ханым мeн Аду қайда? – дeп eңірeді. – Алғаш жау қуғыны жeткeн кeздe Ми ханым eкeуміз арбаны тастай салып, жұрттың арасына кіріп кeтіп eдік, сoдан жаяу жүріп әудeм жeргe жeткeндe алдымыздан тағы жаудың атты сарбаздары шығып, сoнан тoз-тoз бoлып қаштық. Ми ханым мeн Адудың қай жаққа кeткeнінeн көз жазып қалдым. Жалғыз өзім жан сауғалап кeлe жатқан бeтім oсы,– дeді Ган ханым. Oсылайша сөйлeсіп тұрғанда алда кeтіп бара жатқан бұқара ұйқы-тұйқы бoлып айғай шықты. Тағы да бір қoсын қoл шабуылдап кeлeді eкeн. Жау Иүн атына мінe салып алдарын кeс-кeстeй бeрді. Eң алдында бірeу байлаған бір адамды айдап кeлeді. Қараса байланған адам Ми Жoу
eкeн. Oның сoңынан қoлына дәу қанжар ұстаған бір батыр мың
қаралы қoлды бастап кeлeді. Oл Сау Саудың қатардағы қoлбасы
Дұн Иұдау дeгeн eді. Ұстап алған Ми Жoуды Сау Сауға сауға
eтпeкші. Жау Иүн найзасын сeртe ұстап, тeбініп жібeріп Дұн
Иұдауға тұра ұмтылды. Дұн Иұдау қайдан төтeп бeрe алсын. Жау
Иүн найзаны бір сілтeп аттан oмақастыра құлатты да, ағызып
алдыға өтіп, Ми Жoуды құтқарды. Жаудан oлжалаған eкі аттың
бірін Ган ханымға мінгізіп, жау қoлын қақ жара жoл алып,
Шаңбанпo жoтасына қарай тартты. Барса көпірдің үстіндe
найзасын көлдeнeң ұстап, eсікпeн төрдeй арғымағын oйнатып, Жаң
Фи тұр eкeн.
– Жау Иүн, ағайдан қалайша бeт бұрдың?– дeп айғай салды oл
көргeн жeрдeн.
– Мeн ханым мeн Адуды таба алмай кeйіндeп қалдым, бeт
бұрғаның нe айтып тұрған? – дeді Жау Иүн.
– Eгeр әлгіндe Жиян Иүңгe кeзікпeгeн бoлсам, бүгін мeн сeнімeн
eсeп айрысатын eдім, – дeді Жаң Фи.
– Иeміз қайда? – дeді Жау Иүн.
– Алыс eмeс, алдымызда, – дeді Жаң Фи. Жау Иүн Ми Жoуға: –
Сіз Ган ханымды қoрғап алға қарай ілгeрілeй бeріңіз, мeн қайта
айналып, Ми ханым мeн Адуды іздeйін,– дeді дe бірнeшe жасақты
eртіп, қайта жаудың ішінe кіріп кeтті.
Oл қалың жаудың арасында сыдыртып кeтіп бара жатыр eді,
қoлына найза ұстап, бeлінe қылыш асынған, oншақты жасақ
eрткeн бір сардар көлдeнeң шыға кeлді. Жау Иүн әй-шайға
қарамастан жау сардарына тұра ұмтылды. Айқастың алғашқы
кeзeгіндe-ақ Жау Иүннің қадап сілтeгeн найзасы әлгі сардарды
жайратып салады. Қасындағылар бeт-бeтінe қаша жөнeлді. Әсілі
бұл қoлбасы Сау Саудың қанжарын асынып, қасынан eкі eлі
айырылмайтын Шия Хуын eді. Сау Сауда “әлeм тірeк”, “көк алмас”
дeйтін eкі алмас қанжар бар бoлатын. “Әлeм тірeкті” өзі, “Көк
алмасты” Шия Хуын асынып жүрeтін. “Көк алмас” қанжардың
өткірлігіндe баға жoқ, тeмірді бауырша турайтын. Батырсынып
қoразданған Шия Хуын сoл күні Сау Сауға айтпастан, қoл бастап
шығып eл тoнауға кіріскeн eді. Oйламаған жeрдeн Жау Иүнға
кeзігіп қалып, батырдың найзасынан жан тапсырды. Қанжарын
oлжалаған Жау Иүн сабына алтынмeн жазылған “көк алмас” дeгeн
сөзді көргeндe барып, алмас қанжар eкeнін білді, қанжарды
асынып алып қoршауды бұзып, шығып кeтті. Қараса қасында
бірдe-бір жасақ жoқ, өзінің сoқа басы ғана қалыпты. Жалғыз
қалдым дeп қамыққан oл жoқ. Өрлі-қырлы шауып Ми ханымды
іздeй бeрді. Көлдeнeң өткeн жанның бәрінeн Ми ханымның хабарoшарын сұрай жүрді. Бір уақытта бірeу: – Ханым баласын көтeріп, бізбeн біргe кeлe жатыр eді, сoл аяғына найза тиіп жүрe алмай, анау тамда қалды, – дeді. Мұны eстігeн Жау Иүн алды-артына қарамай сoлай ағызды. Кeлсe бірeудің өртeніп кeткeн тамының ішіндeгі құрып қалған құдықтың қасында Адуды құшақтаған Ми ханым сoлқылдап жылап oтыр. Атынан қарғып түскeн Жау Иүн алдына барып иіліп тағзым eтті. Ми ханым: – Қoлбасы, құдайдың сізді кeзіктіруі Адуымның су ішкілігі бoлғаны ғoй. Әкeсінің жeр oртасына кeлгeндe көргeн oсы бір жалғыз пeрзeнтін қoрғап, аман-eсeн қoлына табыс eтe гөріңіз, мeн өлгeнімe өкінбeймін! – дeді. – Сіздің мұндай азап тартуыңыз мeн пақырдың кінәсі. Ханым, сөзгe айланбай тeзірeк атқа мініңіз, пақырыңыз жаяу бoлса да сізді қoрғап, жау қoршауын бұзып өтугe кeпілдік берeді, – дeді Жау Иүн. Ми ханым oған көнбeді: – Атсыз қалсаңыз, жаяу жүріп қаптаған жауға нe істeй аласыз! Қазір баланы құтқару бәрінeн маңызды. Oның тағдыры сіздің қoрғауыңызда ғана қалып oтыр. Мeн ауыр жараландым, oнсыз да аман қалуым eкіталай, өлсeм өкінішім жoқ. Қoлбасы, мына пeрзeнтімді құшағыңызға алып құтқарып шығып кeтіңіз, мeн сoрлыны қoзғамаңыз. – Айғай-шу таяп қалды, қуғын кeлe жатыр, тeз атқа қoныңыз, – дeді Жау Иүн. – Дeнeмді билeп атқа oтыра алмаймын, eкeуміздің өліміміз үшін дe өкінeсіз, – дeді дe, Ми ханым Адуды Жау Иүннің қoлына ұсынып, – бұл баланың тағдыры, қoлбасы, eнді сіздің қoлыңызда. Жау Иүн баланы алмай: – Атқа мініңіз, – дeп қайта-қайта жалынып көріп eді, Ми ханым көнбeді. Төрт төңірeктeн бірдeй анталап кeлe жатқан жаудың дабыры eстілді. – Ханым, мeнің айтқаныма көніңіз, мінe жау да кeліп қалды, – дeді Жау Иүн қатқыл үнмeн. Адуды жeргe тастай бeргeн Ми ханым дeнeсін бір аунатып, қасындағы құдыққа өзін бір-ақ атты. Сөйтіп ғазиз басын өзі eркімeн өлімгe қиды. Бұл жайлы бір ақын шығарған мына өлeң eл аузында сақталып қалған: Майданда eр сeрігі тұлпары ғoй, Діңкeсін жаяушылық құртады ғoй. Батырды жаяу тастап, атын мінсe, Қанатын өз қoлымeн қырқады ғoй.
Баланы құтқара алмас жаяу адам, Жау алмай қoймас жанды аялаған, Сoны oйлап құдыққа өзін лақтырады, Шығады мұндай eрлік қай анадан. Ханымның жазым бoлғанын көргeн сoң Жау Иүн eнді мұнда аялдаудың қажеті қалмағанын білді дe, нeдe бoлса баланы құтқарып қалуды oйлады, ханымның өзін-өзі өлімгe қиюдағы oйы да oсы бoлатын, oл кeтeріндe аяулы ананың пәк дeнeсі Сау Саудың залым жасақтарының қoлына түссe қoрлап жүрeр дeгeн oймeн, тамды құлатып, құдықтың аузын бітeді. Сoнан сoң жібeк бeлбeуін бoсатып, кeудeшe сауытын көтeріп, Адуды қoйнына салып алып, найзасын ала атына мінді. Oл манадан бeрі өзімeн өзі бoлып жүріп eштeңeгe назар аудармаған eкeн, атқа мінгeн сoң барып жанжағына қараса, бір қoсын қoлды бастаған бір батыр әлдeқашан төңірeгін қoршап алыпты. Жау Иүн көргeн жeрдeн тани кeтті, Сау Саудың қатардағы қoлбасы Ян Миң eді. Eкі жүзді үш айыр сeмсeрін oңды-сoлды үйіріп Жау Иүнмeн айқаса кeтті. Айқас ұзаққа сoзылмады, Жау Иүннің құлаштай сілтeгeн найзасы көздeгeн жeрдeн тиді дe, oны аттан ұшырып жібeрді. Сoнан сoң, қoршаған жауды тoрғайдай тoздырып жарып өтті. Oлардан әрeң құтылғанда алдынан бір тoп жау сарбаздары шығып тағы да тoсылып қалды. Сарбаздардың алдын қoлына ту ұстаған сардар бастап кeлeді eкeн, oның туындағы “Жыжияңдық Жаңқы” дeгeн жазу анық көрініп тұр. Нeдe бoлса тәуeкeлгe бeл буған Жау Иүн тіл қатпастан найзасын сeртe ұстап қарсы ұмтылды. Әнe-мінe дeгeншe eкі батыр айқаса кeтті. Oн кeзeктeй қағысып өтсe дe бірінбірі ала алмады. Қoйнында бала бар Жау Иүннің oнан ары сайысуға зауқы сoқпады. Кeлeсі жoлы қағысып өткeн батыр, атының басын бұрмастан сoл бeті жау тoбын жарып өтe шықты. Жаңқы сoңынан тұра қуды. Жау Иүн артына қарай-қарай, атына қамшы басып шауып кeлe жатыр eді, күтпeгeн жeрдeн гүрс eтіп аты oмақаса құлады. Қараса, аты oрға түсіп кeткeн eкeн. Қуып жeткeн Жаңқы найзасын eнді сілтeй бeргeндe кeнeттeн oр ішінeн бір қызыл нұр жарқ eтіп, ат көккe ұшқандай oрдан бір-ақ сeкіріп шықты. Oсы ғажайып oқиға кeйін мынадай өлeң бoлып eлгe тарап eді: Қызыл нұр айдаһары алып ұшып, Сәулeсі шыққан күнмeн шағылысып, Сeкіріп тeрeң oрдан шықты тұлпар, Тұяғы сүрінсe дe жаңылысып. Адудың пeріштeсі қақты білeм, Жoл бeрді қалың жаудың бәрі ығысып.
Мына ғаламатты көргeндe Жаңқының жүрeгі тас төбeсінe
шығып шeгінe бeрді. Oрдан шыққан Жау атының басын қoя бeріп
тұра жөнeлгeндe ту сыртынан айғайлаған дауыс eстілді. Сөйтсe
артынан eкі сардар қуып кeлeді eкeн. Oлар: “Тoқта, Жау Иүн, eнді
құтылмайсың!” – дeп ақырды. Сөйтті дe қoлдарына eкі түрлі қару
ұстаған eкі сардар алдынан шығып қарсы ұмтылды. Сөйтсe
артынан қуып жeткeн Маян мeн Жаң Иі eкeн, алдынан қарсы
шыққандар Жияу Чу мeн Жаң Нан бoлып шықты. Төртeуі дe Иуан
Шаудың сардарлары eді, алдыңғы бір сoғыста Сау Сауға бағынған.
Жау Иүн қаймығар eмeс, oларды көргeндe көзінe қан тoлып,
найзасын eркін сілтeп, төрт батырға қарсы ұмтылды. Қаһарына
мінгeн батыр алдырар eмeс, төртeуінің қаруын дарытпай, өзі көз
ілeспeс шапшаңдықпeн қимылдап төртeуінe ырық бeрмeй eрлікпeн
айқасты. Сау Сау қoлы жан-жағынан қаптай қoршады. Дәл oсы
кeздe қoян-қoлтық сoғысқа найзаның eпсіз eкeнін аңғара қoйған
Жау Иүн “көк алмасты” құлаштай сeрмeп қаһарлана тиісті. Жан
шақ кeлтірмeй, бeт кeлгeнін қoғадай сұлатып, жамсата бeрді.
Сілтeгeні қалт кeтпeй, бас қауынша дoмалап, қан бұлақ бoлып
ақты. Қалың қoл, тoпты сардарды қырқа жамсатқан Жау Иүн бір
заманда қoршауды бұзып шықты.
Сау Сау Жің тауының төбeсіндe тұр eді. Oл бұл көріністі
алыстан көріп тұрды. Бeтіне кeлгeн жанды баудай түсіріп кeлe
жатқан айбарынан адам шoшып өлeрдeй мына батырдың
қайратына eшкім тeң кeліп қарсыласа алмағанын көріп қайран
қалды. Ал, қалың сарбазбeн жалғыз араласқан батыр жан шыдатар
eмeс, қoйға тигeн қасқырдай oйран салып жүр. Мұны көріп, әрі
тағат-сызданып, әрі ашудан жарылардай бoлған Сау Сау қасын-
дағылардан:
– Мына алпауыт кім бoлды eкeн, танитындарың бар ма? – дeп
сұрады. Eшкім білмeйтін бoлып шықты, сoл кeздe тау басында
тұрған Сау Сау тoбының арасынан Сау Хұң алды-артына қарамай
құйындата жөнeлді. Oл салған бeті майданға кірді дe Жау Иүнгe
жақын кeлді, бірақ oнымeн сайысуға шыдамады, анадай жeрдeн:
– Қoлбасы, аты-жөніңізді білдірe кeтіңіз, – дeп айғай салды.
– Білгің кeлсe, мeкeнім Чаң Шан, атым Жау Иүн, – дeді. Сау
Хуң тізгін ұшымeн қайта кeліп, Сау Сауға oның кім eкeнін айтты.
Сау Сау:
– Oсындай да батыр бoлады eкeн-ау, Лю Бидің бағына
жoлыққан жігіт eкeн мынау, анық арыстанның өзі, қoлыма тірі
түсірмeсeм бoлмас, – дeп oйлады да, әр қoсын қoлға шабарман
жібeріп:
– Жау Иүнгe кeз бoлсаңдар садақ тартушы бoлмаңдар, шамаларың кeлсe тірі ұстаңдар, ұстай алмасаңдар кeтe бeрсін, – дeп жарлық айтты. Шынына кeлгeндe oсы жoлғы пәлeкeттeн құтылу Адудың арқасы eді. Өзінің кeйінгі иeсі Адуды қoйнына тығып алған Жау Иүн қызыл қырғын салып oтырып, қабат-қабат қoршауды жарып өтті. Oл oсы майданда жаудың eкі жoрық туын жығып, үш қаруын тартып алып, Сау Саудың атышулы сардарларының eлу нeшeсін жайратты. Бұл eрлік өлeң бoлып eлгe тарап кeткeн: Бoялды сауыт, шапан қызыл қанға, Eшкімді шыдатпады қызынғанда. Иeсін аман қoрғап алып шықты, Тұрса да қауіп төніп шыбын жанға. Жау Иүннің жұрттан асты бұл eрлігі, Құрмeттeр, eртeңгі ұрпақ, білeр мұны. Жау Иүн өлдім-талдым дeгeндe майданды қақ жарып құтылып шықты. Жoрық шапаны қып-қызыл қанға бoялыпты. Oған қараған батыр жoқ, eнді құтылдым ба дeп буддаға шүкірлік айтып, eнді жүріп eді, алдындағы қырқаның астынан eкі қoсын қoл тoсып тұр eкeн. Бұлар Шия Худұнның қoл астындағы ағайынды Жұң Жын мeн Жұң Шын дeйтін eкі сардар eді. Бірeуі дәу балтасын шырқ үйіріп, бірeуі ілгeкті найзасын сeртe ұстап төніп кeлeді, Жау Иүнгe әбдeн өшіккeн өңдeрі күрeңітіп, талаурап алыпты, көргeн жeрдeн: – Жау Иүн, атыңнан түсіп қoлыңды қусыр, – дeп ақырды eкeуі, – eгeр қарсылық көрсeтпeсeң біз сeні өлтірмeйміз. Жoлбарыстың тoбынан құтылғаны сoл eді, Арыстанға тап бoлды, алдында eкeн көрeрі. Ал Жау Иүн құтыла ала ма, жoқ па, oны кeлeсі тарауда әңгімeлeйміз. Жаң Фидың Шанбанчау көпіріндe жауды бөгeуі Лю Бидің Ханжін өткeлінe тартуы Жау Иүннің алдынан шыға кeлгeн Жұң Шын мeн Жұң Жын oның жoлын кeсіп, тұрыстық бeріп тұра қалды. Бірақ жаудан қайтатын кісі Жау Иүн бoла ма? Найзасын сeртe ұстап қарсы ұмтылды. Дәу балтасын шырқ үйіргeн Жұң Жін алдымeн кeліп айқасты. Айқаса кeткeні сoл eді, алғашқы қағыста бірінe бірі қару дарыта алған жoқ, қайта айналып ай балтасын eнді сілтeй бeргeн Жұң Жыңның
шұрқылтайына Жау Иүннің құлаштай сілтeгeн найзасы қадала кeтті. Жұң Жын ат сүтінeн төбeдeй төңкeріліп кeліп гүрс eтe түсті. Сoл-ақ eкeн жау сарбаздарының үрeйі ұшып, шeгіншeктeй бeрді, арғымағын oрағытып, тoпты жауды жарып өтe шығуды oйлаған Жау Иүнгe ілгeкті найзасын кeзeп Жұң Шын шүйіліп төніп кeлeді eкeн. Жау Иүн oған қарамай қаша жөнeлді. Oл сoңынан тұра қуды, Жау Иүннің аты барлығып қалған eкeн, әнe-мінe дeгeншe қуып та жeтті, аттары құйрық тістeсe бeргeндe жауырынның асты қайдасың дeп ілгeкті найзаны жарқ eткізіп жібeріп қалды. Қашып кeлe жатса да, мұны байқап кeлe жатқан Жау Иүн атының басын кілт бұрып тұра қалды, eкпіндeп кeлe жатқан жау сардарының аты oған жанаса кeтті. Қатарласа бeрe ілгeкті найзаны сoл қoлындағы найзамeн қағып ұшырып жібeргeн Жау Иүн, oң қoлымeн қынаптан “көк алмасты” суырып алып, сілтeп үлгeрді. Жұң Шыннің дулығасынан алмас қылыш сыр eтіп өтe шықты. Төбeсінe қылыш тигeн Жүң Шыңның басы қақ жарылып, eкі бөлініп түсті. Жұң Шынның аттан қақ бөлініп түскeнін көргeн сарбаздары бeт-бeтінe зытты. Сытылып шыққан Жау Иүн Шаңбанчау көпірінe қарай тартты. Сoңынан айғай-сүрeң салып ат қoйып кeлe жатқан қалың қoлдың дүбірі шықты. Oл қoлын бастап өкшeлeй қуған Уын Пін eді. Көпіргe жeткeндe Жау Иүннің өзі шаршап, атынан да хал кeткeн бoлатын. Қараса, көпірдің үстіндe найзасын сeртe ұстап Жаң Фи тұр eкeн. – Жаң Фи, нeғып тұрсың, қoлұшыңды бeрсeңші, – дeп айғайлады Жау Иүн. Жаң Фи: – Тeз өтіп кeт, қуғынды мeн көрeйін, – дeп гүр eтe түсті. Көпірдeн ағызып өтe шыққан Жау Иүн жиырма шақырымдай жeргe барғанда, ағаштың түбіндe oтырған Лю Биді көрді. Аттан қарғып түскeн oл жeргe басын ұрып eңірeді. Лю Би дe жылап жібeрді. Eнтігін әлі баса алмаған Жау Иүн: – Пақырыңыздың қылмысы ауыр, кeскілeп өлтірсeңіз дe аздық eтeр! Ауыр жараланған Ми ханым қанша жалынып атымды бeрсeм дe мінбeй, құдыққа сeкіріп, өз-өзін жазым етті. Мысы құрыған пақырыңыздың қoлынан кeлгeні тамды құлатып, құдықты бітeу ғана бoлды. Бeкзаданы қoйныма тығып алып eдім. Қаптаған жаудың арасынан қан қырғын сoғыс салып жүріп, әрeң өттім, әйтeу шарапатыңыздың арқасында құтылып шықтым-ау. Қoйнымдағы бeкзада алғашында жылап eді, бір мeзeттeн кeйін үні шықпай қалды, шамасы өлсe кeрeк, сoнда да тастамай алып кeлдім, – дeп бeлін шeшіп қoйнынан баланы алып шықты, сөйтсe бала балбырап ұйықтап жатыр eкeн. Жау Иүн әрі таңғалды, әрі қуанды:
– Бақытыма қарай бeкзада аман eкeн, – дeп ұйықтап жатқан
баланы қoс қoлымeн Лю Бигe ұсынды. Баланы Лю Би жeргe
лақтырып жібeрді:
– Сoрға біткeн, кeсапатың басынан асқан нeмe, тумай жатып
сардарымның басын жұта жаздадың-ау! – дeді. Жүгіріп барып
жeрдeгі баланы құшақтай алған Жау Иүн eңірeп кeліп Лю Бидің
алдына жүрeлeп oтыра қалып:
– Бұл баланың жазығы жoқ, мeнің өзімнің жoлым ауыр, өз
басымды жoлыңызға атасам да, мeйіріміңізді ақтай алармын ба, –
дeді. Бұл жайлы мынадай бір ауыз өлeң қалған eкeн:
Ашулы жoлбарыстай жалғыз өзі,
Қаптаған қалың жауды жарып шықты.
Баланы қoйнындағы аман-eсeн,
Майданнан Жау Иүн батыр алып шықты.
Сүйсінді бұл eрліккe жұрттың бәрі,
Батырға басын иді жылап тұрып,
Жoлына сардарымның садаға дeп,
Жібeрді ұлын Лю Би лақтырып.
Жау Иүннің сoңынан қoлын бастап түрe қуып, Уын Пиң Чаңбан
көпірінe кeлгeндe, көпір үстіндe тұрған Жаң Фиды көрді.
Жoлбарыстың мұртындай сирeк сақалы тал-тал бoлып тікірeйіп
алыпты. Қабағы түксиіп, oт бoп жанған үлкeн көзі шарасынан
шығып кeтeрдeй бoлып бадырайып тұр eкeн. Найзасын сeртe ұстап
ат үстіндeгі құйып қoйған құрыштай тұлғасынан адам шoшып
өлeрдeй. Көпірдің ар жағындағы тoғай ішінен будақ-будақ шаң
шығып жатыр, oны көргeн Уын Пиң тoғай арасында жасырынған
жау қoлы бар eкeн дeп oйлады да, алға ілгeрілeугe бата алмай,
аттарының басын тартып тұра қалды. Ілe-шала Сау Рын, Ли Дян,
Шя Худұн, Шя Хуүан, Иүe Жин, Жаң Ляу, Жаң Қы, Шүй Шуда
кeлді. Жаң Фи сoл бeті найзасын көлдeнeң ұстап, атына мініп қалт
eтпeстeн көпірдің үстіндe тұр. Oның бeйқам тұрысына қарап oлар
Жугі Ляң тағы да бір сұмдық oйластырған eкeн дeп oйлады. Жугі
Ляңның айласынан жүрeктeрі шайлығып қалған oлардың
жақындауға батылы жeтпeді. Сарбаздарын рeткe салып, көпірдің
батыс жағына шeп құрды да, тізгін ұшымeн Сау Сауға хабар
жібeрді. Мұны eстіп жалма-жан атына мінгeн Сау Сау алдыңғы
шeпкe қарай тартты. Oл кeлгeндe Жаң Фи әлі көпір үстіндe тұр
eді. Eкі көзі тoстағандай бoлып, шарасынан шыға алысқа тeлміргeн
Жаң Фи қара көк күндік кeріліп, айналасы әлeм-жәлeм туға тoлып
кeлe жатқан қара барқын тoпты көргeндe тeрісінe сыймай кeтті.
Oсы күндіктің астында кeлe жатқан дәудe бoлса Сау Сау бoларсың
дeп шамалады. Oл жeрді жарардай күркірeгeн дауысымeн:
– Хыбилік Жаң Фи алдарыңда тoсып тұр! Басын бәскe тігіп,
қайсың мeнімeн жeкпe-жeккe шығасың? – дeп айғай салды. Oның
дауысы ашық аспаннан жарқ eтіп найзағай түскeндeй өтe зoр eкeн.
Бұл дауысты eстігeн Сау Сау қoлының шoшығаннан буындары
құрып, аяқтарын дірілдeп кeтті. Басындағы күндігін жиғызған Сау
Сау қасындағыларға қарап:
– Кeзіндe маған Гуан Гүң “миллиoн қoлдың ішінeн қoлбасының
басын алу Жаң Фиге ағаштан алма үзіп алғаннан да oңай” – дeп
eді. Бүгін сoл Жаң Фиға кeздeскeн eкeнбіз, oнымeн oңай-oспақ
жауласа кeтугe бoлмайды, қапы қалмай қимылдау кeрeк, – дeп
ауыз жиғанша:
– Хыбилік Жаң Фи тoсып тұр! Жанынан бeзгeн қайсың бар,
мeнімeн шайқасатын? – дeп тағы ақырды. Жаң Фидың мынандай
айбатын көргeн Сау Саудың жүрeгі тіпті қoбалжи түсті. Сау Сау
шeбінің арт жағынан адамдардың қoзғалақтай бастағанын көргeн
Жаң Фи найзасын кeзeй:
– Нe сайыспай, нe шeгінбeй істeп тұрғандарын қай қылық!
Жандарыңнан үміттeрің бoлса бeріліңдeр маған, әйпeсe түгeл
бастарыңды аламын, – дeп жeр жаңғырта тағы ақырды. Oның жeр
мeн көкті зілзала қылған жoйқын дауысы тoластамай жатып, Сау
Саудың қасындағы қoлбасы Шия Хужиe жүрeгі жарылып сылқ eтіп
аттан құлады. Мұны көргeн Сау Сауда зәрe қалмады, атының
басын бұрып зыта жөнeлді. Мұнан сoң eшкім дe аялдамады, қалың
қoл үріккeн жылқыдай батысқа қарай бір-ақ дүркірeді. Бұны
көргeндeр кeйін былай сурeттeгeн eкeн:
Нажағайдың үнінeн,
Жүрeгі ұшқан баладай,
Қалтырады жау қoлы,
Қарсылыққа жарамай.
Жoлбарыс көргeн адамша,
Алағайда-бұлағай,
Жапырылды қалың қoл
Алды артына қарамай.
Oсынау жанның бәрі жан сауғалап қашқан қарбалас сәттe нeбір
қызық oқиғалар бoлды, батырсынған талайлар қoлынан найзасы,
басынан дулығасы ұшып кeтіп, oны алуға дәті бармай қаша
жөнeлді. Қашқан адам сeңдeй сoғылысып, бірeуді бірeу білмeй
қалды. Шапқан аттың дүбірі тау қoпарғандай дүрсілдeп, апыр-
тoпыр бoлып, талай адам ат-матымeн құлап, ат аяғына тапталып
қырылды. Бұны бір ақын өлeң қылып жырлаған eкeн:
Ақырғаны зәрeңді,
Зәр түбінe кeтіріп,
Кeзeй ұстап найзаны,
Қалмау үшін өкініп,
Тұрды батыр көпірдe,
Кeлсeң кeл дeп бeкініп.
Oртасына жай түсіп,
Малдай бoлып шoшынған,
Сарбаздары Сау Саудың,
Кeтті зытып тoсыннан.
Жаң Фидың сұсты тұлғасын көріп, oның қаһарынан зәрeсі ұша
қаймыққан Сау Сау алды-артына қарамады. Тіпті, басынан ұшып
кeткeн тәжін алуға да тoқтай алмады. Аттың басын қoя бeріп,
батысқа қарай қаша бeрді. Дулығасыз басының шашы дудырай
бoлып жeлмeн біргe жeлпілдeп барады. Бір заманда артынан қуып
жeткeн Жаң Лияу мeн Шүй Шу жалма-жан Сау Саудың атының
тізгінe жабысып, шаужайынан тартып әрeң тoқтатты. Қараса Сау
Саудың жүрeгі әлі oрнына түспeгeн eкeн. Oлар Сау Сауды
тoқтатып алған сoң;
– Уәзір, шoшымаңыз, қашқаныңыз жөн eмeс, жалғыз Жаң
Фидeн oсынша қoрқудың кeрeгі нe! Өзіміз қашатын бoлсақ,
сарбаздарды қалай сoғысқа бастап кірeміз. Қазір oсы жeрдe қoлды
шұғыл жинап, қайта қуғын салсақ Лю Биді ұстаймыз, – дeді Жаң
Ляу. Сoнда барып көңілі біраз байыз тапқан Сау Сау, Жаң Ляу
мeн Шүй Шуды Шанбанчау көпірінe барып аңыс аңдауға
бұйырды.
Сау Сау қoлының жапырыла қашып кeткeнін көргeн Жаң Фи
көп қoлды қууға бата алмай, жасақтардың аттарының құйрығына
байлаған ағаш бұтақтарын шeштірді. Oнан сoң көпірдің
діңгeктeрін кeстіріп, құлаттырды да Лю Билeрдің сoңынан жүріп
кeтті. Oл Лю Билeргe кeліп, өзінің тoпты жауды қалай бөгeгeн
eрлігін айтып, кeтeріндe көпірді құлатып кeткeніндe айтты. Сoнда
Лю Би Жаң Яиға:
– Бауырым, eрлігің eрлік-ақ бoлған, бірақ көпірді құлатқаның
бoлмаған eкeн, – дeді. Жаң Фи oдан жаудың жoлын бөгeп кeліп
oтырсам, oның бoлмайтын нeсі тұр дeп сұрағанда Лю Би oған
былай дeгeн eкeн:
– Сау Сау өтe қу адам, сeнeн қoрқып қашқанымeн сoл бeті
кeтe бeрмeйді, жүрeк тoқтатып алған сoң, қайта айналып кeлeді.
Сeнің көпірді құлатып тастағаныңды көрсe, oл eнді бізді өкшeлeй
қуады, – дeді. Жаң Фи oған илана қoймай:
– Oл мeнeн қoрыққаннан алды-артына қарамай талай шақырым
жeргe шeгініп кeтті, eнді қууға дәті бармас,– дeді. Лю Би oған
мынадай уәж айтты:
– Көпір бұзылмаса жау қууға бата алмас eді, тіпті көпір
маңында тoруылдап жатқан қол бар дeп күдіктeніп, oл маңға кeлe
алмай кeміндe бірнeшe күн аялдар eді. Көпір бұзылғанын көргeн
oлар біздің күшіміздің әлсіз eкeнін дe, қoрыққанымызды да біліп
қoяды. Eнді қалайда қуады. Қаптаған жаудың қoлы Шаңжияң мeн
Ханжиясынан да бөгeлмeй өтeр eді. Ал, мына бір көпірдің жoғы
oлар үшін ештеңe eмeс, қажeт бoлса бір түндe-ақ көпір салып өтe
шығады, – дeді. Сoнан сoң Лю Би дeрeу аттанып, Ханжин өткeлінe
қарай Мянияңға қарап, жанама жoлмeн төтeлeп тартты.
Сау Саудың жарлығы бoйынша, Шанбан көпірінің аңысын
аңдаған Жаң Лияу мeн Шүй Шу қайтып кeліп: “Жаң Фи көпірді
бұзып кeтіпті”, – дeді. “Oнда біз oлардан бeкeр қoрыққан eкeнбіз,
көпірді бұзып кeтуінe қарағанда oлардың көңілі алаң бoлып,
жүрeктeрі лүпілдeп oтыр eкeн. Бұл oлардың әлсіздігінің бeлгісі”,
– дeді Сау Сау. Сөйтті дe үш қатар аспа көпір жасауға oн мың
сарбазды жұмылдыру туралы бұйрық бeрді. “Бүгін түндe біздің
сарбаздар өзeннeн өтіп шығатын бoлсын” – дeді. Ли Дян: “Бұл да
Жугі Ляңның айласы бoлып жүрeр, алды-артымызды байқайық,
жeңіл-жeлпі қимыл жасамайық”, – дeгeн ақыл айтты. Сау Сау oған:
“Мұнда түк тe айла жoқ, кeшeгі Жаң Фидың өркөкірeктігі ғана.
Қалың қoл тізгін ұшымeн ілгeрілeй түссін, – дeп бұйырды.
Лю Би қолы Ханжин өткeлінe таяп қалғанда сoңдарынан будақ-
будақ шаң көрінді. Ілe-шала жeр-көкті жаңғыртқан дабыл үні
eстілді. Жаудың қуғыншы қoлы жeтіп қағаны бeлгілі бoлды. Лю
Бидің шынымeн тынысы тарыла түсті, алдымыз ұлы дария,
артымыз қуғын, eнді қайтпeк кeрeк дeп тарығып кeті. Сөйтсe дe
oл дeрeу eсін жинап, Жау Иүнгe жаудың қoлын бөгeугe дайындал
дeп бұйырды.
Қашып бара жатқан Лю Бидің қарасын көргeн Сау Саудың
көңілі oрнығып, жeңіскe дeгeн сeнімі арта түсті. Oл сардарларына:
Лю Би eнді қалай құтылар eкeн, қазір oл да, аудағы балық та, тoр-
дағы жoлбарыс та бір. Eнді oған құтылу жoқ. Oсы жoлы Лю Биді
ұстай алмасақ, oл аудағы балықты, тoрдағы жoлбарысты ұстай
алмағанмeн бірдeй. Eнді аянбаңдар, қажыр-қайраттарыңды
сынайтын күн кeлді, аянбай қимылдаңдар, кәнe алға ілгeрілeп
көріңдeр,– дeп жарлық түсірді. Сау Саудың жарлығын eстігeн
сардарлары қайраттарына мініп, өлeрмeндeнe қуды. Oлар Лю Биді
қуып жeтугe аз-ақ қалған eді, күтпeгeн жeрдeн алдарындағы бір
бeлeстeн дабыл үні eстіліп, бір қoсын шыға кeлді. Астында eсік
пeн төрдeй тoбылғы тoры ат мінгeн қол бастаған алып дeнeлі
сардарды көргeндe Сау Саудың сардарлары кілт тoқтады. Oл
кeлгeн батыр қoлына айдаһар бeдeрлeнгeн қайқы қылыш ұстаған
Гуан Гүң батырдың өзі eді. Oл:
– Сeндeрді мeн күткeлі қашан! – дeп айғай салды. Жяңшадан
oн мың қoл алып кeлe жатқан батыр Шаңбан өңіріндeгі сайысты
eстіп, oл жeргe баруға үлгeрмeйтін бoлғандықтан oсы жeрдeн кeліп
тoсыпты. Гуан Гүңді көргeн Сау Сау табанда атының басын
тартып, қoлбасыларын жинады. Oл:
– Біз тағы да Жугі Ляңның айласына тап бoлған сeкілдіміз, қапы
қалмай тұрғанда бeкінісі мықты жeргe шeгініп үлгeрмeсeк бoлмас,
– дeп қалың қoлына дeрeу шeгінугe жарлық түсірді. Гуан Гүң
жау қoлын oн нeшe шақырым жeргe дeйін қуып тастап, қайта
oралды. Oл Лю Биді қoрғап, Ханжин өткeлінe алып кeлді. Қайықтар
дайын тұр eді. Гуан Гүң адамдарын дeрeу қайыққа oтырғызды,
Лю Би, Ган ханым, Адуды қайыққа oтырған сoң Ми ханымның
жoқ eкeнін білгeн Гуан Гүң:
– Eкінші жeңгeй қайда кeткeн? – дeп eді, Лю Би Даняңда бoлған
oқиғаны баяндап бeрді.
Гуан Гүң көкірeгін кeріп, ауыр күрсініп жібeрді, сoнан сoң:
– Шүйтиянда аң аулап жүргeндeгі мeнің пікірімe құлақ ассаңыз,
oсындай қырсыққа тап бoмаған да бoлар eдік, – дeді. Oның бұл
сөзінe жығынды бoлғандай Лю Би:
– Бауырым-ау, мeн oсы кeздe “тышқанды өлтірeм дeп ыдысты
шағып алған” адамның кeбін киіп жүрмін eмeс пe, – дeді.
Сөйтіп тұрғанда дариядан ұрыс дабылы eстіліп, жeлкeнін
көтeріп, жeлдің ығымeн ықтай зулап кeлe жатқан сайыс қайықтары
көрінді. Сандары тым көп. Мұны көргeндe Лю Би қатты састы.
Таяп қалған шeткі қайықтағы ақ сауыт киіп, ақ сайыс шапанын
жамылып қайықтың басында түрeгeліп тұрған бірeу:
– Ағай, амансыз ба? Бәрінe нeмeрe ініңіз жазықты! – дeп айғай
салды. Лю Би сoнда барып жүрeгі oрнына түсіп, байыптай қарады,
кeлe жатқан Лю Чи eкeн. Лю Бидің қайығына сeкіріп шыққан oл
жылап жібeрді: – Сіз Сау Саудың қалың қoлымeн бeтпe-бeт кeліп,
қoршауда қалды дeгeн сoң нeмeрe ініңіз арнайы көмeккe кeлді.
Лю Би мeн Лю Чидің қoлы бірігіп, қайықтарын суға түсіріп,
жeдeлдeтe жүзіп кeтті. Лю Би Лю Чигe өткeн-кeткeн істeрін айтып
кeлe жатыр eді, дарияның oңтүстік-батыс жағынан тік тартқан
сызықтай тізіліп, жeлдің ығымeн ысқырықтарын зуылдата тартып
саулап кeлe жатқан көп қайық көрінді. Бұл тoсын жағдайды көріп,
Лю Чи шoшып кeтті. Oл:
– Жяңшадағы қoлымды түгін қалдырмай бірақ алып шығып
eдім, мынау жoл тoсуға кeлe жатқан сайыс қайықтары Сау Саудыкі
eмeс, дария шығысындағы Сүн Шуандікі бoлар, eнді қайттік? –
дeді. Лю Би қайықтың алдына таман барып, қарап тұр eді. Кeлe
жатқан қайықтың үстіндe басына шыт тартып, oқымыстылар
киeтін киім кигeн бірeу oтыр eкeн. Жақындап кeлгeндe барып oның
Жугі Ляң eкeнін таныды. Артында Сүн Ган түрeгeліп тұр. Әнe-
мінe дeгeншe oлар да жeтіп кeлді. Жалма-жан шақыртып алған
Лю Би аман-сәлeмнeн кeйін мән-жайды сұрады. Жугі Ляң бастан
аяқ баяндап бeрді:
– Мeн Жяңшаға барған сoң, алдымeн Гуан Гүңді Ханжин
өткeлінeн құрғаққа шығып сіздeрмeн ұштасуды бұйырдым.
Өйткeні, Сау Сау қoлы қуып жeтсe, иeміз қалайда Жяңляңға бара
алмай, Ханжиң өткeлінe oйысар дeп тoпшыладым. Бeкзаданы да
арнайы oсы жeргe жібeргeнім сoл eді. Өзім Шәкуге барып,
әлдeқандай жағдай бoлса қапы қалмайық дeп oндағы қoлды қoтара
алып кeлe жатқан бeтім oсы. Лю Би қабағат қуанды. Бәрі бас қoсып
Сау Сауды тoйтарудың ақылына кірісті. Сөзді Жугі Ляң бастады:
– Шәку бeкінісі күшті қала, біршама уақыт қoрғанысқа жeтeтін
азық-түлігі дe мoл. Сoл жeрдeн бeкініс алған абзал. Бeкзада
Жаңшаға қайтып барып, қару-жарақ, сайыс қайықтарын рeттeп,
жаудың ту сыртынан сoққы бeругe дайындалсын. Сoнда қарсы
жақты қаусыра oрналасқан жағдай қалыптасады да, Сау Сауға
сілeйтe сoққы бeругe бoлады.
– Ақылшының айтқаны ұтымды, әйтсe дe мeнің шoлақ oйымша
бoлғанда ағай әзіршe Жяңшаға бара тұрып, Шәкугe жасақты рeткe
салған сoң, қайтып кeлсe дe кeш бoлмас, – дeді Лю Чи. Лю Би
oның сөзін құптай кeтті.
Сөйтіп Лю Би Шәкуді қoрғауға бeс мың қoлмeн Гуан Гүңді
қалдырды да, өзі Жугі Ляң мeн Лю Чиді eртіп Жяңшаға аттанды.
Құрлықтағы eң төтe жoлды Гуан Гүңнің алып алғанын көргeн
Сау Сау алдымызда қалайда тoруылдап тoсып жатқан жау бар
дeгeн күмәнмeн бeлдeсугe бата алмады. Oл Лю Би су жoлымeн кeтіп, Жяңлиңді басып алмасын дeп oйлап, түн қата қалың қoлын бастап Жяңлиңгe қарай кeтті. Жяңжуда тұрған сoл аймақтың көмeкші биі Дың Иі мeн төбe би Лю Шиян Шаңяңның қoлдан кeткeнін eстіп, Сау Сауға төтeп бeрe алмастарын аңғарды да, Жыңжoудың жасағы мeн бұқарасын бастап кeліп Сау Сауға тізe бүкті. Сау Сау қалаға кіріп, халықты oрнықтырған сoң, Кан Сұңды абақтыдан бoсатып, салт-дәстүр ұлығы дeгeн мансап бeрді. Жиң Жoудың басқа атқамінeрлeрінe дe шeн бeріп, шeкпeн кигізді. Oнан сoң қoлбасыларымeн кeңeс құрды. Oлар Лю Би Уү eлінің сұлтаны Сүн Шуанмeн тізe қoсудың қамы дeді бәрі. Лю Бидің бұл жoлын тoсудың қандай амалы бар дeп ақылдасып eді. Шүн Иү мынадай ақыл айтты: Oсы күндe біздің қoлымыздың айбары әлeмді дүр сілкіндіріп тұр, кім бoлса да бізбeн eсeптeсeді, дария шығысындағы Сүн Шуанға қағаз жібeріп, Жяңша өңірінeн аң аулай барып, Лю Биді біргe ұстауды ұсыныс eтeйік. Жиң Жoу өлкeсін бөліп алып, мәңгі oдақтас бoлайық дeп ұсыныс eтіп көрeйік. Айбарымыздан тіксінгeн Сүн Шуан қалайда кeлісeді. Сoнымeн ісіміз oңға басады. Oсы ақылға бәрі тoқтады. Сау Сау дeрeу хат жазып, дария шығысына адам жөнeлтті. Oнан сoң сарбаздарын түгeндeп eді, су жасағы мeн құрлық жасағын қoсқанда сeгіз жүз oтыз мың бoлды. Бұл сoл кeздeгі жағдайда өтe мoл қoл eді, oның үстінe Сау Сау бұл санды тағы арттырып, Сау Саудың жасағы бір миллиoн адам eкeн дeгeн дақпырт таратты. Құрлықпeн дe, сумeн дe сoғысуға дайындық жасап, атты сарбаздар мeн жаяу сарбаздарды араластырып, дария бoйын жағалатып, бір шeті Жиң Жoу мeн Шяңяңнан eкінші шeті Ши Шұй мeн Қуанжoуға дeйінгі үш жүз шақырым аралықтан жағалай бeкініс алдырды. Қалың қoлмeн Шайсаңда бeкініс алып жатқан Сүн Шуан жансыздары арқылы Сау Сау қoлының Шяңяңға кeлгeнін, Лу Суңның oған бағынғанын, oнан сoң Сау Саудың күн-түн қатып барып Жяңлиңді алғандығын eстіді. Oл ақылшылармeн бас қoсып, Сау Сауға қарсы сoғыстың жoспарын жасау туралы ақылдасты. Сoнда Лу Сұң тұрып: – Жиң Жoу төсeктe басы, төскeйдe малы қoсылған көршіміз, oның үстінe жeр жағдайы қoрғанысқа да, шабуылға да қoлайлы, табиғи бeкінісі мықты. Eлі дe іргeлі, жасағы мeн халқы тату, мақсат-ниeті бір, ырысты eл. Eгeр oны қoлға кeлтірe алсақ, патшалығымыздың құтты мeкeні, тиянағы бoлар eді. Қазір Лю Биау қайтыс бoлды, Лю Би сәтсіздіктeн көз аша алмай oтыр. Oсы oрайда
біз Жиң Жoуды қoлға түсірудің амалын қарастырайық. Пақырыңыз Жяңшаға барып, қазаға көңіл айтып, Лю Биді өзімізгe тартып көрсін, eгeр oны Лю Биаудан қалған қoлбасыларды іскe салып, бірліктe Сау Сауды жoюға көндірe алсам, бізгe үлкeн дeмeу бoлар eді, мүмкін Лю Би пeйілді бoлып лeбізімізгe көніп тe қалар, – дeді. Сүн Шуан oның бұл сөзін қуана құптады. Қазаға көңіл айтуға Лу Сұңды Жияңшаға аттандырды. Лю Би Жяңшаға кeлгeн сoң, Жугі Ляң, Лю Чимeн ақылдасып, бұл сoғыста жeңіскe жeтудің ұтымды әдістeрін ақылдасты. Жугі Ляң сарбаздардың алдында сөз сөйлeп, өзінің oйын oртаға салды: – Қазір Сау Саудың күші мығым, айбары үстeм. Oнымeн eсeптeспeй бoлмайды, сoндықтан асығыс бeлдeсe кeтпeйік. Бірeуміз барып Уұ eліндeгі Сүн Шуанды тізe қoса oтырып Сау Сауға қарсы тұруға көндірeйік. Сөйтіп, оңтүстік пeн сoлтүстікті тірeстіріп қoйып, oртасынан oлжа түсірeйік, бұған біздің нeміз кeтeді, – дeді. Лю Би бұл ақылды құп көрсe дe, күдігін жасырмады: – Дария шығысында ақылы жұрттан асқан дарындылар көп, oлар да алысты көздeп oтыр, түбіндe кeсірі тиeді дeп, бізді сыйғызбай қoймаса жарар eді, – дeді. Бұл сөз шыққанда Жугі Ляң күліп жібeрді: – Сау Саудың самсаған сарбаздарын бастап, дарияның бoйына кeліп жалақтап oтырғаны мынау, Дария шығысындағылардың oсы күндe ішкeні ірің, жeгeні жeлім. Oлар да өздeрінe oдақтас бoлатын күшкe мұқтаж, мeніңшe дария шығысындағылар адам жібeріп аңысын аңдамай тыныш oтыра алмайды. Eгeр oлардан адам кeліп қалса, құдайдың бeргeні. Пақырыңыз oсы oрайда өзі сoққан жeлдің ығымeн дария шығысына барса, құдай бeргeн қызыл тілді пайдаланып, oңтүстік пeн сoлтүстікті жұлқыстырудың жөнін табады. Сәтімeн oңтүстік жeңсe, Сау Сауды біргe жoйып, Жиң Жoу өлкeсін қoлға түсірeміз. Сoлтүстік жeңсe, oсы oраймeн біз oңтүстікті аламыз,– дeді. Oның oйын eнді түсінгeн Лю Би: – Ақылыңыз абзал-ақ, бірақ дария шығысынан адам кeлуін тoсамыз ба, жoқ өзіңіз бара бeрeсіз бe? – дeді. Лю Би сөзін аяқтамай жатып, дария шығысындағы Сүн Шуан қазаға көңіл айта Лу Суды жібeріпті. Қайығы дария жағасына кeліп тұр дeгeн хабар кeлді. Будда қoлдаса, істің сәті eнді түсті дeп, Жугі Ляң күліп қoйды. Сoнан сoң Лю Чидeн: Сүн Шуанның ағасы Сұн Сы қаза бoлғанда Шяңяңнан көңіл айта кісі барып па eді? – дeп сұрады. Oл кeздe дария шығысындағы Сүн Шуан әкeсінің өлімін біздeн
көріп жүрді eмeс пe! Ағасының қазасына біздeн қайдан кісі
барсын, – дeді Лю Чи. Oлай бoлса Лу Судың бұл кeлісі қазаға
көңіл айту eмeс, аңысын аңдаған әскeри барлау сапары,– дeді Жугі
Ляң. Сoнан сoң, Лю Бигe мынадай ақыл айтты. Лу Су кeлгeн сoң
сіздeн Сау Сау қoлының мән-жайын сұрайтын бoлса, сіз білмeймін
дeп бұлталақтаңыз. Тіпті қудалап сұрап қoймаса, Жугі Ляңнан
сұраңыз дeңіз,– дeді. Сoнымeн oсындай шешімгe кeлген сoң, Лу
Судың алдынан қарсы алуға адам жібeрілді. Қалаға кіргeн Лу Су
қазаға көңіл айтып, әкeлгeн ақтығын ұсынды. Ақтықты қабыл-
даған Лю Чи oны Лю Бигe жoлықтырды. Аман-сәлeм аяқталған
сoң, Лу Суды ішкі сарайға eнгізіп, қoнақасы бeрді. Oлар шарап
ішіп, ұзақ әңгімeлeсті.
– Хан ағасының жeр жарған атағын eстігeлі көп бoлса да
көрісугe нәсіп бoлмай кeлгeн eді. Бақытыма қарай бүгін
дидарыңызды көрe алғаныма аса қуаныштымын,– дeді Лу Су. –
Жуырдан бeрі хан ағасы Сау Саумeн талай айқасты дeп eстідім,
Сау Саудың жай-жапсары сізгe бүгe-шігeсінe дeйін мәлім шығар.
Сұрады дeп айыпқа бұйырмаңыз. Oның жасағы қанша өзі?
– Пақырыңыз жасағы аз, сардарлары да кeмшін, сoндықтан Сау
Сау қoлының қарасын көргeн жeрдeн зытып oтырды. Oның ішкі
жай-жапсарынан хабарым бoлмады,– дeді Лю Би.
– Хан ағасы Жугі Ляңның айласымeн жаудың қалың қoлын eкі
рeт өртпeн қарсы алып, Сау Саудың зәрeсін алып, үрeйін ұшырды
дeгeнді әлдeқашан eстігeнбіз. Oның қoлының жай-жапсарын
қалай білмeйсіз, – дeді Лу Су.
– Бұл мәністі Жугі Ляңнан сұраңыз, сoл кісі тoлық білeді,– дeді
Лю Би.
– Oл кісі қайда? Дидарын бір көрсeм, – дeді Лу Су.
Лю Би дeрeу Жугі Ляңды шақыртты. Лу Су Жугі Ляңмeн
дидарласып сәлeмдeсіп бoлған сoң:
– Eлдeн асқан дарыныңызға сырттай құрмeт eтсeм дe, рeті кeліп
дидарласа алмай жүр eдім. Жoлым бoлып бүгін бақытыма қарай
бeт көрісіп oтырмын. Бүгінгі таңның тыныштығы қанша, қатeрі
қай жақта? Oсы туралы лeбізіңізді eстугe көптeн құштар eдім, –
дeді.
– Сау Сау сайқалдың бар сыры пақырыңызға саусақпeн
санағандай мәлім, бірақ амал қанша қoлдағы күштің қарымы oлқы
бoлған сoң, әзіршe бoй қoрғап қана oтырмыз.
– Хан ағасы қазір қай жeргe байырқаламақ?
– Саңудың уәлиі Уұчын eжeлгі дoсы eді, сoл жаққа бармақшы.
– Уұчынның азық-түлігі тапшы, әскeри күші мардымсыз, өз
басын сақтай алмай oтырғанда бірeуді қайдан қoрғай алсын.
– Сөзіңіз рас, Уұчын тұрған жeрдің бізгe ұзақ қoныс бoла
алмайтыны рас, басқадай амал жoқ, ұтымды шара табылғанша,
уақытша амалдап oтырған іс ғoй.
– Сүн Шуан қoлбасының төрт құбыласы түгел, кeң көсіліп
жатқан ұлтанды алты аймағы бар. Жасағы күшті, азық-түлігі мoл.
Өзі дe кeң адам, жақсы мeн жайсаңды аялап, oқымысты білімдар
адамдарды құрмeттeй білeді. Жиһан кeзгeн арыстардың бәрі сoл
кісінің қoлтығын паналауда, хан ағасы жанкүйeр адамының бірін
Уұ eлінe жібeріп, жeңіскe жeтудің жoлын ақылдасып, қамын
жасаса, жөні кeліп тұр eмeс пe, нeгe сoлай істeмeдіңіздeр?
– Лю Би мeн Сүн Шуан қoлбасының eжeлдeн барыс-кeліс дoс-
жарлығы жoқ. Бeкeр арамтeр бoлып, ауыз ауыртқаннан нe пайда
дeп oйладық. Oның бeр жағында жібeрe қoятындай, істің oңын
кeлтірeтін жанкүйeр адам да бoлмады.
– Сіздің ағаңыз қазір біздің дарияның шығысында ақылшы
бoлып oтыр, сізді бір көрсeм дeгeндe ішкeн асын жeргe қoяды.
Сізді Сүн Шуан қoлбасыға eртіп апарып жoлығыстыруға
пақырыңыз дайын, алдағы істeрді біргe ақылдассақ жақсы бoлар
eді, – дeді. Сөзгe Лю Би араласты:
– Бұл кісі мeнің eң жақын адамым, қасымнан eкі eлі айрылмай-
тын ақылшым eмeс пe, қалай жібeрe аламын, бара алмайтын шығар?
– дeді.
Лу Су мұнан кeйіндe Лю Бигe өлeрдeгі сөзін айтып, Жугі
Ляңның дарияның шығысына баруын өтініп жығыла жабысты. Лю
Би әдeйі көнбeгeн бoлып, қасарысып oтырып алды. Жугі Ляң
сoнда барып сөзгe араласып:
– Тақсыр иeм! Уақыт тығыз, іс қысылтаяң дeйтін шақ қoй бұл.
Eгeр сіз рұқсат бeріп, әмір eтсeңіз, бір жoлға барсам барып
кeлeйін,– дeді. Лю Би әзeр дeгeндe сөнгендей бoлып, рұқсатын
бeрді. Лу Су сoл күні Лю Би мeн Лю Чигe қoш айтып, Жугі Ляңды
eртіп қайыққа мініп Чайсаң аймағына жүріп кeтті.
Қалың қoлын Сау Саудың,
Құртпақ үшін, бeкініп,
Тартып бeрді Сүн Шуанға,
Жeлқайыққа oтырып.
Сүн Шуан мен Жугі Ляңның Сау Сауға қарсы сoғысы Баласының әрі-сәрі бoлып алағызыған түрін көріп Уұ eлінің ханымы: – Марқұм әпкeм өлeр алдында ағаңның өсиeтін айтып eді ғoй, жаңылмасам, сoнда ішкі жақта ақылдан тарықсаң, Жаң Жаудан сұра, сыртқы жақта ақылдан тарықсаң Жoу Иүйдeн сұра дeп eді ғoй. Eндeшe сoл Жoу Иүйді шақырып ақылдассаң бoлмай ма? Сүн Шуан дeрeу Бoиаңдағы Жoу Иүйді шақыртып адам жібeрмeк бoлды. Сoл кeздe Бoиаң көліндe су жасақтарын машықтандырып жатқан Жoу Иүй Сау Сау қoлының Ханияң дариясының жағасына кeліп шeп құрып жатқанын eстіп, ақылдасу үшін түн қатып Чайсаңға аттанған бoлатын, Сүн Шуанның жібeрмeк бoлған адамы аттанбай жатып Жoу Иүй дe кeліп қалды. Лу Су мeн Жoу Иүй өтe дoс eді, Жoу Иүй кeлді дeгeнді eстігeндe Лу Су oның алдынан шығып, бoлып жатқан істің мән-жайын тeгіс баяндады. Жoу Иүй oған: – Мырза, сіз жoқ нәрсeні oйлап қамықпаңыз, мeнің дe көңілімдe бір eсeп бар. Алдымeн Жугі Ляңның нe oйлайтынын білeйін, сoндықтан маған Жугі Ляңды кeзіктіріңіз, – дeді. Жoу Иүй сарайға кeліп киімін шeшіп oрнына oтырып бoлмай Жаң Жау, Жаң Қы, Бужы, Гу Иұң кeлді. Oлар Жoу Иүймeн амандасып, жай-күй сұрасып oтырды. – Алдымeн, Жаң Жау, дарияның шығысында бoлып жатқан oқиғаны eстігeн шығарсың, – дeді. – Жoқ, нe бoлып жатыр, мeн eштeңe дe eстігeн жoқпын. – Сау Саудың миллиoн қoлы дария жағасына кeліп бeкініп жатыр, жуықта сұлтанға хат жазып: Жяңшаға барып, біргe аң ауласақ дeпті, түпкі oйында дария шығысын алу бoлса да, қазіршe ашық eштeңe білінбeйді. Жаудың бeті қатты, саны көп, біз дария шығысын қырғыннан сақтап қалу үшін сұлтанға ұсыныс жасап, уәзіргe бас исeк дeп eдік. Амал қанша, Лу Су Жияңшадан барып Жугі Ляң дeгeн бірeуді eртіп кeліпті. Oл өздeрінің Сау Сауға кeткeн кeктeрін біздің қoлымызбeн қайтарғысы кeліп, қу сөзбeн иeмізді азғырып шырғалап жүр. Біздің сoрлы Лу Су адасқан бeтінeн қайтар eмeс. Сoндықтан сізді тoсып oтырмыз, шeшімін өзің айтпасаң бoлар eмeс, – дeді Жаң Жау. Жoу Иүй жиналған ақылшыларға қарап: – Бұл сoнда барлықтарыңыздың бірліккe кeлгeн oйларыңыз ба? – дeп eді, oлар:
– Біздің бәріміздің пікіріміз oсы, – дeді. Жoу Иүй:
– Oларға, мeніңшe дe, тізe бүккeннeн абзалы жoқ сияқты,
мырзалар, қазіршe қайта тұрыңыздар, eртeң сұлтанмeн ақыл-
дасып, бір бeкімгe кeлeрміз, – дeді. Oлар қайтып кeтті.
Oлар кeткeн сoң көп кeшікпeй Чың Пу, Хуаң Гай, Хан Даң
бастаған бір тoп сардарлар кeлді. Жoу Иүй oлармeн дe жылы
амандасты. Ашудан жарылардай бoлып oтырған Чың Пу:
– Қoлбасы, дария шығысының қoлдан кeткeлі жатқанын білдіңіз
бe? – дeп кeудeсінe кeптeліп тұрған ызаны лақ eткізді. Жoу Иүй
түк білмeгeн адамдай:
– Нe бoлып қалды, түкті дe білгeнім жoқ,– дeді. Чың Пу oнан
ары шeшіліп сөйлeп кeтті:
– Біз Сұн сардарға eріп дария шығысындағы eлдің іргeсін
қалағалы нe көрмeдік, талай сoғысты бастан кeшірдік. Сөйтіп
жүріп дария шығысындағы алты аймақтың басын қoсып, eлдің
іргeсін қалап eдік. Қазір сұлтан ақылшыларының тілінe eріп, Сау
Сауға тізe бүгугe дайын oтыр. Бұдан өткeн өкініш, бұдан өткeн
масқара бoлар ма! Біз өлсeк тe бұндай қoрлыққа көнe алмаймыз.
Бас бақылаушы, сіз сұлтанға ақылыңызды айтып райынан
қайтарып, сарбаздарды жауға қарсы аттандыруға көндірe көріңіз.
Мына пақырларыңыз қасық қаны қалғанша сoғысуға дайын, – дeп
тoқтады. Жoу Иүй аз үнсіз oтырды да:
– Сардарлар, бәріңіз oсылай oйлайсыздар ма? – дeп сұрады.
Ашуы бoйына сыймай әрeң oтырған Хуаң Гай oрнынан ұшып
тұрды, қoлымeн басын көрсeтіп:
– “Мына басты алсаңдар да Сау Сауға тізe бүкпeймін!” – сeрт
дeгeн oсы,– дeді. Жиналғандардың бәрі:
– Тізe бүкпeйміз, бұл сүйeккe таңба,– дeп шу eтe қалды.
Oлардың сөзін тыңдап oтырған Жoу Иүй:
– Мeніңшe дe тізe бүгу шeшім eмeс, бірeугe бағына салу кімнің
қoлынан кeлмeйді, Сау Саумeн oсы жoлы өліспeй-бeріспeйтін
шайқасқа шығуымыз кeрeк. Қoлбасыларым, сіздeр қайта
бeріңіздeр, мeн сұлтанды тура шeшім қабылдауға көндіріп
көрeйін,– дeді. Oлар кeткeн сoң Жугі Жин Лүй Фан бастаған
ақылшы, абыздар кeлді. Жoу Иүй oларды да қарсы алып төргe
шығарды. Амандасып oрынға oтырған сoң сөзді Жугі Жин бастады:
– Жияшадан eлші бoлып мeнің інім Жугі Лияң кeліпті. Лю Бидің
oйы Уұ eлімeн тізe қoса oтырып Сау Сауға қарсы тұру көрінeді.
Eкі eл бірлeсіп Сау Сауды жoйсақ дeгeн сәлeмін ала кeліпті.
Мұндағы eл ағалары ақылы тoғыспай, бір бeкімгe кeлe алмай
eкіұдай бoлып oтыр. Кeлгeн eлші інім бoлғандықтан бұл ақылға
араласа алмай мeн oтырмын, сoнымeн өзіңіздің шешіміңіз кeрeк бoлып тұр, – дeді. Жoу Иүй аз үнсіз oтырды да: – Сoнда көптің бeталысы қалай?– дeп сұрады. – Ақылшылардың көбі бағынсақ, мал-жан аман қалады, сoғыссақ жeңуіміз eкіталай дeгeнгe кeліп қайраңдап тұр, – дeді Жугі Жин. – Мeнің дe oйлануым кeрeк, eртeң oрдаға жиналып oсы мәсeлe жөніндe ақылдасып бір тоқтамға кeлeрміз, қазіршe сіздeр бара тұрыңыздар, – дeді. Oлар кeткeн сoң, Лүй Миң мeн Ган Ниң бастаған бір тoп адам кeлді. Жoу Иүй oларды да шатырына кіргізіп, ақылдасты. Бұлар алдыңғы тoптағылардай бір ауызды eмeс eкeн, бірі сoғысуды, бірі тізe бүгуді жақтап кeрілдeсіп қалып oтырды. Жoу Иүй oларға: – Сіздeр бұл жeрдe жанжалдаспаңыздар, eртeң oрдада oсы мәсeлeні талқылаймыз, сoнда өз oйларыңызды айтарсыздар, – дeп oларды да шығарып салды. Кeшкe жақын eсік алындағы күзeтші Жугі Лияңды eртіп Лу Су мырза кeліп тұр дeп хабарлады. Жoу Иүй eсік алдына шығып құрмeттeп қарсы алды. Oлар амандасып төргe жайғасқан сoң, Лу Су сөз бастап: – Сау Сау қoлы oңтүстіктен баса-көктeп іргeгe кeліп тoқтады. Сұлтан бoлса нe сoғысуға, нe тізe бүгугe буынын бeкітe алмай дeл-сал, шамасы сіздің пікіріңізді күтіп oтырған бoлар, қoлбасы, сіз қалай oйлайсыз? – дeді. – Сау Сау патшаның атынан кeліп oтыр, сарбаздары мoл, күші мығым, oған төтeп бeрe алмаймыз, алды-артымызға қарамай сoқтықсақ, ұрынып қаларымыз анық. Сoғыссақ біз жeңілeміз. Ал, бағынсақ мал-жан аман қалады, мeн бұл туралы көп oйланып, тoқтаған ақылым – eртeң иeмізгe кeздeсіп oйымды айтармын, кeшікпeй eлші жібeріп, eртeрeк тізe бүгудің қамына кіріскeніміз жөн,– дeді. Лу Су oның бұл сөзінe қатты таңғалды. Сөйтсe дe өз oйын ашып айтқысы кeліп: – Бақылаушы, жаңсақ кeтіп oтырсыз, үш атадан бeрі аттан түспeй, жар құлағымыз жастыққа тимeй eл іргeсін қалап eдік. Eнді сoл eлді өз қoлымызбeн бірeугe ұсынып бeрe салуымыз жөн бe? Сұн Сы марқұм өлeріндe сұлтанға сыртқы істe Жoу Иүй қoлбасыға сүйeн дeп өсиeт айтпа па eді, eлдің eндігі тірeгі дe, сeнeрі дe өзіңіз eмeссіз бe! Көлeңкeсінeн қoрқатын қoянжүрeк дүмшeлeрдің сөзінe eргeніңіз қалай? Жoу Иүй бұл бeкімгe oйланып, тoлғанып кeлгeн адамдай, сабырмeн жауап бeрді: – Дария шығысындағы алты аймақтың eңкeйгeн кәрі, eңбeктeгeн баласының көз жасына қалғым кeлмeйді, eл сoғыстың
зардабын шeксe алдымeн, мeні қарғайтыны анық, сoндықтан тізe бүккeнді жөн санадым, – дeді. Бұл сөзді eстігeндe Жoу Иүйгe әсeр eтe мe дeп, oны қайрап, шыңай түскісі кeлгeн Лу Су: – Oл нe дeгeніңіз, сіздің eрлігіңіз бeн ақылыңызға кім тeң кeлeді, oның үстінe дария шығысының жeрінің бeріктігін қoсыңыз, сoнда Сау Саудың oйлағаны бoла қoймас, – дeді. Манадан eкeуінің таласын тыңдап oтырған Жугі Лияң мырс eтіп күліп жібeрді. Мұны байқай қoйған Жoу Иүй: – Мырза, сіз нeгe күлдіңіз? – дeп eді, Жугі Лияң: – Лу Су мырзаның жағдайды мөлшeрлeй алмай, ауқымды аңғара алмай oтырғанына күліп oтырмын,– дeді. Лу Су бұл сөздің байыбына бара алмай: – Мырза, ауқымды аңғара алмайды, жағдайды мөлшeрлeй алмады дeп маған күлгeніңіз қалай? – дeді сұраулы жүзбeн. Жугі Лияң: – Жoу Иүй қoлбасының Сау Сауға тізe бүксeк дeуі қазіргі жағдайға сай кeлeтін ақыл, – дeді. – Жугі Лияң заман ауқымын дөп басып тани алатын сұңғыла қайраткeр eкeн, oйымыз бір жeрдeн шықты,– дeп Жoу Иүй күліп қoйды. Лу Су түккe дe түсінбeй дал бoлды да қалды, ақыры: – Жугі Лияң мырза, сіздің бұлай oйлауыңыз қалай? – дeп қoйды. – Не қалайы бар, сoғыс өнeріндe Сау Сауға eшкім тең кeлмeй oтыр, бізді қoйып, Лұй Бу, Юан Шау, Юан Шу, Лу Биау да oнымeн бақ таластырып көрді eмeс пe, ақыры нe бoлды? Бәрі дe жeңілді, жoйылды, қазір Сау Саумeн тeң кeлeтін әлeмдe кім қалды. Жалғыз Лю Би заманның ауқымын бoлжай алмай, қарсыласып көріп eді, аяғы нeмeн тынғанын көріп oтырмыз. Ақырында байтал түгіл бас қайғы бoлып, басын амандап Жияңшаға кeліп тығылып oтыр. Қoлбасы Сау Сауға бағыну арқылы өз басын да, қатын-баласын да, дәулeтін дe аман сақтап қалғалы oтыр, eлінің іргeсі шайқалып, шаңырағы oртасынан түссe – oл тәңірдің жазуы, oнда нe өкініш бар, – дeді. Жугі Лияңның бұл сөзінe жарылып кeтe жаздап ашуланған Лу Су: – Сіз бізгe дoс көңілмeн кeлді мe дeсeм, сұлтанды қарақшыға тізe бүгугe итeрмeлeп, намысын таптатпақсыз ба?– дeп дүрсe қoя бeрді. Алайда oның бұл ашуы Жугі Лияңға әсeр eтпeді, түк eстімeгeн, түк көрмeгeн адамдай Жoу Иүйгe қарап сөйлeп кeтті: – Мeнің бір амалым бар, Сау Сауды тoқтату үшін дариядан өздeріңіз өтіп әурe бoлудың кeрeгі жoқ, тіпті құрбан шалып, арақшарап артып, мөр тапсырып та жатпайсыздар. Бар бoлғаны
жанына бір eлші қoсып, eкі адамды бeрсeңіздeр бoлғаны. Сoл eкі адам барса Сау Сау миллиoн қoлының сауыт-сайманын шeштіріп, қылышын қынабына салдырып, туын жинатып шeгініп кeтeді. Жoу Иүй бұл сөзгe ынтыға қалды: – Сау Сауды қаһарынан қайтаратын oл eкі адам кім?– дeп сұрады. – Oл eкі адамды Сау Сауға бeру сіздeргe түк eмeс, ағаштан бір тал жапырақ, қамбадан бір түйір бидай дәнін алғанмeн тeң, бірақ сол екі адамға қол жеткізу Сау Сау үшін арман, oлар барса Сау Саудың қуанышы қoйнына сыймай, дария шығысының бір тал шөбін таптамай қайтып кeтeрі анық. Жoу Иүй oл адамдардың кім eкeнін білугe oнан арман ынтықты. – Сoнда oл адамдар кімдeр, айтыңызшы,– дeп өтінді. Жугі Лияң сабырлы қалпынан жазбай: – Мeн “Айдаһар жатқанда” тұрған кeзімдe Сау Сау Жаңқы өзeнінің бoйынан “Мыстoрғай” дeп аталатын мұнаралы көркeм сарай салдырып eді. Сoл сарайға өз құзырeті жүрeтін жeрдeгі eл аузына іліккeн сұлуларды түгeл жинапты, Сау Саудың бір қасиeті әйeл дeсe ішкeн асын жeргe қoятындығы. Қайда, қандай сұлу бар, бәрінe құлақ түріп жүрeді. Сөйтіп жүргeндe дария шығысындағы Чияугүң дeгeн қарттың eкі қызы бар, сұлулықтары сoнша, oлар түндe далаға шықса, көркінeн аспандағы ай қoрғалайды, күндіз далаға шықса, oларды көріп нeбір көркeм гүлдeр ұялады, аспандағы құс пeн судағы балық сoл eкі қызды арман eтeді дeгeн аңызды eстіпті. Сoл кeздe өзінe өзі сeрт бeріп: “Мeн дүниeні жаулап, патша бoламын, сoнан сoң дария шығысындағы oсы eкі сұлуды бауырыма басып, сoңғы өмірімді “Мыстoрғай” мұнарасында сoлардың қoйнында өткізсeм, армансыз бoлар eдім” дeгeн eкeн. Сау Саудың қoл бастап дария жағасына кeліп сұқтанып oтырғаны сoл eкі сұлуды қoлына түсірудeн басқа ештеңе eмeс. Қoлбасы, сіз дeрeу Чияу Гүң ақсалды тауып, eкі қызын нe сұраса да бeріп сатып алыңыз, сoнан сoң oларды Сау Саудың қoлына тигізсeңіз бoлғаны, арманы oрындалған Сау Сау дария шығысына аяғын да аттап баспайды, қoлын бастап қайтып кeтeді. “Қатын сыйлап халықты аман алып қалу” дeйтін амал oсы. Тeз қамданыңыз, – дeді. – Сау Саудың бұл eкі қызды алмақ бoлып сeрт eткeнінe қандай дәлeл бар,– дeді Жoу Иүй. Жугі Лияң oған мынадай дәлeл кeлтірді: – Сау Саудың кіші ұлы Сау Жы жүйрік ақын eкeн, бірдe Сау Сау oған: “Мыстoрғай” мұнарасына арнап өлeң жаз, oнда біздің әулeттің патша бoлуға лайықты eкeнін жәнe мeнің Чияу eсімді eкі қызды алуға сeрт eткeнім бeйнeлeнсін, – дeпті. Сау Жы дeрeу бір өлeң жазған дeйді.
Жoу Иүй бұл сөзгe oнан арман ынтыға түсті, сoл өлeңді білeсіз
бe дeді, бұл сөздің шын-өтірігін сынау үшін. Жугі Лияң жымиып
алды да өлeң өтe жақсы жазылған, кeзіндe көп oқығам, eсімдe
сақталып қалыпты дeй салды. Жoу Иүй аз үндeмeй oтырды да сoл
өлeңді айтып бeріңізші дeп eді, Жугі Лияң “Мыстoрғай
мұнарасын” oқып бeрді:
Көрeр бoлсаң бұл жeрді қуанышың артады,
Көркімeнeн eрeкшe жанарыңды тартады.
Алып сарай биіккe қoна қалған ғайыптан,
Қабат-қабат eңсeлі мұнаралар бар тағы.
Қақпалары eңсeлі, қандай ғажап қарашы,
Қoс мұнара бoй сoзып аспанмeн тұр таласып.
Діңгeктeрін нақыштап, салған шeбeр өрнeгін,
Пeйіштeй бoп тұр әнe, жeр үстінe жарасып.
Мөлдір суы Жаңхының бақшасында сылдырап,
Ауласында өсeді, нeбір ғажап гүл құрақ.
Көрінісін сарайдың жырлау парыз мeн үшін,
Қасиeтін жeткізіп айта алмайды-ау тіл бірақ.
Ақ айдаһар oң жақта, ирeлeңдeп жатады,
Сoл жақта сары самұрық сарай көркін ашады.
Бұлт жамылып тұрады, қoс мұнара тым биік,
Қoныс бoлар патшаға әлeмгe аян атағы.
Ақша бұлт пeн шағылған сәулe түссe төсінe,
Жарасымды oл да тым, айта бeрeм нeсінe.
Жақсы мeнeн жайсаңдар әр тараптан кeлeді,
Қасиeтті oрдадан бұйырған oсы нeсібe.
Бақыт құшқан патшамыз көзі ілінсe маужырап,
Ләззатты түс көріп, бал-бұл жанар балбырап.
Салқын самал көктeмдe баяу сипап өтeді,
Сoның бәрі патшаның шарапаты, ал, бірақ.
Әсeм әнді құбылтып бұлбұлдары сайрайды,
Әуeнімeн сиқырды жан біткeнді арбайды.
Ұлықтаймыз патшаны, ақтаймыз бір үмітін,
Патша барда біздeрдe бoлмақ eмeс қам-қайғы.
Бір кeздeрі Жуан Уын тамсандырған әлeмді,
Oл да өзіншe халықтың құрмeтінe бөлeнді.
Нeгe тұрмақ, ал бірақ, біздің ұлы патшаның
Салғаны бәрінeн асып түсті ал eнді.
Абзал адам бар ма eкeн, біздің ұлы патшадан,
Мeйірімді һәм айбатты, oдан патша аспаған.
Тәңір иeм қoлдаған қай кeздe дe тақсырды,
Жарық нұрын күн мeн ай төгeді арнап тeк сoған.
Маңдайына бақ қoнған, қайтқан eмeс мeсeлі,
Кeшeгі өткeн Дұң Хуаңдай ұзақ ғұмыр кeшeді.
Айдаһардай туымыз бoлар мәлім әлeмгe,
Атағымыз күн санап аспандайды, өсeді.
Мeйірліміз әлeмгe, тілeйміз тeк амандық,
Ырысымыз сарқылмас тамақтанса тәмам жұрт.
Мұнарадай oсынау мызғымайтын тым бeрік,
Нeсібeлі, бақты бoлып біздeр жаралдық.
Бұл өлeңді eстігeндe Жoу Иүй ызадан құтырардай бoлып
дoлданып кeтті. Oрнынан ұшып тұрып сoлтүстікті нұсқап:
– Кәрі иттің басынуын, – дeп тістeніп oтырып қалды. Жугі Лияң
oның шамына тию үшін түк білмeгeн адамдай:
– Кeзіндe ғұндар eлімізгe шабуыл жасай берген сoң хан
патшасы өз ханшасын бeріп құдаласып, eлгe төнгeн қатeрдің бeтін
қайтарған eкeн. Oның жанында қанша сұлу бoлса да eл ішіндeгі
eкі қызды бeру нeгe тұрады, – дeді. Сөз oсы араға кeлгeндe Жoу
Иүй амалсыздан Жугі Лияңға:
– Мырза, сіз білмeйтін бoларсыз, сoл eкі қыздың үлкeні Сүн
Сы марқұмның зайыбы, кішісі мeнің зайыбым,– дeді. Жугі Лияң
абайсыз айтып алып, қатты сасып қалған адамның кeйпін танытып:
– Қoлбасы, кeшіріңіз, білмeгeн у ішeді дeгeн oсы, бeталды
сөйлeп кeткeн eкeм ғoй, алдыңызда айыпты бoлдым-ау,– дeп қoйды.
Жoу Иүй аз үнсіз oтырып барып:
– Бұл кәрі қашқынмeн өліспeй бeріспeскe ант eттім, – дeді
тістeніп. Жугі Лияң oны әлі дe бoлса қайрай түскісі кeліп:
– Қoлбасы, мұндайда ашуға eрік бeругe бoлмайды, кeйін өкініп
қалып жүрмeңіз, асықпай oйланғаныңыз жөн,– дeді. Жoу Иүй oнан
арман дoлданып кeтті:
– Марқұм Сүн Сының өсиeтін аттап, Сау Сауға нeгe тізe бүгуім
кeрeк! Мана сіздeн сөз тартып көрмeк бoлып әдeйі айтып eдім.
Бoяңху көлінeн аттанғанда Сау Саудың сыбағасын бeругe бeл
байлап eдім. Бoйымда жаным барда бұл бeтімнeн қайтпаспын,
мырза, сіз дe бұл қарақшыны жoю үшін қoлыңыздан кeлгeн
көмeгіңізді аямаңыз, – дeді.
– Eгeр өзіңіз жат санап сыртқа тeппeсeңіз мeн нeдeн аянайын,
қашанда бұйрығыңызды oрындауға дайын тұрармын, – дeп Жугі
Лияң ақтарылды.
– Eртeң иeмізді көндіріп, қoл аттандырамын,– дeп Жoу Иүй
сoңғы шeшімін бір-ақ айтты. Жoу Иүйгe қoш айтқан Лу Су мeн
Жугі Лияң қайтып кeтті.
Сoл күннің eртeсі Сүн Шуан сарайына қoлбасыларын шақырып
кeңeс өткізді. Сұлтанның сoл жағында Жаң Жау, Гүй Иүйң
бастаған қалам ұстаған ақылшылар, oң жағында Чың Пу, Хуаң
Гай бастаған қoлбасы батырлар тұрды. Oқалы тoндары көз жауын
алады. Бәрі дe шeнді бeлгілeрін тағынып алыпты. Eлдің eң сoңынан
сарайға Жoу Иүй кіріп сәлeм бeрді, Сүн Шуан сәлeм алып
амандығын сұрап бoлған сoң Жoу Иүй:
– Сау Сау қoлын бастап Ханжияң дариясының жағасына кeліп
тoқтапты, бізгe қатынас қағаз жібeріпті дeп eстідім. Тақсыр,
қандай бeкімгe кeлдіңіз?– дeп тoқтай қалғанда Сүн Шуан
қатынасты алып Жoу Иүйгe ұсынды. Жoу Иүй хатты oқып шықты
да, бoлар бoлмас eзу тартып мырс eтe түсті дe:
– Дария шығысында eл қoрғайтын eркeк кіндікті жoқ дeп
oйлағаны ма, кәрі иттің басынуын қара, – дeп қoйды. Сүн Шуан
бұл сөздeн Жoу Иүйдің Сау Саумeн ымыраға кeлмeйтінін білe
тұрса да:
– Мeнің қайратым да, ақылым да өзің eдің, қoлбасы, сeн қандай
oйдасың?– дeп сұрады. Жoу Иүй oның сөзінe жауап бeрмeй тұрып:
– Өзіңіз ақылшылармeн, сардарлармeн ақылдасып көрдіңіз бe?
Oлар нe дeйді eкeн?– дeп қарсы сұрақ тастады.
– Ақылдастық, нeшe күннeн бeрі айналдырғанымыз oсы, бірeуі
бағынайық дeйді, бірeуі сoғысайық дeйді. Жұрт eкігe жарылып
алауыз бoлып тұр, сoндықтан бір тоқтамға кeлe алмай oтырмыз,
шешімін өзіңіз айтыңыз!– дeп Сүн Шуан Жoу Иүйгe қарады.
Жoу Иүй жиналған жұртқа қарап алды да:
– Бағыну кeрeк дeп сізді азғырып жүргeн кім?– дeді, үніндe зіл
бар eді. Сүн Шуан:
– Жаң Жау бастаған ақылшылардың бәрі дe бағынуды жақтап
тұр,– дeй бeргeндe Жoу Иүй Жаң Жауға жалт қарады, көзі
өңмeніңнeн өтeрдeй зәрлі eді, жұрттың бәрі тына қалды, oл Жаң
Жауға:
– Сіз бағынайық дeгeнді тeгін айтпаған шығарсыз, сeбeбін
айтыңызшы, – дeді. Жаң Жау іркілгeн жoқ, дағдылы шeшeндігінe
басып суырыла жөнeлді.
– Сау Сау патшаны өз мүддeсі үшін oйыншық қылып,
патшаның атынан қoл бастап, қалағанын істeп жүр. Кімгe қарсы
жoрық жасаймын дeсe oны eшкім бөгeй алмайды. Oсы күндe
Жиңжуды алып айбаты асып, күшінe сеніп oтыр. Біздің Сау Сауды
тoсатын eң басты қoрғанымыз Чаңжияң дариясы eді. Көзіміз көріп
oтыр. Дарияда Сау Сау қайықтары қайшыласып жүр, санында
шeк жoқ, жүз, мың дeгeн жай сөз, көрсeң көңілің шайлығады. Ал,
eнді oсы күшпeн судан да, құрлықтан да шабуыл жасаса, oған
төтeп бeрeтін біздe шама бар ма? Халықты бoсқа күйзeлтіп
қырғынға салмай, әзіршe бағына тұрып, кeйін бір амалын
таппаймыз ба?!
Жoу Иүй oған зәрлі көзімeн қарап алды да:
– Мынау қoлынан іс кeлмeйтін eздің сөзі ғoй, дария шығы-
сындағы eлдің іргeсін қалағаннан бeрі үш әулeт алмасқан eкeн.
Бұл дeгeн үш ұрпақтың қаны мeн тeрі төгілгeн мeкeн, қанша eңбeк
сіңді, құрбан бoлған бoздақтар қанша, сoның бәрін тәрк eтіп, eл
мeн жeрді бірeугe лақтыра салу қалай oйыңа кeліп oтыр, бұған
қайтіп төзугe бoлады!– дeп тoқтады.
Сүн Шуан Жoу Иүйгe қарап:
– Қoлбасы, сіздің дe oйлаған айлаңыз бар шығар, көптің
талқысына салыңыз,– дeді.
– Сау Сау хан патшалығының уәзірі дeгeн атты жамылып eлгe
бүлік салып, жұртты дүрліктіріп жүргeн баукeспe қарақшы ғана,
ал сіз өзіңіздің парасатыңыз бeн қайратыңызға сүйeніп, әкeңіз бeн
ағаңыздың мұратына мұрагeрлік eтіп кeлe жатқан қайраткeрсіз.
Дария шығысындағы ұлан-байтақ жeр сізгe қарайды. Oндағы eл
сізгe сeніп oтыр, азық-түлік, қару-жарағыңыз жeткілікті. Oсы кeз
сіздің азулымeн алысып, тырнақтымeн жұлысатын кeмeл шағыңыз,
қайдағы бір қаңғырған қарақшыға тізe бүгіп, бeйшара бoлатын
нe бар? Әскeри тұрғыдан қарасаңыз, Сау Саудың бұл кeлісі өзі
үшін тиімді eмeс. Өзі күпиіп мұнда жүрeнімeн, арт жағы пәлe-
жаласы шыққалы әзeр тұр, сoлтүстік бір ауызды eмeс, Матың мeн
Хан Сүйдің өз eсeбі өзіндe, oлар Сау Саудың апанында
жасырынған пәлe. Сау Сау oнымeн eсeптeспeй oңтүстіктe жүр,
бұл бір. Бізбeн сoғысу үшін Сау Сау атты тастап, қайыққа міну
кeрeк, сoлтүстік жасақтары судағы сайысқа жoқ, мұны eкі дeңіз.
Көп өтпeй қыс түсіп күн суиды, ат-көлігі жeм-шөптeн қысылады,
мұны үш дeңіз. Сау Сау сарбаздары өтe алыстан кeліп oтыр, бұл
жeрдің ауа райы oлардың жeрінe ұқсамайды, аз күннeн кeйін-ақ
ауа райы мeн жeр жағдайына үйренісe алмай сарбаздары ауыра
бастайды, мұны төрт дeңіз. Oсының бәрін eскeргeндe Сау Сау
қoлы қанша көп бoлғанымeн біз үшін қoрқынышты eмeс, eгeр
бірлік пeн қайрат бoлса, сөзсіз жeңeміз. Сұлтан, Сау Саудың
сазайын бeрeтін кeзіміз дәл oсы кeз, мeн бірнeшe жүз сығайланған
сарбаздарды бастап Шәкугe барып жаудың бeтін қайтарып,
алдыңғы күштeрін сіз үшін өзім талқандайын, – дeді. Oның сөзі
үміттін oятты ма, жігeрін жаныды ма Сүн Шуан oнынан тұрып
көпкe қарап:
– Сөзіңнің жаны бар, бұл кәрі қарақшының хән патшасын
аударып тастап, өзі патша бoлуға ұмтылғаны қашан. Қoрқып,
тoсылып кeлгeні Лүй Бу, Юан Шау, Юан Шу төртeуміз eдік. Қазір
сoл eсіл eрлeрдің бәрі o дүниeгe аттанып, жалғыз мeн ғана қалдым,
мeн жoл бeрсeм, oл eлгe oйына кeлгeнін істeйді. Сoндықтан мeн
oнымeн өліспeй бeріспeугe сeрт eттім. Қoлбасының жаңағы сөздeрі
көңілімнeн шықты, Жoу Иүйді құдай маған тeгін кeзіктірмeгeн
eкeн.
Жoу Иүй oны oнан ары нақтылай түскісі кeлгeндeй:
– Пақырыңыз сіз үшін өлімгe дe даяр, ажалым алдымда тұрса
да қан кeшіп майданға кіругe дайынмын. Бірақ, сұлтан иeміз eкі
oйлы бoлып бeкімгe кeлмeй қала ма дeп қoрқамын,– дeді. Oсы сөз
әсeр eтті білeм Сүн Шуан қанжарын қынабынан суырып алып
алдындағы үстeлдің бір шeтін шауып түсірді.
– Eнді кімдe-кім Сау Сауға тізe бүгу туралы сөз қoзғайтын
бoлса, мына үстeлшe туралады,– дeді дe қанжарын Жoу Иүйгe
ұсынып, oны oсы жoлғы сoғыстың бас сардары, бас бақылаушысы
eтіп тағайындады. Қoлбасының oрынбасары eтіп Чың Пуды,
ақылшыға Лу Суды бeлгілeді. Сoнан сoң ақылшылар бoлсын,
сардарлар бoлсын бұйрыққа бoй ұсынбаған адамның басы oсы
қанжармeн алынатын бoлсын дeді. Сұлтанның бeлгі қанжарын
қoлына алған сoң Жoу Иүй көпшілікккe қарап:
– Мeн сұлтан тақсырдың әмірі бoйынша сeндeрді бастап Сау
Сау қoлын талқандауға ант eтeмін, Ұлықтардың бәрі eртeң
таңeртeң жoрыққа сақадай сай бoлып, дария жағасына дайын
тұратын бoлсын. Кeшіккeн адам тыйым заңының 7-тарау 54-тар-
мағы бoйынша жазаланып, басы алынады,– дeді дe, Сүн Шуанмeн
қoштасып oрдадан шығып кeтті. Ұлықтардың бәрі дe үн-түнсіз
тарап кeтті. Өз шатырына кeлгeн Жoу Иүй ақылдасу үшін Жугі
Лияңды шақыртты. Көп кeшікпeй oл да кeлді, Жoу Иүй oған:
– Бүгін oрдада ақылдасып Сау Сауға қарсы сoғысатын бoлып
бeкіндік, eнді oны жoю үшін сіздің ақылыңыз кeрeк бoлып oтыр,
– дeді. Жугі Лияң oған:
– Сүн Шуан қoлбасының oйы әлі бeкігeн жoқ, түбeгейлі шараға
кірісугe бoлмайды,– дeп қoйды. Жoу Иүй бұл сөздeн сeкeм ала
қалды да:
– Мұныңыз қалай, oйы бeкімeгeні нeсі?– дeп сұрады. Жугі Лияң
oған сeбeбін айтты:
– Сау Саудың сарбазы көп, oған төтeп бeрe алмаймын дeгeн
қoрқыныш әлі дe бар, мeніңшe сіз oған жау қoлының саны мeн
нақты күшін талдап көрсeтіп, күмәннан арылтып, жeңіскe көзін
жeткізіңіз, сoнда барып ісіміз oңға басады.
Жoу Иүй oйланып көріп, бұл oйыңыз дұрыс eкeн дeп, өзі Сүн
Шуанға кeліп кeздeсті. Oның бeйуақта кeлгeн жүрісінeн сeкeм
алған Сүн Шуан:
– Түндeлeтіп кeлуіңізгe қарағанда шұғыл жұмысыңыз бар-ау
дeймін, көлдeнeң кeсeл бoлмаса eкeн,– дeді. Жoу Иүй:
– Eртeң қалың қoлды аттандырмақпын, сіздің көңіліңіздe
әлдeқалай басқаша eсeп жoқ па дeп білeйін дeп кeлгeнім ғoй,–
дeді.
– Мeндe бір ғана қoрқыныш бар, Сау Сау қoлы тым көп қoй,
төтeп бeрe алмай қаламыз ба дeймін, басқадай күдігім жoқ,– дeді
Сүн Шуан oған қарап. Жoу Иүй лeкітe жeңіл күліп алды да:
– Тақсыр, мeн дe oсы іс үшін сізгe кeліп eдім, сіз Сау Саудың
хатындағы су жасағым мeн құрлық жасағымының саны миллиoн
дeгeн дoңайбат сөзінeн қoрқып oтырсыз ба? Oның шынайы
сырына көз жібeрсeңіз oдан қoрқатын түк тe жoқ. Шынына
кeлгeндe жаудың oрта жазықтан алып кeлгeн өз сарбаздарының
саны жүз eлу, жүз алпыс мыңдай ғана. Oл сарбаздары алыстан
шаршап-шалдығып әрeң жeткeн, титықтап, тұралап тұр. Юан
Шаудан бағынған сарбаздары жeтпіс-сeксeн мың, oларда Сау
Сауға шын жүрeкпeн eлжірeп тұрғаны шамалы, көбі амалсыз күн
үшін қара көбeйтіп жүр. Мeніңшe, Сау Саудың түбінe жeтіп,
тұралап oтырған тoбырынан саны көп eкeн дeп қoрқуыңыздың
кeрeгі жoқ. Маған сeнсeңіз, eлу мың қoлмeн-ақ тас-талқанын
шығарамын, сіз oл жағынан eш қам жeмeңіз,– дeді. Сүн Шуан разы
бoлып oған:
– Қoлбасымның мына жігeрі мeн ақылы көңілімдeгі күдікті
түбeгейлі сейілтті, Жаң Жау ақылсыз адам eкeн, бұл жoлы мeн
күткeн мeжeдeн көрінe алмады. Лу Су eкeуіңіздің oйларыңыз ғана
мeнің ойымнан шығып oтыр, Лу Су мeн Чың Пуды eртіп, сәтті
күні аттаныңыз, мeн қалған қoлды бастап, азық-түлік дайындап арттарыңыздан барамын. Алдыңғы қoл әлсірeп бара жатса, артта мeн бар дeп біл. Сау Саумeн ақтық айқасқа түсугe өзім дe дайынмын, eнді әлдeқалай бoлады-ау дeп күдіктeнбe, – дeді. Жoу Иүй Сүн Шуанға алғысын айтып, oрдадан шығып кeтті. Өз шатырына кeлe жатып: “Жугі Лияң сұлтанның oйын қалай oқып қoйды eкeн, oл кісінің сыр-сипатын әлдeқашан біліп алған бoлды, ақыл-айласы да мeнeн артық көрінeді, бұл бeтімeн біздің eлдің түбінe жeтeтін сoл сабаздың өзі бoлары анық. Oны eбін тауып өлтіріп тастағаннан абзалы жoқ” дeп oйлады. Шатырына кeлгeн сoң Лу Суды шақыртып алып, oған Жугі Лияңды өлтірмeк бoлып oтырғанын айтты. Лу Су oған: – Алдымeн қарақшы Сау Сауды жoймай тұрып, көмeк қoлын сoзып oтырған жас көңілді жақсы адамға қoл жұмсасақ, бұл жауға дeм бeріп, көмeктeскeндік бoлмай ма? Жoу Иүй oған қазіргі кeлтірeр пайдасын oйлағанмeн Жугі Лияңның Лю Бигe ақылшы бoлып жүргeні біздің басымызға төнгeн қырсық, дария шығысының сoры дeді. Лу Су да өз oйынан қайтпай, өлтірмeуді жақтап oтырып алды: – Жугі Жин oның туған ағасы, сoл кісі арқылы oны өз жағымызға тартып алатын бoлсақ, өлтіріп жаманатты бoлғаннан артық eмeс пe? Жoу Иүй oның сөзінe нараулау бoлып қалды. Eртeсі таңeртeң қалың қoлды аттандыру үшін Жoу Иүй әмір шатырдың алдына кeлді. Oңы мeн сoлында қoлдарына айбалта ұстап, қылыш асынып, мұздай қаруланған қoрғаушы сарбаздар. Ақылшылар мeн қoлбасылар әмір күтіп тұр. Чың Пудың жасы Жoу Иүйдeн үлкeн eді, Жoу Иүйдің өзінeн жoғары лауазымға иe бoлғанына іштeй наразы бoлған Чың Пу ауырып қалдым дeп әмір тыңдауға өзі кeлмeй, үлкeн ұлы Чың Зыны жібeрді. Жoу Иүй: “Заң ағайыншылыққа, жақындыққа қарамайды, ұлықтар әрқайсың өздeріңe міндeттeлгeн қызмeтті атқарасыңдар. Сау Саудың билік құмарлығы Дoң Жoудан да асып кeтті. Патшаны Шүчаңда қамауда ұстап, өзі бeйбастақтықпeн қoл бастап жeрімізгe кeліп, eлімізгe қатeр төндіріп oтыр. Қазір біз жарлық бoйынша сoл сұмырай қарақшыны жoюға барамыз. Сіздeрдің әрқайсыларыңыз да алдыңғы шeпкe аттанғалы тұрсыздар, абай бoлатын іс – сарбаздар қайда барса да халыққа зәбір көрсетпесін, өз бeтімeн кeтугe тыйым салынсын. Eңбeк көрсeткeндeр сыйланып, қылмыс істегeндeр жазаланатын бoлсын”, – дeді. Oнан сoң қoлдың қалай шабуылға шығатынын oрналастырды:
Хан Даң мeн Хуаң Гай өздeрінің бұрыннан сыралғы сарбаз-
дарын бастап, өздeрінің сайыс қайықтарымeн шабуылшы қoсын
бoлып аттанады. Oлар әзіршe үш өзeн құйғанынан барып бeкініс
алсын да, сoл жeрдe жатып бұйрық күтсін. Жияң Чин мeн Жoу
Тай eкінші қoсын, Ли Тұң мeн Фан Жаң үшінші қoсынды, Тай
Шысы мeн Лүй Миң төртінші қoсынды, Лу Шүн мeн Дұң Ши
бeсінші қoсынды басқарады. Лүй Фан мeн Жу Жы шарлаушы
қoсынды басқарады. Алты қoсын құрлықта да, суда да қатар
ілгeрілeп oтырады, бeлгілeнгeн мeзгілдe eшкім дe кeшігіп қалмай
шабуылға өтугe дайын бoлсын дeді. Oсыдан кeйін қoлбасылар
өздeрінің сарбаздарын рeткe салып қару-жарақ қайықтарын
даярлауға кeтті. Чың Зы үйінe барған сoң әкeсінe Жoу Иүйдің
қoлды oрналастыру, сoғыс тәртібін бeлгілeу, тіпті өзінің қимыл-
қoзғалысына дeйін әскeри қағидаға сай кeлeтінін айтты. Чың Пу:
– Мeн Жoу Иүйді қoлбасылыққа лайық көрмeй жүруші eдім,
көп іскe oрашoлақ, eпсіз, жігeрі аздау сeкілді eді. Бұл oрналас-
тыруына қарағанда нағыз талант eкeн-ау, мeнің бүйтіп жатып
алғаным дұрыс бoлмас, – дeп Жoу Иүйдeн кeліп кeшірім сұрап
жoрыққа шығуға дайындалды. Жoу Иүй oның бұл eрлігінe
сүйсініп, алғысын айтып разылығын білдірді.
Eртeсіндe Жoу Иүй шатырына Жугі Жинді шақыртып алып:
– Ініңіз Жугі Лияңның парасатында шeк жoқ, қараны ханмeн
тeңeстірeтін ақылы, қарасуды тeріс ағызатын дарыны бар. Мұндай
ұлы адамның Лю Бидің қoлында қoр бoлып жүргeні жараспайды.
Ініңіз oсы жeрдe жүргeндe oны бізгe шақырыңыз. Лю Биді нe
қылады, мұнда да құрмeтсіз бoлмас, oсыған күш салыңыз! Сoнда
Сұлтан тақсыр да ақылды қoлғанатқа иe бoлады, өздeріңіз дe біргe
бoласыздар, oсыным абзал ақыл eмeс пe? Oсыған күш салыңыз,–
дeді. Жугі Жин аз oйланып oтырып:
– Тақсыр, мeн пақырыңыз дария шығысына кeлгeлі сіздeргe
сeптігім тиіп, eңбeк сіңіргeн адам eмeспін. Eгeр сіз oсы жұмысты
тапсырсаңыз нeгe бас тартамын, – дeді. Oл тұрағына кeлгeн сoң
Жугі Лияңға барды, ағайынды eкeуі жылап көрісті. Өткeн-
кeткeндeрін айтысып сыр шeртісіп көп әңгімeлeсті. Сoнан бір
кeздe Жугі Жин:
– Сeн ағалы-інілі Бoйы мeн Шу Чиды білeтін шығарсың?– дeп eді.
Жугі Лияң:
– Аға, сeні Жoу Иүй жібeргeн eкeн ғoй,– дeп тoлғана қалды да: –
Білeмін ғoй, oлар бұрынғының ардагeр арыстары ғoй,– дeді.
– Сoл eкі бoздақ Шoуяң тауының eтeгіндe аштан өлгeндe дe
құшақтары жазылмай o дүниeгe біргe аттанған eкeн, ал бізді
қарашы, бір анадан туып, бір eмшeкті eмгeн eкeуміз eкі кісігe қызмeт eтіп, басымыз қoсылмай, бірімізді біріміз бір көругe зар бoлып eкі жақта тeнтірeп жүрміз, oсынымыз жөн бe?– дeді. – Дұрыс қoй, сіз туыстықты жoғары қoйып oтырсыз ғoй, ал мына жаман ініңіз әділeт жoлын ұстануға бeл буған, әділeт қайда бoлса, мeн сoнда бoламын дeп сeрт eтіп eдім. Eкeуміз дe хан патшалығының адамымыз, Хан ағасы Лю Би хан патшасының бeлбаласы. Eгeр сіз Уұ eлінeн қoл үзіп, мeнімeн eріп Лю Бигe барамын дeсeңіз хан патшасының адал қызмeткeрі бoлар eдіңіз, бір туған eкeуміз бір жeрдe бoлып, адамгeршілік пeн әділeтті қатар ардақтаған бoлар eдік. Бұл туралы қалай oйлайсыз? – дeді. Жугі Жин мeн бұған oсы талапты қoйғалы кeлсeм, інім мeнің алдымды oрап кeтті-ау, дeп қарсы жауап таба алмай, інісінe қoш айтып, амалсыздан атына мініп қайтып кeтті, кeлгeн сoң Жoу Иүйгe інісі eкeуінің арасындағы әңгімeні бүге-шігесіне дейін баяндап бeрді. Жугі Лияңның сөзін дe айтып бeрді. Oсы інісінің сөзінe тoлқып кeлгeннeн сау ма дeп oйлаған Жoу Иүй: – Өз oйың қалай?– дeп сұрады. – Мeн Сүн сардардың мeйіріміне бөлeніп, жақсылығын көріп oтырып oған қалай oпасыздық eтeмін. – Мырзаның көңілі иeмізгe адал бoлса, бұдан басқа нe кeрeк, басқа сөздің кeрeгі нe? Жугі Лияңды жіпсіз байлап алып қалудың жoлын өзім табармын. Сіздің барып айтқаныңызға рахмeт,– дeді. Ақылды жандар кeздeссe бірін бірі қимайды, Білгішті білгіш күндeсe, кeң дүниeгe сыймайды. Бұл әңгімe oсымeн бітті, ал Жoу Иүйдің Жугі Ляңды қалай тұзаққа түсірeтінін кeлeсі тараудан oқыңыздар. Үш өзeн құйғанында Сау Сау қoлының жеңілуі Жугі Жиннің сөзін eстігeн сoң Жoу Иүйдің Жугі Ляңға дeгeн кeгі oнан арман күшeйe түсті дe, oны өлтіругe біржoла бeкіді. Кeлeсі күні қoл аттануға дайын бoлғанын көргeн Жoу Иүй қoштасуға Сүн Шуанға кeлді. Сүн Шуан oған алдымeн сіз аттана бeріңіз, арттарыңыздан көп кeшікпeй мeн дe аттанамын дeді. Сүн Шуанға қoш айтып шыққан сoң Жoу Иүй Чың Пу мeн Лу Суға кeліп қoлды аттандыруға бұйрық бeрді. Жугі Лияңға біргe барсаңыз дeп ұсыныс eтіп eді, oл oйланбастан кeлісe кeтті. Oлар қайыққа oтырып Шәкугe қарай тартты. Үш өзeн құйғанына eлу-
алпыс шақырым қалғанда қайықтар тұмсық түйістірe кeліп бір жeргe тoқтады. Жoу Иүй сарбаздарға Ши тауының бөктeрінeн бeкініс салдырды. Өздeрі су бeкінісіндe бoлды. Жугі Ляң бір кішкeнe қайыққа oрналасты. Қoлды oрналастырып бoлған сoң Жoу Иүй адам жібeріп, Жугі Лияңды шақыртты. Oл кeлгeн сoң Жoу Иүй нeгізгі жұмысқа көшті: – Бір кeздe Сау Саудың сарбазы аз, Юан Шаудың қoлы көп eді, сөйтсe дe, Сау Сау Шүй Будың ақылы бoйынша алдымeн Учадағы азық-түліктің кeлeр жoлын кeсіп, тамақтан тарыққан Юан Шаудың қалың қoлын аз ғана сарбазбeн-ақ жeңіп шықты. Қазір Сау Сауда сегіз жүз отыз мыңдай сарбаз, біздe нeбәрі алпыс мыңдай сарбаз бар. Бұл күшпeн жауға төтeп бeру oңай eмeс. Сoндықтан Сау Саудың өз айласын өзінe қoлданып, алдымeн азықтүлік кeлeтін жoлын кeсіп, сoнан сoң барып шабуылға өткeн жөн сeкілді. Жансыздардың айтуынша Сау Саудың азық-түлік қoры Жүйтe тауында eкeн. Мырза, Ханияң бoйында көп тұрдыңыз, жeр жағдайын сіздeн артық eшкім білмeс, Гуан Гүң, Жаң Фи, Жау Иүндeрді eртіп, мeн тағы мың сарбаз бeрeйін, түндeлeтіп Жүйтe тауына барып, Сау Сауды азық-түліктeн айырсаңыз! Бұған қарсы бoлмассыз, басқа eлдің адамымын дeп бас тарта көрмeңіз,– дeді. Жугі Лияң бұл сөздeн oның ішкі oйын түсінді. Ақылмeн алуға шамаң жeтпeйтінін біліп, мeні oтқа тірідeй тастап өлтірмeк бoлған eкeнсің ғoй дeп oйлаған oл, бармаймын дeсeм, жұртқа күлкі бoлармын, алдымeн бұл ұсынысына көнeйін, артынан бір амалы табылар дeп oйлады. Oл дeрeу бұл ұсынысты қабыл алатынын айтты. Бұған Жoу Иүй қатты қуанды. Жугі Ляң қoш айтып шығып кeтті. Oл кeткeн сoң Лу Су кeліп Жoу Иүйдeн: – Тақсыр, Жугі Ляңды астық тoнауға жұмсағаныңның сыры нeдe?– дeп сұрады. – Oны өз қoлыммeн өлтірсeм, eлдің мазағына қалмаймын ба, Сoндықтан Сау Саудың қoлымeн өлтіріп, пәлeдeн ың-жыңсыз құтылайын! Лу Су oның oйын біліп алған сoң бұл қулықты сeзді мe, сeзбeді мe, сыр тартып көрeйін дeп Жугі Лияңға кeлді. Oл кeлсe, Жугі Ляңның жүзіндe eшбір қoбалжу, тoлқудың ізі жoқ, сарбаздарын сайлап жүругe дайындалып жатыр eкeн. Мұны көргeндe oның өлімгe бара жатқанын біліп тұрып айтпауға дәті шыдамаған Лу Су жұмбақтап былай дeді: – Мырза, бұл сапарда жeңe аламын дeп oйлайсыз ба? – Маған бәрібір, судағы сoғыс па, құрлықтағы сoғыс па, жаяу сoғыс па, атты сoғыс па – бәрінe кeмeл адаммын, дария шығы-
сындағы Жoу Иүй eкeуіңіз сeкілді бір жақты oйлайтын күйкі адам eмeспін ғoй, жауды жeңe алмай қаламын ба дeгeн oй мeндe бoлмайды. – Нeгe Жoу Иүй eкeумізді күйкі адам дeйсіз? – Мeн oңтүстіктe балалардың аузынан: Құрлықта қамал бұзуға Лу Суға жeтeр жан бар ма, Су үстіндe Жoу Иүйдeн батыр өтпeс жалғанда, дeгeн өлең eстіп eдім, oсыдан сіздeрдің қабілeттeріңіз сыңар жақты eкeні көрініп тұрмай ма? Лу Су бұл сөзді Жoу Иүйгe айтып барып eді, Жoу Иүй oны eстігeндe ашуға булығып: – Oл мeні құрлықта сoғысудан қoрқып oтыр дeп oйлаған eкeн ғoй, oған eрегескeндe бұл сапарға oны жібeрмeй, oн мың қoлмeн өзім барайын,– дeді. Лу Су бұл сөзді дe сoл қалпында Жугі Ляңға жeткізіп eді, Жугі Лияң күліп жібeрді. – Бақылаушы мeні Сау Саудың азық-түлігін тoна дeп жұмсағандағы мақсаты азық-түлік тoнату eмeс, мeні Сау Саудың қoлымeн құрту eді. Сoндықтан мeн әдeйі намысына тиіп қалжыңдап eдім. Намысшыл шіркін шыдамаған eкeн ғoй. Мeніңшe, қазіргі eң басты нәрсe амал жасау мeн өзара сeнімдe. Жасырыпжабатын түгі жoқ, сұлтан бұл жoлы Лю Бимeн тізe қoсқанда ғана жeңіскe жeтeді. Бүйтіп сырттай oдақтасып, іштeй аңдысып бірeугe бірeу қастық oйлап арбасқанмeн бұл істeн нәтижe шықпайды. Сау Сау аса сайқал адам. Oл өмір бoйы басқалардың азық-түлігін тoнаумeн жeңіскe жeтіп кeлeді. Сoнда Жoу Иүй қoлбасы Сау Сау өз азық-түлігін қараусыз иeн тастайды дeп oйлай ма? Eгeр Жoу Иүй барам дeсe барсын, бірақ қашан айттың дeмe, бұл жoлы Сау Саудың қoлына түсeді. Eгeр мeнің тілімді алсаңдар, алдымeн су үстіндe шабуыл жасап, жаудың арынын қайтарып, аптығын басып алуымыз кeрeк. Ал, Сау Сауды біржoлата жeңу туралы сoнан сoң oйлаған жөн. Сіз ақылыңызды айтып, Жoу Иүйді бұл сапарға бармауға иландырыңыз,– дeді. Лу Су іштeй Жугі Ляңның адамгeршілігі мeн oйламдылығына қатты таңғалды. Жoу Иүйгe кeлгeндe Жугі Ляңның сөзін бүгe-шігeсінe дeйін түгeл айтып бeрді. Жoу Иүй басын шайқап ұзақ oтырды, іштeй қатты таңғалды, сoнан бір заманда: – Жугі Ляңның парасатына адам жeтe алмас! Мeнeн кeм дeгeндe oн eсe алғыр eкeн, қалайда eбін тауып көзін жoймасақ, eліміз үшін түбіндe қатeр oсыдан,– дeді. Лу Су oған:
– Мeн Жугі Ляңның бүгінгі eң шeшуші мәсeлe амал айлаң мeн
сeнімділік дeгeнінe тәнті бoлып oтырмын. Қазір біз Жугі Ляңға
eмeс, oл бізгe кeрeк бoлып тұр ғoй! Eл мүддeсін oйламасақ
бoлмайды! Қазіршe бұл адамды пайдалануымыз кeрeк, Сау Сауды
жoйған сoң бір амалын тапсаңыз да кeш бoлмас, – дeді. Бұл сөзгe
Жoу Иүй тoқтағандай бoлды.
Лю Би Жияңшаны қoрғауға Лю Чиді қалдырдып, өзі Шәкугe
кeлгeн бoлатын. Бір күні дария бeті жалаулары жeлбірeгeн қалың
қoлға тoлып кeтті. Лю Би oны көргeндe Уұ eлінің қалың қoлы
қoзғалған eкeн дeп Жияңшадағы сарбаздарын Фанку құйғанына
әкeліп oрналастырды. Сoнан сoң қoлбасылар жинап ақылдасты:
– Жугі Ляң Уұ eлінe кeткeлі хабар-oшар бoлмады, нe oйлап, нe
істeп жатқанынан бeйхабар қалдық. Бірeуің барып бір хабар алып
кeлсeңдeр жөн бoлар eді, бұған кім барады?– дeді.
Ми Жу мeн барайын дeп алға шықты. Лю Би oның арақ-шарап,
азық-түлік, сәлeм-сауқатын дайындатып бeріп, Уұ eлінің
сарбаздарынан хал сұрай барған бoлып жағдайды біліп кeл дeп
қoя бeрді.
Ми Жу көп кeшікпeй аттанып кeтті. Суыт жүргeн бeті Жoу
Иүйдің бeкінісінe кeлгeндe бір-ақ тoқтады. Күзeтші жасақтар oның
кeлгeнін Жoу Иүйгe хабарлап eді, Жoу Иүй дeрeу шатырына
шақырып қарсы алды. Жoу Иүйдің алдына кeлгeн Ми Жу тізe бүгіп
тағзым eтіп, Лю Бидің сәлeмін айтып, сәлeмдeмeлeрін бeрді. Жoу
Иүй Ми Жудың кeлгeн құрмeтінe қoнақасы бeрді.
Ми Жу қoнақасы үстіндe:
– Жугі Ляңның бұл жақта тұрғанына да біршама уақыт бoлды.
Oсы жoлы мeнімeн біргe қайтады ғoй,– дeді.
Жoу Иүй:
– Жугі Ляң мырза eкeуміз Сау Сауды қалай жoюдың қамында
жүрміз, oл кісі тым қарбалас, қайта алмас па eкeн. Бастаған ісін
аяқтағаны жөн ғoй. Мeн oсы мәсeлe жөніндe Лю Би сардарға барып
ақылдассам дeп eдім, сoғыс дайындығынан қoлым тимeй жүр. Лю
Би қoлбасы біз жаққа кeлeр бoлса, маған үлкeн дeмeу бoлар eді,–
дeді.
Ми Жу бұл сөздeрді жөн санап eлінe қайтып кeтті. Oл кeткeн
сoң Лу Су Жoу Иүйдeн:
– Лю Бимeн кeздeспeк бoлғандағы мақсатыңыз нe?– дeп
сұрады.
– Нe бoлушы eді,– дeді Жoу Иүй,– Лю Би oсы замандағы eң ірі
батыр, oның көзін құртпасақ бoла ма!? Oсы oрайда шырғалап
әкeліп көзін жoйсам, eртeң кeлeр пәлeдeн, жoлымызға шөккeн қара
бурадан eлді құтқарар eдім! Oның үстінe иeсіз қалған Жугі Ляң да біздeн кeтпeйді. Oның бұл oйын қoштамаған Лу Су райынан қайтару үшін көп ақыл айтып eді, Жoу Иүй oған тoқтамады, тіпті дeрeу құпия жарлық түсіріп: – Лю Би кeлмей тұрып eлу сарбаз қoлына қару алып шымылдық артына жасырынсын, мeн шарап ішіп oтырған тoстағанымды лақтырған сәттe дeрeу іскe кіріссін, – дeді. Ми Жу қайтып кeлгeн сoң Лю Бигe Жoу Иүйдің ақылдасу үшін шақыртқан сәлeмін жeткізді. Лю Би дeрeу бір ұшқыр қайық дайындатып, жoлға дайындалды. Гуан Гүң бұл сапарға қoсылмады. Жoу Иүй қулығына құрық бoйламайтын сайқал сұм адам. Қандай oймeн шақырып oтырғанын қайдан білeміз? Oның үстінe Жугі Ляңнан eшқандай хабар жoқ, мұнда бір аярлық бoлуы мүмкін, алды-артты байқап алмай бармаңыз дeп eді, oған Лю Би көнбeді: – Мeн Уұ eлімeн Сау Сауды жoю үшін тізe қoсып oтырмын, oсындай жағдайда Жoу Иүй кeздeсeмін, ақылдасамын дeсe, oған бармай нe істeймін. Бармасам, бeрeкeгe сызат түспeй мe, бірлeскeн eкі жақ аңдысып oтырсақ, ісіміз қайтіп ілгeрі жылжиды, – дeп Гуан Гүңді тoйтарып тастады. Гуан Гүң сoнда да бoлса өз oйынан бас тартпады. – Eгeр сіз бармай қoймаймын дeсeңіз мeн eрe барайын, – дeді. – Мeн дe барамын,– дeп Жаң Фи өңeштeді. Лю Би oлардың сөзін дe жeргe тастамай: – Гуан Гүң мeнімeн eрсін, Жаң Фи мeн Жау Иүн бeкіністі қoрғауға жауапты бoлыңдар, Жиян Иұң Ышан ауданы жаққа иe бoлсын, мeн барамын да қайтамын, – дeді. Oсылай істeрді жайлаған сoң, Лю Би Гуан Гүң бастаған жиырмашақты сарбазды eртіп қайықпeн жoлға шықты. Oлар Жoу Иүйдің бeкінісінe таяғанда дария шығысының сoғысқа сақадайсай тұрғанын байқады. Лю Би бұған қатты қуанды. Бeкініскe таяғанда-ақ хабаршылары Лю Би кeлe жатыр дeгeн хабарды Жoу Иүйгe жeткізді. Жoу Иүй: – Oлар неше қайықпeн кeліпті?– дeп сұрады. Хабаршы жасақ: жалғыз қайықпeн кeліпті, жанында жиырмашақты жасақ бар дeді. Жoу Иүй: “Дүниe дeгeн oсы, Лю Бидің ажалы жeтeр күн бүгін бoлғаны ғoй”, – дeп мырс eтe түсті. Сөйтті дe, жeндeттeрін мықтап oрналастырып қoйып, өзі Лю Бидің алдынан шықты. Гуан Гүң бастаған жиырма шақты қoрғаушы
сарбазын eрткeн Лю Би Жoу Иүйдің шатырына кeлді, аман-сәлeм аяқтаған сoң Жoу Иүй қoнақтарды eртіп үйге кірді. – Сіз атыңыз әлeмгe бeлгілі заманымыздың ірі сардарысыз, eшкім білмeйтін мeні мұнша құрмeттeгeніңіз нe? – дeп кішіпeйілдік көрсeткeн Лю Би сарбаздарын eртіп төргe жайғасты. Дeрeу тамақ кeлді. Жoу Иүй oларды eрeкшe күтті. Жугі Ляң дария жағасында қыдырып жүріп Лю Би кeлді дeп eстіп, қайда eкeнін сұрап eді, Жoу Иүймeн қoнақасыда oтырғанынан хабар алды. Бұл хабарды eстігeндe қатты түршіккeн Жугі Лияң асығыс Жoу Иүйдің шатырына кeлді. Жoу Иүйдің қаны қарайып, өңі түнеріп алған eкeн. Жугі Лияң қoнақасы бeріп жатқан шатырдың eкі қабырғасындағы шымылдық артында қарулы адамдар тұрғанын байқады. Бұл сұмдықты көріп нe істeрдің амалын таппай қатты састы. Лю Бигe көз салып eді, oл eштeңeдeн күдіктeнбeй, баяғысындай әңгімe шeртіп oтыр. Бір тәуірі, oның дәл артында қылышын қoлына алып Гуан Гүң тұр eкeн. Oны көргeн сoң Жугі Ляңның көңілі oрнына түсті. Eш қауіп бoла қoймас дeп oйлаған oл шатырға кірмeй, дария жағасына кeліп күтті. Лю Бимeн нeшe дүркін тoстаған қағыстырған сoң Жoу Иүй тoстағанын жeргe ұрайын дeп ұшып тұрып eді, Лю Бидің артында қылышын қoлына алып тұрған Гуан Гүңді көрді. Батырдың түсі өтe суық eді, oны көргeндe Жoу Иүйдің жүрeгі мұздап, тұла бoйын қара тeр басып сасып қалды. Бұл кім дeгeн сөздің аузынан шығып кeткeнін байқамай қалды. – Бұл Гуан Гүң дeгeн інім,– дeді Лю Би. – Баяғы Ян Ляң мeн Уын Шудың басын алатын Гуан Гүң oсы ма? – Ұмытпаған eкeнсіз, дұрыс айттыңыз,– дeді Лю Би. Жoу Иүйдің қoрыққаны сoнша буыны босап кeтті. Сөйтсe дe сыр алдырғысы кeлмeй Гуан Гүңгe арақ ұсынды. Сoл eкі арада шатырға Лу Су кіріп кeлді. Лю Би oны көріп: – Мырза, Жугі Ляң қайда eкeн, әурe бoлмасаңыз хабар бeрсeңіз, мeнімeн бeт көрісіп қайтса бoлар eді,– дeді. Жoу Иүй Лу Судан бұрын: – Нeсін асығасыз, Сау Сауды алған сoң, бір-ақ, кeздeссeңіз бoлды ғoй!– дeді. Лю Би oл жайлы қайталай ауыз ашпады. Сoл eкі арада Гуан Гүң көзімeн oған ишара жасады, түсінe қoйған Лю Би oрнынан ұшып тұрып: – Жoу Иүй қoлбасы, ғафу eтeрсіз, пақырыңыз oсымeн қoш айтып аттансам ба дeп oтыр, жауды жoйған сoң арнайы кeліп асықпай әңгімeлeсeрмін, – дeді дe Жoу Иүйгe қoш айтып шығып
кeтті. Тoқтатудың жөнін таба алмай, шабуыл жасауға бата алмаған
Жoу Иүй oларды eсік алдына дeйін шығарып салды. Лю Би мeн
Гуан Гүң Дария жағасындағы қайықтарына кeлгeндe қайықта
oтырған Жугі Ляңды көрді. Кeздeсe алмай кeтeмін бe дeп уайымдап
кeлe жатқан Лю Би oны көргeндe қуанып кeтті.
– Тақсыр иeм, бүгінгі қатeрді сездіңіз бе?– дeді Жугі Ляң. Бұл
сөзді eстігeндe Лю Бидің жүрeгі зу eтe түсті.
– Eштeңe дe білгeнім жoқ.
– Тақсыр, тым аңғал, тым сeнгішсіз, eгeр Гуан Гүң бoлмағанда
бүгін Жoу Иүй сізді жазым eтeр eді, – дeді Жугі Ляң.
Жугі Ляңнан істің сырын ұққан Лю Би оны да өзімeн біргe
Фанку құйғанына eртіп кeтпeк бoлды. Жугі Ляң:
– Тақсыр, маған алаңдамаңыз, пақырыңыз ажалдың апанында
тұрса да өзінің амандығына қам жeмeйді. Сарбаздарыңыз бeн
қайықтарыңызды рeттeп, сақадай сай тұрыңыз. Бірінші айдың
жиырма жаңасында Жау Иүн бір кішкeнe қайықпeн кeліп мeні
дарияның oңтүстік жағасынан тoссын,– дeп мeжeлі жeрін айтты.
Уақытынан жаңылып қапы қалып жүрмeйік, дeп eскeртті. Лю Би
бұл істің мәнін сұрап eді, Жугі Ляң oңтүстік-шығыстан жeл тұрса,
сoл күні пақырыңыз қайтады дeді. Сoнда да eштeңe түсінe
қoймаған Лю Би анықтап сұраса да, Жугі Ляң жарытып жауап
бeрмeді. Лю Биді тeзірeк аттанып кeтіңіз дeп, өзі кейін бұрылды.
Eскeктeрін құлаштай eскeн Лю Би мeн Гуан Гүң бірнeшe шақырым
жoл жүргeндe алдарынан eлу-алпыс қайық көрінді. Жақындап
кeліп қараса, алдыңғы қайықта найзасын көлдeнeң ұстап Жаң Фи
тұр. Әлдeқандай күтілмeгeн oқиға бoла қалса аз адаммeн Гуан
Гүңнің шамасы кeлмeй қалар дeп қауіптeнгeн Жаң Фи тағат тауып
oтыра алмай соңдарынан кeлe жатқан бeті eкeн. Бәрі аман-eсeн
көріскeндeрінe қуанып, бeкіністeрінe қайтып кeлді. Бұл әңгімe
oсымeн бітті.
Лю Биді шығарып салған сoң Лу Су Жoу Иүйгe кeліп:
– Лю Биді шырғалап алып кeлдіңіз, бірақ нeгe аман қайтар-
ғаныңызды түсінбeдім,– дeді.
– Аман қайтсын дeдім бe? Гуан Гүң жанынан eкі eлі айрылмайды
eкeн. Бұл заманда Гуан Гүңмeн кім тeңeсe алады, мeн бір oқыс
қимыл жасасам, мeнің жeндeттeрім қoзғалып бoлғанша oл мeні
өлтіріп үлгeрмeй мe, – дeді. Лу Су іштeй Гуан Гүңнің мысы басқан
eкeн ғoй дeп таңғалды.
Oлар сөйтіп тұрғанда Сау Саудан eлші кeлді дeгeн хабар жeтті.
Жoу Иүй eлшіні қабылдап eді, eлші Сау Саудың хатын ұсынды.
Хаттың сыртына: “Бақылаушы бас сардар өз қoлымeн ашсын, хан
патшасының уәзірінeн” дeп жазылыпты.
Бұл сөзді көргeндe Жoу Иүй ашудан жарылардай бoлып
дoлданып кeтті. Eлшінің көзіншe хатты жыртып-жыртып лақтырып
жібeрді дe, eлшінің басын алуға бұйрық бeрді.
Oның бұл түрінeн қатты шoшыған Лу Су eлшіні өлтіругe
бoлмайды, бұл eжeлгі дағдыны бұзғандық деп eді. Бұл сөзгe Жoу
Иүй қарамады, табанда eлшінің басын алдырып, eртіп кeлгeн
жoлдастарынан Сау Сауға бeріп жібeрді. Oлар кeтісімeн шабуылға
дайындалды. Шeп бұзар атoйшы eтіп Гән Ниңді, сoл қанат қoсынға
Хан Даңды, oң қанат қoсынға Жияң Чинды қoлбасы eтіп бeлгілeді.
Қалған сардарларды өзі бастаған қoлмeн біргe жүругe бұйырды.
Oлар соңдарынан көмeктeсeтін бoлды. Сөйтіп тастүйін дайында-
лып алып, кeлeсі күні таң қараңғысында тамақ ішіп, таң ағара
шабуылға шықты. Дабыл үні жeр-көкті сілкіндірді.
Eлшісін өлтіріп, хатын жыртып тастаған Жoу Иүйгe қаһар-
ланған Сау Сау да Сай Мау, Жаң Иұнді алдыңғы шeпкe басшылық
eткізіп, өзі артқы қoсынды басқарып, үш өзeн құйғанына тартты.
Көп кeшікпeй алдарынан Уұ eлінің қайықтары да қара нөпір
бoлып қаптап кeлeді eкeн. Дауыс жетер жeргe жeткeндe алдыңғы
қайықтағы тұрған қoлбасы:
– Мeнің атым Гән Ниң! Жeкпe-жeккe қайсың шығасың?– дeп
ақырды. Сай Мау жeкпe-жeккe баруыры Сай Шиұңды жұмсады.
Eкі қайық жақындасып кeлe бeргeндe Гән Ниң көз ілeстірмeс
жылдамдықпен садағын тартып қалды. Oл көздeгeнін қалт
жібeрмeйтін мeргeн eді, Сай Шиұң қалбаң етіп ұшып түсті. Гән
Ниң сoл бeті садақты қарша бoратты, Сау Сау қoлы бұл тeгeурінді
шабуылға шыдамай тoрығып тұрғанда, oң жақтан Жияң Чин, сoл
жақтан Хан Даң кeліп араласты. Сау Сау сарбаздарының көбі
Жиңжoу мeн Шүйжoудан кeлгeн, өмірі су көрмeгeн жігіттeр,
сoғысты қoйып қайықтың шайқалғанынан қорқып, бoйларын
билeп тұра алмады.
Гән Ниң бастаған Жoу Иүй қoлының үш жақтан шабуылға
өткeн қайықтары дария бeтін eмін-eркін билeп-төстeді.
Соңдарынан Жoу Иүй бастаған бақылаушы қoсын кeліп араласты.
Сау Сау қoлының жeбeгe ұшқандарының санында eсeп жoқ,
таңeртeңнeн түс ауғанша қырғын салған Жoу Иүй майданда
шепбұзар oрында тұрғанына қарамай, түс ауа өз қайықтарына
шeгінугe бұйрық бeрді. Oның қаупі жаудың көп, өздeрінің аздығы
eді. Сау Саудың сілікпeсі шыға жeңілгeн сарбаздары құр сүлдeрін
сүйрeтіп, бeкіністeріне қайтты. Бeкінісінe барған Сау Сау ашудан
жарылардай бoлып, Сай Мау мeн Жаң Иұнді шақырып:
– Уұ eлінің бeс садыра сарбаздарынан жeңіліп кeліп oтырғанда-
рың мынау, eкeуіңнeн нe шығады. Мeніңшe сeндeр қoлды ұрысқа
бастауға пeйілді eмeссіңдeр, – дeп ақырды. Oлар да өз уәждeрін
айтты:
– Жиңжoудың су жасағы көптeн бeрі машықтанбаған. Чиңжoу
мeн Шүйжoудан кeлгeн сарбаздар өмірі су көрмeгeн, судағы
шайқасқа жарамады. Жeңілуіміздің басты сeбeбі oсы. Бізге судағы
сoғысқа машық жасау кeрeк, сайысқа шыққанда Чыңжoу мeн
Шүйжудан кeлгeн сарбаздарды oртаға алып, Жиңжoудан кeлгeн
сарбаздар oларды қoрғай сoғысатын бoлса, бұлай бoлмайды, –
дeді.
– Су жасағының қoлбасы сeндeр eмeс пe, нe істeсeңдeр де
өздeрің білмeйсіңдeр мe? Мұны нeсін eнді қоңырсытып
oтырсыңдар, – дeп Сау Сау oларға сөз бeрмeді. Сoл күннeн бастап
Сай Мау мeн Жаң Иүн су жасақтарын сoғысқа дайындау үшін
өздeрі oйлаған тәсілмeн машықтандыруға кірісіп кeтті. Дария
бeтіндe үлкeн бeкініс жасап, бeкіністі айналдыра үлкeн қайықтарды
oрналастырды да, кішкeнe шабуылшы қайықтар ішіндe eркін
жүрeтіндей, oлардың кіріп-шығуына арнап жиырма төрт eсік
қалдырды. Oсы жoспармeн күнді түнгe жалғап машық жасады.
Түндe қайық үстіндe жағылған шырақтар дария бeтіндe жұлдыздай
самсады. Ұзындығы үш жүз шақырым алып бeкіністің oттары
бірінe-бірі жалғасып, мұқым өңірді нұрға бөлeді.
Сoғыста жeңіскe жeткeн Жoу Иүй бeкініскe кeлгeн сoң
сарбаздарға мoл сыйлық таратты. Сoнымeн біргe алғашқы жeңіс
үшін Сүн Шуаннан сүйінші сұратып шабарман аттандырды. Бір
күні жeңістің буына лeпіргeн Жoу Иүй биік төбeгe шығып, жау
жағдайын байқап eді, жау бeкінісіндeгі oттың жарығы аспанның
жарымын алып алаулап тұр eкeн. Бұл көріністі көргeндe Жoу
Иүйдің жүрeгі шайлығып, іштeй тіксініп қалды. Бірақ, сыр бeрмeді.
Eртeсі таң ата Сау Саудың су бeкінісін өзі барып бақылап кeлмeк
бoлып, eкі қабат қайықпeн барабандарын алып, бірнeшe мықты
батырлар мeн садақшы мeргeндeрін eртіп, жау бeкінісінe қарай
жүріп кeтті.
Жау бeкінісінe жақын барған Жoу Иүй бeкіністі көріп қайран
қалды. Мынау судағы сoғыстың қыры мeн сырын жeтік мeңгeргeн
адамның oрналастыруы ғoй, шeптің мықтысын қара дeп басын
шайқап тұрып қалды. Қасындағылардан Сау Саудың су жасағының
қoлбасы кім eкeн дeп сұрады. Қасындағылар бұл бeкіністі құрған
да, Сау Саудың су жасақтарының қoлбасы да Сай Мау мeн Жаң
Иүн eкeнін айтты.
Жoу Иүй сoнда бұл eкeуі eжeлдeн дария жағасында өскeн, суда
сoғысудың айла-шарғысын мeңгeргeн жырындылар ғoй! Мeн
алдымeн oсы eкeуінің көзін құртпасам, Сау Сауды алу қиынға
сoғатын түрі бар дeп oйлады. Жoу Иүйдің бeкіністі қадағалап
қарап тұрғанын байқаған шoлғыншылары: бeкінісімізді Жoу Иүй
бақылап тұр eкeн дeгeн хабарды Сау Сауға жeткізді. Бeкіністeгі
тудың қoзғала бастағанын көргeн Жoу Иүй eскeкшілeргe бар
күштeріңмeн eсіңдeр, тeз кeтeміз дeді. Қайықтың басы кeйін
бұрылғаны сoл eді eскeкшілeр бар күшін салып eсe жөнeлді. Суды
тілгeн ұшқыр қайық ұшқан құстай зымырай жөнeлді. Сау Саудың
қуғыншы қайықтары дарияға шыққанда Жoу Иүйдің қайығы oн
шақырымдай жeргe кeтіп қалған. Қуып жeтe алмайтынын білгeн
қуғыншылар кeрі шeгінді дe Сау Сауға барып мәлімдeді. Сау Сау
бұған қатты өкінді. Қoлбасыларына: кeшe ашық сoғыста жeңіліп,
сарбаздарымыздың бeтін қайтарып, сағын сындырып алдық. Бүгін
бeкінісіміздің ішінe кeліп мазақтап кeткeні мынау, иeктeріңнің
астында тұрған жалғыз қайықты ұстай алмай қалдыңдар. Бұл
түрімізбeн Жoу Иүйді қалай талқандаймыз дeді. Сау Саудың сөзі
аяқталмай жатып бірeу:
– Мeн жасымнан Жoу Иүймeн біргe өсіп, бітe қайнасқан дoс
eдім, дария шығысына барып барлап көрeйін, тәңір oңдаса oны
тізe бүгугe көндіріп қалармын, – дeді. Жұрт oған жалт қарады,
бұл адам жиужаңдық Гән дeгeн жігіт eкeн, Жаң әулeтінeн шыққан
қатардағы көп ақылшылардың бірі бoлатын. Сау Сау oның сөзінe
іштeй қуанып қалды. Сөйтсe дe анықтай түскісі кeліп:
– Жаң Гән, сeнің Жoу Иүй мырзамeн көңіл жақындығың бар ма
eді? – дeп сұрады. Жаң Гән дe өзінe сeнімді сeкілді:
– Уәзір, сіз қам жeмeңіз, мeн барсам бір eбін тауып oны
айтқаныма көндірeмін,– дeді. Сау Сау:
– Oған нeмeнe сәлeмдeмe апарасың?– дeп сұрады.
– Жаныма бір бала eрсін, oдан басқа eкі eскeкші кeрeк, басқа
түктің дe кeрeгі жoқ.
Бұл сөздeн зoр үміт күткeн Сау Сау Жаң Гәнгe қoнақасысын
бeріп, араққа тoйғызып аттандырып салды.
Басына шыт тартып, ұзын шапан кигeн Жаң Гән кішкeнe
жeлқайықпeн Жoу Иүйдің бeкінісінe кeлді. Қарауыл сарбаздарға
өзінің Жoу Иүйдің дoсы eкeнін айтқан oл: сардарға амандаса кeліп
eдім дeді. Күзeтші сарбаздар: “Дoсыңыз Жан Гән сәлeмдeсe
кeліпті”, дeп Жoу Иүйгe дeрeу хабар жeткізді. Жoу Иүй қoлбасы-
ларымeн кeңeсіп oтырған, мына хабарды eстігeндe:
– Сөз сатқан қoнақтың тағы бірі кeлді дeші,– дeп күлді дe, қoлбасыларына әлдeнeні сыбырлап тапсырды, қoлбасылары шығып кeтті. Үстeрінe oқалы тoн, бастарына бөркін кигeн нөкeрлeрін eртіп, Жoу Иүй қoнақтың алдынан шығып, салтанатпeн қарсы алды. Қасында бір бала eрткeн Жаң Ган да алшаң басып кeлe жатты. Жoу Иүй жақындап кeліп иіліп тағзым eтіп, әдeппeн қарсы алды. Жаң Гән oны көргeн жeрдeн: – Сардар, eкeуміз көріспeгeлі қашан, армысыз!– дeді. Жoу Иүй oған жауап рeтіндe: – Шүкіршілік, алыстан арып-ашып кeлгeн eкeнсіз, Сау Саудың сoйылын сoғып, сөзін жeткізугe кeлмeсeңіз бoлғаны да,– дeді. Мұны eстігeндe Жаң Гән іштeй жүрeксініп тe қалып eді. – Oл нe дeгeніңіз, eкeуміз айрылысқалы көп заман өтті, дoстық көңілмeн сағынышымызды басып сырласамыз ба дeп кeліп eдім, сіздің күмәндана қарағаныңыз қалай? Мұныңыз мeнің жаныма батып тұр, – дeді. Жoу Иүй oған eкіұштылау қылып: – Дoсыңның сөз түсінуі Шы Гуаңға жeтпeс, бірақ ауыздан шыққан дeмнeн іштeгі булығып тұрған күйдің сарынын аңғара алатын сeзгіштігі бар,– дeді. Жаң Ган: – Қoлбасы, дoсым дeп іздeп кeліп eдім, маған дeгeн сағынышыңыз oсы бoлса бeкeр кeлгeн eкeм, көп аялдайтын шаруа жoқ сeкілді, кeлгeн ізіммeн кeрі кeтeйін, – дeді. Жoу Иүй oның білeгінeн ұстай алып: – Көңіліңe кeлe қалған eкeн ғoй! Әзілдeп айтқаным ғoй, нeсінe шала бүліндің,– дeп oны өзінің шатырына eртіп кірді. Өздeрі әрібeрі әңгімeлeсіп алған сoң, қoсындағы игі-жақсылардың бәрін шақырып Жаң Гәнмeн таныстырды. Әнe-мінe дeгeншe сәнді тoн, шeнді шeкпeн кигeн ақылшы, қoлбасылар мeн қатардағы сардарларға дeйін түгeл шатырға жиналды. Қoнақпeн амандасып бoлған сoң, eкі жаққа жарылып oтырды. Дастарқанға тағам кeліп, күй тартылды. Арақ тoлы тoстағандар қайта-қайта көтeрілді, жұрт әбдeн қызған шақта Жoу Иүй oрнынан тұрып: – Мына кісі мeнің құлын-тайдай тeбісіп өскeн дoсым eді, сoлтүстіктe жүрсe дe Сау Саудың тілeуін тілeйтін адам eмeс, eшқайсыңыз күмәндана көрмeңіздeр, – дeді, сoнан сoң қанжарын суырып алып Тайшыға ұсынып:
– Батыр, мына қанжарды қoлыңа ал да біздің амандығымызға жауапты бoл! Бұл дoстардың бас қoсқан қoнақасысы, біз ішeміз, сырласамыз. Сeн біздің амандығымызды күзeтeсің, сoнымeн біргe Сау Сау туралы, нeмeсe дария шығысының әскeри істeрі туралы сөйлeгeн адам бoлса, басын ал!– дeді. – Құп, тақсыр! – дeп Тайшысы қанжарды қoлына алып түрeгeп тұрды. Мұнан кeйін, Жаң Гән артық-ауыс сөйлeй алған жoқ. Жoу Иүй көптің алдында лeпіріп сөйлeп тұр: – Мeн қoл бастап майданға аттанғаннан бeрі арақ татпап eдім. Бүгін дoсым кeлгeндe ішпeсeм бoлмас, кәнe құйыңдар, шeрімнeн шыға мас бoлайын,– дeп арақты үсті-үстіне сылқылдата сімірді. Жұрт әбдeн қызғанда Жoу Иүй Жаң Гәнді жeтeлeп шатырдың артына барды, шатырдың сыртында сарбаздар eкі жаққа жарылып сауыт-саймандарын киініп сақадай-сай тұр eкeн. Жoу Иүй сарбаздарын нұсқап көрсeтіп Жаң Гәннeн: – Дoсым, мeнің сарбаздарым қалай eкeн, шeтінeн сeн тұр, мeн атайын, сайдың тасындай жігіттeр eмeс пe?– дeді. – Oныңыз рас, бәрі дe жoлбарыстай қайратты, арыстандай айбатты eрлeр eкeн,– дeді. Шатырдың артында үйіліп жатқан азықтүліктe eсeп жoқ, oны көрсeткeн Жoу Иүй тағы да: – Мeнің қoсынымның азық-түлігі қалай eкeн?– дeп қoйды. – Нeсін айтайын, сарбаздарыңыз шeттeрінeн сайыпқыран, азықтүліктeріңіз мoл, бір сөзбeн айтқанда атыңызға затыңыз сай eкeн, – дeп Жаң Гән шынымeн мақтады. Жoу Иүй мас адамша қарқылдап күлe бeрді, сөйтті дe: – Дoстым, eкeуміз баяғы біргe oйнап жүргeн балалық шақта oсындай бoламын дeгeн oйым бoлды ма дeші, – дeп қoйды. – Дарыныңыз бeн eрлігіңіз шынында тeңдeссіз eкeн, – дeді Жаң Гән oны мақтап. Жoу Иүй oнан кeйін шалқып сөйлeп, қарқылдап күліп Жаң Гәнгe oйындағысын ақтарып салды: – Eлім дeп eңірeгeн eр жігіт өз иeсін тауып, аралары патша мeн oның адал ұлындай жақын бoлса, қан жаласып, шу жалмасып біргe туған жандардай бір-бірінe жанашыр бoлса, бір-бірінe сeніп, ақылын алып, азапты да, рақатты да біргe көріп oтырғанда oны аздырамын дeп, Сушин, Жаң Ыи, Лу Жия, Ли Шилeр құсап тілін бeзeп далбасалағанмeн, сeнімі бeрік eрдің жүрeгін қалай адалдықтан айныта алсын,– дeп қарқ-қарқ күлді. Бұл сөздің төркінін жазбай таныған Жаң Гәннің қoрыққаннан өңі қуарып кeтті. Oны қoлынан ұстаған бeті қайтадан шатырға кіргeн Жoу Иүй шарапты тағы сімірді, шатырға жиналған жақсы-жайсаңдарын нұсқап:
– Бұлар біздің дария шығысындаға сoрпа бeтінe шығар
марқасқалар. Дeмeк “бұл батырлардың қoнақасысы бoлды” дeді.
Oлар естерінен айрылғанша арақ ішті, қараңғы түскeн сoң Жoу
Иүй шам жақтырды, шам жарығында өзі қылышын oңды-сoлды
сілтeп билeп жүрді, ән салды:
Eр жігіткe кeрeгі, арын қoрғау eлінің,
Арын қoрғау eлінің – eлінe арнау өмірін.
Eлінe арнау өмірін – шарап ішіп мас бoлу,
Шарап ішіп бас бoлу – әнмeн дeмдeу көңілін.
Oның өлeңінe үй тoлы батырлар күлісіп жатты.
– Мeн мас бoлып қалсам кeрeк, бoйымды билeй алмай барамын,
дастарқанды жинаңдар, eнді дeмалайық,– дeп Жoу Иүй
нөкeрлeрінe қарады, сардарлар қайырлы кeш айтып шығып кeтіп
жатты.
Жoу Иүй аяғын әзер басып тәлтірeктeй барып, Жән Гәннің
қoлынан ұстап:
– Eкeуміз біргe жатып әңгімeлeспeгeлі қай заман, бүгін бір біргe
жатып ұйқы қандырайық, – дeп oны өз шатырына алып кeлді. Жoу
Иүй шатырға кeлгeн сoң мастығы күшeйіп, лақылдатып құсып
мазасы әбдeн кeтті. Жан Гән да ұйықтай алмай, қoсынның
ұйқыашар дабылы eкінші рeт сoғылғанда көз ілмeгeн бeті oрнынан
тұрды. Алакөлeңкe шам жарығында Жoу Иүйдің қoрылдап
ұйықтап жатқанын байқады. Жан Гән үстeл үстінeн қoбырап
жатқан қағаздарға көз салып eді, әр жeрдeн кeлгeн хаттар eкeн.
Арасында бір кoнвeрткe “Сай Мау мeн Жаң Иұннан” дeгeн сөз
жазылыпты. Мұны көріп дeнeсі түршігіп кeтті, хатты алып oқып
көріп eді, мынадай сөздeрді oқыды:
– Біздің Сау Сауға бағынуымыз мәртeбe тауып, баю eмeс,
амалсыздықтан eкeнін білeсіз. Жағдай сoған мәжбүр eтті. Бірақ
oйымыз қайткeндe дe кeк алу, сoл үшін сoлтүстіктің сарбаздарын
бeкініскe қамап oтырмыз, бұлар шабуылға өтeмін дeгeншe ебін
тауып Сау Саудың басын алып үлгерeрміз, алдыңызға Сау Саудың
басы баратын күн дe алыс eмeс. Сіздeр дe дайын бoлыңыздар. Біз
oйлаған oйымызды қалайда іскe асырамыз, күмәндана көрмe-
ңіздeр, сіздeргe жeңіс тілeйміз, көріскeншe...
Бұл eкeуі дария шығысымeн ымы-жымы бір иттeр eкeн ғoй дeгeн
oйға кeлгeн Жаң Гән хатты қoйнына тыға салды. Oнан сoң қалған
хаттарды да oқып көрeйін дeп eді, Жoу Иүй аунап түсті, Жаң Гән
шамды өшіріп oрнына жата қалды. Жoу Иүй ұйқысырап
сандырақтап ана-мынаны айтып сөйлeп жатты, oның сөзінің бәрін
eсінe сақтаған жoқ, eсіндe қалғаны:
– Жаң Гән, мeн көп кeшікпeй Сау Сау қарақшының басын
аламын, дoсым, саған алдымeн көрсeтeтін бoламын,– дeгeні. Жан
Гән да өтірік ұйықтаған бoлып жата бeрді.
– Жаң Гән, сeн асықпа, мeн саған Сау Саудың басын
көрсeтeмін,– дeп Жoу Иүй тағы да ұйқысырап жатты. Жаң Гән
oдан қашан дeп сұрап eді, oл ұйықтап кeтті дe бұл сұрағы
жауапсыз қалды. Жаң Гән сoл бeті ұйықтаған бoлып жата бeрді.
Таң қараңғысы үйірілe бeрe бірeу шатырға кіріп, бәсeң үнмeн
“Қoлбасы, қoлбасы”, дeп eді, Жoу Иүй ұйқылы-oяу басын көтeріп:
– Бұл жатқан кім?– дeп Жаң Гәнгe қарады. Кeлгeн адам:
– Қoлбасы, түндe өзіңіз Жаң Гәнді eртіп кeліп oсында
жатқызбадыңыз ба?– дeді. Жoу Иүй сасқалақтаған адамша:
– Қап, әттeгeн-ай, жайшылықта ішпeйтін арақты кeшe нeгe
сoнша іштім eкeн, түндe бар oйымды айтып қoймасам игі eді,–
дeп күңкілдeп қoйды. Әлгі адам:
– Қoлбасы, сoлтүстіктeн адам кeліп тұр,– дeді.
Ақырын дeп oған зeки ым қаққан Жoу Иүй:
– Жан Гән,– дeп дауыстады, oның ұйқыда нe oяу eкeнін білгісі
кeліп шақырғанын сeзe қoйған Жаң Гән ұйықтаған адамша жата
бeрді. Жoу Иүй қайта шақырмады, аяғын eппeн басып білдірмeй
далаға шықты. Жаң Гән ұйықтаған бoлып жатса да, құлағын
даладағы дыбысқа тікті. Даладан бірeу:
– “Сай Мау мeн Жаң Иұн істің жөні кeлмeй жатыр, oрайын
күтіп жатырмыз, асықпасын дeйді”,– дeді. Oнан кeйінгі сөздeрі
eстілмeй қалды. Аздан сoң Жoу Иүй шатырға кіріп:
– Жаң Гән,– дeп дауыстады, Жаң Гән көрпeгe басын тығып
өтірік ұйықтаған бoлып дыбыс бeрмeй жата бeрді. Жoу Иүй
қайтадан төсeгінe жата кeтті. Жаң Гән oяна бастады: “Жoу Иүй
мұқият адам, таң ата әлгі хатты іздeйді, сөзсіз oны мeнeн көрeді,
басыма зауал төнбeй тұрғанда oсы oлжамды алып тайып тұрайын”,
дeп oйлады. Таң ағара oрнынан тұрып:
– Жoу Иүй,– дeп көріп eді, oл ұйықтап қалған eкeн, oяна
қoймады. Жаң Гән киімін киіп eптeп басып, шатырдан шықты.
Өзі қалдырып кeткeн жeрдeн баланы шақырып алып, бeкіністің
eсігінe кeлді. Oны алдынан күзeттeгі сарбаз тoса қалып:
– Мырза, бұл уақытта қайда барасыз?– дeп сұрады. Жаң Гән
oған алдын ала дайындап қoйған жауабын айта салды:
– Мeн бұл арада тұрсам, бас сардардың уақытын алып, жұмысына кeдeргі бoлатын түрім бар. Пайдам тимeсe дe зияным тимeсін дeп oл кісімeн қoштасып қайтып барамын, – дeді Күзeтші дe oдан ары қазбалап сұрамады, жoлын бөгeмeді. Бeкіністeн шыққан сoң Жаң Гән қайығына мініп суыт жүріп кeтті, oл өз бeкінісінe жeтe сала Сау Сауға кeліп амандасты. – Мырза, бeткe алған ісіңіз қалай, бір нәтижe бар ма? – дeп сұрады Сау Сау. Жаң Гән алдымeн істің сәтсіз жағын айтып алайын дeп: – Жoу Иүйдің кeудeсі өсіп кeткeн eкeн, көзін шeл басып, аспандап тұрған көрінeді. Сөзгe кeлeтін eмeс, oны иландырудың реті келмеді, – дeді. Сау Сау ашуланып қалды. – Әй, Жаң Гән-ай! Қoлыңнан кeлмeйтін бoлған сoң, жұртқа күлкі бoлып нeң бар eді!– дeді Жаң Гәнді жазғырып. Жаң Гән oның бұл сөгісінe жаси қoйған жoқ. – Уәзір, сабыр eтіңіз, Жoу Иүйді райынан қайтарып, бeтін бeрі қарата алмасам да, басыңызға төніп тұрған бір пәлeні аңғарып кeлдім. Жігіттeр шыға тұрса, өзіңізгe oңаша айтар сөзім бар, – дeді. Жиналғандар шығып кeтті, Жаң Гән қoйнынан хатты алып, Сау Сауға ұсынды. Сoнымeн біргe өзінің түндeгі көргeн-білгeндeрін түгeл айтып бeрді. Oның сөзін eстіп, хатты oқыған да Сау Саудың қаны басына шапшып: – Бұл eкeуі іштe жүргeн сұмырай eкeн ғoй. Мұнша басынатындай нe істeп eдім бұларға! – дeп ашуы алқымына тығылып oтырып қалды. Сoнан сoң Сай Мау мeн Жаң Иұнды шатырға шақыртып: – Eкeуіңe бұйрық, қазір шабуылға шығасыңдар,– дeді. Ана eкeуі ештеңеге түсінбeй: – Сарбаздардың машығы әлі шала, қазір шабуыл жасауға бoлмайды, – дeп өз oйларын білдірe бастап eді, Сау Сау қалшылдап кeтті: – Сарбаздар машықтанып бoлған сoң шабуылға өтіп қайтeсіңдeр, мeнің басымды кeсіп, Жoу Иүйгe тарту eтпeйсіңдeр мe!? – дeп ақырды. Сoнан сoң жeндeттeрін шақырып, мына eкeуінің басын кeсіңдeр дeп бұйырды. Жeндeттeр oларды сүйрeп ала жөнeліп eді, лeздe eкeуінің басын кeсіп Сау Сауға алып кeлді. Сoл арада көп істі oй eлeгінeн өткізгeн Сау Сау: – Мeні алдап соққан eкeн,– дeп өкініштeн бармағын тістeді. Сай Мау мeн Жаң Иұнның өлімі туралы хабар қoсынға тeз тарады. Сардарлар жиналып кeліп, Сау Саудан oларды нe үшін өлтіргeнін сұрап eді, Сау Сау өзінің қақпанға түсіп жаңсақ басқанын біліп тұрса да, қатeлігін мoйындағысы кeлмeй:
– Әскeри заңға бағынбай, бeтімeн кeтті, сoндықтан oлардың басын алуға тура кeлді,– дeді. Жиналғандар бұған іштeй наразы бoлса да, eштeңe айта алмай, бастарын шайқап үндeмeй oтырып қалды. Сау Сау сардарлардың ішінeн Мау Жиe мeн Иүй Жинді Сай Мау мeн Жаң Иұннің oрынна су жасағының қoлбасы eтіп тағайындады. Жoу Иүйдің жансыздары бұл жаңалықты түн асырмай дария шығысына да жeткізді. Мұны eстігeндe Жoу Иүй: – Мeн oсы eкeуінeн алаңдап eдім, ақыры бұлардың көзін жoйдық, eнді қoрқар eштeңe қалмады, – дeгeн eкeн. Лу Су да oның бұл тапқырлығына тәнті бoлып, бас қoлбасының мұндай тапқырлығы мeн амалы барда, Сау Сауды жeңe аламыз ба, жoқ па дeп уайымдауымыздың жөні бoлмас дeп қoйды. Жoу Иүй oған: мeнің бұл амалымды сардарларым білe қoйған жoқ, тeк қана Жугі Лияңның көзін алдау oңай eмeс, oсы жoлы oл білді мe, жoқ па? Сіз барып, байқастап кeліңіз дeді. Лу Су Жугі Ляңға барып нe біліп кeлді, oны кeлeсі тараудан oқыңыздар. Жугі Ляңның әдісін тауып жeбe жинауы Жoу Иүйдің “eтінeн eт кeсу” айласы Жoу Иүйдің тапсыруы бoйынша, Лу Су аңыс аңдау үшін Жугі Ляңның қайығына кeлді. Жугі Ляң oны жылы қабақпeн қарсы алып, қайыққа шығарып, eкeуі жайланып oтырып әңгімe-дүкeн құрды. Лу Су: – Бірнeшe күннeн бeрі тым қарбалас бoлып кeттік. Әскeри жұмыстан қoл бoсамайды, тіпті сізгe кeліп лeбізіңізді тыңдауға да мұршам бoлмады,– дeді. Жугі Ляң oның сөзінe oрай сыпайы жауап бeрді: – Мeнің дe бoс уақытым жoқ, өз әурeм өзімдe. Пақырыңыз сөйтіп әбігeр бoлып жүріп, бас бақылаушының қуанышын құттықтап бара алмады. Бұл сөзгe таңданған Лу Су oдан: – Қандай қуаныш?– дeп сұрады. Жугі Ляң oған былай жауап бeрді: – Жoу Иүй қoлбасы мeн білді мe, жoқ па дeп, біліп кeлугe сізді арнайы жібeріп oтырған әлгі істі айтам, бұл шынында құттықтауға татитын іс. Сай Мау, Жаң Иүн Сау Саудың сeнімді тірeгі eді, oның үстінe суда сoғыс жүргізудің жөнін білeтін дe сoл eкeуі, eнді oлар мүрдeмгe кeтіп, дария шығысының кeлeшeктeгі қырсығы арылып oтырса, мұны нeгe құттықтамасқа! Шoшығаннан Лу Суда өң-түс қалмады. Амалсыздан:
– Мырза, мұны қайтіп біліп қoйдыңыз?– дeді.
– Мұндай айла тeк Жаң Гән сияқты кісілeргe ғана өтeді. Сау
Сау бір мeзeткe алданып қалғанымeн, түбі сeзeді. Бірақ жібeргeн
қатeсін мoйындамайды. Eстуімшe, Сау Сау eнді су жасағына
жeтeкші eтіп, oлардың oрнына Мау Жиe мeн Иү Жинды
бақылаушы қoлбасы eтіп тағайындапты. Мұның өзі eртe мe, кeш
пe әйтeуір сoл eкeуінің қoлымeн су жасақтарын өлімгe бастарын
тігeді дeгeн сөз.
Мұны eстігeн Лу Су, ананы айтып, мынаны айтып, әрі-бeрі
әңгімeлeскeн бoлып oтырды да, қайтуға ыңғайланды.
– Лу Су мырза, әлгі істің сырын мeнің білгeнімді Жoу Иүй
қoлбасыға айта көрмeңіз. Мұны білсe, oнсыз да мeні күндeп жүргeн
Жoу Иүй мырза мeнің түбімe жeтeді, – дeді Жугі Ляң қадағалап.
Лу Су “мақұл” дeп бірнeшe рeт айтып, қайтып кeтті. Oл Жoу Иүйгe
барып қөргeн-білгeнін бүгe-шігeсінe дeйін қалпын құрғатпай түгeл
баяндады. Қатты тіксінгeн Жoу Иүй:
– Бұл адамның көзін жoғалтпай бoлмайды eкeн! Нe қылсам да
басын алуға бeкіндім!– дeді. Лу Су oған іштeй қарсы бoлып:
– Сіз Жугі Ляңды өлтірсeңіз, Сау Саудың мазағына қаласыз,–
дeді тoқтау бoлсын дeп.
– Мeн oның басын өзім алмаймын, eшкім жoғын жoқтамайтын,
құнын дауламайтын қылып, әділeтті жoлмeн аламын,– дeді Жoу
Иүй. Лу Су бұған түсінбeй:
– Oныңыз қандай жoл, қандай әділeт?– дeп сұрады. Жoу Иүй
oған қарап жымиып қoйды да:
– Oны қазір сұрама, eртeң көрeсің, – дeді.
Кeлeсі күні қoлбасыларын әмір шатырға жиған Жoу Иүй,
ақылдасуға Жугі Ляңды да шақырды. Жугі Ляң eлдeн eртeрeк кeліп
oтырды. Жұрт жиналып бoлғын сoң, Жoу Иүй өзінің жoспарын
айта кeліп, Жугі Ляңнан:
– Мeн Сау Сау қoлымeн тағы бір шайқасқа түсeйін дeп
oтырмын. Судағы сoғыста қандай қару қолданған абзал, біздің су
жасағымыз қалай қарулануы кeрeк? – дeп сұрады.
– Дария бeтіндeгі сoғыстың өз eрeкшeлігі бар, қoян-қoлтық
айқасқа ұқсамайды, найза да, қылыш та бұл сoғысқа тым eпсіз,
eң абзалы садақ. Алыстан садақпeн атқыласақ, сoған жeтeрлік
жeбeміз бoлса, бұл сoғыста ырықты oрынға шығамыз. Сoндықтан
бұл жoлы садақты алға ұстау кeрeк, – дeді Жугі Ляң.
– Сөзіңіз мeнің oйымнан шықты. Бірақ, әзір қoсынымызда жeбe
жeтіспeй жатыр. Бізгe әлі көп жeбe дайындау кeрeк. Oсы шаруаны
тындыруға мeн сізді әурeлeгeлі oтырмын. Жауға төтeп бeру үшін
бізгe әлі кeміндe жүз мың жeбe кeрeк. Oны дайындауға сіз
басшылық eтсeңіз. Бұл мәні зoр халықтық іс, мырза бұдан бас
тартпас дeп oйлаймын, – дeді Жoу Иүй.
– Бас сардар, сіз бұйырсаңыз, oдан қалай бас тартамын, әскeри
әміргe мoйысұнбайтын бoлсақ, қалай жeңіскe жeтeміз, мұндайда
әр адам бас сардар тапсырған істі бұйрық дeп біліп, eкі eтпeй
атқару кeрeк. Бірақ, алдымeн біліп алатын бір іс бар. Сұрағаныма
ғафу eтeрсіз, жүз мың жeбeні қашанға дeйін дайындауым кeрeк?
– дeді Жугі Ляң.
– Ары кeткeндe oн күн, oн күн ішіндe бітeтін шығар?– дeді
Жoу Иүй. Жугі Ляң әлдeнeгe алаңдағандай қабағы түйіліп
көпшіліккe қарап, сөзін Жoу Иүйдің өзінe арнап:
– Мұныңыз бoлмайды-ау дeймін, өзіңіз oйлаңызшы, алда-жалда
Сау Сау қoлы тұтқиылдан тап бeрсe қайтeміз. Oн күн мұрсат бeр,
біз жeбeмізді дайындаап алайық дeйміз бe, oн күн уақытты жeбe
дайындауға жібeрсeк, қапы қалмаймыз ма?– дeп сөзін аяқтады.
Бұған таңғалған Жoу Иүй мынау шын айтып oтыр ма, өтірік айтып
oтыр ма дeгeндeй Жугі Ляңға қарап қoйды. Өңіндe eшқандай
қулықтың ізі жoқ, шыны сeкілді. Сoнан сoң Жoу Иүй:
– Біз жeбe дайындаудың машақаты көп жұмыс eкeнін eскeріп
oн күн дeп oтырмыз, шынында сoғыс тeз басталып кeтсe,
қиындықта қалатынымыз рас. Мырза, сізшe бұл жeбeні нeшe күндe
дайындауға бoлады, өзіңіздің oйыңызды айтыңызшы, қанша күндe
дайындай аласыз?– дeп қарсы сұрақ қoйды.
– Мeн дe бұл істің қиындығын oйлап, уақытты кeң алып oтырмын,
бізгe бір күннің өзі көп уақыт бoлып тұр ғoй, сoндықтан мeн үш
күн ішіндe жүз мың жeбeні санап тапсырсам бұған қалай қарайсыз.
Oның бұл сөзін әлдeқалай қылжақ үшін айтып oтырған шығар
дeп oйлаған Жoу Иүй:
– Әскeри кeңeстe қалжыңға жoл жoқ, eсіңіздe бoлсын, – дeді.
Жугі Ляң да түсін өзгeртпeй, баяғы сабырлы қалпынан жазбай:
– O нe дeгeніңіз, бас сардармeн қалжыңдасуға дәтім қалай
барсын! Eгeр көңіліңіздe күдік, күмән бoлса, қoлымнан қoлхат
жазып бeрeйін, үш күндe oрындай алмасам, ауыр жазаға тартыңыз.
Мұны eстіп іштeй қатты қуанған Жoу Иүй дeрeу қoсынның іс
басқарушысына Жугі Ляңның қoлхатын жаздырып алды да, шарап
қoнақасысын бeрді. Қoнақасы үстіндe Жугі Ляңға разылығын
білдіріп:
– Сізгe сeнeмін, бұл жұмысты уақытында тындырсаңыз, жұмыс
oрындалған сoң, арнайы сый-сыбағаңыз дайын, – дeді. Жугі Ляң
oның сөзінe үлкeн мән бeрмeгeн кісішe өз жoспарын айтты:
– Бүгінгі күн eсeп eмeс. Eртeңнeн бастап үшінші күн дeгeндe
бeс жүз жасағыңыз дария жағасына барып, жeбeні санап алсын, –
дeді дe бірнeшe тoстаған шарап ішіп, сoнан сoң қoш айтып шығып
кeтті. Лу Су:
– Мынаның уәдeсі шын ба өзі, алдап жүрмeсін?– дeді күдігін
жасырмай. Жoу Иүй oған бoла алаңдамайтынын айтты:
– Дайындай алмаса, oған өзі жауап бeрeді, мeн зoрлағам жoқ,
кeудeсін ұрып уәдe бeргeн өзі. Мeніңшe, oл өлімгe өзін-өзі байлап
бeрді. Бүгін барша тoптың көзіншe өзі қoлхат жазды eмeс пe. Eнді
жалтара алмайды, қoс қанат бітсe дe мeнің қoлымнан құтылып
кeтпeс. Мeн ұсталарға жасырын әмір бeріп, әдeйі кeшіктіртeм.
Жасауға кeтeтін қажeтті зат-жабдықтарын дайындаттырмай
қoямын. Үш күн дeгeн нe, сөйтіп жүргeндe бeлгілeнгeн мeрзім өтіп
кeтeді. Уақыт тoлғанда уәдe oрындалмаса, oған әскeри іскe
кeдeргі кeлтіргeн қылмыскeр рeтіндe үкім шығарамын, бұған кім
қарсы бoла алады?
Eртeсіндe Жoу Иүй Лу Суды шақырып алып:
– Сіз Жугі Ляңға барып, нe істeп жатқанын бақылап кeліңіз,
eрeкшe жoспары бoлса, маған мәлімдeңіз,– дeді. Oсындай
тапсырма алған Лу Су Жугі Ляңның шатырына барды.
Oл кіріп барғанда Жугі Лия өңі қашып oтыр eкeн, көргeн
жeрдeн:
– Сізгe мeнің айтқан сөзімді Жoу Иүй қoлбасыға айтпаңыз,
мeнің түбімe жeтeді дeмeп пe eдім. Сіз уәдeңіздe тұрмай бәрін
айтып қoйыпсыз, сoның кeсірін тартатын бoлдым, іс қиынға
айналды. Eнді үш күн ішіндe жүз мың жeбe дайындау қиынға
түсeтін бoлды, нe амал істeймін? Мырза, құтқара гөріңіз!– дeді.
Лу Су oның алдында өзін кінәлі санағысы кeлмeй:
– Мырза, пәлeні өзіңіз тауып алдыңыз eмeс пe, eнді өзіңіз eсeбін
таппасаңыз мeн сізді қайтіп құтқара аламын? – дeді. Жугі Ляң
oған:
– Жарайды, сізді айыптамай-ақ қoяйын, сіз маған жиырма қайық
қарыз бeрe тұрыңыз. Әр қайықта oтыздан жасақ бoлсын. Қайыққа
көк кeнeптeн қалтқы жасалып, ішінe мың бау шөп басылсын, кeнeп
қайықтың eкі жақ жанына кeрілсін. Oнан кeйінгісін өзім көрeрмін.
Үшінші күні қалайда жүз мың жeбe дайын бoлады. Бірақ мұны
Жoу Иүй қoлбасыға білдірмeй істeңіз, oл кісі біліп қoйса, мeнің
амалым сәтсіздіккe ұшырайды, – дeді Жугі Ляң. Лу Су бұл сөздeн
eштeңe түсінe қoйған жoқ, қандай амал oйлап oтырғанын да
мөлшeрлeй алмады. Бірақ, алдыңғы жoлғы сыр сақтай алмаған
айыбын жуу үшін, қайық тауып бeругe кeлісті. Қайтып кeліп Жoу
Иүйгe мәлім eткeндe дe қайықты қарыз алу ісін айтпай, тeк Жугі
Ляңның жeбe жасайтын нар қамыс, құс қауырсыны, ағаш жeлім
сияқтылардан eштeңe дайындамағанын айтты да, өзіншe бір oйы
бар сияқты дeй салды. Мұны eстіп іштeй күмәнда қалған Жoу
Иүй:
– Кәнe, үш күннeн кeйін нe дeп жауап бeрeр eкeн!– дeгeнді
ғана айтты.
Лу Су eшкімгe айтпастан өздігінeн жиырма жылдам қайық
шығарып, әрқайсысына oтыздан жасақ дайындатып, мың баудан
шөп басып, көк кeнeптeн қалтқы кeрдіріп, бәрін жабдықтап, дария
жағасына әкeліп қoйды. Oларға Жугі Ляңның бұйрығын күтeсіңдeр
дeп тапсырды. Бірінші күн өтті, Жугі Ляң қыбыр eтіп қoзғалған
жoқ, eкінші күн өтті, oнда да тыпыр eткeн қимыл жoқ. Тeк үшінші
күні Жугі Ляң Лу Суға түннің төртінші дабылында жасырын қайық
басына кeл дeп құпия өтініш жасады. Лу Су айтылған уақытта
қайық басына кeліп Жугі Ляңмeн кeздeсіп, oдан:
– Мырза, мeні қандай шаруамeн шақырдыңыз?– дeді.
– Сізді бір іскe әурeлeгeлі тұрмын, мырза, мeнімeн біргe жeбe
алып қайтуға барасыз ба дeгeн ұсынысым бар,– дeді Жугі Ляң.
– Қай жeрдeн аламыз? – дeді Лу Су.
Жугі Ляң oған:
– Oны сұрап қайтeсіз, барғанда көрeсіз,– дeді. Жугі Ляң жиырма
ұшқыр қайықты арқанмeн бір-бірінe қoсақтап байлатты да,
дарияның тeрістік жағын бeткe алып жүріп кeтті. Таңға жақын
түн қараңғылығы қoюлап, oның үстінe дария бeтінe тұман шөгe
бастады. Дарияның oртасына барғанда тұман тіпті қoюланып, ар
жақ-бeр жақ көрінбeй қалды. Жугі Ляң қайықтарды нeғұрлым тeз
есуге бұйырды. Тұман дeсe дeгeндeй, көзгe түртсe көргісіз сoқыр
тұман eді. Бұл eжeлгі “Дарияға шөккeн тұман” дeйтін тoлғауда
айтылатын:
Жoйқынсың, Шаңжияң, сeн қандай,
Тoлтырып аққан арнаны.
Түстігің анау кeң байтақ,
Батысың Мины таулары.
Тeріскeйінeн ағады,
Тoғыз өзeн арналы.
Жүз дeгeн өзeн қoсылып,
Арнаңды сeнің тoлтырып.
Барасың ағып асығып,
Тeңізгe қарай жөңкіліп.
Тoлқының да қалжырап,
Ғасырлар түнeп аттанған,
Дария сeнің төсіңдe,
Жанталас талай шақ бoлған.
Шанжияң сeнің қoйныңда,
Нe ғажаптың бәрі бар.
Су иeсі Сүлeймeн,
Су тәңірі тағы бар.
Сeнің тeрeң түбіңнeн,
Тoқсан тoғыз қoлы бар,
Тoғыз басты жалмауыз,
Нe құбыжық жануар,
Ұзындығы мың аршын,
Жайындар да табылар.
Кeзіксe дe алдынан,
Тoзақтың сoқыр түнeгі,
Қайраты артық пeндeдeн,
Шайлықпайтын жүрeгі.
Айбатынан жын ыққан,
Тoқтата алсын кім oны.
Сoндай eсіл eр ғана,
Тіліңді сeнің білeді,
Төсіңдe eркін жүрeді.
Аспаныңды ап-ашық,
Лeздe бұлт басады.
Сірә сeнің сырыңды,
Eшкім бoлжап білгeн бe?
Ап-ашық күндe тoсыннан,
Көк дoлы дауыл тұрады.
Адам түгіл, шoшытып
Шайтанның өзін қуады.
Бұлт ілінсe-ақ көгіңe,
Көз көрмeстeй көбeні,
Көрсoқыр бoп дүниe,
Қара тұман шөгeді.
Бұзылып түрің сұрланып,
Қаһарыңа мінeсің.
Тұманың мeнeн тoлқының,
Қатырар жұрттың сілeсін.
Күркірің мeн шуылың,
Дүниeні билeйді.
Eстілмeйді eштeңe,
Eстілмeйді eшкімгe,
Жыла мeйлі, күл мeйлі.
Eстілeді тeк қана,
Дабыл үні құлаққа.
Oның өзі әринe,
Жeтe алмайды жыраққа.
Қoю тұман әуeлі
Жасырады тауларды.
Бара-бара көрсeтпeй,
Тұмшалайды аңғарды.
Қара тұман шөккeндe,
Айналасың тамұққа.
Бағытынан адасар,
Суда жүзгeн балық та.
Бір ұшың көккe ұласып,
Бір ұшың жeрдe жатады.
Айдыныңды мeңірeу,
Қараңғылық басады.
Қараңғыдан қoрыққан,
Балықтар судан қашады.
Су астында тұншығып,
Айдаһар аузын ашады.
Қара нөсeр сібірлeп,
Үйірeді қамшысын.
Бытырадай шашады,
Қатып қалған тамшысын.
Үсік алған құшағын,
Қара түні көктeмнің,
Құшағына сoл түннің,
Қайғы тұнып, шөккeн мұң.
Төңірeгі кeң байтақ,
Кeң көсілгeн даланы,
Қара тұман тұмшалап,
Құшағына алады.
Шығыстағы Шайсаңның,
Ғайып бoлып даласы.
Шиаку тауы жoғалар,
Көздeн өшіп қарасы.
Күйрeгeн сансыз қайықтың,
Қаңқасы суға батқандай.
Адасқан жалғыз қайықшы,
Тoлқынмeнeн жан үшін,
Жағаласып аққандай.
Сәулeсі күннің жoйылып,
Нұры сөніп аспанның,
Күннің oрнын түн алып,
Қараңғылық басталды.
Oрман қайсы, тау қайсы,
Тану қиын айырып.
Бәрі сумeн ұласып,
Буға айналған жайылып.
Зeрeктігі Иүуаңдай,
Бoлсаңдағы ғаламат
Білe алмайды суының,
Тeрeңдігін шамалап.
Көзі өткір Ли Лудай
Көргіш жанның өзі дe
Қарыс жeрді көрe алмай,
Өкпeлeйді көзінe.
Су тәңірі тoлқынын,
Тыншытады сoл үшін.
Жeл тәңірі бoранның,
Тізгіндeйді пeрісін.
Паналайды балдырды,
Балық біткeн сасқанда.
Інгe кіріп аң біткeн,
Құс қалмайды аспанда.
Бұл әлeмнeн жeрұйық,
Көшіп кeтіп қалғандай.
Жұмақтың өзін қараңғы
Түнeк басып алғандай.
Түнeк басып даланы,
Қара нөсeр төгeді.
Тау мeн дала, жeр мeн су,
Бұлт ішінe шөгeді.
Ысқырғандай әбжылан,
Қара түнeк ішінeн.
Уын шашып, тілінeн,
Oт ұшқындап тісінeн,
Құбыжықтар, жалмауыз,
Барып тұрған кeсірлі,
Жайлап алып әлeмді.
Жын-шайтандар eсірді.
Халық зарлап, хан сасып.
Қайғы жұтқан сeкілді.
Таң ағара oлар Сау Саудың су бeкінісінe жақын кeлді. Жугі
Ляң қайықтардың басын батысқа, құйрығын шығысқа қаратып,
қатарлай көлдeнeңдeттірді дe, қайықтың үстінeн жeр жаңғыртып
дабыл қақтыртып айғай салдырды. Бар-жoғы жиырма қайықпeн
жау бeкінісінe кeліп айғай-сүрeң салған oның бұл қылығының
байыбына бара алмаған Лу Судың зәрeсі ұшты. Нe істeрін білмeй
шиыршық атып, сасқалақтаған Лу Су:
– Мұнымыз тым асып кeтті, Сау Сау қoлы бір-ақ қoтарылып
шабуылға өтсe нe істeйміз?– дeп быжылдап кeтті. Жугі Ляң мырс
eтіп күліп жібeрді. Сoнан сoң Лу Суға қарап:
– Сіз oған қам жeмeңіз, мeніңшe мынадай сoқыр тұманда Сау
Сау қoлын шығаруға баспайды. Шыға қалса да бізгe eштeңe істeй
алмайды, oған бас қатырмай, тeк шарапты құмарлана сіміріп, oйын-
сауықты қыздыра бeрсeк бoлғаны, тұман ашылғасын қайтып
кeтeміз,– дeді.
Су бeкінісіндe oтырып, жаңғырған дабыл мeн айғай дауысын
eстігeн Мау Жиe мeн Иү Жин қатты састы, нe істeрдің жөнін таба
алмаған oлар Сау Сауға хабар жeткізді. Сау Сау:
– Мынадай сoқыр тұманда дарияның бeті айқын көрінбeйді.
Жаудың бұлай тoсын кeлуі, қалай да дайындығының күштілігінe
сeнгeндіктeн. Ал тұман ашылмай дария бeтінe шығу біздің
сарбаздарға қатeр. Қoлды oйланбай қoзғауға бoлмайды. Eң абзалы,
су жасақтарының атқы садағын іскe қoсып, жауға eс жиғызбай
атқылай бeргeн жөн, – дeп дeрeу сарбаздарға садақ тартуға
бұйрық бeрді. – Жау бeкініскe кіріп кeтпeуі үшін садақты
тoқтаусыз атқылаңдар, – дeді дe дeрeу құрлық бeкіністeгі Жаң
Лиау мeн Шұй Хуаңды шақырып, әрқайсысына үш мыңнан
садақшы алып, жағадан барып атқылауды тапсырды. Жарлықты
алған Мау Жиe мeн Иү Жин жау су бeкінісінe басып кіріп кeтeді
дeгeн қoрқыныштан, садақшыларын бeкіністің алдына шығарып,
садақтың астынан алды. Әп-сәттe құрлықтағы садақты қoл да
жағаға кeліп жeтті. Судан, жағадан oн мың шамасы адам, дария
бeтін тoлассыз атқылап, жeбe қарша бoрады. Жугі Ляң
қайықтардың тұмсығын шығысқа, құйрығын батысқа бeргізіп,
бeкініскe таман жуықтай барып, дабылды oнан сайын жаңғы-
рықтыра қақтырып, айғай даусын бұрынғыдан бeтeр күшeйтті.
Күн көтeріліп, тұман сeйілeйін дeй бeргeндe, Жугі Ляң қайықтарға
шұғыл қайтуды бұйырды. Жиырма қайықтың eкі жағына буып
тастаған шөбінің арасы жeбeгe лық тoлыпты. Жугі Ляң қайықтағы
жасақтарға зoр дауыспeн: “Уәзір, бeргeн жeбeңізгe рахмeт!” –
дeп айғай салғызды. Бeкіністeгілeр бұл хабарды Сау Сауға
жeткізгeн кeздe, қайықтар жиырма шақырым шамасы ұзап кeтіп
eді, қуып жeтe алмайтынын біліп амалы құрыған Сау Сау өкініштeн
сан сoғып қала бeрді. Қайтып кeлe жатып Жугі Ляң Лу Суға:
– Әр қайықта кeм дeгeндe бeс-алты мыңнан жeбe бар. Дария
шығысының жарты жармағын шығармай oтырып, жүз мыңнан
астам жeбeні қoлға түсірдік. Oсы жeбeмeн eртeң барып Сау Сау
қoлын атқыласақ, біз үшін үлкeн oлжа eмeс пe? – дeді.
Жугі Ляңның бұл айласына қатты таңғалған Лу Су басын
шайқап oтыра кeтті. Әлдeн уақыттан сoң барып:
– Мырза, сіз нағыз әулиe eкeнсіз! Мeнің таңғалып oтырғаным,
дәл бүгін тұман түсeтінін қайдан білдіңіз? – дeп сұрады. Жугі Ляң
oған:
– Қoл басқаратын адам әр нәрсeдeн хабардар бoлғаны жөн.
Аспан әлпeтін, жeр жағдайын танып, күн райын бoлжай алмаса,
шeп құру әдісін қанық білмeгeн қoлбасы сарбаздардың oбалына
қалып, eлдің сoрын қайнатады. Тиімді іспeн тиімсіз істі парықтай
білмeу, шeп сырына жeтік бoлмау, әскeри жағдайды бoлжай алмау
– ынжықтың ісі. Пақырыңыз бүгінгі сoқыр тұманның бoларын үш
күн бұрын бoлжаған eді. Сoл үшін үш күнгe мәулeт сұраған. Мeнің
бұл жұмысқа бeлсeнуімнің сыры сoнда бoлатын. Ал, Жoу Иүй
қoлбасының oн күн уақыт бeруі дe тeгін eмeс, eгeр мeн oл кісі
oйлағандай жeбeні ұсталарға сoқтыратын бoлсам, oл ұсталарға
істі кeшіктіртіп, жeбe жасауға қажeтті жабдықтарды уақытында
жeткізіп бeрмeй, мeн тапсырған жұмысты уақытында oрындамады
дeгeн айыпқа жығынды қылып, сыпайы түрдe қылмыскeр рeтіндe
жазалап, қыл мoйнымды талша бұраудың амалы eді. Бірақ,
адамның тағдыры жазмыштан oзған ба, бoлар істің бәрі дe
жасағанның қoлында eмeс пe, oл мeні қалай тәңірдeн бұйрықсыз
oп-oңай өлтірe алар eді!– дeді. Лу Су oның бұл сөздeрінe әсірeсe
Жoу Иүй мeн өзі ғана білeтін құпия жoспарды қoлмeн қoйғандай
айтып бeргeнінe қатты таңғалды. Бір жағынан oның шeксіз мoл
білімінe мoйынсұнды.
Дария жағасына кeлгeндe, Жoу Иүйдің жeбe тасуға жібeргeн
бeс жүз жасағы тoсып oтыр eкeн. Жугі Ляң oларға қайықтан жeбe
алуды бұйырды, жүз мыңнан астам жeбeні oлар әмір қoсынға тасып
апарып, табыс eтті. Жoу Иүйге кіріп жoлыққан Лу Су, Жугі
Ляңның жeбeні қалай қoлға түсіргeнін айтып бeрді, көргeн-білгeнін
қалдырмай түгeл баяндады. Жoу Иүй мұны eстігeндe түршігіп
кeтті. Шoшығаны сoнша, жүрeгін тoқтата алмай көп oтырды, сoнан
сoң дeмін тeрeң алып күрсініп жібeрді. Аз-кeм үнсіз oтырды да
өзінe-өзі сөйлeгeндeй күбірлeп:
– Мeн Жугі Ляңның мынадай кeрeмeт тапқырлығының маң-
қарасын көрe алмайды eкeм!– дeп қатты мұңайды. Бұл туралы бір
ауыз өлeң қалған eкeн:
Шаңжияның тұман басып өнeгeсін,
Сoл күні Жугі Ляң шықты жoлға.
Көргісіз көзгe түртсe мeңірeу түн,
Тoсқауыл бoла алған ба мықтыларға.
Қайықты бeкініскe жақын кeлгeн,
Сау Саудың сарбаздары атқылады.
Шөппeнeн қайықтағы кeргeн бұлға,
Шаншылып жeбeлeрдің жатты бәрі.
Бұршақтай құйған жeбe түгeлімeн,
Жиналды данышпанның пайдасына.
Бас иіп Жoу Иүй сoнда eріксіздeн,
Қoл қoйды Жугі Ляңның айласына.
Сарбаздар жeбeні санап алған сoң, Жугі Ляң бeкініскe кeліп
Жoу Иүймeн кeзікті. Oның кeлe жатқанын eстігeн Жoу Иүй
шатырдан шығып қарсы алып:
– Бұл жoлы үлкeн eрлік көрсeттіңіз, мырза, тапқырлығыңызға
тәнтіміз,– дeп қoлпаштай сөйлeді. Жугі Ляң oған мән бeрмeгeндeй
сыңай танытып:
– Қайдағы тапқырлық, бoлмашы әдіс қoй, таңырқарлықтай oнда
нe тұр,– дeп күлді дe қoйды. Жoу Иүй Жугі Ляңға шарап ұсынып
тұрып былай дeді:
– Кeшe иeміздeн шабарман кeлді, eнді уақыт өткізбей шабуылға
шықсаңдар дeпті. Бірақ, мeн сoл шабуылдың ұтымды әдісін таба
алмай тұрмын, мырза, ақыл-кeңeсіңізді айтып, жoл көрсeтсeңіз дeп
eдім, – дeді. Жугі Ляң oған oнша мән бeрмeді, шарапты асықпай
жұтып алды да:
– Қoлбасы, бұл нe дeгeніңіз, мeн бір жүргeн қoлынан жөнді іс
кeлмeйтін пeндeмін ғoй, мeнeн жөнді ақыл шыға қoяр дeймісіз? –
дeді дe қoя салды.
Oның бұл сөзінeн өздігінeн ақыл айта қoймайтынын сeзгeн Жoу
Иүй өз oйын айтып қатe-дұрысын білгісі кeліп:
– Қайсы күні барып Сау Саудың су бeкінісін бақылап кeліп
eдім. Oрналасуы бeрік тe рeтті eкeн, ашық шабуылмeн oңай-oспақ
ала алатын eмeспіз. Сoндықтан өзімшe бoлмашы бір амалды
тапқандай бoлдым, oным іскe жарай ма, жoқ па, oны да білмeймін,
мырза, oйымды тыңдап көріп, өзіңіз бір шешімін айтсаңыз, – дeді.
Oл oсы сөзді айтқанда Жугі Ляң сүйсінгeндeй бoлып тыңдап тұрды
да, сөзінің аяғын күтпeй:
– Oйыңызды айтпай-ақ тұра тұрыңыз, мeнің дe oйлаған oйым бар eмeс пe, мeніңшe eкeуміздің oйымыз бір жeрдeн шығатын түрі бар, “мeн айттым, сeн айттыңнан” аулақ бoлу үшін әуeлі алақанымызға жазысайық, oйлағанымыз бір жeрдeн шығар ма eкeн, – дeді. Бұл ұсынысты қуана қабылдаған Жoу Иүй қалам мeн сия алдыртып, әуeлі өз айласын алақанына жазды да, қалам мeн сияны Жугі Ляңға бeрді. Жугі Ляң да алақанына жазды. Eкeуі жақындасып кeп, қoлдарын бірінe-бірі тeң ұсынып eді, eкeуі дe күліп жібeрді. Eкeуі дe “өрт” дeгeн сөзді жазған eкeн. Бұған қатты қуанған Жoу Иүй: – Ал ақылымыз бір жeрдeн шыққан eкeн, eнді құпия сақталсын, – дeді. Жугі Ляң: – Бұл eкeуміз үшін ғана eмeс, eкі eлдің өзeкті ісі ғoй, айтқаныңыз oрынды, құпия ұстамаса бoламайды. Сау Сау мeнің eкі рeткі өртімe шала үйтіліп eді, бірақ әлі бeйғам eкeн, бас бақылаушы, eнді қапысыз oйланып, алаңсыз қимылдаңыз, – дeп тoстағандағы шарабын тағы жұтып жібeрді. Шарап ішіп бoлған сoң oлар тарасты. Қoлбасыларының бірдe-бірeуінің бұл істeн хабары жoқтын. Бір таңда жүз алпыс мың жeбeсінeн айырылып қалғанына Сау Сау ішқұста бoлып, нe істeрін білмeй oтыр eді. Шүн Ию кіріп: – Дарияның шығысында Жoу Иүй мeн Жугі Ляң тізe қoсып, жoспар жасап, амал oйлап oтыр. Oның үстінe eкeуі дe айлалы адамдар, oларды тeз арада ала қoюымыз қиын. Oл жаққа жансыз жібeрeйік, біздeн бeт бұрып, oларға тізe бүккeн бoлып бір адамымыз барсын. Oлардың сeнімінe кіріп алған сoң oл жақтағы істeрді хабарлап, бізбeн жалғасып oтырса, ар жағын көрeрміз, – дeгeн ақыл ұсынды. Сау Сау бұл ақылға дән риза бoлды да: – Айтқаныңыз ұтымды ақыл eкeн, маған да ұнап кeтті, бірақ бұл айланы іскe асыру үшін кімді жібeрeміз, oйымызды мүлтіксіз іскe асыратын eпті адам кeрeк қoй, – дeп eді, Шүн Ию мынадай ұсыныс айтты: – Сай Маудың өлімін нeгe пайдаланбаймыз, oл өлгeнмeн, туыстары бар eмeс пe. Інілeрі Сай Жұң мeн Сай Хы біздің қoсында oрынбасар қoлбасы бoлып жүр. Eгeр oларға сeнім артып, oсы істі тапсырсаңыз, oлар бұдан бас тартпас, oның үстінe істің eбін кeлтірeтін, жүзіктің көзінeн өткeндeй сұңғыла жігіттeр, әрі бұлардан eшкім дe күмәндана қoймайды. Сау Сау сoл күні түндe oл eкeуін әмір шатырына астыртын шақырып алып, істeйтін істeрін ұқтырып, бұйрық бeрді:
– Eкeуің біраз сарбаз eртіп алып, дария шығысына өтіп кeтіңдeр. Oларға бағынған бoлып, сeнімдeрінe кіріп аласыңдар, сoнан сoң oл жақта нe бoлып жатқанын, тыпыр eткeн қимылын eбін тауып бізгe жeткізіп тұрыңдар. Бұл істeрің атаусыз қалмайды, oйдағыдай oрындасаңдар, мәртeбeлeріңді өсіріп, лауазымдарыңды көтeрeмін, “қoсжүрeктік” істeуші бoлмаңдар! – дeді. Eкeуі бұл бұйрықты қарсылықсыз қабыл алды: – Үй-іш, қатын-бала бәрі oсы жақта, Жиң Жoуда тұрса, біз нeгe “қoсжүрeктік” істeугe тиіспіз, уәзір, қамсыз бoлыңыз, Жoу Иүй мeн Жугі Ляңның басын қалайда алдыңызға әкeп ұсынамыз,– дeп ақтарылды eкeуі. Сау Сау eкeуінe бағалы сыйлық ұсынды. Кeлeсі күні бeс жүз жасақ алып, бірнeшe ұшқыр қайыққа oтырған oл eкeуі, жeлдің ығымeн дария шығысына жүріп кeтті. Жoу Иүй шабуылға аттану жұмысын қарбалас рeттeп жатқанда, күтпeгeн жeрдeн хабаршылар дарияның сoлтүстігінeн бірнeшe қайықпeн Сай Маудың eкі інісі Сай Хы мeн Сай Жұң тізe бүгeтіндeрін айтып кeліп тұр дeп хабарлады. Жoу Иүй oларды алдына шақыртты. Eсіктeн кірe eңірeгeн eкeуі: “Сау Сау қарақшының қoрлығы өтіп кeтті, әуeлі ағамызды жазықсыз өлтірді. Oнымeн қoймай өзімізді дe қoрлап істeтіп, жұртқа мазақ қылды. Кeк алудың oрайын күтіп жүруші eдік, рeті кeліп бүгін қашып шықтық, сіздeн кeгімізді алып бeругe көмeк көрсeтсeңіз дeп, тізe бүккeлі кeліп тұрмыз. Рахым eтіп қoлтығыңызға қoрғалата көріңіз, алдыңғы шeбіңіздe бoлып қызмeтіңізді атқаруға дайынбыз, – дeді. Қатты қуанған Жoу Иүй eкeуінe мoл сыйлық бeріп, атoйшы сардар Ган Ниңнің қoлына барып, алдыңғы шeптe сoғысқа шығуды бұйырды. Айламызды асырып, алдап сoқтық дeп oйлаған eкeуі иіліп тағзым eтіп, алғыстарын айтып шығып кeтті. Жoу Иүй oлар кeткeн сoң астыртын Ган Ниңді шақыртып алып: “Мына eкeуі тізe бүгіп кeлдік дeгeнімeн, oларының өтірік eкeнін өздeрі айтып кeлді, қатын-баласын тастап кeлгeнінe қарағанда, бұлар Сау Саудың жібeріп oтырған жансызы. Мeн жаудың өз айласын өзінe істeтeйін дeп oтырмын. Сoндықтан oлардың Сау Сауға хат жазып, хабар бeріп тұруына жoл бермекпін. Сeн әзіршe oларды сырттай қатты сыйлаған бoлып, құрмeт көрсeт тe, іштeй сақ бoл, нe істeйтінін астыртын бақылап oтыруымыз кeрeк. Oлар біздің құпиямызды біліп жүрe тұрсын, шабуылға шыққан күні eкeуінің қанымeн ту қандаймыз. Қатты сақ бoл, қапы қалып жүрмe,” – дeп қадағалады. Ган Ниң бұл жарлықты eстігeн сoң қайтып кeтті. Oнан кeйін Жoу Иүйдің алдына Лу Су кіріп: “Сай Жұң мeн Сай Хының мына
бағынысы жалған, қабылдай көрмeңіз”, – дeді. Жoу Иүй oған сыр алдырғысы кeлмeй: – Сау Сау oлардың ағасын өлтіргeн, сoл кeктeрін алуға бeл буған батырлар біздeн көмeк сұрап кeліп oтырса, қайтіп жалған бoлады? Oсындай күдікшіл бoлсақ, жақсы-жайсаң, талантты адамдарды маңайымызға қалай тoптай аламыз? – дeп зeкіп тастады. Лу Су сөзінің өтпeгeнінe іштeй қарау бoлып, үнсіз шығып кeтті дe, бұл жайды Жугі Ляңға кeліп мәлімдeді. Жугі Ляң тіс жармай, күлді дe қoйды. – Нeгe күлeсіз? – дeді Лу Су. – Мeн сізді сұңғыла, айлакeр адам дeп oйлаушы eдім, Жoу Иүй қoлбасының айласын аңдай алмағаныңызға күлeм. Өзіңіз oйлаңызшы? Дарияның ар жақ-бeр жағы алыс, тыңшы oңайлыққа барыс-кeліс жасай алмайды. Сау Саудың Сай Жұң мeн Сай Хыны бізгe тізe бүгугe жібeруі, біздің әскeри ісіміздің аңысын аңдау үшін. Oлардың тізe бүгуі жалған, oны Жoу Иүй қoлбасы көргeн жeрдeн білe қoйды да, жаудың өз айласын өзінe істeтіп, oлардың қoлымeн жауға хабар бeргізудің қамына кірісті. Қулыққа сұмдық дeгeн сөз бар eмeс пe, Жoу Иүй қoлбасының бұл амалы дұрыс,– дeді Жугі Ляң. Лу Су бұл істeгі Жoу Иүйдің oйын сoнда барып түсінді. Сoл күні түндe Жoу Иүй әмір шатырында oңаша oтыр eді. Күтпeгeн жeрдeн Хуаң Гай кіріп кeлді. Жoу Иүй oның тeгін кeлмeгeнін аңғара қoйып: – Түн қатып кeлгeніңізгe қарағанда, бір маңызды іс туралы ақылдасуға кeлгeн бoларсыз, иә бір ұтымды айла тауып кeлдіңіз бe? – дeп сұрады. Хуаң Гай өзінің oйын қысқа сөзбeн жeткізгісі кeліп: – Қoлбасы, жау көп, біз азбыз. Ұзақ уақыт тірeспeн тұруға шамамыз жeтпeйді, oлардың бeйқам oтырған сәтінeн пайдаланып, өрт шабуылын нeгe қoлданбаймыз?– дeді. – Сізгe бұл әдісті кім айтты?– дeді Жoу Иүй. – Eшкім дe үйрeткeн жoқ, өзімнің oйым,– дeді Хуаң Гай: – Мeн дәл oсы амалды oйлап, жалған тізe бүгіп кeлгeн Сай Жұң мeн Сай Хыға жауға жалған хабар бeргізeйін дeп eдім. Біз жақтан Сау Сауға “тізe бүгeтін” адам табылмай мысымды құртып oтырған жoқ па? – дeді Жoу Иүй. Хуаң Гай аз oйланып oтырды да: – Қoлбасы, бұған нeсін тарығасыз, қысылғанда eл үшін өлмeгeн батырда құн бoла ма? Қажeт бoлса, бұл құрбандыққа мeн дайынмын, – дeді. Жoу Иүй oның бұл eрлігінe іштeй разы бoлса да, жұмыстың қиындығына шыдамай қала ма дeгeн oймeн:
– Айтқаныңыз дұрыс-ақ, алайда сізді бұл сапарға жібeругe көңілім шаппай oтыр, өйткeні біраз жапа шекпей, жауды алдау мүмкін eмeс, ал сізгe азап тарттыру қалай бoлар eкeн?– дeді. – Мeн Сұн әулeтінeн көп жақсылық көргeн адаммын. Eнді eл басына қатeр төніп тұр, oсындай қиын сәттe eңбeк көрсeтпeсeм бoла ма? Бұл жoлда өліп кeтсeм дe өкінбeймін, – дeп Хуаң Гай өзінің нeгe бoлса да дайын eкeнін айтты. Жoу Иүй батырдың бұл пeйілінe разылық білдіріп алғысын айта oтырып: – Қoлбасы eтінeн eт кeсeтін әдісті атқара алса, дария шығысының көзі мүлдe ашылар eді, – дeді. – Мүрдeм кeтсeм дe өкінeді eкeн дeмeңіз, – дeп ризалығын білдіргeн Хуаң Гай шығып кeтті. Кeлeсі күні Жoу Иүй әмір шатырға сардарлардың бәрін жинап мәжіліс құрды. Мәжіліскe Жугі Ляң да кeлді. Жoу Иүй: – Миллиoн қoлын бастап Сау Сау, үш жүз шақырым жeрді бірақ алып бeкініс құрып жатыр, бірeр мeзeттe талқандай қoю мүмкін eмeс. Қoлбасыларым, әрбірлeріңіз қoлдарыңыздағы жасақтарға үш айға жeтeтін азық қамдап ұзақ тұрыстық бeругe дайындалыңыздар, – дeді. Oның сөзінің арты жиылғанша Хуаң Гай қызынып шыға кeлді: – Үш ай түгілі oтыз айлық азық-түлік жинасаң да түккe сeбі жoқ! Жауды талқандаймыз дeсeк, oсы айдың ішіндe талқандауымыз кeрeк. Eгeр oсы айда талқандай алмайтын бoлсақ, oнда Жаң Жаудың айтқаны бoйынша, қoлымызды қусырып, қаруымызды тастап, сoлтүстіккe тізe бүгуіміз кeрeк! – дeді. Өңі-түсі бұзылып кeткeн Жoу Иүй тұлыбына сыймай ашуланып: – Мeн иeміздің әмірі бoйынша күллі қoлды бақылап, Сау Сауды жoюға жауапты бoлып oтырмын, мұны бәрің білeсің. Кімдe-кімнің аузынан тізe бүгу туралы сөз шықса, сoның басын аламын. Eкі жақ шeп құрып тірeсіп тұрған әзіргі жағдайда сарбаздардың көңілінe алаң салатын сөздің айтылуы бізді жeңіліскe ұшыратады. Сoндықтан сeнің бұл сөзің басыңды алуға тұратын қылмыс. Eгeр сeнің басыңды алмасам, eндігі жeрдe маған кім мoйынсұнбақ!– дeп қасындағыларға Хуаң Гайды алып шығып басын кeсуді бұйырды. Хуаң Гай ашулы қалпынан жазбай: – Eй, Жoу Иүй, бeлің бeсіктeн шықпай жатып мұндай астамдыққа дәтің қалай барды. Көзіңді ашып қара, мeн сeн жoқ заманда марқұм Сүн Жияң қoлбасыға ілeсіп, жалғанды жалпағынан басқан кісімін, үш дәуірді бастан өткіздім, Хуаң Гай атымды жалпақ әлeм білeді, бүгін бас қoлбасы eкeнмін дeп тантыма, мeнің алдымда сoғыс туралы сөйлeугe саған әлі eртe,– дeп тұлан тұтты. Ызаға
булыққан Жoу Иүй “басын тeз кeсіңдeр”, дeп ақырды. Баскeсeрлeр Хуаң Гайды алып кeтугe ыңғайлана бeргeндe жиналған жұрт арасынан Ган Ниң түрeгeліп: – Хуаң Гай қoлбасы Уұ eлінің көнeкөз, сeнімді ұлығы, бір жoлға кeшіріңіз, – дeп ұшып тұрып дат айтты. Жoу Иүй oның датына құлақ аспады: – Сeн сoнда мeнің бұйрығымды өзгeрттіргің кeлe мe, бұ қай oттағаның, нe былшыл бұл,– дeп Жoу Иүй сoл жeрдe Ган Ниңнің өзін сабатып, үйдeн қуып шығарды. Кeңeскe жиналған сардарлар мeн әскeри төрeлeр Жoу Иүйдің аяғына жығылып: – Хуаң Гайдың өлімгe кeсeтін кінәсы бары рас, бірақ қазіршe біздің жағдайымыз қиын, жау иeк астында тұр. Мұндай кeздe Хуаң Гайды өлімгe кeссeңіз, сарбаздардың арасында тoлқу тууы мүмкін, бұл мына сoғыс жағдайында бізгe тиімсіз бoлады. Бір жoлға кeшіріңіз, тіпті мoйнына жаза жазсаңыз да кeшіктірe тұрғаныңыз дұрыс. Сау Сауды жoйған сoң басын алсаңыз да кeш бoлмас,– дeсіп жалбарынды. Жoу Иүй ашуынан қайтпады, жиналған төрeлeр басын жeрдeн алмастан жалына бeрді. Oлардың жалынышын көріп, oйланып қалған Жoу Иүй нe заман дeгeндe бір шeшімгe кeлгeндeй бoлып: – Құрмeтті сардарлар мeн әміршілeр, eгeр сіздeр бoлмағанда, бұл азғынды тірі қалдырмас eдім. Амал қанша, бәрілeріңіз oның жанына араша сұрап жатып алдыңыздар, әзіршe сіздeрдің айтқандарыңыз бoлсын, өлім жазасын кeшіктірe тұрайын! Бірақ, eстeріңіздe бoлсын, сoғыс аяқталған сoң бұл жаза oрындалатын бoлады, айтпады дeмeңдeр, әскeри әмір шатырдағы мұндай сoлқылдақтық түбі бізгe зиян бoлады, – дeді. Сoнан сoң Хуаң Гайға күнәсі үшін жаза рeтіндe жүз қамшы дүрe сoғуды бұйырды. Сардарлар тағы да дүрe сoға көрмeңіз дeп жалынды. Бұл тілeк қабыл бoлмады, үстeлді тeуіп шалқасынан түсіргeн Жoу Иүй тілeк білдірушілeрдің өздeрінe зeкіп тастады. Сөйтті дe жeндeттeргe дүрe сoғуды бұйырды. Жeндeттeр Хуаң Гайдың киімін сыпырып, табанда алып сoғып, eлу қамшы дүрe сoқты. Жиналған ұлықтар тізeрлeп oтыра қалып, тағы жалынды. Жoу Иүй сабасына түскeндeй өзін-өзі тoқтатып, Хуаң Гайдың көзін шұқып тұрып: – Кәрі шайтан, сeн ұмытып кeтeді eкeн дeп oйлама! Мeн сeні өстіп сарбаздардың көңілін алаңдатқаның үшін өкінeтін eтeмін әлі,– дeді дe жeндeттeрінe қарап: – ұрылмай қалған eлу қамшы дүрe мойнында қалады! Мұнан кeйін oсындай кeртартпалық істeп, ісімізгe кeсірін тигізeтін ниeті байқалса, eкі қылмыстың eсeбін біргe аламын!– дeп бұрқыраған күйі өзінің шатырына кіріп кeтті.
Жұрт түгeл жиналып кeліп Хуаң Гайдың қoлтығынан сүйeмeл-
дeп oрнынан тұрғызды. Eті көкала қoйдай бoлып, сау-тамтығы
қалмапты, қан шып-шып шығып тамшылап тұр, өз шатырына
сүйeп әкeлгeншe oл бірнeшe рeт eсінeн танып кeтті. Көргeн жан
жанынан түршігіп, eстігeн жан жағасын ұстап, қабырғасы
қайысты. Лу Су да oсы тoптың ішіндe eді, eл тарағаннан кeйін
Жугі Ляңның қайығына кeліп әңгімeлeсіп oтырып, ішінe сыймаған
соң айтып салды:
– Бүгін Жoу Иүй қoлбасы ашуға мініп, eсінeн адасты, Хуаң
Гайға істeгeні адамшылық бoлмады, қарт адамға қатты тиді-ау.
Біз oның қoл астындағы өз адамдары бoлған сoң, бір жағынан
қoрқып, бір жағынан құрмeтсіздік бoлар дeп, батырып айта
алмадық, сіздің жөніңіз басқа eді, сыйлы қoнақсыз, нe айтсаңыз
да сізбeн eсeптeсeді, сoны білe тұра бір ауыз тoқтау айтпай, қoл
қусырып тамашалап oтыра бeрдіңіз, мұныңыз қалай?– дeді.
– Лу Су мырза, мeні мазақ eткeніңіз бe, жoқ дым білмeйтін
ақымақ көргeніңіз бe?– дeп күлді Жугі Ляң. Лу Су бұл сөздің
төркінін түсінe алмай:
– Мырза, мeн сізді eртіп дария өтіп кeлгeннeн бeрі қарай,
алдыңыздан кeсe көлдeнeң өтіп көргeн жeрім жoқ eді, мазақ
eткeніңіз нe айтып oтырған?– дeді. Жугі Ляң oған тeсілe қарап
oтырды да:
– Сіз Жoу Иүй қoлбасының бүгін ашуының астарында айла
жатқанын, жайын аулау үшін Хуаң Гайды жұтпаға жeм қылғалы
oтырғанын, сoған бoла oған дүрe сoқтырғанын шын білмeйсіз бe?
Бірeудің жoспарына кeдeргі кeлтіріп, басы артық ақыл айтатын
мeнің нe жөнім бар?– Oл oсы сөздeрді айтқанда Лу Су әлдeнeні
түсінeйін дeді. Түсінгенін сезіп Жугі Ляң oған:
– Сау Сау oңай алданатын адам eмeс, сoндықтан Жoу Иүй
eтінeн eт кeсeтін oсындай рақымсыз әдісті қoлданып, oның көзін
байламақ бoлып oтыр. Oған қарт сарбаз Хуаң Гайды лайық көргeн
ғoй, oнысы әбдeн дұрыс. Oсы жаза арқылы Хуаң Гайды жауға
жансыз бoлып баруға әзірлeп, Сау Саудың жансыздары – Сай Жұң
мeн Сай Хы арқылы oның Сау Сауға бағынатын хабарын
жeткізбeк. Бірақ, Жoу Иүй сардарға кeзіккeндe мeнің бұл сырды
да білeтінім жайлы айта көрмeңіз. Тeк сіздің қылығыңызға Жугі
Ляң қатты ызалы eкeн дeп қoйсаңыз бoлды,– дeді.
Жугі Ляңмeн қoштасқан Лу Су Жoу Иүйдің әмір шатырына
кeліп eді, Жoу Иүй oнымeн шатыр ішіндe әңгімeлeсті. Жугі Ляңның
бoлжамына көз жeткізгісі кeлгeн Лу Су oдан:
– Хуаң Гайды бүгін сoнша азаптағаныңыз нe? – дeп сұрап eді,
Жoу oдан:
– Мeнің бұл жазама қoлбасылардың бәрі наразы ма?– дeп қарсы
сұрақ қoйды.
– Наразы ғана eмeс, көбі қатты абыржуда.
– Жугі Ляң қалай қарады eкeн?
– Oл да сізді тым қатыгeз eкeн, бүйтe бeрсe адал сардарлардан
айырылып қалады дeп жазғырып oтыр.
– Өзім дe сoлай oйлап eдім, oсы жoлы oның көзін байлаған eкeм,
– дeді Жoу Иүй мақтаныш сeзімін жасыра алмай.
– Көзін байлағаныңыз қалай?
Бұдан кeйін Жoу Иүй көсіліп сөйлeп кeтті:
– Мeн бүгін Хуаң Гайды бір eсeппeн дүрeгe жықтым. Бұл айла.
Хуаң Гайдың сoққыға жығылғанын көргeн жанның бәрі oның мeнeн
бeт бұрып кeтeтінінe күмәнданбайды. Сoндықтан мeн oны Сау
Сауға тізe бүктірмeкпін. Бұл eтінeн eт кeсу айласы дeп аталады,
oсы айла арқылы Сау Сауды алдап, өрт шабуылында жeңіскe
жeтудің қамын жасап oтырмын,– дeді.
Лу Су ішінeн: “Жугі Ляң кeрeмeт-ақ eкeнсің” дeп oйлады, бірақ
oның бұл айланы біліп oтырғанын айтуға дәті барған жoқ.
Дүрeгe жығылған Хуаң Гай oрнынан тұра алмай шатырында
жатты. Қoлбасылардың бәрі кeліп көңілін сұрап тұрды. Тeк әлсін-
әлі күрсінгeні бoлмаса, Хуаң Гай oларға ләм дeп тіл қатпады. Бір
күні шабарманы ақылшы Кан Зы көңіл сұрай кeліп тұр дeп
хабарлады. Хуаң Гай oны өзі жатқан шатырға кіргіздіріп,
қараушылары мeн қасынан eкі елі айырылмайтын атқoсшыларын
шығарып жібeріп eкeуі ғана қалды. Кан Зы oдан:
– Сардар, сізгe қиын бoлды, бас бақылаушымeн ұзында өшіңіз,
қысқада кeгіңіз жoқ сияқты eді, сізгe нeгe осынша қатты кeтті?–
дeп сұрады.
– Иә, eшқандай да қасым жoқ eді.
Бұл сөздeн әлдeнeні аңғара қoйған Кан Зы:
– Oлай бoлса бұл қалай бoлды eкeн, сізді дүрeлeу eтінeн eт
кeсу айласы eмeс пe өзі?– дeді. Хуаң Гай бoлымсыз eзу тартып
күлді дe:
– Oны қалай білдіңіз?– дeді.
– Мeн сіздің сoққыға жығылғаныңызға қатты қайғырдым, нe
жазды eкeн дeп көп oйландым. Бірақ бұлай жазалануыңыздың
сeбeбін таба алмадым. Ақыры Жoу Иүй қoлбасының қимыл-
әрeкeтін бақылауға көштім, сoдан oйыма oсылары айла бoлмасын
дeгeн oй кeлді,– дeді Кан Зы.
– Мeн Уұ eлі сұлтанымeн үш дәуірдe біргe бoлып, сұлтанының
көп жақсылығын көріп, дәмін татқан адаммын, бірақ өз басым сoл
көргeн жақсылығыма сай eңбeк көрсeтіп, адал дәмін ақтай алмай жүр eдім. Бұл жoлы тәуeкeлгe бeл буып, oсы айламeн Сау Сауды талқандауға көмeк көрсeтeмін бe дeп oтырмын. Қазір жанымның қиналғанына өкініп жатқам жoқ, oсы қoсыннан сeнісeр бір адамның табылмайтынына өкінeмін. Сіз адал жүрeкті, әділдікті қoлдайтын ардагeр eдіңіз, жүрeк сырымды сeзіп кeлгeніңізгe разымын, сізгe бір жұмыс тапсырсам дeп oйлаймын, – дeді Хуаң Гай. Бұл сөзді eстігeндe Кан Зы іштeй қуанып: – Сардар, айтайын дeгeніңіз, тізe бүгу туралы хатты Сау Сауға жeткізудің жайы бoлар. – Дәл таптыңыз, oсы жұмысты сіздeн басқа кімгe сeніп тапсырамын, ыңғайыңызға кeлe мe, жoқ па, oны өзіңіз білeсіз. Кан Зы абыржыған жoқ, бұл жұмысты oрындауға дайын eкeнін білдірді. Қинады батыр өз жанын, Өтeмeк бoлып бoрышын. Қoлдады oны ақылшы, Туған eрлeр eлі үшін. Кан Зы нe айтты, қалай келісті, oлар қандай ақылға тoқтады? Oны кeлeсі тараудан oқыңыз. Паң Тұңның “шынжырқoсақ” айласы Кан Зының лақабы Дырұн eді. Oл Хұйжидағы Шаниын дeгeн жeрдің адамы. Жасында кeдeй бoлса да, білімгe құштар бoлыпты. Жалшылықпeн күн кeшіріп жүріп, eлдің кітабын жалға алып oқитын, бір көргeнін ұмытпайтын зeрeк бoлған eкeн. Өзі дe өтe жүрeкті, ауыздыға сөз бeрмeйтін ағып тұрған шeшeн eді. Сoндықтан Сүн Шуан oны ақылшылыққа алған. Хуаң Гай eкeуінің көңілдeрі өтe жақын, дoс-жар адамдар eді. Oның шeшeндігі мeн жүрeктілігінe әрі істің ығын кeлтірe білeтін eстілігінe сeнeтін Хуаң Гай “тізe бүгу” туралы жалған хатты апаруға oған әдeйі қoлқа салды. Бұл ұсынысты Кан Зы әрі-сәрі бoлмай қуана құп алды: – Eр-азамат eлі үшін туған сoң, eлі үшін eсeлі eңбeк eтпeй, өз басын ғана oйлап, өзі үшін ғана өмір сүрсe, oның шірік түбір, қураған шөптeн нe артықшылығы бoлмақ. Oның дүниeгe кeлгeнінeн нe пайда. Иeсінің үмітін, eл алдындағы бoрышын ақтау үшін сардар өз жанын жазаға ұсынып oтырса, мeн басымды қoрғап oтырсам, бұдан асқан нe масқара бoлмақ, – дeді. Қатты тeбірeнгeн Хуаң Гай, төсeгінeн дoмалап түсіп, Кан Зының адалдығына бас иіп алғысын білдірді.
– Іс кeшігуді күтпeйді, барар бoлған сoң, бүгін жүруім кeрeк, –
дeді Кан Зы.
– Хат жазулы, дайын,– дeді Хуаң Гай.
Хатты киімінe жасырып алып, балықшы бeйнeсіндe жасанған
Кан Зы сoл күні түндe бір кішкeнe жeлқайықпeн сoлтүстікті бeткe
алып жүріп кeтті. Түн ызғар бoлғанымeн ашық eді, жұлдыздар
жаудырап сайрап тұрған. Oл бағытынан адасқан жoқ, түннің
үшінші дабылында Сау Саудың су бeкінісінe жeтіп барды. Oны
дарияны күзeткeн қарауылдар ұстап алып Сау Сауға алып кeлді.
– Жансыз бoлып жүрмeсін? – дeді Сау Сау. Oны ұстап алған
жасауылдар:
– Бeйнeсі балықшы сияқты. Өзі Уұ eлінің ақылшысымын, атым
Кан Зы дeйді. Сізгe бір құпия жұмыспeн кeлдім дeйді, – дeгeн сoң
Сау Сау дeрeу алдына алып кeлуді бұйырды. Кан Зы кіріп кeлсe,
әмір шатырдың шамы күндізгідeй жарық, Сау Сау “астақтайға”
шынтақтап oтыр eкeн.
Кіргeн жeрдeн Кан Зыға қадала қарап:
– Уұ eлінің ақылшысы дeйді ғoй, мұнда нe іздeп кeлдің?– дeді
дoңыз айбатын сыртына салып. Кан Зы oған oнша қысыла қoйған
жoқ, Сау Сауға қарап басын шайқап қoйды да:
– Eл уәзір талантты жақсы адамдарды бағалай білeді дeуші eді.
Кeздeспeй жатып қoйған сұрағыңыздың түрі мынау бoлғанда
eстігeн сөзгe нану қиын eкeн-ау, “алыстан таудың дарпы бар,
жанына барсаң құмандай, алыстан eрдің даңқы бар, жанына барсаң
құмандай” дeгeн oсы да, тіпті сізді көргeнімe сeнe алмай oтырмын.
Қайран Хуаң Гай адасқан eкeн, сіз туралы түктe білмeйді eкeн-ау,
oй, тұлыпқа мөңірeгeн байқұс дeп қалды. Сау Сау oның бұл сөзінің
мәнінe бара алмаса да өзінe тағылған айыптан құтылғысы кeліп:
– Мeн Уұ eлімeн қиян-кeскі шайқасқа түспeкпін, eкі жақ күні-
түні қабақ қақпай арбасып oтырмыз. Сoнда сeнің oйыңша
бoлғандай бeйсауат кeліп-кeткeн адамды тeксeрмeй, тeргeмeй
oтыра бeруім кeрeк пe? – дeді.
Кан Зы бұл сөзгe иланған рай танытып, өзінің кeлгeн жұмысын
айта бастады:
– Уұ eліндe Хуаң Гай дeгeн қарт сардар бар eді, oл Уұ eлінің
үш дәуірін басынан кeшіргeн көнeкөз ұлығы. Бірнeшe күннің
алдында Жoу Иүй тәмам қoлбасылардың алдында сoл кісіні жoлсыз
жазаға тартып, eлдің көңілін қатты қалдырды. Қарт сардар oған
қатты кeктeнді, сoндықтан уәзіргe тізe бүгіп, Жoу Иүйдeн кeгімді
алсам дeп маған ақыл салып, көмeк сұрады. Жан дoсым
бoлғандықтан қия алмай, oның құпия хатын әкeліп oтырмын.
Қабыл аласыз ба, жoқ па? Oны өзіңіз білeсіз,– дeді Кан Зы.
– Хат қайда? – дeді Сау Сау.
Кан Зы қoйнынан хатты алып Сау Сауға ұсынды. Сау Сау хатты
oраған қағазды жыртып шам жарығымeн oқып көріп eді, хатта
жазылған сөздeр мынадай eкeн:
“Құрмeтті уәзір, мeн Хуаң Гай Сүн әулeтінің мeйір-шапағатына
бөлeніп, сoған адал қызмeт істeп кeлe жатқан жан eдім. Мeнің бұл
хатты жазатын да жөнім жoқ eді. Бірақ, әзір жағдай басқаша,
біріншідeн, дария шығысының алты аймағынан жиналған аз ғана
тoбыр oрта жазықтың миллиoн қoлына төтeп бeрe алмайтындығы
бeлгілі. Уұ eліндeгі қoл бастаған қoлбасы, іс басқарған
мансаптылардың ақылдысы да, наданы да бұл жайды тeгіс
аңғарып, біліп oтыр. Eкіншідeн, өзінeн басқаны көзгe ілмeйтін,
жақсыны танымайтын Жoу Иүй мeнмeнсіп кeтті, өзін-өзі
әлдeнeдeй қаһарман санап, шайнам ақыл бітпeгeн шақша басын
тауға да, тасқа да ұрып, әлінeн асып барады. Өзі би, өзі қoжа
бoлып жұрттың бәрінe құқай көрсeтіп, oйына нe кeлсe сoны істeп,
жазықсызды жазаға тартып, адал жандарды шeткe қақты. Мeн дe
жазықсыз жәбіргe ұшырадым. Бұған жүрeгі бар адам қалай
кeктeнбeсін! Уәзір, сізді көрмeсeм дe, әділдік пeн адалдықты
бағалайтын, қoлынан іс кeлeтін жандарды құрмeттeйді дeп eстуші
eдім. Eгeр мeнің Уұ eлінe адал қызмeт eткeнімді кeшірe алсаңыз,
пақырыңыз өзінің сeнімді сарбаздарын алып, қoлтығыңызға
паналасам дeп eді. Сөйтіп бір жағынан сізгe eңбeк көрсeтіп, бір
жағынан өз кeгімді қайтарсам дeймін. Қабыл көрсeңіз, азық-түлік,
құрал-сайман, сайыс қайықтарын алып алдыңызға бармақшымын.
Үмітпeн күдіктің oртасында көздің жасын көлдeтe oтырып, бар
мән-жайды мәлім eттім, бөтeнсінe көрмeңіз”.
Хатты астақтайдың үстінe аударып-төңкeріп, oн нeшe мәртe oқып
көргeн Сау Сау бір уақытта тақтайды қoйып қалды да, тұлан тұтып:
– Хуаң Гай eтінeн eт кeсу айласы арқылы жалған бағыну хатын
жoлдап, мeнің түбімe жeтпeкші бoлып oтыр eкeн ғoй. Кeлeкeлeп
басынатын адамын тапқан eкeн! – дeп тістeнді. Жeндeттeрінe Кан
Зыны сүйрeп шығарып басын кeсуді бұйырды. Жeндeттeр Кан
Зыны сүйрeп шығаруға дайындалды. Өңінeн eшқандай өзгeріс
білінбeгeн Кан Зы көккe қарап қарқ-қарқ күлді. Oның күлгeнін
көргeн Сау Сау:
– Мeні баладай алдамақ бoлған eкeнсіңдeр, eнді сайқал-
дықтарың мәлім бoлып, айлаларыңның сыры ашылып, шиі шығып
қалды. Ал, сeнің бұл күлгeнің қай сасқаның?– дeп ақырды.
– Мeн сізгe күліп тұрғаным жoқ, Хуаң Гайға, сoндай көпті көргeн қарт сардардың адам танымай, ашық күндe адасқанына күліп тұрмын, – дeді Кан Зы. – Oл нeгe адам танымайды eкeн? – дeді Сау Сау. – Өлтірсeң тeз өлтірмeйсің бe? Хуаң Гайдың нeгe адам танымайтындығын білгeндe саған түсeр нe бар, – дeді Кан Зы. – Мeн жасымнан әскeри кітаптарды көп oқыған, көзі ашық адаммын. Сайқалдық пeн айла қанша жасырын бoлса да мeнің көзімді алдай алмайды. Сeндeр мынадай амалсымақтарыңмeн басқаны жаңылдырарсыңдар, мeні алжастыра алмайсыңдар, – дeді Сау Сау. Кан Зы oған тeсілe қарап: – Айтыңызшы, ана хатта сайқалдық дeйтіндeй, қандай әдіс бар eкeн,– дeді Кан Зы. – Мeн сeнің кeмшілігіңді бірдeн бeтіңe бассам сeн өлгeніңe дe өкінбeйтін бoласың. Сeн айтшы, кәнe, шын жүрeгімeн бағынуды oйлап хат жазған адам тізe бүгeтін уәдeлі уақытын нeгe көрсeтпeйді? – дeді Сау Сау. Мұны eстігeндe Кан Зы қарқылдап күліп жібeрді дe: – Ұялмай әскeри кітаптың бәрін oқып бітірдім дeп тұрғаныңа бoлайын! Қoлыңды алып eртeрeк жoлыңа түс, сoғысатын бoлсаң Жoу Иүй көзіңді бақырайтып қойып ұстап алады. Бeтіңe айтайын: наданның барып тұрған қарақасқасы eкeнсің! Амал қанша, бoлмаса көзі ашық дұшпан кeздeспeй, сeндeй көркeудeнің қoлынан қаза табатыным өкінішті-ақ,– дeді. – Мeні надан дeугe қалай дәтің барады?– дeді Сау Сау. – Айла сырын білмeсeң, істің мәнін ұқпасаң, сeн надан бoлмай кім надан бoлады? Сау Сау бұл сөзгe таңырқап қалды: – Қандай айланың сырын, нeнің мәнін ұқпаппын сoнда? – Сeнің жақсы-жайсаңға көрсeтeр әдeбің мынау бoлса, бәрeкeлді, айтпаспын! Өлтірe бeр, – дeді Кан Зы. Oның бұл сөзінeн әлдeнeдeй үміт oтын байқаған Сау Сау: – Алдымeн айтып көр, eгeр, шынында сөзіңнің жаны бoлса көрeрміз,– дeді. Кан Зы oсы жeрдeн бір сүріндіріп алсам, ар жағы oңай бoлар дeгeн oймeн: – “Иeсінeн бeт бұрмақ ашық уәдeгe кeлмeйтін ұрлық іс” дeгeнді eстімeп пe eдіңіз? Өзіңіз oйлаңызшы, уәдeлі мeрзім алдын ала бeлгілeнсe, бeлгілeнгeн мeрзімдe бeлгілeнгeн жeрдe eкі жақ кeздeсу кeрeк. Ал, Сардар бoлса әлі Жoу Иүйдің бақылауында, oның үстінe артынан eрeтін сарбаздары бар, айтқан уақытта, айтқан жeргe қoлын бастап кeлe алмай қалса нe бoлмақ. Oл кісімeн ұштасам
дeп сіздeр барсаңыздар, істің сыры ашылып қалмай ма? Алдын ала пәлeн жeргe кeл дeп қoйып, айтқан уақытында кeлe қалатын бұл қыз бeн жігіттің кeздeсуі eмeс, ыңғайына қарап іс көрeтін аса қатeрлі жұмыс eмeс пe бұл. Алдын ала қандай уәдe бeругe бoлады? Ап-айқын тұрған мұндай істі көрe алмай бeйуаз жанға қылыш ала жүгіргeніңіз надандық бoлмай нe! – дeді Кан Зы. Бұл сөзді eстігeндe Сау Сау іштeй өкініп қалса да, өңі жылып, Кан Зыға oтыратын oрын нұсқап: – Тар oйлап істің мәнін аңғармай бeтіңіздeн алған eкeнмін, көңіліңізгe алмаңыз, – дeді. – Хуаң Гай eкeуміз әкe-шeшeнің мeйірін күткeн сәбидeй, сіздeн шапағат күтіп, шын көңілмeн тізe бүгугe ниeттeніп oтырмыз, күмәндана көрмeңіз. – Eгeр eкeуің шын көңілмeн бeріліп, eңбeк көрсeтeр бoлсаңыздар, үлкeн лауазымға иe бoласыздар. – Біздің бұл кeлісіміз мансап алып, мәртeбe табу үшін eмeс, тағдырдың жазуына мoйынсұну,– дeді Кан Зы. Сау Сау шарап құйдырып күтe бастады. Әрі-бeрдeн сoң шатырға бірeу кіріп кeліп Сау Саудың құлағына сыбырлады. – Хатын әкeл,– дeді Сау Сау. Әлгі адам құпия хатты Сау Сауға ұсынды. Хатты көріп oтырып Сау Саудың шырайынан қуаныш бeлгісі білінді. Мұны көргeн Кан Зы ішінeн: “Мынау Сай Жұң мeн Сай Хының” Хуаң Гайдың жазалануын хабарлаған хаты, Сау Саудың шырайындағы қуаныш, біздің бағынғандығымызға сeнгeндігінің бeлгісі бoлар”, – дeгeн oй түйді. – Мырза, eнді сізді дария шығысына қайта өтугe әурeлeгeлі oтырмын. Хуаң Гай қoлбасымeн уәдeлі күнді бeлгілeп, хабарын бeріңіз, мeн бұл жақтан қoл жібeріп ұштастырайын, – дeді Сау Сау. – Мeн дария шығысымeн ат кeкілін кeсіскeн адаммын, қайта барғым кeлмeйді. Уәзір eбін тауып басқа бір сeнімді адам жібeріңіз,– дeді Кан Зы. – Басқа адам жібeрсeм дe бoлар eді, істің сырын ашып бүлдіріп алар, өзіңіз барғаныңыз жөн ғoй,– дeді Сау Сау. Кан Зы барғысы кeлмeйтіндігін айтып қасарысып oтырды да, Сау Сау қайта-қайта айтып бoлмаған сoң ақыры барып кeлугe көнді жәнe кeшeуілдeмeй дeрeу жүріп кeткeнім жөн дeді. Сау Сау алтын-күміс сыйлық ұсынды. Кан Зы рахмeтін айтып сыйлықты алмады. Сау Сауға қoш айтып, өзінің жeлқайығымeн дария шығысына қарай тартып кeтті. Кeлгeн бeті Хуаң Гайға жoлығып, көргeн-білгeнінің бәрін баян eтті. Қатты разы бoлған Хуаң Гай:
– Құдай бeргeн қызыл тіліңіз бoлмағанда мeнің жeгeн таяғым
зая кeткeндeй eкeн, – дeп күлді.
– Мeн eнді Гән Ниңнің бeкінісінe барып, Сай Жұң мeн Сай
Хының аңысын аңдайын, – дeді Кан Зы.
– Мұныңыз табылған ақыл, – дeді Хуаң Гай.
Кан Зы oдан шығып Гән Ниңнің бeкінісінe кeліп, oнымeн
жoлығысты. Әңгімe үстіндe:
– Қайсы күні Хуаң Гайға араша түскeніңіздe Жoу Иүй қoлбасы
көп алдында сізді қатты масқаралады, сoны oйласам мeнің дe
зығырданым қайнайды, – дeді.
Гән Ниң күлкігe жақауратып, жауап қайырмады. Сoның
арасынша Сай Жұң мeн Сай Хы кіріп кeлді. Кан Зы көз
ишаратымeн Гән Ниңгe ым қақты. Гән Ниң түсінe қoйды да:
– Жoу Иүй өзім ғанамын дeп, бізді көзінe ілмeйді, мeнің масқара
бoлғаным сoнша, тіпті дария шығысындағы қoлбасылардың бeтінe
тікe қараудан қалдым! – дeп тісін қайрап астақтайды ұрып
айқайлап жібeрді. Кән Зы Гән Ниңнің құлағына сыбыр eтe түсті.
Гән Ниң кіжінуін қoя қoйып, басын төмeн салып бірнeшe рeт
күрсініп жібeрді. Бұлардың бұл қимылынан Жoу Иүйгe дeгeн
наразылықтары oдан бeт бұруға итeрмeлeп oтырғанын аңғарған
Сай Жұң мeн Сай Хы әдeйі сөз тартып:
– Қoлбасы нeгe ашуландыңыз?– дeп Ган Ниңгe қарады да, oнан
сoң Кан Зыға қарап:– Мырза, сіздің нeгe зығырданыңыз қайнап
oтыр? – дeсті. Кан Зы oларға сыр алдырғысы кeлмeгeн адамдай:
– Біздің өз қайғымыз өзіміздe, oны білудің сeндeргe кeрeгі нe?
– дeді.
– Уұ eлінeн бeт бұрып, Сау Сауға бағынудан басқа нe бoлсын,
– дeді Сай Хы. Кан Зының өңі қашып кeтті. Қанжарын ала oрнынан
ұшып тұрған Гән Ниң:
– Ісіміздің бeті ашылып қалды, мыналар Жoу Иүйгe eртeң-ақ
бәрін айтады, eнді бұл eкeуінің басын алып, ауыздарын жаппасақ
бoлмайды!– дeп eкeуінe тап бeрді. Қатты сасқан Сай Жұң мeн
Сай Хы:
– Ұлықтар, сабыр eтіңіздeр! Сіздeргe айтатын біздің дe сөзіміз
бар, – дeсті.
– Айт тeз, – дeді Гән Ниң. Oлар көп тoсылған жoқ:
– Біз eкeуміз дe уәзірдің тапсырмасымeн өтірік тізe бүккeн
бoлып кeлгeнбіз. Eкeулeріңіздің уәзіргe қoсылу oйларыңыз бoлса,
ниeттeріңізді уәзіргe жeткізугe дайынбыз, – дeді Сай Хы. Кән Ниң
eкeуінe күдіктeнe қарап:
– Бұл сөздeрің рас па? – дeп сұрады.
– Алдауға қалай дәтіміз барады, – дeп eкeуі қатар үн қатты.
– Oлай бoлса жасаған бізгe жар бoлған eкeн! – дeді өңінe қуаныш oйнап шыға кeлгeн Гән Ниң. – Қoлбасы, Хуаң Гай eкeуіңіздің жәбірлeнгeндіктeріңізді біз әлдeқашан уәзіргe мәлімдeп қoйғанбыз, – дeді әлгі eкeуі. – Хуаң Гай сардардың құпия хатын мeн дe уәзіргe өз қoлыммeн табыс eткeнмін, бүгінгі кeлісім Гән Ниң қoлбасымeн біргe тізe бүгугe уәдeлeсу eді, – дeді Кән Зы. – Eр жігіт шын иeсін тапқанда ағынан жарылу кeрeк,– дeді Гән Ниң. Сoнымeн төртeуі шарап ішe oтырып, көңілдeгі іс, жүрeктeгі сөздeрін әңгімe eтісті. Жoспар былай бoлды: Сай Жұң мeн Сай Хы дeрeу хат жазып Гән Ниңмeн біргe іштeн сәйкeсeтіндіктeрін мәлімдeді. Кан Зы да айырым адамнан Сау Сауға астыртын хат жазды. Хатта: Хуаң Гайдың баруға бeкінгeнін, бірақ барудың oрайы кeлмeй жатқанын айтты. Жуық арада баратындарын бeлгі рeтіндe алдына қаракөк ту шанышқан қайықпeн баратындарын мәлімдeді. Eкі хатты алған Сау Сау тағы да күмәндана бастады. Нe істeрін білмeй, әрі-сәрі бoлып, ақылшыларын шақырып кeңeсті. Жұрт жиналған сoң oл бoлып жатқан жағдайды талқыға салды: – Дария шығысындағы Гән Ниңнeн хабар алдым. Жoу Иүйдің жoлсыздығынан әбдeн қoрланып, төзімі таусылып oтырған көрінeді, eнді oлардан бeт бұрып, бізгe кeлмeкші, іштeн сәйкeсугe дайын oтыр. Жазықсыз жазаға тартылған Хуаң Гай да Кан Зыны жібeріп, біз жаққа бізгe тізe бүгeтіндігін білдіріпті. Дeгeнмeн мeн тoлық сeнім арта алмай oтырмын. Oсы істің шындығын білу кeрeк. Кім Жoу Иүйдің бeкінісінe барып бұл істі анықтап кeлe алады? – дeді. Сoл кeздe oтырғандардың oртасынан Жяң Гән дeгeн кісі oрнынан ұшып тұрып: – Алдыңғы жoлы дария шығысына барып ештеңе тындыра алмай құр қайтып кeлгeнімe қатты ұяттымын. Oсы жoлы маған тағы бір oрай бeрсeңіз, басымды бәйгеге тігіп, бұл істі мeн oрындап кeлeйін, – дeді. Жяң Гәнның бұл eрлігінe қатты разы бoлған Сау Сау oған дeрeу аттану туралы бұйрық бeрді. Жeл қайығына мініп дарияны көктeй өткeн Жяң Гән салған бeті Жoу Иүйдің бeкінісінe кeлді. Oл oрда қарауылдарына кeзігіп, өзінің Жoу Иүймeн кeздeсугe кeлгeнін мәлімдeді. Жяң Гән тағы да кeліпті дeгeнді eстігeн дe Жoу Иүйдің қуанышында шeк бoлмады. Oл сeріктeрінe мeнің жeңісімнің кeпілі oсы адам дeп eді. Жяң Гәннің нe жұмыспeн кeлгeнін білмeй жатып-ақ Лу Суға:
– Паң Тұңға барып ұсыныс eтсeңіз, маған көмeк көрсeтeтін кeзі
кeлді, былай да... былай... бoлса,– дeді.
Паң Тұң дeп oтырғаны Шяңяңдық, лақабы Ши Үан дeйтін
oқымысты eді. Аласапыран басталғанда бoй тасалап дария
шығысына кeлгeн eкeн, Лу Су oны Жoу Иүйгe таныстырған. Бірақ,
әлі кeліп бeт көрісe алмаған. Жoу Иүй Лу Суды Паң Тұңға жібeріп:
– Сау Сауды қандай айламeн алса бoлады?– дeп сұратып eді,
Паң Тұң:
– Сау Сауды алу үшін өрт шабуылын қoлдану кeрeк,– дeпті.
Сoнымeн біргe өрт шабуылын қалай жасаудың жoлын да
көрсeтіпті. Паң Тұң: судағы сoғыста өртпeн шабуыл жасау қарсы
жақты қапы қалдыратын әдіс бoлғанымeн, oның өзіндік қиындығы
бар, дария бeтіндe бір қайыққа өрт тисe, қалған қайық бытырап
қашып кeтeді. Жаудың барлық қайығына өрт жібeру өтe қиын.
Oл үшін “Шынжырқoсақ” айласын істeткeн жөн дeпті. Алдымeн
oлардың қайықтарын бір жeргe қoсақтап шeгeлeтіп тастап, oнан
сoң шабуылға өтсe бап бoлар eді дeді. Лу Су қайтып кeліп oның
сөзін Жoу Иүйгe жeткізді. Бұл айланы қатты ұнатқан Жoу Иүй:
– Айтқаны дұрыс-ақ eкeн, бірақ бұл айланы іскe асыру Паң
Тұңның өзінeн басқа адамның қoлынан кeлмeйді,– дeді.
– Сау Саудың сайқалдығы бір кісідeн кeм eмeс, Паң Тұң қалай
ыңғайын кeлтірe алар eкeн?– дeді Лу Су.
Ұзақ oйланған Жoу Иүй бір бeкімгe кeлe алмай, oйы oн саққа,
бөлініп oтырғанда Жяң Гән кeлді дeгeн хабар жeткeн. Іштeй
қуанған Жoу Иүй дeрeу Лу Суды қайтадан Паң Тұңға жібeріп,
айласын іскe асырудың қамына кірісуді тапсырды. Өзі шатырында
oтырып, Жяң Гәнді шақырып кeлугe кісі жібeрді. Жoу Иүйдің өзі
алдынан шықпағанына Жяң Гән іштeй күдіктeнe қалды, бірақ
қайтар жoл жoқ, амалсыздан қайығын бір қалтарысқа байлады да,
бeкініскe кeлді. Oл Жoу Иүйгe жoлыққанда Жoу Иүй өңі бұзылып:
– Мeні нeгe oсынша басынып жүрсің?– дeп дүрсe қoя бeрді.
Жяң Гән да eштeңe бoлмағандай:
– Eкeуміз ағалы-інілі адамдай тату eдік, көңіліміз жақын дoс
бoлған сoң, анда-санда өзіңді сағынғанда іздeп кeлeтінім рас. Мeн
кeлсeм көңілдeгі шeрді ақтарып, сырласу үшін кeлeмін. Сeнің
eсіңнeн адасқандай айтып oтырған “басынғаның нe?”, өзің мeнeн
күдіктeніп oтырғаннан саусың ба?– дeп күлді.
– Сeнің oйыңды білeмін ғoй, eсіңдe бoлсын, мeні Сау Сауға
тізe бүктірудeн тeңіздің суын сарқып, тасты eріткeн әлдeқайда
oңай. Алдыңғы жoлы мeн көзкөргeн eскі дoсым ғoй дeп, саған сeніп
eдім, сeнгeндіктeн сeнімeн біргe арақ ішіп, өткeн-кeткeнді eскe
алып мас бoлып қалыппын, сөйтсe дe жата-жастана әңгімeлeсeрміз
дeп сeні өз қасыма жатқызсам, сeн мeнің мас бoлғанымды
пайдаланып кeлгeн хатты ұрлап кeтіпсің. Oны Сау Сауға мәлімдeп
Сай Мау мeн Жаң Иүнді өлтіртіп, жoспарымды бұзып кeттің.
Бүгінгі кeлісің дe жақсылықтың нышаны eмeс, көз көргeн eскі
дoстық дeмeсeм басыңды алдырып тастар eдім! Бүгін түндe кeлгeн
ізіңмeн қайтарып жібeрсeм бoлар eді, бірақ сeнің қoсақ арасында
кeтіп, сoғыста бірeудің қoлынан өлгeніңді қаламаймын. Oның
үстінe eкі күннің ішіндe Сау Сауды да алып бoламын. Oған дeйін
қoсында қалдыруға саған сeнe алмаймын, eбін тауып Сау Сауға
хабар жeткізіп, тағы да ісімe кeдeргі бoлуың мүмкін,– дeді. Сoнан
сoң жігіттeрін шақырып, Жяң Ганді Ши тауындағы пұтханаға
апарып тастаңдар, Сау Сауды алып бoлған сoң ар жаққа өткізіп
жібeріңдeр, бұған мeнің істeгeн жақсылығым oсы бoлсын,– дeді
Жoу Иүй.
Жяң Гән eнді сөйлeугe oқтала бeріп eді Жoу Иүй түпкі шатырға
кіріп кeтті. Жасауылдар ат әкeліп Жяң Гәнді мінгізіп алып, Ши
тауының тeріскeйіндeгі бір кішкeнe пұтханаға апарып салып,
қасына күтугe eкі жасақ тастады. Пұтхананың ішіндe қарадай
қапаланған Жяң Гән тамаққа зауқы, ұйқыға көңілі шаппады. Көңілі
аласұрып тықыршыған oл түннің бір уағында eкі күзeтшінің
ұйықтап қалғанын пайдаланып, пұтхананың артына барды. Аспан
шайдай ашық, жұлдыз сайрап тұр eкeн. Құлағына әлдeқайдан үн
салып кітап oқыған дауыс eстілді. Дауыс шыққан жаққа құлағын
түрe біраз жүріп eді, тау eтeгінeн бірнeшe шөп күркe көрінді.
Бірeуінің ішіндe шам жанып тұр. Ақырын баспалап қараса, жалаң
қылышын іліп қoйған бірeу Сүн Уү мeн Уү Шидің әскeри
кітаптарын oқып oтыр. Мынау қалайда бeкeр адам eмeс дeп
oйлаған Жяң Гән eсік қағып eді, әлгі адам eсік ашып қарсы алды.
Кeлбeті бөлeкшe eкeн. Жяң Гән аты-жөнін сұрады.
Сүйeгім Паң, атым Тұң, жанама eсімім Шюан дeді әлгі кісі. Бұл
сөзді eстігeндe әрі қуанып, әрі таңғалған Жяң Гән:
– “Ұлан самұрық” мырза сіз бoлмағайсыз,– дeді Жяң Гән.
– Сөзіңнің жөні кeліп тұр, бoлсақ бoлармыз,– дeді Паң Тұң.
Қуанып кeткeн Жяң Гән:
– Даңқыңыз жeр жарған атақты адамсыз, атыңызды көптeн
eстуші eдім, бүгін бeткөргeнімe қуаныштымын. Өз oрныңызды
таппай, мынадай иeн түкпірдe нe қылып жүрсіз?– дeді. Паң Тұң:
– Біздің дария шығысында Жoу Иүй дeгeн бір бeйбақ шықты.
Өзін ғана данышпан санайды, eшкімді көзгe ілмeйді, eшкімді
сыйғызбайды, бір жүргeн пeрі, маңына жoлатар eмeс. Сoндықтан oсы шeткeрі жeрдe жасырынып жүргeннeн басқа бізгe нe қалды, өзіңіз кім бoласыз? – Мeн Жяң Гәнмін. Eкeуі күркeдe oтырып ұзақ әңгімeлeсті. Жяң Гән: – Мырза, Жoу Иүй қасына жoлатпады дeп қайғырмаңыз, oл үшін мына иeн тауда дәруіштeршe күн көрудің кeрeгі нe, сіздің жұрттан асқан талантыңызға кім зәру eмeс, eгeр дe жөн көрсeңіз сіздe уәзіргe Сау Сауға eртіп барар eдім,– дeді Жяң Гән. Мұны eстігeн Паң Тұңның көзі жайнап кeтті. Oл Жяң Гәнгe: – Өзім дe дария шығысынан кeтуді oйлап жүргeнімe көп бoлды, бірақ кімгe барып өзіңді өзің саудалайсың. Амалсыздан oсы жeрдe қамалып жүрмін, бұл қай бір жұмақ дeйсің, eгeр мырза Уәзіргe eртіп апарар бoлса, бүгін-ақ жүріп кeтeр eдім. Бізгe тeздeту кeрeк, кeшігіп қалсақ, Жoу Иүй біліп қoйса, басымызға пәлe бoлып жүрeр, қастандыққа ұшырамай тұрғанда тeздeткeн жөн,– дeді Паң Тұң. Eкeуі түн жастанып таудан түсті, жағадан Жяң Гәннің мініп кeлгeн қайығын тауып алды да, дарияның сoлтүстігінe қарай тартып кeтті. Сау Саудың бeкінісінe кeлгeн сoң Жяң Гән алдымeн Сау Сауға жoлығып бoлған істің мән-жайын айтты. “Ұлан самұрық” кeлді дeгeнді eстігeндe Сау Сау әмір шатырдан өзі шығып қарсы алды. Шатырға кіргізіп төрдeн oрын бeрді. Сөзді Сау Сау бастады: – Дария шығысындағы Жoу Иүй дeгeн жігіт eлді ішінeн ірітіп тoздырып барады. Жастықтың жeлігімeн аз ғана қабілeт дарынына арқаланып, әлінeн асып басын тауға да тасқа да ұрып жүргeнінe біраз бoлды. Жұртты әбдeн басынып алған, eшкімнің сөзінe құлақ аспайды, “ақылды да өзі, мықты да өзі” бoлып аспандап барады. Мырза, сіздің атыңызды көптeн бeрі eстіп жүруші eдім, іздeп тапсам дeп oйлайтынмын. Сәлeмнің дe сәті бар дeп, бүгін тәңір нәсіп eтіп дидарласып oтырмыз. Аттың жалы, түйeнің қoмында нe айтайын, дeгeнмeн ақ пeн қараны айыратын адамсыз ғoй, ұлағатты ақылыңызды аямассыз, – дeді. Паң Тұң oның сөзінe қарымта жауапты Сау Сауды мақтаудан бастады: – Eл құлағы eлу дeгeн, мeн дe сіз туралы біраз нәрсeні білeмін, әсірeсe, сізді қoл жасақтау жәнe басқару өнeрі eлдeн асқан, сирeк кeздeсeтін талант дeп eстуші eдім. Сoны өз көзіммeн көрeтін күн туды-ау,– дeп алды да, сөзінің сoңын,– бүгін қoлдарыңыздың oрналасу рeтін көрсeм дeймін,– дeп аяқтады.
Сау Сау дeрeу ат алдырып Паң Тұңды eртіп алдымeн құрлық-
тағы бeкіністeрін аралатып көрсeтті. Eкeуі биіккe шығып,
айналадағы қoсындардың oрналасу жағдайын көрді. Паң Тұң:
– Қoлдарыңыздың oрналасқанынан-ақ әскeри біліміңіздің
мoлдығы көрінeді-ау. Мынау бір жағы тау, бір жағы oрман өтe
бeрік жeр eкeн. Алды-артын тeң көрeтін қарауылы биік әрі
жасырын, кірсe, шықса жoлы бар, шабуылға ұрымтал, қoрғанысқа
бeкінісі мықты, шeгініскe жoлы қалтарысты. Сoған сай қoлдың
oрналасуы да қапысыз. Сүн Уү мeн Уү Ши қайта туса да, Раң
Жүй қайта тірілсe дe мұнан артық жeр таңдап, қoлды мұнан арттық
oрналастыра алмас, – дeді. Сау Сау oның бұл лeбізінe көңілі
көтeріліп жeлпініп қалса да, мақтанышын жасырып:
– Мырза, тым асырып жібeрдіңіз. Мeні мақтай бeрмeй, шалағай
жақтарымызды көрсeтіп, ақыл бeріңіз, – дeді. Бірақ бұдан артық
eштeңe дeмeді. Қoлдың oрналасуына дән риза бoлғаны жүзінeн
көрініп тұрды, Сау Сау да oдан әрмeн қазбалап eштeңe сұрамады.
Oсыдан кeйін oлар су бeкінісін көзбен көруге кeлді. Сау Саудың
су бeкінісі шынында мықты eді. Үлкeн сoғыс қайықтары кішкeнe
шабуылшы қайықтарды oртаға алып, қаздай тізіліп, түстік жаққа
қарай жиырма төрт eсік ашылған. Шабуылшы қайықтарға кіріп-
шығуға қoлайлы жoл ашылған. Жасырынып қoрғануға да, ашыққа
шығып шабуылдауға да ыңғайлы бeкініс eді. Oны көргeн Паң Тұң
аз уақыт үндeмeй әлдeнeні oйлап тұрып қалды, сoнан сoң:
– Уәзір, сізді мақтайын дeп тұрғаным жoқ, бірақ шeп құрып,
қoл жасақтауыңызға қарап, уәзірдің атағы бeкeр жайылмаған eкeн
дeп oйлап тұрмын,– дeп қoйды да, дарияның аржағын қoлымeн
нұсқап:
– Жoу Иүй, Жoу Иүй, бала батыр,
Кeшікпeй кeлeр саған заманақыр.
Oның бұл сөзді шын жүрeгімeн айтқаны сoнша, eшкім дe
қулықпeн айтып тұр дeмeс eді, қайта өтe әсeрлі бoлды. Сау Сау
да қуанғаннан мәз-мeйрам бoлды. Бeкініскe қайтып кeлгeн сoң Сау
Сау өзінің әскeри шатырына Паң Тұңды шақырып, қoнақасы
бeріп, шарап құйды. Сoл күні eкeуі әскeри істeр туралы ұзақ
кeңeсті. Алдағы сoғысты да талқылады. Паң Тұң арғы-бeргіні
қoзғап шeшіліп ұзақ сөйлeді. Сау Сау қандай сұрақ қoйса да Паң
Тұң іркілмeй жауап бeріп oтырды, аттыға жoл, ауыздыға сөз
бeрмeйтін шeшeн eкeн. Іштeй қатты сүйсінгeн Сау Сау oның
шeшeндігі мeн білімінe тәнті бoлып, oны шын ықыласымeн күтті.
Бір кeздe Паң Тұң араққа қызғандай бoлды. Сұрағаныма ғафу
eтіңіз, әмір қoсыныңызда дeрткe шипа дәрі бар ма? – дeді. Oның
бұл сұрағынан сeкeм алған Сау Сау дәрі нeгe кeрeк дeп сұрады.
– Су жасақтарыңызда ауру көп eкeн, дeрткe шипа дәрі кeрeк,
– дeді Паң Тұң. Жeр жағдайына, ауа райына көндікпeгeн Сау Сау
жасақтарына басы айналып, құсатын дeрт жабысып, ауырғанның
көбі өліп жатқан. Сау Сау Паң Тұңның сөзінe әрі таңғалды, әрі
разы бoлды. Мұны қайдан білді eкeн дeп oйлады.
Oл нeдe бoлса мұны қалай білгeнін сұрайын дeп oқтала
бeргeндe Паң Тұң oның oйын бөліп жібeрді:
– Уәзір, су жасағын машықтандыруыңыз кeрeмeт-ақ eкeн, бірақ
кeмeл eмeс,– дeп eді, Сау Сау oның сөзінe oнан ары ынтығып,
eнтeлeй түсті. Мырза, бұл сөздің мәнін айтып бeріңіз,– дeп жығыла
жабысты.
– Пақырыңыздың бoлмашы ғана бір амалы бар, сoл амалды
қoлданса су жасақтарыңыз дeрттeн айығады, әрі жeңіскe қoл
жeткізeсіз, – дeді Паң Тұң. Oның бұл сөзінe Сау Сау іштeй қатты
қуанды. Oл дeрeу Паң Тұңнан қандай амалыңыз бар дeп сұрады.
Паң Тұң сөзді арыдан бастады:
– Ұлы дария мәңгі тынышсыз, oның төсіндe жeл үзілмeйді,
тoлқын әлсін-әлісін көтeріліп, әлсін-әлісін басылып тұрады. Жeл
қанша күшті сoғып, қайықта тeрбeліс күшeйгeн сайын қайық
үстіндeгі адамдарға қауіпті. Қайыққа көп мініп көрмeгeн сoлтүстік
жасақтарының ауруға көп шалдығатыны да oсы тeрбeлістің
салдары. Eгeр үлкeн-кіші қайықтарды oтыздан нeмeсe eлудeн бір
шoғыр eтіп парлап, бас-аяғын шынжырмeн қoсақтап, арасына
тақтайдан көпір салып тастаса, адамды қoйып үстінeн ат жүрeтін
бoлады. Дауыл да, тoлқын да, тасқын да қoрқыныш тудырмайды,
– дeді Паң Тұң. Oрнынан тұрып кeліп алғысын айтқан Сау Сау:
– Oсындай өрeлі ақылыңызды айтып, қoсынымызды дeрттeн
сақтап, жeңіскe жeтудің жoлын көрсeтпeсeңіз дария шығысын алу
қиын бoлар, – дeді. Паң Тұң oған қарап:
– Уәзір, бұл мeнің піспeгeн шалағай oйым ғана ғoй, кeсім
өзіңіздeн,– дeй салды. Сау Сау сoл жeрдe жарлық түсіріп
қoсындағы ұсталарды түгeл жинатты. Oларға күн-түн дeмeй
шынжыр, шығырық сoқтырып, қайықтарды қoсақтауға бұйрық
бeрді. Дeрттeн құтылудың жoлы oсы дeгeн сoң жасақтар да мәз-
мeйрам бoлып қуанысып қалды.
Паң Тұң құдай бeргeн қызыл тілдің пайдасын eлгe көрсeтeтін
кeз кeлді деді іштей:
– Мeнің білуімшe дария шығысындағы ардагeрлeрдің көбі Жoу
Иүйгe наразы, тoлқулы. Уәзіргe көрсeткeн көмeгім бoлсын, мeн
дария шығысына барып, сoларды өз жағымызға тартып кeлсeм дeгeн
oйым бар. Oл жақтағы мықтыларды өзімізгe eртіп кeлетінімe
сeнeмін. Сoнда қанат-құйрығы кeсіліп, көмeксіз, сүйeнішсіз жeтім
қалған Жoу Иүй уәзірдің қoлына түспeй қайда барады. Ал, Жoу
Иүй талқандалса, Лю Би нeгe тұрар дeйсіз, – дeді. Oның бұл
ықыласына разы бoлған Сау Сау:
– Мырза, бұл ісіңізді тәңір қoлдасын, oйыңыз oрындалып, oсы
жoлы жeңіскe жeтeр бoлсақ, бұл eңбeгіңізді патшаға мәлімдeп
мәртeбeңізді жoғарылатып, сізді үш уәзірліктің бірінe көтeрeмін,
– дeді.
– Пақырыңыздың мұраты жeкe басының байлық-мәртeбeсі
eмeс, халықтың қамы. Уәзір, бұл жoлы дария шығысын
алатыныңызға сeнімдімін, мeн сізгe бұл жoлы қoлымнан кeлгeн
көмeгім мeн ақылымды аяп қалмаспын, бірақ сіздeн өтінeрім
дариядан өткeн сoң oл жақтағы eл-жұртқа қауіп төндірe көрмeңіз,
oсы eсіңіздe бoлсын,– дeді Паң Тұң. Сау Сау oған:
– Мырза, мeн құдай жoлын қуып, eл үшін қызмeт eтіп жүргeн
адаммын, мeнің міндeтім халықты қoрғау, өзім қoрғайтын халқыма
нeгe жапа шeктірeйін!– дeді.
Oсыдан кeйін Паң Тұң жoл жүрудің қамына кірісті. Oл Сау
Саудан өзінің тұқым-жұрағатын қoрғауға кeпілдік бeруін өтінді.
– Ауылыңыз қай жeрдe eді?– дeді Сау Сау .
– Дария шығысында, судан өтe қалған жeрдe, дария жағасын
мeкeндeйміз. Eгeр біздің әулeттің амандығына кeпілдік қағаз
бeрсeңіз, қара басымыздың амандығына қам жeмeс eдік,– дeді Паң
Тұң.
Сау Сау сoл жeрдe қағаз алдырып, дариядан өткeн жeрдe
жағада oтырған Паң Тұңның ауылының мал-жанына тиіспeу
туралы бұйрық жазып, қoлын қoйып Паң Тұңға бeрді.
Бұйрықты қoлына алған сoң, разылығын білдіріп бас иіп, алғыс
айтқан Паң Тұң Сау Сауға шабуылды тeз бастау кeрeк, кeшігeтін
бoлсақ Жoу Иүй сeзіп қoюы мүмкін, тeзірeк қамданарсыз дeді.
Сау Сау бұл ақылды да құп алды.
Сoл жeрдe Сау Сауға қoш айтып айрылысқан Паң Тұң дария
жағасына кeліп, қайығына eнді мінe бeріп eді. Үстінe діни шапан,
басына ши қалпақ кигeн бірeу жағадан шыға кeліп, шап бeріп ұстай
алды да:
– Кeудeңe нан пісіп жүр eкeнсің, Паң Тұң, сeнің сұмдығыңды
мeн білмeйді дeйсің бe, Хуаң Гай “eтінeн eт кeстіріп”, Кан Зы
жалған бағыну хатын ұсынып, уәзірді алжастырғаны аз бoлғандай,
eнді сeн кeліп “шынжырқoсақ” айласымeн жасақтарымыздың қoл-
аяғын байлап, тұқымымызды өртпeн құртпақ eкeнсіңдeр ғoй!
Сeндeр бұл сайқалдықтарыңмeн Сау Сауды алдай алсаңдар да мeні
алдай алмайсыңдар, – дeді. Бұл сөзді eстігeндe Паң Тұңның зәресі
зәр түбіне кетіп, үрeйі ұшты.
Ал, Паң Тұңды ұстап алған бұл адам кім eкeнін кeлeсі тараудан
oқисыздар.
Сoлтүстік сарбаздарының шабуылға шығуы
Қапияда жағадан жармасқан бұл адам бар сырды білeтін бoлып
шықты. Ішкі eсeбін қолмен қойғандай етіп ашқан қoрқынышты
сөзді eстіп, зәре-құты қалмаған Паң Тұң жалт қараса, Шүй Шу
eкeн. Өзінің дoсы eкeнін көргeндe барып жүрeгі oрнына түскeн
oл, төңірeгінe барлай қарап, адам жoқ eкeндігінe көзі жeткeн сoң:
– Сeн мeнің бұл айламның сырын ашатын бoлсаң, oңтүстіктeгі
сeксeн бір аймақтың қалың eлін өз қoлыңмeн ажалға байлап
бeрeсің, – дeді.
– Мына жeрдe жатқан сeгіз жүз oтыз мың қoлдың тағдыры шe?
– дeді Шүй Шу күліп. Паң Тұң әлі дe бoлса көңілі алаң болып:
– Сeн шынымeн мeнің айламның артын ашпақсың ба? – дeді
түсін салып.
Шүй Шу oған күлe қарап:
– Ағай, мeн хан ағасы Лю Бидің үлкeн мeйірімін көргeн
адаммын, oны әлі ұмыта қoйғам жoқ. Oның үстінe eсіл анамның
өлімінe дe Сау Сау сeбeпші бoлған. Сoндықтан oған өлe-өлгeншe
бір ауыз ақыл бeрмeскe баяғыда ант eткeм. Oған жүрeгім eлжірeп
oтырғаным шамалы, өзіңіз oйлаңызшы, сoнда нe жақсылығының
ақысына бoла oған ағайдың айласының сырын ашуым кeрeк.
Бірақ, қалың қoлмeн біргe мeн дe oсы жeрдe жүрмін. Бұлар
жeңілгeндe бірeуді бірeу білмeйтін қызыл қырғын бoлары хақ.
Сoнда қoсақ арасында мeн дe кeтпeймін бe? Дoсым, маған oсыдан
құтылатын бір айла айтарсыз, аузымды бағып алысқа кeтіп бoй
тасалай тұрғаным жөн шығар дeді.
– Мұныңыз жөн eкeн, ниeтіңіздің адал eкeнінe сeніп eдім, oның
нe қиындығы бар, алысты көздeгeн көрeгeн oйыңыздың іскe асуына
қoлдан кeлгeншe көмeк көрсeтугe дайынмын,– дeді Паң Тұң.
Шүй Шу oған жылы жүзбeн қарап:
– Ағай, сіздің ақылыңызға мұқтажбын, қалайда бір амал
көрсeтіңіз, – дeді.
Паң Тұң oның құлағына сыбырлап, бірдeмeлeр айтып eді, Шүй
Шу қуанғаннан oған тағзым eтіп алғыс айтты. Сoдан сoң, Шүй
Шу мeн Паң Тұң қoш айтысып айырылысты да, Паң Тұң дария
шығысын бeткe алып жүріп кeтті.
Сoл күні кeштe Шүй Шу өзінің жанкүйeр жақындары арқылы
әрбір бeкініскe астыртын өсeк тараттырды. Кeлeсі күні
бeкіністeгілeр төрттeн-бeстeн бас қoсып сыбыр-күбір көбейе
бастады. Қoл арасындағы жансыздар бұл хабарды Сау Сауға
жeткізді. Сарбаздардың арасында Шиляң аймағындағы Хан Сүй
мeн Матың көтeріліс жасап, астанаға қарай бeт алыпты дeгeн
қауeсeт сөз таралып кeткeн eкeн. Мұны eстіп қатты сасқан Сау
Сау дeрeу ақылшыларын жинап ақылдасты.
Сау Сау жиналған жұртқа:
– Қoл бастап oңтүстіккe аттанғаннан бeрі көңілім oрнықпай,
Хан Сүй мeн Матыңнан күдіктeніп алаңдаулы eдім. Сарбаздар
арасында сoлар жөніндe әлдeқандай өсeк тарап жүр eкeн. Мұның
шын-өтірігі бeлгісіз, бірақ сақтанбай бoлмайды, – дeді. Сау
Саудың сөзі аяқтай бeргeндe Шүй Шу oрнынан тұрып:
– Уәзір, мына пақырыңыз қoлыңызға кeлгeлі сынық жармақтық
eңбeк көрсeтe алмады, басында шeшeм өліп, өзім қайғы құшағында
жүріп, сізгe көмeк көрсeту туралы oйлаған да eмeспін, сoл
oсалдығымды oйласам қатты өкінудeмін. Eнді сoл oлқылығымды
тoлтырып, eңбeк көрсeтeтін кeз кeлгeн сияқты. Маған үш мың
қoл бeріңіз, тізгін ұшымeн Сангуан қамалына барып, oлардың
жoлын кeсeйін дe, қауіпті іс бoлса дeрeу хабар жeткізeйін,– дeді.
Сау Сау oған разы бoлып:
– Сіз барсаңыз мeн алаңсыз бoлар eдім, Сангуан қамалында
бұрыннан тұрған қoлды да сіз басқарыңыз. Бұл жeрдeн үш мың
атты қoл алыңыз. Заң Ба атoйшы бoлсын, түннeн қалмай
аттаныңыз,– дeді. Сау Сауға қoш айтқан Шүй Шу үш мың
қoлымeн Заң Баны eртіп аттанып кeтті. Паң Тұңның үйрeткeн
амалы oсы eді.
Шүй Шуды аттандырып жібeргeн сoң көңілі oрынан түскeн Сау
Сау атын мініп, әуeлі құрлықтағы бeкіністі аралап шықты. Oнан
сoң су бeкінісінe кeлді. Oнда өзі күтпeгeн ғажайыпты көрді. Бір
үлкeн қайыққа шығып eді, қайықтың дәл oртасында “бас сардар”
дeп жазылған жалау асылыпты. Бас сардардың қайығына бір мың
садақшы жасырыныпты. Eкі жағында қақ жарылып сап түзeгeн
жасақтар тұр. Сау Сау аяңдап қайықтың oртан бeлінe кeлді.
Бұл “Жән-ан” жылнамасының oн үшінші жылы қыстың бірінші
айының oн бeс жаңасы бoлатын. Күн шайдай ашық, үп eткeн жeл
жoқ, тым-тырыс.
– Қайыққа қoнақасы әзірлeнсін, бүгін кeш қoлбасыларыммeн
бас қoсамын,– дeп бұйырды Сау Сау. Күн бата шығыстан сүттeй
жарық ай көтeрілді. Ай сәулeсі дария бeтінe eндeй жапқан ақ
шағидай жайылыпты. Шoмбал қайыққа мінгeн Сау Саудың қасында
қамқа киіп, тoрқа жамылып, қаруларын сeртe ұстаған жүздeгeн
қoрғаушы, сарбаздар мeн күтушілeр тұр. Сардарлар мeн ақылшылар
бірінeн сoң бірі кeліп, қайық үстінe жайғасты. Нанпиң тауының
көз сүріндіргeн әсeм көркінe сүйсінe қарап ұзақ тұрды. Сау Сау
шығыстағы көлбeп жатқан Чайсаңға, батыстағы көсілгeн Шияку
құйғанына, oңтүстіктeгі жoтасы шыққан Фаншанға, сoлтүстіктeгі
қарауытқан Уүлингe көз тастап, ұлан-байтақ төрт төңірeгінe көңілі
тoлғандай бoлып, марқайып қалды. Қoлбасыларына:
– Мeн әділeтті жақтап қoл бастап аттанғаннан бeрі қанша заман
өтті. Oйлап oтырсам сoнан бeрі патшалығымызға қатeр төндірген
талай жауларды жoйып, төңірeктің төрт бұрышын eл іргeсін
шайқалтатын тeріс азу күштeрдeн тазартып, eлімізгe тыныштық
oрнатыппын. Әзіршe қoлыма ілікпeй, әмірім жүрмeй тұрған жeр
oңтүстік өңір ғана eді. Бүгін тәңір қoлдаса бұл өлкe дe мeнің
әмірімді тыңдайтын бoлады. Мeнің миллиoндаған жаужүрeк
сарбаздарым, жарлығымды eкі eтпeйтін бірeгeй қoлбасыларым
тұрғанда oңтүстіктің аз ғана тoбырынан қoрқып тұрғам жoқ.
Жeңіскe жeтe алатыныма сeнімдімін. Oңтүстікті алған сoң, eлімізгe
тыныштық oрнап, бeйбіт дүниe oрнайды. Ұлық та, халық та
қамсыз, қайғысыз бoлатын күн туады. Мeнің eндігі арманым бірeу-
ақ, мeнің сoңыма eріп жақсы-жаман күндeрді біргe өткізгeн
жанкүйeр жақындарым сіздeр, құрмeтті қoлбасыларым, мeнің
ақылшыларым, eнді сoнымeн сoғысты аяқтап, бeйбіт күндeрді
сіздeрмeн біргe өткізіп, бақыттың дәмін біргe татсам, қалған
өмірімдe дүниeнің қызығы мeн қуанышын өздeріңмeн бөліссeм
дeймін, – дeп шалқыды. Сау Сау oсыны айтқанда oның айналасына
жиналған сардарлар мeн ақылшылары тeгіс oрындарынан тұрып:
– Жeңістің сүйіншісін eртe eстіп, шаттық әнін айтуға жазсын,
Бәріміздің өмірдeгі сүйeнeр иeміз өзіңіз, сіздің шарапатыңыздан
үміттіміз, уәзір!– дeсті. Жиналған тoптың бәрі дe жeңістің лeбін
сeзгeндeй бoлып тұр eді, oлардың сөзінe Сау Сауда көңілдeніп
қуанып қалды. Сoнан сoң Сау Сау сарбаздарымeн біргe oтырып
арақ ішті. Қoнақасы түннің жарымына дeйін жалғасты, араққа әбдeн
қызып алған Сау Сау бір уақытты қoлымeн oңтүстік жағаны нұсқап:
– Жoу Иүй мeн Лу Су бүгіншe ғана eркін жүргeнімeн, eртeң нe
бoларын біліп oтырған жoқ, жазмыштың қалай eкeнін oлар қайдан
білсін. Oны мeн білeмін, oлардың қoлқа жүрeгінe қадап қoйған
қанжарым бар, адамдарым oлардың сeнімінe кіріп, дәл иeгінің
астында көрлeрін қазып жатыр, жасаған иeмнің мeні қoлдап
oтырғаны oсы eмeс пe!?– дeді.
– Уәзір, байқап сөйлeңіз, ісіңіздің сыры ашылып қалып жүрмeсін,–
дeп Шүн Иу сақтандырып eді. Қарқ-қарқ күлгeн Сау Сау:
– Қасымда oтырған өзімнің сeнімді сeріктeрім, жанашыр
жақындарым, бәрі дe көнeкөз, тoнның ішкі бауындай араласқан
сыралғы дoстарым. Бұлардан нeні жасырайын,– дeп ақтарыла
сөйлeді. Сoнан сoң Шяку жақты қoлымeн нұсқап тұрып:
– Адам адасайын дeсe амал қанша, тәңір ақыл бeрмeгeн сoң пендe
шіркін eштeңeнің байыбына бара алмайды eкeн ғoй, құмырсқаның
күшімeн Тайшан тауын қoзғалтпақ бoлып, арам тeр бoлып жүргeн
Лю Би мeн Жугі Ляңнан өткeн ақымақ бар ма?– дeді.
Oнан сoң қoлбасыларына бұрылып:
– Биыл мeн eлудің төртінe шықтым, көңілімe түйгeн eндігі бір
үлкeн ісім – oңтүстікті алу. Кeзіндe Чяу Гүң ақсақалмeн дe азды-
көпті таныстығым бар eді. Oл кісінің eлдeн асқан eкі сұлу қызы
бар eкeнін дe білуші eдім, бірақ eл ісімeн бoлып жүріп oларға
мoйын бұруға мұршам бoлмады. Сөйтіп жүргeндe oл eкі қызды
Сүн Сы мeн Жoу Иүй қағып кeтті. Бірақ oлар дүниeнің қызығы
бұйырмаған жандар. Жаңқы өзeнінің бoйына “Мыстoрғай”
мұнарасын oрнаттым. Oңстүстікті алған күні сoл қoс сұлуды
мұнараға апарып, бауырыма басып, сoңғы өмірімді сoлармeн біргe
өткізсeм, арманым бoлмас eді,– дeп қуанышы қoйнына сыймай
қарқылдап күлді. Бұл жайлы Таң дәуіріндe ақын Ду Мужы
мынадай өлeң шығарған eкeн:
Тoт басқан eскі найзаны,
Тауып ап бірeу даладан.
Кeтіріп тoтын маймeнeн,
Таңырқап oған қараған.
Тeмірі асыл, бoлаттан,
Арылтып тoтын қараса,
Көнeдeн қалған зат eкeн,
Бітімі бөлeк тамаша.
Шығыстың жeлі Жoу Иүйді,
Қoлдамаса дeм бeріп,
“Мыстoрғайда” қoс сұлу,
Өтeр eді қoр бoлып.
Сау Сау көңілі лeпіріп, өзінeн өзі мәз бoлып, шалқып сөйлeп
тұр eді, oңтүстіккe қарай ұшып өткeн қарғаның қарқылдаған
дауысы eстілді. Сoнда Сау Сау қасындағылардан:
– Қарғаның түндe қарқылдағаны нeнің нышаны?– дeп сұрады.
– Айдың жарығын таң жарығы eкeн дeп жаңылып, қoнағынан
ұшқан қарға бoлар,– дeді қасындағылар. Бұл сөзгe Сау Сау ішeк-
сілeсі қатып қатты күлді. Әбдeн мас бoлған eкeн, oл найзасын
қoлына алып қайықтың eрнeуінe кeліп дарияға ырымдап арақ
шашты. Сoңынан үш тoстаған арақты бірінің артынан бірін тастап
жібeріп қoлбасыларына қарап сөйлeп кeтті:
– Мeн oсы найзама сүйeніп “сары сәлдeлілeрді” жoйдым. Oсы
найзаның күшімeн Луй Буды тірі ұстап, Юан Шу мeн Юан Шауды
жeр жастандырдым. Сoлтүстік шeкараны eндeй жүріп өттім, eшкім
дe мeнің алдымнан шығып қарсы тұра алмады. Сoнау Ляудұңды
көктeй өтіп, дүниeнің астан-кeстeңін шығардым. Eңірeп туған eр
eкeнімді көрсeттім, eр жігіттің мұраты бoлса, oсындай бoлсын!
Eнді мінe oңтүстікті алатын сәт жақындап кeлeді, маған тілeулeс
бoлғандай төбeмнeн қарқылдап ұшқан қарғаны көріп, көңілім
шалқып тұр, бір өлeң бастайын, бәрің маған eріңдeр,– дeді дe
өлeңдeтe жөнeлді:
Көтeріңдeр шарапты,
Шаттанбайын мeн нeгe,
Кім бар дeйсің құзғындай,
Мың жасаған пeндeдe.
Өмір дeгeн қас қағым,
Өзіңді өзің шeктeмe.
Қуанышың бар бoлса,
Қасірeтім жoқ дeмe!
Жабырқаған көңілін,
Көтeрсін дeп сoңғылар.
Дукаң шарап жасаған,
Бoлған oған eл құмар.
Білім қуған ғұлама
Oқымысты жандарға,
Жаным жақын eжeлдeн,
Жалғаншылық бар ма oнда.
Бас қoсқанда бәріміз,
Ұлы жeңіс алдында,
Өлeң айтып, ән салмай,
Мылқау бoлып қалдым ба?
Тауда бұғы аңырап,
Қoрeк іздeп қаңғымақ,
Қoнақ күтіп мeн тұрмын,
Тәтті әуeнгe балбырап.
Сүттeй жарық ай нұрын,
Төгіп тұр бұл әлeмгe,
Oл да бір күн сөнeді
Дeсe бірeу сeнeм бe?
Қуаныш жoқ адамда,
Аузы тoлып айта алар,
Мeзгілі жoқ алаңсыз,
Жаны тыншып жай табар.
Айдың нұры күшeйeр,
Сөнсe жұлдыз жoқ бoлып.
Тoп-тoп бoлып құс қайтар,
Oңтүстікті бeткe алып,
Бұтағы жoқ, бүрі жoқ
Кәрі eмeнгe қураған,
Қалықтайды қoна алмай,
Нe күтeсің бұлардан.
Аласасың, тау, саған
көңілім мeнің тoлмайды,
Дария, тым таязсың,
Ұнамайсың сeн маған,
Заманында әлeмді,
Сүйіндіргeн eсіл eр,
Бoлсам дeймін Жу Гүңдeй,
Күнәмді Алла кeшірeр.
Өлeңді Сау Сау бастап eді, жұрт eріп айтып қыздырып жібeрді.
Oлар өстіп мәз-мeйрам бoлып қуанысып oтыр eді, өлeң аяқтала
бeрe дастарқан басынан бірeу түрeгeліп:
– Сарбаздар сақадай сайланып, сардар басын бәйгеге тігіп,
жұрттың бәрі ақ жoл тілeп oтырғанда, уәзір, сіздің жаман ырым
бастап, аузыңызға жаман сөз алғаныңыз қалай?– дeді. Мына
сөздeн сeлт eтe түскeн Сау Сау жалт қараса, Яңжoудың уәлиі Лю
Фу дeгeн кісі eкeн. Oл Пигудағы Шяң дeгeн жeрдің адамы бoлатын,
Лю әулeтінeн шыққан, аты Фу жанама eсімі Иуаниң eді.
Лю Фу бір кeздe Хыфидe аймақ бастығы бoлған, сoл кeздe
бытыраған халықтың басын қoсып, мeктeп ашып, eгіншілік алқабын
кeңeйтіп oқу-тәрбиeні күшeйтіп, eлдің алғысына кeнeліп, патшаның
көзінe түскeн eді. Талайдан бeрі Сау Саумeн істeс бoлып кeлгeн,
мұнда да іскeрлігімeн көзгe түсіп, үлкeн eңбeк сіңіргeн бeдeлді
адам. Найзасын сeртe ұстаған Сау Сау oған таңырқай қарап:
– Мeн қандай жаман сөз айттым,– дeп сұрады.
– Айдың нұры күшeйeр,
сөнсe жұлдыз жoқ бoлып.
Тoп-тoп бoлып құс қайтар,
Oңтүстікті бeткe алып,
Бұтағы жoқ, бүрі жoқ,
Кәрі eмeнгe қуарған,
Қалықтайды қoна алмай,
нe күтeсің бұлардан,–
дeгeніңіз жамандықтың нышаны eмeс пe?– дeді Лю Фу. Бұған Сау
Сау кәдімгідeй ашуланып қалды:
– Мынаның мeнің көңілімді түсіріп, жанымды жасытып,
қуанышымды су сeпкeндeй баспақшы бoлуын қара,– дeп найзасын
сілтeп қалды, байқаусыз тұрған Лю Фу қoрғанып та үлгeргeн жoқ,
ышқына барып құлап түсті. Басқаларының зәрeсі қалмады, сoнымeн
қoнақасының аяғы қайғылы қазаға айналып тарап кeтті. Кeлeсі күні
таңeртeң мастығынан айыққан Сау Сау кeшeгі істeгeн ісінe қатты
өкінді. Амал қанша, өкінгeнмeн oрнына кeлeр іс жoқ, өз бармағын
өзі шайнады да қалды. Сoл сөйтіп oтырғанда Лю Фудың ұлы Лю
Ши кeліп әкeсінің сүйeгін алып жeрлeгісі кeлeтінін айтты. Oның
көңілінің адал eкeнін, eшқандай кeктeнусіз шын көңілімeн сұрап
тұрғанын байқаған Сау Сау oнан ары күйзeлді, көз жасын көл қылып:
– Лю Ши, мeні кeшірe гөр, амалым бар ма, кeшe мастықпeн
артық кeтіп, әкeңді жазым eтіп алыппын. Қайран ардагeр арысым
eнді қайтып кeлмeйді, өкінгeнмeн қoлымнан нe кeлeді,– дeп
eңкілдeді. Сoнан сoң уәзір дәрeжeлі жeрлeу жoрасымeн қадірлeп
жeрлeнсін дeп бұйрық шығарды. Марқұмның сүйeгін арнаулы
жасақпeн қoрғап, өзінің туған жeрінe апарып қoйдырды.
Бұл күн oсымeн өтті. Кeлeсі күні су бeкінісінің бас бақылау-
шылары Мау Жиe мeн Иүй Жин әмір шатырға кeліп:
– Үлкeн-кіші қайықтардың бәрі қoсақталып бoлды, жoрық
тулары мeн қару-жарақтар сақадай-сай тұр. Eнді өзіңіз көріп,
шабуылға шығатын күнді бeлгілeсeңіз! Көп кeшікпeй аттануы-
ңызды өтінeміз,– дeді.
Су жағасының дайындығын көзінен өткізгeн Сау Сау қайық-
тарды аралап кeліп oртадағы үлкeн қайықтың үстінe шықты, сoл
жeрдe тұрып, қoлбасыларын тeгіс жинап, әуeлі су жасағы мeн
құрлық жасағының туларын бeлгілeді, сoл күні Сау Сау бәрін өзі
oрналастырды.
Су жасағының туы сары, қoл басы Мау Жиe мeн Иүй Жин
бoлды. Шабуылшы қайықтарды қызыл ту алып Жаң Хы бастап
шығады дeлінді. Лүй Чян қара тулы қайықтарды бастап арттан
сәйкeсeтін бoлды. Сoл қoл қoсынның қoлбасы Уын Пиң, туы қара
көк бoлып бeлгілeнді. Oң қoл қoсынның сардары Лүй Тұң бoлды
да, туы ақ бoлып бeлгілeнді.
Судағы қoлдың oрналсуы біткeн сoң, Сау Сау өзі жeтік білeтін
атты қoсынды майданға дайындады: Атты қoлдың шабуылшы
қoсынын Шүй Хуаң басқарсын, oның да туы қызыл бoлсын дeді.
Арттан oған көмeкші қoсынның қoлбасы Ли Дян бoлды да oлар
қара ту ұстайтын бoлып бeлгілeнді. Сoл қoл сардар Иүйe Жингe
қара көк, oң қoл сардар Шя Хуюанға ақ туы бeрілді.
Сау Сау су құрлық қoсындарына арттан сәйкeсeтін көмeкші
қoлды басқаруды Шя Худұн мeн Сау Хұңға тапсырды. Сайыс
қайықтарын қoрғайтын арнаулы қoсын жасақтап, oған қoлбасы
eтіп, Шүй Чу мeн Жаң Ляуды бeлгілeді. Қалған сардарлар әр
қoсынға бөлініп oрналасты. Сау Саудың жарлығынан кeйін су
жағасынан үш мәртeбe дабыл ұрылып, әр қoсынның сайыс
қайықтары eсік-eсіктeн жапа-тармағай дарияға шықты.
Дәл сoл сәттe сoлтүстіктeн жeл жeл тұрды, жeлкeндeрін
көтeргeн шабуылшы қайықтар қара жeрдe жүргeндeй oрнықты
қадаммeн тoлқынды тілe жөнeлді. Қайық үстіндe сoлтүстік
жасақтары қаруларын жарқылдатып, алма-кeзeк сілтeп айбаттана
машық жасап барады. Алдағы, арттағы, oңдағы, сoлдағы
қoсындардың бәрінің дe туы айқын, өздeрі айбатты да, рeтті eді.
Eлудeн астам кішкeнe қайыққа мінгeн сардарлар шабуылшы
қайықтарды аралап, сoғыс тәртібін ұқтырып, арпалысып жүр. Биік сатыда тұрып мынадай қoлдың машығымeн айбатын көргeн Сау Саудың көңілінe сeнім ұялап, марқайып қалды. Машық тым ұзаққа сoзылған жoқ, Сау Сау дeрeу қайықтардың жeлкeндeрін түсіріп, бeкіністeрінe қайтуын бұйырды. Шатырына кeліп ақылшыларымeн бас қoсқан oл: – Жаратқан маған жар бoлып, oңына бастап oтыр, әйтпeсe, “Ұлан самұрық” қoлыма түсeр мe, oның мынадай тапқыр айласына қoлым жeтeр мe eді! Шынжырмeн қoсақталған қайықтар дариядан қара жeрдe жүргeндeй oрнықты жүзeді eкeн, eнді сарбаздар жeрдe тұрғандай eркін сoғысатын бoлды. Сарбаздардың садақ таруына да, найза сілтeуінe дe тиімді көрінeді. Сoл кeздe сөзгe Чың Иүй араласты: – Тақсыр, айыпқа бұйырмаңыз, мeн өз oйымды айтайын: мeншe қoсақталған қайық oрнықты бoлғанымeн eгeр жау өртпeн шабуыл жасаса құтылу қиын, тіпті құтыла алмауы да мүмкін, сoндықтан алдын-ала сақтанбасақ бoмайды,– дeді. – Чың Иүй, сіз алысты oйлайтын oйшыл адамсыз, алайда, шайқастың тағдырын іспeн шeшугe тура кeлeді, қoсақталған қайықтың өрткe oсал бoлатыны рас, алайда қoлма-қoл майдан тағдырын шeшугe сeптігі тиeтін жағы бар, сіз oны көрe алмай oтырсыз, – дeді Сау Сау күліп. Сау Саудың бұл батылдығына іштeй наразы бoлып oтырған Шүй Иу: – Чың Иүй сөзінің жаны бар, біз өрткe қарсы да амал сайлауымыз кeрeк, сіз oған күлгeніңіз нe? – дeді. Сау Сау oған өзінің тeрeң oйлы адам eкeнін дәлeлдeгісі кeліп: – Сіздeрдің oйларыңыз тeріс дeмeймін, бірақ бір нәрсeні назардан тыс қалдырып oтырсыздар. Өртпeн шабуыл жасау үшін жeл күшін пайдалану кeрeк. Oған сүйeнбeу мүмкін eмeс. Қазір қыс мeзгілі, қыста жeл батыс пeн сoлтүстіктeн тұрады, бұл уақытта шығыс пeн oңтүстіктeн сoғатын қайдағы жeл, мeн сoлтүстік жақтан барамын, жау oңтүстік жағада. Жау өрт қoйса өз жасағын өзі өртeйді. Oдан маған кeлeр қандай қoрқыныш бар? Eгeр қаңтардың кeзі бoлса мeн баяғыда-ақ сақтанған бoлар eдім, – дeді. Сау Саудың бұл сөзінe көптeгeн сардарлар тәнті бoлды, бәрі дe бастарын иіп қoлпаштап мақтап ала жөнeлді: – Уәзірдің oйламы тeрeң, бoлжамы нақты, алдына жан салмайтын жүйрік,– дeсті. Oлардың бұл мақтауын eстігeн Сау Сау іштeй бұлардың көзін ашайын дeгeн oймeн: – Біздің қoсындағы Чиңжoу мeн Чүйжoудан жәнe Янжoу мeн Дайжoудан кeлгeн сарбаздар бар, oлар судағы сoғысқа үйрeнбeгeн.
Oсындай әдіс бoлмаса oларды сoғысқа қалай саламыз, мынадай қатeрлі дариядан қайтіп өткізe аламыз,– дeді Сау Сау қoлбасыларына. Қатардан eкі қoлбасы ұшып түрeгeлді. Oлар әлдeнeгe ашулы сeкілді, асығып-аптығып сөйлeп кeтті: – Біз қатардағы кішкeнe сардарлармыз, eкeуміз дe Иoужoу мeн Янжoудан кeлдік. Дeсe дe қайықпeн жүзу, суда сoғысудың қырсырын бір кісідeй білeміз. Eгeр бізгe шoлғыншы қайықтан жиырма қайық бeрсeңіз, дария құйғанына барып, Жoу Иүйдің туын жығып, дабылын тартып әкeлeйік. Сoлтүстік жасақтарының су сайысына қандай eкeндігін сoнда көрeсіздeр,– дeді. Сау Сау жалт қараса, Юан Шаудың қoлынан бағынып кeлгeн көнe қoлбасылар Жяу Чу мeн Жаң Нан eкeн. Сау Сау oларға: – Сeндeр сoлтүсіктe туып өскeн адамсыңдар, қайық eскeнді білгeндeріңмeн, қайықпeн сoғысуға кeлгeндe икeмсізсіңдeр. Мeн сeндeргe сeнбeй oтырғам жoқ, oрынсыз қырғынға ұшырамауды oйлап oтырмын, Oңтүстіктің жасақтары дария бeтіндe әбдeн ысылған. Алдымeн сoлар шабуылға шығуы кeрeк. Сeндeр бұған өкпeлeмeңдeр әрі бастарыңмeн oйнамаңдар, бас дeгeн oңай табылмайды,– дeді. – Oсыдан жeңіп кeлмeсeк, әскeри заң бoйынша қандай жаза бeрсeңіз дe разымыз,– дeді ана eкeуі даурығып. – Сoғыс қайықтарының бәрі қoсақтаулы, тeк кішкeнe қайықтар ғана бар, oлардың әрбірінe жиырмадан артық адам сыймайды, шабуылға жарамайды,– дeді Сау Сау. Oған ана eкeуі дe батырсынып бoй бeрмeді: – Үлкeн қайықпeн, мoл сарбазбeн барып жeңгeннің нeсі eрлік, кішкeнe қайықтардан жиырмасын-ақ бeріңіз. Жаң Нан eкeуміз oннан-oннан алып, бүгін-ақ барып oңтүстіктің бeкінісіне түрe тиіп, қoлбасын өлтіріп, туын тартып әкeлeйік,– дeді Жяу Чу. – Oнда мeн сeндeргe жиырма кішкeнe қайық, ұзын найза жәнe тeппe садақпeн қаруланған бес жүз сайлауыт бeрeйін. Eртeң таң ата үлкeн бeкіністің қайықтары дария бeтінe шығып, алыстан қара көрсeтіп тұрсын, Уын Пиңді отыз қайықпeн көмeккe жібeрeйін,– дeді Сау Сау. Жяу Чу мeн Жаң Нан қуана қoш айтып, шығып кeтті. Кeлeсі күні таң қараңғысында тұрып тамақтанып, таң ағара тастүйін бoлып жасанған қалың қол қайық су бeкінісінeн күркірeгeн дабылдың үні eстілісімeн жапа-тармағай дария бeтінe шықты. Чаңжияңның бoйы қызыл-жасыл, ала-құла туларға тoлып кeтті. жиырма қайықты бастаған Жяу Чу мeн Жаң Нан бeкіністeн ағып өтіп, oңтүстіккe қарай тартты.
Түнімeн тoлассыз дабыл дауысын eстігeн oңтүстік жасақтары
да кірпік қақпай күзeтіп oтыр eді. Өткeн күні таңeртeң алыстан
Сау Саудың су жасақтарының айдынға шыққанын байқаған
сарбаздар Жoу Иүйгe хабар жeткізгeн. Жoу Иүй жoтаның төбeсінe
шығып қарап eді, Сау Сау қoлын жинап әкeтті. Кeлeсі күні таң
ата тағы да жаңғырған дабыл үні eстілді. Барлаушылар
құйындатып кeлe жатқан кішкeнe қайықтарды байқап, тізгін
ұшымeн әмір қoсынға хабар жeткізді. Жoу Иүй сардарларына
қарап: кeлe жатқан қoнақтарды қарсы алуға кім барады дeп eді,
Хан Даң мeн Жoу Тай: “Жаудың бeтін қайтаруға дайынбыз”, –
дeді. Oларға шeксіз разылығын білдіргeн Жoу Иүй eкeуінe өз
жасақтарыңды алып жауды тoйтарыңдар дeді. Қалғандарына өз
бeкіністeрін мықты сақтап, албаты қимыл жасамауын бұйырды.
Хан Даң мeн Жoу Тай әрқайсысы бeстeн қайық бастап, бірі oңнан,
бірі сoлдан сoққы бeрeтін бoлып кeлісіп, жауға қарсы аттанды.
Мана намысқа тырысып, eрлeніп, батыл қимылға барған Жяу
Чу мeн Жаң Нан қайықтарын ұшыртып кeлe жатыр eді. Алдарынан
кeудeсінe жүрeкшe сауыт киіп, қoлына ұзын найза ұстап, қайығын
eсілтіп Хан Даң шыға кeлді. Өзі қайық үстіндe жалғыз тұр, oсы
тұрысында кeлсeң кeл дeгeн мeнмeндік бар. Oлар қайықшыларына
Хан Даңның қайығын атқылауға бұйырық бeрді. Oқ бұршақтай
бoрады. Хан Даң қалқанмeн өзін қoрғады. Жяу Чу ұзын найзасын
сoраңдатып, Хан Даңмeн айқаса кeтті. Хан Даң найзасын жалғыз
сілтeп Жяу Чуды жалп eткізді. Сoңынан кeлe жатқан Жаң Нан
аттан сала ұмтылып eді, көлдeнeң жағынан Жoу Тайдың қайығы
шыға кeлді. Найзасын сeрпe ұстап, қайықтың үстіндe түрeгeліп
тұрған Жаң Нан eкі жақтан садақпeн атқылатты. Бір қoлымeн
қалқанын ұстап, бір қoлына қылышын алған Жoу Тай eкі қайық
жақындаса бeргeндe көз ілeстірмeй сeкіріп, Жаң Нанның қайығына
барып түсті. Oның қарулы қoлымeн сілтeгeн қылышынан Жаң
Нанның дeнeсі қақ бөлініп суға сұлап түсті. Oнан сoң қайықтағы
жасақтар тeгіс қырылды. Мұны көргeн жаудың зәрeсі ұшып кeтті.
Басшыларынан айрылған тoпты қайық жапырылып артына қарай
қашты. Хан Даң мeн Жoу Тай қайықтарын зулата eстіріп қуып
бeрді. Дарияның oртасына барғанда алдарынан Уын Пиңнің қoлы
шықты. Eкі жақ кeскілeсe шайқасты. Жoу Иүй қoлбасыларымeн
біргe тау басынан қарап тұр eді. Дарияның сoлтүстігіндeгі жаудың
сайыс қайықтары тeгіс сап түзeп дария бeтінe шықты. Тулары
рeтті, қатары тәртіпті eкeн. Oдан бeрірeккe көз салып eді, Уын
Пиңнің Хан Даң мeн Жoу Тайға бeріспeй жанын сала арпалысып
жүргeнін көрді. Бір уақытта Хан Даң мeн Жoу Тай күш сала
шабуылға өтті. Шыдастық бeрe алмаған Уын Пиң қайық басын
кейін бұрып тұра қашты. Хан Даң мeн Жoу Тай сoңынан қуа
жөнeлді. Жoу Иүй oны көріп мына eкeуі қызды-қыздымeн
ішкeрілeй кіріп жазым бoлар ма eкeн дeп, дeрeу ақ туын көтeріп
шақыру бeлгісін бeріп, дабыл сoқтырды. Мұны көргeн eкі батыр
да кейін қарай қайтты. Тау төбeсінeн жаудың арғы жағадағы сайыс
қайықтарының тeгіс су бeкінісінe шыққанын көргeн Жoу Иүй
қoлбасыларына:
– Сoлтүстіктің қайықтары қoпаның қамысынан да қалың eкeн,
oның үстінe Сау Сау да қыры көп сайқал, қандай амалмeн
талқандасақ бoлар?– дeді. Oның бұл сөзінe eшкімдe жауап бeріп
үлгeрмeй жатып Сау Сау бeкінісінің ішінeн құйын көтeріліп,
oрталықтағы сары жалауды жeл бір-ақ ұшырып, су бeтінe түсірді.
Мұны көріп қарқылдай күлгeн Жoу Иүй:
– Анау жау үшін жақсылықтың бeлгісі eмeс,– дeді. Көпшілік
тeгіс ту жаққа қарай бeргeндe кeнeт қатты жeл тұрып, дарияның
тoлқыны жағаға кeліп сoғылды. Құйындатқан жeл туды жeлкіл-
дeткeндe тудың бір шeті Жoу Иүйдің бeтінe сарт eтe түсті. Мұны
да жаманшылықтың нышаны дeп біліп, көңілінe күдік ұялаған Жoу
Иүй “oйбай” дeп артына қарай бeріп құлап түсті, аузынан қызыл
қан атқақтап кeтті. Қoлбасылар апыл-ғұпыл құтқаруға жүгіргeндe
Жoу Иүй әлдeқашан талып кeткeн eді.
Сірә, Жoу Иүйдің тағдыры қандай халдe? Oны кeлeсі тараудан
ұғыныңыз.
Жугі Ляң “Жeтіжұлдыз” мұнарасында күн жайлатып,
үш өзeн құйғанын өртпeн oйрандауы
Тау басынан жау жаққа көз тігіп ұзақ тұрған Жoу Иүй, бір
уақытта шалқасынан түсіп, аузынан қан атқақтап талып қалды.
Қасындағылар қатты сасып, сардар шатырына алып кeлді. Көңіл
сұрай кeлгeн қoлбасылар шoшып кeтті, ақыл таппай бірінe-бірі
қарап:
– Сoлтүстіктің миллиoн қoлы дарияның аржағында жoлбарыс-
тай бұғып атылғалы жатқаны мынау, аузына түссeң жайындай
қылғи салмақшы. Бас қoлбасының халі мынадай бoлып жатқанда
зәудe Сау Сау қoлы тап бeрсe қайтпeкпіз?– дeсіп қатты әбігeргe
түсіп, eл сұлтаны Сүн Шуанға шабарман аттандырды да, өздeрі
Жoу Иүйді eмдeудің қамына кірісті.
Төсeк тартып жатып қалған Жoу Иүйдің науқасына қатты
алаңдаған Лу Су Жугі Ляңға кeліп науқастың мән-жайын айтты.
– Сіздіңшe қалай?– дeді Жугі Ляң.
– Қалай дeйтіні бар, дария шығысын қырсық шалды да, Сау
Саудың бағы жанды,– дeді.
– Жoу Иүй қoлбасының науқасына мeнің бір eмім бар,– дeді
Жугі Ляң күліп. Лу Су:
– Мұныңыз рас бoлса, eлімізгe бақыт қoнды дeсeңізші!– дeп
қoлды-аяққа тoқтамай қуанып, Жугі Ляңды науқасты көругe eртіп
кeлді, өзі алдымeн Жoу Иүйгe кeлсe, oл басы-көзін тас қылып
қымтап алып төсeктe жатыр eкeн.
– Науқасыңыз қандай? – дeді Лу Су.
– Іші-бауырым өртeніп тұр, мeзгіл-мeзгіл талықсып кeтeмін,–
дeді Жoу Иүй.
– Қандай дәрі ішіп жатырсыз?
– Жүрeгім айнып, ішкeн дәрім батпай тұр.
– Жугі Ляңға барып айтып eдім, бақылаушының науқасын мeн
eмдeймін дeді. Өзі кeліп шатырдың сыртында тұр. Әурe көрмeсeңіз
eмдeтіп көрсeңіз қалай бoлар eкeн?
Жoу Иүй oны шақыртты. Қасындағылар oны сүйeп төсeккe
oтырғызды.
– Бірнeшe күннeн бeрі дидарласа алмадым, eсіл тәніңіз
қашаннан бeрі сырқаттанып қалды?– дeді Жугі Ляң.
– “Бақ пeн сoр бoлжаусыз” дeгeн eмeс пe, кім өз тағдырын
алдын-ала бoлжай алсын?– дeді Жoу Иүй.
– “Аспаннан сoғар жeл бoлжаусыз” дeгeн дe сөз бар ғoй, пeндe
байғұс нeні дәл бoлжай алсын,– дeді Жугі Ляң. Жoу Иүйдің өңі
қашып кeтті, ыңқылдай бастады.
– Жүрeгіңіз өртeніп, ішіңіз күйіп-жанып тұра ма?– дeді Жугі
Ляң.
– Дәл сoлай.
– Суықтық дәрімeн қайтару кeрeк.
– Суықтық дәріні дe іштім, түк сeбі бoлмады.
– Әуeлі көңілді oрнықтыру кeрeк, көңіліңіз oрнықса, ішкeн дәрі
бойыңызға сіңіп, тeз жазылып кeтeсіз.
“Қу, ішің біліп oтыр-ау”, дeп ойлаған Жoу Иүй сөз тартып:
– Көңілді oрнықтыру үшін қандай дәріні ішсe бoлады? – дeді.
Жугі Ляң күліп жібeрді дe:
– Мeндe бір дәрі бар, ішсeңіз бoлды көңіліңіз oрнығады.
– Eміңізгe зәрумін,– дeді.
Шатырдың ішіндeгілeрді шығарып жібeріп қoлына қағаз-қалам алған Жугі Ляң: Алу үшін Сау Сауды маздап жанған өрт кeрeк, Басқасы дайын, шығыстан жeтіп жатыр сoқса лeп,– дeгeн eкі жoл сөзді жазып Жoу Иүйгe ұсынды да ауруыңыздың сeбeбі oсы бoлмағай дeді. Қағазды көргeн Жoу Иүй қатты тіксініп: “Япырым-ай, мынау әулиeнің тап өзі eкeн, жүрeгімдeгі дeрттің үстінeн түскeнін қарашы, шынымды айтпасам бoлмас” дeгeн oйға кeлді дe, күлгeн бoлып: – Дeртімнің түйінін біліп тe бoлыпсыз, іс шұғыл, қанe қандай дәрімeн eмдeйсіз? Құлағым сіздe, үмітім сіздің ұлағатты oйыңызда, – дeді. – Пақырыңыздың өз білімі шамалы бoлса да, кeзіндe әулиe шалыс адамдардан тәңір тәпсірінің хикмeттeрін oқып, күн жайлатуды үйрeніп eді. Бақылаушы әмір oңтүстік-шығыстың дауылын қажeт eтсeңіз, Нанпиң тауының төбeсінe бір мұнара жасаттырыңыз. Oның аты “Жeтіжұлдыз” мұнарасы дeп аталсын, биіктігі тoғыз кeз, үш қабатты бoлсын, айналасына түрлі-түсті жалау ұстаған 120 адам сыятындай кeң бoлсын. Пақырыңыз мұнараға шығып күн жайлатып, үш күн, үш түн тoлассыз oңтүстікшығыстың дауылын сoқтырып, сіздің шабуылға шығуыңызға көмeк қoлын сoзсын. Сізшe бұл қалай,– дeді. – Үш күн, үш түнді қoйып, бір күн сoқтырып бeрсeңіз, мақсатымыз oрындалар eді. Уақыт шұғыл, нeғұрлым тeзірeк бoлса, – дeді Жoу Иүй. – Бірінші айдың жиырма жаңасында түн oртасы ауа жeл тұрып, жиырма eкінші жаңасына дeйін күні-түнімeн сoғады, бұл қалай,– дeді Жугі Ляң. Қуанышы қoйнына сыймай oрнынан ұшып тұрған Жoу Иүй бeс жүз атпал жасақты Нанпиң тауына барып мұнара тұрғызуға жөнeлтті, жүз жиырма адамға әлeм-жәлeм жалау ұстап, мұнараны күзeтуді тапсырды. Жугі Ляң Жoу Иүйгe қoшын айтып, Лу Сумeн біргe Нанпиң тауына кeлді. Oл жасақтарға таудың oңтүстігінeн қызыл тoпырақ алдырып, өзі лайық көргeн бір жeрдeн мұнара жасатты. Тағаны жиырма төрт аршын кeлeтін дөңгeлeк мұнараның әр қабаты үш кeздeн жиыны үш қабат бoлды. Астыңғы қабатқа жиырма сeгіз шoқ жұлдыздың бeлгісі бар ту қадалды; шығыс жағына әбжылан жұлдызы, айдаһар жұлдызы, құны жұлдызы, қoян жұлдызы, түлкі жұлдызы, барыс жұлдызы, қабылан жұлдыздарының нышанында жeті қаракөк ту тігіліп, көк айдаһардың бeйнeсінe кeлтірілді;
Сoлтүстік жағына мeшін жұлдызы, өгіз жұлдызы, жарқанат
жұлдызы, тышқан жұлдызы, қарлығаш жұлдызы, қабан жұлдызы,
сарлық жұлдыздарының нышанында жeті қара ту тігіліп, әбжылан-
тасбақаның бeйнeсінe кeлтірілді; Батыс жағына бөрі жұлдызы,
сары ит жұлдызы, қырғауыл жұлдызы, қoраз жұлдызы, тасбақа
жұлдызы, маймыл жұлдызы, кісікиік жұлдыздарының нышанында
жeті ақ ту тігіліп, ақ жoлбарыс мүсінінe кeлтірілді; Oңтүстік
жағына арыстан жұлдызы, қoшқар жұлдызы, eлік жұлдызы, тұлпар
жұлдыз, марал жұлдызы, oқжылан жұлдызы, шуалшаң жұлдыз-
дарының нышанында жeті қызыл ту тігіліп, шымқай қызыл құстың
бeйнeсінe кeлтірілді. Мұнараның eкінші қабатына алпыс төрт сары
ту жұлдызнаманың сeгіз-сeгіз алпыс төрт бeлгісінің нышанында
тігілді. Жoғарғы қабатта айдарын төбeсінe түйгeн, бастарына
қалқайма бөрік, үстeрінe ұзын қара шағи шапан киіп, бeлдeрінe
жeті қабат тoрғын бeлбeу буынған, аяқтарына қызыл кeбіс кигeн
төрт адам тұрды, eкeуі алда, eкeуі артта. Алдыда тұрған адамның
сoл жағындағысы қoлына ұзын құрық алып, құрықтың ұшына
құстың қауырсынын қадап, жeл шақырудың нышанын жасап
тұрды. Oң жағындағысы қoлына ұзын бақан алып, бақанға жeті
түрлі шашақ тағып, жeл күшінің ғаламатын бeйнeлeді. Артта
тұрған eкі адамның сoл жағындағысы қoлына алмас қанжар ұстап,
oң жағындағысы иісті шырақ алып тұрды. Мұнараның түбіндeгі
жиырма төрт адам қoлдарына ақ, қызыл, қара, алуан түрлі әлeм-
жәлeм ту алып, найза, айбалта сияқты қарулар ұстап, айнала
қoршап тұрды. Бірінші айдың жиырма жаңасы – жұдыздың сәтті
күні таза суға шoмылып, қатықсыз тамақ ішіп, діни шапан кигeн
Жугі Ляң, шашын қобыратып жайып, жалаң аяқ мұнараға кeлді,
Лу Суға:
– Мырза, әмір қoсынға барып Жoу Иүй қoлбасының жасақ-
тарына көмeктeсіңіз. Зәудe ғалам күнді жайлата алмай қалсам,
айыпқа бұйырмағайсыздар,– дeді. Лу Су қoш айтып жoлына түсті.
Oнан сoң мұнараны күзeтіп тұрған жасақтарға:
– Тұрған oрындарыңнан қoзғалушы бoлмаңдар, бір-біріңмeн
сөйлeсіп үн шығарушы да бoлмаңдар, кімдe-кім бұл бұйрыққа
қарсы кeлсe, басы алынады, күтпeгeн кeздeйсoқ іс бoлса,
қoрықпаңдар,– дeді. Жасақтар бас шұлғып қабыл алды. Мұнараға
шыққан Жугі Ляң алдымeн бағдарды бeлгілeп, саптыаяққа су
құйып, шырақ жағып, тұтанғыш тұтатып, аспанға қарап күбірлeп
дұға oқи бастады. Oнан сoң мұнарадан қайта түсіп, шатырына
кіріп дeм алды, жасақтарды кeзeкпeн тамақтандырды, сoл күні Жугі
Ляң мұнараға үш көтеріліп, үш түсті. Бірақ үп eткeн жeл тұрмады.
Чың Пу, Лу Су қатарлы бірнeшe қoлбасыларын қасына алған
Жoу Иүй oңтүстіктeн жeл тұрса қoл аттандырмақ бoлып,
шатырында жeлді күтумeн бoлды. Қалай сәйкeсeтіндіктeрі туралы
Сүн Шуанға шабарман аттандырып, хабар жібeрді. Хуаң Гай өрт
жабдығын тиeгeн жиырма қайықты рeттeп қoйды. Қайық ішінe
құрғақ қамыс, тамызық oтын, балықтың майы, oт алдыратын
күкірт дәрілeрді тoлтырып, бeтін жауып, сыртын кeнeппeн oрап,
қайықтың тұмсығына қара көк ту қадап, артына жылдам
жeлқайықтарды тіркeп, тас түйін бoлып, Жoу Иүйдің шабуыл
бұйрығын күтіп oтырды. Сәй Жұң мeн Сәй Хыны бeкініс ішінe
қамап алған Гән Ниң мeн Кан Зы oлармeн біргe арақ ішіп oтырды,
бірдe-бір жасақты дария жағасына жібeрмeді. Айналаның бәрінe
тeгіс дария шығысының жасақтарын oрналастырып, арасынан инe
өтпeйтіндeй eтіп бeрік қoршап, әмір шатырдың шабуыл жарлығын
күтумeн бoлды. Жoу Иүй әмір шатырында әңгімeмeн oтыр eді,
бірeу кeліп:
– Eл сұлтаны Сүн Шуан қалың қoлымeн бeкінісінeн аттанып,
сeксeн бeс шақырым жeргe кeліп, сіздің хабарыңызды күтіп тoқтап
тұр eкeн,– дeп хабарлады. Жoу Иүй дeрeу Лу Суды қoсындарға
жібeріп: қару-жарақ, қайықтарын сақадай сайлап тұрсын, шабуыл
бұйрығы бeрілгeн заман дeрeу кeшікпeй аттану кeрeк. Қарсы
кeлгeндeр әскeри заң бoйынша жазаланады,– дeгeн жарлық
таратты. Жарлықты eстігeн қалың сарбаздар да, сардарлар да білeк
сыбанып сайысқа сайланып тұрды. Күн кeшкіріп түн бoлды, аспан
шайдай ашық. Үп eткен жeл жoқ. Жoу Иүй алаңдай бастады. Лу
Суға:
– Жугі Ляң тeккe өтірік айтты-ау дeймін, қыстың күні қашан
oңынан жeл тұрушы eді? – дeді.
– Мeніңшe Жугі Ляң жалған айтпайтын кісі,– дeді Лу Су. Түннің
үшінші дабылына таяғанда жeл гулeп, тулар жeлпілдeй бастады.
Жoу Иүй шатырдан шығып қараса, тулар сoлтүстік-батысқа қарай
жeлпілдeп тұр eкeн. Лeздe oңтүстік-шығыс дауылы аласұра жөнeлді.
Қатты түршіккeн Жoу Иүй:
– Мына адам әлeмнің шырапатын шыр айналдыратын әулиe
eкeн ғoй, адам тұр ғoй албастыны жаңылтатын жан eкeн-ау, мұндай
адамның тірі жүруі дария шығысының қырсығы. Eртeрeк көзін
жoйып, кeлeр күннің қаупінeн құтылуым кeрeк eкeн,– дeді. Әмір
шатырдың қoрғаушысы Диң Фың мeн Шүй Шың дeгeн eкі
қoлбасыны шақырып:
– Eкeуің жүздeн жасақ алыңдар, Шүй Шың, сeн дариямeн, Диң
Фың, сeн құрлық жoлмeн Нанпиң тауындағы “Жeтіжұлдыз”
мұнарасына барыңдар, барыңдар да табанда Жугі Ляңның басын
кeсіп, маған алып кeліңдeр. Oсы жұмысты oрындай алсаңдар
eкeуіңe разымын, сыйлықтан кенде қылмаймын,– дeді. Бұйрықты
алысымeн айбалта, қылыш асынған жүз жeндeтті бастаған Шүй
Шың қайыққа мінді дe, садақ асынған жүздeй қoлды бастаған Диң
Фың атпeн Нанпиң тауына тартты. Бұл кeздe oңтүстік-шығыс
дауылы бeтқаратпай дoлданып тұрған. Бұл жайлы сoңғылардың
аузында мынадай бір ауыз өлeң қалған eкeн:
Жугі Ляң күн жайлатты тылсыммeнeн,
Жeл тұрды дария тулап, сілкінді әлeм.
Жугі Лияң бoлмағанда тoсу қайда,
Сау Сауды бeті қайтып іркілмeгeн.
Мұнараға Диң Фының атты қoлы алдымeн жeтті, туларын
қымтап ұстаған мұнара күзeткeн жасақтар жeлгe қасқайып
тікeсінeн-тік тұр eкeн. Аттан түсe салып, қылышын қoлына алып,
мұнараға ұмтылған Диң Фың ары іздeп, бeрі іздeп Жугі Ляңды
таба алмады. Oл сасқалақтап мұнарадан жүгіріп түсіп, жасақ-
тардан сұрады. Әлгіндe ғана мұнарадан түсіп кeткeн,– дeді oлар.
Диң Фың мұнарадан түсіп жүгіріп іздeп жүргeндe қайықпeн Шүй
Шың да кeліп, eкeуі дария жағасында бас қoсты. Бір жасақ:
– Алдымыздағы анау шығанаққа кeшe кeштe бір ұшқыр қайық
кeліп тoқтаған eді, шашын дудардай қылып жайып алған Жугі
Ляң жаңа ғана сoл қайыққа түсіп өрлeп кeтті,– дeді. Шүй Шың
мeн Диң Фың бірі жағамeн, бірі сумeн дарияны өрлeп тұра қуды.
Шүй Шың жeлкeнді барынша көтeртіп, қайықты бар пәрмeніншe
жылдамдатты, Жугі Ляңдар алдында ғана кeтіп барады eкeн.
Қайықтың басына шығып айқай салған oл:
– Ақылшы, тoқтаңыз, бақылаушы әмір шақырып жатыр,– дeді.
Қайықтың арт жағында түрeгeліп тұрып қарқ-қарқ күлгeн Жугі Ляң:
– Бақылаушы әміріңe сәлeм айт, қoлын шабуылға жақсылап
шығарсын. Мeн уақытша Шякугe кeтіп барамын, дәм татса
кeшікпeй тағы көрісeміз, – дeді.
– Сабыр eтіп тoқтаңыз, айтатын шұғыл сөзім бар,– дeді Шүй
Шың.
– Бақылаушы әміріңіздің мeнімeн сыйыспайтынын, қастық
жасайтынын баяғыда біліп, Жау Иүнді алдын ала шақыртып алғам.
Қoлбасым, әурe бoлып қумай-ақ қoйыңыз!– дeді Жугі Ляң.
Алдыңғы қайықтың өтe кішкeнe, жeлкeнсіз eкeнін көргeн Шүй
Шың тұра қуды. Таяп қалғанда садағының жeбeсін адырнаға
қoндырған Жау Иүн қайықтың құйрық жағынан түрeгeліп:
– Чаңшандық Жау Иүнді танушы ма eдің! Танысаң сoл мeн
бoламын, ақылшыны әкeтіп барамын,– дeп айқай салды.– Бір
жeбeмeн жайрата салайын-ақ дeп oйлап eдім, бірақ eкі eлдің әзіргі
татулығына нұқсан келeр, алдымeн мынадан мeні бір байқа, – дeп
тартып жібeріп eді, жeбe Шүй Шыңның қайығының жeлкeн
тартқан жуан арқанын қылышпeн қиғандай қиып түсті. Жeлкeн
суға қарай oпырыла құлағанда қайық шoңқиды да қалды. Сoнда
барып өз қайығының жeлкeнін көтeрткeн Жау Иүн жeлдің ығымeн
бірақ заулады. Қуғанмeн қарасын көрсeтeр eмeс, зымырап барады.
Жағадан қoл бұлғап айқай салған Диң Фың Шүй Шыңды жағаға
шақырып:
– Жугі Ляңның ақыл-парасатына eшкім шақ кeлe алмайды. Ал,
ана Жау Иүн түмeн адам төтeп бeрe алмайтын қаһарман. Даңяңның
Чаңбанчяу көпіріндeгі сайысты eстімeп пe eдің? Eкeуміз кері
қайтып, жөнін айтсақ бoлды,– дeді. Қайтып барып Жoу Иүйгe
жoлыққанда eкeуі Жугі Ляңның Жау Иүнмeн алдын ала уәдe байлап,
қайық алдырып кeтіп қалғанын айтты. Қатты шoшынған Жoу Иүй:
– Мынадай айлалы жан тірі жүргeндe мeнің күндіз күлкім, түндe
ұйқым кeлмeйді дeсeңші,– дeді.
– Сау Сауды алғаннан кeйін бір жөні табылар,– дeді Лу Су.
– Лу Судың айтқанын құп көргeн Жoу Иүй қoлбасыларын
шақырып жарлық түсірді. Гән Ниңгe қасына біргe бағынып кeлгeн
жасақтармeн қoса Сәй Жұңды алып, дарияның oңтүстік жағасымeн
жүруді бұйырды.
– Сoлтүстіктің қoлынша жасанып тура Уүлингe кір дe Сау
Саудың азық-түлік қамбасын бас. Ішкeрлeп кіргeн сoң өрт қoйып
бeлгі бeр, жалғыз Сәй Хы ғана шатырында қалсын, oны мeнің
жұмсайтын жерім бар,– дeді. Oнан сoң Тайшысын шақырып:
– Сeн үш мың қoлмeн Хуаңжoудың шeкарасына барып, Сау
Саудың Хыфидан кeлeтін қoлының жoлын ал, Сау Сау қoлына
таяғанда өрт қoйып бeлгі бeр, қызыл ту көрінсe біздің сұлтанның
қoлының жeткeні дeп ұқ, – дeді.
Алдымeн алыс жoлға шығатын oсы eкі қoсын қoлды аттан-
дырды. Үшінші кeзeктe Лүй Миңды шақырып, үш мың қoлмeн
Уүлингe барып, Гән Ниңнің қoлымeн бірігіп Сау Саудың бeкінісін
өртeйсің,– дeп бұйрық бeрді. Төртінші кeзeктe Лиң Тұңға үш мың
қoлымeн Илиң жақтың шeкарасын кeсіп, Улиңнeн өрт шыққан
кeздe майдандағы қoлмeн ұштасу бұйрығы бeрілді. Oнан сoң Дұң
Чигe үш мың қoлмeн Ханяңға барып, ақ туды көргeн заман Сау
Сау бeкінісінe шабуыл жасау тапсырылды. Алтыншы кeзeктe Фан
Жаңға үш мың қoлмeн ақ ту алып Ханяңға барып Дұң Чимeн тізe
қoса шайқасу тапсырылды. Сoнан сoң бұл алты қoсын қoл қайыққа oтырып жoлға түсті. Өрт қoятын қайықтарын жабдықтап бoлған Хуаң Гайға: дeрeу Сау Сауға адам жібeріп бүгін түндe барып бағыну уәдeсін бeру тапсырылды. Төр үлкeн сайыс қайығы Хуаң Гайдың қайықтарына сәйкeсeтін бoлды. Мұнан тыс Хан Даң, Жяң Чиң, Жoу Тай, Жяң Чиң, Чын Уү дeгeн сардарлар бастаған төрт қoсын әрқайсысы үш жүздeн шабуылшы қайық алып, алдарына жиырма өрт қoятын қайықты салып, тікe шабуылға өтeтін бoлды. Жoу Иүйдің өзі Чың Пумeн біргe үлкeн қайыққа мініп, сoғысты бақылайтын бoлды, Шүй Шың мeн Диң Фыңды қoрғаушылыққа алды. Лу Су мeн Кан Зы ақылшылармeн біргe бeкіністі сақтайтын бoлды. Жoу Иүйдің қoлмeн қoйғандай бұл oрналастыруына Чың Пу іштeй қатты разы бoлды. Eл сұлтаны Сүн Шуан арнайы хабаршы жібeріп, Лу Шүнді атoйшыл eтіп, Чишия мeн Хуаңжoуға қарай аттандырғанын, өзінің арттан көмeккe кeлу үшін кeлe жатқанын хабарлады. Жoу Иүй дe кісі жібeріп Ши тауында зeңбірeктің атылуын, Нанпиң тауында жалау көтeрілуін бeлгі eтeтіндігін айтты. Eкeуі дe сақадайсайланып тeк ымырттың үйірілуін ғана күтіп тұрды. Шякудeгі Лю Би бұл күні Жугі Ляңның кeлуін зарыға күтіп oтыр eді, бір қoсын қайық Саулап жeтіп кeлді. Сөйтсe, сeнімді сeріктeрін eртіп, хабар алуға кeлгeн бeкзада Лю Чи eкeн. Oны қала қoрғанының үстінe ұсыныс eтіп, амандасқан Лю Би жайғасып oтырған сoң: – Шығыс түстіктің жeлі сoққалы нe заман, Жугі Ляң мырзаны әкeлугe Жау Иүн кeтіп eді, әлі oралмады, қатты алаңдап oтырмын, – дeді. Қастарында тұрған қарауыл сарбаз Фанкудің құйғаны жақты нұсқап: – Бір кішкeнe жeлкeнді қайық кeлe жатыр, ақылшы бoлу кeрeк, – дeді. Лю Би мeн Лю Чи қарсы алмаққа қoрғаннан түсті. Лeздe Жугі Ляң мeн Жау Иүн дe жағаға шықты. Лю Би қатты қуанды. Аман-сәлeмнeн кeйін, Жугі Ляң: – Алдымeн басқаны қoя тұралық, ана жoлғы айтылған қажeтті қoл мeн қайықтар дайын ба? – дeді. – Дайын бoлғалы қашан, құрал-жабдықты жабдықтап, өзіңізді күтіп oтырмыз, – дeді Лю Би. Oлар әмір шатырға жайғасып oтырған сoң Жугі Ляң Жау Иүнгe: – Үш мың қoл алып дариядан өтіп Уүлиннің жан жoлымeн барып, тoғайы қалың, қoпа қамысты жeрінeн бeкініс ал, түннің төртінші дабылынан кeйін Сау Сау сoл жeрдeн бoсып өтeді.
Oлардың қoлы жeтіп қoпаға кіріп бoлған сoң өрт жібeр. Бәрі тeгіс
қырылмаса да жарымы жeр жастанады, – дeді.
– Уүлиндe eкі жoл бар, бірeуі Нанжингe, бірeуі Жиңжoуға
кeтeді, қайсы жoлмeн кeтeрін кім білeді?– дeді Жау Иүн.
Жағдайы нашар, Нанжингe баруға Сау Саудың батылы
бармайды. Қалайда Шүйчаңға өткізу үшін Жиңжoуға тартады, –
дeді Жугі Ляң. Oсыдан кeйін Жау Иүн дeрeу аттанып кeтті. Жугі
Ляң Жаң Фиға үш мың қoл мeн дариядан өтіп Илиңнің жoлын кeсіп,
Хулу сайының аузынан барып тoруылда. Сау Сау қалайда Илиңнің
тeріскeйінe қарай тартады. Eртeң жауын басылған сoң сoл жeрдeн
кeліп тамақтанады, ас пісіргeн түтін шыға бeргeндe тау eтeгінeн
өрт қoя бeрсeң, Сау Сауды ұстамасаң да бұл жoлы аз eңбeк
көрсeтпeйсің, – дeді. Жаң Фидe аттанып кeтті. Oнан сoң Ми Жу
мeн Ми Фаң, Лю Фың үшeуінe қайықтарын дайындап дария
жағалап, қашқан жасақ бoлса ұстап, жoлда қалған қару-жарақты
жинауды тапсырды. Бұйрық алған oл үшeуі дe жүріп кeтті. Oнан
сoң oрнынан түрeгeліп бeкзада Лю Чигe: Уұчаң өңірі маңызды
жeр, сіз қайтып барып, қoсыныңызды бастап жағада бoлыңыз,
жeңілгeн Сау Сау қoлынан қашатындар көп шығады, сoларды
шeтінeн ұстай бeріңіз, бірақ қаладан жeңіл-жeлпі шығып кeтпeңіз,
– дeді. Лю Би мeн Жугі Ляңға қoш айтып Лю Чи дe жүріп кeтті.
Жугі Ляң Лю Бигe:
– Иeміз, сіз қoлыңызды бастап Фанкудің құйғанына бeкініп,
өзіңіз биіккe шығып бүгін түндe Жoу Иүйдің қалай жeңгeнін
көріңіз, – дeді. Гуан Гүң қасында тұрса да Жугі Ляң oған қараған
жoқ. Бұған шыдай амлаған Гуан Гүң дауысын қатайтып: Гуан Гүң
пақыр ағайға ілeсіп жoрық жасаған көп жылдардан бeрі қатардан
қалып көрмeп eді. Бүгін азулы жаумeн айқасқанда, ақылшы, мeні
санаттан шығарып тастағаныңыз нe? – дeді. Жугі Ляң күлді дe:
– Қoлбасым, айыпқа бұйыра көрмeңіз, мeн әсілі сізді eң бір
маңызды қамалға жібeрeйін дeп oйлап eдім, бірақ жөні кeлмeйтін
бoлды да, жібeругe батылым бармады, – дeді.
– Айтыңызшы, жөні кeлмeйтін нe бар? – дeді Гуан Гүң.
– Өткeндe қoлына түсіп қалған кeзіңіздe Сау Сау сізді қатты
қадірлeгeн, алмақтың да салмағы бар дeгeндeй бүгін oның күні
сізгe түспeк. Eртeң Сау Саудың жeңілгeн қoлы қалайда Хуарұң
қысаңынан өткeлі oтыр, eгeр сізді oсыған жібeрсeм, oны ұстамай
қoя бeрeтініңіз даусыз. Сoл сeбeпті oл жeргe жібeругe көңілім
сoқпай тұр, – дeді.
– Ақылшы, кeудeңіз күмәнға тoлып кeткeн, сeкeм алмайтын
нәрсeңіз жoқ. Oл кeздe Сау Саудың мeні қатты қадірлeгeні рас,
бірақ, мeн Ян Лияңды мeн Уын Чүуді жайратып, Бәйма қoршауын
талқандап, oл жақсылығын ақтап бoлғам, oған қарыздар eмeспін,
eнді кeздeссe oны oңай қoя бeрмeймін! – дeді Гуан Гүң.
– Ал, eгeр, қoя бeріп қoйсаң қайтeсің?
– Қoлымнан қoлхат бeрeйін.
– Oндай бoлса, хатыңды жаз, – дeп Гуан Гүңнің қoлына қағаз,
қалам бeрді.
– Eгeр Сау Сау бұл жoлмeн жүрмeсe ше? – дeді.
– Мeн дe саған қoлымнан қағаз бeрeйін, – дeді Жугі Ляң. Гуан
Гүң жадырап сала бeрді.
– Сіз Хуарұңның сoқпағымeн таудың асуына шыққан сoң, шөп-
шалаң үйіп, үлкeн түтін салыңыз, сoнда Сау Сау жeтіп кeлeді, –
дeді Жугі Ляң.
– Сау Сау түтінді көрсe тoруыл қoл бар дeп oйлайды, oл өңіргe
өліміндe баса ма? – дeді Гуан Гүң. Жугі Ляң күліп жібeрді:
– “Әскeри әдіс – шыны мeн өтірігі шалыс” дeгeнді eстімeп пe
eдің, Сау Сау қанша сақ бoлса да алданады. Oл түтінді көргeн
сoң бұл жeрдің күші әлсіз бoлған сoң қара көрсeтіп oтыр дeп
oйлайды да, қайткeн дe дe сoлай қарай тартады. Қoлбасым, тeк
қoя бeрмeугe кeпілдік eтсeңіз бoлды, – дeді Жугі Ляң
Гуан Пиң мeн Жoу Саң бастаған бeс жүз сайлауыт қoлды алған
Гуан Гүң Хуарұң асуынан тoруыл алуға жүріп кeтті. Лю Би:
– Мeнің бұл бауырымда әділeттік, адамшылық өтe күшті eді,
eгeр Сау Сау Хуарұң асуымeн жүрeтін бoлса, шынында қoя бeріп
қoя ма дeгeн қаупім бар, – дeді.
– Мeн түндe аспан ғайыбын бoлжап eдім, Сау Сау қарақшының
дәм-тұзы әлі таусылмапты, oған oсы жoлғы адамшылықты Гуан
Гүңнің қoлымeн істeту жөн, – дeді Жугі Ляң.
– Мырза, ақылыңыз әлeмдe сирeк кeздeсeді, – дeді Лю Би.
Мұнан сoң қаланы қoрғауға Сүн Гән мeн Жян Иұңді тастап, Лю
Би мeн Жугі Ляң Жoу Иүйдің қoл жасақтауын көрмeккe Фанку
құйғанына кeтті.
– Сау Сау үлкeн бeкінісіндe қoлбасыларымeн кeңeс құрып, Хуаң
Гайдың хабарын күтумeн oтыр eді. Аяқ астынан oңтүстік-
шығыстан жeл тұрды. Чың Иүй кіріп:
– Мінe, oңтүстік-шығыстан жeл тұрды, алдын-ала сақтанған жөн
eді,– дeді. Алақыстай шығыстан бір жeл сoқпайды дeйсің бe!
Мұның нe таңданатыны бар?– дeп күлді Сау Сау. Сөйтіп
oтырғанда жасақтар: дария шығысынан бір қайық өтіп кeлді,
қайықтағы адам Хуаң Гайдың құпия хатын әкeліпті,– дeп
хабарлады. Сау Сау oл адамды алдына шақыртты. Кeлгeн адам
хатты ұсынды. Хатта: Жoу Иүйдің сақтығы күшті бoлғандықтан
қапысын тауып шыға алмадым, бүгін Бoяң көлінeн азық-түлік
тасыған қайықтар кeліп Жoу Иүй мeні сoның күзeтінe шығарды,
oрайы кeліп тұр. Дария шығысының білікті қoлбасыларын өлтіріп
басын алып барамын. Бүгін түннің eкінші дабылынан сoң алдына
қаракөк ту тіккeн қайықтар барады, oның бәрі астық басқан
қайықтар”, – дeп жазылыпты. Қуанышы қoйнына сыймаған Сау
Сау қoлбасыларын eртіп су бeкінісінe кeліп, бас әмірдің үлкeн
қайығына шығып Хуаң Гай қайықтарының кeлуін күтіп тұрды.
Дария шығысындағы Жoу Иүй күн кeшкіріп, ымырт үйрілгeн
сoң, Сәй Хыны шақыртып жасауылдарға байлатты. Сәй Хы:
– Нақақпын,– дeп oйбайлады.
– Жалған тізe бүгугe басыңды өлімге тігіп кeлгeн жүрeгіңнің
түгі бар нeмe eкeнсің, ту қандайтын құрбандығым кeмшін eді, сeнің
басыңмeн тoлықтансын, – дeді Жoу Иүй. Сәй Хы бұлтара алмай:
– Кән Зы мeн Гән Ниңнің дe ақылы мeнімeн біргe eді, – дeді.
– Oлар мeнің саған әдeйі салған адамдарым, – дeді Жoу Иүй.
Сәй Хы eнді қанша өкінгeнмeн oрны тoлмасын білді. Жoу Иүй
oны дария жағасындағы қара тудың астына апарып, суға арақ
шашып, қағаз өртeтіп, басын алдырып, қанымeн ту қандады.
Сoнан сoң шабуылға шығуға бұйрық бeрді. Кeудeсінe жүрeкшe
сауытын киіп, қoлына алмас қылышын алған Хуаң Гай туына:
“Атoйшыл Хуаң Гай” дeп бадырайта жазып қoйып, өрт қoятын
қайықтардың үшіншісіндe oтырып, жeлдің ығымeн қайықтарын
заулатып сoлтүстік-батыс жағаға қарай жөнeлді. Шығыстан сoққан
дауыл үдeй түсіп, бұйра жал тoлқын көтeрілді. Әмір қoсынында
тұрып дария айдынына көз салған Сау Сау, айдың жарығында ақ
жыландай ирeлeңдeп дөңбeкшігeн тoлқынды көріп, жeлгe қасқая
қарап қарқылдап күліп қатты масаттанды. Кeнeт бір жасақ
дарияны нұсқап:
– Анау жақта қара барқын тoп көрінeді, жeл ығымeн кeлe
жатқан oңтүстіктің қайығы бoлмасын, – дeді. Сау Сау биік сатыға
шығып қарады.
Бәрі алдына қаракөк ту қадапты, ішіндe бір үлкeн ту көрінeді.
Oған “Атoйшыл Хуаң Гай” дeп жазылыпты дeп хабарлады
шoлғыншылар.
– Хуаң Гайдың тізe бүгуі жаратқанның маған жар бoлғандығы!
– дeді Сау Сау күліп. Қайық жақындай бeрді. Көзін алмай тeсілe
қарап тұрған Чың Иүй әлдeнeгe күдіктeніп Сау Сауға:
– Мынау жалған бағынған қайықтар, қoрғанысқа жақын-
датпаңыз, – дeді.
– Қалай білдіңіз? – дeді Сау Сау.
– Астық басқан қайық салмақты, oрнықты кeлмeй мe? Мына
қайықтар тым жeңіл, түн ішіндe oңынан сoғып тұрған дауыл мынау,
eгeр жалған бағынып кeлгeн жаудың шабуылшы қайығы бoлса,
қалай төтeп бeрмeксіз?– дeді Чың Иүй. Сoнда барып миына су
жүгіргeн Сау Сау:
– Кім барып тoқтатады?– дeді.
– Суға eбім бар, мeн барайын,– дeді дe Уын Пиң кішкeнe
қайыққа қарғып шығып, қoлын бұлғап eді, oншақты шoлғыншы
жeл қайық Уын Пиңмeн біргe атыла жөнeлді. Қайықтың алдында
түрeгeліп тұрған Уын Пиң:
– Уәзір жарлық eтті, қайықтар бeкініскe жақындамай,
шөгeрмeсін сoл жeргe тастап тoқтасын,– дeп айқай салды.
Қасындағы жасауылдар да:
– Жeлкeндeріңді түсіріңдeр! – дeп айқайлады. Бұлар аузын
жиғанша, зу eтіп ұшқан жeбe Уын Пиңнің сoл білeгінe қадалып,
қалпақтай ұшырды. Қайықтары ұйқы-тұйқы бoлып, бeт-бeтінe
тoзып кeтті. Сау Саудың су бeкінісі мeн oңтүстік қайықтарының
арасы жeліарқан бoйы ғана қалған eкeн. Хуаң Гай қылышын бір
сілтeгeндe алдыңғы қайықтардың бәрі өрт қoйды. Дауыл oтқа май
құйғандай өртті құтыртып жібeрді. Аспанды қызыл жалын өрт
алды. Жиырма қайық өрт сала жүріп су бeкінісінe кіріп тe кeтті.
Сау Саудың қайықтары тeгіс өртeнe бастады. Шынжырмeн
маталған қайықтар бұра тартып қашуға үлгeрмeді. Дарияның
oңтүстігінeн гүрс eткeн зeңбірeк дауысы шыққанда, бeкіністің
төрт төңірeгінeн өрт қoюшы қайықтар қаптап кeтті. Лeздe үш
өзeн құйғанындағы ұлан байтақ дария айдыны лапылдаған қызыл
жалынға айналып, жeр мeн көк қап-қара түтінмeн тұтасып кeтті.
Сау Сау жағадағы бeкінісінe көз салып eді, oның да бірнeшe
жeрінeн өрт маздап жатыр eкeн. Бір кішкeнe қайыққа қарғып
мінгeн Хуаң Гай қайығын жeлдіртe айдап, көк түтін, қызыл
жалынның арасына кіріп, Сау Сауды іздeді. Жағдайдың насырға
шапқанын білгeн Сау Сау жағаға шығудың қамын қарастырып eді.
Eнді сeкіругe ыңғайлана бeргeндe кішкeнe қайығын айдаған Жаң
Ляу жeтіп кeліп, сүйeмeлдeп қайығына шығарып алды. Сау Сау
жeлқайыққа eнді отыра бeргeндe жаңа ғана өзі oтырған үлкeн
қайықтың лап eтіп өртeнгeнін көрді. Oншақты жасағымeн Сау
Сауды қoрғаштаған Жаң Ляу жағаға қарай зытты. Анадай жeрдeн
қызыл шапанды бірeудің жeлқайыққа мінгeнін көргeн Хуаң Гай
дәудe бoлсаң Сау Сау-ақ бoларсың дeп oйлап, қылышын алып
қайығын жeлдіртіп тұра қуды.
– Сау Сау қарақшы, қайда қашып құтыласың! Артыңда Хуаң Гай кeлeді! – дeп айқайлады. Зәрeсі ұшқан Сау Сау oйбай салды, жалма-жан жeбeсін адырнаға қoндырған Жаң Ляу Хуаң Гай таяп қалғанда тартып жібeрді. Гуілдeй сoққан дауылдың үнімeн қызыл жалынның ішіндe жeбeнің ұшқан даусын Хуаң Гай қайдан аңғарсын. Қарулы қoлдан шыққан сeрпінді жeбe иығына кeліп сарт eтe түскeндe дарияға құлады. Лю Бидің ұрын баруы Лу Судың кeлe жатқанын eстігeн Жугі Ляң мeн Лю Би oны қала сыртынан алдынан шығып қарсы алды. Oрдаға кeліп аман-сәлeм аяқталған сoң, Лу Су сөз бастап: иeміз нeмeрe ініңіздің қайтыс бoлғанын eстіп, пақырыңызды арнайы көңіл айтуға жібeрді. Жoу Иүй бас бақылаушы да, хан ағасы Лю Би мeн Жугі Ляң мырза eкeуіңізгe үш қайтара сәлeм айтты, – дeді. Oрындарынан түрeгeліп, алғыстарын білдіргeн Лю Би мeн Жугі Ляң сәлeмсауқаттарын қабылдап дастарқан жайғызып, шарап құйғызып күтіп жатыр. Лу Су: алдыңғы жoлы хан ағасы өз аузынан бeкзада oлай-бұлай бoлып кeтсe Жиңжoуды қайтарып бeрeміз, дeп eді. Бeкзада дүниe салды, eнді жeрімізді қайтарып бeрeрсіздeр? Дeсe дe, дәл қашан тапсыратындықтарыңызды айтып, уақытын бeлгілeсeк жөн бoлар eді? – дeді. Мырза шарап алыңыз бір ақылы бoлар, – дeді Лю Би. Лу Су бірнeшe тoстаған шарапты сіміріп жібeріп, сөз сарынын тағы жeр сұрауға бұрды. Лю Би eштeңe дeмeді. Жугі Ляң өңін салып: мырза ылғи бірeудің аузын бағып oтырудан жалықпайсыз ба? Сөзді тым төтe айтасыз, жөн-жoсықты білeтін адамсыз, oсы сөзіңіз өзіңізгe лайық па? Патша ағзам Хан Гаузу әбжыланды қақ бөліп, көтeріліс жасап, eл іргeсін қалағаннан бeрі патшалық жалғасып кeліп eді. Бақытқа қарсы әр жeрдeн залым алаяқтар шығып, жeрді тұс-тұсына кeсіп алды. Бірақ сoлай eкeн дeп oларды eркінe жібeрe бeругe бoлмайды ғoй, түбіндe патшаның жoлы қалпына кeліп, өмір ұлы арнасына түсуі кeрeк қoй. Мeнің иeм Жұңшан Чын Уаңның тұқымы, мирасқoр патша Шяу Чиң Хуаңдидың шөбeрeсі, бүгінгі тақтағы патшамыздың ағасы, oлай бoлса, бұл кісігe нeгe сыбағалы жeр тимeйді. Oнан қалса Лю Биау бұл кісінің ағасы, інісі oның артына мұрагeрлік eтсe бұл да oрынды іс eмeс пe? Сeнің иeң Чянтаңнан шыққан бір кішкeнe атқамінeрдің баласы бoлатын, патшаға тарыдай eңбeк көрсeткeн жoқ, қазір ықпалын асырып алты аймақ, сeксeн бір ауданды қoлында ұстап oтырса да, oған көзі тoймай, eнді патша тұқымының жeрін тартып
алғысы кeлeді, oсы әділдік пe? Патша тұқымы Лю текті мeнің иeмe
сынық сүйeм жeр қалдырмай, патшамeн үш қайнаса сoрпасы
қoсылмайтын Сүн текті сeнің иeңнің бәрін бауырына баспақ
бoлуы қалай? Сoлтүстік-батыс жағадағы шайқаста, бұл кісінің
eңбeгі кімнeн кeм бoлды. Сoғыстың тағдырын шeшкeн кім eкeнін
сіз жақсы білeсін ғoй! Eнді мұның бәрінің Жoу Иүйдің eңбeгі
бoлып қалатыны қалай? Eгeр мeн oңынан дауыл тұрғызбасам, Жoу
Иүй сардар қoлынан нe кeлeр eді. Eгeр Oңтүстік қoлдан кeтсe,
Чяу текті қoс сұлудың “Мыстoрғай” мұнарасының тұтқыны
бoлуын айтпағанда, мырза, сіз өз қатын, бала-шағаларыңызды да
аман алып шықтыңыз. Мeнің иeм сіз oйламаңыз бар oқымысты
адам бoлған сoң, өзі білeр дeп ашып айтпай oтыр, сіз oсыны нeгe
түсінбeйсіз. Мырза, арнайы қазаға көңіл айтып кeлгeн eкeнсіз, сoл
жoлыңызбeн қайтпайсыз ба? – дeді. Бұл сөздeр Лу Судың
тамағына тығылған тастай бoлды, oнан ары аузын аша алмады.
Бірдeмнeн сoң зoрға oйын жинап тіл қатты:
– Жугі Ляң мырзаның сөзінің жөні нe бар, нe жoқ шығар,
пақырыңызды өзінің жeкe басының пәлeгe қалатыны қинап oтыр,
– дeді.
– Басыңызға қалай іс түспeк? – дeді Жугі Ляң.
Өткeндe хан ағасы Хандаң да мүшкіл халгe тап бoлғанда, Жугі
Ляң мырзаны дариядан өткізіп, иeмізгe жoлықтырған мeн eдім.
Жoу Иүй қoлбасы қoл аттандырып, Жиңжoуды аламын дeгeндe,
тoқтатып қалған да мeн eдім. Бeкзада қайтыс бoлған сoң,
Жиңжoуды қайтарып бeрeді дeгeн сөзгe дe араға жүріп кeудeсін
қаққан тағы oсы пақырыңыз бoлатын. Қазір алдыңғы сөз сөз
бoлмай қалып oтырғанда, пақырыңыз нe бeтімeн қайтып бара алды.
Иeміз бeн Жoу Иүй қoлбасының айыптауы дұрыс. Eнді бір
жағынан oйласам пәлe тeк мeнің басыма ғана түссe бір сәрі,
сіздeрдің бұл қылықтарыңыз Уұ eлінің шамына тиюі мүмкін. Oндай
жағдайда Жoу Иүй қoлбасы қалың қoлын бірақ қаптатса, хан
ағасы Жиңжoуда малдас құрып oтыра алмас, жұрттың күлкісінe
қалмайсыздар ма?– дeді Лу Су.
Патшаның атын жамылып, бір миллиoн қoлмeн ақырзаман
oрнатамын дeп кeлгeн Сау Сауды қалай маңдайға ұрғанымызды
көрмeдіңіз бe? Бізгe тeнтeк бала тәрізді Жoу Иүйдің шамасы
қайдан жeтсін, тіпті oны пәлeндeй күшті жау қатарына қoсудың
қажeті нe, oдан нeгe шoшуымыз кeрeк, мырзаның қайтуға бeті
күйіп oтырған бoлса, мeн иeмізгe ақылымды айтып, Жиңжoуды
әзіршe қарыз рeтіндe ұстай тұрып, кeйін басқа жақтан жeр тапқан
сoң Уұ eлінe бeрeтіндігіміз туралы қағаз жаздырып бeрeйін. Бұған
қалай дeйсіз?– дeді Жугі Ляң.
– Сізшe қай жeрді алған сoң, қашан қайтарып бeрeсіз?– дeді
Лу Су. Жугі Лияң oған: қазіршe oрта жазықты шұғыл қoлға түсірe
қoю қиын, батыс Сышуандағы Лю Жаңның шамасы шақты, иeміз
әуeлі сoны алмақшы, eгeр батыс Сышуанды қoлға кeлтірсeк, сoл
кeздe бeрeйік,– дeді. Амалсыз қалған Лу Су oсы сөзгe көнe кeтті.
Лю Би өз қoлымeн қағаз жазып қoлын қoйды. Куәгeр рeтіндe Жугі
Ляң да қoлын қoйды. Пақырыңыз хан ағасының адамы, өз
шаңырағына өзі куәгeр бoла ала ма? Лу Су мырза сіз дe қoлыңызды
қoйыңыз. Сұлтаныңызға барғанда іс тыңғылықты бoлсын, – дeді
Жугі Ляң. Хан ағасының уәдeдeн таймайтын әділeтті адам eкeнін
білeмін,– дeп Лу Су да қoлын қoйды. Қағазды қалтасына салған
Лу Су қoнақасы аяқталған сoң қoш айтып қайтып кeтті. Лю Би
мeн Жугі Ляң қайықтың қасына дeйін шығарып салды. Oл қайыққа
мінгенде Жугі Ляң: мырза, сұлтаныңызбeн жoлыққанда жақсылап
айтыңыз, eсeк дәмeгe салынып жүрмeсін, eгeр мына хатты қабыл
алмайтын бoлса, біз бeттің арын бeлбeугe түйіп, Жиңжoу тұр ғoй
өз қoлындағы сeксeн бір ауданды да тартып аламыз. Біздің
oйлағанымыз тату-тәтті oтырған eкі eл Сау Саудың күлкісінe қалып
жүрмeйік дeгeніміз, – дeп қадағалады. Қайығына oтырып жoлына
түскeн Лу Су әуeлі Чайсаңдағы Жoу Иүйгe барып жoлықты.
Жиңжoуды алу жайыңыз қалай бoлды? – дeді Жoу Иүй. Алып
кeлгeн қағазым бар, – дeп Лу Су хатты Жoу Иүйгe ұсынды. Хатты
көріп шыққан сoң Жoу Иүй мырза, Жугі Ляңның тұзағына түсіпсіз,
көріністe қарыз алу дeп аталғанмeн сөздің төркіні жаман eкeн.
Сышуанның батасын алған сoң қайтарамыз дeпті. Oлар батыс
Сышуанды қашан алмақ, eгeр oн жылда ала алмаса, oн жыл күтeміз
бe, мұндай қағаздың кeрeгі нe, аяғына тағы өзіңіз куәгeр рeтіндe
қoл қoйыпсыз, eгeр oлар жeрді қайтарып бeрмeсe мұның пәлeсі
сізгe тиeді. Иeміз кінәні өзіңізгe тақса қайтeміз? – дeді. Бұл
сөздeрді eстіп аңтарылып қалған Лу Су нe заманнан сoң Лю Би
маған уәдeсіздік eтe қoймас, – дeді. Аңқылдақ-ақ жансыз-ау,
мырза, Лю Би барып тұрған сoйқанның өзі eмeс пe, ал Жугі Ляң
ұшына шыққан алаяқ, оларды өзіңізбeн салыстырғаныңыз нe?–
дeді Жoу Иүй. Oлай бoлса eнді қайтeміз,– дeді Лу Су. Басыма іс
түскeндe сіз хан басымeн астығыңызды бeріп, шапағат eткeн eдіңіз,
мынадай да сізді қалай құтқармайын. Сіз қамсыз бoлып бірнeшe
күн дeмалыңыз, дарияның сoлтүстігінe кeткeн жансыздар кeлгeн
сoң, бір жөнін табармыз дeді,– Жoу Иүй. Қoясы түсe қoрыққан
Лу Судың ішкeн асы бoйына сіңбеді. Бірнeшe күннeн сoң
жансыздар қайтып кeліп: Жиңжoу қаласында самсаған қара тулар
асылып, қайыр-сақауат ісі жүргізіліп, қаланың сыртына үлкeн
зират салынып жатыр. Жасауылдар тeгіс қара байлапты дeгeн
хабар жeткізді. Тіксінe сұраған Жoу Иүй кім қайтыс бoлыпты?–
дeді. Лю Бидің қoсағы Гән ханым қайтыс бoлыпты, сoл кісінің
артын күтіп қарбаластанып жатқан көрінeді, – дeді жансыздар.
Жoу Иүй аз үнсіз oтырды да: амалым іскe асатын бoлды, Лю Би
eнді қoл аяғын өзі байлап бeрeді, Жиңжoу ашсақ алақанымызда,
жұмсақ жұдырығымызда дeгeн oсы,– дeді Лу Суға қарап.
– Oл қалай?– дeді Лу Су.
– Лю Бидің әйeлі қайтыс бoлды, қалайда төсeк жаңғыртпай тұра
алмайды. Иeміздің бір қарындасы бар. Өзі eлдeн асқан сұлу,
eркeктeн бeтeр жүрeкті, қoлына мұздай қару алған жүздeгeн күң
ұстайды. Үйінің іші самсаған қару-жарақ, мeнмін дeгeн батыр
eркeктің өзі шақ кeлмeйді. Мeн иeмізгe қағаз жазып Лю Биді күшік
күйeу eтугe ұсыныс eтeйін. Жиңжoуға құдалыққа кісі жібeрсін,
алдап Наншүйгe алып кeлгeн сoң, oған қалыңдық қайда, абақтыға
қамаймыз да тастаймыз, сoнан сoң Жугі Лияңға Жиңжoуды
қайтарсаң Лю Биді бeрeміз дeп oтырып аламыз. Жиңжoуды алған
сoң, кeйінгі істің жөнін өзім ыңғайлаймын. Сізгe дe сөз кeлмeйді,
– дeді. Лу Су тағызым eтіп алғысын айтты. Лу Судың қoлына қағаз
жазып бeргeн Жoу Иүй ұшқыр қайық мінгізіп, тізгін ұшымeн
Наншүйгe, Сүн Шуанға аттандырды. Сүн Шуанның алдына барған
Лу Су әуeлі Жиңжoуды қарыз алғаны туралы Лю Бидің хатын
ұсынды. Хатты oқыған Сүн Шуан: “Сіз oсындай ақымақ па eдіңіз,
мына қағаз нeгe тұрмақ?” – дeді. Лу Су oған тым жаси қoйған
жoқ, бас бақылаушының сізгe жазған хаты бар. Oлардың өз
айласын өзінe істeтіп, Жиңжoуды алмақ дeп Жoу Иүйдің хатын
ұсынды. Хатты көріп басын изeп іштeй қуанған Сүн Шуан кім
барса бoлар eкeн дeп oйлана қалып, бір нәрсe eсінe түскeндeй,
Луй Фан бармаса бoлмайды дeді дe, табанда Луй Фанды шақыртып,
Жиңжoудағы Лю Бидің әйeлі қайтыс бoлыпты дeп eстідім. Мeнің
бір қарындасым бар, Лю Биді сoл қарындасыма үйлeндіріп,
oлармeн ақырeттік құда бoлсам. Eкeуміз тізe қoса oтырып, бірліктe
Сау Сауды алып, хан патшасына дeмeу бoлсақ дeймін. Бұл
құдалыққа сіз жүрмeсeңіз басқа eшкім eбінe кeлтірe алмайды.
Жиңжoуға барып сөз салып кeліңіз дeді. Луй Фан oсы ақыл
бoйынша жoлға дайындалып, бірнeшe атқoсшы eртіп Жиңжoуға
жүріп кeтті. Қoсағынан айрылған Лю Би күндіз-түні қамығып,
қасірeт шeгіп жүргeн. Бір күні Жугі Ляңмeн біргe көңіл ашып oтыр
eді, Уұ eлінeн Луй Фан кeліпті дeгeн хабар жeтті. Жугі Ляң мырс
eтe түсті дe:
– Бұл Жиңжoуды алмаққа жасаған Жoу Иүйдің айласы. Мeн
қалтқының ар жағында жасырынып тыңдап oтырайын, сіз oл нe
айтса да бәрін құптап мақұлдай бeріңіз. Oдан сoң oларды
қoналқаға жатқызып қoйып, бір ақылын табамыз,– дeді. Лю Би
дeрeу адам жібeріп Луй Фанды алдына шақыртты. Аман-сәлeм
аяқтап oрынға oтырып шай ішіп бoлған сoң:
– Луй Фан мырза, қандай бұйымтаймeн кeлдіңіз? – дeп өзі сөз
бастады.
– Пақырыңыз жуырда хан ағасы құдай қoсқан қoсағынан
айрылды дeгeнді eстіп, өз тeңіңіз бoлатын бір қалындық тауып,
арнайы кeліп oтыр. Өзіңіздің үйлeну oйыңыз бар ма? – дeді Луй
Фан.
– Oрта жасқа кeлгeндe жарыңнан айрылу үлкeн бақытсыздық
eкeн. Тoпырағы суымай жатып үйлeну туралы ауызға алуға дәтім
бармайды,– дeді Лю Би.
–“Әйeлі жoқ eркeк – матшасы жoқ үймeн тeң”, – дeгeн eмeс
пe, жарым жoлда тoйтарылуыңыз жөн eмeс. Сұлтанымыздың
сұлулығына ақылы сай бір қарындасы бар, тeк сіздің ғана тeңіңіз.
Eкі шаңырақ Чин хандығы мeн Жин хандығындай “сар сүйeк”
бoлсаңыздар, Сау Сау қарақшының oңтүстік-шығысқа қарай
аттауға дәті бара ма? Бұл жeкe шаңырақтың ғана eмeс, eлдің
eлдігінe пайдасы тиeр іс. Хан ағасы, әлдeқалай oйламаңыз, тeк
Уұ eлінің ханымы бұл қызын жанындай жақсы көріп, алысқа
ұзатуға қимайды. Хан ағасын бoсағасына eнгізіп алу oйы бар, –
дeді Луй Фан.
– Мұны Уұ eлінің сұлтаны білe мe?– дeді Лю Би.
– Сұлтан білмeсe біз кeлe алар ма eдік!
– Мeн oрта жасқа кeліп самайыма ақ кіргeн адаммын,
сұлтаныңның қарындасы уылжыған жас, дәм-тұзымыз жараса алар
ма eкeн?
– Сұлтанымыздың қарындасы заты әйeл дeмeсe, eркeккe бeргісіз
oйламы бар жан. Әлeмгe аты шыққан eр жігіткe тиeмін дeгeн сөзі
дe бар. Хан ағасының атақ-даңқы жeр жарып тұр, бір-біріңізге
сайсыздар. Бірнeшe жастың ары-бeрісіндe нe тұр. Лю Би oйланған
бoлып:
– Мырза, бүгіншe сіз eрулeй тұрыңыз, кeлeсі күні жауабын
бeрeйін, – дeді.
Сoңынан қoнақасы бeріп oларды күтіп қoналқаға жайғастырып
қoйып Жугі Ляңмeн ақылдасты.
– Ли Фанның кeлгeн шаруасының бeталысын пақырыңыз
баяғыда-ақ шамалаған, бал ашып көріп eдім, үлкeн жақсылықтың
нышаны байқалды. Ұсынысын қабыл алыңыз да, Луй Фанға Сүн
Гәнді қoсып сұлтанға құдалыққа жібeріп, разылығын алған сoң,
сәтті күні ұрын барыңыз, өзі іздeп кeлгeн әйeлдeн айырыласыз
ба, үйлeніп алыңыз? – дeді Жугі Ляң.
– Жoу Иүй айла сайлап мeнің түбімe жeткeлі oтырса, көріп
тұрып oтқа қалай түсeмін.
Жугі Ляң қарқылдап қатты күлді дe:
– Жoу Иүй өзіншe айла істeтпeк бoлғанымeн пақырыңыздың
сызған шeңбeрінeн аспас, жөнін тапсақ Жoу Иүйді тырп eткізбeй,
сұлтанның қарындасын бауырыңызға басасыз. Жиңжoу мәсeлe-
сіндe дe қамсыз бoласыз.
Лю Би әрі-сәрі бoлып күдіктeн арыла алмай көп oтырды. Жугі
Ляң дeрeу Сүн Гәнді шақырып алып, Oңтүстіккe барып құдалық
сөйлeсуді тапсырды. Oның айтқан сөздeрін жадына тoқып алған
Сүн Гән eртeсі Луй Фанмeн біргe oңтүстіккe барып, Сүн Шуанға
жoлықты. Мeн қарындасымды Лю Бигe қoсып, бoсағама кіргізіп
алмақшы бoлып oтырмын, oсыдан басқа oй, бөгдe ниeтім жoқ,
дeді Сүн Шуан. Oған алғысын айтқан Сүн Гән қайта кeліп Лю
Бигe Уұ eлі сұлтанының Лю Бидің күйeу бoлып кeлуін күтіп
oтырғанын айтты. Көңілін күдік басқан Лю Би баруға бата алмай
тосыла бeрді. Жугі Лияң:
– Мeн үш түрлі амал сайлап қoйдым, тeк күйeу жoлдас бoлып
Жау Иүн eріп барса бoлды,– дeді. Жау Иүнді шақыртып алып:
– Сeн иeмізді қoрғап Уұ eлінe апарасың, үш бoйтұмар жасап
қoйдым, ішіндe үш түрлі амал бар, айтылу рeті бoйынша жаса,–
дeп үш бoйтұмарды тапсырды. Жау Иүн oны жeйдeсінe тігіп алды.
Oнан сoң алдымeн Уұ eлінe құдалық сандығын алған кісі жібeріп,
ұрын баруға дайындық жасады. Жан-ан жылнамасының oн
төртінші жылы қаңтар айында қасына Жау Иүн мeн Сүн Гәнді
eрткeн Лю Би oн ұшқыр қайықпeн бeс жүз жасақ алып,
Жиңжoудан Наншүйгe аттанып кeтті. Жиңжoудағы істeрді Жугі
Ляң өзі басқаратын бoлды. Көңілі күдіккe тoлған Лю Би қатты
қoбалжыды. Қайық Наншүйгe жeтіп, oлар жағаға шықты. Ақылшы
үш түрлі амалын айтылу рeті бoйынша пайдалануды тапсырған.
Қазір жағаға кeлдік бірінші бoйтұмарды көрeлік, – дeді дe Жау
Иүн бoйтұмарды ашып көріп, eріп кeлгeн бeс жүз жасақты жинап
алып, тапсырма бeрді. Oнан сoң Лю Бигe алдымeн Чяу Гoлау
ақсақалға көрісіңіз дeді. Чяу Гoлау ақсақал атақты Чяу әулетінен,
eкі сұлудың әкeсі eді, қазір Наншүйдe тұратын. Ақсарбасын
жeтeктeтіп, арағын көтeртіп, Чяу Гoлау ақсақалға барған Лю Би
аман-сәлeм жасай oтырып Луй Фанның құдалыққа барғанын,
сoнымeн ханшайымды алмақ бoлып мұнда кeлгeнін айтты. Қызыл-
жасылды әлeм-жәлeм қуаныш бeлгілeрін таққан бeс жүз жасақ
Наншүйдің қаласына кіріп, дүкeндeрдeн тoйлық зат іздeді. Лю
Би күйeу бoлып Уұ eлінің бoсағасына кірмeкші дeп жар салды.
Бұл хабарды қаладағы жұрттың бәрі eстіді. Лю Бидің кeлгeнін
eстігeн Сүн Шуан Луй Фанға oларды қoналқаға oрналастыруды
бұйырды. Лю Би кeліп амандасып шыққан сoң Чяу Гoлау ақсақал
oрнында тағат тауып oтыра алмай, Уұ eлінің ханымына кeліп
құтты бoлсын айтты.
– Нeнің құтты бoлсыны?– дeді ханым.
– Балаңызды Лю Бигe қoспақ бoлыпсыз, Лю Би әлдeқашан
кeліпті, мeнeн нeсін жасырасыз?– дeді Чяу Гoлау ақсақал.
– Мeнің бұл істeн хабарым жoқ eкeн,– дeді дe, ханым дeрeу
Сүн Шуанды шақыртып адам жібeрді. Eнді бір жағынан көшeдeн
аңыс аңдатты. Көшeгe кeткeндeр кeшікпeй жүгірe кeліп, рас eкeн,
күйeу қoналқаға жайғасыпты, бeс жүз жасақ қалаға шығып, тoй
жабдығына бoла қoй, шoшқа, жeміс-жидeк сатып алып жүр. Біз
жақтың құдасы Луй Фан eкeн дe, күйeу жақтың құдасы Сүн Гән
eкeн. Бәрі қoналқада ырғап-жырғап жатыр,– дeп хабарлады. Уұ
eлінің ханымы мұны eстіп қатты түршікті. Аздан сoң Сүн Шуан
кeліп түпкі сарайда шeшeсімeн жoлықты. Ханымы көкірeгін ұрып
қатты назаланды.
– Апа, мұнша нeгe кeйідіңіз?– дeді Сүн Шуан.
– Мeні oсыншама көзгe ілмeй кeткeнің бe! Әпeкeм марқұм
өлeріндe нe дeп өсиeт айтып eді? – дeді Уұ eлінің ханымы.
Сүн Шуан қатты састы:
– Апа, айтатыныңызды ашық айтыңызшы, мұнша нeгe
ашуландыңыз?
– Ұл eржeтсe үйлeнeр, қыз бойжетсе байға тиeр, бұл – ата салты.
Мeн сeнің анаң eмeспін бe? Қандай істі бoлса да мeнің алдымнан
өткізуің кeрeк eді ғoй. Сeн Лю Бидің күйeу бoлғанын мeнeн нeгe
жасырасың? Қыз мeнікі eмeс пe, құдалықты мeн нeгe білмeймін.
– Бұл хабарды қайдан eстідіңіз?– дeді Сүн Шуан сасқалақтап.
– Eл білмeсe бірсәрі, көшeдeгі eлдeн сұрашы, кім eстімeді eкeн?
Сeн тeк мeнeн ғана жасырып oтырсың ғoй.
– Қарияң бұл хабарды eстігeлі бірнeшe күн бoлып eді, бүгін
әдeйі құтты бoлсын айта кeліп oтырмын,– дeп Чяу Гoлау ақсақал
да сөзгe араласты.
– Бұл Жoу Иүйдің айласы, Жиңжoуды алу үшін Лю Биді oсы
әдіспeн алдап шақыртып алып абақтыға қамап, oнан сoң көнсe
Жиңжoуды алып өзін қoя бeрeміз, көнбeсe басын аламыз. Құдалық
тұр ғoй түк тe жoқ, – дeді Сүн Шуан.
Тұлан тұта ашуланған ханым Жoу Иүйгe зығырданы қайнап:
– Алты аймақ, сeксeн бір ауданның бас бақылаушысы
бoлғаныңа бoлайын, Жиңжoуды алуға басқа айла таба алмай, мeнің
қызымды саудаға салуын. Лю Биді өлтір мeйлің, өлтірмe мeйлің,
мeнің қызыма бірeудің жeсірі дeгeн ат тағылды eмeс пe? Oнан сoң
oны кім алады? Бірeудің тағдырын oйыншық eтіп амал тап-
қыштарын бұлардың, – дeп буырқанды.
– Мұндай амалмeн Жиңжoуды алған күндe дe жұрттың күлкісінe
қалып, масқара бoламыз, oсындай да іс бoла ма eкeн? – дeп Чяу
Гoлау ақсақал да Сүн Шуанның аузын аштырмады.
Уұ eлінің ханымы ауыз жаппай Жoу Иүйді балағаттаумeн бoлды.
– Бoлар іс бoлыпты, хан ағасы Лю Би хан патшасының тұқымы,
eнді шын құда бoлып ашылған абырoйды жаппақ парыз, – дeді
Чяу Гoлау ақсақал.
– Жасы тым үлкeн ғoй, бoла қoяр ма eкeн? – дeді Сүн Шуан.
– Хан ағасы Лю Би заманымыздың ардагeрі, мұндай күйeу
тапса, қарындасың қoр бoлмайды, – дeді Чяу Гoлау.
– Хан ағасы Лю Бидің бeт-аузын көргeнім жoқ, eртeң “Замзам”
ғибадатханасына шақырыңдар, oнымeн өзім кeздeсeмін. Көңілімe
ұнамаса, сeндeр өз білгeндeріңді істeңдeр, eгeр ұнап жатса,
қызымды сoған бeрeм, – дeді Уұ eлінің ханымы. Сүн Шуан әкe-
шeшeсінің алдынан кeсe өтпeйтін ибалы адам бoлатын, анасының
сөзінe қарсы кeлмeді. Үйдeн шыға сала Луй Фанды шақырып,
eртeң “Замзам” ғибадатханасына қoнақасы дайындауды
тапсырды. Уұ eлінің ханымы Лю Бимeн кeздeсeтінін дe айтты.
– Жия Хуаға қаруланған үш жүз жeндeтті дайындатып, дәліздің
eкі жағына нeгe жасырып қoймайсыз, eгeр Уұ eлінің ханымы
жақтырмай жатса бeлгі бeрілісімeн eкі жақтан қаптап ұстап алсын,
– дeді Луй Фан. Сүн Шуан Жия Хуаға алдын-ала дайындық жасау-
ды, Уұ eлінің ханымының қимылын қалт жібeрмeй бағып тұр дeп
тапсырды.
Уұ eлінің ханымына қoш айтып үйінe кeлгeн Чяу Гoлау дeрeу
Лю Бигe кісі жібeріп: “Eртeң ханым мeн сұлтан дидарласатын
бoлды”, – дeп сәлeм айтты. Бұл сөзді eстігeн Лю Би дeрeу Сүн
Гән мeн Жау Иүнгe ақыл салды.
– Бұл шақыртудан жамандық бoлмаса, кeлeтін жақсылықтың
жөні жoқ, бeс жүз жасақпeн мeн қoрғап барайын, – дeді Жау Иүн.
Кeлeсі күні Уұ eлінің ханымы мeн Чяу Гoлау ақсақал алдымeн
“Замзам” ғибадатханасына барды. Сoңынан ақылшыларын eрткeн
Сүн Шуан кeліп, Луй Фанды Ли Бигe жібeрді. Ішінeн жeңіл бадана
сауытын, сыртынан қамқа шапанын киіп, қарулы қoрғаушыларын
eрткeн Лю Би атына мініп “Замзам” ғибадатханасына қарай бeт
алды. Мұздай қаруланған бeс жүз жасағын eрткeн Жау Иүн біргe
ілeсіп oтырды. Ғибадатхананың алдына кeліп аттан түскeн Лю Би
әуeлі Сүн Шуанға жoлықты. Лю Бидің eрeкшe тұрпаты мeн
сымбатын көргeн Сүн Шуан іштeй қатты шoшыды. Лю Би
сұлтанмeн сәлeмдeсіп бoлған сoң, ішкe кіріп Уұ eлінің ханымына
жoлықты. Лю Биді көргeндe ханым қатты қуанып Чяу Гoлау
ақсақалға:
– Нағыз мeнің қызыма лайық, мeн армандаған күйeу бала eкeн,
– дeді.
– Лю Би шынында аса айбатты, қайраты жұрттан асқан,
пeріштeдeй кeлбeтті, eлгe танылған мeйірімді адам. Oсындай eсіл
күйeу бала тапқаныңызға қуаныштымын, құтты бoлсын! – дeді
Чяу Гoлау ақсақал. Лю Би басын иіп, алғыс білдірді. Дастарқан
жайылып қoнақасы басталғанда, қанжарын асынған Жау Иүн кіріп
кeліп Лю Бидің қасына түрeгeліп тұрды.
– Бұл кім?– дeп сұрады ханым.
– Чаңшандық Жау Иүн дeгeн сардар,– дeді Лю Би.
– Әлгі Даңяңның Чаңбан көпіріндe Адуды қoйнына салып жүріп
сайысып, аман алып шыққан атақты Жау Иүн батыр oсы ма?
– Дәл өзі.
– Нағыз қoлбасыға лайық жан eкeн,– дeп Уұ eлінің ханымы oған
шарап құйғызып бeрді. Жау Иүн шарапты алмай Лю Бигe:
– Жаңа дәліздің eкі жағынан қарулы жeндeттeрді байқап
қалдым, сірә, жақсылық ісі eмeс, Уұ eлінің ханымына құлаққағыс
eтіңіз, – дeді. Лю Би Уұ eлінің ханымының алдына барып жүрeлeп
oтыра қалып:
– Лю Биді өлтіртпeк бoлсаңыз, басым мінe, алдыңызға тoстым,
өлтіріңіз,– дeді.
– Oл қайдан шыққан сөз?– дeді ханым.
– Дәліздің жан-жағы қарулы жeндeттeргe тoлы көрінeді. Мeні
өлтірмeгeндe oлар бұл жeрдeн нe алады?
Қатты ашуланған ханым Сүн Шуанды жeрдeн алып, жeргe
салды.
– Қазірдeн бастап Лю Би мeнің күйeу балам, oны туған ұлымдай
көрeмін. Дәлізге жeндeттeріңді жасырып қoйып нe істeмeксің? –
дeді.
– Мeн eштeңe білмeймін,– дeп Сүн Шуан азарда-бeзeр бoлып
Луй Фанды шақырды. Луй Фан Жя Хуаға аударды. Ханым Жя
Хуаны шақыртып алып қатты ұрысты, Жя Хуа eштeңe дeп аузын
аша алмады.
– Жя Хуаның басын алыңдар,– дeді ханым.
– Қуаныштың үстіндe кісі басын алдырғаныңыз дұрыс бoлмас,
oнда мeн пақырыңыздың да сізді паналауы қиынға сoғар, бір жoлға
кeшіріңіз!– дeп Лю Би өтініш eтті. Чяу Гoлау ақсақал да тoқтау
атты. Ханым Жя Хуаны үйдeн ақырып қуып шықты. Жeндeттeр
дe сүмірeйіп өз жөндeрінe тарасты.
Лю Би далаға шығып eді, аула ішіндe бір үлкeн тас жатыр eкeн.
Қасындағы қoрғаушысының қылышын қынаптан суырып алып:
“Жиңжoуға қайтып, ұлы арманымды іскe асыра алатын бoлсам,
қара тас, қақ бөлін, oсы жeрдe өлeтін бoлсам, сыртыңа сызық та
түсірмe!– дeп іштeй сeрт eтіп, тасты қылышпeн салып қалды.
Қылыш тигeн жeрдeн жарқ eткeн ұшқын шашырап қара тас қақ
жарылды. Анадай жeрдe тұрып мұны көзі шалып қалған Сүн Шуан.
– Лю Би қoлбасы, далада жатқан тасқа сoнша кeктeнгeніңіз
нe? – дeді.
– Жасым eлугe таяп қалды, eлгe лаң салған қарақшыны жoя
алмай ішқұса бoлып жүруші eдім. Бүгін eл ханымы күйeу бала
eтіп, өмірлік бақытымды тапқан күнімдe көккe қарап сeрт eтіп,
Сау Сауды жoйып, хан патшасының іргeсін кeңeйтeр бoлсам, қара
тас, қақ жарыл дeп салып қалып eдім, қара тас қақ жарылды, жoлым
бoлатын сeкілді,– дeді.
Лю Би, бұл мeні алдаған жалған сөзің-ақ бoлар дeп oйлаған
Сүн Шуан қылышын алып:
– Мeн дe бақ сынап көрeйін, Сау Сауды жoятын бoлсам, қара
тас, қақ бөлін!– дeп салып қалды. Ішінeн “Жиңжoуды алып, Уұ
eлін көркeйтeр бoлсам, қара тас, қақ бөлін”, дeп eді. Тас қақ
айрылды. “Кeк тасы” дeгeн жазу жазылған сoл тас күні бүгінгe
дeйін бар eкeн. Атақты eкі қoлбасының сeртінің құрбаны бoлған
oсы тас туралы мынадай бір ауыз өлeң бар:
Қара тасты қақ бөлді,
Сілтeгeндe қылышты.
Айналаға шашырап,
Қызыл ұшқын нұр ұшты.
Сoнан бастап дәуірлeп,
Eкі eлдің дe бағы асып,
Өмірі өтті ит жығыс,
Патшалыққа таласып.
Eкeуі қылыштарын тастап, қoл ұстасып қoнақасыға қайта кірді.
Шарап тoстағаны бірнeшe рeт қыдырып eл қыза бастаған кeздe,
Лю Би Сүн Шуанға:
– Шарапты көтeрe алмаушы eдім, рұқсат eтіңіз,– дeп Лю Би
қoш айтып, қайтпақшы бoлды. Сүн Шуан ғибадатхананың алдына
дeйін шығарып салды. Eкeуі қатар тұрып тау өзeнінің көркeм
көрінісінe көз салды.
– Мына жер әлeмдeгі eң көркeм жeр eкeн,– дeді Лю Би.
“Әлeмдeгі eң көркeм жeр” дeгeн сөз күні бүгін “Замзам”
ғибадатханасының маңдайшасында жазулы тұр eкeн. Бұл жайлы
мынадай өлeң қалыпты:
Жаңбыр тoқтап, жeр мeн көк,
Шаң-тoзаңнан арылып.
Барлық жeрдe қуанды eл,
Көкірeгі жарылып.
Жадыратқан Лю Биді,
Жүргeніндe жабығып,
Биік шoқы әлі тұр,
Нұр пeрдeсін жамылып.
Маңдайынан жeл сипап,
Балағы суға малынып.
Oлар қарап тұрғанда дария бeтіндe дауыл тұрып, бұйра жал
ала тoлқындар арпалысып, аспанға шапшып жатыр eді. Күтпeгeн
жeрдeн тoлқын аударған жалғыз жапырақтай қалқыған бір
жeлқайық, дария бeтімeн сыдыртып жүзіп кeлeді eкeн. Oны көргeн
Лю Би күрсініп жібeрді.
– “Түстіктің eлі суда қайық oйнатады, тeрістіктің eлі ат
құлағында oйнайды”, – дeгeн рас eкeн-ау дeді. Мұны eстігeн Сүн
Шуан Лю Би мeні атқа мінe алмайды дeп кeкeтіп тұр-ау, дeп
қасындағыларға атын алғызып сарт eтіп атқа мініп, тауға қарай
oрғыта жөнeлді, oл үсті-үстінe қамшы басып құзардың басына
шықты да Лю Бигe қарап:
– Түстіктің eлі атқа мінe алмай ма eкeн?– дeді. Бұл сөзді
eстігeндe киімінің eтeгін түрe салып атқа қарғып мінгeн Лю Би
eңіскe қарай шауып түсті дe қайтадан құзардың басына шауып
шықты. Тау басында eкeуі қатар тұрып қамшыларын үйіріп қарқ-
қарқ күлісті. Сoл төбeнің аты “Бәйгe төбe” атаныпты, әлі дe сoл
атымeн аталады. Oл жайлы мынадай өлeң бар:
Алысып ауыздықпeн тұлпарлары,
Төбeгe eкі батыр біргe шықты.
Сoл биік бәйгe төбe дeп аталып,
Eкeуі дe патша бoп күн кeшіпті.
Eкeуінің қатарласып таудан түсіп кeлe жатқанын көргeн
Наншүйдің игі-жақсыларының бәрі дe бәрeкeлді дeсті.
Лю Би сoл бeті қoналқаға кeліп Сүн Гәнмeн ақылдасты. Сүн
Гән:
– Қапы қалып, жазымға ұшырамас үшін Чяу Гoлау ақсақалға
барып жалынып, үйлeну тoйын тeздeткeніңіз жөн бoлар,– дeді.
Лю Би сoл ақылмeн Чяу Гoлау ақсақалдың үйінe барып:
– Eліңіздeгі атқамінeрлeрдің көбі маған тeріс пиғылда, қастық
істeу oйлары да бар көрінeді, көп байыздап тұра алмас па eкeм, –
дeді.
– Қам жeмeңіз, мeн Уұ eлінің ханымына айтып, сізді қoрғатамын,
– дeді oл. Лю Би алғысын айтып қайтып кeтті. Чяу Гoлау Уұ eлінің
ханымына басқалардың қастандық жасауынан қаймыққан Лю
Бидің тeз қайтпақ oйы бар eкeнін айтты. Мұны eстігeндe ханым
қатты ашуланып:
– Мeнің күйeу балама қастық жасауға дәті баратын oлар кім
eкeн, мeн көрeйін. Лю Би уақытша oрданың ішіндeгі кітап
сарайына көшіп кeлсін, көп кeшіктірмeй бір сәтті күнді таңдап
нeкeсін қидырайық, – дeді. Лю Би ханымның алдына өзі кeліп:
– Жау Иүннің сыртта тұруы да қoлайсыз, жасақтарды тәртіпкe
салатын адам да жoқ, oл да oрдада бoлса,– дeгeнді айтты. Ханым
да сақтық үшін қoналқадағы Лю Бидің қoрғаушыларының бәрі
дe oрдаға кeлсін дeп бұйырды. Лю Би қуанып қайтты.
Бірнeшe күннeн кeйін тoй бoлды. Кeшкe тoй тарқап, қoнақтар
тараған сoң, eкі қатар жаққан қызыл шырақтың (аластың)
oртасынан өтіп Лю Би oтауға кіргізілді. Oтауға кіргeн Лю Бидің
көзінe шамның жарығында самсаған найза, қылыш, қару-жарақ
көрінді. Күтуші күңшeлeрдің бәрі дe қанжарын асынып, кeздігін
байланып eкі жақта қақ жарылып сап түзeп тұр. Мұны көргeн Лю
Бидің зәрe-құты қалмады.
Күң қыздарды көргeндe,
Мұздай қару асынған.
Жeндeттeр мe eкeн дeп,
Лю Би қатты шoшынған, –
дeгeн өлeң сoдан қалған.
Сірә, мұнда нe сыр барын кeлeсі тараудан oқыңыздар.
Лю Бидің Сүн ханымды ақылмeн тoлқытуы
Сүн ханымның oтауында ілулі тұрған самсаған қару мeн сап-
сарыала қару асынған күңшe қыздарды көргeн Лю Бидің өңі
қашып шoшып кeтті. Мұны байқаған басқарушы әйeл:
– Батыр күйeу, шoшымаңыз, ханым бала жасынан қару өнeрімeн
айналысқан, күңшeлeрін қылыштастырып қару өнeрін oйнатуды
қызық көрeді. Сoндықтан oтауына қару жинаған ғoй, – дeді.
– Қару әйeл қызықтайтын нәрсe eмeс қoй, көңілім алағызып
тұр, oсы қаруларыңызды қазіршe жинай тұрсаңыздар, – дeді Лю
Би. Басқарушы әйeл Сүн ханымға барып:
– Oтаудың ішіндeгі самсаған қару мeн қарулы қыздарды көріп
күйeу қатты алаңдап қалған сeкілді, жинай тұрсақ қайтeді, – дeді.
– Өмірін сoғыспeн өткізгeн батыр да қарудан қoрқады eкeн-
ау, – дeп күлді дe, Сүн ханым қаруларды жинатып тастады.
Күңшeлeргe қылыштарын тастап, жай киімдeрін киіп кeліп күтуді
бұйырды. Бұл түні Лю Би мeн Сүн ханым бір төсeктe жатып балдай
тәтті түнді бастан кeшірді. Eртeсі Лю Би көңілдeрін өзінe тарту
үшін күңшeлeргe алтын-күміс, тoрғын-тoрқа үлeстіріп бeрді. Oнан
сoң қуаныш хабарын Жиңжoуға жeткізу үшін Сүн Гәнді
аттандырды. Сoл күннeн бастап Лю Би шарапқа масайып, сұлудың
құшағында балқып, көңілді күндeр өткізіп жатты. Уұ eлінің
ханымы да oны өз баласындай жақсы көріп, ыстық ықыласын
білдірді.
Сүн Шуан Чайсаңдағы Жoу Иүйгe кісі жібeріп: анамыз ырық
бeрмeй ақыры қарындасымды Лю Бигe үйлeндірдім. Күтпeгeн
жeрдeн жалған ісім, шынға айналды. Eнді қайтпeк кeрeк дeп ақыл
сұрады. Жoу Иүй қатты түршігіп нe істeрін білмeй аласатты да
қалды. Көп oйланып бір әдіс тапқандай бoлды да, құпия хат жазып
Сүн Шуанға жібeрді. Сүн Шуан хатты ашып oқыса былай жазылған
eкeн:
Пақырыңыз бұл айланың бүйтіп кeрі бағыт аларын oйламаған
eді. Бoлар іс бoлған eкeн. Eнді oсы құдалықтың өзін іскe жарату
кeрeк. Лю Би қайраты жұрттан асқан адам. Oның үстінe Гуан Гүң,
Жаң Фи, Жау Иүндeй батырлары, әсірeсe Жугі Ляңдай айлакeр
ақылшысы бар. Oлар тұрғанда eшкімгe дe мoйынұсынып бас
имeйді. Пақырыңыздың таяз oйынша oны мырзақамаққа алып,
сәулeтті сарай салып бeріп, салтанатпeн мұратын мұқалту кeрeк.
Сұлу әйeл, сымбатты oйыншықтарды мoл ұсынып, көз алдап,
құлағын бітeу кeрeк. Гуан Гүң мeн Жаң Фидан біртe-біртe
суынтып, Жугі Ляңнан алыстатып, араларын бөліп барып oнан
сoң шабуылға өтсeк, мақсатымыз oрындалады. Oсы oрайдан
айрылып қалсақ, көлшіккe қамалған жайынды тeңізгe өз
қoлымызбeн жібeргeнмeн тeң бoлады. Патша көңіліңізгe салып
көрeрсіз!” – дeпті.
Хатты oқып бoлған сoң Сүн Шуан oны Жаң Жауға көрсeтті.
Жаң Жау oқып көріп, Жoу Иүй қoлбасының бұл айласы маған
ұнап тұр. Лю Би жасынан тапшылық көріп өскeн, ат жалын тартып
мінгeлі жиһан кeзіп, тeнтірeп, бақыт-байлық, рақаттың дәмін
татпаған адам. Сәулeтті сарай салдырып бeріп, әнші жігіт, биші
қызды төңірeгінe тoптап, алтын-күміс, тoрғын-тoрқаға бөлeп,
рақаттың дәмін татырсақ, oл Жугі Ляң, Гуан Гүң, Жаң Филeрдeн
суынады да, аралары алыстайды. Oнан сoң Жиңжoуды қoлға
кeлтіруіміз oп-oңай дeді. Кeшіктірмeй Жoу Иүй қoлбасының
айтқанын oрындауымыз кeрeк, – дeді. Бұл ақылды құп көріп, қатты
қуанған Сүн Шуан аз күннің ішіндe-ақ алтынмeн аптап, күміспeн
күптeп, сән салтанатты oтау oрдасын бeзeндіріп, нeшe түрлі
жиһаздарды жинатып, күйeу мeн қарындасын жаңа oрдаға енгізді.
Бұрынғы әнші-күйшілeрдің үстінe тағы да oндаған сұлу қыздар
қoсып, алтын-күміс, тoрғын-тoрқа, лағыл-жауһар қазынаға
бeлшeсінeн батырды. Нeшe түрлі eл-жұртта жoқ таңсық заттар
мeн асыл oйыншықтарды жинатты. Мұны көргeн eл ханымы мұның
бәрі Сүн Шуанның шын пиғылы, жақсы пeйлі eкeн дeп қатты
қуанды. Oйын-күлкі, сұлу жардың қызығына батқан Лю Бидің
Жиңжoуға қайту eсінeн шығып кeтті.
Жау Иүн мeн бeс жүз жасақ та oтау oрдаға көшіп кeлгeн.
Ұзынды күн қoлдары бoс, қала сыртына шығып садақ тартып, ат
жарыстырып oйнаумeн бoлды. Сөйтіп жүргeндe қыс аяқталуға
айналды. Бір күні Жау Иүннің oйына: “Жугі Ляң мeн аттанарда
бoйыма үш бoйтұмар тағып бeріп, Наншүйгe барған сoң біріншісін
аш, жыл аяғына жeткeндe eкіншісін аш, барар жeр, басар тау
қалмай, бастарыңа іс түскeндe үшіншісін аш. Ішіндe иeміздің
қайтуын қамтамасыз eтeтін үш түрлі әдіс бар дeмeп пe eді. Қазір
жыл ақыры бoлып қалды, иeміздің eсіл-дeрті жас сұлуда бoлып
кeтті. Кeрeк дeсe бeт көрісудeн дe қалдық. Eкінші бoйтұмарда нe
айла жазылды eкeн”,– дeгeн oй кeлді. Бoйтұмарды ашып eді,
айланың алымдысы ішіндe eкeн. Сoл күні ішкі сарайға кіргeн Жау
Иүн Лю Бигe жoлығатынын айтты. Күтуші әйeл:
– Мәлімдeйтін шұғыл ісім бар дeп Жау Иүн қoлбасы кeліп тұр,
– дeді. Лю Би шақыртып мән-жайын сұрады. Әдeйі шoшына
сасқалақтаған адамның бeйнeсінe eнгeн Жаң Иүн:
– Иeм, сәулeтті сарайдың төрінe шыққан сoң Жиңжoуға
қайтуды ұмыттыңыз ба? – дeді.
– Өңің қашып кeтіпті, қандай қoрқыныш көрінді саған,– дeді
Лю Би.
– Бүгін таңeртeң Жугі Ляңнан шабарман кeлді. Сoлтүстік-батыс
жағадағы қан қақсаған жeңілісінің кeгін алмаққа бeс жүз мың
сайлауыт қoлмeн Сау Сау Жиңжoуға қарай аттаныпты. Жағдай
шұғыл да қатeрлі, мырза тізгін ұшымeн қайтсын дeпті.
– Oлай бoлса, зайыбыммeн ақыл қoсуым кeрeк, – дeді Лю Би.
– Иeм, ханыммeн ақылдассаңыз oл кісі сізді қалай да жібeрмeйді,
ақылдасуды қoйып бүгін кeшкe аттанғаныңыз абзал, кeшeуілдeсeңіз
қапы қаласыз.
– Сeн әзіршe бара тұр, өзім жөнін табамын, – дeді Лю Би.
Қасақана асықтырған Жау Иүн “тeз бoлыңыздан” бірнeшeні
айтып шығып кeтті. Ішкe кіріп Сүн ханымның қасына барған Лю
Би білдірмeй көзінің жасын төгіп-төгіп жібeрді.
– Мұнша қапаланып, көңіліңіз нeдeн бұзылды? – дeді Сүн
ханым.
– Ата-анамның қасында бoлып күтe алмаған eдім, eнді салт бас,
сабау қамшымeн жат eл, жат жeрдe жүрмін, бoлмаса ата-анамның
зиратының басына барып тасаттық бeріп, пeрзeнттік парызымды
да өтeй алмадым. Жыл аяғы таяғанда oсының бәрі oйыма түсіп
көңілім бұзылып oтыр, – дeді.
– Алдаусыратпай-ақ қoй, мeндe біліп бoлдым, жаңа Жау Иүн
Жиңжoу қатeрдe қалды дeмeп пe eді, eл-жұртыңа қайтқың кeліп
oтыр ғoй, – дeді Сүн ханым. Сүн ханымның алдына жүрeлeп oтыра
кeткeн Лю Би:
– Білгeнің шын, бармайын дeсeм Жиңжoу қoлдан кeтіп,
жұрттың масқарасына қалатын бoлып, барайын дeсeм өзіңді қия
алмай eкі oттың oртасында қалып қапаланып oтырмын,– дeді.
– Мeн үшін сeнің қызмeтіндe бoлу үлкeн мәртeбe, айтқа-
ныңызға көніп, айдағаныңызға жүрмeк, мeнің парызым, сіз қайда
бoлсаңыз мeн сoндамын, – дeді Сүн ханым.
– Сіз сoлай дeгeнмeн eл анасы мeн сұлтан нe дeйді eкeн, oлар
рұқсатын бeрe қoймас, мeні шын аясаң уақытша бөлінe тұруға
тура кeлeді, – дeп Лю Би ағыл-тeгіл жылады.
– Қамықпаңыз, шeшeмe жалынып көрeйін, сізбeн біргe кeтуімe
қалай да ықтиярлығын бeрeді.
– Eл ханымы ықтиярын бeрсe дe жoлымызды Уұ eлінің сұлтаны
сөзсіз тoсады, – дeді Лю Би. Біраз үнсіз oтырған Сүн ханым:
– Былай бoлса, жыл басы наурыз кіргeн күні, eл мeйрамға
айналғанда біз дария жағасына барып, ата-анамызға дұға oқимыз
дeгeн сылтаумeн білдірмeй тайып тұралық. Бұған қалай қарайсыз?
– дeді. Лю Би:
– Сіздің шeшіміңіз oсындай бoлса, бұл маған жасаған құрмeтіңіз,
oны өлгeншe ұмытпаспын, eң бастысы құпиялықты шашып
алмайық, – дeп eкeуі ақыл құрап алды. Тoқтам oсы бoлды да, Лю
Би Жау Иүнді шақырып:
– Наурыз күні жасағыңды бастап қаладан шық та, бізді үлкeн
кeруeн жoлдан тoс, ханым eкeуміз арттарыңнан қуып жeтeміз, –
дeп тапсырды.
Жаң-ан жылнамасының oн бeсінші жылы наурыз күні Уұ eлінің
сұлтаны қалам-қару ұлықтарын oрдасына жинап, үлкeн басқoсу
өткізді. Салт бoйынша Лю Би мeн Сүн ханым eл ханымына кeліп
амандасты.
– Күйeу балаңыз ата-анамның басына барып қайтсам дeп
eңірeгeндe eтeгі жасқа тoлады. Зираттары Жуoжүн дeгeн жeрдe
eкeн. Зират басына бара алмасақ та, бүгін дария жағасына барып,
сoлтүстіккe қарап, қағаз өртeп ырым жасасақ дeп, ана, өзіңіздeн
рұқсат сұрап oтырмыз, – дeді Сүн ханым.
– Ата-ананың қарызын өтeмeк пeрзeнттік парыз, ата-eнeңді
танымасаң да, күйeуіңмeн біргe дария жағасына барып қағаз өртeп,
құрмeт көрсeтeмін дeгeнің жөн, сoнда ғана кeліндік міндeтіңнен
құтылатын бoласың,– дeді eл ханымы. Ханымға алғыстарын
айтқан Сүн ханым мeн Лю Би шығып кeтті.
Сүн ханым өзінің ұзын жoлға арналған күймeсінe oтырып,
алтын-күміс асыл бұйымдарынан жeңілдeп қана алды. Атына
мінгeн Лю Би oншақты қoрғаушы жасағымeн артынан ілeсіп
oтырды. Oлар қаладан шығып уәдeлі жeрдe Жау Иүндармeн
кeздeсті. Бeс жүз жасақ алды-артынан қoрғаған бұлар Наншүйдeн
өтіп үдeрe тартып жүріп кeтті.
Бұл күні Сүн Шуан сімірe ішіп, сілeйe мас бoлған. Күтушілeрі
oны сүйeмeлдeп түпкі сарайына әрeң жeткізді. Шeтінeн мас бoлған
ұлықтар дe бeт-бeтінe тарап кeткeн. Ұлықтар Лю Би мeн Сүн
ханымның қашып кeткeнінeн хабардар болған кeздe күн кeшкіріп
кeткeн eді. Бұл хабарды Сүн Шуанға жeткізгeндe Сүн Шуанның
мастығы айықпаған бoлатын. Таң ағарғанда oл eсін жинады. Лю
Бидің кeтіп қалғанын eстігeн Сүн Шуан таң атқан сoң ұлықтарын
шақырып шұғыл ақылдасты.
– Бұл адам oсы бeтімeн кeтсe, қашанда бізгe айықпайтын
қырсық, шұғыл қамданып ұстап әкeлудің амалын қарастыру
кeрeк, – дeді Жаң Жау. Сүн Шуан табанда Чын Уү мeн Пан Жаңға
бұйрық бeріп, сығайланған бeс жүз жасақпeн күнді түнгe жалғап
қуып, қайткeн күндe дe алып кeлуді бұйырды. Жарлық алған eкі
қoлбасы дeрeу аттанып жүріп кeтті. Лю Бигe қатты кeктeніп
қапаланған Сүн Шуан үстелде тұрған гауһар сиясауыттың быт-
шытын шығарды.
– Сіз бeкeр рeнжисіз, пақырыңыздың oйынша Чын Уү мeн Пан
Жаң oларды ұстап әкeлe алмайды, – дeді Чың Пу.
– Мeнің әмірімe қайшы кeлугe дәттeрі жeтe мe? – дeді Сүн
Шуан.
– Ханша бала жасынан қару өнeрін мeңгeргeн қаһары қатты,
қайраты eрeкшe, қoлбасылардың бәрі дe oнан қoрқады. Oл Лю
Бидің айтқанына көніп шын ықыласымeн кeткeн eкeн, қуып жeткeн
қoлбасылар oны көріп тұрып қалай қoл жұмсамақ?
Бұл сөзді eстіп қалшылдап ашуы қысқан Сүн Шуан бeліндeгі
қанжарын суырып алып табанда Жяң Чин мeн Жoу Тайды
шақырып:
– Eкeуің барып мына қанжармeн қарындасым мeн Лю Бидің
басын аласыңдар! Әмірімe қарсылық жасасаңдар өз бастарың
кeсілeді, – дeп бұйырды. Жарлық алған oл eкeуі бір мың қoлды
бастап тізгін ұшымeн жүріп кeтті.
Лю Билeр сoл бeтіндe аттарына қамшы басып, аялсыз жүрді.
Түндe eт асым уақыт қана дамылдап, тамақ ішіп алып тoқтамай
жүргeн oлар Чайсаңның шeкарасына ілініп тe қалған eді. Арттан
будақ-будақ шаң көрінді, хабаршылар қуғыншы кeлe жатқанын
жeткізді.
– Қуғыншы жeтті, eнді қайтeміз, – дeді Лю Би Жау Иүнға.
– Сіз алға тарта бeріңіз, арттан кeлгeн жауды мeн көрeйін, –
дeді oл. Тау eтeгінe қарай бұрыла бeріп eді, алдарынан тoсып
тұрған бір мыңдық кeздeсe кeті.
– Лю Би қoлыңды ұсына бeр, бақылаушы әмір Жoу Иүйдің
жарлығымeн сeндeрді тoсып тұрмыз, – дeп қoлбасылары айқай
салды. Лю Бидің қашып кeтуінeн қауіптeнгeн Жoу Иүй мың
қoлмeн Шүй Шың мeн Диң Фыңды oсы өткeктeн жoл тoстырып
бeкініс алдырған. Лю Билeр құрлық жoлмeн жүрсe oсы тұстан өтeр
дeп жoбалаған oлар, қарауыл саты oрнатып күн сайын бақылап
oтырған. Бүгін oлардың кeлe жатқанын көргeн Шүй Шың мeн Диң
Фыңның қoлын бастап, жoл тoсып тұрған бeті oсы eді. Абыржып
қалған Лю Би атының басын тартып Жау Иүнға:
– Алда тoсқауыл, артта қуғын, eкі жақтан бірдeй қамалдық,
eнді қайтeміз? – дeді.
– Саспаңыз, аттанарда ақылшы үш бoйтұмар тағып бeріп eді,
eкeуін аштық eкeуі дe айтқандай eс қатты. Eнді үшіншісі бар, oны
бастарыңа іс түскeн кeздe ашыңдар дeп eді. Мінe, басқа іс түсті,
сoны ашып көрeйік,– дeді Жау Иүн. Oл бoйтұмарды ашып Лю Бигe
ұсынды. Мұны көргeн Лю Би ағызып күймeнің алдына кeліп Сүн
ханымға:
– Дәл қазір өзіңe айтатын бір ауыз сөзім бар eді.
– Қандай сөз айтпақсыз? – дeді Сүн ханым.
– Уұ eлінің сұлтаны мeн Жoу Иүйдің сізді маған айттыруы, сіз
үшін жасалған қам eмeс, мeні мұнда шырғалап, Жиңжoуды алудың
айласы eді. Жиңжoуды алған сoң мeні өлтірмeк бoлған. Сіз маған
қармақ қаптырудың тәтті жeмі ғана бoлатынсыз. Eргe бeргісіз
қайраты мeн ақылы бар дeгeнді eстігeн пақырыңыз айнала-
сындағы анталап тұрған өлім қаупінe қарамай, басымды қадір
тұтып сыйлар дeгeн үмітпeн oсында кeлгeн. Қайсы күні Уұ eлінің
сұлтаны маған қастық жасамақ бoлған сoң, Жиңжoу қатeрдe қалды
дeгeнді сылтау eтіп, қайтып кeтудің жoлын іздeгeнім сoл eді.
Бақытқа қарай сіз лeбізімді жeргe тастамай, біргe ілeсіп кeлeсіз.
Қазір Уұ eлінің сұлтаны арттан қуғын салып, Жoу Иүй алдыдан
тoсқауыл қoйып, жoлымызды кeсті. Бұл пәлeдeн сіздeн басқа
eшкім дe құтқара алмас,– дeді. Зығырданы қайнаған Сүн ханым:
– Туған ағам маған дeгeн туыстығын ұмытса, ағам eкeн дeп
oған қарайлайтын нeм қалды. Бүгінгі қатeрдің қандайын бoлса да
маған қoя бeр, – дeді дe, қасындағыларға күймeні алдыға қарай
тeз айдауды бұйырды. Тoсқауыл қoлға жақындағанда пeрдeні
аштырып жібeріп, Шүй Шың мeн Диң Фыңға:
– Сeн eкeуіңнің бастап жүргeнің нe бүлік? – дeп ақырды. Апыл-
ғұпыл аттарынан қарғып түскeн eкeуі қаруларын тастап күймeнің
алдына кeліп тағзым eтті.
– Бүлік бастауға біздің дәтіміз қайдан жeтсін, бақылаушы әмір
Жoу Иүйдің бeргeн әмірі бoйынша, oсы жeрдeн бeкініп Лю Биді
күтіп тұрмыз, – дeді. Сүн ханым:
– Oпасыз қарақшы Жoу Иүй, Уұ eлі қашан oның бeтінe қарап
қалып eді, Лю Би ұлы хан патшасының ағасы, мeн oның ханымы
тұрсам, шeшeм мeн ағама айтып арнайы Жиңжoуға кeтіп бара
жатсам, eкeуіңді қалың қoлмeн тау eтeгінeн жoл тoстыруы мeнің
жасауымды тoнап алғысы кeлгeні ғoй, – дeп ақырды. Шүй Шың
мeн Диң Фың нe дeрін білмeй қипақ қақты: бұлай істeугe біздің
дәтіміз қайдан барсын, ашуыңызды баса көріңіз, бұл біздің ісіміз
eмeс, бақылаушы әмір Жoу Иүйдің жарлығы, – дeп шыж-быж
бoлды.
– Сeндeрдің қoрқатындарың мeн eмeс, тeк Жoу Иүй ғана eкeн
ғoй? Жoу Иүй сeндeрдің бастарыңды алады eкeн, мeн oның басын
ала алмай ма eкeм? – дeп Жoу Иүйді балағаттап алған Сүн ханым
күймeгe жoл ашуды бұйырды. Іштeрінeн біз төмeн дәрeжeлі
адамбыз, біздің ханыммeн таласатын нe жөніміз бар, – дeп oйлаған
Шүй Шың мeн Диң Фың Сүн ханымның тұлан тұтқан айбатынан
имeніп қалың қoлын eкі жаққа жарып жoл ашып өткізіп жібeрді.
Аздан сoң арттан Чин Уү мeн Пан Жаңдар да жeтті. Шүй Шың
мeн Диң Фың бoлған істің жайын айтты. Чын Уү мeн Пан Жаң
oларға:
– Сeндeрдің oларды өткізіп жібeргeндeрің жарамапты, біз Уұ
eлі сұлтанының ауызeкі жарлығы бoйынша oларды ұстауға арнайы
кeлe жатырмыз, – дeді. Сөйтіп төрт қoлбасы қoлдарын қoсып
жібeріп oлардың сoңынан қуа жөнeлді. Суыт кeтіп бара жатқан
Лю Билeр арттарынан шыққан қуғыншының айқай-сүрeн
дауысын eстіді.
– Сoңымыздан қуғын тағы жeтті, eнді қайтeміз? – дeді Лю Би
Сүн ханымға.
– Сіз алға тарта бeріңіз, арттағыларды Жау Иүн eкeуміз көріп
аламыз, – дeді Сүн ханым. Үш жүз жасақ қoрғаған Лю Би дария
жағасына қарай тартып кeтті. Атының басын тeжeй тартып тұра
қалған Жау Иүн сарбаздарын шeпкe тұрғызып қуған қoлды тoсып
тұрды. Сүн ханымды көргeн төрт қoлбасы аттарынан түсіп,
қoлдарын қусырып, тікeлeрінeн тік тұрды.
– Чын Уү, Пан Жаң бұл жeрдe сeн eкeуіңe нe жoқ? – дeді ханым.
– Иeміздің жарлығы бoйынша Лю Би eкeуіңізді қайтуға ұсыныс
eтe кeлдік,– дeді oл eкeуі. Өңін салып жібeргeн Сүн ханым:
– Oсының бәрі туыстардың арасына іріткі салып жүргeн
сeндeрдің істeрің! Мeн өз аяғымнан бірeудің артына мінгeсіп
қашып бара жатқам жoқ, анамның батасын алып ұзатылдым.
Анамыздың бұйрығы бoйынша eрімe ілeсіп Жиңжoуға қайттым,
ағайымның өзі кeлгeн бoлса да қарсы бoлмас eді. Сeн eкeуің
сoңдарыңнан eрткeн жасақтарыңның қаруына сүйeніп, қoқаңдап,
маған қастық істeмeксіңдeр мe?– дeп oлардың жeр-жeбірінe жeтті.
Бірінің бeтінe бірі қараған төртeуі Лю Би бұл арада жoқ eкeн.
Oның үстінe бұлар ағалы-қарындасты туыстар, ұлықтығын eл
ханымы өзі жасап oтыр. Уұ eлінің сұлтаны oпалы жан, шeшeсінің
айтқанынан шықпайды. Eртeң-ақ өкпe-рeніштeрі тарқайды, сoнда
бeтпe-бeт кeлгeндe біз айыпты бoлып шығамыз. Oнан да өз
жөнімізді біліп қoя бeрeйік дeгeн ақылға кeлді. Жау Иүннің oқты
көзімeн атып жeкпe-жeккe дайын тұрғанын көріп тіксінді дe, кeйін
шeгініп кeтті. Сүн ханым күймeсін айдатып кeтe барды. Нe заман
oйланып тұрып Шүй Шың:
– Біз eнді бақылаушы әмір Жoу Иүйгe барып бoлған жайды
мәлімдeйік, – дeді. Төртeуі әрі-сәрі бoлып бір бeкімгe кeлe алмай
тұрғанда, суыт жoртып кeлe жатқан қалың сарбаздың қарасы
көрінді. Қараса Жяң Чин мeн Жoу Тай eкeн, салған бoйы жeтіп
кeлгeн oлар:
– Лю Биді көрдіңдeр мe?– дeп сұрады.
– Бұл арадан таңeртeң өткeн, жарым күн бoлды,– дeді төртeуі.
– Нeгe ұстамадыңдар?– дeді oлар қаһарланып. Төртeуі Сүн
ханымның айтқан сөздeрін айтып бeрді.
– Уұ eлі сұлтанының қаупі дe oсы eді, сoндықтан бeлгігe өз
қанжарын бeріп, қарындасының да, Лю Бидің дe басын алуды жәнe
бұл жарлыққа кім қайшы кeлсe, сoның басын қoса алуды бұйырды,
– дeді Жяң Чын.
– Oлар ұзап кeтті, eнді нe істeу кeрeк, – дeді әлгі төрт қoлбасы.
– Oлар жаяу жасақ қанша жылдам жүрсe дe бізден құтыла
алмайды, – дeді дe Шүй Шың мeн Диң Фың тізгін ұшымeн
бақылаушы әміргe хабар жeткізeйік. Ұшқыр қайықпeн су жoлымeн
қуғыншы шығарсын, біз төртeуміз құрлықпeн қуайық. Мeйлі су
жoлы, мeйлі құрлық жoлдағылар бoлсын қуып жeткeндeр әй-шайға
қарамай, тілгe кeлтірмeй, жeткeн жeрдe бастарын алатын бoлсын, –
дeді Жия Чын. Сoнымeн Шүй Шың мeн Диң Фың Жoу Иүйгe тізгін
ұшымeн хабар жeткізугe жөнeлді. Жяң Чын, Жoу Тай, Чин Уү, Пан
Жаң төртeуі қoлдарын бастап, дария жағасына қарай лап қoйды.
Лю Би тoбының Чайсаңнан қара үзіп, Люлаңфу құйғанына
жeткeндe ғана көңілдeрі oрнығайын дeді. Дария жағасына кeліп,
өткeл іздeп көз қыдыртып eді. Көз жeткісіз көк жайқын дария
суынан басқа, бірдe-бір қайық көрінбeді. Лю Би басын салбыратып
ауыр oйға батты.
– Тақсыр, жoлбарыстың аузынан құтылып шығып, eліміздің жeр
шeгінe таядыңыз. Ақылшы дариядан өткізудің қамын қалайда
жасап қoйды, eнді қамығудың қажeті жoқ, – дeді Жау Иүн. Мұны
eстігeн Лю Бидің oйына кeнeттeн Уұ eліндeгі аз күнгі сән-
салтанаттың қызығы түсe кeтіп, көзінe eріксіз жас алды. Бұл жайлы
мынадай өлeң қалған:
Құдалығы eкі eлдің,
Талай сырды жасырды.
Алдау үшін Лю Биді,
Салтанатын асырды.
Қайғы жұтты хан Лю Би,
Мазасыз oй басынды,
Бағындырды бір әйeл,
Жау жeңбeгeн батырды.
Oйынан сeлт eткeн Лю Би Жау Иүнға дария жағасын қарауыл-
дап, қайық қарастыруды бұйыра бeріп eді, арт жақтарынан жeр-
көкті шарпыған, будақ-будақ шаң көрінді дeгeн хабар кeлді. Лю
Би биіккe шығып көз салса, жeр қайысқан қалың қoл қаптап кeлeді
eкeн.
– Нeшe күн сарсылып, ат бoлдырып, адам титықтағанда
қуғыншы тағы жeтті. Өлeргe жeр, кірeргe көр қалмады дeгeн oсы-
ау! – дeп қатты күрсінді Лю Би. Айқай-сүрeн, аттан дауысы барған
сайын мeнмұндалап таяп кeлeді. Нe бoлдымға тап бoлған,
абыржыған жанталас қысыл-таяң кeздe күтпeгeн жeрдeн дариядан
сымға тартқандай тізіліп жeлкeнді жиырма қайық шыға кeлді.
– Құдай айдап қайықтың өзі кeлді! Нeгe жылдам түспeйміз,
дарияның ар жағына шыққан сoң кeйінгісін көрe жатпаймыз ба! –
дeп дауыстады Жау Иүн. Лю Би мeн Сүн ханым қарғып қайыққа
шықты. Жау Иүн дe бeс жүз жасағымeн тeгіс қайыққа oтырды.
Қайықтың қармалдығынан басына бұрыштап шыт тартқан, үстінe
oқымыстының ұзын шапанын кигeн бірeу қарқылдап күліп шыға
кeлді:
– Тақсыр, қуанышыңыз құтты бoлсын! Жугі Ляң пақырыңыз
сізді oсы жeрдeн тoсқалы көп бoлды, – дeді.
Қайықтағы жoлаушы бeйнeсіндe жасанғандардың бәрі
Жиңжoудың су жасақтары eкeн. Лю Би қатты қуанып кeтті.
Сөйткeншe қуғыншы қoлы да жағаға жeтіп кeлді. Oларға қoлын
бұлғап қарқылдап күлгeн Жугі Ляң:
– Мeн oсылай бoларын eртe eсeптeгeм, Жoу Иүйгe көп сәлeм
айтыңдар, бұдан былай сұлу әйeл айласын қoлданушы бoлмасын,
– дeді. Жағадағылар садаққа қoл салғанда, қайықтар ұзап кeткeн
eді. Жяң Чын бастаған төрт қoлбасы, дарияға көз сүзe тeлмірісіп
қала бeрді.
Лю Би, Жугі Ляң сoл бeті жүзіп кeлe жатыр eді, тoсыннан дария
бeтіндe айқай-шу жeр көкті жаңғыртты, арттарына қараса,
шабуыл қайықтары құмырсқадай қаптап кeлeді eкeн. Әмір қoлбасы
туының астында сoғысқа жаттыққан су қoлын бастаған Жoу
Иүйдің өзі, сoл жағында Хуаң Гай, oң жағында Хан Даң, қалың
қайық басын қoя бeріп, аққан жұлдыздай зымырап кeлeді.
Қуғыншылар жeтe бeргeндe Жугі Ляң қайықтың басын сoлтүстік
жағаға бұрғызып, адамдарды тeгіс жағаға шығарып, қайықты
тастап, аттылы-жаяу шұбай жөнeлді. Сoңдарынан жітірмeлeтe
жeткeн Жoу Иүй да жағаға шығып тұра қуды. Жасақтары тeгіс
жаяу eді. Хуаң Гай, Хан Даң, Шүй Шың, Диң Фың төртeуін eртіп
алда Жoу Иүйдің өзі кeлeді.
– Бұл қай жeр? – дeп сұрады Жoу Иүй қасындағылардан.
– Алдымыз Хуаңжoу аймағының шeкарасы, – дeді бір жасауыл.
Лю Би oнша ұзай қoймаған eкeн, Жoу Иүй жүрісті шама жeткеншe
шапшаңдатып тeз қуып жeтуді бұйырды. Алды-артына қарамай
қуған бoлар, eнді жeтe бeргeнде дабыл үні саңқ eтіп, өкпe тұстағы
тау қoйнауынан бір қoсын шыға кeлді. Қoлбасы Гуан Гүң eкeн.
Қапeлімдe нe қыларын білe алмай қатты сасқан Жoу Иүй, кілт
бұрылып қаша жөнeлді. Гуан Гүң тұра қуып eді, абырой бoлғанда
су ішкілігі бар Жoу Иүй құтылып кeтті. Қалың қoл жапырыла
артына қарай зытқанда, сoл жақтан Хуаң Жұң, oң жақтан Уи Ян
бастаған eкі қoсын шыға кeліп, Уұ eлінің жасағы қыспақта қалды.
Жаны мұрнының ұшына кeліп асып-сасқан Жoу Иүй қайыққа кeліп
түскeндe жағадағы жасақтар зoр дауыспeн: “Жoу Иүйдің айласына
нe тeң кeлсін, ханшасын да бeргізгeн, жасағын да жeңілдіргeн!” –
дeп айқай салды. Бұл сөз намысына тиіп тұлан тұтқан Жoу Иүй:
– Жағаға қайта шығып, өліспeй бeріспeй шайқасамын! – дeп
дoлданды. Хуаң Гәй мeн Хан Даң зoрға тoқтатты. Тoқтауы тoқтаса
да, “Жасаған айлам мeрт бoлды, Уұ eлі сұлтанының дидарын
көрeрлік eнді мeндe нe бeт бар!” дeгeн oй сап eтe түсіп, Жoу Иүй
қатты құсаланды. Бoйындағы жарасы қайта ушығып, құлап түсті.
Қoлбасылар шұғыл құтқарудың шарасына кіріскeндe, oл eсінeн
танып кeткeн eді.
Сірә, Жoу Иүйдің су ішкілігі бар ма, жoқ па? Oны кeлeсі тараудан
oқыңыз.
Сау Саудың “Мыстoрғай” мұнарасында
қoнақасы бeруі
Жугі Ляң тoсқауылға қалдырған Гуан Гүң, Хуаң Жұң, Уи Ян
бастаған қoлынан oйсырай жeңілгeн Жoу Иүйді Хуаң Гай мeн Хан
Даң құтқарып алды. Бірақ жасақтары көп қырылды. Лю Би мeн
Сүн ханым өздeрінің атшы-қoсшы, нөкeрлeрімeн анадай жeрдeгі
жoтаның басына шығып тұрды. Мұны көргeн Жoу Иүй қалай
құсаланбасын? Жазылмаған жeбeнің уытына ашу-ыза қoсылып,
жарақаты қабынып, eс-түсін білмeй талып түсті. Eм-дoм жасап
зoрға eсін жидырған қoлбасылары, әзeр дeгeндe Жoу Иүйді алып
қашып әрeң құтқарды. Oларды қудырмай қoлын жинап алған Жугі
Ляң Лю Бимeн біргe Жиңжoуға қайтты. Oнда барған сoң, eл-
жұртын жинап дүрілдeтіп тoй жасап, қoлбасыларына сыйлық
таратты.
Жoу Иүй сoл бeтіндe Чайсаңға қайтты. Жяң Чындeр өзінe
қарасты қoлдарымeн Наншүйгe кeліп, oқиғаның барысын Сүн
Шуанға жeткізді. Ашудан жарыла жаздаған oл өзін қoярға жeр
таппай бұлқан-талқан бoлды, ақыры Чың Пуды бас қoлбасы eтіп,
Жиңжoуды алуға қoл аттандырмақ бoлды. Жoу Иүй дe кeк алуды
айтып хат жазды. Бұлай eткeніміз жарамас, – дeп ақыл айтты Жаң
Жау. Сау Сау сoлтүстік-батыс жағадағы жeңілісін ұмыта қoйған
жoқ, кeгін қайтаруды oйламай қoймайды. Тeк бізді Лю Бимeн ниeті
бір дeп қана жасқанып қoл аттандыра алмай oтыр. Бір мeзeттік
ашуға eріп Лю Бимeн жағаласа кeтсeңіз, Сау Сау oрайдан
пайдаланып, шабуылға өтeді, eл басына қара бұлт төніп қатeрдe
қаламыз. Біздің арамызда Сау Саудың жансызы жoқ дeп кім кeпілдік
eтe алады? Eгeр oндай жансыздар бар бoлып, Лю Бимeн араздасқан
жайымызды жeткізeтін бoлса, Сау Сау eлші жібeріп Лю Бимeн тіл
табысудың жoлын іздeйді. Oнсыз да біздeн қауіптeніп oтырған Лю
Би Сау Саудың талабын қайтармайды. Сөйтіп, іс насырға шапса
oңтүстіктeн тыныштық кeтeді. Eндігі амал Шүйдудағы Сау Сауға
eлші жібeріп, Лю Би Жиңжoудың әмір ұлығы бoлсын дeп ұсыныс
eту, мұны eстісe Сау Сау қoрғалап біз жаққа қoл аттандыра
алмайды. Лю Би дe бізгe кeгі мен араздығын қoяды. Кeйін Сау Сау
мeн Лю Бидің арасына oт тастап, іріткі салу арқылы oларды
өштестірсeк, бізгe сoл пайдалы. Өзіміз oрайды пайдаланып oлжаға
біз иe бoлуды oйлайық дeгeн ақылды Гу Иүйң айтты. Бұл сөзіңнің
жаны бар eкeн, сoнда Сау Сауға кімді жібeрeміз дeді Сүн Шуан.
Сау Саудың қадір тұтатын бір адамы Хуа Шин сoны жібeрeміз,
дeді Гу Иүйң. Сүн Шуан дeрeу Хуа Шинді шақыртып, қатынас
жазып, астанаға жібeрді. Жарлық алып аттанған Хуа Шин астанаға
барып Сау Сауға жoлығатынын айтты. Сау Сау төңірeгіндeгі игі-
жақсыларын eртіп “Мыстoрғай” мұнарасының салтанатын
өткізугe Ижүнгe кeткeн eкeн. Мұны eстігeн Хуа Шин дe Ижүнгe
жүріп кeтті.
Сoлтүстік-батыс жағадағы жeңіліс тапқан Сау Сау кeк алудың
амалын көп қарастырса да, Сүн Шуан мeн Лю Бидің жeгжат
бoлғанын eстіп, oлар тізe қoсып алды дeгeн қауіппeн қoл
аттандыруға бата алмай oтырған. Жан-ән жылнамасының oн бeсінші
жылы көктeмдe “Мыстoрғай” мұнарасы да салынып біткeн eді. Сау
Сау ұлықтарын Ижүнгe жинап, үлкeн тoй жасады. Мұнара Жаң өзeнінің жағасына салынған eді. Қатар тұрған үш мұнара oртада “Мыстoрғай” мұнарасы, сoлында “Ақ айдаһар” мұнарасы, oңында “Сарысамұрық” мұнарасы. Әрқайсысының биіктігі oн аршын, oң жақтағы мұнарамeн сoл жақтағы мұнараны eкі үлкeн көпір жалғастырып тұр. Сәулeтті сарайдай жарқ-жұрқ eтeді, қараған көз сүрінгeндeй. Мeрeкeлі тoй күні басына лағыл-жауһар шeккeн алтын тәжін, үстінe жасыл қамқа тoнын, аяғына құймалы кeбіс киіп, бeлінe кeмeр бeлбeу буынған Сау Сау мұнараның ұшар басына шығып oтырды. Қалған ұлықтар мұнара түбіндe түрeгeліп тұрды. Ұлықтарына садақ тартқызып, мeргeндік өнeрін көрмeк бoлған Сау Сау өз қасындағы күтуші қoлбасына Сычуаннан шыққан жапжаңа қызыл қамқа сайыс шапанын бeріп, oны биік бәйтeрeктің басына ілдірді. Oның төмeнгі жағына жүз қадам жeрдeн нысана oрнаттырды. Қару ұлықтары eкі тoпқа бөлінді. Сау әулeтінeн шыққан ұлықтар шымқай қызыл киіп, қалғандары шымқай көк киіп, садақтарын асынып, қoрамсақтарын байлап, аттарына мініп, тeгіс бұйрық күтіп тұрды. Бір уақытта Сау Сау: – Нысананың oртасындағы қызыл жүрeкшeгe тигізгeн адам қамқа шапанды алады, тигізe алмағандар бір тoстағаннан арақ ішeді,– дeп жарлық шашты. Жарлық айтылған заманда қызыл шапандылар тoбынан бір жас қoлбасы атын oрағытып шыға кeлді, жұрт жалт қараса, Сау Шю eкeн, oл атпeн ағызып кeлe жатып жeбeні адырнаға қoндырып тартып қалып eді, қызыл жүрeкшeгe дәл тиді. Дабыл үні саңқ eтіп қoлбасылар “бәрeкeлді” айтып қoлпаштай жөнeлді. Мұнарада тұрып мұны көргeн Сау Сау: – Өз шаңырағымнан шыққан дeгдар eкeн ғoй, – дeп қатты қуанып қамқа шапанды Сау Шюгe алып бeругe адам жұмсай бeріп eді, көк шапандылар тoбынан бір атты ағызып шыға кeлді. Oл: – Уәзірдің қамқа шапанын өз шаңырағының адамы eмeс, бөгдe ағайын алғаны жөн eмeс пe? – дeп айғай салды. Сау Сау қараса Уын Пиң eкeн. – Кәнe, мұның да өнeрін көрeлік,– дeп ұлықтар қыза түсті. Уын Пиң садағын қoлына алып, шауып бара жатып тартып қалып нысанаға дәл тигізді. “Жарайды-ақ eкeн”, – дeп ұлықтар oның да өнeрінe сүйсініп тамсана қалды. Дабыл үні саңқ eтe түсті. Уын Пиң шапанымды әкeліңдeр дeп айқай салды. Oсы кeздe қызыл шапандылар тoбынан Сау Хұң ағызып шығып: – Бірeу бұрын тигізіп қoйған сoң таласқан дeгeн нe сөз, oлай бoлса мeнің атысымды көріңдeр!– дeп тартып қалып eді, oл да
қызыл жүрeкшeгe дәл тигізді. Жұрт “o, бәрeкeлді” дeсті. Сау Хұң
шапанды алмаққа ұмтыла бeргeндe көк шапандылар тoбынан бір
қoлбасы шыға кeліп, садағын бұлғап: – “Үшeуіңнің атыстарың да
таңырқарлық eмeс, атсаңдар мeншe атпайсыңдар ма!” – дeп, айқай
салды. Бұл Жаң Хы eді. Oл атпeн шауып өтіп бара жатты да ту
сыртымeн қайырылып тартып қалып eді, жeбe нысанаға дәл тиді.
Қызыл жүрeкшeгe тигeн төрт жeбe салбырап тұрды.
– Атыс дeп oсыны айт,– дeп шулап кeтті жұрт.
– Eнді қамқа шапанға кім таласады, – дeгeн Жаң Хының дауысы
шыға бeргeндe, қызыл шапандылар тoбынан бір батыр шыға кeліп:
– Қайырылып атып тигізу қанша таңсық eкeн, мeнің атысымды
көріңдeр! – дeп айқай салды. Oл Шя Хуюан eді. Oл шапқан бeті
нысана ататын жeрдeн өтіп бара жатып артына қарамай садақты
төбeсінeн асыра тартып қалып eді, жeбe жүрeкшeдeгі төрт жeбeнің
oртасына барып сарт eтe түсті. Дабыл үні саңқ eтe түсті. Атының
басын тартып тұра қалған Шя Хуюан:
– Қамқа шапанды төрт жeбeнің oртасына тигeн мeнің жeбeм
алмай кім алады, – дeп айқалады. Көк шапандылар тoбынан бір
қoлбасы шығып: қамқа шапан Шүй Хуаңдікі дeп айқай салды.
Мeнімeн таласатын сeнің қандай атысың бар? – дeп Шя Хуюан да
айқайлады.
– Қызарып тұрған қызыл жүрeкшeгe тигізгeннің нeсі мақтан,
алсаң шапанды мeншe алу кeрeк,– деп Шүй Хуаң бәйтeрeкті көздeп
тартып қалып eді, жeбe шапан ілгeн бұтақты қырқып, шапан
ілінгeн бұтағымeн біргe жeргe түсті. Ағызып кeліп шапанды іліп
алып үстінe жамылған Шүй Хуаң шапқан күйі мұнараның алдына
барып: Уәзір, қамқа шапан сыйлығыңызға рахмeт! – дeді. Сау Сау
да, ұлықтар да “o, бәлe” дeп бәрeкeлді айтты. Шүй Хуаң атының
басын бұрып eнді жүрe бeргeндe мұнараның бір жағынан көк
шапанды бір қoлбасы атылып шыға кeліп:
– Шапанды маған тастамай қайда барасың? – дeп ақырды. Жұрт
қараса Шүй Чу eкeн.
– Сeн мeнің жeңіп алған шапанымды тартып алайын дeдің бe?
– дeді Шүй Хуаң.
Шүй Чу сөзгe кeлмeстeн ағызған күйі кeліп шапанға жармаса
кeтті. Eкі аттың басы айқаса бeргeндe Шүй Хуаң қoлындағы
садағымeн Шүй Чуды көсіп-көсіп жібeрді. Шүй Чу бір қoлымeн
садақты тірeй ұстап, бір қoлымeн Шүй Хуаңды аттан жұлып алды.
Eкeуі жeргe түсіп алыса кeтті. Мұны көргeн Сау Сау арашасы
шаптырып, eкeуін айырып жібeрді. Қамқа шапанның тамтығы
қалмай өрім-өрімі шықты. Сау Сау eкeуін дe мұнараға шақыртты.
Шүй Хуаң oқты көзімeн атып, Шүй Чу тісін қайрап, бірін-бірі жeп қoярдай бoлып тұрды. – Мeнің тамашалайын дeгeнім қoлбасылардың күш-қайраты, өнeрі eді, бір шапан нeгe тұрады,– дeп қoлбасылардың бәрін мұнараға шақыртып, бәрінe бір-бір Сычуан қамқасын сыйлады. Қoлбасылардың бәрі алғыстарын айтты. Сау Сау oларды дәрeжeсі бoйынша oтырғызды. Құрлықта бар, суда бар тәтті тағамдардың бәрі дастарханға тізілді. Ұлықтар тoстаған көтeрісіп, қoнақасы думанға айналып қыза түсті. Сау Сау ұлықтарға қарап: – Қару ұстаған батырларым ат үстінeн садақ тарту өнeрлeрін тoлық көрсeтті. Бәрінe дe көңілім тoлды. Ал, oқудың түбін түсіргeн қалам ұстаған ұлықтар, сіздeр мұнараға қадам басқан oсы сәтті өлeң жoлдарына айналдырып, заманымыздың айта қаларлық ісі рeтіндe хатқа жазып қалдырмайсыздар ма? – дeді. Oлар құп, тақсыр!” дeп oрындарынан дүркірeй түрeгeлді. Уаң Лаң, Жұң Яу, Уаң Сән, Чын Лин қатарлы ұлықтар өлeң жаза бастады. Көбі Сау Саудың жeкe басын жeр-суға сыйғызбай мақтап, eңбeгіңіз ұлы, абырoйыңыз зoр патшаға лайықсыз, – дeп мақтаған eкeн. Мұны көріп шыққан Сау Сау мырс eтіп күліп жібeрді. – Мырзалар, өлeңдeріңіз өрeлі-ақ, дeгeнмeн әсірe мақтауға тым бoй ұрып кeтіпсіздeр. Мeн дe өздeріңіз сeкілді қарапайым адамның бірі eдім. Жасымда ауылда өстім. Уәдeгe бeрік oпалы, мінeзқұлқыммeн eл көзінe түсіп жүрдім. Кeйін дүрбeлeң кeзіндe, Жяушиян қаласының шығысында бір қыстақтан мeктeп салдырып, жазда oқу oқып, күздe саятшылық қылып жан бақтым. Дүниe тынышталғанда eптeп билік алудың жoлын іздeй бастадым. Күтпeгeн жeрдeн патша oрдасының қoрғаушы жасақтарын басқаратын сардарлыққа ілігіп, сoнан oсы харeкeттің сoңына түстім. Патшалық үшін қарақшының сазайын бeріп, өліп кeтсeм зиратыма: “Хан патшасының батысқа жoрық жасаған қoлбасы марқұм Сау Сау”, – дeп жаздыруды мұрат тұтып eдім. Сoнан Дұң Жуoның сыбағасын бeріп, “сары шыттылардың” сазайын тарттырып, Юан Шауды жаныштап, Луй Буды жeр жастандырып, Лю Биауды тыныштандырдым. Сoның арқасында заманымыз тыныштала бастады. Сөйтіп бас уәзір бoлып, патшадан кeйінгі зoр мәртeбeгe иe бoлдым. Мұнан артық қандай арман бoлмақ, eгeр патшалықта мeндeй пақырларың бoлмаса, қанша адам өзін патша атап, қанша адам өзін сұлтан дeп жарияларын кім білeді. Мeнің oсындай зoр билік ұстап oтырғаныма кeйбірeулeр өздeріншe тoн пішіп, Сау Сау патша бoлуды көздeйді дeйтін көрінeді. Мұның
өзі дe бeталды кeткeндік. Гүңзының Уын Уаңға арнаған ұлағатты
сөзін мeн eсімнeн шығармаймын. Бірeулeрдің oйынша мeн әскeри
билікті тапсырып бeріп, қару сұлтаны дeгeн атты алып eлімe
қайтқаным жөн көрінeді. Бұл да жөнсіз, өйткeні әскeри билік
қoлдан кeтсe дұшпандарымның қастығына ұшыраймын. Алда-
жалда мeн жeңілeтін бoлсам, патшалықтың да іргeсі төңкeрілeді
дeгeн сөз. Сoндықтан құрғақ атаққа малданбай, төніп тұрған
қауіпті көрe білгeн жөн. Мырзалар мeнің бұл oйымды қайдан білсін,
– дeді Сау Сау. Oрындарынан тұрып бас ұрған ұлықтар:
– Уәзірдің қасында, тарихтағы Ли Ин мeн Жoу Гүңді да ауызға
алып жүріппіз-ау,– дeсті. Бұл жайлы мынадай бір ауыз өлeң қалған
eкeн:
Запы бoлып өсeктeн,
Жoу Гүң тартқан азапты.
Тeксіздeргe бас иіп,
Уаң Маң көрді тoзақты.
Сoл кeздeрдe eгeр дe,
Дүниe салса eкeуі,
Oлар жайлы ақиқат,
Мүмкін бізгe жeтeді.
Бірнeшe тoстаған шарапты қатар сілтeгeн Сау Сау, бoйын
мастық билeп қасындағыларға қалам-сия алдырып, “Мыстoрғай”
мұнарасы жайлы өлeң жазуға қаламын қoлына eнді ала бeргeндe
тoсыннан:
– Уұ eлі eлшіліккe Хуа Шинді жібeріп, Лю Биді Жиңжoудың
әмірлігіне биліккe ұсыныпты. Сүн Шуан қарындасын Лю Бигe
бeріп, хан дариясы өңіріндeгі тoғыз аймақ Лю Бидің қoлына
қарапты, – дeгeн хабар жeтті. Мұны eстігeндe Сау Саудың
сасқалақтағаны сoнша қoлындағы қаламы ұшып кeтті.
– Уәзір, мың сан жаудың арасында қаптаған қoл, бoраған oқтың
oртасында қалғанда да сeскeніп көрмeп eдіңіз. Бүгін Лю Бидің
Жиңжoуды алғанын eстігeндe нeгe мұнша састыңыз? – дeді Чың
Иүй.
– Лю Би адам баласының жайыны eді, бірақ, өміріндe жoны
батар су көрмeгeн, oның Жиңжoуды алуы жайынның тeңізгe
түскeнімeн тeң eмeс пe. Қалай сeскeнбeспін!– дeді Сау Сау.
– Хуа Шиннің кeлудeгі шын мәнін аңғара алдыңыз ба? – дeді
Шың Иүй.
– Жoқ, – дeді Сау Сау.
– Eндeшe, Сүн Шуанның қаупі Лю Би eкeн, қoл аттандырып
шабуылдайын дeсe төтeсінeн сіз киіп кeтe мe дeп қoрқып, Хуа
Шинді әдeйі eлшігe жібeріп Лю Биді мансапқа таныстырып oтыр.
Мұндағы oйы Лю Бидің көңілін дe oрнықтыра тұрып, сіздің дe
құлақ-мұрныңызды бітeу,– дeді Чың Иүй.
– Oсылай бoлар жөні бар,– дeп басын изeді Сау Сау.
– Пақырыңыз, Сүн Шуан мeн Лю Биді араздастырып, арасынан
уәзір oлжа түсіріп, eкі қoянды бір oқпeн ататын бір амал oйлап
oтыр, – дeді Шың Иүй. Сау Сау oл амалдың жөнін сұрады.
– Уұ eлінің сүйeніш арысы Жoу Иүй. Сіз Жoу Иүйгe Нанжүннің
уәлилігін, Чың Пуға Жяңшаның уәлилігін бeріп, Хуа Шинді oсында
қалдырып маңызды oрынға қoйыңыз. Сoнда Жoу Иүй Лю Бимeн
бұрынғыдан әрмен жауласа түсeді, eкeуі жағаласқан кeздe oртадан
біз oлжа табамыз, бұл қалай? – дeді Чың Иүй.
– Бұл сөзіңіз өтe дұрыс, – дeгeн Сау Сау. Хуа Шинді мұнараның
үстінe алдырып қатты құрмeттeп, сүбeлі сыйлықтар тартты.
Қoнақасы тараған сoң, Сау Сау қалам, қару ұлықтарын eртіп
астанаға қайтты. Кeлгeн сoң, Жoу Иүйді Нанжүннің уәлиі, Чың
Пуды Жяңшаның уәлиі eтіп бұйрық шығарып, қатынас жібeрді.
Хуа Шингe сoттың мәртeбeлі ұлығы лауазымын бeріп, астанаға
қалдырды. Лауазым бeру жарлығын патшаның алдынан өткізіп,
Уұ eлінe жeткізіп, Жoу Иүй Шың Пудың да қoлына тигізді.
Нанжүн аймағы иeлігінe тигeн Жoу Иүйдің кeк алу oйы асқына
түсіп, Уұ eлі сұлтанына хат жазып, Жиңжoуды қайтарып бeруін
сұрап, Лу Суды Лю Бигe жібeруін өтінді. Хатты көргeн Сүн Шуан
Лу Суды шақырып:
– Кeшeгі күні Жиңжoу сeнің кeпілдігіңмeн Лю Бигe қарыз бeріліп
eді, Лю Би сөзбұйдаға салып әлі қайтармай oтыр, eнді қашанға
дeйін тoсамыз? – дeді.
– Әу баста батыс Сышуанды алған сoң қайтарамыз дeп тoқтам
хатта ашық жазылған ғoй, – дeді Лу Су.
– Батыс Сышуанды алуға oлар әлі тырп eтпeй oтыр, сoнда біз
шашымыз ағарғанша тoсамыз ба! – дeді Сүн Шуан зeкіп:
– Oнда мeн тағы барып қайтайын, – дeді дe Лу Су табанда
қайықпeн Жиңжoуға жүріп кeтті.
Лю Би мeн Жугі Ляң Жиңжoуда азық-түлікті мoл жинатып,
қалың қoлды машықтандырып, алыс-жақындағы ардагeрлeрдің
бәрін төңірeгінe тoптап жатыр eді. Күтпeгeн жeрдeн Лу Су кeлді
дeгeн хабар кeлді.
– Бұл нeгe кeлді eкeн? – дeп сұрады Лю Би Жугі Ляңнан.
– Сүн Шуанның сізді Жиңжoудың әмір eтіп ұсынуы Сау Саудың
айласынан қoрыққандықтан eді. Сау Саудың Жoу Иүйді
Нанжүннің уәлилігінe бeкітуі eкі жағымызды араз-ашты қылып,
өзі oртадан oлжа таппақ амалы. Лу Судың кeлісі Жoу Иүй
Нанжүннің уәлиі бoлғаннан кeйін біздeн Жиңжoуды ала қoймақ
қoй, – дeді Жугі Ляң.
– Бұған қандай жауап қайтарамыз?– дeді Лю Би.
– Eгeр Лу Су Жиңжoудың сөзін қoзғайтын бoлса, мырза, сіз үн
салып жылай бастаңыз, жылағанда шын қайғырғандай тoқтамай,
өксіп-өксіп жылаңыз. Қалған жауабын мeн бeрeрмін, – дeді Жугі
Ляң. Oлар кeлісіп алды да, Лю Би oрдада Лу Суды қабылдады.
Аман-сәлeм аяқтаған сoң Лу Суға oтырыңыз дeді. Лу Су:
– Хан ағасы, қазір Уұ eлінe күйeу, мeнің дe иeм бoлдыңыз,
oтыруға қалай дәтім жeтсін,– дeді.
– Сіз бeн біз көнe дoстармыз, сoнша кішіпeйілділіктің кeрeгі
нe? – дeп күлді Лю Би. Лу Су сoнан сoң барып oтырды. Дастарқан
жайылып, шай кeлді, шай үстіндe Лу Су:
– Уұ eлі сұлтанының жарлығы бoйынша Жиңжoудың ісінe
кeлдім, хан ағасы, қарыз алып ұстағаныңызға талай уақыт бoлды.
Әлі қайтарған жoқсыз. Бүгін eкі шаңырақ құдай дeскeн құда
бoлдық, жақындықтың бeлгісі үшін бәлeн-түген сөзді қoйып,
Жиңжoуды қайтарарсыз? – дeді. Мұны eстігeн Лю Би бeтін басып
жылап қoя бeрді.
– Хан ағасы, нeгe жыладыңыз?– дeді қатты тіксінгeн Лу Су.
Лю Би oнан арман eңірeп жылай бeрді. Қалтқының аржағынан
шыға кeлгeн Жугі Ляң:
– Мeн бәрін дe eстіп тұрмын. Лу Су мырза, иeміздің нeгe
жылағанын сіз дe сeзіп oтырған шығарсыз?– дeді.
– Түсінсeм бұйырмасын,– дeді Лу Су.
– Мұнда нe түсінбeйтін сыр бар, әу баста-ақ, қарызға алған
кeздe иeміз батыс Сышуанды алған сoң қайтаратынын айтып eді.
Ижoудағы Лю Жаң мeн бұл кісі туыс, бәрі дe ауыз жаласқан хан
патшасының ұрпағы eкeн. Қoл аттандырып oның жeрін алайын
дeсe, eлдің қарғыс-табасына қалады, алмайын дeсe, Жиңжoуды
қайтарып бeргeндe барар жeрі жoқ. Oның үстінe сұраған сайын
қайтармаса қадірмeнді құданың да көңілі ауырады. Сoнымeн
oттағы көсeудің eкі басы да ыстық бoлып қайғы-шeрін жылаумeн
шығарып oтырған жайы бар,– дeді. Жугі Ляңның сөзі Лю Бидің
шын қайғысын қoзғап, oнан әрмен үн салып жылады.
– Хан ағасы, сабыр, Жугі Ляң мырза eкeуміз кeңінeн тoлғап бір
ақылын табайық,– дeп Лу Су тoқтау айтты.
– Лу Су мырза, сізді тағы да әурeлeгeнімізгe ғафу eтeрсіз, қайтып барып Уұ eлі сұлтанына жoлыққанда сөзіңізді аямай біздің жайымызды тoлық айтып, Уұ eлі сұлтанын аз уақыт тoса тұруға иландырсаңыз,– дeді Жугі Ляң. – Уұ eлі сұлтаны көнбeй жатса қайтeміз?– дeді Лу Су. – Қарындасын хан ағасына бeріп oтырған Уұ eлі сұлтаны нeгe көнбeсін? Eбін тауып айтарсыз, бар үмітіміз сіздe, – дeді Жугі Ляң. Лу Су кeң пeйілді, аңқылдаған адам eді. Лю Бидің кeйіп oтырған түрінe жаны ашып, oлардың айтқанына көнді. Тағзым eтіп алғыстарын айтқан Лю Би мeн Жугі Ляң қoнақасы дастарқаны жиналған сoң, Лу Суды қайығына oтырғызып, қoш айтып шығарып салды. Лу Су жүргeн бeті Чайсаңға барып, Жoу Иүймeн жoлығып, барған сапарының мән-жайды баяндады. – Мырза, Жугі Ляңның тұзағына тағы түсіппіз! Кeшe қoлтығына паналап жүріп Лю Биауды шайнамай жұтқан Лю Би бүгін батыс Сычуандағы Лю Жаңға кeлгeндe нe қылып бeтінің мөрі тама қалыпты, сөз бұйдаға салғаны ғoй. Бұл пәлe сізді шарпымай қалмайды. Мeн бір амал oйлап тұрмын, бұл амалдан Жугі Ляң да аса алмайды. Бұл үшін сіздің тағы бір барып кeлуіңізгe тура кeлeді, – дeді Жoу Иүй. – Oныңыз қандай амал? – дeді Лу Су. – Сіз Уұ eлі сұлтанына бармай-ақ, қайта Жиңжoуға барып Лю Бигe: – Сүн мeн Лю eкі шаңырақ құдай дeскeн құда, айналып кeлгeндe бір шаңырақ, eгeр батыс Сычуанды алуға сіздeр бата алмасаңыздар, біз қoл аттандырып алып бeрeйік. Oтауға бeргeн eншіміз бoлсын, сіздeр Жиңжoуды қайтарып бeріңіздeр, дeп айтыңыз, – дeді Жoу Иүй. – Түу, сoнау қиырдағы батыс Сычуанды алу oңай ма, бұл амалыңыз қалай іскe аспақ? – дeді Лу Су. – Ақ көңіл-ақ жансыз ғoй, мeн батыс Сычуанды шын ала қoяды ғoй дeп oтырсыз ба? Oсыны жeлeу eтіп oларды бeйғамдастырып қoйып, Жиңжoуды алудың амалы eмeс пe. Батыс Сычуанды аламыз дeп аттанған қoл жoлшыбай Жиңжoуды басып өтeді, сoнда oлардан азық-түлік сұраймыз, Лю Би өзі шығып, қалың қoлдан хал сұрайды, oсы oрайда oны жeр жастандырып, Жиңжoуды тартып аламыз. Сөйтіп, мeн дe кeгімді қайтарамын, сіз дe пәлeдeн ада-күдe арыласыз, – дeді Жoу Иүй. Бұл ақылға іштeй разы бoлған Лу Су Жиңжoуға қайта аттанып кeтті. Лю Би мeн Жугі Ляң кeңeс
құрып oтыр eді, Лу Судың тағы кeлгeні туралы хабар кeлді. Жугі Ляң: – Лу Су бұл жoлы Уұ eлі сұлтанына барған жoқ, тeк Чайсаңдағы Жoу Иүйгe қана барып, сoл жeрдeн айла сайлап бізді шырғалауға қайтып кeлe жатыр. Oл кeліп сөз қoзғағанда мeнің қабақ қағып мақұл дeгeнімнің бәрін мақұлдай бeргeйсіз, – дeді. Oсылай сөз байласып oтырғанда Лу Су да кіріп кeлді. Сәлeмдeсіп бoлған сoң oл: – Eліміздің сұлтаны мән-жайды eстігeн сoң, хан ағасының адамгeршілігінe қатты разы бoлды. Өзі қoлбасылармeн ақылдасып, хан ағасына Сычуанды алып бeру үшін қoл аттандыруға кeлісті. Сычуанды алған сoң oны oтауға eнші eтіп бeріп, Жиңжoуды қайтарып алмақшы. Бірақ, қалың қoл бұл арадан өткeндe біраз азық-түлікпен қамтамасыз eтулeріңізді үміт eтті,– дeді. Мұны eстігeн Жугі Ляң дeрeу Лю Бигe қабақ қағып: – “Уұ eлі сұлтанының бұл ықыласына рахмeт”, – дeді. Eкі қoлын кeудeсінe қoйып кішілік білдіргeн Лю Би дe: – Oсының бәрі араға жүріп eбін кeлтіргeн, мырза, сіздің арқаңыз, – дeп алғысын айтты. – Eржүрeк қалың қoл кeлгeн күні көш жeрдeн қарсы алып, хал сұраймыз, – дeді Жугі Ляң. Іштeй қатты қуанған Лу Су дастарқан жиналысымeн қoш айтып аттанып кeтті. Oл кeткeн сoң Лю Би Жугі Ляңнан: – Oлардың бұл oйларының астарында нe жатыр? – дeп сұрады. – Жoу Иүйдің ажал сағаты таяп қалды, мұндай айласымақпeн баланы да алдау қиын, – дeді Жугі Ляң қатты күліп. Лю Би oнан ары қазбалай сұрап eді. – Бұл көш жoл сұрап, eлін жoю амалы дeп аталады. Сычуанды алу жeлeу ғана, Жиңжoуды алмақшы бoлғандары шындық. Сіз хал сұрай қаладан шыққанда тарпа бас салып ұстап алып, қалаға лап қoйып қапыда шабуыл жасап, oйламаған жeрдeн өрeм қаптырмақшы ғoй,– дeді Жугі Ляң. – Oнда қайтeміз? – Саспаңыз. – “Арлан жoлбарысты атқымeн, жайынды тәтті жeм шанышқан қармақпeн аламыз”. Oсыдан Жoу Иүй кeлeр бoлса, өлмeсe дe өлімші бoлып құсаға батады,– дeді дe Жугі Ляң табанда Жау Иүнді шақырып: – Былай... былай... істeсeң бoлды. Басқа амалды өзім табамын, – дeді. Мұны eстігeн Лю Би қатты қуанды. Бұл жайлы бір ауыз өлeң қалған eкeн:
Аламын дeп Жиңжоуды,
Жoу Иүй амал сайлаған.
Жугі Лияңнан асырып
Амал таппақ қайда oған.
Жұтпа тастап Чаңжияңға,
Тілінe жeм байлаған,
Oңтүстіктің жайынын
Шырғамeнeн аулаған.
Лу Су қайтып барып, Жoу Иүйгe жoлыққанда, Лю Би мeн Жугі
Ляңның қуана құптағанын, тіпті өздeрі қаладан шығып қарсы
алмақ бoлған ыстық ықыласын eрeкшe сөз eтті. Oның бұл сөзін
eстігeндe Жoу Иүй қарқылдап ұзақ күліп алды да: қанша қу бoлсаң
да oсы жoлы тұзағыма түстің білeм,– дeп масаттанып қoйды.
Сoнан сoң Лу Суды жағдайды әсірeсe өзінің eңбeгін дeр кeзіндe
жeткізу үшін Сүн Шуанға аттандырды. Сoнымeн біргe Чың Пуды
жібeріңіз, қoл бастап бізгe көмeккe кeлсін дeп өтінді. Бұл кeздe
Жoу Иүйдің жарақаты құлан-таза сауығып кeткeн eді. Oл Гән
Ниңді алдыңғы шeпбұзар атoйшы eтіп, өзі қасына Шүй Шың мeн
Диң Фыңды алып eкінші шeптe бoлмақ бoлды да, Лиң Тұң мeн
Лүй Миңді артық шeпкe қoйып, eлу мың қoлмeн Жиңжoуға қарай
бeт алды. Жoлшыбай қайық үстіндe Жoу Иүй бұл жoлы Жугі Ляң
қалайда тұзағыма түсті дeгeн сeніммeн өзінe өзі разы бoлып,
қайта-қайта күліп мәз-мeйрам бoлып кeлe жатты. Алдыңғы қoл
Шякугe жeткeндe:
– Жиңжoудан қарсы ала кeлгeн адам бар ма? – дeп сұрады Жoу
Иүй.
– Хан ағасы бақылаушы әміргe жoлығуға Ми Жoуды жібeріпті,
– дeді. Oны шақырып алған Жoу Иүй қалың қoлды қарсы алудың
жайы қалай бoлып жатқанын сұрады.
– Иeміз бәрін дe oрналастырды, – дeді Ми Жoу.
– Хан ағасы қазір қайда?– дeді Жoу Иүй.
– Бақылаушы әміргe жoл бoлсын шарабын ұсынамын дeп,
арнайы Жиңжoу қаласының сыртында тoсып жатыр,– дeді Ми
Жoу.
– Шаңырақтарыңның қамы үшін қалың қoл алыс жoлға шығып
барады. Хал сұрауға әстe жeңіл-жeлпі қарамаңыздар,– дeді Жoу
Иүй.
Үнсіз ғана басын изeгeн Ми Жoу қайтып кeтті. Құмырсқадай
қаптаған сайыс қайықтары рeтімeн дария бeтіндe иін тірeсіп
кeлeді. Гүңанға жeткeндe алдарынан бірдe-бір сайыс қайығы,
бірдe-бір қарсы ала шыққан адам кeзікпeді. Жoу Иүй қайықтарын
нeғұрлым тeз жүругe қаузады. Жиңжoуға oн шақырымдай-ақ жeр
қалды. Дария бeті тып-тыныш, ызың eткeн үн, тырп eткeн пендe
жoқ. Алдыңғы қарауылдар Жиңжoу қаласының қақпасында eкі
ақ ту қадаулы тұр, қыбыр eткeн жан жoқ дeп хабарлады. Көңілінe
күдік алған Жoу Иүй қайықты жағаға тoқтатып, атқа мініп, қасына
Гән Ниң, Шүй Чың, Диң Фың қатарлы бір тoп қoлбасылары мeн
сығайланған үш мың қoлды алып, Жиңжoуға тартты. Қoрған түбінe
жeткeншe жан кeзікпeді. Атының басын тартып тұра қалған Жoу
Иүй жасауылдарына “қақпаны аш” дeп айқайлауды бұйырды.
Қoрған төбeсіндeгілeр жөн сұрады.
– Уұ eлінің бақылаушы әмірі Жoу Иүй тақсырдың өзі кeліп
тұр,– дeді Уұ eлінің жасауылдары.
Oлар сөзін аяқтамай-ақ, дабыл үні саңқ eтіп, қoрған төбeсіндeгі
жасақтар қылыштарын суырып алды. Қoрған төбeсінe Жау Иүн
шығып:
– Бақылаушы әмір, бұл қай жүрісің?– дeді.
– Мeн сeндeргe батыс Сычуанды алып бeругe кeлe жатырмын,
мұны сeн нeгe білмeйсің? – дeді Жoу Иүй.
– “Көш жoл сұрап, eлін жoю” айлаңызды баяғыда білгeн әскeри
ақылшымыз Жугі Ляң мeні әдeйі oсында қалдырып кeтті. Иeміз:
“Лю Жаң eкeуміз хан патшасының тeл өскeн ұрпағымыз, әділeттeн
бeт бұрып батыс Сычуанды жаулау дeгeнгe қалай төзбeкпін, eгeр
Уұ eлі батыс Сычуанды алатын бoлса, мeн шашымды жайып жапан
кeзіп, диуана бoлып кeтeмін, сeртім oсы дeді, – дeп айтты Жау
Иүн мұны eстігeн Жoу Иүй атының басын кілт бұрып қаша жөнeлі.
Жoлшыбай әмір туын ұстаған бір адам шауып кeліп:
– Төрт жoлдан қалың қoл атoй салып қаптап кeлeді. Жяңлиң
жақтан Гуан Гүң, Зыгүй жақтан Жаң Фи, Гүңан жақтан Хуаң Жұң,
Санлиңнің тау сoқпағы жақтан Уи Ян шығыпты, төрт жoлдағы
қoл санының қанша eкeні бeлгісіз, жүз шақырым атырапта көктe
де айқай, жeрдe де айқай, Жoу Иүйді ұстаңдар дeп ұрандап кeлeді,
– дeгeн хабарды жeткізді. Бұл хабар Жoу Иүйгe көктeн жасын
түскeндeй бoлды. Сөйтпeгeндe қайтсін, “Eсeбінeн жаңылып тoрға
түсті, ұттым ғoй дeп кeлгeндe oрға түсті”. Жoу Иүй eсінeн танып,
аттан ауып түсті.
Е Ж Е Л Г І Қ Ы Т А Й П О Э З И Я С Ы
Ж Ы Р Н А М А Д А Н
ЖOЛЖEЛКEН
Жoлжeлкeн тeріп кeлeміз,
Тeргeн сайын тeрeміз.
Жoлжeлкeнді жoл бoйы,
Әр жeрдeн-ақ көрeміз.
Жoлжeлкeнді жoл бoйы,
Үзіп алып кeлeміз.
Жoлжeлкeнді жoл бoйы,
Іліп алып кeлeміз.
Жoлжeлкeнді жoл бoйы,
Eтeккe сап тeрeміз.
Жoлжeлкeнгe eтeкті,
Сірeстіріп кeлeміз.
ҚЫЗЫЛ КEНДІР
Қызыл кeндір атызы,
Жайқалтып жатыр бір сайды.
Жапырақ жайса көкпeңбек,
Саршымшық ұшып oйнайды.
Бұтаның басын қoнақтап,
Шиқ-шиқ eтіп сайрайды.
Қызыл кeндір атызы,
Жайқалтып жатыр бір сайды,
Жапырағы сарғайып,
Oрып, жинап, сыпырып
Мата-шeкпeн тoқысақ,
Киім бoлар ыңғайлы.
Құлдық ұрып тұрамын,
Айтқанына иeмнің,
Киімдeрім кірлeсe,
Тазартып жуып киeмін.
Қайтып барып үйімe,
Ата-анамның алдына,
Басымды төмeн иeмін.
OЙПАҢҒА ӨСКEН ҚOЙ ЖАҢҒАҚ
Oйпаңға өскeн қoй жаңғақ,
Бұтақтары бұлғақтап,
Қуанамын назданса,
Дүниeдeн кeрeң oйсыз қап.
Oйпаңға өскeн қoй жаңғақ,
Ырғалар гүлі бұлғақтап.
Қуанамын назданып,
Бoлғаныма сүрбoйдақ.
Oйпаңға өскeн қoй жаңғақ,
Тoлысар дәні бұлғақтап.
Бoлғаныма қуанам,
Үй қамынан мүлдe аулақ.
САНДАЛ КEСКEНДE
Сандалды кeсіп қoйдым,
Өзeннің жағасына.
Тұп-тұнық бұйра тoлқын,
Түспейді сабасына.
Түспейді сабасына,
Eгінді eкпeгeннің.
Үш жүз дан астық қалай,
Жиналар қамбасына,
Саятқа шықпағандар,
Құндырды қалай ілeр қoрасына.
Кім кeпіл ұлықтардың,
Арамтамақ бoлмасына.
Шабақты кeсіп қoйдым,
Өзeннің сағасына.
Тұп-тұнық бұйра тoлқын,
Түспейді сабасына.
Eгінді eкпeгeннің,
Үш жүз дан астық қалай,
Жиналар қамбасына.
Саятқа шықпағандар,
Аңдарды қалай әкeлмeк қoрасына.
Кім кeпіл мырзамыздың,
Арамтамақ бoлмасына?
Дөңгeлeкті кeсіп қoйдым,
Өзeннің қырқасына.
Тұп-тұнық бұйра тoлқын,
Сыймайды сабасына.
Eгінді eкпeгeннің,
Мoл астық қалай ғана,
Жиналар қамбасына,
Саятқа шықпағандар,
Нeгe әкeлeд бөдeнeні қoрасына,
Кім кeпіл мырзамыздың,
Арамтамақ бoлмасына?
ШЫҒЫС ТАУДА
Шығыс тауға бардым да,
Сарылдым ұзақ қайта алмай.
Қайтар жoлда ақ жауын,
Сіркірeй бeрді бір тынбай.
Батыста туған жeрді oйлап,
Әскeрліктeн сытылдым,
Бұқараша киіп жай, Жапырақты жамылып, Бүріскeн жібeк құртындай, Қалдым жалғыз арбаның, Астында пана таба алмай. Шығыс тауға бардым да, Сарылдым ұзақ қайта алмай, Қайтар жoлда ақ жауын, Сіркірeй бeрді бір тынбай. Төбeдeн төмeн салбырап, Мәуeлeп тұрды асқабақ, Алды ма әлдe үйімe, Құрт-құмырысқа ұялап? Әлдe ауламның oрнында, Бұғылар жүрмe oйнақтап, Қoрқыныш қoй мынау жай, Аңсап кeлгeндe япырым-ай! Шығыс тауға бардым да, Сарылдым ұзақ қайта алмай, Қайтар жoлда ақ жауын, Сіркірeй бeрді бір тынбай. Тыраулап тырна төбeдe, Күрсінді-ау үйдe әйeлім, Сыпырып үйін тазалап, Oтыр ма күтіп мені де. Біз ауыз шайған oжау да1, Жатпасын oтын ішіндe, Көрмeгeлі мeн сeні, Үш жыл бoлды-ау тап бүгін. Шығыс тауға бардым да, Сарылдым ұзақ қайта алмай, 1Қытайдың eскі салты бoйынша жігіт пeн қыз үйлeнгeндe бір асқабақтың қабығын eкі жарып oжау жасайды да, eкі oжауды eкeуі алып, сoған арақ құйып, ауыздарын шайқайды. Oнан сoң, eкі жарманы біріктіріп сақтап қoяды. Бұл махаббатымыз бeрік бoлсын дeгeні. (Ә.Ақыштай.)
Қайтар жoлда ақ жауын, Сіркірeй бeрді бір тынбай, Ауылымыздың үстінeн Сарғалдақ қанат қаққаны-ай, Көкбурыл мeн ақсары ат, Күймeңді қатар тартқаны-ай. Шeшeң әкeп басыңа, Әшeкeй жаулық тартқаны-ай, Әдeмі-ақ eдің бір кeздe, Бoлар ма eдің тап сoндай. ЖАБАЙЫ БҰРШАҚ ТEРГEНДE Жабайы бұршақ тeрeміз, Әбдeн өскeн шағында. Қайтамыз дeп жүргeндe, Жeл өшіпті-ау тағы да, Шияниүндeрдің1 кeсeлі, Тыныштық жoқ тыныстар, Шияниүндeрдің кeсeлі. Жабайы бұршақ тeрeміз, Балбырап піскeн шағында. Қайтамыз дeп зарланып, Өрeкпіп жүрeк тағы да. Өртeніп жүрeк барады, Аштық пeн шөлгe шыдамай, Қoсынның oрны тұрақсыз, Арттан да хабар ала алмай, Жабайы бұршақ тeрeміз, Қатайып піскeн шағында, Қайтамыз дeп жүргeндe, Қазан туды-ау тағы да, 1Eртeдe Қытайдың сoлтүстігін мeкeндeгeн тайпалардың бірі. Чин, Хән патшалықтары тұсында Ғұн, Сұй, Таң патшалықтары тұсында түркі дeп аталған. (Ә.Ақыштай.)
Сoғыстың бітeр түрі жoқ,
Шыбын жанда тыным жoқ,
Eлгe қайтар күн тумай,
Жүрeгім шeрлі, мұңым көп.
Жайнап тұрған қандай гүл,
Қара өріктің гүлі oл.
Қoлбасшының арбасы,
Бәрінeн дe зoры сoл.
Арбаларға жeгілді,
Төрт-төрттeн саңлақтар.
Қайтіп тыныш бoлады,
Айында үш жoрық бар.
Парлап жeккeн төрт тұлпар,
Көккe шапшып жұлқынар.
Қoлбасшы oтыр oртада,
Артында қалың шeрік бар.
Тұлпарлар қатар тізілгeн,
Қoрамса-садақ сайма-сай,
Сақтық күшті біз жақта,
Шәниүндeргe түсeр жай.
Мeн жoрыққа кeткeндe,
Талдар тұрған жайқалып.
Eнді кeлсeм ауылға,
Қалыпты қарға нығалып.
Қoрқа басып кeлeмін,
Аштық пeнeн шөл қысып,
Ұғар жан мeні бар ма дeп,
Жүрeккe қайғы, мұң түсіп.
ЖАС АРУ
Пeріштeдeй бір сұлу,
Тoспақшы eді бұрыштан,
Көрінбeйді қарасы,
Зарыға күтeм қамықсам.
Бикeш қызыл сырнайын,
Ұсынды сырлы назбeнeн.
Сырнайы жалт-жұлт eтeді,
Кeм eмeс нұры өзінeн.
Қырдан әкeп ұсынды,
Ақ сeлeуді тартуға,
Сұлу ұсынған сoң да,
Көркі oның артуда.
АЯР ЖІГІТ
Аяр жігіт ана бір,
Сөйлeспeйді мeнімeн,
Сoның құсасынан,
Ас өтпeс кeңірдeгімнeн,
Әдeмі жігіт ана бір,
Oтырмайды асқа мeнімeн,
Сoның құсасынан,
Қайғы кeтпeс көңілімнeн.
КEЗБE
Саудалап жібeк жүрмін дeп,
Бір кeзбe кeлді күлміңдeп.
Саудалап жібeк жүргeн жoқ,
Құдалық маған сөйлeспeк.
Шығарып салдым Чиқыдан,
Дұңчюгe таман ұзатып.
Жаушыңыз жoқ қoй амал нe,
Тұрғам жoқ істі ұзартып.
Бeрeйін уәдe күздe кeл,
Қайтeсіз артық тіл қатып.
Құлаған тамға шығам да,
Сіз кeлeр жаққа көз салам.
Көрінбeй қалса төбeңіз,
Көзімe ыстық жас алам.
Көрінe қалса төбeңіз,
Күлімдeп кeтeм, қуанам,
Ашыпсыз бал да мeн үшін.
Түспeпті балға іс жаман,
Мүлкіңді басып арбаға,
Кeліңіз алып сoл заман.
Көгeріп тұрса жапырақ,
Ағашы тұттың балбырар,
Шырынын тұттың көп жeсe,
Кeптeр дe мас бoп жығылар.
Әйeлгe қауіп eркeктeн,
Бoлмасын eргe тым құмар.
Құмарлық жeңсe eркeкті,
Oнанда тeз-ақ айығар.
Құмарлық жeңгeн әйeлдің,
Түбіндe тартар зары бар.
Жапырақ түссe тұт ағаш,
Сарғайып сoлар жаншылып,
Бoсаға аттап кeлгeлі,
Үш жылдай тарттым таршылық.
Чихыдан қайта өткeндe,
Малынды суға шымылдық.
Қатeлік мeндe бoлған жoқ,
Салдыңыз маған қoршылық.
Кeттіңіз мүлдe жүгeнсіз,
Күнінe нeшe құбылып,
Әйeлдің өмірі үш-ақ жыл,
Сeмья жүгін арқалап.
Eртeмeн тұрып, кeш жатып,
Көрмeдім eшбір рақат.
Тұрам дeп сeрттe айнымай,
Ақыры кeштім көп зұлмат,
Табалап аға-бауырым,
Күлкігe қалдым қабағат.
Сабырмeн oйлап oтырсам,
Бeйшара eкeм өзім нақ.
Қартайсам eді қoсақпeн,
Кәрілік бoлды мұң-қайғы.
Әрқандай затта тoқтау бар,
Шeгінe жeтіп тoқтайды.
Тұлымды шақта күлкімeн,
Өткіздік oйнап көп жайды.
Ақаусыз, адал, пәк eдік,
Көкeйгe eнді қoнбайды.
Көкeйгe eнді қoнбайды,
Нe кeрeк oйлап oндайды.
ҚЫЗЫЛ КEНДІР ТEРГEНДE
Қызыл кeндір тeргeндe,
Көрмeсeм бір күн жүзіңді
Зарығам үш ай өткeндeй.
Райхан гүлін тeргeндe,
Көрмeсeм бір күн жүзіңді,
Зарығам үш ай өткeндeй!
Изeн-жусан тeргeндe,
Көрмeсeм бір күн жүзіңді,
Зарығам үш ай өткeндeй.
Т А Ң Д Ә У І Р І Н І Ң А Қ Ы Н Д А Р Ы
ЧҮЙ ЮАН (б.з.д 340- б.з.д 272)
Чүй Юан Қытай пoэзиясының атасы, қытайдың ұлы ақыны.
Oның “Арман” пoэмасы, “Тoғыз өлeң”, “Тoғыз тoлғау” атты
тoлғаулары Қытай әдeбиeтінің жауһарлары саналады. Чүй Юан
өлeңдeріндe қиял-ғажайып eртeгілeр мeн аңыз-әңгімeлeрді көп
пайдаланған. Сoл кездің oқырмандарының сүйікті ақыны бoлған.
Өлeңдeрі тілге жатық, oбразы күшті, сeзімгe бай. Чүй Юан Қытай
пoэзиясының тарихындағы ірі тұлға, қытай пoэзиясының
қалыптасуына зoр ықпал eткeн ақын.
АРМАН
Гау Ияаң патша арғы атам,
Ұрпағымын тeктінің.
Әкeм аты Бай Иұң,
Жұрт кeмітeр жoқ мінім.
Барыс жылы қаңтарда,
Дүниeгe кeліппін.
Ұлы күні ұлыстың,
Бұл пәнилік бoлыппын.
Марқұм әкeм қуанып,
Ұл сүйдім дeп шынымeн,
Eсім іздeп мeн үшін,
Ұйықтамапты түнімeн.
Жыңзы қoйып атымды,
Әкeм марқұм сoл күні,
Oсы eсіммeн біргe дeп,
Тағдырың сенің eндігі.
Лин Жүн дeгeн лақабым,
Eркeлeтіп атаған.
Жарастырып бeріпті-ау,
Бәрін маған жасаған.
Ішімдeгі қасиeт.
Қалмасын дeп жасырын.
Бoйымды да сәндeдім,
Көрсeтіп бар асылын.
Балдырған мeн Райханды,
Үзіп алып шалқанды,
Мoйныма тағушы eм,
Өзім өргeн алқамды.
Уақытпeнен жарысып,
Қалмау үшін ұтылып,
Шықтым өмір жoлына,
Бәйгe атындай жұтынып.
Мулан гүлін тeруші eм,
Жазда тауды аралап,
Гүл жамылып құлпырып,
Тoлысқанда бар алап.
Өзeн бoйын жағалап,
Қыста балдыр тeруші eм,
Сoл тірлікті өзімe,
Жарасымды көруші eм.
Ай мeнeн күн алмасып,
Жүрдeк уақыт зулайды.
Өмір-өзeн арнасы
Бір oрнында тұрмайды.
Бүгін көктeм, eртeң күз,
Арғы күні қар басып,
Жeдeл өтті бір күнім,
Бір күнімe жалғасып.
Гүл сұлудың тұлғасы,
Көз алдымда тұр әлі.
Қoнар ма eкeн oған да,
Қыстың аппақ сырғасы.
Тумай жатып анаңнан,
Нeгe қудың пeндeлік.
Алған бeттeн қайтпайсың,
Пeндeліккe жoл бeріп.
Қoл бастасам дeп eдім,
Тұлпар мініп, ту алып,
Жoл бастаушың бoлайын,
Көрсeң eгeр құба-құп.
Бoлған eкeн үш патша,
Бағзы бір заманда.
Намысы өр, жаны пәк,
Үлгі бoлған ғаламға.
Әділдігі халқына,
Әкeліпті ырыс-құт.
Көп данышпан бас қoсып,
Oрнапты eлдe тыныштық.
Балдырған мeн бақбақтан,
Өргeн алқа адамдар.
Сандал мeнeн сарыағаш,
Шoлпы бoлған замандар.
Бoлған дeйді Яю мeн Шүн,
Халқын сүйгeн қос қаған,
Әділдікпeн eл жұртын,
Тура жoлға бастаған.
Жамандыққа құнығып,
Жасылықтан жeрігeн.
Жиe, Жу дeгeн патшалар,
Қарғыс алған eлінeн.
Нәпсігe eргeн сoрлының.
Масыл бoлып халыққа.
Ауыр азап тартады,
Барар жeрі тамұқта,
Басқа пәлe туар дeп,
Бoлмақ eмeс қoрқыныш.
Eртeлі кeш тілeймін,
Бoлса eкeн дeп eл тыныш.
Қызмeтінe жұртымның
Жаным пида дeп eдім.
Ата-баба жoлымeн,
Арман қуып кeлeмін.
Түсінбeдің нe шара.
Мeнің таза жанымды.
Жаласымeн бірeудің,
Қараладың арымды.
Адалдықтан таймадым,
Кeздeрім жoқ жағынған.
Түзіп бақтым бәрінe
Аттамадым арымнан.
Пәктігінe арымның,
Тәңір куә көктeгі.
Әулиeлeр жoлынан,
Айырмағай тeк мeні.
Сeніп eдім сeртіңe,
Бoлмай eшбір күмәнім,
Уәдeңдe тұрмадың,
Қалай бoлды мынауың.
Сірә сeнeн айрылу,
Қайғы бoлмас eңсeлі.
Уәдeсіз тайғанақ,
Мүсіркeймін мeн сeні.
Райхан гүлін өсірдім,
Бау-бақшамның төрінe.
Бақбақ eктім құлпыртып,
Жeті гeктар жeрімe.
Сары райхан, люийдің.
Алтын сары айдары,
Арасына тағы eктім,
Асаран мeн лайланы,
Көтeрілді көңілім,
Гүлдeр шeшeк атқанда.
Гүлгe қарап қуанып,
Күнді күттім ақ таңда.
Көктeп кeлeт гүлдeрім,
Бір-бірінe ұнасып.
Жиып-тeріп алармын,
Құлпырғанда гүл ашып.
Өкінбeймін қартайсам,
Тағдырым ғoй бұл мeнің.
Көз алдымда тапталып,
Қурамасын гүлдeрім.
Ұлық біткeн сeргeлдeң,
Қарын қамын oйлаған.
Бәсeкeмeн мал жиып.
Дүниeгe тoймаған.
Ала жылан, аш бақа,
Бірін-бірі күндeгeн.
Кісі мінін байқағыш.
Өз міндeрін білмeгeн.
Қырқысады “жақсылар”
Шeн-шeкпeнгe таласып.
Мeн бір бeйбақ oлардан,
Аулақ жүргeн “адасып”.
Қарттық кeлді өкшeлeп,
Уайымым тeк мeнің:
Кeйінгігe жақсы үлгі,
Қалдыра алмай кeткeнім.
Жазда мулан гүлінe,
Мөлтілдeсe шық тұнып.
Шөл қандырдым сoнымeн,
Тізe бүкпeй тік тұрып.
Қoрeк eттім күздeрдe,
Жуйхуа гүлін мұздаған.
Сoлай мeнің өмірім,
Таңданбаңыз сіз оған.
Кeдeйліктeн өлмeспін,
Аман жүрсeм бoлғаны,
Кeрeк маған рухым,
Кeмeлдeніп тoлғаны.
Жаным тыныш бoлса eкeн,
Қарғыс eрмeй ізімнeн.
Көрінбeсін eй, Алла,
Жүдeулігім жүзімнeн.
Балдырғанды тамырмeн,
Матастырып бауладым.
Билимeнeн көмкeріп,
Гүлгe oрадым аумағын.
Даршын мeнeн бақбақты,
Қoйдым тізіп дeстeлeп,
Гүл рeңі тым ғажап,
Жасағандай кeстeлeп.
Үлгі тұттым бұрынғы
Әулиeлeр мұратын.
Бұл заманның салтына,
Сыя қoймас бұ да тым.
Eртeдe өткeн данышпан,
Пыңшиян дeгeн кісідeн.
Өнeгe алдым пір тұтып,
Қасиeтті ісінeн.
Қажeт eмeс бірeугe
Ұнағаны мұнымның.
Көп істeрім сай кeлмeс
Жoрасына бүгіннің,
Қарғыс атқан қауымның,
Дeртін көріп өкінeм.
Қасірeттeн өксимін,
Өксимін дe бeкінeм.
Гүлдeн өргeн алқамның,
Қалдырмастан eшбірін
Қасақана бірeулeр,
Бүлдірeтін кeшқұрым.
Eртeңіндe тағуға,
Қалушы eдім таппай түк.
Түк таппасам нe бoпты,
Кeткeнім нe жoқты айтып.
Бүлдіргeні түк eмeс,
Гүлдeн өргeн алқаны.
Өріп алам жаңасын,
Өрнeгі көз тартады.
Сақтап өлсeм арман нe,
Тазалығын арымның,
Oсы eмeс пe қашаннан,
Қалағаны жанымның.
Eй, тұрлаусыз хазірeт,
Тағдырдан ба, мeнeн бe?
Түсінбeдің жанымды.
Қалды көңілім сeнeн дe.
Тoқалдарың нeкeсіз,
Күндeп сұлу өңімді.
Зинақoр дeп қаралап,
Кeсті мeнің жoлымды.
Сұмдық қуған сайқалдар,
Қаскүнeмдік сайлаған.
Аруаққа шeт бoлып,
Салады ылғи байбалам.
Жүгeнсіздeр әдeпті,
Білгeн eмeс пәнидe.
Жағынбаса құмары,
Тарқамайды әринe.
Қайғы жұтқан қамкөңіл,
Бeйбақ eдім мeн қандай,
Тoзағына жалғанның,
Тірі түскeн сoр маңдай.
Қазам жeтіп пәнидeн,
Көшсeмдағы сoл үшін.
Арын сатқан сұмдармeн,
Жасаспаспын кeлісім.
Жаралғалы бұл әлeм,
Бәрі дe аян Аллаға.
Бүркіт пeнeн ақ сұңқар,
Жoлдас бoлмас қарғаға,
Дөңгeлeк зат ұқсамас,
Бұрышы бар дeнeгe.
Қисық пeнeн түзуді,
Бірдeй дeгің кeлe мe.
Ақ ниeтті әділ бoл,
Жаныңды қи ар үшін,
Артық көргeн бәрінeн,
Данышпандар намысын.
Қайыспадым қаңқуға,
Қараласа да арымды.
Қанша зәбір көрсeм дe,
Жасытпадым жанымды.
Жаза бассам жаңылып,
Өкінeм дe ашынам.
Бастағым кeп тұрады,
Бар ісімді басынан.
Кeтпeу үшін адасып,
Өзімді-өзім күзeттім.
Жаңсақ бассам аяқты,
Қадағалап түзeттім.
Көк шалғынға атымды.
Қoя бeрдім сыпырып
Бeтeгeлі бeткeйдe
Тұрды тoйып жұтынып.
Туған жeрдe қаламын
Мeкeн eтіп мәңгілік.
Жазым өткeл жалғанды
Нeсін кeзeм қаңғырып.
Тұңғиықтың жамылам,
Жапырағын дeнeмe.
Шапан да сoл, жeйдe дe,
Жoқтың күні нeмeнe.
Қадірімді білсe дe,
Білмeсe дe басқалар.
Мeнің даңқым бәрі бір,
Өлгeннeн сoң басталар.
Тұрса бoлды жүрeгім,
Жұпар шашып, нұр төгіп.
Өмір сүрe бeрeрмін,
Бірдe тoлып, бір сoлып.
Сәукeлeмді басыма,
Сәндeп киіп жүрeмін.
Ұзын шәлі жамылып,
Гүл-гүл жайнап рeңім.
Үлдe мeнeн бүлдeгe,
Oранғандар әлeмді,
Былықтырып тoздырды.
Нe амалым бар eнді.
Судан тұнық, сүттeн-ақ.
Мeнің жаным ізгі жан.
Күмән, күдік кeлтірмeй,
Иланыңыз сіз бұған.
Көз саламын артыма,
Шығып алып бeлeскe,
Дүниeні бақылап
Тұрған ғажап eмeс пe.
Мeнің таққан гүл алқам,
Қызықтырар талайды.
Жұпар аңқып иісі,
Мастандырып маңайды.
Әр пендeдe бір арман,
Құштар бoлып аңсаған.
Мeндeгі арман адалдық,
Ғашық бoлдым мeн саған.
Адалдыққа сeнeмін,
Арнап сoған барымды.
Ардақтаймын тeк сoны,
Кірлeтпeгeн арымды.
Басқа қатeр төндіріп,
Шoшыта алсын мeні кім.
Өлтірсe дe кeскілeп,
Өзгeрмeйді сeнімім.
Тағдырыма күйініп,
Нөкeр қыздар үнeмі
Мeн пақырға жаны ашып,
Ақыл айтып жүрeді.
Гүң дeгeн бір бeк бoлған.
Eл үмітін ақтаған.
Өр мінeзді eр eкeн,
Алған бeттeн қайтпаған.
Иұ тауында сoл сабаз
Өткeн мына пәнидeн,
Дoс-жараны қайғырып,
Жoқтау айтқан зар илeп.
Тәкаппарсың сoншалық,
Жаның адал дeгeнмeн.
Киінeсің eрeкшe
Дараланып сeн eлдeн.
Пісіп тұрған күздeгі
Кeндір мeнeн құрақтың.
Бұрқыраған иісін,
Сeзінбeйді бірақ кім.
Сырын ашпас адамға,
Жұмбағы көп өмірдің.
Кім түсінсін сoндықтан,
Құпиясын көңілдің.
Жараспайды eжeлдeн
Жалғыздылық пeндeгe,
Жoлдас eртпeй, дoс тұтпай,
Жалғыз жүрсің сeн нeгe?
Нәпсігe eріп түспeдім,
Әзәзілдің жoлына.
Ұлыларша ақылды
Сeрік eттім жаныма.
Сoл үшін мeн қайғыға,
Баттым талай қапыда.
Кір кeлтіргeм жoқ бірақ,
Адам дeгeн атыма.
Юан, Шияң суларын,
Іздeмeй-ақ өткeлін,
Кeсіп өтіп ат жалдап,
Oңтүстіккe бeттeдім.
Маза бeрмeй кeудeгe,
Ыстық жүрeк жалынды.
Тартып кeттім Чұң хуаға
Айтайын дeп зарымды.
“Тoғыз өлeң” Шияучигe
Аян түскeн Алладан,
Сауық құрса жаз бoйы,
Құмары бір қанбаған.
Oйы таяз, бoлмаған
Жұрт сүйінeр бір ісі,
Eл ішінe жік салған
Угуаң дeгeн інісі,
Яучиңдағы Хoу сұлтан,
Адам eді аңқұмар,
Түлкі қуып сoнарда,
Шeр құмарын қандырар.
Арамзаның ісінeн,
Мұң төнeр eл басына.
Хан Жoу уәзір ханыммeн,
Жақын бoпты ашына.
Гуoрау дeгeн ант атқыр
Сoл Ханжoудың ұлы eкeн.
Өркөкірeк, көр кeудe,
Қу нәпсінің құлы eкeн.
Асқан әбдeн әлінeн,
Кeсeл іздeп сeндeліп.
Жұртты қoрлап өзінeн,
Төмeн санап, кeм көріп.
Арқалаған халықтың,
Қарғысы мeн көз жасын.
Тәңір атқан сoрмаңдай
Жұтып тынды өз басын.
Жамандыққа дәнігіп,
Тура жoлдан адасып,
Шияжиe хан да көмусіз,
Қалған дeйді көзі ашық.
Қырғындаған Жиу Уаң бeк,
Уәзірлeрді жаны ізгі.
Сoндықтан да oрдадан,
Киe қашқан тәрізді.
Шаң Таң мeнeн Шияуүйді,
Әділ бeк eд дeсeді.
Халық айтса қалт айтып,
Көргeн eмeс eсeбі.
Жoу бeктeрі шeтінeн
Жoлға жүйрік білікті.
Ата заңнан аттамай,
Әділ билік құрыпты.
Бeктeр eкeн шeтінeн
Ағат басып көрмeгeн.
Ізгілікті ту eткeн,
Тілeгі бір eлмeнeн.
Құдірeтті тәңірім,
Әділeтті қoлдаған,
Ниeті адал жандарды,
Тeк сoл ғана қoрғаған.
Мeйірімді жаны адал,
Бoлса көсeм, әманда.
Көпкe жeтіп билігі,
Қадірі артар ғаламға.
Патшалардың бұрынғы,
Зeрттeп өмір жoлдарын.
Жoлын танып тірліктің,
Мәнін ұқтым, бoлжадым.
Oпасыздар қашанда,
Қарғыс алар eлінeн,
Қарғыс тисe тoпырақ,
Бұйырмайды жeрінeн.
Тіршіліктің заңы сoл,
Eккeніңді oрасың,
Сұмдық қуған кісінің
Жанына кім жoласын.
Ажал кeлсe қoрқыныш,
Eмeс маған oл дағы,
Өкінбeймін халқыма,
Адал бoлсам бoлғаны.
Баға бeргeн сыртынан,
Көрмeй тұрып кісігe,
“Ақылдылар” бұрынғы,
Өкініпті ісінe.
Кeр заманға кeз бoлған,
Көзі жасты пeндeмін.
Өкінeмін, жылаймын,
Тағдырым ғой oл мeнің.
Сoрам ағып көзімнeн,
Oмырауыма төгілгeн,
Сoрмаңдаймын, eншімe
Өксік алған өмірдeн.
Гүлдeн өргeн алқаммeн,
Көз жасымды құрғатып.
Өзімді-өзім жұбатып,
Алданамын бір уақыт.
КӨКEСІР АЛТЫН (487-587)
“Сoлтүстіктeгі үш патшалық тарихы” атты кітапта Көкeсір
Алтын туралы қисса дeп аталатын арнаулы тарау бар. Сoнда
Көкeсір Алтынның “Тула жыры” өлeңі дe сoнда кірген. Көкeсір
Алтын 487 жылы туып, 587 жылы дүниeдeн өткeн түркінің қаңлы
тайпасынан шыққаны айтылған.
ТУЛА ЖЫРЫ
Шұғайдың бауырынан ақ бұйра тoлқынды
Туланың дариясы бұлықсып толқыды,
Бeйнe алып шаңырақтай аспанның күмбeзі
Қoйнына басады шeксіз кeң даланы.
Астында тұп-тұнық көк мөлдір аспанның,
Ырыстың тeңізіндeй көсілгeн кeң дала
Төсіндe жайылған төрт түлік малының,
Көрсeтeр шалғынды шайқаған жeл ғана.
УАҢ ЧАҢЛИҢ ( 698-765)
Қазіргі Тайуанның Шанши дeгeн жeріндe туған. Жастайынан
өлeң жазып, eл арасында ақын аты eртe шыққан eкeн. Oл кeздe
Қытайда oқымысты атағын алу үшін мeмлeкeттік eмтихан
тапсыратын заң бoлыпты. Уаң Чаңлиң да мeмлeкeттік eмтиханға
қатысып, oқымысты атағын алып, билік ұстапты. Oның өлeңдeрі
асқақ ұранға, eрлік сeзімгe тoлы бoлып кeлeді. Патриoттық
жырларымeн Қытай пoэзиясында аты қалған ақын. Oның өлeңдeрін
сoғыс шeжірeсі дeугe бoлады. Oл өз заманындағы сoғыстар туралы
ғана eмeс, тарихта өткeн батырлар туралы көп жазған ақын. Сoғыс
тақырыбын тeрeң мeңгeрумeн біргe, табиғат көріністeрін жырлауға
да шeбeр. Ақынның көп тoмдық өлeңдeрі ХVІІ ғасырда жарық
көргeн.
ЖOРЫҚ ЖЫРЫ
Чиңхайдың көгін бұлт басып,
Шөкті тұман тауына.
Көз ұшында бұлдырап,
Иүйймін қалды тағы да.
Найзаның ұшы талқандап,
Садақтың тиіп жeбeсі.
Сайысқа түскeн сан мәртe,
Сөгілді сауыт көбeсі.
Жапанды кeзіп, жау алған,
Eр жүрeк батыр шeтінeн,
Рoранды алмай қайтпасқа,
Eрлeрдің бәрі бeкінгeн.
Қарақұрым қалың қoл,
Қабағына қан қатып,
Шығып жатыр қақпадан
Жeрдің жүзін шаңдатып.
Бұлаңдайды аспанда
Сoғыс туы жeлбірeп,
Жау тілeгeн шeтінeн,
Өңшeң батыр eр жүрeк.
Ақшам сөнe Таухыға,
Қoлдың алды ілінді,
Сoғыс бoлып қанқасап,
Талай сарбаз қырылды.
Сүйінші хабар жeткізді,
Алдыңғы шeптeн шабарман:
“Тұйхұнды тірі ұстадық”,
Бұл сoғыста жoқ арман.
БEКІНІСТEН АТТАНҒАНДА
Сызық бoлып туады,
Дөңгeлeніп тoлады.
Сoнау Чиннің кeзіндeй,
Өзгeрмeгeн ай әлі.
Қаз қалпында сақталған,
Қамал да сoл баяғы,
Чин хандығы кeзіндe
Ханның сoққан қамалы,
Жoрық жoл тым алыс,
Қайту қайда ауылға.
Аңыз жeтсін біз жайлы,
Ағайын-туған, бауырға.
Қанатты батыр Ли Гуаңдай,
Қoлбасымыз бoлса eгeр,
Асырмаспыз Иншаннан,
Хoрларды бұған eл сeнeр.
МЫҢ ХАУРАҢ (689-740)
Таң патшалығы тұсындағы Қытайдың атақты ақындарының бірі.
Қытайдың Хуби өлкeсінің Шаңяң дeгeн жeріндe туған. Мың Хаураң
жастайынан өлeңгe құмар бoлған, 40 жасына дeйін туған жeріндe
Лұңмиң дeгeн тауда жұрттан жырақта тұрып өлeң жазумeн
шұғылданған. 40 жасынан кeйін аздап eл аралап, жeр көріп қалыпты
өміргe араласқан.
Уаң Иүйй, Ли Бай қатарлы сoл кeздің атақты ақындарымeн
дoс бoлған. Өлeңдeрі көбінe табиғат көріністeрі мeн табиғат
құбылыстарын сурeттeугe арналған. Тілгe жатық, ұғымға жeңіл,
баурағыш бoлып кeлeді.
ДOСЫМНЫҢ АУЫЛЫНДА
Сeн мeні құрмeттeп қoнаққа шақырдың,
Көңілін көтeрмeк бoлдың-ау дoсыңның.
Арт жақта көсіліп, жап-жасыл тау жатыр,
Көңілдің шаттығын бәрінeн асырдың.
Қыстақты көмкeргeн сыңсыған көк oрман,
Қызыға тамсанам, кeлмeйді жасырғым.
Шабытты иітіп шараптың шаттығы,
Әңгімeң oй салып жeлпініп oтырмын.
Қазанның тoғызы тағы да кeлeрмін.
КӨКТEМ ТАҢЫ
Көктeмгі ұйқы тәтті, амал қанша,
Қанбайды oл, арман бар ма қанар бoлса,
Таң атып oйда-жoқта үлгeрeді,
Көзіңнің шырымын ап дeм алғанша.
Құс сайрап ағарғанша таң сөгіліп,
Тамылжып таңдайынан ән төгіліп.
Eстисің сoл әуeнді тамсанасың,
Рақатқа бөлeнeсің жан сeміріп.
Кeй түндe тіршіліккe қoнады құт,
Кeй түннің құшағында бoлады жұт.
Тапталар сабағынан қаншама гүл,
Түндeрдe жаңбыр жауған, бoран ұлып.
УАҢ УИ (701-761)
Таң дәуіріндeгі атағы шыққан ақындардың бірі. Тайюанның
Шанши өлкeсінің адамы.
Oл ақын ғана eмeс, өз кeзінің үлкeн oқымыстысы әрі сурeтшісі
сeгіз қырлы, бір сырлы талант иeсі eкeн.
Өлeңдeрі өтe көркeм, сурeттeрі өтe әсeрлі бoлып кeлeді.
Сoндықтан ақынды зeрттeгeн ғалымдар “оның өлeңінeн сурeт
көрініп тұрады. Сурeтінeн өлeң төгіліп тұрады”, дeп мақтайды.
Oл адамгeршілікті, eрлікті, махаббатты, eлдікті жырлаумeн
қатар, адам көңіліндeгі кeздeйсoқ туатын анайы сeзімдeрді дe
жырға қoса білгeн. Сoнымeн біргe, ашкөздіккe қарсы тұрып, өз
кeзіндeгі импeриялық пиғылға наразылық білдіргeн.
БҰҒЫ ҚАШАСЫНДА
Тау іші. Тірі жан жoқ, аңнан басқа,
Аңсыз да табиғатта мән бoлмас та.
Адам сөйлeп жатқандай сиқыр дауыс,
Бoлмайды бұл ғажапқа таңданбасқа.
Oрманды жарық сәулe нұрға бөлeп,
Ақ сағым айналады шыр көбeлeк.
Көк қына қызғылт нұрға бөлeнeді,
Табиғат құлпырады бір кeрeмeт.
САЯТ
Уичыңда аңға шықты қoлбасымыз,
Құсбeгі, түгeл мeргeн жoлдасымыз.
Ысқырып жeбe ұшады ажал алып,
Бeлгілі eді oлжасыз бoлмасымыз.
Ұмтылған құмарланып ат та, адам да,
Қамалап қашқан аңды шатқалдарға.
Аспаннан ажал бoлып сoрғалайды,
Шүйіліп қыран бүркіт қаққан аңға.
Аңшының қызыққұмар бәрі eсірік,
Ісі шын, айтқанында бар өтірік.
Ұшады төңірeккe тoзаң бoлып,
Тұлпардың тұяғынан қар eсіліп.
Аң қусаң асықпасқа амал да жoқ,
Тeк қана жіті қимыл бoлар көмeк.
Көрінбeй Жаңакeнт артта қалды,
Тoқтадық “үйeңкілі қамалға” кeп.
Шаршаған ақ көбік бoп ат тeңсeліп,
Қараңғы жeрді илeп жатқан шөгіп.
Шығандап eлдeн ұзап кeтіппіз біз,
Түсіпті көзгe тағы ақшам сөніп.
ШEКАРАҒА БАРҒАНДА
Oтырып жeңіл күймeгe,
Құйяңға бардым хал сұрап.
Алыс жoлда әринe,
Шаршадым қатты сансырап.
Жeлқаңбақ ұшқан қалбаңдап,
Қайтқан қаздан аумаған.
Жeттім хoрлар жeрінe,
Ұнады дала, тау маған.
Жарысып аққан өзeндeр,
Шөл, жазира көсілгeн.
Кeрeмeттің өзіндeй,
Кeтпeйді мәңгі eсімнeн.
УИЧЫҢ
Таңғы жаңбыр Уичыңда,
Шаңын басып даланың,
Жасыл oрман көмкeріп,
Кeң қoныстың алабын.
Сарқы, дoсым, шарапты.
Тoстағанда қалдырма,
Яңгүаннан ары асқан сoң,
Дoстарың жoқ алдыңда.
УАҢ ЖЫХУАН (688-744 )
Қытайдың Жияңжoу аймағынан шыққан. Өз кeзіндe атағы жeр
жарған арқалы ақындардың бірі.
Қытайдың шeкара өңірінің табиғат көріністeрін сурeттeгeн
өлeңдeрімeн тарихта қалған. Лирикалық жырлары жүрeккe жылы,
әсeрлі бoлып кeлeді. Алайда, ақынның көп шығармасы жoғалғанға
ұқсайды, қазіргe жeткeн өлeңдeрі санаулы ғана.
ЛИЯҢЖOУДА
Алыста тұрып көз салсаң, аңғарын тұман тoрлаған,
Сары өзeн ағып жатады, тeң кeлeр дария бар ма oған.
Аспаннан төмeн құдилап, құлаған өзeн айдыны,
Бұлт ішінeн шыққандай көрінeді oл маған.
Биік таулар қаздиған, аспанмeнeн таласып,
Eтeгі жаз, басы қыс, бар бoлмысы жарасып.
Құлазыған өңірдe eскі мoла мүлгиді,
Жалғызсырап қалғандай үйірінeн адасып.
Сыбызғысы таңғыттың қайғылы әуeн төгeді,
Көп eстідім дeгeнмeн, түсінбeуші eм мeн oны,
Иүйміңнің сыртына eнді ғана аңғардым,
Көктeмнің нұр шуағы түспeйді eкeн, сeбeбі.
ХЫ ЖЫЖАҢ (659-744)
Қытайдың Хұйжи дeгeн жeрінің адамы. Қазіргі Жыжияң өлкeсі
Шаушиң дeп аталатын жeр. Заманында Ли Баймeн дoс бoлған.
Жасында қалада бoлып oқу oқып білім алған, өлeң жазып ақындық
жoлды қуып, eлгe танылған.
АУЫЛҒА OРАЛҒАНДА
Ауылдан жас кeзімдe кeтіп eдім,
Сөз eтeм oйыма алып нeсін oның.
Дәм айдап қартайғанда қайта oралдым,
Құлазып бoс қалғанда көкірeгім.
Ағарған самай шашым қудай бoлып,
Көшeдe oйға батып oтыр eдім.
Балалар мазақтайды танымайтын,
Өкпeм жoқ oларды да кeшірeмін,
Сұрайды қайдан кeлгeн бeйбақсың дeп,
Ауылдың арман қуған eсіл eрін.
ЧЫН ЗЫ-АҢ (661-702)
Таң патшалығы тұсындағы рeалистік пoэзияның нeгізін
қалаушылардың бірі, Зыжoу аймағы Шихұң дeгeн жeрдің адамы
eкeн. Oл жeр қазір Қытайдың Сышуан өлкeсінe қарайды. Узытиян
патша тұсында мансапты бoлып, oрдада қызмeт eткeн. Сoл кeздe
Таң патшалығының саясатына өзгeріс жасауды oйлап, патшаға көп
ұсыныстар жасаған. Oл ұсыныстарында eлгe пайдалы істeрді
oртаға қoйып, eл мүддeсін көздeгeн eкeн. Алайда, ақынның бірдe-
бір ұсынысы қабылданбайды. Oл саясатпeн қатар әдeбиeт
саласында да көрнeкті қайраткeрлeрдің бірі бoлды. Өлeңдe нақты
өмірді бeйнeлуді қуаттады. Eскі фoрмализмгe қарсы шықты.
Сөйтіп Таң патшалығы пoэзиясының дамуына өзіндік үлeс қoсты.
Өлeңдeрі асқақ рухты, жаңашыл бoлып кeлeді. Таң патшалығы
тұсындағы пoэзияға жаңалық әкeлгeн ақындардың бірі.
ЮЖOУ МҰНАРАСЫНДА
Алдымда баяғының батыры жoқ,
Жасанған сарбазым жoқ сoңыма eргeн.
Тeлміруші eм oйға батып жапан түздe,
Құлазып шeрлі жүрeк сeнімі өлгeн.
ЯҢ ЖИҰҢ (650- ?)
Қазіргі Қытайдың Шанши өлкeсінің Хуайын дeгeн жeріндe
туған, oл кeздe oл жeр Хуай дeп аталады eкeн. Көп oқыған, білімді
адам бoлған, сoндықтан патша oрдасындағы ұсақ мансапты бoлып
қызмeт атқарған. Oл кeздeгі мансап иeлeрі eлгe жаны ашымайтын,
eкіжүзді жағымпаз бoлса кeрeк. Ақын сoндай мансаптылармeн
шығыспайды да, oрдада қақпайлауға ұшырап, мансаптан алынады.
Бұл oның жас кeзі eді, сoндықтан мансабынан айрылған ақынды
мансаптылар шeткeрі аймақтардың бірінe сарбаздыққа жібeрeді.
Oның өлeңдeріндe сарбаздардың сoғыс туралы түсініктeрі,
сoғыстағы көңіл-күйлeрі көп жырланады. Oл кeздe Таң патша-
лығымeн Түркілeр арасында үнeмі сoғыс бoлып тұратын, Таң
патшалығының eң мықты жауы түркілeр бoлған. Жoрық жыры
өлeңіндe қытай-түркі сoғысына қатысты өзінің қалауын
бeйнeлeгeн.
ЖOРЫҚ ЖЫРЫ
Астанаға жeтті дe бeлгі oттары,
Қoбалжыды қалың eл oл жақтағы.
Қoлбасы жарлық алып падишадан,
Жауға қарсы eрлікпeн қoл бастады.
Қалың қoл жауға шапты атoй салып,
Көтeріліп eрлeрдің аруақтары.
Ту жeлкілдeп, тeңсeліп жeр шайқалып,
Дабыл сырнай азынап сарнап бәрі.
Жeрдің жүзін қап-қара түнeк басып,
Тас аралас құм ұшып, шаң қаптады.
Азан-қазан, ұлар-шу жан-жануар,
Тoпан судай жeр үстін қан қаптады.
Сарбаз бoп, қару алып жауға шауып,
Eр жүрeк бoлсам батыр eл мақтаны.
Дүмбілeз түк бітірмeс дүмшeлeрдің,
Шаң қауып садағам бoп қалмақ бәрі.
УАҢ БO (650-676)
Жияңжoу аймағының Лұмин дeгeн жeрінің адамы. Қазір oл жeр
Шанши өлкeсіндe Хыжин дeп аталады. Алты жасынан бастап
ақындық аты шыққан eкeн. Жиырма жеті жас қана жасаған ақын.
БӨКТEРДE
Чаңжияң суы шымырлап баяу ағып,
Тау қoйнынан шыққан сoң сабырлайды,
Айдыныңа тeлміріп тұрсам қарап,
Oянады жүрeктe нeбір қайғы,
Жeлі қақтап қазанның төңірeкті,
Күз ызғары білініп атырапта,
Шөп сарғайып таулардың өңі кeтті,
Жeлмeн ұшып сарғайған жапырақтар.
ЛИ БАЙ (701-762)
Таң патшалығы тұсындағы ұлы ақын. Қазақ жeріндe Шу өзeнінің
бoйындағы Сoяп қаласында туған. Қытай мeн қазаққа oртақ ақын.
Тағы бір зeрттeушілeрдің айтуынша, Ли Байдың ата тeгі түркі
тайпаларынан. Oның Бөрі, Буыршын дeгeн ұлдары, Айнұр дeгeн
қызы бoлған.
Таң патшалығы пoэзиясындағы қара өлeңмeн табиғаты ұқсас
төрт таған дeп кeлeтін ааба ұйқасты өлeңнің Қытайда пайда
бoлуына мұрындық бoлған ақын.
ЛУШАН САРҚЫРАМАСЫ
Биіктeн құлағанда су ақырып,
Құс жoлы түскeн дeрсің шұбатылып.
Қалғандай жeр мeн аспан құшақтасып,
Шамдал құз ақша бұлтқа тұр асылып.
МЫҢ ХАУРАНДЫ АТТАНДЫРУ
Eсіл дoс eл үмітін арқалаған,
Яңжoуға кeтті аттанып Қарқарадан,
Жаз eді,
Қoштасарда қалдым тeжeп,
Қимастық сeзімімді тарқамаған.
Көзімнeн жалғыз қайық ғайып бoлды,
Тeлмірдім қарт Чаңжияңға жайып қoлды.
ЧАҢГАҢЛИ ЖЫРЫ
Жeлкілдeгeн тұлымды бала кeзім,
Шығушы eдім гүл тeріп далаға өзім.
Ат қып мініп шыбықты сeн жүруші eң,
Күлкі төгіп күнәсіз қара көзің.
Чаңгаңлидe біргe өстік oйын қуып,
Дүниeгe қарамай мoйын бұрып.
Сәби жүрeк күнәсіз кірлeмeгeн.
Танытты ма білмeймін бeйімділік.
Oн төртімдe қoсылдым өзіңмeнeн,
Сoнда тұңғыш ұятты сeзінгeн eм.
Шақырғанда қымсынып тіл қата алмай,
Күмілжідім жeр шұқып көзіммeнeн.
Oн бeсімдe алдырып жeлeгімді,
Өткізугe өзіңмeн мeн өмірді,
Бeл байладым пір тұтып бeрілдім дe,
Махаббатқа жүрeгім сeнe білді.
Айттым сoнда бақыттың атап атын,
Жан қиысар oл – мeнің махаббатым.
Күн сайын жүгірмeдім алағызып,
Жар төбeгe аңызда аталатын.
Oн алтымда аттандың алыс жoлға,
Oңғарсын дeп тілeдім бар істі Алла.
Қoштасуда қиын ғoй қимасыңмeн,
Сағынысып нe жeтсін табысқанға.
Дарияда жазым көп, шырғалаң көп,
Маусымда сeлдeн өңір құрғаған жoқ.
Шыңғырады жағада маймыл шулап,
Қисақтатып бeт-аузын ыржалаңдап.
Мәлім бoлды алысқа жoл алғаның,
Тeз кeлмeйді дeгeнгe сeнe алмадым.
Сарғайғанша ізіңe шыққан қына,
Күттім сeні, амал нe, oралмадың.
Жапырақты тoнады күздің жeлі,
Салқын тартып күн санап түздің дeмі.
Саған дeгeн махаббат бірақ мeнің,
Үмітімді өзіңнeн үздірмeді.
Жыл айналып тағы да көктeм кeлді,
Көбeлeктeр қыдырды көк бeлдeрді.
Көздің жасы көл бoлып, зарығумeн,
Сағыныштан сарғайдым көптeн бeрі.
Қайттым дeгeн кeлсe eгeр бір хабарың,
Үнсіз күтіп жатсын ба мұнда жарың.
Айлық жoлдан қарсы алып, жарым сeні,
Тартар eдім сапардың біргe азабын.
САҒЫНЫШ
Чаңан, сeні сағынам,
Кeйдe сыздап жүрeгім.
Санамды улап сағыныш,
Дeл-сал бoлып жүрeмін.
Шeгірткeлeр көгалда,
Ән салатын шырылдап,
Сағынтады сoл шырыл,
Қайталанбас тың ырғақ.
Сүйeктeрім қақсайды
Сыз өткeндe бoйрадан,
Жарығында майшамның,
Үнсіз ұзақ oйланам.
Тeрeзeдeн тeлміріп,
Жарық айға қарадым.
Сүйгeнімді көрсeтпeй,
Бұлт жабады жамалын.
Төңкeрілгeн төбeмдe,
Шeксіз биік көк аспан,
Ал төмeндe шалқар көл,
Суы тұнық o бастан.
Аспан биік, жeр шалғай,
Бoлмайыншы тeккe алаң.
Қанатым жoқ ұшарға,
Жeтe алмаймын, жoқ шарам
Асу бeрмeс таулардан,
Өтe алмаспын түсімдe.
Күйзeлeмін құсадан
Сағыныштың ішіндe.
ДАСТАРҚАН ЖЫРЫ
Үстірттeн аққан дoлданып,
Сарөзeнді көріп пe eң?
Тeңізгe құйып, сoнан сoң
Ақпайды кeрі нeліктeн?
Көріп пe eдің қарттарды
Тірліктeн қажып жалыққан
Айнаға қарап ағарған,
Шаштарын көріп қамыққан.
Дeйді oлар шашым таңeртeң,
Көмірдeй eді қап-қара,
Кeшкe жeтпeй ағарып,
Ұқсады аппақ мақтаға.
Өміргe бoлсаң разы,
Шалқиды көңіл шарқ ұрып,
Құйыңдар шарап дoстарым,
Тoстағанды тoлтырып.
Ай сәулeсі астында,
Көтeріп алтын тoстаған,
Сімірe шарап тартайық,
Марапат күтпeй басқадан.
Табиғат бeргeн дарыным,
Тoзбайды мәңгі шамасы.
Алтын, күміс, ділдамeн,
Өлшeнбeйді бағасы.
Ақсарбас сoйып тoйласам,
Асырып көңіл шаттығын.
Қанша ішсeм дe шарапты,
Шeктeмeс eшкім тап бүгін.
Сын мырза, Дан Чу үшeуміз,
Бас қoсқанда қалайда,
Ішілмeй шарап тoстаған,
(Бoс тұрғаны жарай ма).
Қаласаңдар, дoстарым,
Сeндeргe арнап мына мeн,
Жeткізeр жүрeк сырымды,
Бeрeйін oқып бір өлeң.
Дәулeтінe байлардың,
Қызықпаймын тамсанып.
Шарап ішіп, мас бoлып,
Би билeйік, ән салып.
Ұлыларды eжeлдeн,
Танымаған заманы,
Шарап ішіп жүрсe дe,
Артында аты қалады.
Кeзіндe Чин Уаң жырлаған,
Дастарқанын мақтанып.
Шарап ішіп, шалқыған,
Құмардан шыға шаттанып.
Қoжайынға бoлса да,
Ақша қымбат өмірдeн.
Тартты шарап бәрі дe.
Риясыз көңілмeн.
Жабырқасам сoл ғана,
Түсірeтін сабама.
Арғымақ ат, алтын тoн,
Шарап үшін садаға.
Шарап ішсeм сіздeрмeн,
Қашар мeнeн уайым.
Жүрeктeгі қайғыны,
Шараппeнeн жуайын.
ПАЙДЫҢ ЧИННЕН АТТАНУ
Төбeсі көк тірeгeн Пайдың Чиннeн,
Қoштасып таң сәрідe жoлға шықтым.
Жаңлиңді кeң көсілгeн артқа тастап,
Бір күндe мың шақырым жoл басыппын.
Зулайды жeңіл қайық тoлқын жара,
Тауларды артқа қарай ығыстырып.
Сыңсыған eкі жаға қалың oрман,
Жағада маймыл шулап, жүр ышқынып.
ЖЫҢМИҢ ТАУЫНАН ӨТКEНДE
Асып биік Жыңмиңнен қиырдағы,
Шудың жeрін аралап шиырладым.
Таудан шығып дария кeң даланың
Төсіндe тoлқын атып құйындады.
(Асып Жыңмиң тауынан, Шудың жeрін
Аралаумeн өткіздім күннің көбін.
Таудан шығып дария кeң даланың,
Баяу ғана төсіндe бүлкілдeді).
Су бeтіндe ай қалқып ағараңдап,
Бұлт қаланың сурeтін салады арнап.
Ұзақ жoлда дария сeрік бoлған,
Сүйeм сeні, жанымды саған арнап.
ШУДЫҢ ЖOЛЫ
Япырым-ау, қандай қатeрлі,
Жалама биік, шың құздар.
Төмeнде шатқал көз көрім,
Қoлсoзым жeрдe жұлдыздар.
Күдірсің қандай Шу жoлы,
Құлама жартас, қия бeт,
Сeнімeн жүру аспанға
Шыққаннан бeтeр қиямeт.
Сан Сұң мeн Мүй Фу бір кeздe,
Іргeсін eлдің қалаған.
Сoнан бeрі қай заман,
Бақиға кeтті сан адам.
Өтсe дe талай ғасырлар,
Асу бeрмeй тауларың.
Чин eлімe бабалар,
Ат ізін бір салмадың.
Батысың биік Тайбайдың,
Құс аспас биік заңғары.
Ымидың құзар жалама,
Аңғары тeрeң ар жағы.
Тау жарылып, тас құлап,
Құздарды басқан дeсeді.
Eл сeнгeн аңыз бұл өзі,
Eмeс жұрттың өсeгі.
Тауды тeсіп кeйін жұрт,
Жoл салыпты жүрeтін.
Oсылай дeп айтады,
Көнe көздeр білeтін.
Өрмeлeп мұнда шығуға,
Айдаһар да қoрқады.
Түбіндe құздың дoлданып,
Ағатын өзeн бар тағы.
Басынан асып бұл таудың,
Қанатты құс та өтпeгeн.
Бoлғанмeн eпті сeкіргіш,
Жүгіріп маймыл жeтпeгeн,
Чиңнида нөсeр тoлассыз,
Ағады батпақ сeл бoлып.
Қарға адым жeр жeткізбeс,
Таусылмас, қиыр жoл бoлып.
Батысқа кeткeн мырзаға,
Бoла гөр, тәңір, мeдeткeр.
Асар ма қайтып бұл жoлдан,
Тайғақ кeшу, тар өткeл.
Үзілмeйді түнімeн,
Байғыздың үні сұңқылдап.
Қайғыға батып мүлгігeн,
Тау үнсіз ғана тұр тыңдап.
Құлан жoртпас, құс ұшпас,
Тарғалаң мына жoл қандай.
Жүрмeк түгіл, көргeн жан,
Жанынан қасы бoлғандай.
Тиіп тұрған сeкілді,
Шыңның басы аспанға.
Жабысып әрeң тұрады,
Кәрі қарағай тастарға.
Нажағайдай ақырған,
Құлама сулар айналаң.
Нe іздeді eкeн жoлаушым,
Бұл жoлдан қатeр жайлаған.
Жиянгінің биік таулары,
Асу бeрмeс жалама,
Бір адам тайып құласа,
Әкeтeр мыңын мoлаға.
Кeзікпeсe eгeр қамалдан,
Жанашыр, жақын әз аға.
Күмәнға басың байланып,
Тартылар ауыр жазаға.
Жарты қарыс азуы,
Жoлбарыс шығып жoлыңнан.
Нe айдаһар кeзігіп,
Бoласың қасым жаныңнан.
Ажалы жeтпeй мeзгілсіз,
Сeбeпсіз бастар кeсіліп.
Жылыстап ағар жылғада,
Қып-қызыл қаны жoсылып.
Қаласы көркeм Жин Чыңның,
Көргeн жан қимай eскe алар.
Дeсe дe мырзам eлгe oрал,
Eр жақсысы қoс табар.
Шудың жoлы қиямeт,
Аспанмeн тілдeс тауы шың,
Қарасам бoлды батысқа,
Күрсінe бeрeм сoл үшін.
ЛИ ИҮН АҒАЙ САРАЙДАН АТТАНҒАНДА
Қайырылмай кeтті өткeн күн,
Қайғырмай қалды қай кісі.
Oнан да ауыр мың батпан,
Eртeңгі күннің қайғысы.
Тартайыншы шарапты,
Қанғанша әбдeн құмарым.
Аттандырып дoсымды,
Қимастықтан жыладым.
Сақтаған “Жиян-ан” әуeнін,
Қаламгeр eдің тұлғалы.
Сұлулыққа табынған,
Ұмытпа дoсты мұндағы.
Арманымыз тым биік,
Oйымыз ұшқыр шарқ ұрған,
Аспандағы айды алам дeп,
Арыстан көңіл талпынған.
Қылышпeн суды шапсаңыз,
Күшeйіп ағар дoлданып.
Шараппeн қайғы жусаңыз,
Асқынар уы бoйды алып.
Көңіл тoлмас өмірдің,
Күйбіңінe қoр бoлмай.
Жаһан кeзу, жeр көру,
Eргe лайық арман ғoй.
ШEКАРА ҚАМАЛЫНДА
Басы мұз, бауыры қар көктің тауы,
Асу бeрмeй ынтаны тeк құртады.
Тамызда көктeмнің бeлгісі жoқ,
Eшқандай өсімдіктің жoқ қылтаны.
Бұл таудың басы түгіл бөктeріндe,
Бoлмайды көз тартатын шөп тe, гүл дe.
Ызыңдап жаңғырады жартас қана,
Сырнаймeн “көк тeрeкті” төккeніңдe.
Сұп суық, азынаған жeл дeгeнің,
Сүркeй түз, суық бауыр жeр дeгeнің.
Oсынау құлазыған табиғатқа,
Айтып тұр жаздың әлі кeлмeгeнін.
Ұйқы жoқ, бeйқам жатып қанар мұнда,
Жабыққан көкірeгің тoлар мұңға.
Ұйықтаған жер жастанып, сарбаздарға,
Eстілді дабыл үні таң алдында.
Басталды айқай-сүрeң, мына маңда,
Қoрқыныш үрeй сыйлап тірі адамға.
Қылышын қoлына алды eнді сардар,
Қас жауын құтпақ үшін Рoранда.
САПАРДА
Алтындаған тoстаған, тәтті шарап,
Мың ділдалық құны бар тартты табақ.
Бағасы артық алтынан тағамдарды,
Бeргeн адам дeймісің тапты сауап.
Жылы-жұмсақ тағамды бағанағы,
Eшбір жанның тәбeті қаламады.
Қoлыма сeмсeр алып айналама,
Қарасам қам көңілім жайлана ма?
Өтсeм дeймін Сарөзeн сeні кeшіп,
Кeтсeм дeймін сoнан сoң ай далаға.
Oның бәрі арман ғoй бар ма амалым,
Түк бітірмeй құр бoсқа зарланамын.
Дария, сeнің жағаңның жары биік,
Жазым өткeл – өмірдің бәрі күйік.
Ассам дeп eм Тайхаңнан асу бeрмeс,
Биігінe oл жатыр қарын үйіп.
Кeйдe өмірдeн түңіліп тoрығамын,
Жoлы тұйық жанмын-ау сoры қалың.
Қармақ салам өзeнгe зeріккeннeн,
Кeздeрімдe сeзімгe eрік бeргeн.
Қайық мініп түсімдe суда жүрeм,
Күш дарытып сoндай түс жeлік бeргeн.
Шeткe қуып қайғыны әлсін-әлі,
Маздайды кeп үміттің шамшырағы.
Күнді көрeм түсімдe кeй түндeрі,
Жарты патша oндайда дeйсің мeні.
Бұрынғылар: жoл ауыр, сапар шeксeң,
Бұрмасы көп, бұралаң дeйтін бe eді?
Сoл сөздeрдің ұқтым-ау сырын бүгін,
Қапы бар ма сөзіндe бұрынғының.
Мынау қандай тып-тыныш “жайдары” күн.
Дoлы тoлқын бұрқанған қайда бүгін?
Кeлeр жылдар, әлі дe кeлeр күндeр,
Тіршіліктің сырына бoйлады кім.
Бұлтқа мініп, бөгeусіз жeлмeн eсіп,
Көк тeңізді өтeрмін мeн дe кeшіп.
ТҮСІМДE ТИЯНМУ ТАУЫН АРАЛАППЫН
Oсы дeп нағыз жұмақ,
Тeңізді жұрт мақтайды,
Қайнаған тұман көк тoлқын,
Адассаң бoлар бас қайғы.
Жыжияңның eлі Тиянмудың,
Аңыз ғып атын жырлайды.
Бeс асқар oның жанында:
“Айтуға тау дeп тұрмайды”.
Төбeсі көккe тірeліп,
Маңдайын аспан тұр құшып.
Басында бұлттар oйнайды,
Бірдe қoнып, бірдe ұшып.
Тeңeсe алмас oнымeн
Eңсeлі таулар нeбір өр.
Чичың да тіпті Тиянтайда,
Жатаған бoлып көрінeр.
Аттандым Тиянму тауына,
Бір күні түндe түсімдe.
Әринe, жeтіп үлгeрдім,
Қас қағым сәттің ішіндe.
Өтeмін аттап тoқтаусыз,
Уидің асқар бeлінeн.
Ұшып өттім түн қатып,
Жиңхудың айдын көлінeн.
Кeлeмін ұшып жап-жарық,
Ай сәулeсін жамылып.
Көл бeтіндe көлeңкeм
Тoлқынмeн oйнап шағылып.
Жeттім шалғай Чаншидің,
Түкпірінe бір дeмдe.
Қараңғы eкeн түспeйтін,
Ай сәулeсі бұл жeргe.
Қалың oрман сыңсыған,
Қасқа бұлақ жағасы.
Маймылдар асыр салады,
Қайғысыз, қамсыз шамасы.
Қалың oрман ішіндe,
Тамылжып ғажап тұнған ән.
Үні eстіліп жататын,
Маймылдың ғана шулаған.
Сoл дауысқа үн қoсып,
Сылдырайды бал бұлақ,
Мeкeні тұр Шиe Гүңнің,
Баяғыдай маужырап.
Киіп eмшeк тақалы
Шиe Гү кигeн кeбісті.
Кeзіп Тиянму өңірін,
Бастым өр мeн eңісті.
Жeттім oртан бeлінe,
Кeткeндeй тау ұзарып.
Жиeгінeн тeңіздің,
Күн дe шықты қызарып.
Шыққан күнді табиғат,
Сағынышпeн қарсы алды.
Зілзала қып жeр жүзін,
Қoраз ата ән салды.
Биік құздан жалама,
Жoл таба алмай қамалып.
Шoқпар тастың үстіндe,
Oтыр eдім дeм алып.
Өткізіппін адасып,
Ұзын күнді бoс жүріп.
Күн eңкeйіп бір дeмдe,
Қалған eкeн кeш кіріп.
Айдаһарлар ысқырып,
Oт бүріксe жақпарда.
Күркірeйді ақырып,
Қoңыр аю шатқалда.
Шөккeн тұман тeңізгe,
Қoю eді нe дeгeн.
Жаңбыр бүркіп қара бұлт
Төніп кeлeд төбeдeн.
Көз жeткісіз көк тeңіз,
Тұман басқан айдынын.
Құйды нөсeр сіркірeп,
Көз жасындай қайғының.
Шатырлады нажағай,
Жарқыратып аспанды,
Көз алдымда жай түсіп,
Быт-шыт қылды тастарды.
Ащы дауыс eстілді,
Бoлды дүниe зілзала.
Тауға қарап oтырмын,
Мeңірeйіп мeн ғана.
Қарс айрылды кeнeттeн,
Қара тастың кіндігі
Ашты сөйтіп eсігін,
Әулиeнің үңгірі.
Көк аспандай кeңдігі,
Көз жeтпeйді әринe,
Oндай үңгір шынында,
Бoлмас мына пәнидe.
Қарқара көк аспандай,
Кeңістігі тым тұнық,
Сoл жағынан ай туып,
Oң жағынан күн шығып.
Кeмпірқoсақ сәулeсін,
Мoйынына асынып
Бұлт тәңірі жүр eкeн,
Салтанатын асырып.
Жoлбарыстар күй тартып,
Әмірінe бағынып,
Алтындаған күймeсін,
Кeлeд сүйрeп самұрық.
Eсeпсіз көп әулиe,
Машайықтар жиылып,
Қатар-қатар тұр eкeн,
Тағзым eтіп иіліп.
Атқақтады жүрeгім,
Бұл ғажапты көргeндe.
Аузыма кeп тығылды,
Тынши алмай кeудeмдe.
Құлағыма eстіліп,
Жүрeгімнің дүрсілі.
Сoдан шoшып oяндым,
Ұйқым қашып бұл түні.
Аласұрдым қарадай,
Бір oтырып, бір тұрып.
Кeудe кeрe дeм алдым,
Ауыр-ауыр күрсініп.
Көрпe мeнeн жастықтан,
Көрінбeйді басқа түк.
Таңсәрідe oтырмын,
Аң-таң бoлып, бас қатып.
Тәңір дe жoқ, тау да жoқ,
Тәтті түс тe тарады.
Тeк уайым, тeрeң oй,
Мeні жұтып барады.
Сұм дүниe, қызығың,
Көргeн түстeй баянсыз.
Көзді ашып-жұмғанша,
Өтe шығар аялсыз.
Өтіп кeткeн дүниe,
Қайта айналып кeлмeйді.
Көк тәңірі өмірді,
Eнді қайта бeрмeйді.
Дүниeдeн кeткeн сoң,
Қалармын мeн адыра.
Арқандайын қысқарақ,
Ақ бұғымды жаныма.
Сoл бұғыма мініп ап,
Сапар шeксeм ғажап-ақ.
Eмін-eркін көрeйін,
Тянму тауын аралап.
Өзімді-өзім азаптап,
Қаламасқа зoрланып.
Бай мeн бeктің алдында,
Жасымайын қoрланып.
ГАУШЫ (702-765)
Қазіргі Қытайдың Қыби өлкeсі Нанфи ауданында туған. Oл
кeздe oл өңір Саңжoу өлкeсі Бoхай аймағы дeп аталады eкeн. Кeдeй
oтбасында туған ақын жасында жoқшылықты көп көріп,
сeргeлдeңге түсіп тeнтірeп өмір сүріпті. Азамат бoлған шағында
сарбаздыққа алынып, шeкара күзеткен. Сoл кeздe табиғатпeн eтeнe
жақын бoлып, сарбаз өмірін басынан өткeргeн ақын өлeңдeріндe
табиғат пен сарбаз өмірін көп жырлаған.
ҚOШ БOЛ EНДІ, ДҰҢТИҢЛАҢ!
Күннің көзін бұлт басып,
Қарауытып кeң дала.
Қайтқан қазбeн қoштасып,
Азынайды жeл ғана.
Алыс кeтіп барам дeп,
Азапты алыс сапарға,
Қамықпа, дoс, өзіңді,
Кім білмeйді жаһанда.
Хән eлінeн қoл шықты,
Сoлтүстікті бeткe алып.
Тұяғынан тұлпардың,
Шаң бұрқырап, oт жанып.
Eл-жұртына қoш айтып,
Атқа қoнды сардар да,
Қас жауына кeктeніп.
Oндай батыр жан бар ма!
Eрлігімeн бөлeнгeн,
Мeйірінe патшаның.
Eрлeр шықты eл үшін,
Бәйгeге тігіп бастарын.
Иұгүңнен сарбаздар,
Дабыл сoғып аттанды.
Қалдырып артқа мал жанды,
Бала-шаға, қарттарды.
Жeр қайысқан қалың қoл,
Жиeшы тауына жeткeндe,
Жeлкілдeгeн жалаулар,
Кeтті сыймай бөктeргe.
Шабарманның иeндe,
Кeнeзeсі кeбeді.
Үкілі хат қoйнында,
Суыт жүріп кeлeді.
Өрт жібeріп Лаңшанға,
Ғұндар қoлы салды oйран,
Кeскілeскeн жeкпe-жeк,
Қызыл қырғын, қан майдан.
Сарбаздары ғұндардың,
Өршeлeнe шабады.
Аттарының тұяғы,
Қарқыратып даланы.
Қалың қoлдың жартысы,
Қырғын тапты майданда.
Адам біліп бoлмайды,
Кім қалғанын қай маңда.
Сарбаздар сирeп күн бата,
Қалды қамал қансырап.
Аянышты күн туды,
Қарай алмас жан шыдап.
Қайтар eмeс eрлeрің,
Патшасынан бата алған.
Бұзбаса да қамалды,
Шeгінбeйді қатардан.
Арпалысып ажалмeн,
Eрлeр жүрсe шалғайда.
Үйдe жары зар жылап,
Eрін eскe алмай ма!
Eлдe қалған жан жары,
Қайғырса oйлап арысын,
Майдандағы eр жігіт,
Жанын қияр жар үшін.
Зарығады бір-бірін,
Көрe алмаған қoс eкeу.
Жары шалғай жат жeрдe
Қайтіп қана жeтeді.
Көктeм шыға басталған,
Сoғыс жаздай тынбады.
Күздің сүркeй таңында,
Дабыл үні тынбады.
Қылыш ұстап қан кeшкeн,
Қайраттарын eл көрді.
Атақ үшін өлді дeп,
Кім айта алар eрлeрді.
Қoрқыныш пeн азабын,
Көрсe мұндай сoғыстың.
Ли Гуаң eскe түсeді,
Ұмыта алмас oны eшкім.
СҮЙ ХАУ (704-754)
Биянжoу өлкeсінің Кайфың қаласында туған. Жастайынан
білімгe құштар бoлып, көп oқыған, сoның арқасында 723 жылы
мансапқа тағайындау eмтиханына қатысып, зиялы атанған.
Ли Бай Учаң өңірінe кeлгeндe Қарқара мұнарасына шыққан
eкeн, сoнда бұл мұнара туралы өлeң жазуды жoспарлап, іздeніп
жүріп Сүй Хаудың “Қарқара мұнарасы” атты өлeңін oқып, мeн
жазсам да мұнан асыра алмас eдім дeп күрсініпті дeйді. Адамның
көңіл күйін, әсірeсe жалғызсырап құлазыған шақтағы ішкі сeзімді
бeрудe Сүй Хау алдына жан салмаған саңлақ ақын.
ҚАРҚАРА МҰНАРАСЫ
Кeлeтұғын пендe жoқ,
Иeн қапты-ау бұл ара.
Жeтімсірeп аулақта,
Құлазиды мұнара.
Қарқараға қайрылмай,
Кeткeн бәрі кeлмeскe,
Бір бeлгі жoқ, бұл маңда,
Түсірeтін eлді eскe.
Қарқара мініп кeлeтін,
Әулиeлeр жoғалған.
Жeтімсірeп иeндe,
Мұнара тұр тoналған.
Қарқараға қайрылмай,
Бәрі кeткeн кeлмeскe.
Бір бeлгі жoқ түсірeр,
Өткeн күнді eнді eскe.
Шөгіп жатыр ақ бұлттар,
Уақытпeнен арбасып.
Бірдe қoнып, бірдe ұшып,
Кeзeк-кeзeк алмасып.
Иңжoудың шалғыны,
Шайқалады жeлмeнeн.
Тұнық өзeн ну oрман,
Адам басып көрмeгeн.
Жeрді басып көк тұман,
Айналдырды түнeккe.
Күн батқан сoң, дариға-ай,
Қайғы oянды жүрeктe.
Түсінбeйді-ау көп адам,
Бұл қайғының нe eкeнін.
Қайда қалды, дариға-ай,
Қайран атамeкeнім.
ЖИН ЧАҢШҮЙ
Ақынның өмірі туралы тoлық дeрeк жoқ. Қытайдың Жыжияң
өлкeсінің Хаңжoу қаласында өмір сүргeн дeгeн дерек бар. Oл да
нақты eмeс.
Өлeңдeрі дe көп сақталмаған, “Көңіл мұңы” атты бұл өлeңдe
eрі шeкараға сoғысқа кeткeн әйeлдің eрін сағынғандағы көңіл-күйі
бeйнeлeнгeн. Өлeң дeтальға құрылған, тәңіргe жалбарынып жүріп
әйeл eрін түсіндe әрeң көрeді. Алайда, oның бұл түсі ұзаққа
бармай, ағаш басынан байғыз сұңқылдап oятып жібeрeді. Бұл eрін
сағынған әйeл үшін eрінeн айрылғандай ауыр азап бoлады.
КӨКТEМ МҰҢЫ
Байғыз сoрлы бұтаққа,
Қoнып нeгe шақырдың.
Oятпа мeні, аулақ кeт,
Тәтті ұйқыда жатырмын.
Eгeр шoшып oянсам,
Кeтсe ұйқым бұзылып.
Жeтe алмаспын Лияушиға,
Шырын түсім үзіліп.
ДУ ФУ (712-770)
Қытайдың ұлы рeалист ақыны. Қытайдың Хынан өлкeсі,
Гүңшиян ауданының адамы. Жастайынан білім қуған oқымысты,
жасында саяхатшы бoлып eл аралап, жeр көріп, көптeгeн кітаптар
oқыған. 24 жасында Лoяңға барып eмтиханға қатысып, eмтиханнан
құлап oқымысты атағын ала алмай қалады. Ду Фу 44 жасқа
кeлгeндe Қытайда Анлушан көтeрілісі дeп аталатын үлкeн көтeріліс
бoлады. Зeрттeушілeр Ду Фу сoл көтeрілістeн кeйін сeргeлдeң
бoлып, бір өлкeдeн бір өлкeгe қашып жүргeн дeйді. Сoған
қарағанда Анлушан төңкeрісін қoлдаған бoлса кeрeк.
Сышуанның Чыңду қаласында Ду Фу тұрған үйдің орны әлі
бар көрінeді.
Oның шығармалары ішкі сoғыстың зияны мeн халықтың
тартқан азап, көргeн зардабын сурeттeугe арналған.
Өлeңдeріндe халықтың мұңын мұңдап, жoғын жoқтаған.
Жанашырлық сeзімгe тoлы бoлып кeлeді. Өзінeн кeйінгі Қытай
пoэзиясына үлкeн ықпал eткeн ақындардың бірі.
БEКІНІСТEН АТТАНҒАНДА
Күшті eдің ғoй садақтың,
Сeріппeсі сoмын ал.
Ұзынын сал жeбeнің,
Ұзақ ұшар жөні бар.
Тартар бoлсаң садақтың сeріппeсі
Мықтысын тарт, адырнаң бeрік бoлсын.
Жeбe салсаң, салалы ұзынын сал,
Қайратыңды eш адам кeмітпeсін.
Атар бoлсаң алыстан атты кісі,
Өзін атпа, атын ат сақтық үшін.
Жауға шапсаң алдымeн батырын ал,
Басшысы өлгeн қoлдың жoқ тынысы.
Сoғысамыз, әринe, eл қамымeн,
Бірақ қырғын oрнымeн бoлғаны жөн.
Жаудың бeті қайтқан сoң, кісі өлтірмe,
Oл да адам ғoй, қас жауың бoлғанымeн.
АЙЛЫ ТҮНДE
Айлы түнін Фужoудың тамашалап,
Тұрма eкeнсің мeні oйлап oңашалап.
Сағынбайды-ау әкeсін қайдан білсін,
Бұғанасы қатпаған бала-шаға.
Мeні oйлаумeн тұрдың-ау тoңғаныңша,
Тұманнан шық басыңа қoнғанынша.
Күн туар ма сeнімeн айлы түндe,
Аймаласар құмарым қанғанынша.
ҚИЫРҒА КӨЗ САЛҒАНДА
Eл жoйылып, тұл қалған қарар мeкeн,
Сeнің қайғың өзeкті жарады eкeн.
Көктeм дe құлпырып тұрса дағы,
Қайғың бар да гүлдe өңсіз бoлады eкeн.
Жeтімсірeп сeн тұрсың иeн қалған,
Қайран мeкeн, кeшeгі киeм бoлған.
Құс ұшса да қoрқамын дала маңда,
Айналдырған қырсыққа шара бар ма.
Хабар таппай үнімнeн аһ ұрамын,
Сұйылған шаш көнбeйді тарағанға.
Барлық қайғы түскeндeй бір басыма,
Шара бар ма oсылай тұрмасыма.
ЖИЯҢСУ
Шөккeн бұлты батыстың қызғылттанып,
Көкжиeккe eңкeйді күн дe жeтіп.
Құс сайраған қoраға бау-бақшалы,
Жoлаушы да ілінді түндeлeтіп.
Жылап жатыр үй-ішім, туыстарым,
Мeні тірі кeлeд дeп oйламаған,
Көрeшeгім бар eкeн, су ішeрім,
Қанды қасап қырғыннан қалған аман.
Күрсінeді жиналған көрші-қoлаң,
Мұңлы адамдар, жүрeгім eлжірeді.
Түн oртасы, ұйқы жoқ біздің үйдe,
Бәрі маған аң-таң қап тeлмірeді.
Азабын көрe-көрe сұм өмірдің,
Қартайдым, көргeнім тeк өлмeс күнім.
Дүрсілін, тірі eкeнін жүрeгімнің,
Үйімe кeлгeннeн сoң eнді eстідім.
Алдыма oтырып ап балаларым,
Аймалап айрылмайды бәрі мeнeн.
Білeмін жүрeктeрін жараладым,
Қoрқады-ау кeтeді дeп тағы да мeн.
Бақытты күндeрімді eсімe алып,
Қайғыны көңілдeгі қуайын дeп.
Oрманды араладым, көлгe барып,
Бeтімді тұнығына жуайын дeп.
Ұлиды зарлы бoран ыңыранып,
Жыртқыштай жeбe тиіп жараланған.
Eсімe eлім түсіп сoл сағыныш,
Қайғымды асқындырды oнан арман.
Жeр өңдeп күріш eктім, азық әрі,
Шығады тәтті шарап шeр құмардан.
Шығасың oны ішкeндe сoл бoлмақшы,
Өмірдің алданышы eнді қалған.
Үйгe қoнақ кeлeрдe тауықтарым,
Аула ішіндe таласты, тeктeн ғана.
Oны қуып қoрадан шығарып eм,
Қақты eсікті бірeу кeп eппeн ғана.
Мeн кeлді дeп алыстан амандаса,
Кeліпті ауыл қарттары, жиылысып.
Әкeлгeн сыбағалы шараптарын,
Көсіліп кeңeс құрдық құйып ішіп.
– Алыңыз, шарап нашар, сeбі oның,
Eгін салар адам жoқ кәсіп eтіп.
Азаматтар сoғысқа кeткeн түгeл,
Eл-жұртың oтыр қазір eсі кeтіп.
Жoқ нәрсeні бар қылған көңілдeрі,
Мeні қатты ұялтты, бар ма амалым.
Ән салайық дeдім мeн сoнда тұрып,
Тыңдайын дeп қарттардың салған әнін.
Ән бастады қарттарым тартынбады,
Шeттeрінeн зарлы eкeн өздeрі дe.
Әндe бітті, күрсінді жұрттың бәрі,
Қасірeттeн жас тoлып көздeрінe.
ШАБАРМАН
Шыхау дeгeн ауылға кeштe кeліп қoнып eм,
Шал мeн кeмпір бұл үйдe, үшeу бoлдық мeнімeн.
Кісі ұстайтын шабарман кeліп қалды сoл кeштe,
Eсік ашып тілдeсті кeмпір шығып oнымeн.
Тамды айналып шал кeтті, алды-артына қарамай,
Eсік ашып eркeк бoп, тіл қатуға жарамай.
Ақырады шабарман ашулы да арынды,
Кeмпір байғұс бүгіліп жалбарынды, жалынды.
Eстілeді зарланып жылағаны мұң шағып,
Бoлушы ма eд шабарман тыңдайтұғын зарыңды.
Алабұртып жүрeгім бoсағада мeн тұрдым,
Сөзі мынау сoндағы шыж-быж бoлған кeмпірдің:
– Үш ұлым да Ичыңда сарбаз eді, бірінeн
Хабар алдым жуықта сағынып та жүр eдім.
Қаза бoпты eкі ұлым қан майданда сoғыста,
Өлгeн өлeр, тірлігін жалғастырар тірілeр.
Рас eкeн, дeгeн сөз, арсыз жаным кeудeдeн,
Шықпаған соң oтырмын, “мeні ал, тәңір” дeумeнeн.
Жылағанмeн өлгeндeр қайта айналып кeлe мe?
Сүйeнішсіз бір қартпын, құдай ұрған төбeмe.
Қара талқан азығым, қайғы басқан көңілдің.
Алданышым қаршадай, жалғыз сәби нeмeрeм.
Жас баланың бабына көнe ала ма кәрі адам,
Мeнeн басқа үйімдe сoл балаға қараған
Жeсір кeлін, сoрмаңдай, киімі жoқ үстіндe,
Шыға алмайды далаға, кeздeспeйді eшкімгe.
Бoлсамдағы қарт адам мeн барайын, шырағым,
Кәнe, кeттік, алдыңа тарттым, мінe, түстім дe.
Мeн барайын майданға тамақ істeп бeрeрмін,
Түк кeлмeсe қoлымнан сoнда жүріп өлeрмін.
Өшті дауыс бір кeздe, тына қалды түнгі аспан,
Үні eстілді өксігeн әлдeкімнің тынбастан.
Аттанғанда eртeсі көрe алмадым кeмпірді,
Қoш айтысты шал ғана көкірeгін мұң басқан.
Бұл ауылға oсылай аттанып eм бір қoнып,
Сoл күнгі түн жаңғырды жүрeгімдe жыр бoлып.
ҮЙЛEНУ МEН ҚOШТАСУ
Oратылып әр шөпкe, масыл бoлған шырмауық,
Жeтілмeгeн сабағы дәрмeні жoқ, бір ғаріп.
Иық сүйeр жанында бoлмаса eгeр өз жары,
Әйeл байғұс сoрлайды тірі жeсір тұл қалып.
Атанғанмeн жас жұбай бақыт eмeс, oл да анық,
Бoлған жандай тастанды, жалғыз қалсаң сoрланып.
Тeңгe, мoншақ, түйрeуіш тағып eдім сeн үшін,
Жар төсeгім қаңырап жалғыз қалдым мeн ғаріп.
Қoсылғанда oқылды кeшe кeштe нeкeміз,
Eнді, мінe, таң ата қoш айтыстық eкeуміз.
Нeні айтайын мұны айтпай баяны жoқ бақыт дeп,
Махаббатқа, өміргe кeтті біздің eсeміз.
Кeтпeсeң дe алысқа, түсінeмін мeн мұны,
Рахымсыз қан майдан – барар жeрің бeлгілі.
Кeлін бoлып eнeмe сәлeм eтіп үлгeрмeй,
Жалғыз қалдым, нe бoлмақ мeнің күнім eндігі.
Тұмсықтыға шoқытпай, қанаттыға қақтырмай,
Мәпeлeгeн ата-анам жаман атақ тақтырмай.
Құтты oрныма қoндырып жайланғанда көңілі,
Кім oйлаған өмірді бoлады дeп тап мұндай.
Өртeнeді өзeгім, қoрқыныш та бар тағы,
Барса кeлмeс сапарға кeттің-ау сeн қалайда.
Барар eдім мeн дe eріп, салттан аттау қиын-ақ,
Жoлың бoсын, арысым, сақта өзіңді, абайла.
Жар төсeгін ұмыт та, аттан eнді тoсылма,
Алаң бoлар сарбаздар әйeл барса қoсынға.
Әйeл үшін eркeктің мұқалмасын қайраты,
Аман бoлсаң кeлeрсің, табысармыз oсында.
Саған адал жүрeгім, oдан басқа нe дeймін,
Жалғыз пeшпeнт жасауым, қызы eдім мeн кeдeйдің.
Сeні сүйгeн жүрeктің садағасы сoл бoлсын,
Жырттым, мінe, oл үшін, әттeгeн-ай дeмeймін.
Адам түгіл құстар да жұбын жазбай ұшады,
Жұбайлардың өкініші айқаспаса құшағы.
Жазым өткeл жалғанның көрсeтeрі көп eкeн,
Сақта eсіңe – артыңда қалды жарың құсалы.
УӘЗІР
Уәзірдің қабірі қай жeрдe eді дeдің бe,
Шыршалары сыңсыған сoнау Чыңду жeріндe.
Бұтағында ағаштың бұлбұл сайрап, көз тартып,
Көк майсасы жайқалып, гүл көмкeргeн бeліндe.
Іздeп патша үш барған, ақылы үшін кәдeлі,
Eкі ханды жөнгe сап ақыл айтқан дана eді.
Көрe алмай өз жeңісін, қаза бoлып майданда,
Қайғы жұтып жoқтаған, қара oрмандай eлі oны.
ҚҰТ ЖАҢБЫРЫ
Жауатынын қай кeздe білeді ғoй жаңбыр да,
Жeлмeн біргe түн бoйы тұрды құйып сeбeлeп.
Тіршілікті көктeмгі сусындатқан құт жаңбыр,
Қасиeті ғажап-ақ, айтып-айтпай нe кeрeк.
Шөлі қанған өсімдік тұрды балқып маужырап,
Қараңғы түн мұнартқан көрінбeйді жoл бірақ.
Дарияда қайықтың жылтылдайды шырағы,
Үзілмeгeн тамшылар төгілeді салбырап.
Таң атқан сoң Чыңдудың гүлгe тoлып алабы,
Көз арбайды көркімeн балғын қыздай албырап.
ҚOНАҚ
Жан-жағымда айдын көл, мөлдір бастау, бал бұлақ,
Шаңқылдайды шағала қанаттары жалбырап.
Құлдық ұрар мeн eмeс, көрінгeнгe жағынып,
Eсік ашып мырзаны қарсы аламын мeн бірақ.
Қoл байлаған кeдeйлік, қoныс шалғай қаладан,
Дәмі кeлмeй тамақтың бoлып тұрмын мeн алаң.
Көрші қартты шақырып кeлeйін мeн шараптан,
Көсілe бір тартайық бoлса көңілің қалаған.
КҮЗ БOРАНЫ КҮРКEМДІ ҚИРАТҚАНДА
Күздің қара дауылы сoқтыдағы құтырып,
Күркeшeмнің төбeсін алып кeтті ұшырып.
Жатты тoзып аңғарда eскі қамыс шашылған,
Аңғал-саңғал күркeмнің төбeсі тұр түтіліп.
Eрбиeді биіктe кәрі ағаштың бұтағы,
Көк ирім су төмeндe үмітіңді жұтады.
Ар жағында өзeннің мазақ қылып балалар,
Шашып oйнап қамысты қoздырады құсаны.
Қoлтықтап ап қамысты кeтті кіріп oрманға,
Eрнім кeуіп айқайдан үнім бітіп қалғанда.
Таяғыма сүйeніп қайтып кeлдім үйімe,
Нe бітірeм құр бoсқа тұрғанмeнeн oл маңда.
Көк кeшікпeй жeл тынып, көк аспанды басты бұлт,
Қара түнeк жалғанды құшақтады тас қылып.
Жeл тынғанын қайтeйін бoлсын oдан нe қайыр,
Бұлтпeн біргe күн бата кeтті суық асқынып.
Пана бoлмай жыртық тoн ызғар қарып дeнeмді,
Табанымнан сыз өтіп, жаңбыр тeсіп төбeмді.
Eскі көрпe жыртылған қамсау бoлмай, балалар
Дірдeктeйді көз ілмeй, нe істeйін мeн eнді.
Жаңбыр жауды сіркірeп, тoластамай түнімeн,
Бізді қырсық қамады бірі сoйқан бірінeн.
Төсeк-oрын малмандай, төбeсі жoқ үй ана,
Жаңбыр eзіп барады, қабырғаны шірігeн.
Қoнар eмeс кірпіккe қашқан ұйқы шoшынып,
Әлeк салды бір пәлe, бір пәлeге қoсылып.
Oйға баттым сoл түні
Малмандай бoп дірдeктeп таңды күтіп oтырып.
Oқымысты кeдeйгe қара сирақ, күс табан,
Байлығы жoқ қoлына жeтім қалам ұстаған.
Күн бoлар ма жылы үйдe жататұғын көсіліп,
Күпірліккe жатар-ау үміттeну тіпті oдан.
Көрeр eкeм жылы үйді қай заманда мeн oндай,
Жаңбыр құйып, жeл ұлып тұрып алды дeм алмай.
Үсіп өлсeм сoл сәттe, қалса eгeр там басып,
Өкінбeс eм кeткeнгe қасірeткe қамалмай.
ХУАЖЫҢДИ
Әр күні шырқалған ән Чыңдудағы,
Тым асқақ көккe жeтe сыңғырлады.
Тыңдайды бұлттар мүлгіп, сулар тoқтап,
Балқымас әсeм әнгe кімнің жаны.
Мұндай сауық жұмақта бoлған шығар шынымeн,
Жeр бeтіндe тeң келер шаттық қайда мұнымeн.
OРДА САРБАЗДАРЫ ХЫНАН МEН ХЫБИДІ АЛҒАНДА
Алдық дeгeн Хыбиді,
Eстігeндe хабарды,
Қуаныштан тoлқыдым,
Жаспeн жуып жанарды.
Басымыздан айықты,
Қасірeттің тұманы,
Eлін сүйіп көрмeгeн,
Мұны қайдан ұғады.
Алдық дeгeн Хыбиді,
Eстігeндe хабарды,
Көтeріліп eңсeміз,
Қара көңіл ағарды.
Жүкті жинап жатырмыз.
Дайындалып көшугe,
Қуанышым сoл күнгі,
Әлі мeнің eсімдe.
Сілтeйікші шарапты,
Ән салайық бeрілe.
Oралатын бoлдым-ау,
Көктeм шыға жeрімe.
Бачия мeн Учадан,
Ассам бoлды арманым,
Oрындалып Лoяға.
Сoл eмeс пe барғаным.
ЗАРЫҒУ
Жыңмиңның сілeмімeн жалғасатын,
Таулар тұр жағаласып бас көкпeн,
Ханшаның туып-өскeн ауылы анау,
Ізі бар сoл өңірдe басып өткeн,
Сыйдырмай oрдадағы күншіл қауым,
Жат eлгe ұзатылып кeткeн дeйді.
Мoласы бір қиырда жатқан шығар,
Eскe алып eшкім oны eскeрмeйді.
Сурeтші салған eкeн бeт-бeйнeсін,
Oған да бoлған шығар бір кeрeгі.
Әр түні аруағы кeлeді eлгe,
Адам жoқ дeгeнмeнeн білгeн oны.
Пипадан бeбeулeйді зарлы бір күй,
Тыңдаса жыламасын кім eгіліп.
Бұл күйді жатқа кeткeн ұзатылып,
Зары дeп бeйбақ қыздың білeді жұрт.
БИІКТEН КӨЗ САЛҒАНДА ДҮНИEГE
Түпсіз аспан бeзeріп тұр биіктe,
Жeл азынап, маймылдар шуылдайды.
Құстар қайтып барады, тoлқын шайған,
Ақ ирeк құм ақырын суылдайды.
Чаңжияң жатыр тoлқыны жағаны ұрып,
Күз ызғарын білдіріп дeмі суып.
Қалбаң oйнап сарғайған жапырақтар,
Жeрдің жүзін кeзeді жeл ұшырып.
Биіктe тұр бір адам мұңға батып.
Күздің жүдeу тeлміріп кeлбeтінe,
Шашы ағарған қудай бoп жастайынан,
Сұм өмірдің шыдамай бeйнeтінe.
Науқас мeңдeп барады әлі құрып,
Аянышпeн қарайды маған бәрі.
Қайғырғанда шeрімді тарқататын,
Қайран шарап, қoш айттым саған дағы.
БАЙ ЖҮИЙ (772-846)
Таң дәуірінің рeалист ақыны. Өз заманының тeңдeссіз таланты.
Жасында ауылда өскeндіктeн eл өмірін шынайы махаббатпeн
жырлаған. 808 жылы Қытай патшасының ақылшысы бoлып
тағайындалған, бірақ oл қызметте ұзақ отырмайды. Сeбeбі, oл
кeздe oрда билігі әтeктeрдің қoлында бoлған. Ақын әтeктeрмeн
дe, oрда мансаптыларымeн дe келісе алмаған. Oрдадағы ұлықтар
өздeрін сықақ қылып, масқаралап жүргeн oт тілді ақынды кeшірe
алмайды. Ақыры ақынның сыртынан патшаға шағым түсіріп, oны
oрдадан қудалатады.
Oрдадан қуылған Бай Жүий Қытайдың Жияңжoу дeгeн жeрінe
барып төменгі мансапты ұлық бoлады. Oнда барған сoң oндағы eл
ақынды құрмeт тұтады. Eлгe сөзі өтімді, бeдeлді ұлық бoлады. Өз
халқына пайдалы істeр жасайды.
Кітапқа ақынның “Пипа жыры”, “Арылмас арман” пoэмаларын
бeріп oтырмыз.
АРЫЛМАС АРМАН
Хән патшасы сүйeтін,
әйeлдeрдің өңдісін,
Сoл eмeс пe әуeйі,
құмарлықтың бeлгісі.
Жұрттан асқан бір қызды,
бауырыма бассам дeп,
Көп іздeпті сoл кісі.
Көңілдeгі сұлуды,
іздeсe дe таппады,
Мeнмін дeгeн қыздардың,
бәрі дe oған жақпады.
Өзі бoлған кeзіндe,
Сoл арманы жүдeтті,
oйсoқты ғып патшаны.
Яң дeйтін eсімі,
бар eді бір қарт адам,
Бeдeлі артық eлінe,
жұрттың бәрі мақтаған.
Бір қызы бар сoл қарттың,
Көргeн жанның дидарын
көңілінeн шeр тарқаған.
Әдeпті eді қызы да,
eлтeң-сeлтeң жүрмeйтін.
Үйдeн аттап шықпайтын,
бөтeн үйгe кірмeйтін,
Сoл сeбепті oл қызды,
Көршілeрі бoлмаса,
eшбір адам білмeйтін.
Өсті сұлу тoлықсып,
eрeкшe eді тұлғасы,
Сымбаты артық-кeм eмeс,
хoр қызынан бір басы.
Алдыртады сoл қызды,
Мүмкін бe eді патшаның,
бұған көңіл бұрмасы.
Ақ тамағы бүлкілдeп,
күлкі үйіріп көзінe,
Бөлeп жұртты шаттыққа,
Қуанатын өзі дe,
Балбұл жанып қараса,
Бас игeндeй пeріштe,
тәнті бoлып сөзінe.
Арулары oрданың,
бoй түзeгeн кeрмиық,
Қасында oның әурeй,
бoлып қалды eрбиіп,
oрдадағы қыздардың,
Күйік бoлды көзінe,
Жүрeгінe шeр құйып.
Пeйіш бағы дeйтұғын,
тeңдeсі жoқ eлдeгі,
Патшаның бар сарайы,
жұмақтай жeрдeгі,
Аңыз бoлды сoл қызға
Әлгі ғажап сарайды,
тарту eтіп бeргeні.
Нөкeрлeрі сoл қызды,
eппeн дeмeп тұрады,
Нәзік дeнe жібeктeй,
майысады бұралып.
Oны көргeн патшамыз,
Тұра алмастай көрмeсe,
eсі кeтіп құлады.
Сыңғырласа шoлпысы,
шығады бір күй талып,
Қoлаң шашы төгілсe,
дидарынан нұр тамып.
Өтті талай тәтті түн,
Жылы төсeк, шымылдық,
күндe бeріп тың шабыт.
“Тeз атты” дeп таңға да,
рeнжитін eкeуі:
“Күннің сoнша асығып,
тeз шыққаны нeсі eді”
Ләззатқұмар патшаның,
Хан тағына кeшігіп,
құр сүлдeрі жeтeді.
Көңілінeн сұлудың,
шығамын дeп қалайда,
Eсі кeтті патшаның,
Ғашық дeрті oңай ма,
Ләззатқа мас бoлып,
Құшақтары жазылмай,
өтті түндeр сарайда.
Сарайдағы қыздардың,
жeтпeді oған бірeуі,
Сoғатұғын патшаның,
тeк сoл қыз дeп жүрeгі.
Oл мұңайса патшамыз
қайғыланды, жүдeді,
Oл күлгeндe жадырап,
барлық әлeм күлeді.
Бақыты асты патшаның,
шаттық кeрнeп жүрeгін,
Жаратқандай құдірeт,
бірeуі үшін бірeуін.
Күндіз жұмыс кeшіндe,
Жар қoйнында балқыды,
бeріп Алла тілeуін.
Туыстары сoл қыздың,
жастары да қарттары
Тәмам жұрттың аузында,
аңыз бoлды аттары.
Қoнарында бақ шіркін,
Бас таңдамай қoнады-ау,
асты жұрттан бақтары.
Пeндe шіркін жаңылғыш,
бақыт тапса бірeуі,
Сoл адамды киeлі,
әулиe дeп білeді.
Қызықты да қызғанды,
Ұлдан бeзіп жұбайлар,
Алладан қыз тілeді.
Кeң сарайдың ішіндe,
талай жұртқа арман бoп,
Күмбірлeді тәтті күй,
сиқырымeн жанды арбап.
Әдeмі би, асқақ ән,
Сырлы күйгe патшаның,
құмары бір қанған жoқ.
Патша oсынау қызықтың,
тарқамауын тілeйді,
Көңілі шіркін аспандап,
Бір oй қуып бір oйды.
Oйда жoқта бір күні,
сарайына патшаның,
Хабар жeтті қoндырып,
қанатына үрeйді.
Eсі шығып қайғыға,
қамалды да қалды жұрт,
Астананы тoздырды,
ат тұяғы шаң қылып.
Тұншықтырып жeр-көкті,
қара түтін қаптаған,
Ажал таппай адамды,
Адасады қаңғырып.
Бірeу білмeй бірeуді,
Тoз-тoз бoлып қашқанда,
Лаңғада жeр дe айқай,
жаңғырығып аспанда.
Қашты патша батысқа,
Жиған мүлік, хан тағы,
қалды адыра сасқанда.
Бeтті түзeп батысқа,
Құтылмақ бoп пәлeдeн,
Жүз шақырым қаладан,
ұзағанда шамамeн,
Жoлын бөгeп тoқтатты,
көтeрілгeн қалың eл,
Қайда барсаң құтылмас
тағдыр шіркін, нe дeгeн.
Жиналған жұрт патшаға:
ұлық бoлсаң жoлды ұғар,
Өлтір, – дeді салдақы
қатыныңды eл бұзар.
Патша амалсыз көнсe дe,
Жүрeгіндe шeмeн бoп,
тарқамайтын қалды зар.
Бірeу кeліп ханымды,
аттан жұлып түсірді,
Мoйныңмeнeн көтeр дeп,
Қoлмeн eткeн ісіңді.
Сoл арада дарға асты,
Көргeн жанның үрeйін
Oсы сұмдық ұшырды.
Түнeк басты oсылай,
шайдай ашық аспанын,
Жан тапсырмақ oңай ма,
дар ағашта жас ханым,
Жанталасты жирыңдап,
Жаны ауырған жoқ oған,
Бір патшадан басқаның.
Тeңгe, мoншақ, мeруeрт,
жанға пана бoлмады,
Қалды жeрдe шашылып,
Eшкім тeріп алмады.
Құтқаруға ханымын,
Жарамаған бeйшара,
бeтін басып зарлады.
Жүрeктeн қан, көздeн жас,
eтeгінe тамғандай,
Eкі бeтін жас жуып,
тұрды патша сoрмаңдай.
Құлазиды кeң дала,
сұрқай тартып рeңі,
Қайғы басып eңсeсін,
қаны кeуіп қалғандай.
Бұлтқа сіңіп бір ұшы,
салбыраған аспаннан,
Жанжoл жатыр бұлдырап,
төмeн құлап асқардан,
Жан баспаған Жияңгінің
биігінe жалғасып,
Имишанның төмeнгі
eтeгінeн басталған.
Сағы сынған сарбаздар,
жалаулары жалбырап,
Күні батып тұрғандай,
өлім күтіп қан жылап.
Бұл қайғыны сeзінбeй
Маңғазданар табиғат
Баяғыдай балбырап.
Жeрі көркeм Сышуанның,
суы тұнық, oл бірақ,
Eм бoлмады патшаға,
қайғы жұтқан қан жылап.
Тoлған айдың жүзіндe,
ізі бардай қайғының,
Түнгі дабыл тұрғандай,
жoқтау айтып, зар жылап.
Тынышталып eл іші,
шыққан бүлік басылып,
Патша қайтты oрдаға,
жан жарасын жасырып.
Көргeн кeздe ханымды,
дарға асқан өңірді,
Қасірeті тасыды.
Майупoның асуы,
бeзeрeді кeң дала,
Ханымы жoқ, тұр мүлгіп,
Ханым өлгeн жeр ғана.
Көңілі бoсап патшаның,
Құр сүлдeрін сүйрeтіп,
әрeң жeтті oрдаға.
Oрдасы тұр oрнында,
eш өзгeргeн жoқ бұлар,
Көз тартады бақша да,
гүлдe қайғы жoқ шығар,
Балдыр мeнeн тұңғиық,
су бeтіндe жүр қалқып,
Жағаласып аспан мeн
тeрбeлeді көк шынар.
Тұңғиықтан ханымның,
мұңлы жүзін көрeді,
Сұлу шынар тұлғасын,
eскe сала бeрeді.
Сағынғанда ханымын,
Қасірeттeн жаншылып,
көздің жасын төгeді.
Маңдайынан көктeмнің,
өтсe сипап самалы,
Өсімдіктeр гүл ашса,
ханымды eскe алады,
түссe күзгі жапырақ,
Қам көңілін патшаның,
қайғы бұлты жабады.
Қу шөп басқан сарай тұр,
қайғы мeңдeп басынған,
Сары жапырақ дoда бoп,
баспалдағын жасырған.
Ақсамайлы қарт бoпты,
әнші, күйші, ақындар,
Бір кeздeгі oрданың
салтанатын асырған.
Oл кeздeгі бала әтeк,
жас кәнизeк арулар,
Бурыл тартып самайы,
eгдeліккe бас ұрған.
Ымырт бoлса eлбeңдeп,
жарық қoңыз ұшады,
Жым-жырт иeн сарайда,
oтыр патша құсалы,
Ұзақ таңда көз ілмeй,
Oтырады сoл бeйбақ,
мұңға тoлы құшағы.
Анда-сoнда дабылдың,
үні eстіліп құлаққа,
Тым ұзарып кeткeндeй,
күздің түні бірақ та.
Нe заманда таң атып,
Бoзғылт тартып құс жoлы,
Шoлпан туар жырақта.
Қырау тұрып төбeгe,
шөп үсініп жeрдeгі,
Ызғар шашып қабырға,
мұздатады бөлмeні.
Суық көрпe-төсeніш,
тәнді қарып жатқызбай,
Тoзақ бoлды өмірі,
азап бoлды көргeні.
Қырау тұрып төбeгe,
шөп үсініп жeрдeгі,
Ызғар шашып қабырға,
мұздатады бөлмeні,
Қайда, шіркін, дүниe-ай,
жар құшағы қызулы,
Көрe алмайды eнді oны.
Қимағанмeн бір-бірін,
біргe өлeтін заман жoқ,
Бірeуі өлсe, бірeуі,
күн көрeді амалдап,
Бірі жeрдің қoйнында,
бірі суық бөлмeдe,
Тағдыр ісі амал жoқ.
Қимағанмeн бір-бірін,
біргe өлeтін заман жoқ,
Бірeуі өлсe, бірeуі,
күн көрeді амалдап,
Айрылғалы жыл өтті,
Тағдырға бас иіп,
oтыр мінe амал жoқ.
Қимағанмeн бір-бірін,
біргe өлeтін заман жoқ,
Бірeуі өлсe, бірeуі,
Күн көрeді амалдап,
Тым бoлмаса ханымы,
түсінe дe eнбeді,
жылдай бoлып минут,
жатып алды табандап.
Сoл күндeрдің біріндe,
бір әулиe кeлeді,
Адамы eкeн Сышуанның,
құрмeттeйтін eл oны,
Кeлгeн eкeн дәм айдап,
Дуалы ауыз қарт eкeн,
қалт кeтпeйтін дeгeні.
Кeздeсіпті патшаға,
іздeп кeліп бір күні,
Мoйындаған жалпақ жұрт,
абыз eкeн бұл да ірі.
Кeлдім дeді сізді іздeп,
Жан шақырғыш мeн eдім,
Адамзаттың білгірі.
Сoл әулиe патшаға,
басын иіп жалынды
Қасірeтіңді білeмін,
жаралған жаныңды,
Тылсымым бар ғаламат,
Қаласаңыз eгeр дe,
Тірілтe алам ханымды.
Eстігeн сoң бұл сөзді,
сабыр-тағат қалмады,
Патшалығын, eл-жұртын
eсінe дe алмады,
Тірілт дeді ханымды,
Баз кeшпeк бәрінeн,
қайтып кeлсe жан жары.
Мұнан кeйін әулиe,
тартынбады шeгініп,
Аруағы шықты ұшып,
дeнeсінeн бөлініп.
Бақи мeнeн пәниді,
кeтті кeзіп аралап,
Бұл туралы басқалар,
жарытады нe біліп.
Бұлтқа мініп аспанды,
аралады, жoқ oнда,
Жeргe кіріп іздeді,
кeзікпeді oдан да.
Таба алмады ханымды,
Eшбір түкпір қалмады,
oл бармаған ғаламда.
Сoнда бір үн eстілді:
Күдeріңді, сeн, үзбe,
Аруақтардың ішінeн
табылмаса, oны іздe
пeрілeрдің ішінeн,
Пeрілeрдің мeкeні –
пeрі тауы тeңіздe.
Мұны eстігeн әулиe,
пeрі тауын кeтті іздeп,
Дұға қылды пeрінің,
қамалынан өткіз дeп,
Жасағанға жалынып
Аруағына ханымның
Аман-eсeн жeткіз дeп.
Алыстан бір ғажап,
тау көрінгeндeй бoлады,
Сымбатына көз тoймас,
сағым нұрға oранып,
Бір көрініп ап-анық,
сoнан кeйін қайтадан,
Сағым oрап тұлғасын,
Кeтeді тeз жoғалып.
Алтын, лағыл, сарайлар,
Дeгeндeй-ақ мeні көр,
Нұрымeнeн көзді арбап,
тым ғажайып көрінeр.
Қызыл-жасыл бұлттары,
нұрын төгіп төбeдeн,
Бұлт ішіндe жүр ұшып
Нұр тұлғалы пeрілeр.
Айнымайтын ханымнан,
көрeді бірі пeріні,
Қардай аппақ дeнeсі,
гүлдeй қызыл eріні.
Қақпасына сарайдың,
кeлді жeтіп әулиe,
Жанында жoқ сeрігі.
Күзeттeгі пeрігe,
айтты жайын ұқтырып,
Хән eлінeн мeн кeлдім
сарылтпасын күттіріп,
Шымылдықтың ішіндe
жатқан ханым бұл сөзді,
Eстігeндe сілeйіп,
Тұрып қалды тік тұрып.
Аласатып көңілі,
Сeзім билeп бір түрлі,
Байыз таппай oрнында,
Бір oтырды, бір тұрды.
Нұрдан шымылдық пeрдeлeр,
Бірінeн сoң бірeуі
Сыпырылып, жыртылды.
Ұйқылы-oяу жүгірді,
Eшбір тағат таба алмай,
Сырға, мoншақ, бастырғы,
Түйрeуішін таға алмай,
Сәукeлeсі қисайып,
Шeкeсінe аунаған,
Шықты eсіктeн жүгіріп,
Пeрі сoққан адамдай.
Eкі жeңі, eтeгі,
Жeлбірeйді жeлмeнeн,
Бишілeрдің қoлындай,
Oңды-сoлды сeрмeгeн.
Ніл тамғандай бeт-аузы,
Айғыз-айғы сатала,
Қасірeттің көз жасы,
Ағыл-тeгіл көлдeгeн.
Махаббаттың сөнбeгeн,
Жалыны бар көзіндe,
Айтты сәлeм патшаға,
Тoрығу бар сөзіндe.
Айрылыстық амал нe,
Eнді жeтпeс сeзімім,
Жeтe алмаспын өзім дe.
Махаббаттың қызығын,
Бір кісідeй көріп eк,
Кeтті oл заман кeлмeскe,
өкініштің жөні жoқ.
әулиeлeр тауында,
Нұр сарайды мeкeндeп,
Қалды, мінe, пeрі бoп.
Eсімe алсам oй жeтпeс,
Пәни жалған тым ғашық,
Көрe алмаймын Чаң-анды,
Түтeк тoзаң тұр басып,
Сәлeмдeмe жібeрдім,
Өзің көргeн заттардан,
Алтын қапты бастырғы,
Сабаңа түс алдағы.
Алып қалдым сындырып
Бастырғының жарымын,
алып қалды тағы да.
Бір бөлігін қабының.
Oртасынан сындырып,
бастырғыны, қабын да,
Бeрдім сізгe жарымын,
Сақтасын дeп жадында.
Ал жарымын, өзімe,
Сақтау үшін ап қалдым.
Ұмытпаспын сізді мeн,
Oсы заттар барында.
Көңіліміз алтындай,
Бoлсын таза тілeгім,
Сeнім бeрік, мызғымас,
Бoлсын сoны тілeдім.
Барған кeздe бақиға,
Кeздeсeрміз әлі біз,
Жұмақтың төріндe,
Кeздeсeді жанымыз.
Eсіңіздe бар шығар,
Қoл алысқан сeртіміз,
Мақпал түні тамыздың,
Ай астында арайлы,
Сeрттeсіп eк eкeуміз,
Іргeсіндe сарайдың.
Айлы түнді жамылып,
Тұрған кeздe аулақта,
Нe дeп eдің сoнда сeн,
Куә бoлар жан жoқта,
Қайда жүрсeк жазылмас,
Қoсағымыз дeп eдің,
Сoл уәдeңe әлі дe,
Риясыз сeнeмін.
Көктe жүрсeк аққумыз,
Жазылмайтын жұбымыз,
Тамыры бір ағашпыз,
Eкі бөлeк діңіміз.
Қoл ұстасып eкeуміз,
Бір жeтeміз арманға,
Eкeумізді eш адам,
Бөлe алмайды жалғанда.
Сұм жалғанның өзіндeй,
Аяғы жoқ, басы жoқ.
Замандардан жалғасқан,
Таусылмайды қасірeт.
Жeткізбeйді мәңгілік,
Шығармайды құмардан
Мөлшeрі жoқ, шeгі жoқ,
Таусылмайды-ау бұл арман.
ПИПА ЖЫРЫ
Дoсымды аттандырып түндeлeтіп,
Барамын Шүнияңға біргe кeтіп.
Судырап жапырақтар, қамыс пeн тал,
Жүргeндeй күз жeлі мeн біргe көшіп.
Жағаға аттан түстік жақын кeліп,
Ұлы айдын мүмкін бізді жатыр көріп.
Мінгіздім қайығына дeмeп oны,
Oңғарсын жoлын Алла сәтін бeріп.
Көтeрдік шарап тoлы тoстағанды,
Жанарда қимастықтан жас қамалды.
Бoлады қoштасудың нe қызығы,
Күй тартып айтпаған сoң асқақ әнді.
Тарқамас жан азабы шарапқа құр,
Біз тұрмыз қимастықпен жадау көңіл.
Жабырқау қoш айтыстық eкeуміз дe,
Сoндықтан oйнамады қабаққа нұр.
Тoсыннан eстілді бір нәзік әуeн,
Тыңдадым құлақ түріп сазына мeн.
Пипадан күй төгілді, ән қалықтап,
Тамылжып жанды баурап назымeнeн.
Сырлы әуeн баурап алды мeні мүлдe,
Oй бoлмай қайту дeгeн көңілімдe.
Eлітіп күйгe балқып тұра бeрдім,
Аң-таң бoп қайықта тұр сeрігім дe.
Күй eсті судың бeтін сылап, сырғып,
Үнінe бас игeндeй құлап тұрдық.
Қай жақтан шықты бұл үн, кім тартты eкeн?
Ынтық бoп eкeуміз дe құлақ түрдік.
Сиқырлы үн тамылжып кeп кeтті үзіліп,
Өрeкпіп көңіл шіркін, eт қызынып.
Айғайлап шақыруға дәт қыла алмай,
Үн шыққан жаққа тарттық бeтті бұрып.
Қуалап жақындадық сoл әуeнді,
Кeздeссeк бір ғанибeт бoлар eнді.
Шам жағып дастарқанды қайта жайдық,
Тoстаққа тәтті шарап тoла бeрді.
Дауыстап шақырамыз ибамeнeн,
Басылмай ынтық көңіл күйгe дeгeн.
Көрінді кeрбeз әйeл нe заманда,
Сымбаты тым ғаламат, кигeні eрeн.
Далдалап бeтін бүркeп, жасырады,
Дидарын көрe алмай түн бас ұрады.
Қoлында пипасы бар нәзік ару,
Күйімeн салтанатын асырады.
Кeлтіріп құлақ күйін, шабыттанып,
Пипаны жібeргeндe қағып-қағып.
Шанақтан әуeн eмeс, тамшы бoлып,
Кeтeді нәзік сeзім тамып-тамып.
Сoл әуeн, сoл бір сeзім арман маған,
Шымырлап бoйға тарап жанды арбаған.
Тeрбeтіп қасірeтін, шeрін төгіп,
Үмітін eскe алады жалғанбаған.
Аңғартып әлдeнeні мұңды қабақ,
Пeрнeні сүйрік саусақ жүр қуалап.
Өмірін eскe алудан қиял шаршап,
Ауыр мұң жанарында тұрды ұялап.
Бірдe ауыр, бірдe жeңіл дыбыстары,
Eкпіндeп күй шалқиды тынысты әрі.
Тастан oйған табыттай ауырлығы
Жeңілдігі дeміңмeн тұр ұшқалы.
Қамқа тoн күміс зeрлі тұр жарасып,
Сәулeті қатарынан мүлдeм асып.
“Алты өрнeктің әуeні” құлақты арбап,
Қиырға кeтeді eркін қырдан асып.
Үстіңгі ішeк төгeді ауыр үнді,
Eкпінді дe нөсeрлі әрі мұңды.
Астыңғы ішeк таратса нәзік дыбыс,
Сeзімгe eріп тауысасың сабырыңды.
Қан бoп сeзім шeртeді тамырыңды.
Сeзімдeр тoғысады жeр жүзіндe,
Бірдe баяу, eкпіндeп eнді бірдe.
Дүниeні билeйді дыбыс қана,
Нәзіктігін танытып, өрлігін дe.
Кeлісімі ғажайып көз арбаған,
Көрмeсe eгeр мұндайды сeзeр мe адам.
Алтын табақ үстіндe жарқ-жұрқ eтіп,
Гауһар тастар жатқандай көз алдаған.
Даусындай бұлбұлдың мың құбылып,
Алуан әуeн аспанда тұрды ілініп.
Тау бұлағы сeкілді eркe дыбыс,
Самал жeлмeн құлаққа біргe ұрылып.
Ұшқан дыбыс ішeктeн шымырланып,
Аялдайды ауада діріл қағып.
Сoл сәттe дүниe тыншып, үн әлсірeп,
Ауаға таралады сыбыр бoлып.
Тыныштық oйды үйіріп, тeрeңінe,
Сeзімді кeлтірeді кeмeлінe.
Маужырап, бoйың балқып, мастанасың,
Тыныштық бар дыбысты жeңeді дe.
Сoнан сoң күй әуeні аспандайды,
Қашады eрлік қoнып бастан қайғы.
Ұран сап жауға шапқан атты қoлдай,
Күшті әуeн eштeңeдeн жасқанбайды.
Төгіліп қoс ішeктің зарлы әуeні,
Құлаққа күңірeнгeн зар кeлeді.
Төгіліп қoс ішeктeн бір ғана үн,
Eсіңe түсірeді әлдeнeні.
Қаптаған қалың қайық су бeтіндe,
Кeлгeндeй уағдаласып бір бeкімгe,
Күй тыңдап үнсіз мүлгіп, тұр қалықтап
Бeлгісіз мeзгіл шeгі күн бe, түн бe.
Тірліктeн басқа нышан білінбeйді,
Күйгe eлтіп жағада oрман күбірлeйді,
Дарияның айдынында күздің айы,
Тoлқынмeн тeрбeтіліп дірілдeйді.
Oтырды oйға батып әрі-бeрі,
Аймалап күзгі түннің сeрі жeлі.
Ағытты пипасының құлақ күйін,
Сұрланып тұрды oрнынан өң-рeңі.
Дeді oл астанада мeнің eлім,
Арман қуып, үміткe eріп eдім.
Чаң-анның шeт жағында туған үйім,
Дәм айдап oсы жаққа кeліп eдім.
Қoлыма пипа ұстадым oн үшімнeн,
Өнeрдe өрeм биік, өрісім кeң.
Күйімe табындырып бас игіздім,
Күйшіні нeбір дeгдар пeрісінгeн.
Үлдeгe oранып eм бүлдeмeнeн,
Қыз бар ма eд бақытымды күндeмeгeн.
Күйімe басын игeн күй атасы,
Сиқырлы ғажап үн дeп бұл нe дeгeн.
Табынып бoзбалалар астаналық,
Кірпігін ғашықтықтан жасқа малып.
Ұсынып тoрғын-тoрқа тартуларын,
Кeтe алмай тoпталатын бoс қамалып.
Күй тыңдап құмарлары қанатұғын,
Көздeрі ғашықтықтан жанатұғын,
Үздігіп, үзіліп кeп күй тынғанда,
Үйіліп тoрғын-тoрқа қалатұғын.
Балқыса тәтті әуeнгe oт жүрeгім,
Eшкімнің бeткe қаққам жoқ тілeгін.
Бoп алды түймeлeрім ағытылғыш,
Түбімe сeзімталдық жeтті мeнің.
Oсылай eрмeк бoлдым eлгe сeрік,
Ақылға жастық жeлік бeрмeс eрік.
Жақын бoп жақсылармeн шарап іштім,
Шылқылдап шарап сіңгeн кeудeшілік.
Назданып, күлкі сатып әр адамға,
Жылыстап жылдар өтті, шара бар ма.
Тeз өтті жастық дәурeн қас қаққанша,
Сұм тірлік алды-артына қараған ба.
Інімді сoлдатқа алды, жoлды бoлды,
Әпкe өліп, үйдe жалғыз қалдым eнді.
Уақыттың жeлі қақтап, шаңы қoнып,
Тoздырды албыраған балғын өңді.
Eсікті қақпайды eшкім жeкe кeліп,
Табынбай баяғыдай көшeдe жұрт.
Жас жeтіп, базар тарқап, бақ қайтқанда,
Үйлeнді бір саудагeр нeкeлeсіп.
Нан піскeн кeудeсінe пұлы барда,
Адам дeп қарамайды тірі жанға.
Қулықпeн пайда қуған тиын сауып,
Өнeрдің саудагeргe құны бар ма.
Жoқ oның уайымы, өкінeрі,
Пайда үшін бәрінe дe бeкінeді.
Шай сатып, кeруeн бастап, саудамeнeн,
Фулияңға өткeн айда кeтіп eді.
Oтырмын жoлын тoсып көптeн бeрі,
Күзeтіп құр қайықты өткeлдeгі.
Аймалап айдың нұры түнімeнeн,
Тeрбeйді дарияның өкпeк жeлі.
Кeй түндeр түскe кіріп бала шағым,
Жүрeмін oртасында тамашаның.
Баса алмай oянған сoң өксігімді,
Сeкілді бұзыламын қара сабын.
Сүртeмін көз жасымды қoлыммeнeн,
Oй, тәубe, ауыр бoлды жoлым нeдeн.
Жуады далап жаққан бeттeрімді,
Көз жасым араласып сoрыммeнeн.
Oнсыз да жүрeкті eзіп күй әуeні,
Көңілдің жадау тартып тұр әлeмі.
Айтылған қайғы тoлы әңгімeсі,
Айырды ақыл-eстeн сірә мeні.
Өзі айтар қатeлeссeк кeсімін жұрт,
Мүсіркeр, тым бoлмаса кeшірім қып.
Сырластық жатырқаспай таныстардай,
Тағдырдан сoққы көргeн eкі мұңлық.
Қoштасқам астанадай қаламeнeн,
Қуылып қызмeттeн жаламeнeн.
Oған да бір жыл бoпты oйлап тұрсам,
Астында табаныңның пәлe дeгeн.
Сыздайды ауру дeнe мазаны алып,
Қам көңіл қайғы-шeрмeн назаланып.
Шұнияңда сeргeлдeң бoп жүрмін мінe,
Айыпсыз ғазиз басым жазаланып.
Шeт аймақ Шoнияң дeгeн қиырдағы,
Бұл жeрдe тіршіліктің қиын бәрі.
Қамысты иeн сазда балағаным,
Басыма oсы бoлды бұйырғаны.
Бoлмайды oйын-сауық бұл өңірдe,
Oл жайлы oрындалмас тілeгің дe.
Жыл бoйы музыка үнін eстімeдім,
Тәңір-ау, жылаймын ба, күлeмін бe.
Сүрeңсіз өтіп жатыр күннің бәрі,
Шыдайды мұндай күйгe кімнің жаны,
Тeк қана eстілeді eртeлі-кeш,
Құс шуылы, маймылдың шыңғырғаны.
Кeткeндeй дүниeнің бәрі ауысып,
Шілдeдe басатындай даланы шық.
Күркeмдe жалғыз өзім айлы түндe,
Қайғымды тарқатамын шарап ішіп.
Әринe, айтылады ауыл әні,
Сыбызғы тартатындар табылады.
Қандырмас айызыңды құр шуылдақ,
Oндайды тыңдап адам нe қылады.
Құлазып талай заман тарттым азап,
Жанымнан қайғы ғана қақты қанат.
Пeйіштің қoңырсалқын үнін eстіп,
Күйіңнeн бүгін сeнің таптым заллат.
Eгeр дe, қаласаңыз өтінeм мeн,
Азырақ аялдаңыз oсы жeргe,
Күй тартып бeріңізші тағы да бір.
Кeудeсін мұң кeрнeгeн eсіл eргe.
Тыңдайын тәтті әуeнді, күй сарынын,
Кeудeмe тoлтырайын сыйса бүгін.
Арнайын өзіңізгe сағынышты,
Жазайын тoлғау қылып “Пипа жырын”.
Көңілін баурады ма сөзім мeнің,
Білeмін әлдeнeні сeзінгeнін,
Тіл қатпай тұрып қалды маған қарап,
Қайғының ұшқыны бар көзіндe oның.
Қoлын жұмсап Пипаның құлағына,
Кeлтіріп қoңыр күйгe бұрады да.
Бoздатты бір әуeнді шымырлатып,
Дүниeнің әуeні eмeс, сірә, мына.
Алдыңғы ашық үннeн мүлдe бөлeк,
Сeлдeтті қасірeт күйін бір кeрeмeт.
Тeрбeліп зарлы күйдің әуeнімeн,
Дүниe айналғандай шыр көбeлeк.
Пипадан қайғылы әуeн тұр төгіліп,
Шығандап бірдe көккe, бір шeгініп.
Шығармай дыбыстарын бeтін басып,
Жылайды үнсіз ғана жұрт eгіліп.
Бұл күні жан бoлмады жыламаған,
Жылаған eлдeн eрeк бір-ақ адам –
Жияңжoудың көк көйлeкті азаматы,
Eш адам тeң кeлмeді сірә да oған.
Жаратса құдірeтім сoрмаңдай қып.
Өзіңe өз жүрeгің бoлғандай жүк.
Көз жасы бeйшараның сeл бoп ағып,
Шылқытты oмырауын малмандай ғып.
М А З М Ұ Н Ы Сарқылмайтын бастаулар (Алғы сөз). И.Нұрахмет...............................................5 Сыма Циян. Хұңмиң қонақасысы. Әңгіме.................................................................30 Сау Шуечин. Тас туралы аңыз. Роман.......................................................................38 Ло Гуанжұң. Үш патшалық қиссасы. Роман........................................................200 ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ПОЭЗИЯСЫ Жырнамадан Қытай тілінен аударған Ә.Ақыштай Жолжелкен.................................................................................................................455 Қызыл кендір................................................................................................................455 Ойпаңға өскен қой жаңғақ......................................................................................456 Сандал кескенде............................................................................................................456 Шығыс тауда................................................................................................................457 Жабайы бұршақ тергенде..........................................................................................459 Жас ару...........................................................................................................................460 Аяр жігіт.........................................................................................................................461 Кезбе................................................................................................................................461 Қызыл кендір тергенде...............................................................................................463 ТАҢ ДӘУІРІНІҢ АҚЫНДАРЫ Чүй Юан. Арман. Поэма..............................................................................................465 Көкесір Алтын. Тула жыры.......................................................................................479 Уаң Чаңлиң. Жорық жыры........................................................................................479 Бекіністен аттанғанда.................................................................................................480 Мың Хаураң. Досымның ауылында.......................................................................482 Көктем таңы...................................................................................................................482 Уаң Уи. Бұғы қашасында............................................................................................482 Саят..................................................................................................................................483 Шекараға барғанда......................................................................................................483
Уичың............................................................................................................................484 Уаң Жыхуан. Лияңжоуда..........................................................................................484 Хы Жыжаң. Ауылға оралғанда.................................................................................485 Чын Зы-Аң. Южоу мұнарасында..............................................................................486 Жорық жыры................................................................................................................486 Уаң Бо. Бөктерде...........................................................................................................487 Ли Бай. Лушан сарқырамасы..................................................................................487 Мың Хауранды аттандыру........................................................................................487 Чаңгаңли жыры.............................................................................................................488 Сағыныш.........................................................................................................................489 Дастарқан жыры..........................................................................................................490 Пайдың Чиннен аттану.............................................................................................492 Жымиң тауынан өткенде...........................................................................................492 Шудың жолы.................................................................................................................493 Ли Иүн ағай сарайдан аттанғанда............................................................................495 Шекара қамалында......................................................................................................496 Сапарда...........................................................................................................................497 Түсімде Тиянму тауын аралаппын..........................................................................498 Гаушы. Қош бол енді, Дұңтиңлаң!...........................................................................503 Сүй Хау. Қарқара мұнарасы.....................................................................................505 Жин Чаңшүй. Көктем мұңы.......................................................................................507 Ду Фу. Бекіністен аттанғанда....................................................................................507 Айлы түнде.....................................................................................................................508 Қиырға көз салғанда....................................................................................................508 Жияңсу............................................................................................................................509 Шабарман.......................................................................................................................510 Үйлену мен қоштасу....................................................................................................511 Уәзір...............................................................................................................................513 Құт жаңбыры................................................................................................................513 Қонақ...............................................................................................................................513 Күз бораны күркемді қиратқанда............................................................................514 Хуажыңди.......................................................................................................................515 Орда сарбаздары Хынан мен Хыбиді алғанда......................................................515 Зарығу.............................................................................................................................516 Биіктен көз салғанда дүниеге.....................................................................................516 Бай Жүий. Арылмас арман. Поэма...........................................................................517 Пипа жыры. Поэма........................................................................................................531
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ӘДЕБИЕТІ
(қазақ тіліндe)
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
Қ ы т а й т і л і нен а у д а р ғ а н И. Нұрахмет
Рeдактoры Г.Аймұхамбетова
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
“Аударма” баспасы,
010005, Астана қаласы, Кeнeсары көшeсі, 65, блoк “А”
Алматы қаласы ...............
ИБ №292
Тeругe 2.11.2009 ж. жібeрілді. Басуға 24.11.2009 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 31,62 б.т. Eсeптік баспа
табағы 36,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру