TELEGEI

Home

Билер даналығы мен әділ соты туралы жаңа материалдар

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Билер даналығы мен әділ соты туралы жаңа материалдар

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылып отыр «Мәдени мұра» бағдарламасының қоғамдық кеңес мүшелері Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы, Асқаров Ә. А, жауапты хатшы, Абдрахманов С. А., Аяған...

БИЛЕР ДAHAЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛ СОТЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

НОВЫЕ МАТЕРИАЛЫ О МУДРОСТИ И ПРАВОСУДИИ БИЕВ

К. Абзеева
Аққожа би1

Қазақ елінің тарихына көз жүгіртіп отырсақ, халықтың арасында небір сөзге шешен, ақылы мен айласы қатар жүрген данышпан, қара қылды қақ жаратын әділ билер болған. Мұндай парасатты адамдар келер ұрпаққа үлгі екендігі даусыз. Сондай ауызға ілінген адамның бірі — XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басында өмір сүрген Найман тайпасының Сыбан руынан шыққан Байбөбек Қалыбайұлы Аққожа би.

Аққожа - 13 жасында тобықтының атақты биі Кеңгірбайдан бата алған би.
Оқиға былай болған.

Қазіргі Аягөзден 30 шақырым жерде Ақшатау деген жер бар. Арғы жағы Шыңғыстаумен жалғасып жатады. Ақшатау жері мен Шыңғыстауды бөліп жатырған Терісайрық деген өзен бар. Осы өзенді Сыр бойынан тобықтылар беттесіп қонып отырады. Ежелден келе жатқан жер дауы барымтамен ұласын, оған жесір дауы қосылып, екі ру үнемі айтыс-тартыста болыпты. Осындай бір тартыс кезінде Байкөбек ауылының жылқысын тобықтының атақты би Кеңгірбай ауылының жігіттері барымталап кетеді. Байбөбек ауылының бетке ұстар бір топ азаматтары, бірнеше мәрте келіссөз жүргізгенмен, нәтиже шығара алмайды. Жаз айының жаймашуақ күндерінің бірінде Кеңгірбай би ауылында екен деген хабарды естіп, Байбөбек ақсақалдары тағы да аттанбақшы болады. Осы хабарды күні бұрын естіген 13 жасар Аққожа әкесі Қалыбайдан рұқсат сұрап, бірге бармақшы болады. «Әке — балаға сыншы» демекші, зерек өсіп келе жатқан баласының болашағынан үміт күтетін әке рұқсат береді. Бірақ үлкендер ісіне араласпауын сұрайды. Таңғы самалмен шыққан Байбөбек ауылының бетке ұстар азаматтары бесін кезінде алты қанат ақ үй құрып тастаған Кеңгірбай бидің ауылына атбасын тірейді. Шілде айының аптап ыстығында шөл басып, әңгіме-дүкен құрып, сары қымыз сапыра ішіп отырған Кеңгірбай ауылының бір топ азаматтарына:

— Ассалаумағалейкум! — деп Қалыбай бастаған топ сәлем беріп кіріп келеді.

Бірақ Кеңгірбайдан бастап ешқайсысы сәлемді дұрыс алмайды, мұрындарының астынан міңгірлеп қана қояды және де келген адамдарға ығысып орын да бере қоймайды. Келген адамдар ыңғайсызданып, бос орындарға жайғаса салады. Босаға жақта осы көріністі бақылап тұрған бала Аққожа:

— Мыналар ұялас екен, — деп далаға шығып кетеді.

Үй ішінде бірақ уақытқа дейін үнсіздік орнайды. Әлден уақытта Кеңгірбай би:

— Әлгі бала кімнің баласы, не деп кеткенін естідіңдер ме? — дейді. Төмендеу отырған жігіт ағасы үнсіздікті бұзып:

— Мен қате естімесем, ол бала бізді ұялас екен деп күшікке теңеп кетті-ay, — дейді. Сыртта асық иіріп, өз бетімен отырған бала Аққожаны Кеңгірбай би шақыртып алады.

— Иә, бала сен кімнің баласысың және бізді неге ұялас деп кеттің? Соның мәнін түсіндірші, — дейді.

Байыппен жан-жағына көз жүгіртіп барлап алған бала былай деп жауап береді.

— Мен Байбөбек Шақа Қалыбайдың баласымын. Атам қазақ ат басын тіреп үйіне келген адамға төрінен орын беріп, келген шаруасын тыңдаушы еді.

— Ассалаумағалейкум! — деп сәлем берген жоқшылардың сәлемін қабыл алған бірде-бір адамды көрмедім, енесінің бауырына тығылған күшікке ұқсап қыңсылағандай дыбыс шықты да тырп етпей үлкені де, кішісі де отыра берді. Осы отырыстары шынында да ұялас күшіктерге ұқсап кетті.

Текті ауылға келіп, тексіз әдеп кергеннен кейін ұялас екен,—дедім. Кеңгірбай би сал ойланып, баланы жанына шақырып алады. Аққожаны сынамақ үшін бірнеше сұрақтар қояды. Зерек бала мүдірмей жауап береді. Сөздің аяғында Кеңгірбай би Аққожаға:

— Текті деген немене, тексіз деген немене? Сол сұраққа жауап берші—дейді. Сонда Аққожа тұрып:

Текті жердің жігіті,
Жарқырап шыққан күнмен тең.
Тексіз жердің жігіті,
Басып жанған күлмен тең.

Текті жігіт әрқашан,
Жақын тұтар туысын.
Тексіз жігітті шырмайды,
Айлакер қатын уысы.

Аққожаның жауабына дән риза болған Кеңгірбай би Аққожаны: - «Елінің жоғын жоқтаушы, мұң-зарын тыңдаушы бол. Әділеттің туы бол, еліңнің адал ұлы бол, өркенің өссін» — деп бата беріпті. Кеңгірбай бидің бұл батасы Аққожа биге шынында да дарыды. Осы атақты Біржан — Сара айтысында да Сара ақын былай дейді.

Жан жетпес Бабатайға, салпы Жанақ,
Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап.
Ақтамберді, Алтыбай, ер Айымбек,
Қалмақты қолмен қуған қойдай қамап.

Бүгінде Аққожа би зираты Аягөз ауданы, Ақши кеңшарында Байғара Ақтайлақ, бидің жанында.

Т. Абылаев
Бекетай би2

Туған халқымыздың жүздеген ғасырлық жәдігер тарихында елі мен жерін қастерлеп өткен біртуар перзенттері аз болмаған. Неше ықылым тарих аласапыранында жоғалмай, қайта уақыт өткен сайын жарық жұлдыздардай жарқырай түскен халқымыздың ардақты ұл-қыздарының есімдері ел тәуелсіздік тұсында жаңғырып жалпақ елдің мақтанына айналып отыр. Солардың бірі — Арал өңірінде дүниеге келген, көзі тірісінде ел жұртының ыстық ықыласына бөленген Бекетай Қатпаұлы. Арғы тегі — Кіші жүздің Әлім аталығы. Ол Жаманақ, Өpіc, Әйдарбек, Күлік руынан тарайды. Бекетай бидің туған атасы Жөңке батыр Абылай ханның тұстасы, әйгілі алты биінің бірі болған. Бұл жөнінде 1992 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Абылай хан жөніндегі шежіресінде жан-жақты айтылған. Орыс кеңсесінде қызмет атқарған атамыз қазақтың мүддесін бірінші кезекте жолға қойғанын ауызекі аңыз-әңгімелерден жақсы білеміз. Тіпті, ескіден келе жатқан төмендегі есті сөзді ілгеріде құймақұлақ, көкірегі алтын сандық ауыл қарттарының уәлі аузынан талай естігенбіз.

Алты Асанды құтыртқан,
Қотанкелдің арнасы,
Әйдарбекті құтыртқан,
Бекетайдың арқасы.

Бекетай атамыз жөнінде бертініректе өмір сүрген бірақ, аты-жөні тарихта сақталмаған белгісіз шайырлардың мынандай да жыр жолдары бар:

Билігіне бір айтқан,
Қазалыда орыс пен,
Қазақтың жоқ таласы.
Арғы теп — Жаманкөз.

Ата жұрты Бөген мен
Аққұлақтың арасы.
Заманында зиялы,
Ұлық болған шамасы.

Қызметі ежелгі,
Қазалының қаласы,
Сол қалада ояз боп,
Қара қазақ ішінде,

Бір түспеген бағасы.
Түп атасы — Ер Жөңке.
Күліктердің дарасы.

Кезінде Бекетай атамыз жөнінде тиісті орындар тарапынан «Ескілікті жақтаушы», «Патша қызметіне» деген әртүрлі ұшқары пікірлердің шырмауында болып келдік. Мұның салдары көп уақыт бойы Бекетайдың өмірі мен халқына жасаған қамқорлығы жөнінде, кісілігі жөнінде білгісі келгендердің жолына кесе көлденең тұрып келгені мәлім. Шынында, Бекетай кім? Оның есімін осы уақытқа дейін Арал — Қазалы өңірі тұрғындарының қастерлеп атауы неліктен? Бізден шамамен 170 жылға жуық уақыт бұрын өмір сүріп, аты аңызға айналған, айналасына беделді, жұрттың сойылын соққан осынау кісі жөнінде елеулі аузы дуалы ақсақалдар арқылы сұрау салдық. Оның нәтижесі жаман болған жоқ. Бекетай туралы білгеніміз, әcіpece Бөген ауылы тұрғыны, зейнеткер марқұм Насырадин Жолаев ақсақалмен жолығып, сұқбаттасқаннан кейін молыға түскен еді. Табиғатында нендей әңгімені қозғаса да әдемілеп, нақыштап айта білетін Нәкен көзі тірісінде Бекетай атамыз туралы сұхбатын тым әріден бастаған.

— Сен өзің Абай атамыздың

«Дүние — терең көл,
Замана —соққан жел,
Алдыңғы толқын ағалар,
Кейінгі толқын інілер,

Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер»,—

деген ұрпақ жалғастығы жөніндегі ұлағатты жыр жолдарын білсең ғой. Міне, шырағым, мынау Жер-Ана да, үстіндегі жетіқат аспан да бәз-баяғы қалпы. Тек аспан мен жер астында уақыт желі аласұра соғады. Дүниеге тағы да жана, жас өскін ұрпақтар келеді. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған тағдыр-талайы бар. Бірі жаугершілік тұсында жапан далада атамекені, тіл мен дін үшін арпалысса, енді бірінің тұсында ел-жұрты мамыражай тыныштықта бейбіт өмір сүрген. Ал сен сұрап отырған Бекетай Қатпаұлы — ғасырдың орта шенінде осы Арал — Қазалы өңірінде өмір сүрген, ел-жұртына елеулі пайдасын тигізген іpі тұлға. Иә, «жақсыдан шарапат» деген осы шығар. Ол туралы қойы қоралас, ауылы аралас отырған екі ауданның көнекөз, құймақұлақ қарттары ылғи да ілтипатпен еске алып отырғанын талай мәрте есіткеніміз бар. Асылы, адам қолымен жасалған жақсылық, оның ішінде туған жұртың үшін жасаған шарапатыңа шаң тимейді екен. Көрдіңіздер ме, арада бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де Бекетай атамыздың есімі Арал, Қазалы аймағында пайғамбардың бір атындай құрметпен аталады. Ендігі біздің азаматтық міндетіміз — осынау қадірменді іcі жөнінде тың деректер, аузы дуалы ақсақалдардан ecіткeн-білгeндepімізді жинақтап, жұртшылық назарына ұсыну болатын. Бекетай Қатпа баласының шыққан тегіне келсек, Кіші жүздің Әлім аталығынан Әйдарбек тайпасы, оның үшінде Күліктің Жаманкөз руынан тарайды. Ата қонысы —Арал ауданындағы қазірге Аққұлақ елді мекенінің маңайы. Әкесі— Жөңкенің Қатпасы ел ішінде беделді, сөз тізгінің ұстаған салмақты кісі болыпты. Оның үстіне дәулетті, абыройлы кісі сүйсініп ұлы Бекетайды жастайынан адалдыққа, имандылыққа, кісілікке тәрбиелейді. Кейін Бекетай ат жалын тартып мінер тұста сол кездегі Қазалы фортындағы мешітте сауыт ашады. Мұнан кейін он бес-он алты жасар бозбала шағында Бекмырза ханға хатшы (писарь) болады. Ежелден еркіндікте өмір сүрген Солтүстік Арал бойындағы жергілікті ру, тайпалар сол тұста Қазалы фортының іргетасын қалауға, келген патшалық Ресейдің әскери-экспедициясына қарсы шыққан еді. Бұл көтерілісті тарихтан баршамызға танымал Жанқожа батыр басқарады. Рас, жергілікті жасақтың қолындағы айбалтасы мен көк сүңгісі жасанған жағаға пәлендей қарсылық өте алмайтұғын. Алайда, ұлы бабаларымыз аманатқа қалдырған атамекенін ұлтарақтай пұшпағы үшін қазақтар жауған оққа қарсы шапты. Асылы, намыстан артық азамат үшін не бар екен? Бірер жылға созылған осынау соғыс ақыры Жанқожа жасақтарының жеңілгенімен аяқталады. Бекмырза хан болса басқыншылардан қашып жүріп, солардың қолынан қаза табады. Ақыры хандық тарап, оның қол астындағы ел-жұрт тұс-тұсқа тарап кеткен еді. Бекетай да орыстардан қашып жүріп, атамекені «Аққұлаққа» оралады. Біз осы жерде оқырмандарымызға «Аққұлақ» атауының қайдан шыққанына арнайы тоқталғымыз келіп отыр. Өйткені, ел мен жердің бағзы тарихи атауы болады емес пе? «Аққұлақ» елді мекенінің аты Жанқожа батырдың жүз басы Арыстан батырдың есіміне байланысты қойылған. Мұны біз Күлік руының шежіресін жинақтай жүріп кездестірдік. Жүз басы Арыстанбай атты кісі екі иығына екі кісі мінгендей еңселі, ер пішіндес жан екен. Ал, батырдың тісінің ақсарылығына, екі құлағының шамадан тыс алабөлек сарылығына қарап ел «аққұлақ» атауын берген көрінеді Міне, осы кезде «Шабындықтағы» (Аққұлақ ауылының бұрынғы аты) отбасына оралған Бекетайды арнайы іздеп бір форттан бір шоғыр орыстар келіпті. Бұл тұста халық батыры Жанқожа қаза тапқан болатын. Сонымен орыс ұлықтары форттың, үш-төрт приставының көземелдеуімен Бекетай ауылына келді. Олар «Қазалы форты ендігі жерде орыс патшасының қолында, сондықтан фортта уезд бастығы сайланды. Сен соған көмекші боласың»,—дейді. Ақыры Бекетай амалсыздан келісімін береді. Сөйтіп, елдің Жетес би, Үмбет және белгілі екі адамымен бірге Қазалыға келеді. Орыстар үшін көзі ашық, көкірегі қарақты Бекетай сияқты сауатты кісі сол тұста таптырмайтын еді. Бекетай болса осындай үлкен билікті туған халқы үшін пайдалануға тырысты. Оның нәтижесі де аман болған жоқ. Міне, осы кезеңде қазақ жеріне табан тіреп озбырлығын жүргізе бастаған басқыншылар бұл жерде орам (қазіргіше айтқанда халық санағы) жүргізуге кіріседі. Олар әуелі Қазалыдағы орамды құба Қаракесек, Төртқара сияқты рулардың жүз елу шаңырағынан бастайды. Күнбе-күн Қазалыдағы жағдайды өткен-кеткен жолаушылар арқылы біліп отырған Күліктер «орысқа орам бермейміз» деп қаша бастайды. Олардың біразы Теке, Төлеш батырдың бастауымен сонау ит қарасы қияндаған Қызылға қоныс аударады. Қазалы фортына бекінген орыстар бірер жылдан соң, яғни 1847 жылы Райым бекінісін салып, жергілікті тұрғындардың апшысын қуыра бастайды. Құнарлы жерлердің көбісін күш пен тартып алып, оны әскери экспедиция жасақтары өздерімен еріп келген қазақ-орыстарға үлестерін беріп отырды. Ол — ол ма, тіпті Райым төңірегін жайлаған сол уақыттағы Жақайым, Шөмекей, Төртқара, Шекті руларының бірсыпыра үйлері атамекендерінен ауып, Қызылдың қиясына көшуге мәжбүр болады. Бұл тұста Қазалы уезі бастығының көмекшісі Бектай Қатпаұлы орыстардың озбырлығын айтып, бірнеше рет уезд бастығына шағымданған. Сөйтіп озбырлық көрсете келген солақай саясаттың салдарынан көші-қон қамына кіріскен бірсыпырасы көпті тоқтатқан көрінеді. Кезінде Арал, Қазалы өңірінде Бекетайдың жанында жүріп, жер дауы, жесір дауы сияқты талай даулы мәселелерді қолма-қол, көзбе-көз шешкен, бір ауыз сөз бүкіл елге азық болған Жетес, Үмбет билердің асыл сөздері кейінгі ұрпаққа кесек-кесек күйінде жеткені мәлім. Ал, белгісіз тұстарын көзі тірі қарттардан ұқыптылықпен жинап алу да біздің абыройлы борышымыз болып табылады. Бекетай жөнінде дерек жинай жүріп әсіресе, Жақайым Жетес бидің талай-талай тартымды әңгімелеріне, тапқыр сөздеріне тәнті болғанбыз. Бұл жерде біз Жетес пен Үмбет билердің Бекетай атамызға лайықты үзеңгілес жолдас болғанын айта кетуді жөн көрдік. Осы мақаланы жазу барысында Бекетай атамыздың шамамен 1825 — 1826 жылдары дүниеге келгенін жобалап отырмыз. Өйткені, Жетес биден о кісі екі жас кіші екен. Ал, Жетес бидің 1824 жылы туғанына оның ұрпақтарымен әңгімелесу барысында көз жеткіздік. Сонымен Бекетай Қатпаұлы қай жылдары қандай жағдайда қайтыс болған? Енді осы мәселеге оралайық Keйбіp аңыздарға құлақ түрсек, Бекетайдың сексеннің сеңгіріне шығып қайтыс болғанын айтып жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Біз қолға түскен деректерді жинақтай отырып, Бекетайдың елу төрт жасында қайтыс болғанын жобаладық Атамыз кеш үйленген көрінеді. Бәлкім, сан-салалы қызмет бабының мұрша келтірмеуі мүмкін ғой. Ал, Бекетай қандай жағдайда қаза тапты? Енді соған орала кетейік. Бекетай атамыз қызмет бабымен ел аралай жүріп жанындағы атқосшыларын ертіп шамамен 1880 жылдың аса ыстық жазында «Алайғыр» деген жepдeгі Жармолда деген кісінің үйінен сусын ішуге ат басын бұрыпты. Үйге кірген соң ат қоржындағы сусын ішуге кәрлен кесесі табылмай, сол жерде Жармолданың үлкен қызы өздерінің ыдысымен Бекетайға сусын ұсыныпты. Ол кезде жүргіншілер өз ыдыс-аяқтарын аяққаптарына немесе қоржындарына салып, сапарға шығу машық болыпты. Міне, үй иесінің бойжеткені әкелген сусын Арал, Қазалы өңіріне әйгілі адамның ажалына да себепкер болыпты. Яғни, үй иесі әлдекімдердің арам ниеттерінің көземелдеуімен сусынға құшала қосқан деседі. Сонда сыртқа жұрттан бұрын шыққан Бекетай атқа отырғаннан кейін құсып жей бергенде аттың жалы толайым күйіп қалған екен. Осылайша атақты адам аяқ астынан қаза болады. Бұл жөнінде құлақтанған Теке Төлеш батыр Қызылқұмдағы орыстардың орманынан қашып кеткен Күліктерге дереу астыртын хабар салған көрінеді. Өйткені, Бекетай өлген түні Жармолда үй-ішімен бір түнде Қызылдың қиясына асып кеткен еді Міне, со жақта Бекетайдың құнын қуған туыстары көп ұзамай Жармолдаға ажал құрығын кигізеді. Содан бepі қаншама жылдар өтті. Кейін Бекетайдың үлкен қызы ауыл-аймаққа беделді Ақжарқын апамыз әкесінің басына күмбезді үй там салдырады. Оның керек-жарағын кіре жалдап Қазалыдан «Аққұлаққа» тасытыпты. Қазір Ақжарқын апамыздың атсалысуымен көтерілген күмбезді үй там «Аққұлақ» елді мекенінің жанындағы жарма жағасында тұр... Кезінде үй тамның ішінде кигем де, басқа да дүние болыпты. Бұл жайында менің екем өзінің бала кезінде көргенін сонау жылдары айтып отыратын. Ал, кейбіреулер осыдан 60 — 70 жыл бұрын кек тастан қашалған құлыптас сынығы болушы еді дейді Бірақ уақыт деген құдыретке қарсы тұрар кім бар? «Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа» деген мәйекті сөздің мәнін сонда ғана ұққандай боласың. Үй тамның жан-жағын ауыл адамдары осыдан 40 — 50 жыл бұрын қоршап, бір игілікті іc тындырып еді. Қазір оның да түте-түтесі шыққан. Тарихи — мәдени ескерткіштеріміз табан асты болмасын десек, осынау үй тамның жөндеу жұмыстарына Астанадағы тиісті мекемелерден арнайы мамандар шақырылып, оны қолға алып жатса, нұр үстіне нұр емес пе. тап қазір қабырғасынан сөгіліп келе жатқан үй тамға қамқор қолын ұсынар ел басшылары қайда? Оны айтасыз-ау, осы арада бұл үй тамның бірер жылдың көлемінде ғана тіркеуден өтіп, тарихи-мәдени ескерткіштердің тізіміне алынғаны мәлім болып отыр. Жауһар жәдігepлepімізгe осылайша көзжұмбайлықпен қарайтын болсақ, біздің өткенді құрметтейтініміз қайда? Қалай болғанда да кезінде ел-жұрттың тілеуін тілеген Бекетай Қатпаұлы сияқты Арал, Қазалы өңіріне белгілі біртуар адамның үй тамы қамқорлыққа алынуы тиіс. Осы мақаланы жазу барысында біз Бекетай Қатпаұлының ұрпақтары жөнінде арнайы тоқталып кетуді жөн көрдік. Арал, Қазалы жұртының арасында аңызға айналған осынау адамның артында қалған үрім-бұтағы, олардың тағдыры туралы қалам тарпай кету қиянат болар еді. Бекетайдың төрт баласы, екі қызы болыпты. Үлкен ұлы Сыдық кезінде Қазалы аудандық халық сотында жауапты кызмет атқара жүріп, 1937 жылы жазықсыз жазаға ұшырапты. Одан кейінгі баласы Жұмахмет қартайғанша дария бойында аға балық қорғау инспекторы болып кызмет атқарған. Ол кісі — Бөген ауылы бойынша бірінші рет зейнетақы алған белгілі адам. Кейін жетпіс жасында қайтыс болған. Оның інісі Сереке Бекетаев Қазан төңкерісі тұсында Қазалыдағы Қызыл партизандардың бірінен саналады. Ол кісінің кeліні бір кездері Бөген балық зауытының озат балық сұрыптаушысы, бірнеше рет аудандық Кеңеске депутат болып сайланып, абыройлы қызмет атқарған Жұмагүл Ермекбаева еді. Бекетай атамыздың кенже баласы Мұрат болса Алматы қаласында өмір сүрген адам. Оның ұлы Ахтамбек Мұратұлы Бекетаев қазір дербес зейнеткер, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Енді атамыздың Ақжарқын және Қарлыға атты қыздарының кейінгі тағдырына келейік. Үлкен қызы Ақжарқын апамыз кезінде Қазалы өңірінде белгілі Найзагүл байдың би келіні атанған. Ал, кіші қызы Қарлыға апамыз өте сұлу жан болыпты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бегенде тұрған бұл апамыздың қызы Бибайшының күйеуі Рамазан соғыс жылдарында Аралдағы мемлекеттік банкінің бастығы болып қызмет атқарған. Заманында халқы үшін патшалық Ресейдің беделді билігіне атсалысқанымен, ел-жұртының мұң-мұқтажын қорғап өткен Бекетай атамыз жөнінде әйгілі Базар жырау:

...Адалдап жырларға қайыр беріп, Жарқылдап өте шықты Бекетай да, — деп жырлаған. Осынау өткір сөз, озық жыр кеңестік қоғам тұсында жарық көрген Базар жыраудың таңдамалысына енгенін жақсы білеміз. ... Иә, «жақсының аты өлмейді» деген осы. Туған жер тарихының ортасынан ойып орын алған Бекетай Қатпаұлының кейінгі ұрпақтары аталарының ел-жұртына еңбегі сіңген, халқының мүддесін ойлаған біртуар перзенті болғанын мақтан етер мамыражай заман туды. Сол заман ұзағынан сүйіндіргей.

А. Ағыбаев
Билер бітімі—турашылдықтың төркіні3

Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі, біртұтас, іргелі мемлекет болуы үшін қан төккен қас батыр бабаларымызды, ел басқарған дана билерді, ғұлама шешен ойшылдарымызды еске алу, олардың ерлігін паш ету бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Халқымыз тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген. Осыған орай ақын Кәкімбек Салықовтың:

Сұлу Көкше, ер Алатау арасы,
Бәрі тұтас қазағымның даласы.
Сонша жерді сойылменен қорғаған,
Бабаларым осал емес шамасы, —

деген өлең жолдары кімді болмасын терең ойға қалдыратыны даусыз. Ел қорғаған, есімдері аңызға айналған батырларды, билерді жырлаған ақындар да аз емес. Жыр алыбы, XX ғасырдың Гомері атанған, киелі Жамбыл Жабаев бабамыз қалың елін байтақ жерін қорғаған батырларымыздың асқан ерлігін, дана билердің өнегелі өмірін ғұмыр бойы жырлап өткен, олардың ерліктерін ерекше сүйсініп, мақтан еткен. Шапырашты руының батырлары, билері туралы өз заманында Жамбылдың ұстазы Сүйінбай да көп жыр толғаған. Сүйінбай, Жамбыл жырларында Майқы би, Төле би, Нарбота би, Сүттібай, Сұраншы, Сарыбай сүйікті шәкірті Жамбылға ел рухын көтеретін би, батырлар жырын жырлауды аманат еткен. Сүйінбай жырлаған әділ билер, батырлар туралы дастандарды Жамбыл бабамыз одан әpі дамытып, толықтыра жалғастырды, ұстазына деген құрметін әрқашан алға салып отырды:

«Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай деп сөйлесем
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай», —
деп жырлауы осыган делел.

Бақ қонып, қыдыр дарыған қасиетті, киелі Қарасай батыр жасынан туысы Жанай батырдың тәрбиесін көреді, өнерін үйренеді, айла-амалын меңгереді. Шапырашты батырларының атасы, әрі биі — Жанай батыр. Жанай батыр би ретінде елшілік үшін жанын салған, жұртпен барынша ортақ тіл табысуға ұмтылған басқыншылық соғыстарды қаламаған, жауласқан елдің қарапайым халқына еш зорлық-зомбылық жасамаған. Әйелдерге, қарттарға, кембағал адамдарға қысым жасаған өз адамдары болса оларды аяусыз жазалаған. Жанай батырдың би ретіндегі тағы бір қасиетті жау жақтың адамдары түркі тілдес болған жағдайда олардың атын жарып тастайды екен. Мұнысы адам өлгенше аты өлсін, атсыз адам қуатсыз, қарсы жаққа қайрат көрсете алалмайды, ал қолы шабылған жауынгер ұрыстың немен аяқталғанын білсін деген екен. Жанай батыр Емілден тараса, Қарасай батыр Есқожадан тарайды. Еміл, Есқожа ағайындас адамдар. Жанай батыр Қарасайды жасынан ерлікке, қол бастауға, билікке баулыған, талай атышулы соғыстарға екеуі бірге қатысқан, осындай қиын-қыстау, қауіпті кезеңдерден сыннан өткен жас батыр Қарасайға көңілі толып, Жанай батыр 79 жасында өзінің өмір бойы көтеріп келген көк байрағын, алмас қылышын жеткіншегі Қарасайға сеніп тапсырған. Бұл әке аманаты ғана емес, қалың елдің сенімі, үлкен үміті еді. Қарасай қатты тебіренеді. Аманатқа адал болуға ант береді. Қарасай ол кезде 17 жаста екен. Қарасай бес шам Шапыраштының ұраны болған. Ол туралы ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде көрсетіп, көсіле жазған болатын. Қарасай — батыр ғана емес, көрегендігімен, әулиелігімен де танылған жан. Тарихи деректер бойынша Қарасай батыр Төле бидің (1663 —1756) әкесі Әлібекпен әpі сыйлас, әpі сырлас ағайын болған дейді. Алты жасар Төленің тапқырлығына риза болған Қарасай батыр оған «Сен үш жүздің биі боласың, саған айтар екі аманатым бар: — Оның біріншісі Кенже ұлым Көшекті Дулат, Шапырашты болып ренжітпеңдер, түбінде одан еліне билік ететін ұл туады, ал сол момын көрінгенімен басына мен дүниеден өткен соң зобалаң іc түceді, соны әділ шеш», — дейді. Ел аузындағы деректер бойынша, айтса айтқандай-ақ Қарасай батыр дүниеден өткен соң оның ең кіші ұлы Көшекке кісі өлімі туралы жала жабылып, екі рулы ел арасында үлкен дау туады. Даудың мәнісі былай: Көшек елі мекендеген жерге көршілес орналасқан басқа бір рудың дәукес біреулері кісі қолынан өлген адамның мәйітін әкеліп тастап кетеді де, артынша өлген мәйіт иелері кісі құнын даулайды. Онымен қоймай Көшекке тай-тұяғы қалмай басқа жаққа қоныс аударуын талап етеді. Дау өрши түседі және оның жоқ жерден жабылған жала екенін түсінген ру басшылары Қарасай батыр бабасының Төлеге айтып кеткен аманатын еске алып: «билікті тек Төле би айтсын, басқаға көнбейміз», — деп тұра алады. Талап қойған жақ бұған амалсыз келіседі. Билікті айту Төле биге жүктеледі. Қарасай бабасының аруағын сыйлаған, Төле би құныкер деп жазықсыз танылған Көшектің қолына пан, құран және балта беріп: — Көшек балам, ақ болсаң ақ нанды ант беріп же, құранды кеудеңе басып, құдай алдында ант бер, одан кейін осы балтамен мына жайнап өсіп тұрған үш бәйтеректің әрқайсысын бір шапқаннан қиып түсір, — дейді. Көшек сөзге келмей, наннан ақпын деп дем татып, құранды құдай алдынды кінәлі емеспін, — деп кеудесіне тосып ант беріп, балтаны қолына алып дереу билікті орындауға тұра ұмтылады. Бұл қимылдарды мүлтіксіз көз жібермей байқап тұрған Төле би Көшектің кіршіксіз таза, ақ екендігінде күмәні болмай Көшекке: «тоқта!» деп айғай салады. Осы кезде лезде аспанды қара бұлт басып, күн күркіреп, найзағай ойнап, қасиетті баба бұлт болып келіп, бұлт арасынан «Көшек ақ, Көшек ақ» деген қаһарлы сөзімен ұн қатады. Сонда Төле би: «Халайық, міне өздеріңіз естіп тұрсыздар Көшектің ақтығын, Қарасай бабамыздың өзі айтып тұр, бұған не дейсіздер?», — деген екен. Сөйтіп қиналған, қысылған Төле биді де, ұлын да жалған жаладан құтқарып жібереді. Осы мысалдардан-ақ дуалы ауызды Төле би бабамызды халық арасында айтқан әманда ақ, әділ болатынын сипаттайтын әңгімелер аз емес. Бұдан түйер түйін: Батыр Қарасай бала Төлені қалай таныса, дана Төле Қарасайдай дара тұлғаны солай қадірлеп, қасиеттеді. Мұны ел киесіне айналған екі Әулиенің ішкі рухани жан дүниелерінің сабақтастығы демеске не шара. Бұл туралы Сүйінбай, Жамбыл бабаларымыздың шығармаларында айырықша көрініс тапқан. Билер мен батырлардың есімі аталған жерде Шапыраштының төбе биі Нарботаның аты аталмай қалмайды. Жамбылдың Сұраншы батыр дастанында Нарбота образы айрықша дараланады. Қоқан соғысында Нарбота би ерекше көзге түседі. Асқан ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Нарбота бидің ел басқарудағы, билік жүргізудегі шешендік, тапқырлық қыры бүгінгі оқырманға беймәлім. Нарбота би ез заманының қоғам қайраткері ез елінің, жерінің қамын ойлаған, қоқан басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырған аса іpі қайраткер, сөзге шешен, киелі би еді. Заманында Сүйінбаймен досты, бауырлық қатынаста жүрген. Сүйінбайды Тезек төреге, қырғыздың Қатаған ақынымен айтысуға барғанда жанына атқосшыларын жиып беріп, ақ тілеулі бата берген де Нарбота би. Сүйек ең қандай іс болса да Нарбота бимен ақылдасып, кеңесіп, шешіп отырған. Өйткені өз заманында елдің ұйытқысы, басқарушысы да сондай дана кісілер болған. Ақын, жыршы-жыраулар билермен бірге елдің жоғын жоқтасып, мұңын жырлаған ғой.

Сүйінбай бір өлеңінде:
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп,
Алдына бір жауапкер Екей келсе,

Түйе басы тоғызды салма кесіп, — деген екен. Бұдан туатын қорытынды: Екей мен Есқожаның төбе биі Нарбота екендігі, оның сөзге асқан шебер шешендігі. Екінші жағынан Сүйекең өзінің сүйіп құрметтейтін биіне әділдік тұтқасын берік ұстауды әдемі әзілмен жеткізіп отыр. Нарбота би Ұлы жүз қазақтарының атақты билерімен бірге Қытай мен Ресей империясы арасындағы жер мәселесін, ішкі сыртқы саясатты шешуге, шекаралық дауларды реттеуге белсеніп араласқан. 1840 жылы Іле жағындағы Тереңөзек маңында шекараны бұзған үш мыңдай қытай әскерлеріне Нарбота би бастаған Шапыраштылар күйрете соққы берген. 1845 жылы Ұлы жүз ру басшылары Албан, Дулат, Суан, Шапыраштының билері мен сұлтандарының Қапалдағы жиында Нарбота би, Сұраншы батырлар бейбіт жолмен Ресей бодандығына етуге келісім берген. Шапыраштының төбе биі Нарботаның әділеттілігі, қара қылды қақ, жарған шыншылдығы аркасында ел бірлігі сақталған. Өзіне туыс болып келетін Бәйтелі, Қаумен, Дәулет руларына 1860 жылдары Күнгей Алатауының етегінен жақсы жерге қоныстануына да үлес қосқан Нарбота би. Екей, Есқожа рулары арасындағы жер-су, жетім, жесір дауларын дер кезінде шешіп, рулық қақтығыстарға жол бермеген. Көршілес қырғыз ағайындарымен достық қатынас орнатуға үлес қосып, екі ел арасындағы достықты нығайтуға да Нарбота бабамыз үлкен еңбек сіңірген. Нарбота тіршілігінде тәуіпшілік те жасаған. Бала көтермеген, баласы тұрақтамай жүргендерге, есі ауысу дертіне, сондай-ақ неше түрлі басқа індетке ұшырағандарға ем жасап, сауықтырып жіберіп отырған. Нарбота шамамен 1795 жылдары дүниеге келіп, 1870 жылдары баласы Сүттібай қоқандықтар қолынан қаза болғаннан кейін, көп жылғы қайғының әсерінен Қастекте дүние салған. Нарбота биді жерлеуге қазақ, қырғызың белгілі адамдары катысып, 500 салт атты адам бейітіне топырақ салған. Өз заманында Сүттібай Нарботаұлы, Күнбатыс Қастек, Сұраншы Күншығыс Қастек болысының билері болған. Әділеттілігімен, шешендік ойларымен, турашыл шыншылдықтарымен өз елінің құрметіне бөленген. Міне осы жоғарыда аталған билер, батырлар туралы халық «Ұлы жүздің ішінде Шапыраштыдан бұлар тараған, халқына қатаң күн туса, қамқорына жараған»,—деп баға берген екен.

Д. Айдаров
Бабамызға бас ию

Қазақ жұрты ата-текке ертеден ерекше мен беpіп отырған. Қазақтың ата-тек сұрастыру үлгісі белгілі. Кеңестік заманда ата-текті сұрастыру айып саналатын. Бұл рушылдық. ұлтшылдық тіпті нәсілшілдік деп қаралатын. Мұндай отарлық саясаттың мақсаты — қазақтың ата тегін ұмыттыру, халықты өз тарихын, өз шежіресін, шыққан тегін білмейтін мәңгүрт ету еді. Ата-бабаларымыз өздерінің арғы түбін, шыққан тегін, шежіре-тарихын әкеден балаға асыл мұра ретінде қалдырып отырды. Ата-текті білу руға жіктелу, тайпаға бөліну емес, керісінше, ағайын адамдардың басын қосу, қазақты бірлікке, ынтымаққа шақыру болып табылады.

Атақты Майқы би:
Тұлпардан тұлпар туады
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады,... десе
Бұқар жырау:
Таудан аққан тасбұлақ,
Тасыса құяр теңізге..

Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге, — деді ғой.

Өткен шақ пен болашақты бөліп қарауға болмайды. Ұлтымыздың кешегі рухани тарихы бүгінгі тәуелсіздігімізбен астасып, жалғасып жатыр. Сондай-ақ, қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан хабардар болу үшін әpбіp адам өз ата-тек шежіресін, өз отбасының шағын тарихын білу керек. Өйткені қазіргі кейбір «жаңа қазақтар» бүгінгі рухсыздық науқасымен сырқаттанып жүр. Олар өз тарихын, ата-бабаларының ерлік істерін білгісі келмейді өз анасының тілін ұнатпайды, өз ұлтының бай өнерін танып, білмейді, басқалардікіне әуестенеді. Оларды «жарымжан», «жарты адамдар» демеске амалың өалмайды. Бұл дүние ғажап. Мәңгі ғұмыр жоқ. Болмыстың алдында хан болсын, қара болсын бірдей. Өмірге қанша адам келіп, қанша адам жөнеліп жатқанын ешкім білмейді. Өлі көп пе тірі көп пе? Айту қиын. Барлық жерде, барлық уақытта осылай. Бәлкім, жаратушының әмірімен мұндай есеп жүргізілетінде болар, өйткені өмірге ешкім екі рет келмейді, сондай-ақ екі рет өлмейді. Адам бұл өмірге қонақ, мәңгілік өмір алда екеніне ешкім таласпайды. Өлмесе ата-бабаң қайда кетті? Кімнің туып, кімнің о дүниелік болғанын қатесіз тіркеп отыратын құпия штап бар болар. Алайда адам дүниеге белгісіз, хабарсыз келіп, осы жолмен дүниеден озып жатпау керек. Материя өшпейді, бәрі өзгереді еш нәрсе ізсіз жоғалмайды. Жаратқан ие «адамға ғұмыр бердім, көретін жарық, тататын дем, таусылмас арман бердім, бірақ ниетін өзіне қалдырдым»,—депті. Христос айтыпты: «Адам өмірге күліп келіп, күңіреніп қайтады», Будда: «Адам шермен келіп, күйікпен кетеді», ал Мұхаммед: «Бұл жалған тозақ, о дүние жұмақ» депті. Адам өмірі аса күрделі құбылыс. Адам бұл өмірге қонақ, мәңгілік өмір — алда. Абай айтқан ғой:

Адамзат — бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгін өмір жарқылдап алдар біраз.
Ертең өзің, қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ.

Дүние үлкен ғалам болса, адам кіші ғалам болып табылады. Адамның мекен жайы — ғалам, үш—аспан, қонысы — жер. Адам тегі туралы ғылым - антропология осылай дейді. Адамнан халық, одан ұлт құралады. Ұлт —халықтың қай жағынан да жетілген түрі Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар: тілі, жері, саны, салт-дәстүрі. Бұлар — қымбат та қacтepлі құндылықтар. Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жepіңді жамандасаң — кебінсіз қаласың, тіліңді жамандасаң,— қадірсіз қаласың. Осы құндылықтарға сақ болайық. Адамға табиғат қанат бітіргенмен, арман берген, ол қанаттан да ұшқыр. Осы қасиет қазақтың қанында бар. Қазақ—арманшыл, әpі тәуекелшіл халық Бұл барша Шығыс халықтарына тән. Ертелі кеш мынадай пікір қалыптасқан: Батыс — кеңістік, ақылды, әрекетшіл. Ал Шығысқа тән — даналық, тереңдік, арманшылдық. Арманға, ақылға әрекет қосылса керемет болатынын болжау киын емес. Өркениеттің Шығыстан басталғаны да құпия болмай қалды. Айтылғандарға көз жеткізуге қазақ халқының өткен тарихына зер салсақ та болады. Әл-Фарабидің екінші Аристотель атануы тегін емес. Ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы талай тамаша табыстарды атар едік. Қазақтан шыққан тарихи тұлғаларды алыңыз. Бірде И.Сталин Тұрар Рұсқұловпен әңгімесінде - сенің арғы бабаң қыпшақ Бейбарыс Египеті биледі бір бабаң Бабыр Индияны биледі жалайырлар Иранды жүз жыл басқарды депті. деген бар. Бұған ұлы піріміз Қожа Ахмет Йассауида, Орта Азияны билеген Жалаңтөс баһадүрді қосыңыз. Ал, М.Шоқай мен Т.Рысқұлов «Түрік республикасын» құрамыз деп күш салғаны белгілі. Абай сүйенген үш арнаны еске салғанда артық болмас. Олар көшпенділер мәдениеті мен дәстүрі Шығыс мәдениеті (араб, иран, үнді және орыс) мәдениеті. Абай қазақ поэзиясының асқар асуы болса, М.Әуезов қазақ прозасының асқар асуы. Осы тұрғыдан «Әуезов — екінші Абай» дейміз. М.Әуезов Абай — менің тәңірім, Ақан (Ахмет Байтұрсынов) — менің пірім деген ғой. Т.Рысқұлов: Абай сияқты арысы бар елдің — ырысы бар депті. Қожа Ахмет Йассауи хикметтер жазса, Әл-Фараби трактаттар, Абай өлең мен қарасөздер жазғаны әлемге аян.

Баба рухы дем бергей Халқымызда игі дәстүрлер көп-ақ. Бәрі — тәрбие, бәрі өнеге. Соның бірі аруақтарға арнап ас беру, есімін еске алу. 2005 жылдың тамыз айының алтыншы жұлдызы күш әулие тұтып, сыйынып жүретін, еліне ұйытқы, жеріне қамқор болған Пұсырман Қожағұлұлын (1774 — 1864) ұрпақтары болып еске алады, құрмет көрсетті, зираттың басында туыстары ойға алған шаралар өтті. Осы жақсыдан қалған тұяқ жиналып бабаға арналып салынған белгінің ашылу pәсімі болды. Аруағы ардақталып, өнегелі өмір жолы, тарихи — әлеуметтік қызметі, ерлікке пар еңбектері еске алынды. Арал мен Қазалы аудандары шекаралығында, кең де жазық, дала төcінде «Пұсырман төбе» аталған, сол төңіректегі ең биік нұралық бар. Сол жерге алдымен Пұсырман атам бастап жерленген, айналасында балаларының, жақын туыстарының сүйеп жатыр. Мен осы жиынға дайындық үстінде «Пір тұтқаным — аруақ» деген тақырыппен шағын кітапша шығардым, ас үстінде тараттым. Онда қолға түскен материалдарға қарай «Пұсырман кім болған» деген сұраққа жауап берген сияқтымын және оның өзіме дейінгі тікелей ұрпағын таратып айттым. Қай тақырыпты да ортадан, қоғамнан, уақыттан тыс алып қарауға болмайды. Әcіpece тарихи оқиғаларды, жеке тұлғалар өмірнамасын нанымды деректерсіз баяндау мүмкін емес. Пұсырман Қожағұлұлы XVІІІ ғасырдың аяқ шенімен XІX ғасырдың бел ортасында өмір сүрген. Осы кезеңде қазақ, жерінде, қазақ басынан өткен ауыртпалықтар, өзгерістер ол кісінің де өмір жолымен байланысты болғандығы түсінікті. Бұл қазақ елінің саяси-әлеуметтік өміріндегі іргелі өзгерістер кезеңі. Кіші жүз, кейін Орта жүз Ресейдің қол астына енген болатын. 1822 жылғы «Cібіp қырғыздары туралы устав» бойынша билік — басқару жүйесінің іргесі шайқалған, хандық жүйе жойылып, аға-сұлтандық жүйе ендірілген еді. Бұл Ресей империясының отарлау саясатының бел алған шағы болатын. Отаршылдық саясатының қазақ ұлтының көшпелі тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен әдет-ғұрпына тигізген әcepі аса ауыр болды. Атамыздың жеке-дара басын алып Қарағанда Пұсырман бай, Пұсырман би атанды. Әулиелігі мен көріпкелдігі катар жүрген. Қыдырды үш рет көргендігі ел аузында. Ол кезінде «Бай, феодал, шонжар» болып танылған үстем тап өкілдерінің қатарына жатады. Ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Атамыздың діндарлығы, оқу-бітімге қамқорлығы, заманының зиялыларымен арақатынасы туралы деректер айтылмайды. Тумысының ірілігі, мінезінің бірбеткейлігі, тапқыр сөз бен терең ой иесі екендігі, ортасында ақылшы, төреші адам болғандығы еске алынып жүрді. Пұсырман атамыздың образын, бейнесін көркем тілмен сомдайтындай жазушы емеспін. Алайда бар қимылынан, айтқан сөздерінен кесек мінезді кісі, біp тума бітімді пенде екенін байқау қиын емес. Ел арасында Пұсырман «Бай болды, кісі еңбегін қанады» деген сөздер айтылып жүрді. Барымтаға барғаны, пара алғаны жөнінде дәлелді әңгіме естілмейді. Ал шаруашылығында адам ұстағаны, кедейлерге жұмыс тауып бергені шындық. Олай болмаса сонша малды (санын ешкім айтпайды) қалай ұстайды. Елді егіншілікке, отырықшылыққа бастағаны ол заманда прогрессшіл кадам. Ел аузындағы кейбір орынсыз әңгімені тоталитарлық тәртіптің тегеурінімен таптық дәуірдің көлеңкесі деп білемін. Бүгінгі тәуеліздік кезінде мұндай көзқарас түбірінен өзгерді. Жанқожа батырмен құрдас, көңілдес болғандығы бұрында жазылды. Сыр бойы, Арал теңізі, Қарақұм маңындағы қазақ жерлеріне басқыншылық саясат жүргізген Хиуа, Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейге қарсы Жанқожа батыр басқарған ұлт-азаттық күресті Пұсырман бай тікелей қолдады, демеді. Сонда ол кісі туған жерді қорғаған, бостандық пен еркіндік үшін күрескен қайраткер болып шықпай ма. Оған дәлел болатын айғақтар жеткілікті көрінеді. Атамыз Пұсырман бай Жанқожа сарбаздарына мініс аттарын дайындаған, жауынгерлерді азық-түлік пен қамтамасыз етіп тұрған, немесе майданға тыл болу міндетін атқарған. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кіші жүзден Жоламан, Жанқожа, Бұқарбай батырлардың қатысқаны тарихтан белгілі. Олар Кенесары ханның үзеңгілес жолдастары болды. Мен Жанқожа батырдың Кенесары ханның сенімді серіктерінің біpі болғандығын айтқалы отырмын. Көтеріліске шыққан Сырдария қазақтарының қолбасшысы Жанқожа батырдың абырой-беделін даңқы бөлек болды. Ол 1844 —1868 жылдары 14 жылға созылған Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халық қозғалысын басқарды. Кенесары ханның шақыруымен Созақ, Сауран қамалдарын шабуға болысты. Сырдария қазақтары Жанқожа батыр туының астында Қармақшы, Қазалы, Арал маңында, Қызылқұм ішінде талай шайқастарға катысты. Жанқожа сарбаздарын жергілікті халық қолдап керек – жарақтарымен қамтамасыз етіп отырды. Жаугершілікте жүрген Жанқожаға тірек, серік болғандардың біpі Пұсырман бай атамыз екен. Бұндай қолдау-көмек еліміз бен жеріміздің азаттығы мен тұтастығы, соның жарқын болашағы жолындағы ерлік күрес үшін қажет еді. Бір қызығы, тарихи әдебиеттерде ел қорғаған, оның азаттығы үшін күрестерге, майданға елдің, тылдың көмегі жеңіске жеткізбей ме. Қай заманда, қай жағдайда болмасын қазағымыз аттан, қазанымыз оттан түспеді емес пе. «Өліге деген құрмет тірілер үшін» деген. Бұл бүгінгі қазақтар үшін жасалып жатқан шара. Атақты батыр ардақталды. Кейбіреулер «той көбейіп кетті», «көбейіп кеткен бұл қандай батырлар» деп те жүр. Ұлттың туын көтерген жаужүрек жанның шығуы ұрпаққа үлгі, елге бақыт, қонған ырыс емес пе. Ел лебізді көпшілік түйіні — осы. Есте қалар есті іc болды. ... Қазақ көшіп-қонып мал ізінде жүрген, өркениеттен ауылын аулақ салып жүрді десіп келді. Дәлел — қазақ құрылыспен айналыспаған, тұрақты қонысы болмаған, қала салмаған. Шығыс тарихы бұл тұжырымды жоққа шығарғаны белгілі. Жердің үсті-асты қанша қала орнын ашты. Қазақта құрылыс ісінің қаншама дамығанын белгілі адамдарға салынған мазарлардан байқауға болады. Қабырғалардың берік қалануы таң қалдырады. Балшықты жылқы қылымен бие сүтін араластырып илегені байқалады. Бұл бабаның көнерген бейітінің қалдығынан көрініп тұр. Кезінде бейіт «Сарыой» (қасындағы қол) сазын қырық биенің сүтіне араластырып, оған қырық жылқының жал-құйрығын қосып, жылқы аяғымен айдатып мықты қам кесек жасап, биіктігін бес метр етіп ерген, ішкі қабырға мен төбесі өшпес бояумен өрнектелген.

Әлімнің — Кішкенесі Руы: Асанның Дәулетияры. Сыр өңірінің белгілі биі Пұсырман Қожағұлұлы 1774 — 1864. Ескерткіш қоюшылар ұрпақтары 2005 жыл деп жазылған. Ескерткіш белгі қашықтан көрінеді көз тартады. Ас алдында жиын өткізілді. Кейін «Қазалы айғағы» газетінде төмендеп хабар берілді.

Баба рухына бас иді Арал мен Қазалы аудандарының шекарасында орналасқан Пұсырман төбеде XVІІІ —XІX ғасырда өмір сүрген Қожағұлұлы Пұсырман бидің ұрпақтары бабаларының аруағына арнап ас берді. Асқа негізінен Арал мен Қазалы аудандарында тұратын тарихи тұлғаның ұрпақтары жиналды. Ас беру құрметіне арналған жиынды Арал аудандық мәслихатының хатшысы Әнес Әуезов ашты. Өзінің еңбекқорлығымен, ақылдылығымен мыңғыртып мал жинап, елді егін егуге үйретіп, отырықшылыққа тәрбиелеген, әділдігімен, шешендігімен заманына да би атанған Пұсырман Қожағұлұлының рухани болмысы туралы оның Алматы қаласында тұратын ұрпағы, ғылым кандидаты Дархан Айдаров айтып берді. Ас беру рәсімінде қазалылық шежіреші ақсақал Өмірзақ Ахметұлы, аралдық қарт журналист Шәкірт Дармағамбетов, Қызылжар ауылының тұрғыны Ахмет Ералиев, бидің ұрпақтары Аймағамбет Томаев пен Елшекен Қуанышбаев сөз сөйлеп, бабаларының қасиетін дәріптеп, оның өсиеттерінің ұрпаққа үлгі екенін тілге тиек етті. Кіші жүздің ұлы қолбасшысы Жанқожа батырмен тұстас өмір сүріп, ел бірлік үшін аянбай қызмет еткен Пұсырман биге ұрпақтары ескерткіш белгі орнатып, құран қатым жасады. Жиынға қатысушылар бабасын еске алған азаматтарға ризашылық білдіріп, тарихи орны бар тұлғаны мәңгі есте қалдыру үшін Арал, Қазалы аудандарынан көше немесе елді мекеннің атын беру туралы ұсыныс білдірді. Бір қызығы сол күндері күн райы да өзгеріп, асқа келген үлкен кіші көп қиындық көре қоған жоқ. Күндегі аса ыстық леп саябырлап, жайлы жел тұрып, көшкен бұлттан жаңбыр исі сезілді. Табиғаттың осы мінезі де тегін болмаса керекті. Қазақ тарихында ежелден келе жатқан әулиеге сыйыну, оған түнеу, тілек тілеу, рухына бас ию дәстүрі бар. Олар заманында елге еңбегі сіңген, қасиеттері мен айтқан сөздері есте сақталған қадірлі жандар. Ұрпақтары оларды пір тұтады, көшпелілерге үлгі ұстайды. Оның үстіне мен жетпістің кеденінен өтіп кеткен адаммын. Жетпіс — жиырма бес емес. Түрлі сырқаттардың сабағы бар, білдірмеген боласын, алайда жүріс-тұрыс бұрынғыдай болама. Бір қызығы, сол жылғы шілде айындағы қырық-елу градус шамасындағы ыстықта Алматыдан шығып, бір жетіден аса жол жүріп оралғанда түк сезбегендей, жол қиыншылығын көрмегендей тың жүрдім. Бұл қуат-қайратты тегін берілмеді деп ойлаймын. Осы сапарда адам өмірі адаммен деген халықтық қағиданың өміршеңдігіне көзім тағы бір жеткендей болды. Тағы да өмірдің ең қиыны — Адам тану екенін, өмірге қалай қарау екенін байқадым. Бұрын сырттай білетін үлкен-кіші ағайынды жақыннан көpдім, араласып, дәмдес болдым, кімнің кім екенін танып қайтқандаймын. Mені сырттай білетін замандастарым, әcіpece жастар (маған бала, немередей келетін) іздеп келіп амандасып, өздерін таныстырып, көргендеріне ризалығын білдіріп жатқанда қалай толқымассың. Толғаныста, тебіреністе болды. Ас берілді аруақ риза болғай. Әңгіме бұл шараның тағылымында, алар сабағында. Ең бастысы, тегімізді тануға, жеті атаны біліп өсуге көмектеседі. Қазақ адам болмысын тегіне, негізіне қарап ажыратады. Әл-Фараби «Ата-баба ғұмыры ұрпағымен жалғасады, өлмес өмір деген осы»,—депті. Я, адам мың, жасайды. Адамның ұлы жеңісі— ұрпағы, қалғаны аты, даңқы. Адам бұл өмірге қонақ, мәңгілік өмір - алда. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде— менің үмбеттерім шыққан тегі, нәсілін біліп, мақтаныш ету керек делінген. Осыған орай қазақта: «түбін білмеген түкті білмейді» деген нақыл сез бар. Пұсырман атамды бақ қонған адам деседі. Бақ жайлы атам қазақта түрлі пікір бар. Бекер адамға бақ қонбайды. Бақ қонған кісі — әулие, көріпкел келеді. Киелі адамға ғана бақ қонады. Мен басына бақ қонған, киелі адам деп қарадан шыққан Бекмырза ханды, оның екі иығында аңдағанға шырақ жанып тұрғанын, ал, Құтпамбет атамның көзге көріне бермейтін «кербақ» мақұлықты атып түсіргенін (ол көрінген қазақтың көзіне түсе бермейді) айтқан болатынмын. Бабалардың әруағынан айналып тәу еткен имандылығымызды арттырары сөзсіз. Пұсырман туралы, оның бай, би болуы, әулиелік жайлы әңгіме, аңыз аз емес. Ел ішінде білікті сұңғыла адамдар болатын. Олар жасырмай да, асырмай да, өзіне қарай бұрмайда сөйлеп отыратын. Бала кезімді талай тыңдадым. Көзінде ол деректерді елеп, екшеп сұрыптап отыра алмадың. Қазір қарттардың көзі жоқ. Мұражайларда кездеспейді. Халық жадында сақталып қалғаннан басқа жәдігер қалмаған. Қажет материалсыз ecтігeнді жаза беру бір жақты, әpі нанымсыз болуы cөзсіз. Тарихи деректер тапшы болса да қолда бар деректерім бойынша «пір тұтқаным аруақ» (Алматы, 2005) атты кітабыма жаздым.

Жамбыл ақсақал Райымбек батыр рухына тағзым етіп тұрып:
Аруағынан айналдым, Райымбек,
Келгем жоқ қасиетіңді сынайын деп,
Бас иіп тағзым еттім, бір өзіңе

Тірлікті сыйынатын құдайым деп, — деген екен. Ел әр кезде ер туғызған. Сондай тұлғалардың бірі Пұсырман атамызды біз де пір тұтамыз, тағзым етеміз. Бұл — тарих алдындағы, аруақты бабалар алдындағы перзенттік парыз. Аруаққа құрмет — ұрпаққа міндет. Аруақты жерге бата қонады. Пұсырман үш рет қыдыр көріпті деген әңгіме ел аузында қалған. Осы жайлы естігендерімді баяндап көрейін. Атамыздың назары неге ауса сол орындала беріпті. Қыдырды алғаш 18 — 20 жас шамасында көреді. Жақындап келгенде өрт сөнеді. Өрт арасынан қарт кісі шығып, бір түйір тарыны алақанына салады. Елді егіншілікке баста дегендей белгі береді. Тарыны шүберекке түйіп, сақтап көктемде егеді. Арық қазу егістікті игеру кадамы осыдан басталса керек. «Пұсырман арығы» бүгінде елге қызмет істейді. Егілген тарыдан алғашқы жылы 2,5 қадақ дән алады. Келесі жылы тұқымды сеуіп 45 пұттай тары алады. Жылдан жылға егіс көлемі көбейіп, мол өнім жиналып жүреді. Қыдырды екінші рет көру мынандай оқиғамен байланыстырылады. Келесі бір жылы егін жақсы бітеді. Қырманға астық түседі. Жергілікті материалдан астық құятын қойма жасайды. Қырмандағы астықты тасып тауыса алмайды, өйткені қырмандағы дәннің күреп-жинап, қаптап тасып үлгермей астық тасып ене береді. Ел тоқшылыққа кенеледі береке көреді. Ел мұны да қыдыр көрінгендігіне жориды. Атаның қыдырды үшінші көруін білетін, есіткенін жадында ұстаған адам кездеспей жүр, білетін адамдардың бүгін көзі жоқ.

С. Ақатай, С. Әден
Билер институты — халық билігі мәдениетінің үлгісі

Қазақ халқының мәдени және тарихи жетістіктерінің ең көрнектісі— Билер институты. Ол туралы еміс-еміс ертеден айтылып келе жатыр, біpaқ соңғы жылдардағы тиянақты, терең ғылыми зерттеулерге қарамастан, оған әлі де селқостық білдіруде. Билер институты — дала демократиясының бастауы. Оған жетудің жолы — соңғы шешімді шығару құқын халық өкілдеріне қайыру, яғни, оларға сот жүйесін басқаруды жүктеу. Отырықшы елдерде туыстық байланыс үзілгеннен кейін ұжымдық қатынас әлсіреп, халық өкілдерінің тірегі азаяды, әкімшілік жүйе күшейеді. Бүгінде сот судьяларын Президент тағайындайды. Ал соттардың жалақысын тағайындау, оны беруді үкімет, яғни атқарушы орган орындап отырса, материалдық-техникалық, әлеуметтік тұрмыстық жағдайлар да соған қатысты болса, тәуелсіз сот тармағы болуы мүмкін бе? Ресейдің соңына ілесіп, присяжный сот (ант берушілердің соты) құрамыз деп тыраштану, оның кеңестік заседательдік соттан артықшылдығы бола ма деген сұрақ туғызады. «Соңғы шешім иесі — Сотты халық өкілдері басқару керек» — бұл — Билер институтының негізгі қағидасы. Ал оны басқару жолдарын талқылап-қабылдау елдің, саяси ұйымдардың міндеті. Біз тек өз ойымызды ұсынамыз. Біріншіден, плюрализм саясатын сөйлеу саласынан саяси құрылымды түзеуге көшуді жалғастырып, әр дәрежедегі депутат сайлауын көппартиялық сайлау комиссиясы арқылы іске асыру керек. Екіншіден, сайланған депутаттарға өз округіндегі соттарды тағайындау тапсырылуы қажет. Бұл оның тәжірибе жүзінде өкіл сотты таңдап, оның да, өзінің де өнегелік жолдан таймауының кепілі болды, келесі сайлауға жету-жетпеуінің өлшемі рөлін атқарады, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етеді. Сот сайлауын Кеңес кезіндегідей және дербес, қосымша өткізу елді шатастырып, формальдікке итермелейді. Және ең бастысы, депутат жауапкершіліктің төменгі деңгейінде қызмет етуін жалғастыра береді. Үшіншіден, окруттік, аудандық сот барлық негізгі істерді өзі жүргізіп, атқарушы жергілікті орган қызметкерлеріне де үкім шығара алады, яғни, нағыз тәуелсіз сот ретінде халықтың мүддесін қорғауға ынталы болып, өзіндік белсенділігі өседі. Төртіншіден, жергілікті жердің ерекшелігін , сот халық сыйлайтын дана тұлғалармен тығыз байланысқа түсіп, көп істерді келісім жолымен, айып төлеу дәстүрімен шешеді ол ұжымдық жауаптылықты тірілтіп, қылмыс санын күрт төмендетеді. Бұл билер институтының берер жақсылығының тек бергі көрінетін бөлік ғана, қоғам оны қабылдап іске қосқан жағдайда оның тарихта ұмыт қалған талай ескі және мүлдем жаңа жақтарын байқайтын боламыз. Билер институтын қолдануға экономиканы, жұмыссыздықты сылтау ететіндерге айтарымыз: жұмыссыздықты бүгінгі күнде-ақ, зейнеткерлік жасты бұрынғы шамаға келтіріп-ақ тоқтатуға болады. Ол үшін меншік нысандарына қарамай барлық салада жұмыс күнін қысқартып, жалақының минимумын кемітпей, нақтылап белгілеу қажет. Бұған шыдамайтын жеке меншік өндіріс, орындары шаруашылығының тиімсіздігінен жабылуы орынды нәрсе. Екіншіден, қазіргі еңбек етуші өткен ғасырдағы ондаған есе көп адамдардың жұмысын жалғыз атқара алмайтынын ескеріп, жұмыссыздыққа ілінгендерге де өмір сүру минимумын тегін берген жөн. Бұл, әcіpece, әртүрлі шығармашылықпен айналысушыларға тиімді оларға өзінің ең жоқ дегенде бір туындысын өмірге енгізу, жалақы үшін өмір бойы ұнамсыз бір іспен айналысқаннан әлдеқайда артық. Арманымыз әркімді бақытты ету болса, бұл тіптен адамдардың да мүддесімен санасқанымыз жөн, яғни гуманистік экономиканы қолға алуымыз дұрыс. Қазіргі кезде қатты таң қалатын жай ол — техника ерекше дамып еңбек өнімдері жүздеген есе өскен заманда қайыршылардың көбеюі. Осы фактінің өзі-ақ қоғамдағы қиғаштықты көрсетпей ме? «Еңбек өнімі — еңбекшінікі» принципін енгізіп, олигархияны тежеп, көпшілікті байытуға жол ашсақ, Маркстің «Қоғамның ең негізгі капиталы— бос уақыт, ceбебі ол адамның басты сұранысының бірі шығармашылықты жетілдіреді» дегенін ескеріп, экономиканы адамға бұрсақ, нағыз еркін, тең, бауырмал қоғамға жетпейміз бе? Монархияның жалғасы «топтық демократия» шығармашылықты да монополистік мүддеге бағындырып, тек аса қуатты энергия көздерін, техникалар жасаумен шектеп отырады. Бұл бүгін табиғат қорларын құртуға соқтырды. Сондықтан тарихтың өзі де кіші техника, қалдықсыз өндіріс, альтернатива энергия көздерін іздестірумен мейлінше көп адамның айналысуын, бұқаралық шығармашылыққа барынша жағдай жасауды қажет етіп отыр. Соның бір жолы: әр ауданда, үлкен ауылдарда шығармашылық орталықтарын ашып, оның қызметін төмен ақымен баршаға бірдей ұсыну. Ал мал шаруашылығын техникамен жабдықтау, ауылды қайта тұрғызып, жұмыссыздығын құрту, еркіндік-теңдіктің тарихи әлеуметтік-экономикалық базасын жетілдіру, қазақтың ұлттық бейнесін бекітуімен қатар, табиғи экологиялық таза өнімді сақтауға әкелетіні аян. Қорыта келе айтарымыз, мәдениеттің негізгі өлшемі —адам және оның өзіндік қасиеттерінің дамуы. Осылардың бастылары: сана, биологиялық инстинктпен асып ұжымдағы теңдік пен еркіндікті жетілдіру. Сана үзілссіз дами береді ал теңдік пен еркіндік белгілі бір топ мүддесімен тарихи шектеліп отырылады. Өркениеттің нақты бір идеялар жүйесіндегі мәдениеттің жетілген түpі ретінде күйреп отыруы да — шектелген теңдік пен еркіндікті дер кезінде түзеп, жаңаша бағыттай алмауында. Бұл отырықшы және бірбеткей рационалдыққа жүгінген елдерге тән құбылыс. Көшпелілер көп мәдени мұраларын материалдық құндылық түрінде сақтай алмаса да, адамның негізгі даму бағытын еш ұмытпайды, ал көп өркениетпен қоян-қолтық араласып өскен қазақ елі ғылыми жетістіктерден құр қалмай, Билер институты арқылы қоғамды басқару мәдениетінің шыңына жетті. Оны тарихи ер түрлі бұрмалаулардан тазартып, үлгі тұтып, заман жетістіктерін ескеріп, толықтырып, бүгінгі өркениеттерге толық қолдануға болады. Ол Қазақстанда және бірінші кезекте барлық адамзаттың прогреске ұмтылған арлы, зиялы қауым мүшелерінің белсенді қолдауымен, өзінің өмірге келуін бүгіннің өзінде қайта бастап кете алады. Тек талай жақсылықты жөргегінде құратын қызғаныштан аулақ қылсын, Алла.

М. Ақдәулетұлы
Жаныс Сығайұлы4
Намыс буған ұл
Оның есімі — Жаныс. Жаныс Сығайұлы.

Біздің ауылдың әйелі түгілі, еркегі де оның атын бақырайтып атай бермейді. Сардар дейді. Ата дейді. Тархан дейтіндер де бар... Әулие дейді. Әулие екеніне ешкімнің шүбәсі болмайтын. Kүні кешеге дейін (бәлкім, бүгіндері де) ауырып-сырқаған, перзент тілеген, болмаса әлденеге зарыққан аяқ жетер жердегі жұрттың, бәрі басына түнеп, құрбандық шалып, зират етіп жататын. Біздің ауылдың адамдары ақиқатқа жығыларда Жаныс әулиенің есіміне жүгінетін. Оның есімі ант сияқты еді. Содан болар. біздің ауылдың балалары, мына біз, сөзіміздщ шындығын дәлелдерде, «оллаһи-биллаһиді» де, «құдай атсын, құм жұтсынды» да пайдаланбайтынбыз. «Қызыл там атсын, өтірік болса!» дейтінбіз. Мұны арзан мен жалғанға пайдалануға ешқайсымыздың дәтіміз бармас еді. Ceбeбі атамыз жатқан аруақты Қызыл тамнан Ұлық ештеме жоқ еді біз үшін. Ceбeбі Жаныстың әулиелігі мен әділдігі біздің ауылдың рухани туы еді. Күні кешеге дейін Ырғыздан ұзап шыққанда жөн сұраған көнекөз қарттардың бepі «Жаныс ауылынанбыз» десең, өз ауылының әңгімесін — Жаныс би туралы әңгімелерді өзіңе айтып, таңданып, тамсанып қалатын. Біздің ауылдың жұрты қиналса, Жаныстан жәрдем сұрайтын. Ол сол төңіректің пірі де еді. Әлі де солай. Ертеректе, ел енді-енді «толық кәмөнис» болып келе жатқанда, демек, қазақы рух пен әдеп, діл мен қалып (қалб — араб тілінде жүрек дегенді білдіретінін еске алыңыз) елі де ауа кешпей тұрғанда Жаныс атам туралы әңгіме көп еді. Беріде ұмытыла бастады: «үлкен шалдар» үнсіз жөнеліп кетті, бергі «кімнің құда-жекжаты мықты» мен «кімнің малы көптің» айналасындағы бәкене әңгімеден ұзамады, одан бергілері «өкіртіп ішкенін» көбірек айтатын болды (Жаныс ауылындағы әңгімеден хабардар аз ғана ағаларым да сүрі жолға түскеніне бірер жыл өтті). Сонымен Жаныс кім? Оны бізге әлсірей жеткен аз ғана әңгімелер ғана қадари-хал баяндай алады.

Әуелі соны көрелік.

Екіншісі: «...Әлқиса, мұны Кілемжайған мен Төретүскеннің жеріне әйгілі Кенесары — Наурызбай көп қосынымен келіп түсіп, ордасын орнатып жатқанына бірер ай өтсе керек. Бұрынғы қазақтың салты бойынша хан тұқымына сәлем беру, сый-сияпат жасау — қараның бәріне парыз. Қарабұтақтан Ырғызға дейінгі аралықты жайлап отырған қалың Төртқараның — Әйтекеден Байғабылға дейінгі билік айтумен атағы алысқа кеткен тайпаның «төрт нақыбы» — Шөже, Сапақ, Бәймен, Құлдықтарда мұндай салттан тыс қалуы мүмкін емес-ті. Бәймен жасы үлкен абыз ағасы, аузымен құс тістеген Шөжеге арнайы келіп, осы ойын айтады. Дүние қууды басып төмендету деп санап еткен Шөже өте әділ Һәм сыпа кісі екен, ыңғай бермей қойған соң Бәймен: «Сапақ пен Құлдың барып келді аға. Енді кідіргеніміз ұят болар. Барайық, сый-сияпаттың салмағын өзім-ақ көтерейін», — депті. Шөже би бұған шамданып қалады да: «Мен малымның барлығымен емес, Алланың жарлығымен Шөже болғанмын. Малсызбын деп кемсінгенімді көрдің бе, елді ойламай ересігенімді көрдің бе?! Барайық, бірақ соқыр тайлақ та жетелеп бармаймыз. «Біз барамыз» деп төтелеп барамыз. Соған көнсең, жүр!»,—дейді Амалы таусылған Бәймен мен Шөженің тәрбиесінде өскен Жаныс би үлкен биге еріп Кілемжайғанға бет түзейді Хан ордасына жақындағанда Шөже екі інісіне «әркімге ұқсап көрмеге кірмеңдер, атымызды орданың белдеуіне байлаймыз», — деп ескертеді. Сол сөзіне сайып, бұлар ат қалдырар тұсқа тоқтамай, ат басып ордаға тіреледі. Үшеyі тормен сәлемдесіп, «Ассалаумағалейкум!» деп кіріп келсе, орданың оң жақ қапталығында ағаш төсектің үстінде Кенесары жүзіп керегеге бepіп, тepіc қарап жатыр екен —сәлемдерін алмайды. Шөженің ұсынған қолын сол теріс қараған күйі әрең, ұстайды. Бұлар үнсіз төрге жайғасады. Сүт пісіріміндей уақыт өтеді — хан үнсіз жата береді. Сол тұста арқалы ер Жаныстың қамшысын беріп, тістене бастағанын аңғарған Шөже: «Жанысжан, сабыр ет»,— деп сыбырлап алып, өзінің белгілі сөзін бастайды:

«Е-е, балаларым-ай!
Ер азды,
Ел тозды,
Тұнық, лай болды,

Қотыр ит қумай болды,
Хан кесір болды,
Қақаған құдай болды,
Ханымыз қайқы болды,

Маңдайымыз тайқы болды,
Айдағанымыз бес болды,
Айдағанымыз он болғанда,
Ісіміз де он болар еді.

Кекіp ордадан кетейік,
Киелі қара қосқа жетейік!»

Осыны айтып, шалғайын сілкіп тастаған Шөже орнынан тұра бергенде, Кенесары хан да орнынан атып тұрып: «Атыңызға қанық едім, затыңызды да таныдым. Пендешілікпен тарынып жатқаным рас еді, кешіріңіз Шөже би. Айыбым бар алдында. Қадірлі қонағым боласыңдар. Жүрегі жаудан да, даудан да қайтып көрмеген Әйтеке бидің өнегесінен ауытқымаған екенсіңдер»,—деп, үш құн еру қылып, ерекше сыйлапты. Аттанарда алдарына бір үйіp жылқы салып, иықтарына қамқа тон жауыпты. (1888 жылы туған атамыз Сатыбалды Сәндібекұлы: «Кенесарыдан келген шұбар айғырдың үйірі бүгінге дейін жетті»,—деп отыратын.—Авт). Әлқиса, билер тобы ауылға жақындай бергенде Жаныстан: «Сен неге шамырқандың? Шөкең тоқтатпағанда не істемекші едің?» — деп сұрайды Боймен би. «Неге шамырқанбайын?! Атасы қан шеңгелдеп туған немені қамшының, астына алайын деп едім», — депті Жаныс. Боймен мен Жаныстың араздығы да дәл осы тұста басталған. Шөже: «Балалар мына малға ие болыңдар. Жаттан бұйырғанға жаным жылымаушы еді мал жисам деген мұратым болмап еді», — дегенде, бір үйір жылқыны Бәймен иемденбек ниетте болады да, ерегісіп келе жатқан Жаныс оны қайтарып тастайды, үйірді өз ауылына қарай қайырады. Аузы дуалы би Бәймен өте бай, өзімшіл, тәкәппар кісі екен — өле-өлгенше Жаныспен өштесіп өтіпті». Екінші: «...Жаныс би пайғамбар жасына жетіп, баласы Тағыберген болыстыққа сайланғаннан кейін Жаныс ауылының қозыкөш жердегі Ащықұдықтан қыстау салдырып, құран аударып, дүнияуи істерден алшақтап отырады екен. Бірде түн ортасында оянған би кемпірін оятып: «түйені қомда, ауылға жүреміз»,— дейді. Сыралғы кемпірі айтқанын eкі етпейді, би түйеге мініп, кемпіріне жетелетіп, өзен бойында отырған баласы Тағыберген болыстың ауылына келеді. Беймезгіл келіп, хабарлас қылмаған әкесінің қылығынан сескенген Тағыберген болыс әйеліне: «Сен шықшы», — дейді. Би келіні ерекше құрметтейді екен. Киіз есігін түріп, тысқа шыға берген келінін көрген би: «Әттеген-ай, балам-ай, бекер шықтың ғой! Өзі шықсын», — депті. Тағыбергеннің амалы таусылады. Сыртқа шыққан болыс ұлына түйенің үстінде тұрып кәрленген би: «Әй, сары ит! Ұзын өмірімде бүлініп көрмеген қазынама шоқаның басын салдың ғой, оңбассың! Ұзын өмірімде мен тайқымаған әділдіктен сен ауа көштің ғой, оңбассың!, — дегенде өз дәуірінде мерейі үстем, беделі биік боп еткен Тағыберген болыс: «Құритын болдым ғой! Пендешілікке барғаным рас еді», — деп отыра кетіпті деседі. Сөйтсе, сол күні кешкілік шектінің бір кісісінен параға бір ат алған екен...» Үшіншісі: «...Жаныс Бәйменнің малжандылығын, мақтаншақтығын ұнатпайды екен. Бір жылы Бәймен Петербор барып, патшадан медаль алып оралады. Содан кейін отырған жерінің бәрінде «Біз ақ патшаға барғанда ... Біз патшадан медаль алғанда... Біз ақ патшаны кергенде» деп жиі желігіне көрінеді. Сондай мәжілістердің бірінде патшашыл Бәймен: «... Ақ патша едің ғой! Барлық халыққа бірдей үш сом салық салыпты. Мұнан өткен әділдік бар ма!» — десе керек. Сонда Жаныс би күліп: «Әй, Бәймен, ақ патша сенің айнымас дұғаң болды-ау! Петерборға бекер-ақ барғансың, барған соң бекер-ақ қайтқансын. «Әділ, әділ» деп қоймайсың, мекіренген қойдайсың, сүйекке біткен желігіп, желіге берсең, оңбайсың. Жылқысы алапқа сыймайтын Жолайға да үш сом, он бес мың қойы қораға сыймайтын Орманға да үш сом, қоралы сиырың қонаға симайтын саған да үш сом, жалғыз атты Қайрақбайға да үш сом, жалғыз түйелі Тайлақбайға да үш сом — осы ма еді патшаң? Сол патшаңның қызын!..» — депті. Бәймен дереу арызданады, көп ұзамай Орал бекінісінің (Қазіргі Бірғыз) стражниктер келіп Жапысты айдап әкетеді. Орынборға айдалған Жанысты стражниктер түнге қарай төрт ере киізге орап, киіздің айлық өздері жататын көрінеді. Айтулы, аруақты ерін, әділ биін орысқа пенде еткісі келмеген ел адамдары да түнде жасырын келіп, киіздің тұйық шетін тілді, Жанысты құтқарып алады. Бірақ Жаныс Ырғыздағы түрмеге қайта түседі. Мұны естіген кәpі би Шөже Арыстан правительге (аға султан) барады. Сұлтанның өзі тапсырып қойса керек, стражниктер Шөжені Арыстанның үйіне жолатпайды. Би өлкілдерінің біріне қолқа салса, ол: «Сені жіберсем сұлтан мені құртады ғой», — деп, көнбейтін көрінеді. Шөже: «Ендеше, мен үйге қарай жүрейін — сен ұстамақ бол, қолым босағаға ілікен бойда мені кері тарта бер», — деп әлгіні көндіреді. Шөже жүгіріп, сақшы қуған болып, қолы сұлтанның босағасына ілінген сәтте би:

Құс ішінде жағал бар,
Төрем, саған сауал бар,
Аңдытып қойған төбетің,
Алқымнан алса, не амал бар», —

деп айқайлапты. Сұлтан қысылып, «Шөже би келген екен ғой!»—дейді. Шөже сонда:

«Бәйменнің бар ойлағаны—табысы еді
Жаныстың ар ойлағаны —намыс еді
Қапасқа қамап ұстап отырғаның...

Кісіден сирек туатын, қара қылды қақ жарған Жаныс еді Төре, әділдігіңе жығыл: табыс қуған құл құнды ма, намыс буған ұл құнды ма?! Жанысым кеткенше, намысым кетсін, ұр мені маңдайымнан!»,—депті. Сөзге тоқтаған сұлтан Жаныстың айыбына 500 қой кесіпті. Жанысты жанындай көретін қалың ел 1000 қой жиып беріпті. Жазадан құтылған Жаныс Бәйменмен таңы бір жиында кездесіп қалғанда: «Әй, Бәймен! Дүйім елді аузыңа қаратып, өзімнен кісі озбасын деп, өңменің үзердей бон жүріп жасаған бір ақымақтығың болды бұл. Неғып мол ақылың азға жетпеді — сен тулан тұтатындай, патшаның әлдебір солдаттан туған дарақы қызының күнтимесі сенің адал аузың емес еді ғой! Тағы да патшаның қызын!.. Жазамысың — тағы 500 қой дайын!» — деген екен. Төртіншісі: «Бірде айтулы бай Жансүгір мен Бәймен би малға ете жайлы, шұрайлы жер — Қопға таласады. Дау өршіп, Орынбордағы генерал-губернатор кеңсесіне дейін жетеді Генерал-губернатор бұл дауды шешуді аға сұлтан Арыстан Жантөреұлына тапсырады. Сұлтан қатты қиналады. Eкі мықтының бір жағына болса, ел іші бүлінеді деген қауіппен, екеуін де шақыртып: «Бітісіңдер»,—дейді. Екеуі бітімге көнбейді. Сұлтан сонда: «Бірің оң, бірің сол қолым сияқтысыңдар. Мен өз қолымды қалай кесем? Мені аясаңдар, осы елде кімнің әділдігіне тоқтайсыңдар, соны айтыңдар». Eкеуі де бірден: «Бұл елде Жаныстан әділ жан жоқ — сол айтса, кесіміне кенеміз?»,—дейді. Сұлтан Жанысты шақыртып, істің мән-жайын түсіндіреді де «Eкеуі де сенің әділдігіңе сеніп отыр. Қайсынікі жөн?» —деп сұрайды. Жаныс би еш бөгелместен: «Әй, сұлтан, мұны анықтаудың нендей қиындығы бар? Ойлашы өзің: Бәймен — сенің оң тізеңді басып отырған би, Жансүгір малын малдаған шаруа. Бәймен — қасқыр да, Жансүгір — қой. Қой қасқырды жей ме, қасқыр қойды жей ме?!»—депті. Сөздің cepті ауыр — екеyі осы билікке тоқтап, Қопа Жансүгірге бұйырады. Сол уақиғадан соң өкпелі болған Бәймен:

Мал жимаған екенмін,
Мал жисам да, нар жимаған екенмін.
Нар жисам да, ақ жимаған екенмін,
Хан табылар,

Сендей ханға біздей қарашы табыла бермес, —
деп, Арыстанға өкпелеп, Қазалы жаққа көшіпті. Зираты сол жақта.

Беріректе тоқсанның үстіне шыққан Жаныс биден әлдебір би: «Аға, тобыңнан жаңылмай тоқсанның сеңгіріне шықтың, сенен өткен аруақты ер, әділ би болмады. Армансыз кісі сіз шығарсыз?» — деп сұраса керек. Сонда карт абыз: «Е, шырағым, алла тағала алысқа жүзер жас берді ауызға татыр ас берді, пендем ғой деп перзент берді алар демің кең деп берді, көктегіні алып берді, көңіл жықпас халық берді, жарымды құшағыма, жауымды пышағыма салып берді елде ұры-қары тыйылды, елге бақ-дәулет бұйырды, өтірік өрлемеді қиянат қияламады, озбырлық ұяламады, араздық елден көшіп, тексіздік төлден көшті, шындық шыңға шықты, астарсыз шапан әдіптелді, айтқаным болды, атқаным тиді, сөзім жерде қалмады. Өмірде бір-ақ рет әділдіктен тайдым. Озбырлық орға жығатын болғасын, асқанды сабасына түсіру де сауап деп ойлап едім. Анығында, Қопа Бәймендікі еді. Соның әділін Алла білер», — депті. Ел айтса, Жансүгір сұлтанға тоғыз ақ нарды параға беріпті. Бәйменнің «нар жимаған екенмін» дейтіні содан өкпелеп көшкен Бәйменге Сапақ би жолығып:

Ей, Бәймен!
Көштің бе Сырға қарай сиырыңмен,
Шақты ма сардар Жаныс бүйіріңнен.
Қарада қасқыр соққан қара айғырды,

Шығыпты-ау құнан қуып үйірінен, —
депті дейтін тәмсіл де бар.

Жаныс жайлы әңгіме көп еді. Соны түгел ұстап қаларлық құйма құлақ болмады. Дегенмен осы аз ғана баянның өзі Жаныстың қандай дана, әділ, парасатты, турашыл һәм әділдік үшін жанын беруге бар аруақты ер болғанын айқын көрсете алады.

Намысты ұлдан нағыз әулиеге дейін Ол кім еді? Нендей іc бітіріп, халыққа несімен қадірлі болды? Қандай ұяның түлегі еді? Енді соған келейік. Жаныс Сығайұлы — Төртқараның (Оразгелді Ораз, Жаншукір, Қараш) бір тармағы құламаның әйгілі аталарының бірі, тұсында ту ұстаған, аты аңызға айналған, қасиетті Түркістандағы исі қазақтың игі жақсыларының зиратында мәңгілік тыныштық тапқан Елшібек сардардың ұрпағы. Аңызға айналған қазақы ақиқат айтады: Көшімбектің сұлу да ақылды келіншегі Анар даланы қатар жайлап отырған қазақ-қалмақтың жиі бола беретін шапқыншылығының бірінде қалмаққа олжа болып кетеді. Көздеген батыры Мат (Ә.Кекілбаев «Үркерде» көркемдеп келтірген осы Мат—Мәті) жаудан жеңгесін қайтармақ болса, ел ішінен қостаушы табыла қоймапты. «Бірде біз әкетеміз, бірде қалмақ қармап кетеді — қатын кегі деп қан төгемісің?» — деуші керауыздар да табылады. Мат: «Қатын кеткен жоқ, азаматқа бергісіз Анар кетті, Анар кеткен жоқ — ағамның қанынан жаралған балаң кетті, Балаң кеткен жоқ, соңыма ерер қарам кетті», — деп жалғыз аттанып, ауылдан аяғы ауыр күйінде кеткен жеңгесін алып кайтады. Сол жылы туған бала Елшібек атанады да, Анардың одан соңғы балалары Анар аталығы болып кетеді. Сол сардар Елшібектен Өтеп, Болат, Манат, Мұрат тараса, Болаттан Алтай, Атығай туады. Алтай сардар өз тұсында Қазіргі Ырғыз бен Арал арасын жайлап, қыста Қуандарияға дейін барып қыстаса керек. «Қашаннан Әлім-Шөмен біp туысқан. бір жүріп, бірге көшіп, бір қонысқан, Жаз жайлап Қарақұмға, Арқа барып, Қыстауда Қуан жақта жолығысқан» делінетін халық жыры соны меңзиді. Қарақұмның Ақсақал Тәуіпке ұласатын тұсы — Болаттың екі ұлы Алтай мен Атығайдың ата қонысы. Сол тұста Алтай арығы, Атығай көлі, тіпті Атығай тамы да тұр. Алтай сардарға аузы дуалы бір ақсақал бата беріп, ұрпағының, болашағының нендей болмаған болжаған деседі. «От болады тоғайың, Би болады Сығайың, Мал-жаныңды көбейтер Сағырың мен Бұғайың, Жанұзақ пен Ұзағың—тентекке құрған тұзағың». Сол бата қабыл болып, көріпкелдің айтқаны айнымай келген дейді жұрт бергі тарихты сараптағанда. Сығай биден Жаныс (бәйбішеден), Арыстан Батыр (тоқалдан) туады. Елде «Сығайдың сықағынан сақта» деген сөз күні бүгінге дейін сақталған. Әйгілі сатирик жазушы Үмбетбай Уайдин — Сығай ұрпағынан. Сол ұрпақтың әрқайсысын дербес әңгіме етуге боларлық өкілдері— марқұм Сатыбалды, Жайылхан, Әбдікерей, Әбдіқайдар, қазіргі Алғазылар әзіл-қалжыңға, қағытпа сөз бен тапқыр өлеңге шебер кісілер. Анығы — Жаныстың дәстүрлі билердей қызыл тілге жүйріктігі, дала заңдарын—дәстүрлі билікті жете меңгергені өз алдында, «тура биде туған жоқ» дегенді бүкіл саналы өмірімен дәлелдеп өткен мейлінше шыншыл, турашыл би, қай кезде де озбырлық пен әділетсіздікке қарсы күресе білген қайсар ер, тұлғалық болмысымен қалың елді соңынан ерте алатын көсем, ар-намысты ту еткен азамат болғандығы. Сол қасиеттері үшін оны халық, өзі айтқандай, төбесіне көтереді, көзі тірісінде шексіз қадірлеп арқа тұтты, өнеге етті, дүниеден озған соң әулиесіне, жебеуші піріне айналдырды. Би туралы деректердің қағазға түскенін қолда бары — бірер ғана құжат. Бұл әйгілі бидің ұзақ өмірі, ел ішінде атқарған есепсіз қызметі қағазға түспегендігінен емес, соны іздеуші-зерттеушінің болмағандығынан. Профессор З.Байдосов пен зерттеуші Қ.Ахметов Жаныс туралы деректердің архивтерде баршылық екенін айтады. Ал бізге әзірге белгілісі — «История казахов в русских источниках» деген кітаптың «Естественное право казахов» деген бөлімі. Осы 1850 жылдар шамасында Ырғызда қызмет еткен орыс офицері жазып алған, қазақы биліктің заңдары — жер, жесір, құн дауларының өзге де құқықтық мәселелерінің бәрі — айқын да толық баяндалған құжаттың соңында «Записано со слов бия Дорткаринского рода Жаниса Сигайулы» деген сілтеменің тұрғаны. Жаныстың қазақы құқықтық терең білгірі болғанына айқын дәлел — осы. Тағы бір құжат нақты оқиғаны және Жаныстың биліктегі салмағы қаншалықты болғанын растайды: «1853 жылдың 23 тамызында төменде мөр басып, таңбасын салып, отырған Шөмекей, Кішкене Шекті, Төртқара және Табын руларының билері осы уақытқа дейін болып келген дау-шаралар, атап айтқанда, мал айдап әкету, тонау, кісі өлтіру оқиғалары бойынша жоғарғы хакімнің рұқсаты нeгізіндe есеп айырысып, бітімге келдік. Ендігі жерде eскі дауды жаңғыртпаймыз деп Ортаңғы Орда сұлтан-правителі, подполковник Арыстан Жантөрин мырзаға осы қолхатты береміз».

Қолхатты растап, мөрін басқан билер:
Алмат Тобабергенов, №54 дистанция бастығының қызметін атқарушы.
Жаныс Сығайұлы, Төртқара руының биі.
Бәймен Бекмұрзин, Төртқара руының биі.

Шекті руының билері Сарман Сартаев, Қарен Тұрғанов пен Арыстан Ходжин таңбаларын... Жақайым билері Көтібар Төлебаев, Арал Айдин, Өзденбай Бекбердин таңбаларын, Шөмішті Табын билері Сейіл Байқадамов, Боқтыбай Жанабаев, Қосымбай Баябаев, Еркебай Байдосов таңбаларын басты.

(Орынбор облыстық apxиві, 6-қор, 10-тізбе, 675-іc, 100-парақ). Бұл — Шөмішті Табын Байқадам бидің Шөмекей кісінің қолынан мерт болуына байланысты туындаған тайпааралық үлкен жанжалды, барымта-қарымтаны тыюға жиналған билердің ұзаққа созылып, соңы ушыға жаздап барып біткен «қырық күн кеңесінен» соң, ел ішінде тыныштық орнатуға пәтуаласқан билердің патша үкіметінің өкіліне берген қолхаты. Іздеусіз жатқан жазба деректерді есепке алмағанның өзінде, ел есінде еміс-eміс қана сақталып жүрген («үлкен шалдар кеткен соң» бұл да сиреп кетті) әңгімелер Жаныс бидің Байұлы, Қыпшақ тайпаларымен арада болған іpі дауларда, ел қамын ойлаған іpі дауларда, ел қамын ойлаған іpі кеңестерді сөз ұстап, билік айтқанын дәлелдей түседі. Соның бірі қазақтың құдіретті жырауы Балқы Базар есіміне байланысты. Балқы Базарға ата-анасы Майдан деген қызды атастырып қойса керек. Ырғыз yeзі бастығының көмегімен №54 дистанция бастығы, патша чиновнигі әйгілі Алмат Тобабергеновтің ұлы Самырат болыс Қарақай өзенінің бойын жайлап отырған Алтыбай, Жетібай ауылдарын аралап жүріп, атшы-нөкері Естайға Майданды әпермекке шешім қабылдайды. Шынжыр балақ, шұбар төс Самыраттың мысы басты ма, тізесі батты ма, әйтеуір, қыз әкесі келісімін берсе керек. «Әлім — Шөменнің еркесі» атанған Балқы Базар бұл шешімге қатты намыстанып, қасына он бір жігіт ертіп келіп, Мамыт жайлауында алтыбақан ұйымдастырып, Майдан қызды алып қашады. Қолында билігі, артында тірегі бар (Алмат ол кезде тірі еді) Самырат Базардың үстінен іc қозғап, соңы бітпес дауға айналды, жырау қуғын көре бастайды. Ел аузында сақталып қалған өлең соны суреттейді.

«Қуаннан он біp жігіт бepі келді,
Ішінде Базар сынды cepі келді,
Таңсәрі бозалаңда Майдан қашып,
Самыратқа хан Қореннің кебі келді».

Дәл осы тұста тағы да әділ би Жаныс бейнесі қылаң береді. Алматпен құдандалы жекжат болған Жаныс қадірлі замандасына басу айтып, ушыққан даудың әділ төрелігін айтып, қадірлі жырауды да, жарын да әділетсіздіктен қорғап қалады.

«Ақтасты Ұлы Ырғыздан емес алыс,
Жер еді барып жүрген кезге таныс
Төпеңдеп торы төбелмен барғанымда
Таймады әділдіктен қайран Жаныс», —

деп келетін өлең —үлкен жырдың үзіндісі десек, ол жыр Әлім Шөменнің кержорғасы Балқы Базардікі. Мұны бергі жұрт Жыныстың туған інісі Арыстаннан жылқы даулап келген Аманға теліп жүр. Жылқысын Арыстанға алдырған Аман налып жүргенде біреу: «Жылқыңды дауласаңшы», — дейді. «Жуанның тұқымы да дес берер деймісің, дауламаймын»,— дейді Аман. Әлгі кісі: «Сен Жанысқа жүгін. Ол — сертінен таймайтын, әулие адам. Есеңді біp әпepce, сол әперер»,—деген соң, «үмітсіз шайтанның» кебіне салып, Аман Жанысқа келеді. Жаныс туған інісіне айыбын мойындатып қана қоймай, Арыстанға қосымша үш қара айып төлеттіреді. Бұған разы болған Аман: «Әлгі Балқының өлеңі рас екен»,—деп, соны жиі айтады екен. Бірде болыс Тағыберген Бұзаубайдікінде түстеніп отырып: «Әй Бұзаубай! Бір бала әкеге жете туады, бір бала әкеден өте туады, енді бір бала мүлде кері кете туады деуші еді Мына шұнағың кімге тартқан өзі?» — десе керек. Сонда Бұзаубай: «Бұл бала сенде де болмас, менде де болмас, дәл осы екеумізден кем де болмас, ешкімге қол қусырып пенде болмас»,—дейді. Сол болмашы сөзден араздық туындап, екі достың арасы суыды. Болыс мансабына сайып, Бұзаубайдың үстінен іc қозғатады. Бұзаубай тергеуге алынады. Сол кезде сотталғалы тұрған Бұзаубайды Жаныс би жақтайды. Тағыберген әкесінің арасына қарамайды. Ақыры, Жаныс Бұзаубайды жақтап қағаз жазып, мөр басып, сұлтанға жолдайды. Бұзаубай айдалудан аман қалады. Сол оқиғадан соң Жаныс би баласына: «Қалай, болыс мырза, сенің темір мөріңнен менің алтын мөрім басым түсті ме?!»—деп күледі екен. Жаныс Сығайұлының туған жылы әлі анықтала қойған жоқ. бір деректерде ол 1769 жылы туған деліне, енді біреулер 1800 жылы дүниеге келген дейді. Анығы — жалған дүниеден 92 жасында өткенді.. Бұл да зерттеу арқылы айыптыталар нәрсе.

Ж. Ахмади
Жарылғап би5

Би ордасында осы жолы үлкен сөз болуға тиісті тағы бір түсінік іc ел арасындағы шешілмей жүрген құн дауы еді. Құныкер адам қырғыз Құсбектің қасындағы үш-төрт айыр қалпақтың біреуі болатын. Оқиға тосын бір әрекеттен туындаған. Қазақтың бас батыры Қабанбайдың үлкен қосынының құрамында осы Құсбек манап басқаратын мың кісілік қырғыз сарбаздары бар-тын. Қазақ пен қырғыз арасындағы бұл оқиға күтпеген жерден өрбіген. Жоңғармен болған біp соғыс басталар алдында Қаңлыбай деген қазақ жігіт мен оны өлтіруші, мына отырған айыр қалпақты, Сарбағыш батыр сайтан түртіп ерегісіп қалған. «Ерегестен ер өлер, екі ердің бірі өлер» дегенді қазақ бекер айтпаған ғой... Сарбағыш «батыр» атанып жүрсе, өлген жігіт Қаңлыбай да қазақтың Ысты руының ожар мінез батыры болатын. Екеуінің таласы — жоңғардан жекпе-жекке шыққан дойырмен соғысуға «мен шығам, мен шығам» деуден басталғаны қызық еді. Қимылы баяу Қаңлыбай қамданып болғанша, қағылез Сарбағыш қара азбанын ойнақтатып топтан бөліне берген. Бірақ оған жол бергісі келмеген намысқой, Қаңлыбай да «Бөкен торы» дейтін атын үсті-үстіне тебініп жіберіп қырғыз батырмен қосақтала шығады... Сол бетте өзінен бұрын кеткен Сарбағыштың алдын орай барып:

— Ей, бозакеш, қырғыз! Мен тұрғанда саған не жоқ! —деп қалады. Онымен де коймай қырғыз мінген қаразбанды қиғаштата сілтеген қамшысымен кеңсіректен көлденең тартып жібереді. Со бойы одан озып кете барады. Сарбағыш амалсыздан доғарылып:

— Ой, өлігіңді көрейін! Тоқтап тұрғыла!—деп өлердей күйіп атының басын кері бура берген. Бірақ осы күні Ысты жігітінің қайратына өзі де ырза боп әpі қызғана кектеніп қарап тұрған еді. Өзінің аузына түскелі тұрған жемін жарып әкеткендей өшіккен. Қаңлыбай қалмақ дойырын өңгерген сайын іші күйіп ана жау батыры осалдау көрінген. Сөйткен сайын Қаңлыбайға жыны келген, дайын сыбағасынан айырылғандай болған.

Қаңлыбай қалмақ дойырын жер қаптырғанымен дәл осы күні-ақ Сарбаңыштың қолынан өледі. Қазақ айтатын «оқтан аман қалған, опқыннан арандаған» дегені кері келген. Жекпе-жектің соңы ежелгі ұрыс дәстүрімен жаппай соғысқа ұласып eкі жақтың да адам шығынымен аяқталған. Күндізгі жекпе-жек таласы болған әрекеттен көкірегіне кек байланған Сарбағыш жұрт көзінше өзін жерлеп кеткен Қаңлыбайды тауып алу үшін, екі кештің арасында топтан топты кезіп іздеп жүpіп ұшырасқан болатын. Аты қара терге түскен Қаңлыбайды анадайдан кездестіре бере-ақ:

— Ой, батыр-еке! Бүгінгі жолың жаман болған жоқ әлі... Бірақ әpбіp кененге біp зауал болот деген... Мына кешкі зауал шағында меніменен зауалдашып корууге қандайсьң!?—деп қос өкпеден түйрегендей тіл қатқан. Осынша қазақтың ішінде жүріп көкірегіне нан пісіп тұрған Сарбағышқа жыны келген Қаңлыбай да дүрсе қоя берді:

— Ей, енеңді ұрайын, әулекі! Сені түртіп жүрген қандай сайтан!—деген. Сөзінің соның айта алмай ызаға буылған бойы бурадай шабынып тұрып қалған.

Қазақтың «енеңді..» ұнатпағаны Сарбағышқа оның шешесін боқтап тұрған болып көрінген-ді. Соны ести бере-ақ:

— Ой, ене гөрбеген енесіз!—дей бере бу да тер басқан қара азбанын тебініп қалып төніп келіп Қаңлыбайды қамшымен тартып-тартып қалып жіберіп еді.

Енді анауда қарап тұрмады. Мына қырғыздың қылып тұрған қылығына өлердей қорланып аузы сөзге келместен бу да қамшы жұмсап сатыр-сұтыр төбелес басталып кеткен. Қаңлыбайдың ат үстіндегі төбелесте қолданатын бір тәсілі қарсы жақтың қамшысына жармасу еді. Қазір де жон-арқасын осқылап бара жатқан Сарбағыштың ұзын дырау қамшысының өрімімен шап бepіп ұстап алған. Білегіне ілінген бүлдіргесі шықпай қолы қамшымен бірге созылған Сарбағыш сәт үсті тежеліп қалғанда Қаңлыбай оны басың-көзің демей үсті үстіне бастырмалата сабан жіберген. Сол аралықта қамшы қолынан сыпырылып құр қол қалған Сарбағыштың бет-аузын қан жауып кеткен еді. Ол енді басқа амалы қалмай қоқан ерінің басына ілулі үзбелі шоқпарын қолына ала берген. Сол бойда кейінгісін біp-aқ көpіп алатын түнек ашумен шоқпарын жоғары кере сілтеп қалғанда үзбелі сойыл Қаңлыбайдың дәл төбесінен бүктеле келіп тиген. Шоқпардың даруымен катар «бырш» еткен бұйығы дыбыс та шыққан-ды... Еңбек сүйеп ойылып сынған Қаңлыбай бар денесімен былқ бере, бүгінгі аттан ауып та бара жатты. Міне, бар болғаны осы-ақ еді. Кешке дейінгі соғыста тер басқан бөкен торыдан тік шаншыла құлаған боздақ жас аз ғана уақыт қорқырап жатып, жұлдыз шыға жан тапсырған. Өзі жалқы жігіт екен. Ет жақын жанашыры болмаған соң, өзге жұрт ел ағасы Жарылғап биге хабар тигізіп сонымен үйіне жеткіздірген. Кедейліктен үйлене алмай жүрген Қаңлыбайдың жалғыз кәрі әжесі ғана бары білінді Өз әке-шешесін сол ауылды жоңғар шапқанда қанға бояп өлтіріп кетіпті... Қаңлыбайға өштескен жоңғарлар оның кәрі шешесін азаппен өлсін деп әдейі тірі қалдырғаны аңғарылған. Басқа жақта ұрыста жүрген Қаңлыбай кешке қоналқаға келгенде үстінде серейіп талып жатқан әжесі мен қанға боялған ғазиз жандардың — ата-анасының үстінен түскен. Қалмақтар ойласа ойлағандай неше дүркін талып, неше дүркін өліп-тірілген сорлы әже өзінің екі бетін өзі жұлып шиедей қылған. ... Қаңлыбай болса елді. Кемпіріне ендігі не болған адам сол Ысты руының биі Нұрмамбет еді. Өлген азаматын ақ, арулап қойғызып оның жалғыз қалған әжесін Нұрмамбет өзінің көршісі , әpі атқосшысының қолына көшіріп апарып иелік еткен... Eкі арада жұрт мойнын босатпаған жоңғар шапқыны тыныш таптырмай осы біp құн дауы аяқсыз қала берген. Бір жылдан асқан осы қайғылы өлімнің арты жоқталатын күн міне енді туғандай еді. Бұл осы 1730 жылы Балқаштың түстік бетінде жоңғарға қарсы жойқын тойтарыстан көшіп ел іші тыным алып тұрған біp аралық болатын.

* * * Алдымен Сарысуда өткен Кіші хан кеңесін ел ішіне бағыталған қорытындысы Шапырашты елінде Жарылғап бидің аузымен біp жағына шыққан соң, онда ертеңгі құн дауына қатысушы барлық қонақ осы Түрікменнің бәйбішесінен туған екі баласы Тілеу, Жарылғаптың ауылында үй-үйге бөлініп түнеп жатты. Тілеу мен Жарылғап Қарасай батырдың нeмepeлepі болғанда — бұл екеуінің шешесі де анау-мынау жердің қызы емес-ті. Қыпшақ құрамадан шыққан, атақты шешен Құлпы бидің қызы Бақшагүл деген сөзге жүйрік, ділмар әйел болатын. Ауылдарында қонақ боп жатқан осындай көп қауым үшін Тілеудің бәйбішесінен туып, өздерінше жеке отау болып отырған балалары Мырзагелді Қартоқа, екінші әйелі келіндей алған Қамқадан туған Есқожа, Ерсары, Орынбайлардың үйлерінің күтімінде болды. Қамқаның бұрынғы күйеуі Түктіқұрттың батыр балалары: Дәулет, Қаумен, Бәйтелі Жәпектерде бас-басына отау болып отырған. Және үшінші әйелінен үйленгені, үйленбегендері бар: Қалдыбай, Балпық, Елемес, Естектерде ез үлестеріне тиген меймандарын шешелерінің қасында күтіп, мойындарына төпе міндет алған. Ал Жарылғаптың балалары: Қойсоймас, Сатыбалды, Жангелді Қойгелді екінші әйелінен туған Қараша, Тоқты деген ұлдарының барлығы жеке үйлі болып отырған. Жарылғаптың «Жеті қабан» атанған жеті ұлы осылар еді. Бұлар да өз үлестеріне тиген қонақтарын бестен оннан бөліп әкетіп жатты. Жарылғаптың балалары ғана емес, үлкен ұлы Қойсоймастан туған немерелері ерте үй болған. Алды Сасықбай, Баба, Таймастар да бар. Олар да әкелері Қойсоймаспен ақылдасып өздеріне тиген кісілерге қонақасы беру жайын қамдаған. Тек осы Қойсоймастан туған Қожагелді, Жаңбыршы тәрізді кіші, кенже балалары ғана «қонақ келсе бала құтырады» дегенің дәлелдеп үй-үйдің арасын тоздырған. Олар өздері Жарылғаптай бидің немерелері екенін сезінетін, ерекше шолжаң. Түрікпеннің екінші әйелінен туған Түктіқұрт пен ең кіші тоқалы қалмақ қызы Оқтыжайсаңнан туған Малқараның отбастары да кісі түсерлік үйлер. Tілеу, Жарылғаптың тоқал шешеcі Оқтыжайсаң өзін қолға түскен қалмақ қызымын деп жүрген жоқ. Қазақ абысындарымен біте қайнасып кеткен. Осындай қазандай қайнап, бақадай шулап жатқан үлкен ауылдың — Түрікпен ауылының көрші-қолаң, малшы-жалшы, жылқышы-қойшыларының үйлері де бос тұрмай өз реттеріне қарай қонақ қабылдаған. Солардың да өздеріне тең көңілдес, ниеттес, құда-жекжат, тамыр-таныс, нағашы-жиендері жоқ емес. Олар өз жандарынан шығын шығарып мал соймаса да, бай ауылдың марқа, бағылан қозысын өз үйінде жәукемдеп кісі күтеді. Eкі желеу, біp сылтаумен олардың да қатын-баласы біp жасап, сорпа-су ішіп жырғап қалады. Қазақ айтатын «бар болса сойғаныңның жөні бар, бір қойда бес кісінің құны бар» дейтіні құн осы еді. Және «адам өлсе де қойдың соры» деп тәмсіл келтіретін уақыт та осындайда. Әр үйде мал бауыздалып жатты. Құныкер жақтан биі Құсбек манап болғанда, даугер Ыстылардың, сөзін ұстаған— Нұрмамбет би еді. Бұған дейінгі аралықта кешелі-бүгін Құсбек өз қарауындағы қырғыз қосынынан елу-алпыстай адам шақыртып алдырған. Сондай шұғыл сәлеммен Ысты жақтың да бірталай басты-басты кісілері жиылған екен. Шапыраштының ығай мен сығай шонжарларының ішінде Қазыбек бек Тауасарұлы мен Айқым табынан шыққан бір белді адамы Әйтек батыр да бар. Әйтек — батыр ғана емес, тіліне де жүйрік, шешен адам болатын. Өзі Жарылғаптың сыйлас, сырлас замандасы. Жұрт аузында әcіpece оның киіз үйден мешіт құрағаны ерекше әңгіме арқауы болған. Үш киіз үйді бірімен-бірін тіркетіpe тіктіріп ең ауыз жағындағысы кәлөш, кебіс шешетін, онан кейінгі жартылай тігіліп тіркелген екеуін намаз оқитын мешіт ретінде кәдеге жаратқан. Намаздан бос кезде дін сабағын өтіп шәкірт балаларды тәрбиелейтін ауыл медресесі ғып қойған. Әйтектің өзі Айқым ішінде Қайдауыл болатын. Соғысқа «Қарасайлап» кіретін батырлығы мен жаңағыдай діндар, пірәдарлығын біp кісінің басына сәйкестендіре алмайтын Жарылғап әзілдеп:

— Құдая, құдауанда!.. Бір адамның әpі қан төгер, әpі молда болғанын көрген кісі бар ма екен? Мұның орнында басқа біpey болса, соғысқа шық деп хан сәлем айтса да, мешітті сылтауратып бұғып жатып алуына болмас па еді, — деп жұртты күлдіре жүретін. Оған тосыла қоятын Әйтек жоқ:

— Е, қорыққан молда мешіттен ұзамайды, болып тығылып жатып алатын кісі тапқан екенсің. Мен мешітті молдалық атақ алайын деп жасап жүр ме екем. Мына қанқұйлы жоңғардың зауалын бере гөр деп Құдайға жылау үшін, ғибадатхана орнында ұстап отырғам жоқ па, — деп сөздің шынына кететін. Және өзі дарқан, мырза адам болғандықтан бала атаулы оның қойны-қонышына тығылғандай болып жомарттық қайырымын көретін. Қазақ «батырлық білекте емес, жүректе» десе, де сол сез осы Әйтектің басынан ізделінсе болғандай.

Мұнан бұрынғы біp жылдарда қазаққа қалмақ қана емес, қырғыздар да тиісіп, Жарылғап солармен шайқасқанда оған біріне-бірі сүйеу болып жанынан табылатын осы Әйтек батыр болатын. Әйтек пен Жарылғаптан жеңілген қырғыздың бір бөлімін бүгінгі мына Құсбек бастап қазақ қосынына әкеп соққан. Сонымен құн даулаушы екі жақ араларын азырақ ашақ тастап қақ жарыла алқа-қотан жайғасып болған-ды. Орталарына ұзынынан ала арқан тасталып, әлгі өлген Ысты жігіт Қаңлыбайдың өз ер-тұрманымен ерттелген аты бір шетке байланған... Бұл белгі егер екі жақ ымыраға келісе алмаса, даугер жақ ат кесілін шорт кесіп аттанады. Оның аяғы жауласу деген сөз. Әлекедей жаланған екі жақтың билepі де арқанның ар жақ, бер жағындағы өз топтарының алдында, жекелеу, ендігі сөзге құлшынып отыр eді. Әрқайсысы өз абыройларымен бітіретін бүгінгі іске дайын, өздері шүйеленген күйде. Кезектері тисе салған жерден бірден-ақ шарпысып кетуге бар екендіктері байқалады. Көшелі бepі, онан бұрын да бастары қосылып жүргенде ешнәрсе болмағандай сыртқы жаудың әңгімесінде бірге еді. Сол бейқам, тыныш келген екі ділмар енді жеме-жемге тақағанда іштей арбасқан. Қазіргі қас-қабақтары басқа. Төбе бидің рұқсатымен сөз тисе-ақ болды қағысып кетер сұрақтары бар. Осыны аңғарған Жарылғап мынау отырған екі биге де ой тастарлық бірталай басалқы сөз арнады. Даудың неғұрлы тыныштық, түсінік пен аяқтауына баса айтып, елді елдің бұзылмау жағын сөйлеген. Сыртқы жау анталап тұрған мына заманда өзара елдіктің бұзылмауын күйттеген. Дау ырғағын таңдаушы қалыс ағайын бола келген Шапырашты, Дулат, Cіpгелі Қаңлы, Ошақты сияқты рулардың кісілері және езге де Орта жүз, Кіші жүз руларынан шашырап келген жұрт екі жақтың да жыртысын жыртпайтындығын байқатып арқанның аяқ жағында өздерінше бір жеке жайғасқан. Сырттан шапқан мына қантөгіс заманда Ысты мен Қырғыздың қарама-қарсы дауы неғұрлы тыныштықпен аяқталуына ниеттес осылар еді. Олар да сан жағынан аз емес, мол шоғыр, үлкен топ болатын. Осылайша үшке бөлінген қауымның топтарынан бөлек орын алған төбе би Жарылғап қана... Ол ұзынынан тасталған ала арқанның бас жағында ежелгі дәстүр бойынша жеке тізе бүккен. Eнді сөз бастар жерге келгенде төбе би орнынан түрегеп саңқылдаған зор тынысты үнін алқа-қотан жұртқа түгел жеткізіп:

— Уа, халайық, жараңдар! Атан қазақ кеден кеден болды, дейді екен. Сол айтқандай ер істің, кедені бар. «Күш біткен бәйтерек күмістен қырсау салсаң тұрмайды»,—деген. Тағдыры жеткен адам елі. Сондықтан осы отырған жақсылар ел ағасы бола біл. Ел ішін жамандыққа жібермейтін міндетіңді біле біл. Қай-қашанда өзгенің көңілін жөргемдей алсаң айналаңа жөргем сал. Дауға түскелі отырған екі би екеуің де ежелден келе жатқан саңлақ, сақа бисіңдер. Белдеусізден үй тігіп, белгісізден би шыққан сендер емессіңдер. Жұмысы жоқ—куәгер, борышы жоқ—кепілгер, eріккен би сендер емессің. Жаугершілік аз болып жатқан жоқ, жаусырмаңдар. Елдің көз жасын құрғатып; жығылғанның басында, жылағанның қасында болатын ел иесі сендерсіңдер. Олай болса соған лайық іc атқар. Қырсық шалып тұрғанда да міндетіңді ұмытпа деген сөз бар. Әділдікке жетемін десең соны істе. Екеуің де мына ел-жұртыңның алдындағы мәртебе, міндетіңді ұмытпай сөйле. Мұндайда емізулі әйелдің тәртібіндей төбет емес, екі қабат әйелдің төзіміндей төзім керек. Қырда қиқу, ойда ойран салған жоңғарың мынау. Eкі елі балық, біріне балықты жұтамын дейтін күн туды! Kүші жеткен күші жеткеннің қарақтайтын заман туды. Олай болса мына отырған дін-мұсылман бауыр лаждың барынша өз ортамыздағы берекемізді кетірмеуіміз керек. Ысты ағайын көбінесе сен сабыр қыл. Қаңлыбайдың жалғыз кәpі әжесі өлмелі кемпір қалғанына мен де күйіп отырмын. Бірақ атаң қазақ «болыста сүт жоқ, баласын су асырайды, қоянда сүт жоқ, көжегін ну асырайды» дегенде осындайды айтқан. Ешкімі жоқ кемпірді басына қайғы салған Құдайдың өзі асырайды. «Аттың нарқымен қасқырдың іcі жоқ, адамның парқымен тағдырдың іcі жоқ» дегені де осы. Жарлымын дегеніңе азабың қоймайды. Қаңлыбайдың жалғыздығына да, жарлылығына да оның басына төнген жазмыш қараған жоқ. Бұйрықты іске дәрмен жоқ. Қане осыған не дейсіңдер? — деп тоқталды төбе би. Жұрт тым-тырыс үнсіз еді. Осынша көптің ауыздары буылғандай. Төбе бидің еңсені басқан мына сөзіне орай әркім өзінің ішкі ойымен тынып қалған сәт еді. Әлдебір тылсыммен тіл байланғандай болған көпшілік ендігі сөз алатын төбе би: Нұрмамбет пен Құсбекке көз сала бастаған. Жұрт енді ғана өзара дыбырласып сан жерден гулесіп кеткен. Осындай кезде бір тізерлеп, кеудесін биік ала сергек отырған Нұрмамбет қос бүктеулі қамшысын сығымдап ұстап жоғары көтереді. Төбе биден сөз сұрады. Жарылғаптан өзінің жасы үлкендіктен болғандықтан оның атын тіке айтып:

— Дат, Жарылғап! деп саңқ етті. Бұның қарсы жағында отырған Құсбек те қамшысын көтеріп баяу ғана белгі аңғартып қалған екен. Нұрмамбетпен бой теңестіре алмағандай, сағы сыныңқы қалыпында ұшырады. Төбе би сөз билігін Нұрмамбеттен бұрын осыған берді. Себебі екі тізгін, бір шылбыр қолына біpден тиген Нұрмамбет Құсбекті тырп еткізбей ә дегеннен бұйдалап алады. Еркін билеп кетеді. Іс аяғы насырға шабады. Сонымен орнынан тұрып сөзге кіріскен Құсбек манап:

— О-о-ва, ұрматтұұ қазақ туғандар! Ұрматтұұ Жарылғап би! Айтқаныңыздың баары рас. Баары шын. Біздің қырғызда «әулиелік қонды десе, илан, әдет қалды десе иланба» деген гәп бар... Әдетін қойбоғон Сарбағыш қырғызды қазаққа сынатып отырады. Ұшұ отұрған бізді жырға жығылтып, құдыққа құлатып отырды! Башымызға дау түштү, иығымызга тау түштү! Асманды бұлұт торломай күн қадырын білбейсің. Ашық күнде тебемүзден бұлт үйүрүлүп отырад. Жалғыздың қылған жаманаты жалпыға түшүп отырад. Төбе би Жарылғап: қазақ-қырғыз ек» ел ортосұндағы адилеттік қамын жеп айттыңыз. Құлағымызға коршогұн қуйғондай намысымызға тиер гәп айттыңыз. Қырғыз-қазақ жау болбой, ел бололұ деп айттыңыз. Иттен туып, іннен шыққан Сарбағаш сен татұу-татұу екі ел ортосұна ез қолұнмен өрт таштадың. Ал енді арсыз қолұн іштегенін арлы бетіңмен көрсетсін. Mенің айта-тұрған бар реншім ұшұ. Ұрматтұұ қазаақ ағайын! Қолымызбен іштегенді мойныбызбен көтереміз. сіздер не айтасыздар? — деп тоқтатады.

Нұрмамбет қамшы көтеріп. Тағы да:

— Дат, Жарылғап! — деп саңқ етті.

Датыңыз мәлім, бастаңыз, — деді Жарылғап.
Төбе би Құсбекті отырғызып Нұрмамбетті тұрғызды.

— Уа, ағайын! Айтсам атым осы болады, — деп бастады Ыстының биі.— Түзу жолда қисық жүpіп, күн ашықта төбемізден жай түсірген Сарбағышты қайтып ақтап алайын. Өлген кім? — шөмелені шөп етіп, қашқан сиырды мал етіп, жоқтықтан күрмеліп отырған кедей кемпірдің баласы еді. Кедейдің жыртық шапаны жанымен теп, десек, сол кедейдің жаны немен тең?.. Осыны айта алатын адам бар ма? Жоқ, ешкім айт алмайды. Оның үстіне адамның несібесі үйде болғанмен абыройы түзде; Қаңлыбай үйде кедей болғанмен түзде батыр еді.

Ел ішінде абыройы артық еді. Ыстының ғана емес, исі қазақтың асылы еді. Қалың жаудан қазағымды қайтсем қорғаймын деп бірнеше жолғы соғыста бір өзі соғыста бес қалмақты жекпе-жекте өлтірді. Соның бәрі қалмақтың батыр, дойырлары еді. Қаптама ұрыс жалпылама соғыста ондаған жоңғардың жанын жаһаннамаға жіберіп алашқа аты жайылды. Мақұл, тіпті жалпылама ұрыстағысын қоя тұрып, осы отырған жұрттың жеткен жекпе-жектеп өлген бес жоңғар үшін, боздағымды бес кісінің құнына кесім етемін. Жауды өлтірсең ер боласың, жаудан өлсең жыр боласың. Ал, қасыңдағы дұшпаннан өлсең кім боласың?! Қырғыз ағайын «жау жағадан алғанда бөрі етектеннің» керін келтіріп, күні кешеге дейін көрші отырған Шапыраштымен жауласқанын қоймап еді. Қазақтан жылқы алып, пайда қуып барымталағанын тоқтатпаған. Тыныштықты сүйетін қазаққа қыр көрсетуін қоймаған. Еруде бала мінезді, егесте дана мінезді қазақты қаһарландырып алған. Бөлінгеннің басы өздері болған. Соның аяғынан екі ел аяспай жауласа бастаған. Ақырында қылмыстың зауалы алда болатынын біліп; қатын-баласы қан қақсап жылаған елі қазаққа жалынып барып тоқтап еді. Бізге әскер қосқаны да содан кейін. Жарылғап, Әйтек екеуінің ерлігіне бас иіп қазақпен амалсыз санасып еді. Атап, қазақ «бабаң бас имегенге тізеңді бүкпе» деп кеткені қайда? Қырғызды дос десең Кацлыбай онда жаудан өлмей, «достан» өлген болады. Ал, кісіні өлтірген, қаныңды төккен қайтіп дос болады?! Осыған дейін сан рет қазақ жеріне қырғыз шауып; біp өткенін екі өтті, екі өткенін үш өтті. Үш өткенін әдет етпей нетті? ...Оны қойып бүгінгі сөзге келейін. Опаға барған бозарады, жосаға барған қызарады. Адамы елін құнға барған қайтеді.. Құн cөзі опаменен жоса құрлы жұғынсыз деп кім айтады. Төбе би жаны ауырмайтын жерге тыныштық тілеп сөйлейді. — деп ендігі айтарын Нұрмамбет шешен Жарылғаптың өзіне тигізе.— Егер Жарылғап өз руының адамын — Қаңлыбайдай орны үңірейіп қалған ер-азаматын біpey өлтірсе қайткен болар еді? Бұл — «баласы өлмегенге балам өлді деме» дегенің кері. Жарылғап сен «хан азарында қарашысымен қас болды, би азарында қайырымсыз баймен дос болдың таз кебін кигізгің келе ме. Құсбек манап ым қақты ма, баб тапты ма, о жағын мен білмеймін. Бірақ қай-қашан «бүлік басы бұзықта» болса, оны маңдайынан сыйпап алдына басымызды исек жетіскен екенбіз. Елтіріден ел бүлінеді, дейтін намысқор қазақ бүгін кісісі өліп жатса мыңқ етпеу керек болғаны ма. Жоқ, төрелі би — төбе би, мырза! Адамның басын сындырып өлтірген дұшпаныңа мыңқ етпе дегенін —бауыздап жатса «бақ» етпейтін түйе бол дегенің бе. Шобырдан жығылғанды тұлпарға мінгізейін деген екенсіңдер! — дей келіп Нұрмамбет аз кідіріп қалды. Айтары алқымына тығылғандай түсі қуаң тарта, қарасұр өңі сұрланыңқырап тершіген маңдайын белбеуінің ұшымен cүртті. Бұлғын бөркін басынан алып, тақиясын шалқайтып киді де cөзін жалғады:

— Не, ағайын, тегінде қауіп қайдан болса, қатер сонан болады. Сарбағыштың өзі қазаққа сыртынан дос көрінгісі келіп жүргенмен сұқты көзі дос адам емес екенін бұрыннан сезетінмін. Ежелден қазақтың жылқысын шапқан қырғыздардың басшысы болған Сарбағыш кейін бізге қосылғанымен іштей наразылығы бөлініп тұратын. Өйткені ол қазақтан жеңілген соң қосылған. Қыжылы бар. Өз тезегін өзі жапқан мысықтай көңілін бүркеп жүретін. Ашуы келсе ақылы ғайып болатын тентек Сарбағыш — осы. Ашушаң адамнан ақау шықпай тұрмайды. Қызбақандылық қырсыққа жетелемей қоймайды. «Ашушаңның анты болмайды, ашуын жұтуы у жұтумен бірдей» деген. Қазақта «әcіpce кісі өлтірген, ес кірсе құн төлеген» деген тәмсіл бар. Сол міне, осы. Олай болса едеш Істелген бір қазаға екі жаза! Ысты руы тынсын десең Қаңлыбайдың мен айтқан бес кісілік құнын төлете отырып Сарбағыштың өзін қазақ, ішінен бір жолата аластатуымыз керек!!! Бір адаммен казак қосыны көбеймейді. Бір батыр артық болғаннан қалмақ таусылмайды. Міне, ағайын, осыған халқым көнсе елмін, көнбесе жаумын. Құсбек манап тұрысатын жерін айтсын. Қырықтықтан найза саптаймын, ешкі құйрығынан шашақ тағамын. Босаған тіс бекімейді баяғыдан айтылмай жүрген сөздің беті ашылды. Айтар сөзім — осы. Осыдан артық уәжімде, сөзім де жоқ! —деп томырыла томсарып тоқтады. Нығыздала қимылдап кеудесін көтеріп тәкаппарланып отырады.

Нұрмамбеттің барлық сөзін сабырмен тыңдап бастан-аяқ мән бере құлақ салған Жарылғап енді Құсбекке баяу көз тастар:

— Ал, құныкер би, сіз не айтасыз? — деді. Құсбек қамшы көтеріп орнынан қозғалды. Қарсы бидің өткір тіліне еріксіз есептесіп іштей тығылып отырғанымен қырғыз манабы сөзден тосылып қалған жоқ. Қайта ширыға түскендей. Мына билікті естіген қырғыздар жағы күбірлесіп дүрлігіп кетті. Ара ағайын бола келгендер де Нұрмамбеттің тым үстірт серпігенін айтысып дыбырласып бара жатқанын байқаған төбе би жұртты тыныштыққа шақырады. Қара саясатқа Құсбек те бір кісідей жүйріктігін байқатып:

— Ой, айналайын Нұрмамбет! Дауыл келсе алты қанат ақ үйге өрнек құрдан арқан салған, дау келсе ердің құнын екі ауыз сөзбен мойнұбұзға алған қырғыз қазақпыз. Ауруға мал бербейтін, ажалға жан бербейтін кім бар эле? Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ екенін біздағы білет әлек. Нұрмамбет екі сөзге көлбей жатып «қырықтықтан найза саптаймын...» деп жатат. Қазақта бар қырықтық қырғызда жоқ по екен. Оны қоя тұрғанда бір адамға беш адамның құнын алам деп жатат... Ала шапан қожаң бар, ала сәлде молдаң бар, ала төбесі сопың бар... Ұшылардың кір кішіге беш кішінің құнын алып керген екен.

— Рас, Сарбағышты ақтап алғалы отырғаным жоқ. Әйелдің долысына ақыл бітпейді. Еркектің Сарбағышқа окшогон өр кеуде, мен-меніне ақыл бітпейді. «Өрлеген балық ауга жолығад, өркеуде жігіт дауға жолығад» деген мына ұшұ!.. Нұрмамбеттің билігі құлағыма кірбей жатад. Eкі адам күнәкәр болса, бір адам дәнекер емес пе. Дәнекер боларлық адам қайда? Мен қазақ ағайындардан ұшұ дәнекерлік күтем,—деді. Айтарым осы дегендей, Жарылғапқа қарап үнсіз қалады. Төбе би мұндай тұста өз ойын бүге тұрып алдымен халыққа салатын дәстүр бойынша көпшілікке көз тастап:

— Ал ағайын, екі жақтың сөзін тыңдаңыздар. Ортаға құдайшылығын айтарларың бар ма?—деп сұрады.

Әйтек батыр өзгеден бұрын:

— Мен, мен айтайын,—деген. Зор денелі мұртымен айнала тұтасқан шоқша сақалды, батырдан гөрі данаға тән дарқан жаралған Әйтек жуан тобылғы сапты қамшысын таяныңқырап, қос тізерлей, еңсеріне отырып:

— Әй, Нұрмамбет!—деді Ыстының биіне кез салып. — «Кеменің әуеніне жел еспейді»,—деген бар. Eкі жағыі сөз бастамас бұрын төбе биің не айтты. Сен өз руын Ыстыға сенсең, біз құдайға сенеміз. Сен құсаған бай қазы кертіп, жал шайнап, кеңірдегі азып жүргенде, қараталқан жалмаңдап, Құдайға жазып жүретін кедей бар екенін де есіңе ал. «Бай аузында семіз сөз», демекпін, байталы туып, тайлары боталаған өзіңдей байлар қай-қашан үстірт келеді. Етек астынан дау шығып, аяқ астынан жау шыққанды қояйық, ағайын. Руындағы жалғыз кедей кемірдің баласын өлтіргенге ашынып отырған шығарсың. Қазаққа тиіскенін қоймай соның аяғынан өздерінің айыптары үкімі Жарылғап екеуіміздің бұйрығымызбен бізге амалсыз келіп қосылған қырғыз ағайындар екені рас. Сөйте тұра, кісімізді өлтірді дейтін шығарсың. Қалай десек те бүгін сенің намысың бар, аяуың жоқ, ашуың бар, ақылың жоқ болып отырған шығарсың. Оны да түсінуге болады. Бірақ сөйткенмен де «сойып жесең бір күндік, сауып ішер мың күндік» дегенің ойлап, қырғыз ағайынды 6іp күнде бір-ақ сойып алмайық. Сыртта жауың тұрғанда дос тұтайық. Жан ауыртқан дос болмайды,—деп жаймашуақтап төрелік білдірді.

Бірақ, сығыр болғанда теріс азу Нұрмамбет өз дегенінен әлі қайта қоймаған екен.

— Әйтек батыр, сен «қараға бас болған пан ханға нөкер» дегендей Жарылғап досыңның, ығына жығылатынын баяғыдан белгілі. Тамаққа тойса ашуы басылатын адам құн дауын дауламайды. Сендердің айтқан екі ауыз сөзіңе жайылып түсер жайым жоқ. Мен құр тұлыпқа мөңірейін деп отырғаным жоқ. Мен де кереңге түс жорытып, кекештен кеңес алайын деп жүрген байқұсың мен емес. Қопалы жерге қонып, өрт ілінсе үйі кеткен, жар басына қонып дауыл тұрса күші кеткен әлдекімнің орнында көрмеңдер. Ұлы жүзде ұлы таудың басын шалған, ұлы көлге жылқы жайлатқан Ысты руы мен боламын. Осындағы қай-қайсыңмен терезем тең. Ендеше айтқаным айтқан. Баста кескен кесігім кесік. Қырғыз сен бір ұрттам қара суынды тыныш ұрттап, тыныш ұйықтаймын десең билігіме көнесің. «Борышсыз пақыр төреден артық» деген болса, Құсбек сен маған борышқорсың. Борышсыз жарлылықтың өзі байлық. Ал сен болсаң қанды мойын құныкерімсің. Бүгін талайдан бергі бітеу жараның аузы ашалап отыр. Ар жағында соқтасы барын біл. Сөзім осы, — деп тоқтады. Әлі де арының баса алмай ентіге дeмігіп, өңі қаша орнына отырды.

* * * Жарылғап Нұрмамбеттің сөз тапқыштығына іштей қанығып оның айтқан уәж-уәзіндерін дұрыс түсінгенімен кескен кесіміне қарсы еді. Екі биге сөз берместен бұрын бүгінгі әрекетті кеңінен шолып қазақтың сыртқы жауы барын айтып қаншама ой тастағанын Нұрмамбет есепке алмапты. Жұрт сайлаған төбе би деп құрметтесе, оның да айтқанына мен бepyі керек еді. Жоқ, төбе бидің нұсқауы біp далада қалып өз кеудесімен жар соғып отыр. Әкімдіктен әділдік күшті болса, Ысты биі құн даулау дегеннің жөні осы деп тым шалқып соқты. Осыны ойлап Нұрмамбет туралы бұрынғы көз қарасы өзгеріңкіреп, кейіп қалған Жарылқап орнынан серпіле түрегеп суырыла сөйлеп кетті.

— Уа, қадірменді көпшілік! Eкі жақты да тыңдап болдыңыздар. «Құрастырып айтқан құлдыкі жөн, біріктіріп айтса бидікі жөн» дегеннің кері келіп отыр. Бірақ ел таразысы деген бар. Ел таразысын ез таразысымен өлшеу әділдікке жатпайды, — деп осы тұста Ыстының сыңыр езу биіне көз қадап:

— Нұрмамбет, сен алты көшіп айдынға құлап отырсын. Сына жондым дегенше сынға түстім де, дегенді білемісің? Бүгін сенің басын сынға түскен күн. Атаң қазақ «етті пісірмей жемесең шиқан шығады, cөзді пісірмей сөйлесең сойқан шығады» дегенді осындайдан айтқан. Бір адамның құнына бес кісінің құнын алсаң, қырғызды біpжoлaтa жау ғып шығарсың. Қолдан келместі сұраған — қысқандықтың белгісі болады. Сүйрік тіл, сүйір найза досқа емес, жауға. «Шыбыш желіндегенін білмей, лақтағанды біледі..» Көргені аз жас би обал-сауапты білмей, билік айтқанды біледі «Жаңа байығаннан қарыз сұрама, жаңа би болғаннан билік сұрама» дейтіні сол. Ал сен көпті көріп, көнектің түбін тескен қарт бисің. Кейінгіге үлгі болады десе бүгінгі әрекетіңмен құлға болып отырғаныңды білемісің?! «Бұрынғы жеңешем кейінгі жеңешеме жөн айтады, я бұрынғы пұшық кейінгі пұшыққа ем айтады», деген ғұрлы белгің жоқ. Өмірі танымаған жас бар, өмірін қалай өткенін білмей отырған екінші кері бар. Соларға қазылық, ұстаздығын көрсетіп дана көкірегінен үлгі төгеді десе, айыр тіліңмен у төгесің. У төккен емей немене? «Таз тақиясын, бай қазынасын қорғайдының» керін келтіріп, асап қалу, жеп қалуды көздейсің. Намысым дейсің, азаматым, өлмелі кемпірім дейсің. Соның арғы астарында құлқының жатпаса осынша әулиелікке барар ма едің! Би әулекі, би екенін білмеген қай әулекі деген осы. «Eрікті ауызға берікті бас сияды» дегеннің керін келіп ауызды айдаһарша ашасың. Сыртта жауың тұрғанда іште досты көбейт деп отырмын. Жүз жолдас көптік қылмайды., бір дұшпан аздық қылмайды. Ат кекілін кесісіп өш болғанша, ат кекілін сипасып дос болайық, ағайын. Бақа тілдестігімен, балық үндестігімен үйірлеседі Адам ақылымен жақындасады. Олай десек, Нұрмамбет сен ақылдылық көрсетіп тұрған жоқсың. Осы тұста батылдық көрсетіп отырсын. Адам өз қалпынан асқан күні мазаққа қалады. Төрде отырса теріс сөйлеп, есікте отырса керіс сөйлейтін қырсық шал сен емессің. Жұртты жөнге салатын қазы, бисің. Олай болса, бек басынды пенде етпе. Биі әумесер болса әлеумет сорлайды, дегізбей жолыңа бақ. Рас, өз қылықтарынан Шапырашты батырларына бас ұрып, өздерінің сол айыптылығынан бізге амалсыз қосылып отырған қырғыздардың басшысы Сарбағыш адамыңды өлтіргені үшін ашулы шығарсың. Бірақ ашу үстіндегі сабыр алтыннан қымбат екенін де ойла. Бұл күнің қай күн? Аузын аста, көзің керегеде, аяғың үзеңгі, қолың найзада болатын күн. Күні ертең жау келсе ер төсектен, жар бесіктен безінетін күн. Бөрі бөлтірігін ұстауға үйретсе, қоян көжегін қашуға үйретеді. Біз сол ғұрлы мына жаугершілікте ел-жұртымызды жұдырықтай жұмылуға үйрететін күшіміз емес пе. Ана отырған Қарақалпақтан келген Қылышбек би, Құрмадан келген Сасық би, қырғыздан келген Құсбек би не үшін қазаққа келіп қосылып кеудесін оққа төсеп жүр. Өйткені бәріміздің сыртқы жауымыз бар. Нұрмамбет сен «тәкаппардың танауына таяқ болмайды» дегеннің керін келтіріп отырсың! Қай-қашанда ердің құны жүз жылқы. Осыдан артық қотыр тай алмайсың. Ал қырғыз болса бұл кесімге тақ тұруы керек. Кінәлінің отына күнәсіз күйеді. Сарбағыштың қылғанын Құсбек манап бас болып жалпылама көтереді. Осы билік үстінде Нұрмамбеттің бір сөзіне қосылам. Құн төлегеннің өзінде Сарбағышты қазақ ішіне қалдырмаймыз. Өйткені көңілі қараның көңілінде қайғы тұрмайды. Сондықтан ондай адам өкінбейді де. Оның орнына жасаққа жарамайтын жаманым, қосаққа жарамайтын жасығым бар, соны тәрбиелеп аламын, — дей келіп бір тоқтады.

Төбе бидің қазылығына қанағаттанған дауыстар шығып әр тұстан:

— Ой, бәрекелді!

— Уа, дегеніңе құлдық!

— Билік деп осыны айт!

— Бақпен озған байбатшадан оймен озған дана артық деген, міне осы!—десіп үн салғандар бар. Бұлар қарақалпақ Қылышбек би, құрама Сасық би, Жаныс Бұрқыл би, Түктібай әулие сияқты аузы дуалы ел ағалары еді.

Енді Шапыраштының жасы үлкен ақсақалы Көкеш сезге кірісіп: - О, көпшілік! Бүгінгі дауларың жақсы аяқталып келе жатқан көрінеді. Шатасқан істің шешімі шыдам дегендей, бір жылдан бepі шыдай-шыдай келіп аяғында осы жағдайды екшеуілдеп отырсың. Жақсылар таласса, сыр шығады, жамандар таласса, кір шығады. Кір емес сыр шығып келе жатқан сияқты. Адам өз кемшілігіне өзгенің көзімен қараса біледі. Нұрмамбет сен бүгінгі билігіңе өзгенің көзімен қарап көрші... Сен қырғыздан бес жүз емес, тіпті мың жылқы алсаң да соған ие болатын ақы иесі жоқ... Жалғыз өлмелі кешірімі жылқының не керегі бар. Соны ойлағанда әлі көп жылқыға сен өз басың қызығып отырған кісі болып шығасың. Бұл — соқырға шам жағып, пұшыққа айна ұстатқандай, күлкі нәрсе болып шығатынын ойладың ба! Қайралмаған қанжарды тот басады, жүрмеген жолды шөп басады. Кемшілік айтылмаған адамды нас басады. Мен сені мыңды айдап бірді мінген, біp сөйлеп мыңды жеңген, баяғы, Нұрмамбет пе десем, сені де қара басайын деген екен. Шешендік деген аспандағыны арбап түсіретін жүйрік тілде ғана емес. Тіл шешендігінен ой шешендігі артық. Тілден мүдірмегеніңмен осы тұста ойдан мүдіріп отырсың. Жөндеймін деп бұзып алатын, жалғаймын деп үзіп алатын адам сен болмауың керек еді. Сен алашқа атың шығып, аймаққа затың танылған кәнігі бисің Абырой-атақтың келуі қайқайыс, кетуі — еңкейіс. Атақ-даңқ жақсы, бірақ, ши шықса еңкейіске кетуі оңай. Дәулеттен құрмет артық. Сондықтан мынау отырған жұрттың, ана төбе биінің ыңғайына бағып мініңді біліп осы топтан тазаланып шыққаның болады, — деді. Жұрт мына Қызыл иек, сақау шалдың шүлдірлеп сөйлеп тауып айтқан сөздеріне ырзалық байқатысып:

— Е, бәрекелде! Келелі кеңесті кемелденген қарттан сұра.

— Не дегенмен кері шораяқ, боз тарлан емес пе, — десіп марапат байқатысып жатты.

Үш бөлігі алқа-қотан жайылып отырған көпшілік Көшектің айтқанын жөн тауып көп тұста өзара дыбырласып кеткен. Бір-бірін қостап, ойдым-ойдым үйірілген жұрт ендігі қалған сөзді тоспай дыбырласып бара жатқан соң, Жарылғап орнынан түре келді. Соны аңғарғандар әр тұстан қасындағыларды тыныштыққа шақырып:

— Тоқтаңдар, би, би сөйлейді.

Жарылғап түрегеледі

— Енді не болар екен?

— Төбе биді тыңдайық, немен тынар екен? — десіп біртіндеп абыр-дабырларын азайтып барып тұтас үнсіз тосылған жұрт енді қорытынды сөзге құлақ асты, тегіс төбе бидің аузына қарады.

— Е, жарандар! Бүгін бір-біpімізгe мейман екендігімізді ұмытпайық. Бұл тұрмақ «бір үйден нешеусің, біp-біpіңе меймансың» деген баянсыз бақ, тұрлаусыз өмір бар. Адам мен адамның қосылысу, айырылысудың басы. Бүгін мыңды айдадық дегенмен қамшының сабындай қысқа ғұмырда соның бәpі бақаның бағындай ғана бірдеме десек болады. «Мінген атың, жер ортақ, жаққан отың, күн ортақ». Жинаған дүниең дүниенің өзінде қалады. Байлық бауына уақытша ғана тыраңдайсың. Атаң да қара жер, анаң да қара жер екенін боқ дүниенің буымен еске алмайсың. Таудай байлық иесі кедейден тырнақтай күмісті «тартуға» алғысы келеді. «Ақбөкенің жатыр деме, көшпелі елді отыр деме» деген бар. Жоңғар, жоңғар болғалы бүгін отырған үйің ертең орнында жоқ; бала жылап, кepі құлап күңіреніп елден ел, жерден жер ауумен болдың. Алатаудың бектерін алып жатқан қалың Шапырашты осында, Әулие-Атаға қарай жылыстап ағаның да қазақтың Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлары бастаған жорыққа қосылып қалмаққа қарсы соғысудың қамы болды. «Аркада қыс жақсы болса, арқар ауып несі бар», дегендей. Алатауға бел жетпейді. бел жетпес таудың етегін жайлаған Шапыраштыға ел жетпейді деп ежелгі ата-бабаң айтып кеткендей, жерімізден ауып неміз бар еді — деп аз кідірді де ойын жалғай түсіп:

— Нұрмамбет қане, өзің айтшы, сөздің иесіне жығылайын ба, елде жүйесіне жығылайын ба?.. Дүниені бүлдіретін де, бүтіндейтін де сөз. Болмашы істен болжаусыз бәле шығады. Құсбек батыр бастап, қазаққа кeліп қосылған қырғыздың мыңдық қосаны аз олжа емес. Олай болса, буларды қасыңнан сен қуғанмен мен қумаймын. Мына отырған халайық қумайды. Kешегі өткен хан кеңесінде Болат хан, Төле, Қазыбек, Әйтекелермен бас қосып күні ертең жоңғармен қалай соғысудың жобасын жасадық. Алдымызда қанды қырғын тұр. Олай болса, тек Сарбағыштан өзге қырғыз ағайынның біpін оңға бағалап өз қасымда ұстаймын. «Теңгермегенің меңгере алмайсың» дегенді атаң қазақ босқа айтпаған. Әр нәрсенің сол ғұрлы түйінін сақтау керек. Түйе Судан сен үшін емес, жан үшін малтайды. Мен айналамдағы жұртты мейлі қазақ, мейлі қырғызы болсын, немесе қарақалпақ, құрамасы болсын сен үшін емес, қазақтың момын ауылдары қап болмауы үшін ұстаймын.

Ал, ағайын, айтылар сөз айтылды. Енді Ыстының биі Нұрмамбетке құлақ салайық,—деді. Нұрмамбет бағанағыдай емес, жүні жығылған. Орнынан тұрғанда да, өң-түсі қуаң тартып берекесі қашыңқыраған еді. Алғашқы арыны жоқ, денесін бос салып айналасына жуас қарап:

— Уа, көпшілік! Мен айтарлық сөз де қалған жоқ. Әйтек батыр да, Көшек ақсақал да жер-жебіріме жетті. Төбе би болса не айтқанын өздеріңіз де тыңдадыңдар. Мен көпшіліктен асып қайда барамын. Жалғыз-ақ Сарбағыштың иесі Шапыраштыға айыпты бола келіп отырып кісімізді өлтіру ел намысына от тұтандырған соң соның долылығымен біp жақтылы кеткен екенмін. Төбе бидің билігі кесім болсын,—деп басқа ешнәрсе қосқысы келмегенін білдіріп үнсіз тұрды.

Шапыраштының рушыл қызбақандылары Нұрмамбеттің иі түсіп, әуселесі басылған, момақан нұсқасына қарап қыбы қанғандай еді. Әр тұста Нұрмамбеттен көздерін алмай, өзара ақырын шүңкілдесіп:

— Е, бәлем, «арыстан ақырса ат жүрісінен жаңылады» дегеннің дәл өзі болды.

— Біздің би екі аяғын бір етікке тықпай қоя ма.

— Иә, деймін-ау, төбе би басында айтпады ма. Соның ыңғайына қарай өлшеп сөйлесе абырой осыныкі болмас па еді. — десіп жымыңдасып жатты. Жарылғап биді арқа тұтып, өздеріне бел көретіндері байқалады. «Әңгіме айтушы егеді тыңдаушы төгеді» дегендей, бастан-аяқ Жарылғаптың әр сөзін теріп шоқтықтанып отырған да әcіpece осы қаншыл, қызбабастар болатын.

Айқым Әйтек Жарылғап досының мүлтіксіз жеңісіне арқалана сөйлеп: - Е, жарандар! Сүтке сүт қосылса сүмесін болады, сөзге сөз қосылса демесін болады. Бәріміздің жабылып жүріп тебе бидің сөзіне демесін болдың. Нұрмамбет, қатты айтқанымыз болса айып етпе. Тегінде кеңнен тарылғаннан, тарыдан кеңіген жақсы емес пе. Мына айтқаныңмен сен тардан кеңідік, жөніңді білгеніңе ырзамыз,—деді. Құсбек манап тебе бидің емеурінін күтпей-ақ орнынан өзі түргелді. Түр-нұсқасынан кең байтақ жайдарылық аңғарылады. Жарылғапқа ашық-жарқын шырайымен көз салып тұрғанына Қарағанда оған ден ырза тәрізді. Байырғысынша:

— Ұрматтұұ қазақ туғандар! — деп сөзін бастай берді — Біздің қырғызда «аялы семіз, epі арық, үй жұртынан сақтай гөp, иecі семіз, аты арық, түз жұтынан сақтай гөр» деген гәп бар... Ұшұ айтқандай Құдай үй жұртынан да, түз жұртынан да сақтасын депле! Алые душпан, жакын дос бар, достугумыз ажырамасын, дегіле. Баятан айтылып жаткан жоңгар жооумыз тұрганда атымыз арық түз жұты болотурғаны айдан анық ғо... Ошунуң үшүн казак-кыргыз бдіp-бірімізбен қол қармашып, ортоқ дүшманымызға біpre аттаналы. Ол үшүн, бүйымдайымыз бірге үралаш, қойымыз біpгe қоролаш болбосодағы жайлооумыз салалаш, баққан итімізге шейән ұялаш қазақ-қырғыз байыртан дос-жар елдерміз. Мына отұрған Сарбағышқа окшогон аяғын етік қыспаған, ене ауыздың салмаған, жер соғорлор эле ортоғо от таштайды. Болытыр, Сарбағаш алар жазасын алды. Жарылғап биге қылышың болса, мойным бар, құшағың болса, қойным бар, дегеннен башқа айтарым жоқ. Төбе би айтқан жүз жылқыны он күн ішінді таяр қыламыз. Үшүнү айта келе жүрегүмде тұрған біp эле ретті алдарыңа салайын. Қаңлыбай ең башта Сарбағышка «бозкеш қырғыз» деген ғо... Мұнан кейін ұлтқа, мілекте тіл тигізіп болбосын демекпін. Өлер адам өлген болсодағы үшү қоқұс геп қата айтылғанын мойындаңыздар. Палакет байдың малына келет, жарлының жанына келет. Өзі кедей Қаңлыбайдың жанына келді. Шейіт кеткен Қаңлыбайдын Құдай иманын саламат қылсын, дегеннен башқа не айтамыз. Оқ қалса суырасың, кек қалса не қыласын, деп, қазақ өздерун айтқандай екі жағымыз да кек қалмасын Жарылғап би сіздің төрелігіңізге Құдай құлдық. Менің айтарым ұшұ,—деп тоқтады.

Талайдан бepі не болары белгісіз түрде келген күн тартысы осылай келіп аяқталғанда тек шапыраштылар ғана емес, арқаның аяқ жағында жеке отырған ара аяғын бола келгендер де, Ыстының өздері де жамырай тіл катысып:

— Құсбек манап жарайсыз!

— Бүйтпесе би атана ма?

— Жарылғап айтыңыз, төбе бидің құтқармай сөйлеуінен болып отыр.

— Істің көзін, қисықтың тезін табатын Жарылғап қой.

— Иә, «істің жүйесін білген, түйіннің киесін шешеді» деген осы емес пе

— Қазақ «біp шешен мың кісіге өpe салады» дегенді осындайдан айтқан ғой.

— Мыңның қамын біp ойлар, бірдің қамын кім ойлар... Жарылғаптың қамын ойлап жүрген қай қазақ бар. Шошқа қуған аттың теріндей көзге көрінбейтін біp еңбек десейші — десіп жатты. Ең соңғы сөзді айтқан Жарылғаптың ағасы Тілеу еді. Бауырына осындай біp жанашырлық айтуға тиісті болатын.

Ж. Ахмади Құн

(Этнографиялық әңгіме) Сонымен, екі жақтың батыр, шешен билері құн дауын бастап сөзге кіріскен. Екі тараптан дауға түсетін билікшілердің үстінен төрелік беретін Көмекбай қажы алдымен өзі сөйлеп, екі би неғұрлым ымырамен табысып, ел берекесін сақтау жағын баса айта кеп:

— Бетеге кетіп, бел қалады, бектер кетіп, ел қалады... Ел-анаңның елдік арқау ермегін үзбей сөйле. Татулық—ұйым, ұясын бұзбай сөйле. Соның мерейі мен райынан аумай айт. Ойламай айтып, кездемей атсам да менікі жөн болады демеңдер.

Жук ауырын нар, ел ауырын ер көтереді. Бүгінгі ауыртпалықты, мына отырған екі би, сен көтересің! Ести сала сенетін, көре сала күлетін, желбуаз би ел сөзді ұстауға хақысы жоқ! Бұрынғылар «жігіттің жақсы атағы да, жаман атағы да біp топта шығады» дегенің босқа айтпағанын еске ұста. Eкі би сен бүгін билік айтып қана қоймайсың, мынау отырған халқың, алты арыс шеру алдын да өз басың сыналатын екенін де ұмытпа... Адалдығың, кісілік өрелігің сынға түседі. «Би әулекі, би білмеген қай әулекі» дегізбеңдер. Бітіргелі отырғаның ер қазасы, ел назасы екені рас. Бұл тартысың ер елімді күн дауы болса да, ерегес пен кектің іcі бола тұрса да, кекесін мен кежірлікке салмай шеш. Таза абырой, татымды тартымыңмен шеш. Eкі жақсы қоңсы қонса — құдаласып ажырайды. Екі жаман қоңсы қонса — қуаласып ажырайды болмаңдар! — деп қатты саңқылдан сөйлеген. Kіcіcі өлген биеке жақтың биі оңайлықпен еш нәрсеге ырық бере қоймайтын, Tepіc азу, ожар Сары — Есімжан батыр болатын. Ала арқанның күншығыс жақ бетінде өз тобының алдына шығып, еңгезердей денесімен бір тізерлей жайғасқан. Төбе бидің «сөйле» деуін ғана күтіп, қас-қабағы құбылып, тықырши түскен қалпы бар. Оның қарама-қарсысында арқанның екінші жағында жүгініп отырған — құныкер би. Ол қос тізерлеп кішілік танытып отырған сыңайлы. Бұл топтың батыс жағындағы арка тұсында тиіп тұрған қара жартас, аршалы биік. Екі аралықта жапырағы желбіреген жас қайың, жасыл терегі аралас селдір тоғай. Әредікте содан мөлдір әуезді орман шымшықтары мәуілжітіп үн береді. Құн сөздің алдымен адамы өлген жаққа беретін байырғы салт. Есімжан өзіне дау тетігі тиісімен біp бүйірін таяна, оң қолындағы қос бүктеулі қамшысын сілтемелей, сермей отырып, жарқаштанып шығатын зор дауысымен ақырып сөйлеп, айқайлай жөнелген:

— Уа халайық! Мен айдай ажарларың алдында айғағы анық адаммын. Бірақ аналар құсаған, — деп қамшысымен ала арқанның ар жағын жайқай көрсетіп,— асығым алшы адам емеспін! Адырна жібім үзіліп, атар жебем таусылып, арым күйіп отырған адаммын! Қарызды алған ұмытқанмен, берген ұмытпайды. Кісінің жаттан емес жақыннан көріп отырмын. Сөз салысып дауға ортақ, ат салысын жауға ортақ болатын ағайыннан көріп отырмын. «Тай жөн шыққан қасқырдай, жеткен жерінде ұста», — деген қорлық долығы тағы бар. Сондықтан осы бастан ашып айтайын, мен өзге құн жоқтаушылардай, ысқырса - желдікі, аударса — жаудікі, іші тезек, сырты түк қыл құйрығыңа бітпеймін. Маймақ түйе, маубас қой, сасық тұмсық сиырының керегі жоқ. Малмен бітсем, «енеңді ұрайынның жарасы жеңіл екен» дейсің де, ертең біp боздағымды тағы мерт қылмайтыныңды қайдан білем.

Тамаққа тойса ашуы басылатын кісі құн дауын дауламайды... Асаудай сипап, сынықтай сылап Көмекбай қажы қанша маймаңдатып, майдалағанымен, менің бүгінгі сынығымды желімдей салатын оташы жоқ. «Үш рет мертіккеннің өзі оташы болады» дейтін. Сенің қолыңнан мертігетін болдым! Бір атадан туған Биеке Бітік еді.... Асу сайын қақпан құрып, мертігіп болдық! Енді оз сынығымды өзім ғана салатын жерге жеткіздің! Егер қазақ айтатын «Қазан жуулы — қан шайлы» құн дауын мына осы бүгінгі күнмен ада-күде бітіріп аяқтатам десеңдер, осы қазір дар құрғызбай тынбаймын.... Сөзім— сол, айтарым осы-ақ!— деп қатты қасарысып алды. Төбе би ендігі сөзді кісі өлтірген жақтың биіне берген. Ол би — Шерудің тағы біp сөзгер, белді адамы Сәрсенбі. Бет — мұрнының ұшынан жіңішкe күрең тамырлары тарамданып тұратын, тарғыл жүзді алпамсадай Сәрсенбі еңсеріле жүгініп отырған бойы:

— Уай, жараңдар! Өзі білер жақсылар сөйлеп отырғанда мен не айтам. Кішінің тілі қысқа, тілім қырқылып отыр! Бүгін менің басыма «қазы сол қолда, пышақ оң қолда» дейтін құн туып отыр.... Мен қазы болсам, сен — пышақ, қалай кессең еркің бар.... Жалғыз-ақ «Туыстың тасы бас жармас» дегенің ұстасақ болды ғой... Тек «дар құру» дегеннен басқа не айтсаң да кеңейіп. Бұл әдеті істелген қастық емес, сайтан алар әдейі істелген жоқ, ұры тонар пұлы жоқ, бір кедейдің аңдаусызда ми болып, арандаған жазымы еді. Құн алам десең, жайылған мал, жалпақ, үйім сенікі, ағайын! Кешірем десең, шуақты қоныс, суатты өрісім сенікі. Дүрелесең арқа етім, түкірем десең арбетім тағы сенікі. Ағайындықтан аттамай бала алып асыраймын десең, жарты құнның үстіне біp баламыз сенікі депті. «Өрттен соң үй ұрғызады, кісі өлсе там тұрғызады» деген. Құн төлеудің үстіне айып алсаң, қалы кием жабылған, қара-құла бура мен қайымалы қара інген «қаралы» болғаныңа қосамын. Мойнына қосақ, артына тіркеу, тоғыз қара тағы ал. Ал тегі дар құрмай шерім тарқамайды десең, онда қыл арқаным, қылша мойным тағы сенікі алсаң міне, — бас! Алмасаң, алдияр бас! Тек ашуыңды бас, тақсыр-бас!!! —деп тоқтады.

* * * Төбе би кісі өлтіруші, Тапбасар жақтың құныкер биі Сәрсенбіні сөйлеткеннен кісінің даугер, батыр Есімжанға бұрылып:

— Әй, Есімжан! Алдыңа келсе атаңның құнын кешетін қазақ емес пе едік. «Иілген басты қылыш кеспейді» дейтін алаштың баласымыз... Cәpсенбі ел бүтіндік үшін аспандағы басын жерге түсіріп қарсы алдыңда құндыкер, міндікерің болып отыр... Сен енді досты бүлдіріп, қасты күлдірме. Ел болып тұрып дау шығып, етек астынан жау шықпайық, ағайын! Дауыл келсе, алты қанат ақ үйге жібек құрдан арқан салған, дау келсе, ердің құнын екі ауыз сөзбен мойнына алған атаң қазақтың салып кеткен даңғылына түс! Сонда ғана көшің көлікті, есің өнікті болсын, жарқыным дейін. Қане, не дейсің?! — деген.

Алып денелі сары бұйра сақалды көріндік Есімжан бақ ете түсті.

— Уа! Мен баста айтпадым ба... Сәрсенбі сезден таяқ таянып, желден көрік басады. Желбуаз жорғасын жайқақ қақтырады!...

Айтарымды тыңдай түс. «Сайтан алар діні жоқ, ұры тонар пұлы жоқ», бір кедейдің аңдармай атқарған іcі еді демек болады. Бұл «иecі құтылғысы келсе, итім құтырады дердің» кepі. Ондай желкөбік ділмарлыққа жүйе-жігім босай көтерліп қай сиқым қалды! Не күшім қалды! Қазақ жақтырмаған кісінің өтірік сыйлап, алдамақ болғанда «өкпе бер, бауыр бер — сыбағасын тәуір бер» дейді... Соның таз кебін кигізіп «кешірем десең, шуақты қоныс, суатты өрісім сенікі». «Жайылған мал, жалпақ үйім сенікі» дегенсіп лепіреді бұ неғылған бояма сақалдық, жасама көлгірлік! Мен құр тұлыпқа меңірейін деп отырғаным жоқ... Жеткіншегінен айырылып, жер таянып отырған ауылмын! Өз қара басымды күйттейін деп отыр ма ем! Сөйлесем сол қаралы ауылдың сөзін сөйлеп, сүртсем соның көз жасын сүртем. Сенің берген бес байталыңды алып, күңірене жерде күліп кайтар жайым жоқ Арсызға арға балап күлкі берсің... Кекке—кек, қанға— қан алуға жарамасам ертең сол ауылым, сол өліп алдында атым өшіп, ағаш атқа міненім. Қаңбақ шал ғып, әлпеншекте қалқытады, мына отырған ағайын. «Дау алып аты атанбаған жігіттен, қасқыр алып аты атанған төбет артық» дегенді мен айтқаным жоқ. Дәстүрім, жолым десең, құн даулау ол да атаңнан қалған жол. Мен сезге көнсем осы бүгін көнген сағатымда ғана сез тыңдағыш тәуір кісі атанам... Былай шыға бере «ақымақ қып қайттық» деп бүркіттей саңғырып мазақтап кетеді. Жоқ, жараңдар! Ақыр «кәпір» атанады екем, «қайырымды кешірім», «тілге көнгіш, жақсы кәпір» атанбай-ақ қояйын... Өйткенше жаман атты бір-ақ арқалайын. Алғашқы сөзім — сез. Айтқаным—айтқан!.. «Ұрыда иман жоқ, мал орнына жанын сатады, батырда иман жоқ, ақыл орнына арын сатады» дегенді мен ойымнан шығарғаным жоқ, атаң қазақ қалдырған. Бүгін менің ақылым жоқ, арым бар... Керегінде тегеурінсіз ақыл асау ардың құрбаны болсын!—деп жұлқына сөйлеп тоқтады. Сөйлеп болғанында да қалш-қалш етіп отыр. Бір сөзшең танбай сазарып алды. Даугер бидің екінші жолғы сөйлеуінен мұндай қатал ызғар күтпеген төбе би оның сұрқылтай лебізін қатулана тыңдап кеп, енді бұлда шындап қасарыса бастаған. Тегінде, Есімжанды оз аталас тайпасы сыйласа, Көмекбай қажыны берісі исі Шеру руы, арысы бүкіл Қызай, былайғы қанаттас көрші рулар: Албан, Суан баласы құрметтейді. Әсілі, Көмекбай ақыл мен сөздің ғана данасы еместі. Керекті жерінде сол ақылға сай әділ ашу билігін қоса жұмсайтын. Жаубасар айбатпен түтеп, қандай асау тентекті болсын ырқына көндіретіні бар-ды. Қажылық сапарға бармай тұрғанда қарамағандығы елін жақсы лебізге көнсе сөзбен, ал оған тоқтамаған ұя бұзар, басбұзарларды амалсыз күшімен бағындырып басқарған. Ақылға көнбеген обалсызды азапқа көндіріп отырып, жөнге салған ру кесімі екенін де мойындататын. Ауылдың, атаның ғана емес, рулы елдің шып-шырғасын шығармай уысында ұстаған ел иесі eді. ... Қahapғa мінген кезінде тұтас кеудесімен оқыс бұрылып қарайтын әдетімен Есімжанға жалт ете айналып кез салғанында, жұрт аңырысқа қалған-ды. Төбе би сөзге келместен мынау елді жауып жібepіп қиқар батыр Есімжанды байлатып аларлықтай айбаттанып кеткен. Ол енді маймөңкелеп тұрмастан қатал өмірдей сөзді бастап кетті. Ортаға ұзынынан тасталған ала арқанның екі жағында даугер-құнгер Биеке-Бітік қауымы отырған болса, аяқ жақта бір жеке өзге қаған ара ағайын бола келген көпшілік жайғасқан. Арқанның өргі жақ басында бүйіріне бүктеулі қамшы таянып, бір тізерлеп отырған қалыпынан төбе би ширақ қозғала түрегеп:

— Уа, халайық, жарандарым!... осы отырған тұтас Шеру баласы атан — жауырынында жалы бар, он кезінде қалы бар Шеру батыр, анаң дәретсіз жер баспаған қожа қызы — Қарашаш бибі еді. Сондай әзіз біp ата, біp анадан туып, ел болып тараған қауым мына отырған сен едің Сол қасиетті аруақ, кіндігінен өрбіген ұрпағына қол жайып: «Қонсаң — шендес, көшсең — шөптес бол, Шеру баласы» деп берген уыз батасын ұмытып, бүгін біp сөз бастапсың!... Сұңқар қонған тұғырға сұғанақ құс саңғырғандай, сұмырайдың сөзімен, сұмпайының көзімен бастап отырсың! Тиексіз тілің тізілген тісіне бағынбай, құба түзге беттейсің... «Өсер малдың атан қумас бурасы, ат қумайтын айғыры, өсер елдің пәле қумас батыры, дау жаңғыртпас басшысы болады» деуші еді. Бүгін сеніп ортаңнан ол табылмапты.! «Алтын тісті ауыздан боқтан сасық сөз шығады» дегенін керін келтіресің! Өмірі асқақ болса әлеумет сорлайды. Мына отырған жамағат, тіпті азаматы өлген Биекеннің жақсылары да осы бүгін ортамыздан тағы біp кісі өлсін деп тілемей ме екен? Ел ішінде қайғысы қара көже ғана болып күрмеліп отырған жетім бала, жесір әйел бар. Сақалына ақ түсіп, көңіліне дақ түскен панасыз шал, баласыз пақыр кемпір бар... «Kіcі өлгені жақсы ма» деп, алдымен солардан сұра. «Өрлеген балық ауға, өр кеуде жігіт дауға жолығады» деп, бұрынғылар босқа айтпаған. Көрініп тұрған дауылдан, көрінбей тұрған бәле жуық. Бұрқанған аш басылып, бұйыққан көңіл ашылған күні басына тағы пәле орнаса, тыныш ұйқы дегеннің жаныңа қандай жақын екенін сонда білесің. Тыныш ұрттаған қара суыңның қандай олжа екенін сонда ұғасың. Kіcі өлтіруге асықпасаң да, атаң да қара жер, анаң да қара жер, бәрімізді жалмап жұтатынына көзіңді жұм да сене бер... Дүниенің арты жалаңаш опасыз екенін, Есімжан, сен білмесең мына отырған ел біледі. Алдына келіп басын иген Сәрсенбіні жазғырасың. Біле білсең, ол қызыл тілмен тікеннен гүл шығарып отырған жоқ па. Ол сен құсап «би екеу болса, дау төртеу» болғызғалы отырған жоқ. Шынына бақсаң, өлген де, өлтірген де Сәрсенбінің ешкімі емес. «Айыратын жазған бар, табыстырар жараң бар» деген, әне, сол. «Жаманға ісің түссе, кешіру үшін жаныңды сұрайды» болмайық. «Сұлуды «сұлу» десең, есіне сенбей, түсіне сенеді батырды «батыр» десең, ақылына сенбей, күшіне сенеді» болмайық. Атан қазақ «Ерге құнды бол да, тірі қал, етігіңнің нәлісі толғанша ұмыт болады» деп кеткен. Батырың бол, биің бол, кеуде соғып болдым-толдым демейік... «Болдым» десең, қара жер түбіріңе жетеді. «Толдым» десең, кедейлік сіңіріңе жетеді. Дар құрсам, біp бауырыңды жоқтаймын деп, тағы біреуінен айырыласың. Есімжан, сен қырыс кежірлікті тоқтатасың! Ата салтынан аттап, еліңнен асып айтқан кері билігіңе халық көнбейді. Аса берсең — асқанға аспан да аласа көрінеді «Қатардан ассаң да, халықтан аспайсың» деген.

Оған көнбесең, оң құлағыңмен естіп ал, осы қазір елді жауып байлатамын! — деп қатты шамырқанып тоқтағанда, Есімжан мұнан ары не айтарын білмей тынып отырып қалды. Төбе би соңғы айтарын түйіп:

— «Ердің құны жүз жылқы болса, ары — мың жылқы» деген бар. Ақ иесін ырза қыл деген сөз. Жауапкер Бітік ата, сен әр үйіңнен біp бестінің нарқыменен есептеп, тана-торпақ, тай-байтал бола ма, Биеке атаның елу үйіне елу бестік, ал қалған өлуін азаматы өлген Дөңқабақтың үйіне жеткізесің! Соны реттеп бітіретін ара ағайыннан төрт қалыс сайлаймыз. Дауға түскен үш би соның күзетінде боламыз да, Біp шай ішінде малын түгендейміз! Ертең сол үшін осы жұрт алдында басымызбен жауап береміз! —деп, екі жылға созылған құн дауын екі ауыз сезбен бітірген-ді.

Е. Ашықбаев
Мөңке бидің мәңгілігі6

Енді екі ғасырдан соң қандай жұрт болатынымызды айта алар ешкім жоқ. Қарапайым мысал: Кеше өткен XX ғасырдың екінші жартысында әлемнің маңдайына шаң тигізбейтін ғалымдары, XXІ ғасырдың басында Жер бетіндегі адамдар саны 10 — 12 миллиардқа жететінін айтып, зар қаққан еді. Қайда... Биыл 6,5 миллиардқа жаңа иек артып отырмыз. Бұл халықтың да 2,5 миллиардқа жуығы Қытай мен Үндістан есебінен құрылып тұр. Аяқ басар жер қалмайтынын жобалап еді. Жер әзірге жергілікті. Ал бұдан екі ғасыр бұрын Мөңке би: «Түрлі-түрлі халық болады, күндіз-түні жарық болады» деп еді болды. «Дүние жүзіне өре мен темірден жол тартылады, адам ақысыз жұмыс істемейді дүниені түрлеп кестелейді» деп еді солай болды да қойды. «Алашұбар тіл» де келді «дүдәмалдау дін» де келді... Осының бәрін білген Мөңке бабамыз білімі ерте озған Мысыр шаһарында немесе Рим мен Париж қаласында емес, байтақ Шалқар даласында дүниеге келген еді. Әбілқайыр, Нұралы хандардың оң тізесін басқан би, Асанқайғы үрдісін жалғастырушы көреген, дана ойшыл, философ, іpі қоғам қайраткері болжампаз жырау Мөңке би осындай болғанда, оның әкесі кім еді? Әкесі Тілеу мың сан рулы ел есімін алған, Күлтөбеде әз Тәукені хан сайлауға, сұпы Әжіні пір сайлауға қатысты сөз алған белгілі би, батыр. Сайрам соғысының қаһарманы қолбасшы Тілеу Айтулы еді. Біз 1675 жылы дүниеге келген деген дерекке ден қойған Мөңке бабамыздың ұрпақтары бұл күнде 9—10 атаға жетіп отыр. Әргі тірлігімізге жасалар, бергіде, еліміз тәуелсіздік алғалы Мөңке би есімін ардақтауға ерекше ден қойылды. Филология ғылымының кандидаты, доцент Жұманазар Асан мен халықаралық «Қазақ тип» қоғамы облыстық ұйымның төрағасы Кемедулла Төлеубайұлы әрідегі Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Нұржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сарышолақ шайыр, т.б. Мөңке би туралы сөздерін жинақтап, оларға бүгінгі Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Балтабай Адамбаев, Сергали Толыбеков, Серік Негимов т.б. лебіздерін қосып, «Шекті Мөңке би Тілеуұлы» атты мағыналы жинақ шығарды. Астанадағы «Елорда» баспасынан Жұманазар Асанның «Шекті Мөңке Тілеуұлы (1675—1756)» атты кітабы шықты. Ақтөбе қаласында мүсінші Құрақбай Егізбай өрлеген баба ескерткішін бой көтерді кеше атауы берілді. Шалқар ауданының Қайыр ауылы Мөңке би ауылы атанады. Мөңке би ауылында жаңа мектеп ғимаратының үлкен залында Мөңке би Тілеуұлына, арналған ғылыми конференция өтті. Алғашқы баяндаманы филология ғылымдарының докторы, профессор Серікқали Байменше «Мөңке бидің биік болмысы» деген тақырыпта жасап, Жүсіпбек Аймауытовтың, Ахмет Жұбановтың, Балқы Базардың, Сарышолақ Боранбайұлының, Нұржан Наушабаевтың шығармаларындағы Мөңке би туралы айтқан сөздерді саралады, дана бабаларымыздың көрегендігіне, ойшылдығына ой жүгіртті. «Не нәрсені болсын алдын ала төгілген жорға жырмен болжау — адамның білімділігіне, өмірлік тағылым-тәжірибесіне, ен басты құдай берген талант-қабілетіне байланысты. Болжаудың да болжауы бар, алдын ала жасалған заманауи жорамал кейін нақты нәрселермен, заттармен, құбылыстармен сайма-сай түсіп жатса ғана айнымай келді деп айтуға болады». Мөңке биден қалған сөздердің өлеңдік құрылысы, өлшемі мен ырғағы үйлесімді мазмұны жағынан қоғамдық-саяси лириканың сипаттары байқалатын сюжетсіз поэма элементтерін бойына сіңірген толғаулар. Профессор Серік Негимов айтқандай, оны «суреткерлік сипатына, эмоциялық-экспрессивтік қуатына қарай бағалаумен бірге, бұлардың импровизациялық экспромттың, идеялық-мағыналық жағына да көбірек көз жіберген жөн», — деді баяндамашы. Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының кафедра меңгерушісі профессор Төлеубай Төлепберген Мөңке әулиенің ұрпағы «Профессор Мұқанбет-қазы Тәжиннің өмірі мен қызметі» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол М. Тәжиннің өмірбаянымен қатар аяулы азамат туралы жылы пікірлер айтқан бeлгілі адамдардың естеліктерінен үзінділep келтірді және ол кісінің өте турашыл, жұмыста талапшыл іскер, адамгершілігі жоғары адам болғанына тоқталады. «Егемен Казактан» газетінің меншікті тілшісі, журналист Бердібай Кемал «Тарихтағы Мөңке би туралы тұлғалар және Шекті Мөңке би» деген тақырыпта баяндама жасап, тарихта Ноғайлы Мөңке, Хорезмдегі Ақыр Мөң, Шөмекей Мөңке, Жетіру Мөңке дегендер болғанын, бірақ, сол би, әулие Мөңкелердің бәpі — бір адам, ол — Шекті Мөңке би екендігі туралы дәлелдер келтіріп, тұжырым жасады. Баяндамалар өткен ғасырлар оқиғалары мен қазіргі заман үрдістерін байыптауымен, Мөңке би мен оның бүгінгі ұрпақтарының арасындағы байланыстарды жаңаша әдептеумен мағыналы болды. ...Екі күнге созылған республикалық ақындар айтысы Мөңке би ауылында тиянақталды. Сегіз жұп—Дархан Оразымбетов, Бекарыс Нұриманов, Қайрат Күлекешов (Қызылорда облысы), Күмісай Сәрсенбаева (Тараз қаласы), Айбек Қалиев (Астана қаласы), Аян Сейітов, Інжу Дәрменова, Қайнар Алакөзов (Шалқар қаласы) елдік пен ерлікті асқақтатты, әзіл мен қалжыңды қиюластырды.

Астаналық Айбек Бекарыспен айтысында:
Мөңке би өз ұлтына құлақ түріп,
Әрқашан табылыпты биік ардан.
Шіркін-ай Мөңке сынды би болар ма,

Халыққа ұсынатын сыйын алдан.
Алайда ол арманым орындалмас,
Ол арман — орындалмас қиын арман —
деп толғанса, Қайнардың Күмісаймен айтысы:

Жырлаймын жүрегімнен назар ақтара,
Армысың, аспан мен кек, азат дала.
Езуімді жимайтын заман кeлді,
Мұңайып ақылыңды азаптама.

Ассалаумағалейкум, Мөңке ауылы,
Құлашын кеңге жайған ғажап дала, —
деп бастады.

Той Мөңкеге арналғандықтан да, халық ұлы баба ұл ағатына қатысты ой армандарына ерекше ықылас аударып отырды. ...Баба тойы барысында ауыл үстінен жағалай тігілген ақшаңқан киіз үй төбесінен әлcін-әлcін ұшақ дауысы естілді. Темірқанат құс ауылға Мөңке би аты берілуіне және Мұқанбетқазы Тәжин атындағы мектептің ашылуына орай құттықтаулар жазылған қызыл кек парақшалар мен алуан түсті шарларды төгіп-төгіп өтті. Ал аспан... осы күндерге дейін қабағын түйген аспан сәулесін шашты.. Енді, мына, тәуелсіздік томағасын сыпырып, жүрісін түзеген заманда Мөңке би айтқан толғамдарға қарап түзелуіміз қажет екен. Себебі, ұлт әуелі өзінің ұлы перзенттерін, сосын өзін-өзі танымаған тұста жойылады. Біз сол тұсқа жақын қалып еді, бірақ шекарадан қайттық. Кеше Айтулы Тілеуді таныдық, інісі Жолдыаяқ екеуінің сүйегі жерленген Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде жазылған есімдерін оқыдық, Түркістан қаласындағы Тілеу-Жолдыаяқ батырлар атындағы көшеге ізіміз түсті. Бүгін Мөңке би ауылымен қайта қауыштық. Ертең... Осы сапарларымыз қайта шудаланған түтінмізді түзу ұшыра бергей де!

М. Әбдәкімұлы
Естемес би

Осыдан он бес күндей бұрын осы ауылға Ташкен құшбегісі Рәжіпханның салық жинаушылары келген-ді. Оларды Шыршық бойындағы құрама жұртының датқасы Қосыл бастап келген. Қосыл Рәжіпханның Шыршық жеріндегі ең сенімді адамы. Бірақ бұрындары ол бұл жаққа келген емес. Сонда да оның аса залым адам екенін Қазығұрт өңіріндегі би-датқалар жақсы білетін. Қосыл сол залымдығын осы жерде де көрсетіп «Үй басына төленетін салықтарды көбейтіңдер, әйтпесе, үстеме салық ретінде әр жиырма үйден бір қыздан алып кетеміз» деп елдің үрейін ұшырды. Би-датқалар оған «иіліп жастық, төселіп көрпе» болып дегендей, жақсылап күтіп, астына арғымақ ат, үстіне оқалы шапан жауын, райынан қайтарған. Ол өзіне көрсетілген қошеметке риза болғаны сондай, алым-салықты өзімен бірге әкетпей, «ақырап айында Тәшкенге датқалардың өздері әкелсін», — деп аттанып кеткен. Алайда Ақбура асуынан өтіп бара жатқанда залымдығы ұстап, сол маңда отырған бес-алты үй қарашының он бес жастағы екі қызын сыңсытып тұрып, арбаларына салып алыпты. Арашаға түскен қыздардың туыстарын ләшкеріне әбден сабатып, ол аз болғандай, екі жігіті ат құйрығына байлап, өздерімен бірге әкетіпті. Жігіттің бірінің әйелі байбалам сап, арттарынан тұра жүгірсе: «өзі көрікті келіншек екен. Біреуімізге қатындыққа жарар»,—деп оны да зорлап алып кетіпті. Ертесіне бұл хабарды осы ауылдан келген шабарман Дауылға жеткізген-ді. Дауыл дереу бес-алты жігітті атқа қондырып, Қосылдың артынан шаптырған. Келестің орта тұсында Қосылды қуып жеткен олар, оған жалынып-жалпайып: «Қыздар мен жігіттерді кайтар», — десе, бәрін мес қылып сабап, бір қуғыншыны ғана кері қайтарыпты да қалғандарын байлап-матап: «Қоқан әскеріне қарсы шықты», — деп тұтқынға алыпты. Тұтқын болғандардың ішінде бағыс Арал бидің баласы Марқабай сері де бар. Қан-дала боп таяқ жеп, ауылға әрең жеткен қуғыншы жігіттен осы жайтты естіген Дауыл, Қазығұрт тауының арғы жақ, бергі жағындағы би-датқаларды жинаған еді. Мақсат — «Қосылға қандай жаза қолдану керек?» бола-тұғын. Дауылдың әлгіндегі сөзінен кейін орындарына қайта жайғасқан олар бастарын төмен салып, бірнәрсе айтуға тағы да батылдары жетпегендей тым-тырыс отыр. Сегіз қанат үйдегі тыныштық ұзаққа созылды. Дауыл шешен де «қайсысы бірінші болып сөз бастар екен» дегендей, жаңағыдан кейін сөз айтпады. Кіре беріс босағада мешкей атанған Төрежан отыр еді. Бері ұзақ уақыт тым-тырыс қалғанда, ол алдындағы ағаш кеседегі қымызды қолпылдата ішті де:

— Уа, биеке! Би-датқаларда көсемдік пен шешендік болғанымен, жаужүректік бола бермейді-ау, осы. Жаужүректілік тілі болмаса да, елде де батырдың баласынан шығады. Ал, Шақкөз, сен бірдеңе десеңші,—деп Дауылға қарады да сосын қасындағы Ақпан батырдың баласы Шақкөзге бұрылды.

Шақкөздің атағы әкесі сияқты болмағанымен, ауыл арасында батыр атанған жігіт-тін. Бірақ сөзге шорқақ. Дегенмен кей-кейде біліп айтатын, онысы тап келетін қасиеті бар-ды. Төрежан өзіне бұрылғанда сәл ғана күрсінді.

— Төрежан-ау, менен қайсыбір сөз шығады дейсің. Десем де бір айтатын сөзім бар. Осы Еркебайдың жетімегі, әлгі, үшінші баласын айтам да, ауылдағы той-жиындарда тақылдап, ешкімге сөз бермейді ғой. Соны осы дауға салып, бір сынап көрсек қайтер еді?

Шақкөздің сөзіне біреулер мырс-мырс күлді. Ал біреулер «бұл не айтып отыр?» дегендей, оған одырая қарады.

— Той-жиында тақпақ айтқышты үлкен дауға салғанды қай атаңнан көріп едің,—деп қалды Момбек датқа.

— Адамның да біліп сөйлегені жөн екен-ау, — деді Ордаш би.

— Еркебайдың балалары жас емес пе? Бір-екі баласы өзімен бірге опат болған жоқ па еді? Қайсысын айтып отырсың, Шақкөз?—деді батагөй атанған Отынбай.

— Қойыңдаршы, Шақкөз бірдеңе айтты екен деп, қайдағы бір бозөкпенің кім екеніне көз жeткізбeкcіңдep? Одан да Дауке би өзіңіз не айтар едіңіз? Қараймын, сізден асар ақылгөй жоқ-ау, осында, — деп Момбек Дауылға көз салды.

Малдас құрған тізесіне екі шынтағын тіреп, басын төмен салған күйі ойға шомған Дауыл шешен Момбек өзіне сөйлегенде басын кілт көтерді.

— Мынау Ақпанның тұяғы жөн айтады. Сол Естемісті әмәнда сынап жүрмін. «Сөзге сынаптай сырғыған сұңғыланың дәл өзі боларсың» деп топшылап та қойғам. Сендер, Момбек пен Отынбай, он үш жастарыңда ел аузына іліккен жандар едіңдер. Енді ғой, жастарын ұлғайған сайын, төгіп-төгіп сөйлеулерің азайып, тілдерің қурап барады. «Ат орнын тай басады» дегенің ұмытқан жоқ шығарсыңдар. «Әр заманға орай өз сұрқылтайы» деген де бар емес пе? Әкесі Еркебай ерте опат болса, Естемес жетімдікке жеңілмей, қайта жетімдіктен жетіліп жүрген шығар. Қазір оны шақырайық екеуің екі сауал қойыңдаршы. Нақты жауап берсе, жібереміз оны осы дауға. Әй, Мәнеке, шақыршы Естемісті!

Мәнеке — Дауылдың екінші ұлы. Жасы қырыққа келіп қалса да жас баладай жеңіл. Әкесінің айтқан сөзінен кейін лып етіп орнынан тұрды. Әлден соң қызыл шырайлы, мұрты енді тебіндеп өсіп келе жатқан бозбаланы ертіп кeлді.

— Көке, міне, Естеместі ертіп келдім.

Естемес «Ассалаумағалейкум» деп оң қолын кеудесіне басып, отырғандарға иіліп сәлем берді де Дауылға қарады.

— Не айтайын деп едіңіз, ата?

— Айтсам, қарағым, мына би — датқалар саған бір-екі сауал бермекші. Соған нақпа-нақ жауап берші.

— Бір құрамының датқасына қыздарын өңгертіп, жігіттерін теңдетіп жіберіп, оған істер айла таба алмай отырған би-датқалардан жөнді сауал шығар ма екен, өзі?

Жағалай отырған би-датқалар, сондай-ақ олармен дәрежелері тұрғылас басқа кісілер Естеместің мына сөзіне шалқаларынан түсе жаздады. Момбектің көзі бақырайып, Ордаш тілін тістелеп, Отынбай көздерін жыпылықтатты да қалды. Тек Шақкөз ғана мәз болды:

— Ә-ә, бәрін қатырдың-ау, е!

Дауыл немересінің мына сөзі үшін оған жұрттың көзінше жекіп тастауды жөн кермеді. Егер солай етсе, «мына билер қазір сауал қойғанда, көңілі пәс тартқан Естемес жауап бере алмай қалар» деп ойлады. Әpі Естеместің сөзі жанды жерлері не тиіп, мыстары құрыған би-датқалардың намыстарын қамшылайын деді ме:

— Ал, Отынбай, немеремнің тілінің мірдің оғындай екенін көрдің ғой. Берер сауалың бар ма, оған? Айтшы, — деді.

Отынбай талай нәрсені бастан өткізген әккі адам. Естеместің әлгі сөзін өлең қылмаған адамдай, жөткірініп алды.

— Айтшы, бала, кері таппаған ақылды жастың қандайы табады?

— Кәрі өткірдің жүзін мұқалтатындай, жөнcізді жөндіге ұқсататындай ақыл таппаса, қу жанын бағып, өзін ғана ойлағаны болар. Ал кері таппаған ақылды жас жігіт айтса, ғұмырының бекер болмайтыны да.

— Е, мұның жөн-ақ болсын. Озған ел қандай болады? Соны бір-екі ауыз сөзбен сипаттап берші.

— Озған елдің жұрты түгел мерекелі болады. Жері құтты, берекелі болады, қариясы дана болады, әжесі әнбеге ана болады. Келіні ибалы, жігіті сырбаз, батыры еліне пана болады...

— Азған ел қандай болады?—деп шап етті осы кезде Момбек датқа.

Естемес мүдірмеді:

— «Азған елдің тұлпары есек болады, қариясының аңдығаны өсек болады, жақсының аңдығаны төсек болады. Ағайын өзара жау болып, бір-біріне атқаны кесек болады», — деп мына отырған Дауыл атам айтқан ғой. Ал менің бұған қосарым: — Азған елдің сөзі тайғақ болады, жамандығы ембе жұртқа айғақ болады. Жігіті қызба, әйелі кек бет, жұрты кедей, батырының мінгені жайдақ болады.

Екіленіп-екіленіп сөйлеген Естемеске Дауыл барлай көз тастады. Жастықтың нұры төгілген әдемі бет-әлпеті одан бетер нұрланып, көздері шоқтай жанып тұрған оған Дауыл іштей разы болды. «Тілі қандай шешен болса, реңі де сондай әдемі жігіт болыпты-ау, қарағым. Әдетте еркектің көркемі сөзге пысық бола бермеуші еді. Құдай бұйыртса, өсе келе елден ерек жан боларсың». Естеместің берген жауабынан кейін үй ішінде тағы тыныштық орнады. Бері де дауыл сияқты Естемес туралы ойлармен іштей арпалысқан секілді. Аздан соң, тыныштықты Дауыл ойының үстіне түскендей сөзбен Отынбай батагөй бұзды:

— Реңің келісті бала екенсің. Соғам сай етіп, Құдай саған тіл де берген екен.

Естемес бұл жолы да шапшаң жауап қатты:

— «Адамның сыртқы келбеті — ішкі дүниесінің сыры» демеуші ме еді казак. Реңім келісті болса, жан-дүниемнің тазалығы бетімде көктеп тұрғаны да.

Тауып айтатын, керек болса, қауып айтатын Отынбай мен Момбек сияқты екі даңғылдың сөзіне мүдірмеген Естемеске басқа отырғандар дәл солардай сауал беруге өрелері жетпеді. Жетсе де Естеместің жауап тауып кететінін сезді ме, үндемеді.

Естемеске сеніп қояр сауалың жоқ па, Ордаш?—деді Дауыл би оған бұрылып.

— Бір датқа, бір батагөйді сөзбен ұстатпаған бұл балаға менің тастар сауал-лебізін, жасырар жұмбағым жоқ. Немереңнің кім екені екі сөзінен белгілі болады, Дауке. Үш күннен бері көмейімізде тұрса да айта алмай отырған дауымызға осы баланы салып, мұны Рәжіпхан мен Қосылға жіберейік.

Олар бізді жақсы біледі ғой. Бізді басынса да, өзімсінсе де теңдік бере қоюы екіталай... Ал дауға бұрын көзге түспеген, әрі жас шешен араласып, ұтқыр сөз айта алса, қанша дегенмен тосын жәйт қой, қарсыластың туының тез жығылуы мүмкін. Мұны осы отырған би-датқалар бар, басқалар бар, бәрі білуі тиіс.

— Е, міне Ордаш жәкемнің сөзі — нағыз жөн сөз, — деді Шақкөз жұрттан бұрын. — Датқа, сіз не дейсіз?

— Қазірше айтарым жоқ.

— Уа, би-датқалар! Сөзі ауыл арасынан аспаған баланы дауға салып, өзімізге ұят келіп жүрмесін.

— Уай, Төрежан. Сенде болмайтынды айтады екенсің. Алмас қылышты қын түбіне сақтай берсең тот басып кетуі ғажап емес. Жорғаны тұсаулай берсең, одан желісті айғыр шыға ма, тәйірі. Жаудан ал! Беті қайтпаған жас батыр қаймығуды білмейді. Біз Рәжіпхан мен Қосылдың алдына барып, мәймеңкелеп, сөзімізді созып отырсақ, қолында билік пен мансабы бар пәтшағарлар арызымызға құлақ асар ма?

Мансапқа еліткен екеуі қайта өзімізді кіналап шықпасына кім кепіл? Ал бұл бала шешендік танытып, сөзбен тұқыртса, олар жас адамнан сөзден ұтылғандарына есеңгіреп қалар. Сосын ақымақ болмаса, әділдікке салар істі. Ал, Дәуке, немереңізді дайындайық дауға. «Асыл тастан, ақыл жастан» деуші едік қой. Бағын сынап керейік. Ордаштың осы сөзінен кейін отырғандар оның сөзін қостап, дуылдасып кетті. Көпшіліктің қолдауына Момбек те, Отынбай да илікті. Содан Тәшкенге баратын сапар жайында бәтуаласты.

— Момбек, сен алым-салықты қай күні Тәшкенге жетгкізуге міндеттеніп едің?—деді Дауыл.

— Бір жетіден кейін.

— Онда біз Pәжіпxaнғa Қосылдың зорлығын айтып, арнайы жаушылар жібермей-ақ қояйық. Естеместі сен өзіңмен бірге ерте кет. Бектің сарайына барғанда

Қосыл туралы айтудың бір реті келер. Өзің сөйлей алмасаң, Естеместі сөйлет сонда.

— Құп, биеке! Естемес анық өзіңізге ұқсап туған ұл болса, сол жолы бізді жерге қаратпас.

Шегір ауылындағы жиынға жиналғандар осындай шешімге келіп, тарасты. ...Ертесіне сәске мезгілінде Момбек қасына кешегі жігіттерін алып, Рәжіпханның диуан сарайына барды. Момбектің еңгезердей-еңгезердей төрт жігіті тағы соңына ертіп келгенін көрген құшбегі:

— Момбек, сен жалғыз жүруге қорқатын болғансың ба? — деді.

— Бір арзамен келдік, тақсыр.

— Бұрындары бүкіл елдің арзасына жалғыз өзін арқалап келе беруші едің. Бұл жолы байқауымша, тіліңді ұзартқалы жүрсің-ау, — деп құшбегі Естемеске барлай көз тастады.

Естемес те оған тіке қарады. Құшбегі адамға ашулы түрмен қарамаса да, көздері зәрлі көрінеді екен. Қарақошқыл реңі де тым ұсқынсыз. Мұрны қолағаштай. Маңдайы тар. Екі жағы шығыңқы бетіне сауалған екі ұрты оны жағымсыз, тұрпайы кейіпке түсіріпті. Мұрты да сирек. Екі езудің үстіне екі бөлек боп бір топ қылтанақ жабыстырыла салған сияқты. Иегінде ақ-қарасы аралас бес-алты сақалы ілініп тұр. Дүрдиген еріндерін әр сөйлеген сайын тілмен жалап-жалап қояды. Мұндай әдепсіздігін Естемес кеше де байқаған. Осындай жылмаң һәм қатыгез мінезді сондай-ақ түрінен кіcі жеритін көріксіз кісіге Қоқан ханы бүкіл бір шаһарды, бүкіл бір уәлаятты қалай басқартып қойған десейші. Түрін қойшы, ақылының да кемдігін айтсайшы. Әлде ханға осындай ұр да жық, келте ойлы хакімдер керек пе екен? Біреуге өз қолдарымен от көсеп беруге мұндайлар таптырмайтын адамдар. Санасында заматта осындай ойлар жылт еткен Естемес оның әлгі сөзіне жауап қата бергенде, Момбек киіп кетті:

— Біздің қазақта, тақсыр, «ақыл жастан, асыл тастан» деген сөз бар. Біз таппаған сөз бен ақылды жас тауып тұрса, несі айып?

— Қазақтарыңның таппайтын, айтпайтын мақалы жоқ... Ә, иә, мен білмей жүр екенмін. Кеше мына бала менің түбімнің кім екенін тауып берді ғой. Аталарым қара қазақтың қара қыпшағы болған екен. Ендеше сендермен қазақ болып сөйлесе берейінші. Қазақтар дауға да құмар, жауға да құмар. Қазақ боп бір-бірімізбен дауласып, жауласып керелік.

Құшбегі тағы да қисық сөзге ерік берді. Сонысына қарамай, астарлап сөйлеуге де ұста тәрізді. «Дауласып, жауласып көрелік дегенінің астарына Момбек те, Естемес те түсінді. Естемес бірдеңе айтып оны ашуландырып алар деп ойлады ма, Момбек шап етті.

— Тақсыр, сізбен дауласқымыз да, жауласқымыз да жоқ. Елдің тентегін тыйып, бұзығын тезге салатын, осы уәлаятта бәрінің үстінен билік айтатын жалғыз өзіңізсіз. Арзамызды айтуға ұлықсат беріңіз.

Құшбегі мақтау сүйер де екен. Мына сөзге қомпиып, жымың етті. Артынша түсін суытып, көк аспанды жалғыз өзі тіреп тұрғандай тәкәппар, астамшыл пиғылдағы кейіпке түсіп, қатулана қалды:

— Осы уәлаяттың адамы түгіл, жылқысына да менің пұрсатымсыз біреу қамшы сілтемеуі керек. Әйтпесе мына тақта неге отырмын? Ұрыны тиямын, бұзықты жазалаймын, қарақшыны дарға асамын.

Оның бөсіп кеткеніне Естемес бұл жолы үндемей қалуды мақұл көрмеді. Бір жағы желік біткен көңіліне тағы да жел бере түсейін деген оймен таңдайын тақылдатты:

— Дұрыс тақсыр, сіздікі әлбетте дұрыс. Тезге түспегенді— жөнге салыңыз, жөнге түспегенді —көнге салыңыз, көнге түспегенді — сөзге салыңыз, сөзге түспегенді керек болса —көзге салыңыз.

— Ой, мына бала кеше де тақылдап қоймап еді. Бүгін де адам ойына келмейтін нақылдарды тақпақтатты ғой. Сендерге Момбек, сендердің алдарыңда, бүгінше қазақ бола тұрайыншы. Бізде қазақта «Үлкен тұрып сөйлеген кішіден без, қарты тұрып сөйлеген баладан без» дейтін бе еді. Оған қоса: «Адамға бірінші жау — өзінің тілі», «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді»,—деуші еді — ә, тағы.

— Айып көрмеңіз, тақсыр. Дала дәстүрі мен ата дәстүрін бойына сіңіріп өскен бала ғой. Бұның тілімен тікен суырып, тісімен кісен шешетін қасиеті бар.

— Тікен суырып, тісімен кісен шешетін тілін жұлып алайын ба?

— Тақсыр, біз кеткенше өзіңізді қазақ санасаңыз, ісіміз біткенше сөзге тоқтайтын қазақы қасиетке не бола тұрыңыз,—деді Естемес те жұлып алғандай.

Рәжіпхан құшбегі бірауық бұған тесіле қарап, тосылды. Аздан соң кешеден бері бірінші рет жөн сөз айтты:

— Жарайды, сөзіңе тұрдым. Енді шаруаларыңды айтыңдар. Дау болса, әділдігіңе бұрайын.

Момбек Қосыл датқаның анада Қазығұрт жеріне ханның салық жөніндегі жаңа пәрменін жеткізуге барғанда істеген жүгенсіз қылықтары жайында айта келіп, өз елінің екі қызы мен бір келіншегін зорлап әкетіп қалғанын, олардың артынан барған қуғыншы жігіттердің біразын сабап, біразын тұтқындап алып кеткенін жеткізді. Енді Қосыл тұтқындаған жігіттерді босатуын, алып қашқан қыздарға кәде бойынша қалыңмал төленуін құшбегіден өтінді Қосыл бұлай басына берсе, екі елдің арасына үлкен жанжал туып кетуінің де ықтимал екендігін сөз арасына қыстыра кетті. Рәжіпхан бұл әңгімені жайбарақат және ел ішінде жиі болып жататын қалыпты жағдай peтінде тыңдады. Сонысына қарағанда, Қосылдай сенімді серігін қаралай да, жазалай да алмайтынын білдіргендей еді. Бірақ, арызданып келушілерді құшбегілік мәртебесі бойынша бір шешім айтып, шығарып салуы ләзім. Бұндай шeшімді қолында билігі бар ол, қалай шешсе де өзі біледі. Рәжіпхан осы жолы солай істемек те болды ма, бір жақты сыңаймен сөйледі.

— Менің естуімше, Қосыл Қазығұрттан бері асып келіп жатқанда бір қарақшы жігіттердің өздері оның қолына шабуыл жасапты. Қосыл тұтқындап, зынданға тастаған жігіттер солар құсайды ғой. Ал қыздарды алып қашқаны жайлы естігенім жоқ. Тіпті менің тыңшым да мұндай хабар әкелмеді.

— Біреудің сыртынан ғайбат айтып, жала жабуға басымыз екеу емес, тақсыр. Пәрмен етіңіз, Қосылмен сіздің алдыңызда көзбе-көз жолықсақ.

— Құлақ асайын, Момбек айтқаныңа. Қазір Қосылды шақыртамын. Сендер керуен сарайға барып, жата беріңдер. Ол келгенде өзім хабар беремін.

Момбек тобы қоналқы жайларына келіп, Рәжіпханнан хабар күтіп жатты. Түс кайта диуан сарайдан хабаршы келді. Тобын жазбаған Момбек құшбегі алдына барса, төрде онымен қатар отырған Қосыл Момбектің сәлемін зорға алды. Сөйлеуге де ерінгендей, көн бөлмедегі кілемге салынған қалың көрпеше үстінде «не бітіруге келдің?» дегендей, маңғаз қалыпта жатыр. Сөзді құшбегі Рәжіпхан бастады.

— Қазақтар жантайып жатып дауласқанды қалайды емес пе? Сол үшін де сендердң диуан бөлмесіне емес, осында шақырдым. Ал, Қосыл, мыналар сенен құн даулай келіпті. Жігіттерін нақақтан-нақақ ұрып, тұтқындап кетіпсің. Момбек әне бір еңгезердей тілі шешен баланы дауға сала келгенге ұқсайды. Сен де шашасына шаң жұқпас дүлділдің, таңнан кешке дейін сайраса да жағы талмайтын бұлбұлдың бірі едің ғой. Талас мыналармен. Сөзбен жеңгеннің қисық болса да, ісін дұрыс деп есептеймін. Бүгінгі шарт солай.

Іcі бұрыс та кейде сөзбен ұтып кетеді тақсыр. Жас қыранды толған қыран талап тастаса қайтпексіз? Дауымызды шешендік сөз жарыстырумен емес, жай сөзбен шешсек болмас па екен, — деді Момбек. Оның мұнысы «бозбала Естемес, көпті көрген, талайды жалғыз өзі сөзімен-ақ буып тастайтын Қосылмен сөз жарыстыруға шамасы келмей қала ма» деп қауіптенгені еді.

— Ей, Момбек, бұғал Тәшкен қаласынын, хәкімі Бегдербекті баласының сөзін талқыға салатын сен емес, ақылға салатын мен емес. Отырғыз, шешен баланды қарсыма, сөз төгілтіп, жай түсірейін басына, — деп Қосыл желдіртті.

Естемес Момбектің иек қағуын күтпестен отырған жерінен ұшып тұрып, Қосылдың қарсысына келіп жайғасты. Қолындағы қамшысын қалы кілем үстіне көлденең тастады. Мұнысы «қандай дауға шақырсаң да, мен дайынмын» дегенінің белгілейтін. Бұны ұққан Қосыл тізерлеп, шарт жүгінді.

— Қандай құн даулап жүргенің? Осыңды бала білмедім.

— Қазаққа сен кірме едің, жұрт зарын көзге ілмeдің, елге қиянат жасап ап, мұны өтірік неге білмедің? — деп заматта жауап қатқан Естемес оның өзіне сұрақ қойды.

Қосыл енді тақпақтатпай жай мақамды сөзге көшті Шегірлер мен бағыс руының жігіттері өздеріне шабуыл жасағанын, содан кейін оларды шетінен ұрып, тұтқындағанын айтты. Өздері алып кеткен екі қыз бен бір келіншек сол қарақшы жігіттермен бірге болғандықтан, атқа өңгеріп әкеткендерін баяндады. Естемес нақылдата айыбын бетше басты. Бірақ Рәжіпханга арқа сүйеген ол бет бақтырмады. Бет бақтырмағаны былай тұрсын, қоқанлоққы көрсете бастады.

— Орынсыз жалаға берер құным жоқ, суырып берер пұлым жоқ. Сорлы-ай, қарамайды екен өлі мен жасына, апарып қаматып қояйын ба, Марқабайдың қасына! — арқа сүйері мықты екенін дәлелдегісі келгендей, басына сөйледі.

Естемес енді тосылса, ананың дес бермейтінін сезіп, алдында жатқан қамшысын Қосылдың тура тізесінің астына лақтырып жіберді де, желдірте жөнелді.

— Әй, Қосыл, сен ор жұрттан құралған құрамасын, ой-қырдан қашқан тобырдан құралғансың! Атаң менен тегіңді білмеген соң, әр жерде-ақ несібеңнен құр қалғансың. Сараңнан — бермес туады, соқырдан — көрмес туады, суайттан — сенбес туады, таздан — жарғақ бас туады, некесізден— өкпесінен ұрсаңда өлмес туады. Сен солардың қайсысысың? Қане айтшы, су жұқпас, жылтыр құрама! Алдымен жігіттер мен Марқабайды босат! Содан соң қыздардың қалыңын төле, қалмайсың бұдан өле. Жей жігітің көзін шығарып, басын жардың. Мұның құны отыз қара, жүз қой, жөн сөзіміз сол ғой!

Қосыл ләм деуге уәж таппай, қатты да қалды. Рәжіпхан да, Момбек те үн шығармай жым отыр. Бөлме ішіндегі бірауық орнаған өлі тыныштықты бір кезде өкпесі түсердей боп, көкірегі қарс айырыла терең күрсінген Қосылдың үні бұзды. Ол тізесі алдындағы қамшыны көтеріп, Естемеске қайта лақтырды. Бұл — «сен жеңдің, мен айтқаныңа көнем» дегеннің белгісі еді. ...Бір күннен кейін Естеместің шешендігінің арқасында Қосыл тұтқынға алған жігіттерді қатарларына алып, құн үшін алған отыз қара мен жүз қойды және қыздарға берілген қалыңмалды алдарына салып, Момбек тобы Қазығұртты бетке алды. Бұлақ басында отырған Естемес терең күрсінді. Ойына Тұрта оралды. «Оймауыттан озып туған Тұрта жарықтық, кісіліктің парқын білетін есті жан еді. Қайсыбір жылы, ойпырмай, оның болғанына отыз жылдан асып қалыпты-ау, осында бір үлкен дау болып, соны Тұрта екеуміз айтыспай-ақ, қимылмен ұғысып шешіп едік-ау». Қалай болған еді өзі.. Иә, нақтысы енді есіне түсті. Ақбураның арғы жағындағы бел үстінде көкпар болып, оның соңы үлкен жанжалға ұласқан ғой. Жанжал арты белдің арғы жағы мен бергі жағы жігіттерінің жақ-жақ төбелесіне айналған. Төбелес үстінде Тұрта аулының екі жігіт елін, бірнешеуі жараланған. Содан өлік шыққан жақтағылар боздақтарын жерлеп болған соң Қазығұрт етегіндегі Қарақия мен Қаратөбе, Жарбастау ауылдарына келіп құн сұрайды. «Әр өлген жігітке жүз жылқыдан, жүз қарадан, үш жүз қойдан бересіңдер. Ал қолы сынып, көзі шыққан жeтeyдің бас басына он жылқыдан, бес қарадан, жиырма қойдан төлейсіңдер. Айтылған құнды бес күннің ішінде жинап бересіңдер. Бермесеңдер, қол жиып келіп, ойрандарыңды шығарамыз» дейді ғой. Естемес бұл уақиға болған уақытта Шаян жақта жүр еді. Әлгі хабарды жеткізген шабарманмен ауылға суыт келген бұл, бар жағдайды есіткен соң: «құн сұрағандар Тұрта ауылының адамдары ма? Жарар онда. Басқа ауылдардың билерін бұл дауға араластырмай-ақ қояйық. Бәрін өзім реттеймін», — деп еді Естемес сонда.

— Ертең біреуің Келес бойына барыңдар да, құн сұрап, ойранымызды шығаратын жігіттерге, «Тұрысатын жерлepіңді айтыңдар, деп хабар беріп келіңдер. Қай жерге тұрысатынын айтса, сол жерге мені апарып қойыңдар да, сендер де қол жиып, бергі шетте тұра беріңдер». «Ойбай, біз қанша қол жинасақ та олардан төрт-бес есе кембіз ғой. Сізді тыңдамай, бізге бас салса, түгімізді қоймай, түтіп жіберер», — деп шу етіскен жігіттер. «Маған үміт артып, сеніп тұрсыңдар ма? Олай болса, айтқанымды істеңдер!» — деген Естемес.

Ертесіне кешке Келеске кеткен шабарман келіп: «Құныкерлердің қолы бүрсігүні түсте Ақбураның үстіндегі жазықта тұратын болды»—деп хабарлаған. Естемес дереу атқосшыларына өмір беріп, қос атқа арба жектіріп, шабарман айтқан жерге түнделетіп жеткен. Бір күннен соң Ақбура белінің арғы жағынан қалың қол көрінген. Қол алдарындағы жазықта тұрған биік шарабалы арбаны көріп, тосылды. Естемес шараба жиегінен сығалап қараса, қол алдында Тұрта бар екен. Өз сepіктepімeн біраз сөйлескен ол арбаға жақындады. Тұрта арбаға таянған кезде Естемес қолына ақ шүберек алып, қолын шарабадан шығара тік көтерді Одан соң көк шүберек көтерді. Оны сол ұстап тұрды да қолын төмен түсіріп, қызыл шүберек көтерді. Қызылдан кейін қара шүберекті аналарға көрсетіп, ары-бері бұлғақтата желбіретті. Арбадан жиырма қадамдай жерде тұрған құныкерлер: «Мынаның ішінде шүберекпен ойнаған шайтан жатыр ма, немене?» деп күлісті. «Доғарыңдар күлкіні Арба ішінде тегін адам жатқан жоқ. Егер осы жатқан кісі Естемес би болса, енді ол біздің бетімізді қайтарып қойды», — деді бір кісі. Естемес осылай деген кісіні даусынан таныған. Сөйлеген Тұрта еді. Ол шауып келіп, арба ішіне көз салды. Естеместі көрген Тұрта: «Ассалаумағаллейкум, биеке. «Ауырған жазылады, жатқан тұрады» деуші еді. Ал өлген не қылады», — деді. «Тірісінде жақсы болса, өлген жұмаққа барады, жаман болса, дозаққа барады. Тірлігінде тентек болғанда өлгенінде «пейішке кіргізе көр» деп Аллаға жалынған молда жаман. Таяқтан өлген әпербақан бұзығына төрт-бес есе құн сұраған датқа жаман. Жаңа төрт түрлі шүберек көрсеттім. Соның мәнісін ұқсаң, кері қайт. Ертең біздің жігіттер екі өліктің жеті жаралының құнына отыз жылқы мен отыз қара, елу қой айдап барады. Осыны қанағат қыл!» — деген Естемес. «Айтқаныңыз жөн, биеке,—деген тереңнен толғап сөйлейтін Тұрта. — Алғашында сабырсыздық пен ашудың жетегіне еріп, аузымызға сыйған құнды айта салып едік. Енді сол айтқанымызды ала алмайтынымызды білген соң, «дауға кімді салар екен» —деп, қайтпай келе жатқан бетіміз еді. Қайтпаған себебіміз — өңкей сөз білмейтін, жөн білмейтін, ойы шолақ, тілі олақ, кісі қатарындағы біреулермен даугер болыппыз. Сіздей есті кісіні араға салмағанына қайран болып, ойымыз ойран болып, «қантөгіске бармасақ жарар еді» деп ойлап келе жатыр едім. Үлкен дауды төрт шүберекпен шештіңіз. Енді елге қайтамыз. Ал сіздің көзіңізше төрт шүберек көтерген жұмбағыңызды жігіттеріме түсіндірейін. Өйткені бұлар оны түсінбегені анық. Ал жігіттер мына кісі — бәрін білетін Естемес деген би. Бұл би көп нәрсені аз сөзбен, аз қимылмен түсіндіре алатын жан. Ақ шүберек көтергені — «мен арбада жалғыз жатырмын. Арбаға сойыл оңтайлап, қылыш кеземей жақындаңдар» дегені. Көк шүберек көтергені — «кектен Алладан үмітің болса, ымыраға кел» дегені. Көктен кейін қызылды көрсеткені— «егер Алланы ұмытып, ұрыс салар болсаң, сен төккен қанды мен төгемін» дегені. Ал соңғы көрсеткен қара шүберегінің мәнісі — «қан майдан боп ұрыссаң, сен де өлесің, мен де өлемін. Бұдан елді қара жамылдырғаннан басқа не пайда табамыз» дегені. Болды, осымен дауымыз бітті».

— Е-е, ол да бір заман екен-ау,—деп күбірледі би осы уақиғаны еске алғанда. — Сөз мәнісін ұғатын небір жақсылар өтті-ay. Енді мына адамдар арасынан сондайлар бар ма?

Осыны айтуы мұң екен, жүрегінде өзімен бірге әлі жасап келе жатқан арман-мақсат бас көтеріп, қамыққан ойға берілді. Бұл күнде үш-төрт мәрте ойлап, одан шығатын ешқандай қорытынды таппай қиналатын — қазақ азаттығы туралы ой еді. Бүгінде соны ойлап шаршады. Күрсініп торықты.

Т. Әбдіұлы
Жанқожа батырдың Жақайым мен Асанның жер дауын шешуі7

Сырдария бойына патша үкіметі келместен бұрын жүдә Бабажаннан да бұрын Жанғазының алдында асы елде біp хан болуы керек. Ол да Хиуаға байланысты, халықтан хан болып, халықты сұрап отырған көрінеді. Соның заманында әр ру жер бөліп, отырықшы болуға айналысыпты. Егін егумен шұғылданып, ор ру аталықтарына жерді бөліп, шекарасын айырып, егін егіп отырықшылыққа айналысыпты. Бір жағы мал шаруашылығымен малдарын бағып, Қарақұмда көшіп қонып жүрген көреді. Бір жағы бөліп алған жерлерін мекендеп, диқаншылықтарын істеп отыра беретін көрінеді. Өздері Сарыарқа, Қарақұм жағынан келген халыққа, яғни қазақ өздері көрген Қарақұм жаққа шығып мал шаруашылығымен айналысады. Ол уақытта қол жұмысымен жұмысы жоқ қызылға шығып, Сыр бойында егін егумен шұғылданбайды. Біp жылдары дария тасуы болып оның үстіне дария буып жылма-жыл тасып дария жазығы тұрды, күзді күні де буып, халықтың егін егіп отырған жерлерінің көбі су астында болып қалды. Көлдің үлкендігі соншалық ол шеті мен бұл шетіне жәй көзбен қарағанда шет жиегі көрінбейді. Жақайым мен Асан руларының шекарасы осы көлдің нақ ортасымен жүреді екен. Баста шекараны мықтап белгілеген. Бұрынғы өткен жылдарда даусыз, далабасыз сол белгіленген шекара арқылы әр ру өз жерін пайдаланып егін егіп жүре беретін. Енді жоғарыда айтылған су тасқынының салдарынан халық, халық болғанда Жақайым мен Асан руы Қотанкөл шекарасында жаңылысқан. Бір жағы шекара мынау десе, екінші жағы ол емес, шекара мынау дейді. Сонымен бұрынғы белгіленген шекарада адасқан соң, екі жағы да жерді көбірек алғанын жақсы көреді. Сөйтіп жүргенде Жақайым руының Толыбай деген батыры, бұрыннан атағы шығып жүрген батырлардың, бірі. Сол кезде үлкейіп қалған уақыты. Жақайым руына басшылық жасап тұрған кезі көрінеді. Ал, Асан руының басшысы сол уақытта Пұсырманның Әлімбеті бұл жас жігіт. Халықты жаңа аузына қаратып келе жатқан. Ал, енді жер Қотан қол шекарасына екеуі келіспейді. Сөйтіп келіспей жүргенде біp күні жер басында Әлімбет пен Толыбай кездесіп қалады. Екеуінің, де қасында жолдастары бар. Eкеуі сөйлесіп тұрып, ақырында шатысып, төбелеседі. Толыбайдың ертіп шыққан адамы аз болып, Жақайымдар таяқ жеп қалады. Толыбайдың бетше қамшы тиіп, беті қанап қалады. Әлімбетке айтады: мен сенен кегімді алмай қоймаймын. Пәлені күні бар күшіңді жинап, осы жердің басынан табылатын бол дейді. Менде сол күні осы араға келемін дейді. Eкeyі он күнді белгілеп, сол күні осы араға екі жақ та бар күшімен келіп, соғысуға уәдесін жасап ауылдарына кайтады. Бұлар ауылдарына келші мен қатар жан-жаққа ат шаптырып, адамдарын жинай бастайды. Қотанкөлдің eкі басына үй тігеді. Адамдар құмырсқадай қайнайды. Асандар мен Жақайымдар пәлені күні соғысады деген хабар жан-жаққа тез тарайды. Сондай-ақ Асан мен Жақайым рулары Қотанкөлдегі жердің шекарасына таласып екі жақ бар күшін жинап, соғысайын деп жатыр деген хабарды Ырғыз бойындағы Жанқожа батыр естиді. Сонда олардың соғыстан уәделі күніне төрт-ақ күн қалып еді Бұл хабарды Жанқожа батыр естімеген он бес күн бұрын, батыр жылқыдан Ақтабан деген атты ұстатып алып, сауытын тапсырып қайырып отырған еді. Ал, енді мына eекі ағайындының жер шекарасына таласып жанжал шығарып жатыр дегенін естіп, батыр қатты ашуланып, Ақтабан атқа ер салып, жалғыз Өзі Сыр бойына жүріп кетеді. Уәделі күндері жақындап қалыпты, оларға соғыс бастап жібермей тұрып жетейін деп, асыққаннан атқосшылыққа адам да алмай шыққан. Сонымен жалғыз өзі суыт жүріп құн, түн демей, арада екі қонып, үшінші күні сәскеде соғысқа тігілген екі жақтың ошақ үйлерін көреді. Ақтабан қате сұлу, айбатты тұлпар, бедеу ат еді. Жыбырлаған көп қараны керген соң, Ақтабан ат ауыздықпен алысып, сұлығын қарш-қарш шайнап, жердің танабын тартып көрінген ошақ үйлерге, әне-міне дегенше келіп-ақ қойды. Енді батыр атының басын бұрып, Жақайымдардың қатар-қатар тігілген Үйлepінің шетіне келіп, ең шеткі үйдің есік алдына тұрып, дауыстап, бұл үйде Толыбай бар ма? — Алжыған қақпас. Жасың жетіп өлерің шағыңда өзі жөнімен өліп кете бермей, кейінгі балаларды жауластырып, ортасына қан тастап, бірін-бірімен жау қылып кетейік деген екен. Ол алжыған қақпасты өлтіріп қанын ішейін. Жер деген не? Өзі бар ма? Бар болса шықсын — деп, ызғарлы дауыстайды. Үйден Толыбай жоқ деген дауыс шығады. Екінші үйге де осындай Толыбай бар ма? Бар болса шықсын,—дейді. Жағалай үй есігінің алдынан, осылай сұрап, дыбыстап келе береді. Сол уақыттарда батырдың түрі, түсіп көрген адамдар далаға шығып жауап бере алмайды. Жоқ, жоқ, деп дауыстап қала береді. Астында Ақтабан аты бедеу, екі құлағы тас төбесінде, сұлықты қаршылдатып шайнап, жер тарпып жүр. Батырдың қолында көк сүңгі, белінде қылыш, екі беті қап-қара болып түтеп, екі көзі қараңғыда көрген сексеуілдің шоғындай жанып тұр. Ақтабанның үстінде алып тұлғалы адам баруға мүмкін емес. Сол бойымен тіккен үйлердің ортасындағы адамдар отырған үйдің есігінің алдына келіп, ызғарлы дауыспен бұл үйде Толыбай бар ма? Бар болса шықсын, далаға,—деп дыбыстап сұрады. Толыбайдың қасында отырғандар: — бұл үйде Толыбай жоқ деп жауап берді. Қай үйдің есігінің алдына барса да үй ішінде отырған адамдар сыртқа шығып тілдесуге қорқып, үйдің жабығынан сығалап, батырдың түрін көріп, бұл қандай адам деп зәрелері ұшады. Сонымен ол үйлердің шетіңе шықты. Жұртшылық батыр кетіп қалар деп ойлап еді. батыр кетіп қалмады. Қайтадан үйлерді жағалап жаңағы ізімен әp есікке келіп қайтадан сұрап жатты. Толыбай отырған үйден тағы өтті. Барлығы да жоқ, жоқпен қала берді. Енді Толыбайдың қасында отырған жолдастары Толыбайға мынау кетер ме екен деп еді. Бұл кетпеді ғой. Ана басқа барып кайта айналар, егер есікті түргізіп қараса ғой, ол сені көреді. Көрсе өлтіреді. Оның қолынан мына тұрысында сені ешкім де арашалап ала алмайды. Сен қаш,—дедің. Бұл сені шаппай, бұл ошақтап кетпес. Сенің осында барыңды естіп келіп отыр ғой. — Сендер қаш дейсіңдер, тал түсте мен қалай көрінбей қашып кетемін, дейді Толыбай. Сонда біреуі: бұдан қалай да есебін тауып қашып құтылған жақсы ғой.Сен бір әйелдің көйлегін ки де, жаулығын басына тартып, иығыңа бір бос қап сал да, тезек тере шыққан әйел болып, тізілген үйдің артына қарай шығып төбенің астына түсіп, кете бермейсің бе,—деді. Бұл бәледен солай құтылу керек болмаса, бұл тұрған күнінде көрсе өлтіреді. Сен кеткен соң, ол келіп сұрағанда, біз оған: Толыбай жоқ. Бұл жайында Толыбай, елдің кең арғы шетіндегі тау жайлаған елде, Толыбай бұл жағдайды білмейді. Жүдә естімеген де шығар. Бұл жайында басқарып жүрген осындағы жер басының адамдары — деп, сені жасырып, оны нандырайық. Сонда нанады. Сөйтіп сені елден ат жіберіп алдырған болып, апарайық дейді. Сонымен Толыбай әйелдің көйлегін киіп, жаулығын басына орап иығына қап салып, тізілген үйлердің сыртына тезек терген әйел болып, қашып төбенің астына түсіп кетеді. Толыбай ұзын бойлы, ақ-сары, қыр мұрын, кесе сақал, мұрттан дым шықпаған адам еді. Енді батыр алдындағы шетке шығып тұрып, тағы қайтып оралып келіп: япырмау, маған айтқан адам анық қылып айтып eді — ғой. Бір жағы Жақайымды бастап жүрген Толыбай еді ғой. Ол осы үйлердің біреуінде отырған шығар. Оны жер тарта ма—деп, қайтадан үйіме-үй сұрап есікті аштырып, үйде адам болса, көрінгендей қылып, есігі түргізіп қарап кете берді Бағанағы Толыбайдың жолдастары отырған үйге келіп сұрағанда, біреуі орнынан тұрып батырға сәлем беріп: О, батыр сіз бізге сенбедіңіз ғой, Толыбай жоқ дегенімізге, біз сізге өтірік айтпаймыз ғой. Ол Толыбай мұнда келген емес. Бұл жағдайды білген де емес. Ол елдің арғы шеті, шыңды жайлаған елдің ішінде. Бұл тек жер басындағы елдердің шекараға таласып, өздерінің шатысып жатқандары. Толыбай бұл жағдайды тіпті білмейді—дейді. Сонда батыр аңқау, ер көдек деген. Иә, солай ма — екен, бәсе солай болуы керек қой — деді. Бәрі де, екі жағы да Толыбайдың өз балалары емес пе? Жер үшін Толыбай оларды жауластырмау керек еді. Ішінде Толыбай бар. Осының бір жағын бастап жүрген дегенге мен Толыбайға қатты өкпелеп, қатты ашуланып, Толыбайды өлтірейін деп, шығып едім. Ағайын-туысқан елдің, жер үшін бір-бірімен соғыстырып, қырылыстырып, артында қалған балалардың арасына қап тастап бір-бірін жау қылып, жауластырып кетейін дегені ғой, болмаса жер деген не өзі. Енді мен Толыбайдың бұл жинақта жоқ екенін сенен естіп біліп отырмын. Бұндай іc Толыбайға жараспайды. Осы сонда боламын. Сендер тез ат жіберіп, Толыбайды маған алып келіңдер деп, тапсырып, Ақтабанның басын бұрып Асандардың ошағына барып түседі. Асандар алдынан шығып, атын байлап үйге кіргізіп, құрметтейді. Әлімбет те келіп қызмет істейді. Сонда батыр Әлімбетке:— Әй бала, бөтен жақтан келген адам жоқ. Анау Жақайымдардың ағайын-туысқан екенін білесің бе? — дейді. Батырдың үстінде үлкен кішісі бәpі жиналып толып отырған халық су сепкендей тым тырыс. Бұрыннан әдеп батырдың, алдында халық өзі сұрамаса оған біpey кеседен әңгіме сөз айтпайтын-ды. Сол отырыста батырдың сұрағанына Әлімбет білмeймін ағайынды екенін — деп төмен қарады. Сонда Әлімбеттің ойы қатты келіп, сөгеді деген — қорқыныш ойы бар еді. Бірақ сөкпейді. Әлімбет сен жақсы екенсің ғой, олардың ағайын екенін білген болсаң, қай уақытта жадыңда болсын, ұмытпа. Қазақ баласының бәрі ағайын-туысқан, дұшпан, жау, кім дегенде мына қара жер. Барлық ата-баба халықты жұтып жеп жатқан жауың осы екеш жадыңда болсын. Бұл жер қазақтың баласына ғана емес, адам баласына дұшпан жау—дейді. Бөтен әңгіме болмайды. Әлімбет қолын қусырып ізет білдіріп қызметін істей береді. Ал, енді Жақайымдар Толыбайды елден алдырған болып, үш күннен кейін батырдың үстіне Толыбайды алып келеді. Толыбаймен көрісіп, амандасып болған соң Толыбайға: О Тәке, мен саған қатты өкпелеп шығып едім. Толыбай сөйтіп жатыр дегенге деп өзінің ойланып келген ойларын жасырмай, қалдырмай барлығын айтады. Сонымен, ал Тәке, сені алдырып отырғаным, ертең азанда барлық халық атқа мініп жердің шекарасына қалмай барсын,—дейді. Сонымен ертең екі жағының адамы қалмай жер шекарасына қара құрттай қайнап барады. Халық тегіс барып болған соң, батыр дауыстап, Толыбайды қасына шақырып алып, қылыштың бәйенегін ағытып, қарыс суырып, ал, Толыбай жасың үлкен, осы халықтың ағасысың олардың барлығы өз балаларың, бұрын осы жер шекарасында болғансың. Жер жетеді. Халық осы арада тұрсын. Сенің ізіңмен мен жүремін. Осы екеуміздің атымыздың ізі шекара болып қалады. Осыған көнбеген адамды көреміз,—дейді. Амал не Толыбай алдында келді қақ жарып, бұрынғы көне шекараның жобасы мен жұрт отырады. Ізінен батыр қылышының бәйенегі ағытулы қарыс шығарулы жүріп отырады. Суы кайтып айдауға, бапқа келіп жатқан жер. Аттарының тұяғының іздерге жерге батып белгілі болып жатыр ғой. Басында бағдарлап алған назарынан аумай түзу көлдің ар жағына шығып, ізімен көпке қайтып келеді. Келген соң батыр: О, халық міне көрдіңдер ме, осы екі аттың ізі шекара. Кәне, осыған риза еместерің бар ма? Бар болса айтыңдар,—дейді. Сонда екі жақ та шу ете қалады. Ризамыз осы шекараға,—дейді. Сонымен екі жағын кeліcтіpіп, батыр Ырғыздағы ауылына кайтады. Әркім батырды ауылына шығарып жібермей он бес күндей болып, аман сау Ақтабанмен үйіне келеді. Ал, енді сол шекара, үш жылға дейін шекара болып күшінде тұрады. Үш жыл халық парақатшылықта егіндерін егіп, шекара орнын да пайдаланады. Үш жылдан соң қандай себептермен болса да тағы шекараға таласады. Баяғыдай тағы да үй тігіп, екі жағы бар күшті жинайды. Мұны батыр естімейді Сөйтіп екі жағы төбелеседі. Төбелесте Толыбайдың екі інісі, таяққа жығылып өледі. Асандар Қотанкөлдің жартысын алмайтын болады. Бұл шекара қай уақытта да талас тудырар,—деп халық, Қотанкөлді Жақайымдарга түгелдей беріп кетеді. Қотанкөлді алып, қуанып бітіскенмен Толыбай қан орнына қан деп Әлімбекті өлтіргісі келеді. Бірақ Әлімбекті өлтіре алмайды.

М. Әдікенұлы
Тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылды 8

Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасынан кейінгі азат етілген жерлерге Сырдың бойынан, әр жерден қайта серпіліп кейін жиналған елді басқаруға деп Қаз дауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы би Самарқандағы Барақ ханның 14 жасар баласы Бөкейханды 1748 жылы алып келіп, Орта жүзге хан сайлаған екен. Қаз дауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы бидің Бөкейханды алып келу! — бұл билердің данышпандығының, ақылдылығының тағы бір айғағы, соншама қашық жерге осы мәселе үшін ерінбей, жалықпай барулары - қажыр-қайраттылықтарының дәлелі және ен бастысы — халық үшін ерекше ерлік шешімге баратындықтарын көрсетіп тұр. Бұл билер өздері хан сайланайын десе, ел арасында беделдepі жеткілікті. Алла берген ақылдылықтарының да, шешендіктерінің де дәрежесі жоғары. Қарапайым қаншылдыққа, руластыққа, ауылдастыққа бой алдырса, өз маңайларынан хандыққа ұсынатын адамдар табылар еді. Бірақ, бұл даналар халықтың қамын, елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін ойлап, қазақ елін, қазақ хандығын 5 — 6 ғасыр бойы басқарып келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала күнінен ел басқарудың мектебінен өтіп жатқан төрелердің, сұлтандардың, ханның балаларына қолқа салып алып келіп отыр. Бөкейханнан өрбіген төрелер мен сұлтандар да Қаз дауысты Қазыбек би мен Нұралы бидің үміттерін ақтады. Осы билердің, Сенкібай бидің өздерімен, ұрпақтарымен, әлтеке-сарымдағы Жақсы Жанғұттымен, қыпшақ Қарпықбаймен, қалмақ Машан, Жақсыбек, Нөгербек билермен, алтай Иса, Сиса, Бектұрсын қажылармен, ел ішіндегі қырғыздан шыққан игі жақсылармен, олардың ұрпақтарымен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Осы істердің айғағы ретінде: Тәуке сұлтан, оның баласы Қарқаралыға аға сұлтан, дуанбасы болған Құсбек төре Талды өзенінің бойындағы өздерінің жайылуымен катар оңтүстік жақтарынан, 5 км жерден шекшек Нұралы биге, солтүстік жағынан, 5 км жерден қыпшақ Қарпықбайға жайлау беріп, 3 ауыл қатар отырған. Шекшектерге, қыста қары жұқа, жайылымы ашық жататын Қарақуыстан, Түнқатардан жер берген, Қарпықбайдың інісі Арғынбайға Кент тауының шығыс жағындағы Керегетастан қыстауға, екінші інісі Тоқабайға, оның ұрпақтарына бүкіл Алпамса тауын қыстауға берген, Қарпықбайдың өз балалары— Есенжол, Жабай, Жәпелдерге Кент тауының Қадір өлкесімен түйісетін жеріндегі Қыстаубай деп аталатын жерұйықтай жайлы жерді қыстауға берген. Қарпықбайға аталас —Аралбай, Тұрымтайларға да Кенттің, Аралық, тауының шұрайлы жерін берген. Осы жерлердің бәрінде төрелермен көріп, «ауылдары аралас, қойлары қоралас» болып отырған. Төрелердің осындай кеңпейілдігіне Қарпықбай да «сыйға — сый, сыраға — бал» дегендей, еңбек жасап есесін қайтарып отырған. Қарпықбай би Қарқаралы атырауында билік жүргізген, Құсбек, Таубек Арыстанбек төрелермен, олардың ұрпақтарымен ел басқарысқан адам. Ел басқаруда, билік айтуда, даулы мәселелерді шешуде әділ шешімін айтып, қарсыластарды бітімге, пәтуаға келтіріп ел ішінің бірлігін, берекесін сақтауда кезге түскен кісі. Қарпықбай бидің қара қылды қақ жарған биліктері жөнінде ауызда сақталған әңгіме көп. Солардың бірі мынандай: Әйгілі Құсбек тере Қарқаралының аға сұлтаны болып тұрған кезінде үйсіннің төpecі Рүстем хан Алтай, Кереку жақтан жылқы айдап әкелуге барымташыларын жібереді. Ол барымташыларға жолай жөн-жосықсыз ешкімнің, әсіресе, Қарқаралы жақтағы төрелердің жылқыларына тиіспеуді ескертеді. Барымташылар сонауАлтайдан алдарына салған жылқыларынан айрылып қалады. Содан елдеріне құр қол қайтудан қаймыққан олар Қарқаралы даласында жайылып жатқан жүз қаралы жылқыны алдарына салып қуа жөнеледі. Бұл Құсбек төренің жылқысы болып шығады. Дереу батымташылардың ізіне түскендер жылқыны Рүстем төренің жіберген адамдары қуып әкеткенін анықтайды. Құсбек төре оларға жылқыны жолдан қайтаруға, қайтара алмаса Рүстем төренің өзіне барып, жүгініп алып қайтуға әмір береді. Алайда Рүстем төренің қаһарынан қорыққан олар Жетісу жаққа бармай, жолдан кейін оралады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін «Құсбек төре Рүстем төреден қаймығып, жылқысына сұрау салуға да бата алмай отыр» деген сез ел арасына тарап кетеді. Осы сөз құлағына жетіп намыстанған Құсбек төре Қарпықбайды шақырып алып «бір тығырыққа тіреліп тұрмын. Өзің де естіп жатқан шығарсың, елдің мынау қаңқу сөзі жаныма батып жүр. Талай қиыншылықта жол тапқан адам едің. Енді өзіңе тағы сенім артқалы отырмын. Рүстем төреге барып, барымталанған жылқыға сұрау салып қайт»,—дейді. Қарпықбай екі сөзге келместен Жетісуға аттануға дайын екендігін айтады. Қасына топ адам ертпей, екі кісіні серік қылып, жолға шығады. Ел жайлауда, Талды өзенінің жағасында отырған кезі Қарпықбай серіктерімен Ақтерек, Бидайық бойындағы қыпшақтардың, жарлы төңірегіндегі төрелердің, Күзеуадыр, Ақсоран, Алайғыр аймағындағы қаралардың, Ақшоқы, Ақдоңғал, Ақсу-Аюлы өңіріндегі әлтеке-сарымдардың, Болаттауы маңындағы шұбыртпалылардың, одан әpі қалың үйсіндердің ауылдарының үстінен өтіп, бірнеше апта жол жүріп, Рүстем төренің ауылына жетеді. Жетісуға аман-есен жеткен соң Рүстем төреге сәлем беріп, Қарқаралыдан Құсбек төренің елінен келгендіктерін хабардар етеді. Төре ауылы қарқаралының меймандарды құшақ жая қарсы алады. Семіз тай сойылып, арнайы киіз үй тігіледі. Меймандар, Рүстем төре неге келгендіктерін білуге шақырғанша, жата береді. Ақырында Рүстем төре оларды шақырып алып, «Сонау Арқадан тектен-текке келген жоқ шығарсыңдар, қандай бұйымтайларың бар, Құсбек төре теп бір шаруамен жіберген болар» деп жөн сұрайды. Сонда Қарпықбай былай деп жауап қайтарған екен: «Төре! Сіздің ауылға барамыз деп елден әдейілеп сапарға шыққанымыз жоқ, сондықтан Құсбек төре сізге еш шаруа тапсырған жоқ. Біз Құсбек төренің біраз жылқысы жоғалып кетіп, соны іздеп шыққан едік. Солардың жүрген ізімен қуалай отырып, осы жаққа келіп қалдық. Ауылыңызға келіп қалған соң сізге сәлем берейік деп бұрылған едік. Енді елге қайтқалы отырмыз», — дейді. Рүстем төре сөздің төркінін түсіне қалады да, ашуға мініп, «Керекуден жылқы айдап қайтқан жігіттердің басшысын алдына алдырып, Қарпықбай мен серіктерінің көзінше оның басын кестіруге бұйрық береді. «Сен неге өтірік айттың. Алтай өңірінен әкелдік деген жылқың Қарқаралыдағы Құсбек төренің жылқысы болып шықты ғой. Төре мен терені барымталастырып, жауластырып келген сенің басыңды шабамын» дейді. Қарпықбай төреден сауға сұрайды: «Төре біз қан төгілгенін тілей келгеніміз жоқ, төренің малы төреге бұйырғанына, иесін тапқанына қуанып отырмыз. Екі елдің төрелері арасында жүз қаралы тай-тұяқ ауыс-түйіс болып жүргенінің айыбы жоқ», деп Рүстем төренің ашуын басады. Ол айдап әкелінген жүз қаралы жылқыға сонша жылқы қостырып, алдарына салдырып бермек болады. Қарпықбай: «Төре, шешіміңізге ризамыз. Сонау Арқаға осыншама жылқыны апару қиын болар. Жолда айырылып қалып,екі төреге бірдей ұятты болып қалармыз. Мұның сыртында, Құсбек төреміз неге айып алдыңдар, біздің арамызды ашып келіпсіңдер ғой деуі мүмкін»,—дейді. Бұл сөзге Рүстем төре ойланып қалады. Жылқының орнына, оның құнын бағалап алтын, күміс сияқты асыл заттар беруге ұсыныс жасайды. Қарпықбай бұған да келіспейді. Екі жақ осылайша тұқырып отырғанда, қастарына 3 жасар қыз бала жүгіріп келеді. Қарпықбай «мына қыз сіздің балаңыз ба?»—деп сұрайды Рүстем төреден. «Иә менің қызым»,—дейді ол. Қарпықбай Құсбек төренің Арыстанбек деген інісінің осы қыз бала шамалас ер баласы бар екендігін айтып, құда түсіп кетуге тілек қылады. Рүстем төре «Ақылды адам екенсің, айтқаның болсын» дейді. Сөйтіп Қарпықбай барымталанған жылқыны қалың мал орнына қалдырып, Рүстем тере мен Құсбек төрені құдаластырып қайтады. Ел арасында «Рүстем тере Қарқаралының аға сұлтанымен құда болыпты» деген сөз тез тарап, Рүстем төренің беделі көтеріліп қалады. Қарпықбай Қарқаралыға аман-есен оралған соң, болған жағдайдың бәрін Құсбек төреге баяндайды. Алыстағы атақты Рүстем төремен құда болғандығына риза болған Құсбек төре ат шаптырып той жасайды. Екі ел төрелерінің ерегеспей бітімге келуіне, бітімге ғана келіп қоймай, құда болып туыстасуына жол салған Қарпықбайдың біліктілігіне қарқаралықтар аса риза болады. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дегендей Қарпықбайдың көргендігі арқасында екі жақтың арасындағы ағайындық, туған-туысқандық қатынас бұрынғыдан да жақындап жараса түседі.

Қ Байсеркин
Елін амандаған Шоңбай би

Атадан балаға, ұрпақтарына тараған, олардың ұғымына айналған дерек бойынша Шоңбайдың үш әйелі болғанын біледі. Олардың аттары: бәйбішесі— Жақсыбала, екіншісінің Тама деп атап кеткен, сірә руының атына орай болуы мүмкін. Ол кезде үлкен, сыйлы адамдардың аттарын тіке атамағаны белгілі. Үшінші әйелінің аты ұрпақтары аузында — Күрең. Ол қалай аталғанын кейінгі ұрпақ ашып айта алмайды. Келіндері жылқыда күрең деген сөзді — анамыздың аты кетеді деп — жирен деп айтады екен. Ақтоғай өңіріне белгілі Мұсахан Ыбырайұлы ақсақал 94 жыл жасап, өмірден 1994 жылы өтті. Көпті көрген, 1929 —1934 жылдары ел басқаруға араласқан, ел тарихы жөнінде білетін көп, әңгімешіл кісі еді. Сол кісінің айтуы бойынша Шоңкең күзекте, күздің аяғы, қыстың басында өмірден өтіпті. Суыт хабарды естіп, Шоңкең ауылына түнелтіп жүріп отырып, таңертең жеткен Тәңірқұл, Еламан ауылдарының үлкендері ауылға жете бере, әдеттегідей «бауырымдап» айқайламай:

— Асқар тауым құлады-ау,

— Ағар бұлағым суалды-ау,

— Атар таңым батты-ау,

— Қорғанымыздан айырылып, азынап қалдық-ау,

— Ел ағасы кетіп, иесіз қалдық-ау,

— Арысым-ай, ақылым-ай! —

деп ат қойып барған екен деп еске алушы еді.

Мұсекенің айтуынша, ел Шоңкеңнің жаназасына барғанда, әкесі Жұманов Ыбыш (Ыбырай) жөргекте екен. Шешесі көйлегінің ішіне, емшектерінің ортасына орап барған екен. Ал Мұсекеңнің әкесі Ыбырай 1870 жылы туған. 17 қарашада 1942 жылы өмірден өтті. Менің әкем Шалмұһаммет тәрекілеп, жаназа намазын шығарып, жерледі. Осыған қарағанда Шоңкеңнің дүниеден өтуі 1870 жыл болуы мүмкін. Ұрпақтарының білетін Шоңкең дүниеден өткенде болыс, билeyші болғанын Әлтеке-Сарым елінің кейінгі үлкендері бекітіп айтатын. 1870 жыл деген деректі де білу үшін мұрағат құжаттарына жүгінуге тура келеді. Сонымен Шоңкең Жақсы Жанқұттының, Құнанбайдың, Алшынбайдың замандасы болып тұр. Ол уақытта—1800 жылдың алғашқы ширегі — жартысында халық саны әлі шағын болған. Мейрам сопының Қаракесегінен тараған Майқы, Танас, Бошан болса, Майқының екі баласы — Әлтеке мен Сарым бір болыс ел болған. Бұл екі атаның ұрпақтары қазіргі кезде (2000 жылдары) Ақтоғай, Шет аудандары халықтарының басым көпшілігі болып табылады. Сарымнан Шабанбай би ұрпақтары көбірек өсіп өнген, ел билеуге кең араласқан, қайырымдылығы, момындығы, кісі ақысына қызықпайтындығы, кісілігінің нәтижесінде еліне сыйлы болғанын қалың көпшілік мойындайды. Шабанбай бидің 1754 жылы туып, 1839 жылы өмірден озғаны белгілі, тарихи дәлелденген. Мазары Шет ауданының орталығы Ақсу—Аюлыдан түстікке қарай 17 шақырым жерде, Нұраның бойында. 1839 жылы тұрғызылған күмбез мазары тозып тұрғандықтан, 1994 жылы ел болып, қолға алып, бұрынғы күмбездің сырты пан қоршап, мазарын жаңартып, ас беріп, бата оқытып, бір игілікті іc бітірді.

Шабанбайдың балалары: Байта, Балапан, Тойғыұлы, Молда, Қожа. Шоңбай болыстың әкесі деп отырған Балапан шамамен 1775— І860 жылдары өмір сүрген, Балапан да би болған екен. Ол туралы қазақ ғалымдары — Манаш Қозыбаев бастаған топ—1996 жылы шығарған «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының мұрағаттық құжаттар топтамасы» — деген кітаптың 173-бетінде келтірілген Қарқаралы аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысовтың 1838 жылы желтоқсандағы рапортында айтылған.

Балапаннан: Құржық Байбол, Байгөншек, Байсақ, Шоңбай туады.

Бұлардың ішінен біздің бабамыз Байгөншектің 1795 —1882 жылдары өмір сүргені белгілі. Мазары сақталған, басына құлыптас орнатылған. Шоңбай болыстың 1858 жылғы анкетінде көрсетілген еркек балаларынан басқа Мұһамметхан деген баласы болған.

Дүкенбайдан басқасынан ұрпақ бар.

Шоңбайдың бас жұмысында 1858 жылы 9 жаста деп көрсетілген. Бөлкенбайдың мазары Сарытерек селолық округі жерінде, Тоқырауын өзенінің қабағында жақсы сақталған, ұрпақтары күтіп ұстап отыр. Басына граниттен қашалып, араб әрпімен орындалған жазуында 1848—1906 жылдар деген дерек бар. Шоңбай да, Бөлкенбай да, Бөлкенбайдың екі баласы Сейітқали да, Жағыпар да болыс болған.

Болыс сайлауы кезінде, елубасылар жиналғанда:

— Ағайын, біреуіңнің тышқақ лағыңа зияным тиген жоқ, біреуіңнен бір тиын пара дәметкем жоқ, керек десе біреуіңнің бір тайыңды да лауға мінгенім жоқ.

Ағайынға, кедей-кепшікке есігім ашық, төрім жазық, дастарханым жаюлы, сабам пісулі болды. Ендігісін өздеріңіз білесіздер, — дейді екен. Сондайда жиналған елубасылар — «басқаның төрінде отырғаннан Шабанбай ұрпақтарының босағасында отырғанымыз артық» деген тоқтамға келеді екен. Мемлекеттік мұрағаттан, сонымен бірге белгілі заңгер Әбішев Қабылсаят мырзаның қолына түскен құнды-құнды тарихи деректер де бар. Соның бірі 23 қазан 1880 жылы Өтеміс-Темірші руларының жер белгісі, жер аттары, тау-тас, өзен-су, өлке бәрі көрсетіліп, екі руға тиесілі жерлер бекітілген карта. Жер бөлу актісіне қолын қойып, мөрін басып бекіткен ел билеуші болыс - Шоңбаев Бөлкенбай. Сонымен бірге 1858 жылы Қаракесек атанын Сарым, Майлық, Киікбай, Жиімбай руларының ел басшыларының Берікқара қорғасын кені орнын Поповка жалға бергені туралы құжат та Әбішев мырзаның қолында тұр. Бір айта кететін жайт — сол шартқа қол қойған 48 жер иелерінің ешқайсысының қазіргідей жоғары білімі де, жоғары шені де болмағандығы. Соған қарамай жерді жалға беруге сонша ыждаһаттықпен қарағаны көрініп тұр.

С. Батталов
Елдіктің жүгін көтерген9

Қасиетті Баянауылдың әйгілі перзенттерінің бірі — Шоң би. Қазақ тарихында үш жүзге танымал би іpі тұлғалардың, қатарында екі айғақ. Шоң — іpі би, сөз зepгepі болған саяси қайраткер. Өз заманында кемеңгерлік танытқан, өмірден ез орнын ойып алған беделді ел билеуші, төбе би. Қарадан хан болып, аға сұлтан дәрежесіне ие болып, еліне еңбегі сіңген зор қайраткер екені белгілі. Шоң би туралы ел аузында талай-талай қызықты әңгімелер айтылып жүр. Кітап та шықты, баспасөз беттерінде де жазылып жүр. Өзгелерді былай қояйын, ардақты Кәукен Кенжетаевтың бесінші атасының туған жылын дәл атай алмауы тарихи шындықтың қалыптасып үлгермеуінен деп білемін. Ағамыз былай дейді ез естелігінде: «Шоң би әділ, әділеті, ел қамын ойлаған, арабша оқыған адам болса керек. Шоң би 1760 жылы туған, 1832 жылы 72 жасында дүние салған. Шоң, Торайғыр атақты шешен Едігенің балалары». Ақбеттау — Шоң бидің қоныс жайы. Шоң бізге бесінші ата болып келеді. Біз Шоңнан тараймыз: Бірінші — Шоң, екінші — Ақын, үшінші — Айман, төртінші — Кенжетай, бесінші— мен. Шоң би Едігеұлы (1764 —1836) — би, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны делінген баспасөз бетінде. Осы керекулік профессор Өтебаев Ермек мырза (марқұм) «Сарыарқа самалы» газетінде мынандай түсініктеме береді. Автордан: Осындағы келтірілген кейбір деректерге журналист Жанат Тұрғанбеков күдік келтіреді. Атап айтқанда, оның пікірінше, Шоң 1764 жылы туып, 1836 жылы қайтыс болған. Оған Баянауыл округінің 1833 жылы құрылған, оның алғашқы аға сұлтаны болып Шоң сайланғанын тағы да басқа деректерді алға тартады. Егер Шоң 1820 жылы қайтыс болса, онда Баянауыл округі құрылған да жоқ. Сондай-ақ, Айдабол балаларын толық келтіруді автор белгілі бір себептермен жөн деп таппады. Сонымен қатар, басқа да кейбір деректер жөнінде авторға күдіктер айтылды. Бұл жерде автор бір адамның зерттеуімен бар мәселе түпкілікті шешіледі деуден аулақ. Өзіне айтылған осындай ескертпелерді қабылдай отырып, келешекте осы салада нақты деректерді, архив материалдарын іздестіріп жинауды автор өзінің міндеті санайды. Профессор тарих материалына жүгінбей, өктемдікке салынуы қынжыларлық іc, мен бұл жерде ол қаралаудан аулақпын, бірақ тарихқа жүгіну —басты парызымыз. Өйткені бабалар салған жүк ауыр жүк, оны менен гөрі профессор жақсы біледі. Белгілі жазушы Қалмұқан Исабаев мырза ерінбей зерттегені арқасында Омбының Петроградтық архивтер материалдарына сүйене отырып, Шоң би туралы тамаша туынды «Серт-Шоң» жинағын жарыққа шығарды. Ол 2002 жылдың қыркүйек айында «Сарыарқа самалында» да жарияланды. Оны әркім оқыған болар деп ойлаймын. Онда Шоң бидің туған жылы анық жазылған. Шоң би 1754 жылы туып, 1836 жылы күзде 82 жасқа келгенде дүние салған. Менің әкемнің айтуында солай еді. Шоң би атамның бесінші атасы. Шоң би, Сүтемген, Қышыл қажы, Әлікей, Баттал, Самат менің әкем. Шоңның туған жылына күдіктенген кісілер болса, мынандай мысалдар келтіруге болады тарихта: Сегіз cepі былай дейді:

Басыңнан өтті қызық мына жалған
Ер едің ғаділеттің жолын салған.
Асты деп сексен бірден естісем де,
Жерің жоқ әлі күнге сөзден қалған.

Шоң бидің інісі Торайғыр 1759 жылы туылып, 1808 жылы 49 мүшел жасында дүние салған,—дейді Торайғыров Шаймардан. Сұлтанмахмұттың немере інісі ол кісі маған жезде, әкемнің туған қарындасына үйленген. Ол кісі де ақынжанды, сөзге шебер, арбаша оқыған да, сауаты мол ақылды адам еді. Біз жиі қатынаста болдық, әкем екеуі бастары қосылса, әңгімелері көбінесе— Шоң би, Торайғыр жайында болатын. Тарихта мүлт кеткен жайлар көп кездеседі. Мәселен, Сұлтанмахмұттың туған жылы 1892 жыл, менің әкем құрдаспыз, бір ауылда өстік, Мұқан молдадан оқыдық дейтін.

Ал, Сұлтанмахмұттың өлер алдында мына бір шумақ өлеңі дәлелдейді:
Қожеке келдіңіз бе, көңілім сұрай,
Менің адам болуым екі талай.
Көп болса да бір жұмалық өмірім бар,

Байқашы, мына менің шашым қалай.
Дерт күшті тамағымнан жүрмейді асым,
Жастыққа жөтел қысып тимей басым.
Тағдырдың кездестім той көрмесіне,

Талапты жиырма сегіз деген жасым, — деген екен көңілін сұрай келген кісіге, осындай қателіктерді ескеру керек сияқты. Мысалы, ел аузында мынандай әңгіме бар: бір балаға таласқан екі әйелге төрелік айтқан біресе Шоң, біресе Торайғыр тағы басқа билерді көреміз, әрине бұл ауыз әдебиеті болса да иесін табуы керек. Осы ойларды Керекудің майталман ғалымдары, оқыған, көңілі ояу, білімді ағаларымыз, бабалар тағылымын ардақтай білетін ел ағалары көңіл аударып, үн қосар деп ойлаймын. Ат шаптырып, той тойламасақ та Ертістің батыс өңіріне Баянауыл — Қызылтау елдеріне билік айтып, ел билеу ісіне шеберлікпен араласқан атақты Шоң би шешеннің өмірбаяны, билік істері шешендік сөздерін бір ізге түcіріп, Кереку өңіріне бір кітап бастырсақ деген де ой бар. Ата-бабамызды сыйлап өскен ұрпақ емеспіз бе? Ата-бабаларды ардақтай білейік. Өлі разы болмай, тірі байымас деген қазақта мақал бар емес пе. Тегіңді тебірене айтсаң несі айып дей келе, оларды мақтана мадақтауымыз керек келер ұрпаққа. Ежелден ардақ тұтар бабаларымыз Баянауыл өлкесінде кенде емес. Бұқар жырау бастаған, Олжабай батыр, Шоң, Торайғыр, Шорман билер, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр-Жүсіп, Қуаныш, Әлкей Марғұлан Құдайға шүкір баршылық. Ардақты Шоң би өзінің атамекені осы Баянауыл еліне қажымай-талмай халық үшін жанын сарып өткен адам. Қалың елді өзі басқарып, жасы ұлғайып егде тартқанша аттан түспей, төбе би болып жетпіс тоғыз жасында аға сұлтан дәрежесіне көтерілген қайратты дана би. Өзінің ақтық демі біткенше бар күшін ел басқару ісіне арнаған. Арада үш жыл өткенде 1836 жылдың қазан айында 82 жасында Шоң би мәңгі көз жұмады. Аза тұтқан бүкіл үш жүздік өзімен үзеңгілес жақсы мен жайсаңдары бас қосып, Шоңды Түркістанға Қожа-Ахмет Йассауи мазарын апарып жерлеуді жөн деп тұжырымға келсе керек. Халықтың ұйғаруымен Шоң бидің денесі Түркістанға жерленген екен. Ондағылар «елдеріңмен жерлеріңнің құты екен, бекерге әкелген екенсіңдер»,— деп таңдай қақса керек. Міне, осы сөзден Шоңның қандай адам екенін аңғаруға болады. Үш жүзге танымал болған аяулы биге баянауылдықтар ескерткішке бір Қызыл тасын қияр кез келген шығар.

С. Бисенов
Көргені көп, түйгені мол заманның
Шойтас деген биі болған
Сәлем де Сейіт, Шойтас, Тәшімдерге.

Елдегі игі жақсы әсілдерге,
Жетелеп ақ түйені келдім жаяу,
Көрмеген бұрын-соңды асау жерге, —

деп Мұрат ақынның Маңғыстауда жүріп, «Елге сәлем» өлеңіне қосқан Шойтас би ұрпақтары бабаларының ата күлдігіне барып, бас иіп, қалың елді жиып, ақ мәрмәр тастан кесене орнатып, мал сойып, ас берді. Алдымен, әсем кесене басында құран оқылып, тағзым еткен көпшілік, бұл істің басы-қасында болып, өздері Ақтау, Атырау, Индерде тұрса да бас қосып, бар шаруаны ұйымдастырған, Досанның ұрпақтарына ақ алғыстарын арнап жатты. Шойтас би 1841 жылы туып, 1918 жылы 77 жасында қайтыс болып, қазіргі Махамбет ауданындағы ата-мекені Жолаңсайы деген жерге қойылған екен. Қазір бізше «Ақ Жайық», яғни 8-ші ауыл деген жер бидің мәңгілік мекені. Ол жерді ауыл жұрты қасиетті орын санап, түнеп, түрлі дертке дауа іздеп, жандарына шипа көреді. Соны ескеріп ата басына ұрпақтары түнек орнын салып, шырақшы етіп epлі-зайыпты Төлекбай мен Сатан Әтеновтерді белгілепті. Олар да ата асын беру жұмысының ортасында жүреді. Оларға қонақтар мен ұрпақтарының ықыласы ерекше болды. Ауыл ақсақалдары Теміров Әдіржан, Қоспанов Қуаныш, Ескендіров Бақтыбай, т.б. айтқан тілектер де осы тұрғыдан өрбіді. Ұрпақ ұлағаты, ата жолы, қасиетті батаның маңызы туралы сан әңгіме айтылды.

— Құрылғанына 125 жыл болған Қызыл үй орта мектебін бүгінде Әміржан Құлмашев деген азамат басқарады. Мен өзім қоғамдық негіздегі мұражайды басқарамын. «Туған елдің даңқты перзенттері» атты көрнекілік дайындау үстіндеміз. Оқушыларымыздың туған өлке тарихын тереңдей білуі үшін әлі көп тер төгуіміз керек,—дейді мұражай меңгерушісі. Және де Шойтас би ұрпақтарына, оны тың деректермен толықтыруға көмектесулерін сұрады. Оны Сәндібек, Әлібек, Есенжан, Жәнібек, Сәуле, Талғаттай ұрпақтары алдағы уақытта ескереді деп ойлаймыз.

Бұл ауылда Мұрат Мөңкеұлының перзенті Дәулетқали Мұратұлының зираты барын ескерсек, Индер ауданымен байланыстың бір бүгін емес ұдайы жалғасын таба беруі керектігі де көріне түседі. Махамбеттің есімі де екі ауданға ортақ екенін ұмытуға болмайды. Шойтас биге қатысты тағы бір әңгіме «Мұқай болыстың мұқалған жері» деп елге тарады. Ол сол кездегі барымта мен қарымтаға қатысты өрбіген сыңайлы. Осы жайға қатысты есімі Шойтас би шешкен бір оқиғада аталатын Қосжан Жұмалиев ұрпағы «Әкемнен төрт жаста қалдым» деп осы ас беруде сөз алған Әлеш Қосжанұлының да айтар ойы көп жиналған жұрт айқын аңғарды. Қ.Досановтың ұл-қыздары өздерінің ұсыныстарын қабыл алып. Маңғыстаудан келіп мазарды тұрғызған шебер Ермұханбет Уәлиевке зор ризашылықтарын білдірді. Ол көрші облыстағы Сырым Датов, Дәулеткерей күйші, т.б. ескерткіштерін салған шебер екен. Сөз соңында Шойтас бидің ұрпақтарына тоқтала кетпекпіз. Шойтастан - Досан, Ержан, Фауеден, Қитар деген төрт ұл, Әсия, Мария, Рахила, Рабиға, Мәкуә деген бес қыз өрбіген. Олардың көпшілігі өмірден ерте өтсе, Досаннан Нұрекен, Нұреден, Қайыржан тараған. Алдыңғы екеуі 19 — 29 жастарында дүниеден өтсе, Қайыржаны жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында басшылық жұмыста болды. Өкінішке орай 1974 жылы 48 жасында Индер ауданында қайтыс болды. Бүгінгі Шойтас би аруағына бас иіп, басына кесене тұрғызып, ас беріп жатқан осы Қайыржан аға ұрпақтары екенін де ел ерекше атап, зор ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Ауыл имамы Сұрапқалиев Әміржан құран оқыған соң жиналған көпшілік бір-бірімен қимай қоштасты. Бұл да кең даланы бауырына басқан кішіпейіл жомарт халықтың көңілін паш етер көріністер еді.

Х.Ғабжалилов
Әнет баба тағылымы

Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен, қазақ жерінің 6yrіHі мен болашагы тарих безбеніне тартылған кезеңдердегі қазақ халқының маңдайына біткен небір кемеңгер тұлғалардың қызметтері ерекше. Ұлттық деңгейге көтерілген небір тұлғалардың есімдері ғана ел мен жердің азаттығы мен болашағы үшін аянбай қызмет етудің тамаша үлгісіне айналған. Әнет баба 1627 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Себебеі, Шәкерім қажының «Қалқаман — Мамыр» дастанында:

«Әнет баба» Арғынның ел ағасы,
Әpі би, әpі молла, ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасың10 —

деп көрсеткен мәліметі 1722 жылы екенін ескерсек, біз көрсеткен уақыт дәл келеді. Ал, бабаның туған жері «Ақтабан шұбырындыға» дейін Сыр бойы мен Жиделі Байсында ұйысып отырған Арғындардың ежелгі ата-қонысы болса керек. Әнет баба Кішіқұлының шығу тегіне келсек, ол Арғынның «Бес Момын» деп аталған атасынан тарайтын Кенжесопы—Тобықты руынан шыққан. Шежіреге көз салсақ:

Әнет бабамыздың әкесі Кішік пен Мәмбетсопы Сарының қазақтың Ташкентті билеген ханы Тұрсын ханның қызы Қоңырбикеден туылған. Бұл оқиғаның тарихи желісі мынада: Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап Орта Азиялық Шайбам әулетімен Сыр бойы қалалары үшін кескілескен күрес жүргізді. Осы күрестің тарихи түйіні Тәуекел хан тұсында шешілді. Ол 1598 жылы Орта Азияға жорық бастап, Сыр бойы қалаларын қайтарып қана қоймай, өзінің державалық мүдделерінде көрсете білді. Біpaқ ханның жорық үстінде қаза табуы мен ол толық жүзеге аспай қалды. Тәуекел ханның мұрагері Есім хан Тәуекелдің жеңістерін құқықтық тұрғыдан заңдастырды. Бұл «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық негізде көрініс берді. Өкінішке орай бүгінде бұл заңдар жинағы туралы ауызша жеткен мәліметтер тек жалпылама сипатта ғана хабар береді. Есім хан ел іргесін нығайтып, осы кезеңде қайта күшейіп, бас көтере бастаған қалмақтармен шайқастарға баса мән берді. Сондықтан болар алғашында Ташкент қаласының билеушісі Тұрсын ханның бура тартып, бөлінуге бет бұрып, жеке билікке ұмтылу әрекеттеріне аса назар аудара қоймаған. Бұл кезеңде арғындар негізінен Қаратау аумақтарын мекендеп, Тәуекел мен Ecім ханның Фергана, Самарқандқа және Бұхараға жасаған жорықтарына белсене қатысқан . Сондықтан 1627 жылы Есім хан жорықтарына қатысқан Марғасқа жырау негізінен Қатаған руына арқа сүйеген Тұрсын ханға:

Ей, қатағаннан хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың.

Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр.
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды,

Түбінде сонан тартарсың! —
деп қадап-қадап айтады11.

Тұрсын хан бүлігін басуға аттанған Есім хан әскерінің алдыңғы қатарында арғындар болған. Бұрынғы Қарқаралы мен Семей уездерінде мекендеген арғындардың арасында сақталған ауызша мәліметтерге қарағанда, осы жорықтан Арғынның батырлары 40 қызды олжалаған. Соның ішінде Тұрсын ханның қызы — Қоңырбике ханша Тобықты Сары батырға тиесілі болған . Сары батырдың Қоңырбикеден туылған Кішік атты ұлынан кейін бүкіл иісі қазаққа белгілі тұлғалар дүниеге келді. Соның бірі Әнет баба, оның бауыры Әйтектен тарайтын Олжай балаларын айтсақ та жеткілікті. Әнет баба жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарысуан жыраумен бірге медресе бітірген. Бұл медресе Бұхар қаласындағы әйгілі оқу орындарының бірі - Көкілташ медресесі еді. Бұл оқу орны туралы қазақ ұлттық энциклопедиясын шығарушылар мынандай мәліметтер береді. «Көкілташ медресесі —тарихи архитектуралық ескерткіш. Бұхарада 16 ғасырда салынған. Көлемі өте үлкен, екі қабатты, биік ғимарат. Қабырғаларын безендірген әшекейлері өшуге айналған. Медресенің ішкі алаңына бөлмедегі бөлмеден өтіп кіреді. әрбір бөлменің төбecі күмбезделіп көмкерілген. Барлығы 160-тан астам бөлме бар. Қазақстан және Ресей ғалымдары тарихи мәліметтерге сүйеніп, бұл ғимаратты Тама руының шежіресінде аталатын Көге есімді қазақ 1538 жылы салдыра бастаған деген ғылыми тұжырым айтады» . Ал, «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» айдарымен жарық көрген Кіші жүз Жетісу тайпалық бірлестігіне жататын Тама руының тарихын зерттеушілер кесенені салдырған тұлғаның XVІ ғасырдың соңғы ширегінде Мәреннахар билеушісі Абдаллах ІІ тұсында оның қарулас досы, сенімді серігі болған көрнекті мемлекет қайраткері, ортағасырлық жазба деректерде толық атымен Низам әл-Мулк Кул-Баба Көкілташ деп аталатын Тама Көге батыр екендігін дәлелдеген . Абдаллах ІІ көрнекті мемлекет қайраткері болды. Халық оның есімімен көптеген құрылыстар, суғару жүйелері, көлдер, көшелер, керуен-сарайлардың салынуын байланыстырады. Сондықтан билеуші өзінің сенімді серігі болған Тама Көге - Көкілташқа барынша қолдау көрсеткен. Нәтижесінде, бұл медресенің білім орталығы ретіндегі беделінің өсуіне көп жағдай жасалады. Осылайша, ол көп ұзамай атақты білім ордаларының біріне айналады. Ол Бұхар қаласындағы он екі баб ғылымынан хабар беретін, ислам мен ортағасырлық шығыс ғылымының орталығы болып саналған. Міне, осындай оқу орнында білім алған Әнет баба оз заманының көзі ашық, озық ойлы ислам ілімі мен шығыс ғұламаларының білім нәрінен сусындаған білімпаз азаматы болып қалыптасты. Бұхара білімі баба бойындағы көшпелілердің еркін ой-қиялымен ұштасқанда оны Даланың Данагөйі дәрежесіне дейін көтерген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған баба Әз Тәукенің тұсында қазақтың әр жүзінен 90 би қатысқан әйгілі «Жеті Жарғы» заңдарының баптарын талқылау мен қабылдауда әділдігі мен діндарлығы елге мәлім баба елеулі рөл атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. Әнет баба Тобықты-Арғынның бүкіл мәселесін өз алдынан таратқан өз заманының көрнекті қоғам қайраткері Әз Тәукенің тұсында «Күлтөбеде күнде жиын» құрған билер елдің ішкі-сыртқы мәселелерін талдап, қара қылды қақ жарған билігімен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыржай бейбіт өмірдің орнауына өз үлестерін қосқаны белгілі. Сондықтан Тәуке есімі аталғанда бүкіл қазақтың оны сондай бір құрмет сезіміне бөленген тебіреніспен еске алулары тегін емес. Ал оның даңқын асырып, тұғырын биіктеткен Әнеттей әйгілі бабалар еді. Бірақ заман өзгермей тұрмады. Әз Тәукенің қайтыс болуымен билік тізгіні босаңсып, жан-жақтан анталаған жау бас көтеріп біp алдамшы саябыр шақта Тобықты елі кейінгі жұртқа «Қалқаман —Мамыр дауындай» деп елге мәтел болған Түбі жоқ бір іске кез келеді. Әнет бабаның атасы Сары батырдың бәйбішеден туылған баласы Мәмбетейдің қызы Мамыр мен Әнет бабаның бірге туған бауыры Әйтектің баласы Қалқаман жеті атаға дейін қыз алыспайтын ата дәстүрін бұзып, өзара көңіл қосқан. Шежіреге көз салсақ Мамыр мен Қалқаман тегі былай таратылады.

Ал, Мамыр Мәмбетейдың немересі Байғозы байдың жалғыз қызы еді. Тобықтының игі жақсылары жоңғарға қарсы кезекті бір жеңіске арналған хан сарайындағы тойға кеткенде екі жас сыр ашып, сөз байласқан. Осылайша ата дәстүрі бұзылып, Қалқаман Мамырды алып қашады. Болған іске берік болып, оқиғаның пайымын ақыл мен сабырға жеңдірген баба екі жасты өлім жазасына кесуді талап еткен топқа:

«Өлтірер жұмыс емес,
Таспен атып ел өлтірмек бұл іc емес
Біреудің некелісін бұзбаған соң,
Қанына ортақ болу дұрыс емес»12,—

деп басу айтты. Бірақ екі жасты шариғат қосқанымен, ата дәстүрі қоспайтын еді. Әpі әрқашан шариғаттан гөрі даланың қатал дәстүрі қалыптастырған ата-баба дәстүрінің қаймағы бұзылмаған тұста бұл оқиға барша халыққа өрескел көрінгені де рас. Туысына тартып, жазадан босату, ел тізгінін босатып іргесін шалқайтатын, мысқылдап кіріп, батпандай шығатын салдарларға ұшырататынын баба да сезді. Осы тұста Тобықтының бар ісін Әнет бабадан кейін өз алдынан тарататын Көкенай батыр батырға тән турашыл мінезімен тентекті тиып, бұл істі қылышпен кескендей бітіруді талап етті. Бабалары Сары батырдың ақ туын еңкейтпей ұстап, әрі би, әpі батыр атанған Көкенай туралы Шәкәрім қажы:

«Көкентай — Мәмбетайдың бастаушысы,
Өзі батыр, мінезі қатты кісі
Сол кісінің, алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы»13, —

деген мәліметтер береді. Көкенай Сары батырдың екінші ұлы Үмбетайдың қалмақ әйелінен туған ұлы. Көкенай Мамырды оққа байлап:

«Өлтірдім тентегімді» өзім дейді,
Бабаңа кісі салды дамыл бермей,
Ол неге Қалқаманды өлтірмейді?
Әнет бабаның:

«Ел бітпес оныменен.
Жүрелік шариғаттың жолыменен
Бір еркек, бір қатынның құнын алсын,
Мәмбетей разы болсын соныменен» ,—

деген бітіміне тоқтамай, Тобықты елі қақ жарылуға айналып, Мәмбетейге Қанжығалы болысты. Осылайша, жау жағадан алғанда, бөрі етектен демекші, ел іші бүлініп, ағайын арасы ашыла бастайды. Ел мен жердің тұтастығын, бірлігі мен тірлігін алдыңғы орынға қойған Әнет баба, Көкентай батыр сынды ел ағалары: Тіршілікте ауыздан шыққан сөз; көзбен көріп, санада қалған ой; тіршілігі біткен зат; жан; ақымаққа берген оқу, тәрбие қайтпайды, — деген дала философиясының қағидасына — «еркек токты құрбандық» қағидасын бағындырған.

Әнет баба жаны мен жүрегі күйзеле тұрып, Көкенайдың:
Ей, баба, тәңірге аян адал ісің,
Сүйтсе де ел бүлінер бала үшін,
Болған соң қазақта жау, қалмақта жау,

Бұл елдің обалына қалмаймысың? —
деген сөзіне тоқтап:
«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін,
Көкенай сонда атсын», — деп төрелік берген екен.

Бабаның негізгі ойын іштей ұққан, тек тіршілікте қайтпайтын затты қайтара алмаған, құралайды көзге атқан батыр Қалқаманды қарасанынан ғана жаралапты. Аман қалған Қалқаман «Мамырсыз тіршіліктің мәні жоқ» деп Ұлы жүз Шапырашты ішіндегі нағашы жұртына кеткен екен. Әнет бабаның ұйымдастыруымен тентекті тыйғанымен, оны сыртқа теппек керек емес деп, Тобықты елі келер жаз Қалқаманды іздестіру керек деген шешімге келген. Бірақ келесі жыл, яғни 1723 жылдың басы қазақтың басына түскен қайғы бұлтын үйірген «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған жыл еді. Ел басына күн туып, қалың жұрт бас сауғалай қашқанда, Әнеттей баба жұртта қалған деседі. Ал Көкенай бастаған әскер қалың жұрт Қаратаудан асып, көшіп кеткенше жаудың алдын алып, тосқауыл қоюды ұйымдастырады. Осындай аласапыран заманда Әнет баба ұрпақтарын былай таратады: «Әнет бабаңның бәйбішесінің бес баласы Ақтабан шұбырынды болатұғында қалмақтың оғынан өліпті. Соның өзгесінен ол жақта нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы — Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуаннан тұқымы жоқ. Бақайдан үш бала: Құрманбай, Жарылғап, Тоққожа. Құрманбайдың баласы: Байымбет, оның баласы — Отыншы, Керейбай, Шағырбайдың екі баласы — Карабас, Жортубай, Тоққожаның баласы — Көбеген, оның баласы — Дүйсенбай осында. Өзгесі түгел Белағаш елінде. Әнет бабаңның бір қатынынан Жаубасар, оның екі баласы: — Отагүл, Маң. Отагүлдың үш баласы: Жұрынбай Тоқбан, Сыдық. Маңның екі баласы; Ақбай, Тұяқ және Әнет бабаңның кіші қатынынан Есболат, Шақа. Есболаттың екі баласы: Байгел, Шабан. Шақанның үш баласы: Айтуар, Тәуке, Бостан» . Жұртта қалған Әнет бабаның сүйегін Көкенай батырлар бастаған жігіттер аласапыран сәл тынышталғанда тауып алып жерлейді. Әнеттей бабаның жау қолында, жұртта қалуы «Ақтабан шұбырынды» алапатының қасіретін көрсетсе керек. Қапыда төніп келген жауға қарсы тұра алмай, түп көтеріле кешкен тобықтылар Қаратаудан асып, Арқаға беттеп, одан әрі Кіші жүз жеріне ойысқан. Осы кезеңде Әнет бабаның бірге туған бауыры Әйтектен тарайтын Олжай батыр ерекше көзге түседі. Бабаның тәрбиесін көріп өскен Олжай батыр да осы тұста елді ұйымдастырып, ел шетіне қорған тірек бола білді.

Осылайша ұрпағы өсіп-өнген Олжай балалары қазақтың Абайдай, Шәкәрімдей марғасқа кемеңгер ұлдарының аталары. Олжайдан туылған Айдостың Ырғызбай, Торғай атты ұлдары ел Ақтабаннан босып, Арқада қоныстап қала алмай, Кіші жүз жері Ырғыз, Торғай өзендері аумағына барғанда туылып, осы есімдерін иеленген. Тобықты ішінде сақталған «Елім-ай» жырының:

«Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді-ай.
Елім-ай, Елім-ай!
Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді-ай
Елім-ай, Елім-ай!
Мына заман қай заман?
Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман-ай
Елім-ай, Елім-ай!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл қылып ағызамын-ай

Елім-ай, Елім-ай!» деп келетін бір нұсқасын осы Олжай бабамыз шығарған деген де сөз бар14. Олжай ұрпақтарын таратып, баса айтып отырғанымыз, Әнеттей бабаның үлгі-өнегесі, тәлім-тәрбиесінің ізсіз кетпей, атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығын көрсетуден туындады. Әнет бабаның халқы үшін қаншалықты қымбат, кемеңгер тұлға болғандығын ел аузында сақталған мына бір әңгімеден артық беру қиын шығар. Бірде Әнет баба көрген түсін Әйтекеге жорытыпты. Сонда көрген түсі мынау екен: «Он лақ, жиырма қасқыр, отыз жолбарыс, қырық түлік, елу ноқта, алпыс ақта, жетпіс желкілдек, сексен селкілдек, тоқсан домалақ. Сонда Әйтеке тұрып былай деп жорыпты: — Әй қасиетіңнен айналайын, Әнет баба-ай, бәрі дұрыс қой, бірақ алпыс ақта емес, арқа еді ғой, жетпіс желкілдек емес, желкен еді ғой, сексен — көркем еді ғой, тоқсан торқам еді ғой,—дегенде, баба риза болғаннан кемсеңдеп жылап жіберіпті дейді. Сөйтсе, бұл сөздің шешуі былай екен. Әнет бабаның «Он лақ» дегені — «он жаста жарға ойнақтаған лақтай болдым» дегені, «жиырма қасқыр» дегені — «жиырмада пышақ тісті қасқырдай болдым» дегені, «Отыз жолбарыс» дегені — «отызда жолбарыстай қайратты», «Қырық түлкі» дегені — «қырқымда түлкідей айлакер болдым» дегені. «Елу ноқта» дегені — «елуде ноқталаған аттай болдым» дегені, «Жетпіс желкілдек» дегені — «жетпіс күшім кетіп, түндіктей желкілдек болдым» дегені, «Сексен селкілдек» дегені — «сексенде буын-буынымнан ал кетіп селк-селк етіп, қалтылдақ шал болдым» дегені, «Тоқсан домалақ» дегені — «тоқсанда ез аяғыммен жүре алмай, домаланып мешел болып қалдым» дегені екен.

Соны Әйтеке былай түзеткен көрінеді. «Әнет баба, cіз қазақ үшін алпыста —арқа болдыңыз, жетпісте — желкенін көтерген кемедей болдыңыз, сексенде — ақ сақал-шашыңызбен, асқар таудай басыңызбен көз тартар көркем болдыңыз, тоқсанда — алдың да, артың да жәйлі, жаның да, жүрсің де кең-тарқа болып отырсыз» дегені екен. Әнет бабаның «Әйтекежан, көп жаса!»—деп рақмет айту себебі осындай құрмет, марапаты үшін екен»15. Кемеңгер тұлға, дала перзенті Әнет баба уақыты сәйкес емес демесең, тұғыры мен тағылымы өзімен тұтас, бүкіл қазаққа «Көшпелі әулие» атанған жырау баба Бұxapғa да батасын берген. Тәуке хан тұсында төбе би болып сайланған Төле би де өзін сынату үшін Әнет бабаның алдынан өткен. Қаз дауысты атанып, «ормандай көп Орта жүздің» тізгінін қолына алған Қазыбек би де Әнет бабаны өзіне ұстаз тұтып, қарыздармын деп есептеген16. Заман өтіп, тарих көші ұзағанымен, Әнеттей бабалардың тағылымға толы өмір жолы, қазақ сияқты халқымыздың өрлігін, ерлігін, азаматтығы мен көрегендігін замана биігіне көтере бермек.

А. Дастанов
Би Бидаш17

Жезқазған Ұлытау өңірінің халқы ел аузында «Би Бидаш» атанып кеткен Бидаш Құдабайқызының есімін ерекше құрметтеген еске алады, ол туралы сан алуан әңгімелердің тиегін ағытады. Би Бидаш кедей шаруаның қызы бола тура, ақыл парасатының арқасында дүйім жұртқа қадірі асқан, қалың қауымға бас бола білген. Ал оның көптің аузына алғаш ілінуі былай болған. Кішітас деген жерде Қайдауыл Тырнақ деген кісі баласына той жасап, сол заманғы салтқа сай бәйге, күрес т.б. ұлттық ойындар ойналады. Осы тойда Мамай, Дәуітбай, Бабас балалары бір жақ екінші жақ болып аударыспақ ойнағанда қыз да болса ортаға Бидаш та шығады. Тумысынан қайратты, ер тұлғалы жаралған қыз-жігіттерді шыдатпай, бірінен соң бірін ат үстінен аударып тастайды. Тек Байжан байдың баласы Қодаң екеуі ғана бірін-бірі ала алмайды. Бір ғажабы Бидаштың да, Қодаңның да бастары бос екен, сол жолы бірін-бірі ұнатып қалады. Сөйтіп, құда түсіп, сол жылдың күзінде Бидаш Байжан байдың үйіне келін болып түседі. Жас келіннің ақыл, зеректігінің озықтығы біртіндеп ауыл-аймаққа тарай бастайды. Бидаш 15-тен 16-ға қараған шағында тұңғышы Сейілді босанады. Сол Сейілі аяғын енді ғана апыл-тапыл басып жүргенде «істі» болып Қостанайдың түрмесіне қамалады. Себеп? Қазіргі салық сол кезде «сбор» деп аталатын болса керек. Қодаң «сборды» уақытында төлей қоймай, Қостанайдан арнайы «урядник» келеді. Жөнімен келсе бір cәрі ғой... Қодекең шаңырағына тасырлатып жеткен олар аттан да түспей, киіз үйдің есігін мылтықтың ұшымен көтеріп, айқайға басады. Бұған шыдамағын Бидаш: — Тарт атыңның басын,—деп аттың басынан сарт еткізеді. Сол кезде анау жасқап, қорқытамын деп қылышын суырып ала қояды. Мұны керген Бидаш дереу бақанды ала салып, тұра ұмтылады. Не керек, әлгіні бақанмен ұрып өлтіреді. Қасындағыларға да шыдас бермей, айқай-шу көбейіп, ел жиналып дегендей, «сбор» жинауға келгендерді Бидаштың айтуымен көгендеп тастайды. Бұл оқиға Қостанайдың генерал-губернаторы Лаврентьев дегеннің құлағына жетеді. Жіберген адамының бірі елін, қалғаны көгенге түсіп масқарасы шыққанын естіген губернатор шыдасын ба, арнайы жасақ аттандырып, «ол неғылған әйел екен, алдыма алып келіңдер әуселесін көрейін» дейді.

Бидаштың қайсарлығы намысқойлығы осы тұста да танымалы. «Губернатор алдына жүніміз жығылып емес, жалымыз күдірейіп барайық, істегенін көріп алайық» деп төрт ақ боз ат жеккен күймемен жолға шыққан екен. Губернатор алғаш көргенде Бидашты ер кісі деп қалса керек, тілмәш осылай дегенде қашанда өткір тілді, ойындағысын іркіп қалмайтын Бидаш: «Патшаңа айт, осы тұрғанымда шешіндіріп көреме екен, жоқ елде оңаша жерге апарып жатып көре ме екен» депті. Мұндайды күтпесе керек. Губернатор мұның тегін әйел емес екендігін бағымдаса керек, түсі жұмсарып, ішке кіруге шақырыпты. «Солдаттарыңнан тартып алған қару-жарақты түгелдей қайтып әкелдім», — депті Бидаш губернаторға қарап. Сонда губернатор: «Неге өздеріңде қалдырып, пайдалана бермедіңдер ме?» деп қарсы сұрақ тастап, сынамақ ниет танытса керек. «Жоқ, — депті Бидаш, — ана қазаққа оқ құсатын темірдің қажеті шамалы, бізге шоқпар да жарай береді» деп, өзінің қарулы топқа бақанмен жүріп-ақ бой бермегенін емеурінмен жеткізіпті. Содан ақыры не керек, Қостанайда сот болып, Бидаш үш жылға сотталып, абақтыға жабылады. Бұл хабар әрине, елдегілерге төбеден жай түскендей әсер етеді. Бидаштың сотталып кетуі хақында Қожабай ақын Тоқсанбайұлы «Ұсталып Бидаш кетті» дейтін ұзақ толғау жазады.

«Тіл, өнер, мал күшімен жан таппасаң,
Бұл істің беті кетті ықтиярдан
Отырмыз бел мертігіп қан түкіріп
Жығылып ашамайлы қара нардан.

Тар есік, тар тесікте Бидаш отыр,
Не пайда қисаба жоқ жиған малдан.
Қосақтап қойдан бетер, адам беріп,
Отырмыз өлмей тірі ар-ұяттан» —

деп халықтық қадірлі қызының істі болып сотталуына, оны босатып алуға күш-дәрменді біріктіруге еш шара жасалмай отырғандығына деген елдің ыза-кегін, ашу-өкпесін өлең тілмен жалпақ жұртқа таратады. Содан соң елдің игі жақсылары бас қосым: — Қаршадай қызымызды орыстың түрмесіне қаматып қойып, жер басып жүргеніміз - сүйегімізге сын, — деген тоқтамға келіп, Бидашты босатып алудың амалдарын қарастыра бастайды. Бұл іске әсіресе, Бұзау болыс белсенділік танытады. Бидашты сегіз ай дегенде босатып алады. Торғай болыстығы екі жарылып, қос болыстыққа айналғанда, жаңадан құрылған Қайдауыл болыстығына халық Бидашты сайлайды. Бірақ, ол кісі: «Әйел адамның болыс болғаны жараса қоймас» деп, өзі ауылнай дәрежесінде қалып, болыстыққа баласы Сейілді өткізеді. Дегенмен, өзі болыстың жұмысын атқара береді. Ел-жұртты өзіне бағындыра білгені сондай Бидаштьщ болыстығынан патшаға еш арыз-шағым түспеген көрінеді. Елді басқара білген тамаша еңбегі ескеріліп, оған ақ патшаның атынан мақтау қағаз, награда беріледі. Би Бидаш Кеңес үкіметі келгенде әлдекімдер құсап, айыр ала жүгірмей, сабырмен, салмақпен қарсы ала білген кісі. «Кәмпеске» басталып, белсенділер шығып, ел іші алабұртып, бүліншілікке түсіп, жұрт ауа көше бастаған кезде Бидаш ана қасына екі кісі ертіп алып, өзіне қараған елді түгел аралап шығып, тоқтамға шақырған. Қай үкімет болсын құрығы ұзын келеді. Көнбегенде не істейсің, үдере көшкенде қайда барасың? Одан да жаңа үкіметтің дегенше бағынып, айтқанын тыңдап, азып-тозып кетпеудің қамын жасайық. Егін егейік, зауытқа жұмысқа тұрайық, — деп ақыл қосқан және сол сөзін еліне тыңдата білген. Ол кісіден «Шұбаған елге үрей мен аштық үйір келеді» деген ұлағатты сөз қалған. Тегі асыл, сүйегі мықты Бидаш ана қашан болсын, қандай қиыншылық, ауыртпалық кездессе де, қасқайып қарсы алуымен ерекшеленген. Оның, Сағат деген баласы 1936 жылы «Байдың баласы уәкілді балағаттады» деген желеумен 10 жылға сотталатын болған. «Қарсақбайдың түрмесінен басқа жаққа жібергелі жатыр екен» деген хабарды естіген соң, анасы ұлымен қоштасып қалуға келеді. Сонда шешесін көрген Сағат шыдамай, жылап жіберсе керек.

— Әй, Сағат кетер басыңды, көрсетпе жасыңды, — деген Бидаш анасы, қасыңдағылар сенен кем бе, әлде сен олардан кемсің бе? «Ат жақсысын көрмеден, ер жақсысын түрмеден көр» деген. Нашар болсаң, үкіметтің көзіне ілігер ме ең? Жүнжіме, бұл сапар сені шыңдайтын болады, — деп ұлына қайрат, жігер берген екен.

Жасының біраз жерге келіп, шау тартып қалғанына қарамастан Бидаш ана кешегі Ұлы Отан соғысының тұсында да, елде қалған кәрі-құртаң, бала-шағаңа бас-көз болып, аналық жол көрсетіп отырған. Ол 7 жасқа дейінгі балаларды жинап, балабақша ұйымдастырған, 8 — 11 жастағы қыз балаларды «маған көмекші боласыңдар, бөпелеріңе қарайсыңдар»,—деп қасына алып, одан ересектерше өгіз айдауды міндеттеп, ер балаларға құдық қаздырып, көзін ашқызған, шөпке жұмсаған. Сөйтіп елдің басына түскен ауыртпалықты бірге көтеріскен ана Ұлы Жеңісті көре алмай, 1944 жылы шілдеде 96 жасқа қараған шағында қайтыс болған Би Бидаш Дүйсенбай өзенінің бойындағы «Қызыл үй» деп аталатын жерге жерленген. Зираты қазірге дейін бар. Бидаштың Сейіл, Бұқарбай, Сағат атты ұлдары және Бидайша, Болтай, Хатша, Кәби атты қыздары болған. Олардан тараған ұрпақ бүгінде өсіп-өнген, бір қауым елге айналған. Жалпы, ел аузында Би Бидаш айтыпты дейтін әңгіме көп. Соның бірі - заманында «қара жорға» атанған Зілғара бидің Бидашты сынамақ болғаны туралы хикая. Бидаштың аты дүрілдеп шыға бастаған кезінде Зілғара бес-алты қосшы ертіп, Қодаң аулына келеді. Олар келгенде Қодекең құс мамықтың үстінде отыр екен, келгендермен орнынан қозғалмаған қалпы, бас изесіп қана амандасады. Бидаш болса Қодекеңнің жастығын тузеп, бәйек болып құрмет жасап жүреді. Шай үстінде сырттан бет-аузы кір-қожалақ бір бала кіріп келеді. Даладағы ойын баласы қайбір оңып тұрушы еді? Бірақ осыны пайдалана қалғысы келген Зілғара: — Мына боқмұрын кімнің баласы? — деп қалады. Бидаш: — менің балам, — дегенде Зілғара одан әpі үймелетіп: — Сізді заты жақсы жаралған деп естуші едік, балаңыз қалай нашар туған? — деп әлдебір әңгімеге тартқандай болады. Сонда Бидаш жұлып алғандай: — Зілғара, Зілғара зілдей ауыр екен десем, жай қара екенсің ғой. «Ат-айғырдан, байтал -биеден туады» демей ме? Баланың әкесі міне отыр емес пе? — депті. Анау-мынау сөзге тосыла қалар Зілғара ма? «Мына сөзіңізге қарағанда, Қолдекеңді менсіне қоймайтын сияқтысыз. Бірақ, бұл кісіні бәйектеп күтуіңіз керемет. Бұл қалай?»—деп тағы бір сауалды көлденеңнен тастай қояды.

— Еркек әйелдің пірі емес пе? Пірін сыйламағанды кәпір, мойнында кісі қаны бар адамды кісәпір демей ме? — деген Бидаштың жауабын естіген Зілғара сезге тоқтам тастағанын білдіріп, иығындағы шапанын алып, дереу Бидашқа жапқан екен. Содан бірер күн қонақ болған соң, Зілғаралар жүрер шақта Бидаш ана бидің жанындағыларға бір-бір шапан сыйлапты да, оның өзін құр қол қалдырыпты. Мұның мәнісін түсіне алмай қалғандар қипалақтап, ыңғайсызданып қалыпты. Сонда ғана Бидекең: — Зілғара, сенің өз шапаныңды өзіңе сыйлаймын. Өйткені, мұны мен кешелі бері үстімнен тастағым жоқ, жатқан да жамылып жаттым. Бұл шапанға менің иісім әбден сіңді. Ал сен келгелі бepі көзіңді менен алмай, көңілің қанбай, ынтық қалпыңда кетіп барасың. Ендігі жерде менің иісімді искеп, құмарыңды басып жүрерсің, — депті де, ал мынау Қодекеңнің мінгізгені,—деп, күмістелген ертоқыммен суқара жорға сыйлаған екен.

Былай шыққан соң Зілғара: — Әттең, Бидаш әйел болып туған. Еркек болып туғанда, Орта жүзде билік айту бізге бұйырмайды екен, — деп ризашылығын жасыра алмай жылы лебізін жанындағылармен бөліскен деседі. Би Бидаш туралы айтылар сөзді шек болмаса керек. Талай-талай елге тұлға болған қыздарын мақтан тұтатын халқымыздың сондай асыл аналарының бірі — осы би Бидаш екені даусыз.

Қ Дауталиев
Қазақ билер сотындағы гендерлік теңдік немесе ақыл-ой теңдігі

Қазақ құқығы — жазылмаған құқық, бірақ қатаң тәртіптелген құқықтық нормалар (қағидалар) мен жұмсақ әрі икемді соттық нұсқалар (прецеденттер) оның құқықтық әлеуеті мен күшін адам таңғаларлық деңгейге көтере алады. Көшпелі халықтың құқықтық сауаты өте жоғары және соншалықты қарапайым болды. Ысқаяқ болған дауларды шешу және бітістіру үшін бес жастағы баланың құқықтық сауаты (атақты билердің биліктерінің үлгісін жөнімен, жолымен пайдалана алуы) жеткілікті еді. Құқықтық сауаттылық кәмелетке (балиғатқа) толмай жатып-ақ (13 жас) құқықтық сана-сезімінің ерте жетілyіне мол әcepін тигізді және бұл қазақ құқығының басты мәдени ерекшеліктерінің бірі еді. «Он үште отау иесі болу» — толық әрекет қабілеттілігін көрсетті. Әpбір құқық субъектісіне тән құқық нормаларын иелену, жарату, сақтаумен қатар оны құқықтық мәні бар дауларға бала билердің жөнімен қолдана білуі билер сотының тамаша дәстүрі Қазақ билер сотының тарихында бала кезінен билікке араласқандар өте көп және олардың көбі тіпті жасы ұлғайған кезде де ез есімдерімен аталмай «Бала би» (Шорман би, Бөлтірік би, Бименбет би және т.б.) аталып жүрді. «Биге» деген халықтың көзқарасы жас мөлшерімен, жыныстың ерекшелігімен және т.б. ценздермен шектелмеген. «Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса сақа ғой, Жасы кіші демеңіз, ақылы асса дана ғой», «Ақыл жастан, асыл тастан» деген шешен сөздерінің шығу тарихына зер салатын болсақ бала кезінен шаршы топта бір рулы елдің не тұтастай қазақ елінің сөзін ұстап, билік айтқан бала билердің тапқырлықтарынан туындағанына көзіміз жетеді. Бала кезінен келесі билер билікке араласқан:

Ноғай Едіге би Қабанұлы (1352 — 1419) — шамамен 9 — 10 жасынан18,
Үйсін Төле би Әлібекұлы (1660 (63) —1750 (56)) — 9 жасынан19,
Қаракесек Қазыбек би Келдібекұлы (1667—1764) — 13 жасынан,
Алшын Әйтеке би Бәйдібекұлы (1644—1700) —7 жасынан20,

Найман Кегенбай би (1735 —1835) — 13 жасынан,
Жалайыр Балпық би Дәріпсалұлы (1696—1784) —12 жасында,
Керей Жобалай би Бәйсейітұлы (1730 —1818) —10—12 жасында21,
Сырым би Датұлы (1712 — 1802),

Қарауыл Бекболат би Қанайұлы (1714 —1795),
Матай Қыдыралы би Бөрібайұлы (1740 — 1807) — 9 — 10 жасында22,
Есентемір Бекен би (1771 —1856) —17 жасында23,
Найман Сасан би Мыңбайұлы (1780—1830) — 12 жасынан24,

Матай Мұжық, би Байжанұлы (XVІІІ ғ.екінші жартысы мен XІX ғ. бірінші жартысында өмір сүрген) — 13 жасында25,

Абай би Құнанбайұлы (1845 — 1904) —10 жасында,
Шорман би (XІX ғ. өмір сүрген) — 11 жасында26,
Сыбан Аққожа би (XVІІІ ғ. аяғы — XІX г. басы) — 13 жасында27,

Киікбай Айтуғанұлы (XІX г.) — 17 жасында28 және т.б. көптеген қазақтың іргелі билері билікке жастайынан түскен саңлақтар. Бала би атану мерзімін анықтау көбіне жергілікті елді-мекендердегі ел аузында сақталған әңгімелерге негізделді. Ал кей билер туралы мұндай нақтылы деректер кездеспейді, сондай-ақ олардың бәрінің жас кезінен билікке араласқанын да жоққа шығармайды. Сондықтан да бала билердің жарамды билікке араласу мерзімін көп жағдайда 13 — 15 жас аралығына келіп тоқтайды деп топшылаймыз. Бала би атанған билердің бәрі дерліктей аузы дуалы, ел-жұртқа белгілі билер мен батырларды іздеп барып бата алып, сол батадан аумай өмір сүруді өзінің кәсіптік және адамдық борышы санаған. Бұл дәстүр «Гипократтың антындай» қазақ арасында кең жайылған жолдың бірі еді. «Бата — бата,батамыз — бәтуамыз емес пе, батаны бұзған — құнсыз» деген жолдардан батаның көшпелілер үшін құдыретті күштің бірі болғанын байқауымызға болады. «Уәде — Тәңір аты» деп сөз байласқан соң, оны бұзу, орындамау ең сорақы іс деп саналып, тіпті бата бұзушыны мүдделі жақтың адамы өлтіріп кетсе «Ер — құнсыз, нар — пұлсыз болмайды» дегенінің өзінде құны сұралмайтын іс деп даулауға жол бермеген. Қазақтың билер сотының тарихында «Алты атасын арқалап, Жеті атасын жетелеп жүріп» құн даулап, алып жатқан биліктер кездесе береді. Бірақ қанша уақыт өтсе де, іc ақ болса салауатқа салмай орайын тауып сөз айтып «Жарқын» аталатын күнмен бітірген прецеденттік билік қалған. Ал құнсыз кету — арға сын, рудың абыройына нұқсан деп есептелген. Өйткені қазақ заңдары бойынша құл ғана — құнсыз болуы мүмкін. Сондықтанда көпшелілерде «отыз тістен шыққан сөз — отыз рулы елге жайылып» халық хабардар болып, берілген бата мен уәдеге әрдайым сыншы, бақылаушы, бағалаушы болып отырған. Бала билерде аталған дәстүрді қатаң сақтап, батаны ақтауға тырысқан. Би берілген батадан ауа бастаса — дауда қарсы жақ «би билігінен, алған батасынан ауды» деп онысын бетіне басып, көп жағдайда ұтылуына алып келіп қадірсіз-құтсыз биге айналған. Сәйкесінше биліктен шеттелген. Бала би деп тану міндетті түрде билік айтумен байланысты емес, ең алдымен би болуға талпынған баланың атақты адамнан бата сұрауы және алуы шарт болған. Себебі бала би өз елінде жүріп-ақ ауылішілік бірді-екілі үлкенді-кішілі дауды шешіп жүре берген, бірақ «баталы ер азбас» деп іздеп барып бата алу тек өзінің толғанына сенгенде ғана баратын әрекет болған. Батыр, би, сезге тым шешен болған Қошқарұлы Жәнібек он үш жасында Қара биге барып батасын алмақшы болады. Бірақ екі ел арасында жаугершілік заман туып, үлкен ұрыстың арасынан өте алмай бозбала Жәнібек кері қайтып, соғыстың тоқтағанын күтеді. Арада үш жыл өтіп кетеді. Он алты жасында қайта іздеп келіп Қара бидің батасын алады29. Бұл батаға деген көшпелілер көзқарасының тереңдігін және құқықтық санада алар орнының маңыздылығын көрсетеді. Батаны алу — би болуға үміткер жастың «Бала би» ретінде ресми танылуының бір түрі ғана әpі ерекше сатысы екені де рас. Дегенмен бұл үміткер жас туралы бұрын-соңды билікке араласпаған деген түсінік қалыптастырмауы тиіс. Бата алғанға дейін де би болудың үлкен дәстүрлі мектебінен өтуі қажет. Ол сөз ұстап, тергеп сөйлейтін кісілердің ат қосшысы болып еріп сөз тыңдау мен дала заңдарын теруден бастап, күнделікті көшпелі өмірдің қыр-сырларын шебер меңгеру мен шаруашылықты әсіресе малды тани алуда майталман болуы керек. Себебі қазақ құқығының өлшем-бірліктері төрт түлік малмен кесіліп - бекітілгендіктен сот дәлелдемесі ретінде тану, залалды өтеу және т.б. заңи мәні бар фактілерді анықтау аталған білімдердің болуын талап етті. Батаның құдыреттілігі соншалық, ол батаны алған бидің өмірлік ұстанымы мен бидің болмысын, рухани идеалын анықтап берді. Бата талаптары мен шарттары мінсіз сақталған ретте ол бата алушының «рухани меншігіне» (интеллектуалды меншік құқығы) өтіп, өзі қалаған адамына туыс-туғандығына қарамай беріліп, бата талаптарын орындамаған жағдайда қайтарылып алынып отырған. Матай Мұжық би 13 жасында Қаракерей Қабанбай батырдан (Қабанбай батыр батырлығымен қоса би болған кісі) алған батасын Шондыға, Шонды — Тәлібай Мырзагүлұлына, Телібай-Тастемір Арнайға беріпті. Бірақ Арнай әбестік мінез көрсетіп, Телібай батасын қайырып алыпты30. Қазақ билерінің би болу тарихын қарап отырып, келесідей таңғаларлық құбылысқа тәнті болсаң олардың ең басты ерекшелігі дерліктей бәріңнің бала кезінен дауға түсіп, жастайынан билік айтатындығы! Екінші ерекшелігі, бәрінің тегістей алдымен өз ел-жұртының батасын алуы! Бірақ билігін бүкіл рулы елге не жүзге тартамын десе, одан да жоғары атақты билердің батасын іздеп барып алу — тек өзіне-өзі сенген бала билердің талпынысы еді. Шындығында бүгінде есімі ұрпақтан-ұрпаққа желдей есіп таралған іpі билердің көбі бата алудың екінші сатысынан өткендер. Бата алу-би өмірінің есейген, ел ағасы, ру басы болған кездерде де үнемі әpі толассыз бидің мерей-мәртебесімен қатар қабаттаса дамитын құбылыс. Сондықтан да қазақ билер мектебінде бата алудың жолын алғашқы әрі соңғы деп қарауға болмайды. Неғұрлым танымал кіcілepдің, руға, жүзге билігі жүріп тұрған билердің батасын алу, бата алушы бидің мәртебесін өсіріп, сәйкесінше билігінің заңи өрісін кеңейтіп отырған. Бата беруші бидің беделі мен батасының мазмұны — бата алушы бидің болашақта айтылатын билігінің мазмұнын анықтаушы, тінін қалаушы күшке ие болды әpі заңи кеңістігі мен заңи күшін танушы қызметті атқарады. Бата бидің адами болмысына, білімінe, икеміне және т.б. сапалық ерекшеліктеріне орай, сұрауына қарай дербес арналып берілді. Тек билер сотының өзінде ғана батаның алатын орны ерекше, ал Қазақ құқығының қайнары бола алады ма деген сұрақтың төңірегінде қарастыратын болсақ, тіптен тың көзқарастар мен мазмұнды ғылыми жорамалдарға жолығамыз. Сөзіміз уәлі болу үшін кезінде үш бидің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) ұстазы санаған Әнет бабадан Қаз дауысты Қазыбек би жас кезінде үй тіктіріп жатып ала жаздай сөз үйренген екен, сонда кетерінде бата сұраған Қазыбек биге Әнет баба:

Қазақ жолы қанағат,
Ол да жолдан адаспас.
Қасаң дау емі шариғат,
Оған ешкім таласпас,31 —

деген екен. Батаның мазмұнында құқық қолданудың тәртібі және қазақ құқығы мен шариғаттың шекарасы ашып көрсетілген. Қазақ даласындағы көптеген даулар осы батаның салған жолын сақтады әрі кең қанат жайды. Бір ғана мысал, Дадан Қараменде би (1707—1797) мен Кеңгірбай бидің (1735 — 1823) арасындағы ысқаяқ болып күмәнға салмақшы болған бес тайлақтың дауы Әнет бабаның айтқан жолымен бітеді. Сондай-ақ «Жебенің ұшы» (Әнет бабаның амалсыз «Қалқаман мен Мамырдың дауына» айтқан билігі), «Жылқының құйрығы» (Кеңгірбай бидің Еңлік пен Кебек дауына кескен кесімі), «Түйенің қомы» (Құнанбайдың Қодар мен келіні Қамқаға кескізген билігі) деп аталатын қазақ билер сотының тарихында болған биліктерде осы Әнет бабаның салған өсиет-жолымен шешілді немесе ішінара болса да ықпалы болды. Аталған биліктің бәрі «қасаң дау» деп есептеледі, мұның себебі кез-келген дау алғашқы кезде қасаң дау қатарына жатқызылмаса керек деп топшылаймыз. Өйткені қасаң сөзінің түбірі «қаса» сөзіне барып тірелетінін ескерсек, даудың түбі бастапқы мағынада жыныстық қатынаспен тығыз байланысты болғанын ұғуға болады. Жеті атаға толмай қыз алысу, біреуді қалыңы төленіп қойған жесірін алып қашу, келінімен жақындасу және т.б. даулар текті сипаты жағынан қазақ халқының жыныстық таным-түсінігіне қайшы. Сондықтан да олар ушығып ел бүлінер іске дейін барып қалып жатады (ауып кетеді, барымта). Құқықтық санада даудың «қасаң дау» деп атау үрдіс қалыптасқанын билердің биліктерінен байқаймыз. Билердің құқықтық санасы дерліктей жоғары деңгейде болды. Сол себеті де биге бата беру, дауға ат беру, билік беру жағдайларының бәрінде сөзді тергеп қойды. Тіпті кей деректерде Әнет бабаның Қазыбек биге берген осы бата сөзін Төле бидің өсиет сөзі деп беріп жатуы — Әнет бабаның салған жолының кең тарағандығының айғағы болса керек. Себебі Төле би Әнет бабаның шәкірті болғандықтан оның айтқан жолын қазақ арасына таратушы әрі тікелей қолданушы болды. Сол себепті де халық бұл сөзді шатасып Төле биге теліп жүр деп есептейміз. Сондай-ақ қазақтың билер сотында әйел адамдардың да би болып, билік айтқан фактілері азды-көпті кездеседі. XV F. аяғы мен XVІ г. бас кезінде өмір сүрген Қыпшақ елінің қызы Тәттібике Шымыр руына келін болып түскен кезінде ел ішіндегі дауға түсіп, билік айтып, ел-жұрттың ынтымағы мен тыныштығын сақтаған адуынды бидің бірі болған көрінеді. Сондай-ақ XІX ғасырда мір сүрген Құдабайқызы Бидаш есімді әйелдің «Би Бидаш» деген атпен белгілі би болғаны, биліктері турасында деректері бар.«Байтал шауып бәйге алмас», «Қатынның күші қазан қайнатуға ғана жарайды» деген мәтел сөздер әйел адамдардың қоғамдық өмірге араласар аймағын аңдатады. Бәйбіше, ақылды келіндер (Төле бидің келіні Данагүл) бір ауылды басқарып отырған кездері де аз болмаған. Қазақ билер сотын тұтастай алып қарағанда әйел адамдардың сот билігін иемденуі билік айтуы, би болуы фактілерін өте сирек кездестіреміз, тіпті жоқтың қасы деуге де болады. Дегенмен ақыл-парасаты биік, жол-жобаға жетік білімді адамдардың жасына, жынысына қарамастан билік айтуына қазақ заңдары мүмкіндіктер берді және бұған ресми шектеу қоймағандығын да аңғаруға болады. Қазақ билер сотында әйел адамдардың билікке араласпауының өзіндік құпия-сырлары бар. Ол әуелде билік туралы көшпелілердің дүниетанымымен (тәңіртанымымен) байланысты. Бірақ біз патриархалды мал бағушы қоғамның консервативті әсерлерінде сырт қалдыра алмаймыз. Сондай-ақ отырықшы шаруашылыққа негізделген патриархалды-феодалдық қоғамнан да анағұрлым артық ерекшеліктері бар екенінде ескеру қажет. Билік иесі болу — Тәңірге ұқсаудың, еліктеудің және қоғамдық санада мойындалудың формаларын жинақтайды. Қазақ даласында билер сотының сан ғасырлардан кейін келіп жаңғыруының да өзіндік объективі себептері бар. Билер әр заманда әр түрлі функцияларын атқарып келді, бәз-бір қызметтері қоғамдағы нақтылы жағдайға қатысты күшейіп-толысып жатса, кейбір қызметтері уақытша қозғалыссыз қалған кездері де болғанын байқаймыз. Бірақ соттың функциясы қашанда өз мәнін жоймай қатарласып өмір сүрді.

С. Дәуітұлы
Төле би32

Әлібекұлы Төле қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінің Жайсаң атты жайлауында дүниеге келген делінеді. Өмір сүрген жері — Шымкент облысы, Ленгер (қазіргі Төле би) ауданы, Ақбурхан-Орда. Ол —ойшыл, аса іpі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының үлкен билерінің бірі, ақпа-төкпе шешен. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының Ата Заңына айналған әйгілі «Жеті жарғы» заң жобасын шығарушы кемеңгерлердің бірі. Атамыз Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан, халық ішіне «Жаныс көп пе, қамыс көп пе» деген сөз бар. Төле тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен тарайды. Тарихи шежірелерде Төле биді Шығыс ойшылдарын көп оқыған, Аллаһ Тағала тарапынан түскен «Құрани кәрімді» өте терең, жетік білген, жастайынан халықтың биік қасиеттерін бойына сіңіріп, ауыз әдебиетін мол игерген, әсіресе мақал-мәтелді, шешендік шешімді көкейіне көп тоқыған адам ретінде айтады. Теле Әлібекұлы он үш жасында-ақ билік етіп, кесім айтқан. Бұл жағдай былайша сипатталады: «Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді үш жүздің баласына үш жүз үй тігеді, үй бас сайын күтуші тағайындап қояды». Әлібек баласын шақырып алып:

— Төле қарағым, ортадағы үлкен ақ боз үйдегі кісілердің қолына су құй, —деп тапсырады. Бала Мамай бидің алдына келгенде сүрініп кетеді сонда Мамай:

— Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса әкең Әлібекке де қалдырып қой, — депті. Төле сәлден кейін үйге қайта кіріп:

— Дат, тақсыр, — депті.

Мамай би:

— Балам, құлағымыз сенде, — дейді

Сонда бала Төле:
Таңның тан екенін кім білер,
Сарғайып барып атпаса.
Күннің күн екенін кім білер,

Қызарып барып батпаса,
Орданың орда екенін кім білер,
Мен сияқты қызметші бала,
Сүрініп құлап жатпаса.

Иттің ит екенін кім білер,
Жығылып жатқан баланы,
Тақымынан алып қаппаса.
Бұл сөзім сізге жеткен шығар,

Сүйегіңізден өткен шығар.
Аса қадірлі болсаңыз да,
Қадіріңіз кеткен шығар.
Сұраған соғ шекер ме,

Би олжасыз кетер ме?!
Осы сөзім сізге олжа,
Түсінсеңіз жетер де.
Осы оқиғадан кейін Мамай би:

— Е, халайық жаңағы бала кім еді? — деп сұрайды.

Жұрт:

— Әлібек бидің баласы — Төле.

Мамай би:

— Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Төле болады, — депті. («Егемен Қазақстан», 15 шілде, 1998.)

Теле бидің билікке келген кезінен бастап қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы бір-бірімен жауласуда еді. Төле Әлібекұлы Ұлы жүз халқын жоңғар басқыншылығына үнемі қарсы ұйымдастырып отырды. Оның қазақ халқын біртұтас біріктіріп жоңғар шапқыншылығына қарсы ұйымдастырудағы қызметі орасан. Орта жүздің аға биі Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүздің аға биі Әйтекемен бірлесе отырып, ел үшін аянбай еңбек етті. Үшеуі де Тәуке ханның бас уәзірі қызметінде болған. Кезінде Әз-Тәукенің Түркістан шаһарын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа қаратуға, сөйтіп қазақ хандығын күшейтіп, жоңғар-ойрат шапқыншылығына қарсы күреске қарақалпақ, қырғыз, өзбек елдерінің біріккен одағын құру шараларын жүзеге асыруға ат салысты. Төле бидің ақыл-парасаты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде анық көрінді. Ол қазақ жерін басқыншылардан азат етуге үлкен күш салды. Ел аузында бұл туралы үлкен аңыздар сақталған. Төле би тебірене отырып:

Қабырғадан кар жауса,
Атан менен нарға күш.
Ел шетіне жау келсе,
Батыр менен биге күш, —

деп толғады. «Қазақтың төбе биі Шымкент, Түркістан және Ташкент қаласында көпшілік пайдаланылатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Теле бидің денесі өзі он екі жыл билеген Ташкент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның қасына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған». («ҚСЭ», 11-том, 123-бет). Ал орыс тарихшысы А.Левшин өзінің қазақтар туралы еңбегінде Төле бидің Жолбарыс хан өлген соң Ташкентті алты жыл бойы билегенін айтады. (Санкт-Петербург, 1832. 2-том). Енді Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тарихы» атты еңбегінде бұл кісінің Ташкенттің түбінен жеті арық қаздырып, егін салдырғанын айта келе, бұл мезгілдің 1718 жыл екенін тиянақтап жазыпты, («Еңсегей бойлы ер Есім» Алматы, 2005. 230-бет.). Төле бидің қадір-қасиетін жоғары бағалаған Қазыбек бек Тауасарұлы: «Билік жүргізуді, адаммен сөйлесуді, адамға адамша қарауды Төле биден үйрендім. Төленің даналығына таңданбауға болмайтын еді. Төле Жантудың Жайылмыс деген атасынан. Одан Қожамберді, одан Құдайберді Ол заманда би болған, ел арасында ғана емес, сырт елшілікте болған кісі. Оның баласы Әлібектен— Төле би. Жайылмыс-тегі қатты өскен тұқым. Үйсін Төле бидің сүйегі Ташкентке қойылды» («Түп-тұқияннан өзіме шейін». 1993. 351-бет.). Халқымыздың бүкіл өткен жолындағы әр түрлі кезеңдерде жыр, мақал-мәтел, аңыз, эпос-жырларын молынан жинаған тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ» (1177-бума), — десе, Бұхар жырау:

Ал тілімді алмасаң,
Ай, Абылай, Абылай.
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.

Үйсін Төле билердің,
Түйесін баққан құл едің, —
(«Бес ғасыр жырлайды». 1989. 91-бет.)
деп жырлайды.

Төле өз кезінде хан да, қара да сыйлап еткен. Әcіpece Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер қатты құрмет тұтқан, аға деп сыйлаған, алдын кеспеген. Бұл мәселе билердің «Күлтебенің басында күнде жиын» болған тарихымыздан белгілі. Кемеңгер би көптеген хандарды, билерді, батырларды тәрбиелеген. Бұл жөнінде «Сабалақ» атты поэманы еске алсақ та жеткілікті Төле бидің Абылай ханды тәрбиелегені, оның бақ-талайының артуына қанша қызмет еткенін осы дастандағы жыр-суреттен көреміз. Абылай ханға Сабалақ деген ат бергені, оны танығаны дастанда жан-жақты айтылған. Төле биден Абылай соғысқа баруға рұқсат сұрайды. Төле би:

— Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? — десе:

— Желпілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы деген соң, Төле батасын беріпті:

Рұқсат бердім, балам, жолын болсын,
Қасыңа Қызыр, Ілияс жолдас болсын.
Бақ алып, абырой алып осы жолы,
Қасыңа қаншама адам қоңсы қонсын.

(«Қазақ әдебиеті». Хрестоматия, 1944. 216-бет) Шәкәрім Құдайбердиев Төле би жайында: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітабында «Әбілмансұр жетім бала күнінде «Қазақ елім, Сарыарқа жерім» деп іздеп, үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, онан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап, бала қылып күтіпті. Кімсің десе, білмеймін деп, атың кім десе «сіз қойған ат атым болсын» деген соң шашы өскен, киімі жыртық балаға «Сабалақ» деп ат қойыпты» (Шәкәрім шежіресі. Орынбор, 1911). Кемеңгер би өзінің өмір жолында қаншама тарихи оқиғаларға араласып, қаншама жұртқа, қаншама той-жиындарда бата бергені белгілі. Оның көбі бізге жеткен жоқ, айтылғаны айтылған жерде қалып қойғанға ұқсайды. Ел ішінде он бес жасқа жана толған жас Төлеге бата берген Қыбырай би деп айтылады. Оның себебі он бес жасар Төле би Түркістан қаласына үлкен хан ордасына маңызды шаруамен аттанып бара жатқан кез екен. Қыбырай — Дулат ішіндегі азулы би, атақты шешен болған адам. Ол батагөй қария, аса сабырлы, ақ дегені - алғыс, көпке жұғымды, ұзақ жасаған жан болыпты. Үлкен өмір сапарына аттанған жас Төлеге Қыбырай атасы былай бата берген екен:

... Ақбоз мінген айдарлым,
Тарпаң туған тұмарлым...
Тұралап тартып шығатын,
Алысты жақын қылатын

Көреген көзді бол!
Мыңнан жалғыз қиялаи,
Туралап тартып шығатын
Алысты жақын қылатын

Сезеген сары сөзді бол!
Айналаңда ақ едің
Хақтың жолын ту еткен —
Елін болсын ормандай.

Жау жоқ деме — досыңда,
Дос жоқ деме — жауыңда,
Жүрмегейсің қорғанбай.
Кәмелетке келіпсің,

Еліңе дес беріпсің,
Мүшелерден адал ет,
Қарияға аман жет,
Қай қиянда жүрсең де —

Осы батам — болсын серт!
(«Ақ, бата». 45-бет, «Өнер» баспасы, 2002.)
Сол — Қыбырай бидің атымен бүгінде біp рулы ел аталады. Халық ішінде:
Жетісу келген жерім — Қыбырай елі,

Алатау қойнауында Ыстық көлі, — деп айтылатын атақты ән де — осының дәлелі. Біз білетін тарихи еңбектің ішінде Мұхаметжан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте шыққан «Қазақ халқының тарихына арналған материалдар» атты шежіресінде «Қыбырай батыр Төле биді билік тағына отырғызған адам деп жазған. Алайда, Қыбырайдың батыр емес, Үйсіннің ықпалды биі болғаны, Әлібек ұлы Төлеге дейін үлкен биліктің тізгінін ұстағаны, осы тарихи тұлғаның бейіті Ташкенттен 23 шақырым жердегі Қыбырай ауылында жатқаны ақиқат. Біздің ойымызша, Төле би асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен, билік парасатымен үш жүзге аты тұтас жеткен, көзінің тірісінде Бұхар сияқты жыраудың мадақтауы, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сында алты алашқа қадірлі жалпақ жұртты аузына қаратқан билердің аға тұтынуы тегін емес. Әлібекұлы Төле би өзінің алдыңғы «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» делінген, ел арасына мақал болған. «Хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы» атанып кедей-кембағалға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиренше шешендердің сарқыты еді. 1993 жылы 27 мамыр күні Ордабасындағы кездесуде Өзбекстанның президенті Ислам Каримов: «Кеше Нұрсұлтан Назарбаев бауырымыз екеуміз Ташкенттегі Төле би басына барып тәу етіп, бабалар рухына бас идік» —деді, (Қазақ радиосының қорынан). Істің мәнін, әңгіменің анық-қанығын білу үшін Ташкентке сапар шектік. Өзбекстан Мәдениет министрлігіне барып, осы істі басқарып отырған Батыр Мансұрұлы Оспановпен сөйлестік. Ол кісі: «Төле би Ташкентте жерленбеген сол себеті бұрынғы жазуымызды алып тастап, архивімізден XV ғасырда жасаған «Қарлығаш бидің» өзін жаздық», — дейді. Қай архивтен тапты, ол қай жерде сақталғанын айтпады. Қоштасарда қол алысып тұрып: «Cіз қасиетті бидің Ташкентте жерленгенін дәлелдесеңіз, біз қайтадан Төле биді орнына қоюға дайынбыз»,—деді. Батыр Оспановтың да, біздің де айтып отырғанымыз бір адам, ол — Қарлығаш би, Төле бидің қастерлеп қойған аты. Айырмасы — XVІІІ ғасырда жасаған Қарлығаш бидің (бұл Төле бидің ел қойған лақап аты) XV ғасырда өмір сүрген деп, дәлелсіз әдейі өзгертіпті. Нәтижесінде, бұл Төле биден үш ғасыр ілгері өмір сүрген бір би болып отыр. Ал дәл осы күннің өзінде Төле би ауданында, Алматыда, Шымкент, Ташкентте Қарлығаш бидің ұрпағы (Төле би ұрпақтары) саналып жүрген азаматтар аз емес. Түркі халқының Төле биінің күмбезін сақтау — бәріміздің, оның ішінде өзбектің де, қазақтың да ортақ қазынасы емес пе? «Имансыз» кезімізде (кеңес заманында) жарқырап-жайнап тұрған екі ел достығын, егеменді ел болып, Алланы бір, пайғамбарды хақ деп танығанда жоғалтып алғанымыз ба?! Төле бидің қасиетті атына, асыл затына кір шалдырмайық ағайын!» (Егемен Қазақстан. 1997. 24. 12.) Бүкіл ғұмырын өлең-жырға арнаған Қазанғап Байболұлы қаршадайынан өнерді мұрат тұтты. Ақынның туған ауылы Қазығұрттың маңайы болатын. Бұл — жер көпке мәшһүр тарихи орын. Ол бала жастан би мен батырдың, ақын мен әншінің ортасында өскен. Әсіресе көп үшін туған Төле бидің ел аузындағы қанатты сөздері Қазанғапты көп ойландырады, ол даңқты бабасының ішкі жан сырын терең сезінуге, оның ел-жұрт деп соққан көңіл-күйін барлап түсінуге талпынған. Ақын ұлағатты жаның өмірбаянын, әр жерде айтқан билігі мен ел аузына тарап, мақалға айналған нақылдарын хатқа түсіре бастаған. Қазанғап Төле би жайлы «Еңсегей бойлы ер Eсім» (2005) дастанында ағынан ақтарылып:

Төле дейді ұраным,
Қоғалы дейді тұрағым.
Бәйдібек бай, Жәнібек
Жалғыз ұлы Жарықшақ,

Домалақ деген ананың.
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын.
Жарылғамыс, Жанту боп,

Жаныстан келіп тарауы, —
деп толғанады.

Халқымызда «Жаныс көп пе, қамыс көп пе» деген аталы сөз бар, Қазанғаптың өзі де жаныс руынан, оның үстіне «ауылы аралас, қойы қоралас», осы себепті ол ұлағатты жанға қай жағынан да жақын. Ақын «Төле бидің тарихын» жазуға үлкен дайындықпен келген, сөзіміз дәлелді болуы үшін оқып керейік:

Адамның ділмар шешен қара тілі,
Сөз қалмас тауып айтса адамзаттан.
Қарқынды, көркем өлең ағытайын,
Суындай, Сырдарияның аунап аққан.

Тарихын Төле бидің баяндайын.
Жақсылар, сез тыңдаңыз Қазанғаптан.
Ес біліп, етек жапқан күнімнен біp,
Тарихын Төле бидің теріп жүрдім.

Иә ақынның айтқан сөзінде иненің жасуындай жалғандық жоқ. Төле бидің мықтылығы оның өмір сүрген ортасының, бірге қызметтес болған адамдардың абзалдығынан ба деп қаласыз. Тура биді қасында өзінің қара басының қамын ойлайтын, іcі жайдақ, сөзі сұйық жандар емес, кілең өрісі биік жақсы мен жайсаңдар, атап айтсақ, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би және Әз Тәуке хандар болған. Осыларды ақын төгілте жырлайды:

Ілгерірек заманда,
Бұрынғы өткен адамда,
Үш би, бір хан атанып,
Қазақ, қазақ болғанда.

Күні туып оңынан,
Айы туып солынан,
Кемеріне толғанда.
Ала байрақ, алтын ту,

Ордаға толық қонғанда.
Хан болып Тәуке тұрғанда,
Алатаудың төрінде,
Өрдегі Жаныс елінде,

Атақты ғазиз Төле би,
Бір келіп қапты жалғанға.

Қазанғаптың бұл айтқанына толық қосыламыз, атақты бидің әділдігін, қара қылды қақ жарған турашылдығын Бұхар жырау, Сүйінбай, Жамбылдан бастап, М.Әуезов, С.Мұқанов хатқа түсірген. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Үйсін Төле биді жоғары бағалаған. Қазанғап Төле би жайлы көптеген ғұламалардан жақсы сөз естігенін, оның бәрін көкейіне тоқып, көңіліне түйіп келгенін айта келіп, былайша толғайды:

Таусылмас көп сыр естідім,
Адамынан үш жүздің.
Тере берсе табылар,
Әділ кісі болған соң,

Жүрек аңсап сағынар.
Сөз жәрдемін көрсеткен,
Атап айтсам мыналар:
Біріншісі — Бекасыл

Тоқсан үш жаста жеңеді,
Қоқандағы хандардың,
Төртеуін көрдім деп еді, —

десе, мұнда айтылатын Бекасыл Байболатұлы (1822—1915) — «Жұлдызнама» атты құнды еңбектің авторы. Жасынан оқып-тоқып, қыруар игілікті іc тындырған жан. Бұл кісі де Төле бидің ұрпағы. Кезінде мешіт-медресе ашып, ағарту ісімен айналысқаны ел-жұртқа мәшһүр. Ол кісі дертке дауа іздеген емші де болған. Неше түрлі делбе, қояншық сияқты қиын ауруларды да дұға оқып, дем салу арқылы емдегені, жазғаны ел арасында бeлгілі. Біз оқыған ескі деректерде Төле би он үш жасында би болады, содан бастап атақ-абыройы биіктеп, өркен жая бастады деуші еді. Ал Қазанғаптың жырынан Төле бабамыз билікті тоғыз жасынан бастап қолға алғанын байқаймыз. Бұл кісі би атағын алмай тұрып, төрт рет ел ішінде билңк жасапты. Мұның ең алғашқысы — екі әйелдің бір балаға таласы көрінеді, екеуіңе бір баланы менің балам деп, бір-біріне тұра-тұра ұмтылады-мыс.

Осы кезде тоғыз жасар Төле үлкендерден рұқсат сұрап, сөйлеп кетеді
Бір билігін қылар ем,
Берсеңдер маған кеңшілік.
Алтын сап қылыш қолына ап,

Балаға қарап секірді,
Ортасынан қақ бөліп,
Екеуіңе берейін,
Мына бала жетімді.

Бұл шешімді естігенде, жұрт тына қалады. Жаңа ғана менің балам деген әйел басқаша сайрады:

— Бөлсең бөлгін деді де,

Қырықбайдың шешесі,
Ойланды, танып кекірді
Жоғалттым деген бұл әйел:

- Қайда барса, сау жүрсін,

Аман кетсін, — деді де,
Ботадай боздап өкірді.

- Жоғалтқаның, бейшара,

Сенікі рас екен, — деп
Соған берді баланы.

Теле бидің бұл аса тапқыр билігі ел-жұртқа ұнап, оны бұдан былай «Бала би» атандырады. Ақынның дастанында жас Төленің екінші билігі оның қой жайып жүрген кезінде болғанға ұқсайды. Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер келеді. Бұлардың арасындағы жанжал елтірі туралы болса керек. Екі бай осы елтірінің дауымен үш жыл сергелдеңге түскен. Бірі — «Менің қойымның қозысының терісі» десе, екінші — «Жоқ, менің төл тумамның елтірісі дейді. Бұл дауды ешкім шешіп бере алмайды. Осы жағдайды естіген Әлібек би де қайран қалады. Алқа-қотан жиналған ел де үнсіз, мұны естіген бала Төле суырылып ортаға шығады:

Шыдай алмай Төле би,
Тағы көптен тіленді,
Өткір пышақ қолға алып,
Apы-бері толғанып,

Ортасынан қақ жарып,
Теңдей етіп бөледі
Екеуіне береді
Ұялып тұрған көпшілік,

«Төрелігі қойшының
Бұзылмайды», — деп еді.

Тапқырлық, даналық дегеніміз халықта, «ел іші - алтын кеніші». Әрбір елдің өзінің қазынасы бар, солай бола тұрса да, біздің эпос, аңыз әңгіме, жыр, терме, мақал-мәтел, ертегілеріміздің жөні бөлек. Төле би — халықтан да оқи білген, тоқи да білген кемеңгер. Осы себепті, оның әрбір билігі ел ішіне аңызға айналып, әрбір сөзі мақал-мәтел болып айтылып жүр. Төле бидің Қазанғап жырлаған үшінші билігі — бір тайлақтың дауы. Екі жақ та біздің түйеден туған деп бет бақтырмайды. Екі інген мен тайлақты өздерімен бірге әкеліпті. Әлібек би куәсі көп жағына бұрып, дауды шешеді. Алайда екінші жағы қатты наразы болып бара жатқанын естіп, Төле би жасауыл жіберіп, оларды қайта шақырып алып, берген билігі:

Даугер екі адамдар,
Екі жота басына
Екі-екіден бұйдалап,
Ұстап тұрсын үш-төрт шал.

Өз қасымнан ұзатпай
Тайлақты мұнда алып қал.
Олар барып тұрған соң,
Тайлақтың, — дейді, — санына,

Қыл шылбырмен бұрау сал.
Жанына қатты батқан соң,
Шыңғырады жануар.
Куәсі бұрып көп жақтың

Түк етпеді інгені.
Айырылып қалған аз жақтың,
Інгені боздап күңіренді,
Бұйдасын бұзып жеңеді,

Моншақтай жасы тамшылап,
Искелеп тұрды енді.
Риза болды көпшілік,
Қайыл боп әділ төреге,

Осынікі жөн деді.

Төленің бұл билігі оны «Әділ би» атандырады, осыдан бастап мұқым елге даңқы тарайды. Енді біз Қазанғап сөз еткен ғұлама жанның төртінші билігіне тоқталсақ, жеті жыл бойы бәйгенің алдында келген сәйгүлік туралы. Бұл тұлпарға екі бай таласады. Бірі мың қойдың ішінен қозысын көріп енесін таниды, енді бірі қалың малға көз салып, оның санын нақты айтып бере алады. Мұның екеуінің де уәжі дұрыс сияқты. Осы себепті қаншама билер істің ақ-қарасын ажырата алмайды. Асқан тапқырлығымен Төле өзінің сол кездегі ел тізгінін ұстап тұрған ел ағасы Ақботамен ақылдаса отырып, сәйгүліктің туған енесін алдырады, екі жақ та ез биелерін ұстап турады. Ал бәйге атты жоғалттым деген Тойлыбайдың биесі оқыранып тұлпарды искейді ойламаған жерден желінінен сүт ағады. Ақын бұл оқиғаны қызық суреттейді

Осылай деп шешеді,
Төленің ой-жүйесі.
Екі жақтап шылаулап,
Ұстап турды иесі

Желінінен сүт ағып
Оқыранып емізді
Тойлыбайдың биесі
Тарпаң еді бұрыннан,

Босады ма жүйесі
Сенің малың екен деп,
Осыған Төле береді.

Қазанғап Байболұлы қазақ елін тұтас сүйген, қазақ жерін тегіс дәріптеген үш би жайлы айта келіп, былайша жырлайды:

Атақты қазақ үш биі,
Бірінші әзиз Төле еді
Дүниеде сөзі кем еді
Мың ауыз сөзге татитын,

Бір ауыз сөзі ем еді
Бұзылмайтын сөз айтқан,
Шешеннен шешен демеп,
Және әзиз киелі,

Дарып кеткен деуші еді,
Қазыбектің жағына,
Күніне екі адамның
Қара тіл тағы да,

Қаз дауысты демегі.
Онан да өткен Әйтеке,
Қудан ұшқыр, құланнан,
Мұндай шешен болмайды

Бір сөзін жүз мақалдап,
Сипаттап қандай тіркейді
Қанша ділмар дегендер,
Ширегіне келмейді

Бұл үш бимен тең емес,
Қазақтың мінсіз билері, —

деп толғасы, тарихтан белгілі бұл үш бидің алатын орнын дұрыс көрсетіп, дәл сипаттаған. Осы жоғарыда аталған үш бидің тұсында бұрынғы ауыр жаза жеңілдетіп, Тәуке хан басшылығымен «Жеті жарғы» заң жобасы жасалыпты. Осы заңның қалай жасалғаны жайлы Қазанғап ақын өз жырында таратып айтып береді. Енді «Жеті жарғы» заңын қандай мәселелерді көтереді, соған тоқталайық:

Жер дауы баяндайын — біріншісі,
Ру, қоныспенен меншікті іcі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басындық қып озбар кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу —
Болған жасын заңның екіншісі.
Ұрлық, қарлық барымта — үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.

Тәртіпті боп саналған мынау заңы,
Бір халық пен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ — бесінші бұл,
Алтыншы, жетіншіде — құн дауы, жесір дауы.

«Жеті жарғы» заңның жобасын дал осылай бірден бастап, жетеуіне дейін тізіп айтуы қуантарлық жағдай. Осы аталған еңбекте Төле бидің көптеген өнегелі істері мен биліктерін біз жоғарыда сез еткен Бекасыл Биболатұлынан алғанын автор жиі-жиі ескертіп отырған. Қ. Байболұлы (1889 — 1945) туралы мәліметтер әр түрлі газет-журналдарда жарық көрген. Төле би туралы мол материал топтаған, ел аралап, ауыз әдебиет үлгілерін жинаған, («OFK 833, 763, 1112, 513, 1413, 1414-бумалар»). М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына (ӘОИ, 355-бума) тапсырған. 1979 жылы жарық көрген «Ақын-жыраулар» атты кітап та Қазанғап туралы: «...Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды көп білген, Ташкент, Шымкент, Түркістан аралығында жыршылық өнерімен мәлім болған. «Төрт дәpуіш», «Еңсегей бойлы ер Есім» сюжетін дастан етіп, өзінше жырлаған. Отан соғысының қаһарманы Сыпатай Қарсыбаевты өлеңмен толғаған. 1943 жылғы республикалық айтыста Нартай Бекежановпен өнер жарыстырған («Айтыс», 3- том;1996)» делініпті. Бүкіл ғұмырын ел игілігі, өнер жолына арнап, жастарды елін, Отанын сүюге үндеген, «Төле бидің тарихы», «Еңсегей бойлы ер Eсім» атты кесек дастандар жазған «Пернедегі термелер» (1965) деп аталатын кітапқа «Бау-бақша», «Дайын бол» сияқты толғаулары енген. Қазанғап Байболұлын әдебиетімізде өзіндік орны бар ақын деп білеміз. Біз Төле бидің бір ғана Қазанғап жырлады десек, қателесеміз, атақты жанды Бұхар жыраудан бастап қаншама ақын-жазушылардың жазғанын, ғалымдардың зерттегенін білеміз. Ақын Кенен Әзірбаев: «Әз Төле би Дулатқа ұран болған»33 деп бидің ел ішіндегі сүйіспеншілігін толғаса, атақты жазушы Әбіш Кекілбаев: «Тығырықтан жол іздеп, Әз Төлеге барып ем»34, — деп бидің халық ішіндегі ғұламалығын паш етеді Төле би түгел артылып айтылды, түбегейлі зерттелді дей алмаймыз, әлі де талай ақындардың тамылжыта жырлайтыны, талай ғалымдардың терең зерттейтіні сөзсіз.

Төле би ез заманында терең толғана отырып:
Қолыңда болса бар билік,
Қараға залым болмаңыз.
Астыңда болса алтын тақ.

Әділін айтып толғаңыз, — депті.

Біз жасымыз бар, жасмысымыз бар, әз Төле бидің осы ұлағатты толғауын ешқашан есімізден шығармауымыз керек, сонда ғана еліміз нығайып, берекеміз молая бермек, ұрпағымыз өркендеп өсіп, ісіміздің кемелденетіні сөзсіз!

Н.О. Дулатбеков, Б.К. Сыздық, А.д. Биебаева
Қазақи билік айту өнерінің айшықты
парақтары35

Қазақ өркениетінің тамаша бір тармағы — қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әр еңбек — халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі. Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик С.З. Зиманов: «Қазақ құқығы— қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдіктерінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таңғаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақтың ата заңдарында аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен, «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады» ,— деп атап өтті. Қазақ елінің құқық тарихын зерттеп, оқыған ғылыми тұрғыда баға берген және сараптама жасаған А.Алекторов, А.Янушкович, А.Лапшин, Л.Баллюзек, Д.Андре, Е.Бекмаханов, И.Козлов, И.Крафт, Т.Култелеев, С.Фокус, Ә.Марғұлан, С.Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды. Осы тақырыпты одан әрі дамытып, қазақ мемлекеті мен құқығының тарихын ғылыми зерттеу нысанына айналдырып жүрген басқа ғылымдар да бар. Олар: ЕСапарғалиев, С.Сартаев, М.Нәрікбаев, Н.Өсерұлы, З.Кенжалиев, Қ.Әбішев, С.Өзбекұлы және т.б. Осы орайда біз де өз тарапымыздан телегей теңізге қосылатын бір бұлак секілді болса да нақты жұмыс атқаруды мақсат көріп, «Қазақстан Республикасы Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия» деп аталатын 5 томдық жинақ дайындап шығардық . Мұнда қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарына, биліктеріне, әділеттілікке байланысты мақал-мәтелдер және ел аузындағы бабадан балаға мирас болып келе жатқан шешендік даулар мен билердің нақты үлгілері топтастырылған. «Хрестоматияның» алтын арқауы мен жібек желісі — жер дауы, жесір дауы, мүлік дауын шешуге байланысты қазақ халқының XX ғасырдың басына дейінгі кезеңін қамтитын билік нұсқалары және «Болашақ» университеті ғалымдарының Омбы мемлекеттік мұрағатына арнайы ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экпедициясының нәтижесінде табылған қазақ халқына қатысты патшалық Ресей үкіметінің солақай саясатын ашып көрсетіп әр түрлі жарлықтар мен құжаттардың көшірмелері. Бұл құжаттардың басым көпшілігі «Дала уәлаяты» газетіне жарияланған, бір қатар басылымдар аталған хрестоматияларда тұңғыш рет жарық көрді. Сонымен қоса осы жолдардың авторлары әдет-ғұрып заңдарына қатысты танымдылық-тағылымдылық тұрғыдағы ізденістермен шектеліп қалмай, біраз ғылыми еңбектер жазып, халықаралық, республикалық беделді басылымдарда жариялады. Даналық ғибратқа толы дала қағидаларын ардақты бабаларымыз екі ауыз сөзге сыйдырып, ұрпақтарына ұмытылмас ұлағат ретінде қалдырып кеткен ғой. «Куәлі істі куә табар», «Туғанына бұрғаны, биді құдай ұрғаны», «Жазым іске жаза жоқ», «Жазалы ұрының бір беті қара, жазалы айғақтың екі беті қара» деген нақыл сөздер осы сөзіміздің айғағы іспетті. Қай халықтың болмасын, өзіне тән тұрмыс-тіршілік, күн-көріс, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатыны даусыз. Мұның бәрі сол халықпен біте қайнасып, ұзақ дәуірлер бойына бірге жасасып, оның өмірінде ілесіп жүреді. Ұлттың ұлыс тарихын, сол тарихтың бет-пердесін ашып беретін әдет-ғұрпын үйрену — аса маңызды мәселе. Көктен ештеңе түспейді бәрін жасайтын халық. Сондықтан да халықтың өзі жасаған мұраларын оқу, одан үйрену, көңілге түю, кәдеге жарату — абройлы іc. Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірінде кездесіп тұратын азаматтық және қылмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелген. Билерді қазіргі күнгі судьялар құсап ешкім де сайлап қоймаған. «Бұрын қырғыздардың (қазақтарды айтады) дау-жанжалдарын өздерімен бірдей, өз араларында өмір сүріп, біте қайнасқан, алайда олардың мінез-құлқын, әдет-ғұрпын жетік білетін билер шешіп әрі билік шешімінде мүлде қателеспеген. Билер өздеріне жүктелген қасиетті міндетті жете түсініп, ең ауыр қылмыс —ұрлықтың тамырына балта шабуға мейлінше назар салған. Өйткені халық арасындағы ақуалдардың бәрі осыдан басталған болатын, сондықтан да билер ұрыларды аяусыз қатал жазалап отырады. Олардың ұрыларға кескен билік шешімдеріне ешкімнің де араласуға не алмастыруға құқы жоқ еді. Билерге ұрының бай не атақты адаммен туыстығы не жақындығы ешқандай әсер ете алмайды» —делінген А.Алекторовтың жұмысында. Қазақ даласында би ешқашан сайланбалы қызмет болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дәстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы даулы, сөзі уәлі, шаруасы түзу, ата тегі белгілі және елге беделді, сыйлы адамдар ғана би болған. Би өз өмірінде өзінің басына дау келтірмеуі игі, елге күмән, күмәнің сөзге себеп бермеуі шарт. «Би басына дау келсе, билік кетер басынан» деген сөз бекер айтылмаған. Ондай оғаш оқиға орын алған жағдайда халықтың биге және оның айтқан билігіне деген сенімі кетеді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» — деген аталы сөз де үлкен мағына бар. Себебі, би —үнемі халықтың назарында отырған адам. Сондықтан оның өзі де, сөзі де елге өнеге болуы керек деп саналған. Мұның өзі қарапайым халықтың биді құрмет тұтуымен қатар, оған қатаң, талап та қоя білетіндігін байқатады.

Батыр деген барақ ит,
Екі долы қатынның бірі табады.
Би деген бір бұлақ,
Қатынның ілуде бірі табады.

Ақ көңілден би қойсаң,
Бұрылмас сөзге жорадан.
Қара жүректен би қойсаң,
Аузы кетпес парадан, —

деген өмір шындығына құрылған ғибрат сөздер халықтың білімдар биге деген құрметі мен әділ билікті аңсаған арманын аңғартады. Ертеден қазақ билерінің биліктері ашық аспан астында, жиылған көпшілік алдында, алдын ала дайындықсыз, қағаз қаламсыз айтылған. Олардың шешкен биліктері ел аузында қалып, сол бидің әділ төрелігін оның беделінің түсуіне немесе көтерілуіне әсер еткен. Жұрт дау-дамайды сондай ақылды, әділ, өмірдің қыр-сырын жетік білетін билер арқылы шешуге тырысқан. Қазақтан «Жаманнан жасауыл қойсаң еліңді жауға алдырар, наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар», — деген канатты сөз қалған.

Немесе:
Әділ бидің алдынан іc кетпейді,
Шеберлікті нәрсе үшін істетпейді.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп,

Абыройын кісінің һәм төкпейді.
Жөнін тауып әр істі жүйелейді.
Жаман болса төрешің ептей алмай,
Ақ істі қаралап, күйелейді.

Дұшпандарды жақсы би дос қылады,
Дауыңа дау жаман би қостырады.
Бұл біp мақау киікті ата алмаған,
Атамын деп үркітіп бостырады.

Ұрысқанды жақсы адам табыстырар,
Ақылменен жапсарды қабыстырар.
Жақсыларға жалынды сөз болады,
Жатқан пәле жаманнан қозғалады.

Жақсы менен жаманның нарқы басқа,
Айта берсең бірталай сөз болады, —

деген халықтан қалған жыр шумақтары, олардың ақыл-парасатының молдығына меңзейді. Сөз орайына сәйкес ертедегі қазақ биінің білік парасатын, қара қылды қақ жарған әділдігін, жер мен елдің тұтастығын, ауыл-аймақтың амандығын ойлаған сұңғылалығын танытатын тағы бір нақты мысал келтіре кеткеніміз артық болмас: «Дулат руындағы бір атаның ел ағасы Кебекбай деген кісі болыпты. Дулат елі Жалайырға құнды болып, Жалайырдвң адамдары Ескелді биді бас қылып, қалың қолмен құн даулай келеді. Сонда екі рулы елдің арасындағы араздықтың оты бұрқ етіп тұтанып кеткелі тұрған сын сәтте Кебекбай би даугер ағайындарға былай деген екен:

Уа, ағайын!
Қойныңды ашсам, құшағым бар,
Қыныңды ашсаң, пышағым бар,
Ханның хандығы бар, бидің билігі бар.

Саздың түбін шым бекітеді
Даудың түбін қыз бeкітeді емес пе?

Сонда Ескелді би өзі ертіп келген қабағы қату қалың нөкеріне қарай: «Бітім болды!», — деген екен» . Туған халқы үшін ошақтың үш бұтындай болған кемеңгер билердің ел амандығын, ағайын арасының татулығын ойлаған көптеген даналыққа толы билік шешімдерінен тағы бір айғақ келтіре кетейік. Ертеде Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің жігітімен қашып кетеді. Соған байланысты Ұлы жүз жағының жігіттері Орта жүз жағынан барымталап мал айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен Орта жүздің биі Қазыбек осы дауға байланысты айтысады:

Аға болып алдымен туасың,
Алдымнан жылқымды неге қуасың? —
дейді Қаз дауысты Қазыбек.
Артымнан ерген еркемсің,

Жеңгеңді неге ертесің? — дейді Төле би ашуланып. Сонда екі жақтың да сөзін тыңдап отырған Әйтеке би былай депті.

Сабыр етіңдер, билер!
Ашу бар кезде ақыл тұрмайды,
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң, ақырар.

Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісіге бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз құтан пәлеге жолығады.
Төле, сен жылқыны қайыр,
Қазыбек, сен жесірін қайыр!

Әйтеке бидің осы дана төрелігін дауласушы екі жақта қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын бір-біріне қайырып, ел арасы тынышталыпты. Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын бас саясат қылып ұстаған Тәуке ханның қазаққа жасаған көп игілігінің бірі — ескіден келе жатқан әдет-ғұрып нормаларын қайтадан жүйелеп, өз заманының талабына сай «Жеті жарғыны» қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезінде жоғарыдағы айтқан үш бидің және басқа билердің кеңес ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге әкелуге көп септігін тигізді. «Жеті жарғының» негізін Төбе би мен Майқы бидің үлгілері «Қасым ханның қасқа жолы» секілді ескі заңдар құрған. Бірақ бұл заңның алдындағылардан ерекшелігі — қатал кесім, қанды ауыз елімге тыйым салынғаны. Әріден беріге қанды өткел салған, қарғас зауалын суық сұсты ажалын сүйретіп жеткен «қанға - қан, жанға-жан» дейтін тоқтамды мүмкіндігінше жеңілдетіп, құн төлеу, айып атау сияқты жаңа кесік түрлерін далалық құқыққа енгізуінде. «Жеті жарғы» — көшпелі қазақ халқының Ата заңы. Ол «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол» сияқты дала заңдарының заман талабына сай өңделіп, дамытылын, толықтырылған билік, үкім нұсқауларының жинағы. Күні бүгінге дейін «жеті жарғының» толық нұсқасы қалпына келтірілген жоқ. Солай болғанымен, 15 — 20 баптан тұратын жұрнағын «Жеті жарғының» толық нұсқасы деп жариялап жібере салатын әдет пайда болды. Көшпелі халықтың қоғамдық - әлеуметтік өміріндегі қарым-қатынасын реттеп, қылмыс түрлеріне қарай лайықты жазасын беріп, дау-дамайды әділ шешуге негіз болған бабаларымыздың Ата заңына бұлайша атүсті қарау абырой әпермек емес. Ал енді құнға келетін болсақ, оның түрлері тіпті де көп. Қазақтарда ең ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, жезөкшелік, біреудің некелі әйелін ұрлау немесе зорлау, бірнеше дүркін ұрлық жасау жатады. Осы қылмыстардың ішінен кісі өлтірудің бөліп алып қарап көрелік. Қазақтардың әдет-ғұрып заңдарына сүйенсек, кісі өлімі тек жақын туыстары үшін ғана емес, бүкіл руластардың, тіпті қала бepді жүздің кегіне айналып отырған. Демек, мұндай істерге жаза тағайындау, құн кесу билерден үлкен тәжірибені, парасаттылық, ақылдылықты, әділеттілікті талап еткен. Құн мөлшері әр қылмыс үшін әрқилы болған. С.Зиманов, Т.Күлтелеев, С.Фукс және басқалардың еңбектерінде құн туралы жете айтылған. Бұл жерде сол құндардың бір-екі түрін қарастырып көрейік. Сүйек құны. Оған өлген кісінің сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мәселен, өлген адамның сүйегі туған-туысқандарының қолына түспей, жоқ болып кетсе, ол үшін айыпты екі адамның құнын төлеу керек. Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп жұртқа белгілі ақындар мен топқа түсіп бәйге алған балуандар есептеледі, олардың құны үшін екі кісінің құны кесуі керек. Бұл екі құнды кейде үстеме құн деп те атайды. Қазақтың әдет-ғұрып заңдары бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстаған ерінің сол сәтте екеуін де өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалуға мүмкіндігі болған. Егер әйелдің ойнас жасағанына төрт адам куә болса, оның қылмысы әшкере болды деп саналған. Ондай жағдайда күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін әйелі мен ойнасын билер кеңесінің шешімімен өлім жазасына кесу құқығы берілген. Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тән, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып, зорлаушы қалыңмал төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де, өлім жазасынан да босатылады. Осылайша ата-бабаларымыз «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп әлпештеп өсірген қыз баласынын арын да қызғыштай қорғап, «қызға қырық үйден тыйым» деген тәрбиелі қағиданы қатты ұстаған. Осы жоғарыдағы мысалдардың өзі қазақтардың әдет-ғұрып құқығында жазалардың сан түрлі болғанын көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскерлердің қылмысты жасауындағы іс-әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекеттерінің себебіне және т.б. назар аударып отыруы жазаның тиімділігіне көңіл бөлген. Билердің негізгі мақсаты — құн даулаушы жақты да, айыпкер жақты да өздерінің шығарған шешімдерімен толық қанағаттандыру болған. Сол үшін де билер назарынан жаза тағайындау кезінде бір нәрсе де, титімдей түйткіл сырт қалмауы қарастырылған.

Сөзіміз дәлелдірек болу үшін мына мысалдарға назар аударайықшы: Ертеде Қазыбек би Төле биден ұлағат алмақ болып, оның ауылына келіп жатады. Бір күні жас Қазыбекті сынамақ болып, Төле би өзіне жүгініп келген екі адамның дауын шешуді оған береді. Біреу екінші біреудің атынын айылын ұрлап алған екен. Қазыбек істің мәнісін жете сұрап, көп ойланбай, кінәліге: «Тай еріткен бие бересің»,—дейді. Төле би: «Қазыбек жан, тым артық кеткен жоқсың ба, айыл деген құнды нәрсе емес қой, тай еріткен бие төлеудің қисыны келе ме?» — депті. Сонда Қазыбек қоңыр дауысымен: «Уа, Төле би, артық айылсыз жүргенде ат сүрініп кетсе құламай ма, құлаған соң ер тоқымы астына түсіп туламай ма, үстіндегі адам ажалсыз болса қалар, болмаса ұзынынан сұламай ма?»—деген екен. Төле би де, кінәлі де бұл ұйғарымға «әділ шешім» деп келіскен екен дейді. Мөңке бидің бала кезінде біp бай көш алдында келе жатып, жол сұрайын деп, бір ауылдың үстіне келіп, асық ойнап жатқан біp топ балаға жолығыпты. Сондағы бір ерке бала оның атын үркітеді Оған ашуланған бай баланы ұстап алып жазасын бермек болып қуады. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың жалбыраған көйлегінен үркіп мөңкиді. Сөйткен кезде байдың басындағы бөрік ұшып түседі. Байтал одан бетер тулайды. Осындай абыр-сабырда бай байталдан құлап өледі. Бай елінің игі-жақсылары жиналып, балалардың ауылына келіп, оларды кінәлап құн сұрайды. Eкі жақ өзара келісе алмай, бұл даудың соңы ушығып кететіндей қауіп туады. Сол ауылдың қара табан балаларының бірі Мөңке дауды шеше алмай жатқан ақсақалдардың арасына келіп: «Ау, ағалар, бұл кеңесті көпке создыңдар, нәтиже жоқ. Рұқсат болса мен шешейін осы дауды», — дейді. Көпшілік өжет баланың сөзіне, талабына қанағаттанып, биліктің бір ауыздан соған береді. Сонда Мөңке: «Бұл шалдың өліміне кінәлі бүкіл ауыл емес, құн төлейтін төрт тентек бар. Солар төртеуі құнды төлесін, құн мөлшері 100 жылқы болсын. Ал енді төрт тентекке келсек, олар мыналар: мың жылқыдан бір жақсы ат мінбей, асау байтал мінген, ауылдан ақсақал таппағандай, асық ойлаған баладан жөн сұраған — бай тентек, екінші, адам көрмегендей баладан үріккен — байтал тентек, ұшып түскен — бөрік тентек, ат үркіткен — бала тентек. Міне осы төртеуі құнды бөліп төлейтін болсын, баланың ауылы 25 жылқы санап бер!», — дейді. Екі жақта бұл шешімді «нағыз дұрыс шешім» деп бағалаған екен . Н. Өсеровтың еңбегінде осы тектес бір мысал келтірген: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, «бүтін құн» үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, «ат тон айып» берілген». А.Ф. Баллюзек дәл осы деректі қуаттап, тек үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе ешқандай айып төленбейтін, өйткені жазым болған адам үйден шығып, үйді айналғанша, атты байқап, одан сақтануға мұршасы келеді дейді. Қазақтың әдет-ғұрып құқығында қылмыс жасаған адамның кінәсін ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болған. Мынандай жағдайлар қылмыс жасаған адамның кінәсін ауырлатады деп саналған: егер қылмыс «құрметті адамдардың» (хандар, сұлтандар, билер, ақсақалдар) мүддесіне қысым-қайшылық тудырса; егер қылмыс өз қауымының ішінде жасалса; киіз үйде жасалса; отағасына қарсы жасалса (балалар әкесіне, әйелі күйеуіне); үлкен мөлшерде шығын келтірсе; қылмыс қайталанса және бірнеше мәрте жасалса; қылмысты бірнеше адам бірігіп немесе қару қолданып жасаса; қылмыс әлдебір табиғи апат кезінде жасалса. Мынандай жағдайлар қылмыс жасаған адамның кінәсін жеңілдетеді: егер қылмысты «құрметті адамдар» қатарындағы адамдарға қарсы жасаса; басқа қауымдастыққа қарсы жасаса; отағасы өзінің отбасындағы мүшелеріне қарсы жасаса; қылмыскер кінәсін мойнына алса; қылмысты бірінші рет жасаса; нәтижесінде шамалы ғана шығын келсе және басқа зардап болмаса; жапа шегушінің тарапынан болған қысым, қатты күйзеліс нәтижесінде, ашу үстінде жасалса, қылмыстың жасалғанына көп уақыт өтіп кетсе. Т.М. Күлтелеев: «Қазақтың әдет құқығындағы жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлардың тізімі жоғарыда келтірілгендермен ғана шектелмейді. Қазақстан Ресейге қарағаннан кейін, әсіресе XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап, бұл тізімге әжептеуір өзгерістер енгізді. Мысалы, ханға қарсы жасалған қылмыстар, өзінің қауымдастығы мен басқа қауымдастыққа қарсы жасалған қылмыстардың арасындағы айырмашылықтар өзінің маңызын жоғалтты. Отағасының аз отбасы мүшелеріне қарсы жасаған, сәл сияқты барымта және т.б. жағдайларда жасалған қылмыстың маңызы (кінәні жеңілдету үшін) әлсіреді» —деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қорында және М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының мұрағатындағы қолжазбаларда өткендегі билердің атында қалған мол мұралар бар. Олар тарихи тұрғыдан да, әдеби тұрғыдан да біраз қаралған. Ал енді заң тұрғысынан алсақ, бұл елі мұрты бұзылмаған тақырып, оны зерттеу қажет. Есте жоқ ескі замандардан бастау алатындығына қарамастан, содан бертіндегі уақыт кезеңдерінің сын тезіне төтеп беріп, бүгінгі күнге халқымыздың көптеген асыл-жауһарларының қатарында қалпын бұзбай, мәнін сақтай отырып жеткен әдет-ғұрып заңдарының құқық саласындағы маңызы зор. Оны оқып-зерттеудің құндылығы — қазіргідей барымызды жинақтап, асылымызды екшеп жатқан кезеңде заманымыздың өзекті сұраныстарын қанағаттандыру үшін ыждағаттылықпен пайдалана білуде.

Қ. Ергөбек
Майқы би қайда жерленген?36

Сонау ескі қадім замандардың өзінде-ақ түпкі тегіміз боп саналатын бабаларымыз шешендікті өнер санаған. Тіл бөзегін ділмарлығымыз ел арасындағы дау-шараларға төрелік, қазылық жасап, бітім билігін құрған. Солардың бірі һәм бірегейі — әділ өкімдері жұрт көкейіндегісін дәл тауып, ақиқат пен шындықты көксеуші көпшілікті мүддесіне сай келіп отырған Майқы би еді. Оның есімі ғажайып аңыз әпсаналарға арқау болып, ел жадынан өшпей, шешендік сөздерінің де азын-аулақ бірлігі сақталынып, кейінгі ұрпаққа жетіп отыр. Біздің сөз етіп отырған Майкы биіміз қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікпен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар секілді ұлттық қауымдардың ешбірі де жеке халық ретінде белгілі шақпаған ру-ұлыстық дәуірде, дәлірек айтқанда, XІІ — XІІІ ғасырларда жасаған тарихи тұлғамыз болатын. Майқы би қазірге қазақ қауымындағы Ұлы жүз ішінде аты сақталынып қалған Үйсін тайпа бірлестігінен өрбіп шыққан. Содан да оны қазақ шешендігінің төл басы, көшбастаушысы деп танимыз. Майқының өмір сүрген заманында оның өзі шығарған әрқилы нақылият сөз үлгілері даналық маржандары ел арасына кең тараған. Оның, болашақты бағдарлап айтқан болжамдары уақыт өтуімен бірге бірте-бірте көріпкелді әулиенің сәуегейлігіндей тура шығып, шындыққа айналғанына көз жетіп үлгерген. Сондай-ақ, Майқы би халқымыздың ертеден келе жатқан ғұрып-әдеттері мен жөн-жоралғыларының негізінде тұңғыш рет заң ережелерін түзіп, қази / қазы / атанған, көзінің тірісінде-ақ, бүкіл алты Алаштың үрім-бұтағы асылындай қадір тұтқан теңдесі жоқ ардағымыз еді. Сіргелі Жалқыбай ақын назым қылып айтқан шежіре деректемесінде мынандай мәліметтер сыр болып шертілген:

«Төбе бидің түбір хатта төртеу ұлы,
Мекіре, Майқы, Қоғам дейді мұны.
Төртінші — Құйылдыр деп аталады,
Қоғамнан Қарлы халқы таралады.

ІІІығады Құйылдырдан Шанышқылы,
Халық боп Нұр тауында Қырық пен Жүз,
Таралар Мекіреден мұның ұлы.
Майқыдан көп Бақтияр жалпы жатқан,

Уақытында шықты не ерлер баһадүрі
Екі арыс — Ойсыл, Үйсін, Бақтиярдан,
Бұл жұрттан шықты қанша жақсылар һәм».

Шоқан Уәлихановтың «Ұлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары» атты еңбегінде де Қоғамнан қаңлылардың, Құйылдырдан қатағандардың / Қатаған — Шанышқылының арғы тегі /, Майқыдан үйсін абақтардың тарайтыны айтылған. Төле би ауданындағы Зертас ауылының тұрғыны Ереген Ағыбайұлы тарих пен шежірені көп жинаған адам. Сол ақсақал Майкы жайында былайша әңгімелейді: «Бұрынғы кәрі құлақ шежірешілер: «Сөз иесі — Майқы болған»,— деп айтып отырушы еді. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген мақал сез содан қалыпты. Тағы да: «Жер иесі — Майқы болған»,—деуші еді. Қазіргі Астрахан төңірегінен сонау Алтайға дейінгі жер қаншама уәлаятқа бөлінсе, солардың барлығына Майқы не болып, билік жасапты. Және тағы да: «Заң иесі — Майқы болған»,—дейтін. Бұл кісі билік жасап қоймаған, жарғы-заңдар шығарып, қазы атағын алған. Ілгері уақытта заң ережелерін шығарушы және сол жарғы-заңдарды ғұмыр жолында тікелей өзі қолданып, іске асырушы адамды қазы деп атаған». Шоқан жазып алған нәсәпнама мәліметі мен Жалқыбай ақын шежіресіне назар аударсақ, Майқы би — Ұлы жүз ішіндегі үйсіндердің арғы ата-тегі ретінде көрінеді. Ергөбекұлының жазып қалдырған «Шежіре тарих баяны» деген нәсәпнама еңбегінде Майқы би — мұқым алты Алаштың түпкі бабасы болып сипатталады. Онда былай делінген. «Алаштан екі бала: Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан сегіз арысы Түрікпен. Жайлыханнан Майқы би. «Түмен Алаш түбі бір, түп атасы — Майқы би»,—деген сөз бар». Расында да Қазыбек бек Туасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабынан тарих жүзінде екі Майқы бидің өткенін сөз ететін мәлімет көздерін кездестіреміз. Ол кітапта: «Майқы бабамыз ...сексен тоғыз жасында дүние салыпты. Ғұмырын Алатаудың бауырында — Лабаста, Шуаста, Таласта, Шымбаста өткізді. Өлерінде Қазығұртты мекендепті. Аныт-қабыр қалмаған», — дейді. Қ.Тауасарулының кітабындағы осындай деректемелерге сүйенген кейбір авторларымыз: «Сүйегі де осы өңірде екен» /«Құзығұрт баурайындағы аңыздар»/,— деп Майкы бидің қабірін Қазығұрт тауынан немесе оның төңірегінен іздеуге пейіл танытқан. Әсілінде Майқы бабамыздың сүйегі Қазығұрт өңірінде емес, ол сонау Самарқанға қойылған екен. Сол кездегі ру-ұлыстық дәуірінде қадірлі адамдарды Самарқанға жерлеу рәсімі болған көрінеді. Майқы бидің шығарған жарғы-заңдары мен тәртіп - ережелерінің көпшілігі Шыңғыс ханның «Ясы» дейтін заңына түпкі негіз болғаны тарихи шындық. Ол заңдар кезінде алты алаштың үрім - ұрпағының дұрыс қалыптасуына елеулі әсер еткенше де күмән тумаса керек. Түйіндей айтқанда, Майқы баба өзінің уақытында даналық сөздерінен һәм істерімен мамырашылық заманның орнауына себепші болған.

Есжанов Е.
Торайғыр би37
(1773-1836)

Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары Көкше өңіріне кеңінен танылған Ғазиза Нұртазина деген ақын қыз болды. Көкшетау педтехникумын үздік бітіріп, соғыс жылдары сонда оқытушы етіп қалдырылды. Одан медресе «Ғалияны» тәмамдаған молданың қызы деген желеумен облыс орталығында тұрғызбай, Қызылсая ауылындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі етіп жіберілді. Облыстық республикалық басылымдарда өлеңдері жиі жарияланып тұрады. Оның «Тыныс белгілерінің айтысы» атты өлекңі оқулыққа көмекші құрал ретінде де пайдаланылды. Ұлт аспаптарының бәрінде дерлік жақсы ойнайтын ол өлеңді орынды жерінде суырып салып айта беретін. Сол өнерін білетін ақын-жазушы ағалары Алматыға бір барғанда оны Сұлтанмахмұттың ініс Шаймардан Торайғыровпен сөз сайысына түсіріпті. Қарсыласын кемсітпек болған баянауылдық ақын: «Мұрнын қағаздан қиып қондырғандай екен, шамасы шешен шамшыл татар шығар» деп тиіседі, сонда Ғазиза: «Қазақтың білдей бір азаматы ғашық боп, ат арытын алыстан алып келген татар қызы ез аяғынан келіп қосылған сіздің әжеңізден кем бе екен?!» деп сөзден тосып кетіпті. Ақын қыздың бұл сөзінің жаны бар еді. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Айдаболдың ағайынды екі биі, атақты Шоң мен Торайғырдың жылқысын бір түнде белгісіз біреулер айдап әкетіп, із-түссіз жоғалып кетеді. Амалсыздан ағалы-інілі билер жоқ іздеп жолға өздері шығады. Бірер күн жүріп бір байдың ауылына келіп түседі. Белгілі билерді бай қол қусырып, құрақ ұшып қарсы алады. Сыйлы қонақтарға қоналқыда бой жетіп отырған қызының жасаулы ақ отауына төсек салдырады. Қызы аршын бойлы, аққұбаның биік қабақ бәдендісі, тым сымбатты екен. Оң жаққа құрылған шымылдықтың ішінде сүйекпен оюланып, күміспен зерленген төсағашта толықсып сол жатады. Сол кездің салтына сәйкес қонақтың қыз оятуы заң. Соған сайып түн ортасына таман Торайғыр жол сенікі деп ағасын түртпей ме, ол әлі үйленбеген жассың ғой, сен бар деп жолын береді. Желкөңіл жас жігіт шымылдықты желпіп ашып, жетіп барса, қыз: «көрпемді аяқ жағымнан келіп аш» деп сыбырлайды. Ойында ештеңе жоқ аңқау жігіт төсағаштың аяқ жағынан келе бергенде қыз қосаяқтап теуіп кеп жібереді оны. Аңғал жігіт төсағаштың төменгі басынан аунап түсіп, безмен барып керегеге соғылып қан жоса болады. Жұртқа қарар беті қалмай, масқара болған меймандар таңның атуын да күтпей, белдеудегі аттарын мініп, жедел жолға шығады. Бір белден асқан соң, Торайғыр ағасына: «Мына бетіммен елге не бітірдім деп барамын, жоғалған малымды қумай, төгілген арымды жумай мен бұ жақтан қайтпаймын, өзің барда жұртқа менің жоғым білінбес» деп, қалып қойды. Сұрастыра келсе, байдың қызының жастай атастырған жері бар екен. Ол да бір байдың була ескен баласы көрінеді. Торайғыр өзге атпен ел аралап, сауық-сайран сала жүріп әлгі жігіттің де ауылына жетеді. Әрі әнші, әpі ақын ол бай баласына бірден ұнап, әп-сәтте сеніміне кіріп алады. Бірге серуен салып, серілік құрып, саясатқа шығып жүріп айырылмастай дос болады. Бірдей киініп, бірдей ат мініп, қайда жүрсе бірге жүреді. Ұрын баруға әзірленген байдың ұлы күйеу жолдас қып жаңа досын алып бармақ болып, сапарға да бірге қам жасайды. Қалыңдық ойнауға қандай сән-салтанатпен баратындығын айтып, қайын жұртқа хабар да беріп қояды. Сол сапарға аттанардан бір апта бұрын күйеу жолдас ауылына барып қайтпақ болып, досынан рұқсат сұрайды. Қанша қимағанмен қайтып келеріне сенген жігіт өгіздей екі көкала сайгүлігінің бірін мінгізіп, тез оралуын күтіп шығарып салады. Сол сәйгүлігінен келесі күні екі кештің арасында қыз ауылына келіп, шаруа ыңғайымен дереу дуан жаққа жүріп бара жатқанын айтып, рұқсат болса, қалыңдығының қасында бір түнеп келетінін айтып ата-енесіне сұрау салады. Қырық жетісін баяғыда-ақ қырқа матап беріп қойған күйеуге қарсылық қайдан болсын. Сол түні күйеу атын жамылып келген Торайғыр дегеніне жетіп, ертеңіне Баянауыл қайдасың деп тартып отырады. Қарқаралыға бармай, күйеу баланың басқа жаққа кеткенінен секем алған қыз анасы табанда құдалар жаққа жансыз жіберіп, барлық жағдайды білген соң, күйеу деп қабылдағаны Шоң бидің інісі екеніне көзі жетіп және оның қызға «Торайғыр қу еді ғой, қалай құтылдың?» дегенін естіп, «кіммен қарайдың, сонымен ағар» деп қызын Торайғырдың соңынан жібереді. Қыз екі-үш күн жүріп Шоң бидің аулына келсе, ұлан-асыр тойдың үстіне түседі. Би бір жылдай хабар-ошарсыз кеткен інісінің оралу құрметіне той жасап жатыр екен. Еркекше киініп бейтаныс жігіт боп келген қыз бәйге аттары келер көмбенің алдында тұра қалып, қара үзіп оқ бойы алда келе жатқан Торайғырдың көкаласын құйрығынан ұстап тоқтады. Жұрт шу ете қап «жігітті» Шоңға алып келеді.

— Би аға, датым бар, — дейді ол.

— Мен былтыр өздеріңіз келіп қонып кеткен байдың қызы едім.

— Бәрін де түсіндім, қадамың құтты болсын! Бәсе, Торайғыр осылай болса керек еді — деп, табанда екі жастың некесін қыйдырып, тойды үйлену тойына ұластырады.

«Әжең өз аяғымен келген» деп ақын қыз немересінің бетіне басқаны осы оқиға еді. Атақты Айдабол Едіге бидің баласы, аға сұлтан Шоңның інісі Торайғыр өз дәуірінің даңғайыр биі ғана емес, көрнекті қоғам қайраткері де болған кісі.Талай дау-жанжалды кінәратсыз шешіп, ұдайы әділ билік айтқан ол туралы аңыз-әңгімелер ел аузында көп-ақ. Олардың біразын кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев қағазға түсірген. Олардың ішінде оның қанатты сөздері қаншама.

Асың барда ел таны беріп жүріп,
Асың барда жер таны желіп жүріп.
Бұл дүниенің өтерін білген сабаз
Малын бер де, сұлуды ал көріп жүріп.

Баялышты қара жол
Кетпен шапқанмен сай болмас.
Өз ақылымен ер жігіт
Бұлғақтағанмен бай болмас.

Батыры бар жаудан қорықпайды
Шешені бар даудан қорықпайды.

Шай деген ішкен кісінің мейір шапағатын шайып кетеді екен, қант дегенің өзі тәтті болғанмен жеген адамын қатты қылады екен. Cіpә, мына екеуін де ас деп ішкен бізден соңғы жұрттың бір-біріне достығы болмас.

Қара жерді жамандама,
Кіретұғын ініңді
Қауым жұртты жамандама,
Көп табады мініңді.

Білгендерді жамандама
Басшы болар піріңді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Қырымнан іздеп барсағ да

Жалғыз ауыз білімді
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
І. Есхожин

Қазақ билерінің билік шешімдері38
Жақындасып, бауырша жанасайық

Бір жылы кете мен табындар арасындағы ұзақ уақыт шешімі табылмай келген даудың билігіне таласып, Сыр бойындағы Үш жүздің игі жақсыларының алауыздығы асқынңғанда Шортанбай: — «Уа жақсылар! Үшке бөлініп бөріше таласқанша жақындасып, бауырша жанассақ анамыз Айбаршаның ақ сүті ақталып, атамыз Алаштың әруағы риза болмас па еді?» — дегенде тыңдаушылар сөздің атымына риза болып, мәселені мәмілешілдікпен шешкен екен деседі.

Әділ шешпесең, дау түбіңе жетер Тағы 6іp жылы қырдағы көші-қонда табынның белді руымен қоныстас арғын елінің басбұзар жігіттері бұлардың 70 — 80 бас жылқысын әлімжеттік етіп айдап кетсе керек. Артынан қуғыншы жіберіп, жоғын сұратса, олар жөнді жауап та бермей келемеждеп қайтарады. Күзге қарай табын елі Бұхарбай батырдың баласы Алданазар мен Шортанбайды басшы етіп 80 жігіт аттандырады. Мақсаттары келіссе қолынан алып, келіспесе барымталап кету болыпты. Арғынның ауылына жақындап, жігіттерді жасырып, жай келуді жөн көріп адам жіберсе, олардың биі Сетік «Елде не кеп, адасып жүрген мал көп, елтаңбасын танысаңдар, ауыл аралап жүріп алыңдар» деп теңдік бермейді. Бұдан кейін Шортанбай мен Алданазар Сетіктің үйіне барып, дауға түскен көрінеді. Сонда Шортанбай өздерін таныстыра келіп:

- Ей, аға баласы Сетік,

Шығайық дедік алдарыңнан өтіп,
Біз де бір іргелі елміз,
Есеміз ешкімге көрмеген кетіп.
Ара дауды әділдікепен шешпей,

Кесірі жүрмесін түбіңе жетіп —
деп түйіндеген екен.
Сөз ыңғайын түсінген Сетік би жігіттерін шақырып алып:

— Бұлар тегін келмепті «Берсе қолынан, бермесе жолынан» деп жауласуға бел байлағандары байқалып тұр. Іргелес отырған ағайындас елміз, арамызға от түспесін, алғандарыңды айыбымен қоса түгел қайтарыңдар — деп тапсырма беріпті. Сөйтіп, екі жақ мәмілеге тоқтасыпты.

Шонан бидің айтқаны Бір жолы Кіші жүз билері бас қосыпты. Әуелі «Билікті кім айту керек?»—деген сауал көлденең тартылады. «Кімнің алты артықшылығы болса, жол соныкі» — депті жасы үлкендеу бір би. Сонда Шонан би: 1. «Қарадан хан болған Қалдыбайым бар (төре емес); 2. Бес Шектіге ұран болған Бақтыбайым бар; 3. Мың жылдығын болжаған Мөңке әулиеммен мақтанам; 4. Әмір-Мағлұм (адал мен арамды) үйреткен Қазақайым бар; 5. Қыдырды бір көргенде үш көрген Назар бауырым (Әңкібайым) бар; 6. Қашан көзі жұмылғанша айтқан шүрен Бижанбайым және бар», — деген екен. Жағалай отырған көп жайсаңдар, елдің ақылды да парасатты билері осылайша тапқырлығымен, жүйелі сөзімен көзге түскен Шонан биге жол берген екен.

Нарбек би
Атамның басын теңгеріп жүрмін

Орта жүз Қоңырат ішіндегі Саңғыл руынан шыққан белгілі билердің бірі Нарбек Қонтайұлының (1835—1926) тапқыр шешендігі, әділдігі, биіктігі жайында оның туып-өскен өлкесі Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде әсіресе Түркістан, Қаратау өңірінде қызықты, ғибратты әңгімелер кездеседі.

Өзімен үзеңгілес, замандас Керімбек би бірде Нарбектен:

— «Нареке, мен білмеймін бе, әлде ұмыттым ба, осы сіздің аталарыңызда датқа болған, даңқы шыққандар бар ма? — деп сұрайды. Керімбектің: «Мен датқа баласымын, ал сенің ата-бабаларың қарапайым адамдар, сондықтан менімен теңесе алмайсың», — дегісі келіп тұрғанын сезген алғыр, ақылды Нарбек:

— Қареке, мен ата-бабамның басын өңгеріп жүргенім жоқ, атамның басын өзгелермен теңгеріп жүрмін», — деген екен.

Нарбекті қапыда ұтамын ба деп ойлаған Керімбек осылайша уәжді сөзден тосылып қалса керек.

Бекбосын би Бекбосын Домбайұлы — бұдан 135 —140 жыл бұрын өмірге келіп, қысқа ғұмыр кешкен, қыршын жасты дүниеден өткен Қаракерей Семіз Найман елінің әйгілі алғыр биі.

Бекбосынның Тана мырзамен тілдесуі Қаракерейден тарайтын Байыс, Байсиық елдерінің арасындағы бір барымтада Домбайдың жылқысы қолды болыпты. Домбай ақ адал малын қуып, Байыс еліне қанша барса да, қайтып ала алмапты. Бірде Байыс елінде сиез өтіп, ол жиынның басы Тана мырза деген хабар құлағына тиген он екі жасар Бекбосын ескі Домбайдан рұқсат сұрап, жолға шықпақшы болады.

— Байыс Байсиықпен сөйлесуші ме еді, қой балам! — дейді Домбай.

Бірақ баласының алған бетінен қайтпас түрін көріп, ақырында батасын беріп, қасына ел адамдарын қосып аттандырады. Сиез жұмысы аяқталар тұста Бекбосын бала ордаға кіріп келіп, сәлем берсе, сәлемін ешкім ала қоймайды. Тана мырза екі қолын жeлкecінінің астына қойып жататын кісі екен. Сонда Бекбосын:

— Сөздің басы сәлем еді, елдің басы Тана мырзадай данам еді. Танекем жарық дүниеден күдер үзіп, жамбасына басқан ба қара жерді. Қайран ағатайым-ай! — деп дауыс салып, төрге ұмтылғанда, Тана мырза:

— Ой, енеңді ұрайын, мынауың бала емес, бәле ғой өзі, — деп басын көтеріп алған екен.

Абай мен Бекбосынның кездесуі Бақанас — Көксала өзені бойындағы Семіз Найман елінің Қазығұл руының адамдары барымтаға келген бір тобықты жігітін аңдаусызда өлтіріп алыпты. Бірақ сол кезде Тобықты өз ішінен бүлініп, дер кезінде құн сұрай алмаған екен. араға біраз уақыт салып, өлген жігіттің ағайындары құн алып бер деп, болыс Абайға барыпты. Соны есіткен қазығұлдықтар «Құнанбайдың болыс баласы келе жатыр» деп дүрлігіп, арнайы ат жіберіп, Бекбосын биді алдырады. Он шақты адаммен Қазығұл ел иге келген Абайды қарсы алғандардың арасынан Бекбосын суырылып шығып амандасып:

— «Жақсы жігіт жоқ іздейді, жаман жігіт боқ іздейді, бірде көп іздейді, көпті кім іздейді? Жүрістерің сауыт, қабақтарың қату ғой. Тобықтының сөзі Кеңгірбай еді, көзі Өскенбай еді. Құнекеңнің көзіндей боп жалғыз келгенің қалай, Абай? Базекем, Базарлым аман болса игі еді», — деп Абайды құшағынан босатпай тұрып алыпты.

Абай:

— Алысқа жолаушылап бара жатқан соң, жолай бұрылып едік, рахмет! — деп Қазығұлы аулынан түстеніп қана аттанып кетіпті.

Сөйтсе осының алдында ғана Базаралы Қауменұлы бастаған Жігітектің 17 адамы итжеккенге айдалған екен. Бекбосын бидің осы оқиғаны тұспалдағанын тұжырым жасаған Абай дауласып жатуды орынсыз көрген екен.

Бекбосынның, назалануы Ертеректе Наймен мен Арғын — Тобықты елі Бақанас өзені бойында бір жайлауда өрістес отырған екен. Сіңірі шыққан кедей қара шаруаның Құнанбай қаһарынан қорқатын кезі. Әйтсе де Қаракерей Ceміз Найманның бір ағайыны Төлеу руының ондаған кедейлеу отбасысы екі ел жерінің арасында орналасқандықтан көшпей қалса керек. Содан жаймашуақ қоңыр күздің бір күнінде Тобықтының ұрдажық бір елубасысы батырсымақ, желбуаз нөкерлерімен келіп, оларға қоқан-лоққы көрсетеді. Өзі үркіп отырған кедей-кепшік қонақтарды күтпек түгіл үрейі ұшып әбігерге түссе керек. Қонақасы беріп, қолтығына әсіресе, әлгі елубасысының «кет әpіcі» жоқ екен. Соны сезген ол ат үстінде тұрып астамсып:

- Ел жаманы — Төлеу

Шөп жаманы — селеу,
Төлеуге мен де би,
Селеуге жел де би,
Түлкіге ит те би,

Kүпіге бит те би, —
деген екен.

Мұны естіген әлгі жаралы-жақыбайлар жақсы жайлау, өрісін тастап, өгіздердің ыңыршағына артынып, түйенің қомына тартынып, бір түн ішінде көшіп кетеді. Осы хабар Қаракерей Семіз Найманның алғыр жас биі Бекбосынның құлағына шалынады. Бекбосын сәті түскен Абаймен сұхбат үстінде өткендегі осы оқиғаның куәгері Тобықтының елубасысын іздестіреді. Ол табыла қоймайды. Ал Абай төлеуліктерді жайлауларынан көшіру жөнінде ешқашан да ешкімнен бұйрық болмағанын айтады.

Сонда Бекең:
Жаңбыр жауса, шөптің ырысы:
Жақсы туса, көңіліңнің ырысы.
Жақсы көпке жетеді

Жаманды жаратқанша
Құдайым жаратпаса не етеді?! —
деп күліп әpі назаланған екен.
Әділ үкім

Батпаққарадағы Кеңесбай дейтін байдың, бір жақсы иті болады. Аз ата кедейлер бөлек ауыл болып, байдың маңына қонса керек. Кедей ауылдың қотанында жатқан қойларына Кеңесбайдың иті қасқырдай шауып, бір-екі қойын тамақтап кетеді. Ызалы кедейлер әлгі төбетті сойылдап өлтіреді. Бұл туралы Кеңесбайға хабар жетіп ол иттің құнын дауламаққа дереу аттанады. Мұны естіген кедейлер Кеңесбай қаһарынан қорқып, қолдарын қусырып қарсы алады. Хабарды құлағы шалған Кеңесбайдың туған інісі Айткүл да атына мініп, ағасының соңынан барады. Ол кіргенде ағасы зіркілдеп, қамшысын білемдей, үй-ішінің апшысын қуырып жатыр екен.

Айтқұл:

— Осы даудың билігін маған берші, — депті.

— Бердім, — дейді Кеңесбай.

— Осы біздің Түркебай (Түркебай — Кеңесбай мен Айтқұлдың ұлы атасы) балаларында он қора қой бар, содан бұлар ит талап өлтірген екі қойын алсын. Ал, сен ит танисың ғой, ел иттерін жинатып ішінен таңдап, ұнағанын ал. Осы дау осымен тоқталсын, — депті.

Сөзден ұтылған Кеңесбай үнсіз отырып қалыпты.
Мөшке би

Арғын Мөшке бидің елінен Нұра өзенінің арғы бетіндегі елдің ұрылары жылқы ұрлап әкетіпті. Қуғыншылар тамыз аптабынан ыстықтаған соң Нұраға суға түседі. Екі жігіт байқамай суға кетеді. Қалғандары жылқыларды шығарып алып қайтады. Осы қазаның артынан Мөшке құн сұрай барса, «табандап ұрып, тап жыққан жоқпыз» деп құн бермеуге айналады. Теңдік бермеуге айналған соң Бекболат биге барып жүгініпті Бекболат, ұрыларды, олардың жақтаушыларын, қуғыншыларды көрген куәларды жиып алып — ал Мөшке дауыңды айт депті. Сонда Мөшке ұрыларды қорғаушыларға қарап:

— Сен жылқымды ұрламасаң,

Мен ыстыққа қуып бармас ем.
Нұрада нем бар еді?
Нұрадан аққан жырада нем бар еді?
Кеден-кеден болды.

Осы өлім неден болды? —
деген соң Бекболат жүз түйе құн кесіпті. Сонда ұрылар жағының бір биі:

— Бұл жол шығыны емес пе? Сойылдан шыққан қан емес, жолда сойған тай емес пе? — депті. Сонда Бекболат:

— Бұл адам ғой мал емес. Мына дауың жала емес. Мөшке мына елді немен уатасың? Арғын ағаңның аруағы мен қазекем жолына не қалдырасың дегенде, Мөшке:

Арғын ағаға он түйе, қазекеме бес түйе. Әр марқұмның құнына он бес түйе деп, жетпіс түйе құн алыпты.

Әділ жаза Жәрмеңкеде бір орыс пен қазақ, әлденеге келісе алмай төбелесіп қалады. Екеуін қолдаған екен топ әділ төрелігін алуға Шоң биге келеді. Шоң төбелес сырып білейін деп екеуінен сыр тартып көрген еді «әуелі мынау», «әуелі анау» деп бір-бірін айыптаудан еріге бара алмайды. Төбелестің болмашы бірдеңеден шыққанын сезген Шоң екі топтың басшыларын шақырып алып:

— Орыстар қазақтың, қазақтар орыстың жалаңаш құйрығына бес дүреден соғыңдар да қоя беріңдер және жұртқа базарда төбелес шығаратындарға будан былай да осындай жаза қолданылатыны жеткізілсін, — депті.

3. Жандарбек

Билер институты және рулық, тайпалық жүйе39 Әулиелі жерлер Маңғыстау жеріндегі негізгі әулиелі орындар болып табылады. Оларды негізгі әулиелі орындар деп атауымыздың себебі, осы әулиелі жерлердің берісі Маңғыстау, әpіcі бүкіл Жошы ұлысына тараған әулиелерді дайындаған орталықтар болуында еді. Осы жерлерде Йассауи жолын оқыту және оны мемлекеттік дәрежеге көтеру мәселелері шешілді. Жошы ұлысында болашақта жүргізілетін бүкіл мемлекеттік құрылымдық өзгерістерді жасаудың негіздері мен «әділетті қоғам» орнатудың алғышарттары жасалды. Өзбек хан жүргізген реформадан кейін мемлекетті басқару жүйесіндегі негізгі тетіктің иесі болған, қоғамдағы рухани билік пен құқықтық билік қолына ұстаған билер институтының өкілдері осы әулиелер қатарынан шықты. Ең ірі кезде осы билер институты мен билердің қоғамдағы pөлі мен атқарған қызметіне тоқталып көрелік. Билер институтының қашан, қай кезеңде пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Қазіргі тарихшылар мен Қазақ даласындағы кешегі күнге дейін жалғасып келген билер институты толығымен Тәуке хан тұсында ғана қалыптасты деген пікірді айтады. Мысалы, «Жеті жарғы» бойынша алғаш зерттеу жүргізген ғалым Н. Вееров Билер кеңесінің аңыздық, кейіпкері Майқы би заманында болғанын (түгел сөздің түбі біp, түп атасы — Майқы би), бірақ, Тәуке ханға дейін сирек шақырылғанын, Тәуке хан ғана Билер кеңесін мемлекетті басқарудың тұрақты тегіне айналдырғанын жазады. Ал, Билер институты тарихын арнайы зерттеген А.Оразбаева да Билер иниституты өзінің классикалық үлгісіне XVІІІ ғасырда жетті, бірақ оған дейін өзінің бірнеше даму сатысынан өтті деген пікірін алға тартады [2]. Рас, бізге жеткен тарихи деректерге қарағанда, билер институтының XVІІІ ғасырдың басында мемлекеттік басқарудың пәрменінің құралына айналғанын көреміз. Бірақ одан бұрынғы кезеңдерден билер институтының XVІІІ ғасырдағы билер институтының пәрменді болғанын жоққа шығара аламыз ба? Жоқ. Сондықтан билер институтының арғы-бергі тарихына толық талдау жасап барып кесімді пікір айтқан дұрыс сияқты. Билер иниститутының мемлекетті басқару жүйесіндегі көне түркілік дәуірдегі келе жатқан басты тетіктің бірі болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Ол дәуірлерді «би» атауы кездеспегенімен, «бидің» қызметін атқарған басқа тұлғалар болды. Мысалы, батыс түркілеріндегі бес тайпа біpлecтігінің басшылары «чор» деп аталады. Ал, Талас жазуында Қара-Чор деген кісінің аты кездеседі. Ол хан әулетінен шыққан ханзадалардың (оғыз-оғлан) рухани тәрбиесімен айналысатын түркі-манихей мектебінің өкілі еді. Сонымен бірге «чорлар» түркі мемлекеттік жүйесінде жоғарғы лауазым иесі ретінде танылған [3]. Ал, казак шежірелерінде «чор» сөзінің «шора» болып өзгерген формасын көреміз. Мысалы, Өзбек ханның үш ұлы болды — Байшора, Жаншора, Қарашора (Бекшора) [4]. Егерде көне түркі кезеңінде «чор» деп ру, тайпа басшыларын атаған болса, орта ғасырларда «шорлар» қазақ жүздерінің арғы атасы ретінде көрініс тапқан. Басқаша айтқанда, «чор» мен «шора» сөзінің бір мағынаға не екендігін көреміз. «Бидің» көне түркілердегі екінші бір формасы «бек» түрінде кездеседі. Бек — билеуші деген мағынаны білдіреді. Бек халықты тікелей басқарушы ру, тайпа басшысы, қағанға тікелей бағынатын мемлекетті басқару жүйесінің өкілі [5]. XІX ғасырда Қазақ жеріне келген орыс зерттеушілері де қазақтың ру-тайпаларын басқаратын билер екендігін атап көрсетеді [6]. Демек, «би», «чора», бек, негізінде, рулар мен тайпалардың билеушісіне деген мағынаны білдіргенін көреміз. Түргеш мемлекетінің басшысы Сұлық қаған арабтардан келген елшіге «Мұсылмандар кімдер?»—деген сұрақ қояды. Елші «олар қалалардың халықтары: олардың ішінде моншашы да, тігіншілер де, етікшілер де бар» дейді. Содан Қаған елшіге бірнеше күн күте тұруды бұйырады. Бір күні Қаған атына мініп, елшіге өзімен бірге жүруге әмір етеді. Қағанның қасында ту ұстаған он кісі болады. Көп ұзамай айналасы ағаштармен қоршалған үлкен төбе қасына келеді. Сол кезде Қаған қасына ерген он кісінің біріне туды жазуды бұйырады. Ту жазылғанда он мың атты кісі бар қару-жарағымен сап түзеп тұра қалады. Осылай он кісі түгел туларын жайғанда жүз мың атты әскер сап түзейді. Содан кейін Қаған тілмашқа қарап, «Мынаған айт! Өзінің патшасына айтып барсын. Менің әскерімнің ішінде моншашы да, тігінші де, етікші де жоқ. Егерде олар исламды қабылдайтын болса, онда олар исламның бар талабын орындауға мәжбүр болады. Сонда бұлар не ішіп-жемек»—деп елшіні кepі қайтарады [7]. Бұл жерде Саулық қағанның соңына еріп, ту ұстаған он адамның сол Түргеш мемлекеті құрамындағы мемлекетті құрушы он тайпаның басшылары екендігін байқау қиын емес. Бұл келтірілген мысалдар көне Tүpкі кезеңінде де, орта ғасырларда да ру, тайпа басшыларының «чор», «бек», «би» деп әртүрлі аталғанымен, олардың негізгі қызметі рулық, тайпалық жүйені басқару екендігін көреміз; екіншіден «чорлардың» рухани тәрбиені қызметінде болғанын, үшіншіден, соғыс жағдайында ру, тайпа басшыларының әскердің ту ұстаушы болғанын көрдік. Демек, билер көне дәуірден бастап-ақ түркі қоғамның ең жауапты қызметтерін атқарыпты. Белгілі бір кезеңдерде, атап айтқанда түркі халықтары ислам дінін қабылдағаннан кейін рулық, тайпалық жүйелердің ыдырап, билер институтының өз қызметін толық тоқтатқанын, сонымен біpге көне түркілік мемлекетті басқару жүйесінің бұзылуы мен рулық, тайпалық құрылымдардың ыдырауы болғандығын мысалға келтіруге болады. Алтын Орда мемлекетінде Өзбек хан мен Иассауи жолының әулиелері жүргізген реформа мемлекеттің құрылымдық жүйесін өзгертуі сол көне түркілік мемлекетті басқару жүйесін қайтадан қалпына келтіру, билік жүйесін жаңа сатыға көтеру, сөйтіп Жошы ұлысында «ең әділетті қоғамды» орнату еді. Алтын Орда мемлекетінде жүргізілген бұл реформа тек билер институтын емес, сонымен бірге, рулық, тайпалық құрылымдарды толығымен қайтадан қалпына келтірді. Бірақ бу рулық, тайпалық жүйелер бұрынғыдай хандық принципке емес, идеологиялық біpліккe негізделді. Билер институтын қайта қалпына келтіру мен рулық, тайпалық жүйелерді қайта құру процестері қатар жүрді. Өйткені, бұл екі құрылымның бір-бірінсіз өмір cүpyі мүмкін емес еді. Енді осы процестерге кезегімен талдау жасап көрелік [8]. Алтын Орда мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс тарихын зерттеген Г Федоров-Давыдов Өзбек хан тұсында Алтын Ордадағы исламдандыру мен рулық, тайпалық құрылымдарды қайта құру процестері қатар жүргендігі айтады. Ол сол кезеңде Алтын Ордада жүрген процестерді былай тұжырымдайды: Қыпшақ даласындағы көшпенділерге қатысты ескерткіштер саралай отырып, мынандай екі жақты, қарама-қарсы екі ағымның қатар жүргенін байқадық: бір жағынан ескі рулық, тайпалық қатынастардың бұзылуы, олардың қасақана жойылуы, бұрынғы ру, тайпа басшыларының ықпалын жою, сонымен бірге, монғолдардың шаруашылықты басқару себебінен болған әртүрлі ру, тайпалардың араласуы; екінші жағынан, негізінде, монғол шапқыншылығына дейін ғасырлар бойына қалыптасқан, олардың этностық бірлігіне негізделген, бұрынғы рулық, тайпалық құрылымдардан да мықты құрылымдар пайда болды. Осы қарама-қарсы екі қозғалыстың арасының «синтезін», басқанға айтқанда, Алтын Орда көшпенділерінің даму баспалдағын айқын көрсетіп берді [8]. Бұл жерде зерттеуші Жошы ұлысында болған күрделі процестерді деп басып айтып отыр. Бірақ рулық, тайпалық құрылымдарды қалыптастырудағы қандық принциптің орнына діни-идеологиялық бірлік қойылғаны зерттеуші назарынан тыс қалған. Өзбек хан мен Йассауи жолы әулиелерінің жүргізген осы реформасы қазақ шежіресінде толық көрініс тапқан деп айтуға болады. З.Сәдібековтың «Қазақ шежіресі» атты кітабында қазақ ру-тайпалары шежірелерінің түрі беріледі. Мысалы: 1-шежіре. Адам Атаның тоғызыншы буыны — Нұх пайғамбар. Оның отыз алтыншы буыны Өзбек хан, одан Байшора, Жаншора, Қарашора деген үш ұл туады. Осы үш ұлдан қазақтың үш жүзі тарайды. 2-шежіре. Нұх пайғамбардың баласы Йафистен-Тұран, одан — Tүpік, одан — Сақ, оның шөбересі — Әнес сахаба, оның оныншы буыны — Оғыз хан. Одан — Сейілхан, Жайылхан. Жайылханнан — Өзбек хан. Одан — Қазақ, Созық, Ұзақ. Қазақтан — Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Kіші жүз) туып, қазақ рулары осы үшеуінен тарайды. 3-шежіре. (Рауан шежіресі). Нұх пайғамбардың 14-ұрпағы — Қазақ. Қазақтан Жұман, Жұманнан Әбілхайыр, одан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс [9]. Осы үш шежіренің екеуінде Қазақ шежіресінің Өзбек ханнан бастау алатынын көруге болады. Бірақ, бұл бүкіл қазақ сол Өзбек ханнан тарайды дегенді білдірмейді. Керісінше, Өзбек хан тұсында жүргізілген реформа нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамындағы рулық, тайпалық жүйелердің қайта топтастырылғанын көрсетеді. Ал, қазақ шежірелерін әpі қарай талдар болсақ, онда Г. Федоров-Давыдов айтқан ескі рулық-тайпалық жүйелердің қайта құрылғанын көруге болады. Мысалы, Керей — Орта жүздің белді тайпасының бірі; Қара Керей — Найман тайпасының құрамындағы белді біp ру; Керейт — Кіші жүз құрамындағы Жеті ру бірлестігі құрамындағы беді ру. Сондай-ақ, Табын құрамындағы Жаман-керей руын да осы керейлерге жатқызуға болады. Қаракесек — Арғын тайпасы құрамындағы белді ру. Сондай-ақ, Қаракесек Кіші жүздің Әлімулы тайпалар біpлестігі құрамындағы белді рудың аты. Сонымен бірге осы Әлімұлы құрамындағы рулар ішінен Ұлы жүз Дулат ішіндегі Жаныс, Сиқым аттарын да кездестіреміз. Ал, Сиық атауы үш жүз құрамындағы рулар кайтарында түгел кездеседі. Ұлы жүз құрамындағы Ойсылдан тарайтын рулар ішінен Ақсиық, Қожасиық аттарын кездестіреміз. Ал, Найман тайпасы құрамында Байсиық руы бар. Ал, Кіші жүз Байұлы құрамында, Сары сиық руы бар. Тілей руын Найман тайпасының құрамынан, Қоңырат тайпасының құрамынан, Кіші жүзде Адай тайпасының құрамынан көруге болады [10]. Қазақ шежірелеріндегі бұл деректер Өзбек хан жүргізген қайта құрулардың нақты дәлелі деуге болады. Бұрынғы рулық, тайпалық жүйелердің ыдыратылуы, жаңа тайпалық одақтардың құрылуы қазақ шежірелерінде толық көрініс тапқан. Рулардың қалыптасуындағы бұрынғы хандық принцип жөн ата көлемінде қалдырылды деп айтуға негіз бар. Оған қазақ халқының жеті атаға дейін қыз алыспау салты дәлел бола алады. Өзбек ханның бұрынғы хандық принципке негізделген рулық, тайпалық жүйені ыдыратудағы мақсаты өзі жүргізген реформаға қарсы келуі ықтимал, сепаратистік қозғалыстың жолын кесу болса керек. Ондай қозғалыстың болғанын, Өзбек ханның өзінің саяси және діни қарсыластарына қарсы жазалау шараларын жүргізгенін араб тарихшысы Ал-Нувейри жазбаларына былай деп жазады: «Ол бірнеше өмір мен билік басындағы басқа да шешерді өлтірді. Көптеген ұйғырды өлтірді. Ceбeбі ұйғырлар арасында ламалар мен сиқыршылар көп eді. Сосын исламды мемлекеттік дін деп жариялады» [11]. Жошы ұлысында өзбекке дейін қалыптасқан билік жүйесінде өзбек хан жүргізген реформаға қарсы бой көрсетулерде рулық, тайпалық құрылымдар тайпаларының бұл саясаттан тыс қалуы мүмкін емес еді. Сондықтан, бұрынғы рулық, тайпалық жүйе басшыларының биліктен шеттетіліп, олардың орнына өзбек хан реформасын толық қолдайтын Иассуийа тариқаты өкілдерінің басшылыққа қойылуы заңды құбылыс бол атын [10]. Жалпы қазіргі ру, тайпалардың құрылу негізінде қандық принцип жатпағанын қазақ арасына тараған «Еншісі бөлінбеген қазақ», «Қойныңдағы әйелін сұраса келсең қарын бөле шығады» деген аталы сөздерден де көруге болады. Бұл жерде мына мәселені ескертіп өтуіміз керек. Қазіргі қазақ халқы құрамындағы ру, тайпалар сол XІV ғасырда қалыптасқан күйде қалып қойды дегенді білдірмейді Одан кейінгі кезеңдерде болған саяси, рухани процестер Жошы ұлысы құрамындағы Tүркі халықтарының рулық, тайпалық жүйесіне өзгерістер енгізгені анық. Мысалы, жоғарыда келтірілген шежіренің үш нұсқасы үш тарихи, рухани процестің куәсі. Алғашқы өзбек ханнан Байшора, Жаншора, Қарашораларды таратып, одан қазақтың үш жүзін шығарған шежіре — өзбек хан жүргізген реформаның шежірелік көрінісі. Екінші шежіре, Әз-Жәнібек ханнан кейінгі түркі тайпалары арасында алауыздық басталып, түркі тайпаларының Жайылхан-Сейілхан болып, екі бөлігі жатқан кезеңде жазылған шежіресі. Қазақ шежіресі одан кейінгі кезеңдерде де өзгерістерге түсті. Олар туралы әрқайсысын өз кезегінде таратып айтатын боламыз [11]. Өзбек ханның көнеден келе жатқан рулық, тайпалық жүйенің құрылуындағы кандык принциптен бас тартып, рулық, тайпалық жүйені құруда діни-идеологиялық бірлікке бет бұруындағы басты мақсат Дунай мен Ертіс арасын алып жатқан алып империяның құрамындағы халықтардың рухани, мәдени бірлігін қалыптастыру, сол арқылы мемлекеттің тұтастығын сақтау болатын. өзбек ханға дейін Жошы ұлысындағы мемлекетті басқару жүйесі ол бірлікті қамтамасыз ете алмайтын. әр түрлі діни, мәдени ерекшелігі бар халықтар мен оларды басқарып, өз аймағының толық қожасы болып отырған Жошы ұрпақтарының ерте ме, кеш пе, бүлік шығаруы анық еді. Мемлекеттің негізгі тірегі болған түркілердің рулық, тайпалық жүйесін қайта құрудағы, олардың барлығын Йассауи жолына бұрудағы мақсат сол халықты езге халықтардың діни, мәдени ықпалына түсірмеу, рухани дербестігі мен тұтастығын сақтау болатын. Өйткені, түркі халықтарының рухани, мәдени тұтастығы Алтын Орда мемлекетін беріктігінің кепілі, тірегі еді. Өзбек ханның осы реформасының түркі халықтарының тарихында шешуші рөл атқарғандығын татар ғалымы И.Л. Измаилов былай тұжырымдайды: «Жошы ұлысында осы кезең татар халқының тарихындағы ең күрделі шешуші кезең болды. Осы кезеңде татар халқының тарихи қалыптасу прадигмасы айқындалып, мәдени құндылықтар ортақтығы таңбаланды, әрі олар ортағасырлық татар халқының этносаяси сәйкестігінің негізі болады. Сонымен бірге осы кезеңінде Жошы ұлысының мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдық жүйесі мен татар әлеуметінің мәдени және идеологиялық негіздері қалыптасты» [12]. Алтын Ордадағы осы процесті қазақстандық зерттеуші В.П.Юдин де деп басып тапты және сол процесте жаңа мемлекеттік идеологияның пәрменді рөл атқарғанына тоқталып, ол туралы оз ойын былай деп тұжырымдады: «Турко-монгольские народы поставили в центр своих представлений о происхождении мира действительную и мнимую генеалогическую историю рода Чингиз хана, центральной фигурой которой был сам создатель Монгольской империи... Этот новый генеалогический комплекс, изложенный в терминах родоплемен- ного осмысления возникновения и сложения структуры человечества, стал базой формирования воззрений на происхождение всего человечества и все¬ленной. Он был дополнен традиционными элементами порко-монгольского шаманизма, которые стали как бы верхним этажом и пристройками здания новой веры. Тем самым был создан космогонический миф, т.е. сформировались иллюзорные мировоззрение и идеология»[13]. Бұл жерде ғалым жалпы сол кезеңде Жошы ұлысындағы идеологиялық ізденістерді дұрыс түсінгенімен, оның негізгі бағыттарын дұрыс анықтай алмаған. Рас, Өзбек хан тұсында түркі халықтарының жаңа рулық, тайпалық жүйесі мен сол негізде құрылған шежіресі қалыптасты. Ол шежіре идеологиялық бағытты анықтаған жоқ. Бірақ діни-идеологиялық парадигманың белгілі біp бөлшегін құрады. Және ол шамандық элементтермен емес, ислам дінімен тұтастыра өрілді. Оны қазақ шежірелеріндегі исламдық элементтердің пайда болуынан-ақ көруге болады. Бұл саясаттың түпкі мақсаты мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етумен қоса Өзбек хан ұрпағының өзге Шыңғыс хан ұрпақтарына қарағанда таққа лайық екендігін дәлелдеу де болды. Ал Шыңғыс хан болса, Алтын Орданың дәстүрлі тарихында әулие емес, мемлекет пен заңды жасаушы, өз билігін езге уақытша кезекті билеушіге берген мәңгілік тұлға (билеуші). Осы идеологиялық парадигма шеңберінде Жошы ұлысының дербестігі мен татарлардың, түркілердің этносаяси бірлігі, тақтан үміткердің таққа лайықтылығын анықтайтын талаптар мен биліктің дәстүрлік және әлеуметтік сатылардың сақталуы қарастырылды [14]. Мемлекетті басқару жүйесінде жүргізілген бұл реформа елді исламдандырумен, ел бірлігін қамтамсыз етуде рухани бірліктің жетекші орынға шығуымен ерекшеленеді. Елді исламдандыру процестері сол кезеңдегі Иасауийа тариқаты өкілдерінің әулиелердің осы процеске тікелей әpі белсенді араласуы арқылы жүзеге асты. Алтын Орда мемлекетіндегі бүкіл саяси, идеологиялық, құрылымдық жүйедегі өзгерістерді жасаушы да, оны іске асырушы да осы тұлғалар болады. Оған мысал ретінде қазақ және тағы басқа түркі халықтары арасына тараған киелі аңыздарды келтіре аламыз. Осының алдында өзіміз сөз еткен шежірелерге назар аударып ру, тайпа, жүз басында тұрған кісі аттарына қосылған «қожа», «сопы», «арыс», «шора» сияқты сөздердің мағынасына үңілер болсақ, онда бұл атаулардың барлығының рухани қызметпен айналысатын кісі аттарына қосылатын сөздер екенін байқаймыз. «Сопы», «қожа» атауларының сопылық жолдағы кісілер атына қосылатындығын білгенімізбен, «шора», «арыс» сөздерінің де көне дәуірлерде түркілерінің рухани басшыларына берілген атау екенін түсіне бермейміз. Оны осы салада зерттеу жүргізіп жүрген зерттеушілер анықтап берді [58). Сонымен бірге, «шора» сөзінің біp мағынасы «құл». Ал сопылық жолда — «құл», «құдайдың құлы» болу, оны сөзіне білу үлкен дәрежеге жеткендігінің белгісі Қазақ жүздерінің басында тұрған Байшора, Жаншора, Бекшоралар сопылық жолда үлкен дәрежеге жеткен үлкен ғұламалар екендігін байқаймыз. Одан төменгі ру, тайпалардың басында «сопы», «қожа», «би» тұрғанын көреміз. Мысалы, Ұлы жүз рулары «Төбе» бидің балалары Келмағамбет би, Ахмет би, Майқы би, Қоғам билерден таратылады [15]. Ал, Орта жүз ру, тайпалары шежіре бойынша Жаншораның Қарақожа, Аққожа, Ақтамберді қожа, Дарақожа, Есім құл қожа, Қасым қожа атты алты ұлынан тарайды. Қарақожадан — Арғын, Аққожадан — Кыпшақ, Ақтамберді қожадан— Найман, Дарақожадан — Қоңырат, Есімқұл қожадан— Керей, Қасым қожадан —Уақ [16]. Кіші жүз тайпалары шежіресі былайша таратылады. Бекарыстан — Алшын, Алшыннан — Алау батыр, Алау батырдан — Құдияр батыр, Құдиярдан үш ұл: Қыдырқожа, Садырқожа, Нәдірқожа. Осы үш қожадан Кіші жүз рулары тарайды [17]. Шежірелерде аттары аталып, жүз, ру, тайпа басында тұрған кісі аттары ойдан, қиялдан шығарылған атаулар емес, сол XІV ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген, Өзбек хан жүргізген қайта құруларды іске асырушы, сол ру, тайпаларды қайта топтастырған кезде сол бірліктерге рухани басшы болған тарихи тұлғалар деп түсінген дұрыс. Мысалы, Арғын тайпасы ішінде Мейрам сопыдан тарайтын Бесмейрам деп аталатын рулар бар. Олар: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек. С.Қондыбай осы рулардың атасы Мейрам сопының тарихта болғандығын, Маңғыстауда Алау-Мейрам қорымында жерленгендігін дәлелдеді [ 18]. Алау батырдың Кіші жүз руларының басында тұрған тарихи тұлға екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал, Ұлы жүздегі Майқы би мен оның немересі Бәйдібек те тарихи тұлғалар екендігіне де тарихи мәліметтер жеткілікті. Мысалы, мажарстандық зерттеуші Мария Иванич «Дафтар-и Чингиз-наме» шығармасында аты аталған кісілердің Шыңғыс хан тұсындағы тарихи тұлғалар екендігін дәлелдеді. Майқы би - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының қарамағына берген төрт әскербасының бірі. Рашид эд-Дин «Жылнамасында» ол Байку деген атпен белгілі Хушин - Үйсін тайпасынан шыққан Жошы әскерінің оң қанатын басқарған қолбасшы. XІІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға. Татар шежіресінде Майқы би Жайылханның ұлы, башқұрт шежіресінде Түменбектің ұлы [19], Қазақ шежірелерінде Төбе бидің ұлы [20]. Ал, Байдібек Ата сол XІV ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, өзі басқарған тайпалар бірлестігінің рухани жетекшісі — пірі екендігін аңғару қиын емес. Себебі, біріншіден, Бәйдібек Аға діни-рухани саланың, Иасауийа тариқатының өкілі болмаса, оған «Ата» деген анықтауыш оның атына жалғанбаған болар еді. «Ата» анықтауышы сопылық жолдың Иасауийа тариқаты өкілдерінің атына ғана жалғанады. Екіншіден, Бәйдібек Атаны халық әулие деп таниды. Әулие сөзінің түпкі мағынасы «Алланың досы» дегенді білдіреді. Бәйдібек Ата сопылық жол өкілі болмаса әулие атанбаған болар еді. Бәйдібек Атаның әйелі Домалақ Ананың Қожа Ахмет Йассауидың қызының ұрпақтары болып келуі де Бәйдібектің Иасауийа тариқатымен байланысын көрсетеді. Біз жоғарыда Саййид Ата мен Бәйдібек Атаға қатысты аңыздарға да айтып еткен болатынбыз. Ол аңызда Зеңгі Ата Саййид Атаға «Сен Қожа Ахмет Йассауи жайына бар. Ол жерде шырақшы саған не берсе, соны Бәйдібекке апарып бер»,—деп тапсырады. Саййид Ата Қожа Ахмет Йассауи шырақшысына келгенде, ол сол жайға нәзірге түскен Мейірбике атты қызды береді. Саййид Ата ол қызды Бәйдібекке апарып береді. Сол қыз Домалақ Ана екен. Одан ұлы жүздің Албан, Суан, Дулат тайпалары тарайды [21]. Ал, Қазанғап Байболұлының «Төле бидің тарихы» дастанында мынандай жолдар бар:

Дулаттың төрт баласы
Әмір Teмір тұсында,
Өткен екен шамасы,
Сейіт Ата әулие

Пірі дейді бұрынғы,
Кейбір кәрия санасы [22].

Соған қарағанда, Ұлы жүзге пірі болған Саййид Атаның өзі емес пе деген заңды сұрақ туады. Шежіредегі Байшора — Ақарыс —Ұлы жүзге пір болған Саййид Ата болуы мүмкін. Ол туралы жүздердің тарих сахнасына шығуы туралы тоқталғанымызда бұл мәселені кеңірек қозғаймыз. Одан кейінгі тайпалық одаққа Бәйдібек Атаның өзі болуы ықтимал. Қалай болғанда да бұл аңыздардың соңында тарихи шындық жатқаны ақиқат. Өзбек хан жүргізген реформаның іздерін тек қазақ шежірелерінен емес, сонымен бірге өзге Түрік халықтары шежірелерінен де көруге болады. Мысалы, Арғындардың арғы атасы болып саналатын Қарақожа би туралы татар шежірелерінде көптеген мағлұматтар бар. Ол туралы татар ғалымы М.Ахметжанов былай дейді. «Қарақожа (Қар бек) шежіресі — татар халқының тарихында зор тарихи мәні бар құжат. Оның ескі дестеден артық нұсқалары бар. Қара бек шежіресі XVІ ғасыр соңында Қырым мен Кавказдан татар тайпаларының (оғыз-қыпшақтар) Алтын орданың Бұлғар аймағына көшіп келу тарихын баяндайды»[23]. Татардың eкінші ғалымы Д.М.Исхаков өзінің «Шежірелер мен эпикалық шығармалар Жошы ұлысы мен татар хандарыныц тарихы жөнінде» атты еңбегінде Қарақожа шежірелерін салыстыра отырып, Қарақожа Қырым хандығындағы Арғын тайпасының басшысы, ханның қасындағы қараша биі болғандығын дәлелдеді. Сонымен бірге, ол «Едіге жырының» татар нұсқасында Қарақожа туралы айтылатын жерлерден мысал ретінде үзінділер келтіреді. Мысалы, Тоқтамыс хан аузынан мынандай сөз шығады: 1) Арғыннарның башы идең,

Қарақужа батырым
Немесе

2) Қарақожа Арғын би |24 | Тура осы жолдар «Едіге» жырының К.Сәтбаев 1927 жылы Мәскеуде жариялаған нұсқасында да кездеседі [25]. Казак шежірелеріндегі арғындардың арғы атасы болып жүрген Қарақожаның бір адам екендігіне дау жоқ. Бұл түркі халықтары құрамындағы бір Қарақожа шежіресімен шектелмейді жүздеп саналады. Ал, кей шежірелерде Майқы би аты Байқы би аталатынын көруге болады [26]. Егерде Рашид эд-Диннің «Жылнамасында» Майқы би аты Байқу деп аталатынын ескерсек, онда бұл шежірелеріндегі деректердің тарихи негізі барлығына көзіңіз жете бастайды. Бірақ татар шежірелерінде татар халқындағы рулық, тайпалық жүйенің ыдырауына байланысты қазақ шежіpeлеріндегідей рулар мен одан таралатын тікелей аталардың сала-салаға бөлініп, белгілі жүйеге айналғанын көре алмаймыз. Татар шежірелері тайпа мен одан тараған рулардың таралу жүйесін жеке кісілерге дейін толық таратып жатпайды. Шежіре сол ру, тайпа басындағы кісі ағымен аталып, сол шежіреге ие жеке кісіге дейін өткен кісілер түгел жазылады. Олардан өзге тараған ұрпақтар жайлы ешқандай мәлімeт жоқ. Ал, башқұрт шежірелерінде рулық, тайпалық жүйенің XVІІІ —XІX ғғ. дейін сақталуына байланысты рулар мен тайпалардың аттары мен олардың құрамындағы аталардың аттары да сақталған. Мысалы, қазақ ру, тайпалары ішінде кездесетін керей, қаңлы, шөмекей, таз және кезінде Ұлы жүз құрамында болып, кейіннен өзбек халқы құрамына сіңіп кеткен «мың» тайпасы және т.б. ру аттарын кездестіре аламыз [27]. Ал, қазіргі ноғай халқының құрамында үйсіндер мен қаңлылар, керейіттер мен қоңырат, наймандар бар екендігін көреміз [28]. 92 баулы өзбектің 20 тайпасын осы ноғайлар ішінен кездестіруге болады [29]. Ал, қазақ арасында өзбек халқы құрамындағы 92 ру, тайпаның 90 пайызы бір екендігіне дау жоқ. Жошы ұлысы құрамында болған түркі халықтарының шежірелеріндегі мұндай ұқсастықтар мен сәйкестіктер — ол халықтардың кезінде Өзбек хан құрған құрылымдық жүйенің белгілі бір бөлшегі болғандығын көрсететін айғақтар. Алтын Орда мемлекетінің негізгі тірегі де осы халықтар болатын. Сол кезде Жошы ұлысы сынды алып мемлекет құрамындағы халықтардың бірлігін қамтамасыз еткен сол ру, тайпа басында тұрған билер — Иасауийа шайхтары болғандығын татар, башқұрт шежірелерінен де көреміз. Мысалы, жоғарыда аты аталған Қарақожа сол рухани сала өкілі татар тарихшысы Муслимидің «Тауарих-и Бұлғарийа» атты шығармасында Қожа Ахмет Иассауи шәкірттерін Бұлғар жеріне келіп «зикр-и жахрды» әкелгені туралы жазады, сөйтіп ол жерлердегі Йассауи жолына қатысты әулиелерді санамалап шығады [30]. Олардың арасында Бәйреш ибн Әбраш деген сопының аты аталып, оның Қожа Ахмет Йассауи шәкірті екендігі айтылады. Одан басқа Ишмұхаммад ибн Ташмухаммад шайх Хидаятолла т.б. әулиелердің аттары аталып, олардың барлығы Иасауийа тариқатының өкілдері екендігін айтылады. Башқұрттар арасында түрікменнің тарсас руынан шыққан шайх Хусейн бектің аты көпшілікке мәлім. Хусейн шайхтың башқұрттар арасында жүргізген жұмысының нәтижелігін тек мұсылмандар емес, сол жердегі христиан монахтары да мойындауға мәжбүр болған. Иоганна атты христиан монахы ол туралы былай деп жазады: «Сарацины же, рыскающие поблизости, нападают на них и стремятся совратить новообращенных из татар и других, а иногда отвращают от веры людей, у которых свой Магометов закон, имеют некую секту, братьев которой зовут фалькирями (факирами); они носят обнаженные мечи, чтобы тут же истребить тех, кто говорит против веры». Бұл деректер Жошы ұлысында ислам дінін тарату оншалықты оңай болмағандығын, Иасауийа шайхтары өзге дін өкілдерімен бәсекелесе жүріп, ислам дінін таратқанын көрсетеді. Жалпы Жошы ұлысын исламдандыру мен мемлекеттің құрылымдық жүйесін қайта құру тереңнен ойластырылған реформа еді. Мақсат сол кезеңдегі әлемдегі ең әділетті қоғамды қалыптастыру болатын. Сол себептен де рулық, тайпалық жүйе басшылығына дін адамдары — Иасауийа шайхтары шықты. Олар өте терең білімді болды және әділдік пен адалдықтың ту ұстаушылары, әділетті қоғам орнату жолындағы күрескер еді. Олар өздерін Ұлы Жаратушының жердегі көлеңкесі ретінде сезінді. Олар өздері ғана таза, әділ болып қойған жоқ, жалпы қоғамды, қарамағындағы халықты соған тәрбиеледі. Алайда, олар өздерінің бұл еңбегін жеке-дара атқарған жоқ. Бидің қасында сол идеологияны, тәрбиені жүргізуші Иасауийа тариқатының өкілдері --- қожалар болды. Алғашқы қайта құрылған рулық, тайпалық жүйе басындағы рухани жетекшілер — билер уақыт өте келе сол ру, тайпалардың атасына айналды. 1. Өзбек шежіресі; Сәдібеков 3. Қазақ шежіресі. Ташкент: Узбекистом, 1994. 26-бет. 2. Торланбаева К.У. Указ. соч. 36-бет. 3. Вяткии М. Султаны и бии / Қазақтың Ата заңдары. Алматы: Жеті жарғы, 2003.

173-бет. 4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Летопись трех тысячелетий. Алматы: Рауан, 1992. 5. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973. 62 — 63-беттер. 6. Сәдібеков 3. Аталғ. шыгарма. 21 — 22-беттер. 7. Арғынбаев X., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. Алматы: Атамұра,

2000; Сәдібеков 3. Аталғ. шығ. 8. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973. 62 — 63-беттер. 9. Сәдібеков 3. Аталғ. шығарма. 21 — 22-беттер. 10. Арғынбаев X., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. Алматы: Атамұра,

2000. 11. СМИЗО. 1 -том. 174-бет. 12. Измаилов И. JІ. Формирование этнологического самосознания населения Улуса Джучи: некоторые элементы и тенденции развития тюрко-татарской исторической традиции / Источниковедение истории Улуса джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223—1556 гг. Казань: Мастер Лайн, 2002. 248-бет. 13. Юдин В.П. «Чингиз-наме» — источник по истории казахского народа / Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. С.17 —18. 14. Измаилов И.Л. Формирование... 249-бет. 15. Сәдібеков 3. Аталғ. шығарма. 40 — 41-беттер. 16. Көпеев М. Қазақ шежіресі Алматы, 1993. 14-бет. 17. Арғынбаев X., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. 397-бет. 18. Қондыбай С. Есен казак. Алматы: Уш киян, 2002. 93-бет. 19. Мария Иванич. «Дафтари Чингиз-наме» как источник по истории кочевых об-ществ/ Источниковедение истории Улуса Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астра-хани. 1223 — 1556. Казань: Мастер Лайн, 2002. 316—318-беттер. 20. Арғынбаев X., Мщанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. 111-бет. 21. Ергөбеков К Бәйдібек Баба мен Домалақ Ене. Шымкент: Жібек жолы, 1999. 53 — 54-беттер. 22. Сонда, 61-бет. 23. Исхақов Д.М. Родословные и эпические произведения как источник истории со-словий Улуса Джучи и татарских ханств. Казань. 59-бет. 24. Ер Eдіге (Қ.И. Сәтбаевтың алғы сөзімен 1927 жылы Мәскеуде жарияланған басылым). Алматы: Ғылым, 1995. 37-бет. 25. Әхмәтжанов М. Аталғ шығ. 29 — 31-беттер. 26. Кузеев Р. Очерки исторической этонографии башкир. Уфа: Башкирское книжное издательство, 1957.48—57-беттер. 27. Калмыков И.Х. Керейтов Р.Х., Сикалиев А.И. Ногайцы. Черкесск: Ставропольское книжное издательство, Карачаево-черкесское отделение, 1988. 11 — 12-беттер. 28. Кочекаев Б. Ногайско-русские отношения в XV —XVІІІ вв. Алматы, 1988. 16-бет. 29. Муслими. Таварихи Булгария (Болғар тарихы). Казан: Иман нәшрияты, 1999. 32—33-беттер. 30. Аннинский С.А. Известия венгерских миссионеров XІІІ — XІV веков о татарах и Восточной Европе/ Исторический архив. Т. 3. М.—Л., 1940. С. 81.

Р. Жарықбаев
Ел қамын жеген әулие40

Ұшы-қиыры жоқ құлан далаға күздің салқын кеші түсті. Айналадан изен мен жусанның, теріскен мен бүргеннің жұпар иісі аңқиды. Үстіне бұлғын жағалы, мәуітімен тысталған сусар ішік жамылған ұзын бойлы, аққұба қария Бозой жазығының үстімен Өтеген тауына қарай жөңкіліп бара жатқан бұлтқа қызыға қарап тұр. Жасы 70-ке таянып қалған қарт өзгеше кескін-келбетін, айбынды көрінеді. Жан-жағын биік жоталар қоршаған ауыл тыныштық үстінде. Батын бара жатқан құн тау жоталарының үстіне кешкі шапағын төгуде. Сай табанында бұлақтар жарыса өрбіп жатыр. Анда-санда, маңыраған қой мен кісінеген жылқының дауысы естіледі. Үйге қарай аяңдаған Белағаш қажы адам өмірге тек жарық дүние ырзығын татып, қара бастың қамын ойлап, өмірі қызықты өткізу үшін келмейді, болашаққа бұтағын жайып, тұқымын шашу үшін ар-намысты, адалдықты, азаттықты қорғап қалатындай ақыл-ой жолындағы ұлы мұратты, ізгілікті еңбекпен, сабақтастыруға келеді деп ойлады. Адам баласы ұрпағы үшін жасалған ұлы мұраны біліп, оны байыта білу керек, сонда ғана біз көктеп, көгереміз. Бірақ бізде керітартпа надандар көп, айтқаныңа көнбейсің, тура жолмен жүрмейді міне осындайлар қалай түзеледі. Надандық деген ауруды тәуіп емдеп жаза алмайды. Заманының ағымы мен ел жағдайын ұқпаған азамат өлік, түсінгені тірі. Бұл кісі атағы аңызға айналған он алты жасында билік айтқан, бүкіл Жетісу төңірегіне атағы тараған Белағаш би болатын. Жетім-жесір, кедейлердің сүйенері еді. Төңірегіне өзінің әділдігін, турашылдығымен, әулие-тәуіпшілдігімен белгілі болған адам. Белағаш үйге кіріп шайға отыра бергенде сырттан аттың, дүбірі шығып, біреудің түсіп жатқан тықыры естілді. Көп кешікпей есік айқара ашылып, «Ассалаумағалейкум, қажы аға»—деп екі иығына екі кісі мінгендей шомбал, ұзын бойлы, атжақты көркем жігіт кіріп келді. «Уағаликумасалам, жоғары шық»—деді Белағаш қария. Келген қонақ шешіліп, көлдей кең дастарханның шетіне келіп отырды.

— Жігітім әңгімеңді айта отыр, түсіңді шырамытқанмен атыңды ойыма түсіре алмай отырмын.

— Аға, мен Әліпін ғой,—деді келген жігіт.

— О, әлгі Сатайдың баласы екенсің ғой. Әкен Сатай жақсы адам болған. Ел сыйлайтын қaдіpлі жан еді. Әкеден пұл қалғанша, ұл қалсын деген. Жақсыдан қалған тұяқ екенсің Әңгіменің айта отыр.

Аға мен сізге бір жұмыспен келіп отырмын, айтуға ұят сияқты... — деп төмен қарады келген жігіт.

— Әдейілеп келген екенсің, қысылма әңгімені айт, — деді Белағаш қария...

Жігіт жүресінен отырып; би аға, мен Оспан болыстың жылқысын бағамын. Жыл бойына алатыным бес тоқты. Оның өзін де дұрыстап бермейді қайдағы бір ақсақ-тоқсағы тиеді. Оспан болыстың жұмсауымен бірнеше рет барымталап жылқы да айдап әкеп бердім. Сол әкелгендерден де бір жылқы бермеді. Өзі ал деп айтпаған соң, мен де бер деп сұрамадым — деп іркіліңкіреп қалды.

— Иә, иә, тыңдап отырмын, бөгелме, бар назарым сенде, — деп күлімсіреп Белағаш би.

— Менің кішкентайдан бірге өскен Темір деген досым бар еді, әрі ағайын-туысым болатын, — деді сөзін жалғап Әліп.

— Өзі өте мықты, әрі әдісқой жігіт. Барымтаға Оспан ылғи екеумізді жұмсайтын. Оспан бір жансызынан өзі талай рет тыным бермей жылқысын ұрлататын Жанай болыстың үлкен дайындық үстінде екенін естиді. Жанай менімен Темірдің атын естіп, бізге қарсы Шу мен Таластың төңірегінен мықты да қарулы жігіттері жинапты. Осы төңірекке аты шыққан барымташы, қарақшы Смағұл, Хасен деген жігіттерді бізге қарсы қоймақшы екен.

Осы әңгімені Оспан Темір екеумізге айтты. Жігіттер сақ болыңдар, намысты қолдан бермендер, Сен екеуің болмасаң жылқыдан түгел айырылатын сияқтымын. Осыдан малды аман алып қалсаңдар екеуіңді дүниеге қарық қыламын, оған менің байлығым жетеді деп екеуіміздің қолымызды алды. Біз шайды енді қолымызға ала бергенімізде Оспан ауылының күншығыс жағынан аттандаған дауыстар ес. Бұл не пәле, тағы не боп қалды деп бәріміз далаға жүгіріп шықтық. «Аруақ! Аруақ! Аттан! Аттан!» деген дауыстар жиі естіліп жатты. Шошынған Оспан — Жанай болыстың қарақшылары жеткен екен. Әліп, Темір, аттаныңдар, бір Аллаға тапсырдым, — деді дауыстап. Біз Темір екеуміз жылқыға шаптық. Алғашқы ойлағанымыздай емес, жылқы аман екен. Әйтсе де бізді күтіп тұрғандай он жағымыздан шоғырланып бір топ адам жотаға шыға келді. Айдың жарығымен анық көрінді. Айқайлап, сойылдарын Сілтен ат қойып келді. Бес-алты жылқышы үріккен жылқымен бірге кетті. Біз Темір екеуміз қарақшыны түсіріп, топқа қайта оралғанымыз да олар да төрт-бесеуін аттан құлатыпты.

Бұл кезде біздің жігіттер де кeліп қалды. Ұрылар тоз-тоз болып қашты. Барымташылардың екінші бір тобымен Темір айқасып жүрген болатын. Қарақшыларға бүгінгідей тиіп жүрген оған бір кезде Хасен тап береді. Темір оны сойылдың астына алып аттан ұшырып түсірер. Мына қорлыққа шыдамаған Хасен қалтасынан алтыатарын суырып алып Темірді атып жібереді. Оқ Темірдің оң аяғының ортан жілігін сындырып кетті. Бұл жолы Оспанның мерейі үстем болып, бірде-бір жылқысы барымташыларға бұйырмай аман қалды. Темір болса аяғынан ұзақ жатты. Оспан болыс оған сорпа су болсын деп тоқты-торым да бермеді. Мен Оспанның алдына бірнеше рет бардым, Темірдің жағдайын айттым. Бірақ Оспан несіне асығасыңдар, бір жаққа көшесіңдер ме, ақыларыңды аласыңдар, асыққан шайтанның ісі деп шығарып салып жүрді. Ақыры шыдай алмай болыстың қойын бағып жүрген қойшыдан бір қойды тартып алып Темірге әкеліп сойып бердім. Пәленің бәрі осыдан басталды. Ертеңгілік нөкepлepімeн Оспан сау ете түсті Мен далаға шығып сәлем бердім. Қан түнерген ол сәлемімді алмады.

— Сен иттен жаралған, қойшыдан қойды неге тартып аласың?—деді Оспан.

— Мен тартып алғаным жоқ, еңбегімнің ақысын алдым. Ақымды алмағаныма бір жылдан асты. Сол ақымнан ұстарсың, — дедім.

— Тілінің удайын қарашы, байлаңдар иттің баласын.

Сол кезде арт жағымда тұрған біреу үстіме тор тастады, мен торға оралып қалдым, олар мені байлап алды.

Обадай бір нән қызметші мені теуіп-теуіп жіберді.

— Тиме, жетті енді. Бұл ит түрмеден бір-ақ шығады осы күнімен,—деп Оспан кеңкілдеп күліп еді, қасындағылары қоса күлді.

Сол түні байлауда жатқан мені болыстың ең кіші тоқалы келіп босатып жіберді.

— Бізге талай жақсылық істер едің, болысекем аспен атқанды таспен атып жатыр. Енді бұлардың көзіне көрінбе. Қолына түссең аямайды, соттайды қаш, — деді ол. Сол кеткеннен екі күн далаға қонып, бүгін сізге келіп отырмын.

— Е, інім, басына үлкен іc түскен екен. Оспан болыс саған қатты кетіпті. Таяқтың екі ұшы бар, бір ұшы өзіне тиетінін ойламаған екен. Жарайды, бүгін осында бол, бұл ауылда Оспан саған тиісе алмайды. Ал басқа жерде болсаң ұстап ап мазалап жүрер. Сенің бұл ауылға келгенің олар ертең түске дейін естиді де түстен кейін барлығы осы үйде болады, — деп Белағаш қария орынан түрегелді.

Keлecі күні түстен кейін Оспан болыс өзінің нөкерлерімен Белагғаш бидің үйіне келді.

— О, қасиетті қажы ағамыз, аймақтың биі, сіз шақырған соң біріміз қалмай жиылдық, құзырыңызға құлдық, — деді Оспан басын иді.

— Оспан, саған қойылатын бірақ сұрақ. Мына жігіттің сен қудалайтындай қандай күнәсі бар? Тек шындықты айт, бір мысқыл өтірік қоспа.

— Қажы аға, бұл ұры. Осыдан екі жыл бұрын Жанай болыстың екі жүздей жылқысын барымталап айдап әкеліп пайдаланды. Оған мына отырғандар:

— Егер осыдан екі жыл бұрын Жанайдың малын ұрласа дер кезінде Жанайға неге хабарламадың? «Тұсақ қой түстен кейін маңырайды» деген, сенің бұл сөзің өтірік.

Мен Жанаймен сөйлескем, оның бәрін мына Әліп пен Темірді салып ұрлатқан сенсің. Жанай сенен кегін алу үшін адам жинап, жылқыңды түгел айдап кетуге келгенде сені сақтап қалған алдағы нөкерлерің емес, осы Әліп пен Темір. Сенің шотыңды шауып, басын өлімге тігіп жүрген жігіттерге жапсырмаған пәлен жоқ. Аяғы сенің малынды қорғаймын деп сынап жатқан Темірге апарып берген берген қой үшін Әліпті түрмеге жаппақсың, осының дұрыс па?

Оспан үндемеді. Артынан барып:

— Болысқа қарсы сөйлеу зиянды үлгі емес пе? Біз өкімет адамымыз ғой, — деді.

— Сен өкімет адамысың, бұлар ит адамы ма? Бұзықтық жолға салған сен емессің бе?!

— Мен ел десем еле ме, қажы аға?

— Ол дегеніңе өлмес, Бірақ тіліңді алады ғой.

— Дегенмен мұны соттатқан дұрыс, — деді Оспан.

— Дұрыс айтады.

— Біздің де талабымыз сол!

— Басқа бұзықтар шошитын болсын.

Оспанның нөкерлері осы жерде шуылдай қоштап кетті.

— Не деп соттатасыңдар, мұның кінәсі жоқ қой?

— Кінә табамыз.

— Кінәсізға кінә тағылмайды.

Керісінше, сенің істеген қылығың дұрыс емес, болыс мырза. Біреуге жала жауып, Жанай болыстың малын ұрлатқансың, сол үшін айқаста бір адам аяғынан айырылған. Мұның бәріне сен кінәлісің, егер іc қозғалса сен сотталасың. Осындай істермен шұғылданған адамды соттау үшін шығарған ақ патшаның заңы бар. Оны сен білмейсің, мен білемін, — деді Белағаш қария. — Шариғатта жақсылық жасаған да өзіне жасайды, жамандық жасаған да өзіне жасайды деген қағида бар. Сол айтқандай, кім абыройсыз болғысы келеді кім адалдық, ар алдында адал болғысы келмейді. Мына жалған дүниеде төрт арсыз "тірліктен: көпе-көрнеу жаладан, өтіріктен, ойсыз күлкіден, жеңіл олжадан бойларыңды аулақ салған дұрыс. Ақылы қысқа, ойы келте адамнан басшы шықпайды. Дүниеде болмаған істі болады деп соған айғақ болғаннан жаман жоқ. Ондай адамнан іргені аулақ салған жөн. Шын қасиет тазалықтан туады. Адамның тәні де, жаны да таза болуы керек. Асыл негізі— жақсыдан. Халықтың арасында жақсы да кеп, жамандар да жоқ емес. Ал енді керемет қасиетті асыл азаматтығы бар адамдар осы қатарымызда баршылық. Бірақ олардың сонша дәріптелмейтіндігі жұртқа өнеге боп көлденең тартылмайтындығы — отырған ортасының төмендігінен. Бақ дейтіннің бір ұшығы соған барады. Ал сені, Оспан, осы Әліп пен Темірге істегеніңнен кейін керемет қасиеті бар, азаматтығы жоғары дарынды басшы деп айта алмаймын. Дарын — құдайдың берген қасиеті. Дарынның ең биік шоқтығы — ол адамгершілік, кісілік, кішілік. Осыны бойына сіңірген адам өзін де өзгені де бағалай алады. Тіршілікте бақ соқпай кететін шаңырақ, дәулет соқпай кететін үй, ырыс-береке айналып өтіп кететін азамат болмайды. Жақсылық бәріне де келеді. Әңгіме соңы тұрақтандыруда, көтере білуде. Адам қай қалыпта да асып-таспау керек. Қазақта «болған жігіт болдым демес, болдым десе болғаны емес»,—деген сез бар. Адам көзінің тойымсыздығы кедейді байға жетсем, байды құдайға жетсем дегізеді.

— Ал, Оспан, саған айтар басқа сөзім жоқ. Сен өзіңді көрсең де өзгені көре алмайды екенсің. Сенің адамгершілігің, кісілігің аз екен, — деп сөзін жалғастырды Белағаш. — Бағыт адамға біліммен, ақылмен табылады, сол білім адамның байлығы. Айтқан ақылға құлақ аспасаң білімсіздігің деп білемін де.

Соңғы сөз айтылған кезде Оспан болыс орнынан тұрып қажы ағаға: «Менен қателік кетіпті. Екі аяқты адам ғана емес, төрт аяқты жылқы да сүрінеді деген, мен сүрініппін. Айналамдағы жолдастарым мен замандастарымның, бірге ас ішкен көңілі жақын туыстарымның біреуі де мен ақымаққа сіз құсап ақылын айтпапты. Атақ пен даңқ, байлық пен барлық екі көзіме шел бітіріпті. Көңілімді көр қылып, жүрегіме адалдық ар мен ақиқаттың, шындықтың орнына қара ниеттілік орнатыпты. Сіздің айтқан ақыл сөздеріңіз мені анамнан қайта туғандай өтіп тазалады. Әліпке жасаған сұмдығымды ойлап жүрегім сыздап, жаным күйіп тур. Мұндай адамшылық, қасиетке көңілімді бұрғызған, адамдық арымды оятқан сіздің қасиетті ақылыңыз. Қажы аға, енді мен Әліппен татуласам. Әліп пен Темір ең жақын адамым болады, — деп орнынан тұрып Әліппен құшақтасып татуласты. Осыны күткендей Белағаш би ой-толғамдарын түйдік-түйдігімен ағытқан.

— Жетесіздің қолы кішкене бірдеңеге жетсе асып-тасып, шалқақтап ханға сәлем бермейтіндей болады. Адамға бәленің басы содан келеді. Қолынан келмейтін істі басқадан көретіндер баршылық. «Бәрі өзімнен болды-ау» деп өз бойынан мін іздейтін адам сирек кездеседі. Сондықтан мініңді айтса, кемшілік бетіңе басса көре алмай отыр-ау деп ойлау бұл адамның пендешілігі.

Өмірдің мені бірін-бірі сыйлауда, құрметтеуде. Осы аз ғана ғұмырда, шолақ тіршілікте бір-біріңді сыйлаңдар, құрметтеңдер. Адамнан адам артық емес, айырмасы ой-санасында, ар-ұжданы, парасатында деп, қария айналасына мейірлене қарады. Үй ішіндегі кісілер де тіршілігінде әулие атанған дана қарияның ақыл-кеңесіне шын ұйып қалып еді.

* * * Біз бұл жерде қасиетті Жетісу жерінің Күрті топырағында, Ақши атырабында дүниеге келіп, туған жерін, елін түлеткен, ел батасымен көгерген Белағаш Ақұлының өмірінен бір ғана сәтті көркем әңгімелеп отырмыз. Бөлекең бұдан кейін де талай рет ауылдастарына, осы өңірдің тұрғындарына қорған болып, өзінің шапағатын тигізген екен. Іле Алатауынан ағып жатқан Қызылкүнгей өзенін Ресейден көшіп келген қарашекпендер бөгеп алып, қазақ шаруаларына зорлық-зомбылық көрсеткен кезде орыс ұлығымен кездесіп, өзінің бет-беделінің, қоғамдағы айырықша орнының арқасында мәселені оң шешіп бергендігін ұрпақтары күні бүгінге дейін айтады. Бір сөзді болған Бөлекең «Орыстың мөрінен өзімнің сөзім артық»,—деген екен. Соған қарағанда ол кісі айтқаннан ешқашан кайтпайтын, берген уәдесін қайтсе де орындайтын мерт адам болған сияқты. Өз заманының белгілі тұлғасы болған Бөлекең Иранда парсыша, арабша оқып білім алған, парсыша таза сөйлеген деседі. Білімі де, даналығы да бар адам. Ел игілігі жолында тер төгіп, қиындықта толарсақтан су кешкен. Өз заманының өр жаңалығына құлағы түрік, айналасындағы ел-жұртқа бағыт-бағдар беріп отырған. Белағаш би өмірдің өзі тудырған философ, шежіреші. Қазақтың аталы сөздерін, ақын-жыраулардың бай мұрасын жақсы білген, ірі тұлғасына ақылы сай адам екен. Жамағат бас қосқан жиналыстарда салмақты пікір, салиқалы ойын мақал-мәтелдермен өрлеп, көпшілікті бірден баурап әкететін болған. Өзі кешкен қилы заманның қиындығына мойымай артына салиқалы сөз қалдырған мұндай қариялар сарқылмас қазына емес пе?! Белағаш әулие сары үйсіннің Қалша деп аталатын тайпасына жатады. Қалшадан бес бала тарайды. Соның бірі Солтанқұлдың белбаласы Ақтың кіндігінен Белағаш дүниеге келді. Жасынан шымыр, ширақ болып өскен Белағашты жеңгелері Жарауқара атандырған екен. Өсе келе ел-жұртына қорған болып, биікке араласады. Қажет болған кезінде қолына найза алып та ел намысын қорғаған көрінеді. Даналығымен, айрықша қасиетімен ел аузына ілініп көзі тірісінде әулие атанады. Содан кейін де болар, әулие атаның зиратына тәуіп етіп, Алладан тілек тілеушілер көп болған. Не түрлі ем қонбайды деген аурулардың сырқаттарынан жазылып, қызылшақаны армандаған әйелдің сәбилі болғандарын көрген адамдар жұртшылық арасында көп. Әулие атаның зираты бұрынғы Күрті елді мекендерінің ортасында, үлкен күре жолдың бойында жатыр. Қасиет бөлек әулие, асқан тәуіп, биікті би атамыздың басына 1992 жылы сол кезде Күрті ауданының әкімі болған Cepік Үмбетовтің бастамасымен гранит тасынан ескерткіш орнатылған болатын. Ата-бабамыздың дәстүріне сай есімі қайта жаңғырған қасиетті бабаға ас беріліп, ұлан асыр бәйге ұйымдастырылған. Бүгінде бұл ескерткішке ілтипат білдіріп, әулиенің басына келетіндер өте кеп. Алладан рақым, әулиеден медет тілеген халықпыз ғой. Содан кейін де есімі бүгінгі күнге ұмытылмай жеткен әулие, тәуіп, көріпкел баба Белағаш атамыздың рухына аруағыңмен қолдай жүріп, әулием дегіміз келеді.

Б. Жәлиұлы
Үбіс—би әрі әулие болған

Үбіс Жанайұлы —Сарықасқа атты Keлмeнбeттің ұрпағы. Алты Өтебайдың Солтанынан тарайды. Үбістің бала кезінде әкесі Жанай шағын ғана дәулеті бар Жаңадария өзенінің бойына көшіп-қонын жүреді екен. Ол уақытта ел адамдары жылда Бұқара мен Үргенішіке барып, мал сатып, киім-кешек, азық, керек-жарағын алып қайтатын көрінеді. Бір жолы әкесі Үбісті де саудагерлерге қосып алдына мал салып, екі түйемен жібepeді. Бір айдай уақыт жүріп саудагерлерге келеді. Бәрі де үйіне азық, жеміс-жидек әкелген. Ал, Үбіс екі түйе ағаш қасық әкеліпті. Оған әкесі ренжіп:

— Сонша қасықты неғыласың, одан да басқа зат алмадың ба? — деген екен.

Сонда Үбіс: — Осыны сатып-ақ пайдасын көремін, — депті.

Үбіс өз кезінде шүлен тартқан кісі. Жылда отыз күн оразада Үбістің шүленінен жейміз деп кедейлер жанына көшіп келеді екен. Әр үйге 10—15 сиырдан бөліп беріп, сүтін өзің іш, бір бұзаулы сиыр өзіңдікі, тек маған бір қарын сары май жинап берсең болады дейді екен. Оразаның бірінші күнінен бастап 3 — 4 пұт бидайды түйгізіп, екі семіз қой, бір өгізді сойдырып, піскен ботқаға бір қарын майды салып, әр үйдің жан басына есептеп бірдей етіп бөліп беретін көрінеді. Әркім өз үйіне сол тамақпен ауыз ашып, бекітін отырған. Ол кісі ешкімнің руына, жақын-алысына қарамай ешқайсысын алаламаған. Сонда 30 күн оразада 30 өгіз, 60 қой, 30 қарын сары май, 100 пұт бидай жұмсайтын болған. Кезінде замандастары біз де Yбіc құсап шүлен тартайық деп әрекеттенгенімен ештеңе шығара алмапты. Сонда олар Yбістің қазанына қыдыр дамыған, қанша құйса да, сабадағы қымызы, күбідегі айраны ортаймайды депті. Үбістің бала кезі болса керек. Бір үлкен жиында билер мен ақсақалдар дауласып мәселені шеше алмапты. Сонда төменде отырған әкеміз рұқсат етсеңіздер мен айтып көрейін деп, өзінің бұра тартпай әділ де, кесекті сөзімен дауды бітіріп жіберіпті. Осыны байқаған төрдегі үлкен кісі балам-ай атын кім деп сұрайды?

— Yбіс, — дейді ол. Сонда ана кісі ойланып барып былай деген екен.

— Yбіс болсаң күміс, кеудең мыс, кіндігің мырыш екен. Әттең басын алтын болғанда бүкіл үрім-бұтағың өзгермей өзіңдей болар ма еді деп баға беріпті.

Ол кісі алдына келген дау-жанжалды ешкімге тартпай әділ шешетін болған. Сондыктан да Yбіc би атанған. Үбістің көріпкел әулиелігі де болған. Інісі Қуанның келіні босанғанда баласы шетіней береді. Бір жолы қасында бір топ жолдастары бар кіріп шығайық деп барса үйде ер адамдар жоқ екен. Келіні алдынан шығып иіліп сәлем беріпті. Үйге кіріп нан ауыз тиіп, шаруамыз бар еді деп атқа мінгенде әлгі келін тағы иіліп сәлем беріпті. Мұны байқаған Үбіс қайта-қайта неге сәлем салады деп ойланып, ат үстінде тұрып «Шырағым келер жылы ұлды боласың, атын қоямын» деп батасын беріп, жүріп кетіпті. Айтқандай келесі жылы ұл туып, Yбіс ағасын шақыртып, баланы қолына беріпті. Сонда Yбіс: «Апырай, мынау мен ойлағандай емес, қара екен. Мұның аты қара болсын» депті. Сонда Қара бай елге танымал, қоғам кайраткері Темірбек Жүргеновтің әкесі еді. Yбіс көзінің тірісінде Жаңадария өзенінің бойында Көк шүңгіл деген жерде қос үй салдырған. Қасында кірпіш күйдіретін орын жасатып Үргеніштен ұсталар алдырып, кесек құйғызып сол жерде дайындаған. Ол үйді олай-былай жүрген жолаушылар басына жатып дем алатын Сауап үйі деп атаған.

С. Жүсіпов
Қалдан батыр41

Жаңғабылдың Малыбай деген аталығынан шыққан қазақтың көрнекті батыры әрі атақты биі Қалдан Талқанбайұлы XІX ғасырдың бас кезінде, атап айтсақ 1822 жылы қазіргі Қызыл орда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Әкесі Талқанбай кезінде (Қожа тегінен шыққан) Сыр өңірінде танымал, аты аңызға айналған, атақты шипагер, емші, ғажайып әулие Ер Сейітпенбет Хазірет бабаның немересі Айқожа иман өз заманында болашақты деп басып болжай білетін, түс жоритын ерекше қасиеті бар, көріпкел әулие кісі болыпты. Бұл әңгіменің шындығы мен нақтылығын мына бір дәлел айғақтайды. Қазақ халқының өткен өмірінде жер дауы, жесір дауы үлкен дау-жанжалға айналып, арты жаға жыртысу, ұрыс-керіс, талас-тартыспен аяқталған. Тал түсте жесірін қолдан беріп, таяққа жығылу халықтың игі жақсылары мен атқа мінер азаматтары үшін өлімнен де асқан қорлық. Және де от ауызды, орақ тілді шешендердің тапқырлықтары мен жүйpіктepі, сөзуарлары дүйім елдің алдында анықталып сөз мәнері сынға түсіп сыналатыны да осы жер. Бұл қорлыққа жаны төзбей кеудесін намыс кернеген Қалдан батыр қасына бес-алты данагөй ауыл ақсақалдарымен, оншақты сойыл соғатын палуан, кілең өнері тасыған ерен жігіттерді ертіп, Кете еліне аттанып өтеді. Бұл жай ғана аттаныс емес, елдің ертеңін ойлаған, үмітін арқалаған өрен ердің намысы еді. Алайда Қалдан бастаған қуғыншы топқа Кете елінің азулы билері қарсы дау айтып дес бермейді. Небір аузымен құс тістеген шешендер мен ділмәрлар алға суырылып шығып, талай-талай қызыл өңеш бұлбұл тілдер сайрайды. Бірақ екі жақтың да шешендерінің сөз өнері бірдей түскендіктен ауыл ақсақалдары бір шешімге келе алмай қатты сасады. Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем беретін қазағымыздың дархан көңілі мен қонақжайлығына, жомарттығына тең келетін халық жоқ шығар бұл ғаламда. Кете елінің ақсақалдары мен билері Қалдан бастаған қуғыншы топқа қонақжайлық етіп жылқыдан семіздің сөре шығатын қысыр емген тай сойғызып, құрметпен қонағасы береді. Жастар жағы ежелгі дәстүрмен қонақтарға арнап тігілген ақбоз үйлерге табақ тасып, аттарын баптап, қызмет көрсетеді. Үлкендер жағы болса шиеленіскен дау-жанжалдарды бір сәтке доғарып, өтіп кеткен батырлар мен билердің ерліктерін жыр етіп ұзақ сонар әңгімеге көшеді. Ежелгі қалыптасып қалған дәстүр бойынша жасы үлкен қариялар асылған малдың басын ұстап өз кезегімен кісілерге үлестіріп, жылқының былбырап піскен семіз етіне бісмілдә деп енді қолдарын сала бергенде, манадан бері шаңырақта өрмелеп жүрген кесіртке құлап кетіп Қалдан батырдың дам татып отырған табағына салп ете түседі. Сол сәтте Қалдан батыр:

— Ой, Аллай, өлмегенге өлі балық кездеседі деген осы екен. Бұл да бір құдіретті Құдайдың маған жіберген асы шығар, — деп әлгі кесірткені қаймықпастан етпен қоса шайнап-шайнап жұтып жіберген екен. Қалдан бабамыздың бұл іc-әрекетінен қорыққан Кетенінің биі жатқан орнынан басын көтеріп:

— Ойпырмай, мына Шөмекейдің биі кесіртке түгіл айдаһарды да жұтар түге. Әділ шешім біреу-ақ болсын. Тартып әкелген қалыңдығын, ат-тон айыбын беріп өздеріне қайтарыңдар. Біз мұнымен дауласып ештеңе өндіре алмаспыз. Және де Шөмекейдің әйгілі би, Қалдан батырмен қасындағы игі жақсыларына ат, иықтарына шапан жауып, қадірлеп аттандырып салыңдар. Дау осымен бітсін,—деп теріс қарап жатып алған екен. Дәл осы жерде батырға адам жемек тіпті түсінен қорқатын жәндіктен ет орнына шайнатқан да намыс еді. Мұндай әділетті шешімге екі жақ та риза болып тарасыпты.

Жүніс билік айтып «би болмасаң да түсетін үй бол» дегендей ел арасында беделі зор қадірменді кісі болған. Бұл әңгіменің шындығын мына бір дәлел айғақтай түседі. Күз мезгілінің ортасынан ауыл ел қыстауға көшуге қамданып, соғым соятын уақыт таяп қалса керек. Осындай бір шақта Қалдан батыр атқосшысы Жүніске келіп: «Биылғы соғымға соятын мал-тегелердің реті болмай тұр. Өткен жазда сонау көрші ауылда тұратын Көшер байдан бір жылқыны алмақ болып уағдаласып қойып едім. Бүгін соның бір сәті түсіп тұрған секілді. Қысқа қалдырмай уақыт ұзатпай алып қайтайық» депті. Кіші жүз Кете руының Кеген аталығынан шыққан Көшер Таңатарұлы өз заманында асқан бай, әpі ықпалды жомарт адамдардың бірі болатын. Ол кісі кілең торы бие байлайды екен. Тарихи деректер көзіне сүйенсек, біp өзінде 1,5 мың бие болыпты. Көшер мен Қалдан батыр екеуі бұрыннан ынтымағы жарасқан, сыйластығы мол кісілер екен. Бір кездескенде Көшер бай Қалдан биге: «сізді құдайы қонақасы беріп, құрметтеп шығара алмадым. Өзіңізге атаған арнайы малым бар еді. Жолыңыз түсіп шаруаңыздың орайы келіп жатса елге келіп, алып кетіңіз» — депті. Қалдан бидің Жүніске Көшерден бір жылқы алуға уәде байласып қойып едім деуі де осыдан туған іc. Қалдан батыр күн шыға Жүніске аттарды ерттетіп, Көшер байдың ауылына аттанып кетеді. Жол жиегіне жағалай қоныстанған байлар ауылының үстімен өте бергенде, сол жepді бұрыннан мекен етіп келе жатқан Есбол руының шынжыр балақ шұбар төс аталған атақты байы Аманбай қуып жетіп тоқтатып, сәлем береді. Сәлемін алған батыр әңгіме арасында өзінің бір тығыз шаруаларымен асығыс жол жүріп бара жатқанын айтады. Әйгілі бидің алдында атақ-даңқы мен мырзалығын көрсету мақсатында көздеген Аманбай Қалдан батырға: «Уа, батыреке! күйбең-күйкі тіршілік деген адам баласынан артылушы ма еді. Жұмыс ешқайда қашпас. Бүгін ат шалдырып үйге кіріп сусын ішіп, бұйырған қонақ асын жеп кетіңіз» деп қолқа салады. Байдың жарамсақтығына қатты шамданған Қалдан батыр ашуланып: «Атаңа нәлет, батыр десе зәре-құтың қалмай қорқасың. Осы сый-кұрметіңді кедей-кепшіктер мен сүйенері жоқ жетім-жесірлерге неге жасамайсың» деп Аманбайды аттың бауырына алып қамшымен тартып-тартып жіберіп тоқтамай жүріп кетеді. Булар ауылға таяп келсе Көшербай жалшыларына суаттан жылқыларын суатқызып тұр екен. Көптен бері көріспеген батыр мен би дидарласа қауышып ел-жұрт пен мал жанның есендігін сұрасады. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Қалдан би өзінің жұмысын бірінші болып баяндайды. «Анау дөңнің қасында тұрған биені сіздің қосарыңызға байладым» — депті. Көшер төбе жақты қолымен нұсқап. Қараса жылқы керегедей, кеудесі сандықтай іpі денелі торы бие семіздіктен жарқабаққа шыға алмай, оттауға шамасы келмей ыңыранып тұр екен. «Уа, Көшер егін еккендік мал баққандық емес пе әрқашанда малыңның өсіп-өнуі — адал кебісін мен еңбегінің жемісі. Биеңнің ақысына қолымда байлаулы тұрған жарақты жылқым бар, соны берейін» — деді Қалдан. Сонда Кешер: «О, не дегеніңіз. Малым арымның садағасы демей ме, сіздей халық қалаулысына мал сату маған бақ пен атақ-абырой бермес. Биені сізге пұлсыз тегін байлағанмын» дейді. Мұнан кейін Көшер бай баласын шақырып алып Қалдан батырға қолғабыс көрсетіп биені ауылына дейін жеткізіп тастауды мықтап тапсырады. Ымырт үйіріліп, түн қата жеткен Қалдан бай баласын құр қол жіберуді жөн кермей бай мен бәйбішесіне арнап көптеген сый жоралығы бере баласын риза етіп жібереді. Биені таңертең соймақ болып жем-су бермей таң асырып қояды. Таң сызат бере дәрет сындырмақ болып, түзге шықса, таң асырып қойған қорадағы биенің жоқ екенін көреді. Іле-шала үйге кіріп Жүністі оятады. Болған жағдайды бірден түсінген Жүніс аттарды ерттеп, Қалдан батыр екеуі көп ұзатпай қолды болған биенің ізіне түседі. Жолшыбай жол үстінде бұларға атақты Қаражан болыс кездесе кетеді. Қаражан болыс туралы азырақ дерек бере кетейік. Кіші жүз Кете руының Сойрғас аталығынан шыққан Қаражан Қошқарұлы ел билігіне жете араласып, болыс атағына не болған кісі. Ел құрметіне бөленіп Сыр бойында есімі кеңінен танылған.

Сонымен жолай кездескен Қаражан:

— Айпыр-ай! Батыреке, таң атпай ертелетіп қайда бара жатырсыз?—депті. Сонда Қалдан сабырлы кейіппен:

— Әтй, қарағым, жай адам ертелетіп жүруші ме еді. Қорадағы байлаулы тұрған биемді осы ауыл-аймактыц балалары мініп кетіп, соның артынан қуып келе жатқаным ғой, — деген екен.

Батырдың салмақты да қысқа сөзінен, ашулы жүзінен бір жағдайдың болғанын айтпай-ақ ұққан Қаражан болыс бұдан әрі сөз қозғамапты. Осылайша атақты Қалдан би, Қаражан болыс, атқосшы Жүніс үшеуі ұзақ уақыт жол жүріп, шаршап-шалдығып бір жерге келгенде Қалдан би:

— Қолды болған бие де, оны ұрлаған ұры да ұзап ешқайда кетпес. Кешке дейін айналып кеп осы маңға бір соғар, — деп ит тұмсығы өтпейтін қалың дарақты бір жыңғылдың түбіне отыра кетеді. Қалдан би отырған жерден бие сауымдай уақыт ұзап кеткен Қаржан болыс пен Жүніс бір төбенің биік басына шыға бергенде төмендеп сай жақтан аппақ бураға мінген қосарына торы бие жетектеген жас жігітті кездестіреді. Іздестіре келіп ұры ұсталады. Қалдан батыр ұрыны ауылына ертіп келіп оған: «Адал кәсіппен дүние тапсаң, елге елеулі боласың, арамдық, ұрлық жолы тар» деп өсиет айтып алдына мал салып аттандырып жіберіпті. Кейін әлгі жігіт батырдың өсиетіне құлақ қойып, адал еңбегімен дәулетті кісілердің қатарына қосылыпты дейді мыс. Бұл іc батырдың таспен ұрғанды аспен ұр деген қағиданы берік ұстағандығын байқатады.

Қалдан Талқанбайұлы XX ғасырдың бас кезінде 1913 жылы 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтіпті. Халық елдің еркесі атандырған батыр ұланын өзінің тапсыруы бойынша Тарғыл тауының маңына ақ жауып арулап қойыпты.

Қ. Исабай
Үкібай би42
(1778-1856)

1833 жылдың 22 тамызында Баянауыл округі ашылды. Округті аға сұлтанынан бастап барлық төменгі басшылығына қара қазақтар ие болып Ресей патшасы Александр-1 бекіткен «Орта жүз қазақтарына» арналған жарғының 36 —37-баптары бұзылды. Сонда округке қараған 13 болыстың бірі — 6 старшындық, 511 түтін, 739 еркек, 575 әйел бар Сатылған-Алтынторы болысының сұлтаны болып Найзабектің Үкібайы сайланады (ҚОА, 338-кор, 2273-іc). Аталған жарғы жетегімен қазақ жеріне орыстардың келіп, орныға бастауына қарсылықты алдымен Абылай Қасымның балалары көрсете бастайды. Өйткені олар Уәлиден кейін хан тағы өздеріне тиеді деп дәмеленіп жүрген болатын. Ал орыстар болса, хандық билікті жоя, «аға сұлтандықты» алға сала келсін. Атқа бірінші болып Қасымның Саржаны мінсін. Қол жинау мақсатымен Айдабол арасына келгенде Шоң, Қаржасқа сөз салғанда Шорман оған кісі беруден бас тартады. Он жылдан кейін, Саржан ізін ілгері Кенесары мен Наурызбай басады. Бұлар да қол жинауға жан-жаққа кісі аттандырады. Алайда, Баянауыл өңірі олардан мүлде теріс қарап кетеді. Ал Боштай (бұл уақытта Шоң дүние салған) Айдаболдан кісі сұрай барған Кенесары адамдарын мүлде беттетпей қайтарады. Тегі осы бір шолғыншылықтың жалғасы болар, 1838 жылдың көктемінде, ел жайлауға әне-міне көшеді деп отырған уақытта Шорманның Мұсасы үйінде бас қосқан Үкібай және Петр Бутаков деген қазақ-орыстың үстінен Кенесары адамдары түсіп, байлап-матап алып кетеді. Кенесары қозғалысының әуелгі мекені Қорғалжын көлінің төңірегінде болған. Кенесары орыстың қолға түскеніне қуанып, оны әлде жаулықты қоздыра түсу үшін бе екен, болмаса, төңірегіне жиналған қазақтарға орысты да өлтіруге болатынын көрсетейін деді ме екен, әйтеуір Бутаковты жазалауға білек сыбанады. Сол жерде Мұса:

— Ол менің құдайы қонағым. Ендеше онымен қосып мені де өлтір! — деп алға шығады

— Орыс құдайы қонақ болып па екен, — деді Кенесары.

— Қонақты, ол кім болса, сол болсын, құдай жібермегенде кім жібереді? - деп сөзге Үкібай араласады.

— Құдай жібермеген қонақ бола ма? — дейді Кенесары.

— Болады, — дейді Үкібай. — Мына алдыңа құдай жіберген жоқ, зордың күшімен отырмыз.

— Ендеше, үштің бірін құрбандыққа шалуға болады, — дейді Кене.

— Оның жазығы не?

— Жауым.

— Көршісінен жау көргеннің үйінде тыныштық болмайды. Орысты былай тауыса алмайсың. Оны өлтірсең өзіңе кіреуке келеді. Батыр атағың бар емес пе, соғыста өлтіp.

— Tіpі жіберсем, ол ертең маған қарумен келеді ғой.

— Tіpі жіберсең, ол сенің қайырымдылығыңды өзіндейлерге жаяды да сонда саған ұмытылатын қанша орыстың беті кайтады.

Осы сөзден кейін Кенесары тоқтаған екен дейді (1) («Акмолинская ведомство» журналының 1885 жылғы 8-санына жарияланған Шорман Мұсасы жөніндегі аза хатта бұл оқиға айтылады. Аза хат авторы есаул Путинцев бұл әңгімені Баянауылда Бутаковтың өз аузынан естігенін жазған).

— Сендер орысқа неге оп-оңай беріліп қалдыңдар? — дейді Кене.

— Ата жолы, — дейді Үкібай.

— Қай атаңның?

— Әрі-беріден соң қазақ елі тізгінін орысқа ұстатып қойған менің атам емес, сенің атаң. Атаңа шын тартқан болсаң, атой салмай көршіні де, eлді де тыныш ұстау айласына кешпес пе едің.

— Ал, Мұса екеуіңе қандай жаза лайық деп ойлайсың?

Мына Мұса өзіңнің құдаң (1) (Кенесарының немере інісі Шоқанның шешесі Мұсаның апасы). Бұған қылыш көтерсең, қолың қалтырайды. Ал мен сенің атаңның жолын қуып, орыс қызметін атқаруға бара жатырмын хош! — деп Үкібай теріс бұрылып кете барған екен. Қазақ елі жаппай көтеріліп жайлауға кеткенде Үкібай ауылы Сілеті өзенін жағалай келіп қонады. Жылдағы әдеті бойынша Сатылған руының тармақтарын басқаратындар Үкібайға келіп, ауылдарының қай жерде отырғанын хабарлап кетуші еді. Неге екеш белгісіз, биыл олар көріне қоймады. Күн өте оған аса суық хабар жетеді. Сатылған-Алтынторы болысы тік көтеріліп Қорғалжын көліне қарай көшіп кеткен екен. Яғни Кенесары станына барып қосылған. Болыс сұлтанына бұл төбеден түскендей хабар болды. Не істеу керек? Кенесары мұны еткен жолы алдырғанда «болысыңды алып кел!» деген. Бұл бас тартса да аман қайтты. Енді міне төре Сатылған-Алтынторыны өз жағына мұнсыз-ақ шығарып алыпты... Сөйтіп, Үкібай биліксіз би болып, әліптің артын сабырмен күтіп отыра береді. Бір үміті— болыс қыстауға қайтқанда сөйлеспек еді, бұл да болмады... Ақыры олар 1839 жылдың қара күзінде ғана қыстауға қайтып оралған. Кенесары қолында жүріп иесінен айырылған отбасы, байынан айырылған жесір, малынан айырылған ел. Енді жүдеу-жадау болысты ел қатарына қосу керек. Үкібай осы қаммен зыр жүгіріп жүргенде дуаннан және бір суық хабар жетсін: Батыс Cібіp бас губернаторының жарлығы бойынша Кенесары қармағында болып қайтқан болыстар ыдыратылып, басқа болыстарға бір-екі ауылдан таратылады екен. Көп кешікпей дуан осыған кіріседі. Ал болыс сұлтаны Үкібай бұл шараға қаншама қарсылық білдірейін десе де жуан алдына бас губернатор жарлығын тоса береді. Содан кейін Үкібай «Ағын суды басынан бұз деген», деп Керекудегі бір татар тілмашын ертіп алып, Омбыға барып облыс бастығына, одан хабар болмағаннан кейін Тобылға барып бас губернатордың өзіне жолығады. Бұл сапарында Үкібайдың Ресей әкімдеріне сөзді қалай жүргізіп, не дегені бізге беймәлім, ал мэлімі —Сатылған-Алтынторы болысын ыдыратпау жөнінде бұйрық алып қайтқаны... Айналып келгенде бәрі 6іp Қаржас руынан болғаннан кейін Үкібай бала кезінде Күшік мырзаның (Шорман бидің әкесі) шаруашылығына қолқабыс тигізіп жүреді екен. Бірде Күшік үйіне қонақ келіп, соларға сырттан қымыз әкеле жатқан Үкібай табалдырықта сүрініп төгіп алған екен. Сонда қонақ «Ей, Күшік, мына баланның дені сау ма?» десе керек. Сонда отырғандарға Үкібайдың өзі былай деп жауап беріпті:

Үйінің жабығы ашық жатпаса,
Қазаны тарсылдап тасып жатпаса,
Қымызы төгіліп, табалдырықтан асып жатпаса,
Ол Күшік мырзаның үйі болмағанда,

кімнің үйі болады! —
деген екен.
* * *

Торайғыр би Үкібайдан ағасының жанын қызғанады екен. Бір жиында екі етек би кенеттен шартпа-шұрт бола қалады. Сатылған биін қуғысы келген Торайғыр:

— Үкі екенсің, ұшып кетпейсің бе, далаға! — дейді.

Сонда Үкібай:

— Адам атына қасиеті сай болса, Жанқожа (1) (Торайғыр билігіндегі ру аты) байталдарының буаздығын сенен көреміз бе? — деген екен.

— Жиында отырғандар ду күліп, Торайғыр сыртқа атып шыққан екен, дейді.

* * * Омбыға бір барған жолы облыс бастығы алдындағы қарауыл қаруын көлденеңдетіп, қыр қазағының жолын кескестей берген екен. Үкібай оның бетіне тура қарап:

— Ей, сен де орыссың ба-ей! — дейді

Анау:

— Ие, орыспын, — дейді.

— Орыс болсаң менің жолымда тұрма! Орныңды тап! — деп итеріп жіберген екен.

* * * 1831 жылдың күзінде қаржас пен қанжығалы рулары арасындағы Ереймен қыраттары үшін талас болып, соңғыдан жеті адам шейіт болады. Орыс жағы әкімшілік заңымен екі жақты бітімге келтіре алмағаннан кейін істі қазақтардың өзіне тапсырады. Қаржасқа кіретін Төртұлы одағын Шоң, қанжығалы жағы Нұрмағамбет төре (Абылай немересі) бастап келіп бітімге бас қосады. Осы жерде ара ағайынның міндетін атқарушы Керей биі Көшеннің Тұрлыбегі «Жер әуелі құдайдікі, содан кейін пайғамбардікі, содан кейін хандікі, содан кейін төренікі...» деп әлемді Нұрмағамбетке қарай икемдеп сөйлегенде Үкібай қамшысымен сырмақты осып жіберіп:

— Хан, төре кірме. Оларға жер қайда! — деп айқайлап жңберген екен. — Жер әуелі Құдайдікі, содан кейін қазақтікі...

— Пайғамбар ше? — дейді Тұрлыбек.

— Жаным мен иманым пайғамбардікі. Оған сол да жетеді (КУА., 338-кор, 692-папка, 708-бет).

Сол жерде Шоң даулы мәселе жөнінде бітім айтуды Үкібайға береді.

— Қаржас Өлеңтіден әpі кетпесін, Қанжығалы бері өтпесін!

Осы кезде Шорман оршып кетеді

— Бұл не дегеніңіз? Ерейменді Қанжығалыға тұтасымен бере салдыңыз ғой. Ол жақта Қаржастың жеті қыстау жері қалды.

— Қанжығалының жеті адамы қалды, — дейді Үкібай.

— Жеті адамның құны 700 жылқы. Ал Ерейменнің Қаржасқа тиесі жартысына жеті жүз үйір (1) (Бір айғыр үйірінде 12 — 15-тен бие болады) жылқы бағуға болады!

Үкібай:

— Мен өз бітімімді айттым, — деп үнсіз отырып қалады.

Сонда Шоң:

— Үкібайдың бітімі бітім! — деп кеседі — Адам құнын малмен бағалау әбестік. Адамға жетер құн жоқ.

Соңынан Шоң оңашада бітімнің сырын сұрағанда Үкібай:

— Өрлей түссек ана шейіт болған жеті адам да арғын. Өлген адамға қаржас па, қанжағалы ма деп қарау неғылған былшыл. Бұл — бір. Екінші, жер ыңғайына қарағанда осы Ереймен түбі күш ашылу көзделіп отырылған Баянауыл дуанына кіреді (2).

(Ереймен сілемелі де, оны жайлаған Қанжығалы руы 1844 — 1928 жылдар аралығында Баянауыл әкімшілігіне қараған). Ал өзіңіз мені қандай себеппен қолдадыңыз?

— Сен менің ойымның үстінен түстің,—деген екен Шоң.

* * * Көшенің Тұрлыбегі XІX ғасырдың қырқыншы жылының аяғы мен елуінші жылының бірінші жартысында Омбы облысы бастығының кеңестігі болып істегенде ауық-ауық қырға шығып съез өткізіп тұрады екен. Ол съезге кеңесінің соңына ергендері бар, әрі округтегі келіп катысатыны бар үш жүзге жуық адам елге масыл болып, апталап жатып алатын болса керек. Ал бір таңқаларлық жай Тұрлыбек мұндай съезді өзінің Керейі ортасында өткізбейді екен. Міне, келесі съезді Баянауылда өткізбек болып, осы жөнінде ел елге хабаршы жетеді. Билер бас қосып (1858 жылдың жазында) Баянауыл округінің аға султан қызметін уақытша атқарып жүрген Мұса Шорман баласына келеді. Өйткені, бұл — Баянауылда өтейін деп отырған екінші съез екен. Ел алғашқы съезден-ақ әбден зәразап болып қалған көрінеді.

— Үкеңмен ақылдасыңдар. Сол кісі орыс әкімдері жағынан маған жамандық келмейтін де, съезді өткіздірмейтін де айла тапсын, — деп жібереді. Бұл уақытта Үкібай Көкдомбақ деген жерде тұрады екен.

— Әуелі Үкібай барсын, сонан кейін біз де барамыз деп қоныстарыңда қозғалмай отыра беріңдер! — дейді Үкібай барған болыс сұлтандарына.

Хабарланған уақыт келгенде Тұрлыбек нөкерлерімен, басқа округтардан жеткен қонақта Баянауылды кернеп кетеді. Үйлер тігілмеген, басқа қамда із жоқ. Терісіне сыймаған кеңесші қамшысымен үстелді ұрып, Мұсаға айқай салады. Қырамын жоямын, баяғы!

— Төртұлының қалған үлкені — Үкең. Басқа болыс, билер сол кісі алдымен барсын деп отыр, — дейді Мұса.

— Kіcі жібер! Мен келді де.

— Менің кісілерімнің Үкеннен беті қайтқан,— дейді Мұса.

Осыдан кейін Тұрлыбектің өзі кісі жіберуге мәжбүр болады.

— Үкібай өзіңізді келсін деп жатыр, — деп қайтады олар.

Тұрлыбек жаман ашуланады. Барайын десе, лауазымы үлкен, бармайын десе, орыс әкімдері тапсырған жиын өтпейді.. Ақыры атына мініп, соңына ерген тобымен Көкдомбаққа, елу шақырымдық жолға шығуға мәжбүр болады.

— Ат шаптырым аймағы бар, алты дуан ойнағы бар Арғын дейін десем, Арғын емессің. Өзі мол, Өзі жуас найман дейін десем, найман емессің, батыр шыққан уақ дейін десем, уақ емессің, байы көп, биі әділ керей дейін десем, керей емессің, бары-жоғы бір айғыр үйірдей ғана жетім қаржас (1).

(Қаржасты Сүйіндіктің асыранды баласы деген сөз бар) екі шақырғанда қозғалмайтын саған күш қайдан келеді, осы! — деп Тұрлыбек отыра алмай сөйлеген екен.

Сонда Үкібай:

— Арық-тұрақ қорасын айналған қасқырға ұқсап, байы кеп керей барда жетім елге келер ме, осыдан кейін орыс саған сеніп тізгін берер ме,—дейді Үкібай. — Бұл жолғы съезің Баянауыл да өтпейді

Тұрлыбек осылай, съезін өткізе алмай қайтқан екен (Сонда. 692-папка).
* * *

1852 жылдың қазан айында Қарқаралы мешітінің ашылу рәсімі болды. Оған жер-жерден жақсылар шақырылады. Шоң мен Шорман бұл уақытта пәниге сапар шегіп кеткеннен кейін, жалпы Сүйіндік атынан Үкібай қатысады. Ортада бір мәселе тұрады:

Мешіттің есігін алдымен ашу құрметіне кім ие болмақ.
Тобықты жағы:

— Құнекең (Құнанбай — К-И ) әрі аға сұлтан, әрі өзі салдырған мешіт. Жол сол кісінікі ғой, —дейді

Қаракесек жағы:

— Ата қонысында бой көтерген құдай үйі болғаннан кейін, оның есігін алдымен ашып, жұртты намазға шақыру Алшакеңнің (Алшынбайдың — Қ.И.) жолы,—деп шіpeнeді.

Екі ру біріне-бірі жол бермей тартысып отырған шақта Үкібай қозғалып, қауым назарын өзіне тартады. Құдай-тағаланың қасиетті мекенінің есігін ашатын адамның тұла бойында құдай берген мүшесі түгел болуы керек, — деп сыңар көзді, бірі шашсыз ана екеуін жолынан сырып тастап, аят оқып, мешіт есігін өзі ашқан екен.

* * * Үкібай төсектен бас көтермепті дейді. «Басымызды қосып, ел қылып едің, енді не боламыз?» деп жылап сықтаған жұртқа, көзін ашып, басын көтеріп, әуелі басу айтып, содан кейін:

— Азар болса, Үкібайы жоқ көп елдің бірі боларсыңдар, — деп жүріп кеткен екен.

* * * Ел аузында Үкібайдың өлімш Мұсаға ол Петербург сапарына екінші барып-қайтқан жолы Тайкелтір Ыбырай ақын:

Қаржаста Өтеу, Сәти теңдес деймін, Шөксеңіз сөз мәнісі келмес деймін (Үкібайдан кейін Сатылған-Алтынторы болысы міндетін атқаруға кіріскен Қуандықтың Құдайбергені әрі шешен, әрі ірі денелі адам болған екен. Сол себепті ол кісіні жұрт «отырды» демейді «шөкті» дейді екен. Содан азан шақырып қойылған аты орнына жұрт «Шөкең» деп кеткен).

Ел ішіне қиындық түскен кезде, Қорған болған Үкібай қайтып келмес деймін, — деп естірткен екен деген сөз бар. Мұса мырза Ресей астанасына екінші рет Александр ІІ патшаның таққа отыру салтанатына қатысу үшін 1856 жылдың тамыз айында жүріп кетіп, қарашаның аяғында ғана оралған екен... Ресей құжаттарында әдетте, қызмет атқарған қазақ, шонжарларының туған жылы көрсетіледі де, дүниеден қайтқан жылы тіркелмейді. өйткені, «Формулярды тізім» адамдардың көзі тірісінде өзінен сұрау арқылы толтырылады ғой. Сондай құжатқа Үкібайдың 1778 жылы туғаны тіркелген. Егер жоғарыдағы бір шумақ өлеңде жан бар десек, ол 1856 жылдың күзінде дүние салған сыңайлы. Жә, біздің бұл тұжырымдамамызды Омбы облысы бастығының Құдайберген Қуандықовты 1857 жылдың шілдесінде Сатылған-Алтынторы болысына сұлтан етіп тағайындау жөніндегі бұйрығы да қостайды.

Р. Каренов
Арқаның дана биі Тәти мырза43

Сарыарқа жерінде Тәти атты екі адам болған. Біріншісі— Мұрат руынан шыққан Тәти Игілікұлы. екіншісі—Сармантай руынан шыққан Тәти Жұманұлы. Екеуі де би болған, болыстарды басқарған. Алғашқысы 1860 жылдары Кереке-Алтай болысына, екіншісі одан ертерек, 1830 жылдары Мойын-Алтай болсына билік жүргізген. Осы екі Тәти де өз уақыттарында елге белгілі қайраткерлер болған және олардың халық аузындағы аңыздарда қалуы да тегін емес. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде Тәти (Тәті) Жұманұлы туралы былай деп жазады: «Бұл Тәті жақсы Тәті атанды. Қуандық, Сүйіндікте жалғыз қара болады. Өз тұсында мұның алдына жан түспеді» (Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі,— Алматы: Жалын, 1993, 27-бет). Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, ат жалын тартып мінгеннен бастап, әділдігімен қара қылды қақ жарған — дара Тәти болған.

Тәти Жұманұлының ата-тегі Тәтидің ата-тегін таратсақ: Арғын — Мейрамсопы — Қуандық — Алтай — Мойын — Рақпанқұл — Әлібек — Сармантай. Сармантайдың азан шақырып қойған аты Шындәулет. Әкeсі Әлібек еркелеткенде «Сартайым — Сармантайым» дейді екен. Сармантай (Шындәулет батыр) 1700 —1773 жылдар арасында өмір сүрген. Сармантай батыр атанып қана коймай мемлекет арқылы келісім-шарт мәceлeлepінe де қатынасып отырған. Сармантайдың бәйбішесінен (Мәулімнен) төртеу туады: Өмірзақ, Ерназар, Құлназар, Бекназар. Екінші әйелінен (Тотиядан) бесеу: Қаражігіт, Алда, Жұман, Өтеміс, Бөлеміс. Үшінші әйелінен Кәрішал жалғыз туады. Сарыарқа жеріндегі екі атақты байдың — Жұман Сармантайұлының және Игілік Өтепұлының — ғұлама жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» тарихи романның басты кeйіпкepлepі екендігіне орай көптеген оқырмандар олар шын жүзінде қандай адамдар болған деген сауалдар қояды. Архивтік құжаттар бұл екеуінің де ақылды ел басшылары, тамаша шаруақор адамдар және тереңнен ойланатын саясатшылар екенін куәландырады.

Жұман бай бірнеше әйел алғанға ұқсайды. Осы әйелдерінен он бір бала туады. Бірде Жұман бабамыздың ауылының тұсына көшіп бара жатқан бір көш түнейді. Ертеңіне көштің иесін дәмге шақырып, Жұмекен кім екенін сұрайды. Көш иесі Бәсентиін руының батыры болып шығады. Бір дауда өкпелеп төрт қызымен көшіп келе жатқан беті екен. Жұманның баласы жалғыз екенін біліп, оған бір қызымды ал, құда болайық деп ұсынады. Бірақ алатын болсаң кіші қызым Мапашты ал, қыздарымның ішіндегі ең асылы дейді. Оны қайдан білдіңіз деген сұраққа: «Жөргекте, шалқасынан жатып шаптырғанда кіші дәреті кереге бойына жетуші еді» — дейді. (Есмағамбетов З.Д. Атадан қалған алтын тамыр: Сармантай руының тарихи шежіресі Қарағанды: ТОО «Арко», 2000. 73-бет). Сонымен Жұман Мапашқа үйленеді Мапаштан төрт ұл туады: Қошқарбай, Сәттібай, Сәти, Tәті (Тәти). Жұманның барлық ұлдары би болыпты.

XІX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи оқиғалар:

XІX ғасырдың басында Сармантай руы Жұманши деп аталатын қорымды мекендеген. Бұл аймақ Боқты тауының шығысына қарай Түндік өзенінің бойында болған. Алғашқыда Қаракесектерден зәбір көрген Сармантайлар, одан кейін Мұраттар қазіргі Қарағандының маңайында 1815—1820 жылдар аралығында бірер жаз қоныстанған. Содан соң қарсыластарымен мәмілеге келгеннен кейін бұл екі ру да өздерінің бұрынғы жайлауларын жайлай бастайды. Бірақ Қаракесектер мен Алтайлардың арасындағы бітімгершілік көпке бармайды. 1822 жылдан бастап Алтай рулары жаңа жайылымдар іздеумен өзге руларды да ығыстыруға мәжбүр болады. Мәселен, Қарағанды аймағындағы Қарпықтардың бір тармағы Барғана руымен жер дауынан жүз шайысып та қалады. Ақмола приказы қыстауларды әр руға бекітіп беруді 1835 жылы жүзеге асырады. Сармантайларға Қабанбай, Байдәулет, Түгелбай, Соқыр-Сораң, Наршеккен, Қосағаш және басқа да қорымдар тиеді. Жаз жайлаулары қазіргі Саран қаласының төңірегінде болады. Мұраттар болса Аралбайлармен бірге Сармантайлардан батысырақ аймаққа орналасады. Олардың қыстақтары Қызылтөбе, Алабаста болса, жайлаулары Құндызды, Нұра, Есен, Манақа, Айғыржан маңайларында болған. Біз әңгіме етіп отырған уақыт кезінде Алтай, Қарпық, Темеш және бұлардан өзге бірқатар ұсақ руларға Құдайменде Есімханов (1825 жылы қайтыс болған) пен Қоңырқұлжа Құдаймендин билік жүргізген. Міне, дәл сол кезде осы аймақтағы тарих сахнасына Жұман Сармантайұлы шығады. Жұман жастайынан ағасы Өмірзақ бидің ауылында өседі. 1820 жылдардың басында-ақ ол Алтай еліндегі беделді биге айналады. Қаракесектермен жер дауы жайлы және Алтайлықтардың олар барымталап кеткен малын қайтару жөнінде келіссөздер жүргізеді (ҚРМОА, № 338 қор, 1-тізбе). 1825 жылы Қоңырқұлжа сұлтанның және бір топ билердің тапсырысы бойынша Жұман Қарқаралы қаласында патша әкімшілігінің өкілдерімен, Қуандық руларының кейбіреулepі мен Ресей өкіметінің қол астына өтуі туралы келіссөз жүргізуге барады. Осының нәтижесінде қазан айының 14 — 24-і аралығында Алтай, Қарпық, Темеш руларының иелері Маңғадыр дейтін мекенде патша өкіметіне құран ұстап ант беріп, Ресей өкіметінің қол астында өткендіктерін мәлімдейді. (Бұл туралы жоғарыда көрсетілген қордың № 434 ісінде көрсетілген). 20 жылдардың аяғына қарай Қуандық рулары Қаракесектердің, олардың көптеген жерлерін басып алуына және мал барымталауды тоқтатпауына байланысты, Батыс Cібіp генерал-губернаторына бірнеше рет арызданын, олар өздері тұрған аймаққа дербес округ пен приказ ұйымдастыруды өтінеді. Бұл приказдың аға сұлтаны болып Сәмеке ханның шөбересі Қоңырқұлжа Құдаймендин, ал қазақтардан заседательдер болып Қарпықтың биі Қотыраш Қабанбаев, Алтайдың биі Матақбай Бектасов және олардың орнына кандидаттыққа Аралбай Қосыбай Бабықов сайланады. Сол кезде Мойын-Алтай болысының басқарушысы болып Сармантай Жұман би ресми түрде сайланады. (Жоғарыда көрсетілген қор. №533-іc, 211, 229-беттер). Жұман патша әкімшілігінің ықыласына әлденеше рет ие болған адам. 1825 жылдың желтоқсанында ол Қуандық руларының Ресей басқаруына өтуін мәлімдеген делегацияның құрамында Омбыға келгенінде аймақ бастығы полковник Бруневский оған старшина лауазымын береді. Оған берілген куәлікте «Ресей самодержавиялық тағына шын берілгені, қырғыз-қайсақ халқының қамын жегені үшін» деген сөздер бар. (Бұл да сонда, № 338-қор). 1828 жылдың наурызында Жұманға құрметті шекпен жабылады. 1833 жылы старшина Жұман Сармантаев капитан дәрежесіне көтеріледі.Бірақ, бұл шенді алуға үлгермей, 1834 жылдың басында қайтыс болады. Әкесі Жұман қайтыс болған соң, Тәти 1834 жылдың басында Мойын Алтай болысының басқарушысы (управителі болып сайланады. (Бұл дерек К.РМОА архивтің № 338 қорынан алынды). 1835 жылдың 5 ақпанында Тәти Жұмағұлұлына поручик шені беріледі. 1838 жылдың маусымында Тәти Кенесары Қасымұлының Ақмолаға жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін оның соңын ала Шу өзеніне қарай көшеді.

Тәтидің Қоқан ханмен кездесуі Бір жылы Тәти «қыс болмайтын, қошқарға күйек байламайтын Жиделібайсынға бастап барамын» дейді. Әуелі көш жолын шолып қайтпақ болып, қасына бірнеше адам алып жолға шығады. Қоқан өтіп оның ханы Құдиярға (З.Ә. Есмағамбетовтың кітабында Тәти өзбектің ханы Беглербекпен Ташкентте кездеседі) келіпті. Хан Тәтиді тәуір деген мейманханасына қабылдап, құрмет көрсетеді. Бір мәжіліс үстінде Құдияр хан есіктен төрге дейін төселген аса үлкен кілемді көрсетіп:

— Сіздің Арқада осындай үлкен кілем бола ма? — дейді.

— Арқаның кілемі сіздің кілеміңізден үлкен болады. Жауынға шірімейді күнге күймейді. Күн, су, жел үшеуі де нұр ғой. Су жуады, күн сүйеді жер үрлейді. Осы үшеуінің арқасында Арқаның кілемі түгі ажарланып, құлпырып түрлене береді — деп жауап берген екен Тәти. Оған мән берген ешкім жоқ. Хан Тәтиден бұйымтайын сұрапты. Сонда Тәти:

— Иә, асыл текті Құдияр хан, сізді мейірбан жүректі деп естиміз. Біз мал өсірген үш арыс қазақ деген ел едік. Соңғы жылдары қыс қатты болып, мал жұтап, ауыртпалық көріп тұрмыз. Соның жайында бес-ақ ауыз сөзім бар еді — дейді. Хан ұлықсат берген соң, Тәти:

— Тар қойын, кең етегіңізге кіргізіп алыңыз. Бұл бір. Екінші, үш арыс қазақтың сөз тізгінін өзімізге беріңіз. Үшінші тілегім — жайымен ұзап көшіп, қиыр жайлап, шет қонуға кеңшілік жасаңыз. Сіздің хандық қазынаңызға халықтан пітір-зекет жиып, өзіміз тапсырып тұрайық. Ақырғы тілегім: әрқилы сырт шаруамыз туралы айбарлы қорғанымыз болып тұрсаңыз екен, — дейді.

Сөз мәнісін жете түсінбесе де бұл тілектерден оншама маңызды ештеме көре алмаған Құдияр хан: «Қол астыма кіргізіп аламын һәм бес сұрағыңызды да түгел бердім», — деп келісе кетіпті. Тәти келген шаруасын бітіріп аттанған соң ханның бас уәзірі ханға:

— Тақсыр, cіз Тәтиге сөзіңізден ұсталып қалдыңыз, оныңыз қиын болды, — дейді. Хан аңтаң. Уәзір Тәти сөздерінің мазмұнын былай шешкен екен:

— Cіз «Арқада мұндай үлкен кілем бола ма?» дегеніңізде ол: «Арқаның кілемі будан да үлкен болады» деді. Онысы қазақтың ұлан байтақ жерін айтқаны. «Үш арыс елміз» деді «Ұлы жүз, Орта жүз, Кіщі жүз көп халықпыз» деген сөзі еді. Оның астарында айбар жатыр, Сізбен теңбіз дегені.

Арқаның қысы қатты деп жұтын айтты, тар қойныңызға ал деді. Онысы барлық үш жүздің баласы қыстап шығатын қоныс сұрағаны. Оны қалай бepecіз? Кең етегіңізге кіргізіп алыңыз дегені — жаздың күні жеріңнің алыс шетіне ұзап көшем, қаласам келемін, қаламасам келмеймін дегені. Сөз тізгіні өзімізде болсын дегені, cіздің алдыңызға хан деп келіп жүгінбейміз дегені. Қаржыны өзіміз әкеліп береміз дегені — қаласақ садақа — зекет берерміз деп сізді жұбатқаны. Осы сөздердің сырын кеш ұққан билеуші сол мезетте сертінен тайыпты (З.Ә. Есмағамбетовтың кітабында Бегілербек хан өзінің уәзіріне Тәтиді у беріп өлтіруді бұйырды).

Тәтидің өліміне байланысты кейбір деректер.

Болат Әубәкіровтің «Сонымен, Қарағанды көмірін ашқан кім?» атты мақаласында (Әубәкіров Б. Сонымен, Қарағанды көмірін ашқан кім? Орталық Қазақстан, 1992. 3 қыркүйек.) Тәти 1838 — 1841 жылдар аралығында қайтыс болды деп көрсетілген. Оның өлімі Қоқан-Хиуа хандарының әрекеттерінен болды деген деректер келтіреді. Тәтиді бір істі сылтау етіп хан сарайына шақырады. Ол сарайға кіргенде Тәтидің оң жақ үзеңгісіне у жағып қояды. Атқан мінуге айналғанда үстіне қайыршы тамшы киген, арқасында тезек салған қабы бар, бір кемпір жарапазан айтқан кісі болып, Тәтидің қасынан жақын өте беріп, былай депті әндетіп:

«Төнді қатер басына,
Бара алмаймын қасыңа.
Кесіп тастап оң жағын,
Сол жақтан мін атыңа.

Ардагер, боздақ асылым,
Қазақ еді нәсілім.
Оң жақты кесіп, солдан мін,
Болмаса да кәсібің».

Өкінішке орай, мұны ешкім eлeмeйді. Тәти жолдастарымен аттарына мініп жүріп кетеді. Күн ыстық, сол жақ аяқтан у таран, Тәти атқа жүре алмай, бір қыстаққа түседі. Ақыры өмірден өтетінін сезеді. «Бұ дүниеден менің жұмысым осы науқаспен бітеді» деп жолдастарымен қоштасып, хош айтысады. Арғын еліне туған ағаларына ақтық сілем жолдайды. Қазақтың жоқтау жырлары «Боздағым» атты кітапта (Алматы: Жазушы, 1990.) «Алтай Тәті» деген жоқтау келтірілген. Бұл жоқтауда «Алтай Тәті немесе Сармантай Тәті деген адам (туған, өлген жылдары белгісіз) XІX ғасырдың аяғында өмір сүрген Қарағанды болысына қараған деген дерек бар» —деп жазылып, әрі қарай былай жалғасады:

«Қаратаудың жалғасы,
Халқына бағлан құлжасы.
Сүйіндіктің ағасы,
Қуандықтың інішегі,

Алтыннан салған сырғасын.
Алаштан дұшпан сөз келсе,
Алдында жүрер жорғасы.
Қара бір таудың өлкесі,

Алтай-Қарпық серкесі.
Жарлығы жалған болмаған,
Хан, қараның еркесі,
Базардан келген без еді,

Жақсыдан қалған көз еді
Елдің қызыл желіндей,
Саулап тұрған сөз еді
Айдыны таудан зор еді,

Дәулеті көлден мол еді.
Өзім бір деген алашқа,
Аласы бір жақ тер еді
Айғыр бір туған құлындай,

Адам ұлын жоқтаған.
Әділдікке салғанда,
Kәпір, қазақ мақтаған.
Құрама жиып ел қылып.

Қосын таза сақтаған
Тілі шайпау тентегі
Ақылына тоқтаған.
Көлдегі аққу дауысты,

Ақ сұңқар құстай шалысты.
Ерегіскен дұшпанмен,
Айдаһардай алысты.
Қанға түскен асылдай,

Қалшайғамен карысты.
Eкі де, тізгін, — бір айыл,
Бір есім деп салысты.
Толқын топқа барғанда.

Топ ішінен шығып сөйлеген.
Сүйіндіктің баласын
Өз ауылындай билеген.
Елім Алтай екен деп,

Ешкімге зорлық қылмаған.
Ертегі өткен замандай
Елдің қамын ойлаған.
Асылық айтып Аллаға,

Күнәкәр cіpә болмаған.
Адалдығы алтындай
Дін сөзіне тоймаған.
Ақыл дана данышпан

Кеудесіне сыймаған
Мұқтарадан жол алған
Бұқарадан қол алған
Жалғыз қылдан нәр алған

Әруақты ердің өзі еді
Адал пірдің мүриті еді
Ескіден қалған көзі еді
Қожалар оқыр құранды

Ажалдыға айла жоқ
Құраннан басқа пайда жоқ
Сарғайғанмен өлмек жоқ
Уайым менен еңбек жоқ,

Алмас қылыш жүзіндей
Қалайы сандық ішінде
Алтын ділдә алпыс мың
Қос қонысын сұрасаң

Қоянды мен Жыланды
17 мың жылқы айдаған.
Топ-топ қасқыр байлаған
Кереге бойы шалғынға

Көк майса мия балғынды
Шалқыған өpіc жалғасы
Найза болған ағашы
Ұзын аққан бойында

Мекен қылды Нұраны.
Терісін де көп берді
Зекетім деп қуанды
Жесір қатын, жас бала

Қайырымынан жұбанды.
Сегіз руға мал берген
Біткен қазақ алаштан
Бетіне жан келмеген.

Майқыменен таласқан
Бес Мейрамның ішінде
Қуандық пен Сүйіндік
Жан болмаған таласқан.

Еске де елге бітер ме,
Мырзадай мұндай жарасқан
Жиырмадан асқан соң
Қазыбектей би болды.

Жесір менен жетімге
Тігіп қойған үй болды.
Жесір менен жетімнің
Болып өтті азығы

Қуандық пен Сүйіндік
Аз күнді болды қызығы
Өз бауырым деп жан тартпай
Тіл жаздырып дат айтпай

Әділдікке салғанда.
Еш барма еді жазығы
Ұтымды сөзбен жеңген соң
Қоқанның қалша немесі

Қасақы қалша қас болды,
Алмай ақыл-кеңесті
Тас кесер есіл болаттың
Үзілген соң, морт жебесін.

«Барса келмес мұхиттың»
Мініп бір кетті-ау кемесін.
Қайғырғанмен өлмек жоқ
Уайымнан еңбек жоқ.

Тоқтатайын сөзімді,
Жоқтаусыз қалды демеңіз
Тәтидей асыл дананы».

Бұл жоқтауға біздің қосарымыз.Тәти бабамыздың бейіті Ташкент қаласындағы Майқалпе ишанның жанында.

Тәтидің өлердегі халқына жолдаған даналық сөздері Тәтидің өлер алдындағы елдегі үлкен ағасы Қорамға сәлем жолдағаны ел аузында мынандай түрде сапталып қалған (З.Д. Есмағамбетовтың «Атадан қалған алтын тамыр: Сармантай руының тарихи шежіресі» атты еңбегінде Тәтидің ел-жұртына айтылған сәлемдер толық, берілген):

Ал сөйле ажал жақын қызыл тілім,
Іште көп ел-жұртыма шағар мұңым,
Еліме Сарыарқаға менен сәлем,
Деп бітер біраздан соң, шықпас үнім.

Жұманның баласы едім Тәти атым,
Шықпаған аймағыма жаман атым.
Құрбан боп елім үшін кетіп барам,
Орта жүзде Алтай-Сармантай бергі затым.

Іздегенім еркіндік елім үшін,
Үш арысқа шалқып кешер жер үшін.
Аңғал басым айла сөзге алданып,
Осыменен бітті менің бір ісім.

Аманатым Қорам менен Қошқарбайға,
Ардан аттап, әділетті жолдан тайма.
Малын, үшін нашарларға көз алартпа,
Жемтігін талай тайдың қалған сайда.

Адамға өмір cepік, ақыл қазына,
Он төрт жаста жетім болып қалды зна,
Қорған боп артта қалған жетімдерге,
Бұл заманда зарлаған жетім аз ба?

Жетті уақыт қоштасатын өмірмен,
Кім құтылар тура келген елімнен.
Қош-есен бол гүл жайнаған Сарыарқа,
Кірім жуып, кіндік қаным төгілген.

Азаматқа өмір жоқ, мәңгі тұрмақ,
Жатқызбады ар-намыс жүрек тырнап,
Елім үшін құрбан боп кеткенімді,
Санасы бар түсінер кейінгі ұрпақ.

Бас еркі еді елімнің аңсағаны,
Сарыарқа туып-өскен алтын тағым,
Ерік алып өз алдына ел болғанын,
Көрер ұрпақ жарқырап атқан таңның

Ел бастайтын азамат туар елден,
Адал боп ел-жұртына, соңына ерген.
Аймағың айналаңнан кетпес сонда,
Жауға бермес қамалын халқың сенген.

Бірдей көр алаламай жанның бәрін,
Таймайды басынан бак, кетпес арың,
Жақтама жақыным деп бұзақыны,
Нашардың тыңда дауыс, айтқан зарын.

Мейірімсіз, өр көкірек байларың көп,
Жақсы атанбас жылатып нашарды жеп,
Бақталас, бәскелес, алауыздық
Ірітіп берекеңді кетірер тек.

Ел атасы сендерге жаздым арнап,
Қамаған жау айналасы, басы қалмақ,
Ала болсаң, жауыңа жем боларсың,
Әр қайсыңды желкелеп, жұтар жалмап.

Ұзын сойыл ұрдажық бұзақың көп,
Көзі бар, көңілі соқыр еш нәрсе жоқ.
Адалдық ар-намыстан жұрдай болып,
Не бітірер жүректе болмаса шоқ.

Өсекке, өтірікке судай ағып,
Бірді-бірге айдап сап, пәле бағып.
Бұл сұмдықты өзіне мақтан көрер,
Талай нақақ сорлыға жала жауып.

Дос болып білімдімен жараспадың,
Жарлы деп жақыныңа қараспадың.
Жалшының дұрыс бермей төккен терін,
Ардан безіп осы ғой адасқаның.

Таң болған сұм ажалға келді кезім,
Таусылды осыменен айтар cөзім.
Ел-жұртқа перзентіңнен дұғай сәлем,
Бұлдырап қарауытып, кетті көзім.

* * *
Менен тағы сәлем де,
Ақжолдың ұлы Арғынға.
Атпен желі тарттырған,

Кереге бойлы шалғынға,
Есіл менен Нұраны,
Еңкейе барып жайласын,
Орта жүздің ішінде,

Атымды тұлдап байласын.
Мен адаммын дегендер,
Елдің қамын ойласын.
Бұрыннан-ақ білуші ем,

Аманатын тәңірім,
Алмай cіpә қоймасын.
Тағы сәлем дегейсің,
Сарша-Саңай, Мұратқа,

Әлібек пен Қалыбек,
Қонушы еді қияға.
Аралбай мен Сармантай,
Өз тентегін тияр ма.

Еліме арыз айтқанша,
Шыбын жан шықпай тұрар ма,
Келтіріп тілді орамға,
Тағы сәлем Қарамға,

Бір құдайға жалбарсын.
Мал азайып кетті деп,
Қоңсыны кеулеп қазбасын.
Мың — миллион кетсе де,

Төре алдына бармасын.
Жалынғанша зәлімге,
Жата жанын қармасын.
Ой жіберсін орамға,

Көрші ақысын аңласын.
Опасыз дүние өтірік,
Мына менен барласын.
Алдап тастап кетерін,

Тәжірибе ғып ойласын.
Бүлдірмей түпке жетерін,
Тастаған талай жолдасын.
Өлінің тілін тірі алмас,

Алданып қапы қалмасын.
Ағайынға сөз келсе,
Өзді-өзі жамасын.
Өзіменен ұзап кетпес деп,

Нашардың сөзін созбасын.
Өз басына сөз келсе,
Кісі алдына бармасын.
Басынан бағын ұшырып,

Біреуге күйін салмасын.
Даугер келмесе алдына,
Әділ жолдан таймасын.
Бақтың пара апатын,

Пайда деп, пара алмасын.
Опасыз дүние малданып,
Жолдасым деп нанбасын.
Қызығына алданып,

Қайғы отына жанбасын.
«Азды-көпті» дүниеден,
Ішсін-кисін болмасын.
Сапары алыс жүгі ауыр,

Жол азығын қамдасын,
Бүгін бар өмір, ертең жоқ
Ақылмен алдын болжасын.
Тағы сәлем дегейсің

Бес Мейрам — Арғын еліме,
Сарыарқасы беліне,
Айдын-шалқар көліне,
Алтай-Қарпық ел жұртым,

Өлмедім мен ортаңда,
Күймей іште шеріме».

Сөйтіп қазақтың дана биі Тәти мырза сарт елінде жүріп қаза табады. Жұманның Сәтін бастаған қырық адам, ішінде өңшең жезтаңдай, күміс көмей шешендер мен батырлар Тәтидің құнын алуға сарт еліне барады. Басында Тәтидің сүйегін жақын жердей Әзіреп Сұлтанға жерлеуге, болмаса құн суыта былғарыға тігіп елге әкелуді ұйғарған екен. Бірақ шілденің ыстығына шыдай алмайтын болған соң және денеге жайылған удан қатты азап шеккенін ескере отырып, елден барған адамдар Тәтиді Ташкенттегі Майқалпе ишанның жанына «аманат» етіп жерлеп кетеді. Келесі жылы барып Түркістанға апарамыз дегенде жергілікті діни адамдар рұқсат етпей, сол жерге белгі қойып, асын беріп қайтады. Тәтиекеңмен бірге туысатын ағалары Қошқарбай, Сәттібай, Сәтилер ақылдаса келе, бұғанасы қатып, буыны бекігенше Тәти мырзаның екі баласын (Азна мен Әйімкүлді) Сәттібайдың еншісіне береді.

Р. Каренов
«Қара қылды қақ жарған» Таңшолақ би

Қазақ тарихының, қай тусын алсақ та еліміздің елдігін сақтау, шаруашылығын дамыту, мәдениетін өркендету, ынтымағын асыру — ең өзекті мәселе ретінде көтеріліп келеді. Олардың барлығы, өз кезегінде, дәстүрлі казак коғамындағы елді басқару ісінің алға қадам бастауына ықпалын тигізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, тарихтың ұзын-сонар көші бойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, орасан мол өнегеге айналады. Ғасырлар бойы елін бірлікке, ерін еркін тірлік пен азаттық үшін күреске үндеген, халқын ауызбірлік пен ынтымаққа шақырған билердің мәртебесі қазақ қоғамында биік тұрғыдан көpіне білген. Мемлекеттің саяси әpі әлеуметтік құрылымындағы күштердің арасалмағын сақтаушы бірден-бір құрылым ретінде елдің салт-дәстүрін, ғұрпы мен құқығын, саяси мәдениетін, даланың жазылмаған заңдарын, шешендік өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген атақты билер өз заманының барын түгендеп, жоғын жоқтаған идеологтары іспеттес. Міне, біз еске түсіріп, әңгімеге тарту болып отырған, сондай даңқты билердің бірі және бірегейі — әрі би, әрі шешен, әрі шежіреші Таңшолақ Шошабайұлы. Ол 1797 —1872 жылдары ғұмыр кешкен. Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан. Атақты би Қарағанды өңірінің тумасы. Қарағанды облысының оңтүстік-батыс жағын Қаракеден тараған рулар мекендеген. Таңшолақ-Қареке руының білгір биі (Қареке-Тоқбура-Қазы-Мейірман ұрпағы). Қареке руынан өрбіген Шошабай атты ақсақалдың отбасында дүниеге келген үш ұлдың тұңғышы екен.

Таңшолақтың би атағына жетуі Бірде Шыңғыс қаған атақты Қуйылдыр шешеннен: «Шешен айтшы, даналықтың көк жиегіне көз жетпейді дейді осы рас па?» — деп сұрапты. Шыңғыс қаған осыны айтып қайырылғанда Құйылдыр шешен: «Егер жүйрік ат шапқан жолын танып, мінезі мен мүмкіндігін соған үлестіре алса, онда даналықта шек жоқ»,—деген екен. Маған осы қысқа диалог көшпелілер өркениетінің жиынтық көрінісіндей оқылады. Шынымен де өз уақытында көшпелілер эстетикалық танымы мен талғауын ұштауда ғажап биіктерді алған! Кезінде Таңшолақ би де бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал- мателдерді кеп айтқанға ұқсайды. Кемеңгер Бұқар жырау:

«Арту-арту бел келсе,
Атан ерлер бүгіліп.
Алыстан қара, шаң көрсе,
Тұлпар шабар тігіліп.

Ел шетіне жау келсе,
Ерлер шығар түрініп.
Ел ішіне дау келсе.
Шешен сөйлер жүгініп.

Тентекпен ер бүлінсе,
Билер шешер жүгініп», — дегендей,

Таңшолақ жастайынан ел тұлғаларымен үзеңгі қағысып, ауыл арасындағы, ру аралық тартыстарға кесімді шешім айтып, өзінің тапқырлығымен, шешендігімен аты әйгілене түскен. Ол алғашқыда елубасы, старшын, ауылдық болыс міндеттерін атқарады. Кейін қара қылды қақ жарған әділдігіне риза болып, парасатын мойындаған жұрт алдын босатпай, би атандырып жіберіпті. Таңшолақ би даукестерді асықпай тыңдап, нақпа-нақ сұрақтар бере отырып, істің ақ-қарасын анықтаған да, шешімін айтып отырған. Әдетте, билердің алдынан екі жақ та бірдей риза болып шыға бермейді ғой. Ұтқаны қуанып, ұтылғандары ренжіп кетеді. Билігін дұрыс бере алмадың деп наразылығын ашық білдіргендер де, сырттай қарғап-сілейтіндер де болмай қалмайды. Ел есінде сақталған әңгімелерге қарағанда, Таңшолақ алдынан ұтқандар былай тұрсын, ұтылғандар да разы болып шығады екен. Таңшолақтың сөз саптауы мен айту шеберлігі, табан астында суырып салып, қарсыласын тізе бүктіруі сол кездегі небір атышулы шешендерден кем болмаса да, біраз уақыт тарихтың ақтарылмаған парақтарының арасында қалып қоюы, оны жалпақ қазақ даласына мәшһүр етуге кедергі жасады. Бірақ, «жақсының аты өлмейді» дегендей, кейінгі ұрпақтарының тірнектеп жинастыруы аркасында Таңшолақ шешеннің бірқатар нақыл сөздері, айтқан биліктері бәрімізге мәлім болды.

Енді солардың кейбіреуін еске түсірейік.
Таңшолақ бидің шешендік сөздері

Абайдың нағашысы Алшынбай Таймас болыспен бірге қонақта отырыпты. Осы үйге кіріп келген қауғадай қара сақалды Таңшолақты көріп, Алшынбай Таймасқа қарап: «Ауыздағы сөз, аяқтыға жол бермейтін Қареке руының Таңшолақ деген шешені осы ма», — депті. Кейін Таңшеке неге жауап бермедіңіз деп сұрағандарға: «Жауап берем деп ыңғайланғанымда, қарасам Алшынбайдың екі иығында екі періште отыр екен, тілім байланды да қалды.Екеуі аузыңды ашып көр, орныңда отырған бойда жұтып жіберейік дегендей маған екі айдаһар болып көрінді», — депті.

Бірде Ордабай болыс (даңқты Игілік бидің баласы) Таңшолақты мұқатпақ болып:

— Осы сізде қанша жылқы бар десе керек. Сонда Таңшекең ойланып тұрып: «Санап едім, сіздің астыңыздағы атпен тоғыз» — дегенде, Ордабай жеңіліп, аттан түсіп, атты Таңшекеңе қалдырып, өзі жаяу қайтыпты.

Бірде Таңшолақ шешен қонақ болып отырғанда, оның пышағын сол үйдің қызы ет турауға сұрап алыпты. Сүйтсе пышақ сүртілмепті. Сонда әжуаламақ болған бойжеткен:

— Пышағыңыздың майы мұнша, қолыңыздың кірі қанша болғаны, аға? — депті.

Бұл сөзге Таңшекең:

— Пышағым майлы болса — елімнің тоқтығы болар, «аға» деп атаңды сөксең, ақылыңның жоқтығы болар, балам, — деп, жауап қайтарыпты.

Қареке руымен көршілес Тоқа руының қоңқақ мұрын биі бір күні: «Таңшолақ, қандай шешен болсаң да, сені бір сүріндірермін» — деп жолға шығыпты. Қасына бірер кісіні ерте шықса керек. Кешке жақын ауыл жанындағы төбенің басына шығып, жан-жағына көз жіберіп қарап отыру Ташекеңнің әдеті екен.

Осылай таза ауада тамашалап отырған оған, Тоқа руынан келген би:

— Ассалаумағалейкум, — деп алдына келе беріпті.

Таңшолақтың көзіне ең алдымен сәлем беріп тұрған бидің мұрны түсіпті.

— Уағалейкумассалам, шырағым, мұрныңды әрі тартшы, қасыңдағы кісіні көрейін, — деген екен.

— Уа, Таңшеке, мен сені қауып айтатын адам ба десем, сөзді орынды тауып айтатын нағыз шешен екенсің ғой. Тапқырлығыңа бас идім, — деп, келген мейман Таңшолақ бидің алдына жығылыпты.

Бірде ауылдың мешкей жігіті Таңшолақтан:

— Осы қай уақытта тамақ ішкен жөн деп, — сұраған екен.

— Оның шешімі оп-оңай. Бай адам қарны ашқан уақытта, ал, кедей адам қоректік бірдеңе тапқан кезде, — депті шешен.

Таңшолақ би егде жасқа келгенде бір жұмыстарымен Ақмола қаласына келіп, өзінің ежелгі танысы — бір саудагердің үйіне келіп отырады. Үй иесі әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ, әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген, егде жастағы Таңшолаққа қаладағы саудагерлердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті.

Шыдамы таусылған Таңшолақ би:

— Уа, тақсыр, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлеріңнің өзі тамақ ііше ме екен?—депті. Көп сөйлеп кеткенін сезген үй иесі сонда барып:

— Бәйбіше, тамағыңды әкел, — деген екен.

Таңшолақ би басқа ел басыларынан гөрі өнерге бір табан жақын болыпты. Ел жұмысынан қолы босаған сәттерінде домбыра тартып, баяу, қоңыр дауысымен отбасында ән салып отырған кездері де болған екен. Бірде ел ішіндегі бір шежіреші сымақ жігіт бидің ата-тегін сұрап мазалай беріпті.

Таңшекең сонда:
«Қареке арғы затым, атам — қазы,
Құрбылар толып жатыр сізден өзге.
Атамның аты-жөнін ұғып алып,

Айтарсың өсек етіп қандай жерге?» —
деп жауап беріпті.

Таңшолақ бидің осы сөздерінен-ақ, оның «ата, ру, тайпа болып бөлінбелік, ел болып бүтіндігімізді сақталық» деген азаматтық ұстанымы айқын аңғарылады.

Таңшолақ бидің Сайдалы Сары Тоқамен қақтығысуы Тоқа Шоңманұлы (лақап аты Сайдалы Сары Тоқа) 1830 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Қазақтың халық композиторы. Тәттімбет күй тарту мектебін дамытушылардың бірі. Сайдалы Сары Тоқа асқан домбырашылық өнерімен ел-жұртына жасынан белгілі болған. Күйшінің терең ойлы, сұлу ырғақты «Сары жайлау» «Ерке қыз», «Бел шешер» атты күйлері халық арасына кең тараған. (Қазақ Совет Энциклопедиясы, 11-том. 1977, 82 —83-беттер). Сайдалы Сары Тоқамен жүздескісі келген және оның тамаша күйлерін тыңдауды аңсаған Таңшолақ би тамыз айының ішінде (ел жайлауда отырған кезі болу керек) ел аралап шығады. Қасында Аралбай — Қалыбек елінен шыққан Қосыбай ақсақал бар. Екеуі Сайдалы Сары Тоқа үйіне түседі. Күн ыстық, киіз үйге сәлем беріп кіpce, төсекте жатқан Тоқа сәлемді алмай, не қылар екен деп жата береді. Таңшолақ үй иесін: «Үйге келген қонаққа сәлем бермейтін қандай кәпірсің, келіп тұрған Қосекең емес пе», — деп таяқпен салып жібереді.

Тоқа басын көтеріп:

— Уа, Қосеке, мынауыңа не айып кесесің,—депті. Сонда Қосыбай тұрып:

— Аға сыйлаған Таңшолаққа не айып кесейін, айыбыңды өзің төле, үйге кіpген адамға сәлем беріп, төрден орын бермеген адам айыпты, — дейді.

Сол күні Тоқа тәкәпарлығын мойындап, қонақасыға мал сойып, ат-шапан төлеген екен. Бұған қоса Таңшолақ биге бірнеше жаңадан шығарған күйлерін де орындап беріпті.

Таңшолақ Шошабайұлының айтқан биліктері Таңшолақ бабамыз қанша уақыт би болып, билік құрса да, байлықты мұрат тұтпаған, кедейлікті ұят көрмеген, адал, ақ ниетті адам болған екен. Ел арасы зорлық-зомбылықсыз, ұрлық-қарлықсыз болған ба. Бірде Таңшолақ биге малын жоғалтқан кісі жүгініске келеді. Менің ұрлаған малым сол адамнан келді деп, бұлтартпас дәлелдерін айтып, малымды өндіpіп беріңіз деп шағым жасайды. Бұл ортада құныкер адам Таңшекеңе: «Дауды менің пайдама шешіңіз, бір тайынша берейін»— дейді. Дүниеге қызықпайтын пенде болған ба, би «жарайды» деп ишарат білдірсе керек. Даугер мен құныкерді алдына алып, тексеріп, тыңдай келіп, әділ билік шешім шығарады. «Кәпір тайынша, кәпір тайынша»—деп төрелікті мал иесінің пайдасына шешіп, өндіріп берген екен. Құныкер адам: «Биеке, мұныңыз қалай?» — дегенде, «Кәпір тайынша, кәпір тайынша, аулақ, аулақ жүр»,—деп етек-жеңін қағып, орнынан тұрып кетіпті. Бірде көpшілec Қаржас руының атақты биінің жалғыз баласын өз ауылының тайы теуіп өлтіріпті. Қайғылы әке елінің ақсақалдары, қарасақалдары, билері келіп қанша көңіл айтса да, орнынан тұрмай қойыпты. Сонымен екі жеті өтеді. Бірақ, төсегінен тұрмайды. Бұл жағдайды Таңшолақ би білгеннен кейін, қасына жолдастарын ертіп, Қаржас еліне жетеді. Қаржас руының биі — көзі ашық, көкірегі ояу, тілі өткір Таңшолақты сырттай жақсы біліп, қатты сыйлайды екен. Таңшолақ бидің алыс жерден келгенін естіп, төсегінен тұрып қонақтарды қарсы алады. Бір жетідей сыйлайды. Аттандырар алдында Таңшолақ шешенге:

— Сендер қасымда болып, жақсы болып қалып едім. Енді, қайғы қайта басады мені, оны қалай көтеремін,—деген екен.

Сонда Таңшолақ би:
«Қайғы деген уәж емес нәрсе,
Қыран құстың қияғында қалады,
Жүйpік аттың тұяғында қалады.

Алқалы топтың алдында қалады,
Сұлу қатынның бойында қалады.
Осының бірде-бірін істемесең,
Өзіңе сіңіп, бойыңда қалады»,—деген екен.

Ақылды, тапқыр Таңшолақ шешенге риза болған Қаржас би оны ауылына зор құрметпен аттандырып салыпты.

Таңшолақ бидің айтқан нақылдары
Таңшолақтың жас кезі екен. Бір ауылдас қария оны сынамақ болып:

— Балам, елдің елдігі неде?—депті.

Сонда жас жігіт кідірместен:

— Әрине, бірлігінде,—дейді.

Қария сұрақтарын әpі қарай жалғастырады:

— Елдің ерлігі неде?

— Ақылында (тірлігінде).

— Әйелдің жақсысы қандай?

— Eрін даттамағандығында.

— Ердің жақсысы қандай?

— Елін даттамағанында.

— Жақсы бала қандай?

— Шаңырағын сақтап қалуында.

— Жаман бала қандай?

— Шыққан тегін сыйламауында.

— Жаман әке қандай?

— Бала-шағаға үлгі бола алмауында.

— Қыздың жақсысы неде?

— Әуелі әке-шешесінің және өз арын сақтағандығында.

— Қыздың жамандығы неде?

— Арсыз қалғандығында.

Қария Таңшолақ берген жауаптарына өте риза болып, шын ықылас білдіріп, батасын берген екен. Таншолақ бидің өмір сүрген уақыты негізінен XІX ғасырдың қойнауында жатыр. Баршаға мәлім, одан бергі қилы кезең ондай — елін, жерін сүйген, халқының бірлігін, тірлігін, ынтымағын ойлаған ойлы азаматтарды «би», «бай», «болыс» деп айдарлап, керек десеңіз, аттарын да ататпай қойды. Аттары аталмаған соң, олар айтқан аталы, ақылды сөздер де ұмытылып, көмескіленіп қала берді «Ел іші - алтын кеніш» деген емес пе, дегенмен де, бірен-саран бізге жеткен ғақлиялар да жоқ емес. Мәселен, Таңшолақ бидің:

— Атасы жер жырта білмегеннің баласы тұқым себе білмес;

— Ауыл толы есектен, арық та болса ат жақсы;

— Ел басшысының да, қараның да анасы — жер, панасы — ел;

— Би болсаң «шыншыл бол», атқосшылыққа жүрсең «ымшыл бол», — деген қағидалы, қанатты сөздерін қазір де ақсақалдар аузынан естіп қалуға болады.

— Таңшолақ бидің ақыл, нақыл, шешен сөзі үшін оны ел құрметтеген. Ата-бабаларымызды, халықты жөн-жосықсыз төгілген қаннан, қырғыннан сақтау үшін, қылыш пен найзаны қару етпей, сөз өнерін, шешенділікті қару ете білуі үлкен адамгершіліктен туған жоғарыда келтірілген аңыз-хикаялардан анық байқаймыз.

Соңғы сөз Таңшолақ би Шошабайұлының есімі ел есінде бір жарым ғасыр бойы сақталып келеді. Таңшолақ шешен айтқан тапқыр, ұтқыр сөздер ел арасында көп. Сондықтан оның кісілігі, ірілігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып қала береді десек, асыра айтқандық бола қоймас. Ал, сөз соңында біздің айтпағымыз, қалың ел ішінде әлі де болса жалпақ қазаққа танылмай келе жатқан осындай асылдарды, олардың нақыл сөздерін жинастырып, ұрпақ илгілігіне жаратып отырсақ — нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, қазақ қоғамдық ойында «сөзге тоқтау» деген ұғым бар. Бұл ұғым қоғамдық қатынастар жүйесіндегі дәл, тура және дәлелді айтылған билер сөзінің, шешімінің салмағын да меңзейді. Ал, «өнер алды — қызыл тіл» деп білген ортада кемеңгер би мен шешен сөзінің беделі тым биік болғаны мәлім. Орынды, тауып айтылған ұтымды биік ой бүтін жұртты тәрбиелеген, оларға тоқтау салып, албырт жасқа көрсетілген үлгі-өнеге болған. Міне, осының бәрін «би», «билік» феноменін терең талдап, ұғу арқылы түсінуге болады.

Б. Қажыбаев
Бабаға тағзым — перзент парызы

Ата-баба тарихын, дәстүрін, республикаға белгілі адамдардың өмір жолын зерттеу және насихаттау, жастарды имандылыққа баулу, медресе ашу, дүние жүзінің озық мәдениетін өмірге енгізу мақсатында ауданда құрылған «Ұлттық мұра» қорының 2008 жылға арналған жоспарының ең маңыздысы — Би Боранбай бабамыздың өмір жолын зерттеу, жинақталған материалдарды баспасөзге жариялау, бабамызға кесене тұрғызу. Би Боранбай бабамыздың өмір жолы туралы деректер жинау мақсатында ауданда шығармашылық топ құрылды. Оның алғашқы отырысы етіп, бұл бағытта жұмыстар басталды. Боранбай Қалқаманұлы— қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы соғысына қатысқан батыр, белгілі би. Жас кезінде Түркістанда ескіше оқыған. Тарихи-әдеби деректерде Боранбай мен Қаракерей Қабанбай есімдері қатар жүреді. Ол қазақ хандығының тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылайхан жүргізген саясатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосқан. В.В. Вельминов — Зерновтың еңбектерінде Кіші жүздің қаза тапқан Әбілқайырдың орнына таққа оның ұлы Нұралыны отырғызуға мұрындық болып, Орынборға барып қайтқан 8 бидің бірі осы Боранбай екені айтылады. Кезінде арғын, найман арасындағы жер дауының әділ шешілуіне ықпал еткен Боранбай биді Бұқар жырау, Көкбай ақын жырға қосқан. Оның көсемдігі мен шешендігі жайлы ел жадында:

«Кім ұқпас наймандағы Боранбайды,
Бес байыс Боранбай деп ұрандайды»
немесе
«Найманға Би Боранбай билік айтып

Артына аруақты болған ұран.
Тұсында Абылайдың ақылшы боп,
Серік боп ордасында қызмет қылған» —
деген сияқты көптеген өлең-жырлар қалған.

Би бабаның туған, қайтыс болған жылдары жөнінде нақты дерек жоқ. Алайда кейбір ауызша жеткен мағлұматтар бойынша шамалауға болады. Би Боранбай туралы басқалардан гөрі дәл білуге тиіс оның ұрпақтары, мекен етіп отырған қазіргі Ақсуат, оның өз атындағы ауылдың көнекөз қарттарынан естуімізше, Боранбай Қабанбайдан 14 жас кіші екен деседі. Қабекең 1691 жылы туған деп жүрміз. Би бабамды 1705 жылы туған деп шамалаймыз. Би Боранбайдың туған жері туралы нақты мәлімет жоқ. Алайда, 1705 жылы Сарыарқаның төрінде дүниеге келді деп шамалаймыз. Өйткені әкесі Қалкаманның зираты Павлодардан 80 шақырым жерде «Қалқаман» станциясының жанында. Халқымыздың елдігі, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын сақтау жолында ғасырлар бойы күресіп, елім деп еңіреген ел басшыларына, қамал бұзған хас батырларға, аталы сөз айтқан аузы дуалы билерге көзқарас өзгеріп, олардың есімдері жаңаруда. Бұл — заңды құбылыс. Өйткені ерлерін қадірлеп, ұлы есімдерді ардақ тұту дана халқымыздың имандылығының, өркениеттілігінің белгісі парасаттылығы, қанына сіңген асыл қасиеті. Ең бастысы өткенді еске алу, ата-бабаларымыздың аруағына бас иіп, құрметтеу — жақсылықтың нышаны, қиындықтарды жеңіп, сенімді болашаққа жеткізуіміздің кепілі.

Шешендік сөз—асыл ойдың өрнегі44 Қазақтың атақты билері Майқы Шыңғыс ханның, Едіге, Тоқтамыс ханның, Асанқайғы Алтын Орда ханы Ұлығ Мұхамедтің, Жиембет Есім ханның, Әнет баба әз Тәукенің, Бұқар Абылай ханның ақылшы-кеңесші билері болған. Ел билеу, билік айту қоғамдық әлеуметтік заңдар жинағына негізделген. Мәселен, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің өркендеуіне атақты Солон Заңы себеп болған. Солон (638 — 559) біздің жыл санауымыздан алты ғасыр бұрын өмір сүрген ежелгі Афиннің (гректің) мемлекет қайраткері әрі ақыны. Соның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған әлеуметтік реформалары Солон Заңы деп аталған. Қазақтың әз Тәуке заманында даярланған «Жеті жарғы» — заңдар жинағы — осы гректің Солон Заңына ұқсас. «Шешен» сөзі қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде былайша түсіндірілген. «Шешен» // сэсэн сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады. Түркі тілінің бұл тобында шешен сөзінен туған шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі өзбек тілінде чечен сөзінің «неге болса да ұста, шебер, тува тілінде (чечен) «әдемі, көркем» деген қосымша мағыналары бар, монгол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде «мерген», дәл тигізетін, дәл басатын деген де мағыналарды білдіpeді. Чечен// сасан сөзінің бұл мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Шешен сөзі —шеш (чеч, сес, нес, цәц) түбірлі етістікке «ен» жұрнағы жалғанып, орындаушы адамға, зат есімге айналған түрік, монғол тілдеріне ортақ сөз болуы мүмкін, («Қазақ, тілінің қысқаша этимологиялық, сөздігі» Алматы, 1966. 222-бет). Қорыта келе айтарымыз, шешен дегеніміз мол білімімен айшықты әсем, етті тілімен оқырмандарына (тыңдаушыларына) ерекше әсер ететін, бір нәрсе туралы жүрекке берік сенім ұялатып алға ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы ұшқыр, білімдар адам.

Бұл жерде кез келген адам шешен бола ала ма? деген сұрақ туындайды. Қазақта әр ханның тұсында бір сұрқылтай дейтіні, әр ханның заманында өзінің бір ақылшы-кеңесшісі, шешені бар деген ойды білдіpeді. Ел аңызына сүйеніп «Түгел сөздің түп атасы — Майқы би» деп келетін Майқы Шыңғыс ханның аға билерінің бірі болған. Шыңғыс хан жорыққа аттанып кеткенде ел билігін уақытша Майқы биге тапсырып кетеді-мыс деген аңыз ел арасында тараған. Майқыдан кейінгі қазақтың 100 биінің бәрі дерлік биліктің иесі болған, немесе хандардың ақылшысы-көмекшісі болғанға ұқсайды. Билерге қойылатын талап шешендік тапқырлықпен бірге әділдік, адалдық, шындықты жақтаумен тоғысып жатады. «Көп көргеннің бәрі көсем емес, көп сөйлегеннің бәрі шешен емес» деген нақылдың түп мағынасы — көсем мен шешеннің бәрі би бола бермейді деген сөз. Ал, билердің ері ел билеуші көсем, әрі сөз бастаушы шешен болуы шарт. Бұл туралы Ш.Уәлиханов былай дейді. «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілгe шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен (халық қалауымен) ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігіне және шешендігі бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс. Шешендік сөздерді мазмұны жағынан ел дауы (ел аралық қарым-қатынас мәселесі), жер дауы, ар дауы, жесір дауы, мал дауы деп бес топқа бөлуге болады. Олар: өлең, тақпақ түрінде де, қарасөз түрінде де, кейде аралас түрде де кездеседі. Өлең түрінде құрылған шешендік сөзді термелі деп, ал қара сөзбен айтылатындарын пернелі шешендік сөз деп айтамыз. Шешендік өнердің дамуы қоғамдық-әлеуметтік ел басқару, заң шығару, үкім айту мәселелерімен тығыз байланысты туып дамыған. Әсіресе XІV ғасырдың аяғында қазақ елінде жеке хандық мемлекеттің орнауы ел басқарудың жаңа заңдарының тууына себепкер болды. Ел аралық дауларды шешуде дипломатиялық сөз сайысының қажеттілігі туды. Осымен байланысты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің еларалық даулы мәселелерді шешуге арналған шешендік билік сөздері өмірге келді. Жауласушы екі елдің дауы үнемі ақ найзаның ұшымен ғана шешілген деуге болмайды. Еларалық дауды шешудегі Қазыбек бидің тапқырлығы мың қолды бастаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігінен кем түспеген. Жарақты жауды ақ найзаның ұшымен де, шешен тілдің күшімен де келісімге келтіріп, бас игізуге болатынына билердің тапқыр ойлы келелі сөздері куә. Хандық дәуірдегі еларалық даулардан кейінгі кең тараған даулы мәселе жер дауы мен жесір дауы, ар дауы болды. Мыңғырған малдың өсуі, мал өрісін кенейтуді қажет етті. Әр бай жайылым, шабындық жерді асқар бел мен шалқар көлді көшіп-қонып жайлайды. Әр екі аптада бір рет жұрт алмастырып отырмаса, мыңғырған аяқты малға өріс тарлығы кері әсер ететін еді. Сондықтан әр бай, би, султандар жайылым жер үшін бір-бірімен қысқа күнде қырық төбелесіп, жеңгендері жайлы қонысқа, сулы өлкеге иелік етті. Ал жеңілген ауыл да жеңілдім деп тыныш жатпай, қарымта қайтарудың жолын қарастырады. Мұндайда «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген принциппен құда-жекжат, қойшы-малшы, жылқышы-қосшылары бірігіп, ортақ жаудан өш алуды ойластырды. Бұл жерде жесір дауы, кеткен малды қайтарумен, жігітің арын қорғаумен астасып, үш бірдей даудың шиеленіскен шешімі билер сотының билігімен — құн төлеумен, қалыңмалды қайтарумен, айыппұл төлеумен аяқталады. Құн төлеуді шешу үшін әз Тәуке хан Әнет баба бастаған үш жүздің жеті биін жинап, шариғат заңына негіздей отырып, билік айтудың — «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығартты. Ол заң бойынша, ердің құны 100 жылқы, ал хан, төре тұқымы өлсе, екі есе құн төлейтін болды. Ұрыс кезінде екі қол, екі аяқ, екі көздің бірі зақым болса жүз бөліктің жетіден бір бөлігі кесілетін еді. Қазақ ұғымында «Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы» деп жанынан арды артық деп бағалау, «Жаным арымның садағасы» деп арды жанынан жоғары қою дәстүрі болып саналған. Ар үшін күрес, өмір үшін күрестің басты міндеті болып есептеледі. «Жан сақтама, ар сақта» деп келер ұрпақты үнемі арлы болуға үндеп келген. Арлы болу шындықты жақтау, әділ билік айтумен өлшенген. Қазақтың атақты билері бүгінгі ұрпаққа тек қана шешендік сөзімен, әділетті шешімдерімен ғана емес, сонымен қатар, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа бастайтын өнегелі өмірі мен, білік парасатымен де қымбат тұлғалар. Қазақ халқы әрқашан «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп туғанына тартпай, параға сатылмай әділ билік айтушы билерді дәріптеген. Мәселен, ел, жер, көл, кек, ер туралы айтқан Саққұлақ, Қанай, Бөлтірік шешендердің, жақсы мен жаман, саран мен сақи, дос пен қас, өтірік пен шындық жөніндегі Жанғұтты, Қашаған, Кенжалы билердің, Шағырай шешеннің, өктемдігін, жауыздықты, өтірікті айтқан, параны қолдаушылардың айыбын бетіне басып тура төрелік айтқан Сырым, Кебекбай, Байсерке, Шернияз, Байкөкше, Асаубай, Досбол шешендердің сөздері әлденеше ғасыр етсе де көнермейтін, тәлімдік мәнін жоймайтын асыл сөздер екені даусыз.

Б. Қорқытов
Асау би45

Ысық Өгіз би жасында Шөркеш Асау биден батиха алғысы келіп жүреді. Бір күні Асау бәйбішесімен жолаушылап келе жатса Өгіз алыстан көріп қалып сусынын әзірлеп, шайын қойдырып, асын даярлатыпты. Асау келген үйінде кеп отырмай тек ас ауыз тиіп өтеді екен.

Сырттан Асау: — Өгіз бармысың сөйлесейік,—депті.
Өгіз: — Бармын түсіңіз,—дейді.

Асау: — Ас ауыз тиіп шығалық,—деп көлігінен түсіп, үйге кіреді ас ауыз тиіп, енді жүрелік дегенде шай келіп қалады, бір-екі шыны аяқ шай ішкенде ас келіп қалады.

Асау: — Япыр-ай, Өгізжан-ай, бәрін де даярлап қойған екенсің — депті. Ас жеп болып енді жүрелік дегенде Асаудың бәйбішесі: — «Мына ініңіз cізден батиха тілеп отыр ғой», — дейді. Асау жан-жағына, алды-артына қарап: — Япыр-ай, шырағым-ай, бай болатын адамның иті сақ болады, ұлы епті болады, қызы көрікті болады деуші еді, сенде осы төрт қасиеттің біреуі де жоқ екен, екі сиыр, бір ат, тақыл-тұқыл, мұнан артық мал да бітпес, үйіңнен қонақ та кетпес, — деп батихасын беріпті.

Шынында бізге мұнан артық мал бітпепті, үйінен қонақ та арылмапты.
* * *

Бірде Асау арнайы Бәкенді қонаққа шақырады, үйіне келген соң он жасар жалғыз баласы Тұрланды шақырып алып: — ауылға Бәкен би келеді көлігін күтіп, әңгімесін тыңда, қолына су құйып, батасын ал, кейде абайламай, алды-артыңды аңғармай айтып салатының бар, сол жағына сақ бол, — деп ескертіп қояды. Айтулы уақытында Бәкен келеді ауылдың үлкен-кішісі анталап қарсы алады, шай қойылып, мал сойылып жатыр, амандық-саулық сұралып жатыр. Асау Бәкенді сөйлету үшін сабақтап сөз тартып: — Бәке, осы күні келіндер бір мінез шығарып жүр, түрулі жабдықтан көреді де, мына шал тағы келе жатыр ма дейді бұл неткені? — деп сұрайды.

Бәкен: — Ырысының кеткені, — дейді.

Асау: — Үйге қонақ келіп қалды, мал соя қойыңдар десе осы шалдар-ақ жатпайды екен, үйлерінен су шыға ма екен деп ренжіп, жастар мал союға ерінеді бұл неткені? — деп сұрайды.

Бәкен: — Аузының кепкені, — дейді.
Асау жан-жағына қарап: — Бәке, қонақ неше түрлі болады? — деп сұрайды.

Бәкен: — Ұдайы қонақ, құдайы қонақ болады. Ұдайы қонақ деп мына мен сияқты арнайы шақырғанды айтады, құдайы қонақ деп күтпеген жерден жолаушылап келе ат басын тірегенді айтады, қыдырма қонақ деп апта сайын айналып келе беретіндерді айтады, қылғынба қонақ деп үйдің түтінін бағып, күн сайын келетіндерді айтады, — дейді Асау: — Бәке, қазақ қонақ-қопсы дейді соның қонағы кім, қопсысы кім деп сұрайды. Бәкен: — Қонақ деген мына мен, мына үйге Бәкен келіпті барып амандасалық, сәлемдеселік деп келіп отырған мыналар қопсы,—деп жанында отырғандарды көрсетіп бір күлдіріп алады.

Асау: — Бәке, жігітің неше жұрты бар? — деп сұрайды.
Бәкен: — Өзің қанша жұрты бар деп білесің? — деп кері сұрақ қояды.

Асау: — Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар деп айтады, өз жұрты күншіл, нағашы жұрты сыншыл, қайын жұрты міншіл келеді деп айтады.

* * * Сонда Бәкен: — Асаужан-ай, әлі де аз біледі екенсің ғой, жігіттің күндемейтін, сынамайтын, мінемейтін бір жұрты бар, ол — алаштың азаматы ғой, — дейді. Асау: — Білмейтініміз көп екен ғой, — деп айнала жұртқа қарапты. Осы кезде әкесінің қасында әңгіме тыңдап отырған Тұрлан: — Осындай адамды өгізге мінгізіп қойған мына Есентемір деген ел емес екен ғой, — деп ұшып тұрып, жүгіріп шығып, әкесінің, мініп жүрген атын есігінің алдына әкеліп байлайды.

Баланың қылығына риза болған Бекен: — бақытты бол, — деп батасын береді.
* * *
Бірде Бәкен келген күні Асаудың әйелі босанып, ұл табады.

Асау: — Бәке, жақсы келдіңіз аман-есен жеңілденіп, балалы болдық, көптен күткен арманымыз еді, қағанағымыз қарық, сағанағымыз сарық болып жатырмыз, енді осы баланың атын сіз қойсаңыз деп отырмын, — дейді. Бәкен қош көріп: — Е, Асау, сен әуелден елдің асылы едің, ұлың өзіңдей асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы болсын, олай болса, аты Тұрлан болсын деп батихасын бередд. Асаудың ата-тегі былай болып келеді. Шөркеш — Қойыс — Сүйініш— Қумаш — Жниенбет — Қыдырбай — Маңдай — Асау. 1780 жылы туған, 1862 жылы қайтыс болған, зираты ата қонысы Саргөл деген жерде.

Асаудың нағашысы — Байбақты, анасы — Шолпан деген кісінің қызы — Мақпал.
Қайын жұрты — Табын, Барак батырдың қызына үйленген.
Д. Мәсімханұлы
Нақысбек шешен46

Нақысбек Жалпетекұлы 1865 жылы бүгінгі Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Шәлкөде жайлауында өмірге келген. Әкесі Жалпетек — өзінің шешендігімен, көсемдігімен «Жалпетек би» атанып кеткен адам екен. «Әке керген оқ жонар» демеуші ме еді атам қазақ, Нақысбек те әкесіне тартып ер жүрек, шешен болып есейеді. Сөйтіп ерте атқа мініп, ел ісіне бала күннен-ақ араласа бастайды. Бірақ оның атқа мінген тұсы отарлық езгінің ең бір ұшына шыққан кезінде деп келеді. Туған халқының жат-жұрттарға жұтылып бара жатқанын ерте сезген Нақаң 1890 жылдан бастап-ақ патша үкіметінің отаршылдық саясатымен жан сала күрес ашты. Кейін отаршылдар оған «болыстық» шен де беріп көрді. Нақысбек бәрібір алған бетінен қайтпай, орыстармен он неше жыл ашық та, жасырын да соғыс ашты. Сөйтіп жүрген киын күндердің бірінде, 1916 жылы Қарқара жайлауында отырған қазақтардың Патшалық Ресейге қарсы көтерілісі бұрқ ете түсті. Осы көтеріліске барып дем беру мақсатымен Нақысбек жүз шақты сенімді, қаруланған жігіттерін ертіп Қарқараны бетке алып жолға шығады. Олар Кетпен асуынан асып Шәлкөде жазығымен құлдап келе жатқанда Қисық Ақтас сайының тұсынап (қазіргі көмірші ауылы маңы) жүз қаралы орыс әскері жолдарын кес-кестеп оқ жаудырады. Қапелімде кезіккен жау Нақаң жігіттері біразын жайпап салады. Нақаң жағы жер жағдайына қанық болғасын бір күн, бір түн қорғана ұрыс салып, әлгі орыс әскерлерін ойсырата жеңеді де, енді Қарқараға тура тартамыз деп отырғанда ол жақтан қазақтар жеңіліп, көсемдер тұтқындалады, ел үркіп, қытайға ауа көшіп жатыр деген хабар жетеді. Сосын бұлар Кетпенге кері қайтып, бала-шағасын алады да, 30 шақты үй сол түні Қытай асып кетеді. Бұл 1916 жылдың жазы еді. Сөйтсе Нақысбектің ерте атқа мініп, ел жақсысы болып бара жатқанын көре алмай, ішіндегі қызғаныштың қызыл итіне ие бола алмай жүрген бір ағайыны орыс әкерлерінің Подгорныйдағы (қазіргі Қырғызсай ауылы) заставына Нақысбектердің Қарқараға аттанып кеткенін әшкерелеп жаушы шаптырып жіберген екен. Қайда болса да отаршылдықтың аты отаршылдық қой. Қытайдағы қазақтардың да шекесі қызып тұрмапты. Онда да еркіндік, есе теңдік жоқ халық жүдеп-жадап отыр екен. Бұны көрген Нақаң ондағы халықты тағы да ауыз бірлікпен тірлік етуге шақырып, сол арқылы үкіметтің алман-салығын, езгісін жеңілдетудің көздейді «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» демекші ондағы жұрт Нақаңды төбесіне көтеріп, бір жылдан соң ақалақшы (болыс деңгейіндегі шен) етіп сайлап алады. Ұлтжанды адамның қолына ел тізгінін тигені отаршылдарға аса ұнай қойған жоқ. Оның үстіне іле генерал мекемесінің жаңа дубаны (мансап аты) Жы-Жүй әр жерде болып жатқан шаруалар көтерілісінен ecі кетіп ерекше сақтық танытып отырғантұғын. Сонымен ол Нақысбекті ақалақшылықтан алып тастау мақсатымен Нақанды өзіне шақырып алады да: «Нақа, ел сайлағанмен ақалақшы болуға шартыңыз толмайды екен. Сондықтан, алдағы құрылтайда басқа адам ақалақшы болады. Сіз бұл жолы сайлауға түспейсіз»,—дейді төтесінен. Дубанның ішкі есебін түсініп отырған Нақаң «ол қандай шарт екен, тақсыр!» деп сұрайды. Сіздің руыңыз қазақтың ндеп саны шағын тайпа екен. Оның үстіне сіз Ресейден (кезінде Қазақстан ол жақта осылай аталған) қашып келген қазақ екенсіз. Сонда сіз бұл елге қандай билік жүргізбексіз? деп зілденіп отырған дубанға Нақаң: «Дұрыс тақсыр, ал сіз өзіңіз сонау Пекиннен қанша үймен келіп бізді — мұндағы қазақ-ұйғырды билеп отырсыз?» деп қадала кетеді. Сөз жүйесіне оңбай жығылып, не дерін білмей сасып қалған Жы-Жуй дубаны ыржалақтап, өтірік күлген болып: «Қалжың, ақалақшы қалжыңдаймын, қайтер екен деп айттым. Мен білем, сіздің Қытайдағы қазақты билеуге парасатыңыз жетеді. Мен ғана емес Пекиндегі ұлық та сізді жақсы көреді. Біз қазақты басқаруда өзіңіздей еліне абыройлы адамға көбірек сүйенеміз. Оны өзіңізде жақсы білесіз»,—деп жаңағы сөзін жуып-шайып керісінше Нақанды мол тарту — жоралғымен аттандырып салады. Содан өле-өлгенше шешен ел тізгінін қолына ұстап, туған халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап өтеді. Соның жарқын бір мысалы ретінде Нақысбек ақалақшының Текеш ауданының Шолақсай деген жерінен мектеп салдырып, жас ұрпақтың сауат ашып, өнер-білім үйренуіне жағдай жасағанын атап айтуымызға болады. Бала күнінде сол мектептен үлгі алған, кейін өзі де осы мектепте ұстаздық еткен Үмбетай Қожагелдіұлы ақсақал: «Ол өте үлкен мектеп еді Жүзден аса бала оқитын. Мектепте негізінен дін, математика, тіл, әдебиет, жағырафия пәндері оқытылатын. «Ұстаздарымыздың бәрін кезінде Нақаң төңіректің төрт бұрышынан өзі жинапты» — деп еске алады... Бүгінде Жетісу өңірінің қазылы қариясы мен кенен кейуанасынан Нақысбек ақалақшы туралы сұрай қалсаңыз, бәрі-aқ шетінен оның шешендігі, ерлігі, ел-жұртына жанашарлығы мен қамқорлығы туралы ерекше бір ырзалық тебірене әңгімелейді. Бұл ретте қазақ әдебиетінің тарландары Көдек Маралбайұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Шарғын Алғазыұлы қатарлы ақындардың жырларына құлақ түрсек те жеткілікті. Мәселен Т. Жолдыұлы өзінің айтулы «Іленің ақалақшы зеңгілері деген өлеңінде:

Албанда Нақысбек бар шығандаған,
Алдына адам қарсы шыға алмаған.
Жапса да қанша жала Шың дубаны,
Нақаңды ешкім аттан жыға алмаған.

Өзіндей Албекеңнен ұл тумапты
Бұл жайға Қожбанбет жоқ қуанбаған, —

деп Іленің ақалақшы зәңгілерінің ішінде Нақысбекке алабөтен ықылас білдіріп жоғары баға береді де, өзгелерінің жемқорлығы мен зомагерлігін, сатқын, жауыздығын уытты тілімен айпаларайды. Ал Қ. Маралбайұлы бір өлеңінде:

Қобыға Суасудың құйғанында
Мен келдім Нақысбекке салам үшін.
Тағынан таймай жүрген Нақаң екен
Руы Қожбанбеттің қазағының, —

деп жырласа, тағы да бір көлемді толғауда:
Албанның ақалақшы зеңгісіне
Бір өлең желі тартып құрдым енді
Алса, биік жерін түзетуге.

Ұстадым осы өлеңге сүрігені енді
Бастығын Нақысбек қып аралауға
Ауылына сол кісінің жүрдім енді.
Үйіне барып бір күн қонақ болдым

Бірталай әңгіме айтты үлгілі енді
Көз салып көңіліме қарағанда
Жемісті алма ағаштай бүрлі келді
Білермен бұрынғының шойтабаны.

Маңызды сөзі жаттық, үнді келді — деп, тек Нақысбек ақалақшыға ғана жылы лебіз арнайды. Қалғандарының дүниеқоңыз қоренделігін айтып ащы ажуамен түйрейді.

Енді алымды да шалымды Шарғын мен Әлғазыұлы Нақысбек шешен туралы:
Болаттың сен де бірісің,
Шешеннің бұлбұл тілісің,
Жорғадай сөзің, жүрісің

Нар болып туған Нақысбек,
Текті жерден шығыпсың.
Арыстанның түгісің,—деп толғайды.

Жетісу өңірінде халық ішіне кеңінен тараған «Жақыпберді» деп аталатын дастан бар. Онда да Нақысбек шешеннің аты ерекше ілтипатпен ауызға алынады.

Біз қашып Ресейден келген жылы
Текесті Оқам әуел аралаған.
Жүргенде азып-тозып істес болдық,
Албанды Нақаң екен саналы адам.

Барлығын бар адамның көзім көрді.
Аз екен ондай елге адал адам.

Ал Нақысбек ақалақшының шешендік өнері —өз алдына бөлек әңгімеге арқау боларлық әрі мол, әрі ұлағатты дүние. Өйткені ел ішінде «Нақысбек» ақалақшы айтыпты деген шешендік сөздер мен нақылға айналып кеткен тапқыр тіркестер өте кеп. Ендігі жерде әдебиет зерттеушілеріміз бен фольклорымыздың жанашырлары ел арасынан Нақысбек шешеннің сондай тапқыр сөздерін жинап, реттеп, ел игілігіне жаратып жатса құба-құп. Сол игілікті шара, сәті түсіп қолға алынып жатса, аз да болса септігін тиер деген ниетпен ел аузынан өзіміз сөздері мен нақылдарын жұрт назарына ұсынуды жөн көрдік. Орыстың жергілікті қылықтарына Нақысбекті жамандап, шен-шекпеннен дәмелі болып жүрген кейбір сатқын ағайын, Нақаң елді бастап Қытайға қашқалы жиналып жатқанда, бір жағынан дұспан көзі ғып, тағы бір жағынан өздерінің «тек жүретін, ақылды кісі екендіктерін» көрсетіп, Нақысбекті мүсіркеп:

— Нақа, өре түрегеліп көше жөнелмей-ақ, ұлықтан кешірім сұрап, «жаздым-жаңылдым» деп көрсең етті. Біз де қарап жатпас ек, арашаға түсер ағайының едік қой, — дегенде:

— Арам қанға бит семіреді, жуындыға ит семіреді. Без тамақ болмайды, ез қолқанат болмайды, бит пен иттің күнін көріп, без жеп, езге еріп жүргенше, алжыған төбеттей өз қорама үргенше қаңғып өлгенім мың артық. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» демей ме атам қазақ — деп жауап берген екен дейді Нақысбек шешен.

Қарқарада ел жиналған бір бас қосуда қайта-қайта сөз сұраса да жас Нақысбекті баласынып оған сөз бермей қойыпты. Сонда Нақысбек:

— Уа, халайық, құлға да бер кезекті деуші еді атам қазақ. Қазір ғой құл жоқ. Бірақ таз бен сақау сөйлегенде мен неге сезден тыс қаламын? Соның себебін айтыңдаршы? — деп сұрағанда жиналған жұрт тегіс күбір-күбір күңкілдесіп, күлісіп қалыпты. Оның себебі Нақысбектің алдында сөйлеген екі кісінің біреуінің руы Сақау деген ел екен. Тағы біp жағынан жиын басқарып отырған кісілердің біреуінің басы таз, біреуінің тілінің мүкісі бар кіcілep екен. Нақысбектің осы астарлы сөзінен тіксініп қалған ел ағалары:

— Бұл кім еді? — деп сұраса керек. Сонда Нақысбек:

— Ұсталар кездік соғар жетесіз, болам деген баланың тегін сұрап не етесіз?!

Одан гөрі ел болудың жөнін айт. Айта алмасаң үйіңе қайт! — деп сөзін бір шиырып тастап, әрі қарай сөзін халыққа қаратып айтыпты. Осы жиналыстан кейін ел ағаларына Жәмеңке «Түбінде Албанның сөзін осы бала ұстайын деп тұр екен», — деп сыр ақтарыпты дейді. Албан ішіндегі Ағымсары мен Қосқұлақ — аталас рулар. Ауыл ақсақалдары Нақысбек ақалақшыға келіп:

— Ақалақшы, өзіңізде білесіз, Ағымсары мен Қосқұлақтың арасы баяғыда-ақ жеті атадан асып кеттік. бірін-бірі қалап, үйленеміз деп жүрген жастар бар көрінеді... Мал айтып сойып, қыз алыса берсек қайтеді? — деп өтініп айтады.

Сонда Нақысбек шешен:

— Қарындасын қатын қылуға асығып жүрген қай тексіз?! Өзге қазақта қыз құрып қалып па? Жеті атаға толған екен деп қыз алыса беру дұрыс емес. Ең бірінші, қызыңнан ұят кетеді, ұлыңнан мият кетеді. Ұрпақтан мейір кетеді, ағайыннан пейіл кетеді. Екіншіден, тараған ұрпақ кем болады, құлқындары кең болады, қысқасы бұл әңгімені қойған жөн болады, — деп рұқсат бермеген екен. Содан бері жүз жылдай уақыт өтсе де аталған екі ру ресми түрде қыз алысқан жоқ. Үлкендердің тілін алмай үйленген бірлі жарым жастардың дені сау ұрпақ сүйе алмағанын жұрттың көзі көрді.

Нақысбек шешен ауылының бір жігіті «Қазақ байыса қатын алады» деп бар малын шығындап кіші тоқал (үшінші әйел) алыпты. Бірақ енесі бір, шешесі бөлек інісін сұр бойдақ қып, мал соңына салып қойыпты. Бардам жігіттің бұл қылығын іштей ұнатпай жүрген Нақаң бір кезіккенде оған:

— Қостап айып тартқанмен, құйысқандай болмады. Қостап қатын алғанмен, туысқандай болмайды. ...пан шыққан мүйіз сенде жоқ, інің жүре ме солай пенде боп? Ондай салт біздің елде жоқ. Нәпсіңді доғар, ініңе обал! — деп ақыл айтқан дейді.

Г. Мейрбекова
Что таит наследие биев?47

Не секрет, что устное ораторское искусство — луч света, зеркало общественных явлений, происходящих в государстве. Разнообразные изменения в общественной жизни, вводимые преобразования — все это отражает ораторское мастерство и умение грамотно и убедительно говорить. Роль ораторского искусства и красноречия настолько велика, что превращаясь в наследие страны, делает любой народ сильнее и мудрее. Развитие судебного ораторского искусства в XVІІ —XІX веках в Казахстане тесно связано с одной из форум суда — судом биев. Исследуя эту тему, глубоко изучая основу этого института, можно проследить жизненный путь целого народа, в данном случае — казахского народа. Изучая поэтапное развитие жизни общества, мы имеем возможность анализировать эволюцию развития ораторского искусства в Казахстане. Ораторское искусство казахского народа берет свое начало испокон веков, чему свидетельствует история: еще при образовании тайпских, родовых отношений оно использовалось как средство делового общения, играя важную роль в переговорах между разными общинами, ханствами и государствами. Традиции тех поколений, благодаря нашему языку, дошли и до наших дней. Но более всего отечественных исследователей удивляет дошедшее до наших времен ораторское мастерство биев. Потому что казахский язык — красивый, мелодичный язык. Благодаря этому языку, золотое наследие народа — красноречие имело важность передаваться из поколения в поколение. В XVІІ —XІX веках в Казахстане судебной властью наделяли биев и казы, которые еще назывались народными судьями. Стоит отметить, что структурное правление казахского народа по сравнению с другими народами имело некоторые отличия. Поскольку последнее слово всегда оставалось за биями и ораторами, которые действительно принимали справедливые и мудрые решения, судебные традиции были очень сильны. В 1871 году военный губернатор Тургайской области Л.Ф. Баллюзек, исследуя обычаи и законы казахского народа, писал: «Бийский суд — устный суд. Он отличается демократичностью, открытостью, потому что, начиная с простой обиды человека, заканчивая самым отвратительным преступлением — убийством — любые конфликты обсуждались устно, да и решение выносилось устно». Вии выступали от имени народа, искали справедливость, их не интересовали ни богатство, ни карьера. Биев не назначали, их выбирал народ из своей среды. При этом выбор падал только на самых достойных людей, которые умели и могли красиво и смело говорить, наделенных мудростью и красноречием. Свой статус бии достигали только благодаря своему уму и ораторскому мастерству. В то же время, они почитались наравне с ханами. Бии говорили: «Народом правит хан, землей правит народ, отдай свое ханство, бери землю, если ханство жалко, зачем тебе земля». Решение, принятое бием, не мог оспорить ни один хан. Представляя развитие бийского судебного ораторского искусства в XVІІ — XІX веках в Казахстане, можно представить коллегиальный суд биев. К примеру, если обвиняемого без предъявления доказательств подозревали в совершении преступления, в этом случае бии назначали обвинителей и оправдателей из числа своих людей. Разумеется, это были честные люди, которые давали присягу и готовились к делу со всей серьезностью. Суд биев проходил под открытым небом, в устной форме, прелюдно, а на слушаниях всегда присутствовал защитник (адвокат). У нас почему-то биев называют судьями, но это не совсем правильно, потому что суд биев больше походит на коллегиальный суд. А это значит: когда решается какой-либо спор, должны присутствовать, как минимум, трое биев. Один — обвинитель-прокурор; второй — защитник, адвокат; третий — тобе би, который принимал решение, оглашал приговор, то есть исполнял функции нынешних судей. Современный судья выполняет только одну функцию — выносит приговор, поэтому биев правильнее следует называть юристами. Решение биев не пересматривали. Исследователи судебного ораторского искусства, ученые, юристы К.Х. Халыков и Е.Е. Серимов в своей книге «Судебная риторика» писали: «В истории казахского народа решение биев имело юридическую силу, считаясь последним словом, выполнялось оно беспрекословно. Слово биев считалось правовым законом и исполнялось строго обязательно». Именно поэтому народ уважал своих биев больше, чем ханов, каждое слово биев они старались запомнить. Тогда для наших предков слово было святым, к мудрым речам прислушивались. Произносить святые слова могли только оратор или бий, которые выступали в роли защитника, потому что обвинить и вынести приговор было не так уж и сложно, а вот защитить обвиняемого было вовсе нелегко. Для этого нужно было уметь красиво говорить, грамотно мотивировать свои доводы, вовремя остановить спор биев, навести их на принятие справедливого решения. В свое время одним из неизвестных было сказано: «Выступать перед людьми тяжелее, чем воевать». Вот почему огромное значение для нас имеет ораторское наследие биев, их импровизированные выступления, пословицы, стихи, которые дошли до наших дней. В этой связи важно восстанавливать старые обычаи, как, например, ораторское искусство, найдя им новое применение, открывая школы ораторского мастерства, дабы научить наше потомство красиво говорить на родном языке. Бии вершили правосудие своим ораторским талантом, не имея никаких регалий, никакого богатства, тем более, что в то время на казахской земле не было ни зинданов, ни тюрем. Справедливыми решениями они мирили спорящие стороны, учили народ жить в мире и согласии, играли важную роль в воспитании молодого поколения. Если бы в наше время мы приняли эти наставления биев, то, возможно, мы искоренили бы с каждым днем растущие правонарушения и преступность. В аулах и райцентрах эту практику вполне можно было бы возобновить, а из числа уважаемых людей старшего поколения, аксакалов создать группу биев, которая своей мудростью могла бы наставлять молодежь на путь истинный. Думается, создание такого института помогло бы уменьшить количество хулиганств и правонарушений. Извлекая уроки истории, страна могла бы воспитать не просто интеллигентное умное поколение, но и реанимировала бы традицию ораторского искусства. А ведь проблема правильно и красиво говорить является головной болью не только юристов, но и, в первую очередь, власть предержащих. До сих пор, ни в одном вузе на должном уровне не проходит предмет «Ораторское искусство». Красноречием не шибко-то обладают и участники судебных заседаний, а также многие адвокаты и прокуроры. Предмет «Судебная риторика» должен изучаться не просто теоретически, а, в первую очередь — практически. В этой связи введенная по западному образцу кредитная система обучения наносит огромный урон знаниям студентов юридических факультетов, поскольку все экзамены в университетах проводятся в форме тестирования. Это уничтожает не только их способность грамотно говорить, но и способность думать. Обучающийся постепенно в процессе работы, отучается правильно выражать свои мысли. А это может привести к тому, что мы не сможем оставить будущим поколениям мастерство красноречия и правила поведения, как это сделали наши предки для нас. В истории останутся только произведения писателей и поэтов, а от наследия юристов — только их фамилии, и то — если останутся... Вот почему внедренная кредитная система образования абсолютно не нужна юристам. Юристам требуется способность грамотно излагать свои мысли и плодотворно думать. По этому поводу доктор юридических наук Сакен Оразбекулы сказал: «Для общественной науки тестирование само по себе вредно, оно не дает никаких результатов. Главное оружие — это умение говорить и думать. Поэтому на юридических факультетах студенты должны осваивать, в первую очередь, ораторское мастерство и литературный язык. Не прочитав ни одного произведения классиков, студент не может взять путевку в жизнь. Откуда у такого специалиста возьмутся гуманизм, добропорядочность, доброта и уважение?» И пусть сегодняшняя судебная власть не проводит процессы и судебные слушания под открытым небом, как это делали наши предки, но отдельные громкие процессы, которые имеют государственное значение, должны обсуждаться открыто, посредством СМИ, народ должен иметь возможность ознакомиться с выступлениями прокурора, защитника и судьи, особую роль в донесении информации должны сыграть журналисты. Отечественные журналисты в своем большинстве излагают информацию от себя, общими фразами освещая событие, при этом не печатаются произнесенные на суде слова прокурора и адвоката. На мой взгляд, такие юридические издания, как, например, «Зац», »Фемида», должны посвящать одну страницу своей газеты или журнала полемике адвоката, прокурора, судьи. Возможно, глядя на негативные и положительные примеры, участники судебных заседаний более тщательно готовились бы к каждому процессу, развивали бы свое ораторское мастерство, чтобы народ мог оценить уровень профессионализма наших служителей Фемиды. Ораторское искусство биев сродни искусству поэтов, они мастера слова. Еще Шокан Уалиханов отмечал: «Для народа ближе всего тот закон, который ближе ему, с которым он знаком, чем закон, утвержденный сверху».

Қ. Нәдірбай
Көбен би48

Елінің атын epі шығарады, кесем сөзін ұстаған шешені көшін ілгері апарады. Елдің екі делбесі осы. Сондықтан да қазақ батыры мен биін қашан да бағалым, бағыланым деп ардактай білген. Мақтанса, алдымен солардың атын ауызға алған, есімін ұран қылып, перзентінің атын берген. XVІІІ —XІX ғасырда өмір сүрген сондай байрақты бабаның бірі де бірегейі біз әңгімелегелі отырған—Көбен би Дүкенұлы. Көбен би Адайдың Тобышынан тарайтын Шегемнің Сырғыбай аталығынан. Сырлыбайдан —Қоқан, Шағыр. Қоқаннан бес бала — Шәртікен, Кенелдік, Сүйіндік (Шың), Болат және «Киімді бала» Керделі (Дербіс). Болаттан — Қарамырза, Толыбай. Қарамырзадан —Дүкен, Дуан, Сары. Осы Дүкеннің үш баласының ноқта ұстар үлкені— Көбен би. Дүниеде сөз қадірін өз қадірім деп түсінген қазақтай халық некен саяқ. Ауыз әдебиетінде түйінделгендей қазақ қандай қаптаған қалың қолға тоқтамаса да бірауыз сөзге тоқтаған. Бітпес даудың кесімді шешімі де осы сез арқылы тамамдалып отырған. Қаз дауысты Қазыбек 13 жасында қалмақ ханына дауласа барған ересектерге атқосшы бола жүріп, ханға:

— «Жерден жердің несі артық.

Бір-ақ уыс шөбі артық,
Ерден ердің несі артық
Бір-ақ ауыз сөзі артық» —

деуі де және бұған ханның тоқтауы осы сөз құдіретін түсінгеннен болса керек. Сондықтан да қазақта би мен шешеннің алатын орны ерекше. Былай қарағанда би мен шешен cөзі бірігіп, кірігіп кеткен сияқты. Бірақ, бидің жолы шешенге қарағанда ауырлау. Шешен сөзді өріп, өрнектеп артына өшпес мура қалдырса, би болу үшін шешендікпен қатар ақжүрек адалдық, мәрттік, хан алдында қаймықпай сөйлейтін жүректілік, параға сатылмайтын әділ болуы шарт. Би — халықтың көкейіндегісін айтып, көмейіндегісін жеткізетін жоқшысы. Оған қанша айтқыш болғанмен батылы жетіп екінің бірі бара алмаған. Биді байлық та, барлық та қолдан жасай алмаған. Билік тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділдігімен қара қылды қақ жарған басын бәйгеге тігетін кісі көтерілген. Би-асылы текті, алысты көре білетін ақылды, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін табиғи көсемдерден болған. Халықты «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген ұлағатты сөз осыдан қалса керек-ті. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — деген халық даналығы. Көбен биде жақыным деп жан тартпайтын, малды екен деп жалпақтамайтын, арты не болады екен деп жалтақтамайтын құдай жолын ұстанып, әділдіктің ақ туын жамылып, кесімін адал айтатын адуын да алғыр би болған дейді. Ол туралы деректер бидің есімін тұлғаландыра түседі. Ол күнде қоныстас ауылдардың, рулардың жерге, суға, малға таласып айтысып-тартыса беретін кезі ғой. Бірде Шөмішті Табын руының бір ауылы Итібай құдығының басында тобыштармен жерге таласады. Осы таласта Тобыштың ең жуан ауылы Зорбай деген руының Сарман балалары Шөміштінің Мұсақ деген жігіті ұрып өлтіредгі. Оған бір болыс қожан, қызылдар болып жиналып, араға түсіп «арыға барып қайтеміз»—деп билік айтып, құн кесіп көптеп - көмектеп бітірмек болады. Алайда, буған өлген жігіттің ағасы Жарылғап:

— Маған теңдік беретін болса мен Көбен бидің алдына барып жүгінемін. Көптен бері оған қарсы болып жүр едім, мен оның адамгершілігіне сенемін, ол не айтса соған көнемін,—деп отырып алады. Ақыры Шөміштінің игі жақсылары жиналып Көбен биге баруға келіседі. Ол кезде атамыздың ауылы Сам құмында болса керек. Көп адам бидің аулына келеді. Сәлем беріп үйге кіреді. Амандық-саулық сұрасады. Келгендердің ішінен Тойбазар деген шешен жігіт соз бастап, мән-жайды айтып түсіндіреді. Сонда Көбен би:

— Ей, Тойбазар, осы Мұсақты Зорбай балалары далада төбелесіп өлтірді ме, әлде құшқанда барып қуып өлтірді ме, осының анығын айтшы, — деп сұрайды.

— Мұсақ тобыштармен қоныстас отырғағын, кикілжің де осы жер жөнінде болады. Мұсақ қойын айдап осы жерге келе жатса, алдынан қолында сойылы бар 4— 5 жігіт шығады. Оны керген Мұсақ қорқып кетіп кейін қаша жөнеледі. Бұлар артынан қуып, есігінің алдындағы күлге барған жерде жетіп, сойылмен ұрғанда Мұсақтың қарақұсы ойылып, өліп кетеді. Бар болғаны осы, — деп Тойбазар биге қарайды. Сонда Көбен би біраз ойланып, отырып:

— Ердің құны — елу түйе. «Ұрыста тұрыс жоқ» — деп тимесе бата тігіп өліп кеткен адамды айтады. Сені өлтірмей қоймаймын, — деп қасарысып, қашқанды қуып, әдейілеп өлтірген адамның құны жүз түйе болады. Мына Мұсақты өлтіру — әдейі өлітру. Олай болса, мұның құнын жүз түйеге кестім. Тобыштың Зорбайының бес баласынан келіп отырған сендердің сыбағаңа бес түйеден 25 түйе құн кемітілсін. Мына Шөмішті Жарылғапқа 75 түйе құн төленсін. Соны сендер алып беріп бітіріңдер, — дейді би. Сол сет сөз тыңдап отырған Жарылғап орнынан ұшып тұрып:

— Уа, Көбен, әділдігіңе атаңның әруағына құлдық!

Міне, әділдікке, теңдікке қолым жетті. Бүгін өлсем де ризамын, — деп жылап жіберіпті. Көбеннің төрелігіне екі жағы да риза болып, ел арасы содан былай тынышталыпты. Көбен өмір сүрген кезең — ел өміріндегі елеулі оқиғаларға толы. Кіші жүз қазақтарының Адай, Табын, Шекті рулары сауда айырбасы, қоныс тапшылығына қарай Хиуа хандығына бағынған. Халық шектен тыс алым-салықтан бас көтере алмайды. Хан талабын орындаудан бас тартқан қазақ ауылдарын Хиуа бектерінің жасақтары аяусыз шауып, барған алашы-керуендерін тонап отырады. Міне, осындай озбырлыққа және де басқа жер дауы, жесір дауына бас болып барған Көбен Адайға үш рет олжа салды деген бар. Бұл жерде олжа салу дегеніміз бидің көршілес Хиуа ханында кеткен ел есесін шешендік тапқырлықпен, бүгінгі күннің тілімен айтқанда мәміл дипломатиялық шеберлігімен алып бергенін айтады. Хиуа ханның алдына барып есе даулап қайтарған Адайда үш би болған. Олар: Шегем — Кебен, Есен — Ерменбет және Жары — Мәтжан. Ерменбет Тұрұлы Кебеннің ізін қуған Ізбасары, ал Мәтжан Тілеумағамбетұлы Көбеннің бата берген туған жиені. Көбекеңнің халық ауыз әдебиетіне, сөз өнеріне қосқан үлесі — өзінен бұрынғы күміс көмей тақ-тақ билердің үлгі-өнегесін кейінге жалғап, батыстың билер мектебінің өз кезегіндегі ұстыны, ұстазы болғандығы. Ол кейіннен жерлесіміз Қабиболла Сыдиықұлының, Балтабай Адамбайұлының ғылыми-зерттеу жұмыстары аясына айналған еді. Көбекеңнің көптеген сөздері бізге жетпей жоғалған. Ол, қарасөзбен де, өлеңдетіп, тақпақтата да айтатын болған. Ол жөнінде өлке зерттеушілерінің бірі марқұм ізбасар Шыртанов қарт шежіреші Алшын Меңдалұлының архивінен төмендегі деректерді еске салады. Көбен би бірде келе жатып әлім Шүрендердің ауылына қоналқыға келеді. Ат үстінде тұрып: — Хабарласатын кім бар,—дейді. Үйден дыбыс болмайды. Сонда, Көбен би айқайлап:

Шаңырақтан түтін шығады, от жарқылдап,
Үй алдында сұр төбет тұр арсылдап,
Жігіттер мына ағашқа ат байлайық
Шықпаса алдымыздан бір шаңқылдақ, — дейді.

Үйден сонда да дыбыс болмайды. Жолаушылар үйге кіреді. Үй иесі ет асуға ыңғай білдірмей, пісіріп жатқан жүгері көже береді. Қазан-аяқ жақта асулы бақандағы жаюлы тұрған жылқы ет керген Кебен би:

Тұрысын, қазы-қарта соғым еті,
Аңсайды қонақтарды елдің шеті,
Қоңырсын, шоғы маздап қойдың қиы,
Осы еді жігіттердің есіл дерті.

Қонақпыз алыс жерден шаршап келдік
Кісіге кез салмаймыз дала кезген.
Білсеңіз біздер келген құтты қонақ,
Жасырма жал-жаяңды енді бізден,—дегенде:

Үйдің еркегі «бол жылдам ет ас» депті әйеліне. Тағы бір жолаушылап бір үйге келеді. Үй иесі менсінбей, кекете сөйлеп: «Адай, Адай дейді, неше болыс өзі?» — дейді.

Сонда Көбен би:
Осы күн бұл Адайдан алты болыс,
Маңғыстау, Жем, Сағызды еткен қоныс,
Әзірге бастарынан бақ кеткен жоқ,

Елінде дүркіреп тұр бақ пен ырыс, — депті.
Көбен би қыз ұзатқанда қызы жылай берсе керек.
Сонда қызына:
Өзіңдей болған сенің шешен,

Әкеңді ел айтады сөзге көсем,
Үйреніп барған жерге сен кетерсің,
Шырағым жүргейсің тек аман-есен, —
деп жұбату айтыпты.

Көбен бидің ауылына екі жақтан екі кісі келеді. Тамақ ішіп болғасын ауыл жігіттерімен дуылдасып әңгіме басталады. Мал қарап жүрген бірінші кісіден ауыл жігіттері — Қонысты жер көрдің бе, жолым үймен барып мал жаятын? — деп сұрайды.

— Жоқ, жердің бәрі ала шаң, — дейді әлгі кісі.

Екінші кісі ауыл жігіттерінен:

— Малдарың қай бағытта жайылады? — дейді. Ауыл жігіттері бағытын айтады. Келген кісілер аттанып кетеді.

Көбен би жігіттepінeн — Әлгі кісілерді танисыңдар ма?—деп сұрапты. — Жоқ, танымаймыз, — дейді. Сонда Көбен: — Қой баққаннан жөн сұрама, жөнін айтпайды, ұрыға жөніңді айтпа малыңды ұрламай қайтпайды, — депті. Айтқандай ертеңіне аулынан мал ұрланыпты. Көбен қосшы баласымен бір байдың үйіне кештете келіп түседі. Байдың бәйбішесі сараңдығы ұстады ма, ет аспай, ұн көже жасап, тұз салады да сыртқа шығып кетеді. Артынан іле-шала тоқалы келіп қазанды былғап-былғап тағы тұз салады. Тоқал кетісімен Көбен қосшы баласын түртіп қалып, кереге басындағы тұз бастықтан қос уыстатып және тұз салдырады. Мал жайланып, үй іші ас ішуге отырады. Бай көжені ала салып ұрттап қалып тіксінеді де: — Бәйбіше мына көжеңнің дәмі күндегідей емес, қолайсыздау екен, — дейді.

Сонда Көбен:

— Бәйбіше кетерінде татымдық тұз салды, тоқал келіп уыстап салды, бұл үйдің әдеті болар деп Көбен отырып шеңгелдеп салып еді, дәмділеу болған шығар, — депті.

Бай үйіне келген қонақтың Көбен би екенін содан біліп, кешірім өтініп, жібермей, ертеңіне қонақ асылып жөнелтіліпті. Сирек те болса осындай тапқырлық сөздерді оның әзіл-қалжыңға да ұста адам болғанын аңғартады. Бұдан да басқа «Көбен айтқан екен» деген ел аузында жүрген әңгімелер баршылық. Соның бірі «Есте не қалады?» — дегенде Көбекең:

«Батырдың айбаты қалады,
Ердің қайраты қалады,
Дананың сөзі қалады,
Халқына еңбек еткен,

Дегеніне жеткен
Армансыз кезі қалады» — деген екен.

Көбекең Адайдың ақпа-төкпе сөз дүлдүлі Абыл ақынмен замандас, шендес, өpіcтec, өрлес тұлға. Адайдың ақиығымен атағы қатар шығып, бірге аталу ердің бәрінің маңдайына жазыла бермеген. Көбен би ез заманында елдің еркіндігі, ынтымағы үшін қызмет еткен саналы азаматы, жалпы адамгершілікті әлеуметтік әділеттілікті жақтаған қоғам қайраткері ретінде танылған. Оның ұлағатты да ғибаратты сөздері қоғамдық ойдың дамуына, қала берді қазақ ауыз әдебиетіне өзіндік үлес қосқан дінмар шешен деп бағалауға болады.

Б. Нұржекеұлы
Майқы би49
Қазақтың үйсін дәуірінде тұңғыш билер басшылығын құрған кунби;

Қазақтың арғы бабалары ішінде айтқандары мақал-мәтел боп бүгінгі күнге сақталып жеткен тұңғыш би; Үйсіннің күнбилер әулетінен шыққан тұңғыш дана ақыны. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы —Майқы би» деген өте үлкен, қасиетті сөз Майқы бабамызға қатысты айтылады. Сөз төркінінен-ақ зор құрмет аңғарылады. Шежіреде оның көбінесе «Үйсін Майқы би» дейді содан-ақ оны Үйсін мемлекеті кезінде өмір сүрген-ау деп шамалауға болар еді. Бірақ біраз шежіреде, қазіргі тарихи шығармаларда, энциклопедияда да Майқы бидің Шыңғысты хан көтерген он екі бидің бірі дейді. Ал, Үйсін мемлекеті мен Шыңғысхан арасында мың жылдық уақыт жатыр. Әйткенмен кейбір шежіреде екі немесе бірнеше Майқы болғаны туралы да айтылады. Ата шeжіpeдe Майқы бидің сенімді cepік болған, аты аңыз-ертегіге айналған Аяз бидің Тұрсын Жұртбаев: «Аяз би X ғасырдың аяғы мен XІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген», — деп біледі («Егемен Қазақстан», «Аяз би кім?», 29.08.01.). О. Қаймолдин Ұлы билер ұлыстың Сопиян деген атамыз «өзінің үлкен ұлы Майқыға табыс еткен. Бұл — Жыл сонау есебінен 100 жыл бұрын» дегенді айтады (Алматы ақшамы, «Құпиялы Бөтпақ»). Ғалым Құлмат Өмірәлиев 1820 жылы Қазанда шыққан «Ахуал Чыңғыс хан уа Ақсақ Темүр» деген кітапта Шыңғысты хан көтерген он бидің басында Үйсін Майқы би аталатынын, оның ұраны — Салауат, таңбасы — сірге болғанын айтады («Жалын» альманағы, №5, 1985). Алайда өмір сүрген уақыты мен әкесінің, балаларыныцң аты-жөндері әр шежіреде әртүрлі айтылғанмен, Майқы деген адамның өмірде болған тарихи тұлға екендігін және оның тапқыр, шешен адам болғаны ешкімге күмән туғызбайды. Өмір тарихын тәпіштеп білмесе де, бар қазақ оны сез атасы санайды. Сөз атасы болу үшін ол адам, сөз жоқ, сез басында тұруы керек. Майқы би туралы өзге шежірелерге қарағанда жүйелілеу пікір айтатын — Қазыбек бектің «Түп-тұқиянан өзіме шейін» кітабында Матай жазған Ата шежіре. Бірақ Қытай жазбаларымен салыстыра қараған кезде оның да түсінуге қиын тиетін тұстары баршылық. Ең әуелі онда көрсетілген уақыт әр жерде әр қилы болып келеді алдыңғы айтқан уақытына соңғы айтқаны үйлеспейді мәселен, 45-бетте Майқы таққа біздің дәуірімізге дейінгі 12-жылда отырып, «табандатқан жиырма тоғыз жыл елді биледі» десе, 58-бетте: «Ол хижра жыл санауынан жеті жүз он бір жыл бұрын дүниеге келіп, сексен тоғыз жасында дүние салыпты»,—дейді. Онда ол біздің дәуірімізге дейінгі 89 жылда туып, дәл біздің дәуір басталғанға дейін ғана өмір сүрген болар еді. Олай болса 29 жыл емес, бар-жоғы 12-ақ жыл ел билеген болады. Мұндай қате есептеулеріне қарамай, үйсін дәуірінде өмір сүргендігін шындық деп қарап, енді Үйсін мемлекетінің билеушілepі жайында дерек көздерін бір-бірімен салыстырып байқайық. Бірінші дерек—Бан Гудың «Батыс өңір және Үйсін мемлекеті» деген шығармасы («Қазақ тарихынан», Алматы, 1997. Аударғандар — Байдәулет, Гу Уынчин); Екінші дерек — И. Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» штабы, Москва, Ленинград. 1950. 2-том; Үшінші дерек — Қазыбек бек Тауасарулының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабі (Алматы, 1993); Төртінші дерек — Нығмет Мыңжанның «Қазақтың қысқа тарихы» кітабы (Алматы, 1994); Бесінші дерек — «Ежелгі үйсін елі» кітабы (Шыңжан халық баспасы, Урімжі 2005). (Кесте төменде). Біздің дәyіpімізгe дeйінгі 104 жылға дейін біраз уақыт — Елсау би өлгенге дейін — Үйсін мемлекеті үшке бөлініп басқарылған. Ұлы Күнби Елсаудың өзі шығу атты астанадағы үлкен орданы, ортаншы ұлы Дуалы екінші орданы, Елсаудың, немересі Жөнше би үшінші орданы басқарады. Оңқай би мен Айбынды би тұсында біріккенмен, кейін біржола екіге бөлінеді. Бірақ кіші күнби ұлы күнбиге ылғи да бағынышты болған. Дегенмен алауыздықтың кесірінен ақыры Үйсін мемлекеті әлсіреген, халқы кейін Түркеш мемлекет болып дәуірлеп, одан соң Түрік қағанатының құрамына кірген. Қазыбек бек Оңқай би туралы айтады да, Оңқай (Янгуй) би дегенің ауызға алмайды. Cіpә, аттары ұқсас болған соң, екеуін де бір адам деп қараған сияқты. Ал Майқы деген ат Қазыбек бектен басқа да кездеспейді тек жыл жағынан қуалағанда, оның ел басқару кезеңіне Еже би (Ичими-Ичи+ми — Ичи би немесе Етет би ғана жақындайды. Еже бидің хандық құрған уақытын Н. Мыңжан б.д.д. 10 — 7 жыл деп белгілепті. Бірақ Баи Гу өзінің «Батыс өңірі шежіресінде»: «Ай-ди патшаның юаншу 2-жылы (жаңа эрадан бұрынғы 1-жылы) үлкен кунби Еже би Тәңірқұтпен бірге (күн билеушісімен бірге — Б. Я.) Хан хандығы ордасына барды» деп жазады («Қазақ тарихынан», Алматы, 1997, 41-бет). Мұны Бичурин де растайды (2-том, 198-бет). Бұл—тарихи, хатқа ертеде жазылып қалған шындық. Демек Еже хан, Мыңжан көрсеткендей, б.д.д. 7-жылга дейін ғана емес, біздің дәуірімізде де билік құрған хан. Егер Еже деп отырған Майқы бидің 29 жыл билік құрғаны рас болса, ол б.д.д. 12-жыл отырып, біздің дәуіріміздегі 17-жылга дейін ел басқаруға тиісті. Н. Мыңжан былай дейді: «Б.ж.с. дейінгі 16-жылы солтүстік иеліктегі Уижыңжан үйсін елін біріктіруге қарсы шығып, Силы биді өлтіреді. Силы бидің орнына Еже би отырады. Б.ж.с. дейінгі 12-жылы оңтүстік иелікке қарасты бектердің Наншы Оңқа деген адамы Уижыңжацды өлтіреді. Силы би қаза болғаннан кейін ішкі қырқыстар салдарынан әлсірей бастаған үйсін елі бұрынғы күш-қуатынан айырылып, еңістей береді (81-бет). Ал Қазыбек бек: «Майқы таққа Силы биден кейін келіп, табандатқан жиырма тоғыз жыл елді биледі. Силы би де аз отырмаған адам. Ол жиырма жыл отырып, және тағы бір жыл бетіне жан қаратпаған беделді адам болмапты. Оны Ойжын өлтіргенде, оны халық отқа өртеп жіберген»,—дейді (45-бет). Бұл екі дерек — Қазыбек бек пен Н. Мыңжан пікірі — негізінен бір жерден түйіседі. Н.Мыңжанда Еже би таққа б.д.д. 10 — 7 жыл аралығында, яғни үш жыл ғана отырған деп көрсеткенмен, оның б.д.д. 1-жылда да улы күнби болғандығын Бан Гу мен Бичурин де анық жазады. Буған қарағанда, Н. Мыңжанның Еже билік құрған аралықты дұрыс мөлшерлемегені байқалады. Үйткені Силы биді б.д.д. 16-жылы өлтіреді оның орнына Еже би отырады дегенді 81-бетте өзі жазып отырып, өзі содан қателеседі. Ал, Т. Жұртбаев «Дулыға» кітабында Еже б.д.д. 16-жылы таққа отырды деседі де, билікте қанша болғанын көрсетпейді өйткені ондай дерек Бан Гуде де, Бичуринде де жоқ. Алайда Бан Гу былай дейді «Кіші Кунби Можыңжан Силы бидің өзін басып алуынан қорқып, мәртебелі адамды Урылинді тізе бүгу дегенді жалған атпен жіберіп, оны өлтіреді. (40-бет). Демек Можыңжан, яғни Уйжыңжан Кіші күнби болған кезде Силы би ұлы кунби болып тұрған. Силы биді өлтірткен соң, Бан- Гу: «Көп жылдар өткен соң... Можынжанды өлтірді, десе (40-бет), Бичурин: «По прошествии некоторого времени... убил Мочженьгяна», — дейді. (2-кітап, 198-бет). Яғни Силы би б.д.д. 16-жылы өлтіріп, сол жылы оның орнына Еже би отырған. Бұл жыл, Қазыбек бектің айтуындағы Майқы би таққа отырған жылдан төрт жыл ерте. Ол кісі сірә Можыңжанды өлтірген б.д.д. 12-жылмен шатастырған болу керек. Қытай тарихында Үйсін мемлекетіне қатысты жазылып қалған негізгі мәселе біреу ғана: ол — Қытай қыздарының үйсін Кунбилеріне тиіп, ағайынды күн мен үйсін халықтарын өзара араздастырып әлсірету кезеңін жіті бақылап отыру. Сондықтан олар негізінен бір кунбиді екінші кунбиге айдап салып отырған. Сол себептен де олар үйсін мемлекетінде өз жиендерінің таққа келіп кетуіне қатты көңіл бөлген. Ал үйсіндер қытаймен бірігіп күн елін тас-талқан еткен соң, яғни өз мүддесі жүзеге асқан соң, қытай басшылары үйсіннің өзіне де енжар қарай бастаған. Бұлай дейтініміз: ұлы кунби Елсаудың наразы болған ұлы Дулы туралы, оның он мың әскермен жекеленіп кеткеннен кейінгі тағдыры туралы қытай жазбалары қасақана дерлік тук айтпайды. Алайда сол Дулы бастаған ұрпақтың үйсін мемлекетінің орнында Түркеш хандығы құрылғаны тарихта мәлім. Оларды қазақ шежіресі арғы Дулат деп, Бәйдібектен тарайтынды бергі Дулат дейді. Дулыдан тарағандарды дулат деп атау себебі, меніңше, Дулылар дегені көне түрікшенің көптік жалғауымен Дулы+ат — Дулаттар деп атаудан болса керек, себебі керейлер дегенің керей+т — Керейт дейтініміз бар ғой. Қытайлардың үйсін тарихын жазып қалдырған кезеңі тұп-тура Елсау би тірі кезінде ұзатылған қытай қызының тұсынан бастап, үйсіннің үш күнбиіне тиіп, мемлекетті ойран етіп, 70 жасында еліне кайта оралған Жиейу ханшаның және содан туған қытай жиендерінің әрекеттерімен аяқталады. Дулыға да, біз сөз етіп отырған Майқыға да сондықтан қытай тарихшыларының қызығуы шамалы. Еже немесе Етет пен Майқыны дыбыстық жағынан бір адам деп қабылдау, әрине, қиын. Әйткенменен Елсауды Лапкек, Елбиді Энли, Ербиді Әнре, Оңқайды Унгуйми деген қытайдың қай сөзіне құлдық ұрарсыз. Соңғы кезде қытайдағы қазақ тарихшыларының ежелгі түрік-қытай терминдерін негізсіз бұрмалап қолдануы жиі байқала бастады. Мәселен, ежелден біз Мөте — Мәте — Мәде — Мүде деп атап келе жатқан күн шәнуйін Бақтұғ деп; үйсін кунбиі Елмауды Лапкек деп, Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласын Чекук деп; юечжы — йозы — иузі елін нүкіс деп, сол үлгімен ұлы иүзіні ұлы нүкіс деп аударулар көрініс береді. Бұл терминдер әлем тарихшыларының қатысуымен калыптасқан-ды. Терминдердің қасақана бұрмаланып аударылатындығын 2005 жылы қытайда шыққан «Ежелгі үйсін елі» кітабындағы мына түсініктер анық аңғартса керек: «Бақтұғ — Ғұн тәңірқұты. Қытайдағы... деген екі иероглиф қазіргі қытай тілінде маудун болып оқылғанымен, алайда ол... (моду) болып оқылу керектігі ескертілген. Сондықтан иероглифтердің арғы ерте замандағы дыбысталуын қалыпына келтіруде моду бойынша оқыған жөн» (309-бет). Солай бола тұра олар неге «моду» демей, Бақтұғ деп оқиды? Бұл ғылым ба, саясат па? Бірізді жазу, біркелкі оқу тарихи пікірді тұрақтандырады. Ал құбылтып, өзгертіп оқу адастырады, шатастырады. Бұған көз жеткізу үшін «Ежелгі үйсін елі» кітабынан бірер мысал келтірейін: «Шин Чицжидің жанама аты — Зыжын» (203-бет); «Чын Таңның жанама аты — Зыңғұң» (205-бет); «Гың Гуңның жанама аты — Бозұқ» (278-бет); «Бан Чаудың жанама аты — жұңшың» (279-бет); «Жұң Хаудың жанама аты — Жинбо» (282-бет), «Хон Уди Лю Чы... марқұм болғаннан кейінгі дін аты — Шызұң, мінездемелік нәмі — Уди. Шяууди деп те жазылады». Бұған қарағанда, адамдарға жанама ат, лақап ат беру қытай дәстүрінде ертеде кең етек алған. Сондықтан Майқы бидің де жанама аты Еже немесе Етет болган шығар деп ойлаймын. Өйткені өз шежіремізде оның Силы биден кейін хан болғаны анық айтылған ғой. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабында: «Ажа — бұйрық, заң». Қазақтар: «ай дерге ажа жоқ, қой дерге қожа жоқ» дейді — дегенді айтады (Алматы, 1985, 39-бет). «Еже» дегеніміз сол «ажаның» бір айтылу түрі болса, билеуші деген мағынаны берсе керек.

Алайда тағы бір нұсқа пікірге тоқтала кеткенім теріс болмайтын сияқты. Т. Жұртбаевтың мына себебі тағы бір жорамалға жетектейді: «Ел би (Әнли) — Ердің (Әніренің) ұлы, б.д.д. 12-жылдан бастап билік етті» (Сонда, 326-бет). Бұл есеп Н. Мыңданда б.д.д. ІІ — 7-жыл деп қате көрсетілген, бірақ оның алдындағы кіші кунби б.д.д. 12-жылга дейін билік жасағанын дұрыс көрсеткен. Ал, Ел би — Елсаудың Ұмайдан туған ұрпағы, Дулының ұлы Оңқайдан (оның да құн әйелінен) туған. Өжеттің нeмepecі. Майқымыз, cіpә, осы Ел би болар. Әніре-Аннет дегеннің Мән дегенге ептеп дыбыстық жақындығы бар көрінеді маған. Оның үстіне кезінде түріктер өз ханын Ел хан деген ғой, үйсіндер де өз бегін Ел би, десе несі бар? Ұлы күнби Оңғай, кіші күнби Өжет болған кезде «үйсіннің халқы мен иелігі екіге бөлініп, ұлы күнби мен кіші күнби алды-алдына билік жүргізді. Ұлы күнбиге 60 мыңнан аса түтін, кіші күнбиге 40 мыңнан аса түтін қарады. Дегенмен, Үйсін халқының ниеті кіші күнби жағына ауып кетті»,—дейді қытайдың «Хәннамасы» («Ежелгі үйсін елі, Үрімжі, 2005. 256-бет). Себебі кіші күнбилер құн (арғын) шешеден, яғни туыс жұрттан тараған ұрпақ, былайша айтқанда, өзі ғой. Ұлы күнбилердің ордасы Шығу қаласында болғанын барлық дерек бір ауыздан айтады. Ал Ата шежіре Майқы би жайында: «...сексен тоғыз жасында дүние салыпты. ғұмырын Алатаудың бауырында — Лабаста, Шуаста, Таласта, Шымбаста өткізіпті. Өлерінде Қазығұртты мекендепті. Аныт — қабыр қалмаған»,— дейді. («Түп-тұқияннан өзіме шейін», 58-бет). Бұл да Майқының кіші күнби болғанына айғақ болса керек. Лабасы — Алатау, ол осында туған болар. Шуасы — Шу, Таласы — Талас, Шымбасы — Шымкент жақ қой. Мұның бәрі Шығудан батыста жатқан жер. Яғни кіші күнбидің иелігі де үйсін мемлекеінің батысында болған деп жорамалдауға негіз бар. Тағы да бір дәлел: Ата шежіресінде қызылбас елшісі Нөшір дегенді де Майқы Қазығұртта қарсы алады. Ата шежіренің «өлерінде» дегеніне қарағанда, күн биліктен кеткен соң да Майқы Қазығұртты мекендеп қалған сияқты. Қысқасы, қытай жобаларына қарап Майқының кім екенін анықтау мүмкін емес. Себебі Майқы — қытайлардың үйсін ісіне араласуын ұнатпаған адам. Тек бір-ақ жорамал қалады: билікке отыру мерзімі жағынан және оның Ата шежіреге үйлес келуіне қарап, не Еже би, Ичими, Әже би дегендерді немесе Ел би, Анле, Алей биді Майқы деп тану. Қытай жазбаларында бұл екеуі де таққа Силы би өлгеннен кейін отырады: Еже би б.д.д. 16-жылы, ал Ел би 12-жылы. Ел бидің таққа отыруы Ата шежіреміздегі уақытқа дәл келеді. Өз шежіремізді, яғни, өз тарихымызды сыйласақ, соны таңдаймыз. Себебі Ел би — қытай жиені емес, арғын нағашысынан тараған ұрпақ. Майқы бидің тегіне ол жағы да тура келеді. Қытай тарихшыларының жазуында ұлы Күнбидің астанасы Шығу қаласы екендігін айқын аталмаған (қазіргі Есік қаласының батысында, Рахат ауылының үстіндегі тепсеңде), кіші күнбилердің қай қаланы орталық еткені және Дулының қай арада билік еткені анық айтылмаған. Сондай-ақ қытай тарихшыларының үйсін мемлекетінің тарихын жазуға емес, өз мүдделеріне қатысты жағдайларды ғана атап айтқанда, қытай ханшаларының үйсін мен арғынға (құнға) істеген ойран-топаны мен жиендерінің тақ жолын ғана жазып қалдырғанын түсінуге болады. Сонымен Ел би Майкы би болса, ол ескі жыл санау жаңа жыл санаумен алмасып жатқан мезгілде өмір сүрген болып шығады, оның солай екенін қазақ шежіресіндегі «Қотан, одан Майқы» деп келетін нұсқа да дәлелдейді. Бұл ретте Майқы VІ — VІІ ғасырда өмір сүрген Бәйдібектен көп әріде жасаған болып шығады («Қазақ шежіресі», Атамұра-Қазақстан, 1994. 3-бет). Зайыр Садыбековтің «Қазақ шежіресінде» де Майқы би ұлы жүздің ұраны болған Бақтиярдың және Ойсыл, Үйсіннің атасы ретінде көрсетеді. (Ташкент, 1994. 37-бет). Ал Қазыбек бекте Бақтияр — Майқыға баба. Сонда күнби Майқы үйсін дәуірінде өмір сүрсе, XІІ ғасырда Шыңғысты хан көтерген қай Майқы би? Әрине, біздің дәуірімізге дейін туып, біздің дәуіріміздің басында дүниеден өткен, тарихта Ел би аталған Майқы емес, басқа Майкы. Сонда тарихта екі Майқы болған ба? 1990 жылы ҚХР «Іле» баспасынан «Қазақ шежірелер» атты кітап шыққан екен. Сондағы «Майқы би» дастанында:

«Өтіпті данышпан боп атам Майқы,
Кейбіpey түсіне алмай қылар сайқы.
Қойылған осы лақап бірнешеу бар,
Екенін ұғушым аз, заты қайсы?» — деген шумақ бар.

біз білетін үш Майқы бар. Бірі — жоғарыда сөз еткен, 1-ғасырға дейін туған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» де, екіншісі— Бабыралы деген аяғы ақсақ кісі. Оны жұрт әуелі Майып деп атап жүреді де, кейін пысықтығына бола Майқы деп атап кетеді. Оны мен бірінші Майқының арасында Ата шежіре бойынша 16 ата, яғни, шамамен бес жүз жылдай бар. Ал одан кейінгі үшінші Майқы мен екінші арасында 800 жылдай бар, сонда ол Шыңғыс ханның заманында 12-ғасырда өмір кешеді. Оның шын аты Ұран болған, әділдігі мен шешендігіне бола Майқы атанып кеткен. Көп шежіренің ежелгі Майқымен шатастырып жүргені — осы Майқы. XІІ ғасырда өмір сүрген адам, меніңше, қазақ сөзінің «түп атасы» бола алмаса керек. Өйткені ол кезде Махмұт Қашғари (XІ г.) Жүсіп Баласағұн (XІ г.) кітаптары жазылып қойған, қазақ сөзінің түбі осы XІІ ғасырда ғана қаланса, онда «түгел сөздің түбі» Махмут Қашғари мен Жүсіп Баласағұн болуы керек-ті. Демек, «түгел сөздің түп атасы» Майқыдай болған Бабыралы да, Ұран да болмады, Майқының өзі болады. «Майқының Аяз, Құмырсқа деген екі биі де нақыл иесі адамдар екен. Бұлар қазылық құрудан гөрі елшілік - жаушылық жасаумен кеп айналысыпты. Екі биге Майқы ерік берген деседі. Бірде осындайды пайдаланып, Майқы сөйлеп отырғанда екі би тәртіпті мансұқ етіп, Майқы алдын кес-кестей берген.

Сонда Майқы:

— Билер, бүгін Майқының алдын кесесің,

Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,

Әзір сөзімде болмас бұрыс,
Ғақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,

Екі би, басасың шоқ.
Аяз би, әліңді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл — депті.

Міне, мәтел осыдан қалыпты», — дейді Ата шежіре (Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін», Алматы, 1993. 49-бет). Майқы бабамыздан қалған көп сөз бүгінде мақал-мәтел боп айтылғандықтан да біз оны «түгел сөздің түп атасы» санаймыз. Енді солай екеніне көз жеткізу үшін солардың біразын салыстырып көрелік. Біз қазір: «Алтау ала болса, ауыздығы кетеді. төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейміз («Қазақтың мақал-мәтелі». Алматы, 1980. 9-бет.). Ал Қазыбек бек Тауасарұлы бұл сөздің төркіні Майқы бидікі екенін, оның әуелгі айтылуы «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді бесеу бірікce, берместі алады» болғанын айтады.

Мақалда:
«Қойдан қойдың нecі артық?
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық?

Ойлап айтқан cөзі артық»;
(Сонда, 244-бет.);
Майқыда:
«Қойдан қойдың нecі артық?

Кос табақтың еті артық.
Ерден ердің несі артық?
Ептеп айтқан cөзі артық»;
(Қ. Тауасарұлы. Түп тұқияннан... 50-51-бет.)

Мақалда:
«Жаман ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды» (299-бет)
Майқыда:

«Баршылық болса мал жаның,
Көп ағайын көре алмас.
Жоқ болса егер өзіңде;
Туысқаның бере алмас». (53-бет);

Мақалда:
«Түбі бірге тебісер де табысар» (202-бет);
Майқыда:
«Түбі бірге түртпейді» (54-бет)

Мақалда:
«Көсеуі ұзынның қолы күймес» (343-бет);
Майқыда:
«Көсеуің ұзын болса қолың күймес,

Ағайының көп болса ешкім тимес» (129— 130-бет);
Мақалда:
«Қорқақты көп қусаң батыр болар»
(«Қазақ мақал-мәтелдері», «Ана тілі», 1993.20-бет);

Майқыда:
«Қуалай берсең жаманды,
Батыр болып шынығар». (60-бет.);
Мақалда:

«Тамырыңнан түйе сұрасаң,
Қорыққанынан бие берер». (Сонда, 79-бет);
Майқыда:
«Жекжатыңнан тай сұра,

Ең болмаса қой берер», (52-бет);
Мақалда:
«Жаман айғыр енесіне тап берер» (84-бет);
Майқыда:

«Жаман айғыр қашанда жатырына шабады» (53-бет)
Мақалда:
«Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас» (86-бет);

Майқыда:
«Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас» (50-бет);
Мақалда:

«Ит құтырса, иесін қабар» (92-бет);
Майқыда:
«Иттің дағы тегі бар,
Тексіз болса ол шіркін

Иесін де қабады» (53-бет);
Мақалда:
«Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз» (113-бет);
Майқыда:
«Жаманнан жақсы туар

Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туар,
Бір жармаққа алғысыз» (59-бет);
Мақалда:

«Арғымақты жамандап,
Кәне тұлпар тапқаның?
Ағайынды жамандап,
Кәне туған тапқаның?» (113 —114-бет);

Майқыда:
«Жақсының бәрін жатсынған,
Туысқан қайдан табады?» (53-бет)
Мақалда:

«Сыйласуға жат жақсы,
Жыласуға өз жақсы» (145-бет);
Майқыда:
«Жыласқанға өз жақсы,

Сыйласқанға жат жақсы» (53-бет).

Бұдан басқа да қанатты сөзге айналып кеткен пікірі толып жатыр, оның бірі шешендік сөз болса, бірі ақын-жыраудың аузынан ақыл сөз боп айтылып жүр. Мәселен, Майқы бабамыздан қалған мына сөздер әлі күнге дейін маңызы мен мәнін жоя қоймаған сөздер:

«Қыздан қыздың несі артық?
Қылмыңдаған көзі артық.
Жыпырлаған жұлдыздан,
Жартыкеш болса да Ай артық.

Биік-биік жотадан,
Су сыйлайтын сай артық»;
«Салмай жортқан жігіттен
Салмай құлындаған бие артық»;

«Жетім жасар бала асырамайды,
Жеті жылғы ағаш асырайды»;
«Қонақ қойдан жуас-ты,
Май берсең де жей берер»;

«Жауға салма жалғызды,
Тұқымы құрып кетер-ді,
Жаман болса қыз балаң,
Жепті атаңа жетер-ді

Қатының жаман болса егер,
Қонағың сыйлы кетер-ді,
Келінің жаман болса ше?
Астынан танау міңгірлеп,

Күңкілмен күнің өтер-ді
Ұл жаман болса ұрыншақ,
Сүргені өмір бекер-ді»;
«Ақ тұрған жерде қақ тұрар»;

«Ер арыса, әруақ болар,
Ат арыса, тулақ болар»;
«Береке түбі — бірлік,
Жеңіліс түбі — шерлік

Жеңіс түбі — ерлік»;
«Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар»;
«Қырдың гүлі азайса,

Тікенге қонар бұлбұл құс»;
«Ауыр қайғы бөлісу —
Ағайынның парызы.
Ауыр жүкті көтеру —

Ақ атанның қарызы.
Сайрап жатыр шешенің
Салып бір кеткен сара ізі.
Бәрінен де жаман-ды

Ағайынның аразы».

Осының бәрін Майқы айтса, «түгел сөздің түп атасы» ол болмағанда кім болады? «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» 6-томында: «Майқы би. Байқы, Байқа, Байқу (т.ө.ж.б) — аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Шежірелерде М. б. деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол М. б.з.б. 178 — 89 ж. өмір сүрген және, аңыз бойынша, би атанған тұңғыш адам»,—делінген (Алматы, 2004 ж. 314-бет). Ал Шыңғыс ханның тұсында би болған Майқы (1105 — 1255 жж.) Рашид-ад-Диннің «Жамиг-ат-тауарих» кітабында Байқу деген атпен белгілі екен. Ол, сөз жоқ, Қазыбек бек кітабында айтылған Майқы аталып кеткен Ұран атты адам болса керек. Ол біз айтып отырған ертедегі Майқының мүлде басқа адам екендігін оның қытай — үйсін арасын қозғайтын мына сөзі де қосымша дәлелденеді.

«Көрдім талай қытайды,
Көңілім одан жұтайды»...
«Құтылған соң шүрппттен,
Сонан соң барып мал-жаным

Байыды, байсал құтайды».

Майқының қытайлар істеп отырған әрекетке қарсы екенін, «Ертеңгі күні Үйсінге осының бәрі жау боларын» біліп отырғанын бұл сөздерден аңғару қиын емес. «Жанның ұлы Ар мен Хун, Тартқызбас бізге зар мен мұң», — деуі де қытайлардың үйсін мен құндарды, яғни арғындарды (Ар+Хун — Архун — Арғын) өзара қырқыстыруына қарсы екендігін көрсетеді. Бұл кісілер оның көрегендігін, айғағын ел-жұртпен тату тұруды бағалағандығын, сонымен бірге оның үйсін мен қытайдың арбасу дәуірін өз көзімен көрген адам екендігін білдіреді. Осының бәрін бертінде өмір сүрген Шыңғыс ханның тұстасы, Қытаймен ешбір тікелей бақталастығы жоқ адам айтты демей, Күнбнлер әулетінен тараған, біздің дәуіріміздің басында дүниеден өткен Мән баласы Майқы айтыпты дегеніміз тарих алдында әділдік болмақ.

Қ. Омарханов
Қасым салған қасқа жол
Есім салған ескі жол50

Қазақ елінің ұйысуына ұйытқы, қауымдық тіршілігіне тал бесік болған осы қазіргі мемлекетіміздегі шекаралық аумақтағы байтақ даланың төсінде талай хандық пен елдік ұлыстар өмір сүргенін өзіміз де, өзгелер де жақсы біледі. Оны ғасырлар сүрлеуіне салып, талдайтын болсақ, бастау көші тым ертедегі ықылым замандарға барып тіреледі. Мемлекеттік дәрежеге көтерілген, тіпті талай ұлыстарды өзіне бағындырып, империялық дәрежеге жеткен Сақ, Ғұн, Үйсін, Көк түріктердің өз дәуірінде мемлекет атынан жалпақ жұртқа жариялаған заң-жарғылары мен төрелік бітік сөздері жазба мұрағаттарда барынша сақталған. Сот билігіне қатысты заң нормалары мемлекеттің құқық жүйесінің бір тармағы ретінде жеке белгілері көрсетілмесе де, Хан жарлығының жалпы құрамына еніп, біртұтас билік сатына кірген. Бұған мысал ретінде алдымен X —XІІ ғасырларда Монгол үстіртінде үлкен хандық мемлекетін құрған Найман ұлысының құқықтық нормалары туралы айта кеткен жөн. Бұл туралы белгілі қаламгер Зардыхан Қинаятұлы: «...XІІ ғасырда Найман ұлысында әдеттегі право қолданылады. Ұлыстың іc жүргізу қызыметі болды. Іс ойғыр жазу арқылы құрылып, документтер, әсіресе салық жинау, лауазымды адамдарды тағайындау туралы құжаттар хан жарлығымен тұрақтандырылған, оның ақиқаттығын дәлелдейтін «Ханның алтын мөрімен (тамға) куәләндырылатын болды» деген тарихи жазбалар сақталған (Зардыхан Қинаятұлы. Монгол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары: 1Х—ХІІ ғасыр Елорда: Астана, 2001, 68-бет.). Сондықтан, хан, я болмаса Қаған мемлекеттің ең жоғары лауазымдағы билеушісі болғандықтан, мемлекеттің ішкі тәртібіне, қоғамдық қарым-қатынасына, ел ішінде туындайтын дау-жанжал, қылмыс пен жазаға қолданылатын заң, нормаларының бәрі де «Хан жарлықтарына» негізделіп, шешімін тапқан. Бұл жарлықтар хан билігінің дәурені жүріп тұрғанда барлық жағынан да біркелкі және еш мүдірсіз орындалып отырған. Және де оның проценттік пәрмені көпшілікке үлгі ретінде өнегелік сипат алған. Мемлекеттік маңызы зор мұндай жарлықтарды ұлыстардағы өзге султандар, бектер мен билер өздеріне қарасты тайпалар мен рулар бірлестігінде қалыпты түрде жүзеге асырып отырды. Бұл ретте билердің хан жарлығынан туындаған заң ережелерді жүзеге асырудағы беделі ел ішінде зор болды. Бұл жерде бидің ауызба-ауыз шешен тіл, даналық оймен көкейге қонымды ірі әділ шешім шығаруда адалдық пен ар-намыс, имандылықтан аттамайтын шынайылығы кімнің де болса көңілін күпті етпейді. Турасын айтып туғанына жақпаса да, жүгініске келген даугерлердің екеуі де би алдынан «жеңіліп те, жеңіп те емес, жеңілдеп» қайтуы, әділ биліктің халық алдындағы беделі мен мәртебесін, тек жақсы қырынан өсіріп отырған. Қазақ елінің дәстүрлі құқығындағы жазбаша түрде хатқа түскен заң-жарғылар ерте дәуірде-ақ қалыптасқан. Бірақ бізге жеткендері некен-саяқ. Ғұн, Үйсін, одан кейінгі Түркі дәуірі мен Монгол қағанаты заманында, бергісі Алтын Орда мен Қазақ хандығы кезінде жылнамаларда сақталған заң ережелерін шығаруға билердің де қосқан үлесі аз болмағанын байқаймыз. Орхон-Енесей жазбаларындағы, Түргеш, Қарахан мемлекеттерінің заң-жазбалары, Шыңғысхан заманындағы «Билік» және «Жасақ» заңдары, Шыңғыс ханның бас уәзірі болған Майқы би жазған жеті түрлі заң ережесі әр дәуірде Қазақстан аймағында орныққан хандықтар мен ұлыстар құрған мемлекеттік билік жүйесіне сай реформаланып, сол заманның қоғамдық құрылысына қызмет етті. «Жасақ» немесе Майқы би жазған жеті түрлі заңды арқау еткен «Қасым ханның, қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» да, осы екі заңға иек артып жасалған әйгілі «Жеті Жарғы» заң ережесі де оз заманында конституциялық сипат алды. Оны жатқа біліп, жаңылмай қолдана білу — әрбір бидің, билікке араласатын елтұтқа ақсақалдардың айнымас міндеті болды. Түркі тектес халықтардың, оның ішінде Қазақ елінің дәстүрлі құқығындағы осындай сабақтастық ғасырдан-ғасырға жалғасты. Әр ұлыс замана көгінде бір-бірімен бірде одақтасып, кейде жауласып, билігі өзара алма-кезек тартып алып отырды. Кім үстемдігі өтсе, сол хандықтың мемлекеттік заңнама ережесін қалыптастырған, ата тектен тамыр тартып келе жатқан заңи ереже-жарлықтар ортақ мақсатпен қолданысқа енді. Соның бір дәлелі — Шыңғысхан империясына басты сүйеу болған, оның ішінде Қазақ хандығының құрылуына ұйтқы жасаған Дешті Қыпшақ ұлысына билігі жүрген Алтын Орда хандығы. Хандықтың аты өзгергенімен оны ұстап тұрған халықтың басым бөлігі қыпшақ тайпаларына кірген рулар бірлестігі мен оларға басшылық еткен ел жақсылары билер, сұлтандар болғандықтан, Алтын Орда хандығына бағынған барша ұлыстар қыпшақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кең ауқымда пайдаланады. Бұған дәлел ретінде осы хандықтан кейін қазіргі Қазақстан және Орта Азияның бір бөлігін тұтастай қамтыған Қазақ хандығы, оның тізгінін ұстаған Қасым хан туралы айта кеткен жөн. Алдымен ел билігін қолына ұстаған Қазақ хандығы және дәстүрлі құқық заңдары туралы шетел тарихшылары айтқан пікірлерді келтіре кетейік. Солардың бірі қытай елінің ғалымы Пожыпиң Бай Суичин ел ішінде қоғамдық тәртіп пен хандық ішіндегі түрлі уақиғалар, одан өpіc алатын қылмыстық істерге және жұртшылықтың заң ережелерін қарап шешуі және бекітудегі ханның рөлі туралы мынандай төрт қағиданы атап көрсетеді.

«... 1. Хан өз хандығына үйлесетін заң жасауға құқықты. 2. Батыр заңды түрде жорыққа аттанып, соғыста жеңіске жетуі тиіс. 3. Білімділepді құрметтеу. 4. Билердің арнаулы іc басқаратын құрамдарының болуы»—деген төрт қағиданы атап көрсете келе оған: «Бұл Қазақ хандығының саяси, әскери істер, мәдени, заң қатарлы жақтарында түбірлі заң сипатының төрт қағидаты. Ханның мемлекет жағдайының үйлесімді заң жасауына құқықты болатындығы белгіленгендіктен, заң нысаны арқылы қоғам тәртібін қорғап, үстемдік орнын нығайтуға болады. Батырдың міндетін белгілесе, әскери істер жағында жеңіске кепілдік ету арқылы мемлекеттің тұтастығы қорғалады, білімдарларды құрметтеу ұлттың санасын, мәдениет өрісін жоғарылатудағы аса маңызды шара билердің заң міндетін орындайтын тұрақты іс басқару құрылысы болу ел ішідегі әр түрлі арыз-шағым істерді, азаматтық дау-шараларды бір жайлы етуге, сонымен бірге феодалдық үстемдік тәртібін орнықтыруға қолайлы» деп таңдау жасаған. (Қазақ, заңдары туралы алғашқы ізденіс. Пожыпиң Бай Суичии. 1988 жылы Қытай тілінде жарияланған, аударған Иманғалиұлы Назан // Қазақтың ата заңдары 4-том, 108-бет). Үш мың жылдық, жазба мәдениеті бар Қытай елінің көне мұрағатында осы датаға сәйкес келетін біздің елдің де талай заңдарының тарихнамасы сақталып жатуы әбден мүмкін. Ханзу ғылымы Қазақ елінің арғы-бергі тарихын, оның ішінде құқықтық мемлекеттің тірегі болатын заң тарихын терең тұрғыдан зерттегені байқалады. Содан да болуы керек, жоғарыдағы автор Қазақ елінің құқықтық заңдары туралы нақты деректерді бұлжытпай келтірген. Біз бұл зерттеушінің ойларын орта ғасырдағы бүкіл Түркі әлемінің және бүгінде барша ғылымының барша жауһарына айналған, оқыған сайын ғылым-білімнің мөлдір бұлағындай таусылмас нәр беретін Жүсіп Хас-Қажыб Баласағұнның «Құдатғу білік» (Құтты білік) еңбегіндегі құқық, мемлекет, заң және оны шығаратын, орындайтын билік иелері туралы айтқан өлең - сөздерімен сабақтай түсуді жөн көрдік. Жүсіп Баласағұн өзінің «Құдатғу білігінде» жалпы түрік тектес халықтардың құқықтық мемлекет құрудағы және елді оның ішінде қарапайым халықты әділ заңмен басқара білудің даналық жолын, ұстанар бағыт-бағдарын өлең-сөзбен өте түсінікті етіп жазып кеткен. Осы орта ғасырлық тамаша еңбек туралы терең зерттеу жүргізген Д. Арғымбаевтың мына бір ой толғамын келтірейік: «Бұл еңбекті ғылыми-философиялық трактат деп бағалауға болады. Көне түркі тілінде жазылған бұл еңбектен қазақ этносының дүниетанымын, моральдық-этникалық қабілетін, жан-дүниесін, мемлекеттің билік табиғатын танимыз. Сондықтан қазіргі құқықтық мемлекет құру ісінде Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі» халық қамын ойлауды, оған қамқорлық етуді билік иелерінің басты міндеті деп біледі. Әділет, жақсылық, қамқорлық сияқты гуманистік принциптермен қоса, билікке сақтық, ақылдылық, сабырлылық пен батылдық қажет деген қағида айшықталады. Жүсіп Баласағұн мемлекет қабылдаған заңдардың мүлтіксіз орындалуын талап етеді, — деген пікірі ойшыл-ғалымның өз сөздеріне негізделген (Д.Арғымбаев. Жүсіп Баласағұн құқықтық мемлекет туралы, САЯСАТ-РОLІСY 2006. №2, 23-бет). Шындығында, зерттеуші Ж. Баласағұнның құқықтық мемлекет туралы және ел басқарудағы бектер мен төрелердің, билердің замана көшіне лайықты болуы үшін «ізгілікті билік жеткіліксіз, биліктің пәрмендігін — заңды жасауда, білуде және орындауда» екеніне баса назар аударған. Осы ғылыми пікірге арқау болған Жүсіп Баласағұнның заң туралы қалдырған бірнеше бәйіт өлеңдерін мысалға келтірейік:

«Әділ заңың елге ырыс үйірер,
Хан мен халық сүйер сені, сүйінер.
Заң түзеледі — жақсылық кең жайлайды,
Кетті құрып, зар жамандық қайдағы.

Әділ заң құр, ел марқайып, кесілсін,
Дұға қылып, өркеніңді өсірсін.
Заңмен түгел түзелсін ел алаңсыз,
Арылсын жұрт іc-қылықтан жарамсыз.

Іс бұзылса, заң бұзылса — ер азар,
Ел бұзылар, бағы қайтып жер азар.
Заңды бұзба, жамандарға ермегей,
Жаманнан без, қол ұшын да бермегей.

Заң су дерсің, зұлымдық өрт өсірген,
Өртті сумен булықтырып өшірген.
Заңды түзеп, аштың елдің пиғылын,
Көрінбейді еш қиянат, қиғылық.

Бек үлгілі таза қулық, ісімен
Ғибрат алып, жүрер халық ізімен!
Бегі заңды тұтса алдынан ай туар,
Халық көріп, тілегіне бай тұрар».

Осы өлеңдердің өне бойынан құқықтық мемлекетке қажет заң нормаларының барлық талаптары мен ғылыми негіздері желдей есіп тұр емес пе?! Ж.Баласағұн бабамыз заңсыз жібі түзу мемлекет болмайтынын, ел билеген бектepі мен билері басқара білсе, қоғам әділетті болады дейді. Амалдап билік басында жүретін түрлі топтағы жат пиғылды, өзінің қарақан басын ғана күйттейтін, мінезі менмен, қарапайым халыққа қараулық жасайтын, арам ниетті парақорлар мен жалақорлар қашан да елдікке шіркеу түсіретін жаман атты адамдар. Бұндай керенау қылықтарға тосқауыл болатын, айыбын бетіне басып жөнге салатын немесе қоғамнан аластайтын — әділ заң деп баға береді. Осы ретте Жүсіп Қажыбтың мына өлеңіне де назар аудара кетелік.

«Тағы бірі, халыққа әділ заң бергей,
Бір-біріне күштімсітпей, теңгергей.
Біріншіден, қадірленіп жарлығың,
Не де болса, тез тыңдарсың барлығын.

Екіншісі, қазына хақын жемесін,
Ей, қолы ашық, дәл уағында төлесін», —

деп мемлекет үшін әділ заңның берер пайдасы және оны орындау мен орындалуы елдің бірлігі мен тірлігін, дәулетін кемелдендіруге қосар үлесі, қазына қорына салық-төлемді дер кезінде жинап, ел дәулетін молайтуда мемлекеттің «хақысын» жемеуді басты орынға шығарып, насихаттаған. Ұлы философтың елінің құт-берекесі, тәрбие-тәлімі білімі мен кісілігі, басшы мен қосшы жайлы және қоғамдық ұстаным жайлы тербеген даналық ойларының ұшы-қиыры шексіз. Оның бәрін құқықтық тұрғыдан талдап шығу үшін орасан еңбек, іздену қажет. Жоғарыда қазақ хандарының жазбаша (өлең-сөз жүзіндегі) дерекке түскен осындай заңдарына баса назар аударған Қытай зерттеушісі көп нәрселерді аңғара білген. Мәселен, Қазақ хандығына Қасым хан билігін жүргізген заманда ол жалпақ жатқан Жетісу, сайын дала Сарыарқаның солтүстік шетіне, шығысында асқаралы Алтайдан иен жатқан Еділ бойына дейінгі қазақ даласының төрт құбыласын тұтас ұстай білген аса білімді дипломатия жолын шебер меңгерген айбынды хан болды. Ғалым М.Ибраев «Қазақтың мәртебелі Қасым ханы» деген еңбегінде: «... әкесі Жәнібек хан заманында қол жеткізе алмаған ел іргесін бекітіп, ноғай, өзбек ұлыстарына әмірін жүргізіп, Астрахан, Қырым, Ібір-Cібір (Көшім хандығы) елдерімен кейде тату, кейде бату дипломатиялық саясатпен ез беделін өткізе білген адам, Дешті Қыпшақтағы Ақ Орда ұлысының (мемлекетінің) даңқын Қасым хан ел билеген шақта шығысы — Бенжің (Пекин), батысы — Мәскеу патшалығынан асып, Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің талайына мәлім болады» деп тарихи тұрғыдан зор баға берген (М.Ибраев. Қазақтың мәртебелі Қасым ханы. Қазақтың ата заңдары. 4-том.119-бет). Бүгінгі ұрпағына осындай баға жетпес жер мұрасын ұстатып кеткен Қасымханның мемлекет шекарасын ұлғайтудағы және ел басқарудағы үлгі-өнегесі жайлы орта ғасырдағы әйгілі ғалымдар жазып кеткен естеліктердің бірнешеуін мысалға келтіре кетелік: Захир ал-дин Бабыр: «Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-бірі халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мың адам болған» десе Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа толық билікті таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан күшті хан болған жоқ» десе, Ал Қадырғали Жалайыри: «Жәнібек хан ұлдары ішінде аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысына патшалық етті. Төңірегіндегі уалаяттарды өзіне қаратты» деп баға берген. Махмуд ибн Уәли: «Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарына өз билігін күшейткендігі соншалық, оның әскерінде 200 мынан аса адам болды» деген сөзін, Хайдар Рази: «1515 —1516 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргені сондай, бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны миллионға дейін жетті»,—деп толықтырылған. Ал 1525 жылы Москва княздығы туралы кітап жазған итальяндық әдебиетші Оивнй: «Московиянның шығысындағы көршілері жалпы атаумен «татарлар» деп, «Олардың территориясы Қытайға дейін созылып жатыр» деген мәліметке Қасым хан құрған Қазақ елінің де кірігіп айтылғаны байқалады. Сонымен бірге, 1516 және 1526 жылдары Мәскеуде екі рет болған австриялық, елші Снгнзмунд Губерштейн: «Волга бойындағы бұл патшалық (Қазақ хандығын айтып отыр. Б.К.) оңтүстікте және шығыста далалық аймақпен шектеседі. Шығыста олар шайбанилер және қазақтар деп аталатын татарлармен араласып тұрады» деп Қасым хандығын Европаға таныстырған. Бұдан тысқары орта ғасыр тарихшылары 1512 — 1513 жылдардағы уақиғаларға қатысты Мухаммед Талибтың «Матлаб ат-талибин» шығармасында және 1537 жылғы тарихи оқиғаларды баяндаған Васифидың «Бадайалвакй» деген еңбегінде еліміздің «Қазақ», «Қазақстан» деген нақты атауы тарихи жазба мұраларға түсе бастауы да Қасым ханның мықты патшалық құрғанын дәлелдесе керек (Деректер Б. Кәрібаевтың «Қасым хан» деген ғылыми еңбегінен алынды). Қазақы ұғыммен айтқанда «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап», еліміздің төрт құбыласы түгелденіп, «алтын ғасыр» саналған сол заманаға қалтқысыз кызмет көрсеткен дәстүрлі құқықтың осы тарихи нормасына белгілі заңгер ғалым З.Ж. Кенжалиев «Қасқа жол және ескі жол жайында» деген еңбегінде былай деп тұжырым жасайды. «Жолдар» — көшпелі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің жеке-дара дербестелуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс жасаудың нышаны. Мемлекеттің құқық түзу функциясының қалыптасуындағы үлкен бір құбылыс дейді. Mіне, екі күн тұсында мемлекеттік билік пен заң ережелерін шығаруға осындай сүбелі үлес қосқан хан-сұлтандар мен билер кеңесінің ел алдында атқарған қызметі ұшан-теңіз екенін осы ғылыми дерек толық дәлелдесе керек-ті. Біз жоғарыда дәйекке келтірген Қытай ғалымы Пожыпиң Бай Суичиннің осы «ескі заңдар» туралы айтқан пікіріне кайта оралып, салыстырып көрсек, халықтың көкейінен өшпей, бүгінгі күнге дейін сақталған:

«Хан болсын, ханға лайық заң болсын!
Би болсын, би түсетін үй болсын!
Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын!
Арыз болсын, абыз сайлау парыз болсын!», —

деп ұран сөздей жатталып қалған «бұл жарғы» ел арасында ауызекі тілде кешегі хандық мемлекет қойылғанға дейін нақыл ретінде айтылып келеді. Енді осы «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» салыстырып, олардың бірін-бірі толықтырған өзара байланысына тоқталын өтелік. Алдымен «Қасым ханның қасқа жолына» тоқталайық. Мемлекеттік құрылым мен оның құқықтық жүйесін қамтыған бес түрлі заңның бізге жеткен қысқаша тақырыптың мәтіні төмендегіше: 1. «Мүлік заңы (Жер дауы, мал-мүлік). 2. Қылмыс заңы (Ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу). 3. Әскери заң (Аламан міндетті қосын құру, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 4. Елшінің жоралары (Майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік). 5. Жұртшылық заңы (Шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бақауыл, тұтқауылдардың міндеті) (Я. Макрсапи. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994.318- бет). Аталған заңдардың тақырыбынан-ақ өз заманының ең маңызды билік саласын және мемлекетті ұстап туратын, ішкі-сыртқы саясаттың беріктігіне негіз қалаған құқықтық қатынастарды нақты әpі пәрменді қолданудың міндеті айқын сезіледі. Кемел ойлы билердің келелі кеңесімен дүниеге келген бұл заң Қазақ мемлекетіне Қасым хан билік құрған 1511 жылдан бастап 1598 жылға дейін, бір ғасырға жуық уақыт кызмет көрсетті. «Қасым ханның қасқа жолы» туралы тың пікір білдірген, соны ой айтқан зерттеуші Б.Ж. Қуандықов өзінің «Қасым ханның қасқа жолынан Есімге дейін» сол заманның ұлық билерінің бұл заңды шығаруға қосқан ерен еңбегін былай бастаған. «Қасқа жолдың» халық арасында кең таралуының тағы бір сыры, оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуы еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндіруші уағыздаушы болған. Сондықтан да бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында мақұлданған, — дей келе, автор билердің заң шығару, оны талқылау және сот билігін жүргізіп, дау-шарларды шешудегі рөлі туралы «И, как гласит предание, он на одном из собраний знати, биев и влиятельных степных вельмолс объявил о необходимости придерживаться многих из этих норм и использовать разбирательства споров» деген деректердің дәйекке келтіреді. Яғни, «билердің, батырлардың тағы басқа да игі-жақсылардың бас қосқан жиында әбден талқыдан өткен соң ғана қоғам өмірінде қолданысқа түсетіндігіне ғылыми тұрғыда баға берген (Б. Қуандықов. «Қасымның қасқа жолынан Есімге дейін». Қазақтың ата заңдары, ІV том. 139- бет). 1598 жылдан бастап Қазақ елінің тарихында өзінің даңқты мемлекет басшысы дәрежесімен ерекше көзге түскен, еліміздің тұс-тұсынан анталаған жауларды да, «іштен шыққан шұбар жылан» дұшпандарды да тәубесіне түсіріп, жарты ғасырға жуық (1598 — 1645) хан болған, заманында бүкіл қазақ-қырғыз, өзбек-ноғайға «Еңсегей бойлы ер Ecім» деген лақабымен даңқы жеткен «тәуекелден туып, өзінің ecкі жол» деген заңын шығарған Ecім ханға тоқталайық. Жарты ғасыр хандық құрған Ecім ханның Қазақ елінің мемлекеттік мүддесі үшін сіңірген еңбегі аз емес. Осы елу жылға таяу уақытта мемлекеттің іргесін берік ұстау, ішкі-сыртқы жауларға тойтарыс беру, бұқара халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін және елдегі қоғамдық қатынастар мен билік жүйесін бір ізді етуде сіңірген еңбегі аз емес. Біз Ecім ханның мемлекеттік билік ісіне қалдырған орны бөлек улы істерінің қатарында дәстүрлі құқыққа енгізген реформаларын атап айтпақшымыз. Исі қазаққа кеңінен танымалы «Ecім ханның жолы» деген заң-ереженің ол өзі билік құрған заманнан бері дүйім елге кеңінен тарағаны баршаға мәлім. Бұл заңды неге «ескі жол» деп атаған. Егер логикалық қисынға салып қарайтын болсақ, Ecім хан ез заманында қалыптасқан жаңаша қоғамдық сипатқа қарай туындаған құқықтың заң-ережесіне «жаңа заң» деген сез тіркесін қосақтап айтар еді. Осы заңды әз Тәуке ханға дейін ұстаған ел билеушілері мен билер соты да «Ecім хан салған ескі жол» деген атауын өзгертпеген. Оның себебі, бұл атаудың ен бойында кенеден келе жатқан ескі заңдардың белгілері бар болғандықтан «ескі» деген сез тіркесін үнемі қосып айтқан. Көптеген зерттеушілер Ecім хан жалпы қазаққа тең дәстүрлі құқық ережелерін саралай келе, өзіне дейінгі әр ғасырда елімізге қызмет көрсеткен заң ережелерін ой елегінен өткізіп, оның халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлeyмeттік қоғамға, елдің ішкі сыртқы саясатына ыңғайлы келетін құқықтық қатынастарды іріктеді, ескі болса да елдік мүддені қорғай алатын өнегесі берік, мықты ережелердің қайта түлетіп, өмірге қосқаны байқалады. Әрине, мұндай ұстаным Ecім ханның өзінен бұрын Қазақ елін көркейтуге теңдессіз үлес қосқан «Қасым ханның қасқа жолындағы» заңдардың негізгілерін заман көшіне лайықтап, жаңаша сипат беруден туғаны анық. Осындай принциппен ежелден келе жатқан түрлі заңдардың басын қосып, бір ізді, бір жүйелі заң epeжecін жасаған Ecім ханның мемлекет атынан шыққан бұл «Жарғысы» ту бастан-ақ атына заты сай «ecкі жол» атанған. Егер бұл заң құжатын Ecім ханның заманынан кейін осылай аталады деп есептесек, онда Ecім ханның өзінен бұрынғы заңдар ережесіне зер салып, кең ауқымда жүргізген құқықтық реформасын шектеу болып саналар еді. Біздің зерттеуіміз бойынша Ecім хан ежелден казак дал асында билік жүргізген мемлекеттік құрылымдар мен олар қолданған заң ережелерді замана уақытына сай қайтадан өңдеп, бағзы заманнан келе жатқан дәстүр-салт пен әдет-ғұрыптың ең озығын алып, тозығы жеткендеріне толықтыру енгізіп, құқықтық ауқымы кең, тағылымы терең заң ережесін жасап шыққаны шүбәсіз. Ойымызды бұл заң туралы дәлелді пікір айтқан зерттеуші Б.Ж. Қуандықовтың ғылыми пікірімен сабақтайық: «... Ecім зорайтқан қазақ, заңы — оның ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жобалар жиынтығы», — дей келе, мұны — «Ecім хан бір өзі өкім болу, елді жуасытып бағындыру, басқа елдерге шабуыл жасау саясатын ұстанады. Сондықтан, ол қанға қан, мертіктіргенге мертіктіру, кек алу, құн төлеу, барымта, құлды сату, көп әйел алу, қалыңмал төлеу, әмеңгерлік сақтау, зекет жинау, айып салу, діни өшпенділіктер сияқты патриархалдық-ұлттық ескі салтқа арқа тіреп, соны уағыздады» деген тарихи дерекпен нақтылайды (Қазақ ССР-нің қысқаша энциклопедиясы. Алматы. 1-том. 1984, 133-бет. // Б.Қуандықов. 0147014 Қасымның қасқа жолынан Есімге дейін). Байқаған боларсыздар, осы қысқаша хронологиялық мәтінде Қазақ елінің сонау Ғұн, Үйсін одан бергі Түркі, Оғыз-Қыпшақ, тіп Шыңғыс хан заманында қоғамдық құрылыс пен мемлекеттің үрдіске қызмет еткен заң ережелердің қағидалары көрініп тұр емес пе? Ендеше, сол заманалардан бергі заң ережесінің үлгілерін жинақтап, өз заманының қоғамдық қатынас құралы мен құқықтық нормасына айналдырған заңды ежелден келе жатқан «ескі жол» деп атауы ете орынды әрі қисынды. Бұл заңдағы мемлекеттің билік иелерінің құқықтық мәртебелері мен құзырларын айқындайтын басты қағидаларға және бұрынғы ескі заңдарға қосылған немесе жаңадан реформаланған басты айырмашылықтарға назар аударатын болсақ, олардың қатарына төрт бірдей жаңа жүйе енді. Ecім ханның Билер Кеңесіне салып бекіттірген бұл заңы бір құн, бір айдың ішінде емес, қоғамдық ақуалды қалыптастырудағы тәртіп ауанына қарап, билердің ұзақ саралауы арқылы жүзеге асқаны аңғарылады. Осы ел билеудегі қоғамдық, қатынас ережелердің бірінші жүлгесіне: хан тарапынан берілетін жарлықтар мен пәрменді бұйрықтар, батырлар атқаратын ел қорғаудағы аманаттық міндeттep, елдің құқықтық мүддесі мен тәртіп-тәләміне өрен еңбек сіңірген ғұлама абыздар мен билердің мәртебесіне біршама өзгеріс толықтырулар енгізді. Бұл өз алдына ел билеу нормасы ретінде бір жүйеге енді. Ал екінші жүлгеге: қылмыс істеріне, оның ішінде кісі өлтіруде қанды қол болған айыпкерлерге құн төлеттірудің ауқымы кеңейіп, ол өнер құны, сүйек құны, құн төлеттірудегі атқарылатын, яғни оны талапкердің көңілінен шығатындай етіп жайғастырудың заңдық ережелері бекітілді. Үшінші жүлгеге: Жесірлік ісінен туындайтын дауларды біркелкі ету. Бұрыннан келе жатқан әмеңгерлікті ұлттық ұстаным, ескі жол-жора бойынша шешудің тәртібі енгізілді. Қылмысқа жаза тағайындау қай қоғамда да ауыр болған. Оның заңдылық күші қоғамдық және мемлекеттік ішкі тәртіпті нығайтуға әділ де қатаң талаптармен жүзеге асуы тиіс. Бұл тұрғыда төртінші жүлгеге: қылмысқа жаза берілуде ол қылмыстық құқыққа қатысты түрлі санатқа бөлінді. Бұрынғы дене жазасына (басын алу, ат құйрығына сүйрету, дүре соғу) жеке басқа тіл тигізгені үшін — жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы белгіленеді. Бұл Ecім ханның ескі заңында реформа жетілумен жаңаша сипат алған заң ережелері51

Е. Райымқұлов
Нұрбет би

Кешегі дүние жүзін сілкіндірген Әмір Темірдің кеңесшісі бола білген Асан ата /Ұзын ата/ мен Мелде би бабасының тәлім-тәрбиесінен үлгі етіп, пайдалана білген Нұрбет бабамыз уақытысында Оңтүстік асып, Ташкент — Самарканд, Мырзашөл аумағына өзінің әділдігімен, сөз тапқыштығымен, парасаттылығымен, батылдығымен, өзіне өтініш айтып келген кісілерді таңғалдырған. Ол бабамыз ұзын бойлы, денелі, реңді өте сұлу кісі екен. Жастайынан ағайын арасындағы дау-жанжалды шешуге көп араласып, би-болыстардың шешіміне өзінше талдау жасап, мағынасына өте терең мән берген. Жерлестері бұл кісінің талантын бағалап, Көксарай, Аққұм, Жосалы аумағына би етіп сайлайды. Көксарай ауылындағы Сапарбай болыс салдырған мешіттен діни сауатын ашып, өздігінен кітаптарды көп оқып, білімін көтерген қазақ шежіресін көп оқып, тайпа-ру және ондағы беделді билер мен болыс, батырларының еңбектерін жатқа айтып, оны өзі билік жасағанда мақалдап, жұмысына жарата білген. Сондықтан бұл кісінің беделі өсіп, аумақтағы шешілмеген көп мәселені ақылдаса шешуге жұрт ағылып келіп, қуанып қайтатын болған. Өз қаражатымен Шәуілдірдегі «Сарыкөл» маңында мешіт салдырған, ұстаздарын /молдасын/ Бұхарадан алдырып, оларға жағдай жасап, мұсылман дінін насихаттауға жол ашқан. Жаугершілік заман ғой, Ресей мен Қоқан хандығының қыспағына түскен халқымыз көп азап шеккен. Сонда да болса елдің болыстары /зиялы кісілері/— Сапарбай, Арқабай, Аужан, Керімбек, билер — Тұрлыбек, Төкен, Сапақ батырлар — Қайып, Өстемір, Мұсабек және Жаманқара мен Парпенқұлмен ақылдасып, жұмыстарына бағыт сілтеп, қыт тауып керекті жеріне пайдаланып, ынтымақтаса отырып, талай қиын жағдайлар болса да бейбіт жолмен шешкен. Нұрбет бабаның іскерлік қабілетінің жоғары екенін байқаған елдің зиялы кісілері тек қана құрметтейтін би емес, бүкіл Қоңырат тайпасының «Төбе биі» деп атап, құрмет көрсеткен. «Сарыкөлдегі» әкім кішкене кезінен көз жанары ете нашар болғандықтан құранды тағы басқа діни кітаптарды өздігінен оқи алмаған. Оған туысы Зауырбек Мамытов 1 —2 парақтағы аяттарды дауыстап оқып береді. Оны әкім әр күні жаттап отырады. Сонымен керім құран мен пайғамбардың хадистері мен шариғаттың бәрін — 6666 аятын жатқа айтып және сол аяттың қай бетте екенін тағы айтып, өз замандастарын таңғалдырған. Бұхарадағы діни басқармасына барып білімін тексертіп, мұсылман дініне еңбегі сіңген, яғни «қары» деген діни атақ береді. Ол кісі Арыс, Отырар және Ордабасы аудандарын аралап, Ислам дінінің қасиеттерін насихаттаған. Кейінгі кезде «Дермене» кеңшарында жүріп, жергілікті тұрғындар бұл кісінің білімімeн, өте кішіпейіл мінезімен санасып еткен. Қайтыс болған соң орталық мешітті «әкім қара мешіті» деп атап, облыстық әділет басқармасынан өткізіп, заңдастырған. Heмepecі Зәуірбек туысын оқытумен қабат діни кітаптарды көп оқып, Бұхарадағы жоғары мектепті бітіріп, Оңтүстікке Самарканд, Ташкент, Мырзашөл, Жетісай аумағына белгілі үлкен ғұлама молда және үлкен емші болып, діннің сүйіспеншілігіне бөленді. Жергілікті жұртшылық ол тұрған ауылды «Зәуірбек молда ауылы» деп атайды. Нұрбет бабаның өзінің әділдігі мен құдай берген талантының арқасында өмір сүрген уақытында да, дүниеден өткен соң да адамгершілік қасиеті мен ілтипатты істерін осы уақытқа шейін аңыз етіп әңгімелейді. Би бабаның немере інісі Ақдала —кеңшарының тебе биі атанып, бұл күнде 90-ды алқымдаған Досхан Қоншынбеков қарт. Сап атамыздың — Асан, Ақан, Дәуім, Жаман бабадан, Жаман бабаның екі баласы болған. Олар —Жарылқап және Қажыгүл. Жарылқап бабамыздың 4 әйелінен 12 перзенті болған. 12 ұлдың біреуі Ораз деген атаның 6 ұлы болған. Ол Телқозы, Сақынбай, Жұманбай, Ақай, Айдақара, Есенқара. Нұрбет ата сол Ақай бабаның 4-ші баласы болып есептелінеді. Перзенттері— Мамыт, Атанбек, Қаншынбек, Әкім, Зауырбек, Паржан, Асқар, Тұрсынбек. Би баба 1845 жылы Отырар ауданының Көксарай елінде туылған. 1917 жылы дүниеден өтеді. Денесі Арыс ауданындағы «Дермене» кеңшарында жерленген. Атамыздың ұрпағы өскен жандар. Оның 8 баласына 189 отбасы, одан 500-ге жуық ұрпақтары облысымыздың Жетісай, Арыс, Отырар және Ордабасы ауданында өмір сүруде. Немере-шөберелері Дастан, Сұлтанбек, Тастан, Әбдуәлі Әнуар және Жұмаділ —жоғары білімді үлкен отбасылардың ұрпақтары. Би бабамыздың айтқан дуалы өсиеттері, істеген істерін, ағайындар арасында мақал-мәтел болып кеткен әңгімелерін келешек жастарға үлгі болсын десек, ол кісінің аты мәңгі сақталсын деп ой қоссақ, аруағы разы болсын десек, өзінің өскен елі мен жұмыс істеген аумағының бірі — Арыс қаласынан, Дермене және Ақдала ауылынан бір көшенің атын «Нұрбет би» көшесі деп атаса, аруағын риза еткен болар едік. 3. Сәтік

Арқадағы ақырғы түсел және Ақымбет Үсенбай би52 Қабанбай елінің Арқадан шығысқа қоныс аударуы 1754 жылы Жоңғарларды Бұраталаға дейін өкшелей қуып, түбегейлі талқандағаннан кейін басталған. Құрбанғали Халидтің жазуынша, Қызай елі 1757 жылғы Мамырсу бітімінен бұрын Аягөз өңіріне келіп үлгерген екен. Бұл Қабанбай елінің алдыңғы леп еді. Сонан олар XVІІІ ғасырдың аяқ шенінде шығысқа қарай жылжып, 1830 жылдары Барлық тауы, Құлыстай ойпаты, Тарбағатай бауыры, Майлы-Жайырға дейін ірге жайған. Қанқожа баласы Сыбанқұлдың 900 қолымен Қызай елін қайта көшіріп келеміз деп, Еміл бойында ұрыс салып, жеңіліп қайтуы осы 1830 жылы болған оқиға. Содан Қызайлар 1850 жылы Бұраталаға ауып, 1860 жылдары Іле өңіріне барып қоныс тепкен. 1768 жылы Қызай батыры Есенгелдінің Қытай патшасы жағынан ат салығын өз уағында тапсырғаны үшін марапатталуы оның Тарбағатай жерінде тұрған кезі екені тарихи жазбаларға түскен. Қабанбай қолының Тарбағатайды азат еткен алдыңғы лебінің бас сардары Дәулетбай батыр мен Алтайды азат еткен алдыңғы легінің бас сардары Қалдыбарақ батырдың есімдері Қытай жазбаларына 1758 жылдардан бастап түскен. Қабанбай баласы Едіге мен інісі Тұматайдың қазақ елінің мәмлегерлік және сауда ісін бастап Үрімжіге баруы да осы 1758 жылдың 17 — 26 қыркүйек күндері 1765 жылы «шекараға жақын отырған қазақ елбасы Дәулетбайдың» шекараның орнықтылығын сақтап, екі ел арасында ұрлықпен шұғылданған ұйғырлар мен монғолдарды ұстап бергені үшін Дәулетбайдың өзі төртінші дәрежелі, баласы Көтеш батыр алтыншы дәрежелі, тоз қанатты берікпен марапатталады. Осыған қарағанда өр Байжігіт атанған Жұмық елі 1760 жылдары Тарбағатай жотасына барып қоныс тепкен тәрізді. Ал Қалдыбарақ елі мен Керей Жәнібек батырдың елі 1780—1790 жылдары Epтісті өрлеп, Алтай бойына барып қоныс тепкен. Сейілхан зеңгі (Қабанбай батырдың бесінші ұрпағы—1876 —1922) жазып қалдырған дерекке қарағанда, Қабанбай батырдың тікелей ұрпақтары, Мәмбет елі 1802 жылы Алакөл бойына кeліп күл төккен. Көнекөздердің айтуына қарағанда, Қабанбайдың кенжесі Құдайалы батырдың зираты Аягөзде. Дәулен Қатпа батыр екеуі бір жерде жатыр деседі. Қаракерейдің ең шоғырлы әрі көп бөлігін құрайтын мұрындардың қоныс аударуы 1805 жылға тура келгендігін біз Бейсенғали ағамыз жазып қалдырған «Бес байыстың орысқа бодан болуы» деген қолжазбасынан көріп отырғанымыз. Сол дәyіpдің соңғы кезіндегі қиын-қыстау күндерді бастан кешіріп, Маусымбай шежіреші мен Kepібай ақынның мол әдеби мұрасын өз қолымен сақтап, бізге жеткізген аяулы қария 1986 жылы маусым айының 17 күні маған тапсырған «Ақымбет Үсенбай би» деген қолжазбасында былай деп жазады: «Найманның бес байыс елі Арқа жерін мекендеп тұрған кезде, осы елдің билігі тізгінін Ақымбет Үсенбай би ұстаған екен. Қожагелді батырдың өліміне қатысты Қаракерей елі мен ақ патша арасындағы дау-жанжал және содан туындаған Қаракерей елінің талап-тілегін ақ патшаның өзі тікелей ет құлағымен естіп, шешім ету үшін сол уездегі Шерубай — Тана бастаған ел ағаларын Петербургке шақырып, жол шығынын үкімет көтеретін болып келіседі. Мұның мөлшері 1823 жылдары еді. Патшаға жеткізетін ел тілегін ұғып-білу үшін Бес Байыс елі бүкіл ер найманның игі жақсыларын шақырып, арқа жеріндегі Қабанбайдың Сарбелі атанған жерде (көнелер бұл жерді қазіргі Қабанбайдың Ақмоласы атанған жер деседі) Үлкен Түсел құрады. Түселге найманның игі жақсыларынан Маман бай, Шал қажы, Шәкі би, Ақтайлақ би, Ұлтарақ би, Шерубай-Тана бастатқан үлкен топ және іpгелес ағайындардан Өскенбай би, Жанақ ақын, т.б. Орта жүздің жүйріктері де қатынасқан дейді. Түселдің соңғы қорытындысы бойынша патшаға мынандай тілектер койылатын болған: «1. Қазақ халқы өзінің ұлттық салт-санасын сақтап, ұлттық ерекшелігі бойынша өзін-өзі басқаратын болсын; 2. Қазақ халқының діни еркіндігі өз қолында болуы керек, оқу-ағартуын дамытуға жол қойылуы мұндай игілікті іске үкімет араласпауы керек; 3. Шабындыға ұшыраған, күйзелген халқымызды шаруашылық-тұрмыстық жақтан үкімет көмек көрсетуі керек, алым-салық алынбауы, қудалау-қуғындау тоқтатылуы керек; 4. Арысымыз Қожагелді батырды атып өлтірген Хабаров жазалансын, батырымызды арулау басына ескерткіш орнату қаражатын патша үкіметі төлейтін болсын; 5. Осы ретке патша құзырына баратын 17 бидің және қалыс ағайындардан Өскенбай бастаған ел ағаларының жол шығыны мен жатын орын қаражатын патша өз мойнына алу керек, т.б.». Бейсенғали ағаның жазуына қарағанда, бұл талаптарды патша үкіметі дерліктей қабыл көрген. Осы арыз-талаптың дүмпуімен ақ патша мынадай қаулы қабылдаған: 1. Мемлекет бойынша діни басқарма құрылысын, онда әр түрлі дін иелері өзін-өзі басқарсын; 2. Бес жылға дейін бес байыс елінен алым-салық алынбасын; 3. Әр ұлттың оқу-ағартуын дамытуға және оны өздері басқаруға жол қойылсын, сонымен бірге Аягөзде Найман еліне орталық қала салып, бұл елдегі төрелік, билік жүйесі күйімен қалдырылып, аға сұлтандық билік жүйесі орнатылатын болсын. Осыған байланысты әр руды басқаратын болыстарды сайлау қолға алынсын. Бұл оқиға 1824 жылы патша мұрағатына түскендігін Астанадағы Қазақ аграрлық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ғалым Ғалия Алпысбаеваның тауып жазғандығын ұқтық. Онда ол «Бес найманның хаты» деп аталып, жеті түрлі талап ортаға қойылғандығын айтады. Жоғарыда Бейсенғали аға жазған ауызекі дерек пен жазба деректің нендей айырмашылығы бар екенін біле алмадық. Бірақ жалпы нобайы ұқсас тәрізді. Бейсенғали ағаның жазуынша, ол кісі Қожакелді батырдың зиратын көрген, оны дөңгелек тәріздес етіп татар ұстасы салған екен. Сонымен бірге ақ патшаның Шерубайға кигізген алтын зерлі тонын да көрген. Ол тон Шерубай баласы Омар өлгенде тұлға жайылған екен. 1931 жылға ашаршылықта жан сақтау үшін Қытай асқан Омар баласы Нәзір сол алтын зерлі тонның меруерттерін Шәуешек қаласының қан базарында сатып отырғандығын да көрген екен. Шерубай—Тана бастаған Қаракерей билерінің азуы алты қарыс ақ патшамен айқасып, оларға өз талап-тілегін қабылдатқан осы бір далалық ереуілдің дақпырты соңғы ұрпаққа жыр-дастан болып қалған. Сол жырды Бейсенғали аға 1947 жылы Ақшайық деген атамыздың аузынан жазып алыпты. Мұны ол Сабырбай ақын мен Жанақ ақын айтысқан кезде Сабырбайдың айтқаны деп домбыраға салып отырады екен.

Мұрыннан Шерубай мен Тана шықты,
Өз тобын заманында жара шықты,
Орыс пен патша алдында заңдасқанда,
Оларды арыстан деп алаш ұқты.

Батырдың Қожакелді құнын жоқтап,
Сексенбай генералмен таласыпты.
Айтқаны Шерубайдың заңға сыйып,
Келісіп, татуласып жарысыпты.

Шен алып он жеті адам бірге барған,
Қасына жолдастарын ала шықты.
Бес жылдай алман-салық бермейтұғын,
Бір закон осы ретте жана шықты.

Қазы боп әділетті қылды жарып,
Пақырға жетім жесір қарасыпты.
Мансабы өле-өлгенше бірге кетті,
Теңесіп қандай арғын таласыпты.

Елінің берекемен жітін ашпай,
Көзімен қорғағандай қарашықты.
Билеген жік түсірмей арасына,
Осындай қай арғыннан aғa шықты.

Жастардан ертіп барған Ақтайлақты,
Жігіт деп жалыны бар жас қайратты.
Шерубай осы жолы қазы болып
Барлығы аға тұтып, би сайлапты.

Кәрия көпті көрген болса керек—
Ел қамын ерте болжап жақсы ойлапты.
Барлығы барғандардың шен алыпты,
Кешікпей Тана мырза мешіт салып,

Еліне ислам дінін таратыпты.
Орынбек, Ғұбайдолла имам болып,
Оқыпты сахарада тауариқты.
Шал мырза елді бастап, қажы барып,

Рухынан Байтолланың нір алыпты...

Бейсенғали ағаның жазуынша, бұл тусел 1823 жылы болған, ал патша мұрағатына 1824 жыл деп түскен. Бұл найман елінің, соның ішінде бес байыс елінің, Арка жеріндегі ең соңғы түселі еді. Қаракерей елінің Көктума түселі деп аталған бұл жиында Қабанбай батырдың төртінші ұрпағы Сүлеймен болыс төбе басы болып сайланған. «Қаракерей Қабанбай» атты кітапта Маусымбай мен Кәрібай ақынның сол түселде төккен жырлары берілген болатын. Осы 1823 (1824) жылы Арқа жеріндегі бес байыстың бірі Ақымбет Үсенбай бидің ауылында өткізілген түсел арасында арғы елден келген Маман бай бастаған игі жақсылар ауыл иесі Үсенбай қария ауыл сыртындағы өзен бойында суға шомылып жатыпты. Жасы жеткен қарияның кіші дәреті тоқтамайтын болған соң, ұзын көйлек кигізіп қойған екен. Соны сыпыра салып, тұнық суды шалпылдатып, «Мен құнан қой боламын» деп балаша ойнап жатқан кәрі бидің үстінен түсіп қалғанына өздері ыңғайсызданып тұрғанда, Үсенбай қарияның сол түселге қатынасып жатқан Ауғанбай, Бейсенбай атты балалары да қатты ұялып қалыпты. кәрі бидің тәрбиесін көрген кіші баласы Бейсенбай әкесіне тартқан тіл-жақты адам болыпты. Ол өзінің түсел көргендігін танытып:

Үш отыз, бір жиырмадан асып тұрсыз,
Аяқты апыл-тапыл басып тұрсыз,
Жөн айтқан бесбайысқа, қайран әкем,
Қалайша етегіңді ашып тұрсыз?

Кәрілік неге мұнша дендеп еді,
Қай адам «сізді қойып, «сен» деп еді,
Келгенде үйден шығып су бойына,
Бір адам көзі шығып көрмеп еді

Бір күнде қыран едің елге әйгілі,
Дәл тиген қапы кетпей сермегені, — деген екен.

Осы кезде Маман баймен бірге сәлем беруге барған арғын Жанақ ақын домбырасын ала салып:

Жасы асқан бір жүз оннан асыл биім,
Өткіздің қолмен санап ғасыр күнін.
Ерге cepік, елге би болған сабаз
Шешілген өз қолыңнан талай түйін.

Арғында Өскенбай мен Кеңгірбай би,
Тең еді осылармен абұйырың.
Байыста алғаш шыққан жүйрік едің,
Болып тұр жас ботадай міне күйің,

Күнісіз кәрі сәби деген осы,
Болыпты-ау жас сәбидей асыл миың.
Маман бай амандаса келді қажың,
Құртпен сәлем беру бізге лазым,

Бұл іске, Бейсен мырза, қапа болма,
Жастардан бір оқият болды жазым.

Арқаға аты әйгілі дүлдүл ақын осыларды айтып, жиналған топтың назарын өзіне аударып тұрғанда, жастар арасынан әлдeкімдep кәpі сәбидің қылығына күліп жіберсе керек, осыған бола ширыққан ақын тағы да сілтей жөнеледі.

Күлсеңдер, ей, жігіттер, кәріге күл,
Отырған мәпеленіп сөзіне күл,
Бәріміз де адамбыз ата көрген,
Күлсең де, келе бермес бәріңе бұл.

Ел кезген ақындықпен Жанақ едім,
Талайды көзбен көріп санар едім,
Арғын менен найманның жиынында
Халыққа қолғанатқа жарап едім,

Алпысқа, міне, мен де келдім таяп,
Ол күнде нар ботадай бала-ақ едім,
Бұл жүзге келетін аз, келмейтін көп,
Көбіңе кесіп айтам келмейсің деп.

Адамды топырақтан жаратты Алла,
Ешкімді жаратқан жоқ өлмейсің деп.
Кәрілік жасы асқанда дауасыз дерт,
Бұған дауа болмайды қыламын серт,

Дүниеге — жан, жастарға — кәрі қонақ,
Біреуді кекеп-мұқап қылмайық мерт, —
деп тоқтағанда, Бейсембай шешен:

— Иә осы келгендердің ішінде өзің сияқты кәрінің жайын білгендер де бар шығар, Ақымбеттің алжыған шалы қалай деп құлағын түргендер де бар шығар, — деген екен.

Сонда ағыл-тегіл төкпе ақын, Жанақ:
Кімді жеңбес кәрілік,
Осы сөзді берік ұқ.
Көбімізге ортақ емес пе,

Қайтесің, мырзам, тарылып.
Міне, мүлгіп тұр ғой,
Кәрілікке табынып.
Бізге де келер кәрілік,

Құштар болсақ сағынып.
Апарайық орнына,
Бос тұрмай мұнда аңырып, —

деп келіп, кәрі биді қолтығынан сүйеп, үйіне қарай аяңдатты. Қалың жұрт қаумалап әкеліп орнына отырғызып, сусындатып, сәл демін алдырған соң Маман би алдына барып сәлем беріп, келген жайын айтқан екен. Бір сәт үнсіздіктен кейін қарт би сілкініп барып, сәл есін жиғандай болыпты. Сосын көзін ашып, баяғысынша сарнай жөнелтіпті:

Алдымда мына отырған Маманбысың?
Өзің де тұңғиықтан аманбысың?
Кәрілік деген дертің, міне, осы екен,
Уа, жұртым бұл өмірден хабарлысың, —

деп барып кең бір тыныстаған соң, сөзінің артын тақпақтай жөнеліпті:
Мың жасаған Адам ата,
Лұқпан мен Нұқ
Алжыды деме,

Осы сөзімді ұқ.
Бастан ақыл, денеден қуат кетсе,
Кәріліктің өзі үлкен жұт.
Бағың мен жасың тең келсе,

Артың боласың құт.
Күнім осы көрдіңдер,
Ренжіме, осы отырған жұрт...
А. Сейдімбек

Енші институты Тілдің жады берік. Тіл — алыс заманалар қойнауындағы ақиқатты ұрпақтан ұрпаққа айнытпай жеткізетін тарихи деректер қоймасы. Қазақ тілінде «енші» деген сөз бар және одан туындайтын алуан мағыналы сөздер күні бүгінге дейін қолданылады. Мәселен, «енші», «еншідей», «еншілестіру», «еншілі», «еншісіз», «енші алды», «енші берді», «енші тиді», «еншісі бөлек, еншісі басқа», «бөлінбеген енші»,т.б. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.3-том. Алматы, 1978.366-367-бет- тер; І.Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық, сөздігі,— Алматы, 1977. 162 — 163-беттер). Осынау сөздердің, сөз тіркестерінің бірыңғай материалдық игіліктер мен әдет-ғұрыптық нормаларға қатысты айтылуы және сол мән-мағынасында қазақтың дәстүрлі қоғамындағы әлеуметтік-құқықтық қатынастарды айғақтауы назар аудартады. Жай ғана назар аудартып қоймайды, сол қоғамдық енші, әсіресе, оның материалдық игіліктерін (мал-мүлік, қоныс-өpіс, жер-су) реттейтін аса маңызды тетіктердің бірі енші институты болғанын пайымдатады. Ақиқаты да солай. Қазақтың дәстүрлі көшпелі өмір-салтымен орайлас (обусловленный) дүниеге келген ру-тайпалық жүйені, оның жанұя, әулет, ата, ру, тайпа, жүз сияқты ішкі құрылымдарын әлеуметтік үйлесімге келтіріп отыруда енші институтының рөлі айырықша болған. Тарихи-этнографиялық мағлұматтарға ден қойғанда, қазақтың дәстүрлі қоғамын әлеуметтік үйлесімге келтіріп отыру үшін еншінің негізгі үш түрі әдет-ғұрыптық құқық (обычное право) деңгейінде орныққанын, сөйтіп, жалпы этникалық нормаға айналғанын байқауға болады. Бірінші, енші — балаларға ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, қалдыратын мұрасы. Екінші, бөлінбеген енші — кез келген қазақ жанұясының жолаушылап келген қонаққа беретін сый-сыбағасы (тамақ, жататын орын, малының жем-шөбі. Үшінші еншілес болу—тұтас ру аясындағы әулеттер мен аталардың қандас-туыстас болуына немесе болмауына қарамастан мақсат-мүдделерін бір ету және материалдық игілікке (негізінен төрт түлік малға, қоныс-өріске, жер-суға) ортақ бөлу дәстүрі. Енді, қазақтың дәстүрлі қоғамындағы еншісінің осы үш түрін әpі қарай саралай тусу қажет. 1. Қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрып қағидасы бойынша ер балалар жеке үй болып бөлініп шыққанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкін «енші» деп атайды. «Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ мәтелі осы дәстүрге орай айтылған. Еншінің көлемі ата-ана дәулетіне, мүмкіндігіне орай әртүрлі болады. Енші бөлу барысында ата-ананың ұйғаруы заң, оған қайшы келетін бөгденің билігі жүрмейді. Ата-ана қайтыс болған жағдайда енші бөлу ер балалардың үлкеніне бepілeді. Өмір болған соң, әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін: әке өліп, шешесі ғана қалуы; ер балалар үйленбей тұрғанда, яғни, бөлек отау құрмай тұрғанда ата-анасы бірдей қайтыс болуы; ата-анасы қайтыс болғанда соңында ағайынды бірнеше ер бала қалып, олардың үлкендері үйленген, кенжесі әлі үйленбеген болуы; ата-ананың ер баласы болмай, тек қызы (қыздары) ғана болуы немесе мүлде перзентсіз болуы... деген сияқты. Мұның бәрінің қазақ арасында қалыптасқан жөн-жобалары мен жол-жоралары бар және мұндай жағдайлар ет жақын ағайындар арасында болғандықтан, әдетте, дау-дамайсыз, сыртқы төрелігінің араласуынсыз, өзара мәмлемен шешіліп отырған. Қазақ дәстүрінде бірнеше әйел алған адам әpбір әйелін оңаша үй немесе оңаша ауыл етіп ұстап, олардың мал-мүліктерін де оқшаулап беретін үрдіс болған. Мұндай жағдайда да әр әйел мен одан туған балаларға тиесілі енші мүмкіндікке қарай бөлінген. Алайда, ұл балалар енші алып, бөлек үй болып шыққанға дейін мал-мүлікті жарату тек қана әкенің (отағасының) еркінде болған. Яғни, әрбір әйел оңаша үй болып отырғанымен, олардың мал-мүлкі біртұтас дәулет болып есептеліп, оған отағасы билік жүргізген (ҚР ОМТА (ЦГИА), 6-қор, 1-тізім, 423-іc, 9-парақтың қос беті). Шежіре дерегінде найман ішіндегі Бағаналының төрт босағасының бірі атанған Бабырдың (қазақтың белгілі қаламгері Қамал Смайыловтың арғы атасы) жеті әйелі болған, одан 25 ер бала керген. Сол Бабыр жеті әйеліне Ұлытаудың бектерін айналдыра жеті қыстау салдырып, қыс түскен соң, солтүстіктен қуандық, керейлердің, шығысындағы қаракесек, тама, тарақтылардың, оңтүстігіндегі ошақтылардың, батысындағы қыпшақ, тоқал, арғын, шөмекейлердің жақсы-жайсаңдарын соғым басына шақырады екен. Шақыратын қонақтары Ұлытаудың қай тұсынан келетін болса, сол тұстағы әйелінің қыстауына түсіретін көрінеді. Бұл мысалдан, отағасы ретінде Бабыр жеті әйелінің де мал-мүлкіне бас не екені айқын байқалады. Әдетте қыз балаға енші берілмейді. Алайда, қыз ұзатылғанда еншіден олқы соқпайтын жасау берілетін кездер болады. Ұзатылатын қыздың жасауы, көп жағдайда, күйеу жағынан келетін қалыңмал мөлшерінен артықтау түсіп жатады. Бұл түсінікті де, қыздың ата-анасы «біржола босаға аттап, жат жұрттық болып бара жатқан перзентіміз барған жерінде жасымасын» деп, шашылып төгіледі. Бұл—жеке адамдар үшін ғана емес, тұтас қазақ қоғамының тұрақтылығы мен әлеуетіне тұғыр болған өміршең дәстүр. Ұзатылған қыз, дәстүр бойынша, араға біраз уақыт салып, көбінесе перзентті болған соң, арнайы төркіндеп келетін болған. Осы жолы қыз бала ата-анасының үйінен еншілік үлеске татитын мал-мүлік алып кете алған. Оны қыздың «кәдесі немесе «қалауы» деп те айтады. Әлгі, «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды», «Асыққан қыз алты жылда, жетіскен қыз жеті жылда төркіндейді» деп келетін мәтел сездер ұзатылған қыздың төркіндеу рәсіміне орай айтылған. 2. Бөлінбеген енші, яғни, қонақтың еншісі қазақтың дәстүрлі өмір-салтында және сол өмір-салтпен орайлас қалыптасқан ру-тайпалық жүйеде ел-жұрттық біртұтас этножаралым (этноорганизм) болуын ойластырудан туындаған айнымас әдет, бұлжымас қағида, қатал тәртіп. Мұндай тәртіп болмаса, табиғаты қуаң сайын далада желдей жүйткіп, судай сырғыған көшпелілердің ел болып тұтасуын, ұлт болып ұйысуын былай қойғанда, қарапайым тіршілік құрудың өзі қиынға соғар еді. Бөлінбеген енші дәстүрі бойынша кез келген қазақ жолаушылап келе жатып қазақтың үйіне қонуға, қонағасын ішіп-жеуге, мініс көлігін дилап аттануға хақылы болған. Яғни, кез келген қазақ жолаушысы кез келген қазақтың үйінде бөлінбеген еншім бар деп, сеніммен босаға аттай алған. Ондай жолаушыдан тамақ ақы, мініс көлігіне берілетін жем-шөп ақы алынбаған. Керісінше, жолаушы түскен үйінен оң шырай, ықыласты күтім кере алмаса, ол жолаушы биге жүгініп, сол үйден айып-шам алуға хақылы болған (Шешендік сездер. Құрастырып, алғы сөзін жазған Б.Адамбаев. Алматы, 1967. 44, 63-беттер; Билер сөзі, Құрастырған Т.Кәкішев. — Алматы, 1992. 75— 76-беттер). Бөлінбеген енші дәстүрі туралы белгілі тарихшы-этнограф Ж.О.Артықбаев былай дейді. «Бұл құбылысты әлеуметтік байланыс түрінде қарастырсақ теңдессіз дүние. Руына, жүзіне, ұлысына, атасына еш көңіл бөлмей, тұтас қазақ, немесе жалпы Алаш елін 6іp алтын діңгекке байлайтын құбылыс. Әлеуметтік жағынан бай демей, кедей демей барлық қазақты тең ұстайтын, тең мүмкіндік беретін, кедей байдың төріне шығатын, байды кедей үшін шығынға қалдыратын әлеуметтік ортаны қалыптастыратын қағида» (Ж. О. Артықбаев. Этнос және қоғам. XVІІІ г. — Қарағанды, 1995. 144-бет). 3. Еншілестік дәстүрі бойынша жанұялар мен әулет-аталар қарындас-туыстас болу-болмауына қарамастан, белгілі бір ру аясына топтасып, дәлірек айтқанда, белгілі бір ру аясына кірігіп, мақсат-мүдделерін ортақтастырған. Мақсат-мүдде ортақ болған соң, сол руға төрт түлік мал да, қоныс-өpіс те, жер-су да өзінен-өзі ортақ болған. Ру аясындағы еншілестік материалдық игіліктің ортақтығын ғана айғақтап қоймаған, ең бастысы еншілестер біртұтас әлеуметтік жаралым (организм) ретінде бірі үшін бәрі, бәpі үшін біpі жауапкершілікті терең сезінген. Мұндай әдет-ғұрып сақталмаған жағдайда ру аясындағы әртекті әулет-аталардың ешқашан ұжымы жараспайтынын, бірлік берекесі болмайтынын әркім де жақсы түсінген. Қазақ руларының бірыңғай қандас-туыстастардан құралмайтынын, ру аясындағы әулет-аталардың әдетте әр текті болып келетінін, сол себептен де қазақ рулары есте қандас туыстар одағы емес, ең алдымен қоғамдық-әлеуметтік және саяси одақ екенін кезінде Н.А.Аристов, А.Н.Харузин сияқты ғалым-зерттеушілер тап басып, атап көрсеткен (Н.А.Аристов. Опыт...// «Живая страна» журналы. ІІІ—ІV шығарым. СПб., 1894. 393-бет; А.Н.Харузин К вопросу о происхождении киргизского народа// «Этнографическое обозрение» журналы. —М., 1895. №3,59-бет). Сондықтанда, Қазақ даласында Ресей отаршылдығы бел алғанға дейін еншілестік дәстүрі әдет-ғұрыптық заң (обычное право) деңгейінде қоғамдық өмірді ретті етудің ең пәрменді тетігі болды. Мұның айқын да бұлтартпас айғақтары қазақтың шежірелік деректерінде, шешендік сөздерінде, әсіресе билердің төрелігінде жан-жақты көрініс тапқан. Өкініштісі, осы уақытқа дейін енші институты, әcіpece, ру аясындағы жеке адамдардың, жанұялардың әулет-аталардың еншілестігі арнайы зерттеп-зерделеу объектісі болмай келді. Ал, қазақтың дәстүрлі қоғамын жарастықты етуде мейлінше пәрменді рөл атқарған ру аясындағы еншілестіктің тарихи мән-маңызына мүлде назар аударылмады десе де болады. Мұндай ахуалдың бір себебін қазақ халқының отаршылық тұзағына түсуімен байланыстырудың қисыны бар. Ресей отаршылдығы қазақ қоғамының дәстүрлі ру-тайпалық құрылымынан бастап этноаумактық байланыстарына дейін, билік жүйесінен бастап қоғамдық қатынастарына дейін түбегейлі өзгерістерге түсірді. Әсіресе, XІX ғасырда сыртқы күштің зорлығымен жүзеге асқан әкімшілік және сот реформалары (1822, 1867 — 1868, 1886—1891) қазақтың дәстүрлі этноәлеуметтік институттарын күйретіп жіберді. Патшалық Ресейдің 1822 жылғы 22 шілдеде жарияланған Cібіp қазақтары туралы Жарғысында қазақ халқының дәстүрлі қоғамдық-әлеуметтік құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Яғни, қазақтардың ру-тайпалық жүйеге негізделген дәстүрлі қоғамдық-әлеуметтік құрылымы және ғасырлар бойы шыңдала қалыптасқан әдет-ғұрыптық нормалары Cібіp қазақтары туралы Жарғыдан кейін түбірлі өзгеріске түсе бастады. Әcіpece, елдік пәтуа бірлік пен мемлекеттік тұтастыққа негіз болған енші институты күйреп түсті. Бұдан былай рубасылар ру аясындағы ел-жұртқа еншілестері ретінде, Абай айтқандай «жетіспегенін жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп», қамқорлықпен және өздік жауапкершілікпен қарай алмайтын болды. Керісінше, Cібіp қазақтары туралы Жарғыдан кейін жаңадан жасақталған қоғамдық-әлеуметтік құрылым бойынша 50 — 70 жанұя бір ауыл, 10 — 12 ауыл бір болыс, 15 — 20 болыс бір округ болып олардың әкімшілік тізгінін ұстаған ауылнайлар (старшындар), болыстар, аға сұлтандар ендігі жерде өз қарауындағы ел-жұрттың бұрынғыдай қамқоршысы емес, қарсыластары тұрғысында қызмет атқаруға мәжбүр бола бастады. Былайша айтқанда, ұлттық-мемлекеттік мүддені бір жолға салып отыратын хандық билік жойылып, отаршылдық жүйенің қоғамдық-әлеуметтік құрылымы үстемдік құрған кезде, сол жүйенің ауылнай, болыс, аға султан сияқты қызметшілері өзінен-өзі Ресей империясының сойылсоғары болып шыға келді (Сырымға, Исатайға, Махамбетке кімдердің қарсыласқанын елестетсе де болар). Мұның тыпыр еткізбейтін тетіктері — жаңадан әкімшілік-аумақтық бөліктерді құру, ол бөліктерге полицейлік және сот биліктерін орнату, салық түрлерін белгілеу, діни идеологиялық шаралар жүргізу сияқты 320 ережеден туратын Жарғыда мұқият ескертілді (1822. Июля 22. №29172. Высочайший утвержденный Устав о сибирских киргизах// А.И.Левшин. Описание киргиз-казацких или киргиз-кайсацких, орд и степей. — Алматы, 1996.399 — 428-беттер). Осы жарғыдан кейін-ақ қазақ қоғамындағы дәстүрлі өмір-салттың шырқы бұзыла бастады. Экожүйеге әбден бейімделіп, ғасырлар сынынан өткен өмір сүрудің көшпелі үлгісі тоқырау кезеңіне тап болды. Былайша айтқанда, осы кезеңнен бастап көшпелі өмір-салттағы қазақтар табиғат заңдылығына емес, Ресей отаршылдығы зорлап таңған жүйеге мойын ұсынуға мәжбүр болды. Округ құзырындағы жерлерді «аға сұлтандардың рұқсатынсыз пайдалануға, ол жерлермен көшіп-қонуға тыйым салынды» (ҚР Орталық, мемлекеттік мұрағаты. Қор — 37, іc — 272, парақ — 72). Ресей империясының отаршылдық мүддесін жүзеге асырушылар қазақ халқының дәстүрлі ру-тайпалық жүйесі мен сол жүйеге орайласа қалыптасқан патестарлы-саяси құрылымын жоймайынша қазақ қоғамына толық үстемдік етіп, билік жүргізудің мүмкін емес екенін жақсы білген. Мұндай пиғыл-тілегін Ресей Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Сырдария облысында әскери губернатор (1883 — 93), Түркістан генерал-губернаторы және әскери округінің қолбасшысы (1903 — 08) қызметтерін атқарған Н.И.Гродеков ашық жазған: «1867 жылғы заң бойынша... іргелі руларға бір рубасының билік жүргізуі саяси тұрғыда зиянды деп есептеледі сондықтанда қазақ руларын ыдырату үшін көшпелі ел-жұртты болыстар мен ауылдарға бөлшектеп жіберу көзделді. Осындай мақсатпен 1867 жылы болыстар құрылып, оған мүмкіндігінше әр түрлі рудың адамдары топтастырылды» (Н.И.Гродеков. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Даръинской области. Юридический быт. бірінші том. — Ташкент, 1889. 13-бет). Яғни, 1867 —1868 жылғы Уақытша Ережеден кейін қазақ халқының дәстүрлі ру-тайпалық жүйесі мен сол жүйеге орайласа қалыптасқан патестарлы-саяси құрылымы бұрынғыдан бетер қожырап, енді жерде ру-тайпа аясынан екінші оқшау ру бөлігі шығару үрдісі мүлде мүмкін болмай қалды. Яғни, көшпелі өмір-салттық және сол өмір-салтқа орайлас қалыптасқан Қазақ хандығының әлеуметтік-құқықтық негізі болып табылатын енші институты мен оны үйлестіріп отыратын билер билігін (билер сотын) жою — Ресейдің отаршылдық жүйесін Қазақ даласына орнықтырудың ең тиімді жолы болды. Мұны, әлгі Н.И.Гродеков айтқандай, Ресейдің отаршылдық саясатын жүргізушілер қапысыз түсінді және ерекше жымқырлықпен жүзеге асырады. Ол үшін, ең алдымен, көшпелі өмір-салтқа кепіл болатын жерге деген бүкілхалықтық иелікті жойып, сол арқылы енші институтын керексіздендірсе болды, дәстүрлі қазақ қоғамының өзінен-өзі қожырайтынын және олардың ұжымдық (корпоративтис) рухы мен әлеуеті күйрейтінін жақсы білді. Мұндай ұстаным (позиция, принцип, тенденция) Ресей үшін әскери күш жұмсаудан гөрі әлдеқайда тиімді және анағұрлым нәтижелі еді. Осылайша, Қазақ халқы алғаш рет Ресей отарындағы ел ретінде ресми түрде жерге деген иеліктен айырылды. Уақытша Ереженің 210, 211, 230-баптарында былай деп атап көрсетілді: 210. Қазақ жайылымындағы жерлердің бәрі мемлекеттік болып табылады және қазақтарға қоғамдық негізде беріледі. 211. Жеке меншік жер иеленуші болып тек патша ағзам тарапынан сыйға алған жерлер және игілі акті бойынша заңдастырылғандар саналады. 230. Ресейден қоныс аударушы орыстарға, Cі6іp қалаларына орнығатын адамдарға белгіленген жеңілдіктер беріледі. (Материалы по истории политического строя. 1 -том. — Алматы, 1960. 323 - 340-беттер Аударма Ж.О. Артықбаевтың «Қазақстан тарихы» атты оқулық-нұсқалығынан алынды. —Астана, 2003.193-бет). Бұл Ережеге мойын ұсынбағандарды бұзақы-қылмыстылар ретінде әскер күші аяусыз қырғынға ұшыратты. Ал, елі мен жері үшін басын бәйгеге тіккен есіл ерлер әскери соттың үкімімен ату жазасына кесілді, Cібіpre айдалды, абақтыда өмірлерін өткізді. Қазақтың желдей еркін рухтағы атпал азаматтары, Мәди Бапиұлы айтқандай «Қызығын көре алмадым атқан таңның!» деп, абақтының тар қапасында күңіренді. Ең сұмдығы, Ресейдегі саяси, әлеуметтік және идеологиялық платформалардың өзгерісіне қарамастан, қазақ халқының тарихи мүддесін аяққа таптаған 1868 жылғы Уақытша Ережедегі негізгі ұстанымдар 1991 жылға дейін еш өзгерместен қатаң сақталды. Бұл ретте, Уақытша Ережені қазақ халқының тарихи тағдырындағы қacіpeт қамыты деуге болады. Ғасырдан астам уақытқа созылған жойдасыз (тотальный) зорлық пен әділетсіздік қазақ халқының төлтума сапасына өлшеусіз зиян келтірді... Әрине, өткенге салауат, мұндайда болашағынан үміті бар ел тарихи зардаптан арылуды ұлттық ұлы мұратына айналдыруы қажет... Түптеп келгенде, отаршылдық мүдде орнықтырған қоғамдық-әлеуметтік құрылым мен диктатуралық режим үстемдік құрған ортада дәстүрлі енші институтының сақталып қалуы мүмкін емес еді. Осылайша, жеті атаға толған әулет-аталардың іргелі рудан енші алып, ез алдына дербес ру болып шығатын дәстүрі тоқтады. Сөйтіп, қазақ ру-тайпалары өзгермейтін, яғни, ез аясынан ру бөліп шығара алмайтын статтық сипат ала бастады. Нәтижесінде, бұрын «руластарымен бірге у ішетін» қазақ, енді сол руластарының үстінен арыз-шағым жазып, отаршыл әкімдерге жағынуды әдетке айналдырды. Бұл жағдайды дәл аңғарған Көшке Кемеңгерұлы: «Приказ ашылғанда-ақ үлкен рулар таралып, ру арасына жік түсті. Сол жік 1868 жылы «Уақытша Положениеден» кейін мүлде алшақ кетті. Бұл «Положение» бойынша болыстық қоғам жер ыңғайына қарай кетіп, кейбір болыстықтар сиырдың бүйрегіндей әр рудан құралып, әр рулар тозғындап кетті»,—деп атап көрсетті (К,.Кемеңгерұлы. Таңдамалы. — Алматы, 1996. 53-бет). Ресей отаршылдары орнықтырған әкімшілік жүйесінің әлеуметтік-этникалық ахуалға тигізген жойдасыз зардаптарын М.Ж.Көпейұлы да атап көрсеткен: «Біздің қазақ бұл Россияға қараған соң, «болыс» деген, «аулынай» деген шықты. Сонда, «болыс болдық», «аулынай болдық» дегендерге заманындағы қариялар айтады екен:

«Болыс болдым дегенше,
Орыс болдым десейші!
Аулынай болдым дегенше
Ауыл айналған ит болдым десейші» —

дейді екен. Сонан соң бұл болыс, аулынайлық сайлауменен болатұғын болды, ол сайлау шарменен болатұғын болды. Сонан соң жұрт құрып, су түбіне кете бастады, су түбіне сол кеткеннен әлі кетіп бара жатыр» (МәшһүрЖүсіп. Қазақ тарихы. Шығармалары. 8-том. — Павлодар, 2006.290- бет). Ұлт тағдыры жаттың құзырына тап болғанда этностың іштен іритінін әмбебаб заңдылығы қазақ қоғамын да аз уақыт аясында індеттей жайлап үлгерді. Бұл ретте, дәстүрлі қазақ қоғамындағы ру-тайпалық жүйені жарастырып отыратын еншілестік институты сияқты тегеурінді тетіктер отаршылдық жүйенің ең алғашқы құрбаны болуы заңды еді. Іргелі ру аясынан кіші рудың енші алып, жеке ру болып бөлініп шығу дәстүрінің мүлде тоқтай бастағанына алғаш рет В.В.Радлов назар аударды және Ресей отаршылдығына байланысты дендеп бара жатқан бұл үрдіс түптің-түбінде қазақ қоғамын аздырып-тоздырып, қайыршылыққа алып келетінін атап көрсеткен болатын. Көреген ғалымның айтқаны айдай келгеніне тарих куә (В.В.Радлов. К вопросу об уйгурах. СПб. 1896. 72-73-беттер). Отаршылдық билік үстемдік құрған соң қазақ ру-тайпаларының ішіндегі бірлік-пәтуаның берекесі кетіп, быж-тыж болған қасіретті халін ұлы Абай қанжылап отырып жазған: «Байды қадірлейін десең, бай жоқ... ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр... Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ. Біреулер к... не құрым киізді малшып тыққан соң исі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр... Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстықпенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ... Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа ecті кіcі де елде жоқ. Қулық, сұмдық, амалға елдің бәрі де ecті... Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік?!» (Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы. Екінші том. Алматы, 1995. 174 —175-беттер). Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары хатқа түсе бастаған кезеңде (XІX) енші институты, әсіресе, ру аясындағы еншілестік тарихының еншілесіне айналып үлгерген еді. Оның үстіне, XX ғасырға дейін жинақталған тарихи деректер негізінен эмпирикалық-констатациялық сипатта болып, қазақ халқының дәстүрлі қоғамы туралы объективті ғылыми көзқарас орныға қоймады. Ал, XX ғасырда маркстік-лениндік идеология үстемдік құрып, қазақтың дәстүрлі қоғамын танып-түсінуде формациялық даму мен таптық күрес теориясы әмбебап әдіснама (универсальная метадалагия) тұсында басшылыққа алынды. Нәтижесінде, қазақ халқының дәстүрлі өмір-салтындағы шаруашылық-экономикалық негіз бен мәдени-рухани төлтумалық (самобытность) атаулыны танып-түсінуде жаңсақ детерменистік жорулар бел алып жатты. Мұндай ой-тұжырымдар ғылыми-теориялық еңбектердің «алтын арқауына» айналды. Әсіресе, таптық көзқарасты әдіснамалық (методологиялык) тірек еткен «қоғамтанушылар» көшпелі өмір-салтта жекелік меншіктің мейлінше шартты болатынын, еншілестіктің өзі, ең алдымен, ұжымдық меншікке негізделген қоғамдық тәртіп пен норма екенін, ондай қоғамдық тәртіп пен норма көшпелі өмір-салттағы тіршіліктің табиғи мұқтаждығынан туындайтынын елеп-ескермеді немесе елеп-ескеру мүмкін болмады. Себебі, дәстүрлі өмір-салттың объективті ақиқатын ашып көрсетуге талпынғандар ғылыми тұрғыда метафизикалық догматизмді күйттеушілер ретінде шеттеліп, саяси тұрғыда ескілікті көксеуші ұлтшылдар ретінде қатаң жазаға ұшырады. Басқасын былай қойғанда, мыңды айдаған байды «қанаушы тап» дегенде, сол малды бағып-қағып жүргендер әлгі байдың балалары немесе немере-шөбере ағайындары екені қаперге алынбады. Былайша айтқанда, әкесі қанаушы тап, баласы қаналушы тап болуы мүмкін емес екеш мүлде ескерілмеді. Ол былай тұрсын, мыңды айдаған бай әрі кетсе он шақты малдың ғана өнімін тұтынып, еті мен сүтін қажетіне жарата алатынына, қалған малдың барша өнімі еншісі бір ру аясындағы адамдардың игілігі болатынына мән берілмеді. Ал, төрт түлік мал мезгілінде сауылмаса, күзелмесе, қырқылмаса, басбілігі етілмесе, ол малдың әсте өсіп-өнбейтінін, бірі желінсау (мастит) болып, екіншісі құрт тесіп, келесісі жабайыланып кеткені, ақыр аяғында азып-тозып, індет жайылған малдың құрып бітетіні аян. «Қарамаса қатын кетеді, бақпаса мал кетеді» деген мәтел сөз өмірлік тәжірибеден туған. «Бәлен деген байға бәленбай мың жылқы бітіпті, бәленбай мың қойы болыпты» деген ұғымның мейлінше шартты екені, шын мәнінде ол бай малға ғана ие емес, сол малды бағып-қағып жүрген барша еншілестердің басиесі де екені, әcіpece, кеңес (совет) заманында туындаған зерттеу еңбектерде көпе-кернеу бұрмаланады. Қыскасы, көшпелі өмір-салттағы шаруашылық - мәдени типтің төл болмысы, сол шаруашылық - мәдени типпен орайлас (обусловленный) дүниеге келген ру-тайпалық жүйе, ол жүйе қалыптастырған өмір-салт, ең соңында, сол өмір - салтты үйлесімді етуге қызмет ететін әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жол-жора, жөн-жоба сияқты аса өзекті мәселелер идеологияланған тұрпайы (вульгарный) социологиялық зерденің қалыбына кептеледі. Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарына катысты тарихи дерек көздерінде ру аясында еншілестік туралы материалдардың жоққа тән болуында және еншілестік институтының ғылыми тұрғыда зерделене қоймауына осы сияқты тарихи сыр -себептер бар. Жалпы, еншілестік институтын Қазақ хандығы жасақталу барысында дүниеге келген ең сәтті әлеуметтік-саяси реформа деуге болады. Қазақ хандығың жасақталуы аса құрдай тарихи жағдайда жүзеге асқаны белгілі. Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда жұртындағы әлеумет теңіздей толқып, судай сапырылысуы барысында Қазақ хандығының аясында топтасқан ру-тайпалар да мейлінше алашабыр болатын. Әрине, көшпeлі өмір-салттың әлеуметтік-саяси тұғыры ру-тайпалық жүйе екені аян. Былайша айтқанда, ру-тайпалық жүйе көшпелі өмір-салттағы ел-жұрттың өмір сүру қалыбы (формасы) болатын. Міне, осындай жағдайда алашабыр ел-жұртты хандық аясына ұйыстырып, біp мақсат-мүддеге жұмылдыру үшін қапысыз ойластырылған идеялар мен сол идеяларды жүзеге асыратындай тегеурінді тіректер керек еді. Бұл ретте, Қазақ хандығын жақсартуға мұрындық болған ақылмандар тарихи тәжірибелерге табан тірей отырып, мейлінше сәтті кадамдар жасай алды. Мәселен, алашабыр ру-тайпалардың түбі бір туысқандық сезімдерін оятатын «Алаш баласы» идеясы, хандық аясына топтасқан ел-жұрттың ру-тайпалық жүйесін жаңаша жіктеу, мұнан әрі, қоғамдық өмірдің үйлесімін орнықтыратын әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жол-жора, жөн-жоба нормалары сияқты әрекет - шекараларды алдымен атаған абзал. Осындай әрекет - шаралардың аясында көшпелі өмір-салттағы ру-тайпалардың әлеуметтік жарасымы мен рухани үйлесімін қалыптастыруда еншілік институты ең бір сәтті де оңай үлгі бола алады. Ол рудың құрамындағы әулет-аталардың әрекеттілігіне қарамастан, сол ру қоғамдық өмірдің кезкелген ситуациясына біртутас этножаралым ретінде жауап беретін болды. Мұның өзі ру аясындағы адамдардың ұжымдық санасы мен ынта-ыкыластарын біртутастырып, кез келген субъектінің өмірін мазмұн-мағынаға кенелтті. Өйткені, ру аясындағы кез келген адам өзінің еншісі біp руын қаншалықты пана тұтса, өзі де соншалықты сол рудың намысын жыртатын еді. Былайша айтқанда, ру аясындағы кез келген адам заттан зәбір көрсе, мұның екі тұтас рудың намысын қозғаған. Қысқасы, ру намысы, ру пайдасы болып жоқталушы еді (А.Байтұрсынов. Ақ жол. —Алматы, 1991.291-бет). Бұл ретте, қазақтың дәстүрлі қоғамында айтылатын «У ішсең руыңмен» дейтін ұстаным ру аясындағы еншілестер үшін өмірлік декларация сияқты еді. Еншілес болу арқылы белгілі біp ру аясындағы әулет-аталар қандас-туыстастықтарының әрекеттілігіне қарамастан бірден мүдделестерге, тағдырластарға айналып отырды. Мұндай ахуал, әсіресе, Қазақ хандығы жаңа жасақтала бастаған аласапран кезеңде, шашыранды әулет-аталардың белгілі бір ру аясына топтасу ынтасын оятты. Сөйтіп, Қазақ хандығы жасақталар тұстағы алашабыр ел-жұрттың ұйысып-тұтаса түсуін жеделдетті. Осы орайда, XІV —XVІ ғасырларда ғана Ұлы далада құйындай ұйтқып, қаңбақтай жеңілген түркі ру-тайпаларының бірі — бұхар-шағатайлық, екіншісі — бұлғар-татарлық, үшіншісі — монғол-қалмақтық, төртіншісі араб-парсылық жазу мәдениеті мен сөз қолданымын жатсынбағаны тарихтан мәлім. Яғни, аз ғана уақыт аясында тіл мен дін дара қазақ этносының тұлғаланып шыға келуіне, өзге де әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге қоса, еншілестік институтының да әсер-ықпалы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Ең мәндісі, еншілестік институты қазақ арасында жеке тұлға туралы, ол тұлғаның қоғамдағы орны туралы, сол қоғамның саяси жүйесі туралы, сондай-ақ, қоғам мен мемлекет (хандық) арасындағы байланыс туралы төл таным-түсініктің қалыптасуына себепші болды және ондай таным-түсінік арқылы әpбіp қазақ тек түркі халықтарының арасында ғана емес, әлемдік өркениет аясында да өзінің төлтума (самобытный) болмасын терең сезіне алды. Мұның өзі, түптеп келгенде, дәстүрлі қазақ мемлекетінің тұғырын бекемдей түсуге оң ықпал етті. Қысқасы осы сияқты ой-тұжырымдарға ден қою үшін қазақтың дәстүрлі қоғамындағы іргелі (аталық) рудан кіші рудың енші алып, бөлек шығатын pәcімін саралаңқырап айта түсу қажет. Өйткені, жоғарыда атап өткендей, XІX ғасырдағы өктем күштің (Ресей империясының) зорлығымен жүзеге асқан әкімшілік және сот реформаларынан (1822, 1867 —1868, 1886—1891) кейін казак арасында жеті атаға толған әулет-аталардың іргелі рудан енші алып, өз алдына дербес ру болып шығатын дәстүрі тоқтағаны аян. Отаршылдық жүйе орнықтырған әкімшілік-аумақтық құрылымдар қазақ ру-тайпаларының жаңа рулар жасақтау мүмкіндігін мүлде шектегені ендігі жерде ру-тайпалар өзгермейтін, статтык сипат алғаны да атап көрсетілді. Былайша айтқанда, соңғы екі ғасыр (XІX, XX) аясында қазақ қоғамы сыртқы өктем күш орнықтырған әкімшіл-аумақтық құрылымдар аясында ғұмыр кешкенін көз көрді. Яғни, бір жағынан—жана рудың жасақталу мен еншілестік институты қоғамдық қажеттілік болған кезеңнің шалғайлануы, екінші жағынан хатқа түскен айғақ-деректердің тапшылығы, үшінші жағынан — шежірелік және фольклорлық деректердің ғылыми айналымға түсе қоймауы, төртінші жағынан — идеологияланған жаңсақ жорулардың бел алуы, т.б. осы тектес себептердің салдарынан іргелі, толысқан ру аясындағы әулет-аталардың енші алып, жеке ру болып бөлініп шығу рәсімі осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыда сараланбай келеді. Сөйтіп дәстүрлі қоғамын жарастықты еткен ең негізгі фактор—жаңа рудың жасақталуы мен сол ру аясындағы әулет-аталардың еншілес болу рәсімі ғылыми зерде аясынан тыс қалып отырды. Осы тұрғыдан келгенде, ескікөз шежірешілердің айтуындағы сипаттамалық (описательный) мағлұматтар бірден-бір құнды дерек болуға тиіс. Бұл ретте, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан Әбікұлы Ахмет (1881 — 1976), осы облыстың Ұлытау ауданынан Тілегенұлы Тай (1900 —1985), Қызылорда облысының Қазалы ауданынан Қарабалаұлы Қызылбай (1896—1985), Қостанай облысының Жанкелдин ауданынан Әбықайұлы Ахметхан (1903 — 1986), Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданынан Меңдалыұлы Алшын (1894 — 1978) сияқты даңғайыр шежірешілер айтқан мағлұматтарды жинақтап, ру-тайпа аясындағы жеті атаға толған әулет-атаның қалай енші алып шығатын рәсімін келтіре кеткен жөн. Көшпелі өмір-салттағы әулет-аталар аз уақыт аясында өркен жайып, тез толысып отырған. Мұндайда, іргелі (аталық) ру аясындағы аралары жеті атаға толған әулет-аталардың бас көтерерлері ел ішіндегі беделді адамдарға сөз салып, жеке ру болып шыққысы кeлeтіндepін, осыған орай тиісті еншілерінің бөлінуін емеурін ететін болған. Әдетте, іргелі рудың бас ие адамдары өз аясындағы әулет-аталардың енші алып, оңаша рулы ел болып шығуын, өсіп өркендегендіктің белгісі ретінде, мерей-мәртебе тұтқан. Сондықтанда, енші алып шығуға емеурін білдірген әулет-атаның жай-жапсарын, олардың бас көтерер адамдарын, қоныс-тұрақтарын, мал-жандарын бажайлап барып, рұқсат еткен. Ол үшін төңіректегі жеті рулы елдің билері шақырылып, әулет-атаны жеке ру етіп шығару рәсімі жасалған. Жеті рудың билері бас қосқан соң, жеке ру болғысы келген атаның бас ие адамдарына: «Еліңнің сөзін сөйлер биің бар ма? Еліңе қорған болар батырың бар ма? Еліңнің асырар байың бар ма? деген үш сұрақ қоятын болған. Егер бұл сұрақтардың жауабы жеті бидің көңілінен шықса, яғни, әлгі сұрақтарға орай аттары аталатын билердің, батырлардың, байлардың қабілет-қарымдарына жеті бидің көңілі толса, мұнан әрі енші алып, жеке ру болып шығудың киелі рәсімдерін жасауға рұқсат етілген. Әрине, жай ғана рұқсат етіліп қоймаған. Алдымен, енші беруші іргелі рудың бас ие адамдары мен енші алып шығатын әулет-атаның басие билері батырлары, байлары жиналып, ел болуға, бірлік-пәтуаға қатысты мәміле-кеңес құратын болған. Өткен-кеткен өмірдің ұлағатты істерін өнеге еткен. Сонан соң, тілек-баталарын берген. Мұнан әрі, алдын ала дайындалған боз бие немесе ақ түйе сойылып, іргелі румен енші алып шығатын рудың басие адамдары анттасып, сойылған құрбандықтың қанына бармақ батырысқан. Қанға бармақ батыру барысында «тегіміз біp, намысымыз ортақ!», «Тірлігімізде шығар биігіміз 6іp болсын, өлсек жатар орнымыз біp болсын!», «Өркеніміз өсіп, өрісіміз кеңейсін!» «Тәңірім бірлік-пәтуаны нәсіп етсін!» дегендей тілектер айтылған. Бұл екі арада қанға бармақ батырысқан кісілердің алдын ала арқан тасталып, бұл арқаннан енші алып, жеке ру болып бөлініп шыққан жақтың адамдары ғана аттап өтетін болған. Міне, осы сәттен бастап, ала арқан аттағандар еншісі бөлек ру болып есептелген. Қазақ тіліндегі «Біреудің ала жібін аттамаған», «Ала жіп аттамау» деп келетін тұрақты тіркестердің астарында, осындай рәсіммен байланысты, «біреуге жаттық мінез көрсетпеген» дегендей де мағына бар. Жеті атаға толған әулет-атаның еншісін бөліп, жеке ру етіп шығару рәсімі мұнымен шектелмеген. Мұнан әрі бөлек шыққан рудың құрамына енгісі келетін немесе енуі қажет деп есептелген бөгде жанұялар, сіңісті әулет-аталар хабарланып, жаңа рудың қоныс тұрақтары жарияланып ен-таңбалары айғақталған. «Қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға ие. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз алып, қыз беруге болады деп, баталасып отырған. Аталастық, туыстық жігі осы жерден тоқтап, енді қыз алысуға көшкен қауым жеке-жеке ру болып есептелген» (І.K. Кеңесбаев. Қазақ, тілінің фразеологиялық сөздігі. —Алматы, 1977. 202-бет). Дәстүр бойынша, жаңа рудың құрамындағы әулет-аталар қандас-туыстастығы мен алыс-жақындығына қарамастан, міндетті түрде еншілестер болып есептелген. Яғни, ру аясындағы адамдардың мақсат-мүдделері бір деген сөз. Мұнан былай өмірдің қызығын да, шыжығын да біpлecіп қарсы алған. Мұндай жағдайда, әpбіp жеке адамның қабілет-қарымы (абыздың көрегендігі, бидің ақылы, батырдың ерлігі, балуанның күші, шешеннің тапқырлығы, өнерпаздың шабыты, ұстаның шеберлігі, зергердің мініскерлігі, тігіншінің ісмерлігі, жұлдызшының білгірлігі, сыншының зеректігі, атбегінің бапкерлігі, аңшының мергендігі, т.б.), ең алдымен рудың мерей-мәртебесін көтерген. Міне осы сияқты этноәлеуметтік рухтың тұтастығы арқасында ру аясындағы ат жалын тартып міне алатын ер адамдар жаппай жасақ-жауынгерге айналған. Рудың ұраны шақырылғанда кеудесінде жаны бар еркек атаулының жаппай атқа қонатыны да сондықтан. Бәлкім, көшпелілер тарихындағы даңқты әскери жорықтар мен ұлы жеңістердің сыр-себебі ретінде осындай қасиеттерді де қаперге алып отырған жөн болар. Ру аясындағы еншілестер ұдайы бір-біріне қарайлас-тілеуқор болып, оның өзі толып жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жол-жора, жөн-жоба түрінде бекемделіп отырған. Мәселен, бірлесіп қарашығын көтеру, жылу жинау, асар жасау, ағайыншылық көрсету, қарайлас болу, қызыл көтеру, қолқабыс ету, ерулік беру, сыбаға сақтау сияқты дәстүр түрлері ең алдымен ру аясындағы ұжымдық сезіммен жауапкершілікті шыңдап, корпоративтің рухты асқақтата түсудің ұрымтал тетіктері болған. Сондай-ақ, жаугершілікте түскен олжа, барымта-сырымтамен келген мал, ат бәйгелер палуан күресі, ақындар айтысы, әнші-күйшілер бәсекесі кезінде берілетін сый-сияпаттар мен тарту-таралғылар әдетте сол рудың бас көтерер үлкендеріне жол-жоралғысымен, жөн-жобасымен үлестіріліп отырған. Әрине, өмір болған соң үнемі олжа салатын жағдайлар бола бермейтіні аян. Бұл ретте, ру аясындағы өлім-жітімнің, ас-тойдың, айып-пұлдың, құн-өтемнің, алым-салықтың, жасау-жабдықтың, шығын-салмағын міндетті түрде бүкіл ру болып, қала берді бүкіл тайпа болып көтеріп болған (Шешендік сөздер. Құрастырып, алғы сөзді жазған Б.Адамбаев. — Алматы, 1967;А.Жүнісұлы. Пәниден бақиға дейін.—Алматы, 2001; Я.Құмарұлы. Қазақтың салт-дәстүрі — Үрімжі, 2006; С.Кенжахметұлы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері — Алматы, 2004; С.Кенжахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. —Алматы, 2006). Жаңа рудың қоныс-тұрағы, әдетте, енші берген іргелі рудың қоныс тұрағымен жапсар болған. Өйткені, жаңадан ру жасақтау оңай болғанмен, жаңадан қоныс-тұрақ таба қою оңай емес. Оның үстіне, аралары жеті атаға толып, жеке ру болып бөлек шықты демесе, күні кеше ғана мал-жаны аралас-құралас, мақсат-мүдделері бір болған ағайын-туғандар бір-бірінен кіндік үзіп, алыстап кетуге құлықты бола қоймаған. Сондықтан, жаңадан жасақталған ру, әдетте, енші берген іргелі румен қоныс-тұрағы қоңсылас, төрт түлігі өрістес болып отырған. Қазақтың «іргеден енші бөлу» деп келетін сөзі осындай жағдайға байланысты айтылған. Жаңадан жасақталған рудың таңбасы да, малына салынатын ені де, қалыптасқан дәстүр бойынша, енші берген іргелі рудың ен-таңбасын негізге ала отырып, қосымша белгілер қосу арқылы пішіндeтілeтін болған. Мұның өзі бір жағынан — енші алып шыққан рудың қандай іргелі ру-тайпамен тектестігін білдірсе, екінші жағынан — жаңа рудың дербестігін де айғақтаған. Толысқан іргелі рудан кіші рудың енші алып, бөлек шығып отыратын үрдісін орыс этнографы Н.А.Аристов біршама тартыңқырап жазған және әрбір ру аясындағы әулет-аталардың бірыңғай қандас-туыстар бола бермейтінін де тап басып, дәл аңғарған. Алайда, сол рулар аясындағы әрекеті әулет-аталарды ұйыстыратын, оларды ұжымдық жарасымға келтіретін еншілестік рәсіміне мүлде мән бермейді. Яғни, бұдан Н.А.Аристов тұсындағы қазақ қоғамында еншілестік дәстүрі өзінің тарихи мән-мазмұны толық көмескілеп үлгергенін аңғаруға болады (НА.Аристов. Опыт./«Живая старина» журналы. ІІІ—ІV-шығарым. — СПб., 1894.393-бет). Тарихи айғак-деректерге ден қойғанда, жаңа рудың жасақталуы, яғни, іргелі ру аясынан кіші рудың eнші алып шығуы үнемі мамыражай жағдайда, ылғи бейбіт мәмілемен өтіп отырмағаны да бақыланады. Әрбір әулет-атаның жеті буын (ұрпақ) аясында тез толысып, рулы елге ұласуы, мал-мүліктің молаюы, әдетте, өpіc-қоныстың тарылуына себепші болып отырған. Сондай-ақ, енші бөлісерде ұжымшыл, шаруақор, әлеуметтік белсенділік жоғары әулет-аталарға таласып қалатын кездер де аз болмаған. Тіптен, бір кіндіктен тараған ағайындардың басы көп болса, екіден-үштен бөлектеніп еншілестік кездері де жиі кездеседі. Немесе, енші бөлу кезінде тоқал балаларымен әулет-аталарды кемсітетін, таршылық танытатын жағдайлардың да мысалы аз емес (Мәтел сөздер: «Тоқалдан туған томар бас құл», «Ет қатынның баласы екі рулы ел», «Бәйбіше құдай бұйрығы, тоқал иттің құйрығы», т.б.). Алайда, енші бөлісіне бола ру мен рудың арасы суып, мүлде ірге ажыратып кеткен оқиғаны қазақ тарихы білмейді (Мәшһүр Жүсіп. Қазақ шежіресі Шығармалары, 10-том. —Павлодар, 2007. 9 — ІІ, 130 — 134-беттер). Айырықша атап өтуді қажет ететін жағдай, жаңадан жасақталған ру «енді бір Тәңірден басқаға мойын ұсынбаймын, мұнан бұлай өз еркім өзімде» деген пиғылға ешқашан бой алдырмаған. Керісінше, ру санатына қосылу, ең алдымен, қоғамдық өмірде әлеуметтік-саяси мәртебеге ие болу деген сөз. Бұл ретте, әрбір ру-тайпаның өз ішінен еншісі бөлек ру бөліп шығаруы, мұндай үрдіске іргелі рудың да, енші алып шығатын кіші рудың да ынталы болуы, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы ру аралық үйлесім-жарасымды пайымдатады. Өз алдына еншісін алып, ен таңбасын айғақтап, ұранын сайлаған әрбір ру міндетті түрде елдік істерге мойын ұсынып отырған (жаугершілік кезінде қол-қосын шығару, жұт немесе індет кезінде қарашығын көтеру, ерт немесе зілзала кезінде жылу жинау, «Күн ортақ, Ай ортақ, көш жолы ортақ» қағидасына бағыну, ноқта ағалық дәстүрді мойындау, алқалы жиындарға би шығару, елдік әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, жөн-жобаларды сақтау, т.б.). Мұндай рәсімдердің қай-қайсысы да әрбір рудың өзара құқықтық теңдігін орнықтыра түскен. Рас, кейбір рулардың ішінен әйгілі тұлғалар көбірек шығып, ол рудың даңқы ел-жұрт арасына кеңірек жайылуы мүмкін. Алайда, мұндай жағдай бір руға екінші рудың өктемдік көрсетіп, тізе батыруына, әсте себепші болмаған. Рулар арасындағы әлеуметтік-саяси теңдік пен жарасымды би-шешендер мүлтіксіз қарап отырған. Олар ру-тайпалық жуандықты емес, әділдік пен парасаттылықты ең басты құндылық ретінде кие тұтқан. Бұл ретте «Ердің құны — екі ауыз сөз» қағидасы, бір жағынан би-шешендердің ел ішіндегі ықпалының күштілігін білдірсе, екінші жағынан — олардың әлеуметтік мәміле мен жарасымды идеал тұтқандығын пайымдатады (Шешендік сөздер. Құрастырып, алғы сөзін жазған Б. Адамбаев.— Алматы, 1967; Ел аузынан. Құрастырушылар: Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова. — Алматы, 1989; Қазақтың ата заңдары. Бас редакторы және «Бағдарлама» жетекшісі Ұлттық Ғылым академиясының академигі С.З.Зиманов.

ІІІ, ІVтомдар. —Алматы, 2004,2005).

Ойдың орамын нақтылы мысалмен бекемдей түсуге болады. Орта жүз арғын ішіндегі шұбыртпалы руы Арқаның оңтүстік алабын, Балқаш көлімен шектескен өңір қоныс-тұрақ еткен. Бетбақдаламен жапсарласып жатқан бұл өңірдің ел-жұрты қысқа қарай Сыр мен Шу өзендерінің бойын қыстап, жаз шыға арқа төсін жайлап отырған. Шұбыртпалы Ағыбай батырдың (1802 — 1885) тірі кезі болса керек. Сол Ағыбай батырдың жақын інісі Әйеке Бекжанұлы (1839 —1880) Сыр бойындағы Шиелі өңірінің болыс сайлауына түсіп, сайлау барысындағы бәсекелестікте қыпшақ Әлмембет Тұрсынбайұлы (1829—1909) деген кісі Әйекені атып өлтіреді. Інісінің қаралы хабары жеткен соң Арқадан ат сабылтып Ағыбай батыр келеді. Дәстүр бойынша жоқтау айтылады. Әйеке болыстың барша қадір-қасиеті мен тек-тамырын асқақтата танытатын бұл жоқтауды қыпшақтан шыққан әйгілі ақын Бұдабай Қабылұлы (1848 —1911) шығарып берсе керек. Содан Әйеке болыс жерленеді үші мен жетісі беріледі. Сол кезде арғынның баскөтерерлері жиылып келіп, Ағыбай батырға сөз салады: «Ер намысы — ел намысы. Арысымыздың өлімі — елдігімізге сын. Әйекенің рухы тынышталсын десеңіз рұқсатыңызды беріңіз, үш қыпшақтың қанын төгуге бел будық!» депті. Сонда, Ағынбай батыр ұзақ ойланып отырып, бір мезгілде: «Келін келсінші, Әйекені тағы да біp жоқтасыншы!» депті. Сол жерде сұңғыла сарын сұңқылдап, Әйекенің қадір-қасиетін ұлықтап, естіген пендені тәубесіне келтіргендей болып жоқтау айтылды. Жоқтау айтылып біткенде Ағыбай батыр шәyлі қырандай бойын жиын, еңсесін тіктеп: «Менің Әйекемді бір қыпшақ өлтіріп, бір қыпшақ тірілткен екен, дау осымен бітсін»—деген екен. Мұнысы, Әйекені атқан Әлмембеттің де, Әйекеге жоқтау шығарған Бұдабайдың да қыпшақ тайпасынан екенін айтқаны еді дейді. Ол кезде шұбыртпалының ішінде Ағыбай батырдан асып әрекет ететін ешкім жоқ. Осылайша арғын мен қыпшақ арасындағы ушығып кеткелі тұрған бүліншілікке тыйым болып еді дейді (Дерек беруші Өскенбекұлы Бидәулет (1907—1974), Ағыбай батырдың шөбересі, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы; Боздағым. Қазақтың жоқтау жырлары. Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған Тоқтар Арын.— Алматы, 1990. 66 — 79-беттер). Өмір болған соң ру-тайпалар арасындағы жалғыз-жарым тентек-шодырлардың бірде тату, бірде қату мінез-қылығымен көрінуі табиғи құбылыс. Алайда, қазақтың дәстүрлі қоғамында ру мен рудың, тайпа мен тайпа арасы көрместей болып суысып кеткен жағдайды тарих білмейді. Олай болуы мүмкін де емес. Демек, қазақтың дәстүрлі қоғамындағы ру-тайпаларды өзара өрелестіріп, оларды бір-бірінен артық, не кем етіп көрсету үрдістері өмір шындығына сай келмейді. (Т.И.Сұлтанов. Кочевые племена Приаралъя в XV—XVІІ вв (Вопросы этнической и социальной истории). —М., 1992. 51-бет; Б.Кәрібаев. XV—XVІ ғғ. Дешті қыпшақ тайпалары. — «Алаш» журналы. №2,2005.30 -39-беттер). Жалпы ру-тайпа аралық пәтуасыздық пен берекесіздікке отаршылдық жүйе енгізген әкімшілік және сот реформалары (XІX т.) себепші болғанын бажайлап-пайымдап білген абзал. Ой-жосыкты былайша түсіндіруге болады: қазақтың дәстүрлі қоғамында әрбір рудың, әлеуметтік-саяси құрылым ретінде мемлекеттік істерге араласуы, өзінен-өзі рулар арасындағы теңдікті қалыптастырған. Сонымен бірге, ру-тайпалық жүйеде төменнен жоғарыға дейін немесе жоғарыдан төменге дейінгі потестарлы-сатылы сабақтастықтың сақталуы да саяси тұрақтылық пен әлеуметтік пәтуа-бірлікке кепіл болып отырған. Мұны, терең сезініп, елдік істерге белсенді араласқан рулардың қашанда мерей-мәртебелері жоғары болған. Бұл ретте, енші институты дәстүрлі қазақ қоғамын ретті етудің ең бір әмбебап және тегеурінді тетігі ретінде ден қойдырады.

М. Сімәділұлы
Суаннан шыққан сегіз би53
Би — ру басшысы әрі көсемі

Би — рудың, басшысы, көсемі. Бірақ оның басшылығы хан сұлтандар сияқты таптық тегіне, болмаса байлық ерекшелігіне емес, жеке басының қасиетіне байланысты болған. Атап айтқанда, елдің тарихын, салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білуі мен тілге шешен, ойға жүйріктігіне байланысты болған. Олай болса, би — билеуші ғана емес, сонымен қатар білім мен өнер иесі, яғни, өз заманының тарихшысы, әдебиетшісі, заңшысы. Кезінде Шоқан Уәлиханов: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар, тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін, би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп, билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған», — дейді (Ш. Уәлиханов. Мақалалар мен хаттар. Алматы, 1949, 56-бет.). Қазақ еліне, әрісі Ресейге қосылғанға дейін, берісі Қазан төңкерісі жеңгенге дейін, әркім өз жолын жоқтап келген. Өз әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, руластары бірігіп, қорғасатын болған. Осындай жағдайда әр ауылға, әрбір руға айтыста сөзбен ағайынның мүддесін қорғайтын, қауымның әдет-ғұрыпына жетік, сөзге шебер, ойға жүйрік адамдар керек болды. Ондай адамдарды халық «би» деп атаған. Қазақ халқында ертеден қалыптасқан ел ішіндегі дау-жанжалды мәмлемен шешіп, реттеудің осы бір қарапайым халықтың тәсілі Гректің Солон Заңына ұқсас болып келеді. (Солон — біздің жыл санауымыздан алты ғасырдай бұрын өмір сүрген ежелгі афиннің (гректің) мемлекеттік қайраткері, іpі ақыны соның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған әлеуметтік реформалары — Солон заңы деп аталады). Бұл заңда да біздің бұрынғы билеріміздің «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күл төбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті Жарғысын» білу керектігі, шешендік өнерінің болуына баса назар аударылады. Қазақ билері төрелік айтқанда «қара тасты қақ жарар» әділдігімен қатар, «ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін» шешен де болуы керек болған. Қажетсіз қауызынан арылып, көптің көкейіне қонған сөз ғана ел жадында өмір сүрген. Мазмұны мен көркемдігі жаңа заманға сай келмеген сөздер өмірден елеусіз қалған. Халық мүддесіне жауап беретін аталы сөз, ақылды билер ғана, жасаушысы халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып отырған. Әр бидің айтқан шешендік сөздері ауызша таратылған, қонақта немесе бір мәселені талқылау үстінде отырып, көп жасаған кәрі құлақты, тәжірибелі адамдардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді, құйма құлақ талапты жастар жаттап алып, жүрген жерлерінде, ас-тойларда, ойын-сауықтарда айтып жүреді. Олармен ұлт, халық тарихы тамырлас екенін біле тұра, қаперге алмадық. Өз жақынымызды жау көріп, ағайынды алыстан іздедік. Осылай жан-жағымызға жалтақтап жүргенімізде, басқа аз ұлттар сияқты, қазақтарға да өмір сахнасынан сан мәрте жойылып кету қаупі тиді. Бір жағы Жоңғар шапқыншылығы, екінші жағы Ресей отаршылдығынан ен далада емін-еркін тірлік еткен көшпелі қазақ қауымының тәуелсіздігі аяққа тапталды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде қазақ халқы үшін тарихта қасіретті беттер жазылды. Ширатпа шeжіpeлepгe қарап отырсаң, бұл кезеңде қаһармандық пен қол бастаған батырлар, шаршы топқа түскен шешендер мен көсемдер аз болған жоқ. Бірақ, ел басына осындай қасіретті күн туғанда өзара дау-дамай, алауыздық, талас-тартыс бұрынғыдан бетер етек алды. Бұл орайда, ел тағдыры таразыға түскенде, ел-жұрттың бірлігі мен тірлігін көксеп, бүкіл Байтугей мен Тоғарыстанға ықпалын жүргізе білген ез бабаларын Қараменде, Сады, Тана, Дәулет, Малдыбай, Шәнті, Бөлекбай, Алпысбек бастаған билердің алатын орны ерекше. Қараменде, Сады, Тана, Дәулет билер әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» Малдыбай, Шәнті, Бөлекбай, Алпысбектер ел арасында өзара дау-дамай, алауыздық, талас-тартыстын қара дауылында «Жаным — арымның садағасы» деп білген. Алдыңғы топ қолына найза ұстап, ат үстінде ғұмыр кешсе, кейінгі топ ел арасын біріктіруде жандарын шүберекке түйіп, балапандарын шұбар жыланнан қорғаған қарлығаштай, ел-жұртына қамқор болған ұрпақтың өкілдері. Осындай жан азабы мен тән азабына ұшыратқан, қайырымы жоқ, қатал уақыт кезеген найзаның ұшына тап болған қыран текті бабаларымыздың аты аталмай, есімі ұмытылғанына қарамастан бабаларымыздың, орамды ойлары, жау тоқтатар берік қамал сөздері бізге жетіп отыр. Сондықтан да, адамгершілік пен бауырмашылдықтың үлгісі болып, домбыраның қос шегіндей, сегізі бірдей әcпeттeлeді.

Дәулет бидің кесімі Дәулет би болып тұрған кезінде, оның бір бауыры ұрлықпен айналысады екен. Көрші отырған ауыл-үйдің малын ұрлап зар қақсатады. «Осы ұрлығыңды қой» деп, би бауырына қанша ескерте де, «құныққаннан дәніккен жаман» демекші, үйренген әдеп қалсын ба, ағасына: «Мақұл, енді ұрлық жасамаймын» дейді екен де, ауыл-үйді жондап жүре беріпті. Бір күні қатарлас отырған Мырзагелді біреуінің бір дәу қойын ұрлап әкеп, үйіне сойып алады. Қазанға ет салынып, кешке биді ас ауыз тисін деп үйіне шақырады. Би:

— Бүгін мүжәзім болмай тұр, жатып қалдым, — деп бармайды.

— Түннің бір жарымы болғанда қолында табаққа салған еті бар, үйге бауыры кіреді.

— Үйге баруға жағдайыңыз көтермесе, мына астан ауыз тиіңіз, — деп, етті ұсынады.

— Сонша несіне әуре болдың. Мені аш деймісің, онан да ана үйдегі балалар жесін де.

— Бұйырса, бәрімізге де жетеді, ауыз тиіңіз, биеке.

— Tегі қиылып болмадың ғой. Майлы жерінен бір кертіп берші, — депті би.

Бауыры бидің айтқанын істейді. Би қолындағы майды асап жіберіп, бауырына рахмет айтады да, қайтадан жатып қалады... Арада бір жыл уақыт өтеді. Би үйінде отырғанда жоғалған қойын даулап, Мырзагелді жігіт келеді. Даудың мән-жайын ұққан би үйіне бауырын шақырады. Сырттан кірген бауыры үйдегілерге сәлем беріп, жайғаса бергенде би:

— Мына жігіттің қойы қайда? — дейді.

— Қайдағы қой?

— Өзің былтыр ұрлаған қой.

— Дәулеттің түнерген, сұсты жүзінен сескенген бауыры:

— Былтыр алғаным рас еді. Өзіңізге алып келіп, түн жарымында ауыз тигізген ет, осы жігіттің қойының еті болатын,—деп мойындайды.

— Ой, сыбдыр неме! Бәсе сонан кейін екен той, сол асаған майдың не ары, не бepі кетпей асқазанымда тұрып қалғаны. Аузыма тос қос алақаныңды!—деп бұйырды.

Бауыры бидің аузына қос алақанын тосады. Би бір саусағын өңешіне қарай жүгіртіп жібереді Би лоқсып, бауырының қолына осыдан бір жыл бұрын өзі асатқан май ешқандай өзгеріссіз түседі. Тек қана, жұтар кезінде төстің майында бидің екі тісінің керткен ғана ізі түсіпті. Бұл уақиғаны көзімен көріп отырған Мырзагелді жігіт үйден тұра қашпақ болады. Би оны тоқтатып:

— Мына ақымаққа қанша айтсам да осы ұрлығын қоймады ғой. Сенің адал малыңды ұрлағаны үшін бұдан тура өзіңдікіндей бір қой өндіріп аласың. Сенің қойыңның етінен ауыз тиген менің де ұрылыққа қатысым бар деп есепте. Олай болса, айыбым үшін мен де бір қой төлеймін, — деп кесіпті.

— Ойбай, биеке, Алла риза болсын! Менің малымды ұрлаған мынау, тып-тыныш үйде жатқан сіздің мазаңызды қалай аламын, — деп азар да безер болады.

— Жігітім, бұл пәниден арамды жемей, адал өлген ләзім. Сондықтан, менің айыбымды аласың, — деп қорасындағы бір қойын жігітке өңгертіп жібереді.

Малдыбай Даулетұлы
Құйрығын ұстап, ат берсе,
Ие болдым демеңіз.
Алақанын ашпай, ас берсе,

Ас болады демеңіз.

Малдыбай Дәулетұлы жайлы халық арасында күні бүгінге дейін шежіре мен аңыз өте көп айтылады. Онда абзал бабаның азаматтық асқақ қасиеттері аз айтылмайды. Малдыбай Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сияқты көсем де шешен кісілердей, бұқара халыққа қамқор, нағыз жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз Суан руын қоғамдастырып қоймай, күллң Албан, Дулат, Жалайыр руларының қаймағының бұзылмауын, тату-тәтті ақ жарқын заманда өмір cүpуін аңсап өтті. Өкінішке орай, халқының зердесіне соншама өшпестей із қалдырған, асқар таудай бабамыздың туған топырағы мен өскен ортасы жайлы мәліметтер жұрт аузында сақталғанмен, әлі күнге дейін туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Олай болса, енді жазба деректерге сүйеніп көрейік. Малдыбай бірінші билігін 18 жасында жасаған. Балпық әулие 1694 жылы туған. Балпық суандарға құн дауымен келгенде 90 жаста, ал Малдыбай 30 жас шамасында екен. Осы екі жасты сараптай келсек, Малдыбайдың туған жылы 1749 жыл, яғни, XVІІІ ғасырдың екінші жартысы болып шығады. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, тіпті кейбір шежірелердің хатқа түсіріп кеткен жазба деректерінде Молдекен 80 жыл ғұмыр кешкен көрінеді. Олай болса, оның қайтыс болған жылы — 1836 жыл болады. Әрине, Жетісу жеріндегі қанды жорықтың тарихы толық хатқа түспеген, тиянақты зерттелмеген. Хатқа түскен деректердің тапшылығынан, аталған билер жөнінде ел әңгімелері мен халық жадында сақталған әңгімелерге қанағат етуге тура келеді. Зерделі оқырманның аты аталған билердің туған жылын,ғұмырын, олардың қанды шайқастарындағы ерліктерін анық-қанығына дейін білгілері келетіні даусыз. Әзірге әлгіндей себептермен бұл сұрақтарды келешектің еншісіне қалдырамыз. Ал, біздің топшылауымыз дұрыс болса, биыл, яғни, 1997 жылы ұрпақтары Малдыбай бабамыздың 248 жылдығын атап өтеді екенбіз. Әкесі Дәулет 90 жасқа келгенде билікті 18 жасар баласы Малдыбайға береді. Малдыбай қасына Шойнақ батырды, және әкесі Дәулет бидің атқосшысы Күжібайды ертіп, Қарқарадағы сиязға аттанады.

Жол-жөнекей келе жатып, қысындағы Шойнақ батыр мен Күжібайга қарап:

— Суан аз да болса, Албан, Дулатпен терезесі тең.

Сөздің жөні бізге келсе, не айтасыңдар? — дейді.
Сонда жасы үлкен Шойнақ батыр:

— Әй, Малдыжан-ай, менің сөзбен, даумен ісім жоқ қой. Сол жерде қанша адам болса да, көңілің жықпай, қақпайлайтын біреу болса, иегіңді қағып, сол адамды көрсетіп қойсаң болды, басын алып тастаймын. Менің қолымнан келетіні сол, — депті.

Атқосшы Күжібай:

— Мен аттарыңды аман сақтап, айыл-тартпаларын тартып, ауыздығын салып, дайын тұрайын, — десе керек.

«Сөз кезегі келсе, өзің айтасың» деген тоқтамға келіседі.

Жиынға келсе, Албан, Дулаттан келетін адамдар келіп болып, Суаннан «Дәулет би келеді» деп тосып отырса керек. Өйткені би әр сиязда төбе би болып отырады екен.

— Дәулет неге келмеді — деп жамырай сұрайды жиналған жұрт.

— Ол кісі үйде, денсаулығы болмай, орнына баласы Малдыбайды би сайлап жіберді — деп Шойнақ жауап береді.

— Онда Дәулеттің орнына Малдыбай төбе би болсын, — деп терден орын береді.

бір кезде, сол уақыттағы қазақ қауымының орталығы Омбыдан келген қазақ жігіті шатырдан шығып:

— Суан келді ме? Сиязды бастайық, қанша адам келді? — деп айқайлайды.

Ояздың бетіне жалт қараған Мадыбай:

— Қанша адам келгенін біз қайдан білеміз? Алдымен пұшығын санаңдар. Пұшық жүз болса, қалған адам мың болады, — дейді. Сөйтсе, Омбыдан келген ояздың мұрны тәмпіш екен. Сонысына намыстанған жігіт, Малдыбайға батып, ештеңе дей алмай, шатырына кіріп кетіп, сияздың жұмысына қатыспай қояды.

Жиынға қатысқан би-болыстар мен былайғы халық Малдыбайдың қаймықпай сөйлегеніне разы болып, сол жерде төбе би сайлайды. Алдымен құн дауы сөз болып, алғаш сөз алған Ыстының биі.

— Біздің Ысты елінен жолаушылап кеткен бір жігітімізді Суан жерінде ақшалар «ұры» деп ұрып өлтірді. Соның құнын берсін, — дейді.

— Ақшалардың ұрып өлтіргенін дәлелдейтін куәң бар ма?

— Бұл сөзімнің растығына алты ауылдан алты адам сенім береміз.

Малдыбай тұрып:

— Оның бекер, жігіттің өз ажалынан өлгеніне біздің үш ауылдан үш адам сенім береді, — дейді.

Дауға куә болып отырған басқа билер:

— Ыстыдан алты ауылың кім? — деп сұрақ қояды.

Сонда Ыстының биі.

— Біз алты жүз үй Ыстымыз. Сондықтан, бізді алты ауыл дейді.

Би-болыстар Малдыбайдан:

— Суаннан үш ауылың кім? — десе керек

Малдыбай:

— Біз — Албан, Суан, Дулат үш ауылмыз.

— Онда аз көпке бағынады, Малдыбай дұрыс айтты. Билігін өзің айт, — дейді Малдыбайға.

— Жан садағасы үшін, үш ауылдан үш жылқы береміз, — деп дауды бітірген екен Малдыбай.

* * * Суандар Әулие ата жатқан Жаркент өңіріне қайта көшіп келеді. Суан руында халықтың саны өсіп, ел көбейген соң, Малдыбай Қожанбетті тәрбиелеп, Ақшадан, Наурызбайды, Мырзагелдіден би сайлайды. Осылай, жаңадан билер сайланып, жұрт қарбаласып жатқан кезде, Жалайырдан екі жігіт Жаркентке барымтаға келіп, суандардың жылқысын айдай қашады. Соңдарынан қуғыншы қуып, сасқан жігіттер тасып жатқан Өсек өзеніне қойып кетіп, суға ағып өледі. Мұны естіген жалайырдың билері құн сұрай келгенде Малдыбай би:

— Ұрыға құн жоқ. Ұрыға құн болса, момынға құн жоқ, суға өзі түсіп өлген адамға қалай құн төлейміз? — деп бет қаратпай, теңдік бермейді.

Жалайырлар: «жігітті жинап, елін шауып әкелеміз» деп жатқанда, Балпық әулие:

— Қойыңдар, екі eлдің арасы бүлінеді, онан да суандарға мен барып келейін,—деп тоқтатыпты.

Балпық би жасы тоқсанға таянса да қасына жүз адам ертіп, жолға шығады. «Балпық келетін болыпты» деген хабарды бүкіл Суан естіп, бітім жасау үшін Малдыбайды басшы етіп, бес адам жібереді. Жалайырлар мен суандар Белде кездеседі. Жасы кіші Малдыбай:

— Ассалаумағалейкум, баба! Ауыл-аймақ, мал-жандарыңыз аман ба?

Сіздің ауылдан кел бір екі саяқ,
Басына тимепті таяқ, —деп сәлемнен кейін, жағдайды баяндай бастағанда:

— Уағалейкумасслам, Малдыжан шырақ! Тоқта, тоқта! Сөзіңнің аяғын маған бер, — депті Балпық.

Малдыбай тоқтай қалады. Сонда Балпық:
Бізден кетіп еді екі саяқ,
Сіздерден «тық» етіп,
Тиген жоқ таяқ.

Ер састы, етек басты,
Суан қуды, су басты.
Бутан — Суан да ортақ,
Су да ортақ.

Құн сұраған қу да ортақ болсын,
Осыған келісесің бе? — депті

Үлкенді сыйлап, сөз мәнісін түсініп өскен, Балпықтың әулиелігін сыйлаған Молдекең:

— Келісемін де, шешіміне де Балпық бабаның өзі айтты, — деп ел татулығы үшін, төленбеуге тиіс құнды Бүйтүгей, тоғарыстан болып, өлген жігіттер үштен төрттің бірін төлеп, Балпық әулиемен ілесе келгендерді қонақ етіп күтіп, жолға салыпты, — дейді шежіреші Науырызбай Бамбайұлы.

Қорғаушысы — «Жолбарыс», Әулиелік — айбыны
Малдыбайдың назасы

Бір жиында төбе би болып отырған Малдыбай билік айтады. Оның шешіміне Мырзагелді Наурызбай би ашық қарсы шығыпты.

— Малдеке, сіз алжиын деген екенсіз. билікті тағы дұрыс айтпай, жазаны жеңілдетіп, төленетін айыпты аз салдыңыз, — дейді.

Бұл сөзге қатты ренжіген Малдыбай:

— Наурызбай, сен жетіскен екенсің, енді қалған даудың бәрін өзің шеш! — деп назаланып, аттанып кетіп қалады.

Би кеткен соң, біраз уақыттан кейін Наурызбай дөңгеленіп ауырады. Наурызбаймен бірге болған жасы үлкен адамдар: «Бұл кесел Малдекеңнің назасынан болды деп түйіп, оның алдына келеді.

Малдыбай:

— Айтқан сөз, атқан оқпен бірдей, оны қайтып алуға болмайды, — дейді

Келген адамдар қоярда-қоймай, Малдыбайды Наурызбайдың үйіне еріп келеді. Қиналып жатқан бидің жүзіне көз тастаған Малдыбай:

— Менің қара саныма қыл шылбырды байлап, оқтаумен дауысым шыққанша бұраңдар. Мен жаныма қыл арқанның бауы батқанда «қайттым» деймін. Себебі бір тисе, сонда тиер, болмаса, енді менен басқа көмек жоқ»,— депті.

Жиналған топ оның айтқанын істеп, қыл шылбырды бұрай бастайды. Қыл шылбыр тартылып, әбден жаны қысылғанда Малдыбай: «қайттым, қайттым, қайттым» деп үш рет айқайлайды. Бидің қара санын шылбырдан босатады. Сонда Малдыбай:

— Болмады, қайтпады, — деген екен.

Содан 6іp апта еткен соң Наурызбай би қайтыс болыпты. («Сендерде біздің атамыздың құны бар, оны сендердің Малдыбай аталарың қарғап өлтірген» деп Мырзагелдінің ішінде Кебенек Қастей, Әлімжан Қашаған балалары қарияларға қалжыңдап айтып отыратын,—дейді Наурызбай Өсімбайұлы).

Үкілі Ыбырай мен үш ұры Ақша руында Малдекеңмен тірі кезінде сыйласып өткен Ыбырай деген адам болған. Ол әрқашан Малдекеңнің мәйітіне келіп, тәу етіп, қасына түнеп қайтады екен. Ыбырай өзі cepі, әpі әулие адам екен. Оның жүріскер, бәйгеге шабатын қара аты болса керек. Оның төрт аяғына, мойнына оюланған күмістен жүзік салып, өзі басындағы бөркіне үкі қадап жүреді. Сондықтан да оны жұрт Үкілі Ыбырай атап кетеді. Бүгін Үкілі Ыбырай Малдекеңнің басына құран оқып, қасына түнемекші болып келеді. Түнде атты кісендеп қояды да, тоқымын астына төсеніш етіп, ертоқымын басына жастанып, ат көрпесін жамылып, Малдекеңнің мәйітінің қасында ұйқыға кетеді. Ыбырайдың атының даңқын естіп, Жалайыр елінен арнайы іздеп келген үш ұры, атты ұрлау үшін аңдып жүреді. Аттың иесі ұйқыға кетіпті-ау деген кезде, жайылып жүрген атты ұстап, кісенін шағады да, армандап жүрген аттарын алған соң, еліне қарай тартады. Олардың ойы Қаракөл тауын асып кетпекші болады. Epтecіндe Үкілі Ыбырай орнынан тұрып қараса, жақын маңнан ат көpінбeйді. Ол олай былай іздейді, таппайды. Тай күнінен өз қолында өсірген, иесінен айналсоқтап алысқа ұзамайтын ат қайда кетеді? Ақыры атының қолды болғанына көзі жеткен Ыбырай жерде жатқан сегіз өрім қамшыны алады да, мәйітке тұрғызылған спашаны «Малдеке, мен саған келіп едім ғой, атым қайда, тауып бер!» деп сабалай береді. Әбден сілесі құрған ат иесі сылқ етіп, жерге отыра кетеді. Сәскеде әлгі үш ұры сүмірейіп, атты жетектеп, иесіне алып келеді. Одан кешірім сұрап болған жағдайды тепе баяндап береді. Ыбырай спашаны сабалап жатқан кезде үш ұры Қарақолдың асуына ілінсе керек, олар асудан көтеріле бергенде тура алдарында бір жолбарыс ақырып отырады. Шығысқа бұрылайын десе, аждаһадан сескенген үш ұры атты жетектеп кері кайтады. Келіп Ыбырайдан кешірім сұрап, атын өзіне береді.

Ыбырай:

— Өздерің қалай ойлайсыңдар? Сендерде бала-шаға бар да, астындағы жалғыз атын ұрлап кеткен адамда бала-шаға жоқ дейсіңдер ме? Олардың алдынан жырып алып кеткен жылқыға сендер мәз боласыңдар да, олар байғұстар санын соғып қала береді. Сендер осы ғұмырларыңда қаншама жұртты зар илеттіңдер. Осындай қылықтарыңды көре тұра, сендерді мен кешіргенмен құдай кешірмес. Астарындағы маған берген аттарыңа рахмет! Онсыз да менің ез атым бар. Ал ауылдарыңа қайтар болсаңдар, үшеуің бірдей қайтпайсыңдар. Ауылдарыңа біріңнен кейін біріңді жіберемін. Осыған көнсеңдер көніңдер, көнбесеңдер жолдарын әне.

Сөйтіп үшеуі Ыбырайдың айтқанына келіседі. Сол күні біреуі жолға шығып, Қаратал өзенінде суға кетіп өледі. Екіншісі оның үшін бергісі жатқанда ауылына жетіп қайтыс болады. Ал үшіншісі ауылына жетісін беріп жатқанда жетіп, қайтыс болады Міне, екі әулие — Малдекеңнің «Жолбарысы» мен Үкілі Ыбырайдың «аждаһа жыланы» ұрлықтың жолын кеісп, үш ұры әулиелердің қаһарына ұшырайды.

Шәнті би Малдыбайұлы Шәнті біз естіп білгендей, ұрдажықтың адамы болмаған. Осылай етіп, көлеңке жағын көрсеткен бұрынғы саясаттың ықпалы екені даусыз. Шынтуайтына келер болсақ, Шәнті би — ел басқарған адам. Оған қоса ақындығы, шешендігі сондай-ақ, әулиелікке тән көріпкелділігі де болған. Шәнті сом денелі, өткір көзді, қара шұбар адам екен. Оның айбыны да зор болған көрінеді. Би отырған үйге би, болыстар басқа да атақты адамдар байқап кіретін болған. Осыған қарамай, ол өзі атқарған әрбір іске әділ болған. Қайдағы кедей, нашарларға болысқан. Өзі батыл, өзі алғыр, өзі тапқыр, жомарт адам екен. Кезінде Тезек төренің өзі Шәнті «адам баласының қара тілдісі» деп атаған . Осыған орай, Шәнті бидің батылдығы, ақылдығы, шешендігі, әулиелігі жөнінде ел арасында аңыз да аз емес. Малдыбай қайтыс болған соң, «би сайлаймыз» деп ел жиналады. Ол кезде Албан, Суанның төpecі, белгілі Тезек төренің әкесі — Әділхан екен. Әділханның баласы Садхан аңшылық жасап жүріп, байқамай жылымға кетіп өлeді. Соған қайғырған төре жиынға келмей, үйінде жатып алады. Қаралы төреге көңіл айтып, қаһарын қайтаруға ешкім батпайды. Соны естіген 19 жастағы Шәнті қайғы жұтып жатқан Әділхан төреге көңіл айта келіп, былай дейді.

Асслаумағалейкум Әділхан төре!
Садыханың өлсе, Батқалың бар,
Қалың ер, қасы сынса, қапталы бар.
«Орнында бар оңалар» деп,

Бұрынғы ата-баба айтқаны бар.
Tөpecі жоқ ел жаман,
«Төбесі жоқ жер жаман» дегендей,
Елдің бәрін иіріп,

Жатқаның қалай?
Сонда Әділхан басын көтеріп

— Өлгенімді тірілтіп, өшкенімді жандырған, сен кім едің? — деген екен.

— Мен Малдыбай бидің баласы Шәнтімін. Ел мен елге, жер мен жерге жақсылық тілеп, жақындастырып, солардың арасымын, — депті.Шәнтінің қайсарлығы мен ұтымды сөзіне риза болған Әділхан төре, оны сайлаусыз, даусыз-ақ би сайлатыпты.

* * * Шәнті мен Албан Жәмеңке болыс замандас, құрдас болса керек. Өйткені, аңыз әңгімелерде Жәменке мен Шәнті арасында бірін-бірі мұқатпақ, жеңбек болған сез қақтығыстары көп айтылады. Шәнті би Албан Жәменке болыстың ауылындағы бір үлкен жиынға барады. Жиыннан кейін етіп жатқан жәрменкені аралап жүргенде қалай болса солай, еркектермен араласа, базар кезіп жүрген әйелдерді көріп, Шәнті ұнатпай қалады. Қасындағы Жәменкеге:

— Қалай болса солай шұбыртпай, әйелдерді неге тезге салмайсың, — дейді.

Сонда өзін көп санап, көкірегін көтерген Жәменке шамданып:

— Тұмандай шөгіп жатқан қалың албаным аман болса, мен сенен ақыл, көмек сұрамаймын, — десе керек.

Шәнті салған жерден:

— Шөккен тұманды боран келсе, быт-шытын шығарып, жылға-жылғаға тығып жібереді. Мен сол боранмын, — деген екен.

* * * Шәнті Қарамендеден кейінгі алтыншы би болған атамыз. Ол би ғана емес, сөзге шешен, өзін мұқатпақ болғандарды ұтымды сөзбен ұрып жығар адуынды, аркалы адам болған көрінеді. Бірде Домбайдың ұлы Мұқажан деген жігіті Шәнтінің бір шешесінің қалмақ қызы, арғы атасы Қараменденің қалмаққа өкіл бала болғанын бетіне басып, сөзбен қағытып, бір отырыста оның ата-тегін сұраса керек. Мұқажанның түрі сары, кезі көк, қазақтан гөрі ноғайға ұқсайтын көрінеді.

— Атағыңыз Алатаудай, аты-жөніңізді білуге бола ма? — депті.

Оның ойын түсіне қойған Шәнті, іле-шала:

- Сұрасаң арғы тегім Жайыл, Тана,

Нағашымды сұрасаң Әмір Сана.
Болады анам аты Жаңыл Сана,
Өзі сары, көзі көк,
Өз жөніңді айта отыр, ноғай бала, — депті.

Сөзден жеңілген Мұқажан орнынан тұрып, тайып тұрыпты.
* * *

Шәнті бидің шешендігімен бірге, аузы дуалы, айтқаны айнымай келетін көріпкелдігі де бар екен. Алыс жолдан жолаушылап келе жатып, кеш батып бара жатқан соң, жол жағасындағы бір ауылға бұрылады. Ол ауыл Ермек деген бидің ауылы екен. Қошқар Ермектің үш жотаның етегіндегі көк майсаға тігілген. Бидің үйіне келіп, ат үстінен:

— Ермек би барма екен? Біз құдайы қонақпыз?—деп дауыстайды.

— Е, құдайы қонақ болсаң қайтейін. Үйімде өзім шақырған қонағым бар, бұл үйде саған орын жоқ, — деп сыртқа да шықпай, үйден жауап беріпті.

«Кімсіңдер?» деп, жөн де сұрамаған Ермек биге ренжіген Шәнті атын тебініп жүріп кетіпті. Би ауылынан шыға беріп, бір қыр асқанда, бір-екі қараша үйге жақындайды. Келіп жөн сұраса, бұл үй Қоржын дорбаның үш екен. Үй сыртына келіп:

— Құдайы қонақпыз, — деп дауыстайды.

Сол кезде үйден жүгіре шыққан үй иесі:

— О, қош келіпсіздер! Құдайы қонақ болсаңдар, үйге түсіңіздер, — деп, өзі бұрыннан танитын Шәнтінің атын ұстап, сәлемдеседі. Оның кең пейіліне риза болған би де жолдастарына:

— Осы үйге түсейік, — деп кеңес беріпті.

Сөйтіп, барлығы үйге кіріп, жайғасқан соң, Қоржын дорбаның желін қаппен сауып отырған жалғыз ешкісі бар екен. Сол өкілін алып келіп, бата сұрайды.

Шәнті мынандай бата береді.
А, Құдай оңдасын,
Ермекті жоңдасын.
Қоржын болса, қоржындап бер,

Дорба болса, дорбалап бер.
Ыдысың тарлау екен,
Суандық боласың.
Жалғыз ешкісін құдайы қонаққа арнаған,

Қоржындорбаға дәулет бер,
Оңдап бер.
Аллаху ақпар! — деп бетін сипапты.

Шәнтінің дуалы аузынан шыққан бата айтқандай кeлeді. Сол жылы қыс қатты болып, Ермек бидің малы жұтқа ұшырайды. Өзі жазғы жайлауда билікке ілінбей, бір жылға жетпей қатардан шығыпты. Ал Қоржындорба болса, дәулет бітіп, ел қатарына қосылған екен. Оның ұрпағы — Бұтарбай кезінде 6 — 7 жыл ақалақшы болып, Тоғарыстанды сұраған. «Шәнті атамыздан бата алып, осы қалаға жетіппіз» деп Қошқар Бұтарбай айтып жүретін,—дейді шежірені Наурызбай Өсімбайұлы.

* * * Шәнтінің әулиелігі жөнінде де ел аузында көп айтылады. Ол кісінің әулиелігін Албан. Суан қадірлейді. Албан елінде өтетін ұлы жиынға Суан елінен келер жолға арнайы үй тіккізіп, биді қонақ етіпті. Жатар мезгілде, Шәнтінің қасына ерген үш кіммен бірге, үй иесі өз әйеліне де қатар төсек салдырады. Келіншек күйеуінің айтуы бойынша, Шәнті бидің оң жағына төсек салып жатыпты. Ал, күйеуі қонақтардың атын күзету үшін орын алады. Бидің қасына ерген серіктерінің жас әйелге көңілдері кетіп, оның ұйықтауын күтіп жатады. «Енді ұйықтады-ау» деп, орындарынан тұрмақшы болса, Шәнті дыбыс беріп, өзінің ояу екенін ескертеді. Тіпті, серіктеріне сес көрсетіп, айдай толқып жатқан ақ келіншектің көрпесін қымтап, сыртынан сипап қояды. Серіктері бидің ұйықтауын күтіп жатып, таңның атқанын да білмей қалады. Ертеңгі шай келеді. Шайдан соң ІІІәнті келгелі бері әдеп бойынша үй иелері мен дастарханға «дәулетті бол, малды бол!» деп бата жасайды. Келген қонақтар үй иесіне алғыстарын айтып, аттанбақшы болады. Киесін десе бидің бірін кәсібі табылмай, Шәнті мен келіншек үйде қалады да, басқалары тысқа шығып кетеді. Күйеуінің кеңесі бойынша, өзі тыққан кебісті іздеген боп жұрт, келіншек енінен ұстай алады. Сонда барып Шәкең келіншекке: «қолыңды жай» деп бата береді. Қонақтар аттанып кетеді. Былай шыға бере, серіктері Шәнтіге наздарын айтады. Бір жағы қалжыңға сүйеп:

— Биеке, жас келіншекті ең жағыңызға алып жатып, не өзіңіз бармай, не бізді жібермей, жотасын сипаумен танды аттырдыңыз ғой,—дейді.

Сонда Шәнті би:

— Әй, ақымақтар-ай! Сендер не білесіңдер? Ол әйел бір перзентке зар болып жүр екен. Бізді әулие деп сыйынып, күйеуінің келісімі байынша, қатарымызға төсек салып жатты. Бір перзент үшін ақсарбас айтып, қой сойып, ақ көңілмен адал асын алдымызға қойып, ақ бата тіледі. Сендер болсаңдар асын ішіп, намысына тимексіңдер. Оларың нағыз ақымақтық. Екінші рет менімен жүрем десеңдер, ондай жаман ниеттен аулақ болыңдар,—деп серіктерін тыйып тастайды.

Арада біраз жыл еткенде, ұл баласын алып, сол әйел күйеуімен Шәнті биді іздеп келіп, кеп сый жасап, баласына — ІІІәнті биден бата алып қайтқан екен. «Сол адамды Басшиде қонақ болып отырған жерінде көріп, әңгімелестім. Мен кергенде ол адам жетпістерге келіп қалған кезі екен» деді Наурызбай қария. Осы оқиғадан кейін, Албан еліне барған Шәнті бидің әулиелігіне елдің көздері жетіпті. Шәнті өзі билік құрып жүрген халықтың санының өсуіне орай, ой Қараменделерге өз іштерінен Бөлекбайды би етіп сайлайды. Оның әділ төрелік жасауын қадағалап, оған бағыт, бағдар көрсетіп отырады. Шәнті қайтыс болғаннан кейін билігі өзінің немере інісі Алпысбек алады.

Қарасөзден қаймақ алған Шәнті би
Алғашқы кездесу

Шәнті би қасына оншақты серігін ертіп, Жемеңке болыстың үйіне барады. Бұл сапардан алдын ала құлағдар болған болыс қызметшілеріне оларды жеке күтуді тапсырады. Келген қонақтарды сынамақ үшін шай бермей, өзбектің палауын бер, алдарына қасық қойып, оны төңкеріп қоюға кеңес береді

Шәнті де өзіне ерген жігіттеріне:

— Байқаңдар, Жәменке өте байқағыш та, сезімтал сыншы көрінеді. Бәрің мен не істесем соны істеңдер, — десе керек.

Қонақтар да келеді. Жәменкеге сәлем бермек болған әрекеттері іске аспай, жеке тіккен үйге түсіреді. Жайғасып отырған соң алдарына үйме табақ палау жеткізіледі. Алдарына қасықтарын төңкеріп қояды. Шәнті алдындағы қасықты шалқасынан қояды да, күтушілердің «тамақ алыңыз» дегенін естімеген адамша әңгімесін айтып отыра береді. Бидің қасына ерген серіктері де осылай істейді.

Бұл жағдайды естіген болыс:

— Мынау бір пәле екен, менің ордама шақырыңдар, — депті.

Қонақтар үйге кіріп жайғасқан соң бір жігіттің көзі ортада жатқан гayhap мен жақұттан салған көзі бар, мүйізден жасалған насыбай шақшаға түседі. Ол шыдамай шақшаны қолына алып көреді.

Оны байқап отырған Жәмеңке байқамаған боп:

— Насыбай шақшаға қызығып отырсың ба ол осындағы қоянның мүйізінен жасалған, — десе керек.

— Қане, бері әкелші шақшаны, — деп Шәнтіні қолына алады да, әрі-бері аударып көріп:

— Жырмаған жердің қояны да жарымаған екен.

Біздің жердің қоянының мүйізі екі қанат үйге шаңырақ болады, — деп шақшаны есікке қарай лақтырып жібереді.

Қонақтарға қымыз әкеледі. Қымыз ішіп отырып бір тамсанып, дәмін алып қояды.
Сол кезде Жәмеңке:

— Шәке, сіздер де қысыр сауып, қымыз ішіп отырған шығарсыңдар,—депті.

— Мынандай қаңтардың қақаған қысында жабағы тайдың басымен жарымаған алыспай ма? — депті.

Шәнті би мен Жәмеңке болыс осылайша алғашқы кездесулердің өзінда-ақ, бірін-бірі мұқатпақ боп, сөз сайысына түскен екен.

Нұрбек пен Шәнті би Суанның би-болыстары Қарқара жәрмеңкесіне барыпты. Сол жылдар албанда Мәмбеттің Жәмеңкесімен катар суаннан Мырзагелді Нұрбек те болыстыққа сайланды. Суандар барса, албанның қыз-келіншектері еркектерімен араласып, базар аралап жүріпті. Шәнті соны жақтырмайды. Қонақ деп Жәмеңке бұлардың қасында жүрсе керек. Жәрмеңкенің шетінде көрме, көрмеде байлаулы аттар тұр. Бір айғыр қыз-келіншектер мініп келген биеге оқыранады.

— Әй, кермені үзетін болды, тарт! — дейді Жәмеңке ақырып.

Сонда қитығып келе жатқан Шәнті:

— Айғыр жәрмеңкенікі, байтал Жәмеңкенікі көйт-көйт,—депті. Жәмеңке де шыдамды кісі болса керек. Шәнтінің еркек-әйел араласып жүргенін жақтырмағанын ұғып, үндемейді. Тіпті, биге оның жөн де, теріс те демейді.

Кейін қайтар жолда, Нұрбек Шәнтіге ренжіпті:

— Өзіміз азбыз, әpі қонақпыз. Көңіліңе келеді ау демей, кесек сөйлейтінің не? Бір тентектері шатақ шығарып жүрсе қайтесіз? — дейді.

Сонда Шәнті шақ етіп:
Айтар сөзім аузыма келгенде,
Кек дауылым көтіме келгенде,
Аздың қызын ұрам ба,

Таздың қызын ұрам ба? — деп салыпты.
Басы таз, әрі жасы кіші Нұрбек:

— Ту-у, бұл кісімен сөйлесуге болмайды екен, — деп тepіc айналып кетіпті.

* * *
Шәнті Албан елінің орнынан түскен болысын сындыру үшін:
Түгелбай ұлы Мұқажан,
Екі шекең шоқпардай.

Қарағаштан бұталған,
Орынтай мінгізді атқа,
Жеңіл — жұқадан.
Болысхықтан айырылып,

Азбан бопсыц букадан, — деген екен.
Шәнті мен Жәмеңке
Албан болысы Жәмеңке қасындағы ел жақсыларына:

— Шәнтіні сөзден жеңе алмайды екенбіз, енді ауылына барып керейік,— депті.

Келісілген мерзімде Жәмеңке қасына бір топ жолдасын ертіп, Шәнті бидің ауылына қонаққа келеді. Би мен болыс төбе басында әңгімелесіп отырғанда, ауыл әйелдерінің балаларына өрескел сездер айтып, ұрсып жатқандарын естіген Жәмеңке Шәнтіні мұқатпақ болып:

— Шәке, сыртқа шыққанда үзеңгі бауың алты қабат, ауылына келсе белгілі екенсің ғой, — депті.

Сонда Шәнті:

— Жақсы болсаң көпір бол, ит те етеді, мал да өтеді, адам да өтеді. Көтермесең нең жақсы, — деп сөзден тосқан екен.

Жәмеңке болыс Шәнтінің үйіне қонып, ертеңгі шайды ішіп отырғанда сындырмақ болып:

— Шәмеңке, өзіне тағар мінім жоқ «Ерге тартып ат туады» демеуші ме еді, жолдасын өзіңе сай емес екен, — депті.

Шәнті:

— Е, әйелдің аузында несібесі, құшатында бесігі болса болмай ма? Одан артық әйелдің артығы не? — депті.

Жәмеңке жауап қатпай, кетіп қалыпты. Жәмеңкенің әйелі бала көтермеген адам екен. Жәмеңке болыс тағы да сезден жеңіліпті. Жәмеңке кеткеннен кейін, оның баласының жоқтығы Шәнтінің есіне түсіп: «әттеген-ай, ренжіп кетті-ау» деп налиды. Келер жылы Шәнті әдейілеп Жәмеңкеге барса, үйінде әйeлі бар, өзі жоқ екен. Әйелінен болысты сұраса:

— Ауыл сыртында, төбеде отыр, — дейді.

— Шақыр, — деп шақыртып алғаннан кейін Жәмеңкеге:

— Сені ренжітіп алғанымды кейін сездім. Мені кешір. Егер кешіре алсаң, қолыңды жай бата берейін. Сенен бір ұл, бір қыз болсын. Аллаһу акбар! — деп бата беріпті.

Шындығында да кейін Жәмеңкеден бір ұл, бір қыз болыпты. Бұл әңгімеден Шәнтінің тек қана өз қараласын сөзбен мұқатушы ғана емес, олардың жоғын жоқтаушы, көңілдеріне кірбің түссе, қамқоршы, ақкөңіл, бауырмал адам болғанын байқауға болады.

Шәнтінің құн дауы Албаннан жекжатшылап найманға кыдырып барған бір адам Қапалда қайтыс болады. Албан болысы Жәмеңке Найманнан құн сұрайды:

Найман елі:

— Өз ажалынан қайтыс болған адамға құн бермейміз, — деп қайтарады. Осы аралықта Найман елі Албан, Суан, Дулатты атақты Маман Тұрысбектің ауылында өтетін үш жүздің басын қосқан үлкен жиынға шақырады. Сондай сәтті пайдаланған Жәмеңке болыс Шәнтге келіп ақылдасады.

— Шәке, осы жиында Найманнан құн дауын бітіре келу керек. Өзің бас болып, барып кел, — дейді.

Найман елі Шәнті бастаған топты қарсы алады. Қасына ерген отыз адамды басқа үйге кіргізіп, биді Маман датқаның ордасына кіргізеді. Үйге сәлем бере кірген Шәнті құс төсекте төрт жастықты төрт жағына қойып, ақпен тысталған көрпе жамылып жатқан датқаны көреді. Ол биге ишарат білдіріп, көзін ашып-жұмған қалпы шалқасынан жата береді. Шәнті төрге шығып, бір тізерлей, қамшысын екі бүктеп отырады. Басқарушы адам:

— Шәке, шешініп отырыңыз, — дейді. Сонда Шәнті:

— Мені кірпігі әзер қимылдап, хал үстінде жатқан адамың үстіне неге кіргіздің?! Мен иман суын беріп, дем салатын молда емеспін. Ауру адамның қасында отыруға болмайды. Мені басқа үйге апар! — дегенде, төсекте екі көзін ашып-жұмып жатқан Маман:

— Ойбай, мен ауру емеспін, саумын, — деп сасқалақтай басын көтеріпті.

— Қайдан білейін жатысыңа қарағанда, кебінге оранып, пәниден бақиға аттанып бара жатыр екен деп қалдым, — депті де, Шәнті шегініп, қайта отырыпты.

Екеуі жайланып, әңгімелесіп отырғанда, арғыннан атақты Өскенбайдың Құнанбайы келеді. Күтушілер үшеуінің басын қосайық деп ақылдасқанда, ортадан біреуі:

— Әлгі кісің тағы да бірдеме демесін, рұқсат сұрайық, — дейді.

Рұқсат сұрауға кірген басқарушы:

— Мәке, Шәке, арғын Өскенбайдың Құнанбайы келді. Осы үйге кіргізсек қалай дейсіңдер? — дегенде, Шәнті Маманнан бұрын:

— Мен үйсіннен үй әкелген жоқпын. Сыйса, сыйдырыңдар да, әкеліп қамай бер, — депті.

Үшеуі әңгімелесіп отырғанда, сөз кезегі келіп Маманға.

— Тіріңмен жүздескелі келдім, өлігін іздескелі келдім,—депті Шәнті Маман:

— Өздігінен өлген адамды несін іздейсің? — десе Шәнті:

— Торғай да бұтаны қорғалайды. Сенің еліңе келіп елді ғой, қорғамайсың ба?—деп жеңіпті.

Сөйтіп, Найман елін сөзге жығып, қайтыс болған адамның жарты құнын өндіріпті. Қайтып келе жатқанда өндіріп алған малды жол-жөнекей Шәнті елге таратып жібереді. Қасындағы барған би-болыстар:

— Шәке, бұныңыз не? Неге тараттыңыз? — десе, Шәнті:

— Бұл бізге мал болмайды, алсын. Шәнті құн өндіріп алды деген атақ та жетеді,—деген көрінеді.

Шәнтінің қырағылығы Бірде Албан жерінде өткен сиязға Шәнті би кешігіп келеді. Оның кешігуіне орай, сияз жұмысының тоқтап тұрғанына және сонша жақтан келген жақсыларының жалғыз Шәнтіні күтіп отырғанына шыдамаған Жәмеңке болыс оязға.

— Жоқ Шәнтіні қанша күтеміз? Сиязды онсыз-ақ аша берейік, — деп емеурін білдіреді.

Бірақ ояз Шінтіні күтеді. Би келген соң жиналыс ашылады. Жиынның жұмысы аяқталған соң, ояз бидің кешіру себебін сұрайды. Сонда Шәнті би:

— Бір буаз бием жоғалып, оның ішінде жақсы ат болатын құлыным кетіп еді. Соны Жәмеңке болыстың ауылынан таптым. Жол-жөнекей жоқ іздеймін деп жүріп, жиынға кешігіп келдім. Осы мәселеге өзің енді қазылық жасап берсеңіз,—деп, өз дауын айтады.

Содан ояз арғымақ шалыс ақ боз атты алдыртады. Дауға куәлар тартылып, ат иесі аттың өзінікі екенін дәлелдеп, ен-таңбасын толық айтады.

Ояз Шәнтіге:

— Ал енді сегіз дәлеліңізді айтыңыз, — дейді.

— Менің дәлелім біреу-ақ. Аттың таңдайында бас бармактай қал бар. Өйткені ондай қал оның енесінде де бар еді, — депті.

Аттың аузын ашып қараса, шындығында да, таңдайында қалы болып шығады. Сөйтіп атты Шәнті би ауылына алып қайтады. Жолда серіктері:

— Шәке, аттың таңдайында қалы бар екенін қайдан білдіңіз?—дегенде, Шәнті:

— Біз жиынға кетіп бара жатқан жолда атты суғарып тұрды. Шөлі қанған ат есінеді. Сол кезде аттың таңдайындағы қалын байқап қалып, өтіп кетіп едім,— депті..

Осылайша Шәнті би өзінің қырағылығымен Жәмеңке болысты тағы да жеңіліп кетіпті, — дейді. Қалиақын Ойжанұлы.

Биліктен жаңылғам жоқ
Шәнті бидің замандас, құрдастары қалжың үстінде:

— Шәке, сіз Суанға әйгілі албан, дулат, жалайырға танымал би атандыңыз. Өміріңізде сөзден ұғылып, биліктен жаңылған кезіңіз болды ма? — деп сұрақ қойса керек.

Сонда Шәкең:

— Сөзден жығылғаным бар, ал биліктен жығылғаным жоқ,—деп жауап беріпті.

О. Тазабеков
Малдыбай би54

Жетісу аймағындағы ең шұрайлы жердің бірі — Алтынемел алқабындағы Күреңбел небір дүбірлі тарихи оқиғаларға бай өлке. Соның Біpі —XІX ғасырдың екінші жартысын қамтитын уақыт. Малдыбай би мен Сары бидің ел арасындағы дау-дамайды шешудегі, барымтаға түскен жылқыларды қайтарудағы көреген шешендігі жайлы:

Сары би:
Ассалаумағалейкум, қарақалпақ Малдыбай,
Жылқы ішінде жорға-тай,
Былтыр алдың сексен бие,

Биыл алдың сексен тай.
Алмағаның қалдыма-ай!
Малдыбай би:
Уағалейкумассалам Сары би,

Сары Үйсінде сарысың,
Сары алтындай дәрісің,
Ендігі қалған жылқылар
Ақыретте өзіңізге дарысын!

Сары би:
Астафиралла, Мадекең ақыретті айтып қалды,
Елінің жылқыларын түгелдей қайтарып беріп,
Алдын қосақ, артын тіреу ғып, шығарып салыңдар, —

деген екен.
Малдыекең мен Тезек сұлтанның арасындағы жер дауы тұрғысында: Малдыбай би:
Жаудан қашып Көк теңіз болып елім,
Аңсап жеткен Арқарлы туған жерім.

Атамекен қонысты көп көрдің бе,
Аз болды ма Төреге мекен—терің!
Күреңбел мекен еткен елім еді,
Матай тау шөбі шүйгін жерім еді.

Келдің де босат дедің Тезек төре
Төрелік айтар сөзің осы ма еді!
Тезек төре:
Төрелік айтар сөзім осы менің?

Берекесін алмағайсың дүйім елдің!
Құланбасы атам Шыңғыс жиын салған,
Өз елім, ез жерім демегейсің неге келдің?
Малдыеке! Матай шөбі шүйгін шыққан,

Бүгін күз. Ұмытпайық тұтанса өрт көтеріп! — деп түйіндеп, күштілік көрсете отырып ат-шапан тарту жасауды да Тезек төре ұмытпаса керек. XІX ғасырдың небір дүбірлі, түбірлі істеріне қатысып, елеулі қоғамдық өзгерістердің басы-қасында жүрген Ұлы жүздің атақты би, шешен, көсемдері жайлы танымал халық ақыны Жалайыр-күшік атасынан тарайтын Мәулімбай Саяқбайұлының жырынан Малдыбай биге байланысты үзіндісін келтірейік:

— Дүние ойлап тұрсаң кеткен екен,

Тезек те бұл дүниеден өткен екен.
Жалғаннан арманда боп кеткен екен,
Арманда Тезек төре болуына,
Жаласы деп айтады Малдыбайда

Сабаншы қажы болған Мекке барып,
Ағасы о да қажы Диханбай да.
Диханбай алтынын алып қашып еді.
Артынан қуып жетіп терең сайда,

Өлтіріп алтынын ап атып кеткен,
Қайырсыз адам кермес малдан пайда.
Қауымын мұсылманның көрсетем деп
Сүндеттеп жандаралды Отаубай да,

Сол үшін жеп болысты Сібірге айдап,
Отаубай сөйтіп елді таңдағанда.
Ел қылып Ақбұйымның басын құрап,
Әділ боп өткен екен Құлжабай да,

Қаңлыны бір заманда билеп еді,
Өлмесе Мошеке мен Жамбай қайда? —
деп жырлаған екен.

Міне, өздеріңіз оқып көріп отырған үзінділерден Малдыбай бидің қоғамдағы атқарған рөлін байқауға болады. Сол сияқты өз заманының біртуар ұлы, ел үшін ақыл-еңбегін аямаған көшбасшы Малдыбай болмаса оның ұлы Сабаншы болыс, би, қажы қайдан шығар еді. Малдыбайды ұлы Сабаншы бірнеше мәрте би (народный судья) және екі рет Алтынемел болыстығының болысы болып сайланған. Бірінші рет 1900 — 1903 жылы, екінші рет 1917 жылы уақытша өкіметтің Верный қаласы бойынша комиссары Шкапскийдің бұйрығымен Құдиярхан Тезековты алып тастап, Сабаншы Молдыбаевты болыс сайлайды. (Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты, қор 44, тізбе №1, іc № 4874, л.7). Бұның бәрін айтып отырған себебіміз, осы іc-шаралардың бәрінде де Малдыбай би салған сара жол жатқан жоқ па?

Т. Асқартегі
Қарауыл Қанай би55

Қазақ халқының шешендігі ме, білмеймін, әйтеуір бізден бұрынғылар алқақотан отыра қалған қауым болсын, немесе екі ақсақал әңгіме-дүкен бастаса ауыздарынан қазіргі біздердей емес, ауыздарынан аталы сөз әңгімелер ақтарыла тасып төгіліп жататын, шіркін, сөз қадірін білген қайран бабаларым-ай. «Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар, қой айдағанның қолтығы, ешкі айдағанның етегі толған сөз болған»,—деп тегін айтылмаса керек, дәл осы сөзде бізден емес, иманды болғырлар солардың сөздері ғой. « Үйі болмаған жан болмаған, биі болмаған ел болмаған» заманның өтіп кеткеніне де ғасырға таяп қалды сол өмірді, қазан төңкерісі түп-тамырымен құртып жіберіп, баланы әкеге қарсы, қызды шешеге қарсы заман әкеп, елді қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған дәуір келді деп миын су етіп, ақылын алжастырған заман дәуірінде туып-өскен біздер жетпіске кeліп қалдық. Иә, міне, 14-жылға аяқ бастық, өлгеніміз тіріліп, өшкенімізді тұтатып жандырып, тіл, дін, дінімізге бет бұрып суыртпақтап түгендеп жатқанымызға тәубе дей отырып, шамамның келгеніне канатымен су сепкен қарлығаштай білгенімізді ортаға салуды міндетті парызым деп Таңшолақ би (Қареке елінің), Мұрат елінен шыққан Бекайдар би мен Игілік билердің жарыққа шығарған едім. Енді естіген-білгенім іште кетпесін деп Орта жүз Арғынның ұрпағы Мойыннан тараған Қарасопыұлы Қарауыл тегі Қанай би туралы қозғамақпын. Солай болғанымен де жаңсақ кетсем және толық бере алмасам аруақтан кешірім сұрай отырып, білетін жандарға жазсын деген ой салып қолыма қалам алдым. Өткен жылы Семей облысы, Аягөз ауданының бір ақсақалы Болат Саудабековты Ақсуат ауданына қарасты Көкжыра ауылында кездескенімде Қанай би туралы әңгімесін естіген едім. Ол кісі сіз қаламгерлердің бірі екенсіз, сондықтан қаламдарың жұрт тұрғанда қазағымыздың батырларын қолға алғандай би шешендерімізді де қолға алып жазуларыңыз керек. Менің білетінім Төреқұлұлы Нысанбек «Қазақтың жүз шешені» деп шығарған кітабында 21-ақ шешен болса, оның өзі қай жылы Алматыда басылып шыққаны белгісіз, әйтеуір «Алтын адам» басылымында шыққанда екен де, тіркелмеген көрінеді Осы кітаптан кейін 1993 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қазақтың би-шешендері» деген кітабынан алдым, ондағы алдағының біразын қайталағанымен 50 би-шешен ғана болып отыр, бұл ете аз, кезінде жаяу-жалпы жүрген Затаевич 1000 өлең 500 күй жинағанда, қазіргі заманда би-шешендеріміздің өшкенін жандырып, өлгенін тірілте алмай жүргенге үлкен сын деп меш алды-артымды орап алып, жер шұқытқан еді. Қаламгер туа қаламгер болмайды, елден жинауымыз керек, сіздерсіз біз қаламгер бола алмаймыз, сондықтан халықтан асқан дана жоқ дегенімде сөзге қонақ бере тоқтап, сан асылдың бір сынығы Қанай туралы былай бастаған еді. Қанай би Абылай ханның қараша биі болған. Ел аузындағы аңыздарға бой ұрсақ, Абылайды ақ киізге отырғызып хан көтергенде Қанайды қараша ретінде бірге көтерген екен, бұл жайды тарих бетінен сызып тастауға болмайды. Бізде жүз би емес, мың биден де көп болған, сол билердің бірі ұялмай ауыз толтыра айтатын Қанай би, Ташкенттің биі болып сайланып, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, қартайып қайтыс болған. Сол Қанайдың ұрпақтары елі де сонда баршылық, 1992 жылдары Көкшетау облысының Зеренді ауданы, Қарабұлақ совхозының Игілік бөлімшесінде 87 жастағы Елемесов Өзбек деген ұрпағы тұрған екен. Өзбек деген атына қарағанда 1905 жылдары Өзбекстанда туған ғой. Егер осы Өзбектің әкесі өзбектен 20 — 25 жас үлкен болса, онда Қанай 7 — 8 атасы болуы мүмкін. Осы Қанай би Мағжан Жұмабаевтың дастаны «Батыр Баянда» өте көп айтылады, тіпті дастанның төрттен бірі Қанай туралы десек қателеспеген болар едік. Өкінішке орай кейінгі қаламгерлер сол кездегі Қанайдың замандастары Қабанбай, Бөгенбай, Абылай туралы жазғанда Қанайды еске алмаулары тарихымызға қиянат. Абылай өз елінен Ташкентке қарай жол тартқанда қозған Бекше (Биекше), балта керей Тұрсынбай батыр және Қанай қасында болыпты. Арканы тастап Түркістан, Ташкентке кетіп бара жатқан ханға кіндік қаның тамған Арқаны қалай қиып тастап кетесің, өз еліндегі хандарыңнан, өз еліндегі соңғы жандығың артық болар деп алдына көлденең тұра қалғанда, Абылай мен хан емеспін, бірақ, хан болу жолына түсуге бара жатырмын депті деген сөз бар. Сол барғаннан Қанай сонда қалып қойса керек. Қанай қарашадан жалғыз емес Тілеуімбет, Құттымбет деген аға інілерімен үшеу болыпты, ағасы Тілеуімбет енші бөлінгенде малдың көбін өзі алып қалыпты. Ал, би атанған Құттымбет пен Қанайға енші аз тигенмен қанағат тұтқан екен. Тілеуімбеттің осы әділетсіздігін көрген ауыл ақсақалдарының бірі «жылқың енесін, отбасың да солай болсын» деп теріс батасын берген дейді естіген құлақ. Ал, Құттымбетке оң батасын берген екен. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында Қанайдың қалмақпен соғысын жақсы суреттейді. «Батыр Баянды» оқып отырсаң, Қанай би ғана емес, өрен ер болған екен.

Сондағы Мағжанның Қанайды суреттеген төмендегі жолдары растай түседі.
Жиылды өңшең ноғай-сығай,
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай,
Ту баста Абылайды хан көтерген,

Қамқоршы қарауылдың шешен Қанай.
...Бәрі де, ел қорғаны —батыр, билер,
Аттанбай тек жатудан таппай пайда.
«Жүрелік, жау босанар», — деген сезбен,

Салады Қанай биді Абылайға.
Би Қанай «Бұл қалай!» — деп бастағанда,
Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?»
Қанайым, ойың удай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян! —
Деген соң, ойы теңіз хан Абылай,

Аяңдап батырларға қайтты Қанай.
Байлауы бөрілерді аза қылмай,
Кестелеп, сезбен сыйлап айтты Қанай.

Кезінде Абылай қалмақтарды қытай шекарасынан асыра қуғанда Абылай қасындағы ғұлама ақылшыларынан «не істейміз, куә түсеміз бе?» деп сұрағанда да Қанай би: «Қайтайық, қытай деген тыныш жатқан айдаһардың құйрығын баспас болар»—деп екі ойлы болып тұрған ханды кері қайтаруға ой салған дейді ғой Мағжан:

Ерлерін жиып Абылай — ел ағасы,
Сұрайды: «Мынау істің не шарасы?!
Қырандар әрі-бері тоғысқан соң!
Қанайы қарауылдың топтың басы,

Саңқылдап суырылып сөйлей берді.
«Қытайдың қол ұсыным шекарасы,
Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ.
Қазақтың бірі қалмай мәрт боласың...!

Тұнжырай қалса-дағы хан Абылай:
«Қайту!»—деп, сөздің болды бәтуанасы».

«Қазақ батырлары» деген басылымда қаншама батырлар көрінгенді тіпті Мамырды атып өлтірген тентек батыр Көкенай айтылғанымен, Қанайдың айтылмауы ел-жұртымызға үлкен сын. Міне, осы әңгімені Болат айта отырып, маған осы сіздер тарихымызды тарихта болған батыр, шешен, билерді жазарда солардың артында қалғандарына қарай жазатын болсаңдар, онда тарихымызды жұлмалағандарың, ал жұлмаланған тарих ұзаққа жeтпeйді, сондықтан тарихтың бір түйірі қалып қойса, бітім болмайды деп әңгімесін аяқтаған еді. Әрине, Болат ақсақалдікі дұрыс. Кезінде Бауыржан атамыз да бір түйірді біріктіріп қомақты тас қылғандай Отан соғысының тарихын жасау керек дегендей қазіргі тірі жүргендер бір түйірін қалдырмасақ айтулы анық тарихымыз халқымызға ғана емес, әлемге ұсынылар еді. Осы Қанай би туралы жалғыз Болат емес, біз де Топарда тұратын 1923 жылғы Қайкен Шаймұханов ақсақал да тебірене біраз әңгіме айтады екен. Қанай би Атығай-Қарауылдың бас биі болған. Ол Абылайдан бір жарым мүшел үлкен болғандықтан, ел аузында болсын немесе ұлы ғалымымыз Шоқанды мұқият оқысақ, Мағжанды тыңдасақ, кешегі өткен ғұлама жазушымыз Ілияс Есенберлиннің дұрыс түсінсек, Қарауыл Қанай би бала Сабалақты Арқаға келген күннен бастап Абылай аталып, хан болып, дүниеден өткенше дейін қорғаған, қолдаған ең сенімді, табанды досы, ақылгөйі болған. Осы Қанай атамыздың ұрпақтары тек қана Ташкентте ғана емес, Көкшетау мен Шортанды қалаларында, Қарабұлақ, Мәлік Ғабдуллин атындағы ауылдарында жетінші-сегізінші ұрпағы жүріп жатыр, мен болсам алтыншы ұрпағымын, менің балаларым мен немерелерім жетінші-сегізінші ұрпағымыз. Сол Қарабұлақ ауылының іргесінде Дәулет деген көл бар. Көл Көкшетау облысының карталарында соңғы жылдарға дейін көрсетіліп жүретін. Сол көлді Қанай би кезінде Дәулетбай деген кісіден сатып алыпты деуші еді қариялар. Тіпті, Қарабұлақ ауылы бұрын Дәулет ауылы болып атанып жүрді. Егер Шоқанның жазғанындай жас Абылай Арқаға қашып келіп қарауыл Дәулетбайдың жылқысын бақса, Қанай би қарауылдың төбе биі болса, Дәулетбайымыз осы күнгі Дәулет көлінің иесі болуы әбден ықтимал. Соңынан хан болған кезде Абылай ханның ордасы сол көлден 20 — 25 шақырым жердегі Жамантұз теміржол станциясының орнында болғаны, Абылай ханның туғанына 280 жыл толу тойы сол жерден 40 — 45 шақырымдай ғана қашықта өткені осыны дәлелдейді. Сонда сол төңіректе «Балықты», «Хан көлі» деген көлдер болған. «Қылышты» деген өзен ағып жататын. Kөлдepді өз көзіммен суында талай шомылғанмен, 1954 жылы тың игеруге келген келімсектер сулардың айналасын жерді тегіс жыртып, eгін еккенде сол сулардан айырылып қалып, айнала орысша поселкалар салынып, солардың бірі бүгінге дейін Александровка аталған село тұрғындары Александровка демей «Ханыкей» деп осы күнге дейін атайды. Тегі ол орыстың «Ханский», яғни «Ханская ставка» тұрған жер дегеннен шыққан болуы керек. Сол жерлерде қалың қарағай болатын, келімсектер үй салуға тегіс кесіп құртты, сілімтігін отқа жақты. Жуырда «Қазақ әдебиетінде» белгілі айтыскер ақын Баянғали Әлімжановтың толғауы басылыпты, сонда Абылай хан, Кенесары, Наурызбайлармен қатар Би Қанай, Аңғал батыр, Науан-Хазірет кем бе еді, қос-қос жұлдыз таққандардан?! деген жолдар бар. Осы жолдарды Баянғали балам тегін айтпаған шығар деп ақсақал төре ойға шомып біраз отырды. Біраз үнсіздіктен кейін әңгімесін әрі жалғастырып, сол әкемізден қалған ұлағатты сөздер елі ел аузында жүр, соларды құрастырып жатқан жан шамалы. Қалам ұстағанның екісінің бірі орыс жазушы ақындарды бетке ұстайды. Тіпті кейде намыстан қақ жарылып кете жаздайсың, сол аталарымыздың тамаша нақыл сөздері ұмытыла келіп, өзгенікі болып кете ме дейсің. Бұлай айтып отырғанымның себебі, Алламыздың Мұхаммед с.ғ.с. айтқан «оқы,оқы» дегенін Ленин айтты деп, тіпті кроссвордтарға дейін айтып жүресіңдер, немесе Абай атамыздың «Өнер көзі халықта» деген тамаша сөзін енді айналдырып, «Искусство принадлежит народу» деп Ленин айтты дейсіздер деп маған басқа бір реңмен қарады 82-ге қараған қарт.

А. Тоқтабай
Жылқының «Жеті жарғы» әдеттік
құқығындағы орны мен рөлі
«Адам қаны—жүз жылқы,

ары — мың жылқы»
(Жеті жарғы)

Жылқының көшпенділер қоғамындағы ең басты функциясы — көлік, сондықтан қоғамның қозғаушысы күші, байлық белгісі байлықтың өлшемі — таразысы, қоғамның барлық әлеуеті жылқы санына бағаланады, сұлулық символы, көшпенділер өнерінің (эпос, аңыз-ертегі, өлең-жыр, жартастағы сәйгүліктердің бейнесі скиф-сақ ағ стилі т.с.с), кіндігі (квитэссенциясы). Сонымен қатар жылқы казак қоғамындағы билігі бектеуші және құралы, осы жағынан алып қарағанда жылқының халқымыздың әдеттік құқығындағы орны мен рөлі жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ. Бірде үш жүздің билері Төле, Қазыбек, Әйтеке халық арасында жиналып отырғанда Төле аттың күші қай жерде — деп сұрақ қойыпты. Сонда біреу «аттың күші алдында» дейді енді біреу «аттың күші алдында емес, артында емес, ортасында» дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарайды да:

— Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай ортасында болатын себебі қалай?

— Бас бас, атқосшы, астында төрт тіреуі бар ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол — дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:

— Бұрынғылар айтқан екен, «би екеу болса, дау төртеу» болады, үш ел үш жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді дейді. Оған қауым «дұрыс» дейді, бірақ төбе билікке талас болады. Ұлы жүз: «Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз», Кіші жүз: «Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз үлкен» дейді. Сонда манағы аттың күші ортасында деген жігіт отырып:

— Аға төреші болмайды — алдында қаймығары жоқ, іші төреші болмайды — артында қайырылары жоқ, айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында ініcі бар, екі жағынан да қаупі зор, сол себепті билікті айтатын, төбе билік ортаншы ұлға лайық! — дейді. «Аттың күші басында» — деген Ұлы жүз жігіті «Аттың күші артында» — деген Кіші жүз Әйтеке, ол «аттың күші ортасында» — деген Орта жүз Қазыбек болып шығады Төле: Қазыбек төбе биліктің абыройын саған бердік — деп Төле он жағына отырып батасын береді [1, 44-45-66.].

— Бұл фактіден қазақ билерінің үлкен мәселелерді жеке дара, өзара шеше салмай халықтың талқысына салып барып, содан соң әркім өз аргументтерін толық дәлелдеген уақытта ғана іc шешіледі—деп жарияланғанын, яғни ілкіден билер кеңесінің демократияшылдығын көреміз, ал істі шешудің кілті аттың тұрпатына (экстерьер) қарап айқындайды.

Аттың ортасы күшті деген ұйғарымның артында қазақтың үш жүзінің арасындағы дау-дамайды шешкенде, ежелгі үшті-триаданың гармониялық тепе-теңдік, жарасымдылығы көзделген. Ертеде Ұлы жүз бен Кіші жүздің жерін құрғақшылық жайлап, екі ел Орта жүзді жайлап, келесі жылы өз жерлepіне оралады. Ел көшкенде кіші жүздің бір жігіті Ұлы жүздің бір келіншегін алып қалады. Ұлы жүз келіншек үшін Кіші жүзден 200 жылқы барымта алады. Кіші жүз де қарап жатпай Ұлы жүзден 500 жылқы алады. Ел арасы бүлінеді. Бұл дау үш жүздің басын қосқан билер кеңесіне түседі. Дауды Қазыбек би, Төле би, Кіші жүзден Мәлсе би басқарыпты. Сонда Теле би тұрып: «Мен аға баласымын, билікті мен айтамын»,—дeйді. Мәлсе тұрып: «Жоқ мен атаның қара шаңырағында қалғанмын, жасым кіші болғанмен жолым үлкен, билік жөні менікі» —дейді Қазыбек отырып оларға күледі. Жылағанды сұрама, күлгенін сұра деп еді Қазыбек, неге күлдіңіз?—дейді Төле би.

— Сендер атадан туысыңды білесіңдер де, оның өсиетін білмейді екенсіңдер, дейді Қазыбек, — Аталарың «Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой. Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді қамшы (қалам А.Т.) беріп дауға қой»—дегені қайда? Жығылсам сүрінсем сүйер алдымда ағам, ортамда інім бар, билік жөні менікі емес пе? Бұл сезге екі жағы да тоқтап, билікті Қазыбекке береді. Сонда Қазыбек:

— Уа, Төле би, сен атадан бұрын туғансың, ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуасың?

— Уа, жарқыным, Мәлсе, сен атаңның қара шаңырағында қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен Мәлсе, жесірді қайтар, сен Төле би, жылқыны қайтар! — деп төрелік айтыпты [4, 147-6.].

Екі жақ та Ұлы жүз де, Кіші жүз де кінәлі болып тұрғандықтан бейтарап Орта жүздің, билік айтуы қай заңға болсын келеді және шешімі де дұрыс шыққан. Он екі ата Байұлының аға биі Бекен би (Сырым батырдың ұстазы А.Т.) өмірі атқа мінбепті. «Көңілім өсіп желденіп кетеді асып-тасып eлімді, жұртымды ұмытып кетем, көзім ісінің жақсы-жаманды ажырата алмай қаламын» деп өгізді ерттеп мініп жүретін Kіcі екен [ІІ]. Көшпенділер қоғамында аттан айырылып жаяу қалу ең сорлылық. Ай далада атақты ұрыны ұстап алып еш жаза қолданбай-ақ атын алып жаяу қалдырып кетсе, ол ұры енді қылмыс жасамайды деп eceптeлeді. [2, 279-6.]. Егерде мұндай ұры Европа, немесе шығыс елдерінде ұсталса, кемінде бірнеше жыл түрмеге қамалып, әйтпесе аяқ-қолы кіceндeліп зынданға тасталар еді. Екінші жағынан біреудің атын ұрлап мініп жүріп, иесі оны тақымынан танып алса өмір бойы сүйекке болғандай айып. Ол туралы қазақ мәтелі:

«Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді.
Ат танылған нетеді, сүйегімен кетеді» [І].

Демек ат ұрлаған, ұрлықтың ішіндегі ең сорақысы болып есептелінеді. Аққошқар биден жақсы аттың құны не болады? — деп сұрағанда — төрт бесті, жақсы иттің құны не болады? — екі жетім қыз — деп жауап беріпті [3, 36-6. |. Жүйрік аттың құны — бес түйеге тең [ІІ]. Абақ — керейдің әйгілі жүйрігі Көкбестіні Уақ елі қастандықпен өлтіреді. Жас Бейсенбі би жүйріктің құнын былай шешіпті Бестің құны бес кісілік, бітіскен жөн. Бұл —бір кісіге жүз қой немесе бір тоғыз құн дегенім. Елдесіп қан кешіп, құн кесіп жүрмелік. Бір кісілік соған, бір кісілік Абақ елінің ұранына — деп, екі жүз қой алып, үш жүз қойды кешірім қылып тоқтапты [4, 88-6.]. Әрине жүйріктің құны қазақ жерінің әp аймағында және әр жағдайға орай билердің келісіміне байланысты әртүрлі болып келеді. Бірақ бір нәрсе айқын дүйім елге, үш жүзге танылған жүйріктердің құны жүз жылқыдан тіпті оданда көп бағаланған, бұл ердің құнымен бірдей. Мысалы Хамза бай Ақан серінің әйгілі Құлагерін сұратып, «Ақан Алтай-қарпықтың ішінен таңдаған сұлуын алып, үстіне және 100 жылқы қосып берейін» [5, 76-6.]. XX ғасырда өмір сүрген атақты Тіленші биден, хал үстінде жатқанда — не арманыңыз бар дегенде:

- Жақсы жүйрік аттың құны, ердің құнымен бірдей қып шешпедім, — деп өкініпті. [5, 76-6.].

Ақтайлақ би Байғараұлы: Ердің құны — 200 жылқы, әйелдің құны — 100 жылқы, жақсы аттың құны ермен бірдей. Ер жақсы атпен қашады немесе қуып жетеді [ІІІ]. Қазақ әдетінің заңдарында кезінде «жылмиған жүйрік, жылжыған жорғаның құны» деген арнайы бап болған. Мұндай аттарды ұрлаған адам екі бесті ат төлейді қосымша жүйрік пен жорғаның бәйгеде алып жүрген сыйлығын толық төлeйді. Бұл аз құн емес себебі ас-тойлар бас бәйгесіне басқа бағалы заттарды есептемегенде мал басының өзі жүзден есептелетін. Себебі мұндай кесім иесі өзіне, еліне, руластарына жылма-жыл мол байлық әкеп жүрген атақты атының бәйгесінен өңір мүлдем құр қалды деп есептелгендіктен шығады [2, 197 б]. Қазақта мақал бар «Алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» — дейді. Ауылдың, рудың аты озса бәйгесі түгел елге бөлініп бepілeді. Мысалы XX ғ, басында Баянөлгей қазақтарында керей-шерушінің атақты тор аты бір аста 1000 қой ұтып, мың қойлары атанады, енді бәйгесін бөлген кезде иесіне жүзге жетер-жетпес бас тігіпті.[ІV]. Сондықтан атағы иесінікі, бәйгесі елдікі делінетін ежелден келе жатқан тәмсіл бар. Бір қызық жері сыйлығы ортақ болған сол бәйге ат өлсе, құны ортақ емес. Ол туралы халық өлеңінде:

Атың өлсе құны ортақ емес
Бәйгесін халық алар үлес қылып [V].

Кез келген халықтың правосында ең қиынды, күрделі іc — кісі өлімі. Кісі өлімі құқықтық негізінде қалай шешілсе, және әділ шешілсе, сол халық өркениетті алдыңғы қатарлы ел — деп саналады. Қазақтың дәстүрлі билер соты бұл мәселені шешуде әрине өз заманында алдыңғы қатарда болған. «Адамның құны — жүз жылқы, ары —мың жылқы» делінеді халық мақалында. «Қанға —қан, жанға—жан» тәртібін қыпшақтар заманында X —XІІ ғасырларда құнмен ауыстырған қазақ халқының арғы бабалары ертеден келе жатқан бұл тәмсілінің қоғамға тигізетін зиянын көре білген. «Қанға қан алысқа кетеді» —деді халық даналығы. Себебі ру тайпалар арасындағы кісі өлімі, оған екінші жақ кісі өлтірсе, бір отбасы мен екінші отбасының арасындағы дау-жанжалдан, руаралық, тайпа аралық бітіспес қақтығысқа айналып кеткен. Құн төлеу жүйесі өз заманында прогресивті рөл атқарады. «Жылқының алмайтын жері жоқ» деген мақалаға сүйенсек, көшпенділер қоғамының өзегі болып табылатын жылқы барлық дау-жанжалды ұсағынан ірісіне дейін жауып жіберетін болған. И.Георги бойынша 100 жылқы және бір құл, екі түйе, Путницев пен Броневский бойынша 100 жылқы, екі қалмақ құл, Гавердовский 100 жылқыдан 1000 жылқыға дейін құн болғанын көрсетеді. [6, 158-6.]. Әрине Гавердовский мың жылқы дегенде, бұл жай адам емес, хан, султан, батырдың құны болу керек. 1748 жылы Барақ сұлтан Әбілхайыр ханды өлтіргенде, Шашақ Жәнібек батыр, халықтың ежелгі дәстүр заңымен Барақты Әбілхайырдың қаны үшін «жай қазақпен салыстырғанда жеті есе құн төлеуге» сендіртіп тұрып кеңес бepeді. [6, 162-6.]. Сонда жай адамның құны 100 жылқы десек, жеті есе болса ханның құны 700 жылқы болады. Сыздық сұлтан 1884 жылдары әкесі Кенесарының сүйегін іздеп қырғыздарға келгенде, қырғыздың биі:

— Сыздық төре, алты атаңнан бері хан тұқымысың, қырғыз-қазақ бір туған емес пе еді. Айтуға тіл кecіліп тұр, үстіндегі жүгімен саған тартқан тартуымыз, оған қоса мың сәйгүлік және екі қызымыздың жасауымен бермекшіміз. Бұл берер сыйлығымыздың басы ғана деп білерсің,—деп кешірім сұрауға батпай астындағы арғымағын ортаға тартыпты.

Сонда Сыздық сұлтан:

— Мен сендерден ештеңе сұрап келгенім жоқ, әкемнің көзі боларлық ертоқымын беріңдер. Ал, мына арғымағыңды бауыздап, елге таратып жібер — депті [4, 435-6.].

Қазақ сотының алдында бәрі тең болған. Хан да, сұлтан да, батыр да, жай қазақ та. Мұны біз мына оқиғадан көреміз. 1764 жылы Абылай ханның төрт құл қалмағы тұтқыннан қашып бара жатып, бір қазақты өлтіріп кетеді. Абылай алғашында өзінің кінәсіз екенін алға тартып, дәлелдегенмен құлдар өзінікі болғандықтан 50 жылқы төлейді. Құныкерлер ханға риза болып кеткенімен, үйлеріне барып ақылдасып, құнның аз болғанын тілге тиек етіп қайта келіп алған жылқыларының үстіне тағы екі құл қосып алады. Ханның үш жүзге жайылған атақ абыройында, ұлы қолбасшылығы да құлдардың кісі өлтірген қылмысының алдында, оны жayaпкepшіліктeн құтқара алған жоқ [7]. Ат құйрығына байлап өлтіру — қазақ сотында ең ауыр қылмысқа бepілeтін жаза. Әбілхайыр ханның билер кеңесімен ақылдаспай, халықпен санаспай орыстың қол астына кіріп Баба би мен Жантума би бастаған топтың хан мен ханшаның аттың құйрығына байлап, далада сүйретіп өлтіреміз—деп қорқытқаны бар [8, 32-6. ]. Жоғарыдағы фактілерден бір нәрсені анық байқаймыз: бүкіл қазақтың алдында жоңғар қалмақтарын талқандап, атағы жер жарған екі хан заңды бұзды сол екен, Абылай құн төледі. Әбілхайырға ең ауыр жаза қолдануға дейін шешім шығарған. Қалыңмалға қазақ дәстүрінде қырық жетінің бүтіні, жақсылы отыз жеті отыз жетінің бүтіні, отыз жетінің жартысы, жиырма жеті он жеті домалақ қалың беріледі. Сандардың бәрі қалыңға берілетін жылқының мөлшерін көрсетеді 47 байтал, 37 байтал, т.с.с. болып келеді. Бұл сыйлықтардың аты мынандай: «бас жақсы», «жаманға жақсы», «түс ат» және «жеке ту бие», қалыңдықтың өзіне «илеу» және «бас жақсы». «Бас жақсы» күйеудің әліне қарай 30 — 50 қойдан тұрады. «Жаманға жақсы» — бір өркешті нардан, кедейлеу болса екі өркешті түйе немесе бота «Түс ат» — бес жастағы ат және «жеке ту бие» —құлындайтын бие, екі қозылы қоймен ауыстыруға болады. «Илеу» күйеудің қалыңдыққа беретін өзінше сыйлығы. [9, 5-6.]. «Түс ат» — қалыңмалдың сыртында құдаға берілетін қалаулы ат, түс ат жоғарыда көрсетілгендей бесті ат болмаса жорға, жүйрік таңдап алынады. «Кіші ат» — қалыңмал сыртында қыздың алыс туысқандарына берілетін мал [10,71-6. 11, 528-6.]. Бұдан басқа қыз алатын жақ қалыңмал берерде қосымша — тойдың «өлітірісі» — бір ат не бір тай береді [2, 74-6.]. Бөтен бір елдің қызына, әсіресе екі ру елдің арасында дау-дамай өршіп тұрғанда келіп жүрген жігіт ұсталып қалса, кеудесіне дейін жалаңаштап аяқ-қолын байлап, атқа теріс қаратып мінгізіп, ауылына қарай айдап жіберетін. Осындай бір жазаның түрін: жігітті кеудесіне дейін шешіндіріп, мойнына құрым киіз кигізіп, күйе жағып, аттың құйрығына жіп тағып, жігітті кінәлігін аузына тістетіп, өзін қамшылап айдауды А.И. Левшин де жазады. Айттырып қойған, қалыңмалын төлеп қойған қалындық кінәлі болып шықса, (қазақта мұны қатын болып шықты дейді А.Т.) бетіне күйе жағып, атқа теріс мінгізіп, төркініне апарып тастайтын. Қазақта әйелдің күнәсі тек боз биенің сүтіне түссе ғана кетеді,—деген сез содан қалған. Қазақ билер арасында әйел теңдігін дәріптеп қыздан қалыңмал алмай, қайта енші беріп ұзатуды аңсаған қайраткерлер аз болмаған. Байжігіт Қайрақбай би Шәлекеұлы (1828 —1870) жалғыз қарындасы ер жетіп сөйлескелі келгендерге: «Жалғыз қарындасым, оны малға сатып, қалыңмал алуға арым шыдамайды. Әкенің мал-мүлігіне ұл мұрагер болғанда, қыз неге қағыс қалады екен. Қазақта жер дауы, жесір дауы деген екі үлкен дау бар, осы жесір дауының кебі қалыңмалдан туындап, елдің берекесін алып, тынышын кетіріп жатады. Мен осыны өзгертуге бел будым. Қарындасымды еншілеп ұзатамын, қыз бен жігіт өзара тіл табысса болғаны». Шынында Қайрақбай би қарындасын ұнатқан жігітіне қосып, еншісін беріп ұзатқан, бұл құдалықты бүкіл елге жария еткен. Осы оқиғадан кейін Алтай өңірінде бір елдің жігіті екінші елдің қызын алып қашып келеді. Намысқа шапқан 60 жігіт арттарынан қуа келіп аға султан Бұтабайдың аулына келіп: «Қызымды қайтарып беріңдер, әйтпесе қызға қыз беріңдер немесе екі қыздың қалыңмалын беріңдер» — деп дау көтереді ел арасында жанжал шығатын болады. Бұтабай істі шешуді Қайрақбайға тапсырады. Қайрақбай толғанып отырып, алдымен алақанын жайып, сонан соң жұдырығын түйеді. Екінші рет төрт саусағын жазып, онан соң қайта жұмады. Үшінші рет сұқ саусағы мен бармағын шығарып барып өз еркімен қашып келген қыздың жолы осы деген сөзді ашық жариялап, Қайрақбай бидің билігі осы екендігін айтып баруды тапсырып өзі қам-қарекетсіз жата береді. Даугерлер де, елде мұны шешеміз деп көп дауласады, таласады. Жұрт дағдарып тұрғанда бір сұңғыла қария ортаға шығып: «Уа, халайық, оған таласудың қажеті жоқ. Қайрақбай биді өздерің білесіңдер. Ол өз қарындасын енші беріп ұзатқан, бұл бастамасы Алтай мен Тарбағатай еліне көптен мәлім. Ол қалыңмал деген пәлеге баспайды. Одан күдеріңді үзіңдер, мен білсем бұл жұмбақ биліктің шешімі мынандай: Бес саусағын шығарғаны — елу байтал елде қалсын дегені. Төрт саусағын көрсеткені — қырық байтал қызда қалсын дегені. Ал соңында екі саусағын, бармағы мен сұқ саусағын шығарғаны қыз бен жігіт еріктерімен қосылғанына айыпты емес, адал махаббаттың құрметі үшін қыздан қалыңмал алмай, жігітке ауыртпалық салмай, екі қарамен бітісесің дегені болар...» Ел бұдан соң Қайрекеңнің алдына баруға дәттері шыдамай, екі жақ та риза болып тарасады. [22,276 — 278-6.]. Дене мүшелерімен, әр түрлі заттарымен, ойды, сөзді, шешімді білдіру көшпенділерде ежелден келе жатқан дәстүр, мысалы скифтердің Парсы патшасына жебе, құс, тышқан жіберуін алайық. Бұл адамды ізденіске, ойлануға, ой қорытуға жетелейді. Біріншіден, би саусағының қимылдары арқылы екі жақтың шиыршық атып, шешімін таба алмай тұрған дауын екі жақ та ойланып, толғанып бәсеңдетті деуге болады. Екіншіден, даудың құнын 50—40 байталдан екі малға дейін төмендетті. Үшіншіден, ең басты әділ шешімге жетті. Егер де Қайрақбай бұл шешімді бірден сөзбен айтқанда кім білсін қорытындысы қалай боларын. Қазақтың бүкіл өмірі аттың үстінде өтетін болғандықтан — әдет-ғұрып заңдарында атты байлауға байланысты, аттың аяғынан (тебу, тарпу), аузынан (тістеу) келетін зақымдар, жазым болу қарастырылған. Ауылға келген жолаушы, мамағаш (атағаш), керме жоқ болса киіз үйдің белдеуіне байлауға құқылы. Егер ат киіз үй белдеуінің арт жағынан байланып одан жазым болса, онда құн төленбеді себебі үйден шыққан адам, не келген адам үй артындағы атты көруі тиіс. Ал егер ат босағада тұрып тепсе, толық құн, жабықта, керегелердің қосқан жеріне, яғни үйдің бүйірінде тұрып тепсе, онда жарты құн төленді [2, 210-6.]. Қытай қазақтарында да бұл ережелердің көп айырмашылығы жоқ. «...Киіз үйге ат байлағанда бірінші керегенің қоспасынан төмен есік жаққа ат байланып, сол ат бала-шағаны тебетін болса, ат иесі жауап етеді. Адам өлсе, ат иесі құн тартады. Егер ережеде белгіленген жерге (мамағаш, керме, үйдің арты А.Т.) ат байлап, сол ат бірер адамды жазым қылса оған ат иесі жауап бермейді..» [17, 60-6.]. Осы орайда ең алғаш билікке араласа бастаған Әйтеке бидің, ауылға келген бір жолаушының аты сол ауылдың баласын теуіп өлтіргенде айтқан билігі қысқа да нұсқа шыққан — балаңызды ат босағада тепсе — бүтін құн, жабықта тепсе жарты құн, түзде тепсе — төрттің бірін аласыңдар [11, 154-6.]. Жас Әйтекенің үкімін Қосуақ биде қостайды. Ер-тұрманды ұрлау үлкен қылмыс—деп есептелінген. Бір жігіт шідер ұрлағаны үшін айыпты болып Төле бидің алдына келеді. Би шідерді үш аттың аяғына шідерлепті егер шідер үзіліп қалатын болса иесіне ешқандай құн жоқ, ал үзілмесе айыбы үшін үш ат төлесін деп кесім шығарған. Қазақ арасында «шідер —үш ер» деп айтылатын формуланың мәнісі, аласапыран уақта аттың алысқа ұзап кетпеуінің кепілі яғни үш ердің-жауынгердің жанын сақтайды 118, 12, 122-66.]. Енді бір билік сөзінде Төле би шідер, тұсау ұрлаған адамға бір тоғыз айып төлеттірген. Бір тоғыз мал әрине үш аттанда артығырақ. Шідерлі ат өз атын, тұсаулы ат бос атың [V] — деп халық мақалында тегін айтылмаса керек. Халық арасында Төле би айтты деген: «Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» [5, 74-6.]. Төле бидің замандасы Сансызбай ер-тұрманның мүшелерін, атап айтқанда жүген, айыл, үзеңгі ұрлағандарға бір бесті ат айып салған [2,122-6.]. Біздің ойымызша Төле би мен оның замандастарының ат-әбзелдерді ұрлағандарға осындай қатал шара қолдануының бір себебі қазақ-жоңғар соғысының күйіп тұрған шағы еді, жауынгершілік заманда аттан айырылу, шынында жау қолына түскенмен бірдей деуге болады. Қай халықтың тарихында болмасын бейбіт кездегі заң, соғыс кезінде заңға қарағанда қатал болады. Біреу ауылға келген жолаушының қанжығасын ұрлапты. Қайрақбай би Шалекенұлының билік айтып шешкені:

Айыл-тартпа болмаса,
Атыңа ер тура алмас.
Үзеңгі бау болмаса,
Атқа кісі міне алмас.

Қолда қамшы болмаса,
Қорғалап ат жүре алмас.
Жүген-ноқта болмаса,
Басын жөнеге бұра алмас.

Қанжығабау — тон сақтайды,
Ат жабу мен тон — жан сақтайды.

Бұл да ұрлық, ұры айыпқа қозылы қой төлесін деп кесім жасайды [22, 237-6.]. «Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма»—дейді халық даналығы. Көшпенділер қоғамындағы атты басқаратын құралдан айрылу, аттан айрылудан кем емес, сондықтан қатаң жаза қолданылған. Көшбасшы көшіп келе жатып, көшті тоқтатып дамылдарда, қолындағы құрығын жерге шаншып көш токтар жерді көрсетеді болмаса өз руының таңбасын жерге сызады. Келесі елдің көші осы таңбаны көріп, басқа көш жолымен жүреді. Ру таңбасын әдейілеп өшіріп тастау әдептік заңмен жазаланады. Көшбасшыда міндетті түрде құрық болады. Тасталмайды, аттауға болмайды, басқа елге (руға) бермейді. Барлық ат-әбзелдері сияқты құрық қасиетті саналады [ІІІ]. Ат майы — ауқатты бай адамдардан атты мініске, көші-қонға, арба-шанаға жегуге т.б. жұмыстарға уақытша пайдалануға алады, келісілген мерзімінде иесіне қайтарады. Қайтарған кезде ат күйсіз, арық болуы да мүмкін, оған иесі ешқандай уәж айта алмайды, себебі алған адам аттың майын, яғни күйін алып тур. Ең бастысы атты мертіктірмей, cay күйінде қайтару керек. Қазақ жылқысының басты бір қасиетті тез ет алып, күйлі болып кетеді. Көбінесе көші-қон кезінде аттың майын сұраушылар, ел жайлауға қонғанда, сауынға бие сұраушылар көбейеді. Сол кезде байлар аттың майын беріп, кедей-кепшіктердің көштен қалмайтынын қадағалайтын. Бір жылы Созақ өңірінің Айтақ мырзасы көктемде маңындағы елге хабар айтады. «Мен алдымыздағы мамыр айының бірінші бейсенбісінде тасимын, сол күні күн батқанша тасып, жылқы үлестіремін, жүгенін алып келген адамдарды алыс-жақын—деп бөлмеймін. Кезегі келген кездегі сілтеген құрыққа іліккен алады дейді» [14,82-6.]. Кезекке тұрып, жылқышы-құрықшылар кімнің кезегі келгенде соның атын атап құрық сілтейді екен. Сонда байдың өзі мінетін Кеделі көк деген атына, Ескене деген кедейдің кезегі түседі. Бай тасыған күннің ертеңінде көшейін деп атын сұраса, баласы атыңызды Ескене кедей әкетті мына жорғаны мініңіз деп жорға ұсыныпты. Әбден ашуланған Айтақ мырза ұлына теріс батасын беріпті. Байлардың өз еліне көмектесіп «тасып», «шүлен таратып» тұратын байларды қазақ мырза деп атақ берген. Маңғыстауда Қожыр байға 3000 жылқы біткен, ат-майына теңдесі жоқ мырза болады. Қожырдан ат-майын сұраған адамның сағы сынбаған, бірақ баласы Бақажан ат майына ете сараң болыпты. Бұл —3000 жылқының арқасында я бауырында дақ жоқ екенін, баласының ат майын бермейтінін мысқылдап отырғаны екен [15, 74-75-66.]. XІX г. аяғында Созақ өңірінде өмір кешкен Ерубай би жұпыны киім киіп өз түйесін өзі бағатын адам болыпты. Тумасынан жомарт, парасатты Ерубай ат майын сұрай келгендердің қолын қақпайды екен. Бірде-бір жігіт Ерубай далада түйе жайып жүргенде, кездесіп сәлем бергенде Ерубай: қайда барасың деп сұрайды. Ерубайдың ауылына барамын деп жауап береді жігіт. Ерубайды танушы ма едің «дегенге жоқ» деп жауап береді жігіт.

— Ерубайда шаруаң бар ма еді?

— Шаруам бар еді

— Қандай шаруаң бар еді?

— Аттың майын сұрайын деп едім.

— Бере ме екен?

— Беретін шығар. Елдің бәрі сараң емес, қолда барды аямайды деп мақтайды.

— Бермесе қайтесің?

— Бермесе әкесінің аузын... деп боқтайды.

— Ерубайдың ауылы анау, — деп жөн сілтеп жібереді.

Мал ауылға кешке келген кезде әлгі жігіт манағы адамның Ерубай екенін біледі. Ерубай жігіттен «жұмысың не?» — деп сұрайды.

— Манағы өзіңізге айтқаным ғой, — дейді.

— Бермесеңіз сол айтқаным, — деді жігіт.

Ерубай жігіттің қайсарлығын ұнатып, ертеңінде бір атты басымен беріп жіберіпті [14, 117-118-66.]. Ат майын байдың бәрі бере бермеген «у ішсең руыңмен» — дегендей, еліне жаны ашыған адамдар ғана істеген.

Сараң байдан сұрасаңыз ат майын,
Бермес үшін айта бере жоқ жайын.
Ер жігіттен сұрасаңыз ат майын,
Ерлік қылып түсіп берер бір тайын [16, 86-87-66.].

Жоғарыдағы фактілерден Қазақстанның әр аймағындағы қазақ байларының біріншіден қара басының қамын ғана ойламайтын жомарттығы көрінсе, екіншіден ат майы ғұрыпының жергілікті өзгешелігі жоқ, көшпенділер қоғамындағы жәрдем институты екенін байқаймыз. Сондай-ақ ат майы «байдың тасуы», «шүлен» салттарымен тікелей байланысты соның логикалық жалғасы болып табылады. Қазақи сот процесінде құныкер жанына жасауылды (сот орындаушысы А.Т.) алып, кінәлі жақтан құн іздегенде жасауылдың жүрген шығынын, кеткен уақытын, іc дұрыс шешілсе, кінәлі жақ төлейді. Жасауылдың бұл жүрісін ат майы немесе кет майы деп аталады. Талапкер билер сотының алдына келіп жүгініп отырады. Жүгіну дегеніміз тізерлеп отырып соттың шешімін күтеді. Өстіп алдымен бір адамға жүгінеді кейін екінші адамға, соңында үшіншіден дұрыс шешім ала-алмаған соң жасауылмен бірге кінәлі жақтың ру басшысына, ақсақалына аттанады. Талапкердің сұранысы дұрыс болса ақсақалдың шешімімен кінәлі жақ жасауылдың «Кет майы мен ат майын» төлеп береді әйтпесе жасауылдың бұл ақысын талапкердің өзі төлейді [20, 239-66.]. XІX ғасырдың аяғында сот заседательдері елді аралағанда жүріп-тұруы үшін күш-көлік халықтың мойнына түсетін. Оларды халық қой сойып қарсы алып ат майын беріп отыратын [13, 249-66]. Бұл ежелгі билер заманы кетіп, билердің патша әкімшілігіне бағынып, азғындай бастаған кезі еді. Aт тон айып — бір ат пен бір тоннан тұрады, айыптың жеңіл түріне тұрады. Ертеде, екі затта, атта, тон да бірдей төленген кейінірек тек тоны ғана берілген. Ат шапан айып — қонақты дұрыс қабылдамай, дұрыс қонақасы берілмеген жағдайда төленеді. Көбіне ат жай аталады да, шапан өндіріліп алынады. Ат шапан айыпты кінәлі жақ қандай жағдайда тарататынына нақты мысал келтірейік. Бірде Абақ батырды Бошайларға билік жүргізетін Саңқай төре шақырған. Барған Абаққа бірден: «Ат шапан айыбыңды әкелдің бе?» — деп дүрсе қоя беріпті. «Төре, алдымен айыбымды мойныма қой, ат-шапан айыбым дайын, ат астымда, шапан үстімде, беремін де кетемін» — депті Абақ.

- Жар астында жау бар, ел астында бөрі бар, ұры бар, қары бар, — деп соларды аңдуға қойған қарауылым бар. Соның бірі — сенің інің. Қанқожа төренің үйіне бір түнде кіріп-шығып, жолсыздық жасап жүргенін көріпті, бірақ ұстай алмай қалыпты. Қашаннан бері қазақ баласы төренің үйін торитын болған? Бұл айып па, айып емес пе?

— Айып, — депті Абақ.

— Ендеше ат-шапан айыбыңды әкел! — дейді Сақай төре.

Абақ дереу сыртқа шығып, атының ерін алып түрулі есіктің қарсысындағы қазыққа апарып байлайды. Үстіндегі шапанын шешіп керегенің басына іледі. Содан кейін Сақайдан:

— Ат — анау, шапан — мынау, айыбымнан құтылдым ба? — деп сұрайды.

— Құтылдың, — дейді Сақай.

— Олай болса, енді сен де ат-шапан айыбыңды төле! — дейді.

— Мен неге төлеймін? — дейді төре.

— Мен неге төлесем, сен де соған төлейсің! Менің інімнің өкшесі қисық болса, сенің қызыңның бөксесі қисық Ол бөксені бұрып салып, Қанқожаны сайтанша азғырып, жолдан тайдырмаса, Қанқожа төренің үйіне бармас еді. Адал інімді арам жолға салған қызың айыпты. Сол үшін сен де айып тартуың керек, — дейді Абақ. Соны естіген Санқай уәжден ұтылып, сөзге тоқтап қалады. Сонан соң Абаққа қарап былай депті:

— Ей Абақ батыр, сенің бетті батыр екеніңе, сөзге ұста, шешен екеніңе енді көзім жетті. Сенің ат-шапаның өзіңе, менің ат-шапаным өзіме [14, 35 — 36-66.].

Қазақта аң байлаудың өзіндік тәртібі жосындары бар. Аңшы түлкі соғып, аң атып алғанда қасындағы, әйтпесе кез келген жасы үлкен адамға сол анды байлауға немесе тиісті мүшесін беруге міндетті. Түлкі жасы үлкен адамның қанжығасына байланады. Қоңыр аң болса (арқар, киік т.б.) аңшы өзі кеудесін алады да, байланатын адамдарға байланысты бөлінеді, үлкендер сан етін, жасы кішілер басқа мүшелерін өз жолы бойынша бөліп алады. Аңшы үлкен адамға аңын байламай қойған жағдайда, үлкен адам биге шағымдануға құқы бар, ат-шапан өндіріліп беріледі. Алтай-Қарпық Баянбай батыр Балқаш маңынан Шуға көшіп, өзі көш жөнекей біp шаруамен шауып кетеді де, шешесі түйе жетектеп бара жатады. Алдарынан түлкі қуып екі жігіт өтеді, көп ұзамай түлкіні соғып, кері қайтарында түйе жетектеген бәйбішеге бетпе-бет кездеседі. Бәйбіше сонда:

— Ай, шырақтарым-ай, Құдай айдап кез болды ғой, мына түлкіні маған байлаңдар — дейді. Жігіттер:

— Жоға, түйе жетектеген сен сияқты алжыған кемпірге түлкі байлап ерігіп жүрген жоқпыз — деп түлкіні байламай кетеді. Кешке жақын бір жерге келіп қонады, кешкісін Баянбай келеді. Шешесі көргенін айтып, осы ауылдың малшылары ғой деймін, көп ұзаған жоқ дейді. Баянбай таңертен ештеңе айтпай жүріп кетеді де біраз жүрген соң бір ауылға тап болады. 7 — 8 үй ортасында тұрған боз үйде кеп ат байланыпты, соған түседі. Жөн сұралады, жігіт өзінің Баянбай екенін айтпайды. Ол кезде аласапран заман, Баянбайдың, атағын ел біледі. Ақ боз үй Төле бидікі екен. Төле:

— Шырағым не шаруамен жүрсің? — дейді.

Баянбай:

— Сізге бір сұрағым бар.

— Айта ғой — дейді Төле.

— Ердің құны қанша?

— Жүз жылқы ғой, шырағым.

— Epді тапқан ананың құны қанша?

— Жүз жылқы.

— Осы шаруам, — деп атына мінеді де кетіп бара жатады.

— Анау тегін келген жоқ, шақырыңдаршы, — дейді Төле би. Шақырады. Баянбай қайтіп келеді.

— Шырағым, ана сұрағың не сұрақ, мен ұқпай қалдым — дейді Төле.

— Ұқпасаңыз кеше менің анам, түйе жетектеп бара жатса осы ауылдың бір-екі жігіті түлкі соғып алыпты. Сол түлкіні шешем құдай бізді жол-жөнекей кез қылды ғой, байла десе, сен сияқты алжыған, жаман кемпірге тұлға байламаймыз деп шешемді ренжітіпті. Төле екі жігітті қолма-қол шақыртып алып, солардан Баянбайға ат-шапан айып төлепті [VІ].

Азусыз ат, жеңсіз тон — шын мәнінде бұл бір қойға тән.

Қанды-қара, шолақ-ат өлтірген қылмыскердің атының құйрығын кесіп тастайды. Егер қылмыскердің ауылы, әлі құн төлейміз деп айыптарын мойнына алса, қылмыскердің аты билердің айтуымен құйрығы кесіліп өлген адамның ауылына жіберіледі. Атқа қоса кісіні өлтірген қару, қылмыс қандай қарумен жасалса сол беріледі. б) қара нан, в) қара тон, г) сары жаулық, сары жаулықты жазым болған адамның әйелі марқұмның жылы өткенге дейін салып оранып жүреді. Тоғыз — тоғыз бас малдан тұратын айып. Түйе бастатқан тоғыз: үш түйе, үш ат, үш сиыр; Ат бастатқан тоғыз: үш ат, үш іpі қара, үш қой; өгіз бастатқан тоғыз: үш іpі қара, алды қой немесе бір бұқа, семіз қой. Осы тоғыздардың барлығының ішіндe, бір үштік міндетті түрде ұрғашы болады. Ат кекілін кесіпті, ат құйрығын кесіпті — деген фразалар екі адамның, екі елдің арасындағы араздықты ымыраға келмейтін өшпeнділікті білдіpeді. Информаторлардың айтуынша «Сен өлгенде мен саған топырақ салмаймын, мен өлгенде сен маған топырақ салмайсың» — деп араздасып, атының кекілін кесіп тастайды[1]. «Өле-өлгенше мен сенің табалдырғыңды аттамаймын, сен менің табалдырығымды баспайсың» [ІІ], яғни бұл өмірде араласпаймыз дегенді білдіреді. Бұл күнделікті айтылатын сөздер нақты мағынасы бар «...Құн алынып, дау аяқталғанша бітім жоқ деген мағынаны білдіреді. Қазақта «ат кекілін кесіпті» деген сез содан қалса керек». Ел мен ел араздасып айырылысар шақты Шалкиіз жырау Тіленішұлы былай деп суреттейді:

Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырсын беремін [21, 72-6.].

Демек, «ат құйрығын кесіпті»—деген баламада мұндай жосын ертеде жоңғар қалмақтарында да болған. 1732 жылы Галдан-Церен өзінің барлық күшімен Чжасахту-хан Цереннің жеріне шабуыл жасап, барлық мал-мүлкін, екі ұлын, әйелдерімен қолға түсіреді. Пекинге бара жатқанда бірнеше күн болған жолда, Чжасахтун бұл хабарды естігенде ашу үстінде өзінің бұрымы мен астындағы атының құйрығын кесіп тастайды. Бұл өлгенше жаудан кек алудың анты [19.]. Сонымен бірге әділ билік, тура билік жөнінде айтылғанда «қара қылды қақ жарған», «қара қылды қырыққа бөлген»—деген сөз бар. Әрине бұл үкім әдейі кесіліп, екі жақта риза болып тұрған шақта орындалатын салт. Сот процессі аяталып екі жақ бітімге келгенде билер: «ат тізесін қостым» —деп ақырғы сөзін аяқтаған [5, 64-6.].

Томпыұлы Самалық би56 «Өлі жебемей, Тірі байымайды» деген мақалдың мәніне ой жүгіртсек, ұмытылуға жақын аруақтарды еске алып, рухын тірілтіп, олардың тірі кезіндегі іс-қимылдары мен зерделі сөздерін естіміш арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізу, түптеп келгенде жандары жанатта болғыр өлілерге емес, өзімізге, жас жеткіншектеріміз үшін қажет. Осындай іpі тұлғалардың бірі және бірегейі — Дәулеталы Томпыұлы Самалық би. Бұл кісі осыдан 91 жыл дүниеден өткен өз заманында ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген от тілді шешен, қара қылды қақ жарған әділ би болғандығын көнекөз қарттардан көп естуші едік. Алайда «ақымақ басқа адырайған көз береді» дегендей, ол кездері кәрілік келеді мұндай есті әңгімелер керек болады деп ойламадық та естіген әңгімелердің көбін зерделей алмай жоғалтып алдық. Дәулеталыда Қыдырбек, Қосшыбек деген кісілер өз заманында әрі бай, әpі батыр, әpі беделді адамдар болған көрінеді. Дүние тірлікте өз дәуірінде бұлардың кісілік келбеті аса жоғары болумен қатар ұрпағы дүреген адамдар екен. Жалғыз-ақ бұл екі кісінің кемшілігі жастарға тән өлең-жыр, қыз-жігіттің алтыбақан, ақ сүйек сияқты ойындарына өлердей қарсы болған. Сондықтан бұл кісілер ауылда отырғанда, бұл ауылдарда ондай мерекеге жол жоқ. Ол шайтанның іcі, адамды аздыратын алдамшы жол деп таниды. Мезгілі күздің соңғы айы. Бай ауылдың үстіне ойға құлан келе жатқан Әлімнің бір бай ауылы азғана күнге ерулейді. Бұл кезде 6іp шаруалармен Қыдырбек, Қосшыбек 3 — 4 күнге жолаушы кеткен. Байдың екі мырзасы Молда мен Жақсыбайдың сән түзеген бозбала жігіт болған кезі. Екі бозбала ерігіп, қона жатқан ауылға барып, ол ауылдың жастарымен танысады. Соңында бұл жастар кешке біздікіне келіп, отырмақ өткізіп ойын-сауық құрайық дегесін, түнімен сол ауылдың қыз-жігіттерімен ойын-сауыққа қатысып, таңертең ауылға келгесін екі мырза өзара сөйлесіп: «Heгізіндe оларды біз шақыруымыз керек еді олар кейінгі келе жатқан қонақ, бірақ олар бізді шақырды. Өлімнен ұят күшті неде болса тәуекел, бүгін кеште оларды шақыруымыз керек» деп шешіп, кешкісін Әлім ауылының қыз-жігіттерін шақырып түнімен ойын-сауық өткізеді Екі мырза: «А, құдай екі шалды бүгін келтіре көрме» деп тілек тілеумен аман-есен тарасады. Мезгіл түске таянғанда екі шал да келеді. Келген бойында ауылдың жел ауыздары: «Сендер кеткелі бұл ауыл жын-ойнаққа айналды. Мына көшіп келе жатқан Әлім аулының қыз-қырқындары шақырып түнімен ұйқы көрмедік. «Бассыз үйдің иті осырақ» дегендей болып отырмыз деседі.

— Қайда олар, шақырыңдар!

— Екеуі де жоқ, жаңа бар еді.

Екі мырза араға жансыз салып неде болса кеште қараңғыда адам көрмейтін кезде жазамызды тарталық деп қашып кеткен. Күн батуға таяғанда ауылға бір атты адам келіп түскенін көреді. Келген адам исі Адайға сөзі мен салмағы бар Самалақ деген кісі болады. Екі шал да Сәмекеңе сәлем беріп, амандық сұрасқаннан кейін: «Заман азды, жастар бұзылды, бір-екі күн ауыл арасына кыдырып кетіп едік, ауылда қалған екі мырза шаруамен іcі болмапты, түгімен жын-ойнақ ұйымдастырып ауылдың берекесін кетіріпті. Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым дегендей бұларға қандай шара қолдануға болады?» Ұл есірдің, ер жетіп жөніне кетті, қыз өсірдік, бойжетіп еріне кетті, екі ортада қалған шал-кемпір көріне кетті дегендей, болып отырмыз. Мына көшіп келе жатқан жалғыз ауыл Әлімнің жастары да жігітке саяқ дегендей желөкпе болар ма. Бұлар ата-ананы осы бастан сыйламаса не болады? Сіз жақсы келдіңіз. Мына біздің желөкпелерге тиісті билік айтыңыз.

— Әй Қыдырбек, ой Қосшыбек, сендер не деп малталарыңды езіп отырсыңдар. Билік айтатындай мен дауға келіп отырмын ба? Қайрат көрсететіндей жауға келіп отырмын ба? Сендер құдайдың берген баласының қызығын көтере алмай ысылдап отырсыңдар. Боқты ошағы жоқ үйге бак орнамайды. Бала басыңыздағы бағың емес пе. Ендеше оның қызығына тоқтам саламын дегендерін қандай кісілік. Қорадан шықпаған қолбасы бола алмайды. Жас жігітті матап ұстаймын дегендерін қандай қисынға сияды. Есті жігіт өссе де көкірек қақпайды, есуас өссе көкірек таптайды. Санасында сәулесі болса қанаты қатайғасын өз жөндерін өздері біледі емес пе? Санасыз болса сендердің ысылдарыңның өмірі болмайды. Менің балам Қосжан баланың өзі емес, боғына зар. Бесіксіз үйде береке болмайды емес пе. Қосжан балаға зар, сендер баланың қызығын көтере алмайсыңдар.

Құдай қайсыңның айтқаныңды жасайды. Жалғыз десең құдайға тілің тиеді жарлы десең пайғамбарға тілің тиеді. Балалардың — жастардың ойын-сауық құрғанында қандай оғаштық бар. Жастың жастығы, қарттың қарттығы болмаса дүниенің жарастығы бола ма? Неменеге езеуреп отырсыңдар. Ел бүлінген, Ертіс бұзылған жоқ емес пе? Қойыңдар мұндай тоғышарлықты.

Екі шал қамшыларын тастай салды, бұл көнгендігінің белгісі еді. Қасында 15 — 20 жолдасы бар, Сәмекең жолаушы келе жатқанда сонадайдан бала арқалаған бір әйел адам көрінеді. Мезгіл қырық күн шілде. Жүрісі оғаштау және жуық маңда ел жоқ. Сонда Сәмекең: «Әне бір жаяу әйел адам сияқты, арқалағаны бар. Сол тегін емес, барып біліңдерші, тіпті кідіртіңдер, жайын білейік, деп жолдасын жіберсе, ол күйеуі мен енесіне ренжіп төркініне қашып бара жатқан жас келіншек болады. Жағдайды білгесін Сәмекең: «Шырағым, ашуыңды бас, үйіңе қайт. Сары шілдеде шелден өлерсің, мына баланы өлтіресің, қара жер тәніңді алады, құдірет жасыңды алады. Бұл дүниеде түгел жүрген түндік бүтін адам жоқ. Әр пендеде бір қасірет. Қайт кейін, ашу ақылдың дұшпаны ғой, ақылға кел. Мен атаңа хат жазып мөрімді басып қағаз беремін, соны атана тапсырсаң ендігі уақытта үйіңде мұндай бассыздық болмас».

Сонда келіншек: — Ата ісім боласыз? дейді.

— Мен Даулыбаев Самалық деген кісімін дегенде, келіншек:

— Құдай мені сізге жолықтырды ғой, енді арманым болмас деп, Самекеңнің мөр басылған хатын апарып атасына табыстағанда:

Қойдан қозы туады шен жейтұғын,
Иттен күшік туады боқ жейтұғын.
Бала мен жас адамды үйден құтан,
Тентекті болмағаны қой дейтұғын.

Самалық Томпыұлы мөрімді бастам» деген жазуды керген отағасы: «Қарағым-ай, мені тірідей көмдің ғой. Ол абыройсыз қылықты қойдыру қолдан келетін еді ғой. Енді ол кісінің алдында немен ақталамын. Ол «тірі тұлға ғой» деп өкініп, араға бір айға жеткізбей атасы Самекеңді іздеп келіп «баланың бір бассыздығы болған екен, енді мен тірі тұрғанда қайталанбас. Сізді жол бойы қолайсыз жағдайға қалдырғаным үшін ат-шапан айыбымды қабылдауыңызды өтінемін» дегенде, Самекең: — «Рахмет, шырағым, саған Алланың нұры жаусын қаз тойғанына емес, орғанына семіреді деген, мен сенің сүйекті сөзіңе ризамын. Ат-шапанның керегі жоқ. Санасыз мақұлық болғанмен, құста баласын қорғайды. Сол балаларыңды қорғасаң, маған одан артық сыйдың керегі жоқ. Мен деген шектеулі тіршілікте дүние қуған адам емеспін. Рахмет. Бала-келініңе сәлем айт» — депті-мыс. Сәмекең 1831 жылы туып, 1914 жылы 83 жасында бақилық болған кісі ғой. Бірде адайдың жеті қайқысының бірі Медет Жылкелді (1855 —1938) Мәстектен шығып Сәмекең жатқан «Ыбырай» қорымына әдейі барып (қасында көптеген жолдасы бар.):

Мен тұрмын зиратыңа басымды иіп,
Кете алмай қабіріңнен көзім қиып.
Адайдың ақиығы қайран тарлан,
Үш құлаш жатырмысың жерге сыйып,

деген екен. Иә, Самекең айтушылардың сөзіне бақсақ жүз жылда өмірге бір келетін тұлға болыпты. Алайда, өлмейтін тәңір өзекті адам жоқ. Тал бесікке тербелгеннің бәрі де ертелі кеш жер бесікті жастанары анық.

М. Төрехан
Жәнібек би57

Жарылғап батыр малды алыстан алдырады екен. Мал алғанда асыл нәсілінен алады екен. Бірде Жақанның өзі бас болып қалың түркіменнен мал алып келе жатады. Жолда қалың Үйсін елі жатыр. Батыр қолы үлкен аға ауылына тоқтамай басып өтеді. Содан арттарынан қуғыншы шығады. Олар үш күн, үш түн тоқтамай қуады. Сонда батыр қолды өткізіп жіберіп, қуғыншыларды жалғыз өзі тосып алады. Қуғыншылар айтқандағыдай, үйсіндер екен. Жақан оларға малды түркімендерден алғанын айтады. Алайда қуғыншылар малды тастап кет деп отырып алады. Болмаған соң, малдың жартысын қалдыруды сұрайды. Жақан «менен мал алатындай қазақ туған жоқ» деп кергиді. Қуғыншылар тиісейін десе батырдың мысы басып жібермейді. Бір шығып қалғаннан кейінгі қуғыншылар не істерлерін білмейді. Құр қол қайту ол кезде сүйекке таңба. Ақыры қуғыншылардың бір батыры Жақанды жекпе-жекке шақырады. Жақан оны ырғай сапты найзасымен қолма-қол аттан түсіріп кетеді. Найза қата тиіп, қуғыншы батырдың сүбесін айырады. Жақан оның мал болмайтындығын біледі. Кетерінде олардың жөнсіз жол бөгегендігін, батыр мерт болса оған құн төлеуге дайын екендігін, өзі өлсе ұрпақтары төлейтіндігін айтады. Өзінің елі мен ныспысын айтқанда Жақаңды таныған қуғыншылар ah ұрып қала береді. Арада жылдар өтеді. Өзімен жекпе-жекке шыққан батырдың мәрт болғандығын Жақаң да естиді Алайда ол жақтан құн сұраушылар төбе көрсете қоймайды.

Жақан дүниеден өтерде балаларына:

— Қапы да үлкен аға балаларының бірін мерт қылып алдым. Құнын төлеуге сөз берген едім. Келмеді дес бермейді десе керек. Көз жұмсам-ақ олар ертең қара көрсетеді. Сонда сөзге көлденең беріңдер. Сұрағанын алсын. өзі де келісті батыр еді — дейді.

Жақаң айтса айтқандай батыр қайтыс болысымен құн даулаушылар сау ете түседі. Сұрағанда да құнға — құн деп (жата—жан деген қағида болса керек - көптомдықты құрастырушылардан) батырдың балаларының бірін сұрайды. Енді Түйте атаның балалары дал болады. Берейін десе, берместі сұрап отыр. Бермейін десе Жақанның айтып кеткен сөзі бар. Жақанның інілері Тілеуберген мен Қабыл малдың құты деп Сәдібектің бармайтынын айтады. Бұған бәрі де келіседі. Сонда батырлыққа басын Баубек:

— Мен барайын, — дейді.

— Алдымда орақ ауызды ағам бар, артымда қисық қылыш інім бар, мен барайын, — дейді Қырбас.

Сонда Жәнібек:

— Шешені жоқ ел болса да батыры жоқ ел болмайды. Ер ел шетіне шыққанда шешеніне, ел ішінде батырына қарайды. Ел шетіне жау келгендей болса Баубек бар, ел шетіне шыға қалғандай болса Қырбас ешкімнен сөз сұрай қоймас, шоқай етігімді тастап мен барайын,—дейді. Түйте атаның балалары Жәнібектің осы сөзіне тоқтайды.

Сол-ақ екен құн сұраушылар қосарда келген малын шалып, терісінен үрме жасап, Жәнібекті соған салып құн кезіне шығарып қояды. Құн сұраушылар солай үш күн, үш түн тұрады. Көнектігіне тартқан тері шыдатсын ба, Жәнібектің дауысы құраққа шығады. Баубек мортыққа басып аға балаларының бірде біреуін тірі жібермеймін дейді. Оны ел жіберсін бе?! Қылар қайрандары болмай Түйте балалары жерге қарайды. Ақыры қуғыншылар төртінші күні ғана елдеріне бет түзейді. Жолда келе жатып Жәнібек қуғыншылардың екі топ болып қайтып бара жатқандығын аңдайды. Өзінше екі атаның балалары болар деп топшылайды. Бір-біріне үйреніскен соң тілге келеді. Бір реті келгенде Жәнібек мені елдеріңе кім деп апара жатырсыңдар дейді. Жарылғап батырдың баласы деп апара жатырмыз дейді олар. Жарылғапта мендей бала жоқ дейді Жәнібек. Енді қуғыншылар жағы Жарылғап батырдың босағасында жүрген балалардың бірін әкеле жатқанымыз жоқ па деп күпті болады. Сонда Жәнібек шынын айтады. Сонан кейін барып қуғыншылар Жәнібектің басына бөрік кигізіп, белін буып, астына ат мінгізеді. Бірақ оны өздерінің қосағына алады. Жолда келе жатып Жәнібек қуғыншылар сөзіне құлақ салады. Олардың сөз саптастарына қарап қуғыншылардың екі атаның емес бір атаның, алайда екі шешенің балалары екенін біледі. Олардың екі топ болып келе жатқандығы да сол екен. Суыртпақтап отырып сыр тартып, мәрт болған батырдың бәйбіше атаның баласы екенін, оның ішінде біреудің жалғызы екенін, содан құсалы бәйбішенің қатты кетіп отырғанын, өзін сол бәйбішеге апара жатқандығын біледі. Жол үстінде Жәнібек аруақтарға сыйынып, базарсыз қалған сол бәйбішеге бір шикі өкпе тілеумен болады. Араға неше күн салып Жарылғаптың баласын олжалаған топ ат басын еліне тірейді. Олжаларын бәйбішенің алдына келтіреді. Қаһарлы бәйбіше көзін жерден алып Жәнібекке салады. Өз баласының ұқсастығын табады. Сол кезде бәйбішенің шемен болып қатып қалған төсі иіп қоя береді. Бәйбіше енді бастапқы райынан қайтып, Жәнібекті жуындырып, шайындырып, аққа малып, өзіне бала қылып алады. Жәнібек солай жүре береді. Аруақты атаның баласы емес пе, оның тілеуі қабыл болып, бәйбішенің бойына бала бітеді. Айы-күні жеткенде атұстар туып, оның есімін батырдың өтеуі деп Жәнібек өтеу қояды. Арада жылдар өтеді. Өтеу ат жалына қонады. Бір күні бейқам жатқан ауылды түн ішінде жау шабады. Шапқанда жай шаппай Өтеу қолды болады. Сол күні ауылда болмаған Жәнібек келген соң мән-жайға қанығады. Мал алған өзінің ағайындары екендігін жазбай таниды. Қуғыншы болып жалғыз өзі шығады. Айтқандай-ақ ауылды шабушылар өз бауырлары болып шығады. Бұлар ат басын кері бұрады. Жәнібек қолды болған Өтеуді де, мал-жанды да түп-түгел аман-есен бәйбішеге қайтарады. Сөйтіп Жәнібек ез басына азаттық алған екен.

* * * Жәнібек жас кезінде сәлем беру үшін Қаржастың Айту-Байту атанған биін іздеп барады. Жөн сұрасқан соң би:

— Жарылғаптың қай баласысың? — дейді.

— Сыртымын,—дейді Жәнібек.

— Оның қайсысың? —депті би.

— Қамшы ұстармын,—деді Жәнібек.

— Онда мынаны айтшы, — дейді би, —Қамшының неше түрін білесің?

— Тізгіні, көлденең, қалысы болады,—деді Жәнібек.

— Өзің осының қайсысын қол көресің?—дейді би.

— Соңғысын,—дейді Жәнібек.

Әкең Жарылғапқа жетпей жататыны осы соңғысы еді. Атыңды әкең Жәнібек деп тауып қойған екен. Мен білетін Жәнібектер әділдікке жеткен. Дау-дамайыц алысыңнан болсын, салар қамшың қалысынан болсын, тоқ сөйлесең қас боласың, соқ сөйлесең бас боласың, —деп сол жерде би батасын беріпті. Сапардан оралған соң Жәнібек Жақаңа сәлем беруге келеді. Әңгімеге қаныққан батыр:

— Саған да жетпей жатқаны осы соңғысы-ау, — депті.

Расында да Жәнібек албырттыққа салынып билікке сез тоспайды екен. Жақаң баласын осы жерден ұстапты. Жақаң екі әйел алған адам. Осы екі әйелінен бес бала тарайды. Бесеуі де бір түсті. Ең үлкені — Жәнібек. Жақаң балалары арасында есімі көпшілікке мәлім болғаны — осы Жәнібек пен Қырбас. Түйте балалары Жәнібекті өз есімімен атамай Өзата немесе Жәкең дейді. Жәкең ел ішіндегі дау-дамайға ерте араласқан адам. Отау жасымда төбе би болдым деп отырады екен. Жақаңның өзін де талай рет сүріндіріпті. Би болып қана қоймай, дуалы ауыз шешен де болған. Жәкеңнен қалған сөз ел ішінде жеткілікті. Кезінде Жәкең айтқан екен:

— Tәyіp деген шешеннің біразын көрдім. Асқар тау көріп барғандарым төбе болып, өзімнен төмен шықты,—депті.

* * *
Ел ішіндегі бір билікке Жақаң келіпті. Келсе, төрде Жәнібек отыр дейді.
Сонда Жақаң:

— Тезегім отырған жерге отырмаймын, — деп шығып кетіпті.

* * * Жәнібекті бауыр басып аяқтандырушы Жақаңның інісі Тілеуберген бірде келінін көруге келеді. Кетерінде Жәнібекке:

— Мына келінімнің құрсағы топқа түсетін балаға құжынап тұр екен.

Отқа түсетін бала керек болса төсегіңді өзгерт, — депті.

Осы сөз себеп болды ма, Жәнекең кейін текті жер деп төреден қыз алады. Одан жеті шикіөкпе көреді. Алайда олардың бәрі де Жәнекеңнің өзі берген теріс батасынан опат болады.

Ал бәйбіше балалары Жақаң айтқандай топқа түсіп, ел сөзін ұстады.
* * *

Жәнекең қартайып көш-қоңнан қалғанда ағайын тарықпасын деп жетерліктей етіп сойыс малын тастап кетеді екен. Атышулы шешен, би болғандықтан үйінен қонақ айырылмайды. Оның үстіне күтушісі Саққожа деген кісі малды ретті-ретсіз жұмсайды екен. Мал таусылып бара жатса әлгі кісі Жәнекең айтты деп Көрнейдің кез келгеннен мал алады екен. Содан, күтушісінің үстінен ел реніш айтыпты.

Сонда би:

— Құлан жортпас құба жон,

Қарсақ жортар күн болады.
Әз Жәнібек басымды,
Саққожа құл қорлар күн болады, —деген екен.
* * *

Жәнекең жүз жасаған адам. Жақаңның сүйегін Түркістанға апарушы баласы осы Жәнібек.

И.Р. Халитова, Б.М. Халитов
«Тауарих хамсадағы» қазақтың құқықтық
тыныс-тіршілігі58

Белгілі тарихшы, ғалым Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса (бес тарих)» кітабы 1910 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Мұнда қазақ халқының еткен тарихына байланысты көптеген деректермен катар сол кездегі заң орындарында қолданылған ереже, қағидаларға байланысты кептеген деректер келтірген. Кітаптағы қазақ заңдары, шариғат жолы жайлы әңгіме қозғаудан бұрын, Құрбанғали Халид кім еді деген сұраққа жауап беруді осы ғалымның тікелей ұрпағы ретінде қолда бар мәліметтерге сүйеніп, тағы бір рет айтып өтпекшіміз. Өйткені ол кісінің тегі, ата-бабалары туралы партия «ұлты татар еді» дегеннен ары бара алмады. Бұл олардың кемшілігі емес, тоталитарлық заман ықпалы деген ойдамыз. Сонымен, Құрбанғали Халидтің тегі кім, ұлты қайсы? Әрине қазіргі ұлтаралық достық заманында, және халқымыздың «ғалымның хаты ортақ» деген нақыл сөзін ескерсек, бұның онша маңызы да жоқ шығар дегенмен ғылым әр нәрседе нақтылық пен дәлелділікті талап етеді ғой. Біздің қолымызда Құрбанғали Халидтің 1912 жылғы қолжазбасынан көшірілген (осы жолдар авторларының біріне әке, екіншісіне - ата болып келетін) Рамазан Құрбанғалиұлының дәптері сақтаулы. Мұнда Қ.Халид: «Түркімен бабаның келіп шығуын сәби уақытымнан бері хикаяттарда естіп келдім. Балағатымда сұрап анықтаған соң білгенім қадар жиып, жазып үтір қойдым»,—дейді де, ары қарай: «Түркімен бабамыздың әсілі Хиуа ханзадаларынан болып, 1110 һижрада хандардың ықтияры қалмай, үкімет қазақ қоңырат тайпасының билері қолына өткен соң, бұлардың зұлымдық, қатылынан (өлтіруінен — Я.Х) қорқып, ханзадалар әрқайсы әр тарапқа кеткен»,—деп жазады. Түркімен бір інісімен Бұхараға барып мал алып, саудагер кейінде Қазан атырабындағы Сырда деген ауылға орналасады. Ол кісі боз ат мініп келген екен, содан ез атын жасырып, «Бозат», «Түркімен» атанып кетіпті. Шын атын біз де біле алмадық. Ал Хиуа хандығында кімдер, басқаша айтқанда, қай ұлт өкілдері билік құрған? Әрине, татарлар емес. Түркімен, қазақ, өзбек, қарақалпақ секілді сол өңірде тұрған халықтардан шыққан адамдар ғана билік құрғанын ескерсек, Қ.Халидұлының тегі не түркімен, не болмаса өзбек, әлде қазақтың қоңыраттан басқа бір руы болса керек деп ой жүргізуге болады. Бұл туралы зерттеулерімізді тағы жазармыз. Халид XІX г. қырқыншы жылдары Аягөзге көшіп келеді, содан бір-eкі жылдан соң Құрбанғали дүниеге келеді. Оның туған жылы туралы деректерде де ір түрлі. Бірақ біздің қолдағы қолжазбада туған жылы 1846 жыл делінген. Болашақ тарихшы, этнограф Аягөздегі Абдулхақ деген Мәдинада оқып келген білімдар адам ашқан медреседе оқыған. Құрбанғали араб, парсы, қытай, монгол, түрік, татар және басқа да шығыс халықтарының тілдерін білген. Ғалымның өзінің айтуына қарағанда, ол «Тауарих хамсаны» 20 жылдай жазған. Бұл еңбектегі қазақ халқына қатысты мәліметтерді отанымыздың рәміздерін жасаған авторлар өз жұмыстарында пайдаланған. Бұдан басқа, тарихи зерттеулерде, әдебиетте, ізденушілер еңбектің халықаралық дипломатияға, экономикалық қатынастарға қатысты тұстарын орынды пайдаланып келеді. Құрбанғали Халид атамыз барлығы 4 кітап жазған екен: әйгілі «Тауарих хамса», «Тарихи жәридә и жәдидә» (жаңа тарихи жазбалар) 1889 жылы Қазанда басылып шыққан, «Тікмә-тітмә» (энциклопедиялық сөздік) халықтар, жер атаулары, қалалар және өз әулеті жайлы кітап, ал төртінші кітап туралы деректерді кезіктіргенмен, кітаптың өзін әзірге көрмедік. «Тауарих хамса» туралы ол өзі: «...қазақ ахуалы мен хандары туралы жазуға кірістім. Бұл халықтың тарихы жалпы ауызда бар. Алайда жекелеген жазба тарихтары мен естеліктері болмағандықтан, әр кім әр түрлі пікір айтып, біреулер жаман ниет, арам оймен, енді біреулер тек мұқатуды мақсат еткен ... осындай себептермен, бар күш қайратымды жұмсап... осы кітапты жаздым»,— деді. Аталмыш кітаптың 1992 жылы Алматыда шыққан қазақ тіліндегі аудармасында оның аталуын «Тауарих-и хамса-йи шарки (Шығыстың бес елінің тарихы)» деп толық келтірген. Алғы сөзін жазған аудармашылар Б.Төтенаев пен А.Жолдасовтар кітаптың авторы Халид жайлы «Жалпы Қ.Халид кеп оқыған, ізденген, мына еңбегі оның білімді зиялы азамат болғандығына күмән тудырмайды» десе, кітап туралы: «Бұл еңбектің тағы бір құндылығы, Қазақстан және Орта Азия жерін мекендеген тайпалар мен рулардың көне, бағзы тарихына үңіледі», - деген. Бұны автордың кітапты жазу барысында «Тибиян нафиг», «Жаһаннаме», «Қағидайы езбекия», «Ғияс әл-лұғат», «Шажрай-түрік», «Тарихи табари», «Хайролла афанди тарихы», «Газауати чин», «Усулы тауарих» сияқты т.б. тарихи еңбектерге жасаған сілтемесінен байқауға болады. Шығарманың аудармашылары: «Қ. Халид казак халқының тұрмыс-тіршілігі, этнографиясын жан-жақты талдайды. Әсіресе қазақтың өзімен бірге жасап келе жатқан ауыз әдебиеті мен мәдениетіне ерекше көңіл аударады», — деп көрсеткен. Аталмыш еңбекті жазу барысында Қ. Халид қолданған ізденіс тәсілдерінің өз көңіл аударарлық жәйт, мысалы, ол белгілі бір оқиға туралы мәлімет келтіргенде соны көрген адамдардың аузынан естігенін, немесе хат арқылы мәлімет алып отырғанын, нақты заттың дәлелдер мен құжаттарды пайдаланғанын байқаймыз. Сонымен қатар еңбектен Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұниден бастап, хандар мен бектер, ел басқарған би-шешендер жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, Құнанбай қажы, Шоқан төре, Қарқаралыда мешіт салған атақты саудагер Бекметов (кітапта Бекматов деп қате жазылып кеткен — И.Х.) туралы айта келіп ғалым Қ. Халид: «...молла Уәлиолла Бекметов Шәуешекке келді... Мұндай далалық кісінің, осынша тарихи деректерді білуіне таңғалдық», — деген. Кітапта Жанақ ақынға, Қабанбай батырға, қырғыз бектеріне қатысты деректермен бірге әр түрлі тарихи оқиғалар туралы мәліметтер бар. Әсіресе «қазақ» атауының шығу тегіне қатысты айтқан бес түрлі уәжі шындыққа жақын, сондықтан да құнды. Кейінге кездерде осы еңбектегі экономикалық қатынастар, мемлекетаралық саяси қатынастар, дипломатия туралы идеялар, әдебиеттану бағытындағы пікірлер жайлы жекелеген мақалалар жарық көруде. Біздің қолымызда кезінде қытай үкіметі атамыз Қ. Халидті заң қызметкері деп танып, Шәуешек қаласының қазилығына тағайындағанда берген грамотасы сақтаулы. Бұл құжат ғалымның ұзақ жылдарғы заң, низам туралы зерттеулері өз жұмыс тәжірибесімен байытылғанына куәгерлік етеді. Оның ел арасындағы құқықтық ахуалдарды талдауы сол себепті де дәлелді болғандығын байқаймыз. Ол өзінің қазилық жұмысында шариғат қағидаларын, сонымен қатар сол кездегі қытай үкіметінің заңдарын іс жүзінде пайдаланғандықтан, аталмыш кітаптағы жазылған заң не болмаса басқадай дау-дамай т.б. жағдайлары шешуі және олар туралы келтірген мәліметтерін негізді деп тануға болады. Кітапта би, шешендер және олардың көсем, шешімдері жайлы да ақпарлар жеткілікті. Бірақ бұл мақаламызда атамыз Қ. Халидтің аталмыш еңбегіндегі заң, низамға қатысты тұстарына тоқталуды мақсат еткендіктен басқа мәселелерді кейінге қалдырдық. Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» еңбегінде заңнамалық идеялар мен қазақ халқының оны ұсынуына байланысты деректер, мәліметтер, нақты айғақтарды да кездестіруге болады. Еңбекте 17 —18 ғасырларда өмір сүріп билік құрған Нарбота бек туралы айта келіп, оның әділдігі мен адалдығын «ғалымдармен түрлі жұмыс істегенде, ерекше бір кіcілepгe жаза қолданғанда өте сақтықпен қарап, күдік тудыратын жайы жоқ па екен деп тексеріп барып шара қолданатын, орынсыз шектен аспайтын»,—деп бағалайды. Осындай адалдығын ескеріп, оны халық «улеми» деп атап кеткендігінен мәлімет береді. Сол кездегі қазақ даласындағы басты заң шариғаттан таймаған, халық сыйлаған әміршілерді «улеми» деп атаған дәстүр болғанына тоқталады. Әлім ханның жорықтарын айта келіп, мынадай жағдайды талдайды. Бір қаланы жаулап алған соң ұстазына Әлім хан: «Міндетінен бас тартқан адамға не істеу керек?» — деп сұрақ қойыпты, сонда ұстазы: «Жетпіс қамшы», — деген екен. Хан сол қамшымен ұстазын жазалапты. Сонда ұстазы менен не айып таптың дегенде, хан: керемет «әулиелік» етушілер әулиелігін жасыру керек, ал сен оны әшкере етіп, өз міндетіңді өтемедің депті. Осы Әлім ханды, көптеген жазықсыз адамды қатыгездікпен өлтіргендігіне байланысты, хандығына қарамастан, 1801 жылы халық оны балалармен және көмекшілерімен қоса өлім жазасына кескен. Кітапта автор Шығыс Түркістандағы кейбір заң күшіне ие ережелерге тоқталады. Мысалы, Қашғар уәлаятындағы әскери қызметке қатысты ережелерді Ферғанамен салыстырмалап келтіреді. Онда егер әскери адам отбасын құрса, онда ол қала ішінде болуы керек, себебі уағында шақырып алуға болады, ал егер бойдақ болса қала шетіне, не алыс қорғандарға жіберіледі делінген. Жаз, күз айларында екі рет киім беріліп, күндік азығы, айлық төленіп, тірлігі де қамтамасыз етілген. Хан сарайында әр түрлі міндет атқаратын лауазым иелері қызметкерлер болған. Осыларға орай деректерге тоқтала келіп, Қ. Халид халық пен ханды байланыстырып тұратын «шағауыл» деп аталған кеңсе қызметкері болғанын айтады. Шағауыл жұрттың арызын хан алдына жеткізіп, оқып, естіртіп, мөр басып, сиясын дайындап жүретін болған. Бұдан басқа «һүдайшы» деп аталатын қызметкер хан атқа мініп ел аралағанда, алдында жүріп сәлем берушілерді ханға ұшыратып, егер хан біреуге салық салса, айып тартқызса, не жарылқаса —соны жариялап, хан жарлығын орындап жүрген. Аталған еңбекте түркі халықтары арасында кең тараған датқа туралы: «әрбірі бір қалаға әкім болып...басқарған еліне, жеріне қатынасты дербес іс қарай алатын» заңды тұлға болған дей келе қази, муфти, қатип-сот, заңшы, хатшы міндетін өтейтін адамдардың қызмет ауқымы жайлы деректер береді. Мысалы, олар құжаттарды рәсімдеп, мөр басып, тіркеу секілді жұмыстарды атқарып, сол үшін қазынадан ақы алып тұрған. Ғалым Қ. Халид көптеген деректерде өзі көріп-білген, таныған адамдардан жинақтаған екен. Осындай таныстарының бір оқиғасынан сол кездегі қазақ арасындағы ұрлыққа қарсы қолданған шара туралы мәлімет берілген. Мәселен, бір адам көршісінің түйесін ұрлап, танып кетпек болып: «Айғағың болса — мойныма сал, болмаса — антыңды ал», — депті. Сонда талапкер немесе сұраушы елп жауапкердің ағасына жүгінбек болыпты. Әлгі ұры сұраушыдан бұрын түнделетіп барып ағасына сөз салыпты. Сонда ұрының би ағасы тұрып: «Өзің қара болмасаң қараңғыда келмес едің»,—деген екен. Ертеңінде әлгі даугер: «Ей, Тоқа, Байыс, Байсұйықтың баласымыз, Құдай сіздерді артық жаратты, біздepді аузыңызға қаратты: көптің барар жері бір қара көр. Аздың барар жері де ақыры сол, әділ болған адамға Алланың көңілі мол. Алдымызда алты қадам көр бар. Алты қарыс сөз бар»,—депті. Сұраушының дәлелді сөзіне тәнті болған би інісіне: «Түйесін беріп қайтара ғой»,—деп кінәсын мойындатыпты. Осы деректі келтіре отырып, автор Қ. Халид: «Тоғайрық би Абылайды көрген екен. Бұрынғы билердің мұндай қасиеттері өте көп»,— дей келе, қазақтың бұрынғы билері мұндай болғанмен, кейінгі кезде «бір даудан өлтірі айырып жесе, ой, пәленше, пәлекет, кәпір десе, соған мақтанады, соны өнер деп біледі»,—деп жазады. Өткен дәуірден билер мен кейінгі өз заманындағы билердің іс-әрекетін салыстыра келе ол: «Қазіргі заманымыздың билеріне сұм, қу, жепкетер, алаяқ есімдері мақтанышпен айтылатын болды... әуелгі әділетті жойды бұқараны қорғауды қойды», — дейді. Ғалымның «Тауарих хамса» еңбегінің истидрак (деректеме) тақырыбында қазақ халқының өзіне ғана емес, өзгелерге де әділ және адал болғанын айта келіп, кейінгі кездерде осы салтынан айырылып қалуының екі себебін көрсетеді. Бірі басшылары лайықсыз, надан болғандықтан олардан асып тәуекел етіп үкім шығара алмайды, оларды орғытып кетуге жүрексінеді. Мұндай болуының себебі шариғат жолын тұтпай, бұрынғы білгендерінен айырылып, білімнен кенже қалғандығы; екіншісі - шариғатты білмейтін, әскерден қашып жүрген ноғайлардың кесірі. Олар өз білгенінше мынау шариғат деп, өтірік молда болып, жұртқа дұрыс бұрысына қарамай айта береді, қараңғы халық солар не айтса соған сенеді Ғалым осылай дейді. 1858 жылы Орынбор мүфтиі патша үкіметінің бұйрығымен указной молда сайлатқан. Белгілеген молданың жұмысын бақылап тұру үшін округ ахуны, облыс ахуны және мухтасибтер (есепшілер) тағайындалған. Олар низам (ереже) бойынша туу туралы, өлген, неке, талақ сияқты істерді дәптерге тіркеп отырады, сондай жұмыс жүргізу үшін арнайы қағаздар мен үкімет тарапынан рұқсат алып келеді. Указной молданың қызметі жайлы мәліметтерден олардың ел ішін түзетуден гөрі көбірек бұза түскендігіне көз жеткіземіз. Бұл туралы Қ. Халид: онымен не дінді, не дүниені істей алмайсың, «бір адам өлсе указной молда болмаса, яки оның атынан біреу бармаса, жаназа оқылмай, кейбір жағдайларда мәйітті сасытып обалына қалмайық деп біреулер жаназа оқып қойса, ол адам қуғынға ұшырайтын болды», — деп жазады. Указной молда жаназа шығарған адамды таптырып алып айып салып, оны төлетіп әуреге салған. Мәйіт иесіне ерік бермей, молдаға зекет етесің, підияға мынаны бересің, құранға мынаны ұсынасың, жаназаға мұны төлейсің деп ойына келгенін істеген. Осындай деректерді айта келіп, ол «тіпті, қашан болса да бір өлім деп, хал үстінде жатқан адамдардың підияларын тікелей алуға айналды» дейді болған оқиғадан нақты мысал келтіреді. Қазақ арасында ертеден келе жатқан әмеңгерлік салты болғаны белгілі. Осыған орай Қ. Халид «жесір әйелдерді ескі заманнан мирас алу әдеті бар. Бұл қазақ ішіндегі үлкен бір маңызды мәселе болған еді дей келе, әлгі указной молдалардың осыған қарсы жасаған істерін сынайды. Мысалы, «ерлі әйел бір есептен өкпелеп, мен ерімді сүймеймін, бастан-ақ риза емес едім, арманым пәленше еді десе, лезде ез ерінен айырып, екінші біреуге жетектеп жиі беруші еді», сонымен қатар ерге шықпаған қызы мен атам берген жерге бармаймын десе болды басқа біреуге беріп жіберіп, олардан пара олжалайтынын жазған. Сөйтіп ел бірлігі, жұрт тыныштығына, ата салтына тигізген зиянын талдап көрсеткен. Указной молдалардың істеген келеңсіз жұмыстарын сынай келе автор «бұл указной молдалар ешқандай шариғатпен санаспай, ақыл парасатымен таразыламай, ешбір низамға салыстырмай тамағынан өткендеріне алданды, адалдықтан бүтіндей бас тартып, ардан жұрдай болып, ақшаның келер жолына көз тігумен күндері өтті» дейді. Олардың теріс істерінен дәлелдер келтіре отырып, «осылайша Қазақстанды ат шабатын алаңдай тоздырды», — деп ашынады. Указной молдалардың келеңсіз істерінен мезі болған халық олардың үстінен қарайтын ахундар мен мухтасибтерге шағым жасағанымен олар бұны ескермеген, сөздерін ілтипатқа алмаған. Себебі олардың «указной молдалармен жемтігі бар еді». Мұндай жағдайға төзімі таусылған жергілікті көзі ашық молдалар мен ақшалы беделді адамдар арыз жазып жүріп әйтеуір муфтидің қабылдауына жетіп, өлгендерге билік жүргізген указной молдалардың сорақылықтарына тыйым салғызған. Қ. Халид аз уақытта көп істі бүлдірген указной моладалардың қазақ халқына тигізген зардабын көрсетіп, «осының нәтижесінде алдыңғы өздері ұстаған қағидаларынан айырылып, мына бүгінгі шариғаттан да ештеңе білмей, екі ортада қалып қойды»,—деген пікір айтады. Осыдан барып ел арасында дінсіздік шықты дей келе, халықтың діннен безгендігін, указной молдалардың халықтың намысына тиетін арсыздықпен қорлаулар істегендеріне адам шыдап тұра алмайтын қылмыстар жасағандығын ашына айтады. Әйелі мен ерінің арасын, қарым-қатынасын реттеп тұратын заңнамалық күші бар шариғаттың бір ережесі —- талақ. Шариғат бойынша талақ тастау хабары айтылғаннан кейін, әйелге үш кезең ғиддада (сенімде) отыруы міндетті. Яғни әйелдің етеккірінің үш рет қайталануына дейін үйінде отырады. Құранның аятында көрсетілген мұндағы мақсат, ғидда мезгілінде кейбір отбасылар қайта табысып кетеді және осы кезеңде әйелдің аяғы ауыр екендігі анықталады. Құранның осындай тыйым салуына қарамай, указной молдалар ғиддада отырған әйелді өзгелерге жетектеп жіберу сияқты сорақылықтарды жасағандығын айта келіп, «кейіннен ру, ел болып, бұл — қазаққа әдейі жасалған қастандық деп дәлелденіп, указной молдалардың кетуіне себеп болды», — дейді автор. Тарихшы Қ. Халид осы «Тауарих хамса» кітабында салауат. ереже, би ұғымдарына қазақ халқының салт, дәстүрі, наным, сенімдері мен ұғым, түсініктері тұрғысынан талдау береді. Келтірілген мәлімет көлемді болғандықтан, кей тұстарына ғана тоқталдық. Мысалы, салауат деген бір сөзбен ескі дауды қозғамауға келісіледі Егер кім де кім оны қайта қоздырса, айыпты болып есептелген. Ел арасындағы күрделі мәселелерді шешу бұрындары «топ» деп аталатын жиындарда қаралғандығынан деректер келтіре отырып, Қ. Халид мұнда «малдардың да бағасы кесіледі, сонымен бірге төбелескен, өзара тіл тиген, сөккен адамдарға да үкім айтылады, жаза тағайындалады» дейді. Қазақтың ертеден келе жатқан салтының бірі — төбе би сайлау. Осыған тоқтала отырып, зерттеуші ғалым «төбе би - екі жақтың билерінің үстінен қарайтын бақылаушы...» екенін, ал бәрінің үстінен үкімет адамы ояз қарайтынын айтқан. Ғалым Қ. Халид өз еңбегінде көптеген сөздердің шығу тегін зерделеп отырады. Мысалы, ереже сөзін арабтың ржжа немесе қозғалыстың тынышталуы деген сөзінен болса керек деп пайымдайды. Бұны «жиналған қауымның осылай айтыс толқуларын тыныштандырып, соңында ынтымақ-бірлікке тиянақтау» дейді. Түркілердің мансап иелерін «би, бек» деп атағанын айтып, бұл сөздердің төркініне барлау жасайды. Өз заманының көп оқыған ғұлама-ғалымдарының бірі Қ. Халид еңбегінің қазіргі ұлттық ояну тұсында маңызы зор екендігін халқымыздың тарихы, этнографиясы, мәдениеті тіпті ұлттық рәміздерді жасау кезінде зерттеуші ғалымдар, тарихшы, философ т.б. пайдаланғандығынан байқаймыз. Кітапта әлі толық қолданылмай, маңызы ашылмай келе жатқан, бүгінгі күнге аса қажетті материалдар жеткілікті.

Ж. Шөженов
Көпбай қазы59

Көпбай қазы Қаракесек елінің, Кәрсоң руынан, 1820 жылдары қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданында туып (Бұрынғы Қарқаралы дуаны), өзінің өткір тілімен, шешендігімен, ақыл-ойымен, сауаттылығымен, ұшқыр ойлығымен жас кезінен ел аузына түсе бастаған. Ол өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешен адамы болған. «Ат сүрінгенше» ақыл тапқан қазақ», «сөлді сөз» бойын сергіткен қазақ сөздің асылдығын қасиеттей білген. Ұтымды сөзге ұтымды жауап беру оңай емес екендігін әрдайым есте ұстаған. Жалпы тіл жалпақ елге ортақ болғанмен, тіл дарыған адам ғана, ақпа-төкпе шешен ғана, көріпкел көсем ғана оны сәнімен, ойлы мәнімен, оңтайлы орнымен пайдалана алған. Сондықтан да кемеңгер Бұқар жыраудың да:

Көш бастау киын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау киын емес,
Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сез бастау киын,
Шешімін адам таппас дау бар, —

деп айтуында халық алдында сөз бастап, әділ билік айтудың үлкен жауапкершілігі бар екенін байқаймыз. Қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін арнайы зерттеген Шоқан Уәлиханов ол «Сот реформасы жайында хат» атты еңбегінде шешендік өнер өкілдері — билерге байланысты деп, былай дейді. «Қазақтарда құрметті би атағын алу үшін, халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, дүйім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттың істегі патентіне айналады да, бидің балалары да заңнан тәлім болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала береді... Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Шекспир мен Гетені әлем халықтары ақын санайды, бірақ олардың ұлылығы туралы пікір үкіметтің деректемелерімен немесе халықтың сайлауына сәйкес негізделмеген... Өйткенмен, әр заманда бүтін ел болып кемел ой, терең ақыл күтетін сын сағаттар болады. Сол мезгілде топ жарып, толғамды сөз айтып, тағылымды ой қосып, тосыннан жол тауып, тығырықтан шығынсыз шығаратын ділмар шешендерін күткен, оларға Отан тағдырын сеніп, орасан үміт артқан. Осындай тұтқиыл шешім қабылдау арқылы әрі елдің намысын қорғайтын тұста көсемдік жауапкершіліктен бейтарап қалмайтын, ауыздыға сөз бермейтін, қаусырма жақ, Қызыл тілге келгенде алдына жан салмайтын шешен - билер ортаға шыққан. Олардың тектілігі байлығы емес, халықтық әдет-ғұрыпты жете білу және шешендік қабілеті болуы қажет... (Ш. Уәлиханов, Таңдамалы. — Алматы, 1985. 126— 150-беттер). Осынау айтылғандардан шығатын қорытынды: қазақтың сөз өнеріне мойнына тұмар етіп таққан ұлтымыздың билері, ғасырлар бойы ұлттық қазынаны терең меңгеріп, аса үлкен мәртебеге ие болған. Сондықтан, сайын сахараның түпкі-түпкіріне аты жайылған, үш жүзге атағы мәлім болған Қонбайдың әрі философ, әрі ұстаз, әрі кеңесші, әрі билік иесі, әрі ділмар-шешен болып келуі тарихи заңдылық жүйенің белді-белді алты шарттары болатын. Міне, Көпбай сияқты би-шешендерді сөз еткенде, басты назарда ұстайтын мәселе — ұлттық сөз өнерінің жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылатындығы және ұлтымыздың барша болмысын айқара ашып, көп жұртты өзіне тәнті еткендігі болса керек. Халықта: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген қанатты сез бар. Мұның өзі биге жүгіну салтының тарихы тым әріде жатқанын көрсетеді. Майқы би дәстүрінің мұрагерлері — Әйтеке, Қаз дауысты Қазыбек және Төле билердің руластары, әрі өздері батыр, әрі би болған Жидебай, Шабанбай, Жалаңтөс, Арлабай, Таныбай, Жаңабай, Жарылғап, Сеңкібай, Алшынбай, Байсейіт, Жақсы Жаңқұты, Есберген, Атыбайлардың ізбасары болып табылатын Көпбай қазы да, топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жарған әділ би және басты мақсаты қазақтың теңдігі мен бірлігі болған. Көпбайдың ең үлкен мектебі өз ауылы, отбасы, әке-бабасының, ел үлкендері иіп, ақсақалдарының үлгісі болатын. «Ұяда не көрсең, ұяңда соны ілерсің»,— дегендей, Көпбайды әулие қылған алдымен сол ұядан алған тәлім-тәрбие болса керек. Көшпелі қазақ тұрмысы адамды ерте есейтеді, әрі әлеумет өміріне ерте араластырады. Бес Мейрам балалары қашанда бір-бірімен көршілес, қатар қоныстанған. Көпбай шыққан Қаракесек руы да, Орта жүздің Арғын тобының үлкен бұтағы Мейрамға жатады. «Абылай хан екі сөзінің бірінде айтып отырады екен: «Осы «Бес Мейрамның баласы» дегеннен пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлдүлі түгел туған ел. Батыры көп, жаудан қорықпайды, шетінен шешен туады да, даудан қорықпайды. Қара құрттай құжынаған Қаракесегі бар «Ә» десе «мә» деп едірейе туған Қуандығы бар. Жылым құртша жегенін білдірмей, жеп қоятын Сүйіндігі бар»—деген екен дейді. Және Абылай айтқан деседі: «Бес Мейрамның баласына қамшы бер де дауға қой», — деп (Көпейұлы М.Ж. Абылай хан дәуірі // Абылай хан. —Алматы, 1993.322-бет). Көпбайдың да алғашқы танысып-біліскені, араласқаны осы Мейрам елінің жақсылары — би-батырлары. Ол кезде ұлым ел танысын, жер танысын деп әке амалын тауып, баласын белгілі бір аты шыққан би-батырларға жіберіп, одан тәжірибе жинатып, билікке қатыстырып, әбден ысылтып, бата сұратады. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді», — деген қағиданы тұмар ғып ұстаған. Немесе бір жақсының соңына «жаныңызда атқосшы болсын», — деп ертіп жібереді. Көпбайдың ата-анасы да осы тәжірибені пайдаланған, сол кездегі тек Қарқаралы дуаны емес, бүкіл Қазақстанға аты жайылған, атақты Есберген болысқа атқосшы қылып, ел басқару өнерін жас кезінен үйретіп, кейіннен Қарқаралыға орысша оқуға жіберген. Билік ел алдында айтылады, халық мақұлдаса іске асады, би қанша жерден шешен болса да пәтуасыз сылдыр сөзге, не қоғам мүддесіне келмейтін шешімге ел құламайды және орындалмайды. Ел басшылары мәжіліс құратын, қызмет атқаратын ғимарат-сарайы жоқ жерден халықтан оқшаулануға болмайды. Аузы дуалы болса сен жассың, сен баласын деп үлкендер де өзінен кішінің аузынан қақпайды. «Қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсы сақа ғой, Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой», — деп сыртқа теппеген. «Би» деген мәртебелі атақты өмір бойы тұмардай сақтап, ешқандай да кір жұқпауын халық та қадағалап отырған. Ауыл ақсақалынан алынған білімінeн, әке-атадан көрген тәрбиемен шектеліп қалмай, Көпбай үлкен өмір мектебіне асықты. Топқа түсіп сыналмай, жауға түсіп шыңдалмай ел басы болу, шаршы топтың алдына түсіп, әділ үкім шығармай, билік жолын игеру мүмкін емес екенін жас кезінен түсінген. Бұрынғы қадым заманнан бері билер бір тайпа елдің ішкі-сыртқы саясатын ұстап, шаршы топқа шығып отырған. Қазақ қоғамының ерекшелігі демократиялық сипатта болуы. Қазақ хандығы әкімшілік территорияларға емес, ру-тайпаларға бөлініп өмір сүрді. Рудың негізгі ұйтқысы туыстық, ағайындық қатынастар болгғандықтан әр ру мүшесі бүкіл ру, әсіресе бай, ауқатты ру мүшелері кедей, жағдайы төмен ру мүшелеріне жәрдем етуге міндетті деп есептелді. Жәрдем берді де. Ұйым ретінде рудың өз басшысы болды, өзінің көшіп-қону бағыты немесе жайылымдары мен суаты болды. Әр рудың өз таңбасы мен жауынгерлік ұраны болды. Әр ру белгілі тайпаға жатып сол арқылы белгілі жүздерге кірді. Әр ру мүшесі рудың шежіресін және жеті атасын жақсы білді. Ру туыстық ұйым және қоғамның ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға міндетті. Тіпті өз мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді. Құн, қалыңмал мәселесінде де бір-біріне жәрдем етті. Барымта мен қаза жағдайында бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз қылығы үшін де ұятты болды. Осының бәрі қазақ руының бекем, консервативті ұйым болғанын көрсетеді. Президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ру шежіресін білу — сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік, қауымдастық, біртұтас ғажайып бітімі, ғасырлар бойы бүкіл қазақ, — бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы ұстанымы бойынша өсіп-өркендеп отырған... мұндай біртұтас тек қана рулық, жүйе арқылы жүзеге асқан»— деп ой түйіп деді (Назарбаев Н. Тарих тағылымы,— Алматы, 1999.34 —35-беттер). Қоғамдық өмірінің өзіндік қисынды тұжырымымен, шешімді уәжімен, басқару тәжірибесімен реттеп отыратын беделді ру басы немесе ел басы. Төлімен тентегін тезге салу да, теңдесіне тең сөз айту да шын шешен, сөзі өтімді беделі берік адамның ғана қолынан келмек. «Елдестірмек — елшіден, жауластырмақ — жаушыдан» дегенде, қажет кезінде билер тек қана ру аралық емес, жүз аралық, ел аралық мәселелерді шешуде мәмілегер, елшілік қызметін де атқарған. Аталар — басын имеген жерге, тізесін бүкпеуді мақсұт еткен қайраткер болған. Сондықтан да, олардың арасынан оқшауланып шыққан санаттағы шешен, асқан ділмар азамат қана би бола алады. Осы қазақтан шыққан билердің тарихын сол уақытта қазақ даласында болған орыс, шетел тарихшы-ғалымдары да зерттеген. Атап айтқанда, П.И. Рычков былай дейді «Би дегеніміз — кішігірім князь, бұл атақ, азиялық, халықтарда дворяндар қатарлас таңдаулы, текті адамдарға беріледі»,—деп жазады. Ал, Тимковский Қытай деректеріне сүйеніп: «Қазақтарда ру басшысын би (князь) деп атайды», — дей келіп, би атағы көбінесе мирасқорлық жолмен де беріліп отырған деген тұжырым жасайды. Осы жоғары айтылған пікірлерді П.П. Паллас пен И.Г. Геории қоштайды. Ал, 1888 жылы «Дала уалаяты» газетінде, Қарқаралы дуанының тумасы, Санкт-Петерборда жоғары білім алған, белгілі заңгер ғалым Д. Сұлтанғазин өзінің «Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы» деген мақаласында былай деп жазады: «Бұрынғы уақытта биді сайламай, білімді ақсақалдар болып, көбінесе тұқымына кетеді екен... Солар көп уақыт билік қылып әбден ысылып, халық арасында бір атақты би аталып, ешкім қарсы тұрмайтын болып, өз ойлағандарымен әділеттілікпен іc кеседі екен, һәм солардың бітірген жұмысын әуелі хандар да ешқашан бұзбайды екен, һәм солардың біліміне әбден сеніп, жұмысына кіріспей һәм қылған биліктерін бұзбайды екен... Бұл халық сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар, батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін. Сол мақал мынау: «Батыр деген бір барақ ит — екі долы қатынның бірі табатын, би деген ақсарағат — бүтін елде ілуде біреу ғана табатын». (Сұлтанғазин Д. // «Дала уалаяты» газеті. 1888. №55). Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың пікіріне сүйенсек: «Біздің де ойлағанымыз — бірлік. Eліміздің көсегесінің көгергені, дәулетті де сәулетті өмір сүргені. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би замандарындағы басты мақсат — бар қазақтың бірлігі болса, бүгінгі басты мақсатта дәл сол» (Н.Назарбаев. Қалың елім қазағым. — Алматы, 1997.307-бет). Келешегін ойлаған Көпбай қазы да ел тарихынан тағылым алды. Керей, Жәнібек сұлтандардың бастауымен Көкорданың құрамынан бөлініп шыққан Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, қазақ елі әр уақытта бірде озып, үдеген кездері болды, бірде тозып жүдеген кездері болды. Үдеудің сыры — бірлікте, жүдеудің сыры — алауыздықта екенін Көпбай бастаған халық көсемдері де түсінген. Ақжолтай Ағыбай батырдың замандасы, әрі сырласы, жақсы істерімен бар қазаққа аты шығып, жас Шоқан мен Абайға бата берген, Ағыбайды патша отаршыларының қудалауынан арашалап, ақтап алып қалуға көп еңбек сіңірген Жақсы Жанқұтты би көpeгeндігімeн: «Бақыт — дәулет келерде ырыс қонады, ынтымағы елдің дұрыс болады»,—деп, тек бірлік қана елге береке әкелерін өсиет қылған. Көпбай жас кезінде Есберген болыстың атқосшысы болып, Қарқаралы дуанына пошта тасып, жолында Жақсы Жанқұтты ауылына түседі. Жақсы Жанқұтты Көпебаймен бірінші кездескенде көп сөйлеген екен. Сонда Сарымның ақсақалдары: «Жанқұтты-ау, осы Кәрсоңның қайдағы бір поштабай баласымен көп сөйлескенің қалай?»,—дегенде, Жақсы Жәкем: «Е, біле-білсеңдер, бұл баланың бір ақылы жерде, екінші ақылы көкте тұр, бұл бала үлкен азамат болып, ел қамын ойлайтын көсем болады» — деп, Көпбайға ақ батасын беріпті. Сол кісінің дуалы аузынан шыққан сөзі дәл келіп, басында Кәрсоң еліне көп жыл бойы болыс болып, кейіннен елдің қалауымен Қарқаралы дуанына қазы (қазіргі болыстың соттың төрағасы) болып сайланады. Ұрпақтары да әке жолын қуып, ел басқарып, жан-жақты өнерлі адамдар болған. Атап айтсақ, баласы Сәдуақас көп жыл бойы болыс болған, немересі Мақаш — әрі болыс, әрі Кәрсоң елінен шыққан алты (Мақаш, Қыздарбек, Баубек, Әбді, Сембі Ақмолда) күйшінің бірі. Бір ұрпағы атақты күйін— Әбікен Хасенов. Көпбай қазы ұрпақтары кеңес үкіметі кезінде қуғын-сүргін көріп, көбісі шетел асып кеткен. Көпбайға байланысты аңыз-жырлар, архив документтері оның әрі шешен, әрі әділ би болғанын көрсетеді. Әсіресе орыс архивтерінің бәрінде Көпбайды қазы деп көрсетеді. Көпбай беліне бес қаруын іліп жау тоқтатар батыр болмаса да, қаһарлы өктем тіліменен және шыншылдығымен де батыр атанған адам. Оның ел басқару әдісі мен ұйымдастырушылық таланты жастайынан-ақ ерекше танылды. Ел арасындағы қадір-беделі де осы қасиеттеріне байланысты болатын. Қара халықты патша да, сұлтан да, қара ниетті билер де билеп-төстеп зәбір көрсетті. Көпбай оларға теңдік әперуге талап қылып, елдің басын біріктіргісі келді. Өйткені, патша әкімшілігі жергілікті бай-манаптарға сүйеніп, қазақ даласын игерудің сорақы түрлерін шығарып, байырғы әкімшілігі жүйені бөлшектеп рулардың арасына іріткі салып, бір-бірімен жауластырумен айналысып жатқан. Ресей патшасының «бөлшекте де билей бер» деген саясаты қазақ даласында кеңінен қолданылды. Көпбай ханнан да, сұлтандар мен патша қол шоқпарларынан да қорықпаған, қайта өзінің көзсіз батылдығымен, сөз тапқырлығымен зере-кетігімен ықтырып отырған. Көпбай қазының өмір сүрген уақыты Патша үкіметі Қазақстандағы отарлауды тереңдете түсу үшін бірнеше реформалар жасаған кезең еді. Атап айтқанда: 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Устав», 1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Устав», 1838 жылғы «Сібір қазақтарын басқару туралы ереже», 1844 жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы ережелері» Ресей үкіметінің, елді «бөліп ал да, биле» деген саясатынан, Қазақ даласы губернияға, округке және ұсақ болыстарға бағынышты болды. Осындай болыстар мен бұрын көсемдігімен, шешендігімен танылғанда ғана, халықтың өзі билік айтатын билерді, енді халық сайламай, Ресей патшасының ерекше құқықтық өкілдері бекітетін болды. Бұл — ғасырлар бойы қызмет етіп келген, қоғамның қалыптасуына зор роль атқарған билер институтын, тума таланттарды біржола жою болатын. Олай дейтініміз, енді болыстыққа, би болуға, қазылыққа өзінің табиғи қасиеттерімен би атанғандар емес, пара беру арқылы, халықтың емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағанымен жүретін дарынсыз, мансапқорлар сайланды. XІX ғасырдың басындағы шаруашылық — тығырықтан, рухани күйзелістен, елді алып шығудың басты жолы ислам діні деп түсінген Ағыбай, Алшынбай, Есберген, Құнанбай, Жанқұтты, Байсейіт, Мұса, Көпбайлар қазақ арасында ислам діні орыстардың шоқындыру саясатына қарсы күні екеніне сенді. XVІІІ — XІX ғасырдың басында қазақты мұсылман елі, тіл табысудың бір жолы ислам діні деп жоспарлаған Ресей үкіметі дінді қолдады. Сол кезден бастап орыс отарлау саясатын халық арасына тарату, уағыздау мақсатында, әрі барлаушы, әрі тыңшы ретінде Қазаннан орыс шенеуніктерінің арнайы дәріс беруімен дайындалған татар молдалары Қазақстанның басты, көп шоғырландырылған аудандарында, мемлекеттің қолдауымен, көп жеңілдіктермен (салық, жер т.б.) қоныстана бастады. Олар сол жердің жергілікті халықтарына Ресей патшалығының отарлау саясатын, барлық әдіс амалдарды қолданып уағыздай бастады. Осыны тез арада түсінген сол кездегі көзі ашық, білімді қазақ игі жақсылары олардан аулақтана бастайды. Ислам дінінің таза дін екенін және ешқандай саясатпен айналыспайтынын олар іспен айғақтап, елдің ішіндегі игі жақсылар Мекке Мединеге бару қанша қиыншылықтармен іске асса да қажылыққа баруды, басқа да игі істерді барынша уағыздады. Сол кездегі еліміздің көсемдері Жақсы Жанқұттының, Құнанбайдың тағы басқа қазақтан шыққан бір топ игі жақсылардың қажылыққа баруы — осының айғағы. Сол кезде Омбының генерал-губернаторында жауапты кызмет атқарған Шоқан Уәлиханов арнайы тапсырмамен Қарқаралы дуанында болып, отарлау саясатының орындалу барысын, қазақтардың, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жан-жақты зерттеп, дінге қатысты саясатты, әсіресе сол кезде қазақ даласында көбейіп кеткен татар молдаларын сынға алатын, 1864 жылдың 28 ақпанында Омбы қаласында Ресей патшасына арнап, «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегін жазған: «Сібір даласындағы Мұхаммедтің апостолы Сперанский (Ресей патшасының саясатын Қазақстанға жүргізіп, 1822 жылы Сібір заңдарының жинағын құрастырып, іске асырған саясаткер генерал (автор), болды, ол молдаларды тағайындап, округтік приказдарда мешіт салдырып, татар училищелерін ашуға ұйғарым жасады. Бізді қайран қалдыратыны сол Сперанский өзінің «мекемесі» жайында айтқанында, қазақтар есімімен ғана мұсылман, сондықтан оларды христиандыққа т.б. дінге айналдыру оңай дейді. Осы кезге дейін Ресей империясының қол астына енген халықты дінсіз деп қарау, немесе Ресейге бағынғандарды ресми түрде діни бөлектенушілер деп қабылдауы, мұсылмандарды да жақтыра қойған жоқ-ты, бірақ, қазақты христиандарға айналдыру саяси жағдайда сай келмейтін еді. Ол заман өтті, прюдеризм моды емес. Біздің Сібірде (Қазақстанда автор) үкімет мұсылмандықты бұрынғыдай қамқорлыққа алды. Бүкіл қырға татардың шала молдасы көбейіп, Орта Азиядан шыққан әулиелер қаптап кетті. Орыс үкіметі біздің өнегелі тәрбиемізді сеніп тапсырған татардың діни ағзамдары біздің пиғылымыз бен ниетіміздің азғындауына әсер етті, пара алды, екіжүзділікке үйретті, орта азиялықтармен қосылып, аңқау қазақты алдап соғуда. Аңқау елге арамза молда деген осы. Бізде молданың көпшілігі татарлар, олар шетінен алдамшы болады. Бұлар өз жазуын әрең игерген, барып тұрған білімсіз дүмшелер болса да, рақымсыз қараңғылыққа, тағы нанымға шырмалған тақуалар. Барлық жағынан алып қарағанда, қараңғылық тұңғиығына түскен жандар. Біздің қырда көбіне молдалық міндет атқарып отырған татарлардың рақымсыздық, білімсіздігін және қандай да болмасын ультраклерикалық бағыттың халықтың әлеуметтік дамуына тигізетін жат әсерін ескере отырып, молданың ықпалын әлсірету және діни фанатизмді қалыпқа келтіру үшін, әр халықтың талабын орындау мақсатымен неке және некеден ажырату ісін бұрынғыдай би сотының билігіне берген жөн...» (.Ш. Уәлиханов, Таңдамалы. —Алматы, 1985, 148-152-беттер.). Көпбай қазы да ислам дінінің тазалығына көп еңбек сіңірген, дінге салғырт адамдарды жазалап отырған, өзі ислам дінінің құқық-қағидаларын, шариғат заңдылықтарын жете меңгерген. Мәселен, ауылына түскен қонақты дәрежесіне, шен-шекпеніне қарамай, алдымен қымызға тойғызып: «Ал, енді ислам діні туралы әңгімелесейік, бата беріп, Құранның бір сүресін оқып жіберіңіз», — дейді екен. Егер келген қонақтың Құран туралы білімі терең болса, ол қонақты жақсы күтіп, ат мінгізіп, шапан жауып шығарып салады екен. Ал, ислам дініне салғырт қарап, Құранның бірде-бір сүресін білмейтін, сәждеге бас ұрмаған кісіні лауазымына қарамай дүрелeтіп отырған. Содан сескенген жұрт Көпбай қазы келе жатыр дегенде шидің, шөптің үстіне құлап, жерге басын иіп тұра береді екен. Сол кезден бастап қазақ қауымында мынандай сөз қалған: «Көпбайдан қорқамыз деп, көзіміз шығатын болды-ау». Көпбай қазы тек ислам дінінің, тазалығы емес, сол кездегі отарлау саясатына қарамай, ағартушылық қызметтер де атқарған, балаларын, немерелерін орысша оқытып, соңына ерген ел-жұртын өнерге, Есберген ұстазының жолын қуып, елді егіншілікке баулыған. Көпбай ел басқарған жылы Кәрсоң елінде білім, өнер тез дамып, өз қаражатына ел арасына балалар оқитын медресе-мектептер салғызған. Соның бір дәлелі — немересі Мақашты өзінің замандасы, сол кездегі қазақ қауымының көсемдерінің бірі Тәттімбет Қазанғаповқа күй өнерінің қыр-сырын оқып үйренуге, Тәттімбеттің ақ батасын алу үшін арнайы жіберуі. Сол уақытта, Көпбай Кәрсоң елінен шыққан алты бірдей күтушілерге (Мақаш, Қыздарбек, Баубек, Әбді, Сембрі Ақмолда) қамқор болып, өзі қаражат бөліп, оларға үй-тұрмыстың жағдайдың бәрін жасаған. Белгілі шертпе күйдің шебері Көпбай қазының ұрпағы Әбікен Хасенов Кеңес империясының саясаты бойынша «шертпе күй би-болыстардың сарқыншағы» деген қысымшылық уақыттың өзінде Тәттімбет пен бірнеше Арқа күйшілерінің шертпе күйлерін нотаға түсіріп, көп мағлұмат беріп кеткен бірден-бір адам. Осы шынайы азаматтық, патриоттық еңбегі үшін өзі көп қуғын-сүргінге түсіп, бас сауғалап Қазақстанды тастап кеткен жылдары да болған. Тек, Қаныш Сәтпаевтың Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған уақытында ғана қолдау тауып, елге кайтып келіп, өле-өлгенше бар күшін салып, шертпе күйді ұрпақтарға үйретіп, уағыздаумен өткен. Көпбай өте әділ, қара қылды қақ жаратын турашылдығымен Үш жүзге атағы жайылған. Өзі ұзын бойлы, аппақ манардай келбетті болыпты. Замандастары «Сұлу Көпбай» деп атаған екен. Өте ауқатты тұрып, өңшең жүйрік, әдемі боз шұбар бес мың жылқы біткен екен. Сол Көпбайдың жүйрік жылқыларына қызығып, әрі сынамақ болған, Үйсін еліндегі атақты батыр, өзі би Бөлтірік шешен Көпбайдан ат сұратып жібергенде, былай:

Көпбай мырзаға сәлем де,
Маған бір ат берсін!
Үш жыл мінілмеген құрат берсін,
Ақтығы Самарқанның безіндей болсын,

Жорғасы Жанқұттының сөзіндей болсын,
Сұлулығы (жуандығы)
Көпбайдың өзіндей болсын! —
деп сәлем айтқан екен.

Бөлтірік шешен жуан, зор деп Көпбайдың сол кездегі қазақ қауымындағы беделді, салмағын пайымдап айтқан екен. Көпбай да бұл сөздің төркінін аңғарып, сөзге келместен екі бірдей боз жорға сәйгүліктерді Бөлтіріктен келген кісіге жетектетіп жіберіпті. Көпбай қазының қазақ тарихында өзіндік орны бар, өткен ғасырдың ықпалды тұлғаларының бірі екендігі ақиқат.

Шілікбай Көкентегі
Жақсы Жәкең60

Жақсы Жанқұтты — Қаракесек, оның ішінде Сарым руынан. Атамекені — қазіргі Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы селосы. Аудан жұрты осы жердегі Жанқұтты бұлағынан сусындап отыр. Жақсы Жәкең туралы аңыз-әңгімелер үш жүзге белгілі. Ол Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шорманның Мұсасы, Шортанбай сияқты жалпақ елге танымал адамдармен үзеңгілес болған. Оны халқына сүйікті еткен қасиеттері — әділдігі, шешендігі, қайырымдылығы, имандылығы. Халық оның осындай қасиеттері үшін атына жақсы деген анықтауыш қосып Жақсы Жанқұтты немесе Жақсы Жәкең деп атаған. Атақты Шортанбай ақын көп өмірін Жақсы Жәкеңнің ауылында өткізген. Ғұмыры таусыларда Жәкеңе «мені өз әкең Ботантай жатқан жерге жерлерсің» деп аманат айтып қоштасқаны белгілі. Ақынның:

Жаралған Жәкем едің асыл зат қып,
Өзгеден бір кісі әділ ақылы артық.
Алладан ажал жақын келді білем,
Кетейін енді сізбен ғарыздасып, —

деп басталатын өлеңі жалпақ жұртқа мәлім.

Жанғұтты шешен Әлтеке-Сарым руының биі болған. Елуінші жылдары қайтыс болған Төлеген Байбеков деген кісі ертеректе ел билеген өз әкесі Асылбек бидің қолында «Жанғұтты Ботантайқлы — Әлтеке-Сарым руының билеушісі» деп жазылған мөрдің сақталып келгендігін әңгіме етіп отыратын. Шешен елді төре тұқымы билеп, қара халықтың қанын сүліктей сорып, шұрайлы жерлepін тартып алып озбырлық көрсеткеніне қарсы тұрып, ханды қара халықтан сайлау үшін белсене күресушілердің бірі болған. Сол кезде Қарқаралы дуанын билеген Жамантай хан, Құдайменде төрелердің үстіне Омбы, Семей губернаторларына шағым жасаушылардың бірі. Ел арасында генерал-губернатор алдында «елді төре билейді, төреші төбе билейді, қара халықтың қамын кім жейді?» деген қанатты сездерді Жанғұтты айтыпты деген аңыз-әңгімелер сақталган. «Сол жылы хандық жойылып, хандардың орнына аға сұлтандар сайланыпты» дейді халық арасындағы әңгіме. Жақсы Жанғұтты — ислам дінін өте құрметтеген адам. Діннің сол кездегі халықтың рухани күші болып отырғанын жақсы түсінген ол дін арқылы халықты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге күш салған және өзі де сол жолда аянбай еңбек еткен. 1847 жылы бір топ ел жақсылары Омбы генерал-губернаторының алдына барып, Қарқаралы мұсылмандары үшін мешіт салуға рұқсат сұрайды. Рұқсат сұраған қағазға қол қоюшы 16 адам болған. Оның ішінде Күшік Тобықты болысы Құнанбай Өскенбаев, Жалықбас болысы Сұлтан Жәңгір, Нұрбике Шаншар, Әлтеке Сарым болысы Жанғұтты Ботантаев және тағы да басқалары болған. Мешіт салуға рұқсат 1847 жылы алынған. 1850 жылы Қарқаралыға аға султан болып тағайындалған Құнанбай сол мешіттің салынып бітуін ұйымдастырған. Бұл жөнінде Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған. «Қарқаралы мешітінің тарихы» деген зерттеу материалда нақты деректер келтірілген. Қарқаралыдағы мешітті Құнанбай салдырды деген дерек қазір архив құжаттары арқылы дәлелденіп отыр. Бірақ бұл мешіт тек қана Құнанбайдың бастамасымен, жалғыз соның қаржысымен салынған емес. Ол сол кездегі халықтың тілегі бойынша Жанқұтты сияқты бірнеше ел азаматтарының елден қаржы жинап, ұйытқы болуымен салынған. Жақсы Жәкеңнің әкесі Ботантай да шешен, батыр, тапқыр, ақылды адам болыпты. Абылайхан Жоңғар қалмақтарымен соғысып жүргенде жиырма жасар Ботантай біраз қолмен артынан қуа келеді. Келсе қазақтардың қолы бытырап, ығысып барады екен. Хан жауынгерлерді «тарамаңдар, қайтпаңдар» деп тоқтатып жүреді. Аты барлыққан ханды қалмақтар қоршауға жақындап қалыпты. Сол жерде Ботантай ханға астындағы атын көлденең тартады. Хан тың атқа мініп, жаудан құтылады. Одан соң іле-шала қоршаудан Ботантай да аман шығады. Жорықтан кейін Абылай хан Ботантай батырды таптырып алып: «Осы жолғы олжаның басы сенікі, менен қалағаныңды ал», — дейді. Сонда Ботантай: «Тақсыр, бір басыма жетерлік дәулетім бар. Оң тізеңізден орын берсеңіз болады», — деген екен.

— Батырға орын бер, — дейді хан Абылай оң жағында отырған биіне.

Би бір айтқанда қозғала қоймаса керек. Екінші рет айтқанда ол Ботантайға ала көзімен қарап:

— Әкесі Шуаш алдына қойған асын жөндеп іше алмайтын Сарымның аяғы еді. Саған хан қасында не бар? Атқосшысы болсаң да жетпей ме? — депті.

— Жақсының жанына арашашы болдың ба? Жаманның малына қорғаншы болдың ба? Екі ауыз ескі сөз білдім деп хан қасында отыруға сенің нең лайық? Хан екі айтса қадірі кетеді, қара екі айтса ары кетеді. Бір құшақ қу отыннан бір оқтық шыбық шығады. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Былай тұр! — деп биді қолынан ұстап тұрғызып жіберіп, ханның оң жағынан орын алады. Содан бастап ол белгілі батыр, билермен бірге қалмақ басқыншыларына қарсы қол бастап, талай жорықтарға қатысады. Оюлы тауы Ақсу өзенінің жиегіндегі жотаның үстінде қара каска атпен тұрып «осы жер мәйегі шығып тұрған жер екен. Менің жататын орным осы болуы керек» деп найзасын шаншыпты. Сол жерге бірінші болып Ботекеңнің денесі жерленген екен. Содан кейінгі уақытта Шәуекеңнің ұрпақтары сол төңіректе жерленетін болған. Қазір де Ақсу өзенінің жиегінде Бөтекеңнің күмбездеп салған бейіт бар. Бір жақ бүйірі құлап тұр.

Ботантай батырдан туған Жақсы Жәкең оз заманындағы игі жақсылардың көбімен сырлас, әсіресе Құнанбаймен өте сыйлас болыпты. Екеуі бір жылы Меккеге бірге барайық деп уәделеседі Уәделі уақыт жақындағанда Жәкең Құнанбайға кісі жібереді Құнанбай:

— Меккеге келер жылдың жазында барайық. Тобықты елінің арасында бір даулы мәселе болып тур. Соны анықтау керек, — деп хабар жібереді.

— Келер жылға мен қарар едім-ау, ажал қарамайды ғой, — деп Меккеге жалғыз өзі суыт жүріп кетеді. Атақты шешен сол сапарда қайтыс болып, Әлбаки Жанфаниядан орын алыпты деседі. Келесі жылы Меккеге Құнанбай да барады, қажы атанып елге қайтады. Қайтар алдында Жанғұттының басына дұға оқып тұрып:

— Жанғұтты, сен жақсы деп мені айтушы едің. Сені жақсы деп мен айтушы едім. Ақыры сен жақсы болдың. Сүйегің Алланың қасиетті жepі Меккеде қалды. Мен алдамшы дүниеге қайтып бара жатырмын, — деп жылапты деген сөз бар.

Шоқан Уәлиханов та Жанғұтты шешенмен сыйлас болған екен. Ел арасында мынандай әңгіме сақталған. Шоқан бірде:

— Жәке, талай өмір кештіңіз, көргеніңіз де, түйгеніңіз де көп. сіз адамның қандай болғанын қалар едіңіз? — деп сұрапты. Сонда Жәкең:

Адамның басшысы — ақыл,
Жетекшісі — талап,
Шолушысы — ой,
Жолдасы — кәсіп,

Қорғаны — сабыр,
Қорғаушысы — мінез болғанын қалар едім, — депті.
Сонда Шоқан тағы да:

— Жәке өмірде адасқан адам кімнен жөн сұрайды? — деп сұрапты.

Көне адасса, көргендіден сұрайды,
Кергеннің адасса, көптен сұрайды.
Көп адасса, көп оқып, көп тоқығаннан сұрайды,
Білім — шырақ, болдырмайтын — пырақ, —

деп жауап берген екен Жақсы Жәкең.

Жанғұтты шешен өз ағайындарының арасында ұдайы береке-бірлікті былайша уағыздап отырады екен:

Бақыт, дәулет келерде ырыс қонады
Ынтымағы елінің дұрыс болады.
Ағайын қоғам болады,
Бірі оған болса, бірі бұған болады.

Көп болып қонақ аттандырады,
Көбейіп жауға аттанады.
Ұл ұқыпты болады,
Қыз қылықты болады.

Қатын қамқор, келін көңілді болады.
Жаршы жалаугер,
Иті үреген
Жетектеп малы жүреген болады.

Шешеннің артына қалдырып кеткен қанатты сөздері әлі күнге дейін мән-мағынасын жоғалтқан емес. Бүгінде ұмыт болған бабаларымызды еске алып, оң-солымызды тани бастадық. Осы тұрғыдан алғанда, көптен бері көкейімде жүрген бір ойды жұртпен бөліссем деймін. Кезінде жалпақ жұртты аузына қаратқан, төңірегіндегі жұртқа әділдігімен танылған Жақсы Жәкеңнің ұрпақтары ұмытпай, ізгі қасиеттерін өнеге тұтып жүруі үшін Шет ауданның атын Жанғұтты шешеннің атымен атаса да артық болмас еді. Бұл жөнінде аудан ақсақалдарының, жалпы жұртшылықтың пікірі де бір жерден шыққаны қашан. Аудан аты Жәкең атына беру жөніндегі халықтың талап-тілегі бойынша Түлкілі ауылдық кеңісі 1992 жылы арнайы шешім шығарған еді. Бірақ, неге екені белгісіз, ол қолдау таппады. Тек Орджоникидзе атындағы совхоз «Жанғұтты ұжымы» деп аталынған-ды. Ауданды шешеннің атымен атауға әлі де кеш емес. Көпшіліктің осынау тілегін ескерер жан табылар ма екен?

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙