Қауыс
ISBN: 978-601 Беттер саны: 68 Жанр: Поэзия
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 978-601 Беттер саны: 68 Жанр: Поэзия
Хамит АЙДАРҰЛЫ ҚАУЫС TENGRI ҚАРАҒАНДЫ Өлеңдер
Хамит Айдарұлы Қауыс. Өлеңдер. – Қарағанды: ТОО “Tengri”, 2020 ж. –68 бет. ISBN 978-601Қауыс – көне күнтізбедегі қараша айының атауы. Автордың сарғайған сағынышы мен құлазыған салқындықтан туған «қауыс ғазалдары» осы кітапқа топтастырылған. Ақын «Ай тұтылған қарашадағы» өзінің «Қарға қаптаған ауылын», онда қалған ескі күндердің елесін, өткен шақтарының топыраққа сіңген іздерін жиі сағынады, іздейді. Бұл оның-өзін-өзі іздеуі. «Жағалаудағы жалғыздығын» ертіп, «Айлысыз айлардың» қараша жапырағын кешіп келе жатқан ақынның жәутең көзді құс жанарындағы мөлдірліктей өлеңдері сізді де сағыныш маусымы мен аяулы сәттерге бастап апары күмәнсіз! Кітап жалпы жырсүйер қауымға арналады.
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84 Қаз - 44 ISBN 978-601ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 Қаз - 44 А © Х.Айдарұлы А
Қауыс АЛҒЫ СӨЗ ОРНЫНА Әдебиетте «әдебиетке келу» дейтін бір ұғым бар. Ал, «әдебиеттен кету», «әдебиеттен қуылу» деген ешқандай сөз де ұғым да жоқ. Деме, бұл әдебиет теңізінің қатал да аяусыз заңын ұғындырады. Арғы жағалауға жету, не болмаса теңіз тереңінен інжу сүзу, әлде, тұңғиыққа бату, бар мен жоқтың арасында адасып, тұманды дауылдың бірінде ауаға сіңіп жоқ болу... Бұның барлығы жаңағы «әдебиетке келген» адамның алдынан күтер шытырман тағдыры болмақ. Бірақ, бұның бәрінен де ең аяусыз заң-сол сапардан кері қайтуға жолдың да, мүмкіндіктің де жоқтығы. Алдыма келіп отырған «бойшаң жас» Хамит Айдарұлы осы ешқайда жазылмаған теорияны біліп келгендердің бірі ғой деп ойлаймын. Өлеңдері күз бен мұңнан, ызғарлы ойлардан тұрады екен. Әлдебір жастардың өлеңі секілді тыңдасаң шаттанып, баяғы күндерің есіңе түсіп тебіренбейсің, қайта бойыңды бір ауыр сезім билеп, өз-өзіңнен қалтырайсың. Ал, өлеңдерін қолыңа алып қарасаң, жаңағы ғаламат күштің қайда жасырынып тұрғанын таба алмайсың, қарапайым ғана өлеңдер болып көрінеді. Бұл жастың құдіреті де, таланты да осы шеберлігінде деп білдім. Жеке басындағы ел мен жердің өліара сағынышын, қоскіндік тағды-
Хамит Айдарұлы рын айтпағанда, Хамиттың жүрегіндегі адамзаттық тұрғыдағы қасіреттер осы өлеңдерде тарқатылып, төгіліп жатқандай. Ол әдебиет деген алып сарайды айналып ұзақ жылдар жүрген жан секілді. Оны өлеңіндегі шымырлық пен өңіндегі батылдық көрсетіп тұр. Сол батылдығы, міне, оны осы жыр жинағымен сарай табалдырығын аттатпақ. Орның да, мәртебең де төрден болсын, Хамит! Несіпбек ДӘУТАЙ. Жазушы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Қауыс ЖАН ДАУЫСЫН ІЗДЕГЕН... «Ақын боп ғұмыр кешіру оңай деймісің, қарағым?». Хамит деген жас ақынды оқып отырып, Төлеген өлеңі есіме орала кетті. Себебі, бұл өлеңдерден мұң мен наланы, сағыныш пен сарсаң тағдыр кешкен Хамиттың жазмышын көрдім. Жазарман жас, жас болса да, тағдыр оны ерте есейтіп жібергендей, өмірдің әр сәтін өлең етіп егіле төгілуге, түпсіз ойларға шым батуға, ғадауат пен махаббаттың пешенесіне сыйлаған барлық әсерінің салмағын көтеріп тұруға бұйырғандай. Осының бәрін Хамит жанкештілікпен қабылдайды, жүрегінен өткізеді, аққағазға өрнектейді. Оған мына жолдар айғақ: ...Құрғыр кеудем
мұң өртіне жуық жүр, Жанып, күлге айналады-ау бір күні. Немесе: ...Мен биыл сенен жалғыздық көрдім жабыққан, Күз, айтшы маған, не көрдің менен, не білдің?! Хамит өлеңдеріндегі мазмұн - мұңды махаббат һәм ту алыста қалған туған жерге деген алапат
Хамит Айдарұлы сағыныш. Ақын бұл сезімдерді, мүмкіндігінше, ғаламның мың бояулы құбылыстарымен астастырып беруге тырысады. Мәселен: Сүмбіле құлаған, Өкініп алқара, өксіген, жылаған... Мен оны жұбата алмадым, себебі – Мені де жоқ еді жұбатқан бір адам. Әрине, Адам баласының сан құбылған көңіл күйін, өкінішін, өксігін, күңіренген жалғыздығын тәп басып жеткізген сәтті шумақ. Ақын суреткерлікке бейім. Табиғаттың бойынан өз мінезін, жан дауысын іздейді және оны адаспай табады. Бұл - болашағынан үміт күттірер ақындықтың нышаны. Мұрат Шаймаран. ақын
Қауыс ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ПОЭЗИЯ! Бізге күннен келетін жалғыз тал нұрдың ішінде жеті түрлі сәуле болады. Осы жеті түрлі сәуле жалпақ жаһанға жеткенде жер бетіндегі табиғаттың мұғжизалы бояулары болып іңгәлары хақ. Ал, сол табиғаттың мінезі пешенесіне жазылған ақын осы іңгәлауды жүрек қалауымен тыңдайды, ол да осы табиғаттан оянады. Ақынның бойында болатын ой мен санаға бағынбайтын түйсіктің тотемдері де “жан” деп аталатын ие арқылы сұлбаланатыны да шүбәсіз. Бұл ақынның әлемі. Осы әлемге бет бұрған ақын Хамит Айдарұлының қауырсын қаламынан туған құс мінезді жырлары көкжиекке бет алғалы тұр. Енді оның өлеңдері сол көкжиектің қызылала жалқындарына тоғытылмақ. Бұл ақынның көкірегі толған қисапсыз сағыныш, ол туған жерінің ақ жауынының әрбір тамшысынан да өзін көре алады, самалымен де жасырынбақ ойнайды, бұл һәм қымыз көңілінің қытығын қозғайтын әлдилі аңсауы. Ақынның сағынышы қыз көзіндей тұнық тұмадан шым-шым қайнап шыққан шынайы сағыныш, осы сағыныш оны поэзия деген әлемге әкелген алғашқы аян іспетті. Құспен тілдесіп, түспен күн кешіп жүретін, Мұқағалиша айтқанда, тастан да тамыр іздейтін ақын деген халықтың тағы
Хамит Айдарұлы бір перзенті келді. Өлеңде өз әлеміңді тапқайсың деген ниетпен ақынның поэзиядағы барсакелмес сапарына ақ жол тіледік. Өркен Салубай. Ақын
Қауыс ЖАЗҒАНЫҢНАН ЖАЗАРЫҢ КӨБЕЙСІН Арындап аққан Іле өзенінің үлкен бір айырығы көрікті Күнес сахарасынан бастау алады. Ақөзен, Нараттай сұлу табиғат, тәкаппар таулары, сыңсыған нулары мен мөлдір сулары бойға қуат, ойға шуақ сыйлайды ғой, шіркін! Таңжарық Жолдыұлы, Әшім Дүңшеұлы секілді ұлы тұлғаларды сыйлаған ырысты дала ешқашан таланттарға тарылған емес... Алғашқы жыр жинағы жарық көрейін деп тұрған Хамит Айдарұлының таланты осы құт мекеннен, қызырлы елден, киелі жерден көкейіне құйылған шәрбаттың таңдайдан кетпес дәмі, маңдайға біткен бағы болар. Жалындаған жастық көктемін жан сыздатар сағынышқа ауыстырған ақын бауырымның өлеңдерінің дені ата жұртта туған жері мен тұғырлы еліне деген мөлдір махаббат пен аласұрып аңсаудан туған жүрек бұлқынысы екені көрініп тұр. Тіпті жаз өмірі енді басталған ақын жігіт күзгі даладай сарғайып, қарашаның қайтқан қаздарымен мұңдасады.
Аяулы інім Хамит Айдарұлы, жазғаныңнан жазарың, айтқаныңнан айтарың көп болсын! Әбдіғани Бәзілханұлы Ақын, ҚР мәдениет қайраткері
БІРІНШІ БӨЛІМ АЙ ТҰТЫЛҒАН ҚАРАША
Қауыс ҚАРАША Қарашаның қайда ғазал мұңлы үні? Терезеден ымырт-сұлу мүлгіді. Құрғыр кеудем мұң өртіне жуық жүр, Жанып, күлге айналады-ау бір күні. Беу, қараша! Серігім боп кел маған. Екеумізге неге үйір шер-нала?! Мезгілдердің ішіндегі шынайы Жүрегімді түсінетін сен ғана. Төрт тұрманы толық келген тор аттай, Шабады өмір тағдыр-қамшы жолатпай. Жақынымның жүрсем деймін жанында, Қадірлі бір сезімдерді жоғалтпай. Өскен елден жібермеді дос хабар, Кірпігіне сыр жасырды қос жанар. Бауырларға аға болар кезімде, Беу, қараша, сенсің маған ес болар. Көңілімде толқып сезім не түрлі, Қиырларға әкетеді еркімді. Өзгелерге жұмбақ менің сарайым, Қарашаның қарашығы секілді.
Хамит Айдарұлы QUESTIOH Қоштасуларға, қыркүйек айы, куә сен, Менімен бірге мұңай да қуан, жыла сен. Мәйханаларда сырласатұғын жан іздеп, Күз күліп тұрды, күз күліп тұрды тым әсем. Қалғаны сонша өзіңнен мына көңілдің, Тараздың тарғыл көшелеріне көмілдім. Мен биыл сенен жалғыздық көрдім жабыққан, Күз, айтшы маған, не көрдің менен, не білдің?! Қауыс ЖОЛ Үнсіздік құшағынан төгілер мұң, Әлдене бөгегенде жолын ердің. Самалға басын изер қурайлар да, Қоңыр дөң мекені деп өлілердің. Пенде үшін ақ түсті өлім жұмбақ, Өтіп кетер бес-ақ күн өмір зулап. Уақыттың есіме алсам өктемдігін, Шақырады қоңыр кеш қолын бұлғап.
Қу тіршілік жетелеп сорға қарай, Қамады өмір дейтін торға да оңай. Мен қашан түсіп алғам мына тұрған Өлілерге апарар жолға қарай?! Айта алман бұл сапардың жол кесімін, Күтермін көп көктемнің кездесуін. Мен бұл жолды өмірдің жолы етермін, Тербететін әлемнің жер-бесігін.
Хамит Айдарұлы ҚАРАША КЕШІ Кеткен жандай қуарып, өн бойынан дерт өтіп, Өз-өзінен қараша шошынады селт етіп. Көзім алды – буылдыр, көлбеңдеген көп елес, Қиялдармен қиялдар қырық пышақ төбелес… Мынау ғазиз әлемге, тіршілікке меңіреу Керек шығар жалғыз қап, өз-өзінен еңіреу. Қарашаның кештерін ел жамылып қайтуда, Күздің соңы сыбырлап кей сырларды айтуда. Естуге де тартынам, басымдағы күнә – мың, Жаңғырады аспаннан жасыл үні дұғаның... Мынау өзі қандай күн, мынау тегі қай ғасыр, Айтшы маған, қалқа қыз, жетші тезден, қайдасың?! Қауыс ӨКІНУ
Құжырамның үңірейіп бұрышы , Естілмейді бұл шаһардың дыбысы. Жалғыздыққа тост айтқызып көтердім, Куә оған күңгірттенген түн іші. Ішімдегі мұңдар салып не бүлік, Сені ойладым қос қабырғам сөгіліп. Жатсың ба сен, көңілің қалып жалғаннан, Жастығыңа қара шашың төгіліп? Түк қайыр жоқ үнсіз мына сағаттан, Реңсіздеу атар болды тағы ақ таң. Айтқан окпе-наздарыңды оқыдым, Бокал толы шым-шым еткен шараптан! Біздей кім бар тілім қылған жан етін, (Мұң мен уға неге ынтық тәбетім?!) Түтін қылып тауысар ем қайғыны, Шылым шегер жоқ қой бірақ әдетім!
Хамит Айдарұлы ТАҢ НҰРЫ. СЕН Айтшы, Сенде мұң бар ма өзі, шұғылалы таң нұры, Әлде сені жұбата ма күздің суық жаңбыры? Сен мұңайып тұрған аумақ – гүлзары ғой Құлжаның, Мен сені ойлап тұрған бұл жер – Мақатаев даңғылы. Алматының қыркүйегі есендесті қол алып, Ал, қайың-тал абыржиды бүршігінен тоналып. Мен жолдаған хатты оқымай
кеттің бе іздеп алданыш, Мен сыйлаған көк шарфыны мойыныңа оранып. Беу, таң нұры, мен күлемін, күлміңдеген күлсе күз, Сағынышым емес еді ол, қайғы-мұңым білсеңіз. Жаурайды да жабығады, жасытады жалғыздық, Сенем сізге нұрыңызбен серік бола жүрсеңіз. Мені қайғы тербемесін, жылатпасын сізді мұң, Сағынышқа ұйтқы болған ұнатпайды күзді кім? Иранбақта жыр оқыған сен шығар деп дәл кеше, Ұзақ-ұзақ тұрдым тыңдап көк шарфылы қыз жырын.
Қауыс СЫР Түннің түсі бүгін ғажап түнерген, Жүрегім де соған ұқсас, жүдеулеу. Қанша күздің қайырылмай кеткенін, Жанардағы қайғы-мұңнан білем мен. Сүмбіленің реңі де сүреңсіз, Ай, айтшы сен, неге бәрі реңсіз?! Хат-хабарсыз кеткен қыздың дерегін, Ай-қыз, мүмкін, тек сен ғана білерсің?! Күрең күздің тамшылары кермектеу, Кермек дәмді қиын екен өрнектеу. Ақ қайыңның ақ білегін жастанып, Мүмкін бе екен, көңіл сырын тербетпеу… Беймазалық, саған жылы сөз керек, Маған тағдыр барлығына төз демек. Ішім толы күз-көктемнің қайғысы, Сен білетін жаным бұдан өзгерек...
Хамит Айдарұлы ДІЛНӘРЖАН Ау, Ділнаржан, Отыз үлкен белес қой, Көңілімді күпті етеді көмескі ой. Өмір заңы екеуміздей құрдастың Зілсіз-кексіз қалжыңдары емес қой. Күрсінді түн, мен де сонда түңіліп, Қарашаның жауынына жуынып. Шақпы және сендерді ойлап жұбанам, Сағынышқа өлер кезде буынып! Күндер толқып уысында уақыттың, Бағымызды қызғанады барқыт мұң. Бала шаққа кетіп қалғым келіп жүр, Күрсіндірсе көлеңкесі бақыттың. Қарамаушы ем ауылдағы дәмге сәл, Лебіздерің берер өңге өзгеше әр. Мен сен үшін көтерейін қос бокал, Сен мен үшін сағындым деп әнге сал! Бауырына басты мені басқа өңір, Өзегіме тепті аямай жат не бір. Мен айтқанды орындайтын екі етпей, Емес тірлік сен секілді ақ көңіл.
Қауыс Ау, Ділнәржан, Жырды жүрек тыңдасын, Қиын сәтте төзім сағы сынбасын. Ай бетінен аңыз оқып әр уақыт, Алатаумен сырласады бұл басым. Көп алдады көктемнің де көк белі, Қараша, қаз қайтты тағы өкпелі. Қос қарашық тарта берді бұлыңғыр, Қасымда емес кіндік жұртым өйткені! Хамит Айдарұлы КЕШІККЕН КҮЗ Күндер зулап қарамай алды артына, Күміс арай тұнады тал басына. Биылғы көктем, жаз да қошын айтты, Күз де сенсіз оралды Алматыға. Мезгіл-керуен осылай көшіп қонар, (Ал бақыт па, көп болды кешікті олар.) Өзіңді ойлап оңаша отырғанда, Қырау қабақ қыста кеп есік қағар.
Күзгі іңірдің бақытын түн қызғанған, Құтылмадым өзің жоқ мұңды ызғардан. Басылар жүрегімнің сыздағаны, Бейішке хат жолдайын жұлдыздардан. Биылғы күз кешікті құсы неғып, Бақыт шығар кешіксе, түсінелік. Ерке әлемнің еркесі, еркетайым, Сен мені қуандыршы түсіме еніп?! Қауыс ПАРАДОКС Өмір ме, мен бе, уақыт па мына, Кім өзі тастап барлығын кетер? Біреуді іштей ұнатсаң кінә, Біреуге өте сенсең де бекер... Жалт ете түсер жалғаның бес күн, Ұқсастау кейде әдемі сәтпен. Өзіме-өзім кей кезде доспын, Өзіме-өзім дұшпанмын, әттең!
Хамит Айдарұлы АҚЫН Сұлу дүние сұлбасы суық күліп, Ауыр жүгін барады иыққа іліп. Кездігінен мезгілдің қан тамады, Жапырақтың жүрегін тіліп-тіліп… Аялда, күз, кідіре тұршы, уақыт, Керуен-ғұмыр барады мұң шұбатып. Шайыр шалқып отырды шарабынан – Мұғжизалы музаның исі аңқып! Домалайды шық болып құрақтағы із, Аттанып бара жатыр жыраққа күз. Өлеңі-дерт, өзі-адам – ақын деген, Сен оны жылатпа күз, жылатпа қыз! Барады тағдыр-сағат, қарқыны үдеп, Ақынға жараспайды жалқы жүрек. Онсыз да жұбататын достары жоқ, Онсыз да жылататын жақыны көп… Сен оны жылатпа күз, жылатпа қыз…
Қауыс ДӘРМЕН Зулайды көліктер, Болжайды болашақ, жол шеті-көріпкел. Қатігез қаланың қайырсыз мақамы, Ойнайды әлде бір әуенге еріккен... Сүмбіле құлаған, Өкініп алқара, өксіген, жылаған... Мен оны жұбата алмадым, себебі – Мені де жоқ еді жұбатқан бір адам. Құлазып тал-қайың, Қамыға сұрайды қараша хәл-жайын. Мен оған беретін жоқ еді жауабым, Белгілі онсыз да өзімнің жағдайым... Хамит Айдарұлы КҮЗ КЕЛГЕН ТҮН Шаштарын өріп алып меңіреу түн, Даланың шиырлайды көгін еркін. Солақай тағдырымның соқпағында, Тоқтаусыз солқылдайды соны дертім.
Жел бөлісіп іңірдің көркем мұңын, Беймаза тұнжырайды өлкем бүгін. Қара бояу қасыма қалқып қонды, Жолым болып қалардай ертең, күнім. Бұл үміт-бос алданыш, үнемі айтар. Барлығын түнге серік біледі әр тал. Үнсіздікті үндемей жеңгенімді, Тек қана жалғыздықтың жүрегі алқар. Көп болды көңілде сыр іркілгелі, Жанымның келе жатыр құр сүлдері. Кеше тағы күз келіп есік қақты, Естілді оның дағы күрсінгені... Қауыс *** Тағдырдың тисе тисін таяғы ұдай, Демеймін ая Тәңір, ая Құдай. Кінәлауға қақым жоқ ешкімді де, Тағдыр ғой қырына алар баяғыдай.
Қараша көз моншағын себелеткен, Жаныма мен де соны керек еткем. Тек қана өкінішті жапырақтың, Қоштаса алмай қалғаны көбелекпен. Өмір бұл асығыстау, ала шапқын, Заңы қиын өткен мен болашақтың. Кеше маған күбірлеп күз ескертті, Қылауы көбейгенін қара шаштың... Тағдырдың тисе тисін таяғы ұдай, Демеймін ая Тәңір, ая Құдай. Кінәлауға қақым жоқ өзімді де, Тағдыр ғой баяғы сол, баяғыдай...
Хамит Айдарұлы КҮРСІНІС Бар мен жоқтың сағымына алданып, Бар мен жоқтың арасында сандалып. Шайырлардың шаһарына қош айттым, Көшелерін жататұғын шаң қауып. Әсем айға айтатындай түн сырын. Боз жусандар еркелетіп бүршігін. Қайтқан жолға қарап үнсіз жүдедім, Жүдегенім – үнсіз ғана күрсіну.
Қауыс ӨКПЕ Қара өлең, қасиетің далама тән, Бақытымсың, бағыңды бағаласам. Жүрегімді сыздатар сорым да сен, Жанға ашпайтын сырымды саған ашам. Сүрінесің, тұрасың, шыңаласың, Өтер күндер ұнасын, ұнамасын... Бүгін мына өмірге ашуланып, Ертең осы тірлікке қуанасың. Беу, өлең, түсінеді өкпеңді кім, Мезгіл тұр босаңсытпай өктемдігін. Алматы өксиді үнсіз, айтып іштей, Тілемшісі көбейіп кеткендігін. Кінә тағып тұрғандай ай да маған, Айдай таза ақ өмір қайда маған! Райымбек даңғылына түсіп алып, Кетіп барам, білмеймін, қайда барам?!
Хамит Айдарұлы ҚАРАШАКҮЗ Қай мұңымды айтайын, қала, саған, Айтпайын, айтсам оны аласарам. Хат жазып қайтқан құстың қанатына Жіберем ауылыма қарашадан. Бітпейтін жан екен деп әуіреңіз, Айтатын алабұртқан таңы лебіз. Сүйетін сағыныш пен қара өлеңді, Қадірлі қарашамен жаным егіз! Сыңғырлап ән салады бұлақ қырдан, Тұғырыма өкпем жоқ тұрақ қылған. Қараша қоштасарда дір-дір етіп, Жапырақ сыр жасырып жылап тұрған... Көктегі ай себеп іздеп күрсінуге, Үн қосты дүлдүл дүние дүрсіліне. Көңілімнің құпия тылсымдары, Түнейді қарашаның кірпігінде. Шертеді Қорқыт-ғұмыр даласы аңыз, Шың-құзды, шыңыраулы, данасы абыз. Тәңір берген шаттықты тәрік қылма, Қараша, қараша қаз, қараша күз!
Қауыс ТАҒДЫР Естелік бірге басқан арттағы әр із, Екеумізді тек қана жоқтаған күз. Құшақтасып қос ғашық тұратұғын, Келе берем себепсіз баққа жалғыз. Тым мұңлы бозторғайдың салған әні, Сыздатып шыдатпайды жан жараны. Екеуміз қоштасқалы білесің бе, Сол бақта да бақыттың қалмағанын? Бұлттар көшіп барады сырғымалы, Гүлзар аумақ бір сәтке тұнжырады. Баяны жоқ жалғанға, барлығына Секілдіміз, Қалқатай, біз кінәлі. Аумағандай бақтағы осы гүлден, Бір естелік қалмапты-ау осы күннен. Құпия сырға куә сол бақтар да, Секілді әлі бізді тосып жүрген...
Еш себеп болмаса да ақталарға, Елеңдейміз жол қарап, хат хабарға. Біз баратын бақтың да бақыты кем, Қазір құшақ жаяды басқаларға! Хамит Айдарұлы ЖАБЫҒУ Алматының кірбің тартып қабағы, Алатаудың жасаурайды жанары. Өр сенімін мазақ еткен қу үшін, Өлең кетті өне-бойы жаралы. Шер жұтады жүрек кейде өкініп, Ерке қыздың қылығы да бос үміт… Сүйдім дейді, еркелейді, сенбеймін, Ұнатам деп айтқаны да өтірік! Ойхой, шарап, иісіңменен еліктір, Шаттанайын сырлы ерніңнен өбіп бір. Мына өмірдің бықсығынан безініп, Кең даланы кезіп кеткім келіп тұр…
Қауыс ҚОШ, АЛМАТЫ Алматы ақ көрпесін жамылды да, Ауыр мұңнан бір сәтке арылды да… Тас көшеде келеді көлік зулап, Радио үні басады Табылдыға! Алатаудың дәл бүгін бір түрлі өңі, Қаланың да қалғандай құр сүлдері. Алып шаһар, сен бұлай аласарма, Жұбатарсың, Алматы, мүмкін мені?… Мүмкін, бақыт күлімдеп шығар алдан, Мөлдірімдей көзіме тұна қалған. Өткен түн көшесінде Алматының, Өзімді-өзім аямай сыбап алғам! Сыбадым, аясын деп осы Алматы, Жыладым, жабықтырсам, кеш, Алматы. Мен ертең аттанамын бұл шаһардан, Есен бол, қош Алматы, қош, Алматы!
Хамит Айдарұлы ҚЫРКҮЙЕК·ЖАҢБЫРЛЫ КЕШ Таразда қыркүйек, жаңбырлы кеші осы, Қоштастым Онымен неліктен кеше осы?! Қол бұлғап үнемі шақыра береді, Бейтаныс қаланың беймәлім көшесі... (Дәл қазірКөне айдың қаншасы, жаңа айдың нешесі?!) Беймәлім сол көше қарсы алып алардай, Мойныма мезгілден ақ шарфы тағардай. Түcімде көретін, жыр оқып беретін, Жүз таныс бір бейне жүздесіп қалардай... Аялдама тұсынан өтемін аялдай! Жаныма жара боп алыста қалғаның, Асығыс аттанғам, бөтендеу жолдамын. Қайтер ем білмеймін көңілдің бұлтындай, Табыла қалса егер жоғалтып алғаным. (Жаңбырға жуынған жапырақ жан-жағым.)
Әлдене көлбеңдеп қалмайды қасымнан, Шараптың буы да шеңбектеп басымнан. Жанары ұқсайтын жаңбырдың түсіне, Қай маңда жүр екен, мен күткен асыл жан! Оның да шер-мұңын осы кеш жасырған... Менің де... Қауыс ҚҰЛАЗУ Шаттығым күнде ұрланды, Жасырын бір мұң қалды. Алқасын айдың әсем, Аспан мен түн қызғанды. Тірліктің әр сынағы, Жасысам қамшылады. Қарашық тұнбаларыЖанардың тамшылары. Белгісіз із-дерегі, Күреңдеу күз келеді. Қалқаның қалды қайда, Еркелеп «сіз…» дегені? Жүрекке мұң сіңеді, Көңілім түршігеді. Үзілген сабағынан, Жапырақ күрсінеді. Табиғат аптабынан, Жылулық ақтарылған. Сағым бел сыр шертеді, Балалық шақтарымнан.
Хамит Айдарұлы Деймін де өмір-жалған, Артамын сенімге арман. Ешкімге өкпем де жоқ, Бәрінен көңіл қалған! Қауыс ТҮН Дала суық, ызғырықҚаңтар түні, мұнартқан. Тұнық мұңды, түз қылық, Қимай әрең жұбатқан. Өкпелеген жүзіңнен, жәудіреген жас тамса, Оттай ыстық құшағым, ұзақ, үнсіз уатқан… Ақ лаладан берсем бе,
шаштарыңа гүл қадап, Гүлдің исі құласа жанарыңа сырғанап?.. Қоштаса алмай көп тұрдық көшелерде қараңғы, Жүрегіңді сенің де ескі күндер жұлмалап, Жүрегімді менің де ескі күндер жұлмалап… Қай данышпан айтты екен – Жалғыздықты біреу деп, Жүрген түрім құрысын, сенен төмен жүдеулеп. Басқа ошақтың кеттің сен тірлік отын лаулатып, Өзге жанның мен жүрмін өміріне тіреу боп! Ақша қардан жүрсің-ау, Ақ орамал тағынып, Хамит Айдарұлы Тәтті елеске алданамАуыр ойдан арылып. Ауыр-ауыр күрсінем, есіме алып өзіңді, Сосын үнсіз отырам. Ұйқысыз түн. Жабығып…
Қауыс *** Есіңе мүлде алмайсың мүмкін мені, Іздеп те келмейсің-ау, бір күндері. Қарашыққа қайтейін шық торлатты, Таныс маңның құлазып күрсінгені. Күйік боп басқа ошаққа от жаққаның, Сыртында тұрдым талай көк қақпаның. Табыспасақ тағдырдың жазбағаны, Ең болмаса соңғы рет қоштаспадың. Таныс маңда сан мәрте сыр ақтарып... Түсініксіз, неліктен жырақтадық! Ойлашы, кім жауапты обалына, Жауапсыз қала берген сұрақтардың?!
Хамит Айдарұлы КЕЙІП Көктегі шүйке-шүйке көшкен бұлт – Адасып, асқар асып кеткен үміт. Түседі еске бәрі, құстарменен Жеткенде көк орайлы көктем күліп. Қайтейін ақ көңілді алып ұшқан, Көше толған көліктер, сабылсқан. Бізде не бар, бізде сол – ел мен жерге Сарқылмайтын тап-таза сағыныш бар. Сағыныш-дерт, сен соны білмейсің бе, Қалғым келер кейде осы күз кейпімде. Сағыныштан шаршаған жүрегімді, Дамылдатар жер таппай жүр дейсің бе? Қалғым келер мәңгі осы күз кейпімде...
Қауыс ЖОЛ Жәудірейді, жасын үзіп тал, емен, Оқитындай тау жаңғыртып сан өлең. Оңтүстікке жылу іздеп барамыз, Күз жамылған қараша құс және мен. Менде сол бір құстар құрлы жоқ қайғы, Жүрегім де дүрсіл-дүрсіл соқпайды. Жол-жөнекей жол тосатын самал жел, Ерте үзілген жапырақты жоқтайды.
Хамит Айдарұлы ОЙ Торғын белде тозаң ұшып не түрлі, Ерке самал аймалайды бетімді. Күйіп, күлге айналуда бейсенбім – Менің тұңғыш махаббатым секілді! Көп тұрмайды қасымызда көктем-қыз, Өкінеміз... өкіндірмес өткен күз. Аптабында күндер, айлар, жылдардың, Күйіп жүріп ержеткенбіз, өскенбіз! Күнікей-күн, күн тізбеңнен айт аңыз, Салқын маусым, шарбат шілде, бай тамыз. Табиғаттың құшағында тербеліп, Қара жердің құшағына қайтамыз… Ажар таяр, жаз-дәуреннен сән де оңар, (Маған жолдас бола алмайды мәңгі олар.) Албырт көңіл мына өмірден адасып, Бұл күннің де шуағына зар болар!.. Торғын белде тозаң ұшып не түрлі, Ерке самал аймалайды бетімді. Күйіп, күлге айналуда бейсенбім – Менің тұңғыш махаббатым секілді!
Қауыс КҮЗ СОҢЫ Мөлдіреп жасы тамса құс жолының, Сағым ұшқан даланың шөлі қанар. Тынбай қанат қағады құс-көңілім, Тым алыста болғасын көлі қонар. Биылғы көктем жаздың күні батты, Ойласақ, жанарларға жас келеді. Сонда да күрсінстің мұңы тәтті, Күрең күздің жырларын ес көреді. Күйкі тірлік күйбеңі сабылысқан, Жүректегі тауысар барды азайтып. Қараша жаралған деп сағыныштан, Қаңқылдап барады әне қаздар айтып.
Хамит Айдарұлы ҰМЫТУ Өткеніңді айтқаныңнан не керек, Көктеміңнен тұрмаса жыр себелеп. Алты ғасыр махаббатқа азық қой, Алты-ақ күндік ғұмыры бар көбелек. Ерте тұрып, көп істерден кеш қалып, Жүргеннен без, түк бітірмей бос налып. Менің сені сағынғаным секілді, Білем, сен де жүрсің мені еске алып. Кім жеңілді, кетті білмен, кім ұтып, Сонда-ақ алғам жүрегімді суытып. Есігіңді жазбай тауып барушы ем, Есіміңді қалыппын ғой ұмытып!.. Қауыс СЕН Сен тәрік қып, бақытбайлық, барлығын, Қарлығаштай қанат қағып ұшып кел, Мен отырам жүрегімнің бал жырын Сақтап сағанШөліркесең ішіп көр…
Сен ұмытып, күйкі тірлік күйбеңін, Бірақ серме қолыңды. Алып ұшып келеді деп сүйгенім, Жүрегіме күттіремін жолыңды. Сен жұбатып көңіліңді жабырқау, Жасыма да, жабырқама, налыма. Жаным аман болса болды, денім сау, Еш жамандық жуытпаймын жаныңа. Сене көрші таңымыздың арайлы Атарына, сен де шомыл нұрына. Шындығымен тамсандырып талайды, Қызықтырам махаббаттың сырына! Сен тәрік қып, бақытбайлық, барлығын, Қарлығаштай қанат қағып ұшып кел, Мен отырам жүрегімнің бал жырын Сақтап сағанШөліркесең ішіп көр!
Хамит Айдарұлы END Қарашаның моншағы көктен құлап, Көңілдің көктемі де кеткен жырақ. Тараздың күрең күзін сыйлар едім, Қасымда емессің ғой, әттең, бірақ! Көп іске куә болдық, өкінбедік, Өмір-сағат барады бесінденіп. Қарсы алдыма кеп түсті қос жапырақ, Сенің қоңыр жүздерің секілденіп. Күз ызғары көңілде келеді үдеп. Көңілдің де көнері, сенері көп. Телефоным әнеки, шырылдады, Көтермедім... Сұрама, себебі жоқ!
ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚАУЫС ҒАЗАЛДАРЫ
Қауыс ҚАРҒА ҚАПТАҒАН АУЫЛ (ЦИКЛ) I Ауылым, сені жалғыз сырлас десем, Жанымды түсінбейді мұңдас бөтен. Әр сәтім сағынышқа құндақтаулы, Мен сені ұмытқам жоқ, қимас мекен! Сарбаздай сауыт киген шоқылары, Өзгермеген өзгеге жосыны әлі. Өлеңімнің шабыты өшпейтұғынҚұнарлы туған жердің топырағы. Сан түрлі сайранына салады өмір, Батпырауық қуатын бала көңіл. Реңімен ұп-ұқсас Бестөбенің, Тамырдағы қанымда – қарақоңыр. Ұяңнан түлеп ұшып қиыр қонып, Өзімше жүрмін тірлік сыйын көріп. Ұмытып шыныменен кеткенім бе, Бір көріп қайтпады екем биыл неғып?!
Хамит Айдарұлы Тамсанып бұлбұлыңа таң самалы, Уақыттың керуенін қарсы алады. Төбемнен ұшып өткен аяулы құс, Ауылым, сен туралы ән салады! Жарасар сені жалғыз сырлас десем, Жанымды түсінбейді мұңдас бөтен, Әр сәтім сағынышқа құндақтаулы, Мен сені ұмытқам жоқ, қимас мекен!
II Бестөбенің барқыт бел, жиегі гүл, Сағынышқа сары ұлың сүйеніп жүр. Маңдайыма тарыдай бақ біткені, Таңдайыма жазылған киелі жыр. Туған ауылым кетер ме естен бір күн?! Бір хабар беретіндей көшкен бұлтың. Қарқылдап қара қарға қорғап жүр-ау, Анамның ошақ күлін төккен жұртын. Құрдасымдай сыйласып, құшқан желі, Жастығымның жарқырап ұшқан көгі. Қолын бұлғап тұрады түсімде ылғи, Әкемнің күн сап ұзақ шыққан белі. Торы үйірі шұрқырап, дүбірі өктем, Жанарларда жарқылдар ұлы көктем .
Қауыс Қоңыр ұлын сағынып қоңыр үнмен, Қоңыр дөңнен атағаш күбір еткен. Елге деген елжіреп ғашық ойлар, Қиял мініп Тәңіртау басын бойлар. Күзеулігім құлазып күрсінеді, Тай мініп, бала болмай асық ойнар...
III Мезігіліне еркелеп келіп-кеткен, Құс жолына үйірін өрістеткен. Азуын айға білер тау шыңы мен Күнесім күн бетіне қоныс тепкен. Адыр-адыр, бел-белес, қыр мен қырқа, Жалбыз, жусан, ермен мен бүрген-бұта. Алтыбақан тебеді сам шоғыры, Құс жолында көк көйлек киген жұқа. Торы бесті қашады құрықты іліп... Ойдан атам келеді суыт жүріп. Ат тұяғын жасыл шөп нілі бояп, Шақпы-сұлу күледі сылық-сылық. Шың басында ақ бұлттар ебелектеп, Селдір тұман тау іші, береді өткел... Есімдегі елестер өшер емес, Ғажап мекен таппадым сенен өткен.
Хамит Айдарұлы Керімбектей төрімді кием етсем, Бауырыңа басымды сүйеп өтсем... Түтін болып жалғасқан тірлігіміз, Анам жаққан ошаққа киелі отпен.
IV Баласындай ғұмырдың асыранды, Қыржелкеден қырсықтар басып алды. Беу, Бестөбе, бір барып төгіп қайтсам, Кеудемдегі лықсыған запыранды. Кетті көктем несін ап, несін беріп, Күз-сұлу құндыз қара кекілді өріп. Кейбір жандар ат тонын ала қашты, Жел ұшырған жапырақ секілденіп. Жасырып жылан бауыр қамшы ізімді, Жүргенде құлаң иек таң сызылды. Сүмбіле қырын қарап, қабақ шытса, Айдан аппақ мөдіреп тамшы үзілді. Аспанға түн-сұлуы талша иіліп, Өмір, саған сыр айттым сан сыйынып. Қасіретімді қақпақыл қылды жылдар, Қатал тағдыр сақамды қанша үйіріп... Саныңды соғып қалған әттеңдерге, Тәңір-ай, қарымжылап бақ берген бе?!
Қауыс Қиналып, қыстығамын аласұрып, Туған жерді сағынар сәт келгенде. V Бусанып бұйра бұлттарым, Көзінің жасын төккен жер. Ауылым, мен де сол бұлттай Бола алмадым-ау, сөкпеңдер… Кетіп пе ем, солай мәңгі ұзап, Еске алам көптеп ол жайлы. Туған жер неге жалғыз-ақ, Неге екеу, үшеу болмайды?! Маңгілік болса-шы одан да, Болған соң, әйтеу, тегінде! Риза боп онда соған да, Жатар ем ұзақ төрінде… Туған жер! VI Томпиып, қос бұрымын көрікті еткен, Балалығым сол қызға еріп кеткен. Сезім деген - жаңбыры жаз дәуреннің, Ашық күнде сіркіреп төгіп те өткен…
Хамит Айдарұлы Желден бетер уақыт желеді де, Басқа түссе баспақшыл, көнеді де. Болса алып, болмаса бере алмаған, Сыйласпаған туыстың керегі не?! Жүзімдегі шындығым жүрау жасып, Сырыңды айтсаң кейбіреу сынауға асық. Сағатымның сыртылы санап тауысар, Самайымды барады қырау басып... Тамсануы тоқтамай таңдайымның, Әттегенді ішімнен сан қайырдым! Күрсінісі көбейіп күндерімнің, Әжімі қатпарланған маңдайымның. Жадырап күліп тұрды жасыл уақыт, Тағы да түн. Отырмын басым қатып... Орнымнан үш ұмтылып, ашқанымша Күнес кетті қақпамды тақылдатып... Қауыс ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ (ЦИКЛ)
Бір мұңлы елес Теңізге бірге келді, Бірақ оны ешкімге сыр етпедім. Тулаған толқындардың дүрбелеңі, Сенің әнтек жымиып дір еткенің… Буырқанған теңіздей алқынды арман, Күміс мерует жағаға шашып тынған. Ақ толқындар албыртқан, бәлкім, Қарғам,- Сенің сүйкімділігің ғашық қылған! Көз ұшында көк бурыл ғажап айдын, Жағаға жетуге еш іркілмеген. Сол ақ айдынқоштасқан азалы ай, күн, Өлмес және жүрегің дүрсілдеген!.. Ақ толқындар қашады жаға жаққа, Өзінөзі жұтады, өкінеді. Мені жағып қайғының ғазалы отқа, Сені жұтқан тірліктің толқыны еді.
Хамит Айдарұлы Тербелісі теңіздің тебірене, Тылсыматқа бөлейді төңірегін. Жағалаудан мен жетпес, емірене Айлы-ау, мәңгі ән салған сені көрдім. Кеудемде бір мұң бар сарғыштау, Сосын да көңілім тоңғыштау. Самалы салатын әуенге, Армысың, маң дала Маңғыстау. Қиялды қиынақ, көгендеу, Тағы сол елігу, елеңдеу. Жиегін көк айдын толқыған, Теңізім тым сырлы тереңдеу. Мұң-нала жанымды жегендей, Бәрін де аласың сен емдей. Ақ моншақтарың да шашылғанЖүрекке тізілген өлең ғой... Шілденің жасымен жейдемді Жуа алмай қош айттым, ал мейлі. Көңілде тереңге сақтадым, Ақ жауын аймалар бейнеңді... Теңіз! Қауыс
III Есіме нені жиі алам, Теңізім, менде күйалаң. Тереңдігіңді көргенде, Таяздығыма ұялам.
Тізбекті күздің құсынан, Хат жазып оған ұсынам. Кіршіксіздігіңді сезгенде, Кірлегеніме қысылам. IV Теңіздің мұңындай тәтті өмір, Тулаған толқындар қуаныш. Еске алам жабыққан сәтте бір, Ол да бір таптырмас жұбаныш. Бәрі де баянсыз қалады, Оңады онсыз да түр-түсім. Сыңғырың есіме салады, Алғашқы махаббат күлкісін. Бейнемді беймаза бүгінгі, Өзіңде боларсың байқаған. Ешкімге шақпаған сырымды, Теңізім, өзіңе айта алам. Хамит Айдарұлы Көз салып алыс бір жыраққа, Шексіз бір әлемге бет бұрдым. Толқынның әні кеп құлаққа, Жағаңда үн-түнсіз көп тұрдым,
Күбірлеп қояды көлеңкем, Сүйеніш емес қой ол да аса. Теңізден кетермін мен ертең, Қоштасып қалайын болмаса. Қауыс АЙЛЫСЫЗ АЙЛАР (ЦИКЛ) Жалғыздық, Неге бұлай саяқтандық, Бейуақтағы сапарға жәй аттандық. Неше көктем, неше күз жылжып кетті, Қай көктемге біз өзі таяп қалдық?! Жалғыздық, Уақыт атты сәйгүлікпен, Жарыссақ та, құрғырың сәл мүдірткен. Мен үшін жиырма үшінші жазымөлген, СебебіКелмес жаққа Айлы кеткен... Жалғыздық, Тас бауырсың, кектенемін... Онсыз да өзіңе аян өткен өмір. Кейде өзіңді бөлекше ұнатам да, Кейде өзіңді тым қатты жек көремін. Жалғыздық, Қандай жан ең, түсі-мұңлы, Толқытпас тосын ажал күші кімді.
Хамит Айдарұлы Күрсінсең де, бәрібір, егілсең де, Көктеміңе қарттықтың қысы ілінді... Жалғыздық, Бұл жазғаным-кейінгі өлең, Сенімен құрдым білем, сейілді ерен. Қарашаға жай ғана айта салшы, Мен енді қауыс жаққа бейімделем. Жалғыздық! II Ішкелі шарап қылып уын шердің, Қараша күз айналған сырласыма. Айлы бар деп алаңсыз жүруші едім, Махаббат көмілді анау қыр басына. Шын сезіндім сонда өмір жалғандығын, Тағдыр назар салмайды көз жасыңа. Жүректің беріш болып қалғандығын, Білмейді келмегендер өз басына. Өмір-өзен арнасы толқымалы, Жылжығаны білінбей аға берер. Кеудемдегі керімсал шер, тұманы, Айлы болып тұп-тұнық қала берер. Қауыс
III Жазылып жетпей қалған хат жылаған, Күзгі іңір, кеудесін от бұлаған. Қарашаның жаңбырлы атқан таңы, Жан мұңымды аямай осқылаған… Сарсаң еттің, беу, тағдыр, бізді неғып, Мезгілдер жүр мезгілсіз ізді көміп. Ем болар деп жүректің жарасына, Жалғыздық пен қайттым мен күзді көріп. Нағыз досқа баладым айды көптен, Орынды деп күлді ай барлық өкпең. Алатауға жүрсем де арқа сүйеп, Жек көрем Алматыны, Айлы кеткен. IV Тағдырдың ести-ести өктем үнін, Орынын толтыра алман өткенімнің. Айлыны алып кеткен сол мезгілге, Өкпелімін. Болғандай сезіміңнің құны бекер, Ұры күн бөрідейін ұлып өтер. Айлыға ажал оғы тиген мезгіл, Жаз десе жан жүрегім шымыр етер.
Хамит Айдарұлы Жолым болмай содан соң соқыр адым, Мезгіл сынды меңіреу тоқырадым. Уақыттың уысынды Айлы қыздың, Елесімен сырласып отырамын. Құс кетті аспан жаққа сені бастап, Жан едің жаны жайсаң сенімі асқақ. Көңілімнен өшірмен ешқашан да, Жалғыздық кетпесе, егер, мені тастап. V Боранды кеш, басқанда түз аптығын, Муза аралап қайтады мұзарт шыңын. Бір білсе, аспандағы ай біледі, Айылысыз айдың түні ұзақтығын. Бейуақыт көзімдегі сырды елей ме? Қамалады бір өксік мұң көмейге. Жолаушыдай жол соғып, қалжыраған, Өтпей қояр Айлысыз күн де кейде.
Қиын ғой өзіңе-өзің сыймағаның, Шер, нала, көңілімді бұйдалады. Қай пендеге айтайын ғазал қылып, Айылсыз айлар қатты қинағанын?! Аспанымның сейілтер түнегін кім? Мүсіркеме, жүзімнің жүдеулігін. Қауыс Айлысыз айлар, жылдар басталғалы, Дерті асқынып барады жүрегімнің. VI Тағы жалғыз қарсы алдым сені, күз, Тағы жалғыз қарсы алдың мені, күз, Қос тағдырдың ерімейтін жолы мұз, Түсінбедік соны біз. Әуелгідей сыр айтасың сен үнсіз, Әуелгідей сыр айтамын мен үнсіз, Құспен бірге оралады ол үнсіз, Күтеді оны қаладағы жол үнсіз.
Қабағыңнан табын көріп қайғының, Толқыды кеп менің көңіл айдыным. Ақшам сөне ағып кеткен сол жұлдыз, Тағдырына ұқсайды екен Айлының... Тағы жалғыз қарсы алдым қауысты, Қалтырайды бөтендіктен жан ішкі. Мен сені іздеп аспан жаққа барар ем, Серік етіп кеудемдегі ғарышты... Бірақ...
МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ ОРНЫНА ..................................3 ЖАН ДАУЫСЫН ІЗДЕГЕН.........................5 ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ПОЭЗИЯ!........................7 ЖАЗҒАНЫҢНАН ЖАЗАРЫҢ КӨБЕЙСІН....................................................7 БІРІНШІ БӨЛІМ АЙ ТҰТЫЛҒАН ҚАРАША ҚАРАША.......................................................13 QUESTIOH...................................................14 ЖОЛ.............................................................15 ҚАРАША КЕШІ............................................16 ӨКІНУ...........................................................17 ТАҢ НҰРЫ. СЕН .........................................18 СЫР .............................................................19 ДІЛНӘРЖАН...............................................20 КЕШІККЕН КҮЗ..........................................22 ПАРАДОКС..................................................23 АҚЫН...........................................................24 ДӘРМЕН .....................................................25 КҮЗ КЕЛГЕН ТҮН........................................26 ТАҒДЫРДЫҢ ТИСЕ ...................................27
КҮРСІНІС ....................................................28 ӨКПЕ............................................................29 ҚАРАШАКҮЗ ...............................................30 ТАҒДЫР........................................................31 ЖАБЫҒУ......................................................32 ҚОШ, АЛМАТЫ...........................................33 ҚЫРКҮЙЕК·ЖАҢБЫРЛЫ КЕШ...............34 ҚҰЛАЗУ........................................................35 ТҮН...............................................................37 ЕСІҢЕ МҮЛДЕ.............................................39 КЕЙІП...........................................................40 ЖОЛ.............................................................41 ОЙ.................................................................42 КҮЗ СОҢЫ...................................................43 ҰМЫТУ.........................................................44 СЕН...............................................................45 End................................................................46 ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚАУЫС ҒАЗАЛДАРЫ ҚАРҒА ҚАПТАҒАН АУЫЛ ..........................49 ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ................55 АЙЛЫСЫЗ АЙЛАР.....................................59
ҚАУЫС Хамит АЙДАРҰЛЫ Редакторы: Корректоры: Мұқабасын жобалаған: Көркемдеп беттеген: Арқалық ӘМӘЛИЯТҰЛЫ Еламан ТӨЛЕУТАЙ Тілек ЫРЫСБЕК Қойшыбек МҮБАРАК Басуға 10.10.2020 ж. қол қойылды. Пішімі 70х90 1/32. Офсеттік баспа. Баспа табағы 4,25. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру