Америка сапары
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
Жолжазба очеркі
Мұхтар Әуезов. 1960.
Копенгаген, отель "Европа", 1008-комн.
Вашингтон, отель "Шорм" (16).
Нью-Йорк, отель "Барбизон плаза", 1803-комн.
16/11—27/11 (11 күн).
16/11.
Бүгін таңертең, сағат тоғызда "Москва" гостиницасынан мені жолға шығарып салуға достар келді. Зоя, Абель, Ахмет, Жұмағали және түннен қасымда қонып шыққан Мұратым. Аэропорт. Жүруші, ұзатып салушылар. 11 сағатта "ТУ"- мен ұштық. Екі сағаттан соң Копенгагенге кеп түстік. Аэропортта сағаттан аса отырып, қалаға келдік. SAS компаниясының қарамағына, күтіміне ауыстық. Қаланың тап ортасындағы 17-этажда "Европа" гостиницасына жеке-жеке бөлмеге түсірді. Сағат 4-те лянш іштік. Содан кейін, алдағы ұшу сапары ұзақ болғандықтан, мен номерге кеп, төсек түзеп жатып қалдым. Бұнда екі сағат (Москвадан) айырмасы бар. Соны ұмытып ерте тұрыппын. Үй ішінде бір жарым сағат жүрдім. Ойлану, алдағының бәрі бұлдыр, бірақ сапар көңіл тартады. Лянш үстінде Леонов Хаитов туралы анекдот айтты. Тудерманның Москва жанында көрген бейнеттері әңгіме болды. Неманға шегіну жайындағы өтінішін күлкі қып айтты. Енді сағат 7-де ужин (дипер) ішіп, 9-да аэропортқа аттанамыз. 12 сағат ұшудан соң Америка жағасына жетсек керек. Түнге оқуға бір қырғыз әңгімесін алдым. Ең алғаш шыққан проза жазушы қырғыз әйелі Айым болғандықтан, соның әңгімесін оқуды мақсұт еттім. Біз бүгін Москвадан, өз Отанымыздан сырт сапарға аттандық. Әр кездегі сырт сапардың алғашқы сағаттары, сөткелері өз дағдылы мерзімін, өзгешелігін ұсынады. Көңіл, жүрек, ой үйде, артта, ал сапар алға тартады. Сәт босын!!.
17/11. Түн.
Копенгагенде сағатты Америкаша қойдық. Москвадан 7 сағат кейін. Түн бойы ұшып, таңертең сағат 7-де жетпекпіз. Кеште ас берді — ішкілігі бар, дәмі өзгеше. Кейін шамдар сөніп, ұйқыға кірістік. Ұйқы оңай емес. Әйткенмен аяқ астына үзеңгі берді, өте жайлы (шамасынша) жағдай жасады. Мен айналып кезек-кезек аунай түсіп, жиыны 6 сағаттай ұйықтадым. Бұл жол үшін көп ұйқы мәз ұйқы. Таңертең самолет әуесі (кондицированный) өте жайлы, таза қоңыр салқын. Үсте жұқа көрпе. Самолет астында көбінше су — көк теңіз. Аспан мен төмен екеуі де бірдей. Ояну сағат 4-ке тақау болды. Алғашқы таңғы кофе асын берді. Өзі бір көп дәмді жұқа нандар. Май, сыр, джем бар. Екі рет жует қосқан. Бар астан бұрын жует — аспен бірге және де қызметкер — түндегі бір қыз, бір жігіт. Бұлар еңбегі зор. Самолет бұл жолы толы емес, бос орындар көп. Біздің орын І класс, бөлімде 8-ақ орын, артта екі диван, қол, бет жуатын ыстық орамал, қаттаулы, сулы қағаз — бәрі бұл жәйдің бар күтімін "құданың" күтіміндей етеді. Әлі ұшып келеміз. Сағат 5 /2-да таң білінбейді. Жол картасын әкеп беріп еді. Көбімізге сол әзіргі ермек. Копенгагеннен екі жол бар — біреуі көбінше құрғақтық ала ұшады, 6300-ды асады. Екіншісі 6200-ден аз асады — бұл соңғы су үстін көбірек басып өтеді. Сағат 7.15. Бір сағаттан бері Америка жағасындамыз. Ай жарық еді. Жер жақсы көрініп отырды. Самолет канаты астында селдір-селдір, топ-топ оттар — бәрінде аз да болса әр бояулы көрік, рең бар. Дәл қазір бір жағымыз су — асты бұлт, бірақ бұлт астынан ел-ел көрінеді. Таң сызып атып келіп, қазір көк сәуле молайды. Бірақ шығыс ғаламат қызық боп көп уақыт өз реңімен өзгеше боп тұрды. Дәл көкжиек қан-күрең — ұзын тура сызық... Содан үстіңгі қабат қоңыр қошқыл бұлт. Ал одан жоғары әппақ ақтаңдақ — кәдімгі таң... Ал ең асты, көкжиек орны қызыл күрең, қан күрең боп тұрып алды.
18/11.
Вашингтон. Гостиница "Шорм", жақсы бөлме... 4-этаж (415).
19/11.
Таңертең. Пресс-конференция. 15 журналист, үшеуі әйел, біреуі ғалым. Орта Азия амәдениетін зерттейді. Бізді өз кісісі таныс етті. Ең алдымен Щипачев бізді таныстырды.
1-сұрақ: Саяси жағдай соғыстан кейін жазушы үшін қанша өзгерді? (Леоновқа сұрақ)
Жауап: Өз мысалым — екіге бөлем жазушыны.
2-сұрақ: Ваши книги печатаются государством или Вами?
Жауап: Собанников (Әуелі).
3- сұрақ: Какие американ. совр. больше читаются, ценятся сов. читателями?
Жауап: Басылған тізімдерді басынан оқыдық.
4- сұрақ: Неге? Фактының аты жоқ. Көп оқиды деуші ем.
5- сұрақ: Пастернакты шығарғанға бастық есепті, Щипачев, сіз қалай қарайсыз?
Жауап: Мен жаңа бастық. Ұнай ма сізге сол кітап? Леонов кітабындай сүйемін. Қате сөйледі, оқымаған. Тілші сұрақ беріпті менің бір досыма (өзі де оқымаған-ды).
Леонов: Недоразумение болды. Аударушы жақсы еді.
Адамзат үлкен экзамен алдында, біз жарылып кете жаздадық қой. Сол болмасын, көмек етіңіздер. Біз жас елміз, страстымыз күшті — сіздер 300-ге келдіңіздер, толығырақсыздар... Біз нервныйрекпіз. Менімен қатар тұрады... Оның атынан сәлем айтам, алғыс айтам.
Щипачев: Кешегі сұрақтар Пушкин, Маяковский, Есенин туралы сұрақ еді.
Кешегі болған үйдеміз. Уитменнің санитар болған үйі екен. Мен қатты сезініп, толқып қайттым.
6- сұрақ: Пастернак кітабы басылмады ғой?
Леонов: "Золотая карета" 40-жылы жазылып, 54-жылға дейін шықпай қалды. Соны өз Отанымнан шығарып, басқа жаққа жіберуді корректно емес деп ойладым.
Бастық — 6-сұрақ: Ең жақсы жазушы кім?
Леонов: Ең жақсы біз десек, сіздер сенбейсіздер ғой (күлдірді).
— Тарих елемейді, біз өлген соң елейді — көңіліңіз қалады.
— Кітап біраз жерде жата тұру да керек.
Р. Профессор Лоренс Крадер. Американский
университет, Вашингтон Д.С.
19/11.
Шекспир кітапханасы — дүниедегі ең үлкен кітапхана осы. Директор таныстырып тұр. Бізде программа бар. Таныстырудың, зерттей келгендердің расходын да біз өзіміз төлейміз. XVІ—XІІ ғасырлар туралы Британия тарихының көп дерегі де бар. Ғалымдарға көмектесеміз. Мына театр — Шекспир заманының театры. Шекспир театры осы (сахна екі этаж, шымылдықтары екеу). Екі этаж сахна-балкондар, үш қатар диван орындар. Театр өзі Шекспир театрының... Бірақ бұнда бұрын шатыр болмаған, орындық болмаған. Люкблоктар ұзын — артист төменге түсіп айғайлап сөйлеген, шымылдық түспейтін, 1932 ж. мына театр салынған. Основано одним человеком, который положил все свои средства — Фоулджер, фото Лондона XVІ века.
1)Клуб Шекспира, оригинал осында. 2) Кітаптар, рукопись времен Ш. 3) Ш. оқыған кітаптар. 4) Шекспир оқуға мүмкін кітаптар. 5) Елизаветаға байланысты документтер. 1572 ж. Сыйлардың тізімі. Қызыл барқыт түнгі көйлек сай да бар. 6) Шекспир уақытының кітаптары, Бэкон, история литры — Лорера. 7) Музыка (XVІ г.) коллекциясы көп (мұнда). 8) Мария Стюарт уақытының документтері. 9) Макет (тамаша). Шекспир заманының театры. Орындық жоқ. Бағаға қарай. Балконда, жерге отырған орындықтар. 10) Барқыт қап Библия Елизаветанікі. 11) Шекспир портреттері XVІІ г. авторлары белгісіз. 12) Читальная қоңыр ағаш. Елизавета залы. Жасалған сол заман үлгісі. 13) Сирек кітаптар (книгохран. мира), ғажап төрт хранилищенің бәрі алфавитпен тұр. Төмен екі этаж бар. а) Бірінші том Ш. 1623, 1616 өлген. Осында суреті де бар. Бар 36 асқан пьеса.
б) Макиавелли аудармасы. в) Ранние карты, ғажап сборник карт 1616 г. Бәрі қолдан басылған. Әр қала, графстволар карталары (развалины, руины), доисторич. городище (раскопки). Соғыс суреті... Стеллаждар өртенбейді, лифтер, рукопистер әр ескі ғасырдан. Большая коллекция суфлерских экземпляров. Кейінгі дәуірлер тарихы да бар.
Аудармалар. "Мэрует" мотельде тамақ іштік. Бұл (мотель) аса қызық жері "заезжий двор" — бірақ машинелі жолаушылар тоқтайтын жер. Көз алдында машинаң, ортада бассейн (қыста ол каток). Осында бір-екі бөлме алады да, тұра беріседі. Зал-ресторан тамаша. Дастарқандар қызыл, қызметкер тегі негр — қасыңда тамақ қуырып жатады. Ақ қалпақты шеф-поварлар. Асы қызық. Қабырға тақтай, кірпіш. Столда шам, майшам.
Бар қалада бар ең жайлы жағдай.
Сол күні кешке кино көрдік. "Джек Потрошитель" дейтін, 1888 ж. Англияда шыққан роман бойынша бүгінгі сұмдығы "Комиксылерге" қосымша (ескі заман) ерекшесі — сұмдығы коп фильм. Әйелдерді "сіз Мари Клар?" — деп алып өлтіре береді. Үнемі пышақ салып өлтіреді. Күндіз Капитолийде болдық. Онда сенат, мәжіліс залын көрдік. Залдың өзінде адам аз — іші пысып зорға отырған спикер, сенаторлар. Ал бұнда үлкен мәні бар "биль" қаралып жатыр. Терістік штаттар мен өкімет оңтүстіктегі негрлер праволарын кеңейтуді талап етеді. Соған заң жобасын енгізген. Осы мәселе бойынша (біз барғанда) түстік штат сенаторы сөйлеп тұрды. Ол жаңағы кемшіліктердің көбіне қарсы-қайшы. Өзі орта жаста, қара киімді, қоңыр шашты, ұзын бойлы, келбеті дұрыс адам. Сөзін сөйлеп тұрған жоқ. Оқып тұр. Алдында үлкен кітап боп басылған баяндамасы. Жоғарыда әр тұста әр топ адам отыр. Ол жәй халық. Бұлар арасында негрлер, индеецтер бар. Екі сопы әйелдер де отырды, бастарында қара жабынышы қатты таңылғандай, ішкі жағы ақ, маңдайларында көлденең шаршысы тартылған ақ байлауышы да бар. Осыдан соң Капитолийдегі конгресс залына бардық. Онда палата представителей істейді. Бұл зал алдыңғыдан кең, көркемірек, дебатқа қатты ыңғайлы. Әзір жиылыс жоқ екен. Жалпы Капитолий өте сұлу үй. Төбесін түзеп жатыр. Жоғарғы сырты Исакийге ұқсаңқырайды, бірақ қызғылт реңді. Осыдан соң көп уақыт қаланы араладық. Бұл жолда Конгресс кітапханасы — ең үлкен жиын осында. Ұлт галереясы және толып жатқан министрліктер үйлері бірінен-бірі басым, сұлу, өзге-өзге архитектурамен жасалған. Бір көшелер тек елшіліктер көшесі. Ағылшын елшілігі өз үлгісінде. Содан парктер аралағандағы жеке меншік үйлердің нелер көркемдерін көріп келдік. Осы жолда мұсылман мешітін көрдік. Өте көркем стильде салынған, мұнарасы да биік, әдемі. Кешке өзіміздің елшілік сарайында болдық. Онда кешегі американдар сыйлығын орай етіп Полянскийлер мейман қабылдаған. Қонақтарды елші, Полянский, Димаштар қат-қатар тұрып қабылдап тұр. Келген қонақтар ішінде Сайрус Итон әйелімен... Әйелі сарғыш шашты, орта жастан да жасырақ, стулда отыр. Итон өзі ақ шашты, кесек орақ жал тұмсықты карт, түрегеп тұр. Әйелінің алдында тұр... Әйелдер киімі онша көз тартарлық емес. Тек бір ғана ұзын, жіңішке сұңғақ әйел — мех шарф салған. Сәнді, әсем. Өкшелері біз... қарындаш. Бұнда бар әйел солай киеді. Елшілік үйі төрт этаж. Залы әсіресе көркем — алтындалған зал. Бұрын үлкен байдікі болған. Қызы осында өлген, соның қапасынан бұл үйді Россия елшілігіне сатқан. Қонақтар 200 кісі болу керек, тәуір келіп жатты. Бір үлкен денелі даманы күйеуімен сыртта көрдік. Ол шолақтау қызыл күздік жұқалау пальто киген. Бастар көбінше жалаңбас. Ең жетіскені берет сияқтыны киеді. Тек чулоктар сонша қатты тартылған болады — бұл ұқыптылық өзгеше. Күн бойы ағыл-тегіл жауын болды. Бұның алдында қар жауған, қалың жауған. Қатты әбігер болысқан. Забастовка болып, көп нәрсе, трамвай, сауда, көлік жайлар тоқтап қалып, зарплатаны ерекше өсіруді талап еткен.
Үш кітап магазинінде біздің кітаптар дейді. "Абай" да витринада тұр деді. Түнде тек алма мен банан жеп, жует немесе кока-кола мұзды су ішем. Саулық күйге аса жайлы.
19/11.
1) Библиотека Конгресса - 11 млн книг. Здание — мрамор, построено в стиле итал. Ренессанса в 1897 г., мемор. доска строит., знаки Зодиака (солнце). 2) Гл. чит. зал — всего 21 зал — построен по типу Британ. музея. Купол, зал круглый (20 минут доставка книг), 60 этажей с книгами. Русских книг 200 тысяч, ежегодно 8 тысяч поступает. 3) Каталоги. Каталоги иностр. книг. Казахских книг примерно 25-50 в год получаем. Укр. кн. - 500, активный обмен с тбилисской книгой. Линкольн туралы кітаптар (сирек), жиып беретін кісінің өзінің жеке стенді (выставкасы), осында декларация (освобождение рабов). Ленин кітапханасынан Островский библиясы ең ескі — алынған (достық), ескі тағы бір кітап XV ғасыр.
Книгохранилище — история культуры.
Джефферсон кітаптары. Когда прод. в 1815 г. было 7500 книг. Был пожар, часть погибла — это 3000. Славянск. отделге барамыз. Жер асты қатынас бар. Ол туннель арқылы баратын бөлек үй. Ұзын, жақсы туннель.
а) Комната Джефферсона. Орысша кітаптар, Леонов көп.
б) Горький хаттары бар.
в) Бродская. "Киргизы", "Каракиргизы". Барбара Крадер об Ерзаковиче.
ІІ. Нац. галлерея, сағат 1.45
Сезанн, Ренуар, Моне, Мане, Гоген бәрі бар. Моне — тұманды. Мексика суретшісі Дали. 1) Ең тамаша мексикан. суретші Сальвадор Дали "Тайная вечеря". Христос ортада, әйел тәрізді жоғарыда және басы жоқ, аяғы жоқ, дене қолын жайып тұр. Символ воскресения — еркек. 2) Пикассо — натюрморт. 3) Жан Люрса. Знаменит, француз. 4) Жорж Брак. 5) Пикассо Пабло. "Семья акробата". 6) Матисс. "Яблоки", "Одалиска". 7) Марке с поднятыми руками. 8) Пикассо. ...Трагедия — шал, бала, әйел. 9) Андре Дерен. "Старый мост". Сол күні Вашинггонның ішін араладық. Бұл өте жақсы қала. Бір үй бір үйіне ұқсамайды. Машиналары да сондай. Көп бола тура қайталамайтындай. Біз қазір қаланың ескі шаһар дейтін жағын араладық. "Джорж таун" дейтін бөлімі. Бұнда барлық үй ескі — бірақ сонда да аса стильный, кіші екі этажды келісті үйлер. Осында 1762 ж. салынған үй бар, соны көрсетіседі. Тамақ ішіп, жол жүрдік. Вокзал біреу, бірақ аса үлкен. Осыдан мініп, Ныо-Йоркке жүрдік. Вагондар ұзын, еденде кілем, орындықтар өңшең кресло, айналмалы бір бағанда 30 ғана кресло. Бүкіл поезда сондай. Бұл бірінші класс, ІІІ класында кресло, бірақ қатары екіден. Ресторан, кафе-бар. Поезд кешігіп шықты. Себебі жүруші көп, күн жұма. Ертең сенбі. Бұнда сенбі, жексенбі бірдей демалыс күн. Ныо-Йоркке барушы көп. 4 сағат жүріп, түнде жеттік. "Барбизон плаза" отельге кеп түстік. Бөлмелер кішкене, жәйлі, 18-этаждамыз (1803).
19/11.
Книжный магазин. Кітап алдық (бөтен адамның қолы). "Подземный город","Люди умирают". Жас жазушының романдары. Әйелі орысша аз-аз біледі, өзі жас, 33 жаста. Әйелі орыс, бірақ тәрбиесі американша. Орыс тілін шала біледі.
Подземный город — Underground cіty, Men dіe — Люди умирают.
20/ІІ. Қала араладық.
20/11. Метрополитен-музей.
Роден — мыслитель. Райн Томас коллекциясына сыйлаған — ол Роден еңбектері.
Эскиздер: 1) Голая фигура; 2) Вечная весна (сүйіскендер). 3) Адам.
Иран, кілем XVІ в. Табриз; 1) Коран, XІV в. Египет, араб.; 3) Шахнаме.
Бурдель - Геракл. Садақ тартады; 4) Бройгль — фламандец. "Жнецы" (год 1528). 5) Рембрандт. 6) Челлини — чашка (XVІ в.) 7) Амер. живопись XІX в. 1) Вислер. 2) Мэри Касид. 3) Райдер. "Труженики моря". 4) Саржент Мадам X (Икс). Өте көркем әйел (әппақ). 5) Морзе (телеграф) художник — "Муза". 6) Бирштатт — "Скалистые горы". Знаменитая картина XX века - реалист. американск. школа Гирш, Мариз. Реджинальд — "Слоны". Современная живопись. Последние 10 лет. 1) "Дракон" Базиоте. 2) Исами Нукучи — мальчик (скульптураның фокусы) (анатомия). 3) Дегули — очень известный художник, "Пасхальный понедельник" ничего не значит. Қиқы-жиқы, айқыш-ұйқыш коп бояу (көбінше ақ, көк, сары). 4) Марша Релли — сондай. 5) Джеймс Брукс. 6) Джексон Полок ("Осенние ритмы"). Бұл действие — живописец разбрасывает краски, не рисует. "Осенние ритмы" қара, күрең, ақбояулар (шашылған), бүл өзі знамени¬тый импрессионист. 7) Движение — скульптура "Красные колокола" аспанда — Аэропортта көрдік. Иосиф Альберс қызық. 8) Осынікі жасыл қызғылт квадраттар (бірі-бірінің ішінде). 9) Балкон Грине, "Сидящая женщина" анығырақ. 10) Морис Граовс — Духовная пр... "Япония". 11) Девушка художник. "Акрополис", Лорэн Макивер. 12) Конструкция из золотой проволоки — "Солнце", Ричард Липпольд. Музей купил за 15 тысяч долларов. Объемная. Оте қызық қозғалыс көрінеді — өрмекші өрнегіндей, жұлдыздай разновидность конструкционизма. 13) Стрем — Окада (Японнан шыққан). 14) Джим Эрнст — "Тишина". Қараңғыда (қызық) конструкция — сенімді. Қара көк түндей тыныштық. (Сюрреалист Макс Эрнстың баласы). 15) Убегающее время, оставляющее стареющим. Иван Лелорен Олбрайт, 1827, "Старик" — түрі, пішіні, жүзі ғаламат. Перчаткасына қарағанда грузчик суреті. Женат на миллионерше. 16) Зорах скульптор. Мать и дитя. 17) Сальвадор Дали. "Распятие" бұл онша емес. 18) Кандинский. 19) Пикассо — "Женщина в белом". 20) Әйел суреті — Пикассо ұқсамаймын дегенде, саспаңыз, кейін ұқсайсыз депті. 21) Ван Гог — екі сурет, екі жол. Моне көп, жақсы. Гоген, Ван Гог әуелде жақын болысқан, кейін араз. Ван Гог — "Кипарис", "Подсолнухи" қызық.
20/11.
Кешке.
Кейзи Альфред сыншының үйінде қонақта болдық. Жиырмадан аса адам екі бөлмеде. Үлкен бөлмесінде көп жасау жоқ. Дивандар екеу, орташа. Жерде кілем. Екінші бөлме орталау, қоңырқай. Коридор екеу — екеуі де тар. Тәуірі сырттан кірер вестибюль, оның төбесі әшекейлі. Өзі жылы, едені кілем... бұнда, тегі, кілем, алаша төселмеген жай жоқ. Ас — фуршет, жеңіл бутерброд, кішкене дәмді тоқаштар. Асты негр әйел алып жүрді — қызметкері. Бұнда Чаевский болды. Ол мақтан, менмен, кекесінге толы адам тәрізді. Біз Союзда тек ішкілік іштік. Мен впечатление, очерк жазбайым, ол өз маманының ісі дейді. Кейін де тек мас болумен өткіздік. Түк біле қойғамыз жоқ дейді. Шындарын айтудан қашады. Өздері іштей Советке дос болмай, қырын қарап келген кісілер. Чаевский, Толстой, Достоевский, Горький - бәрі-бәрі, түгел орыс әдебиеті реализм. Реализм — соцреализм де сол — түк айырмасы жоқ. Мен Чеховша жазам. "Марта" менің сюрреализмше жазғаным — ол маған ұнамайды дейді. Бұнда биік бойлы Индия жазушы әйелі болды. Ағылшын тілінде Индия туралы жазады. Сыншы әйел Маяковскийді зерттеуші — ұзын бойлы арық — күле сөйлейді. Бұнда Лилиан Хельман болды. Қошқар тұмсық, жирендеу қартаң әйел. Кеудесі, екі төсі тіпті кең ашылған. Бетінде, әсіресе кеудесінде, білегінде сепкілі көп. Жақында үлкен пьесасы қойылмақ — аса жақсы дейді Чаевский де, Кейзи де. Бұл кеш жалпы қуантқан жоқ. Бәріміз де қоңырсалқын қайттық. Себебі дос жүздерін көргеміз жоқ. Тек жол атқару үшін, көңіл үшін шақырысқандай.
Карл Сэндберг қартқа ұшырасу.
Міне, бұл шын жақсы болды. 82 жастағы ақын шал Советте болып қайтқан. Ұзын бойлы қызымен, күйеуімен бірге келді. Кітабы орысша шыққан. Щипачев соны берді, пластинка сыйлады. Қазақстан, Өзбекстанды Сэндберг көп еске алды. Выставка да есінде қалыпты. Орыс тіліне қатты тамашалайды, дыбыс үнін, "Аға" деген күтуші әйел сөзін, үнін ұнатқанын айтады. Хрущевті қатты мақтады. Ақыл да мол, күлкі, юмор да күшті. Әзіргі әлемдегі ең ірі адам дейді. Өзінің өмір естегілерін айтты. Менің жастығым жөніндегі кітабым орысшаға қызық болар еді. Үш жасар бала күні негр әйелді мақтағанын айтады. Шойын жолда вагонның жүк қоятын жерінде тығылып жүргенін, шатыр да жүргенін, одан бір көзі соқыр полицайдың шатырға қайта қуып шығарғанын айтты. Қайыршы жігіттің арық жүзді әйелден нанға май жағып беруді сұрағанын айтады. Өзі Джек Лондон сияқты — өмірі соған келеді. Менің көзіме Дж. Лондонның қартайып келген түс-қалпы көрінгендей. Дж. Лондон 42 жаста өлген. Ішкілік жеңді, көп жасағысы келмеді, әдейі уланып өтті дейді. Бұл шын дос. Нью-Йоркті кеште де көп кездік. Енді өзге ақын біреу менен бұрын айтты ма, жоқ па, онысын білмейм. Ал өзім: Бұл қала XX ғасырдың Манхэттен аспанына таспен жазған поэмасы дейім. Сол поэманың әрбір жолындай боп небоскребтер созылады. Америка өлеңінің жолындай (ол ұзынды-қысқалы, ұйқассыз, ақ өлеңше көбірек ұшырайды ғой). Ол үйлер бірінен-бірі биік. Әр жол болғанда, Эмпайер Стэйт Билдинг (102 этажды ең зор үй) жаңағы поэманың ең ұзын жолы тәрізденеді. Бұндай зор әлем — жалпы адамзат тарихының техникалы, ғылымды, өнерлі іздену-жеңістерінің балғын ескерткіші, мәңгіге қалатын тозбас тастан соғылған, аспанға жазылған, іргесі тасқа қазылған жартас поэма дер едім. Әрине, біреулерге Нью-Йорк қатты ұнаса, көп жандарға тіпті Америка өз халқының талайына қатты ұнамайтын ең даулы қала. Мен өзіме еткен әсерін айттым. Есіме дүниелік үлкеннен, ұлыдан, адамзат қуанарлық ұлыдан ұлылар түседі. Адамда Ленин, ғылымда ракеталарымыз, сөз өнерінде "Манас", алып қол өнерінде Нью-Йорк деуге болады. Ой қуатын айтқанда, Э. Хэмингуэйдің "Старик и моредегі" шалы. Бізде Коненковтың өз портреті — екеуі де шал, кеудедегі жалынды жап-жалпы адамзат жаны, рухы неге құдіреті жетерлік, түп жоқ қажыр-қуат, қанатты, шабытты қуат иесі екенін танытады. Бұндай жайлар: биік асқарлардың бастарындай — жолдағы қатпар-жоталардан қарлы мұз мәңгілерден көп-көп жолдағы әр саты орта таулар, сеңгірлерден аса-аса бір-біріне атой берісіп тұрған асқарлардай жайлар дер ем.
21/11.
Қонаққа кеттік.
"Thunder out of Chіna" by Т.Н. Whіte and Annalee Jacoby.
"By love Possessed" Jameo Goned Cozzeno. "Green Wіllow" Joy Chute.
Қонақтарын таныстырды. 1) Ропер. 2) Автор детектива Рекстау. Сақалды, жерде отырады. 3) М-р Прескоут — көрші. 4) Тағы көрші. 5) Главный лит. критик "Нью-Йорк таймс" Орбел Прескоут — ханым. 6) Көрші. 9) Көрші. 10) "Сатер-дэй" сотруднигі туралы әзіл. 11) Судьба Клуба книг. 12) Уильям Дебонс "Нью-Йорк таймста" істейді. Әйелімен, өзімен де таныстым. Самое большое литное обозрение в Америке. 13) — 14) М-р Данклней — учитель. 15) Я незаметный муж знаменитой жены. Интеллектуальный ремесленник по дереву. 16) М-с Тринголсен помогает создавать страну. Лишая заботы. Интерес к Объед. нациям вызывает - нас приглас. в Объед. нации. 17) Муз. критик Джем Родрис — бизнесмен. 18) Стюрчейс — многосторон. мужчина для Америки. 19) М-р Чейс — писатель-экономист, культ познания — телефонист. Ведет войну против скуки — блестящий адвокат, которого я знаю. 20) Садовод — Россел Мисс. 21) Пресса ун-та в ... лучший дровосек, какого я знаю (күлкі). 22) М-р Хекк. 23) Отель "Жак Фульдрик", отдел "Сатердэй". 24) М-с в красном. — Я пишу о м-д Фуле. 25) Передовая женщина-модельер мен әйел, ана бабушканың. 26) Концерт пианистки м-с Краус... 27) М-с Фермен — о Дальнем Востоке роман — "Гроза из Китая" (Гром из Китая). Таныстым жақсы. 28) Леонов — жауап. Атақты пианист әйел ойнамақшы. Өзі венгр. Бэла Бактидің шәкіртімін. Өз өнері, оқытушысы туралы өте жақсы, сыпайы сөз сөйледі. Қара шаш әйел әдемі сұлу, ойласа өзі де сондай сұлу болар деген еді. Өзі сол еді дейді. Тамаша күй ойнады. Шашын төбесіне біздің әйелдерше түйген, бұйралау, жұқа.
"Моцартты ойнайын. Азия, Европа қосыла алса, тұрып билейік содан". Кейін бізге сұрақтар берісті. Көп сұрақ. Әуелі үй иесі Казинс, содан кейін детектив роман жазушысы сақалды қарт, тағы басқалар сұрақ берді. Көп сұраққа жауапты мен бердім. Ленин бәйгесі жөнінде. 2) Үш түрлі топ, қайраткер, ғалым, спорт, интелектуал топтың халыққа ең мәлімі қайсы дейді. Біз соңғысы деп мен дәлелдеп бердім. 3) Екі американ — Хемингуэй, Митчел Уилсон не себепті даңқты Россияда деп сұрады. Мен жауап бердім. 4) Шолохов "Көтерілген тыңда" Давыдовты өлтіреді дейді, рас па деді. Мен жауап бердім. Жиын өте жақсы, адамдар да ірі. Бұл кездесу аса жақсы өтті. Бес сағаттай қонақта болып, кешке қайттық. Жол бойы ағылған машина. Айнала үнемі оралған қалың, таза, бойшаң тоғай. Орталық Россияны еске түсіреді. Кешке қалада мюзикхоллға барып, ревью дейтін постановкасын көрдік. Бұнда бір ревью, бір кино, екеуін бір-ақ көрсетеді. Екеуі бір программа — ревью бір сағат, сурет — 1 '/,, жиыны 2 '/, сағат отырады. Мюзик-холл залына 6200 кісі сыяды екен. Халық жексенбі күні толы болады. Бір күнде бес рет қойылып шығады (сеанс). Артистер екі жұма істеп, бір жұма демалады. Ал ревьюде әуелі симфония оркестрі жақсы, әсем екі күй тартты. Содан соң оркестр... платформасымен төмен түсіп, сахна ашылды. Индия әні, биі — әдемі киім бояуы, стилизация үлгісі жақсы көрінеді. Әсіресе алтын киім киген баядерка тәрізді әйел ортада ерен бөлек танылады. Биінде басты ырғақ, қолдарын жылан етуі өте шебер. Жалпы бұл біздің декадаларды еске түсіреді. Осыдан кейін әдемі костюмдерімен ковбойлар билері шықты. Және бір кезек әппақ атқа мініп, шапқылап шығып, ат ойынын көрсетті. Сол кісі және екі итпен ойнады. Біреуі төрт көз, сары бауыр қоңыр ит. Екіншісі ақ ит -овчаркалар тәрізді. Олар әртүрлі есті қимылдар жасады. Сурет нашар болды. Аяғына қарамай кетіп қалдық. Онда тек артистканың үні жақсы екен. Ол 32 жаста. Рак крови болып өлген екен.
22/11.
Сағат онда Колумбийский университетке барамыз. Біз ун-те славян факультеті... проф. Стильман орысша ағызып таза сөйлейді. Я во главе славян, языков и литры. Студенты жить не дают, хотят встретиться. Козлов — совет студенттерінен. Их 5 человек. Американцев в отделе 45-50, есть сотни студентов, изучающих рус. яз. вообще. История университета. Журнал "Форум" ун-та основан в 1754 г. при короле Георге ІІ. Был вначале колледж. 8 студентов было в первый год. 37 тысяч сейчас студентов. Летняя сессия — 6-недельная открытая сессия, все могут слушать это летом. Регулярно 2 семестра зимой, осенью, весной. В Америке и Геттингене были основаны два ун-та одним и тем же королем Георгом. Организация работы своеобразна. Колледж — 4 года, программы — это общеобразоват. с уклонами — ведет программа к степени бакалавра. Следующие степени — магист. — 1 года, на это с дипломной. Дальше — докторская степень — долгая разни¬ца во времени. Больше студентов на магистра и доктора, больше, чем в колледже. В Америке студенты ездят из города в город, чтобы от родит, к самостоятельности, это после колледжа. Есть факультеты медиц., точных знаний, философии, тут языки, иностран. лит-ра, тут же отдел философии — славянской: русской гл. образом. Проф. Симоне Эрнест — "Введение в сов. лит-ру и идеологию": о Федине, Леонове и Шолохове. Экзамен длится два дня по три часа письменно, затем дипломная работа — это на магистрскую степень, 10 курсов слушают на докторскую. Занятия вечерние в общеобразовательной — тоже в конце получают степень. 1) Монголовед, Алтай Менгес Карл. 2) Халасикун Тибор — нигерец, тюрколог. 3) Джефри - арабист, умер. 4) Лодз — по угро-финскому. 5) По узбекскому фольклору защищал докторскую. 6) По казахскому фольклору. Языки изучаются: турецкий, узбекский, азербайджанский, армянский.
Русск. лит-ра. 1) XІX век, два семестра. 2) XX век. 3) Совет, лит-ра.
Wіllіam L. Shіrer ("Berlіn dіary").
Maurіce Dolbіer (New York Herald-Trіbune).
W. G. Rogers. "The Assocіated Press".
Юджин О'Нил (О'Нейл). Long Day's Journey іnto nіght.
"Длинное путешествие в ночь".
Ең жақсы пьеса осы дейді. Көп дауласты. Көп әңгімелері, үшеуімен де мол әңгіме болды. М-р Райе — драматург. Зампредседатель пен-клуба. Нью-Йорк, международна)! лига пен-клуба өте көп, қызық әңгімелер айтты...
Көп дауласты, көп сұрақ.
Кеше күндіз үш кездесудің есте қалар ерекшеліктері: І) Колумбия университеті. Бұл частный ун-т саналады. Бар оқушы 37 мың. Тұрақтысы 20 мыңдай. Ол мөлшер есеп. Әр факультет бөлек, мол үй. Кітапханада 3 млн кітап бар. Басқарушы администратор президенттің бірі Эйзенхауэр де болған. Студент жылына 500 доллар төлейді. Оқытқанына, жатақханаға жылына 475 доллар. Бірақ 20% студент үшін степеидия бар. Дәрежелері — әуелі преподаватель, бакалавр магистрі, доктор, профессор атақтар. Толық профессор... Төрт жыл біp ауысу бар. Үлкен толық профессор 18-20 мың доллар алады жылына. Клубтары жақсы.. онда тамақ, демалыс, (бильярд қымбат. Бриджи ойнап отыр, бриджи өте ауыр, сложный ойын дейді. Ақшаны аз қойысады. Студенттермен кездесуді нашар ұйыстырады, әдейі істеді. Әңгімелесуде Леонов өзін ақылсыз, нашар ұстады. Белинскийдің Гогольге жазған хатын жамандады. Щипачев ренжіп, залды тастап кетті. Біз де реніш айттық. Ол айыбын мойынға алып, кейін кешірім сұрады. Өте бестактный мінез, осындай ұшырасу көптің ұшырасуы емес. Өзінің бір кітабы жөнінде бір ғана аумақ сұрақ бергенге елігіп қайда отырғандығын, неге бас қосқандығын ұмытып, эмпирик мылжың сөз, мінездемеге кетті. Мен пропагандист емеспін, қайта мені Одақта еретик деп біледі деп, өзін нашар түрде бар Одақтан бөлшектей сөйледі. 2) Бұл күн бір ерекше оқиғасы пен-клубтағы ұшырасу болды. Мені көп жазушылар қамап алып, көп сұрақтар берді. Көп-көп әңгімелестік. Бір үлкен қартаң жазушы менімен әңгімеден кейін 90% қанағаттандым әңгімеңізге деді. Осында негр жазушысы Ленгстон Хьюз да болды. Ол Союзда болған, жақсы әңгімелестік. Жазушылар көп, ірі сыншылар көп. Үлкен газеттердің сын бөлімдерінің ірі бастықтары болды. Бәріміз де көп, жақсы әңгімелестік. 3) Кешке белгілі жазушы әйел үйінде қонақта болдық. Ол обед еді, өте жақсы күтті. Екі этаж пәтері бар. Қызметкерлері еркек те, әйел де. Бұнда 3/2 сағат отырдық. Аса көп әңгімелестік. Пастернак туралы да. Біздің әдебиетте психология бар ма деген сұрақ жөнінде тақырып біреу болғандықтан, бар әдебиет ұқсас емес пе, барлық журналдың орталығы біреу ғана емес пе? Толстой... сынап жазбап па еді. Жалғыз Пастернак сынына жаза қолдандыңдар, ол қалай деген тәрізді сұрақтарға көп дауластық. Осында пен-клубтың орынбасары драма сыншысы, өзі драматург м-р Райе болып, сонымен көп әңгімелестім. Пен-клуб проблемаларды, жалпы әдебиеттің өзін екшеп алып талқылайды. Мысалы, 57 жылы Токиода тек аударма туралы сөз болысты. Шығыс көп аударады, біз Европа, Америка, олардың тілді білмей, аз аударады екеміз. Соны сөйлестік. 50-60 мемлекетте пен-клуб бар. Әр ел өз өзгешелігін түсініп отырады. Былтыр халықаралық жиылысы өтті.
23/ІІ.
Біз "Сатердэй-Ивнинг" редакциясындамыз. Норман Казинс бұнда редактор. Сын, драма бөлімі бастығы, үлкен мақалалар бөлімі бастығы, редактор көмекшісі. Издатель қартаң. Жалпы редактор зав. продукц. из-ва.
Екі жақты таныстырулар. Бұрын қойылған сұрақтарды бермеспіз. "Сатердэй-Ивнинг" редакциясындағы әңгімеде Щипачев жақсы сөйлеп, бар әдебиеттің иесі боп көріне білді. Әдебиет шаруасынан сөйледі. Коненковты, мені мысал етіп, еркіндікті айтты. Пастернак жөнінде ұялтты. Біз толған әлембіз, әдебиет деген өзі әртүрлі, соның бәрінің орнына тек Пастернак ұят, әділетсіз және бұнда басқа ешкімді білмейді, білгісі келмейді. Ақша шығарып басса, соны көп басып, совет әдебиетіне деген соманы Пастернакқа беріп тауысқан ба дейді (күлкі). Норман Казинс жақсы, келелі сөйледі. Алдағы алысырақ нысанада қайшылықтарымыз, шалғайлығымыз көп болса да, бүгін біз бәріміз бүгінгі тірлік үшін жауаптымыз деді. Леонов пен менің айтқан (өзінің үйінде айтқан) сөздерімізді коллективіне айтып бермекші болды. Щипачев өлендерін жақсы оқыды. Осы күні "Американская лига авторов" деген тобына барып, сонда лянш болды. Бұнда ас үстінде бесеумізді бес бөліп отырысып әңгімелесті. Кейін Рекс (кешегі сықылды детектив роман жазушы автор) өздерінің ерекше мән-жөндерін айтты. Бұл лигада тілеген жазушының бәрі бар. Анархист, коммунист, саясатсыз консерватор, республикашыл демократ — кім де болса бола алады. Бір уақыт бір фашист те болады. Кімнің нені қалай жазғанына сот емеспіз. Бәрі де өз білгенінше, өз еркінше жазсын дейміз. Сіздердің сұрақтарыңыз бар ма деді. Біз өздеріңіз сұра дедік. Гончар жақсы сөйледі. Соғыста болдым, сонда фашист болса, біз оны, әрине, жыраққа жіберер едік. Біз жасырмаймыз — саясат біздің бір шындығымыз деді.
Мен, Щипачев өз шығармалық жол-жөніміз туралы аз сөйледік.
Сол күні түс ауа атақты Эмпайер Стэйт Билдинг — 101 этажды үйді көрдік. Қасымызға басшы адамы ерді. Хрущевті ертіп шыққан екен. Әуелі 80-этажға шықтық. Бір минутта шапшаң лифт алып шықты. Осы этажда әдемі екі үлкен әсем кабинет бөлмелерді араладық. Жай кісілерді бұнда (сирек қонақ болмаса) кіргізбейді екен. Осы кабинетте үйдің қазіргі иесі мэр Грациннің портреті тұр. Осыдан кейін 90-шы этажға шығып, бір ауыстық. Ең ақырғы 101-этажға тағы лифтпен көтерілдік. Бұл үйдің ең биік үшкір төбесінен 7-8 телевизор биігі орын алған. 80-этажда айнала қоршаулы, бірақ шыны жоқ. Бар Нью-Йорк табан астында. Бұрын ең биік үй 72 этаж екен, ол баладай. 101 этаждың айналасы шыны-пиала, соған жазған, бриллиантпен жазған жазулар, кісі аттары бар. Бұл үйдің ішінде өңшең кеңсе, шаруа, сауда орындары, 90 офис шамасы бар (90 ба, 600 бе?). Астында магазиндер, подвалын да көрсетеді екен. Ол 20 метрде тіреуге орнатылған дейді. Осы үй алғашқы салушыға 26 миллион тұрған. 4 мың кісі бір жылда салған. Кейін осы үйді Граун 50 миллионға сатып алған. Кешке театр — "Оныншы кісі", Чаевский пьесасы. Пьеса нашар — күлкі болғанмен, "Хохма одессита" күлкісымағы. Жалпы, пьеса қытықтай күлдіреді. Артистер жақсы — режиссер атақты ірі өнерпаз дейді. Театр кішкене. Адам мол. Пальтоны шешпей отырады. Әркім өз алдына қойып шешіп отырады. Халық көп келеді. Арзан күлкіге еврейдің тілі, әзілі, синагоға ішіндегі мінездерге арзан, жеңіл күлу, әзілдеріне жұрт көп күлді.
24/ІІ.
Таңертең Нью-Йорк биржасында болдық. Ол қызық дүние, теңіз бетіндей толқып-толқып, шарасынан шыға алмай тұрады. Агенттер, акциялар, компаниялар. Екі қабырғада телефон номерлері — агенттерді шақырған номерлер. Ортада қызыл электр сағат, минуттар. Анда-санда сүйсінген кісі аспанға ұсақ құстай әртүрлі қағаз қиқымын ұшырады. 50 доллардан акция болғанда күніне үш миллиондай акция сатылып алынып, ауысып жатады. Күніне бір жарым миллиард саудасы болады. Осынан үйге хат жаздық. Түсте капиталист издательдер мен 666-үй, 5-авенюде обед болды. Мен сөйледім. Макрай, Вениамин сияқты сегіз капиталист издатель болды. Киімдері сәл орташа. Бір капиталист Б. Пастернакты 1 миллион тиражбен шығарыпты. Хемингуэй 500 мың еді дейді. Күлдім. А.Толстой 15 мың шыққан. Енді ғана Петр І 25 мың карманный түрде шығады. Д-р Хикс, м-р Каминский, Норман Казинс болып, "21- клуб" дейтін ең атақты клуб ресторанда қонақ етті. Мен Нью-Йорк туралы суретті сөз сөйледім. Қатты ырза болысты. Хикс — Ленин приз алатын кісі, жөні бар кісі екенін танытты деді. Маған қалжың приз айтты. Осында "Нью-Йорк таймс" өкілі болды. Ол газета 1 млн 200 мың. "Нью-Йорк Дейли Ньюс" (бульвар газетасы) 2 млн дейді. "Вашингтон пост" 300 мың екен. Бұл кеште Вера Юльевна Вакая (болса керек) қалжыңдастым. Қызық әйел. Д-р Хикс бізді қонақ етті. Сальбери "Нью-Йорк таймстың" өкілі. Алматыда, Союзда 5 жыл болған. Глобус — издатель. Әзілі грубый. Гончар ыза болды. Жаулықпен деп ойлап еді. Онысы теріс еді.
25/11.
Кітапхана.
Kodjomberdіew Koudaіbergen.
189 South 9th St.
Brooklyn 11, New York. Tel. EV. 4-0856.
Үш мың адам істейді. Демалыс бөлмесі, столовойында жақсылап тамақ іштік. Осы күні ООН-да болдық. Ғаламат қызық үй. 7 елдің архитекторы қосылып істеген. Ортада фр. Карбюзье, орыс Басов бар. Үш бөлім үй. Совет безопасности, несамоуправляющихся территорий, экономия, совет, зал заседаний, Объед. нации, соңғыда 2 мың кісілік орын бар. Қызық су реттер. Спутник, парсы кілемі, т.б. Хэрлем - негр ауданы. Больницамыз, терапевт, хирург, глазник, роддома, все основал...
Бізді Браун ертіп келді. Браун — Лайфтың басқарушысының бірі. Это медицинский центр. Разницы нет - больной или не больной, взносы есть. В районе 5 центров. 42 дол. 75 центов (за семью) на одного жильца 18 тысяч на один мед. центр. В городе еще 30 поликлиник. Здесь 34 врача. Кооператив үй жаңа. В 6 домах 999 квартир. 21 этаж каждый дом. Есть 11 врачей, которые в двух домах. Получают квартиры по заявлению. Молодой кооператив отбирал семьи со средним доходом. Применяют так: заработок д.б. в 7 раз больше оплачиваемого — от 6000 до 12 тыс. В районе 9 приходов, рел. институтов. Кооператив создан, чтобы уничтожить трущобы — поэтому пр-во помогало. Вносили 20 %, 80 % жильцы получали от гос-ва, 80 % должны уплатить в сорок лет. Есть еще дома с доходами низкими, их прав-тва город построили с доходами низкими. Системы комнат нет. Каждая квартира — 6-7 комнат. Квартплата — 28 долларов, а обходятся в два раза больше, т.е. 60 % убытки и будут.
Плейхауз. Кешке мен "Плейхауз" атанған театрға бардым (Достижение чудес). "Творитель (сотворение) чудес" атты Вильям Гибсонның пьесасын көрдім. Соқыр, мылқау қыздың адам болғаны жөнінде. Бұнда осындай әйел болған екен. Соның өмірі туралы қызық кітап бар. Пьеса осы жөнде.
Кішкене 12 жасар артистка Патти Дюк Хелен Келлер деген рольді ғажап ойнады. Мылқау қыз баланың образы жанды қабады. Тәрбиеші өзі бұрын соқыр балалар арасында тәрбиеші болған жас әйел, өзі де кем болған. Сол үш акты бойында "Әке, ana, су" деген үш сөзге үйретеді. Тәрбиеші рөлі де аса жақсы екен. Жылап ғажап ойнады. Анни Сулливэн рөлін Анне Банкрофт ойнады. Осы тәрбиеші. Халық аса мол, театр үлкен емес, фойе жоққа тән. Бірақ орын жетпейді. Күнде осындай тығыз. Бұл частный театр. Бір Бродвейде осындай 30-ға жуық театр бар дейді.
Режиссер Артур Ренн.
26/11.
Бүгін таңертең ерте тұрдық. Сағат 9-да Лос-Анджелеске аттанамыз. Нью-Йоркте 8 күн тұрдық. Жолда газета оқыдым. "Нью-Йорк таймс" 26/ІІ. Салисберн Харнсон жазды "Писатели невидимки под огнем". Районный прокурор Фрэнк Хоган расследует 25-го дело о четырех агентствах, поставляющих по плану диссертацию или работы на степень 3000 долларов, на экзамен 50- 500. Даже некоторые сдавали экзамены за отд. студентов в отдельных университетах на первом и продолжали дальше. "Уорлд Телеграм энд Сан" Колумб, ун-т. Учитель колледжа Алекс Бексон сдавал за студента экзамен и так корреспондент выявлял это дело. Газета сообщила, что он действовал с ведома прокурора — мистера Хогана и деньги вернул в его контору. Лос-Анджелеске 5 сағат 22 минут ұшамыз деп жариялады. Стюардесса қыздар және жалпы бар қызметкер қыздар тазыға ұқсайды, поджарые, чуткие, подвижные — особая порода, племя. Президент учит, колледжа д-р Кэсуэл выразил тревогу подставными экзаменами. Раньше не были раскрыты, происходит это, где выпускают будущих педагогов. Их немного. На магистрский уровень поощряет такие вещи, терпимо относиться к нему.
Факультет учительского колледжа постарается улучшить.
Проф. Чэпмен Нью-Йоркского университета сомневается, что могло это произойти на уровне степеней. Он честно сознался как студенты обсуждают материалы, переписывают.
— Трудно было бы это провести?
Тони Пинта — редактор студенческой газеты "Скуэф Жорнал", заявил о том, что 35—90% занимается по желанию. Чэпмен это называет фантазиями. Диссертация написана фальшиво. Бенсон (пр.), что его частный психолог за 350 долл. написать диссертацию для Иешивского университета. Как сообщает один из проф. Юга-Запада, 1250 долларов за проделанную докторскую диссертацию. Далее написана благодарность его. Кандидат в колледж ун-та 2000 долл. Зарплата за диссерт. по нему ответ дураков. Но цены являются честными. Взять половину гонорара. Д-р Самуэл Белкин, проф. Иешив. ун-та, сообщил это докторская диссертац. готовилась для Иешив. ун-та, но не говорит, что она была рассмотрена. Аспанға көтерілгеннен кейін бұлттан асып шыққан шағымызда жариялады, Эмпайер Стэйт Билдингтің басы көрініп, бұлттан асып тұрғанын айтты. Бүгінгі газетте Бразилияда екі самолеттің қақтығып ойран болғаны жазылған. Екеуінде 64 кісі өлген. Рио-де-Жанейро заливында үш кісі тірі қалған. Төрт моторлы военный морской, екі моторлы пассажир самолет. Халықтың көз алдында осы трагедия болды деп жатады. Үлкен қызық бір әрекет. Англичан юрист Александр Мэкланд Шотландия нац. музейіне үлкен коллекция сурет сыйлаған. Бағасы бір миллион тұратын коллекцияда Сезанн, Пикассо, Гогендер бар. Бұл сыйды жақында қайтыс болған әйелінің әруағына арнап ұсынған. Бұ да бір ғаламат қылық мінез. Чикагоны басып ұштық, жолда Миссисипиді басып өттік. Бар жерде кар — Россиядай. Айтпақшы, международ. книганың бұндағы өкілі мистер Смиттің толық аты, адресі: м-р Эдвин Смит, американско-русское муз. агентство.
Mr. Edwіn Smіth.
Am. Rus. Lіterary and Musіcal Agency.
24 West 45 St.
New York 36 N.Y. USA
Виски іштім. Қазір қарлы, мол шаруалы аудандарды басып келеміз. Қар қалың, бірақ әр жерде аз-аз қоңырқай көкшіл ағаштар көрінеді. Онда жеке-жеке усадьба, фермалар. Ал көп алаң үнемі шахмат тақтаға бөлінгені байқалады. Фермалар егіндігі. Жол аса қызық. Тауларға кірді. Көп-көп таулардан, елсіз таулардан өттік. Қарағайлы, қалың жыныс ағашты таулар көп. Лос-Анджелестен Фресноға тартқан жол толған мұнай. Кешке жақын Фресноға кеп жайғастық.
Мұхтар Әуезов. 1960.
1) г. Фресно (Калифорния),
мотель (9) аты "Насиенда".
2) Лос-Анджелес. "Чайман парк" (532).
3) Феникс, отель "Весвард Хо"
(на западе) (812).
26 күні кешке ас ішіп, тынығып, мотельді аз араладық. Су ішінде пиала арқылы би көрініс жасаған сұлу әйел әрекетін көрдік. Қараңғы зал (қоңырқай), музыка, электрон ойнайды. Төрде жасыл әйнек, үлкен сахна сияқты, онда терең су. Сол суға алтындаған трико (купальный костюм) киген ұзын бойлы, сұлу денелі қыз (сары алтын сары шашты) қыз сүңгіп түсті. Содан ары айналып түсіп бұралып, оралып шалқалай айналып, басымен дөңгелене айналып сәнді грациялы пластикалық өзінше өзгеше би қимылдарын жасады. Сырғанақты би өзгеше болып созылып, тамылжып ырғалғандай су ішінде де ғажап сұлу қозғалыстар әсем-сәнмен ырғала тамылжып шығады екен. Бұл "Русалка" аталады. Біз енді Фреснода үш-төрт күн болмақпыз. Бұл аласа бір этажды қала. Табиғаты көктем — екінші бір дүние.
27/11.
Ертеңгі ас үстінде жалпы әңгіме. Маған көп сұрақ берісті. Оку, жазушы туралы, содан кейін осы стол басында пресс-конференция басталды. М-р Беккер алдын ала сөйлеп, достық жағдайда өтсе екен деп тілек айтты. 7- 8 корреспондент, біреуі әйел. (Бөлменің жарығы төбеде. Әр жерде осындай. Бұл өте ақылды іс). Щипачев сөйледі кіріспе — быт цивилизациясы сіздерде биік, үлгі аларлық. 1) Роберт Резон — редактор газеты: Ағылшын тілінде аударылдыңыздар ма? 2) Боб Маркин — газета "Колледж": Какую подготовку получают молодые писатели? 3) Джем Уэлсон — из радио и телевид., пресса колледжа. 4) "Фрезио Пи" ("Пчела"): Собираются ли сов. писатели на съезды, конференции? Зарабатывающие писатели, т.е. работающий писатель — кто писатель, кто нет. Қаланы аралап келеміз. Парк — эвкалипты, инжир, пальмы (финиковые, королевские), очень большой парк. Персики цветут. Здесь графство — самый большой город между Сан-Франциско и Лос-Анджелесом. 125 тыс. км. Центр самой плодотворной долины в Америке. 100 лет назад долина была полупустыней. Қалада землетрясение болады. Бұнда канал, плотина — екі үлкен плотинадан өлке су алды. Қаланың шеттерінен келеміз. Бұнда машинада отырып тамақ ішетін особый ресторан. Подают в машину со столиками, испан. стиль. Мотельдер көп — бірнеше. Үйлер бір этаж, жеке-жеке отель, төбелері ағаш, черепица. Ғажап көп әсем столдар (машинада отырып жазып келемін, сілкінбейді). Тұрғын халық шетке көбірек салады. Орталық ескі стильде, көбі бүгінде кеңсе болған. Бұл қаланың үлкен көшесі, 18 этаж үй землетрясение, 8 этаж тас үй — торговый центр. На запад, стороне города люди с низким заработком — мексиканцы, китайцы и др. приезжие, родившиеся за границей. Ағаш үй шосседен ... екінші рет өттік. Үстінен қала көрінеді. Красное дереводан ағаш үйлер салынған, бояусыз. Жапырақсыз үлкен ағаштар — платан. Біздің қалада кедей жоқ дейміз. Школа екеуі екі түрлі. 4 орта мектеп (Хайсоул). Кедейлер далада, мақта, жеміс тереді жалданып, әрқайсысының автомобилі бар. Әр адамның машинасы бар. Өкіметтен жәрдем алушылардың да бәрінің машинасы бар. Ескі автомобиль сатып алады. Кедейлер тұратын үйлер көбі жалдама. Ол үйлер штаттыкі. Ол үйді алу үшін табысы пәлен сомадан кем болмауы керек. Пәтер ақы төлей алмаса, штат соц. помощь береді. Үнемі алып тұратындар да болады. В штате Калифорния все обучение до ун-та бесплатное. Первые 12 классов никакой платы за книги, тетради, бумагу. Контора Мэри, 4-этажные стоянки для автомашин. Графство — 100 км в длину, 30 в ширину. Рай городских аллей, особый торговый центр, қазір сұлу үйлер ауданына өтеміз. Бұл қалада 4 телевизия станциясы. Байлығы неде? Обогатились жильцы, владельцы больших ферм, хлопкочистит. заводы. Индустрия бар, жеңіл машина жасайды, винодельч. заводы, фруктовый консервн. Масло из хлопка (завод), производят — семена цветов, овощей и др. — продаются по всей стране.
Қалада бар индустрия, біразы ауданда.
Крупные фермеры живут в городе. Но все живут там, на ферме. Большая часть с/х механизирована. Рабочих рук мало. Ручной сбор тоже немного есть — стоит машинный и ручной одинаково. Это унив-т. городок прежний. Здесь двухлетний колледж. Здесь в субботу не учатся в школах и вузах (нет классов субботы).
В Америке в каждом штате своя система обучения. Каждый штат автономен. Часть города наз. "инжирный сад" — здесь очень красивые дома, больше домов с садами. Один этаж прохладный. Эти дома назыв. типа ранчо и влияние американское.
Фиговые деревья, кактусы.
Города в Калифорнии растут очень быстро. Чем дальше от центра, тем лучше дома. Земля принадлежит частным лицам. М-р Фортнер был владельцем этой земли, и он продал ее магазинам. Айтпақшы, есте болсын. Нью-Йоркте біз үйінде қонақта болған жазушы әйел аты Женуэй (Дженуэй), 6-7 романы бар. Магазины без продавцов. Есть тележки-каталки, в них покупатель набирает все нужное и расплачивается у выхода. Жолда инжир бақшасын көрдік. Жапырағы жоқ, күзелген, көктемді күткен, қырқылған қарағандай боп тырбанып, шашырай үрпиісіп тұрған - алмадан гөрі аласа ағаш. Бұл қалада платан, кипарис те көп. Күндіз колледжде болдық. 5 мың оқушы бар. Сенбі күн болғандықтан оқу бүгін жоқ. Студенттер жоқ. 600 студентке жатақхана бар. Көп студент машиналы, 16 жасқа келген соң әр жас... болуға тырысады. 700-1500 долларға 5-6 жыл ұстаған, ремонтталған автоны сатып ала береді. Машинасыз адам жоқ, сондықтан көшеде жаяу жоқ. Колледжде 12 мамандық бар. Искусство, телевизор мамандығы үшін үй театр салынып жатыр. Бір қала, бір үйден бір үй сұлу, сәнді, өзгеше стильді аландар, көгал, жеміс ағаштары, персик гүлдеп тұр. Кітапхана стеллаждары қоңыр сарғыш бояулы — темір, о да сәнді, кітаптар жақсы мұқабалы — өзі бір жарастық, 350 мың кітап бар... Әңгімелестік. Леонов бір заумный әңгіме (поэзия туралы бастап), сөз өрбімеді. Леоновтың поэзия математиканың күшейген заманында баяғы арифметика болып қалуы керек емес деген пікірі — сырты сұлу, шешен, тапқыр, алғыр тілмен айтылғанмен, әншейін жаңсақ, тек бір поза, фасон тәрізді... Үйткені адам нелер Эйнштейн жүйелерін тудырып, біліп тұрса да, бала боп туып-өсуден ешқайда кетпейді. Бәрібір ауа, ұйқы, ас ішу қалады. Ол ғана емес, табиғатты сүю, аталық, аналық, достық, махаббат, өлім, қиял, сағыныш болады. Бұның бәрі логарифм тілімен, математика, химия формуласымен математика выкладкасына баяндалмайды. Ән де ән болмай, көмейге орнаған репродуктормен айтылмайды. Ол да бір урбанистич, культура, телеграф тілі дейтін декаденстің, футуризмнің әуенінің бірі. Кешке армян рестораны "Иранда" қонақ болдық (лаваш-шиш кебаб жедік). Одан қызық киноға Леонов екеуміз бардық. Машинамен аулаға кіріп, машина ішінде отырып кино көрдік. Жүздеген үнсіз машина тұр. Әр машина ішіне репродуктор кіргізіп береді. Сондықтан кино қорасы үнсіз, әр машина ішінде ғана дыбыс бар. Көп жерде осындай кино бар дейді. Орын мол керек болғандықтан, қаланың шетірек жеріне салады екен. Көбінше үлкен қалаларға баратын, көп жүргінші жүретін жолдарда болады. Машиналарға кішкене баласын ұйықтатып қойып келіп қарап тұратындар да болады. Бұл қалада машина ғажап көп. Орталықты кеңсеге берген де, сауданы, магазиндерді шетке шығарған. Әйтпесе машиналар қала ортасына сыймас еді, тұрар жер болмас еді. Қазір базар тұсындағы машиналарда сан жоқ, сығылысып жапырлай тұр. Көп магазинге келгендер машиналары. Түнде бір топ қалың, мол машиналардың төбе жағында көп түсті кішкене флажоктар тұрғанын көрдік. Ол осы машиналар (ұсталған машиналар) сатылады деген белгі.
28/11.
Бүгін біз ерте тұрдық. 8-де ас ішіп, тағы да қала сыртындағы алыстағы заповедникке бармақпыз. "Калифорния нац. парк". Заповедник 62 км. Ал өз ішінде 40-50 километр тағы жүрдік. Жол әуелі Алтай, Алатау бөктерлеріне ұқсады. Екі жақ көгал. Анда-санда жайылған қызыл ала сиыр, көбінше тана, құнажын. Жазда ол мал тауға кетеді. Фресноның көп ауқатты аудандары да таудағы дачаларына кетеді. Жол онда да жақсы дейді. Паркте қар. Содан ары қалың көк жыныс тоғай. Бұнда ель, қарағай, кедр, әсіресе ең қымбаты секвойя. Бурый алып атанған (Бурый гигант), 3600 жыл жасаған карт ағашқа келдік. Ол көп қолды Будда, мың қолды Будданы еске түсіреді. Бұл мамонттар замандасы, Илиаданың, Кейқауыс, Рүстемнің замандасы десе де болады. Өзі де кәрі құдай, бог Саваоф. Осы ағаш тек осында ғана бар. Басқа дүниеде жоқ. Қымбат заповедник, болған соң тауды көп араладық. Бұғы көп, аю бар. Жолда үлкен күз жартастар, тұтас гранит тау-тас — полукупол. Екі жақ тік құздау тақыр жартас... Оң жақта "Шлейф невесты" дейтін водопад ағады. Екінші жақта тағы үлкен водопад. Осы тұста тау басынан от төгетін әдет те бар екен. Костерді ағыза түнде құлату.
Долина Иосемит ғажап, қызық өлке. Осында жазда сан мыңдаған адам болады. "Ауана" деген атақты ресторан бар. Тастан қаланған, тік тұрғыза орнатқан бөренеден жақтаулар. Бірақ іші аралаған сайын тамаша бола береді. Гостиная, залдар... индеецтер оюы бойынша істелген, боялған портьерлер. Столовая тіпті тамаша, терезеден бар жартастар, алыс водопад көрініп отырады. Бұл айналаға көп-көп лагерьлер орнау үшін сан алуан жағдайлар жасалған. Әр жерде орындық стол жерге орнатылған. Көшіп жүретін әдемі үйлер бар терезелі — оларды жеңіл машина да сүйретіп әкете алады. Балалардан лесничий жасайды екен. Бар баланы жиып бір жұма оқытып, өздеріне кіші лесничий деген атақ беріп, өздеріне тоғайды, заповедникті күзеттіріп қойысады. Тамаша ақыл. Жолда бұғылар көрдік. Бұғы, аю адамның қолынан тамақ жеп жүре береді. Аюды кейде мазақ етем деп ашуландыратындар болады. Бұнда шүйебөрі бар... бір балалар ит екен деп ойлап жүріп, ақыры бөрі тістеп алған. Баланың әкесі бір бөріні жынды емес пе екен деп атып өлтіріп, зерттеу жасатқан. Түнде кайтып келіп, кешегі машинада қарайтын киноға бардық. Кегельбан ойынын көрдік. Бильярд ойнап жатқан жастар бар. Жаяу бұл қалада жоқ. Тек спортты ғана көресің.
29/ІІ.
Бүгін тағы қала сыртына ауыл шаруашылығын аралауға шығамыз.
Кино въезжающих Жуанви школды кордік. Синьор Кай (старая средн. школа). Магазин Сире. Көшеде миндаль гүлдейді, оливки көгереді. Бұнда апельсин тау бөктерінде өседі, суықтан ықтап өседі. Школа Синьор Кай бөлімдері: администрация, кластар 10-11-12 — 1400 бала оқиды, ұл, қыз — (16-19 жас), класс: биология, химия, физика, лабораториялар — ғажап оборудование мол. Физич. труд — слесари, столяры, вождение машины (правила вождения) білу шарт -қыздар да үйренеді. Өзге қол өнерін тілегендері бойынша үйренеді. Қыздар бұл кезде үй шаруасынан тігінді, ас пісіруді үйренеді. Мектептің теннис, футбол, бассейн орындары бар. Завтрак ететін әдемі, таза столовая. Кітапхана 2600 кітап — бірақ жаңа мектеп, келесі жылы 5 мың болады. Үйткені 50 мың доллар ақша саудамыз бар дейді. Директор начальной школы — ақ шашты, ұзын бойлы педагог. Қызыл киімді, ұзын бойлы, әдемі учитца. Колледж фермасын аралап келеміз... Хлопок, скот, земледелие, виноград 1100 акров земли, коров 400, 200 на мясо, 300 свиней, 300 баранов — рамбулье, гемпшир. 3 тысячи цыплят, своя бойня, продуктовый амбар, упаковки по всей Америке. Курятники. 1) Миндаль. 2) Персик, бананы. Жұмысты студенттер істейді. 3) Эвкалипты. Персик гүлдеген, ағашы адамның тамырындай, прививки, сливы, апельсины два сорта. Один с ноября до апреля, выложенный в марте (без серединки). 6) Молодые персики. Грейпфрут. М-р Смит Кэмп, 200 акров, ферма назыв. "Удона", 175 акров под садами, 25 — для скота, работает 6 человек, а во время сбора 25 человек на помощь. Большое число таких как я, конечно, не все — в этом округе 11 тысяч фермеров. Средняя ферма — от 40-60 акров, по Калифорнии 307 акров средн. Смит говорит о среднем размере... Скот на мясо — за 600 фунтов откармливает 110 дней и продает, прибавляют по 2 фунта в день — кормят бычков и телят. Наемные рабочие из Фрезии, разных других местечек (клёнес). Рабочие — 6 человек круглый год (семейные), трое женатых, трое холостых. Они зарабатывают за часы, плата 350 долларов в месяц, помощник, квартира, питание бесплатно. Это мастера производства — оплата остальных следующая: 1 доллар 25 цент за час (условия неоплачив.). 3400 долл. заработок за год. В воскресенье не работают. Летом в воскресенье работа.
Персики пакуют сами и отправляют. Таблицы сортов (печатные). Главный рынок — Лос-Анджелес, Техас, Вашингтон. Сбыт через торговые центры. Кітапханасы, үйі тамаша, бай: холодильник, стирка белья, сұмдық (механизация). Ұлы студент көмектеседі. Өмір бойы фермермін. Виноделье фермасында өскем, әкелерім фермер еді. Упаковка. Әйелі әсем үнді. Спальня, гостиный екеу, кухня. Машина (автобусы бар) 25 жұмыскерді әкеліп тасып жүреді күніне, 25 алатын жұмысшы үйі төредей, төрт бөлме. Техас адамы да, ірі япон подельниктер (25 шілде) осында тұратын бір тобы бар. Өздерінің ортақ столовыйы, кухнясы, жатақ үйлері тар, нашар — өте жаман. Сондықтан шал Иосида тар жатын орындарын көрсеткісі келмеді. Смит Кэмп - колледж бітірген, ұлы оқып жүр. Жылдық табысы 25-30 мың доллар. Бұл тегі помещик. Осындай фермерлер 11 мың дейді. Хлопок шаруасына кеттік. Соңғы жылдарда жақсы машина жасадық. Жинауы таза... Рамбулье — ең жақсы қойымыз. Ең сүтті сиыр жылына 350 дойка. 26 тысяч 500 фунтов молока. Около 13 тысяч литров. По 45 ф. в кг. Машина бір-ақ жүрген, мақта. Нашар жер. Екінші рет жүрмейді — пахта нашар. Калифорния мақтасы волокно ұзын — фабрикалар жақсы көреді. Тюк пароходом идет на восток. Урожай — 4 бейла — 2000 фунтов с акра (в каждом бейле 500 ф.). Средняя калифорн. 1500 ф. Бізше 15-18 центнер. Машина для опрыскивания и для полива кормовой травы. Көп дөңгелекке ұзын арқандай кишка тартылған, айнала су шашып тұратын насостары бар. Мақтаға осыны, бақшаға да қолданады. Ячмень өсіп тұр — для скота, скот основным образом кормят ячменем. В Айове, Огайо кормят кукурузой — 95% кукурузы в ячмене. 2-3-6 жасар сиырлар, қызыл қасқа үлкен. Искусств, осе-менение жоқ. Белоголовый Херфорд (Хефордшайр). Рожь арасында жайылып жүр (зеленый корм осы). Қара сиырлар - шотландский скот, мясные, "Опрыскиватель" қолмен қозғалады ақырын. Өзі де қозғалады ақырын.
Пенсияға профессор 70 жаста бұл штатта кетеді. Өзгеде 65 жаста. Если 30 лет работал, получает половину зарплаты (последние 5 лет и одна 60-я за каждый год работы). Бюджет колледжа: 50% от штата, 50 — от самоокупаемости (ағартушы). Орех гүлдейді, мимоза, олива. 85% бюджета города от с/х. Апельсиновая роща. Февраль, март, апрель айларында апельсин жинайды. Пальма, аллея тамаша. Апельсин ағашы ғажап. И эта была пустыня, пока не было воды. Хлопок тіпті биік. Метрге жуық, это идеальная высота для сбора машиной. Сезонные рабочие көбінше мексиканцы, японцы приезжают по договору государства. Дорога, обсаженная высокими оливами. Грецкие орехи, апельсин ағаштар. Есть фабрики обработки миндаля, орехов, механич. машины по очистке от кожуры, косточек. Советник по сельскому хозяйству (для фермеров). Ульи под плодовыми деревьями. Студент — оплачиваемый рабочий, 2/3 урожая берет он с 3/2 акра, уход, прибыль и убытки его же. В случае убытков несет ответственность денежную — 2/3 тоже. Индустр. центр Фресно, выставка всех машин. Декан агроном, факультета м-р Даулер — бізге оз машинасымен жүріп бар шаруалық жайды айтты.
Фиговое дерево это инжир. Фига — инжир.
Корм делают для индеек, для разных животных (заготовка кормов). 40% работают на агробизнес. Кешке м-р Джойл — профессор, колледж директоры қонаққа шақырды. Үйін көрсетті, 8 бөлме. 4 спальня бар. Кабинет, гостиная, кухня жағы тамашасы. Қабырғда шкафтар, өздері бөлмеден тамақ ішетін кішілеу бөлмесі кухняның дәл қасында. Отопление, еркінше кір жуу, жаю, бәрі өз ішінде. Қорада бақшасы. Онда камелия гүлдейді. Грейпфрут пісіп тұр, үзіп берді. Жерде кілемдей майса, тығыз, табанға кілемдей (түгіндей) табанды соратын аласа көгал. Қазір көп жері бурыл. Осы бағын суаратын фонтаны ғажап. Айналып тұратын ұсақ фонтан сулары жақында себездеп, шашырап, майда, жәйлі жауады, ешбір гүлді, шөпті майыстырмайды. Қыз төсегі де екеу. Әр жерде солай. Қыздың спальнясы дейді, онда екі төсек болады. Қайтыста түнде осы үйдің күйеуі оформить еткен "Отелло" спектаклін көрдік. Студенттер қоюшы (профессор басқаруымен), ойнаушы, киім эскизін жасаушы, оны тігуші бәрі студенттер. 3-4-курстар, бұлар мамандық алады. Актер, режиссер осылардан әзірленеді. Колледждің экзамені есепті берілген, қойылған спектакль. Отелло боп негр ойнады. Студент. Бұл колледжде Япон, Қытай, Ираннан кеп оқып жатқан студенттер аз емес.
1/ІІІ.
Бүгін біз сағат 12-де поезбен Лос-Анджелеске жүрмекпіз. Фреснодан Беккерсфилге дейін біз поезбен жүрдік. Вагон қатар екі орыннан. "Санта Фе" деген шойын жол компаниясы бар, Калифорниядағы шойын жолдың иесі. Вагондарында, станцияда, дизель паровозында тегіс "Санта Фе" жазылған. Біз ресторанға барып лянш ішіп, екі сағаттай отырдық. Жолда тағы бір вагон столдары бар, демалыс вагоны — онда тек сусын береді. Чай, кофе жоқ. Беккерсфилден біз автобусқа міндік. Щипачев екеуміз қатар. Ол өлең жазыпты (осы жолда ыңырсып, ырғақ іздеп, шабыттанып отырып), жаңа редакциясын жасап шықты. Жатқа жазған, жатқа оқып берді. Нью-Йоркте жазған, маған арнайым дейді. 12 жол. Әуелі поезбен, автобуспен біз ұдайы жазық өлкемен келдік. Графство Фресноның жері тегіс, жазық. Бұрын шөлдеу жер болғаны оқта-текте қатты білініп қалады. Кейде тақыр, кейде шағыл, сор топырақ та байқалады. Ондай жерлерде кәдімгі Арал, Жосалы араларының, далаларының былтырғы қара сортаң қаңбақ тәрізді үрпек бөрікті шөп көп. Егінсіз дала көңілсіз — кәдімгі қара тұз, ебелек, қаңбақ қаңғыған құла түз, қу медиен дерсің. Бірақ соның қатарында әдемі көкпен көк далалар, тақталанған егін далалары кетеді. Онда мақта, бақша (көбінше үзім), көгал шөптер, неше алуан өсімдіктер. Көп жерде жайылып жүрген мал, отар-отар қойлар — етке арнаған гемпшир қойы... Кейде қызыл шұбар, қарала сиырлар камалып-қамалып тұрады. Олар поезға тиеліп, Чикагоға жүретін сойыс малы. Өңшең күйлі, семіз мал. Беккерсфилде машиналы, рекламалы, күндіз де неон оттары, сөнбейтін вывеска, реклама толы қызыл-жасыл жарқыраған аласа қала, бұнда да автомобиль жын атады. Жүргені мен тұрғаны жөнімен де құмырсқа илеуіндей. Беккерсфилде біз үлкен автобусқа міндік. Екі кісі қатар отырады. Орындықтар жұмсақ, биік. Автобус ішінде туалет бар, онда қол жуатын су да бар. Сүртінетін қағаздары, оны тастайтын мусор жәшігі де бар. Жол көпке дейін даламен келіп, біраздан соң алда үлкен таулар тұман, мұнар ішінен аңғарыла бастады. Бұл Кордильеры. Тау биік, жол кең, төрт қатар машина жүреді. Кей тұста қатар жол ремонтталып, тақталанып, тапталып жатыр, бірақ жүріске бөгет жоқ. Төрт қатар машина ағылып, бөгетсіз жосып, жөңкіп жүр. Тау ішіне кірдік, бұл бір қара тау... Айналасы өрі, сай-саласы мол аса тік таулар емес. Алтай, Орал тәрізді кең, мол қатар-қатпарлы аса құйқалы таулар. Құйқалы деген сөз дәл қонады. Өйткені өсімдігі — түгі мол. Онысы берекелі ағаш емес, тығыз, жиі ала біткен бұталар-кустарниктер. Жақын, алыс таудың бәрінің етегі, төсі, төбесі түгел осы аласа бұта, кустарниктер басқан түрде. Тасты, жартасты тұстары аса азғана. Жол өрлей келіп, 3000 футқа жетті де, асудан астық десті. Жолда бекет тәрізді аз-аз үйлер кездеседі. Олар жанында да топ-топ машина. Әрбір 40-50 километрде мотельдер. Кішкене болса да мотельдер бар. Мұнда да вывеска көп. Жол бойының екі жағы да үлкен плакаттар, ұдайы жолды. Мотельді, алдағы неше мильде болатын ресторанды мәлімдеп отырады. Асудан асысымен сай бойында "Лос-Анджелес", "Голливуд" рекламалары кетті. Әлсін-әлсін "һотел" андай, "һотел" мұндай деп ондаған гостиницалар жайларын айтады, шақырады. Лос-Анджелеске кешке жақын келдік. Жолда Щипачевтің чемоданы жоқ боп шықты. Артынан табылды, бірақ жоғалуы тегін бе екен. Қалада онша бай емес гостиницаға кеп түстік. Тек тәуірі табан астындағы қызыл қоңыр оюлы (кесек оюлы) кілемдері. Мен душқа түстім, түн бола бал қосып дипер жедік. Ресторанда адам жоққа тән. Жолдағы таулар қара тауды да еске түсіреді — болашағы, жақындағы болашағы осылай болса нетер деймін.
2/ІІІ. Лос-Анджелес.
Қаланы аралап келеміз. 1) Хрущев түскен гостиница. 2) Протестан шіркеуі (пресвитарианская церковь). 3) Универмаг (биік) жұқа. 4) Алыста тау, онда Голливуд. Планетарий куполы көрінеді. Тауда жазу, тау бетінде "Голливуд" деп жазылған. Тау айнала студии. Голливуд 500000 халқы. Фильмы сейчас не производятся, была заложена основа там. Ұзын жолмен Голливудке келеміз. Тауға қарай кеткен он жақта Голливуд. Тут живут деловая часть, центр радио и телевидения. Кинопромышленность вышла оттуда, где почти 35 лет назад была кинопром.
а) Бульвар Голливуда, б) Дом престарелых.
Профессор бізді бастап келеді. Декан төрт жылдай кинода болғам жоқ дейді. 1) Ең ескі кинотеатр. Көшеде адам бар, орташа киінген. 1) Египетский театр. По величине Лос-Анджелеса 4-5-е место. 2) Методистская церковь. Кинозвезды венчаются здесь. Таудағы оншақты үй әр саты, әр стиль, особняктар. 3) Ақ крест ашық театр. Ғайса өмірі көрсетіледі. Раз в 10 лет показывают "Жизнь Христа". Ашық симфония театры. 25 мың кісі сыяды. Біздің билет осында болған. Сахна жанында фонтан бар.
Айнала тау. Кешегі алуандас қалың кустарниктер, бірақ стр-во жоқ. Кауэнга — перевал (инд. название). На этом перевале амер. в 1848 г. победили мексиканцев и присоединили этот район. Тау төбелерінде үйлер, бақтар сұлу, әсем, әр алуан. Бірнеше этажды үйлер. Қатарда ұсақ түбірлі жалаңаш үйсіз төбе-беткейлер.
Кинокомпания Ришблик. Комич. картины делает, небольшие.
Дом на колесах. 3-4 комнаты. Комната, кухня, семья на отдыхе ночует.
Едем на гору, между Голл. холмами и долиной Сан-Фернандо. Жолда орташа, аласа үйлер. Профессор, лавкашы столяр тұрады. Водопроводчиктер — олар бұнда көп алады. Ағаштары живой дуб, вымирают, дождей мало, сухо. После 15 лет "Долина Сан-Фернандо" — там проживают миллион людей. Жол 30 жыл бұрын салынған тау жолы. Өрт болыпты. 8-9 ай жаңбыр болмаған. Тауға шықтық. Долина бірнеше бөлек қала. Бәрі Лос-Анджелеске қосылады. Жолды екі жол санайды, тіпті жақсы. Тау "Холмы Голливудские" деп аталады.
Д-р Хэндли.
Тау арқасында келеміз. Жол коммер. емес, тек көрініс үшін. Живописный үйлер бар. Едем вниз, в город Беверлей Хьюс — это самобыт. город окружает Лос-Анджелес. Он не хочет войти в Лос-Анджелес. У них больше денег на душу населения. Сами содержат свои б-цы, школы и другие. Халқы 50 мыңдай. В этом каньоне горцев больше живут звезды кино. Внутри Лос-Анджелес. Қазір қалаға кіреміз. Особняктар, звезды и их спутники. Қала сайда, бұнда парк, бақтар, дворец, особняктар. "Бульвар солнечного заката" идет до самого океана, гостиница Беверлей Хьюс — отель, стиль башни, колонны, купола, острые крыши, ступени. Аллея пальмовая тамаша. Көп үй бір этажды. Ақ түс, қоңыр (ағаш) черепица үйлер көбірек. Лос-Анджелеске қарай бұрылдық. Особняк екен. Менсфильд. Ғажап розовый особняк. Въезд в Калифорнийск. университет. 3) Католич. университет. 4) Дом масонской ложи (старцев). Сұлу стильді үй. Школы бір этажды, әсем көп үйлер, жеңіл үйлер. Қыс болмайды. Екі-ақ рет пальто кидік дейді профессор. Газондар ғажап. Уил Роджерс, народный философ. Океан көріне бастады... Залив Санта-Моника. Теңіз жағасында болдық. Толқын мол, қол суладық, ақша лақтырдық (қайта келу ырымы), Гонзар екеуміз соны істедік. Пальмалар косматая голова — побуревшая борода (менің теңеуім). Площадки для игры в гольф, все могут играть городе-юге. Лос-Анджелес ортасында небоскребтер тобы бар, бұнда 2 '/, миллион халық. Штат орталығы Сакраменто. Ол үлкен емес. Фреснодан үлкенірек. Қалада бір жаман, тозған үй жоқ. Тегіс бояулы, жаңа тәрізді. Реклама, вывеска бояулары Жапонияны еске түсіреді. Ұдайы біресе выставка павильондар, тамаша сұлу павильондар — вывескалары жоғарыдан төмен салбырай жазылғаны көп. О да сән үшін - бояулары көшеге шыға шеттей төне тұрады жоғары тротуарға. Высотный үйлер тобы өңшең квартир. 10 мың адам үшін салынған. Әзірше 18 үй 13 этаждан, 10 мың кісі тұру керек. Фермерлер базарына келдік. Фрукты, печенье жедік отырып, кофе іштік, бар тамақ бар. Фермерлер бұнда зат әкеліп сатады. Кейбірінің лавкасы бар. Жалпы осы рыноктың иесі бір бай. Шыбын жоқ, таза — әр әйел баласын коляскаға салып қыдырып жүр (прислуга бұнда да жоқ. Айтпақшы, есте болсын осы жай). Қазір телевизия студиясындамыз. Тамаша үй. Бұл үйде спектакль қойылады, бар США-ға беріледі. Бұл главцентр. 7 программ в неделю отсюда — кроме 80 программ из мест. Записаны на телепленку из разных мест. "Колумбийская передаточная компания". Всего три больших компании. Оплата рекламы в зависимости от времени, от широты рекламирования. Лучше — утро 830 мин., реклама 50 долларов. Вечером до 800-900 долларов за минуту. Отделы: 1) драпировка, кроме одежды, перевозится на колесах, она висит на этих тележках; 2) декорации, бутафория — ағашы тамаша (эвкалипт); 3) обстановка, вещи, аксессуары на прокат, берут все — вплоть до дерна (шым) - пайдаланып қайтарып жібереді. Бұл күн кешке біз синерамада болдық. Ұжмақты іздеу сапары. Пакистанда Хунза деген елге барады. Жолда Индия, Кашмир, Непал патшасының коронациясын көрсетеді. Непалдың орталық қаласы да жақсы. Цейлонға ламаларға да герой әскер адамы барады. Хунзалар өмірінен де түк таппайды. Олар тек өздерін Александр Македонский нәсіліміз дейді. Синерама сонда жүреді. Ақыры әскер Америкаға қайтып, истребитель каскасын киіп, реактивный истребительмен ағызып кетеді. Түнде аударушы жігіттің әңгімесі. Трущобы Гарлемде, ақтар трущобасы Бруклинде мол дейді. Ішіп, жүдеп-жадап тұрысады. Киім, үй нашар — ондай көп.
З/ІІІ.
Бүгін таңертең студент, профессорлармен радио үшін кездесу. Одан кейін киностудияға бармақпыз. Беседа: микрофон алдында Калифорния ун-ті үшін Щипачев, Леонов, Гончаров сөйледі.
Сұрақтар:
1) Жазушыға, міндетіне сіздер қалай қарайсыздар? Америка жазушыларынан айырмыстарыңыз неде? 2) Не туралы жазу қалай жазудан ерекше бағалана ма? 3) Индивидуумның орны сіздің жазушыларыңыз үшін қандайлық? — Щипачев. 4) Гончар жауап берген сұрақ: Индивидуумды ортасынан, тарихтың жағдайынан бөлек-өздік жеке бас адамдық қамында аласыздар ма? 5) Леонов жауап берген сұрақ: 35-жылдан бастап сіздің театр тәжірибесі өзгерді. Марков мақаласынан солай ұғындым. Несі өзгерді? Бұрынғының несін қабылдамадыңыздар? Леонов ол пікір дұрыс емес деп, жалпы өзінше дұрыс баға айтты.
Студия "XX век"... 300 акров участок. Постоянное место съемки. Декорациялар, Нью-Йорк, трущобы, Индия, Америка. Деревья, целые улицы (цветочный магазин), декорационные деревья, двери. "Тас үй" дегені (нефтяная вышка, потайные заборы). Старинный замок (миллион долларов стоил). Но сняли картину в Европе. Снег — хим. вещество, машина режиссеров (идет съемка). Ковбойский фильм, лошади (оседланные), артында бөктеріншек. Ерлері дәл Жетісу ері (құранды ер тәрізді). Идет съемка западн. фильма "Одной ногой в аду". Актер Алан Ляд — гл. герой. Режиссер Джеймс Кларк. Тоғай іші, тас, жалған от. Режиссер көрсетеді. Екі-үш рет қайта түсіреді. Режиссер қара пиджак, сұр шалбар киген, жалаңбас, просто. Ақ шашты, салмақты адам. Аттар тұр. Екі ат ерлері алынған, шалқасынан келтіре қояды екен. Екінші сурет — "Потерянный мир". Әуелі жай адамдарды қояды екен, дәлдеп алғанша, бір топ жұрт тұр.
Жин Сэпт Жон — звезда (әйел).
Динозавры, фантастич. мир, қыз шалбар киген. Трикода тар, розовый. Көлеңке үйден шықты. Режиссер Овен Аленд. Декорациялар - замок "Храбрый принц" суреті. Кусок неба тамаша. Здесь буря создана, волны, меняются облака. Наполняют бассейн водой. Волны, впечатление дали волны, посредством машин для ветра... Большое небо — көкпеңбек, судно создают, топят его в бассейне. Сотни пароходов всех времен и государств. Собств. полиция, своя пожарная охрана. Большой театр киноактеров, знаменитостей, зрители тоже актеры.
М-с Хартман — кино адамы коп жайды баян етті.
Кейін сценарий жазушылардың ортасына барып, 10 шақты жазушымен лянш іштік. Көп қызық сұрақтарға мол жауаптар естідім. Жазушылар (сценарий жазу лигасы). Қазір забастовка жасайды. Келесі жұмада артистер жасамақ. Талап гонорар жөнінде: 1) телевизиядағы кинолардың сценаристері ақы алсын. 2) Жұмалық ақы төрт жүз бірдеме — енді бес жүзден аса болсын. 3) Адвокат Вашингтонда жаңа автор правосына заң қосу жөнінде әрекет етіп жүр. Киносурет жақсы болсын, сапасы артсын, телевизорға ұтылмасын, арзан қол сурет қойылмасын, сондай сапалы суреттің сценарийі үшін кейін суреттен процент берілсін. Бұнда Калифорния университетінде сабақ оқыла бастаған, сценарий жайын драматургиямен байланыстыра жүргізеді. Бұнда конкурс бар — жалпы бір медаль жастар арасына беріледі. Калифорния лаврасы. Ол авторға жол ашады. Бүгін мистер Уилкстан хат алдым. "Көксерек" жөнінде басатынын айтқан... 300 долларға чек жіберген. Түнде Италия ресторанынан ас іштік. Пельмен сияқты тамағын алып ем, нан да, ет те бар, бірақ көбі нан, нарын тәрізді, ет сезілмейді, сондай ұнтақталған. Жемедім. Осыдан кейін біз Бриджит Бардо ойнайтын "Бог создал женщину" деген сурет және екінші "Любовь моя профессия" деген тағы Бриджит Бардо ойнайтын сурет көрдік.
4/ІІІ.
Калифор. ун-т.
Біздің кітапты оқыған бәйбіше менің кітабымды оқыған. "Чудесная книга" - деген әйел. Студенттер мен оқытушылары Щипачев екеумізді қоршады. Поэзия (орыс) туралы, рев. бұрын және қазіргі қалпын алғанда қандай өзгеріс туды деді. Щипачев әуелі танысу жөнін сөйлеп, тату, жылы шыраймен әңгімелесу жөнін айтып кеп, сұраққа жауап берді. Орыс жазушысынан ешкімді оқымапты. Жалғыз біреуі Дудинцевті айтты. Бір қытай студентка Чеховты қосты. Совет жазушыларын (орыс бөлімінің студенттері) тура білмейді. Сонда мені оқыған, Гончарды оқыған үлкен әйел оқушы болғаны тіпті қымбат көрінді. Ол тіпті "Сов. литература" журналынан менің "Абай жолымды" да оқысты (үзіндісін).
Менен көп әңгіме сұрады, Абай жайын — мен Жамбыл жөнін айттым. Столға тамаққа отырғанда бір топ студент мені жеке ортаға алды. Ортада орыс тілін оқытушы ақ эмигрант. 12 ж. Россиядан әкелері кеткен екен. Студенттер мен бір-екі қартаң оқытушы әйелдер жақсы сұрақтар берді — дұрыс әңгімелестік. Кешке атақты ғажап фильм — "Жизнь Христа" суретті көрдік. Арада үзілісі болып, екі бөлім бір-ақ көрсетілді. Ұзақтығы 3 '/, сағат жүретін фильм. Режиссері Уильям Уайлер — суреттері ғажап. Әсіресе Жуд Бенһорды ойнаған артист өте кесек. Бұнда тан қалар молдық, кино байлығы, драма, тарих, халық драмасы. Ғайса, проказа "соғыс". Гамрада ғазап еңбек. Ат шабыс, әсіресе әппақ араб аттарының, 4 аттың өнері естен кетпес. Бұдан жақсы сурет, күшті сурет болмастай. Мың кісі сыятын театр лық толы.
5/ІІІ.
Біз жолда 45 минут жүріп, таңертең сағат 11-де Диснейлендке келдік. Үлкен өлке... Жасанды тау көрінді. 65 акров территория. Үйлер XІX г., поезд XІX г. Бу да "Санто Фе" аталады. Үйткені бірінші паровоз аты "Санто Фе". Алыстағы тауының басында кар (жасанды). Онда үңгірлер. Авто әр белдеуінде жүр. Аспалы фуникулер. Әр вагон аты әр басқа, "Колорадо" гранд каньон сияқты... ашық, жуан сорақылау вагондар қораға кіре бере: аттар (қара), кэй, екі этажды кабриолет. Шойын жолмен бар Диснейлендті аралаймыз. Бұнда 5 аудан. Үлкен көше, земля фантази, земля приключений, земля завтрашн. дня. Дикий Запад (бесінші көше) был остров Тома Сойера, но он временно закрыт. Едем мимо глав, улицы. Поезд того времени проведет вокруг Д.Л. Тут земля приключений (аттракционы). Әуелі "Дикий Запад". Увидили реки. Пароход им. М. Твена. Река окружает остров Тома Сойера (кішкене өзен, пароход), часть Миссисипи изображается. Жизнь вигвамов — лагерь. Лесной пожар Дикого Запада. Вождь инд. племени верхом. Бұғылар, инд. деревня, келі түйіп тұр. ...(от шалаша...) 3) Замок 30 лун. 4) Земля фантазий. Таудан водопад биік ағып жатыр (бұл тұста). 5) Монреаль. 6) Земля. Завтра (поезд завтра)... 7) Завтра (станция) аттракцион, аспанда самолет, подводный флот. Кішкене автомобильдер, балалар. Ракеты. 8) Диарама Гранд Кента. Гамаша ауыр жол, ауадан туннель... айуан, құстар, күн күркіреп, жәй жарқылдайды. Тегі Гр. каньон (300 фут ұзындығы). Қазір гл. улица. Қайта оралдық. Көліктер — конка. Омнибус — екі этаж (авто). Бір жыл салынған, 17/VІІІ 55 ж. открыт Д.Л. 18 миллионов посетителей. Банк, опера, муниципал-т, пожарная — кішкене қала, ол заманның замогы 1840—1910 (жылдар арасы). 9) Үлкен көше. Тоқсаныншы жылдамыз (конкаға міндік), екі адам (ер, әйелі) сол заман киімімен өтті. Шойын жол қызметкерлері, сол заман киімі міндет (конка рельсімен жүреді) (стрит, қар — трамвай), конканың аты. Үйлер — екі этаж стильді сұлу үйлер (Конура — завтрашний дом, квартиры). Ортада ось — осыны айналады, бар өлкесі осы арадан бәрі көрінеді. 5 жер түгел көрінеді. Ортада қарсымызда (замок 30 л.). Қызы Жана Джексон (бізбен қоштасты), жаяу аралаймыз. Дикий Запад (джунгли), (өзен пароход), тоғай, гүлдер, жылан, құс, айуан үндері. Все звуки джунглей, пароход "Ирровади", дыбыстар пластинкада — анық джунгли үндері пах, вой, писк, цветет чай, пальмы — папоротники, в них звук стрельбы (анда-санда). Өсімдік тегіс жабайы (түнде бұл дыбыстар тіпті сұмдық). Түнгі сағат 2-ге дейін біздің пароход Африканыкі, Замбия, жолда крокодил, шимпанзе, аю, арыстан, горилла, африканские зебры, жирафы, африкандықтар билеп жүр. Рокн-ролл осыдан. Оқ атқалы тұр. Мылтық атады, крокодилді атады — енді ең қатер жерге келеміз. Ол цивилизация жағасы (бар жәндік қозғалады). "Біз ертеңде" — самолеттерде айнала балалар ұшып жүр. По кругу подвесной жолдар, вагондар, қасымызда таудағы белдеу этаж жолдармен машиналар ағызып жүр, водопад, үңгірлерге фуникулер кіріп шығып, кетіп жатыр. Атом сүңгуір қайығы, соған мінеміз. Бұны былтыр ғана кіргізген. Поезд будущего над городом ходит. Қазір Жапонияда бар. Келер жылы Лос-Анджелесте болады. Үлкен хол, подводн. қайықтар жүр. Шірет қызық, ылғи қоршау ішінде бір-бірден жүріп отырады адам. Әуе жолында сары, жасыл вагондар көп-ақ. Ерсілі-қарсылы. Дәл сүңгуір өзі. Подводный мир, балықтар, ташеть, пещеры, кораллы, т.б. бар. Скалы, дракон, сиру, под водой город, русалки, фосфорицируют цветы, район вулканов, айсберг всех подводных миров.
Тамақты осыдан іштік. Мен креветка заказ бердім (кішкене балық). Кешке сағат 7-де Артур Мюллер дейтін үлкен драматургте болдық. Әйелі атақты кинозвезда Мерилин Монро. Жазушы Қазақстан, Алматы театры туралы жақсы түсінігі, хабары бар екенін айтты. Сұрақ берді, біздің театр туралы мен жауап бердім. Мен Гипсон пьесасы туралы сұрадым. Чаевскийді ол қатты сынады. Тұрған жайды ол дәл сол күйінде түсіреді — олқылық, шеберлік араласпайды дейді. Л. Хельманның жаңа пьесасы туралы 20 минуттан соң не болады, бәрі білініп қалады дейді. Сіздерде Хемингуэй неге қадірлі деп сұрап еді, Леонов ұзақ индивидуальный, субъективный, формалистический жауап берді. Оның соғысқа қарсылығы, жалпы адам үшін оптимизмі, өзге, біздің халық сүйетін сипаты туралы сұраққа дәл, кең жауап айтпады. Өзі Лос-Анджелесті сүймейді екен. Бұндағы жайымыз қазақтың палаткасы, киіз үйі — тұрмысымыз Нью-Йоркте, мен сонда туғамын. Мұнда әйелім суретке түсу үшін келді, бірге келдім дейді. Ең жақсы көретін пьесаңыз не дегенге Софоклдың "Эдип" және "Гамлет" деді. Орыстың театрында реализмнен өзге ағым бар ма деді. Леонов Охлопков, Мейерхольд деп айтыңқырады. Реализм екенін мойындайды. Бертольд Брехты сіздер қалай бағалайсыздар деп сұрады. Қазір кешкі сағат 7-де поезға барамыз, түн бойы поезбен жүріп, таңертең Гранд каньонға бармақпыз.
6/ІІІ.
Гранд каньон. Хома — 10 тысяч в резервац. Наваго — 70 тысяч, самое большое племя. Пима Поиит...тау. Пима — племя. В парке работает Хавасю пай — остатки этого племени 300 человек работают в этом заповеднике. В резервации Хавасю пай. Живет больше в парке. Остальные Наваго и Хоппи — на востоке от парка, отдельно. Они занимаются скотоводством — стадн. овцы, земледелием, ирригационными работами. Несовер. механизация. Коров нет. Овцы, козы, лошади. Залежи урана и нефти нашли на территории резервации Наваго (70 т), фонд в 40 млн долларов, доходы от нефти, урана. Совет племени распределяет эти доходы. Сами работают в разработке богатств недр... Земля — общ. собственность племени. Сдают в аренду. (Каньон 20 км — в ширину от берега до берега.) Некотор. племенам разделили земли. Всего 27 тыс. кв. верст. Глубина — один км 700 м (средн.). 2 миллиарда лет всем зоология, зонам. Водятся козы, олени, архары, барсы. 2100 м над уровнем. Внизу река Колорадо, мутная, бурная. Жағалай қарағай, соның дәнін индеецтер жейді екен бұрын... Жан-жақтан кішкене өзендер (тау өзені) ағып қосылып жатыр. Кей жерінде Колорадо тыныш ағады. Көп етек жазықтарда ұсақ түбір-түбір көк өсімдік. Каньонды мен развернутая страница истории земли... Земля разорвала чрево свое, развернула существо свое и мудрость, величие мироздания. Здесь в основном сухой чудесный воздух, все в первозданной нерушимой чистоте, здоровье (для больных). Земной коры все данности раскрыли в каньоне. Пик Пима, где мы стоим, 6750 футов. Пима (назв. племени). Дом индейского типа Хоган, имитация, бревенчатая хижина. Хоппи Хауз — имитация. Гостиница тастан, бөренеден салынған. Бірақ еденде тас болумен бірге өте жайлы, тамағы, асы жақсы — бар жерде поезда, самолетте осындай өте аз адамды шетте тамақ, күтім, ас бәрі өте таза, тәртіпті, мәдениетті, аса жайлы. Индеецтер зергерлері істейтін күміс, ағаш, былғары заттардың магазинінде болдық. Аса жақсы білезіктер бар. 15 долларға бирюза орнатқан әдемі білезік алуға болатын. Мен оның орнына 6 долларға бирюза орнатқан әдемі жүзік алдым. Үйге аман-есен жетіп, Валя көріп күлгенше киемін. Ол мақұлдаса, қолымда жүре берсін, мақұлдамаса, өзі алып қолына салсын дедім жолдастарға. Гостиницаға келген соң жағадан терең құз шатқа тағы көз салдым. Земля распоролась миллиардами своих лет. Каньон 1918 ж. ашылған. Жылына 1 млн 200 мың адам келеді (гостиницалары, ресторандары айтқандай). Бұнда құрғақ, қарағайлы ауа. Саушылыққа тамаша болу керек. Бірақ көп жерінің мол қарағайы сексеуіл тәрізді. Бойлары құп-қу, арса-арса, қабық жоқ, өте жырымданған, лақса болған. Мен оны бүгінгі қарағайлардың арғы атасы — предки соены современной дейім. Индейка қыздар ресторанда қызмет етеді. Кейбір жас қыздар тыста отырысты... шаштары қап-қара, бұйра емес... Далада машиналар тағы да тіпті көп, сыймай тұрысады. Көзге көрінген кісі көп емес, бірақ келуші аз да емес екені байқалады. Ресторан, магазин, жолдарда тегіс жүргінші қыдырушылар бар. Бізді күндіз демалуға жеке, кішкене үйлерге әкелді. Бұ да тып-тыныш, аса бапты. Ішінде таза туалет, төсек екеу. Біреуі екі кісілік. Екіншісі жалғыз кісілік. Бұл жақта да мүлде шыбын жоқ. Есікте темір тор, ауа кіреді, шіркей болады, кірмейді. Отопление паровое. Төсектер жандарында шам. Қасында әсте қалмайтын Библия. Америкада ай қызық, төмен төңкеріліп тұр. Кешке бір кез шалқасынан еді, тропикке жақын себебінен. Бұл жерде тас қора көп, жолдар, тротуарлар тастан төселген, аралары қоспа цемент болу керек. Өте орынды. Елсіз жыраққа мәдениет осылай да келе алады. Айнала бір этажды кішкене үйлер, екі этажды көк төбел үйлер, коттедждер көп. Бәрі мотель тәрізді осы гостиницаның жатын жайлары. Машиналар үйлер жандарында. Жолдар неше саты: алыс төменге кетіп, каньон арасынан да кетіп жатқаны да коп тәрізді. Тағы бір теңеу: Земля распоролась, планета наша распоролась своими миллиардами лет и всеми своими геолог. эрами дейім. Начальная эра Кембриджа 2 миллиарда лет.
Колорадо продолжает врезаться:
а) самые старые скалы сохраняют свой лик;
б) резкие разрывы;
в) краен, известняк морского происхождения;
г) слои моря;
д) останки древних животных беспозвоночных;
е) позвоночные;
ж) следы ног, лап древн. животн.;
з) рептилии;
и) век динозавров;
к) (мост через реку внизу);
л) каждая зона имеет свои типичн. растения и животных.
Колорадо впадает в бухту Калифорния.
Индеецтердің билерін көрдік. Магазин ішінде 5-6 индеец отырған орындар қызық (зрительдер). Бишілер жерде, ескі есіктен шықты. Барабан. 1) Екі еркек, екі әйел. 2) Жалғыз би ең знаменит, биі. Обручтермен биледі. Екі бүркіт биі, бүркіт қанаты. 3) Бастарына бояулы үлкен киімдерін кигендер, аса бояулы кейіппен биледі. Сорлы елдің құрығаннан, құртылғаннан қалғаны — Хопни руы... "Хоппи Хаузда" осы би болды. Кез келген жерде отырыстық.
Ақшаны кішкене табақшаға (плетеный) бәріміз еркімізше салдық. Каньонда көп святыня аттары бар — храм Будды, храм Заратуштры, Шивы и др. Кеш батып, көлеңке көгеріп, қоюланып барады, ғажайып сәт. Гостиница "Брайт-Анжл". Біз түскен осы лодж. "Жилище светлого ангела" — "Эльтовар отель". Екінші гостиница. Кешке Вильямсқа автобуспен келдік. Түн. Қарағай, қар — ай көмескілеу. Жол аса жақсы. 100-ге жуық километрді бір сағат 15 минутта өттік. Автобустар мүдірмей, бұдырсыз жолмен құстай ағады. Вокзалға келдік. Поезд кешіккен, 1 сағат 40 минуттан кейін деп еді. Ол 11-15, артынан тағы 12 деді. Оған да келмей, 12.15-те келді. Америка поезы кешіге беретін тәрізді. Бұл күндерде әсіресе, үйткені шығыста суық, қар қалың. Вашингтон, Нью-Йорк бәрі суық, қарлы, ауыр жағдайда деп естігеміз. Чикаго жолы осы жол — бұның бойында қар алған жерлер көп, үлкен қиыншылық деседі. Жол бойы, күн бойы қар болды, бірақ күнде, түнде жылы, +1-2 ден төмен емес тәрізді. Түнгі сағат бірге таман поезға міндік. Вагон, орын кешегідей төсек, аса жайлы. Жақсы ұйықтадым. Таңертең сағат 9 '/,-де Феникс қаласына келдік.
7/ІІІ.
Феникс — 29 жылы — 30 мың, қазір 250 мың халқы бар қала. Әсем, мәдениетті, үлкенді-кішілі үйлер, машина көптен-көп. Бұнда земледелие ең үлкен орын алады... 30% хлопок — кукуруза да бар. Штат — земледелие штаты.
Гостиница аса жақсы - 15 этаж. Біз әр этажға орналастық.
Фойе сәнді, отырған адамдар салмақты, шетінен мәдениетті, көрнекті ерлер, әйелдер. Келген жандар сып-сыпайы. Көктем шаруасы басталумен терістектен келген қонақ көп дейді гостиницада. Жол қызық болды. Бұл, әрине, жырым жол дейтін өлке. Көп уақыт тасты қоңыр таулар, адырлар көп кездесті. Ол тұста жабайы түбірлер, шөл өсімдігі тырбақай түбірлер. Таулары жеке-жеке тасты биіктер, Доғалаң тәрізділер боп кетеді. Бір сағат бойында жол жағасында кактус басталды. Веер тәрізді және столбтай — тырбиған қол, саусақ тәрізді түкті бұтақтары бар тік кактустер. Кейін қалаға тақағанда егін өлкелері, далалары кетті. Әуелі тақталанған, майдаланған атызды плантациялар. Жолдар көп, бір ғажабы, сол жолдарда жаңағы елсізде, шөл медиенде жосып жүрген машиналардың тағы да көбі сұлу лимузин "Шевроле" — "Бьюиктер". Анда-санда жайшылықтан гөрі көбірек тіркеулі грузовиктер көбірек кездеседі. Жүк тасушы көліктер және көшпелі вагон үйлер көріністі. Гостиница, қала тіпті әсем. Тағы да машина, көп жағдай тамаша. Гостиница Нью-Йорк Вашингтон гостиницасынан бір кем емес. Жерде кілем, сондай төсектер (екеу). Телевизор, орындық-креслолар барлықтары тегіс жылтыр, жаңа мінсіз. Әсіресе туалеттер тазалығы еріксіз сүйсіндіреді, алғыс айтқандайсың. Жердегі кілем тұп-тұтас бір комната бойындай қоңырқай түсті. Фермерлердің үйі вагон іші, әр бөлме, әр коридор онсыз емес. Бұнда Америкада бар жерде сондай адам жағдайы. Қызметкер, байлар да лыпып тұрады. Бір үлгімен пішкендей біркелкі жанға жайлы өмір. Бұнысына, цивилизациялық, жалпы адамдық жайлы жағдайына еріксіз сүйсінесің. Ол жағынан қарағанда, бұнда, Америкада қала мен деревня айырмасы жағы былай тұрсын, тіпті столица мен провинция деген, орталық пен аудан деген арасындағы айырмыс мүлде жойылған. Қала аралап келеміз.
Пять плотин на востоке собирают дожд. воду сюда через каналы. 251 тыс. акров земли. Есть еще насосы с колодцами. Город тоже из двух источников. Годовой режим дождя 7 дюймов. Одна треть всех сенаторов США в этом штате. Каждый месяц добавляются 2 '/, тыс. новых жителей. Нефть на территории резервации. В 1959 г. одно племя индейцев получило 30 тысяч за использование их зем. богатств. Это племя очень богато. Они живут отдельными домами. Дома примитивны. Ун-т штата — в 10 км., в самом Фениксе два колледжа. Церковь методистская. Орошение разливами на территорию домов. Животн. мясное, две породы. Апельсин, рощи, а была пустыня. Головное сооружение воды. Тоғай — тау шоқысы түйедей — оның аты "Түйе арқасы", ресторан аты да "Түйе арқасы". Главный канал из гор. Едем в пустыню. Тауда бұғы, теке коп. Бұғысы жерлік өсімдік бар. Райская долина всей Америки известна — не освоена, тау бөктерінде, тауда үйлер көп, демалады отставкада, денсаулық үшін тұрады. Фениксте қызмет істейді — әртүрлі жандар. Много конезаводов, здесь гольф для живущих вокруг. Үйлер оңаша — бақтары бар.
Екі жұмадан соң пустыня көгереді (ал қазір көк), кактус гүлдейді. Біз жол жүріп, көп қызық кактус аралап, бір атақты архитектор школына келдік. Бар Америкада атақты архитектор әйелімен осында тұрған. Райт — ең ірі архитектор (Американың). Жапонияда биік үй салған, жер сілкінісінде құламаған.
Идея такая, что все идет из горы, как часть горы и пустыни.
Началось в 1937 г. Камни из пустыни, строили студенты, идея его. 70 студентов и профессоров. 48 собств. студентов приезжают на 1 год. Средняя школа степеней не дает. Студенты приезжали со всего мира. Нет в мире нового стиля, где бы не чувст. его влияние. Умер в 59 г., в прошлом году. Приехал он в 1938 г. Айнала тау. Дом как палатка, мебель. Түгел студенттер өз чертежі бойынша істеген. Жарық өте мол. Ширма, орындық креслолар, өз чертежімен шыны терезелер. Канада әйелі "Наш дом" деген кітап жазған. Ольга Ивановна Очиванни, аты, шашы қызық. Батумда гимназияда оқыған. Бөлмелер іші жасыл. Сиреневый көк. Окна наклонные, шалқақ столдар, дивандар. Театр, тас басқыштар, қызыл тюфяктар. Сахнада кілем, занавес бұрылып қабырға болады. Ақша, шығын өздерінікі. Өкімет тек налог алмайды. Тоқу (кілем), ағаш ісмерлігі, тас өнері — бәрі өздерінде. Архит. проект. Гавайский аралда дворец осында жасалған. Сан-Францискодағы бір жерде өкімет үйінің проекті зор. Оны Райт өзі жасаған. Қазір салынғалы жатыр. Тамақты студенттер өздері істейді. Райт 10 жылда абстрактный живописті де айналдырған. "Органич. архитектура" деп атаған. Надпись на стене театра — цитата из Лаотце "Эффективность здания зависит не от стен или потолка, но от пространства, которое внутри, где надо жить". Кинотеатр, терезе қызық. Үш бұрыш (үшкілі төмен қараған), философская школа архитектуры.
Chavrolette Buchen veporter The Avіzone Republіc.
Кешке сағат 5 '/2-Де пресс-конференция. Жүзден аса кісі бар. Әйелдер ерлермен бірдей столдар айналасында. Әркім әр нәрсе іше отырысады. (Шейфер хозяин.) 1) Пред. Шерлок мұнда: пресса, телевидение и радио. 2) Орысша (болгар) сөйледі. (Журналистер атынан.) Не дискутировать мы собрались. Падев. 3) Беккер. 4) Щипачев — жауап, түсінік. Сұрақтар: а) Неге Дж. Лондон даңқты? - Гончар жауап берді; б) Кісіні өлтіруге қарсы өздерің, интеллигенттер не істейсіздер? — Леонов жауап берді; в) Авторское право. — Щипачев жауап берді; г) Хрущев сөзі туралы; д) Б. Пастернак. — Щипачев; е) Классиктер туралы. — Мен жауап бердім; ж) Музыка... — Неге патриот әрекеттерге ала келді? — Щипачев; з) Музыка халықтан емес пе, әдебиет олай емес болмас па..? и) Үш орыс жазушысын атайсыздар ма? — Гончар жауап. — Упит, Лацис, Айни, Яновский, Ауэзов деді. — Островский, Макаренко, Фадеев. Шустер (издатель) печатал — начал с "Воймы и мира", Симонов, Нилин и др; к) Журнал "СССР" туралы. — Мен жауап бердім. Щипачев сұрақ берді, поэт жауап берді. Жалғыз жақсы поэттың атын атай алмады. Председатель Щипачевқа біз жауап бере алмадық деді. Кешке адвокат Митчелдың шақыруымен қала сыртына қонаққа бардық. Жол бар қаланы аралап, "Түйе арқасы" дейтін тауды айналып, Райская долинаға шықтық. Сонда 7-8 га жері бар адвокат үйі. Үй тас, ағаш аралас салынған. Бөлме кең, аста кілем, дивандар. Бөлме төбесі қызық, ашық тақтай, қоңырға бояған және мәткелер. Қорасы кішкене, кірпіш жабылған, бірақ айнала үй бөлімдері — сол жағалаудың бәрі жеміс, гүл ағаштары. Бұнда үлкен апельсин ағашы пісіп тұр. Қаласын бұл жұрт Американың центрі, ең жақсы қала дейді.
8/ІІІ.
Бүгін біз резервацияға жол тартамыз. Бір сағат самолетпен ұшпақпыз. Были два племени: Мохави, Шемухви (главн). Кроме них из др.: Хоппи, Навахо — всего 1800. "Колорадо Ривер индиан" — резервация (инд. резервация на реке Колорадо). М-р Хеверлен, Джон Диберн — глав. нач. американ. резерв. ...племен, м-р Хомер. Территория 250 тыс. акров (100 тыс. га). Летом на солнце 100%. Освоено — 40-50 тыс. акров. Возможность 150 тыс. акров. Плотина Паркер. Город Блайд — все резервации, зем-лепользование индивидуальное. 1282 человека в этой резервации и около 700 членов племени живут в других городах, местах. Они имеют право поселиться здесь в любое время. Члены других племен не могут жить в этой резервации. Может купить или арендовать землю член племени. Станция Испекуш для въезжающих. Плотина Нубер. Все земледельцы. Нанимаются рабочими электролинии.
Колорадо ағады — жер тастақ, құмайт, ұсақ-түбірлер көп.
Около плотины и город Паркер, там много магазинов для индейцев. Переехали Колорадо и в резервации. Каждое племя имеет своих представителей, а во главе — совет четырех племен. Есть и отд. прищельцы из других племен. Жері шеңгел, көк шеңгел.
Федеральная школа. Немного овцевод-во.
Жер қара шеңгел, сортаң (тек қамыс, жоқ), как Қызылорда, таулар жазық.
В 1848 г. столкновения против белых. В 1864—1865 гг. пять племен созвал полковник Ник Клере, сказал о резервации, чтобы не пошли туда переселенцы, но чтобы они не сопротивлялись переселению. Племена согласились. Постон Чарльс — полковник амер. армии — отсюда резервация. Но не все пошли в одну резервацию сюда, и они создали другие резервации, как в 5-м каньоне. Жол - айнадай асфальт, бұдырсыз машинада жазып келемін осы жолдарды. Өрт салған — түтін (смок).
Землей пользуется как любой амер. фермер.
Плотина Хоппи в 1939 г. Жер егіле бастады. Ячмень, дыня.
Много уток, гусей. Хомер-Мохави как член совета, как председатель племен Хомер получает зарплату. Он не решает без совета всех племен. Он же председатель совета племен. Пустой дом для сезон, рабочих. Совет племен из 9 членов избран, всеми индейцами. Собств. судья — выбран советом. Получает зарплату. Закон, кодекс создан советом, одобрен федер. пр-вом. Школа. Директор — индеец Унтельбен Лео, 28 лет. Колледж учител., степень бакалавра искусств, ... и магистра. 1-класс Мохави балалары, кішкене стол, орындықтар, бір ғана (смесь), урок чтения "на ферме". Книжки — пожар (слово) рисуют (6-летние) (исполнительность в этом). 2-класс — индейка (оқытушы көзілдірікті, ұзын бойлы, үлкен мұрын, аузы да үлкен, бірақ Америка әйелі).
Орындары бұнда басқарақ, таза, неон жарығы еркондиши тақталар жасыл, үшеу. Шкаф. 5—6 класс бірге, орындықтар бір балаға біреу. Мохави бұрыннан осында, баяғыдан, ал 1865 жылдан резервация, әуелде шығуға болмайтын. М-р Хомер в 1904 г. в 10 лет уехал на лошади, поймали, привели в школу (жил раньше дико).
Город Паркер. 3 '/, тыс. жит. индейцев 5% учащихся.
Много. В Фениксе средняя школа № 90 до 10-го класса, в Калифорнии (дальше), затем в Канзасе.
Инд. колледж.
Играл в Голливуде в 18 карт, индейцев, арабов, индусов. Жил в Лoc-Анджелесе, дочь родилась там. Суду, ұзын бойлы, секретарь. Әйелі смесь — ирландской, голландской, индийской крови. 6 человек детей, дочь самая старшая, окончила университет. Имя Денис. Два сына, четыре дочери. Старший сын атлет, воин. 3 дочери замужем. Индеецтер денелі, ірі. Маленькому не давали учиться. Родители говорили, для чего учиться, белые вас не примут в свою среду. Нач-во занимается образованием, дорогами, ирригацией, отношениями с племенами (көше тағы жақсы, бассейн, кафеде мұз). Администрации создают делегации, совет племени. Не занимаются ирригацией, земледелием. Сейчас они бедные, станут богаче, тогда государство не будет субсидировать. Всем не нужно будет федеральных начальников. Жалованье учит. 5 тыс. долл. Открытая сцена. Бейсбол. Почти все индейцы имеют машины (авто). С/х машины — трактор, сеялки — тоже свои. Совет племени имеет от правительства кредитные системы под залог урожая. Дом м-р Хомера в поле, зел. крыша, своя машина. Бақ жоқ, үй үлкен, тап-таза. Фермалар аралаймыз. 1) Ферма орташарақ. Шаршы — акров 72, хлопок — 36 акров, пшеница, ячмень. Членов семьи трое детей. Работает сам. На окучку и сбор хлопка он нанимает... Машины его: 1) трактор, сеялка; хлопок — сбор руками. Лошадь — имеет стадо 35 голов скота. Основной заработок хлопок. Примерно такие дает доходы — три тысячи в год. На землю налог не платят. Своя машина. Дом — 2 спальн., гост., ванная, еще спальн., кухня. Это среднее хозяйство. Некоторые зарабат. 10-12 тыс. в год. Есть без участков — раньше владело племя. Есть малоземельные, безземельные. Можно продать землю инд-цу... Заграждение проволочное.
Бақ жоқ.
Колорадо протекает через 7 штатов, и спор из-за воды решается судом федеральным. Воды этой реки взять нельзя как захочешь. Она на учете. 2) Екінші ферма Билл Алкайда. Телевизор, торт баласы бар. Әйелі сұлу... Бөлмелері үлкен емес, бірақ жақсы. ...Он член совета племени. Один из руковод. бюро фермеров. Средн. школа. Гостиная, спальная, кухня, мебель, әйелі индианка — сұлу.
Әр үйде кітап. Энциклопедия "Книга знаний" (детская энциклопедия). Садов, фруктов нет. Много солончаков около дома, фрукты не растут. Бұл өте ірі, қызыл күрең, сұлу еркек. Телевизорға, фильм (ковбой) көріп күледі, бір атқанда бесеуді құлатады деп, — индеецтер мазақ етісе күледі екен. Телефон үйінде. 3) Шофер жерін арендаға берген, енді жері жоқ. Кедей, 2-3 баласы бар. Жыртық шатыр, далада кеш, жүдеу. Бұл фермаға бізді кіргізбейді. Әкесінің фермасы нашар, о да арендаға береді. Тракторды жалдайтын орын бар. 4) Жақсы ферма. Он жылға кредит, 4% доходпен. М-р Лафун Улен әдемі жасыл бояулы кең үйі... Земли 80 акров и берет еще в аренду — всего 400 акров. 1) хлопок. 2) кукуруза. 3) огород (арбузы). Еще служит в правит, учреж. істейді. 5 баласы бар, жасы көп, аттары ағылшынша — бұнда өз тілі жоқ.
Екі ұлы келді 8, 11-ші кластарда.
Бөлмелері көп — гостиная, үш спальня, екі ванна, әдемі кухня.
Үйді біз салмаймыз, компания договормен салып береді — содан 10 жылдай төлейді. (Жолда бассейн де көрдік.) Бұл фермада индеецтер бізге әдебиет туралы көп сұрақ берді... Фермер индеецтер де аз сұраған жоқ. Журнал "Фермер" технич. Фермеры читают газеты, техн. журналы... Издания бюро с/х.
Теперь у нас телевидение, узнаем больше из него, — говорит. 45% кедей. Кәрілерсіз. Бір де депутат жоқ. О'Нил Савилла — жақсы әйел, деятель, бурыл шаш, совет мүшесі. Кешке ескі кемпір-шалды көрдік. Кемпірдің иегінде татуировка — маңдайында да бар... Бас киімдері қызық. Бұрынғы аса ұсақ дән, бір ағаш дәні боевые стручки. Таспен үгеді. Осыдан нан істейді. Ол — тәтті.
Мұхтар Әуезов.
1960, март (9. ІІІ).
1) Феникс, "Вествард Хо" (на западе) (812).
2) Вашингтон, "Стэтлер" (847).
3) Бостон, "Шератон плаза" (аса жақсы) отель (478).
4) Нью-Йорк парк, "Шератон плаза" отель (767).
9/ІІІ.
Бүгін біз Вашингтонға самолетпен ұшпақпыз. Ұзақ жол аяқтауға жақын. Қайтыс сапардың өзінен басқа ендігі қалған жолда бүгінгі ұшудан ұзақ жол жоқ. Өзге жолдар қысқа-қысқа — аз сағаттық болмақшы. Түнде біз резервациядан Феникске жақсы самолетпен келдік. Қанаты жоғары, отырар орындар, терезелері қанат астында ыңғайлы. Бұл самолет 40 минут ұшып жетті. Түндегі Феникс шынында ғажап көркем екен. От, әр түс бояулар тайталасы көз тұнжыратады. Өздері сондай әдемі шақпақ, қатар сызықтармен айқындай айшықталған... Қалада ағылған машиналар құмырсқаның сау илеуіндегі тізбек, үздіксіз тізбектей. Кеше бір әйел біздің қаланы түнде көрсе тамаша деп еді. Рас екен. Бұл бір ғажап штат, тегі. Біз бүгін Вашингтонға екі самолетке ауыса мініп жеттік. Әуелі Далласқа дейін 3 сағат ұштық. Далластан асыға қарбаласып, екінші самолеттің орны сатылып қойса да, бес орын алып зорға міндік. Қасымызға еріп жүрген үш кісі қалып қойды орын жоқтықтан. Алғашқы Далласқа дейінгі жол бұрын шол болған жерлер мен таулар еді. Бірақ бар дала сәл мүмкін болған жерде ғажап ұқыпты егілген неше алуан өсімдік. Атыздар тақталары текшедей шаршы, сәнді, көркем қатарлар жасайды. Тауларында адам жайы ең көп жерлер мол-мол елсіз өлкеге айналады. Шынайы құлазыған елсіз көп-көп қоңыр таулар, адырлар. Өсімдік бәрінде де жоққа тән. Тек сирек, ұсақ, селдір түбірлер ғана байқалады. Бірақ осы ессіз қоңыр тауларда да ұзын-ұзын, түп-түзу автотрассалар жосып жатыр. Көп өлкеде бір жол емес, бірнеше трассалар көлденеңдеп қиялап, тау жоталап шұбатыла шырқап кетеді. Далластан кейін өлкелер көбі анық көктем (ерте көктем — көксіз көктем) ажарын байқатады. Самолетте Леонов, Гончар үшеуміз артқы орында отырып, көп әңгімелесіп алдық. Жолдың аяқтай бастауына орай әрқайсымыздың ойымызда осы сапар туралы қандай түйіндеріміз бар екенін айтыстық. Қасымызға бірнеше американдар келіп, темекі тартқан боп сөзге араласты. Ұнаған жоқ. Кейін байқасақ, бәрі де бізді сынап, барлап жүрген кісілер тәрізденді. Әлі біздің жаққа жылынбаған күйлердің лептері тәрізді. Екі халық арасын жақындату үшін көп жан көп жақсы, дұрыс, өнімді әрекет ету керек. Біріне бірін дұрыс, кең әділ танытуға талаптану керек. Вашингтонға самолет отырар-отырмасы белгісіз боп келе жатты. Пилот Вашингтонда қар, бұлыңғыр болғандықтан басқа жерге қонуымыз мүмкін деп келді. Онда Филадельфияға қонамыз дегендер болып еді. Артынан стюардесса қыздар әлсін-әлсін Вашингтонға қонуға тырысамыз деп тыныштандырып жүрді. Артынан шынында Вашингтонға кеп қонатын болдық. Бірақ әуелі біраз крутить етіп қонамыз деді пилот микрофонда. Айтқанындай, айнала жүріп, кең, тамаша, жақсы қонды. Есте болсын. Феникстегі архитектор аты: Франк Ллойд Райт. Жена Ольга Ивановна (Очиванни). (В Батуми гимназию кончила.)
Беседа Леонова в Калифорнийском ун-те. 1) О свободе творчества и др. Біз "Сатлер" гостиницасына түстік. Жолда самолет ішінде кездескен адамдар болды. Қызметкер әйел мінді — есте боларлық жайлар.
10/ ІІІ.
Бұл күн біз посольствода болдық. Вольский (советник), Сафиров сияқты үш-төрт кісімен әңгімелестік. Кейін магазиндер араладық. Кешке "Сафайр" деген киносурет көрдік. Ол қара текті, өзі ақ әйелдің өлімі жөнінде. Бұны жақсы көрген Давид деген студент жас жігіт ақ адамдар семьясынан. Оның күйеуге тиген анасы, әке-шешесі бар. Әкесі қаралардан жиренеді. Анасы да сондай. Қалындық қызды өлтірген — анасы, өлтірткен әке. Екеуі де Давид үйленіп қояды деп қорыққан. Үйткені қыз екіқабат болып қалған. Соны білісімен Давидке сездірмей, жаңағы туыстар қыздан құтылу, мазақтан, ұяттан құтылу жолы осы деп өлтіріседі. Бұнда следователь жақсы ойнайды. Аса шебер түрде тергеу, зерттеу жүргізеді. Он бірі күні таңертең Ақ үйде болдық. Мешітті көрдім. 500 адам бар. 18 посольство. Мәзін орнына микрофон репродуктор имам бар.
ll/ІІІ.
М-р Уикспен ұшырасу. Телевизорға жазу үшін ол Бостоннан әдейі келді. Біздің топты телевизорға жаздырып түсірмек. Бұл жазылу дискуссия түрінде болмақ десті. Уикс сұрақтар береді. Біз сол жерде жауап айтуымыз керек. Телевизияның бұл компаниясы просвещение "Знание" талабын мақсұт етеді. Орыс тілінің сабағын да осы компания жүргізеді. Бұл коммерческая компания да емес. Питтсбург компаниясы. Бұның передачаларын 45 станция қайталайды, көрсетеді. Сан миллион адам көреді, тыңдайды. Қысқасы, м-р Уикс үлкен журнал редакторы, үлкен сыншы, зор атақты адам, аса үлкен достық көрсеткелі отыр. Біз бәріміз солай бағаладық. Әуелі аз репитиция болды. Содан сьемка басталды. Ең әуелі Уикс бізді приветствовать етті. Біз кезек алып сәлемдесіп, жауап қаттық (алғыспен). Содан кейін Уикс біздің әрқайсысымызды таныстырып өтті. Өз кемшіліктерін айтты. Біздің кітаптарды мұнда аз аудару айыптымыз деді. Содан соң ең алдымен Щипачевті таныстырды, шығармасы жағынан. Бір өлеңін оқуды сұрады, поэзия жөнін білгісі келетінін айтты. Щипачев алғаш сөйлегенде кібіртектеп, өлеңін тәуір оқығанмен, жалпы сөзін бәсең айтты. Леонов туралы сұрағына қоса оның қай романдары аударылғанын айта түсіп, сұрап, екінші мәселе етіп соғыс жайын, соғыс жайындағы кітаптарды сөйлеп беруді сұрады. Жалпы соғыс сіздің Отанға орасан ауыр тиді. Оны бізде мұнда оншалық жете тани қоймайды. Осы тұста соғыс жарасын айта түссеңіз деп еді. Леонов өз кітаптарының аттарын анықтап айтып берді де, соғыс жайындағы біздің жазушылар жазған еңбектер жөнінде дәл оншалық жазыла кең, терең сөйлемеді. Ешкімді мақтаған, атаған жоқ. Фадеевті атаса болар еді, оны істемеді. Кейін сұрақ маған берілді. Тегі, бәрімізге сегіз минуттан бермек-ті. Менен фольклор жөнінде және "Абай" романы туралы сұрады. Мен ол кісінің кең түрде интерес жасағанына алғысымды айттым (өз сөзінің соңында). Әуелі фольклор деп қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, якуттарда екі традиция — үлкен жазба туғанын, Шекспир, Гете, Бальзак, орыс, американ классиктерін, өз тілдерінде оқумен, өз тілдерінде оригинал роман, пьесалар тудырумен қатар үлкен фольклоры барын айттым. Не знавшие традиции существования, буквально океан поэзии "Манас" екенін таныттым. Кейін өз романым "Абай" жайын, 26 тілде шыққанын, Парижде Луи Арагон аударғанын атадым. Сәл 5 минуттық үзіліс болды. Онда "Манасты", 25 конгрестің жайын айттым. Қызық әңгіме болды. Үзілістен соң менен Абайдың өз жайын сұрады. Бұнда мен телевизор алдында 6 минуттай тағы ұзақ сөйледім. Аяғында өзімнің 15 жыл сол Абай туралы 4 том кітапты жазғанымды атадым. Алғашқы сөзімді Леонов та, Гончар да, басқалары да өте жақсы бағалады. Соңғы сөзден кейін Гончар, бүгін бәрімізден артық сөз сіздікі болды деді. Гончардың өзіне жас жазушылар туралы, соғыс туралы сұрақ беріп еді. Ол жақсы жауап айтты. Бір-ақ рет сөйледі. Оның соғыс болмасын деген сөзіне Уикс біздің бәріміздің ойымыз сол, сіз бәріміз үшін айтып отырсыз деді. Жалпы екі рет мен сөйледім, азырақ Щипачев сөйледі, тағы да ортаға шықты. Менің екінші сөзім де ұзақ, салмақты шықты десті. Жұрт жақсы бағалады. Бұл жазу ең үлкен мәнді жазу еді. Тек осы үшін ғана келуге болушы еді. Оның аса жақсы өткеніне қуанамыз. Көлденең қарап тұрған американ кісілері бізге қалжыңдап, сіздердің әрі жақсы киноартистер екеніңізді жаңа таныдық деп әзілдеді. Кешке посольство коллективі. Онда мен сөйледім. Щипачев баяндама жасады. Кеше телевизордан соң Уикс гостиницаға бірге келіп, алда Бостонда болатын істер планымен таныстырды. Жақсы ұшырасулар болатынын айтты. Келістік.
12/ ІІІ.
Бүгін қол бос... Сәл қаланы араламақпыз. Қаланы аралап болып, түс ауа, сағат 4-ке Леонов екеуміз "Ведро крони" деген комитетке құрылған сұмдық фильм көрдік. Герой — скульптор-битник. Битниктер клубында сақалды шешен проповедь сөйледі. Онда жұрт ішіп, ләйліп, әркім әр алуан түрде оригинальничать етеді. Герой сонда үнемі ішіп, ләйліп шығып жүреді. Бірақ үйде (оның семьясы жоқ), пәтерде скульптура жасайды. Жалғыз-ақ өзі өлтірген адамдарды лепить етеді. Өзі өлтірген бір әйелдің бет жүзін жасап отырып жылап та қояды, мастықтан. Кейін бір еркекті өлтіргенде круговая пиланың астына сап басын кесіп алып, шелекке салып алып, соны лепить етеді. Өзінің выставкасын жасайды. Бар адамы урод, сұмдық пішінді кісілер боп шыққан. Сол выставканы қараушы екі жуан сыншы бұл шындыққа қайту үлгісі деп бағалап жүреді. Бірақ қалыңдық қыз сұмдықты таниды, геройдан безеді. Ол қызды қуады, өлтірмек, жете алмайды. Ақыры өзін жұрт қуғанда пәтеріне қашып кеп, асылып өледі. Бұндағы ел масқарасы — залдағы балалар. Оларға бүгін сенбі болған соң билет арзан, 50%, кішілері 25% төлейді және күндіз келулеріне болады. Біз дәл дерлік қызық сөтке келіппіз. Осы балалар өлім, қан, қазалар үстінде шаңқылдап, дауыстап күліп, сүйсіне рақаттанып, кейде ысқырып (сүйсініп), сурет аяғында қол соғып қарсы алды. Бұл көрініс — қас масқара. Көп ойға қалдырды. Кешке сағат 10-да вокзалға кеп, поезға міндік. Нашар поезд, бірақ жатар орны жақсы, жайлы болды. Таңертең диваншаларын жиып қойғанда тіпті тәртіпті есеппен істелген вагон екені байқалды. Поезд тағы да бір сағат қырық минут кешікті. Бостонда ең жақсы гостиница-отельге кеп түстік. Бұл мистер Уикстің қамқорлығы.
13/ІІІ.
Сағат 11-де м-р Уикс уәдесі бойынша қасына Американың ең атақты романисі Джон Маркингті ертіп келді. Лянш еттік. Гостиницаның ең жақсы ресторан залында 3 сағаттай әңгімелесіп, тамақ ішіп отырдық. Маркинг "Вашингтон" деген кітабын 1 миллион 300 мың тиражбен тарады дейді. Өз романымды пьесаға аударуда араластым, болмаса пьеса жазғам жоқ деді. Менің сұрағым — ең жақсы пьеса (соңғы 5 жыл ішіндегі) деп қай пьесаны айтар едіңіз деп едім, Оноллдің "Путешествие в ночь" деген пьесасын айтады. Осымен екінші үлкен жазушы бұл пьесаны атады. Нью-Йоркте пен-клуб орынбасары өзі драматург, өзі сыншы бір жазушы да дәл осы пьесаны атап еді. Бұл отырыста Уикспен жақсы әңгімелестім. Иова-Аит туралы аз сөздер. Уикс кейін жазатын ойларың, сындарың болса айтып кетіңдер деп еді. Мен айтатын сөзім бар, кейін де толық айттым. Ең үлкені кеше өзіңіз де Вашингтонда атаған біздің кітап жайы. Біздің кітап жолы сіздерде тар. Әсіресе біздегі көп ұлтты елдер әдебиеті сіздерде жоқ. Ал олардың классикасы... эпосы... жаңа Гайаваталар берер еді. Америка оқушысы сөзсіз сүйіп оқыр еді. Сүйтіп, Азияны Америка жағасынан открывать ету — жаңа Американы американдарға ашу шарт дедім. Сағат 5 '/2-да Уикстің үйінде қонақта болдық. 20-дай адам. Коктейльге шақырылған. Екі сағат түрегеп жүріп, сәл-сәл отыра түсіп әңгімелестік. Мен Симонс дейтін, орыс әдебиеті туралы жазып жүрген сыншымен көп әңгімелестім. Уикспен де көп әңгіме болды. Түнде біз синераманың жаңа программасы — "Обозрение южных морей" деген жақсы сурет көрдік. Онда Гвинея, Тасмания, Новая Зеландия, Австралия, Веллингтон, Сидней (2 млн халқы бар) сияқты үлкен қалаларды да көрдік. Ал теңіз, арал, табиғат таңғажайыптар.
14/ІП.
"Атлантик Монсли" басқармасында ұшырасу... Бұл ер, әйел қызметкерлерін шақырып таныстырды. Қалжың-күлкі көп, әйелдері өте көркем, сыпайы. Бұнда Слонимскийдің ағасы 1894 ж. туған пианист, композитор, зерттеуші болды. 50-дей кітап шығардым, інісімен көрісіп жүрем дейді. 1934 жылы болыпты Одақта. Журнал сыртын сөз еттік. Совет әдебиетіне арнаған номерді сөз қыламыз. Өзімен 35 жыл бірге істеген издательство бастығын, өзінің көмекшісін таныстырды.
— Біз сіздердің ақ қағаздарыңызға көбіне қызығамыз. — "Новый мирде" де болған алғашқы өз кеңесін әңгіме қылды. Менен қазақ өлеңін оқуды сұрады. "Қараңғы түндегіні" орысша, қазақша оқып бердім. Орыс ақындарын Щипачев айтып еді, мен Тычина, Самед Вургун, Ғафур Ғұлям, Зульфия төртеуін қоса атадым. Щипачевтен өлеңін оқуды сұрады.
Иесимити ағаштары туралы философ Эмерсонның жазғанын айтады. Жас жігіт Эмерсонға "сіз өзіңіз де" осы қызыл ағашсыз деген. Осы жас жігіт кейін Теодор Рузвельтті де сол ағаш түбіне қонып шығуға шақырған. Осы және сол ағаштардың қорғаушысы. Щипачев Леоновтың тоғай туралы еңбегін айтты. Уикс: Ұдайы қайың тұрғанын көресіз Россияда дейді. Бізге терістік адамдарына туысқандай сезілді. Қайың туралы Щипачев орташалау сөйледі. Ең сұлу ағаш дейді. Гончарға қарап арнайы сөз сөйлеп, соғыс жайынан пікір қозғады. Уикс Гончардың сөйлеуін сұрады. Гончар Хемингуэйдің жайынан бастады (Леоновқа қарсы). Стилист екендігі ғана емес, популярен особенно после войны, п.ч. наш читатель понял антимилитаризм, антивоенный гуманизм. Бізде де антимилитаристік кітаптар шыға бастады. Біздің прозада осы тенденция күшейіп келеді. "Судьба человека", "Последний залп" Бондарева, Солоухин — "Владимировские участки", Айтматов — "О любви". Чингиз его имя. Соғысқа қарсы законымыз да бар. Жақсы айтты. Бізге сый есебінде Бостон туралы журналға келгені белгісіне сай шарф сыйлады. Совет-Америка гербтері бар. Қысылсаңдар, Америка жағын былай тығуға болады дейді. Күлкі. Осыдан кейін бізді ляншқа бір өте жақсы ресторанға алып барысты. Жолда редактор орынбасары бұл ресторан бүкіл Америкада екінші орындағы жақсы ресторан деді. Бірінші Нью-Йоркте. Мынаның тамақ әзірлеуі өзгеше екен. Вино шери тәрізді, бірақ аса дәмді. Киев котлетін жасады. Әдейі Уикс заказ беріпті. Тәтті порцияларының екеуі де (бірі алдынан, бірі тамақ соңынан) ғажап болды. Тамақтан кейін Уикс өзі машинасына мінгізіп, бізді теңіз жағасына, Сәлем қаласына алып барды. Бостон айналасында 44 қала бар. Бостонда 800 мың, ал 14 қала халқын қосқанда І млн 500 мыңдай. Сол қаланың бірі — Салем, Кембридж. Кембриджде Гарвард университеті — атақты университет. Ал Салем тамаша, сұлу қала. Бұл моряк, капитандар қаласы. Теңізде жас шақтарында жүріп-жүріп саудамен басып алып, осында кеп Голландия, ескі Англия үлгісінде ғажап, сәнді, жеңіл екі қабат үйлер салып тұрып қалатын болған. Бұл жерде бухта, кейін аса ауыр үлкен кемелер тоқтауға таяздау соққаннан кемелер тоқтамайтын боп, бұрынғы салмағы азайған. Бірақ халқы үйлерін бұрынғыша үйлердің бояуын өзгертпей, үлгісін бұзбай (міндетті түрде), қалпында (тарихи) сақтайды. Өздері Бостонға барып қызмет істеп қайтады. Әр үйдің крыльцосы, балконы, верандасы, башнясы әсем. Біреуі біреуіне ұқсамайды. Ал жалпы қала өзінің лицосы, өзіндік басқалардан бөлек бітімі бар. Бұл қала Фресно, Феникс емес. Олар XX ғасыр ортасының қаласы. Жалғыз этажды ең жайлы, гүлді, бақшалы, модерн стильде күншуақты қала жайлар. Мынау да күн шуақты, бірақ екі қабат сәнқой, кербез. Өз заманындағы Голландия, Англия көркем, әсем қалаларымен тайталасқан. Сол жақтар, мемлекеттер қалаларын көріп жүріп, солардан үлгі де ала, тайталаса да салған үйлер. Кейін өздерінің Салемдік үлгі, стилін анықтап алып, 1800—1820 жылдан бері, 150 жыл бойында үй салушылар сол үлгіден аумаған. Ол ғана емес, өзге көрші кішкене қалалар, мысалы, "Голова мрамора" аталатын қала, бухтаға жақын қала осы Салем үлгісінде үйлер сала бастаған. Теңізді әр тұстан көрдік. Кей жері тыныш, толқын жоқ. Ол бухта қолтығы. Кейін кеңірек көрінетін жерге шыққанда теңіз мол көрінді. Онда рифтер, тас аралсымақтар көп. Теңіз толқыны бастарынан кейде асып жататын жұмыр жота тастар. Қайтыста бір жарым миль, 2,2, километрдей туннельмен жүріп өттік. Ол бухтаның астымен жүретін жол — қала қатынас жолы. Кешке Шлезингер деген профессордікіне шақырып еді, мен барғам жоқ. Демалдым.
15/ ІІІ.
Сағат 11-де атақты лабораторияға келдік. Бұл Кембриджде. 1200 сотрудников, 600 профессиялы, инженер, эконом. "Артур де Литл Инкорпорейтед"... Организация индустриальных исследований, лаборатория — одна из частей ин-та. Организована 80-летним Артуром Литлом. Сейчас это кооператив — участники и содержат. Деятельность очень широкая — и кофе, и сталь. Потенциал индустрального развития объекта не изучен. Обращаются страны Южной Америки, скажем, бумажные фабрики. Пакистан, Южная Америка, Новая Зеландия и др. Сейчас рассматриваются очень слаборазбитые Пакистан, Индия, Бирма, страны Африки с правительствами этих стран. Это маленькая часть работы нашей компании. Геологическое исследование не делают. Был два года в Бирме, узнавал там русских с их комиссиями. Мы занимаемся по вопросам идеи. Здесь абстрактное представление идеи — изображена в таблице, в графике, в разных красках. 750 профессоров, инженеров, мы на грани науки: биологии (иссл. научн.) пластмассовые фильтры, кожа, бумага. Топливо электроприборов в физике низких температур — жидкость в водороде, азот, все — газы. У нас настоящая коммуна — работаем друг на друга, после налогов все идет в фонд — пенсия из этого фонда. Это необыкновенно. Мы только идеи разрабатываем. Мен сұрақ бердім: әр ғылымда фантазия басшы. Сіздердің мына суреттеріңізде воображение араласпай ма? Олай болса, абстрактная живописьтің кейбір сызықтары сіздерде воображение ретінде араласқан жоқ па? Соған жақын воображение біздің бұнымызда бар. Абстрактная живопись суретшілері осы ғылымды білсе, жақсырақ сурет салар еді дейді.
Леонов эр еңбегімнің алдында сурет, сызықпен нобай жасауға тырысам деді. Менделеев системасында частицалар қозғалысының таблицасын жасауға болды ма деді. Ол жасалған десті. Жауап — жарықтың скорості постоянная дейді. Біз Канада, Юг бәрінде технология жөнінен кеңес береміз. Безработные некоторых отсталых стран обращаются к нам. О рабсиле, о рац. использовании, строений домов, о вывозе — планировка экономики — не детально; а) как распределить экономику. Поделиться с нами: мен сұрадым о пустыне и полупустыне — Жауап: очищение морской воды от соли, применяя природн. богатство в одной из южно-американских стран, проблема переселения индейцев из скудных в благоприятные страны. Но чтобы переселить, надо найти богатства р-на: минер., нефть, электрич. базы — показываем пути использов. остальных богатств. Иногда эти вопросы надо начать с самых простых, напр., в одной стране пришлось дороги улучшить — укрепляли глиной и известняком. Вторая проблема — недорогие, доступные дома для рабочих. Производство кирпича — земля со смолой. Еще дом с передвижной стеной. Экономику начинать с самых простых вещей. Помогаем найти им рынок в стране. Сағат 3 '/,-да атақты чех стеклосына музейге бардық. Екі немец, әке, ұл. Другие Уэл и его дочь ақы төлеген. Чехи из Боливии — Блашка Рудольф, отец и сын — до 1935 г. Умер сын. Полмиллиона посетит, в год. Научное чудо в обл. искусства и худож. чудо в науке. "Тайна умерла, — пишут газеты, — но это правда — техника была известна стеклодувам тех времен". Леопольд — отец, Рудольф — сын, ум. в 1939 г. Отец в 1895 г. Здесь 900 моделей стеблей. Велич. цветение трав, ананасов — все для студентов. Цветение кактуса, 75 тычинок цикория. Динозавры — 75%, нашли 25%. От сети повисли, морской змей отобрали в Австралии 55-60 млн лет. В Квисленде в песчанике 42 фута, длину — 16 метров. Гарвард университетінде кездесу басталды. Адам 40-50, көбі оқытушы болу керек. Ең алдымен Щипачев аз таныстырып, өлең оқыды... Сұраулары солай еді. Бастау үшін осы теріс болған жоқ. Көп өлең оқыды, бірақ үнсіз тыңдасты — тілді толық көпшілігі ұқпайтын болу керек.
Вопростар:
1) Леоновқа - Келешекте не жазбақ? Жауап - "Ворды" қайта жазғанын айтты. 2) Символикалық ерекшелік, сложная конструкция бар сізде, әлі де сүйтпексіз бе? Жауап — Оқу қиын болар. Мен кітап оқу еңбек деп білемін. 3) Кей адамды суреттеліп жетпегендей етіп қалдыру мүмкін дейсіз бе? Лабораторный вопрос. Брюсов туралы сұрақ. Знакома ли сов. поэзия? Асеев, Маяковский, Есенин — принадлежат ли сов. поэзии? Как оценивается Юрий Алеша? - Дороже ли книги у вас? -М. Горького как читают? — Он потерял прежнюю славу, упал интерес. — Не в моде? — Рассказы, романы не так блестящи. Однообразны. Известны только ранние рассказы и "Мать" (но почему "Мать"?). Щипачевқа вопрос: Кто любимый поэт современности? Одан қай пьеса, роман мен сұрадым. Пьеса Артура Миллера. Сэленджер "Ловец во ржи", но это 10 лет. Генюн Вильяме — прозаик. Робер Фрост — несложный. О простоте в поэзии мен сөйледім.
Hatava Jakobson, Harvard Unіversіty,
Cambrіdge, mass.
17/ІІІ.
ООН үйінде қонақта. Фрост 86-да. Обед дал Кордье, мистер Эдвард Соболев, Футт... — зам. Хаммерда.
Фрост...
Религии больше, певцов больше и свободы больше, и братство в мире итак больше, чем в организациях разных.
Больше поэзии, чем заключено в стихах.
Қоңыр, салмақты даусы. Не буду не справедлив к себе, если скажу, не принадлежу к этому братству свободы, чем религия и великое слово, которое я вобрал в себя, сказанное Аристотелем, "велико душе" — именно велико душе. С великодушием мы можем даже умереть, схватив друг друга за горло. Я восторгался революциями, шел следами бунтовщиков Фросто. В моем доме портрет Джона Рида. Хотели, чтобы я убрал этот портрет. Но я был восхищен и сохранил этот портрет. Не забыть самое главное — путают: музыка в музыке и музыка в поэзии, религия в религии и религия в науке. Нашей стране, возможно, больше принадлежит религия в религии, в России — религия в науке. Хаксли мне сказал на днях: "Сможет управлять не бог, а мы наукой будем управлять".
— Я ответил: раз мы успешно можем управлять будущим, хватит ли разума, чтобы остановиться на том месте, где стоим, где лучше живется без России. Что вам в этой жизни нравится?
— Я люблю красивые подъемы, красивые надежды (???)
— В тупик и разрешается.
Например, литература — был Брехт (Шекспир, Данте...).
Шекспир сделал знатных, а Данте в ад — Я люблю жизнь как она есть. Возможно, приезжает кровопролитие чем придет. Чудесно, что есть различия, не надо их стирать. Сейчас русские гораздо ближе моему мышлению, чем было раньше. Не называйте сосуществованием — различие лиц — не по-дурацки. Великодушие к черту, терпимость, фанатичес. нетерпимость (расовая нетерпимость — оборотная сторона ее). Вашингтон сказал: "Хуже всего фанатическая нетерпимость". Аристотель сказал: "Самое высокое — великодушие". Трудно отказаться от бога, хотя бы слова "бог" как фигуры речи. Бір ауыз өлеңім бір жолы афоризм тәрізді. Добро, зло так долго существуют, потому что противоположны. Я больше всех обожаю Эмерсона (поэта) — прости мне, боже, маленькие мои грехи, а я прощу тебе все твои большие грехи передо мной (керек).
Адрес Габриэлла Азраэль:
4 Фрост Стрит.
Кембридж.
Массачусетс.
Gabrіella Azrael.
4 Frost Street.
Cambrіdge.
Massachusetts.
В Н-Йорке в высотных зданиях 90% рабочих индейцы, причем многие получают 4 долл. 70 центов в час работы.
Кофе туралы менюде жазған:
Черный как дьвол,
Горячий как ад,
Чистый как ангел,
Сладкий как любовь.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру