TELEGEI

Home

Ғалым Жайлыбай 3-том

Ғалым Жайлыбай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғалым Жайлыбай 3-том

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбайдың бұл кітабына негізінен қаламгердің әр жылдары жазған ел, жер тағдыры, экология мәселелері туралы ой-толғамдары, эсселері, мақалалары топтастырылған. Поэзия парасаты, әдебиет өкілдерімен сырласу, руханият тақырыбындағы мақалалар кітаптың екінші бөлімінде. Ал үшінші бөлімде ақынның кеңестік кезеңде жазылған өлең топтамалары берілген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жайлыбай F.

Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014.

ІSBN 978-601-7568-45-0

Т.3. Эссе, ой-толғамдар, сұхбаттар және өлеңдер. – 336 б.

ІSBN 978-601-7568-48-1

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Ғалым Жайлыбайдың бұл кітабына негізінен қаламгердің әр
жылдары жазған ел, жер тағдыры, экология мәселелері туралы
ой-толғамдары, эсселері, мақалалары топтастырылған. Поэзия

парасаты, әдебиет өкілдерімен сырласу, руханият тақырыбын­
дағы мақалалар кітаптың екінші бөлімінде. Ал үшінші бөлімде
ақынның кеңестік кезеңде жазылған өлең топтамалары берілген.

ІSBN 978-601-7568-45-0

УДК 821.512. 122-1

ББК 84 (5 Қаз)-5

УДК 821.512. 122-1

ББК 84 (5 Қаз)-5

Ж 19

Ж 19

© Жайлыбай Ғ., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014

ІSBN 978-601-7568-48-1 Т.3

КӨНЕ ҮННІҢ КӨМЕЙІНЕН

САБАҚТАЛҒАН ЖЫР

НЕМЕСЕ АҚЫН ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ ЖАЙЛЫ СЫР-ШЕРТПЕ

Өлең-жыр деген өз оқырманының жұбанышы, қайғырса қа­
бырғасын бүтіндейтін, қуанса төрт құбыласын теңестіретін
құ­дірет иесі секілді. Ол да өзінің рухы биік жандарын тапқан
кезде ғана өз дәрежесінде көгеріп-көктеп, көңіл деген құйт­тай

мәйектің мән-мағынасын аспандатып жіберетіні де содан бо­
лар. Болмаса, адам санасы мен жыр әлемінің арасы домбыра­
ның қос ішегіндей бір-біріне үйлесе кетуі екіталай.
Шынайы жырдың өз өресіне назар салсақ, олар да кәдімгі

адам сияқты, кейбір жырлар дара-дара құдай пана боп, өз
оқырмандарына жеке жауап беріп жатады, ал қайсыбіреулері
топтаса үн қатып, бір заманның, яғни бір дәуірдің тыныс-тір­
шілігін түбегейлі айқындап, тарихи түп тамырын паш етіп

отырғандай әсер тастайды. Жекелеген жырлардың ой иірімі
мейіріміңді қандыра қанаттандыратыны да бар. Мұның екеуі
де ұлы қасиет, бірін алай, бірін бұлай деуге де болмайды. Құда­
й­ым тек талқан жегендей, ішінде түйір дәні жоқ әләуләйімнен

сақтасын. Бізде ондай жырлардың да неше атасының ұлы бар.
Айтатыны жоқ. Тіпті кейде тұшынып оқитын тіркестерді де
таба алмай қор болатынымыз да рас. Мұндай тіркестерді және
өзіңнің үлкен үміт күтіп жүрген жандарыңнан кездестірген­

де, амал жоқ, бас шайқайсың да, осы азамат өзін босқа қинап
жүрген жоқ па деп те ойға шомасың. Осындай күйзелістің

үс­тінде жүргенде өзіміздің «Қазақ әдебиеті» газетінен бір
ақынның бар айтарын сөз орамының ішіне аса шеберлікпен
сыйыстырып, сірескен бәлелердің салқындық самалын сыртқа
ысырып тастап, өлең-жырдың ішкі мазмұн-мәнді қаймағын

бұздырмастан, өзінің шынайы да ширатпа сәнімен, әрбір сөздің
көкірек ашар сабырлы да салмақты әнімен, ет-бауырыңды
жаулап алып, ой суатыңа табиғи тыныспен еніп кететіндей
етіп жазғанына куә болып едім. Енді, міне, биыл тағы да дәл

сондай үлкен әсерге куә болдым. Алдыңғысы Өтеген Оралбаев
ініміздің жырлары болса, бұл жолы не жазса да жанымен, өзін-
өзі адастырмай таза арымен жазатын Ғалым Жайлыбай інім
жырларына қатты риза болдым.

Бұл ақынның ешкімге ұқсамайтын бұл ғажап арнасына
тәнті болғандығымда шек жоқ («Қазақ әдебиеті», №16, 20-
26 сәуір, 2012 жыл). Ол өткеннің үнін бүгінгінің жырына айнал­
дырып жүрген ақын ба деп қалдым. Дәл осыған ұқсаған бір

жолды кезінде қазақтың ұлы ақындарының бірі Әбділда
Тәжібаев ағамыз жазған еді. Ол кісі бірақ халық жырларының
бір шумақтағы алдыңғы екі жолын алып, соңғы екі жолына
өз ой жүйесінің қаймағын орнатып жазған. Ал біздің Ғалым

өткеннің ой өресіндегі бір тал алтын тіндей жол мағынасын іліп
алып, оны өмір-өлеңінің өрісіне айналдырып, жаңа заманның
даңғылына ұластырғандай жаңалық ашқан. Бұл жырлардың
ұлы қасиеті көне үннің күмбірінен, өз көкірегіндегі тар қыс­

пақтың тандырлы тағдырын тас-талқан етіп, халықтық үннің
даңғылына ілестіріп, қапырықтан қазбауыр бұлтты дархан
даланың өңіріне, оның жазира самал өтіне бір-ақ алып шыққан.
Ақынның «Бір тал үкі» атты жырын оқып көрейік:

Гүл жайнап әнге басса гүл-гүл өрен,
Кешеден қалып кеткен бұл бір өлең.
Басында сол қалқаның бір тал үкі,
Үп етіп жел сипаса үлбіреген.

Шемені байланғандай шерге бейне,
Бұл қазақ сезімсізді пенде дей ме?

«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Көкеме қосыламын мен де кейде.
Аумасын бір күнінен бір күн мейлі,
Ән салса, қайран көкем іркілмейді.

«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Үрия үміті боп үлпілдейді.
Белдерден ән ұшырған бетегелі,
Бал еді сол бір күндер, шекер еді.

Басқанда «Қамажайға» ара-тұра,
Көкем де көріктей боп кетер еді...
Бұдан әрі ақынның өз көкесінің ізін басып өскендігін, оның
жолындағы небір көтеріңкі көңілдің жолын талай мұңның

кескендігін баяндай келіп:
...Адамның уысында тұрмайды арман,
Әуелеп өткен солай жырдай жалған.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»

Аман-сау алып қайтқан сұм майданнан.
Шырқалса тербелгендей шынар бағы,
Аққудың сұңқылдайды сыңарлары.
Қарғам-ай,

бір тал үкі... –
Жарықтықтың
Жарыққа жағып кеткен шырағданы... –
дейді ақын.

Ақын халықтың «Басында Қамажайдың бір тал үкі» әнінің
өресін өз әкесінің әнімен, бар пәледен сақтайтын киелі құдірет­
ке айналдырып жіберген. Былай алып қарағанда, туған жердің
құдіретін беретін «Бір уыс топырақ», «Бір жұтым су», «Бір

жұтым дем» сияқты құдіретті қуатқа енді, міне, халық әнінің
«Бір тал үкісін» алып шыққан. Бұл тек қана бір тал үкі емес, ол

махаббаттың символы, одан қала берді, аталарымыздың әуен
әлемінен кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұрат етіп қалдырған киелі
тынысының сарқылмас қуаты, құты, бағы іспеттес дәрежеге
жеткізгені қандай ғажап!

Мен осы өлеңді, тек бұл өлеңді ғана емес, газеттің сол
санындағы тұтас шоғырын оқығанда, өзімнің бабаларымның
жалғасы, адамзат өмірінің мәңгі өшпейтін өресі екендігімді
сезініп, сонау көне дәуірден жалғасып келе жатқан тарихым­

нан сыр тартқандай сезім ошағына түстім. Және өз бойымдағы
жалыны қайтқан шақтың қуатын қайта сезінгендей болдым.
Яғни, осы сезім адамзат баласын ешқашанда өлтірмейтін
өмір жалғасының жалғансыз бейнесін алдыңа тартқандай еді.

Бір ғана жоғарғы әуен сөзінің, тек әкесінің ғана тағдырына
араласқаны емес, бұл жерде бүкіл халқымыздың амандығын
сақтап жүрген көненің көмейіндегі мәңгі өлтірмейтін құдіретті
беріп отыр бұл жерде ақын.

Енді бірде ақын сол құдіреттің ғажайып көркін сезімге орап,
яғни балға ораған күлшедей көмейіңе сүңгітіп жібереді, яғни
бұл ақынның жалпы адамзат баласының амандығын қорғап
жасаған, жан дүниесінің жарығы мен жылуы, қуанышы мен

қуаты, әрбірден соң сонау ата-бабасынан тартқан сарабдал
сырының өз бойыңда ойнаған қан тамыры іспеттес әсерге
бөлейді. Болмаса, біз «Аспантау аққуларын» оқиық:
Көктемнің көз жасындай іркілмеген,

Кеудемде лықсып жатты біртүрлі өлең.
Аспантау аспанынан аққу көрдім,
Мамығы ақша бұлттай үлпілдеген.
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң,

Көгеріп қайтар, бәлки, көңіл қырдан.
Аспантау асқарынан арай көрдім,
Арыңды айдынына шомылдырған.
Ақ шуақ апай төсін аймалапты,

Күнін де сағым сүйіп сайға батты.

Аспантау алқабынан ару көрдім,
Аршын төс, алма мойын, ай қабақты.
Ашылған ай нұрымен ерте гүлі,
Өлке бұл өренінің ер көңілі!

Тәңірі жарылқағыр Тәңіртаудың
Есейген етегінде ерке елігі, –
дей келіп, ақын өз жырының соңғы түйінін былай береді:
...Тәжінен Тәңіртауды танып анық,

Жұлдыздай көк төсінде жамырадық.
Аққудың қауырсынын қалам еттім,
Жанымның жарығына малып алып.
Ақын бұл жерде құтты мекенінің бір бұрышынан сөзбен

сәуле шашып, және сол сөздердің тал бойына сол жердің көркін
асыл тастай тізбектеп, өзі де сол табиғатқа сіңіп кеткендей үн
қатады. Және оны:
Кеудемде лықсып жатты біртүрлі өлең, –

деп сипаттайды. Мұнда ақын өзінің кеудесіне тосыннан келіп
ұя салған табиғаттың құпия сырына қанып сөйлеп, қамыға
еске алғандай, бірақ өзінің ашық үнін қарлығыңқы пәледен
жоғары ұстап, бүкіл қазақы ой мен қазақы пәлсапаның қадірін

асырып, кеңістікке атойлап шығады. Ақынның сол кеңістігіне
байыздап қалған оқырман көңілі де тосыннан келгендей бір
қуаттың жалында ойнап, бір сәт өз халқының әуелеген әуезі
мен көркінен көз тұнатын әлемге рахаттана қарайды. Иә, сол

кезде ақын өз оқырманын:
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң,
Көгеріп қайтар, бәлки, көңіл қырдан, –

дей отырып, «Аспантау асқарынан арай көрдім, Арыңды айды­
нына шомылдырған» әлемге бөлеп салады. Бұдан кейін мұн­
дай жырды түсіне оқыған жандардың жан-жүрегі қазақ деп
соқпағанда қайтсін?

Жалпы, Ғалым ақынның осы топтамасының ұлы ұраны
өлең төңірегінде және ол жай өлең емес, өзекті әлемнің өз
бейнесін айнытпай беретін тылсым табиғат әлеміне алып бару
болса керек. Және осы жырлармен барша Қазақстан табиғаты

толықтай бейнеленіп, оған қоса сол табиғаттың төл туындысы –
Қазақ деген ұлттың жаратылысына жарасатын құбылыстарды
асыл тастай жарқыратып, сан қырынан көрсете білген деуге де
болады. Және оның ішке бүккен жан-жүрегінің қатпар-қатпар

құпия сырын сезім деген әлемімен астастырып, оның ақыл
жетпес даналығын паш еткендей ұғымға ұластырады. Енді
бір жағынан, осы топтамада кең-байтақ қазақ елінің ақын қай
бұрышын жырласа да, соның тек өзіне ғана тән табиғатын ба­

рынша толық қамтуға тырысады және онысы өте сәтті шыққан.
Болмаса:
Тамылжып тұрған таңда атқан
Жұртыңды көрдім, Бұланды.

Жамырап жеткен жан-жақтан
Бұлтыңды көрдім, Бұланды!
Арқада, сонау ақ таңда
Алдымнан өрді көп елік.

Көкшеге бара жатқанда
Көктем боп шықтың көгеріп.

Үміттің оты жана ма
Кермарал қырдың көзінде,
Сағыныш түнеп санама,
Сарғайып жүрген кезімде... –

дей келіп, ақын осы өңір жайлы ойын:

Көктемнің көріп көк түсін,
Бастап та кеттім бір әнді.
Көңілден ұшқан көп құсым
Көгіңде қалсын, Бұланды! –

десе, енді бірде:
Ақырды ақпан тағы,
бөрісырғақ,
Өлеңім, өзегімнің өрісін тап!

Ақ таңда ақбоз мініп арқырасам –
Бөрісырғақ әуені – тегіс ырғақ.
Ердім де елесіне осы ақпанның,
Арғымақ ойларыммен қосақталдым.

Ақ боран демін ішке тартқанында,
Ақ әлем, сені көріп босап қалдым.
Керуен түзегенде күнге көшін,
Өлкемнің өле сүйгем қыр, белесін.

Өмірі өлеңімнің өртке оранып,
Көңілі көкөрімнің кірлемесін.
Ұққаным – әр кеудеде бір қараша,
Бақ түнеп, баршасына нұр тараса...

Ақ боран тозаңымды қағар ма екен
Ақпанда бөрісырғақ сырғанаса? –
дейді.
Тағы бірде ақын:

Алтайдың Тарбағатай тұғырындай,
Бұлақтың мамырдағы тұнығындай.
Қара Ертіс, Қайран Ертіс сылаңдайды,
Сұлудың толқынданған бұрымындай.

Сайраны сары белдің сағымындай,
Алтайдың алтын құрсақ тамырындай.
Шыңғыстау шырағданын жақты мәңгі,
Қазақтың жанындағы жарығындай.

Бір салар анашымның киізіндей,
Келеді көңілімнің күйі үзілмей.
Шығыста қасиетті бәрі-бәрі –
Марқакөл маралының мүйізіндей.

Жүгіртіп жүректегі киігімді,
Жырыма іздеп келдім иірімді.
Ақынға төге алмасаң мейіріңді –
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді... –

деп өзінің ақындық назын шырқау биікке көтеріп алатын да
қасиеті бар.
Біз жоғарғы оқыған үш жырдың өресінен, біріншіден, бір-
біріне ұқсамайтын үш өлкенің табиғатын көреміз. Екіншіден,

сол өңірдің өзіне ғана тән мінез-көркін тамаша берген ақын
шеберлігіне тәнті боламыз. Үшіншіден, бәріне ортақ алтын
арқауындай ақын жырының өлең-тұлпар жалынан жасын ой­
натып, тұяғынан от шаштырған әлемін сүйсіне қабылдаймыз.

Және сол ұлы топырақтың қасиетін қанатты періштедей үкі­
леп сөйлеуі ақынның қолтығы сөгіле жырлағанын білдірсе
керек – бұл нағыз поэзиямыздың толқынды тұрпатын күлте­
лендіре тұтас көрсетуі еді. Сөйте отырып, өзінің сүйікті байтақ

елі мен жерінің табиғатына бас ие толғанады. Және ол үйірлі
сөздің үймелеген илеуіне ұрынбай, әрбір шумақ немесе әрбір
жолдарына дейін қан жүгіртіп, қабырғасын қағидамен бекітіп
сөйлегенінің өзі, өзі емес, өзге бір тосын қуатты елестеткендей

болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде ақын өзінің бәйгесіне
қатысайын деп тұрғанын сезінгенмен, соңғы мәреге қалай
жетіп келгенін байқамай да қалған сияқты:

...Бесқарағай басынан бесін ауған,
Сені көріп сол кеште есім ауған.
Тағдырыңның, дариға-ай, иесі – жалған,
Елес болып қалады есіл арман.

...Бесқарағай басынан бесін ауған.
Жаным, мейлі, жалғанды жалған десін,
Ақ дүниенің аялап арман кешін.
Еркелетіп Ертістің толқындарын,

Бесқарағай басынан ауған бесін.
Ай ауысқан, қалқам-ай,
Күн алмасқан,
Мұңайтады жаныңды мұнарлы аспан.

Бұла түзде бұлдырап бұлан қашқан,
Сен де мені қалдың-ау ұға алмастан!... –
десе, ақын тура өзін айтып отырғандай. Және әрбір жырының
тұрақты тұғырындай қайталанып отыратын бір жолы әрқа­

шан да әр жырының тұтқасын ұстап тұрғандай әсер тастайды.
Көкірекке көне дәуірдің көшін алып келген сол ойларының
құдіретті қуаты, бүгінгі заман ақынының мәйекті құтысына
құйылған көне дәуірдің ұлағатты сөздері мен олардың ай­

наласында өткен уақиғалардың өнегелік өрісі ірге тепкен.
Ашығын айтқанда, зерделі жастың жасырын құпиясының
кілтін тапқандай емін-еркін сілтеніп жүре беретінін қайтерсің.
Қысқасы, ауызға салғанда жұпар шашып, тіл үйіретін үнді­

нің шайындай көкірек күрмеуін демде ашатын қасиеті осы
бір ақынның жаратылысындағы жақұт жырдың қақпағын
ашып жібергендей. Содан да болар, бұл ақынның елестей ел
ке­зе­тін өлең деген пешенесіне жазылған періштесі мұның

тіліне бар сақтаған дәмді асын тосып ішкізгендей. Ол кей­
де Тобылғыжарған боп, кейде Бесқарағай боп, енді бірде Бір
тал үкі боп немесе Бөрісырғақ болып, Ғалым ақынмен сыр­
ласып тұрғандай елестейді. Ондай ізденіс кімнен ұтылсын.

Ұтылуы мүмкін де емес. Өйткені оның өзінің де жаратылы­
сы сол ғой. Одан қалай қашқақтап кете алады, мүмкін емес.
Бәлкім, содан да шығар, бұл ақынның жыр ағымы еріксіз
еркін кететіні:

Көктем дегенің – көгілдір арман,
Көгертер кез бұл көңілді қалған.
Сәуірдің айы сәуле шашарда –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған...

Қыратқа барсам жолыма жақын,
Бұлаққа барсам толып ағатын.
Тобылғыжарған бүршік жармаса –
Тобылғы сынды торығады ақын.

Ұқтырған ерте туар айларым,
Алағайларын, бұлағайларын.
Жанымда желген желдірмелерім –
Мамырда өрген Құралайларым.

Өтпелі дей ме өмірді жалған,
Көгертер көктем көңілді қалған.
Толғатқан жанның толайым күйі –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған...

Осылай төгілген сөз ағысы табиғаттың өзі жаратқан тобыл­
ғыжарғанмен ұласып барып, өзінің көкірегін жарған жыр
жолдарының аяулы арнасын ақтарыла табады. Бір сәт байқап
көрсек, бұл жерде тобылғыжарған ақын жырының арқауына

айналса, керісінше, ақынның өзі де сол тобылғыжарған­
ның арқауына айналып жүре береді. Сонда ғана ол толғатқан
жанның толайым күйі болып шыға келмей ме. Көңіл күй
түйсігі тұтасымен дөңгеленіп жырға айналып, адам жанын

қозғағандай бір әсер әрі қарай жалғасын тауып жүре береді,
яғни:

Көктемді көр де көшті көр,
Жарқ ете қалған жанары.
Еңкейе біткен ескі жол
Еңіске тартып барады.

Жаңбыр мен қары аралас
Өліара кезді көзге ілмей.
Саздауға біткен сары ағаш,
Сағынышын да сездірмей.

Аспан мен жердің арасы –
Көктемнің түсі көгілдір.
Көзімнің ақ пен қарасы –
Өзекті жанға өмір бұл!

Уақытқа айтпай төрелік,
Тербеліп жатыр текті өңір.
Көктеммен бірге көгеріп,
Көгімен бірге көктегір.

Мойныма тағар тұмар ма ең,
Мойылдай екен бұл әлем.
Сен салмай кеткен бір ән мен
Мен жазбай кеткен бір өлең... –

деген элегиясы адам жанын тербете отырып, мына алдам­
шы өмірдің бір сәттік рахатын көз алдыңа елестетіп, ақын
бір өмірді «Құс қанатының астында қысқарып жатыр күн­
дерім» дегізеді. Адамды қапы қалдырып көз алдыңнан бұл­

бұлдай ұшқан қысқа ғұмырдың тәттілігі мен ащылығын қо­
са-қабатынан тербетіп, көгілдір дүниенің құшағына күмп ет­
кізеді. Әрине, бұдан кейін біз жоғарыда айтқан «Бесқарағай»,
«Бұландының бұлттары», «Бір тал үкі», «Бөрісырғақ», «Аспан­

тау аққулары» бірінен соң бірі тізіліп келіп, көз алдымыздан
әрқайсысы адамзат пәлсапасының әр тұсынан ажарлайтын

көкірек көзіне ұялаған поэзия әлеміне рахаттана жүзгендей
боламыз да Ұлытауымызға бас ұрамыз.
Ұлытауымның дара шыңында
Ұлтыма біткен бар әлем.

Қараша айының қарашығында
«Қарғам-айлаған» қара өлең.
Сарыарқа жақта сағым биледі,
Желпініп кейде жел ессе.

Жанымның жалқы жалын күйлері
Дүбірің сенің емес пе?!
Арғымағым-ай!
Ар қанаттым-ай,

Аламан көрген ақ таңда.
Жарығы жанда жатталатындай,
Баяны мәңгі бақ бар ма?
Тізгінін тарттым қаракерімнің,

Бір күнім аумай бір күннен.
Қарағым-айлаған» қара өлеңімнің
Кекілін сылап тұрмын мен... –
дегеннен кейін өз-өзіңнен «Қайран, өмір...» деген сөзді еріксіз

еске аласың. Еске аласың да, өз-өзіңнен салмақтана түсесің.
Ол салмақ ойдың салмағы еді. Түсінген адамға шошаңдаған
жеңілтаптық өмірдің кенеттен кенересіне су жүгіріп, кәлләсіне
кемел ой ұялап, ортасындағы керенаулықты ысырып тастау­

ға мәжбүр болмақ. Бір қызығы, осының бәрі өткен әлемнің,
яғни көне әлемнің сағағынан ұстап, санасының сәулесінен
талшықтап алып, оны өз табиғатымен сыпайы жетелеп, жырға
айналдырған ақын құдіреті демеске хақымыз жоқ. Олай болса,

бұл топтамадағы жоғарғы айтқан жырлардың әрбірінің жүгі
ауыр екендігі айдан анық.

Оның үстіне әрбір шумағы мен жолдары жүгенге түсіп жү­
демей, ақынның зергерлік айтқыштығымен ен даладағы ер­
кіндігімен асауланған ойдың арынын ақырын басып, аптық­
қан өмірдің тарпаңдығын сипай сылып, сүліктей сылаңдаған

тұрпатын мүлт кетірмей жібітіп, көкірек күмбезіне көрікті
өрнек орнатып, санаңа сап-салқын салмақ түсіре көсілтетін
ой-парасаты көрініп тұрғаны аян. Олай болса, біз енді осы
ақынның көсілгенде ат тұяғынан от шашқандай ойларының

енді келіп адамзат баласының екінші ғұмырына айналатын
екінші жалғанмен жалғастырған жырларына да ден қояйық.
Бұл – ауыл шетіндегі «Ескі қорым». Ол – әрқашан да естен
кетпейтін іргелес ауыл. Ол бізге өте ыстық, әрі сондай бойды

түршіктіретін суық өмір. Ол әрі жақын, әрі алыс көрінгенмен,
біздің өмірімізден алшақ кетуі тіпті де мүмкін емес. Онда біздің
ең асыл да ардақты адамдарымыз және көп ұзамай өзіміз­
дің де жаман айтпай жақсы жоқ деп баратын жеріміз де сол.

Сондықтан да оны «Екі дүниең абат болсын» деген мағынада
мақал-мәтелге айналдырып айтатынымыз бар.
Жоғарғы біз айтқан тамаша жырлардың бір ұштығы осы
ауыл іргесіндегі ескі қорымға барып тірелмеуі мүмкін де емес.

Бұл – әрбір ойлы адамның есті тебіренісі. Біздің ғажап жырла­
рын оқып отырған ақынымыз да ақырындап осы ауылға соғып
өтіпті. Былай бағдарлап айтар болсақ, бұған дейін жоғарғы
оқыған жырларымыздың бастауы көнеден суыртпақталса,

оның аяғы да болуы заңды. Яғни, жалған дүние жырларының
бір ұштығы бізді жетектеп апарып, яғни дайындап әкеліп сол
ауылға соқтыруы да жөнді. Олай болса, бұл жөнінде Ғалым
ақын не деді екен, бір сәт соған назар аударайық:

Елден хабар, көп болды, естімедім,
Елең-алаң көңілім...
кешкіремін.
Қобыз шалып жатыр ма қоңыр қырда,

Ескі қыстау қасында ескі қорым?

Ақ дүниеге ұмтылдым төзім қашып,
Қызыл-жасыл әлемге кезімде асық.
Қобыз шалған қыраттың етегінде
Ескі қорым...

Көргенім көзімді ашып.
Сан сапарлар жайлы сан толғадым да,
Тіршіліктің бұралаң жолдарында.
Ұлы сарын көңілде қобыз тартып,

Көшіп жатыр сол ауыл сол қорымға.
Аялаған ақ мекен ұлы арманды,
Саған келсем көз алдым мұнарланды.
Ескі қорым – ескі әні дүниенің

Жалғандығын қайталап тұрар мәңгі, –
дейді ақын.
Жоғарғы жырларды оқытып, әбден дайындап алғаннан
кейін ақын өз оқырмандарын өмірдің түйініне бір-ақ түсіреді.

Бұл жерде сен шошымайсың, қайта сол қорымнан бір қи­
мастықтың ұштығын көргендей, ол да саған жылыұшырап
тұрғандай сезінесің. Өйткені ол қорым болғанмен, қай жағы­
нан болмасын, қол-аяғыңды байлап тастайтын өзекті өрке­

шіңді бағаландырады. Бағаландырады да сені алхам-шүкір­
лікке келтіреді. Сондықтан да одан сен тым алшақтап кете де
алмайсың. Өйткені ол саған дейінгі өмір тарихтың түп қазығы
және сенен кейінгі жалғасың да, демек, өзіңнің алды-артың

да сол, оны өшіріп тастау мүмкін де емес. Содан да ақын бұл
өлеңін:
Тіршіліктің айта алсам дұрыс әнін,
Қанаттылар тобымен бір ұшамын.

Қоңыр қырды тербеген ұлы сарын,
Сенімен де бір күні ұғысармын, –
деп түйіндейді.

Қандай астарлы ұғымды беріп отыр. Рас, адам баласы қанша
жасасын, бәрібір баратын жері сол қорым. Ақынның айты­
мында да одан алшақ кету әсте болмайтын ұғым. Ақынның
осы топтамадағы жоғарғы жырларының сарыны осыған кеп

тіреледі. Ол тек тіреліп қана қоймайды, уақыт өткен сайын
өз ауылының көлемін толықтыра түседі. Ақынның айтымын­
ша: «Үркердей боп қалыпты үлкендерім, Ескі қорым үлкейіп,
көз алдымда...» Қандай әдемі айтылған! Қорқытып, үркітіп,

қарғыс айтып ақырып-шақыру жоқ. Жайма-шуақ өмір ағысы.
Жалпы, бұл өмірдегі көзге көрініп жатқан жайлардың бәрі
де оғаш емес – өмір заңы. Шынымды айтсам, ақынның жоғарғы
жырларын оқып келгеннен кейін оның «Ескі қорымы» да маған

тосын емес, күнделікті тіршілікте етене араласып жат­қан
әлемдей, бірақ кешегі өзіммен жүрген бір жандардың кө­зіміз­ге
қайта көрінбейтіні ғана өкінішті. Ол өкініштің де өз қағидасы
бар. Оны сол көне қорымнан есілтіп қоятын ақын­ның «Қобыз

шалып жатыр ма қоңыр қырда, Ескі қыстау қасында ескі
қорым?» дегенінің өзі ескі досым аман ба деген мағынаны
паш етіп тұрғандай. Қысқасы, шағын ауылды бөліп-жарудың
қажеті жоқ. Жақсы мен жаманы қатар жүрген топырақ ыстық

екенін және содан шыққан: «Тіршіліктің айта алсам дұрыс
әнін, Қанаттылар тобымен бір ұшамын». Осы қос жолдың аста­
рында қаншама мәнді мақсат жатыр. Иә, ақынның бұдан кейін
ауылды аңсауының өзі не тұрады. «Ойласам жүрегімнен жыр

атқылап, Жанымда мөлдірейді бір ақ бұлақ» деген сағыныш
ақынды жайлап алған. Қарап тұрсаң, осы топтаманың тұтас
тұлғасы сол шағын ауылды сағынудан шығып жатқан сияқты.
Ал кейде бүкіл Қазақстанның жерін аралап келіп, соңғы

нүктесін осы ауылда қойғандай әсер тастайды.
Тіпті, әрі-беріден соң, ақын мен өлең егіз қозыдай ойнап-
күліп, бір-біріне тіл қатысып, шабыт деген әлемнің шаңырағын
шағын пәлсапаның ошағына айналдырып жібергендей. «Ақын

едім сор емес, бақ іздеген, Жағып кеттім жаныңа жаны ізгі
өлең» немесе: «Көктемнің көз жасындай іркілмеген, Кеудем­
де лықсып жатты біртүрлі өлең». Тағы бірде: «Елсізде еңіресе
2-267

Елім-ай жыр, Қозғаған шеменімді шерім-ай бұл!» – деген ақын
тебіреністері өз өлеңімен өзектесіп кеткендігін білдіреді. Ал
ақынның суреттеу құдіретінің өзі өз алдына әңгіме боларлық
десек, артық айтпағанымыз. Ұтқырлықтан да оза шапқан жай­

лары жетіп жатыр. «Айымды жылдар ұрттады, Тағасы күннің
кетілді». Немесе: «Елсізде ескі бейіт есінейді, Тірлігің, ақын
балам, осы ма деп». Тағы бірде: «Жүгіртіп жүректегі киігімді,
Жырыма іздеп келдім иірімді».

Шынайы ақынға оң-солы бірдей дегені осы болар. Ал енді
сөзімізді қорытындылай келе, ақынның осы топтамасының
соңғы түйініндей жырын біз де құп алайық. Ол өзі «Бір-ақ
өлең!..»

Аласа да емеспін, биік емен,
Көңілімнің сырластым күйіменен.
Белден асып барады бебеу қағып,
Көз ұшында жүгірген киік өлең.

Киік өлең қағынан безінгесін,
Бебеу қағып, бел асып, безілдесін.
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген
Елік жырдың, дүние, көзіндесің!

Жамылыпты, жалған-ай, Көктөбе гүл,
Көктем туа кетеді көктеп өңір.
Қараңғы мен жарықтың арасында
Зу-зу еткен бұл өзі неткен өмір?!

Ілияс-жыр киесі – Құлагер ең,
Мұқаңдардың мұңына мұрагер ем.
...Ақ құсымды қондырар айдыныма,
Сан сауалдың жауабы – бір-ақ өлең! –

деп аяқтайды.

Ақынның бұл өлеңі – байқағанға, бүкіл осы топтаманың
соңғы нүктесі. Екіншіден, Қазақстан өлкесінің барша қасие­
тінің түйіні әрі көркемдігінің көзді тартып, көңілді тойғыза­
тын көркінің жиынтығы десе де болғандай. Үшіншіден, ақын­

ның аптықсыз алып шыққан көкірек жемісінің нәрі, яғни
жан жаратылысының жемісі. Төртіншіден, ақынға Алламның
өзі сыйға тартқан олжасы. Бесіншіден, біз жоғарыда айтқан
топтамамен беретін кеңістік пен жалғыз жырмен өзін-өзі

тиянақтайтын үлкен ойдың келісті нұсқасы, яғни көп өлеңнің
бір тоқтамы, керісінше, бір өлеңнің оқпанды ойы десек те бола­
ды. Өйткені еркін ақынның көкірегінен ұшқан құстай жүгіріп
шығатын киесі – киік өлең осының бәрін өзі өргізіп, өзі тыныс­

татып отырғанына куә боламыз. Куә боламыз да біз де:

Киік өлең қағынан безінгесін,
Бебеу қағып, бел асып, безілдесін.
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген
Елік-жырдың, дүние, көзіндесің... –

деп безектейтін сияқтымыз. Осы бір шумақ жырдың өзі біздің
бүгінгі таңдағы барша елдік жаратылысымызды бір уысқа
салғандай айтып беріп отырған жоқ па? Бұған не дерсің?
Ұғынар сана, ұқтырар пана таба алмаған жанның арпалыс

ойы осыны дәлелдейді. Бұл жырларда дойыр жолдар, қайыр
шумақтар жоқ, керісінше, халық ырғағымен ақырын айтылса
да, үні алысқа жететін ақын көкірегінің шері жатыр. Бізге сол
шердің шешіміне назар аудару керек шығар.

Осы жерде мен ауылда болған бір жайды айта кетейін.
Елде сол кезде жасы тоқсаннан асқан бір Өлмесек деген әке­
міз болды. Сол кісі отырған жерде өз қатарларымен бірге сол
ауылдың естияр азаматтары келіп сөз тыңдайтын. Ол кісінің

қума тамның ең төріндегі бөлменің төрінде отырып, ақырын
айтқан тәлімді әңгімесінің үні арадағы бірнеше есіктен өтіп,
сырттағы ойынмен есі шыққан балалардың жарғақ құлағына
жетіп, солардың қызықты ойынды ысырып тастап, ашық

есіктің алдына үймелей үңіліп, құлақ қоя тыңдағанын талай
көрген едік. Сол ойын балаларының ішінде өзім де бар бола­
тынмын. Сол құдіретті қайта елестеткендей болдым. Ал мына
Ғалым інімнің жырлары соншалықты жұмсақ та салмақты

айтылғанымен, сонау Өлмесек әкеміздің тәлімді әңгімесіндей
алыс-жақын барша оқырманына жететіндей боп елестеді.
Және оның жететініне де өз басым кәміл сенем. Лайым, осы
інімнің өзінің қазақи арнасындағы осы үні өрістей берсінші

деп тілеймін. Сонда ғана бүкіл халқымыз өз арнасына қайта
түсер, бәлкім! Елеулі ел болармыз.
Сейфолла ОСПАН

ЖЫЛҚЫ ЖӨТЕЛГЕН

ЖЫЛ...

ЖЫЛҚЫ ЖӨТЕЛГЕН ЖЫЛ...

Ауылға барған сайын жаным жасып, жүрегім жылап қай­
тады.
­–­ Кісісі қайтқан үйлерге барып, көңіл айтып келейік, ба­­
лам, – дейді жасы сексеннен асқан байғұс анам. Жылына

бірер рет айдын көлін аңсаған аққулар сияқты кіндігіміз ке­
сілген мекенге аңсап жететініміз бар. Қарт анамды, ауыл
имамы Қожантай ағаны ертіп, бірінші кезекте қайтқандарды
түгендейміз. Әр үйге бата оқыр жасап, құран бағыштап, тізе

бүгіп, көңіл білдіріп шығудың өзі бір-екі күнге жалғасады.
Елге әр барған сайын солай.
Сарыарқаның сағымды даласындағы Қарағанды, Жезқаз­
ған өңірінің жұрты қан түкіріп, у жұтып отыр. Демікпе, қан

қысымы, жүрек ауруы дейсіз бе, сырқаттың небір түрі көбей­
ген. Психикалық ауытқуларға ұшырағандар да аз кездес­
пейді. Біздің ауыл шөлейтті аймаққа жататын Жаңаарқаның
Бетпаққа қараған пұшпағында. Осы өлкеде қыршынынан қиы­

лып, ажал құшып жатқандардың саны жыл өткен сайын кө­
бейіп тұр.
Бұл өңірде құдықтардың суы тартылып, аң-құстар қашып,
өсімдіктердің түрлері жоғала бастады. Оның астарына үңіліп,

сарапқа салып, таразылап жатқан пенде жоқтың қасы. Әйтеуір
Арқаның алтын алқасындай өңір шарасыз бір күй кешіп
тұр. Заманымыздың заңғар ақыны Олжас Сүлейменов «Не­
вада – Семей» қозғалысын құрып, ажал аранының аузын әрі

қаратқандай, әлем назарын аударған іс тындырды. Ұлы ақын

ұлы жұмыс жасады. Бірақ қатерлі аймақ Курчатов, Байқоңыр,
Абыралы, Дегелең ғана емес еді...
Бетпақтың даласында Талдыеспе, Қызылеспе, Мұңлы-Қу­
лы аталатын өңірлерде орыстың 73, 55 сияқты нөмірленген

жа­сырын геологиялық партиялары ұзақ жыл жұмыс істеді.
Олар елсізге қалашық тұрғызып, өздерінің жоспарлары іске
асқан соң, әлгі құрама үйлерінің бір бұрауына да тиіспей, кел­
ген жағына тайып отыратын. «Бұл жерден уран алады екен...» –

деген сыбысты бала күнімізде талай естігеніміз бар. «Біреудің
қаңсығы біреуге таңсық» дегендей, әлгі радиация жайлаған
«мәскеулік қалашықтардың» үйлерін бұзып, қора-қопсы са­
лып, қыр қазағы мәз болып қалатын.

«Ғарыш қырандарының» бәрі біздің маңайға келіп қонып
жататынына мақтанып жүруші едік. Құла дүзге құлаған ракета
сынықтарын трактормен сүйреп әкеліп, отын сақтайтын орын
жасайтын қолы жеткендер. «Өзі бір отын сақтауға таптырмай­

тын дүние екен», – деп әкем марқұм да ракета сынығының
үлкен бір бөлігін алты қанат ақбоз үйдің қасына орнықтырған.
Сол бөлшектің тетіктерін бұрап талай ойнағанбыз. Малшы
ауыл қоныс аударған сайын, атадан қалған мұрадай етіп,

әлгі «сынықты» сүйрей көшетін еді біздің үй. Ат құлағында
ойнаған ауыл баласы ол кезде радиация деген пәлені қайдан
білсін? Радиация мөлшерін өздері білгенімен, Сарыарқаны
сынақ алаңына айналдырғандар жарияға жар салмайтын.

Бетпақдаланың бір шеті Балқашқа, екінші бір пұшпағы
Тұран ойпаты арқылы Арал теңізіне шектесетін кеңістікті
алып жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағы да таяқ тастам жер­
де. Осы маңайда бірнеше кеніштер жұмыс істеген. Сол кездің

өзінде олардағы радиация мөлшердегіден әлдеқайда көп екен.
Оған бір ғана мысал, Балқаш қаласының іргесіндегі Ақшатау
кентінде 1990 жылы болған зерттеулер ауа мен топырақтағы ра­
диация нормадағыдан 10 есеге дейін артық екенін дәлелдеген.

Бұл аймақтағы радиация мөлшері нормадағы 16-30 мкр. сағат
орнына 17-160 мкр. сағатқа жеткен.

Одан бергі 17-18 жыл уақытта радиация мөлшерін анық­тап,
зерттеуді қолға алған үкімет жоқ. «Алла жар болсын» айтып,
жанары жәудіреп дәрменсіз жұрт отыр.
Соңғы он шақты жылдың ішінде «Протон» зымыран­тасы­

ғышы қазақ жеріне алты мәрте құлады. Есеңгіреген ел тіпті
мәселенің мәнісіне бойлап, байыбына да бара алмай қалғандай.
Ажал аждаһасын қолдануға тыйым салу мүмкін болмай тұр.
1999 жылы Ресейдің «Протон» зымырантасығышы Арқа же­

ріне екі мәрте құлады. Алғашқысында қасиетті Қарқаралыға
улы темір тажал боп жауды. Ол 130 километр аумаққа шашы­
лып, жерге 43 тонна гептил сұйығы сіңіп кеткен, 600 гектар
жерді өрт шарпыған, радиация деңгейі сағатына 22 микро­

рентгенге дейін көтерілген. Сол кезде Алаштың ардақтысы,
ғарышкер, батыр Тоқтар Әубәкіров 6 мың шаршы шақырым
жер уланғанын, ал оның қалпына келуі үшін 3 мың жыл қажет
екенін айтып, дабыл қағып еді...

Сол жылдың қазан айында Жаңаарқа ауданының 150 ша­
қырым аумағына шашырай құлаған зымырантасығыш бөл­
шектері елдің құтын тағы да қашырды. Арнайы құрылған
комиссия: «60 тонна гептил жерге жетпей, ауаға жайылған,

зиянсыз...» – деп жұртты жұбатып, адам сенгісіз қорытынды
шығарған.
Содан бергі уақытта ауа мен судың бұрынғыдан бетер ла­
станып, адам өміріне зиян жасап жатқанын өз деңгейінде не

билік, не үкімет айтпай келеді.
...Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай,
ретің сынар:

«Гептилді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар.
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.

Ресейдің құламаса екен
Зымырантасығыштары».

Арқам-ай,
Арқаға батты,
Ауыл тұр шайқала жүдеп.
Құрдасым тартады арақты:

– Уды у қайтарады, – деп...

Бұл – сол жылдары жазған «Сарыарқа. «Протон» құлаған
жыл» атты өлеңімнің үзіндісі. Біздің елдің кешегі, бүгінгі
суреті. Өмірде шарасыздықтан, дәрменсіздіктен өткен сордың
жоқтығын қайран қазақ ауылдары енді ұға бастағандай.

Өкімет айтқандай, гептил залалсыз емес. Гептил – 1-класты
улы зат, тіршілікке аса қауіпті. Оның токсиндік, мутагендік
және ісік ауруларын шақыратын зиянкестігі бар. Гептил­
ден триозол, метилтриозол, тетрозин, нитрозолдиметиламин,

метилгидрозин, формальдегид, сингиль қышқылы сияқты
токсиндік заттар түзіледі. Бұлар жер қыртыстарында ұзақ
сақталады және өсімдіктердің өсу процесін тежейді.
Ал азот тетроксиді – амил туралы Қазақ ұлттық универ­

ситетінің физикалық-химиялық зерттеу және сараптау орта­
лығы зертханасының меңгерушісі Светлана Батыр­бекованың
айтуынша, амилдің буы ауаға таралған болса, қышқылды жа­
уын болып жерге қайта жауады. Егер гептил адам организміне

енсе, 30 секундтың ішінде өкпе, бауыр, миға дейін әсер етеді.
Адам организміндегі барлық тканьдар өзгеріске ұшырайды.
Орталық зертханасының зерттеуі бойынша, жер қыртысына
сіңген гептилдің көлемі тым үлкен болса, жер асты суына

қосылып, бағытын горизонт бойынша өзгертуі мүмкін. Бұл
жер асты суы арқылы гептил ұзақ қашықтыққа тарап, рес­
публиканың мүлде күтпеген аймақтарынан шығуы мүмкін де­
ген сөз.

Өткен жылдың қыркүйек айының 6-жұлдызында Байқо­
ңыр ғарыш айлағынан ұшырылған Ресейдің «Протон-М» зы­
мырантасығышының Жезқазған қаласынан 80 шақырым жер­
ге құлауы елді аз дүрліктірген жоқ. Және бұл жолғы апат

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сол өңірге са­
парымен тұспа-тұс келді. Яғни, көктен күл-паршасы шығып
жерге құлаған ресейлік зымыран Елбасының жеке өміріне қа­
уіп төндірген.

– Егер Президенттің сапары барысында ол бағытқа зымы­

ран ұшатын болса, оған дереу тыйым сала алатын құқымыз
болуға тиіс, – деді жедел жиын ашқан Премьер Кәрім Мәсі­
мов. – Айтудың өзі қорқынышты, «Протон» дәп Мемлекет бас­
шысы іссапарда болған Жезқазғанның іргесіне құлаған. Бұған

біз неге жол бердік? 80 шақырым деген ғарыштық биіктікте
үш-ақ сантиметр ғана ғой.
Премьер Мәсімов дегбірі қашып, таусыла сөйлеп еді сонда.
Шынында соңғы апаттың салмағы бұрынғыларынан әлде­

қайда ауыр сияқты елестеген. Жоғарғы жақ алашапқын бол­
ды. Апаттың зардаптарын жою жөніндегі жұмыстар бастал­
ғандай еді. Үкіметтік комиссияны сол кездегі Төтенше жағ­
дайлар жөніндегі министр Виктор Храпунов басқарып, іле-

шала құзырлы комиссия Жезқазғанға ұшып келген. Оның
құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агент­
тігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, оның орынбасары Еркін
Шаймағанбетов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық

қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары
Марат Әділханов бастаған, тағы басқа бірнеше беделді ведом­
стволардың басшылары болған.
Ресейдің «Протон-М» зымырантасығышы Байқоңыр ға­рыш

айлағынан қыркүйектің 6-сы күні 04 сағат 43 минутта «Джей
Си Сат-11» ғарыштық аппараты арқылы ұшырылғаннан ке­
йін іле-шала, яғни 135 секундта апатқа ұшыраған. Сол мез­
гілде зымырантасығыштың багында 649 тонна гептилдің

218 тоннасы қалуы керек екен. Осы удың қоршаған ортаға,
адамға зиянын сараптау мақсатында дереккөздері Ресей мен
Қазақстан жағынан бірігіп, 300-ге тарта маманның жұмысқа
кіріскенінен ел-жұртты хабардар еткен. Әр жерден 96 сына­

ма алынып, Мәскеу, Алматы зертханаларына жөнелтілген.
Зымырантасығыштың негізгі үлкен бөлігінің құлаған жерінде
аумағы 44 метр, тереңдігі 18-20 метрдей үлкен қазаншұңқыр
пайда болған. Көргендердің айтуынша, бұл жер Қаракеңгір,

Сарыкеңгір өзендері, Есқұла су көзі, Кеңгір су қоймасынан
қашық емес...
Әйтеуір содан бері де бірнеше айдың жүзі ауды. Бәрі бая­
ғыша. Жоғары жаққа қараған алаң да алаң, алаң жұрт...

Үкі­мет­аралық комиссияның жұмысы сиырқұйымшақта­нып
барып біткендей. «Протон» құлап, көктен у жауғанда елі­
міз­­дің эколог мамандары Қазақстан жағына кемі 36 милли­
ард теңге шығын келді деп бағалаған. Кейін екі ел арасында

құрыл­ған үкіметаралық комиссия 7 миллиард 404 миллион
теңгені алақан жайғызып, «аһ» ұрғызып әрең бергелі отыр.
Үкіметаралық комиссияның бірлескен хаттамасына қаң­тар­
дың 8-жұлдызында қол қойылып кеткен. Еңірегенде етегің

толса да енді бәрі кеш. Құжаттың аты құжат, мөрдің аты мөр.
Комиссия қорытындысымен Мәжіліс депутаттарын хабар­
дар еткен Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров:
«Зымыранның құлауынан қатты бүлініп, ауылшаруашы­лық

мақсатта пайдаланылатын жерлер қатарынан шығып қал­ған
342 гектар жер үшін Ресей 7 миллион теңге төлеуге ұйғар­
ды», – деді. Осы мәселедегі бағыттардың бәрінде еліміздің ес­е­
сі кетіп отырғаны анық. Үкіметаралық комиссия мүшелері де,

мәмілегерлер де қалың елдің көңілінен шыға алмады. Ресей
тарапы қазақ даласына келген экологиялық зардаптарды
178 млн. 435 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы өндірісі тарт­
қан шығынды 20 млн. 230 мың теңгеге бағалаған.

Қайыршыға қара бақыр ұстатқандай күй кештірерін біл­
генде, Үкіметаралық комиссияның не қажеті бар еді? Қалың
қазақтың қабырғасын сөккен қайғылы апаттың орыс тарапы
үшін жай ғана оқиға саналғаны ма?

Әрине, Парламентте бас көтеріп, қарсылық білдіргендер
болмай қалған жоқ. Қатты ашынған қалаулылар Ресейдің
гептилмен ұшатын барлық зымырандарының қазақ жерінен
ұшуына тыйым салу керектігі жөнінде ұсыныс айтты.

Бізде кейбір апатты жағдайларды жылы жауып қою фак­
тілері де кездеседі. Депутат Ержан Рахметов 2007 жылдың
көктемінде Шығыс Қазақстанның Күршім, Марқакөл аудан­
дарында тұрғындардың басына зымыран бөлшектері құлаға­

нын айтты. Ел апат жағдайын бағамдай алмағандықтан жабу­
лы қазан жабулы күйінде қалған. Бұл оқиға жайында Төтенше
жағдайлар вице-министрі хабарсызбыз дегендей рай танытты.

– Сексенінші жылдардың соңынан бастап Сарыарқаның

сауырынан киіктер жоғалып кетті. Қызылшақа болып табы­

нымен қырылып жатқанын көзімізбен көргеніміз бар, – дейді
Мәжіліс депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы
Алдан Смайылов.
Меніңше, киік қырғынының басы ағамыз айтқан уақыттан

ертерек басталған. 1981 жылдың шілдесінде Торғай облысы­
ның Жанкелдин ауданында іссапарда болған жазушылар
Ақсе­леу Сейдімбек, Амантай Сатаев, Сейіт Кенжеахметов аға­
ларымыз «Сарыторғай» совхозының жерін аралап келе жатып,

бір сұмдық оқиғаның үстінен түсіпті.

– Құм беткейде сұлап, мың-мыңдап қырылып жатыр екен

жарықтықтар. Дала қан сасиды. Шынжыртабан тракторлар
ақбөкеннің өлексесін құм астына жасырып әлек, – деп еске
алып еді марқұм Амантай аға. Қаламгерлер қанды қырғынның
се­бебін іздеп, сұрау салмаған жері жоқ, бірақ бәрі нәтижесіз

болған. Сол кездегі Торғай облыстық атқару комитетінің тө­
рағасы Е. Зарицкийдің өзі олардың бұл мәселе төңірегіндегі
сауалдарына жақ ашпаған. Ал бұл сұмдықты көрген ағалар
көңілінде «Әй, тегін емес, радиацияның пәлесі шығар...» деген

қазақы жорамал қалған. Одан әрі сөз шықса Мәскеудің көтере
алмай қалуы мүмкін кез еді ол.
Қалай дегенде де болжам көп, сөз көп. Жанары сол ақбө­
кеннің жанарындай жәудіреп, өкіметтен қайран күтіп қазақ­

тың қалың елі, қайран жұрты отыр. Жалғыз киік емес, көп­
теген аң-құстардың, өсімдіктердің түрлері жоғалып кеткенін
көнекөздер жырдай ғып айтады.
Ендігі жерде Ресейдің зар қақсатып берген азғантай тиын-

тебені жыртығымызға жамау болмасы белгілі. Орыстың зы­
мырантасығыштары құлаған аймақтардағы радиация көлемі
шұғыл анықталуы керек. Ел экологиясы жөніндегі кешенді
заң қабылдап, оны жұмыс істеткізетін механизмдерді ойласты­

ру – кезек күттірмейтін міндет. Түрлі болжам мен долбар­дан
гөрі ғылыми негізі бар зерттеулер жасап, іске шұғыл кіріс­песе
болмайды.
Қайталап айтарымыз – қазақтың даласы Ресейдің сынақ

алаңы емес. Алла жар болсын!
«Қазақ әдебиеті» газеті.
2008 жыл

АҢДАРДЫҢ АРУЫ ЕДІ АҚБӨКЕНДЕР

Ақбөкенді қазақ «киік» деп те атайды. Сахараға сән бе­ріп,
жанары жаудырап, мың-мыңдап өретін еді жануар. Көшпелі
елдің терісін киім, етін азық, мүйізін пұл еткен ырысы бола­
тын. Сұлу аңды «киелі жануар» деп бабаларымыз тегін қас­

терледі дейсіз бе? Алаштың ардақты ақыны Сәкен аға:
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері жәудіреген ақбөкенді

Адамның баласынан кем көрмедім, –
деп жырлауынан да көп нәрсе аңғаруға болады. Сұлулыққа ің­
кәр сырбаз ақынның назарын «сары даланың ботакөзі» өзіне
аударып, өлең болып құйылуында да заңдылық бар.

Бұдан жүздеген жыл бұрын-ақ киіктер қазақтың шалқар
даласын, Еділ өзенінің төменгі бойын мекендеп келді. Өткен
ғасырда да бөкендер еті мен мүйізі үшін көп ауланған.
1858 жылы ресейлік аңшылар біздің жерімізден Қытайға

41720 пар киік мүйізін жинап өткізген. Бұл мүйіздерді қы­
тайлықтар дәрі-дәрмекке айналдырып, әлемдік саудада айы
оңынан туды. Киікті киелі де қасиетті аң санаған қазақтар
мүйізден жасалған дәріні өкпе қабыну, жүрек ауруы, құяң

сияқты дерттерге шипа есебінде қолданған. Мал еті ауырлау
тиетін науқастар қорытылуы жеңіл деп киік етін жеген. Киіктің
тұяғын күйдіріп, оның күлін түрлі жараға жағып, халықтық
ем-дом жасаған. Ал ақбөкеннің қанын жылы күйінде сусамыр

ауруына шалдыққандар ішсе, пайдалы боларын да халқымыз
білген.
Бір кездері бөкендер Орталық және Батыс Еуропаның
көптеген елдерінде болды. Қазір киік табындары аз да бол­

са Моңғолия мен Қытай жерінде кездеседі. Соңғы екі-үш ға­

сырда Қазақстанның шөлді және шөлейтті аймақтарында
аң­дардың айнамкөзі мың-мыңдап өргені өтірік емес. Олар
Қа­рағанды, Қызылорда, Шымкент пен Жамбыл облыстары­
на ортақ Бетпақтың бедерсіз беткейінде, Торғайдың жазық

жазирасында, Орал өңірінде көбірек кездесетін. Қазақтың са­
ғыныштай сарғайған сары даласында жалтармай жол кесетін
жайсаңымның өзі еді ғой киіктер!
Ақбөкен шөлге төзімді жануар. Бөкен текелерінің сал­мағы

45-55 келіге жетеді, олардың 20-25 сантиметрлік мүйізі бар,
ал ешкілерінің салмағы 35-40 келіге дейін тартады. Тұмсығы
дөңестеу, сирағы қамшы сабындай жіңішке, қысқа қызғылт
жүнді бұл жануарлардың ерекшелігі – құрамында улы затта­

ры мен тұздары бар шөптерді азық ете береді. Ғалымдар оның
азығының құрамында 13 процент улы өсімдіктер болатынын
анықтаған. Мұндай өсімдіктерге шөлейт аймақтарда жиі кез­
десетін жыланқияқ, шытыр, қызылқұйрық, тағы басқалары

жатады. Ал бұл аңның сүйсініп қоректенетін азықтары – жу­
сан, киікоты, қына, бидайық, изен. Қуаңшылық жылдары
жа­йылымдық іздеп, алыс жерлерді кезіп кетеді. Киік – шөл
далаға қалыптасқан аң. Олар сағатына 70-80 шақырымдық

жылдамдықпен қозғалады.
Ақбөкен, қарақұйрық сияқты жабайы аңдардың төлдейтін
уақыты мамыр айы болғандықтан, бұл мерзімді біздің халық
«құралай айы» дейді. Осы кезде өмірге келген киіктің төлін

«құралай» деп атайды.
Халқымыз ертеде киелі аңдардың төлдеуіне ерекше мән
берген. Ақсақалдар осы кезеңде аңшы жастардың қақпан
құрып, садақ асынып аңға шығуына тыйым салған. Жаңа туған

киік баласының әсемдігі мен нәзіктігін қазақ сұлулықтың сим­
волы деп танып, қыз балаға Құралай есімін берген.
Әрісі Сарыарқа, берісі Шу өңіріне кеңінен тараған «Құралай
сұлу» аңызын осы жерде айтпай кетуге болмас.

Құралай қыз өзі айттырылған бай баласына шығудан бас
тартып, сүйген жігітімен Сарыарқадан қашып, Шу бойына
келеді. Су жағасына барып, жуынбақ болған сұлуды қамыс ара­
сынан шыға келген жолбарыс жарып өлтіреді. Қапыда қалған

жас батыр жолбарысты атып өлтіріп, қызды Шу өзенінің оң
жағындағы қыратқа арулап жерлейді. Өзегіне қайғы түскен
жігіт өзін де мерт етеді. Құралай сұлудың бейіті қазіргі
Мойынқұм ауданындағы «Қамқалы» совхозының тұсында, Шу

өзенінің оң жағалауындағы қыраттау жерде орналасқан. Осы
елдің үлкендері киік баласы кез болған жерде Құралай сұлу
аңызын қоса айтып отыратын.
Ақбөкендер – табиғатты болжағыш, сезімтал да өсімтал аң.

1974 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда 1 миллион 200 мың
шамасында ақбөкен болған. Киіктер лақтаған кезде олардың
саны екі есеге дейін көбейеді. Киік табындары 150-200 мыңға
дейін жетеді. Ақбөкеннің құралайы 6 сағаттан соң енесінің

сүтімен қоректенеді де, үш-төрт күнде отығып кетеді. Ғалым­
дар 1970 жылдардың басында Қарақұм мен Арысқұм сияқты
өңірлерде жылына 350-400 мың ақбөкендердің қыстайтынын
анықтаған.

Киіктердің көктемде бір орыннан екінші орынға ауысуын
көрген адам бұл суретті есте мәңгі сақтайды. Даланы дүбір кер­
неп, сағымды сахарада қызарған өрт қаулап келе жатқандай
әсер аласың.

...Табиғаттың еркесі, құла дүздің көркі, қазақ халқының
«киелі аң» атаған қастерлісі – ақбөкендердің тұқымы құрып
барады. Әсіресе соңғы 10-15 жыл төңірегіндегі олардың баста­
рына түскен зауалды айтып тауыса алмайсың. Жерде де, көкте

де, ауада да, суда да киіктердің тағдырына тажал боп тиген
жағдайлар аз болған жоқ.
Меніңше, шешуі қиын зобалаңдардың басы бұдан да ерте­
рек басталған сияқты. Киіктерге «тәжірибе жасағыштар» жа­

нары құралайдың жанарындай жаутаңдаған ел-жұрттың да
тағдырымен ойнағаны анық.
Кеңес өкіметі тұсында еті үшін ақбөкендерді арнайы ау­
лайтын шаруашылықтар ұйымдастырылған. 1955-1980 жыл­

дардың арасында орта есеппен жылына екі мың тонна ақбөкен
еті дайындалып келген. Оның терісі де, мүйізі де әлемдік
нарықта үлкен сұранымға ие болып отырған. Ресми деректерге

қарағанда, 1970-1980 жылдар аралығында республика бойын­
ша жылына 200-250 мың ақбөкен ауланған. Қазақ ССР Минис­
трлер Советі 1971 жылы 23 қарашада (№657) «Ақбөкенді етіне
бола аулауды күшейту шаралары» туралы арнаулы қаулы

қабылдаған. Онда жылына 300 мың ақбөкен аулап, одан алты
мың тонна ет алуға болатыны айтылған. Осы қаулыдан кейін-
ақ жер-жерде кешенді аң шаруашылығы ұйымдастырыла бас­
тады. Мұндай ұйымдар сол жылдары Ырғыз бен Тосынның

құмында, Бетпақтың шөлінде де жұмыс істеген болатын.
Әйгілі неміс ғалымы, биолог Б. Гржимек бұл сирек кездесетін
аңды «Қазақ жеріндегі ғажайып» деп таңдай қаққан.
Өткен жаздың маусымында Бетпақдаладағы Сарысу елді

мекенінен бастап Кенжебай-Самай, Мұңлы-Қулы, Бестау, Тал­
дыеспе мен Қызылеспе деп аталатын елсіз жапанды арала­
ғаным бар. Сағымды сары дала сарғайып қарсы алды. Өңі
жүдеу тарта бастағандай, ата-бабаларымның базарына айна­

лып, айдынынан аққу ұшып, қаз қонған Бозкөл, Шөптікөл
мен Жыңғылдыкөлдің табанында су қалмай, шаңы шыққан
сорға айналып кетіпті. Сол маңайдың ауасы да кермек тати
ма, қалай? Бетпақтың жонын әрлі-берлі кескен күндерде бай­

қағаным, ана бір жылдары үйірімен мың-мыңдап өретін киік­
терді жер жұтқандай. Көңіл төріндегі көркем аң көзден ғайып
болған.

– Үш-төрт жылдың жүзі болды, киіктер көзге түспейді.

Аңдардың періштесі ғой, байғұстардың көрмегені жоқ, –
деп ауыр күрсінді Жаңаарқа ауданы «Жеңіс» акционерлік
қоғамының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қыз­
меткері Нұрғали Кенжетаев. – Сен оны айтасың, өсімдік пен

шөптің де бірнеше түрі жоғалып кетті. Қасқырлар үйір-үйірі­
мен малға тиіп құтырып тұр. Осы қорқаулардың өзі қорқу-
үркуді білмей бара жатыр ма деп қаламын.
Республика бойынша мал шаруашылығының атақты көш­

бас­шыларының бірі Нұрғали ағамен туған даланың тағдыры
туралы біраз пікірлесіп, шер тарқатысқан едік. Сол кезде­
суден соң, араға көп уақыт салмай, Нұрағаң да бақилыққа ат­
3-267

танып кетті. Бірер күн жүрегі шаншыған да, арыстай азамат о
дүниелік болып жүре берген.
Жалпы, бұл өңірде қан қысымы, жүрек дертінен аяқасты
ажал құшу фактілері өте көп. Ондаған жылдар бойы небір

сынақтардың көкесін көрген бұл дала. Бетпақтың даласы­ның
кез келген жерінен ракеталар сынығын кездестіру қиын емес.
Бетпақдала – бір шеті Балқашқа, екінші бір пұшпағы Тұ­
ран ойпаты арқылы Арал теңізіне шектесетін кеңістікті алып

жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағы да таяқ тастам жерде. Әрі осы
маңайда бірнеше кеніштер жұмыс істеген. Олардағы радиа­ция
мөлшерден әлдеқайда көп. Осы мәселе төңірегінде «Ленин­шіл
жас» газетінің 1990 жылғы 5 қыркүйектегі санында журна­

лист Мақұлбек Рысдәулетов екеуміз «Кіші Чернобыль ме?»
деп аталатын көлемді мақала жариялап, дабыл көтергенбіз.
Мұны айтып жатқаным – ақбөкендер басына төнген зауалдың
шыққан төркінін аңғарту. Орталықтың ұзақ жылғы өктемдік

саясаты табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқты.
Киіктер де, жоғалып бара жатқан басқа аңдар мен өсімдіктер
де негізінен сол бір өктемдіктің құрбаны.
Көршілес Қытай елімен алыс-беріс, барыс-келіс басталған

сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басы
ақбөкендерге ажал ала келді. Киік мүйізіне саудаласушылар
ауыл-ауылды кезіп, бір қорап шай, бір шиша арақ дегендей,
арзымайтын бағаға қап-қап мүйізді алып, көлеңкелі жолдар­

мен Қытай асырып жатты. Киік мүйізінің пұл бола бастағанын
сезген аңшысымақтар жаппай мотоциклге қонып, табын
ішінен теке көрсе, жын көрген бақсыдай қуалап, кең далада
қырғын салды. Өздері де қыршынынан қиылып, мойындары

үзіліп жатты. Киік мүйізі көздің құртына айналды. Сөйтіп,
айналасы екі-үш жылдың ішінде табындар текесіз қалды.
Бастаушысынан айырылып қалған ешкі-лақ суы тартылып,
шөбі уланған өлкеде өкпесі өшті. Сол бір жылдары киіктердің

қаны төгілген дала тұтастай қасапханаға айналып кетті десе
болғандай. Киіктердің құрып кету қаупін осы сала ғалымдары
білсе де білмегендей, қай дүние орнында тұрар дейсің дейтін
сыңайлы.

Еті мен терісін айтпағанда, ақбөкеннің қос мүйізінің өзі
әлемдік саудада 250 доллар шамасында екен. Киелі де қастерлі
аңды қорғаудың кешенді шараларын шұғыл түрде жасамаса
болмайды.

Ғасырдың басында да киіктердің құрып кету қаупі туған.
1919 жылы «Ақбөкен атуды доғару туралы» арнайы Заң
қабылданған. Ақбөкендерді қорғау жөніндегі қамқорлық 15-
20 жылдан соң-ақ өз нәтижесін берді. Қырқыншы жылдары

аңның бұл түрі көптеген аймақтарда көрік беріп, бұрынғы ме­
кендеген даласына орала бастады. Осылай елуінші жылдар­
да оның саны бұдан жүз жыл бұрынғы мөлшерге, яғни бір
миллионға жетті.

Ғасыр басында ақбөкендерге төнген қатер тағы да қайта ай­
налып соғып отыр. Киіктерді құтқару шараларын бүгін баста­
маса, ертең кеш болуы мүмкін. Өзіміздің жерімізде тіршілік
еткен аң мен құстың жүздеген түрлері мүлде жойылып кетті.

Бұрын Қазақстан жерінде тіршілік еткен жабайы сиыр, жол­
барыс, терістік бұғысы, құлан мен тарпаңды кездестіру өте
қиын. Сондай-ақ, қарақұйрық, барыс, қарақал, гепард, қызыл
қасқыр, құндыз, қоқиқаз, ұлар, бірқазан, аққу сияқты аң-

құстардың да табиғаттың «Қызыл кітабының» қызыл парағына
жазылғаны қашан.
Енді киіктер де «Қызыл кітапқа» ене ме?..
«Қазақстан» журналы.

1999 жыл

АЖАЛ АЖДАҺАСЫ

Бұл – жазирасында тұлпар жортып, қырларынан қыран ұш­
қан қасиетті жер еді. Бұл аймақта қызғалдақтар құлпырып,
ақбөкендер жол кесетін...
Бала күнімізде ақсақалдар мен бәйбішелердің аузынан «Ахау,

Семей!» деп басталатын көңілді әнді сан мәрте есті­дік. Естідік
те, елдігіміздің еншісі, бақытымыздың бесігі секілді аймаққа
ынтық болып өстік.
Шыңғыстау – халқымыздың ұлы тұлғалары Абай мен Шә­

кәрімнің, Мұхтар Әуезовтің туған топырағы. Олар қазақ хал­
қының ғана емес, Ататүрік баласының қасиетіне айналған
ұлдар. Енді біздің буынның еншісіне «Ахау, Семей!» деп шал­
қытпай, көкейімізге көбік кептеліп, «Қайран, Семей...» деп

кібіжіктеуді жазса не шара?..
...Семейде 1953 жылғы тамыздың 29-жұлдызында болған
тұңғыш сутегі бомбасының сынағын көзімен көргендердің
дені әлдеқашан-ақ о дүниелік болып кеткен. Осы сынақ­

тарда бұрынғы Кеңес үкіметі ондаған қаракөздерді «тәжірибе
көжегіне» айналдырғанын енді-енді ғана біле бастадық. Ше­
телдік бір маман осы полигон жөнінде: «Бұл – тұтастай алған­
дағы Чернобыль мен Хиросима», – деп пікір айтты. Ашық

аспан астындағы алып лабораторияға айналған осы аймақ бұл
күнде бейдауа, талма, сусамыр, қояншық секілді небір елде
жоқ сырқаты бар тұрғындардың мекеніне айналды.
Қатерлі аймақ Семейдің оңтүстігіне қарай 120 шақырым

жерден басталып, жалпы көлемі 18,500 шаршы шақырым
аумақты алып жатыр. 1991 жылдың тамызында Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын
жою жөніндегі құжатқа қол қойды. Шын мәнінде, сынақ

1989 жылдың 13 қазанында «Невада – Семей» экологиялық
қозғалысы, оның басшысы – белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің

еңбегінің нәтижесінде тоқтатылған болатын. Жабылғанға
дейін полигон бес техникалық аймаққа бөлінетін. Олар – екі
атом реакторы, екі полигон және ядролық қару қоймасы.
Кеңестер Одағы соңғы 40 жыл ішінде 714 ядролық сынақ жа­

саса, оның 467-сі Семей полигонының үлесіне тиген. Мұнда
ядролық қарудың барлық түрлері: атом, сутегі, нейтрон бом­
балары сынақтан өткен. 1949-1963 жылдар аралығында әуе
жарылыстары, содан соң жер асты жарылыстары сынақтары

жүргізілген. Әлем дәрігерлері халықаралық ұйымының са­
рапшылары осы жарылыстардың барлығының қуаты Хироси­
маға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе артық екенін
дәлел­дейді.

Радиоактивті ұшқындарды жазық даланың қарлы бұрқа­
сындары облыс көлемінен шалғай жерлерге де таратуда. Бұл
облыстан тысқары аудандардағы 500 мыңнан астам адам жары­
лыстан зардап шеккен болып есептеледі. Қазақстанның Семей,

Қарағанды және Павлодар облыстарын осы қатарға жатқызуға
болады.
1949-1963 жылдар аралығында әскерлер мен ғалым-фи­зик­
тер бұл өлкенің радиациялық деңгейін өлшеу жұмыстарын

жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен 300-500 метр биіктікте, са­
молетке орнатылған арнайы түтікшелер арқылы жүзеге асы­
рылатын.
«Шын мәніндегі кеңістіктегі радиоактивті тозаң жерден

0,5-2 метр аралығында болады. Ал адамдар осы ауамен тыныс­
тайды», – дейді Семей маңындағы орналасқан Қазақ онколо­
гия және радиология институтының маман-дәрігерлері.
Жарылыс зардаптарынан адам өлімі жыл өткен сайын

көбейе түсуде. Әсіресе балалар арасында түрлі дертке шал­
дыққандар көп. «Невада – Семей» қозғалысының дерек­теріне
сүйенсек, 1990 жылы осы аймақтағы әрбір 1000 тұрғын­
ның 204-і онкологиялық сырқаттың әр түрімен ауырады.

Демікпеге шалдыққандар, ақыл-есі ауысқандар – Семей сына­
ғының нәтижесі. 1990 жылдары мұнда өмірге келген әр 1000 нә­
рестенің 43-і шетінеп кеткен.

Сондықтан да көптеген балалар мен жасөспірімдер өзде­ріне
қол жұмсауға барады. Мұндай арам өлім мұсылман халық­
тарының табиғатына жат нәрсе еді. Бұл күнде республика­
ның барлық территориясы Арал теңізінен Қытай шекарасына

дейін радиоактивті қалдықтар қоқысына айналған.
Адамзат өміріне 40 жыл бойы қасірет «сыйлаған» ядролық
полигон Семей өңіріндегі Сарыжал елді мекенінің тұрғын­
дарын күні бүгінге дейін тұншықтырып отырғанын көпшілік

қауым әлі де біле бермейді. Себебі оның тіршілік атаулыға
кел­тірер залалдары мен зардаптарын жариялауға кезінде
Қазақстанды 70 жыл бойы билеген, қылышынан қан сорғала­
ған әкімшіл ресейлік империя тыйым салып келді. Жергілікті

тұрғындардың улы радиация кесірінен тұқымдарымен тұздай
құрып бара жатқандарын ашына да зарлана тілдеріне тиек
етіп, жоғарғы жақтағы қолымен көк, табанымен жер тіреп
тұрған билік пен бұйрық иелеріне жолдаған арыз-шағымдары

уақытында ешкімді де селт еткізбеді. Мәскеудің мәуелі бағы­
ның саясында салқын самал жұтып, май шайнап, кілегей тү­
кіріп отырған игі жақсылар қасірет тырнағына ілігушілерге
миықтарынан күле қарап, түркі тектес халықтар тағдырына қол

қусырып, көз жұмып қарап отыра берді. Тіпті қазақстандықтар
болашағының тамырына балта шабылып жатқанына дүние
жүзі жұртшылығы қатты алаңдап, сонау қияндағы Америка,
Дания, ФРГ, Жапония сияқты басқа да көптеген ірі-ірі шет

мемлекеттердің ғалымдары арнайы экспедициялық сапармен
келіп, зерделей зерттеп, тереңдей тексеріп, соңғы 1991-1993
жылдардың өзінде Сарыжал өңіріндегі «Шүрек», «Атым­
тай» атом көлдері мен Атымтай жазығындағы радиация фоны

3000-нан 10000 микрорентгенге жеткенін дәлелдеп бергенде де
«өлмесеңдер өмірем қабыңдар» дегенді ашық аңғартты. Ажал
аждаһасындай аузын ашқан, тірі организм тұлдырын жегі
құрттай кеулеген бұл радиация көрсеткіші, шындық алдына

жүгінер болсақ, 1945 жылғы Жапонияның Хиросима, Нагаса­
ки қалаларынан кейінгі ең жоғары деңгейдегі залал еді.
Әділдіктен аттап, көз алдындағыны көпе-көрнеу көлегей­
леген сайқал саясаттың қолшоқпарларының жымқырма әре­

кеттерінің тағы бірі – олардың Семейдің полигон аймағы ре­
тінде белгілі болуы 1949 жылдан басталады деп, беттері бүлк
етпей жұртшылық санасына өтірік сіңірулері еді. Кезінде өз
шаңырағын өзі күйреткен Кеңестер Одағының архивтік құпия

құжаттарында әскери басшылар бұл алып аждаһа аймағының
картасын 1947 жылы жасап, көбейтіп бастырып, оған Семей,
Павлодар, Қарағанды облыстары бойынша 18 мың шаршы ки­
лометр жерді енгізгені қазір дәлелденіп отыр. Адамды ажал ау­

зына байлап берудің осыдан асқан сорақы «үлгісі» болар ма?!.
Ядролық атом жарылысы бара-бара, болашақ ұрпақтар үшін
«көрген түстей сағымға» айналуы мүмкін. Бірақ оның жү­
ректерге салған жарасы, тіршілік атаулыға тартқызған тау­

қыметі мен қисапсыз қырғыны еш уақытта да ұмытыла
қоймас. Сарыжал өңіріндегі осындай көріністерді саналы
ғұмы­рында өз көзімен көріп, өз басынан өткеріп келе жатқан
сол елді мекеннің заманауи тұрғыны, 75 жастағы қарт Қабден

Есенғариннің зар-запасына да бір сәт құлақ түріп көрелік.
Ол – кезінде Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан, еңбек
демалысындағы әскери адам. Туған жерінің төсінде болып
жатқан ядролық жарылыстардың халыққа қандай зиян

келтіріп, қандай азап арқалататынын зерттеуге ерекше ден
қойған. Сөйте жүріп талай құпия жайларды көзімен көріп,
қайсыбір жасырын құжаттарды қолына түсірген.
«...Біз – сарыжалдықтар, атомның адам баласына, таби­

ғатқа, жалпы тіршілік атаулыға қасірет пен қайғы әкеле­­
тінін өмір тәжірибесінен өткізген дүние жүзіндегі жа­
пондықтардан кейінгі екінші халықпыз, – деп жазады
ол «Қазақ әдебиеті» газетіне (№3, 21 қаңтар, 1994 ж.)

жа­риялаған «Полигон және мен» атты мақаласында. –
Жұртшылыққа мәлім, 1953 жылы 12 тамызда термоядролық
сутегі бомбасы Семей полигонында сынақтан өткізілді. Бом­
баның кіндік атасы, академик А.Д. Захаров оны ойлап таба­

рын тапса да, кейін өкінішін жұрттан жасыра алмай: «Один
мегатонный взрыв – это тысячи безвестных «тихих жертв», – де­
ген болатын. Мәскеу мықтыларының сол жылдары осы «үнсіз
құрбандыққа» шалғаны сарыжалдықтар еді.

Жоғарыдағылар арнайы тексеруге Мәскеу – Ленинград,
Мәскеу – Алматы экспедицияларын ғылымның озық техни­
каларымен жабдықтап, бізге қарай «жәрдемге» аттан­
дырумен болды. Бір шеті мен бір шеті ат шаптырым ау­

мақ­қа ақ палаткалар бөлек қалашық боп тігіліп, күндіз-
түні жанған электр жарығы үлкен бір істің тындырылып
жатқандығына «куәгер» боп тұрды. Ал әрбір жарылыстан
соң сарыжалдықтардың жаңа туған сәбиінен бастап, ең­

кейген кәрілеріне дейін дәрігерге тексерілуге міндеттелді.
Бір­лі-жарым бармағандарды дәрігерлік машиналарға салып,
еріксіз апарды. Олардың бәрінен де қан алды, шамамен, әрбір
он адамның біреуінің терісінен, ал 2-3 адамның құлақ, тамақ

астындағы бездерінен кесіп алып, тексеруге табыстады,
жергілікті халық бұлардың не үшін істеліп жатқандығынан
бейхабар еді. Кейін осы тексерудің қорытындысы бойынша Са­
рыжалда 243 адам облыстық №4 аурухананың диспансерлік

қарауына бақылауға алынды. Қазір олардың барлығы да о дү­
ниелік болып кеткен».
Қабден қарияның бұдан арғы айтқандары да нақты де­
ректер жүзінде өрбиді. Бірде олар – жиыны төрт адам Са­

рыжал ауылдық кеңесінің төрағасы Дәулетбек Жәкеевтің
отының басына жиналған. Орталарындағы екі бейтаныс
адамның бі­рі – Алматы экспедициясының бастығы, медици­на
ғылымының кандидаты Бақия Атшабаров, екіншісі – дәрігер

Сайым Балмұқанов екен. Атшабаров мәселені төтесінен қой­
ған. «Біздің сіздерге ескертпей кетуге арымыз жетпеді. Сары­
жал халқы ядролық қауіп қатеріне ұшырап отыр. Енді біраз
жыл өткен соң халық жазылмайтын дертке ұшырайды. Өмірге

келген сәбилер іштен кем, жарымжан болып туады. Сондықтан
қазірден бастап басқа жерге қоныс аударуларыңыз керек», –
дейді.
Расында да, сол кезде мемлекеттік құпия болып саналатын

полигон сырын ауыл адамдарына сеніп, ашып айту – Атшабаров
пен Балмұқановтың көзсіз ерліктері еді. Содан кейін-ақ аудан,
облыс тарапынан «қызыл жағалылар» келіп, үнсіз тың тыңдап,
тексеру жүргізуді жиілетеді. Қ. Есенғарин сияқтылар ерекше

нысанаға алынады. Сол қуғындау Қабденнің ядролық жары­
лыстарды ерекше ден қойып, мұқият қадағалауына ықыла­
сын арттырады. Себебі «ойран» жасаушылардың бірі – полков­
ник А.Д. Жариков соңғы жылдағы естелігінде 1954 жылы бір

атом бомбасының Сарыжалда жарылмай қалғандығы туралы
жазған болатын. Онысы рас еді. Қаратышқан қыстағынан 3-4
шақырым жерде қатар-қатар қазылған 5 орға заряд қойып
атқан кезде, ортаңғы ордағы жартылай ғана от алып, қалған

төрт шұңқырдағы зарядтар жарылмай қалған. Мұны Қабден
сол кезде-ақ анықтаған болатын. Олар қазір де сол жерлерде
шамамен 50-100 метрдей тереңдікте жатыр.
Тағы бір айтар жай, 1963 жылға дейінгі жарылыс ошақта­

ры онша терең бұрғыланбайтын. Тек 1964 жылдан бастап шұң­
қырлар 400-500 метрге тереңдетіледі.
1963 жылы көкек айының ішінде Қабден Есенғарин рұқсат
қағаз алып, Дегелең тауының Ұялы деп аталатын сайына

орналасқан, әскерилер «Г» деп атайтын бөлімшеге барады. Ол
кезде Дегелең тауы ешкім баруға болмайтын құпия өңір бо­
латын. Қабденді бөлімше бастығы, майор Иванюк қарсы ала­
ды. Тау қойнауында күніне бірнеше рет жасалатын жарылы­

стан аспанға будақтаған көк түтін Дегелеңді әлденеше күнге
көзден таса қылып жатқан кез. Сол сәт тағы бір жарылыс жа­
салады. Соны пайдаланып Иванюктен: «Штабтың дәл іргесінен
жасалған жарылыс ауаға әсер етпей ме?» – деп сұрайды. Ол

оған күдіктене бір қарайды да: «Бұл жерде уранмен жарылыс
жасауға болмайды. Жарылысты динамит, ең күштегенде, тро­
тилл қолдану арқылы жасау керек. Ал мына алдыңда тұрған
тас «маялар» – түгелдей уран үйінділері. Егер уранды уран­

мен жарса, миллион градустан астам қызуға шыдамай тау жы­
ныстары реакцияға ұшырап, тіршілікке зиянды химиялық
элементтер шығарады. Оған шахта ішінен тарайтын метан
газының «уын» қосыңыз. Бұл – өте қауіпті», – деп түсіндіреді.

Міне, полигон халыққа қандай «сый-сияпат» тарту еткенін
байқап отырған боларсыздар.
1963-1970 жылдар аралығында бұрынғы Кеңестер Одағы
ядролық полигондарда сынақ жүргізбеу туралы мораторий

жариялап, үндеу қабылдады. Бірақ бұл дүние жүзі халықта­
рын алдау болып шықты. Сол аталмыш уақыт ішінде бейбіт
мақсатта деп жер бетінде 27 рет ашық жарылыс жасалса, соның
6 жарылысы Сарыжал жерінде жүргізілді. 1964-65 жылдарда

Чурек, Тайлан, Мәстен қыстақтары аралығынан екі атом көлі,
Шаған, Ащысу өзендерінің түйісінен ұзындығы – 14, көлде­
неңі – 9 шақырым «Атымтай» атом көлі жасалды. Әскерилер
бұл көлді «Балапан» көлі деп те атайды. Оның зардабының

соншама күштілігін білген әскери әкімшілік көл жағалауына
бір жыл бойы күшті күзет қойды. Соған қарамастан Қабден
түн жамылып, қасына облыстық санэпидстанцияның сол кез­
дегі радиологі А.П. Уваровты ертіп алып, жасырынып ба­рып,

көлдің радиациясын өлшеп қайтты. Сондай зерттеу нәти­же­
сінде адам бойындағы радиация дозасын дәрі арқылы дене­
ден шығаруға болатын әдіс ойлап табады. Қабденнің ондай
жетістіктерін растайтын 1989 жылы 12 қыркүйекте тексеру­

ден өткен №Е-754 құжаты бар.
Міне, осылай Қазақстан халқының ажал аждаһасына ай­
нал­ған Сарыжал елді мекені 1990 жылға дейін құпия сақта­
лып келді. «Халқым» деп қан жылаған Қабден Есенғарин

сын­ды ел азаматтарының арқасында мұндағы сойқанды қасі­
рет шетелдіктердің құлағына шалынып, солардың үрейлі ай­
қайларының нәтижесінде әлем жұртшылығының назарын ау­
дара бастады. Германияның «Шпигель» журналы 1992 жылы

шыққан бір нөмірінде Сарыжал жеріндегі полигон құпиясының
біраз мәселелерін ашып жазған. Сонда жарылыстың кіндік
орталығындағы Сарыжал, Сарапан, Шынжы жерлерінде 100
килотонналық бомба жарылғанда жер қозғалысы 5,5- 6,5 балл

деңгейінде болатыны көрсетілген.
Сондай-ақ, жапониялық киношылар тобындағы Кэидзи
Накадзава, Масаюки Хаяси, Хироси Сакано, тағы басқалар
Сарыжал жеріндегі атом көлдерін, «Атымтай» жазығындағы

№1331 скважинаны киноға түсіріп қана қоймай, жарылыс
орындарын тексеру, зерттеу жұмыстарын да жүргізе келіп:
«Мынау аждаһадай аузын ашқан нағыз ажал аймағы екен», –
дегендері бар.

Қазір еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол­
дап, халқымыздың сүйікті ақын ұлы Олжас Сүлейменовтің іс-
әрекет жасауының нәтижесінде жарылыс тоқтатылды. Бірақ
көрсеткен зардабы, тартқызған залалы әлі де кетер емес.

Ендеше, бұдан былайғы уақытта қазақ халқын Құдай қол­
дап, Алла жарылқасын! Әмин!

АТТЫДАН ЖАЯУ ЖҮРІП КЕГІН АЛҒАН

Халқымыздың өнер тарихына мәңгі өлмес атын жазып
қалдырған, шынжыр балақ, шұбар төс заманның бетіне
арсыз­дығын басып, тағдырының тарғыл түсті талапайлары­
на мойымаған, туа өмірдің өгей баласы сияқты теңсіздіктің

тезіне түскен, өз сөзімен айтсақ: «Әділетті жүргізіп, жауыз­
дықты жерлесем», – деп мұрат еткен, сөздің семсерін сертке
ұстаған азамат ақын, өмірлі өнерпаз, күрескер тұлға – Жаяу
Мұса Байжанұлы.

Оның ғұмыр жолы тайғақты да тартысты. Заманы­ның
зарын, қарашаның халін естисің туындыларынан. Мұса жай­
лы кесімдерді өзінің құрдасы, ғұлама Шоқаннан асырып кім
айта алар дейсің? «Оның көк етікті көпке ұқсамайтын мі­

незі бар. «Жаным – арымның садағасы» деп ант етіп, оны
өзіне бойтұмар еткен ердің әлі де алысқа ұшар, ұзаққа
сілтер тұрқы бар. Көзінде от, жүрегінде жалын, өңінде қай­
рат-жігер табы жатыр. Мойымаған, жасымаған. Баян басы­

на шыққан жас емендей ешкімге иілмеген. Алдау мен арбауды
қорлыққа санаған намыскер».
Аттының арын сынаған заман Жаяудың жанын шыға­
ра алмаған. Әділет іздеп, зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп

өткен оның шығармаларында өмірінің өткелі, күрсінісі мен
мұңы, бақыты мен соры бар. Сарыбелдің сауыры, Баянның
ба­уырында жүріп-ақ Жаяу Мұсаның көңілінің кептері алыс-
алыс көкжиектерді шолған. Сол күндердің күнесінде тұрған

ұлы есімнің ұлағат сыйлар өнері жыр болып төгіліп, сыр болып
өріліп, ән болып қалықтап, шабыт боп шарықтап, ғасырлар
керуенімен келер күндерге көш түзеген.
Жаяу Мұса – тұлға. Жаяу Мұса – тағдыр.

Өлең емізіп, өнер сауғызған өлке өз өренін өзекке тепсе
өзегіңді өксік шалмас па? Сол өксік серт болып серпіліп, дерт

болып шертіліп, намысыңның найзағайын ойнатар. Шырма­
уы көп шырғалаңнан шырай іздер шақ емес ол. Есер обырдың
ессіз әрекеті естіні есейтпей қойсын ба? Бір мүшелге толар-
толмастан елден безіп, Омбы мен Қызылжарды кезіп, тыншу

алмас дүниенің тылсымдарын сезіп қайтуы ғұмырының келесі
кезегінің беташар сапары іспеттес.
Жаяу Мұса – мұнар күнде мұз жастанып, қар кешіп арпалы­
сып өткен арыс ақын.

Үш жүзге мағлұм болған атым Мұса,
Жігіттер, шешен болсаң маған ұқса.
Сыртымнан мені қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.

Осы шумақтың өн бойында қатыгез тағдырға деген қай­
сарлық та, жасымайтын жігер де, ақындық адуын мінез де бар.
Жаяу Мұса топас тобырдың торына шырмалып, торғайдай
шырылдап 12 жылға Тобылға жер ауып айдалып кете барады.

Одан әрі солдат тірлігін кешіп сапқа тұрады. Жат жердің дәм-
тұзы бұйырып, өмір көріп, өнер шыңдайды.
Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда, елім-жұртым, бәрің қалдың.

Жазығым еш адамға жоқ болса да,
Нақақтан жазаландым, көп сандалдым, –
деп шерлі көңілдің қылын шертер кезі де осы тұс.
Жаяу Мұсаның күрескерлігі – әлеуметтік жағынан алғанда,

саяси саналы күрес. Оның наразылығының негізі Шорман әу­
летіне кектенуден туған деген түсінік жаңсақ пікірге әкеліп
ұрындыратындай. Жайдың отындай лапылдап, сұңқардай
саңқылдаған ақын көзқарасынан туған күрестің Сүйіндік

атамның сүйкімді бұтақтары Айдабол-Қаржастың арасындағы
дау-дамай, ессіз егестен гөрі де ауқымды, арналы екендігіне көз
жеткізу қиын емес. Ол зорлықшыл заманның запыран құсарын
сезген де, обыр ойлы озбырлыққа өлмес өнердің өшпес рухы, өр

толқынымен қарсы тұрған.

Жаяу Мұса жайлы сөз болғанда елдің есіне бірден түсіп,
жадында жаңғырары – атақты «Ақ сиса» әні. Бұл әннің шығу
тарихы жөнінде бізге жеткен деректерде домбыра, сырнай,
скрипканы кезек тартып, берісі Омбы мен Қызылжардан әң­

гіме тиегін ағытатын көкірегі сара, ойы дара Байжанның Мұ­
сасының елге қадірінің артуы Шорман тұқымына ұнамайды.
Шорманның Мұстафасы бір күні Мұсаның жалғыз атын тар­
тып алып, жүгенін қолына ұстатып, ерін арқалатып жібереді.

Осы жерде академик Ахмет Жұбановтың Жаяу Мұса жөніндегі
мақаласында: «...Бұған дейін үлкен аға әншілердің репертуа­
рынан орыс, қазақ, татар әндерінен домбырасына, сырнайына,
скрипкасына қосып орындап, өзі ән шығаруға әлі ерте деп кел­

ген Мұса тап осы арада жаңа бір жігерге мінеді. Өзінің халық
аузында күрестің гимні болып кеткен атақты «Ақ сиса» әнін
шығарады.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса?
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себепті Жаяу Мұса.
Жаныма батқандықтан ашынамын,

Мен неге жаяумын деп басыламын?
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қылығын Мұстафаның паш қыламын... –
деп, жоғарыда айтылғандай, Шорманның қара күшіне өнер­

дің тотықпас, жеңілмес күшін қарсы қояды. Жаяу Мұсаның
бұл өлеңі Шормандарды, феодалдықты мәңгілік бетіне күйе
жағып масқаралап кетті және орындаған сайын зорлықшылар­
ға бір үкім құрылып тұрады.

«Ақ сисаның» өлеңі осындай болғанда, әні оған сай. Ол
бұрын-соңды қазақ халқының музыкасында болмаған үлгі,
басталғаннан Мұстафаны «жағадан алғандай» күшті, сер­
пінді, дауыстың жоғарғы регистрінен алып кеткен дыбыс,

сол сатыдан түспей, өршеленіп, екіленіп, автордың рухани

күшінің анау-мынау «белдеу күштен» басым екендігін көр­
сетеді. Сол екпінімен, сол жігермен ән аяғына дейін барады.
Қайырмасының өзі де «гәгә-ги, гәук-ки» деп, сөзсіз келсе
де, ашу, кейіс дыбысындай, қышырланып, үдей түсіп, тек

аяғында «айтарымды айттым!» деп құйқылжып барып біте­
ді», – деуінен көп сырды аңғаруға болады». Демек, «Ақ сиса» –
Жаяу Мұсаның елге атын кең жайған, қазақтың кең сахарасы­
на лезде тараған ән.

«Ақ сисадан» басқа Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз», «Хаулау»,
«Көгершін», «Сүйіндік», «Баянауыл», «Гауһар қыз», «Тол­
ғау», «Шормановқа» сияқты ақын-сазгердің атын Алашқа
әйгі­леген тамаша әндері бар. Жаяу Мұса әндерін Борис Ер­

закович, Ғазиза Жұбанова зерделеп, зерттеп, симфониялық
шығармалар жазды. Белгілі өнер зерттеушісі Илья Жақанов
ағамыз оның әндері жайлы толғамды ой, тың пікірлерін айтып
та, жазып та келеді. Жазушы Зейтін Ақышев Мұса Байжанұлы

өміріне байланысты көлемді роман мен пьеса жазғаны қазақ
қоғамының көзіқарақты оқырманына аян.
«Ол – өзіндік өнер тілімен қосылған кең арна... Мұсаның
музыканттық өнерінің басқалардан ерекшелігі – қазақ топы­

рағында бұрын өрістемеген күлкі-ойнақы элементтердің кө­
ріне бастауы. Айта берсеңіз, оның кейбір музыкалық шағын
шығармалары биге шақырып тұрғандай естіледі. Ол мозурка
ырғағынан да түсінік алған адам деп ойланбай, батыл айтуға

болады», – деп ой түйеді академик, өнер зерттеушісі Ахмет
Жұбанов.
Мұса туралы жазған өнер зерттеушісі А. Затаевич оның өз
тұсындағы халық композиторларына қарағанда жан-жақ­

тылығына баса назар аударады. Оның әндерінде орыс, та­
тар музыкасының ырғақ, элементтерінің болуын, қазақ ән
сөздігіне басқа елдердің интонациясын қосқанын біздің өнер
зерттеушілеріміз де жоққа шығармайды. Бұл Мұсаның музы­

ка аспабының сан түрінде ойнап, әлем мен Батыс классикасы­
нан хабары барын танытса, екіншіден, орыс пен татар саздарын
көкірегіне құйып берген түрлі «сапарларының» жемісі деуге
болар.

Ән мен жырдың ордасы Баянауланың алтын бесігі қандай
жағдайда да оны сазға тербетті, шуаққа шомылдырды. Осы
өңірдегі ән мен әншіліктің жалғасын тауып келе жатқан үлкен
дәстүрі Мұсаны айналып кетуі мүмкін емес еді. Біржан сал мен

Ақан серінің, Құлтума мен Жарылғапбердінің нәзік иірімде­
рі, асқақ нақыштары зердесіне қонақтап, көңіл көліне қонып
жатса, сезімін ән оятпай қайтеді? «Гауһар қыз» сияқты қазақ
ән өнерінің шедевріне айналған әндер соның жемісі шығар.

Мұса өмірін зерттеушілер оның Петерборға Кострома, Ярос­
лавль арқылы барғанын, одан Польшада, Литвада, одан Влади­
мир қаласында болғанын, Черняев отрядының құрамындағы
кездерін ақынның өз қолжазбасын алға тартып дәлелдейді.

Оның «Құлбай бай», «Шолпан» сияқты ойнақы да жеңіл
әндері сарказмға, қалжың мен мысқылға толы. Жаяудың
күлкісінен күрсініс туады.
Құлбай байдың тұсағы,

Өткір екен пышағы.
Өзі оңбаған болса да,
Қызының жақсы құшағы, –
деп өзінің алатын жары Сапарды байдың сезімсіз тірлігінен

оқшаулап алғысы келеді де, ән қайырмасында өзіне ғана тән
екпінмен ойнақтатып, құйқылжытып:
Әй, Құлбай бай, Құлбай бай!
Әнім менің красивай,

Қыпшақский жәрмеңке-ай, –
деп өзінің жүрген жүрісі қалың қыпшақ ішінде жәрмеңкедей
екенін айтады.
Осы дәстүрде орындалатын әннің бірі «Шолпанда»:

Таң алдында Шолпан туса,
Тартқан сымдай белін буса.
Неше алуан ән шырқайды
Сол сипатты Жаяу Мұса, –

деп сызылтқанда, бір қарағанда татардың жеңіл әуеніне ұқса­
ғанымен, мұнда әлемнің әсемдігін, жаратылыстың жарығын,
табиғаттың тылсымын аңсаған көңілдің аңсары, ынтызар жү­
ректің дірілі бар.

Жалпы, Жаяу Мұса – сан қырлы талант иесі, сол кездегі
қазақ қауымынан шыққан қайраткер дәрежесіне көтерілген
тұлға. Ол – көкірек көзі ерте ашылған, заманының қан тамы­
рын тап баса алған ойлы адам. Оның «Олжабай батыр» дас­

танынан бастап, Пушкинге, Гогольге, Глинкаға, Кутузовқа
арналған өлеңдерінен ақынның интеллектуалдық бай мұра­
сын тану қиын емес. «Баянауыл дуанында», «Жұлдыз» атты
өлеңдері, «Данышпан қыз» дастаны – көркемдік көрігінен шық­­

қандай дүниелер.
Өзі де құс салып, ит жүгіртіп аң қаққан Мұсаның жырла­
рының бір парасы осы кәсіпке арналады. Осы санатта
«Жақ­сы мылтық», «Қаршыға», «Бүркіт», «Қақпан» секілді

өлеңдерін атап айту абзал.
Оның кез келген шығармасы өмірінің дерекнамасы сияқ­
ты. Мәселен, «Жорға қоңыр», «Жетісу» әндері Жаяу Мұсаның
Жетісу өңіріндегі Үйсін, Дулат, Жалайыр арасында, Қаратал,

Көксу бойында өткен күндерінің естелігі іспетті.
Жаяу Мұса – әлі де зерделеуді қажет ететін халқымыздың
біртуар ұлы. Бүгінгі ұрпақ Қайрат Байбосынов сияқты же­
келеген орындаушылардың жекелеген әндерінен басқа, ғұ­

мырбаяндық қысқа деректен басқа ақын ғұмырының сан сала­
лы тармақтарына бойлай бермейді.
Жаяу Мұсаның Абай, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Иса, Тәттім­
беттермен кездесуі жөніндегі айтылып келе жатқан деректер

өте жұтаң.
«...Жаяу Мұса әндері ауыздан-ауызға таралып, Абай ау­
ылына да жеткен. Әндердің өзгеше құрылымына, болмы­
сына, саздылығына тәнті болған ақын оны Мақай деген кісі

арқылы сәлем жолдап, Шыңғыстауға шақыртып алады. Айна­
ласындағы ақын, жыршы өнерпаздармен бірге Жаяу Мұсаның
әндерін, өлеңдерін Абай ықыласпен тыңдаған. Музыкалық-
эстетикалық талғамы қалыптасқан ақыннан ол Батыс елде­

4-267

рінің әдет-ғұрпы, өнері, халықтарының тұрмыс-тіршілігі жа­
йын­да сұрап біледі. Абайдың ақыл-парасатына риза болған
Жаяу Мұса:
Құнанбайұлы Ыбырай,

Өнерің жүр зымырай.
Бір ауыз тағылым сұраймын,
Білмедім жұмыс түрін-ай,
Бір жақсыға, бір жаман

Тұрмайды екен ұрынбай, –
деп өзінің ақыннан ақыл-кеңес күтетінін білдіреді».
Бұл дерек «Абай» энциклопедиясында Ә. Телғозиевтың ав­
торлығымен беріліпті.

Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында шешесі өлген
Мұсаның он үш жасында нағашыларының ауылын бетке алып
қашып, одан әрі Қызылжар мен Омбыдан бір-ақ шыққаны су­
реттелсе, академик Ахмет Жұбанов өз зерттеуінде Мұсаның

жалғыз атын анасы Нақыш ауылға келгенде «аяқ-лау» бол­
сын деп бағып, баласын сағына күткені айтылады. Мұса ғұ­
мырбаянында Шорман төңірегіне, жер мәселесіне байланыс­ты
да, генерал-губернаторға, оязға жазған шағымдары жайлы әлі

де байыптай түсетін деректер аз емес.
Қара сөздің хас шебері, ойын дәйекке орап жеткізетін жазу­
шы ағамыз Қалмұқан Исабаевтың аузынан мына бір әңгіме­нің
желісін құлағым шалғаны бар: «Сөз жоқ, Шорманның Мұс­

тафасы мен Жаяу Мұса арасында тартыс болған. Ел ішінде
мынандай да бір әңгіме бар. Шорман ел аралап жүрсе, Ай­
дабол ішіндегі Малқозы Байжан деген кедейдің бір ұлының
аты Мұса, екіншісінің аты Мұстафа екенін біліп, қатты ашу­

ланады. Екеуі де Шорманның өз ұлдарының есімдері ғой.
Байжан сол өлкенің аса абыройлы адамы Шорманмен дәулет
таластыра алмаса да ұрпағының сәулеті кем түспесін деген де
шығар. «Жоқ, бұлай болмайды, – депті Шорман, – бұдан былай

үлкеннің аты Жаяу Мұса, кішісінің есімі жалаңаяқ Мұстафа
болсын».

Бұл енді елден естіген әңгіме. «Мұсаға Жаяу деген атты
Шорманның өзі қосып берген, Мұстафа оның жалғыз атын тар­
тып алып не қылсын...» дейді біреулер. Бұл сөздің ақиқатын
бір Құдай білер, ал менің айтпағым, 1840 жылдардың екінші

жартысында Баянауыл түгелдей Орыс казачествосының запас
жеріне айналды. Шоң сол аймақтың алғашқы аға сұлтаны бол­
ды, содан кейін Шорман болды аға сұлтан. Орыстар ағаштан
үй салып, бүкіл жерді босатып алды, қазақ қыстаудың бәрін

қырға шығарды. Сабындыкөлдің жағасындағы қазіргі «Фа­
кель» санаторийі тұрған жерді қазақтар бұрын «Қызылағаш»
деп атайтын. Сол жердегі бүгінгі «Рыбный ключтің» бұрынғы
аты «Шорманбұлақ». Шорманның Мұсасы Ақкелінге қала

салғым келеді деп губернаторға хат жазады. Баянауыл сілем­
дерін даламен айналып өтетін Ащысу өзені бар. Сол жерге
үлкен қорық жасалады. Архивте материал жатыр. Шорманның
Мұстафасының губернаторға жазған хаты. Онда ағам Мұса

үй салып жатқан жерге мен де үй салғым келеді делінген.
Ақкелінде оған дейін бос жер болмайтын, онда Айдаболдың
Малқозысы тұрған. Мына әрекеттің бәрі соларды ығыстыру­
дың амалы. Малқозы жақтан күресуге Жаяу Мұса шыққан.

Бұл – жер үшін күрес. Губернатор шешімін бір рет бұздырған
Жаяу Мұса. «Жаяу жүріп аттыдан кегін алған» деген халық
қарасындағы сөз сол кезде айтылса керек. Орыстың саясаты –
қазақты отырықшы елге айналдыру. Шорман балалары бас бо­

лып, тізім жасап, ол тізімге 39 адам қол қойып, губернаторға
тағы да шағымданады. Ақкелінге қала саламыз деп. Осылай
қазіргі Ақкелін пайда болады».
Қалмұқан аға тағы да бір қызық деректің тиегін ағыт­ты:

«...Имантайдың Қанышы 1919-1921 жылдар аралығында
Баянауылдағы жастар комитетінің төрағасы болғаны белгілі.
Сонда татар көпесінің қызы Меңжамал Тамашевамен қарым-
қатынаста болып, оны халық үйіне жеткізіп береді. Оның

ішінде қара пианино да бар екен. Жаяу Мұса халық үйіне бірде
бас сұққанда, әлгі аспапты көреді. Бөлмеде орыс қыздары «Ин­
тернационалды» шырқап, хордың дайындығына кіріскен кезі
еді.

– Жарықтық мына күймеге Қазанда қолым тиіп еді, кө­

рейінші, – деп отыра қалады да, түймелерін саусағымен түрте
бастайды. Сәлден кейін сазды әуен әнге ілесе жөнеледі. Күпі
киген қазақ қартына орыс-татар қыздары таңғалысып қарап
қалған еді».

Бұл әңгімені Қалағаң осы оқиғаның куәсі болған сол кездегі
Қаныш Сәтбаевтың орынбасары, Баянауылдың ардагер ұстазы
Пәкен Жүсіпбаев марқұмның өз аузынан естіпті.
Қалай дегенде де Жаяу Мұса – тағдырлы тұлға. Оның есімі

Баянның шың-құздарын жаңғыртып, Алаштың аспандағы әні­
не айналған. Заман өзгерді, адам өзгерді. Тарихқа деген көз­
қарас та өзгеруі тиіс. Жаяу Мұса жайлы шығармалардың дені
бұл уақытқа дейін біржақты пікірмен, қызыл империяның

қас-қабағын бағып жазылып келгені рас.
Енді өткенді басқаша зерделер шақ туды. Қазақ сахара­
сына аты кеткен Шорман тұқымы жайлы да салиқалы пікір
қалыптасуы керек. Олар да бір елдің бағына біткен, ырысы мен

құты болған есімдер.
Өз елімізді айтпағанда, Қазан, Омбы, Санкт-Петербург қала­
ларындағы мұрағаттарда жатқан Жаяу Мұса өміріне байланыс­
ты материалдарды мұқият байыптап, жаңа уақыттың жаңа

сөзін айтар кез жетті.
Қайраткер ақын, сазгер, әнші, өнерпаз өрен, арыс азамат
Жаяу Мұса бабамыз ұрпақтарының рухын аспандатып Ақ­
шоқыда жатыр.

Тоқсан төртте жасым бар,
Енді жүрек басылар.
Мен жүргелі жатырмын,
Қоштасайық, халқым-ау!

Қуанышым – заман кең болды,
Содан орын қазыңдар, –
деген батыр баба аманатын орындаған ұрпақ ақын аруағын да
аялайды. Жаяу Мұса – осы елдің шырқар әні, шырқау биігі.

Биылғы тамыздың тамылжыған бір күндерін Жасыбайдың
жағасында, Сабындының сағасында Баянның ұл-қыздарымен
бірге өткізгенім бар. Алдында ғана Елбасы келіп, ұлылардың
бесігіне бас иіп, бата алып кеткен. Ел еңсе көтере бастаған.

Баянауылдың әкімі Қорабай Шәкіров ағамыз ел үшін туған
ердің өзі ме деп қалдым. Абызша толғап, ақынша толғанғаны­
на қызыға қарадым.

– Жақында Жаяу Мұса бабамыздың тойы өтеді, – деді ол. –

Енді сол шараның дайындығына кірісеміз.
Ел жадында жаңғырар ерлер туған өлкені тек Қорабай
Шәкірұлы сияқты азаматтар басқару керек сияқты елестеді
маған.

Осы сапар Жаяу Мұса бабамыздың басында болып, Жаяу
Мұса ауылынан дәм татып едім. Сол ауылдан қимастық
сезіммен аттандым.
«Қазақ әдебиеті» газеті.

2005 жыл

СЕРІЛЕРДІҢ СЕРІСІ – СЕГІЗ СЕРІ

Қылышпын қынабынан алынбаған,
Алтынмын таразыға салынбаған.
Ашамайлы Керейдің ер ұлымын,
Бейнебір жанған өрттей жалындаған, –

деп жыр маржанын мөлдіреткен Сегіз сері мұрасы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, бүгінге көш-керуенін түзеп жетіп отыр.
Жылдар жылжып, айлар алмасса да шын асылды тот баспай­
ды екен. Сегіз сері төңірегінде толастамай келе жатқан абы­

ройсыз айтыс, мандымас дау жаныңды жүдетеді. Басқа жұрт
жоғын бардай, барын зордай етіп жатқанда, біз барымызды
жоқ қылуға әуреленеміз.
Сегіз сері бабамыз жайлы оның тұстастары, одан кейін

өмір сүрген сал-сері, ақын-жыраулардың ұстаз тұтып, жырға
қоспағаны кемде-кем. Мысалы, Біржан сал «Елге сәлем» деген
өлеңінде:
Сегіздей асыл адам жаралмайды,

Халқына болып өткен тым жағдайлы.
Керейден жүз мың әйел ұл тапса да,
Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.
Жалғанда мұратына кімдер жеткен,

Көп жақсы бізден бұрын өтіп кеткен.
Адамның асылдары сондай болар,
Дүниеден Сегіз Сері,
Нияз да өткен, –

деп жырласа, Мәшһүр Жүсіп Көпеев:

Өнерге құлаш ұрып бала жастан,
Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан.
Баласы Толыбай сыншы Қожаберген
Бой ұрған ерлік іске әуел бастан.

Ұрпағы оның батыр Сегіз өтті,
Нияздай асыл ерді қасына ертті.
Қолына қобыз алып өр шабытпен,
Мұра ғып шежіре жыр тастап кетті, –

деп Сегіз сері есімін жалпақ жұртқа жария етеді.
Ал әйгілі Жаяу Мұса Байжанұлы «Ер Сегіз» атты көлемді
дерлік дастан жазып:
Жігіттер, өнер қусаң Сегізге ұқса,

Шәкірті ем Сегіз сері, атым Мұса.
Қазақтың ел қорғаны – мақтаныш қой
Үш жүзден Ер Сегіздей көп ұл туса, –
деп асқақ әуенмен жырға қосып, серінің қасиеттерін жан-жақ­

ты баяндаған.
Ақтангерді жырау Жұмықұлы болса «Сегіз сері» дастанын
жазып:
Үш Алшынға мәшһүр еді

Батыр Сегіз ерлігі.
Қашқын болып жүрсе де,
Болмап еді кемдігі.
Біз боламыз Кіші жүз,

Сегіздің тегі Орта жүз.
Орта жүз – аға жұртынан,
Жақсылар шыққан жарқын жүз.
Сегіз келді Керейден,

Қазаққа болған мерейден.

Келе сала қол жиды,
Босамай қолы кернейден, –
деп өлеңіне Сегіз серінің батырлығы мен азаматтығын, саз­
герлігі мен салдығын, ақындық өресін өзек етеді.

Сегіз сері Баһрамұлына арналған осындай әйгілі сал-сері,
ақын-жыраулардың қолда бар арнау жыр-дастандары мен
жоқтау өлеңдерінің өзі қырықтан асады.
Сегіз сері бабамыз – артына бай мұ­ра қалдырған күрескер

ақын, дарынды сазгер, асқан әнші.
Сегіздің шәкірттерінің бірі Жаманқұл Дәндібайұлының:
«Ұстазымның елу бес әнін елге таратып, қырық бес күйін тар­
тып жүрдім, қырық қиссасын әнмен айтып, жүзден астам дас­

таны халыққа тарап кетті», – дегенін немесе Қуат ақынның:
Жүзден аса қиссаны,
Көптеген ән-күй, өлеңді
Аз өмірде шығарған

Ұстазым Сегіз өнерлі, –
дегенін оқығанда, асыра сілтеушілік бар шығар деп күдік­
тенушілер табылып қалуы заңды. Бірақ Баһрамұлының өзі­нің
ғана емес, төңірегіндегі замандастары мен шәкірттерінің көр­

кем туындыларын зерделей түссек таңдануға, күдіктенуге не­­гіз
жоқ. Сегіздің сексен кісіге бұйырмаған өнері мен ерлігін, туа
біткен, арнасы кең дария-дарынын мойындаған, өзінен жасы
үлкен Жанақ, Қобылан, Асанбай, Есет Қараұлы, Жанқисса,

Сақау Қуат сияқты ылдидан шапса, төсте озған жүйріктердің
арнаған шығармалары бар. Ал Сегіздің құрдастары мен шә­
кірттері Байкөкше, Нияз сері, Жәмшібай, Жаяу Мұса, Біржан
сал, Нұржан, Қуат, тағы басқа ақындар мен сал-серілер оның

талантын ғана айтып қоймайды, оның шығармаларының атын
атап, түсін түс­теп береді.
Сегіз сері қамшының сабындай қысқа ғұмырында атыс-
шабыс, арпалыс жағдайында жүріп, осынша рухани бай мұра

қалдырғаны туралы әдебиетші ғалымдардың еңбектері бір

төбе. Сегіздің өмірі мен қызметін, өлеңдері мен жырларын,
толғаулары мен термелерін, діни қиссалары мен дастандарын
терең әрі жан-жақты зерттей отырып, құнды еңбек жазған
Төлеш Сүлейменов пен Нәбиден Әбуталиевтің кітаптарын ерек­

ше атаған жөн. Сегіз сері жайлы кезінде Ғ. Мүсірепов, Ә. Мар­
ғұлан, А. Нүсіпбеков бастаған ұлтымыздың зиялы азаматтары
200-ден аса зерттеу мақалалар жазғаны белгілі.
Мұның бәрін шола айтып жатқанымыз – Сегіз сері жайлы

ақиқаты аз, арды аттаған дүмбілез әңгімелердің алдын алу,
туа біткен таланты мен асқан дарындылығы арқасында бір
жарым ғасыр бойы қазақ жұртын ән мен жырға бөлеп келе
жатқан сал-серілердің атасы Сегіз серінің талас тудырмайтын

шығармалары мен өмірбаянынан мағлұмат беру.
Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов 1818 жылы Солтүстік
Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында, Гүлтөбе-
Маманай деген жерде туған (Бүгінгі Майбалық-Жекекөл ауыл­

дарының арасында). Руы Керей, Керей ішінде Көшебе. Белді
атаның ұрпағы. Үш жүзге атағы шыққан Толыбай сыншының
24 баласы болады. Ең кенжесі – Қожаберген жырау. Ал сын­
шының сегізінші баласы – Қарабас тархан. Одан жеті бала

туған, үлкені – Асқап. Асқаптың екі баласының үлкені – Кө­
шек, Көшектен 12 бала болған – сегізіншісі – Шақшақ, Сегіз
серінің ата­сы (бұл үзінді Сегіз сері шежіресінен алынды). Сегіз
сері 8 жасқа келгенде шешесі Жамал қайтыс болады. Оның

қырқы өтісімен әкесі Баһрам дүние салады. Бұл 1826 жылы –
ит жылы болатын. Сегіз атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жа­
нат серінің тәрбиесіне көшеді.
Сегіз сері жастайынан өнерге үйір, білімге құштар, зерек бо­

лады. Ата­сы Шақшақ қазақша-орысша оқуға береді. Ақын ес
біле ауылда Мөңке, Бегім молладан хадимше хат таниды. Со­
дан кейін келешекті әріден болжайтын, көзі ашық Шақшақ би
немересінің орысша білім алғанын қалайды. Татар арасында

патша үкіметінен бой тасалап жүрген Иван Михайлович Про­
хоров деген сауатты азаматты елге әкеліп, отыз шақты баланы,
ішінде Сегіз де бар, орысша оқытады. Сегіз осы Прохоровтан
оқығанын есейген соң еске алып, бір өлеңінде:

Орысша білім ал деп атам Шақшақ,
Оқытты 4 жылдай ұстаз жалдап, –
дегендегі ұстазы – осы Иван Михайлович.
Одан кейін Болатынай, Қызылжар медреселерінде оқып

білімін тереңдетеді. Қызылжар медресесінде оқып жүргенде
ақын-сері орыс тілінен басқа араб, парсы-шағатай, көне түрік
тілдерін меңгереді, шығыс әдебиеті классиктерінің шығар­
маларымен танысады.

Сегіз серіні ақындыққа, әншілікке баулыған осы медресе
ұстаздары Иманғабит сері мен өз ағасы Көрпеш еді. Бұл екеуі
де Бұхараның жоғары дәрежелі медресесін бітірген, заманында
ғұлама ғалым, екеуі де ақын, әнші болған азаматтар екен.

Немересінен көп үміт күткен атасы Шақшақ Сегізді Омбы
қаласындағы әскери училищеге оқуға береді. Училищені біті­
ріп, кіші офицерлік шен алған Сегізге патша әкімдері жазала­
ушы отрядқа жолдама береді. Бірақ патшаның отаршылдық

саясатына қарсы болған Сегіз отрядқа барудан бас тартады.
Қаша соғысып, Кіші жүз асып кетеді. Бұл туралы белгілі ақын
Нұржан Наушабаев «Сегіз сері» атты дастанында:
Омбыға білім іздеп Сегіз барған,

Ғылымды меңгеруге талаптанған.
Алты жыл әпесерлік оқу оқып,
Оны да дер кезінде тамамдаған.
Қолбасшылық оқуды бітіргенмен,

Патшаның қызметін атқармаған.
Әпесер патша ағзамға болмаған соң,
Жандарал Ер Сегізді қудалаған, –
деп жазады.

Рас, оның училищеде оқығандығы туралы құжат Омбы
архивінде жоқ. Сегіз сері туралы ғана емес, сол жылдардың
құжаттары 1840 жылғы екі бірдей апаттан аман қалмаған.
Бірінде қалың өртке ұшыраса, екінші жолы су тасқыны көп­

теген архив бумаларын құртып жіберген.

«Горчаковкқа», «Патша әкімдеріне», «Қыз сипаты», т.б.
шығармаларында, дастанында губернатор қудалады дегені
шындық. Өйткені Петр ДмитриевичГорчаковтың 1836 жылы
қаңтар айында Ба­тыс Сібір генерал-губернаторы болып та­

ғайын­далғаны, 1937 жылы губернияның орталығын Омбы
қа­ласына көшіргені, оның башқұрт халқының және Кенеса­
ры Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісін басуға отряд
жібергені тарихи шындық.

Ал Сегіз серінің жазалаушы отрядқа бармай, қуғынға ұшы­
рауын ақын өзінің шығармаларында тәптіштеп-ақ жазады.
Мысалы, «Горчаковқа» деген өлеңінде:
Сен айтты деп, Горчаков,

Халқымды мен жылатпан...
Бар айыбым, Горчаков,
Тіліңді сенің алмадым.
Жазалаушы әскерге

Сардар болып қалмадым, –
дейді.
Патша үкіметінің отаршылық саясатына қарсы болып,
озбырлық істеріне қатысудан бас тартқаны үшін қудалауға

түскен сері губернатордың жендеттерімен қаша соғысып, Кіші
жүз асып кетуін «Қыз сипаты» дастанында баяндаған:
Ұлықтың егескен соң зорыменен,
Солдаттың соғыспақ боп тобыменен.

Қоштастым аттанарда өлең арнап,
Алты жыл білім алған Омбыменен...
Қадірлі Сарыарқадан таппай тұрақ,
Қоштасып туған жерден кеттік жырақ.

Жағалбайлы, Жаппасқа аялдамай,
Ырғызға бет түзедік жылдамырақ.
Өз елінде патша үкіметінен қудалау көрген Сегіз серінің
Кіші жүздің Ысық елінің батыры Қалдыбай аулына келуі, оның

жалғыз қызы Ғайни сұлуға ғашық болуы, қыздың қайғылы
қазасы жоғарыда айтылған «Қыз сипаты» поэмасында бар.
Ақын-сазгердің халық арасына кең тараған «Ғайни» әнінің де
дүниеге келуі осы уақиғаға байланысты.

Сегіздің әр өлеңінің шығу тарихы бар. Мысалы, «Ақбұлақ»
өлеңі. Сегіз сері Ойыл өзенінің сағасы Қиыл өзеніне құятын
Қараған өзенінің бір саласы Ақбұлақ бойындағы тоғай ішінде
үй салып, сонда кейде қыстап қалып жүреді. Ақынның 1838

жылы еліне аттанардағы Ақбұлақ өзенімен қоштасуы осы
өлеңге өзек болған.
Ақын неге Кіші жүзге бет алды, оңтүстікке неге кетпеген деп
сұрақ қоятындары да бар. Оның себебі біреу – Сегіздің атасы

Шақшақтың шешесі Ақбота – Сырым Датұлының туған апа­
сы. Сарыарқадан сая таппай сенделген серінің Кіші жүз түгіл,
Кавказ төңірегін аралап, Иран, Ауғанстан елдеріне баратыны
да осы жылдар. Бір таңғаларлығы, ақын қай елге барғанын,

кімдермен кездескенін, өзі куә болған уақиғалардың бәрін
ұқыпты тарихшыдай өлеңдеріне арқау еткен. Сегіздің өлең-
әндері өзінің ғана емес, өзі өмір сүрген заманның тарихы.
Сегіз серінің Кіші жүз елінде Исатай, Махамбеттермен кез­

десуі ақын өміріндегі үлкен тарихи уақиға болды. Ақынның
патша үкіметіне деген наразылығы артып, Исатай-Махамбет
көтерілісін барынша қолдағанын, тілектес адамдарының бірі
болғанын өзінің өлеңдерінде де ашық айтады:

Дәм-тұзын қазағымның жүрмін ақтап,
Исатай, Махамбеттің ісін жақтап.
Сегіз сері Исатай-Махамбет көтерілісі жайлы «Исатай-Ма­
хамбет», «Ер Исатай» атты дастандарын, Исатайға, Махамбет­

ке арнаған жоқтау өлеңдерін жазған.
Орта жүздің беделді би, бектерінің араласуымен тек төрт
жылдан кейін, 1838 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы
Сегіз серіге кешірім жасайды, ақын елге оралады.

Еліне келісімен түбі Бағаналы Найман, Елғұн деген бай­
дың қызы Ырысбике сұлуға үйленеді. Бақытты отбасынан
бірта­лай ұрпақ өрбіген. Олар: Мұстафа, Мұсабек, Мұсайын,

Мұсажан, Мұсахан, Мұсағұл, Есболған деген ұлдары және
Бибізада деген қызы болған.
Сегіз сері Шақшақов 1854 жылы Дос көлінің маңындағы
жайлауда қайтыс болады.

Ақын-сазгердің Сегіз сері атануының да сыры бар. Ол сегіз
қырлы, бір сырлы өнер иесі болған. Біріншіден, туған елінің
тағдыры мен болашағына қара бастың қамы мен мүддесін жы­
ғып бергені үшін патша үкіметінен қудалау көрген ұлтжан­

ды азамат. Қалған өнерлері де бір төбе, жауырыны жерге
тимеген балуан, құйысқаны қанды аңшы, құралайды көзге
атқан мерген, бармағынан бал тамған шебер, зергерлігі тағы
бар. Домбыраны, қобызды сарнатқан күйші, аспандағы аққуға

үн қосқан әнші, өлеңмен өрнек тоқыған арқалы ақын. Оның
нәзік махаббат лирикасы, өміршіл кең тынысты эпикалық
дас­тан-жырлары жазу-сызуы кемдеу қазақ даласының түкпір-
түкпіріне ауызша тарап кеткен. Оны өзі де білген, басқалары

да айтқан. Мысалы, өзі:
Әйгілі болды жұртқа өнеріміз,
Артып жүр жас болсақ та беделіміз.
Жанкүйер дос-жарандар көп болған соң,

Жайылды елден-елге өнеріміз, –
десе, шәкірттерінің бірі Дәндібайұлы Жаманқұл ақын:
Елу бес әнін Сегіздің
Елге өзім тараттым.

Қырық бес күйін Сегіздің
Тартып бердім әр жерде.
Тарап кетті халқына
Жүзден аса дастаны.

Әрине, әсірелеу де бар шығар, сонда да қазір бүкіл Қазақ­
станның түкпір- түкпірінен өткен ғасырдың орта кезінен бері
жинаған дүниелердің өзі қаншама.
Сегіз сері – алдымен лирик ақын. Тек қана әнін де өзі шы­

ғарған махаббат тақырыбына арналған өлеңдері отыздан аса­

ды, оның ішінде: «Гауһар тас», «Қарғаш», «Ақбұлақ», «Әйкен-
ай», «Қаракөз», «Ғайни», «Назқоңыр», «Жылыой», т.б.
Алланың берген зор талантын қызғанған біреулер Сегіз
серіні жүрген жерінде қыздарға ғашық бола береді деген уәжді

алға тартады. Өзі сал-сері болса, суырыпсалма ақын, жезтаңдай
әнші болса, жақсыны көрмек үшін дегендей, сұлу қыз, көркем
келіншектерді көргенде неге бұғып қалады? Шабытты сезім
оятады, ақын нәзік жанды, өте сезімтал келеді. Сондықтан си­

рек кездесетін сұлулықты, әдемілікті асыл, нәзік сөздермен
өрнектеп, әдемі, сазды әнмен түйіндесе несі айып?
Біз жоғарыда Сегіз серінің азаматтығы туралы айтып кет­
кен едік. Шындығында, ақын көп өлеңдерінде, дастандарын­

да, толғауларында туған еліне, Отанына деген ыстық сезімін
білдіріп отырады. «Қашқын келбеті», «Қыз сипаты» дастанда­
рында, «Жорықта», «Туған ел», т.б. өлең-термелерінде еліңді
сүюмен бірге, халқыңа адал қызмет қыл, ел шетіне жау келсе,

ата салтымен атқа мін, Отаныңды қорға деп ерлікке шақыратын
өлең жолдары көп кездеседі.
Халқына азап көрсеткен
Жауға аттанбай ер болмас.

Ат қойып қарсы дұшпанға,
Қамалға шаппау жөн болмас.
(«Ай жарығы таң болмас»).
Ақын елді, жастарды ерлікке ғана емес, ынтымақтастыққа,

бірлікке шақырады:
Бөлінбе, қазақ, жік-жікке,
Бөлінсең, қазақ, жік-жікке,
Шіл боғындай бытырап,

Шыға алмассың биікке.
Не жетсін, жұртым, бірлікке,
Мән берген жөн ерлікке.
Өнер қуып кәсіп ет,

Салына бермей өрлікке.
(«Бірлік, өнер, кәсіп»).

Мысалы, «Туған елім» деген өлеңінде:
...Туған ел, ыстық болдың мұнша неге,
Білмеймін, осылай ма әр пендеге?
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,

Көңіліме қағылыпсың болып шеге.
Ал Сегіздің бүгінгі күні тапшы бо­лып бара жатқан адам­
гер­шілік, имандылық қасиеттерімізді насихаттау, жастарға
ақыл-кеңес беру мақсатында жазылған шығармалары да аз

емес. «Не пайда?» деген толғауында:
Жауынгер жігіт сол болар,
Қамалдан тізгін тартпаса.
Талапты жігіт сол болар,

Міндетін елге артпаса.
Адал жанның белгісі –
Сыртқа сырды шашпаса,
Сабырлы жанның белгісі –

Шарадан асып таспаса.
(«Не пайда?»)
Иілмей тас болғаннан сынған артық,
Басына пәле келсе тынған артық.

Мінгенше жамандармен алтын таққа,
Ерлермен бірге түскен зындан артық.
(«Нақыл сөздері»)
Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы терең зерттелді

деп айта алмаймыз. Дегенмен, ол жайында оң пікір айтушы­
лар: Ғабит Мүсірепов («Ұлпан» повесінде, қойын дәптерінде),
Әлкей Марғұлан («Әнді ерттеп, күйді мінген кемеңгерлер»),
Тұрсынбек Кәкішев, Мырзабек Дүйсенов, М. Жармұхамме­

дов, тағы басқа әдебиетші-ғалымдар, әдебиет зерттеушілері
екі жүздей зерттеу мақалаларын жазды. Сонымен қатар, Се­гіз
сері туралы арнайы екі әдеби зерттеу еңбегі жарық көрді (Т.

Сүлейменов. «Сегіз Сері», «Өнер» баспасы, 1991 жыл; Н. Әбу­
талиев. «Сегіз сері», «Жалын» баспасы, 1991 жыл).
Бұның барлығы үлкен игілікті істің беташары ғана. Сегіз­
дің шығармалары, әсіресе дастан, қиссалары арнайы зерттеуді

қажет етеді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Ұл­
панында» мынандай жолдар бар: «Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғ­
жан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, тағы 3-4 жаңа перілер.

Бәрі де атақтының атақтысы Сегіз сеpі ақынның мұрагерлері.
Бұл елде «Қозы Көрпеш – Баян cұлу», «Қыз Жі­бек», «Ер Тар­
ғын» жырларын Сегіз серінікі деп санайды. Сегіз сері өз жа­
нынан шығарған ба, ол арасы дүдәмал. Ал «Қарғаш», «Гауһар

тас», «Әйкен-ай» әндерін Сегіз сері шығарғанын тіп­ті дауға
салмайды, түгел мойындап қойған (Ғ. Мүсірепов. «Ұлпан»,

1975. – 164-бет). Сегіз сері болған ба, болмаған адам ба деп

күдіктенушілерге енді қандай дәлел керек? 1500 жылдығын
өткен жылы атап өткен «Қозы Көрпеш – Баян cұлу» поэмасы­
ның бір нұсқасын Сегіз сері жазғанына тіпті де дау жоқ. «Қозы
Көрпеш – Баян cұлу» жырының 20 шақты нұсқасы болғанын

«Қазақ қауымы» деген еңбегінде Сәбит Мұқанов та жазған
(С. Мұ­қанов. «Қазақ қауымы», 1995. – 148-бет).
Сегіз серінің тарихи тұлға екенін, аса дарынды әнші еке­
нін куәландыратын – оның талантты шәкірттері. Сегіз қайтыс

болғанда 40 ақын қайғырып, қоштасу өлең-жырларын арнаған
екен. Оның ішінде халқын әнге бөлеген Біржан сал, Ақан сері,
Жаяу Мұса, Нұржан Наушабаев, Шөже, Орынбай, Арыстан­
бай, т.б. ақын, сал-серілер бар. Атақты Біржан сал:

Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері,
Олардан үлгі алған мен Біржан сері, –
деп жазса, Нұржан Наушабаев «Сегіз сері» атты дастанында:
Ұрпаққа жақсы дәстүр бастап кеткен,

Артына өшпес жырлар тастап кеткен.
Үш жүзге батырлықпен аты әйгілі,
Керейде Сегіз сері болып өткен, –

деп жазған. Сегіз серінің сазгерлігі, әншілігі, күйшілігі туралы
әңгіме бөлек.
Жұртшылықты мазалайтын тағы бір сауалға тоқтала кет­
кенді жөн көрдік. Қазақша, орысша сауаты мол Сегіз сері ба­

бамыз өлеңдерін ауызша ғана айтып, жазба түрінде қалдыр­
маған ба деп сұрақ қоятындар бар. Біздің пікірімізше, ішінде
өнерлі жастардың тобы – ақыны да, әншісі де, балуаны да,
ұлттық спорт шеберлері де, әзілкештері де бар сал-серілер

ауыл-ауылды аралап, елге өз өнерлерін көрсетіп, әнге бөлеп
жүргенде шығармаларын жазып отыруға жағдай іздемесе ке­
рек. Дегенмен, Сегіз серінің артында қағазға түскен мол дү­
ниенің қалғанын көнекөз қариялардан естігеніміз бар.

Тіпті бертін, 1998 жылы Сегіздің мұрасын зерттеп жүрген
5-6 адамнан құралған топ Жамбыл, Тимирязев ауданын ара­
лағанымыз бар. Сонда Айымжан ауылында Сегіз серінің төр­
тінші ұрпағы Шайхули ақсақалмен кездескен болатынбыз.

Ол кісінің айтуы бойынша, Сегіздің қолжазба еңбектері,
қобызы, домбырасы 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін сақ­
талыпты. 1922 жылы сәуір айында қызылдарға ат бердің деп
ақтар ауылды өртеген екен. Үймен бірге үш сәби: Меңдіқожа,

Меңдіхан, Меңдібай да, Сегіздің қолжазбасы мен ән-күй аспап­
тары да бірге өртеніп кет­кен көрінеді. Бұл қайғылы уақиғаны
ауылдың ақсақалдары қазір де айтып отырады.
Өткен жылы Қызылжардағы жергілікті баспадан Сегіз

серінің 2 томдық шығармалар жинағы азғантай таралыммен
басылып шықты. Бұл ақ ниет, игілікті шараға Солтүстік Қа­
зақстан облысы әкімінің орынбасары, ұлтжанды азамат Қуат
Есімханов бастаған ел азаматтары, филология ғылымының

докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев бастаған ғалымдар
бір кісідей атсалысты. Шығармаларын баспаға дайындап, тү­
сініктеме жазған – Социал Жұмабаев.
Қазақстан Республикасының Көлік және телекоммуника­

ция министрі, ұлт рухына қызмет етуге дайын ардақты аза­
мат Қажымұрат Нағымановтың қамқорлығымен республика­
мызға еңбек сіңірген әнші Серік Оспанов Сегіз сері әндерін
үнтаспаға толық күйінде жаздыруды қолға алды.

5-267

Мұның бәрін Сегіз сері мұрасын көздің қарашығындай сақ­
тау үшін жасалған игі қадам деп түсінген жөн. Сегіз сері –
алыстаған сайын айқын көрінетін таулар сияқты қазақ жұр­
тымен бірге жасай беретін есім.

ДНЕПРДІҢ ТЕРБЕТІП ТОЛҚЫНДАРЫ...

Мамырдың 18-28 жұлдыздары аралығында Украинада
ха­лықаралық Т. Шевченко мерекесі болып өтті
Тарасты жұрты тәңіріндей танып, киесіндей қастерлейді
екен. Мың жылдан аса тарихы бар ежелгі Киев қаласына жет­

кен сәтте-ақ ұлы Кобзарьға деген елінің махаббатын сезіндім.
Алыс-жақын елдерден ат арытып келген әдебиет пен өнер
өкілдерін қабылдаған Украина Жазушылар одағының төраға­
сы Юрий Мушкетик мерекенің мән-жайымен таныстырды.

– Тарас – біздің арымыз бен абыройымыз, – деді ол. Шын­

дық пен бостандықтың жыршысын жыл сайын мамыр айын­
да еске түсіру дәстүрге айналған. Бұл – елдің елдігін таны­
тып, рухын көтеру үшін керек шара. «Өлгенде мені жерлеңдер
Днепрдің жағалауына» деп өсиет айтқан ақберен ақын бұл

күнде ұлтының рухани әкесіне айналып, замана заңғарынан
қарап тұр. Мамырдың 22-жұлдызы – Тарас мүрдесін Петербор­
дан жеткізіп, ұрпақтарының Шеркеш тауына жерлеген күні.
Ол жер бұл күнде Тарас тауы деп аталады. Мерекенің ашылу

салтанаты осы күнге орайлас келуіне көңіл бөліп келеміз. Та­
рас тойы оныншы рет өткізіліп отыр. Биылғы мерекенің негізгі
иесі – елдің оңтүстігіндегі Херсон облысы. Жыл сайын тойдың
ауқымы да кеңейіп келеді.

Иә, бұл жолы Тарас тойына Америка, Канада, Румыния,
Польша, Ресей, Беларусь, Молдова бастаған жиыны он сегіз
мемлекеттен қонақтар келіпті.
Айқасып жүріп ақыры

Еркіндік алған дос халық.
Атымды атап ақырын,
Жүріңдер мені еске алып, –

деп Тарас өлеңге қосқан дос халықтар өкілдері ұлы ақын, ұлы
суретшінің аруағына бас ие келгені анық.
«Өзіңе тағдыр дәм-тұзын татуды бұйыртып, халқымның
мей­мандос көңілін тани білген, жырыңа да, суретіңе де арқау

еткен қазақ елінің сәлемін алып келіп тұрмын, қасиетті Та­
рас!» деймін мен іштей.
Мамырдың 18-жұлдызында Киевтегі Т. Шевченко ескерткі­
шіне гүл шоқтарын қойдық. Осы жерде Украина Президенті

Л. Кучма мен елдің Премьер-министрі П. Лазаренконың ха­
лық­аралық мерекеге қатысушыларға арналған құттықтауы
оқылды.
Сол күні кешкілік украин әдебиеті мен өнерінің өкілдері,

қонақтар теплоходқа мініп, Киев – Херсон бағытымен жолға
шықты. Мамырдың күні де халықтың көңіліндей жадыраңқы.
Жағалаудағы жап-жасыл орман Днепрде тербелген теплоходқа
сәт тілеп тұрғандай.

Келесі күні Канев қаласына келдік. Тарас тауы мемлекеттік
музей-қорыққа айналған. Мұнда халық жұмыр жердің әр
түк­пірінен ағылып жатады екен. Тарас зиратының басында
ақын рухына тағзым етіп, гүлдер қойдық. Тарас тауы укра­

ин ұл-қызының қасиетіне айналғанына көз жетті. Бұл жерде
бір­неше мың адам жиналыпты. Жүздері бал-бұл жайнаған
бүлдіршіндерден бастап, ақ басты қариялар да жүр. Ұлы Коб­
зарь тойы халық тойына айналған. Мұнда жас суретшілер

көрмесін тамашалап, Тарас музейін араладық. Ақын өміріне
байланысты экспонаттардың ішінде қазақтың алты қанат
ақбоз үйі бір залды алып тұр екен. Желбауы бүтін, жиһазы
түгел. Қатты толқыдым.

Музейдің үлкен залында әдеби-музыкалық кеш болды.
Алғашқылардың қатарында кезек маған да тиді. Орысшаға
аударылған екі өлеңімді (аудармашы – ақын Бақытжан То­
баяқов), қазақ тілінде бір өлеңімді оқыдым. Жұрт жылы

қабылдады. Украин елінің халық әртістері А. Соловнякко,
М. Стефюк бастаған өнерпаздар өнер көрсетті. Кеш соңынан
жергілікті жұрт өкілдері қоршап алды, елдің хал-жайын сұ­
рады. Жалпы, украиндықтардың қазақ халқына, жеріне деген

құрметі мен ықыласы ерекше екен.

– Одақ ыдырағалы барыс-келіс сиреп кетті. Он тоғыз жыл

Қостанай облысының Меңдіғара ауданында тұрып едім. Кө­
ңілім Қазақстан десе алабұртып тұрады. Сізді көріп толқып
кеттім, – деп көзіне жас алды қарт ана Нина Величко. – Сағы­
нып жүрмін, балаларымның туып-өскен жері ғой.

– Сау болыңдар, қазақтарым! Сендер ғажап халықсың­

дар. Қарағандыда тұрғам. Көшіп келгеніме төрт жыл бол­
ды. Туған-туыстар сонда, уақыт тауып үйге жүр, айналайын!
Қуырдақ жеп, жақсылап бір шай ішейік, – дейді жасы жетпісті
алқымдаған ақсақал Роман Зимовец.

Сапар әрі қарай жалғасты. Теплоход іші Қоянды жәрмең­
кесіне айналып кеткендей. Өнер ұжымдарының концерттері,
авторлық кештер, суретшілердің көрмесі – бәрі-бәрі бірін-бірі
жалғастырып, толықтырып дегендей, өзгеше бояу, өзгеше сал­

танатымен жаныңа нұр құяды.
Жалпы, Украина – бақытты ел. Елдегі 53 миллион халық­
тың 38 миллионға жуығы украин ұлтының өкілдері. Зиялы­
лары да, жастары да, шаруасы да тек ана тілінде сөйлеседі.

Көшелерде орыс тіліндегі жарнамалар некен-саяқ. Соңғы
алты-жеті жылдың ішінде украин қаламгерлері елдің руха­
ни ұстазына айналып үлгерген сыңайлы. Екінің бірінің айта­
ры – халқының ертеңі, елінің қамы, тілі мен ділінің болаша­ғы.

Ақын-жазушыларында жаңару, түлеу бар. Саясатқа сергек.
Олардың даусы ел Президентіне де, үкімет басындағыларға да
жетіп жататынын аңғардым. Жалпы, халықтың ұлттық рухы
жоғары.

Каневтен соң «Маршал Кошевой» кемесі Черкасск, Светло­
водск, Кременчуг, Днепропетровск, Днепродзержинск қала­
ларын басып өтіп Запорожьеге келді. Мұнда да мерекелік
дайындық шаралары жоғары деңгейде өткенге ұқсайды. Нан-

тұз ұсынып қарсы алған жергілікті жұрттың көңіл күйі шат.
Сол күні М. Глинка атындағы концерт залында мереке қо­
нақ­тарымен кездесу кеші өтті. Хортица аралындағы Запо­
рожье казактарының Ұлттық қорық-музейін тамашаладық.

Казак ансамблі өнер көрсетіп, ат спортының небір үлгілерін
алдымызға тартты. Осы жерде олар мерекеге қатысушы 250
қонаққа дастархан жайды.

Мамырдың 22-жұлдызы. Қонақтарды тойдың негізгі ие­лері
херсондықтар қарсы алды. Мерекелік бағдарламаны қолы­
мызға алғанда оның мазмұндылығына, жан-жақтылығына
таң­ғалдық. Түске дейін арнайы топтарға бекітілген көліктер­

мен қаланы аралап, сурет көрмелерінде болып, кездесулерге
қатыстық. Қонақтарды облыс әкімі М. Карасик қабылдады.
Халықаралық Т. Шевченко мерекесінің салтанатты ашы­
луы кешкі сағат бесте Днепр жағалауындағы «Даңқ» паркінде

басталды. Құттықтау сөз Ресей, Қазақстан, Беларусь елдерінің
өкілдеріне ғана тиді.
Мен украин жұртын ұлы мерекесімен құттықтап: «Тарас –
ең бірінші біздің қазақ халқының ұлы, сосын сіздердікі», –

дедім. Херсондықтарға Қазақстан Жазушылар одағының
ескерткіш сыйлығы – Қожа Ахмет Иасауи кескіні бейнелен­
ген кілемше мен «Қазақстан» фотоальбомын табыс еттім.
Бұл үлкен мереке қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар тойына

ұласатынын жеткіздім.
Салтанатты ашылудың соңы үш сағаттық театрландырыл­
ған көрініс пен өнер шеберлерінің концертіне ұласты.
Украинамен біздің мәдени байланыстарымыз тығыз. Әсіресе

қаламгерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнап, достық
көңіл қалыптасқан. Бізде Т. Шевченконы айтпағанның өзінде,
И. Котлеревский, И. Франко, Л. Украинко секілді классиктер­
ден бастап, Иван Драч, Пабло Мовчан, Степан Пушик сияқты

бүгінгі украин ақын-жазушыларының есімі жақсы таныс. Он­
даған қаламгерлер шығармалары қазақ тіліне аударылған.
Украин достар да Абайдан Аманханға дейінгі біздің әдебие­
тіміздің тынысынан хабардар екен.

Келесі күні мерекеге қатысушылар 20 маршрут бойынша
облыстың 18 ауданы мен қала мекемелеріне арнайы көлік­
термен топ-топқа бөлініп аттанып кетті.
Құрамында украин ақыны Людмила Тарасенко, беларус

ақыны Олесь Писменников, суретші Виктор Гук және мен
бар, біздің топ Иванов ауданына жол тарттық. Ол облыс
орталығынан 180 шақырым жерде орналасқан ең шалғай
аудандарының бірі екен. Шаруашылықтармен қоса есептеген­

де, ауданның 27 мың халқы бар. Науқан кезі болғанмен, аудан орталығындағы Мәдениет үйіне жұрт көп жиналды. Жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Одан соң Мичурин атындағы колхоз­ да болдық. Халықтың шаруақорлығына назар ауды. – Биыл жауын-шашын сиректеу. Техника жүріп тұр, ел еңбектеніп жатыр. Мынадай жері бар жұрттың ешкімге қол жаюға қақысы жоқ, – дейді колхоз басшысы Н. Василенко. Бұл елде негізінен ұжымдық шаруашылық қалпы сақталған. Мерекенің салтанатты жабылуы Тягинь аралында болды. Жалпыхалықтық мереке деген осындай-ақ болар. Ондаған мың халық жиналып, осы жерде ән қалықтады. Украин бауыр­ лардың көңілі көл-көсір екен. Тарас есімі украин жұр­тының рухына айналып, аспанда қалықтап тұрғандай. Ән әуе­леп, би дөңгелеп, рахат бір сәт кешкен мезгіл болды. Той эстафетасын херсондықтар Луганск облысының өкіл­ деріне табыс етті. Жиналған жұрт кешкілік тойдан тарап жат­ ты. Мені де беттен сүйіп, бауырына басқан жұрт аз болған жоқ. Еліме деген көл-көсір ықыласты көргенде жанарым жасаурап, жүрегім жырлады: Украина! Айналайын ардақ ел, Көңілімде көктем болып қалған ел. Днепрдің толқынында тербетіп, Ақындарын алақанға салған ел. Ей, замана! Адамзатқа бер тыным. Бауырым бүтін, сөгілмесін қолтығым. Тарас елі Тарас үшін сүйгенде – Ұлы өзеннің толқынындай толқыдым. Украина! Қайғы-мұңды кешкен ел. Орманындай қаулап сосын өскен ел.

…Жұртқа тастап көрген емес «тамырын»
Қыр қазағы, оңды-солды көшкен ел.
Аққу арман арда халқым арлы, асқақ,
Ей, бауырым, сен де мендей жолдас тап.

…Тарас болсаң дәм-тұзымды ұсынам,
Қайғы кешсең Қайсенов болып қол бастап.
Тарас десе,
Көк пен жердің арасы,

Тағзым етер байтақ қазақ даласы.
…Украина Тарасымен бақытты,
Ұрпағымен бақытты екен Тарасы!
Херсоннан Киевке бет алдық. Қайтар жолда Тарас тауына

соғып, тағы бір тағзым еттік. Көңілі көктем, жаны жаз жұрт
екен мынау!
Сапар аяқталуға жақындаған сайын мені біздегі өткізіліп
жүрген мерекелердің әлі де бір қайнауы ішінде екені тол­

ғандырды. Биылғы Тарас тойына бесіктегі баладан, еңкейген
қартқа дейін миллиондаған халық тартылды. Үлкендері шы­
ғармашылық тұрғыдан сырласуға, жастары өзін жұртқа көр­
сетуге мүмкіндік алды. Шапан-шақпытқа таласып шапы­раш­

танған пенде жоқ.
Шіркін, Жидебайдағы Абай жатқан жер қазақ баласының
сыйынып барар рухани Меккесіне айналар күн қашан туар
екен?!

Қоштасар кез келді.

– Қасым батырға, Хамит ақынға сәлем айт! – деді жанары

жасаурап қарт қаламгер Данила Бакуменко.

– Ұлықбек менің өзіне арналған өлеңімді біле ме екен? –

дейді ақын, Украина Жазушылар одағы әдеби қорының ди­
ректоры, Шевченко мерекесін ұйымдастыру комитетінің тө­
рағасы Микола Шевченко.

– Иранбекке дұғай сәлем! – дейді херсондық ақын Анатолий

Кичьинский мен лучанскілік ақын Иван Низовий.

– Сендер санасы сау халықсыңдар! Қалғи көрмеңдер, – дейді

халық суретшісі Василь Гурин.
Көріскенше, Тарас елі!
Сендер мені ұлы өзендеріңнің толқынында ғана емес, аялы
алақандарыңда да әлдилей білдіңдер.

Қош, қасиетті Днепр!
1998 жыл

ҮРДІННІҢ КӨРДІМ ҮР КҮНІН...

Иордания Корольдігін жергілікті жұрт Үрдін деп атай­
ды. Қараша мен мамыр аралығында болмаса, алты ай жаз
мұнда жауын-шашын деген болмайды екен. Сахараның шөліне
үйренген арабтардың тұрмыс-тынысында ежелден бастау

алған үрдіс, дәстүрлердің молдығын Амман әуежайына табан
тіремей жатып-ақ аңғарған болдым. Стамбұлдан көтеріл­
ген ұшақ Үрдін астанасына дейін екі жарым сағат ұшып,
жергілікті уақытпен кешкі бесте әуежайға қонды.

Осында қарсы алған Қазақстанның Аммандағы құрметті
консулы Абдуллаһ әл-Киссуани амандық-саулық сұрасып,
енді екі сағаттан соң Жераш шаһарында өнер фестивалінің
ашылу салтанаты болатынынан хабардар етті.

– Ассалаумағалейкүм, бармысың, бауырым? Қазақстан,

ел-жұрт аман ба? Өзің келеді деген хабарды естіген соң,
Үрдіндегі үш үй қазақ елеңдеп отырмыз. Мынау менің қызым
Сәмә, алтыншы оқиды, осындағы Салық Қазақ деген ағаң мен
боламын.

Қағілездеу келген жігіт ағасының қимылы да, сөзі де ширақ.

– Қасыңда боламын, кеткеніңше тәржімашы міндетін өзім

атқарамын, – деп қояды ағамыз. Ол жол бойы өз тағдырынан
хабардар етті. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының
аяғында басы ауған жаққа босып кеткен елдің көшінде
Салықтың әкелері де бар екен.

– Адайдың ішінде Жеменейміз, – дейді ағамыз.

Түрік, Ауған, Иран айналып, дүниенің сайынан сая тап­
пай босқан бұл әулет алпысыншы жылдары Сирияға көш ба­
сын түзеген екен. Онда жете алмай, осы Үрдінде орнығып
қалғанына да қырық жылдың жүзі ауыпты. Әкелері Омекең

өмірден озарда үрім-бұтағының барлығының фамилиясы бұдан
былай Қазақ болсын деп аманат етіп кетіпті.

– Елден хабар сирек. Тоқсан бесте әкемді алып Қазақстанға,

атамекеніміз Маңғыстау өңіріне барып қайттым. Осы сапар
ұлы Абайдың тойына тұспа-тұс келіп, соған қатысу бақытына
ие болдық. Мысырда елші болып тұрғанда Болатхан Тайжан
бауырымызға аралас-құралас едік... Тағдыр ғой, кіндік қа­

нымыз жат жерде тамса да ел деп соғады бұл жүрек. Сүйегі –
Алтын Жаппас, Сүйеп деген ақсақал бар еді осында. Екі баласы
да араб қызына үйленген. «Тұқымым таусылды ғой...» деп жы­
лап кетті байғұс.

Салық Қазақ сарғайған екен, сағынған екен. Үш ұл, үш қы­
зы бар. Үлкендерінің бәрі Түркияда тұрады. Ағасын әуежай­
дан күткен Сәмә қыз – ағылшын, араб, түрік тілдерінде еркін
сөйлейтін Сампоз Қазақ есімді оқу озаты.

...Халықаралық Жераш өнер фестивалі елде биыл жиыр­
ма үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл шаһар – біздің дәуірімізге
дейін 160 жылдар мұғдарындағы көшпенді арабтардың На­
бат тайпасы, одан сәл беріректегі Рим империясынан бас­

тау алатын тарихы бар көненің көзіндей мекен. Ежелден
қалған ескерт­кіш жәдігерлер көп. Арабтар – өткеніне өбектеп
қарайтын халық.
Шілденің 21-жұлдызында кешкі жеті жарымда фести­валь

алауын елді қырық жылдан артық басқарған король Хусейн­
нің зайыбы Ханшайым Мәлике-Нұрдың өзі тұтатты.
Тастан қашалған, кемі он мың адам сыятын ашық сарай
адам­ға толы. Көрермендер алыс-жақыннан ағылып келгенге

ұқсайды. Биылғы өнер мерекесінің жөні ерекше, аясы кең.
Себебі мұнда Ирак, Ливия, Румыния, Египет, Сирия, Франция,
Палестина, Чехия, Жапония, Қазақстан секілді жиыны отыз
төрт іргелі мемлекеттен өнер жұлдыздары, ән-би ұжымдары,

ақындар мен суретшілер шақырылған. Жарты айдан астам
уақытқа созылған өнер бәйгесінің беташары Үрдіннің әйгілі
эстрада жұлдызы Диана Каразонның концертімен ашылды.
Жераш аспанында төрткүл дүниеден жиналған өнерпаздар ән

шалқытып, әуен тербетті.
Фестиваль директоры Жаржас Самауи беташар сөзінде
әлемді өнер атаулы ғана ізгілікке бастайтынын айта келіп,

адамзат баласы осындай ізгі шараларға ғана ынтық болса екен
деген ой меңзеді.
Күнде кешкі сағат жетіде мереке бағдарламасы бойынша
түрлі шаралар бірнеше жерде қатар басталады. Арабтардың

бойына біткен сабыр, рақым сияқты қасиеттерден болса ке­
рек, ұйымдастыру жұмыстары ың-шыңсыз, рет-ретімен. Әр ел­
ден келген отыз жеті шайыр түрлі пікір алысулар, кездесулер,
конференцияларға қатыстық.

Кешкілікте күн сайын үш ақынның біріккен кеші болады.
Ондай кештер бірде мың орындық Поэзия сарайында, бірде
Ханшайым Мәлике-Нұрдың үлкен сарайында өтеді.
Арабтар өлеңнің әуені мен әуезіне сонша көңіл бөледі

екен. Беріліп тыңдайды. Абай хакім айтатын «уәзінге өл­
шеп тізілген» деген жыр жолдарында аңғарылатындай, ара­
би – аруз-араб поэзиясының табиғатына тән фонетикалық
ерекшеліктерден туындаған өлең өлшемі, бұл үрдіс біздің

бүгінгі жазба өлеңімізде кеңінен тараған. Халқы бір милли­
оннан сәл ғана асатын Амманда Поэзия сарайы аталатын жыр
жайының болуының өзі елдің өлең әлеміне деген құрметінің
қаншалықты дәрежеде екенін айқын көрсетсе керек.

Шілденің 27-жұлдызындағы жыр кешінің алғашқы ке­
зегі маған тиді. Өзіме берілген 40 минутта жиырмаға тарта
өлеңімді оқыдым. Консул Абдуллаһ мырза баласы Мұхаммед
екеуі залдағы көрерменнің бәрінің алдына жырларымның

тәржімесін қойып шығыпты. Жұрт үлкен ықыласпен тыңдады.
Египет ақыны Ахмад Шаһауи, Араб Эмиратының шайыр қызы
Жамаана Саадак үшеуміздің бірігіп өткізген кешімізді жоғары
бағалады жиылған жұрт.

– Поэзияда ұлт та, тіл де болмайды, оның ұлты да, тілі де –

поэзия. Сенің жырларыңды жатқа оқығаның жанымызды тер­
бетті, бауырым, – деп құттықтады бірінші болып Мәскеу­дегі
Кинематография институтының түлегі, үрдіндік талантты
қаламгер Ясир Кубайлат. Мерекені ұйымдастырушылардың

бірі Хаафиз Алиаан да қазақ елі, қазақ өнері туралы әлі де аз
білетінін айтып, қолымды қысты. Осы мерекеге шақырылып,
тамыздың алтыншы жұлдызында Жераштағы үлкен сахнада

өнер көрсетуге тиіс Қазақстан Президенті оркестрінің түрлі се­
беппен жете алмай қалғанына өкініш білдірді Хаафиз мырза.
Қазақстанның Аммандағы құрметті консулы Абдуллаһ –
елдегі аса бақуатты адамның бірі. Өзі ғалым, өзі жазушы. Қазақ

елінің экономикасы мен мәдениеті жайлы кейінгі жылдары
екі кітап жазған. Осы өнер мерекесіне қазақ өнерпаздарын
шақыру жөнінде мәселе көтерген. Үрдіннің жоғары оқу
орындарында қазақ жастарын оқыту жөнінде келісімдерге

қол жеткізген. Бүгінгі қазақ жырының талантты өкілдерінің
жолма-жол аудармасы әзір болса, жыр жинағын араб тілінде
жариялатуды өз мойнына алатын ойын білдірді Абдуллаһ мыр­
за. Осы шаруаны ұйымдастыруды қолға алуға уәде еттім.

Келесі күні елдегі ежелгі тарихы бар мекен Рум жазығы,
Бадра тауын бетке алып, үш жүз шақырымдық межелі жер­
ге бет түзедік. Күн күйіп тұр. Шайырлар мінген автобус іші
салқын. Маған Иордан университетінің дін факультетінде

оқитын қырғыз баласы Ибраһим Асанұлы аудармашы болып
ере шықты.
Жол бойы елді мекендер, құм көшкен мекиен шөл. Жантақ,
көде секілді шөптер сирек-сирек қана ұшырасады. Шаруа

баққан көшпелі бәдәуилер шатырда тұрып жатыр, сахараның
шұбырған түйелері меңіреу шөлдің тілінде тірлік кешетін
сияқты. Екі күн бойы дала кезіп, елдің тарихи мекендеріне
тағзым еткен ақындар Амманға шабыттанып, арқаланып

оралдық.
Араб тілі – семит тобына кіретін тілдердің ішіндегі ең
көп тарағаны. Бұл тілде сөйлеушілер 100 миллион адам ша­
масында. Олар: Мысыр, Сирия, Кувейт, Үрдін, Ливия, Ту­

нис, Алжир, Марокко, Ирак, Судан, Иемен, Бахрейн сияқты
жерлерде мекендейді. Араб тілінде шетжұрттық сөздер өте
аз қолданылады. Ұлы Абайдың жас кезінен араб тіліне ден
қойып, қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін енгізуі кездейсоқтық

емес. Себебі әлемде араб тілі Шығыс кілті ретінде бағаланады.
Үрдін мемлекетінде бес миллионға жуық халық бар, жері­
нің 80 пайызы шөлейтті аймаққа жатады. Халық санының
жартысына жуығы 15 жасқа дейінгі балалар.

Елді король басқарады. Бүгінгі мемлекет тізгінін ұстап
отыр­ған король екінші Абдулла Хусейннің баласы. Жұрттың
өмірге деген сенімі нық, иманы кәміл. Үрдінде заң қатал.
Ұрлық-қарлық жоқ. Түнгі Амман базарларында ашық жатқан

сатушысыз дүкендерді көріп таңғалады екенсің. Мұнда арақ
ішіп, көшеде мас болып жүру мүмкін емес көрінеді. Ел патша­
сына сенеді, оның сыртынан ғайбат айтуға жол бермейді. Араб
мемлекеттерінің ішінде үрдіндіктердің оқу-ғылымға ерекше

ден қоятынын аңғардым, мұндағы көпшілік исламды әлемді
кесапаттардан қорғайтын күш ретінде бағалайды.
...Қайтар уақыт жақындағанда Салық Қазақ қой сойып,
ешкі сүтінен жасалған қымызын сапырып қонақ етті. Сол

үйге тайлы-тұяғымен жиналған Үрдіндегі үш үй қазақ мен
сыйлаған Айгүл Үлкенбаеваның орындауындағы күйлерді
тың­дап, көздеріне жас алысты, бәріміз де қимас бір сәттерді
бас­тан кешірдік.

Мұндағы қазақтардың бәрі де іс адамдары. Салық аға мен
Зейнеш жеңгейдің тігін цехы, Бердәулет баласы Мақсұт есімді
бауырымыздың үлкен дүкені бар. Мақсұт інім көзі ашық,
бірнеше тілге жүйрік, көшелі азамат екен. Осында туған, араб

мектебін бітірген, түркиялық қазақ қызына үйленген, екі ба­
ласы бар.
Қазақстанда болып көрмепті, жоғары білім алған, саясаттан
да хабары мол, нәсіп болса, атажұртқа ораларына сенімді.

– Хош келдіңіз, аға, бір жасап қалдық қой. Қазақстан тә­

уелсіздігін алғанда ақсарбас айтып, той жасағанбыз. Қаты­
нас сирек, соның жиілегені жөн. Осыдан екі-үш жыл бұрын
Қазақстан футболшылары Үрдінге келіп жолдастық кезде­
су өткізді. Күн ыстық, жігіттер шөлдеп қалады ғой деп су-

суанымды даярлап, жүрегімді қолыма ұстап, жаттығу болып
жатқан жеріне жетейін. Нанасыз ба, сол топтың ішінен «Ас­
салау...» деп амандасуға жарайтын бірде-бір қазақ баласын
таппай салым суға кетті, үйге шақырам деген арманым адыра

қалды, ойындарына баруға да зауқым соқпады, – деп бір мұңын
жайып салғандай болды Мақсұт інім әңгіме арасында...

...Амман әуежайынан авиалайнер елге қарай бет алғанда
терезеден жерге қарадым. Сап-сары құм сағыныштың сама­
лын соқтырып сусып бара жатыр. Соның ішінде араб жұрты
ұжмақ орнатуға кіріскендей. Бұл ел маған қанағат пен ра­

қымның, сабыр мен ардың мекеніндей болып елестейді енді,
жүректі жыр жолдары тербейді.
Үрдіннің көрдім үр күнін,
Жанымның аштым бір гүлін...

«Қазақ әдебиеті» газеті.
2004 жыл

«ӘДЕБИЕТ – АРДЫҢ ЕМЕС,

АҚШАСЫ БАРДЫҢ ІСІНЕ АЙНАЛЫП

КЕТПЕСЕ ЕКЕН...»

– Өткенде Сіздің әдеби орта туралы пікіріңізді оқыға­ным

бар. Орнықты ой айтыпсыз. Мағжан «Толқынды толқын қуа­
ды» дейді, сондықтан әңгімемізді қазақ жырының қазіргі хал-
ахуалы, ғасыр айрығындағы қаламдас ағайынның жай-күйі
туралы айтудан бастасақ.

– Сөз күйігі қашанда жүрекке түседі. Қалам – қылыштан

да өткір құрал. Алыстан іздемей-ақ, Бұқардың Абылайға,
Сүйінбайдың Тезек төреге, Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға
айтқанын зерделесек те жарар. Қай халықтың да әдебиетінің
тууы, өсуі, өркендеуі үлкен құбылыс. «Үлкен мәдениеті бар

халық – үлкен халық» дейді Нобель сыйлығының лауреаты,
философ Альберт Щвейцер. «Гомер ақын Эллада қауымын ат­
тас тәрбиелейді» дейтін Платон сөзі – әдебиеттің эстетикалық
қуатын көрсететін баға. Әдебиет беделі – ұлт беделі. Дүниеде

сөзден мәңгілік ештеңе жоқ. Ол ғасырдан-ғасырға жалғасып,
жылдардың желмаясымен желіп мәңгілік жасай береді.
Адамзат өркениетін дамытуға үлкен үлес қосып, жұрттан
бұрын тас қашап, сәнді сарайлар тұрғыза алған бабалары­

мыз даму көшінде кенжелеп қалған. Тарихтың тас кітабы со­
лай дейді. Қорқыттардан бастау алып, Абай мен Шоқандарға
дейінгі көрікті керуен болған төлтума мәдениетіміз бен әде­
биетіміз, халық ауыз әдебиеті атты айдынға бастар арналар –

халықтың өзін-өзі тануының қайнар көзі.
Соның бір тармағы – жыраулық поэзия. Ол сөз өнері ғана
емес, қазақ жұртын мәңгі тербетер бесік, намысыңды жаныр
тасқайрақ.

Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қалар деп,
Адамзат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп.
Сонау ХV ғасырда жырлаған Қазтуғандар сөзі көнеріп,
жырының рухы төменшіктеп көріп пе? Олардың алдаспан

жырлары бізге де, бізден кейінгілерге де тұнық тұма, мөлдір
бастау болып қала береді.
Сөз жоқ, біздің ұлт үшін жаңа поэзия Абайдан басталады.
Фирдоуси, Низами, Гейне, Пушкин сияқты ол да ақындық

өнерді шыңға шығарды. Абай поэзиясы – қазақ топырағында
өресі биік, ойы заңғар, рухы асқақ, көркемдігі керім қалпымен
қалатын ғажайып әлем. Мұраты ұлы қаламгерден ұлы
шығармалар туатыны анық. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сара­

сы» деп ақындық кредосын алға тартқан Абай:
Сылдырап өңкей келісім,
Тас бұлақтың суындай.
Кірлеген жүрек өзі үшін

Тұра алмас әсте жуынбай, –
дейді. Мың құбылған бояулар арқылы рухымыздың таза­
лығын, жанымыздың жарасымын жырдан табамыз. Өміріміз­
ге үндестік іздейміз. Таңғы шыққа шомылған құстардың да­

уысындай, алқынған ақ бұлақтың арынындай, шолпының
сыңғырындай бір әдемі күй жан дүниеңді баурайды. Өлең
құдіреті деген осы. «Лирика – поэзияның поэзиясы» деген Бе­
линскийдің тұжырымы бар. Соны Абайша айтсақ: «сың­ғырлап

өңкей келісім»...
Мұны айтып жатқаным – тақырға тал өспейді, жоқ бар бол­
майды. Б. Пастернак айтады «Ақын – ұжымдық құбылыс, ол
дара болмысымен бір ортада өсіп шығады. Пушкин секілді

ақындар аренаға шығуы үшін көптеген ақындар «көпір» бол­
6-267

ды. Пушкиннің өсіп-жетілуі үшін Туманский, Дельвиг, Бог­
данович, Козлов сияқты ақындар керек болды» деп. Осы пікір
Абайдан соңғы қазақ ақындарының қай-қайсысына да ортақ.
Мағжан, Сәкен, Ілиястардың соңын ала Қасым жыр көгінде

қалықтады. Қазақ өлеңіне «өртке тиген дауылдай» асқақ да­
уыс, қайсар рух әкелді. «Ақынмын деп айқайлап жүргендер­дің
Әммесінен Қасымның десі басым» деп Мұқағали жырлағандай,
өзінен кейінгі Сырбай бастаған ақындарға керемет әсер етті ол.

Мұқағали ағамыздың ақындық қуатын көзі тірісінде ешкім
бағаламады деген жаңсақ пікір. Оның үлкен ақын екенін әдеби
орта мойындаған, жыр жинақтары қолдан-қолға көшкен.
Ал ресми орындардың дер кезінде марапаттамауы, тағдыры­

ның түйткіл тұстары басқа әңгіме. Ал оның тұстастары Сағи,
Жұмекен, Тұманбай, Қадыр – қазақ өлеңіне олжа салған
жұлдызы жарық есімдер. Бұлар да бір-бірінің биікке шығуы­
на себеп болған ақындар. Осы жылдың басында Қалаубек

Тұрсынқұлов, Мұхтар Шаханов ағаларыммен бірге Стамбұлда
өткен түркі дүниесі әдбиетінің өзекті мәселелеріне қатысты
үлкен жиынға қатыстым. Сонда заңғар жазушы Шыңғыс Айт­
матов «Өлеңнің құдіреті сол, бес-алты шумаққа үлкен эпопеяға

өзек бола алатын бір халықтың тағдыры мен зар-мұңын
сыйғызып жібере алатындығында» деген еді. Сонда менің ойы­
ма Кеңшілік ағамның «Боз биесі», Темірханның «Ұста дүкені»,
Несіпбектің «Есіл де есіл, есіл күні», Есенғалидың «Қара ба­уыр

қасқалдағы», Ұлықбектің «Намаздыгерде, қолатта» секілді
өлеңдері түсті...

– Сонда қазақ өлеңінің бүгіні нұрлы, болашағы жарқын

демексіз бе? Мысалы, Сіз өзіңіздің, тұстастарыңыздың,
сіз­ден кейінгі буынның поэзиясы оқырманға жетеді деп
ойлайсыз ба? Он үш миллион халқы бар ұлтқа жыр кітап­
тарыңыздың бар-жоғы 500-1000 данамен таралуын немен

түсіндіресіз?

– Думан, тап осы сауалдарды мен кей-кейде өз-өзіме

қоямын. Жиырмасыншы ғасырдағы тоталитарлық жүйенің
өктемдігі 200-ден астам ұлтты бір-біріне мидай араластырып
жіберді. Нәтижесінде жүз шақты ұлт пен ұлыс мәңгілікке

жойылып тынды. Төлтума мәдениет жоғалып, рухани болмыс
көмескі тартты. Қазақ даласында жарты ғасырға тарта атом
сынағы жасалды, 20-30-жылдардағы «қызыл қырғыннан»
3 миллион қазақ қырылып кетті. Талай рет шаңырағымыз

шайқалып, уығымыз майысса да, бабалар рухы адалбақан бол­
ды. Сол рух, сол аруақ бізге әлі де жар болып келеді.
Гоголь мен Пушкиннің тұсында Белинский де «Бізде әдебиет
жоқ» деген. Құдайға шүкір, қазақ поэзиясы – ХХІ ғасыр табал­

дырығын нық аттап тұрған өнер атаулының падишасы. Ұлттық
сананың саңырауланған кезіне де саңылау түсіре алатын осы
өлең.
Сүйікті ақыны жоқтың рухани жақыны жоқ. Рухани жа­

рым­жандықтан сезім жұтаңдығы басталады. Даңғой Дантеске
анасы өлең сөздің құдіретін ұқтыра алмай қойыпты. Дана Арис­
тотель Филипп патшаның баласы Александр Македонский­
ге жыр тілін түсіндіре алмай қиналған. Поэзияның құдіреті

адамдық асыл сезімнің тууына, ізгілік, шуақ, нұр атаулының
салтанат құруына қызмет жасауында. Қылмыскерлер арасын­
да әлеуметтік талдау жасаушылар олардың көпшілігі өмірінде
өлең оқымағанын айтады.

Ақындық – тағдыр. Ол – Алланың сыйы. Замандардың до­
йыр дырауы да үнемі ақынының басына тиген. Алаштың рухы
болып қайнаған қара қазанның суы сарқылған жоқ. Бүгінгі
жыр жазып жүрген жігіттер мен қыздар – сол қасиетті судың

бір-бір тамшысы. Поэзия парасатын әр ақын өзі қорғап, өз
сезімінің шаранасын өзі әлдилей алуы керек.
«Мен» ғұмырбаяндық триптихін жазған халық жазушы­
сы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин ағам

«Осы кітапты жазудағы негізгі мақсат – Алла-тағалам мұнан
әрі азды-көпті ғұмыр сыйласа, қаламымды қатқыл, санамды
ашық қылсын деген тілек нәтижесі. Адам алдындағы емес,
әруақ, Құдай алдындағы есеп» депті. Қалам ұстаған әр ақын-

жазушы жауапкершілік жүгін тап осылай сезінсе, шіркін!
Қазақ өлеңі қайда барады деп сауал қою қателік. Өлең –
өмірдің өзі. Ұлт аманда қазақтың қара өлеңінің көші көрікті
болады.

Исраил, Нұрлан, Жүрсін, Рафаэль, Иранбек, Жұматай, Кү­
ләштардан басталып, Серік Ақсұңқарұлы, Аманханмен біте­
тін біздің алдымыздағы буынға қарағанда, біздің толқын­ның
тағдыры сәл бөлек. Себебі біз әдебиет деген қасиетті орда есі­

гін имене ашқанымызда қоғамда аласапыран басталып кетті.
Біздің орда бұзар отызымыз қоғамдық формациялардың ауы­
суымен, ғасыр мен ғасырдың алмасуымен тұспа-тұс келді. Біз
Жазушылар одағы арқылы пәтер алғанымыз жоқ, мемлекеттік

тапсырыспен кітап шығармадық, жағдайымызды айтып, емен
есіктерді торымадық. Біздің толқын өз жарасын өзі жалаған
бөрінің бөлтіріктері сияқты немесе айдынның тереңінен шы­
мырлап шығып, тынып ағатын ағыстарға ұқсайды. Бұл – ізеті

жоғалмаған жарасымды буын. Бүгінгі қазақ жырының не­
гізгі салмағын көтеретін буын осы. Тыныштықбек, Әбубәкір,
Әділғазы, Қасымхан, Нұрлан, Гүлнәр, Шәмшия, Бауыржан,
Светқали, Шаһизада, Оңайгүл, Қайрат, Сабыр, Қазыбек,

Кәдірбек... Бұлардың бәрі де өз айтары бар, жұртының сөзін
ұстай алар ақындар. Осылардың оқырманы жоқ деп айта
аласың ба? Аламанның алдыңғы легінен қара үзіп көрінген
жүйріктердің қамау терінің алынған тұсы бүгін.

Бізден кейінгі жас деп жүрген Әмірхан (Балқыбек), Ма­
ралтай, Жарастар да отыздың орманына еніп кетті. Олардың
қатарларының да, олардың соңындағы Танакөз, Дәурен,
Әлібек, Жанарбек, Нәзира, Роза, Алмас, Рүстемдердің де шарқ

ұрып ізденіп жүрген, дараланып, сараланып көріне бастаған
шағы. Қазақ жырының ертеңіне күмән келтіргісі келетіндер
«Жас ақындар» антологиясын оқысын.
Солай, Думан, менің ойымша, кітабымыз 500 дана бола ма,

5 дана бола ма, шын ақынға оқырман табылады.

– Ғалеке, шын ақын дейсіз, білсеңіз айтыңызшы, жалған

ақындар қандай болады? Сосын әдебиетке, әдеби ортаға жаса­
лып отырған қамқорлық жайында не айтар едіңіз?

– «Ақынға табынбаған адам – ақылға табынбаған адам» дей­

ді А. Блок. Украин халқы Тарас Шевченкоға тәңіріндей табы­
нады. Каневтегі Тарас тауына барып, ақын рухына мінәжат
етушілерді өз көзіммен көріп қайран қалдым. Бізге де Жиде­

байды жырдың Меккесіне айналдырар уақыт жетті. Біздің
халық – ақынын сыйлаған халық, сөздің мәйегі мен сиқырын
түсінетін халық. Қазақ – есіл сөзін езге қор қылмаған ел.
«Ерінбеген – етікші, ұялмаған – өлеңші» дегендей, сөздің асы­

лы мен жасығын айырар құлақ бар елміз.
...Қойып кеттім тереңге,
Партбилетім төбемде.
Өзім өліп кетсем де,

Партбилетті берем бе?! –
деген сияқты ақын ағаларымыздың «қып-қызыл» жырларына
халық ана бір кездің өзінде де сенбеген.
Жалған сезімнен жалаң жыр туады. Жалған жырды жал­

ған ақындар жасайды. Бүгінде өлеңшілер көбейіп тұрған за­
ман. Баспаларға ақша аударып, небір өсиетнама, ғақлия, ар­
нау­ларды қатырма қағаздармен қатырып шығарып, жалын
күдірейтіп жүрген «ақынсымақтар» ауыл-ауылда, қала-қа­

ла­да диуанадай кезіп, жауыннан соңғы саңырауқұлақтай
көбейіп барады. Аузынан «жыны» шашырап кездесу өткізіп,
ат-шапан дәметіп, елдің есін шығаратынын қайтерсің. Осын­
дай «ауылдық», «аудандық» дәрежедегі ақындардың алды

Жа­зу­шылар одағының есігін күзетіп, мүшелікке қабылданып,
ақын екенін «заңдастырып» алмақ айлаға көшкен. Ал нан-
шайын базардан айырып жүрген, болмаса күлдің үстінде күліс
ой­нап отырған «анау» үшін Абай да ақын, арзан жолмен атын

шығар­мақ қуаяқ та ақын. Осындайда ойлайсың «Әдебиет –
ардың ісіне емес, ақшасы бардың ісіне айналып кетпесе екен»
деп. Баспалардың пайда тапқаны жақсы-ақ, бірақ жарық кө­
ретін кітаптардың сапасын анықтайтын, «шөпті де, шөңгені

де» өлең етуге жол бермейтін шара ойластыру керек.
Өлең – ақынның өзі. Ол – жұмбағы шешусіз тылсым әлем. Ол
дәріханада алуан қосындыдан жасап беретін дәрі емес. Өткен­де
Дүкен Мәсімханның Сіздің газеттен «Алматының ақын­дары»

деп атап, «Астана мен тәуелсіздікті неге жырламайсың­дар,
коммунистерді өлең еткенде таңдайларың тақылдап еді» деп

жер-жебірімізге жетіп ұрысқан «өлеңін» оқып ренжіп қал­
дым...
Жазушыларға, әдеби ортаға қамқорлық жайлы сұрап қал­
дың. Үкіметтен Иманғали Тасмағамбетов келіп, «Тәуелсіз­

діктің 10 жылдығы қарсаңында тәуір дүниелеріңіз болса шы­
ғарып берейін» деген. Уәдесінде тұрды. Бірнеше ақын-жазу­
шылардың кітаптары бүгін-ертең жарық көрмек. Жазушы
бай­ғұстың да он жылдан бері көрген жарығы осы. Президенттік

стипендиялар беріліп келеді. Кейде нағыз мұқтаждар осындай
көмектерден қалыс қалып қояды.
«Ораза, намаз тоқтықта» дегендей, сананы тұрмыс билейді.
Ақын-жазушы үшін шығармашылық отбасын асырар табыс

көзі болудан қалды. Еңбегіңнің қайтарымы жоқ. Әдебиетте
нағыз жанкештілер қалған күн бүгін. Көп ақындар өлең ор­
битасынан көрінбей кетті. Жазып жүргендерінің де ішінде
тек нарық рухын сындыра алмағандары қалды. Мысалы, та­

лантты ақын Жәркен Бөдеш қазақ қауымдастығынан ала­
тын жеті мың теңгесімен отбасын асырап отыр. Жоғары оқу
орнын бітірген екі ұлы жұмыссыз. Әлі күнге сырты қатырма
бір жинағы шықпапты. Басқалар сияқты мерейтойларын да

өткізбеді, қайдан өткізсін, ауылы арғы бетте, Жайырда.
Сонда да:
Арғы тауға асумын,
Бергі тауға белеспін.

Жарымаған уызға
Жарты қазақ емеспін, –
деп асқақ жыр жазады. Шаңырағын өлеңнің отымен жылы­
тып отырған Жәркен ағамның Тарбағатайдың арқары сияқты

мүшәйра сайын сахнаға ойқастап шығуы заңдылық. Тіпті, ке­
рек десең, қажеттілік.
Ақындық – тағдыр дедік. Рим ақыны Петроний «Талант
пен жоқтық егіз» депті. Шекесі шылқып тұрған қаламгер жоқ.

Ақын біткен қолдау мен көмекке зәру. Сонда да қамқорлықты
қаламдастар бір-біріне жасайды. Бір-бірін күндесін, бақастық

жасасын, меніңше, ақынға ақыннан жақын ешкім жоқ. Тіпті
қабіріңнің басында жылап тұрып топырақ салатын да солар.
Жақында Свет Оразаев деген ақын өмірден өтті. Ол кісінің
тағдыры жайлы «Қазақ әдебиеті» газетінде жақсы мақала жа­

рияланды. Жетісу өлкесінің азаматы еді. Түрмеден шығып,
Ақадырдан түсіп қалады. Сондағы Өмір Кәріпов, Төрехан Май­
басов сияқты қаламгерлер қамқорлық жасаумен болды. Басы­
на белгі қойып, бетін жасырған да солар. Азаматым, ақыным

деп алақанға салып, Арқадағы ағайын арулап қойды.
Несін айтайын, Думан, жақсылықты да, қолдауды да қа­
ламдас, әріптестер бір-бірінен көреді.
Өз басым базар көрмесе де базары тарқамаған Жаңаар­қада

өстім. Бір-біреуі бір-бір энциклопедияға бергісіз қариялар­
дың алдында отырып, әңгімесін тыңдаған күндерді сағына­
мын. Жеті жасымнан шабандоз болып, аламанға шауып
едім. Сол киіз туырлықты ақ орда, жазира жон, хас жүйрік,

жусанның исі түсіме жиі енеді. Ал балаларым үшін оның бәрі
ертегі... Меніңше, ұлтыңның өткені мен бүгінін білмей қалам
ұстау деген бос әуре.

– Ғалым аға, әңгімемізді Сіздің жаңа бір өлеңіңізбен түйін­

десек деп отырмын.

– Жақсы. Мынау соңғы жазған өлеңім еді. Аты – Құсқанаты.

Дүр дүние – әр пендеге нақ сонар,
Тауы – мұнар,
Аспаны – бұлт,
Бағы – ырыс.

Құсқанаты – ар боп жауған ақша қар,
Көктемдердің көзіндегі сағыныш.
Біздің сапар Сарыбелден басталған,
Мен де өлемін армандарым өлген күн.

Күздің түні алқаракөк аспаннан
Құсжолының ақжолағын көргенмін.
Талайыма тылсымдарды кез қылдың.
Ылди көрдім,

Жазық көрдім,
Өр көрдім.
Ақ боранды ақпанында мезгілдің
Ақ дүниеге ақын болып келгенмін.

Ойларымның орда бұзар берені,
Тіршіліктің тоқсан тарам толғағы.
...Көктемдерім көктеп қоя береді,
Құсқанаты жауып өтсе болғаны.

– Рахмет, ағай! Жаңа жырларыңыз көбейе берсін!

Думан РАМАЗАН.
«Қазақ әдебиеті» газеті,
2001 жыл

АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!

Бүгін Ғалымдар үйінде қазақтың рухани қарашаңыра­
ғының бірі Қазақ радиосына 85 жыл толуына орай салтанат­
ты жиын өтпек. Бұл торқалы той әр шаңырақты таңмен та­
ласа тәуелсіз Қазақ елінің Әнұранымен оятқан, шартарап­

тан жинаған жаңалығымен, әуезді әндерімен сусындатқан
ұжымның ғана емес, миллиондаған көзіқарақты, көкірегі ояу
тыңдармандардың да тойы. Әсіресе бүгінгі орта, аға буынның
өкілдері қазіргідей теледидар арналары дәуірлемей, газет-

журналдардың шалғай аудан, ауылдарға аяғы жетпей тұр­
ған шағында, сол кездегі «5 сомдық» радиоқабылдағыштың
дәурені жүріп, оның сиқырлы даусына арбалып, жан серігіне
айналғанын қазір ешкім жоққа шығара алмайды.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, осын­дай
қарбалас сәтте осы ұжымның қазанында қайнап, отында
ойнаған әріптестерімізді мерейтойларымен құттықтай
оты­рып, Қазақ радиосының Бас редакторы, белгілі ақын, Ха­

лықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ­
ДЫ әңгімеге тартқан едік.

– Ғалым, тарих жылнамасы үшін 85 жыл қас қағым сәт

болғанымен, Қазақ радиосы үшін әжептәуір уақыт қой. Кез
келген дүниенің бастауы, өсу-даму кезеңдері болады десек,
әңгіме-дүкенімізді аз-кем тарихтан сабақтасаңыз...

– Біздегі радио тарихын зерттеуші ғалымдардың дерегі бо­

йынша, 1921 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Ке­
ңесінің 29 қыркүйектегі қаулысымен Орынбордағы радиостан­
садан күніне 1600 сөзден тұратын хабарлар дайындауға ше­
шім қабылданған. Міне, сол алғашқы кездегі төрт сағаттық

эфирден бастау алған, бүгінде 85 жылдық тарихы бар Қазақ
радиосы қазақ жұртымен, қазақ қоғамымен бірге жасасып

келеді. Біздің еліміз осы уақыт ішінде қаншама соқтық­па­
лы, соқпақты тар жол, тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіздікке кол
жеткізіп жатса, Қазақ радиосында сол жұрттың жүрегінің
дүрсілі, көңілінің күйі бар. Мысалы, мұнда он мыңдай кешегі

ұлы тұлғаларымыздың дауыстары сақталған, тіпті Алтын
қорда Дина Нұрпейісова бастаған өнерпаздардың шерткен
күйлері, сондай-ақ тарихқа айналып кеткен ағаларымыз бен
апаларымыздың дауыстары сақталған. Бұл деген – үлкен ру­

хани байлық. Жалпы радио – халыққа тез, жылдам тарайтын,
жедел жететін ақпарат түрі. Әсіресе қазақ жұртына, ауылға
теледидардың күні кеше ғана келгенін ескерсек, сонда Қазақ
радиосы қаншама ұрпақты тәрбиеледі десеңізші!

– 85 жылдық тарихи күнді, айтулы кезеңді қарсы алу

бақытына ие болған бүгінгі шығармашылық ұжым жайында
не айтқан болар едіңіз?.. Оның үстіне басшылықта өзгеріс­
тер болғанынан хабардар жұртшылықтың жаңалық күтері
заңдылық деп ойлаймын...

– Қазақ радиосының бүгінгі үлкен ұжымы, оның бағдарла­

малары хақында шағын сұхбатта айтып беру мүмкін емес. Та­
рих беттерін парақтар болсақ, мұнда бүгінде қаншама қаламы
қарымды журналистер, кәсіби шебер режиссерлер, әуезді да­
уысты дикторлар қызмет істегені, ондағы ардагерлер қолтаң­

басы сайрап жатыр. Ендеше, біз де уақыт талабына сай бү­гін­
гі бағытта ұлттың рухына жақын жұмыстар істегіміз келеді.
Кейінгі кезде дүниеге келген ең үлкен жобамыз – «Менің Қа­
зақстаным» бағдарламасының аясында «Атамекен аспаны»

атты радиофестиваль өткізіп жатырмыз. Оның мақсаты – бір
облыс аймағының экономикасы, руханияты, мәдениеті, әлеу­
меттік саласы, тарихи шежіресі жайлы материалдар топтама­
сын дайындау. Ол екі сағаттан аптасына алты сағат жүреді.

Қазақ радиосының Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Алматы
облыстарындағы күндері салтанатты жағдайда өтті. Сол фе­
стиваль барысында Қазақ радиосының халыққа қаншалықты
қастерлі, қаншалықты киелі екеніне куә болып қайттық. Біз

бұл жобаны жалғастыра береміз.
Радио – кез келген қазақтың кішкене баласынан қария­

сына дейін шығатын мінбері. Сондықтан бізде 120-ның үстін­
де хабар болса, оның 60-қа жуығы төрт-бес айдың көлемінде
жаңадан ашылып отыр. Таңертеңгі «Жаңа күн», экологиялық
«Бозқараған», оралмандарға арналған «Көзайым», жастардың

ашық пікірталасын қамтитын 45 минөттік «Аламан» клу­
бы, әсіресе Жастар редакциясы дайындаған халықаралық
«Балдәурен» радиофестивалін қоғамдағы үлкен мәдени оқиға
деп санаймын. Себебі фестиваль аясындағы бір ай көлемінде Ре­

сей, Қытай, Моңғолия елдерінен 40-қа жуық тапсырыс алдық.
Мұндағы мақсатымыз – жастардың өнерге деген талғамын
тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық музыкалық саясатты ұстану.
Музыкалық бөлімді басқаруға белгілі сазгер, танымал өнер иесі

Бейбіт Оралұлы келді. Өйткені, «шөп те өлең, шөңге де өлең»
демекші, эфирге әулекі, жеңіл дүниелер көптеп шығып кетті.
Қазақ радиосының директоры Жүрсін Ерман жетекшілік
ететін, құрамында Тұманбай Молдағалиев, Бибігүл Төлегенова,

Роза Рымбаева, Қайрат Байбосынов, т.б. жиырма шақты қазақ
өнерінің қаймақтарынан құралған талғамға сай Көркемдік
кеңес құрылды. Ол ай сайын отырыстарын өткізіп, әндерді
қабылдайды. Оның сыртында экономикалық, заңнамалық

тақырыптарға, қоғамдағы біршама мәселелерді қамтитындай
хабарлар жобасын да жасадық. Қазақ радиосы 101 ҒМ арна­
сымен тәулігіне 24 сағат хабар таратса, «Шалқар» радиосы
18 сағат, жалпы қосындысы 42 сағат бойы эфирде халыққа

қызмет көрсетеміз. Ендеше, мұның бәрі маңдай термен, үлкен
ізденіспен келетін дүниелер. Осы мақсаттарды жүзеге асыру­
да кейінгі уақытта қазақ журналистикасында аты жұртқа та­
нымал көп жастарды қызметке қабылдадық. Соған қуанамыз.

Бір ескерері, басшылық өзгеріп, жұмысқа кіріскенде 20-ның
үстінде жұмыс орындары бос тұрды. Міне, сол 10-15 күннің
ішінде бір орынға 10 адамнан сұрыпталып, ең талантты жастар
қабылданды.

– Сол жастарыңыздың аяқ алысы қалай? Қандай жаңа­

лықтар әкелді?..

– Беталысы жаман емес. Мысалы, «Балдәурен» радиофес­

тивалін жүргізуге Нұрсәуле Мамытхан деген жас журналист

соншама ыждағатпен кірісті. Жастар редакциясының бас­
шылығына белгілі қаламгер Құлтөлеу Мұқаш, руханият са­
ласына танымал сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, музыкалық
редакцияға ҚазҰУ-да радиожурналистикадан кандидаттық

диссертация қорғаған Жидегүл Әбдіжәділқызы, Бақберген Та­
былдиев, Бейбіт Сарыбай, Элеонора Яхия, Роза Әлқожа, тағы
басқа ертеңгі күні радиожурналистикаға, қазақ қоғамына бір
ауыз сөз, өзіндік пікір айта алатын жастар легі келді. Міне,

біздер осы құрамда әлі де болса хабарларымызды жақсарта
түсіп, тәуелсіздіктің осы тұсында Қазақ радиосының үнін
жарқынырақ, сенімдірек шығарсақ дейміз.

– Қазақша радио хабарларыңыз жалпы бағдарламаның

қан­ша пайызына ие?

– Бүгінгі күнгі туған тіліміздегі хабарлар дені 85 пайызға

жуық. «Достық» айдарымен татар, ұйғыр, неміс тіліндегі дәс­
түрлі бағдарламаларды да дайындаймыз.

– Бүгінде жалпы Еуропада, басқа елдерде радиодағы ті­

келей эфирді халықпен арақатынасты күшейтудің үлкен
мүмкіндік көзі деп санайды. Өйткені оған кішкене баладан
қарттарға дейін қатыса алады. Бізде де солай. Осы бағытта
қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Бұған байланысты бірнеше тікелей эфир аштық. Оның

сағаттары да аз емес. Тікелей эфирдің өзіндік қиындықтары
болатындықтан, оны соншалықты көбейтеміз деп айта ал­
маймыз. Мәселен, сіз бір тақырыпты діттеп тікелей эфир­
ге шықсаңыз, тындаушылар түрлі арзанқол сауалдар, бол­

маса саясатқа қатысты сауалдар қойып, басқа мәселелерді
қаузап кетеді. Ал таңертең адам ұйқысынан оянғанда, сағат
7-9 аралығында берілетін тікелей эфир – «Жаңа күн» бағдар­
ламасы көптеген жағымды жаңа нәрселер әкелді. Ана жолы

«Таңғы қоңырау» деген жаңа айдарымызда Тоқтар Әубәкіров
ағамыздың туған күнінде тікелей эфирден үйіне телефон ша­
лып, Қазақ радиосының миллиондаған тыңдармандары атынан
мерейтойымен құттықтадық. Ғарышкер ағамыз соншалықты

разы болды, ол тыңдаушылардың да көңіл күйіне әсер етті.
Жақында радиоға Жұмат Шаниннің немересі Райхан келіп,

керемет қызықты әңгімелер айтты. Өткенде Жүсіпбек Ай­
мауытов ағамыздың баласы келіпті. Іле-шала «Ұлылардың
ұрпағы» деген айдар ашып, ол кісіні де сөйлеттік. «Сіз қайда
жүрсіз?», «Таңғы тілек», сондай-ақ құттықтаулар беріп жата­

мыз. Міне, осындай түрлі бағытта ізденістер жасап жатырмыз.
Жастардың түнгі толқында тікелей эфирдегі бағдарламалары
бар. Сонда күніне 2,5-3 сағатқа жуық тікелей эфир хабарлары
өтеді екен. Ол аздық етпейді. Әрине, тікелей эфирді жүргізуде

журналистік тәжірибе, кәсіби біліктілік керек-ақ.

– Ғалым, біздің жас кезімізде оқыған хабарларын құлаққа

жағымды, әуезді дауыстарымен түрлендіріп жіберетін Әнуар­
бек аға Байжанбаев, Сауық Жақанова апамызға қызыға­
тынымыз соншалықты, сол кісілерді өмірде көруді армандай­
тын едік. Дауыстың сиқыры бар деген рас шығар...

– Әрине. Мәселен, сол кездегі Қазақ радиосын кім бас­қарып

отырғаны ешкімнің есінде қалмауы мүмкін, бірақ Әнуар­бек
ағаның, Сауық апамыздың есте қалары хақ. Біздер диктор­
лардың конкурсын өткізіп, даусы әуезді, үні жағымды коммен­
таторларды тәрбиелеп жатырмыз. Сауық сияқты апаларымыз

бастаған ардагерлеріміз дикторлармен қатар, эфирге шығатын
жүргізуші-редакторларға үш айлық курстың бірінші кезеңін
өткізді. Нәтижесі көңіл қуантады.

– Ал жетпей жатқан, кемшін түсіп жатқан жерлеріміз де­

генге не айтар едіңіз?

– Әрине, жетпей жатқан жақтарымыз баршылық. Бұрын­

ғы хабарлармен қоса, эфирге жаңадан дайындалып жат­
қан жобалардың бәрін айдарынан жел ескен, болмаса бәрі
керемет хабарлар деуге болмас. Әлі күнге үйренетін, жаса­
луы керек дүниелер баршылық. Мәселен, жалпы қоғамдағы

құн­дылықтарды көрсететін, болмаса үлкен проблемалық
мәселелер көтеретін бағдарламалар дайындасақ дейміз. Өт­
кенде Баянауылдағы Ұлттық парктің мәселесін көтерсек,
бұл жолы Аралды көрсетсек деген ойдамыз. Жақында біздің

му­зыкалық редакция Ахмет Жұбановтың тартқан күйлерін
тауып әкелді. Ол да ізденіс. Қазір «Қазақстан өнімі» атты
жаңа жоба жасау үстіндеміз. Ол өндіріс ошақтарының, кәсіп­

орындардың жай-күйін жан-жақты айтар хабар болмақ. Сон­
дай-ақ, «Астана» студиясы да түрлі тартымды дүниелермен
шығып тұрады. Олар жақын күндері күніне сағат 9 бен 10-ның
аралығында «Мен – қазақпын!» деген бағдарлама ұсынбақ.

Радио тыңдарманын талғамайды. Ол – бүлдіршіннен бастап
қарияға дейінгі, болмаса ауылдағы қарапайым еңбек адамы­
нан бастап қоғам қайраткеріне дейінгі аралықты қамтитын
аудитория. Сондықтан әркімге керекті хабарлар дайындап,

сол бағытта ізденісті жұмыс атқарсақ, онда біздің алға қойған
мақсаттарымыздың орындалғаны.

– Бала кезімізде, шалғай ауылда тұрсақ та, әр үйде кіш­

кене радио сайрап тұрушы еді. Қазіргі жағдай қалай? Мұны
ай­тып отырғаным, дәл бүгін ондай үрдіс байқалмайтын
секілді.

– Рас, баяғыдай емес, радиожелінің жетер жері кеміген.

Көптеген облыстарда радио нүктелері істен шығып тұр. Біз
осы бағытта ықпал етуге жұмыс жүргізудеміз. Ол негізінен
«Қазтелекомның» жұмысы көрінеді. Оны анықтап, зерттеп жа­
тырмыз, соншама қымбат дүние де емес екен. Тиісті жерлерге

хат жазылып жатыр. Сәтін салса, біраз өзгерістер болып қалар.

– Әңгімеңізге рахмет! Қазақ радиосының ұжымына ізде­

ніс, шығармашылық табыс тілеймін!
Әңгімелескен
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

«ТОҚЫРАУ ТОҚМЕЙІЛСУДЕН БАСТАЛАДЫ»

Әлемдік өркениет кеңістігіне иек артқан елдің тыныс-тір­
шілігін оның жаңа заманғы ақпараттық құралдарының да­му
деңгейі арқылы да біле беруге болатын сияқты. Біздің таны­
мал қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­

реаты Ғалым Жайлыбаймен өткен сұхбатымыз да, негізінен,
осы бағытта сабақтасты.

– Ғалеке, қазіргі қазақ баспасөзінің жағдайын қалай баға­

лар едіңіз?

– Бұл өзі күрделі сұрақ қой. Кейінгі он шақты жыл айнала­

сында ұлттық ақпарат айдынының технологиялық жағынан
адам танымастай дамығаны белгілі. Содан ба, әлде заманның
күрт өзгеруіне байланысты ма, бертінде елдің бүкіл өткен
жолын мансұқ еткендей, төл тарихқа топырақ шашқандай

әдетке де бой алдырып қалатынымыз жасырын емес. Ал ақи­
қатқа жүгінсек, баяғы кеңестік дәуірдегі жетпіс жылды
қаншалықты тоталитарлық жүйе кезеңі дегенімізбен, сол
кездегі саусақпен санарлықтай ғана қазақ басылымдарының

өзі ұлт ұйытқысы ретінде үлкен міндеттер атқарғандай кө­
рінеді. Осындайда Мұхтар Мағауиннің «Қазақстан Жазушы­
лар одағы кеңестік дәуірде ұлттық партия міндетін атқарды»
деген сөзі еске түседі. Расында да, сол тұстардағы «Қазақ

әдебиеті», «Жұлдыз» сияқты басылымдарды парақтап отыр­
саңыз, осылардың халықтың жан дүниесін, сонау белгілі жүйе­
ге деген көзқарасын, тіпті ішкі қарсылықтарын түрлі форма­
мен көрсете алғанына көз жеткізер едіңіз. Әрине, бұл ретте

«тоқырау заманы» аталған әлгі керітартпалау кезеңді аңсау ту­
ралы ой тумас. Я болмаса ғасырға жуық уақыт салтанат құрған
коммунистік идеологияны ақтауға ниеттенбейтініміз де өз-
өзінен түсінікті ғой. Бұл ретте сөз көркем әдебиетте, яки жур­

налистикада болсын, кезінде халыққа қалтқысыз қызмет еткен
сол баяғы дәстүрлі басылымдар өрісінің тым тарылып кеткені
жөнінде қозғалып отыр. Бұған керісінше, қаптаған көше басы­
лымдары немесе «саржағал» газет-журналдар «дәурені» жүріп

тұр. Ондағы халықтың табиғатына қарсы, жалпы ұлттың па­
расат-пайымын, елдік бітім-болмысты бұзатындай түрлі пор­
нография, атыс-шабыс насихатталатын дүниелерден аяқ алып
жүре алмайтын халге жеттік. Жұмысқа келе жатсаң да, ав­

тобус, пойызбен жолға шықсаң да көретінің – сол! Міне, осы
келеңсіздік, әсіресе, сәулелі көкжиектерге енді ғана көз тіккен
біздей балғын елдің жас ұрпағының санасын улай түсе ме деген
қауіп билейді кейде.

– Бұл енді мемлекеттік деңгейде реттелуге тиісті ша­

руа шығар.

– Иә, мұны кәдімгідей Баспасөз туралы заң аясында тәртіпке

келтірмесе болмайды. Және бұл бәлен уақыт күтетін де нәрсе
емес деп ойлаймын.
Өкініштісі, пайда түсіруден өзгені мақсат тұтпайтын сол
жеңіл басылымдарды былай қойып, халықтың мұң-мұқтажына

қарайласады дейтін байсалды баспасөздің өзінде биік елдік
мұраттардан гөрі белгілі бір жеке адамдардың бас пайдасы
төңірегіндегі айтыс-тартыстар бой көрсетіп жатады. Ұлттың
ұйысуына ықпал етуге немесе халықтың кемел келешегі жо­

лында қызмет етуге ұмтылады дейтін газет-журнал беттерінде
түрлі кәсіби журналистік жанрдағы дүниелердің тым аздау бо­
луы да көңіл қуантатын нәрсе емес.
Дегенмен, бертіндегі азғантай болса да кәдімгі шындықтың

шырайын кіргізіп айта алатындай, өткен тарихымызды, ар­
ғы-бергімізді қозғайтындай толғамды, проблемалық ірі мә­
се­лелерді көтеретін дүниелерді көргенде қуанып, арқаң ке­
ңіп, қанаттана түскендей күйге бөленесің. Қазақтың жаны­

на, табиғатына жақын нәрселерге тұшынбағанда қайтесің,
расында?! Сондайда биік елдік мұраттарға бағытталған та­
қырыптар аясын мейлінше кеңейте беру туралы толғанасың.
Мәселен, мені экология мәселесі жиі мазалайды. Кейде Батыс

мемлекеттерінде шығатын немесе Жапон елінде жарық көрген

журналдардағы біздің ел экологиясына қатысты кейбір зерт­
теу мақалаларға қарап отырып, тамсанбасқа лаж қалмайды. Ал
«2030» деген үлкен бағдарламамызды құрып алып, дамыған
елу елдің қатарына кіреміз деп отырған біздің өзіміз болсақ,

туған жеріміздің экологиялық ахуалын сонау 1989 жыл­
дан бері өз дәрежесінде зерттеп көрмеген де екенбіз! Белгілі
аймақтарымыздағы радиация деңгейі әлі де анықталмапты.
Сонау бір жылдары осы тұрғыда өзімнің де дабыл көтеріп,

«Кіші Чернобыль» деп мақала жазғаным бар еді. Сонда анық­
тағанымдай, тоқсаныншы жылдардың басында Қараған­ды
облысындағы Ақжал, Ақшатау сияқты кеніштердің радиа­
ция көлемі күллі әлемді шулатқан Чернобыльдікінен екі есе­

дей көп болып шыққан. Одан бергі жерде бірнеше рет орыстың
зымырантасығыштары біздің сол далаға құлады. Соның салда­
рынан ондағы шөптің, аңдардың бірнеше түрі жойылып кетті.
Оған қоса адамдардың жан дүниесінде түрлі өзгерістер пайда

болды. Мұндағы айтпағым, Табиғат-ана деп жатамыз, мәселен,
осының бір-біріне тығыз байланысына бағытталған кәдімгі
терең журналистік зерттеу жасап, ұлттың үлкен болаша­
ғына пайдасы тиетіндей ауқымды дүниелерге ден қойсақ де­

ген тілегім бар. Марк Твен «Журналист – жеткілікті болма­
са да, дүниедегінің бәрін білетін адам» депті. Біздің кейбір
журналистеріміз болса көп жағдайда үстірт, бірыңғай сарынға
түсіп кетіп жатады. Мысалы, көшеде тәнін саудалап тұрған

қазақ қызы туралы жазатын болса, сол тақырыптың жан ауыр­
татын қатпар-қатпар әлеуметтік астарларына үңіліп жатпас­
тан, «Ешқашан біздің тарихымызда болмаған, ұлтымызға
мүлде жат жезөкшелік, зинақорлық деген бұл пәле қайдан

келді? Бұл не сұмдық?!» дегендей, күңіренумен немесе елге
ақыл айтумен шектеледі де қояды.
Әрине, бұл бір қарағанда дұрыс та ғой. Дегенмен, қалам ұс­
таған әрбір журналист, мейлі, жазушы болсын, ұлт тағдырына

қатысты кез келген құбылыстың түп-тамырын шұқшия зерт­
теп, оны үлкен мәселе қылып көтеріп, белгілі іске зор біліммен,
жан шырылдата тебіренер ыстық жүрекпен, қысқасы, үлкен
дайындықпен келуі керек сияқты. Сондай-ақ, «өтпелі кезең­

нің қиындықтары» дегендей тіркеске де әлі жүгініп келеміз.
7-267

Сол «өтпелі кезең» енді қаншаға созылмақшы? Меніңше, етек-
жеңімізді жинап, халықтың кемел келешегіне бастайтын нақ­
ты міндеттерге бел шеше кірісетін кезеңге баяғыда-ақ жеткен
сияқтымыз.

– «Жаһандану» дегенді де «әне келеді, міне келеді» деп екі

сөзіміздің біріне қосамыз. Сол өзі баяғыда кіріп алған жоқ па
ара­мызға?

– Кіргенде қандай! Ол «мырзаңыз» да әлдеқашаннан-ақ

тай­раңдап төрімізде жүр. Сондықтан да шығар, көпшілік
жаста­рымыз өмір салтының қай жағынан болсын Батыс тірші­
лігіне мүлде бейімделіп алған. Қазақ ешқашан орыс, фран­
цуз, ағылшын немесе неміс бола алмайды дегенімізбен де,

жаһандану ықпалымен ұлттың кейбір қасиеттері жоғалып
кету қаупі бұрынғыдан да күшейе түскендей.

– Мәселен, басқасын былай қоя тұрып, осы журналисти­ка

жағынан да өзімізге тән бояу-реңкімізді жоғалта бастаған
жоқпыз ба? Айталық, қазақ аудиториясы бөлек. Біз ақын­
жанды, әсершілдеу халықпыз. Ойдың бейнелі, образды жеткі­
зілуін ұнатамыз. Айтысқа, ән-жырға құмар елміз. Ал ақпарат

тілі саналатын тақ-тұқ телеграфтық тәсілдің өзі-ақ азайт­
пай ма қазақ оқырманын?

– Сөзіңнің жаны бар. Жиырмасыншы ғасырдың соңына

қарай ұлттық журналистика баяғы кеңес дәуіріндегіше сөз са­
пыру әдетінен арыла бастап еді. Оны жақсылық дегенімізбен,
қазақтың қазақтығы оның жан-жүрегінің, сезімінің ерекше­
лігінде. Болмысы мен табиғатының айрықшалығында. Әлемді

қабылдаудағы өзгешелігінде. Олай болса, қазақ тілінде қа­
лам тербейтін әрбір журналист ұлттық аудиторияның сондай
қасиеттерін жіті ескеріп, әрдайым оның «өз тілінде» сөйлеуді
үйренуі шарт. Әйтпесе осы бір кейінгі кезеңдерде, расын­

да да, тілдің де шұрайы кетіп, қасаңданып, жасандылыққа
ұрынып кеткендей көрінеді. Ал журналистің кез келген
жайт­ты қазақтың жанына, жүрегіне кестелі, бейнелі жеткізе
білуі – үлкен өнер. Қозғалып отырған нәрсе мейлі адам неме­

се заман туралы болсын, барлық жағдайлардың бәрін жан-
жақты ескеріп, істің тереңіне бойлауға ұмтылу керек. Жалпы,

ақпарат айдынында ма, өмірдің өзге саласында ма, болмысқа
біткен қасиеттеріміз жойылып кете берсе не болғаны? Енде­
ше, қаламгерлердің сөз саптау мәселесі тіптен де жеңіл-желпі
қарай салатын нәрсе емес. Дегенмен, ақпараттың да өз тілі бар.

Журналистиканы көркем әдебиетпен шатыстырмаған жөн.
Бұл «ақпарат тілі сылдыр су болсын» деген де сөз емес, әрине...

– Қалай дегенмен, қазіргі жұрт оқуды азайтты. Кітап,

газет-журналдың орнын электронды ақпарат құралдарының
басып бара жатқаны белгілі. Келешекте баспасөз жойылып
кетпей ме деген ой тумай ма осындайда?

– Бұған келісуге де болады. Өзі кейде қарап отырып, «осынау

қазақ деген ғажайып халықтың тіл шұрайы бұзылмай, елдік
қасиеттері жарасып, ең бір қаймақтай ұйып отырған соңғы
кезеңдерін көріп қалған қырық пен елудің арасындағы мына
біздің буын ба екен?» деп те ойлап қоясың. Себебі кейінгі жас

толқынның қалыптасу кезеңі мынау аумалы-төкпелі нарық за­
манына, «жабайы капитализм» дәуіріне тұспа-тұс келіп қалды
да, бұлар көптеген қасиеттерімізден сусындай алмай, талай
ұлттық құндылықтарымызды шын мәнінде көре алмай қал­

ған сияқтанады.
Мен бұл жерде құндылықтар деп әсіресе сонау 1970 жыл­
дардың аяғы мен 1980 жылдардың ортасына дейін айран­
дай ұйып отырған әрбір қазақ ауылын айтып отырмын. Сол

кездегі ақсақал – ақсақал, бәйбіше – бәйбіше, аға – аға, іні –
іні болғандай көрінеді маған. Оларға ешқандай есепсіз бірінің
қуанышына бірі қуану, ауылға түскен кішкентай қайғыны да
бірлесе көтеру мінезі тән еді. Тіпті, сол тұстарда руға, жүзге

бөліну секілді әдеттер де жоқ болатын.
Есіме түседі, баяғыда біздің ауылда Алматы зооветеринар­
лық институтында оқитын жалғыз бала болды. Ол каникулға
келген кезде күллі ауыл майы мен құртын соның аузына тоса­

тын. Кемпір-шал «пәленшенің баласы Алматыда оқып жатыр»
деп пенсиясынан да қарайласуға даяр тұратын. Өйткені ол –
ауыл мақтанышы ғой! Міне, ондай қасиет азайған қазір ауыл­
да. Сөйтіп, компьютер дәуірі деген тез аралап кетті де, кейінгі

жастар, шынында да, сол электронды ақпарат құралдарының

ішінде туғандай әсер қалдырады. Бұлар солайша бұлбұлдың
үнін, тұлпардың дүбірін естімей, жусанның иісін білмей, киіз
үй көрмей қалғандықтан ба, біртүрлі тасбауырлау болып кет­
кендей көрінеді.

Әрине, мұны жаңа заманды жазғыру тұрғысында айтып
отырған жоқпын. Сөйте тұра ұлттық қасиеттерден ажыраудың
үлкен кемшілік екені де айдан анық. Мысалы, өз басым көркем
әдебиетпен, өзіміздің кәдімгі қара өлеңнен, болмаса фоль­

клордан, аңыз-дастандарымыздан сусындап өспеген жастың
ертеңдері керемет бір қаламгер ретінде қалыптасып кететіні­
не сенбеймін. Поэзия, проза жанрындағы классиктеріміз­дің
ең­бек­терінен нәр алмай, ұлттың өмірін, халық жүрегінің

лүпі­лін сезінбеген қаламгерлерді де қарық қылады деп
ойламай­мын. Қазір эфирлеріміз бен баспасөз бетінде көрініс
беріп жататын сөз қолданудағы салдыр-салақтық та сондай
кемшіліктерден туындайды. Түрлі жаргондарды, диалект сөз­

дерді орынсыз қолданатын кейбір жас тілшілерді неге жөн­ге
салмайсыңдар деп хабарласып жататын ұлтжанды аға-апа­
ларымыздың жан-жүрегін түсінуге болады.

– Осы ретте сөз бостандығы деген жайтқа тоқтала кет­

сек. Ол өзі бар ма бізде?

– Сөз бостандығы бар, әрине. Бірақ сөз бостандығы, де­

мократия деген, менің ұғымымда, аузына келгенді айтып,
біреуді күстаналау емес. Оның да шегі, орны болады. Біреудің
балағына жармасып, біреуді жағадан алып, ата-тегін түгендеп,
болмаса жазған дүниесін түкке тұрмайтындай етіп тастау деген

зиялылықтың белгісі емес. Көзіқарақты оқырман жақсы біледі,
мысалы, жалғыз Мұхтар Мағауиннің төңірегінде не айтыл­
мады? Ал шырылдап жүріп қазақтың тарихын, ұлттың ауыз
әдебиетін бәлен ғасырға шегеріп берген осындай көзі тірі клас­

сик жазушыларымызға кез келген шала сауатты журналистің
«өнеге үйретуге» моральдық құқы бар деп ойламаймын. Бол­
маса, адамзаттық деңгейдегі үлкен тұлға Олжас Сүлейменовке
де қарабайыр қаламгерлердің соқтыға беруі орынды іс емес.

2001 жылы Түрік мемлекетінде өткен «Құмқапа» жыр
фестиваліне қатысқаным еске түседі. Сонда түріктің Қаракөзі,

әзірбайжанның Анары, қырғыздың Шыңғыс Айтматовы бас­
таған ірі жазушылар Олжастың дуалы сөзіне айрандай ұйы­
ғанын көріп, тебіренген едім. Ғасырда бір туатын Олжастай
тұлғалар көбірек болса, қазақтың маңдайына біткен құт

емес пе?! Ал сөз бостандығының жөні осы екен деп, осын­
дай аяулыларымыздың жанын жаралап жатсақ, болмаса қи­
сынсыздан-қисынсыз ел ағаларының ісіне килігіп, қастерлі
мемлекеттік деңгейдегі міндеттерге бөгет болсақ жараса ма?

– Бүгінде «бәсекеге қабілеттілік» деген түсінік пайда бол­

ды. Бұл жағынан қазақ баспасөзінің беталысы қалай деп есеп­
тейсіз?

– Бұл белгілі бір басылымның кәсіби деңгейіне байланыс­

ты нәрсе болар. Егер нақты бір газет немесе журналистік
дәре­жеде жұрттың ойынан шығатын, елдің ертеңіне пайдасы
тиетін дүниелер жасаса, бәсекеге қабілеттілік деген сол шығар
деп ойлаймын.

– Қазіргі жас журналистердің кәсіби деңгейі деген мәсе­

леге қалай қарайсыз?

– Әлгінде бұл мәселеге аздап соқтық-ау деймін. Жалпы

алғанда, жас қаламгерлердің кәсіби деңгейін нашар деуге бол­
майды. Себебі мына бізге, біздің алдымыздағы ағаларымызға
қарағанда, олар алатын ақпарат көздері ондаған, жүздеген
есе көбейіп кетті. Кез келген тақырыпты компьютерден суы­

рып алады да бұрқыратып жаза береді. Ал белгілі ақпаратты
қорытып, керегінше шеберлікпен іске жарату – басқа мәселе.
Одан соң журналистика бухгалтерияның немесе құрылыс­
шының жұмысы емес. Бұл – күнде-күнде, сәт сайын, сағат са­

йын ізденіп, үйреніп, оқуды талап ететін аса қиын да қастерлі
мамандық. Және өте қызықты да кәсіп болуы керек. Олай
дейтінім, байқауымша, кейінде журналистика саласына өзге
жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастар легі көптеп тар­

тыла бастағандай. Әйтсе де, кәсіби шеберлікті игеру жағынан
белгілі деңгейге жеткен жастардың тоқмейілсімегені дұрыс.
Тоқырау сондайдан басталады.

– Жас мемлекетте жалғыз журналист мамандар ғана

емес, өзге де көптеген мамандық иелерінің кәсіби шеберлігі

жағынан тоқырауы ел болып діттеген Ұлттық мүдде
мәселесін де тежемей ме?

– Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсысымыздың алды­мыз­

да әрдайым сол ұлы Ұлттық мүдде мәселесі тұрады.
Маған Есенбай Дүйсенбаев деген белгілі ақын ағамыз ке­
ліп кетті. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мақала жазғанын
айтқан. «Мен Сұлтанмахмұтты енді түсіндім. Ол тура бүгін­гі

күннің ақыны екен. Қалаға бейберекет көшкен қазақтың түбі
жұмыссыздыққа ұрынатынын, нарықтық қатынастар тура
біздегідей халге түсіретінін, орысша көп оқығандардың ішінен
космополиттер шығатынын – бәрін-бәрін қолмен қойғандай

жазыпты. Жастайынан-ақ елдің кемел келешегін көксепті»
дейді.
Сұлтанмахмұт та, Алаш көсемдері болсын, ұлтымыздың
арғы-бергідегі барлық зиялылар ұстанған негізгі әңгімеміз де

оған соқпай кете алмайды. Жаңа сөз басында айтып кеттім,
біз ешқашан басқа ұлт бола алмаймыз. Сондықтан анда-мұнда
былқылдап, еліктеу-солықтауды доғарып, барлық біліміміз
бен өмірлік тәжірибемізді өз еліміздің жарқын болашағы жо­

лына жұмылдыруымыз қажет. Бір өкінішті жайт, кез келген
мінберден, жай тойлардан бастап анау Парламент мінберіне
дейін, тіпті Елбасының алдында өтетін үлкен жиындарда тек
Ана тілі мәртебесін көтеру қажет деп шырылдаған Мұхтар Ша­

ханов ағамызды да көзі ашықсымақ біреулер күстаналап жа­
тады.
Сонда немене, қазақтың тілі тек Мұхтар Шахановқа ғана
керек нәрсе ме? Оның ұлт патриоты ретіндегі жан дауысын

ұғатын кез жеткен шығар. Демек, қазақ журналистикасын­
да да бұл күні ең бірінші орынға шығатын мәселе Ұлттық
мүдде болуға тиіс. Расын айтқанда, біз әлі де толықтай еңсе
түзеп кеттік деп айта алмаймыз ғой. Тәуелсіздігіміздің өзін

Құдайдың сыйы деп қабылдау керек. Ол анау ақтабан шұ­
бырынды, алқакөл сұламадан бастап, кешегі Желтоқсанға
дейінгі аралықта ғасырлар бойы небір зұлматтарды бастан
кешірген ата-бабаларымыздың арман-тілегі, боздақтардың

төгілген қаны мен көз жасы арқылы келген нәрсе ғой. Енді

осы Тәуелсіздікті түндігі мен желбауы желпілдеп тұрған
жапандағы жалғыз үйше қалдырмай, ақ киізімізді өзіміз ба­
сып, уық-шаңырағымызды өзіміз жасап, бәрін дұрыстап, үл­
кен бір қасиетті Ақ ордаға айналуымыз керек. Сол секілді оның

ішіне небір сұқтанған көздер, болмаса жымысқы ойлар кірмеуі
керек. Осы жағдайлардың бәрін елге жеткізу бүгінгі, әсіресе,
қазақтілді журналистиканың үлесіндегі нәрсе.
Журналистің кез келген нәрсеге жаны ауруы тиіс. Тастанды

балаға ұқсап, берекесі кеткен ауылға, жойылып бара жатқан
ұлттық қасиеттерімізге, тілімізге, ділімізге, басқа да көптеген
түйткілді жайттарға ең алдымен тікелей журналистер арала­
суы қажет. Мысалы, бала сату деген қазақта болған ба? Біздің

халық – небір аласапыран замандарда бірінің баласын бірі
емізіп, өмірдің көш-керуеніне тырмыса ілесіп, осы уақытқа
жеткен халық. Енді жаһандану деген «жалмауыз» сондай басқа
ешбір халықта жоқ қасиеттерімізге нұқсан келтірмеуге тиісті.

Ұлттық мінез-құлқымызды көз қарашығындай сақтауымыз
керек. Бұл бағытта қаламгер ағайындарға жүктелетін міндет
те салмақты болмақ.

Әңгімелескен Құлтөлеу МҰҚАШ.
«Журналист» газеті,
2007 жыл

ӘДЕБИЕТ ЕШҚАШАН БІРЕУДІҢ ТАЛАП

ҚОЙЫП, ТАПСЫРМА БЕРУІМЕН

ЖАСАЛМАЙДЫ

– «Әдебиет – ардың ісі» деген қағиданы берік ұстануға тал­

пынып жүретін қаламгерлер қауымы бүгінгі кезеңде от пен
судың ортасында қалған сияқты. Бүгінгі жазушының арты­
нан халық ермейді, билікке сөзі өтпейді. Жалпы алғанда,
халықтың да көркем әдебиетке деген ынта-ықыласы төмен­

деді. Осы бір құбылыстарды рухани дағдарыспен байла­ныс­
тыру қисынды ма?

– Қай халық үшін де болсын қаламгер қашанда сол елдің

жаны мен арының барометрі іспеттес. Кезіндегі кеңес заманын­
да ақын-жазушыларды, жалпы өнер адамдарын сол уақыт­
тың жыршысы ретінде қабылдап, сол идеология майданының
жауынгері деп таныдық. Бүгінде бәрі басқаша сипат алды.

Қоғамдық формациялар өзгерді, құндылықтардың орны ал­
масты. Қалың қазақ ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне
қол жеткізді. Қызыл құрсаудан сытылып шығып, азат ойды
ту етуге ұмтылғанымызбен, жекелеген қаламгерлер үшін де,

жалпы ұлт үшін де қазіргі кезеңнің өзіндік қиындықтары
жетерлік. Ғасырдан-ғасырға аттаған осынау өтпелі кезеңде
қаламгер атаулы да не істерлерін білмей, тосылып қалғандай
күй кешуде. Ал рухани дағдарыс орын алса, оған қаламгерлер,

өнер адамдары немесе басқа да шығармашылық иелері ғана
кінәлі емес. Оған руханияттың өркендеуіне өз деңгейінде
қолдау көрсете алмаған қоғам жауапты.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, әсіресе, шығарма­шы­

лық адамдары кәдімгідей тоқырауды бастан кешірді.
Қалай десек те, бір қоғамнан бір қоғамға өтіп кету аса жеңіл
дүние емес. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ қаламгерлерінің,
әсіресе аға буын ақын-жазушылардың бұл өзгерістерге ішкі

психологиялық дайындықтары болмады. Осы кезеңде жалпы
жұрттың басым бөлігі дайын жемге үйренген қолдың құстары
секілді қанатын кеңге жайып, бірден самғап кете алмады.
Осы ретте кейбір алдыңғы буын ағаларымызда әлі күнге дейін

кеңестік жүйенің игіліктерін аңсайтын пиғылдар бар екені
рас. Олар жеңісі мен жемісі мол болғанымен, сол бір солақай
қызыл саясаттың арғы жағында ұлтымызға қатысты небір
қитұрқы әрекеттердің бұғып жатқандығын елегісі келмейтін

сыңайлы. Болмаса, ол қоғам қаншама нақақ қантөгістерден,
сұрқия зұлымдықтардан құралғаны жасырын емес қой.
Әрине, бүгінгі қоғамның да ауыртпалығы аз емес. Ал осы­
ның ақ-қарасын айырып, жақсы мен жаманның ара жігін

ажы­ратып, бүгінгі заманның сөзін айтатын – қаламгерлер.
Алайда осының бәрінің төрешісі – мәртебелі уақыт қана.
Әйтсе де зиялы деп жүрген тұлғаларымыздың өздері кейбір
сәттерде қарақан басы үшін «мықтыларға» оң иығын беріп,

шен-шекпенділердің маңайына үйіріліп жүретіні қалыпты
жағдайға айналғандай. Аузы дуалы дейтін үлкендерден ірі
сөз күтетініміз рас. Өкінішке қарай, жеме-жемге келгенде,
шешуші сәтте көп жағдайда олай болмай жатады. Осыдан келіп

бәрінен биік тұруға тиіс ұлттың сөзі айтылмай қалып жатады.

– Кейінгі жылдары сыншы, әдебиетшілер, әсіресе билік

та­рапынан қаламгер қауымына «бүгінгі заман туралы шы­
ғармалар жазылмай жатыр, жаңа дүниелер тумай жатыр»
дегенге саятын көптеген сындар айтылуда. Шынымен де
солай ма?

– Қазіргі кезде бізде ірі-ірі шынайы шығармалар жазылмай

жатыр дегенге келіспеймін. Әр қаламгер өзі өмір сүрген қоғам
жайына үңіледі емес пе? Мысалы, Мұхтар Мағауин ағамыздың
«Жармақ» романы қалың оқырмандар арасында кәдімгідей
резонанс туғызды. Тынымбай Нұрмағамбетовтің әңгімелері

мен драмалық туындылары да жұртшылыққа салмақты ой
тастап келеді. Ал қаншама ақындарымыздың Тәуелсіздікті
жырлаған, елдің жаны мен жүрегіне үңілген керемет өлеңдері
бар. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің туы тұғырынан

түсті деп айтуға келмейді.

Сонау ерте замандарды алып қарасақ та, тіпті Абай ғұмыр
кешкен ортаны алып қарасақ та, қандай да бір қиын-қыстау
кезеңдерде ақын-жырау, сал-серілер елдің сөзін сөйлеп, ел­
дің мұңын жоқтаған, сол заманды жырлаған. Ақиқат пен

шындықты айтуға ұмтылған. Бірақ мұның бәрін түрлі текетірес
пен тартыстар тудырған.

– Сонда әдебиет әлдекімдердің қожайындық жасауына көн­

бейді демексіз ғой. Бұл жағдайда әлгі «сыншылардың» уәжі орын­
сыз ба?

– Жалпы, әдебиеттің өзі – мәңгілік майдан. Әдебиет еш­

қашан біреудің талап қойып, тапсырма беруімен жасал­
май­ды. Ол – жеке шығармашыл тұлғалардың жасайтын
дү­ниесі, таланттардың жүйелі ақыл-ойларының жемісі.
Бір сөйлем жазу үшін, бір шумақ өлең тудыру үшін санаға

қан­ша салмақ түседі?! Ақын мен жазушыға тапсырыспен сарт
ет­кізіп сурет түсіріп, алдыңызға әкелетін фотограф ретінде
қарауға болмайды. Әрине, фотограф та – белгілі бір деңгейде
өнер иесі. Алайда оған «Бәйтеректі» немесе Астананың жалпы

көрінісін түсіріп кел, алаңдар мен жиындардан фоторепор­
таж жаса дегендей, көп жағдайда арнайы талап қойылып,
тапсырма беріледі. Ал әдебиеттің өкілін олай құрсаулауға
келмейді. Әдебиет белгілі бір саяси ойындардың ыңғайына

келтіріліп, күшпен жасалатын болса, ол өміршең болмақ
емес. Ал қаламын еркін ойдың сиясына малып, ұлттың сөзін
айтып та, жазып та жүрген жанкешті жазушыларды, сөзсіз,
әдебиеттің нағыз майталмандары деуге болады. Дейтұрғанмен

де бүгінгідей ақпараттық-технологиялық қоғамда қаламгер
қауымына деген біртүрлі көзқарас пайда бола бастады. Әсіресе
жастар кітаптан гөрі интернетке ерекше иек арта бастады.
Бірақ, осыған қарамастан, түсінген адамға қазақ әдебиеті

өзге озық елдердің әдебиетінен анағұрлым қуатты, терең әрі
мағыналы.

– Қалай десек те, бүгінгі жазушы мен оқырман арасын­

дағы байланыс үзіліп қалғандай...

– Рас, бұрынғыдай емес, бүгінде қаламгер мен оқырман­

ның арасы алшақтап кетті. Елмен байланыс үзілді. Қазіргі

қарбаласқа толы ақпараттық заманда нағыз әдебиет шетке
қарай ысырылып барады. Оның есесіне ортанқол бірдемелер
оқырманды жаулап ала бастады. Жастардың да әдебиетке,
жалпы рухани дүниелерге қарай ұмтылысы тым төмен.

Біздің бала күнімізде, ауыл мектебінде оқып жүрген кезі­
мізде елді аралап ақын-жазушылар жиі келетін. Аты-жөн­
дерін сырттан естіп, кітаптан ғана шығармаларын оқи­тын
та­лант иелерімен ауыл клубында әсерлі кездесулер ұйым­дас­

тырылатын. Соларға қызыға қарайтынбыз. Қазақтың қа­быр­
ғалы қаламгерлері Оралхан Бөкеев, Жарасқан Әбдіра­шев­тер
тіпті мен Арқа жақта, Бетпақдалада жылқы бағып жүр­ген
жерімнен «іздеп келген» сәттері де болған.

Жарасқан ағамыз ол кезде «Жұлдыз» журналының поэ­
зия бөлімін басқарады екен. Ел аралап келгенде аудандық
газеттен өлеңімді оқып, риза болған екен. Ол кезде жақсы
жырға құмартып жүрген он алты жастағы бозбала едім. Сондай

ағаларым Алматыдан алыста жүрген менің бір топ өлеңдерімді
алып кетіп, «Жұлдыздың» 1975 жылғы 11-санында жария­
латты. Мұндай қамқорлық маған, әрине, қанат бітірді, ын­
таландырып, жігерлендірді. Ал қазіргі уақытта осындай қам­

қорлық пен әдебиетке деген махаббат жоғалып бара жатыр.
Заман озған сайын адамдардың әдебиетке деген көзқарас­
тары да өзгеше сипат ала бастады. «Ораза, намаз – тоқтықта»
демекші, өтпелі кезеңге тап болған қоғам 90-жылдардың

басында әдебиет оқымақ түгіл, жанбағыстың соңына түсіп,
бала-шаға қамымен кетті. Қаншама қандастарымыз ала дорба
арқалап, арба сүйреуден аспай қалды. Көптеген қалам иелері де
осы тұста әдебиеттен алыстап кетті. Кезінде қаламды қару етіп,

қатар жүрген біраз ақын-жазушы қыз-жігіттер қазір мүлде
керінбей кетті. Қырықтың қырқасынан асып, елуді еңсеріп
үлгерген біздің қатарымыздың өзінде осы әдебиетте маған тек
жанкештілер ғана қалған сияқты.

– Біздің ақын-жазушыларға шетелдегідей «әдеби агент­

тер» қажет деп есептейсіз бе? Жазушы жазады, басқалары
оның кітабын шығарумен, оны таратумен айналысады. Жақ­

сы емес пе? Бұл танымалдылықты арттыра түседі, басқалай,
ақшалай пайдасы да аз емес...

– Иә, соңғы уақыттарда қаламгерлердің жарнамасымен

айна­лысатын «әдеби агент» мәселесі жиі айтыла бастады. Ме­
нің­ше, бұл үрдіс біздің әдеби ортаға келіңкіремейтін сияқты.
Жарнама жасау үшін, алдымен, кең ауқымды аудитория ке­
рек. «Әдеби агенттер» ұстау үшін жазушының өзі ауқатты

болуы керек. Оның үстіне бізде қазақ тілді әдебиетті оқитындар
өте аз, халқымыздың саны да соншалықты көп емес. Мысалы,
әншілер продюсерлермен бірлесіп жұмыс істейді. Бірақ дәл
бүгінгі уақытта эстрада өтімді болып тұр. Ал әдебиет же­

ңілтектікті көтермейді. Ақпараттық қоғамның талғамын қа­
нағаттандыра берсе – әдебиет әдебиет болудан қалады. Кері­
сінше, әдебиет адамдардың талғамын тәрбиелейді емес пе?
Кеңес өкіметі тұсында ақын-жазушылар өнер адамдарының

ішінде ең көп қаламақы алатын, жағдайлары да біршама
жақсы, ең беделділердің алды болатын. Қазіргі өлшеммен
алып қарағанда, бізде жазушылық – ең бір пайдасы жоқ, қай­
тарымсыз кәсіп ретінде қарастырылады.

Осыдан біраз жыл бұрын «әлемде ең көп оқылатын жазу­
шы» деп португалиялық қаламгер Паоло Коэльо Қазақстанда
да жан-жақтан дәріптеліп, жарнамаланып жатты. Мен оның
шығармаларымен жақсы таныспын. Аңыздарға құралған он­

дай дүниелерді біздің кез келген жазушы да жаза алады. Сон­
да шетелдің озық әдебиеті деп тамсанып жүргеніміз осы ма?
Меніңше, мұндай дүниелер – қазіргі заманғы менеджменттің,
пиар-акциялардың жасанды жемісі. Мұндағы басты мақсат –

атыңды шығару және рухани дүниеден гөрі материалдық жағ­
дайды жақсарту ғана. Бұл да болса жарнаманы жалаулатқан
«әдеби агенттердің» жұмысының нәтижесі. Мәселе санда
емес, сапа мен мазмұнда болса керек. Бүгінгі қазақ әдебиетіне

насихат жетіспейді. Өзгеге оқыту үшін ең бірінші өзіміз
оқуымыз керек. Оның үстіне біздегі әдеби орта батыстық үл­
гідегі пиар менеджментке дайын емес. Әлемді мойындату жа­
лаң жарнамамен ғана жүзеге аспайды. Бұл – уақыттың ен­

шісіндегі нәрсе.

– Бүгінде кез келген адам жазушыларға мін тағуға даяр

тұрады. Оларға тағылған мін Жазушылар одағына да тиіп
кетіп жатады. Сондай-ақ әдеби ортаның өзінде «әдебиет
то­қырап тұр, ешкім кітап оқымайды» дегендей пікірлер ай­
тылып қалып жатады...

– Бар проблеманы әдеби қауымның өзіне ысырып қоюға

болмайды. Ұлттың әдебиетін дамытып, рухын ояту үшін үл­
кен бір кешенді бағдарлама, идеологиялық бағыт керек. Билік
тарапынан шығармашылық адамдарына қолдау көрсетілуге
тиіс. Бұл жалғыз Жазушылар одағының ғана айналысатын

шаруасы емес. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қазақ
әдебиетінің өсіп-өркендеуіне билік те, халық та атсалысуы
қажет. Төл әдебиетіміздің қарашаңырағына айналған Жазу­
шылар одағы өз мүшелерінің мүддесін қорғамай қалған кезі

жоқ. Бірақ қайсыбір ағайындар Жазушылар одағын әлеуметтік
қорғау мекемесіндей көреді. Соған қарамастан, қоғамдық ұйым
бола тұра, біз шама-шарқымыз келгенше әрбір қаламгердің
жағдайын жасауға тырысамыз. Үлкен-үлкен мерейтойлардан

бастап, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, шағын әдеби кештер
мен басқосуларға дейін өткізіп келеміз. Бұдан да көп дүние
тындыруға болар, бірақ бәрі тағы да қаржыға келіп тіреледі.
Алыс шетелдерді алмай-ақ қояйық, біздің елдегідей Жазу­

шылар одағы ТМД мемлекеттерінің бірінде жоқ. Оны көріп те,
біліп те жүрміз. Біз өз одағымызды сақтап қала білдік және
сақтап қана қоймай, нақты іс-шаралар атқара алатын, өз сөзін
тиісті жерлерге өткізе алатын, қажет тұста елдің сөзін сөйлей

алатын потенциалды қоғамдық ұйымға айналдыра білдік. Бұл
жерде одақтың басқарма төрағасы Нұрлан Оразалиннің еңбе­гін
ескермей кетпеске болмас, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан
елдерінің шығармашылық одақтары қазір қиын жағдайда

отыр. Ресейдің өзінде бір одақ алты-жетіге бөлініп, мәмілеге
келе алмай жүр. Құдайға шүкір, біз сан саққа бөлініп, бетіміз­
бен кетпедік. Әрине, белгілі бір деңгейде пікір қайшылықтары
мен түрлі көзқарастар текетіресі болып жататын шығар. Бұл

– заңдылық. Алайда қазақ қаламгерлерінің ұлт пен оның әде­

биетіне келгенде мүдделері бір екеніне шүбә келтіруге болмас.

– Соңғы жылдары жарық көрген бір шоғыр жас қалам ие­

лерінің жаңа кітаптарына әлі күнге дейін толыққанды зерт­
теу жүргізіліп, зерделі сын жазылмай жүр...

– Дәл қазір әдеби сынға білек сыбанып кірісіп жүрген сын­

шы-әдебиетшілер жоқтың қасы. Бүгінде ең жас сыншы де­
ген Амангелді Кеңшілікұлының өзі қырықтан асып кетті.
Оның үстіне бүгінгі жастар сынды қабылдай алмайды. Олар
көп жағдайда мақтау күтеді. Әдетте әдебиетте әр буын бірін-

бірі тәрбиелейді. Мысалы, кешегі Кеңшілік, Дәуітәлі, Жа­
расқандар, бүгінгі Иран-Ғайып, Нұрлан Оразалин, Күләш
Ахметовалар үлкен бір таланттар шоғырын құрды. Бүгінде
жастары елуден асқан біздің буын осы шоғырдың алдын ке­

сіп өткен емеспіз. Кейде мен «Біз осы қазіргі жастарды тым
көтермелеп, тым еркелетіп жіберген жоқпыз ба?» деп те ой­
лаймын. Бұлай болуы да керек шығар. Бүгінгі еркін қоғамда
кітап шығару да, баспасөзде көрініп, кеш өткізу де, танымал

болу да жастар үшін аса бір қиын дүние болмай қалды ғой...

– Сіз Жоғарғы партия мектебінде, қазіргі КИМЭП-те

оқыдыңыз. Неге саясатқа кетіп қалмадыңыз?

– Қай заманда болсын ақын-жазушылардың елге танылуы,

өз орнын табуы өте қиын процесс. Біздің өзіміз ертеректе әдеби
ортадан жырақ, елде жүрдік. Алматыға келіп, бірден орнығу
оңай болмады. Жасым отызға жақындаған сол кездерде оқу
іздеп, ауылдағы үй-жайды тастап, бала-шағаммен қаланың әр

бұрышында пәтер жалдап күн кештік.
Көшемін ертең, босатам Коляның үйін,
Бұл көшу маған, әрине, болады қиын.
«Турчатник» жақта тұрақтап үйренген едім,

Тоңады миым, санамда соғады құйын... –
деп келетін өлеңдерім сол бір қиын тұстарда қағазға түсіп
еді. Саяси білім алып жүріп әдебиетке араластым. Қалауым
сол болды. Өлеңге жан-тәнімізбен берілдік. Сол кезде

Тәуелсіздіктің бастауындағы алғашқы жыр мүшәйралары­
ның жүлделерін алған едік. Ол тұста қазақ қоғамы нағыз

экономикалық, рухани дағдарысты бастан кешіру үстінде еді.
Бірақ сонда да әдебиет жасалды. Әлі де жасалуда. Әдебиет
ол – мәңгілік процесс.
Әңгімелескен Алмат ИСАДІЛ.

«Алаш айнасы» газеті,
2010 жыл, 27 ақпан

КӨКТЕМНЕН КӨКТЕМ ІЗДЕГЕН ЕЛДІҢ ҰЛЫ

Қазақтың аса ірі ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан: «Ақын
сөзі түркі тілдес халықтардың ұғымындағы ағыс, ағын, өзен
ағыны дегеннен шықса керек. Сібір халықтары болсын, Орта
Азия халықтарында болсын, осы ұғым ортақ мағынаға ие», –

деп жазады. Марғұлан бұл атақты иеленген жан ертеден-ақ
халық арасында ерекше қасиет, құдіретке ие сәуегей, әул­ие
бақсылармен иықтас деп ойын түйіндейді. Ғұлама ғалым­
ның осы ойына сүйене қарасақ, қазіргі қоғамдағы ақын-жазу­

шылардың алар орны да анықталатындай. Қоғамдық қай­
шылықтар мен күрделі саяси-әлеуметтік құбылыстармен
көр­нектелген бүгінгі кеңістікте қаламгер қауым арқалар жүк
жеңіл емес. «Дүние – үлкен көл, замана – соққан жел» өзіндік

әлем құрса, ақын қауым сол әлемнен қатар арналанар үлкен
ағын, шалқар дария деуге сыяды.
Осы орайда қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық «Алаш»
сыйлығының лауреаты, Қазақстан тәуелсіздігінің бір жыл­

дығына және Сәбит Мұқановтың 100 жылдық мерей­то­
йына арналған республикалық ақындар мүшәйрасында бас
жүлдегер иеленген, 2001 жылы Түркияда өткен түркі тілдес
ақындардың халықаралық фестивалінің «Ақшам жұлдызы»

арнайы сыйлығының иегері, бірнеше жыр жинағының авторы,
«Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, жер­
лесіміз Ғалым ЖАЙЛЫБАЙМЕН әңгіме-сұхбат құрған едік.

– Ғалым аға, елге келген қадамыңыз құтты болсын!

Әуелгі сауалды Ақындық табиғаты, Ақын әлемі хақында
ұштасам деймін. Сіздің Ақындық әлеміңізбен ертеректе
жарық көрген «Жанымның жапырақтары» атты тырна­
қалдыңыз арқылы, 90-жылдары шыққан «Жүрегімнің жұлды­

зы», өткен жылы оқырман қолына тиген «Құсқанаты» арқы­
лы таныспыз. Оның сыртында республикалық басылым бет­
терінде қазақтың үлкен ақындары Сіздің поэзияңыз жөнін­
де «Құсқанатындағы құсни жырлар» деп, «Қазақ өлеңіндегі

шертпе күй» деп жазып, баға беріп келеді.

– Рахмет. Ақындық дегеніңіз Алланың сыйы. Жалпы,

өлең – ғайып нәрсе. Солайы солай екен деп, ақын «Бергеніңе
шүкір» айтып, тоқмейілсіп жүрмегені абзал. Поэзия әлеміне
енген жан әрдайым өзін-өзі бәйгеге қосылар жүйріктей іштей
жаратуы керек, үнемі ізденіспен, оқумен шыңдала беруі

керек. Сосын ақынға орта керек. Орыстың үлкен сыншысы
Белинский айтыпты «Ақындық дегеніміз – ұжымдық құбы­
лыс» деп. Ақынды орта қалыптастырады. Жақсы өлең ой
бөліскенде, іштей жақсы бәсекелестік болғанда туады. Мә­

селен, Пушкиннің маңында Туманский, Богданович сынды
серкелер болған. Олар Пушкиннен бір де кем емес еді. Абайдың
ақындық айналасын қараңыз. Осы тұрғыда қарасаңыз, ақынды
замана, уақыт тудырады.

Менің жеке тәжірибеме келер болсақ, менде орта болмады.
Мектеп тәмамдаған соң ауылда қалдық. Шопан болдым, жыл­
қышы болдым. Өлеңді он үш, он төрт жасымда жаза бастадым.
Сол кездері аудандық, облыстық басылымдарға жариялана

бастадым. Жалпы, ақын жазған соң жарияланып тұруы ке­
рек. Міндетті түрде. Талай жақсы ақындарды білемін, дер
кезінде жарияланбаған соң, өзін-өзі жоғалтып алды, өз ішінде
булығып қалып қойған жан іштей өзін-өзі мүжіп, өшіріп алады

дарынын.
1975 жылы мектеп бітірген соң «Жеңісте» (Ақынның ту­ған
жері – Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» совхозы – С.С.) шопандар
бригадасында қой бағып жүргенмін. Бір күні қа­зақтың үлкен

ақындарының бірі Жарасқан Әбдірәшев іздеп келіп
тұр. Ауданға келгенде жергілікті газеттен өлеңдерімді
оқып, арнайы жүздесуге келген екен. Ол кезде марқұм
27-28-дегі жас жігіт. Сол жолы өлеңдерімді алып кетіп,

«Жұлдызға» жариялап жіберді. Ал өмірімде алғаш
8-267

көрген «тірі» ақы­ным – Сайлаухан Нәкенов. Насихаты
кем болғанымен, көлденең жұрт «жезқазғандық ақын» деп
танығанымен, Сайлаухан Нәкенов – Сағи, Тұманбайлар
сынды тұп-тұнық, тұңғиық лирик. Кәдімгі сөз қасиетін, сезім

сыңғырын бере алатын мықты ақын деп білемін. Жалпы, әр
ақын – жеке бір әлем болады. Кез келген ақын жайлы кесіп-
пішіп бір ғана пікірді ұстануға болмас. Сол секілді өлеңге
«Ол мынадай болуы керек, мынадай болуы керек» деп рецепт

ұсынуға да болмайды. Түркі тілдес бауырлас халықтардың
қазақ поэзиясы жайлы бағалары өте жоғары. «Қазақтың бір
өлеңі бір роман-эпопеяның жүгін көтере алар деңгейде» деп
біледі...

– Алматыға қалай бардыңыз?

– Алматыға қалай бардыңыз дегенің – поэзияға қалай

келдіңіз дегенің болар. Иә, 1989 жылы Алматыға барғам. Ол
кез жас отыздан асқан, жастықтың желігі басылыңқыраған,
етек-жеңімізді жиып, үйлі-баранды болған шағым-ды. Әрине,
бұған дейін «Жігер» фестиваліне барғанмын. Ақындардың

көбімен таныспын. «Жігерге» барғанда жақсы көзге түсіп,
Жұмекен Нәжімеденов ағамыз алғысөз жазып, «Қазақ әде­
биетіне» топтама өлеңдерім жарияланды. Алғаш Алматыға
партия мектебіне оқуға барғанмын. Онда да әкім болайыншы-

ау, бастық болайыншы-ау деп емес, Алматыға жеткім келді.
Орта іздедім. Әу баста тұрмыс жағдайында қиындық көрдік.
Соның бәріне шыдап, жақсы ағаларым мен жолдастарым
арқасында сол жақта қалып қойдық. Ақындық тағдырыма

ризамын. Достарым – қазақтың белгілі ақындары Ұлықбек,
Жәркен, ағаларым Қадыр, Тұманбайлармен етене араласып,
сыйласып бірге келеміз.
Алматы маған Ақындардың астанасы секілді болады да

тұрады. Жазушылар одағына кірсең де, Алатауға қарасаң да
бір ерекше сезімге еніп, айналаңда ақындардың аламаны өтіп
жатқандай күйге бөленесің...
Біздің толқын – қазір жасы қырықтың үстіне шыққан бу­

ын қазақ поэзиясының үлкен жүгін көтеріп келеді. Бірақ біз

поэзияға енді араласқанда қиын бір жағдайға түсіп қалдық.
Нарық келді дегендей, формация өзгерді дегендей. Елдің
әдебиетке, өнерге, жалпы рухани құндылықтарға көзқарасы
өзгере бастаған кез еді ол. Ол кезде кітап шығару қиын болып

кетті. Тұрмыстың түйткілдері қапталдасып, жан-жақтан киме­
леп кетті. Соны жеңіп келді біздің буын...

– Сіздің шығармашылығыңызбен оқырман ретінде та­ныс

болғандықтан сұрағым келеді: жинақтарыңыздан, жалпы
мерзімді басылым беттерінен поэма сынды көлемді туын­
дыларыңызды байқамадық...

– Оның рас. Бұдан бұрын шыққан жинақтарда еш поэмам

жарияланған жоқ. Кітаптардың көлемі көтермеді. Бірақ поэ­
маларым бар. Ертеден жазып келемін. «Алапестер ауылы» атты
драмалық поэмам бар. Қоғам, уақыт туралы. «Киік көзіндегі
жазу» атты поэма жаздым. Кез келген көлемді шығарма сынды

поэма да көп ізденіс талап етеді. «Киік көзіндегі жазуға» барар
жолда көп іздендім. Киіктер туралы зерттеу мақалаларды,
кітаптарды оқыдым. Өзім де сериялы мақалалар жаздым.
Киік – Қазақстанда, Моңғолияда, Қытайда ғана өмір сү­

ре­тін жануар. Өзге жануарлар сияқты емес, бірінің төлін
бірі емізіп кете беретін жануар ғой. Қазақ табиғатына келеді
деуге болады. Сосын біздің елдегі экологиялық ахуалдар бар,
қоғамдағы келеңсіздіктер бар, барлығы осы поэманың тууына

әсер етті.
Поэма тек киік туралы емес, киік тұлғасы шартты түрде
алынды. Арқаның даласында кеше киік қандай көп еді. Жа­
сымыздан көріп өстік. Ауылда, табиғаттың ен ортасында,

сұлулықты кешіп жүріп есейдік. Менің өлеңдеріме осы қа­
зақылық, қара өлең табиғаты тән...

– Осы орайда жас ақындар жайлы, қазіргі қазақ поэзия­

сының аяқ алысы, жаңашылдық пен дәстүр туралы ой түйе
кетсеңіз...

– Мана айттық қой, қазақ өлеңі қазір әлемдік деңгейге

көтеріліп, өсіп кеткен деп. Қазір небір ғаламат ақындар
бар. Жастар арасында да өлең өлкесіне өзіндік үнімен, жақ­

сы қалыппен қосылған Астанадағы Тоқтарбек Хамзин, көк­
шетаулық Алмас Темірбай, семейлік Жанат Әскербекқы­
зын атауға болады. Дәстүр мен жаңашылдық дегенде қа­
зақы қара өлең мен қазіргі толқын көп ұрынып жүрген

түсініксіздік, күрделілік туралы айтуға болады. Егер қазақ
өлеңінің идеялық, тіпті идеологиялық асқары Абай деп алсақ,
Абаймен бірге дәстүрлі қазақтың қара өлеңін алсақ, нағыз біз
ұстанар Темірқазық осылар болуы керек. Өлең оқырман үшін

жазылады ғой. Тек әдебиетші үшін жазылса, түр мен мазмұнда
неше түрлі жаңалықтар ашуға болады. Бірақ қарапайым оқыр­
манды ойлау керек әуелі. Өлең түсінікті болуы керек.
Абай айтқан «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс

жұмыр келсін айналасы» дегеннің үдесінен шыға білсе де
қазіргі ақын аз шаруа тындырмас еді. Кез келген формада
өлең жазуға болады. Бірақ әуелі өз жаныңа жақын сезімдерді,
өзіңді қалай алдайсың? Қазір, «Ерінбеген етікші болады» де­

гендей, ұялмай, өлермен өлеңші болып жүргендер жетерлік.
Біреулер зейнетке шыққан соң өлең жазатын болды. Біреулер
сол арқылы тұрмыстық жағдайын түзеп алғысы келеді.
Ондайлардың жолы болғыш келеді. Жарайды, қызғанбадық

солардан өлеңді. Тағы бір ұнатпайтыным, қазіргі ақындар
ойлайды «Мен өлең жазамын, маған ел қызмет жасауы керек»
деп. Мүлде олай емес, ақын өлең жазса, ол оның тағдыры.
Ол ақын болса, еліне қызмет жасауы керек. Жалпы, ақын

атаулы ең әуелі адалдықтың, пәктіктің белгісі, үлгісі болуы
керек. Кеңестік кезеңде қалыптасқан түсінік қой, ақын деген
бұзықтау болуы керек, аздап ішіп жүруі керек деген. Олай емес
менің түсінігімде, ақын ең әуелі ардың жоқтаушысы, керемет

киенің иесі болып қабылдануы керек. Ақын деген әдемі болуы
керек. Сөз бен істің бірлігі керек...

– Сіздің өлеңдеріңізді оқып отырсақ, мәселен:

«Дүр-дүние – әр пендеге нақ сонар,
Тауы – мұнар,
Аспаны – бұлт,

Бағы – ырыс.
Құсқанаты – Ар боп жауған ақша қар,
Көктемдердің көзіндегі сағыныш»;
«Біздің сапар Сарыбелден басталған...»

немесе:
«Есіл ағады,
Есіл ағады...» –
деп келетін цикл өлеңдеріңізден, өзге де жырларыңыздан мәңгі

қозғалыстың, ұлы көштің сарыны сезілетіндей. Бір жерден
оқыған едім, «Жиырмасыншы ғасыр соңына таманғы қазақ
поэзиясының бір бөлімі сапарнама жырлары, алыс-жақын ше­
телдер туралы көркем дүниелер тізбегімен ашылады» деп. Со­

сын тағы бір өлеңіңізде жазасыз:
«Құдай сақтады, құдай сақтады,
Ажалым жетсе өлер ем...» –
деп. Осы өлеңнің өне бойынан бір шешім алдында тұрған жан­

ның, бір өткелден өтіп кеткен жанның тебіренісі сезілетін
секілді.

– Қазақ табиғатына сіңген көшпенділік әлемінің жұрна­

ғы біздің әрқайсымыздың бойымызда бар ғой. Мен өз басым
ел көрген, жер көргенді, сапарға шыққанды жақсы көремін.
Қызмет бабы солай болды. 2001 жылы Түркияда «Шайыр­
лар ақшамы» фестивалінде болдым, одан ілкіде Украинада

болған едім. Мұның бәрі адамға әсер етеді. Жыр болып жарып
шығады. Ақын өмірдің қайнаған ортасында болып, тірліктің
түрлі түйткілдерін көруі керек...
Жалпы әр өлеңнің жазылу тарихы болады ғой. Жаңа

соңғы айтқан өлең жазыларда қалада көлік қағып кете
жаздаған еді. Қым-қуыт қайнап, ағып жатқан қала көшесі ғой.
Содан туған сезімнің толқынысы ғой. Немесе «Қап арқалап

бара жатыр қыз бала» деген өлеңді алайық. Осыдан үш-төрт
жыл бұрын көшеде көрдім, жап-жас қазақ қызы қап арқалап
бара жатыр. Ақын деген суретші ғой. Сол қызды жасанды­
рып, түрлі деңгейде болып жататын сұлулық байқауларына

апарыңызшы, мысалға. Ал ана бала арын саудаламас үшін қап
арқалап базарға бара жатыр. Қарапайым өмір шындығы, аста­
рында тұтас бір ұлттың мұңы мен зары жатыр тұншығып. Өлең
туды солай. Жалпы өлең, жаңа айтқандай, түр, қалып арқылы

қолдан жасалмауы керек, өлең тууы керек...

– Жақын күндері Жезқазғанда жыр кешіңіз өтеді екен. Бұ­

ған шейін туған жеріңізде болсын, Алматыда болсын, жеке
шығармашылық кештеріңіз өткенін естімеген едік...

– Рас, мен шығармашылық кештерді көп өткізген жоқ­

пын. Әредік студенттермен кездесулер болған шығар, кітап­
ханаларда оқырмандармен жүздесулер болған шығар. Ал
Жезқазғанда алғаш рет өтпекші.
Жезқазған мен үшін тек асты кеніш, үлкен өндірісті қала

емес, адамдары да ақ жүректі, қазақы қаймағы бұзылмаған,
жомарт, әдемі қала, үлкен мәдениет, өнер ордасы. Мұнда ме­
нің жастығымның жалынды күндері өтті, көптеген дос-жар
жақын адамдар бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын жезқазғандық

азаматтар шақырып еді, шығармашылық кешіңді өткізелік
деп, соның реті енді түсіп тұрған тәрізді.
Қожа Хафиздің жазатыны бар ғой «Ақынын әкімі іздесе
жолы болар, Әкімін ақыны іздесе соры болар» деген маз­

мұнда, сол айтқандай, Жезқазғанның әкімі Жұмамәди Иба­
діл­дин ағамыз өнердің жанашыры деп білемін. Жергілікті
ақындардың, мысалы, Қуаныш Ахметовтің, Ғазиз Ешта­
наевтың, Сайлаухан Нәкенов, Батырбек Мырзабеков, Төкен

Әлжантегінің кітаптарын шығаруға көп көмектесті. Өзі де
арғы-бергі өткенді екшеп, жинастырып жүретін, білімді,
аяу­лы азамат. Міне, сол ағамыз бар, Жазқазған қалалық мә­
дениет бөлімінің меңгерушісі, үлкен ақын Зулпа Чумакова,

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ректо­
ры, ақын, ғалым, қазақтың үлкен зиялы азаматы Жұмағали

Наурызбай ағамыздың қолқа салуымен, көмек-қолдауымен
шығармашылық кешті өткізуге бекіндік. Оның сыртын­
да, белгілі қоғам қайраткері, менің досым Әлихан Бәйменов
басқаратын «Зерде» қоғамдық қорының демеушілігімен осы

кешті жақсы бір жайсаң, жайдары қалыпта өткізсек деген
ниет бар. Кешке қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов
ағамыз, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ақиқат»
журналының бас редакторы Темірхан Медетбек және өзге де

қазақтың белгілі ақын-жазушылары, әншілері, өнер жұл­
дыздары қатысады...

– Адамға туған жер қашанда ыстық қой. Арқаның белі

Жаңаарқада туып, үлкен жыр әлеміне қанат қақтыңыз.
Осы сапарда өзіңізбен тілеуі бір жұбайыңыз, балаларыңыз,
ағайыныңыз да бірге келеді деуге сыяды ғой?..

– Әрине, туған ауыл, тума-бауыр әрқашан да жүрекке жа­

қын, жаныңа аяулы болады. Әкей елге сыйлы жан болды.
Уыздай ұйыған отбасыдан 11 бала шықтық. Шешей ауыл­
да. Жаңаарқа жері – өте киелі жер, онда туған әр ұлан елінің
ертеңі үшін ер көтерер үлкен жауапкершілікті көтеруге да­

йын туады дей аламын. Тынышбай Рахимовтың бір өлеңі бар
ғой «Ерте ғашық болдым да, ерте үйлендім» деп келетін. Сол
секілді мен ерте үй болдым. Жұбайым Бибіғайша Алматы­дағы
М. Ма­қатаев атындағы гимназияда директордың орынбасары

болып қызмет істейді. Үш баламыз бар. Үлкеніміз – Азамат,
әке-шешенің қолында өскен, қазір қызметте, кейінгі бір қыз,
бір ұлымыз – Саламат пен Айдана мектепте оқиды. Тәуба деп,
ел аман болсын, жер аман болсын деп ғұмыр кешіп келеміз...

...Қолымда ағамның «Құсқанаты» жинағы. Өткен жылы
арнайы іздеп тауып алғанмын. Ағамнан қолтаңба, естелік
лебіз жазуын өтіндім әңгіме тарқарда. «Өмірің өлеңіңдей,
Өлеңің өміріңдей болсын! Ағаң Ғалым» деп жазыпты.

Бір-ақ ауыз тілектен саналы жан ғұмырының өлшемі етер­
дей, тірлігіне Темірқазық етіп тұтардай салмақты аңғар­
дым. Аңғардым да Ғалым ағамның, қазақтың Ғалымының бір
шумақ өлеңін таңдайға бастым, тамсанып:

Наурыз келді!
Түзелер ендігі күнім,
Көңіл біткеннің аян ғой кеңдігі бүгін.
Үскірікте де үмітін үкілеп ұстар –

Көктемнен көктем іздеген елдің ұлымын...
Серік САҒЫНТАЙ.
«Орталық Қазақстан» газеті,
11 наурыз, 2003 жыл

ТАЛАНТ –

ТАҒДЫРЫҢНЫҢ

ТАМЫРЫ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик ақынымыз
Қасым Аманжоловтың дүниеге келгеніне биыл ғасыр толып
отыр. Бұл ғасыр – Қасымның ғасыры, қазақ жырының жи­
ырмасыншы жүзжылдықта жаңа реңк алған бір дәуірін өз

қолымен сомдаған атақты ақынымыздың ғасыры. Қасым­
ның жыры мен сыры, ғұмыры, өнері, майдан кешкен талай­
лы тағдыры, жетімдік қамытын мойнына ілген балалығы мен
аза­маттық асқақтығының бәрі-бәрі тұтасып, ғасыр өріне келіп

тұр. Қасымның дүниеден озғанына да жарты ғасырдан асып
кетті.
Қазақ жырының ақ нөсер жауыны, ақ түтек дауылы, «най­
зағайлы қара бұлттан от алған» дауылдай өртке тиген өлеңімен

өмірінен өлең жасап берген Қасым рухы, Қасым жыры бүгін
бізбен Қарқаралының қария тауларын, қазақтың Қара орман
жұртын тербетіп тұр.
Қасымның ақындық болмысын, жүрегінің лүпілін, сезімінің

сыңғырын тану үшін оның өлеңбаянына айналған өмірбая­ны­
на үңілмесе болмайды.
Қалсам бір қаусап мен өліп,
Достарым, аңсап өкінбе.

Найзағайлы қара бұлт болып,
Жаңбыр боп жауып өтті де.
Қазақ жырындағы санаулы саңлақтар санатында дара
дау­сы, өршіл үні, қайталанбас қолтаңбасы бар Қасым Аман­

жоловтың соңында қастерлі мұрасы қалды. Оның өлеңдері
мен поэмалары, сонеттері мен романстары, аудармалары мен
мақалалары Уақыт атты құдіреттің көзімен қарағанда өзінің
таланты мен дарын қуатын алдаспандай жарқыратып, тарих­

тың аласапырандарында идеологиялық тізгін шығармашыл­
дық нарықтауға тосқауыл болғанын да аңғару қиын емес.
Ақын ғұмыры буырқанған бұлқыныстардан, қарама-қайшы­
лық­тан, бақ пен сордан, ақ пен қарадан тұрады. Оның ғұмы­ры –

қасірет пен қасиетке толы ғұмыр.
Ұлттық поэзиямыздың Абайдан кейінгі алқынған ақ бұ­
лақтары Ілияс, Мағжан, Сәкендерді жүйесіз жүйе жүндей
түтіп, тулақтай қадірін қалдырмай тарих сахнасынан көздерін

«жойған» тұста Қасым-жырдың жасындай жарқ етуі қасиетті
қара өлең рухының жан дауасы еді.
Өмірге ендім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден.

Жетімдік тағдыр жетті ептеп,
Қабағын жаба түксиген.
Өмірден үміт жоқ өзге,
Даланың тердім тезегін.

Әкем боп таптың сол кезде,
Советтік менің өз елім!
Галстук қызыл мойнымда,
Мектепке қарай жүгірдім.

Қолымды тұңғыш қойдым да,
Бетін бір аштым білімнің.
Сапқа да тұрдым, ту алдым,
Келді деп менің кезегім.

Әкемдей сонда қуандың,
Советтік менің өз елім!
...Бұлбұлым сайра кеудемде,
Бұлбұлым – менің жүрегім.

Көңілдің күйі келгенде,
Ағыл да тегіл жыр едім.
Ағыттым ойдан ел үшін
Өлеңнің ерке өзенін.

Ақының болдым сен үшін,
Советтік менің өз елім!
Меніңше, Қасым-өлең – Ана-жұрттың құрсағынан ғасыр­
да бір туатын ғаламат. Ақын жырында Шығыс пен Батыс

шайырларының қаламынан туған інжу-маржандардың жар­
қылы, жыраулық поэзияның рухы бар. Отанды да, ортаны да
ақын таңдамайды.
Ендеше, «Советтік менің өз елім!» деп ақынның асқақ па­

фоспен үн қатуын ХХІ ғасыр ұрпақтары да алаңсыз қабылдар.
Хал-қадерінше ішкі иірімдеріне сүңгір.
Туған даласын тап Қасымдай егіліп, төгіліп, еміреніп жыр­
лаған ақындар кемде-кем.

...Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Осы жолдарды Қасым жайлы толғанысында мысалға ал­

ған академик Серік Қирабаев: «Бұл – бүгінгі айтылатын Еге­
мендіктің сөзі екен; Қасымның оны уақытынан бұрын айта
білгені де дау тудырмайды», – деп шешімді де кесімді бағасын
айтады.

Жер бетінде шарлаған ізі қалған ақынның қазақтың ор­
маны мен даласын, тауы мен көлін, жазиралы байтағын жыр
ет­кенде аруақтанып, рухтанып кететінін, оның болашағына
сеніп, барына балаша қуанатынын байқайсың.

Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс;

немесе:
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям – Алматым.
Кең көшеңде басар нық

Мен бір ақын солдатың!
Сенімді өлең жолдары – туған елге деген махаббат сезімдері,
алғаусыз ақын көңілдің арай-нұры.
Біздіңше, ХХ ғасырдағы қазақ жырын Қасымға дейінгі

және Қасымнан кейінгі кезең деп бөліп айтуға әбден болады.
Қараңғы түннің қойнауын найзағай жарқылымен тілгілеген
құдіретті жырлар арқылы ол өз дәрісханасының жұлдызды
шәкірттерін молайтты. Ол мектептің аты – Қасым мектебі

еді. Бұл жөнінде қазақтың абыз ақындарының бірі Әбділда
Тәжібаев былай дейді:
Жүрегің мен жүрегімді бір сана,
Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, сана.

Әрбір өнердің өзіндік мәдениеті бар. Сол мәдениет поэзияға
да тән. Қасымның осы шеберлігін оның қазақ поэзиясына бер­
ген мәдениеті деп тануымыз керек. Қасыммен осынша шұ­
ғылдануымыздың бір себебі: ол өзінің жаңа серпінімен кең

тынысты жырлар туғызып ғана қоймай, өзгелерге де ерекше
ықпал жасады.
Осы күнгі сүйікті ақындарымызға айналған Ғафу Қайыр­
беков, Ізтай Мәмбетов, Аманжол Шамкенов, Тұманбай Мол­

дағалиев, Еркеш Ибраһим, Тілеген Шонашов, тағы басқалар
ең әуелі Қасымға шәкірт болып бастағандарын жасырмаса
керек. Көпке дейін Сырбай Мәуленов те шабыт туралы ойлар­

ды Қасымша қайталап жүрді. Өз стилі бар, өзіндік орныққан
жолы бар кекселеріміздің өзінде де Қасым интонациялары,
тіпті оның даяр теңеу сөздіктері де кездесіп қалып отырады.
Әбділда ақынның өзінің замандасы, тіпті өзінен бірер жас

кішілігі бар Қасымға қарата айтқан осы бір жүрекжарды
лебізін Қасым мектебінің қалыптасуына берілген баға, мойын­
дау деп қабылдауыңыз керек.
Замананың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаев Қасым ағасын

сонша қастерлейді:
...Жеді... тынды... керемет дерттер төніп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген қалғыған Жанартау ғой,

Жанартау ғой... жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда» – иесі Қасым.
Қасым солай болмаса, несі Қасым?!
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,

Сөредегі Қасымын есіне алсын.
Ұлы ақынның аруағын аялай отырып, жүрек сөзін айтады.
Қазақтың тағы бір тұғырлы ақыны Жұмекен Нәжімеденов:
...Мезгілім аз қайтпаған, жасымаған,

Ал түңілген кездерім басым одан.
Мазалама Пушкинді, менің үшін
Жетіп жатыр өзімнің Қасым ағам... –
деп асқақтатады.

Бұл ақындардың қай-қайсы да ұлтымыздың жұлдызды ша­
йырлары, Қасым мектебінің дәріскерлері.
Бүгінгі ұрпақтың негізгі ұстанар бағыты ақынның кісілік
келбеті мен асқақ жырларынан қалыптасқан ақындық тұлғасы

болуы керек. Өкінішке қарай, қай ортада болмасын, Қасым
жайлы айтылар сөздің бір ұшы ақынның баспанасыздығы жай­
лы әңгімеге барып тіреледі. Ақын жайлы «мифке» айналып

кеткен осынау беделсіз әңгімеге жұрттың өнер адамдарының
талайлы тағдыры жайлы алыпқашпа жел сөздерден құралған
түсінігін қоссақ, қазақтың көптеген тарлан тұлғаларын
кемсітуге апарып соғатын бір бықсық пиғылды аңғарамыз.

«Ақын деген – сәл қиялилау, өзге жұрттан пенделік несібесі
кемшін, тірлік соқпағының соқтықпалы қияметті тұстары
молдау адам» деген түсініктен арылатын уақыт жетті. Мұндай
идеологиялық нәрі жоқ әңгімелерден ұлттық тұлға, қазіргі

кезеңде жетісіңкіремей тұрған ұлттық азамат, мемлекетшіл
һәм мемлекеттік тұлға қалыптастыра алмасымыз анық. Ал
Қасым жырларынан осы іздеген жоғымызды таба аламыз.
...Бір еді тағдырымыз екеуміздің,

Қанғырған қаңбағындай құба түздің.
Жалбырап жұртқа шыққан жауқазын ек,
Көзіне ерте ұрынған долы күздің.
Ол он бір, мен алтыда қалдық жетім,

Айта алмай әке кетті өсиетін.
Дариға-ай, ең соңғы рет не ойлады екен,
Біздер жоқ қабіріне бас иетін.
Пәле қу, із аңдыған қызыл тұмсық,

Басында жетімдердің барлық қырсық.
Жаулығын теріс байлай ана кетті,
Сыртта жел, үйде біздер қалдық сыңсып...
«Үш шошақ», «Қызыл көшен», «Қара кемер»,

Тас болып көкірегіме байланған шер.
Баяғы Қасым, Тайжан хикаясын
Заманға өткен-кеткен айтып берер.
Аққан су Ақтайлақтан ақтарыла,

Жағада екі жетім жатпады ма?
Қосылып біздің жарлы үнімізге
Сырлы өзен сырнайлы күй тартпады ма?

Қарадоқ, Күйген бекет, Талдың бойы,
Кең жайлау ата-баба өткен тойы.
Тудай боп желбіреген аспанында
Аманжол ұрпағының абыройы.

Орманы, сол аймақтың бетегесі,
Аң мен құс, көл еркесі, жер төресі.
Айта алмай ойдағысын арманда боп,
Тыңдаған зарымызды ерте-кеші.

Қара түн, қасқырлы сай, қалың орман,
Ығында жын түнеген ескі қорған.
Құлазып жаңғырыққан ескі қыстау,
Қарлығаш ұя салып, байғыз қонған.

Жолаушы дұға оқып жаяулайтын,
Қалжырап келе жатқан ұзақ жолдан.
Дозақтай түсі суық бейіттер де
Біздерге әке үйіндей мекен болған.

Бейуақта не бейіттен, не қорғаннан
Біздерді көрген адам естен танған.
«Ойпырмай, Тайжанбысың, сайтанбысың?»
Деген сөз ел аузында содан қалған... –

деп өз өмірінен өлең жасап берген Қасым сол дәуірдің нағыз
тағдырлы-талайлы перзенті еді. Біз бұл туралы ағалар есте­
лігі мен көптеген деректерден жиі оқып келеміз. Бірақ, дей­
тұрғанмен, Қасымды енді жетімдік тағдырынан арылтып,

баспанасыздығын да, тірлігінде көлденең кездескен көп кедер­
гімен күресіп, шамырқанған ашушаң адам қалпында елестетуді
доғаруымыз керек тәрізді.
Қасым – қазақтың өзі, сол қысталаң дәуірдегі әр қазақтың

қасиеті Қасымның ғұмырынан, жырынан аңқып тұр. Қасым­
ның басынан өткен ауыр тағдыр әр қазақтың басынан өткен
жоқ, өтсе де, ердің ері, азаматтың азаматы ғана шыдас берер
9-267

сынды көтерер бірегей ерлерінің басынан өтті. Сол тұрғыдан
қарағанда, Қасым тіршілігінде ұлттың намысы мен арын,
тағдырын, өнерін арқалаған ақын еді. Енді арада ғасыр өткенде
Қасым әр қазақтың жүрегінде азаттық пен қазақ қасиетінің

жыршысы, арман-мұраттардың жаршысы ретінде қайта тууы
керек. Әр қазақтың жүрегі Қасым жырына баспана болуы ке­
рек.
Қазақтың ұлттық әдебиетінің сан ғасырлық салқар көшін

саралап қарап отырсақ, сонау Күлтегін, Қорқыт дәуірлерінен
бастап-ақ, сөз ұстаған ақын-жырауының асқақ тұлғасы еркін
қалыптасқан. Қорқыт ата сегіз ханға уәзір болған, сөзіне жар­
ты жалғанның жұраты иланған әулие еді ғой, Асан Қайғы

мен Майқы би, Ақтамберді, Бұқар бабаларымыз сөзіне бұқара
халық қана емес, хан-сұлтан бас иген қадірлі ақындарымыз
еді ғой. Абай заманында да, сал-серілер дәуірінде қазақтың
басынан жеке мемлекеттігі кеткен соң ұлттық мұңымыз бен

өнеріміз, салт-дәстүріміз, қазақтың өз ортасындағы, атыра­
бындағы адам келбетін қалыптаған өзгеше жыр үлгілері дү­
ниеге келді. Ал Қасым туған дәуір де қазақтың басынан жеке
мемлекеттік мәртебе алыс болған, мемлекетшілдік рух, ұлттық

идея аласталған аласапыран заман еді ғой. Соған қарамастан,
Қасым және сол дәуірдегі қазақ жырының қаншама жампозда­
ры ұлттық поэзияның туын асқақ ұстай білді.
Қазақтың қай дәуірде болмасын, ақыны – ержүрек батыр,

батыры – ақберен ақын болғаны тарихтан белгілі. Ал Қасым
басынан өткерген өрт-дауылды ғұмыр кешегі ер етігімен
қан кешіп, ат ауыздығымен су ішкен қазақтың рыцарьлық
дәуірінің жиырмасыншы ғасырдағы қайталанған көшірмесі

іспетті. Қасымның майдан жайлы жазған, соғыс тақырыбын
толғаған алапат жырлары кешегі Ақтамберді одаларының
жаңаша ырғағы тәрізді, Қасымның соғыста құрбан болған Аб­
долла досын жырға қосуы Махамбеттің Исатайды жырлағаны

тәрізді! Өзі жаужүрек батыр, рухы асқақ ақын, сал-серілігі
бір төбе Қасым – қазақ ұлттық ақындарының жиырмасын­
шы ғасырдағы жаңаша келбет иеленген жиынтық образы
десек, артық емес! Оның жауынгерлік жырлары жыраулар

поэзиясының заңды жалғасы, рухани ұрпағы, оның азаматтық
поэзиясы – Шортанбай, Мұрат, Абай салған ақындық жолдың
соны соқпақ, дара даңғылдарға ұласуы, оның лирикасы –
Мағжан мен Ілияс, Сұлтанмахмұт, Бейімбеттің топырағынан

нәр-қуат алған поэзия десек те жаңылыспасымыз анық.
Сөзімізге дәлел іздесеңіз, қазақ поэзиясының әр дәуірдегі төл­
тума жауһарларын Қасым поэзиясымен ұштастыра отырып
оқып көріңіз. Он бесінші ғасырдағы қазақ жырынан жиыр­

масыншы ғасырдағы Қасым өлеңдерінің рухын аңғарасыз,
он тоғызыншы ғасырдағы дәуірнамалық жәдігерлеріміздің
Қасым жырлары арқылы жаңаша өрнектелуін тану, табу аса
қиын емес.

Қасым жайлы аға буын жазып кеткен естеліктерді, ғалым­
дардың сыни пікірлерін саралап отырып, ақын шығарма­
шылығының қазақ поэзиясына әкелген соны құбылыстарын
жеке-жеке талдауға мол мүмкіндік бар дей аламыз. Мәсе­

лен, Қасым жырларының рухани қуаты, сол дәуір тұрғы­
сымен салғастырғалы қарағандағы тосын образдар галерея­
сы, ерекше мінез, жаңа буындық-мәтіндік қалыптар, Қа­
сым аудармаларындағы шығыстық нәзира дәстүрі де әлі то­

лыққанды зерттелмей тың жатқан тақырып.
Қасымның жазған дүниелерін саралаған ғалымдардың ізде­
ністерін екшей отырып, әрі ақынның өз жырларын, заманда­
стары тізген естеліктерді қарап отырып, Қасымның сол дәуірде

жазғаны бір бөлек те, жаза алмай кеткен – денсаулық күйімен,
соғыс қасірет-қияметімен, идеология қақпақылымен жаза ал­
май кеткен дүниелері қаншама деуге болатын тәрізді.
Бұл – Қасым ізін жалғауға талпынған қазақтың әр ақыны

үшін ашық алаң, көкжиегі кең кеңістік емес пе! Мәселен,
ақынның «Өзім туралы» атты ғұмырнамалық дүниесі – аяқ­
тал­маған үлкен шығарманың бізге жеткен ұшқыны ғана!
Үзін­ді іспетті қалпының өзінде әнімен қосыла өріліп, естіген,

оқыған жанның жадына тасқа қашалғандай сіңіп кететін,
ізін қалдырып кететін осынау классикалық дүние толығы­
мен қолымызға тигенде, заман мұрасына айналғанда қалай
болар еді? Әлемнің көзіқарақты салауатты ғалымдары

мен ізденімпаз, білмекке құштар әр тұрғыны үшін Милос
Венерасының иығы тұсынан қырқылған қолы туралы аңыз
қандай жұмбақ тылсым болса, Қасым жырының жалғасы да
қалам ұстаған қазақ үшін бір құдіретті құпия болары сөзсіз.

Шынтуайтында, Милос Венерасының қырқылған оң жақ
қолы қалай сомдалған екен, ол қолына не ұстап тұрды екен –
«Өзім туралы» жырдың соңында ақын не айтпақ болды екен?!
Не болмаса, ақынның бала кезгі досы Мекебай Жазыбаевтың

естелігінде айтатын ақын арманы туралы не білеміз?!
Ғұмырының соңында Көкшетауда, Бурабайдың жаға­
лауын­да кемдікүн сырласып, кешегі өткен балалақ шақтың
жырын-сырын айтып, тауыса алмай кеткен Қасым досына

«Қарқаралының қазағы» атты роман жазуға әзірленіп жүр­
генін айтып еді ғой. Ол романның «Бостандық», «Большевик
Садық», «Төбелес», «Дүйсеннің өлімі», «Ақмолада» «Кім
еке­німді ертең түсте білесің», «Өтеубайды қасқыр талауы»,

«Ақыжан бүркітші» сынды бөлімдері болатынын, әр образдың
ерекшелігін сипаттап айтқан естелікті әр естіген сайын
көкірегімде өкініш пен арман бас көтереді. «Қарқаралының
қазағы» атты Қасымның жазылмай қалған, жаза алмай кет­

кен туындысын қазіргі қазақ жазушысының бірі ақынның
аруағына арнап жазып шықса, артық болмас еді! Ақын рухына
өлмес ескерткіш болар еді.
Қасым туралы аз жазылған жоқ. Оның өскен ортасы мен

адами келбеті, жырларының туу тарихы, жазған дүниелерінің
алғышарттары туралы едәуір естелік, сараптама мақалалар
бар. Қазір Қасымның көзін көрген, соңына ерген, сөзін, жы­
рын жаттаған замандастары жоқтың қасы. Бүгінгі ұрпаққа сол

дәуірден сыр шертетін естеліктерді қайыра ұсынып, ақын­ның
азаматтық келбетін қалыптастыратын дүниелер жасау – ортақ
парызымыз. Бұл үшін біз ақын жырларын терең ғылыми зерт­
теуге салып, ғалым көзімен, философия көзімен жаңа заман,

ұлттық таным тезімен саралауымыз керек.
Қасымтануға жаңа заман, жаңа ұрпақ көзімен қарар кез
келді. Ақын мұрасы – қазақ жұртына ортақ.
Осы тұста қадап айтатын бір дүние – ақын шығармаларының

ғылыми тексін жасау арқылы бір жүйеге түсіріп, қолжазбасы­

мен салыстыра келе, оның толыққанды академиялық жинағын
сауатты түрде, түсініктемелерін бере отырып, жұртқа ұсынар
кез жетті.
Осыдан тура он жыл бұрын Ғафаңның «Алыс та жақын

жағалаулар» атты әдеби портреттер кітабы жарық көрген
болатын. Сол кітапта ақын ағамыздың Қасым жайлы ерте­
ректе жазылған естелігі жарияланған. Ғафаң былай дейді:
«Қасым туралы осынау жылдарда жазылған қаншама мақа­

лалар, зерттеу, монографиялық еңбектер, замандастар айт­қан
естеліктер, оның ішінде өзімнің жазған, әр кезең, әр тұс­та­ғы
толықтырылып отырған пайымдауларымның ішінен – қысқа­
сы, бәрі-бәрісінен мен әлгі көкейімде көптен айтылып келген

ұғымның, түйін-қорытындының атын, есімін еш кездестірген
емеспін. Яғни, бұл ұғым, бұл пайымдау кәдімгі туып, ержетіп,
өсіп-өнетін адам тірлігінің жолындай уақыт кешіп барып, та­
нылатын ұғым, түсінік, концепция екен. Енді бүгін соның атын

айтсам – ол «Қасым Аманжолов – қазақтың ұлттық ақыны» де­
ген ұғым екен».
Ғафаң, Ұлы Ғафаң – Қасымның жырын жалғап, сыры­
на ортақ болған Ғафаң бұлай деп тегін айтпаса керек. Қа­

сым жырларындағы ұлттық сарынды кез келген өлеңінен
кездестіруге болады. Қай уақытта болмасын, «ұлттық» деген
анықтама жазушы-ақын қауымның тақырыбы мен мәтіндік
сөз қолданысынан ғана емес, шығармашылығының ішкі қуа­

тынан, астарынан, сезімдік әуенінен аңғарылатыны анық.
Тағы да сол Ғафаң: «Ұлттық ақын болу үшін, бәлкім, бір кез­
де «ұлтшыл» атанғаны немесе ұлт туралы аса көп жазғандығы
дәлел бола алмас. Виссарион Белинский «Пушкин – орыстың

ұлттық ақыны» дегенде, оның «орыс» сөзін қайта-қайта айту
үшін емес, орыс рухын, орыс жаны мен көңілін, халық ре­
тін­дегі тарихи даму баспалдақтарын, балаң кезі мен дана
кезін, тілі мен ділін, мінездегі жайсаңдық пен осалдығын –

қысқасы, орыстың ұлттық қасиетін қамтитын, өзгеде жоқ,
өзінен бұрынғыда да, кейінде де жоқ, тек Пушкинде ғана бар
данышпандықты бір жерге тоғыстыруында» деп айтқан», –
дейді. Қасым туралы да, оның ұлттық сарындағы жырлары ту­

расында осылай деуге болады. Тіпті, жаңа заман әдебиеттану
ғылымында кеңестік дәуірдегі ақындардың ұлттық сарында
жазған жырларын жаңаша талдау керек болса, ол талдаудың
бел ортасында Қасым шығармашылығы тұратыны анық.

Қасым жырларындағы сонылық сарынның бір саласы ақын­
ның Мағжан жырларымен үндестігіне келіп тірелетіндей.
Мәселен, 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт туралы баллада­
сының» өзінен Мағжан жырларына тән мистикалық леп еседі:

...Ғажайып, күн күркіреп, етті жалт-жұлт,
Қабырдың бет тақтайы сынды сарт-сұрт.
От шашып екі көзден, «Тоқтаңдар» деп,
Бейіттен шыға келді Сұлтанмахмұт.

Екеуі тұра қалды есі кетіп,
Мұздай боп тұла бойы, дір-дір етіп.
Қорыққанын екеуінің білгеннен соң,
Сұлтекең амандасты жайлап жетіп:

...«Өлгем жоқ, иланыңдар, шынымды айтам,
Өлді деп айта берсін кейбір сайтан.
Жүр, баста, Жазушылар союзынан
Мүшелік билетімді алып қайтам.

Сен, жігіт, өсек айтып жүргенше құр,
Моламды мен қайтқанша күзете тұр», –
Деді де қолтықтап ап жас ақынды,
Сұлтекең жүріп кетті шырқатып жыр.

Қасым жырлары – тұтас бір дәуірдің үні деген сөз артық
болмасы анық. Себебі Қасым сол дәуірде алапат соғысты қа­
зақ топырағында жеріне жеткізе жырлаған еді. Кешегі жау­
гершілік дәуірден қазақ қанына сіңген ерлік рухын отызын­

шы жылдардың ақсүйек аштық, қызыл қырғыны жойып тас­
тағанымен, соғыс жылдары тағы да сол идеологияның өз бас­
тауымен ата-бабалар ерлігін дәріптеу қайыра қолға алынған

болатын. Осы кезеңде кешегі эпостық рухты, батырлық жыр­
лар сарынын Қасым жаңа дәуір поэзиясы биігіне шығарды. Бұл
тақырыпта Қасым тек өз атынан емес, тұтас қазақ жауынгері,
қазақ азаматы, қазақ патриоты атынан жырлаған болатын.

* * *
Қасымның туған жері туралы, өскен ортасы туралы қазір­
гі әдеби-ғылыми айналымда біршама деректер бар. Ақын
шығармаларында жазылған сағыныш сазды ой орамдары­

мен бірге сол жырлары мен туындыларын талдаған қауым
біршама мәліметтер ұсынады. «Советтік менің өз елім» атты
классикалық өлеңін оқи отырып, Қасымның жасынан жетім­
дік көрген тағдырын танисыз. Жалпы, Қасымның күллі өмір­

баяны оның жырларында таңбаланып-ақ тұр...
Осыдан бірер жыл бұрын Қарағанды облысының Қарқа­
ралы ауданына, ондағы Қасым ауылына, Қасым туған то­
пыраққа, қара құдығына, Көшен тауының бөктеріндегі қор­

жын там басына барып қайтқан едім. Қоңыр күздің салқын
райына қарамастан, Қасымның шөлін басқан қара құдықтан
бір-бір шелек алып, басымызға құйып едік. Ақынның арлы
рухы жұқсын деп, Қасым жырының қасиетіне қанықпақ ниет­

пен. Қызыл тасын қына мүжіген Қасым туған қоржын тамның
жұрты жатыр жермен-жексен боп. Өзге елде болса, әлдеқашан
қабырғасын қайыра көтеріп, ақын туған үй деп мәртебелі маңыз
беріп, ел-жұрт, алыс-жақыннан келген қонақ, қыдырымпаз-

турист атаулы ат басын тіреп келер үлгілі орынға айналар ма
еді?!
Ал кешегі-бүгінгі естеліктерде, өзге де жазбаларда Қа­сым­
ның кедей ортадан шыққаны туралы жиі айтылады. Шыны­мен

де солай ма? Ел ішіндегі көнекөз қариялар Қасымның әкесі
Рахымжанның сері адам болғанын, ортасының көркі болып,
жүрген маңын ән-жырға, әңгімеге қандырып жүргенін айтады.
Рахымжанның серілігі сондай, мінген атын жібек арқанмен

шідерлепті! Кешегі кеңестік көзқарас ауанымен кедейлікті
мақтан көрген ұлыс серілікті де сол қатарға жатқыза салған

ғой. Рахымжанның ескі жұртына қарап тұрып, Қасым әулеті
анау айтқандай сіңірі шыққан кедей деуге болмайды-ау.
Есігінен төріне дейін едәуір жер, тамның қыр желкесінде жер­
ге кірермен болған қабырғаның қызыл тасына арқар мүйізін

кіргізе жымдастырып, қалап тастапты. Рахымжан сері ел ара­
лап келгенде, осы мүйізге атын байлайды екен-міс…
Ал сол Қасымның әкесі, атасы Рахымжан мен Аманжол
жерленген, бала Қасым, жетім Қасым, өгей әке, өктем туыс­

тан қағажу көрген Қасым түн ішінде жылап барып түнеп
қалып жүрген бейіт қазір жермен-жексен боп, топырағын
жусан басқан төмпешікке айналып барады. Басында белгі де
жоқ. Енді бірер жылда жып-жылмағайланып, тау бөктеріндегі

бедерлі бұйраттың бірі боп шыға келері анық...
Қасымның жер бетін шарлаған ізі қалған қысқа да мәнді
ғұмырында Қарқаралы өңіріне, туған топырағына қайта айна­
лып келген-келмегендігі туралы да әлі деректер аз. Қасымның

бала кезінде ме, әлде кейіндері ме, Қарқаралыда Қасым тұрды
деген үй бар. Үй қабырғасында «Бұл үйде Қасым Аманжолов
тұрған» деген белгі де орналастырылған. Бір қызығы – Қасым
нақты бұл ескерткіш-тақта ілінген үйде тұрмаған, осы үйге

жапсарлас шағын ғана үйде болған екен...
Жалпы, Қасым ақын ғұмырбаянына үңілсеңіз, әлі де айғақ­
тай, анықтай түсуді қажет етер тұстарға кезігесіз. Мәселен,
өмірбаяндық анықтамаларда «1931 жылы Қасым Ленинград

қаласындағы орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ
денсаулығының сыр беруіне байланысты бір жылдай ғана оқып,
елге қайтып, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетіне
жұмысқа орналасады» делінген. Шын мәнінде, Қасым Ленин­

градта оқыған ба? Оқыса неге шығармаларында Леинградтағы
ғұмырынан із қалмаған? Оған Есмағамбет Ысмайылов баста­
ған ғалымдардың, Тәкен Әлімқұлов пен Әбділда, Сырбай бас­
таған ақын-жазушылардың зерттеу мақалаларынан, туған-

туыс­қандарының, қызы Дариғаның естелігінен жауап іздеп
таба алмадық.
Ал Қасымның өмірінің ең бір жемісті де әдемі кезеңі са­
налатын Оралдағы ғұмыры оның өлеңбаянында тайға таңба

басқандай талантты жырларымен таңбаланып тұр.

Ал Семейге – балалар үйіне аттанған Қасымның жолы қайта
айналып Қарағанды, Қарқаралы өңіріне түскен бе?
Осы секілді сауалдардың жауабы көкейде. Қасымтану ба­
ғы­ты айқындар мәселе көп. Ең бірінші, жүйелі түрде қасым­

танумен шұғылданатын орталық керек шығар, бәлки.
Ақынның биылғы 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қа­
сиетті Қарағанды өңірі біршама жұмыстар тындырды. Об­
лыс әкімі Серік Нығметұлы Ахметов бас болып, азаматтар

бір жеңнен қол шығарды. Бірнеше кітаптарды айтпағанда,
Қарағандыдағы Қасым ескерткішін, Жезқазған шаһарына
қойылған бюст, Қасым аллеясы, «Қасым» журналының дү­
ниеге келуі ұлы ақынды ұлықтаудың жарқын көріністері емес

пе?!
Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай

Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба?!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді

Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне;
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,

Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне, –
деп жырлаған Қасым ақын аруағына тағзым ете отырып, осы
ыстығы мен суығының ортасында жүрген ел азаматтарының
баршасына Алланың нұры жаусын демекпін!

Жыл аралатып келетін әр мерейтой сайын біз – аталар ар­
манын, ісін жалғауды мұрат тұтқан ұрпақ кешегі өткен әр
қаламгер мұраларын сараптап, саралап отыруға пейілдіміз.
Кейде қызды-қыздымен бір тұлға төңірегінен жаңалық ашуға

құштарлық танытып, бірнеше өнер иесі екендігін анықтап жа­
тамыз. Қасым туралы да сан қырлы дарын иесі ретінде көпте­
ген дүние айтуға болады ғой. Мәселен, Қасымның ақынды­
ғына оның аудармалары, драматургиясы, прозасы, сазгерлігін

қо­сып, өзгеше тұлғалық қалып жасауға әбден болады. Бұл
анықтауыштың қай-қайсы да Қасым үшін артық болмасы
сөзсіз. Бірақ бүгінгі қазақ танымының басты мұраттарының
бірі – Қасымның ұлттық ақын екендігін насихаттау дер едім.

Бұл – ғасырлар торабындағы қазақ түйсігі мен танымы үшін
ұлттық ақын, ұлттық тұлға, ұлт азаматы атты темірқазық
бағыт болуға әбден сыйымды шаруа. Себебі Қасым жырынан
өз дәуірімен бірге, арғы-бергі тарихтағы қазақ арманы, ұлт

мүддесі, азаматтық рух үн қатады. Қасымның жыры да, сыры
да қазаққа ортақ, қазаққа етене, сөйте тұра әлемдік ой өрісімен
қапталдас, орайлас бола алады.
«Қасым солай болмаса, несі Қасым?!» – деп Мұқаң жыр­

лағандай, Қасым тойы мен Мұқағали тойы ел Тәуелсіздігінің
жиырма жылдығымен тұспа-тұс келуі тегін болмаса керек!
Себебі әр ақын – ел мұратының туын ұстаушы, ел жоғын
жоқтап, барын жалпақ ғаламға жария етуші, абыройы мен

арының айнасы!
Той құтты болсын!
Қасым жыры қазақ аспанының арайын ашсын!

ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ ҚАЙДА БАРАДЫ?

(1997 жылғы әдеби жыл қорытындысында
жасалған баяндама)
Сөзіміздің бісмілләсін Абайға жүгініп бастасақ. «Өлеңге
әркімнің-ақ бар таласы». Өлең өлкесі өнердің мәңгі жасыл

көктеміндей. Оның сыршыл пернесі қозғамайтын сыр, сырнай­
лы үні жетпейтін көкірек жоқ. Өлең тілі – баршаға ортақ тіл.
Жақсы жыр жүрегіңе жарқын сәуле құяды.
Қазақ өлеңінің бір жылы туралы санаулы уақытта пікір ай­

тып шығу, жыр әлеміндегі жетістік пен кемшілікті тамыршы­
дай тап басу міндетінің жауапкершілігі аз емес. Тұрмысымызға
да, рухани өмірімізге де нарық нақты еніп үлгерді. Уақыт пен
кеңістік арасындағы күреске толы күркіреген тіршілікте қа­

зіргі қазақ өлең-жырының хал-ахуалы қалай?
«Барлық сыншылардың ішіндегі ең қаталы, ең ұлысы, ең
данышпаны, ең кінәсізі – уақыт», – дейді орыстың бір ойшы­
лы. Дұрысында, талантты ешқандай сыншы қолдан жасай ал­

майды. Пушкинді де Белинский жасаған жоқ. Кешеге дейін
«сын – партияның өткір қаруы» деп, кездігімізді жарқ-жұрқ
еткізген кездер болғанын осында отырған ағаларымыз жақсы
біледі. Айтақтап қосқан тазының түлкі алмайтын заманы туды.

Өлексені өрге сүйреп, туа бітті классик жасай алмайтынымызға
көз жетті.
Ендеше, өтірік мақтау мен өтірік даттау кімге қажет? Ол
талантқа емес, дәлдүріш халтурщикке қажет. Дәлдүріштерді

дәріптеп, індет пен дертке шалдыққан сын пікір таланттың жо­
лын қиып, әдебиетті аздырады.
Заман өзгерді, адам өзгерді дейміз. Бүгінгі аға буын ақын­
дарымыз «тоқырау» деп аталып жүрген уақытқа аса өкпелі

емес. Қатырма кітаптары көп тиражбен жарияланып, қала­

мақыны санап алатын ақын деген аттың өзі абырой асуына
шығарғандай кез болған.
Бүгін уақыт басқа, талап та басқа. Жуан жіңішкеріп, жі­
ңішке үзілердей болып тұрған қараөзек шақта поэзияға қоя­

тын талап тіпті бөлек. Тосыннан келген топан суындай мезгіл
кім-кімді де аң-таң етті.
Дәуір диірмені қазақ өлеңін де өз елегінен өткізе бастады.
Жариялылық тонын айналдырып киген айқайшыл өлең өрге

шыға алмайды. Уақыт уайымын сөз етіп қанша «аһ» ұрсақ та,
шын өнер тумайды. Олай болса, бүгін сен мынаны жаз, мынаны
жазба деп отырған ешкім жоқ. Кеңес өкіметі кезінде шындық
шынжырланып, ақиқат ауыздықталып қалды деп азуын айға

білеген ақындар неге үнсіз?
Өткен жылы жарияланған жыр кітаптарын оқып шық­
қанда өлең көшіндегі кемшіліктерімізді осы тұстан іздеуді
жөн санадым. Ақпараттар ағыны ақыл-ойымызды тұсап тас­

тап, азат­тық беріліп, егемендігімізді сезінер тұста есеңгіреп
қалған жоқпыз ба?
Менің көз алдыма хайуанаттар паркінде ұзақ жылдар қол­
дан жем жеп үйренген жыртқыш аңдар елестейді. Жолбарыс,

арыстан, қасқырларды бұғаудан босатып жіберсе, тағылығын
есіне түсіргенше біраз уақыт өтетін шығар. Себебі қасқыр қас­
қырлығын, жолбарыс жолбарыстығын ұмытып қалған, әбден
қолға үйренген.

Қазақ өлеңіндегі жағдай да соған сәл ұқсастау ма деймін.
Әйтеуір әдебиеттің қанатты пырағы поэзияда бір бейқамдық
бар. Тіршіліктің тырнағы қатты батқан біраз ақындар жыр
көкжиегінен жоғалып кетіп, күнкөріс қамына кіріскендей.

Енді бір топ нені, қалай, қайтіп жазарын білмей дал болу­
да. Себебі бұл заманға деген олардың дайындығы жоқ бола­
тын. «Құдайдан компартияның саулығын тілеп, жырыңды
бұрқырата бер, қабілетіңді партияға бағыштасаң болғаны. Өгіз

де өлмейді, арба да сынбайды...» Осы бір жартыкеш психоло­
гия біздің көптеген ақындарымыздың санасына мықтап орнап
қалған.

Осының бәрін шақшадай бастан, жұдырықтай жүректен
өткізу жеңіл іс емес. Жүрістен жаңылыстық. Басқаша соқпақ
табу үшін барлау керек. Соныдан із кескен аңшының қам-
қарекеті қажет. Біздің поэзиямызда қазір осы процесс жүріп

жатыр. Ізденістің қия-асуларынан өтпей, өркениетті өрелі
өлеңге қол жеткізу қиын. Тар шеңберді талқан еткенде ғана
талант өзіне табындырады. Бүгін біздің әдебиетші сыншылар
қазақ өлеңін әлемдік деңгейде көргісі келетінін жасырмай­

ды. Ол үшін не істеу керек? Төрткүл дүниемен байланысы
бар егемен елдің ақыны деп әлем әдебиеті біздің қайсымызға
төрге шық дер екен? Ол үшін «Есім салған ескі жолмен» жүре
беру аздық ететін шығар. Талантқа тағылым да, таным да ке­

рек. Суреткер атаулы алыс көкжиектерге көз жібермейінше,
тығырыққа тіреле беруі заңдылық. Бұл ауылдан шықпаған
балаға дүниенің шет-шегі таусылмайтындай көрінетініне ұқсас
дүние.

Таным таразысына салсақ, әлемдік поэзия тарихында жа­
ңа бетбұрыстар жасаған ақындардың қай-қайсы да, ең ал­
дымен, энциклопедиялық білімнің, терең эрудицияның иесі
болған. Мысалы, Байрон, Блок, Пушкин, Неруда, Пастернак,

Брюсов, Ахматова және басқалардың шығармашылығына
зейін қойсаңыз, көне грек, ежелгі Шығыс мифологиясы мен
философиясынан бастап, өздеріне дейінгі ақыл-ойдың інжу-
маржандарын жетік меңгергенін аңғарасың. Әдетте, бізге ка­

бакта жүріп шарап ішіп өткен сияқты елестейтін Сергей Есенин
өмірін зерттеушілер оның Еуропа әдебиетінің білгірі болғанын
дәлелдеп отыр.
Сондықтан ақындықтың алғышарты өзіңе дейінгі қызыл

тілдің асқаралы асуларынан өту екенін біздің қаламгерлер
түсінуі керек. Қазақ үшін сол асудың ең биігі Абай болып қала
береді. Өзіңе дейінгілерді білу өзіңе де сын көзбен қарауды
үйретеді. Түсініп қарағанда Абайдың оқымағаны, тоқымағаны

жоқ. Ол Шығыстың ғана емес, әлем мифологиясын жақсы
білген.
Көзқарасы, айтары, әзірлігі жоқ ақыннан үлкен туын­
ды тумайды. Сондықтан интеллект ғасыры болады деп жүр­

ген ХХІ ғасырға қазақ өлеңін апаратын қазақ ақыны соны
соқпақтарға, игілікті ізденістерге, түрлі эксперименттерге
баратын кез келді. Әлемнің жарық күнінен нәр алған ұлттық
поэзиямыздың құнарлы топырақта жайқалған гүлдерін қазақ

баласы көретін күн тууға тиіс.
Осы шолуды дайындау үстінде өткен жылы түрлі баспалар­
дан шыққан үлкенді-кішілі ақындардың 30-дан астам жыр
жинақтарын оқып шығуға тура келді. Кітап шығару сапасы

қаншалықты артса, өлең сапасы соншалықты төмендеген. Аты
да, заты да белгісіз ақындар көп. Ақшасы барлар Абайды да
танымайтындай ма, қалай? Жер-жерде жеке меншік баспа­
лар көбейіп кеткен. Пысықай, дәлдүріш бір-бір баспаның бас

директоры. Ал дәлдүріш дәлдүріштің күшіктеуіне жағдай
жасауы заңды құбылыс. Осы жерден проблема туады. Жа­
зушылар одағының өзі болып, оның облыстағы бөлімшелері
болып, арамшөптей қаулаған осы кеселге тосқауыл қоятын

жағдайларды қарастыру керек. Болмаса, ақындық атты ар­
дақты ұғымнан да, өлеңнен де қадір-қасиет қашатын түрі бар.
Қатын-баласын асырау қамында жүрген базаршы балаға Абай
да – ақын, «Ажалдан хабар келмесе, Ленин бабам қайда өлмесе»

деп термелейтін Аяз Бетбаев та – ақын. Аруағыңнан айнала­
йын Абай ақсақалдан гөрі көзі тірі өзіміздің Аязекеңдердің
насихаты күшті болып тұр. Бұлай кете берсе ақшасы жоқтың
ақынмын деп айтуға құқы да болмай қалатын түрі бар.

Газет-журнал беттерінде, жыр жинақтарында жариялан­
ған үлкенді-кішілі ақындардың көбіне ортақ кемшілік – өлең­
дерде публицистикалық сарынның басымдығы. Газет мақа­
ласы көтерер проблемадан өлең жасағанмен, поэзия тумайды.

Ана тілі, Арал тағдыры, Жетім бұрыш, Ақмола – Астанам
сияқты тақырыптардағы жырлар тым көп екен. Соның дені
жайдақ, баяндау түрінде жазылған, өлең құдіретін сезінбейсіз.
Осындай жалпы тақырыпқа жазылған өлеңдердің жалаң

абстракцияға ұрындырарын түсінгеніміз дұрыс.
Ұйқасқа түскен публицистика өлеңнің қадір-қасиетін кеті­
реді, көркемдігін төмендетеді. Сырт қарасаң әлгі өлеңдердің
буын саны түгел, ұйқасы тастай. Үңілсеңіз, өлең шалажансар,

рух жоқ. Ал рухсыз жыр жүрекке жетпейді. Қолына қалам
ұстаған ақын мәртебелі Поэзияның міндет-абыройын жете
сезінгенде ғана өлең байғұстың обал-сауабы жөнінде әңгіме
қозғауға болады. Көркемдік үрдіс кез келгенге қолын соза қой­

майды.
Осы проблемалардың бәрі жиынтықталғанда жұртшы­
лықтың өлең-жырға деген назарсыздығын, селқостығын
туғызады. Ал ақын үшін қажетсіздікті сезінуден артық тра­

гедия жоқ. Оқырманы жоқ ақын ақын емес. Шын ақын –
өз халқының шаттығы мен қуанышы, шері мен көз жасы.
Ақынның ақындығы да, азаматтығы да азабы мол ауыр жол –
поэзия парасаты арқылы сынға түспек.

Әлгінде оқырман туралы айтып кеттік. Қазақ өлеңі оқыр­
манының дені ауылда. Қазақ ауылының бүгінгі ахуалы ауыр.
Қазақ ақыны зиялы азамат ретінде сол қиын жағдайда отыр­
ған ауылдарға барып, ел-жұртпен араласатын кез келді. Өлең

құдіреті небір қиын-қыстауларда сыналған.
Үлкен ақындарға арналған Поэзия күндерін халықтық ме­
реке деңгейіне көтеруді ойластыру керек. Абай, Жамбыл,
Мағжан, Ілияс, Қасым, Мұқағали күндері бір-біріне жалғасып

өтіп жатса, елдің де рухы көтеріліп қалмай ма? Тірі ақынның
да ел алдына шығуына, жұрт көзіне көрінуіне жағдай жа­
сау қажет шығар. Қазір бізде өтіп жүрген жыр жарысы –
мүшәйралардың өзі арнау өлеңдердің аламанына айналып,

оның қорытындылары өсектің өртін гулетіп тұр. Бұл мерекені
өткізудің де жан-жақты формасын қарастыру қажет. Қазақ
жырының көсегесін көгерту үшін жоғарыда айтылғандарға
ұқсас мәселелер шешімін күтуде. Өлең-жырға, жалпы әде­

биетке саясат сарайларының да мойын бұрар кезі алыс емес
сияқты.
Өткен жылы оқырманға жыр жинағын ұсынған ақындар­
дың үлкені – Дихан баба Әбілев екен. Оның таңдамалы­

сын қолымызға алып тұрып, тоқсаннан тәбәрік деп түсін­
дік. Жұр­тына алпыстан аса жыр кітабын сыйлаған ақын
ағамыздың тындырымдылығы, еңбекқорлығы – үлгі алар
қасиеттер.

Сексеннің сеңгіріне шығып, арғымағын арытпай, бақытты
қалпында бақилыққа көшкен Алаштың аға ақыны Хамит аға
Ерғалиев жаңа жырлардан тұратын «Ұлтым дедім – ұлғайдым»
деп аталатын жинағын біздерге аманат етіпті. Көпті көрген

көнекөз осы кітапта туған елінің егемендігі мен бүгінгі заман
тынысын мадақ тұта жырлайды.
Шын болса тұрғанымыз тік өскелі,
Жендетті жерлеп өмір түгескені.

Қасиетті жағалауға жеткізетін
Қайықтың қолымызда тұр ескегі, –
депті Хамаң соңғы бір өлеңінде. Хамаң кітабы – аманат кітап,
Хамаң сөзі – өсиет сөз. Баршаңызды Хамаңша ұлтым деп ұл­

ғаюға жазсын.
Поэзия махаббаттан басталып, парасаттылықпен аяқта­ла­
ды. Ақындық талантпен қоса, ақындық парасаттылық қатар
жүреді. Егер біз ақын ғұмыры жырынан басталады десек, өлең

ғұмыры да ақын өмірінен бастау алатын сияқты.
Қазақ өлеңінің тұма бұлағы – Тұманбай Молдағалиев өткен
жылы «Шартарап» баспасынан шыққан жаңа жинағын «Бір
асудан асқанда» деп атапты. Ақынның бүтін өмірі – оның тұтас

шығармашылығының лейтмотиві. Себебі өмірінің күйініш,
сүйінішін, өз жүрегінің құпиясын сенімді түрде айта алмаған
ақын басқа жүректің қалтарысын ашуға шамасы келмейді.
Тұманбай ақын өлеңдеріне сыршылдық пен шыншылдық тән.

Бармаған әлі қала көп,
Жүрсеңші дейді жол мынау.
Қайта гүлдеуге шама жоқ,
Айта білмеу де қорлық-ау, –

дейді Тұмағаң бір өлеңінде. Дұрысында, Т. Молдағалиев – айта
білетін ақын.
Асыл мекен, ақын мекен,
Жақсылығың жақын ба екен.

Көк сағымнан көйлек киіп,
Көктеп келе жатыр ма екен? –
деп ақтарылады ақын бір жырында тағы да көңілінің құсы
құйқылжып. Үлкен ақыннан жұрт үлкен жауапкершілік кү­

теді. Өзін-өзі қайталап қоятын, жайдақтыққа барып қалатын
тұстарды ақын аға өлеңдерінен көргім келмейді... «Бір асудан
асқанда» Тұманбай аға жеткізбейтін жастықты, өткізбейтін
өзенді, алдан күткен кезеңді арманына арқау етіпті.

Қазақ жыры мүмкіндігінің арнасын кеңейтіп, өрісін өсіру­
ге көп тер төккен ақын, ұлттық өлеңіміздің бағаналы бәйте­
ректерінің бірі – Қадыр Мырза-Әли. Ол – ойдың ақыны, поэ­
зиясы тұтас қалпында жұртының махаббатына ие болған. Қа­

дыр ақын шығармашылығында динамикалық тұтастық бар.
Жеке тақырыптардың өзіндегі логикалық байланыс, жол мен
жол, шумақ пен шумақ бірігіп, тұтас бір механизм жасауы, сол
арқылы өмірдің ағы мен қарасына ақындық көзбен үңілуі, ай­

тар ойын шегелей айтуы арқылы оқырманды ойлануға мәжбүр
етуі – ақын атын, оның поэзиясын өзгелерден даралап тұратын
қасиет дер едім.
Өткен жылы «Жазушы» баспасынан шыққан Қадыр Мыр­

за-Әлидің «Заман-ай» атты бірнеше дастандардан тұратын жи­
нағын ақынның тұтас шығармашылығының заңды жалғасы
деп түйдім. Бүгінгі заман ағымын ақындық көзбен көре оты­
рып, өмір ағысы, әлеуметтік сан қилы дағдарыстар, жастық

пен махаббат, замандастың жан дүниесіндегі өзгерістер жа­
йындағы пайымдаулар өз оқушысына жетері сөзсіз.
Қызды көрсе жымиып Күн күледі.
Асылады мойынға түн білегі.

Сұлу дейміз!
Сұлулық арулардың
Бақыты ма?
Соры ма,

Кім біледі?! –
10-267

дейді Қадекең «Махаббат» дастанында. Бұл кітапта Қадыр
ақынға ғана тән өлең жолдарына ол көтерілген биіктен қара­
дым. Оның жырларының өн бойынан көрінетін азаматтық
позициясының табандылығына, қарапайым да шымыр шумақ­

тардың арқалаған жүгіне қуандым.
Құдайлығын айтсам, осы жинаққа енген «Парламент» дас­
таны Қадыр ақын потенциалын көрсете алмайтын, мүмкіндігі­
нен төмен дүние екен. Баяндауы басым, айтары газет мақа­

ласына өзек боларлық қана мәселе.
Дастанда бірнеше депутатқа мадақ жыр арналыпты.
Түсінісу – ел-жұртқа сол жарасқан,
Ұғыспаған халықты қара басқан!

Қол көтерем күдіксіз жоба заңға
Өзі Сұлтан Артаев араласқан! –
десе, Ерік Асанбаевқа арнаған өлеңінде:
Шығаратын орынсыз жоқ дауысы,

Алды ма екен саулығын көп тауысып...
Назарбаев ұсыныс жасады да,
Вицелікке лып етіп кетті ауысып, –
дейді. Осы тәрізді шумақтарды Қадыр ағам жазғанына қи­

налдым...
Ақын Кәкімбек Салықов ағамыздың «Жазушы» баспа­
сынан шыққан «Көкжиекке тартқан көш» жинағына соңғы
жылдары жазған өлеңдері мен сонеттері, «Отырар сазы» атты

лирикалық поэмасы енгізіліпті. Ол өз шығармаларында зама­
на, табиғат, достық, адамгершілік туралы сыр шертіп, махаб­
бат сияқты асыл сезімнің мәңгіліктігін жырлайды. Әсіресе
ақынның төрттағандары мен «Отырар сазы» лирикалық поэма­

сы оқырман назарын аударарлық дүниелер.
«Жалын»
баспасынан
шыққан

Аманжол
Шамкеновтің
«Өмір толқыны», «Жазушы» баспасынан жарияланған Саттар
Сейіт­қазиннің «Сексен көл» жинақтары ақындардың жетпіс

жылдық мерейтойларына орай шығарылған екен. Екі жинақта
да замана өзгерістері, аға буын өнегесі жыр тілінде сөйлейді.
Екі ақын да оқырманға өз шама-шарқындағы дүниелерді
ұсынуға тырысқан.

Өткен жылдың ең таңдаулы жыр жинақтары санатында
үш-төрт ақынның кітаптарына ерекше пейіл білдіргім келеді.
Ақын Нұрлан Оразалин аз жазса да саз жазады, екпін ырғағы
жігерлі, ойы анық, динамикасы тегеурінді, ырғағы жігерлі.

«Атамұра» баспасынан жарық көрген «Құралайдың салқыны»
атты жыр жинағы осы сөзімізге кепіл болады. Бұл – ақынның
соңғы он жылға жуық еңбегінің жемісі.
«Ғарыш мінезді жырлар» деп кітаптың алғысөзін жазған

заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақын
қуанса шын қуанып, мұңайса шын мұңаяды. Оның бір жырдан
екінші бір жырға көшіп отыратын лирикалық кейіпкерінің жан
дүниесіндегі толғаныстар адамзат кеңістігіне көтеріледі. Ол

аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені ең
жақын, ет бауыр туысыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей
ерекше бір халге бөлейді», – деп жүрекжарды сөзін айтыпты.
Ақын көңілі аласапыран. Сезімнің серісі дегенімізбен, шын

ақын – үлкен парасаттың иесі. «Құралайдың салқы­ны» –
Нұрлан ақынның тың өрісі, белес-белі. Суреткер шеберлігі
шын­дықты сырға, сырды жырға айналдырып, әдемі бір гармо­
ния құрайды.

...Маған артық байлықтың жоқ керегі,
Аман болсын жырымның көк терегі.
Жырым барда жарық бар, махаббат бар,
Өмір өзі қалғанын өткереді,

Аман болсын өлеңнің көк терегі... –
деп жан сырын оқырманның талғам таразысына салып тұр­
ған ақын сендіре сөйлейді, ақтарыла айтады. Ол «Қаламұш­
тың тамырына тығылып, жүрегін жұлқыған Тәңір сөзін»

жет­кізуге асығады. Тәңір сөзін өлең тілінде сөйлетуді бақыт
санайды.

Жалында!
Жүрек атты көк беренім,
Жалынсыз бықсығанды жек көремін.
Озсам да, озбасам да, дәл осылай

Мен қалған өмірімді өткеремін, –
дейді ақын енді бір өлеңінде. Жыр жинағында бір идеяға бағын­
дырылған өлеңдер көп екен. Нұрлан өлеңдері – метафоралық
тың бояуларға бай, образға оранған жинақы да байсалды

мінезді өлеңдер.
Осы жинақтағы «Қарақазан ғасыр» драмалық дастаны –
көк аспан, қара жер арасындағы уақыт атты кеңістік үшін қас
қағым сәт – айналасы 30-40 жыл ішіндегі бір әулеттің қасірет-

мұңын көрсету арқылы замана запырандарына қарғыс айтқан
қабырғалы дүние. Ана мен ұлдың диалогы арқылы берілетін
бөлімдерден бастап оқырман сезімін шарпылыстырып, бірде
күйіндіріп, бірде мұңайтады. Ақын кейде абыз болып толғап,

рух болып тіл қатады. Дастандағы Ана мен Берік бала да, Едіге
қарт пен Иіс кемпір де қимас бір адамыңа айналып жүре бер­
гендей әсерде қаласың. Әділетсіздік атаулыға тас лақтырғың
келеді, қорқау қоғамға кінә артасың.

Сол сезім Нұрлан поэзиясының жанкүйеріне айналдырып
жібергенін өзің де байқамай қаласың.
Нәзік назымен, сұлу сазымен ерекшеленетін ақын Күләш
Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян» атты жыр жинағы

«Ана тілі» баспасынан жарық көріпті. Ақын жырлары – шуақ­
ты да мейірбан, биязы жырлар.
...Сағынғанда сүйкімді түс көремін,
Күліп тұрған көңілден күш көремін.

Үлкен күнге үлес қой – әрбір адам
Бір-біріне сыйласа кішкене күн! –
деп ақын ізгілікке үндейді.
Адалдық пен ізгілік – Күләш өлеңдерінің қан тамырын

соқтырып тұрған қасиеттер. Бес бөлімнен тұратын көлемді
жинақта сан алуан тақырыптағы жырлар бар. Соның дені

тіршілік әлемінен үйлесім тауып тұрған жауһардай мөлдіреген
жырлар.
Менің өлең өмірім –
Менің мәңгі үлесім

Біресе мұң, біресе үн...
Қуанышым, махаббатым, қызығым,
Қылдай үміт, қымбат тілім, күресім, –
деп Күләш ақын ақындық өнер алдындағы жауапкершілігін

өмірінен бөліп қарамайды.
«Жазушы» баспасынан көлемі он баспа табақ болып жарық
көрген ақын Қасымхан Бегмановтың «Бесіктен бейітке дейін»
атты жыр жинағы қасиетті қазақы бесік пен қасіретті бейіттің

екі арасын философиялық ойлармен астарлаған нәзік нақышты
лиризмі арқылы оқырман жүрегін баурап алады.
Бәйіт арна, құрбандық шал, дұға қыл,
Дұға қыл да жүрегіңмен жыла бір.

Қабірлерге қамқор ана секілді
Аруағымды қымтап жатқан мына қыр;
немесе:
Қабар ит не құлып жоқ есігімде,

Жұмысым жоқ біреудің жесірінде.
Бейітке адам жасайды дайындығын
Сонау сәби кезінде, бесігінде...
Өзіне ғана тән өрнегі қалыптасқан, болмысқа бағдар жа­

сау арқылы есейген Қасымханның бұл жинағындағы ойлы да
мұңды өлеңдердің табиғаты ұнады. Бұл ақынның өлеңдері –
алыпқашпа, асау мінезді емес, өз арнасынан ауытқымай, сабы­
рын сақтап, байсалды ағатын өлеңдер.

Сонау көктем аңсатты ғой, аңсатты,
Жүректен жыр, көңілден күй қанша ақты.

Сенсіз өткен тойлар мені мұңайтып,
Сенсіз өткен жылдар мені шаршатты.
Әдемі шумақ. Ақынның сыры мен мұңы сенің де сезім
пернелеріңді басатыны шындық. «Бесіктен бейітке дейін»

жинағындағы өлең-дастандардың қай-қайсы да жаныңа шуақ,
нұр сыйлайтын дүниелер.
Көре, біле, сезе тұра үндемей қалу – қылмыс. Жаманды
жақсы деу – көргенсіздік. Талай тұлпарларымыздың түбіне

жеткен де осы бір назарсыздық па деймін. Қазақ өлеңіне де ақ
пен қараны безбенге салар уақыт жеткен сияқты.
Ақын Тынышбай Рақымның өткен жылы «Атамұра» баспа­
сынан шыққан «Дүлдүл көңіл» жинағы – көлемі де, көтерген

көркемдік ой-жүгі де уақыт ырғағымен үндес дүние. «Дүлдүл
көңілдің» тізгінқағары:
«Қадамыңа, – деші, дос, – жыр гүлдегір»,
Екі айналып келмейді бұл күнгі өмір...

Не айтар екен дегендей, құлақ түріп,
Елеңдейді еліне дүлдүл көңіл, –
деп басталып, кітап жабылар тұстағы «Сауырсипарында»:
Дүлдүл шабыт, тек алға ұмтыла гөр,

Шабысты да, намысты тұр сынап ел.
Аруақтар қолдасын жебеп сені,
Мертікпей жет мәреңе, Жыр – Құлагер! –
деп аяқталуында қазақы болмыс, ұлттық мінез жатыр емес пе!

Жалпы, кең ауқымды айтсақ, ақынның азаматтық ой қақпасы
«Халқым туралы толғаумен» өріс ашып, «ХХІ ғасырға хатпен»
бақытты болашағына қанат қаққандай әсер береді.
Өткен жылғы таңдаулы жыр кітаптарының қатарында

Қара­ғанды облыстық баспаханасынан шыққан Тұрсын Жұ­
маш­тың «Періште» деп аталатын жыр жинағын атағым
келеді. Тұрсын ақын – оқырманға жете қоймаған, әдеби ортаға
беймәлім есім. Тек 1992 жылы «Жас қазақ» газетінде оның

Есенғали Раушановтың алғысөзімен жарияланған топтамасы­
на елеңдесіп қалған едік. Сондағы «Мен де бір тұлпарыңмын
тағдыры бар, Даланың кеңдігінен байқалмаған» деген жолдар
есте қалыпты. Сол Тұрсын:

Мына мені бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар тағдырымды түсініп.
Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде,
Алып кетті қанатына құс іліп! –

деп өлеңдетіпті де, осыдан екі жыл бұрын, 36 жасында мәңгілік
мекеніне сапар шегіпті. Оның өмірді керемет сүйген үлкен да­
рын иесі екеніне өлмес жырлары дәлел. Тұрсын газет-журнал
редакциялары мен баспаларды жағалап көрген жоқ. Керек

десеңіз, Алматыға да Құдай жалғыз рет жолын түсірмепті.
Жауыр торысымен қой соңында тепеңдеп жүрсе де Тұрсын
ақын әлемге өзінің кіндік мекені Балқантаудың биігінен
қарап үлгеріпті. Оның өлеңдерінде даланың кеңдігі, бұлақтың

күлкісі, жусанның иісі бар.
Өмір жақсы, өйткені күн бар мұнда,
Ажал оғын атады кім дарынға?
...Ұшып кетті дүр етіп көгершіндер,

Қарғаларды үркітіп тұрғанымда, –
дейді Тұрсын. Қарапайым да терең иірімді, мінезді жырлар.
Тұрсын Жұмаш ақынның өлеңдерінің аз тиражбен бол­
са да оқырман қолына тиюіне күш салған қарағандылық

журналист Айтбай Сәулетбектегі мен талантты ақын Серік
Ақсұңқарұлының азаматтығына бас иіп, алғыс айтқан жөн.
...Бұлақтарға қызығып тасып аққан,
Табанына таулардың тасы батқан.

Қазыбек би ауылында бір ақын бар,
Сені ойлаумен күн-түні басы қатқан.
Қалып қоймай ауылда, от басында,
Ол да бір күн жетеді, тоқтасын ба.

Бір-ақ шумақ өлеңі қалады оның
Балқантаудың ойылып көк тасында...
Осындай қанатты жырлар талдауды қажет ете қоймас.
Біздің қолымызға түскен шап-шағын «Періште» жыр жинағы

арқылы менің құрдасым Тұрсын Жұмаш ақынның өлмейтін
екінші ғұмыры басталғанына сенгім келеді.
Азаматтық жүрегімен адамзат қайғысына қарғыс айтып,
«Шешендер» дастанын жазған ақын Рафаэль Ниязбеков

кейінгі жылдары өнімді еңбек етіп жүр. Оның Шешенстан
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атануы, осы елдің жоғары
наградасы «Ұлт намысы» орденімен марапатталуы баршамыз
үшін мәртебе болуға тиіс. Өткен жылы ол «Мерей» баспасынан

«Тамұқ отына жанбаған» деп аталатын кітабын шығарыпты.
Мұнда бірнеше өлеңдермен қоса, қоғам қайраткері Асанбай
Асқаровтың өмірінің тауқыметті жылдары туралы дастан бар.
Осы поэмада ақын өз кейіпкерінің фонында өткен кезеңдегі

келеңсіздіктерді ашуға ұмтылған.
Енді бір дауыстары дараланып, бір-бірінен қара үзіп кет­
песе де, өлең өлкесінде есімдері таныс бірнеше ақындардың
еңбектеріне тоқталмақпын.

Ханбибі Есенқараева – өзгелерге қарағанда ойы анық, қана­
ты қатайып, қалыптасқан ақын. Ол өлең объектісін алыстан
іздемейді. Өзінің ортасы, заман өзгерістері, махаббат, табиғат
сияқты тақырыптарды өлеңіне арқау етеді. Ханбибінің «Жазу­

шы» баспасынан шыққан «Махаббатым мәңгілік» жинағында
да сәтті өлеңдер көп. «Иттер немесе қайырымдылық туралы»,
«Бақ пен қыдыр», «Тобық» атты жырлар баллада жүгін көтеріп
тұрған айтары бар дүниелер екен.

Жинақтағы «Солженицынның саясаты», «Қыз Жібек» сән
ательесінің презентация кеші» сияқты өлеңдер тым жадағай.
Сергектікпен сеземін үнді,
Мен – жүрегін қайғы тілгендікі,

Мен – «шындық» боп үргендікі,
Мен – тасадан атып жүргендікі! –

сияқты, дүдәмал да ұғуға ауыр тіркестердің Ханбибі жинағын­
да кездесіп қалатыны өкінішті. Жинақтағы арнау өлеңдердің
көптігі де байқалып қалады.
Әдеби ортадан алыста жүрсе де өлең сүйер қауымға есімі

жақсы таныс ақынның бірі – Ақылбек Шаяхмет. Өткен жылы
«Жазушы» баспасынан шыққан «Жұлдызды дәуір» өлеңдер
жинағы ел тағдыры, табиғат пен махаббат тақырыбына жа­
зылған жырлардан тұрады.

Жан досым жиегінен Тырнакөлдің,
Жыландай жылжып аққан жылға көрдім, –
деп басталатын «Тырнакөл» атты өлең жақсы әсер қалдырды.
Осы санатта «Найзакескен», «Қароба» сияқты жырларды тәп-

тәуір теңеулермен бейнелеп сөйлеуге ұмтылатын ақынның
жинағында дүдәмал жолдар, сәтсіз шумақтар көп.
Ақылбек жырларында тың теңеулер мен образды ойлар си­
рек. Өлеңдерін түйіндеуіндегі орашолақтықтар баршылық

екен. Ақылбектің ел, тіл, жер тағдыры жайлы мақалаларында
өткір ойлар айтып жүргенін білеміз. Сол ойлар кейде өлеңге
айналып кете ме деймін. Жыр түйінін «Жұлдызды дәуір жаса­
сын», «Жығылмасын Тәуелсіздік жалауы», «Шашу болып ша­

шылсын қазағымның теңгесі», «Өнері озған өзге елмен терезесі
тең болсын!» «Тіл табу керек адамдар, табысу керек бар елдер!»
деп ұрандап бітіргенмен өрелі туа қоюы қиын.
Сәрсенбі Дәуітұлының «Сарыбел сазы» атты көлемді жыр

жинағы «Жалын» баспасынан жарыққа шығыпты. «Көкжиекті
орап алған көк сағым, көк бояудан құралғандай тіршілік» не­
месе:
Толқын-дауыл сапырылып шайқайды,

Көбік-қоян үрке-үрке тарқайды.
Кешке дейін суда жүзген күн ару,
Ымырт түсе көкжиекке жантайды, –
деген сияқты тәп-тәуір теңеулермен бейнелеп сөйлеуге ұмты­

латын ақынның осы жинағында дүдәмал жолдар, сәтсіз шу­

мақтар көп. Ақынның «Қайдасың, қара көзім?» аталатын ша­
ғын өлеңінен үзінді оқып көрейік:
Қызыл күрең ерініңе төніп тұрмын бал тамған,
Жүрегіңе қалай ғана орнады екен салқын қан?

Кірпігіңді күміспенен шылайсың ғой бір сығып,
Ашу буып отырушы ең өз-өзіңнен тұншығып.
Осы шумақтағы төрт жол төрт жаққа қарап тұр. Қызыл
күрең, бал тамған ерін – жібі түзу тіркес емес. Сол ерінге Сәрсе­

кеңнің лирикалық «мені» неге төнуге тиіс? Жүрегіңе салқын
қан орнады... Қан құйылды, қан ақты, тіпті қан сұйылды
дегенді естіп едік, жүрекке салқын қан орнады дегенді ұға
алмай тұрмын. Кірпігін «Күміспен бір сығып, ашу буып» өз-

өзінен тұншығып отырған қара көзге не үшін күйіп-жануға
тиіспіз? Бұл – сөз бен сөз, жол мен жолдың арасында ешбір
логи­калық байланысы жоқ шумақ.
Осы өлең: «Қайғы мен шер қайыстырып басатындай тау бо­

лып», – деп аяқталады екен. Алдыңғы шумақтағы «ашу буып,
тұншығып» отырған көкбет қызды жау қолы қағып кетсе
қағып кетсін, ер адамға дір-дір етіп қайғыра беру жараспайды.
Одан басқа не дейін.

Жоғарыдағы аталғандарға ұқсас кемшіліктер көп ақынға
ортақ. Шәймерген Әлдибекұлының «Хан Тәңірі», Аманкелді
Жылқышиевтың «Таң самалы», Мейірбек Ақынбековтің «Із»
атты жинақтарында ізденіс жоқ. Бұл ақындарда білгіштік,

ақыл айтқыштық басым. Сырты сұлу, іші жүдеу өлеңнің
табиғаты тартпайды. Ішкі иірім мен сыртқы түр астаспаса,
өлең шықпауы заңдылық.
Оңтүстік Қазақстан облыстық баспаханасынан шыққан

Әбілда Аймақтың «Жүрегімде махаббат», «Өлке» баспасынан
шыққан Марфуға Бектемірованың «Айдыным менің» өлеңдер
жинақтары – адамның ішкі дүние сырын жырлайтын нәзік
нақышы бар дүниелер.

Өмір өзегіне тың үйлесім, өзгеше ырғақ іздеп жүрген бір­
неше жастардың тұңғыштары жарық көріпті. «Нұр» баспа­

сынан шыққан «Аққудың қауырсыны» атты жинақтың
авто­ры – жамбылдық жас ақын Төреғали Тәшенов. Ол тіл
уызын еміп өскен, қасиетті өлең алдындағы жауапкершілігін
сезіне алатын жігіт екен.

«Экономика» баспасынан Темірақын Жақып «Нарық на­
тюрморттары» атты өлеңдер жинағын шығарыпты, ол – тіл
қадірін сезінетін, ақырын жүріп, анық басатын азамат.
Салбыраңқы бұтаққа жабысып ап,

Селтең қақпа сен босқа сауға сұрап.
Самал айдап әкетер сәлден кейін,
Сары күз сені аямас, сары жапырақ... –
деп сыр түйіп, өлең аяғын философиялық астармен бітіреді.

Темірақынның осы бағытта жазылған өлеңдері біршама.
Темірақын жырларындағы кемшілік – өлеңмен ақыл айтып
кетуге бейімділігі. «Тәртіп орнат тезірек, тапаншалы мық­
тылар!», «Қол шығарып бір жеңнен, бір жағадан шықсын бас»,

«Татуға тентек судан тыйым салам!» – Темкең оқырманға ұрсып
қояды. «Ересектерге арналған экономикалық әліппе» деген
бөлімді жинаққа енгізбесе де болар еді. «Қытай поэзиясының
ізімен», «Мұқағали мақамымен», «Жарасқанша» деп тақырып

қойып өлең жазып жүрген Темірақынның өзін тезірек табуына
тілектеспін. Оған оның мүмкіндігі бар.
Сорос-Қазақстан дебют бәйгесін жеңіп алған жас ақындар
жинағын «Жібек жолы» баспасы жарыққа шығарыпты. Ба­

тырболат Айтболатұлы, Бақытжан Алдияров, Айбатыр Сейтақ,
Нұрлыбек Сафин сияқты жастардың қай-қайсы да өлең сөзге
анық таласы бар ақындар. Олардың жырлары қазақ жырына
жаңа толқынның келе жатқанын дәлелдейді.

Өткен жылдың жыр жинақтары жайлы шолу қазақ өлеңінің
болмыс-бағдарын толық ашып бере алмайды.
Фариза, Марфуға, Сәкен, Қанипа, Есенбай, Дүйсенбек,
Тұр­сынзада, қатарлы ақындар Поэзияны өз көңілдерінің пат­

шалығы санап, Тәңір сыйы – өлеңдерін жазып келеді.
Темірхан, Жарасқан, Иранбек, Исраил, Серік, Жүрсін,
Жәр­кен, Несіпбек, Дәуітәлі, Шөмішбай, Ұлықбек, Есенғали,

Аман­хан, Мейірхан бастаған тынымсыз толқын – бүгін қазақ
өлеңіндегі өз орындарын алып үлгерген ақындар. Ал олардың
еңбектерінің бағалануы жайлы әңгіме бөлек.
Осы шоғырдағы Несіпбек, Дәуітәлі сияқты ақындардың жа­

ңа жыр жинақтарының шықпағанына он жылға жақындап­
ты. Ойланарлық мәселе.
Кітап демекші, Алматыдағы Әбубәкір Қайран, Қара­ған­
дыдағы Серік Ақсұңқарұлы, Жамбылдағы Қуандық Шолақ,

Семейдегі Тыныштықбек Әбдікәкімов, Қызылордадағы Шаһи­
зада Әбдікәрімов, Жезқазғандағы Сайлаухан Нәкенов сияқты
талантты ақындардың жыр жинақтарын мемлекеттік тапсы­
рыс арқылы шығарып беруді Жазушылар одағы қолға алмаса,

қиын болып тұр, «Таланттарға көмектесу керек, талантсыздар
өзі-ақ жол табады» демеуші ме еді.
Алды қырыққа иек артып, соңы ойлы отыздың орманын
кезіп жүрген – Мәди, Әбубәкір, Әділғазы, Гүлнәр, Бауыржан,

Шәмшия, Нұрлан, Қазыбек, Светқали, Амантай, Оңайгүл,
Сабыр, Қайрат, Баян, Ертай, Гүлзакира, Болат, Кәдірбек...
Олар­дан сәл жастау Роза Қараева, Маралтай, Әмірхан сияқты
ақын­дар болашаққа бағдар, болмысқа болжам жасап жүр. Бұл

топтың өз биігін алып, сөз түйінін айтар кезі жақын.
Бүгінгі қазақ сынында бір ауыз сөз болса, алдымен
осылар­ға айтылсын. Көрер көз болса, алдымен осылар­
ды көрсін. Бұлар – өлеңді нан табу немесе атақ алу деп ойла­

майтын ақындар. Алдыңғы апа-ағалары сияқты баспаның
да, баспананың да, басқаның да қызығын көре алмай, біздің
қатарымыз өлең өлкесіне келгенде дүние тарылып жүре берді.
«Жетім қозы тасбауыр» демекші, шамырқанған шабыт пен

ширыққан сезімнен туатын өлеңдерді осы толқыннан күту ке­
рек.
Атап өтуге лайықты тағы бір үлкен еңбек – өткен жылы
қазақтың қара өлеңінің 30 баспа табақ болып «Жалын» бас­

пасынан шығуы. Асыл қазынамыз қара жердей мәңгі, қара
жолдай даңғыл, қара таудай байырғы, қара ормандай қалың
қазақтың қара өлеңін толықтырып, оқырман қолына тигіз­

ген – Оразақын Асқардың елеулі еңбегі. Бұл әр қазақтың
қастерлеп ұстар қасиетті кітабы болуға тиіс.
Мерзімдік басылымдарда да жақсы жырларымен көрінген
ақындар бар. Олардың бәріне тоқталу мүмкін емес.

Ұлттық поэзиямыздың ежелгі дәстүрлерін жалғап, жыр жа­
зып жүрген Жәркен Бөдешұлының көктем жайлы өлеңінен бір
шумақ оқып берейік:
Бұл да бір гүл көктемнің күші деп біл,

Көкек те әупілдейді іші кепкір.
Тойынған қар суынан сәуірік бұлт
Аспанның ар жағынан кісінеп тұр.
Көркемдік көрігінен шыққандай, суреті әдемі, қазақы

ұғымға жеңіл, өн бойында көктем рухы бар жыр. Ең бастысы,
қай деңгейдегі оқырманға да түсінікті.
Неге керек,
Кімге керек өлген ой,

Былай тұршы өрекпімей, өрлемей!
Маңайлама, тас боп жүрген сезімдер,
Шайпау шабыт, шатынама, сен де қой, –
деп шамырқана жырлайды ақын Әбубәкір Қайран. Дұрысын­

да, өлген ой мен мас сезім маңайлағасын өлең тумайды.
Ақын – халық байлығы. Ал халық ақыннан өресі биік
өлең күтеді. Қазақ жырының керуені көшке айналып, жаңа
ғасырды бетке алған тұста әр ақынның іштей «айта алмасам

маған серт» дейтін күні туып тұр.

СӘКЕН ЖҮНІСОВ ЖЫЛЫ

Биыл – Сәкен серінің жылы.
Иә, «Өшпейтін іздер», «Алғашқы вагон», «Жапандағы
жал­ғыз үй», «Аманай мен Заманай», «Ақан сері» сияқты
көр­кемдік деңгейі жоғары, өлмес шығармалар жазып, ерек­

ше болмыс-бітімі арқылы өзі де «Сәкен сері» атанған, Мемле­
кеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті драматург Сәкен
Жүнісовтің туғанына 80 жыл толады.
Шынын айтқанда, біз, Қазақстан Жазушылар одағы, осы­

нау қабырғалы қаламгерді еске алу шаралары туған топыра­
ғында лайықты аталып өтуіне тікелей ықпал етуін сұрап,
Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов пен Астана
қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазған едік.

Енді сол ресми орындардан жауап келіп үлгергенше Сә­
кен сері мерейтойына орай жыл бойы жалғасатын дүбірлі
шаралардың алғашқысын ешбір дабырасыз-ақ Республикалық
кітап мұражайының бастап кеткені қуантады. Сондықтан біз

ең алдымен осынау мекеменің басшысы Жүрсін Молдашұлына
шексіз алғыс айтқымыз келеді. Еңбектеріңіз жансын! Осындай
игілікті істерге мұрындық болып, әрдайым биіктерден көріне
беріңіздер!

Талант жолы – қашанда ауыр жол. Қарап отырсақ, атақты
жазушы Сәкен Жүнісов те бірден Сәкен Жүнісов болып қа­
лыптаса қалмаған екен.
Жоғарыда аталған белгілі туындыларымен қатар, автор­

дың ғаламат драматургтік қырын айшықтап, республикалық
және облыстық театрларда табыспен сахналанған «Ажар мен
ажал», «Тұтқындар», «Жаралы гүлдер», «Әр үйдің еркесі»,
«Кроссворд немесе масханадағы маскарад», «Қызым, саған

айтам», «Қысылғаннан қыз болдық», «Сабалақ Абылай» сын­
ды атақты пьесаларынан бұрын Сәкеңнің ең алғаш баспа бетін

көрген тырнақалды әңгімесінің қатты сынға ұшырағанын
көпшіліктің біле қоймауы мүмкін. Сонда: «Қап, мынау дұ­
рыс болмады-ау! Енді баламның беті қайтып, қаламды тас­
тап кететін болды-ау!» – деп анасы Мағрипа апай қатты

уайымдаған екен. Тіпті, жылапты о кісі. Сонда болашақ үлкен
қаламгердің әкесі Нұрмақ аға: «Бірден ешкім дайын жазу­
шы бола қалмайды. Танымал қалам иесі болу үшін талай таяқ
жеп, ұзақ шыңдалу керек. Бұл – сынның басы ғана. Сондықтан

да сен бұлай жылауыңды доғар. Сәкенді алда әлі қаншама
қиындықтар күтіп тұр!» – деген екен.
Расында да, алған бетінен қайтпайтын қайсар жас әлгі
қатаң сынға ешбір мойымапты. Қайта, өршелене түсіп, жаңа

әңгімелерін үсті-үстіне жаза түседі.
Білуіміше, Сәкең – екі әжесінің ортасында өте ерке болып
өскен бала. Және айрықша құймақұлақ, зеректігімен де ерек­
шеленсе керек. Кейінірек балбөбек балғын кездегі көрген-

түйгендері ақ қағазға әңгіме болып түсіп жатады. Солардың
бірі – «Әжем мен емші және дәрігер» шығармасы. Бұдан басқа,
Сәкеңнің жасөспірімдерге арналған «Кімнің мекені жақсы?»,
«Сақау бәтеңке», «Өшпейтін іздер», «Сонарда» аталатын бір­

қатар әңгіме кітаптары жарық көрді. Сөйтіп, біртіндеп үлкен
шығармаларға ауысады.
Әділетсіз сынға ерте ұшыраған Сәкен Жүнісов тоталитар­
лық жүйенің солақай саясатымен де жастай арпалысқанын

көреміз. Қазақ еліндегі тың және тыңайған жерлерді иге­
ру науқаны басталғанда, Сәкен жиырма ғана жаста еді. Осы
әрекеттің қасиетті жерді үлкен эрозияға ұшыратуы бір басқа,
коммунистік партияның қазақ даласын біртіндеп жаппай орыс­

тандыру саясатын көздейтінін ерте аңғарған жас жазушы
бұл науқанға деген наразылығын жасырмайды. Тіпті, кейбір
жергілікті басшылардың шовинистік пиғылдарына тікелей
қарсылық көрсетеді. Мысалы, бірде елді мекеннің партком

хатшысы мұғалім болып жұмыс істейтін Сәкенге көпшілік
алдында тың игеру істерінің елге тигізер пайдасы туралы сөз
сөйлеуді тапсырған екен. Сонда мінберге шыққан жас жігіт:
«Жоқ, бұл – мүлде қате шаруа. Бұл – түбінде қазақ халқын

күйрететін іс. Мен Хрущев саясатына мүлде қарсымын!» – деп
залдан шығып кетіпті. Сөйтіп, оның бірталай қуғынға түскені,
атышулы 1937 жылы емес, сол бертінгі 1954 жылы-ақ «халық
жауы» болып кете жаздағаны өз-өзінен түсінікті шығар.

Кейін осы тұстағы жазушының жан күйзелісі «Жапандағы
жалғыз үй» романынан көрініс табады. Сәкен, мәселен, осы
шығармадағы Қарасай образына сол кездегі қоғамның әлгін­
дей солақайлықтарын сыйғызған. Өкімет қазақтың қара же­

рін орынсыз пайдаланып, халыққа талай зардап тигізгенін
шеберлікпен жеткізген.
Жас Сәкеннің үлкен бір бақыты – оның кейін Қазақ мем­
лекеттік университетіне түсіп, ұлы Мұхтар Әуезовтен сабақ ала­

тыны. Кейін алғыр шәкірт ретінде Мұхаңның алғашқы аспи­
ранты атанады. Сол университет қабырғасында жүріп газет-
журналдарға белсене араласып, мақалалары мен әңгімелері
жиі шығып тұрады.

Бұдан соң Сәкенге заңғар суреткер Ғабит Мүсіреповтің де
бірталай ықпалы тиеді. Бір күні «Ақан сері – Ақтоқты» пье­
сасын жазған Ғабит Мүсіреповпен сөйлесіп отырып, Ақан сері
туралы кітап жазуды ойластырып жүргенін айтып қалады.

Мұны естігенде, Ғабең бұл бастамаға қатты риза болып, ниетін
қолдап, ақыл-кеңесін берген екен. Сәкеңнің кейін: «Ғабеңнен
сол кезде рұқсат сұрап, әрі батасын алғандай болдым», – дегені
есімізде.

Жалпы, кейін «Ақан сері» дилогиясы шыққаннан кейін
қатты риза болып, жазушыға алғаш «Сәкен сері» деп ат қойған
да осы Ғабең екен...
Сәкен Жүнісов – Ақан серінің көркем бейнесін жасап, сол

арқылы қазақ елінің үлкен трагедиясын қатар көрсете білген
қаламгер. Сондай-ақ, қазақ даласына есімі аңыз болып тараған
Ақан серіні әнші, ақын ғана емес, халық қамын ойлаған
күрескер ретінде танытқан да осы суреткер.

Сәкен Жүнісов «Ақан серінің» үшінші кітабын да жазуды
ойластырған көрінеді. Сол кітапта серіні Меккеге апарғысы
келген. Бірақ, неге екені белгісіз, кейін бұл ойынан айнып
қалған. Сондай-ақ, Сәкең Абылай ханға арнап роман жазғысы

келгенінен де хабардармыз. Бірақ оған үлгермеді...

Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повестері, «Жа­
пандағы жалғыз үй» романы, «Ақан сері» дилогиясы қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосылған құнды шығармалардың
қатарында. Жалпы, аты аталған үш шығармада да қазақ дала­

сының трагедиясы жатыр.
Міне, Сәкең ұлтын ерекше сүйген аса дарынды, биік тұлғалы
азамат еді. Осындай суреткермен кезінде замандас қана емес,
пікірлес, талай дәмдес болғанымызды мақтан етеміз.

Тағы қайталап айтайық, биыл – сол Сәкен серінің жылы.
Дегенмен, Сәкен Жүнісов шығармашылығының ғұмыры бір
жылмен ғана өлшенбейтіні түсінікті. Оның туындылары қазақ
халқы барда мәңгі жасай береді.

11-267

БОЗАҢДАҒЫ БОЗТОРҒАЙ

(Көрнекті ақын Есенбай Дүйсенбайұлы
шығармашылығы хақында)
Қасиетті қара өлең. Жүрекке жарық, сезімге сәуле түсірер
тылсымы көп құдірет. Поэзия – ақынның жаны, тамырын­

да бүлкілдеген қаны. Оның құпия құбылыстарын, беймәлім
бұрылыстарын, шыңыраудан шымырлап шыққан зәмзәмдей
мөлдірлігінің сырын да еш сыншы тап басып айтып бере ал­
майды. Поэзияның берік ұстанар догмасы да жоқ. Оның те­

ориясы да өмірдің диалектикасы секілді өзгеріп отырады.
Өзгермейтіні – өлең атаулыдағы жүректің соғысы, жанның
жарқылы, сезімнің сәулесі.
Қазақтың қанатты ақыны Есенбай Дүйсенбайұлы жырла­

рын оқыған сайын оның алғаусыз ақ сөйлер адалдығына,
өлеңдерінің бай палитрасына, шынайы полотноларына, жан
құбылыстары мен арналы ағыстарына тәнті боласың. Оның
өлеңдері сабырлы да сырбаз табиғатымен ішкі иірімдеріңді

тербетіп, жан толқындарыңды арнасынан асырып кететін
құдіретке ие. Есенбай жырының киесі де иесі – бозала таң мен
бозторғай. Оның көкірегінде осы екі қасиет бір нышанды, ол –
ақындық әлемнің ғана емес, өмірдің жаратылыс күйі.

Алаңсыз дәурен аспаны жұлдыз, құс толы,
Жалт ете қалды сынаптай кейде сырғанап.
Жатыр әйел,
Гинекология столы...

Ұятсыз түн терезеден тұр қарап.
«Бір үмітті, бір өмірді толғатып, жапырақтай бозарып»
жатқан әйел – Ананың азапты бақытына сенің де жаның
күйе­ді. Есенбай ақын ол әйел «жан әлемінің жарық сәулесін

толғатып жатыр» деген адамзаттық ой айтады да, шарана-
ғұмырдың шыр етіп дүние есігін ашқан шағында:
Кенелте, міне, жарылқау үшін ағынан,
Келіп те жетті тықсыра қуып түнекті.

Бір өмір сонда
Әйелдің аяқ жағынан
Бозала таңда бозторғай болып шыр етті, –
деп салмақты ой түйеді. Шын ақын ешкімнің еншісіне алаң­

дамай дара туады, бөлек отау сайлайды. Осы жерде Есенбай
ақынның бозала таңы да, бозторғайы да періште бейне киелі
ұғымға айналады. Ақын көкірегіндегі киелі ұғымның тотемі –
бозала таң мен бозторғай. Бұдан әрі бұл егіз ұғым ақынның

өзіне, қара орман жұртқа айтар сөзіне, шығармасының тұтас
литмотивіне айналып жүре береді. Тіпті, ақынның лирикалық
мені де осы ұғымдармен үндесіп кеткен.
...Өзіңсіз күндер озар ма,

Отырмын таңнан ой толғай.
Таңымның аты – Бозала,
Торғайдың аты – Бозторғай, –
деп жырлаған ақын енді бірде:

...Құландай қаққа қанған құла дүзде,
Құмардан шығамыз ба мына біз де?
Бозторғай бозаңдағы – бұлбұл емес,
Бозжорғам – дүлдүл емес бұл әзірге, –

деп тебіренеді. Қалай айтса да ақын сөзіне сенесің. Есенбай
жырларының табиғаты да өскен ел, өлең төсегіне тартып тұруы
заңдылық. Тіпті, ақындық деген беймәлім әлемнің өзі маған
кейде шуаққа шомылып, мейірімге қанып өскен жаны жарық

жандардың жайлауы секілді елестейді. Жанарында жарық
нұрлар самсаған сәулеге іңкәр ақынның алар нотасы, шырқар
диапазоны да тек далаға жарасқандай.

Ақтөбенің алыс құмындағы Қалдайбек ауылы бала ақын­
ның қиялын қалықтатып, санасына сәуле, жанына жалқын
құйған. Жетімдік пен жесірлік, тасмаңдай тағдырмен тайта­
лас, бақ пен сордың итжығысы, жұбату мен жұбану, дүрмек

дүниенің алдындағы дәрменсіздік – бәрі-бәрі, сайып келгенде,
адамның сезімін тәрбиелейді, көзқарасын қалыптастырады.
Қалыптастырып қана қоймай, сол елге деген махаббат отын
лаулатады. Сонау алыста қалған қимас шақтарға, мейірім

мен пейілге деген сағынышыңды саялап бір ғажап күйді тағы
кешесің.
Екі-ақ үй екінші ауыл елдей мекен,
Ерттесем желмаямды, желмей жетем.

Әлде мен етегі елпі, жеңі желпі
Жылдарға қайта оралғым келмей ме екен?
...Ұлы ағыс толқындарын ұластырып,
Жылдарды домалатты қыр астырып.

Сырмінез сол ауылға соқпай кеттім,
Сыртынан амандығын сұрастырып...
Бұл – ақынның ертеректе жазған «Ескі жұрт» өлеңінен
үзінді. Өлеңнің ішіне еніп, Есенбай ағамен бірге сол ауылға

тартып кеткің келеді. Тіпті, оның Қалдайбекте қалып кеткен
балалық шағы сенің көз алдыңнан үзік-үзік киноленталардай
өте бастайды. Сосын өз ауылың ойыңа түседі. Оның да кейбір
жер-су атында өзгешелігі болмаса, тыныс-тірлігі, жүрегінің

соғысы Есенбай ақынның ауылынан аумай қалғанына та­
ңыр­қайсың өз-өзіңнен. Ақын табиғатымен туысып бара жат­
қаныңды өзің де байқамай қаласың. Талантты ақынның
құдіреті де айқай-шусыз, даңғаза дүрмексіз сезімінің шамын

жағып қойып, сыр айтып, жүректерді жаулап алғанында болса
керек.
Ақ желкенді ақындық әлемнің иірімдері де тынымсыз.
Ол үшін бозала таң мен бозторғай өлең – өмірінің өлшемі,

осы қасиетті ұғымдарды ақын бір сәулемен көреді. Есенбай

шығармашылығындағы бозторғай құс – элегиялық елес емес,
қасиет пен киенің нышаны.
...Алты қырдан аққу-қаз сан жырлаған,
Арқасынан күн аунап, таң зырлаған.

Айдын дүние,
Ақ түтек ағыс берші,
Тайыз сулар құмарды қандырмаған! –
дейді ақын «Ақ желкенді ағыстар» топтамасының бастауын­

да. Расында, Есенбай Дүйсенбайұлы – поэзия аталатын асау
ағыстың толқындарымен тайталасып, желкенін жеке көтерген
ақын. Оның жырларындағы Жарқамыс та, Жем өзені де өлең
сүйер қазақ баласы үшін аялы да аяулы мекендерге айналады.

Ол – адалдықтың жыршысы. Өмірде өзі қандай қарапайым бол­
са, оның жырлары мен-мен деп кеуде қақпай-ақ, нәзік те сыр­
шыл болмысымен төрге озғалы қашан. Сонда да кеңестік қоғам
интернатының қаршадайдан қара нанын жеп өскен ақын:

...Уақытымның уайымымен сырласпын,
Мұңым менің – қайғысы емес бір бастың.
Ақын Абайды ашындырған қоғамның
Қайғысымен құрдаспын.

Қызыл тілге ерік берсем – қызынып,
Ынжықтанып тұрмаушы едім ызылып...
Қазтуғандар қатарында бармын ба,
Қалдым ба әлде сызылып?!

«Қазақтықтан кеткен жұртқа қадірсіз қайран өлеңнің»
ертеңіне алаң ақын «Туған күнгі толғаныс» жырында осы­
лайша сыр ақтарады. Алаң жұртқа ақынның алаң көңілі
алаң. Есенбай ақын ешқашан талант құнын түсіріп, ақындық

қадірін кемітіп көрмепті. Оның жырлары өмір мен болмыстың
дәнекершісіндей.

...Сұлулық, саған құштармын,
Сүйгендей іңкәр қалқаны.
Атса екен Қазақстанның
Арайлы күн боп әр таңы.

...Боз құсы болып бір белдің,
Мен сені, Өмір, қорғаймын.
Діріліменен гүлдердің,
Шырылыменен торғайдың! –

дейді ақжарма ақын. Елге, жерге деген махаббаттан осындай
арайлы жолдар туады. Ол жырлар бозала таңның түсіндей
адалдығымен көңіліңнің шамын жарқыратып жағып қояды
сенің де.

Ұлы Абай құдіретті жырды «сыңғырлап өңкей келісім» деп
таныса, ұлы Пушкин «Ақынның сөзі – оның ісінің нәтижесі»
дегенді айтады. Иманы кәміл, ары таза адамның ғана ақындық
атты киелі құсты аялауға хұқы бардай көрінеді маған.

Есенбай ақынның әлеуметтік, азаматтық тақырыпта жазыл­
ған жырлары да аз емес. Ол жырлар – ақын жүрегінің терең
сүзгісінен өтіп, намыс пен рухтың қайрағына жанылған жыр­
лар. «Қазақты қаралаушылар» деп аталатын өлеңде:

...Кез болды ма жай жатар,
Кең дүние – қайда тар:
Бір жағыңда – самұрық
Бір жағыңда – айдаһар.

Жымсиып кім, кекеп кім...
Өтті айқасып не тектің!
Абылай хан әлі отыр
Ортасында екі оттың...

Бұл – елінің ертеңіне алаң ақынның жан шырылы. Тәуел­
сіздігіміздің баяндылығын Жаратқаннан жалбарына тілейтін
жүректің сөзі.

Ақынның «Құл Қожа Ахмет Иассауи рухымен сырласу»
топтамасы – формалық ізденістері бөлек, тыңға түрен сал­
ғандай әсер етер туындылар. Есенбай ақын сабырының са­
басын сарқымай-ақ, жүректі жарып шыққан өлең сөзін қа­

зақтың қара орман жұртына елші етеді. Осы тұста Алаштың
ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы
туралы» пікіріндегі: «Нағыз ақын – әлеуметінің тіл қамшысы,
сайламаса да табиғатымен сайланып шыққан уәкілі, мұңын,

зарын айтқызатын емшісі. Өз әулетін, өз табын ілгері сүйреуге,
көтермелеуге, демеуге күшті ақындардың әсері тиген, әлі де
тимекші...» – деген орамды ойлары ойға оралады.
Есенбай жырларының кең көсілер еркін тынысы оның «Үш­

бұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ...», «Сызу», «Қайта бастау»,
«Дос сыры» секілді дастандарында да айқын көрініс тапқан.
Оларды зерделеп оқи отырып, өмірі мен өлеңі тұтас ақынның
ұлттың ұлағатты жыршысына айналып кеткеніне көз жеткізу

қиын емес.
...Бозторғайым, бейнетқорым, зиятым,
Кеңесім бар құлағыңа құятын:
Жетімдердің маңдайынан сипа да,

Желіккенің оятып жүр ұятын.
Оят, оят!
Қойма тыныш, ырқына,
Бір кісідей бірлік тіле жұртыңа.

Шығып ал да көк аспанға шаншылып,
Шыр-пыр болып шындық әнін шырқыра!
«Қайта бастау» поэмасының түйінді сөзі секілді осы екі
шумақ Есенбай Дүйсенбайұлы ақындығының берік ұстанар қа­

ғидасы мен серті іспетті. Бар өлеңін тұтастай оқып шыққанда
да Есағаңның барлық өлеңбаяны ақын жүректің бір сәттегі
толғаныс деміндей әсерге бөлейді. Оның шығармашылығына
бекзат болмыс, табиғи тұтастық тән.

Есенбай – «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі» секілді баспа­
ларда жауапты қызметтер атқара жүріп, қасиетті қазақ жыры­

на олжа сала келген ақын. Тұңғыш жыр жинағы «Жазушы»
баспасынан 1971 жылы «Бозала таң мен бозторғай» деген ат­
пен жарияланды. Қазақ өлеңіне бозаңдағы бозторғай сазы мен
бозала таңның бояуларын әкелген, ұлттық бояуы қанық поэ­

зия мен төкпе жыр дәстүрін жете меңгерген шынайылығымен
ерекшеленетін «Ұлан-ғайыр», «Ашық аспан», «Ақ желкенді
ағыстар», «Таң торғайы» бастаған ондаған жыр жинағымен
оқырманын қуантты. Өткен жылы «Жазушы» баспасынан

шыққан Есенбай Дүйсенбайұлының екі томдық таңдамалы жыр
жинағы өлең сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын қазынасына
айналды. Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етіп, екі
томдық орыс поэзиясы антологиясын, М. Горькийдің «Әдебиет

туралы», Палестина ақыны Әл-Хамисси лирикасын қазақ
тіліне аударуға атсалысты. Қожа Ахмет Иассауи хикметтерінің
көркем аудармасын қазақ тіліне тәржімелеп, жеке кітап етіп
бастырды.

Қазақстан Жазушылар одағы Ілияс Жансүгіров атындағы
сыйлығының лауреаты, Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне
өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас
жүлдегері, қазақтың талантты ақыны Есенбай Дүйсенбайұлы

жетпіс асуға бекзат болмысымен, қарапайым қалпымен, шабы­
тының шашасына шаң жұқтырмай жетіп отыр.
Қарға бойлы Қазтуған бітімді Алаштың ақиық ақыны Есен­
бай ағаның өзі ертеректе:

...Біздікі не екен – өлең бе
Өзекті өртер түнімен?!
Қаңқылдап тағы төбемде
Қанатын қаққан дүнием! –

деп жазған екен.
Сіздікі – Өлең, Есаға!
Жарық жалғанның бозала таңымен таласып жырлаған боз­
торғайыңыздың даусы талмасын деген тілек қоссам деп едім.

СЕКСЕНГЕ СЕГІЗ САУАЛ

НЕМЕСЕ ТАС БОРАН АСТЫНДА ҚАЛҒАН ЖАЗУШЫ

Майдангер-жазушы Қалмұқан Исабай ағамыз – туын­
дыларының дәнін өмірдің өзегінен алатын қаламгер. Бірде ар­
хивтен тың дерек тауып, бірде алыс қиырларға сапар шегіп,
мазасыз бір күйге түседі де жүреді. Ауызекі әңгіме тиегін

ағытса, білмейтіні жоқтың өзі.
Белгілі сыншы, академик Мұхаметжан Қаратаев Қазақ­
стан Жазушылар одағының бір пленумында жасаған баянда­
масында: «Жақсы шығарма жазу үшін өмірге жақсы араласу

керек. Бұл бағытта жазушы Қалмұқан Исабаевтың ізденісі
үлгі», – деген екен. Бұл пікірден өзіміз де хабардармыз. Ол –
Қалекеңнің комбайнерлер өмірінен пьеса жазу үшін арнайы
курстан өтіп, комбайнер мамандығымен екі маусым егін

орағына қатысып жазған «Десант» атты пьесасының Ре­
спублика Мәдениет министрлігінің сыйлығын алғаны және
сахнаға қойылғаны. Ал академиктің айта алмаған үлгілерін
таратып, түсіндіріп беру үшін бүгіндері сексенге келіп

отырған Қалекеңе 8 сұрақ қойдық.

– Қалеке, сіздің «Қарабала», «Бақытты сәттер» және

басқа шығармаларыңыз арқылы Ұлы Отан соғысына дейінгі
өміріңізбен біршама таныспыз. Тағы да бір шығармаңызда
«1943 жылдың қаңтар айында комиссариат әскерге шақырып,
есейгенімді есіме салды» деп жазыпсыз. Алайда әскери учили­

щеде оқығаныңызды айтпайсыз. Сонда офицерлік сатының
алғашқы баспалдағына қай уақытта көтеріліп жүрсіз?

– Оу баста 9 сыныптық білімім болған соң, Семейде қоныс

тепкен Тамбов жаяу әскер училищесіне бағытталғанмын.
Алайда бойы 147 сантиметр, салмағы 42 килограмм қортықтан
болашақта қандай айбынды офицердің шығуы мүмкін? Жа­

рамадым. Содан кейін Самарқанд қаласындағы атқыштар
полкіне жіберген. Содан келесі 1944 жылдың шілде айының
бір күні түнде «дабылмен» тұрғызып, ұзын составқа тиеп,
Молдавия жеріне алып келсін. Мұнда Кишинев деген Кеңес

қаласы мен Яссы деген Румын қаласы аралығында фашистік
Германияның 30 дивизиясы қоршауға алынғанын естігенбіз.
Енді Кеңес командованиесі осы қоршауды жоймақ екен. Соған
тың күш ретінде біз де келіппіз ғой.

Иә, Яссы – Кишинев операциясы екі айда біздің жеңісімізбен
аяқталды. Румыния соғыстан шығып қана қойған жоқ, Гер­
ман фашизмінің өзіне соғыс жариялап, біздің қатарымызда
соғысатын болды. Мәселе осылай шешілгеннен кейін бұл елдің

жерімен жаяу жүріп, Венгрия шекарасына да жеттік.
Венгрия – фашистік Германияның ең соңғы сыбайласы.
Оның басшыларының не ойлағанын кім білсін, бізге қарсы бар
жанын сала соғысты. Дегенмен, шабуылдап барамыз... Бірде

оң жақ, сол жақтағы көршілеріміз кезекті шабуылға көтеріліп
жатқанда, біздің командиріміздің үні шықпай қалды. «Бұған
не болды?» деп сырт жағыма қарағаным сол еді, взводымыздың
командирі, жиырма жасар кіші лейтенант орыс жігіті кө­

теріле беріп, шалқасынан түсті. Осы кезде есіме Жарғының
«Командирдің өліп не жараланғанын бірінші көрген солдат ко­
манданы қолға алу керек» деген қағидасы түсіп, мен «Взвод,
слушай мою команду! Встать! Вперед!» деп айқай салайын. Сол

бетіммен взводты басқарып кеттім.
Қай елде болсын, солдатты дайындаудан гөрі офицерді
дайындау әрі қымбатқа түсіп, әрі ұзақ уақыт алады ғой.
Жә, соғыста қатардан шығатындардың көбі – взвод, рота ко­

мандирлері. Міне, осы қатардағы офицерлер бізге жетіспейді
екен. Сондықтан да соғыста ерлік көрсеткен солдаттарға да
кіші лейтенант атағын бергенін хабарлап, пагон ұсынды,
құттықтады. Старшина мосқал орыс жігіті, уақытша орна­

ласқан үйіне апарып, маған ине-жіп беріп, пагонымды ши­
нельге тігіп отырғанымда жанымда ақылын айтып отыр. «Сен
жастайыңнан офицер болдың. Осы соғыстан аман шықсаң, түбі
генерал боласың. Ал сенің қалай аман шығуыңның жолын мен

айтайын. Взводыңдағы ана Гусаров қайда, шабуыл кезінде
соның артында жүр!» деп еңгезердей солдатты атады. Міне,
менің офицер атағын алған алғашқы училищем осы. Содан бері
атақ қосыла берді, мен есейе бердім, ақыры полковник...

– Германияның бір қаласында комендант болдыңыз ғой?

– Оған дейін әлі төрт жылдан астам уақыт бар. Бұл уақытта

Түркістан әскери округіне қарайтын Керки қаласындағы
бір полкте взвод командирі болдым. 1945 жылы Германияға
жеңіспен барған офицерлер сонда тұрып қалған, үш жылдан
кейін соларды Одақтағы офицерлермен ауыстыру шаруасы

жүрді. Осы әуенмен 1948 жылдың күзінде Шығыс зонадағы
Вурцен қаласынан қоныс тепкен 20-механикаландырылған
полкке бір офицердің орнына бара қалайын. Содан келесі жылы
Германияда екі мемлекет жасалды – ФРГ және ГДР. Енді мені

екі мемлекет арасындағы шекараның Варта деген бақылау
пунктіне кезекші офицер етіп тағайындасын. Міндетім –
шекараның осы тұсында болып жататын осы оқиғаларды
жақын горнизондарға хабарлап тұру. Менің бұл қызметімді

қарапайым халық тілінде комендант деп атады. Содан 1952
жылы босап, Ильменау қаласына қалай комендант болып
тағайындалғанымның егжей-тегжейін «Берлин «Абайштрас­
се» («Қағанат», 2002 жыл) кітабымда жазғанмын.

Жол-жөнекей айта кетейін, Ильменау гербінде латынның
«г» әрпі бар. Бұл – Гёте деген сөз. Яғни, Ильменау – Гёте қаласы
деп аталады. Ұлы Абай бізге «Қараңғы түнде тау қалғып»
деп аударып берген өлеңін Гёте осы қалада жазған екен. 1979

жылы Ильменауға 25 жылдан кейін қайта барғанымда Гётенің
немісше өлеңі жазылған жерге Абай аудармасын мәрмәр
тақтаға жазғызып, апарып қою мүмкіндігі туды. Неміс доста­
рымыз Қазақстаннан барған бұл сыйды үлкен ризашылықпен

қабылдады. Тақтамен бірге Абай өлеңінің магнитті таспасы да
тапсырылған музейге. Неміс достарымыз содан былай музейге
келген шетел делегаттарын Абай әнімен қарсы алып, шығарып
салуды дәстүрге айналдырыпты.

Ал Берлиннің бір көшесіне Абай атының қалай қойылғанын
да жоғарыда көрсетілген кітаптан оқисыз.

– Өзіңіздің жазбаларыңызға қарағанда, Сіз 1954 жылдың

күзінде әскерден босаған бетіңізде Алматыға келіп, «Социа­
листік Қазақстан» газеті редакциясына қызметке тұрған­
сыз ғой. Бұрын газет-журналдар бетіне ештеңеңіз де жарияла­
нып, көзге түспегенсіз, журналистік дипломыңыз және жоқ.

Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
ең жоғары органының назарына қалай ілігіп жүрсіз?

– Өзің атаған жылы ГДР жерінде аудандық комендатурасы

да жабылып, елге қайту сәті түсті. ХХ ғасырдың бірінші жар­
тысында Германия тарихи оқиғалардың тоғысқан аймағы бол­
ды. Содан көп сюжеттер ала келіп, қазіргі «Жұлдыз» журна­
лына әңгіме, новеллалар жариялай бастайын. Бір күні «СҚ»-

дан әңгіме жазып беруім жөнінде сұрау түсті. Орындадым,
«Елбаның ашуы» деген әңгімем аға газет бетіне шыға келсін...
Міне, осы әңгіме маған аға газеттің тек бетін ғана емес, есігін
де ашты...

– Сіз Ертіс – Қарағанды каналы құрылысына қатыстыңыз.

Гидротехникалық мамандығыңыз жоқ. Құрылысқа қандай ой­
мен бардыңыз?

– Жалпы, 1961 жыл мен үшін өте жемісті жыл болды.

Сол жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай
оқып бітіргенмін. Екі балаға әке, екі кітапқа автор болдым.
Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өттім.
Әскерге жастай алынып, оның сапында 12 жыл тұрғаннан

кейін азаматтық өмірдің қыр-сырын терең біле қоймайтын­
мын. Ал жазушылық жолға түскеннен кейін не жазарымды
білмей жүргенімде, Ғылым академиясының президенті, акаде­
мик Қ. Сәтбаевқа жолығу сәті түсіп... Яғни, канал құрылысына

қатысу ойын маған сол кісі салсын. Ал бұл кездесудің неден
басталып, қалай өткенін 1989 жылы «Жалын» баспасынан
шыққан «Бақытты сәттер» кітабымда жазғанмын.

– Біздің буын сізді жол үстіндегі жазушы ретінде таниды.

Өткен ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде Сіз Сібірге са­
пар шегіп, содан біздің газетімізге есеп жариялағансыз. Сол
сапарыңызға не себеп болған еді?

– Павлодар облыстық партия комитеті 1965 жылы Ер­

мак қаласының орталығына, партия қаржысына, қала аттас
қанішер атаманның ескерткішін қойған болатын. 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасынан рухы көтерілген жастар енді сол
ескерткішті алу мәселесін көтерсін.

«Алаш», «Азат» партиялары мен «Аттан» қозғалысының
мүшелері көшеге шығып, «Ермак ескерткіші алынсын!»
ұранын көтереді. Осы уақытта оянған Сібірлік казачество
мен жергілікті орыс шовинистері шығып, «Ермак ескерткіші

алынбасын!» деп даурығады. Текетірес алты жылға созылды.
Қай жағының болсын саны жылдап емес, айлап өсе түссін. Елді
үрей жайлады, сәл ұшқыннан ұлтаралық қақтығыстың бұрқ
етер қаупі туды. Сол уақыттағы үкімет басында отырғандар осы

тұстан «қопарылуы» мүмкін ұлтаралық жанжал бетін қайтару
амалдарын іздестірумен болды. Ел жаққа қарап үнемі елеңдеп
тұратын өзімнен де маза кетті. Қайткенде де мен бір шараға
баруға тиісті болдым. Алайда ол қандай шара екенін білмеймін.

Бір күні сол шара табылғандай болды. Сібірдің төрт қаласының
дүниеге келуіне 1992 жылы 400 жыл болады екен. Осы тұста
маған «Неге сол қалалар әкімшілігіне Ермак ескерткішін
заңсыз тұрған жерінен алып кетуді айтпасқа, не болмаса,

біздің республика үкіметіне «Сіздің жақта заңсыз тұрған Ер­
мак ескерткішін заңды жеріне қою үшін бізге сыйлаңыздар»
деген өтініш айтқызбасқа?» деген ой келді. Үкіметтің осы
мәселе төңірегінде пышақ жүзінде отырғандай жағдайы сон­

ша, менің ұсынысым келесі күні-ақ жауап алды. Нұрекең –
Президентіміз үкіметке «Сібірге осы тапсырмамен Исабаевтың
өзін жіберіңдер» депті. Бардым. Ана төрт қала әкімдерінің
бірде-бірі ескерткішті алу ықыласын білдірмеді. Десе де, 1992

жылдың 15 наурыз түнінде ескерткіш тұғырдан тайдырылды.
Мұның қалай болғанын мен көп жазғанмын уақытында.
Ендігі кезекте қала атын өзгерту тұрды. «Ермак» атауын
бірден қазақша атаумен ауыстыра салу соңы күтпеген оқиғаға

апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан да мен қалаға Потанин
атын қоюды ұсынайын. Сол күндері – 1992 жылдың мамыр
айының аяқ кезінде мені депутаттарға Потанинді жақынырақ

таныстыра түсу үшін Ермак қалалық кеңесі сессиясына
шақырды. Бардым. Сессия болатын екі қабат еңселі үйдің
есігінің алдында оң жақта «Алаш», «Азат», «Аттан» партия­
лары атынан «Қала атауынан «Ермак» алынсын!» деген ұран

көтеріп, қазақ жігіттері тұр, сол қол жағында «Қала атауынан
Ермак аты алынбасын!» деген ұран көтерген Сібір казачествосы
өкілдері мен жергілікті шовинистер тұр. Екі жақ та қандарын
ішіне тартып алған, сұп-сұр. «Айт!» десең біріне-бірі лап қо­

йып, кеңірдектеріне қол салуға бар қаһарлы жұрт. Қала атауы
жабық дауыспен шешілу керек екен. Сол үшін бюллетеньнің
қазақша жағына «Ақсу» деген атау жазылып қойыпты. Ал
орысша атауы жағы ашық. Егер мен Потаниннің атын қоюды

жеткілікті дәлелдей алсам, сол жазылады, ал дәлелдей алма­
сам, Ермак аты қалады. Онда дала тыныштықтан да айырыла­
ды. Потанин жөнінде 40 минуттай сөйледім. Сұрақтарға жау­
ап бердім... Менің қуанышыма қарай 50 депутаттың (5-6-сы

ғана қазақ) көпшілігі бюллетеньнің орыс жағына По­танин
атының жазылуына қол көтерсін. Осымен менің міндетім
аяқталды. Сессияға УАЗ машинасымен келгенмін. Кетіп бара
жатқанымда төбеме тас борасын. Павлодарға зытып бердік.

Келесі күні білсем, депутаттар қалаға «Ақсу» атын қоюды
қолдапты. Ал кеше қазақ жағы «Ана жазушы қала атауынан
бір орыстың атын алып, басқа орыспен ауыстырып барады»
деп, казачество жағы «Қала атауынан Ермак атауын алдырып

бара жатыр» деп мені тас боран астына алыпты...

– Екібастұз көмірін ашқан қазақты да тапқан Сіз деген

сөз бар?

– Біздің жақтың орыс, қазағының аузында «Екібастұз

көмірін Пішенбайдың Қосымы тапқан» деген сөз бар.
Екібастұз қаласының бір көшесіне соның атын қою мәселесін
көтергенімде, Павлодар обкомының насихат бойынша хат­
шысы Бариков (Ермакқа ескерткіш қойып жүрген де осы)

«Патшаның әлдеқандай бір саясатына қарсы шыққаны үшін
сотталып келген Бородин деген инженер Ақмоладан этаппен
Павлодарға айдалып келе жатқан, жолшыбай Екібастұздың
бір көшесіне соның атын қою жөнінде шешім дайындалып

жатыр. Ал сенің Қосым жөніндегі мәліметің жалған ақпар»
десін. Мен шегінбедім. ХІХ ғасырдың соңғы жартысында Сібір
қалаларында шығып тұрған ескі журналдарды парақтай баста­
дым. Нәтижесінде сол кезде даладан кен іздеген орыс, фран­

цуз, ағылшын инженерлері Қосым жөнінде пікірлер айтқан
екен. Оның үстіне Киев архивінен Екібастұздың көмірін
Қосымның ашқаны жөніндегі нақты мәлімдеме де шыға
келсін. 15 жылдың ішінде тапқан осы деректерімнің басын

қосып Бариковтың алдына қояйын. Ол құжаттармен танысып
алғаннан кейін «Ал, не айтқың келеді?» деді. «Бородин деген
инженер жоқ. Ана көшені Пішенбаев атына қою керек» дедім.
«Енді ол композитор Бородин атындағы көше болады» деді.

Мен «Осы айтқандарыңызды «Крокодил» журналына жария­
лап жіберсем ше?» дегенімде, Бариковтың зәресі ұшып кетті.
Иә, ақыры 1977 жылы Екібастұз қаласының бір көшесіне
Қосым Пішенбаев аты, орталығына 1994 жылы, Қосымның

туғанына 150 жыл толуы атап өтілген жылы ескерткіші
қойылды.

– Сізді кейде туған өлкенің тірі шежірешісі деп ойлап қоям.

Еліміздің тарихы жөніндегі пікіріңізді сан естігенбіз...

– Халқымыз басынан өткен тарихқа өзімнің де үңілген кезім

болған. Дәлел – «Шоң би» трилогиясы. Осы бидің өмірін зерт­
теп жүргенде қызық деректерге кездескенім бар. Ресей үкіметі
1822 жылы қазақ даласын билеудің жарғысын шығарады. Сол
бойынша Орта жүз округтерге бөлінеді де, әр округ басына

тек төрелерден ғана (Шыңғыс хан ұрпақтарынан) сайланған
аға сұлтандар ғана отыруға тиісті болады. Яғни, елді басқару
ісіне қара қазақтарды жолатпайды. Кеңес Одағы тұсында
ел партияның Орталық Комитеті, Министрлер Кеңесі және

Жоғарғы Кеңес арқылы басқарылды ғой. Бұлардың басында
негізінен орыс, армян, ұйғырлар сияқты басқа ұлт өкілдері
отырды. Десек те, там-тұмдап қазақтан тағайындалғандар да
болды. Алайда мұндайлар халыққа жетекшілік етуден гөрі

жоғарыдан келген нұсқауларды мүлтіксіз орындап тұратын
Мәскеу прорабтары міндетін атқарушылар ғана болды. Яғни,
бұл жылдарда да қазаққа билік тимеді. Десе де, 1822 жылғы

жарғы баптарын бұздырып аға сұлтан болған бір қарапайым
қазақ табылды. Ол – Шоң би еді.
Қазақ елінің 8 ғасыр бойы, ұлы Абайша айтқанда, «өз
қолында ырқы болмай» келді. Оның, әсіресе, соңғы 70 жылдан

астам уақытында Кеңес Одағының тұсында, негізінен, КПСС
және орыс тарихы насихатталды. Қабанбай жөнінде хабары­
мыз болмады. Міне, аспаннан түскендей тәуелсіздік келді. Енді
хандар мен төрелер тарихын қаузай бастадық.

Ал қазақ тарихы әлі жоқ.

– 1975 жылы канал құрылысы аяқталды. Осыған байла­

нысты құрылыс тресі Орталық Комитет алдына наградаға
ұсынылған құрылысшылар тізімін қояды. Қарап отырса,
тізімде Исабаев жүр. Орталық Комитеттегілер «Бұл қандай
міндет атқарды?» дейді. Канал өкілі «Ешқандай да міндет

атқарған жоқ, құрылыс барысын зерттеумен ғана жүрді»
дейді. Орталық Комитеттегілер «Сонда сіздер көрінген көк
аттыны наградаға ұсына бересіздер ме?» деген екен. Сон­
да канал өкілі «Бұл кісі 101-ші құрылысты бұзғызды» дейді.

Орталық Комитеттегілер «Сонда сіздер құрылысты бұзғаны
үшін наградаға ұсынасыздар ма?» деп бастырмалады...
Десе де Сіз Қазақстан Жазушылар одағында құрылыс­
шылармен бір тізімде Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған

жалғыз жазушы болдыңыз. Осы фактіге, жалпы өзіңіздің ка­
нал құрылысында не істегеніңіз жөнінде түсінік бере кетсеңіз?

– Иә, ол тізімді трест атынан партком хатшысы Попов де­

ген әкелген болатын. Орталық Комитетте болған әңгімені
өзіме айтқаны бар. Каналды аралап, дерек жинап жүретінмін.
Соның арқасында құрылыс барысынан 6 кітап жазыппын...
Сайын далада жүрген құрылысқа кім келе берсін, әсіресе учас­

ке инженерлерінің көбі практиканттар болды. Яғни, тікелей
құрылыс жүргізілетін жобаны оқи алмайтындар. Осындай
шалалықтың бір фактісін 101-ші құрылыстан көрдім.
Бұл өзі каналда авариялық жағдай туып қалғанда өзекті

жауып тастайтын қақпа – өте күрделі құрылыс еді. Жоба­
да бұл құрылыстың жоғарғы деңгейі канал түбімен бірдей,
яғни «00» сантиметр болу керек деп көрсетілген. Жобаның

сапасы да нашар екен. Сандары өшкен. Әрең көрінеді, мы­
салы, учаске инженері әлгі 00 сантиметр табалдырықты 66
сантиметр деп ұғып, канал түбінен соншама биік қылып
құйып қойыпты. Учаскелік инженердің ісінің шалалығын

айтып, біраз керілдесіп алуға дейін бардық. Мен оған «Мына
құрылысың ертең канал жұмыс істегенде оның өзегіндегі рак
ісігіндей болып тұрады. Өйткені сен су жолына көлденең бөгет
жасап қойғансың» деймін. Ақыры инженер ісінің бұрыстығын

түсініп, «Бас инженер осы құрылысты тез аяқтау үшін ақша
сұрауға Мәскеуге кетті, енді қайтеміз?» деп учаске инженері
өзіме жабысты. Мен оған «Осы табалдырықты тез бұзсақ,
соғұрлым ертең құрылыс та тез аяқталады» дедім. Ол менің

тілімді алды.
Бұл өзі құрылыста үлкен сөз болды. Мен де тәуір-ақ сөз
естідім. «Құрылыста бір жазушы зиянкестік жасапты» деген
дақпырт жетіп, Мәскеуден арнайы комиссия да келді. Толып

жатқан сөздің тобықтай түйіні: комиссия «Жазушы мына
құрылысты бұздырып ертерек істеген. Ал мына қатені канал
толық біткеннен кейін көргенде, оны бұзып, қайта салу өте
қиынға түседі екен» деген қорытынды шығарсын. Осылай

жазушы Қалмұқан Исабай бір құрылысты бұзғызу арқылы
наградаға ұсынылды.

– Әңгімеңізге рахмет, тойыңыз тойға ұлассын!

«Қазақ әдебиеті» газеті.
2005 жыл
12-267

ҚАЗАҚ ҚАРА СӨЗІНІҢ ДАРАБОЗЫ

«Шынайы жазушы әдебиетке өз тағдырымен келеді»

– Сіздің «Қазығұрт» баспасынан 12 томдық таңдамалыңыз

жарыққа шықты. Ондағы шығармалардың дені қылышынан
қан тамып тұрған Совет цензурасының заманында жазылды.
Сараптау барысында бүгінгі оқырманның талабына дөп кел­
мей, жинаққа ене алмай қалған шығармаларыңыз болды ма?

– «Қазығұрт» баспасынан шыққан бұл 12 томдығым

шығармашылық белестегі үлкен бір табысым болды. Шы­
нын айтқанда, бұл томдықтарды шығару оңайға түскен
жоқ. Көмектеседі деп сенген үкімет бір тиын да қаржы бөл­
меді. Біреуге сенген күн күн емес екенін осы жолы қатты

сезінгендеймін. Томдықтарды шығару барысында қатты
қиналғанымда, «Осының бәрі маған не үшін керек?» деп
бәрінен бас тартпақ болып та оқталдым. Дегенмен, әдебиетті
қадірлейтіндер, көркем сөздің киесін түсінетіндер бар екен.

Солардың жанашырлығымен барлық қиындықты жеңіп
шықтым. Тіпті, томдықтарға алдын ала тапсырыс беріп,
қаржыларын баспаның есепшотына аударып, жүгіріп жүрген
жанашыр оқырмандарымды көргенде, төбем көкке екі елі жет­

пей қалды. Оларға рахмет, әрине! Ел бар екен...
Осындай тілеулес жұртшылықтың арқасында 12 томдық
екі жылға созылып, 2004-2005 жылдары жарыққа шықты.
Жақында ғана осы томдықтардың соңғы кітабы жарық көрді.

Қазіргі өлшеммен алғанда, таралымы да жаман емес, 3000
дана! Көп томдық үшін бұл жақсы көрсеткіш.
Айтып өтейін, томдықтарға негізінен елге танылған ке­
сек шығармаларымды енгіздім, 10 роман, 5 повесть, ондаған

әңгімелерім бар. Оның алғашқы он бір кітабына таза прозалық
дүниелерімді кіргіздім, ал он екінші том естеліктер, мақа­

лалар, ой-толғамдарымнан тұрады. Менің жазғандарымның
көпшілігі, өздеріңіз айтқандай, кеңес дәуірде, советтердің
қылышынан қан тамып тұрған кезде жазылған дүниелер.
Әйтсе де, «Соңғы көш», «Тағдыр», «Атамекен» атты роман­

дарым қайта басылғанда пәлендей өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек
«Соңғы көштің» бірінші томында 1932 жылғы ашаршылықты
суреттеген тарау бар еді, ол кезінде қырағы цензурадан өтпей
қалған болатын. Соны қайта кіргіздім.

Мен өзі жұрт жабыла мақтай беретін 60-жылдардың түле­
гімін. Осы кезеңде әдебиетке үлкен талантты топ келіп қо­
сылды. Негізінен олар алдындағы аға буын өкілдері сияқты
емес, ой-жүйесі бөлек, ұстанымы ұлтжанды жаңа буын өкілдері

еді. 37-нің зұлматтарын басынан кешпеген, соғысты көрмеген,
52-нің мүштегіне ілінбеген бұлар алдыңғы ұрпаққа қарағанда
батылырақ, асаулау, дүбірлі болды. Әдебиетке жаңа өріс
әкеп қосты. Тіпті, сол уақыттағы әбден қалыптасып үлгерген

социалистік реализм қағидаларынан шығып кетіп отырды.
Өйткені уақыттың мүмкіндігі солай еді. 60-жылдағылар осы
мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Осындай таланттар туғыз­
ған уақытта келгенім үшін мен өз тағдырыма ризамын. Ба­

қыттымын.
Дегенмен, менің жазу машығым, мәнерімде әріптестеріме
қарағанда өз ерекшелігі болды. Таратып айтсам, шынайы жа­
зушы әдебиетке өз өмірбаянымен, өз тағдырымен, өз тақы­

рыбымен келеді ғой. Қолына қалам ұстаған кісі ретінде мен де
осы қағиданы аттап кеткенім жоқ. Сонда не ерекшелік дейсіз
ғой? Менің өмірбаяныммен біршама таныс адам біледі, өзім
Қытайда – Шыңжаңда дүниеге келген қазақпын. Сол жақтағы

қазақтардың көшпелі өмірлерін (ең соңғы деуге болар) өз
көзімізбен көріп ержеттік. Міне, осы көшті мен әдебиетке
әкелдім деп ойлаймын. Былайша айтқанда, қазақ диаспорасы
жайындағы тақырыпты әдебиетке енгізген, соның іргетасын

қалаған қаламгер ретінде танылдым. Әдебиет сыншылары
болсын, жазушылар болсын, маған басқаны қимаса да, осы
ерекшелігімді мойындайды. Оған да шүкіршілік!

Шынына келсек, бұл өзі қиын болды. Маған дейін ешкім
қозғамаған, түрен түспеген тақырып еді. Қиын болған соң да
«Соңғы көшті» жазғанда мүмкіндігінше шындықты, ақиқи
болмысты бұрмаламай, барды бардай, жоқты жоқтай жеткізуге

тырыстым. Төңкерістер дәуірінде ұлттың рухани дүниесі, идео­
логия көп өзгеріске ұшырады ғой, бұдан бәрінен бұрын тарих­
шылар мен әдебиетшілер көп қағажу көреді. Тіпті, тоқырауға
ұшырап қалатын кездері де болады. Олардың жазғандары

жаңа дәуірге үйлеспей, оқылмай, мазаққа ұшырап қалады. Бір
тәуірі, өз басым осындай оқылмайтын немесе жазғандары түкке
тұрмай күресінге лақтырылатын дүниелерден аман екенмін.
Осы шығармамды неге жаздым деп өкінетіндей кітабым жоқ

екен...

– Сіз 1962 жылы қазақтың ұлы көшіне мұрындық бо­

лып, сонау Шығыс Түркістанда жатқан қалың елді өзінің
атажұртына қарай көшіріп, қондыруға үлкен үлес қостыңыз.
Осы көш туралы «Соңғы көш» атты тамаша роман жазып,
қазақ прозасына қомақты олжа салдыңыз. Бізге осы жайында

әңгімелеп берсеңіз?

– «Бір жамандықтың бір жақсылығы болады» деп бұ­

рынғылар қалай тауып айтқан десеңізші! Алдымен мен
Қазақстанға 1956 жылы оқуға келгенмін. Сосын екі алып
елдің (ол кезде КСРО және Қытай) арасына салқын сызат
түсіп, қайта шақыртып әкетті. Ол жақта мені басымнан сипай

қойған жоқ, сүргінге айдады. Сүргінде 4 жылымды өткіздім.
Сөйтіп, атажұртқа 1962 жылы қайта оралдым. Төрт жыл
сүргінде жүру, былайша қарағанда, босқа өткен уақыт секілді.
Шығармашыл адам үшін үлкен шығын, әрине. Бірақ, есесіне,

ол жақтан үлкен олжамен оралдым. Олжа деп отырғаным –
«Соңғы көш» атты екі томдық кітабымның материалдарын
жинап, зерттеп, зерделеп қайттым. Егер елге қайта бармасам,
әлгіндей қысымға ұшырамасам, «Соңғы көш» жазылар ма

еді, жазылмас па еді?.. Бұл – бір. Екінші бір жеңісім – өткен
ғасырда, 1962 жылы атажұртқа бет алған көштің бұйдасын
ұстап келгендігім. Әрине, көшке жетекшілік жасаған адамдар
көп болды. Алайда сол көшке дем беруші, яғни идеологі өзім

болғанымды мақтан тұтамын. Неге идеологі? Түсіндірейін.

Ол кезде Мәскеудің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс бо­
лып, атқа мініп тұрған тұсы. Қазақстан өз бетінше ештеңе
де шеше алмайды. Біз жүздеген адамдардың қолы қойылған
ондаған хаттар жазып, оны тұп-тура Кремльге жіберіп отыр­

дық. Хрущевтің атына, Ворошиловтың атына, кейде олардың
көшірмесін Қонаевқа салатынбыз. Осы хаттардың бәрін мен
өз қолыммен жазып, жіберіп отырдым. Өйткені мен Алматы­
да оқыған адаммын, кириллицаны жақсы білемін, орысша да

сауатым жетеді. Сондықтан маған жұртшылық қатты сенетін.
Оның үстіне танылып қалған жас жазушы деген атағым бар.
Таңғаларлығы, бізге қолма-қол жауап келіп отырды. Қайдан
десеңізші! Кремльден! Сол бізге сенім ұялатты. Сонымен, 1962

жылы 10 сәуірде көш басталып кетті. Бұл көш бар болғаны
20 күнге ғана созылды. Айтқандай көш те келді, Совет жағы
Тарбағатайдың төрт жерінен бір-бір шақырым қашықтықта
шекараны ашып тастады. Сонда негізінен Шәуешек қаласы

мен осы аттас аудан, Шағантоғай мен Дөрбілжін ауданы­
нан барлығы 200 мыңдай адам өтіп үлгерді. Алайда Қытай
жағынан қатаң ультиматум қойылып, мамырдың 1-і күні ше­
кара қайта жабылды. Қаншама қандастарымыз өтуге үлгере

алмай қапыда қалды. Дегенмен, мұның өзі үлкен шаруа болды
ғой деп ойлаймын.
Биыл осы көштің өткеніне 44 жыл толып отыр. Кітапта­
рымды, жазған дүниелерімді есепке алмағанда, осы көштің

басы-қасында жүргенімді өзімнің ұлт алдындағы азаматтық
қызметімнің шыңы деп есептеймін. Тағдыр маған осындай бір
миссияны орындауды маңдайыма жазған болу керек, мен сол
сенімді абыроймен атқарып шыққаныма ризамын. Оның соңы

өздеріңізге белгілі «Соңғы көш» романына ұласты. «Соңғы
көш» қалай жазылды, негізгі кейіпкерлері кім деген мәселеге
тоқталмай-ақ қояйын. Себебі ол туралы көп жазылды, айтыл­
ды. Онымен оқырмандарым жақын таныс. Бұл жөнінде «Соңғы

көш» қалай жазылды?» деген мақаламда да егжей-тегжейлі
айтылған.
Ескерте өтетін бір нәрсе, «Соңғы көш» деп тақырып таң­
дағанда, мен жай әншейін көшіп келе жатқан көшті емес, одан

гөрі ауқымдырақ мағынада, яғни көшпелілердің соңғы тұяғы
деген ұғымда жеткізгім келді. «Соңғы көш» деп тақырып
таңдағанда да осы ұғымды негізгі ұстанымға алдым. Дерек­
ке сүйенсек, жалпы көшпелілердің көші үш мың ба, әлде бес

мың ба жылға созылған ғой. Соның ең соңғы тұяғы секілді
мағынада... Былайша айтқанда, көшпелілердің ең соңғы баты­
ры, ең соңғы баһадүрі, ең соңғы аруы, ең соңғы көш көріністері,
керек десеңіз, ең соңғы ұрысын да суреттеп, көрсеткім келді.

Біле білсеңіз, бұл типтер мен кейіпкерлер галереясы күні ертең
тарихқа айналады. Тарихтың беті аударылайын деп тұрған
уақыттың характерін, қоғам мінезін қағаз бетіне сол күйінде
түсіргім келді. Оның үстіне бұл кітап сол көштің тірі куәсі

ретінде құнды ғой деп ойлаймын.
«Отанын іздейтін қазақ қалмай қала ма деп қауіптенемін»

– Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері алыс-жақын шетелдегі

қандас бауырларымыз өзінің ежелгі атажұртына бет түзеді.
Жапа-тармағай, қауырт көшіп келіп жатпаса да, көш сорабы
үзілген жоқ. Сіз дәл осы мәселе туралы талай рет дабыл қағып,
баспасөз бетінде ой-толғамдарыңызды ашық айтып келесіз.

Әйтсе де, осы бір өзекті мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ.
Мұның себебі неде деп білесіз?

– Рас айтасыз, сол көш әлі тоқтаған жоқ, жүріп жатыр.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 90-жылдардың басында қайта
жанданды. Тіпті, бұл жолы географиялық көлемі ұлғайды. Тек
Қытай ғана емес, Моңғолиядан, Өзбекстаннан, Ресейден, сонау
қияндағы Түркиядан қандас бауырларымыз ат басын атаме­

кенге тіреп жатыр. Бұған тәубе деуіміз керек. Шындығында,
бұрын хабарсыз екенбіз, 5 миллион қазақ сырт жерде өмір сүреді
екен. Бұл – халықтың үштен бірі деген сөз, өте сирек кездесетін
жағдай. Өзім бір кезде көш бастап келген адам ретінде бүгінгі

еліміздегі көші-қон мәселесіне әрқашан назар аударып оты­
рамын. Көңілім толмаған жағдайларды ашық айтып, талай
мақалалар жаздым. Мысалы, «Қазақ әлі қоныстанып біткен

жоқ» деген сыни дүнием жоғарыда біраз дүрбелең салды. Одан
басқалары да бей-жай қалдырған жоқ.
Осы жерде бір мәселе, қазақтың басындағы трагедиялық
жағдайлар халық санының аздығынан болып жатыр деп

сеніммен айта аламын. Қазақтың саны кем дегенде 80 па­
йызды құрасыншы, не болар екен?! Қазіргі проблемаға айна­
лып жүрген көптеген мәселелер өздігінен-ақ шешілер еді. Тіл
мәселесі, дін мәселесі зәрезап ауруға айналмас еді. Мәселен, осы

күні халықтың санын 20 миллионға жеткіземіз деп ұрандатып
жатырмыз. Осылай ұрандатып аламыз да, балаларымызды ше­
телге сатуға арланбаймыз. Логика қайда? Бұл – бір. Екіншіден,
табиғи өсім қанша жақсарды дегенмен, баяулап қалғанын

мойындайық. Бірақ оның да үлесі бар екені рас. Меніңше, осы
демографиялық өсімге өзіндік үлес қосып, қарқын беретін
бір тетік – жат жұртта жүрген қандастарымызды елге әкелу
болса керек. Сондықтан демографиялық дүниеге байланы­

сты үкіметтің ұстанып отырған саясаты шын болса, көші-қон
қарқынын арттыру қажет. Олардың халық санының көбеюіне
өз үлестерін қосатынына сенімдімін.
Бірді айтып, бірге кетемін. Қиыншылықты, қысымды,

тепкіні көп көрген халық шыдамды, қайсар, төзімді, білімді
келеді. Қазіргі қазақ тап осындай жайтты басынан кешіріп
отыр. Ендігі бір мәселе, негізгі көштің көзі қай жерде, осы­
ны анықтап алу керек. Менің ойымша, көш көздері үш-

төрт елде ғана. Айталық, Қытайда 1,5 миллион қазақ бар,
Моңғолияда 150 мыңдай, Өзбекстанда 1,5 миллион, Ресей­
де 1 миллионнан астам. Міне, көштің көздері осылар. Жуық
арада сарқылмайтын, таусылмайтын көштер. Алайда, көш

қозғала қалған жағдайда, оларды лайықты қарсы алуға біздің
еліміз дайын ба? Күмәнім бар. Мұның, әрине, объективті
және субъективті себептерінен айналып өте алмаймыз. Қарап
отырсаңыз, бүгінге дейін көштің көңілдегідей жүрмеуін оған

бөлінетін квотаның аздығынан көріп келдік. Осы жайтты
шешетін кез келді. Еліміздің экономикасы қарқындап дамып,
тұрғындардың жағдайы көп жақсарып қалды.

Оның үстіне бізде Ұлттық қор деген қорымыз жұмыс
істейді. Өткенде осы қордың басшысы «Біздің Ұлттық қорда
8 миллиард доллар қаржы бар» деп сөйлеп жатыр. Меніңше,
осы қордағы қаражаттың біразын көші-қонға бөлсек дұрыс

болар еді. Ұлттық қордың қаржысын ұлттың басын қосуға
жұмсамағанда, қайда жұмсаймыз?! Ең игілікті жұмыс сол емес
пе?! Біздің байлықтың пайдасын шетелдегі қандастарымыз да
көрсін. Бұған олардың толық моральдық құқы бар ғой деп ой­

лаймын.
Былтыр Президенттің кандидатурасын ұсынып тұрып мы­
надай пікір айтып едім: «Мәскеу бір күнде салынған емес»
дейтін орыстарда жақсы тіркес бар. Сол секілді Астана қаласы

да бір немесе бес жылда тұрғызылмайды. Ол салына береді.
Осы қалаға құйылып жатқан қаржының тым болмаса үштен
бірін көші-қонға бұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Көші-қон
біздің жайбасарлығымызды күтіп жатпайды. Өйткені қазір

ұлттардың оянған кезі. Мысалы, Қытайда қазақ мектептері
бірінен соң бірі жабылып жатыр. Ең сорақысы, оны ұялмай-
қызармай, кәдімгідей айтып істейді. Енді бір жиырма жыл­
дан кейін ол жақта Отанын іздейтін қазақ қалмай қала ма деп

қауіптенемін. Өзбекстан мен Ресейде де осындай жағдай деп
естимін. Қазірше тілін, елін білетін, атажұртын аңсайтын
ұрпақ бар кезде көшіріп алу – кезек күттірмейтін мәселе. Эко­
номикамызды жөндеп алайық, сосын көшіріп аламыз ғой деу

дұрыс емес. Мемлекеттің ең негізгі ресурсы – адам екенін бір
сәт те естен шығаруға болмайды. Әсіресе, біз секілді алып жері
бар, кішкентай елі бар мемлекетке...
Шынын айту керек, осыған біздің ықыласымыз өте төмен.

Мұны артық жұмыс, орынсыз шығын деп түсінетін шенеуніктер
бар. Бұл мәселенің мәнісін терең түсінбегендіктен. Сосын осы
мәселеге жауапты адамдардың жауапсыздығынан квотаға
бөлінген ақша тиісті адамына жетпей, жолда адасып жатады.

Тіпті, өз пайдасына пайдаланып кеткен жағдайлар да кез­
дескен. Неге екенін, әйтеуір, аталған Агенттіктің маңында
көші-қонның не екенінен хабарсыз, не жаны ашымайтын, пай­
дакүнем біреулер отырады. Біздіңше, оның басшысы тағайын­

далғанда, қасына осы жайттан хабары бар, терең ұғынатын
ұлтжанды азаматтарды қосса дұрыс болар еді-ау деп ойлай­
мын. Сонда оралмандарға аса зиян келмес еді. Мұның артында
үлкен ұлттық саясат жатқанын ескере бермейді біреулер.

– Қадірлі Қабеке, Сіз Қазақстандағы қазақ әдебиеті ғана

емес, алыс-жуық шетелдегі қазақ әдебиетін де жетік біле­
тін білікті тұлғасыз. Шыңжаң қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірегейі, аса талантты жазушы Қажығұмар
Шабданұлының тағдыры мен оның шығармашылығы жайлы

мұндағы оқырмандарды хабардар еттіңіз. Осы тақырыпты
әрі қарай қаузасаңыз. Біз білмейтін тағы қандай талант­
ты ақын-жазушылар бар? Жалпы, Шыңжаңдағы қазақ жа­
зушыларының бүгінгі жай-күйі қандай?

– Жазушылар одағында Шетелдердегі қазақ әдебиеті деген

кеңес бар. Мен сол кеңестің төрағасымын. Сондықтан келіп-
кетіп жатқан қаламгерлерді қадағалап отырамын. Өздеріңе
де белгілі, тәуелсіздік алғаннан кейін шет жақта жүрген көп­
теген ақын-жазушылар қайтып оралды. Шама-шарқынша

ең­бектеніп жатыр. Олардың ішінде Жақсылық Сәмитұлы,
Жәр­кен Бөдеш, Оразанбай Егеубаев, тағы басқаларды атауға
болады. Ал енді талантты бір шоғыры атамекенге жете алмай
арманда өтті. Мәселен, Рахметолла Әпшеұлы, Мақатан Шә­

ріпханұлы, тағы басқалар... Міне, сондай жанның бірі әрі
бірегейі – Шыңжаңдағы қазақ әдебиетінің классигі Қажығұ­
мар Шабданұлы. Бұл кісі ұзақ жыл түрмеде, тар қапаста жат­
ты. Сізге айтсам, бастан-аяқ қырық жыл бойы түрмеде отырған

адам өте сирек. Ол қазір 80 жасқа келген ақсақал. Осы сексен
жастың тең жартысын түрмеде өткізген. Шәуешек қаласында
тұрады. Аман-есен жүріп жатыр. Былтыр осында Жазушы­
лар одағы бас болып, ол кісінің 80 жылдық мерейтойын атап

өттік. Өзі жоқ, туыстары, Қажығұмарды білетіндер мен көзін
көргендер қатысты. Көптеген естеліктер айтылды, соның
қар­саңында ғана Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
демеу­шілігімен оның «Пана» романы мен алты кітаптан

тұратын «Қылмыс» романының бірінші томы жарық көрген
болатын.

Айтып өтейін, осы «Қылмыстың» 3 томы бостандықта жүр­
генде жазылса, қалған 3 томы тар түрмеде дүниеге келген.
Роман оқиғасы шамамен 50 жылдық тарихты қамтиды. Қы­
тайда Тарым дейтін жер бар, Қашқариядағы Тарым өзенінің

бойындағы атақты шөл. Қажығұмар Шабданұлы, міне, осын­
да түрмеде жатты. Мынау қазақтар «итжеккен» деп атайтын
Сібірде – азап болса, Тарымда – тозақ. Өйткені 50 градус ап­
тап ыстықта өмір сүру кім-кімге де оңай емес. Әсіресе еркін

қанатты қазақ үшін...
«Жазушы – әркімге ұнағысы кеп тұратын
бойжеткен қыз емес»

– Қабеке, қазақтың прозасын қандай сүйіп оқысаңыз, поэ­

зиясын да сондай сүйіп оқып келесіз. Құстың қос қанатындай
әдебиеттің осы бір егіз жанрына бірдей қапысыз қалам тарт­
қан жазушысыз. Заман өзгерді, уақыт талабы өзгерді, оқыр­
ман ойы мүлде жаңғырды. Осы орайда қазіргі қазақ ақын­

дарының аяқ алысына көңіліңіз тола ма? Оларда ізденіс
байқала ма, байқалса, қай тұстан байқалады?

– Білесіз бе, мен соңғы кезде қызық нәрсені аңғарамын.

Қаншама мемлекетте қазақ диаспорасы болса, соншама әде­
биет бар деп айтуға болмайды. Сонан соң әдебиеттің болуы
санға да байланысты емес. Мәселен, Қытай қазақтарында
әдебиет бар. Ол – талассыз. Сосын бар болғаны 150 мың қазағы

бар Моңғолияда да әдебиет біршама жоғары деңгейде. Есесіне,
1 миллионнан астам қазақ өмір сүретін Ресейде әдебиет мүлдем
жоқ, үлкен өнер де жоқ. Өзбекстанда там-тұмдап қана деуге
болады. Меніңше, әдебиет ұлт тұрған жерде тумайды, әдебиет

ұлттың ұйыған жерінде пайда болады. Ұйытқы дегеніміз не?
Сол жерде мектеп болу керек, ана тілінде ұрпақ тәрбиелеу ке­
рек, дәстүрлі қаймағы бұзылмау керек, ақыр соңы біршама
тығыз қоныстанып отыруы керек. Осы секілді әдебиеттің өмір

сүруінің көптеген себептері бар. Осындай ұйытқысы бар жер­
де әдебиет туады. Ал Түркияда 20-25 мың қазақ тұрады деп
жүрміз. Бірақ ол жерден үлкен әдебиет туады деп үміттенудің
керегі жоқ.

Бір әңгіменің орайы келіп тұр. 1988 жылы Украинада Қа­
зақстан мәдениеті мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Көптеген қа­
ламгерлер, өнер жұлдыздары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бөлініп-бөлініп алып облыстарды араладық. Біздің топ Днепр­

ді бойлап, Черкасск қаласына аялдап, сонда жұртшылықпен
кездесу өткізді. Кездесудің ең бір шырқау шегіне жеткенде бір
мектептің директоры былай сұрақ қойды: «Сіздерде 800 мың
біздің қандастарымыз бар деп естиміз. Оған қуанамыз. Әсіресе

халық санағы кезінде бір қарап, марқайып қаламыз. Бірақ не­
шеме жүз қаламгерлердің ішінде бірде-бір украин жоқтығы
біздің қарнымызды аштырып отыр. Неге бұлай? Сонда Сіздің
елде тұратын украиндар әдебиетті қойған ба?» деді. Мұндай

тосын сұрақты ешкім күтпеген болу керек, зал құлаққа ұрған
танадай тым-тырыс қалды. Бұл ауыр үнсіздік біразға созылып,
тіпті зіл батпандатып жіберді. Топ жетекшісі ретінде маған жа­
уап беруге тура келді. «Украиндар – талантты халық. Украин

ұлтынан шыққан бізде жақсы хатшылар бар. Совхоз дирек­
торлары, колхоз төрағалары бар. Талантты инженерлер бар.
Ұяттысы сол, бірде-бір украин жазушысы жоқ. Жазушының
жоқ болатыны – украин тілінде дәріс беретін бірде-бір мектеп

жоқ. Тілдік орта болмаса, украин әдебиеті қайдан пайда бола­
ды? Рас, бірлі-жарым қолына қалам ұстағандар бар, олардың
өздері орыс тілінде жазады» дедім. Олар түсінді. Түсінгендіктен
болар, қатты өкініш білдірді. Шетелдерде тұратын қазақтар да

солай, ұйытқысы жоқ болса, ол жерде әдебиет те, өнер де ту­
майды.
Енді қазақ әдебиетінің болашағы қандай, кейінгі толқын­
нан кімдерден үміт күтесіз дегенде, қазіргі жастарды қада­

ғалап, үзбей оқып жүрмін деп өтірік айта алмаймын. Әйтеуір,
әдебиеттің бар екеніне сенемін. Әсіресе тұлпар мінезді жанр –
поэзияның қадамы сүйсіндіреді. «Қазақ әдебиетіндегі» «Жас
қалам» қосымшасынан ара-тұра болса да жылт еткен жақсы

шығармаларды көріп, қуанып қаламын. Форма жағынан бол­
сын, мазмұн жағынан болсын, ішкі иірім, ширығу, мінез – бәрі
орнықты. Прозаға келгенде бұлай деп ауыз толтырып айта ал­
маймыз. «Мынау қайтеді-ей?!» дегізетін ешкімді көріп отырғам

жоқ. Прозаға қарағанда поэзияның аяқ алысы алымдырақ се­
кілді. Ал Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Роза Мұқанова, Жү­
сіпбек Қорғасбек – бұлар қалыптасып қалған жазушылар ғой.
Оларды жастардың арасына қосуға аузым бармай тұр. Елуді

алқымдаған жігіттер қашанғы жас болып жүреді? Олар жаса­
мыс жазушы болды. Сондықтан менің көзіме ешкім түспей жүр
дегенде, 40-қа жетпегендер туралы айтып отырмын. Қазіргі
жаңа типтерді әдебиетке әкелетін, міне, осы жастар болу ке­

рек. Меніңше, олар да атқа мінетін күн жақын шығар деген
үмітім бар.

– Қабеке, Сіз Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше

ауданның Құрметті азаматысыз. Сіз 70 жасқа келіп жат­
қанда ол жақтағы ағайындар да қуанып жатқан болар. Ел
жаққа барып, аунап-қунап қайту ойыңызда бар ма?

– Бұл сұрақтарыңа былай жауап берейін. Маған «Құтты

қонысыңыз қай жерде?» десе, алдымен Алматыны атар едім.
Себебі сонау 1956 жылдан бері өзімді алматылық санаймын.
Алдымен оқуға келдік. Араға біраз уақыт салып осы арман қа­
ла – Алматыға қайта оралдық. Осы оқиғаға, Құдай қаласа, биыл

елу жыл толады екен. Арғы беттегі төрт жылдық сүргінді есеп­
темегенде, негізінен осындамын. Осында үйлі-баранды болдым.
Балаларым да осы қалада дүниеге келді. Шығармаларымның
негізгі арқауы да осы қалада жазылды. Сондықтан, егер мен

70 жылдығымды атап өтуге ниет етіп жатсам, ол қуанышым­
ды алдымен Алматы жұртшылығымен бөлісемін. Жазушы­
лар одағы, қала әкімдігі бар, менің шығармашылық кешімді
өткізуге қолдау көрсетеді ғой деген сенімдемін. Ал атажұртым,

менің кіндік қаным тамған жер – Тарбағатай.
Меніңше, әркімнің арқа сүйейтін бір тауы болуы керек.
Менің тауым – Тарбағатай. Айтпақшы, Тарбағатайдың
ескі аты – Барқытбел. Мен Барқытбелдің күнгейінде дүниеге

келіппін. Осы таудың теріскейі мен күнгей жағындағы үш
ауданның да Құрметті азаматымын. Олар – Тарбағатай, Аягөз
және Үржар – Мақаншы аудандары. Менің жазған шығар­
маларымның дені осы өңірдің табиғатын суреттеуге арналған.

Мәселен, «Дарабоз» романын жаздым. Дарабоз – Қабанбай

батырға халықтың берген лақап аты ғой. Оның ұрпақтары осы
уақытқа дейін осы жерде тұрып келеді. «Прометей алауы» де­
ген романымның басты кейіпкері Ақтайлақ бидің де ұрпақтары
осы өңірде. Бұлардың бәрі менің шығармаларымның алтын

арқауы ретінде қалады. Айтайын дегенім, егер ел жақтың
жұртшылығы 70-ке келгенімді ескеріп, «Келіңіз, кездесу өт­
кі­зейік» деп шақырып жатса, ел алдында есеп беріп қайту –
көңіл­де жүрген нәрсе. Қалай десек те, 70-ке күнде келе бермей­

міз ғой...

– Сүйегі асыл бұрынғы ата-бабаларымыз 70-ке келдік екен

деп омалып отбасында отырмапты. Ат үстінде желдей
есіп жүріп, бар-жоғын адақтап өмір кешкен екен. Қасиетті
қаламның қанатын талдырмай, шалғысын өртке шалдыр­
май, Сіз де сол жасқа келіпсіз. Бұл заманда адамға сүйенгеннен

гөрі, қаламға сүйенген сенімді екен. Осындайда ұлы Абайдың
мына бір жыр жолдары ойға оралады:
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

– Жетпіс деген оңай жас емес, әрине. Өмірдің ащы-тұщы­

сын көріп жүріп, бұл жасқа қалай жеткенімізді де аңғармай
қалыппын. Дегенмен, өз басым негізгі дүниелерімді бойымда
күш-қуатым барда жазып тастағаныма дән ризамын. Бұл жас­
та бүйтіп тастаймын, өйтіп тастаймын деп уәде беру қиын.

Бұлай істесем күпірлік болар еді. Қаламым қолдан түскен
күні тіршілік те тоқтайды деп білемін. Осы уақытқа дейін
қандай абырой-атаққа жетсем, соның бәрі осы қара қалам­
ның арқасы. Соңғы кезде публицистикаға көбірек бет бұрып

жүрмін. Біреулер «Осы сенің публицистикада не шаруаң бар?
Көркем дүниеңді жазып жүре бермейсің бе, жоғары жаққа
ұнамай қалуың мүмкін ғой» деп ділмәрсиді. Оған мен «Жазу­
шы – әркімге ұнағысы келіп тұратын бойжеткен қыз емес қой»

деймін. Солай емес пе?!

– «Қазақ әдебиетінің» оқырмандары атынан Сізді 70-ке кел­

ген мерейтойыңызбен құттықтай отырып, қайсар да ұшқыр
қаламыңыздың ұшы мұқалмасын деген тілек айтқымыз
келеді. Маңызды да мағыналы әңгімеңіз үшін рахмет!
Сұхбат Болат ШАРАХЫМБАЙМЕН бірге дайындалған.

«Қазақ әдебиеті» газеті,
2006 жыл

ӨТКЕЛДЕР МЕН ӨТКЕНДЕР

Қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек
Салықов – ұзақ жылдардан бергі аға досым. Өлең өлкесінің
жезқанатты жезкиігі, аяулы азамат, айтулы тұлғамен кез­
десуге, жүздесуге асығып жүретінім жасырын емес. Саналы

ғұмырын халықтың ұлы болып өткізіп келеді Кәкімбек аға.
Жезкиік ғұмыр...
Желерсің-дағы өтерсің,
Өтерсің анық...

Парызың елге өтелсін.
Бір қазақ сендей ұлтының ұлы болсын да,
Бір ақын сендей өлеңнің жүгін көтерсін, –
деп жыр арнағаным да бар еді. Қазақстан Жазушылар ода­

ғының 70 жылдық мерейтойына қатынасуға Астанадан кел­
ген Кәкімбек Салықовты өмірінің өткелдері мен өткендері
жайлы, қоғам мен тіршілік жайлы сыр-сұхбатқа шақырдық.

– Сіздің Кеңес Одағы ыдырар алдында КСРО Жоғарғы Ке­

ңесінің Экология жөніндегі комитетін басқарып жүрген ха­
лық депутаты болғаныңыз белгілі. Қоғамдық жұмыстар мен
ақындық жолыңыз елге келіп, зейнеткерлікке шыққаннан
кейін де кем соққан жоқ, ал мемлекеттік қызметке, не толып

жатқан саяси күрескерліктің қызуына түспегеніңіз қалай?

– «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, жүрегім жалын ат­

қан сөз дайында» деп Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай,
бастан кешкен өткелдер мен елмен бірге кешкен уақиғаларды
өзіме айтқызғаныңызға рахмет, әйтпесе бұл сұраққа сыр­
тымнан әркім өз бағдарынша жауап беретінін айдан анық

түсінемін.

Кеңес Одағы ыдырап кеткеннен кейін Мәскеудегі аса
биік лауазымды кісілер жаман қызмет ұсынған жоқ. Әсіресе
бұрынғы КСРО-ның бірінші вице-премьері болған Вита­
лий Догужиев экологияға байланысты орынбасары ретінде

жаңа құрылған үлкен корпорацияға шақырды, бүгінгі Елба­
сымыз Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде де, елде де тұғы­ры
биік мемлекеттік қызметтерді ұсынды, осы күндегі Сол­
түстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров мыр­

за да Мәскеудегі сол кезде өзі ұйымдастырған кәсіпкерлік
мекемесінің мәдениет жағын басқаруды атады. Мен бұл
азаматтардың бәріне де алғыс айтып, елге оралып, Алматыда
қызмет істеу, ақындық жолымды жандандыру жағын ойлай­

тынымды алға тарттым. Алматыға келгеннен кейін көптеген
жылдар жан аямай атсалысып жүрген Арал апатының алдын
алу мәселесіне Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысымен қызмет
істедім. Арал проблемалары жөніндегі Ұлттық комиссияның

бас сарапшысы болып, қолымнан келгенше, бұрынғы Одақтық
келісімдер мен шешімдер құлдырап кеткен соң, Арал апаты­
на қарсы тұрар жаңа жоба, бағдарламаларын жасауға қызу
қатынастым. 1995 жылдан бастап Халықаралық Қ.И. Сәтбаев

қорының президенті болып сайландым да, ұлы ғалымның
туғанына 100 жыл толатын мерейтойды өткізуге атсалы­
стым. Қай қияда жүрсем де ана сүтімен дарып, бойға сіңген
ақындықтан қол үзбедім.

Шөліркеген далама
Жаңбырлы бұлт болар ма ем,
Піскен кезде мол егін
Диқан болып орар ма ем, –

деп те елді аңсағыш болдым. Өйткені 1975 жылы Жезқазған
облыстық партия комитетінің екінші хатшылығынан СОКП
Орталық Комитетінің инспекторы болып тағайындалдым. Бес
жыл өткеннен кейін Қазақстанның бұрынғы басшысы Д. Қо­

наевқа арнайы келіп, талай рет елге сұрансам да орайы бол­
мады. Ақыры он жылдай сол «Үлкен үйде» қызмет істеп, бес

жылдай Қарақалпақ Автономиялы Республикасында облыс­
тық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқар­дым.
Осы жылдар қаншама ауыр тисе де, бауыр елге барымды ая­
мадым. Қазақстаннан келемін деген небір қазақ, небір орысты

апармадым, сол елдің азаматтарын көтеріп, тәрбиелеуге бар
күшімді жұмсадым.
Қарақалпақстанда өткен жылдар мені эколог етті. Өзіңіз
айтқандай, Халық депутаттарының алғашқы съезінде Жоғар­

ғы Кеңестің Экология жөніндегі комитетінің төрағасы боп
сайланып, Чернобыль, Арал, Семей полигоны мәселелеріне
қызу кірістім. Әлемдік экологиялық форумдарда ел жырты­
сын жыртуға бірталай уақытымды арнадым, көптеген елдерде

болдым. Міне, Арал апаты, одан кейін Каспий теңізінің тасуы
жайлы мәселелермен айналысуды азаматтық парызымдай са­
надым. Егер Сәкен, Мағжан, Қасымдар тірі жүрсе, сол айқастан
қалмас еді. Классик жазушы ағамыз Әбдіжәміл Нұрпейісов,

ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов, еліміздің әйгілі арыс­
тарының бірі – Еңбек Ері, марқұм Еркін Әуелбековтер де ба­
рынша атсалысты ғой. Арал апатының барша мәселелері әлі де
шешіліп болған жоқ, ол жүрегімнің бір шетінде беріш болып

жатыр. Ол – үлкен сөз, бөлек әңгіме.
Сұрағыңыздың тағы бір бөлігі менің көптеген партия­
лар мен қозғалыстардың біріне қатыспауым жайлы ғой. Ол
рас. Өмір жолым кеншіліктен басталса да, партияның солда­

ты болып қайда бармадым. Ал туған елім тәуелсіздік алып,
Коммунистік партияның тағдырымды басқаруынан есен-сау
құтылған соң, қалған өмірімді ақындық жолына арнап өтуді
арман еттім. Біле білсек, қоғамдық жұмыстың ең үлкені –

ақындық. Ақындық деген – ел алдындағы зор жауапкершілік,
оны ақтай алсақ та бұл жалғанға жайдан-жай келмеген болар
едік.

– Меніңше, осы айтқандарыңызды абыроймен орындап

ке­лесіз. Сіздің ақындық жолыңыз «Кенші ақын», «Жезкиік
ақын» деген үлкен атақ, даңқ әкелді. «Жезкиіктің» дүбірі қан­
дай еді, сол ұстанымыңызбен жүре бермей, эпикалық күрделі
дүниелер – «Тәттімбет», «Дала», «Ақын Тайжан», «Қаныш

13-267

жолы» атты көптеген поэмалар жазып, сонеттер мен әзіл­
дер жинағыңызды да ұсындыңыз. Осы көп тақырыптылық
шашырандылыққа ұшыратпай ма? Оған қоса аудармаларыңыз
да бір төбе.

– Бұл үлкен де күрделі сұрақ. Баяғыда лирикалық өлең­

дерім­нің арасына «Лифтегі сұлу» секілді әзілдерімді қос­
қанымда, Жазушылар одағында поэзия секциясын басқа­
рып отырған бұл күнгі ақиық ақынымыз Қадыр Мырзали­
ев «Сіз жақсы лирик болып қалыптасып келесіз, әзілдерді

жаңа жинақтары­ңызға көп кіргізбей, жинай беріңіз, соңыра
пенсияға шық­қанда бәрін жинап, бір кітап етерсіз» дегені бар
еді. Мен ақылды інімнің ескертпесін орындап, әзілдерді жинай
беруші едім, соның нәтижесінде «Көңілді күлкі қыздырар» де­

ген әзілдер жинағым жарық көрді. Ал поэма жазуға жасымнан
машықтанып кеттім де, лирикалық өлеңдер төңірегін де ке­
ңейтіп, сонеттерге 1970 жылдардың аяғында кірістім.
Бұл жерде мен қазақ поэзиясында сонеттер неге жоқ де­

ген сұраққа жауап ретінде өз поэзиямыздың ұлттық өресін
кеңейткім келді. Сонеттен тізген алғашқы гүлтәждерімді
Мәскеуге келген академиктер Евней Бөкетов пен Зейнолла
Қабдоловқа оқығанымда, олар қуанышпен құптап еді. Бұл

еңбектерімді бөлек «Сонеттер» атты жинағыма кіргізгенім
рас. Күрделі тақырыптағы «Тәттімбет» секілді поэмалар өмір­
дің үлкен белесі ғой, көптеген шағын поэмаларым да бар.
Шынболат Ділдебаевтай дарынды ақын інімнің арқасында

«Дала» атты поэмам сахнада ширек ғасыр өмір сүрді. 60 ком­
позитор 500-ге тарта өлеңдеріме ән шығарған екен, лирикалық
өлеңдерім үшін бұл зор бақыт қой. Өмірім қаншалықты сан
түрлі жағдайда өтсе, өлеңім де сол дүниенің жаңғырығы

емес пе, «шашырандылықтан» сақтасын, бірақ қай жүйедегі
өлеңдер болса да, адам жанын жалықтырмас рухани азық бо­
лып туса құба-құп емес пе.
Сан салалы поэзияның көптеген желілеріне қармақ сал­

сам, ол-дағы ұлттық поэзиямыздың даму тағдырын кеңірек
ойлағаным. Аудармамен де көп шұғылданамын, ол да үлкен
һәм нақтылы сабақ қой. Ал біздің ақындық кредомыздың басты

мәселесі – қоғам өміріне жіті қатынасып, оған жүрек тілімен
жауап беру деп түсінемін. Екінші бір үлкен мәселе – Ж. Шаях­
метов, Ж. Жанғозин, Е. Бөкетов, Н. Тілендиев, Ф. Кәрібжанов,
М. Бейсебаев, Б. Әшімов, М. Сағдиев, Е. Әуелбековтер тура­

лы очерктер, естеліктер жазсам, бұл да қоғамдық жұмыстың
күрделі түрі ғой. Ол асыл азаматтардың әрқайсысы туралы
әділ баға бере алсақ, ол да жас ұрпақ үшін үлкен сабақ емес пе.
«Шашырандылық» жайында Медеу Сәрсеке досым да ескерт­

пе жасап еді. Оның айтқанындай, Үкілі Ыбырай, Ақын Тай­
жан, Молдахмет Тырбиев, Садық Асатов сияқты ақындардың
еңбектерін жинап, кітап етіп шығаруға көп уақыт бөлгенім рас.
Досым үшін ол уақыттың ысырабы болып көрінсе, өзім үшін

азаматтық парызым болып қуантады. Олардың өз еңбектерін
жарыққа шығарғаннан кейін, өздері жайлы өз туындыларым
жарық көрді. Бұл жұмысты Қаныш Сәтбаев, Шоқан Уәли­
ханов, Мағжан Жұмабаев жайлы да жүргізіп келемін, ол да

жанымның жақсы көрген талпынысы. Жезқазғанның ғи­
ратты азаматтары жайлы кітабым, әрине, өте көп уақытымды
алды, ал жезқазғандық бауырларымның қуанышын немен
өлшерсің? Сондықтан осындай да «шашырандылыққа» жол

беремін. Тақырып үлкен, сауал терең, әзірше жауабым осылай
тәмамдалмақ.

– Сіз туралы сөз болғанда, Кремльдегі өткен он жылыңыз

жайлы, Генсектер жайлы өмірдің қыры мен сырын естігіміз
келеді. Оған не дер едіңіз?

– Бұл сұрағыңыз – асығыс жауапты көтермейтін ауыр сұрақ.

Өжеттігіңіз қызықтырып отыр. Сіздің орныңызда болсам, мен
де өткір-өткір сұрақтарды төгілтер едім. Жауап үшін кем де­
генде жеке повесть, не үлкен очерк жазуым керек, дұрысында,
бұл тақырып ойланып жазар мемуарлық кітабымның зор

бөлшегі деп түсінемін. Ал «Генсектер» деген соң ат-тонымды
ала қашудан да аулақпын, құрғақ қасық ауыз жыртады деген
ғой, сіресе тоқтату да жөн болмас.
Орталық Партия Комитетіндегі инспекторлық жұмыс бө­

лімдер мен секторлардың қызметтеріне үш қайнаса сорпасы
қосылмайды. Біз төртеу болдық, ол ұжымның парторгі едім.

Бізді тікелей Орталық Комитеттің хатшысы И.В. Капитонов басқарды, одан кейін Е.К. Лигачевтың қолына көштік. Иван Васильевич өте инабатты, салмақты да сабырлы, мәселеге өте терең қарайтын адам-тын. Біздің жұмыс – шы­ нында да Генсектерге тікелей шығатын тексерістерді тындыру, қаулы-қарарларды дайындау. Әсіресе үлкен адамдарға арыз­ дар көп болатын, оларды мұқият қарап, шешім дайындау – біздің жауапты ісіміз. Бүкіл Одаққа қатысы бар екі күрделі жұмыспен И.В. Ка­ питонов екеуміз Генсегіміз Л.И. Брежневте болдық. Бірінде елдің экономикалық дағдарыстан шығу жолдарының қысқаша бағдарламасы, екінші жолда еліміздің экономикасын дұрыс жолға қою талабын партияның конференциясы қарасын де­ ген ұсыныс еді. Екеуінде де жолымыз болмады. Генсек бас­ тығымның аты мен әкесінің атын атап қиналған жоқ. «Ты, Ка­ питонов, стоишь на не неправильном пути, страна идет верным путем, давай непугай. Пока я Генсек, этого не будет, вопросы задавай на съезде партии. Зачем в такие дела впутываешь моего земляка из Казахстана» деп салды. Леонид Ильичпен басқа да кездесулер болды. Әсіресе Қа­ зақстанның бір үлкен тойына келгенімізде көп жақын тартып кетіп еді, сол ілтипаты өз ағама ұнамай қалды ма, кім білсін?.. Генсектің тікелей тапсырмаларын да өзге жолдастармен бірге орындап жүруші едім, сол кездегі ұқыптылығым ұнаса ке­ рек. Кеңседе көп отырып қалғандарға қарағанда, әрине, біздің қызу еңбек қайнаған жерден келуіміз көп себін тигізді. Бірақ айтқанымыздың бәрін іске асырғызбайтын. «Жағың түскенше жамандық көрме» деп беретін қазақтың батасын ұққан-ау, жамбасы жерге тигенше тақтан түспей өтті ғой, жарықтық. Ю.В. Андропов мүлдем ерекше кісі еді. ЦК-ға кеш келіп, ерте кетті. Тәртіп мәселесін қолға алғанын біреулер келе­меж де етеді, ол – әділетсіздік. Ол кісі не істеу керек екенін бар­лық республикалардан 3-5 адамнан жинап, ел ақсақалдарымен ақылдасты. Міне, сол кездесуді дайындау үстінде құрылған топта болып, жетекшінің орынбасары болып бекідім. Маған Қазақстан мен Орта Азия республикаларының зиялыларын

қарсы алу, дайындау, шығарып салу, траптан түсіп, ұшар
ұшақтарына мінгенше бірге болу жүктелді. Сонда «Сіздер
аппараттың білікті іскерлерісіздер, сол іскерліктеріңіз бен
білімдеріңізді жұмсап, съездерде сөйлейтін делегаттардың

сөздерін жазып беру тәжірибелеріңіз түбірімен жоғалсын, әркім
өз ақыл-кеңесін берсін, маған сіздердің емес, олардың таза,
шыншыл ақылдары керек, – деді. – Сіздердің ақылдарыңызды
күнде тыңдап жүрмін ғой» деп бір күлдірді.

Ол жиын «Партия ардагерлерімен кездесу» деп аталып,
1983 жылдың тамыз айында өтті. Шынында да, Генсек пен ел
зиялыларының, партия ардагерлерінің әңгімелері шұрайлы
шындықтың бетін ашардай таза күйінде өтті. Нәтижесінде

Генсек бізге разы болып, арнайы сағат тапсырып, бір айлық
жалақын мөлшерінде ақшалай сыйлық бергізіп, шала ба­
йып қалдық. Бекзадалығы мен жинақылығы табиғи үйлесім
тапқан үлкен тұлға екен. Ол кісі тым болмаса енді бес жыл

тұрса, елде әділет жолы басталып, басқаша жағдайлар дүниеге
келуі мүмкін еді. Етек алып кетіп, елді шіріте бастаған былық-
шылықпен күресе бастағаны ақиқат.
Черненконың Генсек болуы үлкен елдің айықпас сырқа­

тының басталуы еді. Төрінен көрі жақын болып әрең жүрген­
де әлемнің бір тұтқасын ұстап тұрған империяны басқаруға
кірісуі партияның әбден тозғанының белгісі болды демей не
тұжырымға келмекпіз? Бір рет қана қызмет бабымен кездес­

тім. Бір танауы мен екі құлағына мақта тығып қойған екен,
жаным ашып, шошып кеттім, құлайын деп тұрған ауру пілдей
боп көрінген үлкен елді аяп кеттім.
Михаил Горбачев жайлы жазарым да, айтарым да аз емес.

Бірақ ол кісі туралы Е.К. Лигачев ақсақал «ол сатқын» деп
тура айтты. Соны оқығанда, Горбачев алған Нобель сыйлығы
есіме түсті.
Бұл – өте күрделі кезең еді. Кеңес Одағының тұңғыш Пре­

зиденті, Жоғарғы Кеңестің төралқасын да басқарды. Сол
төралқаға Р. Ғамзатов, Ш. Айтматов және мен мүше бол­
дық. Мәжілістерде талай айтыс-тартыстар болып жатады.
Сол талқыласу мен салғыласуға Шыңғыс ағамыз белсенді

қатынасатын, өзімнің де шақарлығым аз емес, үндемей қалған
жерім жоқ болатын. Бір күні дачамыз қатарлас болғандықтан
жиі кездесулерді пайдаланып, «Расул аға, Сіз неге үндемейсіз,
кейде бір сүйеніш табамын ба деп, көптен дос болған соң сізге

қараймын, міз бақпайсыз, ал Айтматов болса бірде қоштап,
бірде тоқтау айтып жатады» дегенімде, «Ай, Какимбек, мой
брат, бұл Горбачев пен Айтматовтың әңгімелері ұнамайды,
осылар Одақты құлатады» деді. Ұлылығына күмәнім жоқ еді,

мына сөзінен кейін ол кісіге тиісуімді қойдым. Тағы да Расул
ағамен бір кездесуім өлең болып кетті.
Құшақ жайып ізетпен бағалайтын,
«Расул аға, ассалаумағалайкум!

Саулық қалай? – дедім мен сабыр сақтап, –
Емханада нең бар көп жағалайтын?»
Қатты ойланды,
Қыздырды ма сұрақ бой,

Көзі күлді,
Сыбырлады-ау зиятты ой.
«Мына сырқат мемлекетте, – деді ол, –
Сау жүрудің өзі маған ұят қой».

Міне, Ғамзатов, ол сырқат мемлекетте сау жүруге ұялатын.
Ал өзімді Қарақалпақстанда атақты ақын Ибрагим Юсуповты
қатты қорғап, нық қолғабыс жасағаным үшін қатты сыйлай­
тын. «Ақынға ақын – дос» дегенді берік анттай сақтадың деуші

еді.
Адамзаттың абзалы Расул ағамыздың айтқаны айнымай дәл
түсті, сырқат мемлекет құлады. Горбачевтің өзі де сұлап түсті.
Хрущевті екі рет алыстан көрдім. Студент кезімде, Сталин

өлгенде жастық шақтың өжет күшінің арқасында қошта­суға
қатынастым. Ол үшін күндізгі сағат төрттен түнгі төртке дейін,
яғни «Колонналы залда» жатқан өлі жүзін көргенше тыным
таппадым. Міне, Генсектер деген сұрағыңызға қысқаша айта­

рым әзірше осы ғана.

– Елімізді көп жылдар басқарған қазақтың біртуар ұлы

Д.А. Қонаев жайлы сыпайы ғана айтып өттіңіз. Кеңірек
тоқталсаңыз дұрыс болар еді. Сіз сыртта көп жүріп қалдыңыз,
елде сан түрлі «сымсыз телефон» сылдырлап жатты, қызмет
бабымен Сізге көңілі қалған жері жоқ па еді?

– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты Димаш аға деп кеттік.

Өз өмірі жайлы өзі де жақсы жазды, өзгелер де жақсы жазып
жүр. Көп жыл бір жерде отыру да компартияның кезіндегі
әдет, негізгі арманы дұрыс болғанымен, күнделікті өмірінде
құлдырау жүріп жатты ғой, ол сырқаттан ағамыз да сау болған

жоқ. Мен жас едім және партияның төменгі де, ең жоғары құ­
рылымында жүргенде де Димекеңнің Саяси Бюроға мүшелігі
ол кісіге шаң жұқтырмайтын, мақтан ететінбіз. Өз өмірімде
Димекеңе алғыс айтып, аға дегеннен басқа ешқандай өзара

ұнамсыз сөз болмайтын.
Ең алғашқы көргенім студент кезімде еді. Ол кісі Ғылым
академиясының президенті болып сайланғаннан кейін Мәс­
кеу­дегі түсті металл және алтын институтында оқып жүр­

ген біздермен кездесті. Қаныш аға да кездесу өткізген бо­
латын. Академик пен ғылым кандидатының арасындағы
айыр­машылықты студенттер көп айтты. Мен жиынға кеш­
теу келгендіктен ешқандай әңгімеге қатыспай үнсіз қалдым,

көкейімде ол жолы айта қаларлықтай пікір тумады. Әйтеуір,
тегін кісі таз болмас дегендей, әрі мамандығы кенші болған
соң, өзі осы институттың түлегі болғандықтан да ішім жылы
тартқаны рас еді. Сол үмітім ақталды да, мен институтты

бітірген 1955 жылдың қаңтарында ол кісі Министрлер Ке­
ңесінің төрағасы қызметін атқаратын.
Уранға байланысты мамандығы бар жас инженерлер бол­
ған­дықтан біздерді шетелге жіберуге ұйғарды. Бір досым

Германияға бірге кетейік деп шақырды, бір досым Қыр­
ғызстанға бармаққа азғырды. Мен біріне де көнбей, Мәскеуге
іссапармен келген Д.А. Қонаевтың қабылдауында болып,
Жезқазғанға жолдама алдым. Бұл жолы Димекеңнің кіші­

пейілділігі мен кісілігі жақсы әсер қалдырды. Одан кейін
Жезқазған кен-металлургия комбинаты партия комитетінің

хатшысы қызметін атқарып жүргенде Орталық Партия Ко­
митетінің Бірінші хатшысы кезінде жақсы кездесу, сұх­
баттасудың сәті түсті. Әсіресе баяғыда сабақ берген профес­
сорларды, оқытушыларды еске алғанда, сол институтты кеше

ғана бітірген мен үшін көптеген есімдерді, олардың мінез-
құлқын, өздеріне тән дәстүрлерін үлкен кісінің ұмытпағаны
таңғалдырды. Одан кейін Жезқазған партия комитетінің екін­
ші хатшысы ретінде талай кездестім. Менің Мәскеуге қыз­

метке алынуыма ол кісінің қатысы болды деп есептеймін,
оның себептерін талдау көп уақыт алар еді, қысқа ғана келелі
мәселелерге тоқталсам жөн болар еді.
Мәскеуде жүрген кезімде Олжастың «АЗиЯ»-сының тал­

қыға түскен кезінде бір рет дұрыстап сөйлесіп, өзінше кең
түсінік беріп, О. Сүлейменовті талқылаған кезде қорғаудың
тәсіл, тәртібін сөз етті. Мен Олжасты өзім де жақсы көруші
едім, елдің бірінші басшысының ақынды жақтағанына қуа­

нып, айтқанындай, өзім қатынасқан жиындарда істің әділетіне
көшердей пікір білдіріп жүрдім. Әсіресе Е.К. Лигачев Орталық
Партия Комитетіне хатшы болғанда менімен Олжас жайлы
әңгімелесті, пікірімді барлады. Содан кейін Олжастың қолда

бар еңбектерін оқып шығып, қайтарып беруге сұрады. Біз ол
кісіні Егор Кузьмич дейтінбіз. Бір жұмадан кейін кітаптарым­
ды қайтарып берді де, «Вы правы, никакой он не националист,
просто особо одаренный человек многим, которого понять па­

рою бывает трудно» деді. Содан кейін Олжас туралы бөтен сөз
тоқталды.
Димекең екінші бір мәселеде ақылдасқаны ардақты
клас­сик жазушымыз Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері»

Лениндік сыйлыққа ұсынылған кезде-тін. Димекең бұл мәсе­
леге атсалысқаны рас, бірақ ондай күрделі істе Орталық Партия
Комитетінің майталман, ақсақал хатшысы Михаил Сусловтың
айтқаны болатын, ол өзгеге ырық бере қоймайтын. «Грузин

жазушысы Н. Думбадзенің романы – күнделікті өмір көрінісі,
ал қазақ жазушысынікі – тарих, оған Мемлекеттік сыйлық та
жетеді» деді.
Секретариаттағы талқылаудан шыққаннан кейін Димекең

«Ілияс менің досым болса да маған көнбейді. Ағаңыз ғой, сіз

ретін тауып, Ілекеңмен ақылдасып қайтыңыз. Сөйтіп ағаңыз­
ды Мемлекеттік сыйлыққа көндіріңіз» деді. Мен мақұл көр­
дім. Бірақ Ілияс ағамыз, қаншама бір-бірімізді жақсы көрсек
те, менің айтқаныма да, Орталық Комитеттің әдебиет, мәде­

ниет бөліміндегі сыйластық жағдайында өткен әңгімелерде де
«Лениндік сыйлықты бермесеңдер, Мемлекеттік сыйлығыңа
рахмет» деп бір айтқанынан қайтпады. Жазушылар одағында
болған үлкен әңгімеде де сол қалпында қарысты да қалды.

Мен телефонмен звондап, Димекеңе бәрін айтқанымда, ол кісі
«Әне, біліп айтқан екенмін, ол нағыз көкбөрі, айтқанынан
қайтпайды. Мен Мәскеуге жүрерде өзімен сөйлесіп, «Әй,
Ілеке, Лениндікті бермесе, Мемлекеттікті шаппай аласың»

деп едім. Сонда Ілияс «Балығы болмаса, бақасының керегі
жоқ, қазақ бақаны жемейді» деді. Ағаңды көндір дегенім сол
ғой» деп күлді. «Солай, Хаке, ол әйтпесе Ілияс бола ма?!» деп
әңгімені тоқтатып еді. Бірде «Димеке, осы Хаке дегеніңіз маған

артықтау ғой, атымды атағаныңыз жөн» дегенімде, «Хаке,
Сіз төрде отырсыз. Әлі жассыз, үлкендігіңізге үміт зор» деп
шығарып салып, өз тәртібінше сөйлесе беретін. Үлкендердің
ол да үлкен мінезділіктерінен шығар. Қаныш ағамыз өзінен

кейінгілермен сөйлескенде «батырым» деп бастаушы еді. Үл­
кендердің кішілерге ілтипаты сабақ аларлық керемет қой.
Димекеңе өкпем жоқ, ол кісі кейінгі кезде маңайдағы қор­
шаған ортаның азғырындысында болған шығар, жасы да

ұлғайды ғой, әйтеуір ел жаққа жақындатудан жасқанды.
Елдегі «гу-гуді» де білемін, ол жөнсіз алыпқашпа сөздер, ал
нағыз деректі дүниелерді артынан кеңірек жазармын.
Маған әлемде екі елдің бұрынғы бірінші басшыларын сый­

лау дәстүрі ұнады. Біреуі – Америка, олар барлық бұрынғы
президенттеріне тепе-тең құрмет көрсетеді. Екіншісі – Тәжік­
стан, онда Орталық Партия Комитеттерінің бірінші хатшыла­
рына бірдей құрмет көрсетіп, зираттағы ескерткіштеріне шейін

бір деңгейде зор құрметпен ұстайды.
Жұмабай Шаяхметов жөнінде кереғар пікірлердің еш қи­
сыны жоқ. Мен Мәскеуде қызмет істеп жүргенде Қазақстанда
он үш жыл Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ардақты

ағамыз, қазақтың асыл перзенті Нұртас Оңдасыновпен дәм­
дес, сыйлас болдым. Сонда ол кісі «Жұмекең көсем еді ғой,
Омбы жақтан Қазақстанның бір шетінен ғана кіріп, төріне
шыққан кісі осал емес. Тек қана уақыт өте ауыр еді» дейтін.

Меніңше, бәрінің де үлкен еңбектерімен қатар, қызмет бабын­
дағы олқылықтары бар, бірақ әрқайсысы өз хал-қаді­рінше
басқарды. Біреулер Шаяхметов пен Сталин сыйлас болды
десе, енді біздің кездегі достарымыз Брежнев пен Қонаевтың

достығын алға тартады. Осының бірінде де бөтен сөз жоқ.
Ел басқарған ұлы ағаларымыз да кең кісілер. Әрқайсысы
өз дәуірінің ірі тұлғалары бола білді. Сондықтан оларды бір
дәрежеде қадір тұту жөн. Димекең жайында айтар сөз көп, ал

тоқетері, сыйластығымыз үзілмеді.

– Қаламгердің бүгінгі хал-ахуалы жайлы пікіріңізді білсек.

Қазақ қоғамында руханиятқа байланысты көзқарас өз
дәрежесінде деп айта алар ма едіңіз?..

– Қаламгердің хал-ахуалы дегеніміз – бүкіл қазақ әде­

биетінің кешкен күні емес пе. Тәуелсіздігіміздің алғашқы
жылдарындағы тығырық бүкіл елге ауыр тигенде, жазушы
қауымға да оңай соқпады. Соңғы жылдары, әсіресе Иманғали
Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзалардың кешегі

бірі үкімет төрінде, бірі министр болғанда жасаған қамқор­
лық ықпалдары жазушылардың еңселерін бірсыдырғы көтеріп
тастады. Бірақ әлі де мәселе ойдағыдай шешіліп тұрған жоқ.
Қаламақы деген айтуға ғана, негізінен «демеуші» тауып, кіта­

быңды шығару керек. Шыққан кітаптың да санын баспалар
бір мыңнан асырмайды. Ал ол қай қазаққа жетеді? Ауыл де­
ген кітап оқудан қалып отыр. Мәселенің насырға шабуы тек
қана ақындардың, не болмаса барша жазушылардың ахуалын

өмірдің құлдыратуында емес, елге кітап, газет-журналдар ар­
зан бағамен молдап жетпесе, оқушыдан мүлдем айырыламыз,
әне, сонда рухани ұлттық ыдыраудың үлкен кеселі туады.
Міне, осы апаттан сақтанбасақ, тілімізден де айырыламыз.

Менің қорқатыным осы.
Бұрын баспадан кітабың шығу зор қуаныш әкелетін, әрі
ру­хани, әрі ақшалай жарып қаламыз, ал қазір одан қалдық.

Мемлекеттік тіліміз жөнінде тиісті шаралар қолданылып,
бірсыдырғы әрекеттер жасалып жатыр, депутаттар да бұл
мәселеге білек сыбанып кірісті, ал ауылға кітап арзан бағамен
қашан жететіні белгісіз. Арзандатып та көбейтіп, ел қолына

қалай жеткіземіз, кітаптың беделін қалай көтереміз, гәп осын­
да. Жаңа кітап шықса, ел үдере жұмылып оқитын, оқығанын
ойына тоқып қана қоймай, пікірлерін баспасөз бетінде
жеткізбеуші ме еді. Оның бәрі қайда қалды.

Тоталитаризмді оңдырмай сынаған жөн, ал кеңестік дә­
уірдің өз идеологиясы үшін күресте кітапты зор құрал етке­
нін ескеріп, тәуелсіздікке жеткен еліміздің бүгінгі басшы­
лары бұл істі қолға алулары керек деп білемін. «Сөз түзелді,

тыңдаушым, сен де түзел» дегендей, кітаптың тиражы мен
қаламақы мәселелері дұрыс шешілмей, жазушылардың хал-
ахуалдары түзеле қоймас, тілі ашылса да қолы мен жолы әлі
ашылмай тұр.

Жазушылар одағына келсек, мен бұл жолы көп пікір айт­
пас едім. Себебі 70 жылдық тойымызда біраз ойлар айтылды.
Одақтың бұл құрамы, әсіресе, Абай, Жамбыл, Сәкен, Мағжан,
Сәбит, Ғабит тойларын жоғары дәрежеде өткізуге зор атса­

лысты. Басқа да, әсіресе, жасы ұлғайған жазушыларға демеу
беріп, қуанышын бөлісіп, өлім-жітімін бірге көтерісуде одақ­
тағы жігіттер жандарын салып жүр.
Жазушылар одағы – бүкіл Қазақстан жазушыларына ор­

тақ құрылым, қасиетті төр. Ендеше, бұл одақ та елорда – Аста­
надан орын алып, Алматыда үлкен бөлімшесін қалдыру керек
деп білемін. Осы мәселе шешілсе, Астана еліміздің тек қана
сая­си, экономикалық, әкімдік басқарудың ордасы болмай,

бүкіл ұлтымыздың рухани ордасы ретіндегі беделі арта түсер
еді. Бұл жағынан қарағанда, мәдениетті өркендету жолында
Астана­да қыруар жұмыс істеліп жатыр. Ал әдебиетке келсек,
олай деп айта алмаймыз. Үкімет те бұл мәселеде Жазушылар

одағына деген құрметтерін үзбеуші еді, ал қазір Алматыда
қалған қасиетті мекемені құрметтеу жолы табылмай жатқан
секілді ме, әлде одақтағы жігіттердің өздерінің кеткісі келмей
ме, не десек те қазақтың ұлы шаңырақтарының бірі – Жазу­

шылар одағын Астанаға әкелсек, көптеген жұмыстар жаңаша
күйге түсіп, бүгінгі таңдағы келелі мәселелерді ел басындағы
азаматтармен бірге шешер едік.
Жазушылар одағы Астанаға көшіп келсе, Алматыдағы қа­

зір­гі отырған тамаша ғимаратты одақтың үлкен бөлімшесі
жайлап, оған қоса бұл байлықты барлық ақын-жазушылар
тағ­зым ететін мұражай ретінде құрметтеп ұстау керек. Бұл үй
біздің ақын-жазушылардың бас мешітіндей орында қала бер­

мек, ал жұмыстағылардың Астанаға аттанғаны ләзім. Екін­
шіден, Алматыда жазушылардың қаламгерлік көңіл құсын
құйқылжытар төрі ретінде демалыс орыны болса, оған Жа­
зушылар одағының бұрынғы тау жақтағы үйі дес келмей ме.

Қазіргі жағдайда ел алдында тұрған келелі мәселелерге жүйелі
ат қосу – жазушылардың басты міндеті, бұл міндетті ел ал­
дында абыроймен орындамаса, одақтың да ғұмыры ұзақ бол­
майды. Олай болмасын десек, елордаға жиылып, Елбасына,

үкіметімізге қосылып, халқымызға қажырлы еңбек етейік де­
ген көкейкесті сөзімді аяқтағым келеді.

– Кәкімбек аға, Сіз сөз арасында ретін тауып, қазақтың

ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайында пікір
білдіріп қалдыңыз. Медеу Сәрсеке Қанекең жайлы Мәскеудегі
«ЖЗЛ»-дан шыққан тамаша кітабын жаңартып, ұлғайтып
шығарды. Сіздің «Даналыққа тағзым» атты кітабыңыз да

поэзия тілімен ұлы ғалымның бейнесін сомдаған екен. Осы
тақырып кемеліне жетті деп білесіз бе, әлде Халықаралық
Қ.И. Сәтбаев қорының президенті ретінде айтарыңыз бар ма?

– «Кешегі тоталитарлық заманда саяси қуғынға ұшырап,

атылып кеткен Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Ораз, Тұрар
секілді дарабоздардың тағдыры баршаға мәлім, ал Қаныш
қалай аман қалды?» деген сұраққа әлі де түбегейлі, нақтылы
жауап керек. Бүкіл Сәтбаев әулеті де қуғындалды, үш ағасы

репрессияға ұшырап, ең ауыр жазаға ұшырады. Кезінде өзін
де ұлтшыл деген лақаппен жұмыстан алып тастады, бірақ бағы
жанып, Қазақстан Ғылым академиясының президенттігіне
қайта оралды.

Ұлы адамның бір ұлылығы – өзін, елінің атағын, ұлы ең­
бегін қорғай біліп, тұғырдан таймай өтуінде зор кереметтік
бар. Қанекең – жүз жылда да оралмас энциклопедист, қайсар
азамат, аса білікті ғалым, керемет ұйымдастырушы, үлкен

әдебиетші, қазақ музыкасының білгірі, тамаша жазушы,
аса көрнекті публицист қой. Қаныш ағаның өмірбаяны өте
күрделі және байдың баласы, әкесі діндар, ағалары саяси
репрессия­ның құрбандары болғандықтан өзі де үнемі үрку мен

қорқуда болды, сондықтан өз анасы Әлима жайлы деректерді
жаңа-жаңа айқындап келеміз. Бұл да жабық қалған құпия.
Оның себебі, Әлиманың әкесі Иса қажы еді. Баянауылдағы
Иса қажының тұқымдарының таласын енді ғана айқындап

қалғандаймыз. Ал қасында жүріп Қанекеңнің іс-әрекеттеріне
қарсы болған Қарсақбайдың директоры Гүлий жайлы да
оқушы қауым аз біледі.
Қаныш тақырыбы – аласапыран заман жайлы үлкен сыр.

Оны әлі толықтыра түсіп, көркем сөзбен келістіре ашып
беру – болашақтың ісі. «Сәтбаевтану» сабағын техникалық
жоғары оқу орындарында жүргізудің әрекеті жасалып жатыр.
Құдайға шүкір, құралақан емеспіз. Қ.И. Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті, Жезқазған, Павлодар
университеттерінің күшімен бұл жұмыс баянды түрде жүрмек.
Ал Қаныш ағаның ғылыми еңбектерін зерттеу, кеңінен та­
рату жағы әлі кемшін халде жатыр. 100 жылдық тойына қар­

сы сегіз томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Геология­
лық мамандықтағы бауырларымыз бұл мәселені қолдарына
дұрыстап алмай отыр. Ғылымның тәжірибеге ұлас­қан нақты­
лығын көздеген Сәтбаевтың заманы туып отыр, әттең, сол

кереметті ғылыми тұрғыдан ашып беру жайы ақсап жатыр.
Қанекеңнің өз тілімен айтсақ, «тұяқтары тасқа шыдамай
тасырқап қалды». Бұл мәселелерді қозғағаным, Қа­ныш
ағаның ғылымы мен өмірі – шексіз дүние, ол өлмес тақы­

рып. Жуырда Сәтбаевтың студент кезінде шығарған «Алге­
брасын» Еуразия университетінің ғалымдары қолымызға
тигізеді. Бұл еңбектің де маңызы мен мәнісі әлі сөз бола жа­
тар деп сенемін.

Мен бұл мәселелерді Халықаралық Қ.И. Сәтбаев қорының
президенті ретінде айтып отырған жоқпын. Асыл ағаның қызы
М.Қ. Сәтбаеваның сұрауымен қордың банктегі есеп-қисабын
осыдан екі жыл бұрын жапқанбыз. Қазір қоғамдық дәрежеде

ғана ақысыз-пұлсыз жұмыс істеп жатырмыз. Ол – асыл
дананың аруағын сыйлағанымыз. Өмір болса, әлі де Қанекең
жайлы айтарымыз баршылық. 1999 жылғы Қаныш ағаның
100 жылдығына арналған мүшәйраны өткізуге Қадыр Мыр­

залиев бастаған сарапшылар зор көмек көрсетті. Өмірімнің
жиырма жылында Сәтбаевшыл ғұмырды Жезқазғанда шек­
сем, көз жұмылып кеткенше Қанекеңді, оның әулеті мен ұр­
пақтарын жырлап өтермін деп ойлаймын. «Абай, Шоқан,

Мұхтар, Қаныш – төрт баған» дегенім де бар еді. Ұлттың ұлы
тұғырының бірі деп Қанекемді әлі де жырлай бермекпін. Медеу
досым да, басқа қаламгерлер де қарап жатпас деп сәт тілеймін.
«Қазақ әдебиеті» газеті.

2005 жыл

СҰРМЕРГЕН ТАРТҚАН ЖЕБЕДЕЙ

(Қадыр Мырза-Әлидің «Ақырзаманы» туралы)
Поэзия – көркемдік көрігінде шыңдалған, сыңғыры сұлу,
сыры тылсым сөз өнері. Ол – өмір құбылыстарын танып-
білудегі қуатты құрал, ой мен сезімнің тамырын тереңге салған

бағаналы бәйтерек. Поэзия – көңілдің толқыны, жүректің
лүпілі. Ол тек өлең, жыр емес, әсемдік, сұлулық деген де ма­
ғынаны білдіруі тегін емес.
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекет­тік

сыйлығының иегері Қадыр Мырза-Әлидің «Қазығұрт» бас­
пасынан оқырманға жол тарта бастаған 12 томдық еңбегінің
9-кітабы «Ақырзаман» деп аталыпты. Қасиетті қазақ жы­
рының қадірлі парақтарына айналған Қадыр ақын музасы

қайталанбас қалпымен айшығы мен өрнегін, машығы мен
мәнерін қалың ел, қара орманның таразы талғамына салғалы
қашан! Сонау «Ақ отау», «Ой орманы», «Бұлбұл бағынан» бас­
тап, әр өлең, әр жинақ сайын оқырманына олжа салып келе

жатқан ойшыл ақынның поэзия парасаты, өлең өресі жолын­
да төккен маңдай теріне, ұлан-ғайыр еңбегіне ұлтының ұлы
мен қызы қырық жылдың бедерінде куә болып келеді. Сонау
Сарыарқаның сағым ойнаған даласында жүріп:

Бабамыздың шоқ басқан табанымен,
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең... –

деп таңдайы тақылдаған қарадомалақтың бірі өзіміз едік.
Меніңше, Қадыр – өлең-жырдың азабын арқалаудай-ақ ар­
қалап, өлең-жырдың бақытын көрудей-ақ көрген ақын. Енді
ойласам, сонау бір жылдары қазақтың байтақ даласы Қадыр

жырымен тыныстап, Қадыр болып жырлап тұрғандай екен-ау.
«Ақырзаман» жинағына ақынның соңғы он жыл бедерін­
де жазылған дастандары топтастырылыпты. Қоғамдық фор­
ма­цияның ауысуы кезіндегі келеңсіздіктер, дағдарыстар,

әлеу­меттік қайшылықтар, жан дүниедегі өзгерістер, ғасыр
айры­ғындағы ғадауаттар – бәрі-бәрі философиялық пайым
мен ақындық шырқау шабыттың қосындысы болып кестелі
жыр тілінде өрнектелген. «Еңіреп туған ер едім» деп Махам­

бет айтпақшы, елімнің бүгінгі мұңы мен зарын Қадыр ақын
айтпағанда, кім айтады?!
Осы жинақта «Ел сәлемі» деп аталатын, Елбасына хат
іспетті өлең бар.

Тіршілік-тірлік өкінішпенен өтпесін!
Төзімді деген туыстың шығып кетті есі.
Сізге айтпағанда, айтады Ел кімге арызын?
Сізге айтпағанда, айтады кімге өкпесін?! –

деп тұйғынша түйіліп, абызша толғанған ақын салиқалы ой,
салмақты сырдың жібек жіптерін сәтімен суыртпақтайды.
Сабырының сабасын сарқымай-ақ, қазақи болмыспен жұр­
тының көңіл пернесін тап басып, өлеңін елші етеді. Осы жер­

де Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы»
пікіріндегі: «...Күшті ақын – әлеуметінің тіл қамшысы, сайла­
маса да табиғатымен сайланып шығарылған уәкілі, мұңын, за­
рын айтқызатын елшісі. Өз әлеуетін, өз табын ілгері сүйреуге,

көтермелеуге, демеуге күшті ақындардың әсері тиген, әлі де
тимекші», – деген орамды ойлары еріксіз ойға оралады.
Содан да өрісі байтақ, ажары айқын, құлашы қарымды
ақын әлеміне бойлай еніп, тылсымы мен тереңіне үңіліп,

пікір айтуға мақала көлемі аздық етер еді. Ақын өзі өмір сүріп
отырған алағай да бұлағай күндердің соқтықпалы, соқпақты,
тар жол, тайғақ кешулі кезеңдерінің жақпарлы да қыртыс­
ты құпияларының сырына үңіледі. Оның лирикалық менін

қазақтың қаласы мен даласындағы қандастары қалтқысыз
қабылдайды. Қадыр әлемі – сонысымен де әсем, Қадыр жы­

рының көші сонысымен де көрікті, көлікті. «Өткелдер» даста­
нында зардың запыранын төгіп, ақын тұтас бір дәуір картина­
сын көз алдыңа әкеледі. Заманның шер-толғауы секілді бұл
еңбек:

Кетті жанып бір кезде жанғандары,
Сталиндік құжаттар – жалған бәрі!
Елу жылдың ар жағы еңіс-еңіс,
Үзік-үзік немесе қалғандары... –

деп басталады екен де, өзі ес білген жарты ғасырдың жүрек
лүпілін тамыршыдай тап басып, кардиограммасын шабыттың
шалқарында тербеп, шағаладай шарқ ұрған сезім әуенін
аспандатып, асқақтатып, қайсарлықтан жырлар легі түзіледі

екен. Оларды оқи отырып, шындық шыңырауынан зәмзәм
сіміргендей әсер аласың. Кешегі қан кешкен зұлмат соғыстың
ащы зардаптары, көздің кермек жасы, жалған ұран жетегіндегі
жылдар, ақыретке оранған Арал, сырқат Семей, алапес Абы­

ралы... бәрі-бәрі көз алдыңда қапысыз қалпында елес береді.
Ақиқаттың ақ кебінін киген елес.

Перзенттерін жанына жинап дала,
Шыбын жанын біз үшін қинапты ана.
Өте шықты зымырап жетпіс бес жыл –
Қоғам үшін жетпіс бес минут қана! –

дейді Қадыр аға. «Қоғам үшін жетпіс бес минут қана...» Сол
уақыттың қияметі мен қиянаты, тауқыметі мен қасіреті қазақ
ұлты үшін жетпіс бес ғасырға татыр-ау!
«Ақырзаман» жинағына енген шығармалардың бәрі сю­

жетсіз поэмаларға жатады. Әдебиет теориясына жүгінсек, сю­
жетті, сюжетсіз дегеніміздің өзі ауызша ғана тұжырым, олай
айтуға ғылыми тиянақ, негіз жоқ. Айырмашылығына келсек,
сюжетті деген поэмада ақынның айтар идеясы, ойы нақты пер­

сонаждар арқылы беріледі де, ал сюжетсіз деген поэмаларға сол
оқиға, сол идея ақынның өз сезімі мен лирикалық геройдың
14-267

ой-сезімі арқылы беріледі. Олай болса, Қадыр Мырза-Әлидің
бұл кітабы публицистикалық поэмалардан құралған. Бұл
жанрдың бір ерекшелігі, табиғатына тән сипаты, ақын қоғам
өмірімен аттас бір дәуірді сөз етеді.

Орыс ақындары В. Маяковский көптеген шығармаларын­
да, А. Твардовский «Бір қиырдан бір қиыр», В. Луговский
«Ғасыр ортасы» поэмаларында сюжетсіз поэмаларымен-ақ
тұтас бір дәуір бейнесін көз алдыңа әкелетіні рас. Лирико-

публицистикалық поэмалардың алғашқы нұсқалары өткен
ғасыр басында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір»,
«Кедей» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде алғаш көрініс
бергенін әдебиет зерттеушілері айтып жүр.

«Ақырзаман» жинағында Қадыр ақын осы үрдісті оралым­
ды образ, тың екпінмен жаңаша жалғайды. Осы кітаптағы
«Махаббат» дастаны да шоқтығы бөлек дүние. Адамзат баласы­
на тән асыл сезімді аяламаған, оны жыр етпеген ақын ілгерілі-

кейінде жоқ шығар. Қадыр аға мұнда да тың өріс тапқан.

...Болмақ емес ешқашан соңы кештің,
Мұң теңізі – Махаббат,
Соны кештім...
Неге сүйдім?

Білмеймін!
Не үшін сүйдім?!
Айта алмаймын...
Неліктен өліп-өштім?

Иә, махаббат – жұмбақ та ұлы сезім. Ол тылсым қалпымен
қасиетті, қадірлі. Оның қадіріне жеткендер ғана бақыттың
бесігінде тербеледі. Қадыр ақын өз сезімін селдетіп, оқырманға
ақтарыла сыр айту арқылы тіл кестесіне тән эпитет метафора,

басқа да суреттеу, бейнелеу құралдарын орынды пайдалана
отырып, жаныңды жақсылыққа бастайды, сезіміңді сергітер
эстетикалық ләззатқа бөлейді.
Ақынның «Пайғамбар жасы», «Дерт» поэмалары – оның

ішкі толғаныстарынан туған дүниелер. «Пайғамбардың жасы­

на келгендердің бәрі бірдей пайғамбар бола алмайды», – дейді
Қадыр ақын. Абыз ойдың астарынан әсемдік, жақсылық, ізгі­
лік атаулыға құштар көңілдің күйін естігендей боласың. Ақын,
қоғам, өмір, әлеумет жайлы осы жырлар бір-бірімен ерек­ше

гармония тауып, парасат биігінен сөз алады.
...Тірлік тыныш болмайды дау барында:
От басында,
Бақшада,

Бауларында.
Өте қиын ауруға,
Ауру жанға,
Жүрген жоқ-ау жетісіп сауларың да.

«Дерт» дастанындағы осы сияқты шумақтардың әлеумет­
тік жүгі ауыр. Бірде күйінішті, бірде сүйінішті құйқылжы­ған
көңіл ауаны оқырманды да ой орманының нуына бастай­ды.
Қайраудағы ұстараның жүзіндей мың құбылған сезімді бастан

кешесің.
Жаңа дәуір де жыл мезгілі сияқты. Ол өз үнін естірте, өз
демін сездіре, соны леп, тың нышандарын тарата келеді.
«Ақырзаман» жинағындағы «Заман-ай», «Бес жыл өткен

соң», «Парламент», «Күдік», «Көкейтесті» поэмалары – бір-
бірінің ажарын аша түсетін, үндес, қанаттас, қапталдас дү­
ниелер. В. Белинскийдің сөзімен айтсақ: «Поэзия – әлемдік
өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты,

жарығы мен күні». Қадыр Мырза-Әлидің жоғарыда атал­
ған поэмаларының қай-қайсында да жұртымыздың жүрек
лүпілі, қан тамырының солқылы бар. Турасын айтсам, осы
дастандардың тақырыбы бөлек-бөлек болғанымен, зерделі

оқырманның көңіліне, санасына ажырамайтын тұтас қал­
пында сіңіп жататын қасиеті, сиқыры бар. Бұл дастандарда
Тәуелсіздік алған елдің талайлы тағдыры, өтпелі кезеңнің
өксіктері, халқымыздың көрген азабы мен тозағы, қасіреті мен

қайғысы, қуанышы мен көз жасы бар.

Қадыр ақынның:
Бағзы біреу болмаса жасық қанды,
Бостандыққа барлық ел асыққан-ды.
Сол бостандық көп күткен ойда-жоқта

Түскен кезде аспаннан...
Сасып қалдық! –
деп жырлауынан шындықтың шырайын көргендейміз. Енді
бірде ақын:

Есімізді шығарды енді біздің
Қоғам менен қоғамның өліарасы... –
деп қапысыз ой толғайды. Сұрмерген тартқан жебедей шешен
түйіндеулер кім-кімнің де көңіл ондығына дөп тиіп жатады.

Расында, бүгінгілердің маңдайына тағдыр қоғам мен қо­
ғамның, ғасыр мен ғасырдың өліара мезгілінде ғұмыр кешуді
жазған. Тарихтың тас кітабы үшін таяқ тастам уақыт көрінетін
осы он жыл үміт пен күдіктің, ақ пен қараның, қараңғы мен

жарықтың, жұмақ пен тамұқтың сәт сайын итжығыс түсер
шағы сияқты болып көңіл көмбесінде қалды. Сол сезімдердің
шарпысуы Қадыр жырының айдынына ақ желкенін көтерген.
Ендеше, «Ақырзаман» – Қадыр ақынның бүгінгі күнмен бо­

лашаққа жазып кеткен хаты деуге татырлық еңбек.
Мен халықтың мұңымын,
Жай сырымын,
Жай сырымын,

Шынында бай сырымын.
Қолдан шығып барады келер ұрпақ,
Қайсыбірін айтайын,
Қайсыбірін?!

Ақын жұртының ертеңіне, ұрпағының болашағына алаң­
даулы. Қандай жолмен болсын, тек нан табудың жолына
түскен «жаңа қазақ» ұлтына ұлағат болып, келешектің кө­

сегесін көгерте ме? Сұрақ пен сауалға толы өліара мезгілдің бар
көрінісі осы жырларда.
«Ғадауат ғасыры» поэмасы да құлашын кеңге салған, кең
тынысты шығарма. Ұлт тағдыры, ұрпақ ертеңіне адамзат

баласының арман-тілегін жұптастыра жырлаған ақынның тар­
лан ашқан тұсындағы бұл да бір табысы екенін айтқан абзал.
Зұлмат заман, ғадауат ғасырдың сайқал болмысын жыр еткен
ақын бұл ірі шығармасын:

Той болып кел,
Келешек, ұлан-асыр!
Қалдырайын жазып мен далама сыр.
Зәлім ғасыр,

Бәріне мәлім ғасыр,
Саған тартып тумасын жаңа ғасыр! –

деп заңғар ойдың түйінін түйеді. Адамзатқа ортақ ақ тілектен
туған, ақжарма сырға ақжолтай тілек қостық.
Қадыр Мырза-Әлидің бұл жинағы – ар мен намыстан туған
шығарма. Абайша айтсақ, «сәулесі бар жігіттер бір ойланар»

дейтіндей салмақты сыр, салиқалы сезімнің парасат биігінен
жыр болып мөлдіреген мезеті.
«Қазақ әдебиеті» газеті.
2001 жыл

МАРФУҒА

Ақындық – өнер ме, дерт пе, серт пе? Осы сауал тіршіліктің
түйінсіз сәттері секілді талай-талай мазалаған. Шалқыған,
шамырқанған шақта, дүбірлі дүниенің дүниауи ойларының
бәрінен ада болған кезінде ақындық өнердің тылсым құдірет

екенін жан-жүрегімен сезінеді адам. «Ынталы жүрек сезген
сөз бар тамырды қуалар», – дейді дана Абай. Қай кезде де шын
ақын – уақыттың перзенті, шындықтың шырақшысы, ардың
айнасы. Сондай сиректердің қатарына қазақ өлеңінің көш-

керуеніне аққудай аяулы, бұлақтай таза, дүлдүлдей дүбірлі
жырларымен келіп қосылғанына жарты ғасырдың жүзі болған
Марфуға Айтхожаны елі, жұрты әлдеқашан-ақ қосқан.
Оның сағынышы мен мұңы, жүрегінің дүрсілі мен сезімінің

сыңғыры халқын көзайым етіп, көңіліндегі көрікті ойына ай­
налды. Ақындықтың аламанына атын қосқалы бері мәреден
тосқан оқырманына олжа салып, уақыттың бұрқасындарында
да өзінен де, өлеңінен де көз жаздырмай келе жатқан шабытты

шайыр – қазақтың Марфуғасы.
Осы мезгіл аралығында дараланып, сараланып, өлеңнің
өз перзентіне, ақындықтың айдынына айналды. «Марфуға –
жыр айдынының аққуы» деген қанатты ұғым қалыптастырды

қабырғалы қазақ жұртына. Аққудан да, айдыннан да, меніңше,
ақын Марфуға Айтхожа деген есім еліне елеулі, халқына
қалаулы. Осы есімді өз басым Жаңаарқаның жазық жонын­
да жүріп балдәуреннің бүгінде сағынышқа айналған бір әдемі

күндерінде естігенмін. Содан бері отыз жылдан астам уақыт
өтсе де:
...Бұлдырай ма,
Сағым қуып қаша ма,

Төбе-төбе оқшырайған тас оба.

Жаугершілік келіп қалды мұндалап,
Сонда ерге сүйеу болған Босаға.
Кездерінде малы түгел,
Бас аман.

Бұл маңайда той-думандар жасаған.
Келін түсіп,
Қыз ұзатып,
Күйеу кеп –

Сан қызыққа куә болған Босағам, –
деп басталатын асқақ ноталы, ашық дауысты тамаша өлеңді
әлі күнге дейін жатқа айтамын. Сәби сезім, бала көңілдің
қабылдауы періште жебеген бір тамаша қасиет пе деп қаламын

кейде. Содан бері де ақынның тұнық жырларының тұнбасынан
үрлеп ішіп, үр сезімге талай кенелгенімді несіне жасырайын.
Марфуға – тағдырлы да тамырлы өнердің, өзегіңе түсер
өзекті ой иесі. Кей-кейде ақындық тағдырға қатысты әңгімені

Батыс пен Шығыстан таратып айтуға әуеспіз. Шығармашылық
адамының жан сарайына, ғұмырбаянына, өмірінің өткендері
мен көктемдеріне, өткелдеріне бір үңіліп алмай, ол жайлы,
шығармашылығы жайлы жарытып пікір айта қоям деу де бос

әурешілік. Себебі ақын не жазса да өзі туралы жазады. Құлжа­
да туып, шекара асып, ұстараның жүзіндей мың құбылған та­
лайлы да талайсыз тіршіліктің кермегін де аз татпаған Марфу­
ғаны асқақтатқан да, аспандатқан да қасиетіңнен айналайын

қазақтың қара өлеңі. Алғаусыз сөйлеп, ақтарыла сыр айтып,
Алаш жұртын өлеңдетіп, елеңдетіп қойған ақындық құдірет
иесі өткеніне де, көктеміне де риза пейілмен қарайды.
«...Аға буынның сәт сапарымен бір жылдың ішінде менің

өлеңдерім республикалық басылымдарда жарық көріп шық­
ты. «Жас қанат», «Жырға сапар» сияқты ұжымдық топ­та­
маларға да жырларым еніп, халыққа солай танылдық. Сол
кездегі «Жұлдыз» журналының редакторы Қайнекей Жар­

мағамбетовтің де көп шарапаты тиді. Жұмағали Саин мені
университетте оқып жүргенімде «Қазақ әдебиеті» газетіне

жұмысқа алды. Мұхамеджан Қаратаев шығармашылығым
жөнінде мақалалар жазды. Дмитрий Снегин орысша шыққан
жинақтарым жөнінде айтты. Сырбай Мәуленов «Өлең еңбек»,
Ғафу Қайырбеков «Жапырақтар жауғанда» деген керемет

мақалалар жазды. Бәрі де керемет ақындар еді, шеттерінен
ақкөңіл, пейілдері таза болатын. Жұмекен, Тұманбай, Шәміл,
Қайраттардың арасына жұмысқа барғанымда, олар әдемі қыз
келді деп емес, ақын келді деп қарсы алып, қуанды...» – деп

еске алады сол бір күндерін, алыста қалған арманшыл шағын
Марфуға ақын бүгінде.
Ақынның тұңғыш жинағы «Балқұрақ» 1962 жылы жарық
көріпті. Алғашқы жырларының санатындағы «Самырсын» –

өлеңсүйер қауыммен қауыштырған қанатты дүниелерінің бірі.
О, тәкаппар, тәңір шыңдар,
Сал қарағай, самырсындар.
Ұшып келген Алатаудың

Қарлығашын танырсыңдар!
О, сиқыр тау, ертек емен,
Жастық – жалын, өртенем мен.
Мен бір титтей жыршы кұсың,

Жүрек күйін шерте келген.
Сылаң қаққан сырлы өзендер,
Сағым құшқан нұр белеңдер.
Сырнай самал, қырмызы гүл,

Саған қалай құр келем мен?
Аққу бұлттар үлпілдеген,
Үрке көшіп жүрсің неден?
Тау да, тас та, самырсын да

Сөйлеп жатыр бір тілменен.
О, тәкаппар, тәңір шыңдар,
Сал қарағай, самырсындар.

Ұшып келген Алатаудың
Қарлығашын танырсыңдар!
Өлең бе? Өлең! Өлең болғанда – ақынның арман-мақсаты,
жүрегінің лүпілі, көңілінің күмбірі тоғысып, ақтарыла салған

«сыңғырлап өңкей келісім...» (Абай), жұлдызды жыр.
Жырдың да тағдыры болады. Поэзиясы алуан сырымен,
мөлдір мінезімен өзіне ғана ұқсайтын ақындықтың ақжарма
ауылынан ақ орда тіге алған ақын – бақытты ақын. Тапталған

таныс шиырдың шаңын шығаруға асықпай, соныдан соқпақ
іздеп, оқырманын өзімен сырлас, мұңдас ете алған ақынның,
«жүрек күйін шерте келген титтей жыршы құстың» сезім әлдиі
құштарлық, ғашықтық сияқты ғаламат қасиеттерге жол тар­

тып, киелі сөз өнерінің қадіріне жеткізеді. Мазасыз дүниенің
мазасын қашырып, талай түнді әлдилеген ақын-ананың
қаламынан туған «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым
менің», «Қаракөз-Айым», «Баянжүрек», «Көзімнің қарасы»,

«Қыран жеткен», «Жапырақ сілкінген кеш», «Аққу жүрек»,
«Алатаудың ақ батасы» сияқты жыр жинақтары өлең деп ата­
латын ғажайыптың көркіне көрік қосып, «Алатаудың ұшып
келген қарлығашын тәңір шыңдардың» басына шығарды.

Қазақтың бүгінгі таңдағы көрнекті ақындарының бірі, Қа­
зақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Марфуға Айтхожа ақындықтың азабын ғана емес, еңбегінің
жемісін, мәуесін теріп отырған шағында.

Сырлы да нұрлы, назды да сазды поэзия жанкүйерін тау­
ып, оқырманның мойнын бұрғызбай қоймайды екен. Көрікті
жыр көргені бардан туады. Әсіресе қазақ ақыны үшін бұл –
бұлжымауға тиіс қағида. Мейір мен пейілге шөліркеп тұрған

мына заманда жаның жаситын, жанарың жәудірейтін шақтар
аз ба?
Марфуға ақын – жусанның жұпарын жұтып, бұлбұлдың
даусын естіп, арғымақтың дүбіріне қосылып, сонау бала кү­

нінен-ақ уызына жарып өскен суреткер. Сол кездің көңі­
лінің күнделігінде жазылып, жүрегінің түкпірінде тербел­
ген толқындары жыр болып, өлең болып өрнек тауып жатса,

қаракөз жұртын қуанышқа кенелтер тұс та сол. Ақынның
жан-жүрек, қиял-ой, сезім иірімдерінің шырқау биік, шабыт­
ты кезеңіндегі сағынышы, аптыққан ақ бұлақтай армандары,
күйініші мен сүйініші – бәрі-бәрі өлең болып мөлдірей қалады.

Сағыныш атты ұлы сезімнің бағасын бір ақын Марфуғадай-ақ
білсін! Ел айырылған кезде де, аруана жұрттың арманын тек
ақындар айтатын болған.
Тереңді тербеп шығар текті өлең қашанда құдіретті. Марфуға

ақын жырларын оқи отырып, тағдырдың тарам жолдарының
үстінде келе жатып сағыныштың самалына желпінгендей
әсерде боласың.
...Қайран, Талқы таулары-ай!

Биік неткен!
Халқымның құтысың ба үйіп-төккен.
Шуақты шыңдарыңа шығар мені,
Арман жоқ алауыңа күйіп кетсем!

Қайран, Талқы таулары-ай!
Биік неткен!
Әніңді тыңдамап ем ұйып көптен.
Шертші бір күй-кеудеңді күмбірлетіп,

Ғажап емес нөсердей құйып кетсем.
Қайран, Талқы таулары-ай!
Биік неткен!
Самалың сипап жатыр, сүйіп беттен.

Білмейтін қадіріңді балаң кезде,
Кешір, сендей сұлуды қиып кетсем...
Ағынан ақтарылған ақынның сағынышы бөлек, мұңы
ерек. Екі жүйе, екі ел, екі ғасырдың өліарасында өлең өрген

ақынның өрекпіген көңіл күйінің бір сәті сияқты жоғарыдағы
жолдардың жаныңды, сезіміңді бір дір еткізбей кетуі мүмкін
емес.
Талқы тауларына сағынышын үкілеп, сырын ақтарған

ақын өлеңінің астарында талапайға түскен жұрттың тағдыры

бар. Ал мұндай жырды сол тағдырдың кермегін ел-жұрты­
мен бірге тартқан адам ғана жаза алады. Ақын да сол қасиетті
халқының бір бөлшегі екенін сезінесің. Сағынышты сезімге
елжірейсің, егілесің. Жалған пафос, жалаң дидактикадан ада

өлеңінің шынайылығы ақ қайнардан зәмзәм сімірткендей күй
кештіреді. Марфуға ақын поэзиясы жарыққа ұмтылған, жар­
қын сәулеге құштар өлеңдерден түзіледі. Оның жұртына аса
қадірлі, аса жақын болуы да содан.

Расул Ғамзатов: «Тақырып – қазына толы сандық. Сөз – осы
сандықтың кілті. Базбір әдебиетшілер бір тақырыпты толық
меңгермей жатып, екінші бір тақырыпқа ұмтылады. Яғни,
олар сандықтың қақпағын ашып, бет жағындағы шүберектерді

қопсытады да, келесіге қарай асығады. Сандық иесі, егер зат­
тарды бірінен соң бірін ұқыптылықпен ала бастаса, оның
түбіндегі нағыз асылдар салынған қобдиша шығады», – дейді.
Тақырыптық жағынан саралағанда Марфуға Айтхожа

жырлары әр алуан. Олардың түйісетін, тоғысатын нүктесі
бар. Ол – адамдарды, ел мен жерді сүюден туған аңсарлы
жырдың жайлауы. Махаббат пен шапағат, сұлулық пен ұлы­
лық, күйініш пен сүйініш, пейіл мен мейір – бәрі осында.

Марфуға ақын – әсершіл де көреген. Шабыттың шалқарын­
дағы шаңқай түсіне енді жеткендей. Өмірінің әр беті, әр парағы
өлеңнен тұрады. Қай жинағында да сөз моншағын тізіп, мөлдір
сезімнің інжу-маржанын сүзеді. Әсіресе Тәңіртау, Талқы, Сай­

рамтау сияқты ел мен жер тақырыптарына келгенде өрімдей
өріліп, сылаң сыр, сұлу сезімге кұрылған жырлары таңғы там­
шыдай қалпымен төгіліп түседі.
Ұмтылумен өтетін асуларға,

Ешбір кінә қоймаңдар ақындарға.
Сыр алдырмай тағдырмен күреседі,
Өлең дейтін бойында асыл барда.
Түн асырып басынан,

Күн асырып,
Тереңдерге бойлайды құлаш ұрып...

Арыстанның аузында жүреді ақын
Өлең үшін алысып, сірә, тұнық.
Көрік берген көктемдей атырапқа,
Данышпан да өтеді,

Ақымақ та...
Сәл нәрсеге жүдейтін, сарғаятын
Ақын жаны ұқсайды жапыраққа...
Кейінгі жырларының бірінде осылайша тебіреніпті ақын.

Ғажабы мен азабы бірдей сөз өнерінің шын иесі өз тағдырын
ешқашан ешбір баққа да, таққа да айырбастамайды. Жаны
жапырақтай діріл қағып тұрса да, шын ақын – ерлік пен
өрліктің, парасат пен тектіліктің иесі. Марфуға ақын да – өмір

бойы күресумен, шарқ ұрумен, ұмтылумен, самғаумен биіктеп
бара жатқан қайсар шабыт иесі. Оның болмысынан сұлулықпен
қоса тәкаппарлық та, даналық та, балалық та табылады.
Қазақтың ғажайып ақыны Ғафу аға Қайырбеков Марфуға

ақынның «Жапырақтар сілкінген кеш» өлеңдер жинағына
жазған пікірінде: «Өмірде ақынның көп болғаны жақсы. Әрине,
шын шабытты ақын болса және өрнек кестесі, үн-дауысы әр
алуан болса. Өйткені ақындық – әулиелер туысы, періштелер

жолдасы. Ол – киелі, иелі құдірет перзенті. Олардың жараты­
лысы жай адамдардан мүлде басқаша. Бұл бір аспандағы құс
пен жердегі адам арасындағы жалғасқан көпір. Ақындықты
әулие тұтпау – бейшаралықтың белгісі», – депті.

Сондай періштемен жолдас, әулиемен туыс ақын – Марфуға.
Оның есімімен де, өнерімен де халқы қанаттанып қалады. Ел
десе елеңдеп тұратын ақын қазақтың ауыл-ауылына өзінің
Марфуғасы болып кеткелі қашан. Кішісін «бауырымдап»,

жасы үлкенді «жеңешелеп», әнін шырқап, жырын төгілтіп,
әзілін айтып мерейленіп, шабыттанған шақтарын сапарлас
болған сәттерде талай көрдім.
Ұлы ақын Қасым Аманжоловтың Қарқаралыдағы тоқсан

жылдық тойында ғарышкер Тоқтар батыр: «Ағаларым айып
етпесін, мынау шеке мен жамбасты мені ғарыштан жырмен

шашу шашып тосып алған Марфуға әпкеме ұсынамын», –
дегені. «Еркек тұрғанда...» деп күбірді күшейткендер де бол­
май қалған жоқ. Тоқтар батыр неге шатыссын, Ғафу ағам
айтқандай, «әулиелер туысын, періштелер жолдасын» таныған

да. Ақынның бақыт бесігінде тербелген бір сәтін сонда көрген
едім.
Ақын Марфуға Айтхожа – жиырмадан аса жыр жинақта­
рының авторы. Оның өлеңдері 40-тан астам алыс-жақын шетел

тілдеріне аударылып, өлеңдеріне көптеген сырт жұрт компо­
зиторлары ән шығарған. Мәселен: Болгария, Украина, Ресей,
Қарақалпақ, Қытай, Моңғолия және басқалары. Ақынның
«Бір уыс топырақ» деген өлеңіне жазылған романсы Ресей

еліне мәлім. Тағы да Моңғолия композиторы жазған «Туған
жерін аңсамайтын жан бар ма?» қатарлы әндер Моңғолияда
тұратын қазақ бауырларымыздың сүйікті әніне айналды.
Марфуға Айтхожа кезінде еліміздің атынан талай-талай

әдебиет пен өнердің үлкен кеңес, құрылтайларына қатысқан.
Ақынның жеті жинағы орысша шықты. Соның төртеуі Мәс­
кеуде: «Утверждение» (1974), «Струна степей» (1978) – «Моло­
дая гвардия», «Летние росы» (1981) – «Советский писатель»,

«Украшение коня» (1985) – «Художественная литература» бас­
паларынан шықты. Бұдан басқа да көптеген шетел антология­
ларында топ-топ өлең-жырлары жарық көрді. Мұның сыртын­
да 1985 жылы «Огонек» журналының лауреаты атанса, 1986

жылы «Молодая гвардия» журналының жүлдегері болды. 1988
жылы Қытай Халық Республикасының «Халық» баспасынан
«Сағыныш сазы» атты көлемді жинағы жарық көрді.
Ақынның шығармалары жайлы Қазақстанның халық жа­

зушысы Әбділда Тәжібаев, академик Мұхамеджан Қаратаев,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұбан Молдағалиев,
Сырбай Мәуленов, Тұрсынбек Кәкішев, Ғафу Қайырбеков,
Дмитрий Снегин, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов,

Әбіраш Жәмішов және басқа да ақын-жазушылардың құнды
пікірлері жарияланды.
Бұдан сырт, орыс қаламгерлері Ю. Суровцев, Т. Кузовлева,
Т. Белова (Т. Бек), В. Турбина, С. Михалков, А. Межиров ақын

шығармаларын жоғары бағалады. Болгарияның «Литерату­
рен фронт» газетіндегі Яйко Димовтың және осы елдің «Друж­
ба» журналындағы С. Хинкованың аса жылы сезімге толы
мақаласы қазақтың ақын қызының есімін алыстарға жайды.

Тәуелсіздік жылдары еліміз еңсесін тіктеп, ес жия бастаған
кезең ақынның арманына астасып, тағы да қайың-жырдың
жапырақтарын дүр сілкінтті. Ақынның арманы ел бақытына
ұласса – ұлы арман болғаны.

Қазақ қоғамының өркендеген, өрістеген қадамдарын ке­
йінгі уақытта көрікті ой, көркем тілмен өрнектеп жүрген ақын
«Алатаудың ақ батасы» атты жыр жинағын шығарған. Кең
тынысты эпикалық жанрда да нәзік лирикалық иірімдерді

жібектей үлбірететін қасиетін осы жинаққа енген «Алатаудың
ақ батасы», «Абылай хан даңғылы», «Сағыныш» поэмалары­
нан аңғардық. Елінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдамаса ақын
бола ма? Марфуға ақынға тән қасиет – ол мына жаратылыстың

көлеңкесінен гөрі күнгейін, қарасынан гөрі ағын, жасығынан
гөрі жасылын көбірек көретін сыңайлы.
Ауылым көшіп келеді таудан асып,
Таудың қызы, тауда өскен, тауға ғашық.

Қатар өскен кешегі қайран құрбы
Көшкен жұртта көз жазып,
Қалды адасып...
Ауылым көшіп келеді,

Ауылым көшіп.
Алақұйын тағдырдың дауылын кешіп.
Туған елін армандап,
Өткендерді,

Сағынышын тербеген –
Жаным бесік!
Айдыннан аққу ұшырған қазақтың Марфуғасы туралы сөз
айту – сұлулық әлемімен сырласу деген ұғым. Жылдардың

жетегі, күндердің керуені, ел-жұрты ақын қызын жетпіске
қимаса да, сол биікке көтеріліп қалыпты Мәкең бүгін.

Шын ақын – мәңгі әдемі, мәңгі жас. «Қарындасымның
тоқыған кестесіндей, анамыздың сырған сырмағының оюын­
дай өрнекті өлеңнің құдіреті орныңызды төрден сайласын,
Марфуға ақын!» дегіміз келген еді бүгін. Бұл – мерейлі жыр

иесінің мерейтойындағы әріптес бауырының өзекжарды ниеті
ғана.
«Егемен Қазақстан» газеті.
2006 жыл

«МЕН ДЕ ЖҮРМІН

ТУҒАН ЖЕРГЕ НҰР ШАШЫП...»

(Ақын Дүйсенбек Қанатбаевпен сыр-сұхбат)

– Дүйсеке, біздің өзара сұхбатымызды таяуда «Егемен

Қазақстан» газетінде жарияланған «Жиырмасыншы ғасыр
жырлайды» атты қазақ поэзиясының антологиясында бе­
рілген топтама өлеңдеріңіз жайынан бастағалы отырмын.
Шынымды айтсам, осы жарияланымды қуана қабыл алдым.

«Тырнақалды туындыларынан-ақ өлеңдері өрнектілікке, сөз­
дері суреткерлікке бейімдігін танытқан Дүйсенбек Қа­нат­
баев жырлары ойының нақтылығымен, образдарының нақыш­
тылығымен назар аудартпай қоймайды. Жалпы, өмірде де,

өнерде де өңмендеуді білмейтін бұл ақынның өлең­деріне таба
қалған теңеуін тықпаламай тұра алмайтын сырапшылдық,
бар бояуды баттастырып жаға беретін әлем-жәлемдік жат»
деген байыптама көбіміздің көкейіміздегіні дәл тапқандай...

– Бұл мен үшін де күтпеген оқиға болды. «Жан-жақтан

түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде» (Төлеген)
көңілімді бір көтеріп тастады. Менің ешбір әрекетімсіз-ақ
«Егемендегі» жігіттердің елегендеріне дән риза болдым.

– Көкейімде көп болған соң айтар жай,

Қуаныштан соның бәрін айта алмай,
Мен де тұрмын туған жерге нұр шашып,
Көп жұлдыздың арасынан байқалмай, –
деп өзі жазғандай, XX ғасырдағы қазақ жырының шүпірлеген

аспанында Алатаудың аясына сонау Түрікменнің төрінен
келіп қосылған асыл ақынымыз Дүйсенбек Қанатбаев жұл­
дызы да жарқырап көрінеріне күмәніңіз болмасын» деп
сеніммен айтылған газет тұжырымына қалай қарайсыз?

– Жалпы, көркем әдебиетті халық асықпай, ұқыппен

оқиды, ұзақ уақыт бойына сіңіреді. Алғашқы нөсердің көбіне
алдам­шы болуы ықтимал. «Әсіреқызыл тез оңады». Поэзия­
да сыртқы жылтырақтан гөрі, қапысыз сіңген қанық бояу,
тұңғиық ой қымбат. Сондықтан классикалық шығармаларды

оқырман бір емес, бірнеше рет оқиды, қайталап оқыған сайын
өз көңіл күйіне сай жаңа әсерге бөленеді. Оны өмірлік серігіне
айналдырады. Бірте-бірте ол шығарманы, не сол авторды бүкіл
халық бір ғана оқырман сынды жұмыла оқуға кіріседі, бірақ

бұл бірер жылда бола қоятын құбылыс емес, тіпті оның тым
ұзаққа кешігуі де мүмкін. «Үмітсіз – сайтан» дейді, менің де
сайтан болғым келмейді. Болашақтан үмітің болмаса, қолға
қалам алудың қажеті қанша?

– Лермонтовтың ақын жайлы: «...покупает небо звуки, он

даром славы не берет» дегені еске түсіп отыр. Сіздің әдебиетке
араласа бастағаныңызға да талай жылдардың жүзі болды
емес пе?

– Мен поэзияға кешігіп келгендердің қатарына жатпаймын.

Менің өлеңдерім елдің құлағына ерте жетті. Республикалық
басылымдарда 1961 жылдан шыға бастады. 1968 жылы СССР
Жазушылар одағына қабылданып, оның ең жас мүшелерінің
бірі болдым.

– Дәл осы жерде заңды сұрақ туады. Ақындық тағдыр мен

адами тағдырдың байланысы қандай? Әлсіздік жеке ба­сы­
ңызға қандай әсер етті? Жалпы, ақынға атақ-даңқтың керегі
бар ма?

– Ақынмын деген тым ауыр сөзді мен әрқашан абайлап ай­

тамын. Киелі ұғымды қолжаулық қылуға болмайды. Қазақта
өлең жазбайтын адам жоқ деп, осы бір қасиетті ұғымды тым
қарабайырландырып алдық. Қазір жұрт та атағы мен шатағы
бар қаламгерлерді ғана біледі. Бұл – өте қауіпті нышан. Соның

салдарынан өзіне даңқ іздегендер құр дақпыртқа әуес. Оның
оңай жолы – эпотаж, орынсыз байбалам. Халықтың пайдасын
айтқан боп, өзінің айласын асыру.
Ақындық тағдыр мен адами тағдырдың өзара байланысы,

оның жеке басындағы көрінісі дегенге келер болсам, мен бұны
бір ғана ұғым деп түсінемін.
15-267

Түрікмен жерінде туғанымның өзі мен үшін ерекше фак­
тор. Мен онсыз сағыныш сазын сарнатпас едім. Тіпті, жетінші
сыныптан кейін медицина училищесін орыс тілінде бітіріп,
түрікмендер обасында (ауылында) дәрігер болғанымның өзі

мен үшін олжа. Ол болмаса «Дутар сазы» топтамасын жазар ма
едім? Мақтымқұлы жырларын аудара алар ма едім? Адам ана­
томиясы мен физиологиясына негізделген ғалам болмысын,
өмір құпиясын, табиғат тылсымын терең түсіне алар ма едім?

Егер мен қазақ университетінде курстас достарым: Үмбетбай
Уайдин, Кәдірбек Уәлиев, Әнес Сараев, Төлен Әбдіков, Ахат
Жақсыбаев, Қажығали Мұхаметқалиев, Бексұлтан Нұржекеев,
Адам Мекебаев, Төлен Қаупынбаев, Жарылқасын Нұсқабаев,

Төлеген Жанаев, Шоқан Әлімбаев (аузыма түскендерін ғана
атадым) сынды өңшең талантты жастардың ортасына түспесем,
Зейнолла Қабдолов сынды ұстаздарымнан әдебиет теориясын
үйреніп, сөз шырайын шамаламасам – дәл осы құдайға шүкір

қалпыма жете алар ма едім? Айтулы-айтулы жиындарды бы­
лай қойғанда, «Қаламгер» барындағы жиындардың өзі бір
дәурен еді ғой! Егер мен жастайымнан телевидение, баспа,
киностудия, радио сынды мекемелерде жұмыс істеп, қызмет

бабымен ойды-қырды араламасам, халық өмірінің тамырын
баса білмесем, ең зиялы ақсақалдардан бастап, ең дарынды
жастардың әрбірімен қарым-қатынаста болмасам – мен бүгінгі
айтып жүргендерімнің бірін айта алар ма едім?..

– Әңгіменің тиегі енді ағытылып келе жатқандай, Дүй­

секе, қоғам мен ақын арасындағы қарым-қатынасқа деген көз­
қарасыңызды білдіре отырсаңыз?

– Ақын – өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі. Оның

оңы мен солын, дұрысы мен бұрысын аса сергек сезінуге, дер
уақытында үн қосып отыруға және ол үні өте әділ, өмірлі
шығуға тиіс. Барлық ұлы ақындар сөйткен. Алайда, ұлы
ақындар солай істеген екен, мен де белсенділік көрсетейін­

ші деп әбігерге түсуге болмайды. Объективті, субъективті
себептерді саралай білген жөн. Бұл ақындық ерлікті жоққа
шығарайын дегендік емес. Халық тағдыры, жалпы адам­
зат тағдыры қылдың үстінде тұрғанда, қандай да болмасын

қимылды жеті рет өлшеп, бір рет кескен дұрыс.

– Қаламгер ретінде сіздің қолтаңбаңыз кеңестік дәуірде

қалыптасты. Қалай болған күнде де, Сіз сол кездің жыршысы­
сыз. Енді, міне, елге егемендік келді. Оның үстіне мемлекетіміз
нарық экономикасына көшті. Екі түрлі қоғам, екі түрлі
жүйенің арасалмағын қалай түсінесіз, ақын ретінде өзіңізді

қалай сезініп жүрсіз?

– Қай қоғамда да, қай жүйеде де ақынның міндеті біреу.

Ол – нағыз поэзия тудыру. Халықтың жоғын жоқтайтын, ба­
рын базарлайтын, керек кезде намысқа шақыратын, керек
кезде байыпқа бастайтын. Қазір тәуелсіз әдебиет дегенді жиі
айтып жүрміз. Бүгінгі әдебиетіміздің етек-жеңін жинау үшін

ол да керек шығар. Әйтпесе азаттық, бостандық, тәуелсіздік
мәселелері атам заманнан тек қазақ қана емес, дүние жүзінің
барша халықтары әдебиетінің ең көкейкесті тақырыбы болған.
Әлі де бола бермек. Тіпті, империялық державалардың бірі –

Ресей әдебиетінің өзі орыс халқының бас бостандығын көз­
дейтін шығармалардан тұрады. Жаһандану кезеңінде де оның
бәсеңсімейтіні анық. Сондықтан кеңес кезеңінің әдебиетіне
де тым күдікпен емес, асқан ұқыппен қараған жөн. Ол да бір

айсберг. Әлі күнге дейін біз оның мұхит үстіндегі сегізден бір
бөлшегін ғана көріп жүрміз. Қалғаны тереңде. Кешегі тұс­
палдағанымызды енді әйгілеуіміз керек.

– Демек, әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылардың ал­

дында үлкен міндет тұр демексіз ғой?

– Бұл – айтпасақ та белгілі пәтуа. Оларды да түсінуге бо­

лады. Көл-көсір макулатураның ішінен керектісін таба білу –
оңай шаруа емес. Үлкен ізденісті, талмай еңбектенуді қажет
етеді.

– «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп Қасым айтпақшы,

тәуелсіздік тақырыбына үн қосқанмын деп айта аласыз ба?

– Ол – менің өлеңдерімнің негізгі арқауы. Бедірейіп бет­

ке ұрып тұрмаса да, ойланған жанның жетесіне жетіп, жан-
дүниесіне ақ жауынның асықпай сіңетін мөлдірі сынды
оқырмандарға әсер ете білген өлеңдер менде аз болған жоқ.
Құлаққа сәл оғаштау естілгенімен, бұл шындық. Енді алпыс­

тан асқанда айтпағанда, оны қашан айтам?

– «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» деген...

– Өзің сұрағасын айтып отырғаным-дағы, енді маған адам

ретінде мақтағанның да, даттағанның да керегі болмай қалған
секілді. Бірақ поэзиям үшін керек. Оның болашағы әлі алда
болуға тиіс қой... Менің ойымша.

– Әңгіменің арнасы ауытқып бара жатқан сияқты, тәуел­

сіздік тақырыбына оралайық. Әлгі айтқаныңызға бірер дәлел
келтіре аласыз ба?

– Менің алғашқы өлеңдерімнің бірі – «Адыраспан». Оны

жұрт жақсы біледі. «Адай күйін» жиырма жасымда жаздым.
Төлен мен Шоқан куә, осы бір асқақ өлең қас қағым сәтте туды.
Оның ішіндегі:
Бұл әлде өңір ме екен таңы атпаған,

Зеңбірек оқ атады жалақтаған.
Бәрін де кеудесімен итереді
Садақты адам!
Серпіл, бахшы, ұрыс барда тұрыс жоқ.

...Дутар болмай тіл-жағына сүйенген,
Неге ғана жаралмадым қылыш боп?! –
деген секілді жолдардың арғы ауанын байқаған редактордың
өткір қайшысынан «Бұл қазақ емес, түрікмендер жайлы өлең

ғой» деп құтылып кеткен кездер де болды.

– «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегеннің реті

ғой. Шынында да, сонау жылдарда өз тыңдармандарына қысқа
қайырған «Дутар сазының» дауылпаз үні құлағымыздан кете
қойған жоқ.
...Қансырасаң – намысыңды тірек ет,

Ақ алмаспен жат жүрегін іреп өт.
Не боп қалды, жер кұштың ба, ант атқыр,
Көтер басты, отырма олай жүрелеп!
Бұдан-дағы тұл болғаным көп жақсы,

Көкірегімді бабауратпай кел, бахшы,

Еркек болып жаудан қорғай алмадың,
Енді әйел боп туған жерге төк жасты... –
сияқты жолдар оңайлықпен ұмытыла қоймас. Азаткер жыр­
лардың бағы енді ашылды ғой, солай емес пе?

– Қайдам... Әр кезеңнің өз кедергісі болады екен. Қазір сөз

девальвациясы жаппай етек алды. Эпидемия. Сөздің қадірі
кетті. Грофомандардың құдайы берді. Оқырмандар адасты.
Тіпті, поэзиядан түңіліп те үлгерген шығар. Жалпы, біз тәрбие
құралдарымызды қолдан шығарып алдық.

– Сыншылардың, ғалымдардың барынша қайрат көрсе­те­

тін тұсы осы ғой...

– Қазіргі сыншылар, егер олар бар болса, «астындағы атын

алты ай іздеген» алаңғасар жоқшыға ұқсайды. Немесе өтірік
дақпыртқа ереді, өзіндік пікірлері жоқ. Аты шығып кет­
кен бірер қаламгерлердің айналасынан ұзап шыға алмайды.
Қал­тасы қалыңдардың сөзін сөйлейді. Мен бір мүшәйраға

күйінгенімде былай дегенім бар:
Келмейді елге жамандық
бірі әсте бірінсіз,
Енбейді елге надандық

бірі әсте бірінсіз.
«Толыспаған Толстой»,
«шала Шекспирлердің»
Көтереді шашбауын

«Белинский білімсіз».
Сол рас. Бірақ мен тек сыншыларды ғана айыптағалы отыр­
ғаным жоқ... Кінә бәрімізде. «Сен салар да, мен саларға» түсіп,
қас дұшпан халтурщиктерді басымызға шығарып алдық. Жап­

пай күрес ашудың орнына. Меценаттарымыз да, негізінен, әлі
нағыз өркениетке лайық прогрессивтік жол таба қойған жоқ.

– Дүйсеке, сіз діндарсыз ба?

– Ғалым, ойлашы, қазір дінсізбін деп кім айта қояды?

Мен қатарлы адамдардың діндарлығы күні кеше коммунист
болғанымыз секілді алданыш қана.

– Неге олай дейсіз?

– Өйткені менің замандастарым, қалай десек те, кеңес

дәуірінде туып, есейіп, адам боп, азамат боп қалыптасты.
Біздің менталитетіміз оңайлықпен өзгере қоятын менталитет
емес. Қандай да болмасын дінді, сенімді, саяси ілімді, тіпті де­
мократияны бір күнде, бір сағаттың ішінде қабылдау өте қиын.

Осылардың қай-қайсысына да түбегейлі, біржола берілу қиын,
кім болсаң да, көзіңді әбден жеткізуің керек, шын жүрекпен
сенуің керек. Ең бастысы, өзіңді алдамауың шарт. Өйткені
сен мынау ғаламның ең саналы бөлшегісің, істеген ісіңнің

дұрыс-бұрысына ең әуелі арыңның алдында өзің жауап беруге
міндеттісің.
Намазға есті жығылса –
Маңайын жарық қылады.

Намазға есер жығылса –
Маңдайын жарып тынады.
Сен маңайыңды жарық қыласың ба, жоқ, маңдайыңды жа­
рып тынасың ба, бәріне құмар пәруәдігер деуім де сондықтан.

– Қазақ радиосынан ұзақ жылдардан бері тұрақты түрде

сіздің «Сыр сандық» атты авторлық бағдарламаңыз беріліп
келеді. Осы жайында не айтар едіңіз?

– Ғалым, айналайын, маған әсіресе осы сұрағың ұнап отыр.

Ертелі-кеш біреу болмаса біреу осы жайында сөз қозғар-ау
деп үміттенуші едім. Ықыласыңа рахмет! Бірақ радио жайлы
менің ой-толғамым дәп қазіргі әңгімеміздің ауқымына сыя
қояр ма екен? Ойларымның бірін айтып, бірін айтпай қойсам,

біртүрлі обал болатын сияқты. Мен зейнеткерлікке шыққанда
Қазақ радиосының қазіргі басшысы Нұрлан Өнербаевтың бы­
лай дегені бар: «Тыңдармандарымыз ертең «Сыр сандық»
қайда?» десе, «Дүйсекең қартайып қалды, сөйлей алмайды,

үйінде жатыр дейін бе?» «Ойбай, қартайды дей көрме, әлі де
бабындамын» деппін сасқаннан... «Ендеше, «Сыр сандықты»
өшірмейік!» деді үзілді-кесілді.

– Демек, радио жайлы басыбайлы әңгіме қозғаған дұрыс

дейсіз ғой, оның да бір реті келер. Дүйсеке, енді сұхбаттың

соңғы жағында қойылатын дәстүрлі сұрақ: шығармашылық
жоспарыңыз қандай?

– Айтпақшы, мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан

«Ұмытпаңдар мені» деген хабарлар тізбегін жүргізе бастадым.
Түбегейлі мақсатым азаттықты арман етіп кеткен азамат­
тарымыздың рухына бас ию, үлгі-өнеге тұту.

– «Сыр сандықты» әлсіретіп алмайсыз ба?

– Жоқ, керісінше, тамаша тандем, әсем альянс болуға тиіс.

– Сонда өлеңіңіздің халі не болмақ?

– Ғалым, мен өлеңді тоғытып жаза беретін адам емеспін.

Өлеңнің өзі келгенде ғана жазам. Сол сәтте өзімді ақын сезінем.
Ондай бақыт құдайдың құтты күні бола бермейді. Басқа
уақыттың бәрінде де мен қарапайым еңбеккермін. Бірақ, шы­
нымды айтар болсам, әр хабарды дайындаған сайын, көркем

шығарма тудырғандай қиналам. Оны тек өзім ғана білемін.
Аманхан деген ақын інімнің бұдан талай жылдар бұрын, ради­
ода істеп жүрген кезімде, аса көңілді отырып, абайсызда маған
былай деп қалғаны бар:

Бір тыңдасам ағамды,
Диктор ма деп қаламын.
Бір тыңдасам ағамды,
Доктор ма деп қаламын...

Бәріне де хақы мол,
Ең әуелі ақын ол.
Аманханның осы қалжыңы өзіме ұнайды. Көп сөйлеп кет­
тім бе? Қысқасы, «Жазушы» баспасынан жуық арада «Арыс­

тардың мен де бір жалғасымын» деген жыр кітабым жа­рық
көрмек. Онда соңғы 10-15 жылда жазылған өлеңдерім ірік­
телген. Жинақ «Елбасымыздан ең жасымызға дейін» деген
программалық өлеңмен ашылады. Лирикалық кейіпкер, яғни

жиындық образ – тәуелсіздікті сақтап қалуға бел байлап, ба­
сын тіккен тұрлаулы күрескер, тағдырлы тұлға.

– Дүйсаға, әңгімеңізге көп-көп рахмет!

– Өзіңе де...

«Қазақ әдебиеті» газеті.
2004 жыл

КЕҢІСТІК КӨК, КЕРБЕЗ КӨЛ...

Кеңшілік ақын – соғыстан соң туған ұрпақ өкілі. Өзі өмір
сүрген уақыттың қасіреті мен қайғысы.
Қазақ жырының керуен-көшіне көрік берген аса талантты
ақын Кеңшілік Мырзабековтің жақында ғана «Атамұра» бас­

пасы арқылы оқырман қолына тиген «Менің мұңым – махаб­
бат» атты жыр жинағын оқығанда кең тынысты кемел өлеңмен
қайта табысып, тұма бастаудың тұнығын сіміргендей күй
кештім. Тарлан ақын су жорғадай тайпалған шағында таскөз

тағдырдың оғы тиіп көзден кетсе де, көңілде қалыпты, мәңгілік
ғұмырының басталғанына да жылдардың жүзі ауыпты.
...Көп менің жүрген жолдарым,
Кеңістік көк іздеп, кербез көл іздеп.

Мен – қарлығаш!
Қайда ұшпадым, қайда қонбадым
Бауырыма басқан балапан
Талмайтын жем іздеп...

Ақынның қарлығаш жыры кеңістік көгінде шарқ ұрып,
кербез көлдің айдынында жүзгелі қашан. Ол көл де, кеңістік
те қазақтың қара өлеңінен қасиет-кие таныған қаракөздердің
патша көңілінде.

Кеңшілік поэзиясында сырмақтың оюы, текеметтің түрін­
дей соны өрнек, қанық бояу көп. Сонау 1972 жылы жарық
көрген «Іңкәр дүние» атты тұңғыш жыр жинағымен-ақ елін
елеңдеткен ерен ақынның ізгілік, тазалық, адалдық атаулыға

іңкәр жүрегінің лүпілін сезбеу мүмкін емес еді. Әсіресе
«Анар» деп аталатын өлең – алғаусыз айтар сырымен, табиғи
тұтастығымен сезімнің сері пернелерін тап басып, жаныңды
бірде күйдіріп, бірде ысыта алатын қазақы өлең, аймаңдай

жыр.

Бар ма екен сенің есіңде
Балқаймақ күндер шайқаусыз?
Бұлтиып бір зат төсіңде,
Булығып өсті байқаусыз.

Осылай басталатын өлең тілге де, ой-сезімге де селкеу
түсірмей, ғажап орындалған. Небір тосын теңеу ұлттық бояу­
мен астасып, өлеңнің бағын жандырып, сөздің ажарын ашқан.
Әр жолын оқыған сайын ақынның тіл шұрайына сонша

жетіктігіне, сөз қолданыстағы ерекшеліктеріне тәнті боласың.
Бұл – оның кез келген өлеңіне шырай кіргізіп, рең берер
қасиеттер.
Осы өлеңнен:

...Құрақтай қаулап қолаң шаш;
...Томардан түскен шоққа ұқсап,
Томсарып көзің жанғанда;
...Екінді құлап еңкуге,

Елгезек самал елпілдеп;
...Көденің түбі қараңдап,
Кіреуке тартты нарт іңір.
Жалқыаяқ, жалқын талаурап,

Жуасып жатты жалқы қыр...
Санаңа бірде кірігіп кететін сәтті теңеу, тәтті жолдар өлең
сөздің бекзат болмысын айқындайды. «Томардан түскен шоққа
ұқсап көзің жанды» деген жалғыз жолдың өзі қай-қайдағыңды

қозғап, сонау алыста... тым алыста қалған бал дәуреніңді көз
алдыңа әкеліп, сағыныш сазы болып сарнайды екен. Томардан
ұшқан шоқтың жел үрлегенде жайнап жанғанын, екіндінің
еңкуге құлаған кезін, нарт іңір кіреуке тартқанда көденің түбі

қараңдағанын көзбен көріп, көңілге түйіп, киіз туырлықты
үйде өскен қыр баласымыз. Мәселе онда емес, мәселе – осы
суреттерді Кеңшілікше көре білуде.

Сол өлеңді:
...Одан соң қанша жыл өтті,
Аулыңа талай бардым да,
Сәбиіңді көрдім алдыңда.

Аңқитып төсіңді иітіп,
Разы боп сонда отырдың
Айымыз басқа – тағдырға, –
деп түйеді ақын. Қыз төсінде «булығып өскен байқаусыз бір зат»

жылдар жылжыған соң Ананың төсі болып иіп тұрған бақытты
кезді көресің. Лирикалық кейіпкермен бірге бұлқынып, бірге
қуанамыз. Осы бір шағын өлеңнің өзінде адам баласына тән
үлкен ойды меңзейді ақын.

Жырқұмар жұрттың жанына қашаннан да жақын осы өлең­
де адалдық та, өкініш те, мұң да бар. Кеңшілік ақын «жү­
регінің түбіне кір жасырмай» айта алған айтар сөзін. Осы
санатта «Шалғында», «Апа, сен ерте қартайма», тағы басқа

өлеңдерді айтуға болар еді. Мұның бәрі – ақынның алғашқы
жыр жинағына енген дүниелер. Бұдан Кеңшіліктің қазақтың
қасиетті жырына шәкірт боп имене енбей, бірден өз сөзін ай­
тып, өз әлемін аша келгенін пайымдаймыз. Жалпы, Кеңшілік

Мырзабеков шығармашылығы – байыпты да байсалды мінезді,
зерделеп, зерттеп оқуды қажет ететін құбылыс. Ақын жырла­
ры – шынайы да шыншыл, табиғи да сыршыл.
Кеңшілік ақынның өлеңі санаңа сәуле сіміртіп, сұлу саз,

әдемі ырғағымен жаныңды тербейді. Әуезді үндестік әр дыбыс­
пен үйлесім тауып, әсем ән тыңдағандай әсер етеді.
Түбіт бөкебай
Тартқан ботам-ай,

Өзің ботадай,
Көзің боталай
Маған қараушы ең,
Мейірім нұрына

Шөлдеп қаталай...

Түбіт бөкебай
Түсті-ау басыңнан.
Дәурен ботадай
Ұшты-ау басыңнан.

Кеттің жат жұртқа,
Құшты-ау қосылған.
Сен де алыстап,
Мен де алыстап,

Құштар басылған...
Сезімді аялар аяулы жыр. Екі-үш шумақ жырға өкініш,
сағыныш, мұң сияқты адам жанындағы асыл қасиеті, киелі
сезімдердің барлығы сыйып кеткен. Сол асылдардың бәрі түбіт

бөкебайға оранып тұрғандай әсер аласың. Әдебиет теориясын­
да аллитерация, ассонанс деп аталатын үндестік пен үйлесім –
ақын жырларына тән қасиеттердің бір қыры.
Ақын өлеңдеріндегі ақша-төкпелік өлең табиғатының та­

мырын тереңнен тартады.
Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі,
Екі ши өсті ме екен түбірлері?
Егілтіп егде қырды жатыр ма екен

Етене ескі мекен іңірлері?;
немесе:
Қарағым, біздің баста да
Қарлығаш дәурен көп тұрмас.

Қанатсыз қалсақ, масқара,
Қанаты барлар жақтырмас.
Көнбей-ақ желдің иіне,
Қонбай-ақ жапан түздерге,

Ұшайық, байтақ дүние
Жеткізер болса біздерге...

Тағы бір жырдан үзінді:
Кімде жоқ дейсің бұл арман,
Менде де болды бір арман,
Сенде де болды бір арман,

Ащы ішек болып шұбалған,
Ащы көліміз суалған.
Аңқамыз кепкен күндерде,
Ашыған көже секілді

Арылтып еді құмардан.
Арқамыз қозып жүргенде,
Алқамыз сөзін бергенде
Табысып едік дуаннан...

Кеңшілік поэзиясының келісті керімсалы ояу көкіректерді
әлі талай желпиді. Жоғарыдағы жолдардан жыр-жүректің
лүпілі дүниенің дүбірі мен дүріліне ұласып, сағыныштың сыр­
лы ырғағы болып сыңсып, арманыңның айдынында аққулар ән

салғандай арда бір күйге кенелерің ақиқат.
«Менің мұңым – махаббат» жинағын оқи отырып, ақынның
мұңын танып, сырын тыңдайсың. Ол мұң – шынайылығыңа
шырай кіргізер, санаңа серік, сезіміңе серт болар ұлы қасиет­

терден құралып, махаббат тілінде сөйлейді, өлеңдегі өмір­
шең өрнектердің өлмес ғұмыр кешеріне сенесің. Сене оты­
рып, «ақыл айтқыш ақындар», тақылдаған тақпақ пен ұйқы
шақырар ұйқастардың жанкүйерлерді жалықтыра баста­

ғанын мойындамасқа лаж қалмайды. Ал Кеңшілік ақын
жырларының шеберлікпен сомдалған табиғи болмысы шыңы­
раудан шыққандай шыншылдығына сендіреді.
Ақын – қашанда ел рухының шырақшысы, өзі өмір сүрген

уақыт жүрегінің кардиограммасы. Солай десек те, ақын шы­
ғармашылығы ұраншылдық пен марапат мадақ жырлардан
ада. Бұл қасиет – талант тазалығын айқындап, оны талайлар­
дан оқ бойы оқшаулап көрсететіндей. Тасмаңдай тағдырдың

таразысы ақын сөзінің салмағын сонысымен арттырып тұрған
шығар.

Ыңғай да ыңғай, ыңғай ән,
Сусыған қызыл құмдай ән.
Сағынған кезде сарғайып,
Бойыңды басқан мұндай ән.

Бұйырғын белдің шөбіндей,
Бұйырған пәлен мың бояу.
Бұйығы көңіл еміндей,
Булыққан сезім жүрді ояу...

Жыр да, сыр да, мұң да киелі бір нұрға шомылып алған­
дай. Ақын шеберлігі арқылы өмірдің мың сан бояуы мен
құбылыстары өлең болып өрекпи төгіледі. «Булыққан сезімнің
ояулығы» – сол өлең өмірінің ұзақтығына кепіл.

Кеңшілік ақын – соғыстан соң туған ұрпақ өкілі. Өзі өмір
сүрген уақыттың қасіреті мен қайғысы, мұңы мен шері – оның
өлеңдері мен балладаларында бояуы қанық суреттерімен,
сол кездің өрнегін өріп, нәшін айқындар динамикасымен,

жан жүйеңді додаға салар драматизмімен тұтас бір әлемді
көз алдыңа әкелер уақыттың қан тамырының бүлкілі. Осын­
дай орамды ойға жетелер дүниелердің санатында жинақтағы
«Төлеутайдың төрт қызы», «Көшу», «Жолда», «Әбубәкір тура­

лы элегия», «Боз бие немесе тың көтерілген жыл», «Ақ көйлек»
сияқты жұлдызды жырларын атар едім.
Бұл өлең-балладаларының қай-қайсысында да тұтас бір
буынның тағдыры бар, санаңа қорғасындай жүк артар салмағы

бар, жамиғатқа айтар – Кеңшілік ақынға тән мінез, ширыққан
сезім, шымыр ойдың қоспасы секілді таланттың жемісі мәуелеп
тұр.
«Төлеутайдың төрт қызының» жемісі – соғыстан соңғы

қазақ ауылының кез келгенінде кездесетін картина. Отырып
қалған төрт қыздың тағдыры, майдан кешіп келген Төкеңнің
характері арқылы өрілетін өлең сол жылдардың тыныс-
тіршілігімен қоса, бейнетқор қазақ ауылының қарекет-тірлігін

көз алдыңнан өткізеді. Төлеутайдың қыздары бірінен соң бірі
майданнан «жарымжан» боп оралған азаматтарға «қашып»

кетіп жатады. Алғашқы қызы кеткенде «сүйегіне таңба салған
шолақ немені жалғыз оқпен жаусатпақ» ниеттегі Төкең құс
мылтығын алып тұра жүгіреді. «Ауыл сырты – Ақсай жаққа
жүгірді Бүкіл ауыл оның соңынан...» Қаймағы бұзылмаған

қазақ ауылы. Төкеңе басу айтқан ел-жұртпен бірге сен де
күйзелесің, соғыс атаулыға лағынет айтасың. Ақ пен қараның,
күнгей мен көлеңкенің алмасқаны сияқты, қайғы мен қуаныш
поэзияның параллель сызықтары арқылы санаңа сәуле себеді.

...Келер жылы күйеуімен келді Ұлдай,
Қолдарында ұлдары бар балғындай.
«Сүйегіне таңба салған» қызының
Сүйіп ұлын Төкең мейірін қандырды-ай.

Талай ақтабан-шұбырындыны бастан кешкен біздің халық
осылай өсіп-өнген. Қазақ үшін үрім-бұтағының жапырақ жай­
ғанынан үлкен бақыт жоқ. Тарихтағы кез келген қателік қыр­
шындардың қаны боп ағып, қара орман елдің көз жасы боп та­

мады. «Төлеутайдың төрт қызы» қарапайым ғана жыр болып
көрінгенімен, осындай ойдың орманына сүңгітеді екен.
«Боз бие немесе тың көтерілген жыл» – көтерер жүгі аса
ауыр, бүгін тоқырау жылдары деп атап жүрген кезеңнің көзіне

сол кездің өзінде топырақ шашқан жыр. Партияның тың иге­
ру секілді саяси науқанының астарында тұтас бір халықтың
қасірет-қайғысы барлығын меңзейтін шығарма бұл. Ол «Боз
бие» арқылы беріліп, керемет көркемдік шешім тапқан.

Кеңшілік поэзиясы жайлы әңгіме қозғалғанда, кім-кімнің де
осы жырға соқпай кетпейтінінің сыры сонда болса керек.
Нағашы ауылымның арасы бізден бір-ақ қыр,
Қозы-лағымыз қосылған шүйгін қырат бұл.

Тың жыртқан жылы төбенің түбіт көдесін
Тарап әкетті тарақ табанды трактор, –
деп басталатын өлең – «қырдың көдесін бір мезгіл қажап кел­
месе иімейтін жануардың жасанды жасыл алқапты жат көріп,

көденің ащы дәмін аңсайтыны» жайлы психологиялық жыр.
Боз биеге көденің ащы дәмін іздеткен ақын сол арқылы ащы
шындықтың бетін айқара ашады:
Түн құшағында түнеріп жатты байтақ қыр,

Боз бие басын сүлесоқ қана шайқап тұр.
Астары мынау аударылып қалған тың жерге
Ащы көденің шықпай қалғанын байқап тұр...
Тың емес, «көде шықпай қалған, астары аударылып қалған

жер». Империяның қылышынан қан тамып тұрған кезде бұлай
айту үшін ақын болудың өзі аз сияқты көрінері рас.
Осы өлең туралы ақынның өзі өмірінің соңғы кезінде
жазылған естелігінде былай дейді: «..Мен бесіктен белім жаңа

ғана шығып, әдебиетке әлі толық келіп үлгермеген кезімде
«Боз бие немесе тың жыртқан жыл» деген дүние жаздым. Осы
өлеңді он сегіз жыл жариялата алмай жүріп жүріп, 1985 жы­
лы ақын Иранбек Оразбаев «Жазушы» баспасында менің жи­

нағыма редактор болған кезде әрең-әрең шығардым.
Ал қазір тыңның экологиясы туралы айтып жатырмыз.
...Сол проблеманы жиырма жыл бұрын бала ақын кезімде
жазыппын. Бірақ дер кезінде бастыра алмадым. Міне, әдебиет­

тегі тоқырау деген осы».
Ақын естелігіндегі осы жолдарды оқығанда, «Қазақ қоғамы
тоқырау жылдарына ескерткіш қоятын болса, астына өлеңнің
жоғарыдағы келтірілген соңғы шумағын жазып, көздері бо­

талап қырдың кермек көдесін аңсаған боз биені бейнелесе,
шіркін!» деген ой ұшқыны жылт етті. «Боз бие» – сөз жоқ, бол­
мысы бөлек, дүлдүл дүние.
«Менің мұңым – махаббат» жинағына ақынның «Сарыөзек

сағыныш», «ФЗО-ға кеткен жеңешем», «Біржан сал, Қоянды
жәрмеңкесі», «Иманжүсіп» секілді поэмалары еніпті.
Бұл шығармалардан ақынның аламанда қолтығын сөге
шабатын жүйріктей эпикалық кең құлашын аңғарар едік. Ол

кібіртіксіз еркін көсіледі. Оқиға желісін ширықтырып, баян­
дау мәнерін шымыр сомдай алады. Ақын поэмаларындағы

Біржан, Иманжүсіп образдары ақиқатына сендірер, рухы биік,
жұлдызы жоғары сомдалған.
Базары жәрмеңкенің әнге айналып,
Жан-жақтан Біржанды іздеп,

жауды-ай халық.
Атағы Қояндының осы күзде
Әкетті Біржан әнін шалғайға алып.
Екі ғасыр өларасындағы дақпырты ат шаптырымнан да

алысқа кеткен Қоянды жәрмеңкесінің дүбір-дүрмегін көз
алдыңа келтіре жырлаған ақын Біржан сал бейнесі арқылы
өшпес өнердің құдіреті мен мәңгілігін айқара ашып көрсетті.
«Иманжүсіп» поэмасы – тақырыптық жағынан үлкен жүк

көтеріп тұрған, өрлік пен ерліктің ескерткіші секілді шоқтығы
биік туынды. Тас түрмеге таққа бола түспеген, «ешқашанда
аққа қара жақпаған, жәбір жасап жоққа жала жаппаған»
ақын образы айшықты тіл, тартысқа толы оқиғалардың өрілуі

арқылы көркем шешім тапқан. Кеңшілік ақын кейіпкерінің
болмыс-бітімін, ішкі дүниесін ашуға аса шебер.
...Басына салдым бүркіт,
алдым түлкі,

Қыран ба?..
Құс болғанмен әркімдікі.
Талайлар айып-жала жапқанымен,
Кісенін сала алмады тағдыр-құлпы.

...Өкілі сегіз болыс жүз қаралы,
Төле би төрде отырған сызданады.
Сескенбей ештеңеден Иманжүсіп
Сотта тұр –

Қараөткелдің мұзбалағы.
Азаттық аңсаған ақынның өжет болмысы, жан сарайын­
дағы қақтығыстар шығарманың өн бойында сәтті өріліп, сол

заманның қан тамырымен бірге соғып тұр. Оқиға баяндау
ғана емес, монологтар, диалогтар арқылы желі тартып, ақын
кібіртіксіз еркін көсілген.
Қазақ өлеңі туралы сөз болғанда, Кеңшілік Мырзабеков

есімі аталмай қалмақ емес.
Оның шығармаларынан тек өзіне тән мінезді көресің. Кең­
шілік жыры – талайлы да тағдырлы жыр. Оның поэзиясында
сан түрлі қанық бояу бар.

Кеңшілік Мырзабеков – ұлт ақыны дәрежесіне көтеріле ал­
ған талант. «Менің мұңым – махаббат» жинағын оқи отырып,
ойға түйген тобықтай түйініміз осы.
«Қазақ әдебиеті» газеті.

2004 жыл
16-267

БАЛАМЕН ДЕ, АҒАМЕН ДЕ СЫРЛАСҚАН

Қайран да біздің ағалар!..
Мен бүгін Қабекең жайлы, қазақ өлеңі­нің қанатты тұлғасы,
әйгілі «Баянауыл валь­сі», «Қайдасыңдар, достарым?» секілді
ән мәтіндерінің авторы Қабдыкәрім Ыды­ры­сов жайлы сөз ай­

тар алдында сәл ғана лирикалық ше­гініс жасағым келіп тұр.
Құдай Керекуге қанша ұлы перзент бер­се, соны көтеріп
тұрар соншалық кең жүрек берген екен. Қанша қиындық бер­
се, сонша мықты иық беріпті. Қанша сұлулық берсе, сонша

сұңғылалық, қанша ұлылық берсе, сон­ша ұлағаттылық берген
екен-ау!
Қазақ даласының күретамыры – ерке Ер­тіс, қалың қазақ­
тың өзі секілді қарағайлы ор­мандар мен қайыңды тоғайлар,

ақ маң­дайын күнге төсеп жатқан алтын далам – Сарыар­қам,
көздің жасындай Жасыбай, сайын далада сағымдай көл­беп
жатқан Сабындыкөл мен Торайғыр, басымдағы ба­ғымдай
Баянауыл. Құшағымызға сыймас осы ұлан-ғайыр байтақ өлке

өз құрсағына қан­ша ұлыны сыйдырды!
Дала данагөйі Бұқар жырау мен әулие Мәш­һүр Жүсіп, Жаяу
Мұса мен Иса, Естай мен Иманжүсіп, Сәбит Дөнентаев пен Жү­
сіпбек, Сұлтанмахмұттар, Дихан аға мен Қа­лижан Бекхожин,

Зейін Шашкин мен Қабдыкәрім Ыдырысов секілді қазақ мә­де­
ниеті мен әдебиетінің қабырғалы тұлға­ларын тудырған өлке –
киелі Керекудің ор­ны бір бөлек.
Бұл бабалар мен ағалардың атын текке атағаным жоқ.

Осы тұлғалардың қай-қайсы­сының болсын өмірі «тар жол,
тайғақ кешу­лі», мехнаты мен азабы атан түйе көтер­местей
зілмауыр еді. Қайсысы болса да, өз жеке басының мұңын емес,
ұлт қайғысы мен қасіретін жырлады, мұңын мұңдады, жо­

ғын жоқтады, сол қанды жолдан оралмады, сол қанды қолдан
құтылмады. Қазақ хан­дығының қаралы жылдарынан бастап,

ке­шегі сталиндік репрессияның қанды кеш­уінен өтті. Бұл зобалаң Қабдыкәрім Ыдырысовты да айналып өткен жоқ. Көз алдарыңызға «Ер болсаң, Ежовтай бол елімдегі» деп, кеңестік насихатшыл өлеңді саңқылдап жатқа оқып тұрған сегіз-тоғыз жастағы жеткіншекті елестетіңіз­дер­ші. Алайда, тыңдарман оны ықыласпен қабылдаудың орнына, көз­дерін төмен салып, күр­сіне берді. Бұл жағ­дай­ға таңыр­қа­ған жас ба­ ланың жанына ке­ліп әлде­бір қария: «Балам, сенің әкеңнің тү­ бі­не жеткен Ежов қой бұл...» – дейді. Жас ба­ла – Қа­бекең еді. Сол сөз арқылы өзе­гін өртеп жі­бер­ген дерт – әке қа­сі­реті бола­ шақ ақын­ның азаматтық по­зициясын қа­лып­тас­тыр­ды. Қабдыкәрім Ыды­ры­сов өз есте­лігінде 1937 жылы қыркүйек айының 17-жұлды­зын­да, күн құ­ланиектеніп кө­терілген тұста әкесі­н «үш әріп» «халық жауы» деп алып кет­ке­нін айтады. Сол қан­ды 1937 жыл­дан бастап Қабе­кең «ха­лық жауы­ның» ба­ласы», «биографиясы келіспеген адам» се­кілді қара күйе­ лі атауларды жон ар­қа­­сымен сезініп, жол бойына көтеріп жүрді. Өмір бойына!.. Кейін «Қош бол, қош бол, ой­налмаған, тойланбаған балалық!» деп жырлауы да соның куәсі еді. Қазақтың қасіреті Қабекеңнің өзегінен өтті. Осы қайғы Қабдыкәрім Ыдырысовтың кейін жазған «Әке жолы» атты ре­ прессия жай­­­лы даңқты поэмасының арқауы болды. Осы поэма оны ақын ретінде халыққа танытты. Содан сәл ертерек, ауылда «өлеңші бала», «әнші бала» ата­ нып жүрген Қабекең қа­зақ әдебиеті аталатын үлкен әлемнің белді өкілі Қабдыкәрім Ыдырысов боларын, әділетсіздіктің құрбаны болған Ыдырыстың есімін даңққа бөлерін, жетінші сыныпты енді бітірген шағында ауыл ағаларының қалауымен ауылсоветтің хатшысы болған жасөспірім кейін мемлекеттік наградалармен марапатталарын, Павлодар облыстық кеңесі атқару комитетінде қызмет қыларын, республикалық «Қазақ­ стан пионері» газе­тінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебие­ тінде» жауапты хатшы, Қа­зақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ мемлекеттік Кітап палатасының директоры, «Жалын» бас­пасының директоры қызметтерін ат­қарарын білді ме екен?!

Қабдыкәрім Ыдырысовтың өлең дүние­сіне енші салуы­
на мұрындық болған, «Аласа адам айлалы деген бізде мақал
бар, Кіріп келсем бұл үйге, өңшең қара тапалдар» деп өлең
жазатын, ел ішінде «Қа­ра­мол­да» атанған Иманқұл атасының

және өзге де ауыл қарияларының ықылымнан тартқан
әңгімелерін ыждағатпен тыңдап жүрген жас бала ертең өзі де
жас жеткіншектерге арналған «Өмір гүлі», «Саяхатта», «Ол
кезде он үште едік», «Үйелмелі-сүйелмелі», «Жа­сырынбақ»,

«Әрқашан күн сөнбесін», «Аршында, балақай» секілді жинақ­
тардың, «Әке жолы» поэмасы, «Шуақты күндер», «Жарқын
жағалау»,
«Армысың,

Арабстан!»,
«Жолыққан
жол­дар:
жыл­дар жырлары», «Қиял көзі қиянда», «Қимас дәурен»,

«Қайдасыңдар, достарым?» секілді жыр кітаптарының, «Ой­
найық та ойлайық» пьесасы мен «Ел жатса да, Ерекем жатпай­
ды» әңгімелер жинағы­ның ав­торы боларын, чех жазушысы Ян
Дрданың «Май күндерінде» повесін, О. Гончардың «Қоңырау»

романын, Гарсиа Лорканың «Қа­сіретті қайыңдар», И. Куп­
рияновтың «Вьет­нам жұлдызы» пьесаларын, А.С. Пушкин,
М.Ю. Лермонтов, К.Л. Хе­тагуров, Н. Хикмет, М. Луконин
секілді әлем классиктерін қазақша сөйлетерін сезді ме екен?!

Ол жағы бізге беймәлім. Бізге мәлімі – оның әке аманатына
адалдығы мен ана культін дәріптегені. Қабекеңнің өмір жолы
мен шығармашылығына қарап отырып, оның әке мен ана
бейнесінен Отан мен ұлт образын сомдап шыққанын көреміз.

Әкеге деген мәңгілік басылмаған сағыныш, жастай жесір
қалып, үш жетімегінің екеуінен айырылып, Қабдыкәрімді
жеткізген Жекен анамызға деген құрмет – ақынның барлық
шығармашылығының өзегі, қала берді, оны балалар әдебиеті­

нің тұнық бастауында тұрған ақынға айналып, балаларға
арнал­ған, тілі орамды да ойнақы жырларды жазуына да осы
жағ­дай – өз тағдыры алып кел­ді деп ойлаймыз.
«Әнші бала» атанып жүрген шағында Ке­рекуде өткен ән до­

дасына қатысып, «Ақ­құмның» әуеніне салып, соғыстан еңсесі
ба­сылған елдің бейбітшілікке деген құш­тарлығын жырлаған
жас Қабекең жүлделі екінші орынды иеленіп, жүлдесіне
әйелдің туфлиін алады. Енді сол кездегі елдің жағ­дайы соған

ғана жетіп тұр ғой. Сонда Қа­бе­кең: «Есесіне анамды қандай
қуанттым!» – деп шаттаныпты. Өмір бойына, жанында жүрген
жандарға: «Анамды ренжіте көрмеңіздерші», – деп өтінеді
екен. Өзінің көзі кеткенше Ананы – Ана бейнесіндегі Отанды

сүйіп өтті.
Анашым-ау, анашым,
Неге жүдеп барасың?
Жүдеттім бе мен сені,

Үрлеп жүрек жарасын?
...Қарамай шаштың ағына,
Көрік боп менің бағыма,
Балаларыңның бағына,

Күлші, ана, күлші тағы да! –
деп жырлаған Қабекең анасынан 16 жыл бұрын дүние сал­ды.
Қазақ өлеңінің қабырғалы өкілі Қабды­кәрім Ыдырыс­
ұлы­ның жарқын бейнесі, баладай таза көңілі, әкедей қамқор

кісі­лік тұлғасы жадымыдан өшкен жоқ. Өшпек емес. Кезін­де
Жұбан Молдағалиевтің Қабекеңді «Баламен де, атамен де сыр­
ласа білетін ақын» деп, Қалижан Бекхожин «Қаб­дыкәрімнің
алғашқы жырларымен сырласа байқасақ, жетімдікті сезінсе

де, «өмірге өкпелемеген, өкінбеген», алдынан зор үміт күткен
жастың алғашқы көгершін жырларына қанат берген де сол
өр сенім» деп, ал Сырбай Мәуленовтің «Аршаның шипалы
қасиеті де Қабдыкәрімнің қан тамырында бар еді. Онымен бір

кездескен адамның өзі жылы күлкісіне, жұмсақ сөзіне, әсем
әніне мейірленіп, рахаттанып қалар еді» деп бағалауы – үлкен
әдебиеттің, ұлт әдебиетінің бағалауы деп білуіміз керек.
Қайран да біздің ағалар!..

2013 жыл.
Кереку

«ТАҢБАСЫН» ҚАЛДЫРҒАН СУРЕТКЕР

Біз – Жайық Бектұровтай болмысы бөлек тұлғаны көзбен
көріп, өнегесін алған ұрпақпыз. Азаматтық табиғатына сы­
зат түсірмей өмірден өткен бауырмал ағамыздың өзінен ке­
йінгілерге деген қамқорлығы да, көңілі де ерекше еді. Өмір

жолында тағдырлары түйіскен адамдардың барлығы да осынау
бір абзал ағаның адамгершілігін жоғары бағалайды.
Елі үшін аянбай еңбек еткен, ғибратты ғұмыр кешкен сол
ағамыздың өмір жолына қысқаша барлау жасасақ, ол кісі

өліара кезеңге екі рет тап болды. Біріншісі – Патша өкіметінің
тақтан түсіп, Кеңес өкіметінің құрылуы болса, екіншісі – сол
өкіметтің ыдырап, Қазақ елінің тәуелсіздік алуы еді.
Қытайда «Өліара кезеңде өмір сүр» деген қарғыс бар. Қо­

ғамдағы түрлі формациялардың алмасуы шығармашылық
тоқырау мен сан қилы адасушылыққа соқтырады. Бұл – өз
кезегінде тұтас бір ұлттың рухани дағдарысы. Бірақ Жайық
ағамыздың ішкі түйсігі ерекше болғаны анық. Ол өз бастауынан

адаспады. Жалған дүниеде жаңылмады. Кеңес өкіметі құлаған
соң көп классик жазушымыздың шығармалары бүгінгінің
кебіне келмей, кешегінің белгісі болып қана қалды. Ал Жайық
Бектұровтың діттегені осы шақта да құнды һәм қызықты. Оның

романдары мен поэмаларында қызыл империяның қылмысы
әшкереленген. Ол Кеңес өкіметінің құрылғаны мен құлағанын
өз көзімен көрді. Сол жылдарды жазды. Жырлады. Тарихын
танығысы келген жас ұрпақ Жайықтан келіп сусындап, кешегі

күннен өнеге алары хақ. Жайық неге бұлай десеңіз, оның
әуелде қалыптасқан тұсына ой жүгіртіңіз. Алаштың біртуар
арыс ұлдары Сәкен, Бейімбеттердің көзін көрді. Сол ұлтшыл
тұлғалардың ұстанымын бойға сіңірді.

Ұлт зиялыларының қасында жүргені үшін Жайық жаза­сыз
қалған жоқ. Сталиннің жандайшап жендеттері қолдарынан

келгенді жасап бақты. Көргені қара қапас, қара түн. Ағаларына
ілесіп Алаш деп атқа қонғанын кешпеді. 1942 жылдың ба­
сында №105 кавалерия дивизиясының «Қызыл семсер» атты
газетінің редакторы болып жұмыс істеп жүргенінде НКВД

тұтқынға алды. Соңынан 10 жылға бас бостандығынан айыры­
лып, Свердловск облысындағы Ивделлагқа айдалды.
Жалпы, Жайық ағамызды жазушы еткен тағдыры. Оның
ғұмырының өзі бірнеше томдық романға арқау боларлық.

Сталин лагерінде өткізген жылдары мен лагерь өмірі тура­
лы, текті ұлдарымызды жойған геноцид жөніндегі романын
Жайық Бектұров 1940 жылдан бері жаза бастаған болатын.
Осы шығарма 1989 жылы жарыққа әрең шықты. Бұл кітап үш

бөлімнен тұратын «Төгілген ар» романы еді. Осы кітапты оқи
отырып, қазақ халқының қасіретін, мұңын көресіз. Отаршыл
империяның озбырлығын, Кеңес өкіметінің қазақ халқына
қылған қастығын байқайсыз. Біз тілге тиек етіп отырған жа­

зушы осының бәрін басынан кешірді. Жығылса да жасымады,
құласа да құлазымады. Ол кісінің темірдей төзімі, қайыңдай
беріктігі турасында Манаш Қозыбаев ағамыз: «Сіз ғажайып та­
лант иесісіз. Сіз өз ісіңізден, өнеріңізден ләззат алып, шабыт­

танатын жансыз. Сіз ел адамысыз. Жасыңыздан шыныққан
ұрпақ өкілісіз. Зейнетті де, бейнетті де көп көрдіңіз. Зейнеттен
тасымадыңыз. Бейнеттен жасымадыңыз», – деген еді. Манаш
ағамыздың «Сіз ел адамысыз. Жасыңыздан шыныққан ұрпақ

өкілісіз» деген сөзінен Жайық ағамызды Алаш зиялысының
бірі деп танитынын байқаймыз. Иә, шынымен де Жәкең ел ада­
мы. Әлихан, Ахметтермен мақсат-мұраты бір тұлға.
Жайық ағамызға Тәңір сыйлаған бір ерекше қасиет бар.

Ол – қанша жыл өтсе де, болған оқиғаны күні тұрмақ, са­
ғатына дейін есте сақтайтын зердесі. Бектұровтың өзге қатар­
ластарынан басым тұсы осы. Басынан өткен небір зұлмат жыл­
дарды романына арқау еткенде оқиға өрісін өмірдің өзінен

суыртпақтаған. Айна-қатесіз көшірген. Сондықтан да оның
шығармалары шынайылығымен құнды. «Таңба» аталатын
туын­дысы – жазушының өз тағдыры.

Бұл шығарма турасында Тұрсынбек Кәкішев ағамыз: «Жайық Бектұровтың «Таңба» атты романының журналдық нұсқасын оқығанда, сталиндік зұлымдықтардың бәрін ба­ сынан өткеріп, азаматтық қалпын сақтап қайтқан Тұрлыбек есімді табанды да жанды кейіпкердің қазақ әдебиетіне кел­ ген­дігіне куәлік беремін және қазақ прозасында кезеңдік міндетті ғана емес, жеке адамға табынушылық заманындағы озбырлық пен ожарлықтың, қиянат пен зорлықтың, аярлық пен арамзалықтың, жағымпаздық пен жауыздықтың қандай болғанын «көзге көрсетіп, қолға ұстататын» көркем туын­ ды келді деп есептеймін», – деп баға берген. Мұндағы басты кейіпкер Тұрлыбек – Жайықтың өзі. Оның көрген мехнатын осы туындыны оқи отырып сараптап, безбенге тартып көріңіз. Жәкең 10 жылдық мерзімін өтегеннен кейін де талай қуғын мен сүргінді көрді. Қызыл жағалының жаққан жаласы ел тәуелсіздік алғанша соңынан ала күшікше шәуілдеп, еріп жүр­ ді. Жайық ағамыздың Алаш зиялыларын ақтауға қосқан үлесі зор. Қазақстанға жеткен жариялылықтың алғашқы сәтінде «Қазақ әдебиеті» газетіне «Ағалардың жазығы не еді?» де­ ген мақаласын жариялады. Мұнда Кеңес өкіметін орнатқан, оның шаңырағына алғашқы уықты қадаған азаматтар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Тұрар Рыс­ құлов, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр До­ сов, Жанайдар Садуақасов, Қабылбек Сармолдаев, Нығмет Сырғабеков, Нығмет Нұрмақов сынды көптеген ағалардың ғибратты өмірінен, толымды ой-пікірлерінен мәнді көріністер жасап, көпшілікке ой салды. 1988 жылы «Жалын» журналының екі санында (№3, 4) «Сәкеннің соңғы сәттері» аталатын деректі хикаясы жария­ ланды. Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен естеліктерінде кеңестік дәуірдің айқын бейнесі бар. Шәкәрім өліміне байланысты «Ақын мен арамза» поэмасын жазды. Жәкеңнің шығармаларын оқи отырып, ұлт зиялыларының прототиптерін тап басып танисыз. Сонымен қатар, жазықсыз жапа шеккендерді қызғыштай қорыған азаматтығына тәнті

боласыз. Себебі аумалы-төкпелі заманда сталиндік репрессия
құрбандарының атын атаудың өзі қауіпті болатын.
Жәкең – өзіндік жазу стилін қалыптастырған, өзінің пози­
циясын танытқан жазушы. Талай жас өркенге үлгі, өнеге бол­

ды. Жәкеңді өзіне ұстаз санайтындардың бірі – белгілі қаламгер
Әзілхан Нұршайықов. Ол ұстазына жазған бір хатында: «Сіз
менің үнсіз ұстаздарымның бірісіз ғой. Ал мен сіздің көкейдегі
ой, көмейдегі сөзіңізді айтқызбай ұғуға ұмтылып, талантты

шәкіртіңіз болуға тырысқандардың бірімін. Ұстаздың үмітін
ақтау оңай жүк емес. Ақтадым ба, жоқ па, оны білмеймін.
Бірақ ұстаз өнегесін орындауға үнемі тырысқаным хақ, әлі де
тырбана берерім аян...» – деген екен.

Жәкеңнің туындыларымен танысқанда көзбен емес, құ­
лақпен қабылдағандай әсер аласыз. Құдды біреу келіп кұла­
ғыңызға сыбырлап, әңгімелеп беріп отырған секілді. Оқы­
ғаныңды ойға тоқуға, қорытуға жеңіл келетін жайы бар.

Мұндай әңгімешілдік стиль Әзілхан Нұршайықовта да бар
екенін көзіқарақты оқырман білер. Әзілхан ағамыздың Жә­
кеңді ұстаз тұтуының да себебі осында жатса керек.
Жәкеңнің Ивделлагтағы өмірі мен сол жылдары басы­

нан кешкен тауқыметтері оның «Этап», «Сібірде» поэмасын­
да, «Ыстық карцерде», «Тайгадағы қысқы суық карцерде»
өлеңдерінде және тағы да басқа шығармаларында суреттелген.
Қазақ КСР НКВД-сының Алматы қаласындағы түрмесінде

Жайық Бектұровтың қандай азап тартқаны туралы газет-жур­
нал беттерінде жарияланған мақалалардан оқып-білуге бола­
ды. Бұрынғы республика прокуроры Ғ. Төлегеновтің «Пара­
сат» журналында жарық көрген хабарламасында, 1990 жылғы

2 қарашада «Казахстанская правда» газетінде жариялан­ған
Қазақстан прокуратурасы аппаратының қызметкері А. Жев­
ляковтің «Агентурное дело» националистов» деген соттық
очеркінде, сондай-ақ Мәскеуде шыққан «Берия: конец карье­

ры» деген кітапта Жәкеңнің азапты жылдары жазылған.
Сөз соңында Жәкеңнің ұлт үшін қызмет еткен ұлы тұл­
ғалардың бірі екенін айта кетуіміз керек. Жазушының 100
жылдық мерейтойына орай оны ұлықтауды кеңірек қолға алған

жөн. Жалпы, кез келген тұлғаны насихаттағанда оның басты
қағидасы – ұлылықты ұлықтау, тұлғаны тұғырына қондыру.
Жайық – қазақтың ұлы, қазақтың Жайығы! Ел үшін
езгіні көрді, еңсесі түскен жоқ. Халқы үшін қамауда болды,

қары сынған жоқ. Жайықтың аты Алаш тарихында алтын
әріптермен жазылары сөзсіз.

СӘКЕН СОҚПАҒЫ

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейтін қа­
ғидаға сүйенсек, қатарластарының арасында Сәкен Имана­
совтың қалам сілтесі көп торының ортасында төбеліндей, көп
қайқаңның қатарында төбесіндей боп бірден көзге түседі. Жас

ақындарға тән еліктеу-солықтау салқынынан ерте арылған
ақын небір дүмді білек дүлдүлдер бағын сынап жүрген жыр
көкпарына белі берік бесті ат мініп келгендей арындап қо­
сылған еді.

Оның сол жылдары күнделікті баспасөзде топ-тобымен
жарияланған жырларынан қазақ өлеңінің басты шарты –
техникаға тастай тиянақтылық пен ой-сезімге құрылған нәзік­
тікті берік ұстанғанын байқауға болатын. Оқырманға айтар ой

түсініктірек болу үшін шумақты бітеу күйінде жібере бермей,
қажет жерінде тармақты сындырып отыру да сол кезде енген
тәсіл еді. Ақынның қара өлеңнің қалыптасқан үш буынды
ұйқасын қанағат етпей, ішкі ұйқастарымен оны бесеуге дейін

жеткізген жаңашыл ізденісі де сол қалыптасу кезеңінде бой
көрсеткені анық.
Сәкен ағамыз – өзінің қаламдас інісі Жарасқан айтқандай,
«соғыс көрген әкелерден жаралып, соғыс көрген аналар­ды

емген» буынның өкілі. Сәкен өмірбаяны – соғыстан соң туған­
дардың өмірбаяны. Ауық-ауық оралып соғып отырар тақы­
рыбы да сол – соғыстан соңғы өмір тақырыбы. Оның өз дәуірінің
ұлы, өз уақытының үні болып төмендегіше тебіренуі де содан.

Мен сөйлеймін!
Бұрын да сөйлеп келгем,
Ұрпақ бар ма біздердей бейнет көрген.
Жалаң аяқ, жалаң бас жер айдадық,

Жел гуілдеп жамаулы көйлектерден.

Бәрін көрдік...
Желіне дейін бұрқақ,
Көрмесек, тек көрмедік ойын-күлкі-ақ.
Мезгіл өзі ертерек сомдап алған

Біздің ұрпақ – соғыстан кейінгі ұрпақ, –
дейді ақын бір өлеңінде.
Соғысқа дейін дүниеге келген буын Қадыр, Тұманбай, Жұ­
мекендердің жырларына арқау болған елдің ауыр күй, азапты

тіршілігі соғыстан соң туғандардың да талайына бұйырған
тақырып болғандығын байқаймыз. Қаршадайынан қараңғы
таңнан тұрып, қара өгіздің басын жетелеген қара баланың
жүрегіне байланған шемен уақыты жете келе шерменде жыр

боп төгілгеніне таңдана қоймайтынымыз да содан. «Жалаң аяқ,
жалаң бас жер айдаған жыртық жейделі» бала тағдыры – сол
дәуірдегі барша қазақ баласының тағдыры. Жекенің мысалы
жалпыға жалғасқан жерде (немесе керісінше) типтендіру деген

төтен тәсілдің бой көтеретіні әлгінде келтірген егіз шумақтан
анық аңғарылып тұр.
Сәкен – өмірде өзі қандай сырбаз болса, өлеңді де сондай
сұлу сезіммен өрнектейтін талғампаз ақын. Абай айтқан «ма­

хаббатсыз дүние бос» деген күй кімдердің басынан өтпеген?!
Ақындар да осы бір текті сезімінің тұнық бастауын айналып
өтпегені белгілі. Бірақ бірі елесіне есінеп, емеурінмен жаз­са,
екіншісі оның шарпыған отына шырпыдай өртеніп, қолам­

тасын қопара жазатыны белгілі. Сәкен ақынның екінші
топқа жататынына күмән жоқ. Оның аппақ қыздың образын
жасаған бірталай өлеңдері шынайы өмірден сыр тартқан сұлу
сәттердің сәулесіндей әсер етеді. Жырдағы шарпысқан сезім

мен шалдыққан төзімнің қосамжар қимылы біресе аңқаң кеуіп
жеткен шәрбәтіңді ерніңе тигізе бере алып кеткендей, біресе
төбеңе төңкере жұтып, мейіріңді қандырғандай күй кештіреді.
Жалпы, Иманасов ақынның интимдік иірімдері жеке әңгі­

менің тақырыбына лайық дер едік.
Сәкен Иманасов – сезім сілкінісі мен жан жүйе жұлқы­
нысының ақыны. Ол үшін көңілді қозғап кеткен сәл құбылыс,

лүп еткен самалдай сәл серпілістің өзі – тың тақырып, жа­
ңа жыр. Әбден жаттанды, жауыр болған үрдістерді қайта
езгілеуден ештеңе шықпасын білетін шайыр қай өлеңінде де
ұтқыр ой мен тапқыр тұжырымға табан тіреуді тапжылмас те­

мірқазығына айналдырған.
Айтулы ақынымыздың артында қалған жауһар жырларын
қайта бір ақтара отырып, аға жүрегін тебірентпеген тақырып
кемде-кем екенін байқаймыз. Оның өлеңдерінде адам жанының

небір нәзік пернелерін жаңылмай басып, біресе сыңғыры мол
сырға, біресе күңіренісі мол мұңға батыратын сәттермен қа­
тар, атақонысының даласы мен қаласын, данасы мен баласын,
тарихы мен тағылымын, салты мен салауатын сан қыры­нан

толғаған тұстар мол ұшырасады. Және осының бәрі – Сәкен
ақынның көзімен ғана көріп, Сәкен ақынның көңілімен түйген
ойлар, бейнесі анық, бояуы қанық дүниелер. Шеберліктің
шеңберіне салған кезде тақырыптың ұсақ-түйегі болмайтынын

ақын өлеңін абайлай оқығанда, аңғара тоқығанда ғана түсіне
бастайсың.
Ілгеріде айтып өткеніміздей, Сәкен ақын – буыныңды
балқытып, көңіліңді шалқытар лирикалық өлеңдермен қа­

тар ел рухын, ер еңсесін көтерер азаматтық-патриоттық тақы­
рыптағы туындыларымен де ерекшеленер қалам иесі. Қашанда
жалған пафос, жадағай ұраннан аулақ жүретін ақын табиғаты
мұнда да шынайылықты шырақ етіп, бұра тартуға мұрша

қалдырмаған.
Сәкен Иманасов шығармашылығының тағы бір қыры –
лағып айтпай, қағып айтатыны. Қауып сөйлемей, тауып
сөйлейтіні. Екінің бірінде бұйыра бермейтін мұндай қасиет –

үнемі ой үстінде жүретін, тақырыбының түйінін тереңнен
тар­тып, тебіреніспен күн кешетін ақындармен ғана еншілес
екені мәлім. Егер осы тұжырымға ден қойсақ, онда Сәкен
ақынды буыныңды бу шалғандай балқытар лириктігімен

қатар, философиялық өлеңнің де өнімді өкілі деуге негіз бар.
Бұл да әлгі «қарама-қарсылықтың күресі мен бірлігінен»
туатын құбылыс. Ойшыл ақын болу үшін әйгілі ғалым ашқан
әлгі заңның кемінде бірер «бабы» шеке тамырыңдай бүлкілдеп

тұруы керек-ақ.

Айта кетер бір жәйт – ақынның сөздік қорының бай да шұ­
райлы екендігі. Қайсыбір қалам иелері тіл байлығын кітап оқу
арқылы толықтырса, бұл кісі ұлт тілінің шұрайына уызынан
жарығандығын анық байқатады. Содан да болар, шабыттың

Шалқұйрығын шұлғыта мінген сәтте небір қиын қылталардан
қиналмай қарғытып, күрделі ұйқастардан кібіртіктемей ор­
ғытып, толқыған селдей, көлкіген көлдей ағыл-тегіл төгілетіні
бар. Жүре пайда болмай, туа пайда болған ақындық мінез

осындай болса керек-ті.
Мінез демекші, Сәкен ақынның ет пен сүйектен жаралған
пенде ретіндегі болмыс-бітімі де бөлекше болатын. Өмірде өзі
бір бөлек, сөзі бір бөлек жүретін әріптестеріміздің талайымен

түк болмағандай жүріп жатырмыз ғой. Тазалық пен туралықты
қорғауға келгенде «Платон достың» да бет-жүзіне қарамайтын
нағыз Аристотель-қазақ осы ағамыз еді десек, еш артық емес.
Әділетке ара түспесе қарадай мазасы кететін ақын, көптеген

өлеңдерінде төл табиғатынан хабар беретініндей, шындықтан
бұра тартам дейтіндерге бұйдасын да сипатпайтын асау мінездің
иесі еді. Екі сөйлеуді еп көрмейтін, нағыз «не бел кетеді, не
белбеу кетедінің» өзі болатын.

Тағы бір қызық жері – шығармаларында, әдейілеп болмаса
да, өз болмысын өзі бейнелеп кеткен кісіңіз де осы ағамыз дер
едік. Оның жан сарайының қақпасын айқара ашып, ақтарыла
жазатын таза табиғаты қай шығармасында да «менмұндалап»

тұратынына байланысты айтылып жатқан сөз бұл. Лирикалық
геройдың «мені» өмірдегі «менмен» біте қайнасып кеткенде
осылай болмақ.
Сәкен Иманасовтың шығармашылық тәжірибесінен қа­

нат­тас інілері – біздер үйренген игіліктер аз емес. Өлең тех­
никасындағы мергендік, ой жүйесіндегі тапқырлық, сезім
дүниесіндегі шынайылық – хас шеберден қуана қабылдаған
қазынамыз. Әсіресе ақын ағаның ішкі ұйқасты магнит тарт­

қан майда металдай түйдек-түйдегімен қолдануы көп әріп­
тестеріміздің қызығушылығын туғызғаны анық.
Замандасы Асқар Сүлейменов айтқандай, «поэзия әлемін­де
өз Менделеев таблицасын» қалыптастырған өр мінезді ақын­

ның, міне, екінші, мәңгілік ғұмыры да басталды. Өлең-жыр­
ларын кейінгі ұрпақтың жаттап өсетіндігі және күмәнсіз.
Осыны болжағандай, қайтыс болғанына жыл толмай жатып,
75 жылдығына орайластыра өткізілген ұлықтау іс-шараларын

Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық және Алакөл
ауданы әкімдіктерімен бірлесе жоспарлаған еді. Онда жазба
ақындар мүшәйрасын, мектеп оқушылары арасында Сәкен
оқуларын өткізу секілді шаралар қамтылды. Ақын оқыған

Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепте мұражай
ашылды. Осының барлығы Сәкен Иманасовтың есімін мәңгілік
есте қалдыру мақсатында болашақта өткізіліп тұратын игі
шаралардың бастауы ғана деп түсінгеніміз жөн. Себебі артында

өлмес мұра қалдырған ақын есімі ел жадынан шықпайды деп
сенеміз.

ҚАЗЫНАЛЫ ЕДІ ҚАЖЕКЕҢ...

Орқашар баурайындағы бұлақтардан басталып, Тарбаға­
тайдың сілем-сілемінен құлап ағып, Алакөлге құйып жатушы
еді Еміл. Қазір жылап ағады. Атамекенге орала алмаған ұл
секілді. Қайран Еміл, ескі жұрт...

Сол Емілдің жағасындағы шалғынды даладан шұрқыраған
қалың жылқы жер қайыстырып суатқа құлап бара жатқандай
елестей береді...
Қазақтың қабырғалы перзенті, үлкен ақыны, этнограф

Қажытай Ілиясұлын соңғы сапарға аттандырғанымызға да,
міне, біршама уақыт өтіпті.
Жалыным барып-барып сөнер мейлі,
Сонда да өзегімді өнер жейді.

Әттең-ай, өкінішім шашымнан көп,
Ер жігіт тіршілікте не көрмейді?!
Уа, дариға, жалған-ай!
Дүние сенен де өтер, менен де өтер,

Әуенім аққуды да елеңдетер.
Тақ пен бақ, жиған-терген жолда қалып,
Ән мен күй, кейінгіге өлең жетер, –
деп Қажекеңнің өзі өксігі мен өкінішін есіне алғандай кейіп­

те, көз алдымызда мұнарланып барып, таудан асып кеткендей
көрінеді.
Ақынның Кеңсайдағы қабіртасына қашалып жазылған
осы әннің соңғы шумақтары біраз уақыт ойымыздан кетпеді.

Кейін ойлап қарасам, Қажекеңнің көрмеген қорлығы, кешпе­
ген азабы жоқ екен-ау! Неге екені белгісіз, Қажекеңді ойласам,
Емілге ентелеп құлаған қалың жылқы көз алдыма келеді. Сол

жылқының артында, тоқымын жерге төсеп, ерін басына жа­
станып, Қажекең шынтақтап жатып алып, ыңылдап мына бір
әнге салатын секілді:
Тағдыр құсы жазған мекен маңдайға,

Тарбағатай шырқап салар ән қайда?
Самалыңнан жұпар исі аңқиды,
Таңқурайдың дәмі келіп таңдайға.
Туған жерім,

Құзырыңа,
Қызығыңа
Табындым.
Төсіңде өскен

Бала күнді,
Самалыңды сағындым.
Ойға батып аракідік көз жұмсам,
Елестейді қызыл изен, боз жусан.

Түсірем бе бәз қалпыңды, қаз-қалпыңды қағазға,
Өмір бақи өлең ойлап, сөз қусам...
Ән жаңғырып, Емілдің ерке толқындарымен ілесе ағып,
біресе қиқулап көтерілген құстардың қанатынан мамырлап

қазақ даласына төгіліп, біресе ұялшақ қыздың жанарындай
жеткен тұсынан үркіп ұшып, қайыра әуелеп, қайыра құлдилап,
жылқы соңындағы жетім құлынның бауырына тығылып, енді
бірде жер бауырлап барып жусан мен изеннің жел қозғаған ба­

сына қонып, дір-дір етіп тұратындай. Сол әуенге елтіген мына
тіршілік бір сәтке сілтідей тынып, қайыра даурығып, азан да
қазан болардай.
Иә, менің көңілімдегі Қажытай Ілиясұлы өлген жоқ. Ол

өзінің өмір бойы жырлаған Еміліне оралды. Күн құланиектеніп
Тарбағатайдан көтерілген сәтте, күн салып тұрып, шетсіз-
шексіз, ұлан-ғайыр далаға қарап тұратындай. Алдындағы мың
жылқының әрбірінің түрі мен түсін нақ айырып, «қазақтың

17-267

тарихы – жылқының тарихы, жылқының тарихы – қазақтың
тарихы» деп күбірлейтіндей көрінеді. Қажекең Тарбағатай
бауырында әлі күнге жылқы бағып жүргендей елестейді. Бір
шоқының үстіне шығып алып:

Сәріден қолда құс қырындап,
Сақалын тарайды мұнар бұлт.
Қарт жанын тартады құрулап,
Бойдағы аңшылық, құмарлық.

Астында жарау ат, тоқ бүйір,
Бөктерге тартты тік қыстақтан.
Болса да бет алды көп шиыр,
Таниды-ау тың ізді тісқаққан!..

Жөнелді бір сәтте құйғытып,
Көз жазып шыжымды бүркіттен.
Қараймын жаныма күй бітіп,
Қылпына нүктедей бір түрткен!.. –

деп жырлап тұрғандай.
Осы жылқы жайы, атбегілік, саятшылық турасындағы әң­
гімелер бізді етене жақындастырды. Кез бола қалса, жылқы
жайын айтушы еді. Менің де жастығым жылқы айдап өтті.

Кісі сөйлесем десе әр нәрсенің басын шалар әңгіме көп қой,
алайда Қажекеңнің қозғар тақырыбы ерекше еді. Бір сәт бұл
тымырсық қаладан табиғатқа кетіп, түпкі тамырымызға ора­
лып, көңіл жасартып алушы едік. «Шұбырған түйелі көш

сағым ойнап, Түсімнен шықпай қойды-ау ауыл-аймақ», –
деп өзі жырлайтындай, ел жайлы, жер жайлы айтушы еді.
Көшпенді қазақтың қараша үйінде дүниеге келіп, тумысынан
түз көріп өскен, тау көріп өскен Қажекең ұсақ-түйек әңгімеден

сөз ауылын аулақ қондырып отыратын. Кісіге ұнамды серілігі
де бар-тын.
Жалпы, Қажытай Ілиясұлы жылқы мінезді жан еді. Бол­
мыс-бітімі, таң асырылған тұлпардай кербез ұстайтын түр-

тұлғасы, дегдарлығы, кісі баласын алаламайтын ақеділ,
ақжарма көңілі, қағілездігі мен қырағылығы, шамына тисе
шырт ететін тік мінезділігі, ойын ірікпей айтатын оттылығы –
бәрі-бәрі дала падишасы – жылқыға келетін.

Кейде Жазушылар одағының бір бұрышында бір топ жасты
жиып алып, жастарды қыран-топан күлкіге батырып, өзі де
соған мәз болып, қазақша, татарша, ұйғырша, енді бірде қытай
тілінде өлең оқып немесе әндетіп тұрғанын көретінмін.

Шіркін, ол кісінің көңілі ғана емес, жүрегі де қартаймай
кеткендей. Кеңестік және қытайлық саяси режимдерді ба­
сынан өткеріп, оның кісіні жанынан түңілтер небір қитұрқы
қулық-сұмдығын көріп, жүрегін шер, табанын шөңге тіліп, ел

айырылғанда еңіреп, етегі жасқа толған осы ақынның бүгінгі
азат заманның албырт жастарымен бірге өз Отанында, өз үйінде
әзілдесіп тұрғаны көңілді неге толқытпасын?! Толқытқан.
Әзілді айтса, Қажекең айтсын дейтіндей жағдайы бар еді. Ел

аузына ерте іліккен пародияларының жадында қалған тұсына
шейін жатқа оқып беретін. Соның Абайшалап жазған бірі
жинағында жүр екен.
Өлең – соның нан-шайы, сөз – самасы,

Ұрттап-шайқап төгетін өз баласы.
Тілге шөгір, жүрекке кірі тиіп,
Теп-тегіс ығыр болды айналасы.
Бөтен оймен былғанса сөз арасы,

Түсінбей тойтыңдайды бейшарасы.
Қоқымнан қолақпандай том жасады
Жымпиған, жылпыңдаған бір парасы...
...«Таңдама», топтамасы, баттамасы

Өтпегенмен, өтеді тапқан асы.
Тартсаңыз таразыға, танысаңыз,
Шіркіннің ап-айқын ғой ақ-қарасы...
Мұнан бөлек, хатқа түспеген қанша қазақы қалжыңы бар

еді. Ел естімеген бір әңгімелерді айтып, «Солай ма еді?» деп

таңырқасақ, соған кәдімгідей қоқиланып қалатын. Қалжыңнан
қаны қызып алған сәтте тілінің тікені гүлдей, сөзінің зәрі бал­
дай көрініп кететін.
Атыңды естігенде Еміл деген,

Елең ете қайғыдан жеңілденем.
Кетпесем желдей есіп жер түбіне,
Отыз өлең арнар ем кемінде мен!
Соларды жазамын да көңілденем,

Алыста әзілдесіп өлімменен.
Жөңкіл бері, жөргекті жуған өзен,
Алатының көп әлі сенің менен! –
деп жырлапты бір өлеңінде. «Алыста әзілдесіп өлімменен»

деген Қажекең онсыз да ауыр тағдырын ауырлатпауға ұм­
тылатын, жүздессең – жылы жымиып, кездессең – көркем
сөйлеуге тырысып жүретін. Емілге «алатының көп» деген
ақыннан елдің алары көп еді. Біздің аларымыз көп еді. Кеудесі

қазынаға тұнған жан еді ғой. Ер кеткен соң елдің өкінері қиын.
Еміл...
...Сол Емілдің жағасындағы шалғынды даладан шұрқыра­
ған қалың жылқы жер қайыстырып суатқа құлап бара жатқан­

дай елестей береді... Құлағыма алыстан талықсып Қажекеңнің
даусы жететіндей...

АҚЫН ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВПЕН

ҚОШТАСУ СӨЗ

Ақын өлді!..
Шын ақын өлді!..
Жетісудың аспанында жап-жарық жұлдыз ағып өтті!..
Ол – Есенқұл Жақыпбеков өмірінің жұлдызы еді, алайда

өлеңінің емес! Жамбыл мен Сүйінбайдың елі, еңсеңді көтер,
Есенқұл Жақыпбековтің өзі кеткенмен, көзайым көзі қалды,
көгершін сөзі қалды.
Есенқұлды момын көрдік, ол – момындығы емес, қоңырлығы

еді. Бойын жасырған тұлпардай, өзін-өзі іштей сақтағаны екен.
Елде қалды дедік, ол – елде қалғандығы емес, елге жақын
болғандығы еді. Өз үмітінен бұрын ел үмітін ақтағаны екен.
Ештеңеге ұмтылмайды дедік, ол – ұмытылмайтындығының

белгісі екен ғой...
Жанының мұңын шерте жүргенін білсек те,
Жай басып жүріп, ерте кетерін кім білген?!
Жақсы күндерді көркем еткенін білсек те,

Жан-өзгемізді өртеп өтерін кім білген?!
Теректей басы теңселген, терең бір ойлар еңсерген Есаға,
тамырың – тереңде қалды, тағдырың – биікте қалды! Сен сүйген
қазақ – сені де сүйеді! Сен жырлаған Алаш – сені жырлайды!

Өткен жұмада ғана, Сейдағаңның – Сейдахмет Бердіқұлов­
тың еске алу кешінде жүздесіп, алда келе жатқан 60 жылдығын
атап өту жайлы сөйлескен едік. Сонда тағы сол қоңырлығына
салып, «уақыты келгенде көрерміз» деп еді. Уақыты біз күт­

кеннен бұрын келерін білдік пе сонда?..
Есенқұл Жақыпбековтің қаламынан туған «Бастау», «Ағым­
нан жарыламын», «Біз екеуміз», «Біздің елдің жігіттері»,

«Есіл дүние-ай!», «Бұл жаз да өтер», «Тау басында кәрі қар»,
«Сарғайған сары терезе» сынды жыр кітаптары – талай жас
ұрпақтың жастығының астында жатары анық. Оның лирика­
сы – жапыраққа тұнған тамшыдай мөлдір, жанарға тұнған жа­

стай аяулы. Ебіден ескен желдей елең еткізер, жүрек түкпіріне
терең өткізер, сұлудың жүзіндей, сайғақтың ізіндей тұп-
тұнық дүние. Оның эпикасы – осы далада туған баһадүрлердің
екпініндей ерен қуатты, сермелген семсердей, серпілген

тұяқтай, зау биіктен құлдилаған қыран қанатындай отты еді.
Басың – төрде,
Бағың – елде, Есаға!
Бақұл болыңыз! Рухыңыз пейіш төрінде шалқысын!

ТАЛАНТ – ТАҒДЫРЫҢНЫҢ ТАМЫРЫ

(Қаламгер Несіпбек Дәутайұлымен сұхбат)

– Сіз бен біздің тағдырымызда көп ұқсастық бар. Тұлым

шашты алдырмай жатып тай үйреттік, бозбала кезден боз­
датып көкпар тарттық... Е, сосын да ауылдан шыққандарды
жылқы мінезді демей ме...

– Былай ғой, Ғалым. Қай мінезді айтсын, қай қылығымызды

сөз етсін, қай қасиетімізді түгендесін, қай кемшілігімізді
жіпке тізсін, мен әйтеуір өзімнен ауылды көремін. Біз әуелі
ауыл мінездіміз ғой. Мен Дулат Исабековтің «Ақырамаштан
наурызға дейін», Тынымбай Нұрмағанбетовтің кез келген

әң­гімесін, сосын марқұм Қалдарбек Найманбаевтың «Бәй­
геторысын» қайтадан оқығым келеді де тұрады. Оқысам, ау­
лыма барып келгендей, ауылдағы баяғы аталар мен апаларды,
ағалар-жеңгелерді көргендей жүрек елжіреп, бауыр езілгендей

күй кешемін.
Ауыл – қазақ қаламгерлерінің тағдыры. Әдебиетте клас­
сика деген ұғым бар ғой. Құдайға шүкір, қазір бізде «клас­
сик» көп. Ақын-жазушы ретінде танылғандар, танылуға таяп

қалғандарды былай қойғанда, газеттерді жағалап, мақалалар
сүйкеп, оқта-текте төрт-бес шумақ өлеңдерін жариялап
жүргендер де, «Мен осы, байқасам, классик екенмін ғой» деп
көкіп отырады. Не сонда классика деген? Білмейді.

Классика – меніңше, адам, ұлт тағдырынан туатын ақиқат.
Соның көркем көрінісі, терең танымы. Егер Э. Хемингуэй
«Шал мен теңізді» жазса, теңіз – оның және ұлтының тағдыры.
Шығармада сол тағдыр, адамның сол тағдырындағы өмір үшін

жан алып, жан беретін, тілмен айтып жеткізуі қиын ұлы
күресі жатыр. Ауыл да біз үшін сол сияқты. Мұны қаперге ал­
май, түрлі іздермен эксперимент жасап қоямыз. Бірақ табиғи
жүректі қолдан жасаған жүрекпен алмастыру қиын. Бұған

қарап жаңа түр, тың мазмұн, бөлек ой айтпа деуге де болмай­
ды. Экспериментке Оралхан Бөкеев, Марат Қабанбаев барма­
ды дей аламыз ба? Алайда осы бір талантты қаламгерлер
өздері­нің сол саналы әрекетінде оның шегіне жете алды ма?

Бұл – үлкен сұрақ.

– Сөйтіп, Сіз қазақ ауыл мінезді дейсіз...

– Солай ойлаймын. Қайсыбір жылы Шерағаң – Шерхан

Мұртазаның менің туған ауылым Иірсуға барғаны бар. Кенен
атама күйеу бала болған жылы ғой. Қордай ауданының әкімі
Құрманғали Уәлі екеуміз Шерағаңды Кененнің Иірсудағы
үйінің орнына апарайық дедік. Кезінде Кененді іздеп келіп,

Жамбыл тәтем де түстенген Иірсу бұл. Кейін, Хрущевтің
кезінде шағын шаруашылықтар іріленіп, жұрт бір орталыққа
көшірілген соң, Иірсу иесіз қалған. Бары – үйлердің тегістеліп
кеткен орындары. Бірді-екілі қыстау...

– Сіздің «Ақкөгершін» повесіңізде бұл өзі кеңінен әңгіме бол­

май ма, жұрт ата-бабасынан бермен қарай мұра болып келе
жатқан мекенді тастап кете алмай, әбден қиналады ғой. Сіз
сол шығармаңызда тоталитарлық жүйенің қазақы ментали­
тетке түкірмейтін өктемдігін астарлап айттыңыз.

– Сол Иірсуға Шерағаңды бастап келдік. Иірсу – тау

бөктеріне жақын, басы кең, аяғы тарлауыт жыраны бойлап,
ирелеңдеп ағатын жіңішке өзен. Соның жағасында 60-70 түтін
от жаққан. Кенекеңнің үйі ауыл ортасындағы оймақтай ұлпа
саздың жиегіндегі қызыл төбешіктің үстінде болатын. Соның

орнына Мұртазаны отырғызбаймыз ба, «Әй, қайын атамның
орнына шығып кеткен жоқпын ба?» дейді Шерағаңның көзі
алайып.
Ол өзенді біраз бойлап жүріп, айнала төңірекке көз салып,

көбіне өзімен-өзі болды. Батысқа қарай әйгілі Ойжайлауға
шығар қасқа жол жатты қасқайып. Оңтүстікке қарай – Қордай
асуының сілемдері, сонау, сонау төменде – кезінде қырғыздың
«Манас» жырында «Қордайыңа жол салдым, Көлқопаңа қол

салдым» дейтін ойпаң, солтүстігі – Аңырақай даласына асатын
Құлжабасы, Қушоқы таулары, шығысы – Алматыға жетелеп
әкететін ұшы-қиыры жоқ ми жазық. «Бұл ми жазық қайсыбір

дәуірде Қобы аталатын» дейтін Кенекең. Неге қобы? Қобы де­
ген не сөз? Соны сұрамаппыз.
Шерағаң бәрін сұрап тұр. Түс ауа жазушының туған ауылы
Жуалыға жүріп кеттік. Екеуміздің езу жидырмай, алма-кезек

айтатын әңгімеміз көп болушы еді, бұ жолы шалың үнсіз. Жол
ортадан ауғанда «Шераға, үндемейсіз ғой...» дедім. «Ойлап ке­
лем...» деді ол. «Нені?..». «Иірсуды». «Қай тұрғыда?». «Тәңірі
оны бекер иір-иір етіп жаратпаған. Сендер соған ұқсайсыңдар.

Сендерде әрі жайлы, әрі сұрапыл бір иірімдер бар».
Ары қарай індеткені: «Жойқын асығыс өзендерді көп
көрдім. Біздің Жуалыда, мысалы, Теріс дейтін өзен бар. Ағысы
басқа өзендерге қарсы, тауға қарай. Ал Иірсу өзені сондай бір

нәзік. Иірім-иірім. Дәл бір бұралып басып бара жатқан қырғи
мүше келіншек іспеттес... Маңдайы – көз ұшынан тау асатын
қасқа жол, етегі кең жазира... Кенекең әндері... Кененнің
әндері асқақ та шексіз кең, сан иірім... Ырғақтық тыныстың,

саздың тіл жеткізіп айтуы қиын кейбір әспет әуезінің бөлектігі
арғы-бергі жампоздардың ешқайсысында кездеспейді. Әйтеуір
бір ғажап кінәздік бар. Кеше орталықтарың – Кенен ауылын­
да көшелерге көз салсам, екі үйдің бірінен осы бір сымбаттың

сипатын аңғардым. Жаңа салып жатқан немесе жаңартылып
жатқан тұрғын үйлер, боялған қора-қопсылар, аулалардың
оқтай түзу қақпалары мен қоршаулары... Қазақстанның қанша
жерін араладық, қаншама ауылдың ана тұс, мына тұсынан

қаңырап жатқанын көрдік қой. Ал мұнда... Сірә, бүгінгі Кенен
ауылының кешегі атамекені – Иірсуда тұрмыстың мәдениеті
о баста болған. Ол оның барлық өмір салаларын қамтыған.
Күнкөрісін де, өнерін де... Кенен әндерінің алабөтендігі – осы

мәдениетте... Кез келгеннің тынысы жете бермейтін самғау
әуез, жұғарақпанда кілт тыйылмай, иірім-иірім болып кете
беретін сұлу саз, кінәз ырғақ. Асқақ оқшау. Дара. Дәл Иірсу
өңірі өзен бойлап өрілген көш сияқты, ауыл іспеттес ана...»

– Білгенге мәдениет деген табиғаттың өзі ғой. Одан кім

нені қалай үйреніп, кім оны қалай бойына сіңіре алады? Бір
ауылға барсаң – гүлжазира, дәл соған іргелес тұрған ауылға
бас сұқсаң – дауыл ұрып кеткендей.

– Аузы жеңіл ағайындардың «дауыл ұрудың» әлеуметтік

себебін білмей, ауылды қараң қалдырып жататыны көп.
Соның ішінде біздің біраз әріптестеріміз де бар. Ауылдың
ақиқатын айтамыз деп отырып, сол өзі жіпке тізіп әкелген кем-
кетіктің ішінде адасып кетеді. Ең жаманы, оның «ақиқаты»

барлық ауылға тән болып шығады. Ал бұл – соның жалғыз
жоқтаушысы. Үкімет тасбауыр, әкім-қаралар безбүйрек...
Ал осылай деп жүрген ақын-жазушылар қашан, қай кезде өз
ауылының барып жыртығын бүтіндеді? Кімін іздеп, кімін

қойды? Таудан құбыр тартып, жерден су шығарып берді ме?
Егінін себісіп, жерін жыртысты ма? Ауылын сел қаптап, қар
басып қалса, халің қалай деді ме? Қай жесірін жебеп, қай
жетімін жетеледі? Күздеу бармағаны қанша, қыстау көрмегені

қанша?
Ауыл – әзірше ұлт тұрмысының, оның менталитетінің,
ха­лықтық ойлау, пайымдау, армандау, қиялдау, сондай-ақ
азап-шерінің тағдыри энциклопедиясы. Пейіл-ниеті, мақсат-

мүддесінің бәрі осыдан өріп шығады. Психологиялық өзгерісі
де. Қалаға он жеті жасында кеткен, содан ауылына оқта-текте
соғатын қаламгер қанша талантты болса да, өзінің бастапқы
табиғи тағдырынан айырылып қалғандықтан ауыл, оның адам­

дары жайлы ақиқат шығарма немесе мақала жаза алмайды.

– Нәке, анау Жюль Верн өмірі теңізді көрмесе де, теңіз

асты әлемін керемет суреттеп өлмес шығармалар жазған ғой.

– Дұрыс айтасың. Онікі – ұлы түйсік, таланты тудырған

ғажайып қиял. Ауыл теңіздің асты емес, қазақ қаламгерлері
Жюль Верн емес қой.

– Сіз осы көп жазушыда тағдыр жоқ дегенді меңзеп отыр­

сыз. Менің де сезетінім – көптеген әріптестерімізде, соның
ішінде дарындыларында керемет идея бар, ақиқаты жоқ. Қай
жағынан келіп қараса да, өзі өскен баяғы ауыл мен қазіргі
ауылдың нақты шындығын көре алмайтын сияқты. Егер біз

нысанамызды не тек қара, не тек ақ күйінде ғана көретін
болсақ, сол өзіміз жанымыз ашып отырған атамекенге за­
лал келтіреміз. Мәселен, ауылда «Жоқ деген түбі жоқ болып
қалады» деген кредо бар... Ынсапқа, қанағатқа арқа сүйейді.

Шыдам, төзім онікі. Қара су ішсе де күліп отырып ішуіне
мүмкіндік бер. Тынышын алма. Құлағын елеңдетпе. Көңілін
бұзба.

– Әлгі Аңырақайдың даласында қой бағып жүрген бозба­

ла кезіміз ғой. 1968-1969 жылдары алапат қыс болмады ма.
Қой қырылып жатыр. Ақ қар, көк мұз белуардан. Қарға адым
аттап баса алмайсың. Сондай күннің бірінде әскери тягач­
пен бір топ адам сау етті. Орталарында қара тұлып киген нән

қара. Аудандық атқару комитетінің председателі екен. «Қане,
халдарың қалай?» деді жағалай тұрған қойшыларға. «Халдің
несін сұрайсың?.. – деп Мешітқұл қария шырт түкірді. –
Білмеймісің, одан да өзің бізге не әкелдің, соны айт. Шөбің,

жемің бар ма қалтаңда? Болмаса керегің не бізге?..»
Мұны есіме алып отырғаным, бүгінгі саяси ойында ауылдың
көңіл күйімен ойнап, оны бетке ұстап, оның күл-қоқысын
біресе Президенттің іргесіне, біресе Үкіметтің есігінің алды­

на, қалған-құтқанын әкімдердің, басқа да мемлекет қызмет­
шілерінің біресе алдына, біресе артына сүйреп апарушы­
лар біраз бар. Саяси айтыс – саясаттың сарбаздарына керек
те шығар. Ал олар өз амбицияларына не себепті ауылды

қыстырады? Ауыл саясаттың қол добы емес қой. Ауылшыл
екенсің, өзің оған не бердің? Беретінің бар ма? Көрсет. Әкел.
Қазір ауызға сенетін жұрт қой. Ал Президент өзінің соңғы
Жолдауында бергенін айтты, беретінін көрсетті.

– Біз, осы қаламгерлер халық пен биліктің арасындағы қай

ақиқатты айта алмай жүрміз?..

– Бәрін түгел тізіп айтудың қажеті бар ма және ол мүмкін

бе? Дулат ағамыз таяуда теледидардан өте дұрыс айтты:
Прези­дент – Айсберг. Ол мұхитқа шөгіп тұр. Ол өзін түгел
көрсетпейді, өзін түгел көре алмайсың.
Халық барын көрсетеді, барын айтады, бірақ соларын

мән-маңызымен жеткізіп айта алмайды. Қаламгер осы, мі­
не, шындықты өркениетті ой, жан тазалығы, рухтың мық­
ты­лығымен айта алмай әуре. Құр даңғазалық. Таяуда Мұ­хаң –
Мұхтар Мағауин маған «Байқайсың ба, осы бізде ентікпелер

мен едіреңбайлар көп, бір қызығы, халық соларды тыңдауға

құмар, әрі әлгі әртіскештерге иланып қалады» деген сұмдық
ақиқатты айтты. Шынында да, жаман таңғаласың. Біреу екі
иығын жұлып шыға келсе, «Міне, азамат!» десіп, аузымыз
аңқайып қалады. Шын мәнінде, оның бос бөшке, құр кеуек, әр

жерде әулекіленіп шыға келетін әңгібай екенін пайымдай ал­
маймыз. Бұларға әр аймақтағы қаламгерлігі көркемөнерпаздар
үйірмесінің көшеден келіп қосылып жататын мүшелерінің
деңгейіндегі әңгіртаяқтарды қос...

– Нәке, сіз билікті қолдайсыз ба?

– Мен мемлекеттік жүйенің ғасырлар бойы қалыптасқан

клас­сикалық үлгісін қолдаймын. Халық өздігінен жол таба ал­
майды. Оған жол көрсетуші, бағыт беруші, оны қорғап сақтау­
дың жолын білетін, басқа елдермен жақсы арақатынастың ди­
пломатиясын терең меңгерген, сезімі ұлттық, көзқарасы жал­

пы­­адамзаттық адамдардың билік деп аталатын саяси жүйесі
керек. Ол бізде қазір бар ма? Бар. Ондай барды неге қолдамау
керек?

– Сіздің қатарларыңыз немесе үш-төрт жас айырмашы­

лығы бар замандастарыңыз БАҚ, түрлі әдеби мекеме немесе
әдеби басылымдарда қазір бірінші басшы. Өзіңіз «Жамбыл»
журналын басқарып отырсыз. Екі сұрағым бар, біріншісі –
жаңағы сіздің көзқарасыңыз сіздің қатарларыңызға да тие­

сілі ме, әлде?..

– Оны олардың әрқайсысының өзінен сұрау керек шығар. Өз

басым кешегі бас редакторлар Шерхан Мұртаза, Камал Смай­
ылов ағаларды өнеге тұтам. Әдебиет пен өнер қайраткерлері
өкілдерінің Президентпен соңғы кездесуін көзіңе елестетші.
Ұлттық мүдде, сұраныстарын Елбасы ешкімнен артық білмесе,

кем білмейтінін, Елбасының бұл бағытта осы отырғандардың
барлығынан да он-жүз есе артық жұмыс істеп жатқанын пай­
ымдай алдық па? Тың пікір, соны ой айтуға болатын ба еді?
Әрине, болатын еді. Бірақ Н. Назарбаевтың арқасындағы он­

сыз да ауыр жүкке толы қанарға тағы да зілбатпан жүкті сал­
дырлатып сала беру қажет пе?! Кезегін күтпеген шаруа кезекте
тұрған шаруаны басып-жаншып тастамай ма?

Сосын, меніңше, Президент әдебиет пен өнер қайраткер­
лері өкілдерін қабылдағанда, рухани интеллектуалдан Құ­
дай­дың құтты күні айтылып жатқан проблемаларды қай­
талауын емес, интеллектуалды саясаттың бағасын білгісі

келеді. Өркениет әне. Жаһанданудың төбесі көрінді. Ұлы көш
соған дайын ба? Ұлт соған лайықты ма? Міне, әңгіме.
Жалпы, редактор ма, жоқ, қатардағы қызметкер ме, шын
қаламгерге бәрінен азаттығы қымбат. Қаламгердің жөнсіз

иіліп-бүгілгені – қасиетінің кеткені. Түптеп келгенде, кімнен
неге үрку керек? Көп болса қызметіңді бересің. Қаламыңды
тартып алар Құдайдан басқа құдірет жоқ қой. Мәселе кез кел­
ген қаламгердің қоғамына дейтін азаматтық асқан белсенді­

лігі мен қайраткерлік қасиетінде. Осы тұрғыда мен Смағұл
Елубаевқа әрдайым разы болып жүремін. Ол Прагада 10 жыл
тұрып қалды да, біраз уақыт бас қоса алмай жүрдік. Таяуда те­
лефонмен едәуір әңгімелесіп, сол әңгімеде, сосын «Жас Алаш»

газетіндегі сұхбатынан байқағаным, Смағұл сол баяғы ұлттық
мүдденің азаматтық әуенінен еш айнымаған. Өзгеріс – ол бүгін
әлемдік мәдени өркениеттің интеллектуалы. Ал интеллект
қалам ұстап жүргендердің бәрінде бірдей бар ма? Жазушыны

қоғамдық мүддемен қосақтап жіберетін – осы ақыл-ес. Марха­
бат Байғұттың ауыл адамдары жайлы әңгімелерінен мен соны
байқаймын. Ол – тағдыры бар жазушы. Сол тағдырының та­
мырын басып сөйлей алады. Тапыраңдамайды, тасымайды, ау­

ылдарды жылы жауын аралап өткен соң жайлап есіп тұратын
жұмсақ самал іспетті. Мархабаттың жан дүниесінен осы еседі.
Оның шығармалары – оның өзі.
Анна Каренина, мәселен, Толстойдың өзі еді ғой. Анна Ка­

ренинамен орыс қоғамының, өзінің тағдырын ұлы жазушы
еңіреп жазды. Интеллектуал жазушы басқаша бола алмай­
ды. Интеллектуал жазушы халықты интеллектіге жетелейді.
Амал не, қазір кімнің шын ақын-жазушы екенін ажыратып алу

қиын. Оған жазгерлер дейтін бір өзіне-өзі сөзсіз жазушы мерез
құбылыстар қосылды. Не жазып, не қойып жүргендерін өздері
де білмейді. Өйтіп-бүйтіп өлең-сөлең құрастыра алады, бір та­
рауы мақала іспеттес, бір тарауы мемуар тақылеттес, келесісі

суреттемеге ұқсас, ар жағы очеркке келіңкірейтін бірдеңелерді
шимайлайды. Жә, бұларды қойшы. Таяуда «Қазақстан жазу­
шылары – ХХІ ғасыр» деген анықтамалық шықты ғой. Қане,
шыныңды айтшы, осы қалың кітапты қатты сығып жіберсе,

шын мәнінде қанша ақын-жазушы қалады?

– Кемінде 400-і ағып кетеді ғой.

– Сонда замандық есі дұрыс көркем шығарма бермесе, өмір

бойы жалғыз рет те қоғамдық белсенділік танытпаса, жаңағы
ағып кететіндер «Анықтаманың» ішінде қалқайып неғып
жүр? Оқырманды қайдам, ақын-жазушылардың өздері «Осы
кім еді?» деп оларды бір-бірінен сұрап жүр ғой.

Қызық жері, енді ондайлар мерейтойшыл. Ол үшін, әрине,
ауылға шапқылайды. Әрине, әуелі облыс, аудан басшыла­
рына сөзі өтетін дуалы ауыз іздейді. Табады. Дуалы ауыз,
анау жылап-еңіреп босағасына жатып алған соң, амалсыз

телефонның трубкасын көтереді. Ар жақтағы зарлайды: «Пә­
лен­ше-екем-ау, о кім еді біз естімеген?». «Ойбай, сұмдық ақын!
Одақтың мүшесі!». Енді ауылда біреуге көл-көсір, біреуге
«жетім қыздың» тойы жасалып жатады. Қасиетті қайран ауыл

соның бәрін көтереді үнсіз. Әлгі «керемет ақын», «тамаша жа­
зушы» өзі іспеттестерден тұратын «бір ротамен» келіп ішеді-
жейді, шапанын киеді, атын мінеді. Дәмелері одан зор еді. «Бір
мәшине әперуге жарамады, әй, бұл біздің ауыл (аудан, облысты

қосып айтады) ел емес» дегенді де талай естідік. Ел емес... Сон­
да оның өзі кім? Өз ауылын өзі бір темір-терсек үшін ел емес
деуі – о кісәпірдің тағдырын жоғалтқаны емей не?!

– Сіз осы үш жүз ұғымына үнемі қарсысыз. Қазақ деген

жалғыз атауға ғана ден қоюды айтып жүресіз. Ал былайғы
жұрттың, соның ішінде қаламгерлердің де кейбір ақсақал-
көксақалы, бала-шағасы рулық белгі бойынша ой оздырып жа­
татыны өтірік емес.

– Қасиетті қайран ауылда дәл осы пәле жоқ. Руын әркім-ақ

біледі. Өлі-тіріде ағайын туыстығын жасайды. Бірақ ешкімді
аяқтан шалып, шетке қақпайды. Менің елу жылдан астам
өмірім Қордайда өтті. Ал сонда, Қызылсай деген ауылда 40 үй
қаңлылар тұратынын мұнда білдім.

Алғаш жаза бастағанда «Ойбай, ол анау, ар жағыңдағы мы­
нау, бер жағыңдағы өзің...» деген пыш-пышты мен де естідім.

Бер жағындағы «өзім» – мысалы, Шерағаңа оның қолында
әрқилы билік тұрғанда алдына бір рет те барып көрмеппін.
Алғашқы кітабымның жарық көруіне ықпал еткен – марқұм
Қалдарбек Найманбаев. Одан Әбіш Кекілбаевтың, Фариза

Оңғарсынованың жылы қабағын, түзу пейілін көрдім. Ма­
рал Ысқақбаев алғашқы кітабыма «Қазақ әдебиеті» газетінде
көлдей мақала (ол кезде жаңа жазып жүргендерді бұлай жарыл­
қамайтын) жазды. Қабдеш Жұмаділов пен Сәкен Има­на­сов

кезінде «Жалын» аталатын журналдан романымнан үзінділер
оқып, арқамнан қақты. Мұхтар Мағауин әңгімелеріңді қоя тұр
деп, «Жұлдыз» журналында романымды басты. Әбдіжәміл
Нұрпейісов осы жылдың басында мені Тараздағы қызмет ор­

нымнан әдейі таптырып алып, «Көк көйлекті келіншек» дей­
тін әңгімемді әр жолы бойынша талдап берді. «Слова – опре­
деляют мысли» дейтін И. Эренбургтің сөзін есіме салды.
Ұлықбек Есдәулетпен мына өзің кездескен жерде «Нәке,

жазғандарыңды алып кел» деп тұрасыңдар. Қатарларымнан
Нұрлан Оразалин барымды санап, жоғымды түгендеп жүреді.
Мереке Құлкеновтің де қашанда құшағы ашық. Есенғали Рау­
шанов, Мейірхан Ақдәулетов, Жұмабай Шаштайұлы, Көсемәлі

Сәттібайұлы деген азаматтардың пейілі тіптен ыстық. Ра­
хымжан Отарбаев шығармашылығым туралы кезінде арнайы
үлкен мақала жазды. Құрдасым Бақыт Сарбалаев бір кездегі
«Лениншіл жас» газетінде бәйге алған «Ақкөгершін» повесімді

алғаш рет талдаған. Елен Әлімжан деген Таразда тұратын жа­
зушы-драматург ағамыздың бағасын өздерің жарияладыңдар.
Рулық белгі бойынша осының барлығы әр атаның бала­
сы емес пе? Әр атаның осы бір алды классик, соңы талантты

азаматтары маған не себепті соншалық ыстық ықыластарын
білдіреді? Сонша асып кеткен таланттымын ба? Мәселе менің
өзімнің ешқашан ешкімді бөліп-жармайтындығымда. Менің
Кенен ауылым мені солай тәрбиелеген.

Мен кешегі Кененге арнайы сәлем беру үшін Мұхтар Әуезов,
Шыңғыс Айтматов сияқты талай-талай алыптар келген ау­
ылда өстім. Сол ауылға қазақ халқындағы саяси ірі тарихи
тұлға Д. Қонаевтан бастап келген мемлекет қайраткерлерін

көзбен көріп, сөздерін құлағым шалып ержеттім. Мен ең соңғы
шайқасы Қордайда болған қазақтың соңғы қаһарман ханы

Кенесарының ұлт азаттығы үшін жан пида еткен ұлы ерлігіне
тәнті болып, оған мақтанып, әрі намысына өртеніп ес жиып,
етек жаптым. Жамбыл тәтеңді исі қазақ әлпештеп жүзге, Ке­
нен атаңды тоқсанға жеткізді. Ұлы жүз емес, исі қазақ! Исі

қазақсыз біздің кез келгеніміздің, түгелдей алғанда, ұлттың
ұшпаққа жетуі неғайбыл. Исі қазақ билігін де, ел-жұртын да
бірдей алып қарап, бірдей құрметтеп, бірдей қолдап, сүйейтін
сәт туды. Исі қазақтың ХХ ғасырының рухани әлемі берген екі

ерен тұлға – ұлы Абай мен заңғар Олжасының жасампаздығын
жаһанға жайып отыратын кезеңі мынау. Біздегі бүгінгі кейбір
«ғұламалардың» тұлғатануда «атамның сақалын тарап едім,
мұртын басып едім, қолына су құйып едіммен» шаруасы бітетін

бәлдір-батпақтарын ысырып тастап, жаңа көзқарастарды алға
шығаратын мезгіл келді. Сонымен бірге әкелеріміздің, ата-
бабаларымыздың, өзіміздің ауылтаным дейтін тағдырымызға
абай, ақылды қарайтын шақ бүгін. Ауылды қараң қалдыруды

қою керек. Ауыл қараң қалмайды, жекелеген адамдардың
қалуы басқа әңгіме. Ауылдың проблемасы – сол жалпы, сөзсіз
кезегімен туып отыратын сұраным. Өмір барда сұраным туа
береді. Бірінен кейін екіншісі, екіншісінен кейін үшіншісі...

Олай етпесе даму жоқ.

– Осы жерде тек бір нәрсені ескеру қажет сияқты. Қазір

ғой, Құдайға шүкір, ауыл-ауылда төрт түліктің қарасы мо­
лайды. Біраз адамға ата-бабасына бітпеген мал біте бастады.
Енді осыны қандай жағдайда да аман сақтау мәселесіне біздің
бауырлар соншалық ден қоя бермейтін сияқты. Биыл, мыса­

лы, Жамбыл облысына қар өте қалың түсті ғой. Біз білетін
ақпарат бойынша талайдың малы қырылған...

– Ата-бабаның «Бай – бір жұттық» дейтіні рас. Мәселен, Са­

рысу ауданында бір азаматтың мың қойы қырылып қалыпты.
Жем-шөбінің жоқтығынан. Ішің аши ма? Ашиды. Неге қам­
данбаған дейсің бе? Дейсің.
Осы күзде мені университетте бірге оқыған, қазір сол ау­

дандағы әкімияттың ішкі саясат департаментінде қызмет
істейтін Жамалбек деген азамат іздеп келіп еді. Сонда ол
қазір ауданның жеке секторындағы қой басы кеңес заманы
кезіндегіге жетті деген. Енді қарашы. Өлім-жітім жалғыз

әл­гі азаматта ма? Ендеше, жем-шөп дайында дейтін сөзсіз

қажеттілікті айналып өте беруге болмайды ғой. Еңбегің зая –
ең жаман нәрсе.

– Қазір ауыл мен қала тұрғындарының психологиясы бітісіп

кетті дейтін әңгіме көп. Өз басым соған сене бермеймін. Сірә,
сыртқы форма – киім киіс, жүріс-тұрысқа қарап айтатын бо­
луымыз керек осы.

– Ұлы психолог Зигмунд Фрейд адам психологиясына

күн­делікті тіршілік ету дағдысы үлкен әсер ететінін айта­
ды. Ауылдың тірлігі мен қаланың тірлігі қандай жағдайда,
қа­лай бір ырғаққа, бір сипатқа түседі? Әрқайсысының өз
ерекшелігі бар. Біз сыртқы форманы емес, ауыл мен қала

тұрғындарының саналық жаңару бірдейлігін іздеуіміз керек.
Әрине, саналық жаңару процесіне қала әлдеқайда оңтайлы.
Прогрестің қолда бар материалдық базасы осында ғой. Ал
ауыл үшін рухани-материалдық база – білгенге, жазушының

шығармасы. Ауылым, ауылым десең, сен оның жерін жыр­
тып, егінін сеуіп бермейсің, құбырын тартпайсың, айлығын,
зейнетақысын көбейте алмайсың, малын қайырыспайсың,
жетім-жесірін, кембағалын материалдық тұрғыдан желеп-же­

бер ниетің баяғыдан жоқ. Ендеше, қалатыны – оның саналық
жаңаруына, өркениетке ұмтылысына, дүниетанымның кеңеюі­
не, эстетикалық талғамының тереңдеуіне қызмет ететін сөзі
көркем, ойы құдіретті шығармаңды жеткіз.

Жалпы, ауылдың психологиялық өзгерісін тек алдан іздей
беруге болмайды. Психологиялық өзгеріске өткен шақтың
тағылымы да қызмет етеді. Мұхтар Мағауин айтады: «Біздің
бала кезімізде ауылда «Жұлдыз» журналын 5-ақ адам ала­

тын. Соны бір-бірінен сұрап алып, кезекпен барлық түтін оқып
шығатын» деп. Сол дағды ауылымызға дәл бүгін ауадай қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

«Қазақ әдебиеті» газеті.
2005 жыл
18-267

АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМ, АРДА ӨЛЕҢ...

Ақынды ашу – тылсым бір әлемді ашумен бірдей дүние.
Бұлттардай көшкен, күндей күркіреген, асау толқындары ар­
наға сыймай жағалауды ұрған ақын шығармашылығы туралы
сөз қозғаудың өзі қиынның қиыны ма деп қалам кейде. Кейде

бала, кейде дана, ал кейде дәруіш бейнесіндегі ақын атты жа­
ратылысты шебер Құдай қалайша қиыннан қиюын тауып сом­
дады екен? Ақ дүниеге ақын болып келіп, жыр болып ағылып,
ақ шуаққа шомылып, керуен-күннің легінде өз Тағдырын өзі

жасай білу – сиректің сирегінің еншісінде.
Онсыз да ақынды адам еместей көретін мына қоғам кімді
аялап, қай жыршыны төрге оздырып, күнгейінде күміс ерлі
тұлпарын сайлап отыр дейсіз. Алқалы топтың алдына шығып

сөз бастаған ақын – Ақын. Әсіресе замананың запыранын ішіп,
зар құсатын қазақ ақынының басынан қара бұлт қашан сейіліп
еді? Уақыттың дырау қамшысы – солақайлықтың сойылы,
батыраштың балтасы болып ақынның қақ маңдайына тиюі

заңдылық сияқты қабылданады бізде.
Қазақтың қара өлеңінде қара нардай жүк теңдеп, мәңгілік­
тің өлмес күйін шертіп, бірде қобыз болып күңіреніп, бірде
көктем болып көгеріп, бірде көл болып тасып, бірде шөл болып

қуарып жүріп азап арқалап, қызыл-жасыл дүниенің қызығына
арбалып, шыжығына күйіп келе жатқан бір ақын болса, ол –
Иран-Ғайып. Оның ақындық әлемі, Абай атасы айтқандай,
«сыңғырлап өңкей келісімнен» тұрмайды. Ол өз бойындағы

адуын мінезді ақпа-төкпе ақындығы елге бірде жағып, бірде
жақпай қалса да, қырық жыл бойы оқырманын көзайым етіп
келе жатқан, тағдырмен тайталасқан қуатты құбылыстың
қыры мен сырын, болмысы мен бітімін көп жағдайда байыптай

бермейтін сияқтымыз. Бажайлап, байыптамаған соң ақындық
атты ғайып өнердің де құны құнарсыз, өгейсінген сөз жетім.

«Болған соң адам қайтіп мен Бәріңе бірдей жағайын?..» Иран-
Ғайып ақынның осы екі жолында сезімінің дірілі, жанының
жасыл жайлауы бар.
Жалпы, Иранбек ақынның құпия әлемімен осыдан отыз

жылдан арырақта «Құпия ғашық» балладасы арқылы таныс
болғанмын. Сол сюжеттің құрылымы тосындау көрінген. Кү­
зетте тұрған солдатқа ғашық болып, сол жауынгердің қабірінің
басына келіп өлетін әбжылан туралы екен. Финалы, оқиғаның

шарықтау шегіне келгенде айтатын ойы да бөлек:
...Өлең, сен ерке еліксің далада өрген,
Мен болсам – қызықтаған бала мерген...
Адамға ғашық болған әбжыландай,

Не өліп, не өлтіріп ала көрмен!..
Содан бері де талай көк шығып, талай су ақты.
«Құпия ғашықты» жырлаған жас ақын Иранбек Оразбаев
емес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лау­

реаты, көрнекті ақын-драматург Иран-Ғайыптың алпыстың
асқарына шыққандағы тойын қара орман жұрттың қаласы,
даласы, баласы, данасы – бәрі қосылып тойлап жатыр. Иран-
Ғайып Иран-Ғайып болу үшін де талай соқтықпалы, соқпақты

соқпақтардан өтіп, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген.
Күні кеше ақынның он үш томдық шығармаларының то­
лық жинағы қолымызға тиді. Көлемді он үш том еңбегін
оқырманның талғам таразысына ұсыну да оңай тірлік емес.

Бұл – өлең атты өлкедегі үлкен жеңіс, айтулы оқиға.
Иран-Ғайып Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан бірнеше рет
ұсынылды. Соның бірінде мақала жазып: «Иран-Ғайыптың
Мемлекеттік сыйлыққа емес, Мемлекеттік сыйлықтың Иран-

Ғайыпқа қолы жетпей жүр», – деп ой айтқаным бар еді. Осыған
сыйлық алғаннан бетер қуанып, Ирағаңның өлең жазғаны бар.
Ұлы Гейне шығармашылық туралы айтқан бір сөзінде:
«Өзіңе-өзің қатал бол. Суреткердің бірінші парызы сол», – де­

ген екен. Иран-Ғайып та осы қағиданы берік ұстаған ақын.
Өмірде де, өлеңде де алғаусыз сөйлеп, ардың сөзін айтады.

Тандыры кепкен тақырға шөп шығушы ма еді? Әкесі Әбітай
Иранының ат жалын ертерек тартып мінгенін арман етті ме
екен? Жасы алтыға толмай тұлпар сайлап, аламанға қосыпты.
«Ешқашан бәйгенің алдынан келмеп едім», – дейді Ирағаң.

Келмесе келмеген шығар, әкесі жарықтық аламанға қосылған
ұлының жүрегіне нұр, сезіміне сәуле сеуіп, намысын қайрап
жібергенін сезді ме екен? Жыр бәйгеге жарау жүйрігін қосып
тұрғанын білді ме екен? Осының бәрі тағдыр. Тағдырлы

ақыннан тағдырлы өлең туады.
Қазақ жырындағы қабырғалы ақынның бірі Сырағаң – Сыр­
бай Мәуленов Абай туралы мақаласында: «Таланттың кесек
құйғандай бір тегіс боп шығатын қалпы жоқ. Әрбір таланттың

өз таразысы бар. Әр таланттың табиғаты әр басқа. Бір-біріне
ұқсамайды. Сондықтан басқа талант жөнінде барлығын байы­
бына жетіп, тап басып айттым дей алмайды. Бірде ол көк
мұнармен көмкерілсе, бірде ол жаз жаңбырмен шайылады.

Бірде ол аспанның ақ сәулесіндей аппақ қардың нұрына шо­
мылады», – деп әдемі айтқан. Ормандай оқырманына он үш
том ұсынған ақынның шығармашылығына шағын мақалада
талдау жасау мүмкін болмас та еді. Иран-Ғайып шығармашы­

лы­ғы – зерттеуді, зерделеуді қажет ететін еңбек. Иран-Ғайып
ақын – өз қыры, сыры, тылсымы көп тұлға.
Образды, эмоциялы құрылыс ақын өлеңдерін құбылысқа ай­
налдырып, биік ноталы даусын жаңғырықтырып естіртетіндей.

Оның зары мен мұңы тіршілікпен егесіп, төбе билердей кеңесіп,
рухқа айналып кеткендей.
Бекзатыма іңкәрмін,
Таусылғандай амалым.

Тұяғы едім тұлпардың,
Тобан қылдың, заманым.
Қолтығыма – үзеңгі,
Қыр арқама ер батты.

Тікен шақты тіземді,
Қамшы артты сорлатты.

Ата тектен айырдың,
Айғыр күнім ақта боп.
Қойша күйіс қайырдым,
Бағым да жоқ, бап та жоқ.

Зар шағымды көр мына,
Жақсы түстей жоғалдым –
Кісінеудің орнына
Ақыратын боп алдым!..

Қазтуған, Доспамбет, Бұқарлардан жеткен рухтың жетім­
сіреген үні қайта жеткендей құлаққа. Күзеуден көшпей қалған
жұрт сияқты уақыттың ызғары ұрып, суыққа тоңа бастаған
кездегі жанның даусы, ұрпақтың үні бұл.

Иран-Ғайып поэзиясы түрлі бояулардан түзілген. Қарасы
мен ағы, күнгейі мен көлеңкесі алмасып тұратын өмір сияқты
ақын жырларының кейде қуантып, бірде мұңайтып тұруы да
кездейсоқтық емес. Суреткер қаламынан ақиқаттың алдаспа­

нындай, сертке ұстаған семсердей, шынның жүзіндей өткір
өлең құйылып, зереніңде толқып жатса ғажап емес пе?! Ой
сәулесі жарқырап тұрған ақынға әлеуметтік ортаның көлеңкесі
де түспей қалмайды.

Кете ме деп
Ел де –
Тегін,
Жер –

Тегін,
Қазақ мұңын –
Қайманаша шертемін...
...Тегін –

Билеп,
Теп-тегінге –
Төстеніп,
Түгесіліп –

Бітпей қойды
Ертегің!
...Тегін!
Тегін

Бәрі –
Саған теп-тегін.
Сонша –
Қайыршы,

Бейшара еткенің...
...Бір есебі болар –
Хақтың...
Халықтың

Көзінің жасы –
Құр төгіледі деп пе едің?!
Кінәлай алмайсың. Ақынның жан сөзі сол. Айналадағы
көріністі, болмысты жұрттан бұрын көріп, жан-жүрекпен

сезінудің өзі азаптың азабы шығар. Әйтеуір, ақын – бақ пен
сордың ортасындағы жаратылыс. Таразыға салсаң, екіншісінің
батпаны басып кетердей ме, қалай?
Ауырма!

Ауыруға жоқ құқың, балам!
Сен ауырсаң, басыма мұң ораған.
Тұлпар-жырға тоқым ғып тоздырайын,
Ауруыңды маған бер жұмарлаған.

Ауырма!
Ауыруға жоқ құқың, балам!
Сен ауырсаң, ауырар бүкіл ғалам!
Сен ауырсаң, күн сөніп, аспан жылап,

Жер шары боп кеудеңде лүпіл қағам!.. –
деп басталатын жыры бар еді Иран-Ғайыптың. Ауырып тұруға
қимайтын ақынның ұлы Мұнарды көктей қырқып кетті. «Күн

сөніп, аспан жылаған» күндерде Қаратаудай мүжіліп, қара нар­
дай шөгіп барып, еңсе тіктеген де осы ақын. Елегізіп, егілді. Ақ
қағаздың бетіне қара сиямен түскен зарға толы зар-толғаулар
«ақынның тілін бір рет алмайтын» Жаратқан Иеге жалбары­

нумен аяқталатын. Жігерінің қайрағын жанып, шыдамының
шарығын қайрап жүріп-ақ өлең деген киенің ғұмырына серік
болғанын сезінудің өзі – Ақынның бағы.
Халықтың сөзін, ұлттың тағдырын сол деңгейде ойлайтын

ақын ғана айта алады. Иран-Ғайыпта да антологиялық сирек
өлең жеткілікті. Соларды тізбелемей-ақ, соның бірін Сізбен
бірге оқиық:
...Оқыранды белдеудегі арғымақ –

Отырды шал немересін алдына ап.
«Біссіміллә!» деді ақ кемпір ақырын,
Сырқат жеңген сүйектері саудырап.
Кемсең қағып, кимешегін дұрыстап,

Төсегінен тұра берді жылыстап –
Шымылдықта шыдамына тұншықты,
Жас келіншек арқа-басы құрыстап.
Кәрі төбет үре бере үні өшті –

Өшкен үнге ерен екпін ілесті –
Сыралғы әдет тыным бермей тұтқаға,
Қоңыр үйге ену үшін күресті.
«Кім болды екен, – десті бәрі, – кешіккен?!»

Қара мақпал сусып түсті бесіктен –
Жалғыз көзді,
Сыңар аяқ,
Шолақ қол –

Жеңіс кіріп келе жатты есіктен!..
Бұл – Иран-Ғайыптың ертеректе жазған «Оралу» деп ата­
латын өлеңі. Тілдің шұрайы жырға шырай кіргізіп, тұтас бір

уақыттың суреті болып көз алдыңа келеді. «Жалғыз көзді,
сыңар аяқ, шолақ қол – жеңіс» сонау жылдары қазақтың әр
босағасының есігінен енген.
Осыдан бес-алты жыл бұрын Түркі әлемі ақындарының

Стамбұл қаласында өткен фестиваліне қатысқаным бар. Сонда
Шыңғыс Айтматовтың бір пікірі жадымда жазылып қалыпты.
«Талантты ақынның өлеңі, мейлі, ол төрт-бес шумақтан-ақ
тұрсын, тұтас бір халықтың, тұтас бір мезгілдің тарихын көз

алдыңа әкеле алады. Тіпті, әлгі төрт-бес шумақ эпопеяның
жүгін арқалауы бек мүмкін», – деп еді сонда ұлы суреткер.
Жоғарыдағы «Оралу» жырының әр жолында қазақы бол­
мыс, ұлттық бояу, шымырқанған шындық бар. Төрт шумақтағы

шал да, кемпір де, келіншек те, немере де кәдімгі Сіз бен біздің
ауылдың адамдары сияқты. Өлеңнен сағыныштың самалы
мұң боп есіп тұрғандай әсер аласың. Таныс, бейтаныс бейне­
лер көз алдыңа көлбеңдесе, ол да ақындық қуаттың жемісі.

Ақын жырларының динамикасы табиғат, Адам, өмір сияқты
философиялық категориялардың иінін түсірмей, иін қандыру
арқылы құрылады да, тұтас бір жанды образға айналады. Оған
ақындық мінезді қоссаңыз, Иран-Ғайып атты жыр әлемінің ақ

бастауына тап боласыз. Бірде суып, бірде қатып, бірде мөлдірей
қалатын сол тұманың ешкімге ұқсамайтын өз дәмі бар. Сол
бастаудың тұнығы мейіріңді қандырып, шөліңді басады.
Ұлы Абай хақында жазған Иран-Ғайыптың «Пайғамбар»

деп аталатын ой-толғамы бар. Оқырманмен сыр бөліскен
ақынның: «Ақын – қашанда Ақын. Кешегінің ақыны, Бүгіннің
ақыны, Ертеңнің ақыны деп ақынды уақыт таразысына салып
бөлшектеу – білместіктен шығады. Шын ақын – көріпкел. Ол –

Кешенің де, Бүгіннің де, Ертеңнің де қамын ойлап, қасіретін
шегетін ортақ жыршысы. Ақын үшін Уақыт – әрі биіктік, әрі
кеңістік, әрі тереңдік...» – деп ой түйгені бар.
Иран-Ғайыптың өзі де осы үш өлшемнің тоғысқан жерінен

үн қатуды о бастан-ақ алдына мақсат етіп қойған секілді. Сол
мақсаты мұқалмай, арманы аласармай, алпыстың асқарына
аман жеткен ақын – Иран-Ғайып.

Өзі бүгінгі көңіл күйін былайша толғайды:
Нең бар іске татыр?
Қатыр басты, батыр!
Шақырым-шақырым жақындап –

Алпыс келе жатыр!
Топаланып оңай –
Опаланып самай:
Отырсам да, тұрсам да –

«Оһ... Жаным-ай... Жан-ай!..»
Ішік түсіп Бүгім –
Қалмағандай түгім:
Бұрын – ашкөз Нәпсім

Мүлдем тоймайтұғын...
...Өлім-тірім – тылсым,
Бүйткен күнім құрсын!
Бары-жоғын...Оллаһи,

Сезсем – Құдай ұрсын!
Алқын-жұлқын Пәле –
Келе жатыр... Әне...
«Алпыс деген – Тал түс!» –

Дегендерің, кәне?!
Дүниенің тынышын алып, беймаза күй кешкен Ақын­
ның көңіл күйі.
Иран-Ғайып еңбегі қазақ қауымына аян. Көрнекті ақын ғана

емес, түрлі тақырыптағы бірнеше драмалық шығармалардың
авторы. Кейіпкерлері – Шыңғыс хан мен Абайдан бастап Сіз
бен бізге дейін. Ол шығармалар жайлы талай айтылған, айты­
лады да.

Алпыс асуға шыққан асау қанды ақын аға онсыз да маза­
сыз дүниенің мазасын алып жүргендей көрінеді. Бір-бірімен

ғұмыры қиылыспайтын жолдарға жалғыз көлікпен шы­ғып
бара жатқандай елестейді.
Алпыс деген, Сіз айтқандай, «Алқын-жұлқын Пәле емес»,
аға!

Бәрі құтты болсын!
Бүгінгі айтар сөздің негізі осы.
«Жұлдыз» журналы.
2007 жыл

ӨЛГЕНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛЕДІ...

«Сол ағалар бар болса, биыл алпысқа толар еді ғой...» Кеше
Иран-Ғайыптың тойында отырып осылай ойлағам. Өмір мы­
нау, заман мынау. Кей-кейде қос қарашығыңның өзі бір-біріне
қитарлана қарап тұрғандай ма, қалай?..

Алаштың асау қанды ақынының бірі Дәуітәлі Стамбековті
аға тұттым, тірлігінде қасына ерген сәттерім де аз болмады.
Жасым отызға таянғанда үй-орманыммен қопарыла көшіп,
Жезқазғаннан Алматыға тартқам.

«Әй, Ғалымтай-ай, партия мектебі дейсің бе? Дегенмен,
келгенің дұрыс болды. Өлеңдеріңді жариялат, біреулер
балағыңнан тартып жатса, маған айтарсың», – деді қызуқанды
ақын менің Алматыға қоныс аудармақ ниетімді сезген соң.

«Келін-балалар қиналып қалмасын, үйге келіп тұрыңдар», –
деген сөзді де қадап айтты.
Жаны жомарт, рухы биік, кісілігі үлкен, Ақтоғайдың
арайын, Тораңғының тоғайын сүйіп өскен арлы ақын бола­

тын. Ғайбат сөз айтпайтын. Жаны жарық нұрға толы еді. Бал­
қаштан Абзал Бөкенов, Қарқаралыдан Серік Ақсұңқарұлы,
Жаңаарқадан Төкен Әлжантегі, Жезқазғаннан Қасым Орынбе­
тов сияқты қаламгерлердің Алматыдағы «штаб-пәтері» секілді

еді Дәукемнің шаңырағы.
Өзі жайлы жазған өлеңінің:
...Соттады мені қатындар,
Ақтады мені ақындар;

немесе:
Ақынның айтар сыры бар,
Кез емес еді ол жан күйттер.

Достарым менің – ұрылар,
Достарым менің – бандиттер, –
дей келіп:
Өлгендер қайтып келеді,

Тірілер өле алмайды, –
деп аяқталатыны жадымда жаңғырып отыр.
Фаризаны қастерледі, Мұқағалиды жанындай жақсы көрді.
Қасым ақынды кие тұтты.

– Әй, осы біздің Нұрлан әулие, – деді бірде.

– Қай Нұрлан?

– Оразалин ше?

– Өзі «Егеменнен» одаққа ауысып бара жатып, ұжымға ал­

ғысын айтып, қоштасып болған соң «Дәуітәлі-ай, саған қиын­
дау болып қалмаса жарады...» деп еді, айтқаны айдай келіп
тұр.
Ерке ақынның сан еркелігін көтерген ғой Нұрлан досы.

Өзі республиканың бас басылымын басқарып тұрғанда,
Дәуітәліні айына бір шығатын экология бетіне жауапты
етіп қойыпты. Ноқтаға басы сыймайтын досын парасатымен
ауыздықтаған, қамқорлығын жасаған.

– Нұрлан азамат қой, – деп үнемі айтып өтті, жарықтық.

...1990 жыл. Желтоқсанның желтең күндерінің бірі. Абай
мен Ленин даңғылының қиылысқан жерінде Алматы Жоғарғы
партия мектебі бар. Кезекті лекциядан үзіліске шықсам,
Дәукең күтіп тұр екен. Түс әлетіне жақын мезгіл.

– Ғалымтай, сені тосып...

Сәл шаршаңқы сияқты. Әрі қарай сауал қойғызуды жөн са­
намадым. Сабақтан сытылып шықтым. Үстіндегі қара күртесі
мен қара шляпасы сәл күреңіткен жүзімен жарасым тауып
тұрғандай. Онсыз да үлкен жанары бетіңе тура қарағанда, сыр

мен мұңға батырып жіберердей.

– «Алматы» мейрамханасының үстіне барайық, Дәуке!

– Әй, осы сенің айтқызбай білетінің жақсы.

Арада 10-15 минут өтпей, діттеген жерге троллейбуспен
салып-ұрып жеттік.

– Кеше сәл болмай қалыппын, – деді Дәукең айғыр стаканмен

қызыл шарапты тастап алған соң. – Енді аздап сыралатайық.
Екі саптыаяқ тобылғы торы сыраның алдымызға келгені
сол еді. Темекінің тұманына тұншығып, сырахана іші араның
ұясындай гуілдеп тұрған. Шеткерірек үстелден қарлығыңқы,

құмыққан үн естілді:
...Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде?..
...Қарағым-ау...
Сәл ащылау басталған әннің бірінші жолын темекінің тұ­

маны демде жұтып қоятын сыңайлы. Қарлығыңқы үн сол
тұманмен ерегеске түскендей қайта-қайта «қарғамаулайды».
Дәуітәлі ағам әлгі дыбыс шыққан жаққа жалт қарады. Масаң
дауыс үш-төрт мәрте «қарғамайлап» саябыр тартқандай болған.

Дауыс иесіне Дәукең қарағыштай береді. «Қарғамайлаған»
сұлба көк тұманның арасынан арылып, бері қарай жүргендей
болды. Үстіндегі көне тонның түте-түтесі шыққан, шалбары
мыж-мыж, аяғына шұлықсыз жазғы шәркей іліп алыпты. Оң

жағының шашы жоғары көтеріліп кеткен, ұйпа-тұйпа. «Сай­
тан су» сайқымазақ еткен, кір-қожалақ біреу.

– Құдай-ай, мынау Аманкелді ғой! Такси ұстап үйге тар­

тайық, Ғалымтай.
Дәукең дереу әлгі жігітті жетелеп біз тұрған үстелге әкелді.
Ақсары жігіттің көздерінде мағына, тірлігінде мазмұн жоқтай
көрінді маған.

– Әй, жынды, мына жүрісің не? Көптен көрінбеп едің, қонақ

боласың үйге, қазір «Қазақфильмге» тартамыз.
Аманкелдіде үн жоқ. Тіпті, Дәуітәліні жыға танымай тұр­
ғандай көрінді маған. Алдындағы сырадан бірер рет ұрттаған
болды. Дәукеңнің манағы «сырқаты» демде жоқ болып кеткен­

дей. Құдайдың құдіреті, шайқалған шарап та, тобылғы торы
сыра да жайына қалды.

– Кеттік, кеттік, – дей береді дегбірсізденіп.

Үшеуміз көшеге шығып такси ұстадық. «Қазақфильмге»
тартып келеміз. Әбден қажыған Аманкелді мызғып кеткендей
болды.

– Ұйықтасын. Бес-он минут болса да, қазір бәрі жақсы бола­

ды. Бұл – қазақтың ұлы әншісі Аманкелді Сембин ғой, нағыз
талант...
Дәукең ауыр күрсінді.
Енді мен де елең еттім. Ла-Скалада оқыған, итальян әншілік

мектебінен дәріс алған опера әншісі Аманкелді Сембин жайлы
білетіндерім бар еді. Аса көркем жігіттің суретін мектепте оқып
жүргенде журнал мұқабасынан көріп тамсанғам. Арада біраз
жыл өткенде осы жағдайда кездесем деп кім ойлапты онда?

Үйге келдік. Дәукең үйі үшінші қабатта.

– Фарида, қонақ келді, қазан көтер, қазы-қартаң бар сияқты

еді, ас бәрін.
Алғашқыда сәл аңтарылып қалған жеңешем ас қамына
кірісті.

– Аманкелді, сен ашыған көже іш, өзім жасағам. Сосын бір

сағат ваннаға түсесің... Өйтүп-бүйткенше ас та даяр болады.
Дәукең сөйлеп жүріп құйып берген бір шара көжені басына
бір-ақ көтерді Аманкелді.

– Киімдеріңді шеш, су ағызып қойдым. Сәл шаршап қалған

ғой, қалпына келтіремін мұны. Сен асықпа, тура бір сағат
жуын!
Дәуітәлі ағам балаша дегбірсізденіп кетті. Аманкелдінің
барлық киімін жинап алып, даладағы қоқыс жәшігіне салып

келді.

– Ішкиім, нәски дайында! – деп қояды жеңгейге. Өзі шал­

бар, жемпір әзірлеп әлек.

– Ағаң өзі әліне қарамай модный киінеді, қоңыр курткам,

күздік етігім бар, кигіземін бәрін, Дәуітәлі Стамбековтің үйі­
нен бұл жындыны Аманкелді Сембин етіп шығарамын.
Арада бие сауым уақыт өткенде жуынып-шайынған ұлы
әнші буы бұрқырап қасымызда отырды.

– Мынаны тартып жібер, – деді Дәукең, – қазір ас іше­

міз. – Ақаңнан жүз грамм тартты әнші. – Енді тамам, ерекше
жағдайда ғана.
Ас келді. Қазы-қартаны жұқалап турап, пиязы мен бұрышы
аралас сорпамен тұздықтап үшеуміз жеп отырмыз. Құрт езіп,

сорпа берді Дәукең. Назары Аманкелдіде.

– Бұл өзі біздің Ақтоғайдың жылқысының еті. Мына сорпа­

дан тағы бір кесесін тарт! Барлық аурудың емі, – дейді Арқаның
ақ самалындай аңқылдаған ақын.
Тамақ ішіп болған әнші бой-бой боп терлеп қоя берді.
Дәукеңнің қонақ бөлмесіне жерге салынған жайлы төсекке

үшеуміз де біраз уақыт үнсіз жатып ұйықтап кетіппіз. Оянсақ,
жеңгей де, балалар да бір шаруамен кеткен бе, үйде болмай
шықты. Кешеден қалған сорпаны ішіп, қою күрең шайды со­
раптап тағы біраз уақыт өтті.

– Мен қазір қуырдақ қуырамын, – деді Дәукең. – Аман­

келдіге бар өнерімді көрсетіп қалайын. Сен ағаңмен ана жақта
әңгімелесе тұр.
Аманкелді ағам да кешегідей емес, жуынып, киінген, сәл-
пәл қаны жүгіре бастағандай. Сонда да әңгімеге зауқы жоқтау.

Ақсары реңіне жарасқан тұңғиық көздері қадалған нүктесін
жұтып қоятын сияқты.
Әне-міне дегенше Дәукеңнің қуырдағы да дайын болыпты.
Буы бұрқырап тұр. Қашан, қайда жүріп үлгергенін білмеймін,

үш литрлік банкімен сыра да әкеліп қойыпты.

– Енді мынадан бір-бір кесе тартамыз, сосын қуырдақтың

әкесін көрістіреміз, – деді Дәукең. Солай еттік те.
Кешегідей емес, Аманкелдінің тәбеті тәуір. Майы мен еті
аралас тағамды бізден қалыспай сүйсіне жеді.

– Аманкелді, сыраға қалайсың?

Дәукең досының бетіне барлай қарады.

– Ашыған көжең дұрыс-ау деймін, Дәуке!

Дәуітәлінің мәз болғанын көрсең.

– Айттым ғой бәрі дұрыс болады деп!

Тамаққа тойған әнші ағам диванға барып, жастыққа ба­
сы тигені сол еді, қор ете қалсын. Үш-төрт сағат жайынан

ұйықтады-ау деймін. Ояна салып ашыған көже сұрады. Одан
үлкен бір кесесін тартып алды да, жуынуға кірді. Тап кешегідей
бір сағат болды-ау деймін. Жуынып, шайынып, шырайланып
шықты.

– Бүгін күн сенбі, осында қонамыз, – деді Дәукең.

– Мен енді... – дей беріп едім:

– Әңгіме айтамыз, бұл өзі саған керек болады, – деп кесіп

айтты ағам, жібергісі жоқ.
Сол түні екі ағамның ортасында жатып таңды көзбен аты­
рып едік. Өнер, өлең, тағдыр, кісілік пен пенделік, бақастық
пен адамдық жайлы кереғар ұғымдарды тілге тиек етіп,

сырсандықтың пернесін басқандай ғажап бір күй кештік. Сол
ағалармен өткізген екі түн, екі күн менің жадымда жаңғырады
да тұрады.

– Үй осы, қысылма, кез келген уақытта келіп тұр, Аманкел­

ді, – деді Дәукең сәл мұңайған кейіппен бізді аялдамаға
шығарып салып тұрып. Ұлы әнші Аманкелді Сембин мұнтаздай
таза қалпында досын бетінен бір сүйіп, автобусқа асығыс мініп
еді сонда. Енді мені шығарып салмақ болып аялдамада тұрған

Дәуітәлі ағам Аманкелді досы кеткен автобусты көзімен ұзатып
салып, мұңлы бір күйге түскен. Не ойлады екен сонда?..
...Адуын ақын Дәуітәлі Стамбеков те, ғаламат әнші
Аманкелді Сембин де фәниден бақиға озған. Біреуі Ақто­ғай­

дың, екіншісі Сарысудың баласы ғана емес, алақанға салуға
тұрарлық, Алаштың аққудай арманы бар аяулы ұлдары еді.
Жұлдызы жарқырап тұрған ағаларым еді менің! Зиялым­
сып жүріп ұрпаққа зиянкестік жасайтын куыс кеуделердің

өнбес дауы өршіген сайын менің ойыма өнерім, өмірім
деп өткен қос боздақ ағам түседі. Олардың бір-біріне деген
жанашырлығының, достығының белгісіндей екі ағаммен бірге
өткізген екі түн, екі күн түседі.

...Өткен аптада Маралтай екеуміз Балқашқа барып қайт­
тық. Облыстық ақындар мүшәйрасына қазылық жасап. Қара­
ғандыдан Ақсұңқардың Серігі келді. Дәуітәлінің ел-жұрты
алдына, әкім-қараларға осы өңірде биыл күзде «Дәуітәлі күн­

дерін» өткізуге ұсыныс жасадық.

Қазақтың ғажайып ақыны Дәуітәлі Стамбеков алпысқа ке­
лер еді биыл. Ұлы әнші Аманкелді Сембин досы да...
Өлгендер қайтып келеді,
Тірілер өле алмайды...

«Кентавр» газеті.
2007 жыл
19-267

«...ТАБИҒАТҚА ӨЛЕҢ АЙНАЛАР»

Қасиетті Шыңғыстау мен киелі Қарқаралының арасында
Берікқара атты тау бар. Біздің ұлы даланың маңдайына біткен
таулар секілді бұл да мажар, бағзы тау. Тарбағатай сілемдері­
мен ұласып жатыр. Сонау палезой заманында қалыптасқан.

Бір тау бар біздің елде – Берікқара,
Тұрады жақын жерден төніп қана.
Алыстан менмұндалап шақырады,
Дегендей құпиямды келіп қара.

Қызылжал – бір қойнаудан үн қатады,
Қызарып сол бір Жалға күн батады.
Қазақтың қара өлеңін, құлақ тоссаң,
Ескен жел Қараөлеңнен тыңдатады.

Жабырқап біреуді іздеп Жал тұрады,
Бір мезет көкірегіне ән тұнады.
Жазықта Ноха қажыға ас берілген,
Арқаның шертпе күйі тартылады.

Қалады сол жағымда Абыралы,
Аршадан әшекейін тағынады.
Ұқсатсам сол тауларды киіз үйге,
Ақбиік – ақ орданың шаңырағы.

Жалғызтау оң жағымда қарауытып,
Мәрәмік ұшқан құстан ән ағытып.
Құшағын кеңге жайып Берікқара,
Тұрады жылда мені дара күтіп...

Аймалап айналаңды самал келіп,
Ақ бұлттан кигізіпті далам бөрік.
Тау едің қасиетті, кие қонған,
Тәу еттім, Берікқара, саған келіп...

Осы Берікқараның бауырында өскен Баукеңнің өлеңі бұл,
Бауыржан Жақыптың.
Біздің дархан халықта әр әулиесіне бір-бір биік, әр ақынына
бір-бір тау сыйлайтын (атын беретін, телитін) дәстүр бар емес

пе еді. Сексенінші жылдары әдебиетке келген буынның ішінде
серілігімен де, сергектігімен де, сыршылдығымен де өзі де бір
биік Бауыржаннан аярым бар ма, баяғының шайырларынша
шалқыма көңілмен осы тауды саған қидым дейін десем, бұл

екеуінің тарихы тіпті арыда жатыр екен.
Бұрын Құран Кәрімде айтылып, кейін ғалымдар ашып,
таудың да тамыры болатынын білдік. Бауыржан Жақып – сол
Берікқараның тамырына берік байланып, түп-тұқиянымен

бітісіп, тұтас болмысымен жымдасып кеткен ақын. Жоғары­
дағы өлеңінің өзінен соны аңғаруға болады.
Берікқараның қызылқоңыр топырағы жүзіне қызылкүрең
шырай беріп, селеулі беткейлерінен селдір шашына дейін

аумай қалған. Есте жоқ ескі замандарда Берікқараның ба­
тыс бөлігі силур (палезой кезеңдері) жыныстарынан түзілсе,
Бауыржанның болмысы сақ заманындағы салқам сезімдерден
(«садағындай боп сақтардың»), Берікқараның шығысы де­

вон кезеңі жыныстарынан болса, Бауыржанның жаны Дешті
Қыпшақтың дауылпаздығынан («жарқ етті найзағайларым,
қыпшақтың қылышындай боп»), Берікқараның енді бір беткейі
ордовик кезеңі жыныстарынан болса, Бауыржанның табиғаты

ортағасырлық түркілердің тектілігінен («Көктүріктің мәңгі
тірі рухымын») туғандай. Ақынның Қызылқұмның жерін­
дегі «төрт мың жыл бұрын болған гуманоидтардан» бабасын
іздеп жүруі де төрт жүз миллион жыл бұрынғы кезеңдерде

қалыптасқан тауды сүйіп, тасын маңдайына басқандығынан
да шығар.
Табиғат лирикасының талғампаз жыршысы Бауыржан Жа­
қыптың түпкі дүниесі, тұңғиық сыры – осы Берікқараның

бітімінен-дүр деп білеміз. Сол таудың тағдыры ақынға көш­
кендей, сол таудың зар-мұңын ақын арқалағандай, сол тау
арқылы бүкіл қазақ даласын жырлайды, сол Берікқараның өзі
болып ұлан-ғайыр байтақ өлкені кезеді.

Қылаң беріп қырды асқан мынау таңдар менікі,
Мынау өзен, мынау көл, мынау талдар менікі.
Ай мүйізі нұр шайқап, күн арқандар арқарлар,
Шыңдарына шыршалар шығар таулар менікі.

Жасын жыры менікі, жаңбыр әні менікі,
Жағажайдың балауса балқұрағы менікі.
Дөң маңдайлы, тұма көз құба жазық менікі,
Жыра қазып жол ашқан тау бұлағы менікі.

Қызыл-жасыл гүлдері, шалғыны да менікі,
Адамдардың сан қилы тағдыры да менікі.
Ақын болып туған соң, жырлау керек бәрін де,
Аспан асты, жер үсті –

Барлығы да менікі! («Ақын монологі») –
деп таңбасынан танып, ен салып еншілейді де:
...Шөкімдей ақ бұлт көрсең көк жүзінен,
О, жұртым, менің жырым деп ойлағын;

немесе:
Көкөрім шыбық көрсең көктемеде,
Ойларым ол да менің бүршік атқан;
яки:

Уақытты шырқ үйірген құйын көрсең,
Ішінде сол құйынның өлеңім бар;

...Көл көрсең көз алмаған түнгі аспаннан,
Дүние, мені есіңе бір аларсың... («Элегия»);
болмаса:
Даламын – мен, созылған даламын – мен,

Баяу ескен самалмен аламын дем.
Көк жүзіне аударып көл көзімді,
Ойға батып кей кезде қаламын мен («Дала»);
тағы да:

Таумын – мен, аспан төсін еркін емген,
Күйлерін биіктіктің шертіп, өрген.
Ешқашан аласармау – шыңдарымның
Алдында құдіреттің серті берген.

Тәкаппар тұлғам осы төмендемес,
Сол тұлғам тұтасымен өлеңге көш.
Шоламын қарауылдай кең даланы,
Қыраттар мен көргенді көрем демес («Тау»);

одан соң:
Аспанды демім шарпыған,
Бұлтпын – мен көкте қалқыған.
Анаға құштар сәбидей,

Жетем деп күнге талпынам («Бұлт»);

ары қарай:
Қынамын – мен, қынамын,
Қойтасқа өрлеп шығамын.
Жабысып жартас басына,

Қайызғақтанып тұрамын, –

деп сол табиғаттың өзіне айналып (құдайым-ау, ең ақыры
қынасына да), «мен – бір жалғыз сәулемін жерден өнген», «мен –
бір жалғыз тамшымын шөлдеп өлген» («Жалғыз»), «ұшып бара
жатырмын құсқа айналып» («Ақмешіт») деп, табиғаттың өзі

болып жырлайды. Жырлағанда, жағалауда тұрып жарқабақты
ұрған толқындарға, етегінде тұрып, жел мен жаңбыр тоз­
дырған шыңдарға, саясында тұрып, жапырағын самал ойнат­
қан қайыңдарға қарап, сүйсініп жырлаушы ғана емес, сол

жарқабақ болып, сол шың, сол жапырақ болып түйсініп жыр­
лайды Бауыржан Жақып.
«Аспаны – ұлы суретші», «аспаны – фотограф» («Ақ нөсердің
астында»), «күні – альпинист» («Жасыл әлем»), «қыраттары –

батыр, гүлдері – орден», «тауы – қария», «бұлттары – бәдәуи»,
«айы – қайық» («Ертіске сыр»), «жанары – объектив, жү­
регі – фотоаппарат», «ұшқан бұбұлдары – қарағайлардың
әндері» болатын ақынның мәңгі жас, мәңгі жасампаз сұлу

әлемі сүйсіндірмей, сұқтандырмай қоймайды. Оның әлеміне
енгің келеді, бірге ілесіп жүріп, үзеңгі жолдастықпен, үзілмес
сыйластықпен сапар шеккің келеді.
Ол жырлағанда – дүние өзгеше. Ол жырлайтын «көк жота,

қызыл адыр, күрең белі, тойған қозы секілді дөңдерімен» ат ба­
уырымен шық кешіп кезгің келеді екен кең дүниені.
Тербетіп Оңтүстікті, Арқаны үнмен,
Қазақтың қоңыр күйін тарта білген,

Алтайдан кең көсілген Атырауға,
Сүйемін кең даламды жан-тәніммен
(«Менің далам»).
Осылай деген ақын «түйе таулары түрегеліп кетердей» бай­

тақ даланы суреттегенде, сағым көшкен сар дала сана түк­
піріне шөге береді, шөге береді. Осы бір өлеңінің өзінде жуса­
ны мен бетегесі, жыланшөп, түйетабан, жалбызы, құлқайыр,
итошаған, киікоты, сүттіген, атқұлағы, ханқызы, қарақат,

бүл­діргені, долана, жиде, мойылы, шиі, қамысы, терегі, үйең­
кісі, қайыңы, ыққыны, көкбедесі, шыршасы, аршасы, селеуі,

сасыры, қияғы, шытыры, тобылғысы, қызғалдағы, сар­
ғалдағы, тораңғысы, қарағаны, жантағы, адыраспаны, ке­
кіре, ерменқурай, меңдуана, қырықбуын, шашыратқы, изені,
айғыржуа, итмұрыны, сорасы, есекмия, дерменесі, ақ шең­

гел, қара шеңгелі, рауғашы, қымыздығы, кәуілі, бидайық,
жыңғыл, мыңбас, жолжелкенін сыйдырып, сүйдіріп үлгереді.
Енді бақсақ, сол даланы сүйдіріп, сол далаға ғашық еткенде,
таңдансын, тамсансын демеген екен, толғансын, тозғанын

көрсін, зарын естісін деген екен оның жүрегі. Бауыржан болып
сол даланың әнін айтса, Берікқара болып зарын айтқан екен.
Құлпырған құлан жазық, құмай белің,
Шыңғыстау, Абыралы, шұрайлы едің.

«Сол бағың қайда кеткен бастан ұшып,
Сол шағың қайда кеткен?!» – сұрайды елің...
Жазығың бұрынғыдай гүл тақпаған,
Төсіңді қайғы басып, мұң қаптаған.

Мен де енді өзің болып толғанайын,
Тозған жер, жүдеу өлкем, сырқат далам, –
деп кешегі зұлмат жылдардың зардабын, долы қолдардың
даланың алқымында қалған қанды ізін көрсетеді. Алдында

тау болып жырлағанында тауға айналғандай күй кешсек, енді
Дегелең тауының зарын айтқанда жауға айналғандай қуыстана
бастайсың. Дегелең тауы былай деп жырлайды:
...Ақша бұлт басымдағы сеңсең еді,

Ұлдарым – шоқыларым еңселі еді.
Тіл бітті бүгін маған, бәрін де айтам,
Ей, адам, сен сенбесең, жер сенеді.
Күлмін – мен, тау емеспін, үйіндімін,

Шертіліп жатыр соңғы күйім бүгін.
Сан алуан дүниедегі таулар үшін
Көтеріп тұрмын тірлік қиындығын.

Көкірегім, күл болсам, тола жара,
Қасымнан қоныс тепті «мола» жаңа.
Жүрегім соқпайды енді, демім бітті,
Ей, таулар, жиналыңдар жаназама!

Дегелең Берікқараны жаназасына шақырғанда, ақын оқыр­
манына оны қалай айтпасын?! Ескертпеде өзі де көрсеткенін­
дей, Дегелең тауының астында ядролық сынақтар нәтижесінде
көп мөлшерде радиоактивті қалдықтар қоймасы қалыптасқан.

Өз қуатын мыңдаған жылдар бойы жоғалтпайтын плутоний
газы бір кездері жер үстіне жарып шығып, аса қауіпті апат бо­
луы ықтимал екен.
Өң жоқ, түс жоқ ажарымды

Көз жасыммен сулап та алғам.
Тыңда бәрің азалы үнді,
Тоғаймын мен қурап қалған.
Тіршіліктен кенде қалдым,

Тамыз көзден түсті көп шық.
Ей, жұмбақ дерт, меңдеп алдың,
Қу тіземді құштым өксіп, –
деген қураған тоғайдың соңғы сөзі сай-сүйегіңді қалай сыр­қы­

ратпасын?! Сұлулықтың артындағы ұсқынсыздықты, ұсқын­
сыздықтың артындағы шарасыздықты, шарасыздықтың ар­
тын­дағы өмір үшін күресті жырлайды.
Мен – боз даламын!

Қоршалдым.
Дүмпулерден тозды алабым.
Орыны тілім-тілім сорға айналып,
Сағынып жатыр көлім қаздар әнін.

Мен – боз даламын!
Жылайын десем, жасым жоқ,

Тарайын десем, шашым жоқ.
Әлдекімдердің қолымен
Көкірегіме басылды от;
немесе:

Құдайға жылап, табындым:
«Қайтар, – деп, – титтей жұрнағын
қуатты ағынның».
Бітеліп қалған көздері ашылар ма еді,

Мен тұс-тұстан демейтін бұлақтарымның.
Айқайласам ба шыңғырып өктем,
Толар ма еді арнам тек сонда ындыны кепкен?!
(«Тартылған өзеннің мұңы»);

немесе:
Айдала – тозақ,
Айналам – азап,
«Құтқар!» – деп Айға жалындым.

Мойнымда – қамыт,
Қойнымда – тамұқ,
«Құтқар!» – деп Күнге табындым.
Баладай өксіп жылаймын,

Қашанғы мен де шыдаймын?!
Жер шарын кезіп жүрейін,
Барамын қайда?
Молаға барып түнейін... («Желдің жоқтауы»).

Міне, осылай дала шаттығының симфониясы дала қасі­
ретінің реквиеміне айналады. Ақын соны айтады, соны жыр­
лайды.
Біз бұл мақалада Бауыржанның ғылым көкжиегіндегі же­

тістіктерін, атақ-абырой, марапат-мадақтарын сөз етуді мақсат
етпедік. Сол жетістіктерінің бәрі, түптеп келгенде, ақын жы­
рына қызмет ететіндей елестейді маған.

Бауыржан Жақып поэзиясы, оның табиғатты жырлаудағы
лиризмі мен трагизмі, оның формалық, мазмұндық жаңашыл­
дықтары, оның қазақ өлеңінде әже культін биік деңгейге
көтергендігі, сан қилы кезеңдер жыныстарынан тұратын

Берікқара секілді сан қырлы, сан қатпарлы Бауыржан Жақып
болмысы, табиғаты жайлы әңгіме енді айталады. Бауыржан
Жақып кешіп келген елу жыл Берікқара тауы кешкен бес жүз
миллион жылдай мазмұнды, мағыналы деп білеміз.

Бауыржан Жақып,
Бауыр баласың,
Балаған жырды дауылға Қасым.
Жаныңды, жаным, жұрт қайдан ұқсын,

Ақындық дертпен ауырмағасын.
Сапарда сені сынап елеңдер,
Қасқа бұлақтар,
Құба белеңдер.

Шыңғыстан шыңға қанат қағады –
Қазаққа біткен қыран өлеңдер.
Өнерге іштей бекіп таласың,
Жететін жерге жетіп қаласың.

Ағалар асқан асыл асумен
Ауылыңа қарай кетіп барасың.
Ақынға Алла ақ ғұмыр берген,
Сорын да берген,

Шаттығын берген.
Естелік болып есілсін өлең –
Тіршіліктегі тәтті күндерден.
Аспаннан ақық,

Жауыннан жақұт,
Іздейсің білем дауылдан бақыт.
Ататын таңды аялап бүгін –
Жыр оқиықшы, Бауыржан Жақып!..

ӨЛЕҢДІ КІМ ҚОРҒАЙДЫ?

«Анық ақынды арашалайық»
Өлең, әдебиет атаулыдан сәл мақұрымдау инженер досым
бірде мынандай әңгіме айтты:

– Кеше бір үйде қонақта болдық. Отырыс сондай қызықты

өтті. Онда үш кісі, сосын бір ақын болды...
Бәлкім, ол осы сөзді ойланбай-ақ айтқан шығар. «Ақын
кісі емес пе?» деген сұрақ көкейімде кептеліп қалды. Бірақ он­
сыз да жан дүниесі жүдеу әкімсінген мықтыға ақынның шы­

нында құбыжық болып көрінуі мүмкін. Өмірде осыған ұқсас
жәйттерді жиі кездестіреміз. Бұған әлде ақын атын жамылған,
көздері кілегейленіп, өз буына өзі ісіп-кеуіп жүрген, шеттерінен
«ұлы», мақтаншақ ақынсымақтар кінәлі ме? Әлде бар-жоғы

2-3 мың дана тиражбен шығып, дүкен сөрелерінде шаң ба­
сып тұрған, ішінде іліп алар бір шумағы жоқ сапасыз жыр
жинақтары кінәлі ме? Бір ақиқаты – поэзияның жанкүйерлері
жоғалған жоқ. Бірақ олардың сенімі суыса, 2-3 мың тиражға да

зар болып қалуымыз мүмкін-ау.
Рас, Сәкен Иманасов мақаласын ашынып жазған. Бірақ
ашыла қоймаған. «Ендеше өз арбамыздың дөңгелегін дөңгелете
алмай жүрген бізге белгілі бір нақты халтурщик, езбелердің

атын атап, түсін түстеуден құдай сақтасын. Әуелі басқалар айт­
сын. Жаманатты болып неміз бар?»
Көрдіңіз бе, көбімізді осы пиғыл меңдеп, қазақ өлеңінің
көсегесін көгертпей, арамшөпті қаулатып жібергенімізге та­

лай уақыт өтті. Әрине, ол кеселді індету оңай емес.
Ақын – өрісі кең, өресі биік ойдың иесі. Өз елінің өмірбаянын
да жазып, жасайтын солар. Ақындық деген біз үшін сұлулық
пен нәзіктіктің, елдік пен ерліктің символындай көрінеді.

Ендеше қазақ өлеңінің бағаналы бәйтеректерінің бірі,
төкпе талант Ғафу Қайырбеков ағаларымыз әдебиеттің «Әбу­
лақаптарына» неге көңілжықпастық танытады? «Алуан-

алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген мақал халтур­
щик пен графомандарды қорғау үшін шыққан жоқ шығар.
Талантсыз болса да «өлең», оған қоса арыз жазып жүрген
«Әбулақаптардан» гөрі оқырманға қасиетті өлеңді өмірінің

барометрі сияқты көретін, соның тауқыметін бір кісідей тар­
тып, тапқанын пәтерақыға беріп жүрген Аманхан Әлімов,
Әбубәкір Қайрановтардың өлеңдері керек.
Сыңаржақ «сын» өлеңнің мерейін өсірейін деп жүрген жоқ,

ақынның беделін өшірейін деп жүр. Осыдан біраз уақыт бұрын
ортақол ақын Әубәкір Нілібаевтың республикалық үлкен
газеттердің бірінің бетінде бүгінгі қазақ поэзиясының талант­
ты өкілі Иранбек Оразбаевтың республиканың Мемлекеттік

сыйлығына ұсынылған жинағынан бірде-бір жібі түзу жол тап­
пай, жалпақ жұртқа жар салғаны нені көрсетеді? Бұдан кім
ұтып, кім ұтылды? Құдайлығын айтсақ, Ә. Нілібаев Иранбек
жырына тек «күйе» жағуды мақсат етіп қойғандай көрінеді

оқырманға. Бірақ оқырман үшін Әубәкір – Әубәкір де, Иран­
бек – Иранбек. Бір қызығы, Иранбекті Әубәкірге, Жарасқанды
Мыңбай Рәшевке «сойғызып» қойып, ауыздары дуалы ақса­
қал, аға ақындарымыз неге қарап отырады? Шындықтың

жүзіне тура қарап, жөнін айтар бірі жоқ па? Сөйте тұрып,
биік мінбелерден, жасымыз бар, кәріміз бар, «Әдебиет – ардың
ісі» деп мақалдауға жүйрікпіз. Әдеби әлеуметтік әділеттілік
іздейміз және.

Жарасқан, Кеңшілік, Иранбектердің қатарлары «тоқырау
заманына тап болып тұншыққан буынбыз» дейді. Ал бүгінгі жас
ақындар ше? Жариялылық келіп, алдарынан ақ жол ашылып
тұр ма? Әрине, таланттыларын айтып отырмын. Аракідік бол­

маса, творчествосы талқыланып, бағасын алып жатқан оларды
да көрмедік. Баспалар ондаған, жиырмалаған жас ақындардың
өлеңдерін топтап, «коллективтік жинақ» дегенді тәжірибеге
мықтап енгізді. Бұл не? Поэзиядағы арендалық-мердігерлік

әдіс пе? Әлгі жинақтарда жүргендердің қайсысы ақын, қай­
сысы жолбике екенін оқырман түгіл, әйдік сыншыңыздың
айыра қоюы екіталай. Қазір әнебір жылдары шығатын ортақ
белбеулі жеке-жеке «Тұңғыштарға» да зар болып жүрген жа­

йымыз бар.

Біз астанадан алыста тұрамыз. Жазғанымызды оқып,
пікір білдірер орта жоқ. Қазақстан Жазушылар одағының
Қара­ғандыдағы облысаралық бөлімшесі жезқазғандықтарды
ұмытқалы қашан. Арыз жазбасақ та, тәңірге жалбарынып

жүріп, бір баспатабақтай өлеңдерімнің 1988 жылы «Жалын»
баспасынан шыққан жинаққа енгеніне шүкіршілік етіп отыр­
мын. Жырымыз жарамды болса бағасын алар, болмаса ау­
ылда жүріп ешкіммен бет жыртысар жай жоқ. Мен мұны

келесі кітабыма пайдасы тиер деген мысық тілеумен жазып
отырған жоқпын. Ауылдағылардың жайы осындай болғанда,
Алматыдағы менің ақын бауырларым, құрдас-достарымның
ақжолтай болып жұргені шамалы.

Талантты жас ақын Әбубәкір Қайрановтың:
...Ей, Алматы – астана,
Сен ұқсама басқаға.
Аталарды тастама,

Боталарды жасқама, –
деген өлең шумағынан әдебиет ауылына ат басын тіреген
көп ақынның, жанарлары жаудырап жүрген талай талант­
ты жігіттер мен қыздардың жайын ұғуға болады. Олар сонда

да ешқайда арызданбайды. Хал-қадарынша өлеңдетіп, оқыр­
манды елеңдетіп, алдағы күндеріне сеніммен қарайды. Олар­
дың ішінде де кездейсоқтары бар шығар. Ондайларды бүгін
тезге салмасақ, ертең бой бермей кетуі мүмкін.

Поэзияны жүйрік поезға теңесек, оның вагондарына билет­
сіз де жармасатын тентектер жоқ емес. Ревизор мен жолсерік
уақтылы тексерсе, оларға айып ақша төлетіп, кез келген стан­
циядан түсіріп кетуге болады. Әйтпесе әлгі билетсіз қулар

вагонның ауасын тарылтып, бірде тамбурға, бірде үшінші
сәкіге тығылып, біраз жерге баруы мүмкін. Өлеңдегі жағдай да
осыған ұқсайтыны даусыз.
Бір кезде Маяковский: «Ей, аспан, қалпағыңды ал, мен

келемін!» – деп күркіреп жыр оқығанда, біреулер ішек-сілесі
қатқан болуы да мүмкін. Ол сонысымен поэзияға айналып,
ғасырларға жол тартқан жоқ па? Ендеше, өлеңнің қорғаушы­­
сы – Уақыт та, ақынның қорғаушысы – Ар. Сөзімнің соңын

мына бір жыр шумақтарыммен аяқтағанды дұрыс көрдім:

Неге осы мен әлсізбін, күйгелекпін,
Ұсынбайды оп-оңай сыйды ерек күн.
Жарықшағы қалғандай жүрегімде
Лермонтов пен Пушкинге тиген оқтың.

Қайғы болып бұл тағдыр талайлы ұлға,
Жеткізбеген арманға, арайлымға.
Жең ішіне тығылған жұдырықтар
Басын жарған кезінде Абайдың да.

Сезімге ерік ақылың бермегенге,
Мақсаттауға не жетсін өрлегенге.
Құлагердің тасада жолын тосқан
Батыраштар әлі де өлмеген бе?..

Ей, жүрегім, жылама, бұлқын, егес.
Болып кетер бұл жалған бір күн елес.
Ілиясты, Сәкенді, Бейімбетті
Бәйіт айтып тірілту мүмкін емес.

Тереңінде тербелген ғалам әні,
Өлеңдері аққудай таранады.
Мұқағали марқұмның жыр бәйгесін
Көзі тірі көкектер неге алады?

Көкірек ояу, сана сау, тірімін деп,
Мықтылардың жүрсің, дос, бірімін деп.
Шыңғыртып бір айтпасаң – шындық жетім,
Жалғандыққа жанаспау – ұлы міндет...

...Абзал іні, зиялы, тамаша аға,
Жабы мінез сендерге жараса ма?
Өлгендердің бағасын ұрпақ берер,
Тірі ақынды, адамдар, арашала!

«Қазақ әдебиеті» газеті.
1989 жыл

БІР ӨЛЕҢІМ БАР ЕДІ...

ТҰРҚЫ ЕРЕК ТҰЛПАР

ҚОСТЫМ АЛАМАНҒА

Аламанды Алашқа бақ қыламын,
Жүйріктерім,
Жүйіткіп бір шапқылағын!
Алтын жалды арғымақ жыл келеді –

Төрт аяғын тең басқан ақ пырағым.
Сағымды қыр сағынған
Құба белең,
Арғымақ жыл!

Арман ең,
Құлагер ең.
Үміттерін үкілеп арда жұрттың –
Шырақ-өлең шалқысын,

Пырақ-өлең!
Мұзарты тауларының мәңгі мұнар,
Дүние қарап тұрсам сан құбылар.
Үріккен қысырақтың үйіріндей –

Қазақтың таланында тағдыры бар.
Жалғанның жарық күні
Тіріге құт,
Жүгірер көз ұшында ғұмыр-елік.

Айрылып ақтабанда анасынан,
Шұрқырап қайта тапқан құлын едік.
20-267

Дүние қарап тұрсам дара шыңдай,
Көзімнің ағы менен қарасындай.
Сездірмей арығанын тың жортатын
Алаш та арғымақтың баласындай...

Тағдыр боп таланына талайлының,
Аман бол,
Арғымақ жыл,
Арайлы күн.

Қарышта қазағымның даласында –
Шайнаған ауыздығын қара айғырым...
Дүние, құпияңды осы ұқтырдың,
Үстінен күн ағады жосып қырдың.

Шарт түйіп жал-құйрығын,
Аламанға –
Тұрқы ерек тұлпарымды қосып тұрмын...

АЙМАУЫТОВ ТОЙЫ

Құстардың әуеніндей қайтардағы,
Жайқалсаң, жарық күннің, жайқал бағы.
Намысың нар шөктірген қайта оянды,
Арысың, Аймауытов ай таңбалы!

Әуелде жаратқан соң дарынды ғып,
Алдыңнан тұрмайды екен бағың күліп.
Ұлтымда ұшар шыңдай ұл сыйлаған,
Жұртында Дәндебайдың қалың Күлік...

Аптықпай салсаңыздар артқа назар,
Тағдырмен тасмаңдайлы тартқан ажал.
Қазақпен қайта бүгін табысқандай
Күнікей, Ақбілек пен Қартқожалар.

Тапсырсаң ұрпағыңды бір құдайға,
Жандарың жаһаннамда шырқырай ма?
Бағыңа Жүсіпбектер тумағанда,
Қазақтың ұлты қайда,

Жұрты қайда?..
Көргенбіз басымыздан қайғы озғанын,
Қалмады қай қиырда қай боздағым?
Аймаңдай Аймауытов бастап келді

Алаштың арда туған Айбоздарын.
Шындығың шықпай қалса шырайыңнан,
Сұмдығын көрген күннің құдай ұрған.
Айналдым Аймауытов айдай тұлға,

Қазақы қара сөзден қыл айырған.

Қанатын кең дүниеге жайғанда азап,
Қайрағы қасиетіңнің қайралған шақ...
Ескерткіш құтты болсын, Ертіс-Баян,
Тойларың құтты болсын, қайран қазақ!..

АҚЫННЫҢ СОҢҒЫ ОЙЫ

Өртеніп, жанып барам, күйіп барам,
Ей, жүрек, соға тұршы, ұйықтама.
Аман бол, аппақ уыз, ақ зер өмір
Жолымды ортасынан тұйықтаған.

Таңдардан алабұртқан өлең іздеп,
Таулардан қарауытқан өлең іздеп.
Атом ми жарылып бір кететіндей,
Жүруші ем текті жыр мен мен егіз деп.

Өсектер жыбырлақтар ұға алмаған,
Ақын ем Махамбет деп ұрандаған.
Мені де дегеніне көндірмек пе
Сұм ажал түлкі болып бұлаңдаған?

Ей, ажал, білем саған көнерімді,
Жымиям, жасып өлер дегенің кім?
Мұрсат бер, қинап жатыр, қойылмап ед
Нүктесі соңғы жазған өлеңімнің...

Мен күнмін – шапағымның нұры қалсын,
Мен кіммін – оны кейін ұғынарсың.
Мен өлем, меніменен бірге туған
Қазақта бір қара өлең тірі қалсын...

1976 жыл

БИІКТІКТІ СҮЙЕМІН

(Расул Ғамзатовқа)
Шапқан соң кім жек көрер көсілуді,
Ақберен тұлпар болсаң несі мінді?
Шіркін-ай, ақын жүрек Ғамзат әкең

Қалайша тауып қойған есіміңді.
Өзіңмен дүр сілкінді жыр әлемі,
Жырларың неткен ойлы, ғұлама еді.
Авардың тауларындай биіктігің,

Әманда тәнті етеді мына мені.
Көңіл керек қашанда ақынға ояу,
Шаппасын тек, тау-аға, атың баяу.
...Әуезовке өзіңді теңгерем де,

Олжасымды өзіңе жақын қоям.
Қырансың көз жіберген алыстарға,
Тұлпарсың баптап қосар жарыстарға...
Ел-жұртың осы арқылы танысын деп

Табиғат сені берген Дағыстанға.
Биікке жігіт сендей құлаш ұрсын,
Тозбайтын, мұқалмайтын бір асылсың.
Тек Ғамзат Цадасаның ұлы емессің –

Әлемге мәшһүр болған Рас-ұлсың.

1973 жыл

ІҢКӘР КӨҢІЛ

Көктемді толы сезімге,
Достар-ай, жырлап қалыңдар.
Арындап жүрген кезіңде,
Асқақтап айтар әнің бар.

Атқанда арай таң күліп,
Айналып қана кетер ме ек,
Жаныңда қалсын мәңгілік
Сәуір мен зауза мекендеп.

Жарқылдап жүріп жүздессек,
Жүрекке толар жылы ағыс.
Жауқазын өссе...
Біз де өссек,

Жиһанға болар қуаныш.
Жаныңнан жауһар жыр есіп,
Сыр бағып тұрсақ ғаламнан.
Қарлығаштармен ілесіп,

Қалқыса көкте ақ арман.
Сендерді көріп жасарғам,
Жаныңнан тауып жарасым.
Ақ таңды сүймеу қашаннан –

Бақыттың білмеу бағасын.
Шуақты жан ғой демес пе ел,
Жігіт боп жүрсек көп-көрім.
...Көктемге ғашық еместер

Өмірге ғашық деп пе едің?!

1976 жыл

ДАЛА ЖЫРЫ

(Сергей Мнацаканяннан)
Қыстақтарда тіршілік жоқ әлі де,
Малшы ауылдың қашқан бір кез дегбірі.
Әйел отыр жіп иіріп шәліге,

Күндеріне дайындалып ендігі.
Құла дүздің өз тілі бар қашаннан,
От пен тәңір әлімсақтан жебеген.
Тастарында заңдары бар қашалған

Соқпақтары, сүрлеулері көнеден...
Шығыс осы
Шұғыласын таратқан,
Осы күнге аман жеткен кешеден.

Жапан дүзге жар болады Жаратқан,
Алшаң бассаң астаналық көшемен...
Шығыс осы
Арай сүйген дидарын,

Алқабында өмір жатыр жалғасып.
Өмір, бізді жұбаттың да қинадың –
Армандардың жетегінде алға асып...
Ғарыш алаң –

Бұл даланың тағы аты,
Түйелері сахарада шұбырған.
Байқоңырдың таусылады тағаты
Ракетаның от демімен құбылған.

Түтіндері түгесілмей тұрған жер,
Миллиондаған ат күшінің екпіні.
Зымырандар көкке бетін бұрған жер,
Көзің болса көру керек тек мұны.

Жаутаңдайды кең даланың жанары,
Қандай ыстық сол өлкенің құшағы.
Көздеріңнен кермек тамшы тамады,
Арманыңды ап уақыт бірге ұшады...

СЫР Өз-өзімді сезінгенмен құр аттай, Бір сағыныш жүр ғой мені шыдатпай. Аптығамын кенен жырдың еліне Ақ далаға асыққан ақ бұлақтай. Шалқар шабыт, сен әманда біргесің, Армантауға бұрды бетін жыр көшім. Саған-дағы, Маған-дағы дос емес Түсінбейтін ақпақұлақ сырды есіл. Жолыға алмай оңайлықпен жыр-кенге, Күндерімді жалғастырып түндерге. Лаулай алмай, Қаулай алмай қиналғам Өзімді өзім іздеп таппай жүргенде. Кейде-кейде шалқар түстей нұрланып, Кейде-қайда өз-өзіңнен ұрланып, Бір бозарып, Бір қызарып жүргенің, Дүниенің қабағынан сыр бағып. Жасқанбайтын кезде кейде жасқанған, Дұшпанымды айыра алмай достардан. Суық сөзден секем алып, сезінгем Хатсыз пошта жәшігіндей бос қалған. Содан кейін гүл-гүл жайнап реңім, Ертең ерте іздеп шығам жыр елін. Қолға тұрмас сырғымалы сынаптай Сағат сайын мың құбылған бұл өмір.

ЖӘЙРЕМ ЖЫРЛАРЫ

ШЕЖІРЕГЕ ҮҢІЛСЕК

«Болды ғой, – деп, – Байәділ қасиетті жер тегі...» –
Көнекөздер өткенін аңыз етіп шертеді.
Құлан жортқан құла дүз,
бабалардың көш жолы,

Өткен шағы Жәйремнің – біздер үшін ертегі.
Суын ішіп Сарысудың,
киік жайлап қырларда,
Желмаясын желдірген Асанқайғы бұл маңға.

Қара аспанды кіреуке бұлт торлаған кезінде,
Жауға аттанған қас батыр, күн төбеде тұрғанда.
Бұл даланың көп қой тым елге айтатын аңызы,
Құм беткейде тұлпарлар тұяғының бар ізі.

«Жайылымнан» шыққан-ау шөбі шүйгін болған соң,
«Жәйрем» деген атаудың түп төркіні тәрізі.
Бұл даланың тынбаған тамылжыған әні де,
Касиетті құт мекен тамыр жайған әріге.

Керегетас, Үшқатын, Қужал, Арап, Бестөбе –
Бір-бір тарих, бір-бір сыр жер атауы бәрі де.
Бұл далада бабалар сан дәлелдеп елдігін,
Бұл далада батырлар сан көрсеткен ерлігін.

...Соның бәрін шежіре беттерінен оқисың,
Шын Жәйремді, о, достым, көрмек болсаң кел бүгін.

ЖӘЙРЕМ ТАҢЫ

Жәйрем қандай,
атқан онда таң қандай!
Тұра алмайсың тебіренбей, таңданбай.
Жер астының қазынасы бұйығы,

Бір-ақ күнде аян болып қалғандай,
Ал, ақыным, таңмен тұр да таласып,
Ерлерді көр салып жатқан қалашық.
Ертектегі Ертөстік пен Толағай

Тап осында емес пе деп қаласың!
Бұл даланың енді ашылды сыры мың,
Аян етіп таңмен еңбек дүбірін.
Естігенде тұра алмайсың селт етпей

Экскаватор, крандардың гүрілін.
Жәйремдіктер бақыт әнін тыңдайды,
Әр ақ таңда еңбек күйі тынбайды.
Карьерден кен тиеген «БелАЗ»-дар

Бала-Жомарт жақка қарай зырлайды.
Бұла таңмен қолына алып көп істі,
Жасампаздар іс тындырар келісті.
Жәйрем таңы – жай таң емес,

нұрлы таң,
Сол таңменен нұрланады жер үсті

ЖҰМЫСШЫ ПОСЕЛКЕСІ

Арасы қырат-құмның,
Дей алман асыл жайлы.
Машина, трактордың
У-дуы басылмайды.

Вагон үй, барақ үйдің
Айшықты жүлдыздары.
Іздемес дара күйді
Әр ұлттың ұл-қыздары.

Бұл маңда қала орнайды,
Арқаның жас еркесі.
Әзірше құбатөбел
Жұмысшы поселкесі.

ҮЛКЕН ЖӘЙРЕМ

Туған дала, гүлден де жайна бүгін,
Сарыарқаның ырысты аймағы бұл.
Үлкен Жәйрем – қазақтың жаңа Алтайы,
Бұзылмаған жерінің каймағы кіл.

Байлығы сан жылдарға азық әлі,
Ол жайлы талай жырлар жазылады.
Бүгінгі Жезқазғанның жас еркесі,
Кұт мекен, Үлкен Жәйрем қазыналы.

...Келер ұрпақ, тарихтан сұра мұны,
Жаңғырық боп жылдардың тұрар үні.
Болашаққа адымдап бара жатыр
Жиырмасыншы ғасырдың бір алыбы.

1983 жыл

МҰХИТТАН ҰШҚАН КӨГЕРШІН

Немесе америкалық қыз
Саманта Смиттің рухымен сырласу
Жапырақ жаяр өндір еді Саманта,
Есіміңді ел біледі, Саманта.

Огастудан жеткен жайсыз хабардан
Жылап қалды жер жүрегі, Саманта.
Он үшіңде өткермедің нелер сын,
Арман-талың жайқалсын да көгерсін.

Мұхит асып, менің туған еліме
Арғы беттен ұшып жеткен көгершін!
Көрдің бізден ортақ БАҚЫТ бар көпке,
Бөлмейтінін ер нәсілге, әр текке,.

...Мүмкін емес Самантаның өлуі...
«Келер жазда келем, – деген, – «Артекке».
Сені ойлаймын оранғанда тау сағым,
Алаңдаймын талып жетсе кәусар үн.

...Көкжиектен қол бұлғайды Саманта,
Жаксылыққа жайып нәзік саусағын.
«Адам.
Адам – емес білсең жай атақ,

Дүниені баққа бөлеп, сая тап...»
Деп тіл қатар күн кітаптың әр жолы –
Советтердің Одағына саяхат.
Ой-хой, уақыт!

Жанарыңда толып нұр,
Адамзатты арманына жолықтыр.

Қаршадай қыз, кіп-кішкентай кеудеңде
Үлкен жүрек тоқтаған жоқ, соғып тұр!
Самантаның қазақшасы – Ақбаян,
Жарқын ісі шұғылалы шаққа аян.

Өлеңіммен соға алмасам ескерткіш,
Қызым болса, САМАНТА деп ат қоям!

САУСАҚСЫЗ ҚОЛДАР ЖЫРЛАЙДЫ

(Ауған баласы Абдул Сабирдің тағдыры туралы)
Он саусағы – империализм құрбаны,
Томар қолдың сырын дүние тыңдады.
Көздерінде сөздері жоқ муза ойнап,

Абдул Сабир жырлады.
Абдул Сабир – ауғандық ұл сымбатты,
Қанқұмарлар бар қызығын ұрлапты.
Көтеріліп мінбесіне мезгілдің,

Мұқыл қолдар адамдарша тіл қатты.
Танып отыр – дұшпаны кім, бауыр кім,
Ауған халқы арқалаған ауыр мұң.
Келе жатты ол – жайма-шуақ жаз айы,

Көшесінде туған шаһар Кабулдың.
Бұла таңдар – бала көңіл құштары,
Тыныш қала жарқын әрі, сұсты әрі.
Жолда жатты автоқалам тым әсем,

Алмақ болып Абдул оны ұстады.
Ұстады да...
Есінде жоқ қалғаны,
Ұшқаны да саусағы мен бармағы.

Бір білері – сол минадан кесілді
Қос қолы мен дәрігер болмақ арманы.
...Он бірдегі Абдул айтар сыр қандай,
Қолдары оның сөйлейді екен мұңданбай.

Сырты жылтыр дүниенің бәрінің
Іші сұлу болмайды деп тұрғандай.
21-267

Мәңгі үзілген мақсатты аңсап, жүдеген
Сол тағдарды ойлаймын да түнерем.
...Ей, жауыздар, адам атын жамылған,
Саусақсыз қол – сөздері жоқ ұлы өлең.

МЕН СОҒЫСТЫ КӨРГЕМ ЖОҚ

(Публицистикалық цикл)
Отан үшін басын тігіп өлімге,
Он сегізде отқа оранды өрімдер.
Мен ту етіп көтерейін көгімде,

Тарих-ана, даңқ-тұғырдың төрін бер.
Боздақтарды бастау етіп өлеңге,
Жасын жырмен жеткізейін әлемге.
Басымды ием замандастар атынан,

Жүрегінде жанартауы бар ерге!
Жаужүрек ұл қалай тыныш табады,
Ел басына күн туғанда қаралы.
Халқым менің

Туысқандық, бірліктің
Шын үлгісін көрсетуге жарады.
Ұран біреу:
«Отан үшін, ел үшін!»

Халқым менің
Күткен солай жеңісін.
Азаматтар ақиқатқа сеніпті,
Қиын күндер тарылмай-ақ өрісі.

Қырық бестің көктемінде қырмызы,
Жеңіс болып жарқыраған жұлдызы.
Бір еменнің қанат жайған бұтағы –
Ұлы Отанның ардақ тұтқан ұл-қызы.

Ашық болса туған елдің нұр таңы,
Сендер жайлы жазылады жыр тағы.
Елдігімді ерлігімен паш еткен –
Революция сарбазының ұрпағы!

СОҒЫСҚА КІРГЕН СОЛДАТТАР

«Қыздарым менің көрікті,
Ұлдарым менің айбынды.
Сендерге бердім ерлікті
Қайыспай көтер қайғымды».

Деп Отан-Ана тіл қатты,
Ұландарына қымбатты.
Қан майдан солай біздерге
Қасірет әнін тыңдатты.

«Сілімтіктерді тазалап,
Қайтамын бәрін жазалап».
Сұранып жатты соғысқа
Ашуға мінген азамат.

«Қорқауға тиген оқыста,
Көрсетем күшті атыста».
Жауынгер мінген эшелон
Түзеді бетін батысқа.

Өлімге қарсы ерлікпен,
Сан сынағыңа көндіккен.
Қатарда тұрды ел үшін
Еңіреп туған ер біткен.

Отанның ұлы ардақтар,
Кез туды бүгін алға аттар.
Жүрекке түйіп жігерін,
Соғысқа кірді солдаттар.

ЖАУЫНГЕР ЖАЛҒАСТЫҢ

ЖАРЫНА ЖАЗҒАН ХАТЫ

(Сталинград майданынан)
«Аман ба, Күміс, аяулым,
Көңіліңде жоқ па қаяу-мұң?
Дұшпанды көміп көріне,

Оралар біздің таяу күн.
Жағдайы қалай Әшімнің,
Артымда қалған асылдың.
Сендерден мені айырған,

Келмейді жауға бас ұрғым.
Қамықпа, қалқам, күрсінбе,
Жігеріңді жұрт білсін де.
Әлі де Мизам ұстаға

Балғашы болып жүрсің бе?
Жауымды басам табанға,
Қызықтар үшін тоналған.
Мақсұттан басқа майданнан

Жігіттер бар ма оралған?
Кірбіңсіз болсын қабағың,
Жеңіспен әлі-ақ барамын.
Жауап хатыңда жазғайсың

Ауылдың барлық хабарын.
Аузын да басын қан қылып,
Жібердік естен тандырып.

Біз салған соңғы сойқанда
Құзғындар қалды мәңгіріп.
Достарым менің сүйінді,
Дұшпаным менің күйінді.

Шабуылға шыққан алаңда
Өлігі жаудың үйілді.
Фашистке алған мазамды,
Аудардым оқпен назарды.

Екі жүз күнгі қоршаудан
Сталинград тазарды.
Бой алдырмайтын күдікке,
Ерліктен ғана үміткер,

Қасымда Отан ұлдары –
Тасындай сайдың жігіттер.
Олармен біздің білек бір,
Олармен біздің жүрек бір.

Түріміз бөлек болғанмен,
Ойымыз ортақ, тілек бір.
Қарқыннан аян танбасым,
Тосады тағы алда сын.

Көріктім, Күміс, күт мені,
Жеңіспен жетер Жалғасың.

1943 жыл, 10 ақпан»

ҚЫРШЫНДАР

Жер салмағын жүрегімен көтерген,
Сендерді іздеп өткен күнге жетем мен.
Өздеріңе өрнекті өлең арнасам,
Мендік парыз сонда ғана өтелген.

Жауап таппай отырмын сан сұраққа,
Ел жетерін білдіңдер-ау мұратқа.
Өлсең өлдің оққа төсеп кеудені,
Дұшпаныңа бас имедің бірақ та.

Ұшпай жатып көңілінің кептері,
Бітпей солған өмірінің көктемі.
Қыршындардың қандарымен жазылған
Бізге жеткен тарихнама беттері.

Жүрек отын жігерімен жандырып,
Ел біткенді ерлігімен таң қылып,
Құзғын жауға қыран болып шүйілді
Шырқау көктен Гастелло мен Әбдіров.

Кездерің жоқ тар күндерде тайсалған,
Қиындықта қайыспаған қайсарлар.
Өлімдерің өмірлерге бергісіз,
Жиырмасында жанын қиған жайсаңдар!

Әр жүректің түкпірінде тұрсыңдар,
Сендер – мәңгі таусылмайтын жырсыңдар.
Ұрпақпенен жасайсыңдар ДАҢҚ болып,
Батырлықтың символындай қыршындар!

ҚАЛИДАН «ҚАРА ҚАҒАЗ»

КЕЛГЕН КҮН

Ада боп ата арманы,
Соғыстың батты-ау салмағы.
Гитлершіл жауды сол күні
Бар ауыл болып қарғады.

Қалса деп аман бағыма,
Қалиын күткен сарыла,
Төртінші ұлдың қазасын
Естіді әке тағы да.

Ақ отау қалды қаңырап,
Шайқалды қара шаңырақ.
Тұяқбай қалды тұяқсыз,
Әз ана қалды аңырап.

«Арайлап атар бұла таң,
Тек аман болсын ұлы Отан!»
Жалғыз сөз табу қиын-ақ
Жылаған жанды жұбатар.

Кетірген жұрттың мазасын,
Ер берер жаудың жазасын.
Көтеріп тұрды бар ауыл
Қалидың сонда қазасын.

СМАЙЫЛДЫҢ ОМАРЫ

Сырың аз да құпияң көп біз білер,
Қасиетіңнен айналайын, ізгі жер.
Бабаларын ұрпақтары жыр етіп,
Асылдарын қастерлеген біздің ел.

Отан арын ту ғып ұстар жоғары,
Ер есімін ел ұмытқан жоқ әлі.
Соның бірі – азаматы Арқаның –
Қызыл құлақ Смайылдың Омары.

* * *
Жүйріктей қалып қойған кермесінде,
Жұртынан жігіттерін бөлмесін де.
Наз қалды ғашықтарда айтылмаған,

Саз қалды домбыраның пернесінде.
Жауынан беті қайтып көрмеп еді,
Ер Омар беретұғын елге көрік.
Осы жол кіре алмады қан майданға

Қалғасын жасы құрғыр егделеніп.
«Жеріме от қоймақ боп желікті кім,
Еліммен еркінмін де еріктімін...» –
Омекең айтып отыр бұйымтайын,

Колхоздың кеңсесіне келіп бүгін.
«Революция дабылын білесіңдер,
Шыныққан жаным соның күресінде.
Жүз төрт мың қаржы берем Жеңіс үшін,

Көрсін жау шалдың қосқан үлесін де».

Үлгі алды ердің ісін халық көріп,
Болсын деп бастаманың арты көрік.
«Жүз төрт мың» Омар берген кірді ұрысқа
Иманов атындағы танк болып.

Кезі жоқ оның жұрттан жырақ қонған,
Сұм соғыс тағы да бір сынақ болған.
Алғыс хат алды Омекең, бақытты еді,
Қолы бар Сталиннің, Главкомнан!

Омар боп от күндерден атың қалған,
Ақберен өлең сыйлап ақынға да,
Түгіскен топырағында төмпешік боп
Жатырсың, бас иемін, батыр баба!

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ОҚТАРЫ

Атылды да соғыстың соңғы оқтары,
Арман елі тағы да алға аттады.
Той жасады Жеңіске арнап бәрі,
Елге қайтып жаужүрек солдаттары.

Қайсар ұлдар барында бір ұғымы,
Отанымның аян боп ұлылығы.
Тоғызыншы май болып жеткен елге
Жеңіс күні,

Ұлыстың Ұлы күні!
«Арайланған ілесіп күн көшіне,
Жігіттер жетер еңбек жүлдесіне».
Лапылдап жыр оқыды ақын біткен

Шығып ап БЕЙБІТШІЛІК мінбесіне.
Үзбей жібін үміттің, жалғап тағы,
Арман елі аршындап алға аттады.
Атылмаған оқ қалды жүректерде,

Атылғанмен соғыстың соңғы оқтары!

* * *
Мен соғысты көргем жоқ, көп естідім,
Ол біз үшін үрейлі елес бүгін.
Мен атынан қорқамын, сезем оның

Балалардың ойыны еместігін.
Естігем жоқ қайғының қаралы әнін,
Арман шыңы, жыр тауы қарағаным.
Мен соғысты көргем жоқ, көрдім оның

Жер бетіне сап кеткен жараларын.
Мың сан арман жолдарын кесіп өткен,
Соғыс деген – сұр жылан есі кеткен.
Құрсағында сәбиді жетім етіп,

Он сегізде аруды жесір еткен.
Егіліп бір сыр айтар жан жүйесі,
«Қос жанарсыз тірліктің сәнді несі?»
Днепрден өтерде зағип болған,

Көп естігем ақ көкем әңгімесін.
Ашық таңда күнде той, күнде қызық,
Өсірейік ұрпақты жырға емізіп.
Кімге таңсық ананың жоқтау үні,

Хиросима қайғысы кімге қызық?!
Соғыс деген сұр жылан құрсын әрі,
Биік өссін тірліктің гүл шынары.
Махаббатын, достығын айта берсін

Жұлдыз жанған жылдардың жыршылары.

1985 жыл

МАЗМҰНЫ Көне үннің көмейінен сабақталған жыр..................................3 ЖЫЛҚЫ ЖӨТЕЛГЕН ЖЫЛ... Жылқы жөтелген жыл........................................................ 23 Аңдардың аруы еді ақбөкендер............................................. 30 Ажал аждаһасы.................................................................. 36 Аттыдан жаяу жүріп кегін алған........................................... 44 Серілердің серісі – Сегіз сері................................................. 54 Днепрдің тербетіп толқындары............................................. 67 Үрдіннің көрдім үр күнін..................................................... 74 «Әдебиет – ардың емес, ақшасы бардың ісіне айналып кетпесе екен...»............................................. 80 Алматыдан сөйлеп тұрмыз!.................................................. 89 «Тоқырау тоқмейілсуден басталады»..................................... 95 Әдебиет ешқашан біреудің талап қойып, тапсырма беруімен жасалмайды......................................... 104 Көктемнен көктем іздеген елдің ұлы.................................... 112 ТАЛАНТ – ТАҒДЫРЫҢНЫҢ ТАМЫРЫ Ұлттың ұлы ақыны........................................................... 123 Қазақ өлеңі қайда барады?................................................. 139 Сәкен Жүнісов жылы........................................................ 158 Бозаңдағы бозторғай......................................................... 162 Сексенге сегіз сауал........................................................... 169 Қазақ қара сөзінің дарабозы............................................... 178 Өткелдер мен өткендер...................................................... 191 Сұрмерген тартқан жебедей................................................ 207 Марфуға.......................................................................... 214 «Мен де жүрмін туған жерге нұр шашып...»......................... 224 Кеңістік көк, кербез көл.................................................... 232 Баламен де, ағамен де сырласқан........................................ 242 «Таңбасын» қалдырған суреткер......................................... 246 Сәкен соқпағы.................................................................. 251 Қазыналы еді Қажекең...................................................... 256 Ақын Есенқұл Жақыпбековпен қоштасу сөз......................... 261 Талант – тағдырыңның тамыры.......................................... 263

Ақындық әлем, арда өлең.................................................. 274 Өлгендер қайтып келеді......................................................283 «...Табиғатқа өлең айналар»...............................................290 Өлеңді кім қорғайды?.........................................................299 БІР ӨЛЕҢІМ БАР ЕДІ... Тұрқы ерек тұлпар қостым аламанға....................................305 Аймауытов тойы................................................................307 Ақынның соңғы ойы..........................................................309 Биіктікті сүйемін...............................................................310 Іңкәр көңіл.......................................................................311 Дала жыры.......................................................................312 Сыр..................................................................................314 Жәйрем жырлары Шежіреге үңілсек..............................................................315 Жәйрем таңы....................................................................316 Жұмысшы поселкесі..........................................................317 Үлкен Жәйрем..................................................................318 Мұхиттан ұшқан көгершін..................................................319 Саусақсыз қолдар жырлайды..............................................321 Мен соғысты көргем жоқ.....................................................323 Соғысқа кірген солдаттар....................................................325 Жауынгер Жалғастың жарына жазған хаты..........................326 Қыршындар......................................................................328 Қалидан «қара қағаз» келген күн.........................................329 Смайылдың Омары............................................................330 Соғыстың соңғы оқтары......................................................332 «Мен соғысты көргем жоқ, көп естідім...»............................ 333

Ғалым Жайлыбай

ТАҢДАМАЛЫ

Үшінші том
Эссе, ой-толғамдар, сұхбаттар және өлеңдер
Басуға 15.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 21,0.
Тапсырыс №267. Таралымы 2000 дана.
Редакторы Қуат Құрмансейіт
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек

Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Венера Ғайнуллина
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова
«Фолиант» баспасы

010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙