TELEGEI

Home

Ел тірегі – экономика

Гүлнар Жұмабайқызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ел тірегі – экономика

Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағында 2004 – 2012 жылдар аралығында Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдары бойынша жарық көрген сұхбаттары топтастырылған. Бұл жинақта белгілі тұлғалар ел экономикасының дамуы мен бұлтарыс-қалтарысы жайлы ашық əңгіме өрбітеді. Кітап барша оқырман қауымға арналған.

УДК 338 (574)

ББК 65.9 (5 Қаз)

Ж 81

Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша шығарылды

Жұмабайқызы Г.
Ж 81 Ел тірегі – экономика: Сұхбаттар. / Гүлнар Жұмабайқызы. –
Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. – 304 бет.

ІSBN 9965-22-383-1

Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағында 2004 – 2012 жылдар ара-
лығында Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдары бойынша жарық көр-
ген сұхбаттары топтастырылған.

Бұл жинақта белгілі тұлғалар ел экономикасының дамуы мен бұл-
тарыс-қалтарысы жайлы ашық əңгіме өрбітеді.

Кітап барша оқырман қауымға арналған.

УДК 338 (574)

ББК 65.9 (5 Қаз)

ІSBN 9965-22-383-1

© Жұмабайқызы Г., 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012

Алғысөз
Экономика тақырыбы өте күрделі. Бұл саланы жеріне жет-
кізе зерттеп жазу үшін үлкен білім мен білік, сосын өмірлік
тəжірибе керек. Университет бітірген журналистердің көпші-

лігі мəдениет пен өнер тақырыбын қолайлы көреді. Оң жам-
басына келе бермейтін экономика тақырыбынан қашады.
Гүлнар Жұмабайқызы жұрттың көбісі жолай бермейтін осы
салаға əбден ден қойған журналист. Ол «Жас Алаш» газетінде

жұмыс істеп жүрген кезінен бастап осы тақырыпқа тоқтаусыз
қалам тартып келеді. Бүгінде республикалық қоғамдық-саяси
«Айқын» газетінде Экономика бөлімінің редакторы болып жұ-
мыс істейтін Гүлнардың қаламынан қаншама аналитикалық

талдау мақалалары жарық көрді. Қазақстанда жүзеге асырылған
əлеуметтік-экономикалық реформалардың барысын жүйелі
түрде жаза отырып, ол экономика тақырыбын мейлінше терең
меңгерді.

«Ел тірегі – экономика» деп аталатын кітапқа оның кейін-
гі оншақты жылда «Айқын» газетінде жарияланған сұхбаттары
топтастырылып отыр. Қазақстан Республикасының қалыпта-
суы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген мемлекет жəне қоғам

қайраткерлерімен жасалған əсерлі сұхбаттар еш уақытта құ-
нын жоймайды. Уақыт өткен сайын кейінге бір үңілу əрбір
ұрпақтың саналы бір əрекеті десек, Гүлнардың жазған дүние-
лерінің дені елдің даму жəне өсу тарихынан хабар беріп оты-

рады. Кітаптағы цифрлық деректердің молдығы, көтерілген
мəселелердің өзектілігі еңбектің құндылығын арттырып тұр. Тə-

уелсіз еліміздің əрбір он жылын зейін қоя зерттегісі келетіндер
мен экономика тақырыбын індете жазсам-ау дейтін жас журна-
листерге бағдаршам іспетті жинақтың қалың оқырманға берері
мол.

Экономиканың – елдің тірегі екенін нақты дерекпен, кестелі
де көркем тілмен дəлелдей білген Гүлнар Жұмабайқызының
кітабы қалың жұртшылықтың, бекзат оқырманның ойынан
шығады деп сенемін.

Нұртөре ЖҮСІП,
«Айқын» газетінің Бас редакторы,
Президент сыйлығының лауреаты

Майко САҒЫНДЫҚОВА,
«Қазақстан ипотекалық компаниясының төрайымы:

ИПОТЕКА – ХАЛЫҚҚА ДА, БАНККЕ ДЕ ТИІМДІ

– Майко Оразымбетқызы, сіз ұзақ жылдар бойы банк,

қаржы саласында қызмет жасадыңыз. Соңғы жылдары
«Қазақстан ипотекалық компаниясын» басқарып отыр-
сыз. Сіздер тұрғын үй бағасының шарықтап көтеріліп кете-
тінін алдын ала білдіңіздер ме? Əлде бұл сіздер күтпеген

құбылыс па? Көбі «Үй бағасының көтерілуіне ипотекалық
несиенің ықпалы болды» дегенді айтады.

– Үй бағасының қымбаттауы көп жағдайларға байланыс-

ты. Бірінші, өзіңіз білесіз, жекешелендіру кезінде еліміздің
тұрғын үй саласының 97 пайызына дейін жекеменшікке бе-
рілді жəне көптеген қалаларда үйлер тегін үлестірілді. Бір-
бірінен үй сатып алуға бұдан 10 жыл бұрын көп адамның

тəжірибесі де болған жоқ. Экономикалық ахуалымыз қазіргіге
қарағанда төменірек еді. Соңғы жылдарда ел экономикасы
өрлеуінің бірінші белгісі халықтың үй сатып алуға сұранысы
пайда болды. Екіншіден, əсіресе, Алматы, Астана, Аты-

рау сияқты үлкен қалаларда үй бағасының өсуі ол жерлерде
адамдардың ақша табу мүмкіншілігі көбейіп отыр. Мысалы,

Маңғыстауда Өзен, Батыс Қазақстан облысында Ақсай,
Қарағандыда Степногорск сияқты шағын қалаларда ипотека
əлі басталған жоқ. Соның өзінде үй қымбат, тіпті өз облыс
орталықтарындағы үй бағасымен бірдей. Себебі, ол жерлерде

өндіріс, жұмыс орны бар. Сондықтан үйге сұраныс артып тұр.
Республикадағы тұрғын үй бағасының көтерілуіне бірден-бір
себеп ипотека деу қателік. Ипотека жер жүзінде бар тəжірибе.
Айлығы қанша көп болса да ипотекасыз баспана алу мүмкін

емес. Сондықтан бұл халыққа керек тəжірибе. Келешекте де
бұл тəжірибеден бас тарта алмаймыз. Өйткені, қолайлы.
Ал реалторларға келетін болсақ, олар алғашқы кезде аз бол-
ды. Сондықтан өздерінің баюына жағдай жасады.Экономика-

ның заңының өзі сондай, сұраныс болып тұрғанда баға көте-
ріледі. Президенттің Жолдауынан кейін арзан, жаңа үйлер са-
лынбақ.

– Бұл қаншалықты жүзеге асады? Кезекті бір науқан бо-

лып қалмай ма?

– Жаңадан тұрғын үйлердің салынбауы баспана бағасы

қымбаттауының тағы бір салдары. Сондықтан жаңа салынып
жатқан элиталық үйлердің өзі бағасы қанша қымбат болса да,
бітпей жатып сатылып кетуде. Елбасының тұрғын үй тура-
лы жолдауы өте уақытында көтерілді. Осы жолдаудан кейін-

ақ үйлердің бағасы түсіп келеді. Осының өзі бұл жобаның
өміршең екендігін көрсетіп отыр. Себебі, əлі ол үйлер салынып
бітпестен оның дүмпуінің өзі үйлердің бағасын төмендетуде.
Үкіметтің «Тұрғын үй саясаты туралы» бағдарламасы дай-

ын. Жақын арада бекітіледі. Көп талқыланып, жан-жақты тал-
даудан өтуде.
Бүгінгі таңда елімізде ипотекалық несие берудің көп жол-
дары бар. Тек «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағдар-

ламасымен берілетін несие емес, екінші деңгейдегі банктердің
де өз бағдарламасы жасалған. Əрине, мемлекеттің тұрғын
үй бағасының төмендеуіне ықпалы болады. Сондықтан бұл
бағдарламаның орындалатынына ешқандай шүбəм жоқ. Айта

кететін нəрсе – бұл үйлер тегін берілмейді. Бұл нарықтық
ипотеканың бір түрі. Бірақ бағасы төмен. Елбасы жолдауын-

да көрсетілгендей, сыйақы бағасы да төмен болуға тиіс.
Адамдардың көбінің қолында нақты ақшаның болмауы себепті
алғашқы жарна сол алатын үй бағасының 10 пайызына дейін
болуға тиіс. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» несие мерзі-

мін 20 жылға дейін ұзартты. Алғашқы жарна 10 пайыздың өзі
кəдімгідей қомақты қаржы. Сондықтан үй алуға үмітті адам-
дар қазірден ақшаларын жинақтауы керек. Бағдарлама келесі
жылдан жүзеге аса бастайды. Əрине, мұндай үйлерді екі-үш

баспанасы бар адамдар алмайды. Жергілікті əкімшіліктер бұл
жағын қатаң бақылауға тиіс. Бұл қарапайым халыққа арналып
салынатын үйлер. Кезекке тұрып үйді тегін алатын адамдарға
ескертетін бір нəрсе – тегін берілген үйдің барлығы да баладан

балаға қалмайды, мемлекеттің меншігі болады. Қанша тұрамын
десе де еркі, бірақ басқа жаққа көшіп кететін болса, үй бірден
мемлекеттің иелігіне өтеді. Қазақ «Көштен қалмау керек»
дейді. Көштен қалмау үшін əр адамның өзінің жекеменшік үйі

болуына ипотекалық несие бүгінгі таңда көмектесіп отыр.
Қазақстанда жақында Несие бюросы ашылмақ. Бұл бю-
рода əрбір несие алушының несие тарихы болады. Несиені
уақытында қайтарып тұрса, келесі несиені алған кезде банк-

тен оған есік ашылады. Банктер кез келген адамға несие бе-
руге қиналады. Осы күні танымайтын адамға қарыз бер-
мек түгілі, есігін де ашпайды. Банк, қаржы саласы, несие –
бұның бəрі, қарапайым тілмен айтқанда, қоғамның халыққа

көрсететін қызметінің бір түрі. Фабрика, зауыттар адамға
қажет заттарды шығаратын болса, оны қызмет деп атаймыз
да, ал қаржы саласы өз қызметін ұсынса «Бізден процент
сұрайды» деп өкпелейміз. Шын мəнінде олай емес. Барлығы

да халыққа көрсетілетін қызмет. Ипотекалық несие дегеніміз
жылжымайтын мүлікке ие болуға ашылған жол. Ал жылжы-
майтын мүлік келешекке кепілдік. Егер ертең адамдар жеке
шаруамен айналысатын болса, үйін кепілдікке қоюға бо-

лады. Тіпті алатын үйі өзіне əлі өтпей, ұзақ жылға несиеге
алынған болса, мысалы 5 жыл бойы несиені уақытылы төлеп
тұрса, «Мен жекеменшік шаруамен айналысқым келеді.
Менің кепілге қоятын затым жоқ, бірақ жақсы несие тари-

хым бар. Бес жыл бойы несиені уақытылы төлеп тұрмын»
десе, мұның өзі банкке өте керек мағлұмат болып саналады.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» несие бермейді. Ол не-
сиені өзінің əріптес банктері арқылы береді. Бүгінде 11 банкпен

шарт жасасқанбыз. Барлық облыс орталықтарында несие береміз.
Айта кететін жаңалықтың бірі – жақын күндерде «Қазақстанның
ипотекалық несиені сақтандыру қоры» жұмысын бастайды.
Қазірдің өзінде жұмысты бастауға «Альянс банкімен» келісім

жасалды. Банктер «Осы адамға несие береміз бе, жоқ па?» – деп
толқыған уақытта, «Қазақстанның ипотекалық сақтандыру қо-
ры» кепілдік береді. Қор құрудағы мақсат – банктер мен
адамдардың бір-біріне сенімін арттыру. Осы сенім арқылы

ипотекалық несие алатын адамдардың қатарын көбейту.
Адамдар 5 – 10 жылда үйін күрделі жөндеуден өткізгісі
келеді. Бірақ қазір бұрынғыдай əктеп, сырлап қоя салмайды.
Менің үнемі ойымда жүретін нəрсе шалғай аудандарда да

ипотекалық жүйе жұмыс жасап, олардың да тұрмыс-ахуалын
жақсарту. Қаладағыдай жағдай ауылда да болса. Елге барғанда
кішкентай ғана балалардың қыста шанамен су тасып жүргенін
көргенде жүрегім ауырады. От жағу, күл шығару, су тасу көбіне

балалардың мойнында. Ауыл мен қалада тұратын адамдардың
ешбір айырмашылығы жоқ. Олардың жағдайын теңестіру үшін
ең басты жұмысты, тұрғын үйден бастаған дұрыс. Ертең су-
ды ішінен жылытатын, дербес жылыту жүйесін жасау үшін

ауылдық жердегілерге де ипотека керек. Бірінші кезеңде қала-
да жүргізсек, келешекте бұл тəжірибені ауылда да пайдала-
нуымыз керек. Ауылда жағдайды жақсартуымыз əйелдердің,
балалардың жағдайын ойлағанымыз.

– «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Бар мен жоқ»

бағдарламасында «Мен əйел адам болғаннан кейін сөзімді
бөле бересің» деп қалдыңыз, менің білуімше, сіз талай жыл-
дан бері банк, қаржы саласында қызмет атқарып келесіз.
Кейде «əйел адам» деп аяқтан тарту, қақпайлау бола ма

осы? Жауапты қызметтерде əйелдердің санын көбейту
туралы əңгіме жиі айтылады. Бірақ жоғары қызметтегі
əйелдер саны өте аз деуге болады.

– Бұл өте қиын сұрақ. Себебі, əйел адам болған соң бізге

үлкен жұмыстарды істеу қиындау. Əңгіме əйелдердің сол жұ-
мысты білмеуінде я болмаса оны игеріп кетуінде емес, оның
көптеген себебі бар, қазақы тілмен айтқанда, көрпенің аста-
ры мен тысы сияқты нəрсе ғой ол. Мен өзі тік мінездімін. Ой-

ымдағыны сарт еткізіп айта салатыным бар. «Бар мен жоқ»
хабары жүріп жатқанда «Мені бүкіл Қазақстан тыңдап отыр
екен» деп ойлаған жоқпын. Реті келді, айтып салдым Ол –
менің мінез-құлқым. Ал жұмыс саласына келсек, бұл өте қиын

мəселе. Жұмысқа келгенде сен еркексің бе, əйелсің бе, бəрібір,
мəселе сенің осы саланы еркін меңгеріп, беріліп істегеніңде.
Қайсарлықпен. Əйел адамдар көп жағдайда қайсар емес.
Себебі, біздің менталитетімізде отбасында бірінші ер адам, со-

нан кейін əйел деп қалыптасқан, бізді кішкентайымыздан солай
тəрбиелеген. Көп жағдайда қызмет соңына түскен əйелдер не
тұрмыс құрмай қалады не ажырасып кетеді. Əйелдерде «Дұрыс
болмай қалса ұят болады» деген ұяңдық басым. 99 ойланып ба-

рып шешім қабылдайды. Өйткені, ол бəрін жүрекпен қабыл-
дайды. Əйел жүрегі нəзік. Ойланып барып шешім қабылдаған
дұрыс, бірақ мемлекеттік қызметтерде шегіншектеудің кей-
де зияны да болады. Уақыт пен қоғам қай уақытта кім қандай

жұмыс істейтінін табиғи електен өткізіп, өзі реттеп отырады.
Əйел мен еркектің үйде, қоғамда өз орны бар.

– Осы депутаттар бюджеттен əр салаға қаржы бөліп жа-

тады. Сол кезде «Қап, мынау дұрыс болмады-ау. Сол жерде
мен болсам бұл мəселені былай шешер едім» деген ой бола ма?

– (Күлді) Сіз мені айналдырып əкеліп саясатқа салайын

деп отырсыз ғой. Осы сұрақ 4 – 5 жыл бұрын қойылса, «Иə,
солай» дер едім, бірақ мен соңғы үш жылда осы ипотека са-
ласында жұмыс істеп келемін. Əлі жасасам деген жоспарым
көп. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Мені қазір «Жер жүзінде

ипотекада не жаңалық болып жатыр? Соның қайсысы бізге
қолайлы?» деген ойлар мазалайды. Елді осы жаңалықтармен
хабардар етіп отыру керек. «Банкте танысың жоқ болса, несие
ала алмайсың» деген пікірден арылуға тиіспіз. Менің осы жасқа

келгенде түйген ойым: əрбір адам өзі жеке бір дəрігерді таңдап

алып, тек қана сол дəрігерге қаралу керек. Басқа дəрігерге
барсаң ол сенің кешегің қандай болғанын білмейді. Сол сияқты
бір банкті таңдап алу керек. Сонда сенің де, банктің де сенімі
ұлғая түседі.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Сіз өзіңізді жолы болғыш адаммын деп есептейсіз бе?

– Өмірде ойыңдағының бəрі бола бермейді. Сондықтан адам

өзін жолы болғыш адаммын деп есептеуге болмайды. Адамды
алға жетелейтін – тек қана еңбек пен айналаңдағы адамдарды
жақсы көру.

– Басыңыздағы қуаныш пен (əрине, оның бетін əрі қыл-

сын) қайғыны кіммен бөлісесіз?

– Алла сақтасын, негізінен, үй-іші. Қазақта «Тас түскен же-

ріне ауыр» деген сөз бар ғой, қиналасың, қуанасың, не болса
да өзің көрген дұрыс. Менің жасымда өз басымдағы жағдайды
анаған-мынаған айтып, мұңымды шаққаным ерсілеу, сондық-
тан қандай қиындықтан да өз ақыл-ойыңмен шыққан дұрыс

деп ойлаймын.

– «Қазақстан ипотекалық компаниясы» басқарма төр-

айымы қандай үйде немесе пəтерде тұрады?

– Мен пəтерде тұрамын. Осы үш бөлмелі пəтерде тұрғаныма

30 жыл болып қалды.

– Отбасыңыз жайлы бірер ауыз.

– Жұбайым ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

профессор. Агроуниверситетте қызмет істейді. Бір ұл, бір қызым
бар. Қызым киім тігумен айналысады, стилист. Ұлым өзімнің
жолымды таңдады, қаржыгер, банкир. Екі немерем бар.
Менің ойымша, бақыт деген бір ғана нəрседен тұрмауға тиіс.

Бақыттың өзі гармония сияқты. Барлық жағы бірдей жақсы бо-
лып тұрса, адам өзін тыныш сезінеді. Жақсылық та, еңбек те,
бала-шаға да бəрі қатар жүру керек.
Кейбір əйелдер «Жұмыста бастық болсам, мен үйде де

бастық болуым керек» деп ойлайды. Бұл – дұрыс емес. Адамның
отбасындағы орны қызметпен өлшенбейді. Ол – сенің сүйікті
жарың, жақсы көретін балаң, алтындай немерең. Олардың əр-
қайсысының өзінің орны бар.

– Майко Оразымбетқызы үй шаруасына қалай екен?

Əлде үй күтуші ұстай ма?

– Қазір менің қызым да, балам да бөлек тұрады. Жолда-

сым екеуімізге көп нəрсе керек емес. Осы күні дүкенде бəрі
дайын тұр. Əкелесің де өйтіп-бүйтіп жасай саласың. Кітаптан
оқып, теледидардан көргенімді түртіп алып жүріп диеталық
тағамдарды істеп ішкенді ұнатамын.

– Қайдан киінесіз?

– Қызым стилист болған соң киімдерімнің барлығын дерлік

қызым тігеді. Қызым «Əйел адам өзін əрқашан да жас сезінуі
керек» дейді. Сондықтан ортаға қарай бейімделіп киінуге кеңес
береді.

– Көлік деген қазір қажеттілікке айналды. Көлікті өзіңіз

жүргізесіз бе?

– Жоқ, жүргізе алмаймын, бірақ үйрену керек деп ойлай-

мын.

– Қайда демаласыз?

– «Қазақстан ипотекалық компаниясына» келген соңғы бес

жылда еңбек демалысын алған жоқпын. «Биыл күзде Сары-
ағашқа барып демалу керек-ау» деп ойлап жүрмін. Əлемнің та-
лай мемлекетінде болдым. Бірақ өз елімізге жетер жер жоқ...
25 мамыр, 2004 жыл

БІЗДІҢ ТАБИҒАТЫМЫЗ

ДƏРІЛІК ӨСІМДІКТЕРГЕ БАЙ

– Қалдыбай Жайлауұлы, медицинада наркоз арқылы

ауруды сездіртпей операция жасау əдісі күнделікті қолда-
нылатын болды. Дегенмен «наркоздың адамға белгілі
бір мөлшерде зияны да бар» деп жатады. Осы мақсатта
қолданатын дəріні алмастыратын зияны аз дəріні қазақ-

стандық ғалымдар ойлап тапқанын естігенбіз. Сол дəрінің
«тағдыры» не болып жатыр?

– Бұл салада 70-жылдардан бастап жұмыс істей бастадым.

Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін жетекшім – про-
фессор Д.В.Соколов (марқұм) Мəскеуге барып, тақырып алып
келді. Қаржы мəселесін шешіп қайтты. Зерттеу жұмыстарын
жүргізуге қарамағыма жеті адам берді. «Жаңа анальгетиктерді

синтездеп алу» тақырыбы бойынша жұмыс жасадық.
Операция жасаған уақытта жəне көптеген науқастардың қат-
ты ауруын сездіртпеу үшін пайдаланатын дəрілердің ішіндегі
жиі қолданылатыны – наркотикалық анальгетиктер, оның

ішінде – морфин. Бірақ оның нашар, адамға зиян қасиеттері
де баршылық. Ең басты кемшілігі – адамды есірткіге тəуелді
етіп тастайды. Қолданған кезде адамның тынысын тарылтады,
Қалдыбай ПІРƏЛИЕВ,

академик:

жүрегіне, нерв жүйелеріне, басқа да мүшелеріне кері əсерін
тигізеді. Сонда да алмастыратын дəрі болмаған соң бір ғасырдан
бері наркотикалық анальгетик – морфин пайдаланылып келеді.
Оның орнына басқа дəрі ойлап табу туралы дүние жүзінің

ғалымдары іздену үстінде болды. Просидол деп аталатын дəріні
біз 1984 жылы ойлап таптық. Жаңа дəріні ойлап табудың өзі
қиын. Ал оны өндіріске енгізу одан да күрделі жұмыс.
Просидолды Ресейдің химия-фармацевтика ғылыми-зерт-

теу институтымен бірге зерттедік. Дəріні тек 1994 жылы ғана
өндіріске енгізе бастадық. 90-жылдың басында өндіріске енгі-
зуге рұқсат алдық. Бұл кезде Одақ тарап, аумалы-төкпелі за-
ман болып тұрды. Сондықтан өндіріске енгізуге қаражат жоқ.

Денсаулық министрлігіне де, Үкіметке де бардық. Ешкім ақша
бермеді. Сол жылдары қалталы «жаңа қазақтар» пайда болды.
Біздің ауылда Əмзе Əкімжанов деген інішек бар еді. Ол – «Ақ
биік» фирмасының бас директоры. Бізге қаражат жағынан

сол жігіт көмектесті. Өндіріске енгізудің өзі бірнеше сатыдан
тұрады. Алғашқы шикізатты Теміртауда жасадық. Одан кейінгі
екі сатысын Ресейдің Саратов облысының Шихан ауылында
ұйымдастырдық. Қалған үш сатысын Мəскеуде шығардық.

Дəрі өте қиын жағдайда өндіріске енгізілді. Минскіде ампула
шығардық. Осының өзіне төрт-бес жыл уақыт кетті. Демеушіміз
«Көке, мен енді дəріңізді қаржыландыра алмаймын. Қанша
ақшам кетті. Өз ақшамды қайтарып алайын. Бұл өзі бір қиын

мəселе екен» деді. Біз келістік. Оның сонша жыл бізге қолдау
көрсеткеніне рақмет.
Қазір Мəскеудегі мемлекеттік органикалық химия жəне тех-
нология ғылыми-зерттеу институтының зауыты дəрінің ұнтағы

жəне буккалдық таблеткасын шығарып жатыр. Жеті жыл болды
солармен келісімшарт жасасқанбыз. Таблетка ретінде еріннің,
тілдің астына салады. Бір реттік шприцтің керегі жоқ. Проси-
дол дəрісін пайдаланғандарды зерттеп көргенде бірде-бір адам

əлі күнге дейін нашақорлыққа тəуелді болған жағдай кездескен
жоқ. Бұл дəрінің ең ұтымды тұсы да – осы. Дəрі шығып жа-
тыр, пайдаланылуда, қасиеті өте жақсы. Əсіресе, жаман ауру –
қатерлі ісік аурулары өте қатты асқынғанда адамды шыдатпай-

тын кездер болады. Сол кезде просидол дəрісі қолданылады. Ауруды сездіртпей, науқасты тыныштандырады. Бұл дəрі өз елімізден басқа Ресей, Ұлыбритания, Италия, Қытай, Жапония жəне Швейцарияда патенттелген. Тағы да мақтанатын дəріміздің бірі – казкаин. Бұл бұрыннан қолданылып жүрген новокаиннен 50 есе күшті. Жан-жануарларға қолданып зерттегендегі қорытынды солай. Адамдарға қолдануды зерттеудің бірінші сатысынан өтті. Оның əсері 7 – 7,5 сағатқа дейін. Казкаин дəрісін шығаруға мемлекетіміз ақша бөлді. Енді адам ағзасына əсерін зерттейтін екінші – клиникалық кезеңін бастаймыз. Сосын өндіріске енгізуге жұмыс жасаймыз. – Отыз жыл еңбектеніп, аса пайдалы жаңа дəрі ойлап таптыңыздар. Оның қызығын ресейліктер көріп жатқан сияқты. Сонда одан сіздерге, біздің мемлекетімізге не пайда? – Рас, дəріні ойлап таптық, өндіріске енгіздік. Бірақ одан өзіміз көк тиын пайда көрген жоқпыз. Қазір дəріні Ресей өндіріп, сатып жатыр. Бірақ бұл дəрі қазір аса көп мөлшермен шығып жатқан жоқ. Себебі, дəрі-дəрмек рыногында, бəсекелестік өте жоғары. Сондықтан аз-аздан шығарып, сатып жатыр. Олар біздің институтқа шығарып, сатқан өнім бағасының бір пайызын беріп отыруы қажет. Мысалы, сатқан өнімдері 1 миллион рубль болса, соның 1 пайызы біздің институтқа тиесілі. Оның өзін əне-міне беремізбен созып жүр. Түрлі себептер ойлап табады. Мұның бір кереметі моральдық жағы. «Біз ауруларға жəрдем беріп жатырмыз» дегеннің өзі қуаныш деуге де, мақтаныш деуге де болады. Просидол адамзат баласының дертіне дауа болатын дəрі-дəрмектердің қатарынан өз орнын тапты. Соған қуанамыз. Өз елімізде Шымкенттің «Химфарм» зауытында шағын үлгіні шығарып көргенбіз. Өте көп мəселелер туындады. – Өз елімізде бұл жаңалықты өндіріске енгізуге басты кедергі не? – Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Оның басты себебі – біздің елде химиялық жолмен субстанция алатын зауыттың болмауы.

Субстанция – дəрілердің құрамындағы ауруға дауа болатын
негізгі зат. Фармацевтикалық зауыттар дəрілерді шығарып
жатыр. Шымкент, Павлодар, Алматыда бірнеше зауыт бар.
Таблетка, ампула, капсула жасайтын қымбат құрал-жабдықты

шетелден алып келеді де ауруға əсер етуші субстанцияны
Қытайдан сатып алады. Дайын субстанцияны пайдаланып та-
блетка, ампулаларды жасап шығарады. Қытай медицинасы да-
мып кеткен. Талай жылдық тарихы, тəжірибесі бар Ресейдегі

үлкен зауыттардың өзі қазір субстанцияларды Қытайдан ала-
ды. Өйткені арзанға түседі.

– Біздің өндіріс Үндістаннан, Кениядан шайды əкеліп,

қораптап беретіні сияқты екен ғой...

– Иə, əзірше солай болып тұр. Бірақ просидол мен казкаинді

өндіріске енгізуге барлық күшімізді саламыз. Ол үшін ұлттық
инновациялық қорға бизнес-жоспар тапсыруымыз керек. Бұл
қорда қаржы бар. Бізге біраз уақыт, дайындық керек. Бизнес-
жоспар жасау да оңай шаруа емес. Тəжірибеміз жоқ. Кейбір

жеке фирмалар «бизнес-жоспар жасап берейік» дейді. Бірақ
олар көп қаржы сұрайды. Əрине, біздің дəрілердің бəрін
өзімізде шығарғымыз келеді. Үкіметтегілер «Индустриялдық-
инновациялық дамуды қолға аламыз» деп жатыр. Бюджетте

қаражат жетерлік. Бірте-бірте дəрілерді де өзімізде шығарудың
уақыты келер.

– Бұл дəрілерді шығару үшін сіздер тек Қазақстанда

өсетін өсімдіктерді пайдаландыңыздар ма?

– Тек қана өзімізде өсетін өсімдіктер. Біздің табиғатымыз

дəрілік өсімдіктерге бай. Бірақ оларды дұрыс кəдеге жаратып
жүрген жоқпыз. Елімізде өсетін өсімдіктердің барлығының
химиялық құрамы зерттелген. Бір айта кетерлік нəрсе – тек
қана біздің елде кездесетін өсімдіктер бар. Олардың химиялық

құрамы да зерттелу үстінде. Бірақ олардан қажет дəріні алып
оны медицинаға енгізу жолында көп жұмыстар жасауымыз
қажет. Академик Серғазы Əдекенов өсімдіктен қатерлі ісікке
қарсы арглабин деген дəріні ойлап тапты. Атап айтарлық

мұндай жұмыстар бар, жасалып жатыр. Үкімет еңбегімізді ба-
ғаламай отырған жоқ. Біздің жаңа дəрі ойлап тапқанымыз үшін

жеті адамнан тұратын топқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын берді. Жаңа дəрі-дəрмек жасау саласында химия институтының директоры, ҰҒА академигі Еділ Ерғожаұлының көп еңбегі бар екендігін атап өткен жөн. – Қазір дəрілердің басым бөлігі шетелден келеді. Шет ел асып келген дəрі-дəрмектің бағасы да удай қымбат. Мүмкін өзімізде өндірсек бағасы арзандау болар ма еді? Ел дəріханаларына түсердің алдында бұл тауарлар зерттеле ме? – Елде пайдаланылып жүрген дəрінің 5 – 7 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. Қалғаны шет елден тасылады. Бұл туралы соңғы кезде жиі айтыла бастады. Осы салада бағдарлама да бар. Зауыттар да салынып жатыр. Соңғы жылдары көп көңіл аударылуда. Дəрі-дəрмек шығаруда мұнай-химия саласы өте үлкен рөл атқарады. Осы саланы көтеріп алсақ, еліміздің дəрідəрмек өндірісі де еңсе тіктейтін еді. Ал дəрі-дəрмекті зерттеп, саралайтын Ұлттық орталық бар. Əр мөлшерде зерттеп, сапасын анықтайды. «Жақсы, дұрыс» деп тапса ғана дəріханаларға жібереді. 10 маусым, 2004 жыл

АУЫЛДАН АЛҒАНЫМЫЗДЫ

ҚАЙТАРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

– Қазір елімізде экономикалық өсім бар. Дегенмен əлі де

біздің əлеуметтік тұрмыс-ахуалымыз экономикалық жағ-
дайымызға сəйкес келмейтін сияқты. Бұның сыры неде?

– Біз егемендігімізді алдық. Бұл оңай емес, жаңа туған бала

сияқты. Себебі, Кеңестер Одағынан енші алуға тура келді.
Еншіге беретін ештеңе болмады, бұйырғанын алдық. Ол то-
қырауға ұласты. Сосын дүние жүзінің нарық көшіне ілесіп көр.
Кеше ғана Кенен Əзірбаевтың 120 жылдық тойына қатыстым.

Сонда 30 шақырымдық қашықтықта Аламан бəйге болды.
Бəйгеге небір суытылған аттарды қосты. Шынықтырған аттар-
дың өзі шыдамай сыртқа шығып қалып жатты. Нарықтық жүйе
де аламан бəйге сияқты. Нарықтық жүйеге кірдік те кеттік.

«Экономика қиын болып жатыр» дейміз тағы. Ол үшін «суы-
тылып», дайындалу керек еді. Міне, қазір бізді бəйгеге қосуға
болады. Жылдан-жылға ұлттық табыс, өндіріс өсуде. Белгілі
деңгейде жақсы жағдайға жеттік. Президентіміз Н.Назарбаев

Оразəлі СƏБДЕН,
академик:

биылғы халыққа Жолдауында əлеуметтік салаға назар ауда-
рып, халықтың əл-ауқатын жақсартуға тапсырмалар берді.
Осыған орай əлеуметтік-экономикалық норматив болуы қажет.
Бұл – экономиканың өсуіне байланысты əр адамға берілетін

жеңілдіктер. Мысалы, көп балалы аналарға, зейнеткерлер-
ге, білім, денсаулық саласы қызметкерлеріне, тұрмысы на-
шар отбасыларға. Бізде қалай? Титтей береді де, алдап қояды.
Əлеуметтік-экономикалық нормативті бекітіп, заң жүзінде

қадағаласа, сонда ғана нақты көмектің нəтижесін сезе ала-
мыз. Міне, сол кезде адамдар ел экономикасының өсуіне бай-
ланысты өз тұрмысының да дұрысталатынын біледі. Əр адам
экономиканың көтерілуіне өз септігін тигізеді. Біз енді ғана

əлеуметтік салаға бет бұра бастадық. Соның айқын дəлелі –
Тұрғын үй бағдарламасына қатысты.

– Сонымен біз нарықтык экономика дүрмегіне ілесіп ке-

те алдық па?

– Еуропада, Ресейде конференцияда болдым. Сонда олардың

сарапшылары «Экономикалық даму жағынан: ұлттық табыстың
өсуі, макроэкономикалық саясат, инфлияция, тағы басқа көр-
сеткіштерді есептеп келгенде Қазақстан ТМД елдері ішінде
алда келе жатқан мемлекет» деп отыр. Бұл сарапшылардың

пікірі дұрыс. Сонымен қатар «XXІ ғасыр – Қытайдың ғасыры»
дейді. Қытай ұлттық табыс, өсу, реформа, тұрақтылық жағынан
ең алда келе жатқан мемлекет екені дəлелденіп отыр. «Ілесе
аламыз ба?» деген мəселе тұрғысынан келгенде айтарым –

біз біраз сала бойынша Қытайға ілесуіміз керек. Екі алпау-
ыт қасымызда болып тұр ғой, бірі – Ресей, екіншісі – Қытай.
Міне, осы екі үлкен мемлекеттің экономикасынан біз қалып
қоймауымыз керек. «Қазақта өз қадірін білмеген өзгенің қаді-

рін қайдан білсін?» деген сөз бар. Егер экономикамыз ешкімге
тəуелсіз жақсы өсіп жатса, қасыңдағы мемлекет алпауыт болса
да санасады. Ал кейбір іргелес, бұрыннан аралас-құралас мем-
лекеттерді алайық, экономикалық реформа жағынан өте төмен

қалып қойды. Олардың енді көшке ілесуі қиын болады.

– Қай салада болса да шикізат өндіруші мемлекет бо-

лып отырмыз. Соңғы кезде көп айтылып жүрген индус-

триялдық-инновациялық бағдарламаның іске асуына өз
көзқарасыңызды білдірсеңіз.

– Елбасымыз индустриялдық-инновациялық бағдарламаны

өте дұрыс, дер кезінде қолға алды деп ойлаймын. Бірақ ол тек
айтылып қалмау керек. Кезінде «ДиП-200» деген станок болған.
Ол «Догнать и перегнать» дегенді білдіреді. Сол идеяға бүкіл
конструктор, технологтарымыз жұмыс істеді. Міне, қазір сон-

дай жаңа идеяларды көтеруіміз керек. Шетелдік компанияларға
да «Өндіріске жаңа технологияларды жасап, енгізіңдер» деп
талап қоюымыз қажет. Бұған өзіміздің ғалымдар атсалысуы
тиіс. Жаңа технологияны қашанғы шетелден тасимыз? Аннан-

мұннан жаңа технологияны, талантты кадрлерді сатып ала
беретін біз Америка емеспіз ғой. Өзіміз өндірмей, өзіміз жаңа
технология жасамай өспейміз.
Индустриялдық-инновациялық технология туралы айтқан-

да мен бір-екі мəселені баса айтқым келеді. Экономика мем-
лекеттің ішкі өнімі жақсы өскен уақытта жəне сыртқы сау-
да байланысы өте жоғары деңгейде болса ғана тиімді бола-
ды. Қазақстанда интернет-технологияны тезірек дамытуды

қолға алу керек. Мысалы, Алматы, Астана, Қарағанды сияқты
өндірісі дамыған жерлерде электронды сауда алаңын ашып,
жаңалықтарды енгізу керек. Біріншіден, біз өзімізді шетелдік
əріптестерге таныстырамыз, екіншіден, қарым-қатынас, сауда-

саттық жасаймыз. Бұған қоса халықаралық интернет бир-
жасына да қосыла береміз. Электронды бизнесті қатты да-
мытуымыз керек. Ол да ғылымның алдыңғы шебінің біреуі.
Электронды бизнесті біздегі дамыған салалар мұнай-газ, түр-

лі-түсті металлургия салаларынан бастауымыз керек. Сонда
ғана дүниежүзілік стандартқа лайық тауар шығара аламыз. Дү-
ниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) тұр қайта-қайта есік қағып.
Менде мынадай бір жаңа идея бар: кім өндіріске жаңа тех-

нология, ноу-хау жасап енгізсе, соған стимул болу керек. Са-
лықтан, инвестициядан жеңілдік бола ма, мүмкін Үкімет не-
сие берер, осының жолдарын ойластыру қажет. Олардың да
еңбегін бағалау керек қой. Қазір қай өндірісте жаңа технология

көп екенін ешкім есептеп жатқан жоқ. Облыстың əкімдеріне,

министрлерге «Сіздің салада жаңа технологиялар көп болса,
онда сіздің жұмысты жақсы ұйымдастырғаныңыз, басқару
менеджментіңіз биік деңгейде болғаны» деп бағалау қажет.

– ДСҰ демекші, осы ұйымға кіруге шындап бет бұрған

сыңайлымыз. Жақында Астанада өткен Еуразиялық эко-
номикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) мəжілісінде де
осы мəселеге баса көңіл бөлінді.

– Бұл маңызды мəселе. Бірақ сөз бен істің алшақтығы деген

нəрсе бар. «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді»
деген қазақтың сөзі. Қазір бəрі «құда түсіп» жатыр. ДСҰ-дан,
т.б. Ал қайсысы «үйленетінін» Құдай білсін? Қазақша айтқанда
бəрі құда түсуге құмар. Қазақы құдалықта берген жақ та, алған

жақ та ұтады. Өйткені, жастар бақытты болуы керек. Ал ДСҰ-
ға өту үшін кім қанша алады, кім қанша береді? Ұтылып қалмау
керек. Əңгіме сонда. Мұның айырмашылығы сол. Бұл жерде
«асықпау керек» деген сөзді айтуға болмайды. Асығу керек

деуге де болмайды. Асыққан мемлекеттер де, асықпаған мем-
лекеттер де бар. Мен айтар едім бұл жерде: асықпай, тезірек
жұмыс жасауға тиіспіз. Ұтысымыз бен ұтылысымызды зерде-
леу керек. Түбі ДСҰ-ға кіруді қолдаймын. Мұның бірінші са-

тысы ретінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен тəжірибе жа-
сап көру керек. Оларда не бар, бізде ше? Соны зерттеу керек.
Бір сөзбен айтқанда ДСҰ-ға кірген дұрыс, бірақ алдымен оған
дəйекті дайындалған жөн. Кейбір салада жақсы болғанмен,

ауыл шаруашылығы жағынан ұяттылаумыз. Сол қателігіміздің
орнын толтыру қажет.

– «Ауыл шаруашылығын дамыту жағынан ұяттылау-

мыз» деп қалдыңыз. Сол ауыл жағдайын көтеру үшін ат
қойып, айдар тағып үш жылды арнадық. Əне-міне деген-
ше оның да бір жарым жылы өтті. Сол бір жарым жылда
ауыз толтырып айтатын не бітірдік? Нені бітіре алмай жа-

тырмыз?

– Ауыл жылы бағдарламасының қолға алынуы, ауылға

басымдық берілуі өте дұрыс. Осы уақытта ауылға жыл сайын
бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатыр. Өкінішке қарай
Парламентте қаралған уақытта кейбір қаржылардың іске аспай

жатқаны да айтылып қалуда. Ауыл деген біздің түбіріміз. Сон-
дықтан үш жылда ауылды көтере салып, басқа салаға ауыса са-
лады деген ұғым болмауға тиіс. Менің ойымша, ауылымызды
өмір бойы көтеруіміз керек. Бұл – бір. Екінші, өзіңіз айтып отыр-

сыз, ауылды көтеру үшін атқарылуға тиіс істерді 100 пайыз деп
алсақ, оның бір он-ақ пайызы істелген шығар. Шындықты айту
керек қой. Сондықтан ауылды дамыту бағдарламасы бес-он
жыл деп айтпаймын, үнемі басымдылықта тұруға тиіс.

Ауылды жандандыру ең өзекті мəселе. Бұл ауыл шаруашы-
лығы өндірісін өркендету арқылы ғана жүзеге асады. Ауылды
көтеру үшін бəрін ауылдан шығару керек деген ойдан аулақпын.
Басқа жаққа тəуелді болмайтын негізгі тауарларды шығару

қажет те, кейбір тауарларды сырттан əкелуге болады. Ауыл
өндірісі өркендесе, ауылдағы барлық сала да дамиды. Бұрын
біз май, сүт, етті ғана емес, барлық қажеттіліктерді ауылдан
қалаға тасыдық. Сонда ауыл өте бай сияқты болып көрінетін.

Соны қайтаратын уақыт келді. Мынадай жақсы идея бар: Ау-
ылдан шыққан азаматтар əрқайсысы өз ауылына көмектессін.
Бірі – қаржылай, бірі – рухани жағынан. Əр салада. Əркім өз
шамасына қарай, қолынан келгенше.

Мысалы ауылды, ауданды дамыту қорын құрайық. Оның
тең төрағасы болсын. Бір жағынан заңды жүйе, екіншіден,
нақты көмек болады. Қордың қаржысын ауданға керекті ең
өзекті мəселеге бөліп отырса. Өйткені, халықта үлкен резерв

бар. Ауылды дамытатын жүйенің бірі осындай.

– Сіз əңгіме арасында «Бюджеттен қаншама ақша бө-

лінді, бірақ сол əлі толық игерілмей жатыр» деп айтып
қалдыңыз. Жақын арада Парламентте де бөлінген қаржы
тиісті мақсатқа жұмсалмай жатқандығы туралы əңгіме ай-
тылып жатты. Неге біз осы барды ұқсата алмаймыз?

– Біз қазір елдің жанды жеріне тиейін деп отырмыз. Бұл

жерде əңгіме таза жұмыс істемей: «Осыны пайдаланып, жы-
рып алайын» деген бюрократтар туралы болып тұр. Оны бір
сөзбен айтқанда коррупция дейді. Бұл бүкіл жүйені алды. Қа-
терлі ісікпен күресу қандай қиын болса, коррупциямен күресу

де сондай. Дəл қазір пара алмайтын бірде-бір мекеме жоқ.

Пара алмайтын мекеме тауып берші маған. Егер бар болса,
соны үлгі етіп жұрттың бəріне жария етейік. Қазір экономи-
каны былай қойып, əлеуметтік саланың өзінде жағдай солай
болып тұр. Мысалы, мектепті тұрғызуға немесе жөндеуден

өткізуге тендер жасалады. Өкінішке орай ұтқан да, ұтылған да
ақша береді. Көп берген өтеді немесе аз берсе де жоғары жақта
көкесі бар жеңіп кетеді. Бұл не деген сұмдық! Ал сіз «Неге
ауылға, басқаға ақша жетпейді?» дейсіз. Мұндай жүйеде қалай

біз шағын кəсіпкерлікті дамытамыз? Дамыған мемлекеттерде
жылдық табыстың 50 – 60 пайызы шағын кəсіпкерліктен түседі.
Халықтың 70 – 80 пайызы осы салада жұмыспен қамтамасыз
етіледі. Ал бізде қалай? Бір шағын кəсіпорын ашылса қанша

тексеру органдары жалаңдап жетіп келеді. Ел экономикасын
өркендету үшін, ел сенімінен шығу үшін коррупциямен күресті
күшейту керек.

– Өркениетті, дамыған ел болу үшін бізге ең алдымен не

керек?

– Ұлттық идеясыз, табиғи байлығымызды, ұлттық патенциа-

лымызды тиімді пайдаланбай, халыққа жеткізбей, халық соның
игілігін көрмей біз дамыған, өркениетті, демократиялық мем-
лекет бола алмаймыз. Дүние жүзі Ұлы көшінен қалып қоймау
керек. Ол көштен енді бір қалып қойсақ, қайта ілесе алмауы-

мыз мүмкін. Бұл – қоғамды, халықты, бүгін мен болашақты
біріктіретін идея. Ал ұлттық идея қандай бағыттарда жүруі
тиіс? Біріншіден, демократиялық саяси жүйе болу керек. Екін-
шіден, əр адамға жақсы өмір деңгейін жасау. Үшінші тарихи-

мəдени, ұлттық рухымызды, құндылығымызды сақтау, дамыту.
Қазақстан экономикалық тəуелсіздікке көп ұзамай жету керек.
Біз əлі экономикалық жағынан тəуелсіздікке жеткен жоқпыз.
Бүкіл күшті осыған салған жөн. Сонда ғана əр адамға жақсы

тұрмыс, өмір болады. Индустриялдық-инновациялық бағдар-
лама, ауылды, өндірісті дамыту, тағы басқа да іс-шаралар бізді
экономикалық тəуелсіздікке алып шығуы қажет. Біздің алға
қойған мақсатымыз осы болуы керек. Ұлттық идеяны ше-

ше отырып, түбегейлі мəселенің бірі ретінде экономика-
лық тəуелсіздікке жету үшін бүкіл күш-жігердің бəрін соған

жұмсауға тиіспіз. Тағы да айтамын: коррупция осылай дами
беретін болса, біз оған жете алмаймыз. Мұнайымызды, жер
байлықтарымызды сатып жеп, соған мəз болып отыра береміз.
Дүниежүзілік тоқырау болған жағдайда біздің дайындаған

базамыз болмай, өз өндірісіміз дамымай қалады. Ал өндіріс
дамымаған жағдайда бəрі бекер, əп-сəтте ұлы көштен қалып
қоюымыз мүмкін...
29 маусым, 2004 жыл

БАР БОЛСА, ЕЛМЕН БӨЛІСКЕН ЖАҚСЫ

– Сіз экономист-заңгерсіз. Екі мамандықты қатар алып

жүру не үшін қажет болды?

– Мен Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген-

мін. Мамандығым – бухгалтерлік есеп жəне аудит. Одан кейін
отыз төрт жасымда Қазақ мемлекеттік заң университетінің
күндізгі бөліміне оқуға түсіп, бітіріп шықтым. Екінші мамандық
алу себебім: қажеттіліктен туындады. Оған дейін мен өзім

жұмыс істеген кəсіпорындардың өкілі ретінде түрлі соттарға
қатысып жүрдім. Қазіргі уақытта кəсіпкерлікпен айналысатын
адамға заңды білу, тіпті, қажет. Өз құқығын білу жəне өзін қор-
ғау үшін. Жұмыс бабына байланысты кей кезде көптеген сот

процестері де болып тұрады. Тіпті, керек десеңіз, ар-намысты
қорғауға тура келетін кездер бар жəне болған. Заңгер – біздің
қоғамның дамуында өте керек мамандықтардың бірі. Адамға
білгеннің, үйренгеннің еш артықтығы жоқ. Жеті жылдай

кəсіпкерлікпен айналыса жүріп аудитор да болып істедім.
Біліктілік куəлігі бар аудитормын. Көптеген кəсіпорындардың,
мекемелердің бухгалтерлік есебін қалпына келтіруге қатыс-
тым. Осы мамандықтар кəсіпкерлікке де жол ашып отыр. Адам

жұмыс істей бастағаннан кейін өзінің деңгейі қандай, неге
Нұртай САБИЛЬЯНОВ,
кəсіпкер:

бейім екенін біледі. Театр киім ілгіштен басталатын болса, мен
айтар едім, кəсіпорын мен мекемелер ең бірінші бухгалтерлік
есептен бастау керек. Өйткені, бухгалтерлік есепте тəртіп бол-
майынша ол кəсіпорынның жұмысы дұрыс жүрмейді. Салық

төлеуде, басқа да мəселелерде қиындықтар алдыңнан шыға
береді.

– Сіздің атыңыз меценаттықпен əйгілі. Бұл көзге түсіп

қалу үшін бе, əлде «Өле жегенше, бөле же» деген қағида ма?
Кейбір «Атымтай жомарттар» белгілі бір билікке, деңгейге
жетіп алған соң, меценаттықты ұмытады. Ал сіз соңғы
жылдары үздіксіз демеушілік жасап келесіз. «Байлығым

таусылып қалады» деп қорықпайсыз ба?

– Сіздер мені Атымтай жомарт дейсіздер ме, меценат дей-

сіздер ме, оны өздеріңіз білесіздер. Мəселе байлықта, ақшада
емес, қолда бар болса, қоғамның дамуына үлесімізді қосып,
жас таланттарды көтеруге, өнерді, мəдениетті қолдауға қаржы
бөліп, елге сəл де болса қолғабыс жасасақ несі айып? Ең ал-

ғашқы демеушілік жасағаным əлі есімде. 1992 жылы Жастар
комитеті жанынан Желтоқсан қоры құрылған. Өзімнің алған 1
мың рубль сыйақымды сол қорға тапсырғанмын. Содан кейін
əрі қарай жалғасып кете берді. Атымызды шығарып, атақ алай-

ық деген мақсат жоқ бізде. «Билікке, бір деңгейге жеткенде ме-
ценаттық ұмытылады» дегенге өз басым сенбеймін. Өйткені ол
қалыптасқан жағдай. Бар болып тұрса, қолдан берген, елмен
бөліскен жақсы. Қолдағы бардан қазақтың бір баласына бө-

ліп берсек, бір таланттың көзін ашсақ, оның өзі қоғамға қосқан
үлес. Айтысқа, ауылға, мектептерге, түрлі мəдени шараларға
қаншама көмек беріліп жатыр. Оның бəрін тізіп жатудың қажеті
жоқ. Меценаттық шын көңілмен істелетін нəрсе. Маған хат көп

келеді. Жүз хат келсе, соның тоқсан тоғызы демеушілікке бай-
ланысты. Кейбіреулер рас шын мұқтаж. Менің жасап жүргенім
мəдениетті, өнерді, тіпті, əлеуметтік жағынан аз қамтылған
жандарды бір жағынан қолдау болса, екіншіден, өсіп келе

жатқан жастарға үлгі-өнеге көрсету. Айтысқа, балалар үйіне,
өнер, мəдениетке орнымен, ретімен қолдау көрсетіп тұратыным
рас. Бірақ «Байлығым таусылып қалады, ертең менде түк қал-

майды» деп ойламаппын. Шамам келгенше көмектесемін. Ең
басты қағида – ар мен адамгершілік.

– Қазіргі деңгейге – іскерлікке, байлыққа ненің арқа-

сында қол жеткіздім деп ойлайсыз?

– Бірінші əке-шешенің тəрбиесі, ұстаздарымның берген білі-

мінің арқасы. Іскерлікке, байлыққа жетем деген адам біреудің
ала жібін аттамай, біреуге жамандық ойламауы керек. Екінші –
өзін қай жерде болса да ұстай біліп, бір қалыпта, адал жолмен
жүріп-тұру. Тіпті, біреуге көмегің тимес, сұрап келгеннің бəріне

бірдей көмектесе алмассың, бірақ зиянымыз тимесін.

– Қазір сіздер өндіріспен де айналысып жүрсіздер. Жал-

пы отандық өнеркəсіпті көтеруге басты кедергі не? Неге
өндірушінің жолы ауыр?

– Өзіміз кəсіпорын аштық. Айналымға банктен несие алып,

кəсіпкерлікті дамытып келеміз. Жасыратыны жоқ, үш-төрт
кəсіпорында үлесім бар. Біреуі жақсы жұмыс істеп тұр, енді
бірі орташа. Кəсіпорындарды іске қосу арқылы жаңа жұмыс
орны ашылды. Мемлекетке салық төленуде.

Жалпы отандық өнеркəсіпті көтеруге басты кедергі – банк-
терден айналымға ақша алудың қиындығы, несие өсімінің тым
жоғары екендігі, бұл – бір. Екінші – жоғары білімді маман-
дар жетіспеушілігі. Үшіншіден, кəсіпорын немесе мекемені

құрған құрылтайшылар мен акционерлер арасында пайданы
бөлісуге келгенде келіспеушіліктер болады. Жалпы басты
мəселе – жауапкершілікте. Оған алған несиені уақытында
қайтару, салықты заңға сəйкес төлеу, жұмысшыларға дер кезін-

де еңбекақысын беру мəселелерін айтуға болады. Ауылдағы
кəсіпкерлерде де жауапкершілік болуы керек. Ауыл өзін-өзі
асырайтын болса, міне, бұл экономикаға қосылған үлкен үлес.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруа қожалықта-

рына, кəсіпкерлерге мемлекет тарапынан техника, жанар-
жағармай, тағы басқа да қажеттіліктерге жеңілдік жасалуы ке-
рек. Сосын өнім сапасына көңіл аудару. Бəсекелестікті дамыта
отырып, монополияны шектеу.

– Салық кодексін қабылдағанымызға көп уақыт бола

қоймаса да, «Тағы да өзгерістер енгізу керек» деген əңгіме-

лер айтылып қалуда. Кəсіпкер əрі заңгер ретінде айтыңызшы,
біздегі бар заңдар бизнеспен айналысуға қолайлы ма?

– Салық кодексі бизнеспен, кəсіпкерлікпен айналысатын-

дарға қолайлы. Дегенмен оны жыл сайын қарап, уақыт тала-
бына сай, қажет болса, өзгерістер мен толықтырулар енгізіп
отыруымыз керек. Бұл ешқашан да кері əсерін тигізбейді. Мы-
салы, Салық кодексіне өзгерістер енгізілсе, ол келесі жылдың

1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Оған дейін кəсіпкерлер
де қалыптасып, үйренеді. Уақыт талабына, экономикаға,
мемлекеттік дамуымызға байланысты əлі талай өзгерістер
енгізіледі. Салық төлеп отырған кəсіпорындарды біз əрқашан

қолдауымыз қажет. Кəсіпорындарды сол жерде кім басшы бо-
лып отырғанына қарап емес, бюджетке қанша салық төлеп
жатқанына қарап бағалауымыз керек.

– Сіз «Отан» партиясына мүшесіз. Партияға кіру қандай

қажеттіліктен туындады?

– Бұдан бұрын мен ешқандай партияда болған емеспін.

Биыл «Отан» партиясына мүше болып қабылдандым. Партияға
өту белгілі бір қажеттіліктен туды деуге болмайды, əрбір
адам қандай партияға мүше болғысы келеді, өз еркі. Партия
төрағасының міндетін атқарушы, қазіргі орынбасары Амангелді

Ермегияев ұлтқа, өнерге жанашыр іскер адам. Бірге айтыс өне-
ріне демеуші болып жүрдік. Жақын араластық, білістік. Менің
партияға қабылдануым осындай ұлт болашағын ойлайтын аза-
маттармен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып жұмыс

істейік деген шешім. Елге, жерге деген құрметіңді бос сөзбен
емес, нағыз іспен көрсеткен мақұл.

– Сіз бірнеше рет Парламент депутаттығына кандидат

болдыңыз. Сайлауға тағы санаулы уақыт қалды. Тағы да
ұмтылыс жасап көресіз бе?

– Конституция бойынша əр адам сайлауға қатысуға, сайлау-

ға құқылы. Ерікті. Екіншіден, мен, мысалы, бұған дейін үш рет
сайлауға түстім. Мен жеңілгенімді мойындаған адаммын. Ал
биылғы сайлауды, аманшылық болса, көре жатармыз. Сайлау
болатын кезде мен де спортшы секілдімін. Спортшылар да

төрт жылда бір рет үлкен додаға – Олимпиадаға түсуге жат-

тығу жасап, ширығып дайындалады. Арада 10 жыл өтті. Ол
аз уақыт емес. Бұл уақытта кімнің кім екенін білуге болады.
Өмірлік тəжірибе жинақтайсың. Қанша адаммен етене аралас-
тым. Маған адам өзін-өзі білу үшін де сайлауға қатысуға тиіс

сияқты. Ең бастысы – қадір-қасиетімізді кетірмеуіміз керек,
береке-бірлік қажет.

– Сіз онсыз да республикаға белгілі азаматсыз. Деген-

мен мемлекет тарапынан марапаттау, атақ-даңқ дегенге
қалай қарайсыз?

– Былтыр Қазақстан Республикасы Президентінің жарлы-

ғымен «Шапағат» медалі берілді. Сол кезде Елбасының са-
райына бірінші рет кірдім. Мен ешкімге барып «Маған осын-
дай атақ бер» деген емеспін. Бұл менің өмірімдегі бірінші
мемлекеттік марапаттау. Əрине, мемлекет басшысы еңбегіңді

бағалап, марапаттап жатса үлкен қуаныш қой. Алғыстан басқа
айтарым жоқ. Əрі бұрынғыдан да жауапкершілікті сезіне түседі
екенсің.

– Ауылға жиі баратын сияқтысыз. Сіздің былтыр Қазақ-

стан Ұлттық арнасындағы «Ақжүніс», биыл «Əн мен əнші»
бағдарламасынан бір топ əншімен туған жеріңізге барғаны-
ңызды теледидардан көріп қалдық. «Туған жерінде мəде-
ниет үйін салып беріпті» дегенді де естиміз.

– Əншілер қазір бұрынғыдай облыстарға, шалғай ауылдарға

барып концерт қойып жатқан жоқ. Өйткені көбінесе қаржы
мəселесі бөгет болады. Ауылдағылар өнер адамдарын тек те-
ледидардан ғана көріп, радиодан тыңдайды. Əншілерді жүзбе-
жүз көріп, олардың əнін тыңдағанның өзі, əсіресе, жастар үшін

үлкен сабақ. Рас, жақында «Қазақстан» Ұлттық арнасының
ұсынысымен, оның ішінде «Əн мен əнші» бағдарламасындағы
жігіттермен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысының
Аягөз, Жарма, Үржар аудандарын аралап қайттық. Бұл – елді

рухани қолдау. Сегіз əнші барды, соның жетеуі бұл өңірге
бірінші рет барыпты. Елмен, жермен танысты.

– Өнерге тым жақынсыз, ол қайдан біткен қасиет?

– Ауылда талшыбықты ат қып мініп өскен баламыз. Қайма-

ғы бұзылмаған ауыл талайларды тəрбиелеп шығарып жатыр.

Өнерге жақындығымыз содан да болар. Қазір кішкене қалтасы
бар, елге көрініп жүрген азаматтар аяқ астынан əнші болып,
клип түсіріп жатыр. Менің ондай əдетім жоқ. Дос-жаранның,
туған-туыстың арасында аздап əн айтып, домбыра тартатыным

бар. Бірақ əуені келсе де, келмесе де, елдің алдына шығып алып
əн айтайын деген ойым жоқ. Өнердің қадірін түсіруге болмай-
ды Əркім өз ісімен айналысуы керек.

– Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз.

– Отбасы дегенде ең бірінші биыл 85-ке толып отырған əкем

Салихты айтқым келеді. Ол кісі Ұлы Отан соғысының жəне
еңбек ардагері. Анам Қасенхан осыдан он төрт жыл бұрын дү-
ниеден озды. Отбасында тоғыз бала болдық. Мен – алтыншы-
сымын. Ал келіншегімнің аты – Нұрсəуле. Екі ұлымыз бар.

– Қазір жаз мезгілі. Шенеуніктер, қалталылар шет елге

барып демалғанды ұнатады...

– Ойыңызды түсіндім. Мен өмірі шет елде демалып көрген

жан емеспін. Жұмыстан қол қалт ете қалған жағдайда отба-
сыммен бірге ауылға немесе өз еліміздегі демалыс орындары-
на барамыз. Менің ұстанымым – шетелдің топырағына ақша
шашқаннан гөрі, өз еліміздің демалыс орындарын қолдау. Дем-

аламын деген адамға əсем табиғат, көрікті жер өзімізде де
жетерлік. Қыс мезгілінде Шымбұлақта – шаңғы, Медеуде –
коньки тепкенді ұнатамын. Байлық, билік жақсы шығар, бірақ
денсаулық бірінші кезекте тұруы керек.

21 шілде, 2004 жыл

АСТАНАНЫҢ ҚАСЫНДА КІРПІШ ЗАУЫТТАРЫ БАР,

СОНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ

ЕШКІМ ОЙЛАМАЙДЫ

– Самарқан Жекебайұлы, сіз «өз отандық өндірісімізді

көтерсек» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген
жанның бірісіз. Дегенмен сіздердің ашқан жаңалықтары-
ңыздың «қызығын» ресейліктер көріп отырған сияқты.

– Ол рас. 1998 жылы Ресейдің Тольятти қаласына барып

жұмысы жүрмей тұрған кірпіш зауытын қайта іске қостық.
Зауыттың басшылары бар жұмысшыларын жинап алып: «Міне,
қараңдар, қаншама жыл киевтіктер, мəскеуліктер, харковьтық-
тар əрекет жасап, ештеңе шығара алмаған зауытты қазақтар,

Қазақстанның Сəулет-құрылыс академиясы екі аптада аяғынан
тік тұрғызды. Зауытты тұтас жаңа технологиямен жұмыс істеу-
ге көшірді» деді. Олар кірпішті күлден жасап отыр. Оның ал-
дында 180-200 шақырымнан топырақ тасып, кірпіш құйып кел-

ген. Ол шикізат алыстан тасылған соң қымбатқа түседі, ал күл
қосайын десе, дұрыстап жаға алмайды. Одан ойдағыдай кірпіш
шықпайды. Өйткені оның отыны көп жанып, кірпіш күйіп ке-
теді. Сөйтіп, əуре-сарсаңға түсіп, бастары қатып отырғанда

екі шəкіртімді алып мен бардым. Солардың бəрін қалпына
келтіріп, екі аптаның ішінде жаңа кірпіш шығарып бердік.
Самарқан САЙБОЛАТОВ,
Технология, құрылыс бағалау

жəне сапаны басқару
университетінің ректоры:

Əрине, олардың таңданысында шек болған жоқ. Екі машина
бергеніне мəз болып, біз де ауылға қайтыппыз. Сөйтсек, зауыт-
та өз үлесіміз болуы керек екен. Зауытта ең құрығанда 3 пайыз
үлесім болса, қазір мен миллионер болып отырады екенмін.

Кезінде оны кім ойлапты? Қойшы, несін айтасың, ең бастысы
біз оларды мойындатқанымызды айтсайшы.

– Өзгелер мойындаған жаңалыққа өзіміздікілер мойын

бұрмай отырғаны қалай? Сонда бұл жаңалықты өзімізде
пайдаланып отырған кəсіпорын болмағаны ма?

– Ең алғаш дүние жүзі бойынша мұндай кірпішті шығаруды

1988 жылы Ақсу зауытында іске қосқанбыз. Кеңес Одағы
тарағанша зауыт кірпіштерді, тастарды шығарып тұрды. Зауыт-
тың кірпіш, тастары мемлекеттік маңызды ғимараттарды, ес-
керткіштерді қайта қалпына келтіруге пайдаланылатын. Үлкен

сəулетті үйлердің барлығы біздің кірпіштен салынатын. Сырты
жылтыр, түсі əдемі, жай кірпіштен де қызғылтым, өңді кірпіш
шығады. Сондай кірпіштерді қазір Ресейден əрбір данасын 50 –
55 теңгеден тасып жатыр. Рас, еңбегіміз бағаланбай жатқан

жоқ, 2003 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын
берді. Бұл кірпіш Болгарияда сынақтан өткен, Мəскеуде де
үлкен абыройға ие болды. Мəскеуде «Стройиздат» дейтін жур-
нал бар. Сол журналға қайта-қайта шығарды. Журналдан оқып

бізге хабарласып жатқандар көп.

– Сіздердің жұмыс істейтін нағыз кезең енді басталған

сияқты.

– Бұрыннан басталған.

– Мен биылдан бастап елімізде құрылысқа ерекше көңіл

бөлініп отырғанын айтамын. Сіздердің кірпіштеріңізге де-
ген сұраныстың нағыз артатын тұсы – қазір. Сонда бұл
іспен тек Ақсу зауыты ғана айналысып жатыр ма?

– Оның өзі жабылып қалды. Кеңес Одағы тарап, бəрі талан-

таражға түсіп жатқанда бұл зауыт та жұмысын тоқтатты.

– «Құрылысты қолға аламыз, тұрғындардың бəрін үй-

мен қамтимыз» деп жатқан осы кезде сіздерге ешқандай
ұсыныс түскен жоқ па? Қазақстанда күл жоқ деп айта ал-
маймыз.

– Атам заманнан жорыққа шығарда бір қолбасшы, бір тың-

шы, бір жүйрік болып сайланады. Астананы салар кезде біз де
үміттеніп отырдық. Бірақ нарық заманында, қазіргі бизнесмен –
бұрынғы алыпсатарлардың қолдары жүріп кетті. Олар кірпішті
зауыттан шығарғаннан сатып алып, оның үстіне үстеме қосып,

пайдасын көрді. Тіпті мына Боралдайдың кірпіш зауытының
өнімін 8 теңгеден алып, 17 теңгеден Астанаға алып барды.
Басқа да үгітіліп жатқан кірпіштерді құрылысқа пайдаланып
келеді. Өйткені алыпсатарларға бəрібір, неғұрлым арзан болса

болғаны. Астананың қасында кірпіш, силикат зауыттары бар,
солардың жұмысын жандандыру жайлы ешкім бас қатырған
жоқ. Сол маңда кірпіш жасауға қажетті күл де көп. Атағымыз
бар, Құдайға шүкір, «Сайболатов деген бар аты мұқым əлемге

белгілі» деп жатады, бірақ бізбен санасып жатқан ешкім жоқ.
Шақырып алып, құрылыстың жағдайын ақылдасуға болады
ғой, білгенімізді айтар едік. Сонау Түркиядан əкелу керек пе,
кірпішті? Біз, тіпті тасқа дейін əкелдік қой сол жақтан. Қазір

де кеш емес, ақша бөліп, зауыт салдыруға болады. Зауыт
түпкілікті өндіріс орны болып қалар еді. Оған бізде топырақ
та, күл де бар. Əрине, сапалы топырақтар азайған қазір. Тұзы
шығып кетеді. Сол сапалы топырақты қоспа ретінде күлге

қосамыз. Павлодар – Екібастұз отын энергетика кешенін
толық іске қосқан уақытта бізде жылына 57 миллион тонна
күл лақтырылады. Əрбір ГРЭС-тің өзі жылына бес, кемінде 3
миллион тонна күл шығарады. Ал жылына 57 миллион тонна

күл лақтырылатын болса, онда не болдық? Сол күлдің ішінде
энергетиктердің жаға алмаған қаншама отыны да кетіп жатыр.
Сол отынды біз қолдан жағар едік. Мысалы, əрбір мың кірпішке
240 келі көмір кетеді, ол көмірді сатып алу керек, оның тасы-

малы бар, сосын ұнтақтап, жақсылап араластыру керек. Бол-
маса бір жері күйіп, бір жері «піспей» қалады. Оның бəрі үшін
құрал-жабдық, ал сол құрал-жабдықтың өзіне ерекше күтім
қажет. Маман керек. Ал күл дегенің дайын шикізат. Ол сусып

тұратын зат, сондықтан кірпіш жасалғанда топырақ қосылады.
Күйдіргеннен кейін қай кірпіштен артық болмаса кем емес. Рас,
бізге «зауыт салайық, бірлесіп жұмыс жасайық» деп келетіндер

көп. Бірақ олар Қытайдың арзанқол құрал-жабдықтарына жүгіреді. Бізге жақсы құрал-жабдық керек. Мүмкіндігі болса, немістің жақсы бір зауытын сатып алып, содан үйренген абзал. Бұл мəселені де əрбір кəсіпкер өзінше шешуде. Көбі құралжабдықты Қытай мен Түркиядан əкеліп жатыр. Егер бізді маман ретінде алып баратын болса, оның қандай құрал-жабдық екенін дəлелдеп берер едік. Америкалықтарда «Арзан зат сатып алатындай мен соншалықты бай емеспін» деген жақсы бір сөз бар. Арзанға жүгіре бермей, немістің сапалы бір кешенін алып орнатсақ, соның өзі қаншама істі тындырар еді. Кейін соған қарап өзіміз де құрал-жабдық шығарар едік, міне, сонда ғана біз өркендейміз. Əркім өзінің қалтасын, бүгінді ғана ойлайтын болса, біздің шикізат өндіруші ел болғанымыз болған. – Мысалы, құрылысқа көңіл бөліне бастады, жылына қаншама шаршы метр тұрғын үй саламыз деп отырмыз, оның сыртында қаншама кеңсе ғимараттары салынып жатыр. Дегенмен осы саланың маманы ретінде, тіпті ақсақалы ретінде сізге, сіз басқарып отырған академияға Үкіметтен, тиісті министрліктерден келіп: «ақылдасайық, не істеу керек?» – деп ой тастаған, хабарласқан адам болды ма? – Рас, «зауыт ашайын деп едік» деп жеке кəсіпкерлер, талай жыл сол салада жұмыс істеген менің өзімнің шəкірттерім көп келеді. Алматының іргесіндегі Жəпек батыр деген ауылда Тоқан Ботабеков деген жігіт тап-тақыр жерде шағын кірпіш зауытын ашып, қазір тəп-тəуір жұмыс істеп жатыр. Қаншама техникасы бар. Кірпіштері де сондай жақсы. Əрі өнімі басқаларға қарағанда арзандау. Басқа да құрылыс материалдарын шығаруды қолға алып жатыр. Қанша адамға жұмыс тауып беріп отыр. Келешекте жаңа технологиямен сапалы кірпіш шығарсам деген талпынысы бар. Ондай азаматтарды қолдаймыз, ақылымызды айтамыз. – Демек, кейбір жекелеген кəсіпкер болмаса, тиісті мекемелерден хабарласып, ұсыныс жасап жатқан ешкім жоқ. – Екі-үш жерден ұсыныспен мамандар келді. Біз «10 миллион доллардың зауытын сал, керемет кірпіш шығарасың» деп

есептеп, бағасын айттық. Жұмысты жанып тұрып бастайды да, арты сиырқұйымшақтанып кетеді. Қымбат болғанмен түбінде мұндай зауыттардың Үкіметке, халыққа пайдасы зор. Тереңнен ойлану жетпей жатыр бізге. Біздің бүгіннен бастап байығымыз келеді, өнімді тап қазір шығарып, пайдасын көруіміз керек. Ондай болмайды ғой. Ақсу зауытында шығарылған екі есе үлкен кірпіш, бірақ салмағы жеңіл. Өйткені күлдің іші ұсақ-ұсақ қуыстардан тұрады. Бұл – бір. Екіншіден, жай топырақты алатын болсақ, ішіндегі химиялық суды шығару үшін қанша энергия – отын керек. Күл дегенің күйген, химиялық суы аз дайын шикізат қой. Соның өзі қаншама үнем. Үшіншіден, күлдің ішінде жанбай қалған отындар қызып, кірпіштің жылдам «пісуіне» септігін тигізеді. Ресейдің Тольятти қаласындағы кірпіш зауытында парадокс болды, біз барған уақытта 178 от жанатын орын бар болатын. Біз соның тек жетеуін ғана қалдырдық. Ол 1998 жыл болатын. Ал 2001 жылы Мəскеуге барғанда кірпіш зауытындағылар бізге «ғажап құбылыс көрсетеміз» деді. Сөйтсек, сол жеті от жанатын орынның өзін өшіріп тастапты. Шынында да ғажап, кірпішті бір жағынан кіргізеді, екінші жағынан дайын болып шығып жатады. Ешқандай газ да жоқ, от та жанбайды. Өйткені цехтың іші бір қызып алғаннан кейін кірпіш кірген уақытта бұрынғы жанбай қалған көмір жанады да, температура береді. Сөйтіп, кірпіштің ішіндегі температура пешті қыздырып, өзінің қызуымен өзі, біріне-бірі əсер беріп, дайын болып шыға береді. Міне, ғажап! Оның барлығын бізде де істеуге болады. Ол үшін кəсіпкерлердің ішінде де алысқа қарайтын, болашақты ойлайтын азаматтар болса. Олардың көбі тəуекелге бара бермейді. «Ақша қосылса қосылсын, азаймасын» деген бір ғана ой бар оларда. – Сіздің бар ойыңыз кірпіш шығаруға негізгі шикізат ретінде күлді пайдалану. Ал оның үйдің температурасына əсері қандай? Мысалы, үйді жылытуда проблема болмай ма? – Жоқ. Керісінше, мұның құрамы ұсақ-ұсақ қуыс. Мысалы, терезені қараңыз, екі шыны, арасында ауа. Суықты да, ыстықты

да өткізбейді. Жаңа айтып отырған қуыстар да солай. Мұндай
кірпіштен салынған үй қыста жылы, жазда салқын болады.

– Сіздің жоғарыда айтқан 57 миллион тонна күлдің бə-

рін жинап, кəдеге жаратып, кірпіш шығаратын болсақ, біз
экологиялық жағынан да ұтылмаймыз ғой.

– Рас, күл ауыл шаруашылығына, құрылысқа керекті жер-

лердің барлығын басып жатыр. Қаншама жер күлден тазарар
еді.
17 ақпан, 2005 жыл

КОРПОРАЦИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ ҰЛТТЫҢ

КӨП БОЛУЫ ЗАҢДЫ, ӨЙТКЕНІ БҰЛ – ҚАЗАҚСТАН!

– Бауыржан Кеңесбекұлы, сіз басқарып отырған корпо-

рация еліміздегі отандық өндіріспен айналысатын компа-
нияның бірі. Жалпы, осы салада жұмыс жасап жүрген кəсіп-
кер ретінде айтыңызшы, өнім өндіруге бізде қаншалықты
(заң, өнімді сату т.б. жағынан) мүмкіндік бар?

– Корпорацияға қарайтын он шақты зауыт бар. Одан басқа

құрылыс, энергетика, теміржол, тағы басқа да көп салаларда
жұмыс жасаймыз.
Заң жағынан, əрине, бұдан ертерек уақытқа қарағанда біраз
жеңілдіктер енгізілді. Бірақ əлі де аз. Қай салада болсын, жұмыс

басталмай тұрып, табыс салығын, жинақтаушы зейнетақы
қорына, əлеуметтік салым төлейсіз. Егер инвестициялық жоба
болса, онда бес жыл жеңілдік беріледі. Бірақ бұл бəріне ортақ
жеңілдік емес. Рас, қазір «зауыт жұмыс істегеннен бастап» деп

түзеп жатыр. Бұрын зауыт тұрғызылмай жатып бес жылдың
есебінен жыл саналып кететін. Егер зауытты салуға екі жыл
мерзім кетсе, ар жағындағы үш жыл жылдам өте шығатын
уақыт. Ол мерзімде шетелдік рынокқа кіріп үлгере алмайсың.

Бауыржан ОСПАНОВ,
«ТSС group» корпорациясының
президенті, кəсіпкер:

Қазақстанда қандай əлемдік деңгейдегі тауар шықса да, ба-
ғасы төмен болса да, оның маркасы жоқ. Сондықтан шетелдің
рыногына кіру өте қиын. Қазақстаннан шыққан өнім дегенді
естісе, шынын айту керек, бəрі қорқады. Бұл – біздің басымыз-

дан өтіп жатқан жағдай.

– Не үшін қорқады?

– Өйткені аты жоқ қой. Бəрі «Қазақстан деген жабайы дала»

деп ойлайды. Біздің мемлекетті білмейді, дұрыс ақпарат жоқ.

– Өйткені ол танымал емес.

– Иə. Негізі, жарнамаға көп ақша керек. Мысалы, біз аккуму-

лятор шығарып жатырмыз, сапасы шет елдікінен артық болма-
са кем емес, ал бағасы үш есе төмен. Бірақ соны сату үшін көп
қиындықтар көрдік. Дегенмен жарнама жасағанның арқасында
2004 жылдың аяғында үстіміздегі жыл үшін бүкіл өнімге

шетелдіктермен келісімшарт жасасып қойдық. Олардың ара-
сында Ресей, Қытай, Иран, басқа да ТМД мемлекеттері бар.
Сіз «Қытайға дайын өнім саттық» дегенді осы уақытқа дейін
естідіңіз бе? Бірақ мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін біз

үлкен шығындарға бардық. Мысалы, Ресейде «Бумер-2» де-
ген фильм түсіріліп жатыр. Соған да демеуші болдық, ал ол
дегеніңіз – үлкен ақша. Жобалық қуатымыз бойынша біз жы-
лына 3 миллион аккумулятор шығара алатын болсақ, бүгінгі

күнде 700 мыңға жеттік. Өнім көлемін арттыруға əлі алды-
мызда мүмкіндік көп. Бұдан шығатын қорытынды: отандық
өндіріс орындары аяғынан тұрғанша оның өнімдерін шетел-
дерде сатуға жеңілдік керек.

– Нарық заманы əркімге əрқилы əсер етті. Кейбіреулер

тез бейімделіп кетті де, енді бірі былайша айтқанда, «ойын-
нан» шығып қалды. Осы салаға мықтап ден қойып, жұмыс-
ты жүргізу үшін бірінші не керек?

– Жақсы заң керек. Жұмысты бастағанның өзінде бəсекеге

бірден ілесіп кету үшін басқа мемлекеттердегідей жағдай бізде
де болуы керек. Мысалы, бір кəсіпкер несиеге қол жеткізіп зау-
ыт тұрғыза бастады дейік. Ол несиені 12 – 15 үстеме пайызбен
алады. Ал шет мемлекетте көп дегенде 5 – 6 пайыз. Көрдіңіз

бе, шетелдік кəсіпкер бізден екі есе ұтып тұр. Үлкен бизнес-

те бұл дегеніңіз – қомақты қаржы. Оларда заң жағынан көп
мүмкіндік бар. Мысалы, біз бір өнім шығарсақ, оның кеденнен
қашан өтетінін білмейміз. Сол үшін ақшаң болса, шикізатты
əкеліп қоймаға толтырып қоюың керек. Мысалы, Америкада

шығатын «Бойнг» ұшағын алайық, бір ұшақты жинау үшін 4,5
миллион қосалқы бөлшек қажет екен. Сол алып кəсіпорынның
қоймасында үш-ақ күндік тауар жатады. Ал бізде шағын
кəсіпорын болса да қаншама мың шаршы метр қойма ұстайсың.

Бұл сіздің ақшаңыз босқа қоймада жатыр деген сөз. Тағы
оған үстеме пайыз жүріп жатыр. Рас, бізде банк саласы тəуір
жұмыс істейді. Сіз қажет тауардың ақшасын төлеп қойдыңыз,
бірақ оның қашан кеденнен өтіп келетінін білмейсіз. Сол үшін

барлық салада да əлемдік стандартпен жұмыс істеу керек.
Бізде қай салада болсын коррупция көп. Бұл жұмысты тез-
тез жүргізуге кері əсер етеді. Өзара келіспей, бірдеңе бермей,
біреулердің артынан жүгірмей іс бітпейді. Осындай көптеген

кілтипандар бар.

– Сіздіңше, менеджер деген кім? Əңгіме арасында кадр

тапшы екенін өзіңіз де айтып қалдыңыз. Тіпті шетелден
арнайы мамандар шақырамыз ба деген ойды Елбасы да
айтқан болатын.

– Шетелден бізде жоқ мамандарды ғана шектеулі мерзімге

əкелу керек. Қазақстан халқының білім деңгейі ешбір мемле-
кеттікінен кем емес. Инженерлер де, басқа маман иелері де
сауатты бізде. Бірақ олар жаңа, дамып кеткен технологияны
білмейді. Біз соларға мүмкіндік жасауымыз керек. Əр салаға

білетін бірді-екілі мамандар əкелуге болар, өйткені жүз адам-
ды бірден шетелге апарып оқыту қиын. Екіншіден, жұмыс та
тоқтамау керек. Жұмыс барысында үйренгені жақсы.

– Сіздердің де мамандардың білімін көтеру үшін оларды

шетелге жіберген кездеріңіз болды ма?

– Əрине. Құрылыс саласына қатысты мамандарды шақырып

кеңес алдық. Қазір, мысалы, бір жобалау институтын сатып
алдық, оған да солай жасаймыз деген ойымыз бар. Институт-
та 80 адам жұмыс істейді. Бір архитектор, бір дизайнер, бір
конструктор əкелеміз. Біздікілер бір жобаны ұсынсаңыз, үш

ай жасайды. Қолмен есептеп отырғаны. Ал оларда тұтас бір
бағдарлама компьютерде тұр. Бізде бір жобаны жасап шығу
үшін 50 – 60 адамды ұстау керек болса, оларда он шақты
адамның өзі бар жұмысты бітіреді. Сосын амалсыз солар-

ды əкелуге тура келеді. Ауыл шаруашылығының өзіне біз
көптеген жаңа комбайн, тағы басқа да техникалар əкелдік.
Сол кезде инженерлерді оқытуға шетелге апардық, үш күннен
кейін олар шетелдік мамандардың өзіне кеңес айтып отыра-

ды. Үш айға оқуға жіберген мамандарымызды: «Бұларға үй-
рететін ештеңе жоқ» деп екі-үш аптада қайтарды. Міне, бұл
біздің халқымыздың əлеуеті мықты екендігін көрсетеді. Тек
бізде ақпарат тарату жағы дамымаған. Сондықтан əр саладағы

күнделікті жаңалықтардан хабары аз. Инфрақұрылымымыз
дамымаған. Болашақ тек жақсы мамандар мен жаңа техноло-
гияда. Қазақстанның рыногы шағын, сондықтан біз заттарды
шығарғанда шетелдік рынокқа бағыттауымыз керек.

– Өнім өндіруші ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымына

кіруге дайындығымызға көңіліңіз тола ма?

– Шындығына келгенде, қорқатын ештеңе жоқ. Қазақстан

ДСҰ-ға өзімізге тиімді шартпен кіруі қажет. Өйткені мемле-
кетіміз аграрлы ел, бұрыннан анау айтқан өндіріс орындары
болмаған. Ал кейбір зауыттар болса, олардың барлығы ескір-
ген. Ресей, Беларусь, Украинадағыдай көп өндіріс орны болса,

онда бəрі тоқырайды деуге болады. Бізде олай емес. Ал кейінгі
он жылда салынған зауыттардың бəрі шет елдікімен бəсекелесе
алады. Олардың өзі де көп емес. Былайша айтқанда, бізде бəрібір
түк жоқ деген сөз ғой. Сондықтан именбей ДСҰ-ға кіре беру

керек. Шетелдің тауары қазір де аз əкелініп жатқан жоқ. Қайта
уақыт талабына сай көп нəрсені үйреніп, тез бейімделеміз.
Бізге қазір сапалы өнім шығару керек, қанша патриот болса да
кімнің сапасыз өнімді алғысы келеді. Нарықтық экономиканы

таңдап алдық екен, соған соңына дейін жету керек.
Мысалы, біз өткен жылдың аяғында Талдықорғанның бүкіл
электр энергиясын тасымалдау саласымен айналысатын «ТА-
ТЕК» компаниясын сатып алдық. Біздікілер барып кəсіпорынға

аудит, яғни есеп жүргізіп келді. Мекеменің 2004 жылға 200

миллион теңге қарызы болған. Біз мекемені қарызымен алдық,
бар қарызын есептегенде 800 миллион теңгенің үстінде шығып
тұр. Кəсіпорын енді жекенің қолына өтті. Біз оған ақша салу-
ымыз керек. Есептеп қарасақ, сатып алған ақшамыздан басқа

3 – 4 миллиард теңге ақша қажет етеді екен. 5 – 10 жылға бағ-
дарлама жасап, салған ақшамызды қайтаруымыз керек қой. Ал
тариф төмен. Нарықтық экономика дейміз де, халықты алдап
отырмыз. Тарифті көтертпейді. Қазақстан бойынша орташа

жалақы 28 мың теңге, ал ол жерде – 12 мың теңге. 7 – 8 мың
теңгеге жұмыс істеп отырғандар бар. Ертең мардымсыз жал-
ақыға бола кім инженер мамандығы бойынша оқып келеді? Бұл
кадр мəселесі бұрынғыдан да күрделене түседі деген сөз. Тех-

никалық білімді маманды бір күнде оқытып əкеле алмайсың.
Қазір тарифті көтермесек, қарызға кіре береміз. Ал тариф көте-
рілсе, реконструкция жасауға, əлемдік құрылғыларды əкеліп
салуға болады. Біздің корпорацияға қарайтын «Сайман» ком-

паниясы осы саладағы құрылғыларды шығарудан əлемдегі ең
мықты бес зауыттың бірі. Сол компанияның есептегішін қою
үшін салған ақшамыздың ертең қайтатынына біз сенімді болу-
ымыз қажет қой. Қазір тариф төмен, бірақ күнде жарық сөнеді.

Монтерға «электр желісі тартылған бағанаға шық» деңізші,
бағана үстіне шықпақ түгілі, оны саусағыңызбен түртіп қалса-
ңыз ар жағына тесіп, бір-ақ өтеді. Сол себепті «Сіздің он мың
теңгеңіз үшін өлетін жағдайым жоқ» дейді. Сөйтіп, арнайы ма-

шина шақырылады. Ол он есе қымбатқа түседі. Біз бүгін тарифті
көтермесек, бүкіл жүйе қалай жаңартылады, тұрақты электр
қуаты қайдан келсін? Біз электр энергиясының бағасын орта-
ша 30 пайыз көтеруді ұсындық. Рас, біз халықтың жағдайын

біліп отырмыз. Сондықтан тұрғындардың төлемін бір тиын да
көтерген жоқпыз. Бірақ «Олардың төлемін бюджет көтерсін,
бюджетте қазір профицит қой, миллиардтап ақша қалып жа-
тыр, мекемелердікін көтерейік. Ал тұрғындардікі тағы 1 – 2

жыл еңсесін тіктеп алғанша қала тұрсын» деген ұсыныспен
шығып отырмыз.

– Қазақта қолындағысын өзгелермен бөліскенді жақсы

көретіндерді «Атымтай Жомарт» деп жатады. Осы нарық

заманы келгелі сол үрдіс жалғасып, қазақтың жаңа Атым-
тай Жомарттары шыға бастады. Солардың қатарынан
соңғы кезде сізді де жиі байқаймыз. «Қазақстан» Ұлттық
арнасындағы «Атажұрт» бағдарламасына, шет мемлекет-

терде қазақтар құрылтайын, неше түрлі спорттық жарыс-
тар өткізуге, тағы басқа да көптеген жерде демеушілік жа-
сап жүрсіз. Сізді мұндай ізгі іске итермелеген не?

– Бизнесті жаңадан бастаған жылдары мүгедек балалардың

аналары жиі келіп ақша сұрайтын. Ондай іспен күнделікті ай-
налысатын менде уақыт тапшы, басы артық хатшы да жоқ, жүк
таситын да, директоры да өзіміз ол кезде. Сөйтіп, мен «пəлен
балаға жалақы қояйық» деп шештім. Айына 50 доллардан. Бір

күні салық полициясы келіп айыппұл салды. Өйткені ондай заң
жоқ екен бізде.

– Айналып келгенде көмек көрсетемін деп айыпты бо-

лып қалдық деңіз.

– Иə. Қазір біздің корпорация жылына 1 миллион доллар-

дай, кейде одан да көп түрлі салаға көмек көрсетеді. Көмек-
тескеніміз үшін тағы қаншама салық төлейміз. Мысалы, жа-
ңа айтып отырған «Атажұрт» бағдарламасын алайық. Ол
бағдарламаны 100 пайыз ұнайды немесе ұнамайды деп айта

алмаймын. Ол жердегі маған ең бір ұнайтын тұсы – идеоло-
гиясы. Қазақ өзінің елін, жерін, тарихын білсін деген ой. Осы
бағдарламаға, мысалы 5 миллион теңге төлейтін болсақ, тағы
қаншама салыққа төлейміз. Сондықтан бұл жерде басын ашып

алуымыз керек. Мұндай бағдарламаларды қаржыландыруды
мемлекет өз мойнына алсын не болмаса біздерге ол жағынан
жеңілдік берсін. Өз еркімізбен кітап шығаруға, тағы басқа да
көп істерге көмектесіп жатырмыз, бірақ бізді қинайтыны – осы

салық төлеу жағы. Жылына көп балалы, əлеуметтік тұрмысы
нашар отбасылардың 50 – 60 баласын оқытамыз. Бізді қуанта-
тыны – балалардың білімі жақсы. Олардың біразы шетел-
дерде білім алып жатыр. Біз оларға «ертең елге келіп жұмыс

жасайсыңдар» деп талап қойып отырған жоқпыз, бірақ біз
олардың білімін елдің болашағына салатынына сенім білдіріп
отырмыз.

Еуропа қазақтары құрылтайын бір жыл Кельнде, бір жыл
Вестересте – Швецияда, былтыр Берлинде өткізуге демеушілік
жасадық. Кезінде амалсыздан қоныс аударған қандастарымыз
ғой, олардың аман-есен қалғанына қуануымыз керек. Дамып

кетті деген Америка немесе Еуропа басқа мемлекеттегі өз ұл-
тын жинап, сондай шара өткізіп жатыр ма? Жоқ. Бұл біздің ел-
дің ауызбіршілігін көрсетеді.

– Жалпы, сіздіңше, меценаттың міндеті қандай?

– Осы салада жұмыс істегенімізге 13 жыл болды. Корпора-

цияда бес мыңнан астам адам жұмыс істегенімен, осы уақыт-
қа дейін жарнама жасаған жоқпыз. Былтырдан бері ғана өзі-
міздің ісімізді жария етіп жатырмыз, мұндағы мақсат – біздің,
қазақтардың да қолынан бірдеңе келетінін дəлелдеу. Жастар-

дың рухын көтеру, ұлт көтеріліп алсын деген ой.

– Мүмкін, сіз «бұл сұрақты маған неге қойып отыр,

мен тіл маманы емеспін ғой» дерсіз. Дегенмен ана тілі-
міз – қазақтың тілі бəрімізге ортақ. Байқаймын, сіздің ме-
кемеде күзетшілерден бастап, хатшы, бəрі қазақша сөй-
лейді, телефонға қазақ тілінде жауап береді. Сіз компания-

да қазақ тілінде сөйлеуді талап етесіз бе, əлде жұмысқа
қабылдағанда солай іріктеп аласыз ба?

– Мен мектепте де, жоғары оқу орнында да орысша оқыған-

мын. Өз ұлтымызды өзіміз көтермесек, оның тілін сыйламасақ,
бізді кім сыйлайды? Өтірік айта алмаймын, менде қазақша сөй-
лей алмайтын жігіттер аз да болса бар. Жұмыс бабымен біз шет-
елге көп шығамыз. Бізде жұмыс істейтіндерге «шетелге барған-

да өзара тек қазақша сөйлесесіңдер» деп талап қоямын. Əйтпесе
бізде ағылшын, басқа да тілдерді өте жетік білетін жігіттер көп.
Біздің компанияда өзге ұлт өкілдері де жұмыс істейді, оларды
«қазақ тілін білулерің керек» деп қатты мəжбүрлемеймін, бірақ

«Қазір елімізде жергілікті ұлт саны артып келеді, ертең қаласаң
да, қаламасаң да мемлекеттік тілді меңгеруің керек, өйткені тағы
аз жылда ісқағаздарының бəрі мемлекеттік тілге көшеді, сол
кезде өздеріңе қиын болады» деп түсіндіріп айтамын.

Рас, сатып алып, іске қосып жатқан кəсіпорындарда қанша-
ма басқа ұлттың өкілдері бар, оларды мен босатып жібермей-

мін, олар осында туғанына, тұрғанына кінəлі емес қой. Өз ісінің шебері болса, қай ұлттың өкілі болсын, неге оның жұмыс жасауына мүмкіндік бермеске?! Корпорацияда жергілікті ұлттың көп болуы заңды, өйткені бұл – Қазақстан, қазақтардың басқа мемлекеті жоқ! Бұл – ұлтшылдық емес, жай ғана өз ұлтын жақсы көру. – Кейбір кəсіпкерлер билікке жету үшін əдейі өзін-өзі жарнамалайтын «əдіс» тауып алды. Сіз үшін билік деген не? – Мен билікке қызықпаймын. Əр адамның қолынан не келеді, мемлекетіне, ұлтына қалай пайда келтіреді, соны істегені жөн. Паразит болып, тек өз басымызды ойламауымыз керек. Ол жерде қызмет жасап жатқандар да өзіміз секілді адамдар. Бірақ түсінуіміз керек, президент деген қызмет біреу-ақ, министрлер де санаулы. Əркім мемлекетке өзінің қолынан келетін іспен еңбек сіңіруі қажет. Анау болам, мынау боламын деген амбиция керек емес. Егер сенің сол қызметте отыруың шынында да елге керек болып тұрса, онда қарсы емеспін. Əзірше, менің ойымша, бизнесті көтеруіміз керек. Бай, жағдайы бар адамдар көп болса, жаңа жұмыс орны ашылады, жалақы жоғары болады, мемлекет дамиды. Егер біз соған қол жеткізбесек, ешкім бізбен терезесі тең сөйлеспейді. Сол үшін компанияны ары қарай дамытайық, отандық өндірісті көтерейік деген намыс бізді итермелеп тұрған. ҚЫСҚА ДА НҰСҚА – Адам жанын рахатқа бөлейтін, қалап істейтін сүйікті істері болады. Жұмыстан қолыңыз қалт еткенде немен айналысасыз? – Мен бұрынғы боксшымын. Күрес, футбол, волейбол, баскетболды да жақсы көремін. 12 жылдан бері аптасына екі рет жігіттер жиналып, волейбол, баскетбол ойнаймыз. Аңға шыққанды жақсы көремін. Машина, вертолетпен емес, тауда, 3,5 – 4 мың метр биікте жаяу немесе атпен жүріп, əбден өз атыңа дейін «ұмытып» шаршап, аң қуған ұнайды. Інім əуесқой ұшқыш, шетелден ұшақ əкелген. Ата-бабамыз аманат

етіп қалдырған қазақ даласының төбесінде ұшып жүргенді
жақсы көремін.
Ал ерекше қызығушылығым артып тұратын нəрсе – кітап
оқу. Қазір бірнеше том, бірнеше мың кітаптың электрондық

нұсқасын компьютерге жазып аласың да, кез келген жерде ра-
хаттанып оқи бересің. Тұтас кітапхана қалаған кезіңде сенің
қасыңда. Əсіресе тарихи кітаптарды көп оқимын.

– Еңбек демалысын қайда өткізгенді жақсы көресіз?

– Адам жақсы көретін ісімен айналысса, соның өзі дем-

алыс. Əрине, ауылдағы ағайынға барып, тауға, аңға достарың-
мен шыққанға не жетсін. Бірақ бір ай бойы демалыстамын деп
ел аралап, жатып алу меніңше дұрыс емес. Бұл ағзаның өзіне
ауыр соққы ғой.

– Үйде қандай қазақы дəстүрді ерекше ұстанасыздар?

– Қазақпын деген əрбір адам өз халқының салт-дəстүрін

күнделікті ұстанып отыруы керек. Сонда ғана біз ұлтжанды,
ұлтқа жанашыр ұрпақ тəрбиелейміз деп ойлаймын.

– Есте сақтар есті сөз.

– Əл-Фарабидің «Алдымен тəрбие, сосын – білім» деген сөзі.

Егер шынында да, ұрпақтың дұрыс тəрбие көрмей, тек білім
алуына ғана көңіл бөлетін болсақ, бұл біздің үлкен қателігіміз
болар еді.
24 ақпан, 2005 жыл

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКƏСІП САЛАСЫНДА

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗЕТІН

АРНАЙЫ ИНСТИТУТ ЖОҚ

– Əйкен Жұматайқызы, индустриалды-инновациялық

бағдарлама шеңберінде сіздер ұсынған технологиялық
əдістерге қаржы бөлінетінін естіп қуанып жатырмыз. Бұл
елімізде ғылымға, ғылым мен өндірістің байланысына
шындап бет бұра бастағанның белгісі болар...

– Оның рас. Біз химиялық заттардан жаңа препараттар ал-

ып, оны тоқыма заттарды өңдеуге пайдаланамыз. Ал қаржысыз
жұмыс жүрмейді. Сондықтан түрлі конкурстарға қатысып жа-
тырмыз. Индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге
асыру барысында 8 бағдарлама қаржыландырылатын болды.

Оның екеуі жеңіл өнеркəсіп саласына қатысты. Соның бірі хи-
мия ғылымдарының докторы, профессор Бижамал Таусарова-
ның жетекшілігімен біз ашқан жаңалық. Қазақстандағы то-
қыма өнеркəсібінің дамуына əсер ететін шикізаттың тағы бір

түрі жүн талшығы. Біз химиялық талшықтарды соларға қос-
ып өңдейміз. Өз алдына химиялық талшықты өндіру біздің
елімізде мүлдем жоқ. Бұрын Рудный қаласында зауыт болған,
Əйкен ҚҰТЖАНОВА,

Алматы технологиялық
университетінің доценті:

бірақ қазір ол жұмысын тоқтатқан. Сол себепті қазір елімізде
синтетикалық талшықтарды шығармай отыр. Өскемендегі
бұрынғы «Текстиль Восток» комбинаты (мүмкін, қазір атауы
да өзгеріп кеткен шығар) Кеңес Одағы кезінде қуаттылығы

жағынан үлкен фабрикалардың бірі еді. Осы өндірістің бəрін
жандандыратын болсақ, онда үлкен мүмкіндікке қол жеткізер
едік. Матадан жасалатын бұйымдардың бəсекеге қабілеттілі-
гін көтеру керек. Ол үшін, біріншіден, оның технологиясына

мəн берген жөн. Технологиялық жағынан жаңалықты енгізейік
деп жатқанымыз – маталардың тұтыну қасиеттерін жақсарту.
«Алматы мақта-мата комбинаты» шығаратын маталар Қыр-
ғызстан, Қытайдан əкелініп жатқан тауарларға қарағанда, сапа-

сы жағынан əлдеқайда жоғары. Бұл маталардың тұтыну қасие-
ті бұрыннан жақсы, енді одан да жақсарта түсу керек. Яғни бұл
қыртыстанбайтын, отырмайтын, кірден тез тазаратын, оңай-
лықпен отқа жанбайтын, тағы басқа да қасиеттерін арттыру

деген сөз. Қазіргі уақытта оның бəрі шетелден келетін пре-
параттармен өңделіп жатыр. Ал олардың бəрі қымбат. Соның
орнына біз ұсынған полимерлерді де қолдануға болады. Бижа-
мал Райымқызының тобындағы синтездейтін полимерлерінде

отқа төзімді маталарды өңдеу жолдары қарастырылған. Негізі,
Қазақстанда химия ғылымы жақсы дамыған. Шикізат та жеткі-
лікті. Солардың негізінде полимерлерді алып, синтездеп, басқа
салаларда қолданылып жатыр. Біз де оны тоқыма саласында

қолдансақ деп əртүрлі эксперимент жасаудамыз. Ол жақсы
нəтиже берді. Енді оны одан əрі қарай зерттеп, өндіріске енгізу
үшін қаражат қажет. Химиялық заттар, приборлар алуымыз ке-
рек.

– Өнім өндіру үшін алдымен, технологиялық құрал-

жабдықтар қажет қой, бұл мəселе қалай шешімін тауып
жатыр?

– Бұл өнімді өндіру үшін бұрын қолданылып жүрген техно-

логиялық жабдықтарды пайдалануымызға болады. Əрине,
өнім көлемін арттырып, сапасын жақсарту үшін өндірісті жаңа
жабдықтармен қамтамасыз еткен дұрыс. Дегенмен бұл жағына
əлі инвестиция аз тартылып жатыр. Егер оларды жандандырып,

жаңа технологиямен жұмыс жасайтын болсақ, тіпті жақсы.
Біздің жаңа полимерлерді осы күні жұмыс істеп тұрған мата-
ларды өңдейтін үздіксіз желілерде қолдануға болады. Техно-
логиялық принципі жағынан өзгерістер мүмкін болар, бірақ

біздің ойымызша, ол өзгерістер аса күрделі болмауға тиіс.

– Сол препаратты өзімізде мол етіп, өндіріске қажет мөл-

шерде жасап шығаруға қаншалықты мүмкіндік бар?

– Ондай мүмкіншілік бар. Неге? Өйткені ең бастысы, бізде

қажетті шикізат, Атырау, Теміртауда, басқа да жерлерде поли-
мерлер шығаратын химиялық зауыттар бар. Кейін оны тоқыма
өнеркəсібінде қолдануға болады. Оның сондай технологиясын
жасау керек. Оны жай қолдана салмайсыз ғой, яғни алдымен,

оның технологиялық тəртібін – концентрация, қолданылатын
температура, оған қосымша тағы да бір жай заттар керек болса
соларды реттеу керек. Мысалы, мақта матасының өзі полимер,
бірақ ол табиғи. Сол табиғи полимерлермен басқа полимерлер

химиялық байланысқа түсу үшін оған жағдай жасау керек. Ал
оған қажеті – технология.
Біздің ашқан жаңалығымызға қызығушылық танытып жат-
қан өндірісшілер бар. Əсіресе, тоқыма өндірісі олар да жұ-

мыстарын жандандырайын деп əрекет етіп жатыр. Қазір олар
тек дайын материалдарды сатып алып тігуде. Лайықты маши-
на, жабдықтар болса олардың сұранысына сай материалдарды
өз елімізде де өндіруге болады.

– Инновациялық бағдарламаға сəйкес бөлінетін қаржы

жаңа технология сатып алуға жұмсала ма, əлде тек поли-
мерлерді дайындауға ма?

– Бірінші кезекте препаратты дайындауға жұмсалады. Біз

ондай препараттарды өте аз мөлшерде ғана шығардық. Өндіріс
үшін пайдаланылатын болсақ, əрине, 100 грамм, 1 келі деген
жүрмейді, оның көп мөлшері керек болады. Біз бұл жаңалық
мақта маталарында жақсы қасиетін көрсете білді деп отыр-

мыз. Оны жүн өңдеуде де қолдануға болады. Неге? Өйткені
жүннен тоқылған бұйымдар отырғыш келеді, яғни қысқарып
қалады. Негізі, қандай жаңалық болса да біріншіден, адамның
организміне зиянсыз болуы керек. Қазір барлық мемлекетте

өңдеуден өтпей ешқандай тоқыма мата шығарылмайды. Бар-
лық тоқымаға да химиялық немесе физикалық əдіспен өңдеу
технологиясы қолданылады. Əсіресе, табиғи талшықтардың
бəрінің кемшілігі – тез қыртыстану, кірлену, жанғыш келетін-

дігі. Мысалы, қалың матадан тігілген киімдерді металлургия
өндірісінде істейтіндер киеді. От түскен кезде адамның дене-
сін сақтап қалу үшін. Əрине, олар мүлдем жанбайды деп айта
алмаймыз, бірақ лап ете қалмайды, баяу жанады. Сол үшін ар-

найы химиялық препараттар арқылы өңдеу керек. Крахмалда-
натын болса, бір жуғаннан кейін бəрі шайылып кетеді.

– Қазір ғылым мен өндірісті ұштастырып жұмыс жасап

жатқан осы химия мен металлургия саласы ғана екен. Ал
сіздердің өндіріспен тікелей байланыстарыңыз қалай?

– Өндіріспен байланыс бар. Тек бұл жұмыс бойынша ғана

емес, жалпы айтып отырмын. Неліктен? Себебі біздің кафедра-
да жеңіл өнеркəсібі саласына үш мамандық бойынша сту-
денттер дайындалады. Маман дайындағаннан кейін біздің
өндіріспен тығыз байланыста болуымыз қажет. Біріншіден,

студенттердің практикасын ұйымдастыру үшін, екіншіден,
курстық, дипломдық жұмыстарды қорғағанда солардың бер-
ген тапсырмасын орындау үшін. Сондықтан біз бірнеше
кəсіпорынмен – «Алматы мақта-мата комбинаты», «Трико-

таж текстиль-лайн» ЖШС, жүнді өңдейтін фабрикалармен
тығыз байланыстамыз. Былтыр жазда қырғыз мемлекетінің
жүн жібін шығаратын фабрикасында студенттер практика-
да болды. Ғылыми-зерттеу жұмысы жағынан байланыс өте

мардымсыз деуге болады. Өйткені жеңіл өнеркəсіп саласын-
да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы институт
қазір жоқ. Бұрын болған, бірақ жабылған. Ал ғылыми-зерттеу
жұмыстарын кəсіпорындар өздері жүргізе алмайды. Алматы

технология университетінде 2 – 3 кафедра өз алдына бастама
көтеріп, жалақысыз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізі, мейлі
ол жеке немесе біздің оқу орнының жанында болсын, жұмысты
жүргізу үшін өз алдына ғылыми-зерттеу институты болғаны

жөн. Мұндай институтқа Білім жəне ғылым министрлігі неме-
се басқа жобалар арқылы ма, əйтеуір қаржы бөліну керек. Күр-

делі приборлар, қондырғылар сатып алуға қаншама қаражат
қажет. Жай бастамамен ештеңе өнбейді.

– Жеке бір университеттің мұндай қомақты дүниеге ша-

масы келмейді ғой.

– Əрине. Тоқыма жəне жеңіл өнеркəсібі жағынан ғылыми-

зерттеу институты ешқандай жұмыс жүргізіп жатқан жоқ, тіпті
қазір ондай институт жоқ. Ал біздің университетте ашылған
шағын институтта өз бастамамыз бойынша жұмыс жасап жа-
тырмыз.

– Мысалы, қазір жеңіл өнеркəсібі тауарларының дені

шетелдерден əкелінеді Кезінде біз өзімізді қаншалықты
қамтамасыз ете алдық? Қазір ше?

– Тігін өндірісінде 1990-жылдары жалпы ішкі өнім 15,8

пайыз болса, 2002 жылы 1,8 пайызды құрапты. Ал 2000 жылы
тіпті 1,5 пайызды құраған.

– Сонда 10 есеге дейін төмендеп кеткен ғой.

– Иə, солай. Құрал-жабдық ескі. Кезінде жұмыс істеген 11

кəсіпорынның қазір төртеуі ғана – «Алматы мақта-мата комби-
наты», Алматы «Ақжіп» фабрикасы, «Алматыкілем», «Қарға-
лы шұға комбинаты» ғана жұмыс істеп тұр.

– «Алматы мақта-мата комбинаты» да бұрынғы қарқы-

нымен жұмыс істеп жатқан жоқ.

– Əрине, бұрынғы өндіріс қуаты қайдан болсын?! Өйткені

оған мол шикізат, ақша керек. Дегенмен əйтеуір мүлдем жабы-
лып не тоқтап қалмай, жұмыс істеп жатыр.
Əйтсе де бұл салада аздаған болса да оң қадамдар байқалып
келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кластері

қолға алынып отыр. «Южтекс» компаниясы жіп шығарып жа-
тыр. Онымен мата тоқылады. Өзімізде шикізат өндірілетін
болса, оған шикізат – жүн, мақта керек. Мысалы, кезінде мал
шаруашылығында да оны өсіріп, одан бəлен келі жүн алу ту-

ралы бағдарлама болатын. Қазір жүн етке кететін қойдың қал-
дығы сияқты болып қалды. Ондай бағдарламалар енді-енді
ғана қолға алынып келеді.

– Бұған малдың тек жекенің қолында екендігі де себеп

қой. Мемлекет оларға «Сен пəлен келі жүн тапсырасың»
деген міндеттеме қоя алмайды.

– Иə, қазір жүннің өзі тапшы. Өйткені қойдың саны аз. Тап-

шы жүннің өзін жуып, тазалап, иіріп одан тоқыма бұйымдарын
немесе кілем тоқитын болсақ, қанша адамға жұмыс табылар
еді. Ал бізде қазір қойдың жүні, терісі арзымаған ақшаға шет-
елге кетіп жатыр.

Ғалым, ұстаз ретіндегі біздің айтарымыз: жас мамандарды
дайындап жатырмыз, оларға ертең жұмыс орындары керек.
Егер жұмыс орындары табылмаса, онда жас мамандардың да
белсенділігі төмендейді. Алматы Технология университеті

республикадағы технология жағынан мамандандырылған жал-
ғыз жоғары оқу орны. Еліміздің барлық өңірінен жастар келіп,
оқып жатыр. Университеттің шағын кəсіпорны бар. Студент-
тер тəжірибеден өтеді. Дегенмен олардың болашағы үшін

кəсіпорындардың көп болғаны керек.
1 сəуір, 2005 жыл

Құрбанғали ТЫНЫШТЫҚБАЕВ,
Қазақ Ұлттық техникалық
университетінің профессоры:

ƏЛЕМДЕ КРЕМНИЙ «РЕВОЛЮЦИЯСЫ»

БАСТАЛЫП КЕЛЕДІ

– Құрбанғали Байназарұлы, кремний өндіру мəселесімен

тікелей айналысып жүрген ғалым ретінде айтыңызшы,
қазір əлем бойынша осы өнімге деген сұраныс деңгейі
қалай?

– Бүкіл əлем кремнийге өте мəн беріп отыр. Бұған не се-

беп? Біріншіден, мұнай бағасының бірден тым көтеріліп кетуі.
Екінші – Киото келісіміне байланысты. Бұл салаға аса мəн беріп,
мол өнім өндіріп отырған ел – Жапония. 2003 жылы бүкіл əлем
бойынша 300 МВт кремний күн батареясы өндірілсе, былтыр

Жапонияның бір ғана Sharp фирмасы 324 МВт кремний күн ба-
тареясын шығарды. Міне, бұл өнімге деген сұраныс екі жылдың
ішінде қаншама өсіп отыр. Осы уақытқа дейінгі болжам бойын-
ша, əлемдік нарықта кремнийдің бағасы түсуі керек болатын.

Ал тəжірибеде жағдай басқаша болып отыр, кремний бағасы

жыл санап көтеріліп келеді. 2000 жылы əлем бойынша кремнийге деген сұраныс 4 мың тонна ғана болса, бұл көрсеткіш 2010 жылға қарай 35 мың тоннаға жетеді деп күтілуде. Салаға ерекше мəн беріп отырған – Жапония, Германия, Италия, Франция, Португалия мемлекеттері. Германия Ұлттық бағдарлама қабылдады. Мұндай бағдарламаның тиімділігі жоғары. Сондықтан мұндай ұлттық бағдарламаны қазір Италия, Франция, Испания қабылдамақшы. Біз əлі ондай деңгейге жеткен жоқпыз. Болашақта мұндай Ұлттық бағдарламаны бүкіл əлем қабылдауы керек. Неге? Себебі мұнайдың қоры өте аз қалды. Сондықтан қазір əлемдегі жетекші мемлекеттердің назары осы кремний саласына ауа бастады. Тек АҚШ-тың ойы басқа, олар қазір мұнайдан қор жинап қалмақшы. Ал Батыс Еуропа кремнийге көп мəн беріп жатыр. Олардың негізгі мақсаты – кремний өндірісін дамыту. Қазірдің өзінде кремнийге деген сұраныс ұсынысқа қарағанда жоғары. 2006 жылдан 2010 жылға дейін сұраныс 10 пайызға артады деген болжам бар. Жоғарыда да айттық, бұл өнімнің бағасы да артып келеді. Қазір əлем бойынша кремний «революциясы» басталып келеді. Ал біздікілер əлі мұнай төңірегінде жүр. – Дегенмен соңғы бір-екі жылда бізде де Үкіметтік деңгейде осы салаға бет бұрыла бастағандай... – Рас, былтыр Үкіметтік деңгейде шындап қолға алынған болатын. Бұрынғы білім жəне ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің кезінде біраз оң нəтижелерге қол жеткізгендей болғанбыз. Ол кісі қалай басқа қызметке ауысты, біздің жұмысымыз солай тоқтап қалды деуге болады. Құлекеев қызметінен кеткеннен кейін біздің қызметімізді Индустрия жəне сауда министрлігіне берді. Өйткені «сіздер ғылымнан өндіріске өттіңіздер, өнім өндіріп жатырсыздар» деді. – Сіз өткен жылдың желтоқсанында 10 миллион теңге болса кремний өндірісі миллиардтаған доллар пайда түсіретін еді деген едіңіз. Сол қаржыға қолдарыңыз жетті ме? – Индустрия жəне сауда министрлігі сегіз миллион теңге беруі керек, жарты жыл өтті əлі ала алмай жүрміз. Осы күні

өзіміз қызмет жасайтын Техникалық университетке 8 милли-
он теңге қарызбыз. Университет ректорына барып, ақша сұрау
енді ұят.

– Əйтсе де қазір Өскеменде кремний шығарып жатыр-

сыздар ғой.

– Иə, жаңа жылдан бері бір тоннадай кремний балқыттық.

Оған негізінен, университеттің көмегімен бөлінген жаңағы
айтқан 8 миллион теңге жұмсалды. Шикізат, электр энергиясы,
су, кызметкерлердің айлықтарына. Əзірге бір тоннадай алдық.
Енді 10 тонна кремний өндіруге немістермен келісімшарт бар.

Олармен 100 мың долларға келісімшартқа отырдық. Бірақ əлі
бірлескен кəсіпорын құрылған жоқ. Немістің Рһоtоvоltаіk Ноldіng
Gmbn компаниясы «Бірлескен кəсіпорынды қашан ашасыңдар?
Біз 35 миллион доллар дайындап қойдық, cол қаражатты басқа

іске жаратпай ұстап отырмыз» деп күнде телефон соғады.

– Инвестиция саламын деп кұлшынып отырған шетел-

дік компаниялар бар екен. Өскемендегі кремний өндіретін
зауыт дайын. Сонда өндірісті көтеруге не кедергі?

– Рұқсат керек. Заңды түрде шешім керек. Рас, олар қаржы-

ны саламыз деп құлшынып отыр, дегенмен оның қайтарымы-
на олардың сенімі болуы қажет.

– Бұл рұқсатты беретін кім?

– Біріншіден, біз Білім жəне ғылым министрлігіне қараймыз.

Алдымен солардың рұқсаты керек болды. Олар Қаржы минис-
трлігінен рұқсат сұрады. Соңғы бір аптаның көлемінде сəл
де болса сең қозғалғандай. Олар «жақын арада болады» деп
сендіріп отыр. Рұқсат алсақ, немістермен бірлескен кəсіпорын

құрып, істі жүргізе бастаймыз. Келісімшарт бойынша 10 мың
тоннаға дайындық жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 4 мың тоннаға
шикізат дайын. Бұдан басқа да немістің «Іnternatіonal Solar
Energy АS» жəне «Сіtу Sоlar АG» компаниялары қызығушылық

танытып отыр.
Бүкіл əлемде кремнийге аса мəн беріп жатқанын біздің бас-
шылар біле ме, жоқ па, одан хабарым аз. Дүние жүзіндегі ал-
дыңғы қатарлы мемлекеттердің жаппай кремнийге аса мəн

беруіне қарағанда, мұнайдың қоры болжам жасап отырғанда-

ғыдан да аз-ау деп ойлаймын. Бізбен келісімшарт жаса-
сып жүрген немістердің айтуына қарағанда, қазірдің өзінде
əуежай, аэродромдарда күн сəулелі батареяларды пайдалана
бастаған. Бос жерге, ауыл шаруашылығы алқаптарына, тіпті

экономиканың барлық саласына осы күн сəулесі батареяла-
рын сала бастаған. Қазақстанда құм жеткілікті. Бұл дегені-
ңіз – кварцтың мол қоры бар деген сөз. Соны пайдалану керек.
Əсіресе, Орталық Қазақстанда Ұлытаудың айналасы, сосын

Шығыс Қазақстанда молынан кездеседі. Біздің көздеп отыр-
ғанымыз – кремний саласын дамыту. Қазір біз соған дайында-
лып жатырмыз.

– Менің байқауымша, инвестор ретінде қызығушылық

танытып отырған негізінен, немістер. Олардың бұл салада
тəжірибесі мол болып тұрғаны ғой.

– Рас, бізге негізінен, немістер келіп отыр. Олар алдымен

қырғыздармен іскерлік байланыста болған. Себебі Қырғыз-
станда да кремний өндіретін екі зауыт бар. Дегенмен қырғыз
еліндегі саяси дағдарыс олардың бетін қайтарып отыр. Бұл өз
кезегінде олардың біздің елге бет бұруына əкеліп соқты. Инвес-

тиция салу үшін оларға да саяси тұрақты ел керек. Алдында
олар Ташкөмір мен Орловкадағы кремний өндіретін екі зау-
ытты сатып алған. Бірақ енді ол келісімнен бас тартып отыр.
Себебі екеуі де таяуда ғана бүлік болып өткен Өзбекстанның

Əндіжан облысымен шекаралас аудандар.
Бізде бұл салаға талдау жасауға қаражат жетпей жатыр.
Бізбен жұмыс жасауға келісіп отырған неміс фирмасы «ол
қаражатты да біз берейік» деп ұсыныс жасаған. Бірақ бізді оған

намыс жібермейді. Біздің қазір «былай істеу керек еді» дейтін
белсенді кеңесшілеріміз көп. Титтей бір кемшілік көрсе, «сен-
дер кремний ала алмайсыңдар» деп жұрттың бəріне жариялай-
ды. Ал бүкіл əлемдегі кремнийдің негізгі дамуы, бұл дегеніңіз

фантастика! Сол себепті немістер «кремний, кремний, крем-
ний» деп күнде хабарласып отыр.

– Бізде жалпы күн сəулесін пайдалану қай деңгейде?

Əлде тек қана мұнай деп аузымызды ашып отырмыз ба?

– Жасыратыны жоқ, қазір тек қана мұнай деп отырмыз.

Бізге қазір шикізаттан кетіп, жоғары технологиялық деңгейге
жетуіміз керек. Ал бірден жоғары деңгейге жету өте қиын. Со-
дан кейінгі екінші қадам – кварцтан кремний шығару. Кремний
болғанда да өте сапалы, таза кремний шығару.

– Сіздердің жасап отырған жұмыстарыңыз кварцтан

кремнийді алып, соны экспортқа шығару мақсатында
жүргізіліп жатыр.

– Иə. Мысалы, бір келі кварцтың бағасы 0,2 – 0,5 доллар

шамасында. Күн элементтері болатын кремнийдің бағасы өте
жоғары. Жалпы орта есеппен алғанда, келісіне 30 – 50 дол-
лар. Ал таза кремнийдің бағасы 160 долларға дейін жетеді.
Қазақстанға оны өндіру əлі ертерек. Дайын технологияны Ба-

тыс елдерден сатып алуымыз керек. Ол бізге қымбатқа түседі.
Немістермен жасаған келісімшарт бойынша біз кварцтан
кремний аламыз, сосын қырғыз еліне барып кремнийдің сапа-
сы жақсартылады да, Германияда фотоэлементтер жасалады.

Бірақ болашақта олар бізге келіп фотоэлементтер жасайтын за-
уыт ашады. Əйтсе де мұның жолы өте қиын болып тұр. Өйткені
тиісті министрліктер бұл істің болашағына сенімсіздік таны-
тып отыр. Оның болашағы болмаса немістер неге сонша

ақшасын саламыз деп тəуекел етуде. Жағдайды білмек бо-
лып төрт рет келді. Немістің екінші фирмасы, тіпті бүгін
келісімшарт жасауға əзір екендіктерін айтып отыр. Бізді Қазақ
Ұлттық техникалық университетінің ректоры Досым Сүлеев

қана қолдап отыр. Индустрия жəне сауда министрлігінен
жауап жоқ. Алты ай болды күнде ертеңмен шығарып сала-
ды. Міне, айналамыздағы жігіттер ақшасыз жұмыс жасап жа-
тыр. Бірақ үміт бар. Ректор да үмітте. Бухгалтериядағылар

«командировкаңыз 150 мың теңгеден асып кетті» дейді, осы
істі болдырамыз деп жағалай қарызданып жүріп жатқан жайы-
мыз бар. Əйеліме айтсам: «Мен көрмеген ақшаны қайда жібе-
ріп жатырсың?» – деп күледі. Бұл – ащы да болса шындық.

Барселонада маусымның басында халықаралық конферен-
ция болады. Ондай жиындарға қатысып, ақпарат алмасып,
əлемде осы салада болып жатқан жаңалықтармен танысуы-
мыз керек қой. Ал біздің ондай шараға қатысуға қалтамыз

көтермейді. Немістер «бұған да жол шығындарыңды біз тө-
лейік» деп отыр. Тіпті ұят. Біз де өз алдымызға мемлекетпіз
ғой. Немістер «сіздің Мюнхендегі баяндамаңыз бомба сияқты
болды. Біз сол үшін келіп отырмыз» дейді. «Себебі алдыңғы

қатарлы фирмалар кремнийді өндіру үшін 100 миллион дол-
лардан кем болмауы керек» дейді. «Сіздер 100 мың доллармен
бір пешті үлгі ретінде көрсетіп отырсыздар, Мұны ұлғайту ке-
рек. Біздің келіп отырған себебіміз сол» дейді.

Өткен жылы «Айқын» газетінде «Миллиардтық табысқа 10
миллион теңге жетпей тұр» деп жаздыңыздар. Тақырып өте
орынды. Сол 10 миллионның 8 миллионын əлі алған жоқпыз.
Немістер бізге 35 миллион доллар дайындап отыр. Олар бізге

«кремний өндіру үшін 100 миллион доллар беруге əзірміз»
дейді. Бірақ немістермен бірлескен кəсіпорын əлі құрылған
жоқ. Қытайдың да бұл салада қадамы зор. Кремний өндіру
жағынан 100 зауыт ашып жатыр. Біз бір зауытты дұрыстап

жолға қоя алмай жатқанда, əрине, бұл үлкен қадам. Дегенмен
біз де алдағы уақытқа үлкен үмітпен қарап отырмыз.
1 маусым, 2006 жыл

Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Ұлттық Ғылым академиясының президенті:

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МƏНІ БАР НЫСАНДАР

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕ БОЛУҒА ТИІС

– Мұрат аға, ғалымдардың катализаторлар дайындау

саласындағы соңғы ашқан жаңалығын естіп, соның мəн-
жайын білмекке өзіңізге келіп отырмын.

– Көпшілікке мен, алдымен, катализатордың не екенін бір-

екі ауыз сөзбен айтып өтейін. Катализатор – химиялық про-
цестерде реакцияға қосылмай, өзін-өзі сақтай отырып, сол
реакцияның жылдамдығын бернеше есе арттырады. Кейде
саясаткерлерді катализатор деп жатады. Саясатта бір мəселені

қайта-қайта көтеріп, соны түбіне дейін жеткізуге ұмтылып жүр
деген ұғымда айтылады. Катализді зерттейтін дүние жүзінде
төрт-ақ институт бар. Олар Жапония, Ресей, Франция, сосын
Қазақстанда.

– Біздің химиктеріміз бен мұнайшыларымыз мықты бо-

лып тұр ғой...

– Рас. Катализатор қазіргі заманда мұнай өңдеу саласын-

да көп қолданылады. Мұнай химиясы дейтін сала катализа-

торсыз еш уақытта жүрген емес, жүрмейді де. Сондықтан ол
үздіксіз зерттеліп, əрі қарай дамып келеді. Мысалы, ғалымдар
«катализатор деген əйелдердің шляпасы сияқты, модасы жыл
сайын өзгеріп тұрады» дейді. Жалпы, катализаторлар біздің

зерттеуіміз бойынша, бес жылда бір рет толығымен өзгеріп
тұрады. Сондықтан кімде-кім катализаторларды зерттеу са-
ласынан қалып қойса, ол мұнай-химиясы саласында алдыңғы
шептен шығып қалады деген сөз. Біздің институт осы катализа-

торды зерттейді. Біздің дүние жүзіндегі осы саланы зерттейтін
ғалымдармен байланысымыз бар. Ал енді катализаторымыз-
дың жалпы деңгейіне тоқталсақ, дүние жүзіндегі жақсы ката-
лизаторлар бізде. Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың маманда-

ры өздеріне катализаторлар шығаратын лицензия сатып алмақ-
шы болды. Көптеген елдердің ұсыныстарының ішінен біздің
катализаторды таңдап алды. Өйткені біздікі əрі тиімді, əрі ар-
зан, құрамы қарапайым, бірақ тұрақты түрде өте жақсы нəтиже

береді.
Қазір газдан да жанармай алу жайлы үлкен мəселе бар. Жер
астынан мұнай шыққан кезде көптеген газ шығады. Бірақ олар,
өкінішке қарай, өндірісте қолданылмайды.

– Босқа жанып жатыр деңіз.

– Иə, шет елдің инвесторлары я босқа жанғызады, я жердің

астына қайта жібереді. Біз оларға «бұлай істеуге болмайды, бұл
алтынды қайта жердің астына тыққанмен бірдей» деп талай рет
айттық. Майлы газда этилен, басқа да бізге қажет органикалық
заттар өте көп болады. Мысалы, одан этилен, сосын спирт

алуға болады. Қазір Жапония, Қытай сияқты елдер бензиннің
орнына, жалпы, жанармай ретінде спиртті пайдалану жөнінде
мəселе көтеріп отыр. Біріншіден – ол өртке қауіпсіз, лап етіп
жанбайды. Атмосфераға жіберетін қалдықтарға қарағанда, бұл

өте тиімді, таза. Мұндай мəселенің барлығын катализаторлар
шешеді. Егер катализаторлар жақсы болса, сіз мұнай, газ өңдеп,
пайдалы зат алудан бірінші боласыз. Сіздің технологияңызды
басқа елдер сатып алады. Біз қытайлықтарға ноу-хау саттық.

Ноу-хау дегенге тоқталсақ, бір жаңалықтың, жалпы, нəтижесі
жарияланады да, бірақ ең керекті түйіні жасырын ұсталады.

Бұл – автордың жеке еңбегі, сондықтан біз бір катализаторы-
мызға ноу-хау саттық. Одан кейін біз одан да жоғары сапалы
екі катализаторды жаңадан шығардық.

– Біз ғалымдарымыз ашқан жаңалықтарды қашанғы

шет елге сатамыз? Оны қашан өз елімізде пайдаланатын
боламыз?

– Осыдан үш-төрт жыл бұрын мен еліміздегі мұнай өңдеу

зауыттары басшыларына хат жаздым. Əсіресе, Шымкент мұ-
най өңдеу зауытымен көбірек келіссөздер жүргізілді. Олар
алғашында ерекше қызығушылық танытты да, кейін тоқтап
қалды. Себебі олардың қожайыны канадалық миллионер, сол

қалай айтса, солай болады. Бұл жерде ол өзінің сапасы біздікі-
нен əлдеқайда төмен катализаторын сатып, қолдандырып отыр.
Өйткені жаман болса да оның да катализаторы өтуі керек.

– «Қолда барда қоныштан бас» дегенге тіреліп тұр ғой

əңгіме.

– Егер Қазақстандағы мұнай өңдейтін төрт зауыттың біреуі

мемлекеттікі болса, біз соған осы жаңалықты тегін енгізер
едік.

– Осындайда сұрақтан сұрақ туады, қазір экономика-

мыз аяғынан тұрып келеді, неге елдегі ең болмағанда, бір
мұнай өңдеу зауытын мемлекеттік меншікке қайта ал-
масқа. Өйткені жылда, əсіресе, егін орағы кезінде Үкімет
шаруаларға арзандатылған бағамен жанармай беру үшін

қаулы қабылдайды, дегенмен сол жанармайдың шаруаға
жетіп жатқаны шамалы.

– Жеке меншік компаниялар арзандатылған жанармайды

бермейді ғой шаруаға. Олар қайта жанармай бағасының арта
түскенін қалайды.
Ал мұнай өңдеу зауытын қайта сатып алу мəселесі – Үкі-
меттің шешетін мəселесі.

– Ғалымдар мұндай ұсынысты Үкіметке айтты ма?

– Бізден ұсыныс болған. Ғалымдар Қазақстан егемендік

алғалы бері ұсыныс айтумен келеді. Мысалы, мынадай стра-
тегиялық мəні бар зауыттарды – Теміртаудағы металлургия
зауытын, Өскемендегі мырыш-қорғасын жəне титан-магний

зауытын, Шымкенттегі қорғасын зауыты сияқты нысандарды
əдетте мемлекет өз меншігінде алып қалады. Өйткені ол сол
нысандар арқылы мемлекеттік саясат жүргізеді. Бірақ біздің
еліміздің экономикалық жағдайы бір кездерде өте қиын болды,

сол себепті олардың бəрі ұзақ мерзімге инвесторларға берілді.
Шетелдіктердің пайдалану мерзімі əлі біткен жоқ. Сондықтан
пəлен деп айту қазір қиын. Өйткені Қазақстан өзінің қол қойған
келісімшартынан бас тартатын болса, онда Халықаралық аре-

нада оның беделі түседі, былайша айтқанда, сенімсіз серіктес
деген атқа қалады. Шартынан айнып қалатын мемлекет деген
пікір қалыптасады. Онда шетелдіктердің бізбен сауда-саттық
жүргізу жұмыстары нашарлап кетуі мүмкін.

– Қазақстан бір кездері британдық «БритишГаз» компа-

ниясына сутегінге сатуға мəжбүр болған Солтүстік Қаша-
ғандағы үлесінің қомақтырақ бөлігін қайта сатып алуға
қол жеткізді ғой.

– Өзінің жерінен шығып жатқан байлықтың құрығанда он-

нан бірін алмаса, ол қандай мемлекет?!

– Сізбен осы жолы əңгіме жүргізуге басты себеп болған

жаңалық – қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жаңа
бензин түрі жайлы айтыңызшы?

– Бұл былай, Еуропада экологияның нашарлап кетуіне,

оның адамға зиянына байланысты бензинге «Еуро-4» деген
дүниежүзілік стандарт қабылданды, Бірақ оны қандай мемле-
кет қай уақытта қабылдайтыны сол мемлекеттің экономика-
лық жағдайына байланысты. Ресей, Қазақстан ол бағдарламаны

əлі енгізген жоқ. Қытай биыл тұрғындарының саны 10 мил-
лионнан асатын қалаларында енгізеді. Өйткені халық саны
неғұрлым көп балған сайын оның ауа райы тез ауыспайтын бо-
лады. Қытайдың бізден ноу-хау сатып алып, жанығып жүргені

де сондықтан. «Еуро-4» стандартына сай катализаторы бойын-
ша бензинді пайдаланғанда, шығатын газдың құрамында азот,
күкірт өте аз – 0,001 пайыз болуы керек. Бензиннің құрамында
концорогенді заттар беретін қылтамақ ауруын туғызатын əр

түрлі органикалық зияны мол заттар болады. Бензин деген
он шақты заттан құралатын жанармай ғой. Оттегі жетіспеген

шақта көміртегінің толық жанбауына байланысты СО деген
газ шығады. Ал егер оны катализатордың көмегімен əрі қарай
тотықтандырсақ СО2 деген газға айналады. Бұл газ усыз, зия-
ны жоқ. Мұнымен минералды суларды, шампанды газданды-

рады. Міне, автомобильдердің сөндіргіштен кейінгі газ шыға-
тын жеріне СО-ны СО2-ге айналдыратын дөңгелек катализа-
тор қояды. Ол автомобильден шығатын газдың бəрін залал-
сыздандырады. Мен осы мəселені былтыр Алматы қалалық

əкімшілігінде көтердім. Экс-əкім арнайы жиналыс өткізді.
Оған қаланың активінің бəрі, зауыт басшылары қатысты.
«Алматы қаласында жүретін машиналардың бəрі біздің ката-
лизаторды алып қолдансын» деген мəселе қойылды. Біз оған

дайынбыз. Бірақ сол ұсыныс аяқсыз қалды. Жақында қаланың
қазіргі əкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қабылдауында бо-
лып, осы мəселені тағы да көтердім. Иманғали Нұрғалиұлы
қызығушылық танытып, маған осы катализатор жайлы толық

мағлұмат беруімді сұрады. Таяу мерзімде мағлұматтың
бəрін əкімге апарып беремін. «Еуро-4» деген стандартты
бəрібір түбінде қабылдауға мəжбүр боламыз. Өйткені Еуро-
одақ бізден оны талап етеді. Өйткені жер бетіндегі барлық

халық үшін атмосфера біреу. Сондықтан оны көп мөлшерде
былғауға ешкімнің моральдық құқы жоқ. Өйткені ол бар-
лық адамзаттың денсаулығына зиянын тигізеді. Егер осы стан-
дартқа көшпесек, біз өркениетті ел деген тізімнен шығып

қаламыз. Сондықтан бəрібір енгізіледі, бəрібір біздің катали-
заторымыз қолданылады. Оған менің ешқандай күмəнім жоқ.
Бірақ соны ертерек қолдансақ, жақсы болар еді. Бізде қазір
ғылым саласының мұнай, газ катализімен айналысуы жақсы

қарқынмен өркендеп келеді. Біздің институттың құрылғанына
30 жылдан асып кетті. Дүние жүзінде біздің ғалымдарымыз-
дың жұмыстары белгілі. Қазір біз мұнаймен бірге шығатын газ-
дан этанол алумен айналысып жатырмыз. Бəрі сəтті болса, біз

технологиясы ең дамыған өркениетті мемлекеттің біріне айна-
ламыз. Мысалы, қазір Қытай, Ресей, АҚШ, Еуропада да осы
салада өте қатты жұмыстар жүріп жатыр. Олар органикалық
заттардан – мұнайдан спирт алу керек дейді. Оны өңдеу керек.

Мұнайдан шығатын пайдалы заттар көп. Мысалы, мұнайды
өңдеу тереңдігі бізде 55 пайыз. Ал Америкада 97, Еуропада 90 –
95 пайыз арасында. Мұнайдан түрлі майлар, шаруашылыққа
қажет қаншама заттар, желімдер, тағы басқа көптеген заттар

алуға болады.

– Бір сөзбен айтқанда, химиясыз, мұнай өнімдерінсіз

өмір сүру мүмкін емес десеңізші.

– Иə, солай деуге болады. Біз енді сол 55 пайызды 95 пайызға

көтеруіміз керек.

– Оған Қазақстанның мүмкіндігі бар ма?

– Мүмкіндігіміз бар. Бəрі ғылымда бар нəрселер, бірақ енді

оны өндіріске енгізуіміз керек.

– Əңгіме тағы ғылым мен өндірістің байланысына келіп

тірелді-ау.

– Иə, өндіріске бұрын мемлекет енгізетін. Үлкен зауыттар

да, мұнай да бəрі мемлекеттікі еді. Қазір оның бəрі жекемен-
шіктің иелігінде.

– Ғылым мен өндірістің байланысын сол жеке меншік

деген кұртып тұрғандай...

– Біздің экологиямызға, адамдардың денсаулығына зиянсыз

болуына сол компаниялар қызығушылық танытып отырған
жоқ. Мен мұны мемлекет басшыларына да, министрліктегілер-
ге де айттым, олар бізбен келісіп отыр. Енді олар бірте-бірте
компанияларға ықпал жасауы керек. Мысалы, қазақстандық

азамат Италияға барып, осындай бір зауыт салып, олардың
экологиясына залалын тигізіп, ғылыми жетістіктерін пайдала-
нудан бас тартса, ертеңіне-ақ оны Италиядан қуып шығар еді.
Ал олар біздің елімізге келіп алып, білгенін істеп жатыр. Бұл –

дұрыс емес. Мен келісімшартты бұзу керек деп жатқан жоқпын,
бірақ ықпал жасау керек. Мұның заңды жолдары өте көп.
Ешқандай мемлекет, ешқандай азамат басқа бір мемлекеттің
территориясына барып, тіпті оның жекеменшігінде болған

күннің өзінде зиянды іс істеуге құқығы жоқ. Олар қазір біздің
экологиялық жағдайымызға қарап жатқан жоқ, тек қана өнім
өндіру, ақша табуды ғана ойлап отыр. Бұл мемлекетті сыйла-
мау дегенге келіп саяды.

– Жаңа зауытты салу мəселесін шешу де қала əкіміне

байланысты болып тұр ма, əлде бұл үкіметтік деңгейде ше-
шілуге тиіс пе?

– Жо-жоқ бұл əкімге байланысты емес, Үкіметтік деңгейдегі

мəселе. Атырауда жапондықтармен келісіп, бір зауыт салынып
жатыр. Дегенмен түптің түбінде осы зауыттарды Қазақстанның
меншігінде қалдыру керек. Мысалы, Түркия да Қазақстан сияқ-
ты даму кезеңдерінен өткен. Алғашқы кезде олар да Еуропаның

көптеген мемлекеттерімен екі жаққа ортақ зауыттар салды. Бір-
ақ кейіннен сол зауыттарды олардың өздері сатып алды. Маман-
дар дайындады, өздері игерді. Сондықтан өздеріне қайтарып
алуға мүмкіндік туды. Қазір солардың көбі таза Ұлттық компа-

нияға айналған. Біз де осы зауыттарды бір кездерде мемлекет
меншігіне алуымыз керек. Онда Қазақстанның он мыңдаған, жүз
мыңдаған адамы жұмыс істейді. Олар – біздің мемлекеттің халқы.
Ал олар кімнің билігіне, кімнің саяси ықпалына тəуелді болып

тұрады. Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне барып тірелетін
үлкен мəселе. Өйткені біздің ұлтымыздың, мемлекетіміздің
экономикасының болашағы соған байланысты.

– Ұлтымыздың болашағы демекші, қазір біздің барлы-

ғымыздың көңіліміз негізгі байлығымыз – мұнайға ауып
тұр ғой. Шетелдік Еnі компаниясы «Қазақстандағы мұнай
қоры 21 жылға жетеді» деп есептепті.

– Бұл анықталған қордың көлемі ғой.

– Дегенмен түбінде мұнай қоры таусылатыны белгілі

ғой, содан кейінгі біздің еліміздің тағдыры қалай болады?
Қанша айтылғанмен, əлі күнге шетелге тек шикізатты
жөнелтіп жатырмыз. Қашан біз дайын өнім өндіруге жете-
міз?

– Жалпы, барлық елдегі мұнай қоры адамзатқа 50 жылға

ғана жетеді. Кейін адамзат басқа энергия көзін іздеуі керек.
Осы мақсатта жұмыс істейтін Халықаралық қорлар құрылып,
олар жер бетінде кімде-кім, қандай ел күннің сəулесін, желдің,
жер астынан қайнап шығып жатқан ыстық сулар энергиясын

қолдана білсе, онда оған қолдау көрсетіп, сыйлық ретінде кері
қайтпайтын жəрдем ақша береді. Америка, Ресейде ядролық

орталықтар бар. Олардың көздегені – ядролық синтезден
алынатын энергия. Аз ғана заттан өте көп энергия алына-
ды. Бұл – мəңгілік двигатель сияқты. Оның бергі жағындағы
мұнайдан кейінгі негізгі энергия көзі – уран, атомдық электр

стансалары. Қазақстан – уранға өте бай мемлекет. Біз мұнай
шығарудан қазір он екінші орындамыз. 2015 жылы бірінші
ондыққа кіреміз. Ал мұнай біткеннен кейін уран энергиясына
өткен кезде, Қазақстан ең бай мемлекеттің біріне айналады,

Дүние жүзіндегі уранның 25 пайызы бізде əрі оның сапасы да
жоғары. Қазақстан энергия жағынан құралақан емес. Ал энер-
гия деген өмірдің шешуші мəселесі. Бір кездері Америка «Егер
керек болса біз арабтардың мұнайын соғыспен тартып ала-

мыз» деді ғой. Міне, Иракқа да келді соғыс. Энергия – өмірдегі
асқан құндылықтардың бірі. Сондықтан Қазақстанның энергия
қоры жағынан болашағы өте жақсы.

– Осы жерде мынадай сұрақ туындап тұр, «Айқын» газе-

тіне берген сұхбатында профессор Құрбанғали Тыныш-
тықбаев Қазақстанда кремний өндірудің мүмкіндігі үлкен
екенін айтып еді.

– Жоқ, мұнайдың жөні бір бөлек, кремнийдің жөні бір бөлек.

Мұнай деген – энергия көзі. Кремний – компьютер, есептегіш
машиналар жасауда қолданылатын зат. Қазақстанның крем-
ний жасап, оны əлемдік аренаға шығару мүмкіндігі өте аз.
Бізді былай қойғанда, осы салада əлемде алдыңғы қатарда ке-

ле жатқан Ресейдің өзі оны жасай алмай отыр. Кремнийге ақша
бөліп, монокристалын алудың болашағы аз. Сондықтан бұл өте
тəуекелі басым бағыт. Бай мемлекеттер ғана ондай тəуекелге
бара алады. Қазақстан бұл жағынан босқа əуре болып қажеті

жоқ. Біздің ала алатынымыз таза емес кремний, ал оны алудың
ешқандай қиындығы жоқ. Ол Кеңес Үкіметі кезінде де алынған.
Қырғызстанда таза емес кремний алатын зауыт салынған. Жал-
пы, кремний деген жер бетінің бəрінде бар, тіпті Африканың

сахарасының бəрі кремний. Бұл мұнай, уран қоры сияқты бай-
лық емес. Егер кремний өндіруге тəуекел жасайтын болсақ,
оған өте көп қаржы керек. Мемлекеттің барлық ақшасын соған
салып, ертең оны өткізе алмай отыратын болсақ, нағыз апат –

сол! Таза емес кремний алудың ешқандай қиындығы жоқ. Ал
монокристал алу оңай шаруа емес. Ол үшін техникалық күш
мықты болуы керек. Ондай мүмкіндік Еуропаның санаулы
елдерінде, Жапонияда, Америкада ғана бар. Америка крем-

нийдің монокристалын алып, есептеу машиналар, телеви-
зор, радиотехникалық əртүрлі аспаптар шығарып, өте байы-
ды. Ол рас. Оны жасау Американың қолынан келді, ал біздің
қолымыздан келе ме, жоқ па? Біреу солай байыды екен деп

оның соңынан ере беруге болмайды. Ол нағыз даңғазалық болар
еді. Əрбір ел өзінің мүмкіндігіне қарау керек. Ол – бір мəселе.
Тіпті монокристал алған күннің өзінде бізді Еуропаның күшті
фирмалары оны рынокқа жібермейді. Шығарған кремнийімізді

олар бірнеше есе төмен бағамен сатуға мəжбүр етсе, біздің
одан көретін пайдамыз да қалмайды. Бұл мəселе жайында мен
бұрын да өз пікірімді білдіргенмін. Бұл кремний Кеңес Одағы
кезінде, өткен ғасырдың 80 – 90-жылдары алынған, оның бəрі

белгілі. Оны қазір қайтадан ғылыми жетістік деп айтуға бол-
майды. Олай айтып жүрген адамдар бар, бірақ олардың өз ұя-
тын өзіне қалдырамын.
Қазақстанның экономикасын күрт көтеріп, алға шығаратын

нəрсе өте көп. Оны мен жаңа айттым, мұнайдың өңдеу техноло-
гиясын 55-тен 90 пайызға дейін көтеру. Біздің металдарымыз –
мыс, алюминий, титан, бəрі сол күйінде сатылады. Солардан зат
жасамай-ақ қояйық, ең болмағанда сым шығарып сатсақ, оның

пайдасы бірден бес-алты есеге артар еді. Мысалы, Қазақстан
ең таза мыс шығарады. Балқаш пен Жезқазғанда мыс өндіретін
екі зауытымыз болса, олардаң мысынан қажетті заттар, при-
борлар жасасақ, олар он зауытқа көбейер еді. Соның өзі біздің

экономикамызды көтермей ме? Мырыштың өзін сатқанша, ше-
лек шығарып, соның сыртын мырышпен қаптап сатсақ, қандай
пайда əкелер еді. Мырышпен қапталған үй шатырын шетелден
сатып аламыз. Біз қайта сатуымыз керек, өйткені мырыштың

шығатын жері – Қазақстан. Дүние жүзінің жартысына мы-
рышты металл күйінде береміз, соның ең болмаса, 30 пайызын
əртүрлі зат шығарып сатсақ, қандай пайда. Металлургияда 4
жəне 5 өңдеу технологиясын ендіру керек. Оқ-дəріні Ресейден

сатып алып отырмыз, ал қорғасынның мол қоры біздің елде.
Пайда келтіретініне ешқандай күмəн жоқ осындай салаларды
дамытуымыз керек. Ал күмəнді тұстарды əзірге қоя тұру керек,
зерттеу қажет оны.

– Қазақстан Ғылым академиясының президенті ретінде

айтыңызшы, ел ғалымдарының əлеуметтік мəселесі ше-
шілген бе?

– Экономикалық тоқырау, 1991 – 1999 жылдардағы өтпелі

кезең елдің ғылым саласына да салқынын тигізіп кетті. Қазақ-
стан ғылымына бөлінетін қаржы бірнеше есе төмендеді. Əсіре-
се, орта буын жас ғалымдарымызды жоғалтып алдық. Айлық
аз болды, көбі бизнеске кетті. Мен жақында Ресей Ғылым ака-

демиясының президенті, академик Юрий Осипов мырзамен
сөйлестім. Оларда да осындай проблема. Ресей ғалымдарының
айлығын көбейтті. «Неге ғылымға талапты жастар келмейді?»
дейміз. Олардың алып отырған айлығын көріп неге келсін?

Отбасын қалай асырайды? Ресейде қазір ғылым докторы,
профессорлардың айлығы 1000 долларға дейін. Сондықтан ғы-
лымға жастар көптеп келіп жатыр.

– Құпия болмаса бізде ше?

– Біздің ғалымдар – ғылым докторы, профессор 50 – 60 мың

теңгедей алады, ғылым кандидаттары 25 –30, ары кетсе 40 мың
теңге ғана. Бұл талапты жастар үшін аз. Мен осы жерде мы-
надай мысал келтірейін: 1943 жылы Сталин академик Зелин-
скийді шақырады, көмекшілері «оны ауырып жатыр» дейді.

Екіншісін шақыртса, ол да ауырып жатыр екен. «Неге?» деп
сұрайды Сталин. «Кеше ол нанның кезегінде тұрып, құлап
қалыпты. Содан аурухананың жан сақтау бөліміне түседі. Айлы-
ғы аз, жұмысты көп істейді. Жасы келген адам əлсіреген...»

деген жауап алады. Сталин көмекшісіне «Ғалымдар алаңсыз,
тек қана ғылыммен айналысуы үшін оларға қанша айлық бе-
руіміз керек екенін анықтаңыз» деп тапсырады. Көмекшісі
есептеп-есептеп 5 есе кебейтейік дейді. Сталин ғалымдардың

айлығы 5 есе емес, 100 есе көбейтілсін деп қол қояды. Бір топ
ғалым Сталинге «Соғыс жүріп, еліміз қиын жағдайда тұрған
кезде біздің мынадай жалақы алғанымыз ыңғайсыз. Бізге бес
есе көбейгенінің өзі жетеді» деп хат жазады. Сол хатқа Сталин

мынадай бұрыштама жазыпты: «Бұл ақшаны мен сіздерге емес,
Кеңес Одағының болашағы үшін беріп жатырмын». Бұл қағаз-
дар мұрағатта сақталған. Əрине, 40-жылдары ондай айлық бере
алған жоқ. Бірақ соғыс аяқталысымен академиктердің айлы-

ғын 100 есе көбейтті. Кеңес Одағы кезінде академиктер ең ай-
лығы көп адамдар болды. Партияның Орталық Комитетінің
мүшелері, КСРО-ның басшылары да ондай айлық алған жоқ.
Соның нəтижесінде не болды? Кеңес Одағы 1946 жылы Аме-

риканың артынша атом бомбасын шығарды. Олардың мысын
басты. Атом қаруы тек АҚШ-та ғана емес, бізде де болды. Сосын
олардан озып, сутегі бомбасын жасады. 50-жылдары олардан
озып, ракета ұшырды. Бірінші ғарышкер бізден ұшты, бірінші

жер серігі, бірінші айға автоматикалық станса ұшырылды,
бұлардың бəрі ғылымның жемісі. Ғылымға соншалықты көңіл
бөлінгеннен кейін тек талапты жастар ғана іріктеліп алынды.
Сталиннің көтеріп кеткен жалақысы 1991 жылы Кеңес Ода-

ғы тарағанға дейін сақталды. Басқа айлықтар бірнеше есе өс-
се де, оған жеткен жоқ. Ғылымға көңіл бөлудің нəтижесі –
осы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Қазақстанның
индустриалды-инновациялық даму стратегиясына қол қойды.

Бұл стратегия бойынша қазір ғылымға бөлінетін ішкі жалпы
өнімнің 0,2 пайызы болса, 2010 жылы ол 2 пайыз болады, яғни
10 есе көбейеді. Ал 2015 жылы 2,5 пайыз болады. Еуропалық
Одақтың өзіне мүше болатын елдерге ғылымға бөлінетін қар-

жы, жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызынан кем болмауы керек де-
ген талабы бар. Егер түпкі ойымыз – Еуропалық Одаққа сай
мемлекет болғымыз келсе, онда ғылымға бөлінетін қаржы
осындай болуы қажет. Ал олар неге талап қояды? Ғылымы

өспеген елдің экономикасы да дамымайды. Ал ол Еуропа
Одағына кірсе, олардың мойнына жүк болады. Əрбір елге
жаңалық ашпағанның өзінде ғалым керек. Мысалы, шетелден
сатып алынған технологияның тілін білу үшін де ғылым ке-

рек. Технологиялық қауіпсіздік деген – осы. Ал экологиялық
қауіпсіздік пен технологиялық даму ең басты мəселе.
12 тамыз, 2005 жыл

РЕФОРМАНЫ ЖҮРГІЗУДЕ

ЖАСТАР ЖАҢАША ОЙЛАЙДЫ

– Нығметжан Қабатайұлы, қазақта «Алпысқа келген-

нен ақыл сұра» деген сөз бар. Сіздің жасыңызды мен біл-
меймін, бірақ қазақтың бір ақсақалысыз ғой...

– Мен санаулы күннен кейін 64-ке толамын.

– Міне, Құдайға шүкір, Пайғамбар жасынан асыпсыз.

Басқа саланы қайдам, тап осы – сіз талай жыл жұмыс жаса-
ған теміржол саласында ақсақалдармен ақылдасып оты-
рып тіршілік жасау үрдісі жақсы жолға қойылған. Қазіргі
теміржолдағы реформалардың жүзеге асуына ақсақалдар

кеңес берді ме, əлде бұл кейінгі жастардың көтерген баста-
масы ма?

– Реформаны жасап, оны жүзеге асырып жатқан да жас-

тар. Өйткені біз үлкендерміз, біз Кеңес заманында өстік,
қызмет істедік, біздің, яғни үлкен кісілердің көзқарасы көп
нəрсеге өзгермейді. 90-жылға дейін зейнетке шыққан адамдар
болып жатқан өзгерістің ішінде болған жоқ. Олар Кеңес уақы-

тында қалай жұмыс істеді сол «қормен», сол тəжірибемен
кетті. Бүгінгі 60-тағы адамдар 90-жылдары 45 – 50-лерде
Нығметжан ЕСЕНҒАРИН,
экономика ғылымдарының док-

торы, ардагер теміржолшы:

еді, олар өзгерістердің ішінде болды. Дегенмен оларды да
екіге бөлуге болады. Біреулері басталған өзгерістердің ара-
сына кірісіп кетті де, 90-жылдары ол істерге етене араласып,
ішінде, тіпті кейбірі басы-қасында болды. Ал кейбіреулері өз

түсінігін, ойын өзгерткісі келмеді жəне сол қалпымен қызмет
істеп, зейнеткерлікке шықты. Ал енді жастарды алсақ, оларда
бұрынғы жұмыстың тəжірибесі жоқ, олардың ойлары, сезім-
дері, пікірлері ашық. Оларды бұрынғы Кеңес уақытының тə-

жірибелері қысып тұрған жоқ.

– Жаңаша ойлайды дейсіз ғой.

– Иə, солай. Олар ештеңеден қорықпайды, іске батыл кірі-

седі. Егер маған бүгін реформаны жаса десе, «Жоқ, мен жа-
сай алмаймын, мен «мынаны былай, мынаны олай істеңдер»
деп ақыл бере аламын. Мені тыңдасаңдар рақмет. Менің ой-
пікірім осындай» дер едім. Бүгінгі үлкен кісілер реформаны

өз түсінігімен қолдап, əртүрлі пікірлер айта береді. Бірақ ре-
форманы шешетін, оны жүргізетін жастар.
Мен 1982-84 жылдары Кеңес Үкіметі жанындағы Халық
шаруашылығы академиясында оқыдым. Біз профессорлар-

мен пікірталастырып жүріп, сол кездің өзінде өзгерістің керек
екенін түсінген адамдармыз. Менің бұл жағынан жағдайым
ерекшелеу болды, тəжірибем де мол. Жол бастығы болдым,
Мəскеуде қызмет істедім. Кейін Халықаралық тəжірибені көп

оқыдым, көрдім. 1991-94 жылдары транспорт министрі қыз-
метін атқара жүріп, 15 – 20 шетелде болдым. Қай елде бол-
сам да «Сіздердің транспорт салаларыңыз қалай жұмыс істеп
жатыр, не өзгерістер, не ойлар бар?», – деп бəрін зерттедім,

кейін оны кітапқа да енгіздім. Біз теміржол саласында осын-
дай реформа болуы керек екендігін сол уақытта түсініп, істерді
бастағанбыз.

– Саладағы реформаны жүргізу нарық экономикасы-

ның талабы, онымен тікелей айналысып жатқан жас-
тар. Қалай ойлайсыз, реформа өзінің ретіне қарай дұрыс
жүргізіліп отыр ма, əлде жіберілген қателіктер бар ма?

– Егер реформаның негізгі бағытын алатын болсақ, менің-

ше дұрыс. Кеңес Үкіметі кезінде теміржол тек жүк, жолаушы

тасудан басқа да талай жұмыстар жасады. Теміржолдың өз ме-
дицинасы болды. Мысалы, теміржол медицинасына барып ем
қабылдайтындардың көбінің теміржолға қатысы болған жоқ.
Сондай-ақ теміржолға қарайтын мектеп, балабақша, сауда

орындары болды. Дүкенге барғанда «сен теміржолшы емес-
сің» деп шығарып тастамайды ғой, бəріне бірдей қызмет
көрсетеді. Сонда мен, мысалы, жолдың бастығы болсам əлгі
пойыздарды қалай жүргізуден басқа «қарамағымдағы дүкен,

мектеп, балабақша қалай жұмыс істеп тұр?», – деп ойлануым
керек. Осы менің міндетім бе? Бұл нарықтық уақытқа сəйкес
келмейтін тірлік.

– Сонда бұрын теміржолшыларға өздеріне қатыссыз

көп міндетті жүктеп қойған болып тұр ғой...

– Иə, теміржолшыға артылар міндет көп болды. Содан кейін

жүк тасымалы өзін ақтайды да, жолаушы тасымалы өзін-өзі
ақтамайтын. Сонда жолаушы тасушыларға жүк тасушылардың
жарты ақысын салып қойған еді. Ол дұрыс емес. Жүк тасу-
шы да, жолаушы тасымалдаушы да өз қызметіне қарай ақы

алуы керек. Осылардың бəрін өзгерту керек болды. Ал енді
біз теміржолды ұстап отырсақ, оның жөндеу жұмыстарын
неге өзге біреулер, яғни бəсекелестер жүргізбейді? Бұрынғы
социалистік жүйемен ұстап тұрған жағдай нарықтық эконо-

микаға сəйкес келмейді. Мысалы, қазір тұрғын үйдің бəрі
жекешелендірілді. Ал теміржол үйлерінің бəрі қалып қоя ма?
Оны неге теміржолшылар ешкімге бермей қарап отыруы тиіс?
Мемлекетте дүкен жоқ, бəрі жекенің қолында, ал неге темір-

жол дүкендерін ұстап қалуы керек? Көрдіңіз бе, нарық эко-
номикасына көшкеннен кейін бұрынғы теміржол саласының
құрамы өзгеруі тиіс болды. Ол «Үкіметтің меншігінде қалуы
керек пе, əлде жекенің қолына көшуге тиіс пе?» деген мəселе

көтерілді. Ол бұрын жұмысты қалай істеді? Бүгін нарықтық
уақытта қалай жұмыс жасап жатыр? Соның бəрін зерттеу қажет
болды. Осының бəрі жасалып жатқан жұмыстар. Бағытын
алсақ, теміржолдың тікелей жүк, жолаушы тасуға қатысты

емес, жөндеу, зат шығару салаларын нарық уақытында бөлек
шығарғанымыз дұрыс. Бұл ой тектен-текке айтылып отырған

жоқ, тап осы кабинеттің ішінде (Ол жұмыс бөлмесін бір шо-
лып өтті, Г.Ж.) мен көп қағаздар жаздым.
Дегенмен реформа жасауда ешқандай қате жоқ деп айтуға
болмайды, Əрине, қателіктер бар. «Ештеңе істемеген адам ғана

қателеспейді». Менің ойымша, кəсіпорындарды өте бөлшек-
теп жіберген дұрыс емес. Мысалы, локомотив депосын алайық
та, оның қасындағы жылу қазандығын нарыққа жіберсек, ол
қазандық ертең жылу бағасын қымбаттатып жібереді.

– Бір-бірімен сабақтас, байланысып жатқан кəсіпорын-

дарды тым бөлшектемей, сол күйі қалдыру жайы ғой сонда
сіздің айтып отырғаныңыз.

– Иə, бізде бір технологиямен жұмыс істейтін салаларды

өте бөлшектеп жіберген жағдайлар бар. Реформа жағынан
ТМД елдерінің басқасын былай қойғанда біз Ресейдің алдына
шығып кеттік. Біз олардан 4-5 жыл алда келеміз. Дегенмен мен
біз барлық мəселе бойынша дұрыс келе жатырмыз деп айта ал-

маймын. Əйтсе де негізгі алған бағытымыздың дұрыс екенді-
гі айқын.

– Қазақстан теміржолындағы тың өзгерістерді, шыны

керек, ресейліктер мойындап отыр. «Жаңа теміржол са-
лып жатырсыңдар, бұл жағынан сендер біздің алдымызды
орап кеттіңдер» деген пікірлерін де білдіріп жатыр. Алтын-
сарин – Хромтау теміржол телімі пайдалануға берілді, Шар –

Өскемен теміржол телімі құрылысы басталды. Дегенмен
біздің əлі де теміржолға зəру аймақтарымыз көп қой...

– Теміржол салу мəселесіне келсек, Кеңес одағы кезінде

теміржол салғанда оның сол республикаға немесе облысқа
пайдасы тие ме, жоқ па деген мəселе қаралған жоқ. Тек Кеңес
одағына қалай пайдасы тиетіні есептелді.

– Тек жоғары жақтан қарап шешілген мəселелер ғой.

– Рас айтасыз, ал енді өзіміз бөлек мемлекет болған соң

теміржолдың əрбір тарабын қарап көрсек, дербес мемлекетке
лайықты, икемді емес. Шығыс Қазақстанға бару үшін екі рет
Ресей территориясын басып өтеміз. Екі рет кеденшілер, екі рет
шекарашылар тексереді. Батыс Қазақстанға барғанда да біздің

алдымыздан осындай мəселе туындайды, Орталық Қазақстан
мен Батыс Қазақстанның байланысы жоқ.

Уақытында Орта Сібір магистралі Транссібір жолын жеңіл-
детеміз деп Көкшетау, Қостанай жаққа қарай екі жол салдық.
Ал енді жүк тасымалы азайғаннан кейін Сібірден Еуропаға
қарай тасылып жатқан жүк азайды. Ресей Транссібірге өз жүк-

терін алып кетті. Сондықтан бұрынғы жолдар босап қалды.
Өйткені оған жұмыс жоқ. Мен Көкшетаудан Новоишимская
арқылы Қостанайға жолаушы пойызымен бардым. Күніне екі-
үш пойыз ғана жүреді.

Ал енді екінші жағынан келетін болсақ, уақытында Құлан-
дыдан Малиновый озеро стансасына Ресей территориясымен
жүретін жол бар еді, оны уақытында Локотьқа дейін апарды.
Кезінде Павлодар мен Семейдің жүгі сол жолмен тасылатын.

Қазір екі ел бөлінгеннен кейін сол жол босап қалды, Ресей
рельстерін алып тастады. Өйткені бізге Ресейдің территория-
сын екі рет басып өту тиімсіз. Сондықтан Ақсу – Конечная де-
ген тіке жол салдық.

Əрбір мемлекет басқа мемлекеттің территориясын ба-
сып өтпеу үшін өз аймақтарын бір-бірімен байланыстыру ке-
рек. Қостанай, Тобылмен Ақтөбе жаққа қарай Ресей жерімен
өткенде оларға «тарифтеріңді азайтыңдар» деп талай рет ай-

тылды. «Біз халықаралық емес, Қазақстанның немесе Ресейдің
тарифімен төлейік» дедік. Жоқ, олар халықаралық тариф қой-
ды. Ал халықаралық тариф қымбат. Сол себепті біз өз терри-
ториямызда жол салуға мəжбүр болдық. Ал енді қазір жүк бері

қарай ауысқаннан кейін Ресейдің теміржолы да едəуір босап
қалды. Егер біз Ресеймен халықаралық келісімге келіп, олар
тарифті көтермесе, онда мүмкін жол салынбас еді. Дегенмен
болып тұрса өз жолыңмен жүргенге не жетсін?!

Енді Шар мен Семейдің арасы қосылады. Дегенмен əлі
бізге мың жарым шақырымдай жол салуымыз керек. Ұлытау
арқылы өтетін Арқалық пен Жезқазғанның, Жезқазған мен Қы-
зылорданың арасын қоссақ, Сексеуілден тіке жол салсақ де-

ген жоспар бар. Байқап отырған боларсыз, бізге əлі алдағы
20 – 30 жылда біраз жол салуға тура келеді. Мысалы, Ла-
Манштың астынан тоннель арқылы Еуропаға салынған жол-
ды санамағанда ағылшындардың соңғы теміржол рельсін сал-

ғанына 50 жыл болыпты. Бізге жол салу керек емес деп қазір
қайта рельстерді орнынан алып жатыр.

– Қазақстан территориясы үлкен, оның үстіне енді ғана

егемендік алған жас мемлекет қой. Жаңа астанаға қоныс
аударғанымызға да көп бола қойған жоқ. Елордамен бүкіл
аймақты байланыстыру да бір шаруа.

– Мұның бəрі алдағы уақытта ойластырылуы тиіс шаруа-

лар.

– Қазақстан əлі 20 – 30 жыл теміржол салуы керек деп

отырсыз, қазір негізгі тиімді қатынас кұралы теміржол,
пойыз болып тұр. Шет елдердің барлығымен байланыс
орнаған. Бізден шет мемлекеттерге, ал шет елден бізге
күнделікті тауар тасымалданып жатыр. Алдағы уақытта

шетелдермен теміржол арқылы байланысты нығайту ке-
рек пе?

– Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен те-

міржол арқылы байланыс бұрыннан қалыптасқан. Жал-
пы, бізде шетелдермен теміржол арқылы байланысатын 15
шекаралық байланыс бар. Оның ішіндегі ерекше маңызы
зоры – Достық арқылы Қытаймен байланысты арттыру. Бұл

жерде теміржол салынуы мүмкін екі мəселе бар: бірін-
ші – Қытай үкіметі Құлжаға теміржол салып жатыр. Уақытын-
да – 1953 жылы Хрущев Қытайға барып келісімге қол қойған-
да Алматы мен Үрімші, Лонжоу арқылы тіке теміржол салмақ-

шы болған. Харгос, одан жоғары солтүстікке қарай таулар-
дан өтетін. Жоба жасап көргенде Харгос пен Үрімшінің ара-
сына 18 шақырым тоннель салыну керек болды. Сондықтан
бұл тіке жол салынбай, Жоңғар қақпасы арқылы Ақтоғайға

шықты. Ал енді Құлжадағы қазақ облысы теміржолсыз қал-
ды. Қытайда қазір теміржолды көп салып жатыр. Осыдан екі-
үш жыл бұрын Тұрпаннан Қашғарға дейін теміржол салды.
Енді олар біздің шекараға 90 шақырымдай жетпейтін жерден

оңтүстікке қарай – Құлжаға теміржол салып жатыр. Алдағы
уақытта олар Құлжаға дейінгі жолды Хоргосқа жеткіземіз деп
отыр. Бізге де сол жаққа теміржол тартыңдар деген ұсыныс
білдіріп отыр. Реті келсе Сарыөзектен Харгосқа дейін жол тар-

туымыз мүмкін. Өйткені, таситын жүк көбейсе, онда екінші
жол қажет болады.
Қазір айтылып жүрген екінші үлкен жол – Шығыс пен
Еуропаның арасы. Бұл екі аймақ арасындағы жүк тасымал-

даудың бағасын сарапшылар 400 – 600 миллиард доллар деп
есептейді. Бұл – жүктің бағасы емес, оны тасымалдау құны.
Оның 99 пайызын су жолымен, яғни кемемен тасиды. Егер
Транссібірден, өзіміздің теміржолдарымыздан жүк тасымал-

дау құнының бір пайызын алған күннің өзінде 4 – 5 милли-
ард доллар пайда көреміз. Сондықтан қазір біз сол жолдары-
мызды пайдаланып, транзит жүктер тасып жатырмыз. Тран-
зит – басқа мемлекеттердің жүгін тасу. Теміржолшылар 1999

жылы Хоргос арқылы 447 мың тонна транзит жүк тасыса, 2004
жылы 1 миллион 533 мың тонна жүк тасыды. Көріп отырсыз
ғой, бес жылдың ішінде үш есе көбейтті. Дегенмен бұл əлі аз.
Мысалы, Достық стансасы арқылы биыл 11 миллион жүк та-

симыз деп жатыр, соның 5,5 миллионы, яғни 50 пайызы тран-
зит жүк болса, қайта сол көп пайда əкеледі. Ал биыл транзит
екі миллион тоннаға жетеді деп отыр. Біз осы жағын ойлауы-
мыз керек. Алдымызда теміржолды пайдаланудың екі үлкен

бағыты тұр: бірі – өз теміржолдарымызды пайдалану, екінші-
сі – Қытайдың теміржолын Еуропамен қосу. Біздегі екі рельс-
тің арасы 1520 мм да, оларда –1435 мм. Осының жүкті шека-
радан өткізгенде қиындығы болып тұр. Ал халықаралық кон-

сорциум құрып, жекеменшік жол салынып, екі ара қосылып,
шығыстан батысқа, батыстан шығысқа дейін күніне 10 – 15
контейнерлік пойыз жүрсе, онда бізге көп пайда келтірер еді.

– Бұл жобаға ұлан-байтақ жерді алып жатқан Қазақстан

территориясы да жəне оның Еуропа мен Азияның ортасы-
на орналасуы да жақсы пайдасын тигізеді емес пе?

– Əрине, орналасу жағынан ұтымды. Дегенмен мұндай үлкен

мəселені шешетін жалғыз Қазақстан емес, бұл өзге де қатысушы
мемлекеттермен ақылдасып отырып шешілетін үлкен шаруа.

– Халықаралық теміржол болған соң оның пайдасы мен

проблемалары өзге елдерге де ортақ екені рас. Алғашқы
кезекте қай жолдарды қолға алу қарастырылуда?

– Теміржолдың басшылары келесі жылы Қытайдың колея-

сымен жолды Ақтоғайға дейін саламыз деп отыр. Мен оны
дұрыс көріп отырмын. Ал бірақ ол жолды салу үшін Қытаймен
жолды пайдалану технологиясын алдын ала келісіп алу ке-
рек. Ол «Қалай жұмыс істейміз? Кімнің вагондары өтеді?

Қытайдың вагоны қалай келеді? Не жүк əкеледі? Біздікі қайда
барады?» деген сияқты мəселелер. Келісіп, бар мəселені нақ-
тылып алып, теміржол салуға сосын ғана кірісу керек. Егер
теміржолды бірге пайдалануға Қытай келісім бермесе, онда ол

теміржолдың мағынасы да болмай қалады. Мен бұл мəселені
зерттеп көргенмін, оның пайдасы зор болмақ.

– Теміржол жайлы əңгіме қозғалғанда тариф мəселесінен

сырт айналып кете алмаймыз.

– Тариф деген ең бір қиын мəселе. Бұрын қожайын жүкті

стансаға əкеледі де теміржолға тапсырса болды, əрі қарай бас
қатырмайтын. Теміржолдың ішінде сан салалы кəсіпорын, қыз-
мет бар. Теміржолға бір рет ақысын төлесе болғаны. Ал енді
қазіргі нарық заманында бұл мəселе өзгеріп отыр. Теміржол

бөлініп жатыр. Оның магистральдық теміржол жүйесі бар.
Жүкті иесінен қабылдап алатын тасымалдаушы, оның өз вагоны
бола ма, локомотивті біреуден жалдай ма, əйтеуір жүкті жеткізу
керек. Қазір бұл жұмысқа жалғыз теміржол емес, он шақты

қатысушы бар. Бұрын бір теміржол тарифі болушы еді, қазір
магистральдің, вагон берушінің, локомотив қожайынының,
жүк тасымалдаушының əрқайсысының өз бағасы бар. Бүгінде
тариф төртке бөлініп отыр.

– Төрт қожайын «əрі тарт та, бері тарт» жасап, тарифке

оның кері əсері тимей ме?

– Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін теміржол бұ-

рынғы қалыпта қалмайды. Бəсеке болуы керек. Ел нарықтық
жолды таңдағаннан кейін біз ешқайда кете алмаймыз. Мыса-
лы, мобильді телефон арқылы Францияға шығу үшін қаншама
оператордан өтеміз. Бірақ біз оны білмейміз. Ақысын төлесек

болғаны. Сол ақшаны əлгі операторлар қалай бөліп алады, өз-
дері біледі. Теміржол да сондай жүйеге келу керек. Жүк иесі
бұрынғыдай бір жерге ақы төлеуі тиіс. Ал кімге қанша төлеу

керек екенін жүк тасымалдаушы шешеді. Электрониканың
дамыған уақытында ол мүмкін жағдай. Бірақ оған біраз жұмыс
істеп, көп шешімдер қабылдауға тиіспіз. Тасымалдаушылар
төрт-бесеу болса, жүк иесінің таңдауға мүмкіндігі артады.

Сондықтан бастаған істі енді тек қана алға қарай алып жүру
керек, кері қайтатын жол жоқ.
6 қыркүйек, 2005 жыл

Жарылқасын САДЫҚОВ,
техника ғылымдарының докторы,
КСРО өнертапқышы:

ЖАҢАЛЫҒЫМЫЗ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕКЕНІН

ОРЫСТАР ТҮСІНІП ОТЫР

– Жарылқасын аға, сіздің өз комбайнымызды жасап

шығаруға талпыныс жасағаныңызға талай жыл болды.
Нəтижесін қашан көреміз?

– Сол бастамамызды əлі жалғастырып келеміз. Сондай

бір үлкен жетістікке жеттік деп айта алмаймыз. Бірақ бі-
раз даму кезеңдерінен өттік. Бірінші – комбайнның тəжірибе-
эксперименталдық үлгісін жасадық. Екіншісі – осы экспери-
менталдық тəжірибені кең көлемде жүргізу. Қазақстанның

егістіктеріне салып, жан-жақты сынақтан өткізу сатысында
жүрміз. Өйткені үлкен комбайн шығаратын компанияларға апа-
рып конвейерге қою үшін технологияны сынақтан өткізуіміз
керек. Ғылыми жаңалық ретінде өз еліміздің де, шетелдің де

құжатын алдық. Интеллектуалдық еңбегіміз қанша тұрады? Со-
ның бағасын шығардық. Интеллектуалдық еңбегімізді Əділет

министрлігіне тіркелген үлкен аудиторлық компания есептеп
шығарды. Олар бір жыл сараптама жасап, бағасын берді. Ол
157 миллион долларға бағаланды. Бұл дегеніңіз – қомақты
ақша. Осының бəрін ала тұрып, енді біз босқа отыра алмай-

мыз. Өйткені қанша еңбек, қаншама уақыт кетті. Сондықтан
біз жұмысты əрі қарай жалғастырып жатырмыз.
Екінші кезеңде осы жасаған еңбектердің барлығын зауыт-
тарға барып жасату. Қазақстанның əрбір аймағында егілетін

өсімдіктер – астық, мал азығы, осылардың бəріне біздің
жаңалығымыз бейім. Біздің бүкіл еңбегіміз еліміздің индус-
триалдық-инновациялық бағдарламасына еніп отыр. Патент
алдық. Жасаған комбайнның атын «Қазақстандық-1» деп атап

отырмыз. «Қаражат жағынан көмектесіңдер», – деп біраз ше-
неуніктің есігін тоздырдым. Мен тірі болсам, мұны түбіне
дейін жеткіземін.
Ресейдің Красноярск комбайн зауытының Назарова қала-

сында бөлімшесі бар. Біз қазір солармен жұмыс жасап жатыр-
мыз. Кішкентай бөліктен бастадық. Назароваға барып, олар-
мен келістік. Тендерге қатысып, инновациялық қордан біраз
қаражат жеңіп алдық. Олардың шарттары бойынша ғылымда

ашылған бір жаңалыққа бөлінетін қаржы 7 миллион теңгеден
аспауы керек екен. Ал ол бір комбайнның бағасына да жетпейтін
қаражат. «Егер бірінші кезеңдегі 7 миллион теңгені жақсылап
игеріп алсаңдар, онда екінші кезеңде қанша сұрайсыңдар, соны

береміз» деп отыр. Оған да рақмет.

– Сол ақшамен Назаровадағы зауытпен келісіп отыр-

сыздар ғой.

– Иə. Қазір олар біздің контейнерді Қазақстанға өткізіп

жатыр. Аманшылық болса, ол таяуда келуі керек. Талғардағы
шаруашылыққа алдын ала бір комбайнның ақшасын төлеп
қойдық. Біздің қондырғы келген уақытта олар бізге бір ком-
байнды бөліп беруі керек. Сөйтіп, біз оны ораққа саламыз.

Бидай жинау аяқталып қалды. Сондықтан онымен биыл
бұршақтектес дақылдарды жинаймыз. Сосын Алматы облы-
сында Қаратал жəне Балқаш ауданында күріш жинауға сала-
мыз. Биылғы жоспарымыз – осы.

Инновациялық қордың біздің жаңалығымыздың тиімділігіне
көздері жетті. Бір жыл бойы зерттеді. Ақшаны бөлгені де сол.
Біз барлық сынақтан өттік.

– Бұл қондырғының басты ерекшелігі не? Ресейдің «Нива»,

«Дон» «Енисей», Германияның «Фирма клаас», Американың
«Джон Дир» комбайндарынан не айырмашылығы бар?

– Бұл компанияның барлығында негізгі егінді ору принци-

пі орақпен егінді шапқаннан кейін астықты алып келеді де,
бастырмаға апарып салады. Үлкен жылдамдықпен айналатын
барабан ұрып-соғып дəнді ажыратады. Сабағын əрі сыртқа
шығарады да, дəнді бункерге жібереді. Бұл кесте барлық

комбайнда бар. Тек қана олардың бір-бірінен айырмашылы-
ғы – кейбірінде механизаторға жағдай жасауға көбірек көңіл
бөлінген. Қазіргі комбайндардың көбі компьютерлендірілген.
Өтіп жатқан процестің барлығы мониторда тұрады. Тіпті қа-

зір АҚШ-та спутник арқылы комбайнды бақылап отырады.
Қай жерде жүр, астықтың түсімі қалай, не орып жатыр, бəрі
бақылауда болады. Болашақта жасалатын комбайнның барлы-
ғы осыған бейімделуі керек. Əрине, біздікінен басқа да бұл са-

лада көп жаңалықтар болып жатыр. Мұның артықшылығы –
егінді орғаннан кейін нағыз сапалы дəнді барабанға жеткізбей
жинап алу. Барабанға баратын болса, онда дəн соғылып, жаншы-
лады. Бұл сапасын төмендетеді. Барабан минутына 1200 – 1500

жылдамдықпен айналады да, массаны жаншып тастайды. Мик-
роскоппен тексергенде дəн өте ұсақ «жарақаттарды» көп ала-
ды екен. Мұндай дəн тұқымдыққа жарамайды, зақымданады.
Егер біз ДСҰ-ға кіретін болсақ, астығымызды жоғары бағамен

өткізгіміз келсе, нан өнімдерін сапалы дайындауды мақсат
тұтсақ, бірінші кезекте сапа деген мəселе тұрады. Біздің техно-
логияның негізгі мақсаты – дəнді зақымдамай, ұрмай-соқпай
жинап алу.

– Сонда осы кезге дейін пайдаланып келген комбайн-

дардың барлығының да мұндай мүмкіншілігі жоқ па?

– Жоқ. Ресейдің «Енисейі», Американың «Джон Дирі»,

немістердің «Фирма клаасы» да енді-енді ғана жаңалыққа
бейімделіп, дамып келеді. Бірақ олардың жұмыс принципі

өзгеше. Біздің технологияның ерекшелігі – өте қарапайым-
дылығы, оған ешқандай артық шығынның керегі жоқ. Тіп-
ті металл да шығын болмайды. Алған металдың орны-
на біздің қондырғыны қоя саламыз, бітті. Барлық жағынан

өте қарапайым əрі тиімді. Біз көп жағынан немістерді де,
америкалықтарды да артта қалдырдық деп айта аламыз. Біздің
технологияның тиімділігін орыстар түсінді. Назаровадағы
конструкторлар «Бізбен ғана жұмыс істейсіздер» деп қайта-

қайта тапсырып отыр. Олардың көздегені – біздің техноло-
гиямызды кең көлемде шығару. Зауыт қазір жұмысты баста-
ды. Бұл – тəжірибе-өндірістік партия. Одан кейінгі үшінші ке-
зең – тұтас сату. Зауыт технологияны өздерінің шығарып жат-

қан өнімдерінің қатарына қосты. Əрі қарай бізден лицензияны
сатып алады да, өнімді қанша көлемде болса да шығара береді.
Біздің жаңалығымыз АҚШ, Германиянікіне қарағанда бəсекеге
қабілетті екенін орыстар түсініп отыр. Ресейліктерге жасатып,

кейін олармен саудаласуға болады. Бағасы да өсе түседі. Шарт
қоюға болады. Келешекте қай компания жақсы баға қояды, со-
нымен келісіп жұмыс жасауға мүмкіндік бар.

– Ресейліктер шығарып жатқанына іштеріңіз ашымай

ма? Неге бізде де сондай комбайндар шығармасқа? Оған
қазір біздің экономикалық жағынан мүмкіндігіміз бар ғой.

– Бұл өте орынды жəне жанға бататын сұрақ. Мен «жаңа-

лық ашылды, енді оны шығара саламыз» деп ойлағанмын. Бұл
дегенің қағазға жазу бір бөлек, жаңалық ашу екі бөлек, ал оны
конвейерге қою ең шығыны көп, ақыл-ойыңды да шаршататын
нағыз күрделі кезең екен. Біріншіден, қазақ қазақ болғалы біз

комбайн шығарған емеспіз. Екіншіден, кезінде жақсы-жаман-
ды біраз зауыт бар болатын, оның бəрі тоқырау кезінде жа-
былды немесе жұмысын жартылай ғана жүргізіп отыр, ЖШС,
т.б. болып ыдырап кетті. Елбасының саясатына байланыс-

ты бұл сала енді-енді ғана қайта қолға алынып жатыр. Ата-
бабаларымыз егінді егіп, орды, осы күнде де өзімізді-өзіміз
нанмен қамтамасыз етіп келеміз. Бұдан кейін де солай жалға-
са береді. Қазақтың егін салатын жері бар. Сондықтан осы сала

бойынша біз көп жылдар жұмыс істеуіміз керек. Егін салып,

оны жинап, астық алып жатырмыз, оны сыртқа экспорттай-
мыз. Неге астық жинайтын комбайнды өзіміз шығармаймыз?!

– Бұл – болашағы бар іс емес пе? Қазақстанның сапалы

астығына көзін сатып отырған шет мемлекеттер қазірдің
өзінде баршылық. Егер астық көлемін одан да ұлғайтып,
оның сапасын бұрынғыдан да жақсартатын болсақ, оны өз
комбайнымызбен орсақ, ғажап емес пе?

– Бұл – бүкіл қазақ болып көтеретін мəселе. Өйткені қа-

зір біз егінді орып, астық жинағаннан кейін өзіндік құны бел-
гіленеді. Оған сырттан бəленбай қаражат шығарып алынған
комбайнның құны да қосылады. Сол ақшамен біз шет елдің –
Ресей, АҚШ немесе Германияның өндірісіне ақша салып, жан-

дандырып отырмыз. Егер біз өзіміз комбайн шығаратын бол-
сақ, онда өзіміздің фермерлердің сатып алғандарының бар-
лығы өз еліміздің өндірісін көтеруге жұмсалған болар еді. Бұл
қалай алып қарағанда да, айдан анық көрініп тұрған жағдай.

Біздің жаңалығымызбен өз комбайнымызды шығаратын
болсақ, онымен сапалы астық жинасақ, сапалы астықты сыртқа
сатамыз, технология жағынан да жоғары деңгейге көтерілетін
едік. Үш-төрт жылдан бері еліміздегі екі зауыт – Қостанайдағы

дизель-мотор зауыты, Оралдағы ауыр машина жасау зауыты-
на Ресейдің екі компаниясы – Қостанайға Красноярскінің,
Оралға «Россельмаш» компаниялары келді. Оралда ком-
байн құрастырылып жатыр. Бірақ жұмыс ауқымды жүріп жат-

қан жоқ. Мен Ресейдің Қостанайға келген менеджерлерімен
сөйлестім. Олар «Осында жұмыс істейміз деп келдік. Əу бас-
та бізге жеңілдіктер беріледі деп келісілген. Қазір есептеп отыр-
сақ, Қостанайда құрастырылған комбайн зауыттағыға қара-

ғанда өзіндік құны қымбат болып отыр. Бұл – тиімсіз» дейді.
Егер біз түбінде Қазақстанға комбайн қажет деп ойлайтын бол-
сақ, онда қазірден оны қолға алуды ойластырған жөн. Егіні,
астығы мол Қазақстан үшін өз комбайн зауытының болуының

пайдасы шаш етектен болар еді. Біз Ресей зауыттарына барып
енгізіп отырған жаңалығымызды өзімізде қолданар едік.
Əрине, алғашында жұмысты бірден бастап кету қиын, бірақ
жұмыс бірте-бірте жүйеленері сөзсіз. Инвестиция тарту жағын

қарастырып жатырмыз. Бұл жұмыс жүріп кетсе, ешкімге де
жалынбас едік.

– Қызығушылық танытып отырған инвесторлар бар ма?

– Қазір бізге келіп, «бірге жұмыс жасайық» деп жатқандар

бар. Төрт-бес инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ресейдегі өткен ғасырдың 30 – 40 жылдары іргетасы қалан-
ған зауыттар ғой. Олар – алып зауыттар. Сол қаланың қаншасын
жұмыспен қамтып отыр. Осындай зауыттардың біреуін бастап

кіріссек, бұл түбінде елге де, өндіріске де пайдалы. Металдар-
ды босқа сыртқа сатып жатырмыз. Өз металымыз молынан,
енді өз зауытымыз болса, бізге арзанға түсер еді. Жұмыссыз
жүргендер қамтамасыз етіледі. Жұмысшылардың квалифика-

циясын көтереміз. Красноярскіде көріп жүрміз ғой, колледж,
училищелерді бітіреді де, мамандығын өндірісте жетілдіреді.
Бес-он жылда нағыз кəсіби біліктілігі жоғары маман болып
шығады. Металды жонуды көзін жұмып тұрып жасайды. Біз

сондай деңгейге көтерілуіміз керек. Бəсекелестік қабілетімізді
арттыру үшін осындай жұмыстарға баруға тиіспіз. Аграрлық
салада бірінші нөмірлі техника трактор мен комбайн, Ресейдің
өзінде комбайнды Тулада, Красноярскіде, Ростовта шығарады.

Кемерованың губернаторы, қандасымыз Аман Төлеев енді
өз өңірінде шығаруды қолға аламын деп отыр. Өз металы, өз
жұмысшылары бар, енді өз көсіпорны болады. Бір губернияның
өзі осылай жасап жатқанда біз жеке бір мемлекетпіз ғой. Би-

дайдың қатты сортының сапасын бұрынғыдан да арттыру үшін
жаңа технологиялар керек. Дуниежүзінде кез келген мемлекет
немен бағаланады? «Ол мемлекеттің интеллектуалдық деңгейі
қалай? Адамзат дамуы үшін олар не ойлап тапқан?» деген сұ-

рақ тұрады. Біз ашқан жаңалық арқылы əлі-ақ «Қазақтар ком-
байнды қандай деңгейге дейін көтерген? Міне, ұлт, міне, ол
елдің ғылымы» деп бағалайтын болады. Өмірдің өзі соған
алып келеді.

12 қазан, 2005 жыл

Бақдəулет КЕНЖАЛИЕВ,
Металлургия жəне кен байыту институтының
директоры, профессор:

ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ИДЕЯЛАРЫМЫЗ

СУ ТЕГІНГЕ КЕТІП ЖАТЫР

– Сіз осыдан екі жылдай бұрын «Кен орындарындағы

қазбаларды кешенді түрде игеру үшін қазақстандық тех-
нологияларды пайдалану керек» деп едіңіз. Содан нəтиже
шықты ма?

– «Сендердің технологияларың ештеңеге жарамайды» де-

ген əңгіме көп. Негізінде мұның бəрі бекер əңгіме. Себебі
металлургия саласында 2003 жылы Дүниежүзі Металлургия
ғалымдары қоғамының шешімі бойынша біздің институт тех-
нология жағынан бірінші орын алды. Мысалы, біздің немесе

шетелдің технологиясы болсын «қалдық» қалады. Əлем ға-

лымдары сол қалдықты қалдырмаудың жолын іздеуде. Біздің
ғалымдарымыз да осы бағытта 5 – 6 жыл бойы жұмыс істеп,
«Неге қалдық қалады? Оны қалай таза алуға болады?» деген
сұрақтың теориясына жауап берді. Сол технологияны ойлап

тапты. Міне, осы технологияны шетелдіктер пайдаланғысы
келіп отыр. Бұл жұмыстың жартысын біз шетелде жасадық.
Себебі біздің құрал-жабдықтарымыз жоқ, барының өзі ескі.
Бірге жасағаннан кейін жаңа технологияны қолдануға олардың

да құқы бар. Мысалы, дүние жүзінде жылына 1 миллион тон-
надай мыс қалдыққа кетіп қалады. Негізі əлем бойынша жы-
лына 15 миллион тоннадай мыс алынады. Біз соның шешімін
ұсынып отырмыз.

– Сонда біздің технологияларымызды шетелдіктер са-

тып алып жатыр да, өзіміздікілер оған мойын бұрмай ма?

– «Шетелдіктер бізден технологияны сатып алып жатыр»

деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Олар азғантай ғана грант
береді де, біздің идеяларымызды су тегінге алып кетіп жа-
тыр. «Шетелден грант алмасаңдар болмайды» дейді. Ал шет
елдің гранты жеке-жеке ғалымдарға беріледі, тұтас институтқа

берілмейді. Сонда арзымаған ақшаға идеяны алып кетіп отыр
ғой.

– Біздің ғалымдарымыз ашқан жаңалықтың қызығын,

рахатын өзіміз емес, шетелдіктер көріп жатыр десеңізші...

– Тап солай. Дамыған шет мемлекеттер мұндай идеяны

тек бізден ғана емес, басқа да талай мемлекеттен алып кетіп
жатыр. «Жаңалық шетел журналдарында жариялануы керек»
деп идеямыздың бүге-шігесіне дейін айтуға бізді мəжбүр етіп
отыр. Олар барлық құпиямызды ашпай, мақалаларды журнал-

ға баспайды. Жаңалықтың бəрін жария етпей конкурстан да
өте алмайсыз. Сонда, айналып келгенде, біз шетелдіктердің
пайдасына жұмыс жасап жатырмыз.
Өткенде Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ғылым саласын-

дағы ақшаны 2011 жылға дейін 25 есе өсіремін» деді. Ондай
жағдайда, əрине біз ешкімнен кем емес екендігімізді дəлел-
дейміз. Кейбіреулер «Ғалымдар «ұйықтап» жатыр» деп жүр.
Ғалымдар еш уақытта да ұйықтаған емес. Бірақ сол ақшаны

бөлген кезде де көптеген қателіктер кетуі мүмкін. Ақша жүрген
жерде – дау жүреді.

– Сонда мұны жүйелеудің амалы қандай?

– Жобаларды біз де, бізбен қатар құрал-жабдығы, ғалымдары

да жоқтың қасында басқа бір шағын кəсіпорын да беруі мүмкін.
Оған көп ақша тиеді, бізге аз. Сондай теңгермешілік болады да,
біздің «қанымызды ішеді». Əлгі шағын кəсіпорынға кей жағ-
дайда жүздеген миллион, ал бізге 3 – 4 миллион береді де, «неге

болмай жатыр?», – деп бізден талап етеді. Ең қиын мəселе –
осы. Сондықтан мұны құрту үшін ақша бөлген адам, яғни мем-
лекет ақшаның дұрыс бағытта игерілуіне жауап беруі керек.

– Бізде тек металлургия саласында ғана емес, көп сала-

да бюджеттен бөлінген ақшаның игерілмей қалу жағдайы
жиі кездеседі? Мұның себебі не?

– «Сол ақша не үшін берілді жəне одан не алынды?» де-

ген сұраққа шенеунік жауап беруі керек. Атап айтқанда тиіс-
ті министрлер, департаменттің директорлары. Бюджеттен бө-
лінген қаржының жұмсалмай қалып жатқан себебі, басында
дұрыс ойластырылмайды. Конкурс уақытынан кеш жарияла-

нады. «Ақшаны береміз бе, бермейміз бе?», – деп тартып-тар-
тып жүріп жылдың соңына жақындағанда беріледі, мұндай
жағдайда қаржы, əрине, игерілмей қалады. Президент Жарлық
шығарғаннан кейін бір айдың көлемінде қаулы қабылдануы ке-

рек. Ал ондай қаулы кей жағдайда дер кезінде қабылданбайды.
Дайындықсыз келеді. Сонымен «ақшаны анда береміз, мында
береміз» деп тартқылап жүргенде уақыт өткізіп алады. Бізде
шенеуніктер жиі алмасады. Жаңа бастық жұмыспен танысып

боламын дегенше бұрыннан істеп келе жатқандар бар шаруа-
ны «тындырып», жаңа басшының аяғынан шалып жібереді.
Саланы жақсы білетіндерден сұрап, ғалымдармен ақылдасып
жұмыс істесе, əңгіме басқа болар еді. Бізде жақсы таниты-

нымен жұмыс істейтін дəстүр қалыптасқан. Ақыр соңында
тиісті мақсатқа бөлінген ақша игерілмей қалады. Шенеуніктер
ақшаны жамбасына басып отырады да, уақытында бермейді.
Жыл аяқталуға жақындағанда тыпыршып ақшаны таратады да,

ол тиісті мақсатқа жұмсалмай қалады.

– Соңғы кезде біздің елімізде бірнеше сала бойынша

кластерлік жүйе жүзеге аса бастады. Металлургия сала-
сында осындай үрдіс бар ма?

– Біз соған келе жатырмыз. Əр металдың өзі бір сала. Пар-

ламентте «сирек металдарды біреуге берейік» дейді. Бұл бір
адамның қолын біреуге, аяғын екіншісіне берейік дегенмен
бірдей. Ол дұрыс емес, мысалы, металлургия зауыттарында
бұрын кешенді пайдалану деген болатын. Сондықтан соңғы

бұйым шығаруды сол зауыттарға тапсыру керек. Ал оған үкі-
мет бақылау жасауы тиіс. Оның əлемдік нарықтағы бағасын,
өткізілу құнын тексеріп отыру керек. Əңгіме істі жүргізіп
отырған шетелдік пе немесе өзіміздікі ме дегенге келіп тірел-

меу керек. Кімнің қолынан іс келеді, соған берген жөн. Мұның
бəрі заң жағынан реттелуі керек. Бұрын мемлекеттік қор де-
ген болатын. Мысалы, металл арзандады ма, оны сатпай қорда
сақтап тұра тұру керек. Ол шірімейді, өртенбейді. Сосын қым-

баттаған кезде сатуға шығарылады. Мұның бəріне Үкімет та-
рапынан бақылау қажет.

– Əлемдік рынокта уран бағасы көтеріліп келеді. Бұл

құбылыстың қазақ елі экономикасына əсері болады ғой.

– Дұрыс айтасыз, уран бағасы көтеріліп келеді. Оның біз-

дің экономикамызға оң əсері, яғни пайдасы міндетті түрде
болады. Уранның соңғы өнімін Үлбі комбинаты шығарып
жатыр. Олардың кейбір технологияларын жетілдіру немесе
жаңадан жоғары деңгейдегі технология табу керек. Біз соларға

жоғары деңгейдегі технология жасап беруге келістік. Əрине,
өнім сатылғаннан кейін, оның пайдасы болады, бірақ бар гəп
салықта, салық төленуі тиіс. Бізге компанияның басында қазақ
немесе басқа ұлт отырғанының керегі жоқ. Мейлі, айдан əкеліп

адам отырғызып қойса да, Үкіметке салығын төлеп тұрса, бюд-
жеттегілер айлығын алады. Бюджет көтеріледі, халық байиды.
Бюджетке пайда түсірмегеннен кейін не керек? «Аш бала тоқ
баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген

сөз бар ғой қазақта. Өнімді əлемдік нарықта қандай бағамен
сатып жатыр, соны тексеру керек. Игілігін халық көре ме, өзге
ұлт болса да елге пайдасын тигізу керек.

– Сонда өзіміздің технологияларымыз тиімді екенін кен-

шілер əлі ұқпай келе ме?

– Жоқ, соңғы кезде бетбұрыс бар. Бізді бірге жұмыс істейік

деп шақырып жатқандар көп. Бірақ бұл жерде де мемлекеттік
деңгейде реттеп отыру керек. Өзіміз соңғы бұйымға дейін шы-
ғару жағын ойлайтын болсақ, преференция деп беріп жатыр
ғой, соны қалайда қажетке жарату керек. Соңғы бұйымға дейін

шығарғанға салық жағынан жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.
Бұл отандық өндірушілерді ынталандырады. Ал егер шикізат
күйінде шетелге шығаратын болса оларға салықты молырақ
салу керек. Американың дəстүрінде шығын келтіргені үшін

салық төлейтін үрдіс бар. Түсініктірек болуы үшін айтсақ,
айыппұл төлейді. Соңғы бұйымға дейін шығаратындарға же-
ңілдік беріледі. Оларға қосымша құн салығын азайту керек.
Жай ғана мысал, қорғасын əлемдік нарықта 1000 доллардан са-

тылып жатыр ма, неге біз оны 500 доллардан сатамыз? Я бол-
маса, мысалы, уранның келісі 30 доллар ма, мүмкін ол əлемдік
нарықта 50 доллар шығар. Неге біз оны 30 доллардан сатуы-
мыз керек.

– Ғылымсыз өндірістің өркендеуі мүмкін емес. Қазір сіз

басқарып отырған Металлургия жəне кен байыту институ-
ты қандай кəсіпорындармен байланыс жасап отыр.

– «Қазақмыс» корпорациясы, «Алтын алмаз» АҚ, «Қаз-

мырыш», «Титан-магний комбинаты», «Жезқазғансирекмет»,
«Қазтрансойл» тағы басқа да кəсіпорындар бар.

– Қазір ғалымдардың жағдайы қалай?

– Жұмыс істеген ғалым еңбегіне қарай ақша алады. «Ғалым-

дардың жағдайы жаман» деп айтуға болмайды. Мысалы,
ғылым докторы 50 – 80 мың теңге аралығында жалақы ала-
ды. Қазіргі кезде салыстырмалы түрде алып қарасақ, біздің
ғалымдардың жағдайы Ресей ғалымдарынан артық. Эконо-

миканың көтерілгені, ақшаның көбейгені ғылымға да оң ықпа-
лын тигізе бастады. Дегенмен бұл жерде де əңгіме ақшаны
қалай бөлу мəселесіне келіп тіреліп тұр. Егер əрқайсысы өзіне
бөлінген ақшаға жауап берсе, бəрі ойдағыдай болады.

Қазір шағын кəсіпорын не, арнайы институт не, бəрін
бірдей етіп қойды ғой. Олай болмауы керек, себебі арнайы

институттардың ішінде ғалымдары бар. Бізде маман дайындау
дегенде де алалау бар. Шетелдікі келсе, 5000 доллар береді,
біздердікіне 30 мың теңге береді. Бұл қалай сонда? Күн көріп,
отбасын асырау үшін оның бірнеше жерде жұмыс істеуіне

тура келеді де, кешке шайын ішкеннен кейін əйелін «таны-
май» қалады. Ақшасын беріп, сосын талап ету керек. Мұның
өзі дұрыс емес. Рас, кейбір мамандарды шетелдерде оқытуға
тура келеді. Дегенмен кейбір мамандықтардан біздікілер

шетелдіктерден артық. Біздің ғалымдар Германияға барып,
жұмысын жүргізе алмай отырған зауыттарын іске қосып беріп
келіп жатыр. Бұл – ақиқат. Біз өз мамандарымызды бағалай
алмай отырмыз. Бар мəселе – сонда. Əйтпесе біздің ғылыми

потенциалымыз ешкімнен кем емес.

– Дегенмен «Қазақстан ғылымы қартайып барады» де-

ген де пікірлер айтылып қалып жүр ғой. Бұған не дейсіз?

– Жастардың ғылымға бет бұруы үшін ең алдымен олардың

əлеуметтік жағдайын жақсартуымыз керек. Оларға баспана,
жақсы жалақы керек. Сонда ғана олар алаңсыз ғылыммен ай-
налысады. Төмен пайызбен пəтер беруге тиіспіз.
Жасыратыны жоқ, қазір ғылымға жас мамандардың келуі

сиреді. Олар үлкен талаппен түскен жоғары оқу орнын бітіреді
де, мейрамханаға барып даяшы болады. Себебі, ол бітірген
саланың жалақысы аз. Біздің институттағы орташа жас көле-
мі – 43. Ол ештеңе емес. Беретіні бар, деңгейі мықты адамдар-

ды нешеде болса да ұстап тұру керек. Жаңа ғана менің жұмыс
бөлмеме кіріп шыққан кейуананың жасы – 90-да. Бірақ оның
жұмыс істеу қабілеті анау-мынау жастан кем емес. Қытайда
осыдан бес-алты жыл бұрын жасы 60-тан асқан ғалымдар-

ды зейнеткерлікке жіберген. Ал қазір соларды қайта шақырып
алып жатыр. Неге? Себебі, олардың қазір де беретіні көп. Олар-
ды пайдалану керек. Олар болмаса жастарды кім үйретеді.
«Білім – инемен құдық қазғандай» дейді ғой, өмір бойы соны

зерттеп келіп, нағыз кемелденген шағында оны неге демалысқа
жіберіп қою керек? Əрине, жастарды тəрбиелеп, оқытып-үй-
рету – бұл басқа мəселе.

– Отандық өндірісті көтеру мəселесіне бет бұрып жатыр-

мыз. Біздің бұл жағынан мүмкіндігіміз қай деңгейде? Таяу

болашақта ДСҰ-ға кіруге дайындық жұмыстары жүріп
жатыр. Жалпы, біз осыған дайынбыз ба?

– ДСҰ-ға біз кіреміз, оған кіргізбей қоймайды бізді. Ол үшін

кəсіпорындардан ғалымдармен байланысты нығайтуын талап
ету керек. Ғалымдардың қатысуынсыз ДСҰ-ға толыққанды
кіреміз деу бекер. Ал ғылыми патенциал бізде бар.

– Металлургия жəне кен байыту саласы қаншалықты

дайын?

– Біз дайынбыз. Мемлекет бізге тек құрал-сайман беру ке-

рек. Сосын екі-үш жылдан кейін талап етсін. Сол мерзімде
өзімізді көрсете алмасақ, онда бізге сын. Əйтпесе біздің идея-
ларымыздың бəрі арзымаған грантқа бола талай шетелге кетіп
қалды.

– Соған «іштеріңіз ашып» отырасыздар?

– Ішің ашиды əрине, неге ашымайды? 30 – 40 мың доллар

берсе болды, біз жүгіріп барып жасап береміз.

– Өкінішті-ақ...

– Əрине, өкінішті. Бірақ амал не?.. Ал металлургия сала-

сында біздің ғалымдардың деңгейі ешбір елдің ғалымдарынан
кем емес. Мен оған жауап бере аламын.
9 желтоқсан, 2005 жыл

ҚЫМЫЗДЫҢ АРҚАСЫНДА

БІЗДІҢ АТАЛАРЫМЫЗ

СЕКСЕНБАЙ, ТОҚСАНБАЙЛАРДЫ

ДҮНИЕГЕ ƏКЕЛГЕН

– Зұлхарнай Сейітұлы, сіз қазақтың ұлттық сусыны –

қымыз бен шұбаттың ұзақ мерзімге дейін сақталу техноло-
гиясын ойлап тапқан ғалымның бірісіз...

– Бірі емес, нағыз өзімін.

– Сол технологияның əлі күнге дейін жүзеге асырыл-

май, Үкімет жағынан қолдау таппауына не себеп? Əйтпесе
қымыз бен шұбаттың пайдалы екендігін жұрттың бəрі
біледі ғой, бізді былай қойғанда, бұл сусынның пайдалы
екендігіне шетелдіктер де көз жеткізіп отыр қазір.

– Біз тəуелсіздік алып, жаңа заман бастала бергенде бұл мə-

селені өте қатты қолға алдық. Біз – үш профессордың бармаған
жері, жазбаған қағазы жоқ. Бірақ бəрі «Жақсы екен, мынау
тамаша ғой, көмектесеміз» дейді де, соңынан ұмытып кетеді.
Мысалы, 1994 жылдары біз Президент Нұрсұлтан Назарбаев-

тың атына «Тамаша қымыз, шұбат бар. Соны өндіруге несие
керек» деген мазмұнда хат жаздық. Ол кісі біздің хатымызға
Зұлхарнай СЕЙІТОВ,
биология ғылымдарының докторы,

профессор:

«Көмектесіңдер, бұл жақсы нəрсе» деп қол қойды. Сол жыл-
дары вице-премьер-министр Ахметжан Есімов, экономика ми-
нистрі Өмірзақ Шүкеев болатын. Елбасы хатты сол екеуінің
атына жазған. Олар хатты «Агробанкке» жіберді. Біз үшеуміз

«Агробанкке» бардық. Нұрекеңнің (Нұрсұлтан Əбішұлы –
Г.Ж.) қолы қойылып тұрған соң біз мəселе шешілді ғой деп
ойладық. Оның алдында Нұрекең Жезқазған (қазіргі Қараған-
ды) облысының Жаңаарқа ауданында болып, сол қымыздың

дəмін көріп, ұнатыпты. Сол кездегі облыс əкімі Қажымұрат
Нағманов одан бұрын бізді шақырып, «осы мəселені көтере-
міз» деген. Сонда «Елбасы Татарстаннан наурыз айында ке-
леді. Сонда қымыздың дəмін көрсетемін» деген. Шынында да,

Елбасы Жаңаарқада болып, қымыз ішіпті. Теледидардан мақта-
ған. «Бұл қолға алатын жақсы нəрсе» деп оң пікір білдірген.
Сонымен, біз «Агробанкке» бардық. Банктегілер «Біз сиырды
кепілге алмаймыз» деп кері жауап қағаз жазыпты. «Айналай-

ын, біздің хатымызда сиыр деген жазу жоқ қой» деп шыр-пыр
болдық. «Енді бір сылтау табу керек қой» дейді шімірікпес-
тен. «Хатқа Президент қол қойып отыр емес пе?» деген сөзге
«Ақша біздікі ғой» деген жауап алдық. Сонымен бітті. Сосын

«Эксимбанкке» хат жаздық. Біз 900 мың доллар несие сұрадық.
Олардың шарты «сендер алдымен 145 мың доллар əкеліп
беріңдер, сосын біз сіздерге несие береміз» деді. «Ей, айналай-
ын, қалтамызда ондай ақша болса, сендерден ақша сұрап неміз

бар? Ол ақша не үшін?» десек, «Экспертиза жасауымыз керек»
деген уəж айтты.
Сол кезден бері тиісті лауазымды қызметкерлердің бəріне
өз жаңа технологиямыз, оның пайдасы жайлы жазып та, ай-

тып та келеміз. Бəрі «жақсы екен» дейді, бірақ ешқандай көмек
жоқ.

– Сонымен, іс тоқтап қалды ма? Əлде өз беттеріңізше

əрекет жасап көрдіңіздер ме?

– Құрман деген Алматының жігіті Қарағанды облысының

Жарық стансасында қымызды шығарды. Сосын Кегенге келіп,
əрекет жасап көрді. Ол əйелі екеуі ғана бұл шаруамен айналыс-
ты. Минизауыт Кегенде. Бұлар бір жаққа кеткен кезде қымыз

ұрланады, су қосылады, сөйтіп, сапасын бұзды. Құрман онша
табыс таба алмады. Ең қиыны – қымыз бүлінді. Су қосылған
соң біріншіден, сапасы төмендеді, екіншіден, оған деген елдің
сенімі азайды.

Қазір Алматы дүкендерінде сатылатын қымыздың бірде-
біреуі сапа жағынан дұрыс емес. Қымыз бүлінді қазір. Өйткені
санэпидстанса кім болса соған сертификат бере береді. Са-
пасына қарамайды. Бүгін жақсы қымыз əкеліп, сертификат

алып алады да, ертең оның бəрін өзгертіп жібереді. Қадағалап,
тексеріп жатқан ешкім жоқ. Осыдан үш жыл бұрын санэпид-
станса менің ескі стандартыма сертификат беріпті. Санэпид-
стансаға барып «Бұл қалай?» десем, «Солай ма?» – деп өзіме

таңғалып қарап тұр. Міне, көрдіңіз бе, бізде жауапкершілік
жоқ. Қымыз бен шұбат – ем, дəрі, сол себепті бұған немқұрай-
лы қарауға болмайды. Сертификатты беретін оның сырын
жақсы білетін бір адам болуы керек.

Былтыр Семейде жақсы қымыз шығарыла бастаған. Бі-
рақ Семейдің маңайында бие жоқ та, қымыз 150 шақырым
қашықтықтағы Абай ауданынан тасылды. Жер шалғай, күн
ыстық болған соң, ол келгенше ашиды. Ашыған қымыздың са-

пасы болмайды.

– Ал шұбаттың жайы қалай?

– Шұбатты Маңғыстау облысында «Таушық» деген акцио-

нерлік қоғам шығарып жатыр. «Таушықтың» 4000 түйесі бар.
Соның 700-ін сауады. Менімен келісімшартқа отырған. Бірақ
маған ақша бермейді. Мен соның шыққанына қуанамын.

– Қымыз бен шұбат – дертке дауа, ауруға ем. Оның үстіне

қазір қазақ халқын туберкулез кеселі айналдырып тұр ғой.
Ұлттық сусынымызды ем-дəрі ретінде неге қолға алмасқа?
Оның пайдалы екендігін білетін дəрігерлер, ғалымдар бар.
Соның өзінде неге осыған біздің ықыласымыз жоқ?

– Қымыз бен шұбаттың адам организміне пайдалы екенді-

гін бəрі біледі. Бірақ олардың бəріне жылдам ақша керек. Мы-
салы, арақ-шарап өнімдерін алайық. Ол жылдам ақша түсетін
табысты сала болып тұр. Ал қымыз бен шұбат өндіруді жолға
қою үшін жүру керек, ұйымдастыру жұмыстары бар. Оның са-

пасын қарау керек. Сосын қымыз шығару – өте жауапты жұмыс.
Сапасын үнемі назарда ұстап, қадағалау қажет. Алматы об-
лысының Кеген өңірінде биенің сүтін 15 теңгеден сатады.
Өйткені бие көп, алушы аз. Жамбыл облысының Меркі ау-

данында, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданын-
да, Орталық Қазақстанда, Павлодарда жылқы көбейді қазір.
Солардың бəрін ұйымдастыру керек.
Кезінде Қазақстанда қымызбен емдейтін он бес шақты

санаторий болатын. Оның көбі қазір тарап кетті. Қазір қан-
ша жамандағанмен, Кеңес Одағы кезінде адам үшін көп
жұмыс істелді. Алматыға шұбат беріп отыратын түйе сов-
хозы ұйымдастырылды. Əр облыста не түйе, не бие зауыт-

тарын құрған. Қазір жоқ ол. Біздің екі өркешті түйелердің
сүті түркіменнің бір өркешті түйесіне қарағанда сапалы. Рас
түркімен түйесі сүтті молырақ береді. Бірақ сүтінің сапасы
жағынан қазақ түйесіне теңесе алмайды. Сондықтан қазір

бизнесте жүрген біраз жігіт түркіменнің түйесін пайдаланып
келеді.

– Сіз қымыз бен шұбатты зерттеп, еліміздің барлық

өңірін аралап шықтыңыз. Ал қымыздың балдай тəтті, са-
палысы қай жақтікі?

– Қарағанды облысында «Жеңіс» АҚ бар. Сол жердегі қы-

мыз айтары жоқ, нағыз қымыз. Біздің де өз технологиямызға
пайдаланғанымыз – солардың қымызды ашыту əдісі. «Жеңіс»
400 бие сауады. Сол жерде əрбір үйде 5 – 6 бие сауы-
лады. Олардың қымызындай қымыз Қазақстанда жоқ.

– Əңгімеңізге қарағанда, қымыз-шұбат өндірісі белгілі

бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан жоқ. Əр-əр
жерде өз бетінше тіршілік жасап жатқан адамдар. Мұнымен
қымыз-шұбат өндірісі адымын аша ала ма?

– Қымыз-шұбат өндірісін дамыту үшін ең алдымен жер-

гілікті əкімдердің қолдауы керек. Мысалы, Қажымұрат Нағ-
манов бұрынғы Жезқазған облысында əкім болып тұрғанда,
осы мəселені біраз қолға алды. Бізді Алматыдан арнайы ша-
қырып, ақылдасты. Ол сол уақытта облыстың барлық ау-

дан əкімдерін шақырып алып, жиналыс ашты. «Бұл – аяқ ас-

тындағы байлық. Осыны дамытуымыз керек» деді. Қаржы
жағынан қолдауға да ниет етті. Бірақ арада көп уақыт өтпей,
оның қызметі ауысып кетті де, басталған іс аяқталмай қалды.
Қымыз бен шұбатты шығару құжаттарын реттеу үшін «Қаз-

мемстандарт» зертханасының рұқсаты керек болды. Солар
тексеріп, сынақтан өткізеді, егер ойдағыдай болып шықса,
рұқсатын береді. Жаңа басталған жұмыс қой. Ал оған ақша
төлеу керек. Зертхананың Атамбаев деген бастығына барып

«Біз мынадай қымыз шығарайық деп едік. Мен – профессор-
мын. Менің айлығым – 7 мың теңге. Зертханада қымызды
сынақтан өткізу үшін менің ақша төлейтіндей мүмкіндігім
жоқ» дедім. Ол азамат екен. «Бір тиын да керек емес, бəрін

өзіміз жасаймыз» деді. «Қазмемстандарттағы» бөлім бас-
тықтарының бəрін шақырып алып, мəн-жайды түсіндірді.
Олар өте жақсы қарсы алып, біз жасаған технология бойын-
ша қымызды 10 ай сақтады. Əр үш ай сайын дəмін көріп, са-

раптаудан өткізіп отырды. 10 айдан кейін «Бұл технология өте
жақсы. Қымыз жақсы сақталады. Қымыздың негізгі қасиеті
бұзылмайды. Өндіріске енгізу керек» деп рұқсат қағаз берді.
Жұмыс жақсы аяқталғаннан кейін мен соған еңбек сіңірген 5 –

6 адамға шай берейін деп ойладым. «Людмила Дмитриевна,
ертең түсте мен сіздерге шай берейін» деп едім. Ол «Жоқ, біз
сізге шай беруіміз керек» деді. Міне, еңбекті бағалағандық!
Сол кезде қымызды зерттеумен айналысқан тағы бір кісі –

Ольга Павловна Минскіде өткен халықаралық конференцияда
менің жұмысым бойынша баяндама жасады. «Қазақтың дəу-
леті, ұлттық тағамы, оның осындай қасиеті бар» деп жарияға
жар салды. Міне, бұл істің нақты жүзеге асуы үшін осындай

жанашыр адамдар керек. Ал ондай адамдар өте сирек.

– Сонымен, бұрын тек жаз маусымы кезінде ғана іше-

тін қымызды қазір 10 айға дейін сақтай алатын болдық
қой.

– Шыны ыдыста қымызды 1 жылға дейін сақтауға болады.

Ал 10 айдан кейін жаңа қымыз келеді ғой. Сондықтан 10 айға
дейін деп айтамыз. Ал полиэтилен, пластикада 3 ай сақтауға
болады. Өйткені ол химия ғой.

– Онда қымызды экспортқа шығаруға қолайлы мүм-

кіндік туып отыр емес пе?

– Иə, ондай мүмкіндік бар қазір.

– Сіздің əңгімеңізге қарағанда, қазақ қымызының дəмін

біраз мемлекет тұрғындары татып үлгергенге ұқсайды. Ал
экспорт жасау мүмкіндігі қандай?

– Біз қымызды өндіріске енгізуді мықтап қолға алуға жұ-

мыс жасап жүрген кезімізде Германияның Қазақстандағы елші-
лігіне бардық. Мəн-жайды түсінген олар: «Германияға қанша
қымыз жөнелте аласыздар?» деп сұрады. «Екі тоннадай» дедік
біз. Олар «ертең-ақ аттандырамыз» деп уəде етті. Ол кезде «біз-

дің хатымызға Елбасы қол қойды, енді жұмыс дөңгеленіп жүре
береді» деп жүрміз ғой. Оның осы уақытқа дейін сиырқұйым-
шақтанып, созылып кететінін қайдан білейік?
Жалпы, біздің елімізден өз атамекеніне қоныс аударған

немістер қымыздың қыр-сырын жақсы біледі. Германияға
қоныс аударған бір неміс Көкшетауда жылқы зауытында
жұмыс істеген екен. Еліне барып, жылқы жинап, қымыз шыға-
рып жатыр. Мюнхеннің қасында. Соған бір кездері біздің ел-

шіміз Ерік Асанбаевты шақырыпты. Біз жақтан барғандар
«Рас, қымызының дəмі нашар, бірақ зауыты, жері, жылқысы,
оның күтімі керемет» деп таңдай қағып келді. Сосын қы-
мызды «жылқы сүті, йогурты» деп дəріханада сататын

көрінеді. Мюнхен – үлкен қала. Олар осы қалаға жəне Бер-
линге қымыз береді екен. Ал Түркиядағы қазақтар Герма-
нияға күніне 1000 литр қымыз жібереді. Соған қарағанда, бұл
елде қымызға деген сұраныс өте жоғары. Маған қымыз, шұбат

туралы білгісі келетін Израиль, Франция, Египет, Германия,
Жапония университеттерінің профессорлары келді. Мен олар-
ды Қазақстанда апармаған жерім жоқ. Жапондықтар «құрғақ
шұбат керек» деп келді. Біз жасап шығарған шұбаттың ұнта-

ғы тамаша. 1 литр суға азғантай мөлшерін салып жіберіп,
шайқап-шайқап іше беруге болады. Бірақ оған түйе көп болуы
керек. Əйтпесе пайда болмайды.

– Қаншама елден келіп, қымызды қалай ашыту техно-

логиясын білгісі келеді. Немістер қымыз ашытуды бас-

тап та жіберіпті. Олар біздің ұлттық байлығымызды –
мүмкіндігімізді пайдаланып кетпей ме? Осы ұлт ретінде
танылатын үлкен мүмкіндік біздің уысымыздан шығып
бара жатқан жоқ па?

– Біріншіден, оларда ондай көп мал жоқ. Екіншіден, патент

біздің қолымызда. Оны ешкім біздің рұқсатымызсыз пайдалана
алмайды. Дегенмен ертеңгі күні Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
мүше болсақ, біздің алып шығатын бір саламыз осы – қымыз-
шұбат өндіру болады. Ол үшін қымыз бен шұбаттың сапасын

көтеріп, шетелдерге танытатындай етіп жақсылап жарнама-
лауымыз қажет. Оның сапасымен қоса құйылған құтысына
дейін көздің жауын алатындай əдемі болуы шарт.

– Сізді қолдайтын кім?

– Менімен əңгімелесіп, пікірлесіп, мен жасап жүрген ша-

руаларды білетін ғалым-профессорлардың бəрі мені қолдай-
ды. Бірақ бар мəселе қаржы мен ұйымдастыру жұмыстарына
келіп тіреліп тұр.

– Əйтсе де таяу мерзімде оң өзгеріс болады деген үмітіңіз

бар ма?

– Соңғы бес жылда мен бұрынғыдай жанталасқанды қой-

ғанмын. Бірақ сол – менің айналамдағылар «Басталған істі
тастамасайшы» деп қоймайды. Кейбір жас жігіттер де «Біз
бұл шаруаны қолға аламыз. Ағай, не істейік?» – деп келеді.
Олардың құлшынысына қарап «мүмкін бір əрекет жасау ке-

рек шығар» деп те ойлаймын. Бірақ бізді қолдайтын, біздің
жұмысымызды бағалайтын Үкімет жағында ешкім болмай тұр.
Қазақ ұлттық техникалық университеттің профессоры Ма-
хаббат Түсіпбеков: «Мұнай өндіруге жұмсалған 1 доллар 7

доллар пайда береді, ал біздің əдіспен қымызға жұмсалған 1
доллардан 25 доллар пайда көруге болады екен» деп есептеп
шығарды. Бір кездері бұл «Караван» газетінде жарияланды
да. Шын мəнінде, солай, өйткені бұл су тегін жатқан, тау-

сылмайтын қазына ғой. Жылқы өз тамағын өзі табады. Тек
ұйымдастырып, құятын ыдыстарды дайындап, реттесең болды,
бұдан өзге ештеңе керек емес. Тек жылқының басын көбейт-
іп, өсіре білсең болғаны. Негізі, қымыздың 300 мың жыл-

дан астам тарихы бар. Қымыз адамға күш-қуат береді. Ерте-
ректе біздің аталарымыз бер жағын айтпағанда Сексенбай,
Тоқсанбайларды дүниеге əкелген. Бұл, міне, осы қымыздың
арқасында.

– Қымызды Халықаралық деңгейге алып шығатын-

дай бізде экономикалық, яғни қаржылық жағынан мүм-
кіндік бар ғой. Бар гəп нағыз жанашыр адамның болмау-
ына келіп тіреліп тұрғандай.

– Рас, осы істің соңына түсіп, соны діттеген жерге дейін

жеткізетін адам керек.
14 наурыз, 2006 жыл

«БƏЙТЕРЕК» КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛСА,

ҚАЗАҚСТАН НАҒЫЗ ҒАРЫШ МЕМЛЕКЕТІ БОЛАДЫ

– Марат Қатубайұлы, сырт қараған адамға қазір елі-

міздің ғарыш саласында ауқымды жобалар жүзеге асыры-
лып жатқанға ұқсайды. Шынында да, солай ма?

– Елбасының өкімімен үшжылдық ғарыштық бағдарлама

бекітілген. Қазір сол бағдарламаны іске асырумен айналысып
жатырмыз. Оның ішінде бірнеше ірі жоба бар. «Бəйтерек»
ғарыш-зымыран кешенінде «Бəйтерек» Қазақстан-Ресей бір-
лескен кəсіпорны бар. Бас директоры – ұшқыш-ғарышкер Тал-

ғат Мұсабаев. Олар «Бəйтерекпен» айналысып жатыр. Бұл –
үшжылдық бағдарламаның ішіндегі ең ірі жоба.

– Сарапшылар «Бəйтеректі», тіпті əлемдегі ғарыш сала-

сындағы ең ірі жоба деп бағалап та үлгерген жоқ па?

– Ол рас енді. Өйткені «Бəйтерек» кешенінде, Ресейде Ан-

гара деген жаңа зымырандар жасалынып жатыр. Ангараның
экологияға зияны төмен. Бұрынғы зымырандар сияқты, геп-
тил, тағы басқа да зиянды əсері жоқ. Ол жерде керосин жəне
сутегі болады. Бұл – бір үлкен жоба. «Бəйтерекпен» «Қаз-

ғарыш» Ұлттық компаниясы айналыспайды. Жоғарыда ай-
Марат ШЫМЫРБАЕВ,
«Қазғарыш» ҰК Ғарыш техника-
сының арнайы конструкторлық-

технологиялық бюросының
директоры:

тып өткен біріккен кəсіпорынның жұмысы. Бас мекемесі –
Астанада. Байқоңырда филиалдары бар. Ұлттық компания
қазір үшжылдық бағдарлама шеңберінде 9 жобамен айна-
лысып жатыр. Қаржы бөліну, маңыздылығы жағынан ең ірі-

сі – авиациялық «Ишим» зымырын кешені. Жер серіктері сал-
мағына байланысты үлкен, орта, шағын, микро, нано, пико де-
гендерге бөлінеді. Шағыны 100 келіден 1 тоннаға дейінгі жер
серіктері. Мысалы, 120 – 160 келілік шағын жер серіктерін

құрғақ отынмен ұшу Орбитасына кіші зымыранмен апарып,
əрі қарай ұшырады. Қазақстанда екі «МИГ-31» ұшағы бар. Со-
нымен, 17 шақырымға дейін жеткізіп, зымыранды тастайды да,
ұшақ бұрылып кетіп қалады. 5 секундтың ішінде зымыранның

өз двигательдері іске қосылып, əрі қарай ұшып кете береді. Бұл
энергетикалық жағынан өте пайдалы, себебі жердің бетінен
ұшатын зымырандар отынның көбін сол биіктікке жетуге
дейін жұмсап қояды. Ал сол биіктікті ұшақпен бағындырсақ,

жанармай үнемделеді. Оның тағы бір ұтатын тұсы жер бетінің
көрінген нүктесінен ұшыруға болады. Тек бірінші класты ұшу
алаңы болса – болғаны. Мысалы, Малайзия мемлекеті тапсы-
рыс берсе, сол жерге ұшақпен зымыранды алып барып, жер се-

ріктерін ұшу алаңында зымыранның бас бөліктеріне орнатып,
керекті Орбитаға ұшыруға болады.

– Бұл өз ғалымдарымыздың ойлап тапқан жаңалығы

ма сонда?

– Ондай жобалар АҚШ-та бар. Ол əскери ұшақпен

ұшырылады. Ресейде де 5 – 6 жоба бар. Дегенмен біздің елде
жаңа. Кеңес Одағы тарап, Қазақстан егемен мемлекет болған
кезде, бұрынғы ортақ мүлік бөліске түсті ғой. Сонда біздің тер-
риториямызда қалған əскери техникалар – ұшақтар, танктер

Қазақстандікі болып қалды. Сондай бөліс кезінде Байқоңыр
кешені де біздің елдің аумағында орналасқаннан кейін Қазақ-
стандікі болып қалды. Ресей бөліс кезінде тəуелсіздік алған
республикалармен келісімге келіп, бұрынғы Кеңес Үкіметінің

қарызын түгел мойнына алды. Оның есесіне шетелдердегі Ке-
ңес Одағына тиісті үйлер, елшіліктер барлығы Ресейдікі болып
қалды. Сол кезде өзі ерекше, көп шығарылмаған «МИГ-31»

ұшағының екеуі біздің еншімізге тиді. Кейін инженерлер жан-
жақты есептеп, саралап, осы жобаға өте ыңғайлы екендігіне
көз жеткізіп, пайдалана бастадық.

– «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан территория-

сында орналасқан. Оны ұзақ мерзімге Ресей жалға алып
отыр, «Байқоңыр» ғарыш айлағы біздің экономикамызға
қаншалықты пайда түсіріп отыр? Оның экономикалық
үлес салмағы қаншалықты деңгейде?

– Ғарыш саласының ерекшелігі мынада, мысалы, жапондық-

тар экономикалық есептен өткізгенде ғарыш саласынан «бес
жылдың ішінде өзін-өзі ақтайды» деген сияқты тікелей пай-
да іздемейді. Жапондықтардың алған бағыты – ғарыштық
жобаны іске асыру кезіндегі алынған жаңа технологияларды

басқа өндіріс салаларына енгізіп, пайданы сол жақтан көреді.
Оның ішінде электроника, автомобиль құрастыру, тағы басқа
да салалар болуы мүмкін. Сондықтан жаңа жобаны іске асы-
ру кезіндегі алынған білім, тəжірибе, инженерлік жаңалықтар

басқа салаларға енгізіледі. Бізде қазір жасалып жатқан жоба-
лардың барлығы техника-экономикалық есептеуден өтті.
Мысалы, «Бəйтерек» төрт жылда өзін-өзі ақтап, сосын таза
табысқа жұмыс істейді. Ал «Ишим» жобасының ауқымы

үлкенірек. Жер серігін ұшыратын неғұрлым көп тапсырыс
болса, соғұрлым оған жұмсалынған қаржы тез қайтады. Бұл
мəселеде де дүние жүзіне белгілі ірі компаниялармен жұмыс
жасап, болашақ тапсырыс қоржынын қалыптастырудамыз.

Жаңа жоба бойынша көрші Ресей мемлекетімен ортақ меке-
ме құрмақпыз. Бізден «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы, Ресей
жағынан екі конструкторлық бюро ақша салады. Жобаның іс-
ке асыру мерзімі 2 – 3 жыл. Сол мерзімде біріккен мекеме əр

түрлі мемлекеттермен жұмыс істеп, тапсырыстарды алдын ала
қамти бастайды.
Біз бағдарламаның ішінде бар жобаларды жасаудамыз жəне
өткен жылдың ішінде қол қусырып қарап отырмай, өзгерістер,

қосымшалар енгізіп, жаңа жобалар жасап, жаңа келісімдер
жүргізіп жатырмыз. Қазір «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы
алдағы 2 – 3 ай мерзімде тағы да тендер жариялап, Байқоңырда

төрт жер серігін жасамақшы. Оның екеуі Қазақстандікі, екеуі
Ресейдікі болады. Бірақ олар жіберілген кезде топ құрады да,
біздің территориямыздан ұшып бара жатқан кезде біз үшін, ал
Ресейдің үстінен ұшқанда, сол ел үшін жұмыс істейді. Үкімет

осындай жобаны қолға алып, қаржы бөліп жатыр.

– Сіздердің жобаларыңыздың бірі – кіші авиацияны

қолға алу болатын. Ұшқышсыз ұшақтарды жасау қолға
алынып жатқанынан да хабарымыз бар. Сол жобаның
қазіргі ахуалы қандай?

– Былтырдан бері барлық ірі-ірі Ұлттық компаниялар мен

министрліктерге сондай ұсыныс жасағанбыз. Мысалы, бізде
мынадай: осындай биіктікке көтерілетін, осынша мерзімге
ұша алатын, суретке түсіретін қабілеті бар ұшқышсыз ұшақтар
жасай аламыз деп барлық жағдайды түсіндіріп ұсыныс

жасағанбыз. Қазір жан-жақтан тапсырыстар түсіп жатыр. Мы-
салы, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы», Ауыл
шаруашылығы, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктер
қызығушылық танытып отыр. Біз қазір оларды сараптаудан

өткізудеміз. Егер тапсырыс молынан болса, Ресеймен немесе
Израильмен біріккен кəсіпорын құрып, Байқоңырда осындай
ұшақтарды құрастырып шығаратын боламыз.
Байқоңырда Халықаралық ғарыштық өндіріс орталығы құ-

рылмақ. Оның үстіне технопарктер, технополистер, өндіріс
мекемелері болады. Кіші авиация, басқа да ғарыш техникасы-
ның біразын біз өзіміз игеріп, өндіріс ұйымдастырып, құрас-
тыруды қолға алмақпыз. Біз оларды шетелдерге сата аламыз.

Оған маман жағынан да, тəжірибе жағынан да толық мүмкіндік
бар.

– Маман демекші, бізде ғарыш саласында маман дайын-

дайтын арнаулы оқу орны жоқ. Қашанғы біз өз маманда-
рымызды Ресейде, Үндістанда дайындамақпыз?

– Ол мəселемен осыдан 7 – 8 жыл бұрын тікелей айна-

лысқанмын. Үкіметке де шығып, алғашында ғарыш саласы
мамандарын даярлайтын жеке оқу орны болмаса да, бөлім,
факультет қажет деп мəселе көтергенбіз. Қ.Сəтбаев атындағы
Ұлттық техникалық университетте бір факультет ашсақ деген

ұсыныс жасадық. Бірақ ол кезде Үкімет тарапынан ешқандай
қолдау тапқан жоқ. Ал қазір Ұлттық компания Қазақ-британ
университетімен жылына ғарыш саласына 50 маман дайын-
дау туралы меморандум жасасты. «Қандай маман қажет, оқу

бағдарламасы қандай болуы керек?» деген мəселелермен біз
айналыстық.

– Бұл жоба қай кезден бастап жүзеге асады?

– Осы жылы басталуға тиіс.

– Бұл бір жақсы жаңалық екен.

– Ұлыбританияның Сурей университетінің конструкторлық

бюросы бар. Бұл – Дүние жүзіндегі кіші ғарыш аппараттарын
жасайтын компаниялардың ішіндегі көшбасшы университет.
Жасаған жұмыстарының көлемі, ұшырылған жер серіктерінің
саны, сапасы бойынша алда келе жатқан компания. Қазақ-

британ университетіне сол жерден мамандар шақырылмақ.
Басқа да ғарышқа қатысты мамандықтар көп. Оның ішінде ма-
тематика, физика да бар. Жанармай жасауға химия да қажет.
Біз оқу бағдарламасын бірігіп қарастырамыз да, бір тоқтамға

келгеннен кейін, өз ұсынысымызды айтамыз. Олар жеке оқу
орны болғаннан кейін өз ғылыми кеңестерінде, факультетте,
университетте қарап, бағдарлама қабылдануы керек. Сол оқу
бағдарламасын іске асыратын маман-профессорларды өздері

іздеп, шақырып, жұмысты жүргізеді.
Ұлттық компания алғаш құрылған кезде «Жұмыс істей ала
ма, жоқ па, мамандар табыла ма?» деген үлкен күмəн болған.
Қазір ұлттық компанияда 200-дей адам жұмыс істеп жатыр,

соның 150-і Ресейдің жоғары оқу орындарының ғарыш, ракета,
авиация жағын бітірген мамандар.

– Өзімізде ғарыш саласына маманданатын жоғары оқу

орны болса, жастардың қызығушылығы бұрынғыдан да
арта түсері хақ қой...

– Ол рас. Бұған қосымша онға жуық жоғары оқу орнын-

да студенттік конструкторлық бюро ашып жатырмыз. Ол да
маман дайындаудың бір түрі. Мысалы, студент Энергетика
университетінде байланысшы мамандығын меңгеріп жатқан
болса, бұл қосымша мамандық болады. Студенттік жер серігін

жасайды. Ол бізге даяр маман болып шығады. Мен «Болашақ»
бағдарламасының сарапшылар тобының мүшесімін. Былтыр
ғарыш саласы бойынша 72 баланы алыс шетелдерге оқуға
жібердік. Биылдан бастап ғарыш мамандықтарына 200 орын

бөлінетін болды.
Ақпан айында Вашингтонда болдым. Елшіліктің көмегімен
сол жерде университеттерде ғарыш мамандықтары бойынша
оқып жатқан студенттерді жинап, екі сағаттай кездесу өткіздім.

Сол кезде олардың арасынан өзім жазда іріктеген үш-төрт
қыз-жігітті таныдым. Олардың бірінші сұрағы «Біз осы оқу-
ды бітірген соң, жұмыс таба аламыз ба?» деген төңіректе бол-
ды. Мен Ұлттық компанияның басшылығы атынан «Сендерге

Ұлттық компанияда орын даяр, бітіре салысымен келіңдер. Біз
көзіміздің қырын салып, сендердің қалай оқып жатқандарың-
ды қадағалап отырамыз. Сендер білім алып жатқан оқу орын-
дары рұқсат етсе, өндірістік тəжірибеден бізден өтіңдер» деп

шақырдым.

– Көпшіліктің көкейіндегі бір сұрақ – Қазақстан ғарыш

державасына қашан айналады? Оған біздің мүмкіндігіміз
қандай? Жан-жақты жасалып жатқан түрлі бағдарлама
соған дайындық па?

– Мысалы, жоғары білімі бар маман атану үшін ол адам-

да жоғары оқу орнының дипломы болуы керек. Ал енді ға-
рыш мемлекеті атанудың айқын көрсеткіштері жоқ. Ғарыш
мемлекеті қандай болуы керек? Ол үшін мемлекеттің ғарыш
айлағы болуы керек болса, бізде ол бар. Ғарышкерлері бар

мемлекет болса, ол жағынан да Қазақстан құралақан емес.
Көп адам біле бермейді, тіпті ғарышкер Талғат Амангелдіұлы
Мұсабаевтың өзі мұны менен естіп таңғалған. Дегенмен
шындығы сол – Қазақстан ғарышта болған мерзімі жөнінен

дүние жүзінде үшінші орынды иемденеді! Талғат Мұсабаев
жарты жылдан екі рет болды. Оның алдында ғарышқа Тоқтар
Əубəкіров ұшты. Бұл жағынан əлемде бірінші – Ресей, өйткені
Ресейден ұшқан ғарышкерлер көп. Олардың əрқайсысының

ғарышта болған мерзімін қосқанда, бірінші орынды иемденіп
тұр. Екінші – АҚШ. Үшінші орында – Қазақстан. Бұл орын-

ды біздің ел таяу бес-алты жылда қолдан бермейді. Өйткені
біздің ізімізді басып келе жатқан мемлекеттердің бізге жетуі
үшін ғарышкерлері айлап-жылдап ғарышта болуы керек. Бұл
көрсеткіш бойынша да бізді ғарыштық мемлекет санауға бо-

лады.

– Туризм саласын дамыту да біздің мемлекеттің ауқым-

ды бағдарламасының бірі. Осы мақсатта Байқоңырды пай-
далану мəселесі арагідік айтылып қалады? Шынында да,
ғарыш айлағы бар мемлекет санаулы, оның үстіне адамзат
баласының ғарышқа көтерілу тарихы осы Байқоңырдан

бастау алады...

– «Қазғарыш» Ұлттық компаниясының туризмді дамыту

бағдарламасы бар. Ол үшін бірінші кезекте инвестиция тарту
керек. Мысалы, Алматы төңірегінде де туристердің көңілін
аулайтын жерлер көп. Бұл жерде проблема сервиске, яғни
қызмет көрсету мəселесіне келіп тіреліп тұр. Бесжұлдызды,

төртжұлдызды қонақүйлер керек. Өйткені шетелдіктер сон-
дай жайлы өмірге үйренген. Олар аздап қана ыңғайсыздық
жағдайды байқаса, бармайды. «Қандай керемет, ғажайып
нəрсе көресің» деп сендірген күнде де ол өзінің жағдайын,

денсаулығын ойлайды. Оларға жайлылық керек. Бізді ұстап
тұрған – сол ғана. Əйтпесе Байқоңырда əсіресе үлкен зымыран-
дар, адам ұшыратын кезде туристер көп келеді. Халықаралық
ғарыш стансасында экипаж ауыстыру жарты жылда болып

тұрады. Сондай кездерді тамашалағысы келетіндер бар. Əсі-
ресе Ресейден автобус-автобус болып туристер келіп жатады.
Оның бəрін ұйымдастырып жатқан мəскеуліктер. Олардың
көбі студенттер. Оларға соншама жайлылықтың керегі жоқ,

күй талғамайды. Бар қонақүй, жатақханаға тоқтай береді. Ал
туризмді шындап дамытамыз десек, онда қаржы салу керек.
Инвестиция тартуымыз қажет. Мұнымен бізде арнайы депар-
тамент айналысып жатыр. Əр нəрсені алғашында мұқият са-

раптаудан өткізу керек. Қазір сондай жұмыстар жүргізіліп жа-
тыр.
16 маусым, 2006 жыл

АЛЫПСАТАРЛЫҚТЫҢ АУҚЫМЫНАН

ШЫҒА АЛМАЙ ЖҮРМІЗ

– Ізбасар аға, Алматы сауда палатасы – қоғамдық

ұйым. Ақпараттарға қарасақ, осы ұйым шетелдік кəсіп-
керлерді күтіп алып, бизнес-форумдар өткізіп жатады.
Шындығына келгенде, сіздердің бұл əрекеттеріңіз жергі-
лікті кəсіпкерлерге не берді?

– Шетелдік кəсіпкерлер Қазақстанда жұмыс жасағысы келе-

ді, бірақ ешкімді танымайды. Ал сол мемлекеттердегі біздің бір
шаңырағымыз – елшіліктер. Олар елшіліктердің экономикаға
жауап беретін хатшыларымен байланыс жасап, Алматы сауда
палатасына шығады. Бізге шетелдік кəсіпкерлер хат арқылы

айналысқысы келетін шаруаларын айтады. Біз шақыру жі-
береміз. Олар елге келгенде ұйымдастыру жұмыстарын бізге
тапсырады. Өздерінің айналысқысы келетін саланың кəсіпкер-
лерімен, сол салаға қатысы бар мемлекеттік органдармен жо-

лыққысы келсе, сол кездесу, келіссөздерге алдын ала уақытын
белгілеп, бағдарлама жасап, жағдай туғызамыз. Оларды күтіп
алып, бизнес-форумдар ұйымдастырамыз. Оларға қажетті ақ-
параттарды жинап, дайындап қоямыз. Қазақстандағы салық

Ізбасар БОЗАЕВ,
Алматы сауда палатасының
президенті:

туралы, жауапкершілігі шектеулі ұйым туралы заңдар, басқа
да қажетті құжаттармен қамтамасыз етеміз. Тап осы салада
жұмыс жасап жатқандарға қандай жеңілдіктер бар, бұл жердегі
бəсекелестік ортаның ахуалы жайлы мəліметтердің бəрін дай-

ындаймыз.

– Шетелдік ондай талапкер компаниялар жайлы да мағ-

лұматтар білуге тиіссіздер ғой...

– Міндетті түрде. Ең бірінші, біздің елге келіп жұмыс жаса-

ғысы келетін шетелдік компанияларды тереңірек біліп аламыз.
Оған сол мемлекеттегі елшілік қызметкерлері көмектеседі. Біз-
де салалардың республикалық, қалалық, облыстық сауда па-
латалары болса, көптеген мемлекетте сауда палаталары кəсіби

түрде бастары біріктірілген. Мысалы, құрылыс материалдарын
өндірушілер, металл немесе тас өңдеу сауда палаталары болып
бірігеді. Сол сауда палаталары арқылы ақпарат алып, біздің
кəсіпкерлерге де кеңінен мағлұмат береміз. Сөзі көп, ісі аз ком-

пания болмауы үшін біз алдымен екі жақтағы компаниялар-
дың да ісімен толық, жан-жақты таныс боламыз. Мысалы,
біздің ұйымдастыруымызбен Ресей, Түркия, Қытай, Тайвань,
Балтық жағалауы елдері, Малайзия, Тайлан, Үндістан, Араб

елдерінен кəсіпкерлер келді. Олардың барлығы да серік тауып,
жаңа жұмыс бастап кетпесе де, 10 пайыздайы өздеріне болашақ
іс тауып, іскерлік байланыс орнатып, оның соңы біздің елімізге
жаңа технологиялар əкеліп, жалғасып жатады.

– Ал бұдан отандық кəсіпкерлер қандай пайда көріп отыр?

– Біз қазақ кəсіпкерлерінің сыртқа шығуына да ықпал етеміз.

Сол ықпалдың əсері Тайвань елімен соңғы үш жарым жылда өте
тығыз іскерлік қарым-қатынастамыз. Ол елден бірнеше дүркін
делегация келді, екі көрме өткіздік. Қазақстан кəсіпкерлерін
үш рет үлкен көрмеге жібердік. Осы істердің бəріне мұрындық

болып отырмыз. Қазақстанның экономикалық, инвестициялық
мүмкіндіктері жайлы үлкен таныстыру рəсімі өтті. Осын-
дай шара биыл қазан айының соңында Тайваньда жоспарла-
нып отыр. Біздің көмегіміздің нəтижесінде еліміздің Ұлттық

инновациялық қоры мен Тайвань компаниялары бірлесіп кəсіп-
орындар құруға əрекет жасап жатыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бесжылдық саммитіне
қатысып, үлкен бизнес құрылымдарымен кездесулер өткіздік.
Қытайдың Шанхай, Сяминь қаласында кəсіпкерлермен бай-
ланыс орнаттық. Қытай елінде толыққанды ақпараттық, қыз-

мет көрсету мақсатымен Үрімші жəне Пекин қаласында өз
өкілеттігімізді ашпақпыз. Өкілеттік кəсіпкерлерді көлікпен,
ақпаратпен, аудармамен, жалпы, керек қызметтің бəрімен қам-
тамасыз етеді. Онда Əсен Нұржан деген экономист-кəсіпкер

жігіт басшылық жасайды. Ол – Пекин университетін бітірген,
ұлтжанды, қай мəселені шешуге болсын өте қабілетті.

– Біздің кəсіпкерлеріміз əлі де өнеркəсіптен гөрі сауда-

саттыққа ден қойып отырған сыңайлы. Жалпы, осы ша-
ғын жəне орта кəсіпкерлік саласының «аяғына тұсау түсіп»
отырғанына не себеп?

– Рас, біздегі бизнес əлі алып-сатудың ауқымынан шыға ал-

май тұр. Бұрын не алып келсең де тез арада өтіп кететін, қазір
олай емес. Өйткені бəсекелестік күннен-күнге өркендеп келе
жатыр. Ал негізгі пайда алып-сатуда емес, өндірісте. Бізде
кəсіпкерлікті дамытуға көптеген заңдар, бағдарламалар бар.

Дегенмен ол саланың дамуына тұсау болып отырған ең үлкен
себеп – шағын кəсіпкерлікті дамыту органдарында əңгіме көп,
бірақ нақты іс жоқ. Көрші Қытай елінің жылдам дамуына жəне
инвестициялардың кең көлемде құйылуына, жаңа техноло-

гиялар кіруіне себеп болған олар «жұмыс жасаймын» деген
кəсіпкерлердің жерін бөліп беріп, су, электр энергиясы, тағы
басқа да мəселелерін тез арада шешіп, жалпы, жұмыс жасауға
мейлінше жағдай туғызады. Ондай қолдауды көріп отырғаннан

кейін екінші, одан үшінші компания келіп жұмыс жасауға тал-
пынады. Оның бəрі айналып келгенде сол елдің экспорттық по-
тенциалын, əлеуметтік жағдайын арттырып, бюджетке түсетін
салықтың көбеюіне тікелей септігі тиеді. Біздегі ең үлкен кем-

шілік – шенеунік өз қалтасына пайда түспесе не болса соны
сылтау етіп, мейлінше сол кəсіпкерге кедергі жасауға тыры-
сады. Кəсіпкерден қалайда пайда тауып қалуға жанталасады.
Олар кəсіпкердің жұмыс жасауына жағдай туғызуға емес, қайта

оларға кедергі келтіруге, содан шығамын деп мəжбүрлеуге ты-

рысады. Жер мəселесін, электр энергиясымен қамтамасыз ету,
санитарлық бақылауды реттейтін шағын бір орган болса жетіп
жатыр. «Бір терезе» жүйесіне көшеміз дегелі қанша уақыт
өтті, бірақ біткен бір де шаруа жоқ. Осы мəселелер шешілмей,

шағын жəне орта кəсіпкерлік дамиды деу бекер. Осындай
қиындықтарды жеңе алмайтынына көзі жеткен кəсіпкер, тек
оңай бизнес – алып-сату жолын таңдайды. Жұмыс жасап, пай-
да тауып жатқан кəсіпкерлер баршылық қазір. Бірақ сол тапқан

ақшасын салатын орта жоқ. Сол үшін Қазақстан кəсіпкерлері Ре-
сей, Грузия, Қырғызстан, Еуропа, Араб елдері Қытайда жұмыс
жасауда. Біз алақанымызды жайып «Қай жақтан инвестиция
келеді» деп отырмыз, ал отандық кəсіпкерлеріміз өздерінің

ақшасын басқа рыноктарға салуға мəжбүр. Немесе құрылыс
компаниялары салған элиталық үйлерден пəтер алып қоюмен
шектеліп отыр. Əйтеуір ақшаларын «өлі капиталға» айналып,
босқа жатқызбай, пəтер сатып алып қоюға тырысады. Бізде

ақша да, басқа да жетеді, бірақ соның орнымен жұмсалатындай,
оларды қызықтыратындай шаралар жасалмай отыр. Айналып
келгенде біздің өз қаржымыз далаға кетуде. Негізі, жоғары
деңгейде алғанда бізде барлығы дұрыс – кəсіпкерлік туралы

заңдар да жақсы, бизнесті дамытуға ақша да бөлінуде. Бір сөз-
бен айтқанда, бизнестің дамуына барлық жағдай жасалған.
Егер даму институттарының барлығы да толыққанды жұмыс
жасайтын болса, онда экономикамызда қысқа ғана уақытта тек

шикізатқа қарап отырмай, өндіріске көшуге ықпалы тиетін еді.
Бірақ өкінішке қарай, сол қорлардың өздері əу бастағы негізгі
мақсатын орындамай келеді. Олар өздерінің жеке мүддесін
мемлекет мүддесінен жоғары қойып отыр.

– Бір жағынан шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуы-

на банктердің несиенің пайыздық ставкасын көтеруі де
кедергі келтіріп отырған жоқ па? Енді-енді жұмысты қолға
алып, аяғынан тұрып келе жатқан жеке кəсіпкерлер үшін
бұл да бір қолбайлау емес пе?

– Əрине, банктердің бəрі жекеменшік болғаннан кейін олар

құрылтайшыларының мүддесі үшін жұмыс жасайды. Олар-
дың негізгі жұмысы солай қарай бағытталады. Банктердің

пайыздық ставкасының көтерілуінің негізгі себептерінің бі-
рі – Ұлттық банктің белгілеп беретін қайта қаржыландыру пайы-
зы бар. Сол пайызға дейінгісі коммерциялық емес, ақшаның
өзіндік құнындай болып саналады да, соның үстінен түскен

пайда банктің табатын табысына тең болады. Ұлттық банк сол
қайта қаржыландыру ставкасын төмен деңгейде үстаудың ор-
нына жылдан-жылға көтеріп, қазір 8 пайызға дейін жетіп отыр.
Жекеменшік банк пайда табу үшін 2-5 пайыз қосса болды, 13 –

14-ке дейін көтеріліп кетеді. Банктердің пайыздық ставкасын
төмендетуге мүдделі ең бірінші Ұлттық банк болуы керек. Егер
қайта қаржыландыру ставкасы төмен болып, банктер жоғары
пайызбен несиелер беріп отырса, жаңадан бір механизмдерін

тауып, табысты шектеудің мемлекеттік жолдарын ұсыну ке-
рек. Екінші деңгейдегі банктер сырттағы қаржы рынокторы-
нан қомақты көлемде қаржы тартып отыр. Сайып келгенде,
ол қаржылар банктің өзінде ұзағырақ жатып қалады да, «өлі

капиталға» айналады. Оны жұмсайтындай жақсы жобалар жоқ
не болмаса жобалар бар болғанмен оның иелерінің соған бере
қоятындай кепілдері əзір емес. Банктер жобаның өзін кепілге
алып, тəуекелге бел буып жұмыс жасаса, көптеген жақсы жо-

балар іске асар еді. Өкінішке қарай, банктер ондай тəуекелге
бармай отыр. Олардың да өз есебі бар. Ақшаны көп алып келді,
бірақ қоржында жатып қалды, енді оның пайдасын көру керек
қой. Сол үшін пайыздық ставкаларды көтеруге тура келіп тұр.

Таратылмаған ақшаның пайызын таратылған ақшаның үстіне
қосып қойып, айналып келгенде несиенің пайыздық ставкасын
шарықтатып жіберіп жатыр.

– Келер жылы Алматы қаржы орталығына айналмақ.

Бұдан біздің ұтарымыз қайсы?

– Бұл жобаның Қазақстанға, Алматыға, оның ішінде кəсіп-

керлерге көп пайдасы тиеді деп ойлаймын. Біздің қаржы игеру
мүмкіндігіміз орасан зор. Шикізатты өңдеу, оған технология-
лар тарту, Қазақстанның өзінде өндіріп жатқан тауарлардың
бағасы мен сырттан келіп жатқан өнімдердің бағасында

аспан мен жердей айырмашылық бар. Ол дегеніңіз біздің
өнім өндіруге мүмкіндігіміздің көп екендігін көрсетіп отыр.

Қаржы орталығы болғаннан кейін, егер менеджмент дұрыс
болса, оның қаржыны игеру жəне басқаруы жоғары деңгейде
ұйымдастырылса, көп жағдайда оны сол компанияның құнды
қағаздарын шығару арқылы болмаса қор биржаларында өз

акциясының бір бөлігін сату арқылы банктен тыс қаржы
тартуға мүмкіндік ұлғаятын еді. Өкінішке қарай, біздің білім
деңгейіміз соған əлі жетіңкіремей тұр. Қаржы орталығы үлкен
мүмкіндіктерге тезірек жетуге жол ашар еді. Алматының өзін-

де көптеген əлемдік банктер мен қаржы институттарының
өкілеттіліктері ашылады. Ақша тартудың төте жолдары та-
былады. Бұл, əрине, өте құптарлық жағдай. Өзге қаржы орта-
лықтарына барып ақша іздеп жүргеннен гөрі, сондай мүмкіндік

өзімізде болса қолайлы болары анық. Мемлекет тарапынан
көптеген жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Бұл сол қаржы
институттарын көбірек тартудың, қызықтырудың амалы.
Сондықтан бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

– Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға əзірлік жұ-

мыстары əлдеқашан басталып кеткен. Біраз келісімдер
де жасалды. Сіз қалай ойлайсыз, жалпы, біз осы ұйымға
мүше болуға дайынбыз ба? Кейбіреулер «əлі де қоя тұру ке-
рек, елден бұрын осы ұйымға мүше болған Қырғыз елінің

ештеңеден озып кеткен жағдайы жоқ» дейді.

– ДСҰ-ға мүше болу – сол мемлекеттің өркениетті елдер-

дің қатарына қосылуының бір белгісі, сол елдің жақсы көр-
сеткішінің бірі. Əлемдік сауда ұйымының біздің елімізге
беретін көп мүмкіндігі бар. Мысалы, кейбір рыноктар біздің
өндірушілерімізге жабық болса, бұл ұйымға мүше болғаннан

кейін ол рыноктардың есігі ашылады. Еш қиындықсыз, кедер-
гісіз өзге мемлекеттердің рыногына кіре алады. Бірақ шын-
дап келгенде, біздің индустриямыз өте төмен деңгейде. Оның
арасында жеңіл өнеркəсіп саласы жоқтың қасында, ауыл ша-

руашылығы саласы өткен ғасырдың басындағы деңгейде
тұр. Шөпті шалғымен орамыз, жемді қолдиірменмен тарта-
мыз. Алдыңғы қатарлы биотехнологияға əлі қол жеткізген
жоқпыз. Бұл жағынан алып қарағанда, ДСҰ-ға мүше болу

өте бір үлкен қауіп. Қауіп деп отырған себебім: онсыз да жоқ

өнеркəсібіміздің алдағы уақытта да ашылуына мүмкіндік бол-
май қалуы ықтимал. Тіпті оның қажеттілігі болмай қалуы да
ғажап емес. Ауыл шаруашылығы саласында да үлкен қауіпті
кезең күтіп тұр. Капитализмнің көп жақсылығы болғанмен,

бір жағынан ол күйретуші күш, жаһандану арқылы осалдар-
ды «жұтып жібереді». Шағын, орта компанияларды ірі компа-
ниялар рыноктан ығыстырады. Əлемде болып жатқан ондай
жағдайға қазір куə болып отырмыз. Сұраған ақшасын береді,

басқаша да аяғынан шалады, əйтеуір сол компанияны құртады.
Оның бір-ақ мақсаты бар, ол – бəсекелесін жоқ қылу. Оның ар-
тында жақсы пиғыл тұрған жоқ. Бəсекелес болмағаннан кейін
бағаны шарықтатып, монополист болып шыға келеді. Сол

жердің экономикасын өзіне тəуелді етіп қояды. Сондықтан
бұл жерде ДСҰ-ға мүшеміз деген ат үшін емес, терең ойла-
нып, оң-солымызды зерттеп, сараптап барып өту керек. «Қа-
былдаса болды, кез келген жағдайда кіре салайық» деген ой-

мен емес, барынша саудаласып, арғы-бергіні ойлап, електен
өткізіп барып мүше болу керек. Шарт жасайтын жағдайда
өзімізге ыңғайлы талаптарды қоя білуіміз қажет. Мысалы,
Қытай елі «Біз 5 жылға дейін ішкі тарифтермен жұмыс жа-

саймыз, ешқандай халықаралық сауда ұйымының ережесімен
жұмыс жасамаймыз, сол белгіленген мерзім аяқталған соң ғана
өзге компаниялардың кіруіне жол ашамыз» деп алғышартпен
кірді. Алғышарттың кейбірінің мерзімі келер жылдан бастап

аяқталады. Дегенмен сол мерзімде олар өздеріне көптеген пай-
далы, ыңғайлы жағдай жасап алды. Сол сияқты шарт жасаса-
тын жауапты қызметкерлеріміз үлкен табандылық таныту ке-
рек. Өз позициямызды айқын ұстап, дұрыс шарт жасасуымыз

қажет. Сонда ғана ДСҰ-ның пайдасын көретін боламыз.
18 тамыз, 2006 жыл

МЕН ОСЫ КҮНІ «ТЕҢГЕНІҢ АВТОРЫМЫН»

ДЕУГЕ ҰЯЛАМЫН

– Хайролла аға, төл теңгеміздің тұңғыш авторының бі-

рісіз. Əрине, арада 13 жыл өткенде төл теңге төңірегінде
осыншама дау туындайды деп ойлаған жоқсыз-ау...

– Тұңғыш теңге несімен құнды? Ол кезде жоқтан бар жасал-

ды. Ұлттық валютамызды жасап шығару үшін жұмыстар 1992
жылы қолға алынды. Əрине, ол кезең экономикамыздың тұра-
лап жатқан шағы еді, инфляция болып жатыр, орыстар басым,
тауарлар қат... Сондай заманда біз іс бастадық. Ұлттық банкте

Ғалым Байназаров төраға болды. Ол – нағыз қазақы адам. Оның
орынбасары Мірсұлтан Тұрсынов еді, олар – нағыз рухы мықты
жігіттер. Біздер топ құрып, бірге жұмыс жасадық. Қолымызда
ешқандай дерек, мəлімет жоқ, соның өзінде ізденіп жүріп, сы-

зып, алғашқы дизайнын жасадық. Ұлттық банк төлей алмай
қалған кезде өз қаражатыма 1992 жылы тамыз айында 4 адамға
62 мың сомнан жолақысын төлеп, Англияға алып барып, ұйым-
дастырдым. Англияға бірнеше рет қайта-қайта барып-келіп,

байыз таппадық. Бір барғанымызда ағылшындар алдымызға
дайын 1, 3 жəне 5 теңгенің банкнотын əкеліп көрсетті. «Мынау –
Хайролла ҒАБЖƏЛЕЛОВ,
тұңғыш теңге авторларының бірі,

дизайнер:

сендердің банкноттарың» дейді. Қарасақ, құр əншейін, жай
лотерея билетіне ұқсайды, бізді «түк білмейді» деп істеп отыр-
ғандары. Беделді, тəжірибелі 70-тердегі менеджер Джон Брайс
Гиббон Қазақстаннан үлкен тапсырысты қалайда алу керек.

Маған «Сен кімсің? Жай суретшісің» дейді кемсітіп. Намысқа
булығып, банкнотпен бетіне бір соқтым. Дереу елге, Ұлттық
банкке телефон шалдым. Жарты сағаттың ішінде «Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің өкілі –Хайролла Ғабжəлелов»

деген факс келді. «Егер тыңдамаса, қайтыңдар, басқа фирма-
мен келісімшартқа отырамыз» деді. Əлгіндегі мұрнын шүйіріп
тұрған ағылшындар зыр жүгіріп, құрақ ұшты. «Теңгемізді шы-
ғарамыз» деп біз масайрап жүргенмен, ол кезде Қазақстан мем-

лекет ретінде танымал емес еді. Бізді тіпті адам деп санап тұр-
ған жоқ. Біздің оған көзіміз жетіп, айқай-шу болды. Біз əрбір
теңгенің сапасы жақсы болу үшін жанталастық. 1995 жылы
өзіміздің жаңа банкнот фабрикасы салынып, сонда «Томас Де

Ля Ру» фирмасы біздің 1000 теңгелік банкнотты баса алмай, 38
пайызға дейін жарамсыз шығып, қомақты ақшаны жоятын жер
таба алмай, қара базар жақтағы қоқыс тастайтын жерде шашы-
лып жатты. «Караван» газеті бұл жағдайды 7 рет жазды. Дұрыс

басылмаған теңгені елдің қолына қалай тапсырасың? Ұлттық
валюта ол – ұлттың айнасы емес пе?
Біздің банкноттың сапасының жоғарылығы, дизайны жəне
екі мемлекеттің арасын экономикалық тұрғыдан жақындатқаны

үшін «Харрисон жəне оның ұлдары» деген фирмаға Ұлыбрита-
нияның Королевасының алтын белгісі берілді. Сол кезде ба-
сылған теңгелер əлі күнге қорғаныштық қабілетін жоғалтқан
жоқ. 1998 – 2000 жылдардан бастап ішкі қорғаныштық белгі-

лерін төмендетіп, құрғақ офсетке өтіп, баса бастады. Сонда
банкноттарды жасанды түрде шығарып жатқан кім? Ұлттық
банктің өзі! Біз банкноттардың қорғаныштық қабілеті жағынан
кейінге кетіп отырмыз.

– Банкноттардың қорғаныштық қабілетін төмендетуге

не мұрындық болды? Оның бір себебі бар ма?

– Ең бірінші себеп – банк басшыларының ниеттері дұрыс

емес. Себебі кейінгі жылдары банкте дұрыс, ұлтқа жаны аши-

тын басшы болған жоқ. Ғалым Байназаров қызметінен кетті де,
оның орнына Дəулет Сембаев келді. Одан кейін Ораз Жандо-
сов қызметке кірісті. Сол кезден бастап бір дүрбелең басталды.
Жандосовтың командасы келгенде Сембаевтың кезіндегі банк-

ноттарды айналымнан сыпырып алып тастады да, өздері қол
қойып, жаңа банкнот шығарды. Оны бақылап жатқан ешкім
жоқ. Жандосовтан кейін Дамитов келді де, өз қолын қойып,
тағы жаңа банкнот шығарды. Бір мезетте шығарылған трил-

лионнан асатын ақша мөлшері болса, оның бəрі бір сəтте ай-
налымнан шығып, көнермейді. Олардың негізгі бөлігі банктер
мен жеке адамдардың қорында жатады. Азғантай бөлігі ғана 8 – 9
айдың ішінде көнеріп, айналымнан шығып отырады. Ал тұтас

банкнот бір мезетте ескіріп, айналымнан шығатындай тоз-тозы
шығуы мүмкін емес. Қазір Байназаров, Сембаев, Жандосовтың
қолы қойылған бір банкнот таба алмайсыз. Марченконың қолы
500 теңгелікте ғана қалды. Басқасы жоқ. Əрқайсысы теңгеге

өз қолын қойып, тарихта қалғысы келеді. Ал ақшаны қайта-
қайта басып шығару – біздің мемлекетімізге келіп жатқан
үлкен экономикалық шығын. Мұны қадағалап, тексеріп жатқан
ешкім жоқ.

Алғашқы банкнот шыққан кезде бүкіл Қазақстан дүр сілкін-
ді. Бұрын «теңге» деген сөз бар болғанымен, еш жерде қолда-
нылмайтын еді. Біздің тұңғыш ұлттық валютамыз айналымға
түсіп, қазақтың «теңге» деген əдемі сөзі күнделікті қолданыс-

қа енді. Сол кезде теңгені қолына ұстап тұрып, жылаған кісілер
аз болған жоқ. Төл теңге елдің рухын көтерді. Біз дүние жүзіне
танымал ғұлама ғалымымыз əл-Фарабидің бейнесін төл валю-
тамызға шығару арқылы қазақтың тегін халық емес екендігін

көрсетуге тырыстық. Қазақтың шекарасынан аттап өткен шет-
елдік азамат теңгені қолына ұстайды. Олардың бірі болмаса
бірі ұлттық валютадағы дизайнға назар аударып, «Бұл кім?»
деп сұрайды.

Алғашқы шыққан банкноттардың əрқайсысының өлшеміне
дейін мəн берілген. Ал жаңа банкноттың өлшемі де, салмағы
да өзгерген. Əлі біз бүкіл республикадағы ақша есептеу маши-
наларын өзгертуімізге тура келуі мүмкін. Мұның ар жағында

біреулердің өте үлкен экономикалық қызығушылығы бар. Бізді
тəуелсіздігіміздің он бес жылы ішінде шетелдіктердің алдына
апарып бас идіріп отыр. Əйтпесе сол ақшаны өзімізде басуға
да толық мүмкіндік бар.

– Негізі, жаңа теңге төңірегіндегі дау күннен-күнге

ушығып барады. Айтыңызшы, төл валютаны тұтасымен
өзгертуде қандай қажеттілік туып тұр? Мұндай жағдай өз-
ге елдердің тарихында да кездесе ме?

– Жаңадан триллионнан аса теңге басылып отыр. Осынша

ақшаны бірден жаңадан басып, сонша қаражат жұмсаудың не
керегі бар еді? 1992 жылы кеңестік рубльді бір күнде ауыс-
тыру қажет болды. Сондықтан да тұңғыш теңге тұтас басып
шығарылды.

Өзіміздің банкнот фабрикамызда қажет мөлшердегі теңге-
лерді шетінен шығарып отыруға болар еді. Оны тұтастай өзгер-
тетіндей ешқандай қажеттілік туып тұрған жоқ, теңге қолда-
ныста қалыпты жүріп тұр, одан артық не керек?

Жаңа теңге Мальтада басылды. Ол елдің Банкнот фабрика-
сында мен болғанмын. Тек құрғақ офсетпен басып шығарады.
Ал ылғалды офсет пен құрғақ офсеттің арасында жер мен көктей
айырмашылық бар. Құрғақ офсетпен басылған банкноттарды кез

келген компьютер, көшірме машинасы баса алады. Ал ылғалды
офсетпен басылған банкнотта өте майда микротекс болады да,
оны көшіріп басу өте қиын жəне мүмкін емес.

– Жаңа теңге шығару арқылы «қорғаныштық қабілетін

арттырамыз» деген уəж айтып отыр ғой...

– Бұл қай жағынан алғанда да дұрыс емес. Оның бəрі жал-

ған. Негізгі қорғаныш – банкнотты басып шығаруда. Со-
дан кейін ғана теңгенің ішіндегі магниттік лента, басқалары
кетеді. Оның бəрін дизайнды өзгертпей де енгізуге болады.
Төл теңгенің жарыққа шыққанына əлі он үш жыл болған

жоқ. Осындай қысқа мерзімде оны тұтасымен қайта басып
шығудың ешқандай да қажеттілігі жоқ. Егер оны жасаған күн-
нің өзінде инфляцияны азайтып, басынан бастап, 1 теңгеден
200-ге дейін қайта басып, тіпті 1 теңгені 1 маркаға тең етіп,

жақсылап реформалап басып шығаруға да болатын еді.

Біздің банкнот фабрикамыз өте жаңа, оның іске кіріскеніне
енді ғана он жыл болды. 120 миллион маркаға алынған
банкнот басып шығару құрал-жабдығы əлі көнерген жоқ.
«Көнерді» деп отырған бос сөз. Мысалы, 50 мың долларға

алған «Джип» машинасын тасқа да, жолсызға да салып,
ойланбай 15 жыл жүргізесің ғой. Ақша басып шығаратын
құрал-жабдық бір орнында тұрған зат. Ол үнемі щеткамен
сүртіліп, шаңсорғышпен тазаланып тұрады. Банкнот фабри-

касының ішіндегі қызметкерлер тек ақ халатпен жүреді.
Сондықтан банкнот басып шығару құрал-жабдығы тозып,
істен шығып қалатындай мерзім де, жағдай да болған жоқ.
Ұлттық банк жаңа дизайн үшін Англияға 534 мың фунт-

стерлинг төлеген. Бұл – 1 миллион 392 мың доллар. Бұл не
деген масқара! Бізде, өзімізде 1 миллион 200 мың долларға
алынған дизайн студия бар. Он жылдан бері дизайнерлерді
дайындап шығарып, көтеруге болар еді. Сонша уақыттан бері

көзбояушылық жасап, осында теңгенің суретін салады да, оны
шетелге апарып бастырады. Ұлттық банк басшылары біздің
өзімізде ақша басып шығаруға үлкен мүмкіндігіміз бола тұра,
шетелге тəуелді етіп отыр. 1996 жылы Григорий Марченко:

«Біз бұл жағынан ешкімге тəуелді болмауға тиіспіз, соған
əрекет жасауымыз керек» деген. Арада он жыл өткенде жағдай
мынау. Ай сайын Англияға шапқылағаннан не пайда? Олар
Қазақстан мемлекет болсын деп отырған жоқ, Қазақстанды со-

рып отыр. Мальтада басылған банкноттарды тасымалдау үшін
де қаншама қаражат жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда, қаншама
қаражат желге ұшып жатыр. Біздің формалардың бəрі сол жақта
қалады. Алғашқы банкноттың барлық формалары Англияда

жатыр. Форманы алып келіп өзімізде баспай, ешкімге сену-
ге болмайды. Бір-екі форманы беріп, қалғанын алып қалатын
шығар, оған ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл дегеніңіз үлкен
экономикалық қауіп деуге толық негіз бар.

– Қазіргі жағдайға банкнот фабрикасы да қарсы болып

отыр ғой сонда. Олар, жалпы, мұндай жауапты жұмысты
атқаруға дайын ба?

– Банкнот фабрикасы тұтастай дайын. Оған ешқандай күмəн

келтіруге болмайды.

– Сонда бұл жерде қандай мақсат қойылған?

– Бұл – таза біраз адамның тарихта қалу мақсатынан туған

тірлігі жəне олардың қаржылай пайда табу көзі болуы мүмкін.
Тарихта қалу үшін адал еңбектену қажет.

– Біраз қауым «жаңа басылған банкнотты айналымға ен-

гізбейміз» деп мəселе көтеріп отыр. Бірақ Пайғамбар жа-
сынан асқан, «елдің мұңын жырлайды» деп сенім артқан
ақын-жазушылардың өзі осы мəселеге қатысты сауалнама
қойғанымызда «білмеймін, бұл жағдайдан хабарым жоқ»

деп жауап берді. Бұл елдің бірлігінің азайғаны ма, əлде
қара бастың күйкі тірлігінен аса алмағандық па?

– Иə, жаңа теңгені айналымға енгізбеу туралы мəселе көте-

ріліп жатыр, қол жинап жүргендер аз емес. «Белгілі», «зиялы»
деп жүрген адамдарымыз көппен бірге болудан қашуда. Он-
дай адамдар имансыз, рухы əлсіз болады, олар – батыр халық
ұрпағының азғындап бара жатқандығының белгісі. Жігер жоқ.

Зиялыларға нағыз сыналатын шақ туып тұр. Осындайда кімнің
кім екендігі белгілі болады. Ал көлеңкесінен қорқып отыра-
тындар, сол күйі отыр.

– Аға, сіздің шырылдап жүгіріп жүргеніңіз патриотизмнен

бе, əлде өзіңіздің төл балаңыз сияқты болып кеткен төл тең-
генің авторы болғандықтан «сол айналымнан шығып қа-
латын болды-ау» деген ішкі ашынудан туған ой ма? Мұны
қалай түсінуге болады?

– Мен өзімді кең адаммын деп санаймын. Ең бірінші –

мұны патриотизмнен деп түсінген жөн. Менің атам Хазірет
Мұхаметқазы – Ақтөбе облысында мешіт салдырған, Мек-
кеге барып, қажы атанған кісі. Ол патшаға барып, дін жə-
не жер туралы мəселе көтерген жан екен. Елді ұйымдастырып,

екі рет хат жазып соны өзі 1905 жылы тамыз айында патшаға
алып барған. Мен мемлекеттік мұрағаттан соның құжаттарын,
Академиядан микрофильм таптым. Ақтөбе облысының
Алға ауданы əкімшілігінің алдында бес қабатты қонақүй бар

екен. Біреулер соны бұзып, əкімшіліктің алдына қоқысты
үйіп қойған. Əкімшілік: «осыны игере алмай отырмыз»
деп маған берген, сол жерге 360 орындық үлкен мешіт сал-

дырып бердім. Биіктігі 40 метрлік мұнарасын Түркиядан
шақырылған мамандар тұрғызды. Өз қаражатымнан 40 мил-
лиондай теңге жұмсалды. Барлық құрылыс материалдары Ал-
матыдан жеткізілді. Бұл «елдің рухын көтеру, имандылыққа

бет бұруға мұрындық болу» деген ойдан жүзеге асырылды.
Ал қазір мен кəсіби тарихшыларды жинап, бүкіл қазақтың
тарихын ғылыми түрде жазуды ұйымдастырып жатыр-
мын. Қазірдің өзінде 50 – 60 миллиондай теңге кетті. Мен

тапқанымның бəрін осындай жұмыстарға жұмсап келемін. Бір
мемлекеттің тарихын жеке адамның жазып бітуі мүмкін емес,
бұл жұмыспен «Алаш» тарихи зерттеу орталығы айналысуда.
Себебі қазақтың тарихы осы күнге дейін дұрыс жазылмаған.

Бірақ қазақтың тарихындай тарих дүние жүзінде жоқ. Біздің
орталық жазып шығарып жатқан тарихи кітаптарымызға белгілі
тарихшылардың өзі дəн риза болып, «Мұндай тарих əлі бізде
бұрын-соңды болмаған» деп оң баға беріп отыр. Қазір 13 кітап

шықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Алматы қаласының əкі-
мі Иманғали Тасмағамбетов хат жазып, жылы пікірін білдірді.
Бір сөзбен айтқанда, қазаққа қатысты еш жайттан мен өзімді
тысқары қоя алмаймын. Бір кездері тұңғыш теңгенің жасалуы-

на қатыстым, кеттім, болды, Банкте ешқандай шаруам жоқ.
Егер теңгені одан əрі қарай қалыпты түрде шығарып отырса,
мен қуанар едім, қазір шындығына келгенде, мен теңгенің авто-
рының бірімін деуге ұяламын. Өйткені «қай теңгенің?» де-

ген сұраулар туа бастады. «Қазіргі теңгенің авторымын» де-
ген сөзге міндетті түрде «тұңғыш айналымдағы» деген сөз
қосылатын болды.

– Білдей бір мемлекеттің тұңғыш теңгесінің авторы

болған соң сіз үлкен сый-құрметке бөленген боларсыз?

– Қайдағы?.. Мен өте үлкен, жауапты тапсырыс екендігін

түсініп, сонша қаражатымды шығарып, шетелге теңгені апа-
рып, басып келіп жүрдім ғой.

– Қаражатты өз қалтаңыздан шығармаған боларсыз?

– Өз қалтамнан шықты.

– Неге? Бұл жеке сіздің емес, мемлекеттік тапсырыс

қой.

– Ұлттық банк уақытында төлей алмады, əрбір уақыт

санаулы, дер кезінде қаржысын төлеп, ақшаны бастыруы-
мыз керек. Сондықтан мен өз қаражатыма ұшаққа билет ал-
дым да, теңгені бастыруға алып кеттім. Əңгіме адамның
ұйымдастыру қабілетінде жəне сол уақыттағы жағдайды баға-

лай алуына байланысты.

– Сонымен қазақтың тарихын жазуды қолға алыпсыз-

дар. Бұған қазақтың тарихшылары қандай көзқараста?

– Академиктердің өзі дəн риза болып отыр. Қазақтың тари-

хын жазып жатқан – сол тарихшылардан құралған «Алаш» та-
рихи зерттеу орталығы. Бізде жұмыс жасайтын тарихшыларға
бар жағдай жасалған, компьютер, қоры мол кітапханасы дай-
ын. Дүние жүзінен кітаптар алдырылған. Қазақстанда жоқ

кітаптарды шетелдерден алдырып отырмын. Біздің кітапха-
надан VІІ, X – XІ ғасырлардағы кітаптарды табуға болады.
Олар Қытайдан, Санкт-Петербургтен, Ташкенттен алдырылып
жатыр. Адамдардың бар шығынын көтеріп, арнайы шетелдер-

ге жіберіп, сирек кітаптардың көшірмесін алдырып отырмын.
Ташкенттің архивінде профессор жұмыс істеп жатыр. Қазақ
тарихын жазуда мұндай жүйелі жұмыс бұрын-соңды жасалма-
ған. Қазір «Алаш» орталығында екі ғылым докторы, он кан-

дидат, өзге де жиырма шақты адам жұмыс жасап жатыр. Міне,
осындай жұмыстар атқарылуда. Арсыз болсаң, жүре бересің.
Арсыз болсам, мешіт салдырып, қазақтың тарихын жаздырып
нем бар?

– Халық қалаулылары болып сайланып, Парламентте

отырған депутаттар жаңа басылған, қазақша жазуында
грамматикалық қате кеткен теңгені айналымға енгізбеу
туралы мəселе көтерді. Бұған сіздің пікіріңіз қалай?

– Мен бұл бастаманы тұтастай қолдаймын. Бір сөзбен айт-

қанда, жаңа банкнотты айналымға енгізуге қарсымын.
31 қазан 2006 жыл

КЕЙБІР САЯСАТКЕРЛЕР

ҚАЗАҚША БІР МƏСЕЛЕНІ АЙТСА,

ОРЫСША БАСҚАША СӨЙЛЕЙДІ

– Əлихан Мұхамедияұлы, сіз Парламент Мəжілісінің де-

путаты ретінде қай бағытта жұмыс жасап жүрсіз? Мысалы,
сала-сала бойынша жұмыс жүргізіледі жəне бір адамның
бүкіл заңның дайындалуына, талқылануына қатысуы
мүмкін емес екені анық.

– Мен ешқандай комитетке мүше емеспін. Бірақ партияның

мандатын пайдалану жөніндегі съезінде жалпы Қазақстан пар-
тияларының тарихында бірінші рет біздің «Ақжол» партия-
сы «Елдің бəсекелестікке қабілеттілігін дамыту бағыттары»
деген қаулы қабылдағанбыз. Біз бірнеше бағытты маңызды

деп есептедік. Оның бірі – саяси жүйені өзгерту. Саяси жүйе –
биліктің жасақталуы, қызмет атқару жəне қоғаммен қарым-
қатынасы, бұқаралық ақпарат құралдары секілді мəселелер. Бұл
мəселелердің барлығы да біз үшін аса маңызды, бірақ əзірше

бұл бағыттағы жаңа заңдарды Үкімет ынталандырып жатқан
жоқ. Бұл бағытта жалғыз заң бар, ол – «Жергілікті өзін-өзі
басқару туралы» заң. Оның өзінің мүмкіндігі шектеулі. Себебі
Əлихан БƏЙМЕНОВ,

ҚР Парламенті Мəжілісінің
депутаты:

қазіргі Конституция толыққанды жергілікті өзін-өзі басқару
енгізу мүмкіндігін бермей отыр. Оның бір себебі Консти-
туциямызда мəслихаттар мемлекеттік басқару деген жүйеге
еніп кеткен.

Келесі бір үлкен бағыт, елде еңбек пен білімді құндылық
ретінде қалыптастыру керек. Еңбекті бағалау жəне еңбекті
қорғау, еңбек адамының мəртебесін қорғау – менің үнемі
назарымда. Еңбектің қорғалуында мемлекеттің қолында

бірнеше құрал бар. Біреуі – заң жүзінде нақты нормалар-
ды енгізу. Мысалы, ең төменгі жалақы, не болмаса белгілі
бір жағдайларда тиісті төлемақыларды енгізу деген секілді.
Екіншісі жəне нарық заманындағы ең пəрмендісінің бірі,

бұл – кəсіподақтардың рөлін күшейту. Жалпы, тоталитарлық
жүйеден шыққан, «азаматтық қоғам құрамыз» деп жатқан ел
үшін кəсіподақтардың рөлі ерекше. Олардың жұмысын жан-
дандыру, жұмыс берушілердің олардың жұмысына кедергі жа-

сауына мүмкіндік бермеу жəне кəсіподақпен жұмыс берушінің
арасындағы келісімшарттың рөлін көтеру. Бұл өте маңызды
бағыттар. Əлеуметтік əріптестік деген осыдан басталады. Оның
үстіне еңбек адамының ерекше санаттарын қорғау да наза-

рымда. Мысалы, мұғалімдер, дəрігерлер, мəдениет жəне ғылы-
ми қызметкерлер шын мəнінде мемлекеттің жұмысын атқа-
рып жатыр. Оларға азаматтық қызметкер деген мəртебе беру
керек. Қазір біз осындай ұсыныс жасап жатырмыз. «Ақжол»

партиясы съезінің шешіміне сəйкес, біз Еңбек кодексінің жо-
басына жиырмадан астам өзгеріс енгіздік. Қазақстанда бірін-
ші рет біздің ұсынысымызбен елімізде тек айлық емес, бір
сағаттық ең төменгі жалақы деген ұғым енгізіліп отыр. Егер

еңбек пен білім құндылыққа айналып, яғни өмірдің бар са-
ласында адамды алға жетелеуші күш ретінде қабылданса,
қабілет пен біліктілікті жүзеге асыруға тең мүмкіндік жасалса,
Қазақстан гүлденген елдер қатарына тез қосылады.

– «Қазына» қорының төрағасы Қайрат Келімбетов ин-

вестқордың 25 пайыз акциясы сатылатыны жөнінде мə-
лімдеме жасады. Сол жиынға Сіздің де қатысқаныңызды
байқап қалдық. Бұл ненің белгісі, инвестқор акциясын
сату қандай қажеттіліктен туындап отыр?

– Инвестқор акциясының сатылуы «қор жекешеленді» де-

ген сөз емес. Кейде, не себептен осындай қажеттілік туындай-
ды? Мемлекеттің мүлкі дегенде «Əй дейтін ажа, қой дейтін
қожа жоқ», қалтасына салып алғысы келетіндер көп. Мысалы,
сол инвестициялық қордың құрылғанына бірнеше жыл болды.

Қор неге жария жұмыс істемейді? Солардың не істеп, не қойып
жатқанын қарапайым халық біле ме? Мысалы, қор акциясын
Еуропа қайта қуру жəне даму банкісі секілді банктер алған
кезде акционерлік қоғамның жариялылық шарттары болады.

Кейде мұндай қадам сол үшін керек. Мысалы, тəуелсіз дирек-
тор енгізілді, бұл – бір жол. Ал негізі акциялар арқылы олар
бұл қордың тиімді жұмыс жасауына мүдделі болады. Сонда
қордың ақшасы парақорлық арқылы ешқандай болашағы жоқ

жобаларға кетіп қалмайды. Жалпы, бəсекелестіктің қай сала-
да – экономика, шығармашылықта болсын əділ, жария түрін
қалыптастыратын болсақ, бұл қоғамды алға жылжытады.

– Əкімшілік реформаны жүзеге асыру мақсатында төрт

жұмысшы тобы құрылды. Еліміздегі 202 мың мемлекеттік
қызметкердің 30 пайызы қысқартылады деп отыр. Мемле-
кеттік қызметкерлердің санын қысқартқаннан біздің ұта-
рымыз қайсы? Олардың санын ықшамдау сапалы жұмыс

жүргізуге кепілдік бола ма?

– Бізде мемлекет басқарудағы үлкен мəселенің бірі – стра-

тегиялық бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын
қадағалау жоқ. Тіпті сол бағдарламалар мен жоспарларда
нəтиженің өлшемдері бекітілмеген. Сол себептен Үкіметтің
нақты іс-қимылы көбінесе сол Үкіметтің өзі қабылдаған бағдар-

ламаларға да қайшы келіп жатады. Мен Премьер-министрге ең
бірінші депутаттық сауалымды осы мəселе тұрғысынан жол-
дадым.
Қазіргі əкімшілік реформада бірінші кезең емес. Бұрын да

бірнеше бағыт жүзеге асырылған. Оның ең үлкені, кезіндегі
мемлекеттік қызмет саласындағы реформа болды. Бірақ саяси
жүйенің өзі əкімшілік жүйеден барлық деңгейде тиімділікті та-
лап ететін болуы керек. Бір адам барлық шешімді қабылдайтын

болса, бір адамға ғана ақпарат тасылатын болса, сол адамнан

кеткен бір кемшіліктің өзі басқаша шешімге алып келеді. Сол
себептен əкімшілік реформаның өзі сəтті жүруі үшін бірнеше
шарт бар. Оның бірі – саяси жүйені жетілдіру. Саяси жүйеде
өкілетті органдар – Парламент, мəслихаттар, халықтың атынан

атқарушы билікті қадағалап отыратын органдардың қадағалау
функцияларын жетілдіру керек. Екіншіден, əкімшілік реформа-
ларды жұмыс топтары емес, нақты жауап беретін мемлекеттік
органдарға бекіту қажет. Жұмыс топтары құрылсын, бірақ со-

лардың қатысуымен не Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттік, не Экономика министрлігі негізгі жауапкершілікті өз
мойнына алуы тиіс. Солардың бірінің міндетіне нақты жазыл-
ғаны дұрыс. Үшіншіден, ТМД елдерінің көпшілігінде Прези-

дент əкімшілігі деген орган бар. Ол орган əкімшілік реформа
кезінде кез келген мəселеге араласа алады, бірақ ешқандай
мəселеге нақты жауап бермейді. Бұл нəтижелі жұмысқа сеп-
тігін тигізбейді. Міне, осындай қайшылықтар жойылуы тиіс. Со-

нымен қатар əкімшілік реформа жүргізгенде бұрынғы шешім-
дерді де саралау қажет. Мысалы, қазір «функциональдық
талдау жүргіземіз» дейді. Функциональдық талдау біздің
тапсырысымыз бойынша 1997-98 жылдары да жүргізілген,

Өкінішке қарай, бұл реформалардың көбісіне тежегіш бола-
тыны, біздегі ірі-ірі қаржы алпауыттарының ықпалы бүкіл
Қазақстанның 15 миллион халқының ықпалынан жоғары. 15
жыл бойы түрлі-түрлі салаларды басқарып, ешқандай оң іспен

көзге түспей, қатарға қосылып жүре беретіндер бар. Əрине,
мемлекеттік органдардың істерінде жариялылық болса, олар
мұндай қадамға жол бермес еді. Өйткені жариялылықта ең
бірінші кезекте бəсекелестікке қабілеттілік мəселесіне назар

аударылады. Ал қысқарту мəселесіне келсек, тек қысқартумен
іс бітпейді. Кейде ықпалды басшылар өзіне ыңғайлы бөлімді
алып қалып, нағыз керек бөлімдерді қысқартып жіберуі мүм-
кін. Мен кезінде Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау ми-

нистрі болып келгенде таңғалдым, халықаралық стандарт-
тар бойынша да, біздің тұжырымдамаларымыз бойынша да
еңбек инспекторлары министрлікке бағыну керек болатын. Ал
кезінде «машақаты көп, табыс түсірмейтін жұмыс» деп, оны

менің алдымдағы министрлер əкімдерге беріп жіберіпті. Ал
үлкен алпауыт кəсіпорындар əкіммен тез тіл табысады.

– Тамыр-таныстың арқасында біреулер қызмет орнын

сақтап қалса, ал нағыз білікті маман, бірақ колдаушысы
жоқтар жұмыстан шығып қалады...

– Ол рас. Кез келген министрлікте күні-түні жұмыс жа-

сайтын, өз ісіне шын берілген 35 – 40 пайыз қызметкер бо-
лады. Əдетте ол адамдардың бір ерекшеліктері бар. Олар өз
міндеттерін дұрыс жəне уақытында атқарады, бірақ басшымен
тіл табысып, оған сый-құрмет көрсетуге жоқ. Міне, қысқарту

болған кезде бірінші кезекте сол адамдар жұмыстан кетіп
қалуы мүмкін. Ал анау тіл тапқыштар, түк жұмыс жасамаса
да, басшының алдында сөз сөйлеуге бейім белсенділер өз ор-
нын сақтап қалады. Сол себепті біз адамның біліміне, білігіне

сəйкес қызметке қабылдап, ары қарай жылжитын жүйені
жетідіруіміз қажет. Əкімшілік реформаның бұл саласында
соңғы екі-үш жылда кері кету бар. Осыны орнына қою керек.
Өкінішке қарай, қазір Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

агенттік реформаның жетекшісі болудан қалды.

– Бір кездері Мемлекеттік қызметкерлерді аттестация-

дан өткізу үрдісі калыптасқан болатын. Қазір бұл жағдай
қалай?

– Негізі, бұл заңнамада бар. Бірақ аттестацияның рөлі мық-

ты болу үшін мемлекеттік органдардағы кадр қызметтеріне
министрдің əсері болмауы керек. Министр тек заңнаманың
сақталуын қадағалауы қажет. Жалпы, саяси тағайындалатын
лауазым иелері мемлекеттік қызметтің əкімгершілік қызмет-

керлерінің өсуіне əсері болмауы тиіс. Мұның бір жолы ретінде
əр министрлікке бас директор тағайындамақшы. Бірақ дамыған
елдердің тəжірибесіне сүйенсек, ол адамдарды Президент
тағайындауы тиіс емес. Оларды министр орынбасары ретінде

Үкімет тағайындауы керек. Бірақ министр оларды тек қана
белгілі бір дəрежеде тəжірибе жинақтаған адамдардың ішінен
ғана ұсына алуы қажет.

– Қазір сіз қызмет атқарып жүрген Парламент Мəжі-

лісінде 15 жылдың ішінде екі-ақ заң қазақ тілінде дайында-

лып, қабылданыпты. Бұл ахуал қашанға дейін жалғасын
таппақ?

– Бірінші кезекте бұл талап Үкіметке қойылуы керек. Өйт-

кені Заңдардың 99 пайызын Үкімет əзірлеп əкеледі.
Ең бастысы, елімізде мемлекеттік тілде қоғамдық-саяси,
əлеуметтік-дуниетанымдық пікірталас жеткіліксіз. Ал сол
қазақтілінде өткізілетін пікірталасқа көзқараста да алалау

бар. Мысалы. Мен «Темірқазық» деген пікірсайыс клубын
басқарамын. Айына бір рет қазақ тілінде Алматыда елдегі
түрлі мəселелер төңірегінде пікірсайыс ұйымдастырамыз.
Қазақтың белгілі азаматтары қатысады. Осы тұста атап айта-

тын жайт, оған кейбір қазақтілді басылымдар келмейді, теле-
дидар оны көрсетуден қашады. Жалпы, дүниетаным тілін
қазақыландыруымыз керек. Біз қазір ақпарат пен білім зама-
нында өмір сүріп жатырмыз. Қажеттілік болу үшін ақпарат

қазақ тілінде жеткілікті деңгейде таратылуы тиіс. Қытайда
қазақша ғана сөйлейтін, қазақша ғана көрсететін телеарна бар.
Қазақстанда тек қана қазақша сөйлейтін, көрсететін бірде-бір
телеарна жоқ. Балаларға арналған мультфильмдер, балаларға

арналған фильмдер, балаларға арналған хабарларды əзірлеуге,
жалпы өскелең ұрпаққа арналған ақпарат саясатына Үкіметтің
қаржысының көбісін жұмсауымыз керек.
Сонымен бірге дүние жүзінен ақпаратты қазақ тілінде тіке-

лей алуды қамтамасыз ету керек. Ол үшін «Хабар», «Қазақ-
стан», «Егемен Қазақстан» секілді мемлекеттік бұқаралық
ақпарат құралдары шетелден тікелей ақпарат алса. Біз дүние-
ге Ресейдің, Еуропаның, АҚШ-тың көзімен қарамауымыз ке-

рек. Сондай-ақ терминологиялық істе түркі халықтары бірлесіп,
үйлестіру кеңестерін құрса дұрыс болар еді.
Ақпарат заманы талабын ескерсек, президенттің «латын
графикасына көшу керек» деген бастамасын қолдау керек.

Өйткені бүгінгі күні қазақ халқы 42 белгіні пайдалану салда-
рынан күн сайын миллиардтаған теңгені артық жұмсап отыр.
Болашақты ойлайтын қазақтың əр азаматы осы латын қарпіне
көшу – тезірек алдыңғы қатарлы елдің қатарына қосылуға,

тілді дамытуға жағдай жасайтынын дұрыс түсінуі керек. Со-

нымен бірге жалпыұлттық саясатта тілге келгенде екі тілде
бір ұстаным болуы керек. Кейбір саясаткерлер қазақша бір
мəселені айтса, орысша басқаша сөйлейді. Тіпті біздің ресми
органдардың өкілдері қазақша қоғамға жекіріңкіреп, баты-

рыңқырап, кемсітіңкіреп сейлейді де, орысша сыпайылау,
жұмсақтатып сөйлегісі келеді. Қазақ тілі өткен жүйелердің
қысымының салдарынан осындай халге жеткен. Ендеше қазіргі
жүйе сол тарихи əділетсіздікті қалпына келтіруге жұмыс жа-

сауы қажет.

– Əңгіме ауаны тіл мəселесіне қарай бұрылғанда мына

бір жайт есіме түсіп отыр. Жаңа Үкімет басшысы Кəрім
Мəсімов жұмысты бастағаннан «қазақ тілін қолға аламыз»
деп іске кірісті. Осы бастама қаншалықты негізді?

– Кім қандай жұмысты қолға аламын десе де ақылға сый-

ымды, тек оның орындалуы ниетке байланысты. Мысалы,
қазақша сайрап тұрған кейбір азаматтардың да тілге, жерге
байланысты не жұмыс жасап жатқанын білесіз. Мүмкін, тілді
жетік меңгермеген адам өзін-өзі дəлелдеу үшін көбірек жұмыс

жасар. Олардың бұл əрекетін жоққа шығаруға болмас. Бірақ
мəселені тек сөзбен емес, нақты істермен бекіту қажет. Мы-
салы, 2010 жылы «пəлен санаттағы мемлекеттік қызметкерлер
тілді игеруі қажет» деп талап қойылуы шарт. Қазақстанда тұр-

ған адам қазақ тілінде кез келген мекемеде іс жүргізетін, жа-
уап ала алатын, кез келген жерге барып талап қоя алатын жағ-
дайға пəленінші жылы жетуіміз қажет» деп ашық айтуымыз
керек. Өкінішке қарай, 90-жылдардың басына қарағанда қазір

тіл мəселесі төңірегінде солқылдақтық көбірек сияқты. Ал
тілді дамытуға бізде толық мүмкіндік бар.

– Сіз қыр-сырын жете білетін тағы бір сала бар. Өйткені

осы жүйе алғаш реформалана бастаған жылдары сіз осы
істің басы-қасында болдыңыз. Ол – зейнетақы реформасы-
на байланысты. Дегенмен осы жүйеге «бастамасы жақсы
болды да, негізгі түпкі мақсатқа жете алған жоқпыз» деген

сын айтылып жүр.

– Осы реформа басталған 1997-98 жылдары бұл істің басы-

қасында негізінен қаржыгерлер жүрді. Ал сол кездегі Еңбек

министрлігінің басшылары сол реформа идеологиясының құр
жаршысы болып, əлеуметтік мəселелер екінші орында қалған.
Сол себепті жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қаржы институ-
ты ретінде қарау көзқарасы қалыптасты. Мұны мен 2000 жылы

Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне қызмет-
ке келген соң əлеуметтік қорғау тұжырымдамасын əзірлегенде
түсіндім. Мəселен, біріншіден, 10 пайыз жинақтауды алайық.
Бастапқы жылдары жетістік ретінде жиналған ақшаның көле-

мі айтылды. Ал бұл мəселеге басқаша қарау керек еді. Алды-
мен, бұл жүйе не үшін құрылды? Əрине, адам бейнетінің зей-
нетін көру үшін. Ендеше ол зейнетке шыққанда қанша ақша
алады? Сол ең бірінші көрсеткіш болуы керек. Қазіргі есеп-

теу бойынша 10 пайыздық төлемнен кейін алатын зейнетақы
мөлшері адамның лайықты күн көрісіне жеткіліксіз. Қазіргі
бағаммен алғанда олар орта есеппен 9 – 10 мың теңге алуы
мүмкін. Сол себептен қазір осы өлшемдерді қайта есептеу

қажет. Екіншіден, мемлекет адамдарды жалақысының 10
пайызын жинақтауға мəжбүрледі ме, жария саясат жүргізуі
қажет. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі
əрбір 4 – 5 жыл сайын «болашақ зейнеткерлердің зейнетақысы

осы шамада болады» деп жариялап тұру керек. Үшіншіден,
жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысын табысты жəне
қатерге ұшырамайтын жобаларға жұмсау қажет. Төртіншіден,
жинақтаушы зейнетақы қорларының өзінің жариялылығын

жəне олардың өз арасында əділ бəсекелестікті қалыптастыру
қажет. Сонымен бірге барлық зейнет жасына жеткен азаматтарға
төленетін төлемақыны жыл сайын қайта қарап, мөлшерін кө-
бейтіп отыру қажет. Өйткені жоғарыда да айттық 10 пайыз

жеткіліксіз. Бізде жинақтаушы зейнетақы жүйесін тағы бір
тежеп отырған мəселе – елде құнды қағаздар нарығы толық
қалыптаспаған. Мұның да бірнеше себебі бар. Бізде əлі де бол-
са экономикамызда жариялылық жетіспейді. Ал акционерлік

қоғам болып құнды қағаз шығару жариялылықты қажет етеді.
Көп компания одан қашады. Сол себептен менің депутат ре-
тінде жəне өзім төрағалық ететін партияның көтеріп жүрген
мəселеміздің бірі – экономиканың жариялылығын қамтама-

сыз ететін қадамдар. Жариялылықты қамтамасыз еткен, лис-
тингке өзінің акцияларын шығарған, яғни халықтың, бұқара-
ның алдында өзінің есеп-шотын ашқан компанияларға кейбір
салаларда жеңілдік беру керек. Компаниялардың акциялары

сатылса, сонда экономикалық патриотизм де қалыптасады.
Мысалы, біздің жинақтаған ақшамыз бір корпорацияның ак-
циясында тұрса, біз сол корпорацияның жақсы жұмыс жа-
сауына мүдделіміз. Ал бүкіл ірі тиімді мұнай, көмір, темір,

алюминий, хром салаларындағы кəсіпорындарды бірте-бірте
елдің ішіндегі биржада жинақтаушы зейнетақы қорларына
акцияларын сатуына мəжбүрлеу керек. Екіншіден, шикізат
саласын өңдеуге, индустриалдық саясаттың негізінде жаңа

кəсіпорындар, мысалы, мұнайдан мұнай-химиясын жасайтын
болса, солардың біраз пайызын басынан бастап жинақтаушы
зейнетақы қорларына беру керек.

– Сондай-ақ қазіргі зейнетақы жүйесі елімізде еңбек ету-

ге жарамдылардың бəрін қамтамасыз етіп отырған жоқ.
Мысалы, базарда, құрылыста, басқа да жеке жұмыспен
жүргендердің ертең зейнет жасына шыққандағы жағдайын
ойлайтын кім?

– Иə, қазіргі күнде тұрақты түрде жинақтаушы зейнетақы

қорына ақша аударатындардың саны 4 миллионнан аспайды.
Біріншіден, жалпы бізде көлеңкелі экономика көп. Онымен
күресудің жолдары баршылық, соның бірі жоғарыда айтқан
жалпыға бірдей табыс декларациясы. Екіншіден, əлеуметтік

қорғау жүйесі де адамды жария жұмыс жасауға ынталанды-
руы қажет. Соның алғашқы қадамының бірі ретінде əлеуметтік
сақтандыру жүйесін енгіздік, Яғни жария, ашық, заңды жұмыс
жасайтын адам медициналық көмекке келгенде, қауіп-қатерден

сақтанған кезде артықшылыққа ие болуы керек. Сонда кон-
вертпен жасырын ақша алғаннан гөрі жария, ашық алған өзінің
артықшылығын көрер. Үшіншіден, Қазақстан көлеңкелі табыс-
ты пайдалану жəне жемқорлыққа қарсы күресетін бағыттағы

халықаралық конвенциялардың бəріне қосылуы керек. Бұл əлі
болмай жатыр.
Ал базарда жүргендерге келсек, мен бұл жөнінде де Үкіметке
депутат ретінде сауал жолдадым. Еліміздегі төл тұрғындардың

біразы қалаға көшіп келуі бұл табиғи құбылыс, өйткені жұмыс
орындарының көбі қалада ашылып жатыр. Ендеше мемле-
кет ауыл тұрғындарын қалаға орнықтыру жөніндегі арнайы
бағдарлама ашып, жұмыс жасауы тиіс. Оның ішінде жұмыс

орындарына бейімдеу жұмыстары қолға алынуы қажет. Ауыл-
да жұмыс орындарының болмауы ол жердегі тұрғындардың
кінəсі емес.
20 ақпан, 2007 жыл

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ КӨТЕРМЕЙ,

ЕЛДІҢ ТҰРМЫС АХУАЛЫ ЖАҚСАРМАЙДЫ

– Отандық өндірістің бəсекеге қабілеттілігі əлі ауыз тол-

тырып айтарлықтай деңгейде емес, ал біздің көздегеніміз
бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа
жету үшін не істеу қажет?

– Қай мемлекеттің болса да экономикасын көтеру мақса-

тында, дамыған елдердің қатарына қосылу жағдайында ілгері-
лейтін негізгі екі жолы бар. Кейбіреулер «дамыған мемле-
кеттер қатарына қосылу үшін өндірісті қолға алайық, шетке
шикізат шығармай, бірден дайын өнім экспорттауымыз ке-

рек» деп ойлайды. ТМД мемлекеттерінің кейбірі сол жолды
таңдап алды да, бірақ олардың қиналып жатқан жағдайлары
бар. Бұл ретте Түркіменстан мен Өзбекстанды мысалға алуға
болады. Екінші жол – бар мүмкіншілікті пайдаланып, бірте-

бірте отандық өндірісті көтеру. Елбасы «Қазір біздің еліміздің
жағдайы жақсы, тек қана зейнетақы қорларының өзінде 7 мил-
лиард теңге бар, ал халықтың қолында шамамен 10 миллиард
доллардай ақша бар болуы керек» деді. Ол банкте жатқан ақша

емес, елдің қолындағы ақша. Сонда еркін айналымда біраз
қаржы бар. Сол қаражатты айналымға тарту механизмдерін
қарастыру қажет. Бəсекелестікке ену үшін не істеуіміз керек?
Əзімхан САТЫБАЛДИН,

ҰҒА академигі, экономика
ғылымдарының докторы:

Əрине, тұтастай шикізат экспортын тоқтата алмаймыз. Деген-
мен шикізатты өңдеп, дайын өнім сатуға жедел бет бұратын кез
келді. Саяси, экономикалық реформаны халық бір-ақ жағдайда
қолдайды, ол үшін елдің əлеуметтік ахуалы жақсы, қарны тоқ

болуы керек. Халық аш құрсақ болып жүрсе, ол ешқандай ре-
форманы түсінгісі келмейді жəне қолдамайды. Міне, қазір,
бізде мұнай-газ, қалайы, тағы басқа да шикізат жағы қатты да-
мыды, ал өңдеу өндірісі қалып келеді, Мысалы, Көкшетауда

«КамАЗ», Астанада «Ниссан» сияқты шетелдің машиналарын
жинайтын зауыттар ашылайын деп жатыр. Дегенмен бұл аз.
Біз индустриалдық-инновациялық стратегиялық бағдарламаны
қабылдадық па, енді соны іске асыруға күш салуымыз қажет.

– Оның тиімді жолы қандай? Əдетте қағаз жүзінде бə-

рі жақсы да, соның орындалуына келгенде кібіртіктеп қа-
латынымыз бар ғой...

– Халқы көп шоғырланған өңірлерде жұмыс орнын ашу

үшін сол жерде өндіріс орындарын қолға алсақ, дұрыс болады.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық
аймақ – мақта кластері қолға алынып отыр. Бұл – жақсы. Жұ-
мыссыздық қалада емес, ауылда. Сондықтан да суармалы

жерлерді өте тиімді пайдалануымыз қажет. Суармалы жер-
лерде экономиканың, анығы табиғаттың заңы бойынша адам
көп қоныстанады. Мəселен, біз əңгіме етіп отырған Оңтүстік
Қазақстан облысында халық саны 2 миллион 300 мыңға жетіп

қалды. Əр отбасында кемінде 5 – 6 баладан бар. Мұндай жағ-
дайда біз əрбір жерді тиімді пайдалануымыз қажет. Біз не
себептен ол жерде астық егуге тиіспіз? Мысалы, суармалы
жерде 1000 гектар астық алқабында əрі кетсе 10 адам жұмыс

істейді. Себебі күзде егіліп, сол кезде бір суарылады. Көктемде
жаңбыр жақсы болса, бір-ақ рет, ал жауын-шашын аз болса
екі рет суарылады, болды, мамырдың аяғында, маусымның
басында жинауға кіріседі. Оның есесіне, Жамбыл облысын-

да қызылша, Алматы облысында қызылша, темекі, Оңтүстік
Қазақстан облысында мақта өсіріп, өндірсе, суармалы жерлер
қай жағынан да тиімді болар еді. Мұндай жағдайда 1 гектар
жерде 10 адамға дейін жұмыс істейді. Өзіңіз де салыстырып

қараңыз, 1000 гектарға 10 адам мен 1 гектарға 10 адамның
арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біз мүмкіндік
бола тұрып, əр мың гектардан 990 жұмыс орнынан айыры-
лып отырмыз. Адам тығыздығын көріп отырсыздар. Халықты

жұмыспен қамтамасыз етіп, өз əлеуметтік-экономикалық ахуа-
лымызды жақсарту үшін осындай əдістерді қолдануға тиіспіз.
Екінші мəселе – Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Орал,
Өскеменнің төңірегінде өте үлкен шикізат өндіретін кеніш

аймақтары бар. Қазақстанның байлығы жетіп жатыр. Біз со-
ларды қалай өндіріп шығаратын жағдайларды қарастыруымыз
керек қой. Отандық өндірісті көтермей, елдің тұрмыс ахуалы
жақсармайды.

– Сіз бір сұхбатыңызда «біз таяу жылдары Чехия, Вен-

грия, Польша, Малайзия сияқты мемлекеттердің қазіргі
деңгейіне жетуіміз керек» деген екенсіз. Бұл елдердің даму
деңгейінде қандай да бір ұқсастық бар болғаннан кейін ай-
тылды ма, əлде олардың тəжірибесі бізге қолайлы ма?

– Баяғы Хрущев айтқандай, «бір демде Американы қуып

жетеміз де, олардан озып кетеміз» дейтін жағдай қазір бізде
жоқ. Ол оңай нəрсе емес. «Кəпір болу бір пəсте, мұсылман
болу əсте-əсте» демекші, бəрін бір пəсте қиратып алып, бір
күнде оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да

осы жағдайды бастан өткізген өзге мемлекеттердің тəжіри-
бесін зерттеу қажет. Ең бірінші орта шеңберге кіріп алу ке-
рек. Өзі экономиканың екі үлкен қағидасы бар. Алыс мерзімге
қойылатын стратегиялық мақсат, сосын сол мақсатқа жететін-

дей күнделікті тактикалық қадамдар жасау. Қадамдар жасау
үшін осы жолдан қысқа мерзімде өткен мемлекеттердің тə-
жірибесіне сүйенуіміз қажет. Мысалы, бүгінде компьютерді
кішкентай балаға дейін пайдаланып отыр. Сол компьютерге

адамзат баласы қанша уақытта жетті? Сол адамзаттың тəжіри-
бесін пайдаланбай, баяғы бухгалтерлік есепшоттан бастауы-
мыз керек пе? Жоқ, əрине. Сол сияқты адамдардың ғылыми
тұрғыдан жеткен жетістіктерін бүкіл адамзаттың пайдалануы-

на мүмкіншілік бар. Бірақ оны ақыл-оймен пайдалану, оның
жолын табу басқа əңгіме. Өзгелердің тəжірибесін зерттеп,

саралау керек, өзімізге ең тиімді жолын таңдап алуға терең
зерттеудің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Айналып-
айналып жүре беруге болар, бірақ ең төте, қысқа, тиімді жолды
табу қажет.

– Сіз үнемі ауылшаруашылығы саласына мемлекеттен

дотация беру жайын қозғайсыз. Бұған орай Америка сияқ-
ты алып мемлекеттерді мысалға келтіресіз. Шындығында
бізде ауылшаруашылығы саласына қаржылай колдау жа-
салып, бағдарламалар да қабылданып жатыр. Дегенмен

кейде сол қаражат желге ұшып немесе орнымен пайдала-
нылмай жатады. Бұған не кедергі, əлде бізде осылардың
бəрін дұрыс ұйымдастыру механизмі қалыптаспаған ба?

– Бұл сала бойынша расымен екі үлкен бағдарлама қабыл-

данды. Оның біріншісін іске асыруға 150, екіншісіне 170 мил-
лиард теңге бөлінді. Бұл дегеніңіз қыруар ақша ғой. Неге біз
сол ақшаны тиімді пайдаланбаймыз? Ол ақша шенеуніктердің
қолына түссе, құмға құйған су сияқты сіңіп кете береді. «Осын-

шама бөлінген қаражаттан ештеңе көрмедік» деп наразы-
лық білдіріп жатқан ауылдар да бар, жеткілікті. Бізде шама-
мен 250 – 270 аудан бар. Екі бағдарлама бойынша бөлінген
қаражат орта есеппен əр ауданға 1 миллиард теңгеден келеді

екен. Бұл аз ақша емес қой. Ауыл жағдайына осы мүмкіндікті
тиімді пайдалануға əлі нақты қол жеткізе алмай келеміз. Себе-
бі əкімдердің əрқайсысы бір-бір ауылдың көлемінен аса алмай
отыр. Əрқайсысы өз ауылына тарта бермей, «аудандағы ең

тиімді жерлерді пайдаланып, бүкіл ауданның, аймақтың эко-
номикасын көтерейік» деп кең ауқымда ойлау жоқ. Мұндай
механизм жетілдірілмеген. Ауылға қазір бюджет тарапынан
70 – 80, тіпті 100 миллиард теңгеге дейін бөлініп отыр. Ау-

ызсу, мал ауруы, өсімдік ауруы, тұқым шаруашылығы, жа-
нар-жағармайды арзандату тағы басқа мəселелердің бəріне
бөлінген қаржы жетеді. Өздеріңіз ойлаңыздар, 1995 жылы
бүкіл республиканың бюджеті қазіргі тек ауылға бөлініп

отырған ақшаның көлеміндей-ақ болған. Ал 1999 жылдан
бері экономикамыз айқын қадаммен өсіп келеді. Сондықтан
бөлініп отырған ақшаны тиімді пайдалану қажет. Ол ақша кім-

нің қолына тиіп, қалай нақты пайдалану керек екендігі жө-
нінде қоғаммен, ғалымдармен, ауылдардағы практик-шаруа-
лармен ақылдаса отырып жұмыс жүргізу керек. Қазір депу-
таттардың ішінде өзінің округына, округ болғанда да адам

көп шоғырланған аймаққа қаржыны кім көп алып келсе, сол
жақсы. Ол қандай жобамен барды, ол қаражат тиімді жұмсалып
жатыр ма, оған ешкім бақылау жасап жатқан жоқ. Тіпті сол
депутаттың өзі бақылау жасайды деп айта алмаймын. Бөлінген

қаражат ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеу үшін
өте нақты бағдарлама мен қатаң қадағалау қажет.

– Кластер жаңа сөз болғанмен, өндірістің сабақтасып да-

муы бұрыннан бар үрдіс. Біз негізінен, қай салалаларда осы
əдісті қолданғанымыз жөн? Жалпы, осы жүйені біз тиімді
қолға алып отырмыз ба?

– Рас айтасыз, кластерлік жүйе Қазақстанда бұрыннан бар

жағдай. Тек қана аты өзгерді – бір. Сосын біз сол бұрынғы
деңгейге де жете алмай отырмыз. Бұрын оны кешен дейтін.
Агроөнеркəсіп, машина жасау, сондай-ақ Қаратау – Жам-
был, Павлодар – Екібастұз сияқты аймақтық кешендер бол-

ды. Соның бəріне қайтадан келіп жатырмыз. Ақыры соның
бəріне қайтадан келеді екенбіз, соны құлайтындай жағдайға
жеткізу керек емес еді ғой. Оның бəрін сақтап қалу біздің Үкі-
меттің басты бағыты болуы керек еді. Бүгінгі таңда мұнай-

газ кешеніндегі кластерді ұйымдастыруымыз қажет. Бұл са-
лада түрлі-түрлі өнімдер шығаруымызға болады. Мысалы,
мырыш, металдар дүниежүзінде көлемі аздау өндірістер. Сол
мүмкіндікті пайдаланып кластерлік жүйемен осы салаларда

дайын өнімді сыртқа шығаратын болсақ, біз ұтар едік.
Ауылшаруашылығына келер болсақ, Алматы, Астана, Қара-
ғанды, Шымкент сияқты адам саны көп, үлкен мегаполистердің
айналасында қаншама сүт зауыттары жұмыс жасап жатыр. Со-

лардың айналасында құрт, май, ірімшік, тағы басқа да ұлттық
тағамдар өндіретін кластерлік жүйе қалыптастыру қажет. Ше-
телден тамақ тасу деген, менің ойымша, экономикалық дивер-
сия! Себебі ол өзіміздің өндірісті тоқтатып қойып, шетелдің

өндірісін дамыту деген сөз. Мұнайдан, металдан түскен, басқа

да табысымыздың бəрін шетелдік тамаққа жұмсайтын болсақ,
онда не болғаны?! Сонда Қазақстан халқы тек тамақ ішу үшін
өмір сүріп отыр ма? Өзіміздің өндірісті қолға алу керек! Ол
үшін шикізат жеткілікті, ендігі міндет – соны өндіру.

Бізге көкөніс, қант кластерін неге қолға алмасқа?! Біздің
елде қант қызылшасын өндіретін жеті зауыт бар. Жеті зауыттың
барлығын жұмыс істеткізуіміз қажет. Ол зауыттың бəрі қазіргі
таңда Куба қант құрағымен жұмыс жасап жатыр. Бұл – шетел-

ден алып келетін шикізат. Өзімізде қант қызылшасын өндіргісі
келмейді, ол қымбатырақ болады. Рас, қант зауыттарын біз
оларға жекешелендіріп бердік, дегенмен неге олар тек жеке
басын ойлауы керек? Неге олар халықтың жағдайын, олардың

жұмыссыздығын ойламайды? Міне, бұл жағдайды Үкімет жа-
ғынан реттеу керек.
Бұл жердегі ең басты мəселенің бірі – аймақтардың бір-
бірімен кооперативтік байланысын жүйелеу. Неге біздің ай-

мақ басшылары, əкімдер шетелдіктермен тез тіл табысады
да, бір-бірімен тіл табыспайды? Елбасы қаттырақ айтқан кез-
де Шымкенттен Астанаға көкөніс таси бастайды. Соны өзара
келісіп жасай беруге болмай ма? Неге біз солтүстік аймаққа

оңтүстіктен көкөніс жеткізіп бере алмаймыз? Павлодар трак-
тор зауыты жылына əрі кетсе 200 трактор шығарады, соның
өзін өткізе алмайды. Ақыры өткізе алмайды екенсің сол техни-
каңды күздігүні көкөніс өсіретін оңтүстік аймақ шаруаларына

лизингке бер. Көктемнен бастап сол аймаққа көкөністі жеткізіп
берсін. Жаңадан мектеп бітірген бала тоңазытқышы бар ма-
шиналарды жалға алып, көкөністі оңтүстіктен 5 теңгеге алып,
солтүстік өңірге апарып 80 – 100 теңгеден сатып, пайдасын

көре алады. Ал білімі де, тəжірибесі де бар шенеуніктеріміз
осыған бас қатырғысы келмейді. Əлде ол жеке бас пайдасын
көрмесе айналыспай ма? Бұл бір ғана көкөніс мəселесі. Ал
астық мəселесіне келсек, бұл жерде де солай, солтүстік өңірден

оңтүстікке жеке меншіктер жеткізеді. Ал Үкімет деңгейінде
қызмет жасап отырған азаматтар оны жеткізе алмайды. Мыса-
лы, оңтүстікте астық, ал солтүстікте көкөніс сауда үйін ашып,
жұмысты белсенді түрде ұйымдастыруға болады ғой. Облыс-

тың сол жерлерде арнайы өкілдері жұмыс істесін. Сол бүкіл
жауапкершілікті мойнымен көтеріп, екі облыстың арасындағы
сауда-экономикалық байланысты нығайтсын. Əр облыс Аста-
надан бір сауда үйін ашса, несі бар?! Бізде ондай мүмкіндік

бар ғой. Ал шетелдік инвесторларды, өндірісшілерді тіпті
өздері барып іздейді. Оларды қарсы алып, шапанын кигізіп,
бар жағдайын жасап, бəйек болып жатады. Ал бір-біріне тіпті
қонаққа да барғысы келмейді. Олар бір-бірінің жұмысымен

танысып, өздерінде жоғын екіншісінен алып жатса, оның несі
айып? Алыстан арбаламай-ақ керегін жақын жерден-ақ табар
еді. Бұл экономикалық жағынан шығынды аз кетіріп, пайданы
еселей түспей ме?

Кеңес Одағының соңғы жылдарында қай облыс қай облыс-
пен жұмыс жасайтыны жайында бағдарлама болған. Оның
ішінде теміржолдың тарифіне дейін есептеліп қойылған.
Қай жерден қайда астық жеткізудің немесе ет, көкөніс, басқа

да тауар тасудың ең тиімді жолдары қарастырылған. Сон-
да кооперативтік негізде барлығы жасалып қойған. Сол бағ-
дарламаны қайта көтеріп, жұмыс жасау қажет. Біреу бір жа-
ңалық ашып отыр дейсіз бе, бұл жағдайдың барлығы екі

азаматтың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты нəрсе. Əлде
саудагершілікпен күн көріп, тіпті күн көріп деуге де келмейді,
байып жатқан жігіттерге біреу үйретіп отыр ма? Оларды
нарықтың өзі соған итермелеп отыр. Шенеуніктер тек «біз

осындай жағдайға жеттік» деп жоғарыға ақпарат бергенше,
нақты жұмыс істеу қажет.

– Сіз əңгіме арасында мұнай-газ саласындағы кластер-

лік жүйе жайлы айтып қалдыңыз. Біздің мұнай-газ са-
ласында жұмыс жасап жатқан отандық жəне шетелдік
компанияларға шикізатты шетке тасып, пайда көре бермей,
өзге де өнім өндіруге бет бұруын талап ету керек шығар.

– Бұл – өте терең мəселе. Бұл жерде мəселе ең бірінші əу

баста олармен қандай келісімшартқа отырғанымызға келіп
тіреледі. Мемлекет өз жеріндегі қай өндіріс орнына да талап
қоюға толық құқы бар. Неге шетелдік компания біздің елден
шикі мұнайды сонау Еуропаға апарып өз зауытында өңдеу ке-

рек? Оның себебі біреу-ақ өз зауытында өңдесе қомақты табыс
өз елінде қалады. Салықтың бəрі сол мемлекетке төленеді, ал
бізге тек шикізаттың салығы төленеді. Мен АҚШ-қа барған са-
парымда сол елдегі ет өндіретін «Мицубиси-порк» комбина-

тында болдым. Ол жапондардың қолында. Мен «Бұл қалай?»
деп сұрағанымда компания басшылары «Үкімет бізге бұл жер-
ден шикізатты алып кетуге рұқсат бермеді. Өнімді осы жерде
өндіресіңдер, сосын дайын өнімді алып кетуге болады» деді.

Көрдіңіздер ме, салық та сол жерде қалады, жергілікті халық
та осы өнімді пайдаланады жəне қаншама адамға жұмыс орны
ашылып отыр. Бұл жерде фермерлерге қаншама жағдай жаса-
лып жатыр. Біз де осындай талап қоюымыз керек. Əрқайсысын

өз еркіне қойып, «салықты дер кезінде төлеп отырсаң бол-
ды» десек, олар ойына келгенін істейді. Шетелдік инвестор-
лар мен жергілікті жұмысшылар арасында кейбір қолайсыз
жағдайлардың қалыптасып отырғаны да содан.

– Осы кезге дейін расында да шетелдік инвесторлар-

ды тарту үшін оларға біраз жеңілдіктер жасалып келді.
Елбасы жақында енді шетелдік инвестицияны азайтып,
отандық инвестицияға мойын бұру керек екендігін айтып
қалды. Бұл отандық өндірістің өрлеуіне дəнекер болуы

мүмкін бе?

– Қазір кейбір ТМД мемлекеттерінде мынадай тəжірибе

қолға алынуда. Мұнаймен айналысатын əр компания нақты тап-
сырма алады. Біреуі мақта, екіншісі астық өңдейтін зауыт салу
сияқты. Сонда ауылшаруашылығы саласына бір зауыт салмаған
компанияға мұнай алғызбайды. Өндіріс сол мұнай компания-

сына тиесілі, бірақ ол сол жерде жұмыс істейтін болады. Ол өз
инвестициямызды өз өндірісімізге тартудың бір жолы. Отандық
инвестицияның сыртқа кетпей, өз өндірісімізді көтеруге жұм-
салуы үшін осындай түрлі амалдар қарастыру қажет.

– Жақында ғана Елбасы «Самғау» ғылыми-техноло-

гиялық холдингін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл
осы уақытқа дейін байланыс үзіліп қалды деп байбалам са-
лып келген ғылым мен өндірісті жақындатуға мұрындық
бола ала ма?

– Холдингтің өзі сол мақсатта құрылып отыр. Екіншіден,

қазір технологиялық парктер құрылып жатыр ғой, солар осы
Холдингтің қарамағында болады. Қандай керемет болса да
қазір ғылыми жетістіктердің барлығы архивте жатыр. Сол
архивтерді көтеріп, қолға алып, соны өндіріске енгізетін кез

келді.
16 мамыр, 2007 жыл

АҚЫЛЫ ЖОЛҒА

КАПИТАЛИЗМНІҢ ЖАТ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

ҚАРАМАУ КЕРЕК

– Бағдат Бұрханбайұлы, сіз жастайыңыздан ақын бала

атанып, ел көзіне түстіңіз. Тіпті екінің бірінің қолы жете
бермейтін республикалық басылымдарда сіздің поэзиялық
шығармаларыңыз жиі жарияланып тұратын. Солай бо-
ла тұра, сіз неге ауыл баласының «тісі бата бермейтін»

техникалық ғылым жолын таңдадыңыз?

– Бұл – тағдыр ғой. Негізі, қазақ – дарынды халық. Нені

меңгеремін, үйренемін десе де, оған қабілет-қарымы жетеді.
Мен кішкентай кезімнен техникаға жақын болдым. Техникалық
салаға қарай бет бұруымның сыры – сол. Əкем Алматыда
автомобиль-жол институтының бар екенін естіпті. Автокөлік

жолы дегеннен кейін біздің де машина жүргізгіміз келетіні
анық. Ол кезде жол-құрылыс мамандығы дегеннің мағынасын
терең біле бермейміз. «Мен де сол оқу орнына барамын» деп
талаптандым. Əкем де қолдай кетті. Сөйтсем, менің білім ала-

тын сол институттағы мамандандырылған кафедрам жай кафе-
дра емес, Қазақстанның тұңғыш жол ісі бойынша профессо-
Бағдат ТЕЛТАЕВ,
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу

институты» АҚ президенті, техника
ғылымдарының докторы, профессор:

ры Бақытжан Мұртазиннің (кейін 1990 – 1995 жылдары осы
институттың ректоры болды) кафедрасы екен. Үшінші курс-
та оқып жүргенімде мені ұстаздарым «сенен ғалым шығуы
мүмкін» деп Қазақстан Ғылым академиясының Механика

жəне математика институтына, академик Шмидт Мұсаұлы Ай-
талиевке алып барды. Сөйтіп, мен аты əлемге əйгілі академик
Жақан Сүлейменұлы Ержановтың механика ғылыми мектебі-
не келдім. Менің тағы бір ұстазым – əлемдік жол ғылымының

классиктерінің бірі – профессор Борис Самойлович Радовский.
Ол кісі бүгінде Калифорнияда жемісті еңбек етіп жүр. Менің
бұл саладағы жетістіктеріме осы кісілердің тəлім-тəрбиесі үл-
кен əсер етті деп ойлаймын.

– Еліміздің халықаралық маңызы бар жолдарын былай

қойғанда, тіпті ірі мегаполистердің өзінде жол проблемасы
бары анық. Бұл олқылықтың орны қашан толады?

– Қазақстанда 130 мың шақырымдай автокөлік жолы бар.

Соның 87 мың шақырымы жалпы пайдалануға берілген. Ал
енді қаланың ішіндегі, үлкен шаруашылықтардың өз ішіндегі,
жергілікті маңыздағы жолдар бұған кірмейді. Мысалы, Ал-
маты қаласының жолы əкімшіліктің құзырына берілген. Ал

Көлік жəне коммуникация министрлігі жалпы пайдалануға
берілген автокөлік жолдарына ғана жауап береді. Осы бөлі-
нуге байланысты бүгінде əр қаланың, əр ведомоствоның жолды
қаржыландыруы əр деңгейде. Тұңғыш рет 2001 жылы «Қазақ-

станның автожолдарын дамытудың 2001 – 2005 жылдарға ар-
налған мемлекеттік бағдарламасы» жасалды. Қазір 2006 – 2012
жылдарға арналған екінші бағдарлама жүзеге асырылып жа-
тыр. Осы жетіжылдық бағдарламаға 1 триллион 300 милли-

ард теңге шамасында қаржы бөлініп отыр. Осы бағдарламаны
жақсылап жүзеге асырсақ, жалпы пайдаланудағы жолдардың
85 пайызы, жергілікті жолдардың 70 пайызы халықаралық дең-
гейге сəйкес келеді. Бұл көрсеткіштер нақты себептерге байла-

нысты өзгеруі мүмкін.

– Қазақстанның көрікті жерлеріне бару, оған шетел-

діктерді тарту, туризмнен бюджетке ақша түсіру – осының
бəрі айналып келгенде жолға келіп тіреледі. Өйткені Қазақ-

стан – кең-байтақ, бір жерден екінші жерге жету қиын.
Қатынап жатқан көліктердің де деңгейі сізге мəлім...

– Ойыңызды түсіндім. Осы салада жасалып жатқан бағдар-

ламаларға, бөлініп жатқан ақшаларға Елбасы үнемі назар ауда-
рып келеді. Ол кісі жылдағы Қазақстан халқына Жолдауында
міндетті түрде инфрақұрылым, оның ішінде автожолға арна-
йы тоқталады. Жолсыз елдің экономикасы көтерілмейтіндігіне

көзі жетіп, сол салаға өте қатты қолдау білдіріп жатқаны мені
қуантады. Мұның өзінің объективті себептері бар. Үлкен Еу-
разия материгінің картасын алып қарасаңыз, біз дəл ортасында
тұрмыз. Солтүстігімізде алып держава – Ресей федерациясы,

оңтүстік-шығысымызда – Қытай, сол жағымызда – Шығыс
Еуропа, оның ар жағы Батыс Еуропа материгі. Қытайдан əрі
қарай Тынық мұхиты. Оның жағалауында Азияның өңкей
«жолбарыстары». Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа,

Азия елінен Батыс Еуропаға жылына қыруар тасымал ағылып
жатыр. Қытайдың өзі дүниежүзін өз өнімдерімен қамтамасыз
етіп отыр. Қазір олар Ресей, Иран, Пəкістан арқылы кетуде.
2001 – 2005 жылдарға арналған тұңғыш бағдарламада алты

көліктік дəліз белгіленген болатын. Шұғыл арада осы жол-
дарды халықаралық нормаға келтіріп, шетелдік стандарттың
талаптарын қанағаттандырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қажет. Оның жан-жағында инфрақұрылым болуы керек.

Жалпы, жол саласына соңғы 4 – 5 жылда ғана дұрыс көңіл
бөліне бастады. Мəселен, Алматы – Астана жолын салдық.
Рас, ол жол бұрын да болған. Бірақ ескі, Кеңес өкіметі кезіндегі
жол. Шетел банктерінен Үкіметтің кепілдігімен ақша алдық.

Соның өзінде «қаржыны жеп қойды, дұрыс салмады» деген
сияқты келеңсіз сөздер көп айтылды. Шын мəнінде, «қысқа
жіп күрмеуге келмейді» дегендей, бұл жол – қаражаттың жағ-
дайына қарай жасалған дүние. Соның өзінде қандай жақсы

жол салынды. Қаражаттың тапшылығынан тар болып қалды.
Қазір оның алдыңғы бөліктерін орташа жөндеуден өткізетін
кез келді.
Жолды салу бар да, сосын оны күтіп-баптау бар. Əйтпесе ол

жол болмайды. Қазақта осындайда айтылатын «темір де тоза-

ды» деген сөз бар. Жол да сол сияқты, өте құбылмалы табиғи-
климаттық жағдайда «жұмыс жасауы», сақталуы бар. Жəне
бұл – өте қымбатқа түсетін сала. «Шөкімдеп салып, уыстап
пайда табамын» деуге болмайды. Сондықтан оған үнемі жеп

отырған асыңнан жырып, қаржы салып отыру керек. Жалпы,
жолды ертеңін ойлаған ел салады...

– Егер халықаралық стандарттың қағидасына сүйенсек,

күрделі жөндеуден өткен жол 12 жылға дейін сыр бермеуі
тиіс екен. Ал бізде келер жылы-ақ ой-шұқыр пайда бо-
лып, жолаушыларға колайсыздық тудырып жатады. Бұл
неліктен, мүмкін, жол сапасын қадағалаудың кемдігі ме?

– Осы стандарттармен, негізінен, біздің институт айна-

лысады. Біздің алдымызға «жол жағдайы əлемдік деңгейге
сай болуы керек» деген талап қойылған. Ол жолдарды жасау
үшін біздің стандарттарымызда да сондай талаптар болуы ке-
рек. Біршама уақыттан бері халықаралық биік деңгейдегі стан-

дарттардың талаптары мен өзіміздің стандарттардың деңгейін
сəйкестендіріп жатырмыз. Осы күнге дейін 68 нормалық құжат
халықаралық стандарттармен сəйкестендірілді. Бұл – қыруар
жұмыс. Былтыр автожолдарға екі техникалық регламент жа-

сап шықтық. Биыл біреуін əзірлеудеміз. Төрт регламенттің
соңғысы келер жылға жоспарланып отыр. Осы төрт регламент,
сосын халықаралық стандарттар негізінде біз жол құрылысы
саласындағы қарым-қатынасты реттейміз. Бұл – бір. Екінші, əр

құрылымның əртүрлі уақыты бар. Мысалы, автожолды біз 20
жылға есептеп саламыз. Бұл – жалпы жолдың қызмет көрсету
мерзімі. Ал оның төсемесі мен жамылғысының қызметтік
мерзімдері одан төмен. Шамамен орташа табиғи-климаттық

жағдайларда жол төсемесі 15 жылдан кейін күрделі жөндеуден
өтуі, ал оның жамылғысы (көбіне асфальт-бетоннан жасалады)
əрбір 5 – 6 жылда жөнделуі керек. Демек, сіз айтып отырған та-
лап бізде де бар. Əйтсе де мысалы, Алматы – Бішкек жолының

салынғанына үш жыл енді болды. Содан бері күні-түні қаншама
көлік əрлі-берлі қатынап жатыр. Қаншама жүк тасылып жəне
жүк көлемі жылдан-жылға біз жоспарлағаннан күрт көбейіп,
артып келеді. Бірақ əзірге талаптық тасымал көлемін өткізіп

тұрғанын жұрттың бəрі де біледі. Қазір Қазақстан мамандары
жол салуды үйренді деуге əбден болады.

– Демек, жаңадан салынған жəне күрделі жөндеуден

өткізілген жолдарды қадағалау мықты болып тұр ғой...

– Өте мықты. Қазір салынған жолдарды бес деңгейде

қадағалау жүргізіледі. Олар – жол салушылардың өздері, инже-
нерлік қызмет, тапсырыс беруші, 14 облыстағы жол лабора-
ториясы қызметкерлері, құзырлы органдар. Олар кез келген
жолды қай уақытта болса да тексеруге құқылы. Қазір талап өте

қатаң. Мен кейде тіпті «жиі тексеріп, жұмыс істетпей қоятын
кездеріміз бола ма?» деп те ойлаймын.
Жол тек жылы мезгілде ғана салынады. Көктемде орташа
температура +10-нан жоғары көтерілгенде ғана жол салуды

бастаймыз, күзде +10-нан төмен түскенде жұмысты тоқтату
керек. Əйтпесе жолдың сапасы болмайды. Жаңбыр жауып,
жел тұрғанда, техника сынғанда тағы жұмыс тоқтайды. Сонда
есептеп қарасақ, жол салатын мерзім тіпті қысқа ғана уақыт.

Сондықтан жол құрылысы деген – өте қиын жəне жауапты
жұмыс.

– «Жол құрылысының тез бұзылуына ауа райы да

əсерін тигізеді» дегенді кейбір мамандар жоққа шығара-
ды. Шынында да, бұл қаншалықты ақылға қонымды?
Əлде жауапкершіліктен жалтарудың «төте» жолы ма?

– Өзі кемшілік жасап, оны ауа райына жабатындар бар шы-

ғар, бірақ нағыз маманның алдында олардың өтірігі «бір-ақ
тұтам». Оны басшылар да, біз де білеміз. Бірақ автокөлік жо-
лы – өте күрделі сала. Бізде «Автокөлік жолдарын ландшафт-
тық жобалау» деген пəн бар. Қазақ қызын ұзатып жатқан кезде

«жүрегімнің бір парасын жұлып беріп жатырмын, бауырым-
нан ет кесіп беріп жатырмын» деп жігіт жағына батырып ай-
тады. Сөйте тұра, ол қызын «Қалқам, сен барған жеріңе су-
дай сіңіп, тастай бат» деп шығарып салады. Біз де жолды

жобалағанда қоршаған ортаның, ландшафттың бұзылмайтын,
айырылмайтын атрибутына айналып кетсе екен дейміз. Жол
қоршаған ортаның бөлінбейтін элементіне айналып кетуі ке-
рек. Əйтпесе ол бөгет болуы, геоэкологияға қатты əсер етуі

мүмкін. Сондықдан əу баста жол салу ландшафттық тұрғыдан
жобаланады. Əрине, ол табиғаттың бір элементіне айналып
кететін болса жақсы, оған қалай дегенде де ауа райы, топырақ,
су деңгейі қысы-жазы əсер етеді. Мысалы, Батыс Еуропаны

алайық, біздің қысымыздай аяз оларда жоқ, біздің жазымыздай
жаз жоқ. Біздің Оңтүстік Қазақстан облысында шілдеде тус ауа
жаңа салынған жолды басып өтетін болса, қыз-келіншектердің
бізөкшесі қалып қояды. Бұл – бір. Қыстыгүні Өскемен, Аста-

намыз аязды келеді. Оған ешқандай асфальт шыдамайды,
шатынап сынып кетеді. Міне, кең-байтақ Қазақстанымыздың
табиғаты да əртүрлі. Біз шетелдің ешқандай технологиясын
өзімізге сəйкестендірмей пайдалана алмаймыз. Екінші, мақұл,

біз Американың технологиясын алып келейік. Сонда не, пəлен-
бай миллион тонна материалды да бірге алып келуіміз керек
пе? Құдайдың берген қиыршық тасы, құмы, топырағы бізде де
бар. Жол құрылысына өз жеріміздегі топырақ, тау-тас жыныс-

тары пайдаланылады. Ол да ерекше, бір жерде – бар, екінші
жерде – жоқ. Алыстап кетсек, жол шығыны көбейеді, бағасы
көтеріледі. Оны алмастыратын басқа материал іздейміз, мұның
бəрін реттеп, үйлестіріп отыру қажет.

Қазір біз заманның озығын алуымыз керек. 1987 жылдан бас-
тап АҚШ-тың Конгресі жолымызды одан əрі дамытамыз деп
150 миллион доллар мен 5 жыл уақыт бөліп, жол саласының
жобалау тəсілін дамытқан. Одан кейін де, тіпті күні бүгінге

дейін дамытып келеді. Сол технология «Суперпейв» деп атала-
ды. Біз де осы əдістемені пайдалану жайында шешім қабылдап,
қазір сонымен айналысып жатырмыз. Соған байланысты біз
бүкіл Қазақстан территориясын температуралық жағдайына

байланысты аудандастырамыз. Мысалы, асфальтжол салған
кезде ең қымбат та маңызды материалдардың бірі – битум. Ол –
мұнайдың қалдығы. Мұнай бізде жеткілікті. Міне, осы битум-
ды өндіру қолға алынып жатыр. Бұл жайында Үкіметтің арнайы

тапсырмасы бар. Бірақ бүкіл əлемде осы күнге дейін өндіріліп
келген битум біздің үлкен климаттық ауытқуларымыздың та-
лабын қанағаттандырмайды. Бұл – қандай битумды əкеліп
салсаңыз да, жол бұзыла береді деген сөз. Жақсы битум іздеп

Финляндияға да, Иранға да бардық. Əлем елдерінің озық деген
қыруар материалдарын, технологияларын жəне техникаларын
сараптап, пайдаланып жатырмыз.

– Онда өз климатымыздың талабына сай битум өндіруге

ғалымдарымыз атсалысуы қажет дейсіз ғой.

– Иə, солай. Ал қазіргі жағдайда жолдың тез бұзылуына

басшылықты, ғылымды, жол салушыларды кінəлаудың еш
реті жоқ. Материал Алла тағала жасаған табиғи жағдайға сəй-
кес келмейді. Оның үстіне уақыттың тығыздығы, басқа да кем-
шіліктер келіп қосылады.

– Жол құрылысы саласы заманауи техникамен қанша-

лықты қамтылған?

– Бүгінде, жалпы, жаман емес. Бұдан бес-алты жыл бұрын-

ғымен салыстырғанда əлдеқайда жоғары. Мамандарымыз
ҚХР-дің Шанхай қаласында жылына бір рет өтетін, сондай-ақ
Еуропаның үлкен қалаларында болатын техника көрмелеріне
қатысып тұрады. Сол жақтан техника алып жатқандар аз емес.

Бірақ бір мəселені түсінуіміз керек, жол құрылысы бір күнде
аяқталып, дереу пайда əкелетін сала емес. Қаржы бөлініп, жол
салынады. Сосын қаржының өтем уақыты деген түсінік бар. Ол
Кеңес кезінде де болған, қазір де сол үрдіс сақталған. Егер жол

салуға кеткен шығын шамамен сегіз жылдан ертерек қайтатын
болса ғана бұл экономикалық тиімді жоба саналады. Мұндай
жобаларға көзді жұмып қаржы құюға болады. Қазір біздің жол-
дар 5 – 6 жылда өз қайтарымын беріп жатыр деп ойлаймын.

– Соңғы кезде ақылы жол салу жайлы жиі айтылып жүр.

Осы саланың маманы ретінде сіздің бұған көзқарасыңыз
қалай? Егер осы бастаманы қолдайтын болсаңыз, онда ке-
лешекте қай жолдардың ақылы болуы мүмкін?

– ТМД мамандары өткен жылы 6 – 8 шілде аралығында

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен үлкен конфе-
ренцияда ақылы жолдар жайын талқылады. Жалпы, бұл мəселе
əртүрлі деңгейде жиі айтылып жүр. Үкімет Көлік жəне ком-
муникация министрлігіне «төрт жолды ақылы жасау мəселесін

қарастыру керек» деп міндет қойып отыр. Соның бірі – талай
жылдар бойы көтеріліп келе жатқан Алматы – Ыстықкөл ав-

тожолы. Оның төрт варианты бар. Қазақстан өз вариантын
ұсынып отыр. Мұның бəрі үлкен жобалар. Ақылы жол – заман
талабы. Бұл – өмірде бар тəжірибе, дамыған елдердің бəрі бұл
əдісті қолданады. Неге? Жалпы, пайдаланатын жол бар. Егер

сіздің одан жылдам, одан да қауіпсіздік деңгейі жоғары, одан да
жайлы, кең жолды пайдалануға мүмкіндігіңіз болып тұрса, не-
ге сол жолмен жүрмеске?! Сондай-ақ ақылы жол тұрмысы орта-
ша адамның қалтасына қолайлы болса, бұл да экономиканың

дамығандығының бір белгісі емес пе? Сондықтан көзі қарақты,
көңілі ояу қоғамның мүшесі оған қарсы шығып, капитализмнің
жат элементі ретінде қарамауы керек.
Дегенмен ақылы жол салудың өзіндік шарттары бар. Оның

негізгісі – ақылы жол болуы үшін оның жанында сапасы мем-
лекеттік стандарттарды қанағаттандыратын, бүкіл халыққа
тегін қызмет көрсететін жол болуы керек. Сонда ешкімнің
құқы шектелмейді. Екіншіден, ақылы жолды Үкімет немесе

жеке инвесторлар салатын болса да, ол белгілі бір мерзімде
өзінің өтемін беруі керек. Жарқыратып салып қоятын болсақ,
бірақ онымен ешкім жүрмесе, бұл дұрыс емес... Қысқасы, Қа-
зақстанда жақын арада ақылы жолдар болады.

– «Автокөлік жолдары туралы» 2001 жылы қабылданған

заң бар. Дегенмен сол заңда бүгін көтеріліп отырған ақылы
жол жайлы мəселе қаралмаған. Жалпы, жол құрылысы са-
ласы заңдық тұрғыда қаншалықты қамтылған?

– Рас, бұл заңда жекеменшік жол салу туралы ешқандай бап

жоқ, Сондықтан оны ретіне қарай толықтыруға тура келеді.
Үкімет жасаған «Көлік кодексі» бар. Уақыттың талабына қарай
құқықтық база жасалады. Қазір жолдың бəрі тек мемлекеттің
құзырында. Оны бизнес көзі деп қарайтын болсақ, сол жердегі

субъектілердің өзара қарым-қатынасын реттеуге тура келеді.
Оған байланысты да заң тармақтары қабылдануы керек.

– Қазір қалада көлік көбейді. Адамдарға қолайсыздық

тудырмау үшін жолдың жағдайына байланысты реттеп
отыратын бір мүмкіндіктер бар ма?

– Бұл – қордаланған мəселенің бірі. Қай елдің даму тарихы-

ның осы саласын алып қарасаңыз да, ылғи автомобильдендіру

үдерісі жолды салу үдерісінен алда болып келеді. Ылғи авто-
көлік көбейіп кетеді де, жол салу жағы соған үлгере алмай
жатады. Бұл – бір жағынан, табиғи экономиканың өзіндік бір
құбылысы. Мысалы, ертең менің экономикам көтеріледі, көлік

қатынасым көбейеді деп ешқашан да алдын ала жол салынбай-
ды. Жол қажеттілік болған жағдайда ғана салынады. Халық-
аралық геотехникалық қоғамда, көліктік инфрақұрылым
ұйымдарында бүгін «мегаполис инфрақұрылымы», «мегапо-

лис геотехникасы, қауіпсіздігі» деген түсініктер қалыптасып
жатыр. Себебі тұрғындарының саны миллионнан аса бастаған
кезде сол қоғамның өзіндік ішкі заңдылықтары жұмыс жасай
бастайтын көрінеді. Құдды Ньютонның классикалық меха-

никасы мен Эйнштейннің салыстырмалық теориясы секілді.
Қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына жақындағанда
классикалық механика заңдылықтары жарамсыз болып, салыс-
тырмалық теория заңдылықтары билік құрады... Мегаполис-

терде де солай көрінеді. Қазіргі үлкен қалаларымыздағы
көріністер – объективті құбылыс. Алматы қаласындағы қар-
қынды қозғалысты салынып жатқан жол айрықтары мен метро
реттейді деп ойлаймын.

– Сіз техникалық ғылымға, есеп-қисап жағына көбірек

көңіл аударып, поэзияны ұмыт қалдырған жоқсыз ба?
Қателеспесем, сіз Жазушылар одағының мүшесісіз...

– Оның рас, менің көп уақытым осы жол ғылымымен өтіп

жатыр. Бірақ ақын болып туған адам ақын болып өмір сүреді
екен!..
«Елім десе, бəйтеректей бойшаңмын,
Халқым десе, қара нардай қайсармын.

Мені көрсең, қабырғалы ел қазақтың
Бір кішкентай баласы ғой дей салғын» –
деп аяқталатын өлеңім бар. Мен үшін «қазақтың нағыз бала-
сы» дегеннен артық атақ жоқ. Қырықтан жаңа асып келемін,

осы уақытқа дейінгі алған білімімді елімнің пайдасына жара-
тып отырғаныма, халқымның бір кəдесіне жарағаныма қуана-

мын. Мен қызмет жасап отырған бұл мекеме – мемлекеттік
ұйым. Бүгін – мен, ертең басқа біреу отыруы мүмкін. Бірақ өзі-
ме тапсырылған міндетті толығымен орындауға міндеттімін.

– Ақын, қазақ халқының бір перзенті ретінде сізді не

ойландырады?

– «Болса екен қазақ деген ел алда,

Елмен бірге болсам екен мен алда
Жылап тұрып жалбарынам мен саған
Маған дағы сондай ғұмыр бер, Алла!» –
деген де өлең жолдары бар менде. Қазақтың биіктен көрінуін,

заманының алды болуын тілеймін.
Мені ұлттық тəрбиеміздің жоғалып бара жатқаны алаңда-
тады. Ғаламдану үдерісіне ілесе алмасақ, бізді өзгелер «жұтып»
қояды. Есігіңді ашып, төріңе шығармасаң, қалып қоясың. Сон-

дықтан мен қазақтың əр баласының заманға лайық білім алып,
мамандық игеруін қалаймын. Мен Көлік жəне коммуникация
академиясында студенттерге жол мамандығы бойынша 16 жыл
дəріс оқыған адаммын. Өз ойымды жастарға үнемі айтып оты-

руды қасиетті парызым деп түсінемін.
17 шілде, 2007 жыл

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ

ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСЫП ОТЫРҒАН

ІРІ ИНВЕСТОРҒА АЙНАЛДЫ

– Гүлшара Наушақызы, қазір елімізде бай, орта шаруа,

кедейдің аражігі айқындалып қалды. Бірі қос-қостап ма-
шина мініп, коттедж, виллаларда тұрса, енді бірі баспа-
на таппай, басын тауға да, тасқа да ұрып жүр. Бізде осы
халықты кедейлік шегінен алып шығудың қандай да бір

механизмі бар ма?

– Қазіргі кезде аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін

əлеуметтік көмек көрсетудің əртүрлі формалары қолданылып
келеді. Яғни олар пассивті жəне белсенді. Пассивті деп
отырғанымыз қаражат түріндегі төлем. Ал белсенді азамат-
тарды жұмыспен қамту, жұмыссыз азаматтардың қоғамдық

жұмыстарға қатысуына ықпал ету, оқыту жəне қайта оқыту,
əлеуметтік жұмыс орындарын кұру.
Елімізде 2002 жылдан бері көрсетіліп келе жатқан əлеумет-
тік көмек көрсетудің бір түрі – мемлекеттік атаулы əлеуметтік

көмек. Жалпы, бізде атаулы əлеуметтік көмек төлеміне бөлінген
қаражат көлемі соңғы бес жылда 34 миллиард теңгеден астам
болып отыр.
Гүлшара ƏБДІХАЛЫҚОВА,

Еңбек жəне халықты
əлеуметтік қорғау министрі:

Кедейшілік деңгейін төмендету жəне азаматтардың неғұр-
лым əлжуаз санатын əлеуметтік қолдау мəселелері салалық бағ-
дарламалар, тұжырымдамалар, стратегиялар, жоспарлардың
іске асырылуы шеңберінде шешіліп келеді. Осылардың жү-

зеге асуы кедейлік шегінен төмен ақшалай кіріс алатын азамат-
тардың санын 2002 жылы 10,2 пайыздан 2007 жылдың 1 шіл-
десіне 1,7 пайызға дейін төмендетуге септігін тигізді.
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Балалы отбасыларға

берілетін мемлекеттік жəрдемақылар туралы» заң қолданысқа
енді. Аталған заңға сəйкес жан басына шаққандағы табысы
азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа
дейінгі балаларына 1 айлық есептік көрсеткіш (1092 теңге)

мөлшерінде жəрдемақы төленеді.
Сонымен қатар мемлекет аз қамтылған отбасыларға (аза-
маттарға) тұрғын үй көмегі бойынша, яғни тұрғын үйін ұстауға,
коммуналдық жəне байланыс қызметтерін қолдануға төлем

шығындарын өтеу үшін шаралар жүргізіп келеді. Жергілікті
атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі
бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған
азаматтарға қосымша əлеуметтік қолдау көрсетуге кұқылы

екендігін атап өткім келіп отыр.

– Осыдан біраз бұрын «жұмыс орны жоқ, өндірістің

бəрі тоқтады» деп байбалам салсақ, қазір жер-жерлерде
өндіріс орындары ашылып жатыр. Сонда да «екі қолға
бір күрек» таппай жүрген жұмыссыздар қатары азаймай
тұр. Əлде өзбек пен қырғыз бауырларды қара жұмысқа

«жегіп» үйренген қазақтың бойын жалқаулық меңдеп
алған ба? Жалпы, біздің қазақ неге сеніп арқасын кеңге са-
лып отыр?

– Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – біздің маман-

дардың төмен біліктілігінде, жұмыс берушілердің талабына
сай еместігінде. Мысалы, Статистика агенттігінің ақпараты
бойынша жалға алынған жұмыскерлердің 23,8 пайызының
біліктілігі өте төмен.

Екіншіден, жұмыс іздеп жүргендердің ішінен 30 пайызы
бұрын еш жерде жұмыс істемеген, ал 40 пайызы бір жылдан

астам тұрақты жұмыс істеп көрмеген. Сондықтан жартылай
немесе толығымен біліктілігін жоғалтып, жұмысқа жарамсыз
болып қалған. Сонымен қатар жұмыссыздардың ішінде үштен
бірі біліктілігі жоқ жұмысшылар болып табылады.

Үшіншіден, есепте тұрған жұмыссыздар уəкілетті орган
ұсынған жұмыспен қамту белсенді нысандарына барғысы
келмейді. Мысалы, өткен жылы Шығыс Қазақстан облы-
сы бойынша кəсіптік оқудан 64 адам, қоғамдық жұмыстан –

233, ал əлеуметтік жұмыс орнынан 6 адам бас тартты. Басқа
аймақтарда да осындай жағдай.
Төртіншіден, жұмыссыздардың көбі төлейтін жалақысына
қанағаттанбайды. Мəселен, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жам-

был облыстарында жергілікті азаматтар ауылшаруашылығында
жүргізіліп жатқан жеміс-жидек, темекі, мақта егу жұмыста-
рынан бас тартады. Ол жұмыстардың ауырлығы, жалақысы
аздығы жұмыскер табылмауына себеп болып отыр. Осындай

жағдайға байланысты былтыр аталмыш жұмыстарға шетелдік
жұмысшыларды тарту тəртібі жеңілдетілді.
Бұл мəселені шешу үшін министрлік тарапынан көп жұмыс
атқарылып, тиімді шаралар қолданылып жатыр. Қазақстан

Республикасы Үкіметі 2005 – 2007 жылдарға арналған Ха-
лықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша өткен екі
жылдың ішінде жақсы нəтижелерге жеттік. Жұмыс істейтін
халық саны 7,3 миллионнан 7,4 миллион адамға дейін өсті.

Жұмыссыздықтың деңгейі 0,3 пайыздық шекке түсті, яғни 8,1
пайыздан 7,8 пайызға дейін төмендеді. Жұмыссыз халық саны
15,3 мың адамға азайды.
Екі жарым жылдың ішінде жұмыспен қамту уəкілетті ор-

гандарына 654,5 мың адам жұмыс іздеп келген. Оның 247,2
мыңы ауыл тұрғындары. Жұмыссыз жүрген адамдардың 75,1
пайыздан астамы жұмысқа орналасты. Кəсіптік оқуға жəне
қайта даярлауға 68,7 мың жұмыссыз жолдама алып, оқуды бі-

тіргендердің ішінен 82,9 пайызы жұмысқа орналасып, 1,8 мың
адам жеке ісін ашты.
Ал шетелдік жұмыс күшін тарту еліміздің индустриалдық-
инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған

стратегиясын, Каспий теңізінің казақстандық секторын иге-
ру бағдарламасын, тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-
2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, селолық
аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемле-

кеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты.
Бірақ ел Үкіметі ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында
шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілейді.
Бүгінгі күні шетел жұмыс күшін тартуға белгіленген квота

экономикалық белсенді халық санының 0,98 пайызын (79,5
мың адам) құрайды.
Шетел азаматтарын квоталау саясаты еңбек рыногындағы
ахуалды жəне экономиканың білікті еңбек ресурстарына деген

қажеттілікті ескере отырып, тартылған жұмыс күшін тиімді
пайдалануға жəне оның санын шектеуге мүмкіншілік береді.

– Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің

дерегіне қарағанда, соңғы 15 жыл бойы еш жерде жұмыс
істемеген 120 мыңдай адам бар екен. Қазіргідей «жас күнімде
бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп, қарттығын əр
адамның өзі бүгіннен ойлап, зейнетақы қорына айлығынан

жырып ақша салып, ертеңі үшін бүгіннен қам жасайтын
заманда олардың ертеңгі – қарттық дəуірі қандай болмақ?

– Біз бұрынғы Кеңестік мемлекеттер арасында зейнетақы

жүйесін реформалауды алғаш бастаған елдердің бірі бо-
лып табыламыз. 1998 жылдан бастап республика азаматта-
ры жинақтаушы зейнетақы қорына салымдар аударуда. Осы
жылдар ішінде бұл саланың кұқықтық-нормативтік базасы

жасақталып, лайықты инфрақұрылым жасалынып, бəсекеге
қабілетті зейнетақы қызметінің нарығы қалыптасты. Заң əрбір
еңбекке жарамды жастағы азаматтарды зейнетақы жинақтарын
қалыптастыруға міндеттенді. Сөйтіп, азаматтар өз қарттығын

зейнетақымен қамтамасыз етуге өздері жауапты болды. Ал мем-
лекет олардың зейнетақы салымдарын тиімді инвестициялауға
жəне зейнетақы жинақтарының сақталу қауіпсіздігі мен мұраға
қалдыру құқығын береді.

Сонымен катар міндетті зейнетақы салымдарының жи-
нақтаушы зейнетақы қорларында сақталуын жəне инфляция

деңгейін ескере отырып, алғашқы салымның өз көлемінде қайтарылуына мемлекет кепілдік береді. Əлеуметтік реформаларды одан əрі тереңдетудің 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасына сəйкес 2005 жылдан бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі көп деңгейлі болды. Бірінші (базалық) деңгейі – мемлекет кепілдік берген ең төменгі мөлшердегі əлеуметтік жəрдемақылар. Бұл – Қазақстан Республикасының зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарына еңбек өтілі мен еңбекақысына тəуелсіз төленетін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен бекітілген төлемдер. Екінші деңгей (міндетті) – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға заңмен бекітілген ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындалады. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті салымдар есебінен зейнетақы төлемдері. Бұл зейнетақы төлемдерді алушылар аралас жəне жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Үшінші (қосымша) деңгей – ерікті жəне кəсіби зейнеткерлік салымдар аралас жəне жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қатысушылары есебінен төленеді. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін болашақ зейнетақы төлемдерінің сомасы салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері мен аударылу ұзақтығы, сондай-ақ есептелетін инвестициялық табыс есебінен құралатыны белгілі. – Елімізде жұмыссыздар қатарының көп екендігімен қатар, арнаулы мамандық алған (электрмен дəнекерлеуші, слесарь, тігінші, аспаз, тағы басқа) жастар қолына зəру екендігіміз де белгілі. Бұл сұрақ Білім жəне ғылым министрлігіне қатысты сияқты болып көрінгенмен, «таяқтың бір ұшы» Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне де келіп тимей ме? – Қойылған сұрақ өте орынды. Біздің министрлік мемлекеттік органдармен жəне облыс, Астана мен Алматы қаласы əкімдерімен бірлесіп жұмыс күшіне сұранысқа үнемі мони-

торинг жүргізеді. Оның мақсаты – таяу үш жылда жұмыс беру-
шілердің жұмыс күшіне қажеттілігін анықтап, экономика-
ның кажеттілігіне сəйкес кадрлар даярлау жүйесін жөнге кел-
тіру.

Аймақтардағы өткізген талдау нəтижесі бойынша, 2008 –
2010 жылдары жұмыс күшіне болжамдық қажеттілік 274,7
мың адамды құрайды. Өнеркəсіп кəсіпорындарында ең жоғары
сұраныс техникалық жəне қызмет көрсету мамандарына болып

тұр. Мысалы, білікті инженер-механик, инженер-кұрылысшы,
бұрғылаушы, жол құрылысшы, тағы басқа да мамандар
жетіспеушілігі байқалады. Сонымен бірге еңбек рыногы ақ-
параттық технологиялар аясындағы мамандарды, қаражат

менеджерлерін, бухгалтерлерді қажет етеді. Ауылдық жерде
мұғалімдер мен дəрігерлер, тракторшы, мал дəрігері, механи-
заторлар жетіспейді.
Бірақ министрліктің жұмысы осымен шектелмейді. Барша-

мызға мəлім, таяуда Үкімет бекіткен «Жастарды қолдау
жəне бəсекелік қабілетін дамыту туралы тұжырымдамасы»
қабылданды. Қазіргі кезде Білім жəне ғылым министрлігімен
бірлесіп 2008 – 2012 жылдарға арналған Техникалық жəне

кəсіптік білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы жəне Елба-
сы Жолдауын іске асыру үшін 2008 – 2010 жылдарға арналған
еліміздің халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге ба-
ғытталған кешендік іс-шаралар жобалары əзірленуде.

– Біздің жастар не жоғары білім алып, маман болып

шығады, не орта білімнен кейін оқу-тоқуды қойып, қара
жұмысшыға айналады. Бұл біздің кəсіптік-техникалық
лицейлер мен колледждердің жұмысын дұрыс үйлестіре
алмауымыздың салдары емес пе?

– Менің ойымша, бұл жерде əртүрлі факторлар бар: адами,

белгілі жағдайдың жасалуы, тағы басқа да. Баршамызға мəлім,
кейбір жастар кəсіптік техникалық лицейлер мен колледж-
дерге түсіп, кейіннен таңдаған мамандығы бойынша жұмыс
істемейді. Мұның əртүрлі себептері бар: бір жағынан, алған ма-

мандыққа қанағаттанбайды; екіншіден – сол мамандық бойын-
ша жұмыс табылмайды; үшіншіден – барған жұмыс орнының

жалақысы аз. Ата заңымызда көрсетілгендей, əр адам еңбекті еркін таңдауға құқылы, сондықтан біз оған міндет ретінде жүктеуге құқығымыз жоқ. Сонымен бірге жергілікті уəкілетті органдардың қасында халыққа кəсіптік бағдар беру мақсатында жұмыс іздеу клубтары ұйымдастырылған. Егер мектеп түлектері оқуға түсер алдында сонда барып кеңес алып, ақылдасса, мүмкін, ондай жағдай азаяр еді. – Зейнет жасының əйелдерге 58, ерлерге 63 жасқа дейін ұзартылғанын көпшілік соншалықты жылы қабылдаған жоқ. Оның үстіне көп мекеме 45 жастан асқан азаматтарды жұмысқа қабылдауға қиналады. Мұндай жағдайда біз азаматтарымыздың құқығын шектеп отырған жоқпыз ба? – Бүгінгі күні Халықаралық Еңбек Ұйымы көптеген елдерде мемлекеттік зейнетақы жүйесінің экономикалық белсенділігін нығайту үшін зейнетақы жасын арттыруды іс жүзінде қолданылып жатқандығын көрсетеді. ТМД елдерінде зейнетке шығу жасын арттыру мардымсыз демографиялық ахуалда жəне еңбек рыногындағы қолайсыз жағдайда əлеуметтік емес сипат алады. Тəжікстанда зейнетке шығу жасы ерлерге 63 жасты жəне əйелдерге 58 жасты құрайды, Қырғызстанда – 63/58 жас, Эстонияда – 63/58 жас, Латвияда 2008 жылы ерлерге жəне əйелдерге зейнетақы жасы 62-ге дейін теңеледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуді есепке ала отырып, болашақтағы зейнетақы мөлшерлері тек жалақыға ғана емес, əр азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу ұзақтығына да байланысты болады. Зейнетке ерте шығу міндетті зейнетақы жарналары төлемдерінің кезеңін қысқартады. Ал ол өз кезегінде келешекте лайықты зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар зейнетке жеңілдікті шартпен шығу заңнамамен көзделген. – Алматы өңірлік қаржы орталығының жұмысы қыза түскенде зейнетақы қорларындағы салымдарға да «жан

бітуі» мүмкін бе? Қазір зейнетақы салымдары қандай
нақты жобаларға тартылып отыр?

– Зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесінің он

жылғы жұмысының нəтижесі еліміздегі зейнетақы реформа-
сы айтарлықтай сəтті өтіп жатқандығын көрсетіп отыр. Бұған
дəлел үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мəлімет бойынша
азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы са-

лымдары 1 триллион теңгені құраған. Салымшылардың жеке
зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыстың
сомасы 290 миллиард теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің
құны күннен-күнге өсуде. Сондай-ақ барлық зейнетақы жинақ-

тарының жақсы əртараптандырылған, анағұрлым өтімді əрі
берік қаржы тұратын инвестициялық портфельде орналасуы
сенім ұялатады.
Қазіргі таңда зейнетақы қорлары отандық өндірісті дамыту-

ға үлес қосып отырған ірі институционалды инвесторлар бо-
лып отыр. Бұл экономиканың нығаюына, халықтың əлеуметтік
қорғалуы мен өмір сүру деңгейінің артуына септігін тигізеді.
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын дұрыс инвестиция-

лау оларды сақтау жəне көбейтуге жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылғандай, зейнетақы активтерін инвестиция-
лау пруденциалды нормативтерге сəйкес жүзеге асады. Инвес-
тициялық портфельдегі стандартты құрылымы болашақ зей-

неткерлердің мүддесіне сай қабылданды. Себебі мұндай тəсіл
кез келген кұнды кағаздардың көтерілу немесе құлдырау кезең-
деріндегі қатерді айтарлықтай төмендетеді. Ол тек өтімділік
принципіне ғана емес, сондай-ақ беріктілік жəне сақталу прин-

циптеріне сүйенеді.
Əрине, əлі де шешілмеген мəселелер бар. Олар жинақтаушы
зейнетақы жүйесін жетілдіру процесінде шешілетін болады.

– Соңғы жылдары зейнетақы қорларына қатысты жиі

сын-пікірлер айтылып жүр. Бұл салада тағы да күрделі өз-
герістер болуы мүмкін бе?

– Жинақтаушы зейнетақы қорларының соңғы он жылдық

жұмысын қорытындылай отырып, елдегі зейнетақы жүйесінің
қалыптасу кезеңі аяқталып, ол қарқынды даму кезеңіне аяқ бас-

ты деп нық сеніммен айта аламыз. Ұсынылған қорытындылар
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ойдағыдай
қызмет етуде екендігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры тұрақты жұ-

мыс жүргізуде. Жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу жəне
қадағалауды Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
жəне қадағалау агенттігі жүргізеді. Жинақтаушы зейнетақы
жинақтарын сақтауда ірі қаржы институттарына қатысты жо-

ғары талаптар белгіленген.
Сонымен қатар Министрлік Мемлекет Басшысының тап-
сырмасына сəйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту
жөнінде, оның:

– халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды ке-

ңейту;

– зейнетақы салымдарын сақтандырудың қосымша түрле-

рін кезең-кезеңімен дамыту;

– инвестициялық кірісті арттыру жəне зейнетақы жинақта-

рын орналастыру үшін қаржы кұралдарының тізбесін кеңейту
шаралары;

– жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу

жүйесін жетілдіру жəне зейнетақы жинақтарының сақталуын
қамтамасыз ету бөлігінде ұсыныстар əзірленуде.
Осылайша жинақтаушы зейнетақы жүйесі жоспарлы даму
үстінде жəне бүгінгі танда бұл салаға түбегейлі өзгерістер ен-

гізу жоспарда жоқ.

– Елде міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгелі

де біраз болды. Алғашқы бір кезеңге сараптама жүргізіліп,
нақты нəтижесі белгілі болды ма? Біз əлеуметтік сақтан-
дыру жүйесін енгізу арқылы елдің біршама жария жұмыс
жасауына, зейнетақы қорларына салымшыларды тартуға

ынталандыра алдық па?

– 2005 – 2007 жылдарға арналған еліміздегі əлеуметтік

реформаларды одан əрі тереңдету бағдарламасына сəйкес
əлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу еңбекке қабілеттілікті
жоғалту, асыраушысынан жəне жұмысынан айырылу сияқты
əлеуметтік қатерлер төнген кезде қосымша қорғау жүйесін құ-

руға бағытталған əлеуметтік қорғаудың екінші деңгейіне жа-
тады.
Қазіргі уақытта Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігі үстіміздегі жылдың 28 ақпанындағы Елбасының

Қазақстан халқына Жолдауын жəне Үкіметтің 2007 – 2009
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында
жүкті болу жəне босану, сондай-ақ бір жасқа толғанға дейін
бала күтімі жағдайына қосымша əлеуметтік қатерлер енгізу

жөнінде жұмыс жүргізуде. Жоғарыда көрсетілген қосымша
əлеуметтік қатерлер балалы отбасылардың материалдық əл-
ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді жəне демографиялық оң
өзгерістерге алып келеді.

Бұдан басқа, жұмыс істейтін əйелдер мен бір жасқа дейінгі
бала күтімімен айналысатын адамдардың зейнетақылық жи-
нақтары артады. Экономиканың формалды секторындағы ең-
бек қызметі тиімді болады.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА:

– Министрлікте жауапты кызмет аткарып жүрген қазақ

қызы жайлы көпшіліктің тереңірек білгісі келетіні рас.

– Экономика ғылымдарының кандидатымын. Жоғары оқу

орнынан кейін өмір жолымды əлеуметтік салаға арнадым де-
сем де болады.

– Затымыз əйел болған соң кейде отбасы, ошақ қасының

күйбең тірлігінен де лəззат алатын кездер болады.

– Ара-тұра менде де ондай мүмкіндік болып қалады. Жал-

пы, оған уақыт табу керек. Қызметтен қолым қалт ете қалған-
да үйге көңіл бөлуге тырысамын. Кішкентай қызым бар. Неғұр-
лым сонымен көбірек бірге болғым келетіні рас. Анаммен,
қызыммен, бауырларыммен мəдени демалыс орындарына аса

ықыласпен барамын.

– Сіз мемлекеттік қызметтен қолыңыз тие бермейтін

болған соң үй шаруасына алаң болмау үшін күтуші ұстай-
тын боларсыз?

– Бұл жағынан көбіне анам көмектеседі. Кейде қажет болған-

да, мəселен, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде ақылы ар-
найы қызметтің көмегін пайдалануға тура келеді.

– Қиналғанда кімнің ақыл-кеңесіне жүгініп, кімге мұң

шағасыз?

– Жеке өмірге байланысты болса көбіне анаммен, сіңілім-

мен ақылдасамын. Ал жұмыс бабында достарыма арқа сүйей-
тінім рас.

– Негізінен, қай елдің киімі мен косметикасын пайдала-

насыз?

– Бір елдің киімін не косметикасын пайдаланамын деп айта

алмаймын. Кейде іссапармен шетелдерге жолымыз түседі. Бар-
ған жерімде жақсы фирмалардың киімдерін өзіме қонымды,
жарасымды болып тұрса, алуға тырысамын. Киімдерді арнайы
тапсырыспен тіктіретін кездерім де бар.

– Сырт келбетіңіз үнемі бабында болу үшін жеке имидж-

мейкер ұстайсыз ба?

– Жоқ, жеке имиджмейкер қызметін пайдаланған емеспін.

Мұндай шаруалармен өзім айналысамын. Сəн журналда-
рын қарап отырамын. Негізінен, өзімнің талғамым бойынша
киінемін.
22 тамыз, 2007 жыл

КӨКСАРАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ СЫРДАРИЯ МƏСЕЛЕСІН

ТҮПКІЛІКТІ ШЕШЕДІ

– Қазір Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облысы

халқының бойын үрей билеп тұр. Су тасқыны қаупі ас-
қынып тұрғандықтан, Сырдария маңынан елді мекендер
көшіріле бастады...

– Биыл қыс ерекше қытымыр болды. Сондықтан дарияда

мұз қалың. Сырдария өзенінің арнасы Қырғызстан, Өзбекстан,
Тəжікстан мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Өзен арна-
сы өтетін көрші елдерде де қыс биыл қаһарында. Қазіргі кезде
Шардара су қоймасына жоғарыдан су көп келуде. Сондықтан

да артық суды қоймадан Қызылқұм каналына, Арнасай арқылы
Өзбекстанға ағызып жатыр.
Сырдария өзені Одақ кезінде ирригациялық немесе суар-
малы жерлерге су беру режимінде жұмыс істеді. Күз, қыс ай-

ларында суды Тоқтағұл, Қайраққұм, Шардара, тағы басқа су
қоймаларына жинақтап, көктем, жаз айларында суармалы жер-
лерді суару үшін пайдаланатын. Басқа уақытта Сырдариядан
халық шаруашылығына керекті мөлшерде ғана су жіберілетін.

Құрғақшылық жылдары су қоймаларында жиналған су егін
Қуаныш АЙТАХАНОВ,
Парламент Сенатының депутаты:

суаруға жетпей жататын кездер де болды. Қазір Одақ тарап, əр
республика өз алдына дербес мемлекет болды. Əр мемлекеттің
өз есебі, өз мүддесі бар. Мəселен, Сырдария өзені бастау ала-
тын ең үлкен Тоқтағұл су қоймасы – Қырғызстанның негізгі

байлығы, бюджеттің кіріс көзі. Сондықтан олар өзен суын қыс
айларында, электр энергиясының ең тапшы жəне керек кезінде
энергияға айналдырып, қымбат бағамен сатады. Тоқтағұл ГЭС-
інен суды неғұрлым көп тастаса, соғұрлым энергия көп өнді-

ріледі, бюджетке қаржы көп түседі. Ал оның зиянды салдары
Сырдария өзенінің төменгі арнасында отырған бізге тиеді.
Бұл мəселені түпкілікті жəне тиімді шешудің негізгі жолы
осыдан 10 жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған Орта-

лық Азия су энергетика консорциумын құру еді. Орталық
Азияда су көздері тапшы. Сол аз суды тиімді пайдаланудың
бірден-бір жолы оны Одақ кезіндегідей ирригациялық режим-
де, яғни Сырдария өзені ағысында орналасқан мемлекеттердің

ортақ мүддесі үшін суармалы жерлерді суаруға пайдалану. Ал
өзен суын қыста энергия ретінде өз бюджетіне қаржы тауып
отырған мемлекетке мазут, көмір, тағы басқа энергия көздерімен
көмектесіп, мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешу. Міне,

консорциум құрудың мақсаты – осы. Алайда «Кісідегінің кілті
аспанда» дегендей, бұл мəселе бүгінге дейін шешілмей келеді.
Тек өзеннің төменгі ағысында су тасқын қаупі басталғанда
қырғыздарға көмір, мазут беріп, су көлемін азайтуды өтінеміз.

Биылдың өзінде қырғыздар 5 мың тонна мазут, қосымша көмір,
электр энергиясын беріңдер деп отыр. Қызылордалықтардың
мүддесі үшін Қазақстан Үкіметі қырғыздардың бұл талапта-
рына келіскен сяқты. Шардара су қоймасына жоғарыдан кел-

ген су көлемі көп болғандықтан өзімізге ауадай керек суды
өзбектерге жалынып, Арнасайға жіберуді сұранып отырмыз.
Парадокс, елімізде су жетпейді, су біз үшін алтынмен тең.
Ертең көктем шыға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыс-

тарының диқандары су жетіспеуінен егін егу көлемін азай-
тады, өнімді аз алады. Ал судың жетіспеуінен құрғап бара
жатқан Аралымыздың жағдайы анау. Соған қарамастан жыл
сайын 2 – 2,5 миллиард текше метр суды өзбектерге жалы-

нып Арнасайға жібереміз. Оның үстіне биылғыдай Сырдария
өзені бассейнінде қар қалың жауып, ылғал мол болған жылда-
ры дарияға Арыс, Келес өзендерінен ерекше көп су қосылып,
жағдайды одан əрі қиындатып жіберуі мүмкін.

– Жылда қайталанатын осы тығырықтан шығудың

амалы қайсы? Бұл жағдайда не істеу керек?

– Сырдария өзенінің бойында Шардара су қоймасынан 200 –

300 шақырым төмен Көксарай су қоймасын немесе Көксарай
су реттегішін салу мəселесін шешетін уақыт жетті. Бұл жөнінде
су мамандары, ғалымдар, экологтар пікірі бір арнада. Кезінде
Үкіметтің қаулысы да шыққан. Бірақ қызылордалықтардың

араласуымен Сырдария өзенінің арнасы мен Арал теңізін рет-
тейтін жобаны сылтау етіп, су қоймасының құрылысы əлі бас-
талған жоқ.
Көксарай су қоймасы дарияның Отырар ауданы көлемінде

салынуы тиіс. Су қоймасы Шарадараға сыймай, Өзбекстанға
кетіп жатқан суды жəне Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қы-
зылорда облысының елді мекендеріне қауіп төндіретін артық
суды уақытша ұстап, керек кезінде дарияға жіберіп тұратын су

реттегіш есебінде болады. Егер Көксарай су қоймасының көле-
мі 3,0 миллиард текше метр болса, жай есеп мынаны көрсетеді:
Шардара су қоймасынан дарияның төменгі ағысына қазір се-
кундына 700 текше метр су жіберіліп, Оңтүстік Қазақстан

облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп
төндіріп тұр. Осы суды секундына 550 – 600 текше метрге
түсірсек, қауіп сейіледі дейді мамандар. Көксарай су қоймасы
салынған жағдайда елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған

артық суды ақпан-наурыз айларында Көксарай қоймасына
жинап жəне Арнасайға кетіп жатқан 2,0 миллиард текше
метр суды қабылдап алса, барлық су мөлшері 2 миллиард 516
миллион текше метр болады екен. Дарияның ағысы қалыпты

жағдайға түскен кезде Көксарайдан су Қызылордаға қарай Су
комитетінің бақылауымен жіберіліп тұрады.
Мəселенің түпкілікті шешілуіне Елбасымыздың саяси ше-
шімі керек еді. Ол үстіміздегі жылы 14 ақпанда болған Үкі-

меттің кеңейтілген мəжілісінде Көксарай су қоймасын салу ту-

ралы шешімін кесіп айтты. Енді Үкімет Елбасы тапсырмасын
орындау үшін неғұрлым тез қимылдаса, Сырдарияға байла-
нысты проблемалар соғұрлым тез шешіледі.

– Бір кездері өзіңіз əкім болған Созақ ауданынан уран

өндіруден мемлекет қазынасына қомақты табыс түсіп жа-
тыр. Уран жерасты шайқау əдісімен алынады. Өндірушілер
оның экологияға зияны жоқ екендігін айтып бағуда. Бұл
қаншалықты шындыққа жанасады?

– Уран – табиғат байлығы. Оны да ел игілігіне пайдалана

білген дұрыс. Уран рудасының қоры жөнінде Қазақстан əлемде
алдыңғы қатарда тұрады. Соның басым көпшілігі – Созақ ауда-
нындағы Мойынқұм мен Бетпақдалада, Отырар ауданының
Қызылқұмында. Ал уран өндірудің жерасты шайқау əдісінің

экологияға кері əдісі жоқ деген пікірмен келісуге болмайды.
Себебі қатты қысыммен жерастына қышқылдар жіберіліп,
ол уранды ерітіп, жерасты суларын былғайды. Адамдар мен
жануарлар құдықтан сол жерасты суын ішеді. Сондықтан

уран өндіретін аймақта құдықтар мен скважиналардың суын
қоршаған ортаның радиациясын тұрақты түрде жариялықпен
тексеріп отыру керек.

– «Оңтүстік» экономикалық аймағында мақта кластерін

дамыту туралы жақсы бастама көтерілген. Бірақ мақта
өсіруші, оны өңдеуші, жіп иіруші, мата тоқушы тізбегі əлі
дұрыс жолға қойылған жоқ. Ала жаздай кетпен арқалап,
күтіп-баптауы мен жинап-теруінің машақаты көп мақта

шаруашылығымен айналысатын диқандардың еңбегі қа-
шан ақталмақ?

– Біздің елімізде мақта тек Оңтүстік Қазақстан облысында ға-

на өсіріледі. Облыс көлемінде мақта өсірумен 8 аудан, миллионға
жуық адам айналысады. Сондықтан да облыс халқының тұрмы-
сы мақта өндірісімен тікелей байланысты. Мақта республика
бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде экспорт-

тауда астықтан кейінгі екінші орында.
Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында елімізде
тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға, матадан
киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең

өңдеуге бағытталған іс-шаралар айтылған. Мамандардың
пікірінше, Қазақстан Республикасының тоқыма жəне тігін
өнеркəсібі еліміздің тек 10 пайыз ғана мұқтажын өтейді. Ал
мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

үшін ол ішкі рыноктың ең болмағанда 30 пайыз мұқтажын өтеу
керек.
Шитті мақта неғұрлым терең өңделсе, соғұрлым пайданы
көп береді. Мысалы, 330 тонна шитті мақтадан бағасы 120 мың

АҚШ долларын құрайтын 100 тонна мақта талшығын алуға
болады. Ал осы мақта талшығынан бағасы 211 мың АҚШ
долларына тең 90 тонна жіп иіруге мүмкіндік бар. Бұл мақта
жібінен 634 мың доллар тұратын 600 мың шаршы метр мата

алуға болады. Осы мата жалпы құны 952 мың АҚШ доллары
тұратын 170 мың дайын көйлек, костюм тігуге жарайды. Міне,
тоқыма кластерінің қорытындысы. 330 тонна шитті мақтадан
120 мың доллар тұратын мақта талшығының орнына мақта

кластерін дамыту арқылы 730 – 800 мың АҚШ долларын неме-
се 6 есе артық пайда табуға болады. Ал енді осыны облыстағы
бүгінгі таңда өндіріліп жатқан 450 мың тонна шитті мақтаға
айналдырсақ, қосымша табыс 1 миллиард 630 миллион дол-

ларды құрайды екен. Оның үстіне тоқыма өнеркəсібін дамыту
арқылы мыңдаған жұмыс орны ашылады, миллиондаған теңге
бюджетке түседі.
Міне, осы мəселелерді түпкілікті шешу үшін Президенттің

Жарлығымен мақта-тоқыма кластерін дамытуға байланысты
Шымкент қаласының маңынан Оңтүстік еркін экономикалық
аймағы ашылды. Бұл аймақта ноу-хау технологиясымен жұ-
мыс істейтін кəсіпкерлерге барлық жағдай жасалады. Салық-

тан, баж салығынан босатылады. Мақта өсірушілердің
мүддесін қорғайтын «Мақта саласын дамыту туралы» заң
қабылданды. Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты,
мақта талшығының сапасын анықтайтын зертханалар ашыл-

ды. Мақта бағасын тұрақтандыру мақсатында Президентіміз
Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен мақтаны алғашқы
өңдеу зауыты ашылып, өткен жылы мақта қабылдады. Соның
арқасында 1 келі мақта бағасы 40 теңгеден 67 теңгеге дейін өсті.

Шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында
мақта ұрығын шығаратын зауыт ашылуда. Мақтаны өсіруші
шаруаларды мемлекет тарапынан қолдауға жылдан-жылға
қаржы көп бөлініп келеді. Мақта саласын мемлекеттік қолдау

инвестициялық, салықтық, бюджеттік, кедендік ынталандыру
саясатын қалыптастыру жəне оны іске асыру арқылы жүзеге
асырылады.
Бүгінгі таңда мақта өсірушілердің ең үлкен кемшілігі –

шаруа қожалықтары ұсақталып, ауыспалы егіс сақталмауда,
суармалы жерлер тұзданып, өнім азаюда. Сондықтан шаруа
қожалықтары жаңа негізде бірігіп, іріленіп, ауыспалы егісті
өндіруге барынша əрекет жасауы керек.

– Негізінен ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айна-

лысып, көкөніс пен жеміс-жидек, мақта өсіретін оңтүстік
өңірдің жері тұзданып барады. Соры шыққан ақ таңылтақ
жерден мол өнім алу мүмкін де емес. Осы ретте бұрынғы
дренаж жүйесін қайта қалпына келтіру мүмкін бе?

– Ауыл шаруашылығының «алтын қоры» есептелетін, негі-

зінен, еліміздің оңтүстігінде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда
жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында) орналасқан суарма-
лы жерлер республикадағы жалпы егіс алқаптарының 6 пайы-
зын құраса да, барлық егін шаруашылығы өнімдерінің 25

пайызын береді. Халқымыз тұтынатын тамақ өнімдері (мақта
майы, қант қызылшасы, күріш, көкөніс, жеміс-жидек, бақ-
ша дақылдары) осында өндіріледі. Суармалы жерлерден мол
өнім алып, оларды тұзданудан, батпақтанудан сақтау үшін ке-

шенді агротехникалық шараларды сапалы атқарумен бірге,
су жүйелері мен кəріздік жүйелер (тік дренаж, көлденең су
қашыртқылар) толығымен жұмыс істеп тұру керек. Соңғы жыл-
дары қаржы тапшылығына байланысты суармалы жерлердің

гидромелиоративтік жүйелерін жөндеу жұмыстары тек қана
су жүйелеріне ғана жүргізіледі де, кəріздік жүйелері ескерусіз
қалып жатыр. 10 – 15 жылдан бері жөндеу-тазалау жұмыстары
жүргізілмеген кəріздік жүйелер лай басып көміліп, су тарту

қабілетінен айырылуда. Нəтижесінде, суармалы жерлер тұз-
данып, істен шығуда, мұнда өсірілетін ауыл шаруашылығы

дақылдарының өнімділігі төмендеп кетті. Мысалы, Оңтүстік
Қазақстан облысында 511 мың гектар суармалы жер болса, онда
орналасқан 1903 тік дренаждың басым көпшілігі істен шыққан.
Көлденең су қашыртқылары көптен бері тазаланбай, көміліп,

қамыс басып кеткен. Нəтижеде жерасты сулары деңгейі 1,0 –
1,5 метрге көтерілген жерлердің көлемі 60 мың гектарға, ал
сорланған жерлер 91 мың гектарға ұлғайған. Тұрғындар ішетін
ауызсу тұзданып, олар əртүрлі ауруларға ұшырап жатыр. Осын-

дай жағдай Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарында орын
алуда. Бүгінгі таңда республика бойынша 200 мың гектарға
жуық суармалы жер осы себепті істен шыққан. Ал 1 гектар
суармалы жер дайындауға 300 – 500 мың теңге жұмсалатынын

ескерсек, қаншама миллиард теңге ысырап болғаны белгілі.
Жердің сортаңдануы, тұздануы, батпаққа айналуы одан əрі
жалғаса берсе, келешекте суармалы жерлерден мүлде айыры-
лып қалуымыз мүмкін. Бұл оңтүстік өңірі халқының күнкөрі-

сін қиындатумен бірге, бүкіл республиканы күрішпен, мақта
майымен, қант қызылшасымен, көкөніспен, жеміс-жидекпен
жəне бақша дақылдарымен қамтамасыз ету мəселесін шиеле-
ністіріп жібереді.

Суармалы жерлердің құнарлылығын арттыру, олардың
тұздануына, батпаққа айналып, істен шығуына жол бермеу
мақсатында Үкімет тарапынан кəріздік жүйелерді (тік дре-
наж, көлденең қашыртқы) жөндеуді жəне қалпына келтіру-

ді көздейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар жа-
сап жыл сайын қажетті қаржы бөлуді қолға алатын мезгіл
əлдеқашан жетті. Сонда ғана суармалы жерлерді азып-тозудан
сақтауға, елімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерін (күріш,

қант қызылшасы, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары) кө-
бейтуге қол жеткізе аламыз.
Біз, бір топ Сенат депутаттары жақында Үкімет басшысы
атына осы мəселе бойынша депутаттық сауал жолдадық.

– Ағарғансыз күні өтпейтін қазақтың сүтін өзгелер өнді-

ріп беретін деңгейге жеттік. Дүкен сөрелерінде қаптаған
сүт өнімдері. Еңбек өтілін мал дəрігері болып бастаған сізге
мал шараушылығының бүгінгі ахуалы таныс па?

– Расында да, ата-бабаларымыздың күні ағарғансыз өтпейтін.

Сүт, айран, қымыз, шұбат, қымыран – бұл тағамдар əр қазақтың
сүйсініп ішетін күнделікті ас-ауқаты болған. Шындығына кел-
сек, мемлекет еліміздің экономикалық жағдайы тұрақтанған
сайын ауылға, шаруаға деген көмегін барынша беріп келеді.

Көмек жыл сайын еселене түсуде. Соңғы 5 жылда аграрлық
секторға 205 миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалса, 800
миллиард теңге жеке инвестиция құйылды. Дегенмен елімізде
ауыл шаруашылығы саласы халқымыздың сұранысынан, олар-

дың сатып алу қабілетінен, өсу қарқынынан артта қалуда.
Мəселен, 2000 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларын
тұтыну 4 еседен астам өссе де, оларды өндіру 2,5 есе ғана өскен.
Нəтижеде ауыл шаруашылығы тауарларының импорт көлемі өсіп,

азық-түлік бағасы қымбаттауда. 2005 жылы елімізге 1,7 милли-
ард доллардың ауыл шаруашылығы тауарлары шеттен əкелінсе,
өткен жылы 2,2 миллиард долларын құрап, 129 пайыз өскен. 2005
жылы шеттен 19 472 мың тонна сүт əкелінсе, өткен жылы ол

28 419 тонна болды немесе 145 пайызға өскен.
Сүт өндіруді көбейтудің негізгі жолдарының бірі мал тұқы-
мын асылдандыру арқылы жоғары өнім беретін малдардың
санын көбейту. Мəселен, бізде табиғи-климаттық жағдайы

ұқсас Канадамен салыстырғанда бір сиырдан сүт сауу 3,9 есе
төмен. Елімізде мал тұқымын асылдандыруды барынша қолға
алып, малдардың əлемдік жəне отандық гендік қорының озық
жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті ірілендіру көзделуде.

Мал тұқымын асылдандыруға 2005 жылы республикалық бюд-
жеттен 1,487 миллиард теңге бөлінсе, биыл 1,853 миллиард
теңге бөлу жоспарланды.
Сүт өндірісін жедел дамыту мақсатында, шетелдерден сүт-

ті сиырлардың таналарын сатып алып, оларға берілетін құрама
жемдердің бағасын арзандату арқылы арзан, сапалы сүт өнім-
дерін өндіру қолға алынуда.
Ерекше айта кететін жайт, жеке қосалқы шаруашылық тура-

лы. Қазір республикадағы сиырдың 75 пайызы жекеменшікте.
Сүттің 91 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі.
Сондықтан сүт өндіруді көбейтудің бір жолы – жекеменшіктегі

мал тұқымын асылдандыруға мемлекет тарапынан қолдау
көрсету. Жеке қожалықта өндірілетін сүтті жинап, өңдеп, сату
мəселелерін шешу. Тағы бір айтатын мəселе – елімізде тамақ
өнеркəсібін дамыту мəселесін мықтап қолға алу керек.

– Қазір көп жерлерде жел, күн энергиясын пайдалану

жайлы айтылып жүр. Оңтүстік Қазақстанда күннің шуақты
екендігі өз алдына, апталап, айлап тұратын Арыстанды-
Қарабас желі тағы бар. Осы табиғи мүмкіндіктер кəдеге
қашан асады?

– Еліміздің гидроэнергиялық əлеуеті 170 млрд/кВт сағат

екен. Ал жел энергиясы мен күн энергиясы қызуын пайдаланып
өндірілетін энергияның көлемінде шек жоқ. Ол ондаған мил-
лиард киловатты құрауы мүмкін. Елбасы бекіткен 2007 – 2024
жылдарға арналған еліміздің тұрақты даму тұжырымдамасын-

да бұл мəселелерге үлкен көңіл бөлініп, нақты істер атқарыла
бастады. Ел Үкіметі еліміздің тұрақты даму стратегиясына сəй-
кес энергияның балама көздерін (күн, жел энергиясын) пайда-
лануды 5 пайызға дейін жеткізуді мақсат етіп қойды.

Күн энергиясын пайдалану арқылы үйлерді, ғимараттарды
жылыту жүйесі тəжірибеде бар. Əсіресе, республикамыздың
күн шуақты, шырайлы оңтүстік өңірлерінде күн энергиясын
көптеп пайдалануға болады, пайдаланып жатқан жерлер де бар.

Ол гелиоқондырғылары арқылы күн энергиясын жинақтап, үйге
жылу беру. Осы озық экологиялық таза əдісті өндіріске енгізуге
құлшыныспен кірісу керек. Бұл біздің үлкен резервіміз.
Голландия, Германия, Дания, Үндістан, тағы басқа көптеген

елдер жел энергиясын тиімді пайдалануда. Жел энергиясын
пайдалануда республикамызда Алматы, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Кеңес
дəуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында жел энергиясын

алыстағы малшы ауылдарында құдықтан су шығарып, шопан
үйлеріне электр энергиясын беру үшін пайдаланған кезеңдер
болды. Əрине, бұл экологиялық таза энергия көздерін пай-
далану керек. Оңтүстік Қазақстан облысында күн сəулесі мен

Арыстанды-Қарабас, Шақпақ сияқты күшті желдер ағысы бар-
шылық. Оны халық игілігіне пайдаланатын уақыт жетті.

Бүгінгі күні энергия тапшылығын көріп отырған Оңтүстік
Қазақстан облысының өзінде гидроэнергетикалық көздер же-
тіп артылады. Мысалы, тау өзендері суын пайдалану. Бастау-
ын Талас Алатауынан алатын ағынды Өгем өзенінің қуатын

пайдалану өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында басталған
болатын. Қазір «Қазгидропроект» институтының нақты жоба-
лары бар. Бұл жоба бойынша тек Өгем өзенінің өзі 55 – 60 ме-
гаватт энергия бере алады. Оған Көксарай су реттегіші арқылы

алынатын электр энергиясы мен тау өзендерінен алынатын
майда су энергия көздерін қоссаңыз бірқатар мəселелерді ше-
шуге болады.

– Сіз ұзақ жылдар Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі

басқару қызметтерін атқардыңыз. Өзіңіз соңына дейін жа-
сай алмай кеткен шаруаларыңызды өзіңізден кейін ізіңізді
басқан əкімдерге тапсырасыз ба? Өйткені бізде бір əкімнің
бастаған игілікті ісі келесі əкім келгенде ұмыт қалып жа-

татын жағдайлары жиі кездеседі.

– Əрине, сабақтастық болуы керек. Себебі біздің атқарған

жұмыстарымыз халық, ел игілігі үшін. Ол Елбасы Жолдаула-
рынан, Елбасы бекіткен бағдарламаларда туындайды. Мəселен,
2003 жылы қарашада Елбасы Н.Назарбаев «Мəдени мұра»
бағдарламасы туралы мəселе көтерді. Ол кезде мен Оңтүстік

Қазақстан облысы Отырар ауданының əкімі қызметін атқарып
жүргенмін. Осы бағдарламаның аясында сол кездегі Үкімет
басшысы Д.Ахметовке ұсыныспен шығып, 2004 жылдың 31
қыркүйегінде ел Үкіметінің «Көне Отырардың қайта өрлеуі»

атты қаулысы қабылданды. Қаулыға сəйкес көптеген тірліктер
атқарылды, монографиялар, альбомдар, кітаптар жарыққа
шықты. Арыстанбаб əулиенің кесенесі күрделі жөндеуден өтті.
Үкімет қаулысына сəйкес Отырартөбе мен Арыстанбаб кесенесі

арасын жалғайтын 2,8 шақырым жерді абаттап, əл-Фараби
мұражайы, ортағасырлық шарбақ, қонақүй, этнографиялық ор-
талық, тағы басқа да көптеген тарихи нысандар, туристерге
арналған инфрақұрылым жұмыстарының жобалау-сметалық

жұмыстары дайындалып, құрылысы басталмақшы. Осы игі іс-
тің басында Отырар ауданының қазіргі əкімі Ə.Құртаев мырза

жүр. Мен де Парламентте отырып барынша көмектесудемін.
Осы сияқты игі істерді басқа аудандардан да мысалға келтіруге
болады.

– Сізге сайлаушыларыңыздан, жерлестеріңізден қай са-

ла бойынша сауалдар көп түседі?

– Маған келіп түскен хаттардың ішінде басым көпшілігі

жер, тұрғын үй коммуналдық сала, соттар мен құқық қорғау
органдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы. Əлеуметтік
сала мен зейнетақы туралы да хаттар жиі түседі. Сайлаушы-
лар экономика, ауыл шаруашылық саласы, ауылды көтеруде

мемлекеттік қолдауды күшейту, шаруаларға несие беруді же-
ңілдету, тағы басқа да мəселелерді көтереді. Келіп түскен хат-
тар терең зерттеліп, тиісті министрліктер мен ведомотво бас-
шылары арқылы толықанды жауап беріледі.

– Сізді өзіне де, өзгеге де жоғары талап қоя білетін жан

деседі. Қаталдықтан маңдайыңыз тасқа тиіп, содан өкін-
ген кездер болды ма? Əлде жоғары талапшылдықтың өз
мақсаттарыңызды бағындыруға көбірек пайдасы тиді ме?

– Өмір деген – аламан бəйге. Бəйгеге алуан түрлі жүйрік

қатысады. Сол бəйгеден өз орныңды алу үшін ең алдымен өзіңе
жоғары талап қоя білуің керек. Жоғары талап деген не? Ол
үнемі ізденісте болу, бүгінгі бітер істі ертеңге қалдырмай, алға
қойған мақсатты тиянақты орындау, халық мүддесін бəрінен

жоғары қою. Ол үшін халықпен біте қайнасып, ақылдасып,
пікірлесіп, оларды тыңдап отыру керек. Олардың сөзіне ден
қойып, тыңдай білсең, айтылған ой-пікірлердің ішінен талай
інжу-маржан теріп алуға болады. Халық жай əңгіменің өзінде

саған талай ақыл айтады, талай міндет артады. Тек ала біл.
Көбі талапшылдықты қаталдықпен шатастырады. Себебі
ол адамдар талап қойғанды ұнатпайды. Ал өзіңе талап қоймай,
өзгеге талап қоя алмайсың.

– Пайғамбар жасына жақындаған шағыңызда өткенді

ой елегінен өткізіп тұратын боларсыз...

– Мына жарық дүниеге шыр етіп келген соң өз орныңды тау-

ып, абыройлы азамат болып өмір сүру қандай ғанибет. Бірақ
ол кез келген жұмыр басты пенденің маңдайына жазылмаған.

Əр адам өз істеріне, өміріне, өткенге ой жүгіртіп, «мен не
істедім, қандай биікке шықтым, қандай жетістікке жеттім, оған
қалай қол жеткіздім, қандай кемшілігім бар, оны жою үшін не
істеуім керек?» – деп есеп береді.

«Аллаға жағам десең, азанды бол, ағайынға жағам десең,
қазанды бол, халыққа жағам десең əділ бол» деген бабалардан
қалған ұлағатты өсиетке сай халыққа барынша жақын жүруге,
əділ болуға талпындым.

– Екі ұл, бір қыз өсірген əке ретінде отбасында қан-

дайсыз?

– Өзім туралы айту қиындау сияқты. Қысқаша мен өзімді

бақытты адаммын деп есептеймін. Мəскеуде оқып жүріп та-
нысып, студенттік үйлену тойын өткізіп қосылған сүйген жа-
рым Айман Мағзиқызымен бақытты өмір сүрудеміз. 2 ұл мен 1
қыз, бірнеше немереміз бар. Ұл-қыздарымыз өмірден өз орнын

тапқан мамандар.
5 наурыз, 2008 жыл

ОТАНДЫҚ БАНК СЕКТОРЫНА

ЖАҢА ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ КЕЛУІ

ЕШҚАНДАЙ КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕЙДІ

– Ерұлан Кенжебекұлы, қазіргі əңгіменің негізгі өзегі –

инфляция, тұтыну тауарларының қымбат екендігі. Елба-
сы таяуда Үкіметтің алдағы бір-екі жылдағы басты міндеті
инфляцияны тежеу болып табылатындығын айтты. Ма-
мандар елде инфляцияның үздіксіз өсуі экономикамыздың

монополияланғандығынан деген пікір айтып келеді. Сіз-
діңше, бұл тығырықтан шығудың амалы қайсы?

– Расында да, табиғи монополистердің кəсіпорындарында

бағаның өсуі инфляция деңгейіне келеңсіз ықпал етті. Деген-
мен елде инфляцияның өсуі біздің экономикамыздың монопо-
лиялануымен байланысты деуге болмайды.
Өткен жылы инфляцияның елеулі өсуіне, сондай-ақ биыл

да инфлияцияның сақталуына ықпал еткен басты себептер бар.
Ол ең алдымен əлемдік қаржы жəне тауар рыноктарындағы
ахуалдың тұрақсыздығына, негізгі азық-түлік тауарлары мен
энергетикалық өнімдердің қымбаттауына, сондай-ақ дамушы

елдер үшін əлемдік рыноктардағы жағдайдың нашарлауына
байланысты.
Ерұлан ЖАМАУБАЕВ,
Ұлттық Банктің Үйлестіру

департаментінің директоры:

Елдегі инфляциялық үдерістерді реттеуге бағытталған ша-
раларға қатысты айтар болсақ, Ұлттық Банктің Үкіметпен бір-
лесіп еліміздегі инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі
2008 – 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары əзірленіп,

іске асырылып жатыр. Осы құжат шеңберінде халыққа арнал-
ған тауарлар мен қызмет көрсету бағасының негізсіз өсуіне
жол бермеу, бағаны келісіп алуды, адал емес бəсекені, нарық
субъектілерінің өздерінің үстемдік жағдайын теріс пайдалану-

ын тойтару жөніндегі шараларды жүргізуге басты назар ауда-
рылды. Бұдан басқа, сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде
шараларды қабылдауда.

– Қаржыгер Ғалым Байназаров «Инфляцияны ауыз-

дықтау үшін тек Ұлттық Банктің əрекеті аздық етеді. Сон-
дықтан да соңғы жылдары бұл іспен Үкімет пен еліміздің
бас қаржы институты бірлесіп айналысып келеді. Бұл
əрекеттің мардымсыз екенін өмірдің өзі дəлелдеп отыр.

Сол себепті инфляциямен күрес жөніндегі комиссия құру
қажет» деген еді. Бұл пікірмен келісесіз бе?

– Иə, шындығында, бүгінгі күні инфляцияны тежеу Үкімет

пен Ұлттық Банк үшін үлкен проблема болып тұр. Дегенмен
Ұлттық Банк пен Үкіметтің қабылдаған шаралары жеткіліксіз
деген пікірмен келісе алмаймын.
Ең алдымен, 2007 жылы инфляцияның елеулі өсуі барлық

мемлекеттер үшін де із жүзінде басты проблема болғанын айта
кету қажет. Бұның басты себептері жоғарыда айтып кеткені-
міздей, жаһандық қаржы дағдарысының жəне азық-түлік тауар-
лары мен энергетикалық өнімдердің əлемдік рыноктарындағы

ахуалдың тұрақсыздық салдарлары болып табылады. Инфляция
үдерістерін тежеу бойынша Ұлттық банк пен Үкіметтің қабыл-
даған барлық осы шаралары ағымдағы ахуалда балама болып
табылады, бұл үстіміздегі жылы инфляциялық үдерістердің

баяулағанын байқатты.
Сонымен бірге инфляциямен күрес жөнінде арнайы комис-
сия құрудың қажеті жоқ деп санаймыз. Қазіргі кезде инфля-
цияны тежеу мəселелері Премьер-министр Кəрім Мəсімовтің

жəне барлық мемлекеттік мүдделі органдар (Экономикалық

саясат жөніндегі кеңес (ЭСК), ҚР Үкіметінің отырыстары)
басшыларының қатысуымен ең жоғары мемлекеттік деңгейде
қарастырылуда. Бұдан басқа, Ұлттық Банктің инфляция үде-
рістерін тежеу бойынша негізгі іс-шаралары жыл сайын Ұлт-

тық банктің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарында
белгіленеді.

– Біздің елде жыл сайын мемлекеттік бюджеттен белгілі

бір мақсатқа бөлініп, бірақ игерілмей қалған қаржы көзі
көп. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсаны да профицитпен
аяқталды. Осы қаржылардың қажетті тетіктерге жұмсал-
мауы, оның жұмсалу тетіктерінің айқын болмауы елде ин-

фляция вирусын қоздыруға себеп болып отырғаны рас па?

– Бюджет профициті жəне бюджет қаржысының уақтылы

игерілмеуі елдегі инфляциялық үдерістерді күшейтпейді. Ин-
фляция өсіміне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі бюджет
шығыстарын ұлғайту болып табылады. Инфляцияның өсуіне
бюджет тапшылығының кеңеюі жəне оны тиісті қаржылан-

дырудың ұлғаюы ықпал етеді.

– Қазақстанның жалпы сыртқа қарызы 2007 жылдың

соңында 94,6 миллиард доллар болды. Осы көрсеткіш бұр-
нағы жылы 74 миллиард доллар болған еді. Сыртқы қарыз
көлемінің жыл сайын ұлғаюы экономикалық қауіпсіздік
тұрғысынан қауіп төндірмей ме?

– Кез келген ашық экономика сыртқы əлеммен тығыз өзара

байланыста іс-қимыл жасайды. Экономиканың қалыпты да-
муын қамтамасыз етуге ішкі ресурстар көлемі төмен болған
сайын сыртқы қаржыландыруға деген қажеттілік жоғары бо-
лады. Қазақстан осындай ахуалдың кəдуілгі мысалы болып

табылады. Халық санының аздығы банк жүйесіне ішкі қар-
жы ресурстарының елеулі көлемін тартуға мүмкіндік бермей-
ді. Бұған қоса, экономиканың даму қарқыны жəне мемлекет
пен жеке сектордың кеудемсоқтық жоспарлары бірдей қаржы-

ландыруды талап етеді. Сондықтан халықтың жинақ ақшасына
маңызды балама – сырттан тартылатын қаражат.
Əрине, сыртқы қарыздың салыстырмалы өлшемдеріне жа-
рамдылықтың сыни деңгейі бар. 1970 – 1990 жылдардағы

валюталық дағдарыстар себебін эмпирикалық зерттеулер нə-
тижесі сыртқы қарыздың белгілі деңгейі болғандықтан, оған
қол жеткізгеннен кейін экономикалық қарқын жедел дамы-
майтынын, керісінше, баяулайтынын көрсетті. Бұл сыртқы қа-

рызды өтеуге жəне қызмет көрсетуге шығыстардың өсуі жаңа
түсімнің маңызды бөлігін алып отырады жəне экономикаға
инвестицияның қысқаруына жеткізеді. Осыған орай сыртқы
қарыздың сыни деңгейін алдын ала анықтау өте қиын.

Банктердің сыртқы қор жинау көлемінің айтарлықтай
өсуімен байланысты тəуекелдердің өсу жағдайында Ұлттық
Банк Қаржылық қадағалау агенттігімен (ҚҚА) бірлесіп осы
тəуекелдердің төмендеуіне ықпал ететін сыртқы қарыз алу кө-

лемін шектеу жөнінде тиісті шаралар қабылдағанын айта кету
керек. Сонымен бірге банктер сыртқы ресурстарға қол жеткізу
нашарлаған жағдайда өздерінің сыртқы міндеттемелері бойын-
ша жауап беру мүмкіндіктерін көрсетті. Қазіргі сəтте бірде-бір

банк сыртқы міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген
жоқ. Дегенмен банктердің əлемдік нарықтардың өтімділіктің
жетіспеуі дағдарысынан дұрыс сабақ алулары, сыртқы қарыз
алудың өсу қарқынын шектеулері, келешекте тұрақтылықты

қамтамасыз ету мақсатында несие портфельдерінің сапасына
бақылау жасаулары маңызды.

– Əлемдік экономикада дағдарыстың белең алып келе

жатқаны күнделікті ақпараттан белгілі. Мұның Қазақстан
қаржы нарығына, жалпы, ел экономикасына қандай да бір
салқыны тиюі мүмкін бе?

– Əлемдік экономикадағы қаржылық сілкініс жəне оның

Қазақстанның банк секторына əсері елде ағымдағы өтімділіктің
азаюынан көрініс тапты. Сырттан қаржыландыру ресурстық
базаны толықтырудың маңызды көздері болып табылатын ком-
мерциялық банктер сыртқы қарыз алуды ішінара өтеу уақыты

келгенде өткен жылғы тамыздан бастап, ағымдағы өтімділіктің
жетіспеуі проблемасына ұшырады.
Экономикаға ғаламдық дағдарыстың əсер ету қарқынын тө-
мендетуге мемлекеттік бағалы қағаздар, шетел валютасы жəне

Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы

қалдықтарды кепілге салу, кері РЕПО жəне СВОП операция-
лары арқылы барлық банктерге уақтылы өтімділік ұсыну кө-
мектесті. Мұндай операциялар тамыз-қыркүйек айларында
алғашқы 10 банктің жəне ірі шетелдің банктерін қосқанда, 18

банкпен жүргізілді.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге 2008 жылдың екін-
ші жартыжылдығына дейін ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін көтеруді кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Бұдан басқа, банктердің жеке қысқа мерзімді міндеттемелерін
(РЕПО, овернайт сияқты), субординирленген қарыздарын жəне
мерзімсіз қаржы құралдарын, сондай-ақ олар бойынша есептел-
ген шығыстарды шығару арқылы банктер міндеттемелерінің

резервтік базасы қысқарды, банктердің резервтік активтерінің
құрылымы оларға банк кассасындағы еркін айналымды валю-
тадағы қолма-қол ақшаны қосу арқылы кеңейді. Осындай өз-
герістер нəтижесінде екінші деңгейдегі банктер қосымша өтім-

ділік алды. Ұлттық Банк коммерциялық банктердің ынтасы-
мен өз ноталарын мерзімінен бұрын өтеді. Сонымен бірге бұл
ресурстар барлық банктерге қолайлы.
Жалпы, қазір банк секторындағы ахуал тұрақты. Бірде-бір

банк ішкі де, сыртқы да міндеттемелер бойынша дефолтқа
жол берген жоқ. Бұл орайда банктер сыртқы ресурстарға қол
жеткізу нашарлаған жағдайда өздерінің сыртқы міндеттеме-
лері бойынша жауап беру ғана емес, сондай-ақ шетелдерден

қосымша реурстар тарту қабілетін көрсетті.
Сонымен қатар проблемалардың өткірлігін жұмсартуға жə-
не қаражат түсімін қамтамасыз етуге шикізат нарығындағы
(əсіресе, мұнай мен газ) қолайлы баға конъюнктурасымен

шарттасқан қаржының тұрақты түсуін назарға алу қажет.
Бұдан басқа да Қазақстан Ұлттық Банктің халықаралық ак-
тивтері жəне Ұлттық қордың активтері түріндегі қаржылық ре-
зервке ие. Олардың көлемі 42,4 миллиард АҚШ долларына жетті

(ЖІӨ-ға 40%-дан астам). Бұл қаражат қатты қажеттілік жағдай-
ында экономиканы да, банк секторын да қолдауға жұмсалады.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ экономика дамуының
іргелі факторларының өзгермегендігін ескере отырып, Қа-

зақстанда ішкі қаржы дағдарысы пайда болуына немесе алғы-
шарттарына себеп жоқ деуге болады.

– Алматы өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) болып жа-

рияланды. Орталық жұмысының беталысына қандай баға
беруге болады?

– 2006 жылғы маусымда «Алматы қаласы өңірлік қаржы

орталығы туралы» Заң қабылданды жəне кейбір заңнамалық
актілерге тиісті өзгерістер енгізілді. Сол жылы қаржы орталы-
ғының уəкілетті органы – Қазақстан Республикасының АӨҚО
қызметін реттеу жөніндегі агенттігі жұмысын бастады.

АӨҚО-ның негізгі мақсаты – шетелдік инвестициялар тар-
ту жəне қазақстандық бағалы қағаздар нарығын əрмен қарай
дамыту, оны капиталдандыруды жəне өтімділігін жоғарылату,
бағалы қағаздар нарығындағы жұмысқа инвесторлар ретінде

жеке тұлғалар тарту жəне қазақстандық капиталдың экспорты-
на жағдай жасау.
Қысқа мерзімде АӨҚО жұмысына баға беру өте қиын. Өйт-
кені оның басқа мемлекеттік органдармен отандық қор нары-

ғын жандандыру жөніндегі бірлескен жұмыс нəтижелері жыл-
дар өткен соң белгілі болады. Жалпы, қор нарығын дамытуда
оның институционалдық құрылымын кеңейту жəне нарықтағы
мəмілелер көлемінің өсу бөлігінде сапалы оң өзгерістер бай-

қалғанын айту қажет.

– Отандық коммерциялық банктерге шетелдіктер көз

тіге бастады. Бұл жақсылықтың нышаны ма, əлде еліміздің
қаржы нарығына төнген қауіп пе?

– Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанға

шетелдік банк капиталының келуі банк капиталына ұлттық
бақылауды жоғалту түрінде ұлттық банк жүйесі үшін белгілі
бір қатер туғызу мүмкіндігі бізге белгілі. Алайда қазақстан-
дық банктердің бəсекеге берік негіз қалағанын назарда ұстау

қажет. Бұдан басқа, халық саны көп емес қазақстандық нарық
салыстырмалы түрде тар болғандықтан, шетелдік капиталдың
ашық қатысу үрдісін бақылап қана қояр ма екенбіз?..
Отандық банк секторына жұмыс істеп тұрған, бұрын өздерін

жақсы жағынан көрсеткен жаңа ойыншылардың келуі ешқандай

кедергі келтірмейді. Оның үстіне ірі банктік топтардың келуі-
мен бірге жаңа банк технологиясының, менеджменттің, озық
əлемдік тəжірибенің трансфері жүретіндігін де қаперде ұстау
қажет. Қорытып айтар болсақ, осы басымдықтарды банк кли-

енттері – салымшылар мен займшылардың өздерінің сезінген-
дері маңызды.
Жалпы, экономикаға ықпал етуге қатысты айтсақ, кез кел-
ген банктің тұрақты жұмысы экономикалық өсімге тиісінше

үлес қосады.
Сондай-ақ бұл қазақстандық банк секторында бəсекелестікті
жандандыру тұрғысынан да оң кезең болып табылады. Қандай-
да бір дағдарыстың туындауына қарамастан, қазіргі кезде Қа-

зақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында
банк секторына шетелдік капиталдың келуіне қатысты ешқан-
дай заңнамалық шектеулер жоқ.

– Ал қазақстандық банктердің шетел нарығына экспан-

сиясынан қандай нəтиже күтуге болады?

– Қазақстандық банктердің соңғы жылдары байқалған шет-

ел нарығына белсенді шығуы ел банк жүйесін əрмен қарай да-
мытуда қисынды кезең болды. Осы жағдай жəне сондай-ақ бұл
жағдайда тəжірибе, технология алмасатындықтан, ел беделі
артатындықтан, біздің елімізге шетелдік капиталдың келуін оң

бағалауға болады.
Біздің ойымызша, қазақстандық банктердің шетел нарығы-
на экспансиясының басты нəтижесі қазақстандық банктер-
дің активтері шетелдердегі пайда əкелетін жобаларға орналас-

тырылғандықтан, сондай-ақ олардың түрлі активтерге əртарап-
тандырылуы банктер тəуекелін төмендететіндіктен, банктер
кірісінің ұлғаюы тиіс.

– Еліміздің екінші деңгейдегі банктері Бас банк – Ұлттық

банк пен Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын рет-
теу мен қадағалау агенттігінің жіті бақылауында екені
рас. Кешеге дейін «ТМД-да банк саласынан оқ бойы алда
келеміз» деп кеуде қаққанымызбен, өткен жылғы тамыз

айының соңындағы дүрбелеңнен кейін бұл қарқыны-
мыз біраз басылған сыңайлы. Тіпті кейбір коммерциялық
банктерге тықыр таянғандай. Солай ма?

– Шындығында, былтырғы жылдың тамыз айынан бері банк

секторының өсуі баяулады. Алдағы жылдары банктер страте-
гиясы негізінен сыртқы қарыз бойынша төлемдерді төлеу
қажеттілігімен анықталатын болады. Əлемдік нарықтағы бел-
гісіздік жағдайында отандық банктер толық көлемде өтел-

ген сыртқы міндеттемелерді қайта қаржыландыра алмайды.
Осылайша, банктердің сыртқы қарыздарын өтеуі олардың
ішкі жəне сыртқы активтерін төмендету есебінен жүзеге асы-
рылатын болады. Бұл тиісінше несие берудің, оның ішінде

ипотекалық жəне тұтыну несиелерін берудің жалпы көлемінің
төмендеуіне ықпал етеді. Дегенмен банк жүйесінің жағдайы
тұтастай алғанда тұрақты. Ұлттық Банк өз тарапынан банк-
терге қысқа мерзімді өтімділік беру арқылы қолдау көрсетуді

жалғастырады.
Ұлттық Банк пен ҚҚА банктерді қаржыландырудың мы-
надай балама көздерін: активтерді секьюритилендіру, акция-
лардың немесе айналымдағы облигациялардың қосымша

эмиссияларын тарту жөніндегі бастамаларын қолдайтын бо-
лады. Ұлттық Банк пен ҚҚА банктерге осындай əртүрлі жа-
нама құралдарды əзірлеп жəне енгізуге қолдау көрсетеді.
Бұл болашақта олардың халықаралық борыштық рыноктарға

тəуелділігін азайтады.

– Біздің банк саламыз нақты экономикадан гөрі, жеңіл

табыс табуға көбірек машықтанғандай. Олардың кейбіреуі
мемлекеттің арқасында аяғынан нық тұрды, ал қайтары-
мы қашан болады?

– Банк жүйесін ел экономикасынан бөліп қарауға болмайды.

Өйткені кез келген банктің тұрақты жұмысы экономикалық өсуге
тиісті үлес қосады. Депозиттер қабылдау, банктік шоттар ашу
жəне жүргізу, аударым операциялары, шетел валютасымен айыр-
бас операциялары сияқты қызметтер халықтың қалың бұқарасы-

на қолжетімді. Ел тұрғындарының басым көпшілігі төлем кар-
точкаларын қолданады. Ол өз кезегінде жеке қолма-қол ақшасыз
төлемдерді жүзеге асыратын нағыз құралға айналды.
Соңғы бірнеше жылда қазақстандық банктердің қарқынды

дамуы ел үшін банк несиелеріне барынша қол жеткізуге се-

бепші болды. Бұл сондай-ақ тұтыну жəне ипотекалық не-
сие көлемінің жоғары қарқынды өсуімен расталады. Сөйтіп,
банктердің экономикаға несиелер көлемінің үлесі ЖІӨ-ге
өткен жылы 57 пайыз болды. Ал 2003 жылы осы ара қатынас

21,2 пайыз болған еді.
Жалпы, əлемдік қаржы дағдарысы салдарының нəтижесінде
банк жүйесінің тұрақтылығына қазақстандық банктер серпінді
дамуын жалғастыратынына жəне алдағы уақытта банктік қыз-

меттердің əрбір қазақстандық үшін барынша қолжетімді бола-
тынына сенеміз.
7 мамыр, 2008 жыл

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫМЫЗ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТАУАР РЕТІНДЕ

ТАЛАЙЛАРДЫҢ ТІЛІН ҮЙІРЕТІНІНЕ КҮМƏН ЖОҚ

– Ақылбек Қажығұлұлы, сіз Солтүстік Қазақстан об-

лысында аграрлық сала қызметкерлерімен кездескеніңіз-
де «біздің жылына 26 миллион тонна астық өндіруге мүм-
кіндігіміз бар» деген едіңіз. Жақында Ауыл шаруашылығы
министрлігі мамандары «Биыл 16 – 17 миллион тонна ас-

тық алуымыз мүмкін» деген болжамдарын жария етті. Бұл
өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым
аз. Егер мүмкіндігіміз жоғары болса, неге көрсеткіш кеміп
кеткен?

– Былтыр да егіс орағы аяқталған кезде жердегі ылғалдың

мөлшеріне қатысты, тағы басқа да негіздерге сүйеніп, «16 – 17
миллион тонна астық жиналуы мүмкін» деп алдын ала болжам
жасағанбыз. Несібемізге карай, 20 миллион тоннадан артық
астық бастырдық. Министрлік мамандарының сіз мысалға кел-

тіріп отырған пікірі биылғы тұқым себу науқаны аяқталған
тұстағы ғылыми негіздемелерге сүйеніп жасалған тұжырым.
Қазақ: «Арық сөйлеп, семіз шық» демеуші ме еді? Біз де дəл
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Ауыл шаруашылық министрі:

сол кездегі орташа мүмкіндікті ғана жарияладық. Ауа райын
болжаушылардың «жаз жауын-шашынды болады» деген бол-
жамы дəл келсе, биыл да жаман болмаспыз.
Ал Қазақстанның солтүстік өңірінің табиғатымен Канада-

ның Саскачеван деген провинциясының табиғаты тура бір-
біріне сəйкес келеді. Қыста жауған қардың, жазда жауған жаң-
бырдың мөлшері, топырақтың кұнарлылығы да бірдей. Бірақ
бұл провинцияда біздегідей орташа өнім 9 – 10 центнер емес,

17 центнер.

– Екі жердің де табиғаты, ауа райы бірдей бола тұрып,

неге алынатын өнім көлемі əртүрлі?

– Бұл технологияны дұрыс қолдану мəселесіне байланыс-

ты. Сондықтан менің 26 миллион тонна дегенім, біздің жал-
пы мүмкіндігіміз. Егер технологияны дұрыс қолдансақ, біздің
егіс алқаптарынан да сонша астық жинауға мүмкіншілік бо-
лады. Ол үшін біріншіден, тиісті мөлшерде тыңайтқыш пай-

далануымыз керек. Бізде қазір бір гектарға шаққанда 3,5 келі
тыңайтқыш беріп отырмыз. Ал ғалымдардың кеңесі бойынша
бір гектарға 35 келі беру керек. Сонда біздің шаруалар астық
жинап отырған егістіктеріне тыңайтқышты он есе аз беріп

отыр. Яғни жердің кұнарын пайдаланып астық аламыз да,
оның орнын толықтыратын немесе жерді құнарландыратын
тыңайтқыштарды өз мөлшерінде бермейміз. Қазір топырақтың
кұнары азып барады, Біздің зерттеулеріміз бойынша сіз айтып

отырған Солтүстік Қазақстан өңірінің егістік алқаптарының 60
пайызға жуығында жылжымалы фосфор нормасынан төмен.
Қарашірік бірнеше есе азайып кеткен. Мұны 26 миллион тон-
на астық жинайтын мүмкіндікке жеткізудің бірінші жолы деп

қарастыруымыз керек. Екіншіден, гербицидтерді дұрыстап
қолдануымыз керек.
Академик Александр Бараевтың «Жерді алдау мүмкін емес,
оны жан-тəніңмен түсінуің керек» деген даналығы бар. Жер-

ден ырыс-несібемізді теріп жеп отырған соң, жердің бойына
қажетті заттарды беруіміз керек. Келешекте агротехнологияны
сақтаған шаруашылықтарға ғана субсидия беріледі.
Əлемдік тəжірибеге сай субсидия беру тетігін жетілдіріп,

бюджеттен бөлінетін қаржының жұмсалуын бақылауға қоғам-

дық ұйым ретінде тауар өндірушілер қауымдастығына құзырет
беріледі. Біз де осы бағытқа көшіп отырмыз.
Агроөнеркəсіп кешені саласының жетістіктері жəне кемші-
ліктерін жақсы білетін Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан

халқына арналған биылғы Жолдауында агроөнеркəсіп кеше-
нін дамытуға бағытталған бірқатар жаңа міндеттер жүктеді.
Бұл бірінші кезекте еліміздің азық-түлікпен камтамасыз ету,
мал шаруашылығын дамыту мен шикізатты терең өңдеу жəне

экспортқа бағытталған секторларға қолдау жасау туралы тап-
сырмасы.

– Əне-міне есігін қаққалы отырған Дүниежүзілік сауда

ұйымына мүше болуға аграрлық мемлекет болып санала-
тын біз қаншалықты дайынбыз?

– Біріншіден, бізді ДСҰ-ға кіруге ешкім күштеп отырған

жоқ, өз ынтамызбен кіруге ниет білдіріп отырмыз. Өйткені
ол бізге пайдалы. Басқа мемлекеттермен тереземіз тең сау-
да-саттық жасауға мүмкіндік береді. Өзіміздің экспортқа шы-
ғаратын тауарларымызды да нарықтық құнымен пұлдауға жағ-

дайымыз болады. Рас, біз бұл ұйымға дайындалып кіруіміз
керек. Жүргізіліп жатқан келіссөздердің ішінде ең өзектісі де,
маңыздысы да ауыл шаруашылығы мəселесі болып тұр.
ДСҰ-ға кіретін болсақ, ең алдымен біз өзіміздің заңдары-

мыздың базасын, азық-түлік қауіпсіздігінің талаптарын ұйым-
ға мүше мемлекеттермен сəйкестендіріп бірге атқарамыз.
Азық-түлік қауіпсіздігі туралы жаңа заңның жобасы дайында-
лып жатыр. Енді соған сəйкес заңдық нормалар мен техника-

лық регламенттерді қабылдаудамыз.
Бұл жердегі ең өзекті болып тұрған тұсы – ветеринария са-
ласына байланысты. ДСҰ-ға кірген күннің өзінде ешкім бізге
«шекараларыңды ашып тастаңдар» деп кез келген тауарды емін-

еркін əкеліп, алып кете алмайды. Егер импорттан əкелінетін
қайсыбір тауар түрі ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігіне
нұқсан келтіретіндей мəселелер туындаса, біз оны нақты не-
гіздеме бойынша дəлелеп, ел аумағына кіргізбеуімізге бола-

ды. Сондықтан ДСҰ-ға кірер кезде ауыл шаруашылығы са-
ласының тұрақтылығы мен бəсекеге қабілеттілігін арттыру

жəне ветеринарлық-фитосанитарлық қолайлы жағдай жасау,
мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жүзеге асыру сияқты
халықаралық стандарттарға сай зертханалар, мамандарды да
қайта даярлап, өнімге диагностикалық сараптама жасаудың

жаңа əдіс-тəсілдерін үйрету деген мақсат-міндеттеріміз бар.
Өкінішке қарай, дəл қазір біз ветеринариялық салада сол талап-
тың үдесінен шығатындай дəрежеде емеспіз.
Соңғы жылдары Агроөнеркəсіп кешені (АӨК) саласындағы

байқалған жалпы өсім, Қазақстанның тауар өндірудегі бəсеке-
лестікке қабілеттілігі басымдығының нəтижесі деп қорытын-
ды жасауға болады. Ал азық-түлік өнімдерінің бəсекелестікке
қабілеттілігі елімізде жүргізіліп жатқан аграрлық саясатына

байланысты екені мəлім.
Қазір ауыл шаруашылығы саласына берілетін мемлекеттің
көмегі көбейтіліп жатыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдейтін жəне тамақ, өнеркəсібі кəсіпорындарына

бюджеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелерге банк-
тік сыйақы ставкалары арзандатылады. Жабдықтарды лизинг-
ке алуға жағдай жасалған. Кəсіпорындардың халықаралық сапа
менеджментіне өту жəне сертификаттау шығындары субсидия-

ланады. АӨК салаларын дамытудың нормативтік-əдістемелік
базасы əзірленіп жатыр. Өйткені ДСҰ-ға кіріп алғаннан кейін
бұл саланы қолдаудың кейбір мəселелері қиындық туғызады.
Сондықтан біздің Үкімет ұйымға мүшелікке кірмей тұрып,

агроөнеркəсіп кешеніне көрсетілетін көмектің деңгейін одан
əрі жоғарылатуға күш салып жатыр.

– Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту

жайы қалай?

– Жалпы, ауыл шаруашылығына тартылатын инвестиция-

ның көлемі жыл сайын көбейіп келеді. 2003 жылмен салыс-
тырғанда былтыр екі есе көп болды. Нақты мысал келтірсек,
25,5 миллиардтан 59,2 миллиард теңгеге жетті. Сараптап көр-
сек, қазір салаға кұйылып жатқан инвестицияның 60 пайызы-

нан астамы шаруашылықтар мен кəсіпорындардың өз қаржы-
сы. Ал ауыл шаруашылығын дамытуға бөлініп отырған қаржы-
ның 19 пайызы республикалық бюджеттен берілсе, жергілікті

бюджеттен бөлінетін акшаның көлемі 5,1 пайыз ғана. Сондық-
тан жергілікті атқару органдарының қолдауы керек. Қазір көп
мемлекеттер біздің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс
істегісі келеді. Соларға жағдай жасап, елімізге шетелдік инвес-

торларды тартуымыз қажет.
Қазірдің өзінде тиімді жобаларды қолдауға отандық жəне
шетелдік инвесторлар белсенді араласып жатыр. Орташа есеп-
пен алғанда, биыл АӨК-ке келетін инвестицияның көлемі 20

пайызға көбейеді деген болжам бар.

– Қалалықтар несие алу мен оны қайтарудың шеберіне

айналды. Соның арқасында біраз тұрмыстық ахуалын
көтеріп алғаны да рас. Ал ауыл шаруашылығы саласын
несиелендіру бір жүйеге түспей келе жатқанына не себеп?

– Рас, екінші дəрежелі банктер ауыл шаруашылығына не-

месе ауыл тұрғындарына несиені өте аз береді. Осыдан 3 – 4
жыл бұрын банктердің несие портфелінің 12 пайызы ауыл
халқына тиесілі еді. Өткен жылғы мəліметтер бойынша ауыл
шаруашылығына, ауыл тұрғындарына берілген несие көлемі

банктер берген жалпы несиенің 3,5 пайызына дейін азайып кет-
кен. Ал республика халқынын 47 пайызы ауылда тұратынын
ескерсек, олардың үлесіне тиген 3,5 пайыз не болады? Мұның
негізгі себебі – ауылдағы ағайында кепілдікке қоятын жарам-

ды жылжымайтын мүлік жоқ. Ауылдағы ақшаңқан жақсы үй-
дің өзін банктер болмашы бағаға пұлдайды, көбісін қабылда-
майды да.
Сондықтан біз осы салаға бейімделген «Аграрлық несие

корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сияқты құрылымдар
арқылы жұмыс істеп келеміз. Ауыл шаруашылығына бөлініп
отырған қаржының негізгі бөлігі осы компаниялар арқылы
беріліп отыр. Үкімет ертерек шешім қабылдап, осындай ком-

паниялардың құрылуына қолдау жасады. Соның арқасында
қазір кез келген шаруашылық аз да болса техникасын жаңар-
туға, кəсіпорнын заманға лайық технологиялармен жабдықтауға
мүмкіндік алып отыр. Ең бастысы, арнайы жасалған бағдар-

ламалар шеңберінде шаруашылықтардың қаржыдан тапшы-
лық көрмеуіне мүмкіндік туды. Мұндай компанияларды сол

кезде құрмағанда, былтырғы егін орағы мен биылғы тұқым се-
бу кезінде шаруашылықтарға қиын соғатын еді. Бұл Елбасы-
ның ауылға деген ықыласының арқасында ерекше мəн беріліп,
орындалып жатқан игілікті шаралар.

Дамыған елдерде ауыл шаруашылықтарына арналған ар-
найы банктер бар. Бұл ауылдағы шаруаның мүмкіндігін түсі-
ніп, шаруашылық жағдайына байланысты несиенің талапта-
рын өзгертуге мүмкіндік беретін салалық құрылым. Ауылдағы

шаруаның ерекшеліктерін ескеретін мұндай банктің маңызы
зор. Бізге де осы саладағы бастаған жобаларымызды жүзеге
асыратын кез келді.

– Біз тəуекелі басым ауыл шаруашылығы саласын

сақтандыру жүйесін дұрыс жолға қоя алмай келе жатқан
сияқтымыз. Əр жылдарда сақтандырудың түрлі жолдары
ұсынылды. Бірақ тиімді нəтижеге əзірге қол жеткен жоқ.
Не себептен?

– Алғаш рет өсімдікті міндетті сақтандыру туралы заң қабыл-

даған 2004 жылы бұл төңіректе күрделі мəселелер болды, оны
жасырмаймыз. Сақтандырудың не үшін қажет екенін түсінбе-
ген шаруалардың көбі сақтандыру төлемдерін бермей қаш-
қалақтады. Ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

жүйесінің алғашқыда күрделеніп, кібіртіктеуіне шаруалардың
ғана емес, сақтандыру компаниялары мен жергілікті органдар-
дың да кінəсі бар. Мысалы, сақтандыру компанияларының
барлық аудандарда, керек десеңіз, кейбір облыстардың өзінде

агенттері немесе филиалдары болған жоқ. Ал жергілікті атқа-
рушы органдар міндетті сақтандырудың не үшін керектігін,
қандай пайдасы бар екенін насихаттауға сылбыр араласты.
Шаруалардың жекеменшіктегі сақтандыру компанияларына де-

ген сенімсіздігі де біраз кедергі болды. Одан қалды сақтандыру
компанияларының Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары сияқты
тəуекелі көп аймақтарда егістікті сақтандыруға ынтасы болма-
ды. Осындай кедергілерді уақыттың өзі реттеп жатыр. Өйткені

қазір шаруалар сақтандырудың пайдасы не екенін түсініп, са-
налы түрде егіс алқаптарын сақтандырудың тиімділігін мойын-
дады.

Одан бөлек тұтыну кооперативі үлгісіндегі өзара сақтан-
дыру қоғамдастығын кұруға жағдай жасайтын «Өзара сақтан-
дыру қоғамдастығы» туралы заңның қабылдануы да көп
ықпал етті. Сақтандыру саласына арналған екі заң бір-бірін то-

лықтырды десе болады. Шағын шаруашылықтар үшін осы
өзара сақтандыру қоғамдастығының маңызы өте зор. Мыса-
лы, олар өздерінің сақтандырылған мүліктерін ұқыпты ұстауға
мүдделі, сақтандыру жарнасынан жиналған қаржыны өздері

бақылайды, өздерінің арасында есеп-қисаптардың қалай жүр-
гізіліп жатқаны туралы да қадағалауға мүмкіндігі бар. Қазір
осындай 30-дан астам қоғамдастық кұрылып отыр.

– Қолға алынған кластерлік жүйенің жемісін қашан кө-

реміз? Əсіресе, жеңіл өнеркəсіп саласына тікелей қатыс-
ты мақта өсіру, өндіру, одан дайын өнім алу кластері ақсап
жатқан саланың жұмысына жан бітіре ала ма? Ауыл шаруа-
шылығы өнімдерін өңдеу саласының жай-күйі қалай?

– Ауыл шаруашылығы өндірісін қалпына келтіріп, олар-

дың өнімдеріне деген сұраныстың өнімді қайта өңдеу саласына
да оң ықпал етті. Еліміздің қайта өңдеу өнеркəсібі саласында
2002 жылдан бері қарай жылдам дамып келе жатқан саланың
бірі – тамақ өнімдерін өндіру. Қазір ауыл шаруашылығының

өңделген өнімдері ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп, экс-
порт көлемі жылдан-жылға артып келеді. Ұлттық тұтыну
стандарттарының тұтыну көрсеткіштерінің деңгейімен салыс-
тырсақ, біздің ауыл шаруашылығы саласы елдің негізгі тамақ

өнімдері түрлері бойынша өз-өзімізді қамтамасыз етеді. Де-
генмен жалпы өңдеу саласының өндіріс көлемі артқанымен,
өнім өңдейтін кəсіпорындар өз мүмкіндігін толық пайдаланып
отырған жоқ. Мысалы, ет, сүт, жеміс-көкөніс өңдеу саласындағы

кəсіпорындар қуатының 30 – 45 пайызы ғана, ал өсімдік май-
ын өңдейтін кəсіпорындардың 70 пайызы қамтылған. Соны-
мен қатар өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан
ұн өнімдерін экспортқа шығару жөнінен дүниежүзі бойынша

бірінші орынға шықты.
«ҚазАгро» ҰХ» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысында мақта
кластерін дамыту бағытында жұмыстар атқарып жатыр. Мақ-

таарал ауданында жылына 60 мың тонна мақта өңдей алатын
зауыт құрылысы аяқталып, 27,9 мың тонна шикізат сатып
алынды.
Биыл жылына 5000, келешекте 10 000 тонна элиталық тұ-

қым материалдарын дайындауға мүмкіндігі бар зауыт кұры-
лысы басталады. Осы арқылы өнімділікті арттырып, көршілес
мемлекеттерге де сату жоспарланған. Жалпы, мақта кластері
бағытындағы өңдеу кəсіпорындары, мата шығаруға дейінгі

өндірістік желі 2010 – 2012 жылдарға дейінгі аралықта кезең-
кезеңімен жүзеге асырылады.

– Жеміс-жидек пен көкөністі өсіруге мүмкіндігіміз бола

тұра, неге осы күнге дейін көршілеріміздің бақшасына көз
сүзіп келеміз?

– Бізде өндірілетін көкөністің мөлшері елдің ішкі нарығы-

на, яғни республика халкының ішіп-жеміне толық жеткілікті.
Көкөністің 60, картоптың 80 пайызын халық өз ауласындағы
бақшасы мен саяжайларынан дайындап алады. Бірақ біз ерте
пісетін көкөніске келгенде тапшылық көретініміз рас. Жалпы

алғанда, жыл он екі ай бойы базарлар мен дүкендерді өзімізде
өсірілген көкөніспен камтамасыз етуге табиғаттың мүмкіндігі
жоқ. Сондықтан оның бірден-бір жолы – жылыжайлар салу.
Биыл жылыжай салатын көсіпорындарға «ҚазАгроҚаржы»,

«Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қар-
жылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие беріп жатырмыз. Бұл
мəселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауын-
да басым бағыт ретінде атап, ерекше мəн беріп, жүзеге асыру

үшін бізге нақты тапсырмалар берген. Қазір алдын ала жоспар
дайындап, осы мəселемен айналысудамыз.
Ал енді жеміс-жидекке келетін болсақ, арнайы бағдарлама
дайындалып, жүзеге асырылып жатыр. 2006 жылдан бастап

бау-бақша өсіретін шаруашылықтарға арнайы субсидия беріліп
отыр. Соңғы жылдары жеміс-жидек алқабы ұлғайып келеді.
Қазіргі қарқынмен осы саланы дамыта беретін болса, 2016 жыл-
ға қарай біздің шаруалар республика халқына жететін алма,

жүзім сияқты жеміс-жидектің түрлерімен толық қамтамасыз
ететін болады. Бұл жерде тағы бір нəрсені нақтылай кетсем,

жаңағы берілетін қаржы қарапайым ауыл-аймақтағы бақша-
ларға емес, кəдімгідей заман талабына сай индустриалдық
талаптарға жауап беретін, өнімді де тұрақты алатын шаруашы-
лықтарға берілетінін айтқым келеді. Яғни өнімді егуден бас-

тап, жинауына дейін техникамен жүзеге асыратыны, мол өнім
беретін сорттар өсіретіндігі де ескеріледі. Жаңа тəсілді меңге-
ру үшін барлық шаруашылықтар осыған бейімделуі керек.
Мұның мемлекет үшін де, əрбір шаруашылықтың өзі үшін де

маңызы зор.

– Ауыл шаруашылығы жайына тоқталғанда, қазақтың

ата кəсібі – мал шаруашылығын айналып кете алмай-
мыз. Қазір елде мал басы көбейгенін статистикалық дерек-
тер дəлелдеп отыр. Бүгінде төрт түліктің дені жекеменшік
иелерінің еншісінде. Жекеменшік иелері ветеринарлық

қызметке қаншалықты жүгініп отыр? Яғни біз қандай ет
жеп, қандай сүт ішіп отырғанымызға алаңдаулымыз.

– Соңғы жылдары біздің мемлекетте төрт түлік малдың

басы көбейіп келеді. Рас, республика аумағындағы есепте
тұрған малдың 80 пайызы жеке тұлғалардың қорасында. Ал
асыл тұқымды малдың саны 5 – 8 пайыз ғана. Жалпы, біздің
еліміздегі мал шаруашылығы өндірісі де егін шаруашылы-

ғы сияқты қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталуы
мен автоматтандырылуы жағынан кенже қалып отыр. Малдың
жем-шөбіне де өте мəн бермейміз. «Сиырдың сүті тілінде»
демеуші ме еді? Өрісте жайылып келіп немесе қорада шөп же-

геннен малдың күйі болмайды. Құс шаруашылығында да осын-
дай жағдай. Жалпы, мал-құс шаруашылықтарына жеңілдік
жасау үшін жем-шөпті арзандатып беруге қосымша қаржы
бөлініп жатыр. Өнімнің сапалы болуы үшін мал соятын орын-

дар салу да қазір біртіндеп іске асырылып келеді.
Алдағы жылдары еліміздің бес аймағынан мал бордақы-
лайтын алаңдар салынады. Халықаралық талаптарға сай өнім
өңдейтін мүмкіндікке ие, ірі бордақылау кешендері экспортқа

ет шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл іске қосыл-
ған ірі тауарлы-сүт кешендері сияқты тағы 20-сын еліміздің
əртүрлі аймағынан салу жоспарланған. Осы өнеркəсіп орнын

жоғары сапалы шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін сүтті
мол беретін сиырлар шетелден сатып алынады. Содан кейін
қазір негізінен шетелден əкелініп жатқан терең өңделген сүт
өнімдерін өзімізде шығарамыз.

Қазіргі кезде жекеменшік малдар аса қауіпті ауруларға қар-
сы ақысыз егіледі. Ал басқа ветеринариялық шараларға мал
иесі төлейді. Базарға түскен мал өнімдері мен шикізаттары,
балық, бал, сүт тағамдары зертханалық тексеруден өтеді. Еліміз

бойынша 120 модульдық ветеринарлық зертхана кұрылысын
аяқтау мəселесін көтеріп отырмыз.
Қазір Қазақстан ДСҰ-ға кіру қарсаңында малдарды аса
қауіпті ауруларға қарсы егуді бəсеңдетіп, бара-бара мүлдем

тоқтатады, бірақ диагностикалық тексеруді көбейтіп, тексе-
рудің сапасын жоғарылатады.

– Қазақтың шұбаты мен қымызын, қазысы мен қарта-

сын дүниежүзіне танытып, ұлттық брендке айналдыру
мүмкін бе?

– Қазір экспортқа шығарылатын тауарлардын ішінде Қазақ-

станды айшықтайтын, брендке айналған өнім жоқ. Бірақ он-
дай ерекше өнім деңгейіне көтерілетін, брендке айналатындай
мүмкіндікке ие ұжымдық жəне сертификатталған белгісі бар
жобалар баршылық. Еттен дайындалатын өнімдердің қата-

рында өзіміздің қазы-қарта, жал-жаямыз əлі күнге сыртқы
нарықта қазақстандық өнім ретінде сұранысқа ие бола алмай
отыр. Бірақ халықаралық талаптарға сəйкестендіру арқылы ке-
лешекте ұлттық тағамдарды əлемге танытуға болады. Ол үшін

сол өнімді шығаратын компаниялар сыртқы нарықта өзіндік
орнын иемденіп, олардың өніміне деген сенімді, сұранысты
туғызуы керек. Экологиялық таза тауар ретінде біздің ұлттық
тағамдарымыздың талай адамның тілін үйіретініне күмəн жоқ.

Қазір Қазақстан ұны мен макарон өнімдерінің бренді насихат-
талып жатыр.

– Сізді білетіндер əрі ғалым, əрі тəжірибелі агроном, ғы-

лым мен өндірісті қатар алып жүрген жан деседі. Сіз
осы қызметке келгенде байланысы үзіліп калған ғылым
мен өндірістің жібін жалғауда алдыңызға қандай мақсат
қойдыңыз?

– Мен министр болмай тұрған кезде де, осы министрлікте

көп жылдан бері қызмет істеп, бүгінгі атқарылып жатқан шар-
уалардың басы-қасында болдым. Яғни қазіргі жобалар маған
дейінгі министрлердің тұсында басталған. Қазір одан əрі жал-
ғастырып келеміз.

Бір кездері ауыл шаруашылығы ғылымы өндірістен қол
үзіп қалды. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша
ауыл шаруашылығына қарасты ғылыми институттардың бар-
лығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілді.

Дамыған елдердің барлығында дерлік осындай жағдай. Қа-
зір біздің ауыл шаруашылығы ғылымында бетбұрыс бар. Ға-
лымдар мен ғылыми қызметкерлер өндірісте болып жатқан
шараларға араласып, зерттеу жүргізеді. Бұл жерде екі мəселе

бар. Біріншіден, ғылымға бөлінетін ақша жеткіліксіз. Мыса-
лы, Канада мен Америкада өндіріске 4 – 5 жылда бір сорт
шығарылып жатады. Əрине, жаңа сорт өнімнің бəсекесін
арттырады. Жаңа сорттың өнімділігі, сапасы жақсы болады.

Яғни ғылымдағы бəсекелестік те артады. Өкінішке қарай, біз-
де олай емес. Неге десеңіз, оларда биотехнологиялық тəсіл
қолданылады. Бізде əлі күнге сол баяғы классикалық тəсілмен
14 – 15 жылда бір сорт шығарамыз. Сондықтан біз енді жаңа

құрал-жабдықтар алып, мамандарды биотехнология бойынша
жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Біздің елімізде ондай маман-
дар аз. Алдағы тамыз айында Шортандыда, қыркүйек айында
Алматының іргесіндегі Көлді ауылында АӨК мамандарының

білім жетілдіру орталығы ашылады. Бұл – сіздерге алғаш ай-
тылып отырған жаналық.
Екінші, ДСҰ-ның талаптары бойынша өзімізде жоқ нəрсе-
лерді трансферттейміз. Мысалы, өндіріс үшін тиімді басқа

жерде шығарылған технологияны, техниканы шығарып əуреге
түскенше, оны өзіміздің өндірісімізге бейімдеп енгізу мəселесін
шешеміз. Ғылымда мұндайды «технологияның трансферті»
дейді. Ал біздің шаруашылығымызға тиімсіз нəрселерді сырт-

тан əкелмей, өзіміздің əдіс-тəсілімізді қолданып, қажетті дү-
ниемізді жасап алуға дайын болуымыз керек.
Қазір барлық ауыл шаруашылығы институттарының жа-
нынан жаңа өнім түрлерін өндіріске енгізіп, сынақтан өткі-

зетін кұрылымдар құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы
ғылымы құрылымын бір орталықтан басқару мақсатында
«ҚазАгроИнновация» АҚ құрылды. Бұл ғылым мен білімнің
интеграциялық байланысының күшеюіне ықпал етеді.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Өмір сүру, қызмет атқаруда қандай принципті ұста-

насыз?

– Мен өмірде де, қызметте де жауапкершілік пен сауатты-

лықты ең басты принцип ретінде ұстанамын десем болады.

– Қызметтен қол қалт еткенде айналысар хоббиіңіз қан-

дай?

– Суда жүзу, жүгіру сияқты бірнеше спорттың түрімен ай-

налысуға тырысамын.

– Қандай шығармаларды оқығанды қалайсыз?

– Абайдың «Қара сөздері», Шəкəрімнің, Шыңғыс Айтма-

товтың шығармалары. Кейбір қазақ тарихына қатысты өзіміз-
дің жазушыларымыздың шығармаларын да мүмкіндігіне қарай
оқып тұрамын.

– Қазақтың қандай өнері жаныңызға жақын?

– Домбыра шертетінім бар. Одан бөлек, күмбірлеген күй-

дің құдіреті мен терең мəні бар ұлттық əндерімізді тыңдай-
мын.

– Еңбек демалысын қайда өткізгенді жөн көресіз?

– Мен үшін отбасыммен бірге болып, балаларыммен əңгі-

мелесіп отырғаннан артық демалыс жоқ сияқты. Өйткені мен
жұмыстан көп босай бермеймін. Туған жердің топырағына ау-
нап-қунап қайтудың өзі бір бақыт емес пе?..
22 шілде, 2008 жыл

ІРІ ЖОЛДАРДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ЕТУДЕ

ТЕК БЮДЖЕТКЕ ҚАРАП ОТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

– Серік Нығметұлы, сіз басқарып отырған ведомство

аса ауқымды, қамтитын саласы көп. Сол əрбір саланың
өзіне тəн даму жолы бар. Сондықтан да жалпы жағдайға
аз-кем тоқтала кетсеңіз.

– Жинақтап айтсақ, көлік саласының мемлекеттік саясаты

еліміздің 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы аясында жүзеге
асырылуда. Мұнымен қоса, саланың алдындағы ірі міндеттер
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы ақпан ай-
ында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кеңінен көрсе-

тілген. Таяуда осы міндеттердің жүзеге асырылу барысы жай-
ындағы мəселе министрліктің алқа мəжілісінде қаралды.
Жолдауда «Теміржол жəне автомобиль инфрақұрылымда-
рын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет» деп атап

көрсетіліп, автомобиль жолдарын дамытуға байланысты нақты
міндеттер қойылды. Сондай-ақ «30 корпоративті көшбасшы»
бағдарламасына сəйкес, атқарылатын істер көрсетілді. Биыл
осы іргелі жұмыстарды орындауға кедергі болып жүрген

Серік АХМЕТОВ,
Көлік жəне коммуникация
министрі:

заңнамалық жəне нормативтік базаларға едəуір өзгерістер ен-
гізілді. Яғни саланың инфрақұрылымын дамытуға кең өріс
ашылды.
Стратегияның аясында жалпы сомасы 30 миллиард АҚШ

долларының 80-ге жуық инвестициялық жобасын жүзеге асы-
ру жоспарлануда. Оның ішінде сомасы 2,7 миллиард долларға
бірқатар концессиялық жобаларды іске асыру көзделуде.
Таяу жылдары 1600 шақырымдай жаңа теміржол салынып,

2700 шақырым теміржол электрлендірілмек. 50 мың шақырым
автомобиль жолы жаңадан немесе қайта салынады. Сондай-ақ
алдағы уакытта азаматтық авиацияны, оның ішінде əуежайлар
мен авиакомпанияларды, теңіз жəне өзен көлігі, автомобиль

көлігі салаларын одан əрі дамыту міндеті тұр.

– Ел экономикасының дамуы теміржол саласынан да

байқалады. Жаңадан теміржол құрылысы салынып жа-
тыр. Бұл үрдіс одан əрі де жалғасын таба ма?

– Əлбетте, өрісі кең істің үрдісі жүйелі жалғасын табу керек.

Сонда ғана түпкі нəтижеге қол жеткізу мүмкін. Бүгінгі күнде
Көлік жəне коммуникация министрлігі өз жұмысын көлік сала-
сын нарық жағдайы жəне ашық жеке инвестицияға бейімдеп,
толық қалыптасуына бағыттады.

2006 жылы еліміздің 2015 жылға дейінгі Көлік стратегия-
сы осыған байланысты қабылданған болатын. Осы стратегияға
сəйкес, көлік саласы ірі инвестициялық, жобаларды іске асы-
руға бет бұрды. Қазіргі кезде бірқатар инфрақұрылымдық жо-

баларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.
Қазақстанда тұңғыш рет концессия жүйесі бойынша салы-
нып жатқан Шар – Өскемен жаңа теміржол желісінің құрылы-
сы бітуге таяу қалды. Ел аумағынан тыс шығуына, соған сəйкес

Ресеймен екі аралық кеден жəне шекаралық бақылаудан өтуді
болғызбайтын Шар – Өскемен теміржол учаскесінің құры-
лысы мен Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ұлттық те-
міржол желісінің қалыптастырылуы аяқталды.

Қазіргі таңда Үкімет Қаулысымен бекітілген орта мерзімді
кезеңге, яғни 2007 – 2009 жылдарға арналған концессияға
беруге ұсынылатын нысандар тізбесіне сəйкес, Маңғыстау –

Баутино, Ералиев – Құрық, Қорғас – Жетіген теміржол учаске-
лерін салу жəне Мақат – Қандыағаш теміржол учаскесін
электрлендіру бойынша жұмыстар басталды.
Биылғы жылдан бастап Қазақстан, Түркіменстан жəне

Иранды жалғайтын Өзен – Берекет – Горган жаңа теміржол
желілерін салу жəне Алматы – Ақтоғай, Ақтоғай – Достық
жəне Ақтоғай – Мойынты учаскелерін электрлендіру бойын-
ша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобалардың барлығы мем-

лекеттік жəне жеке сектор əріптестігі жолымен жүзеге асы-
рылады. Салынатын жаңа теміржолдар экономика жəне көлік
саласындағы мемлекетіміздің тəуелсіздігін күшейтеді жəне
теміржол тасымалының уақыты мен арақашықтығын азайтады.

– Еліміз Бүкілдүниежүзілік банкпен Азия елдерін Ресей

мен Еуропамен жалғастыратын «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» жобасын іске асыруды бірлесіп қаржыландыру ту-
ралы келісім жасады. Бұл жобаның экономикалық жағы-
нан тиімділігін шамалап болжауға болады. Осы мəселе

жайында əңгіме өрбітсеңіз.

– Бұл – көпшіліктің көкейінде жүрген жəне үлкен үміт күтіп

отырған жоба. Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілген
Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік
дəлізін салу еліміздің жол кұрылысы саласының алдында
тұрған ғасырлық жоба болып есептеледі. Бұл көлік дəлізінің

еліміздің экономикалық дамуына тигізетін игі ыкпалы аса зор.
Сондықтан да Елбасы осы көлік дəлізін салуға ұлттық маңыз
беріп отыр.
Бұл көлік дəлізінің құрылысы өткен жылдан бері қолға

алынған. Қазір осы дəліздің ұзақтығы 215 шақырым Қарабұ-
тақ – Ырғыз учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Үстіміздегі жылы 12 жобалау ұйымдары осы дəліздің 1882
шақырым жол кұрылысын салу жөніндегі жобалау-сметалық

жобасын əзірлеуде. Бұл жобаның жалпы кұны – 935 миллиард
теңге. Жоба толық жүзеге асырылу барысында 2552 шақырым
автомобиль жолы қайта салынады.
Жоба бойынша 2009 жылы көлік дəлізінің кұрылыс-монтаж

жұмыстарын бастау үшін үстіміздегі жылдың қазан айында

донор банктермен келісім жасалып, ол жылдың аяғына дейін
Парламенттің мақұлдауына берілуге тиіс. Келесі жылдың бірін-
ші жартысында мердігер ұйымдар анықталып, жұмысқа кірісу
керек. Осы ұсынылған кесте бойынша Батыс Еуропа – Батыс

Қытай халықаралық көлік дəлізі 2013 жылы толық аяқталмақ.
Бұл көлік дəлізі еліміздің аумағы бойынша тасымалдана-
тын жүк көлемін барынша арттыруға ықпал етеді. Айталық,
жүк тасымалы 30 пайызға артып, транзиттік жүк тасымалынан

түсетін кіріс көлемі 2007 жылғы деңгейге қарағанда 50 пайызға
өседі. Халықаралық транзиттік дəлізбен жүретін автокөлік
жылдамдығы да сағатына 40 шақырымнан 60 шақырымға
дейін артады. Осы дəліз пайдалануға берілген кезде еліміздегі

халықаралық стандарттар дəрежесіндегі автокөлік жолының
үлес салмағы 11 пайыздан 30 пайызға дейін жетпек.
Жалпы, 2012 жылы республикалық дəрежедегі жолдың 75
пайызы, жергілікті жолдардың 60 пайызының жағдайы жақ-

сарады. Жол-көлік окиғалары 10 пайызға дейін қысқарады деп
күтілуде.

– Қазіргі кезде қолға алынып жатқан халықаралық

сапа көрсеткішіне толық жауап беретін ақылы жолдар са-
лу жайында не айтар едіңіз?

– Бұл бір айрықша маңызы бар мəселе. Тек бюджетке

сенсек, онда ірі жолдарды жақсарту, оларды халықаралық
стандарттарға сай ету мерзімі тым кешеуілдейді. Сол себепті
еліміздегі автомобиль жолы құрылысын қарқынды дамытуда
концессиялық негізде инвестиция тартудың ерекше маңызы

бар.
Осыған байланысты министрліктің бастамасымен енгізіл-
ген ұсыныс негізінде үстіміздегі жылғы шілде айында кон-
цессия мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өз-

герістер енгізу туралы заң қабылданды. Қазіргі кезде Эконо-
мика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі осы жүйені іс
жүзіне асыруға кажетті қосымша заңнамалық негіздерді дай-
ындап жатыр. Тиісті концессиялық заңнамалар толығымен

қабылданғаннан кейін республикамызда автокөлік жол кұры-
лысын дамытуға ықпалды серпін беретіндігі даусыз.

Егер бұл жүйе жүзеге асырылатын болса, 2009 жылы кон-
цессиялық негізде Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай,
Алматы – Қорғас, Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының
шекарасы, сол сияқты Үлкен Алматы айналма автокөлік

жолы құрылысын бастауға мүмкіндік туар еді. Барлығы кон-
цессиялық негізде жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын
2740 шақырым жол құрылысы жұмыстары атқарылмақ. Ақы-
лы жолдар енгізу мəселесі де осы құрылыстардың салынып

бітуіне қарай шешіледі.

– Елде туризм саласын дамытуға қолбайлау болып тұр-

ған бір сала – жол құрылысының сапасыздығы екендігін
жиі ауызға аламыз. Рас, кең-байтақ қазақ даласының бəрін
халықаралық стандартқа сай жолмен бірден қамтамасыз
ете алмасақ та, тарихи ескерткіштерге бай, табиғаты кө-

рікті жерлерін тамашалау үшін жол мəселесі қашан ше-
шіледі?

– Шын мағынасында бұл мəселе қазіргі заман талабынан

туындап отыр. Курорттық аймақтарға, тарихи орындарға ба-
ратын ыңғайлы жол жағдайын жасау қажет екені рас. Мысалы,
еліміздегі тұңғыш автобан Астана – Щучье де Щучье – Бура-
бай курорттық аймағына көлік тасқынының күрт ұлғая бас-

тауынан туындаған. Осы істі қисынды нəтижесіне жеткізу
үшін 27 маусымдағы Үкімет мəжілісінде «Щучье – Бура-
бай» курорттық аймағындағы туристік орталықтың көлік ин-
фрақұрылымын дамыту жөніндегі шешім қабылданған бола-

тын. Қазіргі уақытта курорттық аймаққа баратын ең төте жол
Көкшетау қаласы арқылы өтетін Астана – Петропавл автомо-
биль жолынан Щучье қаласының көшелері арқылы өтеді. Ал
оның көшелері көлік құралдарының өтуін толық қамтамасыз

етпейді. Оның үстіне, келешекте курорттық аймақтың дамуы
кезінде Щучье қаласы көшелеріндегі көлік құралдарының көп-
теп шоғырлануына душар етіп, апатты жағдай мүмкіндігін
арттырады. Осыған байланысты қауіпсіздікті жəне қолайлы

жүріп өтуді қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық жағдайды
жақсарту мақсатында Астана – Петропавл автожолынан Щу-
чье қаласын айналып өтіп, төрт жолақты қозғалысты І

техникалық санаттағы өлшемі бойынша ұзақтығы 9 шақырым
Щучье – Бурабай автожолына шығу арқылы «Щучье – Бура-
бай курорттық аймағы» туристік ойын-сауық орталығына кіре
беріс» автомобиль жолын салу көзделіп отыр.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат бағының жерлерін
тиімді пайдалану мақсатында қолданыстағы республикалық
маңызы бар Щучье – Бурабай жəне төрт жолақты қозғалысты
өлшемі І техникалық санатқа дейінгі ұзындығы 6 шақырым

«Щучье көлінің айналма жолы» автомобиль жолдарын кеңейту
қарастырылып отыр. Жобаның болжамды жалпы құны – 8,5
миллиард теңге.
Қапшағай туристік аймағында көлік инфрақұрылымын да-

мыту мақсатында Алматы – Қапшағай автомобиль жолын қай-
та жаңарту жұмыстары көзделіп отыр. Аталған жолдың
ұзындығы – 104 шақырым. Техника-экономикалық негіздемесін
«ҚазЖолҒЗИ» АҚ дайындау үстінде. Үстіміздегі жылдың

сəуір айында өткен ғылыми-техникалық кеңесте алғашқы
жобалық шешімдері талқыланды. Ол бойынша алты жолақты
цементбетонды жамылғысы бар автожол, сонымен қатар 12
көпір мен жол өткелдерін салу қарастырылған. Қазіргі таңда

оның техникалық-экономикалық негіздемесі Мемсараптамада
қаралуда.

– Ақыры жол құрылысы жайына тоқталған екенбіз,

өзімізде осы салаға аса қажетті битум өндіру мəселесін де
айтып өтсек. Өйткені битум – мұнай өнімінің бірі, «қара
алтынға» бай елдің бірі болып саналсақ та, біз осы күнге
дейін битумды қымбат бағаға шетелдерден алып келгеніміз

жасырын емес. Жақында ғана Үкімет басшысы Кəрім
Мəсімов битум зауыты құрылысын жеделдету жайында
тапсырма берді емес пе?

– Расында, бұл аса маңызы бар көкейкесті мəселелердің

бірі. Бүгінде еліміздегі автокөлік жолдарын дамытудың перс-
пективалы жобаларын жүзеге асыру бұл саланың түбегейлі
қайта құрылуын қамтамасыз етеді. Алайда Үкімет алдында
тұрған осы бір келелі міндетті жүзеге асыру барысына кедергі

келтіріп түрған мəселелер де жоқ емес. Солардың ішінде еліміз

бойынша бүгінгі күнге дейін шешілмей тұрған үлкен про-
блема – битум мəселесі. Бұл еліміздегі автомобиль жолдары
құрылысын салуда үлкен қолбайлау болып отыр. Өкінішке
қарай, əзірге жол кұрылысы мекемелері битумды бірнеше есе

қымбат бағаға шеттен əкелуге мəжбүр.
Мұнайдың үстінде отырып, мұнай өнімдерінен жасалатын
заттарды өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа шетелдерден са-
тып аламыз. Елімізде жұмыс істеп тұрған «Асфальтобетон»

АҚ Ресейден жеткізілетін шикізатқа тəуелді.
Қазір барынша қарқынды жүргізіліп жатқан жол құрылы-
сына пайдаланатын битум негізінен Ресейден жеткізіледі.
Ондағы мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын битумның

бағасы үстіміздегі жылдың алты айы ішінде 70 пайызға дей-
ін қымбаттап, тоннасы 500 АҚШ долларына жетті. Оны-
мен қоса, Ресейден жеткізілетін битум мерзімінен бір-екі ай
кешіктіріліп жеткізіледі. Осындай тығырықтан шығудың жол-

дары қарастырылуда. Елімізде битум шығаратын бір зауыт
салу жөнінде біраздан бері сөз қозғалып келеді. Дегенмен
сең таяуда қозғалды. Энергетика жəне минералдық ресурстар
министрлігі жылдың аяғына дейін бұл зауытты Ақтауда не-

месе Өзен қаласында салу мəселесін түбегейлі шешуге тиіс.
Содан кейін «Қаражамбас» кен орнынан шығатын мұнайдан
битум жасау жұмысы қолға алынбақ. Зауыт құрылысы екі
жылда аяқталып, жылына 450 мың тонна битум шығаратын

кəсіпорын іске қосылады деп күтілуде.
Ендігі бір алаңдатар мəселе – автомобиль жолдарын жөн-
деу жұмыстары дизель отынының тапшылығын ерекше сезі-
нуде. Тек кана Астана – Щучье автокөлік жолын аяқтау жұ-

мыстарын жүргізуге 30 мың тоннадан көп дизель отыны ке-
рек. Дизель отынының бағасы жыл басынан бері екі есеге
жуық қымбаттауына қарамастан, оны табудың өзі күннен-
күнге қиындап барады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы бұл мəселеде жергілікті автомобиль жол-
дары құрылысы мекемелеріне тиімді көмек көрсетпей отыр.
Сол сияқты жол кұрылысына қажетті материалдар мен энер-
гиялық қуат көздерінің қымбаттауы да істі ілкімді жүргізуге

үлкен кедергі келтіруде. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жыл
басынан бері битум, жанармай, дизель отыны сияқты ең қажет-
ті материаддардың кымбаттауына байланысты жол құрылы-
сын жүргізетін мекемелердің шығыны шаш етектен болды.

Бұл проблемалардың барлығы Үкіметтің назарында жəне
бақылауында. Сондықтан олардың бірте-бірте шешілетіндігіне
сенімдіміз.

– Еліміздің бірқатар облыс орталықтарындағы əуежай

халықаралық стандартқа жауап бермейді. Сондықтан да
халықаралық əуежай деген мəртебеге де жете алмай отыр.
Өзге елдермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау үшін
мұндай талапқа жауап беру керек-ақ. Бұл жайында айтар

ойыңыз қандай?

– Сұрақ орынды. Дегенмен еліміздегі əуежайларды, олар-

дың инфрақұрылымдарын дамытуға айрықша мəн беріледі.
Оның себептері белгілі: мемлекетіміздің сыртқы байланысы
ұлғайып келеді. Сонымен қатар жолаушылардың қауіпсіздігі
бірінші орында тұрса, қызмет көрсету деңгейіне де талап кү-

шейіп келеді.
Қазіргі таңда еліміздегі 22 əуежайдың жетеуінің ұшу-қону
жолақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының тиіс-
ті категорияларына сəйкес келеді. Олар – Астана, Алматы,

Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Павлодар, Шымкент, Қарағанды
жəне Жезқазған қалалары əуежайларының ұшу-қону жолақ-
тары. 2008 – 2009 жылдары Қызылорда қаласы əуежайының
ұшу-қону жолағы бюджет қаржысы есебінен қайта салынады.

Қазіргі заманғы терминалдар қатарына Астана, Алматы (екін-
ші терминал салына бастады), Қарағанды, Ақтөбе қаласының
(жоба аяқталып қалды) жолаушы терминалдары жатады.
Əуежайлардың инфрақұрылымын дамыту жоспарына сəй-

кес, 2010 жылға дейін бюджет есебінен немесе концессия ар-
қылы 5 əуежай, ал екінші кезеңде, яғни 2015 жылға дейін тағы
7 əуежай қайта салынады.
Алдағы уақытта мемлекеттік лизинг компаниясын капитал-

дандыру арқылы 1,8 миллиард теңгеге жолаушыларға жəне
ұшу кемелеріне қызмет көрсету үшін арнайы техника алу көз-
делуде.

– Авиация саласында мамандар дайындау жайы қа-

лай?

– Елімізде азаматтық авиация саласына кадрлар дайындау-

мен бірнеше оқу орны айналысады. Айталық, Алматыдағы
Азаматтық авиация академиясы азаматтық авиация саласының
барлық мамандықтары бойынша бастапқы авиациялық білім
береді.

Сол сияқты «Казаэронавигация» республикалық мемлекет-
тік кəсіпорнының Аэронавигациялық оқу орталығы əуе қоз-
ғалысын басқару диспетчерлерін жəне ұшуларды радиотех-
никалық жағынан қамтамасыз ету құралдарына техникалық

қызмет көрсету кұралдарының мамандарын даярлайды. Ал
Орал ұшу-техникалық училищесі ұшқыштар мен техниктер-
ді даярласа, Атырауда авиациялық радиооператорлары оқы-
тылады. Сонымен бірге біраз мамандықтар бойынша авиация

мамандары шетелдерде оқытылып, мамандықтарын жетілдіру
ісі жолға қойылған.

– Локомотив зауыты салынуда, оның үстіне, таяу жыл-

дары жеңіл моторлы ЯК-58 ұшағын елімізде құрастыру
қарастырылуда. Мұның бəрі құптарлық іс. Осы мəселеге
аз-кем тоқтала кетсеңіз.

– Көлік саласының негізгі қорларын жаңарту мəселесінің

маңызы зор. Сондықтан еліміз бірнеше жылдан бері аса маңыз-
ды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік
активтерді біріктіру саясатын жүргізіп келеді.
Ел Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы Қаулысымен

Астана қаласында жылына 100 бірлік шығаратын жобалық
əлеуетті локомотивтер құрастыру зауытын салу мəселесі қолға
алынды.
Жаңа зауытты салу құны – 15 283 689 мың теңге. Бұл қа-

ражатты «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акцио-
нерлік коғамы бөліп отыр. Жоспарға сəйкес, зауыт 2009 жыл-
дың 3-тоқсанында аяқталуға тиіс.
Сонымен қатар биыл Ресей Федерациясының Щербина по-

лигонында сынақтан өтетін АҚШ-та шығарылған «Еvolutіon»
атты сериялы 10 тепловозын алу көзделіп отыр.

Алматы облысы аумағында «ЯКАЛАКОН» акционерлік
қоғамы 2010 жылдан бастап жеңіл моторлы ЯК-58 ұшағын
шығармақшы.

– Тасымал мəселесінде еліміздің əлеуеті жоғары. Темір-

жол мен тас жол жайында жоғарыда біраз тоқталдық. Ал
су жолы мəселесі жайлы не айтар едіңіз?

– Еліміздің су көлігі теңіз жəне өзен көлігімен ұсынылған.

Халықаралық бағыттарда жүктерді ауыстырып тиеу Ақтау ха-
лықаралық теңіз сауда порты арқылы жүзеге асырылады. Не-
гізгі бағыттар Иран, Ресей жəне Əзербайжан порттары бо-
лып табылады. Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін

жүктердің түрі – мұнай, металл, астық, паромдық жəне бас-
қалар.
Үстіміздегі жылдың алты айы бойынша жүктерді ауысты-
рып тиеу көлемі 5171 мың тоннаны кұрады, бұл өткен жылғы

деңгейге сəйкес келеді.
Ақтау порты арқылы мұнайды тасымалдауды «Қазақтеңіз-
көлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы жүзеге
асырады. Осы порт арқылы ауыстырылып тиелген мұнайдың

жалпы көлемінің 58 пайызы «Қазақтеңізкөлікфлоты» компа-
ниясының кемелерімен тасымалданады, қалған 42 пайызы
шетел тасымалдаушыларымен.
Қазіргі уақытта «Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту»

жобасы іске асырылып жатыр. Жобаны іске асыру порттың
өткізу мүмкіндігін екі есеге, яғни жылына мұнайды ауысты-
рып тиеу бойынша 20 миллион тоннаға жəне құрғақ жүктер
көлемін 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ішкі су жолдарымен жүктерді тасымалдау навигация кезе-
ңінде 1 сəуір мен 16 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетілетін кеме қатынасы су жолдарының ұзақ-
тығы 3983,5 шақырымды құрайды.

Өзен көлігімен тасымалданатын жүктердің негізгі түрлері –
құм, ағаш, көмір, құрылыс заттары жəне металл жабдықтар.
Навигацияның ашылуынан бастап 446 мың тонна жүк жəне
106,9 мың жолаушылар тасымалданды. Жүк тасымалының ар-

туына Ертіс жəне Жайық – Каспий учаскелерінде мүлтіксіз

жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін Шульба шлюзінің жəне
Жайық – Каспий каналының пайдалануға берілуі ықпал етті.
Қазіргі уақытта су көлігі саласының дамуы ел Үкіметінің
қаулыларымен бекітілген дамудың 2012 жылға дейінгі сала-

лық бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптасты-

ру үшін не істеу керек?

– Жастар қашанда сезімталдығымен, əсершілдігімен ерек-

шеленеді. Сондықтан оларға отаншылдық рухты неғұрлым
ертерек сіңіру керек деп ойлаймын. Жастайынан ата-бабасы-
ның, туған жерінің тарихымен сусындаса, олар нағыз пат-
риот болып өседі. Қазір Қазақстанның тəуелсіздігі əкелген

құндылықтар бұл істе кең өріс ашып отыр.

– Қызмет бабында талапшылсыз ба?

– Қазақта «Божыны бос ұстасаң, қолыңнан сусиды» деген

мəтел бар. Өзіңе де, өзгеге де талап қоймасаң, қай істе болсын
нəтиже күтуге болмайды.

– Есте жүрер есті сөз.

– Ұлы Абайдың сөзі: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбе-

гің мен ақылың екі жақтап».

– Сіздің хоббиіңіз?

– Қол босай қалса, хоккей ойнағанды, суда жүзуді жақсы

көремін.

– Адамның ең бір тəтті, бал дəурен кезі – балалық шағы.

Ол кезде адам арманшыл болады. Бала күнгі арманыңыз
орындалды ма?

– Бала кездің арманында шек бола ма? Білім қудым, оған

қол жеткіздім. Отау көтердім, ұрпақ өсіріп отырмын. Енді со-
лардың қызықтарын көрудеміз. Ағайын-туған, сенімді достар
бар. Елге еңбек сіңіруге мүмкіндік бар. Осылардың бəріне
тəуба деймін. Арманның орындалғанының негізгі нышандары

осылар ғой деп ойлаймын.
5 тамыз, 2008 жыл

Дəуренбек МƏЖИТОВ,
Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен
жұмыс жасау департаменті директоры:

ҚАЖЕТ БОЛСА,

ТЕҢГЕДЕГІ ОРЫСША ЖАЗУДЫ АЛЫП ТАСТАУ

ҚОЛЫМЫЗДА ТҰР

– Дəуренбек Мəжитұлы, қашанда тұңғыштың аты –

тұңғыш. Алғашқы теңгені бүкіл қазақ жылы қабылдады.
Қазақ ақсақалының тұңғыш теңгені қолына ұстап тұрып,
«бұл күнге де жеттік-ау» деп кəдімгідей көзіне жас алып,
аялай ұстағанын көзіммен көргенмін. Қазақ халқының төл

валютасының дүниеге келуі экономикалық-саяси жағы-
нан үлкен бетбұрыс болғанын қазір тарихтың өзі дəлелдеп
отыр ғой.

– Өте дұрыс айтасыз. 1993 жылды еліміздің тəуелсіздігін

айшықтайтын өте ерекше жыл деуге болады. Əрине, біз өз
тəуелсіздігімізді оның алдында жариялаған болатынбыз. Саяси
тұрғыдан алғандағы егемендігімізді алғанымызбен, ұлттық ва-
лютаны айналымға енгізу арқылы экономикалық тəуелсіздігі-

мізге қол жеткіздік деген мəселенің басын ашып алған бола-

тынбыз. Кезінде «неліктен біз екі жылдан соң ғана өз ақшамызды енгіздік» деген сұрақтар туындады. Бұл жағынан біздің өзгелерден кейінірек əрекет жасағанымызды көбі күні бүгінге дейін сынға алады. Менің ойымша, бұл өте дер кезінде жасалған əрекет болды. Өйткені біздің, əсіресе, Ресей мемлекетімен ақша, несие, жалпы, қаржы жүйеміз 70 жыл бойы бірге болып келген. Бұл байланысты бірден үзіп, өз ақшамызды енгізгенде де табатын пайдамыздың соншалықты болмайтынына кейінгі кезде біздің көзіміз жетті. Неге десеңіз, біз 1993 жылы айналымға өзіміздің теңгені шығарып, содан кейін 1994-95 жылдардағы еліміздегі ақшаның құнсыздануы, инфляцияның жоғары болуы, экономиканың құлдырауы біздің ақшамыздың құнын 1995-96-97 жылдары қаншама төмендеткенін білесіздер. Дер кезінде жасалған шаралардың, құқықтық реформалардың, экономиканы, қаржы, банк жүйесін ретке келтіретін заңдардың қабылдануының арқасында 1997-98 жылдардан бастап еліміздегі инфляцияның деңгейі төмендеп, экономикамыздың қалыпты жұмыс жасауына қол жеткізгеніміз рас. Сондықтан менің ойымша, уақыт жағынан да, тиісті геосаясат жағынан алып қарағанда да біздің теңгенің 1993 жылы қараша айында енгізілгені дұрыс деп есептеймін. – Кеңес Одағы тарай салысымен өз валюталарын шығарған мемлекеттердің жағдайы қалай болды? – 1991 жылы көптеген мемлекеттер, оның ішінде Балтық жағалауы мемлекеттері саяси егемендігін жариялады да, артынша ұлттық валютасын айналымға енгізді. Осы асығыстықтың салдарынан қаншама қиындықты бастан өткізді. Əлі күнге дейін ақша-несие жүйелері дамып кеткен түгі жоқ. Асығыстықпен жасалған шешімнің зардабы бұл елдердің қаржы жүйесінде əлі күнге дейін байқалады. Ақшаны енгізу үшін қалыпты бір жағдай тууы керек. Мемлекеттің саяси жəне экономикалық тұрақтылығы болуы, оның бүкіл қаржы жүйелері бір қалыпты жұмыс жасап тұруы қажет. Сонда ғана өз ұлттық ақшамызды айырбас, төлем құралы ретінде, құн санын есептейтін құрал ретінде пайдалануға болады.

Теңгенің айналымға енгізілгеніне биыл он бес жыл болады.
Осы уақыт аралығында теңгені айналымға енгізгеніміз дұрыс
екендігі дəлелденді. Əрине, теңгенің құнсызданған кезі де бол-
ды, бірақ жоғарыда айтылған факторлардың арқасында қазір

теңгенің тұрақтылығы дүниежүзіне белгілі.
Көршілес қырғыз, өзбек, орыс мемлекеттерінде де теңгеміз-
дің айналымда жүргендігі, олардың біздің елге келіп ұлттық
валютамыз – теңгемен сауда жасап кетіп жатқандығы теңгенің

айырбас құралы ретінде өз жолын тапты деуге толық негіз
бар.

– Мемлекетіміздің жеке төл валютасының болуы ел тəу-

елсіздігінің мығымдана түсуіне игі ықпалын тигізді ғой.

– Əрине, мемлекеттің жеке ұлттық валютасы болуы деген

сөз – экономикалық жағынан үлкен жетістік деп есептеуге бо-
лады. Егер ұлттық валютаңыз болса, онда сіз басқа қаржы-есеп
жүйесіне қарамайсыз. Өз ұлттық валютаңыздың бағамын өзге
валюталарға қарап қойып аласыз да, соның арқасында өзіңіздің

ұлттық ақша жəне несие саясатын жүргізе бересіз.

– Ешқандай мемлекеттің валютасына тəуелді болмай-

сыз.

– Ол – рас. Бірақ біздің ұлттық валютамыздың өзі валюта-

лық құндылықтарға жатады. Егер басқа мемлекет сауда-сат-
тық, инвестицияға шарт жасасатын болса немесе мəмілеге кел-
се, біздің ұлттық валютамыз халықаралық құндылық болып
кетеді. Қазіргі кезде көптеген халықаралық экономикалық бай-

ланыстар шарты теңге арқылы жасалып та жатыр.

– Өзіңіз де білесіз, тұңғыш теңгенің дизайны ауысуы-

на байланысты біраз дау туды. Оның үстіне 2000 теңгелік
банкнотта қате кетіп, біраз ыңғайсыз жағдай қалыптасты.
Сол қателік қашан түзетіледі?

– Адамдар бірінші шыққан валюта түрі, дизайны сол күйін-

де өмір бойы сақталады деп ойласа, қателеседі. Рас, төл валю-
таның шыққанын көріп қуанбаған адам жоқ. Ол дұрыс шығар.
Ол кезде өзіміздің төл валютамыз болмады, тұңғыш ұлттық
валютамыздың бетінде елге, жерге еңбегі сіңген, тарихымыз-

да қалған қадірлі тұлғаларды көрсеткеніміз рас. Өмір деген бір

орында тұрмайды. Əрине, даудың болғаны рас. Адам болған-
нан кейін түрлі пікір айтылуы – заңдылық. Біз сол кезде айтыл-
ған сын-пікірлердің барлығын компьютерлік базаға сақтап
қойдық. Теңге қазіргі дизайнмен де мəңгілік қалады деп айта

алмаймыз. Алдағы уақытта да теңгенің дизайны өзгеретіндей
жағдай болса, сол сын-ескертпе, пікірлердің барлығы да ес-
керіледі.
Сұрағыңыздың екінші бөлігіне келер болсақ, 2006 жылы ай-

налымға енгізген осы күнгі қолданыстағы дизайндағы банк-
ноттарда 2000 теңгеліктегі «Қазақстан Ұлттық банкі» деген
сөздің орнына «Қазақстан Ұлттық банқі» болып кеткені рас.
Бұл жайлы сол кездің өзінде айтылды. Бізде грамматикалық

емес, орфографиялық қателік кетті. Кейбір мемлекетте, мы-
салы, жанымыздағы Арменияның өзінде атақты ақынының
сөзін түгелдей дұрыс жазбаған екен. Сол ақшаның өзін армян-
дар отқа жаққан жоқ. «Иə, Арменияның ұлттық банкі осындай

қателік кеткенін біледі, бірақ бұл валютаның бүкіл қорғаныс
элементтері бар, валютаның дизайнына кеткен қателік ешқан-
дай кедергі келтірген жоқ. Сондықтан Армения ұлттық банкі
бұл валютаны төлем, айырбас құралы ретінде пайдаланады»

деп халыққа жариялады. Ешқандай айқай-шу, түсініспеу-
шілік болған жоқ. Ақша айналымға шығып кетті. Екінші рет
басқан кезде бұл қателік түзетілді. Өзі қағаз ақшаның айна-
лымдағы ғұмыры аса ұзақ емес. Əсіресе, біздің 200, 500 жəне

1000 теңгелік банкноттар 9 ай, əрі кетсе 1,5 жылдың ішінде
ұстауға келмей қалады. Ал 2000, 5000 жəне 10 000 теңгеліктер-
дің ғұмыры ұзақтау, 1,5 – 2 жылға барады. Əсіресе, 10 000 тең-
геліктер біздің қазақтың менталитетіне байланысты ма, қор жи-

нау функциясын атқарады да, айналымға көп шыға бермейді.
Амандық болса, біздегі кеткен қателік орнына келеді. Одан
бері бəленбай миллион данамен 2000 теңгеліктер шығарылып
жатыр. Бірте-бірте бұрынғы қателік түзетіледі. 2000 теңге-

лік – айналымда өте көп жүретін номинал. Ол қор жинау функ-
циясын атқармайды.

– Өзімізде Банкнот фабрикасы, Ақша сарайы бар. Біздің

білуімізше, Банкнот фабрикасына кезінде қымбат құрал-

жабдықтар сатып алынған екен. Соған қарамай, ақшаның
шетелде басылуына не себеп?

– Ақшаның шетелде басылуы бір-ақ рет жүзеге асырылды.

2006 жылы жаңа үлгідегі қазіргі қолданыстағы банкноттарды
шығарған кезде біз не үшін бұл қадамға бардық? Үш номи-
нал шетелде шығарылды да, тираж жағынан ең көп жəне жиі
қолданыстағы үш номинал өз Банкнот фабрикамызда шыға-

рылды. Өйткені Ұлттық банктің банкнот фабрикасындағы құ-
рал-жабдықтардың қуаты жетпейтін болды. Ақшаның дизай-
ны ауысқанда оны шығарудың екі түрі бар. Біріншісі – бір-
тіндеп шығару, ол кезде уақыты көбейіп кетеді де, əр жыл

сайын айналымға түрлі-түсті өзге банкнот халықтың қолына
тиіп отырады. Бұл ел арасында түсініспеушілік тудырады. Ай-
налымда ескі 500 теңге де, жаңа 500 теңге де жүреді. Келесі
жылы тағы да осылай болады.

– Мұндай жағдайда жаңа банкнотты халықтың қабыл-

дауы да қиын болады ғой.

– Екінші жағынан, ақшаның ауысуы экономикалық жағынан

тиімді болуы керек. Біртіндеп ауысқан теңге қолдан ақша
жасаушыларға қолайлы. Ақшаның дизайны өзгергенін естіген,
бірақ онымен таныс емес қарапайым көпшілік алданып қалуы
мүмкін ғой. Ал бір кезекте алты номиналды бір-ақ шығаратын

болса, қолдан ақша жасаушылар үлгермейді. Оның үстіне жаңа
дизайндағы ақшаға халық бірден үйренеді. 9 айдың көлемінде
ескі ақшаның 98 пайызы қайтып келді. Біз көп жағынан ұттық.
Ақша айналымының каналдарында бірқалыпты жұмыс жасау-

ына септігі тиді. Ауыстыруды кейінге соза беретін болсақ, ол
көп жағынан кедергі келтіретін. Ақшаны шетелде шығаруы-
мыздың себебі осы ғана, басқа ешқандай да бөтен ой жоқ.
Ақшаны айналымға шығарғанда дүниежүзіне беделді ақша жа-

сайтын фирмалардың көмегіне жүгінгеніміз рас. Бұдан ақша-
ның өзіндік құны өскен жоқ. Тек жаңа дизайнды өңдеп, енгізу,
техника мен тетіктерге сəйкестендіру кезіндегі шығындар ғана
өзіндік құнға барып жатты.

2007 жылдан бастап алты номиналымыздың бəрі өзіміздің
Банкнот сарайында шығарылып жатыр.

– Ұлттық валютамыздың шетелде басылып шығуы

экономикалық жағынан қауіпті емес пе?

– Дүниежүзінде 202-ден аса мемлекет бар. Ал 60-қа тарта

мемлекеттің ғана Банкнот сарайы бар. Өзге мемлекеттің бəрі
сол Банкнот сарайларына барып, өзге мемлекеттермен шарт
жасасып, соның арқасында жұмыс жасайды. Мысалы, 6 мил-
лион ғана халқы бар Қырғызстанға Банкнот сарайының керегі

жоқ. Бұл экономикалық жағынан өте тиімсіз. Біздің 15 милли-
он халқымыздың өзіне ақша шығарудың бүкіл технологиялық
процесін өзімізде атқару экономикамызға зиянын тигізеді.
Неге десеңіз, ақша басу деген – өте қиын шаруа. Ақша басуға

нағыз керемет технологиялар қолданылады. ТМД-ның ішінде
де бес-алты-ақ мемлекеттің жеке Банкнот сарайы бар. Соның
бірі – Қазақстан.

– Ұлттық валютада – теңгенің символы бар. Ол кон-

курс арқылы таңдалып алынды. Бірақ «теңге таңбасы жа-
пон поштасының белгісі болып шықты» деген əңгімелер
айтылды. Бір белгіні екі бірдей мемлекеттің пайдалануы
халықаралық заңдылықтарға қайшы емес пе?

– Теңгенің символын таңдау үшін 2005 жылы үш-төрт ай

бойы конкурс жарияладық. Сарапшылар да, біз де мұқият қа-
радық, ешқандай дереккөзде бұл таңба жапон поштасының
бренді екендігі айтылмаған. Ұқсастық бола береді. Екі жапы-
рақтың бір-біріне ұқсайтыны белгілі, бірақ нақты үңіліп қара-

ғанда, олардың айырмашылығы бар екендігі байқалады. Ұлттық
валютамыздың символының ешқандай оларға қатысы жоқ
екендігі анықталды. Олар даулайтындай ақпарат та алмаған.
Мысалы, алыстан да, жақыннан да қарағанда, теңгенің сим-

волы сол орнында қалуы керек. Сондықтан математикалық,
геометриялық есеппен алғанда, біздің теңгенің таңбасы жа-
пон поштасының таңбасымен сəйкес келмейді. Біздің бірінші
жасаған эталон үлгімізге ешкімнің қатысы да, дауы да жоқ.

– БАҚ беттерінде осындай əңгіме туған кезде арнайы

зерттеу жүргізілді ме?

– Əрине. Теңге таңбасының жеңімпаздарымен, онда төре-

шілік жасаған комиссия мүшелерімен бірге қайта қарап, тех-

никалық сараптама нəтижесі бойынша ешқандай қайталау емес деп танылды. Форма жағынан ұқсастық болуы мүмкін, бірақ түр-түсі, геометриялық-математикалық есеп бойынша ешқандай ұқсастық жоқ деп танылды. – Ұлттық валютаның жаңа дизайнға ауысуын бірінші кезекте қорғаныстық қабілетін арттыру көзделгені жайында талай рет айтылды. Дегенмен қай заманда да жалған ақша жасаушылар табылады. Қомақты көлемде жалған ақша жасаушылар кездесті ме? – Ондай деректер бар. Осыдан 1 – 1,5 ай бұрын ҰҚК осындай деректі жариялады. Интернационалды топтан құралған алты адам қолға түсті. Үшеуі «Андор» деген баспаханада жұмыс істейтін болып шықты. Басқалары көмекшілер болған. Түн ішінде баспаханаға кіріп, солардың бояулары мен құралжабдықтарымен жұмыс жасаған. Осының алдында кездесіп жүрген жалған ақшалар көшіргіш ұйымдастыру техникалардың күшімен жасалған болса, кейінгі ұсталған топ кəсіби тұрғыдан техникаларды пайдалана бастаған. Бұл бізді өте қауіптендірді. ҰҚК Алматы департаментімен өте жиі хабарласып тұрамыз. Үнемі байланыста жұмыс істейміз. Біз мұндай қылмысты əшкерелегені үшін оларға үлкен алғысымызды айтамыз. – Теңге мемлекеттік тілді неге мойындамайды? Осындай дау кезінде Үкіметке ақын Мұхтар Шаханов депутаттық сауал жолдауына дейін барды. Расында да, жаңа банкнотқа орыс тілін қосу қандай қажеттіліктен туындады? – Бұл арада бір ғана мəселені ашып алуымыз керек. Қазақстан – дəл қазіргі кезде көпұлтты мемлекет. Мен Мұхтар Шаханов ағамызды аса қатты құрметтеймін. Талай рет пікірсайысқа да түстік. Бірақ ол кісі маған, мен ол кісіге тіл тигізіп, қатты кеткен кезіміз болған жоқ. Біз Амангелді Айталы, Бекболат Тілеухан, Мұхтар Шахановтарға «бұл деген қатып қалған өмірлік нəрсе емес» деп айттық. Амандық болса, Ұлттық валютамызда тек ана тілімізде жазылудың да уақыты келер. Дүниежүзіндегі 202 мемлекеттің 45-інде екіден төрт тілге дейін жазылған.

– Əңгіме мынада, біздің ең тұңғыш ұлттық валютамызда

тек қазақ тілінде ғана жазылды да, енді келіп орыс тілінің
қосылуы қалай?

– Жоға, жүз жəне екі жүз теңгеден басқа банкноттардың бə-

рінде де орысша сөз болды ғой. Осы уақытта 2003 жылдың 25
қыркүйегінде Қазақстан Президентінің бекіткен Жарлығына
сəйкес барлық ұлттық валютамызды екі тілде басып шығарып
жатырмыз. Қажет болса, орысша жазуды алып тастау қолы-

мызда тұр. Мен бұл жерден технологиялық, техникалық, эко-
номикалық ештеңе көріп отырған жоқпын.

– Бұл жерде технологиялық, техникалық, экономикалық

тұрғыдан ұтылмасақ та, мəселеге рухани тұрғыдан қарау
керек шығар?

– Əрине, бар мəселе айналып келгенде рухани құндылық-

қа келіп тіреледі. Бұл тек қана ақшаға қатысты емес. Мұның
бəрі келешекте болатын нəрсе. Жоғарыда да айттым 45 мем-
лекет өзінің ұлттық валютасын екі тілден төрт тілге дейін
жазады екен. Неге? Сол мемлекетте тұратын ұлттарға деген

сыйластық, құрмет. Біз неге бұл жағын ескермеске? Үнемі
«бəленбай концессиялық, көпұлтты мемлекетпіз» деп айтып
жүреміз ғой. Ең бастысы, бұл экономикалық тұрғыдан бізге
қиын болып тұрған мəселе емес.

– Теңгенің долларға шаққандағы бағамын Ұлттық банк

күштеп ұстап отырғаны рас па?

– Бізде ай сайын бюллетень шығады. Қаржылық статис-

тикаға қарағанда, біз қанша валюта сатып алдық, қанша
саттық деген кесте шығарылады. Ұлттық банктің алды-
на қойған негізгі мақсаты – ең алдымен, еліміздегі бағаның
тұрақтылығын ұстап тұру. Бұл арада ақша, несие жүйесінде

айналымға сұраныстан жоғары ақшаның шығып кетпеуін
қадағалау басты назарда. Сол үшін біз өзіміздің операция-
ларымызды жасаймыз. Бұл – бір мəселе. Ал инфляция, ақша-
ның құнсыздануы тек қана монетарлық тұрғыдан емес,

оған бəленбай фактор əсер етеді. Қазір біз шығарып жатқан
шикізаттарымыз – мұнай мен газдың бағасы өсіп тұрған кезде
біз бағаны қалай ұстап тұрамыз? Баға бүкіл дүниежүзінде өсіп

тұр. Сондықтан айналымға ақшаның көп түсуіне əсер етеді.
Екінші жағынан, əрине, Ұлттық банк өз операциялары арқылы
айырбас бағамын ұстап тұруға ықпал жасайды. Бұл – Ұлттық
банктің мемлекеттік орган ретінде атқаратын бірден-бір мін-

деті. Оны неге жоққа шығарамыз?

– Сіз экономиссіз. Талай жылдан бері еліміздің бас

банкінде қызмет атқарып келесіз. Қазір біздің екінші
деңгейлі коммерциялық банктердің біразының акция-
ларын шетелдік банктер сатып алып жатыр. Осы үрдіс
қашанға дейін созылуы мүмкін? Бұл біздің экономикалық

жағдайымыз үшін қауіпті емес пе?

– Екінші деңгейдегі банктердің акцияларын шетелдік банк-

тердің сатып алуы – менің ойымша, дұрыс мəселе. Неге десеңіз,
біздің республикада капиталы, активі жағынан үш-төрт ірі банк
бар. Бірақ осы банктердің барлығының капиталын қосқанда
Американың бір ғана банкінің капиталына, активіне жетпейді.

Егер шетелдіктермен бірге жұмыс жасайтын болса, онда капи-
талы да, активі де көбеюі мүмкін. Екінші мəселе – біз он бес
жыл бойы нарықтық қатынаста өмір сүріп келе жатырмыз, сол
уақыттан бері нарық заңына бейімделген жаңа банк жүйесімен

қызмет жасап келеміз. Ал шетелдерде бірнеше жүздеген жыл-
дар бойы осы нарық заңы бойынша жұмыс істеп жатқан банк-
тер бар. Экономист ретінде менің айтарым, қай банк келіп ин-
вестиция жасады, өз үлесімізді қай банкке саттық, осыны үлкен

сараптан өткізуіміз керек. «Аты бар да, заты жоқ» банктер ше-
телде де толып жатыр. Сондықтан біздің елімізге келіп жатқан
банктер жүйесі қай жылдан бастап құрылған, инфрақұрылымы,
қазіргі деңгейі қандай, осыған қарап біздің реттегіштер – Ұлт-

тық банк, Қаржы нарығын бақылау жəне реттеу агенттігі жұ-
мыс істеуге тиіс. Екінші жағынан, өз банктеріміз шетелдік
банктермен қоян-қолтық жұмыс жасайтын болса, онда басқару
жүйесінде, менеджменттерінде өте көп өзгеріс болады. Қарап

отырсаңыздар, біздің банктердің бастықтары мен орта буын
менеджерлерінің бəрі шетелде оқып, қызмет жасаған жоқ қой.
Егер шетелдік банктер біздің банктердің активтерін сатып
алып, бізде жұмыс істейтін болса, шетелдік банк жүйесінің

жұмыс істеу тəсілін үйренеді. Бұл жағынан ұлттық кадрды,
ұлттық банк жүйесін халықаралық банк жүйесіне, халықаралық
менеджменттің дəрежесіне көтеруге өте игі əсер етер еді. Тек
отандық банктердің акциясын сатып алғанда жасалған келі-

сімшарт бойынша шетелдік банктер уəдесінде тұруы керек.
Бұл үрдіс дүниежүзінде болып жатыр. Дамудың бір түрі. Біз-
дің өз банктеріміздің де шетелдерде жұмыс жасап жатқан-
дары бар.

– Демек, қазіргі кездегі отандық банктердің ахуалын

кері кету немесе күйреу емес, қайта гүлдену, алға қарай бір
қадам болса да жылжу процесін басынан өткізіп жатыр деп
айта аламыз ба?

– Əрине, біз осы тұрғыдан қарауымыз керек. Тек олар кел-

ген кезде келісімшартты дұрыстап жасауға тиіспіз. Біздің
банктердің бəрі Ашық акционерлік қоғам болып құрылған. Əр
банкіміздің бір бақылау акция пакеті өзімізде болғаны дұрыс
деп есептейміз. Оны қадағалап отыру керек.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Менің байқауымша, сіз қазақы ортада тəрбиеленген

сияқтысыз?

– Ол – рас. Қазақша мектеп бітірдім. Қарағанды мемлекет-

тік университетін тəмəмдадым.

– Мен сұхбаттасқалы келген кезімде радиодан қазақтың

күйі күмбірлеп тұрды. Өзіңіздің де бойға біткен қандай да
бір өнеріңіз бар ма?

– Мен домбыраны жақсы тартамын деп айта алмаймын, бі-

рақ домбыра шертпейтін қазақ жоқ қой. Аздап əн шырқайты-
ным бар. Отбасымызда тек қазақша сөйлесеміз. Зайыбым –
дəрігер. Нұрлан жəне Нұржан атты екі ұлым бар. Үлкені – заңгер,
кішісі – қаржыгер. Үлкен ұлымнан бір ұл, бір қыз – екі неме-

рем бар.

– Немерелеріңізге уақыт бөлуге мүмкіндік бар ма?

– Олар Қарағандыда тұрады. Каникулдарында біздікінде

болады. Өзіміз барып тұрамыз. Туған-туыс, дос-жаранның кө-
бі Астана мен Қарағандыда. Қазақ айтпақшы, «бір тірлік, бір

өлікте», яғни қуыныш пен қайғыда бір-біріміздің жанымыз-
дан табыламыз.

– Бос уақытта немен айналысасыз?

– Өмір бойы спортпен шұғылданып келемін. 10 жылдан

асты таңертең тұрғанда үстімнен екі шелек мұздай су құйып,
15 – 20 минут дене жаттығуларын жасамасам, мен күні бойы
сергек жүре алмаймын. Жолдастарыммен бильярд ойнаймын.
Сосын мен поэзияны жақсы көремін. Мұқағали Мақатаев,

Мұхтар Шаханов, Дəуітəлі Стамбек, Серік Ақсұңқарұлы, Ға-
лым Жайлыбай шығармашылығымен үнемі танысып отыра-
мын. Олардың жарқ еткен жаңа шығармаларын іздеп жүріп
оқимын.

Осы жерде мына бір жайт ойыма оралып отыр. Біз теңгенің
жаңа дизайнына байланысты Мұхтар Шаханов ағамызбен
біраз пікірсайысқа түскенімізді жоғарыда айттым, қалың
оқырман бұл жайынан бұрыннан да хабардар болуы керек.

Көктемде Мұхтар ағамыздың авторлық кешіне бардым.Үзіліс-
те оқырмандарына қолтаңба беріп жатыр екен. Ту сыртынан
барып тұрдым да: «Космополиттерге қолтаңба бересіз бе, əлде
бермейсіз бе?» – деп сұрадым. Ақын жалт қарап: «Əй, Алла,

Дəуренбек, сенсің бе? Сен де келгенсің бе?» – деп құшақтап,
елдің көзінше бетімнен сүйіп жатыр. «Інім Дəуренбекке, ізгі
тілекпен. Мұхтар Шаханов» деген қолтаңбасымен кітабын
ұсынды.

– Негізі, экономистер, банк қызметкерлері қаталдау,

сұсты көрінеді. Сіз лирикаға жақын жан екенсіз...

– Өткен өміріме ризамын. Əке-шешеміз 10 бала тəрбиелеп

өсірген қарапайым жандар болды. Балаларының бəрі өз қалау-
ынша білім алып, мамандық иеленді. Əке-шешеміз «Ат атан-
дырып, сүйек сындырма» деген сөзді жиі айтып отыратын.
Осы күнге дейін бірге туған он бала бір-бірімізді сүйеп, қолдап

отырамыз.
17 қыркүйек, 2008 жыл

ҚАЗІР АУЫЛДА ДА НАРЫҚТЫҚ ПƏЛСƏПА

ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛДЫ

– Соңғы кезде «əлемнің кейбір мемлекеттері қазақтың

жеріне, ауыл шаруашылығы саласына да мойын бұра бас-
тады» деген əңгімелер айтылып қалады...

– Ол – рас. Шетелдіктердің бізге қызығушылық танытуы-

ның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олардың жермен айна-
лысып, жұмыс жасайтын фермерлік шаруашылықтарындағы
жұмысшылары айына 4 – 5 мың доллар жалақы талап етсе, біз-
дің ауылдарда жұмысшылар 200 – 300 доллар жалақы берсе,

соны қанағат етеді. Біз қанша жерден тұрмыс қымбаттап бара
жатыр десек те, басқа елдермен салыстырғанда нарықтағы
азық-түліктің, қызметтің бағасы əлдеқайда төмен. Шетелдіктер
соған қызығады. Жұмыс күші арзан. Екіншіден, бізде энергия

ресурстарының бағасы да əлемдік бағалардан төмен. Ал пай-
да табамын деп ойлаған кез келген іскер осындай аймақтарды
іздейді. Егер бізге келіп ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп,
оны сыртқа шығарып сатса, қомақты табыс табуға болатынына

олардың көздері жетсе, əрине, мойнын бұрады.

– Астық өндіруден алдыңғы қатарлы мемлекеттердің

біріне айналуымызға толық мүмкіншілігіміз бар дегенді
Амангелді АПУШЕВ,
Қазақ ұлттық аграрлық универ-
ситетінің профессоры:

айтасыз. Соңғы жылдары астық өндіру көлемі де артып
келеді...

– Оған біздің мүмкіншілігіміз толығынан бар. Кеңестер

Одағы кезінде 25 миллион гектар егістіктен миллиард пұт
астық жинадық деп Еңбек Ері, тағы басқа да неше түрлі атақ-
дəрежелерді беріп, улап-шулап жататан едік. Ал қазір сондай,
соған жақын мөлшердегі астықты көлемі екі есе аз егістіктен

алып жүрміз. Тіпті «биыл қуаңшылық болды, жоғары деңгейде
астық ала алмаймыз» дегеннің өзінде қазіргі ресми акпараттар-
ға қарасақ, гектарынан 1 – 1,5 тонна астық алып жатқандар
бар. Жақында Көкшетау, Ақмола, Павлодар өңірлерінде бо-

лып өз көзіммен көріп қайттым жəне министрліктің ақпаратына
қарағанда, астық, басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары
өнімдерін өндіруде былтырғыдан ешқандай кем түсіп жатқа-
нымыз жоқ. Сондықтан біздің əлеуетіміз жоғары деуге болады.

Бізде өндірілетін ең негізгі өнімнің бірі – астықтың өнімді-
лігі гектарынан 10 – 11 центнердің шамасында болса, Еуропаның
астық өсіруге бейімделген елдері гектарынан 60 – 65 центнерге
дейін, яғни бізден 6 – 7 есе артық өнім алады. Бұдан шығатын

қорытынды қандай? Жер, қолайлы климаттық жағдайлар бар
болғанымен, қолданылатын технологиялардың деңгейінің тө-
мендігінен мол өнім ала алмай отырмыз. Егер инвесторлар
келіп ауыл шаруашылығы саласына қаражат салатын болса, біз

сол қолымыз жетпей тұрған заманауи техника мен технология-
ларды пайдаланар едік.
Біздің жерасты суларымыз да жеткілікті, басқа да мүмкін-
діктеріміз бар. Неше түрлі зерттеу нəтижелері, заман тала-

бына сай жасақталған техника үлгілері қаражат жоқтығынан
өндірісте пайдаланылмай жатыр. 60 – 70 жылдары жоқтан бар
жасап керемет жетістіктерге жеткен ауыл шаруашылығы май-
талмандарының тəжірибесі де ұмытылып барады.

Біз өнімді 2 – 3 есе емес, 20 – 30 пайызға арттырғанның
өзінде-ақ алдыңғы қатарлы астық өндіруші 5 мемлекеттің қата-
рына қосылатындай мүмкіндігіміз бар.
Инвестицияның негізгі бөлігі технологияларды жетілдіруге

салынуы керек. Сонда ғана оның жемісін көреміз. Бірақ тех-

нологиялар дегенде мына мəселе де есте болуы керек: кезінде
елге голландық жəне басқа технологиялар əкелінді де, сол
мемлекеттердің құрал-жабдықтарына, тұқымдарына тəуелді
болып қалдық. Өйткені əкелінген техника тек солардың тұқым-

дарымен ғана жұмыс істейді.

– Мұндай жағдайды өздеріне тəуелді етіп, «байлап алу»

десек болады ғой...

– Ол – рас. Міне, осындайдан аулақ болуымыз керек. Өзі-

мізде бар технологияларды дамыған елдердің технологияла-
рымен жетілдіруге қаражат салып жұмыс жасасақ, біз астық
өндіруден үлкен нəтижеге қол жеткізе алатынымыз сөзсіз.
Бізде, əр аймаққа бейімделген өнімділік потенциалы да, сапа-

сы да жоғары сорттар баршылық. Біз – ауыл шаруашылығы
өнімдерін, əсіресе, астық өндіруден экспорт жасауға əлеуетіміз
мол елміз. Оған менің ешқандай күмəнім жоқ.

– Жаңа өзіңіз де айтып кеттіңіз, соңғы жылдары астық

өсіретін егістік көлемі қысқарғанымен, өнім көлемі артып
келеді. Бұл қалай дегенде де сол соңғы техника мен техно-
логияны дұрыс пайдаланудың əсері шығар.

– Негізгі астық өндіретін аймақтарда кішігірім шаруашы-

лықтар жоқтың қасы, өйткені олар бірікпеген жағдайда бəсеке-
ге төтеп бере алмайтындығына көздері əбден жетті. Үлкен
кеңшарлардың жаңа, заман талабына сай техника алуларына,
озық технологияларды қолдануына да мүмкіншіліктер туды.

Сондықтан техника жəне технологиялар пайдалану деңгейі
жылдан-жылға өсіп келе жатқанын үлкен ризашылықпен айта
аламыз. Əрине, соған байланысты өнім деңгейі де өсіп отыр.
Дегенмен қазір бізде жетісіп тұрған, өзге елдерден ерекше

техника мен технология бар деп айта алмаймын. Елді аралап
жүріп бұдан хабарымыз бар. Əрбір ауданда жұртқа көрсетуге
дайындалған, «осындай керемет нəтижелерге жетіп жатыр» деп
бұқаралык ақпарат құралдары бетінде жария етуге арналған

шаруашылықтар бар. Ал солармен көршілес бұрынғы бір
кеңшардың аумағында орналасқан дені дұрыс техникасы да,
технологиясы да жоқ жеке шаруашылықтар да толып жатыр.
Бірақ олардың өзінде астық өнімділігінің деңгейі көтеріліп

келеді. Неліктен? «Маңдай терің тамған жердегі ағаш сол-
майды» деп Абай атамыз айтқандай, бұл – жеке адамдардың
өздерінің ынтасының нəтижесі. Егер олар жерге маңдай те-
рін төгіп, дұрыстап жұмыс жасамаса, онда өнім деңгейі де жо-

ғарыламайтын еді.
Кеңес Одағы кезінде «Енисей», «Колос» сияқты сол заман-
ның керемет комбайндарын қолданғанда, біз, агрономдар,
өнімнің ысырап болып, егістікте шашылып қалуы 3 пайыз-

дан аспауын қадағалайтынбыз. Ал қазіргі талап ондайды кө-
термейді. Тың өлкелерінде астық таситын жолдардың үсті
шашылған астықтан көрінбейтін кездерін, сұраған ағайынның
ауласына 1 – 2 машина астықты төге салғанды көзімізбен көр-

дік. Қазір ондайды көрмейсің, əр гектар жердің, əр келі астық-
тың иесі бар. Былайша айтқанда, ысырап көзіне шек қойылды
деуге болады.
Өнім деңгейінің көтерілуіне зор ықпал етіп отырған тағы

бір фактор, біздің елде селекция жəне тұқым шаруашылығы
жүйесінің заман талабына сай қалыптасып келе жатқандығында.
Мұндай жағдай бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің ішінде
тек Ресей мен бізде ғана бар деп есептеймін.

– Оның үстіне «жалақыны Үкімет береді, болса бол-

ды, болмаса қойды» деп қарап отыратын заман жоқ деңіз.
Еңбек етсе, сол жерден бірдеңе өнетініне олардың бүгінде
көзі жеткен.

– Расымен де солай. Ауыл экономикасын реформалау

ауыл тұрғындарына өте қиын соққанымен, қазір ауылда да
нарықтық пəлсəпа қалыптасып қалды. Шаруашылықтарды
жекешелендіру жайлы түрлі пікір болды, оның ішінде менің де
бар болмысыммен қабылдамаған жағдайлар бар. Бірақ соның

ішінде біздің ұтқанымыз жоғарыда айтқандай, əрбір гектар
жердің иесі пайда болды, ысырап көзіне шек қойылды. Иелік
ететін азаматтардың өзіне, ертең күнкөріс көзі сол жерде ғана
қалғанын, аспаннан ештеңе түспейтінін түсінгенге дейін де,

«ие», «жалдау», «жалдану» деген ұғымдарға қазақтың құлағы
үйренгенге дейін де біраз уақыт өтті, бірақ үйрендік. Міне,
сондықтан бұрын 1 гектар жерден 1 тонна ғана астық алса,

қазір 1,5 – 2 тоннаға дейін астық алып отыр. Өйткені ысырап
қылып астықты шашпайды, төкпейді, тіпті тазалағаннан қалған
қалдықтарының өзін шашып жібермей, ірітіп-шірітіп суда қал-
дырмай, жинап-теріп малға азық, табыс көзі етіп отыр.

– Қазір біз ұн мен макарон өнімдерінің брендін жасауға

жұмыс жасай бастадық. Бір бағытқа түпкілікті бет бұрып,
істің нəтижесін көру – құптарлық іс. Осы мəселеге сіздің
пікіріңіз қандай?

– Ұн өндірісі мен макарон өндірісі тығыз байланысты бол-

ғанымен, жұмсақ бидай дəнінен нан өндірісінде пайдалана-
тын жоғары сапалы ұн өндіру бір бағыт та, макарон өндірісін
шикізатпен қамтамасыз ету – басқа бір бағыт. Бидайдың тірі
дəнін сатпай, ұнын сату əлдеқайда пайдалы екені белгілі, бұл

сала қарқынды дамып келе жатыр деуге əбден болады.
Макарон өндірісінде қатты бидай түрінің сорттары пайдала-
нылады. Макарон өндірісіне түпкілікті бет бұрамыз деу дұрыс
болмас, өйткені ол астық өндіру жəне өнімін өңдеудің бір

бағыты ғана. Өкінішке қарай, сол қатты бидай егіс алқаптары,
селекциясы жəне өсіріп-баптау технологиясы бойынша зерт-
теулер азайып кетті. Бұл мəселе талай конференциялар-
да «қатты бидай өндіру керек, макарон өндірісінде ешкімге

тəуелді болмауымыз керек» деп айтылып жүр. Ал бірақ қатты
бидайдың жаңа сорттарын шығару жайы мəз емес. Талай жыл
бұрын шығарылған қатты бидай сорттары күні бүгінге дейін
өндірісте қолданылып жүр. Қолданыстағы сорттар əбден шар-

шады, оларды зиянкестер жеуге, аурулар бүлдіруге əбден
бейімделіп алған. Макарон өндірісін толық қамтамасыз етуге
қажет қатты бидай дəнін өндіруге, соған байланысты зерттеу-
лерге əлі күнге дейін дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Қазір Ауыл

шаруашылығы министрлігінің басына ғылымнан, саланың
жайын жан-жақты білетін азаматтар келді, енді жағдай түзелер
деген үміттеміз.
Бізге неше түрлі технологиялар əкелініп, макарондар шы-

ғарылып жатыр. Жұмсақ бидай дəніне неше түрлі қоспаларды
қосып, еріп, езіліп кетпейтіндей етіп жасайды, бірақ ол нағыз
табиғи дүние емес. Қатты бидайдан өндірілген өнімнің сапа-

сы бөлек. Сондықтан біз ең алдымен қатты бидай астығын өндіру алқабын кеңейтуіміз керек. Солтүстік, Орталық Қазақстанда қатты бидай өсіруге қолайлы, дүниежүзінде еш парапар келмейтін аймақтар бар. Өндірісті сапалы шикізатпен қамтамасыз еткенде ғана өндіріс дамиды. Міне, макарон өндірісін дамыту үшін шешетін ең өзекті мəселелер осылар. – Сіз – селекционерсіз. Яғни тұқымның сапасын арттыру мəселесімен айналысасыз. Қазір жер жекенің қолында. Қандай тұқым сепсе де шаруаның өз еркі. Жеке шаруа сіздермен қаншалықты қарым-қатынаста жұмыс жасайды? – Өкінішке қарай, əсіресе, 90-жылдары ешқандай бақылаусыз, рұқсатсыз, қолында қандай тұқым болса соны əйтеуір жерге сіңіріп, «тым болмаса, балалардың тамағын, киім-кешегін ақтайтын бірдеңе алсақ болды» деген ой болды. Оған мемлекеттің де шек қоюына мүмкіншілігі болмады. – Олардың сол кезде шамасы соған ғана жетті ғой. Шаруаларға кінə артуға да болмайды. – Ол – рас, оларға кінə артатындай реті жоқ. Өйткені қымбат тұқымды сатып алуға олардың жағдайы болмады. Қазір, Құдайға шүкір, бұл сала қайтадан қалыптасып келеді. Селекция, тұқым шаруашылығы, астық жөнінде Қазақстан Республикасы заңдары қабылданып, іске асуда. Жекеменшік шаруашылықтар да бұл заңдарды бұлжытпай орындауға тиісті. Республикамызда сорт шығаратын оригинатор статусын алған 46 мекеме, мемлекеттік сорт сынау жүйесінде 14 облыстық инспектура, 74 сорт сынау учаскесі бар. Олар Қазақстанның əрбір аймағына бейімделген, жоғары сапалы дəн өнімін беретін сорттарды шығарып пайдалануға рұқсат береді. Қазір республикада 150-ден астам дақылдың 1,5 мыңнан астам сорттары аудандастырылған. Шаруашылықтар тек соларды себуге құқы бар. Селекция жəне тұқым шаруашылығы деп бірге айтылады да, селекция өз алдына бір сала, сол шыққан, аудандастырылған

сорттар тұқымының сапасын қажетті деңгейге дейін жеткізу –
тұқым шаруашылығының жұмысы. Қазір тұқым шаруашылы-
ғы – жеке іс, бизнес ретінде қалыптасып келе жатқан құрамында
400-ден астам мемлекет тарапынан лицензия алған тұқым ша-

руашылығымен айналысатын шаруашылықтары бар бөлек
сала. Олардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Дегенмен
мұндай шаруашылықтар саны əлі бірнеше есе көбеюі керек.
Шешімін таппай жатқан мəселелер де бар. Бұл жүйеге, осы

саланың теориялық жəне іскерлік негіздерін толық игерген ма-
мандар керек. Ал қазір республика бойынша бір маман дай-
ындалмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мəселені
Білім жəне ғылым министрлігінің алдына қоя алмай отыр. Қа-

зір бакалавриат бағдарламасы бойынша агрономдар дайындап
жатырмыз, олар бүкіл агротехнологиялармен қоса, селекция
жəне тұқым шаруашылығын игеруі керек. Ешқандай оқу жос-
пары мұны қамтамасыз ете алмайды. Мен бұл мəселені талай

жерде айтып та, жазып та жүрмін. Бірақ тиісті адамдардың
кұлақтары бітіп қалған сияқты, естімейді, мəселе əрі қарай
жылжымайды. Бұл – кейінге қалдыруға болмайтын мəселе.
Селекция жəне тұқым шаруашылығымен тек мамандар ғана

айналысуы керек, сонда ғана жеке шаруалар да сапалы астық
өндіреді.

– Бұрын ауылдан шыққан қазақ баласы не Ауыл

шаруашылығы институтына, не Зооветеринарлық инсти-
тутқа қарай бет түзейтін. Қазір бұл екі оқу орны біріктіріліп,
Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып жұмыс жасап
жатыр. Агроуниверситетті бітірген жас мамандар жұмыс

таппай қиналмай ма? Бізде қазір олардың жұмысқа орна-
ласуын үйлестіру жағы кемшін түсіп жатқан сияқты...

– Біз жеке шаруашылықтармен, ғылыми-зерттеу мекемеле-

рімен жұмыс жасаймыз. Жаңа бітіріп жатқан мамандарды із-
дестіріп жатқан мекемелер де баршылық. Жуырда, түлектер
дипломдарын алып кеткеннен кейін: «Ауылға, жас, тұқым
шаруашылығына маманданған агроном келіп жұмыс істесе,

40 мың теңге жалақы, баспана беремін» деген хат келді, осын-
дай сұраныстар бар. Университет ректорының бастамасымен,

біз жыл сайын «Жас түлектер» жəрмеңкесін өткіземіз. Сол
жəрмеңкенің арқасында өз ауылының маңайынан немесе басқа
таңдаған жерінен қызмет тауып, қуана-қуана аттанып жатқан
бітірушілер де баршылық. Дегенмен мұны ауқымды, мемле-

кет деңгейінде ұйымдастырылған шара деуге келмейді.
Бізде мемлекеттік жүйе болуы керек. Жеке шаруашылық-
тардың бəрі бірдей тікелей бізге шыға алмайды, керісінше,
біздің түлектердің кең-байтақ қазақ жерінің қай түкпіріне

қандай маман керегін білуге мүмкіншілігіміз жоқ. Бұрын Ауыл
шаруашылығы министрлігі қай ауданға қандай, қанша ма-
ман керегін біліп отыратын да, сонда жолдамамен жіберетін.
Барлық түлектерді демей-ақ қояйық, мемлекет қаражатымен

оқып жатқандарды, жұмсаған қаражаттың қайтарымы болуы
үшін, мамандығы бойынша пайдалану керек қой. Бұл – жалғыз
біздің университеттің басындағы жағдай емес, барлық ЖОО-ға
тəн нəрсе.

– Осы мəселені Үкіметтік деңгейде қойған кездеріңіз

болды ма?

– Бұл кез келген үлкен жиналыстарда айтылып жатыр.

«Үкіметтен ақша бөліп оқытасыңдар, ертең ол маман болып
шыққан кезде керегі жоқ болып, далада қалады. Бұл қалай?»
деген мəселені талай мінбелерден үнемі айтып жүрміз. Бірақ
өкінішке қарай, біздің осы жанайқайымызды естір кұлақ бол-

май жатыр.

– Генетикалық модификацияланған өсімдіктердің өнім-

дерін пайдалануға қалай қарайсыз?

– Мен осы салаға маман дайындайтын ұстаздардың бірі-

мін. Саланы жетік білетін болған соң жан-жақты зертте-
мей, ұрпақтан-ұрпаққа қандай əсер ететінін əбден тексермей,
мұндай өнімдерді пайдалануға мүлде қарсымын. Бізде оларды
азық-түлік ретінде пайдалануға қажеттілік бар ма? Жоқ! Қазір

ол өнімдерді сараптамадан өткізетін республикамызда бір-екі
зертхана ғана бар. Олардың өзі өнімде генетикалық модифика-
ция бар ма, жоқ па, тек соны ғана анықтайды. Жеміс-көкөніс
шаруашылығында жұмыс істейтін көнекөз қарияларымыз

«құрт-құмырсқа жемейтін жеміс-жидектерді мен де жемей-

мін» дейтін. Сол айтқандай құрт-құмырсқа жемейтін, ауруға
шалдықпайтын, не дəмі, не иісі жоқ дүниелер біздің сауда
сөрелерінде қаптап кетті, біреуінің де халықаралық талаптарға
сай құжаттары жоқ. Генетикалық модификацияланған өнім-

дерді тек қажет жағдайда немесе дүниежүзіндегі үшінші
дəрежедегі, ашаршылық жайлап, тамақ таңдауға ешқандай
мүмкіншілігі жоқ, қалай да өмір сүру үшін жанталасып жат-
қан, аштан өлгеннен гөрі жүрек жалғауға мəжбүр елдерге

пайдалануға болатын шығар, ал бізде қандай қажеттілік бар?
Не ексең де, қанша мал өсірсең де жер жетеді, өзімізді-өзіміз
сапалы азықпен қамтамасыз ететін мүмкіндігіміз бар. Тіпті
өзімізден артылғанын экспорт жасап, пайда табуға да болаты-

нына көзіміз жетіп отыр.
Бірақ мен, организмдерді генетикалық модификациялау тара-
пындағы зерттеу жұмыстары жалғасу керек деген пікірдемін.

ҚЫСҚА-НҰСҚА:

– Ауылға жиі барасыз ба?

– Ауылға өте жиі барамын. Бұл менің мамандығыма, қызме-

тіме де байланысты. Біріншіден, мектеп бітіруші балаларға
бағыт-бағдар беру үшін барамыз. Бұл жөнінде біздің ар-
найы бағдарламамыз бар. Екіншіден, біздің зерттеулеріміздің
барлығы кабинетте емес, ауылда – егістікте, далада жүзеге

асырылады.

– Бау-бақша өсіресіз бе?

– Бұл – менің нағыз хоббиім. Жер үйде тұрамыз. Жақсы

бақшам бар. Бақшамда өсіп тұрған əрбір ағаштың тарихы бар.

– Өткенді ой елегінен өткізгенде жиі есіңізге оралатын не?

– Ең бастысы, өмірдің əр кезеңінде жүрген ортама қажет

болғандығым.

– Сүйікті ісіңіз?

– Кітапты көп оқимын, жастарға білгенімді үйрету, ұстаз-

дық.

– Спортты серік еттіңіз бе?

– Мен 14 жасымда Павлодар облысында грек-рим күресі-

нен бірнеше дүркін чемпион болдым. Əскерде жүргенде ая-

ғымды жарақаттап алып, спортты əрі қарай жалғастыра алмай
қалдым. Əйтпесе сол кездің өзінде спорт шеберлігіне кандидат
деген атақ алып үлгерген болатынмын.

– Қазір жастардын көбі дінге бет бұра бастады...

– Бұл – жақсы, имандылыққа бет бұрған адам ешқашанда

бөгде іске бармайды. Біз дінімізден, ділімізден айырылып қа-
ла жаздаған халықпыз ғой, дінге бет бұрған жастарға қолдау
көрсету керек деген ойдамын. 1996 жылы университет ректоры
ораза кезінде «Университет тарапынан ауызашар береміз, сол

жұмысты ұйымдастырыңыз» деп маған тапсырды. Сол жылы
бүкіл университет бойынша ұстаздар мен студенттердің ішінде
44-ақ адам ораза ұстаған екен. Біз содан кейін мешіттен діни
қайраткерлерді шақырып, кездесулер өткіздік, жатақханаларда

арнайы намаз оқитын бөлмелер ашып бердік, ораза кезінде
жеңілдіктер жасаймыз. Сол шаралардың нəтижесі болу керек,
былтырғы ауызашарда ораза ұстайтын жастар төрт асханаға
сыймай кетті...

3 қазан, 2008 жыл

ТЕРЕҢ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН АЛҒАНДА

МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚШАНЫ

СЫРТТАН ІЗДЕУІМЕН КЕЛІСПЕЙМІН

– Ілияс аға, əлемдегі өтімділік дағдарысының себептері

қандай?

– Өткен жылдың тамыз айында басталған, қазір дүниежүзін

алаңдатып отырған дағдарыс алғашында əлемдік өтімділік
дағдарысы деп аталды. АҚШ-тан бастау алған өтімділік дағда-
рысын «ипотекалық нарықтан басталды» дейтіндер бар. Шын
мəнісінде, ол ипотекалық нарықтан басталды ма, не болмаса

нақты өндірістік сектордан басталды ма, осыған байланысты
сарапшылардың ой-пікірі əртүрлі. Менің түсінігімде, əлемдік
өтімділік дағдарыстың себебі ипотекалық нарықтан басталған
жоқ. Оның себебі əріректе, алғышарттарының тамыры тереңде

жатыр. Біріншісі – Американың сыртқы экономикалық саяса-
ты. Екінші – Американың сыртқы дипломатиялық саясаты.
Үшінші – Американың басқа мемлекеттермен экономикалық
қарым-қатынасы. Соңғы кездері Американың сыртқы саясаты

көптеген алдыңғы қатардағы жəне жаңа дамып келе жатқан
мемлекеттердің наразылығын туғызды. Оның ішінде Қытай
Ілияс ИСАЕВ,
Т.Рысқұлов атындағы

Қазақ ұлттық экономикалық
университетінің доценті:

да кезінде Америкаға оң көзбен қараған жоқ. Мысалы, Билл
Клинтон президент болып тұрған кездері Қытай өзінің Аме-
рикамен теріс сальдосына ренжіп, өз юанын девальвация жа-
сағысы келді. «Қытай юаньді девальвация жасайды» деген

күннің ертеңінде Билл Клинтон Қытайға ұшып барды. Неге?
Себебі юаньнің девальвациясы Американың импортына үлкен
соққы тигізетін еді. Өйткені Американы киіндіріп отырған –
Қытай, тамақтандырып отырған – Қытай, тіпті бүкіл əлемдегі

трансұлттық брендтердің барлығы Қытайдың территориясына
орналасып, арзан жұмыс күшін пайдаланып, тауар өндіруді,
басқа да қызмет түрлерін халыққа ұсынуды əбден дəстүрге
айналдырған.

– Негізі, АҚШ-тың өзге елдерге əлімжеттік жасауы,

соғыс ашуы да экономикалық жағынан алып қарағанда
қып-қызыл шығын емес пе?

– Расымен де, өтімділік дағдарысының екінші бір себеп-

салдары əсіресе, Кеңестер Одағы кұлағаннан кейін Америкада
сыртқы саясатта үлкен бір арандатушылық қадамдар басталып
кетті. Бұрын Америкаға саяси, əскери күшпен, экономикалық
қуаттылығымен КСРО ғана баланс ұстап тұратын. Ол құлады.

Содан келді де Америка сыртқы саясатын, соғыс əскери сая-
сатын ешкіммен санаспай жүргізе бастады. Соның айқын дə-
лелі – Иракқа, Ауғанстанға соғыс ашуы. Бұл соғыстың бəрі
Америка экономикасына салмағын түсірмей қоймайды. Мы-

сал үшін, «Пентагонның жылдық əскери бюджеті 700 мил-
лиард доллар» деген ресми мəлімет бар. Бұл – ресми ақпарат
көздерінде жарияланған цифрлар. Ал біз білмейтін əскери
соғыс шығындары қаншама?!

Бүгінгі таңда Америка экономикасы баяулай бастады. Бұл –
осы факторлардың əсері. Бұл елде рецессия (экономиканың
баяулауы) құбылысы айқын байқалып отыр. Егер мемлекеттік
бюджеттің бəрі əскери шығындарды қаржыландыруға кететін

болса, нақты секторға, өндіріске, халықтың əлеуметтік жағдай-
ын жақсартуға жұмсайтын бюджеттің үлес салмағы азаяды.
Осының бəрі келді де Американың экономикасын бүгінгі таң-
дағы киындыққа əкеліп соқтырды. Мысал үшін, Ирактағы

соғысты алайық. Бұл Америка экономикасына тікелей ықпал
етеді. Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі экономист Джо-
зеф Стиглицтің есебі бойынша Ирактағы соғыстың құны 3
триллион долларға тең екен. Осы қаржыны Ирактағы со-

ғыстың болған уақытына бөлсеңіз жыл сайын қаншама қар-
жыны Америка өз қалтасынан Ирактағы соғысқа жұмсауға
мəжбүр болғанына көз жеткізуге болады. Мұның барлығы
АҚШ өнеркəсібінің баяулауына, жалпы, экономикасының құл-

дырауына əкеліп соқты.

– Дүниежүзіне өз ықпалын тигізіп отыратын Америка

экономикасының құлдырауына тек осы жағдай себеп бо-
лып отыр ма?

– Бұл жерде тағы бір үлкен себепті айтпай кетуге болмайды.

Қазір бұрынғы Кеңестер Одағынан тараған ТМД мемлекеттері
пайда болды да, ол мемлекеттер өз аяғынан тұру үшін талпына
бастады. Əу бастан Қазақстан да өз экономикасын ашық деп
жариялады. Қытай үшін АҚШ-тың нарығынан да өте тартым-

ды нарық пайда болды. Қытай тауардың, инвестицияның бір
бөлігін осы елдерге бұрды. Бұл да Америка экономикасына
оңай тиген жоқ. Осының нəтижесінде салмақ коммерциялық
ипотекалық банктердің несиесіне түсті. Үй сатып алайын десе,

халықтың тауып жатқан жоғары жалақысы жоқ. Олар, амал жоқ,
банктік несиеге қарады. Алғашында банктік несиенің пайыздық
ставкасы төмен болды. Елдің бойы несиеге біраз үйренгенде
пайыздық ставканы көтеріп жіберді. Себебі экономика баяу-

лап, инфляция күш алып бара жатты. Өзі қаржы нарығы де-
ген өндірістік сектормен салыстырғанда конъюнктуралық
өзгерістерге тез сыңай танытатын сезімтал сектор. Осыдан
келді де Америкадағы ипотекалық дағдарыс басталды. Оның

басталу себебі қалай? Халық алған несиелерін қайтара ал-
майтындай жағдайға жетті. Өйткені жалақысы азайды. Олар
өзі аз жалақысын 10 – 15 жылға алған несиесіне қайтара ма,
əлде нанға жұмсай ма? Бұл процесс бізде былтырдан бері

орын алғанмен, АҚШ-та ертерек басталды. Бұл – халықтың
табысының төмендеп кетуінің, өндірістің кұлдырауының нəти-
жесі. Неге? Себебі өндіріске келіп жатқан жаңа инвестициялар

жоқ. Бар болған күннің өзінде оның мөлшері азая түсті. 2007
жылдың тамыз айында дүниежүзілік сипат алған дағдарыстың
себептері осындай.
Үстіміздегі жылы өтімділік дағдарысы АҚШ-та асқына

түсті. Оны бəріміз білеміз. Ол, біріншіден, ипотекалық компа-
ниялардың құлдырауына, екіншіден, банктердің банкротқа
ұшырауына əкеліп соқты.
Əрине, Америка қол қусырып қарап отырған жоқ. Өтімді-

лік дағдарысымен күресуді Үкімет қолға алып жатыр. Амери-
каның қаржы министрі Генри Полсон өз бағдарламасын
ұсынды. Ол ел арасында «Полсон бағдарламасы» аталып кет-
ті. Бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 700 милли-

ард доллар Америка экономикасына, банк секторына инвес-
тиция жасау жөніндегі ұсыныс енгізді. Сенаторлар біраз, тар-
тыншақтағанмен экономикадағы жағдай тым ушығып бара
жатқан соң олар да қолдауға мəжбүр болды. Оның бер жағыңда

Америкадағы кейбір ипотекалық банктердің үлкен сақтандыру
компанияларының акцияларын мемлекеттің өзі сатып алды.
Мысал үшін, үлкен сақтандыру компаниясы АІG (Аmегісаn
Іntеrnаtіоnаl Grouf) акцияларын 85 миллиард долларға сатып

алды. Осы компания акциясының 79,7 пайызы Федералдық
резервтік жүйенің меншігіне айналды. Ал кейбір банктерге
тиіскен жоқ. Ағайынды Лемондардың 150 жылдық тарихы бар
Lehman Вrоthers Holdіng Іnс банкі банкротқа ұшырады.

– Қазақстанға қатысты айтар болсақ...

– Қазақстанға да əлемдік дағдарыстың салқыны еліміздің

Халықаралық валюталық позициясы арқылы міндетті түрде
тиеді. Оның бірнеше себебі бар. Мысал үшін, соңғы мəліметтер
бойынша еліміздің сыртқы қарызы – 100 миллиард 623 мил-
лион доллар. Соның ішінде 41,8 миллиарды банк секторының

үлесіне тиеді екен.

– Жалпы, қарыздың жартысына жуығы деуге болады...

– Иə. Міне, осы сыртқы қарыз, халықаралық инвестициялық

позиция арқылы міндетті түрде өтімділік дағдарысы Қазақстан
экономикасына əсерін тигізеді. Сыртқы өтімділік дағдарыс
əсерін тигізуші еліміздің халықаралық инвестициялық пози-

циясы мен халықаралық валюталық позициясы. Бірақ Қазақ-
станның өзге мемлекеттермен салыстырғанда өтімділік дағда-
рысына қатысты артықшылығы – 2007 жылдың тамыз айы-
нан бастап қамданғандығы. Ертерек қолға алды. Сол кезден

бастап Үкіметтен банк секторына қосымша өтімді активтер
бере бастады. Банк секторының сыртқы қарызын, анығырақ
айтсақ, кесте бойынша қаншасы өтелгенін, қаншасы қалғанын
қатаң бақылау жасады. Бұл – Қазақстан Үкіметінің ең басты

артықшылығы. Қазақстан өткен жылы қолға алған тірліктерді
басқа мемлекеттер қазір жасап жатыр.
Сыртқы қарыздың жартысына жуығы банк секторына тиесі-
лі болса, əрине, өтімділік дағдарысының ауыртпалығын көп

жағдайда банк секторы көреді. Міне, осыған қатысты жақында
еліміздің Министрлер кабинетінің облыстар, Астана мен Алма-
ты қалалары əкімдерінің қатысуымен үлкен кеңейтілген оты-
рысы болды. Сол жиында Елбасы үлкен мəселе көтеріп, тап-

сырмалар берді. 2008 жылы əлемдік дағдарысқа қарсы шаралар
Елбасы тапсырмасында жақсы айтылды. Осы тапсырмаларға
сəйкес үлкен институционалдық өзгерістер болды. Яғни «Са-
мұрық» пен «Қазына» бірігіп, халықтың, игілік қоры деп

аталды. Бұл – өте дұрыс қадам. Себебі дағдарысқа əр компа-
ния жеке-жеке қарсы тұра алмайды. Сондықтан бұл жерде
мемлекеттік ауқымды капиталдың көмегі керек болды. Міне,
осының нəтижесінде осы қор құрылды. Қордың мақсаты үшеу.

Бірінші – экономиканы модернизациялауды жалғастыру, екін-
ші – халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуды қамтамасыз
ету, үшінші – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Осыған қатысты қазіргі кезде банк секторына үлкен көмек

берілгелі отыр. Үлкен көмектің əртүрі бар. Негізі, банк секто-
рына қаржы нарығының сегменттерін, ипотекалық нарықты
тұрақтандыру мақсатында бүгінгі таңда «15 миллиард дол-
лар бөлінді» деген мəлімет бар. Оның 10 миллиард доллары

Ұлттық қордан келеді. Осы Ұлттық қордан бөлінген қаржының
жартысы жаңа құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының
инфрақұрылымына кетеді. Қалғаны коммерциялық банктер-
ге қосымша өтімді қаражат ретінде беріледі. Ендігі қалған 5

миллиард доллардың 1 миллиарды мемлекеттік бюджеттен
келеді де, қалған 4 миллиарды міндетті резервтің нормасын
төмендетудің нəтижесінде босайтын ақшалар есебінен іске
қалай қатысатыны да жан-жақты қарастырылып жатыр.

– Біз осы уақытқа дейін «Қазақстан ТМД елдері ішіндегі

банк секторы ең дамыған мемлекет» деп келдік қой. Соның
өзінде мынадай жағдайға душар болып отырмыз. Бұл
қалай?

– Коммерциялық банктер – өндіріспен салыстырғанда,

оза шауып бəйге ала алмайтын сектор. Бұлар өзгерістерге,
конъюнктуралық ауытқуларға тез беріледі. Кезінде несиелік
экспансиясына, тұрғын үй құрылысын несиелеуге, өз капита-
лын тез арада көбейтуге қатысты қазақстандық коммерция-

лық банктер өзге ТМД елдері банктеріне қарағаңда ертерек
аяғынан тұрды. Бірақ жаһандану жағдайында, əлемдік дағда-
рыс ертерек аяғынан тік тұрған мемлекет пе немесе ол жаңа
дамып келе жатқан мемлекет пе, əлемдік экономиканың кірі-

гу процесінде бір жерден пайда болған дағдарыстың салқыны-
на шарпылмай қалатын мемлекет болмайды. Оның бер жағын-
да біздің өтімділік дағдарысына тез бой алғызуымыздың бір
себебі – біздің коммерциялық банктер саясатын өндірістік

сектормен байланыстырмай, басқаша жүргізді. Үлкен қателік
осында. Біздің банк секторы расында да жақсы дамыды. Оның
айғағы көп-ақ. Шет мемлекеттерге банк капиталы шыға баста-
ды. Біздің банктер Ресей, Грузия, Қырғызстанға, басқа да мем-

лекеттерге экспансия жасай бастады. Оған дау жоқ, кұба-құп.
Бірақ біздің банк секторының ең үлкен кемшілігі – жоғарыда
да айттық, өз өндірісімізден қол үзіп кетті. Сосын ақшалай
қоректі отандық экономикадан алған жоқ, сырттан алды. Ал

егер отандық экономикадан ақшалай қоректі алып, өндірістік
сектормен бірге дамығанда жағдай мүлде басқаша болар еді.
Ғылыми жағдайда мен мемлекеттің ақшаны сырттан іздеуіне
келіспеймін. Ақшаны іштен табу керек. Онда тұрған ешқандай

проблема жоқ. Мемлекеттің эмиссиялық саясаты, Ұлттық
банктің эмиссиялық функциясы мықты болуы керек. Ақшаны
пəлен миллиардтап, триллиондап іштен табуға болады. Ол

үшін Ұлттық банктің эмиссиялық саясаты бар. Кез келген
мемлекеттің Орталық банкінің функциясы – эмиссиялық функ-
ция. Ақша шығаратын функция. Ол сырттан қарыз алғанша
эмиссиялық функциямен айналысуы керек еді. Сосын отандық

өндірістің барлығын ақша эмиссиясы есебінен қоректендіруге
болар еді. Əрине, бізге де халықаралық резервтік актив
ретінде доллар керек. Себебі сырттан тауар, техника, техно-
логия алу керек болды. Сосын ішімізге шетелдік инвестиция-

лар ене бастады. Əрине, біздің экономикамызға доллардың
енуі, долларизация процесінің енуі объективті процесс еді.
Бірақ коммерциялық банктер отандық өндірістен қол үзбей,
мемлекеттің эмиссиялық саясаттан мықты орын алып, отандық

өндіріс орындарын жаңа эмиссия есебінен қоректендіріп,
экономиканың дамуын қадағалап отырғанда коммерциялық
банктер əлемдік өтімділік дағдарысының əсерін сезбеуі де
мүмкін еді. Сезген күннің өзінде болар-болмас қана шығынға

ұшырар еді.

– Негізі, банктерді тығырықтан шығару үшін Үкімет

біраз шаруаны қолға алғанынан хабарымыз бар...

– Банк ғылымындағы Кук заңы бойынша коммерциялық

банктердің жиынтық активтері олардың жиынтық міңдеттеме-
лер портфелімен меншікті капиталының қосындысына тең
болады. Яғни коммерциялық банктерде сырттан өтімділік
дағдарысының салқынын тез қабылдайтын үш проблемасы

бар. Олар: меншікті капиталы, міңдеттемелер жəне активтер
портфелі. Міне, осы үшеуіне де қатысты Үкімет жақсы істерді
қолға алып жатыр. Əсіресе, активтер портфеліне қатысты айт-
сақ, үстіміздегі жылдың 9 айындағы коммерциялық банктердің

активтер портфелінің жалпы, Қазақстандағы жиынтығы 12,5
триллион долларды құрайды. Соның меншікті капиталы 1
триллион 519 миллиард теңгені құрайды. Ал міндеттемелер
портфелі 10 триллион 980 миллиард теңгені құрайды. Міне,

осы үш макрокөрсеткішке қатысты Үкімет жақсы көмектесіп
жатыр. Оның ішінде, əсіресе, активтер портфеліне қатысты.
Себебі өтімділік дағдарысына жəне ипотекалық дағдарысқа
байланысты қазіргі кездерде коммерциялық банктердің актив-

тер портфелінің, əсіресе, несие портфелінің сапасы төмендеп
кетті. Мысалы, соңғы мəліметтер бойынша коммерциялық
банктердің несиесінің 44 пайызы стандартты несиеге, 52,7 пайы-
зы – күдікті, ал 3,3 пайызы шығынды, қайтарымы жоқ несиеге

жатады екен. Міне, осы активтер портфелін басқаруда Үкімет
үлкен мəселені қолға алды. Елбасының берген тапсырмасына
сəйкес елімізде Стрессті активтер қоры кұрылды. Мұны біз
Сапасы төмен активтер қоры немесе Банк активтерінің сапа-

сын сақтандыру қоры деп атасақ болады. Қорды ненің есебінен
кұрады. 1 миллиард доллар мемлекеттік бюджеттен бөледі,
қалған 4 миллиард доллар қаржы институттарынан, нарықтан
алынбақшы. Бұл ұғым қандай? Ұлттық банк коммерциялық

банктер үшін міндетті резервтің нормасын төмендетпекші.
Осының нəтижесінде коммерциялық банктерде 400 миллиард
теңгедей ақша пайда болады. Осыған есептеп отыр. Сонда бұл
қордың мақсаты – коммерциялық банктердің балансындағы

сапасы төмен, тек шығын ғана əкелетін активтерді «Самұрық-
Қазына» ұлттық игілік қоры сатып алып, уақытша басқармақ-
шы. Коммерциялық банктердің өзі осы қорға қатысуы керек.
Қор құрудың нəтижесінде Үкімет коммерциялық банктердің

активтеріне қатысты тəуекелді бөлісе бастады. Бұл қордың
негізгі мақсаты қандай? Біріншіден, «Самұрық-Қазына» ұлттық
қоры сапасы өте төмен несиені сатып алуы керек. Екіншіден,
сол сапасы төмен активтерді басқарады. Үшіншіден, осылай-

ша банк секторымен тəуекелді бөліседі. Бұл – коммерциялық
банктердің активтер портфеліне қатысты Үкіметтің қадамы.
Мысал үшін, коммерциялық банктердің депозиттік портфелі-
не қатысты Елбасының тапсырмасы бойынша үлкен қадам жа-

салды. Қазіргі кездерде жеке азаматтардың сақтандырылатын
депозиттерінің сомасын 5 миллион теңгеге көтерді. Бұл ком-
мерциялық банктердің депозиттік базасының орнықты болуы-
на алып келеді. Сол себепті олардың депозиттік базасы ортай-

майды. 5 миллион теңгені бүгіндегі бағаммен долларға шаққанда
40 мыңға тең. Бұл – барлық мемлекеттерде қолданылып жатқан
шаралар. Əсіресе, Исландияда 100 пайыз екен. Ал егер Үкімет
халықтың, жеке азаматтардың салымдарының 5 миллион тең-

гесіне дейін кепілдік беретін болса, онда бүкіл депозиттің
99 пайызын қамтиды деген сөз. Бұл банктердің депозиттік
базасының орнықты болуына əкеліп соғады. Сонымен қатар
қазір коммерциялық банктерде мамандардың есебі бойынша

халықтың депозитінің сомасы 12,5 миллиард долларға жетеді.
Бұл – үлкен цифр. Ең қауіптісі – егер халықтың банкке деген
сенімі жоғалып, жаппай банктердегі депозитін алып жатса, онда
банктер бір күнде банкротқа ұшырайды. 5 миллион теңгеге

дейін коммерциялық банктердегі халықтың депозитгеріне Үкі-
мет өзі кепілдік беріп отыр. Бұған қатысты сондай-ақ елімізде
Жеке азаматтардың депозиттерін сақтандыру қоры бар. Ол
қордың құрылтайшысы – Ұлттық банк. Осы қордың капита-

лын да көбейтті.
Бұл жердегі ең үлкен проблема коммерциялық банктердің
меншікті капиталына қатысты. Себебі бүгінге дейін үлкен
мəселе меншікті капиталды қосымша капитал есебінен көтер-

ген. Ал жарғы капиталы есебінен көтермеген. Бұл – банк секто-
ры дамуындағы үлкен қателік. Негізінен, меншікті капиталды
жарғы капиталы есебінен көбейту керек. Яғни акционерлік ка-
питал есебінен көбейту керек. Ал біздің банктер ондайға бара

алмады. Неге? Себебі акционерлерінің ақшасы жоқ. Содан
келді де меншікті капиталды субординациялық қарыз есебінен
көтерді. Оның өзін сырттан алды. Сосын үлестірілмеген пайда
есебінен көтерді. Міне, мұның өзі коммерциялық банктердің

қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етпейді. Коммерциялық
банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін оның акционер-
лік капиталы. Осыған қатысты Үкімет те үлкен мəселе көтеріп
отыр. Əсіресе, біздің елімізде жүйені кұраушы негізгі төрт банк

бар. Олар – Халық банкі, Қазкоммерцбанк, ТұранƏлемБанк
жəне Альянсбанк. Осы төрт банкке Үкімет ұсыныс жасады.
«Акционерлік капиталдарыңды көбейте аласыңдар ма? Егер
көбейте алмасаңдар, біз көмекке келеміз» деді. Қазірдің өзінде

акционерлік немесе жарғы капиталының минимальді сомасын
5 миллиард теңгеге көтермекші. Себебі сыртқы тəуекелге той-
тарыс беретін коммерциялық банктерде ең үлкен қаржы осы
акционерлік капитал. Акционерлік капиталдың атқаратын қыз-

меттері көп. Тəуекелге қарсы тұру, коммерциялық банктердің
басқару шығындарын қаржыландыру сияқты. Банк акционер-
лік капиталды көбейте ала ма, онда Үкіметке құба-құп, қош-
тайды. Ал көбейте алмаса, онда Үкімет ұсыныс жасап отыр.

– Еліміздегі төрт коммерциялық ірі банктің акция паке-

тінің 25 пайызын Үкімет иеленбекші болып жатқаны қазір
қоғамда əртүрлі пікір тудырып отыр. Бірі – осы күнге дейін
онсыз да Үкіметтің «еркетайына» айналған банктерді одан
сайын шолжаңдату деп санаса, енді бірі – бұл экономикалық

қауіпсіздік жағынан тиімді əрекет деп бағалап отыр. Сіз
бұл пікірлерге қандай ой қосасыз?

– Үкімет осы төрт банктің акционерлік капиталына қатысып,

өзінің үлес салмағын 25 пайызға жеткізбекші. Артықшылығы
бар акцияларды да аламыз, сосын субординациялық қарыз-
ды да береміз деп отыр. Үкіметтің ұсынысы – дауыс бере-
тін жаңадан эмиссияланған акцияны сатып алуға мүмкіндігіміз

бар. Бұл – біріншіден, банктің акционерлік капиталына мем-
лекеттің қатысуы, екіншіден, банк секторының қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету шарасы, үшіншіден, коммер-
циялық банктердің акционерлік капиталы көбейгеннен кейін

шағын бизнеске несие бере алады. Сосын ипотекалық не-
сие бере алады. Коммерциялық банктердің алатын табысы да
тұрақты болады. Осыған қатысты Үкіметтің банк секторын
капитализациялауға Ұлттық қордан 5 миллиард доллар бөліп

отыр.

– Демек, дəл қазіргі жағдайда бұл тиімді болып отыр

ғой.

– Дəл қазіргі жағдайда жекеменшік коммерциялық банктер-

ге мемлекеттің қатысуы тек Қазақстанда емес, бүкіл əлемде
орын алып жатыр. Себебі мемлекеттің қалтасында қаржы-
қаражат бар. Сол ақшаны банк секторын тұрақтандыруға жұм-
сағысы бар. Банктің активтер портфелінің сапасын қамтамасыз

етуге 5 миллиард доллар, ал банктің меншікті капиталын, со-
ның ішінде акционерлік капиталын көбейтуге 5 миллиард дол-
лар бөліп отыр. Ал коммерциялық банктердің ресурстық база-
сын нығайту мақсатында Үкімет Ұлттық қордан 5 миллиард

долларды мемлекеттік депозит ретінде бермекші. Осы қара-
жат шағын жəне орта кəсіпкерлік саласын несиелеуге жұмса-
луы керек. Бұл – уақытша, дағдарыстан шығу үшін жасалып
жатқан шаралар.

– Коммерциялық банктердің акция пакетін шетелдік

банктердің сатып алғанын да қолдайтындар бар. Олар «ме-
неджмент – тəжірибе жинақтауға аса қолайлы мүмкіндік»
деген көзқараста.

– Бұл – өте орынды сұрақ. Себебі қазақстандық коммер-

циялық банктердің акционерлік капиталының бір бөлігіне
шетел инвесторлары иелік ету тəжірибеде бар. Акционерлік
капиталының бір бөлігі шетел инвесторларының үлесіне тиетін
коммерциялық банктер де бар. Егер шетелдік инвесторлар

осындай ұсыныспен келсе, Қазақстанға бұл қолайлы болады.
Шетел инвесторлары банктің үлкен қатысушысы бола оты-
рып, акционерлік капиталды тағы да көбейте ала ма? Мар-
хабат. Болмаса, Үкімет Ұлттық қор қаражаты есебінен төрт

банкке тастаған ұсынысын басқа да банктерге жасамақ. Əрине,
оны шешетін сол үлкен қатысушы болып есептелетін шетел-
дік инвесторлар. Үкіметтің мұндай қадамының ар жағында
үлкен мəселе жатыр. Шетелдік акционерлерге де «сіздер де

акционерлік капиталыңызды көбейтіңіз» деп айтып отыр. Сон-
дықтан шетелдік инвесторлар келіп қазақстандық банктерде
акцияларын көбейтіп жатса, құба-құп.

– Біздің біраз коммерциялық банк шетелдерде өз бизнесін

жүргізіп келеді. Енді олардың жағдайы қалай болмақ?

– Соңғы мəліметтерге сүйенсек, мысалы, ТƏБ активтер

портфелінің 33 пайызы – сыртқы активтер. Демек, 67 пайы-
зы – ішкі активтер. Сондықтан ТƏБ-тің қаржылық жағдайын
айқындаушы, анықтаушы əлі де болса біздің ішкі экономикалық
ахуалымыз. Сондықтан оған алаңдаудың реті жоқ.

18 қараша, 2008 жыл

БАНКТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА

БАСА НАЗАР АУДАРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

– Шалқар Аманғосұлы, қазір елде «Агробанк құру керек,

ауыл шаруашылығы саласын сонда ғана көтереміз» деген
мəселе үкіметтік деңгейде көтеріліп жатыр жəне бұл пікірді
қолдайтындар қатары да баршылық. Бірақ Сіз бізбен əңгі-
меңізде «Мен бұл банктің құрылғанына қарсымын» деген

пікір білдіріп қалдыңыз. Бұған айтар қандай уəжіңіз бар?

– Негізі «Агробанк» кұру туралы мəселенің айтылып жүр-

геніне 2 – 3 жыл болды. Дағдарыс кезінде бұл мəселе бұрын-
ғыдан да жоғары деңгейде көтеріліп жатыр. Қазір бұл Үкімет-
тегілер, Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер, депутаттар
жиі талқылап жүрген мəселеге айналды. Менің ойымша, негізі

«Агробанкті» кұрып, ауылды көтереміз» деген шаруа оңайға
соқпайды. Бұл мəселеде жүйелі түрде жұмыс жасамасақ, тек
«Агробанкті» құра саламыз да, мəселені түпкілікті шешеміз»
деген ой қателік болады. Өйткені мысалы көршілес Ресейде

«Агробанк» бар, сонда да бұл елдің ауыл шаруашылығы деңгейі
Қазақстандағыдан анау айтқандай асып бара жатыр деп айта ал-
маймыз. Екінші жағынан елімізде бұған дейін де бірнеше ауыл
Шалқар ЖҮСІПОВ,

ҚР Президенті жанындағы
Кəсіпкерлер кеңесінің мүшесі,
Қазақстан микроқаржы
ұйымдары қауымдастығы

директорлар кеңесінің төрағасы:

шаруашылығы банкі болды. Бюджеттен қанша ақша бөлініп
жатты, дегенмен өзін-өзі ақтамай, жабылып қалды. Оның үсті-
не банкті кұру оңай болғанмен, бірақ ол өте көп бюджеттік
шығындарды талап етеді. Содан кейін оның бəрі ақталса жақ-

сы. Қазіргідей дағдарыс кезеңінде «Міндетті түрде «Агро-
банк» керек» деп табандап отырғандар бар, ал ертең дағдарыс
кезеңінен өткеннен кейін оның жағдайы не болады? Əрі қарай
оны дамыту үшін, тіпті ұстап тұру үшін əрқашан да бюджет-

тен біраз қаржы бөлініп отыру керек. Бір себептермен қаржы
бөлу бір мезетте тоқтап қалса, онда «Агробанк» жұмысын одан
əрі жалғастыруы да неғайбіл. Бұл – бірінші себеп.
Екіншіден, қазір Үкімет еліміздегі жүйе құраушы ірі төрт

банктің құрамына кіріп жатыр. Жарайды, «Халық банк» пен
«Қазкоммерцбанктің» 25 пайыз акциясына иелік етсе, ал «БТА
банк» пен «Альянсбанктің» акциясына түгелдей дерлік, анығы
70 пайыздың үстінде ие болып отыр. Меніңше, жаңадан «Аг-

робанк» құрғанша осындай нарықта жұмыс жасап жатқан бір
банкті ауыл шаруашылығы саласына бағыттап жұмыс жаса-
са дұрыс емес пе? Жоғарыда да айттым, жаңадан бастап банк
құру қаншама шығынды талап етеді. Сосын, ол тек қалада

ашылатын банк емес қой, оның облыс, аудан орталықтарында
бөлімшелері болады, оларға маман керек. Адам ресурсы деген
өте маңызды мəселе. Міне, осы жағынан біраз күмəндарымыз
бар екені рас.

Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы атынан айтары-
мыз, бұл жерде мына мəселені де естен шығармағанымыз
жөн: негізі банктік емес несиелік ұйымдарды дамытса, осы
бағытқа біраз көңіл бөлсе, бұл «Агробанктің» орнын басар

еді. Біз Үкімет делегациясының құрамында былтыр Венгрияға
барып келдік. Ол елде 15 – 20 шақты жекеменшік банк бар
екен. Бір қызығы, сол банктің бəрі де шетелдік. Сонымен атар
бүкіл Венгрияда 150-ден астам несиелік депозиттік серіктестік

жұмыс жасайды екен, олар өздері оны кооператив деп атай-
ды. Бірақ олар тек қана несие берумен айналыспайды, депозит
те қабылдайды. Бұның бір ұтымды жері – мұны əр ауылдық
жерде құрса болады. Сонда ауылда тұратын азаматтар несие

серіктестігінің басшысы етіп кімді тағайындайды, кіммен
жұмыс істейді өздері шешеді жəне серіктестіктің мүшесі
болғандықтан, оның жұмысын бақылап, қадағалап отырады.
Өйткені өздерінің ақшасын да салып отыр. Депозиттік, басқа

да банктік операцияларды жасай береді. Бұл – өте тамаша. Сол
сапарға Үкімет, министрліктің өкілдері, Мəжіліс депутаттары
барды, бəріміз таңғалдык, серіктестіктердің елден жинаған
ақшасы несие берген ақшадан екі еседей көп. Сонда ауыл-

да тұратын халықтың сол серіктестікке деген сенімдері өте
жоғары, тек ол жерден несие алуды ғана ойламайды, өздерінің
келешегін сол серіктестіктермен байланыстырған, яғни сенім
артып, артық қаражаттарын салып отырады. Оның сыртында

қазір Дүниежүзілік банк, тағы басқа да Халықаралық инсти-
туттар арқылы бүкіл дүниежүзінде зерттеу-талдау жұмыстары
жүргізіліп жатыр. Соның бір ұтымды тұсы – тұрмысы төмен-
деу, ауылда тұратын азаматтарымызға көп мемлекетте көмек-

тесудің бір жолы тек несие беру ғана емес екен, дəл сол ауыл
азаматтарының өзі күнделікті қажеттіліктен сəл артылған
ақшаларын бір жерге жинап, жинақ жасау тиімді екен. Бізде
«Тұрмысы төмендерді тығырықтан шығару үшін несие беру

керек» деп жатады. Міне, көрдіңіз бе, олардың тұрмысын
жақсартудың жолы тек несие беруде емес екен, олардың өз
ақшаларын өздеріне жұмсайтындай, оны келешектегі қажет-
тіліктеріме деп жинайтындай жоғарыдағыдай мүмкіншілік

берсе, дағдарыстан, тығырықтан сол алып шығады деген рес-
ми зерттеулер бар. Сол үшін қазір ел нарығында жұмыс жа-
сап жатқан 1300-ден астам шағын несие ұйымы мен 200-дей
шағын несие серіктестігі жұмысын осылай бағыттау керек.

Өкініштісі, Үкімет тарапынан олардың жұмысы реттелмейді.

– Екі жылдай бұрын шағын несие ұйымдарының саны

750 шамасында болатын. Сонда қазір оның саны екі еседей
өскен болып тұр ғой?

– Иə, шағын несие ұйымдары жедел қарқынмен өсіп келеді.

Қазіргі біздің қолымыздағы мəлімет үстіміздегі жылдың қаңтар
айына қатысты жағдай, одан бергі уақытта бұл 1500-дей болған
шығар деген болжамымыз бар.

– Сонда сіздің əңгімеңізге қарағанда, осыншама микро-

қаржы ұйымын реттейтін тек нарық болып тұрғаны ма?

– Солай. Олардың үстінен ешкім қарап, бағыт-бағдар беріп

отырған жоқ. Сол себептен Ұлттық банк пен Қаржы ұйымын
реттеу жəне қаржы нарығын бақылау агенттігінің бұл мекеме-
лерге несиеден басқа операцияларды бермеу керек деген ойла-
ры бар. Оларды түсінуге де болады, өйткені ешқандай мемлекет-

тік орган тарапынан реттелмейді, лицензия берілмейді, қада-
ғалап ешкім қарамайды. Сондықтан оларға басқа операциялар-
ды беруі, бір жағынан дұрыс та емес, оны қолдаймыз. Бірақ
«Банктерді дамыту керек» деп осы салаға басымдық беріліп келе

жатқанына 15 жылдай болып қалды. Үкіметтің негізгі бағыты –
осы банктерді дамыту болды. Банк біздің локомотивіміз дедік,
банктермен мақтандық, банктерімізді тек ТМД шеңберінде
емес, Еуропаның банктерімен салыстыра бастадық. Оның

бəрі, əрине, дұрыс, бірақ банктік емес ұйымдар сыртта қалып
қойды. Осы ретте микронесие ұйымдары, несиелік серіктестер,
жарайды, нарықта бола берсін, бірақ екі ортада бір қаржылық
форма керек сияқты. Осы жерге жоғарыдан төмен қарай шағын

банктер келуі мүмкін жəне төменнен жоғары қарай дамыған-
дамыған микронесие ұйымдары мен несие серіктестіктері ба-
руға болады. Сонда ортадан бір форма шығайын деп тұр, енді
оларға тек несиелік емес, басқа да операцияларға рұқсат беру

керек, бірақ қадағалап отыру қажет. Біздің ойымыз – осы. Міне,
сол кезде, менің ойымша, «Агробанк» керек пе, жоқ па деген
мəселе өзінен-өзі шешіледі.

– Елдегі микроқаржы ұйымдарын қазіргі кезде тек на-

рық реттеп отыр дедіңіз. Мемлекет тарапынан арнайы
бақылаудың болмауы олардың жұмысының бейберекет
болып кетуіне жол ашпай ма?

– 2003 жылы «Микрокредиттік ұйымдар жəне несие серік-

тестігі» туралы заң шықты. Сол кезде Ұлттық банктің ойы
нарықтық либерализация болған. Қарыз берушілер ешқайда
тіркелмейді, бірақ елге жоғары пайызбен ақша берумен айна-
лысты. Ол кездегі басты мақсат соларды «ойыннан» шығару

болды. Заң бұл мəселені реттеді десек болады. Қазір шағын не-

сие ұйымдары 1300-ден асып кетті. Бұрын тіркелмей жұмыс
жасап келген шағын несие ұйымдарының бəрі тіркеліп, жұмыс
жасап жатыр. Оның бəрі заңды түрде, бюджетке салықтарын
төлеу керек. Енді осы жерде тоқтап қалмай, алға қарай жыл-

жыту керек, яғни саны дамыды, енді сапасына көңіл бөлуге
тиіспіз. Осы жерде бір форма табуымыз керек, бірақ ол фор-
маны Ұлттық банк немесе Қаржы ұйымын реттеу жəне қаржы
нарығын бақылау агенттігі міндетті түрде қадағалау керек.

– Осыдан екі жылдай бұрын «Айқын» газетіне берген

сұхбатыңызда «Микроқаржы ұйымдарының бар болғаны
15 пайыздайы ғана ауылдық жерлерде жұмыс жасап жа-
тыр» деген едіңіз. Егер бұл көрсеткіш əлі де төмен болса,
онда «Агробанктің» кұрылуына неге ықыласты емессіз?

– Үстіміздегі жылдың 1 қаңтардағы статистикалық мəлі-

меттері бойынша ауылдық жерде кұрылған микронесиелік
ұйымдар 270 болды, яғни 21 пайызы. Ал өзім жұмыс жасап
жатқан мекеме бойынша қала мен ауылдық жердегі пайыздық
көрсеткіші 50-де 50. Ауылдық жердегі жұмыс жасаудың біраз

оң жақтарын көріп отырмыз.

– Негізі ауылдық жерлерде несие берудің өте тəуекелі

басым деп жатады. Шаруашылықтың жайы кейде жақсы
болады, кейде дұрыс болмайды. Сіздер тəуекелге қалай бел
буып отырсыздар?

– Біз микронесиелік ұйым болғаннан кейін ауылдық жер-

де тек ауыл шаруашылығы істерімен айналысатындарды ғана
емес, сол ауылда тұратын азаматтардың бəрін қамтуға тыры-
сып жатырмыз. Оның ішінде сауда-саттықпен айналысатын-
дар, бюджеттік мекемелерде жəне ауыл шаруашылығы сала-

сында жұмыс жасап жатқандар бар. Ауыл шаруашылығымен
айналысатындардың өзін екіге бөлеміз. Бірінің шаруа қожа-
лықтарымен айналысатын мыңдаған гектар жері, техникасы
бар болса, енді бірі кəдімгі ауылда тұратын бақша салып, мал

өсіріп отырған қарапайым азаматтар. Біз бұлардың бəріне не-
сие бере береміз, бірақ несие мөлшері əртүрлі. Ауылдық жер-
лерде қалаға қарағанда сұраныс өте көп, бұл – біріншіден.
Екіншіден, ауылдық жерлердегі азаматтар қалаға қарағанда

тəртіпті, несиені уақытында төлейді, жауапкершілікті аса қат-
ты сезінеді.
Əрине, несие портфеліндегі барлық қаражатты 100 пай-
ыз ауылдық жерлерге үлестіріп беру деген біздің ойымызда

жоқ. Өйткені жоғарыда өзіңіз айтып отырғандай, ауыл ша-
руашылығындағы жағдай əр жылда əртүрлі. Кейде құрғақшы-
лық болып қалуы мүмкін, кейде жақсы өнім аласың. Сол
себепті 100 пайыз тек ауылда айналысамыз деп айта алмай-

мыз, бірақ қазірдің өзінде ауылда тұратын азаматтарымызға
қаладағылармен бірдей қарап, 50-де 50 пайыз несие беріп от-
ырмыз.

– Қазір банктерден несие алып, оны қайтара ал-

май жатқандар жайы жиі айтылады. Сіздер де, анығы,
микроқаржы ұйымдары да несие берумен айналысасыз-
дар, банктердегі несие қайтара алмау фактілері сіздерде де
кездесе ме? Əлде шағын несие болғандықтан, микроқаржы

ұйымдарында бұл проблема жоқ па?

– Негізі ондай проблема бізде де бар. Бұл проблема

бұрынғы жылдарға қарағанда өсіп кетті. Банктер көріп жат-
қан қиындықтарды біз де көріп отырмыз. Бірақ салысты-
рып қарасақ, біздің несиені дер кезінде қайтармай жатқан
клиенттеріміз банктерге қарағанда, пайыздық көрсеткішпен

алғанда аздау. Мəселені əртүрлі жолмен шешуге тырысып
жатырмыз. Əрбір клиентпен жеке сөйлесіп, қандай проблема
бар екендігін анықтап, мəселені оңтайлы шешуге тырысамыз.
Кейбіреуінің несиені қайтару мерзімдерін ұлғайтамыз, енді

бірінің төлейтін мөлшерін түсіреміз, енді біріне проблеманы
шешуге уақыт береміз. Міне, осындай əртүрлі көмек беріледі.
Микроқаржы ұйымы болғаннан кейін, бізде несие мөлшері аз,
бірақ клиенттер өте көп. Кейбіреулерінің тіпті тауарын өткі-

зуге, басқа клиенттер арқылы жолын тауып отырамыз. Жасы-
ратыны жоқ, енді біреулерімен соттасып жатырмыз.
Біз несиені қайтара алмай жатқан клиенттерді екіге бөлеміз:
бірі төлей алмаймын, бірақ төлегім келеді деген оймен өмір

сүреді, енді біреулерінің төлеуге шамасы келеді, бірақ əдейі
төлемейді. Міне, осы екінші айтылған клиенттерге тек сот ар-
қылы ғана шара қолданбасақ, біз үшін басқа жол жоқ.

– Əлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарысы

салқыны банктерге қатты тиіп жатқандығы аңғарылады.
Ал шағын несие серіктестіктерінің жай-күйі қалай?

– Дағдарыс тек банктерге ғана əсер етіп жатыр дей алмай-

мыз. Банктердің қазір шетелден қаржы алуы қиындап кетті.
Біздің де ондай проблемамыз бар. Бұрыннан шетелдік компа-
ниялармен жұмыс жасап жатқан кейбір жолдарымыз жабылып
қалды десек те болады. Бірақ банктерге қарағанда жағдайымыз

əлдеқайда дұрыс дей аламыз. Себебі кезінде банктермен жұмыс
жасайтын шетелдік банктер несие корларына қарай бет бұрып
келеді. Қазір олардың көбі өздерінің жанынан микроқаржы
ұйымдарын дамытуға қаржы бөліп, қор ашып жатқанын бай-

қап отырмыз. Өз өнімдерін əртараптандыру ретінде бұл – құп-
тайтын жəне қолдайтын қадам.

– Бір кездері біз жаппай тұтынушылық несие беру-

мен айналыстық. Күнделікті қол жеткізе алмай жүрген
тұрмыстық техникаларымызды несиеге алып, қарық бол-
дық. Қазіргі ахуал қандай? Тұтынушылық несие, сауда-
саттықтан шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысу

деңгейіне көтеріле алдық па? Əлде «Баяғы жартас – сол
жартас» па?

– Осыдан 3 – 4 жыл бұрын сіз айтып отырғандай, жаппай

тұтынушылық несие беруді екінші деңгейлі коммерциялық
банктер бастаған болатын. Солардан қалмайық деп микроне-
сие ұйымдары да біраз қызығушылықтарын білдіріп, осы сала-
мен айналысып кеткен-ді. Мен сол кезде де айтқанмын, қазір

де айтамын, негізі тұтынушылық несиеге қатты қызығушылық
танытып, бір жақты кетуге болмайды. Қарап отырсаңыз, дағ-
дарыс кезінде ең бірінші осы тұтынушылық несие проблема-
сы айтылып жатыр. Бұған мысал ретінде ипотекалық несиенің

өзін алып қарауға болады. Біздің ұйым ең алғаш құрылғанда
тек бизнесті дамытуға арналған мекеме болғанбыз. Біраз
уақыт өте келе банктер тұтынушылық несиемен айналыса
бастаған кезде біз де осы салаға бет бұрдық. Бірақ сол кездің

өзінде-ақ тұтынушылық несиені 20 пайыздан асырмау жай-
ында өзімізге талап қойғанбыз. Қазір тұтынушылық несиеміз

14 – 15 пайыз шамасында, бірақ проблеманың бəрін əкеліп
отырған осы тұтынушылық несиелер. Өйткені шағын жəне орта
кəсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтарымыз қаншама ай-
налымы төмендеп кетті, кəсіпкерлік бұрынғыдай емес дегеннің

өзінде алған несиесін уақытында төлеуге тырысып жатыр.
Ауылдық жерлердегі несие алушы азаматтарымыз да солай. Ал
тұтынушылық несие алған азаматтар жұмыстан қысқарып қалса,
жалақысы төмендеп кетсе, төлем қабілеттері де азаяды. Оларға

шара қолдану өте қиын. Біздің қазіргідей дағдарыс кезінде бір
түсінгеніміз – тұтынушылық несиеге қатты қызығушылық таны-
тудың қажеті жоқ екендігі. Рас, портфельде болуы керек, бірақ
аса қатты назар аударудың қажеті шамалы.

– Сіздердің жұмыстарыңыз да қаржы-қаражат, банк са-

ласымен тығыз байланысты. Қазір елдегі екінші деңгейдегі
банк саласына мемлекет араласа бастады. Кейбіреулер
бұл уақытша құбылыс дегенді айтады. Нарықтық эконо-
мика жолын таңдап алған біздің ел үшін бұл амал-айла

қаншалықты тиімділігін береді деп ойлайсыз?

– Негізі қазір мемлекет банктерге көмегін көрсетіп жатыр,

қаржы бөлініп келеді. Тек қана банктерге емес, шағын жəне
орта кəсіпкерлікке, құрылысқа, ауыл шаруашылығы саласы-
на көмектесіп жатыр. Мұның бəрі банктерге жасалып жатқан
көмек, себебі операцияның бəрі дерлік банктер арқылы жүзеге

асырылады. Негізі бұл уақытша нəрсе шығар, классикалық
нарықтық жағдайда, əрине, дұрыс емес.

– Осы кезге дейін біздің банктер «Үкіметтің ерке баласы

сияқты болып келді» деп сынап жатты.

– Дұрыс айтасыз. Соңғы 7 – 8 жыл ішінде біздің экономи-

камыз жақсы дамыды. ЖІӨ жыл сайын орта есеппен 10 пайыз-
ды беріп отырды. Оның үстіне шикізаттың бағасы өте жоғары
болды. Сол себепті Қазақстан мемлекетінің рейтингі жылдан-
жылға жоғарылап отырды. Негізі шетелдік банктер несие бер-

генде ең бірінші мемлекеттің рейтингі қай деңгейде деген
мəселе бірінші тұрады.

– Демек, жалпы Қазақстан экономикасының даму қар-

қыны банктердің де беделін өсіріп, несие алуға мұрын-
дық болғаны ғой...

– Иə, тікелей кепілдік бермесе де, ел экономикасының өсу

қарқыны олардың несиеге оңай қол жеткізуіне сеп болды.
Банктеріміз Қаржы ұйымын реттеу жəне қаржы нарығын
бақылау агенттігі арқылы бақыланып, реттеледі. Менің ойым-
ша, осы мəселені тереңірек қарау керек сияқты. Осы жұмыспен

тікелей айналысатын Агенттік пен Ұлттық банк осыншама
қатты реттеу керек пе еді? Əлде нарықтың еркіне қалдырған
жөн бе? Бақылау күшті бола тұра, шетелден соншама несиені
алуға қалай жол беріп алды? Ал микронесие ұйымдары мүлдем

реттелмейді. Қазір банктер бұрынғыдан бетер талаптарын қа-
таңдатып жатыр. Сонымен қоймай, осындай проблема болуда.
Мұның сыры неде?
Егер осы банктік жəне банктік емес саланы дамытуға Үкімет

тарапынан, басқалар да бірлесіп көңіл бөлмесе, бұл дағдарыс
тереңдей түсуі мүмкін. Мысалы, қазір Қазақстан бүкіл дүние-
жүзімен қатар дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Қазір «Пəлен
уақытта дағдарыс өтеді, одан кейін дағдарыс болмайды» деп

ешкім айта алмайды. Бірнеше жылдан кейін дағдарыс қайта
айналып соғуы мүмкін. Қазір кездесіп тұрған проблемаларды
шешпесек, келесі дағдарыста ол тағы да алдымыздан шығуы
мүмкін. Тағы да банктерімізге қаржы бөлеміз, тағы да басқа

əрекеттер жасаймыз. Осындайда біз неге дағдарыстың екінші,
яғни пайдалы жағына назар аудармаймыз? Негізі, бүкіл қар-
жы жүйесін дұрыс дамытуға, банктеріміз де, банктік емес
ұйымдарымыз да мықты болуы үшін жұмыс жасау керек.

– Биыл Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» деп

халыққа дəстүрлі Жолдауын арнады...

– Дағдарыс дегеннің өзі қытайдың екі иероглифінен тұра-

ды ғой. Бірінші жағы – қауіп, екінші жағы – мүмкіндік. Ел
экономикасының дамуы бəріне де оңтайлы мүмкіндік берді.
Оған ешқандай шағым айта алмаймыз. Соған қарамастан,
қанша жақсы дамып келе жатсақ та, дағдарыста бірталай іс-

жоспарларымызды, əдістерімізді қайта қарауға тура келіп
отыр. Бұл жағынан алып қарағанда, дағдарыстың өзі өте тиімді
болып тұр. Бұрындары біздің жылдық өсіміміз 100 пайызға
дейін баратын. Қазір ондай даму жоқ. Осы кезеңді пайдала-

нып, өз қызметкерлерімізге тренинг, семинар ұйымдастырып,
негізі оқыту мəселелеріне көп көңіл бөліп жатырмыз.
Осы кезеңде «Дағдарыстан кейін қалай дамимыз, неге көңіл
бөлу керек?» деген мəселелерге назар аударуға мүмкіндік

бар. «Қай жерден не ашамыз? Қандай өнімдерді халыққа
ұсынамыз?» деген мəселелерді талқылауға мүмкіндік туып
отыр. Дағдарыстан кейін қалай дамитынымыз жөнінде бағ-
дарламалар жасалып, сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр-

мыз.

– Соңғы кездері Ислам банкингінің жұмыстарына жіті

назар аударыла бастады. Сіздің осы мəселеге қатысты
пікіріңізді білгіміз келеді...

– Қазір біз өз мекемемізде əртүрлі салада жаңадан иннова-

циялық, несиелік өнімдерді дамытуға тырысып отырмыз. Со-
ның бірі – «Ислам банкингін қалай өзімізге енгізе аламыз?»
деген мəселе. Бұл – өте қиын мəселе. Жақында бұл жөнінде
арнайы заң шықты. Елде Ислам банкі ашылайын деп жатыр.

Микронесиелік ұйымдар ішінде Ислам банкингі элементтері
əлі жоқтау. Соны енгізу керек пе, я болмаса Ислам банкингі
туралы жалпы заңдылықты қолданып жұмыс жасаймыз ба,
осы мəселелердің бəрін арнайы жұмыс тобы қарастырып

жатыр. Негізі, өте дұрыс бағыт. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл
дүниежүзінде осы Ислам банкингіне көңіл аудару зор болып
отыр. Біз енді осы бағытта да жұмыстарымызды дамытсақ де-
ген ойымыз бар.

Бұған қосарым, мобильді банкинг жөнінде. Біздің ауылдық
жерлерде тұратын азаматтарымыз үшін банктен есепшот ашу
деген өте қиын да күрделі мəселе. Қала тұрғындарының да
көбінің банкте есепшоты жоқ. Ұялы телефон халықтың ба-

сым көпшілігінде бар. Міне, осы мобильді телефон сияқты
жүйені микронесиеге қалай бұра аламыз? Дағдарыс кезінде
осы мəселелерді де жан-жақты қарап жатырмыз.

– Мына сұрақ сіздің əңгімеңізге қарай туындап отыр. Не-

гізінен Ислам банкингінде өсім болмайды. Ал шағын не-
сие ұйымдары беретін несиенің пайыздық ставкалары аса
жоғары. Бұл жағы қалай болады?

– Банктер Ислам банкингімен қалай айналысайын деп

отыр біздерде де тап солай болады. Мұның бір ерекшелігі –
несие беретін мекеме немесе сол мекемеде жұмыс жасайтын
несиелік агент клиенттің бизнесін қараған кезде сол бизнеске
соншалықты сенімді болуы керек. Мына бизнес осынша табыс

алып келеді дегендей. Сонда ғана мұндай несиені бере алады.
Егер банкротқа ұшырап кетсе, оған да, саған да жақсы болмай-
ды. Бұл жерде ешкім ұтпайды. Сол себепті несие берердің ал-
дында талдау жасалған кезде осы талдауға басымдық екі-үш

есе болуы керек.
16 мамыр, 2009 жыл

БҰЛ – ӨТКЕНГЕ ЕСЕП БЕРІП, АЛДАҒЫ УАҚЫТҚА

ЖАҢАША ЖОСПАРЛАР ЖАСАЙТЫН КЕЗ

– Соңғы уақытта қор биржасының жұмысына қатысты

сын жиі айтылады. Жалпы, алдағы уақытта Алматы
қаласының Өңірлік қаржы орталығы осы биржаның жұ-
мысына оң ықпал ете ала ма?

– Қор биржасының жұмысына Қаржы орталығының оң

ықпал ететіндігіне менің өз басым сенімдімін. Өйткені 2006
жылы, осы орталық құрылған сəттен бастап, Агенттік өз жұмы-
сының даму субъектілері ретінде қазақстандық қор биржасын
таңдады. Бүгінде Қазақстанда бір ғана қор биржасы бар. 2006 –

2007 жылға дейін Қазақстан қор биржасы коммерциялық емес
бағытта жұмыс жасады. Өзі бір-ақ биржа əрі құқықтық түрі
коммерциялық емес ұйым болғандықтан, оның даму деңгейі
аса жоғары бола қойған жоқ деп ойлаймын. Осыған байланыс-

ты 2007 жылы қажетті заңдарға өзгертулер енгізіліп, Өңірлік
қаржы орталығының ұсынысы бойынша, Қазақстан қор биржа-
сы коммерциялық ұйым ретінде қайта тіркеуден өтті. Сондай-
ақ Қазақстан қор биржасындағы биржалық кеңестің саны өз-

гертілді. Бұған дейін қор биржасының даму стратегиясы бол-
Дархан НҰРПЕЙІСОВ,
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының

Өңірлік қаржы орталығы
қызметін реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары:

мағандықтан, Агенттіктің көмегімен биржаның даму стра-
тегиясы қабылданды. Қаржы орталығының еншілес ұйымы
Ұлттық банкке тиесілі биржаның акцияларын сатып алып,
биржаның ірі акционеріне айналды (жалпы акциялардың 12

пайызына ие). Өткен жылы жаңа листингтік талаптар енгізіліп,
Қазақстан қор биржасында бірнеше жаңа секторлар құрылды.
Бұл секторлардың ішінде қазақстандық шағын жəне орта кəсіп-
керлікке арналған секторлар да болды. Өйткені бұрын қазақ-

стандық қор биржасына тек ірі компаниялар ғана шыға ала-
тын. Ал шағын жəне орта кəсіпкерлікке қойылған талаптар өте
жоғары болғандықтан, олар көп жағдайда қор биржасына шыға
алмайтын. Қазақстанда өңірлік қаржы орталығы құрылғалы бері

жаңа қаржылық құралдар пайда бола бастады. Соған байланысты
тағы да жаңа секторлар құрылды. Бұл – үлестік инвестициялық
қорлар, халықаралық қаржы институттары, депозитарлы қолхат
жəне тағы басқа қаржылық кұралдар секторы.

Жалпы, бұған дейін қор биржасының не екендігін жəне
оның не үшін керектігін, сондай-ақ оның талаптары мен
мүмкіншіліктері туралы қазақстандық компаниялар да, жеке
тұлғалар да біле бермейтін. Осыған орай, біз бірқатар насихат-

тау жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Жақында қор биржасы менеджментінің тізімі өзгертілді.
Яғни жаңа президент тағайындалды. Басшылыққа жаңа адам
келуіне сəйкес, биржаның жаңа стратегиясы жасақталу үстінде.

Осы стратегия аясында Қазақстан қор биржасы жұмысының
сапасын жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Мəселен, үсті-
міздегі жылы қор биржасының клирингілік палатасы, орталық
депозитарий жұмысының дамуына кедергі келтіріп отырған

мəселелерді шешсек, Қазақстан қор биржасының жұмысын
біршама жандандыруға болады.
Яғни сөзімізді қорыта келе, Алматы қаласында өңірлік
қаржы орталығын құру отандық қор нарығының дамуына оң

ықпал ететіндігін баса айту керек.

– Сіз өз əңгімеңізде бізде бір ғана қор биржасы жұмыс

істейді деп қалдыңыз. Басқа елдердің тəжірибесі бойынша
негізі бірнеше қор биржасы жұмыс істеуі де мүмкін ғой.

– Иə, əрине.

– Мүмкін, бізде қор биржасының жалғыз болуы себепті

бəсекелестіктің жоқтығынан бұл сала дамымай жатқан
шығар...

– Заң бойынша бізде бір ғана биржа болуы керек деп жа-

зылмаған. Сондықтан елде бір емес, бірнеше биржа құруға
да мүмкіншілік бар. Бірақ та, біздің ойымызша, елімізде қа-
зіргі қор нарығының даму деңгейіне байланысты бір ғана қор
биржасының өзі жеткілікті. Соның жұмысын жан-жақты да-

мытуға тиіспіз. Қосымша тағы да қор биржаларының ашылуы
бəсекелестік арқылы нарықты дамытып жібереді дегенге келісу
қиын жəне ол мəселені шешпейді. Себебі қазір Қазақстанның
қор нарығы дүниенің басқа елдерінің қор нарықтарымен бəсе-

кеге түсуде, яғни бəсекелестік іште емес, сыртта. Құрылған
өңірлік қаржы орталығы жалпы алғанда, Қазақстанның бүкіл
қор нарығының жаһандық қаржы жүйесінде өз орнын табуына
жəне өз деңгейінде бəсекеге түсуіне септігін тигізеді.

– Қазір еліміздегі банк саласының тірлігі шатқаяқтап

тұр. Сырттан алған қарыздары шаш етектен жəне оны
қайтаруда проблемалар туындай бастады. Бұл жағдайдың
осы уақытқа дейін инвестициялық жағынан тартымды бо-
лып келген Қазақстанға қандай əсері болуы мүмкін?

– Бұл тек қазақстандық банктерге ғана емес, сондай-ақ

дүниежүзінде жүріп жатқан қаржылық дағдарысқа қатыс-
ты қиындықтар. Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақ-
станның тəуелсіздік рейтингін қайта қарастырып жатса да,
біздің мəліметтер бойынша, келесі жылы да Қазақстан эко-

номикасына деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығы
төмендемес. Мысалы, былтыр елімізге 82,6 миллиард АҚШ
долларынан астам шетелдік инвестиция тартылды. Биыл да
қомақты көлемде инвестиция келетініне сенімдіміз.

– Банк демекші, соңғы жылдары ислам банкингінің

жұмыс тəжірибесі жайында аса жағымды пікірлер айты-
ла бастады. Ислам қаржы басқару жүйесін енгізуден біздің
ұтарымыз не?

– Ислам қаржы құралдары, Ислам банктері тек ислам мем-

лекеттерінде емес, басқа да шет мемлекеттерде қарқынды да-

мып келеді. Мысалы, батыстың кейбір мемлекеттерінде бүгінгі
күні ислам қаржы құралдары жалпы қаржы кұралдарының
ішінде 50 пайызынан асып отыр. Сондай-ақ ислам қаржы
құралдарына деген инвесторлардың сенімділігі өте жоғары.

Өйткені ислам банктері өз инвестицияларын (оны несие емес,
инвестиция деп атауымыз керек. Өйткені ислам банктерінен
инвестиция тартылу барысында пайыз төленбейді) беру кезін-
де сол жобаға бірге қатысып, атсалысады. Жоба жақсы нəти-

жеге жеткен жағдайда пайда түсіреді, ал егер дұрыс жүзеге
аспаса, тəуекелін бірге мойнына алады. Міне, көрдіңіз бе, ис-
лам банктері тəуекелге де бірге барады, одан түсетін пайданы
да бірге бөліседі. Ислам қаржы кұралдарына сенімнің жоғары

болып тұрғаны да сондықтан. Менің ойымша, Қазақстанда
да ислам қаржы құралдарын енгізуге үлкен мүмкіншіліктер
бар. Өйткені басқа ТМД елдеріне қарағанда, экономикамыз
да дамыған. Əрі ислам мемлекеттерінің қатарына кіреміз. Ал

бұл қаржылық құралдар бізге жат емес. Жалпы, Қазақстан –
ТМД елдері арасындағы ислам банк жүйесімен жұмыс жасай-
тын бірінші мемлекет, осыған орай, ол алдағы уақытта ис-
лам қаржы орталығына айналуы əбден мүмкін. Бұдан біздің

халықтың да, экономиканың да ұтатыны сөзсіз.

– Жуырда Агенттіктің бастамасымен елімізде Ислам

банкін құру мен ислам қаржы құралдары қызметін реттеу-
ге қатысты кейбір зандарға өзгертулер мен толықтыру-
лардың енгізілгені мəлім. Осыған байланысты Агенттік
тарапынан бүгінде қандай іс-шаралар атқарылуда?

– Дұрыс айтасыз. Жалпы, «Ислам банктерін ұйымдастыру

мен олардың қызметі жəне исламдық қаржыландыруды ұйым-
дастыру мəселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының
кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы» заң осы жылдың ақпан айында қабылданған болатын.

Осылайша, Қазақстан ТМД жəне Орталық Азия аумағында заң-
дық деңгейде исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі
əрекеттерді қабылдаған алғашқы мемлекет болды. Айта кететін
жайт, Қазақстанда ислам қаржы өнімдерін енгізу идеясы ерте-

ректен қарастырылған. Оның үстіне, Елбасымыздың Агенттік

алдына қойған бірінші тапсырмасы Қазақстанда үстіміздегі
жылдың соңына дейін ислам қаржы құралдарын дайындап,
енгізу еді. Осыған сəйкес қазіргі таңда біршама жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Біріншіден Қазақстанда алғашқы ислам

банкін құру қажет болды. Бүгінде аталған шараны жүзеге асы-
руға қатысты бірқатар келісімшарттар жасалу үстінде. Жыл
соңына дейін алғашқы «Əл-Хилял» ислам банкі құрылады деп
күтілуде. Елбасы Біріккен Араб Əмірліктеріне барған сапарын-

да осындай келісім жасасқан болатын. Қазір осы бағытта көп
жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта мұнымен қоса,
ислам қаржы құралдарын да енгізетін боламыз.

– Əлемді жайлаған экономикалық қаржы дағдарысы

əзірге ауыздықталатын түрі жоқ. Ел экономикасын тұрақ-
тандыру үшін Ұлттық қордан арнайы қаржы бөліп, тиісті
шаралар қарастырыла бастады. Елімізде қазір дағдарысқа
қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға қандай баға берер

едіңіз?

– Қазір елімізде дағдарыстың қарқыны бəсеңдеді десек,

қателеспеген болар едік. Бұған себеп – дағдарысқа қатысты
іс-шаралардың оң нəтиже берулерінде. Дағдарысқа қатысты
іс-шаралар жоспарының екі негізгі артықшылығы – олардың
дер кезінде қабылдануы мен нақты салалық бағытталуы. Ел-

басының Үкіметке қаржы дағдарысына қарсы арнайы шара-
ларды қабылдап, былтырдан бастап жұмыс жасау керектігі
жөніндегі берген тапсырмасы іс-шаралардың дер кезінде іске
асырылуына септігін тигізді. Қазіргі таңда ел экономикасын

дағдарыстан алып шығу үшін 2,7 триллион теңге бөлінді, бұл ішкі
жалпы өнімнің 14 пайызы. Сонымен қатар көмекке зəру ел эко-
номикасының тіректері болып табылатын салалар ретінде ауыл
шаруашылығы, нақты өндіріс, қаржы жəне құрылыс секторла-

ры таңдалып алынады. Бұған қоса, шағын жəне орта кəсіпкерлік
өкілдеріне арнайы көмек берілуде. Биыл да, алдағы жылдары
да бұл шаралар одан əрі дамытылып, жетілдіріле бермек. Ендігі
кезекте ел экономикасының дағдарыстан кейінгі қарқынды да-

муына алғышарттар жасақталып жатыр. Себебі дағдарыс жаңа
мүмкіндіктер алып келетініне сенімдімін жəне оны Елбасымыз

Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»
атты Жолдауында анықтап көрсетті.

– Экономиканың өзі бірде өседі, бірде құлдырайды, дағ-

дарыс болды екен деп қарап отырмай, тағы да қарқын
алып дамуымызға алғышарттарды қазірден жасауымыз
керек қой...

– Сіздің бұл пікіріңізбен толық келісемін. Дағдарысты бір

мəселе екен деп санамай, қайта бізге беріліп отырған мүм-
кіншілік деп есептеу керек. Бұл – өткенге есеп беріп, алдағы
уақытқа жаңаша жоспарлар жасайтын кез. Қазір біз ештеңе
жасамасақ, келесі дағдарыс бола қалған жағдайда, бізге өте ауыр

тиетіндігі анық. Бұл дағдарыс экономикалық саясатта қандай
басымдықтар беру керек, экономиканың қай саласы еліміздің
ұзақ мерзімді дамуына септігін тигізетінін анықтап берді. Елба-
сымыз келесі бес жылдықты жеделдетілген индустриалды-

инновациялық дамудың жылдары деп айқындауы еліміздің
дағдарыстан жеңімпаз болып шығуына септігін тигізеді. Эко-
номиканың индустриалды-инновациялық дамуы ұлттық ұран-
ға айналатын кезі келді.

– Еліміздегі тауар биржасының қазіргі ахуалына тоқта-

ла кетсеңіз.

– Өткен жылы Елбасымыз Агенттікке Қазақстанда тауар

биржасын дамыту керектігіне қатысты міндетті жүктеген бо-
латын. Соған байланысты біз елімізде «Ресей тауар жүйесінің»
қатысуымен алғашқы «Еуразиялық сауда жүйесі» Ұлттық та-
уар биржасын құрдық. Бүгінде осы тауар биржасында тұрақты

түрде сауда жүргізілуде. Біздің алғашқы жоспарымыз бойын-
ша, аталған тауар биржасында тек бидаймен сауда-саттық өтуі
тиіс болатын. Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығынан
бастап, мұнда мұнай саудаға шығарылмақ. Ал жыл соңына

таман осы тауар биржасы арқылы алтын саудасын жүргізу
жоспарымыз бар. Қазір осыған қатысты заңның жобасы Пар-
ламент қарауында жатыр. Осы мəселелер шешілсе, тауар бир-
жасы арқылы алтын саудасы басталады. Ал қазіргі жағдайды

айтар болсақ, «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы құ-
рылғаннан бері 347,8 миллион теңгеге астық саудасы өтті.

Алдымызға қойған жоспар бойынша «Еуразия сауда жүйесі»
арқылы жыл соңына дейін 200 миллион АҚШ долларына тең
сауда жасау көзделуде.
Біз тауар саудасын елімізде барынша дамытуымыз керек.

Жалпы, бұрынғы заң бойынша тауар саудасының дамуы-
на қатысты ешбір жағдай қарастырылмаған, қаржылық құ-
ралдар да тауардың басқа да түрлері қойылмаған. Осыған
сəйкес, Агенттік Қазақстан Республикасының «Тауар бир-

жалары» туралы жаңа заң жобасына бірқатар өзгертулер мен
толықтырулар енгізген болатын, заң үстіміздегі жылдың 4 ма-
мырында қабылданды. Сондықтан қазіргі тауар биржалары-
ның бəрі жыл соңына дейін лицензия алулары тиіс. Тауар

биржасында жұмыс жасайтын брокерлер мен дилерлер де өз
лицензияларын алып, келер жылдың басынан жаңаша жұмыс
жасайтын болады.

– Сіз бір сұхбатыңызда «Шағын жəне орта бизнес бү-

гінде халықаралық құнды қағаздар рыногына шыға ал-
мауда. Бұл тығырықтан шығу үшін Қазақстанда Ұлттық
рейтингтік агенттік құру керек» деген пікір білдірген едіңіз.
Осы агенттікті құруға қол жеткізе алдыңыздар ма?

– Иə, біз Қазақстанда тұңғыш ұлттық рейтинг агенттігін

құрдық. Оған бірқатар себептер болды. Біріншіден, шетел
нарығына жəне инвесторларына шығу үшін рейтингтік бағамдар
қажет болатын. Оларды тек халықаралық рейтинг агенттіктері
береді. Дегенмен олардың қызметтері қымбат. Əсіресе қор

нарығы арқылы инвестиция тартуды көздеп отырған шағын
жəне орта бизнес өкілдеріне танымал халықаралық рейтингтік
агенттіктердің қызметіне жүгіну тым қымбат екендігі сөзсіз.
Екіншіден, халықаралык рейтингтік агенттіктердің Қазақстан

жерінде филиалдары жоқ. Үшіншіден, бізге еліміздің бизнес
ахуалын жетік білетін рейтингтік агенттік қажет болды. АӨҚО
рейтингтік агенттігі екі түрлі рейтингтік бағамдар беріп келе-
ді: корпоративтік жəне несиелік рейтингтік бағамдар. Қазіргі

таңда аталған агенттік тарапынан 5 рейтингтік бағам берілді.
Қызмет көрсету бағасы халықаралық рейтингтік агенттіктер
қызметінің бағасына қарағанда 5 – 10 есеге төмен.

– Демек, жаңадан құрылған АӨҚО рейтингтік агент-

тігінің берген бағасы арқылы біздің шағын жəне орта кəсіп-
орындарымыз халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік
алады ғой...

– Əзірше бұл мүмкін емес. Агенттіктің Ұлттық деп аталуы

да осыдан, яғни тек Қазақстан аумағында жұмыс жасайды. Ол
елімізде белгілі бір несие алу, жан-жақты даму, корпоративтік
басқаруды енгізу үшін қажетті рейтингтік агенттік болып тұр.
Осыған байланысты қазіргі уақытта беріліп жатқан рейтингтік

бағаларды тек кана өз елімізде пайдалана аламыз. Ал келешек-
те АӨҚО рейтингтік агенттігі өзінің деңгейін көтеріп, тəжіри-
бе жинағаннан кейін, оның берген бағалары халықаралық на-
рықта да саналуы мүмкін. Ол үшін уақыт керек.

– Мұның өзі шағын жəне орта кəсіпорындардың өзімен-

өзі жұмыс жасамай, алдына мақсат қоюына, бірімен-бірі
бəсекелесуіне, алға ұмтылуына бір мүмкіндік туғызатын
сияқты...

– Иə, өйткені қазіргі қазақстандық қор биржасына шығу

үшін немесе зейнетақы қорларының кез келген компания-
лар бағалы қағаздарын сатып алуы үшін де бірнеше талаптар
қойылады. Оның бірі – сол компаниялардың немесе бағалы
қағаздарының рейтингтік бағаларының болуы. Егер өзіміздің

Ұлттық рейтингтік агенттігіміз болмағанда, халықаралық рей-
тингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын алу керек бола-
тын. Бұдан былай қазақстандық бағалы қағаздарды отандық
компаниялардың сатып алуы үшін Халықаралық рейтингтік

агенттіктің бағасын емес, еліміздегі Ұлттық рейтингтік агент-
тіктің бағасын берсек те жеткілікті деп ойлаймыз. Ендігі мəсе-
ле – аталған рейтинг агенттігінің берген бағасын Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу

жəне қадағалау агенттігінің мойындауы.

– Демек, бұл шағын жəне орта кəсіпкерлік саласына ин-

вестиция тартуға да жол ашылады деген сөз ғой.

– Иə, үлкен жол ашылады деген сенім бар. Өйткені қазіргі

талаптарымыздың біріне сəйкес, қор биржасына шығу үшін
рейтингтік басқару кодексі қажет. Осыған байланысты біз қазір

өзгерістер енгізейік деп отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан қор
биржасына шығу үшін рейтингтік корпоративтік басқарудың
рейтингі керек. Ол үшін халықаралық рейтингтік агенттіктерге
бармай-ақ, АӨҚО рейтингтік агенттігі көмегіне жүгінуге бо-

лады. Қазақстанда ұлттық рейтинг агенттіктерін дамытып, ба-
ғалар жүйесін дайындауымыз қажет. Бізде не металлургия са-
ласында, не басқа да салаларда бағалар белгіленбеген. Біз ұлт-
тық рейтингтік шкала дайындауымыз керек. Сонымен қатар

маңызды бір артықшылықтардың бірі – ұлттық рейтингтерді
қолдану жəне кəсіпорындар арасында кеңінен тарату арқылы
көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге болады.

– Алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіретін

болсақ та, бұл агенттіктің үлкен пайдасы тиеді екен ғой.
Өйткені, ең бастысы, кəсіпорындар бір-бірімен бəсекеге дай-
ын болғаннан кейін, халықаралық нарықта да өзгелермен
бəсекеге түсуге əзір болады...

– Компанияның рейтингтік бағалары болса, бəсекеге тү-

суге жəне онда жеңіп шығуға да мол мүмкіншіліктер бар. Өйт-
кені шетелдік компаниялардың көбісі рейтингтік бағаларға ие.
Қазіргі таңда халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан-
ның жəне қазақстандық компаниялардың бағаларын түсіріп

жатыр. Бір жағынан бұнымен келісуге де болмайды. Себебі,
біріншіден, олар біздің елдің экономикалық ахуалын білмей-
ді. Екіншіден, олардың бұл жақта өкілдіктері де жоқ. Қазақ-
станда отырмағандықтан, білмей тұрып «жалпы дүниежүзінде

экономиканың жағдайы мынадай болып жатыр» деп, қазақстан-
дық компаниялардың рейтингін түсіру – қате. Сондықтан біз
өз рейтингтік агенттіктерімізді құруымыз керек деп шештік.
Олар осы жерде отырып, көзбен көріп, əділ бағасын береді. Қа-

лай дегенде де, өз намысымызды қорғайды деп ойлаймын.

– Елімізде қор биржасының дамымай жатқандығына

қаржылық сауаттылықтың аз екендігі де кері əсерін тигізіп
жатыр деген пікірлер бар. Бұл бағытта жасалып жатқан
қандай шараларды атап айтар едіңіз?

– Рас, көпшілігіміздің қаржылық-инвестициялық сауатты-

лығымыз төмен екендігін мойындауымыз керек. Қазақстан

экономикасы, банк жүйесі жақсы дамып келе жатқан кезде
алдымызға ондай мəселе де қойған жоқпыз. Банктерге тек
несие беру керек болды. Оны қайтара ала ма, жоқ па, оны
қайтаруға жеке тұлғаларды дайындау, олардың өз мүмкінші-

ліктерін санау, ертең жұмыссыз қалса, жағдай қалай болады
деген мəселелерді банктердің ешқайсысы көтерген жоқ. Жұрт
экономиканың өсу қарқыны жақсы, жалақы көтеріліп келе-
ді деген оймен банктердегі келісімшартқа қарамай-ақ қол

қойып, несие алып жатты. Оларға тек қажетті ақшасын алғаны
жеткілікті болды. Қандай шарттары, құқықтары, талаптары
мен міндеттері бар екендігіне қараған жоқ. Қаржы дағдарысы
кезінде осы мəселелердің бəрі алға шықты. Рас, несие алу ке-

рек, онымен келісеміз, өйткені бизнесті дамыту, үй жағдайын
жақсарту, басқа да мəселелерді шешу керек. Алайда қандай
да бір несие түрін алу үшін жақсылап дайындалып, барлық
мүмкіншіліктер мен тəуекелдерді пайымдап, соған сəйкес

шешім қабылдап, алдын ала ойланған жөн. Мұндай жағдайлар
қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан жəне қаржы саласын-
да өз құқықтарын білмейтіндігінен туындайды. Сол себепті,
Агенттік құрылғаннан кейінгі біздің басты мақсаттарымыздың

бірі халықтың қаржылық сауаттылығын дамыту болды. Мем-
лекет тарапынан тұрғындардың инвестициялық мəдениеті
мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 – 2011 жыл-
дарға арналған арнайы бағдарламасы қабылданды. Аталған

бағдарламаны жүзеге асыру міндеті былтыр Алматы қаласы-
ның Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне
жүктелді. Осыған сəйкес біз көптеген шаралар өткізіп жа-
тырмыз. Телеарналар мен жергілікті жəне аймақтық БАҚ

беттерінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға
бағытталған көптеген оқыту-үйрету бағдарламалары мен мақа-
лалары жарық көрді. Қазақстанның барлық аймақтары мен
қалаларында жергілікті жұртшылыққа тегін кеңес түрлерін,

арнайы лекцияларды ұсынатын Ақпараттық-білім беру орта-
лықтары құрылды. Сонымен қатар биылдан бастап, www.
fi ngramota.kz веб-сайты іске қосылды. Жақын арада аталған
веб-порталдың қазақша нұсқасы жарық көреді. Осыған дейін

орыс жəне ағылшын тілдерінде шығып келген газетімізді қазақ
жəне орыс тілдерінде шығара бастадық. Сондай-ақ алдағы
уақытта мемлекеттік тілде арнайы оқу кітапшалары мен оқу-
лықтарын дайындау жоспарда бар. Осыған орай қазақ жəне

орыс тілдерінде 420 мың дана кітап шығарылмақ.

– Қазақ тілінің мəртебесін көтеру мақсатында біраз

шаруалар жасап жатыр екенсіздер. Дегенмен мұның өзі
аз сияқты. Үкіметтің өзі соңғы санақ бойынша жергілікті
ұлт 67 пайызға жетті деп, Үкіметтік жиындардың өзін
қазақша жүргізуге талпынып жатқан кезде таза эконо-

мика тақырыбын қамтитын қазақ тілінде бір басылым,
не бір арнаның болмауы елдігімізге сын емес пе? Осы ол-
қылықтың орны қашан толады?

– Сіздің бұл пікіріңізбен келісемін. Дегенмен алдағы уақыт-

та бұл олқылықтың орны толады деп ойлаймын. Өйткені
соңғы бір-екі жылдың өзінде көптеген материалдар қазақша
дайындалып, шығып жатыр. Бүгінде мемлекеттік органдардың
басым бөлігі қазақ тілінде іс жүргізуге көшкен. Агенттікте де

орыстілді азаматтардың басым болғандығына қарамастан, іс-
қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Қазақ тілінде алатын күнделікті ақпарат та көбейіп келе-
ді. Соңғы жылдары қазақ тілінде шығатын материалдар, бағдар-

ламалар бойынша ерекше жұмыс жасайтын боламыз.
Осы жылдан бастап бірінші кезекте Алматы қаласындағы
ЖОО-мен келісімшартқа отырып, сол жердегі дəрістердің бəрі
қазақша өтеді. Бүгінде Өңірлік қаржы орталығының жанынан

құрылған арнайы академиямыз бар. Осы академияда өтетін
курстардың барлығын биылдан бастап казақ тілінде жүргізе-
міз. Өйткені ендігі уақытта бізге болсын, тіпті банктер мен бас-
қа да қаржы жүйесіне болсын қазақтілді мамандар қажет.

3 маусым, 2009 жыл

Əділхан ƏБІЛДАЕВ,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
Ядролық физика кафедрасының профессоры:

КЕН ҚОРЫНЫҢ БƏРІ ТАУСЫЛҒАНДА,

МЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕГІМДІ ІЗДЕУІ МҮМКІН...

– Қазір бізде электр энергиясы тапшылығы қиындық

тудырып отыр. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар ма,
əлде бұл мəңгілік проблема ма?

– Жолы бар, бұл біздің мəңгілік проблемамыз емес. Оның

үстіне, біздің елдің бұл тығырықтан шығуға қаржысы да,
мамандары да, ақыл-ойы да жеткілікті. Жалпы, энергетика
тапшылығы – бір біздің емес, көп елдің басындағы жағдай.
Біздің еліміздің басына бұл қиындық бірден келе қалған жоқ, бұ-

рыннан бар проблема жəне энергияны тұтынатын өндірістер
көбейіп келеді, ол көбейе бермек. Қуатқа қажеттілік жылына
шамамен 10 гигаВатқа көбейеді деп күтілуде. Мысалы, биыл
75 гигаВатт (гига деген сөз мың миллиард қой) керек болса,

келесі жылы 85 гигаВатт, одан 95 гигаВатт керек болады. Сон-
да жыл сайын энергияны қажет ету мөлшері 10 гигаВатқа ар-
тып отырса, сонша энергияны өндіру де керек қой.

– Оның жолы қандай?

– Меніңше, көп жолдардың ішіндегі ең дұрысы – ядролық

энергетиканы пайдалану. Атом электр стансаларын (АЭС)
салу. Себебі АЭС-тер энергияны өте көп береді. Бір ғана мы-
сал келтірейік, 1 грамм уран жағылғанда беретін энергияны
1000 тонна көмір жаққанда ала аламыз. 1000 тонна дегенді

былай есептеп шығуға болады: əрбір вагон 50 тонна десек,
20 вагон, яғни бір эшалон көмір болып шығады. Ал бір грамм
салмақтың қандай екені бəріне белгілі. Уранды қауырсынның
ұшына ілгенмен бірдей салмақ. Оның үстіне, ядролық реак-

торлар экологиялық жағынан өте таза. Ол жерден ешқандай
күл де, түтін де шықпайды, тап-таза. Бұның технологиясы өте
жоғары, ғылымның ең дамыған шегі десе де болады. Себебі
бұл технологияға ғылымның көп саласы, оның ішінде ядролық

физиканың өзі, нанотехнология, автоматиканың соңғы жетіс-
тіктері, робототехника, тағы басқалар атсалысады. Оның үсті-
не, ядролық физика кейінгі 30 жылда элементар бөлшектер фи-
зикасына қарай ойысты. Бұл сала ғылымның қазіргі таңдағы

дүние танымының шегі десе де болады. Ал ядролық энер-
гияны алу – ядролық физиканың қолданбалы жолының бірі.
Сондықтан біздің келешегіміз ядролық энергетикамен байла-
нысты болуға тиіс.

– Біз уранға бай мемлекетпіз. Уранды сырттан сатып

алатын ел емеспіз. Осы тиімді мүмкіндікті пайдалануы-
мыз керек қой?..

– Бұл жерде бірнеше мəселе бар жəне ол оп-оңай шешілетін

мəселе емес. Ең бірінші жəне көкейкесті мəселе – кадр мəсе-
лесі. Оның үстіне, біз уранды қалай болса солай өңдеп, кере-
гімізше пайдалана алмаймыз. Себебі біз ядролық қарудан өз
еркімен бас тартқан мемлекетпіз. Ядролық қарусыз мемлекет

болғандықтан уранды ең соңғы кезеңіне дейін өңдеуге бізге
рұқсат жоқ. МАГАТЭ оған рұқсат бермейді.

– Біз бұл жағынан тек шикізат елі болып отырмыз...

– Ол рас, басқаға сатамыз десек те, оның шикізат ретінде

ешкімге керегі жоқ. Еуропа, Америка, Канада, Австралия өзде-
рінде орналасқан ядролық реакторларға пайдаланамыз десе,

оған біз уранды 2,5-нан 25 пайызға дейін байытып беруіміз
керек. Сонда оның ақшасы да көп болады, өйткені ол – дай-
ын тауар. Бұл да бізге ыңғайлы болар еді, бірақ оған біздің
қақымыз жоқ. Оны байытамыз деп ұмтылыс жасай бастасақ,

Иран, Солтүстік Корея сияқты сенімсіздік шеңгеліне түсіп,
сенімнен шығамыз. «Не үшін байытып жатырсыңдар?» – деп
сенбейтін болады. Себебі байытудың ар жағында ядролық
қару тұр. Ал біз ядролық қарудан бас тартқан елміз. Сондықтан

қанша уранға бай болып тұрсақ та, оны дəл реакторға қажетті
етіп дайындауды біз Ресеймен келісіп жасап отырмыз. Уран-
ды Ангарск, Иркутскіге жібереміз. Олар уранды байытып,
біздің рұқсатымызбен аламын деген елдерге сатады. Бізге

тек кассаға ақша келіп түсіп тұр. Ядролық қаруға ие болып
отырған дүниежүзінде бес ел бар: Ресей, Америка, Англия,
Франция жəне Қытай. Ал Пəкістан мен Үндістан ядролық қару-
ға кейіннен ие болған. Олардың статустары алғашқы бес елдей

емес. Бұл бес елдің ядролық қаруды жасауға да, оны азайтуға
жəне көбейтуге де құқығы бар. Өзара келісіп жасай береді.
Осы бес елден басқа ешбір елдің ядролық қаруды жасауға,
тіпті оған ұмтылыс жасауға да қақысы жоқ. Мысалы, Иран «біз

қару жасамаймыз, тек бейбіт мақсатта ғана ядролық реакторды
пайдаланамыз, сол үшін уранды байытып, дайындап жатыр-
мыз» дегеніне сенбей, қанша шу шығып жатыр. «Біз бейбіт
мемлекетпіз. Бізге қарудың қажеті жоқ» дегенімізбен бізге

рұқсат жоқ. Кім біледі, «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
дегендей, «біреу көбірек төлеймін десе, жасырын түрде беріп
жіберетін шығарсың» деп сенбейтін шығар...

– Дегенмен біз өз елімізде АЭС салуға бел байладық.

Осы мəселеге тоқталсаңыз...

– Мұндай шешім қабылданғанына он шақты жылдың жү-

зі болып қалды. Тіпті төрт АЭС-ті 2009 – 2010-жылдары бас-
таймыз деп те жоспарлағанбыз. Бірақ оның бəрі кейінге қалды-
рылып жатыр. Оның себебі көп. Ең бірінші себеп, бізде АЭС-
ті игеретін маман əлі жоқ. Ал енді ядролық реактор деген ар-

зан дүние емес. Оны сатып алу керек. «Сендерге сатамыз»
деп барлық шарттарға келісіп отырған – Ресей. Себебі олар

реактор сата бастаса, ақшаға белшесінен бататынын біледі.
Бірақ сол алып келетін реактор қандай? Ол барлық сынақтан
өткен бе, əлде Ресей əлі сынақтан өтпеген, жобадағы реакто-
рын бізге қойып, біздің ақшамызбен сынақтан өткізіп алмақ па,

соны білетін адам жоқ. Ол үшін реакторларды қалай сынақтан
өткізеді, олардың қандай мақсаты бар, оның бəріне ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Зерттеу жұмыстарының
бəрі Ресейде жүргізіліп жатыр. Оның бəрі көп ақша. Біз оған

қатысқан жоқпыз.

– Мысалы, біз «КазСат-1-ді» ұшырып, маңдайымыз тас-

қа соғылды. Оған өз мамандарымыз көп қатысқан жоқ.
Бар билікті Ресейге бердік. АЭС-ті салуда да осы кепті
кимейміз бе?

– Осы кепті киіп қалуымыз əбден мүмкін. Сондықтан да ме-

нің айтып отырғаным, ең бірінші асықпай маман дайындауы-
мыз керек. Білім жəне ғылым министрлігінде классификатор
жасалады, соның ішіне «Ядролық реакторлар, энергетикалық
қондырғылар» деген, тағы осы сияқты бірнеше мамандықты

енгізіп, соған студенттерді қабылдап жəне оған қоса тап осын-
дай мамандықтарға балаларды жастайынан баулитын арнайы
мектептер желісін бүкіл Қазақстан бойынша жасау керек. Мы-
салы, Алматыда №48 мектепте ғарышты зерттеуді үйретеді,

соны тереңдетіп оқытады. Байқоңырмен үнемі байланыста
жұмыс жасайды. Ғарыш сыры туралы қосымша сабақтар жүр-
гізіледі. Балаларды кішкентайынан сол салаға бейімдейді. Мі-
не, осындай атом реакторлары туралы кемінде 4 – 5 маман-

дықтың еліміздің классификаторында бар екенін баланың са-
насына жастайынан сіңіретін мектеп керек. Осындай арнайы
мектептерден келгендер ЖОО-да сол мамандықтың негізін
құрайды. Мысалы, студенттердің 60 пайызы осындай мектеп-

терден келсе, олардың дайындығы болады. Олар айтқанның
бəрін тез түсінеді. Мінеки, бізге осындай жүйе кажет.

– Онда, біздің «2009 – 2010-жылдары АЭС саламыз» де-

ген жоспарымыздың əзірге бос сөз болып тұрғаны ғой?

– Ол рас.

– Өйткені бізде əлі маман жоқ. Оны дайындау үшін

кемінде 5 жыл керек. Ол сол саланың бүге-шігесін біліп,

əбден ысылған сарабдал маман болғанша тағы 15 – 20 жыл
қажет болады.

– Ондай мерзім керек, біріншіден. Екіншіден, бізде реактор

жоқ болса мамандарды қалай дайындаймыз? Көрмесе, білмесе
студент қалай үйренеді? Олардың үйренуі, көзбен көріп, көңіл-
ге тоқуы үшін елімізде ең кұрығанда бір реактор болуы керек.
Мен бұл жөнінде талай жерде айтып та, талай мақала жазып

та жүрмін. Айналамыздағылардың пікіріне қарағанда, мені
құптайтын мамандар бар. Біздің Ресеймен қатынас жасауға
тіл жағынан еш қиындық жоқ. Сондықтан ол жақтың маман-
дарынан кеңес алу оңайырақ. Біздегі алды 70-тен асқан, соңы

50-ге тақап қалған мамандар. Жастар аз. Сол мамандар барып
таңдап, бір реакторды тəуекелге бел байлап сатып алуымыз ке-
рек. Ол реактор бізді энергетикалық тəуелділіктен алып шық-
пайды, бірақ бізге зерттеу, мамандарды дайындау үшін жəне

дүниежүзінде не зерттеліп жатыр, соны өз реакторымызға са-
лып үйрену үшін керек. Осындай бір реакторды əкеліп қою –
кезек күттірмейтін мəселе. Алғашында əрине, онда Ресей не-
месе Жапония болсын сол реакторды сатып алған елдің маман-

дары болады. Солардың жанында біздің жастар жүріп үйренеді.

– Сіздің əңгімеңізге қарасақ, бізге АЭС салып, оның

қызығын көрудің ауылы алыс сияқты. Сондықтан да жел,
күн, басқа да электр энергиялары жайлы айта кетсек...

– Əрине, энергияның басқа түрлерін де шетке ысырып тас-

тамаймыз. Оның бəрін де пайдалану керек. Осылардың ішінде
дəл қазір біздің қолымызда бары жəне қолымыздан келетіні –
жылу электр стансалары. Бірақ жылу электр стансаларының
жағымсыз жақтарын да жоққа шығара алмаймыз. Жылу электр

стансалары негізінен көмір мен мұнайды жағады. Бұлардың
экологияға зиянды əсері көп. Бірақ қазір қолымызда тұрға-
ны – осы.
Су электр стансасына тоқталсақ жақсы болар еді, бірақ

біз суға өте бай ел емеспіз. Оның үстіне судың көбінің басы
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстанда жатыр. Олар-
дан қалғанын бөгеп, су электр стансасын салайық десек, көп
жерлерді су теңіз болып алып кетеді. Оның бəрі тұзданады,

егін егіп жатқан жердің бəрі судың астында қалады. Оның
үстіне, суды жинап пайдаланамын деген күннің өзінде бастауы
басқа елде болғандықтан, олардың ертең суды бөгеп тастама-
сына кім кепіл? Олармен үнемі келісім жасап отыру керек,

келісе алмай калсақ, тағы қиын. Себебі 1 секундта 1000 тек-
ше метр су ақса, бəлен мегаватт электр энергиясы алынады.
Ал енді ағатын су бөгеттің деңгейіне жете алмай қалса, онда
энергия да аз болады. Біз өзімізге керек энергияны ала алмай

қаламыз. Мысалы, Мойнақты алайық, онда қазірдің өзінде про-
блемалар кездесіп жатыр. Қарқара өзені бізге Қырғызстаннан
келеді. Қырғызстан Қарқараны бұрып, Ыстықкөлге қарай алып
кетеміз деген мəселе көтеріліп жатыр. Енді оларға «Сендер

Қарқараның суын бұрып алып кетпеңдер, бізге су керек еді»
деп айту үшін келіссөз жүргізілу керек. Олардың қояр талабы
біреу-ақ: қанша су жіберсек, сонша ақы төле! Əлі бізге суды
сатып алу керек болады. Өйткені бізге Табиғат-Ананың беріп

тұрған суы өте аз.
Алматының айналасында шағын-шағын өзендер көп. Бізге
шағын электр стансаларын салуға болады. Бірақ оның бəрі
біздің қажетімізді өтей алмайды. Су электр стансаларының

жағдайы осындай.
Ал жел электр стансаларына келер болсақ, олардың да қау-
қары соншалықты зор емес. Оны тұрғызып, іске қосқаннан
кейін энергияны қажет жерімізге жеткізу керек. Оған шығын

көп кетеді, алған энергиямызды ақтамайды. Сондықтан оны
жел қай жерде бар, соның айналасындағы тұтынушыларға ғана
қолдану керек.
Мысалы, Екібастұздағы жылу электр стансасынан электр

энергиясын Мəскеуге қанша мың шақырымға жіберіп жа-
тырмыз. Неге? Себебі бізде көмір жеткілікті. Алыс жаққа да
жіберуге болады. Оған орнатылған бағаналардың кұнының
барлығы асықпай, 20 – 30 жылда төленеді. Ол өте көп электр

энергиясын беріп жатыр. Ал жел электр энергиясы қуатты көп
бере алмайды. Желдің өтінде тұрған жер онша көп емес. Мы-
салы, Сарыарқада да үнемі жел соғып тұр. Бүкіл Сарыарқаның
төсіне шағын жел электр стансасын орнатып тастауға болады,

бірақ одан шыққан энергияны өзге елді мекендерге жеткізу ке-
рек кой...

– Біздің еліміздің территориясы кең-байтақ. Бір елді ме-

кеннен екінші жерге электр энергиясын жеткізу де оңай
емес...

– Рас, жеріміз ұлан-ғайыр, өндірістерге жеткізу оңай шаруа

емес. Сондықтан жел энергиясы сол маңайдағы сұранысты ғана
ақтай алады. Сол себепті жел энергиясына біз соншалықты
арқа сүйей алмаймыз.
Күн энергиясы экологиялық таза энергияның бір түрі. Бір

жылда 365 күн болса, Қазақстанда соның 300-і ашық. Кейбір
жерлерімізде сол 365 күн тұтас ашық болып тұрады. Алысқа
бармай-ақ қояйық, Алматы облысының Қапшағай қаласының
ар жағында Шеңгелді деген жер бар. Сол Шеңгелдіде жылдың

360 күні ашық болып тұрады. Кезінде сол Шеңгелдіде əуежай
салу туралы мəселе көтерілген. Себебі «Алматыда күз, қыс,
көктемде бұлтты күндер көп болады, ұшақ қона алмайды» деп
талай жобалар жасалған. Мінеки, осындай ашық тұратын жер-

лер баршылық. Ол жерде де күн энергиясын электр энергиясы-
на тікелей аударатын қондырғылар керек. Сол қондырғыларды
қойғаннан кейін алысқа кетпейтіндей, тұтынушы жанында бо-
луы керек. Қай жерде қала, ауыл, елдімекен болса, солардың

шатырына орнатып коюға болады. Əрбір үйге күн энергия-
сын пайдаланатын жекеменшік электр стансасын орнатуға
мүмкіндік бар. Ол үшін біраз шығындануға тура келеді, бірақ
түбінде оған да баруға мəжбүр боламыз. Немістер дүниежүзіне

күн энергиясын электрге айналдыратын аппарат-терезелерді
жасап, сатып жатыр.
Биоэнгергетика деген де бар. Бірақ оған аса құлаш ұра бе-
руге болмайды. Оны белгілі бір мөлшерде ғана пайдалану ке-

рек. Себебі биоэнергетика – азық-түлікке балама.

– Оның үстіне, қазіргі кезде əлемді азық-түлік тапшы-

лығы мəселесі алаңдатып отыр емес пе?

– Біз өзіміз жейтін азықты машинаға «азық» етіп берейік

деп отырмыз. Не өзіміз аш қаламыз, не машина. Екінің бірі.
Бұл соңдықтан да соншалықты ақылға қонымды, құптарлық-

тай емес. Əсіресе біз үшін биоэнергетикаға аса қызығушылық
танытудың реті жоқ.
Биоэнергетиканы теңіз жалбыздарына бай Қытай, Жапо-
ния, Ресейдің қиыр шығысы сияқты жерлерде пайдалануға

болады. Өйткені оларда теңіздің астында жалбыз көп. Содан
қажетті жанатын дүниені алуға болады. Жапондықтар қазір-
дің өзінде бұл əдісті жақсы пайдаланып жатыр.
Осылайша бəрін жан-жакты сараптап келгеңде түбінде яд-

ролық энергетикаға барып тірелетініміз айдан анық.

– Электр энергиясының тапшылығы келешекте эконо-

микалық дамуымызға да қауіп төндіруі мүмкін ғой. Өйт-
кені электр энергиясы жағынан көрші елдерге тəуелді
болып отырмыз. Қазір əлемді каржы дағдарысы жайлап
тұрса да, біз экономикасы өсіп келе жатқан мемлекетпіз,

болашағымыз зор, əлі талай өндіріс орындарын ашуымыз
керек. Оларға қаншама қосымша электр энергиясы қажет
дегендей...

– Ғьлым, техника бəрі дамып келеді. Елбасы дəстүрлі Жол-

дауында «Қазір бағытты энергияны үнемдейтін технология-
ларға қарай бұру керек» деп нақты айтып отыр. Қазіргі тех-
нологиялармен болжам жасаған уақытта энергияға қажеттілік
жылына 10 гигаВатт өсіп тұратын болса, егер энергияны

үнемдейтін технологияларды пайдалансақ, жылына 10 емес,
5 гигаВатт қана энергия өңдіру қажет болатын шығар. Осы
жағына көп көңіл аудару керек болады. Оның өзі көп көмек
бізге. Сондықтан бізге ғылымды дамыту керек, ғылымды да-

мыту үшін алдымен білім саласын дамытуға тиіспіз. Білім беру
реформасы басталды. Бірақ аяқталған жоқ. Басы басталғанмен
аяғы көрінбейтін істің елді қажытып жіберетіні ежелден бел-
гілі ғой.

– Сіз бірыңғай электр жүйесін құрып, соны пайдалану

əдісін сақтап қалу керек деген пікірді ұстанасыз. Бұрын
мұндай жүйе Кеңестер одағында болған екен. Осы жүйені
Қазақстанда жасасақ деген ұсыныс білдіріп едіңіз. Осы
ойыңызды дамыта түссеңіз...

– Өткен ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ Лениннің

басқаруымен «ГоЭлРо» деген жоспар қабылданған. Ол жос-

пардың басына белгілі ғалым Бонч-Буревич тағайындалған бо-
латын. Таратып айтар болсақ, Ресейді электрлендірудің мем-
лекеттік бағдарламасы. Сол бағдарлама бойынша Ұлы Отан
соғысының алдында «ДнепроГЭС» салынды. Соғыс кезіңде

бұл «ДнепроГЭС-ті» талқаңдап кетті. Солтүстікте Волхов
электр стансасы салынды. Бұл Ұлы Отан соғысы алдындағы
əңгімелер. Сол бағдарлама бойынша бүкіл Кеңес одағында қай
жерден станса салсақ та, соның бəрі бір жүйеге ену керек болды.

Егер бір жерде электр энергиясы азайып қалса немесе апатты
жағдай орын алса, Кеңес одағында оны еш жер байқамау керек.
Апат орын алған стансаны тоқтатып тастап, басқасы автомат-
ты түрде қосылуы керек. Соның бəрі өткен ғасырдың 50 – 60-

жылдары іске асты. Бəрін бір жүйеге келтірді. Сонда «Нурек»
СЭС-і Тəжікстанда, Тоқтағұл СЭС-і Қырғызстанда салынды.
Ол екі стансаның электр энергиясы Мəскеуге жеткізілді. Сон-
да бүкіл Кеңес одағында энергия кай стансадан келіп жатқаны

білінбейтін. Екібастұздан Мəскеуге жөнелтіліп жатыр дейміз,
ол расыңда да Мəскеуге кетіп жатыр ма, əлде айналып өзіне
келіп жатыр ма, ол жағы білінбейтін. Бəрі ортақ бір жүйеге
косылғандықтан, бір жерде электр энергиясы тапшы дегенді

естімейтінбіз. Бұл – дүниежүзінде тек Кенес одағында ғана
болған жүйе.
Мінеки, Кеңес одағы тарағаннан кейін біз энергияны баяғы
жүйе бойынша Ресейге барып жатқан энергиядан талап етіп

жатырмыз. Ресейге басқа жақтан да барып жатыр. Өз алдына
дербес мемлекет болғандықтан, қазір Ресейдің талабы да басқа:
«Біз электр энергиясын береміз, бірақ сатып аласыңдар!». Қазір
электр энергиясын Ресейден сатып алып жатырмыз.

– Бұл тəуелділіктен құтылудың жолы қандай?

– Егер де біз солтүстік пен оңтүстігімізді бір электр жүйе-

сіне жалғайтын болсақ, оңтүстікте халық көбірек шоғырлан-
ған жəне электр тапшылығы бар, сонда қай жерде энергия аз
немесе артық екенін байқамас едік. Бұл да тығырықтан шығуға
көп көмек беретін дұрыс жоба. Себебі мұңдай жоба əбден сы-

нақтан өткен жəне тиімділігін көрсеткен.

– Демек, біз қазір өзіміз дербес мемлекет болған кезде

басымызға түсіп отырған жағдай 1920 жылдарда да күн тəр-

тібінде тұрған мəселе болып тұр ғой. Тарих парақтарын бір
ақтарып қарап, үлкен дəріс алатындай мүмкіндік бар...

– Оған дау жоқ. Адам баласының ерте кезден ақыл-ойы дəл

бүгінгіден кем болмаған. Аристотель бір сөзінде: «2000 жылда
адамзат баласы титтей де болса ақыл қосқан жоқ» деп айтқан.
Ақылды деген сөз көп білу емес, ол – алдыңнан шыққан про-
блеманы шеше білу. 1000 жыл бұрынғы адамдардың алдында

басқа проблема болған. Олар соны шеше білген. Біздің алды-
мызда басқа проблема, біз де бұрынғы адамдар сияқты пробле-
мамызды шеше аламыз ба, жоқ па? Ақылымыздың қаншалық-
ты екені соған байланысты. Екшеп, дұрыстап ойлап, жүйелі

түрде, асықпай істесе көлденең кездескен мəселенің бəрін
шешуге болады. Біз, неге екенін, асығыспыз. Шахматшылар-
да «цейтнот» деген сөз бар. Ол аз-ақ уақытың қалды, сол уа-
қыттың ішінде бəлен жүріс жүруің керек. Ал бəлен жүрісті

жылдам жүру үшін көбіне ойлануға мұрша болмайды, сосын
қателесесің. Сондай цейтнот болмау керек. 10 – 20 жылдан
кейін болатын нəрсені қазір ойлау керек. Қазақтың «Арбаңды
қыста сайла, шананды жазда сайла» дегені – сол. Еркін жүрген,

еркін ойлайтын уакытта келешек проблеманың бəрін шешіп
алу керек.

– Қазақта «Үш күндігін ойламаған əйелден без, үш жыл-

дығын ойламаған еркектен без» деген жақсы сөз бар емес
пе? Алдымызға нақты бағыт-бағдар қойып, соған жетуді
мақсат тұтып жұмыс жасауымыз керек қой...

– Ол рас. Бізде небір əдемі бағдарламалар бар. Бірақ сол

бағдарламалардың орындалуы орындаушылардың білімі мен
адамгершілігіне байланысты.
Ал энергетика мəселесіне қосарым – қоқыс мəселесіне қа-
тысты. Қоқыстарды өңдеу энергияның мол көзі.

– Бір жағынан экологияға пайдалы, екінші жағынан ар-

зан энергия көзі...

– Мысалы, мен 60-жылдардың соңында Украинада бол-

дым. Сол кезде бір болгар жігітпен таныстым. Сол жігіт маған:
«Софияға Германиядан немістер келіп, зауыт салып жатыр. Сол
зауыт қаланың қоқысының бəрін өңдейді. Зауыттың бас техно-

логы өз жұмыс кабинетінде бізге таза спирт берді. Керемет
таза спирт. Бас технолог: «Мына спирттің қайдан шыққанын
білесіңдер ме? – деді. «Қайдан?» деген уакытта: «Сендердің өз-
дерің ағызып жіберген дүниелеріңді өңдеп, спирт жасадық»

дегеңде, жаңағы əңгімені естіп тұрған біреу құсып жіберді»
дейді. Ол тек қана спирт емес, бұл отын ғой жəне жмих деп
аталатын үлкен-үлкен таблеткалар, соны далаға апарып шаша-
тын болса, таптырмас тыңайтқыш. Сонда Софияда бір отба-

сыңда төрт адам тұратын болса, солардан шығатын қалдық-
тан өздерінің машинасын жыл бойына жанармаймен қам-
тамасыз етіп тұруға болады екен.

– Санаулы жылдарда мұнай қоры таусылады. Грамы-

ның өзінен қаншама энергия алуға болады дегенмен, күн-
дердің бір күніңде уран да сарқылады. Бəрінің шегі бар. Сол
кезде қалай дегенде де адамдардың мүмкіндіктері тағы да
ашыла түсетін сияқты...

– Өмірдің өзі бəрін реттейді. Мысалы, қазірдің өзіңде ға-

лымдар термоядролық реакторларға сенім артып отыр. Бұл
мəселенің туғанына 50 жылдан асып кетгі. 50 жыл өтсе де,
қанша елдің ғалымдары айналысып жатса да, бұл проблема
шешілген жоқ. Бұл өзінше бір мəселе. Ураңды 3000 жылға

жетеді деп отыр. Ал көмір мен мұнай қазіргі болжам бойынша
50 жылға жетеді. Осыдан 20 жылдай бұрын 200 жылға жетеді
деп болжам жасалған...

– Сұраныс күннен-күнге артып отыр, ал қор азайып

келеді...

– Рас, мұнай мен көмірді өте мол өндіріп жатырмыз. Жа-

райды, 50 жыл дейік, себебі əлі ашылмаған мұнай мен көмір
қорлары бар. Бүкіл адамзаттың дамуымен алғанда, 50 жыл де-
ген түк емес. 3000 жыл деген де өте шығады, жер бетінде
уран да таусылады. 60-жылдарда академик, КСРО Ғылым

академиясының вице-президенті Михаил Федорович Кон-
стантинов осы жайында айтқанда мен соған қатты қызығып,
топырақтан өте аз уранды алудың, соның бар-жоғын білудің
жолын табамын деп Ташкенттегі реакторға барып, тəжірибе

жүргізіп, соның нəтижесі бойынша екі ғылыми мақала жазған-

мын (Ол кезде біздің Алатаудағы реактор əлі іске қосылмаған
еді). 1963-66-жылдары бұл жайында бірінші болып айтқан адам
болсам керек, көп кешікпей, 1967 жылы Мəскеуде Констан-
тиновтың қабылдауында болып, мақалаларымды көрсетіп, кө-

мек сұрадым. Үлкен, алып тұлғалы кісі екен. Ол маған: «Сен
жасап жүрген жұмысыңды тоқтат, пайдалы іспен айналыс.
Уранның аз мөлшерін анықтап, оның пайдасын көру үшін əлі 5
мың жыл керек. Сол кезде ғана сенің жаңалығың керек болады.

Қазір сен 5 – 10 жылда пайдасын беретін іспен айналыссаң-
шы. Жігітім, сен өз біліміңді, қуатыңды басқа пайдалы іске
жұмса, таста бəрін», – деді. Сөйтіп, диссертация қорғайын деп
жүрген тақырыбымды тастап, басқа тақырып алып зерттеуге

тура келді.

– Демек, кейінгі ұрпақ 5 мың жылдан кейін сіздің ғылы-

ми еңбегіңізді іздеуі мүмкін екен ғой...

– Кен қорының бəрі таусылғанда солай болуы да мүмкін...

17 шілде, 2009 жыл

ҚАЗАҚСТАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ ЕЛ

– Ғалым аға, Алматы өңірлік қаржы орталығының

жұмысынан үлкен үміт күткенбіз. Оның болашағы не
болмақ?

– Алматы өңірлік қаржы орталығының (АӨҚО) «өңірлік»

деген аты тегін қойылмаған. Орталық Азиядағы үлкен қаржы
орталығы болса деген үмітпен солай аталған. Бірақ өкінішке
қарай, біз əлі ойлаған мақсатымызға жеткен жоқпыз. Қазір
АӨҚО Орталық Азия елдері үшін ортақ сауда алаңы бола ал-

май тұрғаны бəрімізге белгілі. Міне, осы тұрғыдан қарайтын
болсақ, АӨҚО өзінің өңірлік тұғырына көтерілді деп айта ал-
маймыз.

– Басқасын айтпағанда, тіпті «көгілдір фишкаларды»

алайық, өзіміздің үздік, үлкен компаниялардың құнды
қағаздары осы уақытқа дейін сатылмай келеді, оның себебі
неде?

– «Көгілдір фишкалар» тұрғысында Үкімет тарапынан бұ-

рын да бірнеше рет ұсыныс көтерілген. Бірақ олар қызу талқы-
ланғанымен, қағаз бетінен əрі аса алмай келген. Енді биыл ғана
Ғалым БАЙНАЗАРОВ,
қаржыгер:

нақты қолға алынып «Халықтық ІPO-ны енгізу керек» деп жа-
тырмыз. Елбасы биылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП-
ның ХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде осы мəселені көтеріп, орын-
далуын Үкіметке тапсырған болатын. Елбасының көтерген

идеясы – өте дұрыс. Қалай болғанда да халықты электронды
сауда жүйесіне тартып, сауатын ашуымыз керек. Бұл біздің
келешегіміз үшін керек, ал келешектің негізі бүгінгі тіршілікте
қаланатынын өзіңіз де білесіз. Əрине, Үкіметке тапсырманы

орындау – міндет. Ал оны өкінішсіз, жасампаз етіп жасау –
тіпті үлкен міндет. Қор нарығына келушілердің өз тұрмыс қа-
жеттілігінен басқа артық ақшасы болуы керек. Бірақ ауылдағы
медбике немесе фермер ІPO нарығындағы негізгі тұлға болып

шығуы неғайбіл. Бізде қор нарығына қатысатын адамдар жоқ
емес, бар. Олар халықтың көпшілігін құрамаса да, келешекте
осы санаттың қатарын көбейтуге тырысуымыз керек. Енде-
ше, оларды от басқандай шошытып алмауға тиіспіз. «Көгілдір

фишкаларды» (эмитенттер) дұрыс тексеруден өткізгеніміз жөн.
Бұл – бір. Екіншіден, АӨҚО ІPO-ны жақсы өткізу үшін БАҚ
арқылы халықпен жүргізілетін жұмысты билік басындағы ше-
неуніктердің мойнына іліп қоймай, өздері жүргізгені дұрыс.

Өйткені оны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. Үшінші жағы-
нан акциялар нарық алаңына шығып сатылу кезеңінде құны
түсіп кетуі де мүмкін. Себебі тəжірибесіз ойыншылар акция-
ны сатып ала сала, тез пайда табу үшін бірден басқаға сатып

жіберуге талпынуы əбден мүмкін. Тағы бір ескеретін жайт –
біздің «көгілдір фишкалардың» құны сыртқы факторлармен де
байланысты екендігі. Ал біз əлемде болып жатқан қилы құбы-
лыстарға тікелей əсер ете алмаймыз, тек соның нəтижесін

күтуші ғанамыз.

– Дүрмекке қосылып кете барамыз дейсіз ғой.

– Иə, «баға тұрақтанып, бірыңғай өсу үстінде болады» дей

алмаймыз. Егер баға төмен түсіп кетсе, халықтың ақшасын
компенсация жасайтын Үкіметтің қолында қалай да бір қара-
жат тетігінің (кепілдеме т.б.) болғаны дұрыс. Өйткені бұл мə-
селе ертеңгі күні үй құрылысындағы үлескерлердің жағдайы

сияқты əлеуметтік проблемаға айналып кетуі əбден мүмкін.

Егер ІPO арқылы жұрт ақшасын жоғалтар болса, оның іздеусіз
қалуы екіталай. Міне, мəселенің осындай əлеуметтік астары да
жоқ емес.

– Неліктен Қаржы орталығы халықтың мүддесі мен

қажетіне енжар қарап келген? Əуел бастан осы мəселені
шешу үшін, шамасы жететін бағдарлама дайындап жұмыс
жасауы керек емес пе? Егер Елбасы тапсырма бермесе, мə-
селенің орнынан жылжымай қалуы мүмкін бе еді?

– Елбасының тапсырмасымен енді Халықтық ІPO мəселесі

көтерілді. Өзіңіз айтқандай, шама жететін бағдарлама жа-
сап, осы бағытта тыңғылықты жұмыс жүргізу қажет. Бұрын
Қор басшыларын халық алдына шығарып есеп беретін жүйе
де болған жоқ. Оны «Нұр Отан» халықтық демократиялық

партиясы сияқты ықпалды саяси күштер арқылы сұрайтын
мүмкіншіліктер енді туып келеді. Істің жағдайы халық наза-
рына ілігіп, саяси, кəсіби бірлестіктермен кеңесіп, бірігіп жол
іздеуді қалыптастыру қажет. Мысалы, жақында ғана өткен

«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдау күні 1000-ға жуық
адам, үлкен бизнес өкілдері де келіп, партия Төрағасының
бірінші орынбасары Н.Нығматулин мырзамен кездесіп, бірне-
ше мəселені шешіп кетті. Міне, осылай саяси партиялар, үкі-

меттік емес ұйымдар белсенділік танытуы керек.

– Сонда өңірлік қаржы орталығының қаншалықты

пайдасы бар?

– Орталықтың пайдасы жоқ дей алмаймыз, оның өсуіне ішкі

факторлардың көп əсері бар. Қалай болғанда да Үкіметтің,
Ұлттық банктің, корпоративтік сектордың қағаздары арқылы
теңгенің бағамын тұрақтандырып, бюджеттің жетімсіздігін жа-
батын керекті қаражатты өз шамасында АӨҚО шығарып беріп

отыр. 2010 жылы KASE алаңында жасалған саудадан барлық
құнды қағаз нарқы бойынша капиталдандырылу көрсеткіші жыл
басындағы 13421,0 млрд теңгеден жыл аяғында 13629,2 млрд
теңгеге дейін жетіп, 1215,9 млрд теңгеге өсті (8,252 млрд АҚШ

доллары). Сонда 2010 жылы ішкі сұраныстарға, экономикаға
1215,9 млрд теңге көлемінде жаңадан қаражат құйылды деген
сөз. Ол жалпы ішкі өнімнің 5,6 пайызын құрап тұр. Ал биылғы

бірінші жартыжылдықта құнды қағаздар KASE алаңында өсу
жылдамдығы жақсы қарқынмен ұлғайды (25,9%). Капиталдан-
дыру көрсеткіші 3513,5 млрд теңгеге өсіп, ЖІӨ-нің 15,2 пайы-
зына жетіп тұр. Бұл АӨҚО үшін қазіргідей қаражат жетімсізді-

гі белең алып отырған жағдайда айтарлықтай қомақты табыс.
Қорыта айтқанда, қаржы орталықтарының қандай түрі болсын
алдына дұрыс нысана қойылар болса, əкелер пайдасы шаш
етектен.

– Қаржы орталығының өсу жолында сыртқы жағдай-

лардың да əсері бар екенін ескергеніміз жөн емес пе, енде-
ше, соларға тоқтала кетсек?

– Əрине, сыртқы факторлардың ең маңыздысы, ол – біздің

АӨҚО-ның халықаралық қаржы орталықтарына (ХҚО) қо-
сылмағандығы. Осыған байланысты ХҚО көпшілік нарық
субъектілеріміз үшін жабық дүние болуы. Оларға біздің ұлттық
компаниялар сияқты ірі бизнес өкілдері ғана қыруар шығынға

батып, шетелдік агенттерді жалдап шығады, ал орта жəне ша-
ғын буын өкілдері үшін бұл қол жетпейтін арман. Қазір біздің
АӨҚО өңірлік деп аталатын дəрежесі – ХҚО дəрежесімен тең
ұғым. Өңірлік қаржы орталығын – ХҚО деп түсінуіміз керек.

Ал баршамызға танымал ХҚО-ның барлығы, бірінші ондыққа
кіретін озық елдерде (АҚШ, Жапония, Қытай, ЕуроОдақ –
Ұлыбритания, Алмания, Франция) болмаса солардың қаража-
тымен басқа елдерде (Люксембург, Сингапур, Гонконг) жаса-

лынған. Себебі бұл елдерде дүниежүзіндегі басы бос мол қар-
жы қорлары, еркін қаражат иелері – ірі халықаралық инвестор-
лар бар. Олар құрған халықаралық электрондық сауда орта-
лықтары (ХЭСО) осы басы бос мол қаражатпен, қауқарлы

халықаралық сақтандыру жүйесімен, озық ақпараттық техно-
логиялармен, жерсерікті байланыс жүйелерімен жарақтанды-
рылған. ХЭСО өз алаңдарында жасалынған сауда ақпараттарын
кідіріссіз тасымалдап, трафик жүргізуге қабілетті, континент-

аралық байланыс кабель жүйесімен жалғасқан. Осы ақпараттық
трафик, үлкен пайда көзі болып табылады. Себебі сауда ақпа-
раты – ХЭСО алаңындағы басты тауардың бірі. Сөйтіп, ХЭСО
күншығыс Жапон елінде (Токио) өз жұмысын бастап, Азияға

тоқталып, (Шанхай, Сингапур, Гонконг), Еуропа одағына (Лон-
дон) келіп, АҚШ-қа (Нью-Иорк) жетіп, тəулік бойы дамылда-
май табыс табады. ХЭСО бар елдерде «уақыт – ақша» дейтін
ұғым, іс жүзінде орындалатын үрдіс. Бұл үдерістен шет қалып

тұрған тек ТМД елдері. Əрине, əр елдің өз орталықтары бар,
бірақ ешқайсысы халықаралық дəрежедегі қаржы орталығы
емес. Сондықтан олар жаһандық электрондық сауда жүйесіне
қосылмаған (ЖЭСЖ). Міне, біздегі АӨҚО да ЖЭСЖ-не

қосылмайынша, оның басымдықтары біздер үшін қол жетпей
тұрған мүмкіндіктер.

– Бұдан басқа қандай негізгі басымдықтар бар, оларды

біздер еңсере аламыз ба?

– Ең негізгі басымдылық – ХЭСО қай елде орналасқанына

байланыссыз, олардың ЖЭСЖ сауда алаңы болуында. Яғни бір
ел емес, бүкіл əлемдегі сатушылар мен алармандардың күнде-
лікті кездесіп, сауда мəмілелерін ON-Lіne режимінде жасай-
тын алаң болуында. Екінші үлкен артықшылығы – сауда үдері-

сін қаражатпен кідіріссіз қамтамасыз ететін қабілеттілігінде.
Жасалған сауда мəмілесі сол сəтте төленуі керек. Мұндай мүм-
кіншіліктер болу үшін ХЭСО жанында депозитарлық орталық-
тар (ДО) құрылған, сонда сатып алушыға кідіріссіз несие бе-

руге жетерлік ХЭСО иелерінің үлкен көлемде құнды активтері
сақталынады.
Үшінші артықшылық – аларманды қолдай білетін қабілетті-
лігінде. Егер аларманның сауда мəмілесіне қол жеткізген сəтін-

де қаражаты жетпей қалса, ХЭСО сол сəтте, жаңағы ДО-ның
түрлі қаражат құралдарын пайдаланып, кідіріссіз несие бере
алады. Саудадағы негізгі тұлға сатушы емес, сатып алушы –
аларман. Оны қолдау сауда сəттілігінің, тауардың өтімділігі-

нің кілті. Қазіргі заманғы жаhандық сауда саясатында барлық
тауарды өз территорияңызда шығару мүмкін де емес, міндет
те емес, ақша болса тауар табылады. Дегенмен өндіріс, жұмыс
орны өзімізге, халыққа керек. Бірақ біз өндірген тауарды басқа

елдер де шығара алатыны естен кетпеуі керек, сондықтан бас-
ты мақсат – өндірген тауарды өткізе білу. Қазіргі бəсекелес ел-
дер арасында технология көшірмесі байырғы заманнан бері бе-

лең алған. Өндіріс технологиясын көшірмелеу XІX ғасырдың
80-ші жылдары Алманияда, өткен ғасырдың 60-шы жылдарын-
да Жапонияда кеңінен етек алды. Ал олар қазір қай деңгейде,
басқалар қай тұста қалып қойды, ол бəрімізге белгілі. Бұл бүгін

тоқтала қоятын құбылыс емес.
Біз өндіріп отырған өтімді тауарды, шығыны төмен басқа
ел, мысалы, Қытай, технологияны көшірмелеп жақсы сапамен,
бірақ төмендеу бағамен нарыққа шығарып жіберуі əбден мүм-

кін. Бұған ешкім ештеңе істей алмайды. Мұндай жағдайда біздің
тауардың нарықтағы бəсекелестік қабілеті күрт төмендеп, тіпті
өтпей қалуы да ғажап емес. Осыны ескеріп, қазіргі индус-
триалдық-инновациялық саясат аясында, жаңа өнімдердің

нарыққа шығу жолындағы қауіп-қатерлерін осы бастан ойла-
сып, тиісті шараларды іске асырғанымыз жөн. Қазіргі заманауи
нарық бəсекелестігінде ХЭСО құрылған, аларманды қолдайтын
мүмкіншілігі бар елдер ғана жеңімпаз болатынын естен шығар-

мауымыз керек. Анығырақ айтсақ, басқа елдермен бəсекеде
белдесу үшін, аларман жəне сатушыны айлап-жылдап іздеп,
қас-қабақтарына қарап, келіссөздер өткізіп, сауда мəмілесін
қағаз бетіне түсіріп малтықпай, осының бəрін сауда алаңында

қас-қағым уақытта электронды түрде жасап, тауарымызды ала-
тын аларманды ақша-қаражатымен көтермелейтіндей қабіле-
тіміз болуы керек. Өкінішке қарай, мұндай қаражат молшылы-
ғы АӨҚО жоқ, оны ЖЭСЖ-не қосу, арнаулы ДО құру, қазіргі

таңда Үкімет тарапынан да мүмкін болмайтын шаруа. Мұны
істемесек осылардың бəрі өз елінде ХЭСО бар Қытай, Ресей
сияқты елдермен нарықта қалай бəсекеге шыға аламыз? Енде-
ше, елімізде осы ХЭСО құру қажеттілігі бүгінгі мен ертеңіміз

үшін баршамызға түсінікті емес пе? Бұған керекті мол ақша
қаражат көзін, халықаралық қаражат қауымдастығының көме-
гінсіз ХҚО құрамын деу де құрғақ қиял. Міне, осы мəселелерді
салмақтай келе, өз бетімізше осындай биік ХҚО дəрежесіне

жете аламыз ба, жоқ па деген сауалға байыппен жауап іздеп,
шығатын жол тапқанымыз жөн.

– Біздің орталық ХҚО-на қосылмаса, келешегі қалай

болмақ, əлде ол өзімізден басқа ешкімге керегі шамалы ор-
талық болып қала ма?

– Жоғарыда айтылғандай егер бұл мəселені асықпай-ап-

тықпай зерделейтін болсақ, біздің орталығымыз осындай болып
қалуы əбден мүмкін. Себебі біз əлі шағын ғана мемлекетпіз,
халықаралық нарықтағы көлеміміз жедел қарқынмен өсуді
қажет етеді. Əлемдік ақша ағынына, ЖЭСЖ қосылмасақ, біз

қажетті қарқынмен өсе алмаймыз. Ал ол жүйеге қосылу, біздегі
қаржы орталығының жақсы немесе нашар жұмыс істегеніне
байланысты емес. Ол – мемлекеттік тұрғыдағы шешімді керек
ететін мəселе. Бірақ ол шешілмейтін мəселе емес, оған жол та-

былып та тұр.

– Осы мəселелер бойынша шетел инвесторларының

ұсынысы бар деген қауесет естідік, бұған не дейсіз?

– Иə, былтыр қыркүйек айында ЕуроОдақ компаниялары

Қазақстанда ХЭСО құру жəне оны ЖЭСЖ-не қосу туралы ұсы-
ныс жасады. Ұсынысты қарап, қорытынды дайындау үшін бір-
неше министрліктің басы қосылып, жұмыс басталған болатын.
Осы ұсыныс бойынша еуроодақтық инвесторлар тобы өкілдері

Қазақстанға бірнеше рет келіп, көптеген кездесулер өткізді.
Өкінішке қарай, бұл ұсыныстың авторларынан гөрі бізге бере-
рінің көптігіне қарамай, осы уақытқа дейін өз дəрежесінде
салмақты қорытынды дайындалмай отыр. Шенеуніктердің бұл

мəселеге неге салғырт қарайтыны бізге белгісіз. Біздің білеті-
німіз – АӨҚО өз бетімен ХҚО болуы екіталай. Себебі біздің
қазіргі əлеуетіміз халықаралық деңгей былай тұрсын, оны ай-
мақтық деңгейге көтеруге жетімсіздік жасайды. Бұл – бір.

Екіншіден – ХҚО-ның керектігін бізден гөрі Ресей жақсы
түсініп, жаңа қаржы орталығын салып жатыр. Ол да ХҚО деп
аталады. Ресей басшылығы ХҚО-ның маңызын дұрыс түсініп,
оған мемлекеттік тұрғыдан үлкен мəн беріп, тіпті ел экономи-

касының болашағын осы жобамен байланыстырып, Мəскеу
түбінде ауқымды көлемдегі құрылыс жұмысын бастап кетті.
Биыл көктемде Ресей премьер-министрі В.Путин Еуроодақ-
тың Люксембургте жаңадан салынып жатқан қаржы орталы-

ғына əдейі барып, танысты. Біз де Люксембургке шақырылған
болатынбыз, бірақ бұған Үкімет басындағылар уақыт таппады.
Ал Ресейдің үкіметі бұған үлкен ынта қойып, Люксембургте

өткен халықаралық форумға қатысып, қаржы саласын реттеу-
шілермен бірнеше кездесулер өткізді. Қазір Ресей үкіметі ХҚО
құрылысының жедел түрде іске асырылуын қатаң бақылауға
алып отыр. Көршілер осылай қызу қимылдап, қарманып жат-

қанда біздің шенеуніктердің неге соншама енжарлық танып
отырғандары түсініксіз. Егер Ресейде үлкен ХҚО салынып,
ол халықаралық дəрежеге ие болса, біздің АӨҚО тіпті өспей
қалуы мүмкін. Ертеңгі Кедендік одақ мемлекеттері құрмақшы

ортақ экономикалық кеңістікте, əрине, қуаты мол ресейлік
ХҚО үстемдік жүргізетіні даусыз, мұның алғашқы шарттары
қазір жасалып та жатыр. Біздің жақсы компанияларымызды
Ресей өз сауда алаңына шақырып отыр. Онда Ресейге қыруар

қаржы, өзімізге тиесілі табысымыз да қоса кететіні белгілі.
Міне, осы мəселелерді ескеріп, көршілердің іс-қимылын ой
таразысынан өткізіп, ХҚО-ны өзімізде неге ашуды ойламай-
мыз? ЖЭСЖ-не біреумен қосақтаспай, дербес шыға алсақ,

ұтылыстан ұтарымыз көп болмай ма?

– Қазақстандық БАҚ өкілдері жақында Гонконг қор бир-

жасында болдық, «Қазақмыс» корпорациясы осы биржаға
өз акцияларын орналастырды. Бір жағынан отандық
компаниялардың шетелдік қор биржасына шыққанына
қуанасың, екінші жағынан «бізде де осындай болса ғой»

деген қызғаныш сезімі де болады екен... Бұл бір ғана
компанияның емес, Қазақстанның, нақтылап айтқанда,
Қазақстан халқының ақшасы сыртқа кетіп жатыр деген
сөз ғой.

– Əрине. Гонконгтегідей халықаралық қаржы орталығы біз-

де де болғаны, ақшаның сыртқа ағып кетпегені дұрыс-ақ. Бірақ
біз шама-шарқымызға қарай жұмыс жасауға тиіспіз. Қазақ
«Көрпеңе қарай көсіл» деп текке айтпаған. Сондықтан маңайы-
мызға жіті қарап, көне жəне жаңа тарих тұжырымдарынан

дұрыс тағылым алуымыз керек. Өзіңізге белгілі, өткен ғасыр-
дың 80-ші жылдарында дүниежүзілік жаһандану үдерісінің
екінші сатысы басталып кетті. Себебі бұрынғы жаһандану үде-
рісінің бастамашылары трансконтиненталдық корпорациялар-

дың күш-қуатын жаңа деңгейге көтеретін, құдіретті компью-

терлік технология, электрондық байланыс құралдары пайда
болды. Ақпаратты бір континенттен екіншісіне бірнеше се-
кундта жеткізетіндей мүмкіншіліктер туды. Мұны капиталис-
тер қырғидай қағып алып, ақпараттық технологияның толас-

сыз табыс көзі екенін жылдам түсінді. Басқа елде бизнесін өз
мекенжайында отырып-ақ жүргізетін, қарулы күшпен кіруді
керек қылмайтын ЖЭСЖ құруға мүмкіншіліктер ашылды.
Сөйтіп, жоғары технологиялық, ақпараттық экономика құрыла

бастады. Ол шығыс пен батысты – Азия мен Еуропа, Амери-
каны қосып, континентаралық алып сауда кеңістігін – ЖЭСЖ
өмірге келтірді. Жаңа тұрпатты экономикада негізгі биржалық
тауарлармен бірге ақша ең өтімді тауарлық сипат алып, ХЭСО

өмірге келді, олар дамудың кепілділігіне айналды. Енді жүр-
гізілетін геосаясат – əлемдік қаражат, еңбек жəне өндіргіш
күштер бөлісі басқаша тетіктермен реттелетін болды. Мысалы,
Гонконг қалай Гонконг болды? Ағылшындар кешегі боданда-

ғы империя құлағаннан кейін дамудың қуаты Азия континен-
тіне ауысып бара жатқанын өз уақытында дұрыс түсінді. Сөй-
тіп, Оңтүстік Азияның тез өсіп келе жатқан жасампаз елдеріне,
қарудың күшімен емес, қаражаттың қуатымен өз ықпалын

жүргізетін үлкен қор орталығы, жеке билік жүргізетін оңтайлы,
кішігірім Гонконг сияқты территория аса қажет болды. Оған
кезінде миллиардтаған қаражат құйылды. Өзіңіз білесіз, Гон-
конг минералды ресурсы, табиғи байлығы басынан асып жат-

қан жер емес-ті, бірақ ол тез арада ауқатты мекеннің біріне ай-
налды ғой. Мұның себебі – Гонконгта ХҚО-ның орнауы. Син-
гапур да солай өсті.
Мінеки, ХҚО ойыншық дүние емес, біз өз күшімізбен Гон-

конгпен теңесеміз деген ойдан аулақ болуымыз керек. Ол
халықаралық қаржы қауымдастығы тиісті шешім қабылдап,
өз қаражатымен жəне осы екі шарттың екеуі де қоса келген
жағдайда ғана мүмкін болатын шаруа.

Қалай болғанда да бізге ХҚО ауадай қажет деп айтып кеттік.
Біз кешегі Кеңес дəуірінде компьютерлі электрондық техноло-
гияда 40 жылдай артта қалдық, ал енді қазіргі ақпараттық тех-
нологиядан қалсақ, тағы да бодандық белгісі белең алып, келесі

ұрпақтың қарғысына қаларымыз хақ... Сондықтан біз əлемдік
ұлы көштің жұртында қалып қоймай, қиынның қисынынан
жол тауып, ЖЭСЖ-ге егеменді ел ретінде ілігуіміз керек. ХҚО
көш соңында қалмаудың, егемендігіміздің сақталуының кепілі

болмақ. Мұны ЖЭСЖ-дегі 70-тен аса елдің кейінгі қырық жыл-
ғы даму тарихы соқырға таяқ ұстатқандай дəлелдеп отыр.

– Ұсыныс жасап жатқан жаңа халықаралық қаржы ор-

талығының тиімділігі қандай?

– Егер ХҚО салуға саяси шешім қабылданар болса, сол ар-

тықшылықтардың барлығы біздің халқымыздың игілігіне ұсы-
нылады. Бұл жобаның құны бірнеше миллиард евро. Жобаны
шетелдік инвесторлар қауымдастығы өз қаражатымен іске асы-
рады. Қазақстан тарапынан құрылысқа тек жер ғана қажет.

Жобаның əкелер жылдық табысы алдын ала есеп бойынша бір-
неше миллиард евро. Жылдық табыс ХҚО-ның болашақ иелері
мен Қазақстан Үкіметі арасында келісімшарт бойынша бөлініп,
бюджетке түсіп отырады. Жоба іске қосылған соң, еліміздің

резиденті – заңды тұлға құрылып, ол Қазақстан Үкіметімен
бірігіп басқарылатын болады. Жоба бойынша үш үлкен құры-
лыс кешені салынады. Олар: ХҚО (электронды сауда алаңдары,
сауда мəмілелерін тіркеу орталығы, есеп айырысу, сақтандыру,

қаржылық, заңнама, тағы басқа қызмет көрсететін орталықтар),
ДО, ішкі жəне сыртқы байланыс торабы. Қазақстандағы ХҚО
бірден ЖЭСЖ-ге қосылып, оның сауда алаңдарында əлемге та-
нымал компаниялар сауда жасап, олармен байланыс нығаяды.

Сөйтіп, еліміздің халықаралық қауымдастық арасындағы беде-
лі өсіп, қай нарықта болсын отандық рейтингіміз көтеріліп,
өтімді активтерімізге өктемдік етіп, таласпайтын таза инвести-
цияларға қолымыз жетеді.

Елімізге əлемдік ғылымның соңғы жетістіктерімен жарақ-
тандырылған инновациялық технологиялар келеді. Неге десеңіз,
ХЭСО сауда үдерісіне кіру, сауда мəмілесі, сауда ақпаратын
сақтау, оны басқа елдегі орталыққа тасымалдау, есеп айырысу

жүйелері, көрінген хакерлер бұза алмайтын берік болуы қажет.
Сондықтан бұл жүйелерде озық ғылым жетістіктері кеңінен
пайдаланылып, қазіргі белгілі электронды цифрлы кілттермен

электронды қол қоюдан да деңгейі жоғары жаңа инновация-
лық жаңалықтар қолданылады. Сөйтіп, сауда қауіпсіздігі толы-
ғымен қамтамасыз етіледі. Ішкі жəне сыртқы сауданы жабдық-
тау үшін, бұрын бізде болмаған, электронды прибор шығаратын

инновациялы жаңа өндіріс саласы өмірге келеді, түрлі прибор,
терминалдар шығаратын зауыттар салынады, отандық бағдар-
ламалық индустрия құрылады, олардың құпиясы мен кілті,
отандық өнім болып, өзімізде сақталады. ХҚО-ның жұмысында

басқа елдің көшірмесі пайдаланылмай, қауіпсіздік күшейеді.
Қазақстанда ішкі жəне сыртқы сауда біртіндеп электронды
сауда жүйесіне көшеді. Отандық ішкі саудамызда электронды
ақша айналымда ұлғайып, қолдағы банкноттарды ығыстырып

азайтып, бағаның өсу қарқыны баяулайды, теңге күшейіп
оның басқа валюталардағы бағамы нығаяды. Көлеңкелі биз-
нес азайып, жемқорлық əлсіреп, табыс көзі тазарады, есеп-
қисап жеңілдеп, бюджеттік кіріс ұлғаяды. Біздің жеке жəне

заңды тұлғалар əлемдік сауда кеңістігіне көп шығынға батпай
қазақстандық агенттер арқылы шығып, 24 сағат бойы сауда
ісіне араласа алады. Осының барлығы Елбасы көтеріп отырған
ұлы мақсатымыз – Қазақстан экономикасын индустриялды-

инновациялық экономикаға айналдыру үрдісіне оң əсерін
тигізері, ел азаматтарына түсінікті болар деп ойлаймыз.

– Жаңа қаржы орталығын құруда таңдау неге Қазақ-

станға түсіп тұр?

– «Уақыт – ақша» деген тектен-текке айтылмаған. ХЭСО

жұмысын Токиода бастап Шанхайға (Гонконг, Сингапур)
жетеді де, Еуропада жұмыс уақыты басталғанша 9 – 10 сағат
бойы жұмыссыз тоқтап қалады. Сауда жүрмеген соң пайда да
түспейді. Себебі Қытай мен Еуропа арасында бұрынғы КСРО

территориясы орналасқан, ал бұл өңірде ХЭСО салынбаған.
Міне, шетел инвесторларына осы 10 сағаттай табыссыз тұрған
уақыт мерзімін қысқартып сауданы қозғалысқа енгізетін қо-
лайлы уақыт белдеуінде орналасқан ел керек. Ал Қазақстан өте

қолайлы жерде орналасқан, Еуразияның кіндігі, Шығыс пен
Батыстың қақ ортасында тұр. Құдайға шүкір, саяси ахуалымыз,
экономикалық жағдайымыз да өзгелерге қарағанда тұрақты.

Ұлы даламыз сияқты кең мінезді халықпыз. Елбасының табан-
ды халықаралық саясаты арқылы Қазақстан əлемге танымал
елге айналды, халықаралық форумдар өтетін ой тоғыстырар
орын, тілектес ел қатары көбейіп, халықаралық қауымдастық-

тың сеніміне ие болдық. Индустриалды-инновациялық эконо-
мика құру біздің қазіргі таңдағы таңдауымыз болып отыр. Ал
ХҚО өзі де сол үздік инновациялық технологиялар өнімі, келе-
шекте экономикаға шынайы инновациялық əр беретін орталық.

Ол біздің индустриалды-инновациялық даму бағдарлама-
мызды күшейтіп, соның заңды жалғасы болып кетуі əбден
мүмкін. Осылайша жоба мен біздің мақсат-мүддеміз тоғысып
тұр. Сондықтан таңдау бізге тиіп тұр. Осы таңдаудан айы-

рылмауымыз керек. Электронды сауда өмірімізге енгенде,
біз өзімізді бүкіл əлемнің азаматы ретінде сезінетін боламыз,
қазақ халқының еш халықтан қадір-қасиеті кем емес екенін
тереңірек түсінетін боламыз.

– Сіз айтып отырған Қаржы орталығы Алматы өңірлік

қаржы орталығының негізінде бола ма əлде Астанада ор-
наласа ма?

– Жобаны ұсынушылар қаржы орталығының Астанада

болуын қолайлы көріп отыр. Жоғарыда айтылғандай шетел
қаражат қауымдастығы құратын ДО-да олардың мол көлемдегі
құнды активтері сақталады, оның белгілі бір бөлігі құнды ме-
талл – алтын, платина, аса құнды қағаздар, т.б. болмақшы. Олар

осы өз мүлкінің амандығын ойлап техногенді қаупі жоқ, күш-
қуаты мол, халықаралық байланысқа қолайлы Астана сияқты
жайлы мекенді қалап отыр. Шетелдік қаржы қауымдастығы
Қазақстанға оның табиғи қазба байлығына немесе Алматы қар-

жы орталығына қызығып, сатып алу үшін келмейді. Оларға кере-
гі Астананың өте тиімді уақыт белдеуі ғана. Осы белдеуде сау-
дадан табатын табыс Қазақстанның қазіргі жылдық экспорттық
түсімінің жартысынан кем болмақшы. Сондықтан оларға басқа

табыс көздері, активтер қызғылықты емес. Мұндайды іздейтін-
дер энергетика, өндіріс салаларындағы басқа топтағы бай-
лаулы инвестиция ұсынатын инвесторлар. Ал бұлар əлемнің
неомондиалистік бағытта дамуын қалайтын, неолибералдық

үйлесімдіктің негізін қалыптастырушы, инвесторлар.

Егер біздің Үкіметіміз Алматы өңірлік қаржы орталығын
дербес күйінде сақтағысы келсе, оған ешкім кедергі келтірмей-
ді, əріптестік келісімшарт арқылы екеуі де өз жұмыстарын жүр-
гізе береді. ХҚО Қазақстанға бір елдің ғана саудасын жүргізуге

келмейді, сонымен қатар ХЭСО-ның жұмысын жүргізуге келе-
ді. Одан түсетін табыс бір елден келетін табыстан ондаған-
жүздеген есе артық болмақшы. Сондықтан олар Қазақстан эко-
номикасына, халқымызға ешқандай қауіп-қатер əкелетіндей

қимыл жасамайды, қазақстандық заңнаманы берік сақтап, екі
жаққа да тиімді толыққанды электронды коммерция – кəсіп
ұсынады. Оның жұмысына еліміздің бақылау органдарының
жəне Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бақылау жүргізу құ-

қықтары сақталынады. Сондықтан басқа министрліктер кө-
леңкесінен қорқып, сынықтан сылтау іздемегені жөн. Егер элек-
тронды коммерция елімізге қатерлі қауіп əкеледі дейтін болсақ,
онда оның басын ашып, дəлелдеп түсінісейік, оны жылы жауып

қоя салмай, талқылайық. Бүгін болмаса ертең ХЭСО қалайда
ТМД-ның бір елінде орнап, ТМД аумағын түгелімен қамтуы
ақиқат. Сондықтан одан қазір үрікпей, өз елімізге əкелгеніміз
жөн емес пе? Жобаға жұмсалатын қаржыны табу, оның қайту-

қайтпау қаупін, жобаның табысты болуын шетел инвесторла-
ры өз жауапкершілігіне алып отыр.

– Демек, Астананың өсуіне бұл өте үлкен мүмкіндік

болғалы тұр екен-ау...

– Рас, Астанада өз алдына кішігірім қаржыгерлер қалашығы

пайда болады. ХҚО-да кемінде 15 – 20 мыңдай жоғары
жалақылы жаңа жұмыс орындары ашылады. Көптеген шетелдік
мамандар елімізде жұмыс істейтін болады.

– Астана өссе, Қазақстан өседі деген сөз емес пе? Аймақ-

тар да құралақан қалмас...

– Дұрыс айтасыз. Орталықтың тек Астананың ғана емес,

бүкіл Қазақстанның экономикалық жағынан өсуіне үлкен
ықпалы болмақ. Жоба бастамашылары қаржы орталығы салы-
нып, жұмысы жүрген шағында Қазақстанға жылына 9 – 10 млрд
таза инвестиция бөлетінін мəлімдеп отыр. Себебі ХҚО қыруар

қаржы жұмсалатын, зор табыс көзі болып табылатын, кемінде

50 – 60 жылға есептелінген ірі жоба. Сондықтан мұндай жоба
барлық жағынан қолайлы ортада орналасуы керек. Ол елде
саяси-экономикалық тұрақтылық, əдемі əлеуметтік ахуал,
береке-бірлік, молшылық болуы қажет.

– Енді жұмыс неге кідіріп тұр?

– Ұсынылып отырған жоба барлық жағынан тиімді ірі ком-

мерциялық, саяси жəне үлкен əлеуметтік астары бар жоба.
Мұндай жоба елу болмаса жүз жылда бірақ рет ұсынылуы
мүмкін. Ол халқымыздың болашағына, бақытына жұмыс іс-
тейтін жоба деп есептейміз. Егер ұсынысты зерделеу бұдан

былай да сөзбұйдаға салынып созыла берсе инвесторлар жо-
баны ТМД-ның басқа елінде іске асыруға дайындығы бар еке-
нін ескертіп отыр. Себебі оларға қалай болса да Шанхайдан
Лондонға дейінгі кеңістіктегі он сағаттық жұмыссыз, табыссыз

тұратын уақыт белдеуін үзу қажет. Сондықтан жобаны іске асы-
руда ешқандай шегініс жасалмайды, қалайда бұл жоба ТМД-
ның бір елінде іске асырылып, осы кеңістікті түгелімен қам-
титын болады. Онда бізге өзі келіп тұрған мол табыс көзін, ұтым-

ды саяси-экономикалық активтерді қолымыздан шығарып ала-
мыз.
Бұл жоба өз елімізде басталуы үшін саяси шешім қабылда-
нуы керек. Нақ қазір шетелдік инвесторлар қауымдастығы

біздің Үкіметімізден осы мəселе бойынша Елбасының тап-
сырмасын орындауда оң нəтижелер жəне аудиенцияны күтіп
отыр. Егер осы мəселелер шешіліп жатса, олар əлемге танымал
қаржыгерлермен бірге елімізге келуге дайын. Олар өз істерінің

кəсіби мамандары, өздеріне, ұсыныстарының ұтымдылығына,
Елбасының көрегендігіне сенеді.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Қазақтың азаматы ретінде сізді көбіне қандай ой ма-

залайды?

– Мені ауылдың жағдайы жиі мазалайды. Депутат кезімде

де ауыл экономикасы, несие мəселесін жиі көтердім. Ауыл
экономикасын көтеру мəселесіне қатысты қолымнан келгенше
жұмыс жасаймын.

– Нағыз досыңыз кім?

– Менің достарым көп. Адам баласына жаманшылық жаса-

ған жан емеспін. Мені көп адамдар біледі, олардың маған де-
ген қарым-қатынасына қарағанда жақсы көреді, сыйлайды.
Рас, өте жақын қарым-қатынастағы адамдар көп емес, аттарын
атамай-ақ қояйын. Бос уақытымызды бірге өткізетін достарым,

Құдайға шүкір, баршылық.

– Өткен өмір жолында өз қарым-қабілетіңізді толық

пайдалана алдым деп ойлайсыз бе?

– Осы өмір жолымда талай-талай ірі қызметтерді атқардым.

Соның көбі банк жүйесінде бірінші басшы қызметінде өтті.
Достарымның көбі осы банк саласында қызмет атқарады. Ұлт-
тық банк төрағасы болдым. Елде макроэкономика басталғанда
көп жағдайлар Ұлттық банкке байланысты болды. Сол кез-

дерде талай жұмыс жасап, талай шешім қабылдауға тура
келді. Өмірімнің ең бір қызықты əрі тиімді жылдары банк
жүйесінде өтті деп ойлаймын. Көптеген жауапты қызметтер
атқардым. Құдайға шүкір, айналамдағылардың сый-құрметі

өмір жолымдағы еңбектеріме байланысты болар деп ойлай-
мын. Соған қарағанда, өмірім текке өткен жоқ. Мен өзімді
мамандығымның ең шыңына жеткен бақытты адаммын деп
есептеймін.

– Қазақта «Баладан немере тəтті» деген сөз бар. Осы ой-

дың ақиқатына көз жеткіздіңіз бе?

– Бұл – шынында да, адамзат баласының өмір тəжірибесінен

алынған сөз. Біздің қатарластарымыздың көбі өмір бойы жұ-
мысбасты болды да, бала тəрбиесіне ер адамдар өз дəрежесінде
қатыса алмады.
Жеті немерем бар. Менің жүрегімнің төрінен олардың

əрқайсысына орын табылады. Олар «ата» деп келіп мойныма
асылғанда, менің төбем көкке жеткендей болады. Сондықтан
да қазақтың осы бір сөзінің мағынасы терең екеніне, шын
мəнінде, көзім жетті.

– Ара-тұра бой сергітер, ой сергітер хоббиіңіз бар ма?

– Мен, негізі, жұмысты өте көп жасайтын адаммын. Ма-

ған тапсырылған жұмыстардың бəрі де оңай жұмыстар емес.

Қазіргі жасап отырған жұмысым да өте ауыр əрі жауап-
ты. Сондықтан сенбі, жексенбі дегенді ұмытып, жұмыс жасай-
тын кездер жиі болып тұрады. Алматыда саяжайым болған.
Соған барып жұмыс жасағанды жақсы көретінмін. Қазір Аста-

нада тұрамын, саяжайым жоқ. Балық аулауға барып тұрамын.
Жексенбі күндері қонақ шақырып, қонаққа барып тұратын
қазақы дəстүрден біз де алыстап кетпейміз.
2 қыркүйек, 2011 жыл

АСТЫҚ МАГНАТТАРЫНАН ЭЛЕВАТОРЛАРДЫ

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫП АЛУ КЕРЕК

– Біздің ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найза-

ның ұшымен ұлан-ғайыр жерді көзінің қарашығындай
сақтап, ұрпағына аманаттап кеткен. Дегенмен біз қазір
жердің қадіріне жетіп отырмыз ба?

– Жалпы, жер көлемі жағынан салыстырғанда Қазақстан

дүниежүзінде 9-орын алады. Кең-байтақ еліміздің жер көлемі
2,7 миллион шаршы шақырым. Оның 30 миллион гектардан
астамы егістік алқабына жатады. Осы алқаптан біз өзімізге
қажетті астық өнімдерін алып, астық мəселесін шешуге толық

жағдайымыз жетеді. Бүгінгі таңда егістіктердің ішіндегі ең
көп көлемін алып отырған астық дақылдары, əсіресе, жаздық
бидай. Биыл астық дақылдары 16,7 миллион гектарға егілді.
Негізі, Солтүстік жəне Орталық Қазақстанның жері құнарлы

қара топырақты. Ал Оңтүстік пен Шығыста боз топырақты бо-
лып келеді. Оның өнімдік құнарлылығы төмен. Біз табиғаттың
өзіндік құнарлылығы арқылы елімізді қажетті азық-түлікпен
қамтамасыз етіп отырмыз. Жер құнарлылығына ерекше көңіл

бөліп, қажетті тыңайтқыштар берсек, тиісті ылғалдылықты
Рахымжан ЕЛЕШЕВ,
академик:

сақтайтын болсақ, онда астық, басқа да өнімдерді 2 – 3 есе көп
алуға болады.

– Қазір жер жекенің қолында. Ал жекеменшікке өткен

жерлер бақылаусыз қалған жоқ па? Олар жердің қадіріне
жетіп бағалап, ұқсатып, күтіп-баптап отыр ма? Жерімізді
тоздырып алған жоқпыз ба?

– Бұл өте орынды сұрақ. Өйткені жеке шаруашылықтың

бəрінің жағдайы бірдей емес. Біреуінің жағдайы жақсы, олар
минералды тыңайтқыштарды сатып алып, дер кезінде жерге
сіңіріп, сонысына лайықты сапалы өнім алып отыр, ал кейбі-
рінде мұндай жағдай жоқ. Олар жердің берген байлығымен

ғана күн көріп отыр. Болашақта ол жер құнарлылығынан айы-
рылып, дұрыс өнім бермейді. Минералды тыңайтқыштардың
бағасы бүгінгі таңда өте қымбат. Болашақта зауыттарды көбей-
тіп, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген диқан-

дарға оны арзан бағамен беру жағын қарастырғанымыз абзал.
Қазір, расында да, тыңайтқыш пайдаланған жерлердің құнар-
лылығы сақталып тұр да, ал пайдаланбаған жерлер тозып ба-
рады. Өкініштісі қазір бізде сондай шаруашылықтар көп. «Жер

туралы» заңда «5 жыл сайын жердің құнарлылығы тексеріліп
тұру керек» деп айтылған. «Егер оның құнарлылығы төмендеп
кеткен болса, Үкіметке қайтарып алу керек» деген бап бар.
Бірақ осы бап бүгінгі таңда орындалып отырған жоқ. Дегенмен

биылдың өзінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің комис-
сиясы бойынша кейбір аудандарда əу баста жекеменшікке бе-
рілген, бірақ осы күнге дейін пайдаланылмай жатқан 1,5 мил-
лион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Өйткені олардың

құнарлылығы бұрынғыға қарағанда 25 – 30 пайызға төмендеп
кеткен. Егер бұл мəселеге дұрыстап мəн бермесек, тағы 5 – 6
жылда ол жерлер мүлдем егін егуге жарамай қалады.

– Осы жерде тағы бір мəселе туындап тұр. Мысалы,

кезінде жерді жекеменшікке алды да, бірақ оны басқа
біреуге жалға беріп қойды. Жалгерден ақшаны санап ал-
ғаны болмаса, нағыз қожайын жерге қарамайды. Енді,
міне, қайтарып алған жерлерді оның қадірін білетін, оны

дұрыстап күтетіндерге беру жағын қарастырса қайтеді?

– Бұл мəселе жайлы «Жер туралы» заңға қосымша түзету-

лер енгізіліп жатыр. Алда қаралатын заңда тап осы мəселе көте-
рілген. Бастапқы кезде жердің иесі емес, жердің иесінің иесі
болып келгендер бар. Ортада жүрген осындай адамдарды бол-
дырмау керек. Жерді шынымен онда жұмыс жасайтын адамға

тікелей беру керек.

– Ауыл шаруашылығы саласына пайдаланатын техно-

логияларды қазір көбіне шетелдерден аламыз. Жер жағ-
дайымызға, ауа райына лайықты технологияларды өзімізде
шығаруға мүмкіндігіміз жоқ па? «Өзімізде шығарылған
техниканың бағасы шаруаға қол болар-ау» деген ой ғой.

– Ауыл шаруашылығына пайдаланып жатқан технология-

ның барлығын шетелден алып жатырмыз деуге болмайды. Қа-
зіргі кезде біздің ғалымдарымыздың, шаруашылықтардың ал-
дына қойып отырған мақсаты – шетелден технологияны түгел
қабылдап алмай, олардан кейбір қажетті элементтерді алып,

сол технологияларды өзіміздің ауа райына, табиғи жағдайына,
өсімдіктердің биологиялық қасиетін пайдалана отырып тап
соған лайықтап жасауға көңіл бөлу. Ал кейбір жел эрозиясын-
да, су эрозиясында шетелдік технологияның негізін алдық.

Бірақ сол технологияның басқа элементтерінің бəрі өзімізде
жасалып жатыр. Болашақта соларды жасап шығаруға зауыттар
салынуда. Екіншіден, көптеген дақылдарға, мысалы, мақта,
күріш, қант қызылшасын, жүгері өсіретін болсақ, біздерде

өзіміздің технологиямыз бар.

– Биыл соңғы 60 жылда болмаған рекордтық деңгейде

бидай жинаймыз деп отыр. Бірақ соны сақтайтын элеватор-
ларымыз аз болып шықты. Мол егін ысырап болмай ма?

– Бұл мəселе бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Шынын-

да да, мұндай мол егін бізде болмаған. Кеңес Одағы кезінің
өзінде ең рекордтық көрсеткіш 1 миллион пұт астық жиналған.
Бұл дегеніңіз – 16 миллион тонна. Ал биыл біздер 24 – 24,5
миллион тонна астық алып отырмыз. Бұл Қазақстанның тари-

хында болмаған оқиға. Дегенмен «Мұны қалай сақтаймыз?», –
деп бұған өкінудің керегі жоқ. Ең алдымен мұны «Бір Алланың
бергені, біздің елімізге жəрдемі», – деп түсіну керек. Екіншіден,

«Биыл қалайша осындай мол астық алдық?» деген сауалға жа-
уап іздеп көрейік. Бұл қайдан шыққан өнім? Неге бұрын бұлай
болмады?

– Иə, Кеңес Одағы кезінде жерге барлық норманы сақтап

қарады емес пе? Соның өзінде мұндай межені бағындыра
алмаған...

– Биыл елімізде 16,7 миллион гектар жерге астық егілді. Ал

өткен жылы 17,2 милион гектарға астық себілген болатын. Со-
ның ішінде жалпы алғанда бидайдың мөлшері 67 пайыз, май
дақылдары 8 пайыз, ал жем-шөп дақылдары шамамен 12 пай-
ыз. Міне, осыған қарағанда бізде негізінен, азық-түлік өсімдік-

тері, əсіресе, жаздық бидайдың алатын орны айрықша. Жаздық
бидай Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда егіледі. Біріншіден,
сондағы диқандар қазір егістікті ғылыми түрде егіп, ғылымның
алдыңғы дəрежесін пайдаланса ғана мол өнім алатынына көз-

дері жетті. Бұрын ғылымға бірде сеніп, бірде сенбей жүрді.
Яғни адамдардың психологиясы өзгерді. Ғылымсыз, білімсіз
егін егіп, одан мол өнім ала алмайтындарын мойындады. Сон-
дықтан жоғарыда аталған агротехнологияларды олар өз жеке

шаруашылықтарында несие алса да енгізді. Оның үстіне биыл
жауын-шашын мол болды. Солтүстік Қазақстанда орта есеп-
пен 9 миллион гектар жерде жаздық бидай егіледі. Сол жерлер-
ге Канададағы сияқты 350 – 400 мм жауын түсетін болса, біз ең

бай ел болар едік. Бізге орта есеппен жылына 180 – 200 мм ғана
жауын түседі. Биыл өсімдіктерге қажетті уақытта қажетті мөл-
шерде жауын-шашын болды. Бұл қазақша айтқанда, «Құлан-
ның қасынуына мылтықтың басылуы» дегендей жағдай. Таби-

ғаттың, ғылымның күшімен, қала берді адамның психология-
сының, нақтылап айтқанда, ниетінің арқасында осындай мол
өнім алынды.

– Не де болса егін бітік болды, мол өнім алынды. Енді оны

қалай сақтаудың амалдарын қарастыруымыз керек қой.

– 5 – 6 миллион тонна астық біздің ішкі сұранысымызға

қажет. Жалпы, жоспар бойынша 7 – 8 миллион тонна астықты
шетелдерге экспорттаймыз деген келісімшартымыз бар. Тəжік-
стан, Түрікменстан, Қытай, Белоруссия, Ауғанстан, Қырғыз-

стан елдері бізден астық алуға мүдделі. Сол елдерге бұ-
рынғы жасалған шартқа қарағанда артық астық жіберуге бола-
ды. Бұл үшін тек Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес,
мемлекеттік тұрғыда жұмыс істелу керек. Көлік жəне комму-

никация министрлігі, Индустрия жəне сауда министрлігі, басқа
да тиісті министрліктер мен халықаралық байланыстар бірігіп,
еліміздің байлығын сақтап қалу керек. Өткенде дөңгелек үстел-
де астық таситын вагон жоқ деген мəселе көтерілді. Астық та-

сымалдайтын вагоннан да жасалуы күрделі тракторлар шыға-
рып жатқанда оны жасау біз үшін қиын емес. Осыдан екі жыл
бұрын да жоғары дəрежелі өнім алдық. Биыл тағы астық мол
болды. Сондықтан енді қам-қаракетсіз отыруға болмайды.

«Орта есеппен 20 миллион тонна астықты сақтай аламыз» дейді.
Бүгінгі таңда не істеуіміз керек? Біріншіден, экспорт мəселесін
қайта қарауға тиіспіз. Астық тасымалдайтын транспорттар-
ды реттеуіміз керек. Қажет болса шетелдермен қажетті көлік-

терді төмен бағаға келісіп уақытша қажетті жерлерге пайдала-
на тұруға болады. Мысалы, Ресейден 534 астық тасымалдайтын
вагон алатын болып келісіп отырмыз. Бірақ қашанғы біз өзге-
нің вагонына қарап отыруымыз керек? Тағы бір жолы, Қайта

өңдеу ғылыми-зерттеу институтының астықты сақтауға ұсы-
нысы бар, ол екі қабатты полиэтиленмен астықты жауып тас-
тап, жазға дейін сақтау. Жазда оларды қайтадан кептіріп, əрі
қарай қамбалар босағанда соларға тасу. Бұл дұрыс жəне өте ар-

зан технология. Оны дұрыс түсініп, жеке шаруашылықтар осын-
дай əдісті қолдану керек. Мен мұны ғалым ретінде қолдаймын.
Бұл жерде басын ашып алатын мəселе жəне менің қорқынышым
деуге де болады, 20 миллион тонна астық сақтайтын элеватор

біздің елімізде жоқ! Ол өтірік! Егер мұндай көлемдегі астықты
сақтай алатын болсақ, онда ар жағында қалған 4 – 5 милли-
он тонна көп емес. Бір ретін тауып сақтауға болады. Бүгінгі
таңда элеватордың барлығы жекеменшікке берілген. Сол

жекеменшік элеватордың басында қазақтар емес, өзге ұлт-
тың адамдары отыр. Саудагершілік деген сол жерден баста-
лады. Сондықтан биылғы жылдан бірдеме етіп шығармыз,
ал келесі жылы тағы мол астық алатын болсақ, болашақта

элеваторларды мемлекет өзіне қайтарып алу керек. Кезінде
балабақшаларды қайтарып алдық қой. Міне, сол сияқты. Эле-
ватор мемлекеттің қолында болуы тиіс! Осы жерде мəн беретін
басты мəселе – элеваторлардың толып тұрғанына менің кү-

мəнім бар. Элеваторлар астық магнаттарының астығын бірін-
ші кезекте алады. Ал ауылдағы қарапайым диқандар ол элева-
торларға өткізе алмайды. Сөйтіп, олардың арасына делдал-
дар түседі де, екі ортада пайданы көретін солар. Қарапайым

диқандарға ылғалдылығы жетпейді, тағы басқа деп неше түрлі
сылтау тауып бидайын қабылдамайды. Олардың мақсаты –
бидайдың бағасын түсіру. Сондықтан жай шаруашылықтарға
элеваторларда орын жоқ. Элеваторлар магнаттардың эле-

ваторы болып тұр. Бұл – бір. Екіншіден, индустриалдық-
инновациялық жоспар жасап жатырмыз. Астықты сақтау бағ-
дарламасы бойынша неге оған қаражат бөлінбейді? Көкөніс
пен жеміс-жидекті сақтау қоймаларына индустриалдық-

иннновациялық бағдарлама бойынша ақша бөлінеді де, ал
астықты сақтау қоймалары үшін қаржы қарастырылмаған.

– Расында, негізгі байлығымыз астық емес пе?

– Еліміздің басты байлығы – астық! Көкөніс пен астықты

салыстыруға келмейді. «ҚазАгро» жүйесі немесе Индустрия
жəне сауда министрлігі неге осы мəселені қарастырмайды?
Бұл – мемлекеттің басты мəселесі.
Индустриалдық-инновациялық бағдарламаны дұрыстап

қарау керек. Сол бағдарламаға астықты сақтау мəселесін ен-
гізуге тиіспіз. Онсыз бұл мəселені түпкілікті шешу қиын. Астық-
ты сақтаудың үшінші жолы бар. Ол биылғы астықтың сапасы
төмен бір бөлігін биоэтанол жасау. Бұл да алынған өнімді ысы-

рап қылмаудың, оны орнымен кəдеге асырудың бір амалы.

– Соңғы жылдары ұн экспортынан алдыңғы орынды

бермей келеміз. Дегенмен ұн да дайын өнім емес. Тұты-
нушыға күнделікті қажет жəне сұранысы жоғары макарон
өнімдерін неге қолға алмасқа?! Макарон өнімдерін өндіруге
əрбір ауданда, тіпті ауылда мүмкіндік бар емес пе?! Біздің

бидайымыз Ресей, Украина, Белоруссияға қарағанда сапа-
лы екені рас қой.

– Рас. Бұл бізде жеткілікті дəрежеде көңіл бөлінбей отырған

бір мəселе екенін айтпай кетуге болмайды. Мысалы, біз дүние-
жүзіне 2,2 миллион тонна ұнды экспортқа шығарамыз. Бұл
дегеніңіз 3,2 миллион тонна дəн. Міне, көрдіңіз бе, ұнға ай-
налдыру арқылы біз 1 миллион тонна дəнді ұтып отырмыз.

Демек, ұнның экспорт мөлшерін көбейту керек. Екіншіден,
ұн шығаратын зауыттардың экономикалық қуаттылығын
арттыруға тиіспіз. Өзімізде макарон, вермишель, печенье
шығаруымыз керек. 1 миллион тоннадай астықты ұн жасап,

оны өнімге айналдыратын болсақ, қанша адамға жұмыс табы-
лады. Мұндай цехтарды тіпті əрбір ауылда ашуға болады. Бұл
жерде ұйымдастырушылық жұмыстары жетпей жатыр. Қазіргі
кезде дүниежүзіндегі астық саласындағы басты мəселе – клей-

ковина экспорты. Бидайдың ең негізгі мəселесі – клейковина-
сында. Қазақстан астығының клейковинасы 30 – 31 пайызға
дейін болады. Мұндай дүниежүзінде жоқ. Бізде астықтан крах-
мал алатын технология бар. Оның бағасы бидайдан үш есе

артық. Бұл дегеніңіз қыруар пайда. Мұндай мүмкіндіктердің
бəрі еліміздегі нан бағасына оң əсерін тигізер еді. Қазақстанда
нан 60 теңге емес, 15 – 20 теңгенің шамасында болуға тиіс.
Мысалы, газ өндіретін Түрікменстанды алып қараңызшы,

оларда халыққа берілетін газ тегін. Ал біз бидайды, ұнды
экспортқа шығарып отырмыз, неге бидайдан алынған өнімдер
тегін болмауы керек? Неге өмір бойы осы салада жұмыс істеп
келе жатқан мен – академик Елешев нанды 60 теңгеге сатып

алуға тиіспін?!

– Биылғы астықтың сапасы жылдағыдай жоғары дең-

гейде ме?

– Міне, осы мəселеге назар аударып жатқан ешкім жоқ. Негі-

зі, астықтың мол болып тұрғанының басты себебі елімізге жау-
ын-шашын мол түскендігінен екенін жоғарыда айттық. Ал ыл-
ғал көбейген сайын клейковинаның мөлшері азая береді. Өнім
мен клейковинаның арасын толықтыру үшін оған тыңайтқыш

керек. Ал биыл егістік алқабына сіңірген тыңайтқыштың мөл-
шері 30 мың тоннаға да жетпейді. Сондықтан біз астыққа де-
ген экспорттық сұраныстың төмендемеуі үшін оның сапасын
назардан тыс қалдыруымызға əсте болмайды. Халықаралық

стандартқа сай болмаса ертеңгі күні астығымызды сата ал-
маймыз. Мысалы, Голландия, Ресей, басқа да елдер бізден
өздерінде бидай жоқтықтан сатып алып отырған жоқ. Мыса-
лы, Ресей 90 миллион, Украина 20 миллион астық жинады.

Болашақта өнім мен сапа деңгейі бірдей болуы үшін топыраққа
мөлшерлі минералды тыңайтқышты дер кезінде сіңіріп оты-
руымыз қажет. Ғалымдардың есебі бойынша, Қазақстанда
өсірілетен егістік алқабына жылына 750 – 800 мың тонна

азот, калий, фосфор енгізу керек. Ол ең қажетті минумум.
Тағы бір үлкен мəселе бар. Мысалы, 16 миллион гектар егін
егіп жатырмыз. Болашақта осынша жерге астық егу бізге керек
пе, жоқ па?» деп ойлауымыз керек. Біздер егістіктің көлемін

азайтуға тиіспіз. Мүмкін 8 – 9 миллион гектарға түсірерміз.
Мысалы, 16 миллион гектар жерге Үкімет бюджетінен жа-
нармай, тыңайтқыш бердік. Кісілерге төледік, тракторды
жүргіздік. Ал егер егістіктің көлемін 8 миллион гектарға азай-

татын болсақ, сол 16 миллионға шығарылған ақшаны 8 мил-
лион гектарға салып, сол жерден-ақ өзімізге қажетті өнімді
алуға болар еді. Германияда əрбір шаруашылыққа квота бе-
реді. «Егер қант қызылшасын өсірсеңіз, сіздерден орта есеп-

пен осынша мөлшерде аламыз, артық егемін десеңіз өзіңіз білі-
ңіз» дейді. Үкімет бидай қанша мөлшерде керек екенін егін
егердің алдында есептеп, үлкен мониторинг жасау керек. Ал
бос қалған жерге басқа дақылдар егуге болады. Қазір ғылыми

түрде қарастырылып жатқан басты мəселе – егістік саласын
əртараптандыру. Бүгінде елімізде май жетпей жатыр. Неге
май дақылдарын көбейтпеске? Неге бұршақ тəрізді өнімдерді
арттырмасқа? Былтыр бұршақ тəрізді өнімдердің бағасы қалай

шарықтап кетті. Біріншіден, бұл өнімдермен өзімізді өзіміз
қамтамасыз ететін болсақ, екіншіден, ауыспалы егістік көлемі
реттелер еді.

ҚЫСҚА ДА НҰСҚА

– Рахымжан аға, той не үшін керек?

– «Той тойлау үшін емес, той ойлау үшін» деген сөз бар. Бұл

«мен өмірде не істедім, не істелмей қалды, соңымдағы ұрпаққа
менің ісім ұнады ма, жоқ па?» – деп есеп беру үшін керек.

– Атақ-дəрежеден кенде емессіз. Енді не арманыңыз бар?

– Менің арманым – халқымыздың əл-ауқаты жақсарып,

еліміз тыныш болса екен.

– Сізді жақсы білетіндер нағыз «сегіз қырлы, бір сыр-

лы» жан деседі. Домбыра тартады, өлең оқиды дейді...

– Қадыр Мырза Əли айтпақшы, «адам баласы еңбектеп

туып, еңбекпен өседі». Мен де сонау Ақжайықта, Батыс Қазақ-
стан облысының Мұхит ағамыздың əн салған, Қадыр Мырза
Əли, Ескендір Хасанғалиевтер туып-өскен Қаратөбе ауданын-
да дүниеге келген екенмін. Мүмкін, топырақтан қалған бірен-

саран жұрнағы болар. Алып бара жатқан күйші емеспін, жа-
рып бара жатқан ақын емеспін, бірақ дегенмен де жүрегімнің
қуанышын, ренішін өлең мен домбыраға қосатыным рас.

– Дін жолын ұстанасыз ба?

– Мен əр уақытта таңертең «Алла» деп тұрамын, «Иншалла,

бергеніңе шүкір» деп кешкілікте жатамын. Коммунист болдым,
соның өзінде де бір Алла деп жүрдім. Сондықтан «діншіл
адаммын, ораза ұстаймын, намаз оқимын» дей алмаймын, бірақ
бата жасайтыным бар, бақилық болған ағайын-туыстың басына

барғанда тілімді кəлимаға келтіріп тұрып оқитын Құранымды
білемін. Сондықтан діннің қазіргі кездегі ғылымның, білімнің,
қала берді адамның адамгершілігінің осындай жағдайға жетуіне
ешқандай теріс əсер етпейтініне көзім жетеді.

– Ұлыңыз ғылымға жақын ба?

– Ұлым өзімнің жолымды қуып жүр. Ғылым докторы,

профессор. Зайыбым да Қазақтың аграрлық университетінде
көп жылдар қызмет істеді, профессор, доцент. Біздер өзі ұстаз-
дар отбасымыз деуге болады.

– Бос уақытта немен айналысасыз?

– Менде бос уақыт жоқ. Менің қазір жалғыз арманым бар,

ол – біраз бос уақытым болып, немерелерімнің ортасында ой-
нап-күліп жүру.
11 қазан, 2011 жыл

БІЗГЕ ОЙЫ ҰШҚЫР ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАЖЕТ

– Серік Қасымұлы, Елбасы өзінің биылғы Қазақстан

халқына Жолдауында «Оңтүстік өңірлердегі энергия
тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі
жылы Балқаш ЖЭС-нің бірінші модулінің құрылысын
бастауды қамтамасыз етуді» тапсыратынын айтты. Жал-

пы, өндіріс қарқыны жылдан-жылға артуына байланысты
еліміздегі электр энергиясына деген сұраныс та үздіксіз
өсіп келе жатыр. Осындайда біраздан бері айтылып жүр-
ген АЭС салу мəселесі жайлы сізден анығырақ білгіміз

келеді.

– Осы мəселе жайында қазір тек қана техникалық мəселелер

қарастырылуы керек. Өйткені ел экономикасының дамуы мен
электр энергиясын өндіру сай келмейді. Сондықтан ел эконо-
микасын одан да дамыту үшін жаңа энергия көздері молынан
қажет болып тұр. Егер осы мəселені шешу үшін атом электр

стансасы өз үлесін қосса, онда түйінді бір мəселе тиімді шешілді
деп санаймыз. Бірақ қазіргі кезде атом саласына аздап болса
да, қорқынышпен қарау бар. Сол себепті елдің көзқарасымен
санаспай бұл мəселені біржақты шешуге болмайды.

Серік ҚОЖАХМЕТОВ,
Жоғары технологиялар
институтының бас директоры:

– Оның үстіне өткен жылғы Жапониядағы «Фукусимо» атом электр стансасында орын алған жағдайдан кейін де елімізде АЭС салу төңірегіндегі екіұдай пікір бұрынғыдан да өршіп кеткені мəлім. Қазір қандай да бір тоқтамға келдік пе? – Былтыр наурыз айында өткен үлкен халықаралық жиында мен «Фукусимо» құбылысы жалпы атом саласының дамуына кедергі жасай алмайды. Меніңше, бұл ерекше құбылыс болғаннан кейін қазір жұмыс жасап жатқан стансалар иелері қайта келешекті ойлап, бұрынғыдан да көбірек іздене бастайды, уранды көбірек іздейді деген едім. Байқап отырмыз, биыл уранның бағасы өсіп барады. Яғни, уранның қажеттілігі бүкіл əлемде артып отыр деген сөз. Егер уранға деген сұраныс төмендеп, елдің бəрі одан қашатын болса баға қайта құлдырар еді. Кейде жағдай ел күткендегідей емес, керісінше болып шығады екен. «Фукусимоға» байланысты біз осындай болжам жасағанбыз. Біздің айтқанымыз орындалып келеді. Ал АЭС салу – өте күрделі мəселе. Ол алдағы 7 – 8 жылдың ішінде шешілуі мүмкін. Қазақстан үшін келешекте бəрібір атом электр стансасын салуға тиіспіз. Батыс жəне Оңтүстік Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы айқын білініп отыр. Салып жатқан Балқаш жылу электр стансасы қалай болғанда да табиғатқа зиян келтіреді. АЭС-тар болса экологиялық жағынан тиімді. Байқап отырмыз, Жапония, АҚШ Үкіметі атом саласындағы өз жоспарларын өзгерткен жоқ. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстанға да бүкіл дүниежүзі ұстанған бағыттан қалыс қалуға болмайды. – Сіз бір сөзіңізде «Уран нарығы енді Қазақстанға тəуелді болады. Қазақстанның ұсынған бағасы əлемдік нарыққа əсер ете алады» деген едіңіз. Осы сөзіңізді таратыңқырап айтып өтсеңіз. Жалпы, уран өндірісінің болашағына қандай болжам айтар едіңіз? – 2009 жылдан бастап Қазақстан əлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет болып отыр. Былтыр да осы деңгейді сақтап қалды. Біздің жоспарымыз бойынша кемінде 2025 жылдарға

дейін Қазақстан осы рейтингтен түспеуге тиіс. Мұнымен шек-
телмей ел Үкіметі алдымызға жаңа мақсаттар, жаңа міндеттер
қойып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның əлемдік уран нары-
ғындағы бағаға əсері өте жоғары. Соған байланысты басқа да

ірі-ірі атом компанияларымен келешекке бағытталған жаңа
жобаларды жүзеге асыруды ұйымдастырып жатырмыз. Оның
негізгі мақсаты – қазіргі уақытта болып жатқан уранның қажет-
тілігін біз келешекте жаңа технологияларға, жаңа білімдерге

айналдырып, елімізде жаңа өндіріс ошақтарында уранды тек
шикізат түрінде емес, дайын өнім ретінде өндіріп шығару.
Осы жобаларды жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысында
орналасқан Үлбі металлургиялық зауытының жөні бөлек. Өт-

кен жылдың басынан өздері шығарып жатқан уран ұнтақтарын
Қытай елінің стандарт талаптарына сəйкес келтіріп, өздерінің
сапасын бірнеше рет көрсетіп, дəлелдеп, осы жылдың басынан
бері біз Қытайға тек қана шикі уранды шығармай, ядролық

отын ретінде экспорт жасап отырмыз. Əрине, бұл отынның
бағасы шикі уранға қарағанда анағұрлым жоғары. Дегенмен
жағдай біраз жылдардан кейін өзгереді. Сондықтан да жаңа
технологияларға көшіп, жаңа өндірістерді жасап, іске асыру

жоспарлары бар.

– Өз елімізде уран қышқылынан дайындалатын отын

таблеткаларын шығарудан біраз тəжірибеміз бар. Егер
отандық АЭС-тар іске қосылатын болса, шикізатпен өзі-
мізді-өзіміз қамтамасыз ете алатынымыз анық. Осы жерде
отандық ғалымдардың қарым-қабілетіне тоқтала кетсек...

– Қазір Жоғары технологиялар институтының мемлекеттік

«Қазатомөнеркəсібі» ұлттық атом компаниясындағы рөлі жо-
ғары. Өткен жылдарда негізгі жұмыстарымыз уран кеншілері
компанияларымен байланысты болған. Бүгінде тек соны қана-
ғат тұтпай, соңғы екі-үш жылдың көлемінде жаңа бағыттарды,

салаларды ашып, Үлбі металлургия зауытының келешектегі
жоспарларына байланысты зерттеулерді жəне басқа жұмыстар-
ды жасап жатырмыз. Оған бір дəлел – «Қазатомөнеркəсібі»
ұлттық компаниясы басшылары бұрын Үлбі металлургия зауы-

тына қарасты болған екі жеке инженерлік компанияны бізге

беріп жатыр. Зерттеулерді тезірек өндіріске айналдыру үшін
бізге қосымша осындай мүмкіндіктер туып тұр.

– Сіздер негізінен қолданбалы ғылыммен айналысасыз-

дар жəне бүгін бір жаңалық ашылса, ертең соны өндіріске
енгізуге мүмкіндіктеріңіз мол. Өзге ғалымдардан ұтатын
тұстарыңыз да осы...

– Дұрыс айтасыз. Жалпы, қолданбалы ғылымның сондай

ерекшелігі бар. Біз 2008 жылы «Қазатомөнеркəсібі» ҰК шешімі
бойынша тəжірибелік-технологиялық полигонды жасағанбыз.
Осы полигон жаңалықтарды өндіріске енгізу үшін өте кере-
мет көмек көрсетіп жатыр. Біз осы полигонды тек өзіміз ғана

қолданбай Ұлттық университетте болып жатқан зерттеулерді
де сынақтан өткізуге пайдаланып отырмыз. Бұл полигонның
бірі – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қыземшек ауылында,
екіншісі – Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналас-

қан. Жалпы, Жоғары технологиялар институтының ойға кел-
ген инновациядан өндіріске енгізгенге дейінгі тізбектелген ме-
ханизмі бар деп айтуымызға əбден болады. Сондықтан біздің
тəжірибемізді пайдаланып белгілі академиктердің өзі жаңа

зерттеулерінің нəтижелерін бізге əкеліп жатыр.

– Соңғы кезде уран өндіру саласында қышқылын азайта

отырып өнімді мол алатын жоба ойлап тауыпсыздар. Осы
жобаның жай-жапсарын, тиімділігін сөз етсек. Өйткені уран
өндіруге қолданылатын арнайы қышқыл жерасты сулары-
на қосылып кете ме деген көңілде алаңның бары рас.

– Экология, табиғатты сақтау мəселелері «Қазатомөнер-

кəсібі» мен оның құрамында жұмыс жасап отырған компания-
лар үшін ең бірінші мəселе. Мысалы, жылдан-жылға жасайтын
есептерге қарасақ, оның бірінші беті жұмысшылар сақтайтын
техника қауіпсіздігіне арналса, екінші беті осы – экологиялық

мəселелерге арналған. Одан кейін ғана өндірістік көрсеткіштер-
ге орын беріледі. Келешекте шетелдік əріптестерімізбен бірге
біздің институтты негізге ала отырып үстіміздегі жылдан бас-
тап Халықаралық ғылыми орталық құру ойымызда бар. Оған

тек өз еліміз ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан
сияқты елдер де қатысуға ынталы.

– Бір кездері тау болып үйіліп жатқан күкірт қышқылы

қазір кəдеге аса бастаған тəрізді. Осы жобалардың жүзеге
асуына сіз басқарып отырған Жоғары технологиялар
институтының үлесі басым көрінеді... Елбасы биылғы өз
Жолдауында тыңайтқыш өндіру мəселесіне де тоқталып

өтті.

– Жалпы, техногендік қалдықтар – негізінен екінші реттік

минералдық көздер. Біздің институтта үш жыл бұрын жапон-
дық əріптестерімізбен бірге жаңа жоба бастағанбыз. Онда
уранға қосымша өте сирек кездесетін рений металын өндіру
үшін жеке технология жасадық. Ол «Қазатомөнеркəсібіне»

өте болашағы бар жоба болған соң былтыр арнайы TOSHІBA-
мен бірге жеке компания ұйымдастырды. Олар қолданатын
технологиялар біздің институтта жасалған. Ал біздің жалпы
көзқарасымыз бойынша бүкіл Қазақстандағы қалдықтарды

да пайдамен өндіріп, ішіндегі бағалы, керекті заттарды алып,
қалған қалдықтарды МАГАТЭ талаптары бойынша өңдеуге
болады.

– Бұл салада атқарылар ауқымды істердің көп екенін

аңғарып отырмыз. Ал маман мəселесі қалай шешілуде?

– Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып тағы бір мəселені

айтып өтуді жөн деп ойлаймын. Біздің алдымызға қойып
отырған керемет жоспарларымыз баршылық. Олар 5 – 10 жылға
емес, кейбіреулері 20 жылдан астам уақытқа жоспарланған.
Мұның бəрін жүзеге асыру үшін «Қазатомөнеркəсібі» ұлттық

компаниясына, жалпы атом саласына білімді жас ғалымдар
қажет болып тұр. Өкінішке қарай Қазақстанда қазір сапалы ма-
мандар дайындап шығаратын жоғары оқу орны жоқ. Оның бір
тарихи себебі бар. Кеңес одағы кезінде осы салада мамандар

даярлайтын оқу орындары тек қана Ресейдің аумағында орна-
ласты. Ал қазір тəуелсіз ел болғаннан кейін болашаққа арналған
бағдарламаларды іске асыру үшін бізге жаңа мамандар қажет.
Сондықтан мен ғылым саласында ізденіп жүрген ұшқыр ойлы

жастарды мүмкіндігінше біздің институтқа шақырып жатыр-
мын. Бұл мəселеге мемлекеттік деңгейде арнайы назар ау-
дарылуы тиіс. Əйтпесе тағы бес-алты жылдан кейін қажетті

мамандарға зəру болып қаламыз. Сол кезде, амал жоқ, сырттан
мамандарды шақыруға мəжбүр боламыз.

– Уран өндіруден əлемдегі көшбасшы мемлекет бола

тұра елімізде осы салада мамандар даярлайтын арнайы
жоғары оқу орнының болмауы əрине көңіл алаңдатады.

– Бұл бізге де түсініксіз жағдай. Дегенмен мынадай себепте-

рі бар. Мысалы, мұнай мамандығына жылына жүздеген маман-
дар даярлауға тиіс болса, уран саласына жылына 10 – 15 маман
ғана қажет болады. Оның үстіне біздің саламызға даярланатын
инженерлік, техник кадрларды дайындайтын оқу орны арнайы

аспаптар мен құралдармен жабдықталуы керек. Қазір біздің
жоғары оқу орындарының ондай мүмкіндіктері жоқ. Оған Білім
жəне ғылым министрлігі қосымша қаржы бөлуі керек. Дегенмен
біз шамамыз келгенше «Қазатомөнеркəсібі» ұлттық компания-

сына келіп жұмыс істегісі келетін жастардың курстық, диплом
жұмыстарын жасағанда осында да қабылдап, полигондарға жі-
беріп, тəжірибе алмасуға қолдау көрсетуге əрқашан дайынбыз.
«Қазатомөнеркəсібі» ұлттық компаниясының ел экономика-

сы саласындағы орны өте үлкен. Компания елдегі бесінші ірі
салық төлеуші болып саналады. Сондықтан бұл салада ауқым-
ды мемлекеттік жүйе болуға тиіс деп ойлаймын.

– Оның үстіне елімізде АЭС салынатын болса, бұл са-

ладағы білікті жергілікті мамандар тіпті қажет болмай
ма? Өйткені стратегиялық маңызы бар ерекше нысанды
өзгелердің қолына беріп қоюдың өзі ақылға соншалықты
қонымды емес.

– Əрине, өте дұрыс айттыңыз. Бұл ерекше сала болған

соң мемлекеттің азаматтары бұл саладағы барлық жұмысты
өздері басқаруға тиіс. Оның құпия жағдайлары, еліміздің қа-
уіпсіздігіне байланысты мəселелер бар. Сондықтан да сырт-
тан келген адамдарға бұл саланы сеніп тапсыра алмаймыз.

11 ақпан, 2012 жыл

МАЗМҰНЫ Алғысөз....................................................................................................3 Майко САҒЫНДЫҚОВА. Ипотека – халыққа да, банкке де тиімді................................................5 Қалдыбай ПІРƏЛИЕВ. Біздің табиғатымыз дəрілік өсімдіктерге бай......................................12 Оразəлі СƏБДЕН. Ауылдан алғанымызды қайтаратын кез келді.....................................17 Нұртай САБИЛЬЯНОВ. Бар болса, елмен бөліскен жақсы.........................................................24 Самарқан САЙБОЛАТОВ. Астананың қасында кірпіш зауыттары бар, соның жұмысын жандандыруды ешкім ойламайды...........................30 Бауыржан ОСПАНОВ. Корпорацияда жергілікті ұлттың көп болуы заңды, өйткені бұл – Қазақстан!.......................................................................36 Əйкен ҚҰТЖАНОВА. Жеңіл өнеркəсіп саласында ғылыми-зерттеу жүргізетін арнайы институт жоқ..........................................................45 Құрбанғали ТЫНЫШТЫҚБАЕВ. Əлемде кремний «революциясы» басталып келеді............................51 Мұрат ЖҰРЫНОВ. Стратегиялық мəні бар нысандар мемлекет меншігінде болуға тиіс..........................................................................57 Нығметжан ЕСЕНҒАРИН. Реформаны жүргізуде жастар жаңаша ойлайды.................................68 Жарылқасын САДЫҚОВ. Жаңалығымыз бəсекеге қабілетті екенін орыстар түсініп отыр.............................................................................77

Бақдəулет КЕНЖАЛИЕВ. Шетелдіктерге идеяларымыз су тегінге кетіп жатыр.........................83 Зұлхарнай СЕЙІТОВ. Қымыздың арқасында біздің аталарымыз Сексенбай, Тоқсанбайларды дүниеге əкелген.....................................90 Марат ШЫМЫРБАЕВ. «Бəйтерек» кешені іске қосылса, Қазақстан нағыз ғарыш мемлекеті болады..........................................98 Ізбасар БОЗАЕВ. Алыпсатарлықтың ауқымынан шыға алмай жүрміз.........................105 Хайролла ҒАБЖƏЛЕЛОВ. Мен осы күні «теңгенің авторымын» деуге ұяламын.......................112 Əлихан БƏЙМЕНОВ. Кейбір саясаткерлер қазақша бір мəселені айтса, орысша басқаша сөйлейді...................................................................120 Əзімхан САТЫБАЛДИН. Отандық өндірісті көтермей, елдің тұрмыс ахуалы жақсармайды....................................................130 Бағдат ТЕЛТАЕВ. Ақылы жолға капитализмнің жат элементі ретінде қарамау керек..........................................................................139 Гүлшара ƏБДІХАЛЫҚОВА. Зейнетақы қорлары отандық өндірісті дамытуға үлес қосып отырған ірі инвесторға айналды....................149 Қуаныш АЙТАХАНОВ. Көксарай құрылысы Сырдария мəселесін түпкілікті шешеді.................................................................................160 Ерұлан ЖАМАУБАЕВ. Отандық банк секторына жаңа ойыншылардың келуі ешқандай кедергі келтірмейді.............................................................172 Ақылбек КҮРІШБАЕВ. Ұлттық тағамдарымыз экологиялық таза тауар ретінде талайлардың тілін үйіретініне күмəн жоқ.........................................181 Серік АХМЕТОВ. Ірі жолдарды халықаралық стандартқа сай етуде тек бюджетке қарап отыруға болмайды.............................................193 Дəуренбек МƏЖИТОВ. Қажет болса, теңгедегі орысша жазуды алып тастау қолымызда тұр................................................................204

Амангелді АПУШЕВ. Мен генетикалық модификацияланған өсімдіктердің өнімдерін жан-жақты сарапсыз пайдалануға мүлде қарсымын...................................................................................215 Ілияс ИСАЕВ. Терең ғылыми тұрғыдан алғанда мемлекеттің ақшаны сырттан іздеуімен келіспеймін.............................................225 Шалқар ЖҮСІПОВ. Банктік емес ұйымдарға баса назар аударатын кез келді.................236 Дархан НҰРПЕЙІСОВ. Бұл – өткенге есеп беріп, алдағы уақытқа жаңаша жоспарлар жасайтын кез.......................................................247 Əділхан ƏБІЛДАЕВ. Кен қорының бəрі таусылғанда, менің ғылыми еңбегімді іздеуі мүмкін... ..........................................258 Ғалым БАЙНАЗАРОВ. Қазақстан – Халықаралық қаржы орталығы болуға лайықты ел...............................................................................270 Рахымжан ЕЛЕШЕВ. Астық магнаттарынан элеваторларды мемлекетке қайтарып алу керек..........................................................286 Серік ҚОЖАХМЕТОВ. Бізге ойы ұшқыр жас ғалымдар қажет...............................................295

Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

Редакторы Күнімжан ЕРЛЕПЕС
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ

Кітапта Айтжан Салықұлы түсірген суреттер пайдаланылды.

ИБ № 317

Басуға 02. 06. 2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16, 0.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 6881.
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz

Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙