TELEGEI

Home

Ақұштап Бақтыгереева 1-том

Ақұштап Бақтыгереева

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақұштап Бақтыгереева 1-том

Бұл жинаққа ақынның жастық шақ жырлары топтастырылды. Ақ Жайықтың асау толқынындай жігерлі, буырқанған сезімге толы, айдынындай мөлдір өлеңдер ақынның қайта оралмас көктем өмірінің естелігіндей. Жинақ жырсүйер оқырманға арналған.

Бақтыгереева А.
Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2014.

ІSBN 978-601-292-968-3

Т. 1: Ақ Жайық айдыны. Өлеңдер. – 376 б.

ІSBN 978-601-292-969-0

Бұл жинаққа ақынның жастық шақ жыр­лары топ­
тастырылды. Ақ Жайықтың асау тол­қынындай жі­
герлі, буырқанған сезімге толы, айдынындай мөлдір
өлеңдер ақынның қайта оралмас көктем өмірінің

естелігіндей.
Жинақ жырсүйер оқырманға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5

Б 21

© Бақтыгереева А., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014

ІSBN 978-601-292-969-0 (Т.1)

ІSBN 978-601-292-968-3

Б 21

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді

ӨМІР КЕРУЕНІ ЖӘНЕ ӨЛЕҢ ӨЗЕНІ А қ қыз, ақ ана, ақ әже, Ақұштап. «Ақ Жайық», «Ақ желең», «Ақ шағала», Ақұш­тап. Зымыраған уақыт. Сырт көзге ақын біткен өзара ұқсайды. Ол заңды да. Өйткені олардың қай-қайсысы да бір салада, дәлірек айтсақ, бір жанрда жұмыс істейді. Өйткені олардың өмір сүріп жүрген қоғамы, көріп жүрген дүниесі, арқалап жүр­ ген жүктеріне шейін ортақ. Сөйте тұра сол топтың ішінен, үңіле қарасаң, өзгеге ұқсамай­ тын сөз саптам, өзгеге ұқсамайтын бояу бай­ қалады. Ақындық ірілік, шығармашылық да­ ралық деген, міне, осы! Бірақ, өкінішке орай, қатардағы қарапа­ йым оқырман түгілі, тісқаққан әйдік әдебиет­ шілердің өзі бұған мән бере бермейді. Дара­- лай алмайды. Бұған кейде сыншының саяз­

дығы кінәлі болса, кейде объекті – ақындар­
дың бедерсіздігі кінәлі. Ондай ақындарды
оқып отырғанда кімнің кім екенін аңғара ал­
майсың. Кейде тіпті солардың еркек-әйел­дігін

ажырата алмай қор боласың. Барып тұрған
әдеби гермафродиттер! Тура осы әңгіменің
өзіне байланысты мысалдар келтіріп, ұзақ-
ұзақ мақалалар жазуға болар еді. Оның бәрі­

не жай уақытың түгілі, ғұмырың жетпейді.
Бұл, әрине, мақтанарлық құбылысқа жатпай­
ды... Ақұштап соны, құдайға шүкір, өте ерте
аңғарған. Поэтикалық этикалық позициясын

кезінде дұрыс таңдаған.
Шырағымбысың,
Шынарымбысың,
Қыранымбысың,

Жыр-әнімбісің?
Бәрі де сен бол,
Мен әйел болам,
Өзіңе ғана ұнауым үшін!

Иә, әйел! Соның өзі құдірет, соның өзі ға­
ламат күш емес пе? Ендеше одан басқа болып

керегі не? Еркекке еліктеп, еркекшораланып
керегі не? Ақын әйел ғана емес, жай ғана әйел­
дің өзіне басқа біреу болып қажеті не?..
Әйтсе де дәл осы арада өзінен-өзі сұрақ

туады. Сол құдірет деп отырған арулардың
құдіреті неде? Ол сұраққа да «Сіңліме сыр» де­
ген өлеңінде Ақұштап ақын алдын ала былай
деп жауап береді:

Ісіңнен кейін есіңде сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік!
Ешкім күтпеген оқыс ұғым, оқыс ақыл.
Оқыс, оқыс та болса, орынды ақыл. Ойланды­

ратын, толғандыратын, ақыр аяғында мойын­
дататын, амалсыз мойындататын шындық.
Айтып қана қоймайды, жазып қана қоймай­
ды, Ақұштап ақын осы қағиданы үнемі ту ғып

ұстайды. Меніңше, оның әйелдік бақыты да,
міне, осында. Рас-ау, он адуын әйелдің ала ал­
маған кішкене қамалын бір ару, ақылды ару
нәзіктігімен-ақ жеңіп алады! Соған иманын­

дай сенген Ақұштап осы нәзіктік, осы бия­

зылық, осы әдептілік, керек десеңіз, тіпті, осы
әлсіздікті әйел затының нағыз мықты құра­
лы, нағыз қаруы ретінде насихаттайды.
Мен болсам қызарамын өз-өзімнен,

Жанарым жанарыңмен соғылып қап.
Бөлмеге кіріп келді жайма-шуақ,
Күлгенде екі жанар жолығысып.
Арқамнан қақшы бір сәтке,

Жұбанбасымды білсең де!
Кенеттен жарқыл ойнап, нөсер жауса,
Аймала өңіріңе паналатып!
Қыздардың әдеті бар келіспейтін,

Бұлқынсам, сүймейді деп күдіктенбе!
Ал бәрін ұмыттырып бара жатыр
Шашыма тиіп кеткен саусақтарың!
Бұлай деп ешбір еркек айта алмайды. Қан­

ша лирик, қанша әйелжанды болса да, Тұман­

бай құрдасымның өзі де дәл осылай айта алар
ма екен? Азамат ақындар түгілі, ару ақын­
дардың бәрі бұлай дей алмас! Бұлай деп тек
Ақұштап қана жаза алады. Өйткені ол өзінің

әйелдік құдіретін өзгелерден гөрі тереңірек
сезінеді. Бір ғажабы: дәл осындай сөйлеп
отыр­ған нәзік сезім иесі бір кездері он-он
бес жыл бойына бұтына шалбар киіп, қолына

қамшы ұстап, ұл болып өскен қыз... Бірақ та­
биғи инстинкт, ақындық инстинкт қоя ма! Ол
өзінің хрестоматиялық, антологиялық тама­
ша өлеңінде былай деп сыр шертеді:

Қалмадым елі қасыңнан,
Мен болдым қызың, ұлың да.
Үйір ғып қойдың жасымнан
Қамшыға, асау құлынға.

Жатпадым ана қойнына,
Сен келмей тамақ ішпедім.
Оралып тыста мойныңа,
Тізеңнен үйде түспедім.

Жарқырап бір от көзіңде,
Ұсындың сусын бал қатып.

Жол жүріп қайтқан кезіңде
Алдыңнан шықтым шаңдатып.
Тұлпарды жексең шанаңа,
Делбесін қақтым елеңдеп.

Сен жүрдің «Ертең балама
Келіншек алып берем!» деп.
Жинамай асық қалтаға,
Ерекше сенің өсті «ұлың».

Бір күні менің арқама
Төгіліп кетті қос бұрым!

Міне, осы күннен бастап, не жазып, не қой­
са да, Ақұштап өзінің ең алдымен ару екенін,
яғни қыз екенін, болашақ ана екенін ұмытқан
жоқ. Ұмыту қайда! Ол қайта, керісінше, өзінің

әйел екендігіне акцент жасаумен келеді. Ак­
цент болғанда қандай!
Бірге өткіздік әрбір күнді, әр айды,
Сеніменен бірге атқан таң арайлы.

Бүгін маған сәбиіңнің жанары
Сенің тұнық көздеріңмен қарайды.
Күлімдесе, жанарында нұр тұнды,
Сәл қамықса, мөлдір тамшы іркілді.

Құлап тұрды, тірек іздеп қол созып,
Саған менің жүрегіммен ұмтылды.
Сол бір ермек жетіп жатқан күн-түнге,
Сонда сенің мінезің де, күлкің де.

Сен мені іздеп, мен сені іздеп жүзінен,
Қос махаббат соған ауды бұл күнде.
Міне, саған нәзіктік! Міне, саған әйелдік!
Міне, саған классика! Өзің жазбасаң да, өзің

жазғандай қуанарлық өлең.
Жалпы махаббат тақырыбы үлкен такты­
ны, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақы­
лық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат.

Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан
шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да
абырой әпермейді. Ақұштап соны өте жақсы

біледі. Сондықтан мұндай тұстарда мейлінше
ұқыпты, мейлінше зергер. «Қысқы түн» деген
өлеңінен үзінді оқып көрелік:
Он екі айда сағынта

Табиғат берген сый мына:
Қонады келіп ақ ұлпа
Сені мен менің иығыма.
...Бақыттың басы болар ма

Сен мені алғаш сүйген күн?!
Ұмытып қысты содан ба,
Қақпастан қарды үйге ендім.
Үлгертпей мені не деуге,

Сен қарды еппен қаққаның.
Сау ете қалды еденге
Иығыма қонған ақ қарым.
Бір жалын шарпып өткендей

Селк етіп шоршып түстім мен.
Қапыда сусып кеткендей
Ақ торғын көйлек үстімнен!

Байқайсыздар ма: бағзы біреулер әп-әсем
дүниені
порнографияға
шейін

құлдырат­
са, Ақұштап сыпырылып кеткелі тұрған жа­
лаңаш порнографиялық сәтті биік көркем­
дікке көтеріп әкетеді. Шеберлік деген, нағыз

ақын­дық деген осы болса керек! Жалпы сөз
құдіретінде шек жоқ. Мәселе қыбын табуда.
Қыбын таба білген адам тіптен қарапайым, қа­
рабайыр құбылыстардың өзін көркем кестеге

айналдырып жібереді. Марқұм Хамит Ерға­
лиев ағамыздың «Біздің ауылдың қызы» атты
дастанында мынандай бір егіз тармақ бар:
«Можно?» деген жалғыз ауыз қыз сөзі

Бір жігітті алып кірді бөлмеге.
Маған оқырман ретінде осы жолдар сұм­
дық ұнайды. Неге? Түсіндіре алмаймын. Қыз­
дың өзі де емес, көзі де емес, «Можно!» де­

ген бір-ақ ауыз сөзі. Оның өзі орысша. Бірақ
сиқырлы сәт. Осындай бір жұмбақ құдіретті
Ақұштаптан да байқаймын.
Жанарым талды қараудан

Қонбаған самолеттерге!

Немесе,
Әйнекке тиген әр тамшы
Сен болып тағы алдады.
Жалпы поэзияны талдау, түсіндіру – әде­

биетші-сыншылардың міндеті ғой. Десек те
өлеңді ұғу аз, онымен үйлесім табу қажет.
Барлық құдірет сонда жатыр.
Ақұштап әдетте дүниенің, тіпті адамның

өзінің сыртына, өң-түсіне мән беріп жатпай­
ды. Оған керегі – олардың ішкі дүниесі, ішкі
сыры. Қуыршағының көйлегін шешіп, кінді­
гін шұқып, ар жағында не бар екен деп, шұқ­

шия қарайтын құпияқұмар бүлдіршін тәрізді
ақын қарындасымыз да тіршіліктің түпкі
сырына құштар. Құштар ғана емес, қайтсе де
соны біліп тануға, білгенін әдемілеп айтып бе­

руге ұмтылады. Ал байқап қалса, өзгенің ғана
емес, өзінің пенделігін де бүкпей айтып са­
луға бар. «Тамада» деген өлеңінде бүкіл қонақ
біткеннің төрде отырған мықтының ығына

жығылып, өз қадір-қасиеттерін ұмытып кете

жаздаған жақын-жуықтары жөнінде барын­
ша шынайы шумақтарға жолығасыз.
Сол бұйырса, құйылғалы шай тұрды.
Сол шешеді үйге қашан қайтуды.

«Жүргеніміз дүниеде жер басып
Сіздің арқа» деген сөз де айтылды.
Жалған тілек жүрегімді жаралай,
Еш адамның көзіне тік қарамай,

Кезегімде мен де бір тост көтердім
Сау болсын деп төрде отырған сол ағай.
Сау болсын деп дені кербез жеңгенің,
Өзгелердің сөзін қайта жөндедім.

Мен де отырдым осы кеште амалсыз
Бірі болып екіжүзді пенденің!
Бұл айтылмай, жазылмай жүрген тақы­
рып та емес. Әркім әр қырынан суреттеп-ақ

баққан құбылыс. Бір ғажабы: соның бәрінде
де кейіпкерлердің тоқсан тоғыз пайызы жа­
рамсақ, жағымпаз пенде күйінде бейнеленіп,

автордың өзі ғана періште қалпында қалып
отыратын. Ал Ақұштап өзін өзгеден бөліп ал­
майды. «У ішсең руыңмен» дегендей, ортамыз
қандай болса, өзіміздің де сондай екенімізді

ашық және ащы айтады.
Мен де отырдым осы кеште амалсыз
Бірі болып екіжүзді пенденің.
Мұсылман қауымының ішінде біздің халық

жалпы әйел жұртына мүмкіндігінше қысым
жасамаған, қыздарын еркелетіп өсірген, сол
қыздарының абыройы, сол перзенттерінің
көңілі үшін жиендерімен айрықша қарым-қа­

тынас жасаған ерекше елміз. Бірақ тірлік, тағ­
дыр түгелдей адам қолында емес. Халықтың,
ер-азаматтың ықтиярынан тыс, мүлдем жоға­
ры тұрған қанша жайлар бар. Сондықтан да

болса керек, қазақ әйелдерінің жағдайы әлі
күнге шейін қиын.
Әйелге қанша ауыр болса, әйел ақынға одан
да қиын! Соның өзінде бақытты деген Бақ­

тыгерееваның да жыларман болар сәтте­рі
жоқ емес. Бірақ Ақұштап – Ақұштап қой. Кей­

де ол күйбең тірлікті былай ысырып тастап,
қоғамдық шаруалармен шұғылданып, киноға
түсіріп, теледидардан сөйлеп, күйіп-пісіп жа­
тады. Газет-журнал бетінде көл-көсір мақала

жазып жанашырлық білдіреді.
Тынбаспын, сірә, жырлаудан,
Туған жер – анам айналған.
Депутатыңмын туғаннан

Дауыссыз, даусыз сайланған, –
десе, дегендей. Міне, осындай ресми депута­
тыңнан артық болмаса, кем емес перзенттік
парыздармен жүріп, қарындасымыз не көр­

меді?! Күрескер де қажиды, темір де тозады...
Балаға қандай уақытың кетсе, өлеңге де
сондай уақытың кетуге тиіс. Сол уақыт бар
болғырың бүлдіршіндерден ауыса қойса жақ­

сы! Ауыспайды. Ақын ана аласұрады. Сөйте
тұра, біреулердің ағыл-тегіл жылап айтаты­
нын Ақұштап назға айналдырады.
Мен жүрмін өлең жазып, Жұбан аға,

Бұ күнде немеремнің жөргегіне! –

дейді Жұбан Молдағалиевқа арнаған топта­
масында. Жұбан баяғыда марқұм болып кет­
кен. Тіпті тірі жүргеннің өзінде не істей алар
еді, қандай көмек бере алар еді. Оны Ақұштап

түсінбейді емес, түсінеді. Бұл жәрдем сұрау
емес, әншейін шер тарқату, мұңын айту ғана.
Әйтпесе:
Ағайыннан, жердегі туысқаннан

Жұлдыз жақын тәрізді аспандағы! –
деп жазған автор осы сөзін ұмытып кетіп
отыр дейсіз бе?!
Заман мен адамды бөліп керегі жоқ. Адам­

мен бірге заман, заманмен бірге адам өзгеріп
жатқан жоқ па?
Қыз дегенің болмысынан ана. Ал Ақұштап
оған қоса болмысынан ақын. Осылай болып

жа­ратылғанмен, сол екі қасиеттің басын дұ­
рыстап қоса алмай жүрген ақын қыздар аз
ба? Аз емес. Ақұштап басын қосам деп әуре
болмайды. Ол өзін әрі ана, әрі ақын сезінеді.

Өйткені осынау екі қасиетті құдірет Бақтыге­

рееваның басында біртұтас дүниеге айнал­
ған. Оның маңдайындағы екі көздің бірі – ана­
ның көзі болса, бірі – ақынның көзі.
Боз үйдің ар жағында кемпір отыр

Сәбидің күнде қалған қуыршағындай!
Бұлай деп азамат ақын айта алмас. Ол тү­
гіл, әйел ақындардың өзі осылай көре қояр
ма екен?! Ал көркемдік кредосын о бастан

дұрыс анықтаған Ақұштап тап осылай жаза­
ды. Қайталап айтам, өйткені ол өзінің әйелдік
құдіретін басқалардан гөрі тереңірек сезіне­
ді. Және сол қымбат сезімді жоғалтып алмай,

әлі күнге дамыту үстінде.
Сол сезімді өлең-өмірге ала келген ақ қыз –
сол сұлу сезімді әлдилеген ақ анаға, ал сол
сұлу сезімді әлдилеген ақ ана – осының бәрін

өнер биігіне көтерген ақ әжеге шейін өсті. «Ақ
Жайық» – «Ақ желкенге», «Ақ желкен» – «Ақ
шағалаға» айналды.
Өмір керуені қоңыраулатып ұзап барады,

ұзап барады.
2-207

Өнер өзені асып-саспай, асып-таспай са­
бырлы ағып жатыр, ағып жатыр.
Қадыр МЫРЗА ӘЛІ,
Қазақстанның Халық жазушысы,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

Ыстық-ау туған
жер деген...

ЫСТЫҚ-АУ ТУҒАН ЖЕР ДЕГЕН...

Күшті ғой туған жер деген
Сағынтып маза бермеген.
Анаңдай алғаш айналған,
Әкеңдей тұңғыш тербеген.

Ыстық-ау туған жер деген.
Жалын ғой туған жер деген
Лапылдап бойда сөнбеген.
Сезімді оған арналған

Ешқандай күшің жеңбеген.
Арың ғой туған жер деген.

БҰЛБҰЛ

Сайрайды бұлбұл

биіктен алып дауысын,
Тербелтіп бақты,

мүлгітіп бүкіл тау ішін.
Сайрайды бұлбұл

құбылтып үнін тынбастан,
Тіршілік оған

риза сол бір ән үшін.
Ән қажет гүлге

қырларды жапқан көктемде.
Ән қажет шыңға

сәулесін ақ таң төккенде.
Не жетсін, шіркін,

ғажайып мына өмірде
Бір рет нағыз

бұлбұлша сайрап өткенге.

* * *
«Кел, – дейді таудың самалы, –
Кешікпей алма бағына».
«Көр», – дейді маған даланы

Көктемнің қызғалдағы да.
«Кел», – дейді маған тас жарып,
Сарқырап аққан бұлақ та.
«Ер», – дейді маған ақша бұлт

Қыдырған сонау жырақта.
Таңда да, кеште әрқайда,
Түнде ауып, кейде батқанда Ай,
Дауыстар түрлі шалғайда

Шақырып мені жатқандай.
«Көр, – дейді, – бүгін жағаны», –
Толқыны ерке Жайықтың.
Жігіт те жымың қағады,

Ескегін нұсқап қайықтың.

* * *
Шыңда жел, боран бар,
Онда гүл болмайды.
Сонда да қырандар

Шыңдарға самғайды.

* * *
Таң нұры аймалайды мұнараны,
Бөлмеде жанып тұрды шырақ әлі.
Өлең бұзған ұйқымды тағы бұзды

Көбелектің отқа кеп құлағаны.
Жанып бітті көбелек, түк қалмады,
Қос қанаты ажалдан құтқармады.
Келе жатқан арайлы алғы таңды

Басқа тірлік асығып күтті алдағы.
Уақыт зулап, әр түрлі белесті өтем,
Көбелекті көзіме елестетем.
Оттай жанған өмірге мәңгі құштар

Ақын жүрек дәл сондай емес пе екен?!.

ТАҢ Шың басын

алаулатып шығыс нұры,
Құрақтың

мөлтілдейді күміс шығы.
Ұйқыда

орман-дала, құстар әлі,
Даланың

бәз қалпында тыныштығы.
Алыстап

Үркер қайда асықты екен?
Әлде одан

таңның нұры асып па екен?
Ал Шолпан

жалғыз қалып, тапжылмайды,
Жердегі

бір жігітке ғашық па екен?

ҚЫЗҒАЛДАҚ

Көк майса жапқан бөктердің
Гүлдерін іздеп, көп тердім.
Қырларды жапқан қызғалдақ,
Сыйлығы ма едің көктемнің?

Күндей боп әсем күліппін,
Тек қана гүлді жұлыппын.
Көктемді сүйген қызғалдақ,
Арманы ма едің жігіттің?

Қудың да қыстың ызғарын,
Орнына өстің мұз-қардың.
Айтсаңшы маған, қызғалдақ,
Сырласы ма едің қыздардың?

ҚЫЗҒАЛДАҚ МАҒАН ҰНАЙДЫ

– Сүйерің не? – деп сұрайсың,

Осылай, достым, сынайсың.

– Көктемгі қырдың еркесі –

Қызғалдақ маған ұнайтын.

– Ғұмыры оның тым қысқа,

Шықпайды дейсің бір қыстан.

– Теңі жоқ бақыт ол үшін

Көктемгі тұңғыш нұр құшқан.

– Қуантар дейсің көңілді

Көркейтіп бір күн өңірді.

– Кім үшін керек, достым-ай,

Қаңбақтың ұзақ өмірі.

МЕНІ ЕСКЕ АЛ

Тал шыбық тұрар жағада,
Майысып жеңіл желменен.
Мені еске ал соған қара да
Көңілін көп ой тербеген.

Қызғалдақ көрсең мені еске ал
Самалмен қырда билеген.
Домбыра көрсең мені еске ал
Шегіне саусақ тимеген.

Жол жүріп шықсаң, белес бар
Талайлар ізін қалдырған.
Қарлығаш көрсең мені еске ал
Оралып ұшқан алдыңнан.

ДАЛАДАҒЫ КӨРІНІС

Қағида ғой білетін бүкіл ғалам,
Қашқанменен ажалдан құтылмаған.
Тырнағында шырқырап қарақұстың
Тышқан кетіп барады тыпырлаған.

Аунап жатқан әдемі көлім, далам,
Мына жайға болды енді көңіл алаң.
Әлсіз бенен күштінің арпалысын
Ескертті ме қайтадан өмір маған?!

АУЫЛЫМ

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты.
Құйын да тентек сендегі
Балалық шағым сияқты.

Іздерім қайда құмдағы
Су алып қайтқан құдықтан?
Алқызыл гүлдер қырдағы
Лентам шығар ұмытқан.

Баламен сотқар желді күн
Желбіреп шашым жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін
Ол күндер қалды алыс тым.

Сыбдыры таныс талыңның,
Сырлас жел, самал, дауылым.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, Ауылым!

АУЫЛДЫҢ ТЕНТЕК ҰЛДАРЫ

Әр үйдің бір-бір нәні едік,
Ақылға өзге көнбейтін.
Бәріміз онда бала едік
Ұл-қыз деп ешкім бөлмейтін.

Таласа кешіп көлдерді,
Жарыса шаптық жолдармен.
Бұл күнде мінез өзгерді,
Сотқарлық бірдей болғанмен.

Ғашықтық алғаш жырларды
Жазатын бізге арнап көп.
Ауылдың тентек ұлдары,
Кеттіңдер бүгін солдат боп.

Үмітін ақтап атаның,
Жалына тұлпар жеттіңдер.
Толтырып аға қатарын,
Әскерге сендер кеттіңдер.

Қағысып қатар өскен ек,
Ендігі сырды қызғандық.
Қызғалдақ гүлін кестелеп,
Сәлем хат жолдап біз қалдық.

Қол бұлғап шықтық қырларға,
Кең дала жатты жап-жазық.
Шығарып салған ұлдарға
Тұратын болдық хат жазып.

Шығыстың өткір ызғары
Етіктен өте бастады.
Жүрсіңдер ойлап қыздарды,
Елдегі қалған достарды.

Ғашықтық алғаш жырларды
Жазатын бізге арнап көп.
Ауылдың тентек ұлдары,
Қайтыңдар батыл солдат боп.

3-207

АУЫЛҒА ХАТ

Жазшы маған, жан құрбым, ауыл қандай?
Арайлы ма, ақын жан сағынғандай?
Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз,
Жауабыңды күтемін сабыр қалмай.

Шықты ма аты ерлердің еңбектегі,
Қалай биыл көктемгі жер көктеуі?
Қалай жеңге, келіннің сыйластығы,
Кеткен жоқ па азайып жөргектері?

Кеуделерін кернеген жаңа шабыт
Жатыр ма әлде жас қауым қала салып?
Мынау қырдың иісі өткір жусандары
Кеткен жоқ па жылдан-жыл аласарып?

Тербетіліп самалға бал көдесі,
Жайнап тұр ма құс қонған әр төбесі?
Марқасқа деп аталған жігіттердің
Бұрынғыдан биік пе мәртебесі?

Деп едіңдер көмуін қойды құмдар,
Толған шығар орманға ой мен қырлар.
Көршілердің түзу ме сәлемдері,
Ойнақтаған тату ма тай-құлындар?

Қолғабыстан жас келін тартынбай ма,
Ақ алмастай жас жігіт жарқылдай ма?
Кешкі ертегі айтатын әжелерден
Бесіктегі жас сәби ән тыңдай ма?

Аз ойналып домбыра күйі бүгін,
Молайтса ел модамен киінуін,
Қайта құрып алармыз барлығын да,
Жоғалтпасақ жүректің мейірімін.

Қос жүректің арманын жариялар
Қосылды ма жаңадан сан ұялар?
Ұлағатты сөз айтып, қымыз ішіп,
Той төрінен тарқай ма қариялар?

ҚЫРАННЫҢ ТҰЯҒЫ

Нарында құм қияға құс қонатын:
Ақ қарға түлкі аунайтын қыс болатын.
Баласы Жанғұттының Рсалы би
Сонарда өмір бойы құс салатын.

Бір бүркіт Рсалымен жасты да екен,
Бұл маңда одан бір құс асты ма екен?
Жанғұтты тұқымында бүркіт бағу
Сақталған ата-баба дәстүрі екен.

Рсалы қансонарға асығады,
Өзінің мән бермеген жасына әлі.
Есеппен Қара бүркіт қартайды деп,
Жаңадан жас балапан асырады.

Рсалы өз даңқына сенген еді,
Жас құсты жас балаға тең көреді.
Қос бүркіт теңдесі жоқ байлығындай,
Екеуін өз қолымен жемдеген-ді.

Жемдейтін бар қызылды бөле жарып,
Жан еді икем қимыл, денелі, алып,
Итеріп шау бүркітті кеудесінен,
Өкпені ол балапанға береді алып.

Алдында шау бүркіттің ет табағы,
Жұғын боп қалды қызыл өкпе қаны.
Жарқ етіп жанарында оқыс ұшқын,
Шор болып көкейінде кек қалады.

Содан-ақ Қара бүркіт көсілмеді,
Ұмыт боп сылап-сипап өсіргені.
Аш-тоққа тарықпайтын қыран тұяқ
Кеудеден итергенді кешірмеді.

Рсалы кетті ұмытып ілезінде,
Тәйір-ай, не тұр құстың мінезінде...
Құс түгіл, адамға да мән бермейтін
Тұрғанда билік, дәулет бір өзінде.

Тең құсты бүркітіне таппай келген,
Үмітпен қос бүркітті баптай берген.
Рсалы қансонарға даярланса,
Шау бүркіт ескі кегін сақтай берген.

Жетті би қансонарға қыс кезінде,
Жүйрік ат, қырағы құс, күш те өзінде.
Бұл жолы Қара бүркіт түлкіге емес,
Құйылып Рсалының түсті өзіне.

Бұл жағдай ұзақ жүрді ел есінде,
(Көзімен көрген айтса сенесің де).
Бүркіттің бар тырнағы ажырамай
Кетіпті Рсалының денесінде.

Бұл өлім сабақ болған өлмегенге,
Тарапты аңыз болып елден-елге.
Қыран құс ой салғысы келді ме екен
Намысы оянбаған пенделерге.

БӘРІ ДЕ БОЛҒАН...

Ұлдары болған даланың –
Ел үшін найза қолында,
Қалмаған дұшпан соңында,
Жақсының жүрген тобында,

Арулар өлген жолында.
Қыздары болған даланың –
Көшкенде жабық күймемен
Бетіне тозаң тимеген,

Жиынды дара билеген,
Батыр да батыл сүймеген.
Бәрі де болған далада,
Ару да, гүл де, Ана да,

Сақалы бурыл дала да,
Саналы туған бала да,
Бәрі де болған далада...

ТУҒАН ЖЕР

Күй болып тарап кеудеден,
Жүрекке маза бермедің.
Сезіммен бойды тербеген
Махаббат деген сен бе едің?

Қайнары, көзі ырыстың
Орманың, тауың, көлдерің.
Таңдағы нұры Шығыстың
Ақ арай деген сен бе едің?

Өзгеден оқшау көретін
Ерекше қия бел ме едің?
Сан тарап ойды бөлетін
Сағыныш деген сен бе едің?

Самалдың жібек мені өпкен
Жұпарын аңсап шөлдедім.
Күлкіге шексіз кенелткен
Қуаныш деген сен бе едің?!

ОН БЕС ЖАС

Гүліне елеңдеп даланың,
Бойымды әсем ән билеген.
Бір кезде мен аңқау баламын
Өкшелі туфли кимеген.

Маған жат сауық кеш, би деген,
Серуенге көңіл де бөлмеп ем.
Шашымды реттеп түймегем,
Бұрымды сәнімен өрмеп ем.

Тек қана құмармын ойынға,
Жоқ менде ойлану, жабығу.
Кіріп те шықпайтын ойыма
Анамнан басқаны сағыну.

Он бес жас, о, неткен тамаша,
Бір жұмбақ сезімтал күйге ендім.

Ұрланып өзгеден оңаша
Айнаға қарауды үйрендім.
Жүрегім кеудемде тулайды,
Кейде өз-өзімнен қуандым.

Айнала дүние жырлайды
Махаббат әніне құмармын.
Жүрегім кеудеме сыймайды,
Балалық мінезді ұмыттым.

Жанымды себепсіз қинайды
Жаутаң көз жанары жігіттің.
Жігіттер бас иер дедім бе,
Кішіріп алдында басқаның.

Қыздардың қасиеттерін де
Мен енді түсіне бастадым.

* * *
Тіршілікте білмейсің

күнің қанша?
Саған өмір сыйламақ

гүлін қанша?
Бір күн сәуле шашып өт

шамаң келсе,
Он күн өзге сәулеге жылынғанша.

ОЙЛАМАДЫМ

Бар еді тентектігің бала жастан,
Бойына сақтапты оны дала-дастан.
Жүйрік жел сені есіме түсіреді
Мойнымнан орамалды ала қашқан.

Өтетін күнің талас, ерегеспен,
Қалмайтын жанжал, шулы төбелестен.
Қолымнан қуыршағымды жұлып алып,
Жылатып кететін де сен емес пе ең?

Өстік біз төбелесіп қойлы ауылда,
Өткен күн келмей қалды айналымға.
Сол кезгі сенің тентек мінезіңді
Мен кейін сағынам деп ойладым ба?!

ТОР МЕН ТОРҒАЙ

Інім әкеп кіп-кішкене торғайды
Бір ғажайып торға жалғыз қамапты.
Ертелі-кеш соны ғана қорғайды,
Мәпелейді қойып алуан тамақты.

Торғай оған қарамайды бұрылып,
Тұмсығымен шұқылайды торды кеп.
Әр бұрышқа жанұшырып жүгіріп,
Ышқынады дем алардай соңғы рет.

Кеудесінде өшетіндей зор үміт,
Мүмкін оның көкірегі жылайды.
Бар күшімен торға тағы соғылып,
Домаланып қайта келіп құлайды.

Алдарқатып алтын тормен, жемменен,
Амалың жоқ торғайды да алдайтын.
Қанатсыздың мекені ғой тор деген,
Қанаттыға аспан керек самғайтын.

* * *
Бұлбұлды бақта тыңдаумен
Жастықты тойлағанмын көп.
Сапарға сай, қыр, шыңдармен

Шығам деп ойлағаным жоқ.
Жібек жел тарап шашымды,
Самал да аймалады кеп.
Кей күні жүрдім ашулы

Сандуғаш сайрамады деп.
Мен үшін көктем қайда да
Алдымнан шығатындай нұр.
Ән айтып барлық айнала,

Өзгермей тұратындай бір.
Шайқаған көлін көңілдің,
Дауылға жолықпаған ем.
Соқпағы сансыз өмірдің

Сырына қанықпаған ем.

Аз жүрген жолым – мың қырат,
Жазықтық емес көлбеген.
Кей күні құздан құлдырап,
Шығамын белестерге мен.

Тірлікте бәрін, апа, тек
Бақыт деп үйреткенсің сен.
Мұңая қалсам қапа боп,
Әлдилеп күй шерткенсің сен.

Білдім бе жылдар өтерін,
Сындарда шыңдап тағы да.
Түсінсін өзі деп пе едің
Өмірдің жұмбақтарына.

ҚЫЗ САҒЫНЫШЫ

Ұйқымды бөліп,
Түсіме еніп,
Жақындап менің жаныма,
Таң болып келіп,

Аппақ нұр сеуіп,
Оятып кеттің тағы да.
Сағыныш үдеп,
Нұр сәуле тілеп,

Қолымды создым мен саған.
Жалындап жүрек,
Жанарым жүдеп,
Жоқтады әнді аңсаған.

Сыңсиды бүгін,
Жанында үйдің
Көктемде еккен құба тал.

Ақ дауыл, құйын
Қазіргі күйім,
Құдіретім сенсің жұбатар.
Ұйқымды бөлдің,

Түсіме ендің,
Жақындап келдің жаныма.
Жүзіңді көрдім,
Ізіңнен ердім,

Адасып қалдым тағы да.
4-207

* * *
Жапырақ менің алдыма құлап түсті деп,
Жел болып соқты бетіме келіп ыссы леп.
Шайқады басын, тіл қатты маған ақ қайың

«Сүйіктің сенің өзгені бүгін құшты» деп.
Төбемнен жылжып алыстай берді
ақша бұлт,
Күлкісін жимай, тұнжырап бұлақ

жатты ағып.
Шетінде жолдың біреулер жұлып тастаған
Солуы жақын қызыл гүл жатты тапталып.
Қалғандай тынып тірліктің әсем ән-жыры,

Қараңғы тартып кеткендей болды таң нұры.
Бір дауыл келіп жұлмалап жатты кеудемді
Мазақтап мені тұрғандай болды барлығы.

Оралдың өзің, «бір жолға мені кеш» дедің,
Қатал боп алдым, сүйсем де сені кешпедім.
Бәрі де мұның түсімде болды, ал егер,
Өңімде болса, не істедім?!.

ЖҰЛЫНҒАН ГҮЛ

Нұрына таңның әсем
Боялды жасыл орман.
Мені еске алдың ба сен,
Оралмас асыл арман?

Қалампыр гүлін көрсең,
Еске алам, кешір, күнім.
Басқа үйде бұл күнде сен
Айтсаң да бесік жырын.

Аймаққа көктем келді,
Қақпаймын есігіңді.
Ұмыт деп өткендерді
Сұрама кешірімді.

Жүрек те суынған бір,
Жылымас рас, жаным,
Көріп пе ең жұлынған гүл
Қайтадан бүр ашқанын?!.

ӘЛИЯ

Көміліп көтем гүліне
Бусанып жатты даламыз.
Жусанды қырдың біріне
Жүгіріп шықты бала қыз.

Алдынан орап қырлар да,
Қарлығаш қағып қанатын.
Бозторғай әнін тыңдауға
Өзі де құштар болатын.

Ақынның ерлік туралы
Айтатын жатқа жырларын.
Лапылдап әр кез тұрғаны
Жанардан атып бір жалын.

Ленинградта мектепте
Оқитын қызы қазақтың.
Ауылға келіп кетпекке
Ақтөбеге хат жазатын.

Бастады фашист ойранды
Каникул енді болғанда.
Бетке алып жас қыз майданды
Аттанды елін қорғауға.

Пилотка, шинель үстінде,
Маңдайда қызыл жұлдызы.
Атқыштар полкі ішінде
Қазақтың жүрді бір қызы.

Сенімін ақтап халқы үшін
Отаны берген сыйдың да
Тоғыз жүз елу алтыншы
Винтовка жүрді иығында.

Астан да кестен жер үсті
Қызғанда бірде қан майдан,
Снайпер оғы немісті
Жайратып жатты шалғайдан.

Кенде емес жігер-қайраттан,
Тек жастау онда шынында.
Кек алып, жауды жайратқан
Сол еді – Молдағұлова.

Ұмытпас мәңгі атыңды
Ұлы Отан деген бар ұя.
Елімнің мәңгі батыры
Атанып өлді Әлия.

САРЫ ЖАПЫРАҚ

Табиғаттың таңдантып жыршы лебі,
Кейде жүрек әрнеден түршігеді.
Оңып кеткен сарғайып жапырақтар
Кеп-кешегі көктемнің бүршігі еді.

Көктен нөсер тамшысын төгіп кетіп,
Жанарыңды, жаныңды еліктетіп.
Кеше ғана жап-жасыл жапырақтар
Тұрушы еді жас талды көрікті етіп.

Көктем күтіп тұр еді кеше дала,
Таңдар атқан, япырмай, неше жаңа?
Сенің маған дірілдеп сөз айта алмай
Тұрғаның да сияқты кеше ғана...

ҚҰРАЛАЙ

Адасып қалдың енеден,
Еліктің титтей лағы-ай.
Сүйкімді едің не деген,
Көз жауын алған құралай.

Бұлақтан орғып аса алмай,
Жағалай тасты жүгірдің.
Үрейден тұрсың баса алмай
Буынның балғын дірілін.

Жүргенде оқыс секеңдеп
Кезіксе көкжал жарады-ау.
Орманды бірге мекендеп
Жемтігі болу жаман-ау.

Адасып қалдың енеден,
Жанары мөлдір құралай.
Аяулы едің не деген,
Еліктің титтей лағы-ай.

ЖІБЕРІЛГЕН ХАТ

Алатауым арайланды
Ерке самал ескенде,
Отты көздер маңайдағы
Жүргізбейді кештерде.

Жаутаңдатпай хаттарға,
Шақырсаңшы бақтарға.
Дидарыңнан табайын
Жанға сая.

Асау сезім ертелі күн
Тал бойыма сыймайды.
Саған деген еркелігім
Жүрегімді қинайды.

Арайлы таң атқанда,
Шақырсаңшы бақтарға.
Дидарыңнан табайын
Жанға сая.

Саясында иран бақтың
Қарсы аламын деп едің.
Жіберілген сәлем хаттың
Жауабындай кел өзің.

Жалындаған шақтарда
Сайрандайық бақтарда.
Дидарыңнан табайын
Жанға сая.

АҚЖЕЛЕҢ

Бойжетіп бұрым талды өріп,
Сұлу бол көзді ұрлаған.
Аруда қандай бар көрік
Жайраңдап күліп тұрмаған?

Думанға, тойға сән беріп,
«Ақкербез» әнін айтпаған.
Жігітте қанша бар көрік
«Ақжелең» күйін тартпаған?

Қыздырып текке денені,
Күн-түні күтіп-баптаған.
Жүйріктің қанша керегі
Бәйгеде оза шаппаған?

Ағатын құздан құлап тым,
Кәусар деп суын мақтаған.
Қажеті қанша бұлақтың
Шөлдеген адам таппаған?

Кімдерге қажет дана би
Қамқоры досқа жетпеген?
Несіне керек сарай-үй
Ішінде бір той өтпеген?

Қырлардың қандай сәні бар
Көктемде гүлдер өспеген?
Жастықтың қандай мәні бар
Ақжелең дәурен кешпеген?!.

ҰСТАЗҒА

Байланған ақ гүл бұрымға,
Соғады сөмкем тобыққа.
Мектепке келдім,

шынында,
Үлгермей жасым толып та.
Мұғалім қыз кеп

өрімдей,
Күлімдей қақты арқамнан.
Отырдым бойым көрінбей
Аласа ғана партамнан.

Суретін көрем аралап,
Үңілем бейне соқырдай.
«Әліппе» деген ғаламат
Сөмкемде жүрді оқылмай.

ҰСТАЗҒА ЕКІНШІ ӨЛЕҢ

Алдыңа еркін келдім, жасқанбадым,
Жоқ онда «Әліппеден» басқа арманым.
Жетелеп сен бастырдың алғаш маған
Өмірдің әр күн жаңа баспалдағын.

Бейнеңді мәңгі есіне сақтар бүгін,
Қолыңнан жолдама алып аттанды мың.
Алдың да надандықтан арашалап,
Мені де келер таңға аттандырдың.

Бойыңда бұлағы мол даналықтың,
Мен оны ес білдім де, жаңа ұқтым.
Көп еріп шаршаттым-ау жетегіне
Қоштасып үлгермеген балалықтың.

Сыйлар ем бір өзіңе бар таң нұрын,
Есімің ертеңіме арқау бүгін.
Ақ шашың – кәріліктің белгісі емес,
Ол – менің тентектігім, аңқаулығым.

Сен айтсаң тебіреніп өлке жырын,
Менің де қанаттанды өр көңілім.
Білімнің нәрін құйған алақанға
Аялап қала барды еркелігім.

Өнердің биігіне өрледің де,
Сол шыңның жол нұсқадың төрлеріне.
Ұстаздық мамандықты қаладым мен
Болсын деп бір ескерткіш еңбегіңе.

АЛҒАШ ӨЛЕҢ ОҚЫҒАНДА

Көп айтты бүгін маған ақын аға
«Оқы, – деп, – өлеңіңді сахнада».
Кім білсін,

тыңдаушылар күлкі ете ме,
Қол соғып әлдеқайда шақыра ма?!
Сөзімнің қисыны әлі табылмаған,
Емеспін тау суындай ағындаған.

Ақынды сыйлап өскен ұлт емес пе,
Қарайды зор үмітпен бәрі маған.
Болса да кемшілігі, жетпегені,
Ұсындым балғын жырды көпке, міне.

Сол күнгі ду соғылған шапалақтар
Көтеріп жібергендей көкке мені.
5-207

КӨКТЕМ

Қыз мінез деуші ем бұрын мен,
Қимылың палуан көрінді.
Жарқ ете қалған нұрыңмен
Жайната салдың өңірді.

Бұлақ боп кейде күлесің,
Үнің бар дала таңында.
Гүл болып кейде жүресің
Қыздардың алақанында.

ШЫНАР

Бұтағын шайқалтып дауылға,
Өрмелеп шыңдарға тасқұмар.
Қасқиып боранға, жауынға,
Тік қарап өседі жас шынар.

Бір сәтке ойы жоқ жасқанар,
Жалт ойнап, тұрса шың күркіреп,
Аймалау орнына ақ самал,
Тентек жел кетеді сілкілеп.

Мұздар да жылжыған асқардан
Өтеді бір кесек лақтырып.
Бұлақ та екпіні тас жарған
Бір соғып ағады шат күліп.

Ал шынар жадырап күлместен,
Күреспен өмірін кешеді.
Ол басқа мекенді сүйместен,
Қасқиып шыңға өрлеп өседі.

* * *
Күн нұры болып өткен леп
Жанардан ұшқан жалын ба?
Теңіздің беті көкпеңбек

Сен барда менің жанымда.
Өзіңмен бірге ай өткен
Соға ма қайта, білмедім.
Су кешіп жалаң аяқпен,

Нөсерден қашқан күндерім.
Айтпастан сырын жайып та,
Жағада мылқау тас қалар.
Тербеткен толқын қайықта

Жүзеді-ау ертең басқалар.
Кешкірмей жылжып жай күні,
Кешінде салқын жел үрді.
Сен кеттің...

Теңіз айдыны
Қара боп маған көрінді.

Алақан жайды
ақ айдын...

АҚ ЖАЙЫҚҚА ЖЫР АРНАҒЫМ

КЕЛЕДІ

Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді,
Оған айтар мұң-арманым көп еді.
Туған жердің қасиеті шығар-ау
Гүлдей сұлу талы менен терегі.

Оны ұмытсам болмас, сірә, кешірім,
Соған ұқсас қойылыпты есімім.
Оны қалай жырламайын, егерде
Толқынында тербетілсе бесігім.

Сонда маған жұлдыз күлді аспаннан,
Сылдыр әнді алғаш ұқтым жас талдан.
Мөлдір ағын дыбысынан кеудемде
Нәзік жырдың шумақтары басталған.

Сонда жатыр ата-бабам моласы,
Қымбат маған қаласы мен даласы.

Менің алғаш вальс биін билеуге
Себеп болған Ақ Жайықтың баласы.
Жайық десе, ойда Нарын өлеңі,
Сағынғанда еске аларым көп еді.

Жайық – Анам, Жайық – Елім, Отаным,
Құшақтағым, аймалағым келеді

САҒЫНДЫМ, ЖАЙЫҚ...

Тыңдамай үнін ағынның
Құмары қанбас жанымның.
Жайығым менің – жарығым,
Сағындым сені, сағындым.

Сандуғаш шырқап жаңа әнді,
Бөлейтін сазға далаңды.
Бесігім болған ақ айдын,
Сағындым сенің жағаңды.

Тұтасып жатқан көк пен жер,
Туларға толы көк белдер.
Кетпейді көзім алдынан
Мұнара қонған беткейлер.

Даламның нөсер-жауынын,
Боранын, айқай дауылын,
Жайықтың ерке сылдырын
Сағынып жүрмін, бауырым.

АҚ САЗАН ҮРКІП КЕТКЕН

ЖАЙЫҚТАЙМЫН

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам,
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.

Не болмақ нәр татпаса шынар-шыбық,
Қураса тамыры, гүл сынар шіріп,
Табиғат қарғысына ұшыраған
Жағада – үш жыл бойы қуаңшылық.

Сан алуан адамдардың кеселі де,
Қазақтың
Әр кез соры бес елі ме?
Жетсе

Егер құдіретім,
Туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне.

ЖАЙЫҚҚА

Қуанышым ба, қайғым ба,
Сен десе өртене берем.
Қашаннан мынау айдынға
Аққулар еркелемеген?

Қашаннан сенің құшағың
Шат күлкі, наз көрмеген?
Сағынып ылғи ұшамын,
Бұрын да аз келмегем.

Жүректі ойға көндірдік,
Дер едім іздеме мені.
Алыстап кеткен мөлдірлік
Оралмас біздерге енді.

Көктемді сонау ғажайып
Есіңе салсам деп келдім.
Кешір сен мені, Ақ Жайық,
Өзіңде қалсам деп келдім.

* * *
Жайығым, не жыр бастадың?
Не дейді маған жас талың?
Сыбдыры еске сала ма

Он сегіз жастың дастанын?
Жастықтың жалын шақтарын
Жағаңнан іздеп таппадым.
Алғашқы махаббатымның

Құмыңа көмдім аптабын.
Не іздедім сенің жағаңнан,
Бұл күнде тегіс жаңарған?
Мөлдір көз ағын тәрізді

Жолықпай кеткен бала арман.
Жүректе бір із қалдырған,
Қол бұлғап кейде алдымнан,
Шағалам болып оралдың

Дауылға қанат талдырған.

ЖАЙЫҚ

Ақ бесік анашым сен
Тербеткен менің.
Ағынмен таласумен
Ержеткен едім.

Ұқсау боп өзіңе арман,
Уайымдап едім.
Бұл күнде мінезің қалған
Бойымда менің.

Бұзылса көңілім кейде
Сағынушы едім.
Мазасыз өмірім бейне
Ағының сенің.

ЖАЙЫҚТА

Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.

Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,
Көңілі орта болса шырқай ма адам?
Жағаңда өскен кезде жай өзен ең,
Бұл күнде сені көру бір той маған.

Ағысың айдынындай ой-кеменің,
Жағаңда жазылды алғаш ойлы өлеңім.
Жүздесу өзіңменен той дедім-ау,
Тірлікте көп те болмас той дегенің.

Сырлы әнін сан ғасырдың жиған ағын,
Жағаңда туғандарға сыйла дарын.
Келерде жас балаша қуанам да,
Кетерде қимастықпен қиналамын.

АҚ ЖАЙЫҚ АЙДЫНЫ

Ай, күні бар Жайықтың
Ақ таңы бар арайлы.
Айдыны бар Жайықтың
Әлдилеген талайды.

Даласы бар Жайықтың
Алуан түрлі гүл өскен.
Жағасы бар Жайықтың
Ғасырлармен тілдескен.

Ұл аңсаған ауылға
Даусы күй боп таралған.
Толқынынан дауылда
Құрманғазы жаралған.

Елдер көшкен далада
Тынышсыз бір тұрды ағын.
Елдер көшкен жағада
Керіледі құм Нарын.

Ішке шері сыймады,
Шөліркеді сол құмдар.
Дүниеге Динаны
Алып келді толқындар.

Сұлулығын қайғылы
Қыз Жібекке сыйлаған.
Сезім, сырын айдыны
Аямады Динадан.

Жұлқып өмір есігін,
Исатайы ержеткен.
Өжет толқын бесігін
Махамбеттің тербеткен.

Жасынан әр жүректі
Күш-жігерге билеткен.
«Қыран бол!» деп түлекті
Өр мінезге үйреткен.

Ай, күні бар Жайықтың
Ақ таңы бар арайлы.
Айдыны бар Жайықтың
Әлдилеген талайды.

ЗИЯЛЫ АРНА

Ағысыңнан, Ақ Жайық, тынбадың ба?
Аңсап жатыр өзіңді құм да, қыр да.
Сен нәр сыйлап келесің талға, гүлге,
Жағдай жасап жағаңда ырғалуға.

Қадіріңді өстім мен жастан біліп,
Әуенінен ағынның дастанды ұғып.
Ағатынсың сен онда өткел бермей,
Жанарларды арнаңмен жасқандырып.

Тірлік сыйлап, жаралдың ән салуға,
Жетер екен ғұмырың қанша жылға?
Көз алдымда ортайып кеткендейсің,
Қажыдың ба, ерке өзен, шаршадың ба?

Тағдырың бар өмірге ғашықтардай,
Өз арнаңда шашылып тасып қалмай,
6-207

Тұнығыңды ағасың мөлдіретіп,
Көк теңізге құюға асыққандай.
Мендік сезім көлі де шайқалмалы,
Саған келсем көбейер ой толғағы.

Айтшы, Ақ Жайық, өзіңнен маңызды ма
Шалқып жатқан Каспийдің ортаймауы?
Сырлассайшы менімен, зиялы арна,
Жетелеген қызыңмын қиялы алға.

Ұқсасам деп өзіңе армаңдап ем,
Қайдам, сенше теңізге құя алам ба?!

* * *
Оранған қырлар гүл-сәлде,
Сыр айтып жатты ағынға.
Құбылып тұрды бір сәуле

Жас талдың жапырағында.
Алақан жайды ақ айдын
Аққудың балапанына.
Сүйсініп жаным қараймын

Арайлы дала таңына.

ШАҒАЛА МЕН ТЕҢІЗ

Долданды теңіз сонда да
Жағадан алыс ұшпадың.
Дауылдан күшті болған ба
Айдынға деген құштарың?

Кеудеңде үдеп арпалыс,
Қалмайды бойда тағатың.
Бақытты шығар басқа құс
Тымықта қанат қағатын.

Жағадан алыс жүрмейді,
Өлмессің шөлден қаталап.
Кетуді, кетті білмейді
Айнымас сендік махаббат.

Қонасың қайта кектенбей,
Көк толқын соқса топшыңа.
Теңізді, сірә, тап сендей
Беріле сүйген жоқ шығар.

Мұңайдың, неге қайғырдың?
Кеңістік бар ғой көгіңде.
Ақ көбік шашқан айдынның
Ашуын басам дедің бе?

* * *
Тулайды теңіз, тулайды,
Толқынды дауыл үйіріп.
Толқиды, қайта шулайды,

Жартасты келіп жиі ұрып.
Жатады басып ашуын
Мінезбен кейде жайдары.
Ұстамақ болып жасырын

Тылсым бір күшті бойдағы.
Осындай момын қалыпта
Ол әсте ұзақ қалмайды-ау.
Кеудесі толқын алыпта

Тыныштық деген болмайды-ау!

* * *
Ашуға мініп жалма-жан
Соғады толқын тастарға.
Кетердей шығып арнадан

Шапшиды теңіз аспанға.
Шарламай байтақ мекенді,
Қоршалдым дей ме бекерге?
Осынша терең екені

Есінен шығып кете ме?
Жаңалық жырын аңсатып,
Жылжумен өтсе көктем, күз.
Үнсздік сәттер шаршатып,

Долдана ма екен көк теңіз?!

ОРАЛДЫҢ ЕРКЕ САМАЛЫ

Әнін жазған Илья Жақанов
Оралда алаулаған гүлдер керім
Күн нұры аймалаған күмбездерін.
Елесін бақта қалған жастық шақтың

Жүгірген ақ сәулемен бірге іздедім.
Қайырмасы:
Ақ қайың, сұлу қарағай
Жайықты өскен жағалай.

Тербейді сені, тербейді мені
Оралдың ерке самалы-ай.
Толықсып Ақ Жайықтың тасқан шағы,
Оңынан айы туып атқан таңы.

Сұқтанып сұлу Орал келбетіне
Ақша бұлт жылжымайды аспандағы.
Қайырмасы.

Жымыңдап жұлдыздарға бақта қайың,
Шақырған ғашықтарды баққа дәйім.
Оралдың тербей сүйген самалына
Жүректің сағынышын ақтарайын.

Қайырмасы.

АҚҚУЛАР

Әнін жазған Айтқали Жайымов
Аққулар, көктемде оралыңдар,
Айдында назданыңдар, тараныңдар.
Көл бетін құшыңдар,

Сызылтып ұшыңдар,
Аққулар.
Жүзіңдер жұптарың жазылмай,
Дауысың сағыныш сазындай,

Айдынды қимаған,
Арнаға сыймаған,
Аққулар.
Аққулар ақ қанаты қалықтаған,

Бақытым сияқтысың жолықпаған.
Айдынды аңсаған,
Ақ таңды қарсы алған,
Аққулар.

Аққулар – ақ айдынның еркелері,
Баулыдың махаббатқа ерте мені.
Кеудемнен сағыныш
Сәулені алып ұш,

Аққулар.
Аққумын жоғалтқан сыңарын,
Адастым, тынармын, шыдармын.
Сендер қос қоныңдар,

Бақытты болыңдар,
Аққулар.

АЛҒАШҚЫ КӨКТЕМ

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Аққулар кетті ұшып еліне,
Ән қалды туған жер көгінде.
Солармен бірге ұшып барады

Жүрегім жұлынып менің де.
Айналып қонар ма көліне,
Аққулар – ғашықтар өмірге.
Қайырмасы:

Жадымда жалт еткен көздерің,
Алғаш гүл сыйлаған кездерің.
Алдамшы екенін сезбедім,
Бақыты боларсың сен өзгенің.

Сезбедім уақыттың тез өткенін,
Кеудемде қуаныш жоқ менің.

Бақытым болар деп күткенмен,
Асылым – арманға жетпедім.
Ойымнан бір сәтке кетпедің,
Сен едің алғашқы көктемім!

Қайырмасы.

ЕРКЕЖАНЫМ

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Ерке гүлім, ертегінің аруындай нәзігім,
Шалқытады, балқытады жүрегімді наз үнің.
Сайра, жаным, айналаның қуанышы

дауысың,
Әнге бөлеп, сәнге бөлеп кең даланы,
тау ішін.
Қайырмасы:

Назың көркем, сазың көркем,
Сандуғаштай үніңе
Тамсанады, қол соғады
Ән аңсаған дүние.

Еркежаным, көркем әнім, шырқа биік
тағы да,
Салтанаттың, махаббаттың жина нәрін
жаныңа.

Құшағыңнан шашып алма туған жердің
гүлдерін,
Еркежаным, көркем әнім, құйыла бер
күнбе-күн.

Қайырмасы.
Еркежаным, көркем әнім, әсем сазды
аңсаған,
Қуанады, жұбанады әнді сүйген

қанша адам.
Еркежаным, көркем әнім, жалықтырма
тыңдаудан,
Ән салмаған жүректер бар бақытынан

құр қалған.
Қайырмасы.

* * *
Сатқындығы бар достардың,
Қара бұлты бар аспанның,
Жалынсызы бар жастардың,

Қурайтыны бар жас талдың –
Қуанайын десем.
Өзеннен сең-мұздың көшетіні бар,
Құзғынның даусының өшетіні бар,

Қырларға қызыл гүл өсетіні бар,
Аймалап самалдың есетіні бар –
Мұңаяйын десем.

БОЗТОРҒАЙ

Секілді қиял-арман,
Боз дала – бозғыл сағым,
Бозторғай ұялаған
Түбіне боз жусанның.

Іздемей бақты әдемі,
Сайрайды бөлек үнмен.
Тірліктің тәтті әуені
Төгіліп көмейінен.

Баспаған мұң жанарын
Шағылдың қойнауында.
Шырқайды құм даланың
Кішкентай торғайы да!

7-207

ҚЫСҚЫ ЖАЙЫҚ

Жайыққа қысқы қараймын,
Емеспін құмар тасқынға.
Кешегі ерке ақ айдын
Көк мұздың жатыр астында.

Жағада тұрмын қызыға,
Көтерер ме екен шананы?
Жылдан-жыл оның мұзы да
Жұқалтаң тартып барады.

Өзімнен ерке аруым,
Ән-жыры болған қаншаның.
Саябыр тартқан ағының,
Айтсаңшы неден шаршадың?

Кемелер өткен ұран сап,
Оларда бүгін не айып бар?
Жүзуді еркін тұр аңсап
Қаңтарған аттай қайықтар.

Ұрпағым аң-таң болады
Айтылған ба деп жай аңыз.
Жалғайды екі жағаны
Шұбалған мұзда жаяу із.

Асауды жегіп шанаға,
Аңқытып Мұхит өлеңін.
Мен болсам, арғы жағаға
Зулап бір өтсем деп едім!

ӨЗЕН

Гүл толы кең өлкенің атырабы,
Тербелді тал-қайыңның жапырағы.
Кеудесі қуанышқа толған өзен
Бұлқынып арнасында жатыр, әні.

Барады көк өзенмен таласып ән,
Шырқалған жасыл құрақ арасынан.
Ақ толқын аунап түсіп, дөңбекшиді,
Арудың жүрегіндей аласұрған.

Күн нұры құмарлықпен құлап гүлге,
Кетіпті сұлуланып қырат мүлде.
Ал өзен асығады,
Жердің жүзін

Айналып шығатындай бір-ақ күнде.

ҚУАНДЫМ

Көктем кеп, қырлар гүлді жамылғанда
Қызықтым арна бұзған ағындарға.
Қуанды жас жүрегім алып-ұшып
О, менің қуанбайтын шағым бар ма?!

Құбылған тіршілікте дамыл бар ма?
Қуандым айқындалған сағымға да.
Қуандым соғыс жылы жоғалған қыз
Іздеген туыстары табылғанға.

Қуандым той деп ауыл сабылғанда,
Жас келін жібек шарқат жамылғанда.
Қуандым құраққа да сарғаймаған,
О, менің қуанбайтын шағым бар ма?!

Әр таңда күліп көкке шығардай күн,
Әйтеуір, қуанышсыз тұра алмаймын.
Тек қана мөлдіреген қайнар бұлақ
Тартылып қалған жерде қуанбаймын.

АЛАТАУҒА

Самалың жұпар аңқып, бетке ұрар,
Сабырлы қыз мінезің көпке ұнар.
Сан ғасыр аты әйгілі

бұлақтарың
Сүймесем, жырламасам, өкпе қылар.
Көрікті келбетіңе жарасты тым
Көгілдір аспанменен талас шыңың.

Көп жылғы ақша қарың төбеңдегі
Кір шалмас жаулығындай анашымның.

ЖЕТІСУДА

Жамылған сұлу шыңның шарқаты бұлт,
Бұрымы бұлақ болған тарқатылып.
Кербезге күн қызуы өтпесін деп,
Қойғандай төбесіне қар қатырып.

Қырандар ұялаған биігіне,
Жеткізбес сәйгүлікке киігі де.
Қойнауы көз жетпейтін жасыл жайлау
Ұқсайды дарқан елдің пейіліне.

Жеті өзен жеті қырдан асқанда әрі,
Таулардың гүл жамылып тасты аңғары.
Жатыр-ау бөктерлерде жұмбақ болып
Бабамның жазбай кеткен дастандары.

ЖАСТЫҚ ШАҚ

Шат күлкі, әсем күй, жақсы әнмен
Бір жұмбақ белесті аңсаумен,
Сауық-кеш, тойларға жалғасып,
Зуылдап барасың, жас дәурен.

Зулайсың, сенде бір жоқ тыным,
Көтеріп көңілдің шоқтығын.
Мазасыз, сабырсыз, шыдамсыз
Бәйгенің атындай екпінің.

Барасың көрсетіп сан қылық,
Жүректі бәріне жандырып.
Барасың еске алып қарайтын
Сурет альбомын қалдырып...

ЖАН СЫРЫ

Қызыңмен сырлассайшы, туған Дала,
Қай жаққа кетемін сен қуғанда да.
Менің кім болғанымды қалап едің,
Қолымнан келгені тек жырлау ғана.

Бұл күнде шынымды айтсам, сенер ме едің?
Жоқ шығар жасырғаным сенен менің.
Ежелден дала қызы атанғалы
Мен сенің құшағыңда не көрмедім?

Сатылдым. Жетегінде мал бергеннің,
Онда да сыңсып, тойға сән бергенмін.
Ғашықтар аңызына айналғанмын,
Өшпейтін, өлмейтұғын ән бергенмін.

Кестемен салып өмір өрнектерін,
Өзімді құрбандыққа бермеп пе едім?!
Соғыста ел мен елді бітістіріп,
Бесікте батыр ұлдар тербеткенмін.

Тыңдашы, келіп отыр ақтарылғым,
Сен болшы төрешісі жоқтауымның.
Қыз бала жолы нәзік дегеніңмен,
Күн туса қол бастадым, атқа міндім.

Қоршалып ортасына көп дұшпанның,
Жасықтар жүрегіне от тастадым.
Арыңды қорғау үшін, туған Дала,
Әлия, Мәншүк болып оққа ұшқанмын.

Енді мен ерлеріңмен теңесемін,
Тисе деп шырылдаймын елге себім.
Ортайған теңізің мен өзеніңді
Ұлыңдай жоқтасамын мен де сенің.

Тағы да жақын етем алысыңды,
Мақтанып жырға қосам табысыңды.
Сен мені қызым деме, туған Дала,
Қорғауға жарамасам намысыңды.

КЕҢ ДАЛА

Кезің жоқ-ау, кең дала, жаңармаған,
Туып жатыр сен жайлы сан алуан ән.
Ақын түгіл, әр адам жүрегінде
Сендік ғажап сезім бар алаулаған.

Саған туған түлектің бәрі құштар,
Жүректерде сарқылмас сағыныш бар.
Сапар шегіп кетсе де ай, жұлдызға,
Саған қайта сол сезім алып-ұшар.

Құшағындай анамның кеңсің керім,
Мен өзіңнен өзгені жерсінбедім.
О, кең далам, сайратқан, ерке өсірген
Отаным да, Анам да сенсің менің.

ЖОЛДАҒЫ ОЙ

Таңданам Дала – батыр атағына!
Ғасырдың сырын жинап жатады да.
Жаңадан қоныстанған жас ауылдың
Барады мола қалып қатарында.

Бәрін де ұқыпты қол әспеттеген,
Жоқ мұнда іс бітпеген, тас жетпеген.
Шаруасы тынып болған бәрінің де
Көбінің арманы жоқ, жас кетпеген

Қайтамыз тағзым етіп, жаяу шығып,
Тілейміз тыныш ұйқы ояу тұрып.
Бірақ біз тірілерге көрсетпейміз
Осынша ілтипат пен аяушылық.

Өлімнің өкініш бар арасында,
Жай-күйге ол қатыгез қарасын ба?
Ауылда қызған өмір, тірі пенде
Арыздап бір-бірімен таласуда.

ДОМБЫРА

Күй асқақ сахнада тасқындайды,
Аңызды баяндайды ол қашқын жайлы.
Бар жұртты құдіреттей бағындырып,
Бір адам өзге үнге бас бұрмайды.

Тұлпарлар ойнақтайды пырақ мүсін,
Сақтаған ер жігіттің қуат-күшін.
Әжелер есі кетіп тыңдап отыр
Көтеріп ақ жаулықтың құлақ тұсын.

Жігіттің кім тиді екен намысына,
Мынау зар қалыңдықтың дауысы ма?
Кең залды жаңғыртады шапалақтар,
Ұласып сәйгүліктің шабысына.

Кетсе де ұмытылып мол мұрасы,
Қазақтың ғажап осы домбырасы.
Айналған ұрпақтардың мақтанына,
Ежелден қадір тұтып кәрі-жасы.

Жиында биден бұрын күй қызыпты,
Той шапан өнерліге кигізіпті.
Тарихын томға сыймас менің бабам
Қос ішек пен он пернеге-ақ сыйғызыпты.

ЖАСҚҰСТА,

СОНАУ НАРЫНДА

Сусыған төбе де құм, дала да құм,
Келіп тұр күміс құмды аралағым.
Жақсы аға, әуеніндей жас дәуреннің
Жасқұстың көрсетіңіз жағалауын.

Келіп тұр құм сырының бәрін білгім,
Алыста жиі есіме алып жүрдім.
Айдын ба мөлдіреген Жасқұс деген,
Жоқ әлде аңызы ма Нарын құмның?

Дедіңіз: «Сонау бала кезімде мен
Бұл жерде көл болғанын көзім көрген».
Одан соң еске алып тек күрсінесіз
Өткенді қимаған бір сезімменен.

Кетіпті құмға айналып әр ұялар,
Бітіпті шежіреші қариялар.

Құм жатыр бәрін қысып бауырына,
Ол қашан бізге сырын жариялар.
Бейне бір қас батырдай ұйқыдағы,
Құмда да Құрманғазы күй тұнады.

Көзкөрген құлағында жаңғырады
Баяғы аққу-қаздың қиқу әні.
Бір көшкен ел тарихы көшкен құммен,
Не дейді ендігі ұрпақ кештеу білген.

Ізін де Махамбеттің басыпты құм
Жәңгірді хан ордада сескендірген.
Мәншүктей құмда туған жалқылар да,
Жүйелі әңгімеңіз сарқылар ма?

Құм басқан бір төбені шамаменен
Осы-ау деп көрсеттіңіз Алтын Орда.
Ойнайды баяғыша сағым қырда,
Жақсы аға, сол сағымды сағындың ба?

Тарихы жатыр біздің бабалардың
Көмулі түгелімен Нарын құмға.

ДАЛАНЫҢ ТЕНТЕК ДАУЫЛЫ

Жер менен көктің арасын
Ақ түтін етіп барасың.
Даланың тентек дауылы-ай,
Үнемі солай соғасың.

Суырылып сайдан, жырадан,
Жас талды жұлқып жылаған,
Ақ ұлпа қарды шашасың,
Осы ойын саған ұнаған.

Ысылдай соғып желім де,
Әзірсің бәрін көмуге.
Далада туған қайсарлар
Ықтасын іздер дедің бе?

Аспанға қарды көтерме,
Әуреге түспе бекерге.
Намысты туған ұрпақтар
Мекенін тастап кетер ме?..

8-207

«АҚҚУ» КҮЙІ

(Қаршыға Ахмедияровқа)
Өмірдің той боп жәй күні,
Ұмыттық барлық қайғыны.
Сұңқылдап қонған аққулар

Көңілде көлдің айдыны.
Ұйып бір тыңдап қалдың ба,
Сиқырлы сезім бар мұнда.
Мөлдір су, ерке қос аққу

Келеді көздің алдына.
Жүзгендей алға ұмтылып,
Қаққанда қанат құлшынып.
Махаббат, сезім, сағыныш,

Күй үні – тәтті тіршілік.
Бір-бірін сәл-сәл қуады,
Кетпейді тастап сыңары.

Айнадай тұнық айдында
Ойнайды-ау күннің шуағы.
Шомылтып бәрін ақ нұрға,
Қос ішекті сұңқылдаттың да.

Домбыра шебер саусақта
Айналып кетті аққуға.
Өмірдің той боп жәй күні,
Ұмыттық барлық қайғыны.

Аққудай досқа керегі
Көңілдің аппақ айдыны.

* * *
Біздің халық ұл тілеген:
Шаңырағын ұстайды деп атаның,
Шығарар деп бабасының атағын,

Толықтырып әскерінің қатарын,
Қорғайды деп Отанын.
Біздің халық ұл тілеген:
Күңірентіп тартады деп күйлерді,

Шығады деп ел басқарар билері,
Өседі деп шаңырағы-үйлері,
Болады деп сұлу ару сүйгені.
Біздің халық ұл тілеген:

Оқымысты болады деп дарынды,
Күрескенін жеңетіндей қарулы,
Не марқасқа – ер менізді, сабырлы,
Нашар болса, бағар деумен малымды.

Ұл тілеген, болса-дағы не түрлі,
Құр қайтарып жүрсін мейлі кекілді.
Кейде маған көрінеді сол халық
Ақын қызды тілемеген секілді…

ӘЗІЛ ӨЛЕҢ

О, жігіттер,
Қыздар кім?
Нәзік гүл дейсіңдер,
Теңеуін қыздардың

Бірақ білмейсіңдер.
Боранда, жауында
Жол тауып келесің.
Сыйлайсың көктемнің гүлін де.

Бір туған бауырдан
Бізді артық көресің,
Қыды артық көресің түбінде.
Жүрсең де жер-көкті айналып,

Сыймай кең бөлмеңе,
Бір қызға қаласың
Жіпсіз-ақ байланып,
Ол неге?..

* * *
Қыздар-ау,

маған аян еркелігің,
Теңейді ақын қырдың ерке гүлін.
Қызық қой, шіркін, өмір

бәз біреудің
«Сүйіктім» дегізетін тентек ұлын.

* * *
Өжетсің,

тәкаппарсың,

қызба жансың,
Мені бар дүниеден қызғанасың.
Жігіттер

ажалға да имейтұғын
Оп-оңай иеді екен қызға басын.

ҚОНАҚ ДЕП ҚАРАМАҢДАР

Өлкемнің маған да ортақ күз-көктемі,
Төбемде қалықтайды жүз кептері.
Қонақ деп, нәзік жан деп қарамаңдар,
Жаралған жат жұрттыққа қыз деп мені.

Самғатып көңілімнің нұрлы аспанын,
Қуаныш әуенімен жыр бастадым.
Жасымнан туған жердің төрінде өскен
Балауса гүлдерімен сырласқанмын.

Қарсы алам пәк сезіммен әр күнді шат,
Жаяды еркелетіп халқым құшақ.
Өмірім – асау бұлақ, арынды өзен,
Жүрегім тыншымайды толқынға ұсап.

Жеңбейді сәтсіздігім, өкінішім,
Ұмтылам арманыма жету үшін.
Өмірге келгенім жоқ құр сыланып,
Оранып ақ торғынға өту үшін.

* * *
Мен үшін сан аңыздың сырын жайған,
Әжемдей қайталанбас ғұмыр қайран.
«Екі көз бір-бірімен жауласқан соң,

Табиғат ортасына мұрын қойған».
Бұл жағдай, сірә, ақылға сыяды ма,
Айтқыштар әлденені құяды ма?
Жо-жо-жоқ.

Сәл ойлансаң, тапқыштық пен
Адамның бас иесің қиялына.
Айтқанда алғаш әжем мән бермегем.
(Ол кезде кеудемді әсем ән кернеген).

Ойыма келмейтұғын достарымның
Ішінде қара ниет жан бар деген.
Жыл өтті.
Жетеледі арман алға,

Көбейді өмір сыры таңданар да.

Түсіндім әжем айтқан аңыз сырын
Досым да, сүйгенім де алдағанда.
Пәк көңіл, жүрек аңқау кезеңдегі
Көп сіңген тәрбиеме өз еңбегі.

Әр түрлі әңгімені мысал етіп,
Сақтыққа үйретіпті әжем мені.
Айтатын аңызы көп жатқа жырды,
Мақал боп, шежіре боп ақтарылды.

Шешендік өнерінен үйрендім де,
Үйрене алмай қалдым сақтануды.
Өмірге құштар көңіл жалын әлі,
Жаным тек мейірімді сағынады.

Сол сақтық, әжем қанша үйретсе де,
Ақындық жүрегіме дарымады.
Пенделік, күншілдікті күнде көрем,
Қолыңнан келері аз білгенменен.

Мұрын тұр, ал екі көз келе жатыр
Әлі күн бірін-бірі күндеуменен.

БІЛМЕДІҢ БЕ?..

Сен мені көп көргенсің
Әжемнің арқасында.
Сен мені көп көргенсің
Мектептің партасында.

Көргенсің көктем кезі
Ақ Жайық жағасынан.
Гүл терген бөктердегі
Қыздардың арасынан.

Бақтардан көрдің мені
Іздедің дара жүріп.
Сен едің ол күндегі
Ұялшақ бала жігіт.

Сөзіңе күлуші едім
Жолыққан кезде сенің.
Аңсаймын бүгін сені,
Кеудемде өзгеше үн.

Сағынып іздедім де,
Еш жерде кез келмедің.
Сол қыздың білмедің бе
Сені ойлап өзгергенін?

СЫРЛАСУ

Туысқа мұнда мені тапшы дер кім,
Бар ауыл дейді: «Төрле, жақсы келдің!»
Қоштасып жолға шықтым, аяулы әже,
Мен сенің жанарыңнан жасты көрдім.

Білем сен еркіндікке бой ұрмадың,
Жасыңнан иығыңда азап, ойыңда мұң.
Қашанда өжет ең ғой, енді қазір
Келді ме кәрілікті мойындағың?

Деп жүрем «ағалармен қатар өтем»,
Өмірдің кейбір заңы қатал екен.
Бір кезде арман болған немереңнің
Жаныңа бойжеткені бата ма екен?

Жетпеді батылдығым сұрауға да,
Жағдайды жеңілдетпес жылау ғана.
Әжетай, мен келгенде дүниеге
Өзіңше қуанды ғой мынау дала.

Сен өте ойшыл едің, көңілді едің,
Мақтаныш – байсалды боп көрінгенің.
Қызың боп қалуға, әже, жалғыз сенің
Рұқсат берер ме екен Елім менің?..

ТІЛЕЙДІ ЕКЕН ӘЖЕЛЕР

Қызғалдақтар – орамалдар алқызыл,
Құрметпен қоршаса да бар қызы,
Құдайынан жатса-тұрса әжелер
Тілейді екен бере көр деп жалғыз ұл.

Өссе елдің көркі деген, гүл деген,
Қызды кейде тең көрмеген ұлменен.
Сол ұлдардың ержеткенде бәрібір
Қыздан бақыт іздейтінін білмеген.

ОЛ КЕЗДЕ

Түбіне жас жүректің ыза тұнған,
Тарихқа наз айтамын қыз атымнан.
Он үште болады деп отау иесі,
Оң жақтан менің әжем ұзатылған.

Ол күннің жайлары көп біз білмеген,
Гүл бар ма сабағынан үзілмеген.
Мал беріп сатып алған сол жігіттің
Көрмепті бұрын әжем жүзін мүлдем.

Таққанмен саусағына топ жүзікті,
Қыз болып көрмеген ол көп қызықты.
Анаға еркелейтін балғын шағын
Өзгеге келін болып өткізіпті.

Ауыр ой ізін салған гүл өңіне,
Болмапты оның қабыл тілегі де.
Жүргенмен мал бергеннің жары болып,
Сақтапты бір есімді жүрегіне...

9-207

ӘКЕНІҢ ӨСИЕТІ

Үміттің соңғы жұлдызы
Сөнердей, бойдан әл тайды.
Өсіріп түгел ұл-қызды,
Әкенің өзі қартайды.

Кешегі кешкен басынан
Ұмыт та болды көп қызық.
Мүгедек болды жасынан,
Соғысты бастан өткізіп.

Оралып аман Берлиннен,
Тойлады Жеңіс көктемін.
Дән екті жерге бір қолмен,
Диқанның ұстап кетпенін.

Күн менен аяз қарыған
Төсінен дала нәр алып...
Даладан бойға дарыған
Сағым боп қалған даналық.

Армансыз кезген белестер,
Өзіне таныс жол да ана.
Көзіне бүгін елестеп,
Дөңгелеп жатты сол дала.

Алғанмен әке есіне
Жат жұртта жүрген бар қызын,
Шақыртып алды кешіне
Сағынып көрген жалғызын.

Кәрілік білді ол жеңгенін,
Өсиет айтты балаға:
«Бүгіннен бастап сен мені
Тірекке, – деді, – санама.

Жетімдік жайлы ойлама,
Көрмейсің қорлық ешкімнен.
Ақылды болсаң қайда да
Сөзіңді сыйлар ес білген.

Жалындап тұрған шағыңда
Мені ойлап сынба, өкінбе,
Жерле тек шағын ауылға,
Өзеннің арғы бетіне.

Жігіт боп сонда өрлеу де,
Өзіңді сонда өпкенмін.
Жеткізсең мені сол жерге,
Риза боп саған кеткенім».

Ықпаған оқтан, өлімнен,
Алмаған тілін адамның,
Айрылу туған жерінен
Қайғысы болған бабамның.

* * *
Әкем мені сүймейтін еміреніп оншама,
Апам мені сүймейтін қызы жалғыз болса да.
Еркелеткен кәрі әжем жасында,

Өсті менің дәрежем әжем барда қасымда.
Көп сүймеуі әкемнің соғыстан деп
жорыдым,
Қатайды ма жүрегі көріп достар өлімін.

Көп сүймеуі анамның, сірә, бекер емес те,
Шуағы бар даламның дауылы бар емес пе?!

СЕН ЕСІМЕ ТҮСКЕНДЕ

Көл болып жасы көзінің,
Анашым шықты аңырап.
Күңіреніп қалды өзіңнің
Атыңа біткен шаңырақ.

Өңім бе, әлде түсім бе,
Үзілді кенет өмірің.
Бар демін тартып ішіне
Егіліп тұрды келінің.

Кетті деп жақсы арадан
Жоқтады барлық жас-кәрің.
Атынан құлап даладан
Жылады қанша достарың.

Сүріне-құлай жеттім де,
Кеудеңнен сүйдім, төзбедім.
Мәңгіге ұйықтап кеттің де,
Бірін де мұның сезбедің.

Жалғыздың жетім қалмақшы
Аһ ұрып шыққан от демі,
Шыңғырған даусы алғашқы
Оята алған жоқ сені.

* * *
Алаңсыз үйде отырған шақтарым кем,
Шаршаймын ой сандығын ақтарумен.
Жан әке, өзің болып елестейді

Жолаушы белестегі атқа мінген.
Сол елес бұрылмастан асар қырдан
Сан рет жанарыма жас алдырған.
Жан әке, өзің болып елестейді

Жылқышы құрық алып асау қуған.
Түсесің сен есіме, аңшы көрсем,
Сені еске түсіреді әнші де өңшең.
Жүрегім суырылып, мұздап кетем

Ілулі иесіз қалған қамшы көрсем.

* * *
Көңілді жиі-жиі басып қайғы,
Елесі балалықтың қашықтайды.
Жан әке, баяғы өзің бардағыдай

Құлының ауыл жаққа асықпайды.
Болмасын біліп өмір жазы мәңгі,
Белгісіз жүрек қашан жазылары.
Ботаңның еркелігі ұмытылып,

Санаулы жандарға айтар назы қалды.
Шешілді қызыл шашбау бұрымдағы,
Қуантпай шәйі көйлек құбылмалы.
Қызыңның маңдайына жылы алақан

Тиген жоқ сенің көзің жұмылғалы.

АНАМА БІРІНШІ ХАТ

Өзіңді, анам, өмірде
Ренжіткен жерім көп.
Әжем «келін» дегенге
Мен де жүрдім «келін» деп.

Кейде шексіз еркемін,
Сөзін естіп атаның.
Құрдасыңдай мен сенің
Есіміңді атадым.

Ыстық екен сезімің,
Сезіп көңіл бөлмедім.
Мол екен-ау төзімің,
Сонда да жек көрмедің.

Ене сырын ұғып шын,
Өр көңілін қия алмай.
Он екі жыл жүріпсің
Өз қызыңды сүйе алмай.

Еркеліктен білмегем,
Тентектігім көп дейтін.
Таяқ жедім бір сенен
Мәңгі есімнен кетпейтін.

Ұрдың мені амал жоқ,
Қателік боп ісімде.
Ұрдың мені «анам» деп
Айтпағаным үшін де.

Батса да тым жаныма,
«Неге ұрасың?» дер ме едім?
Қайталашы тағы да,
Қайтпай жүрсе еңбегің.

Ес білгелі сөзің жоқ
Айналудан жаңылған.
Бірақ маған кезім көп
Қаталдықты сағынған.

Ойға шаттық дарыған,
Білмен қапалануды.
Осы күні сағынам
Сенің шапалағыңды.

Зулай берсін ай, апта,
Тек еске алып өтем ғой.
Сенен жеген таяқ та
Тәтті болады екен ғой!

АНАМА ЕКІНШІ ХАТ

Қалмадым бірге жаныңда,
Болмадым сенің ермегің.
Шаршап бір жүрген шағыңда
Дайындап сусын бермедім.

Ауырып көп түн қиналдың,
Қасыңда тағы болмадым.
Алыстан қатты сыйладым,
Алыстан хаттар жолдадым.

Сен үшін білем тым ауыр,
Көп көштің кеттім ішінде.
Мен үшін аз ғой бір ауыл,
Сөкпеші, мені түсін де.

Өмірім сенен мүлде өзге,
Жолдарды тану көп керек.
Қинама мені бұл кезде,
Қинама алыс кетпе деп.

Биіктік болса қаларым,
Төменді маған ұсынба.
Құстар да балапандарын
Баулиды алыс ұшуға.

* * *
Ерке өстім,

көргенім жоқ азап кешіп.
Тіршілік,

өмір заңы ғажап, нешік!
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау
Бір қолмен тербетілген қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,

Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсе, кешір, Анам!

АНАҒА СЫР

Сағындым, апа, үніңді,
Барып қайтайын деп едім.
Қуанышымды, мұңымды
Оңаша айтайын деп едім.

Сырласып ұзақ отырар
Бойда қуатың бар ма?
Азайып бара жатыр-ау
Жайлы ұғатындар да.

Еріп жүр десем жаныма,
Маған көнбедің бір де.
Қатыгез жандар барына
Айтсам сенбедің мүлде.

Іздеген пайда сүюден,
Баласын басқаға берген,
Кеткелі, апа, үйіңнен
Алуан масқара көргем.

Махаббат жырлап жүректі,
Бақтың ақ гүлін тердім.
Жылмақай, жалған тілекті
Достың сатқынын көрдім.

Кеудемнің шерін бұрқанып
Хатқа жазам-ау кей күн.
Одан соң қайта жыртамын,
Шаршатып алам-ау деймін.

Түсіме еніп шығасың,
Көремін әжімді жүзің.
Әділдік жайын сұрасам,
«Асықпа, – дер едің, – қызым!»

АНАММЕН ҚАЙТА СЫРЛАСУ

Сен мені гүлім дедің, жазым дедің,
Азайып кетсе-дағы назым менің.
Бойыңнан еш өзгеріс таба алмадым,
Көбейіп кетсе-дағы әжімдерің.

Ал менде жүзік те алтын,
Қалам да алтын,
Көңіл шат, жарқырайды жанардан күн.
Сен болсаң өзгермедің, қайран ана,

Баяғы аңқау күйің, «надан» қалпың.
Өзіңді аңсай күтіп бала күннен,
Жолыңа тағат таппай қарадым мен.
Енді сен мені күтіп отырасың

Үркектеу жаутаңдаған жанарыңмен.
Сен едің алғаш мені тәй бастырған,
Мен едім өміріңді жалғастырған.
10-207

Бұл күнде керісінше, біз екеуміз
Артиспіз рольдерін алмастырған.
Сен үшін салқын тартты-ау жаз айлары,
Қызың да енді сені аз ойлады.

Қиын-ау, аяулы анам, дәурен өтіп,
Бойдағы күш-қуаттың азайғаны.
Мен үшін қойсаң еді болмай алаң,
Кеудеңде қалды өзгермей сол баяғы ән.

Сен маған айтпап едің бір жалған сөз,
Мен болсам сені кейде алдай алам.
Өзіңнен бөлек тұрам, бөлек өрем,
Жүректен сағынышты төгем өлең.

Көзіме елестейді бала құсап
Жеңіліп отырғаның немереден.
Іске аспай қалды жиған асығың да,
Өзің де үйренбедің асығуға.

Қайтейін, мені саған ұқсатпаған
Кінәлі күрделенген ғасырым ба?!

Сен соғыс, аштық көрдің ғұмырыңда,
Болмады әсем шашбау бұрымыңда.
Сонда да қара ниет жандар бары
Қайранмын енбегенге ұғымыңа.

Өзімше өнер сырын игеремін,
Деп сенен бөлек өмір сүрген едім.
Ақ пейіл, аңқылдаған қасиетіңді
Айтсаңшы қалай ғана үйренемін?!.

* **
Бойдағы жігер-күшіңді
Біздерге бердің, жан анам.
Кім бәрін соның түсінді,

Не көрдің өзің баладан?!
Еске алсам сені қиналам,
Не алып сенен, не бердік?!
Қанатпен өзің сыйлаған

Жан-жаққа ұшып жөнелдік.
Қоштастық тауып тағы күш,
Мақтанып жүрдің көршіңе.
Сарғайып күту, сағыныш –

Қалдырдық сенің еншіңе.
Көрісіп жүрміз сиректеу,
Жұбатып келіп-кетумен.
Біз үшін кешкен бейнетке

Болған жоқ өзің өкінген.

Үйреніп бала сүюін,
Біздер де ана атандық.
Тек сенде шексіз мейірім,
Бізде бір жатқан қаталдық.

* * *
Жан апа, жақсы бол деп айта бердің,
(Әрине, оң-солыңды байқа дедің).
Әділдік – арман деп ем бала күнгі,

Қайта құру кезінде қайта көрдім.
Киіктей кей пендеден үріккенмен,
Жүректі жылытқан ем үмітпенен.
Кешір сен, мен өзіңше аңқылдамай,

Қарадым кей адамға күдікпенен.
Кім сатқын, кім жағымпаз, сезем енді,
Жалған бақ, білем кімнің өз еңбегі.
Өзімнің ғасырыма ризамын,

Шындықты бетке айтатын кезең келді.
Біраз жыл шабысымнан баяуладым,
Шаршатты орындалмай ой-арманым.
Баяғы бала пейіл, пәк жүректің

Жаза алмай қиналамын аяулы әнін.

Жан апа, турашылдау өскен едім,
Әділдік қашан келсе кеш демедім.
Әлі де екіжүзді пенделерден
Сатқындық көрем-ау деп сескенемін.

АНАММЕН СЫРЛАСУ

Сапарға шығып барамын,
Қиналдың, апа, сен неге?
Мөлтілдеп қалды-ау жанарың,
Қыса алмай ұзақ кеудеңе.

Көзіңе жинап алдың да
Көңілдің қимас жаңбырын.
Соңымнан ердің адымдап,
Желбіреп желге жаулығың.

Біраз жол жатыр арада,
Келесің әлі қала алмай.
Лағын таппай далада
Адасып жүрген маралдай.

Тілеп ең бақыт, жек көрмей,
Жүрегің қайта тулады.
Менімен еріп кеткендей
Үйіңнің базар-думаны.

Көрсетпе, апа, мұңыңды,
Жалғыздық жанға батса да.
Сен тарап өрген бұрымды
Қиярсың қалай басқаға.

Жаутаңдап жолға қараймын,
Сен келе жаттың белесте.
Оның не, апа, талай күн
Күткенің осы емес пе?!

Арпалыс көңіл күйімде,
Қиналдым тимей шапалақ.
Құшақты жайып кейінге
Жүгіргім келді-ау «апалап».

* * *
Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан,
Өзіңнен басқа таппаған жылы алақан.
Думанды, шулы тірлікке мені әкелген

Ақ сүтің шығар, жан апам.
Ой салып маған, есейтіп сәтте өтсе күн,
Асықтым алға, ертеңгі таңды көкседім.
Өмірге мені, өмірді маған сүйгізген

Ақ сүтің шығар тек сенің.
Арналған дара махаббат ыстық, зор сенім,
Кеудеде қанша айтуға қиын мөлшерін.
Туған жер деген сиқырлы ғажап топырақ –

Ақ сүтің шығар ол сенің.
Досыма келем адалын сыйлап сезімнің,
Жалғаны болса кешірме менің сөзімнің.
Ақ деген ұғым ұраным менің тәрізді

Сүтіңмен сіңген өзіңнің.

* * *
Ерте тіктің қамзолыңның өрнегін,
Бойжетіп те талдап бұрым өрмедің.
Жастайыңнан жар болыпсың әкеме,

Бәлкім, оған ғашық болып көрмедің.
Есейіпсің құрбылардан ертерек,
Көйлек киіп қос етегін келтелеп,
Сен әкеме жар болыпсың аяулы,

Бірақ ұзақ жүре алмапсың еркелеп.
Жан жарыңның өршітетін жігерін
Мәңгі бірге ар-намысың, тілегің.
Ол қуанса, бір қосылып ән айттың,

Ол қайғырса, бірге солып гүл өңің.
Ойыңда жоқ жардың атын атамақ,
Соны сыйлау – сен білетін бата, бақ.
Саған қарап күшті екен деп ойлаймын

Өмір бойы айтылмайтын махаббат.

* * *
Сен менің анам да едің, әкем де едің,
Ағартқан самайыңды қатем менің.
Мен сенің жүрегіңді қобалжытып,

Көп хабар қуаныштан әкелмедім.
Тәй тұрдым аяқ басып, құлап келдім,
Сүрініп, одан соң да жылап келдім.
Мен сенің түн ұйқыңды төртке бөліп,

Ісіме ақыл-кеңес сұрап келдім.
Мен сенің қойыныңнан ерте кеттім,
Жолықсақ, мейіріммен еркелеттің.
Мұздатып бір ісіммен өн бойыңды,

Жүзіңді бір ісіммен өртеп өттім.
Ұлыңнан оқшау жүріп бөлекте өстім,
Мінезім бірақ та ерсі демепті ешкім.
Мен сені жасартпадым, қайран анам,

Тезірек қартаюға көмектестім.

Мен үшін кешкірсе де күткен күнің,
Кеудеңде мол ғой жылу бітпейтұғын.
Сендегі махаббатқа таң қаламын
Ешқашан қайырымды күтпейтұғын.

* * *
Түсірмей кіршік сенімге,
Бойымды еркін билеттің.
Жақсылар көп деп өмірде

Сен ылғи маған үйреттің.
Қателік көрсем өзгеге,
Білемін оңай кешірдің.
Қастандық қысқан кезде де

Ақ пейіл бол деп өсірдің.
Мен содан досқа еркелеп,
Бәрін де дос деп ойладым.
Ездердің барын ертерек

Ескертіп неге қоймадың?!

* * *
Көз бояп жалған көңілмен,
Күлімдеу саған жат дедің.
Өзіңнің маңдай теріңмен

Өзіңе бақыт тап дедің.
Достарың болсын бірлікте,
Қалғанда әннен жаңылып.
Құл болып күңкіл тірлікке,

Күн кешпе дедің жағынып.
Сөздерің жүр-ау көңілде,
Кезі жоқ естен шығатын.
Жандар көп, апа, өмірде

Өтірік күліп тұратын.

АНА СЫРЫ

Қуанды ана, жалғыз ұл алды келін,
Қарау үшін көз керек, сәнді керім.
Жиырма бес жыл күттірген арманы осы,
Сол табардай жүректің барлық емін.

Екі жастың той-думан жүрген жері,
Жарасады наз әні, күлгендері.
Бірақ ана ұлының үйленген соң
Алыс тарта түсерін білген бе еді?

Балалықтың есінен шығып бәрі,
Ұл есейді, тек ана ұмытпады.
Елестейді көзіне тентегінің
Оған қымбат ең тәтті қылықтары.

Амал қанша, көнді енді, алшақтады,
Керек ұлдың үй болып, жар сақтауы.
Ана есіне түседі жалғыз ұлдың
Омырауын сипаған саусақтары.

Осы еді ғой асылы, ар-намысы,
Ол ауырса, шығатын жан дауысы.
Осы еді ғой ауыр күн – жесір мұңның
Қуат берген тірегі, алданышы.

Осыны ойлап салқындап күз қабағы,
Өз-өзінен себепсіз сызданады.
Жек көрмейді-ау келінді,

бірақ ана
Жалғыз ұлін еріксіз қызғанады.
Жаутаңдайды жігіт те, елеңдейді,
Салқын тартты қабағы неден дейді.

Ал келіннен сұраса оңашада:
«Мені жақсы көрмейді енем», – дейді.
Ана үнсіз, налиды ұл, күйреп келін,
О, махаббат,

Сен де бір бейнет пе едің?!.
11-207

ӘЙЕЛ ДЕЙДІ-АУ...

Әйел ол – тіршіліктің бәйтерегі,
Лайық оған жырдың қай теңеуі.
Япырмау, Адам ата ұрпақтары
Өмірде сен болмасаң қайтер еді?

Ақ пейіл, кеңдігіңе бас ұрамын,
Өлшеусіз еңбегіңді жасырар кім?
Өр кеуде, бөрік киген ер жігітті
Сен алғаш ақ сүтіңмен асырадың.

Соларда бұл шындықты құптайтын бар,
Соларда көңіліңнен шықпайтын бар.
Еркектің жасықтарын «әйел» дейді-ау
Әйелдің қасиетін ұқпайтындар.

ЖЕҢЕШЕ

Қол жаятын талай жігіт жазым деп,
Қыз едің сен арманың көп, назың көп.
Жылдар өтіп бара жатыр, жеңеше,
Сенің жазық маңдайыңды әжімдеп.

Жас келін ең бұл отауда ілкіде,
Талайларды табындырған күлкіңе.
Жылдар өтіп бара жатыр байқаусыз,
Жас сәбилер «Әже» дейді-ау бір күнде.

Ұмыттырып наз-әзілдің барлығын,
Шақырады үлкендікке алғы күн.
Қара шаштың кейбір талын ағартып,
Жылжып өтіп бара жатыр әр жылың.

Бір кездерде болдым мен де нәресте,
Бала күннің бар қызығы бар есте.
«Кішкене қыз» деп атайсың әлі сен,
Жылдар өтіп бара жатыр емес пе?

МЕНІҢ ЖЕҢГЕМ

Қыз күнінде бұл жеңгем
Теңдесі жоқ ерке еді.
Бір әкенің ұл деген
Жұбанышы, тентегі.

Ешкім мазақ етпеді
Қос жақсының жұлдызын.
Үлкендер де өтпеді
Жолын кесіп бұл қыздың.

Асау тайдай арынды
Жүретұғын күнінде.
Келін болып сабырлы
Шай қайнатты бір үйде.

Қабақ шытпай қарайды
Жарының әр ісіне.
Төзімді еткен талайды
Бұл махаббат күші ме?

Қос жанарым жасаурап
Қарай берем жеңгеме...
Құрықтан соң асаулар
Үйренгендей делбеге.

ЖАР МҰРАСЫ

Сырласымдай сонау бала күнімнен,
Шықпаушы едім жеңешемнің үйінен.
Әлі есімде, жиі көрем қолынан
Бір нәрсені орамалға түйілген.

Ашып қарап, ұзақ кірпік қақпайтын,
Қиналатын, ешкімге тіл қатпайтын.
Маған жұмбақ түйіншекті жеңешем
Сандығының ең түбіне сақтайтын.

Айлар өтті сан өмірді жаңғыртқан,
Жылдар өтті, кетті өзгеріп барлық маң.
Жеңгем бір күн бара қалсам баяғы
Орамалды алып жатыр сандықтан.

Көптен таныс қоңыр үнмен салмақты
Деді: «Осыны оқып берші, ардақтым»,
Қолыма алып ашып қалсам, көнерген
Үш бұрышты хаты шықты солдаттың.

Мейлі осы хат көңілімді қозғасын,
Білем оның көнерсе де, тозбасын.

Көрдім хаттан жылдар бойы аяулы
Жеңешемнің тамып келген көз жасын.
Осы хатта сүйгенінің көңілі,
Осы хатта батырлықтың өр үні.

Осы хатты жылдар бойы аяулы
Жеңешемнің аймалады-ау еріні.
Айыға алмай тұрмын ауыр ойлардан,
Бұл ұзақ жыр орамалға байланған.

Мұнда зары қыршын кеткен жігітгің
Туған елге оралмаған майданнан.
Мұнда соғыс күңіренткен жер үстін,
Мұнда бітпес гимні бар жеңістің.

Ерлігі бар оққа ұмтылған жігіттің
Отан-ана, туып-өскен жері үшін.
Деді жеңгем: «Тез оқышы, жарығым»,
(Ет жүрегін торламас па тағы мұң,

Қинамас па соңғы келген сәлем хат,
Соңғы жазған сағынышы жарының).
Мен бұзғандай тыныштығын бүгін кеп,
Оқып шықтым өне бойым дірілдеп.

Тұра бердім қарай алмай жүзіне,
Жеңгем хатты алды қайта күлімдеп.
Қақты арқамнан (неткен адам жаны ізгі!)
Осы еді оның мұра-мүлкі маңызды.

Үшбұрыш хат бар тынысы жеңгемнің,
Тірлігінің тіреуіші тәрізді.
Көнімді еткен қайсар тағдыр ісіне,
Ергізбеген сөзге, өзге кісіге,

Төзім берген тал бойына таусылмас,
Қуат берген осы хаттың күші ме?!
Сәл күрсініп сөйлеп кетті жеңешім:
«Білем ағаң қайта айналып келмесін.

Тілейтінім біздер көрген азапты
Тек сендерге, ұрпақтарға бермесін».
Сырласымдай сонау бала күнімнен,
Шықпаймын мен жеңешемнің үйінен.

Әлі күнге сақтаулы жүр кіршіксіз
Солдат хаты орамалға түйілген.

ЖИІ ХАТ ЖАЗЫҢДАР СОЛДАТҚА

Читада,

Киевте,

әр жақта,
Владивостокта,

аулақта,
Толқынмен алысқан теңізде
Жиі хат жазыңдар солдатқа.
Аңсаған алыста ауылын,

Құрбысын, бірге өскен бауырын.
Жиі хат жазыңдар солдатқа
Сағынған Сарыарқа жауынын.
Қыздар-ау, өздерің жолдаған

Сәлемнің теңдесі болмаған.
Сендер хат жазыңдар солдатқа
Түндердің тынышын қорғаған.

Читаға,

Киевке,

әр жаққа,
Владивостокқа,

аулаққа,
Қыздар-ау, ұмытпай
Жиі хат жазыңдар солдатқа.

АДРЕССІЗ БАЛА

Алғаш көрген қалада адасуда,
Тұрағы жоқ келіпті баласына.
Тілдестім де, әйелді үйге әкелдім,
Мұқтаж болған қиын-ау жанашырға.

Болжауменен үй іздеп кешкірді күн,
Жөн демейді, әрине, ешкім мұным.
Өзіме аян бұл үшін күйеуімнен
Сөздердің де төркіні естір бүгін.

Жасырынған баланы қаладағы
Адрессіз кім қашан таба алады?
Есі ауыс болмаса, бұл күнде адам
Жоқ іздей ме біреуге даладағы?

Жасайын деп жақсылық желпілдедім,
«Енді өйтпейтін» тұрақсыз сертім менің.

Өзіме де жүрген жоқ оңай тиіп
Жыр жазатын талай күн өлтіргенім.
Жылайды әйел, қу бала қымбат та оған,
Оқимын деп жыл бойы үн қатпаған.

Мейірімді ананың жалғыз ұлы
Мейірімсіз болғаны жұмбақ маған.

ИНЖЕНЕР БАЛА

(баллада)
Кездесу
Жас жігіт келді жақында
Ауыл жоқ оны шеттеткен.

Айтпастан мүлде атын да,
«Инженер бала» деп кеткен.
Бір күні сәлем бергелі
Әжеме келді сол бала.

Ежелгі әдет елдегі
Үлкенді сыйлау жол ғана.
Қол алды әжем күлімдеп,
Көргендей ескі танысын.

«Өркенің өссін, ұлым!» деп
Жаудырып жатыр алғысын.

Хал-жайын жәймен сұрады,
Сұрады жігіт есімін.
«Ата-анаң қайда тұрады?
Мекені қайда осы күн?»

Мұң басты жігіт жанарын,
Аға жоқ, іні ермеген.
Аяулы асыл ананың
Жүзін де анық көрмеген.

Жетімдік батып жанына,
Көп екен кезі жасыған.
Қол созып өнер таңына,
«Детдомда» болған жасынан.

Жақында білген дүние
Ашқанын мұнда есігін.
Ескерткіш еткен бүгінге
Бекәлі әке есімін.

Үзілді кенет әңгіме,
Кетпеді қайта басталып.
Әжемнің кетті әлгіде
Көзінен тамшы жас тамып.

Ішіне тартып бар демін,
Отырып қалды ойланып.
Түсірді еске әрнені,
Жылдарды өткен ойға алып.

«Бұл күнде, –

дейді, – қартайдым,
Құлақтың тағы кемі бар.
Даусыңның, балам, байқаймын,
Әкеңе тартқан жері бар».

Құбылды жігіт жаз өңі,
Қалмады бойда сәл төзім.
Айтпақшы болған әжемнің
Асыға күтті әр сөзін.

Әжемнің әңгімесі
«Аналар нені көрмеді,
Кешті сол ауыр шақтарды.
Ауылдың барлық ерлері

Соғысқа кетіп жатқан-ды.

Ол күнді мен де көргенмін,
Көп болды елге әлегі.
Ішінде кеткен ерлердің
Сенің де әкең бар еді.

Қайтпады елге,

үйінің
Ашпады таныс есігін.
Кетіпті айтып «Ұлымның
Қуаныш қой» деп есімін.

Көрмеді ол сенің түріңді,
Күлкіңді тағы көрмеді.
Бақытың болар бүгінгі
Үлеске саған бергені.

Ілулі үйің төрінде
Суреті қалды әкеңнің.
Сен келіп жарық өмірге,
Анаңа шаттық әкелдің.

Сен оны шексіз қуанттың
Уілдеп алғаш күлгенде.

Ермегі болып жұбаттың
Ұйқысыз өткен түндерде.
Ұзаққа бұл сәт бармады,
Үзілді кенет бір арман.

Ажалдың суық қармағы
Айырды сені анаңнан.
Көз жасын, сірә, көрген ғой,
Сұм ажал, балам, күшті екен.

Есімде, анаң өлгенде
Тола алмай қалдың үшке сен.
Келіні көрші үйіңнің
Басқадан сені көрді өзге.

Ерекше саған үйіріліп,
Қойнына салды сол кезде.
Кейін біз көшіп кеткенбіз,
Білуші ең онда сен нені?!

Өтті ғой талай көктем, қыс,
Өзгерді жағдай елдегі.
12-207

Қарағым, басқа бермегей,
Соғыстың көп қой кесірі.
Аз емес әке келмеген,
Елде жүр бірақ есімі.

Олардың анық ерлігі,
Кеудеге жігер құяды.
Жасаңдар ұзақ – ел гүлі –
Ерлердің асыл тұяғы.

Аларсың бата елден көп,
Үлкенге әр кез бөлсең ой.
«Инженер бала келді» деп
Естіген едім, сол сен ғой.

Орынды, балам, келуің,
Туған жер дәмі тартады.
Таниды туған жеріңнің
Топырақ, тасы, әр талы.

Аялар, балам, туған ел,
Қасиетін ұқ та, мәпеле.
Ертеңге бол да мұрагер,
Ескерткіш орнат әкеңе».

Отырды әжем ұрпаққа
Ұзақ жас тілеп өмірде.
Отырды әжем бұл шақта
Бейбіт күн тілеп еліме.

Қоштасар кезде қол алып,
Нұсқады әжем жолды ауыр.
Туған жер түгел оянып
Тұрғандай болды сонда бір!..

БҮРКІТ ПЕН ҚАРҒА

(ертегі ізімен)
Азайып жарқыл көзінде,
Қажытып тірлік өзін де.
Шықты аңға бүркіт көңілсіз

Шау тартып қалған кезінде.
Мәз емес тоя жегенге,
Құмар ол осы өнерге.
Кім білсін, тозған тырнақтың

Бүруге әлі келер ме?
Оңай іс еді-ау ілкіде,
Қалмас па енді күлкіге?
Әйтеуір, ойы бүркіттің

Бір рет түсу түлкіге.

Құбылып түрлі сан алуан
Үстінде қардың ағарған
Ең соңғы қайрат-қуатпен
Түлкіні бүру – бар арман.

Айнала қарап таңдана,
Қанатын жиып қомдана,
Шалғанда көзі түлкіні
Жолығып қапты қарғаға.

Қарқылдай қарап жан-жағын,
Бір шоқып көзі шалғанын.
Өкініш те жоқ, арман жоқ,
Құштары жоқ қарғаның.

Білмейтін жемнен басқаны,
Екі жүз елу жастағы
Қарғаға бүркіт таңданып,
Былай деп сөзін бастады:

– Төменді шолып көзбенен,

Самғап бір кеткен кезде мен
Өмірдің отыз көктемі
Өтерін әсте сезбеп ем.

Ал енді менің мөлшерлі,
Отызым өтті өлшеулі.
Біткені мендік ғұмырдың
Көтертпей қойды еңсемді.

Байқаймын, тозды жанарым,
Көрмеймін аңын даланың.
Түлкіге түсіп соңғы рет,
Өлуге кетіп барамын.

Аз ғана осы өмірден
Биіктен әр кез көрінгем.
Ал, айтшы, саған неліктен
Үш жүз жыл ғұмыр берілген?

Тәтті ғой тірлік қашанда,
Есі бар одан қашар ма?
Не сыр бар айтшы, қайткенде
Болады ұзақ жасауға? –

Білмейді ол өмір өтерін,
Тірліктің мәні не екенін.
Ұққаны оның тек қана –
Бүркіттен үлкен екені.

Білмейді ол шың мен құз барын,
Айырмас тәтті, тұз дәмін.
Тілеп те алған жоқ қарға
Өмірдің мәнсіз ұзағын.

Қарға айтты:

– Түгел есебім,

Күрессіз өмір кешемін.
Өлексе – менің тамағым,
Жылы қан – сенің кеселің.
Не керек аңмен алысып,

Қайратты бойда тауысып?
Тұрғанда дауыл бұтаның
Ығында қалам жабысып.
Жігерін жұрттың қоздырып,

Ісіңді көпке сөз қылып.
Топшыңды бекер қандапсың,
Тырнақты босқа тоздырып.
Мен емес әуес ондайға,

Шықпаймын қарсы торғайға.

Өлексе ізде, алыспай,
Тамағың тойса болмай ма? –
Бүркіт сәл бұған қиналды
Кетуге ұшып жиналды.

Тәтті ғой тірлік, сондықтан
Сөзіне қарға иланды.
Тым ерте сонда өлмек пе?
Ойланды сөзге көнбекке.

Аттанды бірге қарғамен
Өлексе шоқып көрмекке.
Түлкі алу – мәңгі мұң болу,
Өлексе шоқып, күн көру.

«Жо-жо-жоқ...» деді өр көңіл,
«Бұдан да артық шыңда өлу.
Артық адым баса алмай,
Бұтаға бұғып тасалай,

Күн көру деген азап қой
Өзің бір ерлік жасамай.

Бәрібір өтер бұл жалған,
Өлімнен кім бар құр қалған?
Өлексе жеген үш жүзден
Отызым артық түлкі алған».

Етсе де келер таңды арман,
Шошытты сасып қалған дәм.
Тәкаппар көңіл бүркітің
Бөлініп кетті қарғадан.

Ешқашан биік қонбаған,
Іңкәрлік сезім болмаған
Қарт қарға болса таңданып,
Қарқылдап күліп қалды оған.

ҚОС КҮШІК

Үрмей, тек анда-санда ырылдайтын,
Жанары ешбір сөзге жылынбайтын,
Біздің бір көршіміздің иті болды
Жуастау, онша ешкімге ұрынбайтын.

Ойнасақ, шулап соған келетінбіз,
Қолдағы бар тамақты беретінбіз.
Сипалап, еркелетіп қыс түскенде
Шанаға сырғанаққа жегетінбіз.

Бір күні тура келді жалынуға,
Шақырсақ, шықпай қойды.
Ауру ма?
Ентелеп күркесіне жетіп барсақ,

Қос күшік жыбырлап жүр бауырында.
Бір күндер жалғыз астау асы қалды,
Бауырын жатты жерге басып әлгі.

Қос күшік кете барды екі жаққа
Иті боп біреулердің асыранды.
Қос арлан жеткізбейді шапқанда алға,
Қыңсылап ене қалды батқан қарда.

Еш адам мән бермеді бұл жағдайға,
Тәйірі-ай, иттікті елеп жатқан бар ма...

АҚ КӨЖЕК

Сені алғаш көрдім
Ақ құйын дүлей ақпанда,
Жылы орын іздеп шатқалда,
Зуылдап бара жатқанда.

Ұқсас ең онда, ақ көжек,
Бір уыс таза ақ қарға.
Қызығып тұрдым
Ауаның суық шағында,

Қаңтардың сол бір таңында.
Шомылтып мені ақ сағымға,
Елесі болып пәктіктің,
Сақталып едің жадымда.

Қайтадан көрдім
Бусанған белдер көктемде,
Тау шыңын самал өпкенде.

Жолымды кесіп өткенде,
Шошынып қалдым,
Жотаңа
Біреу құм шашып кеткен бе?

Одан соң көрдім
Күзінде қоңыр даланың,
Жаутаңдап үркек жанарың,
Ағарып жалғыз тамағың,

Дірілдеп тұрдың сенімсіз,
Кеміріп талын жағаның.
Тамғанын сездім
Өкініш жасы жанардан,

Ызғардай бойға таралған,
Кеудемде мұң бар қамалған.
Қайтейін, сенше өзгерген
Менде де болған ақ арман.

ДОСЫМА

Өзгеден өжет бол асқақ,
Сол саған, достым, жараспақ.
Ұқсап өт асау өзенге
Көрмеген бір сәт толастап.

Жағдайға өмір қарай ма?
Жанған соң, сөнбе қалайда.
Ұқсап өт жазғы таңдағы
Көрінген аппақ арайға.

Жеңсе де қайғы, қасірет,
Нұрыңды көпке шашу ет.
Тағдырға мойын ұсынсаң,
Қалмайды бойда қасиет.

Толмаса терге етегің,
Мұратқа күмән жетерің.
Өкініш болмас бақыттың
Түсініп өтсең не екенін.

ДОСҚА ТІЛЕК

Сырыңды ашық айт шешіліп,
Тек қана көзіме тік қара.
Қалт бассам, бір сәтке кешіріп,
Доспын деп ісімді құптама.

Қатемді жасырып өзімнен,
Өзгеге отырма жайып сап.
Дос болсаң, ең ауыр сөзіңмен
Кет сонда өзімді айыптап.

Сағынып, аймалап өтірік,
Қарсы алма жүзіңде нұр жанып.
Сөзіме сын таға отырып,
Қарама соңымнан ұрланып.

Дос болсаң, адал бол қайда да,
Жақын кел бір қатер төнгенде.
Ор жаққа итеріп тайғанда,
Оң сапар шыққанда қол берме.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

Алға қарай жас жүрек бұлқынады,
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.

Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы суға құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша жүргендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.

Бала бағу.
Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мынау ұрпақ,

Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

ЖҰРТ НӘЗІК ҚЫЗ ДЕГЕНМЕН...

(Фариза Оңғарсыноваға)
Туған жер қыраттары
Сенің де гүлдетпегің.
Тауының бұлақтары

Менің де жыр етпегім.
Даланың гүл түлеген
Біз – бір тал шыбықтары.
Ананың ұл тілеген

Біз шығар үміт таңы.
Ұмтылдық таңдарға алғы,
Қол создық әр белеске.
Әкенің армандары

Біздерде қалды емес пе?!
Сыршылдық іздеп желден,
Теңізден дауыл тостық.
Жұрт нәзік қыз дегенмен,

Жүгіміз ауыр, достым.
13-207

ДӘРІГЕР

Кеудеде таусылып айтар ән,
Қоштасып гүлдермен жайқалған,
Мезгілсіз тоқтаған жүректі
Тірлікке жалғайсың қайтадан.

Қорғайсың өмірді көз ілмей,
Қиналу, шаршауды сезінбей.
Өлеңім жаралы көңілді
Арман не емдесе өзіңдей?!

АЛҒЫС

Жақсы адамдар тосыннан
Жолығатын бағым ба?
Күліп барған досымнан
Жасып қайтқан шағым ба?

Бірде жақын, бірде алыс
Асығыстау жол шыққам.
Сәтсіздік пен қуаныш
Мені де көп толқытқан.

Көңілге үрей түйдім мен
Әлем тыныш шағында.
Әділдікті күйдірген
Зұлымдардың барында.

Елтіп бақыт әніне,
Көз жасқа да көмілдім.
Ал осының бәрі де
Заңы дейміз өмірдің.

Қалсам ойдан күйреп мен,
Мұңды жеңер шамам бар.
Бәріне де үйреткен
Алғыс саған, адамдар!

* * *
О, шындық,

Бәлкім, сен де торығасың.
Қашанда килігеді жолыңа сын.
Оңайдың олжасы емес,
Мен білгелі

Талайға қиындықпен жолығасың.
Қандайсың,

Үлкенбісің, кішімісің?
Байсалды,

Ақ сақалды кісімісің?
Әлде сен түзу жолдан бұрылмаған
Жандардың таңғы ғайып түсімісің?
Кей істің келе алмай орайына,

Таңдандың пысықтардың талайына.
Әйтеуір, сені іздеген адамдардың
Келесің қырау жағып самайына.

ӘДІЛЕТ

Әділет – қастерлі ұғым санамдағы
Құштар-ау адамдардың саған бәрі.
Еңлікгүл тәрізді биіктесің,
Кез келген белді буып бара алмады.

Келмей ме әлде сендік жол да ыңғайға,
Сен жоқта ызғар гүлді тоңдырмай ма?
Абыройлы жігітке олақ әйел
Жолыққан кеште өзің болдың қайда?

Пәленің кесе алмадың ала жолын,
Жақсының байлады бір бала қолын.
Әділет, сен жоқ жерде жоқ талайға
Тірінің төрі түгіл, молада орын.

Әділет – қастерлі сөз алты-ақ әріп,
Күнәңді талай жерде арқаладық.
Бетпе-бет бір жолықшы, тым болмаса,
Оңданып отырайық ортаға алып.

Ішінде ең күрестің де, жеңістің де,
Сұмдықпен шаршап кейде келістің бе?
Сен маған жолығарсың, жолықпассың,
Әйтеуір, болсаң екен жер үстінде.

БАБАНЫҢ САЗЫ

(Мұхит Мералыұлының өмірі мен өнері
жайлы толғаныстар)
«Кім өтер, кімдер кетер, кімдер қалар?!
Рухым өшкен менің қайта жанар.

Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп,
Кейінгі ұрпақтарым есіне алар».
Мұхит
Даланың тарады үнің сан қырына,

Ұрпаққа мәңгілікке қалды мұра.
Жаттаған ән-жырыңды мынау халық
Таланттың мән бермейді тағдырына.
Дейді жұрт:

«Сері болған, сайрандаған,
Бұл маңда ол бармаған той қалмаған».
Ән-көмей, жыршыл-жүрек болып туып,
Не көрдің мына өмірден, қайран бабам?

Не көрдің,
Рақатқа бөлендің бе?
Үмітті арттың неге келер күнге?
Жанында жүрген достар ойламады-ау

Болар деп қасіреті өлеңнің де.
Ойсыздар жүрегіңді жараласа,
Адамдар адамдарды алаласа,
Қаруың қолдағы бар әнің еді,

Кей пенде көңіліңе қарамаса.
«Айдай» деп әнге салдың ала қырда,
Қарадың адамдардың жанарына.
Жандардың мұң-қайғысын ұға білген

Өзіңдей қарыздармыз саналы ұлға.
Таң алыс сен күтетін аңсап алдан,
Жаныңа жебеу таптың таң самалдан.
Даланың дархандығы қанша болса,

Көре алмас күншілдігі сонша болған.
Болғанмен би-төреге жақындығың,
Олардан алыстатты ақындығың.

Көрдің сен сөзін ешкім ұқпайтынын
Ол кезде малы аз болса ақылдының.
Көрдің сен заңды күштің түзеткенін,
Кедейдің табанынан сыз өткенін.

Арудың жоқшылықтан зарлағанын,
Атаның даңқыменен қыз өткенін.
Ән болып ұрпағыма жетсем деп ең,
Әлі күн өлеңінде от сөнбеген.

Жалғадым арманыңа арманымды
Даланы жырға бөлеп өтсем деген.
Ақбақай көлдің жағасы
«Ақбақай» деген бұл жер көл болыпты,

Жағалай Ақбақайды ел қоныпты.
Онда да бірден біреу кем болыпты,
Онда да бірге біреу тең болыпты.
Сең көшіп, суға толып өткелдері,

Құс келген думандатып көк пен жерді.
Қиқулап қаздар қайтқан күз келгенде,
Көлдің де өткен бастан көктемдері.

Малды ауыл жаз жайлауға көшіп жүрді,
Өмірге сәби келді, есін білді.
Сол жерде той да тойлап бабаларым,
Өткізді кейде ауырлау Мешін жылды.

Қайтпаған қайсар өткен алған беттен,
Сері өткен ел қыдырып тарланкөкпен.
Махаббат күйін кешкен түрліше әркім,
Талайы Айнамкөздің арманда өткен.

Кедейдің кешсе біреу ауыр халін,
Таланттың көмейінен ағылған үн.
Олар да наз айтысып, жылап, күліп,
Даланың бастан кешкен дауылдарын.

Сұлулар Ақбақайдан су алыпты,
Кей жігіт күте алмаған құдалықты.
Бәріне іңкәр көңіл ғашық жастар
Жыңғылдың гүліне де қуаныпты.

Өтіпті талай боздақ ардақталған,
Үлесті тағдыр бірақ таңдатпаған.
Бай Медет отыз ұлы болып тұрып,
Кейіннен «Ой, Зәуреш» деп зарлап қалған.

Дауысы елден ерек, аспандаған,
Ешкімге жағынбаған, жасқанбаған.
Мұхиты Мералының келмейінше,
Бұл маңның той-жиыны басталмаған.

Онда да әңгіме-аңыз қозғалады,
Онда да өткен талант сөз болады.
Алқа топ отырады қызық көріп,
Ортаға ап Мұхит деген бозбаланы.

Үйреніп оның әнін әрбір ұлан,
Даланың естіледі ән әр қырынан.
Осылай кеткен кезіп аспан астын
Кеудені жарып шыққан жаңғырық өн.

Жоғалмас «Айнамкөзді» шырқатқан күн,
Сүйген жар кеудесіне гүл таққан күн.
Өмір де, асқақ ән де қайталанып
Келеді ғұмырымен ұрпақтардың.

Боздәурен
Базары жас көңілдің тарқасын ба,
Әкенің дәулет бағы арқасында,

Алаңсыз бұлаң қағып өсті Мұхит
Екі аға, екі інінің ортасында.
Ер жетті.
Бауырлармен табыспады.

Күннен-күн әке үміті алыстады.
Серілік құрып кеткен Мұхиты үшін
Мералы талай жерде намыстанды.
Алғашта деп жүр еді жас бала ғой,

Ер жетіп, жетер болса, басталар ой.
Төренің тұқымына ел билемей,
Домбыра қуып кету масқара ғой.
Әкесі айтқанымен бар ақылын,

Алатын көрінбеді бала тілін.
Тон тозып, уақыт озып, қайдан білсін
Мұхиттің әні мәңгі қалатынын.
Отырып сөйлесті әке талай-талай,

«Мінезі мынау ұлдың қалай-қалай?
Оясыз болды неткен!» – деп күйзелді,
Ал Мұхит ән ойлады, мал ойламай.

Ол бірде әке сөзін ойланды да,
Бас изеп талабына қойған мына,
Кеселі ағайынға тимеу үшін
Келісті ауылнай боп сайлануға.

Қаумалап туған-туыс күштеді ме,
Кірісті Мұхит солай іске, міне.
Мералы елін жинап, той жасады
Әулекі ұл дұрыс жолға түскеніне.

Жүректің бұл емес-ті сұрағаны,
Әншіге әкімшілік ұнамады.
Асықты мөр, биліктен құтылуға,
Шамасы жарты жылға шыдамады.

Аңсады ол думан-тойды ән салатын,
Сезімнің тербететін бал сағатын.
Аңсады ол қызыл-жасыл қыз-жігіттің
Ортасын қошаметпен қарсы алатын.

Ағытып көкірегінен серпінді үнді,
Аңсады ол ән шырқайтын еркін күнді.
Қолына домбыра алып қырға шықса,
Сиқыр күш қанат байлап желпіндірді.

Сол өнер талай жерді аралатты,
Жорғаны күміс тұрман тағалатты.
Осылай ат жететін айналаға
«Мұхит әнші» атанып бара жатты.

Толғаныс
Ерекше сезім орнап жүрегіне,
Атаның қабыл болмай тілегі де,
Бөлектеу туды баста бала болып,

Ұқсамай аға, інінің біреуіне.
Сиқыр күш жетелейді алысыңа,
Ұнамай төре тұқым «халі», сірә,
Жүрегін мазалайды бақыт таппай

Зарлаған Айнамкөздер намысы да.
Жаныма қу домбыра жолдас деді,
Бұл қора төрт түлікке толмас деді.
Есеппен күнелткенде өзгелердей

Тірлігің тынышырақ болмас па еді.
Өнердің шыдау керек азабына,
Қажымай басқалардың мазағына.

Ойын-той айналатын асқақ әнмен
Тірліктің қайталанбас базарына.
Жүйрік деп танымайды шыққан алға,
Аз болды пікірлерін құптаған да.

Кеудеде арман барын қиналатын
Топастау замандастар ұқпағанға.
Ұнамай өзі өсірген әкеге де,
Еш адам айта алмады қате неде.

Қиялы оқшау, ойы озық жанды
Кейбіреу теңейді енді әпендеге.
Өзі – ән, өзі – думан, өзі – өлең,
Қайсарлау, бойда ғажап төзім деген.

Қарайтын өмірге де биігірек
Өнердің, болашақтың көзіменен.
Сенгендер байлығына, білегіне
Ұқпады не жатқанын жүрегінде.

Тамақ тоқ, мәз пенделер қайтсін оны,
Риза мал басының түгеліне.

Қалғанда баз тірліктен тұншығуға,
«Айдай» деп әнге салып тыншыды ма?
Сол «Айдай» ұрпақ сайын қайталанып,
Сақталып қалды бүгін жыршы қырда.

Айнамкөз
Пенде емес малын санап, жатар шөгіп,
Жез тандай ән мен жырды қатар төгіп,
Сыймаған бір ауылға сері Мұхит

Жиірек кетеді екен сапар шегіп.
Бастайды ән жортып шығып қырқаны аса,
Кең дала тыңдайды үнді бір тамаша.
Кетердей тар кеудені жарып әуен,

Аулаққа алыс кетіп шырқамаса.
Іңкәрлік онда елден ала бөлек,
Даусы да, келбеті де дара дер ек,
Мұхитты тыңдау үшін – үлкен жүрек,

Мұхитқа шырқау үшін – дала керек.
Әншінің тағдыры ауыр, жолы құтты,
Өр көңіл тірлік үшін торығыпты.
14-207

Бір жылы Кобда бойын кезген әнші
Армандай бір аруға жолығыпты.
Жұмбақтай жүрек жәйін жан ұқпаған,
Сырына Құралайдың қанықпаған.

Дегенмен ояу көңіл, көреген көз
Қыз мұңын қабағынан танып қалған.
Шай құйған, қонаққа тік қарамаған,
Әр сөзді оймен тыңдап, саралаған.

Қалайша анасынан асып туған,
Міні жоқ тал бойынан табар адам.
Жанардан мұң аралас жалын төгіп,
Бейнесі сүйген жардың сағым болып,

Сүйетін, сүймейтінін сұрамастан
Сұлуға қойған екен қалың беріп.
Табиғат сезім берген талабына,
Таланттың көрегендік ғажабы да,

Қыз халін сері Мұхит ұғып алған,
Түскеннен көз қиығы ажарына.

Әнші отыр шырқамасқа амал қалмай,
Лайық оған әуен табар қандай.
Өтетін ер жігітке мәңгі арман боп
Жалт еткен, жалын атқан жанар қандай!

Жүрісі – қалқып өткен аққу алдан,
Кім екен аруға жар, бақты болған?!
Бұрымда жібек шашбау сыңғырлайды,
Майысып құйған шайы тәтті балдан.

Қазақтың қонақ сыйлау салтын көрген,
Қос бұрым арқасында қалпында өрген.
Қырмызы кеудешесі қынама бел
Көмкерген омырауын алтын зермен.

Төгілтіп ақ көйлектің бүрмелерін,
Ұғынар үнсіз тыңдап білмегенін.
Ақ білек шай ұсынған батыл ғана,
Ұялшақ дірілдейді гүлдей ерін.

Әнші отыр тілдесе алмай жеке қалып,
Жас дәурен күні ертең-ақ өтер анық.
Қоспайды сүйген жарға, амал қанша,
Мал берген мықты білек кетеді алып.

Мұхиттан басқа бір жан бұны ұқпайды,
Сүйгенін қыз жүрегі ұмытпайды.
Ән тыңдап, той күткен жұрт отыр,

қайтсін
Жатқанын қыз-кеудеде тұнып қайғы.
Ару қыз тіл қатпады, сыр айтпады,
Мұхитты бірақ бір ән шыдатпады.

Құрбыдан озық туған әнші сонда
Өксігін қамкөңілдің жұбатқаны:
«Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.

Ойнасаң өзі теңдес жаспен ойна,
Ол-дағы сүйген жардан кем болмайды.
Қалқашым, жүрген жерің сайран болсын,
Жақсылар алдан құшақ жайған болсын».

Сөзімен жұбатқансып, деп тұр әуен:
«Тең құрбы сүйген жардай қайдан
болсын?!»

Боранды түн
Қиналды ойда киік, қырда құлан,
Ән туды қамкөңілдер мұң-зарынан.
Жақсыбай бойындағы биылғы қыс

Кедейге ауыр тиді жылдағыдан.
Ақ боран жиі түтеп айналада,
Малшы үйден жете алмады қой қораға.
Мұндайда таусылмайтын ырыс-дәулет

Ол кезде болады тек байда ғана.
Байлар мәз иық ішік, тондарына,
Риза күнде қарын тойғанына.
Қолында тұрған жандар билік, мансап

Озар деп бізден өнер ойлады ма?
Маңдайға алтындатып ай қадаған,
Жайлау жоқ олар көшіп, жайламаған.
Әншіні жалғыз атты көзге ілсін бе,

Жұт жыл да жеңер-ау деп ойламаған.
Бұл қыстың қалың болды сонша қары,
Үстінде жеңіл киім, тон шамалы.

Бір жаяу желге қарсы келе жатыр
Сүйреткен шағын ғана қолшананы.
Ақ түтек, қарсы соғып тағы дауыл,
Күртікке жүргізбейді жолы да ауыр.

Ілгері басқан адым кері кетіп
Жаяуға жеткізбейді шағын ауыл.
Айнала күңгірт тартып кешкіреді,
Шыққанын жолға жолшы кеш біледі.

Осында алдыңғы түн бір аттыны
Қасқырлар қоршағанын естіп еді.
Соны ойлап, тоңған дене жылынбаған,
Бір сәтке тоқтап ыққа бұрылды адам.

Қиыршық соққан қарға араласып
Құлаққа бір үн келді ырылдаған.
Боранның ызыңы енді баяулаған,
Естілді, енді дауыс таяу оған.

Астында аты да жоқ, қару да жоқ,
Қасқырға не істемекші жаяу адам?

Кешікпей көрші ауылға жетемінмен,
Дегенде мынау жолым бекер білем.
Құйрығын бұлғаңдатқан екі күшік
Тонның кеп иіскеледі етегінен.

Ауылдың жақындығын енді біліп,
Жолының боларына сенді жігіт.
Бірінші от көрінген зілмәңкеге
Есікті қақпастан-ақ келді кіріп.

Бай емес таныр тонның оюынан,
Шайдың да ұсынар ма қоюынан.
Үкілі шағын ғана домбырасын
Суырып алды қонақ қойынынан.

Жолшы еді, қырау-қырау, жай кісі еді,
Қонақтың жаяу келген жәйлісі еді.
Қойыннан шыққан мынау сал домбыра
Оқыстан селк еткізді бәйбішені.

Бай бір сәт үнсіз ғана төзіп көрді,
Бәйбіше тез ас үйді кезіп келді.
Отырған осы жерде жас пен кәрі
Қонақтың жанарынан сезіктенді.

Қожайын кірбің алды қабағына,
Жас келін шоқ тастады самаурынға.
Заман мен боран қысқан қайран жастық
От көсеп өтіп жатқан ала қырда.

Әңгіме басталмады, жалғаспады,
Жастықты ысырып қонақ жамбастағы.
Қос шектің күйін қарап алған бойда
Асқақтау әуенменен ән бастады.

«Халыққа салмақ түсті Мешін – Тауық,
Жігітке атқа мінген болды қауіп,
Оралдан ән оздырған әнші Мұхит
Үйінен іше алмай жүр көже тауып».

Қуанып кетті үйдегі жастың бәрі,
Қазанда кіреді енді астың дәмі.
Бір ауыз әніменен сонда Мұхит
Осылай сырын, халін паш қылғаны.

Қыста да көңілдері тойға алаң,
Жүгіріп жетті жастар айналадан.
Бұл түнде шағын ауыл абыр-сабыр
Мұхитты келеді деп ойламаған.

Қожайын ашты қабақ, оң қарады,
Бәйбіше қайнысына тон жабады.
Келіндер жүгірісіп жылмаңдайды,
Қойылып дастарханға қолда бары.

Думан шақ, көмейден ән төгілгенде,
Адамға қымбат кейде өмірден де.
Ақ боран соғып тұрған ала қырға
Ән келді көктем сыйлап көңілдерге.

Бұл түнде сүрі асылды, шай қайнады,
Қыз-келін жадырады, жайраңдады.
Бозбала әнге құмар елте тыңдап,
Үлкеннің түсті есіне қай-қайдағы.

Айтпаған сыр қалар ма, мұң қалар ма,
Арманға жетелейді ән тұрған алда.
Әншінің даусын үйге сыймағандар
Риза ауыз үйден тыңдағанға.

Мың әуен естігенге арман бүгін,
Бұл үйде сөнбейді шам таңнан бұрын.
Тербейді түнгі ауылды әнші даусы,
Ескертіп бұл фәнидің жалғандығын.

«Жігітке өнер де – өнер, өлең де – өнер,
Қас жүйрік өрге шапса өршеленер.
Барында қызылыңның қудай шайқал,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн

сөнер».
Кеудеңде сайрата алмай тоты құсты,
Өртенбей махаббаттың отына ыссы.
Сүрінбей, жолға шықпай, күрес көрмей,

Бос өткен өмір, сірә, өкінішті.
Сал Мұхит барша ауылды дүркіретті,
Бәйбіше көзге жасын іркіп өтті.
Жүз күндік күйбің тірлік татымайтын

Осындай думандатқан бір түн өтті.
Далада атты ерекше ақ таң күліп,
Отырды ел осы кешті мақтан қылып
Әншіні қошаметтеп, сый көрсетіп,

Жіберді ат мінгізіп аттандырып.

Жылқышы хикаясы
Бір-бірін екі жасқа шын ұнатқан
Қимайтын кез болыпты нұрын ақ таң.
Бала Ораз айтқан мына бір уақиға

Мұхиттың ет жүрегін шымырлатқан:
О, тағдыр, сенің қатал шешімің бе,
Ер жігіт естіместен есімін де,
«Жылқышы» атанып тек жүре берген,

Бір байдың жалшы болып есігінде.
Жетімдік, кедейшілік ерген оған,
Жігітке бастырмайтын өрге қадам.
Келбеті ертегінің батырындай,

Бойынан мін таппаған көрген адам.
Ержеткен мал соңында жүріп ұлан,
Мән бермей бай ұлының бірі бұған.
Қайратты, мінезі өжет, батыл болған,

Бір асау құтылмайтын құрығынан.
Кедейдің ойын, жиын, той не теңі,
Жоқшылық бірақ ерді ойлы етеді.

Сорына жылқышының сұлу болып
Бай қызы көз алдында бойжетеді.
Көнбейтін қатерге де, ажалға да,
Сенбейтін барға, жоққа, заманға да.

Жас жүрек құлай сүйер алау кезең
Құтылар махаббаттан шараң бар ма?!
Төнсе де қатал заман бұлты көктен,
Өлсе де Қозы – Баян ілкіде өткен.

Ештеңе ойлантпастан, екі жасты
От сезім бір-біріне ынтық еткен.
Болмайды іңкәр көзде қайғы жас та,
Ойламас ғашық адам ойды басқа.

Білсе де бір-біріне қоспайтынын,
Екі жас серт беріпті айнымасқа.
Жылқышы қол алысып қалды еркемен,
Қос жүйрік таңдап бүгін алды ертемен.

Екеуі қашты солай айдалаға
Қайтқанда мынау ауыл жәрмеңкеден.

Қос жүрек бір-біріне сенген керім,
Екі жас ойламапты ел не дерін.
Оралған жәрмеңкеден азаматтар
Алдынан шулап шықты жеңге-келін.

Бай сонда «Қуғыншылар, құйғыт» деді.
«Бірінші жеткенге ат сыйлық» деді.
Намысын таптап кеткен жылқышыны
Әкеліп дарға асуға бұйрық берді.

Ізбенен жігіт кеткен аруды алып
Ауылдан бар ат мінген сабылды анық.
Қайратын жылқышының білетіндер
Аттанды мылтық, дойыр қаруланып.

Жасырынып не табады далада адам,
Қуғыншы жетпей енді, қала ма оған?!
Кешікпей ат дүбірін есітеді
Екі жас иесіз қора паналаған.

Қарамай қалған жұртқа бетін басып,
Жүйрікпен бір белестен кетіп асып,
Ұмытып бар әлемді өң мен түстей
Екі күн өмір сүрді екі ғашық.

Төгілген айбат, ызғар жүздерінен,
Жарысқан мінген атгар дүз желімен,
Қапыда қуғыншылар келіп жетті
Кешқұрым екеуінің іздерімен.

«Қаш!» – деді қызға жігіт жүйрігімен,
Өз басын ар жолына қиды білем.
Қоршаған қуғыншының бәрі таныс,
Ауылдың азаматы сыйлы кілең.

Жігітке төнді қатер бұлты, сірә,
Көпшілік әл бере ме жұлқысуға.
Мұндайда жақтасатын адам қайда
Панасыз жалғыз атты жылқышыға.

Қыз кетті, ал қоршауда қалды жігіт,
«Құтылар қалқам» деген жалғыз үміт.
Сол кезде шеттен келіп бір қуғыншы
Мойнына жылқышының салды құрық.

Қыз қайтып қуған топқа өзі келді,
Өлгенін сүйгенінің көзі көрді.
Көзіне жас келмейді, тіл қатпайды,
Тек үнсіз ет жүрегі езіледі.

Тізгінді тартты салмай күш атқа да,
Бар қару қолда жалғыз пышақ қана.
Тұсынан жүрегінің қадап соны
Құлады жылқышыны құшаққа ала.

От өшті қыз көзінде жанған шарпып,
Қалмады қуғыншылар таласар түк.
Осылай сүйген жарға жарық күннен
Болыпты махаббаттың моласы артық.

Бұл жайға Мұхит қатты толғаныпты,
Еріксіз домбырасын қолға алыпты.
Сол сәтте туған әні «Кіші айдай»
Ержүрек жылқышыға арналыпты.

«Саламын сол Ораздың «Айдайына»,
Бақ бергей ер жігіттің маңдайына.
Талабың тай жыққандай бір бала едің,
Заманның тап болып ең қандайына».

Бар солай махаббатқа арналған ән,
Таланттың кезі бар ма таңданбаған?
Арманда жастар да өткен, әнші де өткен,
Жететін кезі бар ма арманға адам?!

Саралжын – аққулар мекені
Кім өткен, кімдер кеткен, кімдер қалған?..
Құм дала – білмегенге, білгенге – арман.
Аққулар мекендеген Саралжынды

Ғажайып жағасында гүлдер болған.
Мұхиттың болған талай жолдастары,
Қосылып бірге ән айтқан құрдастары.
Ән қалған, адамдар жоқ осы күнде,

Өмір заңы – мәңгіге тұрмас бәрі.
Айтады Мұхит әнін жаңа адамдар,
Еңбекпен елге есімі тарағандар.
Келесі ғасырға да жалғар оны

Тараған сол бабадан балалар бар.
Сол жерде баяғыша салынады ән,
Қашан да көңілдерге ән ұнаған.
Қашан да ән тербеткен кең даланы,

Ән айтса адам жүзі жадыраған.
Кәрілер тыңдар басын шайқап алып,
Жас жігіт Мұхит әнін айтады анық.

Бабалар кешкен сонау алау жастық
Келеді ұрпақ сайын қайталанып.
Сұлулық – табындырған арман әлем,
Жазылған табиғатқа заң ба дер ем.

Қазір де Саралжынға аққу қонып,
Жүргені ақын жігіт арнап өлең.
Көргенде бүгін мұны дейді құмдақ,
Ақындар жүр аққу мен гүлді жырлап.

Үңіліп қарағанға айналаға
Ғасырдың дамуының өзі жұмбақ.
Бұл жерге Жұмыр, Қылыш аты аунаған,
Бұл жерде бірнеше көл қатар болған.

Жақсыбай, Саралжын мен Ақбақай көл,
Шөптікөл деген содан атау қалған.
Су кеткен, құмдар қалған жағадағы,
Іздеген мұнда гүл де табады әлі.

О баста атамекен болғандықтан,
Аққулар аз да болса оралады.
15-207

Көл көркін көрмеуге адам төзер ме еді,
Жолшының шөлден ерні кезермеді.
Сал Мұхит жағасына ат шалдырған
Өлеңті, Қалдығайты өзендері.

Сонау бір терең өткел – көлдің орны,
Сонау бір көне мола – елдің орны.
Ән салып бара жатқан әнші Мұхит
Өз көзімен осы бір жерді көрді.

Мекені осы дала ғұмырлының,
Ертең дастан болады бүгінгі күн.
Кім мұнда шырқамайды Мұхит әнін,
Білмейді мұнда туған Сырымды кім.

Көл бейне көк сағымың көлендеген,
Ойлыға жұмбақ күйі терең дер ем.
Аты да, адамдардың ғасыры да
Сақталар байланысты өнерменен.

Алуаш
Даусына Мұхиттың ел тамсануда,
Жас-кәрі қошеметпен қарсы алуда.

Бір болыс құдаласқан қонақтыққа
Серіні шақырыпты ән салуға.
Шілдеде кесіп өтсең ала қырды,
Кең жазық талдырады жанарыңды.

Жол шықты сол болысқа әнші Мұхит,
Қасына досын ертіп бала күнгі.
Екеуі «Сәт сапар» деп жүріп берді,
Аңызақ сынға салды жігіттерді.

Торсыққа аздап құйып алған сусын
Тамағын қос серінің жібітпеді.
Алдан бір ауыл шеті көрінген-ді,
Әсем саз тұр көмейден төгілгелі.

Қолынан бір сұлудың шай ішпесе,
Көншір ме жігіттердің көңілдері?!
Ауылға досын Мұхит жетеледі,
Дауысын ат үстінде көтереді.

Ақбоз үй әшекейлі алты қанат
Бай қызы Алуаштың мекені еді.

Мін жоқ-ау ақбоз үйдің ақтығында,
Көрдің бе қона кеткен бақты мына?
Секпіл бет қоңыр қызды теңеді әнші
Айдынның еркін жүзген аққуына.

Риза бәйбіше де, бай да бұған,
Демеді оқыс туған қайдағы ән.
Алуаш шай құяды қос серіге
Сүтті де қатыңқырап қаймағынан.

Жарасты жас дәуреннің базарында,
Мін болмас бойжеткеннің ажарында.
Алуаш қыз қылықпен қылмыңдайды
Мұхиттың ілінсем деп назарына.

Қызда бір әбігерлік байқалады,
Сері де соза түсіп айтады әнді.
Досының көзі түссе, қайырмасын
Мұрнынан бір тыржитып қайтарады.

Жастықтың болмайтындай жазы мәңгі,
Екі дос шайға қанды, азық алды.
Талантқа не демексің, қас қағымда
Бір қызға сыйлап кетті әзіл әнді.

Әзіл ән орындалып жатыр әлі,
Құрбыны сауық кешке ол шақырады.
Талантпен бір түстік шай бірге ішкен
Сол қыздың мәңгілікке аты қалды.

Ескерткіш тіл қатады
Бойымда әнім де жоқ, жалыным да,
Билерше салынбады қабірім да.
Өздерің кейін соққан тас мүсіннен,

Жас ұрпақ, мына мені таныдың ба?
Бабаңмын кешкен талай сайран кездер,
Паш етіп сырын әнмен жайған кездер.
Әлі де бозбаланы ғашық етіп,

Арманда өтесіңдер, айнамкөздер.
Сәл кідір, алды-артыңды ойла, балам,
Кім мына тіршілікте тойламаған?!
Бір кезде отыз ұлы болған Медет

Баласыз қаламын деп ойламаған.
Мәңгі емес барлығы да, осыны аңғар,
Жетпеген дүниеге жасымаңдар,

Ертеңім не болмақ деп ойламайды
Кезінде бақ-дәулеті тасығандар.
Бәріне жетіп қалды қолым деме,
Асқақтап, болдым деме, толдым деме.

Қайғыртса өмір, қайта қуантады,
Ақиқат бір айтылар ол күнде де.
Алатын болған емес айлығым да,
Елдегі көңіл бөлдім қайғы-мұңға.

Сен мені танымас ең өткен болсам
Мастанып төре тұқым байлығына.
Өмірге ешкім екі оралмаған,
Шын өнер жер бетінде қалар, балам.

Мың жылқы айдағандар тірлігінде
Далаға ескерткіш боп қала алмаған.
«Дүние – қызыл түлкі бұлаңдаған»,
Пенделер билік, таққа құмарланған.

Ең бақытсыз адамдар – сезімсіздер
Өзге жанның хал-күйін ұға алмаған.

Өмір де ұзақ емес, соны ұққайсың,
Ез болсаң, жақсылыққа жолықпайсың.
Ақ ниетпен достасқан адамдардың
Көңілін қалдыруға қорықпайсың,

Ескерткіш мен бе, әлде мен емес пе?
Тас мүсін тең бе маған, тең емес пе?
Ұрпаққа ризамын ұмытпаған,
Қайтер ем өте берсе, елемесе.

Өмірде бар болатын әлі де есем,
Алмайсың елестете әлі де сен.
Мұхит ем, бір аймақтың серісі едім,
Өткен бір шекпен киіп шал емес ем.

Өнердің көремісің құдіретін
Ғасырмен бірге талмай жүгіретін.
Сендерге әнім жетті, ал өзімнің
Қалмады тым болмаса суретім.

Жолдас боп күн кешпедім пақырлармен,
Тең түстім жаяу жүріп аты бармен.
Ақын қыз, замандас боп жолыққанда
Өзіңді бір айтысқа шақырар ма ем?!

Мал санап, пенде болып күн кешпедім,
Наданнан бөлек жүрдім, тілдеспедім.
Қаладым ән-жыр толы жүрегімнің
Арманшыл жүректермен үндескенін.

Адамда арман шіркін бітпейді екен,
Зулаған жүйрік уақыт күтпейді екен.
Сезгенім, тағдыр да өз алуан жүгін
Қашан да ойлыларға жүктейді екен.

ҚАЙША ҚҰДЫҚ

(Қ. Миханованы еске алу)
Түсінбей алғаш сезімге,
Білді тек арман өшкенін.
Соғыстың сонау кезінде

Желкілдеп тұрған жас келін.
Қасқайып отты дауылға
Аттанды белін буған ер.
Қыздардан қалған ауылда

Күткендей үміт туған ел.
Жоқ онда көңіл ұнатар
Мамандық таңдау, ойлану.
Қайшаға тиді бір отар,

Міндеті енді қой бағу.

Соғыстың аз ба кеселі,
Көз жассыз бір таң атпаған.
Бұршақты күздің нөсері,
Қыстағы көзсіз ақ боран.

Есітіп елдің мұң-зарын,
Бәрін ол бастан өткерді.
Қиналған ауыр жылдардың
Өтеуі – Жеңіс көктемі.

Жүрекпен ғашық өмірге,
Сүюмен туған Отанды.
Жас Қайша туған жерінде
Еңбектің Ері атанды.

Қосын да тікті жайлауға,
Құдық та қазды күрекпен.
Ән салар шақта тойларда
Қой бағуменен күні өткен.

Міндетін солай атқарды,
Өзі жоқ бүгін ортада.
Есімі енді сақтаулы
Туған жер атты картада.

Безбен бар уақыт атаулы,
Екшейді ол ез кім, алып кім?
Есімін кімнің сақтауды
Біледі өзі халықтың.

ТЕҢІЗДЕГІ КӨҢІЛ КҮЙ

Қара теңіз демалысқа тамаша,
Жағалау бар ойға батсаң оңаша.
Тербетіліп бұйра толқын жалында,
Ақ тамшыға қуанасың балаша.

Көз тоймайды көгілдір тау көркіне,
Көгілдір су шипа болып дертіңе.
Әсерлі әуен, әсем өмір құшағы
Сергітеді бағындырмай еркіңе.

Бәрі әдемі – көгілдір тас, қалың құм,
Әуен дерсің тау суының ағынын.
Ал мен болсам ауылдағы жеңгемнің
«Қыз-ау» дейтін жалғыз сөзін сағындым.

Самал сүйіп,
Толқын тербеп жатырмын,
Дала кезіп жүр қиялы ақынның.

Келді сонда өз анамның тілінде
Әзіл айтып, әңгіме айтып отырғым.
Құлағыма әні келді Шәмшінің,
Даусы келді қиқулаған аңшының.

Кеудем толды, жетіспей тұр туғандар
Өз тілімде ақтаратын жан сырын.
Өлшеу қиын сағыныштың шыдамын,
Ұзарып та кеткендей ме мына күн.

Бөлсе егер ана тілден, анаңнан,
Адам үшін қажет болмас жұмағың.

ҚОҢЫР

(Жұмекенге)
Күй шерткен оңашада домбырадан,
Күн кешкен жыр жолына болып алаң.
Даланың қоңыр күйін сүйіп өткен,

О, менің дала мінез қоңыр ағам.
Жандырдың алуан ойдың отын іште,
Жыр жолын айналдырдың бекініске.
Танылдың озық ойлы саналыға,

Санасыз танымаса өкініш пе?
Сөйлесең жыр жолы боп күбірледің,
Бәйгеде сәйгүліктей дүбірлі едің.
Амал не, қарапайым мінезіңмен

Ішінде көп жүйріктің білінбедің.

Ешқашан оқшауланып көрінбеп ең,
Тұрдың бір өзгермеген көңілменен.
Қулықсыз, арпалыссыз жырлап өттің,
Бүгін сен биіктеусің соныңменен.

Күй шертті оңашада домбырадан,
Қашан да жыр жолына болдың алаң.
Даланың ұлы болып, жыры болып,
Қалдың сен, дала мінез, қоңыр ағам.

ЖҰМЕКЕН КӨШЕСІНДЕ

Достарың қанша сырласқан,
Шертеді сен деп күй-дастан.
«Қайда, – деп, – менің ақыным?»
Шағала шықты Қиғаштан.

Құлақта әуен мұңлы бір,
Кеудеге жоқтау тұнды жыр.
Келер деп сені сапардан
Тосып тұрғандай Дыңқызыл.

Өтсек те зулап тоқтамай,
Қалмады сені жоқтамай.
Сыңсытып желге бұтағын,
Қол бұлғап қалды Көптоғай.

Қайда деп сұрап қалардай,
Айтуға жауап таба алмай.
Ақынын күткен Ашаққа
Тағы да кеттім бара алмай.

Әр төрде тұрды орының,
Орныңды төр деп жорыдым.
Қошалақ қалды әріде,
«Сағынтты ғой, – деп, – қоңырым».

Сағыныш қысса сонша бір,
Ағылады екен аңса жыр.
Тек сендік ауыр мінезбен
Міз бақпай қалды Ақшағыл.

Жаралған жыр ең дала үшін,
Енді сен алыс қарасың.
Нұржауда ұзын көшенің
Бойымен кетіп барасың.

16-207

ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВҚА

Ақ таңда айығар ең ойдан әрең,
Нүктесін шығармаңның қоймаған ең.
Халқыма ұл болсам деп армандадың,
«Халық жауы» болам деп ойламап ең.

Сор болды-ау «отыз жеті» мынау елге,
Далада Ару қаңғып, жылады Ер де.
Өзіңді пірдей тұтқан дәрігер қыз
Қартайды еріп жүріп лагерьде.

Бостандық саған, әттең, кеш берілді,
Түрмеге үйретті еркін өскен ұлды.
Сұм отыз жетінші жыл бүлдірмесе,
Біздермен тойламас па ең сексеніңді?!

Соңыңа лауазым мен атақ еріп,
Томдарың жылдарыңмен қатар өріп,
Ата боп немереге отырмас па ең,
Бұл күнде төрімізде бата беріп?!

Ел бірақ ұмыта алмас жарқын ұлды,
Таланттың кім екенін халқы білді.
Арманың үндес еді Ақ Жайықпен,
Жайықтың мүмкін емес сарқылуы.

АЛЫСТАҒЫ ДОСҚА

Саған әсер етпеді-ау күрсінгенім,
«Алатауда ән салып жүрсің», – дедің.
Көрмеген соң жаныңның қиналғанын,
Алыстау дос қадірін білсін ненің.

Байқамадың жанымда өстің де сен,
Амалым не, күз келе кеш гүлдесем.
Ақ Жайықтың ақ төсін еркін құшып,
Ренжір ең рақат кештің десем.

Ақындық та жүк болды қиын маған,
Отырмадым әйел боп үйімде аман.
Пенделердің кешетін кей бақыты,
Амал қанша, дәл маған бұйырмаған.

Саған әсер етпеді-ау күрсінгенім,
Көрмейсің бе, ес-түссіз құр сүлдемін.
Жүрегімді жылатып бара жатсам,
«Алатауда ән салып жүрсің», – дедің.

Сағыныш күйі
жүректің...

* * *
Жаңа ай әлі тумаған
Гүл өңің бе екен сенің?
Толқындар асау тулаған

Жүрегің бе екен сенің?
Бұлбұлдай бақта сайраған
Күй-әнің бе екен сенің?
Жібек жел мені аймалар

Қиялың ба екен сенің?

* * *
Жүректе өшпейтін бар ұшқын,
Жанымнан кетпеші алыс тым.
Сенімен билесем ерекше

Тербейді әуені вальстің.
Сыр тартып, сынап та жүрсің сен,
Таңдана қарайсың күрсінсем.
Қиналдым, әйтеуір білмедім,

Арманым шығарсың, мүмкін, сен.
Ерекше шырқалған ән бүгін,
Түсініп жүрсің бе барлығын?
Адасып қалма сен, абайла,

Мүмкін, мен шығармын тағдырың.

САҒЫНЫШ

Шыңдағы еріп ақ қар да,
Өзендер тасып жатқанда.
Талдары жаңа бүр ашқан
Сені іздеп бардым бақтарға.

Қырларда қызыл-жасылды
Ізіңді гүлдер жасырды.
Көктемнің қоңыр самалы
Сипады сен боп шашымды.

Қиял боп мені жүдеттің,
Бұл күнде ойды жыр еттім.
Барады сыймай кеудеме
Сағыныш күйі жүректің.

Қанаты талып шаршаған
Аққудай көлін аңсаған.

Жетер деп даусым өзіңе,
Оңаша қалып ән салам.
Таң болып келсең ағарған,
Жүзімді көрсем жанардан.

Жайғанда құшақ кеудеңе
Маңдайды сүйеу – бар арман.

* * *
Махаббаттың таңданам ғажабына,
Оны тіпті жеңбеген ажалың да.
Тәттілігі сезімнің қанша болса,

Сонша оның қайғысы, азабы да.
Ол бейтаныс жүректі табыстырған,
Жатты сүйіп, жақынды алыс қылған.
Сонда да оның талайлар тыныштығын

Бейнеті мен мұңына ауыстарған.
Сүйген жүрек риза азабына,
Жеңбепті оны тағдырдың ажалы да.
Қайғысы артық, құны жоқ рақаттан

Махаббаттың таңданам ғажабына.

* * *
Ол рас, таласым жоқ,
Өмірге ерте келдің.
Сен жүрдің «баласың» деп,

Мен саған еркеледім.
Айтпай-ақ түсінікті,
Әзілге бой ұрмадым.
Сөзсіз-ақ кішілікті

Мен өзім мойындадым.
Ойыңды білмедім де,
Шын сыйлап «аға» дедім.
Сен бірақ күннен-күнге

Өзгеріп сала бердің.
Жүзіме таныс көптен
Шығардың көп қарауды.
Жаныңнан алыс кетсем

Жабығып жоқтағанды.

Жасырмай бар сырымды,
Алдыңда кішіргенмен,
Қиналған жан сырыңды
Көзіңнен түсінген ем.

Орынсыз қызғанғаның,
Уақыттың өтері бар.
Ертерек қыз баланың
Есейіп кетері бар...

СҮЙІКТІҢ БАРДА

Сезімді сан күй шайқаған,
Жарасқан көңіл шағында.
Жусан да ғажап айтады ән
Сүйіктің болса жаныңда.

Сүйіктің барда, өзгеден
Сен үшін бөлек нұр аспан.
Қарайсың ғашық көзбенен
Әр талға жаңа бүр ашқан.

Қонбаса қаздар қаңқылдап,
Болмайды сәні көк көлдің.
Сүйіктің жоқта салқын бақ,
Күні де салқын көктемнің.

* * *
Маған махаббат керек –
Жел сөзге ермейтұғын,
Жалғанға сенбейтұғын,

Мазаққа көнбейтұғын,
Ажал да жеңбейтұғын.
Маған достық керек –
Тар жолда таймайтұғын,

Сырымды жаймайтұғын,
Жәйімді ойлайтұғын,
Мәңгі серт байлайтұғын.

* * *
Көңілі бұлақ әнін тыңдап алаң,
Бақтарда гүл болмас ол жырламаған.
Белгісіз неге ғашық екені де,

Әйтеуір, ақын деген – жұмбақ адам.
Өмірдің бар үніне алаңдаған,
Іздеген әуен сазын әр арнадан.
Әйтеуір, ақын деген – мазасыз жан

Тірлікте еш қанағат таба алмаған.
Өзгеге ақын деген – жалынды ұғым,
Мақтайды жаттап алып ағын жырын.
Өзгелер ешуақытта түсінбейді

Ақынның қиналғанын, халін, мұңын.
Жүр дейді дүниені шайқап ақын,
Гүл дейді көңілі оның жайқалатын.
Бақытты дейді ақынды сүйгеніне

Өлеңмен жүрек сырын айта алатын.

Білмейді өлең оңай шықпайтынын,
Таланттың досы азын құптайтұғын.
Ақынның жүрегінде не жатқанын
Кей кезде сүйген жар да ұқпайтынын.

17-207

* * *
Сапар шығып не керек,
Демесе ешкім жүр аман.
Қарсы алмаса керемет,

Аңсап күткен бір адам.
Күлкі-назды білмесе,
Неге керек гүл ерін?
Күйіп, сүйіп жүрмесе,

Неге керек жүрегің?!.

* * *
Тіршілік жұмбақ кейде тым,
Өмірдің өзі мұң-арман.
Махаббат атты бейнетін

Кім екен ойлап шығарған?
Сағыныш өрті жүдетсе,
Қай емші немен жазды екен?
Онсыз да сорлы жүректің

Түсетін салмағы аз ба екен?
Сияқты ем таңғы күміс шық,
Көңілім – шыңның ақ қары.
Жүректен кетті тыныштық

Махаббат мені тапқалы.

* * *
Бұлақ боп күлкі бөктерде
Төгіліп жатқан секілді.
Қыраттар гүлге көктемде

Көміліп жатқан секілді.
Көп қыздар қызыл гүлдерге
Ғашық боп қалған секілді.
Жігіттер осы күндерде

Жасық боп қалған секілді.

* * *
Билеймін еркін, жазамын өлең,
Күй толы кеудем бұл күнде.
Білмеймін менің ажалым неден,

Келмейді оны білгім де.
Кетерім анық жасалмай ғасыр,
Тыншыса болды көңілім.
Тірлігім қанша, достардың асыл

Ақтамай өтсем сенімін?
Ойымда содан жетпейді шыдам,
Мазасыз атып әр таңым.
Қалдырмай туған далама бір ән

Кетемін бе деп қорқамын...

* * *
Өмір жұмбақ кейде мүлде,
Өзіңді өзің ұқпайтын.
Кез болады сүйгенің де

Көңіліңнен шықпайтын.
Кез болады тағдырыңның
Азабынан шаршайтын.
Кез болады алғы күннің

Қызығын да аңсайтын.

ОЙЛАНУ

Ал, ойлан, кеңес енді арыңменен,
Кешегі кім боп шықты дарын деген?
Адалға қиянатың тимеді ме,
Сөйлесіп қара өткен шағыңменен.

Жарқын ба қара жүзің жаңа таңға?
Жасадың не жақсылық балапанға?
Абайсыз араласып кетпедің бе
Алалап соғылатын алақанға?

Өткінші жүйрік өмір, жаз-бағың да,
Қол соғып өтіріктің озғанына,
Жағымпаз алаяқты ел алдында
Мақтаған бір мақала жазбадың ба?

Тағдырын қалай шештің өлеңдердің,
Кімдердің той төрінде көлеңдедің?

Алдына кімді қойып сөйлеп едің
Жұмекен, Мұқағали, Төлегеннің?
Ал, ойлан, қайта құру, өзгергенді,
Санаңды жаңартатын кез келеді.

Асықпайтын төреші Уақыт деген
Шындыққа мінбесінен сөз береді.

* * *
Біреу мені мақтап жатыр,
Біреу мені қаралап,
Біреу мені ақтап жатыр,

Біреу жанды жаралап.
Амал қанша,
Ақ көйлекке

Тез жұғады қара дақ.
Біреу мені айтып отыр,
Жаны жырға ғашық деп,
Біреу енді қайтып отыр,

Қулығы жоқ, жасық деп.
Амал қанша,
Жүрегімнің есігі жоқ
Кез келгенге

Көрсететін ашып кеп.

* * *
Той-думаны, базары бар,
Күтпеген қызық, ғажабы бар.
Сүйікті жардың наз-әні бар –

Өмір тәтті екен-ау осындай.
Қасірет-қайғысы, азабы бар,
Тағдыр тәлкегі, мазағы бар.
Ауруы мен ажалы бар –

Өмір ащы екен-ау, досым-ай.

* * *
Мүсіркеу күткен өзгеден
Мүләйімдерден сескенем.
Қасіретіңді сезбеген

Қатыгездерді кешпеп ем.
Мысықша келіп жаныңа
Мақтағандардан шошынам.
Қолдағы риза барына

Қарапайымдарға қосылам.

* * *
Өмірге келсем қайта мен,
Десе егер не сыр байқап ең?
Шын сүйе білген жүректің

Арманы жоғын айтар ем.
Жалғасып жырға наз әнім,
Бақыттың кештім базарын.
Сондықтан бүгін көбірек

Ғашықтық жырын жазамын.
Сезімнің білдім ғажабын,
Сүюдің көрдім азабын.
Өмірге келсем қайта мен

Махаббат жайлы жазамын.

* * *
Сендік сенім жүрегімді алдаса,
Сенің маған іңкәрлігің болмаса,
Сағыныштан жанардан жас тамбаса,

Қызғаныштан көзімде алау жанбаса,
Махаббат жайлы жазбас ем.
Менің үшін ойлар кешіп торықпай,
Мені қайта жоғалтудан қорықпай,

Мұңайдым ба, қуандым ба, оны ұқпай,
Өте берсең әлде маған жолықпай,
Махаббат жайлы жазбас ем.
Өзіңменен көктем бағын кезбесем,

Өзге жанға ұқсамайтын өзгешем.
Қол ұстасып бірге жүрген кезде сен
Шын бақытты екенімді сезбесем,
Махаббат жайлы жазбас ем.

* * *
Билетіп бойды төзімге,
Құрбыға өтіп сөзім де,
Өзімнен жасы кішіге

Ақылшы болар кезімде
Баяулап жастық арын да,
Мінез де салқын бабында,
Өмірге ойлы көзіммен

Қарайын деген шағымда
Өзімнен өзім қорықтым,
Жанарға тәтті толып мұң,
Есейтпей ессіз махаббат,

Сен келіп маған жолықтың.
Жарқырап кетті аспаным,
Көгімнен шықты-ау басқа күн.
Қарсылық еткен достың да

Сөзіне құлақ аспадым.

Нұрланып жүзім бүгінде,
Әсем ән тұрды үнімде.
Қарсылық еткен сорлы ана
Көнерін білдім түбінде.

Жүректің жалын қалпымен,
Ғашықтық сезім салтымен,
Асауға шаптым қорықпай
Аударып кетер қаупінен.

Не болар демей тағдырым,
Не сыйлар демей алғы күн,
Жаныма жайлы дәуреннің
Құрбан ғып кеттім барлығын.

Кезігер не өмір, не өлім?
Күтті не алдау, не сенім?
Сен бірақ оны ойлатсаң,
Махаббат атанар ма едің?!

* * *
Аппақ көңіл, пәк сана
Дейтін бәрі дос қана.
Жүйрік уақыт кетті өзгертіп барлығын.

Кеп-кешегі жас сәби
Таңдап енді басқа күй,
Айтқаныңа көнбей отыр ал бүгін.
Бірге өскен көзкөрген

Көзқарасы өзгерген,
Кейбірі шын дәлелдеді «достығын».
Маған бүгін армандай,
Бір белесте қалғандай

Іздесем де таптырмайтын қос бұрым.
Алыстасаң сағынған,
Күн санаудан жаңылған
Кездескенде ессіз құшақ жаяр күн.

Жас көңілдің алауы,
Жазғы таңның самалы
Өзгеше боп бара жатыр, аяулым.

* * *
Дос көңілдің жабығып
Сенбегені – бір өлім.
Сүйген жардың сағынып

Келмегені – бір өлім.
Жеткізбейтін арманның
Жылатқаны – бір өлім.
Осылар пәк жандардың

Жаралайтын жүрегін.
18-207

* * *
Кім болып ендім түсіңе?
Төгілген қолаң шашпын ба,
Майысқан балғын жаспын ба,

Арман-ән Қаламқаспын ба,
Күнікей ме екем әлде мен
Отырған Күннің астында,
Ақ бетін жуып тасқынға?

Кім болып ендім түсіңе?
Мүсіндей малған алтынға
Найзағай отты жарқылға
Тұр ме екем даяр балқуға?

Жоқ, жаным, мені тек қана
Көргейсің осы қалпымда,
Сүйгейсің осы қалпымда!

* * *
Алдымда мен баспаған белес тұрар,
Жетем деп қуа алмаймын елесті бар.
Даңққа, биікке де таласпаймын,

Мүмкін ол мықтылығым емес шығар.
Емеспін о бастан-ақ елесқұмар,
Жөнсізге әділ жүрек не деп шыдар?!
Жеңем деп ақымақты таласпаймын,

Мүмкін ол сорлылығым емес шығар.

АЛҒАШҚЫ СЕЗІМ

Жол қарадым,
күн санадым,
шаршадым,
Тілдесуді, жолығуды аңсадым.

Сені іздедім
бар тірліктен қол үзіп,
Есімде жоқ өтті арада қанша күн.
Тұла бойда

сөнбей жалын бір керім,
Өтіп кетті
қайран қымбат күндерім.
Қыз намысын аттамадым,

мен, шіркін,
Ал сен менің сүйгенімді білмедің.

* * *
Қырдан қайттым қызыл гүлдер теріп мен
Құшағыма сыймайтындай көрікпен.
Қолымдағы гүлге қарап тұрдым да,

Сені ойладым,
Неліктен?
Есіміңді өрнектедім кестеме,
Сені ойладым таң атса да, кеште де.

Жүрегімді мазалаған жоқ менің
Сенен бөтен
Ештеңе!
Бал сезім мен шырын дәмге тоя алмай,

Сені ойладым, ұйқымды ашпай, оянбай.
Ал жолықсам, қарай алмай жүзіңе,
Дір-дір етем,
Ой, Алла-ай!

ӨМІР – БАҒДАРШАМ

Тұсымнан өттің бұрылмай,
Хат жазбай кеттің қашаннан.
Сонау бір жастық жылындай
«Кездессек, – дедің, – осы арман».

Сағыныш отқа өртенген
Өкпелеп жүрсің, құрбым-ау.
Күніге ертең, ертеңмен
Зуылдап жатқан жыл мынау.

Ат басын бұрып бара алмай,
Жолдамай сәлем хат арнап.
Жүреміз мәңгі адамдай,
Ал сапар қайда апармақ...

Келемін руль қолымда,
Армандап зулап өтуді.

Ал осы өмір жолы да
Көшенің заңы секілді.
Айқайды өзге есітпей,
Нысананы алдым көзіме.

Үлгеру керек кешікпей
Жасыл от жанған кезіне.
Шаршатып мені жол қашық,
Күндерім сонау аңсаған.

Қызыл от жиі алмасып,
Жете алмай келем мен саған.

* * *
Сен онда секілді едің бала қыран
Тараған от ұшқындар жанарынан.
Мен онда сыршыл едім, секем алғыш

Даланың баяу ескен самалынан.
Мен онда бөтен ойдан жүдеп пе едім?!
Сен онда менен гөрі жүректі едің.
Ең алғаш маңдайыма ернің тиіп,

Есімде алғаш рет дір еткенім.
Мен онда судан мөлдір, Айдан ақпын,
Сен жайлы, өмір жайлы ойламаппын.
Дариға-ай, енді айналып соқпайды ғой

Сонау бір ұмытылмас қайран ақ түн!

ҚЫСҚЫ ҚАЛА СУРЕТІ

Жер көк тайғақ, аспаннан қар жауып тұр,
Шырша көкке қарайды паңданып бір.
Сол шыршаның түбінде бір сұлу қыз
Жас жігіттің сөзіне алданып тұр.

Жер көк тайғақ, аспаннан қар жауып тұр.
Елең етпей қысқы жол қиынына,
Біреу шықты туған күн жиынына.
Ал саудагер мәз болып келе жатыр

Күні бойғы құраған тиынына.
Елең етпей қысқы жол қиынына.
Біреу өтті оңаша ойға кетіп,
Адамзаттың жігері бойда бекіп.

Қызыл-жасыл әшекей таққан такси
Үйленетін барады тойға кетіп.
Көк мұзда да жатады тойлар өтіп...

* * *
Ақ құйын болсаң, мені де кет бір тербетіп,
Ауырса жаның дауылдарға ал емдетіп.
Көлденең сөзге құлағың салма, пендеде

Болуы мүмкін кем-кетік.
Күле алмай қалсаң, ойлардан ауыр
іш тұнып,
Қалшылдап тоңсаң аяздар қарып үскірік.

Өзіңе қастық жасаған жанның есігін
Күліп аш.
Ол да күштілік!

ӘЙЕЛДІҢ МАХАББАТЫ

Өмірдің бар тәтті бал әні,
Айтылып бітпейтін бастаса...
Ал қыздар сүйеді даланы
Өзінше, басқаша.

Тербеліп гүлдер де қырдағы,
Тұрғанда маңдайда Ай жанып.
Кетеді даланың ұлдары
Ақынға айналып.

Жырлатып наз күлкі жанарын,
Шырқалып армандай ән болып.
Сүйеді ұлдарын даланың
Айнымас жар болып.

Одан соң бәріне пана боп
Өтеді еміреніп, сағынып.

Даланың ұлына Ана боп,
Далаға табынып.
Әжімге толса да қолдары,
Кезі жоқ еңбектен именген.

Тал бесік тербетсе, ол-дағы
Даланы сүйгеннен.

СЫР БОЙЫНА СӘЛЕМ ХАТ

(Жадыра Таспанбетоваға)
Күні де ортақ әлемнің,
Өмір де ортақ көретін.
Әдеті бірақ бар елдің

Ұл, қыз деп бізді бөлетін.
Тәңірден адам қай дәуір
Қыз сұрап еді қашаннан?
Ұл болса болды, әйтеуір,

Аяғын алға баса алған.
Үйіңе солай, қыр қызы,
Трактор айдап әкелдің.
Болсын деп жарқын нұр жүзі

Ұлы жоқ асыл әкеңнің.
Қыз болып келдің өмірге,
Әке емес, елдің бағына.

Мәңгілік атың сенің де
Таспанбетқызы Жадыра.
Тындырмай бір іс керемет,
Аймаққа атың шықпаса.

Ұл болып туып не керек,
Туған жер қадір тұтпаса.
* * *
Боялып нұрға гүл өңі

Су алып қырдан қайтатын.
Бойжеткен қыздың жүрегі
Махаббат әнін айтатын.
Жолығар мынау тосыннан

Көрген жоқ өмір қиынын.
Ашпаған сырын ғашық жан,
Тастайтын көздің қиығын.
Сезімтал қыздар үндер ме?

Ұғатын еді жанардан.
Басталған еді кеудеде
Алғашқы сезім, ақ арман.

Қағарда қанат аспанға
Тәтті бір қиял алдапты.
Жаңадан ғашық жас жанға
Сыйлады тағдыр балдақты.

Комбайн үні гүр еткен
Үрей ме сонша алаңдар...
Өмірді үлкен жүрекпен
Сүйетін бар-ау адамдар!

Нарқасқа дейтін дәл атын,
Теңейтін өртке жанарын.
Айнымай сүйе алатын
Жігіті бар ғой даланың.

Балиғат жасқа толғанмен,
Қаншама жанбай қалғандар?!
Аяғы бүтін болғанмен,
Жүрегі жарты жандар бар.

Жақындап келген жаныңа
Сүйікті жардың білегі,
Жетелеп бақыт таңына
Балдақсыз сені сүйеді.

Пәк еді сенде тілек те,
Жоқ еді досқа іштарлық.
О баста үлкен жүректе
Өмірге деген құштарлық.

Туған жер сені бұл күнде
Қызым деп анық таныған.
Оралған бақыт-күлкіңде
Жыр жолы жатыр, Жадырам!

* * *
Ұяңдау, сөзге сараң, байсалды едің,
Жұрт жүрген болады-ау деп жайсаң келін.
Еліктей далада өскен қазақ қызы,

Япырмай, осыншама қайсар ма едің?!
Мықты едің, мұнша неткен төзімді едің,
Қайғыға майыспадың, езілмедің.
Ажалды он сегізде жеңіп шыққан

Қайран жастық дегізген өзің бе едің.
Ақ арман, алғаш сезім, бойда жалын,
Көрінген бәрі гүлдеп айналаның.

Өмірге жаңа құшақ жайғаныңда
Қанатым қайрылар деп ойламадың.
Жар сүйдің сол үмітпен, ана атандың,
Күлкісін қызықтап төрт балапанның.

Әлі күн трактордың рулінде
Ұйқысыз қарсылайсың дала таңын.
Дейді жұрт «тірі қалған, бағы бар жан»,
Ал сені сынауда өмір ағыны алдан.

Ойыңда болған емес атақ алу,
Орденнің өзі сені тауып алған.
19-207

* * *
Сыр бойы, сырға толы ел екенсің,
Ырыстың, ақ күріштің кені екенсің.
Өзіңде өткізген күн есімде жүр

Өлең-жыр, әдебиет мерекесін.
Қазақтың сын-сықағы басталатын,
«Хош келдің, қызым», – деген Асқар ақын.
Кеше бар, бұл күнде жоқ неткен өмір,

Бір кезде ол да біздей жас болатын.
Бұл Сырда кімдер болған, кімдер қалған,
Өткеннің елестері – білгенге арман.
Бұл Сырда талай жастың жүрек сырын

Тыңдаған ұмытылмас күндер болған.
Далада туған талай заты алыптар,
(Кең дала, сен солардан ат алып қал!)

Бұл күнде келеді өсіп Сыр бойында
Кетпенмен атын жазған Жақаевтар.
Сыр бойы, сырға толы ел екенсің,
Ырыстың, ақ күріштің кені екенсің.

Өзіңде өткізген күн есімде жүр
Өлең-жыр, әдебиет мерекесін.

* * *
Арасын білу
жанашыр жат пен жақынның,
Сарасын ұғу

ашу мен сабыр, ақылдың,
Мен үшін, достым,
түспеді, сірә, оңайға,
Ілместен кірпік

таңдарды талай атырдым.
Жарық бір жұлдыз
ағып та сөнген түн көрдім,
Жоспарын сыздым

үмітпен келер күндердің.
Гүл жайнап тұрған,
бал татып тұрған өмірде
Шеңгелдер барын,

тұз көлі барын білген кім?..

* * *
Бір реніш – айналаң бос көрінді,
Өткізгендей боласың босқа өмірді.
О, адамдар, барлығын біле тұра,

Қалдырамыз қапыда дос көңілді.
Бір реніш азапқа салар тағы,
Әжім болып маңдайда қалар табы.
Бір реніш адамды шаршатады,

Бір шашыңды мезгілсіз ағартады.
Жүзіп кетсең ашудың кемесіне,
Мейірімнің қалмайды-ау елесі де.
...Аянышты-ау, шынында, жүрек түгіл,

Балта тиген қайыңның денесі де.

ДОСҚА СЫР

Мазасыз зырылдатып ой диірменін,
Мен сенен бөлінгелі той көрмедім.
Сен менің жақынымды жат санамай,
Мен жоқ жерде сөйлер ме едің?

Жанымда жолды қиып қалсаң бір күн,
Өзіңе айтып бәрін тауысам мұңның.
Мен сені жалғызсырап жоқтаудамын,
Мен сені көптен бері аңсап жүрмін.

Дерсің сен «Күйім бөлек, үйім шалғай,
Жасадың не жақсылық, сыйың қандай?»
О, достым, айналаңда адам көпте
Өзіңді жалғыз сезу қиын қандай.

* * *
Біреуге шаттық қайғы
Қолымен жасап алған.
Біреудің бақыт жайлы

Ойлардан шашы ағарған.

* * *
Аңқау да болдық жасықтау,
Айтыс пен даудан қашықтау.
Ал бүгін, достым, мүмкін бе

Сөреге қарай асықпау?
Көмілсе шаңға мына бел,
Жүйріктің жайын ұғады ел.
Озғандар емес, сондықтан

Қалыпты есте Құлагер.

АҚЫН ЖҮРЕК

Кей бикештің
Қолы тимей жүрген кезде күлуден,
Сенің жаның шырылдайды –
Сәбиіңнің қабағына түйілген,

Жұмыстағы жан жарыңа күйінген,
Кітаптағы кейіпкерге сүрінген,
Көшедегі көне үйлерге бүлінген.
Қайғыртады

Аналары тастап кеткен балалар,
Келіндері қуып шыққан аналар.
Жоғалғалы тұрған ескі молалар,
Пысықтарды жеңе алмаған даналар.

Қайғыртады
Кеуіп қалған бұлақтары даланың,
Шылым шеккен бойжеткені қаланың.

Шырын жияр қызғалдағын таба алмай,
Сарнағаны балға құмар араның.
Одан кейін
Әділдіктің бірден жеңіс таппауы,

Бұлбұлдардың азайғаны бақтағы.
Ауғанстан жеріндегі жас солдат
Табыт болып елге келе жатқаны.
Тілегіндей, қиялындай ақынның

Бола алмауы адамзаттың ақ таңы.
Ақын жүрек,
Таппадың-ау бір тыным,
Тыныштықты қаламаған шіркінім.

Жоқ-ау сенің дір етпеген бір күнің,
Білмедің-ау не екенін
Уайымы жоқ күлкінің.
Ақын жүрек,

Таппадың-ау бір тыным...

ЖАС АҚЫН ҚЫЗҒА

Суреттеп беру үшін таңның нұрын,
Қорықпай жыр қаламын алдың бүгін.
Мінің жоқ, арманым боп алыс қалған
Сенде жүр менің сонау балғын күнім.

Демедім болдың жырға бекер алаң,
Қайсарсың сын бөгеттен өтер аман.
Жүзіңе қуанам да жырларыңнан
Мен сонша қорқам, әрі секем алам.

Гүл теріп сұлу белде жүрдің бе, айнам,
Сонда да айыға алмай тұрдың ба ойдан?
Сары ауыз, жаутаң жанар балапаным,
Қасірет, өлім барын білдің қайдан?

Үлгермей басталып та сайран күнің,
Ақ жүзден жазасың әр тайғандығын.
Сен осы ап-азғантай ғұмырыңда
Өмірдің ащы жағын қайдан білдің?

Тербелмей бал сезімнің құшағында,
Ойлардың құрбан болып тұсауында,
Жазасың от махаббат суынарын,
Жазасың бақ құсының ұшарын да.

Алаңсыз тыңдамайсың бұлақ әнін,
Сезесің жесірдің де жылағанын.
Балдәурен күндеріңді аяймын да,
Ертерек есейгенге қуанамын.

Жыл өткен шат думанмен бақыт балдай,
Біз өстік шарап дәмін татып та алмай.
Ал сені жүйрік ғасыр қысты ма екен,
Аңқау боп еркелеуге уақыт қалмай?

Біз жүрдік еркін тыңдап бұлақ әнін,
Отырдық сөзін жаттап ғұламаның.
Кім білсін, жұмбақ сынды келер ғасыр
Сендерден кімді жасап шығарарын?

Ақындық белестерің қанша уайым,
Бас сүйер жарар еді-ау болса ағайын.
Сайрап қал, ерте есейген бейнетқорым,
Сүйсініп табысыңа қол соғайын.

«ҚАМАЖАЙ»

Бұл өмірден көрмеген еш тапшылық,
Кеудесінде асыл арман, жақсы үміт.
Қатар өскен ай маңдайлы аруға
Өлердейін ғашық еді жас жігіт.

Сенім мықты бір-бірін шын сүйгесін,
Көңілдері тапқан тату үйлесім.
Еш алаңсыз, еш күдіксіз екеуі
Бүгін тағы бірге өткізді би кешін.

Ұқсас еді ой-тілегі, арманы,
Өздеріндей қызу жастар жан-жағы.
Дәл бүгінгі әуен ырғақ сазына
Бірдей еді көзқарасы, талғамы.

Модадағы музыканы бағалай,
Жанған көздер от шашады жағалай.
Осы сәтте таңқалдырып барлығын,
Кетті ойналып ойда жоқта «Қамажай».

Тосын шықты қоңыр әуен шұбалған,
Сүйгеніне қол жетпеген мұң-арман.
Тынып қалған топтың бұзып ортасын,
Бір сұлу қыз биге шықты бұралған.

Би қимылы өзінше бір сыр төкті,
Кей жастардың көзінде от жылт етті.
Жас жігіттің сүйген қызы сол сәтте
Әуенді де, бишіні де күлкі етті.

Құлағына білмей сенер-сенбесін,
Жігіт тұрды жиғандай боп енді есін.
Қозғап кетті сүйген қыздың күлкісі
Түсініксіз бір сезімнің пернесін.

Неге күлді сүйікті ару ақ маңдай,
Сыңғыр күлкі жанға неге батқандай?
«Қамажайға» күлген қызға жігіттің
Ет жүрегі мұздап бара жатқандай.

Салқын ызғар қарып кетті өзегін,
Күте алмады келесі би кезегін.
Бұрылды да жүре берді мең-зең боп,
Сұлу қалды түсіне алмай себебін.

Не сыр айтты көне әуен, алыс үн...
Не тұрады ол құлай сүйген жар үшін.
Жігіт кетті арпалысқан іштегі
Махаббатқа жеңдіре алмай намысын.

* * *
Домбыра сынып қалған,
Тартуға жарамайды.
Жас жігіт мұң ұқпаған

Қолға ұстап қарамайды.
Қария науқастанған
Орнынан тұра алмайды.
Жас келін ойқастаған

Қал-жайын сұрамайды.
Күй қанша тартылмаған
Домбыра пернесінде.
Ой қанша айтылмаған

Сол қарттың кеудесінде.

БҰРЫМ

Ашуланып қайттың неге, ерке гүл?
Мектебіңе кетіп едің ерте бір.
Тортаңдайсың ата жауың сияқты
Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.

Қыз баланың бұрым деген сәні еді,
Болады оның әлі талай «әлегі».
Қыз бұрымға маза бермей жүретін
Балалықтың ойыны бар әдемі.

Бұрым – бұлақ таудан ақын құлатқан,
Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан.
Момақан боп жүрген бүгін әкең де
Талай қызды шаштан тартып жылатқан.

Ашуланба, ол бір ойын талайғы,
Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.
Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Тентектерді құрықтауға жарайды.

20-207

* * *
Білгің келіп мен жайлы алаңдапсың,
Шежіреден іздепсің, таба алмапсың.
Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрдім,

Көп балалы анаға замандаспын.
Әже көрдім қас-кірпік боямаған,
Батыр көрдім қас жауын аямаған.
Азаматын жар көрдім қастерлеген

Алған жарын ер көрдім аялаған.
Құрметіне бөленіп мына жұрттың,
Арасында жүретін құдалықтың,
Кемпір-шалды көрдім мен білмейтұғын

Не екенін некелік куәліктің.

* * *
Қателігі жастықтың біліне ме,
Сақтық қажет албырттық гүліне де.
Қыз баланың жігітке сүйем деуі

Жараспайды ғасырдың біріне де.
Тегін бақыт уақыттан алынбайды,
Сүйемін деп қыз бала жалынбайды.
Өзгермейді жүрегі жігіттердің,

ЭВМ-ға махаббат бағынбайды.
Қыз үлесі қашан да болу ана,
Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа.
«Жаным» деген жігітті жат көрмеңдер,

Өзі сүю қыздардың соры ғана.

* * *
Әділ туын қашан да түсірмеген
Шырылдайды күрестің ішінде өлең.
Бізден бұрын ғасырда Махамбеттің

Замандасы арманын түсінбеген.
Мәңгі қалған ойшылдың күрсінгені,
Даңғой өткен, ол шіркін білсін нені?
Әр кезеңнің болады өз данасы,

Әр ғасырдың болар өз күншілдері.

* * *
Барлық ғасыр сөз еткен ақын жайлы,
Ақын жырын әр ғасыр мақұлдайды.
Бәлкім, сенің ғасырың өзі жырдай,

Бәлкім, менің өлеңім оқылмайды.
Уақыты жоқ қазір де асыққанның,
Жұмысы жоқ өлеңде жасықтардың.
Пәк сезімдей мөлдіреп алғаш жырым,

Оралады тіліне ғашықтардың.
Ол кезде де жалындап жанасыңдар,
Бал дәуренде сүю бар, жарасым бар.
Ол кезде де Ай нұры аялаған

Айнакөлге, екі жас, барасыңдар.
Құрбан болып іңкәрім жалыны үшін,
Орға жығар сөзімнің арыны шын.
Ол кезде де кереғар сыршыл әуен

Баяндайтын жүректің сағынышын.

Аққулардың сыр тыңдап қанатынан,
Өтерсіңдер далаға таратып ән.
Замандас боп сендерге жүрер, бәлкім,
Жырларым жүрегімнен жаратылған.

* * *
От іші қызыл-жасылдың,
Биші қыз басты бұлғаққа.
Биі де келер ғасырдың

Біздерден бөлек ырғақта.
Кең әлем тарлық еткендей,
Қимылы өжет бұлқынған.
Біз болсақ көңіл көктемдей,

Қырларда өстік гүл тұнған.
Қай ару кімге ұнаған,
Қай жігіт кімнің сүйгені?
Ал өмір жолы бұралаң

Қай ғасырда да күрделі.
Денені еркін қозғайтын
Шетінен бәрі өжет тым.
Әдептен қыздар озбайтын

Вальске біздің не жетсін!

Біз үшін меже жақсы үміт,
Жас дәурен кештік әдемі.
Би залы.
Албырт жас жігіт,

Тербейтін вальс әуені.
Әр ғасыр деген сан арман,
Ұқсастық, бәлкім, қалмас та.
Әуен де, би де жаңарған,

Біз үшін жүрер жол басқа.
Бабаның даңқын мақтаумен
Әкеге өссе жалғас ұл,
Аспаны бейбіт ақ таңмен

Ұқсасын бізге сол ғасыр.

* * *
Бойжеткендер болашақ ғасырдағы,
Сендер киер киімнің асыл бәрі.
Жұмбақ та жоқ сендер бас қатыратын

Тұр әлемнің бар сыры ашылғалы.
Мұңсыз өмір қашан да ұнар дәйім,
Қалағаның алдында тұрар дайын.
Өсиетін бабаның сол кезде де

Қастерлеңдер, сақтаңдар тұмардайын.
Таңданта алмас сендерді сан әншілік,
Пугачева модадан қалар шығып.
Ол кезде де әніңнің тақырыбы

Болу керек адам мен адамшылық.
Жолықсаңдар тағдырдың ызғарына,
Тілектеспін ел салтын бұзбауыңа.
Абай атты армандай ұл өсіріп,

Ат қойыңдар Тоғжан деп қыздарыңа.

* * *
Бойжеткені болашақ ғасырымның,
Айып болмас сендерге ашылуым.
Сендер үшін ескілік ар сақтаған,

Сендерде жоқ бүкпе сыр, жасырын мұң.
Қастерленбес Баяндай сертің бүгін,
Ажыратты бояудан көркіңді кім.
Осы күннен даярлап жатырсыңдар

Махаббат пен сезімнің «еркіндігін».
Шаршатпаған пәк сезім болып қайғы,
Сендік жүрек сүюден қорықпайды.
Махаббаттың «еркіні» еш ғасырда

Өз жолында бақытқа жолықпайды.

* * *
Ей, бойжеткен, самала кеш, салқын бақ,
Жас жігітке сайқалдана жарқылдап,
Сен отырсың жұмақ жасап өмірді,

Мән-маңызын түсінбейтін ән тыңдап.
Ей, бойжеткен, неге маған қарадың?
Өз жайыма аулақ кетіп барамын.
Тастап кеткен сәбиіңнің көзіндей

Мөлдірейді алдыңдағы шарабың.

* **
Той-думандарда сайрайтындармен,
Жарқылдап жүзі жайнайтындармен,
Сертінен айтқан таймайтындармен

Таныс болсаңдар деп ем.
Өз қара басын ойлайтындардан,
Байлық пен даңққа тоймайтындардан,
Достыққа құшақ жаймайтындардан

Алыс қонсаңдар деп ем.
Сағынышпенен көрісетіндерді,
Қуаныш-қайғыны бөлісетіндерді,
Тұз-дәмін әр кез бөле ішетіндерді

Алыстатпасаңдар деп ем.
Үйлене салып салқындайтындардан,
Бастық болғанға жалпылдайтындардан,
Әділет үшін талпынбайтындардан

Таныс таппасаңдар деп ем.

* * *
Өлең деген құдірет қой, шынында,
Талант керек кейде оны ұғуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да

Үңілсеңіз жатыр баба жырында.
Жатар жырда қасіреті халықтың,
Дастаны да ел қорғаған алыптың.
Жыр айтады баянсызын дәулеттің,

Жыр айтады ауыр жолын даңқтың.
Қызыл тілде алғаш кілті өнердің,
Жыр жолы боп елестейді келер күн.
Ең алғашқы әлдиі де ананың

Басталады ұйқасымен өлеңнің.
Мейірім де ән сазымен тарайды,
Тұрады әннен тірлік таңы арайлы.
О, жас ұрпақ!

Төрлеріңе ілгейсің
Патшаны емес, Махамбет пен Абайды.

ШЫНЫМДЫ АЙТАМ

Жыр жазар жылдар өтіпті жөргек жуумен,
Қаламдас достан шет қалғандаймын
бүгін мен.
Ақындық сыйын шын берген болса табиғат,

Бөлінем неге бәйгелі, шулы дүбірден?
Кете алмай қалдым серуендеп
еркін орманға,
Шыға алмай қалдым алаңсыз алыс

жолдарға.
Ошақтың басы, қамады күйбең тіршілік,
Ызаландым қанша ақын боп әйел болғанға.
Пенделік халдің құрбан қып кетіп барлығын

Көктемгі қырда қарсы алғым келер таң
нұрын.
Шаршаған шақта шарапқа кейде бусанып,
Жігіттер құсап келер бір жолда қалғығым.

Кетсем бе деп ем жер шарын түгел аралап,
Жүрсем бе деп ем сері боп жүрек жаралап.
Осының бәрін ұмытып кетем қайтадан,
Үш бірдей құлын есіктен енсе «мамалап».

Одан соң менің бойымды билеп ерке өлең,
Бір ғажап нәзік сезімге қайта өртенем.
Өмірге деген іңкәрлік билеп жүректі,
Ақ сәуле таңға тереземді ашам ертемен.

Тұрады бесік «Әлди жыр айт» деп алдымда.
Тербейді бақыт құшағы сүйген жардың да.
Отырам содан «Тәубә» деп Ана болғанға,
Рақмет айтам, риза болам Тағдырға.

ҚЫЗДАРДАН КЕЛГЕН ХАТТАРДАН

Бірінші хат
«Сүйемін» деді ол, құшағын жайды,
Көбелек болып ұштым мен.
Сонымен мендік махаббат айы

Аспады, апа, үш күннен.
Хабарды салып, ата-ана барып,
Той жасап алып кетем деп.
Төртінші күні киімін алып,

Сапарға кетті секеңдеп.
Торына сезім қамалып қалғам,
Жазамын сізге мұңлы сыр.
Мен сүйген жаннан бір аумай қалған

Іңгәлап жатыр тұңғыш ұл.

Екінші хат
Сезімнің өртендім де алауына,
Арбалдым жас жігіттің жанарына.
Енді өзім жігіттерді алдар едім,

Қолымды байлап отыр бала мына.
Ұқсап тұр тал мүсінім жас қайыңға,
Бақытты қайтадан бір бастайын ба?
Ақыл бер, апа, мынау шарананы

Қол қойып мәңгілікке тастайын ба?
Үшінші хат
Бір жігіт өте ұнады,
Алдымнан ылғи шығады.

Сенбілік серуен құруға
Досыма келіп тұрады.
Екеуі тойда билейді,
Өкшесі жерге тимейді.

Ол жігіт ессіз сүйгенмен,
Дос қызым оны сүймейді.
21-207

Көркім жоқ оған ұнардай,
Хал емес мынау құмар жай.
Көргенде оны жүрегім
Кеудемді жарып шығардай.

Кезім бар іштей қызғанған
Жеткізбес, сірә, ізгі арман.
Сезіміңді айта алмайтын
Азап па деймін қыз болған...

Төртінші хат
Ән сала бергім келеді,
Би билеп жүргім келеді.
Кейінгі ұрпақ дегеннің

Бар ма өзі сонша керегі?!
Қаражаты бар шашуға
Осылай дейді досым да.
Оралмас қайта жас дәурен

Өтпек пе қазан басында.
Жігіттер қанша көк жейде,
Думанды кеште от бейне.

Отырсам жөргек сығымдап,
Саусақтың сәні кетпей ме?
Жазамыз сізге сырды біз,
Айтыңыз маған, жырлы қыз,

Өмірден сіз не білдіңіз?
Ән салып өтпей, жыр жазып,
Семья неге құрдыңыз?
Жауап:

Жастықта алау жалынбыз,
Жылжиды баяу сағым-күз.
Киелі сезім махаббат,
Абай болғайсың, ару қыз!

* * *
Жас сәбилерге жаңа аттар болып,
Жаңалықтар мен таланттар болып,
Оралмас апта, сағаттар болып,

Зулайды уақыт.
Тарқамас той мен думаның болып,
Жүйрік машинаның зулауы болып,
Қошеметшінің қол бұлғауы болып,

Тұрмайды бақыт.

НЕКЕСІЗ ТУҒАН СӘБИ

Қайран сәби жаутаңдаған,
Сезіп қалдың жетімдіктің не екенін.
Сұлу анаң шалқаңдаған
Таққан емес сақинасын некенің.

Тайраң қағып бала күнде,
Мойынына асылмадың әкенің.
Құрбанысың, амалың не,
Қыз жіберген бір-ақ кештік қатенің...

ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІНДЕ

Жүздерінде қуаныш барша жанның,
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Жүрек сәл-сәл аңсайды кең даланың
Ақ қырауын, ақ қарын, ақ самалын.

Таудың шыңы, кең дала, аппақ бәрі,
Біз отырмыз қар жасап ақ мақтаны.
Тілі түгел шықпаған кенжеміздің
Қандай тәтті былдырлақ тақпақтары.

Ең жақсы күн Жаңа жыл қай елде де,
Қызығы ортақ кедей мен бай елге де.
Мен отырдым өзімдей бақыт тілеп
Жер бетінде жүрген бар әйелдерге.

Нұрланса екен шыршаның оттарына,
Қуанса екен сәбидің тақпағына.

Мейірімін жүректің жоғалтпаса,
Жығылмаса тағдырдың соқпағына.
Сәулесіне шырша шам шай қайнатып,
Мендей болып отырмай ойдан қатып.

Тілемейін сендерге ақындықты,
Ана болып жүрсеңдер қандай бақыт!

ЕНШІ АЛУ

Енші алды.
Бала-келін көшіп кетті,
Тербеліп көш үстінде бесік кетті.
Өсірген жалғыз ұлды жалғыз ана

Боларын мына жайдың есітпепті.
Кетерін жастар бөлек білмеп еді,
Ол қайтіп енді жалғыз күн көреді?!
Алды-артын аңдамайтын албырт жастар

«Сен де, апа, бізбен бірге жүр» демеді.
Әзірше бейтанысқа мұң шағылмай,
Екі жақ бірін-бірі жүр сағынбай.
Боз үйдің шуағында кемпір отыр

Сәбидің күнде қалған қуыршағындай.

ҰЛДАЙҒА

Ізбасар болар атаға
Рас қой ұлдың жақыны.
Армандап күткен ата-ана
«Ұлдай» деп қойды атыңды.

Болса да мынау өмірде
Тағдырың ұлдан тым алыс.
Медет қып жүдеу көңілге,
Жасаған шығар жұбаныш.

Ақ самал алдан ескендей,
Көркіңе көрген тамсанып.
Қыз біткен болса тек сендей,
Қыз тілер еді барша жұрт.

Жүрегің толы үмітке
Жаралған аппақ арманнан.
Аңқылдап тұрған жігітке
Жарқылдап сүйер жар болған.

Тірлікке ұрпақ сән берген,
Аналық жолмен із қалған.
Өзіңді көрсем, ақ жеңгем,
Бақыт па деймін қыз болған.

* * *
Мазақтап кеткен жігіті
Қыздармен бірге жүдедім.
Жеткізбей жүрген үміті

Жесірге бақыт тіледім.
Бөгегім келді алқынған
Бір сәтке жолын дауылдың.
Өзеннің суы сарқылған,

Арнасын көріп ауырдым.
Түнедім тауға, тасқа да,
Сылдырын аңсап бұлақтың.
Жылаған балабақшада

Сәбиді келді жұбатқым.
Жас келін түскен тойлардың
Келеді айтқым жар-жарын.
Ішінде жаңа айлардың

Жүр менің қанша арманым.

Арманның алыс ертеңі
Жеткізбей мені жүр білем.
Жүрегім жалын, өрт еді,
Не дейсің оған, сүмбілем?!

РАУШАН ГҮЛ

Сыйлады досым раушан гүлін құлпырған,
Әр жапырақта сұлулық, жұпар сыр
тұнған.
Жанымды менің қуантпай тұр-ау сабағы,

Аяусыз қолмен, өткір пышақпен
қырқылған.
Амал не, солып қалары анық бір күнде,
(Керек пе, тәйір, тілегін тілеу гүлдің де).

Өзім де осы раушан гүлдей жас дәурен
Зу етіп бастан өтіп кетерін білдім бе?..
Келеді көктем, гүл қайта шешек жарады,
Жасартып тағы құлазып жатқан даланы.

Солғанша өзі қуаныш сыйлап өтеді,
Негізгі тамыр туған жерінде қалады.

Жазылған гүлге қайтадан түлеу, жаңарып,
Сан көңілдерге қуаныш-нұрдай таралып.
Гүл екеш гүл де ұзартады екен ғұмырын,
Тамыры жатса туған жерінен нәр алып.

ДАЛАНЫҢ ЕРКЕ ЕЛІГІ

(Орденді дәрігер
Күлзейнеп Исатаеваға)
Таң нұры тұрды шыңға ұшқын беріп,
Бір шөкім көрінбейді үстінде бұлт.

Саханың жазушылар тобыменен
Ертелеп Жезқазғанға түстім келіп.
Қарсы алды жайсаң жандар

шығып алдан,
Бәрінің қуаныштан жүзі жанған.

– Күлзейнеп, әкем аты – Исатай, – деп,

Қол берді көркем қазақ қызы маған.
Алдымда тым байсалды тұрысы ұнап,
Жатпай-ақ хал-жай, оны-мұны сұрап.
Осы әйел бара жатты бір көргеннен

Жаныма, жанарыма жылыұшырап.

– Ежелден бұл далада тұрды ма адам?

Алыста тау ма анау бұлдыраған? –
Саханың жазушысы Анастасья
Сұрақты қойып жатыр түрлі маған.

– Адамдар келген мұнда неге, қайдан?

(Өзім де айыға алмай келем ойдан).
Қонағым сұрап жатыр одан сайын:

– Жер атын «Жезқазған» деп неге қойған?

– Жез сыры, – дейді, – өзіме аса мәлім,

Бабалар білем ыдыс жасағанын.
Тағатын жез сақина әжем менің
Ұрпағы емес пе екен осы араның?
Бұл жердің біз бір көшіп кеткен елі,

Білмеймін неше ғасыр шеттегелі.
Негізі осы қазақ халқыменен
Бауырлас шығармыз-ау, – деп келеді.
Ол жайлы біраз пікір жатыр даулы,

Қонаққа бүгін қазақ шақырды ауылы.
Біз үшін адамдардың бәрі бауыр,
Ешкімді білмейміз ғой жатырқауды.

Қазақтың пейілі ұқсас даласына,
Бір күдік ниетінен табасың ба?
Күлзейнеп бастап бізді алып кетті
Жайлауға, Сарысудың жағасына.

Жаюлы дастарқанда дәм-тұздары,
Жайраңдап алдан шықты ұл-қыздары.
Шетінен Еңбек Ері азаматтар,
Жанып тұр омырауда жұлдыздары.

Құлпырған керегеде гүлді кілем,
Бозбала қымыз құйып жүрді кілең.
Жердегі мына өмірге қызығып Ай
Қарайды киіз үйдің түңлігінен.

Болғанда түн ортасы анау белдің,
Үстінде жанып тұрған алау көрдім.

– Жалғыз от не болды екен жарқыраған? –

Деп сонда Күлзейнепке сауал бердім.

– Білмеуші ем мен мұны жас күнде анық,

Ол сырды өз көзіммен аштым барып.
Байлықтың шегі жоқ бұл далада,
Әр жерде жатыр тегін фосфор жанып. –
22-207

Сөйлейді ол дала жайлы еміреніп,
Дала – Ана, ол сонда өскен қоңыр елік.
Далаға деген іңкәр көңілінен
Барады ақын жүрек тебіреніп.

Ол маған келеді айтып дала сырын,
Адамға сыйлайды деп бар асылын.
Сұрадым бір орайды Күлзейнептен –
Қай кезде Алматыға баратынын.

– Құмартпас астананың бағына кім,

Алматы өзенінің ағын әнін,
Бірақ мен Жезқазғаннан алыс кетсем,
Сол күні-ақ осы ортаны сағынамын.
Бұл жерде ескерткіш боп атам қалды,

Осында таптым досты, қатарларды.
Жиырма бес жыл өтіпті осы жерде
Ұрпаққа кіндік шеше атанғалы.
Туған жер!

Неткен мұнша сүйікті еді,
Көңілің оны ойласаң биіктеді.

Зулаған машинадан барады үркіп
Даланың еркін жүрген киіктері.
Киікке кісінейді қоңыр құлын,
Күлзейнеп байқамайды оның бірін.

Ерекше мақтанышпен айтып отыр
Ғажайып қасиетін тобылғының.
Еске алса ата-баба армандарын,
Мен мұнша махаббатқа таңданбадым.

Білемін бұл даланың боз жусанын
Ақынша сүйе білер жандар барын.
Оларды сақтайды анық ел де есінде,
Ер болу керек оған теңдесуге.

Көздері күлімдеген Күлзейнептің
Жарқырап орден тұрды кеудесінде.

ОТАН ЖАЙЛЫ

МЕНІҢ БАРЛЫҚ ӨЛЕҢІМ

Мейірім мен сағынышым боп бар уайым,
Сыршыл жырдың жаздым рас талайын.
Сын іздейсің, мін іздейсің бойымнан,
Отан жайлы жырым аз деп, ағайын.

Отаным деп тәй-тәй өмір бастағам,
Отанымсыз Әліппені ашпағам.
«Отан» деген қастерлі сөз болған соң,
Оны жиі қайталауға жасқанам.

Жүрегімде кім жақтырды жыр шамын,
Бақыт – оты Жаңа жылдық шыршаның.
Сүйемін деп қайталаймын несіне,
Өмірімнен артық көрсем жусанын.

Бейбіт таңда кімнен қалай қорғайын,
Жақсы көрсем қалай ақын болмайын.

Сүйсем қайтем сәбиімдей өзімнің
Бұл даланың бұлбұлы мен торғайын.
Отаным тұр әуен-ән боп үнімде,
Тақырыбым сол ертең де, бүгін де.

Сүйгенімнің осы емес пе куәсі,
Жырлап келем өзені мен гүлін де.
Отан жайлы менің барлық өлеңім,
Жүрегімде мәңгі аялап келемін.

Жақсы көрем деген сөзді жиі айтсам,
Ортайтам ба деп қорқамын беделін.

* * *
Өткенді айтсақ,

көнеріпті, ол – аңыз,
Бүгінді айтсақ,

оған не таң боламыз.
Ана – бала –

тақырыптың ұсағы,
Келер ғасыр!
Осы қазір модамыз.
Қызықпаймыз гүл тербелген белеске,

Қозы – Баян қалған елес тек есте.
Шын сүюді ертегідей көретін
Біздің ұрпақ
Келер ғасыр емес пе?!

Қыздар сиреп нәзіктікті қалаған,
Ғасыр жайлы өжеттікпен салады ән.
Келер ғасыр көретіндей қиянат
Сүйе білген нәзік жүрек баладан.

ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛІҢ ЕДІМ МЕН

Туған жер, мәңгі өзіңнен
Айыңмын әр түн айналған.
Үзілмес нәзік сезіммен
Кіндігім саған байланған.

Өзіңе іңкәр жүректен
Жыр жолы әр кез төгілген.
Көктемгі қырды түлеткен
Қызғалдақ гүлің едім мен.

Бір сәтке тыным алмайды,
Ұяда ұрпақ қалды ма аш?
Өзімнен тағы аумайды
Мазасыз құсың қарлығаш.

Қанаты нәзік талар ма
Тамшы су ұрттап тасудан?
Менің де бейбіт заманға
Тілегім тамшы қосылған.

Самалдың өпкем салқыны
Көңілге азық – бір ай ән.
Көліңде қаздар қаңқылы
Азайып кетсе мұңаям.

Құмыңды жаяу кезермін,
Шыңырау тауып шөлдесем.
Сарқырап аққан өзеннің
Сарқылған шағын көрмесем.

Сәулені нұрлы жамылып
Сән құрар мекен бол маған.
Жүретін әр кез сағынып
Сызылтып сазды арнап ән.

Тынбаспын, сірә, жырлаудан
Туған жер – анам айналған.
Депутатыңмын туғаннан
Дауыссыз, мөрсіз сайланған.

ЕГЕР МЕН...

Егер мен көктеменің гүлі болсам,
Жаныңда өсер едім қыста сенің.
Егер менің аққулардың бірі болсам,
Өзіңді дара тастап ұшпас едім.

*** Ой-қырда ойнақ салған Мен ерке киік едім, Сен ойға орнап қалған Арманның биігі едің. Мен жасыл белдердегі Гүлдердің егізі едім. Сен менің кеудемдегі Шаттықтың теңізі едің.

*** Әуенін бозторғайдың дала тыңдар, Демейді ол биік ұшар қанатым бар. Ешкімге ақынмын деп таныспадым, Жетер деп менсіз де төс қағатындар. Жан сырын жайып салдым өлеңіме, Жыр ұққан салар ойдың елегіне, Сөзіңді түсінбейтін бәз біреуге Шапқылап мойындатып керегі не? Шын сезім, адал пікір артта қалып, Көлгірсіп кейбіреудің мақтары анық. Не жайлы жазғаныңды білмей тұрып, Елпілдер ат-жөніңді жаттап алып. Жоқ менде көп құттықтау мазаны алған, Жоқ менде ерсі мінез азаланған. Санаулы шын сыйласар достарым да Екшелген, желөкпеден тазаланған.

ӨРТ Мен үшін әже аңызы ерте бітті, Есейдім, мен де ұмыттым еркелікті. Ертеде шағын шаруа бір сорлының Үй мүлкі түгелімен өртеніпті. Ежелден аңызға бай дала біздің, Өзіндік сабағы бар әр аңыздың. Дейді әжем: «Сол бір өртке тұмсығымен Әкеліп шөп тастапты қара құзғын. Ләззат алған содан жауыз жаны, Мысал да мұның бәрі аңыздағы. Қарлығаш өрт үстіне шырылдап кеп Бір тамшы суын құйған ауыздағы». Құзғынның шөбінен өрт өршімеген, Бірақ ел ниетін оның көрсін деген.

Титтей құс тілегіне ризасың
Тезірек сол бір өртті сөнсін деген.
Көп таныс, туыс, көрші іргедегі,
Болады бәрінің де бір керегі.

Белгісіз басыңа күн туған кезде
Тамшыны аузындағы кім берері...

ЖАЙЛАУДА

Құладың келіп шыраққа,
Қанаты желбір көбелек.
Осындай өлім ұнап па,
Отқа әуес болып не керек?

Жайқалып тұрған гүл деп пе ең
Шырағын шопан шамының.
От алып барып сүймек пе ең
Перінің сайқал аруын.

Болмашы титтей бойыңда
Бір сезім болды-ау керемет.
Әуес боп мұндай ойынға,
Көбелек, саған не керек?

Кеттің-ау жанып, тағы да
Қиялын қозғап ақынның.

Жүректі сезім шоғына
Күйдірген мен де пақырмын.
Сезімге бойды алдырдың,
Өртеніп кеттің, досым-ай.

Қатыгез заңы тағдырдың –
Махаббат заңы осылай.

КЕЙДЕ

Қурап кетті-ау тобылғылар қырдағы,
Түнгі ұйқымды осы бір ой ұрлады.
Шағын кеудем өзімдегі жүрекке
Тарлық етіп тұрғаны.

Қажет болмай қаладағы көп бөлме,
Бақты кезіп кеткім келді көктемде.
Алданатын қызыл-жасыл жиһазға
Қанағат та жоқ менде.

Алуан ойдан ақын жүрек ауырсын,
Оның емі оңай қайдан табылсын.
Самғап жүрген қанатында қыранның
Түгел болмас қауырсын.

Ақын жүрек әр нәрсеге қайғырған,
Қасіретті табады іздеп ой-қырдан.

Киіктердің саны жоқ-ау далада
Елігінен айрылған.
Ыза буып ақтарамын Абайды,
Өлең жазып бар ашуым тарайды.

Осы сәтте жолықса бір бейтаныс
Ақылымнан ауысқанға балайды.
23-207

БІР ДӘРІГЕРГЕ

Сәбиіме көмек керек, дәрігер,
Өзімнің де жүрегіме дәрі бер.
Сенің қолың дірілдеуді білмейді,
Ақын жанын сеземісің әбігер.

Сәбиіме көмек керек, дәрігер.
«Тигіздің бе, – деп сұрайсың, – салқынға?»
Өкпе тұсты, жүрек жақты сәл тыңдап,
Толтырасың сұрақ-жауап қағазды,

Осылай ма Гиппократ антында?!
«Тигіздің бе, – деп сұрайсың, – салқынға?»
Көрмейсің бе шырылдауын ананың,
Сәбиімнің жаутаңдаған жанарын,

Ұзақ жаздың қысқа өмірбаянды,
Дір етпейді, селт етпейді қабағың.
Көрмейсің бе шырылдауын ананың?..

Балалықты мен далада өткердім,
Дәрігерде мейірім мол деп келдім.
Қарлығаштың әбжыланның аузына
Баласы үшін құлағанын көп көрдім.

Балалықты мен далада өткердім.

*** Бала екен-ау дүниенің бар асылы, Еркелігі – тірліктің жарасымы. Кенже қызда жүр менің бар қылығым, Сенің қоңыр көзіңнің қарашығы. Бүгін қожа бізге сол шыбындай қыз, Соны иіскемей кей кезде жылынбаймыз. Римдегі алғашқы общинадан Сатып алған еріксіз құлындаймыз. Сол жұмсаса кетеміз жеміс теріп, Көрген жоқпыз бір ісін теріс көріп. Ол ауырса – бір уыс тірлігіміз, Ол сауықса – шаруамыз тегістеліп. Шалқияды онсыз да келте мұрны, Қайта оқимыз жатталған ертегіні. О, адамдар, сәбиге жарасады Балалықтың алаңсыз еркелігі.

* * *
Шыңдарға жету қиын мұнарланған,
Әркімдер биіктікке құмарланған.
Қолына кез келгеннің түсе бермес

Жақсы ғой, шамаң келсе, шынар болған.
Сұлуға сұқтанғыш көп сылаңдаған,
Түлкі де түсер қолға бұлаңдаған.
Жүретін дара саяқ алыс шолып

Жақсы ғой қолдан келсе қыран болған.
Кейбіреу өнер қуса салып ұран,
Жол беріп тұрса дейді бәрі бұған.
Әр құстың өз даусы бар сайрайтұғын,

Бола ма қанаттының бәрі қыран.
Жат болсын адамға адал сезім неге?
Күш керек адалдыққа төзуге де.
Қырандық оңайлардың олжасы емес,

Азайды ол табиғаттың өзінде де.

Сиреген табиғатта лағыл тас та,
Әрине, қырандарда жалын басқа.
Аспанға кетсе, шіркін, қыран толып,
Адамдар қарлығашын сағынбас па...

* * *
Алыстық жолы араның
Қалды ма бөгеп қапыда?
Кешігіп жетті хабарың

Жолдаған менің атыма.
Хат алдым, бойдан әл кетті,
Қайдан күш тауып оқырмын?!.
Ашпастан аппақ конвертті,

Бауырыма басып отырдым.
Қинаса керек шын зарлық,
Мөлдіреп көзден жас тамды.
Өзіңе деген іңкәрлік

Осы бір сәттен басталды.

СОНАУ БІР КӨКТЕМ, СОНАУ КҮЗ

Сонау бір көктем, сонау күз
Айнала тегіс салған ән.
Жимаған есті балаңбыз,
Көңілге күдік алмаған.

Біз үшін тегіс көктем – гүл,
Өмірдің сүйдік қаз-қалпын.
Бар бұлақ бізге мөп-мөлдір,
Ертеңгі күн де жап-жарқын.

Ән салушы едік қайда да,
Сыймайтын бойға күш-ағын.
Достыққа ғана айнала
Тұрғандай ашып құшағын.

Қулық пен сұмдық, алдауды
Не деген бақыт білмеген?!
Жылжытқан алға арманы,
Өмір-ай, неткен күрделі ең?!

Күрделі ең неткен, тіршілік?!
Даналар жауап таппаған.
Таңында күліп күн шығып,
Түнгі аспан жұлдыз қаптаған.

Сауалың өсіп күніге,
Жүресің деумен бұл қалай?
Жұмбақтай сырлы дүние,
Зуылдап жатқан жылдар-ай!

Мән бермей онша кетіп ем,
Есіме түсті сол бір күз.
Сарғайған альбом бетінен
Қарайды маған мөлдір қыз.

БАР МАХАББАТ

Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе бұл ғаламда.
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма?!

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі.
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді?!

Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген?!
Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.

Күн біреу нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.

* * *
Бірге өткіздік әрбір күнді, әр айды,
Сеніменен бірге атқан таң арайлы.
Бүгін маған сәбиімнің жанары

Сенің тұнық көздеріңмен қарайды.
Күлімдесе жанарында нұр тұнды,
Сәл қамықса мөлдір тамшы іркілді,
Құлап тұрды, тірек іздеп қол созып,

Саған менің жүрегіммен ұмтылды.
Ол бір ермек жетіп жатқан күн-түнге,
Сонда сенің мінезің де, күлкің де.
Сен мені іздеп, мен сені іздеп жүзінен,

Қос махаббат соған ауды бұл күнде.

ӨМІРДЕ АДАМ ТАҢДАМАЙДЫ

БАЛАСЫН

Өмірде адам таңдамайды баласын,
Үйлестіріп оны тағдыр сыйлайды.
Өмірде адам таңдамайды анасын,
Сүйеді оны, еш адамға қимайды.

Ризамын бәріне де бүгін мен
Бұза алмаймын өз-өзіме сертімді.
Егер таңдау мүмкін болған күнінде
Қайта алар ем осы қара кемпірді.

Туған жерді таңдамайды тағы да
Кіндігінің қаны тамған қастерлі.
Тау ма, ой ма, сор ма әлде бағы ма –
Сүйеді оны іздеместен басқа елді.

Таңда десе қайта бастап өмірді,
Сәби жүрек емес оған айыпты.
Жырлау үшін, сүю үшін елімді
Мен қайтадан таңдап алам Жайықты.

МАЗМҰНЫ Өмір керуені және өлең өзені. Қ. Мырза Әлі...................... 3 Ыстық-ау туған жер деген... Ыстық-ау туған жер деген... ......................................................21 Бұлбұл.....................................................................................................22 «Кел, – дейді таудың самалы...»................................................23 «Шыңда жел, боран бар...»..........................................................24 «Таң нұры аймалайды мұнараны...»......................................25 Таң............................................................................................................26 Қызғалдақ.............................................................................................27 Қызғалдақ маған ұнайды............................................................28 Мені еске ал.........................................................................................29 Даладағы көрініс..............................................................................30 Ауылым..................................................................................................31 Ауылдың тентек ұлдары..............................................................32 Ауылға хат............................................................................................34 Қыранның тұяғы..............................................................................36 Бәрі де болған....................................................................................39 Туған жер..............................................................................................40 Он бес жас............................................................................................41

«Тіршілікте білмейсің...»..............................................................43 Ойламадым.........................................................................................44 Тор мен торғай..................................................................................45 «Бұлбұлды бақта тыңдаумен...»................................................46 Қыз сағынышы..................................................................................48 «Жапырақ менің алдыма құлап түсті деп...».....................50 Жұлынған гүл.....................................................................................52 Әлия.........................................................................................................53 Сары жапырақ...................................................................................56 Құралай.................................................................................................57 Жіберілген хат..................................................................................58 Ақжелең.................................................................................................60 Ұстазға....................................................................................................62 Ұстазға екінші өлең........................................................................63 Алғаш өлең оқығанда....................................................................65 Көктем....................................................................................................66 Шынар...................................................................................................67 «Күн нұры болып өткен леп...».................................................68 Алақан жайды ақ айдын... Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді.........................................71 Сағындым, Жайық..........................................................................73 Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын................................74 Жайыққа...............................................................................................75 «Жайығым, не жыр бастадың?..».............................................76 Жайық....................................................................................................77

Жайықта...............................................................................................78 Ақ Жайық айдыны..........................................................................79 Зиялы арна..........................................................................................81 «Оранған қырлар гүл-сәлде...» .................................................83 Шағала мен теңіз.............................................................................84 «Тулайды теңіз, тулайды...».........................................................86 «Ашуға мініп жалма-жан...»........................................................87 Оралдың ерке самалы..................................................................88 Аққулар..................................................................................................90 Алғашқы көктем...............................................................................92 Еркежаным..........................................................................................94 «Сатқындығы бар достардың...»..............................................96 Бозторғай ............................................................................................97 Қысқы Жайық...................................................................................98 Өзен......................................................................................................100 Қуандым.............................................................................................101 Алатауға..............................................................................................102 Жетісуда.............................................................................................103 Жастық шақ.....................................................................................104 Жан сыры..........................................................................................105 Кең дала..............................................................................................107 Жолдағы ой......................................................................................108 Домбыра.............................................................................................109 Жасқұста, сонау Нарында......................................................111 Даланың тентек дауылы...........................................................113 «Аққу» күйі.........................................................................................114 «Біздің халық ұл тілеген...».......................................................116 Әзіл өлең............................................................................................118

«Қыздар-ау...»...................................................................................119 «Өжетсің...»........................................................................................120 Қонақ деп қарамаңдар..............................................................121 «Мен үшін сан аңыздың сырын жайған...» ....................122 Білмедің бе?.. ...................................................................................124 Сырласу..............................................................................................126 Тілейді екен әжелер....................................................................128 Ол кезде..............................................................................................129 Әкенің өсиеті..................................................................................130 «Әкем мені сүймейтін еміреніп оншама...»...................133 Сен есіме түскенде.......................................................................134 «Алаңсыз үйде отырған шақтарым кем...»......................135 «Көңілді жиі-жиі басып қайғы...».........................................136 Анама бірінші хат.........................................................................137 Анама екінші хат...........................................................................140 «Ерке өстім...»...................................................................................142 Анаға сыр...........................................................................................143 Анаммен қайта сырласу...........................................................145 «Бойдағы жігер-күшіңді...».......................................................148 «Жан апа, жақсы бол деп айта бердің...»..........................150 Анаммен сырласу.........................................................................152 «Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан...»...................154 «Ерте тіктің қамзолыңның өрнегін...»..............................155 «Сен менің анам да едің, әкем де едің...»..........................156 «Түсірмей кіршік сенімге...»....................................................158 «Көз бояп жалған көңілмен...»..............................................159 Ана сыры............................................................................................160 24-207

Әйел дейді-ау..................................................................................162 Жеңеше...............................................................................................163 Менің жеңгем.................................................................................164 Жар мұрасы......................................................................................166 Жиі хат жазыңдар солдатқа...................................................169 Адрессіз бала...................................................................................171 Инженер бала.................................................................................173 Бүркіт пен қарға............................................................................180 Қос күшік...........................................................................................186 Ақ көжек.............................................................................................188 Досыма................................................................................................190 Досқа тілек........................................................................................191 Мамандық таңдау.........................................................................192 Жұрт нәзік қыз дегенмен... ....................................................193 Дәрігер................................................................................................194 Алғыс....................................................................................................195 «О, шындық...».................................................................................197 Әділет..................................................................................................198 Бабаның сазы.................................................................................200 Қайша құдық...................................................................................233 Теңіздегі көңіл күй.......................................................................236 Қоңыр..................................................................................................238 Жұмекен көшесінде....................................................................240 Хамза Есенжановқа.....................................................................242 Алыстағы досқа.............................................................................244

Сағыныш күйі жүректің... «Жаңа ай әлі тумаған...» ............................................................247 «Жүректе өшпейтін бар ұшқын...»......................................248 Сағыныш...........................................................................................249 «Махаббаттың таңданам ғажабына...».............................251 «Ол рас, таласым жоқ...»............................................................252 Сүйіктің барда................................................................................254 «Маған махаббат керек...»........................................................255 «Көңілі бұлақ әнін тыңдап алаң...»......................................256 «Сапар шығып не керек...».......................................................258 «Тіршілік жұмбақ кейде тым...».............................................259 «Бұлақ боп күлкі бөктерде...»..................................................260 «Билеймін еркін, жазамын өлең...».....................................261 «Өмір жұмбақ кейде мүлде...».................................................262 Ойлану................................................................................................263 «Біреу мені мақтап жатыр...»..................................................265 «Той-думаны, базары бар...»....................................................266 «Мүсіркеу күткен өзгеден...»....................................................267 «Өмірге келсем қайта мен...»..................................................268 «Сендік сенім жүрегімді алдаса...».......................................269 «Билетіп бойды төзімге...»........................................................270 «Аппақ көңіл, пәк сана...»..........................................................272 «Дос көңілдің жабығып...»........................................................273 «Кім болып ендім түсіңе?..».....................................................274

«Алдымда мен баспаған белес тұрар...»............................275 Алғашқы сезім................................................................................276 «Қырдан қайттым қызыл гүлдер теріп мен...»..............277 Өмір – бағдаршам........................................................................278 «Сен сонда секілді едің бала қыран...»..............................280 Қысқы қала суреті........................................................................281 «Ақ құйын болсаң, мені де кет бір тербетіп...».............282 Әйелдің махаббаты.....................................................................283 Сыр бойына сәлем хат..............................................................285 «Сыр бойы, сырға толы ел екенсің...»................................290 «Арасын білу...»...............................................................................292 «Бір реніш – айналаң бос көрінді...»..................................293 Досқа сыр..........................................................................................294 «Біреуге шаттық қайғы...».........................................................295 «Аңқау да болдық жасықтау...»..............................................296 Ақын жүрек......................................................................................297 Жас ақын қызға.............................................................................299 «Қамажай».........................................................................................301 «Домбыра сынып қалған...».....................................................304 Бұрым..................................................................................................305 «Білгің келіп мен жайлы алаңдапсың...».........................306 «Қателігі жастықтың біліне ме...»........................................307 «Әділ туын қашан да түсірмеген...».....................................308 «Барлық ғасыр сөз еткен ақын жайлы...»........................309 «От іші қызыл-жасылдың...».................................................. 311 «Бойжеткендер болашақ ғасырдағы...»............................313

«Бойжеткені болашақ ғасырымның...»............................314 «Ей, бойжеткен, самала кеш, салқын бақ...»..................315 «Той-думандарда сайрайтындармен...»...........................316 «Өлең деген құдірет қой, шынында...»..............................317 Шынымды айтам..........................................................................318 Қыздардан келген хаттардан................................................320 «Жас сәбилерге жаңа аттар болып...»................................324 Некесіз туған сәби .......................................................................325 Жаңа жыл кешінде.......................................................................326 Енші алу..............................................................................................328 Ұлдайға...............................................................................................329 «Мазақтап кеткен жігіті...»........................................................331 Раушан гүл........................................................................................333 Даланың ерке елігі.......................................................................335 Отан жайлы менің барлық өлеңім.....................................340 «Өткенді айтсақ...»........................................................................342 Қызғалдақ гүлің едім мен........................................................343 Егер мен... ..........................................................................................345 «Ой-қырда ойнақ салған...».....................................................346 «Әуенін бозторғайдың дала тыңдар...»............................347 Өрт.........................................................................................................348 Жайлауда...........................................................................................350 Кейде....................................................................................................352 Бір дәрігерге....................................................................................354 «Бала екен-ау дүниенің бар асылы...»................................356 «Шыңдарға жету қиын мұнарланған...»...........................357

«Алыстық жолы араның...»......................................................359 Сонау бір көктем, сонау күз....................................................360 Бар махаббат...................................................................................362 «Бірге өткіздік әрбір күнді, әр айды...»..............................364 Өмірде адам таңдамайды баласын ...................................365

Ақұштап Бақтыгереева

ШЫҒАРМАЛАРЫ

1 том
Ақ Жайық айдыны
Өлеңдер
Редакторы Ботагөз Мұхиден

Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Фарида Уәлиева
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Басуға 14.08.14 қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/32. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 15,3.
Тапсырыс №207. Таралымы 2000 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙