TELEGEI

Home

Періште шәрі

Нұрлыхан Нуруллақызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Періште шәрі

Періште шәрі. Нұрлыхан Нуруллақызы

Барыңа базар көп кідір
Бағзыны ескі көріп ек,
Тағзымды күн де жетті дүр.
Бағзылық күйі естілді,

Барыңа базар көп кідір.
Періште шәрі
Ай шалқалап, жылайды
Көбесін дию түн сөккен.

Тілік тінін ұсынбады
Күн көктен
Көптен.
...Кеп-кетті тағы бір көктем.

Сұқтанған,сұғын қадаған
Қара түс кесірлі әрі.
Сыңсиды ай, сырым – садағаң,
Тегіс кеш әні.

Пері түс, пенде милыны
Арбады періште шәрі.
Бүгін де бұлаудай көзі
Ай бүк түсіп, бұғынды.

Құзіреттіден батып кім сұрайды
Құныңды?!
...Құшағын ашты
Түн-түнек алып жырынды.

Беймарал періште шәрі
Түні жоқ, түнегі түгес
Ай-қызды құшағыңа алшы

БІР – ЕШ!

Ең алғаш...
...Ең соңғы үлес.
Ай кірпік қаға алмас,
Аспани еңісте сәні.

Ақ түбіт шаштарын жайып таранса,
Өріспес әлі.
Түн түстес шәлі
Тағынып төсіңе құлар,

Періште шәрі,
Жыр тілек періште шәрі!
Өмір – аян, өлім – хақ –
Бар әлемге бір үкім.

Жан ұшады шырылдап,
Қане, тәні сірі кім?!
Уақ-уақ әр сәтің
Бәріне өрнек салады.

Тірне тірлік біткенде
Тарқап өрмек қалады.
Сызып түскен сынық мұң
Ой оңалмай бітпейді.

Ақымақ бол, асыл бол,
Уақыт бітім күтпейді.
Атадан он тусаң да,
Әркімге сан тағдыр тән.

Ас-су ортақ болса да,
Қиялың көп қаңғырған.
Не жетпейді?-десең де,
Дегеніңді қыласың.

Күн өледі күрсініп,
Сен жымиып тұрасың.
Дөнен көңіл Қанағат
көмбесіне жетпейді.

Тек шүкірдің арқауы
Жыртығыңды көктейді.
«Өзге де өзім, сен де өзім,
Тәубе!»- десе, Күпірлік

Өзгерер ме ед жандылар,
Ауысар ма ед бұ тірлік?!
Өмір – жаза, уақыт- сын,
Жан менен тән- куәгер.

Ажал ақтап алғанда
Үнсіз ғалам «Уа!»-дер.
Мендегі бары бір – ақ мұң-
Өмірді шексіз ұнаттым.

«Тірлік» деп тілім тілініп,
Тағдырым таңға сынаттым.
Додаға түсіп тілегім,
Жанымды қапты сұрақ мың.

Тамырым тін ғып сонда да,
Күрмедім мұртын мұраттың.
Адамдық іздеп адымдап,
Пендеге дертім сылаттым.

«Өмір» деп сүйіп тірлікті
Өксітіп өзім жылаттым.
Қай әлем еді мақсатым?!
Тұрағыма жеткіз жырақ күн.

Өзгелік іздеп өзгені
Қайталап жүрген шырақпын.
Мыстан тіршілік мысқылдап,
Арбалған өгей шұнақпын.

Мендегі бары бір-ақ мұң-
Өмірді шексіз ұнаттым.
Есер үміт, есер бақ, ескер дейсің
Ескерудің есебін ескермейсің.

Ес еліне еліріп өзің апар,
Ерме егеге ене – ақыл не істер дейсің.
Келгеніңде кемел шақ кемсеңдеме,
Сұңғыла сүргін күйге енсем деме.

Өмір өрмек өнеді ермектеніп,
Білінбестен ой өсер сеңсендене.
Жұлдыз қиял. Ай арман. Адақтадым.
Ғұмыр бойы өзгеше мадақтадым.

Бір межеде мың лықсып, жылап кеткем
Бір толықсып тартылмай садақтарым.
Нөсер шаттық. Нөсер мұң. Бекінермін.
Жөңкілгеннен жөн сұрап өкінермін.

Шартсыз шындық кездессе, мәңгі ұйықтар ем,
Жалғандықтың түймелеп көкірегін.
Түсіндіргің келеді кімге несін?
Өз айтқаның өзің қып жүрмегесін.

Түсініп көр, іңірде өзің жатып
Түн ұйқыдан өзге боп түргелесің?!
Ренжігің келеді кімге несін?
Мейлі сөксін, алдасын, үндемесін.

Өкпелейтін не жөн бар? Кімге, қашан
Өткізіп койыпты кім бірдемесін?
Ақтарылғың келеді кімге несін?
Кішіруден, көнуден кірмеді есің.

Азаптаған сырыңды жайып салсаң,
«Ах» ұрып алкөңілің кірлемесін.
Сенгің келіп тұрады кімге несін?
Сезім суық сенім-құл үрлегесін.

Қарт Ақылды терістеп бала Жүрек
Итаршыдай қызыл тіл күрмелесің...
Бұ несі?
Өмір, өмір! Өмір сол –

Тіршіліктің күресі.
Көшпелі алтын секілді
Шақ таба алған үлесің.
Шақ таба алған үлесің.

Адам пенде арасын
Теңгере алмай сар табан
Жақсылықтың шын есі
Шығасылы- кіресі.

Бұ несі?
Адам, адам! Адам сол-
Бір-ақ тамшы қан тегі.
Қан құрайтын темір де,

Өзегіңе оң ірге.
Сөйте тұра налимыз
Маңдайыңа қадалған
Тағдыр – түйір шөгірге.

Сөгілме!
Уақыт, уақыт ! уақыт сол –
Туады да , өседі.
Бүрсігүнің кеше еді,

Ертең де еппен көшеді.
Соры қандай бес елі?
Бағын сезбей өшеді.
Сарапшы ойдың мың мезет

Ойдым-ойдым төсегі,
Көшелі!
Бақыт, бақыт! Бақыт сол-
Бал - бұл жанған балалық.

Есе кеткен еңку жыл
Үзді содан дана қып.
Терең, биік, кең деген
Есің болса, шаманы ұқ.

Бақыт қалған өмірде
«Мен-ді» ұмытқан аралық.
Сана – мүк!
Үміт, үміт! Үміт сол-

Тізбек- тізбек тілектер,
Әр жүректен шүмектер.
Біліксізге білек бер,
Жүрексізге тірек бер,

«Жоқ» деп енді жүдеп көр!
Таң-Тәңірді қайтеді
Жарығы бар түнектер?!
Шіреп, кер!

Байлық! Болсын! Бас аман!
Тас теңге бер тасадан.
Денім қайдан сау болсын,
Жан-жанарға жас алам.

«Қайраны» бар жас адам
Тірлік – тойға асабаң.
Байды дегдер ететін
Күшің қайда, жасаған?!

О, жасаған!
Көн кеуделер менсінбеді,
Мен де ешқашан жалынбадым.
Атты уақыт ес жиғызбай,

Жасым ғана қалыңдадың
Ес есіркеп енгенінде,
Белгі салдым жетпесіме.
Күмән мұңды ойға қалдым –

Кепіл бар ма өшпесіне?
Қайда кезің кәдеге асар?
Ғасыр міне қақырады.
Үміті зор пенде аузында

«Ақыр әлі, ақыр әлі...»
Биікке құмар тіршілік
Терідей тоңған түршігіп,
Бұтасына жасыл бүр шығып,

Тамыры жерге тартса да,
Терек тұр көкке құлшынып.
Биікке құмар тіршілік.
Әр талы – оның саусағы,

Жоғары қарай самсады.
Ұлғайған жасы аққайың
Тіленіп тұрып қаусады.
Жете алмай, бәлкім, шаршады.

Басталып бәрі төменнен
Ұмсынып алыс көгерген.
Қара аспан болса сиқырлы,
Тіршілік деген өлермен.

Куәгер көкірек – көрермен.
Нәрселер де бар тұңғиық,
Дірілдейді олар мұңға ұйып.
Түбіне нәрі шөгеді,-

Дегендей,- терең сүңгиік.
Өзінше ол да жүр биік.
Дүниеде мынау санасқан,
Шырқауға паңдық жарасқан.

Еңіске еңсең қарасқан,
Тереңің биік адасқан.
Бәріне ортақ нар аспан.
Терең мен биік астасып,

Тоғысып жатар, бастасып.
Бірінсіз бірі ғұмырсыз.
Сезбейді бірақ қастасып.
Бір аяқтан екі бас қашып.

Өлмесін, тірлік өлмесін,
Құшарлық қуат сөнбесін!
Мықтылар таққа таласса,
Жеткенін әркім «Төр» десін,

Өлейік өнер өргесін,
Биіктен рух бөлгесін,
Өлгенім бекер – көрге сын.
Жылдар, жылдар...

Жылдар, жылдар.
Үнсіз жылжып барасың.
Өзіңменен бар-ау менің таласым.
Жастығымды ұрлап алып білдірмей

Оралмасқа неге кетіп қаласың?
Жылдар, жылдар.
Өсірдім деп санасын
Адамзатты сарсаңдарға саласың.

Сағындырып, ұзақ жолға аттанған
Енесінен енші алған баласың.
Жылдар, жылдар
Үздікпейді жетегің.

Қалжыңдассам, мен өзіңмен тетемін.
Қақпақылдап, адастырмай, әйтеуір,
Көрсетесің жұрттың ортақ мекенін.
Жылдар, жылдар

Жарысуға қалайсың,
Екеумізге бар- ау алда талай сын,
Сендегі өлшем өлшей алмас ғұмырды
Жасай алсам, «Өлмеді» деп санайсың.

Жылдар, жылдар,
Жөңкілесің қай жаққа?
Мен асығам санам тіккен байраққа.
Екеумізді егіз етіп байлапты.

Мінгесейік көңіл- дөнен- жайлы атқа.
Күлу керек орнымен,
Жылау керек жас төгіп.
Қас болудың дертінен

Жүрек жасыр, тас солып.
Шеңбер сүйіп, шен қуған,
Кіріптар бас кішірген.
Пәрмен суыт қияңкес,

Кенет көзін ісірген.
Әр ісіңнің ұшығы
Бір өзіңе байлаулы.
Дулы басқа шу дұға

Шешер енді қай дауды?
Белгілі бір межеде,
Жүрсін жақын, жатың да.
Сапасымен солардың

Аңықталар атың да.
Қайырымсыз уақыт,
Жалаңдаған жендет күн,
Жалындатып, жандырып,

Қас қағымда мендеттің.
Жақсылығың бал-шырын,
Жамандығың кермек тым.
Жас қосасың сәт сайын-

Алмағы бар бермектің.
Қайырымсыз уақыт,
Қонбай кеткен қыдыр ма ең?!
Сүегі жоқ қызыл тіл

«Жалған-ай» деп мүдірген.
«Үміт. Бақыт. Арман...»- деп,
Жығылуда жүгірген
Тұрлауы жоқ тұғырсың,

Мен де ендеше кідірмен.
Қайырымсыз уақыт-
Тылсым дүние перісі,
Тынымы жоқ тірліктің

Үкі таққан серісі.
Түрлі ойды бойыма
Өзің өріп, сөгісіп,
Көзден бұлбұл ұшасың,

Қалайықшы көрісіп.
Қайырымсыз уақыт:
«Тірлік ет» деп фәниге
Әкелесің жылатып,

Өмірге өңі игенде
Әкетесің сұлатып.
Түк түсінбей өледі,
Дем шығарып бір ақық.

Таңын түнмен бір атып
Кетпес кімді құлатып.
Мейірімсіз уақыт,
Мейірімсіз уақыт.

Сағыныш
Сағынтсын әркез әлдене,
Сақталсын мәңгі жадыңда.
Қарыздар болып өтеміз

Сарғайып басқан адымға.
Сағыныш қайтқан құстардың
Жолында жатар шұбалып.
Қол бұлғай қосқан құштарды

Ілестіре кетсін құп алып.
Сағыныш – саумал бұлақтың
Сыбдырлап шыққан былдырды.
Абайды мәңгі жас еткен-

Тоғжанның шашбау сылдыры.
Сағыныш – туған өлкеңнің
Тұнжырап тынған тылсымы.
Қосылып соған жатады

Жүректің әрбір «шым-шымы».
Сағыныш – сары жапырақ,
Үзіліп түскен дірілдей.
Жақсылар тіккен отаудың

Түндігі ол қалған түрілмей.
Сағыныш – мөлдір көздерде
Тұнжырап тұнған махаббат.
Іңкәр боп күллі әлемге

Шашылмай қалған шапағат.
Сағыныш – өлшем анықтар,
Тарихтың ұлы дүрмегін.
Сағыныш деген – сырлы әлем,

Жоғалтып кілтін жүрмегін.
Иірім де көңілде,
Мейірім де көңілде,
Шымқай түсті шытырман

Не болмайды өмірде.
Бәле тегі өзіңде,
Сыр сәулесі көзіңде.
Ашылмаған ақиқат-

Айтылмаған сөзінде.
Жастың, мейлі, қарттың да
Қалар өмірі артында.
Тірлік деген – тастақ жол

Аяндаудан тартынба.
Тасырқайсың, тозасың,
Үмітпенен озасың.
Шығыршықта тағдыр – жіп

Біткенінше созасың.
Бақилыққа хат
Түскенім жоқ тіршілік қалтасына,
Малданамын еңбектің малтасына.

Сүйіктісің сұм жалған, тиіп қысым,
Биікті шын аңсатқан һәм тасыңа.
Ғұмыр – уақыт бұрымын өріп келем,
Көнік – көбем, өзімше өніп көрем.

Турашыл күн тұпа- тұс келгенінше,
Тұрпатымнан тұнығым сөгіп берем.
Көктеп мезет, түптейді тілім тауып,
Бірін шауып кетеді, бірін жауып.

Адасқақ ой арқандап кейде әкетер,
Ұрын сезім жүрекке нұрын сауып.
Мазаңданып барамын, мазаңды алып,
Кінәм айқын , күнәм дөп, жазам да анық.

Кеткенімше өлеңге айналайын,
Болмасын маған жеткен қазаң ғаріп.
Не етермін?
Өмірің – ол былғаныш,

Тірлік толы қызғаныш.
Сана- сары саз балшық.
Үмітіңнен мұздар іш.
Мақсат – көкпен матасу,

Жақсыатың – дерт, шатасу.
Бақыт дұшпан күнде араз,
Алғыс – алыс, бата – шу.
Жұртқа шаншу – күйбеңің,

Досқа сату – сүйгенің.
Құндыз қиял, үлбір өң-
Жасауы өмір күйменің.
Құмарлығың ізбен тең,

Тілегің сырт, түзбен тең.
Ақыл – жырақ, алдамшы
Ашу құшқан күзбен тең.
Бағамсыз- ай, некенің,

Жүдеуін ай жетенің.
Даңқың да – бір түкірік,
Қайда қашып кетемін,
Көнемін бе , не етемін?!

Алғыс күн
Армысың арда алыс күн,
Желдіріп желмен жарыстың.
Құлдыраңдаған құлын- жыр

Құшағында жүрген арыс кім?
Айғақтан әйбат тас атқан
Арының асау, ағыс – мұң
Қалдырып кеткен шатақпен

Тағы да , міне, шабыстым.
Қасарып қысқа таң күтіп,
Қас қағым сәтпен алыстым.
Байланған бағым бар ма деп

Арман көгіне сан ұштым.
Бетіңді бері бұр деген
Өзіңмен сонда таныстым.
«Білем» деп білмей кетем бе?

Атқарып сыр айт, Алғыс күн!
Күнімнен күнді шегеріп жүрмін тұнжырап,
Мың қиялымнан бір қиял асты тың құрап.
Қансонар сәтін аңсауда күтіп кер үміт,

Келіскен бақтан кездейсоқ шабыт құндырақ.
Уақытпен бірге кездесер мұндар мұңдырақ,
Құлазып дәурен, көңілдің жары тұр құлап.
Ашылмай көзі жатыр – ау, әттең, кім сенер?

Кеудемде сырлы бәріңе ортақ жыр- бұлақ.
Ай елі
Үн қатпа маған, үн қатпа,
Сәулеңе сырың жұмбақта.

Әңгіме менде, сенде емес,
Мендегі сендік жұрнақта.
Көш тарттым жөнің көрмекке,
Жаратқан шуақ – төр-мекке.

Әңгіме менде , сенде емес,
Мендегі сендік өрнекте.
Ай қызы қалған түнекте
Сағыныштың өзі – бір өкпе.

Әңгіме бірақ сенде емес,
Ондағы сендік жүректе.
Тәуекел күткен өткелдер,
Шегініп кетсем, сөкпеңдер.

Қамығып бір күн: «Кеш»-дермін,
«Асуың алда көп»-дендер.
Толқынмен ұрып, теппендер.
Күдікпен қарсы ап кеткен жер

«Сағыныш солып, кепкен»,-дер,
Сендер де мені сөкпендер
Рахатқа, мұңға бөккен бел,
Көңілі- жібек, өкпең- жел.

Қаз бетін ашқан көктемдер-
Жанары жасын төккен көл.
Үзілмей жетем үздігіп,
Көгімді әрлеп, көктендер,

Өңімде өппей өтпеңдер!
Мектебіме
Еңсесі мен жер төсін кен шіреген
50 жылда жаңарып, ел түлеген.

Жарты ғасыр ғұмырда не ұттым?- деп
Ақ орда тұр білімді еншілеген.
Сая тапқан сонау шақ жол басына
Жылдар салып оралдық. Қолда! Сына!

Оң үміт, мол рухпен қауышамыз
Балалық пен даналық Ордасына.
Білік жиып төрге озып, төсіңде өрген,
Түлегіңнің бірі ек көші – керуен.

Алтын ұям, өзіңе мың бір алғыс
«Адам» деген аяулы есім берген.
Жақсының жанын түсіну кімнің үлесі?
Екі дүниенің қақпасы – өмір күресі.

Жақсы мен жаман арасын білмей кейбіреу «Жақсы жоқ»,- дейді, «Жақсы жоқ»,-дейді, бұ несі? Жақсылар бар ғой , жақсысыз өмір не қызық?

Жақсылар нұрға келеді жанын емізіп.
Кінәңді білмей, ұлыңның қағып арқасын

«Жақсы бол!»,- дейсің, жаманнан сарқыт жегізіп. Ұрпақтан күтсең жақсылық істі, жан аға,

Назыңнан бұрын әз үннің құнын сарала.
Кектеніп келіп , кептеліп, төніп , күн сүйме,
Перзентке мұраң- санаңды саннан дарала.
Мен жылымай өтейін, жылама, Әке!

Қасқайып күліп мың іс жасадым, қайбірі қате.
Күмбір батаңды беп тұрып дейсің-ау іштей
«Киесін ұқпай, әй, балам, аңғалдық етпе!»
Мен жыламай өтейін, жылама, Ана!

Жеті қат көкте бар адал- періште дана Кім болдым, көрдің, не болатыны бұлдыр да бұлдыр, Санайсың мықты балаңды, санасаң, сана.

Мен жыламай өтейін, жылама , Бауыр!
Арқамызға сай жүк берер ғұлама дәуір.
Таңдаған жоқпыз тірлікті, туманы, жатты,
Тандаған бізді тағдыр- ас түскен жерге ауыр.

Мен жыламай өтейін, жылама Досым!
Көрсеткем саған көп қылық, әрбірі тосын.
Түсіндіріп те жатпадым, тек түбі қайыр
Көзінде күлкі тұратын күш қосып жосын.

Мен жыламай өтейін, жылама, Адам!
Жасаған саған тән етті оң, теріс қадам.
Оңыңа тәнті болсын деп оңыңды ірі
Қылыпты , енді таразы-тек жалғыз Санаң.

Не деген сұрықсыз күн?
Бас ұрдым, ырықсызбын.
Уақыт жұмыр, жұмбақ
Қылығы қырық қыздың.

Не керек, кім не дейді
Күл, мейлі, күлме, мейлі,
Бар алдым белгісіздік,
Ал үміт үндемейді.

Не етермін, іркілемін,
Сәт туар дүркірермін.
Жауа алмай күрсінді аспан,
Жаныма бүркіп емін.

Тән кімге туа қайғы?
Құр қиял дуалайды.
Алмасып ақыл, ашу
Бір-бірін қуалайды.

Жолымда жасқап кілең?
Тұрған сен асқақ кім ең?
Сен қашан пайда болдың?
Мен қашан сақ-сақ күлем?

Сыңғыр-сыңғыр,
Шылдыр-шылдыр,
Сыңсаң, құрғыр
Қаламын тұлдыр.

Сыңғыр, шылдыр,
Жақсы үн бұл бір.
Түспесін сызат
Сыңғырла, күлдір

Мөлдір шыны- жүрегім,
Нәзіктігің білемін.
Сылдыр-сылдыр,
Тәтті у бұл бір

Кейде бұлдыр,
Кейде сылбыр.
Былдыр-былдыр
Сөйлейді, бұлбұл

Зулайды тынбай,
Бейне дүлділ
Тамыр- арна, қан- бұлақ,
Қалма тоқтап, қалжырап.

Күңгір-күңгір,
Ой – түпсіз үңгір.
Күмбір-күмбір,
Ақыл-жыр дүр.

Күркірер гүр-гүр
Ашу дүмбіл,
Сезімнің ізін
Аңдып мұң жүр

Біріне- бірі байланып,
Тәнімде жатыр айналып.
Сыңғыр-сыңғыр
етеді жүрек,

Сылдыр-сылдыр
Толқып жан, түлеп.
Қозғалмай мызғыр
Қас-қою түнек,

Көздерді тұнжыр
Күзетер түнеп.
Сақшысы мықты күн-түнгі
Қара көз сырдан іркілді.

Борыштымын
Түндеріме борыштымын
Қылаусыз таңға жеткізген.
Күндеріме борыштымын

Қалғумен қапыл өткізген.
Мұңдарыма борыштымын
Ақырын ақыл билеген.
Жылдарыма борыштымын

Үлесіне үміт тимеген.
Жырларыма борыштымын
Жоғалған көкке атылып.
Сырларыма борыштымын

Таңылған сөзге шатылып.
Өміріме борыштымын
Көп ісі бітпей хал тайған.
Көңіліме борыштымын

Кемері кетіп ортайған.
Бала шаққа борыштымын
Беткейлеп белін бүктегем,
Болашаққа борыштымын

Келерім күнге түптегем.
Ай елі-2
Көшпендім-ау, көш маған
Жайлауыма тегіс кеп.

Отырайын сен құсап
Терістеуді терістеп.
Қазағымдай қаз үйір
Қатар тізіп қалықтап.

Қайда қанат қақтың сен
Алайыншы анықтап.
Қоңыр күнде қомақты
Қарызыммен құшты әлем.

Қайнаған ой, қалың жыр
Қалыбына түсті әрең.
Қара шашты сонау кез
Алыппын-ау сә үшін.

Қара шашым-қалжың да,
Ақ түскеннің бәрі – шын.
Жастықты да беріп ең
Жасыма деп, жасқанба.

Жанарымнан жалт тайды
Тірлік құлпын ашқанда.
Тоналдым-ау, демейін,
Ал табиғи тонымды.

Ғұмыр керек орнына
Санасына қонымды.
Ақтарумен ақтаған
Сен шындықтың мәйегі.

Сені қуып, бақ табам,
Тоқтай көрме, ай елі!
Әжем кетті дүниеден, әкем кетті...
Қайран шабыт қарқынын бәсеңдетті.

Жылдар құшып, уатты, жылу алды,
Әсер берді, сәтімен әсер кетті.
Сезім сары, көк ойлар мұнартады,
Таң- тәтті ұйқы, бұзылса, сынар сағы.

Бар бәрінің бір сәті бастау алар,
Бар бәрінің әйтеуір тынар шағы.
Әжем кетті, «Уа» деп қалды ғалам,
Әкем өлді, құлады паң бір адам.

Сын сағатын сыр бермей күтіп алып,
Ақтап көшті өздерін даңғырадан.
Көрді, келді, алды да, ақтарылды,
Ғайып болды, тынды жел, жақ таңылды.

Бір күн мен де өтермін, мен боп өлең
Хаттардағы осы бір сақта мұңды.
Өтіп кеткен өмірде айып бар ма?
Мұрсатың жоқ өз ісің байыптарға.

Қазбауыр күн жөңкіліп қартаяды,
Жол-жөнекей табарсың лайықты арна.
Адасқандар артына алаңдайды,
Жолдас оған қарт қайғы, балаң қайғы.

Көз алдында қуаныш көзін сүртіп,
Ал бақыты оздым деп жалаңдайды.
Өң мен түстің арасы ғұмыр-көкең,
Тәнге-қуат, жанға-дәт жұмыр мекен.

Беймаза уақ-ашықхат, қашық қанат,
Мүшеленген бүтінге-тұғырда өтем.
Тыныштығың тықыршып, байланады,
Қым-қуат қой билеген айналаны.

Үміт үркек, бақыт- би , сезім селтең,
Тірлік деген-тірліктің қайнағаны.
Көктеуі үшін көңілдің көктерегі
Жоқ-ау осы адамға көп керегі,

Сұрғылт күйді, сызынды, сынағыңды
Жасыл күннің бір сәті бөктереді.
Жан- бүлдіршін, есің-ау ескіретін,
Кездерің бар есерлеу , ес білетін.

Бар үміттер, жадырау, жабырқаулар,
Бар уағың таң жылап , кеш күлетін.
Үлес беріп жүресің, үлес алып,
Ұмытасың кей нені біле салып.

Бір қарасаң, бәрі бос, бәрі жырақ,
Бірде сүйреп, үйірер үме шабыт.
Алдыңа үйіп жал-жая, бұ қалайды,
Кісілігің төрге озып, шыралайды.

Кеңкілдейді көсем күн құшақ ашып,
Өткен шуақ жабықтан сығалайды.
Жылды құшып жасымның жанды бағы,
Ойлар көші таңына таңды ұрады.

Дауа, сенім, сезімің бәрі сұлу,
Күйкі күйлер и кездің сандырағы.
Сорлы да болған ақылым
Түйінін түйді қапының.

Санын соққан санам-ай,
Үмітің таң атырым.
Сайтан алғыр талап зор
Бағы- уыз қатырым.

Сәттерден күйіп кеткендей,
Жігер , қайрат-шатырым.
Түртініп нені іздейді,
Ту сыртымнан батылым?

Мақсат озып, ой қалды,
Арасы ғұмыр шақырым.
Білім- сәбиін бесікте
Әлдилеп таңдай тақылым.

Дүрсілге ғашық кеуденің
Көңілінің шаты-мұң.
Уағызы уақ жұмыр бас
Құнжындап сипап тақырың

Отырма сен де бір күні
Аузыңа түспей апырым.
... Ертенді қайтем, бүгін бер
Таңдайға болса татырың.

Жасыратыңды жасырма
Жұпыны жылу жақыным,
Тіліңде неге күрмелді
Жамандық жалғыз атылым.

Оққағар оттан сақтар бір
Періштелерімнің аты-жын,
Үнсіздіктердің шахы-ым,
Құнсыздықтардың маты-мін.

Ойсыздықтардың хаты мың
Жарапазан етер жат ығын.
Байыптылық болсын қатығың,
Шолақ та, шолтаң ақылым,

Жапанда қалдым, қат үнің.
«Сен»,- деп ішкі дүнием аласұрар
Жел өтінде жайқалған дара шынар.
Болған қашан сақтықтың салты қайғы,

Зәрлі жәндік жанымнан бал сұрайды
Қара шұбар.
«Сен»,- деп ішкі дүнием безілдейді,
Емеурінге елп етіп, езілмейді,

Мазаңдау ой аты жоқ мүк түрінде
Жатып алып санамның түпкірінде
Көз ілмейді.
«Сен»,- деп ішкі дүнием тыншымайды,

Сірә, жауап тапқаным шын сұрайды.
Қауырт тірлік меже алып шегінгенде
Сол күй тауып, бой бермей ерінгенге
Шымшылайды.

Сәбиіме
Сен нені сезесің сүйіктім,
Жаныңа тидім бе кейіп мың.
Күйкі күн күйдіріп кеткенде,

Ақылға сен ғана ұйыттың.
Тәнімнен төр алған құлыным,
Мейірге үйір ғып, йіттің,
Өзің ғой ендігі тілегім,

Мен енді биікпін, биікпін.
Үлесіңде қолымнан келгені,
Несібең- тәңірдің бермегі.
Алатын аспаның бар мұнда,

Күтуде әлемнің кең демі.
Дүние-күллі ана тынысы,
Қу тірлік- адамның ермегі.
Падиша бәріне- уақыт,

Не керек көп жұрттың сен-мені?
Деп көрсек, фәниге «фәнисің»,
Өзіңнен өзің кеп налисың.
Артық та, кем де жоқ дүниеде,

Тәй басып жүріп-ақ танисың.
Анаңа бақ болып қара сен,
Санама қыдыр боп дарисың.
Қорқытпай жарыққа шық , күнім,

Баурасын біздерді бал иісің,
О, титтей тіршілік иесі-
Қобалжи күткен біз сәбисің.
Тілек

Қайырсыздық, жамандықтан шет қылық
Адам- ұлдан ана- жүрек етті үміт.
Екуіне есігіңді аш Естілік,
Тамырына тініңді тарт Тектілік.

Ғұмырыма күліп бір күн кеш кірер,
Бәрімізден бәрін құшқан есті жер.
Баласының аласы жоқ анаға
Қос ұлыма көсем көңіл көшті бер!

Даралық бер табиғаты даладан,
Адалдық бер қабырғасын қамаған.
Амандық бер, салқам ерлер елге жақ
Тумаушы ма ед Анадан!

1-ге толған балаға
Бірге келдің, біліп қой, бала батыр,
Тілеуіңді тілеп кең дала жатыр.
Алақаннан, бесіктен, күннен күш ап,

Бала батыр болады, қара да тұр.
Аман болсын ата-анаң, айналаң да,
Сау боп өсіп, айналғын жайлы адамға.
Тәңір берген қазаққа сый байрағы,

Айналайын, сен алар байрақ алда.
Бірге келген қаз тұрып, білікті ұғар,
Сен жымисаң, бүкіл ел күліп тұрар.
Биіктікті аңсап өс бүтін бітім,

Қазақ болып уақытты жүріп шығар.
Құтты қылық, құлыншақ бірге келген,
Тілек жиып әкелдік іргелі елден.
Бақытына баба сай бала зерек,

Қиялың қанат қақсын бірге желмен.
Жоқ пен бар
Жоқ пен барды
Кім қалай қабылдайды?

Бар кейін шегінбейді,
Жоқ та оған жағынбайды.
Тек оттан бағың көрсең,
Баяндар сабыр жайды...

Құлақ қойма,
Отпен ойна,,
Күй де, өл,
Шахит бол,

Мұрат- жол,-
Дей ме ол?
Жоқ пен барды
Кім қалай түсінеді?

Жоқ көзін сүртінгенде,
Бар толып ісінеді.
Жоқ жаны түршігеді:
Барлық сол үшін еді.

Ойдан өш,
Көзге көш,
Өзгеде өс,
Өмір бос,

Өлім – дос.
Көңіл қос.
Жоқ пен барды
Кім қалай бақтырады?

Төолерін, өрін іздеп
Өмірін лақтырады,
Жүрегін үрей билеп,
Баяны шақ тұрады

Барлық тіледің,
Таптың- жүдедің.
Үзіп тірегін,
Құрап, түледің.

Жылар, күлерін.
Қайтып білемін?..
Миыма
Өсуге хақың болғанмен,

Сүйекке сүңгір датын жоқ.
Өтуге сатың болғанмен,
Шындықтан алған матың көп.
Тірнектеп ойды құйғанмен,

Тірелер тігіс түйер тін.
Іріктеп ішін иманмен
Жүрекке жүгін үйер кім?
Балалап барын апарар

Құзырыңа құлдық бар мүше.
Тамырың тосып, тақалар,
Алдаспан айбар, ар-кісе.
Арашаң жалғыз- ақиқат,

Адалдық алар- атағың.
Қателесу- құқың, қапың-хақ,
Ақтығың тілеп жатар мұң.
Іліктен ығып үрікпей,

Ілімді игер қажымай.
Жан қуатыммен біріккей,
Тәңірден тарту тәжім-ай.
Тәңір-төбе!

Мен өлсем игі
Бақытты бір шағымда...
Кірпігіме қонғандай көбелек- мұң,
Мәңгілікке іші ән бейне жанып,

Құлағына музаның үні талып
Жеткендейін... Таң сазын
тыңдағандай жүзімде нұр қыздырып,
тамырымда арайды үр жүздіріп,

Нәрестедей шалқыған тәтті ұйқыда,
Ажал да өзі арбалсын бұ сиқыға,
Бұлбұл бұлтқа ілініп жоқтағандай
Дәуір сәті мызғып, сәл тоқтағандай,

Шайқалып ап мына Жер-бесігімде
Қалғып кетсем. Екі езу есігінде
Күлкі қалқып иесін шығарып сап,
Жүрек қайта дүрсілге құмарытса,

Шіркін , ғұмыр қол бұлғап мұнарытса...
«Әттең-айға» ақтық күн иіп пе еді,-
деп күрсіне ақ жаным биіктегі
озон иіс, ауа тән типтегі

менің жаным соңында шыққа айналып
өз орнына құласа, түкті де ұқпай қалып.
Ең соңғы рет нүктеге телінерде
Ол билеген тән көпке желінерде

Ғашық болса! Ақырғы рет!
О, тоба!(Ақыл ма онша?! ),
Ғафу ет, қапыл болса!
Мың армандымын,

Асқақ деп кімге айта алам?
Үмітке толы жасаймын тағы бай қадам,
Ентігіп келіп елемегенге түк демен,
Үңілгендердің үмітінен үлбір жай табам.

Мұнар мұңлымын,
Жараспас, сірә, жасыған,
Асығамын кеп, ішімнен сел боп асып ән.
Ашыламын деп айпара күнге бас ұрып,

Алпауыт тірлік иіріміне иіп басылам.
Мен назалымын,
Есіркер жатың жоқ менде,
Табалар жақын отпен де көміп, отпен де.

Мазалар қапым үйірсектеніп, түртініп,
Сабаған күдік сырласам алыс кетенге.
Мен өмір сүремін,
Есеп емес фәни шолағы,

Болсам да, мейлі, дүниенің түстік қонағы.
Жалғанда мына үзіліп кеткен әнімнің
Жалғасы достың сағынышымен толады.
Қабағың,- деме,-

Күлерден бұрын түнерген,
Жүрегім мынау қуаныш-шерге жыр өрген.
Кешегі өрмек, ертеңгі өрнек қылса алаң
Азаптың құнын, күлкінің мұның білер ме ең?!

Күрсініп сен , де күлер ме ең ?!
Сабираға
Жанымның іздеп бір емін,
Жападан жалғыз жүремін.

Жырынды сәттен жыр сүзіп,
Дауа ғып үнсіз күлемін.
Қаракөк түннің деміне,
Күрсініп құлақ түремін.

Сезім- қыз тастап мекенін
Айда тұр ұстап жүрегін,
Жанымның іздеп бір емін...
Тыным мен тылсым. Тыныштық...

Жөңкіліп бұлттай жылыстық.
Соңғы рет қашан ұрыстық?!
Ең алғаш қашан ұғыстық?!
Қадірден қимай тұрыстық,

Жыр менен ойды тыныс қып.
Әзілден көңіл босамай,
Айтылмай қалған сыр ыстық,
Айтылмай кеткен сыр ыстық.

Сұрармын кімнен ақылды,
Жыр мен жас лықсып атылды.
Алыстап кетті асыл Дос
Сағынышқа барып шатылды.

Дәрменсіз көк түн көзімше
Қып – қызыл таңға сатылды,
Қадірлеп жүрсін дегендей
Алыстан қарап атыңды,

Алысқа қарап атыңды...
Ұлы жұртым бар менің Достық деген,
Маңдайыма бұл жұртым бос бітпеген.
Бақытты адам бола алмас осы елдің

Жайлауына жап- жасыл қос тікпеген.
Күндемейді, бұ жұртың сынамайды,
Итермейді,- деп,- ісің ұнамайды.
Алақанға аяулы сырыңды сап,

Бір-ақ төгер жаныңа мың арайды.
Сен қуансаң, анаша өбектейді,
Еркелесең, ішінен «бөбек»- дейді.
Жазатайым жаңылып, жабыққанда,

Керек саған бізден не көмек ,-дейді.
Әр кеңесі рухыңды өсіреді,
Сенің жүрек тіліңде көсіледі.
Теңтек болсаң, түзетіп тезге салып,

Ұғып ымың, жібектей есіледі.
Шын достықта қайғы емес қарттылық та
Бар байлығы дүние емес, мәрт қылықта.
Бақи ғұмыр тумысы, бағы да сол,

Басқалардай көнбейді ол шарттылыққа.
Достық елде досың бар барды ұғатын,
Жан сусаса, мейірге қандыратын.
Ал бұл жұртта мәңгілік қалу үшін

Адалдық деп аталсын бар мұратың.
Жаныма менің жыр керек,
Жырыма себеп - бір дерек.
Бұл дерек жүрер мың демеп,

Мың согып, мұқап, мұң жебеп.
Бағымның бары – жоғымда,
Жоғымның нары – сақ ымда.
Сындырдым сағым ағымда,

Ағыл да, жағым, жарылма.
Бар болып созба қолынды,
Жақ болып тоспа жолымды.
Мендігім қалсын менімен,

Бұныңды қайтем, онынды.
Байлықтың кілтін бұлдама,
Бір бақыт бар ғой құлда да.
Рухым биік, жаным – жыр,

Санам сау, сонан тұр дара...
Байлығын сезбей тұрды Ана.
Ай асқанда...
Жүрек көгін жарқ етіп жай ашқанда

Көрінеді көзіме сай аспандай,
Қуат тіні ақылдың адасқандай,
Қарсы күштер жымдасып жарасқандай,
Иба кетіп, иланым тарасқандай,

Түймедей мұң түйіліп қара аспандай,
Сап- сау санам шараммен санасқандай,
О, дүние, қып – қызыл талас қандай?!
Ақиқатың алдырған ар аш қандай?!

Жүрдің не ғып осыдан аласталмай?!
Деп, үрейім үрлейді, қараш , қалмай.
Арм жалбыр,
Мерзім өлді, мерт болғыр,

Қараң қалғыр!
Ай туғанда...
Қайта туып, жаңадан тәй басқандай,
Жаным жаздай, жып-жылы жайды ашқан ба-ай?

Кәрі қыз-ой уәде байласқандай
Кеудеменен жұптасып жайласқандай,
Сары сана сақ бақпен айлас қандай?
Секем, үміт бір тілде сайрасқандай,

Мақсат, мүдде мұрттарын майласқандай,
Бәрі бірін қуаттап, тойласқандай,
Тән иесі ол өзі, ой, жас қандай
деп,тіл мен жақ шығарып қойды асқарға – ай,

Толыққанша ай, толғанша ой бұл бас жармай
Өмір балдыр,
Жұмсақ тиіп, жат болар,
Қараң қалғыр!

Сөз

Жалғанға жыр, шындыққа шыр жұға ма?
Түйген түйін түпкірде құр тұра ма?
Топ зиялы бас қосқанда қыздардың
Мұрны үшін тост көтерді бір аға.

Ең әуелі күлкі көшті лүпілдеп,
Қыздар отыр барын ойлап, шүкір жеп.
Әлгі ағаның ал жүгіріп жүзіне
Үрдей ниет атқарылды шүпілдеп.

Сәтті сынап, бас көтерді әзілдер,
Әрбір жерден шықты сыңғыр баз үндер.
Сартабан сөз майда, сұлу бір төбе,
Оқыс ойдың саяқ сырдан назын тер.

Оң мен теріс көңілде аунап жатса да,
Арнасы аумай көмкерілді жақшаға.
Бір ауыз сөз көтерілді мінбеге,
Бір ауыз сөз болып кетті жақсы аға.

Дүниенің бастауы
Шық түскендей шат болар,
Тәнге нұрын жастауы
Кепкенінде жат болар.

Дымға шалқып тұрғанмен
Қаталасаң, қат болар,
Шалқып сүрген ғұмырың
Сар қымыздай сап болар.

Сайтан қылық сақ болар,
Қай жағыңнан тап болар?
Айналып өтіп кеткені
Түбі түбің ақ болар.

Сыртым бүтін демеші,
Ішке де еппен дат қонар,
Қол созым жер – қос өмір
Сен адассаң, нақ танар.

Қоңыр ойды қомсынба,
Сезім үріксе, бақ болар.
Кез де келер жақ талар,
Келсе, тілді тақтан ал,

Ағаш жапырақ жайғанда
Бүршік өмір тоқталар,
Үлкен белден асқанда
Кіші өрге аттанар.

Мен анамнан айрылдым,
Анасымен қауышып.
Өзінше, оттан ақталып,
Меніңше, дәм тауысып.

Пәлсафасы сап- салқын-
Бәріміз де кетерміз
Өзге түрге ауысып.
Сүйетінім- арпалыс,

Тілегенім- тыныштық.
Келерлерім қаперсіз,
Кеткендерім тым ыстық.
Алмасудың жат бәрі.

Алмастырмақ жөн бе осы
Дұрысыңды бұрыс қып?!
Мен анамнан айрылдым!
Ондай жалғыз мен бе екем?

Кебін кисек, күтіп тұр
Бәрімізді кермекен.
Ұнатарым жерде екен,
Қайшылығы- шын құштар

Неге бізге ел бөтен?!
Анамның ақ бесігі ем,
Менде де бар ол бесік.
Айқара ашсаң дүниені,

Аялдамай төрге шық.
Келген жұртың дөңгелек,
Кетер жолың-кеңістік
Бекер кергіп, керме есік?

Кетерде анам деп еді:
«Бары бір- ақ нүкткемін,
Қинап өзің, қиналма,
Үптелдім деп,үптедім.

Алаңдама маған түк,
«Жоқ» деп айтпа ешқашан,
Соңы қайыр күткенің!»
Солай менен жаттанды,

Кейпі бар-ау шаршаған.
Ерке шағым аттанды
Бірге, «бірде қарсы алам»,-
деп қол бұлғап, жымиып

... Ғажап түстей ғайып күн?

АҢСАДЫМ!

Аңсадың ба?!
О, анасыз барша жан!
Жақсы өмір үшін не керек?
Жағдайда жасыл рең жоқ,

Үлдем бір бүтінделмеді-ау,
Кейпіне бардың кірем дөп,
Тұрмысқа шаттық шақ емес,
Байлықта баға білем жоқ.

Менен сырт, мен сырт айналғам,
Білікті ғұмыр сүрем кеп.
Барлықтың өзі сарала,
Кәсірдің түсі кілең көк.

Құлыншақ жырда бар үміт,
Сәтті де мұңмен сүрем көп.
Дабыра дауыл ығынан
Ішіме құлақ түрем кеп,

Сана да сайын таппады,
Қас болды ақыл түрен – жөт.
Сезіммен жүрмін селбесіп,
Көңілден кетті ел көшіп.

Жаралған едім кенде шыт,
Бәріне жүрмін кендесіп.
Ашар ма шуақ енді есік?
Перзентің едім Жер- бесік.

Досына думан сыйларға
Жарамай қалды пендешік.
Тәнімнен жаным ұшырдым,
Ұялап қоймай қысыр мұң.

Ақылды қудым , ысырдым,
Дыбыссыз, ойсыз, өріссіз
Тек қана жанды тысырмын.
Қияндық қиял жаһанды

Келеді еске түсіргім,
Түкті емес, түпті түсіндім...
Сөз айтпа, сөзшең тылсымды
Тысырмын еске түсіргшен.

Қорқамын.
Қорқамын да қос көремін,
Солды да, бірі қалды қос терегім.
Жатсынып жүріпсің-ау, жақын десем,

Сонда да дос көремін, дос көремін.
Болды ма,
Болмады ма еш керегім?
Көңілдің жүзін жуып , кестеледім,

Қиналыс, тыныс ауыр, тәркі көңіл...
Сонда да дос көремін, дос көремін.
Кетерміз үзіп қара,
«Қош» демегін,

Қирады, бірі қалды қос кеменің,
Достықта қылған істің құны қашты,
Кеуденің толтыра алман бос көлемін.
Қапыда ауып жүгім,

Бос келемін,
Ақылға, сезімге де тос демегін.
Оң ба еді, теріс пе еді бағытымыз,
Қайсысы биік болсын қос төбенің?

Соқпай кетсем , бағыма
Қош тереңім!
Сатпайтын жалғыз мекен дос дерегін.
Сақтай өтсем, сорыма, қайырылма,

Жауың емен, ешқашан «өш» демедім.
Бауырларым!
Анаң тілің несіне ауырладың?
Өгей күннен бақ тауып мамырладың.

Өзегіңе үңілші, өкінбес пе ең
Түйсіне алмай жаныңның жауыр халін?
Көкелерім!
Өте берің, өксіксіз өте берің,

Тауып сәттің секмсіз төте жерін.
Қазақы қоңыр сұлу тілің жат қып ,
Жетегіңде кесірдей жетеледің.
Құлындарым!

Түсіну қиындады-ау сырын нарын,
Түркілеп наның үшін жырымдадың.
Сондықтан сен жартыкеш, санаң саяқ,
Ол бейтаныс, ал сенде білім жарым.

Кешігіп келгей, - деп тіле!
Әдемі шақтан қол үзіп,
Әдепті ғұмыр басталды.
Төбетей үміт, торы жүк,

Томпайтты жанды , жас қалды.
Торсықтай еді шекеміз,
Тобықтай күйбең кетті өсіп.
Алкөңіл ғана ынтызар,

Сыртыңа шықса, бетті осып.
Күмпиіп кеп ек терістеп,
Бұрынғы бұлды дұрыстап.
Күмбірлеп өтіп барамыз,

Тегістеп оңды , бұрыстап.
Бағзыны ескі көріп ек,
Тағзымды күн де жетті дүр.
Бағзылық күйі естілді,

Барыңа базар көп кідір.
Жылы бір шырай танытқан
Нетерсің жастық шіркінге.
Жалыны шарпып, жасы озды,

Өбіп өт өңін дүр күнде.
Танытып жайтқа сергектік,
Табынтып жұртқа ой қайтар.
Түйсініп жүкті жүрек тұр,

Түгендеп сөзін тойға айтар.
Уақыт сүйрер төріне,
Жастыққа басың кеп тіре.
Арманның жалған нүктесі

Кешігіп келгей,- деп тіле!
Қазақ деген
(« Көшпенділер» фильмін алғаш көріп шыққан
7 жастағы ұлым Жеңіс, фильм бітісімен: Қазақ

болғаным қандай жақсы болған!» -деп
отырғандарды ду күлдірді...)
Қазақ деген, қарағым, бабы жеткен бір халық,
Ұсақтатапай намысың рухына тұр жинап.

Кең пейілі, бел-қыры, дәм-тұзы мен салт-сыны
Айтар ұқсаң, сыр жарып.
Қазақ деген, қарағым, уыз бағын бұзбаған,
Ділін, үнін, дәстүрін сақтай жаны сыздаған.

Сенің үшін бабалар от өтіне шарпылып,
Аяз құшып, мұздаған.
Қазақ деген , қарағым, сұлулықты қорғаған-
Ару қыздар , сұлу жар, абзал ана, төр далаң,

Зерделі ұл, зерлі әже, ақыл орны- аталар-
Біздер жайын толғаған.
Қазақ деген, қарағым, санасы нұр, қаны асыл,
Ойы шәрбат, сөзі жөн, зәруманға- жанашыр.

Көзі түгел болсын деп дәнекер жат-жақынға,
Арашашыл- сарашыл.
Қазақ деген, қарағым, жанын күтіп жатпаған,
Тапқанына күпініп , жоғын жоқтап шаппған.

Табашылды талқандап, зорлықшылды таптаған, Тобашылға оқ атпаған.
Қазақ деген, қарағым, барын базар қыла алған,
Алғанына асқынбай, айтқанына тұра алған.
Бергеніне өкінбей, жеңгеніне сый етіп

Қолдан келсе, жыр алған.
Қазақ деген, қарағым, ойға жүйрік данадай,
Әзілінде әдепті, сауығында баладай,
Қайысқанға – қабырға, қуанышқа шарадай,

Қайғы келсе-қарағай!
Арғы қазақ қалпы нар тамырында ойнаған,
Бұрынғыдан мұра боп қалды бізге ой, балам.
Қаның хабар бергенде жат қылықтан шошы да,

ҚАЗАҚПЫН! – де, ойлы АДАМ!
«Қай шылықтар» үйлесімі?!
Әзілден әдет,
Қалжыңнан қылық күткенде

Қарысып жағың,
Демінде дымың тұншықты.
Әйелден едеп
Ақыры арылып біткенде

Еркектік мінез
моладан сырғып бір шықты,
Ер менен ездік
О баста егіз емес – ті,

Ер елін,
Ездік тобыр бастаған.
Жер неден езгі
Қойнында күллі ер есті?!

Құнарын жұтып,
Құрымын «қырға» тастаған.
Бағымды бағып
Отырар сабыр бұйыртшы,

Жағымды таңып,
Тілімді тістейін тілік.
Санымды жауып,
Ибасыз күйден тыйылтшы.

Ер мінез тауып
Иесін, нәпсі өлсін сүлік!
«Нашар баланың»
Көзінде қылыштық қайрат,

Қадірі кетті
«Шіркін ұл» шекесі терлеп.
Басар жағаңның
Басында тыныштық жайрап,

Ығыры жетті
Айтақтап жетесіз ермек.
Балықтық сана
Сатылы мүшені илеп,

Сарқарын сылтау
Сынаптай сырғып барады.
«Жарықтық» қана
Биқуат билікпен түйреп,

Арманын бір тау
Жұртынан қылғып қалады.
Ұрпақтың қамы-
Тілінде, үлесі- ұртында,

Қанына шапшы,
Рухани жәдігерлерім!
Жыртақтың бары-
Жүгінде, тілек- сыртында,

Құшағы тапшы
Өзіне. Әбігерден- мұң.
Ақ алаш, елім!
Тірлігі сүрніккен халқым!

Тірнектеп жиған
Күнінді асырар ма екен?!
Жалаңаш келіп,
Қалдырса, жалаңаш артың,

Ниетің биғам,
Не қалар жасырар бөтен?
Көлденең сөзден,
Қорғаған көлденең көзден

Елдігін, жерін
Бақұл бол, қайран бабалар!
Төрлеген кезбең
Ұрлады теріңнен өзгең,

Ездігім керім,
Ақыл жөт , пайдаң жағалар.
Өрімде жүріп,
Етектен несібе сұрап,

Үлеспей жерден
Жат жұрттан несие жидым.
Төрімде- күдік,
Есікке төсегім жырақ

Біз үшін баба,
Жаныңды несіне қидың?!
Шындық
Ақиқат жалғыз, шындық көп

Мен сені ұнатпаймын!
Өзіңді табу еді- бір-ақ қайғым.
Табылдың, жүр ме десем бейішімде
Таба боп табың қапты кей есімде.

Ұрындым қара таппай тиісуге.
Сен де маған соқтықтың,
Жо-жоқ, жолығыстық
Сәтінде сәлде киген торығыстың.

...Алғаш та кезекті рет
Құрдымға құлдиладым.
Үнім үп, тек үрейім ұқтырғандай
Құлап ,өшіп, өртеніп жатқанымды

Өзіңді тапқанымды...
Сұмдық –ай, тіл шықты да , тұншықтым,
Жанымды отқа ыршыттым,
Сырт қалдың ба дегенше, па, тектілік!

Бір періште
Жалбыр жетім жанымды
Әкетті іліп!..
Мен сені жек көремін.

Жоқ екен шек- көлемің,
Шашаң шырғап қалыпты шарттылыққа,
Түкіргенің бар ма екен мәрт қылыққа
Есе, есеп түк те емес, ең қиыны

Кескіледің жанымды жан арасы,
Жазалады жайымды таң аласы.
«Мұң үрпісін ағытпа, жанымды өзі ет,
Уақталып, осыған қарамашы,

...Ол менікі, жоқ есең, өзгесін сөк»,-
Дегенімше, дәтімді езіп кеттің,
Сол үшін де мен сенен безіп кеттім.
Төрткүл дүние!

Кезіп кеткім келеді, кезіп кеткім...
Тәңір ғана төкті де шарапатын
Уақытқа орадым жарақатым,
Түгесілді кейісім,

Кектемедім.
Сәттерім өзінді іздеп өткен екен
Текке менің!
Пенденің бәрі бүтін,

Адамның дені жарты.
Күдіктің көрі түтін,
Мұраттың мұрны таңқы.
Қисапсыз қияметтер,

Бүтінді бөле алмады.
Жартының жалы қысқа,
Өрбітіп өре алмады.
Жақсының несі жақсы

Айналған жақсаттарға?!
Тозақтың төрін кешіп,
Жетер кім мақсаттарға.
Біткенін білдірмейді,

Жаныңа қатерлі ісік.
Тізесін тағдырының
Бөліктер өтер құшып.
Білегін білеулейді,

Бүтіндер бүлік кернеп.
Көзінен құрт тамады,
Көңілін күдік- шел жеп.
Ортадан мият тауып,

Мәңгілік тұрақтаған.
Пенде ыпын жүрген жан көп,
Көрініп бірақ та адам.
Жасаған , жетік емен,

Жартымды аршымаймын.
Пенде боп тірлік түтіп,
Жағыммен хал сұраймын.
Жаратқан, өкпелеме,

Жасыды жалқы жаным.
Бүтіндер бұзды өңімді,
Түсімде талқыладым.
Жасаған , жазғыра гөр,

Жартымды жарытпадым.
Жақындар пенде тұтты
Ғайып боп таңқы бағым.
Тірліктің белгілері,

Жанымды тұзақтайды.
Кебенек мекенімді
Құшақтап мұзарт қайғы.
Жаратқан, жайым осы,

Ғұмыр да өгей маған.
Тамұқтың отын жалап,
Мұз қабар көбейді адам.
Күйген күн, күйбең- сәнім,

Жайым жоқ өкіне алар.
Есімді бір жиярмын,
Келгенде өкіл ажал.
Жанары күн!

Ғажабы көп, аралар базары- мұң,
Өңделмеген өмірі жабайылау,
Жан сезбеген жарықтың аралымын...
Танып қойғын,

Тірлік деген осынау алып тойдың
Төрінің төбесінен бір-ақ шығып,
Ес кірмеген қалпымда қалып қойдым...
Ғашық адым...

Сүт ұйқымды сүрініп ашып алдым.
...Алдым кетіп барады артымды өріп,
Артымда өліп, алдымнан тасып әнім.
Биік халық!!!

Тұрмын тілдей тініңе тұйықталып.
Өтсем,- дедім,- киеңнің жайын ұғып-
Уыз жырың жанымда ұйып қалып.
Бұрынғыдан қарқыным ақырындау,

Алысым аз,бір жанмын жақыным- дау.
Өртеңім көп, елеусіз ертеңім де өт,
Ертегім жоқ , жаныма ақылым- жау.
Белгізідік қайтесің бедел сұрап,

Талайыма тайқылау келем шыдап.
Сатулы жақсылықтар көрдім рас,
Айтулы жамандықтар терең сынап.
Тарихыма қазы бол қарапайым,

Ей, уақыт, шежірем таратайын.
Өтіп кеткен менің де жоқ қой түгім,
Сенің де бар ме ед берген ала тайың?!
Белгісіздеу біреумін кісі киік:

Көрген сайын кеткенмін кішірейіп.
Ұққан сайын ұлғайған ұлар қайғы,
Жүрген сайын жүдеген ісі күйіп.
Балғын өмір, бала сәт бақ қараған

Бел сүйгелі шашыма ақ тараған.
Содан бері көргенім- күйкі тірлік,
Озбыр көңіл, жалмаң жақ тақ талаған.
Бұрынғыдан әуенім бәсендеген,

Жалғаны жоқ жалғыз жыр- әсем денем,
Өлең- шырлы өмірім, шұрайым-сол,
Кезікпеймін сол барда кеселменен
Басқа өлшем, басқа бақ, басқа уақыт,

Кергі жайым келеді тасқа уатып.
Ол әлемде әрбірім түгесілсе,
Бұл әлемде әр сәтім- бастау ақық.
Өмір кешіп, күн сүйсең өзіңнен тыс

Көңіл тозбас, үдер кеп төзімнен күш.
Өзге өлшемді көзіңмен бағып тұрып,
Өңге уаққа көкірек ккөкірек көгіңмен түс.
Басқа уақта барымта сырың серік,

Сана сәнді ойлары ұрын келіп.
Азатыққа, шіркін-ай, не жетеді,
Жүрек- жұмақ, жаның пәк, жырында-ерік.
Жасаған, қателестім,

Қисығым түтер алдан.
Үрпиген сүт үмітім-
Үлбіреп күтер арман.
Жаратқан , досым түгес,

Қасым да жоқ-ау, сірә?
Дәмдес көп жын пікірлес,
Жақсымды молдау сұра.
Күйзелтті құныс сенім,

Қажытты қияс қылық.
Жүрегім сөйлемейді,
Өңгелеу күй аштырып.
Жаһандық кеңістікте

Санам тақ, мекені-мұң.
Шындықтың тортасымын,
Ғайыптың нөкерімін.
Жасаған, жарылқа да,

Жасын қып атып жібер.
Жоқ болып, бар болармын
Хақтыққа батып жүрер.
Рас, қызық біреумін, таны , шырақ,

Ғаріп аз ба дені сау, халі шұнақ?!
Жақыным да ішінен жау санайды,
Кімдер іштей таусылып, қаусамайды?!
Бақыт бикеш бекініп алыс қонған,

Ақылым дал, айналам- таныс толған,
Күлгенім де күдікті тудырады,
Жөн-жосықтың меңіреу қу құлағы,
Өзгеден де, өзімнен босана алмай

Күнді қуып келемін шошаладай.
Титтей парқым бар ма екен тірлігімде?!
Сүрінуде ойларым, сүрнігуде.
Тұрып көрем күйзеліп, құлап, құрып,

Жалғап, жамап үзігім, құрап , бүріп.
Зораям деп зорығып, кішірейдім,
«Есі ауысқан»- ішімнен-«кісі»,-дейді үн.
Онысы рас, шала есті, есалаңмын,

Жұмбағым шеше алар мұң.
Алақандардан аялы
Балдәурен аунап кеткелі
Бауыры суық, байламы-ым

Белдерге бекем беттедің.
Жасылдың басын күн сүйіп,
Жайлауын кештің дәріптің.
Мықтыдан мықтың несі кем,

Жандыда жадау кәріп кім?
Кәрі ойдың басын мүжіген
Жаныңның жағы кетілді.
Бал дүбір сәнің жалт беріп,

Саркідір әнің жетілді.
Өзіңді өзің құлатсаң,
Өзінді өзің өрге апар.
Күніңді бағып қайтесің,

Түгесіп, түбі көрге атар.
Ақын кісі,
Жырыңнан жасын әлсіз, атың кіші.
Ақынның ілкі өмірі- өлеңде өлу,

Өлең болу- ақынның ақырғы ісі.
Ақын кісі,
Сырдың да жылиды ылғы ақынға іші.
Тынысы судағы іздей сөніп жатар

Күннің де жырға қарыз татымдысы.
Ақын кісі,
Таңның да танды келер атырғысы.
Шыдам да іріп, көңілге тұманды іліп,

Келгендей ғой сөзіңнің атылғысы.
Ақын кісі,
Улаған жоқ сезімнің әтір күші.
Іздегенім- мұраттар сапарының

Ұқсайды екен ілкі өмір, ақырғы ісі.
Мәреге дара шығып, дара жетіп,
Жүргендер де кетті ғой санаға өтіп.
Қайтер еді қинаса сол бақыты

Жан-тәнімен тамұққа ала кетіп.
Жалғыз Шындық бар, сірә, Ғайып деген,
Байыптың жалбыр шашын жайып келем,
Барлық шұқып ағызған жоқ көзімнің

Ойығын қойдым таңып айыппенен.
Терезеден таң төрге домалады,
Үміт сол- Ұрпақ енді оңалады!
Артын ашып алдыңғы кеткен кезде,

Түн етегін түрініп жоғалады.
Жырау заман, не деген көріпкел ең?!
Көр есімді төр іннен көріп келем.
Тарқатылған табиғи бұрымынды,

Ғайып күні айыпқа өріп берем.
Жылы бір күнде ұмыт боп кетер тоңғаным,
Ойсырап ойым, опық жеп көрмей оңбадым.
Өзімде бәрі, өзімнен бәрі, тек өзге-

Өтерім ғана сорымның тыңдап соңғы әнін.
Өзінен өзі жырақта жүрген жан қанша,
Атқаны ғайып, батқаны айып тандарша.
Адамша сөйлеп, арамша тергеп, аңша өру-

Кеңістігіне көңілін керіп алғанша.
Өр үншіл тегім, өміршіл ме едің, өлмедің,
Өңменімде өніп, өңіме өрнек өрмедің.
Өзімде бәрі, өзімнен бәрі, тек өзге

Көр алдындағы ой, түсімде шыққан төрлерім.
Мендегі ойдың тамыры тарам, иесі көп,
Иесінен алып, иесіне берем бекі деп.
Шексіздіктердің шетіне санап шыққан ем,

Ғұмырнамамның таң – түсі жалғыз, кеші көп.
Ақ шұбат қиял, үлбір үміттер түбіттей,
Мұратқа қарай ерітіп кетті үгіттей.
Бәрі жайласпын, бәріне ұқсаспын, тек өзге

Бақ пенен сорым қатар жүретіні үрікпей.
Нұр жаһаныңның бір мүритімін, Жыр Ханым,
Сүлдеріме еріп сұрынды көрмей тынбадым.
Жылыңның жылыжайында жетім жетіліп,

Нұр маңындағы жырыңның дәмін ұрладым.
Бәріне барым кейіптес, түрлес, түсім бір,
Сыртымда налып, ішіме қонбай ісім жүр.
Өзімде бәрі, өзімнен бәрі, тек өзге

Өзіңнің мәнің өзегімнен алып түсіндір.
Құлап жатыр таулардағы тастар да,
Жанарлардан үркіп түсіп, жас тамды,ә,
Сылдыр-сылдыр жылап жатыр жапырақ,

Құлап, тұну, жылап, тыну... Тас таңба...
Сарқырама сай іздей ме арқырап?
Жантая ма желден ығып тал-құрақ?
Төбешік те, төмпешік те төмендеп,

Тегістелмек таз басындай жалтырап.
Қайсарлықтың қыл мойнына шылбырлы
Уақыт, шіркін, қамыт сыйлап үлгірді.
Қақ төріне тап көгіне қарсы өскен,

Қарт еменді қара дауыл сындырды.
Әлінен бақ тайып қыран құлады,
Құз түксиіп, төңірегі жылады.
Өріп өлу, өмір өбу, өр өлу-

Дүниенің сыр ғып айтқан жыр-әні.
Ұлып түсу, ұлықтысу, ұтылу-
Бейбіт бастап, ойранға ойнау, құтылу.
Өмір деген-өңіріңде өгейсу,

Өлу деген- өз мәніңнен сытылу.
Білік салу, біліп тану, біліну-
Білген сайын бөлшектену, бүгілу.
Өмір деген-өнімдену, тігілу,

Өлу деген-өру үшін үлгілі.
Ғарыш сүйген жаның жерді жатсынар,
Жерді жүріп өту ләзім жақ шыдар.
Ақыл-адым, сенім-серік, сезім-сән,

Арам атпен аманатқа ап шығар.
Диалог
-Неге қымбат бұла шақ?
-Көп күнәдан тұр алшақ.

-Неге сырлы қара түн?
-Түнде арға өлшем сағатың.
-Неге сұсты ну орман?
-Сансыз саулап, суынған.

-Ақбас тау неге қарасұр?
-Көкпе куә дара сол.
-Неліктен бұлақ тұп-тұнық?
-Бастауда жатыр мықтылық.

-Алады кімдер дана атын?
-Қияны болса шалатын.
-Пір тұтқан неге ақынды?
Іркілмей айтар қапыңды.

-«Терендік» деген немене?
-Көкірек көзге кереге
-«Биіктік» деген қай ұғым?
-Жиылған іштен айылың.

-«Кендікті» қалай түсіндік?
-Шапағаты бар ісінді үк.
-Парасат қалай көрінер?
-Ісінен ізі төгілер.

-Күн сүйіп тұрып, мұң сүйдім?..
-Шын сүйгін, сонда шын шүйгін.
Ерегес!
Екі көз тең емес.

Екеуі
Жұп , бірақ,
Көрмеген құп құрап.
Әрбірі өзінше мықтырақ.

Ашқанда нұр сүйіп,
Жұмғанда құт құлап,
Ұқтырад...
Шындыққа шық тұрад.

Алайда, ел емес-
Көру мен қарауың тең емес.
Бір баста
Мұндас па қос құлақ?

Қос тыңшы, қос бұлақ
Толғамдар толқынын осқылап,
Қақпанын қақ бөліп,
Ауызға бастырад.

Жарғағы жазықсыз,
«Ар» жағы азықсыз
Бос тұрақ.
Ал, бірақ, мұңдас па?-

Естуің бір бөлек, тыңдауың бір басқа.
Екі ерін-
Екі «елің»-
Бір ауыз.

Өзіне өзі өш, өзіне - өзі қас.
Көмей мат - сөзі жат,
Өзі алтын - ойы лас,
Ойы оңса, сөзі мас.

Төрі кең, төзімі аш.
Айтқаны - атқаны,
Жұтқаны - тапқаны.
Бір ме осы?!

Білмейді не етерін.
Екі күй бір шеңбер екі ерін.
Дұрыс па?!
Орайсыз,

Сезімім құныс па?
Біртүрлі екн деп ұрыспа.
Мені де біреу деп кім айтты?
Мендігім менімнен

«шын айтты»,
Сұрады – мұнайтты.
Ішімде мың пікір, мың адам,
Мың ғашық, мың тірі мың өлі,

Біреу ғып білуге тырыспа.
От көрсең, өңімнен бір рет,
Өлгенше тек соны жылы ұста.
Кешігіп қалдым ба?

Той...
Шабытты
Ағытты.
Танытты анықты-

Алыпты!
Бір жерге тоғытты жұмақты, тұмақты.
Жыр көші
Іргесі

Сыйлы орын ұсынды
Есіркеп ақындау ғаріпті.

Тіл

Күрмеулі.
Үмітті үрлеуді
Бишара білмеулі,
Естуін тындауы күндеулі.

Жыр төрі!
Күлтелі,
Түрленген бір демнен үн тегі.
Түпсана түбінен тіл шегін түртеді,

Бұл ғашық изеумен білдірді
«Тілегім бір» деуді.

Жыр

Ыршыды.
Қырсығы-
Ойда оңды қыр-сыры.
Зыр қақаты өлеңнің ұршығы.

... Тұмса еді,
Мұң селі
Серік боп бітпеген.
Гүл- шері, өлшемі-күн шегі.

Үрейдің үмітін үгітті,
Ұяты шымшыды.
Кезек
Бар мұнда

Бағланға, балғынға,
Маңызсыз масат па, мардым ба,
Жайы бұл кеңнің де,тардың да.
... Дөңгелек

Өңге кеп,
Орнынан ойысып, адасты,
Тірлікті түптеді, түптелді, таласты,
Халі жоқ күлкіге, қалжыңға,

Жақ жапқан есікті шақ ашты...
... Біртүрлі, қайтадан түртуге үркулі,
Дүрс еттілүпілдеп жүрегі:
Жыр елі, Кешігіп қалдым ба?!

Фәнидің бұлақтары
Жыл кетті құлап таңы... Жырақ тағы...
Сұнғыла үміт жымитты, жылатпады.
Жан- жүректің әжімін жазады жыр-

Фәнидің бұлақтары!
Сусиды өмір, сыр сіңіп топыраққа,
Тылсым. Тұнық. Дүор ойды тоқы жадқа.
Жарық сүйген жанардың шоғына кім

Үнілер оқымаққа?!
Әп-сәтті, бір-ақ күнді, бір аптаны,
Саналы сүюге мұң тұрақтады.
Жүректей жанартауда жаңғырық жыр,

Мәнді иіт құлап тағы,
Фәнидің бұлақтары!
Жалғыздық
Жалғызбын, жырау замана,

Жалғыздың күйін шертер кім!
Жалғызға тәуіп таң – ана,
Жалғыздың мұңын ертер түн.
Өртенде өстім, өтем қып,

Қолымды қысты бақ сыңар.
Оқшау бір тауды мекен қып,
Жайып тұр жайын ақ шынар.
Жалғызды жеке демеген,

Құдіреттім, сыңар сыйың бер.
Жарыққа толы ет кенерем,
Дара бір үнім жиын көр.
Түріліп түскен ақ арман

Қиядан қиял қашаушым.
Кіндіктен жалғыз таралған
Жырыма жар бол, жасаушым!
Кем – кетік

Бақытсыздық торып сені не қылсын?
Өзіңе де жетпей жүр ғой өштігің.
Сор сейіліп, нүрлана бір керілші,
Бақыттылар «ұрланды»,- дер төстігім:

Сараң көз!
Абыройын асқақтатып біреу жүр,
Сабы тиіп байрағының – шат күнің.
Өзіңді еске алғаныңша, тіреу бұл,

Ес жиғанда, көзін саған сатты мұң...
Арам без!
Бүтінделмей жүрсің. Көп пе өкпе-наз?!
Жартыкештер түп- түгелдей тасыды, ә?!

Көптен желін, көппенен көр, көпке жаз,
Ал жалғанға жағымпаздар ашына.
Жаралым!
Ызалысың, ұстап алсаң бақты егер

Жүн-жүн бетін ұстаралап болшы мәз.
Жомарттанып тапқан дәмін қақ бөлер,
Титтей ниет жетсе бірде қоңсыға аз-жарадың!
Бар күледі тонағынын тон көріп,

Тоғын басар тобырдың ақ ниеті.
Нар жүдеді, ойын азық он бөліп,
Іс күтумен жұртынан жақ сүйетін
От шашақ.

Бұраң-бұраң, әжім бетті, нұр сөнік,
Қажыған қас, арыған бас, күп кеуде
Мыстан тірлік көр қазуға тұр төніп,
Тісі бітіп, әлі келмей үптеуге:

Боқташақ.
...Бұ да сенің, сенің, сенім-үмітің,
Жанып – сөніп, үш дегенде үшкірген.
Кем-кетік қой, кем-кетік-ау тірі тін,

Жалған- жұрын- жазым етер түс түрмен.
Ояу !
Одан әрі көктеміне қаз күтіп,
Жалғастырар жолыңды кім тар несіп?!

Жылжиды- мыс, жоқ, барады жаз зытып,
Қалмашы тек жалаңаяқ қар кешіп.
Аяулы ел!
Сақтандыру сорлы шайыр міндеті,

Ғұламалар ғұмырынан ал үгіт.
Сайқалдықтың бола қоймас күн беті,
Бүліктенсең, жақындар ма тағы Нұқ?!
Жөніңді ұқ!

Қайырымды қала қайда зайырлы ел,
Әбу Насыр жүрегінде сыздаған?
Жақындатпай залымдықты қайырлы өл,
Болса да сәл мүмкіндігің мұздаған.

Сенімді ұт!
Бірге жылжыр өтірігің кәмілмен,
Сабырдың көк жағалауын көзде нық.
Кіл жамандық болмайды, әсте , әмірден,

Жақсылық та өңірге емес, сөзде құт
Әрі іргең!
Бізден шошып қашар ма еді, жылар ма,
Өңкей асыл тұра қалса қабірден?

Жұмақта да мәселеміз тынар ма,
Десек,- «ылғи көз ашпадық зәбірден»?!
Тәңірлен!
Махаббат... Мұнар... Көп күбір...

Барыңа базар көп кідір,
Жаныңды жағып өпті жыр.
Өміріңе ұзақ төкті нұр,
Махаббат... Мұнар...

Көп күбір...
Іздеймін сені
Іздеймін сені мазасыз шақтар
сарсаңға салып кеткенде,

Іздеймін сені қиқулап құстар
төбемнен қалқып өткенде.
Жабығып жаным жүремін жалғыз
жайраңдап, шалқып бір күлмей,

Тілдесе қалсаң, сырымның бәрін
Айтуым қиын іркілмей.
Іздеймін сені көңіл айдынын
басқанда ойдың мұнары,

Іздеймін сені жетелеп қиял
әкеткен кезде тым әрі.
Тұнжырап түндей, талаурап таңдай
Енемін елтіп мың түрге

Жаны бар жақын, жасырын жат үн,
Не дерсің өмір шіркінге?!
Іздеймін сені із кесіп сезім,
Дүниемнің тыңдап дүбірін,

Іздеймін сені үп еткен үлбір
Күйіңнің естіп күбірін.
Айтамын арнап сұрыптап жиып
Жырымның сұлу термесін,

Бермекке іркіп, түрмекке түртіп,
Құпия сырдың пердесін.
Іздеймін сені, іздеумен , бәлкім,
Шарқ ұрып мәңгі өтем де,

Өңімнің өзге өңірін өлшеп,
Тәтті түс кіріп өтер ме?
Сағыныш- сағым жолымның бағын
Ашардай арбап , алдайды.

Көнемін үнсіз себебі сен боп
Сағынтсын, мейлі, бар қайғы.
Айдын көл болсаң, аққуға бала,
Сұңқылдап сыңсып қонайын.

Кең алқап болсаң, самал деп сана,
Сағынғанда аңқып соғайын.
Тас қия болсаң ,ақиығың боп,
Қориын жаттап санқылдап.

Көктемі болсаң, құштар сезімнің
Қазың боп құшам қаңқылдап.
Құла дүз болсаң, саянда саяқ,
Жанарым жансын, жайымды ұқ,

Күлкіңе куә, жаныңа дауа,
Айың қып жарат, қайың қып.
Жырың ғып тасыт, ңұрың ет ғашық,
Тек қарсы маған адымда.

Өзегімді өрте жалғанда келте,
Жасыршы мені жадында.
Асқарым бол да, ерке бұлақтай,
Төсіңе төрлет тілі бір.

Ғайып боп жатсам, мені жылатпай,
Тірі жүр, жаным ,тірі жүр.
Біреуге ақыл мәңді емес,
Мәніңнің сыры сәнде емес.

Күрделі ойдың йесі-ау,
Махаббат деген- мәңгі елес.
Тірлік те мынау мәңгі емес,
Әңгіме дәмде,әнде емес.

Осының бәрін білсе де,
Қиялын кімдер әрлемес?!
Махаббат- мәңгі жаңды елес,
Жайына түн де , таң да егес.

Махаббат- дәру, әңгі емес,
Жоқ та емес, бірақ бар да емес,
Жебесін сондай мәңгі елес.
Жұмбақтың кілті- жетіспей жүрген бір әнім,

Маздайды іште көрінбей көкшіл шырағым.
Кезіксек айтар шындықтарыңнан шошынып,
Алдаса екентек, алдаса екен,- деп тұрамын.
Асудан алыс ақиқат па еді білмегім,

Жақсы еді, сірә, жолықпай өмір сүргенім.
Енді кеш. Кеп көш өңіме. Сонда сезерсің,
Жайыма жалғыз жалғандық жетпей жүргенін.
Қайран , Жем!

Жарқылдаған ақ маржан суың қайда?
Қаңқылдаған қазың мен қуың қайда?
Бағың тайып, базарың тарқаған ба,
Суың қайда, қайран, Жем, шуың қайда?

Сыңқылдаған, сыңсыған құсың қайда?
Қобыланды бабам өтетін тұсың қайда?
Ат жалдап арғы бетке өту мұң боп,
Сарсылтқан сан адамды сұсың қайда?

Шөлдеп келіп бас қойған киік қайда?
Өткел бермес асу мен биік қайда?
Алгелдінің төсін сан аймалаған
Бүйра толқын кетті енді құйып қайда?

Ойнаған суың сүйіп балық қайда?
Шарқ ұрып шағала да шалқымайды.
Бір кезде сұқтандырған сұлу едің,
Ерке Жем, тарихыңның арты қайғы.

Көркем ең, уақыт сені тоздырды ма?
Қаһарлы қыс қақшитып тоңдырды ма?
Ыстық аптап қақсытып, қалжыратып,
Түріңді алып, түсінді оңдырды ма?

Көз арбайтын көркі ең ғой бұ ғасырдың,
Жетер тұсқа жете алмай, құмға сіндің.
Мұңын тындап, шерленіп жатырсың –ау,
Арал сынды аяулы сырласыңның.

Қайындар
Мұнды сықыр жанымды жеп сәт сайын
Бір ырғақпен сықырлайды ақ қайың.
Сыбдырлаушы ең, неге өзгерттің әнінді

Сырынды айтшы, құпиялап сақтайын.
Адамға тән сенде мұң бар, әнің бар,
Сыңсығанмен зарынды кім пайымдар
Сына қалсаң, сезімсіздер кескілеп,

Отын етер, айырға сап дайындар.
Табиғаттың сылқым қызы аққайың,
Сырынды айтшы, көкірегіме қаттайын.
Айбалталы қатігездер түсінбес

Сенің сиқыр мұңды әніңді жаттайын.
Құламаңдар, өсіп, өркен жайындар,
Айналайын, аппақ сұлу қайындар!
Бесқонақ

Шайпау мінез жеңгесі көктем- қыздың
Сері Күнге ұзатып үкілісін.
Сан күйге еніп, салтын қып, ісін пішіп,
Сылқ- сылқ күліп бұлдайды бүкілі үшін.

Бес күн бойы той жасап ұлан- ғайыр
Жаһұт жауын төгілді мырзалықпен.
Шымылдыққа енгесін түбі қайыр,
Күйеу шыдап, бас изеп ырзалықпен.

Берекеге шашуын шашап бұлттың,
Кемсендеп дархан ана далада тұр.
Нәтижесі осынау ғашықтықтың
Гүл жазира болады қара да тұр.

Тоқсан ықты, тоғысты көкке қуат,
Көкте дала, жер беті жайна лайым.
Сел боп аққан тамшыдан тердім шуақ,
Дәстүріңнен табиғат айналайын.

Ай, сені ару, - дейді
« Ай сені ару» дейді,
Белгісіндей сөзсіз үн, наздың.
Көктегі Ләйлі ме ең, әлде

Көруге ынтық Күн – Мәжнүн.
«Ай, сені ару»,- дейді,
Аруда болар мұң басым.
Өзіндей Күнге ғашықтар

Түн бойы талмай тындасын.
Ай, сені ару, - дейді,
Қасіретті ару панданар.
Несіне жетіседі- ей,- деп,

Өзгелер оған танданар.
Ай, сені ару»,- дейді.
Сиқырлы сәулең- лебізің.
Жабығып жалғыз кешесің

Қаракөк түннің теңізін.
«Ай, сені ару»,- дейді,
Миығыңда тұр- ау жұмбағың.
Құпияңнан бергендей хабар,

Жүзіндегі нұрлы бір дағың.
«Ай, сені ару»,- дейді
«Айдынын кештің жайлаған».
Әдемі әр берер саған

Жылылыққа толы айналаң.
Таңдау көп, таным – біреу,
Тәнімтоқ, жаным жүдеу.
Айнала сән- салтанат,

Тек бір мұң әнімде үдеу.
«Бар мен жоқ» бекер емес,
Жөн тіле, жетер егес.
Жылжыды жырақ бәрі,

Қалды оған тете елес.
« Дұрыс» деп жоғалтқаным
Жоғымды оралтпадым,
Қалдырып бір шетіне

Санама тор аптадым.
Жанымда жақындарым,
Көм мені, ақыл – нарын,
Тапқандар көріп, білсін

Күнді күн батырғанын,
Өз таңын атырғанын.
Түсіме мұң түнейді,
Түрі өзіңнен аумаған.

Өзіңнен жат болғалы
Махаббат та жау маған.
Күндіз күліп, жұбатса,
Бізді айырған есті күн.

Кезіктірген түн табар,
Жастығымнан кешқұрым.
Ұмыттырса бүгінің,
Есінді алып, есер дерт.

Бір рахат табады,
Жанымдағы кесел көп.
Тегіс жерде сүрініп,
Адасқанға бақ қашық.

Қияннан қол созасың,
Сол сорымды сақтасып.
Сенсіз бақыт жоқ маған,
Менсіз сен де- сөнген от.

Бұзғаныңды өңіңде,
Түстеріңмен өңдеп өт.
Мен ақтаймын өзінді
Жала жауып жалғанға.

Сен терісте сөзінді
Жүрегіме жалған да.
Өзің қайтып алданба,
Не кінә бар талғамда.

Бар деп мені малданба,
Алыстан ән салғанға.
Өмір жайлы пәлсафа
Өз алдына бесті ұғым.

Біздер құрып, құлатқан
Тәңір, Мәннің кеш құнын!
Алқаракөк барқыт түн,
Маңдайымнан иіске.

Арманымды шығындыр,
Үмітіме тиіспе.
Алқаракөк барқыт түн,
Үнсіз үнің дір етпе.

Елең-елең елік сыр
Көшті мендік жүрекке.
Алқаракөк барқыт түн
Таң етеді баянсыз.

Ағыл тегіл арнам бар,
Жағалаулы арнам – сыз.
Алқаракөк барқыт түн,
Албырт ымырт. Арпалыс.

«Тәйт әрі», - деп сыздана,
Таң қозғалды қартамыс.
Алқаракөк барқыт түн,
Бозаң тарттың қымсына.

Күрсіндің де бір қарап,
Қызыл арай – тыңшыға.
О,неткен өмір, қамықтым,
Жете алмай кімге жанықтым

Аршусыз, ақсыз тапқаным,
Ертеңнен кешем аңық тым.
Армандап жүріп армансыз
Адасқанымды сан ұқтым,

Өзіме өзім өкпелеп,
Өзімнен өзім жалықтым.
Өлшеулі ғұмыр кемідің,
Тал бейне – жүздің теңі кім?

Айкезбе ме едің сенімім,
Ақталары да бейбәлім,
Адасқан кезбе серігім.
Қуаныш күтіп сұм жүрек

Езіліп кімге ерідің?
Өзімнен өзім жерідім.
Күлпара күйлер, сынағын,
Белгісіз күшпен құладым.

Жөңкілген бұлттай бұламын,
Бұла күн болсын бұла мұң.
Адалмын. Іштен тынамын.
Жек көру сүю арасы

Түсінсең , жаным, бір адым.
Өзімнен өзім жыладым.
Не теңім, сенің не теңің
Саған бақ, маған тете мұң.

Тұңғиық тұрақ мекенім,
Жердегін нетем жеке мың
Жыр еттім өмір өтемін,
Жанымның таппай төте емін.

Өзіммен өзім кетемін,
Өзіңнен де өзім кетемін
Сен мені ізде мұңдардан,
Ақ шағыл сусыз құмдардан.

Күндерден ізде тұлданған,
Жерлерден ізде мың барған.
Күлкімді ізде бұлақтан,
Сезімді ізде жырақтан.

Шақтарым шексіз ұнатқан
Сәттерде қалды сыр аққан.
Еріксіз еске түсірген,
Албырттығым ізде түсіңнен.

Жаныңа шуақ түсіргем,
Жүрсін деп биік кішіргем.
Жымия жұлдыз- шамдардан,
Сағыныш айтам тандардан.

Жан едім мен бір сандалған,
Таппасың таяу мандардан.
Жақының ет, жақпасам, жатқа бала,
Тек түзу көңіліңді сақта маған.

Шын сұрасаң, тәрк етем дүниені,
Жамандықтың бәрінен ақтап алам.
Қылған күллі керінді кешіремін,
Есіл едім, еріксіз есілемін.

Өкінішсіз өртенсін өмір- өлең,
Жасырмашы жанымның кесір емін.
Кешіремін, кешемін, кешіремін.
Есіл едім, ерік жат, есілемін.

Кенет қайғым, шалт күйім, шалық сәтім,
Кереметім , кер түсім ,кесір емім!
Бақ – тасқын
Құралай үміт құнжындап қарт боп,

Қылтанақ күдік қалды өсіп.
Сезім гүлзарын қуратып алдық,
Қоңырайды –ау көңіл, хал нешік?
Тамшыға тұнған қара гүл- сынды,

Қаракөз ойлар сыр бүкті.
Жасыл кезеңді жамылған біздер
Жалғанның жағы қылғытты.
Күйдірер өзек сары сағыныш,

Басады намыс сазарған.
Ішінде- сансыз күнде жарылыс,
Сыртында – бақыт , аз арман.
Шүбәсіз білем, сол күнді, мені

Іздейсің, ізде, таппасың,
Көктемнің кенет күрт көтеріліп,
Басыңнан өткен бақ – тасқын.
Бағым, сірә, болар деп және бағың,

Соңғы ширек қадамды аттағанда.
Сияпатын барымша сақтағанда...
Жаным тағат таба ма жат ғаламда?
... Жат қалам ба?

Шаттанам ба, жоқ әлде?... Ақтарам да:
Құтқара гөр, қауіптің өтіндемін,
О, жасаушым, пендеге өтінбедім,
Мен бір терең қайғының шетіндемін...

Бекін!- дедің.
Өксітуге жаңғырар өртең өмір:
Бақ табам деп, килігіп, бақ тағам деп,
О, жүректер, үмітің ақтағам жоқ.

Ол да, мен де, сен де деп, ақталам кеп...
Бақ сараң ба ед?!
Қорқыт баба
(Қайда барсаң, Қорқыттың көрі...)

Жүрек те емес, жан даемес, сана ғашық,
Кетті өмірден өмірді ала қашып.
Ақиқат та есалаң болып кетті,
Махаббат пен ғадауат араласып.

Жақсылыққа іңкәр боп жамандық тұр,
Тұтастыққа тұтқын әм ғаламдық нұр.
Періштенің басын да айналдырды,
Жер бетінде жетіскен адамдық Үр.

Жан жүдеді жаһанды дара басып,
Сертке берік секмсіз Сана-Ғашық.
Дүрсіліне тербеліп жүрек жылап,
Дана жасып, мүлгіді ой қара басып.

Тән де тәрк, жан тәрк: барады асып,
Қас қағым сәт күледі қабағы ашық.
Өлім өлді өнерге ғашық болып,
Қалды Үміт, Жыр және Дара Ғашық

Алғашқы махаббатқа
Талпынып, табынғаным-
Өзгеден ерек едің.
Шарқ ұрып сабылғаным-

Сен маған керек едің.
Басқаны көрмегенім-
Өзіңді сүйгенім еді.
Көңілім бөлмегенім-

Басымды игенім еді.
Тасып кеп, басылатыным-
Жетпекші мұратым едің.
Көрмекке асығатыным-

Қол бұлғап тұратын едің.
Құшуға батпағаның-
Тәкәппар таң етіп еді.
Тілектен тіл қатпағаның-

Көтеріп, паң етіп еді.
... Арнайы келіп тұрсаң да,
Еш нәрсе айта алмап едің,
Батылдау болғаныңда тек

Қуантып қайтармақ едім...
Күн өліп, көшсем де жырақ,
Өзгенің өңіріне өніп.
Бір бейне есімде тұрар,

Өндірдей өмірімді өбіп.
Жырыма жылын
Еркелік еркімді билеп,
Қырсық бір қылық қылатын.

Көзіңе көрікті күй кеп,
Тек ішің іркіп тұратын.
Санаңа салтанат қылып,
Жаныңды саялаттың көп.

Іздедім ар санат сынып,
Мәнімді аялатқым кеп.
Сүйсініп, сұлу да еткен,
Ұғынып, ашқан мәнімді,

Жылы едің жылудан өткен,
Ұрлаттым «тасқа» жанымды.
Өкінтіп, өкпелетті ме,
Түп бекіп, түнеген бұл үн.

Жаңынды көктем етті не?
Сен менің жырыма жылын...
Бір шуақты жарық жүрген,
Жүрегімді мекендеп.

Жайын да ұқпай соны бақтым,
Жоғалмаса екен,- деп.
Сыны сұлу қайыңға аштым,
Жан сырымды ұғар деп.

Желігіп жел алып қашты,
Күттім түбі тынар деп.
Тұнық таңым, тынық түнім,
Жаным ғана жылап тұр.

Жүректегі жарық сөнді,
Көңіл көнбіс құлап құр.
Ақылыма өтіп бір кез,
Сол бір сәуле түрленді.

Тірі жетіп, түбі бекіп,
Желдің тілі күрмелді.
Бейне оралды жылуы пәс,
Жарқ етер ме енді өзек?

Ересектеу сезім суық,
Есіл күндер елгезек!
Өнімнің өгей досы,
Есімде елес кілең.

Түсіме жиі кірме,
Қонақжай емеспін мен.
Сезімім жасырмағам,
Асылы ұнатқам шын.

Қайтқаным қаламады,
Соңғы рет суалтқан мұң.
Базарым, барым да едің,
Тартынған ақылың ба?

Сол сәттен отқа айналдым,
Өртіме батырынба
Сен менің дертім едің,
Жазылу бағым емес.

Тек енді баяғыша,
Сәулеміз жарық емес
Сананда ізім бар ма,
Қиналып , неге іздедің?

Қол жетпес көктесің сен,
Мен шексіз теңіздемін..
Өнімнің өзгерісі,
Түсімнің өнді өрнегі,

Дерті мол емделмеді,
Өткенді өндер ме еді?
Бақыт жайлы
Бақыттымын, бақыттысың сендер де,

Бақытынды еш нәрсеге теңгерме.
Көп демегін әлдекемнің қайғысы,
Туылған жоқ төрт құбыласы сай кісі.
Есеп емес бұл фәнидің шолағы,

Әр жапырақ мезгілінде солады.
Мүсіркеме, мүсіркеме ешкімді,
Мейлі, біреу өз бақытын кеш білді.
Бақытынды басқалардан сұрама,

Талайыңды, сарайынды сыбама.
Бақыт сенен қашып мәңгі кетпейді,
Себебі ол кеуделерде көктейді.
Бақыт деген- өз үніңнің құнары,

Әр ісіңді іштен бағып тұрады.
Неге, құрбым, сонша күйреп, езілдің?
Өзінді өзің бақытты деп сезінгін.
Бақыттымын, бақыттысың сендер де,

Бақытынды еш нәрсеге теңгерме.
Тамырыңа үңіліп,
«Тағдырым» деп, беттесіп,
Түкірмедім түңіліп,

Төпесең де кек көсіп,
Тәңір- таңға ілініп
Тілек тілеп, серт кесіп,
Тайғанында сүрініп,

Тобықтай мұң кетті өсіп.
Амал не?
Рас бәрі,
Махаббат өмірімнің шын астары.

Жүректегі жүгімді тегістейді,
Құштарым құлаштағы.
Шындық осы-
Жаным сая табады мұнды көсіп.

Күннен-күнге келеді сезім- сырдың
Сері жырға секемсіз күндігі өсіп.
Анығым- шах,
Толқын сылбыр тұңғиық ағыны жат.

Қайшылықтан құралдым қайыспайтын,
Бағым өңін бұрғанда, бағымым жақ.
Теріс бәрі!
Кеспірсіздеу күйім бар келісті әрі.

Сені сүйген жүрегім кілең жастық,
Сені күткен ойларым тегіс кәрі.
Білесің бе?!
Соның бәрін шынымен білесің бе?

Мәнім мәнсіз машақат үлесінде.
Күресінде күрпідің, күресің не?
Сүресің де!
Менсіз бір ғұмырың, түн өшуге.

Кеудем терең махаббат бейіті ғой,
Айналған атым нұрлы күн есуге.
Бақытты болуға ниеттен
Төрің

Тақымға бұйырған пейішсін,
Өрің
Өзіңнің өреңмен түйіссін.
Өңге

Өңкей бір қуаныш ұйыссын,
Сен де
Бақытты болуға тиіссің.
Жасан,

Нұрыңа шашуын күн себер.
Қашан
Сәт сылқым күлерін білсе егер,
Әріден

Жаға алмай, жана алмай мың сөнер,
Пәлі де!
Ғайыппен лайықтас Шын Шебер!
Арай

Күлімдеп иерде жиектен
Тарай,
Нұр құйып сүйерге күй еккен.
Алаңдар

Жай көп қой жүрегің би еткен,
Адамдар,
Бақытты болуға ниеттен!
«Көп кешікпей көктем де келер енді»

( М. Мақатаев)
Құс күліп, күй сінеді,
Қой шулап, қозы ағарар.
Иіп кеп, исінеді

Сөгіліп боз ала қар.
Көк өзен күркірейді,
Қиратып тас киімін.
Табиғат дүркірейді,

Соза айтып таспиығын.
Тағы бір келді көктем,
Тағылды тілек жылға.
Жел өбіп жерді бөккен,

Табылды тиек жырға.
Бір жан жүр қыс көңілін
Ұзатып ұзақ таңға.
Қамшыдай қысқа өмірін,

Күрмейді тұзақтарға.
Біреу жүр тосып шуақ-
Бейтаныс досы көптен.
Көңілін жібітер не?

Не берер осы көктем?
Жоғалтқан анау күзде
Әкесін сағынып құр,
Бала жүр алау көзде

Көктемдей ағылып нұр.
Жанартау жүрегіме
Көктем кеп, бұлақ құлап,
Тербе, аға, жыр еміне

Жанымды құрақ-құрақ.
Көзім жазып қалдым ба, кірпік қағып,
Үміт жырақ қонды ма үркіп барып.
Күйіп- жанған жүрегім суыта алмай,

Санама сүнгі- ой сүнгір күртік тағып.
Жағым күліп жанымды жасырады,
Айым туып күнімді асырады.
Тұла бойым тамсантып тірлік күйі,

Тамырымда ұйиды ғашық әні.
Көкше басын күн сүйіп құмартады,
Көкке көңіл керіліп мұң артады.
Күзбен кеткен көгілдір қайта оралды,

Көктемімен көліне сыңар тағы.
Сыңсып келіп сыңсиды сыңар арман,
Жалғыз өскен қарсы алды шынар алдан.
Тау баласы төзімін сарқып біткен,

Дала қызын тау күтер мұнар алған.
Үзілген гүлге үңіліп,
Үзбелі үлбір үмітің
Таспиық айтып жүр ме екен?

Сұрасаң, жайым тым бөтен:
Мұны сүр , мінсіз күйіме
Оттары сөнік күл мекен
... Зарарсызданды.

Жабысып, жайлап сағыныш,
Ұйқыңнан қалып ұлар түн
Тілек те тілеп жүрмісің?
Көңіліңде қалған бұл мүсін

Көзіңнен көшіп кеткелі
Жанына егіп жырды шым
Ажалсызданды.
Көк төсінен орғиды лақ- бұлақ,

Күліп кетіп жатады жылап құлап.
Неткен сұлу ғұмырың, ғажап сәнің
Көзін мәңгі ашатын бір-ақ бұлап!
Ғашық еттің асығыс тау бұлағы,

Сері қылық аңсарым аудырады.
Көкжиекті, көсілген дала сүйген
Жаныма күміс шашу жаудырады.
Тасың ұнап қалды ғой, қасың ұнап,

Сылдырыңа сыр-мұхит жасырынад.
Тербеп, теуіп кеудемді жұлып қашқан,
Қайысыңның көңілің басымырақ
Сері сүлей бұлақтың тауда басы,

Жүрек күпті, үмітті тау баласы.
Қырдың қызын шалт мінез тамшы сүйді:
Су мен ұлдың ішкі егес, сауда басы.
Тәкаббар тау, мәрт жігіт, лақ- бұлақ,

Құшағына енсе қыз- қырат құлап,
Мызғытар ма ең мұңымды бұлтқа ерітіп,
Ойнатар ма ең төсінде мың атқылап?!
Жапырақтан төсегі қалың құрақ

Бағымыз бар еді... Жаным , жырақ
Кеттік те сағым құлап,
Сағынышқа айналдық.
Сағыншы! Сағын! Нұр ап!

Сүйіп өсіп өмірін, сүйіп түсіп,
Сап-сары жапырақтар күйік қысып,
Ес кірмес махаббатқа иіп, пісіп,
Жыр етеді сыбдырын.

Мені де жүр дәл сондай кейіп құшып.
Сағынышқа арманым ауыстырып,
Кетіп барам. Сабырмен қауыш тұнық.
Ұмыт мені. Үміттің тауыс, тұнып,

Емделемін дей алман өзім бірақ,
Сарылу да, сарсаң да таныс қылық,
Мәңгілік кетем сенің жүрегінді
Жарық қып алыс тұрып.

Бейтаныс суретші
Іздедің нені, сұлулық болса,
Көктемді неге салмайсың?
Күзіне ғашық көктемсіз жүзден

Көзінді келіп алмайсың.
Жүрегімнен жат сансыз ойымды,
Жинақтап, салсаң, көнер ем,
Ақылдан алшақ жүрек тойымды,

Суреттеп берсең, елер ем.
Бейнелеп берем ақысыз,- дейсің,
Көргенің- өздік танымың.
Салып бер маған бір нәзік мәнді-

Ажары айдай, жаны- мұң.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙