TELEGEI

Home

Мақаш әкім

Ө. Әлімгереев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мақаш әкім

Мақаш әкім. Ө. Әлімгереев

ӘКІМ ҺӘМ АЗАМАТ

Атырау, Жайық бойында оның атын білмейтін адам жоқ. Аруағын әйгілі батырлар мен бейлердей, бес саусағынан күй сорғалаған өнер дүлдүлдері мен семсер тілді ақындардай қастерлейді. Ал ол болса жарты ғасырдай ел билеген атқамінер. Бұрынғы Бөкей Ордасының күнгей бетін алып жатқан, Теңіз бойы мен Еділ жағалауындағы ен байтақ өлке кіретін екі округты кезек билеген әкім. Сүйте тұра, ханның өзіне қасқая қарсы тұрып, ақ патшаның аламанына ақ сойылын ала ұмтылып, шайқас салған атышулы ереуіл аймағы Мақаш атын ерекше ілтипатпен айтады. Бұның сыры неде? Қолына жармасқан қатал заманға қарамастан халқына еткен қалтқысыз еңбегінде шығар. Адалдық – қай заманда да адалдық қой. Жақсылық – қай заманда да жақсылық қой. Қайта тар замандағы жақсылық пен адалдық нарқы тіптен биік болса керек. Бәлкім, Мақаштың аласармас абыройының сыры да, ең алдымен, осында шығар. Императорлық география қоғамына мүше болған тұңғыш қазақ, белгілі ағартушы, көркемсөзші, этнограф-ғалым Салық Бабажанов өлгенде Орынбордағы кадет корпусын онымен бірге бітірген Мақаш Бекмұхамбетов: «Салық өлді дегенше, халық өлді десеңші!» – деп сенделіп кетіпті деседі. Мақаштың өзі өмірден өткенде де талай адам тап солай ойсыраған шығар. Өйткені ол қайта-қайта қанға бөккен өлкесі мен елінің жолында қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да шарапатын аямай өткен аяулы жан болыпты. Талай жерден мектеп аштырып, талай ұрпақтың сауабын алыпты. Қазақтарды отырықшылыққа, кәсіпке баулу жолында жан-тәнін салыпты. Елінің көкірегіндегі отты сөндіріп алмауға тырысты. Құрманғазыдай асқақ рухты тарпаң талантты өкіметтің зорлығы мен ағайынның тарлығына құрбан етпей, құтқарып қалыпты. В.Григорьев, В.Ханыков, В.Даль, А.Вамбери, И.Березин сынды әйгілі ғалымдармен сырдесте дос болыпты.Илья Ульянов, Николай Чернышевский сынды патша қырына алған бейтаныс азаматтарға қол ұшын беріпті. Елдің көзі – жақсының көңілін қалдырмай, сөзі жақсысын төбесіне көтеріп әспеттеп бағыпты. Ұлттық өнеріміз бен руханиятымыздың басқа жұрттарға танылуына өлшеусіз зор үлес қосыпты. Ойы озық, санасы биік, парасаты терең азаматтың өз тұсындағы қоғамдық пікір, билік орындары мен зерттеушілік орындарға ұсынған жазба мұралары бірнеше том құрар еді деседі. Оларды іздеп, тауып, бас-аяғын жинақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізу – болашақтың ісі. Бұл бағыттағы атыраулық зерттеуші Өтепберген Әлімгереевтің алғашқы ізденісі, тындырған еңбегі айта қаларлық. Осы игі бастаманы өзгеден бұрын іліп кеткен «Арыс» баспасының әрдайым жолы ашық болсын! Бұл жолы қазақ оқырмандарына айтулы азаматтың бір кезде өзі бастырып шығарған «Жақсы үгіт» кітабы мен өзі жинап, тапсырған аз ғана мақалдары, ел аузында қалған сөздері ғана ұсынылып отыр.

Осының өзі-ақ жақсының көзі жоғалса да, сөзі жоғалмайтынына айғақ. Еліне деген махаббатына қаяу түсірмей өткен Мақаш рухы азат ұрпақтың қандай ықыласы мен ілтипатына да лайық.

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ,
Қазақстанның Халық жазушысы,
Қазақстанның Еңбек Ері

І БӨЛІМ

Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

(зерттеу)

ӨМІР МЕН ӨРЕ

Арғы-бергінің бәрінде де қоғамның дамуы адамдар санасына әсер етіп, олардың тұрмысы мен салт-дәстүріне, тіпті тіліне де күрделі өзгерістер әкелетіні айдан анық. Оған белгілі дәрежеде көршілес, қарым-қатынастағы, озық ойлы не үстемдігі үлкен, билігі басым елдердің ықпалы мол болатыны белгілі. Осындай шақты басқа елдер сияқты қазақ халқы да бастан өткерді. Ілгерідегі қытай, монғол, араб, парсы елдерін былай қойғанда, мынау XVІІІ, XІX ғасырлардан бастап, саяси-әлеуметтік және экономикалық, сауда саласына майлы ішектей араласа бастаған орыс елінің ықпалы да жетерлік. Әсіресе, аталған ел ойшыл-демократтарының адамзат болашағы жөніндегі дәйекті пікірлері қазақ сахарасына да жан бітірді. Сөйтіп, елдің қоғамдық-саяси ағымдар тарихында ағартушылық кезең басталды. Оқыған-тоқығаны мол зиялылар пікірінше, қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың ең сенімді жолы ғылым мен білімді игеру деп саналады. Соған сай бұл бағыт қазақ топырағында XІX ғасырдың 30-40-шы жылдарынан бастап-ақ игі бетбұрыстарын байқатты. Кейбір көзі ашық, ел басқарған зиялы жандар өз балаларын ауылдардағы ислам діні негізіндегі молдалардан сауат аштырып, тіл сындырумен бірге, іргедегі ең жақын ел – Ресейдің жоғары, орта дәрежелі білім ордалары бар қалаларына оқуға жібере бастады. Бұл іс 1841 жылдың желтоқсан айынан бастап нақты қолға алынды делінсе де, шындығынада, ол бұдан бұрын да жүргізілген-ді. Мысалы, Қазақстанның батыс өңіріндегі Ішкі Орданың ханы Бөкей Нұралыханұлы мұсылманша өзі де бір кісідей сауатты болумен бірге бас көтерген баласы Жәңгірді әуелі бес жыл бойы молда алдынан өткізді. Одан әрі он жыл Астрахан қаласында оқытып, әкімшілік басқару тәсілдеріне баулыды. Кейін сол Жәңгір қолына хандық билік тиген бойда Ордада мектеп ашып, туған халқына білім нәріне себуді өзінің ең негізгі борышы деп санады. 1826 жылы Қазан университетіне сапар шегіп, оның бай кітапханасы, оқытушы-профессорлар құрамымен танысты, тіпті оқу орнының ректоры Фукспен арадағы әңгімеде өз ставкасында, яғни Ордада қазақ балаларын оқытатын мектеп ашқысы келетінін жасырмады. Дала зиялысының бұл ұсынысына ұйып қалған Фукс сол кезде “өзінің жас, хандығының бас, керек десеңіз Ордада әлі бірде-бір үй тұрғызылмаған кезінде білім, оның пайдасы туралы осы бастан ойлануы қандай ғанибет” деп жазған еді. Сайып келгенде, тек Бөкей, оның баласы Жәңгір ғана емес, інісі Шығай, баласы Әділгерей, Меңдігерейлер де көзі ашық, сауатты жан болатын. Бұл Ордада оқу-ағарту ісінің XІX ғасырдың басында-ақ қолға алынғандығын байқатады. Әйтсе де, жалпылама бағыт алуы, сөз жоқ, 1841 жылы ашылған Жәңгір мектебіне байланысты еді. Оны алғашқылардың бірі болып тауысқан халқымыздың аяулы ұлдарының бірі – Мақаш (Мұхамбетжан) Шолтырұлы Бекмұхамбетов. Мақаш 1830 жылы Ішкі Орда, қазіргі Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының Сасықтау деген жерінде дәулетті отбасында дүниеге келді. Әкесі Шолтыр әлді адам болса да ортасында ойылып ізі қалмаған елеусіз жан еді. Ал атасы Бекпембет кезінде төре тұқымы болмаса да, өзінің ұйымдастыру қабілеті, тілі, ақыл-ойы арқасында ел ішіндегі әкімшілік-территориялық мәселелер төңірегіндегі жұмыстарға байланысты Жәңгірге кеңесші ретінде (ол кезінде Бөкейдің де кеңесшісі болған) Санкт-Петербургте де болған, патшаның алдында туған елінің мұң-мұқтажына орай мәселелер қойғанға ұқсайды. Оны түрлі тарихи құжаттар арқылы дәлелдеуге болады. Ал Бекпембет (Бекмұхамбет – орысша құжаттарда жазылған аты, ел ішінде, тарихи деректерде де оны Бекпембет деп атайды. Сондықтан біз де халықтық үлгіде атағанды жөн көрдік) қайдан, кімнен тарайды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін алдымен Кіші жүздің рулық шежіресіне ден қойып, қариялар айтқан мына деректерді де алға тарта кеткен жөн сияқты. Мақаш тумасында Шеркеш, одан Қойыс, Қойыстың Дербіс тармағынан. Ал Шеркеш қайдан тарайды дегенде, Он екі ата Байұлынан өрбитіні және аталықтың ең үлкені деп те атайтынын ескерген дұрыс. Шежіреде Қойысты Шеркештің ағасы дейді. Әңгіме орайында Шеркеш руы, оның Дербіс тармағы жөнінде үлкендер аузында аңыз көп. Соған сай оның дұрысы қайсы, бұрысы қайсы дегенге дәл жауап беру қиын. Біз солардың бәрін жинақтай келе мына бір әңгімеге тоқталғанды жөн көрдік. Оның өзі де айна қатесіз әділі, шыңғырған шындығы дей алмаймыз. Әу бастағы Шеркештен – Аққұба, Бөтік (кей деректерде тағы да Жауқашты, Құлақасқа деген ұлдары болған) атты екі ұл туады. Бөтіктен – Қойыс, Жайық; Қойыстан – Тоқтағұл, Қашқыншы, Сүйініш, Сақау, Еламан; Жайықтан – Дербіс өрбиді. Ол төрт әйел (кейде үш әйел дейді) алған. Бірінші әйелінен – Құлмас, Жамас, Нәзік. Екінші әйелі Зылихадан (Қаракемпір) – Тоқтар, Қошқар, Базар. Үшінші әйелінен – Сатай, Сатылған. Төртінші әйелі Рахиладан – Түрке туады. Түрке – Мақаштың жетінші атасы көрінеді. Қариялар сөзіне құлақ түрсек, жоғарыда айтқан Қойыс пен Дербіс аты шыққан батыр болыпты. Оған куә ретінде ел есінде:

...Қойыс пен Дербіс серт еткен,
Серт еткен жауын мерт еткен.
Шеркештен батыр көп шықты,
Ол заманда – ерте өткен, -

деген жолдар бар.

Ал Түрке би атанып, рулар арасындағы жер мен жесір, мал мен құн дауын шешіп, әділдігімен әлеуметке ұнаған жан болса керек. Әлі күнге халық аузында Түркенің қоғамдастарын бірлік пен достыққа, қауымдастыққа шақырған:

Бөрі-бөрі, бөрі болар,
Бөлтірігін ерткен дүр болар.
Қарны ашқан күнінде,
Саз балшыққа аунатып,

Бірін-бірі жер болар.
Әр бөрінің баласы –
Алты болар, бес болар.
Алты, бестің ішінде

Әбден күшті бірі болар.
Әбденімен жүргенде
Осалы оның кем болар.
Әбденінен айырылса,

Әрбіреуі әр жерде,
Әрбір итке жем болар.
Бірлігі кеткен адамдар,
Бұралқы итпен тең болар, -

деп басталатын толғауын қарттар жатқа соғады. (Бұл өлең Мақаштың “Жақсы үгіт” кітабында да бар. Бірақ онда аздаған өзгеріске ұшыраған. Біз қазіргі халық аузындағы үлгісін келтіріп отырмыз). “Адайдың атақты Абыл ақыны айтыпты” деп Әбдірахман Бекбасаров деген ақсақал бізге мына жолдарды келтірді:

Ар жағы Қойыс, Саталы,
Бер жағында Түрке бар,
Әулие болған баталы.
Түркеден барып бата алса,

Оң болған екен сапары.
Жалауында Қыдыр жүріпті,
Әлиістен деген қыз екен,
Асыл шыққан жатағы.

Дербістен Түрке туыпты,
Он бес жаста ту алған,
Қылышын қанға суырған.
Әулие Бопан-Аспантай,

Құр қалмаған дуаннан
Байұлы түгіл қазақтан,
Сахилығы асқандай.
...Бекпембеттің баласы,

Жетімдердің панасы,
Жалғызды көпке теңеген,
Жетімдерге жем берген,
Мұнара біткен тал еді.

Қарасу қайнап қаптаса.
Қабағынан өткел бермес жар еді.
Дербіс деген ауылдың
Маңдайындағы бағы еді,

Ортасындағы алтын тағы еді, деп Түркені тек би ғана емес, қол бастаған батыр, айтқаны келер әулие деп бағалайды. Сонымен қатар, Мақаш атына байланысты да біраз марапат сөздер айтады. Бұдан әрі Түрке биден кімдер тарайтындығын атамас бұрын мына бір жәйді де түсіндіре кеткен жөн. Жоғарыда біз Дербісті – Қойыстан тарайды дедік. Ал қазіргі таратуымыз бойынша Дербіс – Қойыстан емес, Жайықтан тарайды, оның мәнісін қалай түсіндіруге болады? Тарих сабақтарын суыртпақтаған әңгімелер төркініне құлақ түрсек, Дербістің төртінші әйелі, яғни үшінші тоқалы

– Рахила дүниеден ерте кетеді де, Түрке немере атасы Қойыстың тәрбиесінде өседі.Осы себептерге орай ол Қойыстан тараған болып есептеліп кеткенге ұқсайды.

Тағы бір назар аударар нәрсе – әлі күнге Жайық өзенінің сол жақ бетіндегі Қойыс Шеркештерге: “Қай аталықтансыздар?” дей қалсаңыз, олар: “Шеркештің Қойысымыз, оның Дербісінің Пұсырманы, болмаса Жақауымыз”, - деп жауап қайтаратыны бар. Ал Жем бойы, Тайсойған, Бүйрек төңірегіндегі Қойыс Шеркештер өздерін Қара кемпір Шеркешпіз деп қысқа қайыратыны ақиқат. Сонда бір аталықтың екі түрлі аталуына не себеп? Ендеше оған жауап ретінде мына бір аңызды алға тартайық. Ұлы жүздің атақты Хани балуаны біраз адаммен Атырау бойындағы айтулы астың біріне келе жатып, осы күнге Доссор поселкесінің терістігіндегі Білеулі деген құдықта отырған Дербіс батырдың ауылына түсіп, қонақ болады. Өзі мерген әрі батыр атанған отағасы үйде жоқ, жаугершілікте жүр екен.Бірақ балалары әке орнын жоқтатпай, Ұлы жүздің жүзден жүйрек азаматына қандай құрмет көрсету жайында ақылдасады. Батыр жорыққа аттанғанда артындағы ауылаймақ билігін кемпіріне қалдырады екен. Сөйтіп, бар билікті өз қолына алған Зылиха: «Өлімнен ұят күшті» деген, бір аймақтың жұрт таныған азаматы алыстан ат арытып, бізді де ел, батырдың ауылы деп тізгін тежеп, тізе бүгіп отыр. Түтіні қайтқан тұрбалы үйдей төмен қарап, жер шұқып қалмайық, елдің атын ер шығарады, ал ерге қашан да мәрттік тән! Ендеше елдікті танытайық, сойыңдар, анау әкелеріңнің жауға мінер қос күреңінің бірін», – деп билік айтады. Ілкіде ұлдары қарсыласын қоғадай жапырып, жас құрақтай жусатқан әкелерінің жорыққа мінер ең сенімді атының бірін сой дегенге ауыздарын ашып, аңтарылса да, артынан аналарының бұл пікірі «ат өлсінде атақ қалсын» деген ниеттен туып отырған түйінді сөз екендігіне ден қойып, айтқанын орындайды. Үйінде күйеуі жоқ болса да жауға шабар жұп күреңінің бірін сойып, күбісін пісіп, сабасын сарқып, қол қусыра көрсеткен құрметке әбден ризалық танытқан Хани балуан былай шыға ұшырасқанның бәріне: «Қара кемпір ауылынан мол сый көрдік, еркекке бергісіз ерекше әйел екен», – деп сол тоқалды мақтаумен болыпты. Бұл құрмет кейіннен ел ішіне тарап, тіпті жауын жеңіп, мерейі тасып қайтқан Дербіс батырдың да құлағына жетеді. Жұбайының жомарттығына қоса үлкен жүректі, үкілі ісіне дән риза болған отағасы: «Ризамын, серігім, қайда жұрсем де қадірімді арттырып, айбарымды өсірген өзіңдей өрелі жарым бары мен үшін зор мәртебе, жақсылығыңды ұмытпаймын», – деп көңілі толыпты.

Тағы бір аңызда ол былайша сипатталады:

Қойыс өлгенде Дербістің Зылихадан туған үш баласы (кей аңызда төртеу) осы өңірдегі барлық руға сауын айтып, ас береді. Асқа Кіші жүз ақсақалдары мен ел жақсылары түгел жиналғанда, жалғыз-ақ Адайдың атақты биі Ботахан белгісіз себептермен келе алмай қалады. Бірақ біраз мезгіл өткесін атқа қонып: «Бара жатырмын, батыр кешірсін, ештен кеш жақсы деген, Дербіске сәлем айтыңдар, әкесіне тауап ету – борышым», – деп хабаршысын ілгері оздырады. Осы кезде отағасы ауыл маңында болмай қалады да, қонақ күту ауыртпашылығын Дербістің тоқалы Зылиханың (кейбір әңгімелерде оны Дербістің бәйбішесі екен деп те айтады) өзі көтереді де, басқару тізгінін қолға алады. Өйткені Ботахан өз өңірінде аты шыққан, елдің елеулі, халықтың қалаулы жаны екен.Олай болса мұндай мерейлі адамның алдында қытымырлық көрсету батыр шаңырағына сын, сүйекке таңба. Сондықтан Ботахан биге қонақасыға тоқты-торым, тай-тулақ емес, Дербістің түлік ішіндегі тіптен ерек қадірлейтін, жауға шабар төл аты – Ақмоншақты сою керек деген тұжырым жасалынып, бұл ұсынысты балалары да қол көреді. Тұлпардың етін жеп, Зылиха кемпірдің аста-төк құрметін көрген Ботахан Дербіс ауылынан аса бір ризалықпен аттанады. Соған сай жолай «Қай ауылдан шығып келесіздер» дегендерге: «Араларыңызда еркекке бергісіз қонақжай қара кемпір бар екен, соның ауылынан келеміз», – деп жауап береді.Содан бері Дербіс ауылын көбіне «Қара кемпір ауылы», «Қара кемпір Шеркеш» деп те атайды. Қалай десек те, қай аңызда да ақиқат ұшқыны, шындық шырайының барлығы, оның сол бір қара кемпірдің құрметіне байланысты екені сөзсіз, бұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Халық аузында: «Зылиха қалмақтың қызы екен. Жаугершілік кезінде Дербіспен танысып, ғашық болады да ақыры үйленіп тынады. Күйеуімен бірге талай-талай жорыққа қатысып, жеңіске жеткен», – деп айтады. Ел ішінде «Қара кемпір» атты күй де бар. Көңілді, желдірте орындалатын бұл күй қара кемпірдің жаз жайлауы болып есептелетін. Маңғыстаудың терістік өнерінде әлі күнге дейін орындалады («Ана тілі» газеті, 5.03.1992). Енді Түркеден кім тарайды дегенде, Кедей, Жомарт атты екі бала өседі. Кедейден – Қараша, бірақ Кедей ертерек өліп кетіп, оның әйелін Жомарт алады. Одан Шымбай, Шымбайдан – Бейіс, Бейістен тағысығ тағы кете береді. Ал Жомарттан – Пұсырман, Жақау және қалмақ әйелі Әйтікен Байгөбек туады. Боққара, Тоқсанбай деген ұлдары да болуы мүмкін. Ал Пұсырманның үш әйелі болған. Оның біріншісінен – Бәйімбет, Тұрымбет, Сәмембет; екіншісінен – Жолдымбет; үшіншіден – Жиембет, Ақмамбет туған. Бекпембеттің бейіті Мақаш туып-өскен Сасықтаудың батыс арқа бетінде. Ол осыдан қырық жыл бұрын, яғни 1960 жылдары өзіміз көргенде жерден 2,5-3 метрдей биік, кәдімгідей төрт құлақты там еді. Бірақ құлап, жер бетінен аз ғана биік төмпешік түрінде қалыпты. Ол кезінде XІX ғасырдың орта тұсындағы Батыс Қазақстандағы басқа бейіттер сынды биіктігі 20-25 метрлік шошақ там болғаны белгілі. Ақсақалдар Тұрымбетті де кезінде хан-сұлтандармен иық теңестірген өз заманының озық ойлы зиялысы, халық қамын жеген қадірмендісі деп біледі. Тарихи деректерге сүйенсек, Тұрымбет есімі Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған 1783-1797 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты тарихи құжаттарда жиі кездеседі. Бірақ өкінішке орай, осы ұлы көтерілісті ұйымдастырушы Сырым аты тарихта аталса да, оны қостап, үзеңгілес болған тұлғалар есімдері әлі күнге дараланып, нақты бағасы берілген жоқ. Ал егер өзге елдер тәжірибесіне сүйенсек, тіпті тәуелсіздік алған соңғы 10-15 жылды былай қойғанда, кешегі бір ұлтты ғана алға шығарып, тек солардың «ұлылығын» дәріптеуді нысанаға алған кеңес өкіметі тұсында да олар өз елдерінің тәуелсіздігі жолында жарғақ құлағы жастыққа тимеген ардаларын айрықшалап, лайықты бағасын берді. Солардың бірі, тағдыры да, тамыры да қазақпен сабақтас башқұрт халқының ұлттық батыры Салауат Юлаев болса, олардың жауынгер жолдастары, серіктері туралы талай аталып, талдамалы кітаптар жазылды. Сайып келгенде, осындай игілікті істі біздің де қандастарымыз неге қолға алмайды? Әлде «Қазақстан тарихы. Очерктер” деп аталатын ұжымдық еңбекте айтылған “Көтерілісті зерттеуде бірқатар талас туғызатын проблемалар, шешілмеген қарама-қайшылықты сәттер қалып қойып отыр. Рубасыларының көтерілістегі рөлі туралы мәселе даулы күйінде қалуда» (А., 1994, 211-бет) деп бәрін де аттап өтіп жүре береміз бе?! Асылы бұл тарихшылар алдында тұрған ең өзекті, ақтаңдақ тақырып болса керек. Сонымен жоғарыда айтқанымыздай, Тұрымбет есімі Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысты көптеген тарихи құжаттарда кездеседі дедік. Ендеше ол қандай дәйектер? Жалпы Тұрымбет туралы басқа да деректер бар ма, болса, қандай? Егер Қазақстан тарихы туралы деректерді жіті зерттеген немесе назар аударған жандар болса, Тұрымбеттің XVІІІ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1773-1775 жылдары Сырыммен бірге Ресейде Е.Пугачевтің басшылығымен болып өткен шаруалар көтерілісінің от-жалынында шынығып, өзінің азаттық жолындағы ұлы күреске аса мол дайындықпен барғандығын толық аңғарар еді. Бұл турасында кезінде ғалым Н.Бекмаханова өзінің «Көктемір туралы аңыз» (А., 1983) кітабында Тұрымбеттің азаткерлік қимылдары туралы айта келіп, «Старшиналар Тұрымбет пен Қаржау батырдың және Қадыр Құдайбердиннің қай руға жататындығы анықталмаған» (146-б.) деп келтіреді де, патша жазушыларының қолына түскен Т.Сейітқұлов деген көтерілісшінің осы Тұрымбеттің қарауындағы, яғни онымен бірге Атырау деп аталатын Орынборға жақын жерде көшіп-қонып жүрген тұрғындардың бірі екендігін еске салады. Бұл дерек орыс тілінде шыққан «XVІІІ – XІX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» атты жинақтың бірінші томында нақтылана түседі. Онда «Бұл көтерілісші старшина Тұрымбет Басұрмановтың қол астындағы Тойқұл Сейітқұлұлы болып шықты» (29-б.) делінеді. Мұның өзі есімі кей деректерде Тұрмамбет немесе Тұрмұхамбет, Тормамбет, ал ныспысының бірде Мұсылманов, екіншісінде Басұрманов болып жүрген кәдімгі ата тек шежіресі, тарихтағы бағасын ескерсек белгілі би, сол кездегі ел басқару жүйесіндегі лауазымы ағаман (старшина) Тұрымбет Пұсырманов екені белгілі. Бірақ ол кезінде Ресейдің өмірде қазақ есімін естіп көрмеген бейтаныс адамдарының (писарь) құлағына осылайша түрлі болып естілуі, солайша қағазға түсуі де ықтимал. Болмаса, бір кездері Махамбет, Досмағұлов, Бекпембетов деген есім, ныспылардың бәрі Мұхаммед пайғамбар атына орай орыс құжаттарында Могамед, Досмұхамедов, Бекмұхамедов деп жазылып кеткенін білер едік. Міне, осындай ауыс-түйістер Тұрымбетті де айналып өтпеген. Әйтсе де біз асыл бабамызды өз туыстарының Тұрымбет деп атайтынын ескеріп, дәл сол күйінде алып отырмыз. Тек бір еске салар жәй – Тұрымбет туралы бұрын-соңды зерттелген деректі еңбектердің жоқтығын ескеріп, бұл туралы атыраулық өлкетанушы Аманғали Әміржановтың түрлі басылымдарда жарық көрген зерттеу материалдарын өз деректерімізбен салыстыра отырып, толығырақ бергенді жөн көрдік. Соған сай ойымыз шашыраңқы, жүйесіздеу болса, кешірім өтінеміз. Өйткені әр уақыт нақтылық пен нұсқалық, қысқалықты талап ететін ғылыми деректер (сандар тізбегі) желдірте әңгімелеуге дес бермейді, тіл байлайды, ой тежейді. Шындығында Тұрымбет кезінде өзін білетін рулы елде аты алысқа кеткен, беделді, аузына ел қараған азулы би болатын. Сырым көтерілісі кезінде халыққа әзірейлідей болған Нұралы ханды биліктен кетіруге белсене араласады. Өйткені хан отаршылардың елді қанап-тонауына бәлендей кедергі жасай алмады. «1783 жылдың көктемінде, – деп жазылады «Қазақ ССР тарихы» деп аталған бес томдық еңбектің 3-томында, – олар (отаршы казктар – Автор) қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетті, мұның өзі малдары қырылып жатқан қарапайым мал иелерінің онсыз да ауыр жағдайын ушықтыра түсті» (А., 118-б.) делінсе, осыған қоса Нұралы ханның өзі де отаршылардан әрмен тонайтындығы айдан анық нәрсе еді. Оны барон О.Игельстром аймақтағы көтерілістің себептері туралы патша әйел атына 1785 жылдың 31 қазанында жазған хабарламасында ашық айтқанда болатын. Сол хабарламасында ол қазақтардың ішкі жаққа және қайтадан қырға қарай қолайлы жайылым іздеп көшкен сәттерінде (жергілікті тілде ойға, қырға көшу деп аталады. Автор ханның әрбір өткінші көштен жеке-жеке бір жылқы, бір қойдан алып отырды. Мұның үстіне ханның қырық баласы (нақты деректерде 30 ұл – Ө.Ә.) нақ сол жерге келіп, әрқайсысы өзіне тең үлеске халықтан алым жинайды. Егер кейбіреулер бұл алымға келіспей немесе талап етілген алымды бермей, өз малын айдап жүре берсе, оған ызаланған хан мұндағы шекаралық бастықтарға, болмаса Жайық әскерлеріне ішкі жаққа өткен қазақтарды ұры, шапқыншылық ниеттегі адам деген негізде хабар бергізеді де, нақақтан нақақ ұстаттырып жібереді. Кейін сол сөзге тартылған адамды босаттырып аламын деп параға тұтқындар туыстарынан қыруар мал алады. Олар негізінен жылқы көрінеді (“Материалдар”, 66-б.). Баронның бұл деректері ел ақсақалдарының нақты арыздары негізінде айқындалған жайлар болатын. Міне, сондай талапхаттың біріне Шеркеш руынан Тұрымбет, Еламан билер, Көселе баһадүр, Жарқын байлар қол қойған-ды. Кейін хан патша алдында өз басын арашалап алу ниетінде хат жазып, бар кінәні жергілікті билер мен байларға аударып салған еді. Бірақ бұл шағымның негізсіз екендігін дәлелдеп, ағамандар өз жиналысын өткізеді де осы негізде 1785 жылдың қазанында екінші Екатеринаға тағы да хат жолдайды. Онда басқалармен бірге Нұралының «Ресейліктердің зәбірінен құтқарып алдым» дегенді желеу етіп, Шеркеш руындағы Тұрымбет бидің екі жиенінен елу бие, Таз руындағы Құсайын бидің інісінен 200 қой, 3 түйе және 3 жылқы алды» деп көрсетеді де 17 адам қол қояды. Қол қойғандар ішінде Тұрымбет бидің де аты аталып, мөрі басылады (Сонда, 63-б.). Осы кезде Тұрымбет хан билігінің ізінде құрылған халықтың «Басты ордаларының біріне – Байұлының басты ордасына» ағаман болып белгіленеді. Сайып келгенде, мұндай қызметке отыру ел танып, мойындаған, сөзі өтімді жандардың сайлау негізінде жүзеге асатыны белгілі. Оның үстіне Тұрымбет арғы аталарынан аты ауызға іліккен бірегей де данагөй дара тұлғалар. Кейін осы Тұрымбет тек Шеркеш емес, күллі Байұлы руы расправасының төрағасы болып сайланады. Бұл біздің сөз етіп отырған қариямыздың өз ортасында, қала берді күллі кіші жүз көлемінде айтарлықтай беделге ие болған ерен тұлға екендігін дәлелдесе керек. Осы Тұрымбет би ел қамқоршысы ретінде Нұралы хан балаларының қолында тұтқында қалған Сырым батырды құтқаруға да елеулі үлес қосты. Барон О.Игельстромға осы жәйді айтып, 1886 жылдың 14 тамызында хат жазған 10 би-батырдың тізімінде Кіші жүздің ағасы Алшынның үлкен үйі – Әлім биі – Сегізбайдың қолынан кейінгі екінші болып орын тепкен («Материалдар», 73-б.) де осы Тұрымбет би. Оның өзі көтеріліс кезінде даладағы ықпалдарынан айырылып бара жатқан сұлтандардың Сырымды қапияда қолға түсіріп, бұғаулаумен тынғаны тарихтан белгілі. Бірақ ағамандар қанша бірігіп, уүш көрсетсе де көтеріліс көсемі арада бір жыл өткен соң ғана бостандыққа шықты (Сонда, 115-б.). Әділіне бақсақ, Тұрымбет би халықтың ең өзекті мәселелерін шешу ісінде еш уақыт бой тасалап көрген жоқ. Соның дәлелі 1886 жылдың қараша айында бір сұлтан және 45 би мен батыр патша қамалдарына қашып кеткен құлдарын ортасына кері қайтару жөнінде губернаторға мәселе қояды. Міне, бұл өтініш хатты жазып, мөр басқанның басында сол баяғы Тұрымбет би, әйгілі Қаратау би мен Қарабай сұлтандар (Сонда, 76-б.) жүр. Міне, бұл дерек те біз сөз етіп отырған тұлғамыздың еншісін бөлектеп, еңсесін биіктетеді. Бірақ біз Тұрымбет биге осылай деп сүттен ақ, судан таза жан еді деп баға бере отырып, орыс тарихшылары қалдырған, әйтсе де оның өзі өз заманының бағасы ретінде ескерілген кейбір жайларды да оқырман алдына тарта кеткенді жөн көредік. Бір қарағанды бұл Тұрымбеттің жеке басындағы екі жүзділік емес, уақыт тудырған қиындық, заман ахуалына сай қимыл да шығар. Қалай десек те, бұл профессор М.Вяткиннің «Сырым батыр» кітабында солай бағаланады. Ендеше соларды еске алып көрейік. «Советник Нұрмұхаммед қожа Сырымға дұшпан басқа старшиналардың арасынан мына билерді де атайды. Байұлы әулетінен Сопыра би мен Тұрмамбет биді...» («Сырым батыр», 229-б.). М.Вяткиннің аталмыш кітабына үңілсек, осындай жолдар кездеседі де оқиғаның болу кезеңін 1791 жылға әкеліп тірейді және оның себебін былайша сабақтайды. «Сырым көбінесе старшиналарды қорқыту әдістерін де қолданады... Бірақ старшина тобының басын біріктіру үшін Сырымның осы қолданған шараларының бәрінен де нәтиже шықпайды. Линияға жақын жерлерді қоныстап жүрген беделді старшиналар Сырымға қосылудан және даланың түпкір жағына алысқа көшіп кетуден батыл түрде бас тартады. Бірақ бұл бас тарту оларды жергілікті патша өкіметтеріне еріксіз тәуелді болу халіне әкеліп қояды. Өршіп келе жатқан қозғалыстан оқшау қалуға болмайды. Уақиғалардың дамуы старшиналардың осы тобын патша өкіметтерімен одақтасуға қалай да құлшындырады. Осы айтылған сөз Сопыра би жөнінде де дұрыс келеді. Өйткені ел патша әкімшілігімен жиі-жиі хат жазысып тұрады. Сырымның қозғалысы турасындағы және оны жақтайтын адамдар жөнінде өзі естіген хабарлардың бәрін патша әкімшілігіне жеткізе береді. Осы сияқты іс Тұрымбет би жөнінде де құжат жүзінде мәлім. Сопыра би Орынбордағы шекара істері экспедициясына жазған хатында өзінен басқа ағамандардың да Сырымның хаттарына сенбегендігі туралы мәлім етеді. «Орда Сырымның қолында емес, – деп жазады Сопыра би, – өйткені рулар тыныштық халде отыр. Шөмекей руынан, сол сияқты Шекті руынан Мұратбек пен Сегізбай, Төртқара руынан Қаракөбек, Шеркеш руынан Тұрымбет құрметті Ералы сұлтанға және Түрікменнің Пірәлі ханына осы туралы хат жазған. Қысқаша айтқанда, рулардың бәрі бірауыздан келісті, тыныш отыр. Бұлар Сырымның қызықтырғанына құлақ қоймайды және оның сөзіне сенбейді» (Сонда, 309-б.). Алайда Сырым батыр бұған шыдады, ол өз уақытын күтті. Ақыры 1792 жылы М.Вяткиннің тұжырымдағанындай, «Сырымның тактикасы өзінің күткен жемісін береді. Мысалы, Ералыға қарсы күресу платформасының ол рудың атақты адамдарының кең тобын бірлестіре алады және ханды әжептәуір жалғыз тастауға жетіседі» (Сонда, 321-б.). Халықтық қозғалыстың бұл тұсында Сырымның ықпалымен рубасылары мен билер елдегі басқару ісіне парасаттылықпен назар аудара бастады. Ел жақсыларының 1792 жылдың мамыр айында Қобда мен Елек өзендерінің арасында өткен жиында Ералы мен Есім сұлтанның болуына қарсылық білдіріп, Орын ханша (Нұралы ханның әйелі. – Автор) «балаларының бәрі, әсіресе, атап айтқанда, Янтр (Жалтыр) сұлтан хан болса екен» деген хатты генерал-гкбернаторға жібереді. Оған қол қойғандардың ішінде Шеркеш руынан Тұрымбет би де бар болатын. Бұдан әрі М.Вяткин: «Сөйтіп бұл жиынға кейінгі жылдарда Сырымға ашық жау, бірақ дос болып шыққан старшиналар қатынасқан. Мұндай старшиналар: Бөдене би, Тұрымбет би, Сегізбай би және басқалар», – дейді. Бұдан көріп тұрғанымыздай, уақыт толқынына сай бірде дос, бірде қас боп жүрген Сырым мен Тұрымбеттің арасы ақыры осылайша жақындасады.

Біз келтіріп отырған «Сырым батыр» кітабында М.Вяткин қазақтың игі жақсыларының 4 қаңтар 1794 жылы патшаға жазған кезекті бір өтініш хатында бұрыннан белгілі төрт адамның, оның ішінде Тұрымбеттің де қолы жоқ дейді (321-бет). Бұл дұрыс емес. Шамасы бұған дейін ұдайы Тұрымбет деп жазып келе жатқан профессор өзіне қажетті құжаттардан да осы есімді іздеп, аталған хатқа қойған игі жақсылардың рет санында 54-ші болып және ең дұрыс күйде Тұрымбет деп жазылған есімді аңғармай қалған сыңайлы. Міне, сол Тұрымбет – кәдімгі біз сөз етіп отырған Сырым тұсындағы белгілі би, алымды ағаман, Нұралыға ниеті қарсы келген, Сырымға серік Тұрымбет Пұсырманов. Бір ғажабы арғы-бергі аталарымыздың аузы қисаймай айтып отыратындай әр уақыт атасы тектінің тұяғы да асыл. Мұны жоғарыда айтқан Қойыс, Дербіс пен Түрке, Тұрымбеттің ұрпағы Бекпембеттің өмірінен де көруге болатын еді. Ол да Кіші жүз тарихында, әсіресе Бөкей хан басқарған тұста елеулі орны бар би, ел басқару ісінде із тастаған қайраткер, дәлдеп айтсақ Бөкейдің кеңесші 12 санатының бірі, Шеркеш руының ұзақ жылғы ағаманы. Бекпембет Тұрымбеттің нешінші ұлы екені белгісіз. Бірақ Атырау облысының Жылыой өңіріне аты мәлім шежіреші Ашықәлі Тағанов (1903-1991) берген деректе Тұрымбеттің екі ұлы болған. Оның бірі – Берке де, екіншісі – Бекпембет. Ал осы күні Ақтөбе қаласында тұратын дәрігер, Түрке ұрпағы Саспановтың айтуынша, Тұрымбеттен жеті бала – Еспембет, Құлымбет, Тәттібай, Жұбатыр, Жұма, Әпелі тарайды. Ақтаулық Ибрагим Мұрасовтың айтуынша, Тұрымбеттің төрт әйелінен: 1-ден Еспембет, Құлымбет; 2-ден Жұбатыр; 3-ден Есім; 4-ден Бақтыбай туады. Тағы бір туғандары Пұсырманнан Тұрымбет, Бәйімбет, Сәмембет атты үш ұл өрбісе, Тұрымбеттен жалғыз ғана Еспембет тарайды дегенді айтады. Мейлі, біз бұл арада жоқ жерден талас тудырып, дәл мынауы дұрыс деген баға беруден аулақпыз. Бірақ қаперге салу міндетіміз деп ойлаймыз. Қажет деген жандар нақтылап да алар, оған өз тарапымыздан дауымыз жоқ. Ал біздің айтпағымыз әлгіде қаперге салғанымыздай Бекпембеттің тарихтағы орны несімен бағаланады, соған аз да болса баға бере кету. Тағы да тарихи деректерге назар аударайық. Ол үшін Жоғарыда аты аталған нақты құжат «XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» кітабындағы (І том) Орынбор губернаторы Г.Волконскийге 1805 жылы дайындап берілген «Қазақтың үш жүзінің халықтары туралы жазбада» Орынборда сауда жасап, қыста Жайық шебі бойында жүретін 8000 отбасын біріктірген 8 аталы Шеркеш руының үш ағаманының бірі Бекпембет (орыс құжаттарында «Бекмамбет» – Ө.Ә.) деп көрсетіледі («Материалдар», 515-б.). Шерғазы (Серғазы) сұлтан 5 тамыз 1821 жылы Ресей үкіметінің сыртқы істер басқармасы граф К.Нессельродеге хат жазып, Бөкей Ордасындағы бір топ сұлтан мен ағаманға Жайықтың арғы бетіндегі кең далаға көшіп-қонуға рұқсат беруді сұрайды. Одан көрсетілген рулар тізімінде «Шеркеш руының ағамандары Бекпембет, Ерболат, олардың қол астында 215 түтін бар...»(Сонда, 282-б.) делінеді. Бұл келтірілген деректер Бекпембеттің 1805-1821 жылдарғы өмірінен хабар береді. Бұдан басқа тағы бір мәлімет бар. Бір қарағанда бұл дерек Бекпембеттің кезінде ел үшін қызмет еткен елеулі тұлға және оның өз әкесі сынды отаршылық езгіге оп-оңай бас ие қоятын өңкей ездің бірі емес, есесіне қажет болса, жоғары билік орындарына дейін арызданып, теңдік сұрайтын наркескен ұл екендігін дәлелдейді. Ендеше ол қандай дерек? Әңгіме түсінікті болу үшін әлгідегі тарихи құжатқа үңіліп, тарқата түсейік. Орынбор Шекаралық комиссиясының ассесоры А.Кузнецов губернатор П.Эссенге Бөкей Ордасындағы қазақтар үшін көші-қонатын жайылымдық жерді кеңейту жөнінде ұсыныс рапорт жолдайды. Оған негіз – кейінгі кезде қазақтарға іргелес қонған казактар, ондағы басқа да әлуетті адамдар бұлардың басыбайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, күннен-күнге тықсырып бара жатқандығы себеп көрінеді. Ол өз рапортында, сондай-ақ «Есаул Першанов мынаны хабарлады, – деп жалғастырады, – Новинск батағасының приказчигі 1823 жылғы қыста кеш қонғаны үшін Шеркеш руының ағаманы Бекпембет Тұрымбетовтен қой, басқа да заттармен айып төлеуді талап етіпті. Бірақ жәбірленуші айтқан талапты орындамағандықтан приказчик «Бекпембеттің малы менің жас өскен шөбімді жапырды» деген желеумен қыруар малын қамап, қайтармай қойған және тағы да көлемді айыппұл талап етіп, көптеген қой төлеуге мәжбүр қылған. Менің бұл көрсетіп отырғанымның барлығын және басқа да жәбірін қосып есептеген ағаман Тұрымбетов приказчиктен 471 сом көлемінде ақшалай қаржы төлеуді сұрап, талапхатты берді және айтқандарының бәрін дәлелдеп отыр» - деп жазады (Сонда, 285-б.). Сайып келгенде, бұның өзі Бекпембеттің сонау XІX ғасырдың өзінде қылышынан қан тамған Ресей империясына қасқайып қарсы тұрған қарағайға қарсы біткен еменнің бір бұтағы екендігін дәлелдейді. Әрине, бұл - тарихи деректер. Ал ішіндегі жылдан асып, ғасыр өтіп біздің заманымызға жеткен аңыз әңгімелер не дейді?

Бұл арада біз әңгімені ұзаққа созбай, бір-ақ мысал келтіре кетейік. Әбілхайыр тұқымындағы торсық шеке ұлдардың қай-қайсысы да аталары Шыңғыс хан ұрпақтары сынды хандық таққа қанша таласса да бәріне бірдей бұл атақ тие қоймады. Әкелкрінің басын жұтқан да осы тақ, баққұмарлық еді. Енді ол ішмерез Нұралы ұрпақтарына да ауысты. Өйткені қазақ халқы арасындағы хандық басқару елдің мемлекеттенуге апарар жолының алғашқы сүрлеуі, тұтастық негізі екенін түсінген Игельстром, тіпті, ІІ Екатерина патшайымның өзі Нұралының Ресей билігінен шығып бара жатқандығына көз жеткізе отырып, басқарудың бұл түрін біртін-біртін жою әдісін ойластырды. Бірақ бірден қолға алу қиынның қиыны еді. Әйтсе де ІІ Екатерина 1786 жылы 6 маусымда Нұралы ханды арнайы жарлығымен тақтан түсірді. Әуелі Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер аударылды. Туған жерден аласталынып, ата мұра тақтан айырылған, оның үстіне жасы жетіп, әбден қартайған ханға құсалық қосылып 1890 жылы көктемде қайтыс болды. Арада екі жыл өткенде хан тағына інісі Ералы отырды. Бар-жоғы 3-4 жылда онсыз да мәужіреп ағасының ізін басқан кәрі тарлан дүние салды. Бұдан арғы тақтың кезегі тағы бір таяқ ұстаған қария Айшуаққа (1720-1810) жетті. Бұдан арғы лауазым иесі Нұралы бауырынан тараған тағы бір тарлан, аса дарынды қайраткер, халық деп соққан жүрек дүрсілінен Ресей патшалығы қатты қаймыққан Қаратай сұлтан еді. Бірақ Айшуаққа қарыстан сүйем жақын болып, өлерінде тақ мұрагерлігін ұлы Жантөреге (1759-1809) аманаттады. Сөйтіп, аузы алты қарыс Қаратай далада қалды. Ал мұндай өкініш отыз ұлды Нұралының әр шаңырағында бар еді. Бірақ, «Қос өзен аралығына қоныс тепкен Бөкейге хан атағы беріліпті» деген хабар Нұралы ханның қызғаныштың қызыл иті балтырын қауып, шекелері қызған өзге ұлдарының да құлақтарына жетеді. Кейбірі: «Ол атақ неге ата жұртта жүрген бізге емес, айдаладағы орыстың қолтығына тығылған Бөкейге неге бұйырады?! Жоқ, ол атақты бергізбейміз», – деп түрлі айла-шарғыға көшеді. «Керек десе ол тиесілі сенім грамотасын алуға келгенде қағазын тартып алып, жойып жібереміз» деген де шешім жасайды. Бұл хабар «Орынбор генерал губернаторы қолынан аталған қағазды енді-енді алып келеміз» деп отырған Бөкейдің де құлағына жетеді. Сонда аталған құжатты қалай алмақ? Ханның өзі барса, әлгіндей. Ағайындарын жіберсе тағы сол. Енді қайтпек? Ал егер туғандығына қатысы жоқ өзге, сенімдірек адамдарды жіберсе ше? Осы оймен Бөкей сұлтан өзіне қараған билік басындағы ағамандар мен еті тірі құзырлы жандарды жинап, өз өтінішін білдіреді. Мақсат – губернатор қолынан сенім грамотасын алып келу керек. Бірақ өз ағайындарынан әлгіндей күдік бар. Ендеше мысықтабандаған қимыл, жүрек жұтқан батылдықпен аталған құжатты бұның қолына жеткізуі керек. Осынау алыс жолдағы жауапты тапсырманы орындауға кім қолайлы? Бір ескерер жәй мұндай іске топталып, нөкер боп жүрудің еш қажеті жоқ. Бар-жоғы екі-үш адам және олар жоғары мәртебелі ағзамға жергілікті басшылық үстінен арыз айта барыпты-мыс. Мәселе – жер дауы, елдегі ұрлық-қарлық, барымта. Алғашқыда табиғаты өтірікке құрылған, бірақ түпкі мақсатты қауіп пен қатерге толы сапарға ешкім де бас байлап, бәйге тігіп шыға алмайды. Түрлі сылтаулар көбейіп, қара аспан төндіріледі. Ақыры адам өлімі, арттағы ағайынның қан жұтуына әкелінеді. Осы кезде әлгі айтқан 12 санаттың бірі, Шеркеш руының ағаманы Бекпембет ортаға қамшы тастап «Хан ием, қасыма еті тірі, бірақ сырт келбеті елеусіздеу екі жігіт беріп, астыма қаба жал, қаба құйрық, белбірек күрең ат мінгізсеңіз мен-ақ бел байлап, бас тігейін» дейді ғой. Қалғандары: «Қандай уәжің бар, жер мойнының ұзындығы Орыбордың осы жерден алыстығын былай қойғанда бас кететін қанды сапардан қалай ғана аман-есен оралмақсың? Ең бастысы, Еділ-Жайық екі өзен бойында қағазың ғана қару болып, құжатың билікке айналған орыс-қазаққа көзір болар дүниені мұртын қисайтпай қалай жеткізбексің, соныңды айт!» – деп отырып алады. Бірақ Бекпембет би оларға тіс жарып, тіл қатпайды. Сөз бастап, талқы өргізбейді. Өйткені үй сыртында құлақ бар. Сырттағы жаудың іште де отырмасына кім кепіл. Қалай дегенмен жан тәтті. Сондықтан ауызға түскені: «Уәде – уәде. Дәм бұйыртса жетерміз. Таусылып жатса – қайтерміз» болып, ұзақ жолға аттанып кетеді. Сөйтіп межелі жерге, еменді есікке де жетеді. Тиесілі төреден қажетті құжатты да алады. Содан оны теріге тігіп, айғырдың қалың құйрығын тілген күйі ортасына орап тастайды. Әйтседе аңдуда да қапы жоқ екен, түнделетіп жолға шыққан Бекпембетті қалай да қолға түсіріп, жауаптайды:

- Қай өңірдің қазағы едіңдер?

- Еділ бойы, Бөкей ордасының.

- Қайдан келесіңдер?

- Орынбордан.

- Бұл жақтағы қызмет не?

- Жандаралға арыз айта келдік.

- Ат арытып, табан тоздырғандай ол не қылған арыз еді?

- «Малымыз шыртадан өтіп, шөбімізді жапырып, балығымызды үркітті. Буаз балықты іш тастатты, өрісінен бездірді» деген орыстар қорыққа түскен түлікті қайтармай қойғаны өз алдына. Оның үстіне тағы да үйіп-төгіп айыппұл салды.

-Тағы не бар?

- Ештеңе жоқ.

- Бөкейдің өзі қайда?

- Елінде, ауылында.

- Шыныңды айт! Өзі осында келмеді ме?

- Жоқ.

- Хандық қағазын алмады ма?

- Білмедік, хабарымыз жоқ.

- Неге?

- Біз жай халықпыз. Ол жәйлі бізге мәлімдемейді.

- Жоқ сендер жәй жүрген жоқсыңдар...

Бұлардың әлгіндей мәймөңкесіне құлақ асып, сене қойған қарақшылар жоқ. Түн іші болса да бөкейлік үш «арызқойды» әрі түртті, бері түртті. Тіпті үсті-бастарын тінтудей-ақ тінтіп бақты. Тебінгінің асты-үсті, тоқымның ортасы, ердің қасы мен қапталының арасы, көпшіктің мамығы, таралғының арасы бәр-бәрін тарақтады. Бірақ ат құйрығын тазалаған бірі жоқ. Сөйтіп ол Бөкейдің хандық құжатын аман-есен өз қолына табыстайды. Әрине, бұл өтірік пе, шын ба, бөкейліктен бір ағаман келді деп қолына патша қол қойған бұйрықты жәйдан жәй ұстата салу ол кезде мүмкін бе, жоқ па, олай болса Орал жанындағы хан тоғайда зеңбіректен оқ атып, оған өле, өлгенше жатып келіп неге құрмет көрсетілді. Ол жағын ақи-тақи біліп жатқан біз жоқ. Бірақ бір нәрсе анық, ол – Бекпембет көп тобырдың қатарында ит мініп, ирек қамшылап жүрген, асығы алшысынан түскен ағамандардың бірі емес. Жұмсасаң – жұмысқа, сөйлессең әңгімелесуіңе жарайтын өз ортасының бойы ұзын, ойы терең алыптарының бірі болғандығы. Сайып келгенде, әлі күнге ел ішінде Тұрымбет айтқан, Бекпембет айтқан деген неше түрлі билік сөздер бар. Олар негізінен біз айтып отырған жандардың мемлекеттік қоғамдық істерге араласы, дау-жар шешкен әділ қазы, би, адам тани білетін көреген жандар екендіктерін білдіреді. Бекпембеттің елге танылған би, қара сөзден май қалқыған шешендігін кейінгі жылдары жарық көрген Х.Мадановтың «Кіші жүздің шежіресі» (А., 1994), «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (А., 1988), «Ел аузынан» (А., 1989) және басқа да кітаптар, мерзімдік басылымдар беттерінде жарияланып жүрген сөздерінен де аңғаруға болады. Ал одан әрі өрлесек, тегінде Қаракемпір Шеркеште Бәйімбеттің беделі үстем. Оған дәлел арғы-бергі ақындардың айтулы жыр жолдары.

Мәселен, әйгілі Мұрат (Мөңкеұлы) ақын:
...Би өлмейді демеңіз,
Шежіредей тілі сайраған,
Сөйлесе жұртын байлаған,

Қараоразда Тоғайбай,
Қадірқұлда Жаңабай
Аузына арам салмаған,
Ортадан пара алмаған.

Жауғаштыда Қазыбек,
Қаракемпір Бәйімбет.
Беріште Есет, Айтуар,
Анай туған қарқуар.

Солардан қалған бұл дүние,
Өлімнің сондай жәйті бар, –
десе, белгілі шайыр Ығылман Шөреков былай деп толғайды:
...Солардың жүрген ізімен,

Жауға жетті-ай Қазыбек.
Дуалы ауыз Дәуімшар,
Қаракемпір Бәйімбет,
Қараоразда Қаратау,

Ханменен қарсы болса да,
Қалмаған сөзге кідіріп.
Бұлардың басқан іздерін,
Әйгілі Есет, Айтуар

Және Байпақ, Жақсымбет,
Би Қоңыр мен Өтеміс,
Адалдаған атын қалдырып.

Бұған қарап Бәйімбеттің кезінде өз ортасында билігі басым, белгілі адам боп өткенін байқауға болар еді. Жоғарыда айттық, Қойыстың қашаннан бергі мекені Доссордың теріскейіндегі Білеулі деп аталатын жер. Ал олар Жайық өзенінің Еділ жақ бетіне қалай өтіп кетті? Әлде бәрі де сол баяғы Бөкей сұлтан бастаған ұлы көшке байланысты ма?.. Жоқ, бұл ретте тағы да аңызға ерік берейік. Зылиханың ересек балалары Дербістің жас тоқалы Рахилаға күн көрсетпейді. Ақыры оны жеке отау ғып, ауылдан асыл, елден шалғай жерге отырғызып қояды. Сөйтсек жұртшылық аузында «Дербістің осы тоқалы елден ерек ақылды, керек десең ұстап берер әулиелігі бар» деген сөз жүреді. Ол күндер өте Дербістің де құлағына жетеді. Дымы ішінде жүрген батыр бұл жайлы еш адамға тіс жармайды. Бірде Дербіс алыс жорықтардан шаршап, шалдығып оралса, Рахила ренжіген күйі мұңайып отыр екен. Күйеуі бәйбішесі мен балаларынан тағы бір сойқанның болғанын біле қояды да, ештеңе білмеген сыңайда «Шөлдеп келдім, сусыныңнан берші» деген тілек айтады. Рахила қымыз толы сабаны пісіп-пісіп жібергенде ішінен екі үйрек ұшып шығып, түндіктен көтеріліп батысқа қарай бағыттайды. Қабағы қатыңқы келіншек осы арада сыр ашып: «Отағасы, сізге бала да, балаларыңыздың анасы – бәйбішеңіз де қымбат екенін түсінемін. Әйтсе де менің де орным бөлек шығар. Бірақ бұдан әрі шыдауға еш төзімім жетпейді. Өйткені өзіңіз ұдайы жорықта жүресіз, ал балаларыңыз болса, ылғи да нақсүйер (халқымызда төртінші әйелді осылай атайды) тоқалдығымды бетіме басып, бейкүнә өмірімді сиырдың бүйрегіндей бөлшектеумен келеді. Ұлықсат болса осы қос үйректің ұшқан бағытына қоныс аударсам ба деп отырмы», – деген екен. Бар жайдан хабардар батыр ұзақ ойланыстан соң ұлықсатын беріп, тоқалын барлық қызметші, күңдерімен бірге 80 үй, 80 мың мал бөліп беріп, көшіріпті деседі. Бұл арада Рахила анамыздың бірден Еділ мен Жайық сынды қос өзен орталығына топ ете түспегені белгілі. Олай десек, тарих алдында ақиқаттан аулақтап кетеміз. Алайда әуелі бастағы қоныстан батысқа ірге көтерудің өкше ізі осы аңыздан басталуы да ықтимал. Ал шеше жағына келсек, Мақаштың анасы Қызылқұрт (Соба тармағы) руында аты шыққан Жұбаныш* бидің қызы екен. Аты – Қамқа. Жұбаныш өз дәуірінде ауылы аузына қараған би, даланың данасы атанған сұңғыла жан болса керек. Бекпембет Жұбаныш ауылына құда жіберерде ел ішінде «Бекей айтса – бекер айтпайды» деп қадірлеген Бессары Беріштің белгілі биі Бекейді шақырып ап: «Сенде бір елдің еркесі, айтар сөздің серкесі едің ғой, Жиделідегі Жұбаныш бидің ауылына барып қайт, меселіңді қайтармас», – деп қолқа салады. Мұны естіген Бекей әзіл-шыны аралас: «Әлде Жұбаныштан басқаның қызы құрып қалды ма, осы ауылда да ақыл-есі дұрыс, көрік десең – көркі, төркін десең – төркіні бар төредей балалар аз ба еді?» – десе керек. Сонда Бекпембет: «Жоқ, Бекей, халқымызда қыздың шашы ұзын әрі сирек болса, ол келін боп түскен ауылдың елін де, жерін де сыйлайды. Сондай-ақ, ол қарсы келген адамына ежірейіп емес, елжіреп, құрметтей қараса, ата-енесін де, ерін де сыйлайды. Ал болашақ келіннің жауырыны жалпақ, ту сырты тұтас құлын мүсін болса, одан туатын ұл ақылды, қыз сұлу болмақ деген сөз бар. Мен осы қасиеттердің бәрін де Жұбаныш бидің қызының бойынан көргендеймін. Асылы, түйсігім алдамас, барып қайт!» – деген екен. Сөйткен қыз ақ сүт берген ата-анасының алдынан Бекпембет жағына аттанарда әкесі: «Ал, балам, қыз табиғатына сай ұзақ жолға аттанып барасың, бізге айтар не сыр, назың бар?» – дегенде: «Әке, бәріне де ризамын, бірақ бір ғана өкінішім бар, айтпаймын», – деген екен. Бұл сөз сол бойда Бекпембеттің құлағына да жетіпті. Жұмбақ сырын тез ұққан ұлағатты қария алғашқы шайын құйып отырған келініне: «Шырағым, қонақтар тарамай тұрып сұрарым бар. Сен туған ауыл құшағынан осы жаққа ұшарыңда: «Бәріңе де ризамын, тек бір-ақ өкінішім бар» деген екенсің, айып болмаса ол неткен өкініш, мәнісін түсіндірші», – дейді. Шай құйған жас келін имене отырып: «Айыбы жоқ, ата, сұрағыңыз орынды. Сүт ұямнан аттанарда ата-анамның алдарына шақырып ап: «Қыз бала әуелден жат жұрттық екені рас, біз қолымыздан келгенше тәрбиеледік. Міне, жасауыңды джа жасап ұшырғалы отырмыз. Бұдан былай сенің отбасылық, отаулық өмірің басталады. Бізге не айтасың, нені жетістірмедік, не болмады, бәрін де айтып кет», – дегені рас. Сонда мен жоғарыдағы келтірілген сөзді айтқанмын. Оның мәні – ата-ана қасында жүргенде өзімнен кішілер былай тұрсын, үй іші, үлкендердің өзі басына іс түскен қиын сәттердің бәрінде де менен ақыл сұрап, кеңесіп отырушы еді. Бұдан былай жеті атасынан би, аузы алты қарыс атақты ауылға келін боп барғанда кім менімен ақылдасады, осы қыздың жібі түзу сөзі бар еді деп кімдер еске алады деп мұңданғаным ғой. Ақыры өз пікірім ішімде, тірі жанға айтылмай өледі-дағы», – деген екен. Бұған қатты риза болған Бекпембет: «Е, келінім-ай, мен де солай топшылаған едім. Ойымыз бір жерден шыққан екен. Бірақ қапаланба, біз де ет пен сүйектен жаралған жанбыз. Соған сай кейде өз ақылымыз өзімізге жетпей, өзгеден көмек күтетін кездеріміз де болады. Ондай да өзің сынды ақылгөй келіндеріміз болса, несі айып. Қайта маңдайымызға осындай келін кезіктірген тағдырымызға мың да бір рақмет! Дегнемен, осы арада айтатын бір өтінішім бар. Ол – мынау өз үйім, анау өзгенікі деп айырма, бәрі де біздікі десең болғаны», – деп ақ батасын беріпті. Кейіннен сол Қамқа Бекпембет ауылының би келіні аталып, күллі жұртқа аты қалады. Міне, осындай тұқым, осындай ортада туған Мақаш әуелгіде өз ауылында молдадан сауат ашып, артынша хан Ордасындағы Жәңгір мектебі, кейін Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан білім алады. Әңгіме орайында Жәңгір хан туралы бір ауыз сөз. Рас, қайта құру, тәуелсіздік кезеңіне дейін қайсыбір тарихи тұлғаға олардың тегі мен табына қарай ден қойдық та, соған сай олардың ел алдындағы елеулі еңбегін ескерусіз қалдырып келгенімізді жасыруға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, Жәңгірдің үстем тап өкілі және қалың қазаққа сол таптың зілмәуір тізесін салмақтай батырғанын ешкім жоққа шығармайды. Ол Астрахан генерал-губернаторы Е.С.Андреевскийдің үйінде он жыл бойы тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару әдісін үйренді. Осындағы әскери училищені тәмамдап, орыс, неміс, француз, араб, парсы тілдерін меңгереді. Бар-жоғы қырық беске жетер-жетпес ғұмырының (1801-1845) жиырма жылында хан тағына отырып, ел биледі. Жәңгір шын мәнінде Бөкей ордасындағы оқу-ағартуды қолға алып, онда денсаулық сақтау мен табиғат қорғау ісіне белгілі дәрежеде тер төккен жан. Бұл туралы кезінде орыстың белгілі шығыстанушысы, библиограф және этнографы А.Е.Алекторов: «Жәңгір ханды жақсылықпен еске түсірерлік жайттар да бар. Мұсылмандықпен қатар, ол нағыз ағарту ісінің бастамасын қалады... Жәңгірдің өз қолымен жазған қағазынан ханның жеке өзінің ғана емес, бүкіл Ордадан Патша Императордың атына қырғыз балаларына орман шаруашылығы институтына және басқа да оқу орындарына қабылдауға рұқсат ету туралы өтініш бергені белгілі. Жәңгір бірнеше рет, ерекше сеніммен ғылымдардың қырғыздар үшін пайдалы екенін айтады, оның айтқаны соншалықты, тіпті, кейінірек ордалықтарды басқарып отырған орыс шенеуніктері олай айтқан жоқ еді, олардың Бөкей қырғыздарының оқыған не оқымай қалатындықтарында еш шаруасы жоқ сияқты болып көрінетін», – деп жазған болатын («Қазақтар». А., 1998,7-т., 7-бет). Ол жерлестерін отырықшылыққа үгіттеудің берік негізі ретінде Жасқұс құмының қолайлы қойнауында, Байтоқ ақын айтқандай, «Сонау тұрған Нарында, Нарынның қызыл құмында алпыс бөлме, жүз есік Хан ордасын» салдырып, Орда қаласының іргесін қалады (1826). Бұл оның хан тағына отырғанына үш жыл толмай жатып қолға алған шаруасы еді. Сайып келгенде, сол Орда кейіннен қос өзен аралығындағы көрнекті мәдениет, сауда-саттық, экономикалық орталық болып саналды («Егеменді Қазақстан» газеті, 20.06.1991). Кезінде Жәңгірдің тікелей араласуымен Орда қаласында екі кластық жоғары бастауыш мектеп пен қыздар мектебі, қазақ, татар балалары оқитын дербес бастауыш мектептер, хан, татар мешіттері ашылған. Сондай-ақ, мұнда баспахана, тері илейтін, киім тігетін шеберхана мен ұста дүкендері, наубайхана жұмыс істеген. Сондағы Жәңгір заманында тұрғызылған Казначейство (банк) үйі әлі күнге дейін бар. Қазір онда Орда тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан. Орда XІX ғасырдың екінші жартысы мен XXғасырдың алғашқы ширегінде орыс патшалығы, оның қалаларымен қарым-қатынас орнатуға қолайлы қала болып есептелінді. Соған сай Еділ мен Жайық аралығындағы қазақ халқының тұрмысы мен салты, табиғаты мен өмірін зерттеуге ниет еткен зиялы ғалым атаулының бәрі алдымен Жәңгірге соғып, оның ақыл-кеңесін тыңдайтын болады. Ал Г.С.Карелин1 сияқты орыстың белгілі ғалымы онымен көңіл жықпас дос еді. Мүмкін соның жарқын көрінісі шығар, хан өз үйінің бір бөлмесін ғалымға әдейі жұмыс істеуге береді. Жалпы Бөкей Ордасында, оның жалпақ, жалаңаш, аққұмды кең даласын эрозиялық тозудан сақтау, ол үшін мелиорациялық жұмыстар жүргізу, жасыл белдеу тартып, қарағай, терек, тал, шілік, жиде, мойыл, итмұрын, тораңғы сияқты шөптер мен ағаштар отырғызуды Жәңгір алғашқы күннен қолға алып, жүзеге асырған. Бұл мақсатта арнаулы орман шаруашылығы техникумын аштырып, егер бітіруші мамандық шыңдау жылдарында (екі жыл) Орда өңірінде пайдалы шара ұйымдастырып, нәтижеге қол жеткізбесе, мамандық куәлігін бергізбеген. Жәңгір хандық құрған және кейінгі жылдарда (Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарына дейін) Ордада Ресей мен Азияның кейбір елдерімен алыс-беріс, сауда-саттық қатынас өрістеп, жәрмеңкелер қызған. Олар жылына екі рет – көктем, күз маусымдарында (7-25 маусым, 14-25 қыркүйек аралығында) өтіп, «Хан жәрмеңкесі» деген атақ алды. Жәрмеңкеде сауда-саттықпен қатар ашық алаңдарда алтынқабақ ату, балуандар белдесуі, аударыспақ, ат шабыс, ақындар айтысы, шешендердің сөз жарыстыруы, өнерпаздар сайысы, яғни түз адамдарының бой жазып, рухани ләззат алуына толық мүмкіншілік жасалынған. Осы арада жоғарыда аталған «Жәңгір мектебі» деген тіркестің өзі қалай туды дегенде оқырман алдында жоғарыдағы Неплюев кадет корпусының түгелі М.Бабажановтың: «Соңғы кездері, Жәңгір Бөкейұлы хан болып бекітілгеннен бастап, біздің оқып, білім алуымыз едәуір әрі кеңірек көлемде ілгері басты. Осы ханның ықпалымен және жәрдемімен, сондай-ақ басқа жағдайларға байланысты ордадағылар сауаттылықтың қажеттілігін түсіне бастады.

_____________
1 Зерттеу еңбек соңындағы «Түсініктерді қараңыз».

Шәкірттер мен оқытушыларды қолдап, демдеп отыру үшін марқұм көп ақшасын да, өзінің күш-жігерін де аямай, білімнің пайдасы туралы ордалықтардың құлағына құюмен болып еді. Өз ордасында ол мектеп ашып, онда алыс адамға дейін мұсылманша оқыды, орысша қара танып, бір жағынан орыс тілін үйренді. Бұл мектеп «Жәңгір метебі» деген атпен Ордада әлі күнге дейін бар», – деген жолдарын көлденең тартуға тура келер еді (“Қазақ әдебиеті” газеті, 27.09.1991). Осы өңірдегі Мақаш оқыған бірден-бір білім ұясы жұмыс істеген 169 жыл уақыт ішінде халқымыздың жүздеген, тіпті мыңдаған ұлдарының санасын оятып, зердесін өсірді. Олардың өмірді танып, білуі, түрлі қоғамдық көзқарастарды алаңсыз ажырата алуларына себепші болды. Сөйтіп аталған мектеп қабырғасынан халқымыздың тарихында аттары алтын әріппен жазылатын ондағы алып тұлғалар қалыптасып, түледі. Мектеп 1841 жылдың желтоқсан айында, дәлдеп айтсақ, алты жаңасында ашылды. Одан бері оның класс бөлмелерінен білімге деген құштар жандардың күміс күлкісі сәтке болса да толастап көрген жоқ. Аталған жылдар ішінде оның құрылысы мен ресми аталуында өзгерістер болды. Қарағайдан қос қабатты етіп, шатырлап салынған бұл үй ілкіде бастауыш мектептің дәрежесінде білім бергенімен, кейіннен 1848 жылдан бастап Халық ағарту министрлігінің қаражатына көшіріліп, екі кластық училище деңгейінде кеңейтілді. Ал 1853 жылдан орта мектептің, яғни сол кездің тілімен айтсақ, гимназиялық бағдарлама негізінде білім беретін оқу орны болады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында осы мектеп базасында республикада алғашқы рет жоғары дәрежелі – Бөкей ағарту институты жұмыс істеді. Бірақ жаңа үкіметтің оған қажетті маман, керекті қаражат жағынан дұрыс көңіл бөлмеуі салдарынан ол үш жылдан соң, яғни 1923 жылдан бастап педагогика техникумы, педагогикалық курс болып қайта құрылды. Кейіннен мектеп өзінің сол бұрынғы оқу-материалдық базасы, оқытушы-ұстаздар құрамы негізінде жалпыға бірдей орта білім беретін оқу орны ретінде өз қызметін жалғастыра берді. Аталған педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған ұл-қыздар кейіннен Батыс Қазақстан, Атырау, Астрахан, Саратов, басқа да облыстардың ауыл-селоларындағы мектептерде, мемлекеттік басқару ісі, шаруашылық жұмыстарына араласып, жемісті еңбек етті. Жәңгір мектебі әу баста да, кейін де Бөкей даласында ашылған учаскелік, болыстық, ауылдық мектептер үшін әдістемелік нұсқау беретін, оқу-ағарту қызметінің тәжірибесін жинақтап отыратын орталық рөлін атқарған. Соған сай ол ілгеріде «Орталық мектеп» деп те аталған көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай, Жәңгір мектебі* қазақ топырағындағы жергілікті халықтың ұл-қызына орыстың ілім-білімі мен еуропалық тәрбие берген алғашқы із ашар мектеп. Ендеше осындай мектепті ашуға не себеп болған? Осы орайда 1892 жылы Орынбор округі бойынша циркулярының бірінші нөмірінде жарық көрген «1891 жылдың 6 желтоқсанында Ордадағы екі жылдық қазақ-орыс училищесінің елу жылдық мерейтойын тойлау» атты мақаланы ойға оралтуға тура келеді. Аталған мақалада мерейтойда сөйлеген жандардың сөзінен үзінділер келтіріле отырып, бір шешеннің содан елу жыл бұрын Ішкі қазақ ордасының ханы Жәңгірдің 1841 жылдың 10 қазанында ағайыны және кеңесшісі Шүке Нұралиевке жазған хатын еске алады. Онда Жәңгір: «Қазіргі кезде оқып, жазып қана қоймай, түрлі ғылымдарды да меңгеру қажет екендігі, онсыз тәңірінің өзі бізге сыйға тартқан әділет заңын жақсылап үйрену, әсіресе, орысша білмей тұрып, Ордада жақсы лауазымды шенеунік болу мүмкін емес екені өзіңізге аян... Осының ақиқатына көзім жеткеніне өзімнің сүйікті ұлым, хан тағының мұрагері Сақыпкерей сұлтанды жастығына, шешесінің жылап-сықтағанына, бауырының өліміне, әжептәуір қаражат шығынына қарамастан Ұлы императордың пажкорпусына оқуға бергенім дәлел бола алады. ...Биылғы жылы мен өз Ордамда училище ашқалы отырмын және өз балаларын онша қымбат емес ақымен оқытқысы келгендердің бәрі де маған өтініш білдіре алады. ...Егер ғылым қазірдің өзінде соншалықты зор пайда келтіріп отырса, онда біздің немерелеріміздің онсыз жақсы ғұмыр кешуі тіпті де мүмкін болмақ емес. Барлық ынта-құлшыныстың, ақшалай шығынның қай-қайсысы да, егер бұлар жастарды оқытуға жұмсалатын болса, жүз есе артығымен өтеледі», – деп жазады (К истории развития школьного дела в Киргизской Букеевской орде //Оренбургский листок, 1890, № 50). Ал, шындығында, Жәңгір хан 1826 жылдан бастап Орынбор ұлықтары мен соғыс губернаторы Петр Кириллович Эссенге қазақ балаларын Қазан университеті мен Орынбордағы Неплюев кадет корпусы, болмаса басқа да қалалардағы жол қатынасы, орман, инженерлік училищелерге қабылдау үшін, бұл балаларға өзі тұрған өңірде еуропаша білім беріп, әлемдік ғылымдармен сусындататын мектеп ашу керектігін айтып әлденеше рет хат жолдағаны белгілі. Бұл өтінішке аталған аймақтың басшылары аса бір қарсылық білдіре қойған жоқ. Өйткені қазақ жастары арасынан орыс патшалығына адал қызмет ететін сенімді шенеуніктер даярлап, солар арқылы олардың туған халқын да ноқталап, тұқырту, сөйтіп отарлау саясатының шеңгелін батыра түсу пиғылының тұрғаны ақиқат еді. Бұл тілек орындалады да. Соның нәтижесінде аталған ұя дүниеге келеді. Бірақ мектеп әкелген жақсылық көп, тіпті сол тоқсаныншы жылдардың өзінде оның меңгерушісі болған И. Данилевский: «Білімнің пйдасы мен мәнін өзі ғана түсініп қоймай, орайы келген сәттің бәрінде қол астындағы қазақтардың бұған көзін жеткізуге тырысқан оқымысты Жәңгір ханның ойы мен жоспары бойынша өмірге келген мектеп өз қызметінің алғашқы кезінде-ақ белгілі дәрежеде орнықты даму деңгейіне жетті», – деп жазса, оған еш таңдануға болмас еді («Социалистік Қазақстан» газеті, 23.04.1991).

_________________
* Жәңгір мектебі қазір де солай аталады.

Өткен 169 жыл мектеп үшін мәртебелі кезең болды. Мыңдаған шәкірт оның қасиетті партасына отырып, әлемдік ғылым-біліммен сусындады, дүние көзін ашты. Солардың ішінде есімдері кешегі кеңес үкіметі былай тұрсын, патшалық Ресей тұсында да танымал болып, ұлы адамдар қатарына қосылғандар аз емес. Олар қазір де мектеп мұражайының қақ төрінде орын тепкен, өңірлерін ордендер мен медальдар басқан, оқалы киімдер генералдар – Ғұбайдолла Жәңгіров3 пен Рамазан Құрманғалиев4 және Шәкір Жексенбаевтар5. Бірі патша, екеуі кеңес өкіметі кезінде Отанның адал ұлдары атанған абзал жандар. XІX ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдары Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері, математика, заң факультеттерінде оқып, білім алған Бақтыгерей Құлманов, ағайынды Батырқайыр, Әбділкәрім Ниязовтар, Тарту университетінің түгел Сәлімгерей Нұралыханов, Қазан, Саратов университеттерінің медицина факультетін тамамдаған Мәжит Шомбалов, Мақмұт Шолтыров, Батырғали Жүсіпқалиевтар да алғашқыда осы мектепте сауат ашып, білім алған. Бұлардан соң тағы да жұлдыздары жарқылдап екі батыр тұрар еді. Олар осы мектептің түлектері – Кеңес Одағының Батырлары Темір Масин мен Ахмедияр Құсайынов. Олар кешегі Ұлы Отан соғысында теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, елінің біртуар ұлдары атанды. Сондай-ақ, қазақтың екінші Шоқаны деп атауға толық хақымыз бар, қастерлі тұлға Мұхамед-Салық Бабажанов6 пен атақты ақын Шәңгерей Бөкеев те осында әліппе танып, әріп жүргізді. Қоғам қайраткері Алма Оразбаева, халқымыздың алғашқы инженер қызы Мәдина Бегалиевалардың осы мектепте оқығандықтары мақтаныш емес пе?! Кеңес үкіметі кезінде Жәңгір мектебінен білім алған шәкірттерінің көбі ғылым саласында тер төгіп, елге танылған ғалым атанды. Әрине, ондайлар көп-ақ. Дегенмен, Ерден Әзірбаев, Ғақаш Бияшев, Фазыл Мұхамбетғалиев, Асан Тайманов сияқты академиктерді ерекше атап өтпеске болмайды. Жәңгір мектебі алғаш рет есік ашқанда оның партасына жасы да, жағдайы да түрлі-түрлі 12 бала отырды. Аталған мектеп әу баста 30-40 балаға арналып салынған еді. Бірақ бұрын-соңды балаларын бауырларынан ұзатып көрмеген қазақтар алғашында бұл жаңалыққа көндіге қоймады. Әйтседе араға екі-үш жыл түскенде Жәңгір мектебінің парталары шәкірттерге нық толды. Ал жоғарыдағы 12 баланы Жәңгір таныстық, бағыныштылық сипатта оқытуға талап ету нәтижесінде тартқан еді (Зиманов С. «Россия и Букеевское ханство», Алматы, 1981, 141-б.). Соған сай мектепке қабылданғандардың ересегі 22 жаста болса, кішілері Мақаш пен Мұхаммед-Салық 10-11 де еді. Жағдайына келер болсақ, біздің бұған дейін айтып келгеніміздей, барлық жерде шылқыған бай, езуінен уыз төгілген ақсүйектердің ғана емес, шамасы келіп шарғасы тартқан шаруалардың балаларының да жолы болды. Яғни Жәңгір әу бастан мектеп ашқанда тек игі жақсылықтардың ғана емес, тағы да қайталап айтамыз, оқытуға халі тартқандардың балалары да оқитындығын ескерткен. Оны жоғарыда келтірілген Жәңгірдің Шүкеге жазған хатындағы: «...өз балаларын орташа ақымен оқуға берген тілек білдіргендердің бәрі маған өтініш жасай алады» деген жолдардан да аңғаруға болатын еді. Сайып келгенде, бұл қағида Қазан төңкерісіне дейін ұсталынып келген. Сөзіміз дәлелді болу үшін мектеп мұражайында сақталған мына бір құжатты, яғни «...оның 1911 жылғы түлегі, кейіннен азамат соғысына қатысқан, Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі Ахметфайыз Жүсіпұлы Тәжетдиновтың Байгерім ауылынан, кедей шаруаның баласы, 1905 жылдан бастап 1911 жылға дейін Хан ордасындағы 4 жылдық учелищенің толық курсын бітірді» деген жолдарды келтіруге болады. Мақаш 1841-1845 жылдары осы Жәңгір мектебінен білім алды. Сахарада аң аулап, мал баққан қазақ баласының ғасырлар бойы қалыптасқан ой-өрісі мен түсінігінің өзгеріп, болашақ қоғамдық санасының орнығуына бұл мектептің әсері мол болды. Алғашқы күннен білім бұған дейінгі арабша қара танытып, не Құран сүрелерін жаттатып қою ғана емес, таза еуропалық тілді және ежелгі шығыстық діни ілім-білімді де үйретуге негізделген (1851 жылғы 23 желтоқсандағы Уақытша Кеңеске берілген ақпар мәліметте Ішкі Ордада сол кезде 125 мешіт, 130 молда болып, былайша айтқанда, әр мың тұрғынға бір молдадан келген. – Ө.Ә.) жаңа үлгіде, арифметика, жағырафия, тарих, орыс тілі сияқты негізгі пәндер бойынша сабақ жүрді. Сонымен қатар мұнда жастарды адамгершілік пен имандылыққа баулитын Шығыс халықтарының мәдениеті мен өнерін, тарихын үйретуге негіздейтін тағылымды діни оқулар, араб, татар тілдері оқытылды. Онда бұл елдердің ерте дамыған жазу, сызу, баспагерлік ісі жәйлі кеңінен әңгімеленді. Аталған пәндерден Орынбор мен Қазан, Астрахан қалаларынан әдейі шақыртылған Константин Ольдекоп, Садриддин Әминов сынды ұстаздар сабақ беретін еді. Бір қуаныштысы – қариялар әңгімесі мен тарихи құжаттарда айтылатынындай, Жәңгір мектепті үздік бітірген түлектерді осында алған білім аясында қалдырып қоймай, Ресейдің Санкт-Петербург, Саратов, Қазан, Орынбор, Омбы сияқты қалаларындағы ірі-ірі оқу орындарынан жіберіп оқытқан және оларға арнаулы стипендиялар төлеп тұрған. Мәселен, кейін Ордада уақытша Кеңес төрағасының кеңесшісі болатын Д.Қосуақов Қазан университетін, жоғарыда айтқан Б.Құлманов Санкт-Петербург университетінің Шығыс тілдері факультетін, жеті түлек Стамбулдағы діни семинарияны бітіреді. Ал, Ғабдулғазиз Мұсағалиев деген жас Мысыр шаһарындағы дарулфанниннің (университеттің) толық курсын, тағы бір университетті бітіріп, Шығыстың сегіз тілін меңгерген. Біз сөз еткелі отырған Мақаш Бекмұхамбетов болса, Жәңгір мектебін бітірген соң Тоғым правительде аз уақыт хатшы болып жұмыс істейді. Осы кезде ханның біраз жасты келесі бір білім ұясына даярлап жатқанын естіп, соған ілігуге талаптанады. Ақыры ілім-білім жолындағы ізденісті Орынбор қаласындағы Неплюев кадет корпусында жалғастырады. Онда Мақаш жалғыз емес, Қасында Бөкей Ордасынан Шалабаев Сұлтан, Саңғырықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп, Жантөрин Сұлтанмахмұт, Бөкейханов Арыстангерей, Бабажанов Мұхамбет-Салық және Нұралыханов Зұлқарнай сынды ұлдар болатын. Ол жәйлі М-С.Бабажанов жазбалары арасынан мынандай жолдар табылған. Онда Мұхамбет-Салық көп жайлардың бетін ашады: «Біз бұрын да, қазір де кадет корпусының дайындық класы тәрізді болып келе жатқан Жәңгір мектебінде тәрбиелендік. Бір күні кешкісін хан шақырып, біз корпусқа оқуға бару жөніндегі пікірімізді сұрайтын шығар деп ойладық. Хан бізге арнап, жасымызға лайық тамақ әзірлепті. Ол бізді өте жылы қабылдап, тілегімізді сұрады. Біз бірімізден соң біріміз өзіміздің келісіміміз бен әзірлігімізді білдірдік. Бұдан соң хан бізге уыстап ұсақ күміс теңгелер үлестіріп, шығарып салды. Бұл 1845 жылғы қыстың басы болатын» («Жалын» журналы, 1988, № 3). Кадет корпусындағы білім алу кезеңінде оларға шекара комиссиясының төрағасы, белгілі шығыстанушы ғалым, кейіннен Ы.Алтынсаринге де ұстаздық еткен В.В.Григорьев7 дәріс оқиды. Бұл кезде Мақаш курстас досы М.С.Бабажановпен бірге ұстазының үйінде болып, ғалымның бай кітапханасындағы дүниежүзілік әдебиеттің мол қорынан сусындайды. Осы жылдарыаталған корпуста Сырым Датұлының баласы белгілі Қазы бидің Ғұмар* есімді ұлы да оқиды. Бірде баласының артынан іздеп барған Қазы ұлына: «Бірге оқитын жолдастарыңды шақыр, елдің дәмін ұсынып, танысайық, кімдер екенін білейік», – деп қолқа салады. Ғұмар да бұл ұсынысты қалт жібермей, әке тілегін орындайды. Арадағы аз-мұз әңгіме, таныстықтан соң Қазы жанында отырған жігіттің біріне: «Қабағың қалың, жүзің мұңды екен, асылы осы оқуыңды бітіре алмай, ауылға қайтпасаң нетті!» – деген екен. Сөйтсе ол Бегістің Берді деген баласы құсайды, шынында ол көп кешікпей түрлі себептермен оқудан шығып қалыпты. Екіншісіне: «Ай, балам-ай, сабағың жақсы екен, амал не, сол оқуыңнан пайда көре алмайсың ба деп қорқамын», – дейді. Ол Алдар бидің немересі Борыш болса керек. Оқуын бітірер тұста жаласы жауыздардан кеп, кенеттен қайтыс болады. Үшіншісіне: «Түбінде осы оқу өзіңе абырой әкеледі, халқыңа қадірлі, алыс-жақынға аты шыққан айтулы жан боласың, ол үшін жатпай-тұрмай оқы, тіл-көзден аман бол», –депті. Бұл біз әңгіме қылып отырған Мақашқа арналған сөз екен дейді. Кейіннен Мақаш текті жердің тұқымы деп Ғұмардың қызына құда түсіп, өз баласына айттырыпты деген де сөз бар. Аталған тойға әйгілі Мұрат ақын қатысып, құда болып келегн Мақаштың ағасынан түйемұрындық сұраса керек. Сонда ол бір түйені жүгінен босатып, мінгізіпті. Бірақ қазір аңыздан гөрі ақиқатына көшейік. Мақаш 1852 жылы корпусты тәмамдаған соң Орда қаласындағы бөкейлік Уақытша Кеңестің аудармашылық қызметіне орналасады да, осында үш жыл еңбек етіп, артынша Каспий жағалауындағы Бірінші және Екінші округтерге әкімдік қызметке жоғарылатылады.

________________
* Кейбір әңгімелерде оны Омар деп те атайды. – Автор

Бір айта кететін жай – ол кезде Бөкей даласы бес қисым (бөлік), екі округке (аймақ) бөлінетін. Солай бола тұрса да, олардың қай-қайсысы да жалпы түрде ханға, кейіннен Уақытша Кеңеске бағынған. Бірақ әрқайсысының жеке әкім-басқарушысы болған. Атап айтқанда, олар – Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс Самар, Талов бөліктері мен Каспий жағалауындағы Бірінші және Екінші округтер. Мақаш болса, соңғы екі округте түрлі жылдарда жеке-жеке де, қосарлап та жарты ғасырға жуық басшылық еткен. Оны сол кездегі Астрахан губерниясының жыл сайынғы жарық көрген статистикалық естелік кітаптарындағы мәліметтер дәлелдейді. Мәселен, Мақаш 1868 жылдан 1886 жылға дейін екі округке қатар, ал 1886 жылдан бастап Екінші округке әкім болған. Бұл округтер территориясы қазірше айтсақ, Исатай ауданының Таскран учаскесінен Астрахан облысының Қызылжар ауданына дейінгі кең алқапты қамтиды. Былайша айтқанда, оған қазіргі Құрманғазы, Исатай, Индер, Ресейдің Қызылжар, Володар аудандарының тұтас және ішінара бөліктері кіреді. М.Бекмұхамбетов 1894-1897 жылдары жоғарыдағы Уақытша Кеңесте кеңесші қызметін атқарады да, артынша әкімшілік басқару қызметінен біржола босатылып, жасауыл шенінде зейнеткер атанады. Мақаш әкімшілік басқару ісінде, Уақытша кеңестің кеңесшісі сияқты жауапты қызмет, одан кейінгі зейнеткерлік шақтың бәрінде де туған халқына адал, патшаға да жағымды іс істеген, тіпті қандастары арасында аңызға толы аса жоғары беделге ие болған, орыстардың да құрметі ерекше, абыройлы, парасатты да әділетті жан еді. Ол патшаның жергілікті шенеуніктері алдында өз сөзін өткізе алатын және сол тілде еркін сөйлеп, өте жақсы қарым-қатынаста болған-ды. Мақаштың осындай ерекшеліктерін туған халқы арада жүз жыл өтседе де әлі күнге ұмытпайды, аңыз қып айтып отырады. Ендеше осындай биік бедел, зор құрметке ие болған тұлғаның үкімет тарапынан лайықты марапатталмауы мүмкін бе?! Әрине, ойландырады. Ресейдің Астрахандағы облыстық мемлекеттік мұрағатынан Астрахан губерниялық естелік кітабының әр жылдарғы шығарылымын егжей-тегжейлі қарағанымызда Мақаш 1851 жылы заурядсотник, 1859 жылы – сотник, 1864 жылы есауыл шенін иеленіп, 1855 жылдан – Екінші, 1868-1886 жылдар аралығында Бірінші және Екінші округтерге қатар, 1886-1893 жылдар ортасында Екінші округтерге әкім болып қызмет атқарған. 1894 жылдың 23 сәуірінен Уақытша кеңестің кеңесшісі. 1904 жылы наурыздың басында Атырау-Астрахан автокөлік жолы бойындағы өзінің Қарақшы төбедегі соңғы жылдарғы қонысында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болады. Бейіті сол жерден оңтүстікте бірер шақырымдағы «Ақжал» деген дөңнің басында. 2000 жылы қайраткерге арналып Маңғыстаудың ақ ұлу тасынан келісті кесене соғылды. Қазір ол жұртшылықтың ұлылыққа тағзым-тәу ететін қастерлі орындарының бірі. Білімі – біздің бұрыннан білетініміздей, Орынбордағы Неплюев кадет корпусын бітірген. 1851 жылдан мемлекеттік қызметте, 1855 жылдан әкімдік лауазымда. Патша үкіметінен алған үш ордені бар деп, жеке-жеке атап көрсетіледі. Бұлардан басқа тағы да 4 медаль болған, оның бірі күміс көрінеді. Ал әлгі үш орденді 1881, 1896 жылдары алған. Оған нақты дәлел құжаттар бар. Енді жоғарыда біз келтірген еңбекте аталып көрсетілгеніндей, онда 4-дәрежелі «Әулие Владимир», император тәжі қондырылған 2-дәрежелі «Әулие Станислав» және 3-дәрежелі «Әулие Анна» ордендері болған. Ендеше Ресей өкіметінің үкімет наградаларымен марапаттау тәртібінде бұл ордендер қайсысынан соң қайсысы ұсынылуы керек. Осыған орай алдымен Ресейдің марапаттық наградаларының сипаттамасына түсінік алу үшін Ф.А.Брокгауз бен И.А.Эфрон шығаруындағы энциклопедиялық сөздікке (Санкт-Петербург, 1897. XXІІ т., 117-121-бб.) үңілгенімізде Мақаш әкім алдымен жоғарыдағы ордендер ішінен 2-дәрежелі «Әулие Станиславты» алуы керек. Өйткені ол көбіне-көп қызмет басындағы адамды ынталандырып, жігерін арттыру, болашаққа деген үмітті одан әрі жалғастыру үшін беріледі. Мақаш әкім бұдан кейінгі кезекте «Әулие Анна» орденін алған болуы керек. Ұлы князь Петр Федоровичтің қызы Анна Петровна мен патшайым Анна Иоановнаның құрметіне арнап 1735 жылы бекіткен бұл орден негізінен тек шындық үшін қызмет ететін ең сенімді, ізгі ниетті адамға адал еңбегі үшін берілетін награда. Яғни бұл Мақаш әкімнің басқару ісінде кемелденіп, патша үкіметінің сеніміне ие болған кезде алған сыйы. Үшінші болып 4-дәрежелі «Әулие Владимир» орденін иеленген сияқты. Өйткені бұл марапат орыс үкіметінің ордендері тәртібінде әулетімен ақсүйек (дворянин) тұлғаларға ғана беріледі. Бір ескеретін жәй, әділіне бақсақ бұл елде егер де ақсүйектер тұқымына жатпасаң орден атаулыдан дәмеленудің өзі артық сияқты. Оның үстіне «Әулие Владимир» орденін алу үшін міндетті түрде ақсүйектер тұқымына жату керек. Сайып келгенде, Мақаш Бекмұхамбетовтың отбасы әу бастан «әулетті ақсүйек» (потомственный дворянин) атағына ие болған шаңырақ, жоғарыда айтқан есауыл шені тағы бар. Астрахандағы Петров қоғамының мүшесі. Егер аталған энциклопедиялық сөздікке тағы бір үңілсек аталған ордендерді беруде өзіндік тәртіп, ережелері бар. Олар әр кезеңде өзгеріп, жаңа баптармен толықтырылып отырылған, бір-бірімен теңестірілген. Бірақ оның бәрін дәл қазір саралап жатудың біз үшін қажеті аз. Бірақ бір ескеретін жай – 1845 жылдан кейін орыс ордендері христиан дінінде жоқтарға берілгенде олардағы крест және әулие бейнелері алынып, олардың орнына мемлекеттік елтаңба орнатылып сыйланады екен. Осыларды қатерге сала отырып, Мақаш әкімнің бұдан басқа да наградалары болуы керек. Сондықтан бұл жағы келешек ұрпақ қатерінде жүргені дұрыс. Осы арада айта кететін бір жәйт, кей оқырман: «Зейнетақы қарияларға тек кеңес үкіметі тұсынан бастап төленді. Ал қазақтар үшін бұл тіптен болмаған нәрсе. Ендеше Мақашқа қайдан келген зейнеткерлік», – деген жаңсақ пікірлерге барады. Шындығында бұл тіптен қате пікір. Өйткені патшалы Ресейдің жоғарыдағыдай наградаларға ие болған марапатты жандар кейін жұмыстан босаған жасамыс шағында өмірлік дербес зейнетақы алатын еді. Ал әңгімені бұдан да тереңдете түссек, Ресейде әрбір награда алған адам марапатталу тұсында олардың түріне қарай бір кезекті марапат жарнасын төлейтін болған. Осы жарна негізінде келешек зейнетақы қоры жасақталады да кейін ол сол награда алғандарға зейнетақы боп төленеді. Мәселен 4-дәрежелі «Әулие Владимир» орденіне 40, 2-дәрежелі «Әулие Станислав» орденіне 30, 3-дәрежелі «Әулие Анна» орденіне 20 рубль көлемінде бір реттік жарна алынып, кейін ол 1897 жылдан бастап осы ордендердің ретіне сай (Біз әңгімені М.Бекмұхамбетовтің алған ордендеріне сай айтып отырмыз) 100, 115, 100 (90) рубль көлемінде зейнетақы төленген және әр орденнің өзіндік мерекелік, құлшылық ету (құрмет) күндері болған. Оны өткізетін әр орденнің өзіндік басқару әкімшілігі көрінеді. М. Бекмұхамбетов туралы сөз қозғағанда ескеретін бір ерекшелік – ілгеріде сөз еткеніміздей, ел ішіндегі кешелі-бүгінгі қандай қариямен сөйлессеңіз де, оны қолындағы билігін пайдаланып, біреулерге зорлық жасапты, әлеуметтік теңсіздікке жол беріпті демейді, қайта барынша адал, адамгершілік қасиеттері мол болған деп мадақтайды. Оған дәлел – ел ішінде әңгімелер көп-ақ. Соның кейбіріне құлақ түрелік... Қауыс айының аяқ тұсы болса керек. Қиғаштың (Еділдің бір саласы) Ресей бетіндегі орыс селоларының бірінде тұратын Хутляев деген досына кетіп бара жатқан Мақаштың ат шанасы мұзға ойылып, сол жерде отындық ағаш кесіп жүрген қазақ жігіті көмекке келеді. Ол үйінен арқан, көлік әкеліп, ат пен шананы шығаруға көмектеседі. Содан соң: «Күн кешкіріп қалды, жеті түнде қайда барып, есік қағып жүресіздер, одан да барымен базар боп, біздікіне-ақ қона кетіңіздер», – деп ұсыныс тастайды. Бұдан басқа шарасы жоқ жолаушылар осы тілекті қол көріп, қандастарының артынан ілесе береді. Мақаш пен делбешісін төрге шығарған үй иесі сол бойда әйелін алып тысқа беттейді де, біразға дейін оралмай қояды. Отыра-отыра іші пысқан жолаушылар кейін мән-жайды сұрап білсе, «Сіздердей құрметті қонаққа қатықсыз қара көже пісіріп берген ұят болар» деп, жаздай Хутляевқа жалданған еңбегіне алған жалғыз қашарын сойып келгендігін айтады. Бұған Мақаш қатты қапаланып: «Шырағым-ай, сендей сіңірің шыққан кедейге жалғыз сиырын сойғызғанымыз ұят болды ғой. Сонда сен келешекте қайтып қана күн көресің?» – деп опынады. Бірақ оған қайғырып, өкініп жатқан жігіт жоқ, қайта ел іші – алтын бесік, өйтіп-бүйтіп осыған дейінгі күнімізді көреміз ғой деп жұбауратады. Әйтсе де Мақаш ертесінде сол Шыман атты жігітті өзімен бірге ала кетіп, алдына мал салып, үй-ішіне көйлек-көншек, шәй-шекер алып берген күйі ауылына қайтарады және оны келесі көктемде Тұмақ балық батағасына жұмысқа орналастырады. Кейін әлгі жігіт өзінің іскерлігі арқасында іргелі Новорычан батағасының қожасы атанады...

* * * Қазіргі Харабайлы қаласының терістігінде (Ресей жері) көптен келе жатқан Сасықкөл деп аталатын үлкен село бар. Атына қарағанда әу баста қазақтар көбірек мекендеген жер болса керек. Бірақ Еділ бойына ендей қоныстанған орыстар кейіннен қандастарымызды ығыстырып, өз еншілігінде қалдырады. Бірде сол село орыстарының жылқысы жоғалып, оны осы маңдағы қоңсы қонған қазақтардан көреді. Тіпті қанға қан, жанға жан, басқа бас деп жай отырған көршілерінің жылқысын тартып алып, қуып кетеді. Әрине, көре тұра малын бере қояр қазақ жоқ, екі ортада қақтығыс боп, бір бауырымыз жазым болады. Мұны айтып шағымданса, қылия қарар кәпір жоқ. Ал жергілікті әкім, ағамандарға айтса «Біздің айтқанымызды орыстар тыңдамайды» деп дәрменсіздік танытқан күйі екі иығын қиқандатып, алақандарын жаяды. Ақыры қаза тапқан қазақтың ағайындары Мақашқа кеп арызданады. Бірақ бағыныс жағынан алғанда бұл аймақ оған қарамайды. Сонда да болса азаматтық ретпен араласып, істің ақ-қарасын саралағанда бұл жолы қазақтардың ұрлық жылқыға қатысы жоқ. Әйтсе де көршілердің әпербақан қоқан-лоққысында малдың барымталанғаны, оны қорғау кезінде бір жылқышының қаза болғанын расқа шығарады. Осы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тікелей екі адам сотталып, Сібірге жер аударылады, сондай-ақ кісі өліміне қатысты барымтаға түскен қазақтың малы иелеріне қайтарылады.

* * * Мақаштың Қуанәлі деген әлді ағайыны Бадырақ деген кедейдің қыстық малына деп қорып отырған шөбін әлімжеттік жасап, шауып алады. Қолда бары бірер сиыр, 4-5 жандық. Кедей байғұстың келешек ішер ас, киер киім, тіршілік көзі сол. Ал оған азық болар шөбінің түрі анау. Осыны айтып Бадырақ Қуанәліге әлденеше рет барады. Бірақ құлақ асар бай жоқ. Ақыры Мақашқа арызданады. Іс барысымен толық танысқан әкім: «Ертең Қуанәлі екеуіңді кездестіремін. Сонда сен мыналарды айт, бәрінен бұрын қыстық қора басындағы шөбіңді шауып алғандығын баса айт!» – деп ұғындырады. Әйтсе де ертесінде олай болмайды. Бадырақтың байды көргенде еңсесі түсіп, тіпті не айтарын білмей абдырап қалады. Бары: «Қыстау басы тері сүйреткендей, енді қайттім, қыс келеді», – деп желкесін қасиды. Ал көңіл, аңқылдақ арызданушының бұдан әрі ештеңе айта алмасына көзі жеткен Мақаш: «Ай, Бадырағым-ай, тым аңқаусың-ау. Сол аңқаулығыңды бай да пайдаланады», – дейді де, Қуанәліге қараған күйі: «Бай атыңмен Бадырақтың бес арқа шөбіне құныққаның қай сасқаның. «Наданның наласы, қараның қарғысы жібермейді» дегенді естімеп пе едің. Екі күнде шапқан шөбінің шашауын шығармай қорасының басына жеткізіп бер және нәтижесін маған аяқтай келіп айтып кет!» – деп пәрмен береді. Содан соң арызданушыны алып қалып, қолына бір жапырақ қағаз ұстатады да: «Мынаны Қиғаш бойындағы батаға бастығы Ықыласқа бер, ол саған жермен де, жұмыспен де көмектеседі. Әйтпесе көзінің қыры қалған Қуанәлі енді саған күн көрсетпейді», – дейді. Айтқандай-ақ артынша Ықылас Бадыраққа Тәрібай деген шағын аралды басыбайлы иелікке беріп, өзі мен балаларын балықшы етіп жұмысқа алыпты. Кейін сол арал: «Бадырақсылан» (сылан – жергілікті тілде арал ұғымды береді. – Автор) аталып кетеді.

* * * Мақаш жайлаулыққа шыққанда әуелі оң жаққа өз үйін (қонақ қабылдайтын), содан соң бәйбіше, тоқал, балалары (жатын үй), соңында ас үйді тіктіреді екен де, одан арғы әудем жерге ағайын-туыс, көрші-қолаң болып орналаса беретінге ұқсайды. Бірде Мақаш дөдегесі дөңгеленген өз киіз үйінің іргелігін түзетіп қойып, кешкі салқындағы ауыл тірлігін көзбен барлап жатса, көршілес қонған кедей жігіттің жас келіншегі шөп басқан аласа күркесінен шыққан күйі бері қарай жүре түсіп, қайтып кетеді. Аздан соң тағы да шығады. Үстіндегі жүдеулеу киімін дұрыстаған боп біраз тұрады. Ақыры төтелеп емес, үй сыртындағы қамысты айналып, Мақаштың ас үйіне беттейді. Бұл болса, әлгі келіншектің Бірдеңе сұрағысы кеп, бірақ беті күйіп, бата алмай жүргенін біледі де дауыстаған күйі бәйбішесін шақырып алып, болған жайды баяндайды. Содан соң: «Дүниеде жоқ жаман. Боқ жусаң кетеді, ал жоқ ше..., жоқты жою қиын. Түптеп келгенде, ағайыннан бездіріп, абыройдан айырады. Әне, ана келін осы үйге ұяттан беті күйіп, кіре алмаса да, сол жоқтық ақыры алып келді. Шамасы кешкісін бала-шағасына беретін дәм атаулыдан ештеңесі жоқ боп, дызылдап жүр. Мүскінді мүскіндеу емес, қамқорлау керек. Сен артынан бар, сұрағанын бер. Киім-кешек пе, оны да тап, ризала. Жарлыны жарылқау – борыш, Алладан сауап!» – деген екен. Бәйбіше отағасы тапсырмасын орындапты. Міне, Мақаштың мұндай жарлы-жақыбай, қара халыққа жасаған жақсылығы көп-ақ. Тіпті қандастары былай тұрсын, өткен ғасырдың екінші жартысында Астрахан қаласында тұрған В.И.Лениннің әкесі Илья мен оның ағасы (өзінің жеке тігіншісі) Василий Ульяновтарға, Бөкей Ордасына ғылыми-зерттеу бағытында ат ізін салған ғалымдардың қаншасына қол ұшын береді. Білгенін айтып, көлік, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оны әлі күнге көзі қарақты, көңілі ояу ел азаматтары атанған қариялармен бірге, білікті, зиялы қауым өкілдері де айтып, нақты құжаттар негізінде дәлелдейді. Сайып келгенде, осы сынды туған халқы үшін пайдасы мол, мәнді де сәнді ғұмыр кешкен адамның өмірі кейінгі ұрпақ үшін үлгі етуге әбден лайық. Біздің бұл арада тілге тиек еткелі отырғанымыз – Мақаштың ел билеу, әкімшілік қызметтегі жұмыстарына назар аударумен бірге оның ағартушылық бағыт, өнер-білім сипатындағы соны көзқарастары еді. Ол кезінде тек ел билеп, патшаға ғана қызмет етіп қойған жоқ, көп жағдайда туған халқы, өскен жерінің болашағын ойлады. Мақаш әкімнің бұл қасиеттері А.Жұбанов, С.Зимсанов, Р.Сыздықова сынды академиктер мен М.Ысмағұлов, А,Атишев, Р,Отарбаев сияқты ғалым, жазушылардың кейбір мақала, ғылыми еңбек, мемуарларында әрдайым аталып отырылады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – біз сөз еткелі отырған Мақаш есімі өз халқына қандай іргелі ой, игілікті істерімен қымбат? Біздіңше, алдымен ол – ағартушы.

СӘУЛЕТТІ ӨМІР ЖОЛЫНДА

Мақаш өзі жазған еңбектерінде, жалпы күнделікті өмірде, қоғамдық-саяси жұмыстарында алдына басты мақсат етіп, қазақ халқының қоғамдық өмірін, тұрмысын, ғылым-білім, экономикалық бағытта артта қалушылық себептерін саралау мен оны жою және дамыған елдер қатарына жеткізу ісін қойды. Мақаш күнделікті жұмысында әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Қарапайым шаруалар тұрмысын жақсартып, бақытты да сәулетті өмір сүруге жетелеу, ол үшін ғылымды игеру, алдыңғы қатарлы халықтардың, әсіресе орыс халқының жетістіктері мен табыстарын күнделікті өмірде, тұрмыста кеңінен қолдану керектігін айтты. Мақаштың ағартушылық сипаттағы істері сан алуан. Соның дәлелі ретінде жазушы Р.Отарбаевтың «Қазақ әдебиеті» газетіндегі (24.05.1988) «Екі киіз үйдің тарихы» атты мақаласында: «Астрахан қаласындағы облыстық архивтен Каспий теңізі жағалауын заңсыз жалға алып, балық батағасын ашқан граф Юсуповтың отырықшы кедейлерге көрсеткен жәбір-жапасын әшкерелеген іс қағаздары бар», – деген жолдарын келтірумен бірге осындағы мына бір үзіндіге назар аударған жөн. Ол Мақаштың өз қолымен жазылған құжаттан алынған. «...Жертөледе он жеті құмық саф алтыннан киіз үйдің тұрқын бек көңілімдегідей етіп соқты. Осылай бір ай іс қылды. Алтынның сыртын мақпалмен тыстаттым, әдіптеттім... Өтешқали Атаниязоғылы (Бөкей Ордасындағы прогрессивтік бағыт ұстаған белгілі әкім) екеуіміз Орынбор арқылы Петромпор шаһарына сапар шектік. Халық үшін қылған бір істі тәңір оңғарып, патша ағзамның алдынан өттік... Сыйымызға ағзам мен маңайындағы хакімдер бек ырза болды... Артынан бізді шоқындырып, мұсылмандық үлгіден айырмаңыз деп тілек қылдым. Жауабын хакім арқылы естисің деді. Екінші жұманың сәрсенбі күні оң тілек тілеп жатқан бізге екі хакім кеп: «Патша саған резиденция салсын деп ақша бөлді», – деді. Осымен қайыр-хош айтысты. Өтешқали екеуміздің көңіліміз күпті оралды». Олай болса, осы үзіндіні келтіргенде мұнда ой тоқтатып, назар аударар басты нәрсені естен шығармау керек. Ол – Мақаштың құмықтарға саф алтыннан киіз үйдің тұрқын соқтыруы (Бір ғажабы, осы киіз үйді жасауға қатысқан құмықтардың (шындығында лак ұлысынан) бірі – Әбіл әл-Хадір қария күні кешегі 1960 жылдардың басына дейін өмір сүріп келеді. Айтса айтқандай, қолы «алтын ұста» болатын. Қазір оның немерелері Құрманғазы ауданының орталығында тұрады. «Бізді бір ай бойы жертөледен шығармай, таза алтыннан киіз үй тұрқын соқтырды. Мен ол кезде бар-жоғы 13-14-тердегі жас бала едім. Көрік басамын. Мезгіл-мезгіл Мақаш атамыздың өзі келіп, істеп жатқан ісімізді қарап, бағыт-бағдар беретін», – дейтін сол Әбіл әл-Хадір кейіннен. Оны Петромпордағы патша ағзамға тарту етіп, «халық үшін қылған бір істі тәңірі оңғарып, екі апта бойы оң тілек тілеп жатуының» басты себебі, өзі айтқанындай, патшаның «бізді шоқындырып, мұсылмандық үлгіден айырмаса» деген ниет еді. Мүмкін осы ұсыныс қабыл болды ма, әлде аталған аймақ перзенттерінің маңдайына жазылғаны солай ма, әйтеуір тілекті құдай оңғарып, әлі күнге дейін сол шоқынудан ада қалғанымыз да ақиқат. Шындығында Мақаш естелігіндегі шоқыну сөзінің қозғалуы тегін емес. Өйткені өткен XІX ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, әсіресе 70-80-ші жылдары Ішкі Бөкей Ордасын мекендеген қазақтарды христиан дініне кіргізу жөнінде патша және оның жергілікті әкімдері тарапынан түрлі айла-шарғы, әрекеттердің күшейгендігі, тіпті оны малданған Орал, Астрахан казачествосының халқы көп шоғырланған Кордуан, Қиғаш, Жайық бойларынашіркеу салу, крестер жеткізуді тездеткендігі жәйлі деректерді сол кездегі басылымдар мен әдебиеттерден жиі кездестіруге болады. Тіпті Бөкей Ордасындағы Ганюшкин, Кордуан, Новая Казанка, Таловке селоларында шіркеулер салынып та үлгеріледі. Оларға қосымша тағы да төрт жерде құдай үйі салынады деп жоспарланады. Мақаш пен Өтешқали осы сынды отарлаушылар саясатының жүзеге аспауы жолында жарғақ құлақтары жастыққа тимей, мынау қияндағы Нарыннан анау Балтық іргесіндегі Нева жағалауына дейін сапар шекті. Не деген намыс, қандай қан мен қам десеңізші?!. Осы арада Мақаш Шолтырұлының орыс патшасы алдында болуы туралы тағы бір деректі еске ала кеткен жөн сияқты. 1990 жылдардың басында ақтаулық өлкетанушы Мақсот Нығметоллаевтан хат алдым. Онда «Жуырда облыстық газеттен Сіздің Мақаш Бекмұхамбетов туралы мақалаңызды оқып, бір қадеңізге жарап қалар деген ниетпен өз архивімде сақталған бірер-жар суретті жіберіп отырмын. Түпнұсқасында қалай, қайда түскені дәл белгісіз. Бірақ маған жеткен дерек XІX ғасырдың аяғында Ішкі Ордаға келген орыс экспедициясының адамдары түсіріп, ол Петербургтегі профессор Н.С.Гариннің коллекциялық мұражайында сақталған. Әулеттік мұра болып есептелінетін бұл мұражай әлі бар. Сол мұражай қорынан 1961 жылы Уфа қаласының ізгі ойлы бір азаматы көшірген екен, сол арқылы жетпісінші жылдары менің қолыма тиді», – деп жазылған. Хаттағы суреттер, соның ішінде бізді ерекше алаңдатқаны ортасында қолына табақша ұстап, түрегеп тұрған Мақаш және жанында тағы екі қырма сақал жігіт ағасы бар сурет еді. Кейіннен тап осы суретті белгілі тарихшы Мұстафа Ысмағұлов ағамыздың жеке архивінен де кездестірдік. Әр адамның астына көмескілеу түрде түскен ныспылары бар бұл суреттің Мақаштан басқасының кім екендігін білмеген біз және өте солғын түсірілгендіктен еш жерге ұсына қоймаған едік. Бірақ жасамыс шақтағы Мақаш қарияның қолына әлде бір табақшаны бекерден-бекер ұстап тұрмағандығы белгілі. Ендеше бұл қайдағы сурет? Біз осы сұрақ төңірегінде көп ойландық. Сөйтсе оның да жөні бар екен. Осы сурет журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының тәптіштеген мәтінімен «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Онда біздер жылдар бойы іздеген құпиямыздың сыры ашылған. Нақтылап айтар болсақ былай екен. 1895 жылдың 7 қарашасына Орынборда шығып тұратын «Тургайская газета» мен «Тургайские областные Ведомостидің» біріккен редакциясы Бөкей Ордасының Уақытша Кеңесіне мынадай хат жолдайды: «Тургайская газетаның» редакциясы 1869 жылдан бастап әдеби басылымында өзге де суреттермен қоса редакция қоржынына келіп түскен Ішкі Орда депутациясының сурет-клишесін жариялауды жоспарлай отырып, Кеңестен депутация мүшелерінің өмір дерегін хабарлауды өтіне сұрайды. Редактор. Ордадағылар хатты алған бойда редакцияға мынандай дерек хабарлаған: «Есауыл Мұхаметжан Бекмұхамбетов Ішкі Орданың билер әулетінен. Уақытша кеңестің кеңесшісі. Неплюев кадет корпусының толық курсын бітіргеннен кейін 1852 жылдың 1 қаңтарынан1 бастап заурядсотник шенінде Уақытша Кеңесте тілмаштық қызметіне кірісті. 1859 жылдың 28 қазанында – сотник, 1864 жылдың 2 наурызында – есауыл шенін алып, 1868 жылы Бірінші және Екінші Теңіз жағалауы округінің әкімі болып тағайындалады. 1894 жылдың 23 сәуірінен бастап қайтадан Уақытша Кеңеске кеңесші қызметке оралды». Бөкей елінде «Мақаш әкім», «Мақаш правитель» атанған, есімі Атырау елінде әлі күнге сыйлы М.Бекмұхамбетовтің жанында тұрғандар Орданың Тарғын бөлігінің қазағы, ноғай руынан Мұхаметқали Зұлқаров пен Қалқам бөлігінің сұлтаны Мұрат Бажақов екенін анықтадық. Енді суреттегі сәтке дейінгі оқиғаға басқа деректер көзінен шегініс жасап көрейік. 1894 жылдың 14 желтоқсанында Уақытша Кеңестің төрағасы В.Лазаревский ақсақалдармен ақылдасып, Петерборда өтетін патшаның үйлену тойы салтанатына баратын Бөкей қазақтары атынан сыйлық ұсыну ұйғарылған екен. Сол мақсатпен Москва қаласындағы Хлебниковтың зергерлік дүкеніне шұғыл тапсырыс беріледі. Дүкенге Хан ордасынан: «Қазақ депутациясы күміс табақ, оның үстіне кемері он шай стақанның көлеміндей дөңгелек күміс тегене, ожау және ішіне алтын жалатылған екі стақан сыйламақшы. Табақтың жоғары жиегіне «1894 жылы 14 қараша», төменгі жағына «Ішкі Орда қазақтары» деп жазылсын. Табақ тегіс болады, басқа бұйымдарға дүкен өз талғамына қарай өрнек салсын. Дайындалу мерзімі – 10 қаңтар, бағасы – мың рубль. Тапсырысты алған бойда жеделхатпен хабарын беріңдер. Жауабының ақысы төленген», – деген жеделхат жөнелтті. Мың теңге демекші, «Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» ақын күмәнданғандай, ондай ақша қайдан төленген десеңіздер, Тарғын мен Қалмақ бөлімдерінің қазақтары әрқайсысы 400 рубльден ортаға салған екен. Мақаш әкімнің екі жағында тұрған мынау сұңғақ Зұлқаров пен аласа Бажақов, бүгінгінің тілімен айтқанда, сол шаруаның демеушілері болып шықты. Мұны Бажақовтың маңғаздау кейпі де айтып тұрғандай. Ойламаған жерден табылған қымбат тапсырысқа қуанып: «Мәскеуден Хан ордасына. 18 желтоқсан, 1894 жыл. Тапсырыс қабылданды. Мерзімінде дайындаймыз. Жеделхатпен хабарын беріңіз: бұйымдарға император вензелін басайық па, тапсырысты Москвадан келіп аласыздар ма, әлде жеткізіп берейік пе?», – деп Хлебников құрақ ұшқан. Қазақ депутациясы Петерборға 14 қаңтар күні келді. Жолда Москваға соғып, зергерлік дүкеннен күміс табақты алған болды. Өйткені ұқыпты Орда архиві Хлебниковтың «Депутациясының тапсырысы шеберлікпен орындалып, бүгін, он екісінде қолдарына тапсырылды» деген қолхатын да тігіп қалдырған екен. Дүкен берген есепшотта да сол күн. Бұйымдар атауы, ұлы мәртебелі императорға сыйлау үшін күмістен үздік нақышталғаны, Мұхаметжан Бекмұхамбетов мырзаға тапсырылғаны айқын көрсетіліпті. Бөкейлік үшеудің патшаға сол сыйлықтарымен кіргелі тұрған сәтін фотограф түсіріп үлгерген. Таққа енді отрған Николайға өзінің де ешкімнен кем еместігін білдіргендей Мақаш әкім «Әулие Станислав», «Әулие Анна», «Владимир», император тәжімен зерленген «Станислав» ордендерін тағып тұр. Бұл тарихи суреттің «Тургайская газетаның» қай нөмірінде шыққанын әзірге айта алмаймыз. Себебі, басылымның біз ақтарған 1896 жылғы тігіндісі толық болмағандықтан, таныс сурет көзімізге түсе қоймады». Мақаш әкімнің патша қабылдауында тағы бір болғандығына көзіміз жетті. Міне, осының өзін туған халқы үшін жасалынған жалңтөс іс, теңдессіз қимыл демеске амал жоқ. Ал әділін айтсақ, Мақаш өз өмірінде (әкімдік, одан кейінгі кеңесші қызмет атқарған кезін қоса есептегенде) туған халқының мұң-мұқтажы, болашағына бола ақ патшаның жеке қабылдауында үш рет (1881, 1894 және 1896 жылдары) болған, сегіз рет хат жазған.

__________________
1 Астраханның «Естелік» кітабында бұл 1851 жылдан деп жазылған. – Ө. Ә.

Оның біріншісі – 1881 жылы Александр үшіншімен болған кездесуде Мақаш ағзамға 1879-1880 жылдарғы жұт, аштықтан елдің тұрмыстық жай-күйі өте қиындап кеткендігін айтып, пішен, шөп шабатын жер, жайылымдық сұраған. Сонда патша оған өз шартын қойып, «Сіздерге барлық көмек жасалады, егер қол астындағы халқынды шоқындырып, Бөкей Ордасына төрт жерге шіркеу тұрғызсаң» деп қандасымызды ойламаған мәселемен тілін байлап тастайды. Екінші рет – 1894 жылы Николай екіншінің таққа отыру салтанатына орай барғанда оған өзіне үй-жай салып алуға қаражат береді. Ал, үшінші кездесуі (1896 ж.), яғни тарихтан белгілі күміс стакандар мен табақ, поднос табыстау сәтінде Каспий жағалауының тозып бара жатқандығына көмек сұрап, шоқыну, шіркеу тұрғызу мәселесін тағы да қозғайды. Бұл жолы екі өтініші де орындалады. Сөйтіп, Бөкей Ордасы шоқынудан құтылады. 1890 жылдары патшаға хат жазып, мектеп тұрғызуға қаражат алады. Сөйтіп, Ганюшкинде 1893 жылы жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның орыс патшасына жазған хаттары осы күні Москвадағы әйгілі В.И.Ленин атындағы кітапханада сақталуы. Соның бірін халық былай түсіндіреді: Қазіргі Астрахан облысының Қызылжар, Володар аудандары, керек десе Астраханның өзі де, территориялық жағынан бір кездегі қазақтың, дәлдеп айтсақ, Дешті Қыпшақтың жері. Ноғайлы заманындағы Доспамбет пен Жиембет, Сыпыра жырау, атақты Асан қайғы осы өңірдің түлектері. Бірақ кейіннен орыстардың жаулап алуы нәтижесінде Ресей патшалығының қол астына өтуі, кей жерлерді қалмақтардың басып алуына орай ата жұрт тізгіні қолдан шығып кетті. Міне, Мақаш ақ патшаға осы жайларды түсіндіре келіп, тым болмаса жоғарыдағы екі аудан аумағын ата жұртына қайтаруға рұқсат беріңіз деп те хат жазады. Әуелгіде бекзадалар бұл өтінішке назар аудармай қояды. Ақыры болмағасын: «Егер сол жерлер ата күлдігім дейтіндей бас бұлтартпас дәлелдеріңмен көз жеткізсең ғана беріледі», – деген жауап қайтарады. Осындай сауалға іштей дайындалып жүрген Мақаш әкім бұған берік негізді айқын дәлелдерді еш қиналмай-ақ табады. Ол – қазақтың ежелгі атақонысы болып есептелетін мекендер төңірегіндегі ескі шом, шеген қора, үй-жайлардың орны, солардың маңындағы көне қорымдар, ондағы ру таңбалары, ескерткіш құлпытастарды тауып, белгілеп қояды. Артынша арнаулы сарап комиссиясы да келеді. Мақаш тобы анда барса да, мында келсе де, қолға ұстатқандай етіп, ескі шым қоралар мен қоныстар, қорымдар басындағы ескерткіш құлпытастарды көрсетіп, алға тартады. Әуелгіде мұндай бас бұлтартпас айғақтармен қол байлап, тіл кесер деген үмітте болмаған арнаулы комиссия ақыры Мақаш дәлелдеріне бас иіп, тілегін орындайды. Бірақ ол ұзаққа бармады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы жерді одақтас республикалар иелігіне беру мен шекаралық межелеу кезінде аталмыш елді мекендер қайтадан Ресей қарамағына еніп кетті. Әрине, өкінішті-ақ?!

БАЛЫҚҚА БЕТБҰРЫС

Өткен ғасырдың жиырмасыншы, отызыншы жылдарына шейін Атыраудың (Каспийдің) терістік жағалауында тұтасымен балық өндіруші батағалар болды. Олардың аталулары да қызық еді. Бірі Қызылбас батағасы атанса, екіншісі – Ілбішін делінді. Үшіншісі – Қалмақкөсе... Ақблат, Вакуров, ағайынды Герасимов, тағысын тағылар. Мұның өзі ондағы өндіріс иелерінің негізінен басқа жақтан ауып келген, болмаса осы өңірдің иен байлығына құныққан өзге ұлт өкілдері екендіктерін және батаға аттарының да сол алпауыттарға орайластыра қойылғандығын дәлелдейді. Бір қарағанда оның да жөні бар еді. Өйткені балық өнеркәсібі қазақ халқы үшін ата кәсіп емес. Соған сай бұл іске маманданған адамдар да аз болатұғын. Бірақ Мақаш әкім осы жердің басыбайлы иесі, басқарушысы ретінде олардың беталды, қалаған жеріне қармақ салып, ау құрса жолы бола беруіне мүмкіндік бермеді. Өзі басқаратын екі округтегі ұзын саны отыз батағадан басқа өзге де батағалар құрып, олардан ауланған балықтың Ресейдің Еділ өзені бойындағы түрлі-түрлі қалаларына жеткізіп, айырбасқа қажетті өндірістік заттар мен азық-түлік, басқа да бұйымдар алды, былайша айтқанда, тауарлар алмастырды. Мысалы, Астрахан, Царицын қалаларынан азық-түлік, өндірістік заттар әкелдіріп, жергілікті жердегі дүкендер арқылы халыққа сатқызды. Нижний Новогород сияқты орманды өлкеде орналасқан шаһарлардан ағаш материалдарын алдырып, қималы, өрнекті, қарағай үйлер салдырды, үй жиһаздарын жасатты. Сол бір жылдардағы Мақаш салдырған әсем де қолайлы, жинақы ағаш үйлердің кейбірі әлі күнге Құрманғазы ауданында кездесіп қалады. Әңгімеге орай, осындай ағаш, тіпті тас үйлердің өзі Нарын бойындағы қазақтар тұрмысына алдымен Мақаш басқарған округтерде ене бастағанын ұмытпаған дұрыс. Егер тарихи құжаттарға үңілсек, шикі саман тастардан үй салу Еділ бойында алғаш осы аймақта қолға алынған. Бәрін балықтан бастайық. Ол рас, Мақаш Шолтырұлы өзі басқарған өңірде қандастары үшін аса тың тіршілік көзі болмаса да бұрып дендеп кірісіп, кәсіп етпеген балық өнеркәсібі саласының дамуы, жұмысшы қатарының (табының) қалыптасуына негіз болды. Қазақ бұрын да балық аулады. Қоғадан ау тоқып, сүйектен қармақ жасады. Тапқанын қауып, азық етті. Бірақ аулағанын базарға салып, болмаса қала асырып, одан түскен пұлға киім кию, отбасын асырау деген миына кірген емес. Оған себеп – базары жоқ қазақтың балықта ісі жоқ. Оған қоса балықты аулауды кәсіп етуге өзен торыған орыстар мүмкіндік бермеді. Әңгіме түсінікті болу үшін әріден бастайық. 1578-1580 жылдары Жайық өзені бойы түгелдей орыс патшалығының қолына көшіп, су бойын Дон, Кубань, беттен босып келген казактар иеленді. Олар бірте-бірте жергілікті халықты өзен бойынан қуалап, ығыстыра бастады. Есесіне өздері Жайық бойын мекендеп, станицалар салды. Оларға орыс патшасы 1591 жылы “Патшаны тыңдамағандарға қарсы күресушілер” деген атақ берді. Осыны малданған казактар патшаға қос өзен аралығындағы (Еділ мен Жайық) қалмақтар, Жайықтың жоғары, орта тұсы, төменгі сағасындағы башқұрттар мен қазақтар өзен бойына мал жайып, пішенін шабады, тоғайын таптайды. Ол аз десеңіз өзендерімізден балығын аулайды. “Бұған тез арада басу айтып, тосқауыл қоймаса ниеттері жаман” деп шағым түсірді. Мұны өздерінің інжілігіндегі қасиетті жолдардай қабылдаған ағзам: «Жайық казактардың балық аулайтын өзен-көлдерінен башқұрттар мен басқа да орыс емес ұлт өкілдерінің жуықтап, ау салып, мал суаруы, тоғайларынан отын шабуы, пішен дайындауларына тыйым салынсын. Тіпті теңіз жағасына 40 шақырымға дейін жақындауына мүмкіндік берілмесін» деген пәрмен беріп, ол 1734 жылдың 6 наурызындағы 2962 санды грамотасымен заңдастырылды. Осы жарлықты бетке ұстаған Астрахан генерал-губернаторы 1794 жылы «Еділ өзенінің шабындық жерлерін қырғыз-қайсақтардан күзетуді белгілеу туралы» жарлық шығарды. Бұдан әрі орыстан өзге ұлт өкілдерінің өзен, көлдерге 40 шақырымнан бері жақындауына мүмкіндік берілмеді. Бұл тәртіп XІX ғасырдың басында теңіздің терістік бетіне түгелдей иелік еткен князь Юсупов пен граф Безбородко тұсында да өз күшін жойған жоқ. Керек десеңіз, Бөкей сұлтанның өзі 1801 жылы ІПавелден рұқсат алып, қос өзен аралығына қоныс аударғанда болашақ жылы орынды Каспий теңізінің терістік қолтығындағы сулы, нулы, көгалы жасыл, көк аспаны төбеден құлаған су бойынан аламын ғой деп ойлаған. Бірақ танауы көк тіреген, тегеуріні қатты Юсупов оны хан болмақ түгіл құдайыңның орынбасары болсаң да көшіңнің басын әрі бұр, малыңды аулақ жайып, құдығыңды құмнан қаз деп ит ішпестің ала көлі Жасқұстан бір-ақ шығарды. Әрине, Юсуповтің өзі емес, ақ патша Бөкейді емес, баласы Жәңгірді. Бөкей болса су бойынан тым болмаса шикі тастан салынған төрт бөлмелі құжырасы жоқ, бары құрым киізді қараша үйімен мал соңында қысы-жазы көшіп жүрді. Оны сол кездің беті сарғайған жаны сірі тарихи құжаттары мен көнені көріп қалған күрек сақал қариялардың сарқыты айтады. Бірақ Бөкей қоныстанған жаңа орында бұл дәстүр мәңгіге міні құрымай тұрып қалған жоқ. Арада ширек ғасыр өткенде әлгі қызғаныштың да тоңы жібіді, көбесі сөгілді. Бұл арада Бөкей Ордасындағы немесе Забурын аймағында қоныстанған Адай руының ағаманы (старшын) Қарауыл қожа Бабажановтың (шындығында ол Каспий теңізінің терістік бетін алып жатқан аймақтың басқарушысы болатын – Ө.Ә) алатын орны зор. Ол Орынбордың, Саратовтың, Астраханның басқару орындарымен таныстығы мол, керек болса өзін өткізе алатын сенімді адам еді. 1826 жылдың 17 қыркүйегінде Николай патша оған Арал мен Каспий жағалауына жасаған экспедицияға қосқан үлесі үшін әскери капитан шеніне сай келетін есаул атаған берсе, шекара комиссиясы теңіз өңірінің халқына сырттан көтерме сауда мен астық сатып алып, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік куәлік сыйлап, үлкен жауапкершілік жүктеді. Сөйтіп ол қарауындағы қазақтарндың қыстан шығуына помещиктер Юсупов пен Безбородкодан жерді жалға алып, ол үшін келісім шартпен ақы төледі. Әрине, екі ортада қазақтар мен орыстың құзырлы орындары арасында делдалдық рөл атқарып жүрген Қарауыл қожа кәдімгідей пайда көрді. Бұл базар (рынок) заңы, бірақ қалай десек те ізгілік нышанының бар екені рас. Әйтсе де, ең бастысы, осы кезде Қарауыл қожа 1832 жылы әр кезгі жұттан жүдеп, құрығы мен, қонақтасын ұстап қалған қазақтарға Ресей үкіметі шешімімен Юсупов иелігіндегі аумақтан балық аулау үшін жер алып береді. Аталған дәстүр одан әрі жалғасып, Мақаш заманына жетті. Бұл кезде қазақтар тек қарын қамы үшін қазандық балығын аулау ғана емес, кәсіп иесі атанған толыққанды балықшылар болу үшін де жұмыстанып бағатын-ды. Бірақ қандастарымыздың бәріне бірдей әп дегеннен астына қайық мініп, тулаған толқындармен араласып, ау лақтыратын, содан соң аулаған балығын қалаған базарына апарып өткізетін кәсіпкерлік шеберлік пен мүмкіндік туа қойған жоқ. Бірен-саранында ғана. Қалғандары орыстың балық өнеркәсібімен айналысатын ірі қожайындарына жалданып жұмыс істейтін. Әйтсе де олардың әр күні, алар табысы, керек десе тұрмысы бір-біріне сәйкестенбейтін аса бір қиын еді. Оны көзімен көрген және өмір бойы Екінші теңіз жағалауы округінде балықшы қазақтардың өмірі жәйлі: «Ау тартудағы жұмысшылардың еңбегі – өте ауыр жұмыс. Олардың мұндай азапты, каторгі сияқты жұмыста айуынша қиналып еңбектенуі аса күшті мұқтаждықтан болуы керек. Бұлайша азаптанудың басты себебі олардың ішер асы болмағандықтан», – деп жазған болатын. Шындығында мал атаулы жұрттың бәрінде бірдей бола бермейді. Жоғы амалсыздан әлгіндей азапқа көнеді, отбасын асырайды. Осы арада жергілікті халықтың су бойына ден қойып, Каспий теңізінің терістігіндегі өзен салаларына қарай қоныс аударуында да үлкен мән бар. Ол қазақтар жайлап отырған жерлерінің тарлығы, мал өрістерінің жоқтығы, жемшөптік шабындық алқаптың жетімсіздігі, осыдан келіп қолда мал ұстау мүмкіндігінің азаюы. Бұл Бөкей сұлтан ел басқарған кезден-ақ Ішкі Ордада қайта-қайта көтеріліп, сөз болып жүрген мәселе. Өйткені аталған аймақта жыл өткен сайын тұрғындармен қатар мал саны да өсіп, оның өрісін кеңейту мен қыстық жемшөп қорын жасақтау аса қиынға соқты. Мәселенің ушыға түсуіне тағы бір себеп – патша, үкіметі әркез Ішкі Ортаға қарасты жердің шұрайлы бөлігін мемлекеттік мәні бар шаруаға қажет деп «ел қорғайтын» Астрахан және Жайық атты казактарына алып беруден танбады. Сөйтіп пешенелеріне шұрайы аз, шағымы мол шөлейттер ғана қалған қазақтар өз наразылықтарын ашық білдіріп, арыз-шағымдар жазуды да әдетке айналдырды. Бұны нақты тарихи-ғылыми деректер арқылы да дәлелдеуге болар еді. Алғашқыда, 1801 жылы Ішкі Ордаға Бөкей сұлтанмен бірге 5 мың үй көшіп келсе, соның тек 1 мыңы ғана орнығып қалды. Келесі жылы аталған аймаққа құрамында 31105 адамы бар 6265 үй орналасты. 1812-1814 жылдары мұндағы 6500 мың десятина жердің 100 мыңы шалғынды, 12 мыңы қамысты, 5200 мыңы жайылымдық деп белгіленіп, қалған 192 мың десятинасы тақыр, 420 мыңы ақ құмды алқап деп тіркелген. Осыған орай Шығай сұлтан 1818 жылдың 22 мамырында Астрахан губерниясы басқармасы мен Орынбор шекара комиссиясына, 1819 жылы Астрахан губернаторы Бухаринге, 1820 жылдың желтоқсанында Астрахан губерниясы басшыларына, 1822 жылдың 18 қаңтарында генерал-майор Поповқа, ал сол жылдың 2 тамызында Орынбор әскери губернаторына шағымданып, Орда тұрғындары мен олардың өмірлік қажеттілігі – мал санының жыл өткен сайын өсіп келе жатқандығы, есесіне бір жағынан патша өкіметі органдарының ішкі қажеттілігі, «переселендер» қонысына деп жырым-жырлап қымқыруы нәтижесінде егістік жерлер мен жайылымдық жерлердің тарылып бара жатқандығын хабарлады. Бірақ бұл арыздардың бірде бірінен оң нәтиже шыққан жоқ, бәрі де аяқсыз қалды. Ақыры хандық таққа отырып, әке мұрагерлігін сақтап қалған Жәңгір оң-солын таныған соң бұл мәселені Александр І патшаның алдына тағы да қойды. Осыған орай патша үкіметі 1841 жылы қалмақ жерінің далалық аймақтағы 8 3273 десятина жерін қазақтарға алып берді. Арада 13 жыл өткенде патша үкіметінің мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсатымен Каспий теңізінің солтүстік бетіндегі кейбір жерлер, тағы да қалмақ ұлыстарына қарасты Боғда, Шапшашы таулары арасындағы, Басқұншақ тұзды көлдері (сорлар) маңынан мал жайылымдық жерлер төрт жылға жалға беріледі. Орынбор, Самара генерал-губенаторларының №1440 бірлескен шешіміне орай, 1862 жылы 13 қыркүйекте Астрахан мемлекеттік мүлік палатасымен келіссөз жүргізіліп, 1863 жылы 25 маусымда Ішкі Орда Уақытша Кеңесі басқармасының бастығы мен генерал-губернатордың сенімді өкілі Плачковскийдің қатысымен үлкен жиын өтіп, Еділдің сол жағалауындағы қалмақтың Боготцохур және Хошеут ұлыстарының 2,3,4,5,6-бөлімшелері мен орыс шаруаларының 261664 десятина жері іргелес жатқан қазақтарға 5 жылға берілді. Соның 2-бөлімшесіне Мақаш Бекмұхамбетов басқарған 2-округтің 447 отбасы жайлап, пайдаланды. Оларда 1262 түйе, 1659 жылқы, 1714 ірі қара, 1584 қой болған, біраз алқапқа егін салды. Егіс алқабында көкөніс-бақша өнімдері, басқа да дақылдар, астық өсірілді. Мәселен, 1876 жылы аталған өңірден патшалы Ресей Бөкей Ордасында мекен етуші қазақтар жерін тартып алу саясатын одан әрі жалғастырып, бұл зәбір 1918 жылға дейін жалғасты. Оның көп зардабын көрген Мақаш Шолтырұлы басқаруындағы Бірінші, Екінші округтің тұрғындары. Тек 1906-1907 жылдары аталған округтерден 321030 десятина жер құм тоқтату жұмыстарына орай алынып, онда тұрушы қазақтар көшірілді. Жерсіз қалған қандастарымыз амалсыздан граф Безбородко мен князь Юсуповтан, қалмақ ұлыстарының 1,2,5,8-бөліктерінен 10-15 жылға егін салып, мал бағу, балық аулауға 11905520 десятина жер алып, пайдаланды («Досмұхамедов оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2002 ж. 154-164-бб.). Қайда барсаң да қиындық – малың болса, жер жоқ, барының өзі тар, жайылымдық, шабындық алқаптардың өзін жалға аласың. Немесе егін саласың, онда қыстағы күнің қандай молмақ? Балық аулайын десең тағы сол. Аулау құралдарың жоқ, ұқсату орны тағы жоқ. Амалсыздан орыстың батаға иелеріне жалданасың. Онда да шеке шылқып, мырғамға батқаның шамалы. Мұны су жағалай қоныстанған батаға иелерінің қырлықтағы құдайы көршісі және жалданушы қазақтардың территориялық әкімшілік басқарушысы ретінде Мақаш та білді. Біле тұра көптеген қандастарын сол жалдамалы жұмысқа әдейі жұмысшы ретінде орналастырды. Өйтпеске амалы жоқ еді. Себебі, бұл кезде “қазақ көшпенді халық, соған сай ұдайы мал соңында жүруі керек” деп бар тілекті құдайдан тілеп, отырып алудың уақыты өткен. Сонда малы жоқ халық не істемек? Амалсыздан іргедегі орыс байларына жалданады, сиырын бағып, пішенін шабады, балығын аулайды. Амал не, балықтағы күй әлгіндей. Мақаш бұл жәйлі батаға иелеріне тікелей бағынышты болмаса да, жанашырлық белгісі түрінде ескертеді. Әйтсе де оны құлаққа ілген бай бар ма?! Ақыры билік басында отырған сіздің де бір көмегіңіз болсын деп Уақытша кеңестің төрағасы генерал Новицкийге жазбаша түрде мәлімдейді. Дегенмен, оның да иі түсіп, түйсігіне жетсе жақсы. Бірақ бұл арада тағы бір гәп бар ғой. Ол Каспийдің терістік бетіндегі Юсупов пен Безбородконың иелігіндегі балық батағаларына анау Ордадағы Уақытша Кеңес төрағасының билігі жүрмейді. Сонда қайтпек? Әлгі айтқан, көңілі түссе, бұл жәйлі Астрахан губернаторына хабарлама түсіреді. Міне, сондай Мақаш жазған арызға сай жолданған хабарламаның бірі біздің де қолымызға тиді. Онда Юсуповқа қарасты балық аулау кәсіпшіліктерінің иелері қазақтарды жұмысқа жалдауды ара кісілерге (подрядчиктерге) тапсыратындығы, ал олардың еңбектің төлемақысын жалданушы мен өзі арасындағы келісім шартқа батаға иесі бөлген ақшаның тең жартысына ғана жасап, артқанын өз қалтасына басып алатыны және жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбек ақының ұлттық айырмашылықтарға қарай шектелетіндігі, сөйтіп орыстарға ең жоғары төлем, одан кейінгі мөлшер қалмақ, төменгі төлем қазақтарға бұйыратындығы айтылған. Тағы бір теңсіздік – балық аулаушы звенолар құрамындағы жұмысшылар санының толық құрамда сақталынбайтындығы. Әр звено құрамындағы 12 жалдамалы адамның орныны 8 адам қабылданады, бірақ атқарылар жұмыс көлемі бастапқы құрамға арналған мөлшерде. Ауысым уақыты тәулігіне мерзімдік 8 сағат емес, 14-16 сағатқа дейін созылады. Сайып келгенде, мұның өзі тағы да еңбек ақы төлеудегі қосарланған теңсіздік, баяғы құлдық психология. Балық иелері жұмысшыларға төленетін еңбек ақыны таза ақша күйінде емес, тауар түрінде қайтарады. Ал бұл қысы-жазы бел жазбай тер төгіп жүрген жұмысшының мүмкіндігіне қарай таңдаған мұқтаж тауарын алуға жағдай туғызбайды. Осыларды ескере келіп Новицкий Астрахан губернаторына жоғарыдағы келеңсіздіктердің анық-қанығына көз жеткізу үшін арнайы комиссия құрып, жергілікті жерде тексер және сол негізде балық батағаларына жұмысшылар жалдаудың бірізді тәртібін енгізуді сұрайды. Олар:

- өндірістік, тұрмыстық жағдайлары қарайлас батағалардағы жұмысшыларды ұлттық жіктеу, басымдылыққа бөлмей, бір мөлшерде еңбек ақы төлеу;

- кәсіпшілік иелері жалдамалы жұмысшылар қабылданғанда келісім шартты аралық кісілер арқылы емес, ордалық округ, қисымдардың әкімдері арқылы жүзеге асыру қажеттігі. Мұның өзі әр әкімнің өз адамдарының қай батағада, кімнің қарамағында, қанша мерзімге істеп жатқандығы және тартым бастарына мезгіл-мезгіл өз депутаттарын жіберіп, еңбек тәртібінің сақталуына көңіл бөліп отыруға мүмкіндік береді;

- жалдамалы қазақтардың еңбек ақысын дер мезгілде ақшалай түрде төлеу және тауар күйінде жобалап беруге тыйым салу;

- қазақтарға жоғарыдағыдай теңсіздік пен әділетсіздік жасалмас үшін өз қызметкерлерін белгілі кезеңдерде жіберіп, бақылап отыруды Краснояр уездік полициясының бастығына тапсыру;

- звено құрамындағы адамдар саны жетпеген жағдайда (12-нің орнына 8 болса) ол адамдардың еңбек ақысын бәріне бірдей етіп бөліп беру.

Міне, Екінші Теңіз жағалауы округі балықшыларының тұрмыс жағдайын жақсарту туралы Мақаш түсірген арызға орай Новицкий осындай ұсынысты Астрахан губернаторына жолдады (Астрахан облыстық мемлекеттік мұрағаты. 1-қор, 2-тізім, 392-іс). Бірақ бұдан жағдай жақсара қойды деу қиын. Солай бола тұра «жағдайымыз мүшкіл, осыған орай балық аулаудан бас тартамыз» деп батағадан безіп кеткен жұмыс күші тағы жоқ. Қайта онда жұмыс істеуге тілек білдірушілер саны күн өткен сайын өсе түсті. Өйткені «...жыл сайын мыңдаған қазақ Ордадан тысқары жерлерге баю үшін емес, аш құрсақ отбасыларын асырау үшін табыс іздеп кетуге мәжбүр болып жүр». Оның үстіне «... мал өсіруден үлкен дәулет табу мүмкін емес. Малдың құнын есептегенде 10 мың сомнан астам жинағы бар малды байлар некен-саяқ, ал өнеркәсіп, егіншілік кәсіппен айналысатындардың арасында 100 мың сомды иеленушілер баршылық» (Бекмұхамбетов М., «Астраханьские ведомости», 1894, № 4). Тағы бір құжатқа назар аударайық (Сол мұрағат. 1-қор, 5-857-тізім, 103-іс). Ол да осы Мақаш басқарған округ қазақтары өмірінен. Астрахан губернаторы Жанбай селосы шаруалары мен қазақтар арасындағы келіспеушілікке орай мемлекеттік комиссия құрып, істің мән-жайын тексереді. Сөйтсе құрамында Бөкей Ордасын басқарушы Уақытша Кеңес төрағасы А. Ю. Вольфердць, Волга-Каспий бассейнінен балық, итбалық аулау басқармасының бастығы П.О.Зубович және осы басқарманың жер өлшеушісі Е. Т. Молдаванцев, Астрахан губернаторының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға шенеунігі В. Ф. Сусков, Краснояр уезінің исправнигі С. В. Роговенко, Краснояр уезінің жер шаруашылығы басқармасының бастығы И. И. Пономаревтар бар комиссия Жанбай (Никольск) селосының орыс шаруалары Каспий теңіз жағалауындағы бос жатқан аралдарды оған қожалық етуші Волга-Каспий бассейні басқармасы мынаны анықтайды. Жанбай селосының 500 отбасынан тұратын шаруалары Волга-Каспий бассейн басқармасына қарасты жағалық аралдарды жылына 755 сом ақша төлеп пайдаланады. Ал сол жердің жартысын Екінші округтің қыр жайлаған әлсіз отбасылы, күн көрісі төмен қазақтары жалдайды. Келісім шарт мерзімі бір жыл, өтемақы құны 525 сом. Барлығы 400 түтін, көздеген мақсаттары – батаға ұстаған орыс байларына жалдану, сөйтіп бала-шағасын асырау, күн көру. Қырсыққанда сол жылы әуе-табиғат жағдайы келіспей, ылғал аз түседі. Бұрыннан отырған орыс мұжықтарының 500 үйі, оның үстіне қазақ шаруаларының 400 шаңырағы тағы бар. Әрбірінің кем дегенде бірлі-екіден сауындық сиыры, 4-5 қойы, бірер ат, 5-10 үйрек-қаз, тауығы қосылғанда жер беті қайысып, онсыз да ақ құйқасы шыққан тегірені тері сүйреткендей қалыпқа жеткізеді. Сол жылдың мамырында қазақтардың жерді жалдау мерзімі бітеді. Жалға берушілер қазақтарға осы жәйді айтып «Бәрінен бұрын малымызды қырып алатын түріміз бар. Ең болмаса көк көтерілсін, келісім мерзімі бітті, жерді босатыңдар» десе, қазақтар «Біздің баратын жеріміз жоқ, туған ауылымыздан кетіп қалғанымызға бір жыл болды. Содан бергі күн көрісіміз тек балыққа айналды. Биылғы маусымда да жұмыс істегіміз келеді. Мәмілеге келейік, келісім шартты ұзартайық» деп отырып алады. Ақыры осы даудың соңы Астрахан губернаторына дейін жетеді. Арнаулы комиссия жоғарыдағыларды анықтайды. Бірақ нақты айтар шешім жоқ. Өйткені қазақтарға «келіскен мерзімдердің бітті, ауылдарыңа қайтыңдар» дей алмайды. Себеп – әлгі айтқан, олардың барар жері жоқ. Екіншіден, биыл да күн көруі, отбасын асырауы керек. Ал жер беруші кедейлерге бұл қазақтар отыра берсін деудің тағы да реті жоқ. Сонда қайтпек? Ақыры терістік Каспийдің қойны-қонышындағы жекелеген аралдарды түгел сүзіп шығып, адам тұруға мүмкіндігі бар жерлердің бәрін Уақытша Кеңестің қаржысына сатып алады. Оларға әлгіндей жерсіз жүрген жанбайлық қазақ жатақтарын орналастырады. Мәселен, Михайловск аралына – 30, Сухойға – 20, Белужийге – 15, Шемен, Кокаров, Ботахан, т.б. барлығы жиырмаға тарта аралға 15-20 күннің ішінде үйсіз-күйсіз қазақтарды орналастырып үлгерді. Бұлардың ішінде адам ізі түсіп үлгермеген қалың жынысты қамыстың қоқтылары да бар еді. Сайып келгенде, осындай қырда мал соңында жүрген қазақтарды жаңа кәсіпке үйретіп, одан нәпақа табуға мәжбүр еткен, әрине, тағңдыр, қала берді Мақаш екенін ұмытпауымыз керек. Ол Уақытша Кеңес басшылары, Астрахан губернаторымен достық қарым-қатынасын пайдаланып, көптеген қазақтың балық өнеркәсібіне араласуы, кейіннен бұл саланың нағыз шебері атануына себеп болды. М.Бекмұхамбетов бұл туралы өзінің жоғарыдағы «Қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждары» («Астраханьские ведомости», 1894г., № 4) деген мақаласында: «Біз балықшы қазақтарды білеміз және олар мұзбалық теңізші әрі шебер балық аулаушы. Олар орыс балықшыларынан озып кетпесе де, әйтеуір теңіз жұмысында тең түседі деп батыл айтуға болады», – деп жазды. Осы өңірден шыққан белгілі балық өндірушілері Шарапиден, Ибрагим, Өтеғали, Құсайын, Салық Танашевтердің есімдері XІX ғасырдың екінші жартысы, XX ғасырдың басында күллі Ресейдің балық өндіруші кәсіпкерлері арасында кеңінен мәлім болды. Әсіресе, Өтеғалидің өз иелігіндегі бес батағасының («Дружинский», «Мало Дружинский», «Қаракөл», «Потанайский», «Михайловский») өнімдері Каспий маңы қалалары былай тұрсын Еділ бойын өрлеп, Ресейдің көптеген базарларында үлкен сұраныспен өтті. Қожайын одан түскен қаражатқа жергілікті жердің ең қажет деп есептелетін секер, шай, ұн, мата, киім-кешек, тұрмыстық тауарлар сатып алып, айырбастап елге жеткізді.Елде мүмкіндік болса ақша, болмаса мал өнімдері – тері, жүн, сүйекке ауыстырды. Сайып келгенде, мұндай мүмкіндікке жергілікті қазақтар дән риза болатын. Әйтпесе Астраханның алдампаз татар бақалшылары аңқау қазақтың бір лақ, қозысын бір ине, иіс суға айырбастап жүре беретін. Балық өнеркәсібін осы сынды халық игілігіне айналдырып, Сұранысын өтеген Өтеғали Танашев XX ғасырдың басында Ресей рыногында ең таңдаулы он балық өндіруші кәсіпкердің бірі атанып, бағы жанып тұрды. Бірақ қалғандарының да одан кем түсер жері жоқ еді. Бір ғажабы сол судың құты – балықтан мерейі өскен өңкей кәсіпкер Танашевтер өз байлығын асып-төгілген дүние-мүлік емес, тек қана балаларын оқытып, киіндіруге арнады. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде Танаш әулетінен халқымыздың арын арлап, жоғын жоқтаған әлденеше әжептәуір азаматтар шықты. Олар Әбдірахман, Арыстанғали, Сүлеймен, Құспантай (Ғұсмантай), Сабыр, Уәлитхан және басқалары еді. Бұлар бастапқы білімді Астрахан, Орынбор, Қазан қалаларынан алды. Кейін Санкт-Петербург, Берлин, Италия, Швецария, Түрік еледерінде жалғастырып, жетілдірді. Бірақ олар сол білімдерін ақыр аяғына дейін туған халқының игілігіне арнай алмады. Жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан басталған қуғын-сүргін, 28-30-дағы байлар мен әлділерді тәркілеу, 35-38-дегі нәубет науқанына жалғасып, бордай озып, тұздай еріді, жоқ болды. Болмаса, тұрымтай тұсына, балапан басына кетіп, құрыды. Бойымыздағы бар қайрат-күшімізді туған еліміздің келешегіне арнаймыз деген ұлтжанды Танаш ұрпақтарының ұл-қызы қазірде Америка мен Англия, Франция мен Германия, Израил мен Түркия, ТМД-нің көптеген елдерінде жүр. Олар бұл күнде Қазақстанды ата жұртымыз деп еске алғаны болмаса, өскен өлке, от жүректі Отанымыз деп мақтаныш ете алмайды. Ең өкініштісі де осы емес пе?! Ұлтжанды дегеннен шығады. Біз Мақаш өмірін зерттеу барысында оған немере ретінде Танаш әулетінің де өсу, өркендеу жолына зер салып отырдық. Сол кезде байқағанымыз – басында Танаштың өзінен бастап (Ол 1863 жылы 65 жасында қасында Жаман Айдосов, Мәстек Көшенов, Көбей Қасымов деген ел адамдары бар Мекеге қажылыққа барып, сол жақта қайтыс болады) бала, немерелері түгелдей, ең аяғы 1940-1950 жылдарға шейін балықшылықпен айналысқан. Ал Уәлитхан Танашев болса, жас Қазақ Республикасының 1920 жылдары тәй тұрып, өз алдына отау тігуіне айтарлықтай үлес қосқан. Кейіннен бай баласы ретінде үш рет абақтыға жабылып, айдауда болған ол артында ұрпақ қалдыра алмаған. Тіпті 1968 жылы соңғы рет туған республикасына келіп, Орталық Комитетте болғанда Қазақстанда тұру мүмкіндігін иеленбеген ол сол жылы қайын жұртында – Қазанда қайтыс болады. Біз оның жеке архивтік мұраларын қарау үстінде өмірінің соңғы жылдары жазылған мына бір жолдарға кезігіп, әбден ризалық сезімге бөлендік. “Мен, – дейді ол өзінің өмірбаяндық жазбасында, – өмірдің ащы-тұщысын өзгелерге қарағанда көбірек көрген адаммын. Бірақ соның ащылау жағы тіптен көбірек және тым артықтау болды ма деп ойлаймын. Әйтсе де менің арым алдындағы жүрегім ақ, көңілім таза. Жападан жалғыз қалған соңғы сәттерімде өзіммен-өзім отырып, мұңға батамын. Мұң – менің сырласым. Ойлап қараңызшы, одан басқа кімім бар еді менің. 86 жылдық ғұмырымда бұл өмірде не істеп, не қойдым, әсіресе өзімнің туған республикама, Отаныма не жақсылық жасадым. Рас, маңдайымның терін ағызып, жанымды шүберекке түйіп жүріп 6 жыл қызмет еттім сол еліме. Әсіресе республика шекарасын белгілеуде досым Әлімхан Ермеков екеуміздің В.И.Лениннің бір күнде екі рет қабылдауында болып, Я.Свердловпен жаға жыртыса салғыласқанымыз есімде. Өзекке түскен өкініш көп. Өзіміздікі деп жүрген көп жер өзбек бауырларға кетті. Орынбор ормантоғайлы Орал мен терістік Арқа орыстарда қалды. Енді қалғаны Еділдің төменгі сағасы. Свердлов болса, Бөкей Ордаң мен Гурьевке бір-ақ тарт деп жеңістік бермейді. Тіпті өзара кесіп-пішіп қойған, біз болсақ Әлімхан екеуміз әр сүйем жерді дәлелдеп, қазақша қойылған жер атауларын тілге тиек етеміз. Ноғайлы заманы жырауларының өлеңдерін оқимыз. Ақыры Владимир Ильич “Олай болса мына жер қазақтікі” деп қызыл қарындашпен Қиғаш өзенін бойлай Каспийге төте шықты. Бұл біз үшін соңғы үміт. Ал мен үшін осыған дейін Ресей территориясына кіріп келген Екінші Теңіз жағалауы округі – туған ауылымның Қазақстан құрамына мәңгілік енуі еді. Қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады. Екі көзім жасқа толды. «Ең болмаса, осының өзі!». Мен шап беріп Әлімханды құшақтай алдым. Ол болса «Өкініш көп қой бауырым. Өкініш!» деп жылап тұрды. Құдайдан күштісің бе, барымыздан айырылып қала жаздадық қой». Міне, көрдіңіз бе, қазақ елінің келешегі, шекаралық территориясы үшін ту сонау Тұрымбеттен басталып келе жатқан күрес оның төртінші ұрпағы Уәлитханға дейін осылайша жалғасты. Иә, 1845 жылдың тамызында Жәңгір мен кездейсоқ ажал тапқан соң қазақтың ең соңғы Бөкей хандығы жойылып, әкімшілік басқару жүйесі орыс шенеуніктерінің қолына ауысты да аймақтық территориялық бағынысы Астрахан губерниясына берілгені белгілі. Елімізде кеңес үкіметінің орнауына байланысты 1920 жылы Ресей құрамында Қазақстан Автономиялы Республикасын құру мәселесі көтерілді. Осы кезде бұған дейін Ресей иелігіндегі Бөкей Ордасын қайда жіберу керек деген сұрақ туды да осыған орай айтарлықтай айтыс-тартыс күшейді. Ол туралы Уәлитхан жоғарыдағыдай деп естелік қалдырса, соның нақ ортасында жүрген Әлімхан Ермековтің өзі не дер еді? Ол «Мен Ленинмен неге сөз жарыстырдым»* деген естелігінде: «Қырғыз (қазақ) әскери-революциялық комитетінің 1920 жылы 18 мамырдағы қаулысы бойынша жаңадан құрылмақшы Қазақ Автономиялы Республикасы, Қырғыз (қазақ) өлкесінің жалпы жағдайы және оның шекара мәселесі жөнінде баяндама жасау үшін 2043 нөмірлі мандатпен мені Мәскеуге жіберді. Қырғыз (қазақ) әскери ревкомның Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті жанындағы өкілдігі алқасының төрағасы болып бекітіліп, одан кейін БОАК Президиумының қалаулысымен Қырғыз (қазақ) әскери ревкомы мүшелігінің құрамына енгізілдім. Мәскеуде жұмыс істеген төрт айдай уақыт ішінде В.И.Лениннің төрағалығымен өткен комиссиясының мәжілісінде Қазақстанның жағдайы жөнінде баяндамада Каспий теңізінің солтүстік жағалауын Астрахан облысынан алып, біздің республиканың шекарасына қосу туралы ұсыныс жасадым. Менің бұл ұсынысыма мәжіліске қатысушылар шұғыл қарсы шықты. Ленин Астрахан губисполком төрағасына жағалауда тұратын қазақ және орыс халқының арасалмағы туралы сұрақ қойды. Ол статистикалық деректердің жоқтығын сылтауратып, төтесінен қойылған сұрақтардан жалтарып кетпек болып еді, Владимир Ильич: «О, не дегеніңіз, о не дегеніңіз... Статистиканың бұл арада қандай қатысы бар? Мен сізден өз жерін жақсы білетін басшы ретінде сол жаңағы жағалауда қазақтар көп пе, орыстар көп пе, соны білгім келіп тұр», – деді қадалып.

- Қазақтар көпшілік, Владимир Ильич, қазақтар көп, – деп ол құлақ шекесіне дейін қызарып, сасқалақтап қалды.

- Солай десеңізші... Енді мәселе айқын.

- Сонда қалай болғаны, Владимир Ильич, Ермеков жолдас Данциг дәлізін жасағалы тұр ма? – деп осы арада Орталық комитеттің хатшысы Кристинский килікті.

- О, не дегеніңіз, Николай Николаевич? Түсінбегенсіз бе, мәселенің түп-төркініне... Крестинский жолдас, мәселенің байыбына бармаған екенсіз, ол біздің экономистеріміз, шаруашылық басшыларымыз, мына отырған губисполкомның төрағасы ғой, қазақтардың ата мекенінен ойып алып, Астраханға қосқалы отырған...

Жағалаудағы алқап Астрахан губерниясының иелігінен алынып, Қазақ Автономиялы Республикасы қарамағына берілетін болып, көпшілік дауыспен қабылданды», – дейді.

_________________
* Кейкин Жәрдем. Заманым, өзім, замандастарым.., 137-138-бб.

Батыс бөлігіндегі қазақ жерінің тұтастығы В.И.Лениннің әділеттігі және қазақ қайраткерлерінің қайсарлығы арқасында осылайша сақталған. Содан кейін Бөкей губернесі 1922 жылы Кеңестер құрылтайының шешімімен Теңіз уезі, 1928 жылы Теңіз ауданы болып қайта құрылған.

ЖЕРІ БАЙДЫҢ – ЕЛІ БАЙ

Қазір біз Атырау аз жылда мінез танытып, өз деңгейін көтеріп келеді деген қуаныштан гөрі үрейі басым алмағайып кезеңде жүрміз. Шындығында шамырқанған шалқар бұған дейін ғасыр жарым уақыт бойы айдынын азайтып, көлемін шағындап келгенін белгілі. Ерке теңіздің осындай етек-жеңіл ерте жинақтап, тартылып бара жатқанын алдымен аңғарғандардың бірі де Мақаш Бекмұхамбетов еді. Он тоғызыншы ғасырдың орта тұсы ауа-ақ орыс патшасына хат жазып, «Күн өткен сайын теңіз суы тартылып барады. Су кетсе, ну жоғалады. Жерді қуаңшылық басып, азады, құм шағылдар көбейеді. Шағылдар көбейсе, шаруа шағындалады. Тұрмыс төмендеп, тұрғындар азады. Адам аз өлкенің аңызағы мол, азабы көп. Бұған жол бермес үшін округ көлемінде қолдан келген мүмкіндіктерді пайдаланудамыз. Бірақ мұнымыз аз. Олай болса, аталған істе жүйелі жұмыс, нақты басшылық керек. Атап айтқанда, жерді территориялық жағынан бөліске түсіп, оны ғылыми тұрғыдан көгалдандырып, суландыруға назар аудару, Нарын даласы мен теңіз жағалауындағы шөлейт жерлерде құм көшкініне қарсы жерсінген мал азықтық шөптер мен бұталар ағаштарды егу керек» деген мазмұнда пікір тастайды да, оған нақты көмек ретінде, қаражат, арнаулы білімді мамандар бөлуді сұрайды. Оның бұл ұсыныстарын патша қабыл алып, көп мөлшерде (10 мың сом) ақша бөледі. Сондай-ақ, Мақаш патшаның өзіне резиденция салуға бөлген жоғарыдағы қаражатын да осы мақсатқа арнайды. Деректі орындардың ұлықсатымен Санкт-Петербург, Саратов, Астрахан қалаларынан мамандар шақыртып, өзіне қатысты территорияны жер жағдайына, адамдардың қоныстану ерекшеліктеріне орай карта жасатады. Сол карта бойынша ру-руға жер бөліп беріп, әр учаскенің табиғи жағдайын қорғауға жауапты етіп арнаулы білімі бар мамандар отырғызылады. Олар жердің құнарлылығын жоғалтпау, су көздерін тиімді пайдалану, жайылымдық, шабындық жерлерді бөлумен айналысқан, яғни ғылыми тұрғыдан пайдалануға берік негіз қалаған. Қазіргі Астрахан облысындағы Қызылжар ауданының Байбек ауылынан күншығыстағы өзі отырған Көкарна мекеніне дейінгі Байда, Қызылоба, Көлбін сынды елді мекендерде жер қорушы арнаулы адамдар мен мамандар ұстап, олардың әрқайсысына қолайлы үйлер салдырып берген. Олар әр ру адамдарының малына қажетті шөпті қайдан дайындауы, жаз жайлауы мен қыс қыстауы қай жерде болуы керектігі де белгіленген. Ол кезде де, қазір де аталған жерде, яғни Құрманғазы, Исатай аудандарының территорияларында астық өспейтіні белгілі. Ал мұнда сол жылдарда астықтың орнына құм-шағылдарда өсетін құмаршық шөбінің дәмін азық ретінде пайдаланған. Мақаш әкім тұсында әр ру адамдарының құмаршықты қай жерден шауып, қағатындығы да алдын ала анықталып беріліп отырған. Ілгеріде еске салғанымыздай, Мақаш Бекмұхамбетов әкімшілік еткен кезінде Атыраудың терістік бетінің, соның ішінде Нарын құмының экологиялық жағдайын сауықтыруда біраз онды қадамдар жасалынды. Ол жәйлі қазірде Құрманғазы ауданының орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының және денсаулық сақтау ісінің ардагері Әнуар Кәрімов сонау елуінші жылдардың аяғында осы өңірдің құйма құлақ қарияларының бірі, сол кездің өзінде тоқсанға тақап қалған Түсіпәліұлы Мұханбетжаннан (кезінде Мақаштың іс-қағаз жүргізушісі болған) естіген едім деп мына бір әңгімені келтіреді:

- Осы күнгі «Ақжонас» өндірістік кооперативінің Жиенәлі учаскесінде жерді нуландыру, құм көшкініне қарсы күрес жүретін арнаулы мекеме болған. Ол Бөкей қазақ даласының Приморье құм өңірі Жиенәлі учаскесі, кейіннен Бөкей орман-мелиоративтік округінің Жиенәлі участогі деп аталды. Оған алғашында Шилин деген жетекшілік етеді. Кейіннен оны Руденко деген алмастырған. Екеуі де Петербургтың орман шаруашылығы институтының түлектері екен. Бұлардан басқа әр жылдарда бас және жәй агрономдар болып Дорожин, Гавриил Петрович Рубайлов, Кемел Ерсариев, Мыңбай Дәулетәлиев, Мұхтар Халықов, Лепилов, Құмар Баймұханов дегендер еңбек етсе керек. Басқа жерлердегі сияқты олар да өздеріне қарасты аймақтың суы мен нуының шаруақорлықпен тиімді пайдаланылуына ерекше мән берген. Керек десеңіз, әр ру адамдарының жаз жайлауы мен қыс қыстауының бөлек-бөлек, қыста теңіз бойындағы қалың қамыс, қопалы аймақты паналаса, жазда маса, сонасы жоқ, адамына да, малына да қолайлы Нарын құмының қолат, қолтығын жайлауына мүмкіндік туғызған.

Сондай-ақ, олар көктемгі, күзгі қоныс аудару, көшу кезінде әркімнің қалаған жерімен мал айдамай, тіпті жүргінші жолаушылардың өздерінің де тек бір ғана айдау жолмен сапар шегуін қадағалаған. Мысалы, Ганюшкин, Жиенәліден Орда бағытына бет түзеген жолаушы Сазды не Қарағайлы жолымен Теректі асып, Жасқұстағы хан ордасына құлаған. Аталған жерлердің қай-қайсысына да жолаушылар тынығатын, көліктерін суытып, шөл басатын қонақ үйлер мен арнаулы орын, аула-қоралар, жем-шөп қоры болған. Сайып келгенде, адам аяғы мен мал көшінің жүрісіне осыншалықты тұсау салудың себебі – тек қана мал қамы. Ол кездегі өндіріссіз елдің негізгі кәсібі – мал. Ол кисе киім, ішсе ас, сатса пұл. Ендеше оған алдымен жайылыс, қыстық азық керек. Ал ол қашан да жерге байланысты. Осындай жағдайда бет-бетімен жүрген жолаушы аты мен айдалған түлік тұяғы жердің аз ғана уақытта азып, шөптің тамырынан қырқылып, құруына әкеп соғады. Сондықтан мұндай келеңсіздікке жол бермес үшін әлгіндей амалдың жөні бөлек еді. Шөлейт жерлерге құм көшкініне қарсы қияқ, жиде, дүзгін,құба тал, жабайы алма ағаштары егілген. Осы күнге дейінгі Кордуан, Жыланды, Байда, Рожок, Қызылоба, Көкарна бойындағы бой түзеген жасыл белдеу – мәуелі ағаштар сол кезеңнің жемісі. Кезінде сол тал-теректер бой түзеп, өсіп кеткенше мал түсірмеу өз алдына, қыс кезінде олардың төменгі тұстарындағы қабықтарын қоян, басқа да кеміргіштер жеп қоймас үшін күз түскен бойда қоғамен орап, байлап та қояды екен. «Аталған істің нәтижелі жүруін Мақаш Шолтырұлы ұдайы бақылауда ұстап, өзі қадағалайтын», – дейді екен әкім қасында біраз жыл көмекші болған білікті, оқыған-тоқыған мол Қосмағамбет Есіркепов ақсақал. Есіркеп Тайсойғанның күнгейіндегі Саркөлдің шеркеші. Қосмағамбет білімді Орынбордан алса керек. Өйткені ол Мақашпен сол жақта кездесіп, тіл табысады. Біраз уақыт оның сауда жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Тегінде Екінші Теңіз жағалауы округінде округ халқын азық-түлік, халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуге жауапты Мақаштың немере ағасы Тінім болған. Ол осы Қосмағамбеттің Еділ бойын өрлеп, бартерлік негізде мәмілеге келген жерлерінен тауар алып, оны округ тұтынушыларына жеткізіп отырады екен. Кейін бұл іс өңірде кеңінен дамып, Мақаштың сауда экспедиторлары тек Еділ бойы емес, Қырым, Кавказ жағы, түрікпен, өзбек ағайындарымен де аралас-құралас айырбаста болған. Өзі қазіргі Котяев пен Жасталап, Алғара мен Байда ауылдары аралығындағы шағын алқапқа иелік етіп, мал өсірген, балық аулаған, негізінен тары салған. Біз бұл әңгімелерді оның ағайындары атыраулық Ғинаят Ықсанова, Ганюшкин селосының тұрғыны Рашат Қабиев, немересі, қазір Атырау облысының Котяев селосында тұратын, пайғамбар жасынан асқан қария Уәлитхан Ықсанов ағалардың өздерінен естідік. Осы әдіс кейін кеңес үкіметі тұсында көптеген шаруашылықтарда да қолданылды. Бір қарағанда бұл дұрыс та. Өйткені ағаш өскен аймақта қатты соққан дүлей желдің екпіні бәсеңдейді және жерге түскен қар көшкіні азаяды, яғни топырақтың ықпалдылығы сақталады. Демек, ол жерде басқа да өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туып, келесі жылы бітік шығады. Ағаш басына түрлі құстар ұя салып, өсіп-өнеді. Қос қанаттылар түрлі ауру таратқыш кеміргіш, өсімдік зиянкестерін аулап, азайтады. Сөйтіп табиғаттың тепе-теңдігі сақталады, қалыпқа келеді. Міне, оысның бәрі Мақаш сынды үлкен жүректі адамның туған жерінің шұрайын келтіріп, шырайын арттыруға деген қамқорлығының жарқын көрінісі. Бұл сияқты абыройыл іс кейін 1930-1940 жылдарға шейін жалғасты. Қызылоба ауылының түстік тұсында аудандық орман шаруашылығы мекемесі, оның үйлері тұрды. Сол кезде, тіпті елуінші жылдардың ортасына дейін қарағаш, шынар, қайың, жылауық тал, тұт, көптеген жеміс ағаштары өзен бойлап жайқалатын, бой түзейтін. Бірақ кейін сол Мақаш салдырған үйлер бұзылып, теңіз жағалауындағы селоларда әкімшілік кеңселер ретінде қайтадан құрастырылып, тұрғызылды. Бірақ осы күні сол мирастарды Мақаш ата тұрғызған үйі еді, соның көзі болатын деп ешкім қадірлемейді. Бұл да болса жүрекке отызыншы жылдарғы нәубет салған салқынның жазылмас, ыдырамас шаншуынан түскен көлеңке екені сөзсіз. Бірақ осы арада мынаны да естен шығармаған дұрыс. Мақаштың өмір сүрген ортасы мен қоғамдық ойлар тоғыстырар кезеңі бүгінгімен, тіпті кешегімен де салыстыруға болмайтын өзгеше сипатта. Ол ел билеген уақытта жоғарыда шеңгелді қолын созып патшалы Ресей тұрды. Сайып келгенде, Ресейдің ұстанған саясаты, тәртіп, мақсаты бар. Сол мақсатқа мойын ұсынбай, туған халқына бола түбегейлі бет бұру, сірә да, мүмкін емес. Түбегейлі түгіл, тек емеурін білдірсең де есте қалып, аяғы ажалыңа апаруы ықтимал. Ол отарлаушы елдің қашанғы саясаты. Хан басымен Жәңгір де, зиялы ғұмырымен Мұхамбет-Салық та сол заманның құрбаны болып, қыршын кеткенін бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді. Мақаш әрдайым туған халқының болашағына сеніп, үлкен үмітпен қарады. Ол келешек үшін еңбет етіп, тер төгетін жастардың, оқығаны-тоқығаны мол, білікті ұрпақтың өскенін қалады. Осы жолда Мақаш жанарында жақсылықтың оты, бойында ізгіліктің қуаты бар ізбасар ұл-қыздарға дер кезінде қамқорлық жасай білді. Сондай Алаш арыстың бірі – Бақтыгерей Құлманов. Ол Мақашқа туған жиен, қарындасы Сараның ұлы. Анасынан жастай қалған ұлды Мақаш өз тәрбиесіне алып, әуелі Жәңгір мектебінде оқытады, кейін Санкт- Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде дәріс алуына мүмкіндік туғызады. Аталған кезеңдерінің бәрінде Мақаш оған қаражат жағынан көмектесіп, қол ұшын береді. Профессор Рәбиға Сыздықованың айтуынша Мақаш Бақтыгерейдің оқуы кезінде жеке стипендиямен қамтамасыз етіп отырған. Аға да, әке де бола білген Мақаш еңбегін еш етпеген Бақтыгерей сол оқу орнының өзінде жүріп-ақ ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін еңбек жазып, халқымыздағы алғашқы ғылыми атағы бар тұлға атанды, Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды, қоғам қайраткері ретінде танылды, кейіннен “Алаш” қозғалысы басшыларының бірі борлды. Мақаш тәрбиесін көп көрген айтулы тұлғалардың ішінде белгілі қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің орны бөлек. Сейтекеңнің есімі кешегі отызыншы жылдар зұлматынан сауықпай, ұзақ уақыт құпия құлып астында сақталынып келді. Ендеше, оның өмір жолы, Мақаш қамқорлығына бөленуі жәйлі аз-мұз айта кеткеннің де артықтығы болмас. Сейітқали Нарынның терістігінде, Қамыс-Самардағы қатардағы балықшының жанұясында дүниеге келді. Бұл он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі болатын. Әуелі Жаңа қаладағы орысша-қазақша бастауыш мектепте білім алған ол кейін Жәңгір мектебінде оқиды. Сейітқали бұлардың қай-қайсысында да зеректік танытып, өзінің білімге деген құштарлығын байқатады. Бір қарағанда бұл қасиет негізсіз емес еді. Өйткені анасы Тамарис өмірден көрген-білгені мол, оның үстіне өз жанынан аздап өлең шығарып, қандай ортада да ойын бүкпесіз айтатын ашық адам болатын. Ал әкесі Меңдеш ата күлдігі Қамыс-Самар десе де анау Атырау айдынына бір бүйірін тығып жатқан батағалардын су маржанын теріп және байлардың сиырын баққан, орысша сауатты, көзі ашық адам еді. Оның үстіне қашаннан Мақаш ауылымен аралас-құралас, тіпті қоныстас өсіп, көршілердің көсегесі бұларға да дарыған іргелі ел-тін. Міне, осының бәрі болашақ зерделі жасқа ісерін тигізді. Ауыл маңындағы оқу орындарын тамамдап, өз білімін одан әрі жалғастырғысы келген Сейітқали енді Омбы, Орынбор, шынын айтса, Қазандағы жоғары оқу орындарының біріне иек артып, білім алғанды қалайды. Бірақ бұл қашаннан алдында малы, алысқанды алып ұрар халі барлардың балалары болмаса, айдағаны бес ешкі. Ысқырығы жер жарған, жамау шалбар, тесік өкпе балықшы мен бақташының ұлдары үшін бос қиялмен бірдей еді. Дегенмен, Сейітқали «болмаса да ұқсап баққанның» бірі болып, әлгі айтқан Омбы, Қазан қалаларындағы оқу орындарына жіберілуге іріктелетін жастар қатарына ілігеді. Бірақ түпкі ойы ортасы бөлек, өнегесі мол Қазанды көбірек ұнатады. Осы тұста оған алғаш көмекке келген Мақаш болып, ылғи ығай мен сығайдың балалары арасында жеке-дара мұның бағын жандырады. Ала-бөле айта кетер Мақаштың әділдігі – ол өзінің осы оқу орнына аттанғалы отырған білімі аз, білігі төмен жиеніне бүйрегі бұрмай, бір жақтағы бұның сөзін сөйлейді, бүкіл іріктеу комиссиясы алдында бедел салып, биік танытады. Әділіне бақсақ, бұл Мақаштың әкімдік қызметтен босап, Ордадағы Уақытша кеңесте қызметін атқарып жүрген кезі-тін. Осы тұста ол өзінің Уақытша кеңес пен Астрахан губернаторы алдындағы мол беделін пайдалана біледі. Сейітқали кейіннен Қазандағы оқуын сәтті жалғастырып, онда Нұралыдан туған Қаратайдың Байсалы, Бақытжандарымен, әйгілі ақын, білікті судья Шәңгерей Бөкеев, Мысыр мен Кабулдағы қос университетті тамамдаған Ғабдулғазиз Мұсағалиевтермен кездесіп, таным-білігін тереңдетеді. Сондай-ақ, өзіне қамқорлық жасап, қол ұшын берген Мақаш ағасынан да қара үзбейді. Қайта оны ұстаз тұтып, каникулда елге келгенде ат ізін салып, сәлем береді. Ақыл-кеңесін тыңдап, оның жылдар бойы қазақтар жәйлі жазғандары мен өз құрастыруындағы өткен заманғы ақын-жыраулар өлеңдері, мақал-мәтел, шешендік сөздерін оқып танысады, қайтадын қорытып, жүйелеп, жинақтауға көмектеседі. Артынан олардың Қазандағы Каримовтер баспаханасынан «Жақсы үгіт» деген атпен жеке жинақ ретінде жарық көруіне қол ұшын береді. Осының өзі ағаның ініге, інінің ағаға деген ілтипаты, көмек-қамқорлығы немесе туған халқымыздың екі ірі тұлғасының бір-біріне тани білуінің жарқын көрінісі еді. Бұл жайлы жазушы Қалыш Құрманғалиеваның «Жұлдызды дала» романында жан-жақты сөз болады (Алматы, 1990). Ғалым М. Ысмағұлов пен жазушы Р. Отарбаевтың еңбектеріне сүйенсек, М. Бекмұхамбетов ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринмен қапысыз достықта, қарым-қатынаста болып, бірігіп «Астраханские ведомости» газетіне жастар тәрбиесі, оқу-ағарту ісі жәйлі мақала да жазғанға ұқсайды. Оныңда негізі бар болатын. Алдымен, Мақаш пен Ыбырайдың кадет корпусындағы оқу жылдарында білім алған және ең қадірлеп, көбірек араласқан ұстаздары, белгілі шығыстанушы В.В.Григорьев* болса, оның бұларды бір-біріне таныстырып, әңгімелемеуі мүмкін бе?! Екіншіден, Ыбырайдың қайынатасы Шолақ Айбасов он тоғызыншы ғасырдың 50-60 жылдарына Жайық сыртындағы Орда бөлігі басқарушысының көмекшісі болған. Сөз жоқ, Ыбырай өзінің қайынатасына келіп жүріп, туған халқының көзін ашып, жастарын оқытуды армандаған және сол халықтың ауыз әдебиетін жанындай сүйген ниеттес замандас ағасы туралы сетімеуі, кездесіп, сырласпауы мүмкін емес. Ендеше жоғарыдағы мақалада суреттелген сондай достық рәуіштің жарқын сипаты көңілге қонады. Әрине, бұл тақырыпта болашақ осы салада тер төккен зерттеушілер дәлелдеп, жұртшылық назарына ұсына жастар, біз болсақ оның Ганюшкин селосында екі кластық орыс-қазақ мектебін ашып, онда көптеген қазақ балаларын оқытқандығы, ілгеріде бұл мектепті тәмамдаған жастардың біразы өз халқының игілігіне жараған білікті ұстаз, бірегей маман аталғандығын қаймықпай айтар едік. Мәселен, аталған мектептіңалғашқы түлегі, кейіннен Атыраудың денсаулық сақтау ісінде айтарлықтай із қалдырған абзал азаматтың бірі Қажығали Мәмековті (1883-1973) алайық. Ол осы мектептің алғашқы шәкірттерінің бірі еді. Кейіннен біз жоғарыда әңгімелеген Ордадағы Жәңгір мектебін тәмамдап, 1901 жылы Петербург іргесіндегі Кронштадт қаласында орналасқан Николаевск теңіз госпиталы жанындағы медицина мектебін бітіріп, дәрігер мамандығын алады. Қажекең 1905 жылы “Қанды жексенбіні” өз көзімен көрген адам. Сол абзал ағамыз ертеректе облыстық «Атырау» газетіне жазған бір мақаласында өзінің Мақаш әкімді әлденеше рет көргендігін, әңгімесін тыңдағанын айта келіп: «Ол еш уақытта өз қолындағы билікті пайдаланып парақор болды, не жарлы-жақыбайға тісін батырып, озбырлық жасады дегенді естіген емеспін. Қайта, Қайткенде наданның көзін ашып, сотқарды тезге саламын, тұрмысын жақсартып, көңілін көтеремін деген адам еді. Амал не, біздің округте Мақаштан соң қара халықтың қамын жеген жібі түзу билеуші болмады ғой», – деп өкініш білдірген-ді. Әрине, өмірден көрген-білгені мол, ұзақ ғұмыр кешкен қарияның бұл сөзінде жан бар екені сөзсіз. Сондықтан мұны да есте ұстаған жөн-ау деп ойлаймыз. Болмаса, Атырауда Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі денсаулық сақтау ісінде есімі ерекше аталатын адам, республикаға еңбегі сіңген дәрігер, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, марқұм Ахмет Сүндетов те Мақаш атын әрдайым асқан сүйіспеншілікпен атап отыратын. Оған себеп өзінің де Мақаш ашқан мектепті тәмамдағандығанда ғана емес, атасы Сүндеттің сол Мақашпен өле-өлгенше сыйластық, достықтығында болса керек. Ахмет ағамыздың айтуынша, атасы Сүндет ағаштан түйін түйген шебер адам болған да, округтегі Мақаш ашқан мектептерді салуға белсене қатысқан. Жалпы осы өңірдегі отырықшылықтың қалыптасуына, ағаш үйлердің көптеген салынуына көмегі мол болыпты. Бұған ырза болған әкім оған: «Егер кеудемде жаным болса, бар құрметім өзіңе арналады, Сүндет», – депті. Біз бұл сөздердің растығына көпетеген қариялар аузынан естіген қилы-қилы әңгімелер арқылы да көз жеткіздік. Әкіммен оысндай достық рәуіште болған балташы қария немересін еш ойланбастан ол ашқан мектепке береді. Бұл 1904 жылы еді. Осы кезде аталған мектепте, кейіннен Қазақстанның белгілі партия, кеңес қайраткері атанған Сейітқали Меңдешев, республикадағы тұңғыш қос Ленин орденді, Республикамызға еңбек сіңірген ұстаз Қамидолла Нәубетовтер (ол да Жәңгір мектебінің түлегі) сабақ беретін. Осының өзінен-ақ бұл мектептің білім сапасы, тәрбие үлгісінің қандай болғандығын аңғаруға болар еді. Ахмет мектепті үздік бітіріп, Астрахандағы фельдшерлік-акушерлік мектепті (1918), кейін сондағы медицина институтын (1931) тәмамдайды. Біз көзі тірісінде Ахмет ағамен әлденеше рет әңгімелестік. Сонда ол: «Менің дәрігер атануыма марқұм Кенжеғали Боқановтың көмегі зор. Ол мен бітірген акушерлік-фельдшерлік мектептің 1914 жылғы түлегі еді. Өмір бойы Теңіз ауданының Қарақұл, Котяев селоларында дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болып істеді. Жиырмасыншы жылдардағы Дыңғызыл, Қошалақ бойындағы қайталап өршіген оба індетін алғаш танып, оның алдын алған да сол кісі еді. Жалпы ол кісінің Бірінші және Екінші округтердегі денсаулық сақтау ісіндегі еңбегі зор. Әуелден ауылымыз аралас, қойымыз қоралас, оның үстіне жасымыз да қарайлас болып өскен Кенжекең мені он бір жасымда Ганюшкиндегі орыс-қазақ мектебіне алып барды. Мен бұл кезде біраз есейіп қалған бала едім. Аз-мұз санды білемін. Ата-әжемнің қасында өскендіктен құран сабақтарынан да хабарым бар, жазу-сызуға кет әрілігім жоқ. Әуелі Кенжекең екеуміз мектеп директорының қабылдауында болдық. Директор біраз жасқа жеткен мосқалдау жан екен. Менің оқығым келентіндігімді естіп, бетіме бажайлап қараған қалпы: «Нешедесің?» – деді. Мен «Он бірдемін», – дейін. «Он бі...р...де!» Директордың дауысы таңданған күйде созылыңқы және қатқылдау шықты. Осы кезде жанымда тұрған Кенжеғали шошып кеткен кейіппен: «Жо...жо...жоқ. Жолдас директор, ол он бірде емес, жетіде. Бұл бала орысша білмейді. Әрі саннан хабарсыз», – деп безектей ала жөнелді. Мен бірдеңені бүлдіріп алғанымды байқамадым да: «Иә, иә! Ағай дұрыс айтады. Мен жетідемін!» – деп өңеш создым.

- Сонда сен, жетідесің бе, әлде он бірде?!

- Жетідемін!

- Жетіде...

- Дәл айтасыз, жетідемін.

- Фамилияң кім?

- Сүндетов.

- Атың ше?

- Ахмет.

- Қайдан келдің?

- Забурыннан.

- Арызыңды қалдырып кет. Хабар өзімізден болады.

Өстіп мен аталған мектептің бірінші класына қабылдандым. Кейін Жәңгір мектебін бітірдім. Сол кезде Астрахан фельдшерлік-акушерлік мектебінде оқып жүрген Кенжекеңмен тағы да кездестім. Мені Ганюшкиндегі Мақаш мектебін бітіргендігімді естігенде: «Батыреке, бұдан әрі біліміңді қайда жалғастырмақшысың?» – деп сұрады. Ол кезде аулымыздағы мұғалімдердің айдарынан жел есіп, беделі үстем болып тұрған. Соған сай мен де солардай ұстаз атанып, бала оқытамба деген ойымды айттым.

- Оның дұрыс қой, Ахметжан! Біле білсең Мақаш атаң ашқан мектептің көмегі шығар, әйтеуір ауылда азды-көпті ұстаздар қатары жетерлік, егер ендігі жерде туған халқыңның болашағын ойласаң, дәрігер атанғаның дұрыс,– деді ол.

- Сонда мен қайда оқып, дәрігер болмақпын?

- Мынау іргедегі Астраханда оқисың-дағы.

- Ойбай, Астраханнан адасып кетем ғой, әрі оған барар ақшам да жоқ, – деп ыршып түстім мен.

- Жоға, ақшаны ауыл болып жинаймыз, ал адасып, мектебімді таба алмаймын десең, мен-ақ алып барайын, оқуыңа да түсіруге көмектесейін, – деді.

Келістім, артынша алып та кетті. Сөйтіп, Кенжекеңнің көмегі арқасында бағым жанып, аталған мектептің оқушысы атандым. Онда менімен бірге М.Шолтыров, Н.Бөкейханов, Б.Жүсіпқалиев деген ұлдар оқыды. Олар кейіннен есімі республикаға белгілі даңқты дәрігерлер атанды. Бірақ кедейлік Кенжекеңнің қолын байлады да, жоғары білім алуына мүмкіндігі болмады. Әйтседе, ол Атырау денсаулық сақтау ісінде атын ардақтайтын биікте қалдырып кетті ғой”, – деп отыратын. Сайып келгенде, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. Бірақ осы арада “Кезінде Мақаш ашқан мектептер қазірде бар ма, болса қайда?” деген сұрақтың туындайтыны сөзсіз. Кешегі XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасына дейін Исатай ауданының Аққыстау поселкесінде тұрып, артынан сексеннен асып дүние салған қария Әбу Шалабаевтың айтуына қарағанда, Мақаш ашқан еуропалық ілім-білімді уағыздайтын мектептер Каспий маңы аймағында көп болған. Елімізде кеңес өкіметінің орнауына байланысты олар жалпы білім беретін орта, сегіз жылдық мектептер болып қайта құрылған, жаңа үлгідегі сәулетті үй-жайларға көшкен. Ілгеріде шет жағасын айта кеткеніміздей, Мақаш атамыз кезінде өзі ашқан мектептерді салуға Кавказдан күнкөріс үшін келген ағаш шеберлерін ұтымды пайдаланған. Өйткені өз елінде тұрмыс күйі нашарлаған таулықтар Бөкей Ордасына жиірек ат басын тіреп, көтерме жұмыстар сұрап отырған. Сөйтіп, олар өз тұрмыс-тіршілігін жақсартқанға ұқсайды. Ағартушы ағамыздың 1898 жылы жазған бір мақаласында “Қисымдарға басқан халықтар мен таулықтардан қайырымдылық тілеген кедей жандар көп келді. Олар басшылық тарапынан қанша қарсылық болса да қайыр тілеуді қазір де жалғастыруда. Шақырылмаған қонақтар неге осыншалықты Орданы арқа тұтып келе береді? Бұның басты себебі – біздің жабырқаушы қазақтарымыз оларға деген көмегін аяп көрген жоқ”, – деп жазды. Яғни бұл өлкеміздің таулықтармен туысқандық қарым-қатынасымыздың тым әріден басталғандығын дәлелдейді. Осы тұста аталған өңірге жиірек келгендердің бірі – дағыстандықтар болса керек. Мақаштың жасы ұлғайып, Әкімшілік жұмыстан босаған шағында әлгіндей топтардың бірі келіп, көмек сұрайды. Бірақ Мақаш оларға бұрынғыдай ақшамен көмектесе алмайтындығын, қолында қаражат билігінің жоқтығын айтып, ескертеді. Сонда дағыстандық шеберлер: «Бізге ақша керек емес, ағартушылық жағынан, яғни балаларымызды орыс алфавитімен (кириллица) оқытуға арналған әліппе жасап беруге көмектессеңіз көптен-көп рақмет айтар едік», – деп өтініш білдіріпті. Үй иесі бұл тілекті орындап, бір данасын өзінде сақтап қалғанға ұқсайды. Өкініштісі – сол кітап әлі күнге еш жерден кезіккен емес. Сондай-ақ Мақаш елдегі қазақ балаларының бәрін бірдей орыс мектебіне берудің мүмкіндігі жоқтығын ескеріп, Қазан, Уфа, Астрахан қалаларынан ондаған татар молдаларын шақыртқан, сөйтіп ауылдарда сауат ашу мектебін ұйымдастырған. Молдалар қыс бойы балаларға шариғат сабақтарын жүргізіп, араб әріптерін, Құран сүрелерін жаттатқан. Бір қарағанда бұл өңірдің көптеген адамдардың аттары, есімдердің әлі күнге татар ықпалында болуының басты себебі де осы Мақаш әкелген молдалар әсерінен екені белгілі. Астрахан өлкесін зерттеу жөніндегі Петров ғылыми қоғамының (аталған қоғам 1722 жылы Астрахан қаласына орыс патшасы І Петрдің келіп қайту сапарын мәңгі есте қалдыру үшін ұйымдастырылған еді; оның өз мұражайы, баспаханасы, бай кітапханасы болған) корреспондент мүшесі болып бес рет сайланған Қазан университетінің түлегі, ғалым Дінмұхамед Қосуақовпен Мақаш байланыс жасап, аталмыш қоғаммен де ынтымақта болған, кейін өзі де сол қоғамның мүшесі атанған. Бұл жөніндегі мәліметті Астрахандағы И.Н.Ульяновтың мемориалдық мұражайы қорынан табуға болады. Ғалымдар сондай-ақ Мақаштың көрнекті мажар ориенталисі Армений Вамберимен8 де жақсы қарым-қатынаста болғандығын айтады. Оның да шындыққа жақын келетін жайы бар. А.Вамбери кезінде Еділ-Жайық аралығындағы қазақтардың тұрмысын, жерінің географиялық құрылымын зерттеп, бұл жайлы 1889-1890 жылдары «Дала уалаяты» газетінде мақалалар циклін жариялатады. Аталмыш еңбектерді дайындау үстінде ғалымның жергілікті әкім, еуропаша оқыған-тоқығаны мол азаматпен кездесіп, кеңес алуы, ақылдасуы әбден заңды. Мақаш Шолтырұлының ел басқару ісі, мемлекеттік қызметке ертерек араласуы, тіпті оған дейін де кадет корпусында оқып жүрген кездің өзінде досы М.-С.Бабажановпен бірге ұстаздары В.В.Григорьевтің үйіне барып, мерзімдік баспасөзді жіті бақылап, оқып тұруы оның кейін де публицистикадан қол үзбей, керек десе өзінің де газет ісіне араласып, мақалалар жазып тұруына себеп болды. Бірақ бұл сол кезде тек Мақаш басында болған жәй емес, қазақ зиялылары Шоқан, Ыбырай, Салықтың өмірді көруі, өз ортасындағы жағдайға саналы, зиялы қауым өкілі ретінде баға беруі, жеке көзқарастарын білдіруі болатын. Оған тағы бір себеп, сол кезде елде А.И.Герценнің шетелде шығарып тұрған «Колокол», Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов тұсындағы «Современник» (1857-1867) журналдарын алдырып оқитындар аз болған жоқ. Тіпті Герцен «Колоколдың» бетінде патша үкіметінің қазақ халқы жөніндегі жендеттік саясатын бүкіл әлем алдында әшкерелесе (№ 26, 1858), Н.Г.Чернышевский Россияға қарайтын халықтардың өмірін зерттеп, өзінің публицистикалық мақалаларында пікірлерін білдіріп те отырды. Ол туралы мысалы, 1852 жылы «Библиотек для чтения» журналында қазақ халқының өміріне байланысты материалды оқыған соң ол жарияланымның тым қысқалағана қынжылып, «қазақтар туралы көбірек жазатын болсын, біз ол жазушыға тек алғыс айтамыз» десе, ол «Современник» журналының 1855 жылғы бір санында «Орыстар жаулаушы және тонаушы болмай, басқа халықтарға азаттық әперуші болады» деп жазған еді. Міне, осы жазбаларды революционер-демократ болмаса да көңілі ояу, сауатты жанның бірі ретінде Мақаштың да оқығаны анық. Кейін 1883 жылы қазан айының 27-інде саяси көзқарастарына бола Н.Г.Чернышевский Астрахан қаласына айдалып келгенде оны Мақаш әдейі түрме бастығына жолығып, бес күнге сұрап алады. Содан соң Жанбайдың (Никольск) жанындағы өз үйіне алып келіп, қонақ етеді, әңгіме-дүкен құрады. Уәделі шағында жазушыны Астрахандағы тоқтаған жеріне жеткізіп салады. Сонда жасы жер ортасына жетіп, дәл 55-ке толып отырған Николай Гаврилович әбден шаршап, қараңғы үйдің сыз ауасынан жүйкесі жұқарып та жүрген шығар, өз қандасы емес, өзге бір діннің иесі кеп алдында қол қусырып, құрмет көрсеткеніне ібден риза болады. Керек десе мұндай марапат оның түсіне үш ұйықтаса бір кірмеген сыңайлы. Ақыры Сартаудағы ірі өндірістің басында отырған салмағы да, санасы да жоғары әйелі Ольга Сократовнаға үшбу хат жазады. «Жақында, – дейді ол өз хатында, – қазақ даласында болдым. Мені әлуетті қазақ М.Ш.Бекмұхамбетов түрме басшыларымен келісе отырып, бес күнге сұрап алды. Өзі Астраханның шығысында теңіздің терістік бетіндегі қазақ даласында қарағай үйде тұрады екен. Біз су бойымен бір күн жүріп азар жеттік. Менің оның үй тұрмысы, сөйлеу мәдениеті, өмірді танып-білуі, сауаттылығы, білімі ерекше тәнті қылды. Жалпы қазақтар, күллі азияттар жөніндегі түсінігімді өзгертті. Білмейтін саласы жоқ, қай тақырыпта әңгіме қозғаса да тым әріден қаужап, себеп пен салдарын қатар жүргізіп отырады екен. Сұрақтары да тым ауыр-ақ. Киім киісі, жүріс-тұрысы өз басыма ой салды. Мен сізге сол қазақтың мекен-тұрағы, аты-жөнін берейін. Сіз оған хат жазыңыз. Және менің ол кісіге неге керек болғаным, қандай қажеттілікке орай түрме басшысынан сұрап алуға тура келді. Екіншіден, оның үйінде бес күн жатып, тамақтанғаным үшін қанша құн жамбасақы төлеуім қажет екен. Қаражат тапшылығына орай соқыр тиын да төлей алмай кеткеніме өкінемін. Сізден өтінерім, осы қарызды кешіктірмей өтеуіңізді сұраймын», – деп жазған еді. Осы бойынша жазушының жұбайы Ольга Сократовна Мақаш Шолтырұлына хат жазып, әлгі айтқан қызығушылықтың бәріне жауап сұрағанда қандасымыз: «Мен ол кісінің 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары Н.А.Добролюбовпен бірлесіп шығарып тұрғанын білетінмін және қызыға оқитынмын. Ондағы ел ішіндегі саяси ахуал, әлеуметтік теңсіздік туралы жазылған материалдарға ерекше назар аударатынмын. Солардың ішіндегі революция деген атауға ешбір түсінбей-ақ қойдым. Тіпті миым жетпейді. Сол құмарлық мені сіздің жұбайыңызбен таныстырып, табыстырды. Оған өз басым, бек ризамын. Ал әлгі ішер ас, жамбасақы дегенде біздің халықта ондай төлемді түнемек, түстік, ақылы аялдама деген болмайды. Өйткені көшпенді елдің ауылыңа келген адамды қонақ деп, қонақтың өзін құдайы қонақ, арнайы қонақ деп ажыратады. Құдайы қонақ жолаушылап, алыс сапарлап жүрген немесе бір жаққа жол жүріп бара жатқан жүргінші. Арнайы қонақ үй иесінің шақыруымен келген не өзі әдейі ат басын тіреген адам. Олардың қай-қайсысынан да ішер ас, жатар орнына құн алынбайды. Үй иесі, ондағы жандар не ішсе де, қонақ та солармен бірдей алқа-қотан отырып тамақтанады, тіпті әдеттегіден өзгешелеу құрмет көрсетіледі. Өйткені қай қазақ та үйлеріндегі ең дәмді тағамын қонаққа деп сақтайды, арнап бөлек қояды. Ол аз десеңіз қонақтың мініп келген көлігіне сол үйден су беріліп, шөп салынады. Ілестірген тазысы да (егер аңшы болса) тамақтандырылады. Бұл жолы мен сіздің күйеуіңізді әдейі өзім барып, Астрахан қаласынан алып келгенім бар. Сондықтан ол кісі мен үшін арнайы қонақ. Ендеше менің сіздерден бірдеңе талап етуімнің еш реті жоқ. Әйтсе де тағы да айтамын. Қазақтар қандай да бір қонағы болсын, одан еш уақытта ішер ас, жатар орын, ат-көлігінің азығы үшін жамбас пұл, өтемақы алып керегі жоқ. Сіз оны айтасыз, менің тұқымдастарым жылына бір рет тұрмысы төмен, асыраушысынан айырылған жоқ-жітік мүскіндерге ақшалай, заттай не тамақ болмаса мал түрінде қайырымдылық көмек береді. Көмектің аталу түрі көп – пітір, садақа, зекет, тағысын тағылар. Бірақ әлгі айтқан, бәрінің түпкі мақсаты біреу-ақ. Ол – адамдарға деген қамқорлық. Ал қамқорлық ақшамен өлшенбейді емес пе?» – деген екен. Міне, осы әңгіменің өзінен-ақ Мақаштың тек ел басқару ісімен айналысып қана қоймай, айналадағы ақпараттық өмірден де мол хабары бар екенін байқауға болар еді. Яғни ол өз кезеңінде алыс-жақыннан жарық көрген газет-журнал, кітаптарды алдырып оқып тұрды және оларға өзі де қалам тербеп, мақалалар жазды. Бірақ Мақаш публицист ретінде қолына қаламды әбден есейген шағында, мемлекеттік қызмет пен өмірде көрген-білгені мол тұста алды. Соған сай айтар ойы орнықты, пікірлері салмақты. Әзірге біздің қолымызда оның әр жылдарда «Астраханские ведомости» (№ 4, 1894) және «Астраханский вестник» (№ 2722, 1898) газеттерінде жарық көрген екі мақаласы бар. Сондай-ақ Астрахан қаласынан 1910 жылы жарық көрген «Миссионерский сборник статей и заметок о калмыках и киргизах кочующих в Астраханской губернии» кітабындағы Г.И.Щербаковтың «Бөкей Ордасындағы қазақ даласы бойынша» деген зерттеу еңбегінде келтірілген Мақаш мақалалрынан үзінділерге назар аудара отырып, ондағы кейбір ойлары бұрынғы айтқандарын қайталамайтындығын аңғарамыз. Ендеше олар біз білмейтін жаңа дүниелердің жұрнақтары. Оған жоғарыда М.Ысмағұлов еске салған Ы.Алтынсаринмен бірігіп, оқу-ағарту тақырыбындағы мақаласын қосыңыз. Әзірге осы төрт материалдың өзі-ақ Мақаштың публицистік қырын көрсетпей ме? Олай болса М.Бекмұхамбетов публицист ретінде қандай мәселелерге ден қойды немесе нендей тақырыптарды сөз етті. Әзірге біздің қолымыздағы толық қанды қос дүние этнографиялық сипаттағы жазбалар. Олардан біз автордың туған халқының табиғаты мен тұрмыс-салты, әдет-ғұрпын өте жақсы білетіндігін аңғарамыз. Алғашқы «Қазақтың тұрмысы мен мұқтаждары» мақаласында алдымен «қазақтар тумасында ақылды, батыл да сергек, бейімделгіш және болашағын болжағыш жандар, ал олардың тұрмыс-тіршілігінің мұншалықты артта қалуының басты себебі, еріншектік емес, керісінше көшпенділік, бар есіл-дерті мал қамы, қолайлы құдық, қоныста болады да, өз жайларын ұмытады. Келешекте мұндай тұрмыс-салтты өзгертіп, отырықшылыққа ауысу керек.Көшпенді адам тұрағы жоқ, кезбе, өмірбақи қаңғыбас. Ол тұрмысын жөндеуді ойлай да алмайды. Өйткені қандай да болсын жеке бастың жайлылығы мал қамына бейімделген, тұрмысқа кереғар келеді» дейді де қазақ тұрмысындағы қадау-қадау 28 мұқтаждықты тізбелеп атап шығады. Олар – округтегі экологиялық жағдай, тұрғындардың әл-ауқаты, күнелтісті жақсарту, кедейшілікпен күрес, отын, мал жайылымы және оны дұрыс пайдалану, шабындық алқап, мал азығы, қазақтың биологиялық бітімі, адам бойындағы іскерлік қабілет және қиындыққа төзімділік, округ адамдарының өндіріске араласы – балық аулау, көшпенділік және одан туындайтын қиындықтар, отырықшылыққа көшу, оның артықшылықтары, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану, тұщы сулы ауыз құдықтар, оны рәсуасыз жарата білу, егіншілік, дихандық кәсіп, мал шаруашылығын дамыту, табыс табу, байлық, дәулет, мал дәрігерлік, селекциялық жұмыстар немесе мал тұқымын асылдандыру, әсіресе жылқы, сиыр тұқымдарын жақсарту мен олардың өнімділігін арттыру; адам бойындағы жалқаулық, керенаулықпен күрес, халық бірлігі, тұтастық – ұлттық намыс пен бірлік, даңқ, сананы жаңғыртып, елде өндіргіш күштерді өсіру, жас ұрпаққа білім беру, оның ішінде Еуропалық озық ойлы білімге ерекше назар аудару және ондай ұрпақты өндіріске бейімдеу, құқықтық мәртебені төмендетпеу, ғылымды игеру. Байқап отырсақ, аталған мәселелердің қай-қайсысы да маңызды. Солардың ең басында тек Мақаш кезеңі емес, қазірде де өзекті тақырыпқа айналып тұрған экология мәселесіне ерекше мән береді. Жерге жанашырлықпен қарамаса, жалпақ Нарынды, жалпы Бөкей даласын аз уақытта құртып алатынымызды, ол үшін құм көшкіні пайда бола бастаған жерлерге тез арада жыңғыл, дүзгін тұқымдарын егу керектігін айтады. Жерге жанашыр, шаруагерлікпен қарамау салдарынан бір кездегі Орданы шалқытып, көкорай шалғыны белуардан келетін байлықтың қазірде жұрнағы да жоқ. Ежелден құмды аймақ Нарынды былай қойғанда Бірінші және Екінші Теңіз жағалауы округтерінің өзін құм басып барады, шөп шығымы өнжеусіз. Соған сай шөбі жоқ жердің малы да кемшін. Күн көрісі малға байланысты қазақтар осы күні өздерінің даладық қоныстарын тастап, көрші уезге бару, олардан жалға жер алу, тіпті мың-мыңдап балық аулау, тұз өндіруге мәжбүр болуда. Сондағы ауыр еңбек, мехнатқа алатын ақылары жартымсыз дейді ол. Есесіне толық отырықшылыұты қабылдап, балық өндіру кәсібімен айналысуға, егін салу, суармалы шабындықты дамытуға мән беру керек. Ол үшін бөкейлікте Қара өзен мен Сары өзен бойындағы Талов және Қамыс-Самыр өңірлері егіншілікке қолайлы. Тарғын мен Қалмақтың батыс бөлігінде Еділ суы таяу тұр. Ойында қар, жаңбыр суы іркілер қойнаулар көп. Осыларды дұрыс іскерплікпен пайдалана білген дұрыс. «Қазақтар малға үйірсек, бірақ оны түлік санын көбейтумен ғана шектейді. Ал ондай қыруар мал қоян, доңыз сияқты қатты қыс жылдары қырылып қалады. Есесіне әлгіндей мың бастың орнына әуе-табиғат жағдайына төзімді, берер өнімі мол жүзін ұстаса жарап жатар еді. Ол үшін мал тұқымын асылдандырудың орны бөлек» десе, аталарымыздың малды сапасына емес, санына қарай бағалап,оның тұқымдық ерекшелігі, өнімділігіне ден қоймағанын білеміз. Осы орайда күнделікті өмірде қолданысы мол сиыр мен жылқы малын асылдандыруға назар аудару керек. Жас ұрпаққа білім Сонда ғана Орда өзінің төмендеген тұрмыс қалпын түзеп, байлыққа және тек даңғаза құр байлық емес, әсем, рухани, игілікті мол байлыққа кенелер еді. Білім алу дегенде бүгінгі таңда өмір сүрудің ең тиімді көзі – өздері мүшесі болып отырған орыс мемлекетінің рөлі мықты. Соған сай мемлекеттік заң, ғылым тілін білу – орыс тілін үйренуге байланысты. Олай дейтініміз, ғылым – білім, ал заң – өмір ережесі, демек орыс тілі үйрену – өмір мен білімнің басты құралы. Оны түсінуге көп ақылдың қажеті де шамалы. Міне, XІX ғасырдың аяғында Мақаш түйіндеген ой, ойдан туған ұсыныс. Егер Орда халқының сол кезгі төмендеп бара жатқан тұрмысын, әл-ауқатын жақсартамыз десек, тез арада жоғарыда айтылғандардан басқа, алдымен кедейшілікпен күрес, адамдардың биологиялық бітімін жақсарту, іскерлік пен төзімділікті арттыру және оны өз тұрмысындағы ең өзекті проблемалар – тұщы су көзін табу, отын өндіру, мал жайылымын жақсарту, шабындық алқапты кеңейту, егіншілікті қолға алуға арнағаны жөн. Сайып келгенде, осының бәрі сол кезгі қазақ шүшін ең қажетті нәрсе – табыс табу, күнкөріс, қатарыңнан кем қалмайтын бақуатты өмірге әкелуі керек. Оның арғы төрінде қазақ халқының уақыт жұтып қоймайтындай сәнді тірлігі, тұтастығы жатыр. Бұл ұлттық проблема, тұтас халық тағдыры. Мақаш Бекмұхамбетовтың кезінде көбірек назар аударғаны қазақ топрағындағы құқықтық (праволық) жағдай, дәлдеп айтсақ, дағдылы әдет құқына қатысты мәселелер болды. Бір қарағанда, оның да жаны бар еді. Өйткені патшалық Ресей XІX ғасырдың 60-70-жылдарында Қазақстанды барлық жағынан толық бағындырып, қоғамдық басқару тәртібіне өз заңдарын, яғни ресейлік заңдарды қолдана бастаған-ды. Бұл отарлау саясатын толық және түпкілікті, батыл жүргізуден туған ой екені белгілі. Осыдан келіп олар түз тұрғындарының әдет-ғұрпы, салты, дағдылы әдет-құқы үлгілерін жинастыру, зерттеуге ден қойды. Ол үшін жан-жақтан оқымысты, ғалым атаулы көптеп келіп, бұл мақсатта Мақаш, Мұхамед-Салық сияқты еуропаша білімі бар, сауатты ел азаматтарын кеңінен пайдаланды. Бірақ заң ғылымдарының кандидаты Қ.Ыдырысов айтқандай («Лениншіл жас» газеті, 06.03.1991), ондай ғылымдар халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын жан-жақты ашып көрсетумен бірге, кейде намысымызға тиетін мысалдар келтіріп, қазақтарды тұрпайы, тіпті жабайы халық, оның көзін ашқан, азаматтық тәртіп пен әділдік әкелген патша үкіметі деуге дейін барды. Бір жағынан олар үшін өз саясаттарын жүргізуде пайдалы және ұтымды жол еді. Бұл сынды қателіктерді көрген Мақаш дер кезінде әлгіндей солақай ғалымдарға лайықты соққы беріп,н қазақтың ежелден қалыптасқан халық екендігі, сондықтан оның өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы барлдығын айтып,н өз сөзін нақты мысалдармен дәлелдеп отырған. Мәселен, ол «Астрахан хабаршысының» 1898 жылдың 3 мамырында жарияланған «Қазақ даласындағы қайырымдылық» атты мақаласында осы басылымның сол жылғы 19 наурызындағы санында әдейі, көз көре салу ниетімен мақала жазылып, басылғандығын ескертіп, қарсы дау айтады және бұл бағыттағы өз пайымдауларын келтіреді. Яғни қазақ қоғамындағы игілікті іс жасауға жұмылдыратын әдеттік заң тәртіптеріне назар аудартады. Оның пікірі бойынша, қазақтарда игілікті іс бірнеше тараптан жүргізіледі. Мәселен, соның алғашқы екеуі төмендегіше жүйеленеді:

І. Халықтың әдет-ғұрпы бойынша: 1. Жылу – әр түрлі апаттарға, өрт, мал қаралу, басқа да зардаптарға орай берілетін жәрдем. 2. Қызыл – кедедің жұмысқа пайдаланып жүрген малы өлгенде, оның көршілерінің бөлісіп, орнына бірігіп мал сатып алып беру. 3. Қонақасы – түстенгенде немесе қонғанда жолаушыға берілетін ас, бұған сондай-ақ оның мініс атына берілетін жем-шөп те қосылады. Оны құдайы қонақ дейді. 4. Ат май – ауқаттылардың алыс сапарға аттанған кедей қауымдастарына беретін мініс жылқысы (ол тегін беріледі). 5. Көлік май – көшу немесе малға жем-шөп тасу үшін әлсіз ауылдасқа уақытша пайдалануға берілетін түйе. 6. Сауын –ауқаттылардың кедей ауылдастарына уақытша маусымдық сауынға беретін малы (көбіне-көп сиыр).

ІІ. Шариғат талабы бойынша: 1. Зекет – жыл сайын кедейлерге берілетін мал мен астық (себілген дәннің қырықтан бір бөлігі). 2. Фітір – жыл сайын Рамазан айында мұқтаждарға 10 тиыннан 25 тиынға дейін берілетін ақша. 3. Исқат – өлген адамның аруағына берілетін садақа. 4. Құрбан – жыл сайын құрбан айт кезінде кедейлерге сойылған малдан үлестіретін еттің бір бөлігі мен терісі. 5. Қаран-асана – ешбір өсімсіз қарыз беру. Оның қайтарылуы міндетті де емес. Мақаш осы мақаласында орыс патшалығының отарлау саясатын жүргізу насихатының кейбір қырларын ашып, оны жұртшылық алдында әшкерелеуге тырысады. Бірақ бұдан әрі ашықтан-ашық қарсы тұру – оның мүмкіндігінен тыс және болмайтын нәрсе екені белгілі.

ЖЫРҒА ДЕГЕН ЖЫЛЫЛЫҚ

Мақаш есімін қастерлеуімізге тағы бір себеп – оның халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастырудағы еңбегі. Осы күні ел ішінде Мақаш айтты деген шешендік сөздер де көп, оның біразы соңғы он бес-жиырма жылда «Жұлдыз» журналында, республикалық, жергілікті басылымдарда жарық көрді. Әйтсе де оның фольклорист ретіндегі орнын салмақтастық, күні бүгінгі Мақаш тұтып, өлең жолдарын қайта-қайта жинақтарға енгізіп жүрген Шалкиіз, Доспамбет пен Жиембет жыраулар, Есет би сөздері тікелей осы кісінің қамқорлығы арқасында бізге жеткен. Оған негіз – ағартушының 1908 жылы Қазан қаласындағы ағайынды Каримовтар баспаханасынан жарық көрген “Жақсы үгіт” кітабы. Әңгіме ретіне сай айта кетейік, аталған кітап қазақ зиялылырының баспа бетін көрген шығармаларының бірі десе де болады. Кітапта жоғарыда айтқанымыздай, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, ақын-жыраулар мұрасы, сондай-ақ өзінің де бірер өлеңі мен аудармасы топтастырылған. Қазір бұл басылымның бір данасы республикалық Кітап палатасында сақтаулы. Күні кешк қазақ әдебиетін қай ғасырдан бастау керек дегенде тілге тиек етіліп сол Доспамбет, Шалкиіздер өмір сүрген дәуір, олардың жарлары еске алынды, негіз боп белгіленді. Ғалымдарымыздың айтып жүргеніндей, Мақаш Санкт-Петербург университетінің профессоры, шығыстанушы И. Н. Березинмен9 ғылыми байланыс жасап, халқымыздың мақал-мәтелдері мен өлең-жырларын, шешендік сөздері мен аңыз-әңгімелерін түпнұсқа күйінде де, орысшаға аударып та жіберіп отырған. Олардың жалпы көлемі – үш томдай. Оның бірінші томында Кіші жүздің, соның ішінде Он екі ата Байұлы руының шежіресі кеңінен таратылып, жүйеленсе, екінші томында Қазақстанның батыс аймағындағы сөз сүлейлерінің шешендік, ақыл-нақыл сөздері топтастырылған. Үшіншісінде Ноғайлы заманы ақындарының және өзінің өлеңдері жинақталған. Қазір бұл мұралар Санкт-Петербургтың Салтықов-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасы мен Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының сирек кездесетін қолжазбалар секторында (5-қор, 2267-тізбе) сақтаулы. Осы арада басы ашық бір жайды тағы қайталап, қаперге сала кеткеннің артықтығы болмас. Сонау 1920-1930 жылдары, одан бергі кезеңде де атадан қалған асыл мұрамызға мазмұны мен көркемдігіне емес, иесіне, авторының тегіне сай талғай қарадық. Осыдан келіп арашашысы жоқ асыл дүниелер бай-бағлан өкілінің дүниесі саналды да, көзге ілінбей, құрдымға кетті. Осындай себеппен Мақаштан қалған үш сандық қолжазба материалы біреуді-біреу түртіп, күндеген отызыншы жылдарда өз ауылында жойылып кеткенге ұқсайды. Мәселен, осыдан шамалы уақыт қана бұрын дүние салған құйма құлақ қария Тайыр Ауатанов өзінің М.Ысмағұловқа жазған хатында елде Мақаш қолжазбалары көшірмелерінің болғандаған, атап айтқанда, ру шежіресң Қызылорда қаласында тұратын Ғали Салимовтің қолында екендігін, үшінші том материалдары Құрманғазы ауданындағы Шәмбіловтер отбасында болғандығын айтады. Бірақ, өкінішке орай, олардан хабар жоқ. Дегенмен, кейінгі кезеңде оның осы өңірден асатаяғы мен аты-жөні жазылған мөрі табылды. Мүмкін, біз айтып отырған мұралар да оң ниетті бәзбіреулердің қолында сақталған шығар.

Мүмкін, сәті түсіп,н жоғалған мұралар табылып, халық игілігіне айналар. Бізге кезінде Алматы қаласының тұрғыны, химия ғылымдарының кандидаты Сәнду Дүймағамбетова жолдасы М.Ысмағұловтың мұрағатынан М.Бекмұхамбетовтің Санкт-Петербург қаласындағы бұрынғы КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институты қорында сақталған қазақтың 16 мақаласының көшірмесін берген болатын. Олардың ішінде бұрын-соңды естімеген тыңы да, естіп жүрген байырғысы да бар. Жалпы Мұстафа аға қорында Мақаш туралы көптеген тың мәліметтер бар. Оны болашақта ықтиятты қарап, көпшілік игілігіне айналдырған жөн.

МАҚАШ ЖӘНЕ ҚҰРМАНҒАЗЫ

Соңғы сөз – Мақаштың халықтық өнерге көзқарасы туралы. Қазақ совет энциклопедиясында аталып көрсетілгендей, «Ең алдымен ол өнерді сүйіп қана қоймай, өз жанынан күй де шығаратын композитор» (ҚСЭ, 7-т., 401-402-бб.). Оның мұндай талант-қасиетін ел ішіндегі көне көз қариялармен қоса әр кез түрлі басылымдарда жақын көрген материалдар растайды. Тіпті, бірер күйін Атырау қаласында тұратын Әсима Ізмұхамбет келіні орындап та жүр. Біз осы материалды дайындау барысында Әсима апаға әлденеше рет сәлем беріп, Мақаш күйлерін қашан, кімнен үйренгенін қолқалап, сұрағанымыз бар. Сонда ол кісі өзінің Мақаш билік құрған өңірдің Қошалақ, Ақжонас деп аталатын қос тау (шындығында бұлардың қай-қайсысы да биік төбелер ғана, әйтсе де жергілікті халыө оларды тау деп атайды) аралығында дүниеге келгендігін айтып, ол кісі туралы неше алуан әңгімелер естігендігін мақтаныш тұтады. Әсима өскен ауылда әкесімен құрдас, яғни 1902 жылы таған Баһу Ниязалиев деген дәулескер домбырашы болыпты. Отызыншы жылдардың орта тұсында ол Алматыда өткен ауыл көркемөнерпаздарының республикалық фестиваліне қатысып, күй өнерін тап басып, тани білетін марқасқалар алдында талай шығарма орындаса керек. Бұл жайлы сол тұста түрлі газеттер жабыла жазып, жағалай марапаттағанға ұқсайды. Тіпті, оған «астанада қалып, республикалық филармонияда жұмыс істе, өнеріңді халыққа таныт» деген сияқты ұсыныс та тасталыныпты. Бірақ артында қалған ата-ана, бала-шағасын желеу еткен Бәкең бұдан әрі алысқа ұзамай, ойын-сауық, концерт деп мазалаған астана, облыс, ауданына да аттамай, ауыл маңында қалып қояды. Сөйтіп қоңырқай күй кешіп, қырқыншы жылдардың аяғына қой торы тірлікпен Сазды деген тжерде дүние салады. Сөз жоқ, далада өскен дойыр мінез дәулескер домбырашының репертуарында алдымен өзі өскен өңірдің – Нарын бойының халық күйлері, болмаса есімі елге белгілі Ұзақ, Құрманғазы, Динаның күйлерімен қатар, біз сөз етіп отырған Мақаштың да шығармалары кездесуі заңды.

- Әрине, Баһу ағай Мақаш күйлері деп 5-6 шығарманы түйдектеп төгетін – дейді бізбен әңгімесінде Әсима апай. – Бірақ ол кісінің аталған күйлерді кімнен үйренгендігін білмедім. Рас, кезінде мен де Баһу ағаның қолынан әлгі күйлердің екі-үшеуі. Үйренген болатынмын. Алайда ертерек тұрмыс құрып, бала-шағамыз мол болды. Оның үстіне қолымызда есейген ата-енеміз бар еді. Келінге тән ұяңдықпен олардың алдында қолымызға домбыра алып, әсіресе елге белгілі молда атамның алдында күй шалып отыруды ыңғайсыз көодік. Шынымды айтсам, осындай себептермен бар білгенімнен айырылып қалыппын. Қазіргі білетінім бір-ақ күй. Ол – осы өңірдегі көп күйшіде ойналатын, дегенмен бір-біріне ұқсамайтын «Байжұма». Оны да күй танитын біреулер «Мынауыңыз Дәулеткерейдің «Байжұмасына» ұқсайды екен» деген пікір айтады. Қайдам, ұқсаса ұқсайтында шығар.

Бұл арада мен Мақаш атамызға ғайбат сөз жолатқым келмейді. Өйткені менен де кінә болуы ықтимал ғой. Себебі өз басым біраз уақыт қолыма домбыра алмағандықтан күйдің алғашқы қалпына аз-мұз өзгерістер енгізуім, тіпті жоғарыда айтқандай, өзге күймен шатастырып алуым да ықтимал. Бірақ бұл күйді әу баста Баһу ағайдан Мақаштың күйі деп естігенім, үйренгенім рас, қазір сол бабамыздың күйі деп орындап та жүрмін. Бұл менің аса құрмет тұтатын қос аруақ алдындағы айнымас адалдығым деп білем... Жасы жетпістен асқан ақ жаулықты анамыз өз сөзін осылай аяқтайды. Мүмкін ел ішінде Мақаш күйлерін орныдаушылар бар шығар, бірақ біз күні бүгін Атырау өңірінде «Міне, мынау сол кісінің күйі» деп домбыра безеп жатқан өзге өнерпазды көргеніміз жоқ. Бары, білетініміз – Әсима апай ғана. Ал ол кісінің орындауында аталған шығарма орта екпінді шымырлай тартылатын ширақ күй. Былайша айтқанда, жас тоқтатқан шалқыта шерткен сәттік көңіл күй. Соған қарап бұл шығарманы Мақаш күйші өмірінің ащы-тұщысын басынан өткерген жас ортасында өмірге әкелген-ау деген ой келеді. Ел аузындағы әңгімелерге, сондай-ақ жоғарыдағы Әсима апайдың айтқандарына қарағанда, М.Бекмұхамбетоатыңбұдан басқа да «Көкжорға», «Салық өлген» және басқа күйлері болғанға ұқсайды. Дегенмен, қашаннан бал ашқаннан бәтуалы сөздің нарқы бөлек қой. 2001 жылы Алматының «Дайк-Пресс» баспасынан өнертанушы, Алматы консерваториясының аға оқытушысы, белгілі күйші Карима Сахарбаеваның «Атырау – ән-күй мұхиты» деп аталатын көлемді зерттеу еңбегі жарық көрді. Онда Мақаштың бұрын-соңды біз естімеген «Назым» атты жаңа күйі енгізіліпті. Жеткізуші сол Мақаш туған өңірдің түлегі, арғы аталарынан бері күйші, аймақтағы белгілі домбырашы Хисмет Меңдіғалиев, жазып алған К.Сахарбаеваның өзі. Ал аталған күйді Хисмет аға қайдан, кімнен үйренді. Оны анықтап, білейік десек, күйші ағаның өзі дүние салып кеткен. Бірақ бұл да Әсима апай атқан Баһу қарияның Мақаш күйлері еді деп түйдектеп төгетін 5-6 күйдің бірі шығар. Оған да шүкір, сөйтіп әкім ағаның тағы бір күйі табылды, ата – «Назым». Мақаштың ел ішіндегі біртума таланттарға қамқорлығы да зор болған. Оның өмір бойы әлділер мен азулылардан запа шегіп, зар қаққан Құрманғазыға жасы ұлғайып, тағдырдың зіл-заласы көбейген шақта «Жанына тыныштық, дәтіне дауа тауып, қалған уақытта ешкім мазасын алмасын, басына еркіндік берілсін» деген Бөкей Ордасы Уақытша Кеңесінің төрағасы В.М.Лазаревскийдің қолымен куәландырылған құжат алып бергендігін де оқырман есіне сала кеткеніміз жөн болар. Бұл шамамен XІX ғасырдың сексенінші жылдары болса керек. Академик Ахмет Жұбановтың пайымдауынша, Құрманғазының Астрахан абақтысынан қашып шығып, Құмөзектің Лебяжьесіндегі ниеттес інісі Ерғали үйінде екі-үш ай паналауынан соң, ал тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Кенжеәлиевтің зерттеулеріне сүйенсек, Құрекеңнің баласы Қазимен бірге түрмеде отыруына кейінгі кезеңде күйші басында тағы да қиын кезеңдер басталады (Кенжеәлиев И. Құрманғазы. Алматы: «Өнер», 1990, 131-б.). Ол ел ішіндегі атқамінер пысықайлардың: «Сенің артыңа патша әкімдері түсіп, іздеп жүр, қалайда ұстап беріңдер дейді. Ұстайық десек жасың жетіп, жантаяр тұсың да келді. Біз сенің бұдан былай бәрінен баз кешіп, байыз тауып, өз үйіңде, пеш түбінде тып-тыныш жатқаныңды қалар едік. Бірақ оны ойлап жатқан сен жоқ. Қу ағаш – домбыраңды алдыңа өңгеріп алып, маңдайға біткен жалғыз атыңмен ел ақтап, ауыл кезіп, халықты аздырып барасың. Өзіңді қуа-қуа бізде шаршадық, қашып-пысып сен де қартайдың. Домбыраңды тастап, жын-періге әуестігіңді қоятын күн болар ма екен. Керек джесең, біз сені өлді дейік, сен де өлдім деп, өзгеде ісің жоқ, өзіңмен-өзің күй кеш. Сонда сенде патшаның да, басқаның да жұмысы болмайды», – деп кең даланың еркесіне еріксіз құрық салуды ойлайды. Бұл ғұмыр бойы қыл бұрауға көнбеген қыңыр мінез, қайсар жанға қол емес еді. Алайда амалын таппаса, алға қарайғы аңдысуға айлада жоқ-ты. Осы кезде күйші есіне Мақаш әкім түседі. Бұған тағы бір себеп – Мақаш пен Құрманғазының нағашылы-жиендігі, соған сай аз-имұз араластығы да бар еді. Сондықтан өзекке теуіп, өзге қылық танытса өзі білсін. Ал егер ағайын болып, ақыл-кеңес, қолдан келген көмегін беріп жатса оны да көрермін деген Құрманғазы Мақаш алдына баруға шешім жасайды. Ондағы ойы Мақаштың бөкейлік Уақытша кеңес пен Астрахан генерал-губернаторы алдындағы беделіне арқа сүйеу еді. Соған сай оның көмегін күтеді. Мүмкін басына бостандық алып берер... Шындығында, бұл – ең дұрыс шешім болатын. Мезгіл қыстың қытымырлаоу шағы болса керек. Мақаш өз үйінде бір топ әкім-қарамен әңгіме-дүкен құрып отырады. Әуелден әлділер алдында мәймөңкелеп көрмеген Құрекең қысылып-қымтырылмастан әкімдер отырған бөлмеге кіріп барады. Бірақ отырғандардың ішінде Мақаш мен Мұхамбет-Салықтан басқасы ернінің ұшымен ғана жыбыолатып, сәлемдік ишара жасағаны болмаса, емен-жарқын қылық танытып, керек десе ығысып орында бермейді. Иықтарына қасқыр ішік пен түлкі тон ілген месқарындардың бұл қылығы күйшіні бұрынғыдан бетер ызаландырады. Ақыры алғашқа сөз кезегін өзі алып:

- Айналайын, Мақашжан! Мен білсем мына отырғандардың ішінде екеуіңнен өзге көп оқып, көзмайын тауысқан адам жоқ сияқты. Олай болса сендерге қояр бір-екі сауалым бар, – дейді.

- Сұраңыз, – дейді оларда қосарланып.

- Сұрасам бұл өмірде адалдың маңдайы ашық пе, арамның маңдайы ашық па?

- Әрине , адалдың маңдайы ашық, жолы оң, – деді Мақаш.

- О дүниенің бар екені рас болса, пейіштің төріне арам шыға ма, адал шыға ма?

- Қай төрге де адал шығады, – дейді Мұхамбет-Салық.

- Жауаптарыңа ризамын. Олай болса, мына төрге тышқан мұрнын қанатып, тірі жанға жамандық ойламаған мен шығатын шығармын. Иініме ілгенім де адал жануар – қойдың терісі – деп қасқыр ішік, түлкі тондыларды аттап өтіп, төрдің тас төбесіне отырып алады. Күйші ағасының күмәнсіз сөзіне құлақ қойған Мақаш дән риза болып, арнайы қонақкәсі әзірленеді. Сабағалы сиын жеп, аттанарда Құрманғазы Мақашқа көрсеткен құрметі үшін риза болса да, күдікті кейпін жоғалтпай:

Торға түскен бозторғай,
Шырылдайды күнінде.
Талиға тоқтап бүгінде,
Шыға алмай жүр күйімде.

Жақсылық сенен кетпеймін,
Отырсамда үйіңде.
Тақыс біткен қисықпен,
Көңілім жіпсіп ерімен.

...Арқама сүйеу болатын,
Асыл туған ер жігіт,
Болмады-ау туған елінде!
Елсізге шығып еңіредім,

Алыстап кетіп халқымнан.
Дұшпаннан қорлық көрсем де,
Іздейтін болмай артымнан,
Жаласымен жаулардың

Тағы түстім орыңа.
Құладым тоқсан торыңа,
Ризамын не қылсаң,
Өзіңнің келдім қолыңа, –

деп өз жайынан бір толған алады да, негізгі шаруасына көшеді. Мән-жайға түсінген Мақаш күйші ағасына басу айтады, қайғырып, қамығудың қажеті жоқтығын түсіндіріп, жоғарыда аталған құжатты алып беруге көмектеседі. Сөйтіп ол бұдан былайғы өмірін, зерттеулерде айтылатындай, Жайықтың шығыс бетінде емес, алыстағы Астраханның теңіз қолтығындағы Алтынжар аралының басында орналасқан Сахмада өмір сүріп, күн кешуіне себепкер болады. Оның да һөзіндік себебі бар еді. Қашанда қастасқан жаудың қарсыласыни құртпай қоймайтыны белгілі. Ендеше күйші артына өпіремдердің қайткенде де Құрманғазыны ұстау, түрмеде шіріту ниетінде болатыны белгілі. Сондықтан оны өзі өскен қалың ортадан аулақта, мақсатсыз адам бара бермейтін теңіз қолтығында ұстаса қауіп те аз, сезік те сирек. Бейтаныс жерде жаңа қоңсының кім екенін танып,н білгенше де жылдар өтеді, уақыт созады. Сөйтіп бәрі де басылып, күйші басына тыныштық орнауы мүмкін. Міне бұл Құрманғазы үшін жоғарыдағы Мақаш алып берщген халық аузындағы “ақ билет”, дәлдеп айтсақ, еркіндік құжатынан да құны амал еді. Мақаштың Құрманғазыға деген қамқорлығын бейнелейтін тағы бір сөзі бар ел ішінде. Ол былайша сабақталады. Қай уақытта да ел ішіндегі дау-шар, озбырлықтың дұрыс-бұрысы, яғни бәтуалы сөздің шешімін сол жердің әкім-қаралары айтқан ғой. Мақаш болса көбіне-көп өзге ұлт өкілдерінің жергілікті халыққа жасаған қысастығын шешуге, ақ-қарасын айтуға қатысқан. Бірақ бізде өз ағайындар ішінен біреуі оған:

- Анау жын – перініңқара басы – жалды Құрманғазы үйір жылқымдағы қашса аттатпайтын, қуса құтқармайтын күрең торы атымды даладан ұстап мініп, жөніне кетті. Көрген куйлерум, айтса нандырар айғақтарым бар. Жүргенсізге жөн сілте ұрыны бұғалықта, қалайда күреңімді қайтарсын. Ала жаздай үстіне шыбын қонбаған най сезім көлігімнің майын төгіп, келтірген залалының орныны толтырсын. Арызым осы ағайындықтан айырылам, – депарыз айта өктемси келеді. Мән-жайға қаныққан Мақаш ағайынының алдына салып отырған малының тек осы еместігін жақсы білсе керек.

- Әй, қазағым-ай, Құрманғазы болса, құлқұйрығыңды қырықтап, елулеп қувып кеткен ештеңесі жоқь, бар-жоғы бір ат емес пе?! Одан сенде кедейленіп керегең опырылмас. Құрманғазының дща жаңбырлығы жабылып, бүйірі бүтінделмес. Керек десе, Құрманғазының бұл өңірде сенің сол бір атындай құрмет-беделі бар шығар, несіне аспанды алақанедай жерді тебінгендей етіп, зар сала жарапазан қағасың. Соны да арызым деп ауыз толтырғаныңа болайын. Қашан да ел ішінде бір тентек жүрмейме?! Алда-жалда атдеп аңырап қалсаң, амал қанша, анау менің жылқымнан қалаған бір тулағыңды мін де жүре бер. Бірақ осыны менсізде өзңмен келісіп, шешуге болатын еді. Шамасы өзің-дағы қытығына тиген шығарсың, әйтпесе Құрманғазы ондай ақымақ емес еді ғой, – деген екен.

Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді емес пе, бұдан арғы әңгіменің әбүйір әпермейтінін аңғарған ағайыны Мақаштан кешірім сұрап, жөніне келіпті. Мақаштың дәулескер күйші Дәулеткереймен де жақсы достық қарым-қатынаста болып, өз өнерлерін сабақтастырғандығын жұртшылық жақсы білсе керке. Ол жайлы Дәулеткерейдің өмірі мен шығармашылығын кеңінен зерттеген П.Аравиннің еңбектерінде жан-жақты айтылады (Аравин П. Степные созвездия, Алматы, 1978). Сондай-ақ Мақаштың Құрманғазыдан кеінгі дүлдүл домбырашы Соқыр Есжанға да қамқорлығы мол болған көрінеді. Тегінде ел арасында да, баспа бетінде де Соқыр Есжан туралы дерек шамалы. Өнер зерттеушілері (Жұбанов А. Құрманғазы, А., 1978), Тымат Мерғалиев («Жұлдыз» журналы, 1980, № 2) пен маңғыстаулық ақын Сабыр Адаевтың («Орал өңір» газеті, 2.710.1990) ғылыми және әдеби еңбектерінде ол туралы жалпылама айтылып кеткені болмаса, нақтылап, жүйелеп зерттеген ешкім жоқ. Ал біздің білетініміз – ол Мақашпен қоныстас Боранбай, Қарақұл бойында туып-өскен, руы Алаша, ұрпақтары әлі күнге бар, Атырауда тұрады. Оның өнеріне тәнті болған Мақаш сол кезде округтегі ең ірі жәрмеңке – Қордуан базарына барып, өзге де өнер шеберлерімен бақ сынасқанын қалайды. Сонда бұл кеңеске баруға тартыншақтанған сіңірі шыққан кедей Соқыр Есжан: «Байлардан ақ-адал еңбегінің құнын даулаймын деп абақтыға жабылып, азап шегіп жүрген жанда не күй болушы еді. Керек десеңіз үстімде үлгі тұтар көйлек, астымда аяғылайтын ала тайым жоқ мені жәрмеңкеңізде кім қуана қарсы ала қояр дейсіз. Онан жәй басып, жалпақ алып, жәймен жүргенімнің өзі қуаныш емес пе», – депті. Мақаш болса: «Орайы келсе, абақтыңа кім жатпайды. Ал әлгі айтқаныңа келсек, осы ауылда бір сенің иығыңа іліп, тақымыңа қысар киім мен көлік табылар, ендеше домбыраңды сайлап, көкірек көзіңді оят», – деп Есжанның жігеніне жігер, шабытына шабыт қосып, аталған жәрмеңкеге өзі апарып, бағын сынауға себепкер болыпты деседі. Содан соң даңқы шыққан өнерпазды Бөкей Ордасына белгілі Боғда тауында, Хан базарында өтетін жәрмеңкелерге қатыстырыпты. Сөйтіп, ол Кіші жүздің күй әлемінде Соқыр Есжан атын мәңгі қалдырған. Кейіннен өле-өлгенше екеуі достық, шығармашылық қарым-қатынаста болып, шейіт болғанда да бейіттері қатар жатады. 1904 жылы қайтыс болған Мақаштың бейіті өз қонысынан 3-4 шақырым жерде, осы күнгі Құрманғазы ауданы Мақаш атындағы өндірістік кооперативтің орталық мекенінің шығыс арқасында немесе Афанасьев бекетінің түстік шығысындағы қауымда, ал Есжандыкі одан тіке терістікте 5-6 шақырымдай қашықтықта. ...Бұдан біраз бұрын аудандық «Қызылқоға» газетінде (27.07.1991) еңбек ардагері Қалау Сейдахметұлының «Тегін білмеген тамыры кесілген терекпен бірдей» деген мақаласы жарық көрді. Онда автор қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыз әңгімелердің басын құрай келіп, халқымыздың рулық шежіресі, соның ішінде Кіші жүздегі руларды саралап таратады, олар жәйлі ой қозғайды. Аталған мақалада автор Кіші жүз рулары жайлы түрлі ғалымдардың жазып, шежірелер жинақтағандыған, дегенмен солардың ішіндегі ең құндысы Мақаш Бекмұхамбетов жасаған нұсқа екендігін айтады. Сайып келгенде, оның да негізі жоқ емес сияқты. Алдымен бұл сөзді Қалау ағамыз неге сүйеніп айтады деген сұраққа жауап іздейік. Мақаш кезінде Кіші жүз шежіресін жасаған. Ол үшін ел ішіндегі естіген-білгені көп, өмірден түйгені мол төрт қарияға өз ойын айтып, қолқа салады. Олар – Төре тұқымының Тәкім баласы Батырхан, Беріш руының молдасы Жүрдібек баласы Жұбан, Ысық руының кәрі құлақ шежіре кедейі Аралдықұлы Есқазы, ноғай-қазақтың молдасы Ғинеденұлы Сәлімгерей дегендер екен. Қалай дегенде де, ел ішінде естіген-түйгені мол төрт бірдей абыз қарияның білік тоғыстырып, біртұтас дүние шығаруы – бір адамның естіп-білгенінен әлдеқайда ауқымды, шындыққа жақын болуы заңды нәрсе. Осы жағынан алғанда Қалау ағамыздың шежіре құндылығы туралы пікіріне біз де қосыламыз. Бірақ біз әлгі шежіренің қолжазбасын қолға алып, оқып көрмегендігімізді қаперге сала отырып, бар-жоғы аталған мақаладағы айтылулар мен таратулар арқылы қанықтығымызды айтамыз. Осы арада Мақаш жасаған шежіре Қалау Сейдахметұлының қолына қалай түсті деген сұрақ туады. Сөйтсе, бір кездері Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған Елтай Ерназаров ел ішіндегі түрлі шежірелерді жинастырғанда осы шежіре де келеді, күндер өте ол Құспан Бегешев дегеннің қолына тиеді. Түрлі партия, кеңес орындарында жауапты қызмет атқарған Қ.Бегешев оны жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап, өз архивінде ұстаған. Ағаның өзі бұл күнде жоқ, 1985 жылы 81 жасында Жамбыл қаласында қайтыс болыпты. Әйтсе де, жасы келген жары әлгі жазбаны жоғалтпай сақтап келе жатқан көрінеді. Ал Қалау ағамыз болса, жоғарыдағы біздің тілге тиек етіп отырған мақаланы жазуда сол шежірені пайдаланыпты. Несі бар, қашан да асылдың қадірін алыстан танып, ардақтай білген халықтың ұлдары емеспіз бе?! Ендеше марқұм болған Құспан ағамыз бен оның жасамыс тартқан жары немесе қызылқоғалық Қалекең сол үрдістен көрінген жүректері жылы, кеуделері көрікті жандар болса керек. Біз осынау үш ардақтиымызға алғысымызды жаудырып, рақметімізді айтамыз. Шежіре дегенде республикалы “Ана тілі” газеті үш жүздің шежіресін жасау керек деп тауып, оқырмандарға хат жазғаны белгілі. Соған сай редакция поштасына біраз дерек хаттар да түскенге ұқсайды. Дегенмен, редакция алқасының хабарына қарағанда, қолда бар хаттар мен құжаттарда Кіші жүздің руларын анық, қанық, білгірлікпен тартқан шежіре кемшін сияқты. Әйтсе де қазір не көп, шығып жатқан шежіре көп. Ендеше осынау олқылықтың орнын Қалау Седахметұлы айтып отырған Құспан аға отбасы архивіндегі Мақаш жасаған шежіремен толықтырса несі айып. Әдетте жақсы мағынасындағы жоқтан барды осындай әдістермен жасамаушы ма еді. Асылы бұл ақиқатқа жақындау ұғым сияқты. Осы арада Мақаштың қазақ шежіресін жақсы білетіндігі жәйлі әңгіме тек осы мақала арқылы ғана емес, ел ішіндегі көне көздер сөзінен де сезілетін-ді. Оған дәлел ретінде оқырмандар назарына мына бір әңгімені көлденең тартуға болар еді. Мақаш өмір сүрген тұста онымен замандас, сөз қадірін жақсы білетін Тышқанбай атты қария болатын. Бірде ол Мақашқа сәлем бере кеп, біраз уақыт жата-жастана әңгіме-дүкен құрады. Тышқанбай өз арасында: «Халқымызда алты Алаш деген бар, соны түсіндірші, алты Алашқа кімдер кіреді», – дейді. Сонда Мақаш саусақтарын бүге отырып: «Олар – қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ, башқұрт», – деп жауап береді. Бұдан әрі Тышқанбай: «Ал, сол Алаш деген сөздің өзі қайдан шыққан екен?» – деген сауал тастайды. Мақаш болса: “Бір кезде Тұрған ойпатында Абдолла деген хан болыпты. Ханның бәйбішесі босанып, одан алапес бала туады. Балаға Алаша деп ат қойып, жарасын емдейді. Бірақ қалай емдесе де дерттің дауасы табылмайды. Бұған намыстанған хан алапес баласын адам аяғы жете бермейтін Борсық құмның бер жағы, Қарақұмның әр жағындағы кең далаға апрып тастайды. Күндердің күнінде бұл жерде жан-жақтан жиналған тастанды адамдар бас қосып, жалпы саны үш жүзге жетеді. Солардың ішінде жарасынан жазылып, құлан таза күй кешкен Алаша өзінің ақыл-айласы, ұйымдастыру қабілетімен ұжымға ұйтқы, қауымға хан, басшы атанады. Бұны халық аузындағы «Алаша хан болды, алаша ел болды” деген сөздерден де аңғаруға болатын шығар», – дейді. «Ал аталарымыз қоныс еткен Маңқыстаудағы қоңыр төбелер мен қара таулардан жеті жұрт көшіпті деседі, олар кімдер?» – дейді бұдан әрі Тышқанбай. «Туған топырақтан тысқары тұс қой, бірақ қайын жұрттың қай әңгімесінен де құр алақан емеспін. Аталарымыз оларды оғыз, алан, каспий, хазар, қалмақ, ноғай, түркімен деп отырмаушыма еді, асылы солай болса керек», – деп Мақаш та әңгімесін аяқтаған екен. Міне осы әңгіменің өзінен-ақ Мақаштың аталар шежіресінен біраз хабары бар екені көрініп тұрған жоқ па?! Олай болса, Қалау аға айтқан сөздің жаны бар екені хақ.

ҰЛАСҚАН ҰРПАҚ

Шындығында, Танашты ескермей, тек Шолтырдан тараған ұл-қыздары қосып есептесек, Мақаш ең тұяғы мол, оқығаны-тоқығаны жетерлік, зиялы ұрпақ. Бірақ осы арада Түрке тұқымына қарасты мына бір аңызды да ойға оралтуға тура келеді. ...Мақаштың жетінші атасы Түркенің тұсында әйгілі Аяз бидің ағасы Бекарыстың Мөңке деген баласы болыпты. Ол би, сондай-ақ алдағыны болжайтын көріпкел жан екен. Бірде Түрке құрдасы Мөңкеге еліп: «Менің жасым өсіп, жасамыс тартқан сайын кейінгі ұрпағымның тағдырына көбірек алаңдайтын болдым. Атадан қалған даңқ, шен-шекпен балаларыма ұласа ма, соны болжашы», – дейтін көрінеді. Замандасының заңды сұрағына еш қарсылық білдірмеген Мөңке би: «Әділіңе бақса, бұл тек сенің ғана қояр сұрағың емес, күллі ата-ана, әсіресе әке атаулының көкейіндегі сауал ғой. Ертеңге дейін жауабыңды әзірлеп қоярмын түске таман соғарсың», – депті. Ертесінде Түрке би алдындағы уәдеге сай Мөңке биге жетіп келсе, ақылмен қария ауыл сыртындағы дөңде тізесін қойған қамшы сабына маңдайын тіреп, қалың ой үстінде мүлгіп отыр екен. Құрдасының оқыс үніне селт етіп: «Әйттеген-ай сәл ертерек келіп қалдың, әлі де аз-мұз ойланып, толғанар жайлар бар еді. Дегенмен, оқасы жоқ, көргенімді айтып, болжағанымды баяндасам, сегізінші ұрпағыңа дейінгі бедел мен билік, байлық пен даңқты көктен құдай қуып жете алмас, тәңір тәлкектеп ала алмас. Ал сегізіншіге жетіп, тоғызыгшыға толғанда торғайдай үнің, тоқтыдай пұлың қалмас, ар жағына сөзім жоқ», – депті де қолындағы қамшысын сындырып, екі бүктеген күйі аяғындағы саптама етігінің қонышына сарт еткізіп бір ұрыпты. Асылында бұнысы «Осымен сөз бітті» дегені болса керек. Иә, атақ-даңқ, билік, дәреже, батырлық, байлық азаматтың астындағы ірің-майы үстінде, қос жыл құр жүрген ақ боз аттай асау да текті емеспе? Егер ер жігіт бірде сол ақ боз аттың үстінде алшаңдап, сауырынан су төгілмей жүрсе, екіншіде сол аттан аунап түсіп, бақ та, тақ та көзден бұл-бұл ұшады. Әлгі сөзді естңгенде Түрке би үстіне ақпандағы үкіден алған мұздай суды құйып жібергендей селк етіп: «Тәуба, тәуба, ең болмаса онға жеткізбедің-ау!» – деп теріс айналып жүре беріпті. Жоғарыда айтқанымыздай, Мақаш Түркенің сегізінші ұрпағы. Алдында өткен аталары сынды ол да атақ-даңқ, биліктен кенде болған жоқ. Бірақ бай болды деп атамайды. Қырық жылдай ел басқарып, ат арқасында жүргенде өзі туған өңірдің орыс-қазағы, тіпті таулықтардың арасында да аңыз боп аты қалды. Анау Астраханның ұлықтары Мақаш келеді екен десе шаһардағы ол жүретін көше мен түсетін үйдің алдын сыпырттырып, жайнатып қояды екен. Ал сол ағайындар әлде бір алқалы ортада бүйірін таянып, сәл еңсе көтерген қазақ көрсе, «Сен, немене, Мақашпысың?!» деп таңданыс білдірген... Мақаш қайтыс болғанда, ауа райы ажарсыз, күн көзі қырау, ақшұнақ аяз болса да ағайындары қыр мен ойға хабар салып, үш жүз жиырма молда жаназа намазына тұрып, дұға оқыпты... Немере ағайыны Ахметжан Мақаш басына қояр құлпытасты арнайы Қазан қаласындағы шеберге қызыл мәрмәрден шаптырып, Еділ бойымен ептеп, кеме арқылы елге жеткізген... Мақаш Шолтырұлына деген құрмет, оның беделі жәйлі дерек, дәлелдерді осылайша тізбелеп, жалғастыра беруге болар еді,бірақ, біз келтірген бірен-саран мысалдардың өзі Мақаштың кезінде туған жері, көршілес, өзге ұлт ағайындар арасында қаншалықты қадір-қасиет, беделге ие болғандығын дәлелдесе керек. Тегінде тірісі былай тұрсын, өлімінде де өзгелерге үлгі болып, арада жүз жылдам астам уақыт өтсе де, аты аңызға айналған Мақаштың кейінгі ұрпақтарының тағдыры не болды? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап бері қиын. Алдымен айтарымыз – өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы бай-бағландарды тәркілеу, соттау, жер аударып, ату кезінде қудалаудың ең сорақысын көргендер осы Шолтыр мен Танаш тұқымдары. Оның өзіндік себептері жоқ емес. Өйткені сол кезде елдегі ең оқыған, басқару ісі, билік басында жүргендерінің дені осы аталықтың ұл-қыздары еді. Оқыған дегеннен шығады, 1926-1928 жылдардағы дүрбелеңде Астраханның түрлі оқу орындарында білім алып жатқан қазақтың 500 баласы оқудан қуылады. “Соның біразы біздің тұқым, ағайын-жұрағаттар екен” дейтін бізбен әңгімесінде 1995 жылы 84 жасында дүние салған Үмия Харес қызы Танашева апай. Тәркілеу кезіндегі қашып-пысуда олар анау Карель-Фин, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қалмақ даласы, Астрахан мен Ақтөбе, оның Қарабұтағы мен Шалқары, Қызылорданың Арал бойы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл облыстары, Қарақалпақ, Тәжік, Өзбек республикасында тұрып, ғұмыр кешті. Ал жеке отбасы ретінде ертерек дүние салған Фазылдың жалғыз ұлы Лұтфолла кешкен тәлкекті мысалға алсақ, олар Жанбайдың терістігіндегі атакүлдігінен ағайындары жайғасқан Каспаркин, онда Астрахан, Ақтөбе, Қарабұтақ, Жамбыл, қайтып Ақтөбе, Қарабұтақ, кейін Шымкент, ақыры Өзбекстанның Тәжікстан түстігіне көшкен және осылардың бәрінде арттарынын тіміскі, іздестіру жұмыстары жүріп, солардан қашып, олар жер ауып отырған. Ақыры алпысыншы жылдардың басында ғана, онда да туған жері емес, Алматыға оралып, кейін-кейін ағайындарын іздестіріп, табысқан. Бірақ солардың біразі әлі күнге аталары өскен, билік құрған өңірге із салған жоқ. Өйткені сол бір жылдар таяғы олардың жон арқасына қаттырақ тиіп, тіптен есеңгіретіп, ес жидырмай тастағаға ұқсайды. Алайда, олар аталыңның басына тәуәп етуді қашанғы парыздары екенін ұмытпайды. Сонымен, әуелгі сұрақ – Мақаш неше ағайынды, олардың ұрпақтары қайда, қандай ғұмыр кешуде дегенге қайта оралайық. Ол үшін Мақаш Шолтарұлының республикамыздың, одан да тыс жерлердегі ағайын-туыс, ұрпақтарының өтініші бойынша бұл сұраққа бұрынғыша ұл-қыз деп бөліп-жармай бергенді жөн көріп отырмыз. Бірақ бұның өзі толық тұқым-тұяқ тізбегі емес. Өйткені аталық шежірені тәтпіштеп тақату басқа еңбектің міндеті деп түсініп, тек кейбіреулерін Е.Бекмұхамбетовтің тізбелеуі бойынша беріп отырмыз.

Олай болса әу баста Шолтырдан бес ұл, екі қыз өрбиді.
Бас көтергені – Ажар.

Ажардан – Теміртас, Бамұқан, Қарт.

Теміртастан – Ғазиз.
Баймұқаннан – Захи, Ғарип.
Захидан – Икрам, Абзал, Аһадам.
Аһадамнан – Бұрхан.

Ғариптан – Мағфур, Болат.
Қарттан – Ғалым.

Ыдырыстан – Мұса, Сәлім, Абдол, Шахматай, Ғайыш туады.

Мұсадан – Файыз.
Сәлімнен – Тұхбатолла, Уәли, Әкірам, Ғали, Мәди.
Әкірамнан – Рүстем, Әлім.
Әлімнен – Әкірам.

Ғалиден – Рүстем, Әлім.
Әлімнен – Әкірам.
Ғалиден – Әлім, Шәміл.
Әлімнен – Әміржан, Сержан, Арыстан.

Шәмілден – Сәкен.
Мәдиден – Ғаділжан.
Абдолдан – Сағит, Шаухат, Тайыр, Нұғыман, Шамардан, Абзал.
Нұғыманнан – Керей.

Керейден – Баяз, Ілияс.
Шамарданнан – Метхат.
Абзалдан – Бекләр.
Бекләрдан – Шегебай.

Шахматайдан – Шұғайып.
Шұғайыптан – Мағфур, Мағфуз, Шәріп, Ришат.
Мағфурдан – Қайыржан, Алик.
Шәріптен – Архимед, Мыңжар.

Ришаттан – Болат.

Шәкіштен – Бәдел.

Бәдел өз туған жерінде 1903 жылдары қайтыс болған.

Кезінде ортасында белгілі молда атаныпты. Биіті Мақаш моласында, ағасымен қатар жатыр.

Бәделден – Мүбәрак, Зиннун, Нәсиба.
Нәсибадан – Нариман.

Көбеннен – Жақия, Арон, Ысқақ, Әте, Ысмайыл, Сейтжан.

Ароннан – Мүфтах, Ғилаж.
Мүфтахтан – Нұрлыбек, Тәзімбек.
Әтеден – Яһуда, Салахан.
Ысмайылдан – Халит, Жәлел, Хамит, Ысқан, Биләж, Махмут, Ескендір, Нығымет.

Халиттен – Мамдух.
Мамдухтан – Рафхат.
Жәлелден – Шыңғыс, Маннәп, Елтай, Ғаббиф.
Хамиттен – Мұғалик, Ниязбек, Мұғалиф.

Мұғалифтен –Мәжит.
Биләштан – Шайхатар, Махбут, Сафиолла, Жүсіп.
Сафиолладан – Бауыржан, Жансұлтан, Тельман, Фатих.
Жүсіптен – Гиннадий, Владимир.

Махмуттан – Шухат, Ғалия, Еркін, Ұлықпек, Зубда, Вадим.
Ұлықпектен – Игорь.
Зубдадан – Сұлтан.
Нығыметтен – Құмар, Ғайнеден, Салық.

Ескендірден – Шұғайып.
Сейтжаннан – Мақсұт.
Мақсұттан – Ризабек, Ермек, Жолдас, Ризуан.
Ермектен – Айдар, Әділ.

Жолдастан - Берік.
Ризуаннан – Кәкім, Кәрім, Мубин.

Бұлардан тараған ұрпақтарының кейбірі осы күні Атырау қаласы мен облысында, Ақтөбеде тұрады. Ал жалпы Көбеннен тараған ұрпақ турасында айтар болсақ, Махмұт Ысымайылұлының орны бөлек. Ол 1884 жылы сол екзеңінің жер бөлінісі бойынша Астрахан губерниясының Қызылжар уезі Бақа ауылына дүниеге кеп, 1965 жылдың 5 маусымында Алматы қаласында қайтыс болды. Ол – алағшқы қазақ дәрігерлерінің бірі. 1910 жылы Қазақ университетінің медицина факультетін тамамдаған соң Бөкей губерниясында учаскелік дәріген боп, табан аудармастан қырық екі жыл бойы еңбек етті. Санкт-Петербург пен Мәскеу, Саратовтың Н.Н.Клодский, И.А.Деминский, Д.К.Заболотоный, Н.Н.Жуковский – Вережников, Н.А.Гаиский сынды атақты дәрігерлермен бірге Каспидің терістік бетіндегі оба індетіне қарсы күрес жұыстарына қатысты. 1920-1930 жылдары Теңіз аудананда учаскелік, жылжымалы дәрігерлік пукттердің, 1930-1934 жылдар аралығында аудандық денсаулық сақтау бөлімшесінің бастығы, 1934-1946 жылдары Ганюшкиндегі обаға қарсы күрес стансиясының бөлім меңгерушісі, 1946-1957 жылдары Жамбыл облысындағы Шу аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушңсң, аудандық аурухананың бас дәрігер қызметтерін атқарып, кеңес дәуірінің Ленин және басқа да орден медльдарымен марапатталған. Бұл кісінің баласы белгілі аграном, республиканың еңбек сіңірген ғалым қайраткері Шаухат Мұхаметқлының да (1914-1978) сіңірген еңбегі бңр төбе. 1935 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын бірген соң Мәскеу Ауыл шаруашылығы академиясының асперантурасын (1935-1939) аяқтайды. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, кейін өзі оқыған институтта доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы ректордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. Қазақтың ауылшаруашылығы академиясының академигі және президиумының бас ғылыми хатшысы, ауылшаруашылығы министірлігінің ғылым жөніндегі бас басқармасының бастығы болып істеді. Топырақтану, егіншілік және агрономиялық химия мәселелері жөнінде алпысқа жуық ғылыми еңбектер жариялады. Олар Қазақстанның шөлейт аймағындағы сортаң жерлерді зерттеу, милиорациялау және игеру мәселелеріне арналды.

Әбілден – Ахметжан.

Ахметжаннан – Ғизат, Зұлфыхар, Ахан, Қайдар, Зәриф.
Ғизаттан – Қажеден.
Зұлфыхардан – Мұстахим, Қанафи, Асхат, Бақыт.
Бақыттан – Марат, Игорь.

Бақыт Ахметжанов бұл күнде Атырау облысының Гнюшкин селосында тұрады, зейнеткер. Өмір бойы аудандық ауруханада хирург болып еңбек етті, Республикаға еңбегі сіңірген дәрігер. Балалары да дәрігер.

Аханнан - Сатхан, Хамбал, Талғат, Салтанат, Әділбек, Әділхан.
Әділханнан - Темірхан, Аманбай, Мардан, Гүлжан, Бауыржан.
Қайдардан - Рафик, Өтеш.
Рафиктен - Қайрат.

Өтештен - Терез, Қалыбай.

Сарадан - Бақтыгерей, Әжігерей, Әлігерей.

Бақтыгерейден - Мұзафар, Насыр.
Насырдан - Қырғызбек, Сапарбек.
Қырғызбектен - Рүстем, Әнуар.
Әжігерейден - Зейнолла, Шәкір, Ғазиз, Қадыр.

Шәкірден - Ғафур.
Қадырдан - Алмас.
Әлімгерейден - Түркістан.
Түркістаннан - Ришат.

Мақаштың бұл жиендерінен туған халқы үшін өлместей өз атын қалдырған ұл - Бақтыгерей Құлманов (1857-1919). Сөз орайында біз Бақтыгерей Құлманов, оның өмірі мен қызметі, ұрпақтары туралы кеңірек білгісі келетіндерге С. Сүйіновтың «Қайраткер Құлманов» атты (Алматы, «Ғылым», 1997) кітабын оқып, танысуға кеңес берер едік.

Енді Мақаштың тікелей өз ұрпағы туралы сөз етелік.

Әуелі отбасы турасында. Ел ішіндегі көнекөз қариялар дерегіне құлақ түрсек, Мақаш Шолтырұлы үш рет үйленген. Бәйбішесінің де, тоқалының да аттары белгісіз. Бірақ алғашқысы - Адай руының қызы да, екіншісі - қашаннан бері өздерімен көршілес, әрқашан аға тұтқан Кердері Тышқанбайдың қызы. Бұл туралы ел ішінде мынандай әңгіме бар. Мақаштың ел басқаруда біраз тәжірибе жинақтап, өмірде де есейген шағы екен. Бірде екеуара оңаша қалған сәтте бәйбішесі: «Отағасы, сізге айтар бір әңгімем бар еді», депті. Мынау әйел, мынау еркек деп бөлмейтін Мақаң: «Ал, ендеше, иегің қышыса айта сал», - деп әзілдесе керек. «Сіз бұл күнде елдің Мақашы атанып, ат басын тіреп, ақыл сұрар, сәлемдесіп, сыр айтысыр, ортаның ойлй, сыйлы келім-кетімі мол ел азаматына айналдыңыз. Ал ондай іргесінен ат, ошағынан от кетпеген үйге жыл өткен сайын есейіп келе жатқан менің күш-мүмкіндігім жетер емес. Мен болсам, бұдан былай балаларға қарап, бәйбіше атансам деймін. Сізге қонақтың да, өзіңіздің де бабыңызды табар барынша жас, байыпты тоқал керек»,- депті. Алғашында мұны дұрыс қабылдамаған Мақаш: «Сонда бұл «Қазақ байыса қатын алады» дегеннің кері ме?» - депті.

- Жоқ, бұл тек менің ғана пікірім емес, ағайын-туыстың ұйғарымы.

- Сонда мен кімді алмақ екем?

- Оған қам жемей-ақ қойыңыз. Алысқа бармай-ақ мынау іргедегі Тышқанбай ағаның қызы да жерге қаратып, желке қасыттырмас. Бірақ құда боп өзге емес, өзіңіз барасыз. Екі күн жатып, үшіншіге ауысқанда ақылман қарияның өзі қызмет сұрар, сонда сіз тілге тиек қып мені айтарсыз, қалғанын қарттың өзі келістіреді, - депті. Айтқанындай-ақ, бар іс сонымен оңғарылып, Мақаш ағамыз тоқалды болды.

Ал аққолтығы - қожа Әбдірахман дегеннің қызы Күлеке. «Әбдірахман құда Нұржаудан, Талды деген аралда тұрды. Оның Жәлел, Махмұт, Мәззен деген ұлдары болатын. Махмұттың Ләтиф атты баласын да білемін», - дейтін бізбен әңгімесінде марқұм анамыздай боп кеткен аяулы жан - Үмия апай. Сол үш әйелден (бірақ әзірге қайсысынан кім туғаны белгісіз) Мақаш атамыз Хамза, Шафхат, Ғаббас, Мүбиін, Әміржан, Фазыл, Мерпайыс, Жәмел есімді 8 ұл, Зұлфат атты бір қыз сүйіпті. Әміржан мен Жәміл (елде Жәмілжан депте атайды) Қазанда оқып жүріп, 1882 жылы араға аз күн салып қайтыс болады. (Татарстан республикалық Орталық мемлекеттік архиві. 977 - қор, тізбе - жеке іс; 29759 - іс. 34540 - іс; 25 - п.). «Мен Мақаштың балалары Ғаббас пен Хамза, Мүмиіндерді көре алдым. Бәрі де оқыған жандар еді, - дейтін халық ағарту ісінің ардагері, бір кезде Ақтауда тұрған, қазірде марқұм болған Жәлел Нығыметов, - Олар Ганюшкиннің бесіндігіндегі Каспаркинде тұрды. Ғаббастың Ғұбайда атты қызын менің нағашым Досқали қажы алған еді. Ол Мекеде, Стамбулда 12 жыл діни оқуда болған, 1937 жылдың қарашасында Атырауда халық жауы ретінде атылды. Хамза 1936 жылы Каспаркинде өз ажалынан дүние салды. Оның Ділшат деген қызынан туған Жан атты ұл (1928 жылы туған) қазірде Қарағанды қаласында. Ғаббастың Қайролла есімді ұлынан туған Мүбина осы күні Ганюшкиннің іргесіндегі Красиловкада тұрады, балалы-шағалы.

Осы айтылғандарды шежірелік тәсілмен тізбелесек былайша түзелер еді.
Хамзадан - Хайролла, Мәдіхат.
Хайролладан - Мүбина.

Шафхаттан - Камил, Баязит. Ол Қазан университетінің заң факультетін 1917 жылы бітірген. Егер Татарстан республикасы Орталық мемлекеттік архиві құжаттарына және «Волжский листок» газетіне (1907, №552), Р. М. Нафиговтың «Тукай и его окружение» (Қазан, 1986) кітабындағы деректерге назар аударар болсақ, ол сол университетте оқып жүргеннің өзінде ғасыр басындағы Татарстан зиялы қауымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан, ел ішіндегі қоғамдық-саяси істерге де белсене араласқан. Туған елге келгеннен соң да Бөкейлікте 1918-1920 жылдары түрлі революциялық басшылық, ұйымдастыру істеріне белсене араласып, ерекше көзге түсті. Ол 1921 жылдың қараша айында екінші Бүкілқазақстандық кеңестер сьезінде Қазақ АССР заң бөлімінің халық комиссары болып тағайындалып, кейін де республика көлемінде талай-талай жауапты жұмыстар атқарады. «Шафхат орысша өте сауатты, аса зерек, білімді жан болатын. Менің «Құрманғазы» өлең-романымды жолма-жол орысшаға аударған сол ағамыз», деген бір әңгімесінде марқұм Хамит Ерғалиев. Ол 1961 жылы қайтыс болды.

Ғаббастан - Зүбайыр, Сұңғат, Ділшат, Манпағат, Тарих.
Сұңғаттан - Мұрат.
Ділшаттан - Жан.
Жаннан - Әділ.

Манпағаттан - Мақсұт, Асхат.
Тарихтан - Нәкімжан, Мағжан, Әнуар.
Әнуардан - Тұрар.
Тұрардан - Серік.

Бұл ұрпақтың кейінгі буындары қазір Қарағанды, Ақтөбе, Маңқыстау облыстарында тұрады.

Зүлфаттан - Күлтәй, Кәлимолла.
Күлтәйдан - Хабир, Зәкір.
Зәкірден - Серік, Нұрлан.
Кәлимолладан - Даниял.

Фазыл дүниеден ертерек өтеді. Артында қалған жалғыз тұяқ Лұтфолладан - Мармара, Даяр, Еркін, Екпін, Даниял, Күләш өрбиді. Олардың бәрі де осы күні Алматы қаласында тұрады. Мармара - зейнеткер, кеңес өкіметі кезінде бірнеше ордендермен марапатталған дәрігер. Әлия, Әлжан, Мәлік атты ұл-қызы бар.

Әлиядан (белгілі тележурналист Әлия Нұғманова) - Калима, Зарема.
Әлжаннан - Карина, Ренат.
Даярдан - Гүлнар.
Еркіні ғылым докторы, балалары - Айман, Бауыржан, Нұрлан.

Айманнан - Гүлмира, Олжас.
Бауыржаннан - Дәмира.
Нұрланнан - Темір.
Екпіннен - Ерлан.

Күләштан - Жанат, Қайсар, Қанат.
Қанаттан - Әйгерім.
Даниялдан - Жан, Алла. Бұлар да Алматыда тұрады.

Міне, бұл біздің әзірше Мақаш Бекмұхамбетов туралы білетініміз. Әйтсе де ел ішінде оның шешендігі, дау-дамай, жер, жесір, дауларын шешудегі билігі, ағарту. Ел билеу, өнер саласындағы өнегелі қырлары жайлы әңгімелер баршылық. Біз олардың бәрін бірдей жөн-жосықсыз тізіп жатпай, шындыққа келіңкірейтін, нақтылы деректерге көбірек сүйендік. Ондағы ойымыз, егер ақты ақ, қараны қара деп сараласақ - Мақаш Бекмұхамбетовтың туған халқы, жұрт алдында айдан анық ағартушылық қызмет атқарғандығын баса айту еді. Осы орайда айтарымыз, Мақаш өмірі мен өнегесі әлі де көбірек екшеп, молырақ саралауды, ол үшін мол ізденісті қажет ететін, сөйтіп туған жұрты алдында ұялмай көрсетуге болатын ағартушы. Сайып келгенде, бұл біздің өткен аруақ алдындағы адал болумен қатар, келешек ұрпақтар алдындағы борышымыз екені де сөзсіз.

КЕЙБІР АТАУ, ЕСІМДЕРГЕ ТҮСІНІК

Аталған еңбекте кейбір атау, есімдер пайдаланылды. Бірақ олардың әрбіріне авторлық анықтама, түсінік беріп жатудың оқырман үшін қаншалықты нанымды болатыны белгісіз екендігін ескеріп, нақты энциклопедиялық ғылыми мәліметтер ұсынғанды жөн көрдік. Олар: 1. Карелин Григорий Сильч (1801-1872) - орыс саяхатшысы, табиғат зерттеушісі, 1817 жылы Петербургтегі І кадет корпусын бітіріп, граф Аракчеев кеңесінде қызмет істеді. 1827-1828 жылдары Батыс Қазақстанға саяхат жасап, Бөкей Ордасының картасын жасады. 1832 жылы Каспийдің солтүстік шығыс алабын зерттеген экспедицияны басқарып, оны бірінші рет картаға түсірді. Үстіртке шығар жолды барлап, теніз жағалауындағы статистикалық, топографиялық, физика-географиялық зерттеулер жүргізіп, бұл өңірдің өсімдік байлығы, хайуанаттары, итбалық аулау жөнінде бағалы мәліметтер жинады. Индер тұзды көлін зерттеді. 1834 жылы Ново-Александровск фортын салдыруын зерттеген экспедицияға басшылық етті. Батыс Қазақтан өсімдіктері мен жануарлар, кен байлығы жөніндегі еңбегі («Каспий теңізіне саяхат»,1883) жарияланды. 2. НЕПЛЮЕВ КАДЕТ КОРПУСЫ. Әскери оқу орны. 1825 жылғы 2-ші қаңтарда Орынборда ашылған. Алғашқыда Неплюев училищесі деп аталады. 1844 жылы училище Орынбор-Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Орынбор кадет корпусы дворяндарға арналған жабық оқу орны болғандықтан, оған қазақ балалары көп қабылданбады. Заң бойынша Орынбор кадет корпусындағы екі эскадронның (Европалық және Азиялық эскадрон) біреуіне ғана Азиялық эскадронға) 30 орынға қазақ байлары мен старшындарының балаларын қабылдауға ресми рұқсат берілді. Бірақ кейіннен патша өкіметі мұндай оқу орнында қазақ балаларын оқыту қауіпті деп есептеп, 1868 жылы 4 тамазда Неплюев кадет корпусындағы қазақ балаларына бөлінген 30 стипендияны жойып, қазақтар енді ерікті түрде өз қаражатымен оқитындығын жариялады. Бұдан кейін корпуста аз ғана қазақ ақсүйектерінің балалары оқыды. 3. ЖӘҢГІРОВ Ғұбайдолла «Ғұбаш, әскери жанама аты - Сұлтан Шыңғысхан, 1840-1909) - патшалық Россияда қазақтан шыққан әскери қайраткерлердің бірі, атты әскер генерал-лейтенанты. 1856 жылы Петербургтен паж корпусын бітірген. Жәңгіровке лейбгвардия полкінің корнеті атағы берілді. 1866 жылы ротмистер шенінде Дондағы казак атаман әскери қарамағына қызметке ауыстырылады да, 1874 ІІ Александр патшаның бұйрығы бойынша Жәңгіровке Телеграф департаментін басқару жүктелді. 1877-1878 жж. Орыс-түрік соғысына қатысып, генерел-майор атағын алды. Соғыстан кейін Ішкі істер министрлігінің қазақтарды басқару жобасын жасауға, т. б. мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысты. Оған 1888 ж. генерел-лейтенант, 1894 жылы атты әскер генералы атағы берілді. Жәңгіров жаламен абақтыға түскен Ақмолда ақынды түрмеден босатуға, Петербургтегі жоғары оқу орындарына қазақ балаларын оқуға түсіруге, Б. Қаратаев басқарған қазақ делегациясын патшаның қабылдауына көмектесті. 4. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Рамазан (1894-1937) - қазақтың тұңғыш Қызыл әскер командирлерінің бірі, дивизия комиссары. 1920 жылы Орынбордағы атты әскер командирлерін даярлайтын курсты, 1930 жылы Санкт-Петербургтегі Толмачев атындағы әскери-саяси академияны бітірген. 1920-1921 жылдары Қазақтың 1-атты әскер полкінің және Қазақтың 7-атты әскер дивизиясының взвод командирі болды. 1921 ж. ІІ дивизияның қарамағында Воронеж және Тамбов губернияларындағы ақ бандыларды құртуға қатысты, Бөкей губерниялық сотының төрағасы, Орал, Жетісу-Сырдария әскери әскери территориялық басқармалары бастығының орынбасары, бастығы, 1930-1932 жж. Қазақстан өлкелік әскери комиссариаты саяси басқармасының бастығы. 1932-1933 жж. ҚазАССР әлеуметтік қамсыздандыру халкомы. 1933-1934 жылдары партиялық қызметте, 1934-1937 жылдары ҚазАССР Жоғарғы Сотында және Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жауапты қызметтер атқарды. 5. ЖЕКСЕНБАЕВ Шәкір (1901-1990) - кеңес әскери қызметкері, техәскерлерінің генерал-майоры (16. 10. 1943 ж) Ордадағы жоғары бастауыш училищені (1917), Фрунзе атындағы әскери академияны (1924), Жоғары әскери-химия академиялық курсын (1931) бітірді. 1918 жылы Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, жеке қазақ атты әскер дивизиясында эскадрон командирінің көмекшісі болды. 1924-1941 жылдары Ворошилов атындағы химиялық шабуылдан қорғану Әскери академиясының кафедра меңгерушісі, Кеңес Армиясы химиялық әскери басқармасы бастығының қару жарақ жөніндегі орынбасары, Беламур әскери округі химиялық қызметінің бастығы. 1949-1958 жылдары Куйбышев атындағы Әскери-инженерлік академиясының кафедра бастығы, аға оқытушысы болды. 6. БАБАЖАНОВ Мұхамбет-Салық (1832-1871) - қазақ этнографы. Ішкі Бөкей ордасында туған. 1851 жылы Орынбор кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірді. 50-жылдардың аяғында Орыс географиялық, этнографиялық мәселелері жөнінде мақалалар жазды. Бабажановтың еңбектері қазақ халқының діни нанымы, аңшылық кәсібі, жылқы өсіруі, қымыздың шипалы қасиеті жайында. Ол қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуде еңбек сіңірді. 1861 жылы этнография бөлімінің ұсынысы бойынша Бабажанов Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны, қазақ тұрмысынан мақалалар жазып, этнографиялық әр түрлі заттар тауып бергені үшін 1862 жылы күміс медальмен марапатталды. Бабажанов ғылыми еңбектері үшін ресми наградталған тұңғыш қазақ. Прогресшіл қазақ ғалымын өзімен замандас орыс ғалымы В. В. Григорьев «қабілетті, тамаша білімпаз адам» деп бағалады. 7. ГРИГОРЬЕВ Василий Васильевич (1815-1881) - орыстың көрнекті шығыс зерттеушісі. Россия ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Петербург университетінің Шығыс бөлімін бітіргеннен кейін Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Шығыс тілдері институтында істеді. 1838-1844 жылдары Одессадағы Ришель лицейінде Шығыс тілдерінің профессоры. Кейіннен Орынбор генерал губернаторлығының қарамағына жұмысқа ауысып, Орынбор шекара комиссиясын және Орынбор облысын басқарды. Петербург университетінде Шығыс тарихы кафедрасының меңгерушісі. В. В. Григорьев Ресейде тұңғыш рет Шығыс тарихынан университеттік курс жүргізді. Орта Азия халықтарының, әсіресе қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге орыс тарихшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып кірісті. В. В. Григорьев 200-ге тарта еңбек жазды, шығыс тілдерінен аударма жасады. Аса маңыздылары; «Алтын Орда хандарының орыс дін иелеріне берген жарлықтарының шындығы» (1842), «Хиуа хандығын сипаттау және оған Сарайшық қорғанынан шығатын жолдар». В. В. Григорьев - Петербургте өткен Шығыс зерттеушілердің халықаралық ІІІ конгресін ұйымдастырушы, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, этнографиясы, саяси өмірі, экономикасы жөнінде көптеген еңбектер, мақалалар жазды. Ол татар тілінің орнына қазақ тілін ресми тіл ретінде қолдануға күш салды. Оның жобасы бойынша 1862 жылы Троицкіде қазақ жастары үшін мектеп ашылды. Ш. Уәлихановпен дос болды, Ы. Алтынсариннің рухани, ғылыми жағынан қалыптасуына себебін тигізді. 8. ВАМБЕРИ Арминий (1832-1913) - венгр ғалымы, тілші-түрколог әрі этнограф. Венгр ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1861 ж). 19 ғасырдың 60-жылдарында Орта Азия мен Иранға жасаған саяхаты туралы жазған еңбектерімен танылған. «Орта Азияға саяхат» (1874), «Ежелгі заманнан бүгінге дейін Бұхара немесе Трансаксония тарихы» (1873 ж), «Орта Азия очерктері», т. б. еңбектерінде жергілікті халықтармен бірге қазақтардың әдет-ғұрпы, шаруашылығы, тарихы жөнінде біраз деректер бар. 9. БЕРЕЗИН Илья Николаевич (1818-1896) - орыс шығыс зерттеушісі, Қазан (1846), Петербург (1855) университеттерінің профессоры. Негізгі еңбектер шығыс халықтарының тарихына, филологиясы мен археологиясына арналған. Филология саласындағы еңбектері түрік халықтарының ауыз әдебиеті мен түрік диалектілерін зерттеуге арналған. Березин монғол тарихын, әсіресе Алтын Орда тарихының мәселелерін жіті қарастырған. Жошы ұлысы хандарының (Тоқтамыс, т. б.) жарлықтарына зерттеу жұмысында Омбы кадет корпусының оқытушысы Н. Ф. Костылецкий арқылы Ш. Уәлихановпен байланыс жасаған.

БӨКЕЙЛІКТЕ ЕЛ БАСҚАРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Халқымыздың бұрыннан бар дәстүрлі ел басқару - хандық, билік қызметінің жаңаша еуропалық үлгіде қалыптасуы бұл Бөкей, оның ұлы Жәңгір заманынан басталса, зиялы қауым тобының пайда болуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында одан әрі дамыды. Бұл бұрынғы ауызша жүретін жарлық, билік, нұсқаулардың енді бәрі де жазбаша, яғни жаңа институт жүйесінде бір ізге түсті. Жаңа зиялы қауым тобы пайда болды. Ал оның басында кімдер болды? Бөкей Ордасындағы ел басқару ісіне кімдер араласты? Бұлар жайлы көптеген оқырман хабарсыз. Соның біралуаны біз әңгімелеп отырған Мақаш Бекмұхамбетов өмірі, оның ағайын-туғандарына да қатысты. Біз осыған орай оқырман үшін аса қажетті басқару тізімін қолда бар мәліметімізге сүйене отырып, назарға ұсынғанды жөн көрдік. Жалпы өткенді көрсем-білсем деген жанды былай қойғанда әр ұрпақ, оның жекелеген өкілі өз өңірінің тарихы, ата-баба шежіресін жақсы білгені дұрыс. Бұл бүгінгі заман қойып отырған мұқтаждық емес, атам қазақтың әу бастан қанына біткен қасиет, үлгілі үрдіс. Міне, сондай мақсатта бұрын соңды баспасөз, болмаса тарихи құжаттарда жалғыз-жарымы болмаса, тұтас сөз етілмеген Ішкі Бөкей Ордасының 1878-1915 жылдарғы әкімшілік-басқару орындарында жұмыс істегендер аз емес, олардың ішінде өз заманының оқыған-тоқығаны мол, халқына айтарлықтай еңбек сіңірген зиялылары бар. Мүмкін сол жандардың тума-туыстары табылып, біз айтқан деректерді әрмен жалғастырар, игі істері жайлы әңгімелер (деректер табу) есту немесе олардың ұрпақтарын табудың өзі зор мәртебе емеспе?! 1845 жылы Жәңгірхан өлгеннен кейін оның орнын басуға балалары қанша тырысса да мүмкіндік тумады. Өйткені Ресейдің патшалық империясы Орданың ішкі басқару жүйесіне көптеген өзгерістер енгізді, яғни хандық басқару жойылып, оны басқаратын Уақытша Кеңес құрылды. Оған патша шенеуніктері басшылық етті. Кеңестің төрағасы, кеңесшілері мен аудармашы тілмаштары, іс жүргізуші хатшылары болды. Ал оларды Астрахан облыстық мемлекеттік мұрағаты, облыстық кітапхана, мұражай құжаттарына сай рет-ретімен тізбелер болсақ, төмендегіше түзілер еді. Аталмыш Кеңесті 1878-1882 жылдары генерел-майор Сергей Александрович Терентинов деген басқарған. Кеңесшілері - Өтешқали Атаниязов, Ілияс Ғұбайдоллаұлы Жанболатов, Дәулет Ақбаев, Ш. М. Қарабаев, тілмаштары Сұлтанғали Бекмұхамедов, Молдағали Шынтаев, Меңдіғали Көбешевтер.

1883-1884 жылдары..... 1885-1889 жылдары Уақытша Кеңестің төрағасы - Иван Николаевич Хвостов. Кеңесшілері - Өтешқали Атаниязов, Дәулет Ақбаев, Мұқанәлі Шынтеміров, Нұрым Қайрошев, Дінмұхамбет Құспанов, тілмаштары - Сұлтанғали Бекмұхамедов, Нұрым Қаратаев, Ерғали Қасымов, Құлмұхамед Атаниязов, Тайыр Қуатов. 1890-1891 жылдары. Төраға - И. В. Иванов, кеңесшілер - Сұлтан Қайрошұлы Қарабаев, Дінмұхамбет Құспанов, Өтешқали Атаниязов, тілмаштар Қарасай Өтепов, Меңдіғали Балғымбаев. 1892-1903 жылдары төраға - Владимир Михайлович Лазаревский. Кеңесшілері - Өтешқали Атаниязов, Дінмұхамед Құспанов, Мақаш Бекмұхамбетов, Қадим Сармолдин, Жұмағали Қарағаев, Арон Ахметұлы Қаратаев, тілмаштар - Әжіғали Шынтаев, Салахитдин Шығаев, Мәдірейім Мұқашев, Фазыл Бекмұхамбетов, Мағзом Абдоллин, Шәпен Омаров. 1904-1912 жылдары. Төраға - Анатолий Новицкий, кеңесшілері - Бақтыгерей Құлманов, Қадим Сармолдин, Арон Қаратаев, Тасымғали Қазиев, Батырхайыр Ниязов, Нұрмұхамбет Ақбаев, Шәпен Омаров. Тілмәштар - Құмар Залиев, Сәрсемәлі Өтебалиев, Смағұл Бірәлиев, Нұрым Шынтеміров, Зұлқарнай Сақыпов, Бектілеу Әлғазиев, Жүсіпқали Шаңгереев. 1913-1915 жылдары төрағалық қызметті Николай Федорович Соловьев атқарып, Ғабдолла Мұқашев, Шынтай Жүсіпов, Мәуби Жұмашевтар кеңесші, Әмиірхан Мұхамбеталиев, Бектілеу Әлғазиев, Жүсіпқали Шаңгереев, Файзолла Шынтаевтар тілмаш болған. 1878 жылы Ішкі Ордасының әкімшілігі Нарын, Қамыссамар, Талов қисымдары және І, ІІ Теңіз жағалауы округі болып бес әкімшілік басқаруға бөлініп, оларды Г. Р. Ефимов, Шарафидден Көшекұлы Шығаев, Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов (соңғы екеуі екі-екіден) басқарды. 1880 жылы бүларға Тарғын, Қалмақ қисымдары қосылып, бұдан былай Нарынды бұрынғыша Г. Р. Ефимов, Қамыссамар мен Таловкені М. Д. Угличников (көмекшілері Тархан - Мұхамбетжан Есенбаев, Иманғали Байтұрғанов), Тарғын мен Қалмақ қисымдарын радмистр Ш. Көшеков (көмекшілері Шахмұрат Қарабаев, Азаматкерей Шығаев), І және ІІ Теңіз жағалауы округтерін М. Бекмұхамбетов (көмекшілері Ибраһим Танашев, Бегәлі Батырбеков) басшылық жасады. 1882 жылы басқару жүйесінде тағы да өзгерістер болды. Атап айтқанда, Нарынды Ш. К. Шығаев (көмекшілері Қадырәлі Ақбаев, тілмаш Мусағали Қадырәлиев, Нұғыман Дощанов), Қамыссамар мен Таловкені бұрынғыша М. Д. Угличников, Тарғын мен Қалмақ қисымдарын Өтешқали Атаниязов (көмекшілері Шахмұрат Қарабаев, Азаматкерей Шығаев), І, ІІ Теңіз жағалауы округін осыған дейінгі М. Бекмұхамбетов (көмекшілері И. Танашев, Мөңке Бекенов) билік жүргізді. Арада үш жыл өткенде Нарынға төраға болып Г. Р. Ефимов (көмекшісі Әубәкір Ақбаев) келді. Қамыссамар мен Таловкеде Қожа Ілияс Жанболатов (көмекшілері Сисақай Мусин, Өтеғали Шомбалов, тілмаштар Сүндетқали Нұрсарин, Нұғыман Дощанов), Тарғын мен Қалмақта Шахмұрат Қарабаев (көмекшілері Мұханәлі Шынтеміров, Меңдіғали Мұқашев, Абдоллатиф Әбдрахманов, І, ІІ Теңіз жағалауы округінде М. Бекмұхамбетовтер (көмекшілері Үбіш Есжанов, Ахметжан Әбілов) басқарушылық қызметте болды. 1886 жылы округтер мен қисымдарды бір адамның қосарлап басқару тоқтатылып, 5 қисым, 2 округтің жеке-жеке төрағалары болды. Мысалы, Нарынды Ө. Атаниязов (көмекшісі Д. Құспанов), Қамыссамарды Ш. Шығаев (көмекшісі С. Мусин), Таловкені Ш. Қарабаев (көмекшісі Ө. Шомбалов), Тарғынды Ілияс Жанболатов (көмекшісі Меңжан Көбешов), Қалмақты Жарас Әзірбаев (көмекшісі Меңдіғали Мұқашев), І округті Ибрахим Танашев (көмекшісі Лұқпан Төлегенов), ІІ округті М. Бекмұхамбетов (көмекшісі Ахметжан Әбілов) басқарды.

1887 жылдан бастап Ішкі Орданың қисымдары мен округтерін мыналар басқарған:

Нарын қисымы
1887 жылы - Өтешқали Атаниязов, көмекшісі Қабдол Қаюпов.
1888-1891 жылдары - Мұқанәлі Шынтеміров, көмекшісі Қабдол Қаюпов.
1892-1894 жылдары Шахмұрат Қарабаев, көмекшісі Ғабдысалық Қаюпов.

1895-1896 жылдары - Өтешқали Атаниязов, көмекшісі Қ. Қаюпов.
1897 жылы Мұхамбетжан Құспанов,
1898 жылы - Абдолкәрім Ниязов,
1899-1902 жылдары - Иманғали Байтұрғанов,

1903 жылы Мұханәлі Шынтеміров, көмекшілері барлық кезеңде де Қ.Қаюпов,
1904-1905 жылдары Нұрым Қарабаев, көмекшісі Жұмағали Қарағаев,

1906-1908 жылдары - М. Шынтеміров, көмекшілері Шәпен Омаров, Қ. Қаюпов, хатшысы Есенияз Шытықов. 1909 жылы басқарма төрағасы белгісіз, көмекшісі Қ. Қаюпов, хатшы Хамидолла Меңдәлиев,

1910-1911 жылдары - Аманғали Жоламанов, көмекшісі Қ. Қаюпов, Х. Меңдәлиев,
1912 жылы М. Шынтеміров, көмекшісі Қ. Қаюпов, хатшысы Кенжеғара Жүнісов,
1913-1915 жылдары - Ш.Омаров, көмекшісі К. Жүнісов, хатшы Ізғали Сатханов.

Қамыссамар қисымы 1887-1889 жылдары басқарма төрағасы қызметінде С. Шығаев (көмекшілікте Сисақай Мусин, Бәкей Самақовтар) болады. 1890-1903 жылдары аралығында аталған лауазымда Бақтыгерей Құлманов (төраға), Сұлтанғали Нұрсарин, Салахиддин Шығаев, Меңжан Қабешев, Мерәлі Жұмағазиев - Меңдіғали Балғымбаев, Ибатолла Есенбаев, Нұғыман Дощанов, Айшабек Жұматаевтар (депутаттар) болған. 1904-1905 жылдары төраға - М. Шынтеміров, көмекшілері - Мұхамбетжан Ақбаев, депутаттар - Нұғыман Дощанов, Айшабек Жұматаев, Ибатолла Есенбаев, хатшы - Әйшім Орманов, тілмәш - Иманғали Меңдіханов. 1906-1908 жылдары басқарма төрағалығын Мерәлі Қарабаев, көмекшілік қызметті М. Ақбаев, Әйшім Орманов, Ишанғали Меңдіхановтар атқарса, депутаттыққа Кенжеғара Жүнісов, Әйшім Омаров, Ықсан Жалтыровтар сайланды. 1919-1912 ж.ж басқарма төрағасы Әжіғали Шынтаев, көмекші - Ишанғали Меңдіханов, депутаттар - Әйшім Омаров, Ықсан Жалтыров, хатшы - Мұхаммед Ақмаев. 1913-1915 жылдар аралығында аталған лауазымдарда Нұрым Қарабаев (төраға), Ишанғали Меңдіханов, Тілепберген Имашев (көмекшілер), Әйшім Омаров, Рахметолла Сақыпов (депутаттар) болады.

Талов қисымы 1887-1889 жылдар аралығында аталған қисымды Сұлтан-Шахмұратов басқарса, көмекшілік қызметте Өтешқали Шомбалов атқарады. 1890 жылы Ділмұхамбет Құсайынов төраға, Ишанғали Байтұрғанов көмекші, Ибатолла Есенбаев, Мерәлі Қарабаев, Әмірғали Мұқашевтар депутаттар болады. 1891-1900 жылдар аралығында Нұрым Қарабаев басқарма төрағасы, Ишанғали Байтұрғанов, Әліпқали Қадеповтер көмекші, Ибатолла Есенбаев, Әмірғали Мұқашев, Ерғали Қасымов, Қадим Сармолдин, Қарасай Өтепов, Жұмағали Қарағаев, Әміржан Қансұлтанов, Есболсын Сердалиев, Нұғыман Дощанов, Мөңке Балғымбаев, Өтебәлі Бердәлиев, Ғабдолла Мұқашев, Мәдірейім Мұқашевтар депутаттар болып сайланды. 1901-1903 жылдары төрағалық қызметте Мұқанәлі Шынтеміров (1901), Нұрым Қарабаевтар болса, көмекшілері болып Мәдірейім Мұқашев, Нұрғали Бестібаевтар атқарған. Депутаттыққа Мөңке Балғымбаев, Өтебәлі Бердиев, Темір Көшеков, Нысанғали Жұбанәлиев, Ибатолла Есенбаев, Мәдірейім Мұқашевтар сайланған. 1904-1907 жылдарда төраға қызметінде Әжіғали Шынтаев (1904-1905), Нұрым Қарабаев (1906), Сұлтан - Нұрмұхамбет Ақмаев, көмекшілікте Жұмағали Қарағаев, Шәпен Омаров, депутаттар болып, Ибатолла Есенбаев, Мөңке Балғымбаев, Өтебәлі Бердәлиев, Темір Көшеков, Нысанғали Жұбанәлиев, Мәдірейім Мұқашев, Қазбек Бектұрғанов, Нұрғали Ақмурзин, Нұғыман Дощановтар сайланған. 1908-1915 жылдар аралығында басқару жүйесінде Мерәлі Қарабаев, (төраға), Ж. Қарағаев, Ғабдолла Мұқашев, Жүсіпқали Хангереев, Нұрғали Ақмурзин (көмекші), Темірхан Сейітбаев, Нұрғали Ақмурзин, Ибатолла Есенбаев, Иқсан Жолтыров, Мардан Қашқынбаев, Смағұл Жидебаев, Ханзада Жәлелов, Досығұл Темірәлиев (депутаттар) және Мәдірейім Мұқашевтар (хатшы) болды.

Тарғын қисымы 1887-1896 жылдар аралығында басқарма төрағасы болып Меңдіғали Мұқашев, көмекшілікте Меңжан Қабешев, Сисақай Мусин, Ерғали Қасымов, Әліпқали Қаденов, депутаттықта Фазыл Бекмұхамбетов, Нұрқаш Сарбасов, Қабдолла Мұқашев, Жұмағали Қарағаевтар болса, 1897 жылы Әліпқали Қаденов (төраға), Өтебәлі Бердәлиев (көмекші), Ғабдолла Мұқашев (хатшы) істеді. Ал 1898-1899 жылдары басшылықта Батырқайыр Ниязов болса, көмекшілікте Ә. Қаденов, Н. Сарбасов, ал депутаттық қызметке Ф. Бекмұхамбетов, Сұлтанғали Жоламановтар келіп, хатшылықты Ғ. Мұқашев атқарды. 1900-1904 жылдары төраға болып Мұханәлі Шынтеміров (1900), Нұрым Қарабаев (1901-1903), Ф. Бекмұхамбетов (1904), олардың көмекшілері болып Н. Сарбасов, Ғ. Мұқашев (1904), ал депутаттықта С. Жолманов, Ізжан Көшеков, Есенғали Көпболовтар болады. Хатшылық жұмысты Е. Көпболов (1900) атқарады. 1905-1908 жылдар аралығында басшылық қызметке Арон Ахметұлы Қаратаев (1905-1906) пен Н. Сарбасов келсе, көмекшілікті Әлімгерей Қаденов, Меңдіғали Мұқашевтар атқарады. Депутаттықта Ғ. Мұқашев, Пангерей Ақсартов, М. Мұқашев, Елеусін Буйрин, І. Көшеков, Е. Көпболов, Тасымғали Қазиев, Ғ. Мұқашевтар болады. 1909-1911 жылдары Н. Қарабаев бастаған құраммен Қазбек Бектұрғанов (көмекші), Е. Көпболов, І. Көшеков, Ғабдолла Көшековтер (депутат) қызмет атқарады.

Қалмақ қисымы 1905 жылға дейінгі құжат қолға түспеді. Ал 1905-1908 жылдары аралығында Аманғали Жоламанов, Әжіғали Шынтаев (төраға), Меңдіғали Сариев, Н. Сарбасов, Тасымғали Қазиев, Ғилман Қасымов, Әліпқали Қаденов, Құмар Залиев (көмекші), Нұрғали Бестібаев, Қазбек Бектұрғанов (депутат) басқару жүйесінде болды. 1908 жылдан 1916 жылға дейінгі аралықта Әжіғали Шынтаев (1908), Аманғали Жоламанов (1907-1908), Нұрмұхамбет Ақбаев (1909-1913), Ғабдолла Мұқашев (1914), Жүсіпқали Хангереевтер төраға, Меңдіғали Сариев, Н. Сарбасов, Әліпқали Қаденов, Құмар Залиев, Қазбек Бектұрғанов, Меңдіғали Мұқашев, Ғилман Қасымов, Мардан Қашқынбаев көмекші, Нұрғали Бестібаев, Ғилман Қасымов, Тасымғали Қазиев, Қазбек Бектұрғанов, Сапарғали Сейтәлиев, Аманша Еділбаев, Тілепберген Серғазиев, Темірғали Сақауов(депутат), Хамидолла Меңдәлиевтер басқару жүйесінде болды.

І-ші Теңіз жағалауы округі 1887-1889 жылдар аралығында Ибраһим Танашев (1887), Әбдрахман Танашев төрағалық, Әбдрахман Нұржанов, Молдағали Шынтаев, Әбдрахман Нұржанов көмекшілік лауазымдар атқарса, 1890-1892 жылдар аралығында Молдағали Шынтаев (төраға), Аманғали Жоламанов (көмекші), Үбіш Есжанов, Мәсәлім Құрманбаев, Сапарғали Бегалиев, Жармұхамбет Қуысов, Нәсенғали Жұбанышев (депутат) басшылық қызметтерге араласты. 1893-1899 жылдар аралығында Мұқанәлі Шынтеміров (1893), Молдағали Шынтаев (1894), Аманғали Жоламанов (1893-1894), Әжіғали Шынтаев көмекші, С. Бегалиев, М. Құрманбаев, Ж. Қуысов, Салахитдин Шығаев, Н. Жұбанышев, Қали Жақыпбаев, Ерғали Ідірісов, Қайрлы Құрманбаев, Бектілеу Әлғазиев, Ерғазы Дощанов депутаттар болады. 1900-1901 жылдары төрағалық қызметке М. Қарабаев келсе, 1902-1904 жылдары Аманғали Жоламанов отырады. Көмекшілері болып Арыстанғали Танашев, Әжіғали Шынтаев, Ғабдысалық Қайыпов, депутаттыққа Фазыл Бекмұхамбетов, Муса Ідірісов, Нұғыман Жарылғапов, Бисаят Шолтыров, Мұхамбетқали Нұрпейісов, Қ. Құрманбаев, Б. Әбілғазиев, Сұлтанғали Жоламанов, Тілепберген Имашев, Батыргерей Шокин сайланады. 1905-1908 жылдар аралығында басшылықта Ф. Бекмұхамбетов (1905), А. Жолманов (1906), Ә. Шынтаев, көмекшілігінде Ғ. Қайыпов, Қ. Құрманбаев (1907-1908) істесе, депутаттыққа М. Нұрпейісов, Қ. Құрманбаев (1905), Б. Әбілғазиев, Б. Шокин, Т. Имашев, С. Мамедәлиев, Кенежеғара Жүнісов, Есенияз Шытықов сайланады. Хатшылық қызметте Есенияз Шытықов, Жұмағали Жанғожин, Хамидолла Меңдәлиевтер (1907-1908) болады. Мұқанәлі Шынтеміров (1909-1911), Қайырлы Құрманбаев (1912-1915) төраға, Қ, Құрманбаев, Е. Шытықов, А. Жоламанов көмекші, Т. Имашев, С. Мамедәлиев, К. Жүнісов, Б. Әлғазиев, Ж. Жанғожин, Хайролла Шынтаев, Мәуби Жүсіпәлиев, Жұмағали Қайырлиев, Пангерей Ақсартов депутат, Е. Шытықов, Ж. Жанғожин, Х. Меңдәлиев хатшылық жұмыстарда болады.

ІІ-ші Теңіз жағалауы округі Аталған лауазымдық тізім барысынан байқап отырғандарыңыздай басшылық қызметте адамдар әр жылдары бір қисымнан екіншісіне түрлі қызметтерге ауысып отырады. Сөз болғалы отырған округтеде солай. Мәселен, 1887-1891 жылдары басқарма төрағасы Мұхамбетжан Бекмұхамбетов болса, 1892 жылы бұл қызметте жаңа адам, бірақ осыған дейін Мақашқа көмекші болып істеген, кейін Қамыссамар қисымында хатшы болған Қарабаев, немесе бұған дейін (1887-1889) Таловке, 1892 жылы Нарын қисымдарын басқарған Шахмұрат Қарабаев екені белгісіз, асылында осы болар, аты белгісіз Қарабаев деген келіп, бір-ақ жыл отырады. Көмекшілері Молдағали Шынтаев, Сисақай Мусин, Ерғали Қасымов, Арыстанғали Танашев, ал депутаттыққа Ідіріс Мәмбетов, Ахметжан Омаров, Сансызбай Сердәлиев, Үмбетәлі Босов, Нұғыман Жарылғапов, Муса Ідірісов, Үбіш Есжанов, Меңдіғали Сариев, Н.Ақбаевтар сайланды. 1894-1899 жылдары Шерәлі Жұмағазиевтің төрағалығымен округ басшылығында А. Танашев көмекші болса, депутаттар құрамында бұрынғы М. Сариев, М. Ідірісов, Н. Жарлығапов, Н. Ақбаев, У. Босовтармен бірге Есболсын Сердәлиев, Ғабдолла Мұқашев, Н. Бітібаев Фазыл Бекмұхамбетов, Қазбек Бектұрсынов, Ғилман Қасымов, Ерғали Қасымовтар да болды. 1900-1901 жылдары төраға болып бұған дейін І округке басшылық еткен А. Жоламанов келсе, көмекшілікті Ә. Шынтаев деген мүлдем жаңа адам атқарды. Депутаттар құрамы дажаңарды. Мұхамбетжан Нұрпейісов, Қайырлы Құрманбаев, Бектілеу Әлғазиев, Нәсенғали Жұбанышев, яғни бұған дейінгі бірінші округтің депутаттары. Жаңасы Ерғали Есжанов, немесе бұл Үбіш Есжановтың інісі. 1902 жылы төраға орындығына Мерәлі Қарабаев отырса, көмекшілікті бұрыннан тәжірибелі А. Танашев атқарса, депутаттар орындығына бұрынғы Ф. Бекмұхамбетов, М. Ідірісов, Қ. Бектұрғановтардың қатарына болашақ төраға Биләш Шолтыров қосылды. 1903 жылы төрағалық қызметке Ишанғали Байтұрғанов деген бұған дейін есімі еш белгісіз адам келді. Бірақ ол округті бар-жоғы бір-ақ жыл басқарды. 1904-1905 жылдары басшылыққа М. Қарабаев қайтып келді. Қалған қызметке аздаған өзгеріс болғанымен, негізінен бұрыннан таныс Н. Жарылғапов, Б. Шолтыров, М. Ідірісов, Х. Артықов, К. Бектұрсынов, Нухғали Ақмурзин, Сабыр Мұқашетар қызмет басында болды. Ал 1906 жылы бұдан кейін еш қызметте көрінбеген Фазыл Мұхамбетжанұлы Бекмұхамбетоа округ басқарса, оған көмекші болып Сейіткерей Нұралыханов, депутаттар орындығында Биләш Шолтыров, Құспантай Танашев, Харес Артықов, Сабыр Мұқашев, Сұлтанғали Жоламановтар отырды. 1907-1915 жж. басқарма төрағасы Биләш Шолтыров, Құспантай Танашев, Харес Артықов, Сабыр Мұқашев, Сұлтанғали Жоламановтар отырды. 1907-1915жж. Басқарма төрағасы Биләш Шолтыров, көмекшісі - Қ. Танашев (1907-1913), Ишанғали Меңдіханов (1914-1915), депутаттар - Ықсан Жалтыров, Харес Артықов, Сабыр Мұқашев, Сұлтанғали Жоламановтар отырды. 1907-1915 жж. басқарма төрағасы Биләш Шолтыров, көмекшісі - Қ. Танашев (1907-1913), Ишанғали Меңдіханов (1914-1915), депутаттар - Ықсан Жалтыров, Харес Артықов, Сабыр Мұқашев, Қожантай Қайырлиев, Ысмағұл Берғалиев, Шаймардан Ідірісов, Батыржан Алдамжаров, Темірғали Сейітбаев, Ізім Сатханов, Ізжан Көшеков, Есболсын Сердәлиев, Қасым Мұстажапов, хатшылары - Мақсот Дәубатыров, Батыржан Алдамжаров, Есболсын Сердәлиев. Байқап отырғандарыңыздай, аталған азаматтардың көбі бұған дейін түрлі қисым, округтерде жауапты жұмыстар атқарған тәжірибелі, тіс қаққан қызметкерлер. Бірақ бұдан әрі жаңа қоғам келді, өмір өзгерді, талап жаңарды. Әйтсе де Бөкей Ордасында Октябрь революциясына дейін ақ ел басқару жүйесі қалыптасты., яғни халықпен жұмыс істеу бір негізге келді, басшылық институтының негізі қаланып, жұмыс істеді деген сөз. Бұл - идеялық ұстанымы, түсінігі бар зиялы ортаның қалыптасқандығын көрсетеді.

ІІ бөлім

ТҮПНҰСҚАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

МАҚАШ БЕКМҰХАМБЕТОВ

ЖАҚСЫ ҮГІТ

ЖАҚСЫ ҮГІТ ЖИНАҒЫ ТУРАЛЫ

Мақаш Шолтырұлының қазақ әдебиеті үшін қалдырған қадірлі мұрасы алдымен әлі күнге ел аузында жүрген шешендік сөздері болса, одан кейінгісі –«Жақсы үгіт» кітабы. Ол көзінің тірісінде шәкірті Сейітқали Меңдешевтің көмегімен дайындалып, Қазан қаласындағы ағайынды Каримовтардың сауда үйі баспаханасына тапсырылған. Өкінішке орай, автордың аталған еңбегін жеке кітапша күйінде көзі тірісінде көруге мүмкіндік болмады. «Жақсы үгіт» Мақаш қайтыс болған соң, 1908 жылы 25 бет көлемінде жарық көрді. Қазір оның бір-бір данасы Санкт-Петербургтегі Салтыков-Щедрин атындағы кітапхана мен Алматыдағы республикалық Кітап палатасының сирек басылымдар қорында сақтаулы. Көшірмесі қолымызда бар. «Жақсы үгіт» - бірыңғай авторлық, болмаса ел аузынан жинақталған әдеби нұсқалар түзілісі емес, құранды жинақ. Олай дейтініміз - кітапшаның алғашқы бетінде «Күйеу таңдаған Шандоз қыз» деген өлең кездеседі. Жар таңдаймын деп көне етіктіні тең көрмей, көк етікті кез келмей, отырып қалған сылқымды әжуалаған бұл өлеңнің төменгі жағына жәй хабарлама ретінде Мақаш деп қол қойылған. Алғашында біз оны Мақаштың өз туындысы болар деп ойлағанбыз. Өйткені алдымен, өлең астына Мақаш өз атын қойса, екіншіден, осы күнгі ел аузындағы ол айтты деген сөздердің көбі өрелі ойы бар өлеңдік төрттағандар болып келетіндігі белгілі. Ал сондай жанға ұзақ жылдық ғұмырында бір өлең шығарып тастай салу аса қиынға соқпаса керек. Аталмыш өлеңді Мақаштікі деуге болатын тағы бір себеп-шығарма машығы күнде өлең шығарып не жазып жүрмеген, жалпы ниеті бар, түсінігі мол адамның аузынан шыққандығын дәлелдейтін, ұйқас, көркемдігі осал. Бірақ шындығында олай емес, И. А. Крыловтан аударма болып шықты. Бұдан әрі кітапшада «Есек пен бұлбұл» деген мысал өлең бар. Бірақ оның еш жерінде қосымша түсінік берілмеген. Әйтсе де мысалдың бұрыннан өзімізге таныс, орыстың белгілі сөз зергері Н. А. Крыловтың екінші бір туындысы екендігінде дау жоқ. Мақаш мысалдың мазмұнын сақтай отырып, түп нұсқадан алшақтамаған әдемі дүние тудырады. Яғни бұған қарап біз Шолтырұлының әлі белгісіз тағы бір қыры- аудармашылық өнерін де танимыз. Кітапшада бұлардан басқа қазақ әдебиетінің ертедегі ірі өкілдерінің біраз өлеңі топтастырылған. Олар - орта ғасырлардағы жыраулық дәстүрді берік қалыптастырған тұлғалар - Доспамбет пен Шалкиіз және Жиембет жыраулар айтқан ақберен жырлар. Аталған жыраулар жырының қай қайсысынан да көшпенді ел перзенттерінің өр тұлғасы мен ерлік кейпі, алға қойған асқақ рухтары мен өмірлік мұраттары көрінеді. Сөйтіп, бар өмірін ел басқаруға арнаған Мақаш жастай құлағына сіңіп, көкірегіне ұялаған ата жұртының бабалар жырын тірнектеп жинап, қағазға түсіру арқылы бізге жеткізді. Міне, осылардың арқасында қазақ әдебиетін біз ХҮІІІ ғасырдағы Бұқар жыраудан ХҮ ғасырға, яғни үш ғасырға әрі жылжыттық. Бұл үлкен жетістік емес пе? Сол үшін де оған қарыздармыз. Сондай-ақ, бұл еңбекте Атырау өңірінде 1779-1869 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі Мұрат Мөңкеұлының ұстазы, кезінде өз ортасында Төбе би атанған Есет бидің сөздері де алғаш рет топтастырылған. Сайып келгенде,Есет өлеңдерін оқу арқылы Махамбет ақын жырларының сарынын еске түсіруге болар еді. Мұның өзі құрастырушының ой-өрісінің биіктігін, көркемдік талғамының жоғарылығын дәлелдесе керек. Кітапшаға енген тағы бір тұшымды дүние - «Шекті Мөңке би мен Шеркеш Түрке би, Тана Нұрке би кеңеседі» деген ұзақ толғау. Толғаудың өн бойында кейінгі ұрпақты елдің бірлігі, азаматтың мәрттігіне жетелейтін рухты қайрат бар. Былайша айтқанда, борпылдақты ездіктен, бопсаны семіздіктен, шешенді ділмәрсуден, биді қазымырлықтан, батырды көзсіздіктен сақтандырады. Аталған жыр осы кезге дейін «Жақсы үгіттен» басқа еш жерде жарияланбаған еді. Кейінгі кезде біз арқылы өзге авторлар да өз еңбектеріне енгізіп жүр. Біз кітапшаның осындай ерекшеліктерін ескере келіп, онда топтастырылған өлеңдерді түгелдей оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Бір ескере кететін жәйт-еңбек татар баспаханасында жарық көргендіктен, ондағы кейбір сөздердің мағынасы түсініксіздеу болғаны да рас. Бірақ аталған өлеңдердің қай-қайсысын да түпнұсқа негізінде қағазға түсіріп, сол күйінде кітапқа енгіздік.

КҮЙЕУ ТАҢДАҒАН ШАНДОЗ ҚЫЗ

Шандоз қыз бойын түзеп сыланады,
Көркіне көңілі бітіп қуанады.
Қыз бала көкірек еді тумысынан,
Күйеу-ді қол жетпейтін ойлағаны.

«Өзі бай, дәрежелі күйеу болсын,
Жасболсын, көркіне көңілім толсын.
Өзімді жақсы көріп, ардақтасын,
Жоқ болсын ешбір міні, көзім тойсын.

Мейлінше ойнап-күліп жүрейін мен,
Тарылып, қызғануды тіпті қойсын».
Екі арыс бір-біріне болар сүйеу,
Шандозға табылар ма мұндай күйеу.

Сонда да көп жиылды айттырушы,
Бағына бәрі бірдей жақсы келді- ау.
Көкірек қыз келгендерді менсінбеді,
Бәрінің мінін айтып, теңсінбеді.

Ол айтты «мұндай күйеу басқа қызға
Қуалап келгендерді кетсін» деді.
Кемітті біреулерді малың аз деп,
Кейбіріне мұртың тік, қасың қалың деп.

Атағың кіші дейді біразына,
Мін тағып түрлі түрлі, қасын керіп.
..Тоқтады айттырушы екі жылдай,
Екі жыл өткеннен соң тағы келді.

Күйеулер ана жылғы жоқ-ақ енді,
Болмады бұл келгендер бұрынғыдай.
«Неғып жүр өңкей солтық аламын деп,
Қайғым жоқ ерге бармай қаламын деп.

Саудаға еш салмаймын сау басымды,
Кетсін» деп қуалады шабалаңдап.
Сөйледі Шандозымыз асып-асып,
Екпіндей барған сайын судай тасып.

Күйеулер ана жылғы мұндайма еді,
Қайтарды оларды да көңілін басып:
«Үйімде көңілім жай, ұйқым тыныш,
Кетпеймін бір жаманға басым қосып».

Айттырушы бұған енді еш келмеді,
Шандозға беттеп ешкім жүрмеді.
Біраз жыл осылайша өтіп кетті,
Жас толы, Шандоз қыз оны білмеді.

Ай, күн- ай!
Заман қайда кешегі өткен,
Шандоз қыз білді енді күні кеткен,
Не пайда, өткен күннің белгісі жоқ,

Басына Шандоз қыздың биыл жеткен.
Шандоздың көңілі енді бүлінеді,
Көркі де барған сайын кеми берді.
Жайнаған көзі оттай гөзәл еді,

Ауырлап аяқ басуға ерінеді.
Бұрынғы көркі де жоқ, ажар да жоқ,
Сұлу қыз өз-өзінен жиренеді.
Ойласа есіне алып құрбыларын,

Бірі жоқ, жалғыздығы білінеді.
Айнаға анда-санда қарағанда,
Самай шашы ағарыңқы көрінеді.
Гөзәлдің күні кетті сылаңдаған,

Бір өзі көзге түсіп бұлаңдаған.
Көп ғашық жиылса да жолын тосып,
Ақ жүзін бір көруге құмарланған.
Еңкейді, енді келіп жер ортасы,

Жастықтан не қалды енді солмаған.
Шандоз қыз ой ойлайды, қайғы айтып:
«Кез келсе кім де болса кетер едім,
Барады гүлім солып, күнім өтіп!»

Біреу келді ақырында шойнаңдаған,
Шандозды аламны деп қойқаңдаған.
Бір ауыз сөзге келмей енді бұған,
Келуші Шандоз қызға солай болған.

«Жолығар таңдағанға таз» дегендей,
Түбінде шойнақ алды қираңдаған.
Мақаш

ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ

Есек келді салбырап,
Душар болды бұлбұл құс.
Сәлем берді иіліп,
Есек айтты: «Жаным дос!

Сені естідім жыршы деп,
Басқа жыршы құрсын деп,
Сайра, достым, сайрашы,
Ал сынайын әніңді,

Шамалайын халіңді».
Сонда бұлбұл сайрайды,
Көзі оттай жайнайды.
Шартылдатып сызғырды,

Күйге салып не түрлі.
Енді әнді созады,
Делебесі қозады.
Жоғарылы, төменді,

Күй шығарып бұлбұл құс!
Алыстағы жерлерге
Жаңғырық берді әуезді,
Құмарланып, сайрайды,

Демін азар алад.
Тыйылды дейді ормандар,
Ұшып жүрген торғайлар,
Басылды жел демінен,

Жан-жануар барлығы,
Тыңдап тұрды бұлбұлды.
Бәрі кетті есінен-
Даладағы малшылар,

Бәрі бірдей таңданып,
Қорғасындай балқиды.
Бұлбұл құстың сайрауы,
Барған сайын шалқиды.

Қойда жүрген қойшылар,
Ала таңмен арайлы
Алғанының бетіне
Күлімсіреп қарайды.

Бұлбұл құстың сайрауы,
Бәріне де жарайды.
Мақтау күтіп есектен,
Тұрды дейді дем алып,

Есек енді «түйдім»деп,
Жауап айтты бұлбұлға:
«Жаман емес бұлбұлым,
Тыңдағандай бар екен

Ішім пыспай әніңді.
Таныстығың жоқ екен,
Әтеш еді әншіміз.
Бетке айтайын мініңді,

Әтешпенен танысып,
Өткіз біраз күніңді.
Әнің сонда көркейіп,
Түзер едің жөніңді».

Зая болды еңбегі,
Желге кетті әуені.
Бұлбұл байғұс мұңайып,
Қадір білмес есектен

Зыта-зыта қашады,
Күдер үзе ұшады,
Таулы тастан асады.
Әліне қарай бағалар

Ісі түскен пендеңді
Есек сынды барлардан.
Тірлігіңді жөн көр де,
Сақта тәңірім, әр жерде

Осындай бір жандардан!

ҚАРАТОҚАЙ БЕРІШ ЕСЕТ БИ

Қартайған шағында күні жас тоқалға қарап, қатын-бала
сөзін сыйламайтын әдет шығарған соң бір күні налып,
балаларына қарап айтқан сөзі

Тауға біткен қайыңның
Солқылдар басы жел өтсе.
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.

Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады
Ер қолынан мал кетсе,

Арбадан үркіп жаман ат
Ер салдырмас жал бітсе.
Қайыры болмас ғаріпке
Биасылға мал бітсе.

Тілеп алған ұлдарың,
Тіл қайырады ер жетсе.
Хан бұрылып қараған,
Би бұрылып сұраған,

Ажары болмас арудың
Екі он бестен жасы өтсе.
Сылдырап белі шешінген,
Назданып аячқ көсілген

Алғаныңа, жандарым,
Қадірің кетер күн келер,
Ер қартайып, жас жетсе.
Мен, мен едім, мен едім,

Қатарға салсаң қайыспас,
Қас қара нар мен едім.
Шабуыл салса шаршамас,
Шыны тұлпар мен едім.

Су шашырап ,жел тимес,
Аударылмас қара кеме мен едім.
Қасарысып келгенде
Қап түбіне сыймаған

Қара болат мен едім
Қияннан ұшқан қу ілген
Анық сұңқар мен едім.
Тілерсегім теріс біткен,

Тепсем жілік сындырған
Қыран бүркіт мен едім.
Қартайдым да, қор болдым,
Күн сенікі, жастарым!

Кәрілікке жеткізсе,
Талайды көрер бастарың.
Заманымда өзімнің,
Еңсеріскен ер көрдім,

Белсеніскен дау көрдім,
Жасанысқан жау көрдім.
Үрікпедім саспадым,
Бір өтірік болмасын

Табаным тайып қашпадым.
Түгел ердің жолдасы,
Тілектес болған дос-жарым.
Сол дәулеттің тұсында

Самарқанды сапырып,
Шапқан шөптей жапырып,
Аспадым да таспадым.
Қанды көйлек жолдасты

Сары алтындай сақтадым.
Менің көрген затым бұл
Төкпей-шашпай қолданып,
Ортаңа сүйреп тастадым.

ШЕКТІ МӨҢКЕ БИ, ШЕРКЕШ ТҮРКЕ БИ,

ТАНА НҰРКЕ БИ КЕҢЕСЕДІ,

КЕҢЕСКЕНДЕ НЕ ДЕСЕДІ?

Қос, қос орда, қос орда,
Қосылып қонбас бізден соң.
Қоспақ өркеш құба інген
Қом жасамас бізден соң.

Қойдан туған қортықтар
Қойды бастар бізден соң.
Қойдан туған егізге,
Көрікті болған семізге

Көзін салар бізден соң.
Күнара ішкен көк желке
Елді аралар бізден соң.
Байдың ұлы мырзалар

Атқа мінген адамнан
Азығын алар бізден соң.
Қос, қос орда, қос орда,
Қосылып қонбас бізден соң.

Қорамсаққа қол салып,
Қозы жауырын оқ алып
Батырлар жортпас бізден соң.
Қорамсаққа қол салып,

Қозы жауырын оқ алып
Батырлар жортпас бізден соң.
Басы шоқал төбе таптырмас,
Балығы суға жылқы жаптырмас

Балқаш, Балқаш көлдерге
Байлар қонбас бізден соң.
Бізден соңғы адамның
Қойы болар дуадақ.

Жылқысы болар дуадақ.
Үй басына болар керісі,
Мақұлынан көп болар
Тентегі менен телісі.

Әуенменен еш кетпес
Ағайынның керісі.
Ендігі туған баланың
Бойы болар аласа,

Сөзі болар тамаша.
Итере салсаң жығылар,
Тұра келер жармаса.
Екі бала бірігіп,

Бір төсекте бір жатпас,
Екі жігіт бас қосып,
Бір-біріне сыр айтпас.
Атқа мініп шыққан соң,

Шыныменен тілесе
Аңын бір қақпай құр жатпас.
Қарағай басын қар алса,
Қағып оттайды аруана,

Кәрісі кімнің жоқ болса
Жігіті болады диуана.
Аласаны көтеріп,
Биікке қосып санама.

Бір сынаған жаманды
Екі қайта сынама.
Тіріде сыйласпаған қарындас
Өлгесін көзіне құм құйылсын,

Өлсе де оған жолама.
Қарағайдан биік ағаш жоқ,
Қайыры болса, талас жоқ,
Қарындас, туған кімде жоқ,

Күнінде қайыры болса-
Жанып жатқан шоқ.
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бір тоғайға қоныңыз,

Қарындаспен, туғанмен
Бір туғандай болыңыз.
Өзіңе кеңес салғанның
Өрісі кең болмас па

Жатқа кеңес салғанның,
Зынданға басы кетпес пе,
Жаманан жесең бір қамшы
Сүйегіңе ол жетпес пе?!

Шым, шым жүйрік, шым жүйрік,
Шұбалаңдап шаба алмас
Мойнынан жалы кетіп, үріксе.
Жақсылар жаман болады

Күнінде жасы жетіп кәрісе,
Жамандар жақсы болады.
Дәулеті асып байыса.
Жетесі алтын шамғанбас

Жеті атаға дарыса,
Еңіреген ерлердің
Тілегін ием бермейме?!
Аттанып үйден шыққан соң,

Қыдар ер қожа
Пенденің бір шарапаты дарыса!
Табаны жалпақ тарлан боз
Тасты жерде шаба алмас.

Тасты жарған тілің де,
Жастағыдай бола алмас
Бурадан кескен аззбанға
Буыршын басып шөге алмас.

Бидайықтың орнына
Лашын батып қона алмас.
Ер басынан қосы ауса,
Қорғасындай күнде оған

Салмаса да салмақты
Қырсығың бір оңалмас.
Қырға боран бораса
Ойға боран тұрар ма?!

Жақсылар аттан жығылса
Жаман туған адамның
Еш нәрсесі құламас.
Қай жерден деп қайырылып

Сонда да жаман сұрамас.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кессе, жең болмас.
Өңкей қатар отырса

Жақсыға жаман тең болмас.
Жақсыға қоссаң басыңды,
Одан басың кем болмас.
Қырға боран бораса,

Нуға боран борамас.
Ел шетіне жау келсе,
Халық үстіне дау келсе,
Жамандайын жалтаңдап,

Жақсылар көмек сұрамас.
Арғымақтың алдына
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап

Түсер жерін қарамас.
Арғымақтың аяғы
Айдай таға қағылса,
Кілегей мұздан таяр ма?!

Жаманды құдай алар ма,
Жақсыны құдай қояр ма?!
Жақсы алдына сөз айтсаң,
Жақсылар сөзге тоя ма?!

Күндердің күні болғанда,
Басыңа қиын іс түссе
Жалғасып өскен жасыңнан
Жақсылар басын аяр ма?!

Атың тулап жықпасқа,
Артқы айылдың бегі игі.
Алыстағы дұшпанның
Жағаңа қол жетпеске,

Артыңда туысқанның көбі игі.
Екі талай іс болып,
Еліңе дұшпан табан қойғанда
Өзіңменен бірігіп,

Қыр басына шықпаған
Ағайынның күнінде
Барынан да жоғы игі.
Аспанға қарап оқ атпа,

Ол жақын түсер қасыңа.
Өз басыңа дәулет үйірілсе,
Қайырылмай кетер досыңа.
Жаманға жақын болмаңыз,

Күндердің күні болғанда
Оның залалы тиер басыңа.
Жақсы туған қарындас-
Һәм қарындас, һәм жолдас.

Жаман туған қарындас-
Өзі дұшпан, өзі қас.
Арғымақты шаптырсаң,
Екі өкпесі қабынбас.

Жабыны босқа жіберсең,
Оның қабырғасы жабылмас.
Атқа мінсе шабар деп,
Бұл қашан жосық табар деп,

Жігіттікпен салқы өскен
Баладан күдер үзбеңіз,
Ол түзелсе табылмас,
Ізінен ата жаңылмас!

Бөрішіл иттің баласы
Бөрі алмас түлкі алар.
Айқай салса жүгіріп,
Алмаса да бір шалар.

Қорашыл иттің баласы
Үре барып, бөрі алмас.
Алаштың ұлы азамат
Атқа мінсе біреуі

Оны ағайыны көре алмас.
Өзіңе берсең билікті
Ортаға төре бара алмас.
Қошқар болар тоқтының

Тұмсықтары дөң болар,
Адам болар жігіттің
Айтқан сөзі жөн болар.
Бәйбіше болар әйелдің

Етек-жеңі кең болар.
Ер бөрінің баласы
Алты болар, бес болар.
Алты, бестің ішінде

Айбындысы бір болар.
Айбындысынан айырылса,
Әрқайсысы күнінде
Әрбір итке жем болар.

Бөрі, бөрі, бөрі болар,
Бөрісін ерткен бөрі де
Ерлерменен тең болар!
Қарыны ашқан күнінде

Саз балшыққа аунатып,
Өзінен өзі жер болар.
Жақсыға қоссаң басыңды,
Отырған орның төр болар,

Жаманға қоссаң басыңды,
Саз балшыққа аунатып,
Сол бөріменен орының бір болар.

НОҒАЙЛЫНЫҢ БАТЫРЫ ШАЛКИІЗДІҢ

ТЕМІР ХАНҒА АЙТҚАНЫ

Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды.
Күйбеңдескен көп жаман

Сөзі түскенге ұқсайды.
Алып, алып басқан, алып басқан,
Арабы торым өзіңсің.
Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің.
Білерді білмес не демес,
Сұлтан иеи, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе, сары бал
Алсам мен саған ұсынармын.
Тал мойныма қол артсаң
Күліктен бек ұнармын.

Төбел семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін-
Жақсыңнан мені кем көрдің.
Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,
Ұлы берікке мені қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын

Сегіз қиыр тараптан іздермін.
Еділден аққан сызашық
Бір көргенде тебінгенге жетер-жетпес су еді -
Телегейдей шайқалтып,

Жарқыраған беренді
Теңіз етсе,тәңірі етті;
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып

Терек етсе, тәңірі етті;
Тебінгінің асынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің-
Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті!
Тобылғының берегі
Иір болып беріш бітсе-

Айтар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малыңды бер де, басыңды қос,
Бір күні болар керегі.

Бостаны бар-ды теректің,
Тұсында болған нарды қорлама,
Тұсында болған нарды қорласаң
Табылмас-ты керекте.

Айдын шүйсең, тарлан шүй -
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең ,берен ки -
Егеулеген болат өте алмас.

Есендікте малыңды бер де, батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұшпанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай!

Балуандармен күреспе-
Таң боларсың әлемге-
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан

Ақылды дұшпан артық-ты-
Дұшпаныңнан бір сақын.
Ел ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан бір сақын.

Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда

Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұл көпке,
Жаман да келер бұл көпке-
Түгел іс қойып болмас бір кепке!

Сен алтынсың, мен-пұлмын,
Сен-жібексің, мен-жүнмін,
Сен сұлтансың, мен-құлмын,
Сен-сұңқарсың, мен-қумын.

Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүректі аяман.
Саған дұшпан, маған жау,
Керекті күні алдыңда

Ғазизлеген , сұлтан, жаным аяман!

ШАЛКИІЗДІҢ ХАНДЫ ХАЖ САПАРЫНАН

ТОҚТАТУҒА АЙТҚАНЫ

Қара басқұспен шалдырып,
Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желкен аштырып,
Жүк тиедің кемеге,

Ниет еттің тәңірінің үйі Кебеге!
Жүк тиесең кетерсің,
Ниет етсең жетерсің,
Етектен жиған көп халқың,

Сұлтан ием,
кімге асмар етерсің!...
Ашалай шалың ақталап,
Шемшірлігің ноқталап,

Шал сақалын жылаттың,
Атаңнан қалған көп халықты
Ер өзіңнен соңыратып
Тік бір жардан құлаттың!

Қара басты ақ күспен,
Кендір баулы ақ желкен
Көк теңізді жал толқынға жектірдің!
Қара сия, ақ қағаз,

Дестірге өнер төктірдің!
Қабырғасын сөктірдің!
Едігеден туған ұғылдың,
Мырзасы өзің болғансың

Атан қумас бурасың,
Һәр ісіңе турасың.
Ер өзіңнен соқтыратын,
Емен салдай батар ол.

Алыс жерден мөһерлі шұбар хат келсе,
Күйбеңдескен көп жаман
Құлағын салып тұрар ол.
Ақ ала жылқы жусайды

Айналдырып қарасам,
Сол жылқының ішінде
Ат туғандай бие жоқ.
Жолыңда болсын, ау, ием,

Сен де кетіп барасың,
Енді өзіңнен соңыратып
Жұртқа бір лайық ие жоқ
Темір еді биіміз

Теңіз еді халқымыз,
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз!
Соқса бір жілік сындырған,

Тегеурінді болат темірдің
Тегеуріні өзіңсің!
Айдынды көлге қал шауып,
Тоғызын соғып ұшырған

Қу сұлтаны саһарсың!
Саһарыңды сайлап қаусырған,
Боө сұңқарым өзіңсің!
Тебірдің жұртқа не ісі бар,

Сұлтан ием, жұрт иесі өзіңсің!
Соқса бір қурай сындырмас,
Құладың қудың теңі түгіл-ді,
Тіленшіұғылы Шалкиіз

Иесі би Темірден соңыратын
Тұқылдықтан тарсылдап,
Үзілер болғай сол мүйіз.
Әбсінде ғалым жидырып,

Ақ кітабын жайдырып,
Ай,хан ием,сұраймын-
Тәңірінің үйі Кебені!
Ибраһим Халел Алла жасапты,

Ғазірейіл жан Аллаға қасапты.
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,

Тәңірінің үйі Бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдында жасапты!

ТАНАНЫҢ БАЛАСЫ БОРТОҒАШТАН

ТУҒАН ЖИЕМБЕТ БАТЫР ЗАМАНЫНДАҒЫ ХАНЫ

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ БОЛЫПТЫ.

Баста болған қалмақ ханынан әдейі жүзінен Есім ханға бір қыз жіберіпті. Оларға жолда Жиембеттің інісі Жолымбет ұшырап, қызды тартып алыпты. Мұны иттік деп, Жиембет батыр інісіне ренжіп, көрмейтін болыпты. Қарындастың азары болса да безері жоқ дегендей, Жолымбет Жиембет үйде жоқта жеңгесі Есенқыз бәйбішеге қатынасы үзілмейді екен. Бір күні Жиембеттің үйде екенін білмей Жолымбет келіп қалып, түрулі тұрған кереге арқылы Жиембеттің үйде екенін көреді де, қайтадан жүре береді. Сонда бәйбіше сөйлейді Жиембетке:

- Шырақтың келіп, сенің үйде екніңді көріп шығып кеткенін білдің бе?

Жиембет:

- Білсем қайтейін? Ол тентекті неғылайын?

Сонда бәйбіше айтады:

- Би, бұрынғыдан қалған сөз бар-ау:

Арақпенен бал қосса, сап дейді жараға,
Екі жақсы бас қосса, жамандар кіреді араға.
Жаманды жаман демеңіз,
Басыңа қиын іс болса,

Жаның шығар қараға,- деген емес ме?!

Бәйбішеден бұл сөзін естіп Жиембет батырдың үйіне келеді. Бұл қалай бауыры бұлақ әйел еді. Оны елеп, мұндай билік сөз айтқаны. Бауырым бүйтіп жүруім жөн болар ма деп. Ойына ой түсіп, киімін жамылып, тысқа шығып, кетіп бара жатқан інісі Жиембеттің артынан бір-екі ауыз сөз айтады. Сөзі мынау:

Ай, қыңыр ер, қыңыр ер,
Қыңырайма біздің ер.
Қынылы бозға мінген ер,
Хан-жалғыз,біз үшеу,

Қыңырайма шіркін бері кел.

Жолымбет келіп, ағасының қолын алады. Реніш кетті, көңіл орнына түсті, екі қарындас арасынан фәтіне кетті, татушылық, мейірмандық тамырланып, орын тепті. Мұның себебі Есім хан Жиембет батырға өкпелі болатын. Бұрынғы достық- дұшпандыққа душар болды. Бұ ақылын есіне алып Жиембет батыр ойланды. Сыртынан тымырайғанша бетпе-бет аузымен айтып, бір жола ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын деп бір күні ханға келіп сөйлейді. Сөзі мынау:

Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда

Айналып ақыл табарға,
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не дерсің.
Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің,
Жиембет қайда дегенде
Не деп жауап берерсің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай.

Көруші едім, Есім хан,
Ханымды-күнім, сізді-айымдай,
Сырым саған түзу-ді
Садақа салған бұлындай.

Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлындай.
Жүруші едім араңда,
Есімде менің сүймеуің

Өзіңнің інің мен ұлыңдай,
Істетпеске қойған тіліңдей...
Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым,жөн емес.
Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің,
Ағбытпа, ханым, күннен соң,

Сіздің естен кеткенмен,,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі хан келгенде
Соқыр бурыл Байталға

Сонда бір жайдақ мінгенсің..
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,

Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханыша
Қалада тұрып жылаған..
Тал шарбаққа мал сақтап,

Тасқан екен мына хан!
Қайырылып қайыр қылуға
Қылғаның жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,

Ат саурысын берермін.
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң ,ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!

Мұны айтып кетіп еді, ханым қайтарып, сөйтіп тату болып қалыпты.

АЙ МАҢДАЙ ЕР ДОСПАМБЕТ АҒАНЫҢ

ЖАПАНДА ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫП АЙТҚАНЫ

Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Стамбулдан несі кем,
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның
Хан ұлынан несі жоқ,

Би ұлынан несі кем?
Алланың өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,

Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді.
Сере, сере, сере қар,
Үсті кілең, асты мұз
Күн-түн қатса жібімес,

Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға
Күректей мұзды тоңдырып,
Кірмембес ауыр қолға бас болып,

Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!
Дүниенің басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние,
Азаулының Аймадет

Ер Доспамбет ағадан
Ағарып атқан таңдай деп,
Шолпанды шыққан күндей деп,
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп

Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз.
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың

Ал иіндігін аудырып.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма,
Жара бір қатты, жан тәтті,

Жара аузына қан қатты,
Жарықшылар жоқ па екен,
Жармай білте саларға
Жағдайсыз жаманқалып барамын.

Жанымда бір туғанның жоғынан!...
Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында,
Бүлдіргесі бұлан терісі,

Өрімі құлан пілдің қайысы,
Шырмауығы алтын, сабы жез,
Бей Азының бойында
Күзен, қарсақ жерме екен!..

Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,

Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күн кешті екен!...
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы,
Хан қызындай сұлтанның

Айдындықтай ақ білегін жастанып,
Ерен үйін тіктіріп,
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке

Қалай да белін шешті екен!

ІІІ БӨЛІМ

МАҚАШ БЕКМҰХАМБЕТОВ

жәдігерлік жазбалар

Жауапты редактордан

Көптеген ғалым - зерттеушілердің, мәселен, академик Салық Зимановтың айтуына қарағанда, Мақаш Бекмұхамбетов Ішкі Бөкей Ордасының сол кездегі тұрмысы мен әлеуметтік жәйі, кәсіпшілігі, әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрі төңірегінде біраз мақала жазып, оларды іргесіндегі Астрахан мен Орынбор, Қазан, Санк-Петербург қалаларындағы түрлі басылымдар мен кітаптарда жариялаған қолжазбаларын ғалымдар назарына іліктірген. Ғалымдар назарына ілікті деуіміздің бір себебі - 1910 жылы Астраханнан осы губернияның көшпенді қалмақтары мен қазақтары туралы жеке кітап жарық көріп, оның екінші бөлімі түгелдей Бөкей Ордасына арналады. Авторы Астрахан өлкесін зерттеу жөніндегі Петров қоғамының толық мүшесі Г. И. Щербаков. Кітап басында автордың сілтеме жасағанындай, материал негізінен М. Бекмұхамбетовтың жазбаларына негізделіп даярланады. Бір қуанарлығы - мұнда Мақаш Шолтырұлының туған халқы мен оның әлеуметтік тұрмысы жөніндегі бұрын ешжерде жарияланбаған тың дерек ойлары бар. Сондай-ақ жақында марқұм, белгілі ғалым, мақаштанушы Мұстафа Ысмағұловтың жеке қорынан Санк-Петербургтағы Салтықов-Щедрин атындағы кітапханаға кезінде Мақаш Бекмұхамбетовтің өзі жазып, тапсырған он бір мақаланың көшірмесін таптық. Бізге Мақаштың бұлардан басқа, екі мақаласы бұрыннан белгілі болатын. Олардың көтерген тақырыбы, айтар ойы үндес - қазақ халқының тұрмысы, әлеуметтік-шаруашылық жәйін жақсарту, әдет-ғұрпын дәріптеп, ол туралы жатойлы пікірлерді әшкерлеу. Әділін айтсақ, бұлардың қай-қайсы да әлі күнге дейін өзекті мәселе екені белгілі. Сондықтан осынау ғасырлық ғұмыры бар туындыларды әріден қалған асыл мұра-жәдігерлік жазбалар ретінде оқырмандар назарына үсынғанды жөн көрдік. Ескере кетер бір жайт - М. Бекмұхамбетовтің бұл еңбектері өз тұсында орыс тілінде жазылған. Қашан да түпнұсқалық деректің құнды болатындығын ескеріп, біз оларды орысша күйінде жариялағанды жөн көріп отырмыз. Ал, оларды қазақ тіліне алғаш рет тәржімалаған осы кітаптың құрастырушысы Өтепберген Әлімгереев.

БЫТ И НУЖДЫ КИРГИЗ-КАЗАХОВ*

То цветущее время когда обширная, тучная степь обогашала нашу Орду, уже прошло невозвратно, Теперь нет и следов того обилия и довольствия, которыми славилась Внутреннаяя Букесвская Орда. Земли, кормившие народ, истощаются во всех концах Орды, в особенности нижняя часть ее, состаящая из 1-го и 2-го Приморских округов, где почти вся поверхность покрыта сыпучими песками, с крайне скудной растительностью, недостачной для пастьбы скота, отчего киргиз-казахи тысачами побросали свой степные места и разбрелись по соседним уездам, снимая в аренду земли у разных оседлых обществ и землевладельцев, Молодые люди тысячами отправляются в путь на работу по рыболовству и соледобыванию, получая ничтожную плату сравнительно с изнурительным трудом. Упадок скотоводства, единственного занятия киргиз-казахов, произошел по причинам истощения земли от неумелого пользования богатством. Владея богатой степью бессданно и беспошлинно в продолжении целого столетия без молого, Орда наша никогда и ничего не придпринимала к упрочению своего благосостояния. Перешли наши киргиз-казахи сюда разоренные от смут за Уралом, быстро поправилось и, в короткое время, стали славиться своим богатством. Постепенное обеднение народа при током льготном состаянии, каким пользовалась Орда, должно зависеть от причины, в самом же народе скываюшейся, которую нельзя обьяснить природною беспечностью. Киргиз-казах от природы не обижен ни в каком отношении: он телом дороден, умом смышлен, бодр, смел, предприимчив, и видящие и киргиз-казахах

____________
* «Астраханские ведмости», 1894, № 4

врожденную беспечность и леность - большом заблуждннии. Он не ленив и не беспечен, а только не имеет дела, его занимающего, интерессующего; он кочевник, а кочевая обстановка не требует разнобразия в заниятиях, а потому бездеятелен он не по природе, а по образу жизни, не пробуждающему его к всесторонней деятельности. Мы знаем киргиз рыболовов и в них видим отличных моряков и искусных ловцов, кои, если не превзошло своих местных сотрудников-русских рыболовов, то, смело говаря, вполне бы сравнялись в морском деле. Возьмем, например, коневода - хозяина большого табуна, застигнутного врасплох ужасною бурею в суровую, снежную зиму, когда лощади, мощные животные, стемительно мчатся по ветру, не видя перед собою ни тонких немерзающих грязей, ни оврагах, ни пропастей, готовых разом по глотитьбешено бегущих животных. Для отвращения в подовных случаях опасностей, угражающих на каждом шагу, требуются самые энергичные и необычные усилия. Неутомимый наездник киргиз-казах только и может выдержать борьбу с бущующей стихией, спасти свое добро от верной гибели. Где тут ленивая вялость? Одаренный от природы прекрасными качествами, кому обязан наш народ упадком своего благосостояния и далекой отсталостью? Причиной всего несчастья должно признат не что иное, как наш кочевой быт. Восстановление нашего материального благосостояния при кочевом образе жизни кажется немыслимым. Кочевник-вечный странник, скиталец. Он и думать не может об удовстве жизни, потому что всякое жизненное удобство расстраивает гармонию его пастушеского быта. Кочевничество, отнимая возможность у людей составлять правильные общества, отдаляет тем от способов умственного развития, вопреки замечательной любви киргиз-казаков к просвещению. Принимая в соображение наше прошлое положение, невольно сознаем, что предки наши и при обилии и достатке не блогоденствовали и были еще манее нас счастливы своими разорительными смутами, основа которых лежит, несомненно, в вольной кочевой жизни, теперь же, когда мы обеднели, не можем принятся за труд и все беднеем, пожалуй, дойдем и до крайности, т. е. до нишеты, опять таки все это по причине кочевничества - этого вечного тормоза. Не пора ли подуматьо перемене образа жизни, т. е. Принять полную оседлость, покуда нас не поглатила окружающая среда и покуда носим имя своих предков киргиз-казахов? Для оседлости годны места, изобилующие пресной водой, топливом, сенокосами, в связи с предметом во 2-м При морском округе Внутренней Киргизской Орды, с обширной рыболовной промышленностью и с водным сообщением, с знаменитой рекой Волгою, кормящей многие губернии империи, вполне соединяет в себе все условия оседлости. Не менее удобны места в Таловской и Камыш-Самарской частях, на протяжении рек Поники и Малого Узенья с своим хлебопашеством, и наконец, по близости Волги западные части Торгунской и ни искусственном задержании снеговой и дождевой воды, которой можно орошать и поля для оброзования богатых, сенекосных участков, имея под рукою также и хлебопашество. Советуя обзавестись оседлостью, я должен побеседовать и о скотоводстве, как почти о единственном занятии, на котором собственно основан кочевой быт Орды. Вникните поглубже, стоит ли наше скотовотствотого, чтобы ограничить на нем всю нашу деятельность? Обеспечивает ли оно наше существование? В том то и беда, что скотоводство не совсем обеспечивает наше существование: тысячами отправляются ежегодно киргиз-казахи из пределов Орды, ища заработков не из алчности к наживе, а для прокормления голодающих семейств. При этом от скотоводства нажить большое состояние никак невозмодно. Редкие богачи-скотоводы, киргиз-казахи, увлекамые своей обычной скотоманией, все еще стремятся к размножению скота, нискольконе заботясь об улучшении его породы. Не лучше ли иметь сто голов взамен тысячи, если ценность этих цифр равна? Мало ли лощадей в России, стоящих каждая по несколько сот рублей? Тогда как у киргиз-казахов из 500 голов едва ли найдутся две лощади, за которых хозяин мог бы верно рассчитывать получить по 100 руб., а всем остальным цена от пяти до сорока руб., не более. Рогатый скотеще более в худшем состоянии. Поступили бы мы хорошо, если бы отказались от старасти к численному увеличению, сократив число скота на столько, чтобы он был верно обеспечен достаточным кормом на круглый год, и подняв его в отношении качественном на столько же, чтобы ценность его с избытком вознаградила скотовода за численное уменышение скота. Тогда, наверно, не стали бы мы нуждаться в земле, жилось бы гораздо лучше и просторнее, и ни Куян, ни Донгуз*, ни другие суровые зимы не могли бы нарущить наше блогосостояние по хозяйству. Нет сомнение, что владелец ценного скота обязательно бы занялся улучшением ухода за ним, как за драгоценностью, - и это повело бы к сохранению скота от заразительных болезней, развивающихся и распространящихся преимущественно от небрежного обращения с хозяйством. От чего эта небрежность? От того, конечно, что мы скотом малоценном мало дорожим. Быть может, многие из наших отнесутся к моим советам, как идее несбыточной, но я должен выскать откровенно вкравшееся в душу мою сомнение, что киргиз-казахи при настояшем образе жизни и укронившейся косности, едва ли сохранить свою целость и свое имя. Народы, которых мы теперь знаем, в древности, в период своего младенства, все почти были кочующими, а потом, когда убедились в недолговечности кочевой жизни, приняли оседлость, с которой начинается у них умственное развитие, и теперь благоденствуют. Пользуясь покровительством могущественнейщего в мире правительства и, вполне сознавая его готовность поощирить всякое наше желание, касающееся улучшения нашего бытового строя, неужели мы останемся еще нас неопределенное долгое время неподвижными в образе жизни? Движимый чувством и доброжеланием к своей родине, я позволю себе усладить мое воображение мечтою, что принятие оседлости и, вместе с тем, устройство правильных обществ, порядка пользования землей и всевозможных способов образования молодого поколения повели бы наш народ к направлению и расширению производительной силы еге с развитием торговли и промышленности, и в скором будущем Орда не сколько поправила бы свое упавшее блогосостояние, но и вернула бы прежнее богатство с избытком и в другом виде, более изящном и благородном. Коснувщись, между прочим,

________________ * Куня и Донгуз – название годов, примеченных кочевниками как тяжелые и разорительные для скотоводства.

главнейшего предмета - образования юношества, следует помнить, что на этом поприще, бесспорно, занимает первое место знание русского языка в такой мере, чтобы им свободно овладел каждый киргиз-казах. Убеждение мое в этом и не требует никакого пояснения, как неоспоримая истина, но для большей наглядности в глазах моих собратьев я должен напомнить, что на русском языке говорит многомиллионное государство, которого мы имеем счастье числиться членами: законы государственные писани исключительно по русски и, наконец, он - язык современных наук: что важнее всего, так это доступность для нас этого богатейшего языка. Не требуется глубокого ума сказать с полным убеждением, что наука есть знание, а закон – правило жизни, - следовательно, изучение русского языка есть средство жизни и знания*. Известно, что насколько легко подавать советы, настолько же трудно их исполнять, в особенности, когда они направлены не к единичным лицам, а к целой массе. Поэтому вся надежда возлагается на сочуствие передных людей Орды, пользующихсю ее доверием, участие которых, несомненно, должно повлиять и помочь постепенному развитию лучшего строя жизни, о котором стоит позаботиться истинным сынам Орды.

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН МҰҚТАЖДАРЫ.

Біздің ортамызды шалқытқан, көкорай шалғынды кеңбайтақ қонысы гүлденген заман келмеске кетті. Ішкі Орданың даңқын шығарған ағыл-тегіл байлық пен молшылықтың бүгінде жұрнағы да қалған жоқ. Халықтың күнкөрісі болған Орданың түкпір-түкпірінің, әсіресе оның төменгі бөлігіндегі Бірінші және Екінші Теңіз жағалауы округтерінің жерін түгел дерлік сусыма құм басты, ал шөп шығымы мал жаюға жарытусыз, өте жұтаң. Сондықтан да қазақтар

________________
* Родной же язык киргизский – не литературный, а он потому не дает знания.

өздерінің далалық қоныстарын тастап, көрші уездерге баруға, әртүрлі отырықшы қоғамдар мен жер иелерінен жалға қоныс іздеуге мәжбүр болып отыр. Жас жігіттер мың-мыңдап, лек-легімен балық аулау және тұз өндірісі кәсібіне бару үшін сапар шегеді. Ал ондағы мехнатты, ауыр еңбекке алынатын ақылары жарытусыз. Қазақтардың бірден-бір күнелтілісі - мал өсіру. Жерді, жайылысты дұрыс пайдалана білмеу себепті әрі өрістің тұяқ кесті болуына байланысты өнім де күрт төмендеп кетті. Тұтас жүз жылға жуық даланың ен байлығын ақысыз-пұлсыз, алым-салықсыз иемдене отырып, біздің Ордамыз өзінің игілік қамын түзеу үшін ешқашан ештеңе істеген емес. Жайықтың арғы бетінен қысымшылықтан күйзеліп келген қазақтар тез ес жиып, аз ғана уақытта өздерінің байлығымен көзге түсе бастаған еді. Орда пайдаланған жеңілдікті жағдайдың өзінде халықтың біртіндеп кедейлене беруін табиғаттың қатыгездігі деп қарауға болмайды, оның халықтың өзіне ғана байланысты деп білу керек. Қазақтар қай жағынан алаңсыз да тумысында кемтар жаратылмаған: дене бітімі сымбатты, ақыл-ойы зерек, сергек те батыл, пысық. Сондықтан олар табиғатынан бейқам да емес, тек өзін қызықтыратын іс таба алмайды. Ол - көшпенді, ал көшпелі өмір қызметтің сан түрлілігін талап етпейді ғой, ендеше қазақ жаратылысынан енжар емес, оны жан-жақты ойланып әрекет етуге талпындырмаған өмірдің өзі. Біз балықшы қазақтарды білеміз және олар мұзбалық теңізші әрі шебер балық аулаушы. Олар орыс балықшыларынан озып кетпесе де, әйтуір теңіз жұмысында солармен тең түседі деп батыл айтуға болады. Мәселен, жылқышыны алайық. Жүздеген жылқыны бағып күтетін адам ақтүтек боран, сақылдаған сары аязда алдында құз, жар тұрып, шұңғыма шыңырау кездессе де бет алған жағынан тайынбай тартып кететін жел қанатты жауарларды шашау шығармайды. Басқан әр қадамы қатерлі, қиын-қыстау сәттерде жылқышыға қаншама қажыр-қайрат, әдіс-айла қажет десеңші?! Жастайынан ат құлағында ойнап өскен, тақымы мықты, күндіз-түні атпен жүріске төзімді қазақ - табиғаттың буырқанған қандай ма дүлейіне де қаймықпай қарсы тұрып, алдындағы малын аман сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Ендеше оны қалайша еріншек, босбелбеу деп айта аламыз? Табиғат тамаша қасиеттерді бойына сыйлаған біздің халқымыз тұрмыс жағдайының төмендеп, мейлінше артта қалуына кінәлі ме? Барлық бақытсыздықтың түп төркінінде көшпенді тұрмысымыздан басқа себеп жоқ. Көшпенді өмір жағдайында материалдық әл-ауқатымызды қалпына келтірудің өзі ақылға сыймайды. Көшпенді адам - тұрағы жоқ, кезбе, өмірбақи қаңғыбас. Ол тұрмысын жөндеуді ойлай да алмайды. Өйткені қандайда болсын жеке бастың жайлылығы мал қамына бейімделген тұрмысқа кереғар келеді. Көшпенділік адамдарды дұрыс қоғам құрудан айырады, сөйтіп қазақтардың білім-ғылымға деген тамаша құлшынысына қарамастан оларды ақыл-ойын дамыту тәсілдерінен шеттетеді. Біздің бұрынғы және қазіргі жағдайымызға ой жүгірте отырып, ата-бабаларымыздың бәрі де жеткілікті болғанның өзінде тұрмыс рахатын көрмегенін, талай рет жұтатқан бүліншіліктер салдарынан бізден де гөрі бақытсыздау болғандығын еріксіз сезінесің. Мұның түп негізінде, сөз жоқ, өз тізгіні өзіндегі халықтың көшпелі өмірі жатыр. Енді қазір кедейленген кезімізде еңбекке кірісе алмаймыз және де кедейленген үстіне кедейлене түсеміз, мүмкін қайыршылықтың шегінен шығармыз, тағы да айтамыз: мұның бәрінің себебі - мәңгі бақи тұсау болып келген көшпелі тірлікте жатыр. Тұрмысты өзгерту жәйлі, басқаша айтқанда, толық отырықшылықты қабылдау жөнінде ойланатын уақыт жеткен жоқ па? Әзірге қоршаған орта бізді жұтып жібермей тұрғанда, әзірге ата-бабаларымыздың қазақ есімін иеленіп отырғанымызда, осылай істеуіміз керек емес пе?! Отырықшылыққа тұщы суы, отыны, шабындығы мол тұрақты өнеркәсіпке байланысты жер болуы қажет. Ішкі қазақ Ордасының Екінші Теңіз округіндегі Каспий теңізінің жиек алқабында кең көлемде балық кәсібімен айналысуға, империяның көптеген губернияларының күнелтісі - атақты Еділ өзенімен су арқылы қатынауға мүмкіндік бар, демек отырықшы өмірдің барлық жағдайы табылады. Қара өзен мен Сары өзен бойындағы Талов және Қамыс-Самар өңірлері де егіншілікке қолайлы, ақыр аяғында Тарғын мен Қалмақтыңбатыс бөлігіне Еділ суы таяу тұр әрі бойында қар мен жаңбыр суы іркілетін қойнаулар көп. Суларды пайдаланып, суармалы шабындық алқаптар жасауға да, егін егуге де болады. Отырықшы болуға кеңес бере отырып, шынтуайтқа келгенде, Орданың бүкіл көшпелі тұрмысының негізгі бірден-бір дерлік шұғылданатын жұмыс түрі - мал өсіру жайлы әңгімелесуге тиіспін. Тереңірек үңіліңізші, бүкіл қызметімізді тек мал өсірумен ғана шектеуге бола ма? Қырсықтың өзі мал шаруашылығының тіршілік қажетімізді өтей алмауында ғой. Сондықтан жыл сайын мыңдаған қазақ Ордадан тысқары жерге баюүшін емес, аш құрсақ отбасыларын асырау үшін табыс іздеп кетуге мәжбүр болып жүр. Бұл жағдайда мал өсіруден үлкен дәулет табу мүмкін емес. Малдың құнын есептегенде 10 мың сомнан астам жинағы бар малды байлар некен-саяқ, ал өнеркәсіп, егіншілік кәсібімен айналысатындардың арасында 100 мың сомды иемденушілер баршылық. Соған қарамастан, үйренген дағдысы бойынша біздің қазақтар мал өсіруге, оны көбетуге әуес те, мал тұқымын жақсартуды ешбір ойламайды. Мың қаралы малдың орнына жүзін ұстаған жөн емес пе, егер аталған сандардың құны парапар болатын болса? Ресейде әрқайсысы бірнеше жүз сом тұратын мал аз ба? Ал оның бер жағында біздің қазақтың 500 жылқысының құны 100 сом болатын тек екеуін табуың қиын, қалғандары 5 сомнан 40 сомға дейін бағаланады, одан артық бәс бермейді. Мүйізді қара мал бұдан да нашар күйде. Егер оның санын көбейтуге әуестікті қойып, жыл бойы жеткілікті аөықпен сенімді түрде қамтамасыз ететіндей мөлшерге дейін азайтсақ, ал сапа жағынан алғанда осы азғантай малдың өзі мал өсірушінің қажетін анағұрлым артығымен өтейтіндей етсек, біз жақсы істер едік. Онда бәлкім, жерге де зәру болмаспыз, тәуірлене түсер, тіпті онда шаруамызды талай рет күйзелткен «Қоян» да, «Доңыз» да, басқа да қатал қыстар қорқынышты болмас та. Бағалы малға иесінің қымбат қазына ретінде қарап, міндетті түрде оған күтім жасайтындығы күмәнсіз. Ал мұның өзі көбіне шаруаға ұқыпсыз қараудан болатын індет - аурулардан малдың аман сақталуына жол ашар еді. Ұқыпсыз көзқарас неден десек, әлбетте, қолда бағып отырған малдың өнімі төмен болуы себепті оны қадірлеу кем. Мүмкін, көбісі менің айтқандарыма орындалмайтын арман деп қарар, бірақ өзімнің жанымды жеген күдікті ашық айтуға тиіспін: қазіргі тұрмыс халі мен дендеген керенаулық жағдайында қазақтардың өзінің тұтастығын, өз ұлтының есімін (даңқын) сақтап қалуы екіталай. Ерте заманда, өзінің сәбилік өсу дәуірінде халықтардың бәрі дерлік көшпенді болғанын, ал кейін бұл өмірдің баянсыздығына көз жеткізіп, отырықшылыққа көшкенін, соған байланысты ой-санасын дамытып, рахатқа кенелгендігін біз енді біліп отырмыз. Дүниедегі аса құдіретті үкіметтің сүйемелдеуін пайдалана, тұрмыс-халімізді жақсартуға қатысты қандай да болсын тілектерімізді қолдауға оның даяр екендігін толық сезіне отырып, біз әлі қанша уақытқа созылатыны беймәлім тұрмысымыз ешбір өзгеріссіз қалайша қала береді деп ойлаймыз. Отаныма деген ізгі ниеттілік сезіміне бөлене отырып, өзімнің ойға алғанымды аңсаған арманыма балаймын, отырықшылықты қабылдау және сонымен бірге оңды қадам құру, жерді пайдалану тәртібі мен жас ұрпаққа білім берудің мүмкін болған бар тәсілдерін қолдану, өндіргіш күштерді, сауда мен өнеркәсіпті дамытуға бағыттап, ұлғайта түсуге халқымыздың қолын жеткізер еді және таяу болашақта Орда өзінің төмендеген тұрмыс халін түзеп қана қоймай, сонымен қатар бұрынғы ағыл-тегіл байлықты басқаша түрде - неғұрлым әсем, неғұрлым игілікті күйде қалпына келтірер еді. Ең басты нәрсеге-жастардың білім алуына келетін болсақ, онда бұл майданда әрбір қазақтың орыс тілін еркін меңгеруі, сөз жоқ, бірінші орын алады. Бұл жөніндегі менің кәміл сенімім даусыз ақиқат ретінде ешбір түсіндірмені қажет етпейді. Бірақ қандастарымның оны көз алдына елестету үшін мен олардың жадына мынаны салуға тиіспін. Өзіміз мүшесі болу бақытын иеленіп отырған сан миллион адамы бар мемлекет орыс тілінде сөйлейді, мемлекеттік заңдар тек орыс тілінде жазылады, ақырында, орыс тілі - қазіргі заманғы ғылымның тілі, ал бәріненде мағыздырағы сол - осынау аса бай тілге қол жеткізу үшін бізге жол ашық. Ғылым дегеніміз - білім, ал заң - өмір ережесі, демек, орыс тілін үйрену дегеніміз өмір мен білім құралы екендігін толық сеніммен айту үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Әрине, ақыл айту жеңіл де, ал орындау, әсіресе ол жекелеген адамдарға емес, тұтас бұқараға арналаған жағдайда, қиынырық соғатыны әмбеге аян. Сондықтан бар үміт Орданың сенімге ие болған алдыңғы қатарлы адамдарының зейін қоюына қалып отыр. Олардың бұған араласуы оңды өмір құрылысын біртіндеп дамытуға ықпал етіп, жәрдемдесетіндігі күмәнсіз. Бұл жөнінде Орданың шынайы ұлдарының қамқорлық жасауы қажет-ақ.

БЛАГОТВОРИТЕЛЬНОСТЬ В КИРГИЗСКОЙ СТЕПИ*

(письмо в редакцию)

В «Астраханском Вестнике», 19 марта с. г., в статье под загаловкам «Опризрении бедных в киргизской степи! Прведен следующий случай: «К рыбопромышленнику одназды явились двое киргиз из кочующих на границе красноярского уезда; оджин из низ желел поступить в число промысловых рабочих; хозяин согласился нанять рабочего, но когда дело коснулась условий найма, то оказалось, что хозяину по этому поводу пришлось входить в соглашение не с нанимающимся киргизом, а с другим, его спутником. Хозяин был в недоумениии, но вот что обьяснил этот последний. В одну из тяжких,голодных зим он, как человек состоятельный, приютил у себя впавшего в нишету голодного одноплеменника, того самого, который теперь стоял перед хозяином в ожидании заключения найма, и в вознаграждение за это выговорил себе право отдавать его в работу в течение известного времени, куда ему заблагорассудится, за какое угодно вознаграждение и получать за него условленную плату за труд, прчем киргиз уверял, что этот случай не единичный, но что у них такие договоры в обычае».- Автор статьи, в виду этого, вырозил свое сомнение, что система призрения нуждающихся , практикуемая в киргизской орде, если не всегда приводит к фактам, свидетелем которых он был, то во всяком случае ставить нуждающегося киргиза в такую зависимость от благодетеля, которая при господстве грубых нравов, нередко приближается к настоящему рабству. Сам, прнадлежа к Внутренной орде, и зная ее по долголетней моей службе по управлению ордою, я не мог не возрозить против вышеприведенной статьи о небывалом случае; небывалом называю потому, во-первых, что подобных случаев во все время моей службы с 1852 года я и никто во временном совете не встречал и, во-вторых, самый обычай народный и религия Магомета против такого явления.

___________________
* «Астраханский вестник», № 2722, 03.05.1898.

По киргизскому понятию,состоятельный человек обязан кормить и приютить голодного однообщественника,- это не благодеяние, а, повторяю, обязанность. Этим воззрением киргизского народа обьясняются случай захвата чужого скота с целью употребления его в пищу, а именно: киргиз во время голодовки захватывает иногда самовольно у состоятельного родственника скотину, и режет в птщу, и, действительно, подобные дела вр время службы моей не раз приходилось разбирать и бывало обвиняемые в тех случаях давали в оправдание свои самоуверенные ответы, что не умирать же им от голода. Киргизы народ вольный, себя они называют казаками, а не киргизами, а слово «казак» значит «вольный»; не в характере киргиза рабствовать. В даказательство отсутствия всякого рабства я должен привести здесь поговорку, выражающую юридические воззрения народа: «Бекке бересі болма, кедейден аласы болма» («Не будь должником начальника и кредитором бедного»). Не свидетельствует ли это достаточно, что рабства в орде нет и что за бедным должником долг должен пропасть? В соседних с ордою уездах у гг. Земских начальников и в уездных сьездах земских начальников и в уездних сьездах земских начальников кто больше других имеет дела и кто отличается энергичным отстайванием своего права, как не киргизы? Сутяжничество киргиз также истекает из этого. При таком сильном развитии понятия о праве киргизу ли подобает отнестись равнодушно к тому, что распоряжаются его свободою? Я верю, что автору вышеприведенной статьи дейтвительно передали так, как он пишет, в действительности был такой случай на промысле, но дело в том, что этот киргиз, видя, что слушатели, склонны его словам, имел расчет лгать о чем-то похожем на рабство, а потому заключение автора основанное на лжи, разумеется, неверно. При этом интересно было бы знать, кто именно этот киргиз - благодетель какой он части или какого округа, какого старшинства, где зимует и где летует? По получении эих сведений можно бы доказать ложь заявлений этого киргиза. Перехода за симь к существующей к киргизской степи благотворительности, я должен обьяснить следующее: благотворительность в орде развита в сильной степени, и она бывает трех родов:

1.Установленная народным обычаем. 2. Обязательная по предписанию учения ислам. 3. Добровольная. 1. По народному обычаю существуют: а) жлу - вспомоществование в несчастных случаях, как-то: овдовения, разорения от пожара, исключительного истребления скота и т.д; б) кизыл - в случае падежа у бедных семей рабочего скота окружающие соседи режут этот скот, и мясо разбирают между собою и взамен этого ничего нестоющего мяса делают складчину и на собранный таким путем мелкий скот выменивают на рабочий скот и отдают потерпевшему в собственность; в) кунакасы - прнимают проезжего на ночлег или отдых днем, кормят как его, так и его подводу. Если у хозяина не случилось бы готовой пищи, то режут барана. Сие последнее считается почетным угощением. Такой случайный гость называется «худай кунак», т.е. гость, посланный самим Богом; г) атымтай - в случае нужды однообщественника путешествовать куда-либо и неимения им лощади состоятельные люди дают бесплатно лощадь; д) колик-май - при нуждах бедных однообщественников в перевозке с места на место домашнего имущества или сена для корма скота дают бесплатно верблюдов: е) сауын - для прокормления бедных однообщественников состоятельные люди от избытка своего на все лето дают дойный скот, преимущественно рогатый,для пользования молоком. 2. По учению ислама обязательные: а) зекет - ежегодно раздают бедным из скота (сверх домашней насущной потребности) и сеянного хлеба около 1/40 б) фтыр - ежегодно же раздают бедным в месяце Рамазан с каждой души по 10-25 коп., смотря по существующей цене на хлеб; в) искат - раздача бедным по покойнике взамен прщенных молитв и постов. Этот род благотворительности составляет иногда очень порядочный куш, смотря по усердию взрослых наследников; г) курбан - ежегодно в праздник курбан байрам каждый взрослый мусульманин режет скот, часть мяса которого и шкуры идут в пользу бедных; д) Хотя и необьязательно, но по учению ислама признано добрым и весьма богоугодным делом отдавать нуждающимся взаймы деньги без процентов с тем, чтобы к возвращению займа строгих мер не принимать. В народе такие займодавцы не редкость - это называется «Каран-асана». 3. Добровольная благотворительность в орде также развита в сильной степени. Состоятельному человеку - так называемому «баю» отказать бедному в помощи вообще не принято, в видах поддержания в народе своего авторитета. Скупейшие в народе осмейваются, и им даются соответствующие клички. В орду часто заходят бедные люди из горцев других народов, прося милостыню и, несмотря на запрещение со стороны начальства, нищенство продалжается и поныне. Почему эти непрощенные гости не перестают все посещать орду? Да потому, конечно, что наши сердобольные киргизы не перестают им помагать. В трудные зимы люди, имеющие избыток сена, продают таковое за деньги очень редко, а большой частью раздают его своим нуждающимся однообщественникам - некоторые даром, а некоторые взаймы, чтобы получить сено же и то в урожайный год. Я недавно наткнулся случайно на факты этого рода благотворительности, а именно: узнал, что Торгунской части 7 старшинства старшина Юнус Мукашев, 12 старшинства - Абдулла Бердалиев, киргиз Кочкар Якупов, 11 старшина Курмангали Спанов, 2 старшина вдова Разия Зулкарова, 9 старшина Меңдыбай Кумысбаев, правитель Калмыцкой части Мукангали Чинтемиров, этой же части 1 старшина Имангали Баксыев, 2 старшина Жарас Азербаев и ординский советник в Временном Совете Отешкали Атаниязов в конце минувшей зимы в критические дни спасли многих своих однообщественников, раздав сено бесплатно. Кроме того, я помню, что в 1891 году во время голодовки состоятельные киргизы разных частей внесли во Временный Совет для раздачи голадающим около 15000 рублей. После всего этого, едва ли прходится подозревать, что в орде существует нечто похожее на рабство и что здесь живут люди полудикие с грубыми правами ичуждые всякого чувства сострадания и человеколюбия. За всем тем признаюсь, что действительно в орде не существует организованного благотворительного общества и потому Временный Совет, в случае обращения безысходно нуждающияся киргиз, по надлежащем удостоверении в действительности нужды, высылает таковых по принадлежности к старшине, зная, что источник благотворительности существует в самом народе в вышеприведенным виде. Итак, покуда киргизы еще не научились вполне у соседей своих расчетливости и твердости в соблюдении личных своих выгод и не потеряли патриархальной простоты своей, сама орда, можно сказать, составляет одно большое благотворительное общество.

Ордынец Мохаммед - Джан Чултуров Бекмохаммедов.

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

(редакцияға хат)

«Астрахан хабаршысының» үстіміздегі жылығы 19 наурыздағы «Қазақ даласындағы кедейлерге қамқорлық туралы» деген мақалада мынандай жәй келтірілген: «Бірде балық өнеркәсібі басшысына Красный Яр уезімен шекаралас жерден екі қазақ келіп, оның бірі осында жұмысқа орналасқанды қалайды. Қожайын алуға келісім береді. Бірақ іс жалдау келісіміне жеткенде қожайынның әлгі жалданушы қазақпен емес, оның жанындағы серігімен мәмлелесуіне тура келеді. Бұған қожайын таң қалады да мәнісін сұрайды. Сонда соңғысы былай деп түсіндіреді: «Қыс қатты болған бір жұт жылы бұл шаруа күйі жақсы, әлді адам ретінде қайыршылық пен аштыққа ұшыраған осы ағайынына қол ұшын береді. Ал ол болса, бұған қанағаттанғандық ниетінде болашақта мұның қандай жұмысын да кезеңін шектемей атқаруға және соған тиесілі ақша қаражатын да беруге ырза екендігін білдіргендігі, ал мұндай келісімнің қазақ топырағына ежелден тән екендігін айтады». Мақала авторы осыған орай қазақ даласындағы мұндай мұқтаждарға көз қырын салу тәжірибесіне күдік келтіре отырып, өзі куә болған жайдың ұдайы болмаса да, қазіргідей тұрпайы билік өмір сүрген шақта қазақты қайырымдылық деп мұнша тұйыққа тіреу нағыз құлдыққа апармаса неғылсын деген күдік келтіреді. Өзім осы Ішкі Орданікі бола тұра және осы Орданы басқарудағы ұзақ жылғы қызметімде оны жақсы білгендіктен, жоғарыдағы мақалада келтірілген кездейсоқ жағдайға қарсы пікір айтпасқа болмайды. Кездейсоқ дейтінім, біріншіден, менің 1852 жылдан бергі қызметімнің өн бойында және Уақытша Кеңесте ешкім мұндайды кездестірген емес, нағыз халықтық дәстүрде де, Мұхаммед дінінің өзі де мұндай көрініске қарсы. Қазақ халқының түсінігінде, ауқатты адам аш - жалаңаш адамдарды сыртқа теппей қоғамдасып, өз жанына паналатып, асырауға міндетті. Бұл -жарылқаушылық емес, қайталап айтам, міндет. Осындай көзқараспен қазақ халқында азыққа пайдалану ниетінде өзгенің малын иемдену жәйі айтылады, атап айтқанда: қазақ аштық жағдайында кейде өз бетімен туысының малын ұстап алып сойып жейтіні бар. Менің қызмет бабымда мұндай жәйлар талай рет кездесіп, әділ шешуіме тура келді. Сонда олар ақталу ниетінде өздерінің бұл істі аштан өлмеу үшін істегендіктерін айтты. Қазақтар өз тізгіні өзінде, еркін халық. Олар өздерін қырғыздар емес, қазақтармыз дейді, ал қазақ деген оларға құлдық, кіріптарлық сипат емес, еркіндік, еріктілік тән деген сөз. Ешқандай кіріптарлық, құлдықтың жоқ екендігіне дәлел ретінде халықтың заңдық көзқарасын білдіретін мына бір мәтелін келтіргім келеді: «Бекке бересі, кедейдің аласы болма», осының өзі-ақ Ордада құлдықтың жоқтығы, кедейлердің бережақтысы болмайтындығын дәлелдемей ме?! Ордамен көршілес уездерде жер бастықтары және уездік сьездерде кім өз құқын жігерлі қорғай алатын болса, ол қазақтар емес пе? Осының өзі-ақ олар жайлы түрлі ғайбат сөздер таратуды қорғайтыны ақиқат. Осындай өз құқын қорғаудағы түсінігі жоғары адамдарды біреудің сырттан билеуі мүмкін бе? Мен жоғарыдағы мақала авторының кәсіпшілікте болған жәйді көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп жазуына қарағанда оған сондай дәрежеде жеткізілген деп сенемін. Бірақ әлгі қазақ тыңдаушысының қалай десе де өз сөзіне сенетіндігін байқағандықтан бас еріктілігі жоқ, құлдық төңірегінде әңгіме өрбітсе керек. Бұл автордың шындыққа жуыспайтын ой қорытуына себеп болған. Әрине, бұл қате. Осы арада сол қазақтың қай округ, қисым, болмаса, қай старшыннан, қыс қыстауы не жаз жайлауын білер ме еді. Осыларды анықтаған соң ол қазақтың айтқандарының артық- кеміне көз жеткізуге болар еді. Қазақ даласындағы қайырымдылыққа ауысып отырып, мен Ордада мынандай қайырымдылық түрлерінің қатты дамығандығын және оның үш түрінің барлығын түсіндіргім келеді.

І. Халықтық ғұрып-дәстүрде белгіленген.
ІІ. Міндетті түрде ислам ілімінің ұйғарымын орындау.
ІІІ. Ерікті
І. Халықтық ғұрып-дәстүр бойынша:

а) «жылу» бақытсыз жағдайда; ә) «қызыл» - егер кедейдің жұмыс көлігі ауырып, өле қалған жағдайда айналасындағы көршілер оны сояды да, етін бөлісіп алады. Артынан осынау түкке тұрмайтын еттің орнын ұсақ жандықтармен толтырып, иесіне қайтарады. б) «қонақасы» - жүргінші жолаушыларды қоналқаға, болмаса түстікке қабылдайды, өзін және көлігін тамақтандырып, жемдейді. Егер үй иесінде дайын азық-түлік, дәм болмай қалса, онда әдейі қой сояды. Мұндай құрмет -қонақтау деп есептелінеді. Ал ондай қонақты құдайы қонақ деп атайды.

Жүретін болып мінерге аты болмай қалған жағдайда ақысыз-пұлсыз көлік беру. в) «көлік май» - кедейлерге көші-қон», қоныс аударғанда үй жүктері мен пішенін тасуға тегіннен-тегін түйе беру; г) «сауын» - кедейлерге әлді ағайындары жаз бойы саууға деп өздерінен артылған сауын малын, көбіне-көп шай қатыққа деп ірі қара береді.

ІІ. Ислам ілімі бойынша міндетті: а) «зекет» - жыл сайын кедейлерге мал (отбасы қажетінен артылған) және өсірілген астықтың 40-тан бір бөлігін беру; ә) «пітір» - әр жылдың рамазан айында жанұя мүшесінен 10-25 тиыннан (осы құн көлемде астықта) кедейлерге көмек беру; б) «исхат» - кедейлерге қаза болған үшін оқылмаған дұғаға бола төлем. Қайырымдылықтың бұл түрі кейде үлкендердің қолдауымен тым мол болуы да ықтимал; в) «құрбан» - жылда құрбан айт мейрамы кезінде әр мұсылман мал сойып, еттің белгілі бөлігі мен терісін жарлы-жақыбайларға беру; г) ислам дінінде міндетті болмаса да қажетсінген адамға кейде кері қайтару, қайтармауына байланыссыз, бірақ қайтарылған жағдайда өсімсіз оралатын қарыз ақша беру құдайына қараған әр мұсылманның борышы. Халықта мұндай бір-біріне берушілік аз емес, оны «қаран-асана» деп атайды.

ІІІ. Ерікті.

Ерікті қайырымдылық та Ордада қатты дамыған. Ауқатты бай адам өз беделін халықтың қолдауы үшін де кедейге ұдайы көмектесіп отырған. Әдетте халық сараңдарды күлкі етіп, соған лайық оларға ат та қояды. Қисымдарға басқа халықтар мен таулықтардан қайырымдылық тілеген кедей жандар көп келеді. Олар басшылық тарапынан қанша қарсылық болса да қайыр тілеуді қазір де жалғастыруда. Шақырылмаған қонақтар неге осыншалықты Орданы арқа тұтып келе береді? Бұның басты себебі - біздің аяушылығы мол қазақтарымыз оларға деген көмегіне тарылып көрген жоқ. Олардың қыс қатты жылдары артық пішенін сатып, ақша тапқаны да шамалы. Көпшілігі күн көрісі қиындаған ағайындарына тегіннен-тегін бөліп, болмаса кейіннен өзіңе қолайлы жылдарда қайтарарсың деп қарызға береді. Жақында менің де мынандай қайырымдылық түріне кездейсоқ куәгер болғаным бар. Тарғын қисымындағы №7 старшынның басшысы Жүніс Мұқашев, №12 старшыннан Абдолла Бердәлиев, Қошқар Жақыпов деген қазақ, №11 старшыннан Құрманғали Спанов, №2 старшыннан Рәзия Зұлқарова, №9 старшыннан Меңдібай Күмісбаев, Қалмақ қисымының әкімі Мұқанғали Шынтеміров. Осы қисымның №1 старшынынан Иманғази Бақсиев, № 2 старшыннан Жарас Әзірбаев, Уақытша Кеңестің кеңесшісі Өтешқали Атаниязов өткен қыстың соңғы күндеріндегі қиын сәттерінде өз қандастарына пішендерін тегін беріп, кісілік танытты. Сонымен қатар 1891 жылдың жұтында түрлі қисымдардың ауқатты адамдары аштыққа ұшырағандарға қамқорлық үшін өз қалталарынан 15 мың сом ақша бергенін де білемін. Мұнан әрі Ордада құлдықтың сипаты бар деп күдіктенудің және сұрқайы мінез бен сезімдерден тұратын, адамгершіліктен айырылған жартылай жабайы адамдар өмір сүреді деп күдіктенудің мүмкіндігі бола қояр ма екен?! Осыларды айта отырып, Ордада қауымдасқан қайырымдылық қоғамы жоқ, сондықтан да Уақытша Кеңес қайырым сұраған қазақтарды жарылқау негізінің жоғарыдағы сияқты қалың халық қолында екенін біле тұра оларды қажетті куәліктермен жергілікті старшындарға жібереді. Сонымен қазақтар көршілері сияқты өзінің жеке пайдасын ойлау мен есепқорлықты үйреніп үлгерген жоқ және патриархалдық қарапайымдылықтан да айырылмаған. Орданың өзі үлкен қайырымдылық қоғам құрайды.

Ордалық Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов

МАҚАШ ЖИҒАН МАҚАЛДАР

Марқұм, тарих ғылымдарының кандидаты Мұстафа Ысмағұлов кезінде өлкеміздің арғы-бергі тарихы, зиялы қауымы,белгілі тұлғалары туралы көп зерттеді. Әсіресе, белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, күйші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мақаш Бекмұхамбетовтың өмірі мен қызметі туралы біраз еңбектенеді. Астрахан, Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары мұрағаттарында отырып талай толымды еңбектер тапты. Соның бірі Санкт-Петербург қаласындағы бұрынғы КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институты қорынан табылған мына мақалдар. Оны Мақаш өз қолымен жинап тапсырған. Көшірмені біз ғалымның жұбайы, химия ғылымдарының кандидаты Сәнду Дүймағанбетова апамыздан алдық. Мақалдар түпнұсқада әуелі араб қарпімен қазақша беріліп, артында орысша аудармасы жазылыпты. Біз соның тек қазақшасын ғана алып отырмыз.

ОРЫНБОРДЫҢ НЕПЛЮЕВ КАДЕТ КОРПУСЫНЫҢ

БІР КЕЗДЕГІ ТҮЛЕГІ ХОРУНЖИ М. БЕКМҰХАМБЕТОВ

ЖИНАҒАН ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ.

1. Қылықсыз достан ақылды дұшпан артық. 2. Дұшпаныңнан бір сақын,

Ойнап күлген достарыңнан мың сақын. 3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады,

Қатты сөйлесең, мұсылман діннен безеді. 4. Кетпеннің басын бассаң, сабы өзіңе тиеді.

5.Молданың қылығын қылма, айтқанын қыл.
6.Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.

7. Өтірікшінің шын сөзі де зая кетер. 8. Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер. 9. Бөрінің кәрісінде де бір қойлық әл бар. 10. Ит-тойған жеріне, ер-туған жеріне. 11. Шегірткеден қорыққан егін екпес,

Барымтадан қорыққан мал жимас. 12. Ұялмаған бұйырмаған астан жер. 13. Патшаң соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр. 14. Айғырмен ойнаған құлынның арқасы жара болар. 15. Қыңыр адам өрге жүзер. 16. Бермесе де бай жақсы,

Жемесе де май жақсы

МИССИОНЕРСКИЙ СБОРНИК СТАТЬЕЙ И ЗАМЕТОК

О КАЛМЫКАХ И КИРГИЗАХ, КОЧУЮЩИХ

В АСТРАХАНСКОЙ ГУБЕРНИИ

ІІ РАЗДЕЛ

Г. И. Щербаков, действителный член Петровского общества по исследованию Астраханского края

ПО КИРГИЗСКОЙ СТЕПИ В БУКЕЕВСКОЙ ОРДЕ

Астрахан, 1910

Б. О. БЫТЕ КИРГИЗОВ

и народное образование.

О первоначальной родине киргизов, переселении из Азии, числах и землях их. Образованный киргиз Мақаш-Бек Мохаммедов, долгое время служивщий в разных должностях по управлению Букеевского ордою о первоначальной родине киргизов пишет следующее: «Хотя письменных источников по части исторического прошлого в Орде никаких не существует но зато нет недостатка в преданиях устных, заслуживающих веру рпт отчетливом знании киргиз-казаками своей генеологии. Есть поговорка: «Қарты бардың - хаты бар», т. е у кого старец у того и летопись. Она основана на обычае, по коему отец заботливо передает детям сведения по генеологии. Киргиз-казак, патриот, должен знать по-именно своих предков до 13-14 колен, т.е., до Кидыр-Ходжи, родоначальника племени Бай-Оглинского, наибольшего из трех племен Малой Киргизской орды, называемой

_____________________ 1 Составлено по следующим источникам: 1) «Киргизы Букеевской орды» -А. Харузина. Вып. 1-ый. Москва, 1889 г.; 2) «Внутреняя киргизская орда»- И. С. Иванова; 3) «Записка киргиза Макаш-Бек Мохаммедова»; 4) Разные записки и сведения, присланные автору инспектором киргизских училищ А. В. Грячкиным; 5) Памятная книжка Астрах. губ. на 1909 г.-Автор. 2 Макаш-Бек Мохаммедов первоначальное образование получил в школах Букеевской орды, а закончил в Оренбургском кадетском корпусе. Сначала состоял переводчиком во Временном Совете по управлению ордою, потом-правителем в І и ІІ округах орды; с 1892 по 1897 – советником Временного Совета. 1897 г. Вышел в отставку с чином есаула, пенсией и званием потомственного дворянина. Он написал несколько исторических и бытовых очерков о киргизах, повестей, рассказов и анекдотов, хранящихся в рукописях. Умер в 1904 году, 74 лет отроду. –Автор. 3 Правда , есть исторические очерки о Киргизской Орде, как то: Мейэра, Левшина и друг., но события, описываемые в них до вступления орды в подданство России, основаны на устных народных преданиях. Примечание его-же самими киргиз-казаками «Кчи-юзь», т. е., Малою сотнею. Наша Внутренняя Букеевская орда принадлежит к этому именно племени-Бай-Оглинскому, за исчключением незначительных родов: Кетинского, Таминского, Табинского и Кердиринского, принадлежащих - первый к племени Семиродскому (Джетиру) той же Малой орды.

4 Киргизы называют себя казаками, что значить вольные.

Хорошо зная свою генеологию, а именно: до Кидыр-Ходжи, киргиз-казак, патриот, не может не знать и о крупных событиях, произошедщих при ком-либо из его предков, в особенности, если последние были политическими вождями своего времени, называвшимися биями. По преданиям мы знаем, что первоначальной родиной киргиз казаков был Туркестан, что подтверждается общеупотребительной поговоркой: «Ата жұрты - Әзірет», т. е. родина предков - Азрет, а под этим названием известен город Кокании, одной из Провинций Средней Азии, называемый еще Туркестаном. Оттуда они распространились в ХҮІІ столетии до реки Урала и Туркестанского перешейка, отделяющего Каспийское море от Аральского, и заняли громадное пространство земли, названное Киргизскою степью заключающее в себе около 30000 квадратных миль*. Много ли в мире государств обширнее Киргизской степи по пространству? Если бы переселенцы были не киргиз-казаками, а люди из стран культурных и цивилизованные труженики, то Киргизская степь, наверно, была бы в наше время страной цветущей и богатой. Что же сделали с этим насметным богатством счастливые обладатели его наши предки и какую оставили по себе память? Никаких следов пршлого, на которых могло бы остановиться внимание наблюдательного путешественника, в Киргизской степи не существует. С возростанием материальной силы, от быстро размножившегося скота на привольных пастбищах, возрасла и буйная страсть

_________________ 5 Все киргизи-казаки разделяются на три части, называемые: «Улы-юз» (Большая сотня), «Орта-юз» (Средняя сотня), «Кчи-юз»(Малая сотня), т.е Большая, Средняя, Малая орды. При этом должно заметить, что числительные названия (сотни) основных частей Киргиз-Казахской орды указывает на принадлежность отдаленных их предков к сословиям военным, вероятно, времен знаменитого завоевателя монгольского Чингиз –Хана. Примечание его же. 6 Здесь изложено ошибочное представление об образовании территории страны.-Ред.

к подвигам насилия, свойственным необузданным наездникам степи: начались кровопролитные междоусобия, вызывавшиеся обычною кровавую местью отчасти и по поводу споров из-за власти между потомками Чингиз-Хана, называемыми султанами. Такая завязывалась вражда между племенами, которая прдолжалась десятки лет, разоряя обе стороны, что до сих пор еще вспоминают киргизы Малой орды, в числе которой и наша Внутреняя, о бывшей вражде между двумя родственными племенами Малой орды - Бай - Оглы и Алим - Оглы. Она до того врезалась в память народа, что всякий киргиз-казак, говаря о какой либо упроной вражде, обыкновенно сравнивает ее с бывшей враждой Бай - Оглинцев с Алим Оглинцами. Анархическое состояние орды создало еще партии неугомонных искателей приключений, названных «Джорту-Ял», действовавщих налетом против враждебного племени, производили грабежи и разбои, беспощадно нападая на всяких путников и караваны и делая в тоже время частые набеги и на оседлых соседей Орды. Образ действий этих партий верно изображен в народной пословице:»Джуртуял - басы жолда қалар», т. е. Джуртуял потеряет голову в дороге. Одним словом, раздоры и безналичие доходили до такого размера, что население уменшилось бы на большой процент, если бы Хан Абулхайр не догадался принять в 1737 году подданство Русского Белого Царя*. Хотя киргиз-казаки и со вступлением в подданство России не переставали буйствовать все еще терзая себя междоусобиями, но все же чувствовалось миротворное влияние далекого Петербуга, и хотя раздоры не доходили до прежних ужасных размеров, однако заставили часть Малой орды оставить родную степь и переселиться на правую сторону реки Урала, где переселенцы были приняты правительством благосклонно. Один из рода ханов Малой роды, султан Бөкей, не надеясь завладеть ханским достоинством, стал склонять киргизов Малой орды к переходу за р Урал и вместе с тем начал ходатайствовать перед Императором Павлом о позволении ему перекочевать в степи между р Волгой и Уралом, где прежде кочевали калмыки, бежавшие отсюда в 1771 году в Зюнгарию (Китай). Многие киргизы склонились на предложение Букея, надеясь найти за Уралом мирную жизнь.

________________ * Здесь также не учтены обстоятельства многолетней казахско-джонгарской войны и притеснения соседных государств.-Ред.

Кроме того, их влекло туда богатство травами степей, пустовавших со времени бегства калмыков. 11 марта 1801 года последовало Высочайшее соизволение на переселение Букея с приверженными ему киргизами. Осенью того же года с Букеем переселилось за Урал около 5000 кибиток. Вскоре после них переселилось еще 1265 кибиток. После переселения этих двух больших партий началось переселение меньшими партиями. В 1803 году считалось уже до 7500 кибиток. Затем переселение кибиток усилилось до того, что наше правительство в 1828 году воспретило перепуск киргизов из Азии « по недостатку удобных земель». В 1844 году в Букеевской орде считалось до 20 тысяч кибиток, в 1890г. - 46002 к., к 1-му января 1908 года киргизов числилось: «муж.п. 133.547, жен.п. 120.336, всего 253.882» (Пам.кн.Астр.г. на 1909 г) Вместе с дозволением переселиться Букей был пожалован золотой медалью для ношения на шее черной ленте, а в 1812 году был пожалован титулом «Высокостепенного и Высокопочтенного киргиз кайсацкой Меньшой орды хана» (А.Харузин). Возведение Букея в ханы происходило в Уральске (за городом), при торжественной обстановке, в присутствии войск, с пушечными выстрелами и музыкой, причем на нового хана были надеты Высочайшие пожалованные ему соболья шуба, шапка и сабля. Вместе с киргизами кочуют инородцы не киргизского племени-каракалпаки (черные шапки, от кара-черный, калпак-шапка) и ногайцы (ногай-татарин). Происхождение их с точностью не установлено. Те и другие сначала арендовали у киргизов земли, а впоследствии были приняты в общество киргизов и постепенно сливаются с ними посредством взаимных браков. Букеевская орда находится в юго-восточной части Европейской России и граничит: к северу - Самарской губ., к востоку - Уральской обл., к югу - Каспийском морем, к западу - Красноярским, Енотаевским и Царевским уездами Астраханской губ. Орда занимает пространство в 70.781 кв. верст или 7.106.967 десятин. Все это пространство представляет низменность. Гор нет, кроме холма Малое Богдо, из которого добывается камень. Бедно также реками и озерами. В северо-восточной части протекает две небольших речки: Малый Узень и Горкая речка. Как все степные реки, они весной переполняется снеговой водой, а летом пересыхают. На юго-западе есть овраг Бельдергенды, в котором снеговая вода задерживается плотинами. Из пресных озер заслуживают внимание Камыш-Самарские озера, в которых производится рыбная ловля, и озеро Чулань-копа, в 6 верстах от Ханской Ставки. Из соленых озер самое большое озеро Хаки, длиною до 75 верст, шириною до 20. Летом оно местами пересыхает. Грязь этого озера, по своим составным частям, походит на грязь Тиканского озера (в 14 верст от Астрахани). Есть и другие соленые озера меньшей величины:Большой и Малый Сакрылы, из которых добивается соль, Чулап, Биш-чока, Батырбек. Недостаток в степи пресной воды вынуждает киргизов копать худуки (колодцы) Климат в орде - неблагоприятный. Летом жары доходит до 45 градусов, а зимою - морозы до 25 градусов. Атмосферных осадков выпадает ничтожное количество. Гололедица и сильные метели зимой причиняют нередко гибель скоту. По почве и растительности орда предсттавляют бедную область. В северной части ее почва глинисто-песчаная, местами встречается чернозем, а в южной преобладают пески, кое-где перерезанные солончаками. Пески местами сыпцчие иподвижные, лишенные растительности: местами на них прозрастает киак и другие травы, составляющие корм скоту, особенно верблюдам. Киргиз Макаш-Бек Мохаммедов в своей записке вот что говарит о землях и «жите-быте» киргизов Букеевской орды: «То цветущее время, когда обширная, тучная степь обогащала нашу орду, уже прошло невозвратно. Теперь нет и следов того обилия и довольствия, которыми славилась Внутренняя Букеевская Орда. Земли, кормившие народ, истощаются во всех концах орды, в особенности южная часть ее, состоящая из 1-го и 2-го Приморских округов, где почти вся поверхность покрыта сыпучими песками, с крайне скудною растительностью, недостаточной для пастьбы скота, от чего киргиз-казаки тысячами побросали свои степные места и разбрелись по соседным уездам, снимая в аренду земли у разных оседлых обществ и землевладельцев. Молодые люди тысячами отправляются в работу по рыболовству и соледо-быванию, получая ничтожную плпту сравнительно с изнутрительным трудом. Упадок скотоводства, единственного занятия киргиз-казаков, произошел по причинам истощения земли от неумелого пользования ее богатством. Владея богатой степью безданно и безпошлинно в продолжение целого столетия без малого, Орда наша никогда и ничего не предпринимала к упрочению своего благосостояния. Перешли наши киргиз-казаки сюда разоренные от смут за Уралом, быстро поправились и в короткое время стали славиться своим богатством. Постепенное обеднение народа при таком льготном состоянии, каким пользовалась Орда, должно зависеть от причины, в самом же народе скрывающейся, которую нельзя обьяснить природную безпечностью. Киргиз-казак от природы не обижен ни в каком отношении, он телом дороден, умом смышлен, бодр, смел, предприимчив, и видящие в киргиз-казаках врожденную беспечность и леность- в большом заблуждении. Он не ленив и не беспечен, а только не имеет дела, его занимающего, интересующего; он кочевник, а кочевая обстановка не требует разнообразия в занятиях, а потму без деятелен он не по природе, а по образу жизни, не побуждающему его к всесторонней деятельности. Мы знаем киргиз рыболовов и в них видим отличных моряков и искусных ловцов, кои, если не превзошли своих местных сотрудников-русских рыболовов,то,смело говаря, вполне сравнялись в морском деле. Возьмем, например, коневода, хозяина большого табуна, застигнутого врасплох ужасною бурею в суровую снежную зиму, когда лошади, мощные животные стремительно мчатся по ветру, не видя перед собою ни тонких незамерзающих грязей, ни оврагов, ни пропастей, готовых разом поглатить бешено бегущих животных. Для отвращения в подобных случаях опасностей, угрожающих на каждом шагу, требуются самые энергичные и необычайные усилия. Неутомимый наездник, киргиз-казах только и может выдержать борьбу с бушующей стихией, спасти свое добро от верной гибели. Где тут ленивая вялость? Одаренный от природы прекрасными качествами, чему обязан наш народ упадком своего благосостояния и далекой отсталостью? Причиной всего несчастья должно признать не что иное, как наш кочевой быт. Восстановление нашего материального благосостояния при кочевом образе жизни кажется немыслимым. Кочевник – вечный странник, скиталец. Он и думать не может об удобстве жизни, потому что всякое жизненное удобство расстраивает гармонию его пастушеского быта. Кочевничество, отнимая возможность у людей составлять правильное общества, отдаляет тем от способов умственного развития, вопреки замечательной любви киргиз- казаков к просвещению. Принимая в соображение наше прошлое и настоящее положение, невольно сознаем, что предки наши и при обилии и достатке не благоденствовали и были еще менее нас счастливы своими разорительными смутами, основа которых лежит, несомненно, в вольной кочевой жизни; теперь же, когда мы обеднели, не можем принятьсяза труд и все беднеем, пожалуй дойдем и до крайности, т.е. до нищеты, опять таки все это по причине кочевничества – этого вечного тормоза. Не пора ли подумать о перемене образа жизни, т.е. принять полную оседлость, покуданас не поглатила окружающая среда и покуда носим имя своих предков «киргиз-казаков?». Для оседлости годные места, изобилующие пресной водой, топливом, сенокосами, в связи с предметом прочной промышленности. Прибережье Каспийского моря во 2-м Приморском округе Внутренней Киргизской орды, с обширной рыболовной промышленностью и с водным сообщением, с знаменитой рекой Волгою, кормящей многие губернии Империи, вполне соединяет в себевсе условия оседлости. Не менее удобны места в Таловской и Камыш –Самарской частях, на протяжении рек Поники и Малого Узенья, с своим хлебопашеством, и, наконец по близости Волги западные части Торгунской и Калмыцкой частей, где имеются лощины, заменяющие реки при искуственном задержании снеговой и дождевой воды, которой можно орошать и поля для образования богатых, сенокосных участков, имея под рукою также и хлебопашенство. Советуя обзавестись оседлостью, я должен побеседовать и о скотоводстве, как почти о единственном занятии, на котором собственно основан кочевой быт орды. Вникните поглубже, стоит ли наше скотоводство того, чтобы ограничить о нем всю нашу деятельность? Обеспечивает ли оно наше существование? В том и беда, что скотоводство не совсем обеспечивает наше существование: тысячами отправляются каждогодно киргиз – казаки из пределов орды, ища заработков не из алчности к наживе, а для прокормления голодающих семейств. При этом от скотоводства нажить большое состояние никак невозможно. Редкий богач - скотовод, киргиз-казак, имеет капитал по стоимости скота никак не более, как 10000 рублей, тогда как в торговом, промышленном и земледельческом делах не мало капиталистов стотысячных. Не смотря на это, наши кирги-казаки, увлекаемые своей обычной скотоманией, все еще стремятся к размножению скота, нисколько не заботясь об улучшении его породы. Не лучше ли иметь сто голов в замен тысячи, если ценность этих цифр равна? Мало ли лощадей в России, стоющих каждая по несколько сот рублей? Тогда как у киргиз-казаков из 500 голов едва не найдутся две лощади, за которых хозяйн мог бы верно рассчитывать пролучить по 100 руб., а всем остальным цена от пяти до сорока руб., не более. Рогатый скот еще более в худшем состоянии. Поступили бы мы хорошо, если бы отказались от страсти к численному увеличению, сократив число скота на столько, чтобы он был верно обеспечен достаточным кормом на круглый год, и подняв его в отношении качественном на столько же, чтобы ценность его с избытком вознаградила скотовода за численное уменьшение скота. Тогда, наверно, не стали бы мы нуждаться в земле, жилось бы гораздо и просторнее и ни «Куян», ни «Донгуз»* ни другие суровые зимы не могли бы нарушить наше благосостояние по хозяйству. Нет сомнения, что владелец ценного скота обязательно бы занялся улучшением ухода за ним, как драгоценностью, - и это повело бы к охранению скота от заразительных болезней, развивающихся и распространяющихся преимущественно от небрежного обращения с хозяйством. Отчего это небрежность? От того, конечно, что мы скотом малоценным мало дорожим. Быть может, многие из них наших отнесутся к моим советам, как идее несбыточной, но я должен высказать откровенно вкравшееся в душу мою сомнение, что киргиз-казаки, при настоящем образе жизни и укоренившейся косности, едва ли сохранят свою целость и свое имя. Народы, которых мы теперь знаем, в древности, в период своего младенства, все почти былы кочующими, а потом, когда убедились в недолговечности кочевой жизни, приняли оседлость, с

___________________ * Куян и Донгуз – назвапние годов, примеченных кочевниками как тяжелые и разорительные для скотоводства. Примечание его же.

с который начинается у них умственное развитие, и теперь благоденствуют. Пользуясь покровительством могущественнейшего в мире правительства и вполне созновая его готовность поощрять всякое наше пожелание, касающееся улучшения нашего бытового строя, неужели мы останемся еще на неопределенное долгое время неподвижными в образе жизни? Движимый чувством и доброжеланием к своей родине, я позволю себе усладить мое воображение мечтою, что принятие оседлости и вместе с тем устройство правильных обществ, порядка пользования землей и всевозможных способов образования молодого поколения повели бы наш народ к направлению и расширению производительной силы его с развитием торговли и промышленности, и в скором будущем орда нестолько поправила бы свое упавшее благосостояние, но и вернула бы прежнее богатство с избытком и в другом виде, более изящном и благородном.Коснувшись, между прочим, главнейшего предмета- образования юношества, следует помнить, что на этом поприще бесспорно занимает первое место знание русского языка в такой мере, чтобы им свободно обладал каждый ктргиз-казак. Убеждение мое в этом и не требует никакого пояснения, как неоспаримая истина, но для большей наглядности в глазах моих собратьев я должен напомнить что на русском языке говорит многомиллионное государство, которого мы имеем счастье числиться членами; законы государственные писаны исключительно по русски и, наконец, он - язык современных наук; и что важнее всего, так это доступность для нас этого богатейщего языка. Не требуется глубокого ума сказать с полным убеждением, что наука есть знание, а закон- правила жизни, - следовательно, изучение русского языка есть средство жизни и знания*. Известно, что насколько легко подавать советы, настолько же трудно их исполнять, в особенности, когда они направлены не к единичным лицам, а к целой массе. Поэтому вся надежда возлагается на сочувствие передовых людей орды, пользующихся ее доверием, участие которых несомненно должно повлиять и помочь к постепенному развитию лучшего строя жизни, о котором стоит позаьотиться истинным сынам орды».

__________________
* Родной же язык киргизской – не литературный6 а он потому не дает знания

Об административном устройстве, урочищах и поселках. Букеевская орда разделяется на пять частей и два округа. Части: Калмыцкая, Торгунская, Таловская, Камыш-Самарская и Нарынская. Округи: 1-й Приморский, 2-й Приморский. Части и округа разделяются на старшинства. Всех старшинств в 1890 году было 85. Число кибиток в старшинствах в том же году было различное: от 200 до 900 ( И. Иванов). Киргизи, как кочевой народ, находится в переходном состоянии. Они кочуют только летом, а зиму проводят в деревянных или глиняных, из саманного кирпича, домах и землянках. Преимущественно устраиваются глиняные жилища и землянки.Так, например, в 1889 году деревянных домов было 23, а глиняных и землянок 30597 ( И. С. Иванов) Эти зимние жилища расплологаются вокруг лиманов (покосных мест). Чем больше лиман, тем больше вокруг него зимних жилищ. Разница в числе кибиток (40 тыс.) и зимних жилищ (30 тыс.) обьясняется тем, что обычно женатые сыновья живут в особых кибитках, но зимой не все живут в своих домах и землянках, а помещаются у роственников или нанимают себе помещения. Киргизская зимовья, как бы ни были велики по числу жилищ, всегда представляют разбросанный вид, не похожий на русские деревни. Это потому, что зимнее жилища строятся хозяевами на своих покосных местах. Поэтому в барханах больщих урочищ нет, так как покосные места там малы. Начало постройки ктргизами зимних жилищ положил хан Жангир, сын Букея, бывший ханом с 1824 до 1847 года. Он воспитывался в доме Астраханского губернатора Андреевского, а потому был человеком образованным. Хорошо говорил и писал на иаиарском и русском языках и знал немного немецкий язык. В 1824 году он женился на дочери Оренбургского муфтия Фатиме, девушке образованной по-европейски, знавшей языки, музыку и танцы. Две первых зимы он провел с нею в кибитках и не мог не убедиться, сколько неудобств представляет зимою кибитка для его жены, привыкшей с детства жить в теплых и просторных домах. В 1926 году Государь Император пожаловал хану Джангиру около 10 тысяч рублей на постройку постоянного жилища в степи. На эти деньги Джангир сначала купил у одного мещанина посада Дубовки небольшой деревянный дом, перевез его в степь и поставил близ места нынешней Ханской Ставки. Потом на те средства он построил себе на месте нынешней ханской Ставки дворец изящной архитектуры.Вокруг этого дворца стали строить себе жилища ближайшие к хану султаны и другие киргизы. К концу жизни Джангира (1847г.) здесь было уже 59 деревянных домов, 32 мазанки и 50 деревянных лавок.Так положено было начало построенния поселка «Ханская Ставка» или «Рын-Пески», котрый теперь служит административным и торговым центром Букеевской орды. Здесь имеются: православная церковь, мечеть, присутственные места, почтово-телеграфное отделение, больница, школы, казармы и тюрьма. Она находитя в 113 верстах от сл. Владимировки, Царевского уезда, Астраханской губернии. В 1909 году здесь учреждено «Общество для содействия культурному развитию мусульман». Хан Джангир предпринимал все средства к тому, чтобы приучить киргизов к оседлой жизни, но киргизам привилась только постройка зимних жилищ – вероятно, потому, что в мазанках им проводить зиму теплее и уютнее, чем в кибитках. В последнее время только пастухи зимуют в кибитках, по необходимости, для наблюдения за скотом. После Ханской Ставки в Букеевской орде образовалось еще три поселка: Новая Казанка, в 180 верстах от нее; Таловка, в 120 верстах от Новой Казанки и поселок на Каспийском побережье, близ села Джамбая (Никольское) Красноярского уезда, Астраханской губернии. Ближайшее управление Букеевской ордой возложено на «Временный Совет по управлению ордою», находящийся в Ханской Ставке. Совет состоит: из председателя и 4 советников- 2 русских, 2 киргиза. При Совете канцелярии, состоящая из делопроизводителя, 4 его помощников, регистратора, архивариуса, бухгалтера, 2 переводчиков-русского и киргиза, толмача (Пам. кн.Астр. губ. на 1909г.). В частях и округах учреждены участковые управления, состоящие из правителя, его помощника и депутатов, по одному депутату из стан (все из киргизов). В старшинствах учреждены должности старшин из киргизов. Қазақтардың ата жұрты, Азиядан қоныс аударуы, олардың жан саны мен жері туралы. Бөкей Ордасын басқарудың әр түрлі қызметтерінде ұзақ жыл істеген білімді қазақ М. Бекмұхамбетов өзінің ата жұрты жайлы мынандай жазбалар қалдырған: «Ордада өткен тарих жайлы жазба деректер болмағанымен қазақтардың өздерінің түп-тұқиянын айқынырақ білуде ауызекі айтатын сенімді аңыздары көп. «Қарты бардың - хаты бар» деген нақыл кімнің қариясы болса, шежіре сол деген сөз екен. Өз елінің патриоты қазақ 13-14 атаға дейін немесе Байұлы тайпасының негізін қалаған Қыдырқожаға дейін өз аталарын білуі тиіс. Ал Байұлы қырғыз-қазақтар «Кіші жүз» деп атайтын Кіші қазақ Ордасының үш тайпасының ішіндегі ең үлкені. Біздің Ішкі Бөкей Ордасы, аздаған Кете, және Тама, Табын, Кердері (Кіші жүздің Жетіруы) сияқты руларды айтпағанда, Байұлы тайпасына жатады.

__________________ 1 Мынадай дереккөздер пайдаланылды: 1) «Киргизы Букеевской орды»- А. Харузина. Вып. 1-ый. Москва, 1889 г.;2) «Внутреняя киргизская орда»-И.С.Иванова; 3) «Записка киргиза Макаш-Бек Мохаммедова»; 4)Разные записки и сведения, присланные автору инспектором киргизских училищ А.В.Грячкиным; 5) Памятная книжка Астрах.губ. на 1909 г.- Автор 2 Мақаш Бекмұхамбетов бастапқы білімді Бөкей Ордасындағы мектептерден алып, соңынан Орынбордың кадет корпусын тәмамдайды. Ілкіде Орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңесте аудармашы, кейін І және ІІ округтердің әкімі болады; 1892 жылдан 1897 жылға жылға дейін Уақытша Кеңестің кеңесшісі. 1897 жылы жасауыл шенінде отставкаға шығып, зейнетақыға және үрім-бұтағымен ақсүйек (дворян) атағына ие болады. Ол қазақтар жайлы бірнеше тарихи және тұрмыстық очерктер, повестер, әңгімелер, қолжазба түрінде сақталған анекдоттар жазған. 1904 жылы 74 жасында дүниеден озған. 3 Әрине, Қазақ Ордасының Ресейдің қол астына өткенге дейінгі оқиғалары баяндалған тарихи очерктер бар (Мейэр, Левшин және т. б), бірақ олар халық аузындағы аңыздарға негізделген - Соның ескертпесі.

4 Олар өздерін «қазақтар», яғни «еркін адам» деп атайды. 5 Барша қазақ өзін үш арысқа бөледі: «Ұлы жүз», «Орта жүз» және «Кіші жүз». Бұл жерде айта кетер жайт, Қазақ Ордасының бөліктерін көрсететін «жүз» аталатын сан есім, ерте замандарда, мүмкін атақты монғол жаулаушысы Шыңғыс хан заманынан, біздің ата-бабаларымыздың әскери әулетке жататынын көрсетеді. Өзінің түп-тұқиянын Қыдырқожаға дейін жақсы біле отырып, қазақ елжанды бабаларының бастан кешірген ірі оқиғалары жөнінде, егер ол бабалары, өз тайпасының көсемі, белгілі биі болған болса, білмей тұра алмайды. Біз қазақтардың әуелгі ата жұрты Түркістан екенін аңыздардан білеміз. «Ата жұрты - Әзірет» деген сөз текке айтылмаған. Орта Азияның бұл провинциясы, Қоқан қалаларының бірі «Түркістан» деген атаумен танымал болған. Сол арадан қазақтар ХҮІІІ ғасырда Жайық өзені мен Каспий теңізін Аралдан бөліп тұрған Түрікпен мойнағына дейінгі орасан зор көлемді Қазақ даласы деп аталатын 30000 шаршы мильге жуық жерге таралып қоныстанған. Дүние жүзінде көлемі жөнінен алғанда Қазақ даласынан үлкен мемлекет көп пе? Егер қоныстанушылар қазақтар болмай, мәдениетті де өркениетті елдердің еңбекккерлері болғанда, онда Қазақ даласы біздің заманымызда гүлденген, бай ел болар еді. Осындай қисапсыз байлықты иемденген біздің бабаларымыз не істеген, олар артына қандай мұра қалдырған? Қазақ даласында сұңғыла жиһанкездің назарын аударатын өткен кезеңнен ешбір із қалмаған. Байтақ жайылымдарда мал басының жедел көбеюіне байланысты материалдық күштің артуынан даланың жүгенсіз кеткен атқамінерлеріне тән зорлық-зомбылық өріс алған, өзара қырқысу, қантөгіс, кейде сұлтандар деп аталатын Шыңғысқан тұқымының арасында өзара билікке талас күшейді. Тайпалар арасындағы осындай қақтығыстық ондаған жылдарға созылып, жауласушы екі жақты да әбден титықтатты. Мұны Кіші жүз қазақтары, соның ішінде біздің Ішкі Орда әлі күнге ұмытқан жоқ. Кіші Орданың туыстас тайпалары- Байұлы мен Әлімұлы арасында бұрын болған дау-дамаймен жалғастырады. Орданың анархиялық жағдайы «жортуыл» деп аталатын тағы бір партияны туғызады. Олар «өз руының намысын қорғау» дейтін желеумен тайпалар арасында араздықты қоздырды, ұрлықпен, тонаушылықпен айналысты, керуендер мен қарапайым жолаушыларды тонады, сондай-ақ отырықшы көршілеріне де жиі шабуыл жасады. Бұл партиялардың іс-қимылын халық «Жортуылшы басы жолда қалар» деп өте дәл бағалады. Шыны да солай. Бір сөзбен айтқанда, бүлікшілік пен жауласушылықтың ақыры халық санының күрт азаюына соқтыратынын сезген Әбілқайыр хан 1737 жылы Ресейдің Ақ патшасынан бодандыққа алуын тілек етті. Қазақтар Ресей бодандығына өткесін де бүлікшілікті, өзара қырқысуды тоқтатпағанымен алыстағы Петербургтың бейбітшіл ықпалын сезінді және бұрынғыдай күшті жауласу болған жоқ. Солай бола тұрса да, Кіші Орданың бір бөлігін-туған жерді тастап, Жайықтың оң жақ бетіне қоныс аударуға мәжбүр болды. Онда қоныстанушыларды үкімет ілтипатпен қабылдады. Кіші Орданың хан тұқымының бірі Бөкей сұлтан хандық дәрежеден үміт етпестен, қазақтарды Жайықтың арғы бетіне өтуге үгіттей бастайды, сонымен қатар Император Павелден (Қытайға) ауып кеткен соң бос жатқан Еділ мен Жайық арасындағы аймаққа көшіп баруға рұхсат етуді тілек етті. Көптеген қазақтар Жайықтың арғы жағында тыныш өмір сүреміз деген ниетпен Бөкейдің ұсынысын қолдады. Оларды қалмақ кеткеннен кейін бірнеше жыл бос қалып, тусыраған жайылым қызықтырды. 1801 жылы 11 наурызда Жоғары Мәртебелінің Бөкейге өзінің тумаластарымен аталған өңірге көшіп баруына рұқсаты берілді. Сол жылы күзге салым Бөкей 5000-ға жуық шаңырақпен арғы бетке өтті. Ұзмай тағы да 1265 шаңырық көшті. Осы екі үлкен топтан кейін де қоныс аударушылар болды. 1803 жылы олардың саны 7500-ге дейін жетті. Бірте –бірте қоныс аударушылар тіпті көбейген соң 1828 жылы үкімет қазақтарды қолайлы қоныс жетіспеуінен Азиядан көшіп келуге тыйым салады. 1844 жылы Бөкей Ордасында 20 мың, ал 1890 жылы 46002 шаңырақ болды. «1908 жылы 1 қаңтарда мұндағы қазақтардың еркектері - 133546. Әйелдері - 120336, барлығы 253882 адам болды». («Астрахан губерниясының естелік кітабы», 1909 ж.). Қоныс аударуға рұқсат алумен бірге Бөкейге мойынға тағатын алтын медаль берілді, ал 1812 жылы ол «Қазақ Кіші Ордасының ханы» деген жоғары мәртебелі атақ алды. (А. Харузин). Бөкейді хан көтеру рәсімі Орал қаласының маңында әскерлердің қатысуымен зеңбіректен неше дүркін оқ атылып, музыка ойналып, салтанатты жағдайда өтті. Жаңадан тағайындалған ханға жоғары мәртебенің бұлғын ішік пен бөрік, қылыш түріндегі сыйлығы тапсырылды. Қазақтармен бірге мұнда өзге де тайпалар –қарақалпақтар мен ноғайлар да көшіп келді. Олардың шыққан тегі дәл анықталмаған. Ілкіде олар қазақтардан жерді жалға алып, пайдаланды, кейін олармен қыз алысып, әбден сіңісіп кетті. Бөкей Ордасы Ресейдің Еуропалық оңтүстік-шығыс бөлігінде, солтүстігінде Самар губерниясымен, шығысында Орал облысымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен, батысында Астрахан губерниясының Краснояр, Енотаев, Царьев уездерімен шектеседі. Орданың жер көлемі 70781 шаршы шақырым немесе 7106967 десятина. Осының бәрі ойпаң жер. Тау атымен жоқ, жалғыз ғана Кіші Боғда дөңі бар, одан тас шығарады. Сондай-ақ бұл өңір өзен көлге де кедей. Солтүстік-шығыс бөлігінде шағын екі өзен –Кіші өзен мен Ащы өзен ағып жатыр. Әдетте бұлар қар суымен көктемде тасиды да, жаздың соңында құрғап қалады. Оңтүстік-батысындағы Бүлдіргенді жырасына қар суы топса жасалып, жиналады. Тұщы сулы көл атаулыдан - Қамыс-Самар көлі, одан балық ауланады, сондай-ақ Хан ставкасынан 6 шақырымдай жерде Шолан қопа көлі бар. Тұзды көлдердің (сорлардың) ең үлкені - Хаки көлі, оның ұзындығы - 75, ені - 20 шақырым. Ол жазда кеуіп қалады. Бұл көлдің шипалы балшығы құрамы жағынан Тинак көлінікіне (Астрахан губерниясынан 14 верст) жақын. Бұдан басқа Үлкен және Кіші Сағырлы көлдерінен тұз өндіріледі, сондай-ақ Шолан, Бесшоқы,Батырбек тұз көлдері бар. Тұщы су тапшылығы қазақтарды құдық қазуға мәжбүр етеді. Орданың әуе-табиғат жағдайы жайлы емес. Жазда ыстық 45 - қа дейін, қыста - 25- қа дейін жетеді. Жауын шашын болмашы ғана. Мұздақ пен күшті боран әсерінен қыста мал көп қырылады. Жері құнарсыз. Орданың солтүстік бөлігі, құмайт саздауық, аракідік қара топырақ кездеседі, ал оңтүстігін тұтасқан құм алып жатыр. Сусыма құм шағыл да, суыттықта қияқ басқа да шөп өседі. Қазақ Мақаш Бекмұхамбетов Бөкей Ордасы қазақтарының жері мен тұрмыс жағдайы жайлы былай дейді: «Біздің Ордамызда мыңғырған малымен көркейткен заман келмеске кетті. Енді бір кезде Ішкі Бөкей Ордасының даңқын шығарған молшылық пен тоқтықтың жұрнағы да қалған жоқ. Орданың түкпір-түкпірінде әсіресе құм шағыл басқан, мал жайылатын қонысы тапшы 1-ші және 2-ші Теңіз жағалауы округтерінде елді асырап отырған жер тозып барады. Сондықтан да қазақтар өздерінің далалық мекендерін тастап, көрші уездерге кетіп жатыр. Олар әр түрлі жер иеленуші отырықшы қоғамдар мен иеліктерден жалға жер алуда. Мыңдаған жас жігіттер балық кәсіпшіліктеріне, тұз өндірісіне болмашы ақыға ауыр еңбекпен жалданып жүр. Қазақтардың бірден-бір шаруасы - мал шаруашылығы құлдырап кетті. Оның себебі тиімсіз пайдаланудан қоныс тозды. Ақы-пұлсыз байлығы мол байтақ даланы жүз жылға жуық иемдене отырып, біздің Ордамыз игілік қамы үшін, еш нәрсе істеген емес. Жайықтың ар жағынан жадап-жүдеп көшіп келген қазақтар аз уақытта шаруасын тез оңалтып, баий бастады. Осындай жағдайда елдің бірте-бірте кедейлену себебін халықтың бейқамдығымен түсіндіруге болмайды. Табиғатында қазақ дене бітімі, ақыл-ойы, икемдігі жағынан ешбір халықтан кем түспейді. Қазақтың бейқамдығы мен жалқаулығы туа біткен әдет деушілер үлкен қателеседі. Ол жалқау да, жайбарақат та емес, өзін қызықтыратын істің мәнісін білмейді. Өйткені ел көшпенді, ал көшпенділік сан-алуан қызмет түрлерін қажет етпейді, қазақ табиғатынан жалқау емес, оның тұрмыс жағдайы бірыңғай жұмысқа қалыптасқан. Біз үздік теңізші, шебер балықшы болып алған көптеген қазақтарды білеміз. Олар жергілікті орыс балықшыларынан асып түспесе де, теңізден балық аулауда солар деңгейлес деп батыл айта аламыз. Мысалы, үйірлі жылқыны бағатын жылқышыны алайық. Дүлей боранда, қыста жылқылар қайыру бермей, қатпай тұрған үйме батпаққа не шыңырау құдыққа, құлама жарға бет қойғанда, соларды ұршықтай иіріп, аман сақтап қалатын да жылқышы, соның күш-қайраты, тәсілшіл тапқырлығы. Тек қайратты малшы қазақ табиғат апатымен шайқаста жеңіп шығып, алдындағы малын аман сақтайды. Бұл жерде жалқаулық, керенаулық жөнінде не айтуға болады? Табиғаттың тамаша қасиеттерін бойына дарытқан біздің халқымыздың тұрмыс жағдайының құлдырап, кері кетуіне не себеп болды? Мұның бәрінің себебін көшпелі өмірімізден іздеген жөн. Көшпенділік жағдайында материалдық тұрмыс жағдайымызды қалпына келтіру мүмкін емес, сірә. «Көшпенді» деген белгілі тұрағы жоқ адам, ол - кезбе. Ол өзінің тұрмыс қолайлығын ойлай алмайды, өйткені мал қамы бақташылық, өмір мұны ойлатпайды. Көшпенділік адамдардың ойдағыдай қауымдасуына мүмкіндік бермейді, қазақтардың оқу-ағартуға деген ерекше құлшынысына қарамастан оған мұршасы жоқ. Ал біздің аталарымыздың бұрын молшылық пен тоқшылық жағдайында да рақат көре алмағаны, күшті бүліншілік салдарынан бізден де гөрі бақытсыз болғанын түсінеміз. Сөз жоқ, мұның түп негізінде көшпенділік жатыр. Енді қазір біз кедейленген шақта еңбек етпейтін болсақ, бұдан бетер кедейлене береміз, тіпті қайыршылыққа ұшыраймыз. Тағы да айтарымыз: осының бәрі мәңгілік бөгет болып келген көшпенді тіршіліктен болып отыр. Тұрмыс салтын өзгерту, толық отырықшы өмірге көшу жөнінде ойланатын кез жеткен жоқ па? Тек осылай істесек, қоршаған ортаға жұтылып кетпей, бабаларымыздың «қазақ» есімін сақтап қаламыз. Отырықшы болуы үшін тұщы суы, отыны, шабындығы мол, өнеркәсіппен тығыз байланысты орын керек. Балық кәсібінің мүмкіндігі мол әрі империяның көптеген губернияларын асырап тұрған Ұлы Еділ өзенімен су жолы арқылы байланыс жасауға қолайлы. Ішкі қазақ Ордасының 2-Теңіз жағалауы округіндегі Каспий теңізінің жағалауында отырықшы тұрмыс құруға барлық жағдай бар. Поника, Кіші өзен өзектері бойындағы Талов, Қамыс-Самар бөліктері де қолайсыз емес. Мұнда егін салуға болады, ақыр аяғында Еділге таяу Тарғын және Қалмақ бөліктерінің батыс бетінде де ыңғайлы жерлер бар. Бұл арадағы жылға, сайларға қар, жаңбыр суын бөгет жасап, жинақтап, шабындық жасауға, бидай өсіруге әбден болады. Отырықшылыққа көшуге кеңес бере отырып, мен мал өсіру жөнінде де пікір білдіруге тиіспін. Өйткені Орданың көшпелі тұрмысының бірден-бір көзі осы мал болып келді ғой. Тереңірек үңілейікші, біздің бүкіл қызмет үрдісімізді мал өсірумен шектеу дұрыс па? Ол тіршілік жағдайымызды қамтамасыз ете ала ма? Әңгіме, міне, осында, мал шаруашылығы өмірлік қажетімізді толық қамтамасыз етпейді. Жыл сайын мыңдаған қазақ өздерінің ашқұрсақ отбасының қамы үшін Ордадан тыс жерлерге жұмыс іздеп кетеді. Және де мал шаруашылығынан табыс табу мүмкін емес. Өзінің меншігіндегі малының құны 10000 сомнан асатын мал өсіруші бай қазақ некен-саяқ. Ал саудамен, өнеркәсіппен, егіншілікпен айналысатын жүз мың сомдық дәулетті капиталистер көп. Соған қарамастан біздің қазақтар ата-бабаның мал ұстау дағдысымен, әлі де болса мал басын көбейтуге әуес, ал оның тұқымын жақсартуды ойламайды. Егер құны тең келетін болса, мың бастың орнына жүз бас мал ұстаған орынды емес пе? Ресейде әрқайсысы жүздеген сом болатын жылқылар аз ба? Ал оның бер жағында қазақтың 500 жылқысынан бағасы 100 сом болатын бір-екеуін табу екіталай, қалғандары бес сомнан қырық сомға әрең өтеді. Мұнда ірі қараның жайы бұдан да нашар. Егер мал басын көбейтуден бас тартып, оның санын жыл, тәулік бойы жем-шөппен сенімді түрде қамтамасыз ететіндей мөлшерге дейін азайтсақ, малшыны мал саны азайғанымен оның сапасы, өнімінің артуы ынталандыратын болса, әбден дұрыс істеген болар едік. Бұл жағдайда қоныстан мұқтаждық көрмей, емін-еркін өмір сүрер едік. Сонда «Қоян» да, «Доңыз» да, қатал қыстың қандайы да біздің шаруашылығымызға зиянын тигізбес еді. Әлбетте бағалы малдың иесі оның бағым-күтімін жақсартуға міндетті түрде көңіл бөлетіндігінде күмән жоқ. Мұның өзі малды індеттен аман сақтауға,шаруаға қырсыздықтан қол үзуге жағдай жасар еді. Керенаулықтың бір себебі-сапасы төмен малды қадірлеу кемшін болады. Мүмкін көбісі менің бұл айтқандарыма күмәнмен, іске аспайтын нәрсе ретінде қарар. Ал менің өзімді толғандырып жүрген жайларды ашық айтып отырмын. Қазіргі өмір салты мен орын алған оралымсыздық жағдайында қазақ өзінің біртұтастығын және халықтығын сақтауы күмәнді. Ерте дәуірде халықтардың бәрі дерлік көшпелі болғанын білеміз. Кейін олардың бір қатары көшпелі тұрмыстың баянсыздығына көз жеткізіп, отырықшылықты қабылдады және ақыл-ой қабілетін дамыта бастады, енді, міне, игілікке қол жеткізіп отыр. Дүние жүзіндегі аса құдіретті үкіметтің қамқорлығын пайдаланып және оның біздің тұрмыс жағдайымызды жақсартуға деген қандайма болсын тілегімізді қолдауға дайын екенін сезіне отырып, біз әлі қаншама уақыт өмір салтымызды осы күйінде қалдырамыз? Өз Отаным деген ізгі ниетпен және тілектестікпен мен былай деп ойлаймын: отырықшылықты қабылдау және сонымен бірге дұрыс қауымдастық құру, жерді пайдалану тәртібін және жас ұрпаққа білім

________________
* Ел ішіндегі атақты жұт жылдары.

берудің барлық мүмкін болатын тәсілдерін қолдану біздің халқымыздың өндіргіш күштерін дамытып, ұлғайтуға, сауданы, өнеркәсіпті өркендетуге қол жеткізер еді, таяу болашақта Орда өзінің құлдыраған тұрмыс жағдайын оңалтып қана қоймай, бұрынғы байлықты жаңаша түрде, жаңа сапалы қалпына келтірер еді. Басты мәселе - жастарға білім беруді алсақ, бұл істе әрбір қазақтың еркін білетін деңгейде орыс тілін меңгеруі, сөз жоқ,бірінші орын алады. Бұған менің сенімім кәміл, даусыз ақиқат ретінде оған түсінік берудің қажеті жоқ. Менің қандастарыма даусыз дәлел ретінде былай дегім келеді: миллиондаған халқы бар мемлекет орыс тілінде сөйлейді, біз соның бір мүшесі болу бақытына ие болып отырмыз; мемлекеттік іс-қағаздар тек қана орысша жүргізіледі, ақырында бұл тіл қазіргі заманғы ғылымның тілі, бәрінен де маңыздысы осынау бай тілді меңгеруге біз үшін жол ашық. Ғылым дегеніміз - білім, ал заң - өмір қағидасы, демек, орыс тілін үйрену өмір мен білім құралы деп толық сеніммен айтуға көп ақыл-ойдың қажеті жоқ*. Әлбетте істі орындағаннан гөрі кеңес беру оңай. Бұл, әсіресе, жеке адамға емес, қалың көпшілікке арналғанда анағұрлым оңай. Сондықтан Орданың сенімге ие болған озық ойлы адамдарына бар үміт артылады, солардың қолдап, белсене араласуы халқымыздың тұрмыс-салтын біртіндеп жақсартуға ықпал етеді. Орданың шынайы перзенттері бұл жөнінде қамқорлық жасауы тиіс. Мекендер мен кенттердегі әкімшілік құрылымы жайлы. Бөкей ордасы бес қисымға, он екі округке бөлінеді. Қисымдар: Қалмақ, Тарғын, Талов, Қамыс-Самар, және Нарын; ал округтер: 1-Теңіз жағалауы, 2-Теңіз жағалауы. Қисымдар мен округтер старшындарға бөлінеді. 1890 жылы барлығы 85 старшын болды. Сол жылы старшындарда 200-ден 600-ге дейін шаңырақ бар еді (И. Иванов) Қазақтар көшпенді халық ретінде өтпелі кезеңде тұр. Олар тек жазда ғана көшеді де, қысқа қарай ағаштан не саманнан салынған үйлерде, зілмәнкелерде тұрады. Көбінесе саз балшықтан тұрғызған орын жайлар мен жер кепелерге орналасады. Мысалы, 1889 жылы 23 ағаш үй, ал саман үй

________________________
* Қазақтардың ана тілі – әдеби тіл есем, сондықтан ол білім бермейді.

мен зілмәнке - 30597 болды (И. Иванов). қыстаулар шабындықтар төңірегіне тұрғызылады. Су шаятын көлдеу жер көп болса, оның маңында тұрғын үйлер де жиірек болады. Жаздағы киіз үй (40 мың) мен қысқы қоныстың (30 мың) саны әр түрлі болу себебі әдетте үйленген балалары өз алдына бөлек шаңырақ көтереді,бірақ қысқа қарай олар ата-анасымен бірге қыстауға орналасады немесе үй жалдайды. Қазақтың қыстаулары қаншама үлкен болғанмен орыс деревнясындағыдай жинақы емес, шашыраңқы келеді. Өйткені олар шабындық ыңғайына қарай орналасады. Мәселен, құмда ірі мекендер кездеспейді, өйткені онда шабындық көлемі шағын болады. Қазақтардың қысқа тұрғын жай салуы Бөкейдің ұлы - 1824 жылдан 1847 жылға дейін хан болған Жәңгір ханнан басталды. Ол Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбие алып, кейін білімді адам болған. Татар, орыс тілдерінде жақсы сөйлей және жаза білген, неміс тілін де әжептәуір біліп, меңгерген. 1824 жылы ол Орынбор мүфтиінің қызы, еуропалық білімді, бірнеше тілді, музыка мен биді меңгерген Фатимаға үйленген. Хан екі қыс онымен бірге киіз үйде тұрады да, қаланың жылы да жайлы пәтеріне дағдыланған жұбайына қыс кезінде киіз үй өте қолайсыз болғанына көз жеткізеді. 1826 жылы Жәңгір хан әмірші Императордан тұрақты тұрғын жай салу үшін 10 мың сомға жуық қаржы бөлуді тілек етеді. Бұл ақшаға Жәңгір ілкіде Дубовка кентіндегі мещанның үйін сатып алады да, үйді көлікпен тасып әкеліп, қазіргі Хан ставкасы маңына орналастырады. Кейін осы қаржыға Хан ставкасы тұрған жерден өзіне әдемі сарай салғызады. Сарай төңірегіне ханға жақын сұлтандар мен басқа да қазақтар үй тұрғыза бастайды. Жәңгір өмірінің соңына таман (1847) мұнда 59 ағаш үй, 32 саман үй және 50 ағаш дүкен болды. Қазір Бөкей Ордасының әкімшілік және сауда орталығы болып отырған «Хан ставкасы» немесе «Нарын құмы» кентінің іргесі осылайша қаланған. Мұнда шіркеу, мешіт, көпшілік келетін орындар, пошта-телеграф бөлімшесі, аурухана, мектептер, казармалар және түрме бар. Кент Астрахан губерниясы, Царев уезі, Владимировка мекенінен 113 верст жерде. 1909 жылы осында «Мұсылмандардың мәдени дамуына көмектесу қоғамы» құрылды. Жәңгір хан қазақтарды отырықшы тұрмысқа үйрету үшін барлық шараларды алды, ал қазақтар содан тек қысқы тұрғын жай салуды ғана қабылдады. Өйткені зілмәнкелер мен қыстауларды қыста тұру киіз үйге қарағанда анағұрлым қолайлы әрі ол жылы болды, малды қарауға да ыңғайлы еді. Соңғы кездерде тек малшылар ғана малды бағу үшін киіз үйде қыстайды. Бөкей Ордасында Хан ставкасынан кейін тағы да үш кент тұрғызылды. Олар: Новая Казанка-одан 180 верст жерде, одан 120 верст қашықтықта Таловка мен Астрахан губерниясы, Краснояр уезіндегі Жамбай (Никольское) селосына таяу Каспий жағалауында тағы бір кент. Бөкей Ордасын соңғы жылдары басқару Хан ставкасына орналасқан «Орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңеске» жүктелді. Кеңестің төрағасы мен 4 кеңесшісі бар. Оның 2-і орыс, 2-і қазақ. Кеңес жанындағы кеңседе іс жүргізуші мен оның 4 көмекшісі, тіркеуші, мұрағатшы, есепші, және орыс-қазақ тіліне аударатын екі тілмен жұмыс істейді. («Астрахан губерниясының Естелік кітабы», 1909 ж.). Қисымдар мен округтерде әкімі, оның көмекшісі мен депутаттар (әрбір қоныстан бір депутаттан, олардың бәрі қазақ) бар учаскелік басқармалар құрылған. Ал старшындықтарда қазақтардан тағайындалған старшындар бар.

ІV БӨЛІМ

МАҚАШТЫҢ ШЕШЕНДІК

СӨЗДЕРІ

Құрастырушының түсіндірмесі

Ел ішіндегі Мақаш Бекмұхамбетовті халқымыздың қара сөзінің қадірін біліп, қастерлеген көптің бірі ғана емес, өзі де талай-талай дау-дамайға билік айтып, ақтың ақтығы мен жаттың жатығын жалғыз ауыз сөзбен аңғартқанба, жұртты аузына қаратқан шешен болыпты деседі. Оның үстіне өз жанынан өлең шығарған. Әрине ,бұған қарап, қазақта бір ауыз жыр құрастырмайтын жан аз ба деген сұрақтың тууы ықтимал. Ол рас бұл қашаннан қанымызға біткен қасиетті екені сөзсіз. Солай бола тұрса да түрік ел қариалары «Мақаштың өлеңдңрі еді»деп әлі күнге айтып отырады. Оның кейбірін біз 1908 жылы Қазан қаласынан жарық көрген «Жақсы үміт» кітабынан да кездестірдік. Сондай ақ ол кітапта бір кездері Атырау өңірінде өмір сүрген Шалкейіз, Жиембет, Есет, Мөңке мен Түрке сиақты ақын жырау, билердің де өлең жырлары жариаланған. Осы бетке ұсынған ғалымдарымыз аталған ақындарды туған әдебиеттеріміздің бастауы деп тануда. Бекмұханбетовтың тағы бір қыры жоғарыда айтқан оның жұртшылық жүрегінде жылы ұялар шешендігі мен билік сөздері. Халқымызда қашаннан ел билеп, қол бастаған көшелі көсем, өрелі шешен жандардың артында айта жүрер астарлы, ақылды сөз қалған ғой. Бұл сонау ауыз әдебиеті үлгілері, тіпті тарихи тұлғалар деп жүрген Алтын орда дәуірінде өмір сүрген Сайф сарай, Әз Жәнібек, Жиренше шешен, Қарашаш, Асан қайғы, Кейінгі Сырым батырлардың бәрінде де бар дәстүр. Ендеше, бұл ерекшелік сол сақилардың сарқытын ішіп, соңдарынан ерген, санатында боп, сансыз билік айтқан Түрке мен Тұрымбет, Бекпенбет (7 атасынан желі сөздің жел маясы десе де болар) ұрпағы - Мақашқа да дарыса не сай. Сайып келгенде, ондай орамды ойлардың талайы әлі күнге ел аузында айтылып жүр. Біз бүгін солардың біразын, тіпті Бетпембет айтты деген сөздің кейбірінде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Олар әр жылдарда мерзімдік баспа сөз беттерімен кітаптарда жарық көрген. Кейбірін көне көз қариалар зиялы қауым аузынан жазып алдық. Бірақ бір ескертетін жайт біз барынша әділдікті сақтауға тырысып, оларды кімнен, қайдан, қалай естісек, оқысақ сол күйінде оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Тағы бір айта кетер жай - бұдан сәл ертеректегідей сөз етіп отырған адамдарымыздың қоғамдағы саясатқа сай біріңғай ұнамды,не ылғи ұнамсыз жағын көрсету ниеттегі дүниелерді ғана емес,қайта әңгіме жасап отырған адамдарымыздың да ет пен сүйектен жаралғандығын, ендеше оның күнгей мен көлеңкелі жақтары барлығын дәлелдеу үшін ел ішіндегі Мақаш туралы әңгімнлердің қандайын да ірікпей,жөндеусіз жариаланғанды дұрыс деп санадық. Сайып келгенде,бұл сөздердің Мақаш айтқаны не Мақашқа қатысты көп әңгімелердің бір бөлшегі ғана екені де белгілі, оған жоғарыда айтқанымыздай, болашақта көңілі ояу,көзі ашық оқырмандарымыздың ат салысып,үн қосатыны сөзсіз. Осындай жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал мынау сөздерді жинауға көне көз қариалар мен абзал ағалар Қиса Салиев, Мырзағұл Кегнған, Мүбиін Қалменов, Әбу Шалабаев, Ғизаттолла Ғатауов, Әнуар Кәрімов, Рахмет Иманғалиев, Қалау Жұмақұловтардың еңбектері зор болғанын қаперге салғымыз келеді.

НАҒАШЫ СЫНЫ

Мақаш Орнынбордың Неплюев атындағы кадет корпусын бітіріп,елге келе жатып,қасындағы бір оқыған жолдастары Мұхамбет - Салық Бабажанов, Жүсіп Ниязовқа; «Жолда тоқсанға кеп, тоқтының ғұмырындай жасы қалған нағашы атам бар. Алыс жолдан келеміз ғой, алдымен сол кісіге сәлем беріп, батасын алайық, ақылгөй адам», - дейді. Бұған әріптестері қарсылық білдірмейді. Бұлар келгенде көзі көруден, құлағы естуден қалған қариа бүк түсіп, пеш түбінде жатыр екен. Жиендік жасамақ болған Мақаш аздаған аман-саулықтан соң: «Біз болсақ Теке жақтан Астрахан асып бара жатқан жүргінші ек, осы арадан өзіміздей көпті көрген көне көз абыз бар дегенді естіп, сәлем бере келдік. Мүмкін болса өзімізге қояр бір-екі сауалым бар, ұлықсат па?!» - дейді.

- Қойғын, - дейді қария. Сонда Мақаш;

- Дүниеде ең биік нәрсе не деп ойлайсыз? - дейді.

- Ғылым! Оған жетер ештеңе жоқ.

- Ең терең ше?

- Адамның ойы болса керек.

Ағайыннан кім жақын?

- Жиен! Ей сен осы Мақаш емеспісің, келші бермен маңдайыңнан иіскейін, - деп сені сауалыңнан танып қойыпты. Ауылдан аттанарда нағашысымен қоштасып тұрып;

- Нағашы, ұлықсат болса біз жүргелі отырмыз. Апта бойы ақ - адал дәміңізді татып, аузыңыздан шыққан дуалы сөздеріңізді естідік. Енді бізге батаңызды бергейсіз, - дейді.

Сонда қария:

- Шырақтарым, қай-қайсыңның да адамшылық, ақылдылықтарыңа шек келтірмеймін. Бірақ әрбіріңе өзім таныған бір-екі ерекшеліктеріңді де ескертіп қалғанды жөн көріп отырмын. Ол - Салық баламның терең білімділігі мен Жүсіптің ел басқаруға деген бейімділігі. Бұл қасиеттер сендерді болашақта халық алдында құрметке бөлейді. Бірақ қай-қайсысыда баянсыз. Біріннің ғұмырын, екіншіңнің әкімшілік қызметінің қысқа болады. Ал, жиенжан, бәріңнен тіріңде, өлгенің де бақыт даритын, атын алысқа кетер өзің боласың ба деп ойлаймын. Өйткені, мен білсем, ел ішінде әділдігіңмен атың шығып, астана жұрты аузыңа қаратар өзіңсің. Соған сай ғұмыр бойы халқыңның алғысына бөленіп, аузында жүресің, - дейді.

Бұған Мақаш: «Нағашым туғанына тартып, қонағына қалыстық танытты. Обал - сауабын өзіңіз көтеріңіз», - дейді де жүріп кетеді. Дегенмен, жазмыштың жазғаны ма, әлде алдияр қарттың айтқаны келді ме, әйтеуір атақ-даңқы алысқа кетіп, Қазақтың екінші Шоқаны» атанған Мұхамбет-Салық бар-жоғы отыз жеті жасында дүниеден озса, ел басқаруда ерекше бедел иеленген Жүсіп аз уақытта екі көзі кетіп, су қараңғы соқыр болып қалады. Ал Мақаш елу жылға жақын ел басқару ісіне араласып, көп құрметіне бөленеді.

БИ ҚОЙҒАН БЕС СҰРАҚ

Мақаштың әкімдік қызметіне жаңа ғана араласқан кезі болса керек. Осы шақта ол ел ішінде билігімен аты шыққан нағашы ағасы Жұбанышпен кездесіп, біраз әңгімелесуіне тура келді. Сонда белгілі би ел басқару ісіне енді енді араласқан жиенім сынамақ ниетте бірнеше сұрақ беріпті. Олардың ұзынырағысы мыналар екен:

- Байлықтың шегі қандай?

- Байлықтың шегі: бірінші - денсаулық, екіншісі - ақ жаулық, үшіншісі - бір ат, екі сиыр, бес саулық.

- Жігіттің қолын байлайтын не?

- Жоқшылық, жалқаулық, сараңдық.

- Адамға ең қажет нәрселер ше?

- Тағы да денсаулық, өнер, оқу, ғылым, еңбек, дос.

- Адамның бағасын кетіретін не?

- Өтірік, өсек, ұрлық, мақтаншақтық, мылжыңдық, парақорлық, күншілдік, тәкаббарлық, т. б.

- Адамның - өзгерте алмайтындығы бола ма?

- Болады. Олар - ажал мен кәрілік! Мақаштың жауаптарына риза болған нағашысы оған қолын жайып: «жауапты да сауапты жұмыста алдыңнан төр, табаныңнан мөр кетпесін», - деп бата беріпті деседі.

МАҚАШТЫҢ ҚАЙЫН БАРУЫ

Мақаш қалыңдығын алып келуге аттанды. Жол үстінде оған қасына ергген билер мен ақсақалдар: Сен қайын жұртқа барғанда орысша оқығандығыңды, әкімдігіңді бұлдап, қазақтың күйеу балаға тән салт-жоралығы тәртібін ұмытып, ерсі қылық танытып жүрме,» - деп ескертеді. Бірақ құдалар ауылына барғанда бұл ескертпе орындалмайды. Мақаш алғашқы сәттен өзін еркін ұстап, реті келсе жантайып, тіпті анда-санда билікке араласып кетеді. Мұны байқап отырған үй иелері балдыздары мен жеңгелеріне ескертіп, «киеу бала аяғын жиып, ата салттық әдептен аспасын, соны бір ыңғайын тауып, есіне салыңдар» дегенді айтады. Бұл хабар Мақаштың құлағына да жетеді. Әйтседе сыннан қортынды шығарып жатқан киеу жоқ. Ақыры наразылық танытқан ағайындар бұл келеңсіздікті қыз әкесіне де жеткізеді. «Мақаш киеу бізді басынды. Киеулік салттың жұқанасы да жоқ. Бүйте берсе күштеп тәртіпке шақырамыз», - диді олар. Сонда қыз әкесі тұрып: «Ол сол жатысында бірдеңені біліп, жетіп жатырма, әлде кеудемсоқ мастықтың буы ма, алдымен соны біліп алыңдар», дегенді айтады.

- Оны қалай білеміз? - дейді наразы қауым.

- Дүниенің шекарасы неде деңдерші. Оған қалай жауап берер екен. Сосын жауабын маған айтыңдар! - дейді.

Балдыздары Мақашқа келіп: «Жездедүниенің шекарасы неде деп ойлайсыз?» -дейді.

- Дүниенің шекарасы - қанағат. Қанағат жоқ жерде шекара болмайды,- деп жауап берді Мақаш.

Жастар Мақаштың жауабын қыз әкесіне жеткізді. Ол біраз ойланып отырды да: «Күйеу баланы көп мазалай бермеңдер. Бүйірлеп жатса, білгендігі болар. Білген адамға уәж жоқ», - дейді. Бірақ бұл жауапқа қанағаттанбаған жастар: «Қария Бекпембеттің беделі, Мақаштың лауазымынан тайсақтап тұр. Әйтпесе күйеуге қойылар талап барлық жасқа бірдей емес пе, ендеше несіне тайраңдатамыз. Бір шарасын алу керек», - деп сол ауылдағы ақылы асқан, сөзге жүйрік кейуана кемпірге жүгінеді.

- Мынандай қайын жұртқа келмей жатып керілген, апамызды алмай жатып алшаңдаған күйеуге бір дауаны айтатын тек өзіңіз. Әйтпесе халықтық салт-жорамыз жайында қалар түрі бар, - дейді олар ақбасты ананың алдында отырып.

- Жарайды, жантайып жатар күйеудің екі аяғынан тік тұрғызу аса қиынға соқпас, барып көрейін, - дейді де Мақаш отырған үйге бас сұғады. Сөйтсе басқасына қарағанда жас күйеудің қылығы тым қораштау екен. Мұны орыс тәрбиесі өткендікке балаған қарт ана қонақ жігітке қарап:

- Күйеу, жантаймас жерде жантайдың,

Жасыңа жетпей қартайдың,
Дәбі осылайма Алаш-Алтайдың.
Сенің күнің менің басыма жеткенде
Мен талтаймасқа да талтайдым,- деп төгіп кеп жібереді.

Мына өлеңді естігенде құс жастықта шынтақтап жатқан Мақаш орнынан тез көтеріліп, бір тізерлеген күйі отырып қалады. Содан әбден қалыңдықтарын алып ауылдарына қайтқанша әлгі күйін сақтап, отырады да қояды және күйеуге қойылатын ырым-жоралғы, салттардың бәрін де қалтқысыз орындайды. Мақаштар қалыңдықты алып, өз ауылына бет түзейді. Былайырық шыққан соң қасындағылар одан: «Сен ғой құдалардың ауылына барғанда біздің алдына ала айтқан ескертпелерімізді орындамадың. Неге? Бірақ асарын асап, жасарын жасаған кемиек кемпірдің сөзінен соң шынтағың жастыққа тимей, кетер кеткенше малдас құру түгіл бір тізерлеуге ғана шамаң азар жетті. Сені састырған не нәрсе?» - деп сұрайды. Сонда Мақаш: «Мен отырған ортада өзім деңгейлес әңгіме айтып, батырып базынасын өткізетін не кәрі, болмаса жас жоқ. Бәрі де ауылдың қысыр өсегі, желбуаз әңгімесі екен. Той дейтін сәні жоқ, салтанат дер мәні жоқ жердің қызығы да осылай шығар деп арқаны кеңге салғаным рас еді. Бірақ көпті көрген кәрі ана: «Сен еркектің Мақашы болсаң, мен төменгі етекті әйелдің Мақашымын. Осы ауылға келін болып түскенімде - келінге қатысты барлық ырым-жоралғы, салт-сананың бәрін орындап, үлкенге сәлем, кішіге ізет еттім. Сол менің басыма түскен күн қазір саған да жетті. Қазақтың ежелгі салтын неге бұзасың, ата заңынан аттама», - деді. «Сөзден жеңілдім, арттық кеткенімді енді ұғындым. Содан соң тәубама кеп, кете-кеткенше ата салтын мүлтіксіз орындауға тырыстым», - депті.

* * * Мақаш қайын жұртына барып, атасы, басқа да ел ақсақалдары болып, әңгімелесіп отырса, атасы әкім болып, билігі жүріп тұрған күйеу баласын сынағысы кеп:

- Бала байлықтың шегі не деп ойлайсың? – депті

- Қанағат! - дейді Мақаш.

- Жарлықтың шегі ше?

- Денсаулық!

- Биліктің шегі не?

- Тырыс үндемеу!

- Е, ендеше, ісің жемісті, келер күндерің келісті болсын! - депті атасы.

ӘРІПТЕСКЕ АҚЫЛ

Мақаштың әкім болып тұрған тұсында онымен қанаттас округте өзімен кадет корпусында бірге оқыған Жүсіп те әкімдік қызмет атқарады. Ол оқығаны, тоқығаны мол болса да уақыт өте екі көзі бірдей кетіп, көре алмай қалады да, ақыры өзіне көмекші ұстауға мәжбүр болады. Бірақ ол күндердің бір күнінде ел ішіндегі дау шарды шешуде жеке басының қамына жол беріп, пара қыстырған байға кедейді жығып берсе керек. Бұған наразылық білдірген кедей Мақашқа арызданады. Істің мән-жәйімен әбден танысқан Мақаш Жүсіпке жалғыз сөйлемнен тұратын хат жазады. Бірақ сауатсыз жігіт онда не жазылғанынан хабарсыз, оның тым қысқа қайтарылғанына көңілі түсіп қайтады. Жүсіп әлгі хатты көмекшісіне оқытса, онда «Соқыр айғыр-әңгі, көк өгіз тышқақ! Аса құрметпен өзіңнің Мақашың!» деп жазған екен. Әріптесі бұл сөйлемнің мазмұнын бірден түсінеді. Сөйтсе «Соқыр айғырың - Жүсіп те, «әңгісі» - қателестің, «көк өгізі» - қарапайым еңбеккер жан, «тышқағы» - осы бір қателігің елге жайылып, абыройың айрандай төгілмесе нетті, мен мұны өзіңді сыйлағаннан айтып отырмын.» деген ой екен. Жүсіп өзінен кеткен қателікті тез түсініп, әлгі істі қайта қарап, әділ шешіпті.

БАСУ

Мақаш әкімшілік еткен округте оның алдына түрлі арыз-шағым, дау-шармен тұрғандар көп келген. Солардың ішінде қарашекпендер, таулықтар, басқа да ұлттар мен ұлыстар өкілдері болған. Мақаш бәрінің де өтініштерін әділ шешіп, дұрыс жауап беріп отырған. Бірде өз ағайындары ішінен: «Анау жын-перінің қара басы жалды Құрманғазы үйір жылқыдағы қашса құтқармайтын, қуса аттатпайтын күрең атымды даладан ұстап мініп, жөніне кетіпті. Көрген куәларым бар, айтар айғақтар да табылады. Көмек қылып, көлігімді қайтар. Әйтпесе арыз айтып, әріге барамын»,- деген шағым түседі. Мақаш болса әлгі туысын шақырып ап: «Әй қазағым-ай, Құрманғазы болса жылқыңды үйірлеп айдап кеткен ештеңесі жоқ, бар-жоғы айдалада түз тағысы қасқыр да жеп кететін бір ат емес пе?! Құдайға шүкір, Құрманғазының сол бір қотыр тай құрлы құрмет-беделі бар шығар. Ауыз толтырып айтуға жарамайтын әңгімені де шағым деп, ит төлеуі бар күшік, керек болса, сол аттың құнын мене-ақ аларсыз»,-деп басу айтыпты деседі.

ТУРА СӨЗГЕ ТОҚТАМ

Мақаш оншақты ағаман, құманшыларымен келе жатса, алдарында жолмен жалғыз баспақ айдаған бір бала кетіп бара жатады. Аттылы кісілер дүсірлетіп жақындаған соң баспақ жолдан шығып кетіпті. Бала жүгіріп, баспақты, жолға қарай қайырып: «Ой арам қатқыр, шошқаның дұрыс жүрмеуін қарашы», -дейді. Мақаш оған: «Қой балам! Ол не дегенің. Малға шошқа деп айтпас болар»,-депті. Сонда бала Мақашты таныды ма, жоқ па, кім білсін: «Тура дұрыс жолмен жүрмесеңіз, сізді де шошқа деймін»,- дейді. Мақаштың қасындағылар бұл сөз үшін балаға қамшыларын көтере ұмтылады. Мақаш оларға басу айтып: «Баланың жауабы өте дұрыс, әділ айтты, жөн сөзге тоқтамағанның бәрі доңыз, ол үшін қаршадай ұлды жәбірлеуге болмайды», - депті. Баланың аты-жөнін сұраса, ол сол маңдағы Батыр дейтін кедей етікшінің ұлы екен. Мақаш балаға риза болып, оны жақын жердегі бір дүкенге апарып, бастан-аяқ киіндіріп, әке-шешесіне шай, секер алып беріп жіберіпті. Бала рақметін айтып кетіп бара жатқанда оның соңынан қарап тұрған Мақаш:

Әкесі кедей, бала –жас,
Тілі өткір, ақ алмас.
Кез келген қазақ әйелі

Осындай ұл таба алмас, - депті. Осы Төлеш атты бала өскенде өткір тілді шешен, ел ағасы болып, Ұлы Отан соғысы жылдары қартайып барып дүниеден өтіпті.

ШОРА БИДІҢ КЕЗЕГІ

Әдетте Мақаш үйінде ел ішіндегі аузының желі бар ақындар мен шешендер, билер мен шежіре жандар жиі бас қосады екен. Ондайда әңгімені алдымен алаша Шора би бастайды да,қалғандары қостап, толықтыратынға ұқсайды. Бірде Мақаш ауылына Жайықтың сол бетіндегі Қаракемпір шеркеш Еламан би келеді де, осыған орай ел ішіндегі сөз білетін үлкен-кіші бас қосады. Сонда жиналғандар әңгімені алыстан ат арытып жеткен құрметті қонақ бастайтын шығар деп күтіп отырғанда бұрынғы дағдымен Шора би сөз алады. Осы кезде Мақаш:

- Ау, Шөке, шыдамадыңыз ба, мұнда сізден өзге де, басқасын былай қойғанда Ақ Жайықтың ар жағы - Қарабау, Тайсойған бойынан келген адамдар да бар еді ғой. Әуелі әңгімені солардан күткенде болар еді-ау,- деп басу айтады. Сонда Шора:

- Ой шырағым –ай!

Отырсам опақ дейсің,
Тұрсам сопақ дейсің!
Қатты жүрсем желбос дейсің,
Ақырын жүрсем маубас дейсің.

Сенің қайтсем бабыңды табам, әуелі ауылдың алты ауызын бастау біздің міндет емес пе еді, - дейді. Мақаш болса, ауыл ағасының бұл сөзіне де құлақ қойып, «әуелден әңгіме десе дес бермеген Шөкең еді ау» - деген оймен: «Олда жөн екен, бастай беріңіз», - деп жол ұсыныпты.

ЖЕТІ АҒАЙЫНДЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ

Бірде қызмет бабымен Мақаш хан ордасына келгенде осы өңірде тілге жүйрік, сөзге шешен Малтақан деген би бар деп естіп, ақыры онымен тілдескенді қалайды. Артынша өз тілегін айтып Малтақанға кісі жібереді. (Малтақан-белгілі ақын Тайыр Жароковтың қарт атасы. Ол Бөкей ордасында табанды тауып айтқыш, шешендігімен аты шыққан адамдардың бірі. Он жеті жасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Оның бірсыпыра билік сөздері әлі күнге ел аузында сақталған). Бұрыннан Мақаш атын естіп жүрген Малтақан бұл тілекті құп алып, кездесуге келіседі. Малтақан келгенде Мақаш шаршы төрде құс жастықты шынтақтаған күйі жантайып жатыр екен. Өтініш еткен адамының келгендігін көргенде Мақаш орнынан ұшып тұрып, көріседі де құшағын жазбаған күйі:

- Малтақан аға, Сізді осы өңірдегі құлағы түрік, көкірегі ояу, тілі жүйрік, қара сөздің жорғасы деп естимін. Осы орайда өзімді толғандырып жүрген бір-екі жайды түсініскім келеді. Атап айтсам - дүниеде «айналайынның» шегі нешеу? Әбден кейігенде «атаңа нәлет» деп ренжиміз. Дұрыс-ақ, олай болса атаңа нәлеттің түрі қандай? Отырмай тұрып осы жайларды түсіндіре кетсеңіз, - деп қолқа салады.

Сонда Малтақан:

- Е, Мақашжан, бар болғаны осылардың жауабын таба алмай, дал болып жүрсең, әуелгің үш, кейінгің төрт ағайынды ма деп қаламын. Олар- өзің үйде бол, болма ауылыңа ат байлаған ес-дос, жақын-жарын, кез келген құдайы қонаққа жарқырап отырып барын базар ете, берген шайын шалып тастаған тоқтыға, тоқтысын жетектетіп, мінгізіп жіберер тай-құнанға пара-пар етіп, есте қалдыратын ақжарма, жайсаң қатыннан айналайын!

Содан соң жүген алып, жүгіріп барғаныңда теріс айналып, артын бермей, қасқайып қарап тұратын ер қанаты-атыңнан айналайын! Байтақ елге басшы болып тұрғанда қол астындағы пақыр-мүшкіл адамдар әлді-халділерден таяқ жеп, тепкі көріп, алдына аңырап келгенде байдың малы, бидің ажарына қарамай, кемді теңгеріп, жылағанды күлдірген, құлағанды сүйеген, сөйтіп төрелігін дәл айтқан хәкімнен айналмас па? Ал нәлетің: ес-дос, жора-жолдас, болмаса алыс жолдан арып-ашып жеткен құдайы қонаққа «үйде су жоқ», «әбдіреде ас жоқ», «аулада отын қалмапты» деп пеш артында кіржіңдеп, аяқ-табақпен алысып, ошақ басына жоламай қоятын қатын-атаңа нәлет! Мойныңа бұршақ салып, Алладан алты ай жаз, үш ай күз сұрап, тілеп алған ұл-қызың есейіп, бой жеткенде әйелі не күйеуінің пыш-пыш күңкіліне ілесіп, жағың түсіп, буының салдыраған кезде өзіңе ақырып-бақырып, төбеңе зікір салса, басыңа әңгір таяқ орнатса нағыз соның өзі-атаңа нәлет! Қысы-жазы екі ауылдың арасын шаң қылып, қара суды қақ бөліп ішкен көршің көне сырды бөлісіп, жастығыңды жаңғыртар жалғыз досың келгенде біріге алмадың деп сырыңды жатқа жайып, сыртыңнан ғайбаттаса, сол-атаңа нәлет! Басыңа бақыт дарып, халқыңа аға атанған шағыңда біреуден қорлық, озбырлық не қиянат көрген пақырлар мен жаяулар алдыңа келгенде байдың малы, бидің жағы, мырзаның сыйына қызығып, жылағанның жанына, дау-дамайдың сырына шым батып, үңіле алмаған хәкім-атаңа нәлет!.-деп жауап беріпті. Малтақанның жауабына дән риза болған Мақаш: «Аға, бәріне де дұрыс аттыңыз. Қай-қайсысы да өмірде кездесетін жайлар екен. Сізге көптен-көп рахмет!-деп, жанына отырғызып, таңға созылған ұзақ әңгіме-дүкен құрыпты.

ҰЛЫ ӨСКЕННІҢ ҰРТЫ ӨСЕДІ

Кезінде Мақаштың мыңғырған малы, жар тіреген дүниесі болмағандығы, керек десе сол байлыққа өкпесі өшіп, қызықпаған, қолда барын қонақ күтіп, балаларын оқытуға арнағанын көнекөз қариялар айтып отырады. Сөйтсе оған мұндай қасиет әкесі Шолтырдан дарыса керек. Мүмкін содан ба, ел ішінде ол кісі туралы аса бір байлық иесі не ол айтты деген қанатты сөз жоқ, қайта Бекпембеттің өзі Шолтырға «маубас» деп көңілі толмапты деседі. Бірде жұрт жиналған үлкен отырыста атақты Шора би өзінің келе бастаған келісті нарларын аузының суы құрып мақтап, айналасындағыларға сөз бермепті. Бұл нары түгіл, түйесінің өзі санаулы Шолтырдың шамына тиеді. Бидің жуық маңда тоқтамасын түсінген ол оңтайлы сәтте аз-мұз жөткірінген күйі сөз бастап кетеді: «Иә, баласы бар баласын, баласыз Шора асқа тойған қарнын, өріс тоған нарын мақтайды», - десе керек. Сөйтсе ол Шораның өз бауырынан өрбіген баласының жоқтығы, өзінің жас та болса, халыққа танылып қалған Мақашын тілге тиек еткен екен. Жоқтық қол байлайды, тіл кеседі. Оның үстіне жоғы бала болса. Сөзден тосылған Шора: «Е,қазақтың ұлы өскеннің ұрты өседі» дегені рас екен-ау, сөйле, Шолтыр, сөз сенікі», - деп отыра кетіпті.

ҚЫСЫР ТІЛДІ ҚЫЗДАРБАЙ

Тайсойған бойының Еламан Шеркеші - Қыздарбай бірде Нарын құмының күнгей бетінде отырған Мақаш інісіне сәлем бере барады. Амандық-саулықтан соң әңгіме басталып, бара-бара қыза түседі. Қонағының сөзге алымды, ойға шалымдылығын аңғарған Мақаш:

- Тіліңіз жүйрік, сөзіңіз мір, ойыңыз биік, өзіңіз дүр қай ауылдың ағасы едіңіз. Бұрын көрмегендіктен жыға тани алмай отырмын, - деп, алыс-жақындағы ауылдың біразын атапты. Сонда Қыздарбай: «Атаған ауылдарыңның бәрінен де емеспін», - депті.

Мақаш ойға қалып: «Шеркеш Елмаманда қысыр тілді Қыздарбай деген ағамыз бар деуші еді, мүмкін сол шығарсыз», - дейді.

Осы шақта Қыздарбай:

- Болсақ болармыз. Әйтсе де сөзімде қысырлық жоқ еді, бірақ ауылда қисық төс буыршындардың көптігі ме, кейде бұзылып кететінім рас, - дейді. Сөзден тосылған Мақаш әңгімені бұдан әрі өрбітпей, айыбын мойындапты.

ЕСКІЛІКТІҢ КҮРМЕУІ

Еуропаша білім алған Мақаш өмір бойы орыс достарымен тығыз қарым-қатынаста болып, байланыстарын үзбеген. Өзі көшпелі халық тұқымынан шықса да жерлестеріне отырықшылық, шаруаның өндірістік жағы, атап айтқанда, мал шаруашылығына қоса балықшылық кәсіпке де үйрену керектігін айтып айтып отырған. Балаларын осы бағытта баулып, орысша білім алу керектігін ұғындырған. Бір жылдары Мақаштың үлкен ұлы үйленбек болады да, ол үшін Себек Беріш Бегәлінің ауылына құда жіберу реті келеді. Бірақ ол әу бастан қалың мал, кит дегенді жаны жек көреді екен, сонда да болса ағайын-туыстарын жинап-ап ақылдасады. Әңгіме арасында Бегәлінің белді жер, өктем адам, өз ортасында сауаты да жетерлік, елдің әр жақ, бер жақ мәдениетінен толық хабардар, мұсылмандық салт-дәстүрді де қатты қадірлейтіндігін айтады. «Сондықтан,- дейді ол, - Бегәлі біздің адамдарымызды біраз сын тезіне салуы ықтимал. Ендеше біз мұндайда ұпай жібермес үшін және өзіміздің орыс халқымен берік достық, ынтымақтастығымызды білдіру мақсатында құдаларды орыс жолдастардан жіберсек деймін. Оған сіздер қалай қарайсыздар», - дейді. Бірақ Мақаштың ағайын-туғандары бұл қазақшылығымызға, салт-дәстүрімізге таңба болады деп, өз ауылдарының кебеже қарын, кең құрсақ екі-үш адамын аттандырады. Айтқанындай, Бегәлі құдаларының әр сөзінен көлеңке іздеп, әрі құлатып, бері жығады да, ақыры «Қызымды қырсықтың қырық, қыңырдың мың кәдесін бергесін ғана аласыңдар» деп қайтарып жіберді. Мұны естіген Мақаш өзімшіл де дәстүршіл ағайындарына: «Айтқанымды тыңдамадыңыздар, ақыры ескінің аяқ тұсаған ала ауыз сарқыншағына әкеліп ұрындырдыңыздар. Әрине, таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді емес пе?! Бегәліге 40 қысырақ, 100 саулық жинап беруден басқа амал жоқ»,-деп ақылға кеп, сабырлылық танытады. Сөйтіп кейіннен Бегәлі бидің тілегі орындалады да келін түседі. Бірақ үйелмендік ғұмыр ұзаққа бармай, Мақаштың ұлы қайтыс болады да , келін жесір қалады. Мақаш жыл өткен соң, жас келіннің бағын байламай бір кездегі жасауымен ризалық кейіпте төркініне жеткізіп салады. Кетерінде: «Шырағым, сен бақытсыз болсаң, ол алдымен әкеңнің пейілінен деп біл, мен халқымыздың ата салтына қарсы емеспін, бірақ та әу бастан туған баланы пұлдау, малға сату дегенді жаным жек көреді. Өзіңе де осындай өтініш жасағанда ішім жақтырмап еді. Ақыры аһ ұрған өкінішке әкелді. Жазмыштан озмыш жоқ деген осы», - депті Мақаш.

ҰРПАҚҚА ҮМІТ

Мақаш көп жағдайдатұстастары, болмаса аузы да дуалы қариялармен әңгіме - дүкен құрып, бас қосқан сәттерде қасына немерелері немесе барған үйінің жас баласын алып отырады. Сөйтіп үлкендер сөзін тыңдаттырады, қонақтағы құрметті сол балаға көрсетеді екен. Қайнысының бұл қылығын байқап жүретін кәрі жеңгелерінің бірі Мақашқа: «Қайным-ау, осы өңірде білімі мен бітімі жағынан өзіңнен өткен ешкім жоқ. Сондықтан біз өзіңді арамыздағы ең сыйлы-үлкеніміз дейміз. Ал сен болсаң қандай отырыста да өзіңнен жоғарыға бала отырғызасың, осыныңды түсінбейміз. Бұл әлде сенің балажандылығыңның көрінісі ме?!»-дейді. Сонда Мақаш: «Жоқ ,бұны балажандық емес, қайта келешекке үміт арту деп түсінген дұрыс. Болашақ солардікі. Ендеше ол халқының, ата-бабаларының өткенінен хабардар, сөз түсініп, салт-дәстүрімізді білетін адам болғаны дұрыс. Соған сай мен қандай баланы да өзімнен жоғары санаймын. Олай болса, ауылдың үлкені де осылар болса керек»,-деп жауап беріпті.

ІЗБАСАРҒА АҚЫЛ

Мақаш қартайып, зейнеткер болған соң, оның орнына Қарабай Мерәлі дейтін кісі әкім болып бекітіліпті. Ол алғашқы күннен әлсіздерді аямайтын қатал, өр көкіректігі, оның үстіне парақорлығымен танылып, халыққа ұнамапты. Мұнысы барған сайын ұлғайып, өсе түседі. Әкімі осындай болып, оның үстіне жергілікті байлар мен старшындардан қысым, жәбір-жапа көрген кедейлер мен әлсіздер амалсыздан көз көрген Мақаштарына шағынып: «Мерәліге бірдеңе айтсаңызшы, ол күннен-күнге халықтың емес, қарынның қамын ойлап, екі аяғымызды бір етікке тығып, қуырып барады»,-дейді. Ел ішіндегі бұл жайдан хабардар Мақаш жұршылық тілегін ескере отырып, жаңа ізбасарына көнекөз ретінде ақыл-кеңесін айтып, хат жазады. Хат соңын былай аяқтайды:

Мықтымын деп тасыма,
Осалмын деп жасыма.
Өзімшілдік, озбырлық,
Ой келмесін басыңа.

Менменсісең асқақтап,
Жақының келмес қасыңа.
Такаппарлық жаман-ды,
Түбінде қорлық басыңа.

Харам салсаң құсарсың,
Ішетұғын асыңа!
Нәпсі құмар, зор болсаң,
Былғанарсың насыңа.

Түстен кейін опынар,
Іс түскендер басына.
Әділ болсаң, ақ көңіл,
Қарсы алар халқың асыға!

Мақаштың ақыл-кеңестері қалай әсер еткені қайдам, артынша Мерәлі бұл орында көп отырмай, Талов қисымына жұмыс ауыстырып кетіпті.

ҚҰРДАСТАР ҚАЛЖЫҢЫ

Жантұрған Мақашпен құрдас екен. Ол Мақаштың үйіне келгенде көрінім жерден шауып келіп, атының басын босағаға тірей бір-ақ тоқтапты. Бұл шабыстың артында бір үлкен астар бар екенін сезе қойған Мақаш: «Мен сені «Жантұрған құрдас» деп жүрсем, барып тұрған антұрған құрдас екенсің ғой, есі дұрыс адам есікке дейін шауып келе ме?!» - дейді. Сонда Жантұрған: «Сен деген аппақ шыны шөлмексің, мен бір қара балтамын, саған тиіп кетсем, шылдыр етіп сынасың да қаласың», депті. Құрдасының бұл сөзіне дұрыс түсіне алмаған Мақаш: «Шынанда да барып тұрған антұрғансың-ау»,-депті де қойыпты. Кейінгі бір жылдарда Жантұрған өз елі Мыңтөбе жақта болған бір дау-шарға билік айтып, есте қалар естілік жасайды. Бұл билікке риза болған дау иелері Жантұрғанға көңіл толарлық көлемді сыйлық беріпті. Бірақ бұл кей жерлерге пара алған болып таралады. Мұны Мақаш та естіп, бір кездескенде: «Сен бір қара балта едің, ата сақалың аузыңа біткенде таттанайын деген екенсің», - депті. Құрдасының бұл сөзін тез түсінген Жантұрған сол бойда кешірім сұрап, айыбын мойындапты.

БАҒА

Қара сөздің қадірін ерте таныған Мақаш ел ішіндегі өзі құралыптас шешен-билерге әзіл-шыны аралас баға беріп отырған. Солардың бірін ел ішінде былай келтіреді:

Бегәлі – Беріштің керігі,
Әтембек – Адайдың жерігі.
Жантұрған мен Бектұрған
Жел гулеген көрігі.

Бәрінің де өктемсіп,
Болып тұрған дер күні!

Шындығында да, бұл бағаны халық аталмыш жандарға дәл айтылған сөздер деп әлі күнге қадірлейді.

СОҢҒЫ ТІЛЕК

Мақаш өлерінің алдында тамағынан қара су өтпей қатты ауырып, жора-жолдас, ағайын-туыстары бұл кезде көбірек қатынап, хал- жәйін біліп жатады. Сондай сәттердің бірінде ауылға ардақты қариялар одан:

- Сен бұл өмірде көпті көрдің, елу жылдай ел басқарып, халық алдындағы беделің жоғары болды. Қазір сырқатың күн өткен сайын меңдеп, хал үстінде жатырсың. Артық кетті деп ренжіме, бірақ өзіңнен мынаны сұрағымыз келеді. Осы өмірде не арманың бар? Әлде армансыз өткен адамның бірі өзіңсің бе? - деп өтініпті. Мақаш болса біраз уақыт үнсіз жатып:

- Өз қатарымның алды едім деу асығыстық болар, кейін қалдым десем тағы да күпірлік сияқты. Ес кіріп, есейген шағымның бәрінде халқымның қасиетті салтын қастерлеп, иманды қалпын дәріптедім. Орыстың білімін меңгеріп, ілімін игергенді ұнаттым. Ағайынның асылын ардақтап, жасығын шабақтадым. Сонда байқағаным - адамның мардымсызы болса да, армансызы болмайды. Өз басым өмір бойы жақын болған орыстың көптен бері әңгіме боп келе жатқан революциясын, жасампаз жаңалығын көргім келеді, бірақ тілекті құдай бермеді. Өкініштісі сол,- депті.

ШЕРНИЯЗДЫҢ ЖАУАБЫ

Мезгіл қыс болса керек. Іңір қараңғылығы түсіп, көз байланған шақ. Мақаш ауылы да малдарын жайлап, кешкі шайға отырған сәт екен. Тыстан «Әй, кім бар-ау?!» деген дауыс шығып, жасырақ балалардың бірі тұра жүгіреді. Сөйтсе түйеге пішен толы тарантас арба жегіп, сол пішеннің қақ ортасында басы қылтиған жалғыз қария үй алдында бйда тартып тұр екен. Баланы көрген ол:

- Балам, бұл кімнің ауылы? - дейді.

- Шеркеш Мақаштікі, - деп жауап береді кішкене ұл.

- Е, бопты ендеше, үй иесіне қоналқыға келген құдайы қонақтүнемекке ұлықсат сұрайды деп айтқын, - дейді қария.

Қазақ баласы болса да орыс мәдениетіне жақындау тәрбиеленген ұл әуелгіде қарияның пішен ортасына қонжиып алған кейпіне таңданыс білдіріп: «Ата, Ақкөкеме қай жақтан жолаушылап жүрген жан дейін?!» - дейді. Қарғадай ұлдың халық дәстүріне қайшылау сұрағы шымбайына батып кеткен жолаушы:

Қыс қыстауын сұрасаң,
Шыңғырлаудың саласы.
Жаз жайлауын сұрасаң,
Ойыл, Қиыл арасы.

Өзімнің атым Шернияз,
Жарылғас молда баласы.
Сөзімнің жоқ шаласы,
Міне, қызық, қарашы,

Ауылға келген қонақты,
Аты-жөнін сұрамай,
Қондырмайды-ау шамасы, -

деп жауап берсе керек. Мұны естіген Мақаш еріксіз қонағының алдынан шығып: «Баладан бір шалалық кеткен екен, кешіргейсіз, айыбымыз мойнымызда», - деп көлігінен түсіріп алғанға ұқсайды. Одан әрі бір апта қонақтап, қошемет көрсеткен күйі аттандырыпты.

АТА САЛТЫҢ – ХАЛЫҚТЫҚ ҚАЛПЫҢ

Мақаш елге шығып, тұрғындар арасында болғанда қандай қонақасыда да етті қасындағы атқосшысына (ол кезде мұндай жандарды ел ішінде құманшы дейді екен) турататынға ұқсайды. Сондай сапарлардың бірінде сыбаға қазандағы оттан түскен күйі ыссы келіп, қосшының қолы күйе берсе керек. Шарасыздан ол ыссы етті үрлей беруден басқа амал таппайды. Мұны байқап отырған Мақаш әбден шыдамы таусылған күйі: «Халқымызда жейін деп отырған тағамды үрлемейді. Үрлеп жан тапсырайын деп жатқан жанға дем салады. Неғып сен бұл сөзді естімегенсің, - дейді де әңгімесін жалғастырып. - Біз үшін ата-бабаның әр сөзі - алтын, дәстүрі - мұра. Қашан да ата салтың-халықтық қалпың болса керек. Ет жүректен шыққан сөз - ет жүрекке жетсе игі, бұл есіңде болғай қарағым», - деген екен. Мұны естіген атқосшы да, етті ыссы әкелдірген үй иесі де ұялғандарынан ештеңе дей алмай жерге қарапты.

ӨКІНІШ

Бірде Жантұрған Мақаш ауылына келгенде құрдасы оған атынан түспей жатып:

- Жантұрған, бір сұрағым бар еді, әуелі соған жауап берші, - дейді. Құрдасы: «Мақұл, айтқын!» десе керек.

- Ендеше, адам жанының рақаты мен машақаты неде деп ойлайсың?

Жантұрған сол ат үстінде тұрған күйі жаймен ғана қарнынсипайды да көлігінің басын ауылына бұрып кете барады. Ештеңеге түсінбеген Мақаш күндер өте Жантұрғанмен кездескенде: «Жаке, өткенде сауалымның жауабын айтпастан кете барғаның не, мен болсам әділ сөзіңді әлі күнге күтудемін», - деп салады. Құрдасы осы кезде еш қысылмастан: «Мақа, қателесесің, мен жауабымды сол бойда бермедім бе, неғып түсінбегенсің», - дейді. Мақаш болса, шынымен түсінбегендігін айтады.

- Бұл жалғанда жанның рақаты,- депті сол кезде Жантұрған, - тәбетің алғанша тамақ ішіп, оны бойыңа сіңіру және оны таза ауалы сахарада еш қиындықсыз босата білу ғой. Ал машақаты – осыларға қол жетпесе, сол кәріп.

Бұған мән бермеген Мақаш:

- Мен сенің аузыңнан есі бар, бәтуалы, аталы сөз шығады десем, қайдағы ішкен-тышқаны тізбелеген занталы сөз шықты ғой, аттың жемін жеп, тайдың ойынын ойнаған көк мылжың екенсің, - деп әзілдеген күйі, теріс айналыпты. Әйтсе де, күндердің күнінде Мақаш қылтамақ ауруымен ауырып, тамағынан бір қасық қара су өтпей, өткенін жөнімен босата алмай, қиналып жатқанда құрдасының сол бір сөзін еске алған күйі: - Жантұрған әулие екен ғой, неғып мен оның бір айтқанына мән бермегенмін, асылы құрдастығым жеңіп кеткен шығар, - деп өкініпті.

ӘКЕ АРМАНЫ

Тышқанбай өз қатары ішінде аталы сөзден мойны ұзын, көп құрметіне бөленген жанның бірі болса керек. Бірде ол қыдырып, ел аралап жүріп Мақаш аулына соғады. Бұл кезде әкімнің Қазан қаласында оқып жатқан Әміржан, Жәмілжан атты балалары жазғы каникулға келіп жатқан кезі еді. Тышқанбай әңгіме арасында:

- Мақаш, балаларыңды осы бастан оқытып, баулып, өзіңдей ел басқарған үлкен әкім болсын, жұрт «Мынау Мақаштың балалары екен ғой, әнекей, көргенді әкенің баласы» деп айтатындай дәрежеде тәрбиелеп жатырсың ба? – дейді.

- Жоқ, Тышқанбай аға, тірі жанға ел басқарып, ерекшелену міндет емес, есесіне ел таныған үлкен азамат болу міндет. Сондықтан мен балаларыма ел басқарыңдар, әкім болыңдар деген мақсатта емес, қайта халқының қызметшісі атанып, жалғыз Мақаштың ғана емес,жалпы алты алаштың ағасы, асыл тонның жағасы болғайсыңдар деп тәрбиелеп, үйретудемін, - деп жауап беріпті.

АҚЫЛСЫЗ АДАМ ПАҢ БОЛАДЫ.

Тәзіке Адай Мұқыш Мұңайтпасұлы өзінің еті тірі, өтімді сөзімен көпке үлгі, көршіге сыйлы жан болыпты. Соған сай оны Мақаш та туған інісіндей қадірлеп, жақсы көреді екен. Мұны арқа тұтқан Мұқыш қандай ортада да орынды сөзін ірікпей, әділ бағасын атқара алатын болса керек. Бірде ол Беріштің Бегәлісінің ауылына ат басын тіреп, белгілі биге сәлем бергенді жөн көреді.

Үйге кіріп келген Мұқыш тас төрде шәниіп жатқан Бегәліні көреді де:

- Ассалаумағалейкум, ағасы, аталы сөздің саласы, - деп сәлем береді. Үй иесі үндеместен қолын бір сілтеп «Келген ізіңмен кете бер, кіруге ұрықсат жоқ» деген ишара жасайды. «Ел таныған би еді, есі бар сөзді сүйеді» деп үлкен үмітпен келе жатқан Мұқыш ағасының бұл қылығына қатты көңілі қалып:

- Тасып кеткен екенсіз, берген сәлемді алмадыңыз, сәлемнің садағасы кетіңіз, - депті де шығып жүре беріпті.

Байыпты болса да батыл айтылған бұл сөз шымбайына батып кеткен Бегәлі сол бойда қарулы жігіттерін шақырып алып:

- Әлгіні ұстаңдар да жонына жиырма дүре дойыр ойнатыңдар, бірақ оны ешкім білмейтін болсын, - деген пәрмен айтады. Білдей рулы елдің беделді биінің бұйрығын орындамасқа амал қайсы, бәрі де белгіленгендей болып жүзеге асады. Әйтсе де арада аз уақыт өткенде әлгінің бәрі елге тарап, құлақтанып кетеді.

Кейіннен екі округтің ел таныған билері бас қосқан бір отырыста Жантұрған Мақаштан «Ақылсыз адамның қандай белгісі болады» деп сұрайды. Сонда Мақаш:

Қашан да ақылсыз адам паң болады,
Көзі соқыр, көңілі кір, шаң болады.
Адам баласын көрсе үркіп тұратын,
Сүйкімсіз, жыртқыш аң болады, - депті.

Бұл бір бүйірінде тізе қосып отырған туған құдаы Бегәлінің жүрегіне шаншу болып қадалады. Күндер өте екі құданың арасы бірте – бірте алшақтай бастаса, оған себеп осы бір сөздер болса керек.

БЕГӘЛІНІҢ СӨЗДЕН ҰТУЫ

Нарын өңірінде орыстың үш ат жеккен салтанатты пәуескесін алғаш пайдаланған адам Мақаш көрінеді. Сол арқылы елдегі байлар мен басқа да әкімдер бұл жаңалықты тұрмысқа батыл енгізе бастаған. Бірде Мақаштың атқосшысы оған: «Ақкөке, біздің аттардың ішіндегі шеткі ақбозы аз-мұз қияңқы, шабан, ұзақ жолда сыр беріп, болдырып қалады. Сондықтан өзге көлікпен ауыстырған дұрыс. Ол үшін Бегәлі құдаңыздың үштігінде бір жақсы ат бар. Сыртқы тұрқы, аяқты кербез алып тастауының өзі бір қаралық», - дегенді айтады. Мұны естіген Мақаштан дегбір кетіп, қашанғы қанындағы атқұмарлығына басып: «Ендеше несіне кідіресің, тарттық Бегәлі ауылына», - дейді. Шамасы Бегәлінің тыңшылары да құдалар жағында аз болмаса керек. Әлгі хабар әйдемге бармай құдалар құлағына да жетіп үлгереді. Әйтсе де басынан билік асырып көрмеген айласы мол қария тез арада тоқтамға кеп, шешімін де жасап тастайды. Үй артына ат байлатып, қазық қақтырып, үйге дейін кілем төсеттіреді. Содан соң кемпіріне: «Сен Мақаш келгенде құрақ ұшып қарсы ал да аяғын жерге тигізбестен үйге кіргіз. Малыңды сойдырып, қазан көтер. Алдарыңа шай келе бергенде мен де жетермін, арғы жағын өзім келістіремін», - деп көрші ауылдардың біріне бет алып, бой тасалайды. Кемпірі әлгі айтқандардың бәрін де бұлжытпай орындайды. Уәделі шағында Бегәлі де жетеді. Үйге кіріп келген ол Мақаштың бұл келісін күтпеген сыңай танытып:

- Оу, құда, келетіндігіңізді ертерек хабарласаңыз нетті, өзім-ақ күтіп алатын едім ғой. Жағдайыңыз болмай жатқан шығар. Құдағиыңыз қалай қарсы алып жатыр? - деп сұраулы пішін танытады.

Сонда Мақаш:

- Жоқ, құда, мен осы өмірімде біраз жерді көріп, дәмін таттым, адамдарын танып, құрметіне бөлендім. Бірақ ойлап отырсам, солардың бірі де осы құдағидың құрметіндей қошеметті көрсете алмады. Бек ризамын, - дейді де көрген құрметін айтады.

Осы кезде мырс еткен Бегәлі:

- Әй, қайдам, бұл да көп атаңа нәлеттің бірі болмаса нетті, - деп сыр бермеген күйі отыра береді. Мақаш болса осы сөзге кәдімгідей таңданып:

- Сонда сіздің атаңа нәлетіңізге қалай түсінуге болады? - дейді.

- Дүниеде үш түрлі атаңа нәлет болады, оның бірі - әйел.

- Қалайша? Әйел деген өмірдегі серігің, отбасыңдағы тірегің емес пе?

- Дегенмен халықта, алдымен, алыстан ат арытып, ағайын-туыс, ес-дос, ұялатын жолдастарың келгенде бірде - көл, бірде - шөл мінез танытып, басым ауырып, балтырым сыздап отыр деп, қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатқан әйел - атаңа нәлет;

Қала берді жанға балар жақсы ат деп жүрген көлігің жүген алып, жүгіріп барғанда қасқайып қарап тұрмай, қашқақтап, осқырынып, бөтенсіп, теріс айналса, атың - атаңа нәлет; Одан соң ер қанаты - ат деп, түзде серік, сапарда сырлас төл атыңды біле тұра өмірдегі сыйлап, қадір тұтқан жолдастарыңның бірі сұраса, міне, сол - атаңа нәлет, - дейді. Мұны естіген Мақаш ештеңе айтуға жарамай, құдасының сый-сияпатының аяғына қарамастан атқа қонып, ауылына қайтып кетіпті.

Елде осы бір әңгіменің екінші нұсқасын былайша сабақтайды. Округ халқының жәй-күйімен танысып жүрген Мақаш бірде Жантұрған ауылына келе қалады. Сөйтсе Жәкең үйінде жоқ. Әйелі көргенді, есті адам екен. Отағасының жоқтығын сездірмей, қолдан келген қошеметін көрсетіп бағады. Ұзақ жолдан шөлдеп келген қонақтарға алдымен қымыз ұсынып, құман-шылапшын әзірлеттіреді. Бұл кезде ошақта от өріліп, бауырсақ пісіріледі. Мал сойылып, қазан көтеріледі. Дастарқан басына шай жеткенде, ауыл маңында жүрген Жантұрған би де келіп үлгереді. Аздаған аман -саулықтан соң үй иесі бәйбішесіне қарап: «Шырақ, сен не істеп жатырсың, малың сойылып, қазан көтерілді ме?!» дейді. Әйелі өз ісінен хабар береді. Бұдан әрі құрдастар арасындағы әдеттегі әзіл-қалжың тағы да жалғасып, орта қыза түседі. Сөз орайында Мақаш құрдасына қарап: «Жәке, сіз бәйбішеңізден қонақ кәде, от қамын сұрарда «Шырағым» деп қалдыңыз. Күнбе-күн қасыңыздан көріп, өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізіп келе жатқан әйеліңізге «Шырақ» деуіңнің қандай себептері бар?» - дейді.

- Е, сен, туған әйеліме шырақ дегеніме таң қалып отырсың ба?! Біле білсең шырақтың да түрі бар. Ол ылғи да «атаңа нәлет» деген кейіспен қарама-қайшылықта жүреді. Мен білсем, олар төртеу.

Біріншісі - далада аузымен құс тістеп, екі иығына періште қонған еркектің жора-жолдас, достары үйіне келгенде, күйеуінің бар-жоғына қарамай қонағына тік тұрып қызмет көрсетсе, қасыңдағы қатын-шырақ. Екінші - діттеген жеріндегі шаруаңа дер кезінде алып барып, көздеген шағыңда үйіңе жеткізген астыңдағы атың - шырақ. Үшінші - қарауыңдағы екі кәріп, дауласып келіп ақыл сұрағанда төрелігін дәл айтқан әкім - шырақ. Төртінші - басыңа қиын іс түскенде, жанашырлық танытып, қабырғасы қайысқан жақын - шырақ. Мақаш бұдан әрі: «Мұныңыз жөн екен. Ал атауы нашар болса да, ауызға ілінген» атаңа нәлетіңізді «нәштеңізші?!» дейді. Бірінші - алыстан ат арытып, арнайы бас тірегенде қонағына кіржіңдеп, үйіне түсірмесе, түсірсе де қатықсыз қара шайды да күліп отырып ұсынбаса, қасыңдағы қатының атаңа нәлет. Екінші - шалғайдағы шаруаңа мезгілінде жеткізбей, жолда қалдырса, астыңдағы атың атаңа нәлет. Үшінші - әділ сөздің айылын төске тартып, тура сөзді төтесінен айтпаған әкім атаңа нәлет. Төртінші - өз басыңа қиын іс түсіп, уайымыңды бір жан таппағанда жаныңнан табылмаған жанашыр ағайының атаңа нәлет.

Жантұрған осыны айтып, алдындағы кесе толы шайын бір ұрттап қойыпты. Осы кезде Мақаш «Апырм-ай, осылардың қай жерінен алдырдым екен. Жел тұрмаса, шөп басы қимылдамайды. Жантұрған әңгімені ылғи да бір нәрсені меңдей отырып айтушы еді. Шамасы жазым басқан жерім болды-ау. Асылы біреулердің арызын жүрдім-бардым қараған болуым керек» деген оймен әлгі әңгімені одан әрмен түпшіктеп сұрай түскенге ұқсайды.

ХАЛЫҚ - ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ҮЛГІСІ

Ұзақ отырған лауазымды қызметтің орындық иесіне жел бітіріп, кеуде кергізетін әдеті. Оның үстіне патшадан алған кеудеге тағар екі-үш сылдырмақ темірі бар және екі округке бірдей әкім болып тұрған тұсы болса керек. Мақаштың қарапайым халық былай тұрсын, қасында жүрген жандайшап көмекшілерінің өзіне салқын амадасып, ұсыныс – тілектерін жүре-бара тыңдайтын да кезі болыпты. Мұндайды қалт жібермейтін Бегәлі би осындай сәттердің бірінде: «Мәке, елге шығып, бой жазайық, үлкендердің әңгімесін, кішілердің ізеті, өнерін тыңдайық. Қарияларға сәлем берейік?!» - деп қолқа салады. Қалай дегенде де қазіргідей қаланың мойнына қылғындырып галстук байлап, қолтығына қатырма қағаз – папка қыстырған тікбақайы емес, ауылда туып, абыз жандардың аузын баққан Мақаш емес пе, аталмыш тілекті бірден қабыл алып, келісім беріпті. Сөйтсе жүрер бағыт анықталып, қонып, түстенер үйлер де алдын-ала белгіленеді. Мақаш бастап, Бегәлі қостаған әкім-қаралар жолға шығады. Бірінші үйде аса көп әңгіме қозғалмай, әр нәрсенің басын шатқан оны - мұнымен атқа қонады. Қоналқаға тағы бір байдың үйіне келеді. Мұнда да сол баяғы тыныштық. Кеудесін керген Мақаш төңірегіне маңғаздана қарайды. Бай батып сөз бастамайды. Бегәлі де үнсіз. Шайды орталай бергенде Мақаш Бегәліге қарап: «Біз сізбен елге шыққанда әр үйдің қазанын бағып, шай құйған келіннің қолына қараймыз деп емес, қариялардың өнегелі әңгімесін тыңдап, өнерлі жастың сауығын тамашалаймыз деп келіскен едік қой. Мынау не ертеден қара кешке дейін бір-бірімізге қарап, тышқан - мысық ойнап отырғанымыз», - десе керек. Сол кезде дәл осы сөзді күтіп отырған Бегәілі: «Мақа, айтуыңыз орынды. Мен өзіңізден емеурін болмағасын, бұзып – жарып бастап кетуді жөн көрмеп едім. Керек десеңіз, қазір де жалғастырайық. Сыртта әңгімешіл адамдарым дайын тұр. Біреу емес, бесеу. Рұқсат болса, бәрін де шақырайын. Жоқ, бір - бірден десеңіз оны да өзіңіз біліңіз»,- дейді.

- Е, солай десейші, бәрін бірдей түйдектеп не қыласың, бір - бірлеп тыңдағанымыз дұрыс болар, - дейді Мақаш.

Сөйткенше болмай басында малақайы, үстінде түйе жүн шекпені бар жұпынылау біреу «Ассалаумағалейкум» деп үйге кіріп келеді де шет жаққа отыра сап, екі қолын жайып дұға жасай бастайды. Дәстүр бойынша дастарқанның басындағы бәрі де бата жасап, беттерін сипайды. Бірақ соңғы келген қонақ қапелдемде қолын жимай отыра береді де біраздан соң барып бетін сипайды. Осы кезде дастархан басында отырған діндарлау қарияның бірі жаңа келген қонаққа қарап: «Дұғаңыз өзгелерге қарағанда тым ұзақтау болды. Жаратқан иемнің басын шатып не сұрадыңыз?» - десе керек. Сонда әлгі: «Әркім өз қажетіне сай сұрайды. Сіздердің шаруаларыңыз түгел, жандарыңыз тыныш адамсыздар. Ал менің жан - жағам толып тұрған ештеңесі жоқ. Қажетіме сай тілек тіледім», - дейді. Мына жауапқа риза болмаған діндар одан әрі иектеп: «Бір үйдің ішінде, бір дастархан басында отырған пенделердің тілегі де, сұрары да біреу. Ол - бас амандығы, тыныштық емес пе?! Сіздікі елден бөлек қандай сауал?» - демесі бар ма?

- Оныңыз дұрыс, - дейді соңғы қонақ, - Тілектің іш-сырт дейтін тұрағы жоқ. Құдай үшін бәрібір. Мен жаратқан иемнен үш тілек тіледім. Оның бірі - әкім жанына қаза бермейтін, бірақ жазылмайтын сырқат тіледім. Өйткені халық тағдыры қашан да әкім қолында. Сол елдің жақсысын асырып, жаманын жасыратын, тентегін тезге, телісін жөнге салатын, кедейге қол ұшын беріп, ынталының өрісін кеңейтетін, жоқты бар, азды көп жасайтын әкім. Бұл - арлы, ақылды әкімнің ісі. Ал даңғой, ақылсыз әкім керісінше істейді. Ендеше, жанына ауру батқан әкім өлімді ұмытпайды, қысқа күнде құдайын қырық рет еске алады, халқының тағдырын өз тағдырым деп қайырымды болады.

Екіншісі - молда атаулыға қысқа ғұмыр тіледім. Себебі - оның айтқаны, істегені, уағызының бәрі сауап. Уақыт өте ол да қарын қамын ойлауға көшеді. Сондықтан жастай өлген діндардың сауабы бойында кетеді де орнын тағы бір молда басады. Өйткені молдасыз ел болмайды. Ол да тез арада сауапқа бөленеді. Сонда халық арасында қарамды жандар азайып, сауаптылар саны өсер еді. Үшіншісі - бестаубайларға таусылмайтын ұзақ өмір тіледім. Өйткені олардың ғұмыр бойғы кәсібі қиянат, біреуді ұрып - соғу, айдап келу,мал - мүлкін тартып алу, талан- таражға салу. Оларға деген халық қарғысы ұшан - теңіз. Ал егер сол қарғыс алған бестаубай жастай өлсе, әкім онсыз отырмайды, тағы бірін алады. Ол да аз күнде қарғысқа кенеледі. Ал егер әлгі шабарманың ұзақ жасаса елде қарғыс алғандар саны күрт азайып, жаны таза адамдар көбейер еді. Дастарқан басындағылар соңғы қонақтың мына сөздерін естігенде еңсесін тіктемей, жер шұқып отырып қалыпты. Бәрі де үнсіз. Осы кезде Бегәлі басын көтеріп, Мақашқа қараған күйі: «Мақа, бұл әңгімеміздің алғашқысы, енді екінші кісімді шақырайын. Оның айтпағы бұдан да жүйелі, бұдан да мәнді», - десе керек. Мақаш осы кезде үнжұрғасы түсіп кеткен басын тіктеген күйі «Жо-жоқ! Осы да жарап жатар. Адам пенде ғой. Пенде де әрдайым асу да, тасу да болады. Ал оны басатын халық. Бегәлі құда, сенің мені бүгін сол қалың халықтың арасына алып шыққаның қандай жақсы болды. Асылы халқынан алшақтаған әкім шындық пен қарапайымдылықтан бір табан қашықтай түседі екен ғой. Бәрін де түсіндім, рақмет!» - деген екен.

МОЙЫНДАУ

Мақаш қылтамақтан қатты қиналып, ауырып жатқанда, қасына құрдасы Жантұрған кеп: «Хал- жәйің қалай, Мақаш, тәуірсің бе?» - деп дауыстайды. Масахананың ішінде жатқан Мақаш өзінің жүдеп, тек қу сүйегі қалғандығын ескерткендей: «Көрімдігің бар ма, әзірлей бер», - дейді.

Жантұрған да адам үшін туу хақ болса, өлімнің де сөзсіз екендігін аңғартып:

- Тірлікте өміріңді өзгелерден өнегелі етіп өткергенің белгілі. Басқарған елің сені әрдайым ардақ тұтып «Ақкөке» деді. Жұртың алдында жалған сөйлеп, жаман аталмадың. Айтшы өзің, осыдан өткен арман бар ма, тағы нең жетпей жатыр?!» - дейді. Сөз ләмін тез ұққан Мақаш:

- Жұрт сені би деуші еді, шынында да бәрін де біліп, тауып айтатын би екенсің- ау, кел бері , әңгімелесейік, - деп жанында жатқан аса таяғымен масахананың етегін көтеріпті.

ЖАУАП

Мақаш әкім боп тағайындалған соң Жиделідегі нағашысы Жұбаныш қарттың ауылына барып, ауыл қарттарынан бата алады.

Жиені аттанарда нағашысы:

- Балам, ер жігіттің қандай жақсы қасиеттері болуы керек?- деп сұрайды. Мақаш оған:

- Ер жігіт ақылды, өнерлі, әділетті, сабырлы болуы керек, - деп жауап береді. Жұбаныш тағы да сауалдарын жалғастырып:

- Өнер, ғылым, әділдік ше? – дейді. Сонда Мақаш:

- Шуағы мол күнмен тең! – дейді.

- Надандық пен жауыздық ше?

- Қараңғы, тұман түнмен тең.

- Қасиетті, жақсы әдеп.

- Бойға жиған пұлмен тең!

Жиеннің жауабына риза болған нағашысы: «Жортқанда жолың, Қыдыр ата жолдасың болсын, балам! Алдыңнан жарылқасын!» - деп атқа қондырыпты.

ӨСИЕТ

Бірде Мақаш кіші ұлы Фазылға ақыл - кеңесін бере отырып, былай деп өсиет айтыпты:

Бойкүйез болма баптанып,
Сөйлеме артық мақтанып.
Аңдып басып аяқты,
Жаманнан жүр сақтанып.

Асығыс, ағат іс қылсаң,
Өтірік айтпа ақталып.
Халқың үшін қызмет ет,
Әділдікке ат салып.

Біреуге сәл өкпелеп,
Жүрмесін ойда тат қалып.
Ғибрат көрсең біреуден,
Соны үйрен жатқа алып.

Даналық сөз жақсы үлгі,
Жүректе қалсын жатталып.
Өнеге боп соңғыға,
Артыңда жақсы ат қалып.

Шындығында, бұны Мақаштың тек өз баласына айтқан ақылы емес, күллі қазақ баласына айтылған өсиеті деп ұққан дұрыс.

ЖҰБАТУ

Мақаштың Қазан университетінің соңғы курсында оқып жүрген Әміржан атты баласы қайтыс болып, ауыр қазаға қабырғасы қайысқан ол ешкіммен сөйлеспей, ақбоз үйге жан адамды кіргізбей жалғыз өзі жатыпты да қойыпты. Көңіл айта келгендерге де басын көтермепті. Бұл хабар от ауызды, орақ тілді Әтембек бидің құлағына жетеді де заманы мен амалы бір тұстасының қайғысына ортақтасу ниетінде жолға шығады. Үйге кіріп келген биді көргенде Мақаш міз бақпай жата беріпті. Сонда Әтембек:

- Ей, Мақаш, баласы өлген жалғыз сен бе едің, тұр орныңнан! – деп ақырып жіберіпті. Ешкім бетіне келіп көрмеген Мақаш әкім оған одырая қарапты да:

- Маған тұр дейтіндей сен кім едің, құдаймысың? – депті.

- Құдаймын.

- Ондай болсаң менің ең үміт артқан баламды алдың, енді не істермін дейсің?

- Мен құдай болсам, балаңды алғаныммен қоймай, басыңдағы бағыңды, астыңдағы тағыңды алар едім. Екі көзіңді су қараңғы соқыр етіп, иығыңа дорба арқалатып, ел кезетін дуана етіп жіберер едім, - деген Әтембек сөзіне шыдай алмаған Мақаш төсектен басын жұлып алып:

- Тәуба, тәуба, тәңірім! Бергеніңе шүкіршілік, қателік менен, осыныңа да қанағат, - депті. Одан әрі Әтембек бимен әңгіме – дүкен құрып,көңілі көтеріліп қалыпты.

ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫННЫҢ ШЕШУІ

Мақаштың Қазанда оқып жатқан екінші ұлы Жәмілжан қайтыс болғанда оның қазасын естіртуге Таманың суырып салма дүлдүл ақыны Досжан бастаған 40 адам барады. Бәрінің де қалайы жоқ, бірі бай, бірі би, құдандалы-жекжат, сырлас, сыйлас, сөзі өтімді құрдас. Ішінде Есентемірдің аузы дуалы, сөзі мір Жанғожа биі де бар екен. Қаралы хабарды Досжан жеткізеді.Бұдан әрі Жанғожа бастаған үлкендер «қазаң қайырлы болсын» айтып, бұл тілекті өзгелер де қостайды. Әрине, бірінен-бірі озған сөз сүлейлері әңгімені әріден бастап,жағдаятты түрліше қозғайды. Бірі Айдарханын әңгімелесе, екіншісі Орынбор, ақыры сөз аяғы сол баяғы қадамға барып тоқтайды. Сонда сөз орайының бірінде Мақаш әңгіме тізгінін қолға алған Жанғожаға қарап:

- Жәке, мен бір нәрсеге түсінбеймін. Қазақ сөзге бай, әр сөзінің ұғымы да терең. Бірақ біреу балалы болса «қайырлы болсын» дейді, қазаға ұшыраса тағы сол «қайырлы болсын», сонда жақсыға да, жаманға да бір сөз, сонда олардың шекарасы болмай ма? Бұған сіз қалай қарайсыз?- депті.

Сонда Жанғожа тұрып: «Е, шырағым-ай,қазақ атаң жақсы мен жаманның ара жігін айырар әр қалай сөзді таба алмағаннан қайыры болсынға» қайырлап қалды деп пе едің. Әңгіме оның мәнінде ғой». Бүгін біз сенің қанатыңның қайырылып,ұзын жолдағы балаңнан айырылып, кезекті бір үмітіңнің үзілгендігіне ортақ болып отырмыз. Сенің жалғыз басыңдағы қайғыға қырқымыз боп кеп пайғамбардың хадисіндегі «40 рудан жиналған жанның қырық қабат тілегі де қабыл» дегенді бетке алдық. Бұл әлгі айтқан «болған істің қайырын күт. Қалған ұл-қызыңның жақсылығын көр» деген сөз. Байқасаң өмірдің бақыты бір-екі баланың басына байланып тұрған ештеңесі жоқ. Құдайға шүкір, жарың жанында, дәулетің алдында. Күйзелсең - ортақтасар, күңіренсең басу айтар хақың бар. Ақыры қайыр деген осы емес пе?! Қайыры болсынның бәрі «Жаманның да, жақсының да соңын күт. Өмірдің мәні - өлмеген жанның тірегі дегенде жатыр емес пе?! Құдай қайырсыз күн, қайрансыз тірліктен сақтасын» депті. Құдайға шүкір, атақ-абырой бар. Жас өседі, жарлы байиды. Бірақ билік қолдағы мұз беті келсе тұрады, ретсіз болса ериді. Әйтсе де мәңгілік тақта қалған ешкім жоқ. Сол кезде кешегі алдыңғы кесіп өтпеген халқың «Мынау кешегі Мақаш еді. Елді ұйыстырып алақанда ұстап, ауылдың абыройы, адамдарының азбауы үшін жұмыс істеген жампоз еді» деп сол баяғы қол қусырып сәлемін берсе, басын иіп құрметін көрсетсе, еңбегіңнің өтеуі, қызметіңнің қайыры деген сол. Ендеше қазақтың қайырлы болсынында көп мағына бар. Қашан да адал тірліктің қайырын берсін» депті. Сонда Мақаш тұрып:

- Апырай, мен осы сөздің мәніне тереңдеп үңілмеппін-ау. Байқасам, көбігі көп – көп сөзден көлеңкесі мол бір сөз артық екен-ау. Е, Аллам, бәрінің де қайырын бер! – деп отыра беріпті.

БАЛА ӘКЕДЕН КЕМ ТУАДЫ

Бірде Мақаш өзі аса бағалайтын Әтембек биді сынамақшы болып былай деп әдейі сұрамай ма:

- Әтембек, осы бала әкеден бір шелек кем туады дейді. Сол өтірік сөз-ау. Менің әкем Шолтыр сауатсыз, ауыл арасынан ұзап шықпаған, байлығы мен билігін айтпаса, ауыз толтырар әрекеті жоқ көптің бірі еді. Ал мен болсам, оқыдым, 12 пән игеріп, ел басқардым... Бұған таңданыс білдірген Әтембек:

- Е, бала әкеден кем туа ма, артық туа ма, кім білген. Менің білетінім – сен әкеңнен бір шелек емес, бір пұт кем тудың ба деп ойлаймын. Өйткені әкең Шолтыр өз әкесі Бекпембет өлгенде көк биенің сүті, қоңыр қойдың жабағысын қосып, қызыл саздан, азбайтын-тозбайтын жер сұлуы - Сасықтауда күмбездеп мола салып, перзенттік парызын өтеген еді. Ал сен әкең Шолтырға соның бірін де істей алмадың, керек десең әкеңнің қайда жатқанын да адам білмейді, - деген екен. Сонда Мақаш:

- Кешір, Әтембек, өзіме де сол керек, семіздікті қой көтереді деген рас екен, қалай дегенде де баланың әкеден сынық сүйем болса да кем туатынына шүбә келтіруге болмайды екен,оны қазір ғана түсіндім, - деп өз қателігін мойындапты.

МАЛТАҚАННАН МҮДІРУ

Малтақан Мақаштың үйінде түнемелікте отырғанда әкімнің соғымға деп сойғалы отырған інгені үйелеп өліпті деген хабар келеді. Тегінде, Мақаштың мал жағына қыры жоқ, керегін көбіне-көп ағайын, туыстарын қолқалап, болмаса ауылдастарына алмастырып, түйістіріп ала береді екен. Ал мына түйе болса өзі өз болып соғымға деп әдейі әзірлеп, жемдеп, баптап отырған інгені. Ол да малшылардың салақтығынан пышаққа ілінбей арам өлді. Мақаш бұған қатты қайғырады. Малды қараған адамдарға кейістік танытып, реніш білдіреді. Ертеңгілік шай үстінде де Мақаштың қабағы ашылмай қояды.

Сонда Малтақан былай депті:- Немене, мырза!
Қабағың ашылмайды ғой түннен,
Өліпті деп естігелі семіз інген.
Ғұмыр ма ол, ойлашы өзің,

Азалап мал қазасын сүйтіп сүрген.
Бірі өлсе, мыңы бар,
Сенікі ғой анау өрісте қаптап жүрген.
Бағатын да, өсіретін де малшы,

Қайсысына, сірә, сенің терің сіңген.
Қой, Мақаш!
Алладан ажал тура келсе,
Кетерсің түйең түгіл өзің мүрдем, -

депті. Сөзден тосылған Мақаш:

- Жоқ, мал табылар-ау, бірақ әдейілеп соғымға деп әзірлеп отырған, оның үстіне кеудесінде жаны бар хайуанның ажалынан өлмей, адамдардың өз ісіне салақтығынан өлгеніне өкініп отырғаным. Жақсы, боқ дүние, қолдың кірі емес пе, кімнен қалмаған, одан да кең отырып, әңгіме-дүкен құрайықшы, - депті.

ТОСЫЛУ

Мезгіл жаз болса керек. Әтембек би Мақашқа сәлем бере барамын деп хабар жібереді. Әзіл-қалжыңы жарасқан замандасын дұрыстап қарсы алғысы келген әкім жаңа жерге қоныс аударып, тыңнан құдық қаздырады. Әйтсе де апы кіріп, күпі шығып, даңғаза дайындықпен күткен қонағы шәйдің өзін бір шыны аяқ ішеді де тас аяғын төңкеріп тастайды. Қонығының мұнысына түсінбеген Мақаш өз тараптарынан олқылықтың күткенін сезе қояды да:

- Әтеке, мынау күннің ыстығында көлік соқты боп, күнсіп келген шығарсыздар, шай алыңыз, - деп барлау ыңғайындағы тілек білдіреді. Әтембек болса, екінші бүйіріне аунап түскен күйі:

- Суларыңнан шуаш дәмі шығады, - деп үнсіз қалады.

Қадірлі қонағынан басқаны күтсе де осындай сөз естимін деп ойламаған Мақаш санын бір соғып, жігіттеріне жаңа жерден ауыз сулық құдық қазуға жарлық береді. Арада аз уақыт өткенде қайтадан шай қайнап, сары самауыр алдарына келеді. Бірақ бұл жолы Әтембек би ілкідегідей емес, аққұйрық шайды рақаттана тартып ұзақ толғайды. Мақаш қонақ аттанған соң алғашқы құдықтың орнын сұрап, білсе, бұдан жеті жыл бұрын сол жерге отырған біреулер қойды тоғыттан өткізіп, шайындырған екен. Әтембек би әп дегеннен соның дәмін сезіп қойғанға ұқсайды. Соған сай Мақаш Әтембекке «Адайдың жеруігі» деп те ат қойыпты деседі.

Осы әңгіменің екінші нұсқасы.

Әтембек өпірем, өзімшіл, еш нәрседен, ешкімнен қорықпайтын – үйіне кісіне аяқ киіммен кіргізбейтін тәкаппар, бірақ құдайдан қорқатын аса діндар адам болған көрінеді. Мақаш бірде сол Әтембекті қонаққа шақырады. Әтембек ниеттен жоғары пенде жоқ, қонаққа өзі көңілі шапқан күні келеді. Мақаш үйде болмай, қонақты әйелі қабылдап алады. Ақсақал етігін шешкенде шұлғауы кір шалмаған ақ мата екен. Жолдан келді ғой деп Мақаш та кідірмей оралады. Арада аз уақыт өткенде алдарына шай да келеді. Әтембек әлгіден ауыз тиеді де ішпейді. Қонақасы дайын болып, табақ тартылады. Етке қолын бір салады да, екінші рет жемейді. Мақаш Әтембекті шақырғаннан бастап құдық қаздырып, бетін жаптырып қойған. Шай ішпей, ет жемей отырған себебін сұрайды. « Шайда шуаш дәмі бар. Сойған қойың қойға қожалық еткен. Су лас» дейді. Мақаш судың жайын анасынан сұрайды, болған жайды түсіндіріңізші деп. «Япырмай, Әтембек жеруікке сөз жоқ екен-ау. Мен келін болып түскен кезде осы жерде өзен болған - бір рет қой тоғыттырған. Содан кейін ел көшіп кеткен» деген екен. - Мен қазір 93-темін. Сол кезде 13-те едім.Содан бері 80 жыл болған. Сол иісті сезіп отырған Әтембекке дауа жоқ» депті. Мақаш ауылын мал баспаған жерге көшіріп - жаңа құдық қаздырып, қайтадан 6 жасар ту қой таптырып сойдырады. Екі сары шәйгөнге екі түрлі шай салып- сары самаурын келеді. Суды ұрттап қалып - су жарайды, осы суға кешегі шай болса депті. Ақ құйрық салса өте дәмді шай болады екен. Шәйгөнге сол шайды салып ішіп қарайды. Мені осы шайдан айырма депті. Бір самаурын шай ішіпті. Қойдың басы салынған ет келгенде жеп қарап, енді бір айдан кейін сойғанда талғамай жұтатын ет екен депті. Мақаш тағы бір күн қонақ болыңыз дегенде - енді бір күн қонақ болсам ештеңең қалмас - деген екен.

Мақаш Әтембекке ат мінгізіп, шапан жауып аттандырыпты.

ЖАНТҰРҒАННЫҢ ЖАУАБЫ

Көп ретте Мақашты жөн-жосықсыз шашылып, ақтарыла төгілмейтін, қонақ күтсе де ретімен ғана көсілетін салқынқанды, сабырлы жан болған деседі. Кей жағдайда тұстастары оның бұл қылығын сараңдыққа балап, салық етіп бетіне де басып отырған. Мезгіл жаз болса керек. Мақаш ауылына іңірлетіп адайдың ағайынды Жантұрғаны мен Бектұрғаны келе қалады. Үй иесі оларға қол қусырып, қой сойып, қонақ етеді. Өздеріне арналған жеке үйге төсек салып, жайғастырады. Бірақ олар ертесіне азаннан тұрып қазан көтерген, болмаса бұлар жатқан киіз үйдің түндігін ашып, тірлік танытқан ешкімді байқай қоймайды. Біраз уақыт тың тыңдап жатқан Жантұрған Мақаш құрдасының бұл қылығына таң-тамаша қап: «Бұл сонда шеркештігіне бағып, бізді кешегі қан шығарған жалғыз тоқтысымен аттандырғалы отырғаны ма екен?!» - деп ойлайды. Жоқ, бір амалын табу керек деген ниетпен тысқа беттейді. Аздан соң артынан ілесе шыққан атқосшысына: «Сен, қазір Мақаш жатқан үйге бар да, ешкімге назар аудармастан қалтаңнан шаппаңды шығара сап алақаныңа үйкелеп, қайрай бер, сол кезде мен де кіремін. Егер Мақаш бірдеңе деп жатса, сен үндеме, жауабын өзім беремін», - дейді. Атқосшысы Жантұрғанның айтқанын істеп, қалтасынан ашппасын алып, әрлі-берлі ысқылап қайрай бастайды. Үй иесі бұл қылығына таңданып отырады да, ақыры артынан ілесе кірген Жантұрғанға:

- Мына күшік таңменен пышақ қайрап, кімнің құлағын кескелі отыр, - дейді. Дәл осы сөзді күтіп отырған Жантұрған:

- Мақаш-ай, сені мен менің қасыма қайбір тойған күшік ілесуші еді. Кеше кешкі қан шығарған жалғыз тоқтың жұғымына жұқ болмай, екіншісін сұрап отырған сыңайы бар ғой деймін. Өйткені сен күшік дегенмен күшіктің де атасы ит емес пе? – депті.

Аңдамай сөйлеп, аяқ астынан жеңілген Мақаш сөз соңын әзілге шаптырып, өз қателігін мойындапты. Мұның мәні - халық арасында Шеркешті Байұлының ішіндегі ең сараң ру есептейді.

БӘРІНЕН ДЕ ЖОҚ ЖАМАН

Мақаш жастайынан ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Тышқанбай бидің ақылын көп тыңдайды. Бірақ Орынбордың кадет корпусына оқуға кетіп, одан Ордадағы қызмет, сөйтіп екі округке әкім болғасын да біраз уақыт хабарласпай, қол үзіп қалады. Бұрын жалғыз Мақаш емес, әкесі Шолтыр, тіпті атасы басқа қаймана қазақтың қайсысы да ақыл сұрап, кеңесіп отыратын Тышқанбай бұл үнсіздікке өзін қатардан қалып, қарттық жеңгендей сезеді. Ақыры Мақаштың ең жақын тұтар ұстазы, әрі нағашы деп назын айтар сырласы Сәрет биге хабар жіберіп: «Бұл баланың кеудесіне нан пісті, көзін шел қаптады. Болмаса мені қартайды деп қағажу жасады, себебі аға деп ақылдасудан қалды», - деп сәлем жолдайды. Мұны естіген Сәрет би атқа қонып, Мақашқа: «Мен Тышқанбай ауылына аттанып бара жатырмын. Ертеңгі сәскеде есігінің алдынан біздерді тосып алсын»,- деген хабар салады. Жас әкім қияс қылықты нағашысының бұл сәлемін тектен-тек жолдаған жол болды әңгіме деп қабылдамай, сөз түйінінің Тышқанбай атына байланысты екенін айтпай аңғарады. Сәрет те Тышқанбай інісінің құшақ жайып, құрақ ұшқан қонақасын көре отырып, өздерінің ертең ерте Мақаш ауылына аттанатындығын, бірақ оның жас та болса, сөзі жүйрік, тілі өткір, соған сай ретті жерінде үлкенді үлкен, кішіні кіші деп иіле қоймайтын бірбеткейлігі, қайткенде қара сөзден ұту ниетінде отыратын шешендігін, сондықтан әңгімені әріден бастап, әрлеп жатпай, барынша байыпты қысқа қайтару керектігін айтады. Уәделі уақытта Сәрет би мен Тышқанбай Мақаштың көк үйі алдына көліктерін көлденең тартады. Үй иесі қарияларды ізетпен қарсы алып, сый - сияпат көрсетеді. Біраз әңгімелескен соң Мақаш Тышқанбайға:

- Аға, атамызда дүниеде он жаман бар дейді. Бірақ жауабын әркім әрқалай айтады. Сіз соларды қалай тапшылар едіңіз, - дейді. Сонда Тышқанбай би ар жағын күтпестен, ендеше сауалыңды таңдай ғой дейді. Тіпті Мақаш та тосылып жатпастан:

- Біріншіде не жаман? - дейді.

- Бірлігі кеткен ел жаман.

- Екіншіде не жаман?

- Ел ішінде отырып, елеусіз қалған сол жаман.

- Үшіншіде не жаман?

- Мезгілінен көп бұрын, үшкілік көйлек кисеңіз, бәрінен де сол жаман.

- Төртіншіде не жаман?

- Төрде отырған хәкімнің,

Тура сөзді айтпаса, алдыменен сол жаман.

- Бесіншіде не жаман?

- Белсене шапқан жау жаман,

Бес намазың оқылмай,
Опық жесең сол жаман.

- Алтыншыда не жаман?

- Асқынып кетсе ауруың,

Айтпайды деме, сол жаман.

- Жетіншіде не жаман?

- Жеткіншегің жетесінен қиылып,

Алдыңда кетсе бұл жаман.

- Сегізіншіде не жаман?

- Семіз күрең ат мініп,

Сергелдең болсаң сол жаман.

- Тоғызыншыда не жаман?

- Тоқсанға келген қарт атаң

Бала - келіннен бап көрмей,
Босағада жатса сол жаман.

- Оныншыда не жаман?

- Ту, шырағым-ай, сұрағың таусылмады ғой,

Бәрінен де боқ жаман, - депті Тышқанбай.
Сонда Мақаш:

- Тышқанбай аға, қателесесіз, боқ жуса кетеді, бәрінен де жоқ жаман. Бұл өмірде жоқ болсаң алысың ағайыннан алсын дейді. Ал ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды. Сөйтіп тумаға түрткі, көзге сүйел күн кешіп, тесік өкпе, жыртық иін жайың болады. Жан-жағың толмаса да жартылай бүтіндікке не жетсін, бәріне де қанағат керек. Ақылды азбайды, талапты тозбайды. Тышқанбай атыңыз өшті деп кім айтып еді. Бәрі де орнымен ғой,- депті. Өз басынан қателік кеткенін сезген Тышқанбай Мақаш інісінен кешірім сұрапты.

ОРЫНДЫ ЖАУАП

Нарын бойында Есқазы атты аузы дуалы, сөзі уәлі кедей болыпты. Мақашқа сол кісімен кездесудің реті келмей жүреді екен. Бірде ол әкім Бақтыгерейдің шақыруымен сол ауылға сапар шегеді де, ақыры Есқазымен дәмдес болудың сәті түседі екен.

Аздаған әңгіме-дүкеннен соң Мақаш Есқазыға:

- Менің сізге қояр төрт сұрағым бар, мүмкін болса соған жауап берсеңіз?! - дейді.

- Оттан ыстық не бар?

- Уайым-қайғы шығар, өртіңіз су шашса сөнер, ал арыстай азамат пен алып бәйтерек ананы жегідей жеп, өзекке түскен аш құрттай боп жаздырмай қойған қайғыны қайтып басарсыз. Меніңше, жалыны жаныңды күйдірер ең ыстық уайым-қайғы деп білемін.

- Көктен биік ше?

- Көктен биік көкірек пе деп қаламын. Өйткені ең биік деген аспаныңыздың өзі күнұзын күлімдеп, үн-түнсіз мүлгиді де тұрады. Ал есерсоқтың менмен тәкаббар кеуде- көкірегі өзін де, өзгені де менсінбей, қыруар іске залалын тигізбей ме? Адамның аяулы жүрегін жасытып, жігерін құм ететін де осындай өпіремдік, ойсыз көкіректік.

- Тұңғиықтан терең ше?

- Адамның түпсіз терең ойы болса керек. Қанша тұңғиық болғанымен, бәрінің де шегі бар. Ал ой тұңғиығың шыңыраудан да шүңейтте, түпсіз терең. Ойсыз адам өсе алмайды. Тегінде, адамдарды ойсыздықтан сақтасын.

- Топырақтан ауыр не бар деп ойлайсыз?

- Сабыр болар. Халқымызда сабыр түбі сары алтын деп жатады. Ондағы ой қашан да нені болсын байыбына барып, ойлап- пішіп істеу керек. Асыққан шайтанның ісі. Сабырлылық жүрген жерде жеңілдік болмайды. Ендеше ауырлық деп осыны айтады.

Көйлегінен иіні, шұлығынан жұлығы көрініп тұрған кедейдің бұл жауабына дән риза болған Мақаш сол бойда Бақтыгерейге айтып: « Есекеңе менің есебімнен астына ер-тұрманымен тәуір ат мінгізіп, үстіне үйлесімді шапан жап, бұлардың бәрі Есекеңнің өмірдегі орны сияқты өзгелерден өзгеше, бесенеден белгілі болатын болсын», - деп тілек білдіріпті. Артынша әлгі тілектер орындалып, жайдақ атты жарлының мерейі өсіп қайтыпты ауылына.

САЛЫҚ ӨЛДІ ДЕГЕНШЕ...

Бірде Жанбай түбіндегі Мақаштың көк үйіне Жайық бойынан аузына соргуч құйылған сары хат лаумен жетеді. Бұл хабардың жәй еместігін сезінген лаушы мен әкімнің көмекшілері хаттың ашылуын күтеді. Хат шетін қайшымен қолы қалтырай отырып қиған әкім ішіндегі бір парақ қағазды оқып, өзінің қашанғы әдетінше екі қолын артына алып, үй ішінде әрлі-берлі жүрген күйі: «Ой, жалған-ай, Салық өлді дегенше - халық өлді десейші», - деп ауыр күрсінген екен. Сөйтсе, ол Мақаштың жан досы, Жайық бойында ел басқару қызметінде жүрген Мұхамбет-Салықтың жергілікті казак-орыстар жаласынан уланып өлуін жеткізген қаралы қағаз екен. Бұдан әрі ел ішінде Мақаш айтқан осы сөз түгел тарап, қанатты сөзге айналып кетіпті және ол әлі күнге солай айтылады да.

ХАННАН АРТЫҚ ҚАРА БАР

Бірде Жантұрған Мақаштан:

- Адамнан адам артық туа ма?, - деп сұраса керек. Сонда Мақаш:

- Ханнан артық қара бар,

Қылыштан артық ара бар.
Кей қараның сөздері,
Хандікімен де пара-пар, -
деген екен.

ЖАҚСЫ МЕНЕН ЖАМАН

Тағы бірде Жантұрған Мақаштан:

- Жақсы менен жаманның айырмасы қандай? - деп сұрайды.

- Жер мен көктей, - дейді Мақаш.

- Қалай дәлелдер едің? - дейді Жантұрған.

- Сабанның қауызында дән жоқ,

Жаманның аузында дән жоқ.
Ата алмайтын мерген болсаң,
Қойша жайылса да аң жоқ.
Мысалса, жапалақ құс мақтанса,

Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсының аяғын шалдым дер,
Сөйтіп онымен де бір теңесіп қалдым дер, -

депті Мақаш.

ЖАҚСЫ БОЛСА ТУҒАНЫҢ...

- Туған қандай болады? - дейді Жантұрған.

Сонда Мақаш:

- Жақсы болса туғаның -

Күнде қызық базарың.
Жаман болса туғаның -
Күнде өлім, ажалың, -
деп жауап берген екен.

БИЛІК КІМГЕ ҚОНДЫ?

- Билік кімге қонады? - дейді Жантұрған.

Батыр болып, би болсаң,
Патшамен басың тең.
Кедей болып, би болсаң,
Келемежден несің кем?! -

дейді Мақаш.
Соңғы сөзіне түсінбей қалған Жантұрған: «Немене, кедей адамның би
болғаны қорлық па?» - десе керек.

- Сөзіңді тыңдар орта, билігіңді ұғар жан керек. Жоқтан бар жасай алмайсың. Бармен барша жұртты тоқ жасайсың. Билік байға өтеді. Бай адамның даусы зор, - депті Мақаш.

ТОҚТАМ

Бір отырыста Жантұрған Мақаштан:

- Тентек неге тоқтайды?

Жомарт неге тоқтайды?
Асыл неге тоқтайды?
Арлы неге тоқтайды? – дегенде, Мақаш:

- Тентек көпке тоқтайды,

Жомарт жоққа тоқтайды.
Асыл қынға тоқтайды,
Арлы шынға тоқтайды, - деп жауап беріпті.

ЖІГІТКЕ ТӘН ҚЫРЛАР

Мақаштың есейген тұсында Жантұрған: «Жігіт дегеніміз не? Жалғыз болса дарала,көп болса сарала!» - деп сұрағанда Мақаш: «Өмірдің оң-солын танып, көргендерімді көз алдыма келтірсем, жігіттің түрі көп екен. Біреулері - құр жан, екіншілері - тек жан, ал үшіншісі - жігіт жан. Құр жан ештеңені ойламайды. Күндікке жер басып, өмір сүргеніне мәз. Былайша айтқанда, өлі жүнді таймен тең. Ал тірі жандарыңыз осылардың аз-ақ алдында, күнделікті ішіп – жемі, киімдері, яғни тұрмысы жолында ағайын – туыстарды да сатып, ұятқа қалдыруға бар. Олар аяғына шоңқайма кебіс киіп, өзгелерді әжуалау, кекетіп, мұқатуға әзір. Жігіт жан дегеніміз, ақыл – есі мол, айтары көп болса жұмысы төбеде, батыр болар жігіттің ісі – найза менен кебеде. Қызық қуар жігіттің ісі – қыран бүркіт, құмай тазыда, тентек болар жігіттің ісі – жалаң аяқ, жалаң бас, итте болар», - депті. Құрдасының жауаабын ден қойып тыңдап отырған Жантұрған ризалық кейіпте Мақашқа бұрылып: «Бәрекелді, бәрін де түсіндім. Бірақ кейінгі жігіттеріңнің шаруасы итте бола берді ғой. Соның ішінде соңғы айтқаныңды түсіне алмадым, таратыңқырап айтшы!», - деп қолқалайды. Бұған еш қарсылық білдірмеген құрдасы: «Тәйірі, бір тнетексіз ел жетім. Сүтке тиген күшңктей, көзге шыққан сүйелдей боп жүрер жігіт - тағы», - деген екен.

БЕС ТАЙЛАҚ

Мақаш ауылының тентектері Мыңтөбе тұсындағы Жантұрған ауылының келесінен бес тайлақ ұрлап кетеді. Бұл хабар Жантұрғанның құлағына жетіп, қаңқу сөз көбейіп бара жатқан соң атқа қонады. Мақсат - мәселені әкімнің өз алдында шешіп, шарасын алу. Бірақ бұл келгенде жайлаудағы үйінде Мақаш жоқ, тек тоқалы бар екен. Оның өзі Жантұрғанды дұрыс танымайтынға ұқсайды.Әйтсе де оны Жантұрған елең қылмай бірден төрге шығып ап, шалқасынан түсіп, бір аяқтың үстіне екінші аяғын қойып, жатып алады. Бұл қылық әкімнің тоқалына ұнамайды. Өйткені бұған дейін бұл үйде тап осылай еркінсіп жатқан ешкім жоқ. Ал мына кісінің қылығы шектен шығып барады. Не де болса құтылудың амалына көшкен тоқал:

- Отағасы ауылда жоқ еді. Бұл үйден жағдайыңыз табылмас, азаматы үйіндегі шаңырақтың біріне бармайсыз ба? - дейді.

- Келінжан қапаланба. Әкімнің үйінен жағдайымыз табылмағанда, қалғанына не жорық. Аштан өлсем көріп алдым. Мен сол отағасыңызды қашан келсе де күтемін, - деп бір аяғын екінші тізесіне аударып салған күйі жата береді.

Бейбастақ қонақтың мына еркелігінің жәй еместігіне көзі жеткен тоқал шай қамдаудың жөніне көшеді. Көп кешікпей Мақаш та келеді. Далада әйелінен бар жәйға қаныққан Мақаш бейтаныс қонақтың бес тайлақтың қуғыншысы Жантұрған екеніне көзі жетеді де, жігіттеріне тез арада қысырдың тайын сойып, қазан көтеруге пәрмен береді. Сосын өзі ішке енеді. Жантұрған құрдасын сол тас төрде шалқалап жатқан күйі ернін жыбырлатып қана қарсы алады. Бұған мән бермеген Мақаш қонағын әзірге мазаламай, шәйдің келуін күтеді. Аздан кейін дастарқан жайылады. Алыс жолдан шаршап келген бидің шөлі қанды-ау деген тұста Мақаш:

- Ал, қонағым, шөлің қанса, әңгіме айт. Не көріп, білгенің бар, - дейді.

Көпті көрген сұңғыла би басын Мақаш жаққа сәл бұрған күйі:

- Әңгіменің түрі көп қой. Мәселен, бес тайлақтан ба,әлде бес тайпадан ба? Қайсысын айт дейсің? - дейді. Әкім де мұндай қиқар сұрақтың боларын бұрыннан біліп отырғандай, әйтседе оған айылын жимаған күйі:

- Бес тайлағыңды қойшы, ауыл арасының ит төлеуі бір күшіктің әңгімесі ғой. Онан да ғаламдық пәтуа - бес тайпаңды айт, - дейді.

Осы арада манадан бері жазылмай отырған қонақтың да, мұның қай жағына шығып кетем деп отырған үй иесінің де қабақтары жазылып емен-жарқын әңгіме басталады. Құрдасының үйінде екі-үш күн боп, біраз сыр ақтарған Жантұрғанның ауылына қайтар тұсы да жетеді. Осы кезде есіктен еңгезердей екі жігіт кіріп кеп, босағада қалшиып тұра қалады.

- Жәке, сіздің ауылдың бес тайлағын қуып кететін «батырларымыз» осылар. Айыптылардың жазасын өзің айт! - дейді.

- Жаза кесуді әкім тұрғанда, би белге байламас болар.

- Ендеше екеуің, - дейді Мақаш әлгі екі жігітке қарап, - бидің аяғына жығылып, кешірім сұраңдар. Сосын ұрлаған бес тайлақтарыңның үстіне өз меншіктеріңнен тағы да бес тайлақ қосып, мал иелерінің қолына апарып тапсырыңдар!

Ол осыны айтады да, «Енді боссыңдар» деген сыңайда иек қағады. Бар – жоғы бес тайлақпен құтылғандарына мәз жігіттер тысқа беттейді. Бұл билік кейіннен тек жантұрған емес, күллі елдің аузында қалып, Мақаш тұлғасын одан бетер өсірсе керек.

ЕКІ ИТ

Бірде Мақаштың шақыруы бойынша құрдасы Жантұрған мен оның інісі Бектұрған үй сыртында аттарынан түсіп жатады. Мақаштың Мұхит және Шмидт деген екі хатшысы бар екен. Соның Мұхиты ойда жоқта пысықсынып Мақашқа:

- Егер қарсы болмасаңыз, осы жолы Жантұрғанды бір сөзбен тоқтатсам қайтеді,- дейді.

- Басқа басқа, Жантұрғанды қара сөзден тоқтату мүмкін емес, аңдамай сөйлеп, арандап қалма, - дейді Мақаш.

- Қара сөздің қанша жорғасы болса да осы жолы жорғалай алмайтын шығар.

- Олай болса еркің білсін!

Жантұрғандар дауыстап, дабырласып ішке ене бергені сол екен Мақашпен қатарласа қонақтар алдынан шыққан Мұхит:

- Жантұрғанда Бектұрған деген де іні бар екен ғой. Мүмкін тағы

Антұрған да бар шығар, - деп салады.

Осы кезде Жантұрған қолындағы қамшысын алдына көлденең ұстаған күйі үнсіз тұра қалады. Мұның жәй қылық еместігін қапысыз сезген Мақаш түк білмегенсіп:

- Қош келдіңіздер! - деп есікті нұсқайды. Бірақ мұны елең қылмаған Жантұрған сол қалпында тұра береді.

- Үйге барайық! - деп тағы да дауыстайды Мақаш. Осы кезде ғана қонағы жақ ашып:

- Мақаштың үнемі жанынан қалмайтын екі иті бар деп еді. Мыналар солар болмаса қайтсін, үйіңе қалай кіремін, мына екі итің қозғалсам болды, балағыма жабысқалы тұр ғой. Ең болмаса «кет» десеңші, - дейді.

Сөзден жеңілген Мақаш Мұхитқа қабақ түйіп, қатулы кейіпте:

- Осы сыбағаңа да риза боларсың, екеуің де бара беріңдер, - деп иек қағады. Екі хатшы кетіп болғасын ғана Жантұрған:

- Әкім мырза, сыйлы қонағыңды шақырып ап, «Мұхит», «Сұхит» сынды иттеріңе талатуды қашаннан бері әдет қылып ең? - дейді.

Үй иесі ұялғаннан ештеңе дей алмай:

- Төрлетіңдер, қонақтар! Төрлетіңдер! - деп есікті нұсқаған күйі күле беріпті.

ҚҰРДАСҚА ҚАЛЖЫҢ

Мақаш қонақта отырса, үстіне кіріп келген Жәнібек атты құрдасы әп дегеннен алыса кетіп:

- Сені жұрт шешен дейді. Шешен болсаң мені үш ауыз сөзбен сынашы, - дейді. Үстіне төніп тұрған құрдасынан сәл-пәл уақытқа мұрсат сұраған Мақаш кідірместен:

- О, Жеке!

Байқасаң бұл араның жырасы көп,
Сөзімнің өтірігінен расы көп.
Алпамсадай албасты төне түстің
Үш ауыз өлеңменен сынашы деп.

Сенің таза әзіліңді көтерер ем,
Аузыңның адалынан ласы көп.
Әңкүр – Мәңкүр басына күрзі ойнатар,
«Бұл иттің толып жатыр күнәсі» деп.

Мен барып арашаға түсе алмаспын,
«Жәкеңді ит әуреге салмашы» деп.
Мақаштан қылығыңды өлеңменен
Шайтандар жұмсап па еді сұрашы деп, -

деген екен.

РЕНІШ

Мақаштың орташа дәулеті бар, бірақ шаруаға құлқы шамалы, есесіне серілікке бейімдеу інісі бір жылдары қыс ортасы болмай жатып пішені таусылып, әркімнен шөп, үй ішіне шай-секер сұрап жүргенін көріп, былай деген екен:

Сұраншыдан тіленші туады,
Сараңнан бермес туады.
Соқырдан көрмес туады,
Таздан жарғақ бас туады.

Ақылымды алмайсың,
Айтқаныма көнбейсің.
Атадан мәлтікбас туады,
Нағыз сол сенсің!

АЯНЫШ

Өмір де түрлі. Біреулер әп дегеннен дәулеті тасып, тұрмысы гүлдеп ала жөнеледі. Ал екіншілері - ғұмыр бойы мұңсыз тірлік жолында күресіп бақса да маңдымайды-ақ. Мақаштың тап осындай бір інісі Қиғаш бойында өмір сүреді. Бірде Мақаш әлгі інісінің жәй – күйін білмек ниетпен ауылына бара қалса, сорлы жігіттің күркесі өртеніп кетіп, қасында шиеттей бала – шағасымен мұңайып отыр екен. Мұны көрген ағасы:

- Құдай – ай!

Бай мен мырза танисың ба,
Бұл кедей жек көретін алысың ба?
Паналаған күркесін отқа орап,
Көпсінгенің бір арқа қамысың ба? - деп реніш білдіріпті.

ТІЛЕК

Отау тігіп, шаңырақ көтеріп жатқан інісіне Мақаш былайша тілек білдіріпті:
Ортаңда озық үй бол,
Үйде үйелмен тыңдар би бол!
Әйеліңмен дос бол,

Отбасыңа береке кіреді.
Азамат ермен дос бол,
Азаматтығыңды біледі.
Білімдімен дос бол,

Ақыл тауып береді.
Әйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.

Әйелді тепсең аяқпен
Бағы сынады.
Баланы ұрсаң таяқпен
Сағы сынады.

КӨҢІЛ АЙТУ

Мақаштың немере інісі Ержанның Нариман деген баласы Санкт-Петербургта оқып жүргенде қайтыс болады. Үлкен қаладан білім алып, үлкен азамат болады деген баланың қазасы ата-анасын қатты күйзелтеді. Әсіресе шешесі қайғыдан бас көтере алмай ешкіммен тілдеспестен бүк түсіп жатып қалады. Мұны естіген Мақаш ауылдың ең үлкен анасы болып есептелетін жеңгесінің жанына тізе бүгіп, былай депті:

- Жатырмысың қайғырып,

Өтіп кеткен дүниеден Нариманға.
Алладан бұйрық келегнде,
Кім қарсы тұрады жалғанға.
Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма,

Талайлар өткен арманда.
Әуелде жазғанын жаратқан
Еш уақытта бұзған ба?
Шолтырдың шаңырағына

Сен емес пе ең ақыл айтатұғын
Артыңда аңырап жетім қалғанға.
Мұны естіген жеңгесі басын көтеріп:

- Шындығында ағайынның ішінде ауылдың анасы мен сөйтсем, қалғандары не болмақ. Жоқ, мен тұрмай іс оңбайды екен, - деп үй-ішілік қызметке араласып кеткен екен.

МАҚАШ ПЕН ӘУБӘКІР

Мақаш пен Әубәкір Ақбаев Ішкі Орда қазақтары атынан Петербургтағы патшаның қабылдауында болып, ел атынан өтініш-тілектерін білдіріп қайтады. Красный Кут станциясына келгенде екеуі айырылысатын болады. Өйткені Мақаш Астрахан бағытына, Әубәкір өзі басқарып отырған Қамыс-Самарына кетуі керек. Қоштасар сәтте Әубәкір Мақашқа:

- Маған жас жағынан да, лауазым, биліктен де ағасыз. Бұрыннан біліс болғанмен, міне, алғаш рет сәті түсіп, ұзақ жолда сапарлас, дәмдес болдық. Енді қонысымыздың әр қалайлығына орай қоштасудың да реті келіп тұр. Ініңізге айтар ақыл, өкпе – назыңыз, ескертпеңіз, басқа да қызмет ұсыныстарыңыз болса айтыңыз, мен тыңдауға әзірмін, - дейді.

- Інім, қызмет сұрауың орынды. Азаматты қашан да алыс жолда таны демей ме? Байқасам сенің бойыңда адам қызығатындай қасиеттер көп екен. Мен соған тәнтімін, қайда жүрсең де ғұмырлы бол! – дейді Мақаш.

Әубәкір:

- Сізге де рақмет. Бірақ құрғақ қоштасқан ретсіз болар. Сіз бен біздің сыйластық, достық көңіліміздің белгісі ретінде мынау патшаның қабылдауында болғанда киген құлын жарғағымды сізге ескерткішке сыйлағалы тұрмын, қабыл алыңыз, - дейді.

Мақаш бұрыннан да осы киімге қызығып келе жатыр екен, мынау одан бетер қуаныш қосып:

- Рахмет, інім, жер шалғай, жуық маңда бір-бірімізді көруіміз де қиын шығар.Сондай сағынышты сәттерде құлын жарғағың көп нәрсені еске салар. Бірақ қызметің түссе кел, егер өлімнен хабар болмаса бәрі де орындалар, - дейді.

Әубәкір:

- Ендеше, кейіннен деп жүрем бе, реті келгенде айтып та қояйын. Дүниеде тұрмайтын бір өтінішім бар: біздің Қамыс-Самардың адамдары жыл сайын Забурын, Жамбай батағаларына барып, орыс байларына, өздеріңізге жалданады. Бірақ сол еңбектеріне сай ақыларын ала алмайды. Сайып келгенде, су сіздің ауылдікі, қармақ та, қаражат та солай ғой. Олай болса бейнетіне сай зейнеті болмай ма? Егер мүмкіндік болса, осы іске өзіңіз араласып, оң қабақ танытсаңыз дер едім, - депті.

Үлкен басымен оңбай ұтылғанын бір-ақ білген Мақаш шегінерге жер таппай:

- Жарайды, оған қам жеме, - деп қоштасады.

Елге барған соң Мақашқа алыс-жақындағы дос-жаран, әкім-қаралар кеп сәлем береді, көрген-білгендерін сұрайды. Сонда Мақаш сапарлас болған әріптесі Әубәкірге тоқталып:

- Қоштасар сәтті ол осы сапардың ескерткіші болсын деп иығыма анау тұрған құлын жарғағын жапты. Мен ризалығымды білдіріп, қызмет сұрадым. Ол еш бұйымтайының жоқтығын айтып, болмашы нәрсе деп Қамыс-Самардан біздің жаққа балық аулауға келген жігіттердің ешкімнен теңсіздік көрмеуін өтінді. Былайша айтқанда, бір ғана құлын жарғағымен бүкіл ауыл-елінің намысын маған жүктеп кетті. Алғыр жігіт екен. Мен ұтылғанымды біле тұра уәдемді бердім. Сол болашақта бәріңнің де естеріңде жүрсін. Шіркін, жігіт болсаң, солай бол! Қашан да намыс бар жерде өзгеге жем болып, қалыс қалу да жоқ, - деп басын шайқапты.

* * *
Осыған ұқсас тағы әңгіме.

Алашаның Есалы есімді түйелі байы Астрахан орыстарынан қайта-қайта теперіш көріп, бір айтса басуды Мақаш айтар деген ниетпен әкімдік қызметке отырғанына біраз уақыт өткен басқарушыны қонаққа шақырады. Бұл үшін арнайы кісі жіберіп, «Мақаш ағасының ауылын көріп, аунап-қунап кетсін және жалғыз емес, қасына келінді және жолдас-жораларын ілестіріп, алдына 4-5 күнін салып, асықпай келсін» дегенді де айтады. Мақаш әрі ойлап, бері ойлап, бұрыннан таныстығы онша емес, сұрамсақтығын көрмеген сырт көз адамға «Күзде барамын, хабар өзімнен болады» деген жауап айтады. Бұл жауапты естіген соң Есалы «Правитель келетін болыпты, дұрыстап қарсылайық» деп жинала бастайды.

Уәделі шағында әкім қосшы-қолаң, әйелін алып, Есалы байдың ауылына келеді. Бай шыннан да жақсы дайындалыпты. Әдейі ақ боз үй тігіп, ағайын-туысты шақырып, әр күнде ауыл сыртында ат шабыс, тай жарыс, алтынқабақ ату, күрес, тағы басқа сауық өткізіп, табақ-табақ ас тартады. «Қонақтық жақсы, бірақ өз үйіңе не жетеді?! деген емес пе? Мақаштардың да қош айтысып, ауылдарына қайтар кезі келеді. Сол сәтте Есалы әкімнің басына құндыз бөрік, үстіне әдемі шапан жауып, әйелінің қолына алтын жүзік тағып, басына кәмшат бөрік кигізеді. Жылқыдан он қара жорға, түйеден жабулы он нар жетектетеді. Ағыл-тегіл сыйлықтың буына мастанған Мақаш рахмет айтып, орнынан тұрайын деп жатқанда Есалы «Мақашжан, бұл байлық шашу не басқа ой жоқ, сыйластық ғана, кеңірек танысайық, білісейік деген ой ғой. Бір-ақ өтінішім бар, біздің ауылдың сауда-саттыққа үйір адамдары Астраханға он ондаған түйеге жүк артып, үлкен қалаға жүн-тері, алаша, киіз, маймұйларын апарып жатса, сонша түйе зат кері қайтып жатады. Бірақ сол Астраханның су жағалаған казактары менің 5-10 түйе кірешілеріме өш, қысы-жазы теспей соруын қоймайды.Соған оң көзіңді салып, городовыйына құлаққағыс қылсаң етті. Содан соң біз де адамбыз ғой, су жағалап, өзен құртынан дәм татсақ деп едік» дегенді айта салады. Бұған онша мән бермеген әкім «Оларыңыздың жарасы жеңіл, бәрі де оң болады» деп аттанып кетеді. Ауылына оралған соң Мақаштан атасы Бекпембет «Балам, Есалы бай қалай қарсы алды?» деп сұрайды.

- Бәрі жақсы. Құрметі де, сый да тамаша! – ризалық білдіреді. Содан соң көрсетілген сый-сияпатын санамалай бастайды.

- Бұның артында сығырайып көзін қысқан сыр, сұғынып құлағын қылтитқан сұрақ бар ғой. Ол не екен? - дейді атасы.

- Ашақ пен Боранбай, Қуаттың, әрісі Көмбелінің алашалары Астраханнан астық, шәй, секер тасыса, оларды сол қаланың қарақшылары ауыл маңынан асырмай тонап алатын көрінеді. Соған көмек сұрайды. Содан соң «Біз де су жағалап, өзен құртынан өзек жалғасақ» дейді, - депті баласы.

- Анаң қара. Есалының естілігі сені он орап, басындағы бір тышқанның терісінен әлдеқайда асып түсіпті ғой. Ол бір ғана құндыз бөрік пен жүздеген қазаққа қалқан, аузына тамақ сұрап тұр-ау. Міне, азамат! Ел қамқоры деп соны айт! - деген екен атасы.

ЖАРАСУ

Мақаш пен Жантұрған бір нәрсеге келісе алмай, сәлемдері жараспай жүреді. Бірде Мақаш Есенқұл Беріш Бекейдің үйінде отырса үстіне Жантұрған келеді. Есіктен кіріп келе жатқан Жантұрғанға Мақаш:

- Сен кім, мен кім? – дейді. Жантұрған кідірместен:

- Сен - пышақ, мен - қайрақ, - деп жауап қайтарады. Мақаш:

- Халық жазды, - дегенде, Жантұрған:

- Халық кешті, - дейді. Бұл сөзден кейін екеуі қайта жарасып, достасып кетіпті.

БАТАҒА БАСЫНДА

Мақаш өз округіне қарасты балық батағаларын аралап келе жатып, ау шабушылар үстінен шығады да тартым жетекшісін шақырта кісі жібереді. Ол кезде шатын ауын он алты жігіт қатар тұрып тартады екен, басы артық кісі жоқ, бәрі жұмыс үстінде болғандықтан тартым жетекшісі шақыра келген кісіге: «Дәл қазір мен де Мақашпын, қолым тимейді, асықса жүре берсін!» - деп сәлем айтады. Мұны естіген әкім жұмыс үстіндегі жігіттерді алаңдатқанына ыңғайсыздық білдіріп: «Иә, жігіт жақсысы ләмкімде, ат жақсысы қамытта болар» деген-ау, сүт пісірімнің әрісі не, берісі не, бұлардың жәйін біле кетейікші», - деп тартымның аяқталуын күтіпті.

АНА АҚЫЛЫ

Мақаштың әкімдік қызметке енді-енді тағайындалған шағы болса керек. Жазды күннің ыстығы қайтып, екіндіге иек сүйеген кезінде үй іші боп көлеңкедегі сәкіде тынығып отырған сәтінде көзз ұшынан көлеңдеген жалғыз атты жолаушы біртін-біртін жақындай түсіп, маңдайын Мақаш үйіне бұрады. Бұл көрініске назар салып, көз алмай отырған Қамқа ана:

- Балам, мына жолаушы тым әріден қоналқаға жетіп құласам деп, арнайы келе жатқан адам сияқты. Көлікке отырысы марқұм әкеме ұқсайды. Асылы Сәрет (Жұбаныштың Сарадан үлкен екі ұлы болған. Оның бірі - Сәрет, екіншісі Әбдіреш. Екеуі де есімі елге белгілі би - Ред.) нағашың болмаса нетті, - дейді.

Айтқанындай-ақ, жолаушы ат басын осы үйге бұрады. Өз бауырын тым қашықтан таныған Қамқа баласына:

- Тұр, алыстан ат терлетіп келе жатқан нағашыңның алдынан шығып, шылбырын ұста, түсіріп ал, - дейді.

Мақаш орнынан тұрып,қазыққа жеткенше Сәрет те атынан түсіп үлгереді. Сонда да болса көлігін байлап, қолтығынан демеп, үйге бағыттайды. Жиенін әкімдік қызметке тағайындалғалы көрмеген Сәрет оның әлден-ақ ауыр қозғалып, шалт қимыл танытпағанын жақтырмай:

- Ау, Мақашжан, азаматтың алтын асығы ма едің, әлде ат байлайтын қазығы ма едің? - деп салады.

Осы кезде өз бойында менмендіктің желі, көзінің шелі бар екенін байқап қалған Сәрет нағашысынан кешірім сұраған сыңайдағы Мақаш: - Нағашы, ол не дегеніңіз, мен сізге бір сұрақтар қойсам деп ем, соны жүйелеймін деп өз ойыммен өзім болып, кешігіп қалыппын ғой, кешірерсіз, - дейді.

- Есіңнен айырып тастағандай ол не сұрақ еді?

- Жоға, ондай арам ойдың дүниесі емес, сонда да болса,өзіңізді көргесін көлеңдеп көз алдыма тұрып алғаны. Айтсам жауап бересіз бе?

- Тап қазір ме?

- Ертеңге қалдыратындай күрделі емес.

- Несі бар, Орынборда оқымасақ та осы араның тәлім-тәрбиесін көрген жанбыз ғой, шарғамыз тартса жауап береміз, айтқын!

- Ендеше күн шығыс пен күн батыстың арасы қанша? Аспан мен жердің арасы қанша шақырым? Соңғы сұрақ-жердің түбі бар ма?

Аз-кем ойланған Сәрет жымиып бір күліп алады да:

- Мен оқыған адамның сұрағы олқы соқпайтын, қиын болар деп қауіптеніп едім, мынауың ата сөзін тыңдаған аңдампаз баланың екінің бірінің жауап берер сауалы ғой. Жә, сен қойдың, мен жауап қайтарайын. Жазды айтпағанда, қыстың қысқы күнінде қазанға ерте салған кәрі қойдың еті кешке алдыңа келеді. Соған қарағанда шығыс пен батыстың арасы ет пісірім ғана жер болар.

Ал аспан мен жердің арасы дегеніңіз жаздың күні күн күркіреп, жалт ойнап жатады. Оны қариялар құдайдың перілер қызын қуып жүрген шайтандарды қамшымен осқаны дейді. Сондағы қамшы даусы құлаққа ап-анық естілмей ме? Меніңше, дауыстың дұрыс естілу қашықтығы бір-ақ шақырым. Олай болса, аспан мен жердің арасы да сол шама. Жердің түбі бар ма дейсің, асылы жоқ сияқты. Өйткені қанша заманнан бері өлген адамды терең қазып, көміп жатырмыз. Солардың ішінде бірі ойылып, төмен түсіп кетіпті дегенді естігенің бар ма? Жоқ, ендеше, жерің түпсіз болуы керек, - депті. Сәрет нағашысының бұл сынды әзіл-қалжыңы аралас жауабына әбден қанағаттанған Мақаш әкім қонағын өзі бастап үйге кіргізіпті. Бірақ жасамыс биді қайткенде сөзден тоқтатам деген ой Мақаштың жатса-тұрса есінен кетпейді. Ақыры, анасына барып:

- Ана нағашымды қандай сөз айтсам, сүріндіре аламын, ақыл қоссаңшы, - деп қолқалайды. Сонда анасы:

- Балам, болатты болатқа салмас болар, болатты болат алмас болар. Білген, түсінген адамға жаңағы әңгімелерінің өзі-ақ жетіп артылады, - деп тоқтатқан екен.

ЖАСТЫҚ ҚЫЗУЫ

Сол Сәрет інісі Әбдірешпен тағы бірде келе қалады. Бұл ағайынды бидің кезекті жұттан шаруалары шайқалып, кедейленген тұсы екен. Мұны ауыл ақсақалдары «Қызылқұрттар жиенінен көмекке мал сұрай келген ғой» деп түсінеді. Бұл әңгіме осы күйінде Мақаш құлағына да жетеді. Жастық қызуы ма, әлде ақсақалдар сөзіне Құран сүресіндей сеніп қалды ма, әйтеуір нағашылары аттанарда жас әкім қалың жұрттың көзінше:

- Ие, қызылқұрттар, шаруа айтыңдар! Кедейленіп, мал сұрай келдіңдер ме? Жетпейтіні қайсысы еді? - дейді.

Сонда жиенінің әр сөзін бағып отырған Сәрет:

- Тоқта, Мақаш! Тоқтап қал. Мал сұрайтын кім едің? Ұртыңнан уыз төгілген бай болсаң аталарың Ақ Жайықтан Нарынға өтерде мүлкін жалғыз ғана қара сиырға неге артты? Аузыңмен құс терген би болсаң мойнында қасқалдақтың қаны жоқ екі ағаңды Нұралы хан ит жеккенге айдарда неге арашалап алмадың? Ендеше, ақыл сұрап, мал жинайтын жерді біз де біле жатармыз, - десе керек.

Кеудесіндегі әкімдік желігі әлі қайта қоймаған Мақаш ауыл ақсақалдарына қарап:

- Осы әңгімеге май құйып, лаулатқан өздеріңіз едіңіздер, енді өздеріңіз өшіріп алыңыздар, -деп, тұрып жүре беріпті.

БІР ҚАРАЛЫҚ ЕКІ СӨЗ

Мақаш қолында ұзақ уақыт Мақашқаладан келген құмық ұсталарды ұстап, олардың өз өлкесінде зергерлік өнерді дамытуына қолайлы жағдай туғызған. Жеке басындағы үлгі тұтар қасиеті отбасында дүниеге ұл келсе алтын, күміс жалатқан ер-тұрман шаптырып, қыз туса сырға, сақина соқтырады екен және әр бұйымның еңбегін дәл уақытында төлеп отырған. Сол дәстүрмен Мақаш кіші ұлы Фазылға да ер-тұрман шаптырады. Бұл кезде ол әкімдіктен түскен, елдің көп қарияларының бірі болса керек. Мақаш әкім боп тұрған шағында да, одан кейін де есепсіз мал ұстап, берекетсіз байлыққа қызықпаған, күнделікті тұрмыс қажетінен аспаған адам көрінеді.

Осындай бір шақта Мақаш құмық шеберлеріне ақ-адал ризалығын білдіре отырып:

- Бұрын мен саған әрбір бұйымың үшін қыруар ақы төлеп, еңбегіңді де ескеріп отырушы едім. Бұл жолы бұндай сый-сияпат көрсету мүмкіндігі болмай тұр. Есесіне бір қаралық сөз айтсам, сол әркез есіңде жүрсе қор болмассың, - дейді. Бұрындары аларын алып, жасарын жасап жүрген зергер жігіт Мақаштың бұл сөзіне реніш білдірмей, қайта құп алады.

- Бұрындары бір шаһарда оқу, ілім-білімге құмартқан бір жас болыпты, - дейді Мақаш, - күндердің күнінде ол үйленеді, бірде ұзақ мерзімге оқудың реті кеп, алыс жолға аттанады. Артында және ай-күніне жеткен жары қалады. Сөйтіп, ол аталған жерде он жеті жыл оқып, ақыры ауылына қайтудың сәті туады. Дегенмен, ұстазы шәкірттің бұл ұсынысын қабыл ала тұрса да: « Бір сұрағым бар, егер мен ойлағандай жауап берсең, жолың болсын – жүре бер, ал егер бере алмасаң, қашан тапқанша қой бағып жүре бересің», - дейді. Амал қанша, шәкірт жігіт көнеді.

- Ендеше, - дейді ұстаз - оқудың түбі не?

Шәкірт жауап бере алмайды. Бір жыл қой бағады да келесі жылы кеп ұстазына: «Оқудың түбі - ақыл» , - дейді. Ұстаз бұл жауапқа дән ризалық білдірген күйі: «Ақылдың түбі не?», - деп қайыра сұрақ қояды. Шәкіртке тағы да бір жыл қой бағып, ойлануға тура келеді. Келесі жылы ұстаз алдына оралған ол: «Ақыл түбі - сабыр», - деп жауап қайтарады. Екі жауапқа да ризалық білдірген ұстаз шәкіртінің еліне қайтуына рұқсат береді. Алыс жолдан оралған шәкірт алдымен анасы жататын бөлменің терезесі алдына кеп үңіледі. Сөйтсе анасы тірі екен. Әбден қарттық жеңген кейуананың өз бөлмесінде тып-тыныш ұйқы құшағында жатқанын көреді. Аяулы жанның әлі жүргеніне қуанған баласы одан әрі өтіп, өз бөлмесінің терезесіне келеді. Онда әйелі және бір бейтаныс жігіт жатады. Бұл көрініске таң қалған ол: «Шамасы мен жоқта әйелім басқа біреуге тұрмысқа шыққан ғой. Ұйқы үстінде жатқанда екеуін де өлтірсем бе екен, асылы сол дұрыс болар, - деп ойлайды, - бірақ қайсысын бірінші өлтіруім керек?». Осы кезде есіне ұстазы қойған сұрақтар мен оған өзі қайтарған жауаптар оралған шәкірт сабырлылық сақтап «Не де болса ақырын күтейін» деп есік қағады. Қақпаны әйелі мен оның қасындағы жігіті ашады. Алыс жолдан оралған күйеуін айқара құшақтаған келіншек: «Сені де көретін күн бар екен ғой. Міне, сен кеткенде іште қалған балаң. Ол да он тоғызға кеп, алдыңнан шықты, бақыт деген осы», - деп қасындағы түбіт мұрты тебіндеген жас жігітті көрсетеді. Сол кезде өзінің алдында ғана қызғаныш отына күйіп, әнтектік жасауға шақ қалғандығы, бірақ ақылмен ұстаз тәлімінің көмегі арқасында бақыт шырқын бұзбағандығына қуанған әке оған қайта-қайта алғыс сезімін білдіріпті. Міне, сен де ұзақ жолда жүрсің, еліңе қайтарсың. Ақар-шақар отбасың, ата-анаң, асыл жар, балаларыңмен де қауышарсың. Бірақ қашан да ашу-дұшпан, ақыл-дос, сабыр түбі сары алтын екенін естен шығармағайсың», - депті Мақаш. Бұған дән ризалық білдірген зергер:

- Ақкөке, барында базар қып жарылқадыңыз, бір ер-тұрманға бола ерімді бауырыма алмаспын. Шындығында осы әңгімелеріңіздің әрқайсысы бір қаралық екен, бек рақмет! – деп бас иіпті.

- Қазақ, құмық ағайын, тілі мен діні, ділі де бір-бірінен алыстап кете қоймаған, - депті Мақаш тағы бір таулық шеберге. - Сіздер мен біздердің халқымызда төрімізден қонақ, дастарханымыздан бадана бауырсақ, ет толы табақ арылып көрген жоқ. Солардың жүйесін келтіріп, сәнін арттыратын шаңырақ ұйтқысы әйел, яғни отанасы. Ендеше сондай әйел туралы әңгіме айтып берейін.

- «Мал бір жұттық» дейді аталарымыз. Осындай қолайсыз қыста қу таяғын ұстап қалған жігіттің келіншегі күйеуіне қапта ұн, көжеге қатық жоқтығын ескертіп, мынау менің сәукелем. Үйде қалған өтімді дүние осы ғана. Мүмкіндік болса базарға апарып сат та, балаларға сауындық сиыр ал, - депті.

Күйеуі сәукелені алып, базар жаққа бет алады. Сәукеленің әдемілігіне қызыққан біреу: «Жалғыз қызым тұрмысқа шыққалы отыр, Сен осыныңды жаңа туған сиырыма ауыстырсаңшы. Кеше ғана бұзауы өліп қалды, бірақ ақпейіл, саудырады», - дейді. Жігіт ауыстырады. Сиырын жетектеп, есікке енді бағыттағанда тағы бір саудагер: «Жігітім, жалғыз сиыр мал бола ма, менің екі лақты ешкім бар, үшеуі бір – біріне сеп, ауыл маңынан ұзамайды ғой», - десе оған да келісіп, ешкіні жетектеп, екі лақты ілестіріп, енді жүре бергенде, қақпа алдынан жалаңдаған тағы біреу: «Егіз лақты ешкіңді мына керемет бөрікке ауыстырсаңшы. Қарашы, құндыз терісі», - деп жата келіп жабысады. Көңілшек жігітте қайт жоқ, оған да көне салады. Сөйтіп, жаңа бөрікті бір шекеге қойып, үйге қайтады. Бірақ құдай ұрғанда оның да қайырын көруге мұрса бермеді. Орта жолдағы өзеннен өтем дегенде көпір үстінде қалтаңдап келе жатқан мұның басындағы құндыз бөрік кездейсоқ соққан құйыннан ұшады да кетеді. Арқырап аққан тау суы домалап келген бөрікті әй – шәйіне қаратпай ала қашады. Жалаңбас қалған жігіттің бұдан әрі істейтін еш амалы жоқ, көңілі пәс тартып, үйіне бағыттаса, жолда түйелеріне жүк атқан сауда керуеніне кезігеді. Керуеншілер одан: «Көктемнің мынандай өкпек желі өңменінен өтер салқынында үстінде күпі, аяғында етік, басың жалаңбас, неғып жүрген адамсың, асылы құскелдің бар біреу шығарсың», - деп сұрайды. Жігіт болған жайды баяндайды. Азаматтың аңқаулығына көзі жеткен керуенбасы: «Енді сені әйелің үйіңе кіргізбейтін шығар», - деп мүсіркейді.

- Әрине, - дейді жігіт.

- Апырмай, ә! Былай болсын, - дейді ол. - Егер әйелің мына қылығыңды естіп, ашу шақырып, есігінен қаратпай қойса онда біз сені өзімізбен бірге ала кетіп, құл қыламыз, жүк түсіріп, артасың, көліктерді күтесің. Ал қалыңдығың түк болмағандай қарсы алып, базары барын сені мен біздің алдымызға тартса, онда осы керуеннің бір түйесі жүгімен және тағы қалағаныңды аласың!

Базаршы жігіт келіседі. Бәрі жігіттің үйіне жетеді.

Отанасы бұларды түк болмағандай жайдары қалыппен қарсы алады. Төсегін салып, қонақтарды күтеді. Шай қойып жүріп күйеуінен: «Әкесі, саудаңыз қалай болды?» - деп сұрайды.

- Сәукелені сиырға ауыстырдым, - дейді базаршы жігіт.

- Балаларға сауын болады, жақсы екен, - дейді келіншегі.

- Сиырды егіз лақты ешкіге ауыстырдым!

- Тіпті жақсы. Егіз лағы екі балаға енші. Өзі сауын болады.

- Мен онымен қоймай, қыстық құндыз бөрікке де ауыстырдым ғой,

- дейді қызарақтаған жігіт көзі жапақтаған күйі.

- Одан да жақсы, - дейді балалардың анасы - «Дос - аяққа, дұшпан - басқа қарайды» деген, ер азаматтың басына не жетсін. Анда-мында қыдырғанда киіп шығасың!

- Ойбай-ау, ол бөрікті көпірдің үстінде жел ұшырып, өзенге ағызып жіберді емес пе? - дейді жігіт жыларман қалыпта екі алақанын жайып.

- Жә, қапаланбай-ақ қой. Құдайға шүкір, өзің амансың ғой. Бастан құлақ садақа. Сол бөрікпен бірге өзің ұшып кетсең нетер едік. Шаңыраққа келген бәле сол бөрікпен кетсін! – деп келіншек қатығы жоқ күрең шәйін құя береді.

Керуеншілер келіншектің мұншалықты кеңпейілділігіне риза болып, алдында айтқан уәделеріне тұрыпты.

ТІЛЕКТЕ ДЕ ТІЛЕК БАР

Жантұрғанның құлағына Мақаштың тоқалы ұл тауыпты, құтты болсын айта барғандардың қай- қайсысына да жылы қабақ танытқанымен аса бір құптағандық сыңай білдірмепті дегенді естиді де, әлгі өкпелі кеудемсоқтардың бір-екісін қасына ілестіріп ап, құрдастың үйіне қайдасың деп тартып береді. Жолай қосшы жігіттерінің жас нәрестеге қандай тілек айтатындарын біледі де, «Е, әкімді ризалаудың жарасы жеңіл ғой» дей салады. Үй иесі қонақтарды әдеттегідей жайдары, жарқын қалпында қарсы алып, төрге оздырады. Аман-саулықтан соң Жантұрған:

- Мақаш «ұлды болдың - құлды болдың» деген ғой, балаң ләйімде адал сүт емген адам боп өссін! - депті. Сонда үй иесі қонақтарына шынайы жарқын жүзімен жалт қарап:

- Әмин! Айтқаның келсін, аруақ қолдасын. Бәріміздің борышымыз да, арманымыз да сол ғой, - деп Жантұрғанның жанына кеп отырыпты. Мақаш қонақтарына үлкен сый-құрмет көрсетіп, арғы-бергіден біраз әңгіме қозғалады. Бұрынғыға қарағанда бұл жолғы құрметтің ерекшелігіне таңданған қонақтарының бірі Жантұрғаннан сұраған боп Мақашқа қарата:

- Біз осы сәбиге құтты болсын деп айтқанбыз. Бірақ Мақаң тап қазіргідей жылы шырай танытпап еді. Оның сыры тілегіңде ме, әлде тілекті айтқан адамында ма? – деп сұрайды.

Бұл сұрақтың әйтеуір бір қойылатынын күтіп отырған Мақаш:

- Дұрыс айтасың, қашан да тілек атаулының терісі жоқ. Бірақ әрқайсысының орны, салмағы бар. Мысалы, «балаң бақытты болсын!» дедің. Кім бақытсыз болсам деп ойлайды. Немесе «Өмір жасың ұзақ болсын!» дедің. Егер мәні жоқ болса мың жасағаныңнан не пайда? Ал балаң адал сүт емген болсын десе, орны басқаша. Адам баласына жақсылық атаулының бәрі бесіктен, ананың ақ сүтінен дариды. Тәрбие негізі де осы кезден қаланады. Өз басым бала тәрбиесіндегі бастау ананың сүті, әкенің әлдиінен басталады деп білемін. Ендеше мұндай тілекке мейірленіп, шаттанбағанда, қай тілекті қанағат тұтып, қанаттанбақпын, - депті.

Сонда Жантұрған:

- Ай, тектім-ай, даралығыңмен қоса, даналығың да мол-ау, жарайсың! - депті. Бұл пікірді қалғандары да қолдап, қайта-қайта ризашылық сезім білдіріпті.

МАҚАШ ПЕН ДІЛМАР ТІЛЕНШІ

Мақаш өзі басқарған Екінші округтің Қоянды, Қошалақ өңірінде сөйлер сөзге дес бермейтін Жарықбас атты тіленші барлығын естіп:

- Апырай, өзі ақылды бола тұра тіленшілігі қалай? - деп таңданады. Бірде сол өңірде үлкен жиын-той болып, соған әкім де қатысады. Ол келегн сәттен сол араның асаба жігіттеріне:

- Тойда Жарықбас тіленші бой көрсетсе, анау игі жақсылар мен жайсаңдары жайғасар үйге орналастырыңдар да, арнайы сыбағалы табақ тартыңдар, - деп пәрмен береді.

Ақыры ол пәрмен де орындалады.

Әкім айтқасын амал бар ма, әйтпесе әншейінде табақ тартылмақ түгіл, сол үйдің босағасынан қарай алмайтын тіленші енді шалқып, шаттанып, қатарда отыр. Шамасы бұл өмірінде бір ескеріліп, ел қатарында тамақ ішкені шығар. Жиын тарап, жұрт жөніне кете бастағанда бұл да көппен бірге қозғалып, бірақ бұрынғы әдетінше қазан-ошақ басынан қалтасындағы дорбасына оны-мұны ас қалдықтарын салып алып жатады. Мұны байқап қалған Мақаш Жарықбастың жанына жақындап кеп қолындағы қос бүктелген қамшысымен иығынан түртіп:

- Әй, пақырым-ай, әлі тоймай қалған екенсің ғой, - депті. Жалт қараған тіленші жанында жұрт сыйлайтын әкімнің тұрғанын біліп:

- Амансың ба, Мақашжан? Қайдан тояйын, өлімді жерде молданың, өлеңді жерде өгіздің, ел аралаған пақырдың, ел билеген әкімнің тойғанын көрмек түгіл, естігенің бар ма еді?! - депті де бұрылып жүре беріпті.

Әкім де ділмар тіленшінің артынан қарап тұрып:

- Әй, бәсе, ақылды болса неге тіленші болсын, пақыр етіп жүрген тілі екен ғой, - депті.

* * * Мақаштың жазғы ордасына қонышынан жұлығын басып, үстінде шидім шекпен, басында киіз қалпағы бар, иығындағы аса таяққа дорба ілген қайыршылау қария келіп кіреді. Ол кезде Орда бір-бірінен жалғас үш киіз үйден тұрады екен. Оның алғашқы жеті қанатты кіре берісінде хатшы мен қызметкер отырады да, екінші түпкі - тоғыз қабатты үйде әкімнің өзі жайғасатынға ұқсайды. Бұрын - соңды мұндай жұпыны киімді қарияны көрмеген хатшы оны тоқтатып, жөн-жосығын сұрайды. Осы кезде төрде отырған әкім Жарықбастың даусын естіп:

- Жіберіңдер, Қошалақ десе дұрыс шығар, өзім шақыртқанмын, - деп тіленшінің алдынан шығып қолын алады, киім- кешектерін іледі. Аман- саулық сұрсқаннан кейін: «Қош келдіңіз! Мына сіз отырған киіз үй әкім болып, өзім алдырған дүние емес, атам Бекпембет, әкем Шолтырдан қалған мұра. Сондықтан ата-баба шаңырағы астында шектен шығып, асып-тасу, әлсізді мұқатып, шындықты жұқарту деген маған жат. Өзіңіздей ел сыйлаған қадірменді қариялар ақылын тыңдау қашанғы әдетім. Егер қарсылық білдірмесеңіз өзіңізге қояр бірер сауалым бар, - дейді.

- Қош алғаныңа рахмет! Бабаңды бала кезімде көрдім, әкеңмен тұстаспын. Киелі шаңырақ кірлемесін. Бата дарыған босағаның сәні де сол. Ал сауалына келсек, сақалы селеу бір атамыз «Қуғынды көп көрсе, түлкінің де құйрығы бурыл тартады» деген екен. Жасымда жетім боп, жарлылық өмір бойы етектен тартты. Жаяулық жарты жасымды кемітті, оған бұл күнде кәрілік кеп қосылды. Ақылымнан дәметер сұрағыңа ақылмен жауап беру қолдан келсе көрейін, ендеше саул сенен, жауап менен болсын, - депті Жарықбас.

- Олай болса тағамдағы тәтті не?

- Меніңше, қайғысыз ішкен қара су - дағы.

- Дүниедегі жүйрік ше?

- Адамның ақыл – ойы болса керек.

- Жарлылықтың емі бар ма?

- Бар. Емі - жастық, денсаулық, ерінбей еңбек ет.

- Кәріліктің емі ше?

- Тамыры семіп, жапырағы ұшқан ағаштай, алды-жар, арты-құз, кәрілікке не ем болсын, дегенмен салулы төсек, салқын үй, жақсы ас, жас қосақ болса жүгі ауған түйені түзеп жібергендей сәл-пәл болса да сәні келер еді-ау?!

- Бәрекелді қария, айта жүрер ақылыңыз, сүбелі, сүйекті сөзіңіз бар екен. Асықпай қонақ болыңыз, - деп біраз құрметтеп, кетерінде: -Жасыңыздан жолдас болған жарлы атыңызды жояйын, - деп қалтасынан патшалық 25 теңгені суырып беріпті де үлкен кісіге жәйлі ғой деп астына атан мінгізіпті.

Әкімге деген алғыс сезімін білдіріп аттанған Жарықбас жолай базарға соғып, ауылына бір құнажын қашар мен бір тай жетектеп барыпты. Сол мал өсіп, баласы Шәйкөз есейе келе Мекеге қажылыққа барады. Ал оның балалары Құрақбай мен Қайрақбай 1928 жылы ірі бай ретінде тәркіленіп, итжеккенге айдалыпты.

ҰҒЫНЫСТЫҚ

Мақаштың атасы Бекпембеттің Бөкей тұсында, кейін Сығай, тіпті Жәңгір ханның өзіне ақылдасар аға, кеңес қосар сүйеніш, шешімді бағасын айтар би болғаны сол кезден хабары бар біраз жанға белгілі жәй. Шамасы Өтемістің (Махамбеттің әкесі) Сығаймен шайсуы жараспай, сәлемі бұзылып жүрген кезі болса керек. Қай заманда да аз-мұз беделі бар, ел сыйлаған жандардың өздерінен өкше бойы жоғары ұлықтарға иек арта жүретін әдеті. Соған сай олар да халық қадірлеген ел серкелерін өз мақсаттарына пайдалана білген. Реті Сығай жұмсап, «Өтемістің мысын бас, ежірейген көзін, асқақтаған сөзін төмен түсір» десе керек, бірде Бекпембет Өтеміс ауылына барыпты. Ойы қызылбастан ауып келген шұнақ құлдың билік құрып, батырсынған кеудесін басып, тәубесіне келтірейін» болса керек. Шыннан да бұл Өтемістің есіктен кірсе төрге озып, аузын ашса сөзі бал, топ бастаса жауы дал болған дер шағы екен. Бекпембет келгенде ол шаршы төрінде шалқайып жатыр екен, аз-мұз әңгімеден соң тысқа шығып қайта кіреді. Содан соң оң жаққа отырып сөз бастайды. Аз әңгіме айтып, тағы да сыртқа бағыттайды. Бұл жолы ішке енгенде босағаның көзіне тізе бүгеді. Әуелден қу пенденің әр қылығын бағып, көкейіндегі көлденең пікірді ұға қоятын Бекпембет би Өтемістің түпкі ойын түсіне қойып, сонда да болса сөзге тарту ниетінде: «Өтеміс, мұның қалай, бие сауым бір сәтте тысқа беттеп, үш дүркін орын ауыстырдың, астыңнан су шықты ма, әлде ішің кетті ме?!» - дейді.

- Арғы атаңыздан ауыз баққан би деп естуші едім. Текке терлеп, босқа борбайсызды болмасыңызды бідемін. Ендеше ернін шошайтып, тас қарынды тыр-тыр қасыған сұлтаныңызға және менің Иран асып, қаңғып келген құлдығымды бетіме басып, қол бастаған батырлығым, сөз тастаған билігімді жоққа шығарғалы келген сізге жауап әлгі, - дейді Өтеміс.

- Ымыңнан ындыныңды, ісіңнен күшіңді таныдым. Рақмет! Сен жеңдің, мен жеңілдім! - деп Бекпембет келген ізімен кері қайтыпты. Сөйтсе әлгі қылықтары Өтемістің «Төрде отырсам - төрелігім, ерлігім; оң жаққа жантайғаным - қара қылды қақ жарған билігім; босағам - құлдығым» дегені екен.

Оны Бекпембет би де дәл танып, тез ұғып, бұдан арғы сөздің тым артық екенін байқап қалса керек.

ҚАЗЫ БИ МЕН БЕКПЕМБЕТ

Бірде Қазы Бекпембет биге:

- Беке, осы менің не мінім бар?деп сұрайды. Сонда Бекпембет:

- Сенің не менің бар деп сұрауыңның өзі мін. Оған қоса тағы төрт мінің бар. Олар: біріншісі - семізсің, жау жаулай алмайсың; екіншісі - бисің, дау даулай алмайсың; үшіншісі - ақылдысың, көпке ермейсің; төртіншісі - ашулысың, көпті еріте білмейсің. Тазеке атанбай Қазеке атанғың келсе, осы міндеріңді жой, - депті. Жай кезде қара сөзден дес бермейтін Қазы би осы арада үндемей отырып қалыпты.

БЕКПЕМБЕТКЕ БАҒА

Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан ақылдасып, ел ішіндегі дау-жанжалды талқылау үшін Қоңыр деген ауылда бас қосады. Ішкі жақтан Қазы, Байнақ билерді ертіп Баймағамбет келеді, екінші, Бөкейліктен Балқы, Бекпембет, Шомбал билерді ертіп Жәңгір келеді. Жәңгірдің Исатай, Махамбеттермен дүрдараз кезі екен, хан бұларды бұл жиынға шақырмайды. Оны Қазы ішінен жақтырмай отырады. Қоңыр ауылы қонысы жағынан Баймағамбетке қарайды екен, сондықтан ол:

- Жәңгір, сен менің жеріме аяқ басқан қонақсың, осы мәжілісті өзің баста, - дейді.

Жәңгір:

- Сөз бізге берілетін болса, бастауын Балқы биге тапсырайық, сөз сізде, Балқы аға, - дейді.

Осы кезде билік қамшысын көтерген Қазы би:

- Әй, Жәңгір не деп отырсың? Исатай, Махамбет сияқты батыр туыстарын дұшпан көріп, артына тастап келіп отырған Балқы не бетімен сөз бастайды? - дейді.

Жәңгір төмен қарап қалады, Балқы биде елге көрінер күй жоқ еді.
Хан біраздан соң бас көтеріп:

- Ендеше Шомбал би сөйлесін, - дейді.

Қазы:

- Шомбалдың Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыздың бойында қаңғырып, көшіп жүрген арбасының ізі әлі жасырынған жоқ. Он екі ата Байұлының сөзін сөйлейтін бір жақтағы ноғай – қазаққа не жоқ? - деп тағы да

Жәңгірді қайтарып тастайды.
Амалы таусылған Жәңгір:

- Онда Бекпембет би бар екен-ау! Бұл атақты Тұрымбет бидің баласы ғой. Әкем Сырым Нұралы ханды шабам деп үш жүзге сауын айтып, қол жинап жүргенде мұның әкесі Тұрымбет би: «Сырым, халықтың толысын төкпе, ортасын шайқама. Адамның қанын жүктеме, ханмен шендестірейін», - деп халықтың қамын ойлап сөйлер», - депті. Сайып келгенде, бұл оның Бекпембеттің аузына сөз салып, ұстанар бағытын сілтеп бергені еді.

Қазы бірде Бекпембетке «Ассалаумағалейкум, Бәке!» десе, ол:

- Ие, амансың ба, Қазым, шекесі жалтыр тазым, - депті.

Сонда Қазы би: «Е, Беке-ай, бұл да талай естіген сөз ғой. Білмесе аталарымыз «Ат жақсысы боз болар, ер жақсысы таз болар» демес еді. Мұны неге естен шығардыңыз, би-еке? - демей ме. Бекпембет осы кезде ойланбастан: «Қазеке-ау, кім жақсы болғысы кеп сау басын сылыта қояр дейсің?» - десе керек.

Қазы үндемей қалыпты.

КӨШЕККЕ ЖАУАП

Мақаштың әлділеу ағайындарының кейбірі мұны «Ел ішінде беделі асқаны не керек, қажет жерінде туғанның емес, тұлдыр жетім, кедей-кепшіктің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайды. Барып тұрған орысшыл» деп кей уақыт теріс қарап, сырт айналады. Тіпті өсектейді де екен. Сондай өкпе үстінде жүрген Көшек деген біреу (ол да әкім көрінеді. - Ө.Ә ) топ арасында Мақашқа ернінің ұшымен ғана сәлемдесіп, салқын қабақ танытқан күйі тұра беріпті. Мұны байқап қалған Мақаш:

- Аман-сау жүрмісің, інім Көшек,

Сыртымнан қайта-қайта қылдың өсек.
Өңірде орыс, қазақ «Мәке» дейді,
Неге қойды әкім қып дым білмесек, -
деп бір шумақты бастап жіберсе керек.

Ұялғаннан жерге кіріп кете жаздаған Көшек жүгіріп келіп өз қылығы үшін кешірім сұрапты.

ДӘУЛЕТКЕ ДЕ СЕБІ БАР

Байбақтының Исақұл биі Нарынның жаға қырына қоныс теуіп, жаңадан жай тұрғызады. Мақаштың онымен құдандалылығы бар екен, соған сай ағайынның амандығын біліп, жаңа орнына құтты болсын айтқанды қалайды да құманшы інісі Әбілқайыр екеуі жолға шығады. Бұлар барғанда исақұл ауласында серуендеп жүр екен. Алғашқы аман-саулық сол арада болады. Мақаш сөз бастап:

- Исақұл құда, жерің от екен. Дегенмен, өз басымыз қоныс аударып, жер таптаудан қолыңызға су құя алмайтынымыз рас. Егер жусаны кетсе, осындай жылы орныңызды суытып, тағы да көк қуалай берер түріңіз бар ғой шамасы, - деп мырс етеді.

Сөйтсе Исақұл әп-сәтте асыр-түсір келіп қалар ашуы бар да қайтымы шапшаң, бірақ соң ойласа да оң ойлайтын оңды адам екен, мақаштың әлгіндей екі ұшты сөзіне қатты ренжіп:

- Мені енді тойған жерінің тезегін жастанар қойтөбет көрдің-ау, құда болмақ түгіл құдай болсаң да..., - деп қолындағы аса таяғын жерге қайта-қайта шанышқылап, тағы да бір сөзді айтқалы жатқанда құманшысы Мақашқа басу айтқан боп:

- Несі бар, Ақкөке, қоныс аударса бастағы бақ емес, жусанның кеткені де. Ал егер басыңыздан бақ кетсе, астыңыздан тақ та кетіп, қалың елге хан болып, қазылық етер шақ та ғайып болар еді, - деп Исақұл ойын бөліп жібереді.

Құманшы көмейін тез ұққан Мақаш та қарап қалмай:

- Ол рас, мал баққан қазақ боқ емес, көк іздейді. Шөбі бардың төлі бар. Төлі бардың еті бар. Ал ет-дәулетке сеп, - деген екен.

ОРЫСША ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Бірде Шора би Мақашқа:

- Балаларыңның бәрін Астрахан мен Қазан қалаларындағы орыс оқуына беріп жатырсың. Ойың - ұрпағың шоқынды атанып, Ресей патшасына адал қызмет ететін шенеунік дайындау ма, әлде өзің сынды ел панасы, халық данасы атанған қазақы әкім атандыру ма? - депті.

Бүйірден қойған екі ұшты сұраққа еш кідірместен Мақаш әкім:

- Екеуі де емес, ел қамы. Болашақта қандастарымызға тек құран танып, құдайдың құлы атану мен қолына құрық алып, мыңғыртып мал өсіру жеткіліксіз. Есесіне батыс пен шығыстың ілім – білімін қатар игеріп, жеті жұрттың тілін білу, техниканы меңгеріп, өндірісті дамыту, егін өсіру үшін орысша оқу қажет – ақ. Ол үшін менің балам талаптанса, ертең сіздің балаңыз оқиды. Сонда біз өзге елмен иық теңестіретін ел боламыз, - деген екен.

АҚЫЛ СӨЗ

Мақаш өз ауылындағы бір сыныпты орыс мектебінің табалдырығын алғаш аттағалы отырған ұлы - Мерфайыстың қолына бірнеше дәптер ұстатады да, соның бірінің алғашқы бетіне былай деп жазады:

Ұлық болсаң - кішік бол.
Әрқашан алдыңды кең тұт.
Қандай жағдайда да кішіпейіл боп,
Күндестіктен сақтан.

Әр ісіңді жіті істеп, тез аяқтауға тырыс,
Бірақ асығамын деп «аһ» ұрушы болма.
Әлденені кек тұтып, ашу-араздыққа жол берме.

ЕКІ РЕТ СӨЗДЕН ТОСЫЛУ

Үйіне ауыл ақсақалдары жиналып, кеңінен әңгіме-дүкен құрып отырса, келесі бөлмедегі жылаған баланың даусы қайта-қайта сөзді бөліп, алаңдата беріпті. Бұған әбден мазасызданған Мақаш: «Ау, қайсың барсың, ана баланы жұбатсаңдаршы?!» - деп дауыстапты. Бірақ жуық маңда жұбана қалатын бала жоқ, қайта күшейте түседі. Үй иесі бұрынғыдан бетер мазасызданады. Осы кезде көп ортасында отырған Алаша Жылгелді би: «Ақкөке, оқасы жоқ, бала ғой. Есін білмес сәбидің бабын табу оңай емес», - десе, Мақаш: «Әңгіме сонда, ол бала емес пе, осы үйде бір сәбиді жұбатарлық ас – су, ойыншық та бар шығар. Тек соны уақытылы жеткізіп бере алмай отырған ата – анасын айтыңыз», - деп қайтарып тастайды.

- Жоқ, Мақа! Олай десеңіз қателесесіз, әңгіме ата-анасында емес, көнбей отырған балада, - дейді Жылгелді.

- Неге көнбейді? Не жетпейді?

- Нанбасаңыз мен бала болайын, сіз бабымды табыңыз!

- Жөн екен, мен көндім.

Жылгелді отыра қап, бала боп жылайды. Мақаш:

- Не керек? – дейді.

- Сүт керек, - дейді Жылгелді.

Мақаш сүт алдырып береді.
Жылгелді енді:

- Жоқ, сүт емес, су керек, - деп бақырады.

Мақаш оны да алдырады.
Осы кезде Жылгелді:

- Екеуін қос, - деп еңірейді.

Мақаш сүт пен суды қостырады.
Жылгелді одан әрмен қиғылықтанып:

- Неге екеуін қосасың, маған сүтті судан айырып бер, - деп дау салады.

Осы кезде өзінің сөзден тосылғанын мойындаған Мақаш:

- Биім, сенікі дұрыс екен, дүниеде баланың бабын табудан ең қиын нәрсе жоқ сияқты, - десе керек.

Мақаш бірнеше адаммен жол жүріп бара жатады. Күн ыстық болса керек, әбден ыстықтаған Мақаш:

- Бұл маңда кімнің ауылы бар еді? – десе, қосшыларының бірі осы төңіректе Беріш Қуаныш бидің үйінің барлығын айтады.

- Ендеше, бұр аттың басын, сәлемімізді де берейік, түстеніп, демалып та алайық, - дейді Мақаш.

Қуаныш тілге шешен, сөзге бай болса да, үстіндегі үйі мен алдындағы малы шағын отбасы екен. Мақаш келе жатыр дегенді естіген бойда, үйді сыпыртып, төсек салдырайын десе, шаршы төрге отырып алған баласы «Асығымды бұзасыңдар» деп орнынан тұрмайды. Әбден ызасы келген би жалғыз ұлын ұрмай – соқпай киіз үйдің жақтауына байлап, таңып тастайды да қонақтарын төрге оздырады.

Мақаш үйге кіріп келе жатып, босағада таңулы тұрған баланы көрген күйі:

- Ой, Қуеке, бұныңыз не, бала деген әулие ғой, босатыңыз! – дейді.

Сонда Қуаныш:

- Мақа-ау, бала әулие дегенмен, тентек болса сол әулиеде қандай қадір – қасиет болушы еді. Жаза қараға да, ханға да ортақ емес пе? – депті.

Сөйтіп Мақаш бұл жолы да сөзден тосылған екен дейді.

V БӨЛІМ

ҚОСЫМШАЛАР

ТАРИХИ ТӘБӘРІКТЕР

Мықтымын деп тасыма,
Осалмын деп жасыма.
Өзімшілдік, озбырлық
Ой келмесін басыңа.

Менменсісең асқақтап,
Жақының келмес қасыңа.
Тәкаббарлық жаман – ды
Түбінде қорлық басыңа.

Нәпсіқұмар зор болсаң,
Былғанарсың насыңа.
Әділ болсаң ақ көңіл,
Қарсы алар халқың асыға.

Мақаш

Құрастырушының түсіндірмесі

Мақаш өзі еуропаша білім алуымен бірге, балаларын да осы бағытта тәрбиелеген. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, оның ұл – қыздары Қазан, Астрахан қалалары мен Хан Ордасында оқыған. Солардың ішінде Қазанда білім алған екі ұлы – Әміржан мен Жәмілжан араға біраз уақыт салып, бірінен соң бірі қайтыс болады. Ұрпақтарына үміт артқан әкеге бұл жайсыз жағдай орны толмас соққы еді. Бұған Мақаш қатты күйзеледі. Алғашқы ұлы Әміржан* дүниеден озғанда қаза хабарын құдасы, белгілі Бегәлі би жеткізсе керек. Осыған орай, көршілес ауыл, қисымдардың атқамінер белсенділері мен беделді қарттары, ағайын-туыстың бәрі келіп көңіл айтады. Солардың қатарында әкім, Мақаштың туған жиені, Санкт-Петербург университетінің түлегі Бақтыгерей Құлманов та бар екен. Ол қара сөзбен көңіл айта алмай, елдегі Қараша Бесқасқа руының белгілі ақыны, жастай көзі кетіп, өзі де шерлі жүрген Білек Тұмарбайқызына өлеңмен жұбату айтшы деп қолқа салады. Бұл өлеңді біз алғаш рет Құрманғазы ауданының Ганюшкин селосында тұратын қарт ұстаз, тарихшы Зариф Бектеновтың аузынан естіп едік. Ол мұны ордалық зейнеткер Темірғали Оразғалиевтен жазып алған едім дейді. Сондай-ақ, осы өлеңнің тағы бір нұсқасын Атырау қаласында тұратын Мүгіл Дүйсенованың аузынан да естідік. Ол - ақын Жұмекен Нәжімеденовтің апасы болатын. Сіздердің назарларыңызға белгілі фольклорист ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сидиықовтың жеке архивінде сақтаған, 1965 жылы атыраулық жыршы Ғұбайдолла Зұлқашевтің аузынан жазылып алынған нұсқаны ұсынып отырмыз.

___________ *Әміржан Бекмұхамбетов 1882 жылы қайтыс болған. Дерек: Татарстан Республикасының Орталық архиві. 977 – қор, тізбе: жеке іс. 29559-іс, 1-п.; 34540-іс, 25-п.

Білек ТҰМАРБАЙҚЫЗЫ

МАҚАШҚА КӨҢІЛ АЙТУ

Қайырын берсін қалғанға,
Өкініп болмас жалғанға.
Опасыз дүние өтеді,
Кімде-кім бұған арманда.

Арманда кеткен құлының
Кінәсі жеңіл деген бар,
Таразыға салғанда,
Қиямет күнге барғанда.

Адаv-Ата, Хауа-Ана
Жоқтан бар боп жаралып,
Бұларда кеткен пәниден
Осы сөзім жалған ба?!

Аллаң бір берген бағыңды-ай,
Дауылпаздай дабылды-ай.
Өзгеріп әлем жатса да,
Өзгермей тұрсын тағында-ай.

Оянсаң құсың қолда жоқ,
Дүние деген сағымдай.
Қолыңнан сұңқар ұшыпты,
Талпынып тұрған шағында-ай.

Арғымағың ақсапты-ау
Бәйгілі жерге шабылмай.
Мезгілсіз жанар сөніп тұр,
Сәулесі түсіп халқына

Жарық берер уағында-ай.

Сабыр ет, жаным, сабырмен,
Ажал-ғайып, дерт қонақ.
Жыламай пенде тұра ма,
Өне бойғы бабында-ай!

Дүниеге келген соң,
Ғұмырда мұңсыз өткен жоқ,
Қайғының тонын жамылмай.
Патша болсын, бай болсын,

Қара болсын, хан болсын,
Дәм таусылып, дем бітсе,
Ғұмырдың шамы сөнілген.
Ертеден қалған мұра ғой,

Қазалы болған адамға.
Қайғының отын сөндіріп,
Қайырлы болсын делінген.
Құтылмас пенде үкімнен,

Өткенге бекер өкінген.
Қызыл мақпал, қызыл күн
Тұрақтап кімге бекінген?!

Арғы атаң Тұрымбет,
Бақ орнаған шетіңнен.
Онан бермен келгенсің,
Бекпембеттен өрбіген.

Шолтыр, Танаш баласы,
Балдағы алтын болатсың,
Жоқ еді жерің кетілген.
Пікір етіп, сабыр қыл,

Қалғанға шүкір етумен.
Тұрмысыңды байқасам,
Айнымас бұлақ көл едің.
Көлдің қадірін бөлемін,

Қайғыға жаның қайыспас,
Еңіреген ел едің.
Қанатың қатар теп – тегіс,
Етек – жеңін кең едің.

Білігін несін айтайын,
Он атаңнан келеді.
Тауфиқ ойлап, тәлім ал,
Сары ақылың мол еді.

Азамат болып туғалы,
Халықты билеп тұрғалы,
Биліктің жолын қуғалы,
Ата-анаңыз болмаса,

Маңдайыңа шаң тиген жерің жоқ еді.

Атаға тартқан баласы,
Біраз көпке ағасың.
Қауырсынға қайыспа,
Қарасам түгел қанатың.

Екі арнадан болған асылсың,
Жұбаныш, Сәрет нағашың.
Ақындықпен айтпаймын,
Өзіңізде білесіз

Әр нәрсенің шамасын.
Шүкірлік ете көріңіз,
Алланың берген шарасын.
Қаріп пенен қасірге,

Пақыр менен нашарға,
Қайырымы толық деп,
Қарашаң сізді тілеген.
Жарамайды білгенге

Қайырып босқа жүдеген.
Ақсұңқар құсың ұшыпты,
Мамығын төгіп түлеген.
Көңілімді демей айтайын,

Айтады деме бұл неден.
Анасы қатты қамығар,
Бауырлас, жақын жабығар,
Болмасаң, өзің сүйеген.

Шек келтіріп болар ма,
Жаны жарқын пірімді,
Ашайын көңіл кіріңді.
Кеткенге сауап демейді,

Қайғырып қатты күйінбе.

Атадан қалған дүние,
Анадан қалған дүние,
Кімдерге жолдас түбінде?!
Жиырма төртке келген соң,

Алла қалап бақ беріп,
Жарқын еткен жүзіңді.
Көңілге қайғы беріпті,
Дәп елудің бірінде.

Қайғысыз кетсең жақсы емес,
О дүниеге барғанда
Жеңілдікке сайылар.
Уәйім шексең тіріңде,

Осылайша сөз сөйлеп,
Көтерейін көңілді.
Балапаныңды көре алмай,
Қолыңнан сусын бере алмай,

Қандырмай қалдың шөліңді.
Солардың бәрін ойламай,
Еңіреген ер сұлтаным,
Бекем бір байла беліңді.

Ел билеген әкімсің,
Жамиғат көптің ағасы-ай.
Сипатыңа қарасам,
Шын күмістің тазасы-ай.

Үлкеннен қалған ғадет бар,
Қайырлы болсын дей келдік.
Алланың берген қазасы-ай,
Адамның бар ма шарасы-ай?!

Қолдарыңнан ұшыпты,
Талпынған құстың баласы.
Алланың күшті құдіреті,
Пәнденің бар ма шарасы?!

Жақсы менен жаманның,
лыс пенен жақынның,
Ащы менен тұщының,
Сізге несін айтайын,

Өз көңіліне жазулы,
Бәрінің де шамасы.

Асылдан туған асыл-ай,
Ерте бір шыққан атың-ай.
Таусылар дәмнің жақыны- ай,
Солыққан жүзін көре алмай,

Қолыңнан сусын бере алмай,
Ата-анасы қапыл-ай.
О да арманда кеткен-ді.
Дүниеден қайтқан шағында-ай.

Ақ ордамның ішінде
Қатерін құрбы сұрасып,
Кетпедім деп жатып-ай.
Үйде туып, түзде өлген

Жігіттен мұңлық бар ма екен,
Деген келді-ау басына-ай.
Иман жүзді болсын деп,
Білмегенін білсін деп,

Хат танып, қалам сызсын деп,
Атағын ерте шығарып,
Надандыққа жүргізбей,
Жамандыққа ілгізбей,

Оқуға бердің алысқа-ай.
Алласы зерек ой беріп,
Көруге көркем бой беріп,
Оқудың түбін тауысты-ай.

Дүние деген қысқа екен,
Тұрмағы бар ма ауыспай?!
Қағбаға кеткен қажылай
Жол шекті мәңгі ұлыңыз,

Ете көрме налысты-ай.
Ол дүниеге барғанда
«Келдің бе, - деп, ата-анам»,
Қол қусырып қауысқай.

Қазаннан қаза тапты деп,
Анасы ғаріп жылайды-ау.
Ата-анасын көре алмай,
Ағаға сәлем бере алмай,

Ұяласым ұшты деп,
Қарындасы мұңайды-ау.
Қайғырып, қарсы болмаңдар,
Ойласаңдар құдайды-ау.

Көзі соқыр, көңілі орта,
Қайғылы Білек не білсін,
Сізге айтып болмас бұл жайды-ау.

Жиырма жасқа жетпей-ақ
Білгірлігі асты деп,
Жеті жұрт тілін білді деп,
Тиюші еді құлаққа.

Сүйтіп жүріп асылың
Жаздырмай кетті құлашты,
Жеткізбей кетті мұратқа.
Қаңбақтыдан көреміз,

Байтақ Шеркеш еліңді-ай.
Ризық айдап, кез болсақ,
Дәм татамыз келіп-ай.
Тарыққан жандар келеді,

Тартады, тақсыр, лебің-ай.
Ерегескен жерлерден
Жан келмеген шебіңе-ай.
Ырғасатын күн болса,

Қайыспайды белің-ай
Жиырма төрт жасқа келгенде
Жамиғатқа аға едің-ай.
Елу бір жасқа келгенде

Алладан келген бір нәубет
Біліңіз ойлап кемін-ай.
Басы жұмыр пендеге
Ажал-ғайып, дерт-қонақ,

Саулық берсін деніңе-ай.

Қайғы етіп Білек толғайды,
Қараң болған жанарды-ай.
Жанардан ерте айырылып,
Алтын кеуде қарайды-ай.

Ерегескен жерлерде
Жөн табар едім қалайда-ай.
Мешеуліктен кеш келдім,
Ерте есіттім, тақсыр, хабарды-ай.

Көрер көзбен көрмеймін,
Көріп жауап бермеймін.
Көрмеген сөзде қате көп,
Естуменен сөйлеймін.

Естуіміз бойынша
Өзіңе-өзің кемелді,
Алтын-күміс беренді.
Көп көпіртіп май шықпас,

Көп қайғыдан жан шықпас,
Риза бол тақсырым.
Сұңқарға талшық деген-ді,
Әркімнен өткен дүние

Жеткен бар ма кемелге
Қарадан туып, хан болып,
Меңгеріп тұрсың көп елді.
Көзі жарым, көңілі орта,

Қайғылы Білек не білсін,
Мұқтасар еттім сөзді енді.

Құрастырушының түсіндірмесі

Мақаштың Қазан қаласында оқып жатқан екінші ұлы Жәмілжан қайтыс болғанда оны әкесіне Тана Досжанның естіртуін Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хамит Ерғалиевтен 1992 жылы жазып алған едік. Өлеңге Хамаң былайша түсінік береді: «Анам Бағдагүлдің айтуынша, Қазан қаласында әкім Мақаштың екінші баласы оқыған. Алланың әміріне не шара, екеуі де сол қалада оқып жүріп,бірінен соң бірі қайтыс болған. Алғашында Әміржанның қазасын елдің игі жақсылары бас қосып, Бегәлі естіртіпті. Ал Жәмілінің ауыр хабарын айтуға келгенде дуалы ауыздардың бірде-бірі беттей алмай, біздің ақын атамызға қолқа салған екен... «Біздің ақын атамыз» деп отырғанымыз - Тама Досжан Қожбанұлы, яғни менің атам (екі ағайынды Қойыс, Қожбанның алдыңғысына мен шөбере болсам, Досжан соңғысының бел баласы). Біздің қарттардың Мақаш ауылымен аралас – құралас болуы ел басқару ісімен айналысқан жаңағы Қойыс атамыздың заманынан басталған көрінеді. Анамыздың айтуынша, бұл кезде ақын атамыз су қараңғы соқыр боп қалған екен. Сұқ қолымен ауаға жазу жазып, өз-өзінен күңірене теңселіп, біраз уақыт отырып, содан кейін ағыл-тегіл өлеңдетіп кететін болса керек. Өзімен түйдей құрдас Досжан ақын жырының бастапқы сарынынан-ақ әлденені сезгендей, Мақаш правитель сол мезетте отырған жұмсақ орындықтан көтеріліп, екі қолын арқасына қайырып, ұстаған күйі әрі-бері адымдап жүре бастапты. Жырдың Адам Ата, Хауа Ананы зарлатып, Әбілді Қабыл өлтіретін жеріне келгенде сілтідей тынып отырған көпшілік арасындағы бір жігітке қарата:

- Мына заржақ тым тереңдеп барады ғой, сойысқа жылқыдан бір мал алдырыңдаршы, - депті...

Шешемнің айтуына қарағанда, Досекең бұл естіртуді Мақаш ауылынан келген бойда хатқа түсірткен көрінеді. Бірақ ол түпнұсқа біздің қолымызда жоқ. Ал ел ішінде бұл жырдың айтушылары көп болған. Солардың бірі - Досжанның қызынан туған Қосуақ есімді жиеніміздің Ығылман деген баласы өз жадындағы нұсқаны жасыл қаламмен арабша жазып, жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде ақын немересі Қатпа баласы Сәлімге табыс еткен. Әрине, жиеншарымыздың баға жетпес бұл қызметі үшін оған ризашылығымызда шек жоқ. Аздаған молдалығы бар осы адамның діни сөздерді, жұрт білмейтін өз аталарының аттарын зорлап тықпалаған тұстары да болған. Онысын мақтанамын деп отырып, біздің үйдегі бір әңгімесінде өзі де айтып қалған. Осы «қосымшалар» жырды көпе-көрнеу әлсіретіп тұрды. Мұраның бастапқы болмысы бұрыннан құлағына әбден сіңген менің шешем ондай кірме жолдарды ә дегеннен-ақ сезе қойып, қолжазбасын көшіргенде маған соларды текстен алғызып тастатты. Мен бұл жырды он екі жасымда жәдитше күйінде көшіріп алған едім. Оны да жаңағы Сәлім ағай ұрлатып алды. Бұл нұсқа жатталып жадымда қалған жерлері мен Ығылман қолжазбасының менде сақталған үзінділерінен құрастырылды. Осының өзінде де ақын емес адамның араласы бардай. Әйтсе де асыл қазынаның өзі сақталғаннан кейін ондай-ондай кем-кетігіне біз ризамыз ғой». Хамаңның осылайша түсінік берген жыр жолдарын біз сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз, құрметті, оқырман қауым.

Досжан ҚОЖБАНҰЛЫ

МАҚАШҚА ҰЛЫ ЖӘМІЛЖАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ

І

Уа, жақсылар, жақсылар,
Туғаннан бермен бақыты бар.
Әркімнің заман уақыты бар,
Әңгіме менен табылмас

Тыңдаушыны шат қылар.
Таппай айтсақ кеңесті
Жақыныңды жат қылар,
Сөйлер сөзге мат қылар,

Қартайып қажып қалған күн
Қалайша десем жақтырар?...
Өзгертіп бір сөз бастайын,
Ортаға айтып тастайын,

Көпті көрген көнемін,
Әңгіме қалай таппайын.
Сөйлейін деп желдендім,
Қиянат, қилап қоспайын.

Абайлап отыр тыңдаған,
Өкінішті мына дүниені
Жоқтайын да тоқтайын.

ІІ

Ойлана хабар айтайын,
Әшкере қылмай қайтейін,
Барлығы өткен заманнан,
Мағылым иен - сан адамнан

Сипатты қылып сөйлеуге
Оқуым жоқ - таба алман,
Құлданған көркем дүние-ай,
Тірі айырылып қала алман.

Тірілей тіл мен жақты тізгіндеп,
Қиын бір жәйт қинады-ау,
Көкіректе қамалған.
Ал, сөйлейін десем сасамын,

Қалайша деуге біле алмай.
Кәрілікке жеңдірдім,
Топқа түсіп жүре алмай.
Дүбірді көрсем қозамын,

Сабыр етіп тұра алмай.
Жақсыларды сағындым
Сәлем беріп қол алмай.
Арманда көптен жүр едім,

Алтын бір жүзін көре алмай.
Дүрбелең іштей көп еттім,
Дүниеге мына сене алмай.
Жақсыдан қалған сен бір көз,

Таянғанда енді не қалды-ай.
Салық, Жүсіп, Бегәлі
Дүниеден көшіп жоғалды-ай.
Жолымен ұлы аржайы

Аманғали ес қалды-ай.
Есігі ашық, алды кең,
Халықтан алғыс көп алды-ай.
Жөн көрген Әйіп бар еді,

Ақирет қамын ойланды-ай.
Әсілі бақи дүниеден
Көз жазбасқа байланды-ай.
Төре, қара артығы,

Бегілердің айтуы
Бақтыгерей Құлманов,
Сөзі тұр елге тыңдалып.
Бекпембетов қартайды,

Алдында күйсіз күн қалып.
Ақырда ауыр ойласаң,
Азамат ерсіз кім халық?!

ІІІ

Уа, хан баласы ұқсаса,
Қолына тұрмас ел алмай.
Би баласы ұқсаса,
Жүгінсе қалмас төр алмай.

Ер баласы ұқсаса,
Дұшпаннан қалмас кек алмай.
Жабыдан туған жалдыны
Жаратып қоспа бәйгеге,

Қоссаң қалар келе алмай.
Топ көрмеген байлар бар,
Елеусіз қалар сыналмай.
Оларға бола құр босқа,

Қоялық сөзді шығармай.

ІV

Уа, ақынды ақын демеңіз,
Атасына тартпаған,
Аталы сөзді таппаған.
Жүйрікті жүйріа демеңіз,

Топтан озып шаппаған.
Жігітті жігіт демеңіз,
Тар күнде елге пайда етпей,
Шалғайда өзін мақтаған.

Жомартты жомарт демеңіз,
Есебін ішке сақтаған.
Барды бар деп не керек,
Тәлімді алған таптаған.

Киімді жөндеп кисем деп,
Базарға ақша сатпаған.
Әкімді әкім демеңіз,
Ел - жұртына жақпаған.

Бөкейден қалған бұл елді
Бөпесіндей бақпаған.

V

Иә, ойланып хабар айтайын,
Әшкере қылмай қайтейін.
Бір уыс болып барамын,
Тұрымтай құстай тор алған.

Бір мен емес жалғанда
Мойнына жүктеп сор алған –
Атамыз Ата, Хауа ана
Топырақтан жаралған,

Дүниеге шығып таралған.
Нәпсі шайтан азғырып,
Қорықпаған обалдан.
Әбілді Қабыл өлтіріп,

Басталған өлім солардан.
Әбілім менің өлді деп,
Атамыз Адам зарлаған.
Түсіндірмей тоқталман,

Айтылды кеңес жоқ - бардан,
Естідім таза хабардан,
Кәуесет куәсі хақ болған.

VІ

Ордалықта бір сұңқар,
Қоспасы жоқ шын сұңқар,
Толады аузым айтуға,
Толысып қайта қайтуға.

Еділ, Жайық – екі су,
Ежелден ерлерменен даулы су –
Кімдерге қоныс болмаған?!
Ағашты Нарын, Көк теңіз

Кімдерге таныс болмаған?!
Айналып аққан ағындай,
Ел ішінде бұл дәурен
Кімдерге барып қонбаған?!

Бас әкімге жағады
Тізгінін тәңірі оңдаған.
Қарақан басты жамандар
Қайғы шегіп зарлаған.

Солардың бәрін алдаған,
Жазғытұрым сағымдай,
Ақырында жалған дүние-ай!
Бұл заманның адамы

Шын сөзіне нанбаған.
Туған күні қуантып,
Алар күні қуартып,
Ғазірейлі кімдерге құрық салмаған?!

Бармын деген бабаны,
Ата менен ананы
Қара жер солай жалмаған.
Құлданған көркем дүние-ай,

Кімдерден адыра қалмаған?!

VІІ

Жесірлерге жер бөлдің,
Айтпасқа төзім қалмай тұр,
Соның бәрін мен көрдім.
Тірі адамның ақыры артында

Қалмай қоймас панасы.
Ел қартайып келгенде
Баласы - сергек саналы,
Артында қалса, дұғасы,

Алдында кетсе-шығасы.
Көз көңілдің куәсі,
Айтылды сөздің расы.
Сары азамат сардан бек,

Қалай айттым сынашы.
Ер мұратқа жетеді,
Сабыр етіп шыдаса.
Құдіретке таң қалма,

Алланың досы Мұхаммед
Болмаған жалғыз қарасы.
Адыра қалғыр, иен Нарын,
Еділ. Жайық арасы,

Көгістің ұлы Таманы,
Нәріктің ұлы Шораны,
Әміржандай баланы
Жоқ еткен Қазан қаласы.

Оған бар кімнің таласы,
Болмай-ақ қойса нетерсің,
Азалы күннің толасы.

VІІІ

Кең қоныс бүгін тарылған,
Қайғыдан қайсың арылған.
Тыңдаған пенде түсінер,
Менің айтқан зарымнан.

Лаухы менен махпозда
Кеңдік, тарлық жазылған,
Айқын жолдас адасса,
Сақтасын Аллам жазымнан.

Тура құрық келген соң
Құтылмады Әміржан.
Назырқап оған тұрғанда,
Тозғысыз торын құрғанда,

Соңынан жетті Жәмілжан.
Қалай жаның жесең де,
Аяй білмес Әзірейіл
Бақи күнге бағынған.

Жеріме жасын түсті деп,
Жерімейсің қағыңнан.
Көш басшы қоныс қарасын,
Қалғанды Аллам жарылқар,

Хақтан тілек жар етіп,
Айырылмалық Фазылдан *.

ІX

Адассам сынды сағыңыз,
Міні болса табыңыз.
Менің айтқан сөзіме,
Кеңдік, тарлық дүние,

Келе берді кезіме.
Қайғы түсті өзіме,
Қайғырғанның белгісі
Соқырлық кірді көзіме.

Жүрген жерім Мысыр болып тұр,
Бұл Нарыннан безуге.
Өнерлі туған ер едің,
Жүре алмастай жөніңе.

Еңселі ердің тілегі
Саулығын бергей деніңе.
Ордалықта данасың,
Дұшпаның келмес шеніңе,

Қараны нала қылмай-ақ,
Хан Жәңгірдің жеттің дөңіне.
Рағбан нұрлы көңілі ортақ
Азы менен көбіңе.

Генерал, грф, мінестр
Таңқалған айтқан сөзіңе.
Ғарызыңды патша хан тыңдап,
Ағзам басы елтіген,

Ақылыңның деміне.
Жер – суыңды тарылтпай,
Жеңілдік еткен еліңе.
Қайырын бер бір құдай,

Қаперге алған әр ісің
Келе берсін ебіңе.

X

Бисмиллә, әуелі сөз басы,
Елу деген ер жасы.
Жасында өткен ерлердің
Айырылмас иман жолдасы.

Иман нәсіп бұйырса,
Не керек өзге олжасы.
Осылай хабар айтады.
Бабалар өткен жол басы.

Қайтер еді қазекем,
Ақылы барлар озбаса,
Жасындағы дүниесі
Алжығанша тозбаса.

Айып етпе тыңдаған,
Естігенің, білгенің
Біздердей заржақ қозғаса.
Естітуім, білуім –

Жаңылмай сақтап жүруім.
Осы дүние өзгерер,
Кеңдік, тарлық кез келер,
Өлмей жүрсек көз көрер,

Шешендерден сөз келер.
Күні біткен күнде өлер,
Айы біткен айда өлер,
Жарлы да өлер, бай да өлер,

Қара да өлер, хан да өлер,
Жаңа көрген нәрсе емес,
Есітіп құлақ үйренер.
Асылдардың әдеті

Қисапсыз заттан жиренер.
Айдын көлдің қызығын
Лақтырып соққан жел көрер.
Кең қоныстың қызығын

Салалап көшкен ел көрер.
Өнерлі туған ерлері
Басқарып елді меңгерер.
Таза болса пейілі,

Жат, жақынды тең көрер.
Бұ заманның адамы
Жарлыны байдан кем көрер.
Ғаділдің ісін талап деп,

Тебіренсе тентек жөнделер.
Жасында өткен жақсыға
Халық қайғырып сенделер.
Тілді-ауызды шешендер

Өкінішті дүниені
Жоқтаймын деп желденер,
Жоқтаса қолдан не келер?!
Сұрастырып қарасам,

Жеті атаңнан хакімсің.
Жеті атадан асқаны
Өнерлі туған парқымсың.
Қара халықтың айтуы

Хакім болдың жәбірсіз,
Әсілі адам нәсілі
Болған ба, сірә, жазықсыз.
Сіз болсаңыз, сұңқарым,

Шеніңе дұшпан келмеген,
Ғаділдіктен зарар көрмеген,
Тәңірге неден жазыпсыз?...
Таршылықта танылған

Елдің ері анық Сіз,
Бәріне соның қанықпыз,
Бәрін де білген халықпыз.

XІ

Әуелі Алла құлымын,
Адам сафи ұлымын.
Күнәкар болар жайым жоқ,
Айтқаным-анық білуім,

Ақиқат қолдап жүруім.
Құдайым ғұмыр бергейсің
Ел ағасы қарттарға,
Өнерлі туған жастарға.

Атаның асыл баласы,
Айып етпе айтқанға,
Өкінішті дүниені
Пейіл еттім жоқтарға.

Бұ да дастан себепші
Өткенді жоқтап тоқтарға.
Көп жасаған зиялым,
Ақыл табар сасқанға.

Кісі мен кісі арасы
Қара жер менен аспанда.
Қалай да дүние, жалғансың,
Талайдан адыра қалғансың,

Жайым жоқ сені мақтарға.
Иман бер деп тілеңіз,
Бақи күнге барғанда.
Береке бер деп тілеңіз,

Ауылда тірі қалғанға.
Құдіретіне Алланың
Мұсылман ұлы таңқалма.
Айқын жолдан адасып,

Күнәлі затқа алданба.
Талай зарар болып тұр,
Әмірге пенде көніп тұр,
Зарланба, Досжан, зарланба,

Қазаның арты қайыр деп!
Енді құдайым қайғы бермесін,
Топтан озған тарланға!

Құрастырушының түсіндірмесі

Міне, осындай арнау жырлары кезінде Нарын бойында өмір сүрген белгілі ақын Шынияз Шанайұлы (1819-1875) мен Адайдың атақты шайыры Нұрым Шоршығұлұлы (1831-1908) да айтқан екен.Алғашқысы көркемдік ерекшелігі байқалмаған жәй дастархан басындағы қайырымдылық шолу дүние болғандықтан бұл кітапқа енгізудің қажеті жоқ деп таптық. Ал егер оқимын, танысамын деп жатқандар болса, атыраулық қаламгер Әбуғали Ғабдуллиннің 1996 жылы «Ақ Жайық» ЖШС баспаханасынан жарық көрген «Шынияз» кітапшасынан табатындығын қаперге салғымыз келеді. Енді Нұрым арнаған өлеңге келсек, оны бізге осы күні Атырау қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Төлеген Құрманов (1925жылы туған) айтқан-ды. «Мен, - дейді Төлеген аға, - сол Мақаш ауылында туып – өстім. Біздің ауылда Жантұрған атты қария болды. Әкесі фазыл кезінде жауырыны жерге тимеген балуан және елге белгілі молда еді. Сол Фазылдың анасы, яғни Жоныс молданың кемпірі Ділдәш Нұрымның туған қарындасы көрінеді. Тайсойғанда туып, Маңғыстаудаығ атакүлдігіне ат ізін салып тұрған, Сағызда жамбасы мәңгілік жерге тиген Нұрым орта жасқа дейін біраз уақыт ағайындарымен бірге мыңтөбе деген жерде тұрғанға да ұқсайды. Сол кезде әлгіндей жергілікті жерге қыз берісіп, қыз алған, сөйтіп сүйек жаңғыртысқан ілік-шатыс жайлары да бар екен. Осы ретпен айтулы жыр сүлейі ел сыйлаған Мақаш правительмен де жақсы таныс, аралас-құралас болса керек. Осы себепті Мақашқа басына іс түскенде өлең арнау Нұрым үшін айып та болмас. Қайта ақын үшін парыз, өнерпаздың құдіреттілігі мен артықшылығы да осында. Өкінішке орай, аталмыш жыр бізге тұтас күйінде жеткен жоқ. Өйткені Төкең осы күні біраз есейіп қалған. Жастау кезінде жақсы білген әдемі жыр жыл өткен сайын ақсақалдың жадынан шығып, ұмытыла бастаған. Қазіргі есте бары тұтас жырдың толық мазмұнын бере алмайды. Есесіне осы жырдың тағы бір нұсқасын қолға түсірдік. Ол Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтына 1958 жылы маңғыстаулық Әлпіш Жомартов тапсырған нұсқа (389-бума, 3-дәптер). Бірақ ол да толық емес. Біз осы нұсқаны салыстыра отырып, ортақ мәтін шығардық. Оның өзі де бас-аяғы бүтін, автор ойын толық жеткізер дүние дей алмаймыз. Әйтсе де ел ішінде толық күйін біреулер білер деп те ойлаймыз. Ондай жандар табылып жатса, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Нұрым сияқты нар тұлғалардың шуақты жырларын жұртшылыққа әрдайым жеткізуге әзірміз.

НҰРЫМНЫҢ МАҚАШҚА КӨҢІЛ АЙТУЫ

(толық емес нұсқа)

Әуелі иман бір Алла,
Атағым Алаш ұранда,
Ата ісім Құранда.
Атамыз асыл бір Адам

Бір жасаған Құдадан!
Мың жыл тұрып дүнияда
Біздерді Хақтан сұраған.
Не көрсеттік біз оған,

Тастамасақшы дұғадан.
Бізге медет бұ сүндет
Болған екен сірәдан.
Қыдырғожа атамыз

Сұрағанда қол жайып,
Он екі перзент құраған.
Өзгерілсе болғандай
Бақытымызға бұл заман.

Бұ жалғанның ішінде
Білік алған нұр - адам.

Үш ананың баласы
Айтылса кеңес әр тарап,
Бас қосқан күні алқалап,
Дүниеге келген Қыдыр бар,

Дәреже сізге арқалап.
Әсілі нұрдан жаралған,
Бұл қашаннан бар талап

Байдың ұлы Шеркештен
Не істеуге де ерік еткен,
Түпкі атаң Түрке болғалы
Сөйлесе ерлер сыр шерткен.

Бір қоныстан көшпен деп,
Уағда байлап серт еткен.
Әзіреттің Алатауында
Алаштың ұлы белгі еткен.

Бұл елдердің ішінен
Жеке туып ер де өткен.
Шеркештің ұлы биі Қойыс
Сөйлесе Халқын тебіренткен.

Әлеуметін өргізіп,
Жауһарлы болат серметкен.
Дүнияның қызығын
Ұл менен қызға көрсеткен.

Уа,халайық, әлеумет,
Бұ сөзімнің төркіні –
Алла берген оларға
Ажарлы ойын, күлкіні.

Бұ қолданған ниетің
Атаның мирас мүлігі.
Көре алмаған көп болған
Көлденеңнің шірігі.

Дербісәлі атаңа
Қыдыр қонған бір түні.
Жұмақта әнжілі теректің
Жібектейін бір шеті.

Кіші жүздің аулында,
Бір құдайдың қолында
Дәулет біткен дәрежең
Артық екен мұның да.

Бидің ұлы Тұрымбет
Сыпыра көшкен Сырдан кеп.
Сыр бойының сыны жоқ,
Бұл қоныста тұрман деп.

Жем, Сағыз деген жерлер бар,
Қарабау деген жерлер бар.
Онда мұндай әдет жоқ,
Жазатын қалам, закүн жоқ,

Қалаулы кеңес құрған тек.
Алашқа аға, хан болған
Нұралы деген сұлтан,бек.
Соларменен атаңыз

Аз күн жүріп қылған көп.
Тайсойғанның шетінде,
Жем, Сағыздың бетінде
(Атаңыз да өткен дүниеден)

Ажалға келген Әзірейіл,
Бітіп қалды мезгілің
Жүрші (енді) жылдам деп.
Бидің ұлы Бекпенбет,

Бұлардың сөзін жарасар
Дүниеде айтса құран деп.
Сіздерге жолдас еткен жоқ,
Қырмызы қызыл қырманда

Алла берген бұларға
Ажарлы ойын – күлкіні.
..............................................
Бөкей бар деп, хан тұрған

Ішкі Ордаға жетсем деп.
Батыста барлап бақ берген
Тентектерді тексер деп.
Бұл орында қалынған

Ыбырайым * менен Мақаш бар,
Атаң мүлкін тапсыр деп,
Тапсырдым сізге шет жер деп.

Айтсам лайық бұл сөзім,
Ішкі Орданың Мақашы-ай
Пайғамбар ғалаиссаламның
Дарыған сізге батасы – ай!

Түп қазығы Түрке еді,
Түмен болған атасы-ай.
Атаңыз бар Шолтырдай,
Жетім менен жесірді

Жарылғап кеткен қомсынбай
Тәуба еткен таулар бар,
Биікпін деп зорсынбай.
Мақаштың көптен несібі

Шараптың суы толқындай.
Жұмақ пенен тамұқтың
Арасында құрылған
Сираттың көпір жолындай.

Бұ ниетпен тұрғанда,
Таразы мизам құрғанда
Құдыстың шәһрі секілді
Істің бәрі осындай.

Таңда махшар күнінде
Әділ әкім қайтеді,
Нәбилерге қосылмай?!
Алашың сізден түңілмес,

Қыдырдың өзі шошынбай.
Мекеме болған ісің бар,
Неғылсын халқың топылмай?!
Дүниеден өзің қайтқан күн

Қайтеді халқың опынбай?!
Атаңыз бүйтіп кетілген,
Дүнияға қолы жетілген.
Иманға жолдас жеткен соң,

..................................................
Қалам алып хат жазсаң,
Халық түйіні шешілген.
Қаһарланса, халық тентегі

Ішінен жібек болып есілген.
Ауызыңнан түрлі асыл сөз
Шығады әрбір кебіңнен.
Он атаңыз бірдей Ордада

Нәшәлнік болып бекілген.
Түпкі атаң Түрке болғалы
Дарыған Қыдыр шетіңнен.

Ойласам кім бар Мақаштай,
Ішкі орда жақта атақты-ай.
Келе жатқан қашаннан
Ешкімменен шатаспай,

Жаманменен жанаспай,
Аз бенен көпті санаспай.
Мұндай болған жан бар ма,
Қара түгіл хан бар ма?!

Әділ туған әкімсің
Бұқара жұртты қамдарға.
Зәмзәмнің шәрбәт суысың
Ішіп жүрек жалғарға.

Ауылымның алыс-шалысы-ай,
Сөзбенен тұрмын аңдарға.
Айтайын сөздің мәнісін,
Дүниенің кеңінде.

Сөзімді айтпай қайтейін,
Бөкейліктің елінде.
Кім бар мұнда дегенде.
Жолықтырған сені Ие.

Толқып дәулет, толған жұрт
Жақсылық көрген кезінде.
Бәрі жақсы адамның
Дүниенің кеңінде.

Шолтырдың ұлы Мақашты
Жолықтырған Алла теңіне.
.......................................................
Асылзада хан болған

Бұрынғы ата – тегің де.
Дария жолдас сеңменен,
Тәуекел жолдас ерменен.
Шатасқан, Мақаш, жерің жоқ

Өзіңнен кіші, кемменен.
..............................................
..............................................
Сен ақсұңқар құстың сойы едің,

Тұғырда тұрып жем жеген.
Нешелер әкім бас қосқан,
Ішкі оралдық шемменен.
Дүния – бағлан жас қозы,

Нәпсі – дұшпан аш бөрі
Құлаштап қолын сермеген.
Ақтың жолын тұтынып,
Арамға Мақаш ермеген.

Өзі әкім күнінде
Мұсылманның баласын
Азапты жолға бермеген.
Патшаның сәні бұл болар –

Бақытты байтақ елменен.
..............................................
..............................................
Артықша туған хан едің,

Осы күнгі пендеден.
Әркімнің де ажары,
Балапаны еді базары.
Мақаштың ұлы Әміржан

Шәһәрінде Қазанның
Дүниеден көшті деп
Келген еді хабары.
Мұны естіген адамның

Бек сыныққан назары.
Әзірейіл келсе хабаршы,
Келеді алып қазаны.
Ойласам Хақтың өткірген

Бұрынғы ата-бабаны,
Кемеліне келтіріп,
Он ай сақтап баланы,
Ақ сүт берген ананы.

Жасы үлкен қарттардың
Әңімесін атқарды.
Алланың берген бақытында,
Сүлейменнің тағында

Заманда закүн басқардың
Бақытты туған пендесің
Өзіңнен соңғы жастардың.
Оншақты күн ордаңда

Рақаттанып жатқанмын,
Аман-есен аттандым.
Сөзбен артық көркемдеп,
Дәрежеңді мақтауға

Аллам да бар деп жасқандым.
Қателі жазым болар деп
Жалғыз жаннан сақтандым.
Жаралған соң болған ризығы

Жер менен көк аспанның
Қалғанға бәйіт болсын деп
Ақ қағаздың бетіне
Үгіт етіп шашқанмын.

Құрастырушы түсіндірмесі

Шынияз Шанайұлы - XІX ғасырда Нарын өлкесінде өмір сүрген, төкпе де тегеурінді ақын.Шынияз ақынның жырлары қалың қазаққа онша мәлім емес.Мына жыр кезінде діни білім жоралғылардың,көне әңгімелер мен жырлардың аса жетік білгірі болған және ауызекі жатқа жырлайтын абыз ақсақал Дәрісқали Иманғалиұлының (1895-1983жж.) аузынан үн таспаға Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылының тұрғыны Мұрат Бектенұлы 1982 жылы жазып алған екен. Дәрісқалидің айтуынша, бұл жыр 1880 жылы Шоқаштың Құсайыны екі жасында жырланған екен дейді. Яғни 1826 жылы туған Шынияз сол кезде 54 жаста болған ғой. Мақаш әкім баласына ас беріп жатқан кезде Шынияз ақынға жырлатады. Дәрісқали ахон-хазірет атақтарын бірдей алған тума Себек Беріш кемесей атасынан тарайтын Хисметтолладан дәріс алған. Ол бұл жырларды он төрт жасында жаттағандығын айтып отыратын. Жыр алғаш рет 26 ақпан 1992 ж. «Нарын таңы» газетіне жарияланған. Кейін журналист Әбуғали Ғабдуллин өзінің «Шынияз» деген кітабында пайдаланған. Назарларыңызға ұсынылып отырған жыр алғаш рет толық нұсқадағы түсірілімі. Аталған жыр негізінен өмір толғауы,ақынның заман ағымы, орыстандыру саясаты, бодандыққа риза еместігі, түңілу сипаты байқалады.

ШЫНИЯЗДЫҢ МАҚАШҚА АЙТҚАНЫ

Жебесі шын болаттан садағымның,
Әдеті осылай болды-ау қазағымның,
Аңырап неғып қарап отырайын,
Алдына келгеннен соң адамымның.

Кешегі аламанның бар кезінде,
Астына салдым дұшпан табанымның.
Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңдар,
Түрінен хабар бердім заманымның.

Арғы атам Маңғыбай мен Алаш еді,
Сахаба Әнестің қос баласы еді.
Бірлік сөз бұ заманда қайдан болсын,
Бұрынғы төрт имам да талас еді.

Алаштың ең үлкені Үйсін еді,
Жақсыны тыңдаса адам сүйсінеді.
Жер кетіп, ер қайғылы болған заман,
Соны ойлап қара халық күрсінеді.

Алаштың ортаңғысы Арғын еді,
Арғынның қонған жері торғын еді.
Байұлы он екі ата бері ауғанда,
Жаппас пен Сырда қалған Алтын еді.

Болғанда Алшын кенже Кіші Жүзбіз,
Сөйлесек бұндай сөзге түсінерміз.
Теңізде мекен еткен жерімді алса,
Кенедей бірден бірге кішірерміз.

Кіші жүз жете алмадық Ұлы Жүзге,
Әңгімем жарасқандай айтсам сізге.
Бір қоныс көше берсек табар да едік,
Жіберсе орыс бізді жөнімізге.

Алтайдан ауып қонған Ұлы Жүз бар,
Кетсе де қолдан қайрат тілімізден.
Бір қойдың дауын сұрап ала алмаймыз,
Пұлындай бөстек тонның құнымыз бар.

Ақырса бір жез мұртты қозғалмаймыз,
Күніндей жетімдердің күніміз бар.
Желкеден жетіп дұшпан жекіргенде,
Сүйенген сізден өзге, Мақашжан, кіміміз бар.

Сөйлейін одан бермен хан бабамнан,
Одағы-ау дінге дұрыс заманымнан.
Орыстың билігіне жер-жердегі,
Қажыдық қылар қайрат қалмағаннан.

Хан өткен одан кейін Әбілқайыр.
Хабар бер арғы жерден болсаң шайыр.
Тарлыққа жігіт басы қалған заман,
Туса да біреуі нар, біреуі айыр.

Кісіге кісі жері, жер болмайды,
Жер қайда атам қонған қарабайыр.
Алыс деп ақырзаманды атамайды,
Түзулік бізден кетті, байдан қайыр.

Ханымыз одан бермен Нұралы еді,
Төренің Арқар деген ұраны еді.
Қазаққа хан болады хакім болған,
Ежелден келе жатқан мұраң еді.

Ханыңды Сырым шауып бүлдіргенде,
Ақылды Алдар биден сұрап еді.
Айбынды Ақтөбеңде үй бар еді,
Оралда үйге ұстаған ши бар еді,

Бір адам жасы келген тұра келсе,
Ата деп ақсақалды сыйлар еді.
Пайдасын қара халықтың ойлайтұғын,
Ақылды ханнан соңғы би бар еді.

Білмейді самауыр мен шәйнегіңді,
Жал-жая тамағына шайнар еді.
Исатай мен Махамбет бар кезінде,
Дұшпанға сырттан келген айбар еді.

Әлеумет, бізді қолдап, сөз сұрасаң,
Біз көрген сондай-сондай жай бар еді.

Салдырған Айдарханды Әз Жәнібек,
Нарынға ел қонған жоқ ноғайдан көп.
Қазтуған Сүйенішұлы тәуекелшіл,
Сұрапты осы арадан кетейін деп.

Жеті жұрт бізден бұрын алданыпты – ау,
Татусыз патшаларды ел дейім деп.
Алланың бұйырмаған жәйін істеп.
Қайтеміз талқан болса жер менен көк.

Сөйлей гөр кенің болса ал қызыл тіл,
Әуелден бір жүріпті шайтан мен жын.
Сөзбенен қайтіп бәрін түгендейін,
Қалады-ау сөз шешеннен, шеберден мін.

Пенденің қарамдығынан жер жиіркеніп,
Тумаса қайтер едің ай менен күн.

Дүниенің өлім дейді арғы төрі,
Дініне берік болар ердің ері.
Нарыннан ұмтылсақ та кете алмадық,
Әркімнің Мысыр дейді жүрген жері.

Сүлеймен Дәуітұлы олра қайда,
Көкпенен сапар шегіп мінген пері.

Сүлеймен пері мініп көкпен жүрген,
Ағаңмын жасы толып көппен жүрген.
Біздер де жасымызда мұндай ма едік,
Не пайда айтып айтпай өткен күннен.

Сөйлеймін дүние жалған ғапыл бардан,
Жерлерге көз көрмеген ақыл барған.
Мұхамбет пайғамбарым пырақ мініп,
Аллаға жаға бойы жақын барған.

Ерлерден атқа мінген тірек бар ма,
Жас сәби, бала, болмаса қатындардан.

Мұхамбет көкпен ұшты пырақпенен,
Тұрады әулиелер шырақпенен.
Олар да кәпір жұртын көрмей кетті,
Болар деп көз күнәлі құлақпенен.

Жігіттер, дүние малды көп жимаңдар,
Жатармыз өлгеннен соң қисаппенен.

Біз келдік жиналған би шақырғанға,
Бақыттың орны бөлек ақылдан да.
Қалталы Иван өткен ел билеген,
Өнеге ертеде өткен Бақырғанда,

Кешегі Бақырғанда ертеде өткен,
Сөйлесіп періштемен ақыл қосып,
Жұмаққа ол Ідірісті ерте кеткен.
Айтайын анық сөйлеп тыңдасаңыз,

Басыңды тентек сөйлеп тентек етпен.

Басыңды тентек етіп қате сөйлеп,
Адамдар бір күн тумақ бір күн өлмек.
Жігіттер, өлмеймін деп ойламаңдар,
Жаралған бір тамшадан адам едік.

Бір күні сынбай қалмас алтын шөлмек,
Біз келдік жинаған би хабарыменен,
Талап қып шолақ билер сұрауымен.
Бұрынғы мықтылылық қайда, ей, жігіттер,

Айналмасаң болмайды заманыңмен.
Бұл Нарын жаман болса енді болды,
Тыншыдың ұйқың қанбай базарыңмен.

Бұл Нарын жаман болсаң енді болдың,
Мөр ұстап, қағаз жазған шенді болдың.
Алдырып жеті жұртты бізден бұрын,
Кейінгі қалғандарға үлгі болдың.

Біреуі жеті жұрттың қалмақ екен,
Дүние тұрсаң ойлап жалған екен.
Жеті жұрт бізден бұрын мекен еткен,
Бәрін де бағындырып алған екен.

Болғанда қалмақ жеті, бізбен сегіз,
Жайлауы біздің елдің шалқар теңіз.
Қырғызды әлдеқашан бөліп тастап,
Айтпаса жерде қалмас алтын лебіз.

Тойына Мәриям ана сойылмай ма,
Көтерген жер мен көкті жалғыз өгіз.
Бұл сөзім ұмытылса да ойымда тұр,
Күзгі алған шекер мен шай көтермеміз.

Күтеміз тигізер деп шапағатын,
Шыңдағы үш жүз алпыс әулиеміз.

Үргеніш, Бұқарға да орыс барып,
Шошытты-ау, мұқтаж етті-ау қоныстанып.
Қонысқа ел де, мал да жарымай жүр,
Алғау су, атам қонған алыс қалып.

Сөйлесем діни даудың базарымын,
Айтқанда ақыреттің хабар-аймын.
Алқада екілене сөз сөйлесем,
Дүниенің көзін салған назар-аймын.

Бұл орыс қорған салды-ау Қорған жарға,
Күнінде малға пана болған жарға.
Сөйлейін бір азғантай сөз шындығын,
Кейінгі үлгі болсын қалғандарға.

Таласты орыс, қазақ Қара өзенге,
Ағынды су, екі жағы жар өзенге.
Барды да қожа Салық қайрат етті,
Халықтың қолы жетпес зар өзенге.

Билігін асқар таудай, аққан судай,
Салықтай біте бермес мінез ерге.

Билігін асқар таудай, аққан судай,
Атаның жақсы қалмас жолын қумай.
Князьдар патшалардан соңғы болды,
Қайда да хан баласы оңды болды.

Берімді малға салмай басқа салса,
Қазаққа анық қызық енді болды.
Соны ойлап өтпей қалды-ау елдің көбі,
Әуелден Алтай екен жердің кеңі.

Қырық байтал байлап, матап беруші еді,
Мал болды жалғыз қара қыздың құны.
Еділден алтын тақты хан кеткен соң,
Қазақтың болмады-ау өткенге емі

Нарының тыныш болмайды балаға көп,
Бас бірігіп шыға алмаймыз далаға көп.
Қорқамын бұл орыстан ішімді тартып,
Келіссөз күткен едім бола ма деп

Айтады он үйлікті он аға деп,
Ойласам бізге түрлі сыбаға көп.
Қайғысын дүниенің бір сөйлеп өттім,
Елу жас өтпей жолда тұра ма деп.

Болады штаб болса елу үйлік,
Жас күнде шешен болдық тілге жүйрік.
Кәрінен патшалардың сақтанамыз,
Хакімнен қайырымсыз келсе бұйрық.

Болады бір пұшайман старшындық,
Жігіттер, ойлап қара немен тындық.
Бола ма сайлау мен отаршылдық,
Хан – қайқы, билер – бүкір болған заман.

Шығады жылдан жылға түрлі сұмдық,
Біз қазақ жетім ұлдай болған мұңлық.

Ер жігіт дәулет кетсе болған пақыр,
Тұрмайды қартайған соң жиған ақыл.
Пендеміз топырақтан жаратылған,
Болғанда бірің тентек, бірің мақұл.

Мал айдап ақиретке бара алмаспыз,
Жігіттер жей көрмеңдер адам хақын.
Кешегі Асан Қайғыдай болмасаң да,
Дүние опасы жоқ өтер ғапыл.

Қарасам көзім көрмейді жасым жетіп,
Барасың дүние жалған бізден де өтіп.
Боларын бұл қызықтың білген екен,
Кешегі өтіп кеткен Нәби, Сейтек.

Ақыры штабпенен қарсы кетіп,
Аяғы жеткен жерге басы кеткен.
Басым кетіп аяғым қалған күнде,
Еліңді орыс билеп алған күнде,

Құрбанның қауызы боп қартайды олар
Сиратқа періште айдап барған күнде,
Белгісі жаман, жақсы білінерді,
Періште жерге жетпей қалған күнде.

Белгісі жаман, жақсы білінерді,
Аулымыз биден қаусап қалған күнде.
Сол күнде жиналмаған адам қалмас,
Пайғамбар Мәдинеге барған күнде.

Сақалға нышан берді-ау елу маған,
Қиын-ды бір кеткен соң келу маған.
Елудің төртеуіне келген шағым,
Онша алыс бола бермес өлім маған.

Қолыма қиқу салсам қайта қонбас,
Ту алып тұлпар таңдап мінген шағым.

Бүгінде билік кетсе мал мен бастан,
Мінез көп орыс пенен араласқан.
Бір – бірлеп дегеніне көндіріп тұр,
Іштегі қарсылыққа қарамастан.

Қол салып қақын тартып ала берді,
Кіш – кіш деп дәулет еді жиған жастан.
Кез келсе тап береді қол жеткенге,
Хакімнің қаһары күшті қара тастан.

Бұл күнде даудың басы жесір болды,
Ақыры айырылмасай кесір болды.
Мінекей, заман оңбай, адам азып,
Алып тұр закон дейтін билік жолды.

Жер кетті тозғаннан соң шағыл болып,
Ел болмас екі тентек ауыл болып,
Барғанда ақиретке сауап дейді,
Жігіттер, намаз оқы қауым болып.

Қарінен патшалардың сақтанамыз,
Мал еді хакімдердің баққанымыз.
Басыңа қара тастай салғырт салса,
Жетер ме, алты ай жүріп тапқанымыз

Жазғаным, жаңылғаным жоқ орысқа,
Жібермес өлсек-дағы ақ қанымыз.
Басар тау, шығар қоныс бар ма бізге,
Бір Алла түсінер деп жатқанымыз.

Бүгінде қоңыр болды-ау жердің сұмы,
Жасқұстың азбай тұр тек қалың құмы.
Біз түгіл өзгеге де болмай қалды-ау,
Адайдың қой қоздатқан көк пен нуы.

Кешегі өткен қоян жұт болғанда,
Үйшіктің қымбат болды қызыл ұны.
Қорлыққа ендігі жас қалады-ау деп,
Бажайлап келер күннің келбетімен,

Азырақ қайғыланып айттым мұны, - деп, Шынияз ақын жырлаған екен дейді абыз ақсақал Дәрісқали. Бұл толғау жыр кезінде Мақаш правительге Шынияз ақын айтқан сөзі екен. Сонда Мақаш: «Сөзің керемет екен, заманның болжаушысы екенсің, ақындардың бәрінен артық екенсің. Көмейіңде сөз қалды ғой, тағы да айтшы», - депті. Мақаштың қолдауына риза болған Шынияз сөзін одан әрі былай жалғастырыпты:

Әрі де, бері толғайын,
Бұрынғы өткен қалмақтан.
Ноғайлы босып қозғалды,
Атасы туды тармақтан.

Таразы мизам аузында,
Күлкісін тиып тұра алмай,
Кептері келген оң жақтан.
Жүйрігім деп мақтама.

Озу қиын болмай ма
Жұрт жиналған саңлақт
Атамыз бенен бабамыз
Ризық айдап, дәм айдап,

Келген екен ар жақтан.

Толағайдан босқан көп қалмақ
Өткел деп Дендерден,
Әңгіме етіп айтайын,
Бұрынғы өткен елдерден.

Айтқанда менен не пайда,
Жастағы өткен күндерден.
Өлгеннен соң не пайда,
Сайраған қызыл тілдерден.

Опасыз мынау сұм дүние,
Қалмаған өтіп күндерден.

Әріден де, беріден толғайын,
Бұрынғы өткен Ноғайдан.
Ақжүніс қашып ұсталды,
Құтсыз мынау тоғайдан.

Билік кетті біз түгіл.
Жайлаған шыңды Адайдан.
Қарға бойлы Қазтуған
Халқын аман өткізіп,

Туған екен Ноғайдан.
Бұрқыраған шаң болып,
Ерлерге өткен таң болып,
Бізден де қалар Нарын құм,

Қалған екен талайдан.

Аштархан деген үлкен шәр,
Әз Жәнібек ханыңның
Өз қолынан салдырған.
Қаласын салған жерлерде,

Сан бұлағы көрінген.
Ақ Еділдің жағасы,
Асан Қайғы, Жиренше,
Әз Жәнібек ханыңның,

Тұсында болған данасы.
Мұсылмандар тұрғанда,
Пайдалы қоныс сол екен.
Қалың орман ағашы,

Орманбет би болыпты,
Он сан ноғайдың ағасы.
Жерге өткел бермепті,
Ақтоба, Бозан – екі су,

Екеуінің сағасы.
Қиғашты мәкән етіпті,
Көгістің руы Тамасы.
Қызылбаста Жолан хан,

Өзі мықты, өзі ер,
Жолығарға аттанған.
Қарт Нәріктің Шорасы,
Отыз атын алдырып,

Артынан қуып келгенде,
Ұрыссуға жарамай,
Қайта қашқан жеріне.
Ажарын оның көрсеңіз,

Ғазіреті Ғали секілді
Маңдайының арасы.
Бұрынғы өткен елдерден
Сарайшықта бар дейді,

Жеті ханның моласы.
Бұл қоныстан тарығып,
Көп қалмақтың босқан жері екен,
Үш толағайдың арасы.

Ешкімнен қорлық көрген жоқ,
Қоныстан мұқтаж болыпты,
Бұрынғы өткен ерлер шамасы.

Едіге туған ер еді,
Елден мынау жинасаң,
Естігендер, білгендер,
Ол Едіге атадан,

Талай да туған ер еді.
Талма түсте тай жеген,
Таудағы тарлан бөрі еді.
Қарсыласқан дұшпанды

Қабандай сілкіп жер еді.
Астраханнан бергі Ақбұлақ,
Арбалап шекер төктірген,
Әз Жәнібек ханыңның

Құладын салған көлі еді.
Тарылған қоныс бұл болды,
Тарылған қоныс ішінде,
Тарыққан қазақ біз болдық.

Сізге айтайын дегенім,
Мақашжан-ау,
Заманының кері еді, - деп жырлаған екен.

«Айт, айта түс!», - депті Мақаш тағы да.

Бойында Үш темірдің Әлім жүрген,
Қолында Тауарих жоқ алып жүрген.
Дүниеден өтпей жүрген адам бар ма,
Атадан балаға орын қалып жүрген.

Айырылып дәулет пенен қонысынан,
Қазақ көп бұл Нарында налып жүрген.
Желкеден жетіп дұшпан қыстағанда,
Мәслихат билеріміз салып жүрген.

Желкеден жетіп дұшпан қыстағанда,
Дұғалы берекет бар мұсылманда.
Пендесі тәңірі айдап қайда бармас,
Жер ауып Жүсіп кеткен Мысырдан да.

Себеппен Мысырдан да Жүсіп кеткен,
Зынданға тастағанда түсіп кеткен.
Қаһар етіп хақтағала бұйырған соң,
Тұрбадан Ғайса көкке ұшып кеткен.

Қартайсам мұндай сөзге жарай алман,
Уағдадан бұрынғылар бәрі ұялған.
Жігіттер, осы күнде закон ойлап,
Хат, қалам айырып жүр дариядан.

Тұрмайды-ау бұл дүниеде өмірі өткен,
Болады асқа қонақ дені жеткен.
Жарыса қатар жатқан екі өзеннің,
Біреуін Жайық, бірін Еділ еткен.

Алысқа қарға дүйім қару іліп,
Ер болып ертегідей Едіге өткен.

Едіге дұшпандарын малай еткен,
Ерлердің бізден бұрын талайы өткен.
Балдағын қылышының қанға бояп,
Ер болып Орақ пенен Мамай өткен.

Пайғамбар мәслихатпен дәріс еткен,
Қайырған ақ дәм үшін намыс еткен,
Арада жұмбақ адам күн көрсін деп,
Арасын жер мен көктің алыс еткен.

Құдіретпен күнін дүйім зәуліге іліп,
Жалғыз ұлын Жаңбыршының алып еткен.

Құдайым от пен суды зор етіпті,
Жаратып ай мен күнді пар етіпті,
Ғаламды он сегіз мың жаратқанда
Күнаһар адам сақиды қор етіпті.

Сират пен ақиретті мизамдар да,
Қайғырып пайғамбарға зар етіпті.
Қазанға келген жауды қайтаратын,
Ертеде талай-талай дүр өтіпті.

Адамға шажда қылып ұйымадың деп,
Шайтанды Аллатағала қор етіпті.

Мақаш және оның билерінің қолдауымен Шыниязға тағы да жырлашы деп қолқа салады. Сонда ақын ойланып отырып, Асан Қайғы атамыз айтқан жырлардың үлгісінде «Мен Асан Қайғы болсам» деген атақты жырын жырлаған екен. Бұл жыр көп еді, көбін ұмытыппын, кезінде бұны жырлайтын заман болмады, тыңдайтын адам да болмады. Ешкім жазып алуға ынта жасамады және де қате айтып күлістікке қалармын, замана ерлеріне кесірім тиер деп қорықтым. Ойымда қалғанын жырлап берейін, - деп Дәрісқали аға тағы бірін бастап кетті.

Ол Шынияз ақынның «Мен Асан Қайғы болып жырласам» деген жыры еді.
Адамзат, мен әріден,
Сөз бастайын сабыр ет.
Бір кезде туған батырша,

Бұл кезге салып сөйлейін.
Мінім болса көзіме айт,
Өкпелемен сөктің деп.
Ел егізін сұрасаң,

Адай менен Таз болар.
Құс егізін сұрасаң,
Үйрек пенен қаз болар.
Көл егізін сұрасаң,

Қайыршаққа беткен саз болар.

Көп үйрексіз көл бітпес,
Үйректің көбін қаз сүймес.
Ауызға алсаң ас тимес,
Көп жылқыға су тимес,

Көне мақта бау болмас,
Көне бір дауда мән болмас.
Сақина тағып, пұл құйсаң да,
Ақ төсіне бал құйсаң да,

Қартайған кемпір қыз болмас.

Атасыздан ұл тумас,
Атасыздан ұл болса,
Айтқан сөзі шын болмас.
Анасыздан қыз болмас,

Анасыздан қыз болса,
Беті қанды болса да,
Құрбысына тең болмас.

Айырдан туып нар болмас,
Айырдан туған нар болса,
Жампозыңнан кем болмас.
Кем болмас деп оған сенбеңіз,

Балшықты суға барғанда,
Шомылып жатып, бір аунап,
Бір тұрғаннан ер болмас.

Құлдан туған би болмас,
Құлдан туған би болса,
Ақсүйектен кем болмас.
Кем болмас деп сенбеңіз,

Басына дәурен қонған күн,
Алтын таққа мінген күн,
Әні менен күй тең,
Өлеңі мен жыры тең,

Ісінің бәрі жөн болмас.

Асан қайғы бабамыз,
Ұйықтады да көлбеді.
Ұйықтап жатып түс көрді,
Төсектен тұрмай еңіреді.

Абаттайын жалғыз ұл,
Қолайсыздау енеді.
Асығыстау жиынып,
Қос атпенен жөнелді.

Ақ сақалды бабасы,
Ақ сүйекті қожасы,
Ақ шалмалы молдасы,
Бәрі де қалмай келеді.

Асан қайғы бабамыз,
Көрген түсін болжамдап,
Жырлап қоя береді.
Еділді жайлап бір жатқан,

Нәрік пенен Шораға,
Шақыртуға елшіні,
Қос-қосынан жіберді.
Шақыртқанға келсін деп,

Тілегімді берсін деп,
Асан қайғы атамыз
Сонда тұрып сөйлейді.
Еділді жайлау етпеңіз,

Еділді жайлау етсеңіз,
Шұбырған мынау казак- орыс,
Бекініс қала салады-ау.
Астраханды жайлау етпеңіз,

Әз- Жәнібек ханыңды,
Өлтіріп басын бір шауып,
Шаһарды ақыр алады-ау.
Еділден бергі иен дала,

Еділ, Жайық маң дала.
Мұнар тауды аралап,
Үлкен тауға жол салар.
Сол жердің бәрін алған соң,

Қолқаңа сенің қол салар.
Қалың қазақ билігін,
Орыс өзіне алады-ау.
Нәрік пенен Ер Шора,

Шақырғанға келмеді-ау,
Тілегімді бермеді-ау.

Сенің де тілегіңді бермесін,
Оңтайына келгенде,
Ұлың оңға жүрмесін.
Сарала шекпен беліне,

Сапты қылыш байланып,
Бір орыстың алдында,
Он-оннан ұлың жүрмесін.
Шытырдан болып жегенің

Кенептен болар үйлерің.
Су астында балығыңды,
Жалғыз өркеш нарынды,
Қолыңдағы барыңды,

Сыйлыққа ұстап берерсің.
Ортасынан ойыстап,
Қиыстап бөліп, жер берер.
Үлкен әкім болдым – деп,

Өз басыңа зіл берер.
Бірігіп кетсең көркейіп,
Бөлшектеуге жол берер.
Бөліп берген жеріңнен,

Бір күні көшіп кетерсің.
Қолыңдағы мөріңнен,
Бір күні шошып кетерсің.

Қазаның тола ас болар,
Ішің тола дерт болар.
Жаныңа келіп бір даңғой,
Арақ ішіп мас болар.

Қазақтармен қас болар,
Кәпірлермен дос болар.
Заманның азар шағында,
Үстіме шапан жабар деп,

Парақор болар билерің.
Жағымпаз, жәркес көбейіп,
Кетер деп қорқам күйлерің.
Өз тіліңді менсінбей,

Шұбарланар тілдерің.
Өзге тілде мақамдап,
Сөйлер де болар мінберің.
Ақырзаманның белгісі,

Асып та тасып түйініп,
Жібектен болар кигенің.
Ашық та шашық киініп,
Керегі болмас түйменің.

Қолтықсыз көйлек, жағасыз,
Беліне темір тағынар,
Жартылай киім киініп,
Қыздарың да қағынар.

Ұлық пен биге жағынып,
Ұлдарың да қағынар.
Ұят кетіп қыздардан,
Ата менен ананы,

Әке менен шешені,
Құрбысындай тең көріп,
Алдыңа келіп шабынар.

Шаруаменен ісі жоқ,
Ұлдарың жүрер масайып.
Еркек шора киініп,
Келінің мен қыздарың,

Өте шығар шалқайып.

Ерлердің құқы төмендеп,
Үстемдігі артар қатынның.
Тағы бір заман белгісі,
Ақырзаман боларда,

Ақша билеп адамды,
Ақылды тежеп шектейді.
Үстеме баға ұшығып,
Ертеңгің кешке жетпейді.

Асан Қайғы айтқандай,
Дорба артынып жол шегіп,
Кәсіп іздеп кетерсің.
Маңдай термен тапқан малыңды,

Желаяққа жем етерсің.
Төсін керіп кергитін,
Байлар қонар кез болар.
Әділет іздеп жүгінсең де,

Қанша жерге жүгірсең де,
Құлағына ілмес билерің.
Айтып айтпай не керек,
Сондай да болар күйлерің.

Осыны айтып Шынияз іркіліп тоқтала бергенде, терең ойға шомып отырған Мақаш: «Жырла ақыным тағы да», - деп қолқа салады.

Сондағы Шынияз ақынның соңғы айтқаны екен.

Тағы да бір жырлайын,
Жырла десең, Мақашжан.
Мақашжан десем, болмай ма,
Сіз, біз боп өтсек тіршіліктен.

Бет жыртыспай сыйласып,
Ел билеп өт, қарағым,
Заманыңа қарай жымдасып.

Ешкімді де кем көрме,
Тең ұстарсың халқыңды.
Қанша ақын болсам да,
Білгенім екен тек тоғыз.

Білмегенім көп екен,
Халқым да айтқан тоқсан тоғыз.

Толғауы тоқсан қызыл сөз,
Толғай да толғай келем мен.
Қанша толғап өтсем де,
Түйіндер мәнді соңы бар.

Ел билеген сендей ерлерге,
Ашық та айтар сөзім бар.
Ұғынған барша адамға,
Ой түйердей түйін бар.

Қаймығып қанша тұрсам да,
Қорғанбай-ақ айтайын,
Соңы болар, ұзақ сонар сөзім бар.

Басшысыз болған жиынның,
Ит желіндей желі бар.
Жағымсыз болса да айтайын,
Шіріген ауыздан шыққан сөз,

Кісі жақтырмас исі бар.
Ойлап қара, әлеумет,
Керекті жерден түйсік ал.
Жамандықтан жиіркеніп,

Жақсыдан, араң жисын бал.

Бұл дүниеге бәріміз де қонақпыз да,
Дұрыс ғұмыр сүруге біз, олақпыз ба?
Даналардан қазірде кімдер қалды,
Сеземіз өмір – өзен шолақ мына.

Асан Қайғы, Әз Жәнібек, Жиренше,
Баһадүр, абыз да өткен ақындар да.
Қаншама дүлдүл қайда ендеше,
Армансыз өткен, сірә, жан бар ма?

Шыңғысхан, Әмір Темір олар да өткен,
Олар да жетпей кеткен арманына.

Тыңдасаңдар шайырдың бұл лебізін,
Тағы да сайрап берейін.
Айта түс, ақыным, деген соң,
Сөз маржанын терейін.

Сатып та алған сөз емес,
Пұлын да беріп саудалап.
Көмейде тұрған қызыл тіл,
Асыл сөзді шығарсын бір саумалап.

Тұнық бір суда түзілген,
Ақық та асыл маржандай,
Сөз сөйлейін салалап.
Қадар да халім жеткенше,

Айт деген соң айтайын.
Ұрыса көрме, Мақашжан,
Айттым сөзді, бір өзіңді паналап.
Паналап демей қайтейін.

Қасіретім көп қой тұңғиық,
Шыңыраудан су тарқандай қауғалап.
Ел ішінде жүр кезбе сөз,
Бүлдірмекші бір бүйірден сыналап.

Сыналап демей не дейін,
Аға мен інінің арасына жік салып,
Ызғыштырып бір-біріне айдаса.
Болмашыға жазықсыздан жыл алып,

Кете де берсе Аллалап.

Тұнып бір жатқан жалпақ ел,
Бөрі тигендей дүрлігіп,
Жағымпаздың кесірінен ерлерім,
Он кісіге, бір кісі,

Бестаубайдың алдында,
Көгенделген қозыдай,
Итжеккенге жатса айдалып.
Ел ішінде, Мақашжан,

Сіз білмейтін осындай
Араша сұрар біздің жайымыз бар.
Тағы да біраз жырласам,
Тіл менен жақты талдырып.

Тарихпенен сырласам,
Өткенді еске алдырып.
Кеткен ғой талай дүлдүлдер.
Артына атын қалдырып.

Іс қыпты Ақсақ Темір де,
Қожа Ахмет Яссауи
Ғұламаның басына
Зор кесене салдырып.

Кесене салған шеберлер,
Ақсақ Темір патшаға
Сауапты іс қылсын деп,
Екі тасты қалдырып,

Өз қолымен қалауға,
Ел есінде қалуға.
Кеудесінде жанды үміт,
Бір тасты қойып орнына,

Екіншісін алыпты,
Ортасынан сындырып.
Сол кесене қалыпты,
Ескерткіш болып мәңгілік.

Біразырақ сөйлейін.
Қалса да мейлі жақ талып.
Ақсақ Темір сөйлепті,
Ойындағысын ақтарып.

«Ақынын патша іздесе,
Қонғаны басқа бақ дарып.
Патшаны ақын іздесе,
Ол елдің сорға батқаны».

Ел билеген патшаны,
Мазалайды тақ қамы.
Сөзі қалған өлмейді,
Елінің болып мақтаны.

Алдыңа сенің, Мақашжан,
Мүдіртпей мені сөйлетті,
Жайлардың жанға батқаны.
Сіз бенен бізде тілек бір,

Арттағы өскен ұрпақтың,
Арайлап атсын ақ таңы!

Зорлық көрсем кетермін,
Күлкі болмай дұшпанға,
Тескен таудан өтермін,
Бойымда жігер күш барда.

Ақылыңды күткен елің бар,
Адаспай бағыт ұстарға.
Жаратқан сіздей асылды,
Халқыңа оң жол нұсқарға.

Жаңылдырма жаббар қақ,
Мүдірген тілім тұстарда.

Мен кетермін, кетермін,
Мысырым болған Нарыннан.
Қауып қылып сөйледім,
Заманның мынау зарынан.

Нарыннан кетсем білемін,
Айырыларымды барымнан.
Жүректе намыс оты бар,
Қаны менен атаның,

Ұрпақтарға жалғасып,
Ақ сүтімен ананың,
Бойымызға тараған.
Аттай алмай ауармын,

Алаулы аппақ арымнан.
Амалсыз кетсем Нарыннан,
Замана қайым тарылған.

Зорлық көрсем кетермін де елімнен,
Кең Нарындай күрең төбел белімнен.
Ал бірақ та қалар менің артымда.
Бостандығын аңсаған қалың елім бар.

Елім бар демей не дейін,
Кіндік кесіп кір жуған,
Ата күлдік жерім бар.
Тай-құлындай тебіскен,

Аға менен іні бар.
Мені де бір сыйлайтын,
Қарындас, жеңге, келін бар.
Тең құрбының кемі жоқ,

Сені менен мені бар.

Тоқтар жерде іркілген,
Тасқын дария су секілді,
Алтын да, қазыналы қарттарым,
Шежірелі сандық секілді.

Құзырлығы биік Мыңтөбенің тауындай,
Көңілі кең, сағым қуған даламдай,
Тарылған мынау, жазиралы Нарында,
Қалғалы тұр, атам, абыз бабам да.

Мақамды асыл сөздермен,
Айтайын дегенім осы еді
Айтып айтпай не керек?
Осындай-осындай да жайым бар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙