Сара саңлак
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Шәрбану Бейсенова
Сара саңлақ САра Саңлақ Алматы “Жазушы”
Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева. – Алматы: Жазушы, 2014. – 432 + 16 бет фотожапсырма. ISBN 978-601-200-482-3 Қазақ мəдениеті тарихында өшпестей аты қалған, ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғаларының бірі Сара Тастанбекқызының мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін қымбат рухани қазынаға айналды. Ақын Сара есімі сөз сайысында бақ сынасқан өнерпаздардың пір тұтары болып жүргені де ақиқат. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сондай-ақ өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік əңгімелер, ақын өнеріне бас иген кейінгі толқын ақындардың өлеңжырлары, қаламгерлердің туындылары топтастырылды. Кітап қалың оқырманға арналған. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз) С 22 ' Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева, 2014 ' “Жазушы” баспасы, 2014 С 22 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Жоба жетекшісі жəне идея авторы: Шəрбану БЕЙСЕНОВА, «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Редакциялық алқа төрағасы: Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын; Мүшелері: Ж.Əскербекқызы, ақын, филология ғылымдарының докторы; Б.Ердембеков, филология ғылымдарының докторы, профессор; С.Нұржан, ақын; Д.Берікқажыұлы, ақын; Қ.Сарекенова, филология ғылымдарының кандидаты. ISBN 978-601-200-482-3
Менің Шолпан жұлдызым (алғысөз орнына) Білгіштер дүниеде кездейсоқ ешнəрсе болмайды деседі екен. Менің ол жағынан хабарым жоқ. Мен кітап оқуды ерте бастадым. Біздің балалық шағымыз теледидарсыз, компьютерсіз, ұялы телефонсыз өтті. Бар арман-мақсатымыз – кітап, газет-журнал оқу. Дүниенің небір қызықтарын кітаптан іздейтінбіз. Кешкісін ауыл адамдарына ертегі, батырлар жыры секілді дүниелерді дауысымыз қарлыққанша айқайлап оқып беретінбіз. Үйдегі аға-əпкелерім жинаған көп кітаптардың ара сында жасыл түсті қабы бар «Айтыс» (ұмытпасам) деген қалың кітап көзіме түсті. Оның ішіндегі Біржан мен Сараның, Құлманбет пен Жамбылдың айтыстарын оқи бастадым. Басқаларын бір сыдыртып шықтым да, əлгі екі айтысқа тоқталдым. Əсіресе, Сараның түйдек-түйдек шумақтары мені бірден баурап алды. «Ойпырым-ай, қыздар да ер адам дармен айтыса алады екен-ау» деп таң-тамаша қалдым. Ол менің кітап, газетті бас алмай оқитын жылдарым болатын. Өлең жазу деген ойымда да болған емес. Біздің көршілерімізде мен ғұрыптас қыз бала атымен жоқ, мен амалсыз ер балалармен ойнайтынмын. Доп, шілдік, мəлік, асық ойнағанда, коньки тепкенде мен олардан жеңілмеуге тырысып, қызарақтап бар күшімді салатын едім.
Сара саңлақ Біржан мен Сараның айтысын жастанып жатып оқып, «Сара жеңсе екен» деп тілейтінмін. Кейде Сара ақынды түсімде көретінмін: үстіне етегі кең ақ көйлек, басына үкісі бұлғақтаған тақия киген сұңғақ бойлы бейнесі анандай жерден елестейтін. Содан бері Сара ақын менің Жыр-Шолпаным болып қалды жəне сол жарқыраған күйінде қала береді. Кейін 5-6 кластардан бастап шатпақтап бірдеңелерді жаза бастадым. Кейін Сараға арнап «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын» атты өлеңдер топтамасын жаздым. Оның кіріспесін: Ақын Сара, саңлағы жыр-жарыстың, Шашылғандай бейуақта шыңнан ұшқын, Арманшылдау жанымды алау шарпып, Қанатымды жырыңа шыңдап ұштым. Арман-жолда шың-құздар өріндегі Адастырмай албырттау көңіл мені – Жалқы Темірқазығым – Махамбет те, Жыр-Шолпаным – өзіңсің көгімдегі! Жыр-əлемде жолдар аз таң нұрындай, Зулап өтер дауылға, шаңға ұрынбай, Бұралаң жол, бұрқасын өткелімен Сендік тағдыр менің де тағдырымдай... Бас тарттым да басқаның соқпағынан, Жол таңдадым жел ұрып, шоқ қарыған. Адаспайын адассам, шағылысқан, Темірқазық, Шолпанның оттарынан! – деген шумақтармен бастағанмын.
Сара саңлақ Мені ақындыққа талпындырған жəне жазғыш ер-аза маттардан қалыспауға үйреткен Сара апамыздың тағ дыры, шығармашылығы. Қазақ даласында Сара, Дина секілді ғажайып талант иелері – талай апаларымыз ғұмыр кешкені ақиқат деп ойлаймын. Тек тарихтың тылсымдарында қалған. Біз о бастан «ауылдағының аузы сасық» деп өзіміздің асылдарымызды елемеуге тырысатын халықпыз. Бұл – бір. Екіншіден, ұлтымыздың өмір шежіресіне келгенде біз тіптен салақпыз. Əйтпесе, Сара Тастанбекқызының шығармашылығы тек Біржанмен айтысы ғана емес деп ойлаймын. Бұл ойыма себеп – Сара ақынның өз өмірбаяны туралы баяндаған «Тағдыр тəлкегі» атты жалпы атпен берілген бір топ өлеңдері. Осы топтамаға «Ашындым», «Жүрек», «Торығам», «Ортақ мұң» секілді əрқайсысы бір балладаға тұрарлық бірнеше жеке өлеңдер енген. Мүмкін ол өлеңдерге тақырып қойған «Тордағы тоты» атты шағын жинақты құрастырушылар болар. Қалай бол ғанда да Сара Тастанбекқызы қазақ жыр өнерінің тарих намасынан өз орнын ойып алатын ақын екені шындық. «Қазақ – ақын халық» деп жиі айтылады. Сол ақын ха лықтың талай-талай талантты ақын қыздары да болғанына күмəн келтіруге болмайды. Əрине, олардың туындылары уақыттың шаңына көміліп, бізге жеткен жоқ. Оның үстіне «əйелдің жолы жіңішке» деген Шығыстың философиясын қағидаға айналдырып өскен ұлт өздері де «байтал шауып, бəйге алмас» деп, ақылы болмаса да, басында қисайған бөркі бар біреудің тіркесін мəтел қылып, қыздардың өздерін де, өнегелі сөздерін де жоққа шығаруға тырысқан.
Сара саңлақ Алайда дана халқымыз Тұмардай, Əлия мен Мəншүк, Хиуаздай батырларды, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар секілді батыр ұлдарға ақылшы да, қорған да бола білген Гүлбаршын сұлу, қыз Құртқа, Ақжүніс, қыз Назым жəне Қарашаштай данагөй қыздарды туған, аялап өсірген. Халқымыздың жады соның бəрін ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, кейінгіге өнеге етіп келеді. Сара жазу столының басына оңаша отырып өлең жазбағаны белгілі. Əр жерде айтқан жырларын əркім жаттап алып, кейінгі хат білетіндердің қағаз беттеріне түсіруі тумысынан ақын халықтың өнерге, оның ішінде əдебиеттің негізі – поэзияға деген ықылас-ілтипатының қашанда шексіз болғанын айқын көрсетеді. Дейтұрғанмен, Сара ақынның шығармашылығы түге лімен бізге жетпеген деп ойлаймын. Он үш жасынан қолына домбыра алып, өлең жолына түскен ақын өзінің тым қысқа өмірінде үлкенді-кішілі бірнеше айтыскерлермен жыр-жарысқа түскен болар, бірақ олардың бəрін кезінде оқу-тоқуы жоқ ауыл адамдары жазып не жаттап үлгере алмаулары əбден мүмкін. Сара бұрынғы Талдықорған (қазіргі Алматы) облы сының Ақсу ауданында Тастанбек пен оның жұбайы Жанкөкшенің отбасында 1878 жылы дүниеге келген. Тастанбек сіңірі шыққан кедей, Сарадан үлкен Сахари атты ұлы болған. Тастанбек ертерек өмірден озады. Оның немере інісі Жайсаңбек батыр денелі, қарулы жігіт екен. Ағасы Тастанбек өлгеннен кейін ол Сахари екеуі бірлесіп Ақсу ауылының шет жағындағы кедей-кепшіктер тұратын жерден шағын үй салады. Сара сол жерде анасының жанында өседі. Анасы Жанкөкше аурушаң адам екен.
Сара саңлақ Сараның өлеңіне қарағанда Жанкөкше өкпе ауруымен сырқаттанады. Салынған сал қорадан аласа үй, Есіксіз, терезесіз, қараша үй, Қазандық, көне алаша, тозған қомша, Жетімсіз жарлы тұрмыс – іштегі күй. Əйнек жоқ, терезеге тартқан қарын, Азынатқан босағадан қыс ызғарын. Төрт жағын төңіректің қар үрлеген, Жан да жоқ келіп-кетер бірлі-жарым. Жылтылдап сол бір үйден шыққан жарық. Кейде өшіп үзіледі, кейде жанып. Сол үйде тынбайтұғын мен ғанамын, Уыстап тамызыққа отын салып. Міне, Сараның көз ашқалы көргені – осы жоқшылық, жас өреннің көңіліне қайғы ұялатқан қасірет. Алайда бұл отбасын тағы да қасірет бұлты торлады. Ауылдағы байсымақ Арнай болыс «менің малымды ұрлап сойып алдың» деген жаламен Жайсаңбекті түу десе түкірігі жерге түспейтін, ауыл-елге үкім жүргізетін Тұрысбек қажының алдына əкеліп шағымданады. Ал, Тұрысбек қажы болса, Жайсаңбекке менсінбей қарап: – Қарындасыңды Жиенқұлға берсең, бостандық ала сың, – дейді. Ал, Жиенқұлды Сара былай суреттейді:
Сара саңлақ Өлшеу жоқ қиялымның өрісіне, Шыдаймын, шығармаймын көбісіне. Айттырған күйеуіңіз, Арнай аға-ау, Сыйғандай бір тоқтының терісіне. Сөйлетті елім мені ұлға балап, Сатпаймын əнімді мен бұлдамалап. Мұңымды сендерге айтпай, кімге айтайын, Қоржиған өл демесең құлға қарап. Кейін атақты Біржан Қожағұлұлымен айтысқанда да: Арғынға жол бермеген есіл тілім, Күн өтпей, қор боп ұшқан қызыл гүлім, Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем Есекке қосақтаулы өтті күнім. Өзі білер деуші едім жақсылардың Ақыры қайғы болды енді мұңым. Алтайдың саңлағымен сөйлессем де Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным. Сіздерге сенетұғын сорлы басым, Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім. Өздерің Жиенқұлды көріп едің, Құдайдан қорықпай шыдап беріп едің. Шақырған «Найман шалдың» аруағын, Бəріңе қыз да болсам серік едім.
Сара саңлақ Біржанға көрсетіңдер Жиенқұлды, Ол мені осы жерде тірі өлтірді. Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар, Қайтейін Құдай қосып ием қылды, – деп көкірегі қарс айырылып ашына сөйлейді. «Мына Арғыннан біздің кесірімізден жеңілді-ау» деп жəне Найман руының намысы кеуделерінде бас көтерген жақсылар ақыры ақын қызға бостандық беруге мəжбүр болады. Бірақ ақын қыз азаттық алды дегенмен, шын мəнін де оған бостандық əкелмеді. «Атастырған жерін мен сінбеген», «Жынды қыз» деген секілді əртүрлі қаңқу сөздер соңынан ерді, оның үстіне қазақ ақындарды қа дірлегенмен, оларды кейде ақыл-есі дұрыс еместей кө ретіндер ел арасында əлі де бар екенін білеміз. Ақырында Сара өзінен біраз жас үлкен, адамгершілігі мол Бекбай деген азаматпен бас қосады. Бірақ жастайынан көрген жоқшылық, нəзік жүрегін жылатқан жетімдік пен Жиенқұлдай көкірегінде сəулесі жоқ мүгедекке өзінің еркінсіз атастырылуы – осының бəрі ақын Сараны денсаулығынан айырып, ол 1916 жылғы көктемде отыз сегіз жасында жарық дүниемен қоштасады. Азаттық деп аласұрған дара саңлақ арманына жете алмай, өмірдің ағынына, талантының жалынына өрте нумен өтті. Содан бері тұлпар-уақыт зымырап, бір ғасырға жуық тірліктің таңы атыпты. Біз ылғи тырнақ астынан кір іздеуге, əйтеуір сын тағып мін табуға əзір тұрамыз. Кейбіреулер Біржан мен Сараның айтысы шын мə нінде болмаған, оны ойдан шығарып жазған Əріп ақын Тəңірбергенов дегенді айтатын көрінеді.
Сара саңлақ Енді біреулер «Сара анандай болған, мынандай бол ған» деп оның төсек-орнын қопарып сөз етіп жүр. Атастырылған адамы ақсақ, соқыр, Сарадай əрі сұлу, əрі ақылды, дүйім ел қадірлеген ақын қыз бас бостандығын сұрап ағаларға назын айтса, оның не оғаштығы бар екен. Əріп ақындай озық ойлы ағайына жауап хат жазса, ол да қазақ қызына тəн қарындастық наз емес пе екен. Жанын, мұңын түсінетін ел ішінен пана таппай арманы алыстап, көңілі нала, торға түскен торғайдай шырылдаған ақын қыздың талантына ұрпақтардың ғасыр өткесін шүбə келтіруі, оның өлеңдерінің өмірден ашынып айтқан əр жолынан көңірсіген иіс іздеп, тіміскілеп тінту жүргізу – қыз баласын төрге отырғызып, жақсы киімді иығына жауып, үйдегі дəм-тұзының тəттісін аузына тосқан қазақ деген ұлттың ар-намысына балшық жаққанмен бірдей. Өле берсін күншілдер күйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде. Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты Мен өлемін өзімнің биігімде, – деп Төлеген ақын жырлаған ақындық биіктік Сара Тастанбек қызына да ортақ. Қазақ елі жыр-жарыстың теңдессіз ақтаңгер жүйрігі – өзінің Сарасын ұмытпайды, оның есімі Жер деген киелі мекеннің бетінде қазақ халқымен бірге жасай береді. Еліміздің театр өнерінде өзіндік орны бар «Біржан – Сара» операсы – ақын апамызға қойылған өнер ескерткіші. Əдебиеттің бір шетінде жүрген мен үшін Сара апамның сонау бала кезімде елестеп биіктерге жол сілтеген жарқын
Сара саңлақ бейнесі əлі күнге дейін бір сəт көмескіленбей, Шолпан жұлдызым болып алдымнан сəуле шашып тұрғандай сезінемін. Фариза Оңғарсынова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы 12.10.2012
Ақын Сара арманы (немесе ақын Сараның кітабын шығару туралы ой қалай туды...) Кім-кімнің де «оқып шығайыншы» деп жинап жүретін кітабы болады ғой. Уақыт тапшылығынан, оқуға мұрша болмай жинала-жинала бірталайының жатып қалатын кездері де бар. Кімнің, кітап оқуға қалай уақыт табарын қайдам, өз басым алда-жалда ауруханаға түсе қалсам, өзіммен бірге бір құшақ əлгіндей жиналып жатқан кітаптарды ала барамын. Алаңсыз, өндіре оқып тастауға қолайлы орын. Өткен күзде ауруханаға кетіп бара жатып біраз дүниелер ала шыққан едім. Ішінде Тəңірберген Қалилахановтың «Ақын Сара» атты қалыңдау еңбегі де бар. Оны маған алдында Гүлша Тəңірбергенқызы сыйлаған болатын. Ем-домдардың арасында оқып тас тадым. Жеңіл оқылады екен. Оқып шыққан соң кітапты парақтап отырып, ақын Сара туралы білгенімнен білмейтінім көп екенін аңғарып, өзімнен-өзім қысылып, ұялыс тапқандаймын. Біздің білетініміз – ақын Сараның Біржан салмен айтысқаны. Одан қалды, «Біржан-Сара» операсы ғой. Қолымдағы кітапта Сараның айтыстарынан басқа бірталай өлеңдері жарияланған, талданған екен. Өлеңдерінің келісті сөз өрнегі, алмастай өткірлігі, табиғат суреттері мен ақын көңіл-күйінің жымдаса өрілгені еріксіз
Сара саңлақ өзіне баурайды. Ақынның өз тағдырын өзі өлеңмен жа зып кеткені тəнті етеді. Оқып отырып ойға қалдым... ...Есіме көп жылдар бұрынғы бұлыңғыр елес жаң ғырығы қайта оралды. «Қазақстан əйелдері» журналында қызмет істеп жүрген кезім еді. Талдықорған облысында іссапарда бірталай аудандарын аралағаным бар. Сонда жол бастаушы жергілікті азамат: «Апай, біздің ауданда ақын Сараның бейіті бар», – деген соң, арнайы алып баруын өтінгенмін. Жолдан бұрылып, жазық дала төсіне шықтық. Айнала мидай жазық. Көне қорым алыстан қарауытады. Жапан далада қорымға қойылған ескерткіш көзге еріксіз шалынғандай. Қорым басы жым-жырт, өлі тыныштық. Күз уақыты еді. Күн желді. Денеміз тоңазып қалтырағандай. Желмен бірге сыңсыған мұңды əуен құлаққа жеткендей. Көңілді мұң торлады... Ақ мəрмəр тасқа Сараның: «Дүниеге келіп, кетер əркім қонақ, Солардың біреуі мен – өмірі шолақ», – деген өлең жолдары қашалып жазылыпты. Өмірдің өткін шілігін, пенде баласының бұ дүниенің қонағы екендігін тағы бір мəрте еске алдық... Білген дұғамызды оқып, əрі аттандық. Өнерпаз ару туралы кітапты оқып шыққан соң көкіре гіме сондағы мұң қайта оралғандай. Осы жолы оған кі таптағы ұзақ талдаудан алынған мына жолдар тікелей се бепші болған еді:
Сара саңлақ ...Адаммын мен де сондай ұқыбы жоқ, Құр тілді санап жүрген көңілге тоқ. Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң, Ұмытылып қалар Сара құр аңыз боп. Жүргендей көмекейім текке гулеп, Солды өмір шешек атып, бір-ақ гүлдеп. Белгілі байлауы жоқ, матауы жоқ, Есіл сөз босқа кетті желдей улеп... Аяулы ару ақынның өксікті үні ғасырлар тереңінен естілгендей. Тіпті ақын Сара маған тіл қатып тұрғандай қабылдадым. Сыңғыр қаққан даусы құлағыма келгендей болды. Жапандағы жалғыз қорым тағы да есіме оралғаны. Тебірендім, толқыдым. Ақын мұрасына қатысты бір нəрсе істеуім керектігін анық ұғындым. Əлгі өлеңді ақынның ақтық аманат сөзіндей қабылдадым. Ақын Сараның шығармашылығы, жарық көрген кітаптары жайлы дерек іздей бастадым. Соңғы рет (бəлкім алғаш рет) 1980 жылы «Жазушы» баспасынан «Тордағы тоты» деген атпен өлеңдері шағын кітап болып шыққан екен. Бұл кітап қазір табылмайтын құнды библиографиялық сирек туынды іспетті. Алматыдағы, Астанадағы ұлттық кітапханаларда бірер данасы сақталған, бірақ оқу залында ғана пайдалануға рұқсат етіледі, үйге оқуға, қолға берілмейді. Сонда қалай? Кітап қолжетімді болу үшін не істеуге болады? Қайтадан мол таралыммен шығару керек екен деген ой түйдік. Кітап шығарудың жолын қарастырдық, демеуші іздедік. Ақын Сара мұрасына қатысты жарияланған материалдарды, зерттеулерді жинастыра бастадық...
Сара саңлақ Осы күзде Қазан қаласына жолымыз түсіп еді. Қазан көне шаһар, көнеліктері мол дегенді көп естіген едік. Төңкеріске дейін біздің інжу-маржан жыр-дастанда рымыз Қазанда жарық көрген дегенді де көкірегімізге жаттағанбыз. Жол түсіп, барып қалған соң сол асыл дарымыздан не бар, не жоқ, іздеп көрсек пе екен деген де ой түскен. Қазан университеті кітапханасының, қол жазбалар қорының, ұлттық кітапханасының сирек кі таптар қорының каталогтарын ерінбей-жалықпай екі күн ақтарып қарағанымызда көңіліміздің бір түкпірінде «Бір жан – Сара» айтысы шықпас па екен деген де үміт оты бар еді. Іздеген жоғымызды Татарстан Республикасының Ұлттық мұрағатынан таптық. Бұл арада төңкерістен бұрынғы қазақ тіліндегі əдебиеттер бөлек қор болып жиналыпты. Белгілі шығыстанушы ғалым Н.Ф.Катанов жинақтап өткізіпті. Мың алғыс, жатқан жері жарық бол сын! Бұл арада: «Қисса. Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен айтыстың 1900 жылы Жүсіпбек қожа Шайхысламұлы бастырған нұсқасының кітабын ұшыраттық. Бір ғасырдан астам жасаған жəдігер! Қуа нышымызда шек жоқ! Ұлпадай жұп-жұқа қағазын аямай ұстап, тоқыма өрнегіндей өрілген əсем жазуына жүрексіне үңілеміз. Жүз жыл бұрынғы кітапты қолыма ұстап тұрып, ақын Сараның: ... Белгілі байлауы жоқ, матауы жоқ, Есіл сөз босқа кетті желдей улеп, – дегеніне ойша дау айтқым келеді. Жо-жоқ! Дау айтпас бұрын, алдымен аманат сөзін тегіс жинап, кітап етіп
Сара саңлақ шығартып алғанымыз абзал болар. Кітапқа осылайша қызу əзірлік басталып кетті... Мен бұл арада ақын Сараның ғұмырбаяны, өлеңдері туралы сөз қозғамадым. Оны осы кітаптан Сараның өз аузынан естігендеріңізді жөн көрдім, қымбатты оқырман. Бір-ақ нəрсені бөліп айтқым келеді: қазақ елі, жері аман тұрғанда ақын аты, оның сөзі өлмейді. Ұрпақ алмасқан сайын жаңа толқын ішінен кешегісін, бүгінін, ертеңін саралайтын оғландар туатыны сөзсіз ғой. Ел аман, жұрт тыныш, тəуелсіздігіміз баянды болғай! Қолыңыздағы кітап ақын Сараның аманаттай сөзін сізге жеткізіп, көкірегіңізге сəулесін түсіре алса, біздің міндетіміздің орындалғаны. Ақын Сара аруағы алдындағы пары зымыздың өтелгені. «Қағазға жалғыз сөзім түспеді», – деп өкінбеңіз, ғазиз жан. Сөзің кітап болып шығып жатыр, ел руханиятына қызмет етуде. Есімің ел аузында, аяулы ару Сара! Шəрбану Бейсенова
Бірінші бөлім ӨЛЕҢДЕР. ДАСТАНДАР ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ 1. Жоқшылықта Ақша қар алғаш жауған қыстың басы, Көңілсіз көк салбырап қабақ-қасы. Бекеті Абдыраның ашық дала, Ақсудың жарғабақты босағасы. Ышқынған оқтын-оқтын дала желі, Жаныштап жер үйлерді бекеттегі. Көшіре айдаланың аппақ қарын Бүркеді борандата аяз демі. Салынған сал қорадан аласа үй, Есіксіз, терезесіз, қараша үй, Қазандық, көне алаша, тозған қомша, Жетімсіз жарлы тұрмыс – іштегі күй. Əйнек жоқ, терезеге тартқан қарын, Азынатқан босағадан қыс ызғарын. Төрт жағын төңіректің қар үрлеген, Жан да жоқ келіп-кетер бірлі-жарым.
Сара саңлақ Жылтылдап сол бір үйден шыққан жарық. Кейде өшіп, үзіледі, кейде жанып. Сол үйде тынбайтұғын мен ғанамын, Уыстап тамызыққа отын салып. Сақырлап қазан толы қайнаған су, Үй-іші қара түнек қаптаған бу. Қақталып көн үстінде жатыр апам, Естілмейд үйде дабыр, ешбір у-шу. Телмірген екеу едік түнді күткен, Дəмелі секілдіміз бір үміттен. Қазанда қара судың құр қайнауы, Айтып тұр үйдің халін азық біткен. Ақысын жалға жүрген Сахаридың, Бермеген жартылап та, болмаса тым. Көшіріп іргесінен Абдыраға, Бұл үйді тентіреткен Арнай мығым. Жайсаңбек – кіші інісі Тастанбектің, Қорғаны жесір кемпір, жетімектің. Абдыра бекетіне қоса келген, Қорланып ағайыннан алған кектен. Палуан қажырлы адам қайраты асқан, Белдескен көп мықтымен бала жастан. Жоталы жолбарыстай жойдасын ер, Жүлде алған талай-талай той мен астан.
Сара саңлақ Тастемір, Арнайы болыс, Телібай би, Сайысқа Жайсаңбекті салып ылғи. Батыры Байғазының Мүсəпір де, Жайсаңбек он жасынан алатын сый. Бас қосып ас, жиында халық ана, Сайысқан əрбір ерді сынға сала. «Жайсаңбек нағыз палуан, жарайтын ер», – Дегенді айтар еді солар ғана. Елдің сол ардақтысы ер Жайсаңбек, Бекетке туыстарын сүйрете кеп, Қамы үшін жесір кемпір, жетім бала, Ел кезіп кеткен еді азық іздеп. Ал біздің жарлы үйіміз түн күзеткен, Сарғайдық Жайсаңбекті тосып көптен. Үй жылытып, құр қазанға су қайнатып, Ырыздық тілеуші едік күнде көктен. ...Мінеки, ауытқыды түн жарымы, Көрінбей күңгірттенді от жарығы. Сол кезде үй жанына жақындады, Бір дыбыс күртілдеткен тыста қарды. Жай басқан ауыр жүктен Жайсаңбек ер, Сартайжан, үй аман ба? Есік қай жер? – Дей беріп арқасындағы ала өгізді, Ақырын жерге қойып, бір сүртті тер.
Сара саңлақ Қарт ана қалтыраған қолын жайып, «Бұйырсын, адал асы берген ғайып!» – Деп, бетін сипай бата беріп жатыр, Қалғандай бір-ақ күнде малға байып... 2. Зорлық Ақырған аяз кетті, басылды жел, Ашулы ақ бораннан ашылды жер. Қар күреп, күресіннен жол салынып, Қатынап, бір-біріне тасынды ел. Жалғыз үй жапан дүздің жолындағы, Бекеттен шеткері бір орындағы, Елеусіз ел көзіне бір қалыпта, Өзгермей өте берді өмір-дағы. Не болды ондағылар, бар ма, жоқ па, Тіршілік халі қандай, аш па, тоқ па? Із салып, барып қайту дегендерді, Бекетте ешкім ойға алған жоқ та. Əйтсе де көктем шыға басылған қар, Дегендей: «жария болсын жасырғандар», Көзіне ит пен құстың түсе берді, Күл-қоқыс, сүйек-саяқ шашылғандар. Жарлы үйден, үрлеу басқан жеке қоныс, Көбейіп шыққан түтін иіс-қоңыс. Білініп бірте-бірте бекетке де, Сөз болып оңды-солды жатты сол іс.
Сара саңлақ «Жаз бойы жар құлағы жастық көрмей, Жүретін жарлы кемпір азар өлмей. Қырық үйден қысқа күнде есік ашып, Тынбайтын арқан есіп, желбау өрмей. Неліктен қар түскелі қадам баспай, Қыдырып ешбір үйден есік ашпай. Тығылып сыртқа қалай шықпай қойды, Күн-түні молыққан ба дайын асқа-ай». Дегендей күңкіл сөзден күннен-күнге, Көбейіп айтылды ақыр ашық түрде. Бір жат іс жарлы үйінде бар деген сөз, Таралып ел ішіне кетті мүлде. Тараған өсек-аяң осындайдан, Айтылмай Арнайға да тұрсын қайдан. Бұл хабар құлағына тиісімен, Шешілді, – деді Арнай, – менің пайдам. Қан шеңгел, қайсар болыс, қара ниет, – Қамдан! – деп шабарманға қақты иек. Құдайын танымайтын асау кедей, Арнайдың алдына енді басын иед.
Сара саңлақ * Абдыра алақандай абыр-сабыр, Алпарыс, шапқыласу, айқай-дабыр. Қамаған қараша үйді қырық шақты атты, Шуласып бір жаяуға дейді «жабыл!». Көлденең күресінде тұр Жайсаңбек, – Жалынам, жазығым жоқ, ағайын! – деп. – Ұрысың қанды балақ, түстің қолға, – Дейді Арнай, – кете алмайсың малымды жеп. Жарлыда қора болсын кілет қайдан, Жөнімен азық жинап етін жайған. Кесектей қар астына көмген еттен, Қызарып қан көрінді анадайдан. Ай топыр есік алдын атпен басып, Жүргендер сойыл сүйреп, мылтық асып. Қазбалап қар астына көмген етті. Жабылып алдақашан алған ашып. Жайсаңбек жалбарынад жауап қылып, – Бір маған жабылуға келдің қырық. Азығын жетім-жесір тартып алдың, Отырған жан асырап, талшық қылып. Келген жоқ ешқайсыңа менен зиян, Десем де бермейсіңдер сөзіме ырық. Туысым, елім емес, жау болсаңдар, Кетіңдер біржолата бізді қырып, –
Сара саңлақ Деді де ашу қысқан арынымен, Арнайды ат үстінен алды жұлып. Белбеумен омыраудан қымти ұстап, Дегенше: «жіберейін жерге ұрып». Баж еткен дауысымыз тоқтау болды, Апам мен екеуміздің ара тұрып. – Ағатай, етке бола елді шаппа, Ерлікке ерік беріп жазым таппа. Қорыма ит жейтін бір өлексені, Болғаны аман болсаң біздің баққа. Жиылған елдің жақсы адамдары, Жабылып жұмысың не ағамдағы?! «Күміс пе күн бетінде жылтыраған?» Жарлының жанын баққан адал малы. – Ағатай, «шашпа топырақ – деген, – көпке», Шешілер өз жайымен бар болса өкпе. Азығын қарт анамның алмаңыздар, Біздің күн көргеніміз елге көп пе. Арыны əлсіреген Арнай болыс, Бергендей тілге көніп, сөзге қоныс. «Шешуге дау аяғын ертіп жүр!» – деп, Айдауды Жайсаңбекті көрді жөн іс. Астыртын адамдардан хабар беріп, Ізінен Жайсаңбектің қылмыс теріп. Арнайдың ақылымен шақыртылған, Дау күткен Тұрысбек те отыр келіп.
Сара саңлақ – Қажыеке, қапа болып ғазиз басым, – Дейді Арнай, – бойға сіңбейді ішкен асым. Алдында бір ұятқа душар қыпты, Мал ұрлап мынау менің жақындасым. Ағайын Құдай сүйіп, қыдыр қонған, Болғаннан сізбен қыңыр кім бар оңған?! Ырысты Маман – əкемнің ұрпағынан, Ішінде жалпақ қазақ кім бар озған?! Болғанмен жері-суым өз алдыма, Арыма ағайындық ой салдым да. Ұрымды өзім барып алып келдім, Айыбын əперуге көз алдыңда. Тұрысбек маңызданып қарқ-қарқ күліп, «Кім өзі салып жүрген елге бүлік?! Қасқыр да қас қылмайды малымызға, Матайдың үш баласы түгел тұрып». Жайсаңбек қусырулы екі қолы, Кеудесі керіскедей кекке толы. Бас иген сəлемін де қажы алған жоқ, Көкиіп көрмегендей болып оны. «Жə!» – деді сақал сипап қажы бір кез, Дегендей өз ойымды ішіңмен сез! – Артын айт, шаруаның, Арнай мырза, Бұйымтай бізге келген шешілсін тез.
Сара саңлақ – Отырмын, – дейді Арнай, – мен де қам ғып, Əнеки, мал ұрлаушы қолын қан ғып. Астында аты, иінінде шапаны жоқ, Қу кедей із-тозы жоқ жүрген қаңғып. Айыпқа ат орнына тіксін басын, Өтесін сөйтіп ішкен арам асын. Жабатын бұл жарлының шапаны жоқ, Бермесе күңшілікке қарындасын, – Дегенде қалт түсіп бір қажы есіне, Қарады Жайсаңбекке ол тесіле. – Құтқарса Жиенқұлдың қиқағынан, Емес пе татығаны бір бестіге! Бұлар сөз берер емес Жайсаңбекке, Келтіріп жатыр бəрін өздері епке. Қарсылық бір-екі ауыз пікір айтты, Жайсаңбек отыра алмай тектен-текке. – Мен малын қажы аулының ұрлағам жоқ, Қалайша бұйырдыңдар арам ниетке? Малының терісін кім танып отыр, Сөйлессін əкеліңдер бетпе-бетке. «Айып» деп күңшілікке бере салар, Шығарған адамым жоқ əзір шетке. Мүлкіндей қолындағы саудалайсың, Абайлап, Арнай, сен де сөзіңді епте!
Сара саңлақ Маманның маңын басып мал алғам жоқ, Қажыеке, ақты айнытып, қате кетпе. Ақырын Арнай деді: – Ей, Жайсаңбек! Көкисің қалай сөйлеп, миымды жеп. Мамаекең дəулетінің аздығынан, Отыр ма қажы келіп, пəле іздеп?! Қажы да қабақ түйген, қашқан сұры: – Қалжақтап, нені айтасың, – деді, – ұры! Ар көріп отырсың ба, ақымағым, Болғанға құтты аулымның қара құлы. Көнбесе билігіңе – көрсін біраз, Айдатып жібер бізге! – деді, – мұны. – Құп болад, – деді оған – Арнай болыс, Асауға лайықты тегі сол іс. Сонымен Жайсаңбекті абақтыға, Апарып, қараңғы үйде берді қоныс.
Сара саңлақ 3. Қорлық Баяғы бекеттегі қараша үй, Көмілген қар астына аласа үй. Кеткелі Жайсаңбекті Арнай айдап, Тартуда жылауменен жаңаша күй. Сахари отар кеткен жылқышы боп, Қыс бойы бір айналып келе алған жоқ. «Бір бала, бір кемпірді асырар!» – деп, Санайтын Жайсаңбекті көңіліне тоқ. Басқадай жақын да жоқ жаны күйер, Жас бала, жаман кемпір басын сүйер. «Жетім ғой, жесір ғой» деп мүсіркеген, Жəрдемші болды жалғыз көрші үйлер. Күн өтті, айлар өтті, уақыт озды, Хал кетті, ас таусылды, киім тозды. Қамалған жетім, жесір қараша үйге, Қайтадан қайыршылық қолын созды. Қыс қатты, жұт болатын белгісі бар, Сірескен беті мұздақ – тізеден қар, Ауылында Тұрысбектің тыныштық жоқ, Азайып қала ма деп мыңдаған мал. Шөп тартса, күрек ашса, отар барса, Бұларға жұмыс қолы керек қанша? Маманның балалары осыны ойлап, Шығады көзін ілмей таң атқанша.
Сара саңлақ Тұрысбек болғанымен қанша үстем, Осылай Жиенқұлға ісі түскен. Ешқашан қол жазғысы келмейді бір, Топ құрап мал қоритын даяр күштен. Тілегі, талабы бар олардың да, Деседі: «сəті осылай оралды ма!» Қажының көңілін аулап, ойын тауып, Жасамақ өзінше бір той аулында. Бұл кезде Тұрысбек те бəрін ойлап, Серпілді көзінде арам ұшқын ойнап. Жағдайы Жайсаңбектің еске түсіп, Болды оған табанасты бір шарт қоймақ. Шақыртып Жиенқұлды өз үйіне, Сөйледі содан кейін сəл иіле: «Саған бір қалыңдыққа қыз айттырдым», Деді де тоқтады істің жай-күйіне. – Қамаудан Жайсаңбекті шығарып ал, Айттырып қарындасын құдалық сал. Жəне де өзің əбден ойлана кел, Бермекшісің қаншама қалыңға мал. Жүрегі Жиенқұлдың мұздап қалған, Секілді үміттен бір жылу алған. Үй болып, өз алдына бала сүйіп, Қайырылып қарағандай дүние-жалған.
Сара саңлақ Əлгі сөз алды да бар есіл-дертті, Айрылып ақыл-ойдан есі кетті. «Қажыеке, қайда айдасаң біз даяр!» – деп Жиенқұл Тұрысбекке берді сертті. Сұраусыз Жайсаңбек те жатқан сұлық, Босанды қамау үйден келіп бұйрық. «Қажы өзі құда болам депті!» – дейді, Белгісіз: не жақсылық, не бір қулық. Білмейді не істерін, Жайсаңбек таң, Істепті құдалыққа қажы өзі қам. Тіл алмай, тағы тентек атандырса ел, Қол ұшын беретұғын табылмас жан. «Жер қайсы?!» – тағы бір іс бастағанмен, Сыятын жаман кемпір, жас баламен! Құрығы Құдайға да жеткен қажы, Жəбірлер тағы қандай масқарамен. Қуат бар қайда қашып құтылатын, Не деймін көрінгенге тұтылатын. Қажының тілін алмай қарайтыпты, Десе жұрт тағы мен ғой ұтылатын. Салмақтап өз басының жай-жағдайын, Жайсаңбек ой түбіне барған сайын. Мойындап қарсыласар халі жоғын, Көнетін құдалыққа айтты ыңғайын.
Сара саңлақ * «Абдыра, Ақсу беті қатқан көк мұз, Ақ боран аяқ алсаң жабатын із. Жалбырап желге етегім жар басында, Келемін су көтеріп мен сорлы қыз». Жанымнан жанап өтті екі атты адам, Біреуі жерден тоқтап төрт-бес қадам, Асыға аттан түсіп, мені құшып, Қуанып сүйіп жатыр, – деп, – Саражан. «Əрі ағам, əрі əкем – ол Жайсаңбек, Қамаудан шыққаны осы көргені көп. Жиенқұл қасындағы кейін білдім, Келіпті құда түсіп кетейін деп». – Қайттың ба, ағатайым, аман-есен, Жан көкем, сен екенсің, – «бұл кім» десем. Сен үшін жаратқанға жалбарынып, Зар қақтық далада мен, үйде шешем. «Ол күнде жас екенмін əлі бала, Толмаған қулық-сұмдық, ақыл-сана. Аға деп Жиенқұлға құлдық еттім, Бұл күнде маңын баспай жүрген Сара». ...От жағып, зыр жүгіріп, шайын құйып, Бір мезгіл құлақ тігіп, сөзге ұйып. Жарқ етіп жайы келсе жауап қатам, Жайдары мінезіммен, емес тұйық.
Сара саңлақ Жиенқұл – жантақ жамбас, шолақ аяқ, Жантайған жағына оң қолын таяп, Қадайды қысық көзін маған ұдай, Күнде ойнап жүрген ашына құрбымдай-ақ. Бір мезгіл құжырайтып құныс белін, Жия алмай, сілекейлі дүрбік ернін. Қызығып қыз құшардай қиялына, Шайнауды ұмытады шайдың жемін. Қарт анам – көкірек ауру, күрк-күрк еткен, Өз-өзін шымшылайды екі беттен. Айтарға амалы жоқ, ернін тістеп, Дер едік, – сорақылық мынау неткен! Таң да атты. Жиенқұлдар атқа мініп, Қажының ауылына кетті жүріп. Қасына Жайсаңбек те қоса ілесті, Қайтпақ па, əлде қалың жайын біліп. Жайсаңбек сол кеткеннен қайтпады тез, Қажының қалауына болды да кез. Отарға жылқы айдасып кете барды, Кедейде кер қай заңдық жоқ қой мінез. Күркілдеп көнде жатқан сорлы ана, Шақырып, деді маған: – Ботам Сара! Қай, қозықаным, бақытты бол, Қуанар ештеңе жоқ жүрек жана!
Сара саңлақ – Апатай, жайын айтшы, болды қалай? Біреуге болмақшы ма Жайсаң малай?! Əйтпесе, түндегі бір сұмырай адам, Сұқтанып отыр еді көзін қадай... – Я, қарғам, түндегі сол қисық көзді, Айтып ед бытыстырып бірер сөзді. Болыпты сені соған атастырмақ, Келісіп қажы аулында өзді-өзі. Баж етіп, көн үстінен түстім атып, Қос қолдап бетті басып қалдым жатып. «Құдай-ау, менен сорлы жан бар ма?!» деп, Налыдым қабырғама қайғым батып. «Құдай-ау, əкемді алдың туа сала, Атанттың «жесір кемпір, жетім бала». Тезегін теріп елдің, отын жақтым, Жоқ болып босағамда жалғыз қара. Ұмтылып істегенмен қанша талап, Қолдайтын бір адам жоқ жақын санап. Дүниенің барлық қайғы-қасіреті Тұрған ба түгел күтіп, маған қарап?! Апатай, осы ма еді қорлық деген? Қорлыққа көндіретін зорлық деген? Жан шошыр – ақсақ, соқыр бір есектің, Қорланып, қосағында болдық деген.
Сара саңлақ Беріп пе ең ақ сүтіңді анам қарғап? Тауып па ең дүниеге осыны арнап?» – Деп жылап, ащы үнімді ағыттым мен, Анамның құлағын жеп, күн-түн сарнап. Қарт анам қолмен сүртіп көздің жасын, Тіземде жылап жатты қойып басын. «Жылама, сабырлық ет, – деді ол сосын, – Тағдырға жазса осылай, не қыласың?! Кетесің жылай берсең қор боп жасып, Қорлықтан құтылмайсың бұлай қашып. Онан да азат болар жолыңды ізде, Ақылың мен қайратың судай тасып». Анамның бұл ақылы ішке қонып, Əр сөзін ұшқыр қиял отыр жорып. Көз жасы емес, іспенен бақыт табу – Көңіліме ұялады мақсат болып.
Сара саңлақ 4. Бекіндім «У да-шу шақырысқан таңғы тауық, Көп болды түн ортасы кеткелі ауып. Күсембай, Павел қартпен үшеуіміз, Сырластық түні бойы есік жауып. ...Түн бойы Павел аға берген ақыл, Барады бойға сіңіп тақыл-тақыл. Өмірдің үміт күнін елестетіп, Жас жанды ұмтылтқандай апыл-тапыл. Соңында: «Енді өздерің ақылдас» деп, Қарт кетті бөлмесіне ұйқысы кеп. Оңаша отырысып қалдық бірге, Талпына таңды күткен екі жүрек. Үнсізбіз екеуміз де, байланған тіл, «Мен сендік, – дегендей-ақ, – енді өзің біл!» Көңіл мас, тілге артық сөз оралмай, Шерткендей үнсіз тілмен жүректер сыр. Жабырқап қалған көңіл жалын шалып, Тұрмыстың түрткісінен тотық алып. Жайдары сабасына келгендей боп Жылылық тұла бойға жатыр дарып. Айнымас айтылды ант, берілді серт! Ыдырап кеткендей бар кеудеден дерт! «Сақталсын құпиямыз сырт көздерден, Əйтпесе боп қалармыз дұшпаннан мерт!».
Сара саңлақ – Саражан, енді осыған белді бекіт, Қосылсақ тірі жүріп сертке жетіп. Татымай бір күнгіге ұмытылар, Бұл күнгі тұрмыстағы кем мен кетік. Жан қалқам, жасымасқа белді байла, Айтарсың ағайынға ақыл-айла. Бірер жыл хат қарасын таныған соң, Жүрмеспін мен де бекер бұл маңайда! – Бекіндім, жолың болсын, Күсен жаным, Болашақ сен деп күтем атар таңым. Қақтыққан қарақұсқа ілдірмеудің, Қамдарсың қайда жүрсең, қалқам қамын. Осындай сертке келіп қос жарлы жас, Күреспен болашақта қосуға бас, Қол беріп, қош айтқандай Павел аға: «Жүрейік, – деді, – Коля, қақпаны аш!» Көк арба ямщик жеккен тауды беттеп, Ақсудан малшып өтіп барады ептеп. Артынан ере тысқа шыққан басым, Жөнімді ұмытыппын қайта кетпек. Жағалай Жаркөз деген жардың басын Сорлыға түсірді алғаш күн шұғыласын. Ерте ескен таудың таңғы самалымен Желбіреп тұра бердім жібек шашым.
Сара саңлақ Көрінбей өскен сорлы күйелеш боп, Секілді ем көз тартарлық көрігім жоқ. Енді мен жар басына жайнай шыққан, Нұр шашқан секілдендім гүл қызыл шоқ. Сол күні домбырамды тарта бұрап, Анамнан алдамалап рұқсат сұрап. Бекетте бір кеш бойы өлең айттым, Бозбала, қыз-келіншек басын құрап.
Сара саңлақ ЖҮРЕК Жүректен жанға жылы сөз бар ма елде, Жүрексіз тірлік бар ма суда, жерде? Қашанда өмір жыры – жүрек сыры Біреуін сол жүректің айтам мен де. Аяулы болғандықтан асыл жүрек, Өз орнын кеудеден кең алып бөлек. Шаң-қоқыс, тозаң-топырақ кіре алмайтын, Күмбезде берік, жылы өмір сүред. Бəрінде мұндай жүрек жан-жануар, Жұрт білед, тулай соғып тұрары бар. Жерде де мұндай жүрек бар деп айтсам, Көрмеген көп адам-ақ күлед шығар. Түстіктен орай жатқан Жоңғар жоны, Қоңырау тау терістікте қорған-қобы. Қапалдың жанға жайлы аясының, Төрінде жер жүрегі біткен орны. Не болмақ жер жүрегі жерден бөлек, Жүректің бəріне ортақ шерден бөлек. Кəдімгі жүрек қандай – ол да сондай, Сипаттап айтары жоқ елден бөлек. Жалғыз тау жазықтағы басы мұнар, Талай сыр, қойнын ашсаң асылы бар. Көзіңмен көргің келсе жер жүрегін, Қапалға келіп қайтуға асығыңдар.
Сара саңлақ Осындай ерек біткен Жүрек тауын, Жағалай біткен жасыл алма бауын. Күн сайын жылы леппен жауып тұрад, Кербез шың – «Кер» бұлтынан сепкен жауын. Күз келіп демін алды суық леппен, Алғашқы ызғарлы шық шымшып беттен. Жаз бойы жайнай өскен жасыл гүлдер, Құнысып қорыққан жандай дір-дір еткен. Қайрылмай кетіп барад жайдары жаз, Көбі өтті өмірінің, қалғаны аз. Дегендай бүрін бүркей жасыл шешек, Жаутаңдап жаныма кеп айтады наз: Түн іші. Күзетте жоқ, Сара қайда? Еш жерден көрінбейді бұл маңайда. Жүректің үстінде ол жүресінен, Отырған арыз айтып аспанда айға. Мұңдасып жер мен адам – екі жүрек, Сыр тыңдап бір-біріне құлақ түред. Бұлардың қайғысынан қараңғылап, Аспанда жұлдыз жымып, ай мүдіред. Белгілі, – дейді Сара, – менің дертім, Ақ жүрек адамым бар берген сертім. Душар боп қажы ауылының қақпанында, Таба алмай босанудың жүрмін ретін.
Сара саңлақ Бүгін күн мойыныма түспек тұзақ, Өмірім өспес болды бұдан ұзақ. Ақтарып жүрегімді саған қосып, Атанып өлсем деймін «Жынды қыз-ақ!». Өзіңдей менде де бар біткен жүрек, Жаралы жалындаған жадап-жүдеп. «Жаманға басыңды жар етпе!» – дейді, Асаудай арманымды алға сүйреп. Сенің де қызғалдағың қурап бүгін, Жоғалтқан қыстан қорқып қызыл гүлін. Кəрідей көрге кіруге əзірленген, Күңкілдеп естілмейді күңгірт үнің. Айтатын ақылың бар ма, кəрі жүрек? Дертіме бермейсің бе дəрі, жүрек. Жер болып қалуыңның жəйі қалай, Көп ғасыр тұрмақпысың жадап-жүдеп? «Жүрек пен жүрек сыры бір емес пе, Сыр ұрлау бір-бірінен мін емес пе? Жөніңді айт, жөнге сілте, өлген жүрек, Мендегі тыңдар сені тірі емес пе? Қозғала бүлк-бүлк етіп жер жүрегі, Жас қызға жаны аши елжіреді. «Жүрегі ем мен де өзіңдей бір сұлудың Жер болдым, тыңда, – дейді, – енді мені!»
Сара саңлақ Заманда сонау, сонау өтіп кеткен, Бір қыздың Баян деген жүрегі ем мен. Арманым өз өмірімде азат жан боп, Өтпекші ем өзім сүйген жігітіммен. Қоңтəжі деген ханның қызы Баян, Ару ед аты шыққан əлемге аян. Хандығы, əкесінің қыруар малы, Аруды шаққан ақыр болды шаян. Болғанмен алтын, күміс, дүние көп, Жыл сайын аза берді Баян жүдеп, Көрікті дүниеден пайда қанша, Жай таппай жана берсе жалғыз жүрек. Дейтұғын қалмақ жігіт Сайын-Бөлек, Кедейден кесек туып өсті ерек, Баянның бар арманы болды сол жан, Айттырып алмағанмен қалың төлеп. Арманды бір-біріне болды екі жас, Бəз-бəзда сəті түсіп қосылса бас, – Жастардың елжіреген мейірімінен, Еріткен қорғасындай балқитын тас. Жастардың бір-біріне құмары артып, Тұтанды ғашық оты жалын шарпып. Сайынға қызын бермей, көшемін деп, Бір күні хан бұзылды жүгін артып.
Сара саңлақ Ханның бір батыры еді қалмақ Сайын, Қашанда қажетіне тұрған дайын. Елінің арқа сүйер ері сол еді, Өзгелер қалмақ жерін шапқан сайын. Айыбы жалғыз еді, кедей еді, Еңіреген ер ішінде егей еді. Атса оқ, шапса қылыш өтпес күшін Қоңтəжі қоңыр қойға теңемеді. «Қызымды жан алмайды ханнан басқа! Қалыңға берген қазына, малдан басқа. Ендеше атсыз, затсыз кедейлерге, Тиісті Баян қызым алданбасқа!». Қоңтəжі сол кеткеннен «Қораны» асып, Өрмелеп тау басына кетті қашық. Жоңғардың мəңгі қарлы жотасына, Шығарды қашырға артып, жүгін тасып. Көшірмек болғанында қызын зорлап, Қозғалмай Баян көрін қаздырды орлап. Жары үшін – Бөлек үшін жан тапсырып, Қалды ол ақ жүректің сертін қорғап. Осыдан түстік жерде Бөлек өлген, Оны да тау басына бөлек көмген. Екі тау: Сайынбөлек, Баянжүрек, Өзгеден сондықтан да еректенген.
Сара саңлақ Ару қыз ақ жүрегін қорғап өлген, Өзінің жүрегін де жерге көмген: «Жан сүйген Сайын-Бөлек жар қабірін, Көріп тұр мəңгі бақи, – деген, – көзбен!» Қыз өлді, жүрегі оның жерге айналды, Арманы таудай тола шерге айналды. Күйіктен қайнап шыққан ыстық жасы, Толтырған «Жүрек» астын селге айналды. «Жер болып сол жүректің сырты қатқан, Сақталып түскен жалын махаббаттан. Қазіргі «Арасандағы» ыстық бұлақ, Жас еді сол жалыннан қайнап аққан. Баянның сол жүрегі болып бір тау, Жоңғардың саласынан тұрады оқшау. Қасында Сайынбөлек шоқысы бар, Əлікүн қарауылдап тұрғандай жау. Қорадан мойын созып Қоңтəжі тұр, Ызғарлы тілсіз, мылқау ақ шоқы құр. Баянды көктей солған бір көре алмай, Зарланад, деп: «Балам, бір мойныңды бұр!» Осылай сырын айтып «Баян-жүрек», Кеудесін бір күрсінді кере уһілеп. Кеше мен, ал бүгін сен, дертіміз тең, Ғасырлар ашылмайтын неткен түнек.
Сара саңлақ Бəрі бір: қалмақ па, əлде, ұлты қазақ, Осылай қыздарының көргені азап. Қосылмай жүрек сүйген жігітіне, Өтеді махаббаты болып мазақ. Сара қыз, еліктеме Баянға сен, Шыдай тұр бұл өмірден қаяу көрсең. Өзгеріс ел салтында болмай қалмас, Өлме əзір, қорға өзіңді, аялда сен! Саңқ еткен таудың үні осылай деп, Сабыр боп жүрегіме ұйыды кеп. Мен сергіп орынымнан тұра келдім, Жүректен өз өміріме алғандай леп. Түн жарымы, ел ұйқыда, ауыл жым-жырт, Маужырап жусаған мал күйсеп бырт-бырт, Өзгенің бəрі үйінде, өз орнында, Бұл рахат тыныштықтан тек Сара сырт...
Сара саңлақ АШЫНДЫМ Ашулы, арманы арта түскен Сара, Ой – улы, қиял – қышқыл, жүрек жара. Аттандым ашындым да, белді байлап, Болудың мағынасы жоқ енді бала. Аралап өмір сырын ойым сергек, Саралап алды-артымды, ақыл тербеп. Арман мен ақ сырымды өлең қылып, Əн салу домбырамен болды ермек. Аңырап ақ домбыра бозінгендей, Наз-мұңым қос ішектен шығады еңірей. Той, жиын, шілдехана болса қайда, Сайрайтын болдым енді даусым сембей. Қызымын Тастанбектің атым Сара, Жасымнан жылап өскен мен бір бала. Он үште өміріме ор қазылып, Жүрекке өшпестей боп түсті жара. Жетпеген балапандай темір қанат, Жан едім жасы балғын, жаңа талап. Арман боп ақ жүрекке қадалды оқ, Қандайлық атты екен жау сығалап. Көз жетпейді ой түбіне, білімім аз, Ағайын, аясаңдар дертімді жаз. Білетін дүние сырын апа-жеңгем, Алдында ақ жүректен айтамын наз.
Сара саңлақ Қуансам əн салар ем саңқылдатып, Азынаған ақ домбыраны аңқылдатып. Айрылған балапаннан қоңыр қаздай, Қоймаса қарт анамды қаңқылдатып. Дүниеге неге туып, неге келдік, Көретін болсақ өңкей қорлық, кемдік? Жетімдік, жеткіліксіз шерлі өмірдің Дүниеде болған ба тек бəрі мендік. Бұғаудан босанудың кілтін таппай, Іздеймін, халқым, сенен тұрмай, жатпай. Көрінбей көп ішінде кетсем деймін, Жайыннан жаны қалған ақ шабақтай. Айтамын күнде еліме арыз-арман, Əркім-ақ қамығады құлақ салған. Кемсеңдеп кемпір жылап, қатындардың Арманы «аһылаған» жүрек жарған. Болғанмен малды, жанды кейбір ана, Көңілінде көбінің-ақ болған жара. Əйелдер тағдырының бəрі де ұқсас, Зарлаған, – деп ойласам, – жалғыз Сара. Қамығып, – дейді көбі, – күшіңді алма, Ашылып, ойнай-күліп көңіліңді алда. Өзіңдей он үшімде өңменді үзіп, Мені де берген, – дейді, – жұртым шалға.
Сара саңлақ Жыладым, жалбарындым, амалым жоқ, Сатылып кете бардым алған малға. Қылғынта көгендеген ақ тұсақтай, Қалыңнан қыз құтылып қалған бар ма? Өмірін өрістетпей өре салып, Тұқыртқан тұрмыс талай бағландар да. Əйелге бұл заманда атқан таң жоқ, Не өнеді айтып бəрін зарланғанда? Мұны айтып апаларым кеңкілдесіп, Еске алып, ескі арманын еңкілдесіп. Жаны ашып, жұбатады мен сорлыны, «Қайтейік, əйел солай еншің» десіп.
Сара саңлақ АРСАЛАҢ АЛДЫНДА Қызымын Тастанбектің атым Сара, Арман көп, айта берсем, көңлім нала. Қорғалар көп ішінен бұта таппай, Шырылдар бозторғайдай мен бір бала. Еңіреттің ерте бастан, туған елім, Кір жуып, кіндігімді буған менің. Кең жатқан Садыр, Матай елдерінен, Бір теңім болмады ма ұлдан менің. Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай, Бəйгеде топқа қосып, тұмар тақпай. Желкемді көктейінен қидыңдар да, Бөріге байлап бердің жетім лақтай. Несіне жасырамын, елім сенен, Еріксіз бір жетіммін дертім терең. Адамдай құтыла алмас, қорлық беріп, Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен. Немді айтам, басымдағы мұңымды айтпай, Сатылған бір жемтікке құнымды айтпай. Қаны бір қарындаспын, Арнай аға, Қарқ қылып қажы берген пұлымды айтпай. Елімнің биі де бар Телібайдай, Бергеннің біреуі сол мені байлай. Бəрі де қажы аулының қамын істеп, Жабысад терідегі шелі майдай.
Сара саңлақ Елімде батыр да бар Мүсəпірдей, Жүрген жоқ жағдайымды көрмей, білмей, Алдында Тұрысбектің құрдай болып, Жорғалайд жақсылардың бəрі бірдей. Мұңымды əнмен айтам жылай алмай, Қайғыға жастай көрген шыдай алмай. Өшетін көрінбейді қасірет оты, Қоржиған Жиенқұлды Құдай алмай. Бүйтермем болсам егер баласы бай, Тұрса егер əкем тірі, төрт жағым сай. Бұлаңдап асау кердей жүрген басым, Тоқтыдай борышқа кеттім, уа дариғай! Мүсəпір күнде алатын елден шауып, Мен үшін бере алмай ма бір ат тауып?! Неткенің осыншама, Арнай ағай, Қоя алмай бір тентектің ісін жауып. Секілді айтпасам дерт арылмайтын, Жүрек мұз, жаудан қорқып жарылмайтын. Ағайын Жайсаңбекке жаны ашыса, Жөн бар ма ед бір тайынша табылмайтын. Таусылмас сөйлей берсем айтар сөзім, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзім. Шырылдап шынжырлаған жас күшіктей, Төрт болар құлға барсам екі көзім.
Сара саңлақ Өлшеу жоқ қиялымның өрісіне, Шыдаймын, шығармаймын көбісіне. Айттырған күйеуіңіз, Арнай аға-ау, Сыйғандай бір тоқтының терісіне. Сөйлетті елім мені ұлға балап, Сатпаймын əнімді мен бұлдамалап. Мұңымды сендерге айтпай, кімге айтайын, Қоржиған өл демесең Құлға қарап. «Ақ бата», «Ақ қой қаны» деген атақ, Əрқашан көлденеңдеп алдап жатад. Дегенде-ақ: «Құдай», «Құран» құл боласың, Қайсыңнан бұл қамалға қолың батад?! Қор болып дінге уланған ел жүрегі, «Бұйрыққа ылаж бар ма?» деп жүреді. Көзсіз ел, көргенсізге жем болғанша, Суға ағып бір күн өлгім кеп жүреді...
Сара саңлақ ОРТАҚ МҰҢ Ортақ мұң əркімнің-ақ ойын тербеп, Азаттық жыры айтылса-ақ арман кернеп. Намысы əр əйелдің түрткілейді, «Сараны сайратуға жəрдем бер» деп. Біреуі ақық моншақ, бірі тана, Алып кеп: «Омырауыңа, – дейді, – қада». Шеріктеп, кездеп шығып шəйі көйлек, Табылды қамзол тігер Қатипа да. «Құралмақ көп түкірсе – көл» дегендей, «Жармысын бүтініңнің бөл» дегендей. Біреуге біреу осылай пейіл тауып, Азаттық жыр тыңдауға шөлдегендей. Аз күнде-ақ «қыз» атандым бойым сылап, Оқалы қамзол киіп, белді қынап, Шоқпардай үкі таққан кəмшат бөрік, Ақша жүз ажарыма тұрды ұнап. Көтерген көп көмегі бір баланы, Көрікті киімдерге жырғалады. «Базарлық», «орамалым» деген атпен, Сақина, болды күміс сырға-дағы.
Сара саңлақ Кешегі күл-көмеште өскен басым, Толықсып, толған айдай ырғалады. Ары өтіп, бері өткені «сыйлық» тастап, Көбейді қызға «ұнамақ» мырза-дағы. Көркейіп, сырт пішінім өзгергенмен Кетпейді жүректегі ызғар əлі.
Сара саңлақ АҚҚУ Қымбатты апа, жеңгем, құрбы-құрдас, Қайғыма қатар ортақ мұңы мұңдас. Ғажайып түсімде мен бір іс көрдім, Көп болып бұл түсімнің жоруын аш. Білмедім ауысқан ба ай менен күн, Болмаса өзгерген бе дүние бүтін. Түсімде батыс жақтан таң сібірлеп, Шығысты басып тұрды бір көк түтін. Адасып орынынан аспанда ай, Көміліп көк түтінге тұр табылмай. Күн батқан ұясынан кері шығып, Аспанға сəуле шашты бұрынғыдай. Айдын көл – күн шағылысқан алдым ашық, Көзімше көбеюде тасқын тасып. Сол көлдің ортасында бір аққу құс, Қорғанып дұшпанынан қонды қашып. Шүйіліп аспандағы бір қара құс, Аққуға алдындағы көрсетті сұс. Көл толқып көбігімен көлегейлеп, Тудырды қарақұсқа қиын жұмыс. Ойладым: көл дария – халқым, елім, Өсетін ортасында қалқып менің. Сенемін, қара ізіме түскен жауға, Мені де жегізбес деп халқым тегін.
Сара саңлақ Аққудай бұдан былай қанат сермеп, Ағытсам асыл сөздер қиял тербеп. Бостандық бір басыма тумас па екен, Болатын еркін жүріп, еліме ермек. Замандас – мұңы бірге апа, жеңгем, Бір жанға көп көмегі тимес пе екен! Жинаңдар үкі, тана, киім маған, Аттанып ел ішіне шығайын мен. Қоңыр күй қобызындай Молықбайдың, Үкісін домбыраның толықтайын. Айтайын елге шынын, əйел мұңын, Сайрайын сансыз топта, қорықпайын.
Сара саңлақ ҚАРЛЫҒАШ Толғанып терең ойға баттым, ағай, Бір таңға көз іле алмай жаттым, ағай. Жайдары жүрегіме от боп түсті, Əр сөзі сіздің жазған хаттың, ағай. Сөзім жоқ жалғыз ауыз қарсы қояр, Əр сөзің ем секілді-ақ дертті жояр. Қорғаған бұтағыңмен бəйтерек ең, Қай жағынан болса да көңілім тояр. Таба алмас қазақ қызы сіздей аға, Етегін жел жаққа ұстап болған пана. Ақ жүрек, адал ниет, асыл сөзді, Тең тұтқан ғылым, білім артық баға. Артық деп айта алмаймын сізден басым, Қыз алып, қызық көрер қамал жасың. Сырымның бір түйінін түйіп салдым, Шешсін деп өзі аңғарып мағынасын. Гүл еккен қаратасқа бір қарлығаш, Мəпелеп өсірем деп шыбықты жас. Тамырын балшық тасып орнықтырып, Қорекке тасушы еді аузымен ас. Шырылдап қос қанатын көлеңке ғып, Қорғайтын гүл тамырын қызғанда тас. Қандырмай гүл сусынын қоймаушы еді, Тамшы ғып ағызса да көзінен жас.
Сара саңлақ Қарлығаш қанатымен су себелеп, Өскен гүл болып шықты елден ерек. Сол шыбық мəуелі ағаш болған шақта, Көбіне-ақ жан-жануар болды керек. Құрт мұжып, гүлін сормақ көп көбелек, Шынарға жабылғанда өскен бөлек. Мейірімді бір қыранның көзі түсті, Ерте ұшып қалықтаған тау көбелеп. Шынардың басында еді құзғын қарға, Қожаңдап сұс көрсеткен басқаларға. Тырнағын батырып ол гүл бүріне, Шайқалтып жас шынарды салған зарға. Қыран құс қиялап кеп шыңнан ұшқан, Қанатын қағып өтті қарға тұстан. Сол құстың қанатынан соққан желден, Шынардан құрт, көбелек, қарға да ұшқан. Баяғы бейнет көрген жас қарлығаш, Гүл егіп тырнағымен қашаған тас. Қыранға мың бір рахмет алғыс айтты, Жүректе қуанышы, көзінде жас. Ойлады ол өзімдік деп енді шынар, Кетті деп құрт, көбелек гүлге құмар. Шынарға енді өзі ұя салып, Емген ед еңбек жемісін көңіл тынар...
Сара саңлақ Батырдай қорғау үшін туған елін, Сата ма қанатының қыран желін. Мен бір жан қарлығаштың қамын күткен, Ағатай, əділдеп шеш осы жерін.
Сара саңлақ ТОРЫҒАМ ...Қысылма, қызым! – дейтін Павел ата, Болды ма айтатұғын сөзі қата? Жақындап Жиенқұлдың қыл шылбыры, Барады буындырып жанға бата. Қайда өзі, азаттығы «ішкі жақтың»? «Арманы болмақ», – деген ісі ақтың. Айтқалы Павел ата үміт күтіп, Қажымай жылға тарта шыдап бақтым. Қай жақта, Омбы деген қандай қала? Көз жетер төңірегім мидай дала. Күсембай қарт Павелмен қатар барып, Омбыдан үйренбекші қандай сана? Жұмбағын Павел қарттың жете білмей, Ойланам оңашада көзімді ілмей. «Түбінде жетім-жесір жеңеді», – деген, Сөздері таңдандырад ішке кірмей. Айтса рас, болса-дағы қай халықта, Секілді кедей күйі бір қалыпта. «Бірлесіп барлық ұлттар жеңіс табад!» Деген сөз ұға алмаймын, шын анық па? Шынында, орыстан көп халық бар ма, Көп жерден шықпай ма көп зарыққанда! Бостандық туын солар көтермекші, Шынымен сенер болсақ Павел шалға.
Сара саңлақ Қарт айтқан: «Батыс жақтан ататын таң», «Əлемге орнап келмек əділдік заң». Көзімен еш белгісі көрінбейді, Ол үшін ел ішінде істелген қам. Тосушы ем жақсылықты шын қуанып, Қарт айтқан жұбанарлық сөзге уанып. Көңіліме ешбір медеу көрінбейді, Айналам қалыбында тұр қуарып. Төңірегім үнсіз, тілсіз меңіреу дала, Ыстық жел өрт жүргендей бетті шала. Өзгенің өзегінде сілкіну жоқ, Қарт сыры мəлім бе тек маған ғана. Ақылсыз ағайындар, елім-мешеу, Селт етпес күнде күйіп жатсың нешеу. Бүгінгі жіберілген қателікке Демейді түзетуге ертең кеш-ау. Қарт Павел Күсембаймен басын қосып, Жүр ме екен бостандықтың жолын тосып. Келуі солардың кеш бола ма деп, Қорқамын Жиенқұлдан жаным шошып. Адам жоқ ағайыннан ақылдасар, Жерім жоқ жаудан басымды алып қашар. Ертең күн екі адам кеп дұзақ салса, Істермін қанша қайрат мен бір нашар.
Сара саңлақ Сарғайдым, сағынып көп, Күсембайым, Қинады қиындалып менің жайым. Жарамның дертін жазар сен деуші едім, Көлеңкең көкейіме түскен сайын. Қайтейін, қазір жоқсың сен де мұнда, Қалмады қақсай-қақсай менде құн да. «Тағдырдың бұйрығынан» бұлтара алмай, Күн жетті таба болар Жиенқұлға. Осылай күңіренемін есіз үйде, Бұраймын домбырамды мұңлы күйге. Кеудемді тыныс кере уһілесем, Омыраудан үзіледі таққан түйме.
Сара саңлақ ШЫМЫЛДЫҚ Көк жайлау, көтеріңкі ел, көңілді жаз, Мал күйлі, жайылым гүлді, жан-жануар мəз. Өрмелей тау бөктерін өскен қайың, Бұралып жел қозғаса айтады наз. Жалтылдап жасыл жапырақ күн нұрымен, Ырғала күле қарайд бір қырымен. Бұтаққа-бұтақ тиісіп, гүл сүйісіп, Сырласып əрқайсысы өз сыбдырымен. Жоңғардың жотасын тең екі жара, Талқандай тау кеудесін аққан Қопа. Жарасып, жасыл жайлау ортасында, Арқырайд асау тасқын күшке тола. Арудың бұрымындай Бұрқан бұлақ Басынан кербез Кердің төмен құлап. Сұлудың өкше соққан шолпысындай, Жайлаудың табынына тіреп тынад. Болғанмен қанша қатал Қоңтəжі шың, Ызғарлы ақшалмалы басы мығым. Жайната жасыл кілем жайған жазға, Амалсыз бастырғандай екі иығын. Жайлы жаз, жасартатын əлем жанын, Талқандап тауға салған қыс қамалын. Ызғарлы мейрімсіз хан-Қоңтəжінің, Жылытып қозғағандай жүрек қанын.
Сара саңлақ Жылыған жаз нұрына қатыгез хан, Кеудесін қозғағандай боласың таң. Көк арша, шар қарағай, аю жүндер, Бұл таудың баса шыққан көкірегін паң. Айрықша біткен мұнда əулие тас, Көп адам тілек тілеп, иетін бас. Жайнаған жаз нұрына қынасымен, Құбылып көрінеді ол-дағы жас. Жайнаған жан-жағымның бəрі де өмір, Кенелген жаз нұрымен бүкіл өңір. Өбісіп мал да, құс та, шөп те, гүл де, Жадырасып жас жарлардай жарқын көңіл. Қажы ауылы сол жайлауда көшіп-қонып, Əркім мəз аяқ қолын еркін созып. Қызынған қымыз ішіп бай-манаптар, Қыдырып қыз іздейді қырсық қозып. Қызды да алдыменен мал іздейді, Қалыңмал бере алатын хал іздейді. Сондықтан бозбалалар былай тұрып, Малы көп, байып алған шал іздейді. «Басы бос» дейді халқым ақын Сара, Азаттық алған жылап кеше ғана. Көптеген қызқұмарға болдым душар, «Сара» деп ынтығатын жүрек жара.
Сара саңлақ Əуре ғып, қалмаған жоқ құрық созып, Бəсеке, бақ таластық, намыс қозып. Басымды шатыстырды шал-шақпыт та, Бірінен аламыз деп, бірі озып. «Құтылмас көптен қоян» деген мақал, Қалжың сөз бірі майда, бірі қатал. Сөзі өтпей өкінішті боп жүргендер, Дейді екен бай таңдағыш «бедеу байтал». Қылжақ сөз тұс-тұсымнан мазамды алып, «Əмеңгер» əлегіне басым қалып. Азаттық алдым деген сорлы басым, Күңіренем тағдырыма күнде налып.
Сара саңлақ КӨП СƏЛЕМ ЫБЕКЕМЕ, ДҰҒАЙ-ДҰҒАЙ Əй, Шəке-ай, қабырғамды кетті-ау тіліп, Айтқаны Ыбекемнің қадір біліп. Қажыған қайғы басып, аға-екеме. Тілеймін ұзақ жылдар ғұмыр-тірлік. Мен неге толғанбайын, толғанса ол, Ұлына сəлем еттім, қусырып қол. Мəйіттен қалайша аяп қалармын мен, Халқымның қонақ күткіш ықыласын мол! Санасын Ыбырай аға мені өзіндей, Баласын күтіп алдым өз көзіндей. Мен де ортақ қайғысына, жүрек жалын, Əбішке айтқан оның зар сөзіндей. Қонағым тірісіндей Əбіш бүгін, Көтерем артсаңыздар нардың жүгін. Тай сойдым құрметіне қысыр емген, Бал тамған қазысынан тартса түгін. Төгілтіп бал-бауырсақ дастарқанға, Ақ ниет, адал жүрек тұрмын алда. Даярмын шырақ қойып күзетуге, Əбіштің аруағын ұзақ таңға. Төрімде ол да отырсын сіздердей боп, Жайнаған жас өмірі алқызыл шоқ. Риза боп, ойнап-күліп аттаныңдар, Арқаның бағландары – аяулы топ.
Сара саңлақ Жасымнан танушы едім жақсы сырын, Жақсы үшін құрбандық ед əн мен жырым. Ыбырайдың аяулы ұлы қонақ болса, Емес пе мен үшін бұл жақсы ырым. Бұл сенім, мен ғана емес, бүкіл елге, Қадірін білмес мұның қандай пенде?! Күйзелді Найман елі түгел дерсіз, Қайғыдан көкірегі толық шерге. Көп сəлем Ыбыкеме, дұғай-дұғай, Көңілін шат, ғұмырын ұзақ қылсын Құдай. Көп жерге ере шығып қарындасың, Қош айтып қалды дерсіз қолын бұлғай...
Сара саңлақ ҚОШ БОЛ, ЕЛІМ! Жүргенде бір шапандық олжа сынды, Ел-жұртым көрген еді көз жасымды. Қанды көз қарақұстың тырнағынан, Босатып зорға алып ем өз басымды. Сонда бір қызыл гүлім сарғайып ең, Жаралы жүрегімнен зар жайып ем. Бұтаға қорғалаған бозторғайдай, Халқымнан көмек тілеп қол жайып ем. Ел-жұртым тілегімен құлақ салып, Шығып ед жаным күйген өрттен алып. Қайықтай дауыл қуған қалтылдасам, Сен едің пана болған, қалың халық. Мен риза, риза шығар жұрт та маған, Сезе ме тұщы-ащыны ұрттамаған. Ақ жүзім күзгі гүлдей солғын тартты, Күн қаққан шүберектей жұртта қалған. Ел едік Үйсін – Найман аулы аралас, Қосылған төскейде мал, төсекте бас. Көптен-ақ өздеріңе мəлім еді, Көзімнен жас аққаны қан аралас.
Сара саңлақ Жалайыр жалпақ жуас берекелі, Жасымнан мəлім еді ел екені. Арықтап, аңсай іздеп келгенімде, Ортаңнан қызық көрдім мерекелі. Бір кезде сайраушы еді тілім бұлбұл, Жүйткіген желдей өсіп ойым дүлдүл. Қанаты қиялымның қайрылса да, Баяғы қалпында тұр көңіл құрғыр. Сəлем де Жалайырдың қариясына, Жасы үлкен, ақылдың кен-дариясына. Кім білсін көрер қанша жарығым бар, Əйтеуір жеттім тірі елге асыға. Ортаңда көп күн болдым Балғалы, Андас, Рахымың, құрметіңе иемін бас. Дертіме шипа іздеп келіп едім, Жегі құрт жей берген соң жаныма қас. Балпық пен Ескелдідей кемеңгер де, Айтуға сөзге жүйрік тереңдер де. Ақылмен хан, төрені бағындырған Қадірлі Қарынбайдай зереңдер де. Дарынды Дарабоздай бəйбіше өткен, Ақылы асып туған ерлерден де.
Сара саңлақ Дұшпанның он екіде шебін бұзған, Атақты Тəттібайдай мергендер де, Солардай ұлдар менен қыз туғызған, Кім алғыс айтпас сіздей өнерлі елге! Сəлем де Мəулімбайдай ақыныңа, Жас түлек Ақшабектей батырыңа. Еліне он екі ата Жалайырдың, Жұрт сүйген ел басшысы – ата ұлына. Қырымпоз жігіт екен Қыдыралы, Көбірек қызды ауылды қыдырады. Түбінде үлкен ақын болар деймін, Көрінед басылмаған қызуы əлі. Сөздері салмақты екен қорғасындай, Құр сөзде құн бола ма үн қосылмай! Серпінді, зор дауысты əнге шебер, Жақсы ақын Қыдыралы – міне осындай. Дейді екен жеңгелері Молдабала, Кететін сөзге жылжып жорға қара. Артына хатқа жазып сөз қалдырса, Ұмытпас халқы оны сонда ғана.
Сара саңлақ Сəлем де Керімқұлдай шешеніңе, Шежіре, əрі білгір көсеміңе. Аузына орыс, қазақ қарап тұрған, Кісі екен көрнекті де, көшелі де. Аулында, көке, сіздің көп күн болдым, Бір күнім татығандай неше күнге. Сары қымыз, сансыз болған зор құрметтің, Тіпті бір жете алмаймын есебіне. Сіздердің сый-сияпат, ықыласыңыз Күш беріп, ем болғандай кеселіме. Дүние бір ұзақ жолдың керуеніндей, Тоқтаусыз жүре беред көшеді де. Білтелі шамнан нəзік сорлы өмірім, Жоқ болып қалар бір күн өшеді де. Дүниеге келіп-кетер əркім қонақ, Солардың біреуі мен – өмірі шолақ. Сырықтан қазық жасап ала алмайтын, Ұқыпсыз болмаушы ма ед кейбір олақ. Адаммын мен де сондай ұқыбы жоқ, Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ. Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң, Ұмытылып қалар Сара құр аңыз боп.
Сара саңлақ Əргендей көмекейім текке гулеп, Солды өмір шешек атып бір-ақ гүлдеп. Белгілі байлауы жоқ, матауы жоқ, Есіл сөз босқа кетті желдей улеп. Дəм татқан қадірлі елге тартып бұйрық, Осы бір он ауыз сөз менен сыйлық. Хикая, кітап жазып бере алмадым, Əріптей болмаған соң хатқа жүйрік. Кемді күн қызмет еттім дос-жаранға, Өнерім аз болса да мақтанарға. Мені де баламыз деп еске ал, жұртым, Сараның айтары осы аттанарда! Екінші бөлім АЙТЫСТАР
БІРЖАН МЕН САРАНЫҢ АЙТЫСЫ Қызы екен Тастанбектің ақын Сара, Бəйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен, Көрмедік сөзді адамда ондай дана. Қызы екен ақын Сара Тастанбектің, Жақыны Маман, Толқын, Есімбектің. Сауық қып Садыр – Матай жиылысып, Аулына алдыртыпты Тұрысбектің. Аулына Тұрысбектің Сара кепті, Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті. Сол кезде он жетіде ақын Сара, Жел сөзге адам болмас одан епті. Сараның атын білер Арғын, Найман, Жүйрік шыққан аталық Қаптағайдан. Баласы Қожағұлдың сері Біржан, Сараны іздеп шықты əлдеқайдан. Елі Керей, ұраны Алтай – Қарпық, Қызыққа тірлігінде жүрген батып.
Сара саңлақ Атасы Алтай – Қарпық, елі Арғын, Сауықпен жүрген сері дуылдатып. Сараны есітіпті Біржан анық, Бұған да жүрген жігіт өнер дарып. Құдай берген дəулетті аясын ба, Шығыпты он бір жігіт жолдас алып. Серілік Құдай салған мұндай өнер, Пендеге əр не болса тəңірі берер. Мың жарым жылқысы бар атасының, Уақыты екен отыз сегіз жасқа келер. Келеді он бір кісі жолдас алып, Дулатып түрлі-түсті əнге салып. Ат жіберіп Сараны алдыртармыз, Аулына Тұрысбектің жетсек барып: – Сара да болар, – дейді, – сөзге мығым, Айтысып Сараменен қылсақ шығын. Найманның асыранды бұлбұл құсы, Сараның айттырармын барлық шынын. Баралық Тұрысбектің ордасына, Сараның қоямын ба болмасына. Он бір кісі жолдасым ертең түсте, Біржанның қарық боларсың олжасына.
Сара саңлақ Арғыннан артық болды салған əнім, Найманға Арғын түгіл болдым мəлім. Əн салып тоқсан екі түрлендіріп, Найманның бір жияйын тірі жанын. Сара да жетік дейді, сөйлер сөзге, Найманда аты шыққан осы кезде. Ауызын қарсы келсе аштырмаспын, Адамға мақтанар ол менен өзге. Бөденедей қырғи алған жұмарлармын, Құдайым қуат берсе енді бізге. Əлқисса Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын қыздың өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны айтысқанның келер жылында. Сараның сөзі: Қызы едім Тастанбектің атым Сара, Ішінен ер Қаптағай шықтым дара. Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара. Қолдай көр, ер Қаптағай, ата-бабам, Сөзімді тыңда, құрбым, келсе шамаң. Ақсүйек пайғамбардың тұқымы деп, Сөзімді естірткелі келдім саған.
Сара саңлақ Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының, Билігі болмайды екен бір басының. Тері-терсек берген соң ит те алады, Бұлындай берекесіз арбашының. Əкемнің төрт түлігі бəрі де сай, Алты ауыл аруақты үш ағам бай. Бұлаңдап асау кердей жүрсем-дағы Тоқтыдай борышқа кеттім, уа дариға-ай! Бұйрықсыз нəсіп етпес зарлағанға, Тұңғиық сезім терең барлағанға. Тақсыр-ау, он жетіге биыл шықтым, Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда. Хан, қара шаршы топта сан сөйледім, Көз көрмей, бəрі бекер нанбағанға. Арсалаң, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошыған жүгірістен танбағанға. Сөйледім қаз мойынды жарма-жалмен, Əкеме ұлдай боп ем біткен малмен. Аулында Тұрысбектің сөз сөйлестім, Баласы Қожағұлдың Біржан салмен.
Сара саңлақ Үйінде отыр едім Тұрысбектің, Бұл үйге Құдай айдап дұрыс кеппін. Қасында жеті-сегіз жат кісі бар, Сөйлес деп даусы шықты Жүнісбектің. «Бұл үйде кім бар?» – деді келе сала-ақ. Отыр ем домбырамды қолыма ала-ақ. Есімбек, Маман құтым, ер Шерубай, Қасына еріп келген өңшең манап. Кісі екен отыз екі жолаушымен, Ақ үйдің жабығынан көрсем санап. «Сүйінші, іздеген қыз осында – деп, Біреуін тонап жатыр жаудай талап. Сырлаған домбырасын қолына алып Əн шырқап қоя берді жүндей сабап. Тұрды атын ұстап біреу шаужайынан, Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан. Толықсып, төңкеріліп əн шырқап тұр, Сүйтсе де шошымадым айғайынан.
Сара саңлақ Сонда Біржанның қызды шақырып айтқан сөзі: Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері, Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Ауылында Тұрысбектің өлер жері! Сайраған орта жүздің бұлбұлымын, Арғынның Алтай – Қарпық ақтан кері, Барабар сөзі теңдес адам болса, Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері. Қырандай аспандағы желді күнгі, Дауысымның көтерілер шықса тері. Суырған жер танабын майталманмын, Жасымнан маған мағлұм қыз не дері. Алтын менен күмістің нақысындай, Міні жоқ, бізден шығар сөз бедері. Шатыр тік көк майсаға, бір тайды сой, Кешікпей шықсын үйден болса өнері. Ақ иық мұз балақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, Басайын аптығыңды, тез шық, Сара, Сен түгіл əкеңдеймен болдым істес.
Сара саңлақ Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып? Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып. Жел қабыз, жез тағалы еңіреумін, Қара тер шыққан сайын кетем ағып. Ғаламда мəшһүр болдым өлең жаттап, Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап... Көмейден құйылады қайран сөзім, Айғайлап ұран салсам «Қарқабаттап». Сараның сөзі: Көктемде Тұрысбектің ауылында, Көруші ем істің жеңіл, ауырын да. Біржанның төңкерілген əніменен, Ешкіөлмес ел жиылды бауырында. Арындап дəуірлейді барған сайын, Екпіні соққан желдей, көрдім жайын. «Шырағым Сара, саған не болды?» – деп, Есімбек кіріп келді, ағатайым. «Шырағым, Арғынға орай бар ғой Найман, Бала едің атағыңды жұртқа жайған. Кең жерде келістіріп душар болмай, Қапыда қажы үйінде келді қайдан. «Тартынба, енді балам, – деді қажы. – Адымың аттан артық, шықты тайдан,
Сара саңлақ Сөзі бұлақ антұрған көрінеді, Бар еді бір кісідей өлеңге айлаң, Аптыққан қу Арғынды бір дөңгелет, Ағаңа осы болсын тиген пайдаң. Өнері ұлдан артық қарағым-ай, Тұрайын мен де тілеп бір Құдайдан». Қажының əлгі сөзі болды себеп, Қолтықтап көтере көр, аруақ демеп. Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ, қолда! – дедім, – бəрің жебеп! Аспаннан бойға түсті ғайып пірім, Даусыма жаңғырығар тұрған жерім. Əн шырқап ақ ордадан шыға келдім, Көрген соң аттан түсті Біржан серің. Қозғадым қырмызыдан сөзді талдап, Басында баяуладым Біржанды алдап, Төрт қызы Тұрысбектің қасыма ерді, Ақ үйден шыға келдім «Найман шалдап». Таңданып жиылған жан қарап тұрды, Қыз да болсам Біржанға балап тұрды. Кəмшат бөрік, күлдəрі белбеуі бар, Көк торған шапанды адам қарсы жүрді.
Сара саңлақ Түрінен мен таныдым осы Біржан, Сандалтып Орта жүзді əнмен қырған. Сарысұр адам екен, тым өңді емес, Құбылар тоты құстай əлгі антұрған. Біржан салдың айтқаны: Осы ма бұл Матайдың бұлбұл құсы? Көп іздеп бүгін таптым жазы-қысы. Əуелі қазақшылап көріселік, Жарқыным берірек кел, жасың кіші. Баласың, – деді, – менен жасың кейін, Көрінді Біржан салдың сөзі бейім. «Көрісем, бері кел», – деп сəнсіп тұрды, Толғанып үндемедім оған шейін. Қыз көріспеген соң Біржанның айтқаны: Мен Біржан қызға барман аяғымнан, Шын қызсам дəуірлеймін баяғымнан. Бері кел, ұрғашылық қылма жаным, Дəндеме наймандағы саяғыңнан. Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қалай халық түрі жаман. Ағаға іні келер біздің елде, Көп боп па, сұрасуға есен-аман. Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Сен түгіл сенен артық құмар маған. Жалымнан тұтқан қызда арман қалмас,
Сара саңлақ Жібек жал арғымақпын тұмарлаған. Еркек тілін алмайтын жының бар ма? Адам деп сөз айтамын Сара саған. Сонда қыздың берген жауабы: Ей, Біржан, кімге дəрі амандығың? Сөз білсең бұ да сенің жамандығың. Қыссасул-əнбиядан естімеп пе ең? Белгілі мағлұм болды надандығың. Адамды топырақтан жаратты хақ, Надандығың білінсін бұл сөзге бақ. Хауаға бұрын барған Адам ата, Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап? Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім, Арғын да тантиды екен жоқты мақтап. Найманда екі жүзді наркескенмін, Желкеңді қимақ үшін қойған саптап! Тозаңың анда-санда бір бұрқ етер, Саулатсам бейпіл желді екі жақтап. Күн көргелі көрдің бе құрдым Арғын, Жинауға сынық малта Найманды ақтап. Абыройың ашыларын білмейсің бе? Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап. Жерге кіріп кетерсің жынды антұрған, Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап. Делбелігі емес пе Біржан салдың, Кісісін жеңетұғын жаңа тапты-ақ. Талпынған жас баланың білегіндей, Сендейге ұстатпаймын қолымды аппақ!
Сара саңлақ Сонда Біржан сөйлейді: Сал Біржан домбырасын көкке сермеп, Жіберді түрлендіріп əннен өрнек. Сөзіме ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп: Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға, Сөйлеткен сені балап қазақ ұлға. Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым, Тиыным шыққан емес сендей тұлға. Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын, Қызығып жүргенім жоқ алар пұлға. Күшігін асыраған өлекшіндей, Азғындап шөктің Сара жылдан-жылға. Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ, Тегістеп айыбыңды тізсем қылға. Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң, Күлімсі берді əкең неге құлға? Бар екен жаннан артық сөйлер сөзің, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің, Қолға түскен қалмақтай ықтиярсыз, Төрт болар құлға барсаң екі көзің. Сөзіңе таң қаламын сынай алмай, Айтқаным кетті саған ұнай алмай. Көзіңді күшік құрлы бір ашпайсың,
Сара саңлақ Қортиған шірігіңді Құдай алмай. Есекке қосақтаған бір қашырсың, Күң сырын көпке жаяр жылай алмай. Құшақ толар еркекке көңілің бар, Сəнсисің күйгеніңнен шыдай алмай. Жан жетпес əн шырқасам өрісіме, Құданың ризамын берісіне. Елден таңдап айттырған қортық байың, Бір қойдың сыяр тұлып терісіне. Алыстан тілеп ұшқан түз құсындай, Біржанның жан таң қалар келісіне. Мойыным жүзген қаздай иіледі, Орта жүз əн шырқасам сүйінеді. Арғынның жалғыз тоны қолға түссе, Төрт Найман орта бойлы киінеді. Найманда байлық бар ма біздің елдей? Жүрсем де адам боламын мұнда келмей. Қыз сөзін кек көрмейтін сайтаным бар, Онымды тастамаймын өзім өлмей. Атадан Біржан сал боп тудым артық, Ұраным «Ер Қарқабат, Алтай – Қарпық». Аққумен аспандағы əн қосамын, Қозғасам ащы күйді түптеп тартып. Қырмызы, асыл бекзат бір мінезім,
Сара саңлақ Кетер ем еркек болсаң бір-ақ тарпып. Қыз итті сыйлайтұғын бар мінезім, Самғаймын бəйге атындай артып-артып. Көкшетау дуанына даңқың барған, Мен Біржан алтын тудай айқындалған. Естігелі, Сара, сені үш жыл болды, Сері едім төңірекке құлаш жайған. Түлкінің жүгірісін қыран байқар, Ұялсаң, сөзің емес маған айтар, Қанды көз май жеп алғыш ақиықпын, Сен түгіл қасқыр көрсе бір-ақ шайқар. Қайрату сұрамаймын келсе аңым, Қыз сөзін парық қылмайтын ескі заңым. Күнінде он көрінсе де айнымаймын, Көк төбет болды деме мені, жаным. Түстіктен жұрт таң қалар көргеніме, Жеңбесем, қуанбаймын келгеніме. Ақ марал, осы жолы жығылмай кет, Алтайдың душар болдың мергеніне. Өзімдей бір басты адам сөз білмейді, Құданың мың шүкірлік бергеніне. Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер, Қарамай қатты сөйле өлгеніме. Адымым күні бүгін қалыбында,
Сара саңлақ Апшымның қуырылып қай сасқаным, Өтірік ентелетіп желгеніңе. Көзімнің Көкшетаудан қыры түсті, Аталық Қаптағайда жүргеніңде. Аю болсаң да басамын «əп» дегенде, Түспеймін жаман құстай көргеніне. Сонда Сараның айтқаны: Ей, Біржан, жасың үлкен, өзің аға, Қымбаттығым белгілі білсең баға. Қамысты терең көлдің сұқсырымен, Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға. Ежелден сен белгілі желді көрік, Таң қалдым сəулетіңді сенің көріп. Сені айдап ажалыңа алып келген, Құт Маман, ер Шерубай қасыңа еріп. Сөйлетпей шыға сала кеттім дерсің, Түрімді көрсетейін сөйлеп беріп. Қарны ашқан қырсығы бар еркек мысық, «Сасық» дер аузы жетпей, майдан жеріп. Сөйлеспей мен сықылды өнерпазға, Дəндеме жүрген күңнен тезек теріп. Өлеңді қолқа қылсаң ағытайын, Самарқан жібегіндей оннан өріп. Əншейін сыпайы деп қимай тұрмын, Көзіңде төрт қылау ем иттей керіп.
Сара саңлақ Сөзбенен жеңемін деп ойламаңыз, Бір жерден мүдірер деп көңіл бөліп. Тіліңді тарта сөйле, Біржан батыр, Жарамас жүдеп қайтсаң, іздеп келіп. Тартылып таразыға тең келмейсің, Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп. Арғынның тантықтығы міне осындай, Кім байқар ер қадірін сөз қосылмай. Жай тастап құлашымды кең созамын, Сен түгіл Қожағұлдан бір шошынбай. Күшпенен көндіремін болмасаң да, Сестеніп тамам жерден қозғасаң да. Аптығып арғынсынып сандырама, Ойлайсың артықпын деп оңбасаң да, Найманға жалғыз тиын керегің жоқ, Келесің қайыр сұрап анда-санда. «Мен пəлен» дегеніңе сескенбеймін, Шошыр деп қоразданып алдасаң да. Ақыр өнер барлығын байқасармын, Өзіңді-өзің мақтап, нанбасаң да. Қарамды əр-беріден соң бір көрмейсің, Соңымнан үмітті боп қалмасаң да. Тоймайтын жеті басты жалмауызсың, Ескі-құсқы елден жиып жалмасаң да.
Сара саңлақ Қуып жетіп озамын Найман шалдап Пысықсып ə дегенде самғасаң да. Əй, Біржан, əліңді біл, жүр жайыңа, Əке десең көнбеймін ыңғайыңа. «Жау аяған жаралы болар» деген, Шын тілеп сөйлейінші Құдайыма. Жылқының арығындай Арғын кедей, Тойғансып мас боласың ішпей, жемей. Құр айғай салғаныңа кім шошиды, Жеңермін иттей қылып, адам демей. Найманның аруағынан кет садаға, Əзəзіл бола берме екі араға. Жанақ та қобызымен түк қылған жоқ, Оңай ма сендей сорлы бишараға. Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып, Жеңген жоқ Кеншімбайды о-дағы аңдап. Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан, Жаманын көтереді Арғын сəн ғып. Біржанды əке десе менсінбеймін, Жаратты қыз да болсам сонша паң ғып. Жынды бота сықылды бір делбені, Құдайым тірі қойған несін жан ғып?
Сара саңлақ Біржанның айтқаны: Арғынға, жете алмайды Найман өлмей, Ежелден артық тумай теңдік бермей. Жеңбесем, Сара, сені осы жолы Өлгенім жақсы емес пе үйді көрмей. Сара айтады: Ей, Біржан, өнер біткен қай жеріңе? Бұл жолы пайда ілінбес құр теріңе. Жеңбек түгіл келмейсің ширегіме, Əкеңнің менен қорықсаң кір көріне! Біржанның айтқаны: Арғынның көз жеткісіз аймағы бар, Төңірек жеті дуан ойнағы бар. Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, Алты жүз бота мен тайлағы бар. Шалқыған Жəнібек пен Тұрсын, Жанай, Ит қосты Нұрмұхамбет, Досан, Қанай, Солардың хисабына көз жетпейді, Ол түгіл бір Шақамдай болсаң қалай. Қаржаста бір құтым бар Мұса, Шорман, Үзілмей келе жатыр ескі қордан. Қажының белбаласы Садуақас, Құтқарған сан қыранды түскен тордан.
Сара саңлақ Ұл тумас Қазанғайып ата ұлынан, Тұқымы дегдар шыққан жатынынан. «Полковник» шен алады туа сала, Шырылдап түскен бала қатынынан. Шыныбай асып еді бір шағында, Жан жетпес ер Қазекем аруағына. Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем Ілінген талай Найман қармағына. Тəттімбет ардагерім Арғын асқан, Қырық түрлі күй ілінген бармағына, Ежелден əрі баймын, əрі молмын, Шын қызсам шыдамайсың зардабыма. Адамның ақиығы қажы Құнанбай, Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай. Найманның əулиесі батыр Барақ, Ішқұста болып кеткен түк қыла алмай. Ыбырай жас жолбарыс білектенген, Дұшпанға арыстандай жүректенген. Өзінің заманының бозбаласы, Перінің жігітіндей реңктенген. Ей, Сара, қайсының бар оған жетер, Өнерін көрген жанның есі кетер. Адамның жалғыз баста білімпазы Əлі де жамандамас Найман бекер.
Сара саңлақ Орта жүз Абай қойды атын батпай, Үйіне ояз кірмес жауап қатпай, Арғынның асылдығы міне осындай, Наймандай ағайынын жүрген сатпай. Бар болса, бұған орай қоймай сөйле, Əйтпесе сөзіңді қой, босқа шатпай. Сонда Сараның айтқан жауабы: Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып, Көңілің ауырмасын қабақ қатып, Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын, Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып. Найманнан қай жерің бай мақтанғанмен, Тентіреп нан жемейміз шілік сатып. Бармаған соң жайыңды білмейді деп, Құр босқа мақтанасың тəңірі атып. Найманда Қаракерей, Сыбан, Мұрын, Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын, Шерубай, Тана мырза, ер Тəукебай, Қай қазақ сөз бастаған онан бұрын? Баласы Қозыбайдың Тілеуберді, Əліхан оның ұлы əркім көрді. Құдайдан қорыққан Арғын осал демес, Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді.
Сара саңлақ Жан жетпес Бабатайға жəне Жанақ, Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап. Ақтамберді, Алтыбай, Райымбек Жайратқан жауын түгел қойдай қамап. Кенжеқұл қазақ жетпес бабасына, Төрт арыс билік айтқан баласына. Байтоқа, Кеңесбай мен құт Данияр, Тоймаған сөздің сөйлер шамасына. Арғын жоқ мақтағанмен Тойғұлыдай, Қор құйған Қыдыр келіп сабасына. Бірін-бірі аңдыған қу Арғынсың, Мақтанған мінсең орыс шанасына. Екі жыл бақ айналса біреуіңе, Қайдағы жаулық қылған данасына. Арғында кісілік жоқ мен білмейтін, Қарны ашса қастық етер анасына. Кім жетер Қабанбайға дуа қонған, Үзілмей тұқымына қуа қонған. Қожағұл, Əлі, Жақаш, ер Əділбек, Сүлеймен оның ұлы шықты соңнан. Ботабай, Байжігітке құт Шиямбай, Сасан би, шапты Кенже жауға аянбай, Шынымен құлаш ұрып самғай берсем, Қаласың жетпек түгіл бір таянбай.
Сара саңлақ Таласпас Тəнекеңнің жан бағына, Жеңермін егер тартса іс ағына, Шетінен Қыдыр қонған өңшең құтым, Мың-мыңнан құт тастаған арт жағына. Арғынның болады дейтін қызы сойқы, Шот маңдай, иегі ұзын, мұрны кейкі. Бұйра шаш, дөң жауырын, қысқа тұмсық, Дүрбелжін дорбиған күң ойқы-шойқы. Жігіті Қоқандықтың аңғалындай, Аптығар өрттің шалқып жанғанындай, Асыққа ақ жамбыны ертіп құйған, Найманның жігіт қайда бағланындай. Екі ауыз əн білгені ақынмын дер, Қыдырдан түсте бата алғанындай. Ұятсыз сіздің елдің бəрі даңғой, Айтпасаң мұнан басқа қалғаныңды-ай, Қапыда қалдым деме, ақын Біржан, Көңліңнен қоймай сөйле арманыңды-ай. Сара ақын екеніне көзің жетпей, Осындай қайдан білдің қармануды-ай. Найманнан қарның тойып кетсең-дағы, Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай. Елу күн ғайып білген тоты құспын, Білмеймін, əкеңнен де алдануды-ай...
Сара саңлақ Өз басым ұрғашының қара тілі, Иранбақ бет бітісім қызыл гүлі. Біржан сал, ажал айдап өзің келдің, Іздеуге ойланып ем өткен жылы. Майысып нəзік белім бұраң қаққан, Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан. Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім, Сықылды гəуһар сағат нақыс шапқан. Ажымсыз он саусағым бəрі де аппақ, Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ. Міні жоқ отыз тісім меруерттей, Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шəрбат судың. Қаққанда төңкерілген қас бітісім. Ашылған айбатындай жібек тудың. Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең, Арғынның айтшы кəне, қай қызы тең. Тал бойым ұзын да емес,қысқа да емес, Азар дұшпан болсаң да қай жерім кем?
Сара саңлақ Тамағым жас баланың білегіндей, Иығым тік сандалдың тірегіндей. Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей, Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей, Арғынды мақтасаң да, жетті Найман, Жетпек түгіл байлыққа өтті Найман. Бұралқы үйге сіңген күшік иттей, Бай болсаң мұнда Біржан, келдің қайдан. Найманның арғын жетпес қоғамына, Қаласың бекер мақтап обалына. Қымыз бенен қыз сатып күн көресің, Естимін таянды деп жоғалуға. Мақтанып жоқ нəрсеңді айтпа маған, Рас, жаным ашиды, Біржан саған. Сөз білсең көп таласпа меніменен, Алысып құр кеудеңмен қалмас бағаң. Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа, Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа. Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң, Барақтың пар келмейді сынығына. Ұстаған Тобықтыға дүре соғып, Аққан қан ат суарған тұнығына. Қапанның Байқарамен қосы қонса,
Сара саңлақ Жетпеген қалың тоғай қорығына. Қазыбек Құнанбайды найзалаған, Төрем түгіл Төленгіт жорығына. Садырбай, Жаманбала, Арқабайым, Тел емген екі енені марқадайын. Есілге, Едіреймен қамалған қу, Көкмайса жерің бар ма Арқадайын. Ақ найман Қожамбетке Арғын жетпес, Төртуыл Қаратайдан қазақ өтпес. Көкжарлы Сарыжомарттай қайсының бар, Қызығы Мысыр шəһардай естен кетпес. Ерлерім, айта берсем, жатыр талай, Ойласаң есің шығар санай-санай. Бура жатыр көптігі толық дуан, Атасы əулие өткен ер Қонақбай. Дəулетке Бура-дағы артық асқан, Кім баймын дегенменен жағаласқан, Жаяубайлар көрді ғой малдан ыза, Қозғалып көшіп жұртқа жете алмастан. Қайсы Арғын жетеді Аман, Көшеріме, Мен дайын сөзді қалай десеріңе Кең қолтық өзім теңдес кез келмесе, Алтайдың көзім толмас есеріне.
Сара саңлақ Тойке мен Жоламандай тумас қазақ, Дұшпанын иттей байлап қылған мазақ. Менімен айтысуға қайдан жеттің, Жыл сайын өлуші едің сүйек қажап. Өнердің күш көрерсің өкімінен, Сөзімнің түйсең керек секілінен. Жарыған жалғыз Арғын көрінбейді, Жас қызын ұстап берген кекілінен. Қаракерей Матайға жау болған жоқ, Барақтың артық қайрат етуінен. Түйеше құр бойыңа сенгенсисің, Ісің жоқ Найман қуып жетуімен. Тойғұлының асында бəйге тікті, Тоғыз қыз Арғын берген жетімінен. Төлеуші ең бір түйе ұрлап екі бала, Антұрған ұялмайсың бітіміңнен. Құтырмай жайыңа жүр жынды делбе, Келіп кісі болма сен біздің елге, Сөз білмейтін жеріңе мақтана бер, Бұл жақта құр айғайың кетер желге. Ей, Біржан, көңіліңді тындырайын, Аруақ пенен Құдайға ұрдырайын. Найманда түлеп ұшқан ақиықпын. Топшыңды қанатыммен сындырайын.
Сара саңлақ Ей, Біржан, бұ да жетер бір басыңа, Құл болып одан-дағы тұр қасыма. Сен-дағы жас күніңнен ардагерсің, Құрбың мен жеткізбеген құрдасыңа. Əуенің жез сырнайдың көмейіндей, Əніңнің қазақ жетпес бұрмасына. Ақын емес, жігітсің əңгімешіл, Мұныңмен шыға алмайсын қыр басына. Жүз жанақ, он Орынбай жолдас алсаң, Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа. Есің болса, осымен тоқта, Біржан, Арғынды бос қаздырмай ұрғашыға. Сонда Біржанның айтқан жауабы: Құтыма тіл тигізбе, ер Құнанбай, Алашқа аты шыққан кер бұландай, Ескермес он ақынды есіл басым, Қадалдың маған, Сара, сұр жыландай. Сен түгіл, жеткен емес еркек қуып, Төмен болған жерім жоқ, өзім туып. Шынымен жайпаң қағып самғағанда, Тұсыма келген емес адам жуық. Менсінбей қапы қалып өкінермін, Ызғарлы көрінеді сөзің суық. Болдырып түстен кейін сандырарсың
Сара саңлақ Байталсың қапелімшіл бір жел қуық. Барынша өнеріңнің аянбай сал, Көңілімді көтермей-ақ сөзбен жуып, Жорғамын сарынымен самғайтұғын. Бəйге аты серпінімді шалмайтұғын. Əнімді он екі звод жіберейін, Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын. Ежелден құлаш мойын көк айылмын, Ылауға жеті күнге талмайтұғын. Болатпын екі жүзді, жетем құрыш, Күйсеуін шапқан түйе танбайтұғын. Гəуһармын бозбалаға сəуле берген. Дəндеме жаманыңнан жанбайтұғын. Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін, Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын. Ұрғашылық қылмасаң бір басыма, Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын. Даусымның жаңа түсті кəрі жыны, Дəуірлеп барған сайын болмайтұғын. Қарқабат, Қарқожа ата-бабам, Осындай ерегісте қолдайтұғын. Қырымға қарайтұғын қара кермін, Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын. Айнымас қанды балақ ақиықпын, Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын. Асылмын аспандағы, құс болғанда,
Сара саңлақ Қаңтарда қалшылдаған тоңбайтұғын, Тұлпармын «Көрұғлының» ғиратындай Алдында жүгірсе мал салмайтұғын, Рүстем дастандаймын дəл өнерге, Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын. Бір итке елің неге берем дейді? Сол ма екен лайығың таңдайтұғын? Он бестен ұрғашыға саятшымын, Күн сайын қанжығамды қандайтұғын. Аңдап бас аяғыңды, байғұс Сара, Мен сенің кісің емес алдайтұғын. Сонда Сараның айтқан жауабы: Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген, Күшімен Арғын, Найман меңгерілген. Есіл ер аруақ біткен заманында, Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген. Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың, Дүниеде бар жақсыға теңгерумен. Жайымды адам күймен айтайын мен, Басылсаң ала қашпа өрлеуіңнен. Өнерге екі жағым бəрі бірдей, Еркек жоқ өз басыма теңгерілген. Құр босқа бөгелемін келіспей нем, Сөз пірім он жасымнан меңгерілген. Небір нəзік көзге олқы көрінсем де, Сан жүйрік қойдан өңкей өңгерілген.
Сара саңлақ Ұшырған тəрбиелеп ақ тұйғынмын, Матайдың Қаракерей сеңгерінен. Даусыма аспандағы құс айналар, Құбылып тоты құстай төңкерілген. Антұрған, Құдай қане, жасырмай айт, Сөзім жоқ бір кісіден кем көрінген. Сайраған тəмам Найман бұлбұлымын, Қапаста жел тигізбей жем берілген. Жұрт сыншы, өзі білмес екі даугер, Белгі жоқ адымында теңгерілген. Мақтанғаным болмас-ау, осы кеудем, Он Арғын шалымынан кең көрінен. Бірінен бірі дамып асып түсер, Дауысым алтын тудай паң керілген.
Сара саңлақ Сонда Біржанның айтқаны: Жарайды, жаным Сара, осы сөзің, Тас түлек тұрымтайдай екі көзің, Сөз айтар қандай кісі деген кезде, Алдымнан Құдай айдап келді кезің, Бір асқанға, бір тосқан бар-ақ деген, Талайдың қисық деуші ем құрған тезін, Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның, Жапалақ иемденер басқан ізін. Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам, Армансыз қылар кімнің үйі-түзін. Дені сау адам емес Тастанбегің, Жүр екен тастай алмай о да қызын. Біліп ем, Сара, сенің сыңайыңды, Баса алмай армандамын құмарымды, Ақ үйден айғай салып шыққан кезде-ақ, Сезгенмін сөзге қайрат қыларыңды. Сөйлейсің төрт құбыласы түгел жандай, Білместен неден зар боп жыларыңды. Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың, Қай жерден болжамайсың тынарыңды. Шақыртып күйеуіңді осында алдырт, Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды.
Сара саңлақ Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ, Көрейін еркегіңді тиген таңдап, Рас-ақ жаны ашыса Тұрысбектің, Белгісі білінеді келсе сонда-ақ. Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы, Өнері өзің теңдес сегіз қырлы. Шеберден мін алатын мініскерсің, Ер шығар тоты құстай неше түрлі. «Жақсыны көрмек үшін» деген Сара, Өзі түгіл ел қамын жеген Сара. Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң шақырт, Ұялып бөгелесің неден, Сара?
Сара саңлақ Сонда Сараның Найманның жақсыларына шағы нып айтқаны: Қажеке-ау, мынау қалай ақырады, Жиенқұл тез келсін деп шақырады. Көрсетсең асылыңды əпкеліңдер, Аулыңда ол келгенше отырады. Арғынға жол бермеген есіл тілім, Күн өтпей, қор боп ұшқан қызыл гүлім, Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем Есекке қосақтаулы өтті күнім. Өзі білер деуші едім жақсылардың Ақыры қайғы болды енді мұңым. Алтайдың саңлағымен сөйлессем де Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным, Сіздерге сенетұғын сорлы басым, Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім. Өздерің Жиенқұлды көріп едің, Құдайдан қорықпай шыдап беріп едің. Шақырған «Найман шалдың» аруағын, Бəріне қыз да болсам серік едім. Біржанға көрсетіңдер Жиенқұлды, Ол мені осы жерде тірі өлтірді. Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар, Қайтейін Құдай қосып ием қылды.
Сара саңлақ Итіңді келмесе де, келтір байлап, Бітпесін зығырданым күнде қайнап. Ағалар, нəсіліңе дұрыс болса, Құдайға тапсырамын «Қаптағайлап». Қажеке-ау, көріп келдің хақтың үйін, Мен түгіл бөтенге де зорлық қиын. Жиенқұл ерім болып тұрар ма екен? Күнінде таңда-махшар болса жиын. Көзімді аш, көңілімді нала қылмай, Кетсең де өкпеледім бала қылмай. Сыртынан өлеңменен шақырайын, Біржанға өзімді-өзім таба қылмай. Сəлем де Жиенқұлға келсін жатпай, Келуге шошынады неден батпай? Əркімнің қолда бары өзіне алтын, Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай. Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді. Ұсынса қол жетпейтін арғымағым, Арғынға баламаймын тай секілді. Тез келіп амандассын Біржан салға, Көрінсін айбаттанып Арғын шалға,
Сара саңлақ «Əркім теке қояды өз ылағын», Əйтеуір мені сатып алды малға. Бермесін дұшпаныма намысымды, Біледі, Арғын-Найман дабысымды. Бар болса шыбын жаны шапшаң жетсін, Ел таныр арғымақтай шабысымды. Қылмасын дос Жиекем сөзге сынық, Шəрбаттай ағып жатқан сөзім тұнық. Қамалдан тартынбайтын қайран ерім, Көлге кеп қойып кетсін көзді жұмып. Асылым Құдай берген өз бағыма, Теңелмес жеті Біржан тырнағына. Найманда ұлы дария саяткерім, Балық боп ілінгенмін қармағына. Бағының зор екенін көрсін Арғын, Сықылды салтанатым батыр Тарғын. Көрмеп пе Біржан ондай болам десе, Сескенбей шапшаң жетсін біздің балғын. Бесіннен қалмай жетсін жаны болса, Бөгелмей жете көрсін əлі болса. Елден қайыр сұраған кедей Біржан, Алмай ма мендей қызды малы болса. Көрінсін салтанатпен менің серім,
Сара саңлақ Сол енді Құдай қосқан барар жерім. Кедейге қонақ асы тай əкелсін, Талабы Тəттімбеттей асыл серім. Сонда Біржан сөйлейді: Көрейін, кісі жібер, күйеуіңе, Көнбейді жаман болса сүйеуіңе. Сабазың қандай екен, көзім көрсін, Адамның таласатын біреуіне. Жасырмай көрсет көзге келтіріп-ақ, Сөзбенен жүдеттің ғой өлтіріп-ақ. Ұялмай осы топқа көріне ме Өнерсіз, жігері жоқ делқұлың-ақ? Сараның айтқан сөзі: Қажеке-ау, кісі жібер балаңызға, Əзəзіл болды Біржан арамызға. Сыртынан мақтасам да керек болды, Көрсетпей жігітті ұрлап қаламыз ба? Өзіңнің құла жорғаң барсын оған, Жиекем Бижан ерін салсын оған. Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем, Құдайым мені қайдан қосты cоған. Қажеке-ау, алдыртыңыз қонақ кетпей, Біржан тұр көремін деп сөзі бітпей.
Сара саңлақ Ажал да кісі таңдап алады екен, Сол итті неге қойған алып кетпей? Қонжиып мінер құла жорға болса, Келе алмас сол шіркінің қорғаласа, Рас бізді масқара қылар сонда, Қорс етіп бармаймын деп онда қалса. Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ, Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ. Жиенқұл күжірейіп келер ме екен, Он мата арқасына тыққандай-ақ. Бар еді ұлы-қызың, Қажы аға, Қалдым ғой Біржан деген беймазаға. Өзіңнің болып тұрған заманыңда, Дені сау кез болмадым бір тазаға. Арғынды бір дөңгелет деп едіңіз, Мен түгіл Найман қамын жеп едіңіз. Меке мен зиярат қып Байтоллаға, Бақытыма есен-аман кеп едіңіз. Көрмейсіз неге менің көз жасымды, Жеңбек боп Біржан солай сөз қашырды. Жиылған Қаптағайдың жақсылары, Басқаға айырып бер өз басымды.
Сара саңлақ Алдырып не қылады оны Біржан, Көруге ынтық емес соны Біржан. Арғыннан асып кеткен бай болмайды, Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан. Сонда Біржанның айтқаны: Шырағым Сара, сендей тумас бала, Шежіре болармысың мұндай дана. Обалың Есімбек пен Тұрысбекке, Жігітің жөндеу екен, ей бишара. Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан, Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан. Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін, Адамзат озар емес өз басыңнан. Жіберме Жиенқұлға шақыруды, Өнерсіз үйде білер аһ ұруды. Қайнайды зығырданым көргеннен соң, Алдырма бекер мұнда кəпіріңді. Білесің, Арғын-Найман тегіс затын, Алашқа шығып еді Біржан атым. Кісіге сен секілді малын шашпай, Қазақ та қылады екен кімді қатын.
Сара саңлақ Дұшпаның жамандайды не деп сені, Белгілі жарар саған берсем нені? Өнбойың өнер толы жан екенсің, Айбатың əлемге айқын ай бедерлі. Садаға тырнағыңнан кетсін Сара, Сан жүйрік көріп едім мен нелерді.
Сара саңлақ * Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа: – Ұмытпан, Сара, сені əр уақытта, Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін, Көремін қайта айналып қай уақытта? Есімбек, боққа сатпа асылыңды, Сыйлай көр қыз да болса, нəсіліңді. Ұқпасаң, Арғын жоқты айтты дерсің, Есек-ау, құлағыңа ал осынымды. Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа, Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста. Аты ұрғашы демесең қарындасың, Адамның артығы екен осы тұста. Шынымен бапты күнде дуға салса, Ілеспес ақын түгіл ұшқан құс та. Көңлінде мұңы жоқ деп ойлар еді. Көрмеген дауысын естіп тұрса тыста. Обал тұрған орында сауап та бар, Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа. Законде зорлық болмас жанды адамға, Жақсыны қор ғып болмас бір наданға. Жəне де аят пенен хадисте бар, Жылатып берме деген еш адамға.
Сара саңлақ Қажы барған Қаптағайдың арыстаны, Жалғыз сіз осы күнде данышпаны, Өзіңе Құдай беріп қойған шақта. Дұспанның топ етеді алысқаны. Көрмеп пе Сарадай қыз қатын қылса, Ішінен өнер қысар аузын жапса. Қор қылып Жиенқұлға жібергеннен, Қытайша он есе артық басын шапса. Тұрысбек, Есімбек пен сау тұр Маман, Таянды қайтар уақытым елге таман. Айналып ендігі жыл бір келермін, Тысқары топырақтан болсам аман. Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл ер құнына келер шамаң. Бар болса сүйегінде ойларсыңдар, «Өлі тілін тірі алмас» деген заман. Байлаулы бала құстай Сара сорлы, Жоқ екен осы күнде мұнан жаман. Əлқисса, Сараның күйеуінен ұялып, Біржанға Жиен құлды көрсете алмай: жамиғ Найман тоқтады, мен де тоқтадым дейді. Намыс қылып жақсыларым Жиенқұлдан айырар ма екен, деп дəмеленіп ем, болмаса айтар сөзім басқа еді, – деді.
Сара саңлақ Енді Сараның өзінің айтқан сөзі: Сал Біржан, жүріп кетті амандасып, Екі күн арпалыстым табандасып. Шіркінге қимағаннан жорға бердім, Басында сөйлессем де жамандасып. «Қош Біржан, сау бол, – дедім, – сағым-керім, Арда күрең жігітсің алым-берім. Қашан өзің өлгенше есіл-көзел, Күнде той, күнде жиын жүрген жерің. Жүре көр ақын Біржан бізді сұрай, Тысқары топырақтан қылса Құдай. Аптығып Арғынсынып сандырама, Көзіңе қыз көрінсе мұнан былай. Жолықтым, атағыңа құмар едім, Болмаса, келместей ғып сығар едім. Сыйладым сағың жерде қалмасын деп, Аттатпай адымыңды қияр едім. Боп қалды бір көргенім көз таныстай, Сен-дағы жол бермедің бір қалыспай. Есекем еркек болса бере қоймас, Кісідей қарапайым бір салыспай.
САРА МЕН ТƏСІБЕК Сара қыз кезінде Тəсібек деген жігітпен айтысқан екен. Тəсібек Кенжеге сіңген аз ғана ауыл Ошақтыдан шыққан өлеңші жігіт көрінеді. Айтыс кезінде Сара 13 жаста, Тəсібек 30 шамасында болса керек. Бұл айтыстың өлеңдері мынадай: Сара: Қонады қалың үйсін Қараталға, Мінеді Сарбас ағам өрме жалға. Тəсібек, өтірік айтпай, шыныңды айтшы, Өзіңнің Айтқожадай атаң бар ма? Тəсібек: Кем емес Айтекеңнен атам Дүзен, Қаракөк үзілмеген тіпті бізден. Айтекең, би Дүзекең біздің қазақ, Қалмақтың шебін бұзып, шідер үзген.
Сара саңлақ Сара: Мен едім ақын Сара күлімдеген, Дұшпанға басқан ізім білінбеген, Мақтанба көрмегендей ау, Тəсібек, Ілікке ата-бабаң ілінбеген. Тəсібек: Ауылым өрлей көшіп, өр қыстаған, Жұғымды малға жайлы жер қыстаған. Ей, Сара, өтірік айтпай, шыныңды айтшы, Би болып неше қалмақ мөр ұстаған?! Сара: Тəсібек, жеңіп кетсең, жебегенің, Қалмасын бүгін маған демегенің! Лə-илəһи, иллиолла, мұсылманмын, Мені қалмақ дегенің, не дегенің? Тəсібек: Өлеңім таусылмайды молдығынан, Сарбастың құтылмайсың зорлығынан. Үлкен шешең қалмақтың қызы дейді, Сені қалмақ дегенім сондығынан.
САРА МЕН ЕРМЕК Атақты халық ақыны Қуат Терібаев Сараның бір сыпыра өлеңдерін жатқа білуші еді. Сол кісі айтатын ақын Сара өлеңдерінің бірі – оның Арғын мен Найман рулары шекарасында өткен бір тойда арғын жігіті Ермекпен шайқасы. Оны Қуат былай деп əңгімелеуші еді: Той бастап ақын Сара əн салады, Дауысын естіген жан таң қалады. Сол күнде жастау кезі жалындаған, Құбылып тоты құстай толғанады. Екпіні соққан желдей болғаннан соң, Əркім-ақ айтысудан қорғанады. Осындай Сарадан жасқанған ауыл ақындары аузын ашпай отырып қалған соң той иесі Сараға: «Шырағым, тойды сен баста, тойбастарың əзір» депті. Сонан соң Сара тойды бастап, əр түрлі өлеңдер айтып отырыпты. Сара: Əуелі сөз сөйлейін бір Құдайдан, Кім қалар ажал келсе өлім жайдан. Сиынып бір өзіңе сөз сөйлейін,
Сара саңлақ Қолдай гөр аруағы Арғын, Найман! Құлаштап нелер жақсы өткен дүние, Сұңқардай тоят алып қанат жайған. Құсындай құдіреттің кез боп қалдым, Дəм татпас тірі жүрсе адам қайдан?! Бұл тойдың құрметіне кез болған соң, Азырақ сөз сөйлейін жақсы жайдан. Қызы едім Тастанбектің ел білетін, Жел сөзді ғадетім бар желдіретін. Ортада білгенімше сөз сөйлейін, Ешкім жоқ бұл маңайда мен білетін. Қолыма домбыра алып, əн шырқасам, Əркім-ақ əуеніме телміретін. Білдіріп жағдайымды халайыққа, Азырақ сөйлейтұғын келді ретім... Ермек өз ауылындағы тойды өзі бастап əдеттенген өжет жігіт екен. Есіктен кимелеп кіріп келе жатып айғайлап қоя береді. Ермек: Кім едің менен бұрын той бастаған, Алдымнан жүйрік аттай ойқастаған? Той болса бұл өңірде мен бастаушы ем, Қандай қыз тəртібі жоқ далбастаған?!
Сара саңлақ Сара: Сен кім ең, маған қарай қырындаған, Дауысың əнге келмей қырылдаған?! Той иесі ағайым өлең айт деп, «Тойбастарын» ұсынды бұрын маған. Дауысымды естіген жан сүйсінеді, Бойы ұйып, сүйек балқып шымырлаған, Он үште домбыра алып өлең айттым, Түсімде бата берген Қыдыр маған! «Бұл кім деп далбастаған» кемітесіз, Сабырсыз жан екенсіз шыбындаған. Бастасаң бағанадан қайда жүрсің, «Тойбастар» бүгін сізге бұйырмаған! Ермек: Сұрасаң менің атым ақын Ермек, Тоқтатпас көкірегімді өлең кернеп. Той болса бұл өңірде мен бастаушы ем, Өзіңдей надан қыздар үлгі көрмек! Əншейін сыпайылық-сыйлап тұрмын, Əйтпесе тастар едім қатты жерлеп. Маған да Аққожа атам бата берген, Білмесең жағдайым сол айтып бермек.
Сара саңлақ Сара: Саған ба, Аққожа атаң бата берген?! Жігітсің қараны ақ деп қата көрген. Надан қыз мен сықылды көріне ме, Орынсыз дұрыс па екен шата берген?! Кернеген көкірегің өлең болса, Аянбай өнеріңді мата бермен. Жел сөзім өңменіңнен өтіп кетсе, Қашарсың бой тасалап таса жермен! Ермек: Өзіңе өзің болдың арыстандай, Білмейсің жақын қандай, алыс қандай, Озған ба байтал шауып арғымақтан, Қайратсыз қатарласып, қағысқанға-ай. Сен де бір сондай байтал қара жілік, Қамшыла, қатарымнан қалыс қалмай. Мен емес қыздан қорқып қорғалайтын, Жөндеп айт өлеңіңді шалыстанбай. Сара: Ей, жігіт, байқап сөйле, көп есірме, Абайла, əлің қалай егесуге. Ақын емес, дəлбірік ақымақсың, Қарғаша қаңқылдайсың күресінде. Атаң ұл, анаң қыз боп көрмеген бе, Сен неге қарамайсың рəсімге?! Ер, əйелдің алдына олжа түссе,
Сара саңлақ Алдымен кім аларын білесің бе?! Құлдықтан құтылмаған бір сорлысың, Мұңыңды қуаныш қып жүресің бе?! Дəлбірік біліп қалдым мінезіңді, Менімен жарамайсың тіресуге! Ермек: Сен бе едің ақын Сара жан мақтаған, Қолыңда домбыраң бар бармақтаған. Қайткенде тұзағыма түседі деп, Бір қусың құр құдыққа қармақ салған. Өзіңдей сан ақынмен айтысқанмын, Жеңілген талай қыздар қалжақтаған! Сөзіңе сөз табарлық өнерім бар, Айлаңнан қорықпаймын далбақтаған. Сара: Тауып айт өлеңіңді сен ант ұрған, Жауабың дəмді болса, сонда бұлдан. Мен Сара талайларға тағлым бергем, Ел-жұртым жауабыма мойын бұрған. Жасымнан домбыра алып өлең айттым, Қиналып көргенім жоқ өлең, жырдан! Өзіңдей арсыз ақын кез келгенде, Асырып тастаушы едім алты қырдан! Сан жүйрік кездескенде шаршы топта, Мен едім шақ келтірмей сөзбен қуған. Соларға жол көрсеткен асыл сөзім,
Сара саңлақ Тұрсың ба сескенер деп сендей сұмнан?! Өлеңге а дегеннен ағындаймын, Іркілсем – бойыңа өлшеп шағындаймын. Көп өлең көкіректе тұр сақтаулы, Сескеніп адамзаттан жаңылмаймын. Той десе топшыл басым қалған емес, Өлеңге Құдай берген аңырмаймын. Сен түгіл сенен артық жүйрік келсе, Ешкімге тізе бүгіп бағынбаймын...
Сара саңлақ САРА МЕН ҚұдайБЕРГЕН Сара Бекбайға шыққаннан кейін оған жеңге ретінде қалжыңдай беретін Құдайберген деген ауыл ақыны бірде оны мұқатпақ болып, ауыл-үй арасындағы өсекті малданып, бір ауыз өлең айтады. Құдайберген: Келін боп бұл ауылға Сара келді, Қолына домбырасын ала келді. Төлімен Тасыбайды көбейтсем деп, Ішіне бір баласын сала келді. Сара: Еліңде, Ермек, Түбек мықты болған, Құл, қатын сорпасына күпті болған. Балам тұрсын, төсімде емшегім жоқ, Еліңде қызың көп пе жүкті болған?! Күй тартсам бал тамады бармағымнан, Бассам теңіз ойылад салмағымнан. Бір тарпып ақ тайлақша тастар едім, Атаңның қорқып тұрмын аруағынан...
Сара саңлақ ТӨРЕБАЙ МЕН САРА Төребай Есқожаұлы 1850-1910 жылдар арасында өмір сүрген адам, руы – Жағалбайлы. Үлкен бабалары сонау жаугершілік заманда Жалайыр сиыршы руының төрелеріне Төлеңгіт болып келіп, содан қазіргі Қаратал, Көксу бойларын мекендеп қалған деседі. Төребайдың бізге белгілі айтыстарының бірі 1900 жылдарда наймандағы Тұрысбек қажының ауылында болады. Сондағы бір шілдехана тойында Сарамен кездескен Төребай айтыстан бас тарта алмайды. Бұл айтыстың ішінде болған Сейдахмет Кебекұлы «Есімде қалғаны мынау еді» деп айтып отыратын еді. Айтысты əуелі Сара бастаса керек. Сара: Біледі, Үйсін, Найман Сара екенім, Жасымнан өлең қуған жан екенім. Еліне Төребай да болыс бопты-ау, Ығында жүруші еді Қаракеңнің. Құда деп жігі-жапар құрметтепті, Ауылы Тұрысбек пен Тəнекеңнің. Жалайырлар білместен келген шығар, Сараның бұл ауылда бар екенін.
Сара саңлақ Төребай: Жиналыпсың шілдеге маңайыңмен, Сараны естіп келдім, барайын мен. Қаракеңнің ығында жүрсем-дағы Айтысқамын қыздардың талайымен! Арғын, Найман елімен сөзің бітсе, Бір айқасып көрсеңші Жалайырмен. Сен де туған анадан мен де туғам, Бір сөйлесіп сенімен қалайын мен. Төребаймен əуелі байқасып көр, Шапанымды жеңілсем жабайын мен! Сара: Жалайыр теріс қарап ұйықтайды, Жылылап текеметін тұйықтайды. Жылқысын бергі шеттен қуа қашып, Сексенбайдай батырлар иықтайды. Күз болса алып келіп жей береді, Алдыңғы барған ізін суытпайды. Жалайыр да бірталай ел емес пе, Өзгелерді қоқаңдап жуытпайды. Сексенбай алған болса, алаңсыз боп, «Қалғаны сау болсын» деп ұйықтайды. Төребай: Ақын емен жүретін қаздай қалқып, Сексенбайды мақтадың Сара шалқып. Батыр деген атақтан адыра қалсын,
Сара саңлақ Момын елді жылатып жеген тартып! Ел қорғайтын батырды мақтасаң ед, Жөн білетін Сара едің, кеттің тантып! Бұрынғы ата-баба мақалы бар, «Енді қортық бүлдірер, қойды – шартық! Шетте жатқан теріні ит сүйрейді, Сексенбайдың сол иттен қай жері артық?» – дегенде өзінің сүрінгенін түсінген Сара күліп жіберіпті де, Төребайдың үстіне ішігін жауыпты. Сонда ауыл ақсақал дарының бірі: – жоқ, шырағым Сара, бұл жеңіліске кінəлі сен емессің, Сексенбайдай тентекке тию салмай отырған біз кінəліміз, – деп Сараның шапанын жапқан екен. Сара саңлақ Үшінші бөлім «ЖЫР-ШОЛПАНЫМ ӨЗІҢСІҢ КӨГІМДЕГІ...»
Əріп ТƏҢІРБЕРГЕНОВ САРАҒА Жар тұттым əуелден-ақ өзіме арнап, Нəзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ. Жігітке лəзім еді іздемекке Ол жарға уəжіп еді күтіп алмақ. Жаманға жақсы тұрып көз салса, Жігіттің содан еді көңілі қалмақ. Сəулем ең, ол пиғылдан аман жүрген Жоқ болсын шарт бойынша сөзден танбақ. Жан-жаннан жатырқамай келсең қасқа Ойнар ек əзілдесіп тілді жалғап. Əншейін анау-мынау сүймесіндей Жіберген емес едің сөзбен алдап. Тұңғиық шыға алмасқа кетті суға Тəуекел дариясына қатар жалдап. Қаттаудай оқ өткізбес махкамым бол Самарқан жібегінен өрген талдап. Секілді Шамсі-Қамар Духтар бану Затыңды жанға арам мендей тану.
Сара саңлақ Заты жоқ жасықтықтың нышанасы Адамға ар айтқан сөзге жетпей қалу. Талап бар жаралған соң тірі жанда, Мұратқа кімі жетіп, кімі арманда. Базарда бағың сына дегендейін Басымды бұл майданға қылдым пəнда. Ықлас ыждаһат пен жиһат етіп, Шыбын жан шыдай алмас əрбір таңда. Жеміс ең пісіп тұрған бақшадағы Ерік бар ма бұйырмаса біз меһманға. Талпынған көңіл есер бір шəрманда Нəпсіге ақыл еріп жүр пəрманда. Шыраққа түсіп жанған мен пəруана Ес білмес, ол неғылмас, би дəрманда. Ықлас назарың сал пəрда тартып, Уақытымда көңіл құсы тудың артып. Лəйланың Мəжнүні секілденіп Мас еткен мен ғарыпты нұрың шарпып. Жар етіп айдың бетін бұлт алсын, Діңкемді бүйте берсең құрытарсың. Есілген қырмызыдай қып-қызыл гүл Махбуб қай мінезін ұмытарсың. Тауаның аз, талабың қысқа болса Араға жаман атақ жуытарсың.
Сара саңлақ Жасымнан ұмытпаған ойда барсың, Əл-қуат ақылымды алған жарсың. Өзіме диуаналық əсер беріп Ішіме сөнбейтін от салған жарсың. Тарлықта наздық қылып тұра алмасаң Бояма əсіре қызыл жалған жарсың. Арада оттан ыстық қызу кетсе, Біріндей көз таныстың қалған жарсың. Сөзде тұр шарттан аумай мейрім қансын Дұшпанның көре алмаған іші жансын. Уағдаға бір айтылған тоқтасалық Шат болып достарымыз бір жұбансын. Жақтық сөз, жақсы мінез, жайдары ашық, Жанымды жадыратқан қайран ғашық. Сегіз қыр, сексен сырмен шарға тартсаң Түсінбес айтқаныңа кейбір жасық. Өрнексіз жол білмеген надандарға Туып ең нақыш беріп өрнек ашып. Қараңғы көңілімнің ай мен күні, Жарығың азаймайды күңгірт басып Сөз бірге, ақыл үйлес, мінез тату, Тұрады сені көріп көңіл тасып. Махаббат бізде болмай, жатта болса. Аһ ұрам у ішкендей ішім ашып.
Сара саңлақ Шолпандай адам едің жаһан көркі, Тіл шаршап көп айтуға жетпейді еркі. Қымбатты жаннан ғазиз асыл еркем, Шықпаған бұл қасіреттен жанның беркі. Бұл сөзге сəулем не деп айтар екен, Дүние бір бейнесіз сайқал екен. Күн түскен күзгі шөптің мисалындай Махаббат базарынан қайтар екен. Кəмелі өзге жаннан көп санасы, Əйелдің əулетінде сіз данасы. Ақылға ишаратпен айтпай түскен Өткір зейін пікірдің нышанасы. Баулыған балапандай құсым едің, Дəм айдап түзден торға түсіп едің. Құрт жесе қызыл шешек не амал бар, Тұғырдан жаңа түлеп ұшып едің. Еш сенде арман да жоқ қазір дəмде Саяда қызыл гүлдей өсіп едің. Сатылма он төрт жармақ ақша үшін Бұл ғайни заманымыз Жүсіп едің. Бар Құдай жазған тағдыр қалу бəлə, Жазудан ғайри іске қылма пəла. Мағлұмың енді қандай халге түсер Қасіреттің қапасынан мен мұбтала.
Сара саңлақ Кісідей арқалаған нахақ жала, Тағдырға тəбдил таппай қалма шала. Құр көңіл алып ұшқан ешбір болмас, Жоқ болсын бір тозаңдай көңілде ала. Нəрсені іздеу мұқалдір болмайтұғын, Ой терең дария құйсаң толмайтұғын. Қанатым тасқа соғып қалды қирап Қыран ем мұраттыны қоймайтұғын. Қырық шалғым бəрі бірдей қалды қирап, Таба алмай ем дауасын жүрмін жинап. Күте тұр біраз заман, уақыты жетсін Кəмал толып жеткенше қайта ширап. Жас ғұмыр далбасалық күнмен өтті, Жиһатпен көп шаршадым жанды қинап. Машақат саудасының базарғанын Тоса тұр жолыққанша толық сыйлап. Паруана өлім іздеп түсер отқа, Шын ғашық аямайды басын сотқа. Ғашыққа тіршіліктің керегі жоқ Мал түгіл бас байладық расходқа. Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан, Ай сəулем, жүзің жарық жаққан шамнан. Жер жүзінің жігітін аралатып Көңілің ауса маған сонша жаннан.
Сара саңлақ Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп Той қылса көкте Мəлік қуанғаннан. Шаттанып жер жүзінде император Сырласып министрлер үлгі салған. Ойласам сендей жанды қай жан алған Мен едім атағына көрмей қанған. Қолынан қой жарысы келмейтұғын Жамандар құрметі жоқ құмарланған. Шарапсың мыңнан таңдап бізге тамған. Ғашықтық халімді мен баян қылдым Жалының жүрегімнің басын шалған. Қолы жетпей, наданның аузы жетіп Құл құтырса, құдыққа қармақ салған. Сенің тілің шарабан таһурадай Сорса алтын қасықтай балға малған. Ғашықтық мен шығарған мирас емес Жүсіп пен Зылихадан үлгі қалған Ізденіп Баһрам да Күлəндамді Михнатпен ақырында сүйтіп алған. Көп жүріп жиһан кезді Сəйфүлмəлік Жамалды Иранбақтан іздеп барған. Ғашықтық майданында шаһит болып Бозжігіт Ануаз үшін қандай болған. Бұлардың зар тартқаны Лəйлі–Мəжнүн Ізденіп ақырында мəнсап қонған. Зияда, Қорлы, Ғайын, Фархад–Шырын – Бұл күнде хабарым бар сондай жолдан.
Сара саңлақ Мұштари, Сахаридай жаннан кешіп Көзімнен аққан жасқа алдым толған. Ақырын Қозы-Көрпеш – Баяндай боп Көзімнің қызыл нұры бұ жол солған. Беліне алтын шоғың алты оралған Бұл күнде басқа қыз жоқ сіздей болған. Пəрдеңнен ақ жүзіңді бір шығарсаң Күндік жер мəшһүрлəніп нұрға толған. Шараптан əбилəззат сілекейің Ақ меруерт отыз тісің қырлап жонған. Кірпігің патшалардың əскеріндей Жігітке көздің тасы сағым қонған. Махбуба қазір уақыт қам қылмай біл Бір күні қыз қияпат кетер қолдан. Қай жақсы заманыма тұс келер деп Бұл күнде хабарың бар оң мен солдан. Уағданы махкам тұтсаң серт байласып, Босанба жазылса да біздің тордан. Мұратқа Лəтахнату жетпегі бар Бұл сөзді молда айтады суал сорған. Енналлаһо халиқул миғады деп Аят кəрім құранда мəзкур болған. Бұл сөздің ишаратын адам білер, Үлгісіз не деп айтсам надан білер. Басы жетпес орынға аяқ салып Жақсы мен не себептен жаман күлер. Ізденіп жар таппақтық қиын жұмыс
Сара саңлақ Бір көрмекке қызулық əркім күйер. Халықтың бəрі бірдей жаралмайды Асылды мыңнан біреу тауып сүйер. Тең тауып жар алғанның кемі бар ма, Сұңқардай тұғырдағы тоғыз түлер. Жамандық аз-ақ күні жасырынып, Жатпайды ұрланғанмен бір күн білер. Анадан ақылы асқан туар көсем, Өзіңмен бірдей болсын жарың шешен. Жасықтан ашық мінез табылмайды Айта алмас көп ішінде аман-есен. Талапсыздың талабы қорынуда Шығады жүз сөйлессең сөзі кешен. Осындай михнаттан ерте сақтан Не қасиет қалады пəлен десең. Көп шер бар көкіректе тарқалмаған, Тіл байғұс асығыс боп айта алмаған. Ей қалқа естісеңіз есіркерсіз Арызым құлағыңа байқалмаған. Бір Құдай көңіліңе салсын рақым Жомарттай сұраушыны қайтармаған. Жасты көз, жылаулы сөз ғарып едім Ғамкин көз əр тарапқа жаутаңдаған.
Сара саңлақ Шығардым мен кітап қып əзіл үшін Сорлымын арманымды тауыса алмаған. Қамыс бармақ қайысып іс тіккенде Бойына ине балқып өте алмаған. Мен түгіл жансыз темір нұрыңа мас, Қасыңнан сөкпе мені кете алмаған. Тауыңда Қауқапты сен бір дарқат, Алсам деп саядағы екі алмадан. Сұңқардың қаз алмағы қайырудан Аққуды қарға қылар күте алмаған. Ит еркелеп үйреніп ауыз жалар Сөз көп қой қыз балаға қиқаңдаған. Жаманды жақсы көріп үйір қылма Залал бар жылы сөзден сипаңдаған. Мен кірдім бақшаңызға сайран етіп, Тұрам ғой тамашаңда халім кетіп. Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа Сындырдым сүйегімді ойран етіп. Мəшрикты мағрипқа жазған Алла Əзəлде қосар ма екен пəрман етіп. Ғашықтың талабынан бос қалмайын Көрейін қолым жетсе дəрмен етіп. Жаралды тəні пəнде нұрдан жайнап, Шағылып туған едің нұрдан қайнап.
Сара саңлақ Талпынам таза туған ажарына Белімді тəуекелге махкам байлап. Наз етіп ғашықтығым айтылған соң Көңіл үшін көз жасыма рақым ойлап. Михнатта ауыр жүктер мойныма алып Бір жанды құрбандыққа тұрмын сайлап. Айырған асыл сəулем сөздің нарқын, Байқаған жаман, жақсы кісі парқын. Тас та асыл гауһардайын адам өлшеп Нəсілің таза туған затты шəрифім. Ұядан тудың жеке асыл өсіп, Сауаптан кім жаман дер үміт кесіп. Жақсы едің кір шалмайтын сүйегі асыл Тот баспас сап алтындай бедер көшіп. Жұпар жел мас боламын самалыңа, Туып ең нұр безеніп заманыңа. Сағымдай жазғытұрғы толқын ұрып Қарасам көз алмасар жамалыңа. Аларсың менен хабар жазған хаттан, Бағыма таза гүлсің өскен бақтан. Я ата, я анада кемдігі жоқ Асылдан шыққан тегің арғы заттан.
Сара саңлақ Жанға рақат айтқан сөзің қандай майда, Өзіңдей жанның бəрі болу қайда. Ұжмақтың Нагим атты хор қызындай Əпзалат Ғишатадан болдың пайда. Саржадай керілген қас, кірпігі оқтай, Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай. Шер болып еш жібімес менің кеудем Хасіреттен жұмарланып жатыр топтай. Қарағым құшақтасам құмарланып, Қосылған екі ғашық жұбайланып. Жан тынып, ішімдегі жалын шықса Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып. Құшақтап қыл беліңнен бір таң жатсам Ақ торғын орамалдай жұмарланып. Ми, тамыр, ақыл ойда арман қалмай Мастансам қызығына тым алданып. Бəйшешек көтеріліп көңіл гүлдеп Семіріп нəпсі мұрат бір жалданып. Қардан ақ, қаннан қызыл ет пен бетің, Иықтан қолаң шашың гүл талданып. От сөнсе жүректегі жанып тұрған Сорғанда тілден лəззат маһир қанып. Етке ет, бетіңе бет тиіскенде Айтысқан сертке жетсем əбден қанып. Бұл менің ғашықтығым сізге жарық Айтыспай асыл сəулем білсең нарық.
Сара саңлақ Білім, ғылым, ақылды, таза затты Арасын асыл, жасық қылған парық. Бір сөзде ақиқат бар инабатты Алмасаң сыр шықпайды іштен жарып. Бір сырдың, сегіз қырдың бəрі өзіңде Неткен жан жамандайды аузы барып. Шапақтың кешкі батқан қызылындай Төрт құбылаң тең жаралған дидар шəриф. Махаббат базарының мағшұғында Құзырдан құрмет күткен мен бір ғарып. Жүзіңіз назар салып қарағанда Еміреніп жан қозғалар ми таралып. Махаббат шын ғашық жар дегізіп ең, Əуелден тілің үшін емізіп ең. Ақырда сөз аяғы қайым болсын Дегендей қамал тоят жегізіп ең. Сүйікті заты орайлас, ақылы үйлес, Гауһарсың бағаң қымбат қолға тимес. Қызарған бет табылар, ниет табылмас Жаманды мың көргенмен көңілің сүймес. Парық кетіп арадағы шарт бұзылса, Қалайша тəн мен жаным отқа күймес.
Сара саңлақ Мүбəдə тастап мені кетсең жатқа, Ешнəрсе басқа өлімнен хайла емес. Шын ғашық күллі сырды баян етпес, Уағда айтқан əуел бастан шарттан кетпес. Надандар махаббаттан ғапыл болған Ғашыққа жəрдем беріп тағайын етпес. Асыл ең жаннан түйін сөзге бекем, Айнымас, сүйсе қайтпас, сөзден танбас. Бір жанын менің үшін пида қылып Ауыздан шыққан сөзді екі қылмас. Жатайық таң жадырап ашылғанша, Күн нұры жер жүзіне шашылғанша. Дүниені сен болмасаң қылам талақ, Жарым деп бір затсызға асылғанша. Тұғырда тоят жем боп өлген жақсы, Қу барып қара құсқа қатылғанша. Таза құс талпынбай-ақ аштан өлсін, Жем іздеп бір жемтікке шатылғанша. Деп ойлап, өз нəпсіме дем беріп ем, Талғамай тəртіпсізге жем беріп ем. Жас күнімде қызылға қол сермедім Бір жеуге өлексені ем көріп ем. Пəрда ашып бағасыз тəн жыртқанымша
Сара саңлақ Əншейін жай жүруді жөн көріп ем. Бұлардан көңіл суып, қызық тозып, Таза жүрек нəпсімді меңгеріп ең. Нəпсіңе жүрегімді сұлтан қылып, Тоқтатып өз бойыма дем беріп ем. Жолыққан таңдап жүріп таңдағаным, Сіз едің бойға лайық қамдағаным. Бұрыннан іздеп жүріп жаңа тауып Өзіме ылайық деп сомдағаным. Көрікті сіздей гүлді бақ жаратпас, Басқаға өзіңе аян қонбағаным. Жаралған жаһан көркі нəсілің бекзат Гүліндей Фирдаусидің солмағаным. Бұрынғы перизаттай мисал үшін Дүниенің ақырында орнағаным. Сіз бір гүл аман тұрған қазан ұрмай, Тездікпен сола көрме, бақта тұрмай. Көруге жамалыңды жиһадтамын, Басқаға хор да болса мойын бұрмай. Жүзіне көрген құмар, сүйінемін, Көргенше дидар қосып күйінемін. Сипатың көзден таса болғаннан соң Мастанып дəрманда боп иілемін.
Сара саңлақ Зат билеп парқ айырса мен де сендік Көргем жоқ пиғылыңда қазір кемдік. Сізден соң басқа қызық керек емес, Егерде осы жолы кетсе теңдік. Шыға алмай талпынамын торда тұрып, Биікте миуа алсаң ойда тұрып. Уағдадан күйсе-жанса жылжымассың, Арықтап кейін қалма жолда тұрып.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА «САЙРАҒАН ЖЕТІСУДЫҢ БҰЛБҰЛЫМЫН...» Сараның жырлары Арнау Ақын Сара, саңлағы жыр-жарыстың, шашылғандай бейуақта шыңнан ұшқын, арманшылдау жанымды алау шарпып, қанатымды жырыңа шыңдап ұштым. Арман – жолда шың-құздар өріндегі адастырмай албырттау көңіл мені – жалқы Темірқазығым – Махамбет те, жыр-Шолпаным – өзіңсің көгімдегі! Жыр-əлемде жолдар аз таң нұрындай, зулап өтер дауылға, шаңға ұрынбай, бұралаң жол, бұрқасын өткелімен сендік тағдыр менің де тағдырымдай . . . Бас тарттым да басқаның соқпағынан, жол таңдадым жел ұрып, шоқ қарыған. Адасайын, адассам, шағылысқан Темірқазық, Шолпанның оттарынан!
Сара саңлақ Сайраған Жетісудың бұлбұлымын, айбынды, үнім асқақ, нұрлы жырым, айтыссам, ақ бұлақтай ақтарылам, кешпеймін кейбіреудей жыр жылымын. Өсірген өжет етіп өлке мені, елдердің елдігімен көркем елі. Жырымда найзағайдың ұшқыны бар – тіл тартпай талай ақын өртенеді! Жырыңнан жүректерде нұр жанбаса, жықпаса, жығылмаса, жынданбаса, күймесе, қайғырмаса, мұңданбаса, жылтыңдап жайдақ судай жылмаңдаса, жыр емес, ондай жырың – құр далбаса! Жыршы емес, елдің жүгін тарта алмаса, таңдайға алмас сөзді арқандаса, іштегі буырқанған жай тасқынын жасқанып, ақтара алмай жалтаңдаса! Жаныңда құрсаулаған бір ақ шабыт, таулардан тасқындаған бұлақша ағып, бір екпін əкелмесе жасыл жайға, не мазам – ондай жырға құлақ салып!
Сара саңлақ Жыртпаса мұң сауытын бұлқып адам, иығы арылғандай мұң күнəдан, жыр жанын дауылдарға бастамаса – мың артық-жыр көгінен бір құлаған! Құрта алмай шапқыншының сан жасағы, азапты асыл жыр мен əн қашады. Жыр сөзі – шындық сөзі. Қашанда да жердегі жыр күресі жалғасады. Күн кешсін, азап шексін құлдықта адам, Бəрібір жоғалмайды шындық тəмəм. Қашанда асылдарды «арзан» дейді түйсігі аз, тымырсықтар жырды ұқпаған. Даланың жазылмайды заңдары да, Бірақ бас бұрғызбайды зарла, жырла, ақылға, асыл сөзге, өнерліге бас иген қаһар төккен хандары да. Алмас жыр жанарымдай жарқылдасын, ұқсын да тау өзінің паң тұлғасын, сезінсін дала өзінің шалқарлығын, тынбасын, тұма бұлақ сарқылмасын!
Сара саңлақ Жетісуым! Кең далам, жақұт далам! Сұлулықты сендегі жат ұқпаған. Жұмақ дəмін ең алғаш ес білгенге жеті өзеннің бойында татыпты адам. Жаннат жерде көрмеген таңдай қатып, жыр жанаттын ұрпаққа жалғайды уақыт. Жүрегіме əн құйған, жасыл өлке, сенде туып, сенде өскен қандай бақыт! Сезбей өстім бағыңда жел екпінін, жырларымды тербеді желек-гүлің. Сен сіңірдің қаныма туған жерді Қалай сүйіп өтудің керектігін. Кернегенде бұлбұл үн дала таңын, жыр маржанын жұртыма таратамын. Даңқым кетсе үш жүздің даласына, Сендік – менің жырым мен бар атағым! Шыңдарға көп қарадым, қызықтым заңғарларға. Ой қуып от талабым Атпаған таңда бар ма?!
Сара саңлақ Тар соқпақ жол көремін тайғанақ шатқалдардан. Ақ арман өңгеремін Шыңдағы ақ қарлардан. Жаңғыртып жоталарын шырқаймын құз басынан. Жаныма от аламын найзағай сырғасынан. Асқақ бір күйге енемін шақырып жыраққа арман. Кішілік үйренемін күміс үн бұлақтардан. Құздарды құрсап алған, етпейтін сұр бұлтты елең, көк-жасыл шыршалардан мəңгілік тірлік көркем. Ұмтылам, жондарды асам, құздармен кездесемін. Алатау, сен болмасаң, биікті сезбес едім.
Сара саңлақ Байеке, жаралғансыз нық тұғырдан, ел билер ерлер ғана жұртты ұғынған. Ұрлаған бір жылқыны мен төлеймін – жігітті босатыңыз тұтқынынан. Қуарып көгал қалар бұлақ кепсе, есейіп ер шыңдалар сынақ шексе. Байлығы, бағы барға сөз бе, тəйірі, жігіттің тақымында бір ат кетсе! Толғанмен толқынданып жылға малға, өмірдің сындары көп тұрған алда. Біреу бай, біреу жаяу, біреу мықты... Теңдікке дала тапшы бұл заманда. Ел бастап, ат мінгенмен кем күн бүгін, жарытпас,сезе алмаған ел тірлігін. Бостандық – тұңғыш байлық бұл далада, жігіттің қайтарыңыз еркіндігін. Бақ деген, байлық деген – жанға қонақ, шығады ажал бір күн алдан орап: азабын тартқан ел де қуанады ұшқанда алтын тақтан хан домалап.
Сара саңлақ Мейірім – басты ұраны ерікті елдің, бір жолға жас жігітке ерік бергін, Далада қыз тілегі қабыл ғой деп, Сіздегі мейірімге сеніп келдім. Шалқыды бүгін бір думан, əнімді мен де бастадым, думанды көрсем саспадым, жігітті көрсем жыр қуған жүректі кернеп асқақ үн, əуенімменен жасқадым. Қызыл тіл, құздың жайындай, шатырлап сынып, шаш жалын! Жанынан безсін қастарым. Туласын жүрек тайынбай, жебесін сөздің тастағын, шалдуар мінез, шат-шағым тұрғанда жырдан айырмай жатталып қалсын жақсы əнім. Ашырмай аузын басқаның, шаңқай түс шілде айында жайнасын лаулап жас жаным, қызыл тіл, жырдың жақ шамын!
Сара саңлақ Аққудай жүзіп айдында жұптарын жазбай тараған, бақытқа бөгіп бал арман, адамның бəрі өмірге махаббат үшін жаралған. Қайғы-мұң түссе көңілге қаймығып ұшар жанардан, қызығып сонда қарар маң. Тұмарсыз атар таң алдан, қатерлі, қауіп жерлерде, қиындық басқа келгенде құландар сатпас сыңарын, қалдырмас жауға тұрағын. Қос аққу-сынды сендерге жарасым, жастық бер, күнім, салма деп мəңгі жер жүгін, болма деп бақыт кемді-күн батасын берді ел бүгін. Уа, жарандар, жақсылар, жақсылар сөзді топшылар, қадірі болса халқына азамат-ерге бақ шығар; тақырдың көркі қақ шығар; əділет кетсе хандардан
Сара саңлақ халқына шаттық аз шығар; жазықсыз көзден жас шығар, бірлігі тайып басынан, ірмекті сүттей ашыған абыройы елдің шашылар, жаулары таптап басынар. Табалап сонда жат сынар, табанға салса тас сынар, балтаға тисе басты ерік талқаны шығар жас шынар. Алауыз болса ағайын, қақырар қара шаңырақ, ұрпағы кетер жамырап. Қайғыда келмей қасыңа, бақ құсы қонса басыңа жаныңа жетсе асыға – жауың боп шығар түбінде, ондайға сенбе, жүгінбе! Далаба дауға дала бай, ақылмен аңдап қарамай, өкпелеп кеткен баладай, қарыстай қара жер үшін табылмай титтей келісім, шулату бекер ел ішін жараспас жайсаң жақсы ұлға, қара бас қамын күйттеген жат қылып жандай жақынын шалғайға тігер шатырын.
Сара саңлақ Азамат атқа шапқанда қыспаса жұрты тақымын, күңкілдеп тұрса ақырын береке кеткен ел болар, дұшпанға таба, жем болар, тасқынның алдын тоспаса, алапат асау сел болар, жақсының көңілі кең болар. Қызы едім Тастанбектің, атым – Сара, дарамын туа біткен ақыл, сана, еркінмін, нəзік жанмын, тəкаббармын – осылай тəлім берген ақылшы ана. Жаны ізгі жақсыларға жырым-несіп, аққудай жүрмін айдын нұрын кешіп. Жеңгелер, сендер осы неге бүгін жанымнан шықпайсыңдар күбірлесіп? «Күйеуге?» Қызық екен мыналарың, бұл жайлы мен ешкімнен сұрамадым. «Ұят қой?» Маған қазір қымбатырақ мынандай күйеуіңнен бұлақ-əнім! «Не дейміз?» «Жазымыш қой!» Жыла, жаным! Жаны-жат, керең кеуде – бұл адамның.
Сара саңлақ «Жақсы ауыл?» Ауыл жақсы қай кезде де, қажетсіз ақ ордалы құдаларың! «Отырып ...» (Түу.... көнеді-ау бастан өтсе). Табамын өзім қатар жас-керексе. Бұл не сөз, Құдай-ау! Сендер үшін өзгеден менің жолым басқа емес пе?! Қайда əлгі ағаларым! Шақыр бермен! Аялап алақанда, жақын көрген. Көрмеймін күйеуіңді, жүре алмаймын – Тұншығып, жасқа толып жатыр кеудем. Басыма тағдыр құрық салды ма шын, арнайтын аға біткен бар мұрасын, көтеріп ат үстінен алушы еді, жылатып қоя ма енді қарлығашын? Ағалар – асқар тауым, сүйенгенім, осы ма жасын отқа күйер жерім? Маңыма жақындамай құрып қалсын дəл мұндай жаны соқыр күйеулерің! Кешсе де қиын жолдар ызғыр, батпақ, далада əйел сүйген, қызды ардақтап. Таңдаймын қалауымды! Еркімді бер табамын дала кезіп, құздарды аттап!
Сара саңлақ Үш жүзді даңқы кеткен Сара басым, Сазымен табындырған дана, жасын, Айтысып əлек болған талайлардың Тірідей оқытқанмын жаназасын. Айтыста келе алмады маңыма адам, елімнен жанға қуат, жалын алам. Топан-жыр төгілгенде ақын біткен тасқында ыққан қойдай маңыраған. Далада атады таңдар əлі күліп, нұрымен аялайды арманды үміт. Соңымнан ұрпақ келер жас қырандай кететін жеке жортқан арланды іліп. Келер жас ой теңіне шашса жақұт – жоқ менде басқа тілек, басқа бақыт, құландай құрық көрсе шығандаған соңына от тұяқтан тас боратып! Даланың көз ашырмай ақ шаңдары, өнерді соғар талай тас, жарға əлі... Аялап еркелеткен елі барда ақынның болмақ емес басқа арманы.
Сара саңлақ Тартқандай шатқалдармен құзға дара, жыр жолы оңай емес қыз балаға, тағдыры-толқындары тал қайықтай сең ұрып шырқ үйірген мұз жағада. Өнерге жат жасанды, жалған қылық, қараңғы көңілдерде шам жандырып, шындықтың ащы үнімен, тəтті үнімен жаулайды дүниені таңдандырып. Жыр-сəуле тұмандарда түн аптаған жақын кеп жанды еліткен, жырақтаған. Шабыт та – шəлкез мінез, шідерді үзіп Жылғада жортып жүрген бір ақ табан. Ақынның жүрегі мен сыры-жырда, кешеді ойдың тасқын, тұнығын да. Жан күйі кейде дауыл, кейде нəзік, көп жұрттар ұға бермес қылығын да. Өнерге ойдан қашап сөз өрнегін, қан жүріп, төгіледі өлеңнен үн. Тыныштық рақатын тұл қып ақын, өмірін арнап соған берер деймін.
Сара саңлақ Өтеді уақыт, өтеді өмір демде... Қабырғасы жылдардың сөгілгенде, мылқау мінез құяды мұзды суын алаулаған сезімге, көңілдерге. Мəңгі жасыл бақтарды қар басады, жазғы түндей адамның арда шағы. Мезгіл желі бағытын тез өзгертіп, тақсырлар да, тақтар да алмасады. Түтесе де уақыттың ұшқан шаңы, адамды өмірлік күш тартады. Бір-бірінсіз күні жоқ жəне адамдар бір-бірінің ғұмырын қысқартады. Көл тартылып, жанартау өртенгенмен, тіршіліктің заңдарын Жер теңгерген. Тылсымдарда тұншықсын, бірақ та адам нұр сəулелер күтеді ертеңдерден. Тек үміттің отымен ғұмырлы адам, бұл-тірлікте бүгінгі, бұрындағы əн, тыныштықта жаны жай күн кешеді құламаған, тасқынға ұрынбаған. Далаға жат көлеңке, күңкіл, күдік, жанға мəңгі нұр шашып бір күнгі үміт,
Сара саңлақ ұнатады қырдағы ел найзағайлар түнектерді түргенде сілкіндіріп. Дүбірлерден жатады қыр жаңарып, сілкіністер күтеді мұнда халық: қан тулаған жүректер елеңдейді, арғымақтар өткенде зулап ағып. Өмірің де – шырқайтын жалқы бір əн, əуенінен өрт екпін, қарқын ұғам. Аққан жұлдыз секілді ғұмырың да, мəңгі ұшқындар қалсын тек жарқылынан! Арғымақтай өтсе де ғұмыр ағып, (бұл-ежелден тірліктің сыры қанық). Адам мəңгі жалғайды үміттерді бір-бірінен көкпардай іліп алып. Мезгіл көші жылдарды алмастырып, өтеді өмір, менде де қалмас тұрып. Жырым қалсын жанымның ұшқыныдай жүректердің үмітін жалғастырып. Көңілге өкпелемеймін шатыққа бөлемедің деп, сыр маржан өрер едім деп, шабыттың шатқал-құзынан жыр-бұлақ төгер едім деп.
Сара саңлақ Өмірге өкпелемеймін жүгенде ерен елім деп, ескеріп елемедің деп, тылсымды жыр-теңіздердің тұңғиық тереңі едім деп, жердегі сан жұлдыздардан мен тіптен бөлек едім деп. Наз айтпан төрешіге де өгейдей алалағаның деп, тым арзан бағалағаның деп, елімнің еркесі – мені жүлдегер санамағаның деп. Өзіме өкпелеймін: күнгей ғып сырлы жалғанды жабыққан мұңды жандарды адамдай тапқан мұратын күлдіріп шаттандыратын, шуақты жырларым аз деп, халқыма бұлдарым аз деп, сосын от жылдарымда мен найзағай жылдарымменен жылмаң жүз, күңкіл кеуденің көбесін сөкпедім-ау деп, сөйтіп бір өтпеді-ау деп өзіме өкпелеймін.
Сара саңлақ Шығанға самғағанда бұлбұл үнім, серпілген «байтал,бəйге» – шынжыр ұғым. Ақындар жапалақтар жер құшады Шалғанша қыл мойыннан жыр-құрығым. Алқынып атқа қонған сансыз жігіт қалатын айтысқанда жансыз бұрып. Арқаның аты шулы Біржанын да жібергем ащы терге малшындырып. Жүргем жоқ аз тобырдың тауып тілін, тақпай-ақ қойдым соның даңқ гүлін. Ұқпаса ұқпас мені кей кеуделер, халқыма жетсе болды шабытты үнім. Сəуле – жат, бұғатындар жай жылымда күңкілмен көме алмайды Айды құмға. Халқымның маған деген сезім селі – даңқым да, бақытым да, байлығым да. Жыр дарып, бұйырмаған айла маған, кейде, рас, бармағымды шайнап алам. Жалпылдап жағынумен барлық жұртқа жақсы боп көрінеді жайдақ адам.
Сара саңлақ Өлсем де, мен бұлайша көріне алам, дəл содан қонбаса да қолыма арман, Аз күндік шекпен кисін – ондайлардың өнерде, өмірде де жолы жалған. Бағым деп таңдамадым байдың ұлын, жаны ынтық жақсылармен жайлы күнім. Ақбоз үй арғымағын мінгізбесін – алдымнан тосады елім сəйгүлігін. Туған ел, еркелеттің, жасқамадың, өзіңмен көңіл – көктем, асқақ əнім. Самғатқан жыр-құсымды махаббаты ақ ниет аяулы іні, жақсы ағаның. Қашаннан сеніп өткен дала жырға, шаттықта, шайқас толы сан ағында. Қан тамған жерге əн де сіңген, сол жөргек мені өсірген балап ұлға. Ел барда мойыл көзден тамбас мұңым, Алатау асқарымен жалғасты үнім. Шырқайын – ұрпақтардың жанарында мəңгілік жарқылдасын алмас жырым!
1977 ж. Марфуға Айтхожина ЕШКІӨЛМЕСТЕГІ ЕСКЕРТКІШ (поэмадан үзінді) Қыза түсіп өтіп жатыр кештен кеш, Жайым бар ма кеш қызығын ескермес. Күні бойы ойлар кешіп, қалжырап, Мана бір сəт қалғып кеткен Ешкіөлмес. Самал соқса сипаттырып сауырын, Қызғалдаққа төсей түсіп бауырын Жатқан еді жанарымен бір шолып, Етектегі ақын Сара ауылын. Ауыл үстін билегендей тылсым үн, Жатыр еді бұзбай ғана түн сырын. Əлдеқайдан күрсінеді əупілдек, Тоқтатпайды байғыз-дағы сыңсуын. Бұл кештері ауыл жақтан тыныстап, Сыңғыр үнге ұйып-балқып күміс бақ. Ақын жанын мазалайды, тербейді Осынау бір тамылжыған тыныш шақ.
Сара саңлақ Аулы осы – əйгілі ақын Сараның, Дамылдатқан кеудесіне дала əнін. Қайрылса да қанатынан ақ арман, Ол – бұлбұлы сайрап өткен даланың. Зарыңды мен айтпасам да сеземін, Түңілемін. Сұм заманнан беземін. Сенің мұңың – қалың елдің мұңы еді, Ұрпағыңның өртеп кеткен өзегін. Қиял – соқпақ, шарықтаймын, кеземін, (дала ғана бермей жатқан өз өңін) Мұңаймашы, зар төкпеші, Сара-ақын, Сал домбырамен, Əн шырқайтын кезегің. Болсаң дағы қатарыңнан сымбатты, Жүрегіңде айықпастай мұң жатты. Əнмен бірге көз жасыңды Ағытқан, Айтшы, апатай, кімдер сүртіп, құрғатты? Ащы жаспен жудың-ау Ай жүзіңді, Нəзік үнің, айтшы, қайда үзілді? Қарашы, апа, бір көтеріп басыңды, Қандай ғажап біздің өмір бүгінгі.
Сара саңлақ Ақын жанды барған сайын ұғына, Үңілемін жырларыңа, сырыңа. Жалғыз рет қарашы, апа, сен бүгін Шығып алып Бүркіттінің шыңына. Қалар ең ғой көз ала алмай таңырқап, (жатқан жоқ па төрт түлік мал соңырқап) Құбылтар ма ең бұлбұл үнмен сонда сен, Төгілер ме ед тасқын жырлар, жаңа ырғақ. Төгер ме едің зар емес, мол қуаныш, (Сенің дəуірің бізден, бірақ, тым алыс). Түсінем ғой көңіліңді сонда да Ақын жанға қайдан болсын жұбаныш. Тауға, тасқа толқындарын ұрғылап, Көз жасың ба – ағып жатқан Мұзбұлақ. Қарғыс айтып сол бір қатал заманға Ескерткіш тұр, түн жамылып, тұнжырап. Ескерткіш тұр домбырасын көтерген, Ел алдында ақын парызы өтелген. Ақын болмай, жай сұлу боп жаралсаң, Кім біледі, армансыздау өтер ме ең...
Сара саңлақ САҢЛАҚ САРА 1-жыр Жерге де, елге сонша жарасымды, Қазақта қыз көп пе екен Сара сынды. Өмірі өзгеше боп өтсе дағы, Аты оның заманында дара тұрды. Аты сай сұлулыққа Сара деген, Елеңдер, Сара десе, Дала, белең. Сара аттас қызды талай кездестіріп, Тек, ақын Сараны еске ала берем! Сараның өнердегі орны бөлек, Өнерге табиғаты қойды бөлеп. Өнерін өр санаған ұрпақтары, Өткеріп жатыр міне, тойды да ерек. Елеңдер, Сара, десем, Ешкіөлмесім, Біледі, Саңлақ-Сара, дес бермесін. Сараның жолын қуған ұрпақтары, Жандырып жатыр қайта өшкен кешін... Далаға бітіргендей қалай да тіл, Қарайлап, Сара десем, Абай да тұр. Қазақтың сал-серісін талбесікте, Тербеумен келе жатыр талай ғасыр. Қазағым, аспандатқан сазгерлерін, Көкіректі оларды айтсам,
Сара саңлақ Əн кернеді. Бақыттан кенделеу ғып қойса дағы, Қазаққа өнерлі қыз аз бермеді. Солардың дара шығып арасынан, Жатырсың, Ешкіөлместен таратып əн. Айналдым, өнерге бай даласынан, Саңлағы, Жетісудың Сарасынан! 2-жыр Атың Сара, қызы едің, Тастанбектің, Тағдырдың сан тартысын бастан кештің. Айтыстың туын биік желбіреткен, Өзіңнен бұл кезде де аспайды ешкім! Ақын ең, кең далама, Қазаққа тəн, Күндеуін қойып еді қазақ қашан?! Заманның заңғары боп қалсаң дағы, Кешірші, ұсақтықпен азаптасам. Жеріндей Жетісудың тұрған сəнді, Құбылтып құстарындай түрлі əн салдың. Ақындық құдіретің ғой алып келген, Көкшенің ақиығы – Біржан салды. Көкейге тұнық əнді тұндырып ап, Қалыпты бір сілкініп Мұздыбұлақ. Жүз он бес жасыңды тойлап жатқан кезде, Шыңдары Бүркіттінің тұрды жылап. Жас еді, жалынды еді, қасіретті еді,
Сара саңлақ Нəзік гүл, сабағынан сынды бірақ... Сай еді өнеріне асыл көрік, Тыңдаған сан серілер қасында еріп. Кеттім бе тебіреніп қуаныштан, Бүркіттінің көздегі жасын көріп. Қалқалап, қалтырыста тұрды-ау уақыт, Сен едің төгілдірген жырдан жақұт. Тəуелсіз қазағыңның түлектері, Жатыр ғой, Жетісуды думандатып. Бірде əн, енді бірде күй боп көшіп, Ақындар, төксін жырды түйдектетіп. Əруағы Ақын Сара, өзің қолда, Орныңда мен отырмын, Жыр боп бекіп!
Сəкен ИМАНАСОВ АЙТЫС Күдік бар бір көздерде, бірінде үрей, Дүрілдеп пысықтар жүр бұрынғы кей. Салдыртып Сарыарқадан Сал келіпті, Сапырып сахараның жырын күрей. Қаларын білді ме екен əн-аңыз боп, Сенді ме илеп-бүктеп аламыз деп. Арқадан ат арытып Жетісуға Жетіпті саңлақ ару Сараны іздеп. Табынған талантына Арқа қыры, Жеке өзі жыр тəңірі, əн тəңірі! Асып та тасып тұрған тұста бұған Қай ақын қарсы келер бар тағы ірі?! Қайыспай долы дүлей қамшылардан, Қаймықпай ханыңа да қарсы барған. Əн қосқан аққумен де Біржан еді, Сазарған саз беттен де қан шығарған.
Сара саңлақ Жақтасып жарлысына, кіріптарға, Қасқайып қашан да өзі жүріпті алда. Амалсыз алдында оның қипақтаған Қарадан қаймықпаған ұлықтар да. Сиысып өнер қалай жүрмек кекпен, Сорлыны сөзбен «сойып», дірдектеткен. Сөз бермей ауыздыға, асқақ айтып, Еріксіз жатқа да өзін кұрметтеткен. Санқылдап жүрген шақта өрлеп көңіл, Алданбай бос даңғаза ермекке құр, Нан піскен кеудесіне талайларды Кететін тырп еткізбей жерлеп те бір. Тірліктің ғайбатын да, өсегін де Дарытпай, Дəуірлеген кеше мүлде. Астынан алты қырдың əндеткенде Сан сұлу дөңбекшитін төсегінде. Қаламай жанға рахат, үлесті көп, Қашанда шайқас, думан, күрес тілеп, Жараған жүйріктей жан шыдатпай, Кететін шулы нөпір тіресте үдеп. Басынан сөз асырмай дүрілдеткен, Жасырмай тура айтатын сырын көптен. Бетіне жан баласын бір қаратпай, Аңырап
Сара саңлақ айқас десе бұрын кеткен. Сол Біржан – Сал да Сері, асқақ ақын, Жалғанда жан таппаған жасқанатын. Ауылға əнмен түйрей, түре кіріп, Қаңтарып үй сыртына тастады атын. Солдыра солқылдатып жүрегіңді, Сараны сөзбен түйрей, күле кірді. Қоғадай жапырылған көп ішінде Біреулер қабақ шытып, бірі егілді. Біреулер іштей күліп, бірі ымдасқан, біреулер əлдекімсіп жымыңдасқан. Біреулер жалқау ғана бұрылады, Теңкиіп жатқан жерден сырылмастан. Біреулер сабыр таппай елеңдеумен, Біреулер күтіп-ақ тұр желеуді елден. Біреулер ыңырана ырғалады Дегендей: «Кем болып па сенен кеудем?». Əйтеуір жатты бəрі дүрлігісіп, Сылқылдап, сыбырласып, сыр бүгісіп, Төрт қызы Тұрысбектің сылаң қағып, Сараны қоршай берді дүр күлісіп.
Сара саңлақ * Басталып қырда солай бір тың дастан, Лебіне жар қалтырап, сілкінді аспан. Тартылды таразыға тосыннан кеп, Кешірген талай тағдыр жұртым бастан. Бір сарын – жыр сарыны қырда тұнып, Сүңгітіп, тұнығына шым батырып. Қалғыды құшағында тау мен дала Сырлы əуен сиқырына шырматылып. Əн кетті əу дегеннен желпіп қырды, Есті алып, ел біткенді ентіктірді. Жан түгіл, үй сыртында матаулы аттар Қайшылап құлақтарын елтіп тұрды. Тербетіп, дірілдетіп жер-түкпірді, Сал əуен сан сиқырын ертіп түрлі. Ауылды айбарымен байлап-матап, Ақ үйдің есігін де серпіп кірді. Жаңғырта жеткен үнге бар даланы, Жоқ шығар ауыз ашып қалмағаны. Аңырып қалды халық: «Апыр-ай!»,– деп, Бұрын-соң естімеген арбап əні. Балқытып, балбыратып, қырды əн билеп, Ауылға төне түскен шың қалғи кеп, Саз дауыс сай-сүйекті сырқыратып, Дүниені тылсымымен тұрды əлдилеп.
Сара саңлақ Тырп етпей ұйып түгел сырлы əуенге, Қанатын қақпай ұшып тырна əуенде, Бұрын-соң естімеген əнге арбалып, Ес кетіп, есеңгіреп тұрды-ау ел де. * Апырмау, шықпай ма енді? Сара қайда? Тұр ма екен бағанадан қарап айға? Бар Найман бұлбұлы деп жүрмеуші ме ек, Суырылып шығуға бір жарамай ма? Білмей ме осы екенін бақ сынар күн, Дəл тауып, дəлдеп айтса жатсынар кім? Елінде барын айтып мақтанбай ма, Талай бір игі жайсаң, жақсылардың? Айтпай ма бай да барын, бағлан барын, Патшадан шен де шекпен алғандарын. Қала ма бір тіл қатпай? Қыз еді ғой Сан қырға жеткізетін салғанда əнін. Жеткенде желпініп-ақ жұртын мақтай, Ауызға сал Біржанды, шіркін, қақпай. Апыр-ау, ару Сара неғып отыр, Қала ма шынымен-ақ бір тіл қатпай?
Сара саңлақ Шынымен бір тіл қатпай қалмақ па анық, Біржанға шүйліксе еді самғап барып. Арылып қажы алдында алмай ма екен, Запыран жүректегі зарды ақтарып. Бір сөзбен түйреп түгел, өртеп кейде Кететін қайран Сара шер төкпей ме? Жарқылдап шығып тағы топ алдына Белдеспей беріспеуге серт етпей ме? Неге отыр домбырасын бұрын қақпай? Шықпай ма қалың елі, қырын мақтай. Кетті ме мына Салдың мысы басып, Қала ма шынымен-ақ бір үн қатпай? Болмаса ақтармай ма ащы мұңын, Жүрекке түскен дерттің асқынуын. Жеңем деп желпініп-ақ тұр-ау Біржан, Атақты Жетісудың жас сұлуын. Сал Біржан аңырата дүрілдейді, Қарамай, Халық болып ұрын мейлі. Арқаның ақиығы Аңсап келген Қалайша, қаршығасын бір ілмейді? Апыр-ай, Сара солай сасар ма айқын, Кез бе осы тартыншақтап, нашарлайтын?
Сара саңлақ Əлде оның ақындығы дақпырт па еді Ауыл үй арасынан аса алмайтын? Жұрт солай тұрды аңырып, тынып іштен, Біржанды тоқтата алар кімі күшпен? Қарайды Сара жаққа ауық-ауық Сан көздер кекесінмен, кіжініспен. Осы елде бардай-ақ бір өші өлердей, Біржан да саңқылдайды есе бермей. Демінен үй жығардай күпінеді, Бір сөзі бір сөзінен кесек өрлей. Сара да тұра алмады төзіп енді, Біржанның тоқтамасын көзі көрді. Баптаулы домбырасын қағып-қағып, Көп күткен жұрт алдына өзі келді. Қос жүйрік қырда қалай сайысқанын, Көп сырды көп алдына жайысқанын. Əлі де аңыз етіп айтады жұрт, Сараның сан иіліп, майысқанын. Өлеңнің көз алдында күрт өскенін Көргенде Жинай алмай жұрт естерін, Аңыз ғып кете берген сан ұрпаққа Қос жүйрік қырда қалай сілтескенін.
Сара саңлақ * Басталды айтыс солай... Тынып халық, Өзді-өзін таныстырып, іліп-қағып, Шайнасты көріспейтін қас жаулардай, Достардай бірде жарқын күліп те алып. Бір тұста тұтқиылдан ағып барып, Аямай ащы тілмен шағып та алып. Алыспай беріспейтін түрі барын Ел-жұртқа екеуі де танытты анық. Аямай жеке бастан терісті мін, Ащы айтып бір-бірінің кемістігін. Елінің «жақсыларын» тізісті-ау бір, Тəңірісі солардай-ақ жер үстінің. Бір тұста қуаныш пен зар алмасып, Даңғаза құр мақтанға сараң басып, Аңдамай екеуі де бір-бірінің Іштегі жан-жарасын алар қасып. Біресе шатыр-шұтыр, астаң-кестең, Шарпысып нажағайдай аспанда өшкен. Тарихын мақтап ала жөнеледі Өзді-өзі аймағының бастан кешкен. Біресе тасқындай-ақ күркіреп кеп, Болады қан майдандай дүркіретпек.
Сара саңлақ Белдескен палуандардай əдіс аңдып, Бір-бірін осал жерден сілкіп өтпек. Бір тұста асып-тасып, шаттанысып, Лекіте төгеді сыр ақтарысып. Өзді-өзі сүйсінгенін жасыра алмай, Көп мұңмен кеудедегі жатты алысып. Біресе екеуі де мұңсызданып, Шенейді бірін-бірі тым сызданып. Біресе іштегі оймен арпалысар, Бір сəтке екеуі де үнсіз қалып. Сараның бірінші монологы Білетін ар қадірін, наз қадірін, Жан едім баламаған азға құнын. Дариға-ай, бəрі бақыт деп жүруші ем Тəңірдің маңдайыма жазғанының. Сұқсыр ем көлде ұшатын күн-түн демей, Қарайтын қабағыма жұрт үндемей. Елімнің қызығы ма деуші едім-ау Əн десе бүлкілдейтін шіркін көмей. Ал бүгін ауыр ойдан арыла алмай, Отырмын құсалықтан жарылардай. Жүрек те дір-дір етіп тыншымайды, Тартатын тақсіреті тағы бардай.
Сара саңлақ Бұл күні «құрысын да ұрғашының, Билігі болмаған соң бір басының». Найзадай қадалады жүрегіме Естісем шалқып күлген құрдас үнін. Өмірдің керегі не іңкəр мына, Жарқырап шыға алмасаң жұрт алдына. Қапастан босатпаған, қайран, тағдыр, Шыңдарға шырқап ұшар сұңқарды да. Дүние-ай, мына сұлу кең тірлікте Ақын боп туа тұра серпілдік пе? Қайтейін, қалауымша қанатымды Келемін бір қаға алмай еркіндікте! Өтем бе қанатымды бір қаға алмай, Кетер ме армандай боп шыңдар арбай. Сөз ұғар төңіректен жан таппай кеп, Шарқ ұрам қарап тұрып жынданардай. Шерімді кімдерге айтып, кімге шағам? Мұндайда болмай көрші мүлде есалаң. Айнала қалың елің ақын демей, Қатын деп қарар болса күнде саған. Бұзып бір өтсем-ау дей ой тұманын, Кернейді көкірегімді жойқын ағын. Бұлықсып бойжеткенің құрысын да Мерт болып балаң арман, бейкүнə күн.
Сара саңлақ Таптырмас жанға тоят бір күнгі оймен, Дүние-ай, біздің заман сүргін ғой кең. Даланың ақмаралы ем үркек ескен, Еріксіз ноқталанып тұрмын ғой мен. Еріксіз отырмын-ау ноқталанып, Қамсыз да көрінген боп, жоққа нанып. Жас жүрек аласұра тыпыршиды, Түсердей өзі барып отқа да анық. Отырған қартқа да ұнап, жасқа да ұнап, Сал Біржан неге менен асқағырақ? «Ақиық арғымақпын, асылмын!» – деп, Тұр екен өнеріне мастанып-ақ. Тұр екен өзіне-өзі сұқтанып-ақ, Ақын ғой жолы даңғыл, жұтқаны бақ. Шалқып жүр Орта жүзді еркін шарлап, Бір өзі қанша қызға сырттан ұнап. Өзі де жан екен-ау өте көсем, Шынымен, шынымен-ақ кете ме есем? Жо-жо-жоқ, бойдағы бар зарды ақтарып, Қайтсем де не жеңемін, не теңесем. Ақындық, алыстағы от-елес ең, Дəрмен бол, тəуекел деп төтелесем. Алыстан ат арытып келген Салға Апырмау, қалай ғана кетеді есем.
Сара саңлақ Тұрса да тілім қышып, сөйлегім кеп, Бастағы тежей берем ой легін көп. Айтсам ба, адымымды ашырмастан Кіріптар жесір етіп қойды елім деп. Несі сəн күле алмасаң жарып көңіл, Сен де бір – қайыршы мен ғаріп те бір. Тордағы торғайдай ғып шырылдатып, Биікте бір самғатпай налытты өмір! О, мейлі, тағдыр мені азаптасын, Айтар да тарих əлі қазаққа сын. Бар ма екен қызыңда арман басқа жұрттың Еркекпен тең ұстаған азат басын. Ары өтіп, бері өткенде Əріп ақын, Соны айтып, ағынан бір жарылатын. О дағы көп күрсініп, күңіреніп, Тірліктен тірек таппай тарығатын. Самғап та кетпеген соң көсіле бір, Ақын ғып жаратты екен несіне өмір? Шынымен мына Салдың жоқ па мұңы, Болмаса қыр көрсеткен сесі ме құр? Шалқиды, шамырқана шарықтайды, Асаудай бойына қол дарытпайды. Сұңқардай саңқ-саңқ етіп тоқтады-ау бір, Жүрекке от, көкірегіме жағып қайғы...
Сара саңлақ * Жалғасты айтыс əрі... Ел тынды іштен. Түп-түгел топырласып, Серпілді істен. Бір-бірін бастырмалап кетті ақындар, Сахара көрмеген бір еркін күшпен. Айғайды кезек-кезек асырып ап, Сырт көзден өз міндерін жасырып-ақ. Толассыз, тоқтамастан сілтеседі, Бірінен-бірі түсіп басымырақ. Бір-бірін басып-жаншып кетер ме деп, Жатты жұрт даурығыса көтермелеп. Шалғайда шұрқырасқан жылқылардан Басқадай құдірет жоқ етер бөгет. Сапырып, сары қымызды құрақ ұшып, Елпілдеп, ептілер жүр шын-ақ ұшып. Сауымы өтіп кеткен құлындар да Елеңдеп, желісінде тұр алысып. Ақындар домбырасын ұрып қатты, Бір-бірін тұтқиылдан іліп-қақты. Алыста ат тұсаған ақсақал да, Аңырып, ауыз ашып тұрып қапты.
Сара саңлақ Талайдың маңдайынан бақ тайғанап, Тура сын талайларға жақпай да қап, Мелшиіп, меңірейген біреулер де Аңқиып қала берген қақпай қабақ. Айтыстан айнала бір тарап айбар, Жер шұқып, жасып қалған бар ағайлар. Дірілдеп Ешкіөлместің тауы да үнсіз, Балбырап, балқып тұрды қарағайлар. Меңіреу көкірек бар ұқпаған қай, Сұңқылдап, бұлақ жылап-сықтағандай. Бозторғай тас төбеде безілдейді Біржан мен Сара сөзін кұптағандай. Ақындық кұдіреттің көр еңсесін: Ақ үйлер ұзартыпты көлеңкесін. Сара да шүйлігеді жемтігіне, Борандай бұрқыратып өлең сесін. Сөз селі боран болып бұрқырады, Белгісіз қайда барып бір тынары. Шегелеп біреулерін тұрған жерде, Жүрегін біреулердің жұлқылады. Біреудің сай-сүйегі сырқырады, Біреудің қанып-ақ тұр шын құмары. Айыбын енді аңғарған баз-біреулер Кірерге тесік таппай бұлқынады.
Сара саңлақ Ұмыт боп ел біткеннің дерті мүлде Ұйыған осынау бір елтіп үнге. Бұлбұлдар көмекейін бүлкілдетіп, Бақалар балпылдайды жер түбінде. Тигендей мүлгіп тұрған баққа дауыл, Кесек сөз бір-біріне атқан ауыр. Əйтеуір үнсіз мүлгіп, тілсіз күлді Ешкіөлмес етегінде жатқан ауыл. Қияли тартты Сара қашыққа ұшып, Жанардан манағы бір қашыпты шық. Соңғы рет сөйлеп қалсам дегендей-ақ Бір тұста Біржаннан да асып түсіп. Біржанның бірінші монологы Ерекше көзге түсер жұрт ішінде, Бір мін жоқ жан екенсің түр-түсіңде. Табиғат бөлек етіп жаратыпты-ау Сымбатын, сыңғырлаған күлкісін де! Бала екен бұлбұл қонған таңдайына, Тағдырдың кез боларсың қандайына?! Сорың боп жармасар ма жаман біреу, Бақпысың бір жігіттің маңдайына? Ортаңнан оқшау тұрған дара тұлғаң, Құр емес қыз екенсің ар-ақылдан. Жұлдыз ба деп те қалам жарқыраған Бар қазақ аспаны үшін жаратылған.
Сара саңлақ Өлеңді тал шыбықтай иіп кейде, Қайтеді – сорғалай ма, биіктей ме?! Самғаған көктің қыран құсындай ма, Немесе қырдан қашқан киіктей ме? Дəл атып сұр жебедей сөзін бейне, Қайтеді – ашына ма, безілдей ме?! «Қайғым бар зіл запыран көкірегімде, Сөз ұқсаң – түсініп көр өзің», – дей ме? Бір сөзін бір сөзінен əрі асыра, Не дейді? – тиме дей ме жарасына?.. Немесе жеткіз дей ме басындағы бар мұңын жалпақ қазақ даласына? Не дейді? – Соның бəрін жеткіз дей ме, Сөзіңді біреулерге өткіз дей ме? Даусында діріл бар ма? Еркелік пе? Асылық, астамдықпен жоқты іздей ме? Бал жүзі ұқсай ма əлде тұнған шайға, Көсіліп кететін бір қырды аңсай ма, Мұнысы тағы қандай жұмбағы еді, Бойында мына қыздың тұр қанша айла?
Сара саңлақ Болмаса көңіліне – у, зарға етегі толып та жүрген жан ба əлде тегі?! Əйтеуір, еңірете, ес кетіре, Тербеле, тебірене əндетеді. Өзінен сұрап бəрін білсем бе екен, Немесе балапандай ілсем бе екен? Шайлығып, шалдығатын түрі жоқ қой, Дегендей жыр нөсерін бір селдетем. Қырғи боп тұтқиылдан төнсем бе екен? Жеңісті осыған-ақ берсем бе екен?! Қосағы қандай екен перизаттың, Шақыртып жан жұбайын көрсем бе екен? Өрленіп кетеді екен еңсең кейде, Не дейді? – Илеп-бүктеп жеңсем дей ме? Біресе тау суындай тасып барып, біресе егіле ме, кемсеңдей ме? Жақының жан демеген еркіңді елеп, Қыз ба едің өртің де көп, дертің де көп. Жалғанда жай оғындай жарқылдауға Жүр ме екен бата бұзбас сертің бөгеп? Бала екен өзі де бір нұр сымбатты, Байлаған кімдер екен қыршын бақты?!
Сара саңлақ «Бəйге алмас байтал шауып» – деп кемітіп, Сараны көрмегендер былшылдапты... Жаным-ай, бұл екпінің бармақ қанша? Тұратын жан екенсің жар мақтанса! Қайғыңды қақ бөлісіп кетсем бе екен, Тəңірі-ай, сендей қызды зарлатқанша. Құтқарар қанша дейсің менде де ерік, Қарағым, қала көрме сен бөгеліп. Сыртыңнан сүйсініп-ақ жүрсеші елің Аққудай таранғанын көлде көріп. Құлап деп қақ суына үркіп өтпес, Бір əн деп əуенінен күлкі кетпес, Аялап жүретін-ақ жан екенсің Сыртыңнан болып елің шын тілектес. Іркілмей, қуатыңмен бұрқырап бар, Шырқап қал, топ алдында шырқырап қал. Іштегі іркіп келген көп сырыңды Аянбай осы жолы сілкіп ақтар! Бойыңда не бар – төгіп, сарқып ақтар, Кез емес тізгін тежеп, жан тұрақтар. Маңдайға сыя қоймас жан екенсің, Бір рет, кұрығанда, жарқырап қал!
Сара саңлақ Халқыңның шерімісің, зарымысың, Аямай көкірегіңде барын ұсын! Жаралған жұрттан ерек жан екенсің Жарқырап жұлдыз болып жану үшін. Жарқ та жұрқ жарқыра да айнадайын, Қалғанын білмей де қап қайда уайым, Осы тұс өз еңсеңмен көрінші бір, Қаракөз қарындасым, айналайын! Болсын да қайғы-мұңнан үміт үстем, Жырыңмен шердің бəрін жібіт іштен. Ақынның тірлігі де тірлік емес, Ақымақ надандарға күні түскен. Біз де сол болмаса деп кіріптарлық, Енесін ел сөзінің ұрып барлық. Бас қосқан болыс-бидің үстіне де Қасқайып, қаймықпай сан кіріп бардық! Жақсыға жақын тұтар санап анық, Жастықта «мықтыларды» жағаладық. «Қанеки, соныменен шыққан мүйіз?» – Талады-ау талай «тəбет» қамап алып! Жасықтан айырған ба алмасты олар, Өзіңді, кезі келсе, жамбасқа алар. Жармасты жағама да, домбырама Жанбота, Поштабайлар Һəм басқалар.
Сара саңлақ Шыға алмай шын жақсыны қорғап ағаң, Сырым көп саған əлі толғамаған. Көл тұнды көкірегімде Көз жасынан жақсының жанарынан сорғалаған. Ақындар жатты айтысып іркілместен, Жолды айтып, жорықты айтып жұртым кешкен. Талайлар таңдайларын тақ еткізіп: «Сөзім-ақ! Уай, пəле! Шіркін!» – дескен. Жалғанға өлең өзі билік құрып, Тұрды бір түгелдей сол күйді ұқтырып. Арбасқан ақындарды бір-біріне Қырандай қия шыңнан шүйліктіріп. Ерке жыр еміндірте қуатты алып, Жүректен бірде жалын, у ақтарып, Дұғалап, арбағандай осы аймақты, Жан-жақтан жетіп жатты шұбап халық. Əртүрлі əн сиқыры бағаланды, Ашылмай біреулердің қабағы əлгі. Қой-қозы əлдеқашан жамырасқан, Пісілмей сансыз бүгін саба қалды.
Сара саңлақ Айтылмай абысында өсек қалды, Жиналмай түнде салған төсек қалды. Бір тынбай əн бораны бұрқырайды Қарсы атып қақ маңдайға кесек қарды. Ортада қымыз күңсіп ішілмеген, Ет сылынып ошақтан түсірмеген. Сиқырлап тастап бəрін, тербеледі Өзінің қан қыздырар күшінде өлең. Қарамай бас-көзіңе кетіп енді, Сал Біржан самғай шырқап, екіленді. Сапырды сары өзендей өлеңді бір, Бөріден үріккен қойдай етіп елді. Шықпаған шыңы қалмай самғап барып, Көп сырын айтпай келген салды ақтарып. Сал əуен сахараның самалымен Таспадай тарап жатты тармақталып. Асау жыр ағынды арна тапты ма анық? Алқынта сан жүректі қақты барып. Түп-түгел тұтқындалып, тынып іштен: «Да...ри...ға...ай, қайтсін!.. – десіп, жатты халық. Қараса қам көңілі, көз жасына, Жетті ме көзі шын-ақ озбасына, Тұтқиыл бір бүйірден төніп те кеп, Тиісті Сара қыздың өз басына.
Сара саңлақ Жоқ! Тіпті жеке бастан таппай да мін, Есті-ау бір үскіріктей жат қайдағы үн. Дүбірге еті қызған тұлпар тегі Басқаның қамын ойлап, сақтай ма арын?! Сол болып сүріндірер бір тапқаны, Сал Біржан нөсерлете шырқап тағы, «Алдыртшы сүйгеніңді, көрелік!» – деп, Сараны соңғы сөзде бұлтартпады. Апыр-ай, қатыгез ең өмір неткен! Сараны алды-ау тағы кеңірдектен. Онсыз да аз болып па жас басынан Есесі өзгелерге небір кеткен. Онсыз да қырдың заңы етіп үстем, Жасынан шердің улы отын ішкен. Көкірегі қақ айырылып, ақ ұратын Көп тартқан күйініш пен өкініштен. Аз ба еді əулетті мен ездегі кек, Өршітті-ау Біржан тағы сөзбен іреп. Өлеңмен қайтармақ боп барша мұңын, Ойламай тұрған шақта өзгені көп. Санап па саңлақ ару өзін кемге, Өткізген шаршы топта сөзін де елге. Ақылы асып тұрып,
Сара саңлақ Қорланады-ау, Тағы да дəрменсізін сезінгенде. Не қылсын мына заман өткірлігін, Өлеңін, өнерін де, от тірлігін. Өрде озар көңіліңді зілмен басып, «Өтерсің шерменде боп!» – деп тұр бүгін. Салың да ұстар жерін білген екен, Сараны сағағынан ілген екен. Шынымен аз қызығын көп көрді ме, Мына бір тірліктегі түрмеге тең? Сараның екінші монологы Дариға-ай, тура келген оқты мына Дарытпай кетер айла жоқтығы ма? Бар жайды баса-баса төксем бе екен, Жүргенім жетті емес пе көп бұғына?! Апыр-ау, несіне енді тартынамын, Қарапты ашынғанда артына кім? Ақтара айтсам ба екен, тақсам ба екен Елімнің əділетсіз салтына мін? Сан ғасыр сыннан өтіп дəріптеле, Жан-жаққа жатқандай-ақ дарып келе. Шыға алмай соның торлы шырмауынан, Тіл қатпай қалып едім Əріпке де.
Сара саңлақ Ол да бір ер-жігіттің төресі еді, Лебінен сөйлеп берсе жел еседі. Оның да өр кеудесін баспақ болып, Келеді тыным бермей ел өсегі. Біліммен жүріп тұрған өктемі елге, Бақытқа соның қолы жетпегенде, Бұлқынып, бұғау үзіп шықпадым деп, Шырылдап, шарқ ұрам ба текке мен де?! Қаншама алдыма иіп ардақты атын, Жолдады жылап өлең, зарлап хатын. Немесе біржолата елден безіп Болмадым сол бір ғашық жанға-ақ қатын. «Көп сыр бар көкіректе тарқамаған, Тіл байғұс асығыста айта алмаған». Дегені тағдырға айтқан наласы ма, Біздерді екі жаққа арқандаған? Жеңдіріп келемін көп арды заңға, Армансыз шөлім менің қанды зарға. Жаланған Сал алдында қорланбай-ақ, «Сүйіктім» Жиенқұлды алғызам ба? Алғызып көрсетем бе көрмесіне, Қайтермін бұра тартса ол да есіре? Кекетіп: «Ақын Сара барыпты, – дер, – Дəл танып, тура тауып теңдесіне».
Сара саңлақ Сара да теңдесіне барыпты дер, Болмаса бəрін де өзі танып білер. Демінен жел соқтырған Біржан салдың Дер шағы туды білем анық күлер. Алдырмай қайда барып құтылармын, Біржола күйреп, күйіп, ұтылармын. Тағдырдың тəлкегінен қайда қашам, Сынармын, шағылармын, шытынармын. Болмаса осыған да тоқтау етіп, Тынсам ба сөз аяғын жоқтау етіп. Жо, болмас, Біржан Салдың ащы тілі Ет түгіл, сүйектен де кетті-ау өтіп. Несіне енді жасып, жасқанайын, Менен бе бұйырмаса басқаға айым. Салдың да жүрегіне дəлдеп атар Оқтан да өткірірек тас табайын. Тəңірден тілемей-ақ жəрдем де мен, Асаудай ала қашып, алға өрлеген, Кетсем бе бет қаратпай қарсыласып, Қуатты кеудемдегі бар демменен. Жоқ əлде барлық сөзін жалған ұғып, Жарқылдап жүйткиін бе Салға күліп. Жөнсіз бір түтейін бе жүндей өзін, Болмаса күтейін бе алдан үміт?
Сара саңлақ Шерімді жеткізем деп енді кімге, Қобыздай күңіренемін мен бүгінде. Тірлікте азап бар ма, түкке түрмай Кеткеннен өнерің де, ерлігің де. Қайтемін? Көнемін бе, кектенем бе? Не дермін қорлығы көп өткен елге? Дүние-ай, мазағыңа душар еткен Өзіңнен ақыл-есі көп төменге. Қайран тіл қайрылдың-ау, күрмелмеген, Жасыды-ау, көңіл де еркін шыңға өрлеген. Бір күдік, бір үміттер елеңдетіп, Қараймын арман алыс күндерге мен. Кім білсін жылатар ма, жұбатар ма, Алаңдап қарай берем мына таңға. Қосауызды мылтықтай күңіренем, Оғы болмай қаңсыған бір атарға. Бір сөзі бір сөзінен өктемірек, Сал Біржан өлең сөлін төккен үдеп. Жаныма əдейі арнап тиді ме екен, Қайғысы бір басына жетпеді деп. Білмеймін, жүрмін қалай тұншықпастан, Əйтеуір асып та тұр қырсық бастан. Өтуді жазды ма екен маңдайыма Арманның биігіне бір шықпастан.
Сара саңлақ Əн десе көмекейі бүлкілдеген, Бұлбұл ем, Неге бүгін іркілді өлең? Бетіме жоқты-барды шіркеу етіп, Не жаздым тəңір атты шіркінге мен? Жазығым əйел болып туғаннан ба, Аяқты жіпсіз тұсап буғаннан ба? «Тумай-ақ кетсем еді!» – деп те ойлаймын, Көкірек запыранға уланғанда. Жасаған ұрғашы етіп, «қарғағасын», Кімдерді пана тұтып зарланасың? Не дерсің Біржанға да сері-сүрей Дəл тауып тиіскен соң жан жарасын. Сал Біржан – əріптесім, қанаттасым, Сараның тең жүйрікке санап басын, Келіп ең əдейі іздеп, амалым не, Осылай халқым жерге қаратқасын? Сұңқарды сілімтікке талатқасын, Адалды ит пен кұсқа жалатқасын. Не дейін табиғатқа, Өнер беріп, – Өзімді төмен етіп жаратқасын. «Бұйрықсыз кəсіп етпес зарлағанға, Тұңғиық сөзім терең барлағанға,
Сара саңлақ Тақсыр-ау, он сегізге биыл шықтым, Сен жүйрік ілесе алмас самғағанда. Жан едім еркегіңе теңгерілген, Сөз пірім он жасымда меңгерілген. Нəп-нəзік, көзге олқы көрінсем де, Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген». Сал аға, тұрмадым ба сертімде мен, Қай қыздан өзің көрген көркім де кем? Шегіне қол тимеген қақ төрдегі Халқымның домбырасы ем шертілмеген. Елімнің болсам-ақ деп мақтанары, Күй едім тартылмастан жатқан əлі. Құтылып қайда кетіп, қайда барам, Бұйырып қойғаннан соң жатқа бəрі. Жар етпек жүрегімді жалғыз үптер, Айт енді ағайынға, алғызып көр. Не соған мені мүлде қосып бер де, Болмаса арамызды мəңгі үзіп бер. Сал Біржан, тағы асып, тасарсың да, Бетіме салық етіп басарсың да. Тағдырдың маңдайыма жазбағы сол, Салған соң тəңірі басқа қашарсың ба? Осылай Сара біраз үнсіз қалды, Бал жүзі бір қызарып, бір сыздады.
Сара саңлақ Біреулер сүртіп көзін, Тағы біреу Ішінен табалайды «құнсыз қарды...» Апыр-ай, барып-барып біраз үдеп, Қалдың ба, қайран Сара, сірə жүдеп. Қай ақын қай заманда дəуіріне Көріпті тірлігінде разы боп?! Қай ақын барда таза мына жүрек, Көріпті заманына разы боп. Парықсыз көп шіріктің несі кетер, Қаңғып өт, қу далада құлазып өт. Көрініп бір үміттер көзіңе алдан, Əрдайым кетпейтін бе озып арман. Тарих көп біледі ақындарды, – Өзі өліп, өлмейтұғын сөзі қалған. Сиыспай бойыңдағы күш тілекпен, Іздейсің қолға түспес кұсты көктен. Қарғайсың қайдағы жоқ Құдайыңды, Сарнатып, сар далада мүшкіл еткен. Қалған соң көкірегінің оты еленбей, Қайтсін ол саяқ шығып жекеленбей. Жарқырап жай оғындай өтсе екен-ау, Торығып, тынып іштен кете бермей.
Сара саңлақ Теңдік жоқ жететіндей өрті көпке, Кеңдік жоқ – қанатын бір серпімекке. Ұға алмай немесе өзін ұқтыра алмай, Кетіпті-ау, шіркіндер-ай, көр-түнекте! Ұландар өтіпті-ау бір дүрілдеген, Қырандар көздегенін бір ілмеген. Жүйріктер айлап шапса алқымы іспес, Тұяғы тасқа салса сүрінбеген. Дауылдың өтінде өткен қырдағы ұдай, Сыр бермес сырттағыға, шыңдарым-ай! Кешегі кер заманда нысанаңа Кетіпті-ау атқан оғың бір дарымай! Көз жасын Саралардың көтере алмай, Қара жер бұлқынып қап... кете барды-ай! Тастадық бел асырып бір дəуірді, Тұрғанда қара дауыл етек алмай... ...Өтті де сусап қырда, кейде шөлдеп, Жетті ме осылай да бір сөйлесем деп, Кетті олар кең даласын талмай жырлап, Көріктей кеуделерден ой нөсерлеп. ...Оларға өлеңің не, өнерің не, Көр көңіл селт етпеген нелер үнге. «Намысты жіберме», – деп күпініскен, Сал Біржан Сараны іздеп келерінде.
Сара саңлақ Қызынған бəсекеде, ерегесте, Бақталас Арғын-Найман елі емес пе. Сараны сасық намыс құралы етпек, Қалмаса қараң қалсын өлеңі есте. Жаныңды өртей ме бір дертің мейлі, Құлағын бөгде сөзге ел түрмейді. «Шырағым, Сара, саған не болды?» – деп, Ағасы Есімбек те елпілдейді. Əйелге еңкеймейтін салтты бүктеп, Қажы да қалбалақтап аптығып кеп: «Аптыққан Арғынды бір дөңгелет!» – деп Сараны жалбарына жатты үгіттеп. Атаны, абыройды, бақты айтысып, Ақылын əркім солай жатты айтысып. Көбінің көңілі шын елжірейді, Сараны іштей енді жақтай түсіп. Қала ма Сара даусын күрт үдетпей, Салынды соңғы рет бір сілкіп өтпей. Шоқтығын өзгелерден бір асырып, Тілеуін төңірегіне бір тілетпей. Қалатын қарсыласы үркіп өтпей, Кеудеден сөз дариясын күркіретпей. Апыр-ау, Сара неге үнсіз қалды, Қабақтан манағы бір бұлты кетпей.
Сара саңлақ Біржанның мына соңғы сөзі өтті ме, Шынымен шықпай ма енді өжет күле? Тұсап-ақ тіл құрғырды тастады ма, Өкініш өртеп барып өзекті де. Біржанның екінші монологы Бір сөз үшін аузымнан шыққан ағат, Аусар ма деп, Саражан, шытпа қабақ. Мезі етіп біткен мені бірі ұнатпай, біреулердің қылымси құптағаны-ақ. Жамандарды жататын жоқтап ұлып, Жаралайды жаныңды көп тағылық. Оза шыққан дүлділге ор қазғанын Көрген сайын саламын топта бүлік. Арыла алмай сол «күнə-кеселден» де, Ұқсай да алмай, ағайын, не сендерге, Барлығыңнан бір сəтке жеріп кетіп, Еріп кете беремін «есерлерге». Не күнə бар деймін де, тұрған мұнда, Көзсіз кіріп кетемін бір даң-дұңға. Еріккеннен емес-ау, сендерден сол Зеріккеннен келеді «жынданғың» да. Қателеспей, Қайғырмай, Жаңылыспай,
Сара саңлақ Жұлқа сүйреп жүрегің алып-ұшпай, Қыз-қыз қайнар жыр қайда? Қаһарыңнан Қарсы келген тірліктің бəрі ығыспай! Содан шығар... Ат жалын тартып мініп, Шалқып-тасып келемін, артық күліп. Қарқаралы басынан əн шырқадым Құшағында сұлудың балқып тұрып. Осылайша барыңды қанша ақтарып, Жүрген шақта, дүние-ай, жан шаттанып, Көтере алмай, көре алмай жөнеледі-ау Бір ісіңді қалың ел сан-саққа алып. Баптаумен бəйге атындай сөз сəндеген, Өнердің өріне қол созсам деп ем. Балағыма жармасқан көп шіріктен Ойым да жоқ тірлікте озсам деген Қазынасы, деуші едім, көптің кеудем, Жақпай жүрген жайым бар отпын деумен. Алты алашқа атымды жайды жұртым, Бірі мақтап, біреуі тек күндеумен! Сері аталып, елінде Сал аталып,
Сара саңлақ Азамат боп ат міндік, қара танып. Жүрек шіркін сонда да тыншымайды, Тағдыр қайда тастар деп тағы апарып. Толып та сол көңілге тіршілік кей, Басқа бақыт тəңірден жүрші күтпей. Жаның тоят табар ма Жағадан ап, Жағаласқан жауыңды бір сілікпей! Отты іздеумен, қайдағы жоқты іздеумен, Алағызып тұрады-ау көк құз кеудең. Соның бəрі еркіндік, бір кеңдіктер Қайда барсаң қашқақтап жеткізбеуден! Малша оралып біреуге, аңша ауланған, Жеткізбей-ақ кеттің-ау, аңсаулы арман! Дара қалған басым мен көп шайлығып Жараланған жүрек бар шаршаулардан! Үлесіңді алатын ірі уыспен, Жазылмапты-ау маңдайға жүру үстем, Бақытыңды тонаған пенде қанша біреулері қулықпен, бірі күшпен. Арыстандай атылған көкке бейне, Асып тудым атадан деп те кейде,
Сара саңлақ Сыртқарыға сыр бермей шалқып алам, Қалсыншы деп көп күшік беттемей де. Шоқтығына жармасып көп тілектің, Жасымнан содыр-сойыл соққыны өптім. Күңіреніп бақсыдай дала кездім, Көкірегім қан жылап оқтын-оқтын! Еліміз деп, еңіреп жүрдік күнде, Тізгін тартып туғалы сыр бүктім бе. Адалдықтан не таптық, жасаған-ай, Тақсіретін көп тарттық тірліктің де. Мұзбалақтай самғауға өрлеп өрге, Сау басыңды саудалап ел көнер ме. Атылардай боласың, аһ ұрардай, Көкіректі көп ойлар кернегенде. Ақылымен алдына топты иірген, Абайдың да көріп ем «тоқ» күйін мен. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім», – деп, Көп күңіреніп, Жол таппай, көп күйінген. Қалың қазақ басынан бағы ұшқанын, Алауыз боп қырқысып, шабысқанын Егіле айтып, еңіреп отырды-ау бір, «Мыңмен жалғыз алысқан» – арыстаным! Қайда барсаң жалғанның бəрі апаттай, Жазылады жылаумен жарақат қай?
Сара саңлақ Қыз – зорлықта, жігіті қорлықта өткен Заманына жүр ол да шара таппай. Шығамыз деп тұманнан жарып қалай, Данышпандар да өтіпті-ау анық талай. «Ел қыдырған кешегі есер шақта» Дүниеңді келіппіз парықтамай. Шыжғырылған шырылдап шоққа кеуде, Сендегі шер, Саражан, жоқ па менде?! Кең тірліктен таяныш-тірек таппай, Талай сезім дарымай кетті-ау елге! Ой мен ақыл зынданға тұр қамалып, Бұйырмай-ақ еркіндік жырға да анық. Қайғымды айтып кеттім бе, қайран Сара, Бір сөзіммен жараңды тырнап алып. «Жиенқұлға жіберме шақыруды, Үйде білер өнерсіз аһ ұруды. Зығырданым қайнар да көргеннен соң, Мұнда бекер алдырма кəпіріңді!». «Күйеуіңді алдырт тез!» – дегенге өзің, Қалдың ба шын жасып-ақ, көген көзім. «Байлаулы бала құстай», қарағым-ай, Жеткені ме тағдырға көнер кезің.
Сара саңлақ Жамандауға өзіңді көз қияр ма, Өмір, шіркін, еңсеңді езді ұяңда. Мерт те болып кетпепсің құрығанда Қалқып ұшып қырандай өз қияңда. Қайтпексің еліңе осы ұнаса дау, Ойымда жоқ оларын күнə санау. Есімбек, Тұрысбектей туысыңды, Саражан, тағы да бір сынасақ-ау! Қайрылмастан қайдағы күдік бөгеп, Сынасақ па, сынасар жігіт пе деп, Шырылдатып қосқанда Жиенқұлға, Обалыңды көзіңе іліп пе елеп? Сынасақ бар... Шынымен жақтамай ма? Абыройын еліңнің сақтамай ма? Тырнағына Сараның тұрарлықтай Бір еркек тумап па екен Қаптағайда?! Артығы екен адамның мына Сара, Етекбасты көп көріп жыласа да. Əйел түгіл, Мен көрген еркектердің Жиылып кеп өзінен бірі аса ма?! Түксиісіп, теңселіп, не жымиып, Тебіренген туысың сөзіңе ұйып.
Сара саңлақ Ақсұңқарын талатып жапалаққа, Сені қалай жылатар көзі қиып? Көз жасыңды көрмеген, іркілмеген, Болып еді жатбауыр жұртың неден? Боқтығына тірліктің сені қиған, Тастанбектей не десем шіркінге мен! Даңқыңды естіп, Арқадан көре келгем, Қош бол, Сара, ел жаққа жөнелем мен. Енді қалған жасымда əнге қосып, Алты алашқа танытам сені өлеңмен. Терезеңді тең ұстар баласынбай, Жан екенсің жұртыңның данасындай. Сені көріп ұқтым мен сырын қанша Жүрген қазақ қызының бағы ашылмай. Заман-ай, бұл! Жараңды жаспен емдер, Қайда деп те қиналам басқа ерендер. Қойғаннан соң еңсеңді бір көтертпей, Ащы үніңді естімей «тас кереңдер». Деп тиетін сөз қайда бұрын кейде, Жасымаған жүрек те дірілдей ме? Екі күндей зарлаған жан сырыңды Мыналардың құлаққа бірі ілмей ме. Тартынып қалар тіпті кез бе бүгін, Осы ма кетіргені сөз де құнын?
Сара саңлақ Бір қызды жылатпауға жарамасақ, Қалайша жұтабпақсың өзге мыңын? Қалса да ойың айтылмақ еңсерілмей, Осы жолы барды сап көрші ерінбей, Жыр не керек, қысқасы, Болмаған соң Қас батырдың бір сілтер семсеріндей. Сілкіндірген дауыспен шың-құзды да, Қалың елдің құлағын түргіз мына. Тасынасың несіне, ала алмасаң Арашалап, апыр-ау, бір қызды да!.. Екі күндей ақындар сілкілесті, Найзағай ғып өлеңнің бұлтын есті. Бебеу қағып, бір тұста баяулап кеп, Шамырқана қайтадан күрт үдесті. Шарпылатын шабыттың шағына бұл, Жаны қалмай шабылды шағын ауыл. Жаны кіріп сүйсініп тұрғандар көп, Баса-баса айтса деп тағы да бір. Балқытып қара тастың өзін де өлең, Бойды алып, бебеу қаға безілдеген. Тамырда қыз-қыз қайнап, тасып қаны Қыз да көп өткен түні көз ілмеген.
Сара саңлақ Арқырап кеп, біресе жайлап ағып, Саңлақ əн самғап тынар қайда барып? Айнала емін-еркін өзі билеп, Жүрегін жұрттың жіпсіз байлап алып. Көшкіндей сан-бөгеттен сырғып өтіп, Қарқынын қақарлы жыр тұрды үдетіп. Біресе қорқып қашқан киіктей боп, Елеңдеп, ентігеді дір-дір етіп. Біресе орман болып күңіренді, Арман болып ындыны құрып өлді. Біресе бүркіттей боп дəл түседі, Түп-түгел тас шеңгелмен бүріп елді. Біресе өзен болып сарқыла ағып, Өзгеге ес жиғызбай қарқыны анық, Жүректі шымырлатып, шыңылдатты-ау, Сезімді шыңыраудан тартып алып! Біресе жігіт болып жар мақтасты, Біресе үміт болып алдап қашты. Біресе Арғын-Найман асылы боп, Тең түсіп таразыға салмақтасты. Біресе жұрт сүлдері құрып əлгі, Атылған жолбарыстай ыңыранды. Біресе тура тиген найзадай-ақ Жүректе дір-дір етіп тұрып алды.
Сара саңлақ Біресе аспан астын шайқап тағы үн, Өрттей-ақ өршеленген жайпап бəрін. Азынап, аласұра айһай, дүние, Адуын айбатын бір байқатты арын! Арғымақтай арынын кеш үдеткен, Екпіндеп кете берді осы бетпен. Жатты жұрт қозғалып қап, Қазекеңнің Қашаннан өлең десе есі кеткен. Дей ме қыр: «Бəрін-бəрін ақтардым, көр!» Таңырқап, таңдайын да қақты əркімдер. Көлеңдеп көз алдынан бір-бір ұшып, Зымырап, сулап ағып жатқан күндер! Естілмей екі күндей ат дүбірі, Матайдың жырға балқып жатты қыры. Біреулер ессіз күліп, есінесе, Алапат ауыр ойға батты бірі. Көрмеген көңілдер де өзгеге иіп, Жиырылып-жазылады сөзге күйіп. Жаншылып бара жатқан сияқтанды, Ар-ұят ауырлығын сезген иық. Өр екпін омыраулап, бұрқағанда, Қайысып қала берді-ау қыр табанда. Көрместен, көзге ілместен басқа əлемді, Не жетсін осылай да бір шырқағанға!
Сара саңлақ Қызығың болмай-ақ та басқа білген, Кетердей жаншып-езіп тасты арынмен, Армансыз ақтарыла бір сөйлесең, Жалғанды жалғыз жайпап жасқар үнмен! Айнала асқақ үнмен бөлеп тіптен, Қайда да қарсы атылып күйге ентіккен, Арылып пенделіктің шаң-кірінен, Айыға ақсаң-ау бір күйректіктен. Жан сырын жатсын қанша ол ақтарып, Ақынға қимайтының сол-ақ, халық! Өлсе де – өледі екен о сабаздар Əлемді от құшаққа орап барып! Өрт болып ездері де маздап өткен, Өмірден үлесті де аз дəметкен. Бас берген бəсекеде, Құтқарам деп, Шіркіндер сұлулық пен назды əлектен! Білмеген жағына да, табына да, Ұстаған пенделіктен жанын ада. Көрмепті тəуелді боп, керек десең, Қан тамған қылышынан ханыңа да. Құлы боп, құмартпаған мəнсапқа онша. Ежелден еркіндікті аңсап қанша, Жаяу ма? Жарлы ма əлде?
Сара саңлақ Елеместен, Жетті деп жүре берген жан шат болса. Кейде бір жаның күйіп, құлазысын, Кеудеңде от барына разысың. Еңсеңді тірлік қанша езгенде де, Қырыңның жұртқа жасар біразы шын. Біреуге атын айтып сұс қылмаған, Керексе, көзге ілмеген «күштіңді» арам. Жұртқа айтар сыры барда, жыры барда Басқаңды көтіне де қыстырмаған. От кеуде, аппақ ары, өр тілекпен, Қапасқа қамасаң да – еркін өткен. Сонда да басына бір бақ дарымай, Əйтеуір асып жатқан дерті көптен. Көнбеген ел сөзінен ол шеттеуге, Көрмеген бақталас боп, өлшеп кеуде. Асқақтай түскені рас, басқаларға Былайғы көп шерікті көрсетпеуге! Шыдатпай кейде тіпті тасыған кек, Мақтайтын өзін-өзі асыра əрлеп. Жарқырай түсіп қанша, Сырт көздерден Басқаның жамандығын жасырам деп.
Сара саңлақ Елікпей даңқыңа да түрлі арбаған, Елім деп еңіреген, бұлданбаған. Жалғанға жалғансыз-ақ ғашық болып, Арманға тірлігінде бір қанбаған. ...Сал Біржан, саңлақ ару Сара бүгін, Танытып тағы да сол даралығын. Армансыз аңырай бір жосылда-ай кеп, Жиналған топ алдында қара-құрым. Аянбай ойдағыны ақтарысты, Бар болса бойда құны – мақтанысты. Төстесе, тістесе бір тұрып алып, Біресе жығылуға шақ қалысты. Əйтеуір сілкілесті сөзді ірікпей, Біреуін бірі басып озды күтпей. Ақындық құдіреттің ақ сайтанын Бос кеуде иттерге де сездіріп кей. Кейде бір кетісіп қап ардан да əрі, Айтпаған, ақтармаған зар қалмады. Жаңбырдай шартарапқа тегіс тарап, Қуаныш, күйініші, армандары. Борандай бұрқап өлең небір енді, Тамсана, таңырқап жұрт лебіне ерді. Тілегін жеткізем деп елге тегіс Соңғы рет Сара қыз да тебіренді.
Сара саңлақ Сараның соңғы монологы Көңілдің осындайда оты өрлемей, Қу тағдыр, келгенің-ай бекер бөгей! Байлаулы бұлбұл етіп қойды елім де, Обалым ез мойныңда кетер демей. Тілемей басқа тілек Алладан мен, Арманға жетсем деуші ем самғап əнмен. Тірліктен өтсем деуші ем бір гүл болып, Жарқырап жұлдыз болып қалмағанмен. Бұлағың толқып аққан көлге айналып, Тұрмай да қазіргідей қол байланып. Аққу боп, айдындарда жүзсем деп ем, Аңырап, араға бір қонбай барып. Жүйріктей қашқан аңын құтқармаған, Еселеп өссе деп ем сырттан бағам. Тұп-тұнық тұма болып тұнсам деп ем, Суынан сусап ішіп, жұрт қанбаған. Асқарға балап елде бар төбені, Асырып көрсем деп ем мəртебені. Жыр етіп жеткізсе деп сан ұрпаққа, Жоңғардың жылдарға айтып қарт емені. Ақтарып айнала бір назды армандай, Арқырап өтсем деуші ем азға алданбай. Түп-түгел төксем деуші ем туған жерге, Кеудемде сыңсып аққан саз бар қандай!
Сара саңлақ Жалғанды жалт қаратқан жарылыспен, Атылып жанартаудай жалын іштен, Жүректі алыстырып көрсем деуші ем Қырдағы долы дүлей тағы күшпен. Жаныма табам демей маза қайдан, Кұшағын дүниеге таза жайған, Болып та өтсем деп ем далама бір Шарт та шұрт шатырлаған нажағайлы əн! Жастыққа болсам-ақ деп батпаған ай, Шырқап ем шұғылалы арай жаққа қарай, Топшымнан ұша бере үзіп түскен Қаншалық қатыгез ең, хақ-тағала-ай! Алыстан ақ жаңбырдай төніп келіп, Туған жер, тұрмас па едім төгіп-төгіп. Бұлбұлдай сайрамас па ем, Қойсаң, елім, Басыма бұлттағы жоқ ерік беріп. Жұлдызым жоғарырақ жанса көкте, Деуші едім, Салдың, тағдыр, канша əлекке, Армандап келіп едім жалғыз сөзім Суымай соңғы ұрпаққа барса деп те. Дариға-ай, жұртыма сол жетсе тілек, Кернеген көкіректі кек сетінеп.
Сара саңлақ Алаңсыз ақсұңқардай заулар ем-ау Туған жер топырағына өкше тіреп. Асқақтап, айнала сан жайды ұқтырып. Қарамай, Қарсы келсін қай «мықтылық». Тұрды жыр дос төбесін көкке тіреп, Жүрегін дұшпаныңның шайлықтырып. Тірліктің балы көп пе, зəрі көп пе, Тыңдамай, Тарта берсең əрі үдеп те. Шырқап та шартарапқа кетсең шіркін, Арналып бойдағыңның бəрі көпке! Қайда деп ұқсап тынар асқақ арын, Сол болып асқарың да жасқанарың, Соны іздеп кетсең-ау кең кеңістіктен, Көрместен, көзге ілместен басқаларын. Сағымдай сабылдыртқан қашық бар ма? Жүйткісең омырауыңды ашып таңға: Аңыз боп қалар да едің, кұрығанда, Жарық пен жарды аңсаған ғашықтарға. Лебіңнен есіп ыстық құдірет-дем, Сапырып сахараның жырын өктем, Асқарлы арманыңа жетсең барып, Қалса да қарамастан құрып өкпең.
Сара саңлақ Жұртымның жүрегіне жетсе арманым, Кешеден соларды айтып көп сарнадым. Түлкідей қырдан қашқан, қайран үміт, Бір сөніп, бірде жанған отша алдадың! Біржан да көп көздерді ақырайтып, Қарамай бас-көзіне, Батыра айтып, Булыға безілдейді-ау: «Бұ заманға, Амалдың жоқтығы-ай, – деп, – апыр-ай, түк?!» Жақсы аға, жақсылыққа құштар аға, Қызғыштай шыр-шыр етіп түсті араға. Тірлікті тəлкек етіп қойған күн-ай, Соқырдың қолындағы ұстараға! Өктемсіп зымияндық, сұрқиялық Тұрғанда, Қайтсін одан жұрт ұялып. Сөзді ұғар, сертке тоқтар жігіт қайда? Жүйріктей шығатын бір жұлқи ағып! Өзгеден өнерімен озған аға, Қоя-ақ қой, соны тіпті қозғама да! Кеткенін көріп, қалай күйінбессің, Жүректен жылап шыққан сөз далаға!
Сара саңлақ Сол, аға, сөзден есе бермей келген, Көріндің бұрқ-бұрқ еткен ер бейнеңмен. Қаншалық бақытты едім, шүкір, мен де Сан қыздан сендей жанды көрмей де өлген! Қайтем деп қолға түспес бақты аңсап та, Тынсақ па? Қалған сырды ақтарсақ па? Сөз бе екен Сараңыздың шері де сол, Қыз біткен шыр-шыр етіп жатқан шақта. Заманның шынымен бұл кезі ме азған? Таппасақ төңіректен сөз ұғар жан. Тірлікке шараң қайсы? Болғаннан соң Əйелдің сөзі түгіл, өзі де арзан. Қарамай қаншама ақсын қанды жасың, Сұр жылан жұтып жатсын қарлығашын, «Құдай» деп, «құран» деп-ақ кетер ме елім, Аударып шариғатқа бар күнəсін? Шырылдап арманды аңса, қашықты аңса! Жұлқынып шыға алдың ба тасып қанша? Көп қыздың бірі де етпей қойды-ау тəңір, Ой беріп, сезім беріп – жасытқанша! Өрт қанша арпалысқан мұзды ағыспен! Дерт қанша жеп баратқан сыздап іштен!
Сара саңлақ Қаратып қойған күнге шараң бар ма Құстың да қанатына қызғанышпен! Арта алмақ ағайын мен елге міндет, Қараймын еркін өскен желге күндеп. Қызығам ақкөбік боп тұрған атқа, Бəйгеден осылай да бір келмедім деп! Өкінем, – Тұңғыш рет өр-белеңде Қасқайып, қас бəйгеден келмегенге. Қып-қысқа ғұмырды да мына тағдыр Біржола өз еркіме бермегенге. Бұлыңғыр беталысым, тұмандаумын, Соны айтып шырқағанда ұғар ма аулың? Тағы да тақсіретін сездім анық, Жұлқынып, жүген үзіп шыға алмаудың. Жұлынған гүлдей болып бір күн көктеп, Қалтырап кетті-ау жүрек шын дірдектеп. Шегіндей домбыраның қала бердім, Тосыннан шарт үзілген күмбірлеп кеп!..
Сара саңлақ *** Калғанын білмей де қап кім қай тұста, Екпіндеп, еліріп кеп тынды айтыс та. Зарды айтып.., Жанған жүрек.., Жалғанды айтып, Күніреніп тоқтады-ау бір жыр байғұс та. Ел-жұрттың есін алып шын-ақ күллі. Қаншама қам көңілді жылаттырды. Біреулер қозғалақтап, күрсініп қап, Біреулер біреулерді сынап күлді. Арулар ажарынан ерте от көшкен, Жастыққа жас төкті елге көрсетпестен. Сазарып қала берген пенде қанша, Сырлы əуен сиқырына селт етпестен. Аңырап тоқтағанда жыр демігіп, Біреулер біреулермен бірге күліп, Біреулер қарғыс айтып заманына, Сырқырап, сай-сүйегі тұрды егіліп. Біреулер қастағысын күліп арбай, Жымыңдап, жұрт білмеген сыры бардай, Шөгіп те қалғандар бар жатқан жерге, Шарасы біржолата құрығандай.
Сара саңлақ Сараны жаңа ғана танығандай, Біреуі сүйсініп тұр жаны қалмай. Аңырып, əр ауызға бір алаңдап, Біреу жүр не болғанын əлі ұға алмай. Біреулер үрке қарап, шошығандай, Қарайды Сара жаққа өші бардай. Біреулер іштегі отпен арпалысып, Əлекке түсіп жатты өшіре алмай. Əннен соң есеңгіреп, үрпиісіп, Жер шұқып қала берді жұрт ұйысып. Серт ұстап, сілкінісіп шыққандар бар, Бір-бірін көзбен атып, қыртиысып. Күдік бар біреуінде, бірінде үрей, Пысықтар үнсіз қалған бұрынғы кей. «Сарыарқа қайдасың» деп қайтты Біржан, Сапырып сахараның жырын күрей. Міне сол, – Шығарып сап əн, жыр төресін, Сара отыр жинай алмай тіптен есін. Ашынып қайдағы жоқ Құдайына, Маңдайға бармақтай бақ бітпегесін. Кеше бір шырылдап та, безілдеп те, Қаншама мақұлдатты сөзін көпке. Асқақтап көмейінен əн кеткенде, Жүргендей сезініп-ақ өзін көкте.
Сара саңлақ Ақтарып жатқан сырды жанға айтылмай, Сартта-сұрт лапылдап бір жанбай тынбай. Бұлақ боп бұрқырап та ағып еді-ау, Қалың ел аңсап келіп қанбайтындай! Дарынын өрде оздырып анық күшпен, Арынын айналаға танытты үстем. Ұмытып өзін-өзі, Болам демей Жұлдыздай жарқырап кеп, жанып түскен. Көңілдің қай-қайдағы бұлты ыдырап, Əр сөзі астам айтқан жұртына ұнап, Қарамай қайғысына самғап еді-ау, Біржан сал сəл сүрінсе, бір күліп ап. Суырып мұң-зарыңды жүрек түптен, Кететін Сара қайда үдеп тіптен?! Айтыста соның сағы сынбасын деп, Өзіне ауған жоқ па тілек біткен. Қыр сонда құптап тегіс жаңғырмап па? Сара да жұрт мейірін қандырмап па? Қайысып Қаптағайы тұрды емес пе Бұлбұлы бұрқыратқан зарлы ырғаққа! Басына қаншама мұң үйіп-төкпе, Көңілі шалқып-тасып, тиіп көкке, Жағалай жұртты өзіне бір телміртіп, Ерекше кетіп еді-ау биіктеп те!
Сара саңлақ Айнала жалт қаратып жыр ұғарын, Арындап аспанға өрлеп шығып арын, Танытып төңірекке тұрып еді-ау Өнердің қаншалықты құны барын! Шарқ ұрып кезіп келген бұрын қырды, Қалың ел сөз кұдіретін бүгін білді. Өзіне жөн көрсеткен талайларды Жыр шіркін, алдына əкеп жүгіндірді. Тұрғандар əлдекімсіп, еркектеніп, Сараның жатты алдында жентектеліп. Барды да шырқап-шырқап, Қалды-ау үнсіз, Лебімен айнала бір өртеп келіп. Əн болып дүниеге таралып кең, Жан болып өту үшін жаралып та ең! Қыз да едің жүзден жүйрік жеке шыққан Бір ғасыр маңдайына дара біткен. Қаймығып қара дауыл – ел сесінен, Қайғыға батып өткен белшесінен. Айтыста арқырап та, жарқырап та Көрініп қалып еді өз еңсесімен. Сол-ақ па бұйырғаны бақ-талайға? Бұлқынып, бұғау үзер таппады айла. Ақын боп ақырғы рет бір көрініп, Қатын боп қала берді Қаптағайға!..
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА АҚЫН САРА АУЫЛЫНДА Деген сөз өзекті өртеп жесір, жала, Жатыпты-ау күңіреніп иесіз дала, Даналық сөзің қандай мір оғындай Қатыгез ісің де көп, кешір, баба. Бақытын ұрпағыңның тілеп күнде, Жүйрік ат, асыл жарды жыр еттің де, Көз жасын сұлулардың ескермедің Ол үшін болмаған ба жүрек мүлде. Сен өзің жауға шапсаң шегінбедің, Мерт болсаң тізе бүгіп жеңілмедің. Жыр етіп Қозы Көрпеш, Ақ Баянды Ояттың талай жастың сезімдерін. Қатал заң қалса да елде қалыптасып, Көрмеді сүйген жүрек налып, жасып. Жүз күндік тыныштықты бұзған да сен Бір түнде сүйгеніңді алып қашып. Өлшеніп ақыл-оймен əр қадамың, Кеудеңде бола тұра арман-ағын, Дара бұлбұл Сараны Жиенқұлға Қорықпай қиғаныңа таң қаламын.
Сара саңлақ * Билер жүр Жиенқұлға сертті байлап, Қандай күш жүректегі дертті жоймақ. Кеудеңді қарс айырған ақын үнің Кең дала Сарыарқаны кетті жайлап. Атағың ерте тарап ел ішіне, Айтыста қол соқтырдың жеңісіңе. Алдында өнеріңнің бас игіздің Арқаның Біржан салдай серісіне. Құрбыдан ойың озық дара туған, Мөп-мөлдір пəк сезімнен жаратылған. Билеген төре-заман, баста қайғың Ертерек айырды ма қанатыңнан. Біржандай сүрінбеген жарыста мың, Жігітпен қатар самғап қалыспадың. Босатса билер сені кей тұзақтан Ақынның сөзі оятты намыстарын.
Сара саңлақ * Сол заман қыздар үшін қатал заман, Əйелдің аты дұрыс аталмаған. Шешімін ақсақалдың аттамаған Бақытсыз болады деп бата алмаған. Ертерек ақ бетінің гүлі семіп, Ертерек от жанардың нұры кеміп. Қыз сорлы мал бергеннің олжасы боп Күңдікке кете берген күңіреніп. Қыз солай жүре берген күйік ішіп, Тағдырын билер шешкен жиылысып. Солардың көз жасынан жүрексіздер Киіпті түлкі тымақ, иық ішік. Еркектің артық санап бақыр басын, Көрмеген Сарадай да ақын жасын. Білмеген қызды еріксіз сатқан надан Арманның, махаббаттың сатылмасын.
Зайда Елғондинова АЛАШТЫҢ АРУ ҚЫЗЫ АҚЫН САРА Жанынан мұң төгілмей, жыр төгілген, Рухы көне түркі күн тегінен. Жүрегі жанартаудай жарылса да, Текті ару жан сезімін ірке білген. Хан қызы ақордада арда өскендей, Жарқ етіп қарағаны жар дескендей. Қуанса жан-жүрегі шұғынықтай, Намысы Тұмар ұстар наркескендей. Жымиса көз-қарасы жан жібіткен, Сырласып ай, жұлдызбен таңды күткен. Самғаса Алатаудың асқарына, Шаңқ етіп айнымайды қантүбіттен1. Тау қызы тауда өсіп, тауды сүйген, Жетісу – жер жəннаты бауды сүйген. Тұлпары жер тарпыған ақын Сара, Аумаған шəулі бүркіт шеулісінен2. 1 Қантүбіт – екі жасар бүркіт. 2 Шеулі – бүркіттің ұрғашысы.
Сара саңлақ Алтайдың арқар жортқан сеңгіріндей, Таста өскен Тарбағатай өндіріндей. Алашқа өліарада таң боп аттың, Атойлап, айқайламай сен білінбей. Келерін сен білдің ғой қай кезде өлең, Сырластың түу ғарышпен, ай кезбемен. Жанарың қара түндей қаһарлансаң, Сөзбенен түйреп өттің сəйгез3 деген. Ұстадың домбыраңды жазылыдай4, Жарқырап көкірегіңде жазың ұдай. Шарқ ұрып шаршы топта алдүзіктей5, Тəңірге жетіп жатты назың ұдай. Ақсудың асау, асқақ арнасындай, Сыр бермей, «дат» десе егер ханға сынбай. Өмірден өтті біздің ақын Сара, Дарабоз ақындардың жалғасындай. Дəмелі жұлдыздан да, айдан əркім, Білер ме асылдардың майда парқын?! Патшасы аққу жырдың ақын Сара, Əкпесі Марфуға, Қанипа, Зайдалардың. 3 Сəйгез – жебенің түрі. 4 Жазылы – қылыштың сабы. 5 Алдүзік – шапқан бетте суырылып шығып, шашасына шаң жұқпайтын жүйрік.
Сара саңлақ Жарқырап шолпан жұлдыз, жанарында ай, Жанынан шұғылалы таң арылмай. Жасырып махаббатын жүрегіне, Алтайдың жаралы бір маралындай. Өттің сен. Əйел ғұмыр өткелектен, Қанша ақын болсаң дағы көкке жеткен. Еншіңді ала алмадың бұл өмірден, Басыңды қорғай алмай жекпе-жектен. Ақыным, асыл жырдың пырағындай, Сонау бір өткен ғасыр мұнарындай. Бүгінгі аққу ақын қыздарыңның, Мəңгілік жол көрсетер шырағындай. Мен саған мəңгілікке басымды ием, Мəңгілік жас, мəңгілік жасыл кием. Сен жатқан Ақсу, Қапал киелі жер, Сен үшін сол араның тасын сүйем! Тұлпарын асау жырдың тізгіндеген, Күндерін көктем еткен күздің көбең. Дауысың ғасырлардан ғасырға озып, Жырларың жетті бізге сіздің берен!
Мұхамбетқали ҚАЗБАНБЕТОВ КЕСЕНЕДЕГІ ҚҰС ҰЯСЫ Хикаят – Қайта ораламын, қалқам, – деді Əріп қонақасыдан кейін қолына су құйып тұрған Сараға сыбырлай, – аманшылық болса алтындай басыңа бостандық əперудің амалын тауып келемін. Қалыңдықтың өне бойы шым ете қалып, ақша жүзі алаулап сала берді. Əлдене сұрауға оқталып еді, жан дүниесін булықтырған тылсым күш үнін шығармады. «Не деді? Бұған теңдікті кім бере қояды? Мына қаптаған Қаптағай ма?!» Жанарына жас тығылды. Көрер көз болса сан жылап жүр, бұл жолғысы бөлек. «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген, кім біледі, Лепсі уезінің тілмашы да тегін жан емес шығар. Өзінің осы елге қалай тап болғаны көз алдына елестеп кетті... Əкесі Тастанбек кедейліктен азапты көп көрген, тесік өкпе, тілік табан боп жүріп Саратайының тілі шықпай дүние салған екен. Шешесі Жаншөкенің күні ауқатты абысындарының үй шаруасын тындырумен өтеді. Сара да бұғанасы бекіместен тері илеп, жүн түтіп, тезек теріп, бардам ағайындарының қазанын қайнатып, шешесіне қолғанат болуға тырысты. Одан қала берсе кіші əкесі Жайсаңбектің Сахари деген баласымен бірге қозы-лақ бақты.
Сара саңлақ Кіші əкесі қара күшке мығым еді. Құнан өгіздерді иығына салып жүріп кететін. Қайратты адам қорлыққа төзе ме, жастайынан малын бағып, азабынан ығыр болған Тастемір ауылының Сарбас деген қожайынымен ұстасып қалады. «Екі қолға – бір жұмыс» деп түсінген ол мал бағуға бармайды. Қара лашығы əбден тозған Жаншөкеге Абдыра бекетінен жеркепе соғуға кіріседі. Абдыра бекеті – атақты Тұрысбек қажының «Жібек жолы» үстіндегі сауда жасататын пайдалы орны. Ол жерде тұратындар жəрмеңкенің қызығын көретін, сол үшін де қажыға салық төлейтін. Сарбастың Арнай атты ұлы болыс боп сайлана қалсын. Қажымен астыртын келісіп, «Жайсаңбек Тұрысбек ауылының малын ұрлап сойды» деген лақап таратты. Сот болды. Тасы өрге домалап тұрғандар қылбұрауларын ширата келе, Жайсаңбекті «Итжеккенге» айдатуға айналады. Немесе құн төлеп құтылуға тиіс. Онда да ұрланған мал жиырма жеті есе қайтарылуы керек. Бұт артар байталы жоқ жан не істерін білмей састы. Қолды бір сермеп кетуге оқталған, жесір жеңгесі, шиеттей балалы жары, жарлы-жақыбайлы жорадостары ұлардай шулады. Ағайын ақылдаса келіп, əлі ел көзіне түсе қоймаған уыздай Сараны қажыға «айыбының» өтеуі ретінде берді. Арнайдың əурелеуі мұнымен де бітпеді. Тұрысбек қажыға Сараны малайы Жиенқұлға қосу жөнінде ұсыныс жасады. Ақылға сыятын зымияндық мұнысы. Қырықтан асқанша мыңқ етпей, отымен кіріп, күлімен шығып жүрген малайына қажы əлі түйір ақы төлемеген. Соның ретін көріп тұр. Оған Құдай алдында қарыздар екенін
Сара саңлақ сезінетін қажы екеуін қосуға бата жасады. Кəдімгі жарық дүние төңкеріліп кетсе де өзгермеуге тиіс ақ қойдың қанымен жасалған ақ бата. Тағдыр тəлкегі Сараны тордағы тотыдай шырылдатты, əр күні ертелі-кеш көз жасын бұлатты. Зарын кімге төкпеді?! Елімнің биі де бар Телібайдай, Бергеннің біреуі сол мені байлай. Бəрі де қажы ауылының қамын істеп, Жабысады терідегі шелі майдай. Елімде батыр да бар Мүсəпірдей, Жүрген жоқ жағдайымды көрмей-білмей. Алдында Тұрысбектің құрдай болып, Жорғалайды жақсылардың бəрі бірдей. Өлшеу жоқ қиялымның өрісіне. Шыдаймын, шығармаймын көбісіне. Айттырған күйеуіңіз, Арнай аға-ау, Сыйғандай бір тоқтының терісіне. Дүниеге неге туып, неге келдік, Көретін болсақ ылғи қорлық-кемдік. Жетімдік, жеткіліксіз шерлі өмірдің, Дүниеде болған ба тек бəрі мендік, – деп те таусылды. Уақыт – төреші. Қанша шырқырағанмен өзі өнген Кенже руынан тірі пенде өзіне ара түсе алмасын түсінді. Енді міне, айналадағы Құдайы қонақ құс кеудесіне ұйыған күйікті сылып, жалғыз ауыз сыбырымен жандүниесін сиқырлап алғандай. Сана түпкірінде Əріпке деген үмітке
Сара саңлақ аралас ыстық ілтипат, ықылас үн қатты: «Қыз-келіншек көрсе қу тілденіп, қырғидай шүйілетін жігіттерге ұқсамайды өзі. Ойы – ұшқыр, тілі – өткір». Қолына су құюға тысқа шыққанда бірер шумақ өлеңмен əзілдей сұрақ қойғаны бар, болашағыңа ризасың ба деп. Бұ да қарап қалмады. Тұла бойын тұмшалаған қайғысын жауап бере төге салған. Сонда ұзақ ойланып тұрды. Кейіннен жиі келгіштеп кетті. Əр сөзінде – жанашырлық, көз тастап қарасы бар сырын жүрек тереңінен суырып алардай. Қалыңдыққа оңаша сəт қайда, қажы үйінің итіне, битіне дейін зыр жүгіртеді. Əріп сол сəттерде ту сыртынан көз айырмай, бірдеңе айтқысы кеп тұрғандай сезінетін. Сара да өзін түсінетін, сыр бөлісетін жан іздейді. Бар шаруаны тастап, мұң шағып шешілуге оқталады, сөйтеді де ата-бабасы салып кеткен əдеп соқпағынан шыға алмай қиналады. Əріп түгіл, атасы Тұрысбек қажыға да шерін бетпе-бет айтуға аузын аштырмаған да осы қазақ қызына тəн ибалық. Ол да керең емес, ел аузындағы қалыңдық зарын естіп жүр ғой, бірақ өзін маса шағып кек алған аюдай, сыр бермейді. Əріп айтқандай ұзамай аттанып кетті. Қыз көзінің қиығымен ұрлана шығарып салды. Арада басқа сөз жоқ. Сараның көкейінде Жолшыбай ақынның соңғы сыбыры күшейіп, күмбірлеп қалды. Сене ме, сенбей ме, жұмбақ. Отыз екі тістен шыққан, Сараға сарқылмас қуат құйған сөз. Ауылдың игі жақсылары отырыстарда өзінен жиырма екі жас үлкен жігітті: «Көзі ашық, қазақ жерін көп аралап, дауға түскен шешен, аузы дуалы ақын, көргені, түйгені мол» деп айтатынын еститін. Əріп
Сара саңлақ туралы арнайы біреуден сұрап білгісі кеп кетті. Кімнен біледі, оны қайтесің десе не айтпақ? Арсалаң ше, əлде анау «Сара, өлеңдеріңді жинап берсең, Қазан қаласынан кітап шығартам» деп жүрген Кəрімов татарға бара ма? Қыз жүрегі құпия ой шырмауына оратылған сайын діріл қақты. Ақынды ақын таниды, қадіріне жетеді. Шер тарқағанша сырласа алатындар да солар. Сара Кенже руының Сұртай, Мəмбет тармағынан шыққан Тыбыш деген аз ауылдың айтыскер ақыны Арсалаңды жақын тұтатын. Кетерде Əріптің Арсалаңмен ұзақ сөйлесіп, арасында өзі жүрген жаққа қарағыштағанын да байқаған-ды. Арсалаң кезінде Сараға ара түсіп, арашалап ала алмаса да, дүйім елге қор болар қалыңдықтың тегін жаралмаған жан екенін ұқтырған. Əріп көзден ғайып болғалы қашан, қипалақтап осы жерден кете алмай жүр. Мойнына аманат жүктеп алған жандай, оны кісісіне айтып кетпей жаны жай таппайтындай. Əлденені жоғалтқан болып есік алдындағы балдырды аяғының ұшымен түрте қарап, Сараға жақындай берді. – Аға, неге мазасыздандыңыз? – Қарағым-ай, Əріп күйініп кетті, озбыр топқа кектеніп кетті. Тыңдасаң көздеген мақсатын айтайын. – Айтыңызшы... – Сен, сенің бас бостандығың арманы. Күллі Жетісудың қара халқы тілеген азаттығыңды ақылмен əперсем, сенің қайғысыз нұр жүзіңді көрсем дейді. Ылайым солай болғай! Одан əрі кідіріп қалды.
Сара саңлақ – Əріп кім? Қалжырағанға қол ұшын бере алатындай қандай күшке сенеді. Арсалаң əрнені айтуға үлгірмей қалатындай, əңгімесін асыға-аптыға бастап, таныстыруды əріден қозғады. – Осал жігіт емес. Тұрысбек қажы сияқты талай шонжардың тауын шаққан ержүрек... Семей уезінің Жарма болысына қарасты Жыланды ауылынан. Шешесі Аяжан шешендігімен көзге түскен, оқ тілді кісі болатын, Əріп момын, шаруа баққан əкесіне тартпай, осы шешесі мінездес. Шын аты – Мұхамедғарып. Атауға ыңғайлы ма, əлде оқуға зеректігінен бе құрбы-құрдастары алдымен – Ғарып, кейіннен Əріп деп атаған. – Заң оқуын тəмамдаған дей ме? – Қазір жақсы хат танығанның бəрі заңға жүйрік. Сол заң-зəкөнің бірақ бардамдарға ғана қызмет етеді. Басыңнан өткен жоқ па? Заңға сеніп кеткен екен деме, жүрегінің қалауына – достарына, солардың өзгенің қолынан келмес кереметіне сенім артуға бел буды. Арсалаң сұрақтан ауытқығанын енді аңғарды. – Ия, оқуын білгің келіп еді ғой, алдымен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Баяғы бай-шонжарлардың балалары ғана оқитын миссионерлік мектепті тəмамдаған. Қызық. Құдай – əкем жақсылығын берейін десе оңай.... Патшалық ұлықтар болыстық басқарушыларға осы мектепке бір бала жіберу жөнінде нұсқау береді. Соған Əріп ауылының болысы Жарқынбай ұлын жіберуге қимайды, басқа байлар да баламыз орысша оқыса бұзылады деп қашқақтайды. Болыс Тəңірбергенге «сенің балаларың көп қой, біреуін бер, бəріміз болып жалдап
Сара саңлақ оқытайық» десін. Əкесі келіседі, сөйтіп Əріп білім жолына түседі. Алты жылда мектепті аяқтап, ел арасында мұғалімдік қызмет атқарады. Зеректігі сол, ана тілімен қатар орыс, арап, парсы, қытай тілдерін де меңгереді. – Қымыз пісіп отырып, Тұрысбек қажымен қытайдағы сауда-саттық туралы пікірталастарын естігенмін. – Қытайдың тірлігін жақсы біледі. Шəуешек қаласында орыс патшалығының елшілігі үйінде екі жылдай тілмаш болып істеген. – Хат танитыны қандай ақыл, кітап жазатын шығар, жазба ақын деседі. – Кітабын анық білмедім, өлең, қиссалары баршылық. Реті келгенде айтысып та кетеді. Қара өлеңнің атасы Абайдан бастап, қасындағы Көкбай, Сəдір, Қауметтермен айтысқан жүйрік. Əсіресе байларды көп мадақтайтын Көкбаймен жиі қағысқан, жөушендіге сөз есесін жібермейді. Жыр жорғасы Жамбыл, арқаның ақиығы Біржан салмен дəмдес, пікірлестер... Арсалаң соңғы есімдердің аузынан шығып қалғанын байқамады. Бірдеңе сезіп қойды ма дегендей Сараға бұрылып еді, қаперсіз, ынтыға тыңдап отыр. – Біз жаққа жұмысы ауысқан ба? – Солай деуге болады... Соңғы оншақты жылда Верныйда, Пішпекте, енді міне Лепсі уезінде заң орындарында, почта қызметінде жүр. Жұмыс бетімен бізге соқпай өте алмайды, қазақтың шығысы мен батысын жалғастыратын жалғыз жол біздің Қарауыз арқылы ғана асады. – Ағатай-ау, мұныңыз əйтеуір жабырқау көңілімді жұбату болар?! Басқадан аяныш күтпеймін, менің
Сара саңлақ бұғауымды үзу жалғыз жаратқанның ғана қолынан келеді. Тек білсем – ол кісі неге мені құтқаруға құмар? ...Арсалаң қипақтай бастады. – Жарайды, Сара. Көңіліңді қалдыруға қалай дəтім шыдар! Түбі айтылар ақиқат қой. Досым кешірер. Екеуіңді бірдей көрем. Тіпті бір-біріңе лайық туғансыңдар дер ем. Тағдыр сендерді кеш жолықтырған сияқты. Əріптің Жаңғақ есімді жары бар. Одан Исламшайық, Пайзырахман, Бибіхадиша, Айғаншадай балалар сүйіп отыр. Арғысын өздерің білесіңдер... Қазақта қос қатынды шолақетектер аз емес. Əріптің өзіңде ойы бар. Тұрысбек қажыға батпайды, Тəнеке байдың баласы Есімбек мырзаға ежелгі танысы ретінде айттырмақ ниетін білдірген екен, «Қажының бата берген адамы бар, мұның шариғатқа жатпайтын іс, менен басқа еш жан естімесін» деп ат-тонын ала қашыпты. Тауы шағылып, саған айтуға бата алмай суыт жөнелді. Жандаусы ішіне сыймай қоштасқанын сездірмеді. Одан əрі Сара өз ойының тізгінімен арпалыса берді... Төбесіндегі түнере топтасқан қара бұлттар Қаратауды қызартқанша күркілдеп, аузынан түп-түзу оттар опырыла құлады. Мұз дулыға киінген шұбар шыңдардың шекесі əп-сəтте суланып, беткейдегі жарғақ құлақ жапырақтар да мөлдір моншақ тағына қалды. Көктегі жабайы үн ағаш атаулыны қалтыратып, күн жанын қорғағандай түнекке сіңіп жоғалды. Əншейінде еркелей ақ білегін жарқырата көрсетіп жататын бұраң белдер түсі бұзылып, күреңітіпті. Найзағайдың перзенті – əлдеқандай тылсым күш шегініп кеп, қойтасты періп кеткенде қақ бөлді. Сəлден соң биік жоталардан жорғалай сылдыраған су даусы ұлғайып,
Сара саңлақ тұмсығымен бөгеттерді іреген селге айнала бастады. Оны көрген етектегі емен, қарағай атаулының жүректерін діріл биледі. Озбырлыққа дауа қане? Табиғаттың тіршілікке игілік үшін жаратқан мөп-мөлдір бұлағын лай су төңкеріле итеріп, ақыры жұтып тынды. Бар алап көкті тыңдап күрсінеді. Пейілі жолаушы үшін дархан жаратылған жол ғана ағараңдайды. Жолдар, жолдар... Əріпті алға бастайсыңдар ма, əлде ортадан асырмай тайдырасыңдар ма! Ағажан, дəл қазір қандай халдесің, бейнет тілі кездесіп мына сұрқия жауындай бетіңді жалап бара жатырсың ба? Ертеңгі күніміз не болмақ, аға! Бала-шағаң нөсер шайған терезеден телміре қарап, оралуыңды тосулы болар. Ел-жұртың не дейді? «Жемісі үзілмеген үлбіреген қыз алмай, бүкір құшқан қатын алыпты» десе, күншіл көптің күлкісіне қалмаймыз ба? Сендей ақжүрек асылды қорлықтың қанды аузына қалай қалдырамын? Бетін ары қылсын де. Жо-жоқ, біз қайткенде де тату дос боп қалуға тиістіміз. Байлам осы, ар алдындағы жүрек үні бұл. Қалың сұрақ қаумалағанда қасындағы Арсалаңның əлдеқашан тұрып кеткенін де аңғармапты. Белестерді орай ұзарған жолдарға тағы да қарады, үмітпен, қимастықпен көз тікті. Күндер тізбегі жалғаса түсті. Жазғы жайлау қызығы орталанып қалмай Əріптің қайтуын тіледі. Алдымен хат келді. Таныс поштабайдан «тек өзінің қолына тапсыр» деп беріп жіберіпті. Басына «Сараға» деп қойған. Саусақтарынан сағыныш саулай конвертін ашып оқи бастады. Ұзақ сілтеген, оқыған сайын сезім сиқыры тал бойын толқыта баурағандай.
Сара саңлақ Жар тұттым əуелден-ақ өзіме арнап, Нəзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ. Жігітке лəзім еді іздемекке, Ал жарға уақыт еді күтіп алмақ. Жаманға жақсы тұрып көзін салса, Жігіттің сонда еді көңілі қалмақ. Сəулем ең ол пиғылдан аулақ жүрген, Жоқ болсын шарт бойынша сөзден танбақ. Жан-жаннан жатырқамай келсең қасқа, Ойнармыз əзілдесіп тілді жалғап. Əншейін анау-мынау сүймесін деп, Жіберген емес едің сөзбен алдап. Тұңғиық шыға алмастай кеттік суға, Тəуекел дариясына қатар жалдап. Қаттаудай оқ жібермес мəхкəм болшы, Самарқан жібегінен өрген талдап. Секілді Шамси, Қамар, Дахтарбану, Затыңды жанға арам меңдей тану. Заты жоқ жақсылықтың нышанасы, Адамға ер – айтқан сөзге жетпей қалу. Талап бар жаралған соң тірі жанда, Мұратқа кімі жетіп, кімі арманда, Базарда бағың сына дегендейсің, Басымды бұл майданға қылдым пəнда. Ықылас, ыждиhатпен Жиhат етіп Шыбын жан шыдай алмас шерін тəн де. Жеміс ең пісіп тұрған бақшадағы. Ерік бар ма бұйырмаса біз мехманда. Талпынған көңіл өсер бір шарманда,
Сара саңлақ Нəпсіне ақыл беріп жүр пəрманда. Шыраққа түсіп жанғанмен паруана Ықылас, назарың сол фарида тартып, Уақытымда көңіл құсы тудың артып. Лəйлəнің Мəжнүні секілденіп, Мас еткен мен ғарыпты нұрың шарпып. Жарқ етіп айдың бетін бұлт алсын, Діңкемді бүйте берсең құрытарсың. Есілген Қырмызыдай қып-қызыл гүл, Махбуб қай мінезін ұмытарсың. Тауаның аз, талабың қысқа болса, Араға жаман атақ жуытарсың. Жасыман ұмытпаған ойда барсың, Əл-қуат ақылымды алған жарсың. Өзіме диуаналық əсер беріп, Ішіме сөнбейтін от салған жарсың. Тарлықта наздық қылып тұра алмасаң – Бояма əсіре қызыл жалған жарсың. Арадан оттан ыстық қызу кетсе, Біріндей көзтаныстың қалған жарсың. Сөзде тұр шарттан аумай, мейірім қансын, Дұшпанның көре алмаған іші жансын. Уағдаға бір айтылған тоқтасалық, Шат болып достарымыз бір жұбансын. Жатық сөз, жақсы мінез, жайдары ашық Жанымды жадыратқан қайран ғашық. Сегіз қыр, сексен сырмен шарға тартсаң, Түсінбес айтқаныңа кейбір жасық. Өрнексіз жол білмеген надандарға,
Сара саңлақ Туып ең нақыш беріп, өрнек ашып. Қараңғы көңілімнің ай мен күні, Жарығың азаймайды күңгірт басып. Сөз бірге, ақыл үйлес, мінез тату – Тұрады сені көріп көңіл тасып. Махаббат бізде болмай, жатта болса, Аh ұрам у ішкендей кəрім шашып. Шолпандай адам едің жаhан көркі, Тіл шаршап көп айтуға жетпейді еркі. Қымбатты жаннан ғазиз асыл қалқам, Шықпаған бұл қасіреттен жанның беркі. Бұл сөзге сəулем не деп айтар екен, Дүние бір белгісіз сайқал екен, Қамелі өзге жаннан көп санасы Əйелдің əулетінде Сіз данасы. Ақылға ишаратпен айтпай түскен Өткір зейін пікірдің нышанасы. Баулыған балапандай құсым едің, Дəм айдап түзден торға түсіп едің. Құрт жесе қызыл шешек амалым не, Тұғырдан жаңа түлеп ұшып едің. Еш сенде арманда жоқ, қазір дəмде. Санада қызыл гүлдей өсіп едің, Сатылма он төрт жармақ ақша үшін Биғайни заманымыз юсиф едің. Кісідей арқаланған нақақ жала, Тағдырға тап бір таппай қалмай шала. Құр көңіл алып ұшқан ешбір болмас, Жоқ болсын бір тозаңдай көңілде ала.
Сара саңлақ Нəрсені іздеу мұхалдүр болмайтұрғын, Ой терең дария құйсаң толмайтұғын. Қанатым тасқа соғып қалды қирап, Қыран ем мұратымды қоймайтұғын. Қырық шалғым – бəрі бірдей қалды қирап, Таба алмай ем дауасын жүрмін жинап. Күте тұр біраз заман уақыт жетсін, Кемелі толып жеткенше қайта ширап. Жас ғұмыр далбасалық күнмен өтті, Жиhатпен көп шаршадым жанды қинап. Машахат саудасының базарынан, Тоса тұр жолыққанша толық силап. Паруана өлім іздеп түсер отқа, Шын ғашық аямайды басын сотта. Ғашыққа тіршіліктің керегі жоқ, Мал түгіл бас байладық расходқа. Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан. Ай сəулем жүзің жарық жаққан шамнан. Жер жүзінің жігітін аралатып, Көңілің ауса маған сонша жаннан. Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп, Той қылса көктем мəлік қуанғаннан. Шатланып жер жүзінде император, Сырласып министрлер үлгі салған. Ойласам сендей жанды қай жан қалған, Мен едім атағыңа көрмей қанған. Қолынан қой жарысы келмейтұғын, Жамандар құрметі кем құмарланған. Басқаға лайықсыз жанар-нұрың,
Сара саңлақ Шарапсың мыңдар таңдап, бірге тамған. Ғашықтық халімді мен баян қылдым, Жалынын жүрегімнің басын шалған. Қолы жетпей кей надан аузы жетіп, Құл құтырса құдыққа қармақ салған. Сенің тілің шарабан таhурадай, Сорса алтын қасықтай балға малған. Ғашықтық мен шығарған мирас емес, Жүсіп пен Зылихадан үлгі алған. Ізденіп Баhарам да Күлəндамды, Мехнатпен ақырында сөйтіп алған. Көп жүріп жиhан кезді Сейфілмəлік, Жамалды иранбақтан іздеп барған. Ғашықтық майданында шаhит болып, Бозжігіт Ануаз үшін қандай болған. Бұлардың зар тартқаны Лəйлі-Мəжнүн, Ізденіп ақырында мəнсап қонған. Зияда, Хорлығайын, Фархат-Шырын, Бұл күнде хабарым бар сондай жолдан. Мұштари, Сахаридай жаннан кешіп, Көзімнен аққан жасқа алдым толған. Ақыры Қозы Көрпеш-Баяндай боп Жүзімнің қызыл нұры бұл жолы солған. Беліңе алтын шоғыр алты оралған, Бұл күнде басқа қыз жоқ Сіздей болған. Пердеңнен ақ жүзіңді бір шығарсаң, Күндік жер мəшhүрленіп нұрға толған. Шарбаттан əби лəззат сілекейің, Ақ меруерт отыз тісің қырлап жонған,
Сара саңлақ Кірпігің патшалардың əскеріндей. Жігітке көздің тасы сағым қонған. Махбуба қазір уақыт таңқалмай біл, Бір күні қыз қияпат кетер қолдан. Қай жақсы заманыма тұс келер деп, Бұ күнде хабарың бар оң мен солдан Уағданы махкам тұтсаң серт байласып, Босама босансаң да құрған тордан. Мұратқа талаптының жетпегі бар, Бұл сөзді молда айтыпты суал сорған. Инналəhлə ихлипулмиғади деп, Аят Кəрім құранда мазhур болған. Бұл сөздің ишаратын адам білер, Үлгісіз не деп айтсам надан білер. Басы жетпес орынға аяқ салып, Жақсы мен не себепті жаман күлер. Ізденіп жар таппақтық қиын жұмыс. Бір көрмекке қызулық əркім келер. Халықтың бəрі бірдей жаралмайды, Асыл да мыңнан біреу тауып сөйлер. Тең тауып, жар алғанның кемі бар ма Сұңқардай тұғырдағы тоғыз түлер. Жамандық аз ақ күні жасырынып, Жатпайды ұрлағанмен бір күн білер. Анадан ақылы асқан туар көсем, Өзіңмен бірдей болсын жарың шешен. Жасықтан ашық мінез табылмайды, Айта алмас көп ішінде аман-есен. Талапсыздың талабы қорынуда,
Сара саңлақ Шығады жүз сөйлесең сөзі кешең. Осындай михнаттан ерте сақтан, Не қасиет қалады пəлен десең. Көп шер бар көкіректе тарқалмаған, Тіл байғұс асығыс боп айта алмаған. Ей, қалқа естісеңіз есіркерсіз, Арызым құлағыңа байқалмаған. Бір Құдай көңіліңе салсын рахым, Жомарттай сұраушыны қайтармаған. Жасты көз, жылаушы сөз қарып едім, Қамкөл көз Сіз тарапқа жаутаңдаған. Шығардым мен кітап қып əзіл үшін Сорлымын арманымды тауса алмаған. Қамыс бармақ қайысып іс тіккенде, Бойына ине балқып өте алмаған. Мен түгіл жансыз темір бойыңа мас, Сөкпе мені қасыңнан кете алмаған. Тауында Күхқаптың сен бір дархат, Алсам деп саяндағы екі алмадан. Сұңқардың қаз алмағы қайырудан, Аққуды қарға қылар күте алмаған. Ит еркелеп үйренсе – ауыз жалар, Сөз көп қой қыз балаға қиқаңдаған. Жаманды жақсы көріп, үйір қылма, Залал бар жылы сөзден бипаңдаған. Мен көрдім бақшаңызда сайран етіп, Тұрам ғой тамашаңда халім кетіп. Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа, Сындырдым сүйегімді ойран етіп.
Сара саңлақ Машрихты мағрүпқа жазған Алла, Азалда қосар ма екен пəрмен етіп. Ғашықтың талабынан бос қалмайтын, Көрейін қолым жетсе талап етіп. Жаралды тəні пəнде нұрдан қайнап, Шағылып туған едің нұрдай жайнап. Талпынам таза туған ажарыңа, Белімді тəуекелге мəхкəм байлап. Наз етіп ғашықтығым айтылған соң, Көңіл аусын көз жасыма рахым айдап. Михнатты ауыр жүктер мойныма алып, Бір жанды құрбандыққа тұрмын сайлап. Айырған асыл сəулем сөздің парқын, Байқаған жаман – жақсы кісі нарқын. Тас та асыл гауhардайын адам үшін. Нəсілің таза туған затты шəрфім. Ұядан тудың жеке асыл есіп, Сауаптан кім жамандар үміт кесіп. Жақсы едің кір шалмайтын сүйегі асыл, Тот баспас саф алтындай бедер көшіп. Жұпар жел мас боламын самалыңа, Туып ең нұр безеніп заманыңа. Сағымдай жазғытұрғы толқын ұрып, Қарасам көз алмасар жамалыңа. Аларсың менен хабар жазған хаттан, Рағана таза келсең өскен бақтан. Я ата, я анадан кемдігі жоқ. Асылдан шыққан тегі арғы заттан. Жанға рахат айтқан сөзің қандай майда,
Сара саңлақ Жанның бəрі өзіңдей болу қайда. Ұжмақтың Нағым атты хор қызындай, Əпзалат ғиш атадан болдың пайда. Саржадай керілген қас, кірпігі оқтай, Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай. Шер болып еш жібермес менің қайғым, Қасіреттен жұмарланып жатыр доптай. Қарағым, құшақтасам құмарланып, Қосылмақ екі ғашық жұбайланып. Жан тынып, ішімдегі жалын шықса, Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып. Құшақтап тал беліңнен бір таң жатсам, Ақ торғын орамалдай жұмарланып. Ми, тамыр, ақыл-ойда арман қалмай, Мастансам қызығыңа тым алданып. Бəйшешек көтеріліп, көңіл гүлдеп, Семіріп нəпсі мұрат бір жалданып. Қардан ақ, қаннан қызыл аппақ бетің, Иықтан қолаң шашың гүл талданып. От сөнсе жүректегі жанып тұрған, Сорғанда тілдің лəззат махир қанып. Етке ет, бетіңе бет тиіскенде, Айтысқан сертке жетсем əбден нанып. Бұл менің ғашықтығым Сізге жарық, Айтыспай асыл сəулем білген нарық. Білім, ғылым ақылды таза затты, Арасын асыл, жасық қылған парық. Бір сөзде қақиқат бар инабатты. Алмасаң сыр шықпайды іштен жарып.
Сара саңлақ Бір сырдың, сегіз қырдың бəрі өзіңде, Неткен жан жамандайды аузы барып. Шапақтың кешкі батқан қызылындай, Төрт құбылаң тең жаралған дидар шəріп. Махаббат құрмет күткен мен бір ғарып. Дүзіме назар салып қарағанда, Еміреніп жан қозғалар ми таралып. Қақиқат шын ғашық жар дегізіп ең, Əуеден тілің үшін емізіп ең. Ақырда сөз аяғы қайыр болсын, Дегендей қамал тоят жегізіп ең. Сүйікті бағаң қымбат қолға тимес, Қызарған бет табылар, ниет табылмас, Жаманды мың көргенмен көңілің сүймес. Парт кетіп арадағы шарт бұзылса, Қалайша тəн мен жаным отқа күймес. Мүбəда тастап мені кетсең жатқа Еш нəрсе басқа өлімнен хайла емес. Шын ғашық күллі сырды баян етпес, Уағда айтқан əуел шарттан кетпес. Надандар махаббаттан ғайып болған, Ғашықтар жəрдем берген тастап кетпес. Асыл ең жаннан түйін, сөзге бекем, Айнымас өлсе дағы сүйген сыйлас. Қатқаным шын қақиқат шеріп жандай, Қыл өтпес арамыздан достық қимас. Бір жанын менің үшін пида қылып, Ағаның ақ тілегін екі қылмас. Жатсақ-ау таң жадырап атылғанша,
Сара саңлақ Күн нұры жер жүзіне шашылғанша. Дүниені сен болмасаң етем талақ, Жарым деп бір сатқынға асылғанша. Тұғырда тоят жем боп өлген жақсы, Қу барып қара құсқа қатылғанша. Таза құс талпынбай-ақ аштан өлсін, Жем іздеп бір жемтікке шатылғанша. Деп ойлап аз нəпсіме дем беріп ем, Жас күнімде қызылға қол бермедім. Бір жеуге өлексені ем көріп ем, Перде ашып бағасыз тəн жыртқанымша, Əншейін жай жүруді жөн көріп ем. Бұлардан көңіл суып, қызық тозып, Таза жүрек нəпсімді меңгеріп ең. Нəпсіме жүрегіңді сұлтан қылып, Тоқтатып өн бойыма дем беріп ең. Жолыққан таңдап жүріп таңдағаным, Сіз едің бойға лайық қамдағаным. Бұрыннан іздеп жүріп жаңа тауып, Өзіме лайық деп сомдағаным. Көрікті Сіздей гүлді бақ жаратпас, Басқаға өзіңе аян қонбағаным. Жаралған жаһан көркі – нəсілің бекзат, Гүліндей Фердаусидің солмағаным. Бұрынғы перизаттай мысал үшін, Дүниенің ақырында орнағаным. Сіз бір гүл аман тұрған қазан ұрмай, Тездікпен сола көрме бақта тұрмай. Көруге жамалыңды жиһаттамын,
Сара саңлақ Басқаға хор да болса мойын бұрмай. Жүзіңе көрген құмар сүйінемін, Көргенше дидар қосып күйінемін. Сыйласаң көзден таса болғаннан соң, Мастанып, дəрменде боп иілемін. Зат біліп, парық айырсаң – мен де сендік, Көргем жоқ пиғылыңда əзір кемдік. Сізден соң басқа қызық керек емес, Егер де осы жолы келсе теңдік. Шыға алмай талпынамын жолда тұрып, Биіктен миуа алмақпын ойда тұрып. Уағдадан күйсе-жанса жылжымассың, Арықтап кейін қалмай торда тұрып. Əріптің бар талап-талғамын сыйғыза жеткізген хат Сараның ішкі сарайында таудың тентек суындай ағыла ды... Мұнша сезім тасқынын қыз байламы қанша мықты болса да тоқтатуы мүмкін бе? Қазақтың жалпақ тілімен төгілткен арман əні, шынайы сүйіспеншілікті аңсаған жан ғана оқитын хат қой бұл. Көл-көсір ынтызарлықтың жо лына ұстамдылығын қорған етіп тұра ала ма? Тұруға тиіс! Сара хат иесімен жүздесу оңайға түспесін сезінді. Хатқа жауап қайыруды кейінге қалдыруды ұйғарды. Ежелден ел мекені – «Ешкіөлмес» жайлауы. Ақшаңқан қазақ үйлердің маңы абыр-сабыр. Əр тарапқа жарау мінген жаршылар жұлдыздай ағуда. Ұзамай көршілес ауылдардың барлығы Тұрысбек қажы хабарымен құлақтанды. – Арқадан атақты Біржан сал келіпті.
Сара саңлақ – Он бір серігі қасында екен. – Сарамен айтыспақ, бұйырса жыр кереметін тама шалаймыз. – Айтысты Əріп жазып алмақ. – Қажы Есімбек ауылына Сараны алдыруға кісі шап тырса, қалыңдық айтысудан бас тартыпты. – Енді қайтсін, Сараның айтысар жайы бар ма? – Есімбек: «Шырағым, Сара, саған не болды? Бір жанның қапыда біздің ордамызға қайдан тап болғанын білмедік. Бар, əдейі іздеп келгенде көңілін аулау парыз. Атаңа тигізген пайдаң сол болсын, Арғынның серісінің аптығын басып, бір дөңгелетіп бер» деп өзі барыпты. – Өнері ұлдан артық қарағым, тілеуіңді бір Алладан сұраймыз, – деп бата беріпті. – Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ бабаларына сиынған Сараны қыз-келіншектер қырмы зыдай жайнатып киіндіріп, əлгінде қажы ауылына алып шығыпты. Əріп ел арасындағы əрбір сөзді түртіп ала берді. Сенері – осы айтыс. Біржан сал бері шығарда Сараның жайына қаныққан соң: «Осы жолы Сараны жеңбесем, үйге қатпай-ақ қойғаным жақсы. Найманның асыранды бұлбұл құсына бар шынын, жан сырын өз аузынан айт қызамын. Сөйтіп, қалың халықтың алдында күл ішіндегі алтыныңды аршып шығарамын, Əріп! Тұрысбек қажы да ет-жүректен жаратылған жан шығар, батиқасын берер. Қызды азат етпесе, қасымдағы сері мен палуан жігіттерім елді Сараны босатуға үгіттейді. Азар болса Азнабайдың поштабайындай қамшы үйірген қажы жігіттеріне жұрт
Сара саңлақ аузынан түспес өлең арнаймыз. Солай, достым!» деп күлімдеген. Екеуара əңгіме болғанымен бұл сертке тең сөз еді. Біржан тобы келгенде құшақ жая қарсы алған, сəлемдескен, «Ақсарбас, ақсарбас, Сараның тілегін бере көр» деген Арсалаң болды. Сараны неге ауызға алғанын былайғы жұрт түсінбеді. – Е, қайтсін! Кенженің қызы жеңсе деген тілектестігі ғой, – дескен. Тұрысбектің қырық қызын қасына ерткен Сара да жыр дүбірін тілеп, қыр қызғалдағындай түлеп сала берді. Домбырасының құлағын бұрап, киіз үйдің ішін күм бірлете ырғақ іздеуде. Халық қарақұрым. Заты əйел демей, Сараға дем бере «Найманшалдап» ұрандағанда жаңғырық жер мен аспан астын тұтастырды. «Қарқабаттап» айғайлаған сал жігіттерінің дауысын жергілікті бұқараның зор үні көміп кетті. Тегін адам қажы атансын ба, сабырлы қалпын бұзбастан томаға-тұйық отырған Тұрысбек қана. Біржан сал айтысты ат үстінен өктем бастады: Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері. Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Аулында Тұрысбектің өлер жері, – деп бастап үсті-үстіне төпелей жөнелді. Сара қарсы жа қындағанда да оған көңілі толмаған сыңай танытты:
Сара саңлақ Осы ма бұл Матайдың бұлбұл құсы, Көп азап көріп жүрген жазы-қысы. Əуелі қазақшалап көріселік, Қарағым бертаман кел, жасың кіші. Сара расында салдан көп кіші, сонда да аттан түсіп барып көрісе қоймады. Тəкаппарлық меңдеген Біржан шыдамай: Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қандай халық түрі жаман. Ағаға іні келер біздің жақта, Көп боп па сұрағанға есен-аман, – деп тиісті. Ақын қыз ұрымтал сəтті күткендей: Ей, Біржан кімге дəрі амандығың, Сөз білсең бұл да сенің жамандығың. Қиссасул-Əнбиядан естімеп пе ең, Бірден-ақ мəлім болды надандығың. Адамды топырақтан жаратты хақ, Надандығың білінсін бұ сөзге бақ. Хауаға бұрын барған Адам ата, Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап, – дегенде салдың оң үзеңгідегі аяғын үзеңгіден босатып, қайта салғанын Əріп анық аңғарды. Мұнысы сөз сайысындағы Біржанның бірінші сүрінісі еді.
Сара саңлақ Орынды. Əрқайсысы өз елін, жерін, береке-бірлікке тірек болған ерлерін мадақтаған, кемшілік айтылса тіл қанжарын қадаған айтыс қыза түсті. Сара барған сайын өрледі. Біржанды өз басына тең көрмеуге айналды. Өткір тіл алдаспанын жарқылдата сермеді: Қазақ жоқ хан Бараққа теңгерілген, Күшімен Арғын, Найман меңгерілген. Есіл ер аруақ біткен заманында, Тоқтыдай сан Тобықты өңгерілген. Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың, Дүниеде бар жақсыға теңгерумен. Жайымды адам күймен айтайын мен, Басылсаң ала қашпа өрлеуіңнен. Өнерге екі жағым бəрі бірдей, Еркек жоқ өз басыма теңгерілген. Бүйте берсе жырының жайы түзелмесін түсінді Біржан. Көптен ойлап жүрген Сараны тоқтатудың соңғы тəсілін қолданбасқа шарасы қалмады. Сара басымдығын екі мəрте байқатты, үшінші рет сүрінсе алды опат де. Біржанның ендігі шүйілер нысанасы – анау-мынауды шұқылау емес, тура Тұрысбек қажы. Төте жолдан өткізер көпірі – Жиенқұл. Сал айтыс арнасын осы бағытқа бұрды: Біліп ем Сара сенің сыңайыңды, Баса алмай армандамын құмарымды.
Сара саңлақ Ақ үйден айқай салып шыққан кезде, Сезгемін сөзге қайрат қыларыңды. Сөйлейсің төрт құбыласы түгел жандай, Білместен неден зар боп жыларыңды. Майысқан сегіз қырлы жүйрік-ақсың, Қай жерден болжамайсың тынарыңды. Шақырып күйеуіңді осында алдырт, Көрейін таңдап қосқан сыңарыңды. Тез алдырт күйеуіңді Сара саңлақ, Көрейін еркегіңді тиген таңдап. Рас-ақ жаны ашыса Тұрысбектің, Белгісі білінеді келсе сонда-ақ. «Жақсыны көрмек үшін» деген Сара, Өзі түгіл ел қамын жеген Сара. Мырзаңды Жиенқұлдай шапшаң алдырт, Ұялып, бөгелесің неден Сара? Осы жерде денесі шоққа қарылған ақын қыз намыстан өртенердей, амалсыз Найманның игі жақсыларына бұрылды: Қажеке-ау, мынау қалай ақырады, Жиенқұл тез келсін деп шақырады. Көрсетсең асылыңды ап келіңдер, Аулыңда ол келгенше отырады. Арғынға жол бермеген есіл тілім, Күн тимей, қор боп ұшты қызыл гүлім. Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем, Есекпен қосақтаулы өтті күнім.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру