TELEGEI

Home

Қосу мен азайту

Асқар Жұмаділдаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қосу мен азайту

Қазақстанның белгілі ғалымы, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Жұмаділдаевтың шығармашылығының басым көпшілігі ғылымға негізделген. «Қосу мен азайту», «Медеттің есеп кітабы», «Геомертиялық фигуралар», «Шығайбайдың қулығы», «Алда...

4-7 жастағы балаларға арналған

Асқар Жұмаділдаев. Қосу мен азайту

Қосу менен азайту –
Ойды анық, таза айту.
Сөз қысқа да, ой нұсқа,
Нәтижесін дәл айту.

Шөлдің кері – теңіз бе?
Арық емес, семіз бе?
Ал азайту қарсы амал –
Қосуменен егіз бе?

Көжектер мен балапан

Ішпейді екен көжені,
Қоянның қос көжегі.
Бұған тағы қосайық
Дән шоқитын шөжені.

Екі көжек, балапан –
Бәрі қанша, балақан?
Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам. (21 =...)

Тиіннің жаңғағы

Үшеу еді қолында,
Бірі қалды оның да.
Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында? (3−1=...)

Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,
Үш ноянға татыр ма?
Қоян көріп жағадан,
Қашып бара жатыр ма?

Қоян қорқып құмда тұр.
Бұзау үркіп шымда тұр.
Сүңгіп кетсе екеуі,

Нешеу екен шын батыр? (3−2=...)

Қанша қой?

Бес қой қосу екі қой
Жалпы саны ... ғой
Екі қой – қайта алғаным,

Айтшы қанша қалғанын? (5+2=...) (7−2...)

Кірпінің олжасы

Бір алмасы солында,
Екі алма оңында.
Неше алма барлығы,

Бірі жатса жонында? (1+2+1=...)

Медеттің кәмпиттері

Алты кәмпит көп еді.
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім апаға,

Екі кәмпит мамаға,
Бірін берсем көкеге,
Өзіме де жете ме?

Жауабы: Жетеді, өйткені 6 - 1 - 1 - 1 - 1 =... ... >0

Неше үшбүрыш бар?

Мұқияттау қарайық,
Үшбұрыштар санайық.
Үлкені мен кішісі –
Бәрі қанша? Табайық...

Жауабы: 5

Қосу-алу – қос амал,
Егіз қозы дос амал.
Талаптыға оп-оңай
Алынатын қос қамал.

Бар амалды білейік.
Білмегенге күлейік.
Ғылым қуар балаға
«Жолың болсын» тілейік.

Көрнекті математик, академик-ғалым Асқар Жұмаділдаевтың бұл кітапшасы бүлдіршіндерге математиканың әліппесін – қосу және алу амалдарын таныстыруды мақсат етеді. Тақпақтардың тілі женіл, оңай жатталады. Кітапша 4-7 жастағы балаларға, олардың ата-аналарына, балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Жобаның жетекшісі Ізбасар Бозаев

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙