Біз осы не бітіріп жүрміз?
Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
ҚР Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының лауреты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп жүрміз?» атты публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісіне арналған. Атап айтқанда, Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы»
сериясы
Болатбек Төлепберген
БІЗ ОСЫ
НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ?
Публицистикалық толғаулар
мен мақалалар
Сөздік-Словарь
Алматы, 2015
ҚР Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының лауреты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп жүрміз?» атты публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісіне арналған. Атап айтқанда, Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен тәуелсіздік толғауы – қазіргі әлеуметтік болмыс пен санадағы ұлттық идея арақатынасын зерделеген. Сонымен қатар, қазақтың ортақ құндылық бастауын жасау және жас ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру мәселелері аталған еңбекте жан-жақты көрініс тапқан. Елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын басымдықтар мен ұлттық идеяны іздестіру мәселесі, сонымен қатар, қазіргі уақытта ұзақ мерзімдік ұлттық идеологияны айқындаудың қажеттілігі аталған еңбекте лайықты тұрғыда талданған. Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік қарымы айшықты. ӘОЖ 070 КБЖ 76.01 Т 65 ӘОЖ 070 КБЖ 76.01 ІSBN 978-99-65-822-96-4 ІSBN 978-99-65-822-96-4 © Төлепберген Б., 2015 © «Сөздік-Словарь», 2015 Біз осы не бітіріп жүрміз?/ Болатбек Төлепберген. Публицистикалық толғаулар мен мақалалар. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 280 бет. Т 65 Төлепберген Б. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
І бөлім
Алаш қозғалысынан
тәуелсіздікке дейін
«Алаш қозғалысынан тәуелсіздікке дейін» атты бірінші бөлімде
ұлт пен ұлтшылдық, ұлттық сана мен ұлттық бірегейлік және оны
қозғайтын интеллектуалдық элитаның рухани және әлеуметтік
қызметтерін сараптау негізінде ХХ ғасырдың басында заман та-
лабына сай сапалық тұрғыдан жетілген және өз эволюциясының
жаңа сатысына көтерілген қазақтың ұлттық идеясы - Алаш идея-
сы және қозғалысы бағамдалады.
Автор Алаш идеясы туралы пайымдарын, яғни қазақ елінің
ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдық-
саяси құбылысқа байланысты өз тұжырымдарын оқырман наза-
рына ұсынады. Алаш идеясы таразылана отырып, ХХ ғасырдың
түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар арасындағы өзара
логикалық байланыс ұтымды баяндалған. Автор Алаш идеясы
үшін күресті кеңестік билік жағдайында жалғастырған қоғамдық
ұйымдар мен жеке азаматтардың қызметін нақты құжаттық
материалдар арқылы берген. Сондай-ақ, тәуелсіздіктен кейінгі
қазақ жастарының саяси-әлеуметтік жағдайы да талданған.
Алаш идеясына қызығушылық танытқан барша оқырман, жастар
және жоғары оқу орындарының студенттері бұл бөлімнен біршама
мағлұматтар табары анық.
Мәңгі жас – Алаш! Қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, сан ғасырларға кететін тағылымы зор, өткеніміз бен өткеліміздің темірқазығы іспеттес Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан таразылайтын тың тақырып іспеттес. Бұған қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш-орданың тоқсан жылдығын бүгінгі атап өту барысында анық көз жетіп отыр. Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір қырынан қарап көруді парыз санадық. Таразыланатын тақырып: Мәңгі жас – Алаш идеясы. Иә, біздің байқауымызша, қазақ бола ма, болмай ма деген сауал талқыға түскен жиырмасыншы ғасырдың басында дер уағында дүниеге келген Алаш идеясын уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлердің ұлт ісіне ерте есейген есті сана – жалындап тұрған жастық жігермен кіріскендіктері алдыңғы кезекте көрініс береді. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сынды жол сілтер Алаш көсемдері тұрған алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы жиырмажиырма бестің, әрі кетсе отыздың о жақ, бұ жағындағы өрендер еді. Саралап көрелік. Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары қырықтың қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан әрі өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып кеткен. Ал мұны жақсы түсінген әрі Алаш идеясының баянды болуына бар ынты шынтысымен еңбек еткен, арқалы ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытов Алаш қозғалысы құрылған тұста бірі жиырма төртте болса, бірі жиырма сегізге енді келген екен. 1917 жылы «Алаш» партиясын құрушылардың қатарындағы ең жас көсем, Алашорда үкіметінің мүшесі Әлімхан Ермеков жиырма бес жасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және
Мұхаметжан Сералиндермен бірге Коммунистік партия көсемі Ленинге көршілес елдерге өтіп кеткен шекарадағы қазақ жерлері қазақтікі екенін дәлелдеп, көзін жеткізіп, мәселені қазақтың пайдасына шешеді. «Алаш» партиясының белсенді мүшесі болған, кейіннен алашшыл азаматтарға қауіп төнгенде ағалардың ақылын тыңдап, мұраты бір жас алашшылармен бірге Коммунистік партия қатарына өткен сұңғыла суреткер Мұхтар Әуезов және 1914–1917 жылдары «Бірлік» қоғамының мүшесі (Омбы қ.), 1917–1918 жылдары Алашорда жағында азамат соғысына қатысқан Дінмұхамед (Дінше) Әділев және жалынды алашшыл жастардың тұңғыш жетекшісі Смағұл Садуақасовтар сол уақытта бозбала шақты енді артқа тастаған небары он жеті жастың шамасында екен. Омбыда жас алашшылдар құрған «Жас азамат» ұйымының Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – «Жас азамат» газетіне («Қазақ», «Сарыарқа», «Абай» сынды ұлтжанды басылымдардың ізбасары) редакторлық етіп, газет бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалары нөмір құрғатпай шыққан Қошке Кемеңгеров пен ұлтжанды алашшыл қайраткер Сұлтанбек Қожановтар сол кезде жиырмадан енді ғана асқан еді. Есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде үлкен қызметтер атқара жүріп, ұлт қамын ойлап, жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болған мемлекетшіл қайраткер, ірі тұлға Тұрар Рысқұлов Түркістан АССР-і үкімет басшысы ретінде 1920 жылы тарих сахнасынан кеткен Алашорда қозғалысының жетекшілері мен белсенді мүшелеріне қолынан келген мүмкіндігінше қамқорлық жасады. Тұрар Республика үкіметін басқарған тұста Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың т. б. аса көрнекті қазақ зиялыларының Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік өңірін паналап, ғылыми, педагогикалық және шығармашылық жұмыспен айналысуға мүкіндік алулары Тұрар қамқорлығының арқасында екендігі күмән тудырмайды. 1918 жылы Ахмет Байтұрсынов Қостанайға келіп, алашорда отряды қатарына жастарды тартқанда қатардағы жауынгер болып тізімге жазылып, «Алашорда отрядының еріктісі атанып, алашордаға үміт арта сенген, табиғатында халқына қай жақтан жақсылық болса, солай қарай аңсары ауып, икемделетін Бейімбет Майлин және Омбы студенттерінің «Бірлік» атты ұйымының жұмысына белсене қатысып, Ақмола жастарының революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет
шығарған, 1916 жылғы халықтың ұлтазаттық көтерілісшілеріне тілектестік білдіріп, өлеңдер жазған Сәкен Сейфуллин әрі осы үш бәйтеректің бірі, ұлт азаттық күреске үнемі қолдау білдірген суреткер Ілияс Жансүгіровтер сол кездері жиырма үш жасқа енді келіпті-ау. Патша өкіметінің боданындағы туған халқының тағдыр тау қыметін өткір тілмен айтып, баспасөз беттерінде жиі-жиі мақалалар жазып, саяси күреске өмірін арнаған Мұхаметжан Тынышпаев және бұрыннан-ақ қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған қарсы үгіт-насихат жүргізген, сондай-ақ Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтай абзал азаматтармен пікірлес дос болып, бір мақсатта күрескен Жақып Ақпаевтардың ақыл тоқтатқан шақтағы салмақты істері Алаш қозғалысына айбын бергені анық. «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлерінен басқа қатардағы есімдері атала бермейтін мүшелерінің бүгінде мүмкіндігінше барлығының аты-жөнін ардақтау парыз. «Алаш» партиясын ұйымдастырушылар, халқымыздың біртуар ұлдары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермековтермен серіктес болып, халық қамы үшін бірге күрес жүргізген алаш ұландарының бірі Имам Әлімбеков. Ол «Алаштың» Семей облыстық ұйымы тарағасының орынбасары, «Алаш» партиясының орталық үні – 1918–1919 жылдары шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің редакторы, «Алаштың» атты әскерлер полкын жасақтаушылардың бірі болды. Ал А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың шәкірті, ізбасары ретінде солармен үндес, пікірлес болған өрелі өрен Ғазымбек Бірімжанов қаламгер, дәрігер, агроном және ағартушы-қоғам қайраткері санатына көтерілген жастардың қатарынан табылды. Сондай-ақ жалпы қазақ съезінде Алашорда өкіметіне мүше болып сайланған Отыншы Әлжанов Жетісуға келіп, съезд қаулыларын жүзеге асыру ниетімен өлкенің айтулы азаматтары М. Тынышпаев, С. Аманжолов, И. Жайнақов, Б. Мамытовтармен тізе қоса отырып, игілікті істердің ұйытқысы болады. «Алашорда милициясының алдында тұрған міндеттерді саралайды. Міне, тізім осылай жалғаса береді. Бұдан біздің анық байқайтынымыз, мұқым Алашқа ұран болған Алаш идеясы -- ақыл тоқтатқан аға буынның бастауымен ерте есейген жас ұрпақтың жалғастыруымен тағылымы бүгінге сабақ боларлық салмақты да жасампаз идея. Ендеше бізге қалған мақсат-мұрат не? Мақсат айқын. Алаш идеясы дегеніміз не? Алаш арыстары кімдер? Осы сауалдар тұрғысында таразылар тақырыбымызды
өзіндік қырынан ашуға тырысу. Алаш идеясы және алаш арыстарымен жақын танысып, сырласқысы келетін, сондай биікке ұмтылатын оқырман көкейіне үміт, жүрегіне сенім ұялату. Алаш идеясының әлеуметтік қуаты мен маңызын бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алаш арыстары тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмысбітімін және жастарға берер тәлім-тәрбиесін ашып көрсету. Ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі мен өлмес мұрасын зерттеу арқылы оны бүгінгі жас буынға, жалпы қауымға үлгі ретінде ұсынып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруға, рухани дамуға және ұлттық санаға жол ашу. Иә, бастау бұлағы сонау Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Мәңгі жас – Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажеттігі туындайды. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі, атап айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, іргесін сөгіп кетуге қауіп тудырған зауалдың ендігі уақытта алдын алу, оның саяси, рухани, әлеуметтік зардаптарынан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда қолдарыңызға тиіп отырған кітаптың басты міндеті өткен ғасырдың басындағы бетке ұстар алаш азаматтары бастап, бүгінге дейін жеткен қазақтың асыл арман-аңсары мен ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты басып жаншығанымен, нешеме рет саяси қуғын-сүргінге ұшыратқанымен арда мінезін мұқалта алмағандығын мадақтау және тарихи жадыны жаңғырту болып табылады. Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея – ұлт-азаттық идеясы алпысыншы жылдары «Жас тұлпар» ұйымы болып бас көтеріп, жетпісінші жылдары «Жас қазақ» бірлестігі болып жанданып, одан жиырмадан аса жасырын жастар ұйымдарына ұласқан ағысқа қарсылық ақыры 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан көтерілісіне алып келді. Біздіңше, жастық лептің дем беруімен тарихи бірізділік бойынша дамыған бұл асқақ тарихымызды бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Сабақ алуға міндетті. Тағзым етуі парыз. Енді аз-кем кітаптың құрылымы туралы. Қолыңыздағы кітапта тарихи бірізділікті сақтауға тырысып, материалдарды үш бөлімге топтастырдық. Бірінші бөлімге Алаш идеясының бастау бұлағы – Алаш қозғалысы мен Алаш қайраткерлері турасындағы зерттеу өзек болып, Мәңгі жас – Алаш идеясының кеңестік
уақытта қалайша өлермендік пен өміршеңдікті қатар өткере жүріп, бүгінге жеткені сөз болады. Ал екінші бөлімде ғасыр басындағы қазақтың ұлт зиялыларына айналған алашордалық алыптар шоғыры мен оларға жаңа тыныс берген алашшыл жастардың және де халқының қамын ойлағаны үшін жалған жала жабылып, жаза арқалаған азамттардың өмірбаяны қамтылды. Үшінші бөлімге Алаш қайраткерлері армандаған тәуелсіздікке қол жетіп, Мәңгі жас – Алаш идеясының егемен елімізде қалай жүзеге асып жатқандығы публицистикалық мақалалар арқылы арқау болды. Сондай-ақ кітаптағы бірқатар деректер мен суреттерді жа рыққа шығаруға көмектескен Л.Гумилев атындағы ұлттық уни верситеттің Алаштану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлына алғы сымызды білдіреміз. Иә, Алаштануда атқарылар ауқымды жұмыс алда. Оған осы кітапты жазу барысында көзіміз әбден жетті. Алаштану мәселесінде кәсіби тарихшылардың жазған еңбектерін қарап шығу мақсатымен кітапханалардағы аталған тақырыптағы кітаптарды іздестірдік. Өкінішке орай, Ұлттық кітапханадан қолданыс аясында ұзақ жылдардан бері жүріп, сарғайып, тозығы әбден жеткен алаштанушы, тарихшы-ғалым ағаларымыз, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Кеңес Нүрпейісовтың 1995 жылы «Ататек» баспасынан шыққан «Алаш hәм Алашорда» кітабы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің 1995 жылы «Санат» баспасынан шыққан «Алаш қозғалысы» кітаптарынан басқа аталған тақырыпта жазылған еңбектерді кездестіре алмадық(Тіпті бұл тың тақырыпқа жаңадан жазылып жатқан дүниелер болмаса, аталған екі кітапты көп данамен қайта бастырып шықса да игілікті іс болар еді ғой). Ал Алматы қаласының кітап дүкендерін сүзіп шыққанымызбен алаштану мәселесіне арналған жарытымды кітаптарды және таба алмай қиналдық. Ең өзекті өртер өкініштісі, бұл жайт Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш Орданың тоқсан жылдығын атап өткеннен кейінгі жағдай. Өсер ұлттың өрісіне сын, шын мәнінде ұят-ақ мәселе. Біздің де бұл ізденісіміз сол олқылықтың орнын аз да болса толтыруға жараса, алаштануға мысқалдай болса да үлес қосуға тырыссақ, мақсатымыздың орындалғаны.
Ерте есейген ұрпақ Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлт қамын ойлап, жұдырықтай жұмылуына, һәм алаш идеясының жедеғабыл пісіп-жетіліп, жүзеге аса бастауына үлкен әсер еткен екі оқиғаны атап өту абзал. Бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, екіншісі – 1917 жылғы ақпан революциясы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық Ресейдің ұлттық және әлеуметтік езгісінің шектен шығуы еді. Қанаушылық пен тонуашылық, ең сорақысы, қазақ жерін жаппай иемдене бастаған басқыншылық қазақтарға шегінерге жер қалдырмады. Дәл сол кездегі тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен бірдей болған қазақтан қара жұмысқа еңбекке қабілетті еразаматтардың барлығын алу сыныққа сылтау болды. Алаш зиялылары бұл мәселеде салиқалы пікір ұстанды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»- деп, өз ұлтының ешкімнен кем емес екенін айтып, патшалық Ресей саясатының солақай бағытты ұстанғандығын сынайды. Ал патша ағзам жарлығымен қара жұмысқа алынуы тиіс жарты миллионнан астам қазақ жастарына жолдаған үндеулерінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов: «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді» – деп, қан төгілуін қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға тартты. Яғни бұл жағдай Алаш зиялыларының іштей буырқанып, толысып, қарсылықты қалайша білдіру қажеттігін іздене түсуге түрткі болды. Енді 1917 жылғы ақпан революциясының қазақ зиялыларына қаншалықты әсер еткеніне тоқталық. Алаш көсемдері бұл төңкерістен кейінгі кезді қазақ ұлтының болашағы үшін ұлы мүмкіндік деп есептеп, алдағы өмірден үлкен үміт етті. Әрі оны баянды ету жолында аянбай еңбектенді. 1905 жылы негізі қаланған Алаш қозғалысы ақпан революцасынан кейін күрт күш ала бастады. Алаш Орда үкіметі мүшелерінің негізгі іс-әрекет бағыттарынан Ресей патшасының отаршылық езгісіне қарсы күрес жолындағы қазақ бұхарасының заңдық тұрғыдан құқын қорғау мәселесі анық аңғарылды. Туған халқының саяси санасын сақайтып, құқықтық сауатын ашпай қатардан қалып қоятындықтарын жақсы түсінді. Бұған қоса қазақ халқының ұлттық санасын оятуда, білімі мен білігін
жетілдіруде, мәдениеті мен руханиятын дамытуда олардың әрбірі жеке тұлға ретінде үлкен үлестерін қосты. Осы бағытта олар қазақ халқының бай тарихы мен озық мәдениетін толыққанды зерттей отырып, оны кең насихаттау жұмыстарын қажетті істердің бірі ғана емес, бірегейі ретінде басымдық берді. Сондай-ақ өзге тілдердегі үздік ғылыми және публицистикалық дүниелерді қазақ тіліне аударып, рухани кеңістіктің аясы тар шеңберде қалып қоймауына жете көңіл бөлді. Және Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысын алып қарасақ та тек бір мамандықты игеріп қана қоймай, халыққа қажетті бірнеше салада жемісті еңбек етіп, сан қырлы талант иелері екендіктерін көрсетті. Енді тархихи деректер бойынша, Алаш қозғалысының қалай басталғандығы мен оның басында нақты кімдердің қызмет еткенді гіне шегініс жасалық. Алаш орда үкіметінің құрылуы 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақтық сьездің шешімімен жүзеге асты. Сьезді ұйымдастырушылар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Сағындық Досжанов және Міржақып Дулатовтар еді. Сьезге қазақ елінің әр аймағынан бірнеше делегат келді. Нақтырақ айтқанда, бір ғана Алтай губерниясы мен Самарқан облысындағы қазақтар атынан 58 делегат келсе, түрліше бағыттағы қазақ ұйымдарының өкілі ретінде 8 делегат, сондай ақ арнайы шақырту алған 15 азамат сьез жұмысына қатысты. Яғни, желтоқсандағы аталған сьезге жер жерден ат сабылтып 81 делегат келді. Сьез сол кездегі қазақ ұлты үшін маңызды деген он мәселені талқыға салды. Соның ішіндегі ең бастылары – қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері еді. Бірінші баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасайды. Бұл баяндама жөнінде қабылданған қаулыда қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Осы құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия жариялау, милиция мен Ұлт кеңесін (Үкімет) құру мәселелері бойынша баяндама жасайды. Аталған баяндама бойынша сьезд бірауыздан: «1) Бөкей елі, орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері біріңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
2) қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын... 6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен
уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» бол-
сын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-
қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды. Алаш
орданың уақытша орны – Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен ба-
стап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады...» – деп
қаулы қылады.
Ал осы сьезде жалпы қазақтық Халық кеңесі – «Алаш ордаға»
мүшелікке сайланған азаматтардың есімін есте сақтау бүгінгі
ұрпақтың парызы болса керек. «Алаш орда» үкіметі мүшелерінің
яғни министрлерінің тізімі төмендегіше:
1. Бөкей ордасынан Танашев Уалитхан (1887-1968 жыл), заңгер. 2. Орал облысынан Досмұхаммедов Халел (1883-1939 жыл),
әскери дәрігер. 3. Ақмола облысынан Тұрлыбаев Айдархан (1877-1937жыл),
заңгер. 4. Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет (1871-1927 жыл), заңгер. 5. Семей облысынан Ғаббасов Халел (1888-1931 жыл), физик-ма-
тематик. 6. Жетісу облысынан Аманжолов Садық (1889-1941 жыл), заңгер. 7. Сырдария облысынан Шоқаев Мұстафа (1890-1941 жыл), заңгер.
Облыстардан тысқары: 8. Бөкейханов Әлихан (1866-1937 жыл), Арқадан, экономист,
Алаш орда үкіметінің төрағасы. 9. Досмұхаммедов Жанша (1887-1938 жыл), Орал облысынан,
заңгер. 10. Ермеков Әлімхан (1891-1970 жыл), Қарқаралыдан, математик. 11. Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1937 жыл), Жетісудан, ин-
женер. 12. Құлманов Бақтыкерей (1859-1919 жыл), Бөкей ордасынан,
шығыстанушы. 13. Ақпаев Жақып (1876-1934 жыл), Арқадан, заңгер. 14. Мәметов Базарбай (1888-1946 жыл), Жетісу, Лепсіден, заңгер, 15. Әлжанов Отыншы (1873-1918 жыл), Шығыс Қазақстаннан,
ағартушы-мұғалім.
Мүшелікке кандидаттар: 1. Қашқынбаев Иса (1891-1934 жыл), Оралдан, дәрігер. 2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890-1932 жыл), Жетісудан, дәрігер. 3. Итбаев Ережеп (1873-1930 жыл), Шығыс Қазақстаннан, заңгер. 4. Сабатаев Сатылған (1874-1921 жыл), Жетісу, Қаскелеңнен, шы
ғыстанушы, тұңғыш қазақ агрономы. 5. Қасаболатов Есенғали (1889-1938 жыл), Оралдан, дәрігер. 6. Ниязов Батырқайыр (1872-1924 жыл), Бөкей ордасынан, заңгер. 7. Боштаев Мұқыш (1888-1921 жыл), Баянауылдан, заңгер. 8. Жанайдаров Сейілбек (1884-1929 жыл), Атбасардан, заңгер. 9. Нұралиханов Сәлімгерей (1878- ?), Бөкей ордасынан, заңгер. 10. Алмасов Омар (? – 1922 жыл), Торғайдан, халық мұғалімі. 11. Қадырбаев Сейдәзім (1885-1938 жыл) Торғайдан, заңгер. 12. Кенжин Аспандияр (1887-1938 жыл), Атыраудан, халық
мұғалімі. 13. Бекімов Молданияз (1882-1930 жылдардан соң белгісіз), Орал-
дан, әскери қызметкер. 14. Тұрмағамбетов Есен (1883-?), Ақтөбеден. 15. Солтоноев Жанеке (Жақып) қырғыз, мал дәрігері.
Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері: 1. Байтұрсынов Ахмет (1872-1937 жыл), Торғайдан, Орынбор
қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жылы) 2. Жұмабаев Мағжан (1893-1938 жыл), Қызылжардан, Омбы
оқытушылар семинариясын бітірген, (1917 жыл) 3. Омаров Елдес (1892-1937 жыл), Қостанайдан, Орынбор
мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жылы). 4. Сәрсенов Биахмет (1885-1921 жыл), Шығыс Қазақстаннан, Се-
мей мұғалімдер семинариясын бітірген, (1939 жыл). 5. Шонанов Телжан (1894-1938 жыл), Ырғыздан, Орынбор қазақ
мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).
Бұл Бүкілқазақтық Алашорда кеңесінің мүшелерін сайлап, төраға етіп Әлихан Бөкейхановты бекіткен 1917 жылғы желтоқсандағы Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезі Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы туралы мәселені де мақұлдағандығын айта кетуіміз керек. Осы ретте Алаш қозғалысының мақсат-мұраты түсінікті болу үшін, осы сьезд қарсаңында жарық көрген («Қазақ» газеті, 1917 жыл.) «Алаш» партиясы бағдарламасының төмендегі жобасымен танысып шығалық.
«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы 21 қазан 1917 ж. І. Мемлекет қалпы Русия демократический федеративный республика болу. (Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федерационный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді). Үкімет басында Учредительное Собрание мен Г.Думаға қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау құқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау құқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау. ІІ. Жергілікті бостандық Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып Русия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земствалықты қабыл алу. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһұд қылады. Земствалардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. «Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды. ІІІ. Негізгі құқық Русия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік. Үкімет қызметшілері, иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық. Законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық. Сот сұрамай, билік етілмей, тұтқын қылмаушылық. Қылмысты болған адам судия бар жерде 24 сағат ішінде, судиясыз жерде бір жетіден қалмай судияға тапсырып жауап алса, судия үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. ІV. Дін ісі Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу. Жесір дауы сотта қаралу. V. Билік һәм сот Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судия жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеутексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судия орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу. Құдайдан соңғы күшті би һәм судия болып, кімге болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Казақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу. VІ. Ел қорғау Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай болу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. VІІ. Салық Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғаділ жолмен таратылу.
VІІІ. Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фа-
брика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» пар-
тиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик
табының программасын жақтайды).
ІX. Ғылым-білім үйрету
Оқу орындарының есігі кімге де болса ашық һәм ақшасыз болу.
Жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу.
Қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу. Оқу жолы өз алды
автономия түрінде болу. Үкімет оқу ісіне кіріспеу. Мұғалімдер-
профессорлар өз-ара сайлаумен қойылу. Ел ішінде кітапханалар
ашылу.
X. Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасын
алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу. Қазақ жер сыбағасын
отырған жерлерден алып орналасқанша қазақ жеріне оған мұжық
келмеу. Бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа
қайту. Қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу.
Сыбаға өлшеу норма – жердің топырағы мен шаруашылық түріне
қарай жасалу. Сыбағадан артылған жерден ел өскенде ауық-ауық
сыбаға келісіп берілу. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да
кесілу. Жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табы-
на меншіктеп алу. Өзара әділдік жолмен пайдалану.
Жер законында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пай-
дасынан артық жер сатылмай, земстваға алыну. Жердің кені, астығы,
байлығы қазнаныкі болып, билігі земства қолында болу.
Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл
байлықтары земства мүлкіне саналу.
Жоба жасаушылар:
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев,
Ғазымбек Бірімжанов.
Қазақ. – 1917. – №251.
Өздеріңіз байқағандай он бөлімнен тұратын партияның бұл бас құжатында сол кездегі қазақ қоғамының өзекті мәселелері түгелге дерлік қамтылған деуге болады. Осы қазақ халқының басындағы тарихи жолайрық кезеңіндегі нақты жағдайларды саралаған «Алаш» партиясы қазақ ұлтының дамуының балама жолын ұсына білгендігі жоғарыдағы құжаттан көрініс тауып тұрғандығы анық. Өкінішке орай, тарих сахнасына толқып шыққан большевик тер Алашордамен тіл табыспай, өздеріне жау ретінде қарады. Айт қандай-ақ Алашорда большевиктерге мықты оппозиция бола білді. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлауда қазақтар көпшілік дауыспен «Алаш» партиясының бағдарламасын қолдап дауыс берді. Дегенменде большевиктер тізеге басты. Ә дегеннен-ақ кеңес үкіметі тарихи әділеттіліктен гөрі, әлімжеттікпен ұлт азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық санасын оятушы және де отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші қазақ ұлтының демократияшыл зиялыларының идеясын тұншықтыруға тырысты. 1918-1919 жылдары Жүніс Бабатайұлы, Асфандияр Шорманұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Смағұл Садуақасұлы және т.б. жас қырандар Алаш идеясын ту етіп көтерген ағаларының ізін басып, қолдау білдіріп, қазақ ұлтының қамы үшін жас алашшылардың «Жас азамат» ұйымы төңірегінде тізе қосады. Алашорданың шырқау шегіне жетіп, қызмет аясы тарылған тұста одан арғы таңдау бастапқы жолдан бас тарту еді. Ленинмен болған келіссөз нәтижесіз аяқталған соң, амалсыз саясаттан мүлдем қол үзіп кету ұлт мүддесі үшін күресте ұпай әпере қоймайтыны белгілі. 1919 жылдың 4 сәуірдегі өкіметтің «кешірімінен» соң Алаш арыстары ақыры саясаттың ыңғайына иліккенімен, ұлттың қамын «ұрандатпай» шешуге кірісті. 1920 жылы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуезов коммунистік партия қатарына бекер өткен жоқ. Осы уақыттың талмауыр талабын тап басқан Әлихан Бөкейхан қазақ халқын және танылып қалған алашордашыларды аман сақтау үшін «көзге түспеген» жастар тезірек міндетті түрде коммунистік партияға өтуі керек деген пікір айтады. Алаш жұртының қамы үшін айла мен тығырықтан шығар амал іздеген олар оттан да судан тайсалмады. Айталық Алаш идеясын толыққанды жүзеге асыруда большевиктерден жеңіліс тапқанымен таулары шағылып, тауандары қайта қойған жоқ. Қайта қайраттана, ширыға түсті. Өз елінің тарихын жақсы біліп қана қоймай, туған топырағының сүймендей жері көрші мемлекеттердің
құзырына өтіп кетпесі үшін бар білігі мен батылдығын жұмсаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков және Мұхаметжан Сералиндер қазақ ұлтының бірлігі мен қатар, жерінің де тұтастығын сақтап қалды. Кеңес үкіметінің көсемі Ленин бұл ретте бір жағынан әділдікке, бір жағынан саясатқа салып, қазақ зиялыларының ығына жығылды. Нәтижесінде бұрын Ресейдің құрамына өтіп кеткен көптеген жерлер Қазақстанға қайтарылып, тарихи әділеттілік орнады. Сөз жоқ, осы тұстағы жастардың дүниетанымы жедел қалып тасып, олардың ерте есеюіне ықпал еткен ең бірінші сол кездегі қазақ қоғамының талабы қозғаушы күш болды. Жастар асау уақыттың жалынынан ұстай білді. Замананың тынысын тап басты. Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ жастарының жетекші лерінің бірі де бірегейі Смағұл Садуақасұлы болды. Ол Алашорданың жұмысына белсене араласып, оның Ақмола облыстық комитетін құруға ат салысады. Алашорданың мақсат-мұратын жастарға жанжақты түсіндіріп, әрі оларды үлгі ете отырып, Алашорданың жастар қанаты іспетті «Жас азамат» ұйымының ірге тасын қалады және оның үні – «Жас азамат» газетін жарыққа шығарды. Әрі өзі қарымды қаламгер ретінде де Алаш идеясын сол кездерде жарық көрген басылымдарда барынша насихаттаған Смағұл Садуақасұлы «Жастар сьезіне» («Еңбекшіл қазақ» газеті, 1922 жыл, 20 шілде) атты мақаласында: «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы. Қазақ халқының ішінде шын саяси қозғалыс жастар оянып, жастар ұйымдасқаннан кейін ғана бар» – деген ой түйеді. Көреген әрі уақыт сынын саралай білген сарабдал ойдың иесі Смағұл Садуақасұлы бұл еңбегінде аға толқын арасында жүрегі ұлтым деп соққан азаматтар көп болмағандығы, олардың ортақ бір істің басына жұдырықтай жұмыла алмағандығы жастарға сабақ болуға тиіс екендігін айтады. 1918 жылы 5-13 сәуір аралығында Омбыда жалпы қазақ-қырғыз жастарының үлкен жиылысы қалыптасқан жағдайға орай, қазақ жастарының өміріне жаңа тыныс әкеледі. Бұл жерде бұған дейін қызмет еткен «Бірлік» және «Жас қазақ» ұйымдары қазақ жастарын біріктіргенімен, ұлт мәселесінде, Алаш идеясы төңірегінде топтасуда енжарлық танытқанын айта кетуіміз керек. Жастардың арасында басқа жолды таңдағандар бұл мәселеде шын мәнінде таңдау жасау қажеттігін көрсетіп берді. Оның үстіне дәл осы уақытта қазақ қоғамының алдында Алашорда партиясының, Алаш орда үкіметінің бастаған ісіне қолдау білдіріп, одан әрі жалғастыратын жас алашшылардың күшіне жүгіну міндеті тұрды.
Сөйтіп, елдегі барлыққа дерлік, шамамен жиырма бір жастар
ұйымдары бір орталыққа бірігіп, «Жас азамат» ұйымы құрылды.
Бұлайша бұла күшті біріктіруге аға буынның ықпалы болғаны анық.
Айталық 1917 жылы Әлихан Бөкейханұлы Омбыға Орынбордан
арнайы ат терлетіп келіп, ондағы көзіқарақты қазақ жастарымен
кездеседі. Ел қамы, ұлт мүддесі турасында ақыл қосады. Мұндай
жүздесулер жиі болғаны анық.
Иә, жиырмасыншы жылдар көзі ашық, сауатты да сарабдал қазақ
жастары үшін толысу, іздену, өсу жылдары болды. Бұл жиған-терген
білік пен тәжірибені олар ұлт мүддесі жолына жұмсау қажеттігін
және жете түсіне білді. Осы жолда қиындықты да кешті, қызық
пен шыжықты да көрді. Әділеттің ақ жолы жеңіл болмасына да куә
болды. Үміт пен күдік итжығыс түскен талмауыр тұстың ақырында
ақиқат жеңіп шығатынына имандай илана білді де.
Енді осы алашшыл жастарға жетекшілік еткен өрендерге және
негізгі қозғаушы күш – олар құрған ұйымдар мен жарыққа шығарған
басылымдаға тоқталып өтсек.
Алашшыл жастар ағалар ісін жалғады
Қазақ жастарының тұңғыш ұйымы 1915 жылы құрылған
«Бірлік» мәдени-ағарту ұйымы болып табылады. Бағыты қазақ
ұлтын сақтап, халықтың ұлтжандылық сезімін оятып, мәдени-
әдеби жағынан алғы елдердің қатарына қосылуды көздеген әрі
аты айтып тұрғандай бүкіл жастарды бірлікке шақырған «Бірлік»
ұйымы Омбының ойлы қазақ жастарының табандылығымен
дүниеге келген болатын. Алайда 1918 жылы төңкерістен кейін
замана ығына қарай ыңғайлана қойған «Бірлік» ұйымының мақ
сат-мұраты құбылмалы мүшелері райларынан қайта бастағанда,
ұстанымдарына берік мінез танытқан С. Садуақасұлы, Қ.Кемең
герұлы және Г.Досымбекқыздары қазақ жастарының басын қосып,
жоғарыда айтып кеткен «Жас азамат» ұйымын құрды. Осылайша
«Бірліктің» бастапқы бағытын, оның жұмысын, дәстүрін одан әрі
жалғастырған «Жас азамат» ұйымы дүниеге келеді. Басты мақсат –
қазақ ұлтының тәуелсіздігі мен теңдігі. Бұл аталған ұйымдар сол
кездегі қазақ жастарының ұлт мүддесі тұғысында біріге қимылдай
алғандығы мен олардың қоғамдық белсенділігінің жоғары болған
дығын көрсетсе керек.
Ал билік қарамағында да жастарға қатысты құрылымдар бар
шылық еді. Соның негізгілері – Кеңестік Күншығыс ұлттары
жастарының орталық бюросы және Қазақ Автономиялы респуб
ликасының Жастар одағы. Аталған құрылымдар қазақ жастарымен тікелей жұмыс жасайтын әрі 1920 жылдары қызметтері күш алған болатын. Осы жылы Сібір төңкерісшіл Жастар Одағы комитетінің (РКСМ) қырғыз (қазақ)-татар секциясы қанатын кеңге жайып, қазақ ауылдарында жастар ұйымдарын құра бастайды. Смағұл Садуақасұлы бастаған өрендер бұл ұйымдарды «Жас азаматтың» дәстүрін одан әрі жалғастыратындай етіп құруға күш салды. Омбы жастарының орыс тілінде шығатын «Юношеская правда» журналы ( № 3, 15 шілде, 1920 жыл): «Осы жылдың 3 мамырынан бастап іске кіріскен қазақ-татар секциясы (құрамында 3 қазақ, 2 татар бар) жұмыс барысында әр ұлттың салт-санасы, тұрмысы әрқилылығына сәйкес жасайтын тірліктерінің мазмұнын да өзгертті. Қазақ қызметкерлері қазірдің өзінде Атбасарда, Қызылжарда, Көкшетауда (Омбы губерниясы), Павлодарда, Қарқаралыда (Семей губерниясы) жастар ұяларын құрып үлгерді. Қазақтың бұл елді-мекендеріндегі жастар ұялары сауық кештерін жасап, спектакльдер қойып жүрген көрінеді,» – деп қызыға да қызғана хабарлайды. Бұл Сібір РКСМ-ның қазақтатар секциясы апта сайын «Еңбекшіл жастар» мен «Кызыл шарх яшляри» газеттерін шығарып тұрды. Осы кездердің өзінде Қазақстанның қалалары мен қатар шалғай ауылдарының өзінде жастар ұйымдары белсенді жұмыс жүргізді. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды. Сондай-ақ Ақмолада да сол секілді «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді. 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында Күншығыс ұлттары жастарының Бүкілресейлік бірінші конференциясы өтеді. Оған өкіл болып барған Сұмағұл Садуақасұлы қазақ ұлтының жастары атынан мінберден сөз сөйлейді. Осы жиналыста ол Күншығыс жастарының тоғыз кісіден тұратын кіндік бюросына мүше болып сайланады. Қазақ жастарының жас та жалынды жеткешісін байқаған Қазақстан өкіметінің басшылары оны 1920 жылы қыркүйек айында Орынборға арнайы шақыртып, Аймақтық жастар комитетінің хатшысы етіп тағайындайды. Осы ретте Л.Гумилев атындағы университеті Алаштану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының мына базынасын құлаққағыс қылғымыз келеді: «...Осы күнгі Жастар одағы басшылары С.Садуақасұлы хақында дым білмейді десе болғандай. Олардан Қазақстанда алғашқы Жастар Одағының ұйытқысы болған кімдер деп сұрасаңыз, қыршын ер Ғани Мұратбаевты ғана атаула-
ры мүмкін. Алайда олар Ғани ағамыз түркі, мұсылман ұлттарына ортақ Отан болған Түркістан Автономиялы республикасы жастарына жетекшілік еткенін біле бермесе керек. Ал енді келешекте «Қазақ Автономиялы республикасы Жастар Одағының тұңғыш хатшысы кім болған» деген сұраққа қате жауап берілмесе екен дейміз.»(Смағұл Садуақасұлы, «Қазақстан» баспасы, 1995 жыл) Ал Қазақстанда кеңес үкіметі құрылғаннан кейін жастар қоз ғалыстары да өріс алды. 1921 жылғы шілдеде Орынбор қаласында Қазақстан комсомолының І сьезі болып өтті. Осы ретте айта кетерлігі кедей шаруа отбасынан шыққан Ғани Мұратбаев (19021924) Қазақстан мен Түркістанда комсомол ұйымдарын құруда ерекше белсенділік танытып, осы кезеңдегі қазақ жастарының жалынды жеткешісіне айналды. Бұған басты дәлел Түркістан комсомолы Орталық комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұң ғыш төрағасы болып еңбек еткендігі еді. Ал қыршынынан қиыл ған дарынды жастар жетекшісі өмірінің соңғы сәттеріне дейін коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің мең герушісі болып қызмет етті. Жиырмасыншы ғасыр басында мүлгіген қазақ қоғамын ұйқы сынан оятқан, жан-жағына сын көзбен қарауға үлкен ықпал еткен сөз жоқ, екінші мыңжылдық басында шыға бастаған қазақ басылымдары болатын. Алдымен көзі қарақты қазақ жастары рухани серпілістің қасынан табылып, қатарлары да көбейе бастады. Бұл құбылыс әсіресе сол кездегі Омбыдағы қазақ жастарына үлкен әсер етті. Айта кету керек, 1907 жылы жарық көрген «Серке» газетіне дейін шыққан «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) мен «Дала уалаятының газетінің» мақсаттары патша өкіметінің жарлықбұйрықтарын қазақ даласына жеткізу болғандықтан, аталған басылымдар ұлттың үнжариясына айнала алмады. Ал қазақ ұлтына қызмет ету мәселесі «Серкеден» басталып, бұл дәстүрді одан әрі «Қазақстан» газеті (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) және «Қазақ» газеттері (1913-1918) жалғастырды. Осы басылымдарда жарияланған дүниелер ұлт болып ұйысуға, елдік пен бірлікке үндеді. Сондай-ақ қазақ өрендерінің ұйқыдан өре түрегеліп, оянуына ғасыр басында там-тұмдап болса да жарыққа шыға бастаған кітаптардың да едәуір ықпалы болғаны анық. Жаңалыққа жаны құмар жастар аға буынның үлгілі істерін іліп әкетті. Қазақтың ағартушылық әдебиеті қанатын кеңге жая түсті. Бұл ретте 1928 жылы Мәскеудің «Огонек» акционерлік баспа қоғамынан қазақтың
талантты жас жазушыларын әлемге таныстыру мақсатында орыс
тілінде жарық көрген «Жас Қазақстан» («Молодой Казахстан»)
жинағын айта кету керек. Смағұл Садуақасұлы құрастырған бұл
жинаққа М.Әуезов, Ж.Аймауытов және Б.Майлин сынды майталман
жас жазушылардың әңгімелері енген болатын.
Ал қазақ жастары арасындағы тұңғыш қолжазба журнал
Уфадағы «Медресе Ғалия» шәкірттерінің еңбегі – «Садақ» (1915-
1918) болатын. Қазақ жастарының тұңғыш ұйымы 1916 жылдары
құрылған «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымының «Балапан» қолжазба
журналы талай өрендердің қаламын ұштап әрі алашшыл жастардың
шығармаларын басып тұрды.
Осы ретте қолжазба журналдар нендей қажеттіліктен туын-
дады деген заңды сауал алды орайды. Бұған басты себеп, Алаш
туы астында біріккен аға буынның патша цензурасына қарамай
қажымас қайрат көрсетіп, қайтпас мінез таныта жүріп шығарған
басылымдары жастарға жол сілтеп қоймай, олардың бой көтеруіне
қатты әсер етті. Содан жастар да қарап қалмай, ой-мақсат, арман-
аңсарларын қағазға түсіріп, бұқара халыққа таратқысы келді. Міне,
қолжазба журналдар осындай жолдармен келіп, жарыққа шығып
жатты.
Бұдан кейін дүниеге келген «Жас азамат» ұйымының үні «Жас
азамат» газеті 1918 жылдары шыға бастайды. 1920 жылдары Омбы
қаласында шығып тұрған «Еңбекшіл жастар» апталық газеті, 1922
жылғы жастардың «Өртең» атты газеті, сондай-ақ 1923 жылда-
ры жарық көрген «Жас қазақ» журналы, «Лениншіл жас», «Жас
қайрат» газеттері аттары басқа болғанымен, іс-әрекет, мақсаттары
бір болып, сол кездегі қазақ жастарының мәселелерін жан-жақты
қозғады. Бұлардың ішіндегі «Жас азамат» жастар газеті болса да
Алашорданың мақсат-мұратын ашық насихаттаған «Қазақ», «Абай»
және «Сарыарқа» секілді басылымдармен қатар, иық тірестіре Алаш
идеясын асқақ ұстады. Айталық әрбір санында: «Жасасын Алаш!
Жасасын Алаштың көшбасшылары! Жасасын Алаштың жаужүрек
ұлтшыл жастары!»-деп ұран тастап,-«Алаш Орда тігілді. Ақ ту
көтерілді. Енді әркім шамасына қарай ұлтына қызмет қылуы тиіс»
(№ 1, 30 шілде, 1918 жыл) деген жүрек жарды ойларын жеткізіп
отырды.
«Қазақ» газеті 1918 жылы алашшыл жастардың жігерін жанып,
«Жас азамат» атты мақала басады. Онда аталған басылымның мақсат
мұратын кеңінен таныстыра отырып, газетті тоқтаусыз шығарып
тұруға ат салысуға шақырады. Және де ең бастысы, осы бағытта
жастардың жұдырықтай жұмылуына, бірігуіне үндейді. Төмендегі
бұл мақаланың мәні мен мазмұны танысып шыққан адамға бүгінде өте маңызды екенін аңғарар еді. «Жазғытұрым Омбыда қазақ-қырғыз жастары ұйымдарының съезі болған. Съезде байланған қарардың бірі газет шығару еді. Сол қарар бойынша, Қызылжарда 30 июльден бері жеті сайын «Жас азамат» атты газет шығып тұр. Газеттің мақсаты-бағыты туралы бірінші нөмерінде айтылған, «Жас азаматтың» мақсаты, негізгі жолы – ұлт бостандығы, ұлт тендігі. Бұл тілекке жету үшін «Жас азамат» Алаштың алтын туын жайқалдыратын, дұшпанға күшті, досқа қуаныш салатын, іргелі ел қылатын бірлікті қолданады. Әлсізді күшейтетін, ауырды жеңілдетіп табиғаттың қожасы шаруа мәдениетін қолданады. Ар-иманның, таза адамшылықтың түпкі тамыры әділдікті қолданады. Осы айтылған жолдарды қарсы күш, қалың жау тұрса да, таудан үлкен тұрмыстың кедергілері тұрса да «Жас азаматтың» бет алған сапарынан қайтпайтынына иманымыз берік. «Жас азамат» қажыса, талса, қатерден қорықса, от екпінді ұлтшыл жастардың рухы сөнгені, ұлт үшін ыстық қан, жас жан құрбан деген пікірден қайтқаны. Жоқ! Бұл мүмкін емес. Жүрекке нық байланып, ыстық қанға сіңген зат бір буыннан бір буынға көшіп отырған қасиетті мұра. Алты миллион Алаштың жарық ойлы жастары ортасындағы жалғыз «Жас азаматты» әлпештеп асырай алмаса, тұғырға қондырып баули алмаса, қаламға, пұлға мұқтаж қылса, жас атаулының сүйегіне таңба... «Жас азаматтың» ғұмыры ұзын, алды ашық, жүзі жарқын болсын. Жігерлі жастар, кең ойлы қарттар «Жас азаматты» көркейтуіне біз де сенеміз. «Жас азамат» қазір серіктік пұлымен шығады. Серіктік жарнасы 50 сомнан кем емес. Артық болса, тым жақсы. «Жас азаматтың» жылдық бағасы 20 сом, жарты жылдығы 11 сом, үш айлығы 6 сом. Адресі: г. Петропавловск. Акмолинс. обл. «Жас азамат».» Сондай-ақ «Жас азамат» (№ 1, 30 шілде, 1918 жыл) сол тұңғыш санында: «Жастар! Алда жүрген Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өрнек алыңдар» – деп, дұрыс жол сілтей білсе, ағалары атынан жастарға берілген ақ жолтай бата – «Жас азаматта» (18 тамыз, 1918 жыл) басылған ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі еді. Онда ақын: Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! – деп, жастарға сенім мен үміт артты.
Ал, басқада қазақ зиялылары жастардың отаншыл рухы мен бірлігінің мұқалмауын қалады. Тіпті өткен ғасыр басындағы ұлтымыздың бетке ұстар біртуар ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай (1890-1941) қазақ жастарының ғана емес, мұқым Түркістан жастарын бірлікке шақырды. Бұл түсінікті де еді. Өйткені Түркі тілдес халықтардың тұтастығы жолында күрескен Мұстафа Шоқай ең алдымен олардың жас өрендерінің өріс кеңейткенін қалады. 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезі Түркістан автономиясының жеткешісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы туралы мәселені мақұлдағанын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осылайша қазақ зиялыларының ыстық ықыласына бөленген Мұстафа Шоқай 1936 жылы Берлиннен «Түркістан жастарына» атты арнау хатын жолдайды. Төмендегі бұл хатты шолып шығу аздық ететін шығар. Жүрекке тоқып алу қажет болар. «Бүгін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан һәм Тәжікстан деп жат үкімет күшін алты жүмһириетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты – өзінің құрылысы – миллет үкіметін құрып, дербес боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің келешегіне иланамыз. Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таласып, тырбасып жатыр. Біздің мақсатымыз – жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түрік өлкелерінің, бүтін түрік халқының дос болып, өзара бірлік-пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою. Ойымызға жетеміз, талабымызды орнына келтіреміз деген иманымыз зор, күшті. Халқымыз үстіндегі жат үкіметтің күшіне не қадар ауыр болса, біздің оған қарсы шығысымыз он қадар үзім, он қадар күшті болмақ. Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап Ауропаның әр тарабында жүрген, бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары, бірлесіңдер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың – еліміздің бақытына қызмет етпек. Мұны ұмытпаңдар! Бәріміздің құбыламыз – өзіміздің ата жұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ! Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру – бәрімізге бір мақсат, бір мұхаббат, уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек! Түркі халқы – батыр халық, Түрік халқы – арыстан ер халық.
Кімнен таяқ жегендей Біздің Түріктің баласы. Алдырып жүрген дұшманға Ауызының аласы. Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз! Онсыз біздің күніміз жоқ, құрып кетеміз, босып кетеміз. Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін – күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бірбірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздің күніміз қараң. Мұны ұмытпау керек! Түрік баласы, ұмытпаңдар, бастарыңдағы бөтен елдің үкіметін шығарып тастауға, аударып тастауға тырысыңдар!» Бұл «Түркі тілдес түгел бол!» идеясын сол халықтардың жастарына арнаған Мұстафа Шоқай олардың жігерін жанып, бірлікке шақырады. Бір қызығы, сол кездері Алаш қозғалысының аясы тұтас түркілік ауқымды қамтуға ұмтылғанын еске алуымыз керек. Айталық, 1917 жылы қырғыздың «Бұқара» атты саяси партиясы «Алаш Орда» кеңесімен бірікті. Бұған қоса Алаш қозғалысының нәтижесінде пайда болған І Жалпықазақ сьезін Мұстафа Шоқай «ұлы түркі халықтарының мызғымас бірлігін көрсететін сақынаға айналды» деп баға береді. Алаш қозғалысы тарағанымен, Алаш идеясы тамыр алды Алашшыл жастардың аңысын баққан кеңестік билік алаштық элитаны өзіне қарсы тұрған ықпалды әрі қауіпті күш ретінде бағалап, ақыры есеп айырысу қажет, оппоненттерін түп тамырынан шауып тастау керек деп шешеді. 1926-1927 жылдардан бастап репрессиялық шараларды қолға алған олар 1930 жылғы 4 сәуірдегі ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасының шешімімен А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Дулатов бастаған қырыққа жуық Алаш зиялылары түрлі мерзімдерге түрмелерге және концлагерьлерге жабылып, жер аударылады және басқа да жазаларға кесіледі. 1932 жылғы 20 сәуірдегі ОГПУ үштігінің үкімімен жиырмадан астам Алаш зиялылары бес жылға Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. Ал Алашшыл жастардың бірқатары ағаларының ақылын тыңдап, Алаш идеологиясынан бас тартатындықтарын ресми түрде мәлім ете отырып, ұлт мүддесін коммунистік партия қатарында жүріп қорғауға тырысты. М. Жұмабаев, М. Әуезов және Ә. Ермеков-
тер осы жолды таңдағанымен де ОГПУ–дің тепкісін көрді. Өкінішке орай, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Д. Әділов, Ә. Байділдин, А. Юсупов және басқа бірқатар Алаш зиялылары ату жазасына кесілді немесе абақтыда көз жұмды. Бүгінде Алаш қайраткерлерінен бастап сүргінге ұшыратқан 1937 жылдардың ызғарлы лебінен ескен сұрапыл зұлматтың зардабы мен салдары қандайлық болғандығын сезінбек тұрмақ, болжау қиын. Яғни тағылымы зор тарихи нәубеттің қазіргі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажеттігі туындайды. Атап айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, іргесін сөгіп кетуге қауіп тудырған зауалдың ендігі уақытта алдын алу, оның әлеуметтік зардаптарынан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда өткен ғасырдың 37 жылдары бетке ұстар ұлт зиялыларын саяси қуғын-сүргінге ұшыратқан қоғамның қайшылықты қарекетін таразылау, тарихи жадыны жаңғырту қажеттігі туындайды. Әрине, 37 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе жүргізген солақай саясаттың ауыр зардаптарын арқалаған азаматтар мен сол жылда құрбан болған Алаш зиялыларымен қатар, бір ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған Қазақстандықтардың жалпы саны 25 мың адамнан асып жығылады. Сонымен қатар, Сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан 1,5 миллионға жуық қазақ көз жұмды. 1930-1932 жылдары 1,5 милион қазақ КСРО-дан шетелдерге мүлдем көшіп кетті. 1930 жылы Республикада 5 милион 873 мың адам тұратын – бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей делік. 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды. Ал 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргіннен бастап Сталин дүниеден өткенге дейінгі аралықта Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның жоғарыда айтып кеткендей 4/1 «ОГПУ – НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен атылған. Сондықтан бұл кітабымыздағы алаштану тақырыбын үтір-нүктесіне дейін толыққанды болмаса да, жалпылама мәлімет алу үшін де репрессия мәселесіне соқпай кете алмаймыз. Бұл ретте оқырман қауым мейлінше тауқыметті тағдыр арқалаған жекелеген Алаш азаматтарының азапты өмір жолдары арқылы (үшінші бөлімдегі өмірбаяндық анықтамалықты қараңыз) жалпы репрессия турасында мол мағлұмат алады деген ойдамыз. Мұндағы әрбір атыжөндері аталып, өмірбаяндары берілген азаматтар деректерінде репрессияның салған іздері айшықталып жатыр. Осы ретте азалы тарихымызға бас ие отырып, құрбан болған аяулы азаматтар рухына тағзым етіп, өткенімізге сауап, өткелімізге
салауат айту парызымыз дегенімен, дәл мұндай жағдайлардағы шетелдердің озық тәжірибесінен үлгі алу қажеттігі туындайды. Айталық сол кездегі кеңестік жүйенің ықпалында болған Моңғолия мемлекеті еліктегіштікпен кеңестік репрессияның артынша-ақ оны өз елдерінде қайталаған болатын. Кейіннен Моңғолия басшылығы бұл солақай саясаты үшін халқынан кешірім сұрап, құрбан болғандар мен азап шекендердің ұрпақтарына өтемақы төледі. Бұл жайт турасында оның куәгерлері бүгінде сол жақтан ата-жұртқа қоныс аударған ағайынның айтары баршылық. Осы сынды азалы тарихымыздың қасиетті беттерін парақтағанда әлі алда атқарар істердің көп екеніне көз жетеді. Енді осы отызыншы жылдардың жуан ортасындағы Алаш зиялылары итжеккенге айдалып, атылмас бұрын қандай қоғамдық–саяси және психологиялық қыспаққа ұшырағандығына нақты тарихи құжаттармен таныса отырып, көз жіберіп көрсек. Өйткені, дәл сол уақыттары қалыптасқан саяси ахуалдың зілмауыр салмағы тек Алаш элитасын ғана емес, тұтастай қазақ ұлтын жаныштап бара жатты. Бұған көз жеткізу үшін О. Исаевтың БК(б)П-ның І сеьзінде сөйлеген сөзінің төмендегі қысқартылған стенограммасын («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.) шолып шықсақ та жеткілікті. «...Қазақстанда басты қызметте жүрген, Қазақстанның ішінде түзелмей жүрген адамдар алашордашылармен бірге істегендігі көрініп отыр. Сол жолдас, түзелмей қалған адамдарды айтып отырмыз. Нұрмақов секілді Мәскеу қаласында біраз жылдың ішінде үлкен қызметте отырған, Қазақстанда 1929 ж. дейін Совнаркомның бастығы болып отыратын, бір жағынан, совет үкіметінің саясаты дұрыс деген болып, екінші жағынан, Троцкийдің тыңшысы болып, солармен бірге жапон, германдардың байларына сатылмақшы болып жүргендігі көрініп, қазіргі уақытта ұсталып отыр. Бұл нені көрсетеді, жолдастар? Оңшыл ұлтшылдардың, ұлтшыл болып жұрген адамдардың зиянкес, жат екендігін ашық, айқын оңшыл ұлтшыл екендігінің әбден анықталғандығын көрсетеді. ...Кешегі жолдастар айтып кетті, Асылбековтің Қарқаралыда тұрған уақытта, алашордашыл ұлтшыл Сұлтанбековтерді, солармен бірге табақтас болып, оларды қонаққа шақырып отырғандары, оңшыл ұлтшылдармен бірге үйірлес болғандығы туралы бірқатар жолдастар айтып кетті. Дұрыс айтты, ол сөйлеген жолдастар одан да көбірек айта түсу керек еді. Бұл партия мүшесі, бұрын партияға мүше болып еді ғой, не болмаса бірге жұмыс істеп едік қой деген қазақшылықты тастау керек.
Бұл жөнінде қазақшылықты қойып, партияның жолындағы са-
яси адам болу керек. Аты аталған екі жолдастың, Нұрсейітов және
Асылбеков жолдастар сияқты аңғармай қалып, дұшпанмен бірге
астасып отырғаны көрініп қалды. Бұдан қандай нәтиже туды?
Бұдан анау кұнгі VІІ партия конференңиясында ұлы маңызды,
жеке алынған ұлт мәселесі туралы қаулының орынды болғандығын
көрсетеді. Үкіметтің, партияның мақсатына қарсы іс жүргізіп
отырғаны, осылармен күресуді, әсіресе жоғарғы қатарға қоюдың
керектігін көрсетіп отыр. Бұл жөнінде VІІ конференцияның қаулысы
біздің қолымыздағы айқын программа. Осыны айқын іске асырып
отырып, ұлштылдар, тройцктстшілдер, оңшылдардың бәрін жойып
бітіру керек.
... Екінші әңгіме жолдастар мынау. Соңғы уақытта партияның
тарихын үйреніп, соны жұртқа түсіндіру туралы біраз әңгімелер
бар, бұл әңгіменің бір жағы қазақтың контрреволюцияшыл
ұлтшылдарымен күреске байланысты. Бұл туралы біраз жолдстар
айтып өтті. Олардың айтқаны, Алаш-Орда Октябрь революция-
сынан бұрын болса да, ол революцияшыл патшаға қарсы күрес
жүргізді деген әңгіме бар деді. Бұл дұрыс теория емес, зиянды те-
ория. Бірқатар жолдастар айтты, бұл туралы зиянды теориялардың
бар екені даусыз. Бұл жөнінде менің де қатем бар. 1927 ж. Өлкелік
партия комитетінде Мартыновтың бір тапсырмасы болды. «Алаш-
Орда туралы барлық қағаздарды, документтерді жина, соны ба-
сып шығару керек» – деді. Алаш-Орданың кім екендігін, қандай
іс жүргізді деп, осы документтерді теріп, басып шығарудың өзі ол
уақытта қате болған екен. Өлкелік партия комитетінің саяси қатесі
осы.»
Әрине бүгін біз сол кездегі замананың ығымен кезінде Алаш-
шыл азаматтарға қара күйе жаққан адамдарды айыптай алмаймыз.
Оның әлі әділ бағасын беретін уақытты төрешілікке қалдырамыз.
Дегенмен құжаттың аты құжат. Әсіресе қазақ тарихында өзіндік
орны ғана емес, тағылымы зор саналатын Алаш қозғалысына, оның
қайраткерлеріне қатысты мәселелердің күнгейі мен көлеңкесінің
барлық қырын қамтитын құжаттарды рухани айналымға шығару
міндетіміз. Бұл бір жағынан зерделер тақырыбымызды толыққанды
айшықтай түсері анық.
Жалпы кезінде биік мінбелерде сөйленген немесе мерзімді ба-
сылым беттерінде жарық көрген негізсіз сындарды авторлары өз
еріктерімен айтты ма, әлде әлдебіреулердің нұсқауы немесе қысымы
арқылы жүзеге асырды ма дегенге сол құжаттардың өздері жауап
беріп тұрғандай. Бұл жағын, яғни мәселенің ақ қарасын таразылау-
ды зерделі оқырманның өзіне қалдырдық. Ал коммунистердің қызыл қырғын мен азапты сүргінді қалайша қаныпезерлікпен жүргізуге деген шамадан тыс белсенділіктеріне аталған құжаттар айғақ болары анық. Сонымен жоғарыдағы алқалы жиында қатталған және бір құжатқа кезек берсек. Назарларыңызға ұсынып отырған Жүсіпбековтың өз баяндамасы бойынша сөйлеген қорытынды сөзі («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.) сол тұстағы қызыл коммунистердің ортақ прототипін көз алдыңызға әкелері анық. « Мен Лепесов, Шағыров қорытындыларына толық қосыламын. Біздің қатеміздің түбі Орталық Комитеттің февраль пленумының және Сталин жолдастың баяндамасына толық қорытынды жасай алмадық. Жазушылардың пленумінде Сәбиттің сынға қарсы болған қорытынды сөзіне соққы бермедік. Біздер сынды, өзара сынды бастадық, бірақ оны кейбір жолдастар бұрмалағысы келеді. Кейбір жолдастар Орталық партия Комитетінің органдарының сыны дұрыс, бірақ кей жерде асырып кетеді дейді (Сәкен, Ілияс). Бұл дұрыс емес. Меніңше «Қазақстан правдасы» мен «Социалистік Қазақстан» сыны толығынан дұрыс. Вечерный газеттің Сәкен туралы асырғандығы рас, оған мен де қосыламын. Біз қатені түзегіміз келсе, Орталық Комитеттің органдарының сынын толығымен ешбір оговоркасыз дұрыс деу керек. «Сәкеннің инерциясы тіпті дұрыс емес. Осындағы жолдастардың сөздерін еске алып, қателігімізді жете мойындап, оны жоюдың шарасын керсетіп, қаулы алу керек. Қаулымызда Сәбит туралы қатты айту керек. Оны тез шақырып, партиялық мәселесін қарау керек. Майлин туралы жазушылар правлениесінің партгруппасы қау лысы дұрыс деумен бірге, қатты ескерту беру керек. Сәкен, Жансү гіров жолдастарға ескерту беру керек. Бүгіннен байланысты іс жү зінде орындамағандарды да, контрреволюцияшыл ұлтшылдықпен, оған ауа жайылған уклонмен іс жүзінде күреспегендерді катты жазаға тарту керек. Зиянды шығармаларды таратуды тоқтатып, жою керек. Сынды, өзара сынды, ең алдымен, халық жауларының зиянкестерін, қалдықтарын құртуға, оған ымырашылдық қылғандарға жұмсау керек. Енді біз конкретный іске кірісуіміз керек. Газет-журналдарымыз саяси өткір, өзара сынға басшы, жетекші болу керек.» Алдымен қазақ зиялыларына осылайша қысым жасаған ком мунистік билік жүйесі оларды ең бірінші сынап көруді мақсат
тұтқан ба деп қаласың. Және де басты нысанаға қалам ұстаған қайраткерлердің ілігіп, өңменнен өтер өткір сын тезіне олар қашанғы шыдар екен деген арам пиғыл да көрініс беріп қалады. Амал не, мұндай қыспаққа ашық қарсы келсе, қырқып түсуден тайынбайтын қырағы биліктің саясатын түсінген әрі ұлт тағдыры ұстараның жүзінде лыпып тұрған уақытта әрбір қазақ зиялысының өмірі қымбат еді. Сондықтан да сол кездегі қазақ элитасы мұндай жағдайда да есесін жіберместен, ұлт ісін ұрандатпай ақ тындыруға кірісті. Дегенменде шектен шыққан орынсыз сын және жазықсыз жала мен налаға қапысын тауып, тігісін жатыстырып жауап берген қазақ зиялылары да бар. Айталық жоғарыда аталған мәртебелі жиналыста сөз алған Сәкен Сейфуллин сынның шын болғаны керек деген ойын білдіреді («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.). Оған төмендегі сұңғыла суреткердің саясаткер ретінде сөйлеген сөзі дәлел. «Газеттердің көтерген сынының дұрыс екеніне мен де қосылам. Сынға өкпелемеу керек. Сын ілгері бастырады. Біздің сыншыларымыз әр нәрсені уақытында айту керек. Бандитке Сәкен өлең арнады дейді (Ол уақытта ол бандит емес еді, политбюро мүшесі еді. Ол бандит екенін білсем мен жазам ба?). Сыншыларымыз осы жағын ескермейді. ІІІ конференцияда (1922 ж.) «Азия» туралы Яросланский сынап, зиянды өлең екенін айтты, сонымен қатар «Домбыра» туралы сөз болды. «Бенде» деген сөзімді Троцкийді банды деп айтты деп те сөз болды. «Банды» деген кінәні жуу үшін 1924 ж. барып «Домбыраны» Троцкийге арнап бастым. 1928 ж. қате екенін айтып өзім мақала жаздым. Журналға да жаздым. 1932 ж. ҚазПИ-де айтылды. 1932 ж. Жаманқұловтың баяндамасында да айтылды. Партия сайлауларында да биыл арыз бердім. Қысты күні Крайкомға да арыз бердім. Сондықтан сыншылар датаны ескеруі керек еді. 1922 ж. «Азияны» 1928 ж. қайталады, 30 мың сомнан артық ақша алды деген сықылды өтірік сынға қосылуға, дұрыс деуге бола ма? 1922 ж. «Азия» сықылды өлең жазсам, одан кейін ондай өлең жаздым ба? Жоқ, жазғам жоқ, қайталағам жоқ. Енді сол үшін ұра беру керек пе? Өзім білетін бойымдағы кемшілік – менде шабандық бар, айнала алмаушылық бар. Бір отырсам отыра қалам да, бір жүрсем жүріп кетем. Сосын шаршап жаза алмаймын. Бір нәрсеге кірісуім қиын да, кіріссем бірден отырып қалам. Массамен байланыс жөнінде айтарым: істеп жатқан массамен байланыс жоқ екені рас. Жұртпен сөйлесу менде жеткілікті (хат алу, әңгімелесу, көрісу, танысу – олар
бар). Тәуір жазу үшін массамен, өмір, өндіріспен байланыста болу керек. Рас ол байланыс менде жоқ. Жаулармен байланыс деген ретте айтарым мынау: «Тар жол тайғақ кешуде» жаулар кіріп кеткен себебі – бұл кітап шыққан кезде Нұрмақов, Асылбеков, Сарымолдаев ол кезде жау екені ашық болмаған еді. Асылбековпен 1932 ж. байланысым жоқ. Нұрмақовты Мәскеуде көріп қоятындығым болмаса, сырлас болған байланысым жоқ. Байтұрсынов, Қоңыратбаев, Айсарин, Валиахметовтер туралы – оларды маңайға жуытпау керек дегем. Ол фактіні осындағы жолдастардың бәрі де біледі. 1920 ж. наркомснабтың журналына мақала жаздым. Сонда Бай тұрсыновты коммунизм жағына шықты деп қана жаздым. Асыра мақтаған жерім жоқ. Мағжанның біздің арамызға кіруіне тіпті қарсы болдым. Кемшіліктерім көп. Қырағылық еткенмен оны жеріне жеткіз бейтін жерлерім де болады.» Сәкен ақын осылайша ағынан жарылады. Өзі коммунист болса да, қызыл коммунистерше ерсілі қарсылы ешкімді айыптамайды, ғайбаттамайды. Қайта мейлінше ұстамды пікір білдіруге тырысқанын аңғарар едік. Өзі туралы артық әрі өрескел бұрмаланып айтылған пікірлердің иелері қолай көрмесе де ақ екенін, адал екенін білдіруді алдына қаймықпай мақсат етіп қояды. Бұл ретте сол кездері қазақ зиялылары бір-бірімен жаға жыртысты, бір-бірін ғайбаттады деген тұрғыдағы әңгімелерді айналып және өте алмаймыз. Бірақ бұл мәселеге бүгін біз салиқалы ой, зерделі көзбен қарауымыз қажет. Себебі, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ халқының басындағы сындарлы сәт ұлт зиялыларына да оңай соқпады. Әрі бұл уақыттағы қазақ элитасы білімі мен білігі жағынан да, мәдениеті мен интеллектісі жағынан да әбден толысқан, биік санатқа көтерілген ерекше дарынды толқын өкілдері еді. Мұндай жағдайда тартысты пікір қайшылығы мен сан түрлі балама ойлардың болмауы мүмкін емес еді. Яғни, олар әрбір мәселеге байыппен қарады, салмақты оймен саралады. Ортақ жайттарда келіспейтін жағдайлар да кездесті. Принцпті мәселелерде әркім өз пікірінде қалды. Тек бұра тартпады. Иә, ашық дауласқанымен жасырын жауласпады, астыртын аңдыспады. Сол кездегі қазақ зиялысы бірін бірі дұшпанның оғына байлап берді, сатты деген басы ашық деректі ешкім келтіре алмасы анық. Бастысы ұлт мәселесіне келгенде жұдырықтай жұмылып, біріге білді. Жеке бастың амбициясынан гөрі, ұлтының ар ұжданы биік тұрды. Сөз жоқ, бұл Алаш
қайраткерлерінің қазіргі қазақ зиялысынан артықшылығы да, айыр машылығы да еді. Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы 1905 жылы құрылған «Қазақ конститутциялық-демократиялық партиясы» мен 1906 жылы құрылған «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын қоспағанда «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Нақтырақ айтқанда, Қазақстандағы қазіргі саяси жүйе мен партиялық институттың бастауы. Дейтұрғанменде бүгінгі саяси партиялармен салыстырғанда ұлт мүддесі тұрғысында «Алаш» партиясы ұзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық қозғалыс жолдарынан өтіп, саяси күресте пісіп жетілгендігімен ерекшеленеді. «Қазақ» газеті 1917 жылы № 234 санында: «Осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары саяси прогаммасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына саяси партия жасалмайынша болмайды», – деп жазған болатын. Өкінішке орай, арада аттай тоқсан жыл өтсе де бұл жағдай маңызын жоймай отыр. Басы ашық мәселе – бүгінгі мүйізі қарағайдай партиялардың ешқайсы да «Алаш» партиясының мұрагері бола алмайды. Бұған жиырмасыншы ғасыр басында аз ғұмыр кешсе де аты алты алашты шарлап, қысқа уақыттың өзінде бай мұра мен үлкен тағылым қалдырып кеткен «Алаш» партиясы мен жиырма бірінші ғасыр басындағы бүгінгі партияларымызды салыстыру арқылы көз жетері анық. Жиырма бірінші ғасыр басындағы қара күздер жиырмасыншы ғасыр басындағыдай бұрқасынды емес, бірде бұйығыңқы, бірде жылы шырай. Әдеттегіше, ауыс-түйістен ада болмайтын саясатыңыз да сапырылыстан аулақ. Тек саяси күштердің ғана белсенділігі артып, біртоға қан қысымын жоғарылатқысы келгендей кейіп байқатады. Не керек, үлкені бар, кішісі бар саяси күштеріміз сайланып, бір-бірінен қалып қоймайын дегендей, білек сыбана кірісулеріне қарағанда құдды бір саясатымыздың қара қазаны әне-міне бұрқ-сарқ қайнайтындай әсер береді де тұрады. Әйтеуір, бұл біз үшін жаңа бір кезеңнің басталғанының белгісіндей көрінгені рас. Олай деуімізге негіз – жаңа және ескі көзқарастан құтыла қоймаса да, енді жаңа көзқарасқа үйренісуге көндігуде. Жақсысынан үйреніп, жаманынан
жиренуге күш салуда. Көппартиялылықтың не беретінін көріп-біліп, өткен уақытта адамды мемлекет асыраса, енді мемлекетті адам, адам болғанда оның ақылы, күші мен жігері асырайтындығын мойындай бастады. Яғни, халықтың әлеуметтік зердесі ғана емес, саяси санасы да сақаятын сыңай танытты. «Саяси күштер: сапта бар, санатта жоқ» деген сөз көп айтылады. Бұлай деуге еліміз еркіндігін алған уақыттан бергі кездегі олардың стихиялы әрі науқаншылдыққа толы әрекеттері дәлел. Осы мезгілге дейін халқымыз «Бәлен партия экономиканы ілгерілететін тетікке қол жеткізіпті немесе әлеуметтік мәселені шешудің тиімді жолын ұсыныпты» дегенді ести алмай-ақ келеді. Мұның себеп-салдары сан тарау емес пе? Жаппай саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырған сонау тоқсаныншы жылдары өркениетті елдерде саясатпен халықтың он пайызға жуығы ғана айналысатындығымен (оның өзінде қызметі соған тікелей байланыстылары) санаса бермедік білем. Нәтижесі белгілі болды. Қаптаған партия мен түр-түсін танып болмайтын қоғамдық бірлестіктер аяқ аттатып жүргізбей қойды. Шын саясаткер мен саяси партияның бет-бейнесін бедерлеу бүгінгі күннің үлесіне қалыпты. Елдегі саяси партиялар қайта тіркеуден өтті. Бұрнағы өмір сүріп келген он тоғыз партиядан оншақтысы қалды. Бұл саяси күштеріміздің қаншалықты салмақты-салмақсыз екенінің таразысы іспеттес. Олай дейтініміз, бесеу емес, он емес, жиырмаға тарта партия тіркеуде тұрғанмен, белсенділігі төмен, беделі де жоқ болуы – соншалықты көптігінен-ақ партиялық жүйесіздікті туғызды. Көпсандылық сапалалыққа өтпеді. Себебіне үңіліп көрейік. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, қандай да елдің саяси жүйесінде партиялар әлсіз болса, онда оларға ықпалды топтар бар көрінеді. Осы көзге көрінбейтін топтар барлық саяси қойылымдарда, әсіресе, науқан кездерінде басты ролдерде ойнайды. Мұндай жағдайда партия туралы заңды құнттап қоймай, оларға ықпалды күштердің әуселесін байқайтын тәртіп-ережені бекітіп қою қажеттігі туындайды. Сонда жұмбақ кейіпкерлердің, кімнің кім екені анықталып, елдегі партиялар ауа райын сол партиялардың өздері жасап жүргендігі, не ықпалды күштер басқарып отырғандығы белгілі болар еді. Қалай дегенмен де, әлі балаң демократияны бастан кешіріп жатқанымыздың көрінісіндей халықтың белгілі бөлігін артына ертпек түгілі, әлі жете танылып үлгере алмаушылық саяси күштерімізге ортақ сипат береді. Бұл ретте кейбір партияның науқан кезіндегі пәрменділігін айтып жатқанымыз ағаттық. Сондықтан анық саяси
бәсекелестікті таңдап алған екенсіз, аянбай тер төгуге тура келеді. Өйткені, әр қозғалыс, партияның артында халық тұр. Басты мәселе – соны ерте білуде. Тобыр аңғалақтау болғанымен, халық ақылсыз емес. Тәуелсіздік алғалы бері талай нәрсенің дәмін татып білді. Ненің не екенін түсініп, айыра бастады. Қазір «қандай саяси күш несімен ерекше, маған не береді» деп, мәселенің мәніне үңіле бастаған кез. Алаңға шығып айқай-сүрең салу, аштық жариялау немесе бас қосып алып бос сөзді боздата берудің берері шамалы екенін халық аңғарды. Жеке басының тағдырын қандай да бір саяси күшке телу үшін он ойланып, жүз толғанатын жағдайға жетті. Біздіңше, мейлі билікке болсын, мейлі басқа бәсекелестеріне болсын, шынайы оппозицияға шығу үшін, басты сынақ – халықтың сенімінен сүрінбей өту – саяси күштеріміз бағындыра алмай жүрген биіктік. Мұны біздегі партиялар мен қозғалыстарға ортақ сипат деп бағаласақ еш сөкеттік жоқ. Айталық, бір кездердегі «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» секілді қайбір партия, бірлестіктердің құрғақ аттандаулары ақыры іштей ауызбірліктің жоқтығынан өзара ыдырауға апарып соқты. Бір кездегі «Халық конгресі» сынды партиялар өздерінің конструктивтік оппозицияға шыққанын жариялап жар салғанымен, науқандық деңгейден аса алмағанын аңғартты. Ал, сонау бір жылдары қалталылар құрған «Жаңа буын» қозғалысы қаржыларын өз мүдделерінен, әсіресе, өздерін жарнамалаудан аямай-ақ жұмсағанымен, жалаңдыққа бой ұрды. Тізімге ерік берсек, малтығып қаларымыз хақ. Бұдан кейін де осы сүрлеу-соқпақ жалғаса берсе, саяси күштеріміз жеңіске жетпек тұрмақ, сауыға алмасы анық. Сондықтан да, аталған жайттардың алдын-алуға «Саяси партиялар туралы» жаңа заң көптеген саяси партия атын жамылып жүргендердің тағдырын шешіп беруге септесер деген сенімдеміз. Әзірше, саяси күштеріміз сапта болғанмен санатта жоқ. Ұлттық партия не үшін қажет? Жалпы партия сөзі гректің Рагtіо атауынан шыққан, «топ» деген мағынаны білдіреді. Ресей саясаттанушылары «саяси партия дегеніміз – барлық индивидумдарға ортақ мүдделер мен идеялардың негізінде бірлесе саяси іс-әрекет жасау үшін құқықтық мемлекеттің ішінде құрылатын еркін қоғамдық топтар» деп анықтама береді. Мұндағы «ортақ мүдделер мен идеялардың негізінде бірлесу» ұғымы «Қай, қандай мүдде мен идея?» деген сауалды туғызады. Сонда, өткен он жылда партияларымыз қандай бағыт-бағдарды ұстанды, болашақта қалай болмақ? Партиялар мен саяси қозғалыстардың құжаттарына қарасаңызақ, олардың бет-бейнесі айқындалады. Әлбетте, көпшілігінің
бағдарламаларында мемлекетті және оның қоғамдық үрдістерді басқарудағы рөлін нығайту міндеті қойылғанын айтқан жөн. Алайда, аталған міндет қайсыбірінде бұлыңғыр, түсініксіз баяндалады, «құқықтық мемлекет туралы» ойлар жиі қолданылғанымен, оның мәнін әркім өзінше таратады. Сонау 1989 жылдың басынан 1991 жылдың аяқ шеніне дейін көпұлтты және бір ұлтты партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылып, негізі қаланғанымен, саясаттағы ұлттық концепцияларын бас құжаттарында баса көрсете алмады. Мақсат-мұраты анық айқындалмаған осындай стихиялы бастаудың аяғы көбісінің ауа жайылуына алып келді. Содан да шығар, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген «Желтоқсан» ұлттықдемократиялық партиясы мен «Алаш» ұлттық тәуелсіздік партиясы бірден-бір ұлттық бағдар ұстанушылар тобын бастап шыққанымен, жүйелі жұмыс жүргізе білмеді. Ақиқат салыстыру арқылы айқындалып жатады. Айталық, Ресей бұл жағынан бізден әлдеқашан көш ілгері алға озып кетті. Оның үстіне орыс ұлты өз жерінде басымдық танытып, «орыс мәселесі» сұрағы мазалап жатпаса да саясатында ресейлік үстем ой бір бәсеңдемегені бүгінде айдай әлемге аян ресейлік партиялардың бағдарламалық құжаттарындағы алға қойған басты мақсаттарындағы үш негізгі бағыттың бірі – ұлттық (славяндық, орыстық) сана-сезімді түлету, күшті (әрқилы нұсқаудағы: демократиялық, монархиялық, пәрменді президенттік билігі бар) мемлекетті қайта құру – қай-қайсысының да жарғысынан жасқаншақтамай-ақ ойып орын алған. Кешегі кеңестік империяның бас дирижері ретінде жетпіс жылдың ішінде жүзге тарта ұлт пен ұлысты мидай араластырып, жер бетінен мүлде жойып, орыстандырып жіберген Ресей бүгінде ұлттық бағытты саясатында бағдаршам етіп алғанда, бізге не жорық? Бұдан шығатыны, кеңестік коммунистік партияның басты мақсаты – орысшыл, ұлтшыл елге айналу екені ешкімге жасырын емес. Әлгінде айтқандай аталған орыс мүддесі қазір де үстем түспесе, кем соғып жатқан жоқ. Оған өз алдына мемлекеттігін жариялаған тоқсаныншы жылдардың басында-ақ берік іргетас қаланған. Сол кездегі Ресей саясаттанушыларының анықтауынша шартты түрде төрт топқа бөлінген анағұрлым ықпалды партиялар мен қозғалыстардың басында ұлт жанашырлары тұр. Осы топтың ұзын саны да орасан: Ресей Ұлттық-республикалық партиясы, бүкілресейлік «Отчизна» патриоттық қозғалысы, Ресей қайта өрлеу одағы, Халықаралық славян соборы, ресейлік халық жиналысы мен ұлттық-патриоттық бағдар ұстанған партиялар мен қозғалыстар. Бүгінде бұл тізім уақыт өткен сайын талапқа сай жаңғырған, жаңаланған, бастысы, ізденіс
үстінде жетіле түскен. Сөйтіп, орыс демократиясы осы жолмен бара жатыр. Өркениетті Еуропа елдеріндегі партиялардың статусы мен қызметі әркелкі, бірінде – заңмен, келесісінде конституциялық нормалармен айқындалғанымен, олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да тұрғылықты ұлттың мүддесі бірінші орында. Жаһандастыруға жанын салып қарсылық білдіріп жататыны содан. Тіпті Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада, тағы басқа елдерде партиялар туралы арнаулы заңдар болмағанымен, олардың ұстанымы жергілікті халыққа қарай орайластырылған. Әдепкі сұрағымызға қайта оралайық. Ұлттық партияның біз сияқты жас мемлекетке не үшін қажет екенін Латвиядағы жағдайлар көрсетіп берді. Сегізінші Сеймге (Парламентке) өткен алты партияның бесеуі оңшыл, ұлтшыл бағытта екен. Қараңыз, жалғыз солшыл күш – «Адам құқығы мен Латвия бірлігі үшін» саяси блогы сайлауда екінші орын алғанмен (100 мандаттың 24-ін иеленген) келесі жылы орыс мектептерінің жаппай латын тілі оқуына көшірілетіндігіне қарсы тұра алмады. Азшылық көпшілік дауысқа амалсыз бағынады. Ендігі мұндай мектеп деңгейіндегі мәселелер ғана емес, әлгі оңшыл партиялардан сайланған депутаттар қолында Прибалтика республикасының үкіметінен бастап барлық билік тұтқалары тұр деген сөз. Өкінішке орай, біздегі бірде-бір партия ұлттық бағытты батыл ұстанып отырған жоқ. Оған бағдарламаларына қарамай-ақ, бүгінгі бет-бейнесінен-ақ біле аласыз. Олардың әзірше бағыты: космополиттік, жалпы адамзаттық құндылықтар, демократия! Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымызды одан әрі демократияландыру, дамыту тұрғысында пікір тоғыстыратын Тұрақты кеңес туралы өкімге қол қойған. Оның жұмысына депутаттар, үкімет мүшелері, президент әкімшілігі мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ саяси партиялар мен әр түрлі қозғалыстардың да өкілдері тартылды. Ұлт мүддесін қорғайтын қозғалыс керектігі осындайда көрінсе керек. Басқа партиялар ұлттың сөзін сөйлемейді деп айтпаймыз, бірақ қазіргілерінің жарытпайтыны анық. Сонымен жиырма бірінші ғасыр басындағы сандаған саяси партияларымызбен жиырмасыншы ғасыр басындағы бір ғана «Алаш» партиясын қалай салыстырсақ та атыңнан да, затыңнан да айналайын «Алаш» партиясының қорғасындай ауыр, қауыр сындай жеңіл салмағы басып кете береді. Себебі, бар мәселе «Алаш» партиясы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған шын мәніндегі ұлттық-демократиялық партия бола білгендігінде! Бұл бүгінгі саяси партияларымызға сабақ болса керек. Ұлтының шы-
найы қамын жеген партия ғана тарих төрінен орын ала алады. Оған «Алаш» партиясының тағылымды тарихы жарқын мысал бола алады. Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі күресі Жиырмасыншы ғасыр басында Ресейде билік басына келген кеңестік жүйе Алаш қозғалысын тарих сахынасынан ысырғанымен, діңгегі мықты бәйтерек – Алаш идеясы тез арада тамыр алып үлгерген. Уақыт өте келе, буын алмаса бере, ол – көктеп, бүршік атып, жаңа бүлік – бой көтерулерге ұласып отырды. Қызыл империя – кеңестік билік жүйесі Алаш қозғалысын құлатып, қайраткерлерін репрессиялық қанқұйлы әрекетпен тұқыр тып тынғанымен, Алаш идеясын ауыздықтай алмады. Алаш идеясының түп қазығы – қазақ ұлтының азаттығы, қазақ халқының өз алдына тәуелсіз ел болуы еді. Ал оған үнемі дем беріп, елдік пен бірліктің көрігін қыздырған Алаш қозғалысынан бастап, бүгінге дейінгі кезеңде жас буын – жаңа ұрпақтың рухы биік, маңдайы жарық. Енді осы Алаш қозғалысынан кейінгі жағдайда Мәңгі жас – Алаш идеясының кеңестік билік жүйесіне ымырасыз қарсылығы қалайша жүзеге асып, қай тұста байырқалағандығына көз жібереміз. Алдымен себеп пен салдарды сараласақ. Қазақ халқының демографиялық даму үрдісі Алаш қозғалысының түпкі себептерімен қаншалықты байланысты екен? Деректерге сүйенелік. Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ халқының өсімі қар қынды әрі қалыпты екенін мына бір цифр ғана дәйектейді. Сол кездегі санақ бойынша, 1915 жылы қазақтардың саны 6 миллион адамға жетті. Өкінішке орай, өзімізге белгілі сан қилы, қан құйлы себептерге байланысты айналасы отыз жылға толмайтын уақыттың ішінде, нақтырақ айтқанда, 1945 жылы қазақ халқының саны 2,5 миллионға бірден кеміп кетті. Бұдан бөлек қазақ топырағында жергілікті халықтың ұлттық құрамы ең азшылық деңгейге дейін түсті. Айталық 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АССР-і құрылған кезде, қазақтардың өз территорияларындағы құрамы 65 процент еді. Ал 1962 жылдары салыстырмалы түрде алғанда қазақтардың үлес салмағы 29 процентке дейін күрт түсті. Бұл апаттың туындауы мен жедел жүргізілуін өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Қазақстанның қанқұйлы басшысы Голощекин іскерлікпен ұйымдастырған болатын. Оның жоспары негізіндегі адамның жаны түршігетін ой-мақсаты бойынша,
көшпелі салтындағы қазақ қоғамында ұлы (улы) социалистік идеяларды орнықтыру мүлдем мүмкін емес еді.Социализм қазақты отырықшылыққа, коллективтендіруге көшірген жағдайда ғана жеңіске жете алатын еді. Нәтижесінде не болды? Бар болғаны екі жылға жуық уақыт ішінде қазақтардың 52 проценті, яғни 2 миллион 200 мыңы аштық пен эпидемиядан қырылды. Мұндай сорақылық пен голощекиндік геноцидке көнбеген сол кездегі қазақ халқының 15 проценті республикадан алыс аймақтарға жер ауып кетті. Бұл кезең қазақ тарихының ең қасіретті де қаралы беттері болып қала берді. Содан соңғы жағдайлар «жұт жеті ағайындының» керін келтірді. Науқаншылдықпен «уралап» ұйымдастырылған индустрияландыру жылдарында еңбек майданына күштеп жұмылдыру, дүние мүлікмүкамалы тәркіленгендерді (конфискеленгендерді) көшіріп жіберу, тұтас халықтарды жер аудару, ал соңыра соғыстан кейін тыңның жыры жалғасты. Мұның жарқын мысалы іспетті, 1930-1962 жылдар аралығында Қазақстанға 4 миллионға жуық адам көшіп келді. Міне, осындай солақай саясаттың салдарынан қазақтар өз республикасында азшылықта қалып қойды. Сөйтіп, сан сапаға әсер етпей қоймады. Қазақ халқы өз тамырынан ажырай бастады. Салт-дәстүр, сана-болмысына қауіп төнген ұлттың болашағы бұлдыр тартты. Тіпті қазақ тілі қолданыс аясынан сырылып, барлық саладан жедел түрде ығыстырыла бастады. Кеңестік жүйе кезеңінде бір деректер бойынша, қазақ тілі пәні 700-ден астам мектептерде оқу құралы қатарынан шығарылып тасталды. Әрине, бұл ретте бір жайтты айта кету ләзім. Сол кездердегі Қазақстанға жер аударылған, күшпен әкелінген мың-сан халық тардың, соның ішіндегі көпшілік басымдыққа ие орыстардың, украиндықтардың, немістердің, шешендердің және де корейлердің кінәсі жоқ еді. Олардың бәрі де ең алдымен қызыл империяның қанды қылышына тап келіп, тұрлаусыз тағдырларының құрбанына айналды. Осы жағдайды қазақтар өте жақсы түсінді де. Бір үзім наны болса солармен ортақтасты, тіпті үй-жайына дейін паналатты. Алайда жалпы алғанда бұл жағдайлардың әсіресе, қазақтардың халық болып қалыптасуына кері әсерін тигізбей қоймады. Жығылғанға жұдырық іспетті қазақ даласының әлеуметтік және экологиялық ортасының тынысы тарылып бара жатты. Республика алып атом полигонына (ядролық Семей), экологиялық аурулар ошағына, әлемдік апат аймағының үлкен нүктесіне (Арал қасіреті) айналды.
Талай жылдар бойы жинақталған экологиялық проблемалар-
мен қатар ұлттық кемсіту жағдайларына да төзімділік танытыл-
ды. Ондағы анық көзге ұрып тұрған кемшіліктердің өзі назар-
дан тыс қала берді. Орталық әкімшілік жүйе нақты істің орнына
КСРО-да ұлттық мәселе шешіліп қойғандығын жария етіп, құрғақ
баяндамаларға арқау етті. Нақты деректерге сүйенсек, алғашқы
кездегі одақ көлемінде екі жүзден астам ұлт пен ұлыс өмір сүрсе,
соның жүзге тартасының, тіпті шағын халықтардың жойы-
лып кетуіне дейін жол берілді. Бұл КСРО-ның әлем алдындағы
ешқандай уәжбен ақтала алмайтын масқара жағдайдағы ең сорақы
ісі демеске лаж жоқ.
Сөйтіп, шын мәніндегі демократия көрініс таппады. Халық өзін-
өзі басқару тетіктеріне қатыстырылмақ тұрмақ, олардың ұсыныс-
пікірі де ескерілмеді. Маңызды мәселелер мен бірге қарапайым
халыққа қажетті шешімдерді ат төбеліндей шенеуніктер – жоғары
саяси басшылық қабылдап, содан кейін ғана ол халыққа мәлім
етілді. Республикалардың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана
жарияланды. Орталық бірнеше рет Қазақстанның шекарасын өлшеп-
пішумен болды. 1960 жылы Тың өлкесі құрылғаннан кейін оны Ресей
Федерациясының құрамына береді деген лақап шықты, бұл жағдай
Республика жастары мен студенттерінің наразылығын туғызды. Он-
дай жағдай бұрынғы Шымкент облысының мақта өсіретін үш ауда-
нын Өзбекстаннан қайтарып алғанша сақталып келді.
Қазақстан табиғи байлығы ең мол өлке бола тұра дамыған
өнеркәсіпті республикалардың шикізат отарына айналды.
Жергілікті халықтың 70 проценттейі ауылды жерлерде тұрды,
жұмыссыздық көбейіп, тұрмыс деңгейінің төмендеуі наразылық ту-
дыра бастады. Инфляцияның шарықтауы ең алдымен көп балалы
отбасылар мен жастарға ауыр тиді. Экономист–ғалымдардың сол
кездегі есебі бойынша Қазақстандағы әрбір көп балалы отбасыларға
шаққандағы табыс мөлшері 30-бен 80 сом аралығында болды. Бұл
өмір сүруге қажетті деңгейден әлде қайда төмен еді.
Жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі сал-
дарынан жастар ауылды тастап, қалаға қарай ағыла бастады. Онда
оларды қымбатшылық пен тұрмыстың қолайсыз жағдайы күтіп
тұрды, жолы болғандар бар-жоғы шағын отбасылық жатақханаларға
орналасты.
Мәселеге нақты дәле келтірсек, 1985 жылы республика бойын-
ша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен
қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді.
Ондағы студенттердің 57,7 проценті ғана жатақханаға орналаса
алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында «еңбектен тыс табыс» дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы үш мыңдай студенттер баспанасыз қалды. Ең бастысы – бір ғана ұлттың басым көпшілігінің тұратын Бүкілодақтық билік органдарымен салыстырғанда Республика құрылғаннан бері Қазақстанның басшылығы көп ұлттан тұрды. Республика партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян жетекшілік етті. 1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 процент, орыстар – 40,8 процент, болды. Кеңес үкіметі жылдарында республиканың бірде-бір басшысын коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды Орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Өкінішке орай, билеуі мен илеуі күшті орталық іште қыз-қыз қайнап, Қазақстанда қордаланып келе жатқан проблемаларға бас ауыртып жатпады. Керісінше Мәскеу өкілдері әр кез Қазақстан үкіметін қатаң бақылауға алып, толық ауыстырып отыруды әдетке айналдырды. Ең бастысы-ресми түрде интернационализмді ұран етіп ұстай отырып, билік басындағылар кез келген ұлттық санасезім, ұлттық намыс, мәдениеттегі, тілдегі, тарихтағы ұлттық ерекшелік көріністерін ұлтшылдық белгісі деп бағалады. Бұл шын мәніндегі орыстандыру саясатының қарқынды жүргізіліп жатқандығын анық та ашық аңғартып отырды. Осылайша 70-жылдарда да бұрынғысынша Қазақстанды орыстандыру, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді жоғалту, қазақ тілінің құдырауы, экологиялық проблемалардың шиеленісуі процестері тереңдей түсті. Нәтижесінде мұндай қазақ ұлтына деген салғырт көзқарас салдарынан әсіресе ауылдық тұрғындардың күрт кедейленуі қалыпты үрдіске ұласты. Ауылдың қаладан бір ерекшелігі, оның 80 процентін қазақтардың құрайтындығында еді. Мұндай жағдайда қазақ зиялылары қайда қарап отырды? Олардың қарап отыратынындай бар еді. Себебі, бұл буын отыз екінің аштығын бастан кешіре қоймаса да сезініп өскен, отыз жетінің қуғын-сүргінінің шет жағасын көрген, тіпті елуінші жылдарға дейін жалғасып, қайбіреулерді қудалаудың әдіс-айласын аңдаған ұрпақ өкілі еді. Қысқасы, құрығы ұзын кеңестік құқық қорғау органдарының қатал да қайырсыз қаракетінен жақсы хабардар олар үнсіз қалуды жөн көрді. Шығармашылықтары да сыни көзқарастардан мейлінше жұрдай болып келетіні осыдан кейін түсінікті шығар. Сексен алтыншы жылғы желтоқсан қозғалысында осы аға буын өкілдерінің ерекше бой көрсете алмауына әлгіндей себептерді алға тартсақ артық емес.
Осылайша ендігі белсенділік еріксіз жас буынның үлесіне
қалды. Өз кезегінде елдегі еркін ой білдіру функциясын студент
және жұмысшы жастардың орындап шығуы кездейсоқ емес-ті.
Осы уақытқа дейін бізге жекелеген жастармен қатар, 1950-1980
жылдары Қазақстанда жастардың ресми емес қоғамдық және сая-
си ұйымдары, партиялар мен топтардың жұмыс істегені беймәлім
болып келді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық архивінің
мұрағаттарындағы деректер елімізде 1950-80-жылдары заңды
түрде әділет мекемелерінен тіркеуден өтпеген жас буын
өкілдерінің қоғамдық және саяси ұйымдары, партиялар мен топ-
тары болғанын айғақтайды. Сол кездегі зиялы қауым мен саяси
элита шоғырланған Алматы қаласында ғана емес, жер-жерлерде,
айталық Қарағандыда жастардың ЕСЕП («Елін сүйген ерлер пар-
тиясы»), Павлодарда тоғызыншы сынып оқушысы жетекшілік
еткен «Жас ұлан» бірлестігі мақсатты түрде нәтижелі жұмыс
жасай алмаса да пікірлес жастарды шоғырландырған. Сондай-
ақ жетпісінші жылдары Алматыда құрылған «Сары-Арқа» тобы
өздері басшылыққа алған құжат-тәуелсіздік бағдарламасын
жасап шықты. Сонымен бірге Мәскеуде оқып жүрген қазақ
студенттерінің «Жас тұлпар» ұйымы орталық тыңшыларының
«ұйқысынан» оятып жіберді. Және де сол кездерден, нақтырақ
айтқанда жетпісінші жылдардан саяси күрескерлік жолына
түскен бозбала шағындағы Хасен Қожа-Ахмет басқарған «Жас
қазақ» ұйымы дүниеге келді. Әрине, олар жұмыстарын астыр-
тын жүргізді. Барлығының бағдарламаларында Қазақстанның
тәуелсіздігі, мемлектеттік тіл мәртебесі және ұлттық мәдениетті
өркендету мәселелері анық жазылды.
Белсенді түрде әрекет еткен «Жас қазақ» партиясы әлеуметтік,
экономикалық, ұлттық және саяси мақсаттардың ішінде КСРО-дан
бөліну міндетін алға қойды. Аталған ұйымдардың барлығының
арасына өз тыңшыларын жіберіп, мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің әккі жандайшаптары оларды лезде, оп-оңай «тізе
бүктірді». Осы уақыттарда мұңдай жастар ұйымдарының саны
республикада жиырмадан асқан. Олар туралы және қазақтың
қоғамдық ой-санасын қозғауға күш салған жастар турасын-
да құрылған жылдарына қарай рет-ретімен қолға түскен дерек-
тер негізінде барлығын қамти алмасақ та, әрбіріне жеке-жеке
тоқталып өтуді парыз санадық.
«Жас тұлпар» орталық
тыңшыларын ұйқысынан оятты
Қазақтың жас ұлт зиялылары бір ұйымның төңірегінде топта-
сып әрі жекелей жұмыстарын Қазақстанда ғана емес, қылышынан
қан тамған орталық – Мәскеудің өзінде жүргізгендігіне «Жас
тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы дәлел. 1960
жылдары Мәскеудің маңдай алды жоғарғы оқу орындарында
оқып қана қоймай, ұлт мәселесінде саяси белсенділік танытқан бір
шоғыр қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Жастардың
бұл бірлестігін ұйымдастырушылар Мұрат Әуезов, Болатхан
Тайжан және де Алтай Қадыржановтар болды. Олардың айтуын-
ша, «Жас тұлпар» ұйымы бастапқыда мыңға жуық студенттерді
біріктірсе, кейіннен ол географиялық жағынан да кеңейе келе Ле-
нинград, Киев, Одесса, Рига қалаларында қанатын кеңге жайды. Ал
Қазақстанның өзінде Алматы, Павлодар, Ақмола және Шымкент
сынды аймақтарда да ұйымдастырылып, Қарағанды қаласында
«Жас қазақ» және Семей қаласында «Тайшұбар» деген аттармен
жұмыс істеді.
«Жас тұлпар» ұйымының мақсат-мұраты не еді? Енді осы
сұраққа жауап іздеп көрелік. Мәскеуде білім ала жүріп қазақ
жастарының байқағаны өз елінің қатардан қалып бара жатқаны
еді. Ол әрине ұлттық мәселе тұрғысынан дамуда, ана тілінің өркен
жая алмауында, ата салт-дәстүрін дамыту мәселесінде кенжелеп
қалып қойғандығы сынды жағдайлар алып көрші елдің ауасымен
тыныстау барысында көзге анық ұрып тұрды. Сондықтан да осы
олқылықтың орнын толтыру өздерінің азаматтық парызы деп са-
нады.
«Жас тұлпарлық» жастар алға қойған басты мақсаттары ретінде
барша қауымның ұлттық санасын оятуға бағытталған жұмыс
тармен қатар, жоғарғы билікке қазақтың ұлттық мәселелерін ше-
шуге қатысты нақты ұсыныстар қойды. Олар Ресейдің және де
Қазақстанның қазақтар көбірек шоғырланған аймақтарында мәдени-
көпшілік шаралармен қатар, концерттер берді, түрліше дәрістер
оқыды және тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастырды. «Жас
тұлпардың» осы бағыттағы жұмыстары Қазақстандағы қоғамдық
саяси ойдың ұлттық тұрғыда дамуына және де қазақ жастарының
ұлттық санасының жаңғырып қоймай өздерінше оны дамытуына
едәуір ықпал етті.
Әрине аз ұлттардың әсіресе жастарының ұлттық мәселені
ту етіп, қоғамда үлкен дүмпу туғызып, арты айтарлықтай қоз
ғалыстарға ұласуы орталыққа ұнамасы анық. Кеңестік биліктің қызыл коммунистері «Жас тұлпар» ұйымының соңына түсіп жү ріп, оларды тарқатып тынғанымен, мыңдаған қазақ жастарының санасында маздап жанған ұлт-азаттық – Алаш идеясын өшіре алмады. Осы жұрт Махметті біле ме екен? Жоғарыда айтып кеткендей жасырын саяси партиялармен қатар жекелеген жас азаматтар да астыртын іс-қимылға көшті. Сондай саяси лидерлердің бірі – Махмет Құлмағамбетов еді. Ол елдегі жүргізіліп жатқан мемлекеттің саясатына өзінің қарсылығын ашық білдірді. Махмет Құлмағамбетов 1962 жылы Қостанайдың Рудный қаласында тұтқындалып, 58-баппен 10 жылға сотталады. Махмет бостандыққа шыққаннан кейін Сібірдің газ тарту құрылысында еңбек етеді, кейін шет елге шығып кетуге мүмкіндік алып, Кеңестер одағының басты жауы Американың «Азаттық» радиосында қызмет етіп, кеңестік коммунистік қоғамды қатты сынға алған материалдар беріп отырды. Осы ретте айта кетерлігі, сексенінші жылдары кеңестік жү йеге деген наразылығы іште қыз-қыз қайнап жүрген қазақ интел легенттері ашық күреске бармаса да, өз саласында халыққа қажетті деген істерді тындыруға тырысты. Айталық, жоғары билікте жүрсе де Өзбекәлі Жәнібеков қазақтың рухани дүниесін түгелдеуде біршама жұмыстар атқарды. Өзінің сенімді әрі озық ойлы әріптестерімен бірге 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімімен жазықсыз отыз жетінші жылдар репрессиясының құрбандары болған ұлтымыздың біртуар арыстары, Алаш қозғалысының кө семдері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытовтарды алдымен саяси жағынан, кейінірек азаматтық жағынан ақталуларына үлкен ықпал етті. Бұл қылышынан қан тамып тұрған жүйені мойындатып, ұлы тұлғаларды халқының рухани айналымына қайта қосу айтарлықтай жаңалық әрі жанқиярлық еңбектің нәтижесі еді. Дегенменде қазақ зиялыларының ішінен есімі Хельсинкидегі саяси тұтқындар тізіміне кірген екі қазақтың бірі Махмет Құлмағамбетов болса, екіншісі жиырма үш жасында саяси диссидент атанған Хасен Қожа Ахмет.
«Жас қазақ» ұйымы ұлтының жігерін жаныды Жетпісінші жылдары Алматы қаласында жастардың жасырын «Жас қазақ» ұйымы жұмысын мақсатты түрде жүргізе бастады. 1972 жылдан бастап Қазақ елі өз алдына дербес әрі саяси тәуелсіз мемлекет болуы қажет екенін азаматтар санасына сіңіру бағытында мақалалар жазып, үнпарақтар таратуды қолға алады. Тек сол кездегі одаққа қарайтын Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің өз егемендігін алуы қажеттігін қалаған әрі алға қойған мақсаттарына толыққанды жетуі үшін олармен де байланыс орнатуға тырысады. Осы тұрғыда 1973 жылы коммунистік билік жүйесін халықпен санасатындай ету үшін және де халықтың тұрмысын жақсарту үшін әрбір республикада қатарына демократияшыл азаматтар кіретін «бақылау комитеттерін» құруға шақырады. «Жас қазақ» ұйымы аталған комитеттердің міндеттерін төмендегіше белгілейді: Азаматтардың праволарын конституция бойынша қорғау. Соғыс бюджетін азайттыру. Ұлттық кемсітушілікке, орыстандыруға тыйым салу. Оқу орындарын, мекемелерді мүмкіндігінше ұлттық тілде жүргіздіру. Халықтың еңбегін дұрыс бағалап, жалақысын дұрыс төлеттіру. Заттарға дұрыс баға қойылуын және қымбаттамауын қадағалау. Қазақстанда өндірілетін заттарды өз халқымыздан артылған жағдайда ғана экспортқа шығару керек. Табиғатты қорғау: мөлшерден тыс жер жыртуды тоқтату, мал жайылымын көбейту. Химикаттармен, орыс қаруын сынаумен ауаны уландыруға тыйым салу. Байқағанымыздай ұлттық мәселелермен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты жайттарды шешу жолдары талап етілген. Мұнымен қатар «Бақылау комитетінің» маңызын халыққа түсіндіру үшін және комитетті әділетсіз үкіметтің таратып, жазалуынан қорғау үшін барлық жерлерде демократияшыл азаматтардың ұйымдарын құру керектігін бастама етіп көтереді. Бұл ұйымдарға азаматтар ант арқылы қабылдану қажеттігін де ескертеді. «Жас қазақ» ұйымы демократиялық ұйымға қабылданатын азаматтарға төмендегіше міндеттер жүктеуді де ұмытпайды: 1. Бақылау комитетінің міндеттері әрбір ұйымдағы азаматтың да міндеті болып табылады. 2. Жаңа заңдармен міндеттерді дауысқа салып бекіту және өз пікірлерін айту. 3. Ұйымға жаңа азаматтарды тарту.
4. Орыс үкіметінің шовинистік, отаршылдық, соғысқұмарлық са-
ясатын әшкерелеп, халыққа түсіндіру. 5. «Демократияшыл азаматтар ұйымының» қажеті үшін барлық
ұйым мүшелері айлық жарна төлеуге міндетті. 6. Әрбір ұйым мүшесінің қажетті әдебиеттерден, тарихи матери-
алдардан және үкіметтің әділетсіз істерін әшкерелейтін лекциялар-
дан құрылған кітапханасы болуы керек.
«Жас қазақ» ұйымы одақтас елдердегі демократиялық ұйым құ
руға мүдделі азаматтарға осындай үндеу тастай отырып, тотали
тарлық режиммен бірлесіп күресуге шақырады. Әйтпесе түптің
түбінде кеңестік қызыл империяда бір ғана ұлт қалып, қалғандары
жер бетінен жойылып кету қаупі зор екенін ескертеді.
Ал, елдегі қазақ ұлысына «Жас қазақ» ұйымы «Оян, қазақ!
Оян, елім!» деп ұран тастап, бірлікке қана емес, ерлікке шақырды.
Өзін намысы бар азамат деп санайтын ұлтжанды ұландарға:
«...Ойланатын уақытың жетті, бауырлар. Туған жер тоналуда. Ана
тіліміз, мәдениетіміз ұмытылуда. Орыс шовинистерінің осы саяса-
ты өзгермесе, қазақ ұлтының жер бетінен жойылар уақыты да алыс
емес. Тарихтың бұл тәлкегінен тек күресу арқылы аман қалуға бола-
ды. Отанымыздың тәуелсіздігін, Қазақ елін жойылудан сақтау үшін
біз, қазақ елінің азаматтары, орыс отаршыларына мынадай талаптар
қоямыз» – дей келе төмендегі мәселелерді төтесінен қояды:
1.Бір ұлтқа табындыру, орыстандыру саясаты тоқтатылсын.
2.Орыстарды қазақ жеріне қаптатып қоныстандыру тоқтатылсын.
3. Қазақстандағы барлық оқу орындары, мекемелер ұлттық тілі
мізде болсын. 4. Ядролық қарулар сынап, химикат «тыңайтқыштармен» улап,
қазақ жерін шөлге айналдыру тоқтатылсын. 5. Қазақ жастарына зорлықпен қой бақтыру тоқтатылсын. 6. Ұлт азаттығы үшін күрескен саяси тұтқындар түрмелерден бо-
сатылсын. 7. СССР Конституциясының 125-бабында айтылған: сөз бостан
дығы, баспасөз бостандығы, жиналыс жасау бостандығы, т.б. право-
лар іске асырылсын.
8. Шет елдердегі қазақтарға және Түркістандық басқа да ұлттарға
Отанына қайтуға рұқсат берілсін. Олар қудаланбасын. 9. Қазақстаннан тоналып Россияға жөнелтілетін барлық заттарға
шек қойылсын (мұнайға, етке, астыққа, т.б.). 10. Орыстар Конституциясындағы «Әрбір Одақтас Республиканың
СССР-ден еркін бөліну правосы сақталынады» делінген 17-бабын
естерінде сақтасын.
Ұлт бостандығы жасасын! Біз жеңіске сенеміз!» Осындай оптимистік рухта істерін жалғастырған қазақтың бостандық сүйгіш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы 1973 жылы аталған ұран-талаптарын бұхара халықтың арасында үнпарақ ретінде тарата бастайды. Ондағы мақсат жоғарыда айтып кеткендей ел азаматтарын, әсіресе жастарды ойланту мен ояту еді. Бұл жұмыстардың қылышынан қан тамып тұрған сол кездердегі кеңестік жүйе уақытында қаншалықты қатерлі екені айтпаса да түсінікті. Мұндай көзсіз ерлікке сол қызыл империя тұсында бару батылдық қана емес, жүрек жұтқандық еді. Осындай қауіп-қатер жағыдайында болса да, қатарларына қалың жастарды тарту «Жас қазақ» ұйымының басты мақсаты санатындағы негізгі ісі іспетті. Бұл ретте олар ұйымға мүшелікке өтетін өрендер үшін ант қабылдау міндетін жүктеп, төмендегіше мәтінін дайындайды. Ант Мен, Қазақ елінің азаматы, өз еркіммен бауырларым құрған «Жас қазақ» ұйымына кіремін. Халқымның болашағы, бостандығы үшін күрескен Сырым батыр, Исатай, Махамбет, Кенесары басқа да қазақтың ардагер ұлдарының ісін жалғастыруға, бостандық туын көтеруге халқыма, қазақ бауырларыма ант етемін. Бостандық жолында, халқыма қызмет ету жолында қажет болса жанымды қия мын. Ата-бабаларымыздың отаршыларымен күрестегі төгілген қанын еш уақытта естен шығармаймын. Орыс социал-шовинистері нің отаршылдық саясатын әшкерелеп, халыққа түсіндіруден жалықпаймын. Егер күрес жолынан тайып, бауырларыма опасыздық етсем, мені халқымның қарғысы атсын. Жасасын ұлт бостандығы! Міне, бұл Мәңгі жас – Алаш идеясының сол кездері қазақтың бостандық сүйгіш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы түзген қысқаша тезисі іспетті. Онда ата-баба арман аңсары тәуелсіз ел болу мұратын жастардың қайда жүрсе де жата-жастана жүріп, санада әр кез жаңғыртып қоймай, іске асыру міндетін жүктейді. Бағдар айқын. Бағдарлама да алдын-ала дайындалған. Тіпті тәуелсіздікке әні-міне қол жеткізетін елдің Ата заңын да «Жас қазақ» ұйымы жазып шығады. 1973 жылы қысқа да нұсқа әзірленген басты
құжаттың төмендегі мазмұны Қазақстан тәуелсіз ел болғанға дейін
маңызын жоймағаны анық.
Қазақтың демократияшыл азаматтарының ұйымы
«Жас қазақ» Конституциясы
1. Қазақстан – Халықтық Демократиялық Республика. 2. Қазақстан азаматына сөз бостандығы, баспасөз бостандығы
беріледі. 3. Қазақстандық әрбір азамат, үкіметтің бұйрығын демократияға
қайшы деп тапса, ашық сынай алады. Бұл үшін оған «саяси
қылмысты» деген айып тағылмайды. Егер сын дұрыс болып, халық
оны қолдаған жағдайда үкімет сынды қабылдауға міндетті.
4. Шетелдермен байланыс тек мәдени-экономикалық жағдайында
болады. Азық-түлік және басқа да заттар өз халқымыздан артылған
жағдайда ғана экспортқа шығарылады.
5. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі бейбіт елдермен ынты
мақта болады. Ешқандай «ұлы», отаршыл мемлекеттермен одақ
таспайды.
6. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың (орыс, украин, неміс,
т.б.). Отандарына қайтуына немесе Автономиялық аудан, облы-
стар болып Қазақстанда қалуына хақысы бар. Автономия алған
ұлттардың барлық қағаздары, оқуы, т.б. өздерінің ұлттық тілінде
болады.
7. Қазақстан бейбіт ел болғандықтан және ешбір елді ықпалында
ұстауға, жаулауға тырыспайтындықтан, жалпы әскери міндет жой-
ылады. Оның орнына ерікті, жалақы алатын халық жасақшылары
(милиция) болады.
8. Қазақстандық азамат қалада немесе селода тұрып еңбек етіп
және қоғам жұмысынан қол үзбей жекеменшік шаруамен шұғыл
дануға (бақша, мал өсіру) қақысы бар. Еркектер мамандығына қарай
қалаған жұмысын істей алады, әйелдер сауда, ағарту, денсаулық
сақтау т.б. дене күшін аз керек ететін жұмыстарға қабылданады.
9. Қазақстан азаматы саяхаттап дүние жүзіндегі қалаған мемле-
кетке бара алады.
Бүгінде тәубе етеріміз, Қазақстан өз алдына дербес ел болған
соң қабылдаған Конститутциясы «Жас қазақ» ұйымы әзірлеген
Ата заң-басты құжаттың мазмұнын толық қамтыды. Бір қызығы
жоғарыда тоқталып өткен «Алаш» партиясының бағдарламасымен
«Жас қазақ» ұйымы дайындаған Конститутцияның айырмашылығы
шамалы. «Елу жылда ел жаңа» дегенімен, арада жарты ғасыр уақыт
өтсе де өлшем өзгермеген, талап пен талғам ғана өскен.
«Жас қазақ» ұйымының жетекшісі, саяси күрескер ағамыз Хасен
Қожа Ахмет өзінің саясатқа араласуына әскердегі көрген құқайы,
нақтырақ айтқанда өзге ұлт өкілдерінің езгісі мен тепкісі түрткі
болғанын жеткізген еді. Үлкен солдаттардың әлімжеттігіне араша
сұрап, әділдік іздеп командирлерге шағынса, олардың бұзақылардың
сөзін сөйлеп шыққанымен қоймай өзін қараңғы қапасқа қамап
қойғаны жанына батады. Ақыры бұған көнбеген Хасекең әскерден
қашып, әділдіктің жолын бостандықта іздейді. Кейіннен өмірін сая-
си күреске арнаған ағамыз жетпісінші жылдары «Жас қазақ» ұйымы
атынан жазған мақалаларында шовинизмге деген қарсылығын үнемі
білдіріп отырады.
Олжас, Олжас...
Байқоңыр космодромынан тұңғыш ғарышкер ұшырылуына
орай «Адамға табын жер енді» деп жырлаған жалынды жас қазақ
ақыны Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы «Аз и я» атты тарихи-
лингвистикалық сараптамалық кітабы жарық көрді. Бұл туын-
ды ежелгі орыс әдебиетінің төл ескерткіші санатындағы «Игорь
жасағы туралы жырды» жан-жақты саралай келе аталған шығарма
славяндық және түркілік этностарға ортақ екенін нақты деректермен
дәлелдеп берді.
Сол кездегі мамыражай ғылыми айналымға тосын әрі күтпеген
жаңалықты әкеліп қосқан шығарма одақ көлемінде үлкен дүмпу
туғызды. Ең алдымен шовинистік пиғылдағы орыс зиялылары бұл
туындыны «зиянды» туынды деп қорытынды шығарып, кітапты
таратуға тыйым салынды.
Дегенмен рухани сусап отырған қазақ қоғамы бұл шығарманы
құшақ жая қарсы алды. Әсіресе жастар жағы туындыны қолдан-
қолға өткізіп, жата-жастана оқыды. Оқып қана қоймай аталған
шығарманың алмағы мен салмағын саралады.
1976 жылы «Жас қазақ» ұйымы бұл туынды турасында «Ол-
жас Сүлейменовтың «Азиясын» оқығанда» атты мақала арқылы өз
ұстанымдарын білдірді. Онда жас ақынға тілектестіктерін жолдап,
төмендегі мәтінде көзқарастарын жасырын түрде таратты.
«Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегі, «Игорь полкы ту-
ралы сөз» немесе «Түркі халқының тарихы туралы» зерттеулермен
салыстырғанда, ең бағалы, нағыз шындықты баяндайтын шығарма болуы керек. Өйткені бұл шығарманы ұлтшылдықпен уланған, 1015 сөз біліп, «тюрколог» атанған орыс мамандары емес, көп жылғы іздену, зерттеулері арқылы ақиқатқа жеткен азамат жазып отыр. Осы күндері белгілі болған, дәлелденген деректерге сүйенсек, тарихқа әділ болсақ, онда түркістандықтардың тарихын Ассирия, Вавилонмен қатар оқыр едік. Бірақ көптен қалыптасқан «академиялық» тарихқа өзгеріс енгізу «Еуропалық асылдарды» шошытады және түркі халықтарының көпшілігі СССР құрамында. Ал орыстар үшін отарындағы «бұратана» халықтардың даму тарихының орыстардан әлдеқайда ерте екенін мойындау – өте ауыр нәрсе. Сондықтан да Түркістан тарихын зерттеуге көңіл бөлінбейді. Табыл-ған тарихи маңызы бар заттарды жария етпей, жасырады. Дәлелденген шындықты орыстар көз жұмып, көрмеген болады. Түркістанның адамзат тарихына қосқан баға жетпес үлесін жоққа шығарғысы келеді. «АЗИЯ»-дағы айтылған пікірлердің дұрыстығына шек келтірген адам құр даурықпай, теріс жерлерін дәлелмен көрсетсін. Мұндай шығармаға тек таяз ойлы, елінен, халқынан өз асқазанын, атақмансабын қымбат көретін намыссыз оңбағандар ғана қарсы шығып, қырсығын тигізеді. Сөйтіп отаршыларға жағынбақ болады. Ал біздің, қазақ елінің демократияшыл азаматтары «АЗИЯ» сияқты тарихымыз туралы сөз қозғайтын шығармаларды әрқашан қуанып қарсы алады және қорғайды.» Бұл Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегі туралы «Жас қазақ» ұйымының ғана емес, сол кездегі саналы қазақ жастарының да пікірі осыған сайған еді. Дегенменде жастықтың оты маздап жанып тұрған кезінде ұлт батырына айналған Олжас Сүлейменов шау тартқан шағында «майда шабақ аулап кеткені» көңілге кірбің ұялатқаны рас. Сөз реті келгенде бұл мәселені де қамтып кетуді парыз санадық. Әсілі бізде бизнестен саясатқа немесе керісінше саясаттан бизнеске келу қалыптасқан үрдіс сынды қабылданатын. Кейде бұл қағида-ережені бұза жарып, ақын-жазушыларымыз да саясаттағы соқпағын саралауға ұмтылатыны бар. Кейбірі депутаттыққа түсіп, қайбірі партия құрып, оңтайлы жолын іздейді. Дегенмен қиындау. Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп. Жалпы алғанда асау айдынға ақ желкенін керіп шықпақ түгілі, малтығып тыну сипаты басым. Осы ретте шығармашылығымен қатар саясаттағы бағын батыл сынап жүрген үркердей топ көшбасшысының саяси бейнесіне шолу артық етпесі анық.
Қателеспесек, тоқсаныншы жылдары: «Мені қазір кітабымның емес, сол кітабымның оқырмандарының тағдыры ойлантады. Сондықтан, енді саясатпен айналыспақпын» деп, көзқарасын анық білдірген ақын Олжас Сүлейменов зиялы қауым ішінен суырылып шыққан. Ақыл-ой әлеміміздегі ерекше есімнің бұл бұлқынысы мыңмиллион оқырманына үміт сәулесіндей елес берген. Көптеген жүректерге жол тауып, әсіресе, жас буынның кумиріне айналған тұлға ә дегеннен-ақ қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның көкейіндегі түйткілді тап басып көтере алғандығы басты себеп. «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл сөз жоқ, өткен тарихтың еншісінде алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді. Әрі жігерленді де. Келесі кезекте «Халық конгресі» партиясын құрып, мүдделес жазушы, қайраткер, саясаткерлерді топтастырды. «Ұрыста – тұрыс жоқ». Партия өмірі қыза түсіп, газеті де шыға бастады. Азаматтық ұстанымына өте берік, қоғамдық пікірге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы және бір қадамы осылай қарқынды басталды. Үлкен кемеге үлкен мұхит қажет. Тегеуріні мықты ақын басқарған партия ақыры оппозициядан бір-ақ шықты. Себебі, түсінікті. Қандай да саяси күштің басты мақсаты билікке бару. Әрі анау-мынау емес, Олжас Омарұлы «Президентке конструктивтік оппозицияға шығамыз» деп мәлімдеп жіберді. Сонда жұрт бұл қандай оппозиция дескен де қойған. Кейін белгілі болды. Сайлаулар жақындаған сайын ақынның партиясы да саяси ұпай жинау жолында аянып қалмады. Дәл сол кезде орыс тілді саясаткерлердің қолында бір «көзір» бар еді. Ол – жалған «орыс мәселесі». Бұл таптырмайтын «көзірді» оңтайымен Олжекең де пайдаланып қалуға тырысты. Сәтті, сәтсізін уақыт көрсетіп берді де. Сөйтіп, «Халық конгресі» партиясының серкесі Олжас Сүлейменов жапон газетінің тілшісімен сұхбатында: «Президент – заң мен Конституция беріктігінің кепілі. Алайда, Президент аппараты дайындап, 1993 жылы қабылданған Конституция Республика халқының елу сегіз пайызын разы етпей отыр (Бұл Қазақстандағы қазақтан басқа халықтың саны). Мұның өзі қазақ ұлтының жайбарақат өсіп-өнуіне кесірін тигізуі мүмкін. «Бірыңғай Қазақстан Республикасы – өзін-өзі билейтін қазақ ұлтының мемлекеттік формасы». Негізі заңның осы құжатымен Қазақстан халқының қалған жұрты келісе ала ма? Бұл қырық екі пайызының ғана Конституциясы. Ал, басқасының болашағы не болмақ? Көше ме, әлде сіңе ме?» деп, қатты алаңдаушылығын білдірген.
Өкінішке орай, дәл сол кешегі және бүгінгі шынайы өмірлік дерекке жүгінсек, басқа-басқа, Қазақстанда «орыс мәселесі» деп өзеуреп, даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленіскен жайт жоқ екен. Оған мына бір ғана дерек дәлел: ақын мазасызданған кезеңде, нақтырақ айтқанда, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде елімізден кетушілердің үлесі мынадай: қазақтар – 37,3 және 32,6 пайыз, орыстар – 28,4 және 35,2 пайыз, немістер – 5,2 және 5,5 пайыз, татарлар – 1,8 және 1,9 пайыз. Яғни, орысыңыздан қалмай қазағыңыз да ол кезде үдере көшкен ғой. Мұны мамандар саяси да, басқадай да емес, экономикалық қиындықтарға орай орын алды деп бағалаған. Сондағы Олжекеңнің қателесуі үміт артқан халқының көкейінде қыжыл қалдырды. Осыдан кейін-ақ Олжас Омарұлының үлкен саясаттағы оппозициялық саяси қадамы аңғарыла қоймады. Өзінің сенім артқан қайбір серіктері қаржы жайына орай істі болды. Содан бастапқы қарқын бәсеңсіп, партияның үнпарағы да, жалауы да жығылып кетті. Күндердің күнінде Олжас Сүлейменовтың Италияға елшілік қызметке аттанып бара жатқанын бір-ақ естідік. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көрінісі шығар, Олжекең бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі. Елші бола жүріп шығармашылық жұмысына қайта оралуы оқырманына анағұрлым пайда әкелген секілді. «Жазу тілі» және тағы да басқа кітаптары соның көрінісі. Ал, жаһандастыруға қатысты жазбаларындағы ақынның: «Әлемдік қауымдастық», «Әлемдік өркениет» деген ұғымдарды біледі екенбіз, «Әлемдік мәдениет» неге болмасқа!?» деген ойларының алдымен саясиәлеуметтік астары басым естілетіні қызық. Әрі жаһандастыруға бүйрегі бұрып қана қоймай: «Бүкіл әлем – бір ел!» (Ежелгі Рим мәтелі) болса, деген тұжырымы бұрынғы пікірін қоздатып, саяси билікті аңсаудан туған жоқ па екен деп қаласың. Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз. Бұл аксиоманы Олжас Сүлейменовке қаратып айтуымыздың жөні бар: ақындық пен әкімдіктің арасы қаншалық? Оны әлі уақыт өз тезінен өткізе жатар. Қаламдастар қазір өткен тарихи оқиғалардың рас-өтірігі үшін ғана таласа алатындықтарын мойындады. Мұның астарына үңіліп айтар болсақ, жазушы үшін ең үлкен бақыт шын көркем шығарма жазу. Ілгеріден қалыптасқан «Зиялы қауым ішіндегі жазушылар тұлға ретінде бүкіл жан дүниесімен оппозиционер» деген ұғым бар. Яғни, бұл шаршап-шалдығып саяси билікке ұмтылмай-ақ, билік
басындағыларға да, басқаларына да жөн сөзін айта алатын дара
қасиетке ие қайраткер жазушы деген сөз. Қарапайым халқыңыз
қиналған сәтте жазушысын ауызға алып, «олар неге айтпайды»
деуі содан. Бізде осылай жазушысын іздейтін жұрт бар. Жазушы
халқының жоқ-жітігін іздей ме екен?
Жиырма үш жасар диссидент –
Хасен Қожа-Ахмет
Жетпісінші жылдардағы Қазақстандағы диссиденттік бас
көтерулердің көш басында жиырма үш жасар саяси күрескер Хасен
Қожа- Ахмет тұрды. Оның өзінің әріптестерінен айырмашылығы
тайсалмағандығында, жүрекжұтқандығында және ашық күресті
таңдағандығында еді. Алматы облысының Есік қаласында тұрып,
еңбек еткен ол 1975 жылдың күзі мен 1977 жылдың көкек айла-
рында жеке өзі өкіметке қарсы ұнпарақтар шығарумен айналы-
сты. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алып отырған ұлттарды
кемсітушілік саясатын әшкерлейтін 670 дана мақалалар мен
ұнпарақ таратады. 1979 жылы көктекте дайын ұнпарақтарын тара-
ту үшін Алматыға келіп, мал дәрігерлік институты студенттеріне
оны таратып жатқан сәтте МҚК қызметкерлері тұтқынға алады.
Ол «кеңестік мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа тіл тигізгені
үшін» Алматы облыстық сотының шешімімен 1977 жылы 13
қарашасында Қазақ ССР Қылмыстық істер Кодексінің 170-171-
бабы бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылады. Ал
1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысты деген айыппен
Қазақ ССР Қылмысты істер Кодексінің 60 және 65-бабы бойынша
тағы да 1987 жылы 22 көкекте төрт жылға сотталды. Ал алғаш рет
сотталған 1977 жылы Хасен Қожа-Ахметтің есімі Хельсинкидегі
саяси тұтқындар тізіміне кірді.
Талай жылдар бойы жинақталған ұлттық кемсіту жағдайларына
көзбайлаумен қаралды. Ештеңе болмағандай ол талданбады,
тиісті бағасын алмады. Көптеген жылдар бойы әкімшілік жүйе
нақты істің орнына КСРО-да ұлттық мәселе «түпкілікті» және
«біржолата» шешілді деп сәуегейлікпен айналысты. Саяси инсти-
туттар мәдениетінің дамуын даңғазалықпен жария етіп, күнделікті
өмірде оның бір қалыптан шықпауына назар аударды, тіпті шағын
халықтардың жойылып кетуіне дейін жол берді. Аталған мәселе ту-
расында Хасен Қожа-Ахмет былай дейді:
Мен бұл жайлы 1973 жылы-ақ «Орыстардың дүниежүзілік
жандарм болуға тырысуы» деген мақаламда айттым. Жалпы, мен
«ұлтшыл деген айып тақты» деп намыстанудың түкке қажеті жоқ деп есептеймін. Рас, мен ұлтшылмын. Оны жасыруға бола ма? Әрбір азамат өз ұлтының намысына жығылмай ма? Қазақ халқын «ұлтшыл» деген айыптау алынсын деген талаптың да қажеті жоқ еді. Ол бір сөзбен не өзгереді. Ұсақ ұлттарды ұлтшыл деу бос сөз. Бұл сөзді мен сол 1973 жылы «Прогресс пе, әлде құлдырап күйреу ме?» деген мақаламда айтқан едім. «Ұсақ ұлт ешқашанда «ұлтшылдықпен» уланып, шовинист бола алмайды. Ол тек «Үлкен ұлттардың» отарлауынан қорғанушы ғана. Шовинизммен уланатын басқа ұлттарға үстемдік жүргізуге тырысатын ауру, негізі сол «ұлы» ұлттардың өз құқтарын қорғауын «ұлтшылдық» деп байбалам салу, «ұрының арты қуыс» дегендей, отаршылардың өз ұлтшылдығын жасыру үшін салған байбаламы ғана». Қазір екінің бірінен кешегі мен бүгінгі өміріміз туралы түрлі сын пікірлерді естуге болады. Сол себептен де «қалың ұйқыда жатқан ұлттық сана-сезімді соңғы бірер жыл оятты» деген кесіп-пішкен пікір жиі айтылады. Ал шын мәніне қарасақ, халық қайта құруға дейін де шырылдап, өз үнін айғақтауға ұмтылған екен. Соның жарқын бір дәлелі – Хасен Қожа-Ахметтің өмірі. Жап-жас жігіттің атқарған іс-әрекеттерінің бәрі ұлттық намыспен бірге тұтасып жатқанына 1972 жылы жазған оның мына бір «Қайран далам!» атты өлең жолдары да дәлел бола алады: Қайран, далам! Кең далам, алтын далам, Өмір кешкен өзіңде ата-бабам. Талай жырау, ақын, сал жырлап кеткен Қайда бүгін сол көркің мақтан еткен?! Қайран, далам, қайтейін! Көзіңді аш, қарашы айналаңа, Шаңы шыққан, күл болған шөл далаңа. Соқа тырнап, у шашып, қару сынап Қор қылса да жеріңді жүрсің шыдап Қайран, халқым, қазағым! Қайран, далам, ен далам тарылыпсың, Таңғажайып көркіңнен айрылыпсың. Қорғай алмай өзіңді Ата-мекен Жатқа беріп тоздырған кінә менен. Қайран, далам, кеш мені.
Иә, ақынжанды әрі сазгер азаматты саясаткер еткен хал
қының бодандықта болғаны еді. Нәтижесінде бейбіт заманда
саяси көзқарасы үшін екі рет сотталып, жастық өмірінің ең қы
зықты сәттерін түрмеде өткізуге тура келді. Қылышынан қан
тамған жетпісінші жылдары өзінің әлеуметтік теңсіздікке деген
көзқарасын батыл айтып, билік жүйесін айыптап, айтқанынан
қайтпағаны үшін түрмеге айдалып кете барған бар-жоғы 23 жа-
сар жігіттің ар тазалығы мен өз ұлтына деген сүйіспеншілігіне
қайран қаласың.
Әйгілі 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында да Ұлттық Қауіп
сіздік комитетінің қара тізімі бойынша Хасен алаңға шыққаны үшін
бұрынғы айыбы алдына көлденең тартылып, тағы да 4 жылға сотта-
лып кете барды. Ол өзі «істі» боп кетсе де саяси көзіқарақтылығын
алға ұстап, алаңға шыққан қаншама жасты қанды соққы мен түнек
түрмеден құтқарды.
Бірақ, тоталитарлық режим жас демократ Хасенмен санаспай
тұра алмады. Оның түрмеде отырып жазған (үкімет өтінішімен)
Желтоқсан жайлы саяси көзқарасы өзін де, өзі сияқты жазықсыз
айыптыларды да бостандыққа шығарды. «Желтоқсан» ұлттық-
демократиялық партиясының жетекшісі ретінде ол Желтоқсанның
жүзінші тұтқынын бостандыққа шығару үшін күрес жүргізді.
Он сегіз жасар Азамат Жәкібаев
неліктен билікке қарсы шықты?
Тура желтоқсан көтерілісі бұрқ ете түсер уақыттың аз ғана ал-
дында Алматы қаласында он сегіз жасар Азамат Жәкібаев алып
империя-Кеңес үкіметіне қарсы үнпарақтарын тұрғын үйлердің га-
зет-журнал салатын жәшіктеріне тастап, таратады. Үнпарақтарының
дені «Жойылсын кеңес үкіметі!», «Азаттық, теңдік жасасын!» деген
тұрғыда болып келеді. Аталған үнпарақтардың кеңес үкіметінің
қырағы мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің назары-
нан тыс қалуы мүмкін емес еді. Аз уақыттың ішінде осы «қылмысы»
үшін бозбала Азамат Жәкібаев мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің
тергеу изоляторына топ ете түседі.
Тар қапаста оған жан-жақтан тап-тап беріп, қорқытып-үркітіп,
тергеушілер жасөспірімді титықтатып жібереді. Алайда мемлекет
үшін аса маңызды ақпарат ала-алмай, қанша уақыт тергеп-тексер-
се де түк шығара алмайтындарын білген олар жасөспірім Азамат
Жәкібаевты мемлекетке қауіпті адам ретінде назарларынан бір сәт
тыс қалдырмауды ұйғарады.
Сөйтіп, психикалық ауытқушылығы бар деген желеумен сап-сау баланы жыраққа әкетіп, Алматы облысы Талғар қаласының жындыха насына күштеп жатқызады. Ондағы ойлары көп ұзамай-ақ белгілі болды. Кеңес үкіметінің «кішкентай жауы» Азамат Жәкібаевтан алып им перияға үлкен қауіп күткен қырағылар оны дәрі-дәрмекпен улап, ақыры өлтіріп тынады. Азамат Жәкібаев белгілі талантты театр және кино актеры Қасым Жәкібаев ағамыздың мәпелеп өсіріп отырған ұлы еді. Азаматтың арман-аңсары не еді? Өз қолымен әлгіндей азаттық аңсаған үнпарақтарды не үшін жазды? Артында осы сынды жауабы жоқ сауалдар қалды. Оған кеңес үкіметінің жандайшаптары жанашырлықпен емес, жаналғыштықпен «бас қатырды». Әншейінде «адам адамға бауыр» деген ұранды ұмыттырмауға тырысатын қоғамның шын мәніндегі, бет-пердесі ашылғандағы бейнесі мүлдем басқаша екен. Желтоқсанда алаңдағы ақ қар мен көк мұздың қызыл қанға шыланғаны соның куәсі. Ал Азамат Жәкібаевтың мысалы бойынша, кеңес үкіметінің үлкендері тұрмақ, кішкентай тұрғындарының өзі оппозициялық көзқарас былай тұрсын, өз елі туралы титімдейде бөгде ойда болмауы тиіс еді. Мұндай балама ой бой көтерсе болғаны, оның иесі – кәрі болсын, жас болсын, жасамыс болсын қатаң жазаға ұшырады немесе көзі жойылды. Кеңес үкіметі ішкі «жауларымен» осылайша аяусыз күрес жүргізді. Дейтұрғанымен қанша қорқытыпүркіткенімен өзіндік пікірі бар адамдарды мүлдем тыйып тастау мүмкін емес екен. Олардың сенімін ұрлап алғанымен, үмітін үзе алмады. Әлгіндей жосықсыз қарсылықтарға қарамастан, есік-терезені тұмшалап тастағанның өзінде қазақ қоғамын да ағысқа қарсы ойлар кезіп жүрді. Жалпы Азамат Жәкібаев жайында деректер мен мақалалар арагідік жазылғаны болмаса, ол туралы толыққанды дүние бертінгі уақытқа дейін жарияланбай келді. Тек қана бұл тақырыпты терең зерттеген, тарихи ақтаңдақ мәселелерді жиі көтеріп жүрген ағамыз Латифолла Қапашев 1997 жылы «Жалын» журналында қызмет етіп жүрген кезімізде Азамат туралы ақиқатты деректі айғақтармен алдымызға жайып салған болатын. Енді сол Латифолла ағамыз ұсынған құжаттармен Азамат Жәкібаев туралы толыққанды мәлімет алу үшін ретімен танысып көрелік. Істі жүргізген Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Алматы облыстық басқармасының тексеру бөлімі. Беттің орта тұсына айыптының аты-жөні жазылған: Жәкібаев Азамат Қасымұлы – Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-бабы бой-
ынша айыпталады. Істің басталған уақыты: 26 қаңтар 1978 ж. аяқталғаны: 23 наурыз 1978 ж. Бұл істің бұрынғы тізімдік саны 22 екен, ал 1993 жылы 27 қазаннан архивтік №09009 берілген. Бір жүз тоқсан сегіз құжаттан тұратын іс. «Жәкібаев Азамат – 26 қаңтар – 9 ақпан 1978 ж. аралығында МҚК тексеру бөлімінде қамауда, ал 9 ақпан – 23 наурыз 1978 ж. аралығында Республиканың 2 клиникалық психиатриялық ауруханасында сынауда болды» деп хабарлайды аға тергеуші Горин 22 нау рыз 1978 жылы (Іс N22-09009, іс беті – 1) Іс басында Алматы қалалық прокуратурасы қаулы шығарыпты.
Қылмысты істі ашу туралы қаулы:
Алматы қаласы «26» қаңтар 1978 ж.
Алматы қаласының прокуроры, юстицияның 3 кл. Мемлекеттік
кеңесшісі П. Е. Дьячков бүгін МҚК облыстық басқармасынан
келіп түскен Алматы қаласында жалған мазмұнды саяси листов-
калар таратылған фактілер туралы материалдарды қарап, шешім
қабылдады:
20 қаңтар 1978 жылы Алматы қаласы Правда көшесіндегі бірінші
үйдің кіре берісінде кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысына жат,
жалған саяси тақырыпқа жазылған екі листовка табылды. Осындай
мазмұнды төрт листовка 25 қаңтарда төртінші мөлтек ауданның
төртінші үйінен де табылған.
Сондықтан Алматы қаласында кеңестік мемлекет пен қоғамдық
құрылысқа нұқсан келтіретін, алдын-ала дайындалған жалған
мағыналы листовкаларды тарату Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-
1 бабымен айыпталатынын ескеріп, Қазақ КСР Қылмыс процессу-
альды кодексінің 5,83 және 87 баптарына сәйкес қаулы етемін:
Жалған мазмұнды листовкалар таратушыға қарсы қылмысты іс
ашылсын.
Қылмысты ашу ісін жүргізуді МҚК Алматы облыстық басқар
масының тексеру бөліміне жүктелсін.
Алматы қаласының прокуроры: П. Е. Дьячков (қолы)
(Іс N22-09009, іс беті – 2)
Бұдан соң прокурордың шығарған қаулысын төмендегі мекемеге
жібереді.
МҚК Алматы облыстық басқармасы тексеру бөлімінің бастығы подполковник А. Г. Бадамшинге Сізге қылмысты істі ашуға және жалған мазмұнды листов калардың авторын іздеп тауып, оны Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыптауға прокурор қаулысын жіберіп отырмыз. Бұған қоса 20-25 қаңтарда табылған листовкаларды және табыстаған азаматтар С. Хажмұратовтың, А. Рыжкованың, В. Брескийдің түсініктемелерін бірге жібердік. . Прокурор: П. Е. Дьячков Бадамшин бұрыштама жазған: «Жолдас В. И. Горин! Құжатты қабылдап, қылмысты істі ашуды бастаңыз. Істі тіркеп, жоспар жасаңыз, Москваға, Қазақ КСР МҚК хабарлаңыз». Әлгі хаттағы аты-жөні жазылған куәгерлер листовкаларды қалай тауып, қайда табыстағандары туралы төмендегідей мәлімет берген. Куәгер Сұлтанғали Хажмұратов (Правда көшесіндегі бірінші үйдің тұрғыны). «Таңертеңгі астан кейін жолдасым бізге келетін газет-журналдарымызды әкелуге сыртқа шыққан. Арада біршама уақыт өткен соң, абыржып қайтып келді. Сөйтсе, газет жәшігінен листовка бірге шығыпты. Сол жерде көршіміз Рыжкова Александра кемпір де өз жәшігінен біреуін тауып, екеуі мазмұнын оқып түсіне алмаған соң, маған беріп жіберіпті. Мен листовкаларды оқып шықтым. Мазмұны шынында да, коммунистерге, біздің мемлекетімізге қарсы жазылған. Өзім партия мүшесі болған соң мына сұмдыққа сенер-сенбесімді білмей, тез киініп, үйімізге жақын орналасқан Әуезов аудандық партия комитетіне жеттім. Хатшының қабылдауында болдым. Одан кейін хатшы өз машинасымен мені МҚК жіберді, листовкаларды осында табыстадым. Кім жазды білмейміз, газет жәшіктеріне кім және листовкаларды қашан салды көргеніміз жоқ. Бөтен біреу, келдікетті адам сезбедік». (Іс N22-09009, іс беті – 3) Ал Владимир Брескийдің түсініктемесіне қоса Әуезов аудандық комсомол комитеті де мына хатты жазған: «МҚК Алматы облыстық басқармасына Алматы қаласы Әуезов аудандық комсомол комитеті Сізге «Казхимэлектромонтаж» басқармасының электромонтажнигі, комсомол мүшесі В. Брескийдің әкеп тапсырған оқушы дәптерінің төрт
парағын, қолмен жазылған саяси жалған мағыналы төрт листовканы
жіберіп отырмыз.
Әуезов аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің
бастығы: К. Мұсабеков (қолы).
Бреский таңертең жұмысқа бара жатып баспалдақтардан жаюлы
листовкаларды көріп, жинап алған, бірақ ол да жазған адамды, әкеп
тастаған ешбір күдікті жанды көрмеген.
Әйтсе де көздері қырағы МҚК тергеушілері сол күні түстен кейін
осы қылмысқа айыпты деп Азаматты үйінен ұстайды.
Өзі түрмеде отырып жазғанындай. Ол –
Бір түрлі адам
Ол Ішкі істер министрлігінен жүрегі күйінішті күйде сыртқа
шықты. Әлде біреу оны резеңке таяқпен ұрып, есеңгіретіп таста
ғандай. Айналадағының бәріне немқұрайды қарайтын секілді,
тіпті кейбір сәтте жан дүниесі құлазып кеткен бе дерсіз. Бұл Аза-
мат Жәкібаев деген жігіт еді. Жасы 18-ге жаңа ғана толса да, ол
жастығына қарамастан, алдағы өмірін айқындап та қойған.
Гәп мынада, Азамат айналасының тыныс-тіршілігін өте сезімтал
дықпен байқап үлгірген. Ол адамның пешенесіне жазылған тағдыр-
талайы туралы, ақылмен орнатылған қоғамға апарар жол туралы
ойларға шомды.
Оның ақыл-ойын азаптаған сан түрлі сұрақтар жан дүниесін
жаулап алып, онда сенімсіздік пен төзімділік алауын тұтатты.
Өкімет билігі коммунистердің қолына шоғырланған, шопанның
көрсеткенін ғана істеу керек деген қой отарындағы қойлар тәрізді
өмір кешкен адамдар тіршілік ететін Кеңес Одағында тұрып
жатқан бұл адамдардың көзқарастары мен іс-әрекеттері шектеулі
еді. Олардың малдан бірден-бір айырмашылығы – бұлардың адам
келбетінде өмір сүретіндігі еді, олар коммунизмнің жеңетіндігіне
жан-тәнімен сенді ме екен, адалдық пен ізгілік мұраттары
жүректерін алаулатты ма екен, олар өзгенің қайғы-қасіреті ту-
ралы ойлана алар ма екен, қасындағы адам үшін өмірін қияр ма
екен? Түрлі жағдайларға душар болған адамдарды өзара салыстыра
келе, адамдардың бойындағы бейімділіктерді байқап көру арқылы
Азамат оларда менмендік, тоғышарлық, оңай олжаға құмарлық,
аяушылық пен есіркеу сезімінің жоқтығы секілді кемістіктердің
жеңілмейтіндігі туралы қорытындыға келеді, ол осы аталған
барлық кемістіктер орын алып отырған қоғаммен қарым-қатынас
жасайтын адам баласын ұнатпайды. Азамат өзінің осындай пайым-
дауларында одан әрі тереңдей түсті, ол ендігі жерде капиталистік қоғамды социалистік қоғаммен салыстыруға көшті. Ол қайда болса да адамның бірдей болатынын түсінді (Достоевскийдің пікірінше, әдеттегі адам өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру үшін ғана өмірге келеді), адамға бақ-дәулет керек, ал бақыт туралы әрбір адамның өзінше түсінігі бар (ал мұның өзімшілдік көрінісі екендігімен келісетін шығарсыз). Адам тек өзі, ең алдымен өзі туралы ойланады, ол әлемнің эволюциялық даму заңына сәйкес өмір сүреді, яғни тірші лік үшін күресте кім күшті болса, сол жеңіске жетеді. Коммунистер дің тұжырымдауынша, капиталистік қоғамда асқан әділетсіздік үстемдік етеді, басқаша айтқанда, біреулер өзгелерден жақсы өмір сүреді. Иә, бұл нақ осылай, – деп пайымдайды Азамат, бірақ біздің Кеңес Одағында азаматтар бірдей өмір суре ме? Жоқ, әрине, жоқ! Министрлер, партия мүшелері, белгілі өнер қайраткерлері, ғалымдар және іскер адамдар өте жақсы өмір сүреді, ал қарапайым жұмысшылардың әлде қайда нашар өмір сүретіні даусыз ғой. Коммунистер бізде әлеуметтік теңдік бар деп жақсы айтады, бірақ бұл бізде материалдық-техникалық базаның әлі де жеткілікті дамымай отырғандығынан болып отыр ғой, соның салдарынан кейбіреулер коммунизм заңы бойынша өмір сүреді. Мұның бәрі ұшқары пікір, коммунизм материалдық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ ол адамның рухани әлемі тұрғысынан да маңызды. Әрбір адам мұз түйіршігіндей таза болғанда ғана коммунизм орнауы мүмкін. Бірақ мұнда материалдық жағдайдың қандай қатысы бар, қарны тоқ, киімі бүтін адамның жаны рухани таза бола бере ме? Міне, гәп қайда жатыр, ал адам дегеніңіз – бұл табиғаттың перзенті, сондықтан оны рухани тұрғыдан таза етіп қалыптастыра алмайсыз. Сол себептен де мен коммунизм дегенге сенбеймін, мен оны қабыл ала алмаймын, – деп қыза сөйлеген Азамат өткен-кеткен адамдардың таңғалған көз қарасын сезінді. Жарайды, онда Америка мен КСРОны алайық. Онда өмірлік мақсаттарды таңдау еркіндігі бар, егер мықты болса, ондағы адам өзіне-өзі король, онда әркім мінсіз таза қоғам үшін тозығы жеткен сөз тіркестерімен бүркемеленбейді. Ал бізде, КСРО-да коммунистер жалпыға бірдей қолжетімді бақыт туралы, жақындарыңа көмектесу керектігі туралы даурығады, ал өздері дәрежесі төмен тұрған адамға қол ұшын бермейді, мәртебелі бастықтар өз қыздарын жұмысшылардың ұлдарына бермейді. Ал мен осының бәрін күнделікті өмірден көрдім, – деп жалған боямасыз нық сөйледі Азамат. Оның шешімі табылатын тұстарда жалғыз мен мұндай өтірікші қоғамда ешқашан да жеңіске жете алмаймын, демек бұл арадан кетуім керек. Мен неліктен бұл қоғамды мой-
ындай алмаймын дейтінім, мұнда коммунистер жалған сөйлеп,
өзгелердің жүрек қалауымен өмір сүруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл елде коммунистер адамдарды тіл алғыш құлдарға,
өздерінің тілектерін орындаушыларға айналдырған. Осының
бәріне төзе алмаймын. Міне, сондықтан да мен АҚШ-қа қоныс
аударуға бекіндім, мұнда мен өзімнің тірі екенімді сезініп өмір
сүрсем деймін. Алайда мені мұнда елімнен шығармай отыр, міне,
әділ деген қоғамымыздың сиқы осындай. Өлсең де, өз мақсатыңа
жету керек. Осындай ойлармен ол жүріп келеді, айналадағы адам-
дар да жүріп келеді, олар өздерінің жұпыны тіршілігіне риза,
олар өздерінше тіршілік етуде, ал меніңше, олар ақылды адамдар
десем, Азамат ойлан, мұндағы адамдар ойсыз түсінбеушілікпен
қарап, ақырында, ақымақ, оған не жетпейді екен дейтін болады.
Иә, бір түрлі адам барынша кішіпейіл болып келеді. Мен өлсем де
өз мақсатыма жетемін, – деп сөзін нық аяқтады Азамат Жәкібаев
есімді бір түрлі адам.
Енді оқырманды Азамат жазған листовкалармен сол қалпында
таныстырайық:
1. «Социализм жойылсын! Жасасын ерікті капитализм! Комму
нистердің ешбір сөзіне сенбеңіз, олар мәңгіге жойылсын!»
* * *
2. «Социализм жойылсын!
Ерікті капитализм жасасын!
Мен өз өмір жолымды таңдап алдым, сіздерге де жол болсын!
Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз! Олар оңбағандар және
екіжүзділер! Мағыналы ерікті қоғам-капитализм үшін күресіңдер!
Коммунизм қоғамын тұрғызамыз деген КСРО-да маскүнемдік,
азғындық көбейді. Коммунистер жойылсын»!
* * *
3. «Сіздер ерікті капитализм туралы өтірікті оқымас үшін почта
жәшіктері өртелді.
Егер жұмысқа шықсаңыздар ертең есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз
өлім-жітімді боласыз!
КСРО жойылсын, жасасын Америка!»
* * * 4. «Сіздер ерікті капитализм туралы коммунистер жазған өтірікті оқымас үшін почта жәшіктерін өртедім. Жұмысқа шықсаңыздар есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз өлесіздер! Кеңестер одағы жойылсын! Жасасын Америка және ерікті капитализм!» Өрімдей жастың ой-өрісі қоғамдық құбылыстың қалай құбыла тындығына сол кездің өзінде көз жеткізуі қайран қалдырады. Бұндай бұла бұлқыныстың бой көрсетуін бүгінде екі тұрғыдан бағалауға тұрарлық. Бірі, өзі өмір сүріп отырған ортаның ау-жайын ғана аңдап қоймай, оның болашақтағы ауан-ахуалын ажырата алуы. Екіншісі, қылышынан қан тамған деген уақыттағы көзсіз батылдыққа барабар ұрын қимылы. Тергеу барысында Азаматтан төрт рет жауап алыныпты. Азамат тың түсініктемесі абайсыздағы іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзінің әлі жас адам екендігін ескерте айтып, болашақта өткеннен сабақ алып жаңсақ қаламынан арыла алатынына уәде бергендей әсер қалдырады. Әрине, осындай ішкі сырын жазып беріп отырған өндірді дұрыс түсініп, неге істі осымен қысқартпасқа? Сөйтіп, жас өренге неге мейірім, кешірім жасамасқа? Жоқ, тергеушінің ойынша олай істеуге әсте болмайды. Азаматты міндетті түрде айыпты ету керек, сөйтіп оны жазалау қажет. Міне, социалистік қоғамның, мемлекеттік құрылыстың адамды айыптауы. Бұл әкімшілдік-әміршілдік жүйенің әдісі демеске лаж жоқ. Азаматтың өзі айтқандай «Мен шынында өмірді көрмеген жан едім, тәжірибем де жоқ болды» дегеніне қарамастан әлі көзқарасы дұрыс қалыптасып үлгермеген жастан енді үлкен саяси айыпкер жасамақшы. Сондықтан ол Азаматты қайта-қайта тергеуге алып, сұрақ-жауапқа шақыра берген. Тергеуден кейін Азаматтың денсаулығын тексеруге Республикалық психиатриялық ауруханаға жібереді. Бұл жерде алдымен амбулаториялық (бір күнде) артынан айдан астам уақыт ауруханаға жатқызып (стационарда) сынақтан өткізеді. Осы екі арада тергеуші Жәкібаевты білеміз деген жиырма адамнан куәгерлік түсініктемелер алған. Оның бұрынғы оқыған, жұмыс істеген жерінен военкомат арқылы мінездеме жинаған. Мінездемелер дұрыс берілген. Жиырма куәгердің, ғажабы, бірі де листовка жазған, таратқан Азамат деп көрсетпеген, себебі білмеген. Әйтсе де тексеру барысында онсыз да айыбын мойындаған Жәкібаевқа байланысты құжатты жасау оңайға түскен. Айыпкерді
тырп еткізбейтін айғақты өз аузынан алып, кінәні мойнына қойып отырған. Сөйтіп тәжірибесі мол, әккі тергеушіге бұл істі «абыроймен» аяқтау қиынға түспеген. Ал ауруханада дені сау Азаматты сынақтан өткізген кезде ауырмаймын деп мойындамағанына қарамастан, эксперт-дәрігерлер ісін әрі итеріп, бері аударып оны «психиялық аурумен сырқаттанған» деп шешім қабылдаған. Аталмыш істі тергеуші осылай қорытындылай келе тездетіп сотқа тапсырған, ал сот сол арада Азамат Жәкібаевтың мәселесін шешіп-ақ жіберген. Бір ғажабы Жәкібаевтың адвокаты Б. Қошымбаев сот кезінде бір ауыз қарсылық айтпаған, ал Азаматтың өзіне соңғы сөз берілмеген, ата-анасын қатыстырмаған. Азаматқа тағылған Қылмыс кодексі 170-1 бабының сыпаттамасы мынау: «Кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысы туралы жалған пікір, мәлімет ауызша немесе жазбаша түрінде таратқаны үшін берілетін жаза: а) Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру; б) бір жыл еңбекпен түзететін жерде жұмыс істету; в) 100 сом айып ақы төлету; (Қазақ КСР Жоғары кеңестер Үкімі қаулысының редакциясы 19 қазан 1966 ж). Бірақ әкімшілдік-әміршілдік жүйе мұның бірде-бірін істемейді. Ой-санасы әлі жеткілікті түрде қалыптасып үлгермеген жас өреннен әжептеуір саяси айыпкер жасамаққа бекініп, шет елге кетуіне мүм кіндік туғызу былай тұрсын, тіпті қоғамнан қалайда аластату жолда рын қарастырады. Ақыры Азаматтың денсаулығына «қамқорлық» жасау қажет деген жалған желеумен республикалық жындылар ауруханасы арқылы оның мойынын еш жаққа бұрғызбайтын шешім қабылдайды. Алдымен баланы жүйелі түрде амбулаториялық, сонынан стационарлық тексеру орындарынан өткізеді де, оны «ауру» яғни «есі ауысқан сырқаттың созылмалы түрі» деген анықтама алады. Бұл құрсаудан құтылмастай матау деген сөз. Оған төмендегі сот шешімі куә. Алматы қалалық сотының үкімі: Сотты басқарушы: Алексеев Г. В. Мүшелері: Морозова 3. Н., Пучков В. Н. Қатысқан прокурор: Россашанская 3. Ф. Қатысқан адвокат: Қошымбаев Б.
Алматы қаласы. 13 сәуір 1978 жыл. Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыпты Жәкібаев Азаматтың ісін жабық сотта қарап анықтағаны: 20 қаңтарда кеңес үкіметі туралы жалған ұғымда, «Социализм жойылсын!» деп басталатын он үш листовканы қолдан жазып, мөлтек аудандарда таратқан. Бұл ісін 25 қаңтарда қайталаған А. Жәкібаев айыптылығы куәгерлер Хажмұратовтың, Рыжованың, Дектярованың, Берскийдің, Малыгиннің көрсетулерімен дәлелденді... Жәкібаев Азаматтың пәтерінен алынған заттар, жазбалар, оған қоса криминалистік, химиялық-соттық, қолтаңбалық, эксперти залық қорытындылары листовкалардың айыпкер қолдарымен жа зылғанын анықтады. Сонымен А. Жәкібаев Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыпты екені істе дұрыс сыпатталады, бірақ психиатрикалық-соттық экспертизаның шешімі бойынша қылмысы үшін өзінің жауаптылықты сезіне алмайтынын дәлелдейді. Ол жындылық аурумен, созылмалы баяу өтетін шизофрения, оның гебоидті түрімен дамитын сырқатпен ауырады. Экспертдәрігерлердің қорытындысы Жәкібаев Азаматты қауіпті деп тауып, оны МВД-ның арнайы психикалық ауруханасында қамауда емдеуге мәжбүр ету керек деп шешті. Алматы қалалық соты Қазақ КСР Қылмыс процессуалдық кодекстің №309 бабын басшылыққа алып мынандай ҮКІМ шығарды: Жәкібаев Азаматты 170-1 баппен айыптайтын қылмысты ісі осымен доғарылсын. Жәкібаев енді МПД-нің арнайы психиатрия ауруханасына еркінен тыс, міндетті түрде емделуге жіберілсін... Сот бастығы: Г. Алексеев Мүшелері: 3. Морозова, В. Пучков (қолдары) (Іс №22-09009, іс беті 186-187) Сөйтіп, түрмені жындыханамен ауыстыруға тура келеді. Талғар ауданындағы жан-жағын тікенек темір сыммен қоршаған ауруханадан сыртқа тек өлік немесе тірі аруақтың сұлбасы ғана шығатын көрінеді. Осы жерде Азаматтың арпалысқан өмірі алтыншы жылы аяқталады. Өрімдей жастың өмірі осылай қиылып кетеді. Ата-анасына хабарланып олар сүйегін Алматыға әкеп Кеңсайға жерлейді. Арада жылдар өтті. Заман өзгерді. Ақиқатқа табан сәт жақындай түстік. Соның көрінісіндей 1993 жылы қазанның 25 жұлдызында Республика Прокуратурасы Жәкібаев Азаматтың сол бір «қылмысты ісін» қайта қарау жөнінде Жоғарғы Сотқа ұсыныс жазады. Онда Жәкібаевты ақтай келіп: «Оған қалалық Сот үкім шығарған кезде Азаматтың бұрын
сотталмағанын, оның жастығының (18-де), сырқатының түрін дұрыс ескермеген..., коммунистерге сын айтып, «социализм жойылсын» дегеннен басқа арандатушылық қылмыс істемеген..., сондықтан ІІМ-нің жындыханасына «емдеуге» жіберу дұрыс шешім емес, керісінше өте қатаң жаза боп саналады. Бұған қоса елдегі саяси-әлеуметтік түбегейлі өзгерістерге байланысты Алматы қалалық сотының Жәкібаев Азамат туралы 1978 жылы 13 сәуірдегі үкімін жоққа шығаруды өтінеміз» деген. (Іс. №22-09009, іс беті 192-193). Жоғарғы Сот 1993 жылы 1 қарашада осы істі қайта қарап: «Сот коллегиясы ҚПК №375 бабын басшылыққа алып ҮКІМ шығарды: Қалалық соттың 1978 ж. 13 сәуірде А. Жәкібасв жындыханаға зорлап емдеуге жіберілсін деген үкімі жоққа шығарылсын. Жәкібаевтың айыбы жоқтығынан қылмысты ісі тоқтатылсын. (Іс беті – 195). Кешегі кеңестік өмір шындығын және ол ағысқа қарсы жүзген бар-жоғы 18 жасар Азамат Жәкібаев ақиқатын бүгінгі жас ұрпақ білуге тиіс. Азаматтың аңсағаны не еді? Қыршын тағдыр иесі нені биік мұрат тұтты? Өкінішке орай, мұнымен бас қатырып, кеңестік жүйе жете таразылап жатпады. Тек көзін жойып қана мәселені шешпек болды. Енді бүгінге қалғаны оны жіті таразылау, сабақ алу. Азаматтың ата-анасы біртуар тарлан, талантты артист Қасым Жәкібаев пен мейірбан анасы Нұртай Сартайқызын ардақ тұту. Ерейментау жастарының ерлігі
Мәскеудің
Қазақстан
басшылығын
қырағы
бақылауында
ұстап, айтқанын істетіп, айдағанына жүргізіп отырғанына мы-
салдар жетерлік. Дегенмен қазақ халқының мүдделерін анық
аяққа басатын орталық шешімнің ұлттың жас ұрпағының үзілді-
кесілді қарсылығына тап болып, жүзеге аспай қалған кезі ақ бас
тарихымыздың асқақ белестерінің бірі екені анық.
КОКП Орталық Комитеті 1979 жылдың көктемінде Қазақстан
аумағында неміс автономиялық облысын құру жөнінде шешім
шығарды. Бұған дейін Еділ бойындағы автономиялық мәртебесінен
айырылған жүздеген неміс ұлтының өкілдері Қазақстанға көшірілген.
Сол немістер көп шоғырланған Ақмола облысының Ерейментау
қаласы болашақ автономияның әкімшілік орталығы болып белгіленді.
Бұл автономияның құрамына Қарағандымен қатар Павлодар және
Көкшетау облыстарының көршілес аудандары да кіргізілмек еді.
Алайда 1979 жылғы маусымның он алтысы күні қазақ жастарының
үлкен бір шоғыры сол кездегі Целиноград қаласының орталығындағы
Ленин атындағы алаңға қарай ағыла бастады. Олар қолдарына күні
бұрын жазып дайындап алған бірнеше «Қазақстан бөлінбейді!»,
«Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазулары бар транспарант-
тарды ұстап шықты. Алаңға лықа толған студенттер мен жастар
орталықтың шешімін айыптап, оған жол бермейтіндіктерін жеткізді.
Облыс басшылары жиналғандарды таратуға күш салғанымен олар
шеп құрып қала көшелерімен шерулетіп өтті. Қарқыны қатты жа-
старды райынан қайтара алмасын білген билік келесі он тоғызыншы
маусым күні болған шеруде Ақмола жерінде ешқандай автономия
болмайтындығын ресми жария етті.
Осылайша 1979 жылы астыртын ұйым не партия құрылмай-ақ
Целиноград жастары жоғарғы биліктің Ерейментауды неміс авто-
номиясына айналдыру турасындағы ұйғарымына үзілді-кесілді
қарсылық білдірді. Бұл ретте төмендегі құжатқа назар салайық.
Қарсылық хат
Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
М.Е.Морозовқа.
«Қазақстан территориясында неміс ұлттық автономиялы облы-
сы құрылады» деген хабар бүкіл халықтың әсіресе жергілікті ұлт –
қазақтардың ерекше наразылығын тудырды.
Құрамында 100-ден аса ұлттың өкілдері бар көп ұлтты Қазақстан
халқы Коммунистік партияның жетекшілігімен ұлы В.И.Лениннің
идеяларын іс жүзіне асырып, жарты ғасырдай уақыт бойы ынты
мақтастықта өмір сүруде және коммунистік қоғам орнатуда белсенді
қызмет атқаруда.
Қазақ халқы осы кезең ішінде қандай да бір ұлттың құқығына
қол сұғып көрген жоқ. Сондықтан тарихи қалыптасқан Қазақстан
территориясында ұлттық-территориялық автономия құруды эконо
микалық және саяси жағынан алғанда қолайсыз деп санаймыз.
Осыған орай Қазақстан территориясында неміс ұлттық-автономия
обылысын құруға халық қарсылық білдіреді және Қазақ ССР-нің
Жоғарғы Кеңесінен өздерінің өтініштерін қолдауды сұрайды».
«Конституциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісі», 7-том,
124 бет.
(Қол қойған мыңнан аса адамдардың арасында қазақтардың
да аты-жөндері бар. Ал ескертуде «студенттерді жазаламау керек»
делінген).
Аталған құжаттан жоғарғы биліктің шешімі Қазақстанның
орыстанып кетті деген аймағының өзінен ұлттық мәселеге келген-
де табанды қарсылыққа тап болғанын байқауға болады. Алайда
жоғарыға жолданған мұндай наразылық қарсылық хаттарға құлақ
асылмай, ақыры орталықты дүрліктірген дүмпу күшпен басылды.
Осы жайт турасында сол кездегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік
комитеті төрағасының бірінші орынбасары Р.Д. Бобковтың мына бір
түсініктемесі талай жайтқа нақты анықтама береді.
«Әр жерде ара-тұра көрініс тауып жатқан шовинизм мен ұлт шылдықтың төңірегінде көлемі мен өткірлігі одан асып түсетін дабыл қағарлық оқиғалар да болып жатты. Мысалы, 1979 жылы Целиноградта болған жаппай тәртіпсіздік СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Қазақстан территориясында неміс автономиясын құру жөніндегі шешімін сөзсіз іске асыртпай тастады. Бұл жағдайдың ұлтшылдық сипат алуына қарамастан республикада оны жай ғана автономияға қарсылық деп жауып тастады.. Одан ешқандай қорытынды шығарылмады, болашақта ондайды болдырмайтын «ұйымдық шаралар» қолданылмады. Интернационализм аймағы деген беделге еш нұқсан келген жоқ». Р.Д. Бобков. КСРО МХК төрағасының бірінші орынбасары, 18.XІІ.1986. «Конституциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісі», 8 том, 61-бет. Бұл пікірден сол кездегі Целиноград облысы Ерейментау ауданын неміс автономиялық облысына айналдыру турасындағы орталықтың шешімі қаншалықты қарсылыққа тап болғанын аңғарар едік. Билік жастармен түсіністік жұмыстарын жүргізіп, болашақта осы іспетті наразылықтардың алдын-алудың орнына бас көтергендерді қатаң жазалады. Орталық – Мәскеудің өзін ойландырып тастаған құбылысты салмақты саралап, сабақ алуға тырыспады. Бастысы – Қазақстан жерінде неміс автономиясын құру жайындағы саяси құйтырқы қаулы жүзеге аспай қалды. Бұл ретте билік райынан қайтып, шешімін өзгерте қойғанымен коммунистік партиялық номенклатура қуғындау мен күш жұмсау әдістерін шімірікпей қолданып, тәжірибе жинай бастады. Бұған 1959 жыл ғы Теміртау оқиғасы да мысал бола алады. Онда саяси мәселе қойылмағанымен, жастарды шегіне жетіп, титықтатып жіберген әлеуметтік мәселелерге қатысты наразылық қатты қарсылыққа тап болып, аяусыз басып жаншылды.
Осы ретте қадап айта кетсек, Целиноград жастарының көтерілісі жоғары билікке жақпағаны соншалық, оған одақтық дәрежеде «үлкен баға» берген екен. Айталық СОКП Орталық Комитетінің «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысы соның жарқын көрінісі. Бұл қаулыда Алматыдағы жастардың желтоқсан қозғалысы мен 1979 жылғы Целиноград жастарының Ерейментауды неміс автономиясы етуге қарсылығы «қазақ ұлт шылдығының көрінісі» ретінде саяси тұрғыдан айыпталған. Мәскеу өкілдерінің бұлайша қаулы қабылдап, титықтарына тиіп кеткені – бостандық, ұлт намысы үшін күреске бел буғандардың жанкешті қадамы еді. Жастардың бұл дүмпулерін антикоммунистік бас көтерулер және анық құқық қорғау қозғалыстары деп баға беруге әбден болады. Мемлекеттің ұлттық теңсіздіктерге азаматтар тарапынан білдірілген осындай наразылықтар соншалықты ірі оқиғаларға ұласып кетпеуінің астары түсінікті. Кеңес үкіметі жастарды еркінсітіп қоймады, шағын дүрлігіудің өзін дереу тамырымен қопарып тастауға тырысты. Бұл үрдіс саяси талап қоймаған бас көтерулерге де қатысты еді. 1967 жылғы Шымкент қаласындағы милиционерлердің шектен шыққан озбырлығы мен басынушылығына халықтың жаппай нара зылығы мен 1967 жылғы Алматыдағы Быков ісінің лезде тосқауылға тап болуы соның айғағы. Желтоқсанда тағы да жастар ұлт намысын ту етіп көтерді 1985 жылдың көктемінде ескен леп одақ көлемінде өзінің түрліше өзгерістерін ала келді. Қазақстан да осынау игі қадамдардан тыс қалмады. Жастар жағы «Қайта құру» саясаты шын мәнінде елге үлкен бетбұрыс алып келеді деп үміттенді. Сөйтті де оңтайлы сәтінде биліктің солақай шешіміне бейбіт түрде шерулетіп өз көзқарастарын білдіріп қалуға тырысты. Алайда жастардың жақсы ойын күтпеген жерден жоғарыдағылардың қара ниетті қызыл қанға бөктірді. Бізге қалғаны қасіретті де асқақ тарихымызды таразылау. Осы бағытта желтоқсан көтерілісінің жиырма жылдығы қарсаңында пікірлес әріптестерімізбен аталған тақырыпты кеңірек қаузап, нә тижесінде бірнеше кітаптарды жарыққа шығару бақытына ие бол ған едік. Қатпар-қатпар сан құпиялы, әсіресе ақ бас тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ақтарып отырып, «неге бұлай болған?» деген са-
уал сананы шиырлайтыны бар. Желтоқсан тақырыбын таразылауға да сондай бір әнтек қызығушылықтан гөрі әйдік ынтызарлық сеп болғаны анық. Көз жеткені, көңілге тоқығанымыздан бұрын бұл құбылыстың бұқпантай-бізге беймәлім тұстары жетіп артылды. Содан да болар, қазақ тарихындағы ұлт-азаттық кезеңдерін шолғанда бір-бірімен тығыз байланысты әсіресе желтоқсан көтерілісіне соқпай өте алмаймыз. Және жалпылама емес, мейлінше барлық материалды саралау барысында ерекше есте қалып, айрықша таңданыс тудырған жалқы жайт турасында ойлы оқырманмен бөлісіп, көпшілік назарына ұсынуды парыз санадық. Демократия қарлығаштары. Желтоқсан: ақ пен қара. Бұл жөнінде сәл шегініс жасалық. Екі көзінен қан тамған қызыл империяның құйтырқы бұйрығына сауатты әрі ашық түрде наразылық білдіріп, шеруге шығу Қазақстан тарихында отызыншы жылдардың басынан бері болмаған жайт еді. Нақтырақ айтқанда, кеңестік билікке қарсы соңғы қарулы бас көтеру 1929-1931 жылдары, яғни, қазақ шаруалары отырықшылық шаруашылық жүйесіне көндікпей қарсылық білдірді. Содан бері «елу жылда ел жаңа» дегендей, жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бірнеше ұрпақ алмасып кетті. Сондықтан да 1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан жастар мүлдем жаңа буынның өкілі деуімізге әбден болады. Бұл ұрпақтың алдыңғы толқын ағалардан айырмашылығы неде еді? Алдымен олардың сталиндік репрессия сынды азап пен екінші дүниежүзілік аласапыран соғыстардың зардабын көрмегендігін айтамыз. Яғни, әлемдегі ең шыншыл, демократияшыл, адам құқығы мен сөз бостандығын жоғары бағалайтын, тіпті «барлығы адам үшін және оның игілігі үшін» деген ұранды биікке желбіреткен Кеңес үкіметіне шексіз иланған жаны таза, рухы асқақ, қазақ әдебиеті мен өнерінің үздік дәстүрінде тәрбиеленген ұрпақ болатын. Алайда ақ пен қара ойда жоқта белдесе кеткенде осы үйлесімнің күлі көкке ұшып кетті. Екі жүзді билік сол ұрпақтың үкілеген үмітін бір сәтте үзіп, сенімін оп-оңай ұрлап алды. Жастардың қарекеті қандай болды? Алғашында көзді ашыпжұмғанша темір шынжырмен таптай жөнелген биліктен мұндай қанқұйлы қадамды күтпеген олар, ұрыста тұрыс жоқтығын ұғынған. Әсіресе, қазақтың қыздары халқының бұл бұла бұлқы нысында бұқпантайламады, қайта жігіттермен қатар тұрып, қайсар мінез көрсетті. Мұны аталған тақырыпқа қатысты материалдардың барлығы дерлік айғақтайды. Құжаттарда болсын, естеліктерде болсын, мақалаларда болсын желтоқсан көтерілісінде де, одан
кейінгі қуғын-сүргінінде де қаракөз қыздарымыздың намысты
қолдан бермегендігі, сын сәттен сүрінбегендігі жиі-жиі кездеседі,
еріксіз назар аудартады. Әлгінде айтқан отызыншы, тіпті ғасыр
басындағы аға ұрпақтан айырмашылықтың бірі де бірегейі
сексенінші жылдары қазақтың ары мен ұяты қазақ қыздары ма де-
ген ойға келесің.
Айталық, 1986 жылы студент жастарды алаңға бастап шыққан
Театр және көркем сурет институтында оқыған Гүлнар Байбосы-
нова желтоқсан көтерілісіне қатысқан кезіндегі қазақ қыздарының
қайсарлығы мен тартқан қасіреті турасында былайша сыр шертеді:
«Сол күні кешке қазіргі Тәуелсіздік монументі тұрған жерде
жасақшылар бір қызды шырқыратып ұрып жатыр екен. Әлгілерге
қызды босатуын талап етіп ұрсып едім, қайдан келгенін білмеймін
төрт-бес милиция Сәуле екеумізді қуа жөнелді. Мені қуып жеткен
соң, ұрып-соғып автобусқа әкеліп қамады. Автобустың іші таяққа
жығылған жастарға толы екен. Ондағы жастардың көбі ЖенПИ-де
оқитын қыздар еді.
Арамызда таяқтан бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кеткен бір
жігіт болды. Оның көзі шығып кеткен еді. Содан бізді жеті түнде
Шамалған жақтағы жүгері егетін алқапқа апарып тастады. Күн
суық. Бәріміз оңбай таяқ жегенбіз. Жолдың бойымен қалаға қарай
жүгіріп отырдық. Ешқандай машина тоқтамайды. Зорыққандар
дың аузынан ақ көбік ағып кетіпті. Әйтеуір, таң ата жатақханаға
жетіп жығылдым. Суық қатты өтіп кеткен екен. Бір ай ауруханада
жаттым.
Соның салдарынан қазір бала көтере алмай қалдым. Мұның бәрі
суықтың кесірі екенін дәрігер айтты. Сақылдаған аязда айдалаға
апарып тастаған қыздардың бәрі ана болу қабілетінен айрылғанын
білемін. Бұл желтоқсанның үлкен қасіреті еді.»
Сөз жоқ, ерлер мен қатар халқының азаттығын аңсағандар, әргі-
бергі тарихты таразыласақ, демократия қарлығаштары. Ең басты-
сы – Ақ пен қара күресіндегі сұлулық символы іспетті. Сондықтан
да олардың қайсарлығы мен ерлігін айрықша атау мен марапаттау
парызымыз тіпті міндетіміз. Себебі, олардың қайсарлығы бүгінгі
ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар.
Сонымен бұл тарауымызда:«Демократия қарлығаштарына дем
берген не нәрсе еді? Желтоқсан қозғалысының бастау бұлағы мен
байырқалайтын тұсы қайсы?»-деген сауалдардың жауабын іздеуге
тырыстық. Әрі желтоқсандағы сұлулық символын сөз еткенде,
оны мұқатпақ болып, дақ жақпақ болған қара күш-жендеттер
жайына да тоқтала кеткенді жөн көрдік. Ондағы мақсат, халыққа
қарсы қол көтергендер оның моральдық зардабын тартатындығын, бұндай саяси болсын, басқадай болсын қылмыстардың он жыл өткеннен кейін де, жүз жыл өткеннен кейін де әйтеуір түбі әшкере болатындығын алға тарту еді. Желтоқсан көтерілісінің мысалы бұған айқын дәлел. Желтоқсан көтерілісінің кенеттен бұрқ ете түсіп, алып империяның көсемдері күтпеген адуын мінездің себебі мен салдарын сарапшылар әр түрлі түсіндіргенімен ортақ белгісі бір екенін айтады. Сол кездегі қазақ қоғамында қалыптасып, пісіп-жетіліп, кенерінен енді асып кеткелі тұрған ауыр ахуалға қарсылық бұл дүмпудің жоқ жерден пайда бола қалмағандығын көрсетіп берді. Енді сол кездегі ауыр ахуалдың сананы жаншыған салмағы қаншалықты еді? Соған мейлінше нақты деректер арқылы жауап іздеуге тырысайық. Бұл бәлкім бүгінгі қайбір көңілі ояу, көзі ашық деген азаматтарымыздың өзінің «сексен алтыда алаңға жастар алаңғасарлықпен шықты» деген байламдарының түбірімен қате екенін дәлелдеп берер. Осы іспетті пікірлерді халықты алдау үшін арнайы қауесет ретінде таратқан орталыққа бұл мәселе бойынша, яғни «қазақ ұлтшылдығы» деген айыпты ресми түрде алып, қазақ халқынан кешірім сұрау қажеттігін қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, сол кездегі Алматыдағы Халық шаруашылығы институтының студенті, желтоқсан көтерілісіне белсенді қатысушылардың бірі Нұртай Сабилянов табанды түрде көтергенімізбен, нақты нәтиже шықпағаны түсінікті еді дейді. «Қазақты оққа да байлаған, сотқа да айдаған, аштан да қырған XX ғасыр «Біз бақытты баламыз» деп ән салдырған бүгінгі ұрпағына дейін кесір–кесапатын алға тартып келді. Кеңестер Одағының одақтас республикалары мүлгіп отырған жылдарда да қазақтың қаћарман ұлдары тәуелсіздіктің туын тігу үшін жасырын жұмыс істеп келді. Сенбейін десек, ол туралы құжаттар да бар. Мен ойлаймын, бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі, егемендікке жету жолындағы ұлт-азаттық көтерілістердің түйіні – Желтоқсан көтерілісі деп айтуға құқымыз бар. «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» демекші, кейбіреулер айтқандай, алаңдағы жағдай «нашақорлар мен маскүнемдердің бей-берекеті» емес, бостандық, ұлт намысы үшін күреске бел буғандардың жанкешті қадамы еді. Халық шаруашылығы институтының 3-курсында оқитын мені сол алаңға ешкім алдап немесе күштеп апарған жоқ. Өзге қыз– жігіттер де адал ниет, шын көңілмен бейбіт шеру арқылы Мәскеуден берілетін партия көсемдерінің бұйрықтарымен келіспейтінімізді
мәлімдеуге шықтық. Ұлттық ар-намысты таптатқымыз келмеді. Шын
мәнінде 5 миллионнан аса қазақ ұлтының арасынан ел басқаратын
бір адамның табылмауы ақылға қонбайтын әңгіме. Осы сауалға
жауап іздеп, еңсемізді тік ұстайтын ұлт екенімізді партияның бю-
рократтарына, орталықтың өктемдігін мойындатқымыз келді, – деп
Нұртай Салихұлы ойын түйіндейді.
Иә, ұлттық кемсітушілікке ыза болған жастар Республика
алаңына жиналып, өз пікірлерін айтуға келді. Демонстранттар-
мен әу бастан келіссөзді дұрыс жүргізе алмағаннан кейін, жағдай
шиеленісіп, мінбеге шыққан Республика басшыларына дөрекілік
жасау әрекетіне ұласты. Ақыры тәртіп қорғаушылармен қақтығыс
та басталды.
Бұл бас көтеруге басты түрткі болып, өзі де тұтанғалы тұрған
отқа май құйған оқиға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
1986 жылғы 16 желтоқсанда бар-жоғы он сегіз минутқа созылған пле-
нумда Алматыға арнайы ұшып келген СОКП Ортылық Комитетінің
ұйымдық бөлімінің меңгерушісі Г.Разумовский Саяси Бюроның аты-
нан ұзақ жыл адал қызметі үшін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа
алғыс айтып, орнына халыққа аты-жөні беймәлім Г.В.Колбиннің
сайлануын жария етуінде еді. Сол күні және кешке пленум тура-
лы қысқаша информациялық хабардан басқа ешнәрсе айтылмады,
болған жағдайдың себеп-салдары халыққа түсіндірілмеді.
Кеңес
өкіметі
жылдарында
Қазақ
облыстық,
өлкелік
комитеттерінде, одан соң Қазақстан Орталық Комиететінде бірінші
хатшы болып жиырма шақты адам қызмет атқарыпты. Дегенмен,
осы уақытқа дейін мұндай хатшылық қызмет атқарған орыс, укра-
ин, грузин, армян, еврей, поляк, ұйғыр сияқты әр ұлттың өкілдері
арасында тек үш-ақ қазақ болған. Және бұған дейін Республика
коммунистерінің басшылығында қазақтың болмауы бұрын-соңды
реніш туғызып көрмепті. Сірә, орталықтағылар бұл жолы да со-
лай болар деп пайымдаса керек. Бірақ жағдайды жете білмеушілік
ақырында міне осыған әкеп соқты. Екіншіден, әлгінде айтқан жа-
стармен тілге келіп, олармен диалог жасау әрекеті іске аспады.
Алаңдағы мінбеге шыққандардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлей
де алмай, жиналғандардың мазағына ұшырады. «Жігіттер, қыздар,
үйлеріңе қайтыңдар!» дегеннен басқа сөз айта алмады. Дер кезінде
халық сыйлайтын партия, соғыс ардагерлерін, ақын, жазушыларды,
сөз зергерлерін мінбеге шығару ешкімнің ойына келмепті.
Бірінші саты – желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні
Қазақ КСРО Мемлекттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойын-
ша, қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының
8 жатақханаларында, Театр және көркемсурет институтының сту денттері «арандатуға бағытталған ірікті салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға үгіттеді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты». Ол бір түнде болған қимыл-әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада неміс автономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз еске салады. Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттармен Алматыда сол түнгі жазылған транспоранттар үндес, тіпті кейбір сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні таңертең Алаңға толқынтолқынмен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі үрдістің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын тұсы екендігін мойындау керек. Желтоқсан көтерілісі кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Солардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 адам сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Мұның сыртында 270 студент оқудан шығарылып, көптеген жұмысшылар мен қызметшілер жұмыстан босатылды. Қудалауға, қуғынға ұшырағандар саны шексіз. Тек қана Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылды, 11-і университеттен қуылды. Сондай-ақ бұл бір қалалық немесе аймақтық та құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала – Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, басқа да облыс орталықтарында, аймақтарда көрініс тапты. Желтоқсанның 17-25 күндері Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы 17 желтоқсан күнгі толқуларға 25-30 мың адам қатынасқан. Сол күннің кешінде және түнде шеруге шық қандарға қарсы қолданылған аяусыз басып жаншу мен қанды-қол қарақшылық, одан қалса зорлау, ұлтына қарай адам аулау шараларына қарамастан, ертеңіне Брежнев алаңына тағы да сонша жастар жиналды. Әскер күштері мен милиция алаңды қоршап алып, оған ешкімді жібермеді. Ал Алматыдан тыс жерлерде болған шерулерге қатынасқандардың саны – 2500 адам. Бұл саналы түрде кемітіліп көрсетілген сан болуы да ықтимал.
От ұшқынының жан-жағына түсуі табиғи диалектикалық заңдылық. Жанап өтпесе, қарағандылықтар: Раушан Әлиева (ҚарМУ-дің студенті), Әлия Еркімбаева (ҚарМИ-дің студенті), Раиса Сәрсембекова (АТП бухгалтері), ақтөбеліктер: Болат Арынразиев (спорт мектебінің жаттықтырушысы), Берік Қалбөкенов (СПТУ мұғалімі), шығысқазақстандықтар: Гүлжан Кәрімразина (кооператив техникумының студенті), Ербол Ақтанов (институт студенті), талдықорғандықтар: Анар Серкенова, Мәншүк Мусина (заң техникумының студенттері), целиноградтықтар: Амангелді Нүркенов, Асқар Сағынаев (ауыл шаруашылық институтының сту денттері) сияқты т. б. жер-жердегі жастар мен студенттер «ұлт шылдық» көзқарастары үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ал еш кінәсіз қаза болған өрімдей өрендер: Қайрат Рысқұлбеков (Жамбыл), Ербол Сыпатаев (Талдықорған), Сәбира Мұхаметжанова (Өскемен), Ләззат Асанова (Талдықорған), Кенжегүл Молданазарова (Шымкент) сынды бар-жоғы 18-20 жастағы «ұлтшылдардан» атынан ат үркетін алып империя-кеңес үкіметі қандайлық қауіп көрді екен? Қазір кейбір ғалымдардың ортасында қалыптасып, өзге жұртқа әсер етіп жүрген «алаңға барғандардың ішінде кедздейсоқ қызық көру үшін жүргендер аз болған жоқ» деген теріс пікір белең алып жүр. Ондай болса билік орындары 19-20 мыңдық Алматы жасақшыларының қарулы күшін кімге қарсы жинаған? Тіпті КСРО-ның жеті бірдей қаласынан құрама әскер арнайы ұшақпен әкелінгенін қайда қоямыз? Олар төмендегідей: Фрунзедегі 5450-інші әскери бөлімнен 100 адам, Ташкенттегі 5452-інші және 3408-інші әскери бөлімінен 300 адам, Челябинскідегі 5426-ыншы әскери бөлімінен 203 адам, Новосибирскідегі 5427-інші әскери бөлімінен 203 адам, Уфадағы 5424-інші әскери бөлімінен 200 адам, Свердловскідегі 5425-інші әскери бөлімінен 225 адам, Тбилисиден 480 адам. Бұл басқа елдерден әкелінген әскердің жауыздығын өз көзімен көріп, жиреніп, алаңға Алматы облыстық ішкі істер басқармасындағы жедел топтың командирі ретінде барған Төлеген Әлжан кейіннен қызметінен өз еркімен кетіп, қайсар мінез көрсетеді. Әрі осы жауыздықты әшкере ету мақсатында ақын Мұхтар Шаханов құрған екі комиссияға да кіріп, жұмыс істегендегі куә болған жайттарын былайша әңгімелейді: «Әрине, комиссия жұмыс жасаған кезде біз әлі де Ресейге тәуелді едік. Екінші комиссия жұмысын бастаған тұста Ресейден Гаев басқарған прокуратура, Ішкі істер министрлігінен сегіз адам келді. Ақыры біздер жинаған деректердің көпшілігін Мәскеуге ала
кетті. Тіптен сол құжаттардың басым көпшілігін жарақат алғандар, есінен ауысып ауруханаға түскендер мен қайтыс болғандар жайында болды. Міне, күні бүгінге дейін осы деректер қолымызға түспей отыр. Жалпы бізді қолдаған азаматтар болды ғой. Ә. Мәмбетов, Т. Жаманқұлов, Б. Нұрғазиев сияқты азаматтарымыз таяқ жеп, қансырады. Ал, қала прокурорының орынбасары Зиманов Қадыр берген Мәскеуден келген жендеттер Стрельников пен Сорокаға қарсы шыққандығы үшін заңсыз тұтқындалды. Одан өз прокуратура қызметкерлеріміз Мызников, Волтунов, Азаровтың қудалауына түсті, ақыры көз жұмды. Осы аттары аталған зиялы қауым өкілдері үстінен 85 нөмірлі «Қоңыр» атты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде ескеретін бір мәселе, ресми дерек көздері бойынша, қазір қалада тіркеуде тұрған желтоқсандықтар – 56, ал еліміз бойынша сотталғандары – 107, әкімшілік жазаға 430-ы тартылған. Менің қолымдағы деректер сол кездің өзінде қатысқандар санының 12500 болғандығын дәйектейді. Ал, қауіпсіздік комитеті кезінде 2 мың деген мәліметті ғана көрсетті. Ал, енді мендегі құжаттардың маңыздылығына келер болсам, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, Ләззат Шораева, Кенжегүл Молданазарова сияқты қыздарымыздың қорланып, зәбір көргендігіне дейін дәлелденді. Айта алмай жүрдім, бірақ айттым. Былтыр Л. Асанованың қорланып өлтіргендігі жайында 11 сот процесіне қатысып, 7 ай жү ріп бәрін дәлелдедім. Мұндай зәбір көрген бір ғана Ләззат емес қой. Сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан қыздарымыздың 90 пайызы қорланды. Бұл фактімен дәлелденген жағдай.» Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы туралы ресми хабар ең әуелі «Қазақстан» телеарнасы арқылы ақпараттық бағдарламасынан, содан соң Орталық телевизиясының «Уақытынан» берілді. Ал 18 желтоқсан күні «Комсомольская правда» былай деп жазды: «Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматы қаласында ұлтшылдардың арандатуымен бір топ оқушы жастар көшеге шығып, жуырда болып өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті пленумының шешіміне наразылық білдірді. Болған жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және басқа да қоғамға жат адамдар пайдаланып, тәртіп сақтаушыларға қарсылық көрсетті, содан соң азық-түлік дүкенін, жеке иелердің автомашиналарын өртеп, қала тұрғындарын қорлап, жәбірледі». Осылайша табиғатында бауырмал, онысын осыған дейін Қазақ станға жер ауып келген мың-сан ұлтқа жанашырлығымен көрсеткен бүтіндей бір халыққа қара күйе жағу, ұлтшыл деп айыптау акция-
сы басталып кетті. Және ол қарқынды әрі кең ауқымда жүргізілді. Басшылық тізгінді ә дегеннен-ақ пәрмені күшті орталық алды. Желтоқсанның 18 күні кешке қарай Алматыға СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Партиялық бақылау коми тетінің төрағасы М.С.Соломенцев ұшып келді. М.С. Соломенцев Алматыға СОКП ОК Саяси Бюросының кең өкілетті ресми өкілі ретінде келгендіктен, оның тұжырымдары мен бағалары саяси нұс қау мен бұйрық түрінде қабылданды. Ол оның 1986 жылғы 23 жел тоқсандағы Қазақстан КП ОК-нің Бюро мәжілісінде сөйлеген сөзінде былайша баяндалды: «Бір нәрсе анық, алаңда болып өткен оқиғалар кездейсоқ, стихия лық құбылыс емес. Бұл ұйымдастырылған іс. Ұйымдастырушының кім екендігі маған белгісіз, табамыз ба, жоқ па, оны да айту қиын. Қалай дегенде де мұның ұйымдастырылған іс екендігі туралы бағаны нақпа-нақ айтуға болады... Белгілі бір топ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Менің ойымша, жаңа жылға дейін-ақ сот процесі болар, 2-3 процесс ашық өтетін сияқты. Осы жөніндегі хабарды баспасөз, радио телевизия арқылы тарату керек. Халыққа мұның бәрін жақсылап көрсету керек. Қазір комсомолецтер мен коммунистердің ұлтшыл, бұзақы іс-әрекеттерін талқылаған комсомол, партия жиналыстары өтіп жатыр. Не сескендіреді? Алғашқы шешімдер жұмсақтау болды, қазір оқиғаға қатысушыларды институттардан қуу керек, ертең оларды, бұзақы, ұлтшылдарды өндіріске, басшылық жасайтын жерге қалай жібереміз деген төңіректе әңгіме болып жатыр. Бірақ баға қатал да талап қойғыш, қорытынды өзгеге жақсы сабақ болуы керек. ...Саясатта, студенттер іріктеуде бұрмалау бар. Кадрларды осылайша іріктеу керек пе еді? Қазақ мектептерін ашу, қазақша оқыту жөнінде мұндай айтыс болғанын білемін... Алматыда мектепке дейінгі мекемелер де ұлттық белгі бойынша құралатын болған ба? Бұл қалай, жолдастар, Бюро мүшелері? Одан әрі не болады? Бүкіл оқыту мен тәрбие қазақша өткізіледі. Халық арасында, әсіресе жастар ішінде тәрбие жұмысы, интернационалдық тәрбие жұмысы қожыраған... Қаланың толуы жөнінде де басын ашып алатын жәйт көп. Мәселен, Алматыда, кезінде мен осында жұмыс істегенде қазақ тұрғындар 8% болғаны есімде. Дұрыс па айтып тұрғаным? Ал қазір 16%. Екі есе екен». Кезінде Д.Қонаев ақсақалдың қарамағында қызмет істеп, өзінің моральдық жағынан жеңілтек адам ретінде көрсетіп, Қазақстаннан қызметтен қуылған М.Соломенцев осылайша сайрады. «Қазақ ұлтшылдығы» атағын қазақ халқына жақсылап таңудың, бояуын
қалыңырақ етіп жағудың жолдарын іздеп, шарқ ұрды. Соломенцев айтқан процентамания мәселесі лезде Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлап кетті. Өзі де қоғамның қай саласында болсын азшылыққа ие қазақтардың үлес салмағы жұмыс орындарында, жоғары оқу ордаларында, мемлекеттік маңызы бар мекемелерде орыс халқымен салыстырмалы түрде қарастырылды. Қазақтар орыстардан көбірек шоғырланған жерлерде олар теңестірілді немесе кемітілді. Тату-тәтті тұрып келе жатқан екі халықтың ортасына осылайша сына қағылды. Қазақ халқы өз жерінде өспесе, өнбесе басқа қай елде өркен жаймақ деген ойдың орнына қазақ ұлтының дамымауын ойластырған орталық өкілдері өздерін нағыз ұлтшыл, шовинист ретінде көрсетіп алды. Бұл тұрғыда желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сотталып, сонау Ресейдің Чита облысына айдалған Расулхан Құдайбергенов сол кездегі елдегі саяси-рухани ахуалдың қазақ ұлты үшін соншалықты күрделеніп кеткенін айтады: «Сол жылдары қазақ мүддесіне қырын қарап келген орталықтың өктем билігіне көзі қарақты қаймана қазақ қағажу қарай бастаған еді. Іштей қарсылықтың белгілерін, әсіресе үлкен қалалардағы қалыпты өмір арнасына қабыса алмай, ұлттық рухы кемшін тартқан халықтың тіршілік-ауанынан байқау қиын емес-ті. Ана тіліміз тұсаулы аттың күйін кешіп, дін-тініміз тарылды. Қазақ жастарына табылса, жұмыстың ең ауыры бұйырды. Қалалық тіркеу қайдан, «Жетім бұрыш» жағалау ғана маңдайға жазды. Осы сынды мыңсан кедергі жайттардың күн өткен сайын қоюлана бастағанын арман қуып келген Алматыдан студент бола жүріп біз де жете сезіне бастадық. Бұлайша жалғаса беруі мүмкін болғанымен, оған деген қарсылық пен наразылықтың түбі бір бой көрсетері анық еді. Сол бір намыстың жанартаулары атқылаған желтоқсанның үш күнінде де алаңда жүрдік. Ерекше екпін бітіп, елдік мұратымыз қол созым жерде тұрғандай болды. Әне-міне, үкімет үйін алсақ, арманымызға жететіндей едік. Шыны сол, мен үшін бұл жастық максимализмнен гөрі, отаншылдық рухтың басым түскен кезі еді.» Дегенмен «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ болған соң, жоғары билік білгенін істеп, тізеге басты. Қара күйе жағудың кәнігі шеберлері одақтың барлық ақпарат құралдары арқылы арам ойларын жүзеге асыруға тырысты. Баспасөзде өрескел бұрмалаулар орын алды. Мәскеуде шығатын орталық басылымдардың желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған қазақ жастары туралы хабарына тоқталсақ, төмендегіше болып келді.
АЛМАТЫДАН ХАБАР
19 желтоқсан, 1986 жыл. Кеше кешкісін және бүгін күндіз Ал-
матыда ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар тобы
көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
жуырда болған пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл
жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға жау басқа да адам-
дар пайдаланып, құқық тәртібінің өкілдері жөнінде құқыққа қарсы
әрекеттер жасады. Сондай-ақ азық-түлік магазинін, жекеменші
автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты
қорлайтын әрекеттер жасады...
Совет Одағының Телеграф Агенттігі.
ШЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ
...Көп
жастар
жазасын
алды:
комсомолдан
шығарылды,
құқыққа қарсы әрекеттері үшін жоғары оқу орындарынан қуылды,
біразының бұзақылығы жаппай тәртіпсіздік жасалғаны үшін істері
сотта қаралатын болады. Әрине, тәртіпсіздіктердің басшыларын,
ұйымдастырушыларды, арандатушыларды іздерстіруді табанды
түрде жүргізу керек.
«Литгазета». А. Самойленко.
АЩЫ САБАҚ
...Біршама уақыт өтіп, ұлтшылдық пиғылдағы жастардың
желтоқсандағы іс-әрекеттерінің себептері айқындала түскен шақта,
бұған не деп жауап беруге болады? Бір нәрсені сеніммен айтар
едік: болған жайдың себептері ең алдымен жастар арасындағы
идеологиялық жұмыстағы елеулі кемшіліктерде патриоттық ин
тернационалдық тәрбиенің әлсіреуінде жатыр... Жастардың бір бө
лігінің ұлтшылдық көзқарастары кеше ғана қалыптасқан жоқ. Олар
баршаның көз алдында уақытымен атамаса, қаулап өсетін арамшөп
сияқты өскен болатын. Республикада жүзден астам ұлт пен ұлыстың
адамдары тұратынына қарамастан, Қазақстан астанасында қаланың
жоғары оқу орындарымен техникумдарында оқитындарды басым
көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері екендігіне назар аударылмады.
Жатақханаларда студенттердің ұлттық белгісіне қарап орналасуын
ұсақ-түйек деп санады.
«Комсомолка», 1987 жыл , 10-қаңтар. А. Лапин»
«Менің семьям, менің байлығым»
...Мәселен, Алматыда сәулетті «Ертөстік» бала-бақшасы салын-
ды. Ол тек қазақ балаларына ғана арналған! Жергілікті газетке бұл
жөнінде жедел түрде «Ертөстікке қош келдіңіздер!» деген марапат
мақала берілді. Бұл кімге «қош» деп, құрмет білдіру сонда. Орыс
тілін жасанды түрде білдірмеуге ықпал жасалып жатқан балаларға
ма? Мен барлық қазақ сияқты өзімнің ана тілімнің патриотымын.
Бірақ мен өз қыздарымды «Ертөстікке» бермес едім...
«Советская культура». 1987 жыл, 24 ақпан. М. Ахметова.
Қазақ жастарының ұлтжандылық бейнесі сол кездері өкінішке
орай осылайша бағаланып жатты. Орталықтың солақай ойы мен арам
әрекеті іске аспады. Желтоқсан көтерілісі Балтық жағалауындағы
және басқа республикада демократиялық процестің дамуына себепші
болды. Осыдан кейін егемендікке жаппай жол ашылды. Бірінен соң
бірі Одақтас республикалар егемендік жолына, тәуелсіз дамуға бет
бұрды. Сонымен бірге Бакуде, Вильнюсте, Ферғанада, Тблисиде
қанды оқиғалар тізбегі жалғасты. Оларда да тоталитарлық режим
мен Ресей танкілерінің қанды іздері қалды.
Осыдан-ақ бостандық пен тәуелсіздік оңайға түспегенін аңға
руға болады. Ақырында салтанатты сәт те туды. 1991 жылдың
16-желтоқсанында желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар ақталды.
Бұл Мәңгі жас – Алаш идеясының ұлт-азаттық ұзақ шайқасының
жеңіске жеткен күні еді.
ІІ бөлім
Жасампаз идеяның
жалғасы
«Жасампаз идеяның жалғасы» атты екінші бөлімдегі публицистикалық толғауларға ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері арқау болған. Өз авторлығымен және құрастыруымен жиырмаға жуық тарихи-ағартушылық бағыттағы кітаптарды жарыққа шығарған автордың бұл еңбегі көсемсөз жанырында жазылған дүниелер. Аталған бөлімнен – Елім деп соққан жүректердің лүпілін, зайырлы мемлекеттің өткені мен бүгінін, болашағын, тарихы мен шежіресін, тілі мен ділін, азаттығы мен еркіндігін, халықтың бірлігі мен тәуелсіздіктің тұғырын аңғарарыңыз анық. Сонымен қатар, автор жаhандану жағдайында зияткерлік ұлт қалыптастырудың, бәсекеге қабілетті қауым тәрбиелеудің, алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосылудың бастауы ретінде қазақ халқының рухани мұрасын тереңдете зерттеп, оның құнды рухани мол байлығын жастар арасында насихаттау, бүгінгі ашықтық пен мәдени плюрализм аясында басқа мәдениеттер мен өркениеттерге жеткізе білу – ұлттық идеяның үйлесімді қалыптасуы барысындағы оңтайлы және келешегінен үміт күттіретін әрекет екендігін аталған бөлімде таразылайды.
Аяқталған аңыз
Есейіп келеміз. Әркім өзінше етек жабумен әуре. Алдағы күн
алаңдатады бәрімізді. Артымызға қарайлауға шама жоқ. Кейде, кей-
де кейиміз де, өткен күнімізге өкінеміз. Бұл күніңнен қорынғанда,
қораш сезінесің өзіңді. Сонда бауырына тартып, басыңнан сипайды
әлдене. Тәніңде діріл, жаныңда үрей атой салады. Санаңды бейдауа
сауал шарпиды.
Қайдан келдік, кайда кетіп барамыз? Сонда балалық бұлдыр
шағың көз алдыңа келеді, көңілде қалып қойған әлдебір дүние
көкірегіңде дамыл табады.
Қайбір жылдың қыстың қаһарына мініп келе жатқан шағы.
Кешкі асты алдымызға ала бергенде теледидар да, радио да
күнделікті жаңалықтардың бірінде тосындау хабарды жария етті
білем. Үйдегі үлкендердің жүздеріне жылу жүгіріп, мәре-сәре
қауқылдасты да қалды. «Баяғыдан бері өстетін иттер ғой!» –
деді, жамбастаған жастығын ысырып, тіктеле отырған көкем.
Сөйткенше, әншейінде таяғын тастамай сырбаз сүйеніп, асықпай
жүретін көрші шал Кемелбек те ширақ басып, кіріп келді. Көкеммен
күндегідей әңгіме-дүкен құру үшін емес, әлдененің желігімен кел-
гендей әсер бар. Бірдеңелерді даурығыса айтысып, құттықтасып
жатты.
Самаурын қайта қайнап, дастарқан мерекедегідей жайылды. Осы
сәтте ойынға тоймайтын кластас достар Сәмен мен Ерлан «сабаққа
бірге дайындалуға» келе қалды. Үлкендердің әрі-беріден әңгіме
сапырғаны жалықтыра бастады. Біз бір-екі пиала шайды ішер-
ішпестен қарбаластың сәтімен тысқа сытылып шықтық.
Сол кеште ауа-райы да ерекше еді. Жапалақ қар қылаулаған
тұңғиық аспан тап-таза әрі тұнық. Айнала аппақ әлем. Сыбыр-
лап сөйлесең де даусың сыңғырлай ауылдың о шетімен бұ шетіне
жететіндей.
– Мұндай түнде үйде отыруға болмайды. Жүр, шана тебеміз, –
деді Ерлан.
– Қой, түн ортасында қайдағы ойын! – дейді Сәмен.
– Ойнағанда қандай! Мұндай айлы түнде шанаға сиқыр бітеді, – деп, Ерлан ауладағы шананы ала жүгірді. Сәлден кейін ауыл көшкендей ғып жұлдыздай аққан ол жерді солқылдата зулап төмен қарай гүрілдеп келе жатты. Біздің үй іргесіндегі төмпешіктен таяқ тастам жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от жарқ етіп өте шықты. – Ура! – деп айқай салып, қолын көтерді ол. Шынында да шанаға сиқырлы қанат бітті ме, әйтеуір түн әлденебір құпия сырын ашқандай көрінді. Үлкендер де үйге сыймай, далаға шығып, дабырласа бастады. Бір-бірін жаңа көргендей қол алысып, құшақ түйістіріп қояды. Қарқылдап күліп, әндетіп те жіберетінін қайтерсің. Міне, ғажап! Енді ауылдың әр-әр жерінен мөлдір аспан төріне тарс-түрс салют атқылай бастады. Бұл – 1991 жыл, 16 желтоқсан, кешкі сағат 7-лер шамасы. Дәл осы жыл, дәл осы күн, дәл осы уақыт бар саналы қазақ шаңырағына сәуле шашты. Ол сәуле – тәуелсіздік ұғымы, мемлекеттік телерадио толқындары арқылы мың-миллион шаршы алқап, сан тарапты нұрландырып, тарап жатты. Тосырқадық, толқыдық, тәуба дестік. Көңіл шіркіннің көк дөне ніне міністік. Үлкендеріміз көзіне жас алды. Кішілеріміз асыр салып, ойнақтадық. Ақ түйенің қарны жарылды! Сол күн, сол кеш әлем қазақ еліне назарын тіктеді. Арада санаулы минөттер өтпей-ақ Қазақ республикасының тәуелсіздігін ең жақын, ет жақынымыз Түркия бастап тани бастады. Еуропаға есік ашылды, Америка қолын созды, Біріккен Ұлттар Ұйымы да құшағын ашты. Әлі есімізде, бұл оқиға мектеп қабырғасында білім алып жүрген біздерге де ерекше әсер еткен. Ертесіне үлкен үзілісті күтпей-ақ, сабағымызды бастамас бұрын мүғалімге де, алты жасар оқушыға да ортақ кезектен тыс жиналыс өтті. Оған сол кездегі мектеп директоры, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің өзі келіп, өзі бастады. Байқаймыз, жиылыстың мәні тым өзгеше. Тәртіп бүзған шәкірт ортаға шықпады. Үлгерімі нашар оқушылар сөгіс алған жоқ. Тек директор әргі-бергі тарихты қозғап қоймай, оқушылар мен ұстаздар қауымын алғашқы тәуелсіздіктің арайлы таңымен құттықтай келіп, ойын түйіндеген: Ұлыстың ұлы күні деген осы! Көңілінде толғаныс, үнінде тебіреніс бары байқалды. Содан ба, әлде сезімге бай жазушы болған соң ба, жанарына жас кілкігенін жасыра алмаған. Сонда ғана әлі тәуелсіздік ұғымының түрін түстеп, парқын бағамдай қоймаған біз – балаң буын осы құбылыстың қазақ үшін тым қымбат екенін ұғына түскенбіз.
Не құдіретінің барын қайдам, осы жиылыс мектептегі бар игі шаралардың ішіндегі әсерлісі болып жадымызға жатталды. Көзімізге жас келмесе де, көңілімізді бір толқу шарпып өткен. Неден екені белгісіз, директордың баршамыздың әр қайсымызға ғана құпия нәзік перделерді дөп басқан тапқыр да ұтқыр сөздерінен бе, әлде... Әйтеуір, бұдан кейін мектебімізде күрт өзгеріс байқалды. Бірбірімен кірігіп біте қайнасып кеткен екі ауылға ортақ оқу ордасы жаңалықтың ортасына айналған. Көзге ұрғаны – оқу бағдарламасы қайта, жаңаша түзіле бастағаны. Дәл сол мезетте осыншалық бірінен соң біріне жалғасқан жаңалықтың астарына тереңдеп бойлап бара алмаппыз... Кейін есейе келе бажайласақ, әр кезде әрқалай естіп, оқып қалатындай – үш ғасыр емес, екі ғасыр емес, тіпті жүз елу жыл да емес, тура жүз қырық төрт жыл бұғаудан соң ғана еркіндігін алған ел мектеп партасынан мемлекет басқаруға дейінгі барлық механизмді қайта қарау, өзгеше құру қажет қана емес, міндет екен. Құдайсыз тобырды қорқытып басқаруға болатындығын бізден гөрі сезініп өскен аға буын жақсы біледі. Халықтың сенімін ұрлап алып қойып, қойша қыра беруге болатындығын көзбен көрген ұрпаққа тәуелсіздік аса бағалы. Он үш жыл болды... Оны қалай жоғалтып алмаймыз деп, қалай баянды ете түсеміз деп, бас қатқалы да он үш жыл. Әйтеуір, бәрімізге ортақ тәуелсіздікті оңынан шештік. Енді әркім өз ішкі тәуелсіздігімен әуре боп кеткен. Жұдырықтай жұмылу, бірігу кемшін түсе беретіні несі? Ұрланған сенімді қалай қайтарамыз, қалай қайта оятамыз? Неге жүгінеміз? Өткен ғасыр басында құдайға құлшылық күшейді де бәсеңсіді, енді аяғында қайта қау берді. Осыны медет тұтамыз ба? Діннің қазақ топырағында қанат жаюы қатпарлы тарих, қа сиетті таным, әрі тәлкекті тағдыр. Осыдан он жыл бұрын ғана мұсылмандық елімізде өтпелі дәстүр сынды еді. Міне, заман өзгерді, ел дініне ден қойды.Тіпті сусап қалған ынтаның пәрменді толқыны кешегі басқыншы жүйені өкінішпен еске алады. Осылайша ішкі тәуелсіздігімізді жеңе алсақ, ортақ тәуелсіздігімізді орнықтыру қиын соқпас. Бүгінгі ұрпаққа мол-мол сын айтылады. Бәрі орынды. Әр уақыттың өз салмағы, дерті бар. Мәселе соны асқындырмауда – емдеуде. 2004 жыл.
Таңдау уақыты: «Көпте ақыл жоқ па?» Иә, Абай айтты: «көпте ақыл жоқ» деп. Қалғанымыз соны орындаушы емеспіз бе? Бірақ, ол кез бен бұл кезді салыстыру қиын. Бұған дейін «қалың елі, қазағы, қайран жұрты» талай қуанышты, қайғыны, аштықты, махаббатты, зорлықты бәрін-бәрін бастан өткерді. Көрді де көңіл көзі оянды. «Шығысы – батыс, батысы – шығыс болып» оқыды-тоқыды сосын тағдыр тартуымен танылды да! Ендігісі – таңдау уақыты! Бәрін таңдап жатырмыз: не керек, не қажет, тіпті – кім мықты? Сол тағдырымызға таңдау жасалғалы он үш жыл. Ұзақ уақыт, ұзақ жол. Бар тапқанымыз, табысымыз, тәубе етеріміз де – тәуелсіздік! Ендігі күрес оның баянды болуы. Қалай, қайтіп? – сынды сауал әлі соңымыздан қалған жоқ. Шындығында жеткеніміз шамалы, жетіскеніміз жоқ. Оған ара-тұра теңгеміз тағы бір «теңселіп» кеткенде көзіміз жетті, көңіліміз алабұртты. Бұл не? Халықтың билік басындағыларды таңдауының бұрыс бола беретіндігі ме, әлде, шынында «көпте ақыл жоқ» деп қисындайтынында емес пе!? Әйтпесе, тізгініміз қолға тигелі қанша үкімет ауыстырдық немесе енді қаншасы қалды? Созылмалы дертіміздің дауасы демократия механизмінің бұрыстығына қарай бұрыла беретіндігінде ме деп қаласың. Қарапайым түсінікте демократия – халық билігі деп, қайырсақ, бар кілтипан осы жерден шығады. Алғы елдердің қалыптасқан дәстүрінде билік халықтың қырағы бақылауында. Айталық, Америка өзінің әкімшілік-территориялық басқару жүйесіне дән риза. Оны бұзып 50 штаттың орнына (біздегідей) 10 супер штатты (облысты) ешқашан жасай алмайды. Өйткені, әрбір қарапайым американдық өз билік иелерін – президентін ғана емес, губернаторларын да назардан тыс қалдырғысы жоқ. Міне, демократия дегеніңіз. Біздің бұқара сенгіш, сосын айтқанға көнгіш пе деп қаласың. Бұлай болуға кешегі «айналайын өкімет өзі өлтірмейді» деген түсінік те түрткі. Қайткенде одан арылатын уақыт келді. Қалаңыз, қаламаңыз билікті қатаң қадағалау халықтың өзі үшін қажет. Енді қанша саясат соққанмен, елдігімізді ойлап өбекте генмен тәуелсіздігіміздің баянды болуының бірден-бір емі – экономиканың сауығуы екеніне анық көз жетті. Ол үшін қоғамның ақиқатқа деген ауадай қат сұранысы қымбат. Журналиссің бе, шындықты жаз, заңгерсің бе, әділ төрешілігін айт, экономиссің бе, реформа жасауға тырыс. Осының бәрі орнымен болса, озық
елдердегідей бізде де демократия механизмі сарт-сұрт істеп тұрмас па? Қысқасы, «ортақ үйімізде татулық пен бірлік қана емес», жеткілікті дәулет болуы үшін де өзін ғана емес, отанын ойлаған әрбір азамат одан тысқары қалмауы тиіс.Тіпті бұған биліктегілер ғана бас қатырып қоймай, дүрдараз оппозиция, он-сан зиялы, мың-миллион халық қатысуы батпан міндет! 2004 жыл Халық... Зиялы... Билік... Үмітсіз ымырашылдықтың үштағаны Демократияның қағидасында орналасу тәртібі: Халық... Зиялы... Билік... Қазақша қисындасақ, ошақтың үш бұты іспетті. Бір-бірінсіз ошақтың оты сөнеді, қазан қотарылып түседі. Бүгінгі күйіміздің салдарын сол үшеуінен іздесек, бір қарағанда бәрі қалыпты. Халық қайранда, билік қолынан келгенін қармануда-ақ, әттең... Осы екеуін үйлестіретін зиялы үлесінде – үнсіздік! Содан ба, ғасыр басындағы алыптар шоғырына аңсарымыз әбден ауған. Сағыныштан емес, сары уайымға салынғаннан. «Қайран, Ахандар, қайдасыңдар?» деп, қазақ даласы өкіріп-күркіреп ақыры көз жасы сая таппай, сай-саланы сағалап барып, зым-зия жоғалып жатқандай. «Тым құрыса солардың сарқытының да сарқылып тынғаны ма?» деген сұрқай сауал шиырлайды сананы. Қауіпті дағдарыс – сана... саналылар дағдарысы. Тоқ етері – бар кілтипан билік пен халықтың ара жігін жалғастыратын алтын көпір-зиялылардың сайда саны, құмда ізі байқала бермеуінде. Біздің билік тәуекелшіл-ақ, тәуелсіздік алғалы не бір қадамдарға аяқ басты. Қарық болған халық жоқ, аң-таң. Зиялымызға келсек, көкейінде сәулесі жоқ көрермен секілді, міз бақпайды. Бұл жерде билік пен халық қаржысып та қату-тату. Зиялымыз үшін бәріне бас шұлғу қанына сіңген әдет сынды. Ау, бұған дейін қалай еді? Бұхар жырау әділін айтып ханға жақпады. Абай халқына қарны ашып, есесіне басынан соққы алды. Кешегі Ахаңдар шоғыры сол халықты да, билікті де тезге салып, түзеуге тырыспады ма? Бүгін ше? Бұдан шығатыны: біздегі экономика, экология және рухани дағдарыстардың ұшар басы, ушыққан нүктесі әрі қауіптісі – сана... саналылар дағдарысы. Бұл дағдарыс – қай дағдарыс? Бастауы қайда? Байырқалайтын тұсы қайсы? Басы ашық ақиқат қазақтың қазіргі зиялысы өзінің
осалдығын сонау 86 жылғы сын сәтте байқатты. Естуімізше, қанды оқиғадан кейін алдымен халыққа да, билікке де сөзі жететін емес, айтқаны өтетін зиялылармен тіл табысып алғысы келген әккі Колбин Жазушылар одағына келеді. Әрі қателеспепті де, зиялымыз «халықты құтқарушыға» алғысын жаудырып, арқасынан қағып, өбек күй кешіп, өлердегі сөзін арнапты деседі. Не үшін? Неге? Ол жағын өздері де аңдамаса керек (сасып қалған ғой). Кезінде Ахаңдарды айдатып, асып, аттырған сондай сатқындар еді. Шүкір, сол кеште қазақ ұлтының үзік-жұлық намысын қорғап саусақпен санарлық ер төбе көрсете алыпты. Өкініштісі сол, олар қазір де ілуде-біреу! Зиялымыздың анау айтқандай дүр сілкініске әзір еместігіне рухының жаншылып, әбден жасып қалғандығы айғақ. Жетпіс жыл бойы кеңестік репрессиялық жүйенің жұдырығын көріп, төмпешіне көніп өскен зиялыдан басқаны күту де сөкет. Ендеше, арқа еті арша, борбай еті борша қарапайым халық үлесінде. Қысқасы, шынайы демократиялық дәстүр қалыптаспайынша зиялының қоғам өмірінде елеулі рухани және саяси күшке айналуы өте қиын әрі тіптен мүмкін емес көрінеді. Сол демократиялық дәстүрді бізге кім қалыптастырып береді. Батыс па, басқа ма? Ұлтын сату қанша тұрады? Біз осылай зиялыларымызды ұлт алдында ұсақталып кетті, халық алдында қамсыз деп сөге жамандамасақ та, қара қазан өкпеміз өңешімізге тіреліп жүргенде профессор Ерасыл Әбілқасымов «Билік басындағы ұлтшылдар» («НП». 11.06.99) деген мақаласымен айды аспанға бір-ақ шығарды. Зиялыларымыз әсіресе, билік басындағы азаматтарымыз аталған мақалада айтылғандай ұлтшылдық қайрат көрсетіп жатса біз қуанар едік-ау! Өкінішті. Кезінде «Казахстан становится казахским» («Аргументы и факты». №45. 94 ж. К.Орезков) деген іспетті сойқан мақалалар болған. Бұдан әрі де бола беретін түрі бар. Бұл іштен тынып, үндемей қала беретін билік басындағылар мен қазақ зиялыларын басыну ма, әлде әлгіндей сипаттағы мақалалар қаламақысының қомақтылығы ма? Білмедік. Білетініміз, Қазақстанның тағдырына сырттай тон пішіп, шешіп беретін көсемдер шыққалы олардың ойын қолдаушылар өз ішімізден өре көтерілді. Бір қарағанда бұл оқ-дәрінің үстіне отырып, от жағу. Бұған, он бес миллион адам тағдырына пысқырып та қарамай, жалған «орыс мәселесін» желеу етушілердің ниеті көзге ұрады. Бір кезде «Халық конгресі» партиясының серкесі болып тұрғанда Олжас Сүлейменов жапон газетінің тілшісімен сұх батында: «1993 жылы қабылданған Конституция республи
ка халқының елу сегіз процентін разы етпей отыр (Бұл Қазақ стандағы қазақтан басқа халықтың саны). Мұның өзі қазақ ұлтының жайбарақат өсіп-өнуіне кесірін тигізуі мүмкін. «Бір ыңғай Қазақстан Республикасы – өзін-өзі билейтін қазақ ұлты ның мемлекеттік формасы. Негізгі заңның осы құжатымен Қазақ стан халқының қалған жұрты келісе ала ма? Бұл қырық екі проценттің ғана Конституциясы» деп қателескені бар. Кемшілік дер кезінде жөнделсе бір жөн. Бізде бәрі осылай аңдамай айтыл ғандай жайбарақат қабылданып қала береді. Нарық заманында не нәрсенің де бағасын анықтай аласыз. Ал, ұлтын сату қанша тұратындығын білуге бола ма екен? Рухани әке, қайдасың? Қазақ халқы өзінің жүріп келе жатқан араби қылыш жүзіндей қауіпті әрі тайғақ тарихында дәл қазіргідей тығырыққа тіреліп көрмеген шығар. Бұған мана айтып кеткендей ұлтты ұлығылайтын тұлғалардың тосырқап, тоң-теріс қалуы басты себеп сынды. Салдары сан тарау. Жетім ұлтқа кім тізесін батырмайды, тезіне салмайды. Рухани әке, Прометей оты, қайдасың? Неге үнің әлсіз, қарекетің сылбыр? Бүгінгі жетпістің хаты кешегі бесеудің хатына неге татымайды? Ендеше, хат аз, айтып қана қоюмен шектелу аз. Белді бекем бу. Баста алаңға, арман-алаңына! Біз үшін тас-құлып, емен есіктерді аш. Ақиқаттан тайсақтамай турасын айт, әділ төрелігіңді білдір. Есті сана, істер қол табылатын шығар. Бастысы – кім кінәлі? Жазасын алсын! Біздің сорымыз да сол, зиялыларымыздың билікке бәсекелесе алмауының сыры – бір кезде Президентке конструктивтік оппо зицияға шығып, ақырында Италияға елшілікке аттанған Олжас Сүлейменовтен күні кешегі айқын ұстанған бағытын бажайлай алмай тұра Президенттікке үміткерлікке түскен Энгельс Ғаббасовқа дейінгі зиялыларымыз үлкен саясаттың адамдары еместігін, әмсе рухани әкелік қана емес, қарапайым қазақы кісілік зиялылықтың нышанын байқата алмайтындықтарында емес пе екен? Жаратқан бізге, бір әке қарыз... 2000 жыл Саяси күштерге ұлттық сипат не үшін қажет? Екі мыңыншы жылдардың қара күздері тоқсаныншы жылдар дағыдай бұрқасынды емес, бірде бұйығыңқы, бірде жылы шырай. Әдеттегіше, ауыс-түйістен ада болмайтын саясатыңыз да сапыры-
лыстан аулақ. Тек саяси күштердің ғана белсенділігі артып, біртоға қан қысымын жоғарылатқысы келгендей кейіп байқатады. Не керек, үлкені бар, кішісі бар саяси күштеріміз сайланып, бір-бірінен қалып қоймайын дегендей, білек сыбана кірісулеріне қарағанда құдды бір саясатымыздың қара қазаны міне-міне бұрқсарқ қайнайтындай әсер береді. Әйтеуір, бұл біз үшін жаңа бір кезеңнің басталғанының белгісіндей көрінгені рас. Олай деуімізге негіз – жаңа және ескі көзқарастан құтыла қоймаса да, енді жаңа көзқарасқа үйренісуге көндігуде. Жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуге күш салуда. Көппартиялылықтың не беретінін көріп-біліп, өткен уақытта адамды мемлекет асыраса, енді мемлекетті адам, адам болғанда оның ақылы, күші мен жігері асырайтындығын мойындай бастады. Яғни, халықтың әлеуметтік зердесі ғана емес, саяси санасы да сақаятын сыңай танытты. «Саяси күштер: сапта бар, санатта жоқ» деген сөз көп айтылады. Бұлай деуге еліміз еркіндігін алған уақыттан бергі кездегі олардың стихиялы әрі науқаншылдыққа толы әрекеттері дәлел. Осы мезгілге дейін халқымыз «Бәлен партия экономиканы ілгерілететін тетікке қол жеткізіпті немесе әлеуметтік мәселені шешудің тиімді жолын ұсыныпты» дегенді ести алмай-ақ келеді. Мұның себеп-салдары сан тарау емес пе? Жаппай саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырған сонау тоқсаныншы жылдары өркениетті елдерде саясатпен халықтың он пайызға жуығы ғана айналысатындығымен (оның өзінде қызметі соған тікелей байланыстылары) санаса бермедік білем. Нәтижесі белгілі болды. Қаптаған партия мен түр-түсін танып болмайтын қоғамдық бірлестіктер аяқ аттатып жүргізбей қойды. Шын саясаткер мен саяси партияның бет-бейнесін бедерлеу бүгінгі күннің үлесіне қалыпты. Елдегі саяси партиялар қайта тіркеуден өтті. Бұрнағы өмір сүріп келген он тоғыз партиядан оншақтысы қалды. Бұл саяси күштеріміздің қаншалықты салмақты-салмақсыз екенінің таразысы іспеттес. Олай дейтініміз, бесеу емес, он емес, жиырмаға тарта партия тіркеуде тұрғанмен, белсенділігі төмен, беделі де жоқ болуы – соншалықты көптігінен-ақ партиялық жүйесіздікті туғызды. Көпсандылық сапалалыққа өтпеді. Себебіне үңіліп көрейік. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, қандай да елдің саяси жүйесінде партиялар әлсіз болса, онда оларға ықпалды топтар бар көрінеді. Осы көзге көрінбейтін топтар барлық саяси қойылымдарда, әсіресе, науқан кездерінде басты ролдерде ойнайды. Мұндай жағдайда партия туралы заңды құнттап қоймай, оларға ықпалды күштердің әуселесін байқайтын тәртіп-ережені бекітіп қою қажеттігі туындайды. Сон-
да жұмбақ кейіпкерлердің, кімнің кім екені анықталып, елдегі партиялар ауа райын сол партиялардың өздері жасап жүргендігі, не ықпалды күштер басқарып отырғандығы белгілі болар еді. Қалай дегенмен де, әлі балаң демократияны бастан кешіріп жатқанымыздың көрінісіндей халықтың белгілі бөлігін артына ертпек түгілі, әлі жете танылып үлгере алмаушылық саяси күштерімізге ортақ сипат береді. Бұл ретте кейбір партияның науқан кезіндегі пәрменділігін айтып жатқанымыз ағаттық. Сондықтан анық саяси бәсекелестікті таңдап алған екенсіз, аянбай тер төгуге тура келеді. Өйткені, әр қозғалыс, партияның артында халық тұр. Басты мәселе – соны ерте білуде. Тобыр аңғалақтау болғанымен, халық ақылсыз емес. Тәуелсіздік алғалы бері талай нәрсенің дәмін татып білді. Ненің не екенін түсініп, айыра бастады. Қазір «қандай саяси күш несімен ерекше, маған не береді» деп, мәселенің мәніне үңіле бастаған кез. Алаңға шығып айқай-сүрең салу, аштық жариялау немесе бас қосып алып бос сөзді боздата берудің берері шамалы екенін халық аңғарды. Жеке басының тағдырын қандай да бір саяси күшке телу үшін он ойланып, жүз толғанатын жағдайға жетті. Біздіңше, мейлі билікке болсын, мейлі басқа бәсекелестеріне болсын, шынайы оппозицияға шығу үшін, басты сынақ – халықтың сенімінен сүрінбей өту – саяси күштеріміз бағындыра алмай жүрген биіктік. Мұны біздегі партиялар мен қозғалыстарға ортақ сипат деп бағаласақ еш сөкеттік жоқ. Айталық, бір кездердегі «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» секілді қайбір партия, бірлестіктердің құрғақ аттандаулары ақыры іштей ауызбірліктің жоқтығынан өзара ыдырауға апарып соқты. Бір кездегі «Халық конгресі» сынды партиялар өздерінің конструктивтік оппозицияға шыққанын жариялап жар салғанымен, науқандық деңгейден аса алмағанын аңғартты. Ал, сонау бір жылдары қалталылар құрған «Жаңа буын» қозғалысы қаржыларын өз мүдделерінен, әсіресе, өздерін жарнамалаудан аямай-ақ жұмсағанымен, жалаңдыққа бой ұрды. Тізімге ерік берсек, малтығып қаларымыз хақ. Бұдан кейін де осы сүрлеу-соқпақ жалғаса берсе, саяси күштеріміз жеңіске жетпек тұрмақ, сауыға алмасы анық. Сондықтан да, аталған жайттардың алдын-алуға «Саяси партиялар туралы» жаңа заң көптеген саяси партия атын жамылып жүргендердің тағдырын шешіп беруге септесер деген сенімдеміз. Әзірше, саяси күштеріміз сапта болғанмен санатта жоқ. Ұлттық партия не үшін қажет? Жалпы партия сөзі гректің Рагtіо атауынан шыққан, «топ» деген мағынаны білдіреді. Ре-
сей саясаттанушылары «саяси партия дегеніміз – барлық инди
видумдарға ортақ мүдделер мен идеялардың негізінде бірлесе сая-
си іс-әрекет жасау үшін құқықтық мемлекеттің ішінде құрылатын
еркін қоғамдық топтар» деп анықтама береді. Мұндағы «ортақ
мүдделер мен идеялардың негізінде бірлесу» ұғымы «Қай, қандай
мүдде мен идея?» деген сауалды туғызады. Сонда, өткен он жыл-
да партияларымыз қандай бағыт-бағдарды ұстанды, болашақта
қалай болмақ?
Партиялар мен саяси қозғалыстардың құжаттарына қарасаңыз-
ақ, олардың бет-бейнесі айқындалады. Әлбетте, көпшілігінің
бағдарламаларында мемлекетті және оның қоғамдық үрдістерді
басқарудағы рөлін нығайту міндеті қойылғанын айтқан жөн. Алай-
да, аталған міндет қайсыбірінде бұлыңғыр, түсініксіз баяндалады,
«құқықтық мемлекет туралы» ойлар жиі қолданылғанымен, оның
мәнін әркім өзінше таратады. Сонау 1989 жылдың басынан 1991
жылдың аяқ шеніне дейін көпұлтты және бір ұлтты партиялардың,
қозғалыстар мен ұйымдардың құрылып, негізі қаланғанымен,
саясаттағы ұлттық концепцияларын бас құжаттарында баса көрсете
алмады. Мақсат-мұраты анық айқындалмаған осындай стихия-
лы бастаудың аяғы көбісінің ауа жайылуына алып келді. Содан да
шығар, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген «Желтоқсан» ұлттық-
демократиялық партиясы мен «Алаш» ұлттық тәуелсіздік партиясы
бірден-бір ұлттық бағдар ұстанушылар тобын бастап шыққанымен,
жүйелі жұмыс жүргізе білмеді.
Ақиқат салыстыру арқылы айқындалып жатады. Айталық,
Ресей бұл жағынан бізден әлдеқашан көш ілгері алға озып кетті.
Оның үстіне орыс ұлты өз жерінде басымдық танытып, «орыс
мәселесі» сұрағы мазалап жатпаса да саясатында ресейлік
үстем ой бір бәсеңдемегені бүгінде айдай әлемге аян ресейлік
партиялардың бағдарламалық құжаттарындағы алға қойған басты
мақсаттарындағы үш негізгі бағыттың бірі – ұлттық (славяндық,
орыстық)
сана-сезімді
түлету,
күшті
(әрқилы
нұсқаудағы:
демократиялық, монархиялық, пәрменді президенттік билігі
бар) мемлекетті қайта құру – қай-қайсысының да жарғысынан
жасқаншақтамай-ақ ойып орын алған. Кешегі кеңестік империяның
бас дирижері ретінде жетпіс жылдың ішінде жүзге тарта ұлт пен
ұлысты мидай араластырып, жер бетінен мүлде жойып, оры-
стандырып жіберген Ресей бүгінде ұлттық бағытты саясатында
бағдаршам етіп алғанда, бізге не жорық?
Бұдан шығатыны, кеңестік коммунистік партияның басты
мақсаты – орысшыл, ұлтшыл елге айналу екені ешкімге жасырын
емес. Әлгінде айтқандай аталған орыс мүддесі қазір де үстем түспесе, кем соғып жатқан жоқ. Оған өз алдына мемлекеттігін жариялаған тоқсаныншы жылдардың басында-ақ берік іргетас қаланған. Сол кездегі Ресей саясаттанушыларының анықтауынша шартты түрде төрт топқа бөлінген анағұрлым ықпалды партиялар мен қозғалыстардың басында ұлт жанашырлары тұр. Осы топтың ұзын саны да орасан: Ресей Ұлттық-республикалық партиясы, бүкілресейлік «Отчизна» патриоттық қозғалысы, Ресей қайта өрлеу одағы, Халықаралық славян соборы, ресейлік халық жиналысы мен ұлттық-патриоттық бағдар ұстанған партиялар мен қозғалыстар. Бүгінде бұл тізім уақыт өткен сайын талапқа сай жаңғырған, жаңаланған, бастысы, ізденіс үстінде жетіле түскен. Сөйтіп, орыс демократиясы осы жолмен бара жатыр. Өркениетті Еуропа елдеріндегі партиялардың статусы мен қызметі әркелкі, бірінде – заңмен, келесісінде конституциялық нормалармен айқындалғанымен, олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да тұрғылықты ұлттың мүддесі бірінші орында. Жаһандастыруға жанын салып қарсылық білдіріп жататыны содан. Тіпті Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада, тағы басқа елдерде партиялар туралы арнаулы заңдар болмағанымен, олардың ұстанымы жергілікті халыққа қарай орайластырылған. Әдепкі сұрағымызға қайта оралайық. Ұлттық партияның біз сияқты жас мемлекетке не үшін қажет екенін Латвиядағы жағдайлар көрсетіп берді. Сегізінші Сеймге (Парламентке) өткен алты партияның бесеуі оңшыл, ұлтшыл бағытта екен. Қараңыз, жалғыз солшыл күш – «Адам құқығы мен Латвия бірлігі үшін» саяси блогы сайлауда екінші орын алғанмен (100 мандаттың 24-ін иеленген) келесі жылы орыс мектептерінің жаппай латын тілі оқуына көшірілетіндігіне қарсы тұра алмады. Азшылық көпшілік дауысқа амалсыз бағынады. Ендігі мұндай мектеп деңгейіндегі мәселелер ғана емес, әлгі оңшыл партиялардан сайланған депутаттар қолында Прибалтика республикасының үкіметінен бастап барлық билік тұтқалары тұр деген сөз. Өкінішке орай, біздегі бірде-бір партия ұлттық бағытты батыл ұстанып отырған жоқ. Оған бағдарламаларына қарамай-ақ, бүгінгі бет-бейнесінен-ақ біле аласыз. Олардың әзірше бағыты: космополиттік, жалпы адамзаттық құндылықтар, демократия! Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымызды одан әрі демократияландыру, дамыту тұрғысында пікір тоғыстыратын Тұрақты кеңес туралы өкімге қол қойған. Оның жұмысына депутаттар, үкімет мүшелері, президент әкімшілігі мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ саяси партиялар мен әр түрлі
қозғалыстардың да өкілдері тартылды. Ұлт мүддесін қорғайтын
қозғалыс керектігі осындайда көрінсе керек. Басқа партиялар
ұлттың сөзін сөйлемейді деп айтпаймыз, бірақ қазіргілерінің жа-
рытпайтыны анық.
2004 жыл.
Болашақ бұлдыр емес
Қазақстан – көп ұлтты, көп дінді республика. Мұнымен
мақтанып келгеніміз рас. Бүгін сақтанып жатқанымыз және жасы-
рын емес. Соның көрінісіндей бір кезде республикамызда Ұлт сая-
саты жөнінде мемлекеттік комитет құрылып, жұмыс та істеген. Бір
қарағанда бәрі орнында. Ақсаған экономика ахуалын айтпағанда,
саясат салмақты. Кейбір ішкі-сыртқы кикілжіңдердің өзі от ала ал-
май, бықсып, тұншығып тынуда. Мұның бәрі бір жағынан қалыпты
жайтқа бой үйрете бастағаннан ба дейсің. Айталық, бодандықтан
босаған уақыттан бері есеңгіреген есімізді жиюмен жүргендігіміз
байқалады. Алайда, ендігі кезде жаңа бетбұрысқа ұмтылмасақ
ұтыларымыз хақ. Біз үшін сондай бір салмақты сала –
Ұлт саясатының жаңа концепциясы
Қазақ ұлты Қазақстан жұртшылығының жартысынан асқаннан
кейін мемлекетіміздің негізгі саяси субъектісіне айналады. Тек
с көпшілікке емес, абсолюттік көпшілікке жетеді. Құқықтық
қоғамда мемлекет саясатының тағдырын электорат шешеді. Яғни,
сайлаушылар шешеді. Бүгінде мемлекетіміздің заң шығарушы
органында, атқарушы органдарында, сот билігінде қазақтардың
басымдылығы айқын. Басқа ұлттар бізді басып кетеді деген ой
жаңсақ. Республикамыздың негізгі ұлты – қазақ. Сондықтан,
белгілі дәрежеде ұлт саясатында жаңалықтар қажет. Ең алдымен
Қазақстанда ұлттарды айқындаушы құжат болмау керек. Қазақстан
тұрғындарының бәрі – қазақ, бәрі – қазақстандық. Мәселен, бір
ғана Иранда бәрі ирандық (аталмыш мемлекеттің жергілікті ұлты –
парсылардың үлес салмағы 45 пайыз ғана). Азаматтар тек діні және
тілі арқылы айрықшалануға тиіс. Бұл бөлініс ерекшелігі жақын
уақытта қазақ тілділердің үлесін көтереді. Қазақ тілділер саны-
на өзбек, ұйғыр, татарлар сияқты тағы басқа ұлттар кіріп кетеді.
Екінші бөлініс бойынша дін жағынан мөлшеріміздің 65 пайызы
мұсылман болса, мемлекетіміздің әлеуметтік, демографиялық
базасы күшейеді. Сонымен, тілдік, және діндік бөлінісіміз қазақ тілділер мен мұсылмандар үлесін 65 пайызға көтереді. Осылайша қоғамымызда тілдің және діннің рөлі арта түспек. Мұндай жағдайда аз ұлт өкілдері әлеуметтік маңызы бар салаларға шоғырланса құбақұп. Қазақ тілділер көбіне шығармашылық буындарға маңайлауы орынды. Мемлекетте ұлт, ұлыс теңдігі сақталып, мемлекеттік тіл – қазақ тілі тамырын тереңге жая түсуі тиіс және тіл критерийі және дін критерийі болуы керек. Қазаққа ұлттық артықшылық емес, керегі – теңдік. Ұлт саясаты тіл саясатына ауысқаны мақұл. Айта лық, демократиялық мемлекеттерде ұлт болмайды. Бізде де бара-бара барлығы Қазақстан азаматы деп аталуы жөн. Ұлт деген сөзді азамат, тіл деген ұғымдар алмастырса, алға қойған мақсаттарымыздың үдесіне жете түсер едік. Қазақ діншіл халық емес. Бұл бәрімізге белгілі ортақ ахуал. Атағы жұмыр жерді жаулаған есімдердің өзі мұсылман дінін аттай қалап, иемденіп жатқанда қазақтікі бар нәрсенің қадіріне жетпеу ме дейсің. Әрине, Иран сияқты діни мемлекеттің көшірмесі бола алмасымыз айдан анық. Ендеше, азуы алты қарыс Американың да, Англияның да, Жапонияның да жолымен жүру мүмкін емес. Сонда өз үнімізді – дербес мемлекеттігімізді қалыптастыратын тегершікті таппай, ақы ры ұлттық идеологияға тірелгеніміз еске түседі. Ұққанымыз ұлттың тіні – тіл. Тілдің бірден-бір тірегі дін десек қателеспеспіз. Осы ретте туатын сауал:
Дін мәдени күреске айнала ала ма? Иә. Өйткені, жылдан жылға діннің рөлі күшейіп келеді. Осы уақытқа дейін мыңдаған жаңа мешіттер салынған. Қазақстанда, шетелдерде діни қызметкерлер тәрбиеленуде. Жас діни қызметкерлер сан жағынан көп есе өсе түсуде. Біраз уақыттан кейін олар топтасып, қалыптасқан діни басқаруды жаңаша жаңғыртып, алғашқы төңкерісті жасайды. Келесі деңгейде жас діндарлар қоғамға және мемлекеттік саясатқа әсер етеді. Бұған Ауғанстан мен Пакистандағы және тағы басқа мемлекеттердегі талибан қозғалысы мықты мысал. Түрлі мұсылман ұлт өкілдері қазақтармен қосылып, саяси және діни белсенділік көрсетудің негізін қалау үстінде. Және Қазақстанның жас діни қызметкерлері мәдениетке, әдебиетке, публицистикаға, музыкаға ықпал етеді. Яғни діни үрдіс рухани өмірге құбылыс ретінде енеді. Бізге келсек, мәдениетіміз діннен тыс тұрғаны анық. Сондықтан алдағы уақытта діннің өнердегі формасы күшейе түсетіні мәлім. Біздіңше, қазақ мұсылманшылығында
бұрын болмаған құбылыс буырқаныс туғызады. Оған мүмкіндік туып тұр, негіз бар. Шартараптан шаңыраққа қарағанда Қазақстан дамушы елдер санатында. Естір құлаққа түрпідей тигенмен, амал қайсы. Сол естір құлақтан гөрі істер қол мен есті санаға қомақты жүк түсіп түр. Одан қалай, қайтіп құтыламыз деп шарқ ұрғанмен алдымызды кескестейтін кесел көп. Соның бірі – трайболизм. Бұған дейін болып келді. Бізді мазалайтыны бұдан кейін де бола бермек пе? Сонымен біз үшін бітпейтін тағы бір тақырып: Трайболистік құрылым және нарық Өзіміздегі орыс тілді және көрші Ресейдегі ақпарат құралдары оқтын-оқтын қазақ кландары туралы айтып қалып жүр. Біздіңше, бұл әңгімені: кландар Латын Америкасында, Азия, Африка мемлекеттерінде бар, яғни дамушы ел – Қазақстанда да болуға тиіс деген қағидадан шығарады. Қазақшаға шорқақ және ішкісыртқы табиғатымызды танымайтын саясаттанушылар Латын Америкасын, Азияның, тіпті Африка елдерінің мысалдары мен қағидаларын қазаққа да тән құбылысқа балағысы келеді. Бүгінде Қазақстанда қырық жыл тұрып, қырық сөз білмейтін саясаттанушылар мен саясатқұмарлар, қазақ пен Қазақстанның егемендігі ұзаққа жетпейтінін, оның тек Ресей шеңберінен алыс кете алмай, тізгіннен босап еш жаққа бармайтынын өздерінше дәлелдеуде. Бұл ретте қазақ номенклатурасы мен зиялы қауымы пәрменсіздік пен дәрменсіздік танытып отыр. Ал, Ресейшіл идеологтар қарапайым қазақ халқының билеушілері ұлтшылдардың ықпалында қалып, көзі ашылмайды деп сәуегейси, сары уайымға салынуда. Әрине, саралап көрсек, зиялы қауым да, билеушілер тобы да діттеген жерден шыға алмауда. Бірақ оларды дәрменсіз номенклатура ретінде бағалау бұрыс түсінік. Қазақстанда – саяси тиянақтылық. Кейбір кикілжің мен ұлтаралық дүрдараздықтар қоғамдық орындардағы, тұрмыстағы кішігірім шовинизм мен ұлтшылдықтан әрі аспады. Тіпті, кейбір жағдайда арнайы арандатушылық пиғылдағы сөйленген сөздер мен жарияланған мақалалар ұлттардың ұйыған тыныштығын бұза алмады. Қазақ пен орыс номенклатурасы дуалистік одаққа айналды. Бүгінгі күні номенклатураның орыс тілді тобы тек функционалдык маңызы бар қызметке ғана таласып қана қоймай, бірқатар саяси талаптарды алға тартқаны белгілі. Олар – қос азаматтық пен мемлекеттік қос тілділік.
Қазақстан тарихындағы номенклатура бірте-бірте қалыптасып, оқтын-оқтын жаңғырып отырды. Өткеніне терең бармай-ақ, тек бергі тарихына тоқталсақ, мына жайттарды айналып өте алмаймыз. Брежнев дүние салғаннан кейін Қазақстан билеушілер тобының арасында өзара күрес, текетірес, бақталастық күшейе бастады. Бұл күресті екі лагерьге бөліп қарастырған жөн. Ең алдымен орысқазақ номенклатурасы ішіндегі орыс номенклатурасы жеке-дара билікке таласты. Орыс номенклатурасы ішінде жергілікті тамырланып үлгірген билеушілер тұрғылықты қазақ шенеуніктерімен ынтымақты еді. Бұл билік бөлінісінде билеудің негізгі тізгіні орыс жетегінде-тін... Клан, фамилия, клиентелла – дамушы елдердің сорына қалып тасқан институттар. Оны тек құқықтық мемлекет пен нарықтық экономика күші ғана жеңеді. Түп-төркініне айналған ауылдан қазіргі шақта да қазақты ажырата алмаспыз. Бұдан қала бәрін қарық қылып, қатырады деген ұғым туа қоймауы тиіс. Алайда, урбанизация – мәдениеттің даму деңгейінің көрсеткіші. Осындай жағдайларда, талмауыр түс – этни калық бәсекеде есеміз кетіп келгені түсінікті. Өміріміздің өзекті мәселесіне айналған және бір басым бағыттың бірі –
Урбанизация және этникалық бәсеке
1989 жылдарға дейін қазақтардың алпыс пайыздан астамы ауыл-
да тұрып келді. Қырық пайызға жуығы ғана қала тұрғыны болып
саналатын. Олардың өзі шағын қалалар, жүмысшылар поселкелері
не қалаға жақын уақытта көшіп келгендер есебінде еді. Өркениетті
елдер өткен жолға үңілсек, қала мәдениеті рухани өнімдердің
тұтынушылығын тудырады. Және халықтың алпыс пайызы қалада
тұрмай, рухани-мәдени өмірде айтарлықтай құбылыстар бой көрсете
қоюы неғайбыл. Тек қала мәдениеті ғана биік деңгейдегі мәдениет
үлгілерін тудырады. Қазақ жұртшылығы қалаға, қала түбіне
шоғырланса құба-құп.
Тек 1995 жылдан бастап қазақтар ауылдан қалаға көшуді жал
ғастырды. Бұл үрдіс 1992-94 жылдары тоқтаған болатын. Соның
өзінде ауыл ахуалы бүгінде қатты алаңдатулы.
АҚШ-та ауыл шаруашылығында халықтың үш пайызы ғана
істейді. Басқа белсенді халық өндірістік салада. Жалпы мүлде
жұмыссыздар 7 пайызды құрайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей
ауылдың өндіргіш интеллектуалдық жайы қанша дегенмен кенже.
Бар өнерлі адам негізінен қалаға қоныстануы тиіс.
Әр ұлттың өз тағдыр-талайы, өз жол-жосығы бар. Қай ұлттың да өркениеттен қалар ниеті жоқ. Өйткені, ешқайсысына да арнайы артықшылық жасалмаған. Және ұлттың мәртебелі міндеті сол – өзін әлем алдында таныту, мықтыларға мойындату. Бұл ретте мені көрдің бе, деп көкірек соғудың қажеті бола қоймаған. Осы орайда бүгінімізді бағамдап, ертеңімізге елеңдеу орынды. Манадан бері де болжам-пікірмен өз ойымызды саралап жатқандағы мәселе сол – Қазақ ұлтының болашағы Бүгінде белгілі болғанындай, қазақтың ертеңі екі нәрсеге байланысты. Бірі – демографиялық тез өсуіне, екіншісі – сапалық көрсеткіштердің жоғарылауында. Айталық, білім дәрежесі күрт көтерілуімен интеллектуалдық, шығармашылық бағыт алуына көп нәрсе байланысты. Және халыққа аса қажетті өнім өндіруге қызмет ету – уақыт талабы. Бір көңіл қуантарлығы, қазақ санасына коммунистік пиғылдың терең ұяламағандығы. Коммунистік идеология уағызын соғатын қарияларымыздың өзі санаулы ғана. Кезінде қазақтар қалай коммунист болса, қазір дәл солай рухани құндылықтарға бұрылғаны байқалады. Қазір де Ресейден басты айырмашылығымыздың бірі – осы. Халықты еліткен Ресейдің коммунистік санасының сарқыншағы дүйім елді дүрліктіруге ықпал етуде. Саяси бағдарымыздың ерекшелігі сонда – коммунистеріміз көршіміздегідей бой көрсетпей отыр. Қадап айтар нәрсе – қазір бізде ұлттық сананы қостаушы пиғыл басым. Қанша жалтақтық сана қалыптасты, саяси белсенділігіміз аз дегенмен де қазақ жастарының санасы белгілі бір дәрежеде трансформацияланды. Халқымыздың алпыс пайызын құрайтын жастар нарыққа жедел бейімделіп, нарыққа жеңіл кіргенімізді аңдамай қалдық. Болашақ бұлдыр емес. Кейде бордай үгітіле беретін өзіміз. 2004 жыл Бізге керекгі «Ұлы өркениет» емес, Ұлы рух! Қазақ ұлты өркениеттің тар жол, тайғақ кешуін сан мәрте басынан өткеріп келеді. Бір кездері бізді Батыс та, Шығыс та еріксіз мойындаған. Тіптен көре алмаушылықпен «медицина» біздің
сөзіміз, ол бізден шыққан деген іспетті пендешілікке де барған. Оның ғұлама Ибн-Синаның атымен байланысты «Синаның медеті» (парсы тілінде «Мәтәд Сина») деген мағына беретінін кім білмейді. Мәселе ұлттың әлем алдындағы өз орнын табуында. Міне, кезіндегі осындай өркениетті елдің ұрпағы бүгін бір өзгеше соқпаққа тап келіп, жауапты да ауыр жолайырықта тұр. Көшпелілердің өзіне ғана тән өркениеті өркен жайып, жиырмасыншы ғасырдың бас шебіне аяқ тіреген. Содан «ұлы өркениет» деген дүрбелеңге еріп, бүгін құр сүлдері қалды. Олай болатыны – «ұлы өркениет» санаға сыйымсыз адамзат алдындағы асқақтыққа асығып, тұла тәнінен сұлулық атаулыны сылып тастады. Ұлы жорықта ұлы құрбандықтың болары хақ. Алайда, бір ғасыр емес, сан жүз жылдықтың қиыр-шиыр катаклизмдері мен тағдыр тәлкегіне төтеп беріп келген үрдісті – сұлулықты быт-шыт үзіп тастау жанарына қан толған қызылкөзді қатыгездің ғана қолынан келер еді. Варваризм! Оның ақыры – ақтық демі жетпіс жыл ғана: «Біз, Кеңестер Одағы – ұлы өркениетпіз!» – деуге жеткен. Тарих доңғалағы кері айналмаса да, қателікті көзге шұқып көрсетті. Қазақтың ұлттық менталитеті – жер, кеңістік және төрт түлік мал қашанда маңызын жоймақ емес. Шама-шарқымызша солар арқылы халықтық қалпымызға келе алармыз да. Әзірше, жылқы не түйе мініп тыраштанғанымызбен, экспресс пойызы бар өркениетті қуып жету мүмкін емес. Өркениеттің заңы солай. Кім бүгінгісін жаңаша жаңғырта алса, жол соныкі. Ендеше, ұлттық рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық байлығымызды бағамдай отырып, әлемдік өркениеттің есігін қақсақ, есті іс сол. Қазір мемлекеттік деңгейден мектеп партасына дейін бәрібәрі тығырыққа тірелді. Халықтың айтуынша, бұған нарық кінәлі іспетті. Түсінігімізді тұманнан тазарту үшін кейбір көлеңкеде қалып қойған жайттың басын ашып алған абзал. Соның бірі – құлдық сана. Мұны айта да, жаза да жауыр қылдық. Сәл-пәл сілкініс болғанымен, сол тоң боп қатқан құрсаудан санамыз сытылып шығып кеткен жоқ. Құлдық сананың құрығынан құтыла алмай жүрген шерменде халде әлемі бөлек базар парқы араласты. Күрмеуі қиын нарық жайын жетпіс жыл бойы бұғауда тұншыққан сана жақсы түйсініп, жете түсіне қоюы мүмкін бе? Оның түбінде экономика ғана емес, керек десе, саясат, иман, адамгершілік, тағы басқа мәселелер болып, жалғаса беретінін тереңірек ұғынсақ. Бұрындары базбіреуге телініп, тәуелді болып келсек, енді өзімізгеезіміз қожайын. Бесіктегі баладан таяғына сүйенген кейуанаға
дейінгі тіршілік тынысы – қалайда жан бағудың амалы. Қалтасын калыңдатудың амалын тауып жатқандар бар. Сорына орай, сорпасынан қарадай қағылып жүргендер жетерлік. Енді қарап отырсақ, өмір сүре білудің өзі өзінше бір өнер. Өзіндік идеологиясыз құлдық сана бұғауынан босанып, нарықты парықтап, өркениетті елдер қатарына қосыла аламыз ба? Зады, кеш қимылдайтын халық едік, бұл сәтте сан соғып қалмасақ игі. Бізде қат-қат заңдар қабылданып жатыр. Алайда, соның жүйелі идеологиясы жоқ қоғамда жүзеге асатыны күдікті. Қазақстан қазақ ұлтының мекені болғандықтан идеологиясы қазақы салт-санаға, ұлттық мүдденің ерекшелігіне негізделуі тиіс. Әйтпегенде, көзіміз көріп отырғандай, келімсектерміздің өзі-ақ күні ертең «отанымыз» деудің орнына, «отарымыз» демесіне кім кепіл? Рас, Қазақстан көп ұлтты халықтарды қоныстандырған. Бірақ, Америкамен, ондағы азаматтық санамен салыстыруға, шатастыруға негіз жоқ. Қазақстанның сан мың ғасырлар қойнауынан сыр тартқан бай тарихы бар. Әлгі американдықтардың, қара, не ақ нәсілі болсын, өз тулары көкке көтерілгенде көздеріне жас келіп, көңілдерінде толқын ойнақшитыны белгілі. Бұл ретте біздің көп ұлтты Қазақстан халқына да осындай өз Отанына деген шынайы сүйіспеншілікпен қарайтын көзқарас қажет-ақ. Қазақстан тыныш. Шүкір. Бізге азамат соғысы да, басқа кішігірім кикілжіңнің де керегі жоқ. Бабаларымыз – бейбіт тумысты, тыныш тұрмысты қалаған. Жағаға қол салып, жайлауға жол салған жауына ғана шапқан. «Жанға жан, қанға қан!» деп қарсы тұрған. Өліспей беріспеген. Арын аяққа таптатпай, намысын биіктете байрақ қылып ұстаған. Осы уақытқа дейін жігерінің жасып, тыныстың тарылмағаны содан болар-ау! Тарихтан білетініміз – әділетсіз соғысты қозғаушы, қоздырушы лар ешқашан, ешқандай жеңіске жетпеген. Тек рухы әлсіз халықтың басына қара бұлттың үйірілгенінен хабардармыз. Аққа құдай жақ болса, біздің халық о баста әділеттің ақ жолына жүгінген. Дегенмен, ауырмайтын дүние жоқ көрінеді. Адам да, заман да, табиғат та, қоғам да – бәрі-бәрі әр кезде бір дертке тап болып отырады екен. Сол сыз қазақтың санасына да көлеңкесін түсіріпті. Қазақстан дамушы елдер қатарында. Дәл бүгін жоғарыдағы ащы жағдаят бізге сабақ болуы тиіс. Өйткені, өз Отанында, өз елінде жүріп, өзге ағайындардың еркелігін көтеру күпірлік. Шектен шыққан еркелік кімге керек? Момын, қонақжай халық екенімізді алға тартып шыға келеміз. Жоқ, тұла бойымызды жаулап алған қорқыныш, үрей тылсымымызды тұмшалаған.
Егемен ел атандық. Еңсеміз көтерілгендей. Алайда, азаттықтың шынайы сезімі бізді билей алды ма? Кезінде тәуелсіздіктің туы желбірегенде қуаныштан жарылып, көзге жас алғанымыз шамалы. Оған көп мерекенің бірі іспетті қағажу қарайтындарымыз жетерлік. Өз елінде өмір кешіп, еркіндіктің иісімен терең тыныстаудың не екенін түсінуді түйсікке тым ауыр қылған қоғамға не шара? Бұрнағы даласында түрмесі болмаған халыққа демократияның не екенін «үйрететін» халге жеттік. Қалай дегенмен де, бұл аурудан айықпай, бас иелігімізді беріп қоюымыз күмәнсіз. Бастысы – рух орталанса, кімге, неге болса да тез отарлану ғажап емес. Жоғарыда сөз еткен ұлы жүктің ара салмағын әлі айыра алмай жатырмыз. Қазақ халқының қылша тағдыры жас ұрпақтың мойнында, яғни, «тар жол, тайғақ кешумен» бүгінге демігіп жетіп, демін басқан халық жер бетінен жойылып кете қоймас. Жан қалар-ау. Үзіпжұлынып, қиқаланумен ілдәлдалап келе жатқан рух өшіп, кеш керуенге ілесе алмаса – сын. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық құлдырау кезеңі мәдени-рухани өрлеудің (ренессанс) себепшісі десек, енді аздан соң бұл құбылыс заңдылыққа айналу тиіс. Және солай болып та жатыр. Яғни, бізге дейінгі еш ұрпақтың пешенесіне жазылмаған бақ пен ауыртпалық арқасында тарих толғағы арамыздан алып тумысты таланттар шоғырын шығарарына күмән тумас. Сол «Алыптар тобы» адамзат алдындағы қазақ халқының тұтас болмысын айқындап беруі керек. Еңсесін түсіріп, есі кеткен бар асылын қайтарып алуы қажет. Дейтұрсақ та, сорақысы – сыртқы сұлбаның сиқына деген сұраныс артты. Тіршілігімізде өткенімізден бетер аста төк алдамшы қызық, әбүйір әпермейтін әпербақандық, тәубаңа түсірмейтін тойымсыздық, оңай опынтатын ойсыздықтардың шетсіз-шексіз желісі жалғасуда. Қапа болған Бальзактың «Бүгінде оқыған адам бар ма? Барлығы сәнді киім ілгіштер ғой» деген сөзі ойға оралады осындайда. Өркениеттің үлгісі мен Хандық биліктің тарихи жалғасы Саясатта кімде-кім үстем түспесе, қалыс қалып, қағажу көрінгісі келмейді. Дейтұрғанмен не артық, не кем белсенділік зиянға шығады. Оның үстіне бұл кездегі билікті тұлға бекітетіндігін білместік не санасқысы келмегендік белгісіндей әсер береді. Тұлға деп отырғанымыз түсінікті болар, ол – Президент. Елдегі басты билік жүйесі де – Президенттік институт. Қалғандары – соның
қадасын қағып, керегесін кеңейтетін құрылымдар. Осы заңдық тұрғыдан сараланған міндеттер шеңберінен кейде шығып кетіп жатады. Сәт сайын көтеріліп қалатын «Конституцияға өзгертулер ен гізу керек», «Парламенттік басқару жүйесін күшейту қажет» деген орайдағы ойлар аяққа оратылатыны белгілі. Бұны айтатындар, әрине, оппозиция өкілдері. Не себепті? Біздіңше, басты себептердің бірі әлі күнге әлгі билік тұтқалары Президенттік институт жүйесін жетілдіре түсудің орнына, оны жете түсіне алмай жүрген сыңай байқатады. Басқаға өкпе жүрмейді. Халқыңыз жоғарыға қарайды, ал осының бәрін оппозицияңыз оңтайлы пайдалануға тырысады. Он жылдан аса уақыттан бері өз ұстанымымызды әбден ілгері түрде қалыптастырып тастамасақ та, саяси, ғылыми тұрғыда салмағын арттыра түспес пе едік. Алайда, керісінше жағдай қалыптасты. Көз жеткізіп көрелік. Тоқсаныншы жылдардан бері бірнеше рет Парламент сұрып талып, қайта сайлану үстінде болды. Үкімет те соның кебін құшып, қайта-қайта орнын суытып, сараланып жатты. Әлсін-әлсін әкімдер мен министрлердің ауысуы халыққа әсер етпей де қалды. Қазір жағдай ептеп түзеліп келе жатыр десе де, осыған дейін көрген қиыншылықтар ұмытылмай тұр. Қиыншылық әлі де аз емес. Мұның бәрі қоғамдық саяси жүйелердің жаңа талапқа сай, яғни, ескі әдетғүрыптан біржола қол үзіп, өз соқпағын саралайтын жағдайға жете алмай жатқандығын көрсететіндей. Қазірде сол санаттан ілгері кете алмай жүрген жай бар. Мұның кесірі бүкіл қоғам мүшелеріне тиіп отыр. Ақыры мынадай тенденция қалыптасты. Ол – халықтың жанай қайы Парламенттің залдарынан батыл әрі ұдайы айтыла беретіндігі. Оған себеп, халық орындаушы органға – үкіметке жүгіне-жүгіне үмітін үзген. Қашанғы үйреншікті нәрсе – кабинет-кабинетті кезіп шаршайтын құрғақ уәде. Биліктің үшіншісі – сотқа барып бас ауыртып, уақытын бос өлтіргісі жоқ. Сөзі өтімді бұқаралық ақпарат құралыңыз екінің біріне мырзалық таныта бермейді. Өзінің қолдайтын, қорғайтындарына келгенде ғана бебеулеп, байыз таппайды. Содан «Жоғарыға дауысым жетер ме?» деген қара табан халқыңыздың жан дауысы, мұң-зарына құлақ асса, бір ғана адам тыңдайды. Ол – депутат. Сайлаушыларымен кездескен соң Парламентке келіп, «халық ашулы, үкімет не қарап отыр?» деп, оның мүшелерін шақыртады. Жарты сағат тыңдағаннан кейін-ақ жалығып кетіп, өзара бітімге келгендей тарқасады.
Бұдан шығатын қорытынды, Президенттік институт ұғымына саясиланған сипат пен Елбасының саяси қызметі тұрғысында ғана қарап қою аздық етеді. Яғни, Қазақстан Президенті институтына құқықтық, саяси және әлеуметтік тұрғыда түсініп, жетілдіру қажеттігі туындайды. Басты сауал – «Қазақстан Президенті» дегеніміз кім, «Қазақстан Республикасы Президенті институты» дегеніміз не? Бұл сұраққа қарапайым әлеуметті қайдам, мемлекеттік шенеуніктеріңізді ұйықтап жатқан жерінен түртіп оятқанда жауап беріп қана қоймай, күнделікті қызмет аясында қалай қиысып, қалайша жүзеге асатынын айта да, іске асыра да білуі қажет-ау! Осы ретте саясаттанушы, аталған мәселені жете зерттеген ғалым, заң ғылымдарының докторы Бағлан Майлыбаевтың төмендегі мына бір қызғылықты дерегіне ден қойсақ. «Президент институты қандай елде болсын сол мемлекеттің өткен билік жүйесімен тамырлас. Айталық, Францияның Президенттік билік жүйесінің табиғатын тану үшін монархиялық, бонапарттық дәстүрді зерттеу шарт. Ал, Германиянікін білгіңіз келсе, немістің монархиялық дәстүрін зерттеу қажет болады. Енді өз тарихымызға оралайық. Кеңестер жүйесінің күні батқан соң Қазақстан өзінің тарихи мемлекеттік дәстүріне қайта оралды. Ол – хандық билік дәстүрі еді. Танданатын ештеңесі жоқ. Бұл жердегі әңгіме кешегі және бүгінгі таңдап алған билік жүйелерінің ұқсастығында. Оған көз жеткізу үшін Қазақ ордасындағы хандық билік институты мен Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттардың ұқсастықтарын қысқа шолып көрелік. Жалпы ұқсастық: а) сайланбалылығы; биліктен аластату мүмкіндігі (хандық би лікте – хан талау, президенттік басқару жүйесінде – импичмент); б) басқару жауапкершілігі (хандық билікте – хан сарқыты; президенттік басқару жүйесінде – Президенттің заң алдындағы жауаптылығы); в) хан да, Президент те мемлекет басшысы, халық өкілі. Ғалымның бұл зерттеуіндегі Қазақстан Президентінің институты хандық биліктің тарихи жалғасы екендігі секілді мәселенің ғылыми тұрғыдағы дәйек-дәлелдері әсіресе, шенеуніктеріміз үшін артықтық етпес еді. Және дәл қазіргі «Билік жүйеміздің салмағы мен болашағы қандай?», «Бізге өзі қандай билік жүйесі лайық?» деген таңдау уақытының сауалдары мазалап жатқан тұста тіптен санамызды сақайта түсу үшін қажет-ақ. Жалпы, Президенттік билік институтын өз тұрғысынан жетілдіре, дамыта білген елдердің ісі жемісті. Ең бастысы – осы жүйенің үздік саналатыны арғы шыққан тегі демократияның эталоны есептелетін АҚШ екендігінде. Солай
болды екен деп, өз елінде де нақ Америкадағыдай жүйені қондыра салуға болмайды. Өз ерекшелігің мен менталитетіңді ескергенде ғана аталған билік жүйесі саған қызмет істей бастайды. 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне өткен 183 мемлекеттің 130дан астамы Президенттік билік жүйесінде жұмыс істейді. Бұған қоса әлемдегі 84 мемлекетте де аталған билік жүйесі сарт-сұрт қозғалыста. Жоғарыда айтқан себеп-салдары тұрғысынан қарасақ, Пре зиденттік билік жүйесі бізде толыққанды қалыптасып үлгерген жоқ. Ғылыми тұрғыда зерттеу жағы өз алдына, оның Қазақстан мемлекетіне лайық формасын әлі де жетілдіре түсу қажеттігін шенеуніктеріміз шын сезінетін кезі келді. 2004 жыл. Жұтып қоюға қарсылықтан өзара тәуелділікке Ғалымдар сусап қалыпты. Теледидардан ара-тұра айтылып қалатын, газеттерде жаппай болмаса да жазылып жатқан жаһан дастыру мәселесі ғылым қайраткерлерінің де ішін қыз-қыз қайна тып жүрсе керек. Аталған тақырыпты әрқайсысы өз саласының тұрғысынан қызу таразылап жатты. Жаңалығы да сол – физик физикалық жағынан, биолог биологиялық тұрғыдан, саясаттанушы саяси қырынан т.б. саралауымен салмақты көзқарастар жүйеленген. Тіпті йогурттың жаһандастыруға қандайлық қатысы бар екенін академик биолог-ғалым, Мая Шығаева дәлелдеп берді. Негізгі зерттеу нысаны мемлекет қайраткері мен дипломаттың арасында жазысқан хат, ондағы басты тақырып – жаһандастыру. Түсінікті болу үшін, осы хаттарға, өзара алмасқан өзекті ойларға азкем тоқталуды жөн көрдік. Бізде қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауымның белгілі бір мә селеге хат жазысулары сирек кездесетін жайт. Бұл эпистолярлық жанрды Шерхан ағамыз бен марқұм Камал ағамыздың ғана жан дандырып, еліміздің бас газетіне жазғандарын жариялады. Клас сиктердің бірі хаттарды «адамгершілік құжаты» деп бекер айтпаса керек. Бұған екі жақты пікірлердің түйіскен жерінен ақиқат туарын қосыңыз. Жаһандастыру тақырыбы бізде енді қызу талқылана бастаса, Иманғали Тасмағамбетов вице-премьер, Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі бо-
лып жүрген жылы аталған жайтқа егжей-тегжейлі көзқарастарын
білдірген екен. Алғашқы хатты батыста жүріп, жаһандастырудың
жай-жапсарына әбден қаныққан ақын Олжас «Тәуелсіздіктен –
өзара тәуелділікке...» деген тақырыпта жазып жіберген көрінеді.
Оған қайтарған жауабында Иманғали: «Мен – бір-бірімізді байыту
жағындамын, бірақ жұтып қоюға қарсымын» деген түйінді ойын
тарқатады. Осы жолдардан-ақ олардың ұстанған басты бағыттары
айқын екені аңғарылады. Айталық, И.Тасмағамбетов пікірін одан әрі
былайша сабақтайды:
«...Мен іс тап осылай болып тұр деп қорқамын. Біз оны қалаймыз
ба, қаламаймыз ба, әйтеуір, мәдениеттер арасындағы шекараның
өшіріліп бара жатқан процесіне тартылып кеттік... Бұған қалай
қарсы тұрамыз және қазіргі заманның осындай тегеурінді
тықсыруына нені қарсы қоямыз? Глобалдандырудың жабысқақ
жолбикесі – батыстың желбуаз мәдениетінің басыңқы ықпалынан
өзімізді қалай ғана қорғап қаламыз?.. Әрине, гәп «макдоналситер»
мен пепсилерге емес – өмір салтының, ментальдіктің, жақсылық
пен жауыздықтың қыр-сыры тегістеліп, жойыла бастады.
Көп жылдар бойы маргинальды (дүбәра, шеткері) жағдайынан
түзеле алмай жатып, ұлттық мәдениет екінші бір шетке шығандап
кетті. Әлі түзіліп шықпаған ұлттық мәдениеттер глобалды
мәдениетті жасауға тек құрылыс материалдары болу ісін атқара
алады...».
Иә, келешекте дүниенің тұтастануы мен ұлттық мәдениеттің
әлемдік деңгейде жұтылып кетпеуі жаһандастыруды жете түсініп
қабылдауға байланысты. Ұлттық мәдениеттің толыққанды да-
муында ғана ол жүзеге аспақ. Бұл Қазақстан сияқты жас мем-
лекет үшін тіптен маңызды. Оны мемлекет қайраткері қолдай
отырып, одан әрі тарқатады. Ал, ақын жаһандануға қарсы да
емеспін, қолдамаймын да дей отырып, оған іш тартатыны
байқалады.
«...Бұ күндер, жұрт арасында кім айтқаны белгісіз, «глоба-
лизм» деген сөз әбден әйгілі болып кеткен. Маған осынау сөз та-
рихи жағынан алғанда болашағы аса мол, ең бастысы – заңды
құбылыстың мәнісін толық түсіндіре алатындай болып көрінеді...
Глобализм қазір ұлы мемлекеттердің де саясатына әсер ете баста-
ды. Біздің бәріміздің жалпы болашағымыз да осы терминнің қай
мәнінің басып-асып түсуіне байланысты болатын шығар» дейді
ақын.
И. Тасмағамбетов пен О. Сүлейменов хаттары («Ана тілі» газеті, №41, қазанның 11-і, 2001 жыл). Жалпы, ақын айтып отырған мәдениеттің жаһандастыруы бүгінгі әлемдік деңгейдегі шындыққа айналып барады. Дейтұрғанмен, жаһандастырудың теориясы жоқ. Сондықтан да шығар, ақынның ол жайында нақты көзқарас ұстанбай-ақ, бүйрегінің бұратыны. Ал, мына пікірлері таң-тамаша қалдыратыны рас: «Ру – ұлт – аймақ – құрлық мәдениеттері... Адамзаттың алуан түрлі глобалды мәдениетіне апаратын сатылар мен басқыштар, міне, осындай... Итальяндарда ежелгі Римнен мирас болып қалған: «Бүкіл әлем – бір ел!» деген мәтел бар (мен оны қайталағанды ұнатам)». Міне, осы жолдардан кейін аталған хат авторларының мүлдем екі көзқарас ұстанатындығы анық аңғарылады. Әрине, бүгінгі күні ел үшін маңызды мәселеге қоғамдық санаға ықпалды тұлғалардың өз ойларын бүкпесіз ортаға салуы ерекше маңызға ие. Оның үстіне аталып өткен екі қайраткердің арасындағы хат жазысу – әлемдік ортақ мәселені шешудің сан түрлі жолының бір көрінісі іспетті. Жаһандастыру – біз үшін жаңа мәселе, соны сауал – Не істеу керек? Бұл сұраққа жауап та қайшылықты, екі жақты. Олжас Сүлейменов: «Антиглобализмнің ақиқат кейпі – ыдырау. Халықтардың осынау жарылыс секілді ыдырау процесін, мұнымен кездесуге бет алған интеграциялық процесс қана, «Тәуелсіздіктен – тәуелділікке!» деген ұранмен тоқтата алады». Иманғали Тасмағамбетов: «Меніңше, адамзаттың тарихи дамуы ның ең терең-тұңғиық ғылыми жаңалықтарының өзі, ең жақын футурологиялық теориялардың өзі бізді қателіктерден құтқарып қала алмайды. Бізді тек қана халықтың тарихи тәжірибесіне, оның «рұқсат етілгендері мен тыйым салынғандарының жүйесіне» сәйкес келетіні ғана құтқара алады – ал, соның өзі өткен ғасырлар лебізімен білдіріліп, болашақтың мұқтаж қажеті үшін қабылданған емес пе?» Үлкен ақын мен биік лауазым иесі жаһандастыру мәселесін осылай талдапты. Осыған қарап та жаһандастыруыңыз есік қағып келіп тұрған жоқ па өзі деп қалады екенсің. Әсілі, қамданған қапы қалмас. Нарыққа өзбек пен қырғыздан бұрын кіргеніміз сияқты, жаһандастыруға да сол екі көршіден бұрын сүңгіп кететініміз қазірдің өзінде белгілі болып тұр. 2003 жыл.
Нарық бәйгесі – намысшыл!.. Сана екіге жарылды. Бірінде жаңа, екіншісінің еншісінде ескі көзқарас. Тайталаста қайсысының жеңіп шығатыны өз алдына, ондағы ой: қалай өмір сүреміз, қоғам қашан тұрақтанады? Нарықтың найсаптығы сол, жауабы да жеделғабыл: Өмір өз қолыңда, ешқашанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоғам тумақ емес! Асанқайғы қарт іздеген жерұйықты енді ешкім де алты қат аспанды шарласа да, жеті қабат жерге түссе де таппайды. Бұл үлкеніміз бен кішімізге, таланттымыз бен тарланбозымызға ортақ. Бүгінгі күннің басы ашық сауалы: «Ақылды болсаң неге кедейсің?» дейді. Салыстырмалы тұрғыда қарасақ, бұл сұрақтың мазалағаны бертінгі кез. Кешегі кеңес уақытында ақылды мен ақымақ тең: тамағы тоқ, көйлегі бүтін еді. Мәселе – аз не көп іс тындыру емес, тіпті санаңыздың зор, мүмкіншілігіңіздің молдығында да емес. Барлығына бірдей ақы, бәрі тең! Қысқасы, «дүние кең». Бұл бір. Екіншіден, өнер өгей баланың күйін кешпесе де, идеологияланды. Оған бір есепте үкімет мүдде лілікпен қарады. Және музыкаға кім сұраныс берсе, соның әуеніне елтуге тура келетінін ұмытпауымыз керек. Сталин заманында мәселені кадр шешсе, енді ақша шешетін кезге келдік. Өркениетті елдің өлшемімен қарасақ, «ақшаны жасайтын ақылдылар!» Өкі ніштісі, өркениетке бізге әлі ертелеу. Әрине, Америкадағыдай кім мықты, қайсымыз талантты, соның есімін көрнекті жерге қастерлеп жазып қоя қойған жоқпыз, содан да, демократия толық тұғырына қона қоймаған шақта әлеуметтік теңсіздіктер, әділетсіздіктер шырмауы заңды деп қарастырмауға шара жоқ. Бірақ, таланттың бағы тайып тұр деп жар салудың және реті жоқ па дейсің. Бірден жаңа заманға көндігіп, жаңа талапқа жауап беру қиындау шаруа екенін бастан өткеріп жатырмыз. Қайсыбіріміз өткердік. Әсіресе, жастар жағы. Аға ұрпаққа оңай соқпай отырғанын өздері айтып жүр. Алайда, қайтесіз, нарық бәйгесі намысшыл: сізден талант пен іскерлікті ғана талап етеді. Бұл жерде атағыңызды саудалай алмайсыз. Тәртіп солай. Көнгіңіз келмей ме? Бәйгеден шығып қаласыз. Қалай болғанда да өнердің төрешісі – халық. Қанша қиын уақыт десек те, көзі қарақты қауымның барлығы да көңіл ауанында, жүрек таразысында. Қолынан келгенінше таланттысына көмек беріп жатыр. Бір ғана мысал. Кешегі өткен бір айтыстағы Мэлс Қосымбаевтың өнеріне тәнті болған азамат астындағы темір тұлпарынан түсіп бергені «өнер өліп барады» деген байбаламға берілген әділ жауап. Бұдан кейін «таланты тас жармаса, бас жаратын» қара бала ауылдың
шаңына қақалып қалып қояды деп кім айтады? Соңғы сиырын сатса да ауыл болып, аймақ болып «тесік моншақты жерде қалдырмайтын» қазақтың қарны ашса да, қадірі қаша қойған жоқ. Әттеген-айы, біздің осы мәселелерді мемлекеттік деңгейде реттеп отыратын мәдениет жүйесінің нарық мекемесі бар жүкті сол халыққа артып қойғандай әсер қалдырады. Бұл еліміздің мәдени жүйесінің нарық қоғамында қалай қалыптасуы қажеттігін бір ізге қоя алмай келе жатқанымызды аңғартпай ма? Иә, бізде талант мемлекеттен гөрі халыққа жақын. Бірақ, талант – мемлекеттің эмблемасы. Қайбір жылы көзді ашып-жұмғанша өте шыққан дәстүрлі доп додасы Роналдоның талантты болмаса, Бразилияның қайбір провинциясының көшесін тоздырып жүре беретіндігіне кепілдік берді. Ал, неміс «машинасының» күл-талқанын шығарған хорват тықтар ойыны талантқа қамшы басатын өр намыс, биік патриотизм екенін ескертті. 2002 жыл. Өтпелі уақыт – өкпелі халық Өзіміз өтпелі уақыт деп көңіл демдегенмен деміккен жай бар. Халықтың өкпелі екені рас. Содан ба, заманның зарын айтып, саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырдық. Президентіміз Н.Назарбаевтың тоқсаныншы жылдардағы мына тұжырымына құлақ түрсек: «Саясат – қалың орман, қолыңда компасың болмаса адасасың». Бұған алып қосар жоқ. Тек осы ретте сәл шегініс жасалық. Саясат біздің ғұмырымызда таусылмай тын тақырып шығар, бәлкім. Оған кәнігі кәсіпқой тұлға мен тір шілікті тәрк еткен тұлдыр да бара алады. Айырмасы – өнерінде. Бұл аксиоманың анық-қанығына уақыт қана жете алды. Бүгіндегі кәсіпқой тұлғаларымыз саяси қажеттіліктің үдесінен дөп түсе алмаса, қалғандарымыз саяси мәдениеттілікпен санасқымыз жоқ. Яки, екеуінің арасы алшақтап, шексіздікпен шендескендей халде. Мұны қоғамымыздағы қалыптасқан саяси ахуал демеске лаж жоқ. Халық өкпелі. Мына қиямет-қайымы көп уақыт, шын мәнінде, өтпелі ме? Ендігі не нәрсенің де шеті-шегі көрінер еді. Өкінішке орай, олай болмай тұр. Сонда кінә кімде? Бұл өтпелі уақыт деп сендірумен жүрген басшылықта ма, әлде олардың: «Сендер тыныш отыра беріңдер, біз бәрін жасап береміз» – дегеніне имандай иланған халықта ма? Кінәратқа кімнің де ортақтасқаны орынды. Қателіктің көбіне басшылық орыннан кететіні түсінікті. Біздіңше,
осы ретте қоғамымыздың құлдилауын тездеткен екі фактор бар. Біріншісі, мемлекеттік жауапкершіліктегі тұрақсыздық та, екіншісі, нарық бәсекесіндегі билік иелерінің оппозициялық топтармен санаса бермеуі. Міне, осыны тарқатып көрелік. Оппозицияның оңалғаны – істің оңға басқаны. Бұл – өркениетті елдер өткен жол. Бірақ, дәл қазіргі таңдағы ахуалымыз Президентке ғана қарап тұрса, кәнеки. Қираған нәрсені қалпына келтіру өте қиын. Енді билік басына қандай адам келсе де, үлкен ауыртпалыққа тап болады. Бір қоғамнан екіншісіне ауысар шақтың қайғы-қасіреті күшті және күшіне ене түсетінін көрдік, сезіндік, селт ете түстік. Селт еткеніміз сол, тым байбаламшылдыққа бой ұрып барамыз. Саяси мәдениеттілікпен санаспаушылық деген осы. Жалпы мұндай мемлекеттік жауапкершіліктегі тұрақсыздықтың белең алғаны неліктен? Мемлекеттік жауапкершіліктегі тұрақсыздық сол – әркім өз орнына лайық не лайық еместігімен санаса бермеуінде. Жаңа уақыттың шекпені иығына қолапайсыз тұрса да қомсынбауында. Ақыры, халыққа қадірі кеткенде ғана орнынан оңбай омақа асу қалыпты жайтқа айналды. Қандай заман тумасын пенде пенде күйінде «әлеуметтік хайуан» күйінде: қатыгездігінде, мейірімділігінде, жасампаздығында, жойқынпаздығында қалады. Қазірде сол соқпағымыздан танбадық. Жатталып жауыр, тапталып таптаурын болған қалпымызды құрбандыққа шала алмадық. Ең бастысы – саясаткерлер, жалпы әлеумет, бүгінгі қауым бірінші кезекте қандай қоғам құруымыз керектігін осы уақытқа дейін толық түйсіне алған жоқ. Құқықтык мемлекетке негізделген нарықтық қарым-қатынастарға көшеміз деген ойлары – әлі күнге ой, жоспар, тәтті арман күйінде. Оның ішкі астарын ашып, іске асыруға күнделікті күйбең тірлік қай-қайсымызға қандай жолмен, қандай әдіс-айламен бара алатындығымыз бұлдыр. Бұдан кейін тұралаған атша тұқыртылып, әр нәрседен-ақ тауымыз шағылып, тауанымыз қайтқан күй кешудеміз. Басқа-басқа, біз әлі күнге дейін нарыққа құрылымдық басқару, білікті мамандармен оны қамтамасыз ету тұрғысынан дайын емес көрінеміз. Республикамыздағы тұрғындардың әр оныншысының біреуі ғана нарық экономикасын таза түсіне алған. Ендігі уақытта нарық экономикасының ішкі, тіпті сыртқы саяси өмірімізге ықпал-әсері зорая түспек. Өйткені, тығырықтан шығаратын дамудың дабырайтып айтсақ даңғыл, жұқартып айтсақ жарқын жолы әл-әзір біреуақ. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын таңдап алған нарықтық эконо-
мика. Енді біз оны жақтырмай тастағымыз келгенмен, ол бізден айрылмайды, «Тас кенеше» тас түйін жабысып алған. Осы мемлекеттік жауапкершіліктегі тұрақсыздықтың алдын алудың жолы бар ма? Неге болмасын, о баста қызметке таға йындағанда мемлекет алдындағы жауапкершіліктің (әсіресе қа зіргі уақытта) жеңіл еместігін әбден сезіндіру керек секілді. Әйт пегенде, кешегі Премьер-министріміз Терещенко мырзаның «Мен саясаттан қол үзбеймін» дегені сияқты жайбарақаттық қалпын қайталаушылардың әлі көбейері анық. Бәрінен бұрын сол ескі үкіметтеріміз өздерінің сиырқұймышақтанған істері үшін қала берді халық алдында жауап берулері тиіс еді. Себебі, жаңа үкіметтеріміз де «қолымыздан келмей қойды» деп солай етпесіне кім кепіл. Енді мана атап өткен нарық бәсекесіндегі билік иелерінің оппозициялық топтармен санаса бермеуіне келейік. Алдымен ойымызды дәйектеп, дәлелдеп алған жөн. Оған мына бір қарапайым фактіні алға тартсақ. Бірде адам құқықтары жөніндегі демократиялық комитеттің ұйымдастыруымен митингі өтті. Істің ақыры бір жақсылыққа жеткізер деп үміттенген комитет басшылары күтпеген жайтқа жолығады. Алматы қаласының Фрунзе аудандық халық соты «рұқсатсыз митингі» ұйымдастырғаны үшін төраға Қуандық Абраевты Қазақстанның азаматтық әкімшілік кодексінің 188-1 бабы бойынша жауапкершілікке тартпақ болған. Жеме-жемге келгенде аталмыш комитеттегілердің құқықтық сауаттылықтарының арқасында әділдік орнап, сот процесі жүргізілмей қалады. Сонда дейміз-ау, Абраев сияқты азаматтар келеді, кетеді. Алайда, қарапайым халықтың құқығын кімдер қорғамақ? Біздегі құқықтық мемлекет құрмақ жолымыздағы демократияның сиқы осы дегенге сенгің келмейді. Бір қызығы, билік басындағылардың мұндай істерді ұйымдастырып жүргендерді «қазіргі нарықтық жүйеге және халыққа қарсы» дегенін естіп жүрміз. Бұдан байқалатыны – жоғарғы биліктегілердің оппозициялық топ өкілдерімен санаса бер мейтіні. Лажы болса, тұқыртып, не жамандап ұпай жинауға тырысады. Шындығында, ол – әлсіздік. Тектілігін «жаға жыртысып» дәлелдемесе керек-ті. Қорыта қайырғанда, өтпелі шақтан әлдеқашан өтіп кеткенбіз. Қоғамымыздың қай жағынан болсын құлдилауына басты себепкер – экономикамыз. Оны саясатпен астастырып, шатастырудың реті жоқ. Уақытты төрешілікке тартсақ, халықты құрғақ уәдемен қажытудың, алдарқатудың әперер абыройы шамалы. Алматы шетелдік машиналарының көптігі жөнінен ТМД елдерінің ішіндегі
Мәскеу, Санкт-Петербургтен кейінгі үшінші орынды еншілейді. Бұл
бай ел екенімізді әйгілемей ме?! Бірақ, халық өкпелі.
Сонда біз неден сүрініп, сүрлігіп жығылудамыз? Қолымыздағыны
құнттап, өзіміздегіні оңдырта алмай отырғанымыз жоқ па? Қызығы,
нарықтық экономикамыз тек бағаны қымбаттатумен ғана шектеліп
қалған сынды. Басқа жолдары жоқ па екен? Сананы сандалтқан сауал
көп. Жауабы да сол іспетті, жүйесіз, жойдасыз. Жоғарыда тығырыққа
тіреген қарапайым да болса, қауіптірек екі факторды айттық. Біреу
онымен келісер, келіспес. Мәселе онда емес. Шын мәнінде уақыт
өтпелі болса, халық неге өкпелі?
1994 жыл.
ҰЛТТЫҚ КИНО – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Қазақ киносы туралы шынайы әңгіме енді басталған сыңайлы.
Шындығында, неге бұлай деп, қазақ киносының өткен-
кеткеніне ой жүгіртсек, бір ақиқат алдан шығады. Ол –
азаттығымызды алып, бостан өмірімізді кино тілінде сөйлете
бастағаннан бергі ұлттық киномызға деген ең жақын, шын жа-
нашыр, басты жауапкер киногерлеріміздің немқұрайдылығы.
Нәтижесін көріп отырмыз. Егемен елдің еркін ойлы киносы
өз жолын тауып кете алмады. Алға жылжудан адасу көп. Бұл
шығармашылық та, материалдық та қожырауға апарды. Бір ғана
көңілге демеуі – өз көрермені арқа-жарқа тамашалай алмаған
там-тұм туынды шеттен шен-шекпенмен оралып жүрді. Деген-
мен, ең бастысы – ұлт картинасының бояуы қанық шықпайтыны
шындыққа жақын. Енді бүгін қарасақ, тастүйін ғаламдану
барысындағы қауқар – төлтума болмыс пен өнердің үшқыры
ұлттық кино – бәрінен бұрын ұлттық қауіпсіздік екен. Қош делік,
ендеше қауіп қаншалықты? Мүның құйтырқылығы сонда – көзге
ұрып, көкіректен итеріп емес, байқатпай ғана мысқалдап еніп
жатқаны. Оны мүмкіндігінше тарқатып көрелік.
Қазаққа кино керек емес пе?
Сауал күлкілі көрінсе де, пышақ кесті жауап керек! Мәселе
қандай кино екенінде? «Отау-Синема» мен «Астана сити» киноте-
атрлар жүйесінің көрсетіп жүрген шетелдің кіл «шедевр» фильмдері
ме? Батыстың басқыншыл пиғылдағы атыс-шабыс, ұрлық-зорлық,
бейәдеп киноларынан көрермен бетін бері бұратын «жедел жәрдем»
ұлттық киноның ауадай қажеттігі осы тұста білінеді. Оның үстіне
кеңес кезінде қазақтық қалпымыздан ажырап қала жаздаған бізге
таза ұлттық киномыздың әлеуметтік қуатының тигізер әсерін айтпаса да түсінікті. Өкініштісі, тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытты қарасақ қазақ өз киносынсыз-ақ өмір сүре алатындай әсер қалдырады. Көрерменге кінә қоя алмайсыз. Арагідік кездесіп қалатыны болмаса, көзден бұл-бұл ұшқан киноны қайдан көреді. Сонда төл киносыз-ақ өзгенікін көріп өскен ұрпақтың бүйте берсе, аздан соң қазақ киносына деген қызығушылығы мүлдем жойылады. Сонда не болады? Теледидарымыз мүхиттың арғы жағындағы елдің қалдық өнеріне экранының төрінен ойып орын берілгені аз-кем ауыздықталғанмен екі елі ауызға төрт елі қақпак тоса алмаған-ды. Осының о жақ, бұ жағындағы кинотеатрларымыз шетелдің бір шама фестивальдерінің жүлдесін алған деген отандық кино өніміңізге пысқырып та қарамауы өзгеше ойға жетелейді. Біз қай елде өмір сүріп отырмыз? Бұл жердегі абсурдыңыз да, ақиқатыңыз да сол – теле мен театр киноға келгенде мүлдем жүрісінен жаңылысқаны. Осыдан кейін оны көріп өскен үрпақ кім боларын долбарлай беріңіз. Мұндай рухани-мәдени жойдасыздықтың қайда апарарын дер уағында аңдаған алпысыншы жылдардағы Еуропа елдерінің американдық шоу басқыншылықты мемлекеттік деңгейде үзілді-кесілді жөнге салып, әзер дегенде тыйғанынан сабак алсақ игі. Сонымен бізге өзі қандай кино қажет? Бұл сауал басқа-басқа киногерлеріміздің басын қатырып жатпады. Әркім өз деңгейінде, өз кызығушылығын көздеп, қалаған картинасын (көбіне фестивальдік фильмдер) түсіріп жатты. С.Апырымовтың «Сергелдеңін», Д.Өмір баевтың «Қайратын», Е.Шынарбаевтың «Сұрқай үштағандағы орнын» калың көрермен қабылдамады. Ал, А.Әмірқұловтың «Абайдың жастық шағын» көрген жерде-ақ жалпақ жұртыңыз «Бұл біздің Абайымыз емес!» деп салды. Содан бері «міне, қазақ киносы» деп серпілтіп тастаған кез саусақпен санарлық, жоқтың қасы. Азаттығымызды алып, алақайлаған тоқсаныншы жылдар қазақ кинематографының алдына үлкен міндет артқан еді. Дәл осы сын сәт, талмауыр тұста киноның атқарар рөлінің орасан екенін Америка кинематографиясы көрсетіп берді. Өткен ғасырдың басындағы АҚШ-тағы дағдарысты жағдайда ұшқыр өнер – кинодан басқаның бәрі қауқарсыз болып қалды. Мың сан ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, асқақ «америка арманына» бастады. Бүгінгі айдарынан жел ескен АҚШ-қа әлгі фактордың тигізген ықпалын ешкім жоққа шығармайды. Яғни, американдықтардың кино өнері халықтың рухын көтеріп, намысын жанып қоймай мемлекеттін айбынды
идеологиялық құралына айналды. Қарыштап дамыған қазіргі әлемде алдына жан салмайтын кино өндірісі – соның айғағы. Қысқасы, қазақ кинематографиясы өзіне тиесілі жүкті арқалай алмады. Азаттықтан соң аң-таң жұртты абдыратпай алға бастайтын, жігерін шыңдап, кемел келешекке шақыратын көркемдік шешімі келісті талантты кинотуындылар керек еді бізге. Соның айғағындай соңғы кезде шет жұртқа «қазағым мынау» деп, ұялмай ұсынатын картина да қажеттігі білініп қалды. Осының бәрін айқын сезінген Елбасы қазақтар туралы тарихи киноэпопея түсіруге тапсырма берді. Алайда, осы игі бастаманы белгіленген шығармашылық топ сәтті шығарарына о бастан-ақ күдік ұлғайды. Бұған дейін көңілдегідей дүниесімен қуанта қоймаған киногерлерге сенімнен гөрі сезік басым түсері түсінікті. Зиялымыз бас болып, тарихшыларымыздың, этнографтарымыздың, т.б. алқалы кеңесімен жүзеге асса деген жанашырлық тілек тұс-тұстан қау берді. Әйтпегенде, қазақ киносының соңғы нүктесі осы «Көшпенділердің» қазіргі жағдайымен (кайталап жатпайық) қойылуы тіптен ғажан емес. Ұлып жұртқа қайтқан «Қазақфильм». Соңғы он жылда сапалық тұрғыдағы заты емес, аты он өзгеріп, мың құбылған мекемелердің бірі – «Қазақфильм». Киноконцерт, кинокомпания, продюсерлік орталық, кинофабрика т.б, ақыры әйтеуір, міне, киностудия. Нәтижесінде киногерлердің басын қоспақ түгіл пікір алмасатын орнына да айнала алмады. Үкімет там-тұм тиын-тебен тастаса ғана соны талғажау етуден аспады. Кино жүйенің бойындағы қан тоқтады. Кинопрокат құлады, кинотеатрлар іскерлердің қолына көшті. Телеарналар мен видеосетьтерге қазақ киносы «қызықты» емес. Себебін жоғарыда айтып кеттік. Қазылардың талғамын тап басып түсірілген фестивальдік іш пыстыратын фильмдер мен біренсараны болмаса, мол қаржыны қылғытып жұтып қойған тарихи картиналар да көрерменге тартымсыз шықты. «Кинотеатрлар сіздерге керек болмаса, біздер пайдаланамыз» деп, «Отау-Синемалықтар» әжептәуір қаржы салып, адам танымастай етіп жаңартып, енді әлгі ақшаларын асықпай-ақ қайтарып жатқан жайы бар. Оларға ешкімнің өкпесі жүрмеуі тиіс. Нарық жағдайындағы кинотеатрлардың тілін солайша таба білді. Киноңыз түптеп келгенде қып-қызыл бизнес! Бұл ретте де киногерлеріміздің тым кеш қалғаны байқалады. Сөз жоқ, нарыққа бейімделе алмағандардың бірі – осы саладағылар. «Отау-Синема» кинотеатрлар тобы көрсететін әлемнің үздік деген кассалық фильмдерімен бәсекеге түспей-ақ қойсың, өз өнімдерін тауарға
айналдыруға деген талпыныс жасап жатса, жаман болмас едіау! Бұл жерде мәселе киноға кеткен қаржының қайту-қайтпауы туралы да емес. Оның халықтың сүйіп көретін дүниесіне айналуында. Әйтпесе, сол халықтың қалтасынан салық ретінде алынып, киноға жұмсалған қаржы не рухани қажетті өтемей, не кері қайтарылмай тек сөрелерде шаң басатын киноленталарға айналса, одан не пайда? Осы ретте көрерменсіз кино мәселесіне келсек, дәл қазір бізде «өнер өнер үшін емес, халық үшін!» болу керек. Кәсіптік-техникалық жағынан мінсіз, бірақ көрерменге арналмаған фильмдерді жаппай түсіре беруге қазіргі жағдайымызда қажеттілік шамалы екенін қайбір режиссерлеріміздің түсінетін уақыты жетті. Кинотеатрлар қызығушылық танытпаса, теледидар, видеосеть сатып алмаса, оған сонша қаржы жұмсаудың қажеті қанша? Оданда көрермен де көретін, қайтарымы да болатын талантты туынды беріп, содан кейін барып соның абыройы мен ақшасына А.Тарковскийдің «Сталкері» мен «Зеркалосы» сияқты дүниелер жасап жатса, «құда да тыныш...» Тарихи фильмдерге деген талпыныста ниет жақсы-ау, қадам сәтсіз. «Абайдың жастық шағы», «Жамбылдың жастық шағы» – қазір қайда? Енді «Көшпенділерге» (бастапқы атауы «Абылай ханның жастық шағы») кірісіп кеттік. Ынта дұрыс қой. Алғашқы тарихи фильмдердің аяғын құшып жүрмесе дейсіз де. Осындайда тарихи фильмдерге жұмсалатын сонша қаржыға шығыны аз 15-20 фильм түсірсе қайтер еді деген ой келеді. Акира Куросаваның «Жеті самурайы» немесе біздің киногерлерге осы не жетпейді? Жетпейтіні көп. Қаржы, киноларын долби стереоға жазатын жаңа техника, уақыт талабына сай ізденіс... Бәрінен бұрын жетпейтіні бірлік пе дейміз. Оны көп жайттардан көруге болады. Бір ғана бәленбай жылда әзер өтетін Қазақстан Кинематографистер одағының құрылтайында талас-тартыс, ұрыскеріс, таққа құмарлық көрініс беріп, әйтеуір жанжалсыз аяқталған емес. Сосын бастықтарына, бір-біріне көңілдері толмай, ұлтшылдар, космополиттер т.б. болып жік-жікке бөлініп жүргені. Кім ұтты, кім ұтылды? Басқаны қайдам, нақ қазақ көрермендері ұтылғаны хақ. Яғни, киногерлеріміз қазақ көрермендері алдында қарыздар. Әрине, алтаудың алалығында ол қарыз өтелмейді. Әлем кинематографиясы өзінің ғана емес, дүниежүзінің халқын қалай төл кином арқылы жаулай түсем, бір тиынымды қалайша екі тиын етіп үстемелеймін деп, бас қатырып жүргенде біздегі бұндай ауызбірліксіз қазақ киносы ұшпаққа шыға қоймайды.
Бір нәрсе айқын. Ол – Рабиндранат Тагор айтқандай: «Әрбір ұлттың борышы – әлем алдында өзінің ұлттық болмысын таныта білу. Егер де халық әлем дамуына еш нәрсе қоспаса, онда бұл адамзат тарихында ешқашан да кешірілмес, өлімнен де зор ұлттық қылмыс ретінде қаралуы тиіс». Ендеше, қазақ киногерлері жеке амбицияларын тежей тұрып, ортақ іске жұмылуы қажет. Ең алдымен уақыт талабына сай ұлттық киномеханизмін жолға қоятын үш жылдан бері ел Парламентінің есігінен кіре алмай жүрген «Кино туралы» заңды қабылдатуға шұғыл бірігу керек-ті. Себебі, Дәрежан Өмірбаев, Серік Апрымовтар француздардың, Әмір Қарақүлов жапондардың қаржысына қанша кино түсіргенімен, бәрібір шетелдің ақшасына қазақ киносын жасай алмаймыз. Сөз соңында Акира Куросаваның «Жеті самурайы» еріксіз еске түседі. Аталған фильмдегі жаулары келіп, шауып кете беретін егіндерін енді ешкімге бермейміз деп бекінген кедейлердің жеті самураймен әупірімдеп тіл табысып, түбі мақсаттарына жету – көркемдік идеясы қай кез, қай қоғамда да маңызды ма дейсің, Басты айтар ойы да сол – бірліктің тірлік екені. Дәл қазір қазақ киносының егінін сыртқы да, ішкі де басқыншылардан қорғайтын «білікті самурай да, білекті кедейлер де» керек. Қалай екенін қайдам, әл әзір киногерлеріміздің солардың екеуіне де ұқсамайтыны таңдантады. 2003 жыл. КӨРЕРМЕНСІЗ – ӨНЕР ТҰЛ Бізді мазалайтыны – қазақ киносы өз көрерменімен қашан және қалай қауыша алады, фильмдерімізді көруге жұрт тайлы-таяғымен ағылатын күн қашан туады? Қазір бүкіл кино өнерінде негізгі үш бағыт қатар дамып келе жатқандығы белгілі. Бірінші – көрермендерді еліктіріп, баурап әкететін, халықтың көңілін көтеруге негізделген коммерциялық бағыт: бүған әр түрлі атыс-шабыс фильмдер, эротикалық картиналар, романтикалық мелодрамалар және тағысын тағылар жатады. Екіншісі – өмірдің ащы шындығын ашық суреттеп, қоғам дамуына кедергі келтіретін кемшіліктерді батыл әшкерелейтін, адам болмысының, оның рухани өмірінің олқы тұсын дөп басыи көрсете алатын, алайда осылай бола тұра қызық сюжет, қарапайым кинобаяндау стилінен алыс кетпейтін реалистік бағыт. Ал, үшінші
бағыт – өте күрделі. Оны ұстанушы киногерлер кассалық табысты да мақсат тұтпайды, өзі көтеріп отырған проблеманың өткірлігіне де аса маңыз бермейді. Олар үшін ең бастысы – кәсіби шеберлікті (профессионализмді) шыңдай түсу. Яғни, олар идеялық-көркемдік тұрғыдан алғанда түсінуге қиын, кәсіптік-техникалық жағынан келгенде мінсіз де ұқыпты фильм түсіруге құштар. Соңғы он-он үш жыл көлемінде экранға шыққан жаңа қазақ фильмдерінің (олардың барлығын бірдей көруге мүмкіндігіміз болған жоқ) бірқатарын тамашалай келіп түйгеніміз: олардың ішінде осы үшінші бағытқа жататын туындылар басым болып бара жатқан сияқты. Мысал ретінде «Әзәзіл қыз» (реж. Ә.Қарақұлов), «Сұрқай үштағандағы орын» (Е.Шынарбаев), «Киллер» (Д.Өмірбаев), «Жел тоқсан ашыналары» (Х.Салықов), «Ағайынды үшеу» (С.Апрымов) фильмдерін атасақ та жеткілікті болар. Бұл фильмдерге таза киногерлік көзқараспен қарасаңыз, бәрі де кәсіби тұрғыдан алғанда шебер жасалынған, міні жоқ, ал киноның көптеген бейнелеу әдістері мен тілін түсіне бермейтін, фильмді тек «өмірден алынған оқиға» деп ұғып, эмоция тұрғысынан ғана қабылдайтын қарапайым көрермен дер үшін оның әсері қандай дегенде болмақ. Мәселен, «Қайрат» фильмін алып қарайық. Қалаға ауылдан келген жас жігіт институтқа түсе алмайды. Қалаға да онша еті үйрене қоймайды, осыған байланысты біраз күйзелістерді көрермен сезіне ме? Кейіпкерге іштей болысып, ол қуанса қуанып, ол мұңайса мұның да көңілін кірбің шала ма? Жоқ. Неге? Өйткені, фильм оқиғалар шиеленісінен, көрерменді еріксіз өзіне тартатын әсерліліктен ада, кейіпкер образы да, оның іс-әрекеті де ұғынықты емес, Испандық экран шебері Луис Бунюэльге, француз режиссерлері Рене Клер, Франсуа Трюффоларға бас-көз жоқ еліктеушілік пен оларды көз жұмып қайталаушылық, сол Францияның Страсбург қаласында өткен кинофестивальде бас жүлдені иемдену үшін немесе ФИПРЕССИ-дің вице-президенті Клаус Эдерден: «Қайрат» фильмі – қазақ киносындағы жаңа толқынның ең таңдаулысы» деген мақтау сөз есту үшін әбден жеткілікті болуы мүмкін, бірақ қазақ көрерменінің көңілінен шығу үшін ол аздық етеді. «Кино өнері – әсерлі өнер». Бүкіл әлем режиссерлері: «қайтсек көрерменге әсер етеміз, оны қалай жылатуға, күлдіруге, шошытуға немесе фильм қаһарманының сезіміне енгізуге болады?» – деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей, тырбанып жатса, мұнда («Қайратта») – барып тұрған немқұрайдылық, бірде-бір сезім толқуы жоқ. Сұмдық іш пыстырарлық фильм», – дейді кинотанушы Гүлнар Ақтиінова («Кино әлемі», №1, 1993). Сондықтан да, қазіргі көрермендерге «неге
қазақ киноларын кермейсіңдер?» деп дүрсе қоя берудің еш жөні жоқ.
Қарапайым халықтан тым жоғары талғам талап ету де орынсыз.
Олар мұндай ерекше экран тілімен көркемделген күрделі картина-
ларды қабылдауға әзір емес.
Осыны ескере отырып, көбі орыс кино мектебінде тәлім алып,
батыс кинематографының үздік туындылары арқылы тәрбиеленген
біздің жас режиссерлеріміз енді тек маман-кинотанушылар ғана
үғына алатын элитарлы фильмдерді азайтып, халықтың жүрегіне
жол табатын, оқиғалы да ойлы, ойнақы картиналар түсіруге кіріссе
абзал. Оныц үстіне, әлемдік кино тарихында мұндай қадамдар бұрып
да болған.
60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында Үндістанда
бүкіл ел экранын жаулап алған көңіл көтеру бағытындағы «ән-биі
көп әләуләй» фильмдерге қарсы шығып, байсалды мәселелерге
құрылған үндінің байыпты киносын жасаушы «жаңа толқын»
өкілдері алғаш өз ізденістеріне аса елігіп кетіп, төл туындыларын
кәсіби шеберлікке сүйеніп, тым күрделендіріп жіберген болатыи.
Бірақ, қарапайым үнділер Мринал Сен, Басу Чаттерджи, Шьям Бе-
негал тәрізді жаңаша стильді режиссерлердің ешқандай ән-бисіз
шынайы түсірілген бұл фильмдеріне қызыққан да жоқ. Өйткені,
біріншіден, тек көңіл аулауға бейімделген романтикалық киноға,
оны түсінуге оңай қарапайым сюжеттік құрылымына үйренген
үнді көрермендері экранға аяқ астынан шыға келген еш боямасыз
өмір шындығын бірден қабылдай алмады. Екіншіден, «жаңа үнді
киносының» көптеген стильдік, көркемдік ерекшеліктері шет-
тен алынып, қолдан сіңдірілген жасанды болатын және ұлттық
нәрден мүлде ада еді. Сондықтан да, үндінің байыпты фильмдері
батыс елдеріндегі кинофестивальдерден ылғи жүлдемен оралып
жүргенімен, бұқара халықтың көкейінен шығып, көз қуанышы
бола алмады.
Нақ осындай халді қазақ киносының «жаңа толқыны» деп ата-
лып жүрген бір топ киногерлеріміз де бастан кешіруде десек артық
емес. Біздің көрермендер де АҚШ-тың, Батыс Еуропа елдерінің,
Үндістанның қызықтырмай қоймайтын шытырман оқиғалы, атыс-
шабыс немесе романтикалық фильмдерімен «қоректеніп» үйренген,
сонан соң оларды Д.Өмірбаев немесе Е.Шынарбаевтың стильдік
жағынан күрделі, түсініп, қабылдауға қиын картиналарын көр деп
қалай көндіресің. Онымен қоймай үндінің жаңа киносы секілді
біздің «жаңа толқынның» да ұлттық бояу-өрнегі аз, әсіресе оған
шетелдік, негізінен еуропалық кино-мектептің салқыны молырақ
тигені көрініп тұр.
Мұндай тығырықтан шығар жол қайсы? 70-жылдардың орта шенінде Мринал Сен бастаған «жаңа үнді киносының» бір топ өкілдері «көрерменсіз кино – тұл» екендігін түсінді. Олар енді өз фильмдерін қалың көпшілік түсініп, қабылдай алатындай етіп жасауға кірісті. Өздерінің стильдік ізденістерінің ұлттық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени негізінің жоқтығын, көбіне батыс кино өнеріне еліктеуден туып, қолданылып жүргенін ұққан олар енді айтар ой, түйер тұжырым, көтерер мәселелерінің маңызын сақтай отырып, қарапайым көрерменмен түсінісуге, олардың жүрегін жаулауға ұмтылды. Енді байыпты үнді фильмдерінде де дәстүрлі сюжеттік құрылым, тартысты оқиғалы кинобаяндау диалогтар орын ала бастады. Фильм кейіпкерлері де жұмбақ бетперделерін сыпырып тастап, мінез-құлқы тап өмірдегідей сомдалған кәдімгі асқақ қаһармандарға айналды. Басты рөлдерге бүкіл ел пір тұтатын атақты «киножұлдыздар» шақырылды. Сөйтіп, үнді киногерлері байыпты киноның өз тақырыбы мен мақсатын өзгертпей-ақ, қалың көпшілікке бет бұра алатындығын дәлелдеді. Қазір Үндістан кинематографиясын да байыпты кино мен нақты өмірден назарын аударып әкетіп, арман-қиял әлеміне сапар шеккізетін романтикалық бағыт қатар дамуда. (Өкінішке орай, бізде тек екінші бағыттың фильмдері ғана көрсетіліп жүр). Бір таңқаларлығы, соңғы жылдары бұл екі бағыт бір-біріне әсер етіп, бірте-бірте өзара жақындасып келеді. Егер біздің «жаңа толқынның» өкілдері де батыс киносының арбауынан босап, өздерінің тек Канн, Локарно, Монреальдағы кинофестивальдің биік өрелі керерменіне ғана лайықталған әсіре күрделі картиналарын мүмкіндігінше қазақы қалыпқа, қарапайым халыққа бұрса, еш ұтылмас. Қазақ Мемлекеттік кино компаниясының төрағасы болған марқұм Ораз Рымжановтың: «ұлтқа қарай бұрылсаңдаршы, философия да, фантазия да, бәрі-бәрі керек. Киноны тек зиялы қауымға арнауға болмайды ғой. Оқиғалы, қазақи әуенді, актерлердің бар болмысы ашылатын кино қайда?» – деуі де өте орынды пікір. Бірақ, бұл дауысты естіп, беті бері бұрылып жатқандар әзірге некен-саяқ. Киносыншы Бауыржан Нөгербековтің сөзімен айтсақ: «бүкіл халық құмартып көретін кинорежиссерлер фильмді халықтың жанын сезіне отырып, түсіре білгенде ғана болатын іс». Ал, біз атап өткен фильмдерді кім көреді? Түсірер кезде – осыны ойлап, бас ауыртқан жан бар ма? Қайдам. «Өнер туындысында басты нәрсе мазмұн емес – стиль, фильм емес – кинематограф» деп есептейтін Д.Өмірбаев тәрізді режиссерлер бұл туралы ойлануды қажет деп таппайды-ау, деп қорқамыз.
Бәрін айт та, бірін айт, «жаңа толқын» жуық арада қалың көп шілікке оң көзбен қарап, жылы шырай таныта қоймайтын сыңайлы. Ұлттық тақырыптарға деген ынта-ықыласы зор, оларды игеруге де икемі бар режиссерлердің талап-талпыныстарын қуана-қуана құптай отырып, оларға алдағы уақытта әлі де болса көрермен қауыммен көбірек етене тіл табысуға тырыссаңыздар деген тілек айтқымыз келеді. Бастысы – дәл қазіргі жағдайымызда біздің киногерлеріміз халықтың жоғалтқан дүниесін өзіне қайтаратын өнер жасау қажет. Орта жолда сынған орбитамызға жедел жәрдем беретін киноның өрісі кең. Енді өзіміздің нақты ұсынысымызды айтайық. Қазақ киносына өзгеше жанрлық сипаттағы жаңа бағыт қажет. Бұл бағытқа әлем киногерлерінің аузынан небір «лепірген» лебіздерді тыңдауды қажет етпейтін, Халықаралық кинофестивальдерде міндетті түрде жүлде алуды» мақсат тұтпайтын, яғни, биік өрелі, «фестивальдік көрерменге» ғана арналған күрделі стильден аулақ, тек қарапайым халық үшін еңбек ететін, олардың бәрін ес-түссіз еліктіріп, баурайтын, қанша көрсе де жалықтырмайтын, көрермен жүрегінде «міне, қазақ киносы осындай!» деген ризашылық, мақтаныш сезімін оятатын, оларды шытырман да, түсінуге оңай ойнақы оқиғаларымен қызықтыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, батырлыққа, адал достыққа, асыл махаббатқа жетелейтін, идеясы айқын, стилі, құрылымы қарапайым фильмдер түсіретін киногерлердің топтасқаны жөн. Неге? Өйткені, «... кино – өз елінің санасын жаулап алуы керек,.. күнде экран алдында отыратын миллиондаған қауымды шетелдік кино шабуылынан «арашалап» алып, ұлт бетін ұлттық мәдениетке бұруы керек. Біз ешбір тыйым салумен немесе жат жұрттық кинофильмдерді жамандаумен, байбаламмен өз елімізді өз киномызға бұра алмаймыз. Ұлттық кино өнері профессионалдық дәрежеде шетелдік нүсқамен тең түскенде ғана, өз экранымызды өзіміз жаулап аламыз» (С.Елубай. «Егемен Қазақстан» 26.06.93 ж). Сонда «шетелдік нұсқа» деген қайсылар? Ол – «Желге ұшқандар» (АҚШ), ол – «Бум» (Франция), ол – «Сенен басқа ешкім емес» (Мексика), ол... Міне, осылардың бәрінен асып түспесе кем соқпайтын фильмдер жасап шығару керек. Әрине, бұлардың көркемдік деңгейі тым жоғары да бола қоймас, дегенмен бұлар – қалың көпшіліктің сүйікті кинолары. Халық жүрегін жаулау үшін осындай фильмдер керек. Халықтың жүрегіне жол тапқан фильм – нашар фильм емес.
Қайта тек киногерлер ғана түсінетін, былайғы жұртқа қызықсыз дүниелерге күмәнмен қараған дүрыс. Осындай бағыттағы фильмдер көбейген кезде ғана қазақ көрермені өз дәстүріне қарай бет бұрады. Оларды шетелдің «киношабуылынан», «жаңа толқын» туындыларының Венециядан, Мюнхеннен, Нью-Иорктен әкелген жүлделерімен арашалай алмайсыз. Тіпті тарихи тақырыптағы фильмдерді көбейту де бұл іске көп әсерін тигізе алуы неғайбыл. Сондықтан, мұндай жаңа бағыт тап қазір аса қажет. Сонда ғана киномыздың көрермені көбейеді. Кино көрерменімен ғана кино бола алады. Қанша талантты болса да, көрерменсіз кино – тұл... 1994 жыл. ҚАЗАҚ ТРЮФФОСЫ ҚАЙДАСЫҢ? Біздің соңғы буын киногерлеріміздің шығармашылығы жөнінде қанша және қалай ой қозғап, ортаға салса да айып емес. Кинотеатрдан болса да көрермендердің соңғы «тамашалаған» фильмдерінің бірі – «Ақсуат» (реж. С.Апырымов). Осы картина жайындағы басылым беттеріне шыққан мақалалардан байқа ғанымыз, әлгі киносыншылардың көзімен қарағанда, туынды тәп-тәуір дүние. Ал, оны көрген көрермендердің пікіріне келсек, мүлде көңіл толмаушылықты байқайсыз. Яғни, екі көзқарас қалып тасқандығының куәсіміз, бірі, жоғары интеллектілер, екіншісі қарапайым көрермендер. Бұл тенденциядан туатыны: өнер өнер үшін бе? Мұндай ұғымның әлемдік көркемөнерде алар орны бар шығар. Бірақ, бізге дәл қазір ол қай жағынан алып қараса да мүлдем келмейді. Біріншіден, ең бастысы – киномыз ұлттық бояуымен өз елінің санасын жаулап алуы қажет және бүгінгідей шет елдің әрісәрі шабуылынан «арашалап», халық бетін ұлттық мәдениетке бұруы керек. Екіншіден, элитарлы киноны жасай беретіндей әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне көрерменнің де «көңіл-күйі» оны көтермейді. Әңгіме әсіресе, киномыздағы өздеріне «жаңа буын» деп ат қойып, айдар тағып жүрген режиссерлер туындылары төңірегінде екені түсінікті. Дұрыс, бұл жігіттер Мәскеуден білім алып, еуропа мәдениетінен сусындағанын экраннан көрсеткілері де келетін шығар. Оған дауымыз жоқ. Алғашқыда таңырқағанмен, тосын бұлқынысқа қол соқтық. Шет елден алып келіп жатқан сыйлықтарына да қуандық. Алайда, сол картиналары біріншісінен
екіншісі, екіншісінен үшіншісі айнымай, іш пыстыра бастағанын уақыт өте келе байқай бастадық. Сөйтіп, оның мұнда бір сыр барын растайтын шегіне жеткен сынды. Мұны сыншы Б.Нөгербековтің сөзімен безбендесек: «Қазір ең бір қызығы – бүгінгі өмірді көрсететін фильмдер жоқ. Менің ойымша, «жаңа толқын» стиль жағынан емес, идея жағынан өзін-өзі толық айтын болған сияқты. Яғни, идея тоқырауы болып отырған секілді. Әзірге ол режиссерлер жаңа, тың ештеңе айта алмай жатыр». Бұдан кейін көңілге күдік ұяламай қайтсін. Шын мәнінде олардікі элитарлы кино ма? Жарайды, – солай болған күнде дәл содан басқа картина түсіре алмай ма? Енді осы толғағы жеткен сауалдарға шамашарқымызша жауап беріп көрелік. Кезінде А.Камю: «Толстой сияқты жаза алмаған соң, түсініксіз жазуға ұмтылдық», – депті. Құлаққа қонымды пікір. Түсніксіз дүние жасау үшін көп білім, көп еңбек керегі жоқ. Интуиция жетіп жатыр. Келісер-келіспес «жаңа толқындықтар» осы аурудың аяғын құшып жүргендей. Айталық, шатырға шыққандағы кептерлердің дүркірей ұшуының әсері қатты ұнап кетіп, Д.Өмірбаев өз фильміне оны әжептәуір эпизод етіп енгізіпті. Алайда, мұның кинематографтық соншалықты әсерін байқамадық. Әрине, өмірлік тәжірибе керек. Бірақ, бұлайша «ішің білсін алуай» деп жұмбақтаудың қажеті шамалы шығар. «Өмір өнерден ғана үйрене алады» деген аксиоманы алға тартып, ақыл айтудан аулақпыз. Өнердің шынайылығы сонда, оның қарапайымдылығында, турасында, нанымдылығында емес пе? Өткен бір жылдары «Известия» газетіне шыққан кинотанушы Валерий Туровскийдің «Скидка на возраст не принимается» атты мақаласы қозғап отырған тақырыбымыздың жаңа бір қырын ашқандай әсерде қалғанымыз бар. Онда әсіресе, кинотанушы Андрей Шемякиннің пікірлері өткірлігімен тәнті еткен. А.Шемякин тек бізде ғана емес, бүкіл ТМД-дағы жас буын киногерлердің «түсініксіз кино» түсірудің шебері болып алғанын айтады. Және оның сырына үңіліп, социологиялық зерттеулер жүргізгенін жасырмайды. Ақырында оларға ортақ ерекшелікті – психологиялық жақтан ауытқушылықтарының бар екенін алға тартады. «Алыстан араласып, аз-мұз сөйлескенде бәрі дұрыс көрінеді. Ал, іші-бауырына кіріп, сыр бөліскенде, адам басына кірмейтін түсініксіз бірдеңкелерді айта бастайды», – дейді ол. Мақаланың негізгі айтары: «Әлі жассың ғой, кемеліңе келген кезде түсінікті әрі күшті кино түсіресің деп, өнерде қазіргі жасыңа қарап «скидка» жасалмайды». Біздің киногерлеріміздің құлағына да алтын
сырға. Әрине, «жаңа толқындықтардың» көңіліне келмесін, олардың психологиялық жақтан қаншалықты ауытқушылықтары барын білмедік. Бірақ, ортақ сауал туғызған тақырыптың қайбір сипатында да ортақ ұқсастықтар болуы мүмкін. Біз көбінесе киноларымыздың шет елдерден алып келіп жүрген сыйлықтарына қарап бағалайтын болып барамыз. Бұл да адастыратын жайлардың бірі іспетті. Білгіштердің айтуынша, не көп, өзінше фестиваль өткізетін қалалар көп. Төрт бес адамнан топтаса салған әділқазылар алқасы өздерінше бәйге беріп, бәстерін көтеруге тырысады. Көбісінің аты дардай да, заты оған сай емес, халықаралық статусы бұрнағыдан қалыптасқандарына дау жоқ. Байқап қарасаңыз, бәрі ондай атқа ие емес екен. Соңғы кездері кинофестивальдар өткізілетін қалалардың қатарында бұрын-соңды атын естіп көрмегендерінің көптігі – соның кепілі. Кезінде Трюффо мырза француз кинематографиясын әбден «жүндей түтіп» алғаннан кейін кино түсіруге кірісіпті. Жақсы білеміз, Трюффо өзінің ешкімнен кем кино түсірмегенін, тіпті, өзі жер-жебіріне жетіп сынағандардан әлдеқайда артық екенін дәлелдеп шыққан. Егер біздің тақырыбымызға арқау болғандай картиналар толастамаса, көп ұзамай қазақтан да бір Трюффо өсіп шығатындай көрінеді. 1997 жыл. ҰСТАТІІАЙ ЖҮРГЕН ҰЛТ КАРТИНАСЫ... Қайбір жылы Алматыда халықаралық кино фестиваль жыл сайын өтіп тұрмақ болып шешілген. Алайда, тұңғыш әрі соңғы фестиваль соңы сиырқұймышақтаньш кетті. Сол көзді ашып-жұмғанша өте шыққан «Еуразия–98» кинофести валінен не алдық, не бердік деген сауалды бүгінгі көзбен саралап көрсек. Бергеніміздің мол екені анық. Оны қонақтардың өзі ашық айтып жатты. Азуын айға білеген Азияның, екі өкпесінен демалған Еуропаның өнерде де бір-бірінен оза шапқан елдерінен келген киногерлердің бас қосуына, барын ортаға салуына сеп болдық. Кешегі одақтас елдер өнерпаздарының шұрқырасуы өз алдына бір төбе. Бір қайырып қарағанда, бергеніміз осы. Ал, алғанымызға келсек, ауыз толтырып айтарлықтай жайттар баршылық. Бастысы – көрерменнің киноға деген көңілі сүлесоқ екенін апта бойы Алматы кинотеатрларында өр елдің тандаулы деген фильмдері тегін керсетілген фестиваль дағдысы бойынша пайда таппақ болған
басымыз ақырында: «Әке, тегін әрі әйбат киноларды келіп көре қойшы» деген өтінішке құлақ асқан қауымды көрмедік. Бұдан екі нәрсені аңғаруға болатын сынды. Бірі, барша қауымның киноға деген ықыласы жоқ екендігі болса, екіншісі, сол ықыласты оятуға қазақ киногерлерінің әл-әзір батылы бара қоймағандығы, әрине, бұған қарсы уәж табылып жатса, біз оған қуаныштымыз. Бұл енді басқа әңгіменің арнасы. Фестивальден алған олжамыз сол, ол өз киноларымызды шет жұрттың тәуір деген туындыларымен салыстыра отырып, таным таразысына салдық. Жер мен көктей айырмашылықты аңдамасақ та, көзге ұрған, көңілге тоқыған жайт аз емес. Айталық, соның ішіндегі шет жақтан келген кинолардағы халықтық тақырып, ұлттық портрет турасындағы турашылдығы біздікімен салыстырғанда, біраз әңгімеге арқау болатын сынды. Әрине, мектебі қалыптасып, менталитетін өнерімен өрнектей алған Батысты былай қойғанда, күні кешегі кеңес жүйесінен еншісін алған елдердің бұл тұрғыда биік тұғырына қол жеткізбесе де, сол жолдағы талпыныстары қуантарлық. Яғни, саяси тәуелсіздік – қол-аяқтың ғана емес, ой-сананың да шідерінен босанып, кісенін быт-шыт үзгені – киноларының өзінде көрініс тапқаны, айтуға тұрарлық құбылыс. Бұнымен бәрі кереметтей келісіп, біріненбірі өтіп, оза шауып, алға ұмтылып тұр деуіміз ағаттық, әлбетте. Жаңалық сол, ұлт портретін, халықтық тақырыпты тереңінен бойлап таразылауға тырысқандары, көркемдік кескін-келбетін кино тіліне риясыз түсіруге ұмтылғандары бізді, қазақ көрерменін ойға жетелейді. Қызығы сол, мынау кімнің киносы десе, ол – грузиндікі, ол – армяндікі, т.б. екені фильмдерінен тайға таңба басқандай байқалып тұр. Ал, қазақтікі ше? Бұл сүраққа бас қатырып, біраз ойлана тұруға тура келеді. Фестивальдің керкем фильмдер сайысына түскен қазақстандық «Ақсуат» және «Киллер» картиналарын көрген жұрт осы сауалдың астарын өзінше қаузап жүрген болар. Пайымдауымызша, қырғыз режиссері Ақтан Әбдіхалықовтың «Бес кемпір» фильмі көркемдік ерекшеліктері мен бейнелеу тәсілдері біздің аталған екі картина стиліне ұқсағанымен, ондағы ұлттық әдістәсілдің шеберлігі арқасында сәтті шыққаны бас жүлдені алуға мүмкіндік бергендей. Фильмнің басталуы да қызық-ақ. Дүниеге келген ұлдың маңайында мыжырайған бес кемпір жүреді. Содан әлгі баланы тіл-көзден, бәле-жаладан сақтасын деп атын Бескемпір қояды. Осылай қырғыздың таным-таразысы оқиға барысында одан әрі ойысып жүре береді. Бар болғаны осы. Картина қырғыздікі
екеніне имандай иланасыз. Мұндай бағаны грузиндіктерге де («Өзен», «Мұнда таң атып келеді»), армяндықтарға да («Құдайым, рахы-мыңды түсіре гөр!»), түркіменстандықтарға да («Тоба»), тәжікстандықтарға да («Іс-сапар»), т.б. ойланбастан беруге болар еді. Ал, өзімізге... қимағандығымыз емес, қиналғандығымыз. Деректі фильмдер турасына келсек, жоғарыдағы ойларымызды одан әрі қоздатып, жалғастыруға тура келеді. Өйткені, байқауға қатысқан картиналардың дені сол ұлт тағдырын, халықтың адами мәселесін қозғайды. ТМД және Балтық елдері Кинематографистер одақтары конфедерациясының арнайы жүлдесін алған режиссер М.Каюмов ақсақалдың «Гөр Әмір» (Өзбекстан) фильмінен бастап, барлығы да сол тақырыпты қаузайды. Алайда, бәйгеге ұсынылған ешқандай картинаға көңілі толмаған қазылар алқасы бас жүлде тағайындаудан бас тартты. Оның себебін бұл тұрғыда әлі шаш етектен, қолтық сөгіле, қан сорпа шығарар ізденіс қажет деген ойдан шығарып алсақ жарар. Тәуелсіздігін алғанына жеті жыл болған кешегі бодан елдер бүгінде өзін толық тани қойдым дегеніне ешкім сене қоймайтын еді. Осы тұрғыдан келгенде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алған режиссерлер Сергей Әзімов пен Сергей Русаковтың «Жол жиегіндегі үй» (Қазақстан) картинасы біз үшін үлкен табыс болғанын айтуымыз керек. Манағы сауалымызға осы тұста жауап тапқандай әсерде қаламыз. Нағыз қазақ кім дейміз ғой біз. Ол біздің арамызда емес, алыста, сонау Мәскеуде жүр екен. Тек жүрмей әлемдегі ең қымбат, ең үлкен де үрейлі қаланың шеткерірек жеріндегі шағын үйінде өзінің бес баласымен бірге балалар үйінен алған ақ нәсілі бар, қара нәсілі бар тағы бір бес-алты баланы зайыбы екеуі тәрбилеп жатыр. Иә, ол терлеп-тепшіп шай ішпей, жан-жағына жайдары жүзбен қарамай жүре алмайтын көрінеді. Міне, бауырмал, қиындықты өзі қалап алатын қазекем осы табиғатын бұзбай бізден тым тысқарыда тілі бөлек, діні басқа өзге ортада да өмір сүріп жүр. Картина осы жайында, қарапайым ғана кейіпкер арқылы «сен қазақ осындайсың» деп ойлантуға шақыратындай. Ұлттың әлгісіндей қадау ерекшелігін еске салып, елең еткізіп, өзімізді тағы бір қырынан тануға мұрындық болғанымен құнды. Картинаның көркемдік кілтін тап басып, түсірілу шеберлігіне де үлкен ізденіспен келген режиссерлер еңбегі еленгені соның айғағы демеске лаж жоқ. Анимациялық фильмдер бәйгесі қазақ мультипликациясына зор жаңалық әкелгенін айтуымыз керек. Бас жүлдені қанжығаға байлаған режиссерлер Ғ.Қыстауов пен Ж.Дәненовтің «Айдаһар ара-
лы» (Қазақстан) атты жұмысы соның заңды көрінісі. Мультфильм Огутагаваның әңгімесінің желісі бойынша қойылса да, оқиға уақыты қай кезеңде екені белгісіз болса да, одан өзімізді көргендей әсер қалдырған. Әсіресе, мағына-идеясы қазіргі аласапыран, астаң-кестең өзгерген өміріміздегі адамдар санасынан мықтап орын теуіп жатқан «мен бірінші боламын, менен басқа ешкім емес» деген айдаһардың анайы аждаһалығы сана-тіршілігімізді тап басқан сынды. Сосын ұлттық бояуы да ұғынықтылығымен баурап ала қояды. Бір сыдырғы фестивальға қатысқан картиналар жайында осылай ой түйіп, шолу жасауға болады. Өйткені, ортақ қорытынды сол, әріптестеріміз бұрын-соңды батылы барып бажайлай бермеген халықтық тақырыпты қазымырланып қаузауға ден қойған екен. Ұстатпай жүрген кеңістік – ұлт картинасын сомдауға деген талпыныс ерекше. Тіпті, оған басым бағыт берілген бе деп қалдық. Әлемге әрқайсысы шартараптан емес, өз шаңырағынан қарауға тырысқаны байқалады. Ендеше, бұл бізге үлкен сабақ болуға тиіс шаруа, қай-қайсысын алып қарамайық, бәрі де өзін тануға, өзегін танытуға тырысып жатқанда ол көштен қалып қою, әрине, қылмыс. Мүмкін дәл қазір бізге халықтық фильмдер керек шығар. Неге ойланбасқа? Жалпы осылардан кейін түйген ойымыз мынау: фестиваль өткізіп қазақтың аты шықпайды, аты бәйге де ала алмайды, ұстатпай жүрген кеңістік – ұлт өз картинасын сомдай білуінде, ұялмай ұсына алуында. 1998 жыл МӘҢГІЛІК КӨШ Қазақ қасіретін шерткен «Заман-ай» көркем суретті фильмінің қоюшы режиссері Болат Шәріп, сценарийінің авторы жазушы Сәкен Жүнісов («Заманай мен Аманай» повесінің желісі бойынша), Болат Шәріптің қатысуымен. Картинаның көркемдік кесімі туралы қысқа топшылау: режиссерлік шешім, актерлік ойын үндестік тауып, әдемі қабысып сәтті дүниеге айналған. Әттеген-айы, қолдың қысқалығынан қазақ жерінің ғажап табиғаты мен фильм арқауы – таусылмас тақырып лықсып келіп, тұншығып қалғандай жайы бар... Әңгімені осы тұстан бастасақ, ең алдымен фильмнің он жылда әзер түсіріліп біткені алды орайды. Кілтипаны – қаржының тапшылығы. Бұл картинаның көркемдік кесім-бітіміне көлеңкесін
түсірмей қалмаған. Айталық, екі серияға жүк болатын материал әбден қысқара-қиқалана, кесіліп-жонылып келіп, бір серияға зордың күшімен сыйған. Содан да кей сәт түсініксіз, қайбір ойлар шолақ қайырылып қала берген. Мұны білдірмей жіберудегі монтаждау ісінің мүмкіндігі де шектеулілік пен шарасыздықты аңғартады. Дегенмен, шығармашылық топ мұны алдын-ала ескеруі қажет еді. Бұл бір. Екінші қайшылық: картинаның өзіндік идеялық ұстанымынан гөрі бстапқы повестік сипатының басымдылығы. Әрине, екеуі бір дүние, бітімі біте қайнасқан. Бірақ, ұшқыр өнердің керермен көңілін жаулайтын қуатты тілі басты қару саналатыны санаттан тыс қалғандай әсері байқалады... Осындай ара-тұра кездесетін кемшіліктерді сөз басында айта кеткенді жөн көрдік. Мәселе мұнда емес, картинаның көтерген жүгінің көздеген межесінен көрінгендігінде. Осы ретте алған тақырыбының ауқымы зор, аркалаған жауапкершілігі ерен – тарихи әрі сан қатпарлы қасіретті туынды «Заман-ай» картинасының біз үшін маңыздылығы оның әлеуметтік қуатына тоқталуды жөн санадық. Фильмнің фабуласы жете таныс. Сонау отызыншы жылдар ойранында оңайлықпен билеп-төетеуге көнбеген қазақтардың қайсарлықпен арғы бетке асып кетіп, алмағайып заманның ақырында «тойған жерінде емес, туған жерінде» қалуға тырысқан жанкештілігі көркемөнер тілінде көрініс тапқан. Бір қарағанда баржоғы осы. Тарихи детальды қалай ойнатқанына емес, қайтіп сол арқылы ойлантқанына, оның бүгінгі әлеуметтік қуатына келсек, әңгіме басқа. Ғасыр басындағы аталмыш нәубет жүгін сол кездегі аға буын арқалағанмен, оның зілді сызы бүгінге де жеткен. Тұтас үш ұрпақты қамтыған – ата, бала, немере үштігі фильмнің лейтмотиві іспетті. Мұндағы түйін: нәубет тек бір буынға ғана залалын тигізіп, заһарын төккен жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүтін бір буынды тұншықтырып, тумысын бөлектеуге тырысты. Сол кеткен есе мен есепті түгелдеу жаңа қоғамның құрыш білектілерінің – біздің қолымызда екеніне иланасың. Картинаның өне бойынан есетін «алтын күрек» леп – биік оптимизм. Қоғам мен адам емес, саясат қалап алған «өркениеттің» бойынан шыңғырып, сылынып шыққан сұлулық символы – Балзия ана бейнесі мен төңірегіндегі кейіпкерлер галереясы теріс аққанды оң ағызу үшін қарсы тұрған қоғамның рухани тазалануына, бойындағы
бар арам қаннан арылу үшін буырқануына көмекке келуімен көр кемдік кесім көрініс береді. Әңгімеміздің негізгі тиегі де сол – атом ғасырындағы «өрке ниетіміздің» алпауыт аранына рухани және адамгершілік бол мысымыздың азық бола жаздап, қайта ауыздықталған бүгінгі бүкілдей тазару, түлеу дәуірінің тобықтай тұжырым-түйіні көркемдік дәлдікпен кестеленуі. Картинаның жайып салар жан сыры осы айтқандарымызға толық жауап бере алады. Қадап айтарлығы – қайран қалатының, отызыншы жылдар ойранын ойша долбарлағанмен, көңіл зиынына жете тоқи алмаған көрінеміз. Қасіретін тартпағандықтан емес, теңіз дәмі тамшыдай әсерін татпағандықтан. Оған ұшқыр өнер кино мұрындық болғандықтан, ішкі түйсікті тап басқандығымен тәнті еткен. Сонымен фильмнің ішкі тініне үңілсек, өзімізге қажетті желілер жүлгелене түседі. Соның бірі – тәуелсіздікке деген талпыныс болса, екіншісі, қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны, үшіншісі, мәңгілік межесі – жорықтағы олжамыз – жол үстінде екеніміз, төртіншісі... Осылайша тізбектеліп кете береді. Біз енді осы үшеуіне тоқталып, жеке-жеке тарқатып көрелік. Тәуелсіздікке деген талпыныс рухани жәдігерлігімізде көрініс тауып отырғанын былай қойғанда, қиыр-шиыр тарихымыздың қай кезеңінде болсын, дүркін-дүркін бой көрсетуі қалыпты үрдіс. Ондай қадамдар бір кешегі 86 жылы ғана жасалмағаны анық. Ғасырдың бастапқы кезі – отызыншы жылдар ойраны оған үлкен мысал. Тоталитарлық жүйе кісен-шынжырын бырт-шырт үзіп, ақыры оңтайға келмеген соң шекара асып, шетке жылыстап кеткендегі мақсат – жан сауғалау емес, ішкі қарсылық пен сыртқы күрестің соңғы әрі үлкен үлгісі – нар тәуекелге бару еді. Оған екінің бірінің батылы жете бермеген. Жүрегінің түгі барларының өзі оңай соқпасын, опа таппасын аңдағанмен азапты болса да, азат жолын таңдаған. Бөгдесініп өзектен теппесе де жат жұрттың жарылқай қоймасы аян етілгенмен бастапқы райынан қайтара алмаған. Ондағысы бір күндік болса да – бостандық! Осындай үзік-үзік ойлар желісін бір ізге түсіріп, жалғыз ғана тәу етер ұғым – тәуелсіздікті ұғындыруды ұстанғандығымен де ұтып тұрғандай. Фильмде сол кездегі анық та қанық шындық шежіресі – хро никалардың сәтті пайдаланылуы көзге ұрады. Әсіресе, «социализм нің алып-ағаш машинасының» гүрілдеп-дүрілдеп келе жатқаны көңіл ауанына көлеңкесін түсіре беретіні бар. Ұлы «өркениеттің» қазақ даласына ентелей кіріп келе жатқаны – сұстылау қара көлікпен кезіңізге
елестейді. Оның шаңына көмілсе де қақалып-шашалып қалмай артынан ерген ел өзгеше ойға жетелейді. Құдды бір жұмаққа бастап бара жатқандай алып-ағаш машинаның жүрісі суыт, ал, соңынан қалып қоятындай шалт қимылды қарақұрым халықтың жүзі бейқам. Былай қарасаңыз, мақсат-мағынасыз жүріс, бағыт-бағдарсыз жосылыс. Алып-ағаш машина езін құдайдай иландырып, халықты қойша иіріп алған. Абайдың «көпте ақыл жоқ» дегенін әжетіне жаратқан, пайдасына асырған. Әрине, зымияндықпен. Әттеген-айы, сол көп: «Қайда бара жатырмыз. Не бастап барады?» демеген, әсілі, дегізбеген. Бірақ, Абайдың айтқандарын көптің құлағына қыстыртпаған бөліп алып билегіштер емес еді... Тіпті сол «социализмнің алып-ағаш машинасына» жаяужалпылап ілесіп отырумен еркениетке жету мүмкін еместігі ойға да келмегендей әсер береді. Табаннан таусылғанды былай қойсақ, аттыға ерем деп жаяудың таңы айырылмай ма? Бұл мәселенің бір жағы ғана. Енді екінші тақырып арқауына көшсек, керісінше. Алып-ағаш машинаның шаңын жұтып, шынжыр асып жүруді жөн көрмеген арда қазақ табаны тасқа тілініп, тау асып кеткен. Әрине, қарап жүрмеген, қайту жолын, қалған жұртын ойлаған. Алды азат болғанмен, артына алаң кейіпкерлерді кере отырып, кешегі Мұстафа Шоқайлар мен тұлпарлар тұяғы – Мұстафа Өзтүрікті ойға аласың. Қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны картинаның тұтастай алғандағы тегершігі іспеттес екенін аңғару қиын емес. Бүгінде сиыр бүйрегіндей бөлек-бөлек қалған, тауыққа шашқан тарыдай бытырап кеткен қазақ әлемінің әр түкпірінен туған отанына ғана оралып жатқан жоқ. Өзімізді ұлт ретінде тануға – қазақтануға оралуда десек келісті. Егерде мұндай түсінік түйсігімізде бүр жармаса, шеттегі қандас қазақ жылы орнын суытып, шала бүлінбес те еді. Яғни, дәл осы уақыттың тартуы – маңдайға біте бермейтін мәртебе. Анық көзге ұрып, көңілге ұялайтыны – үш ұрпақ: ата, бала, немеренің берік ұстыны бола алғандығымен Балзия ана бейнесі нағыз сұлулық символы іспетті. Аға ұрпақ (Балзияның әкесі) үдере көшуден басқа оңтайлы жол таппайды. Мұндағы орта буын өкілі – «Атымтай жомарт» емес, трагедиялы тұлға. Кешегі коммунистік жүйеге имандай иланған, құрандай сенген ол асыл жарын да, дүние есігін әлі ашпаған шарана ұлын да оңай қиып қала береді. Дәл осындай жайттардың ақиқат екенін айғақтаған әрі мұндай қызыл белсенділердің жиынтық образын Атымтайдың бойынан байқаймыз, Бір жағынан адам, азамат ретіндегі келбетіне қарап отырып, жамандыққа қимайсың. Сөйте тұра, алданған ұрпақтың алдына шығып кеткендегі кейпі бір түрлі жиіркеніш туғызады. Біз
алып отырған Балзия ана бейнесі оған тіпті қарама-қарсы. Кеңес үкіметі қызыл-көздерінің – Атымтайлардың қолынан қаза тауып, көші басшысыз қалған әкесінің орнын басқан ол – құрсақтағы ұлын қиынсынбай, «қыздың жолы жіңішке» деп қымсынбай діні беріктігінен, ерткен елін діттегеніне жеткізген. Тазалықтың туасы-тектіліктен екенін дәлелдеген. Оған әкімшіл жүйенің әмірі жүрмейтіндігін дәйектеген. Махамбетшілеп: «Мені елден айырған хан Жәңгірдің тепкісі» деп, теперіш көргенше, тентірегенін жөн санаған. Сол хандық дәуреннің мәңгілік еместігін сәт сайын еске алып, арттағы елін, қайтар ертеңін дәтке қуат еткен. Өкініштісі, өз құрсағынан көрген баласын (Заманай) туған топырақ, туысқан еліне жеткізбесе де одан қалған немересін (Аманай) кіндік қаны тамған отанына оралтуға тырысқан. Бар өмірінде көрген қиыншылығы өз алдына, қартайғандағы тау асып, тас кешуін жанкештілік демеске лаж жоқ. Бұдан шығатыны, еркін дала демократиясында ерікті өскен аға ұрпақ жүйеге қарсы келсе, орта буын адасады (Аманайлар), бірақ, оны түзеткен (Балзиялар) ана толқын ұрпағы отанын тауып қоймай, осының бәрін таным таразысына салуға тиіс. Яғни, өзіне дейінгі кеткен кемшілікті түзеу, аталарының арда мінезінен тағылым алу, адасып жолын тапқан әке-шешесінің соқпағын саралау. Қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны дегеніміз – осы. Мүндай шегіністердің түйіні фильмде басты кейіпкер Балзия ананың өзін құрбан етуімен сәтті шыққандай көрінеді. Бастысы – немересін өз жолына, өмір таңдауына дұрыс бағыт сілтеді. Мәңгілік межесі – жорықтағы олжа – жол үстіндегі көшпенді халық ұрпағының болмысын картинадан сезініп отырмау мүмкін емес. Мұндай сәтті шешім әсерінің әлеуметтік қуаттылығы бүгінде күшті көрінеді. Қазақ қайбір кезден де, қадым заманнан қарға адым уақытқа дейін де жол үстінде. Шетке кетіп, қайтып келіп жатқандығы қозғалыс – жол. Сол жол – әрекет, тәуелсіздікке деген талпыныс, отанға ғана емес, таным орбитасына оралу. Фильмнің финалы да сәтті демеске лаж жоқ. Аманай – жол үстінде, соңғы кадр оның ойлы жүзімен аяқталады. Ол межелі жеріне жете ме, жетпей ме – мәселе онда емес. Мәңгілік межесі – жорықтағы олжасы – жол үстінде екені, тәуелсіздікке деген талпынысы, отанға ғана емес, таным «орбитасына» оралуы. Біздің үрпақ көріп отырып, оған көз жеткізбеуі мүмкін емес. Жол біздікі. Бірак, сол жолдың жүгі ауырлау екеніне картинадан кейін және көз жеткізесіз... 2004 жыл
КӨШКЕН ЖҰРТТА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН
АСАН МЕН ҮСЕнДЕЙ
Шүкір, ұлттық гвардиямыз, ұлттық университеттеріміз,
ұлттық кітапханаларымыз, т.б. өткен он жылдықтарда жасақталып,
онымен бүгінгі ұрпақ мақтана алатындай жағдайға жетті. Алай-
да, сол халықтың өзінің емес, бөгденің киносымен азықтанып
жатқаны қайшылықты-ақ дүние. Бүгінде адам санасын жаулаудағы
киноның шапшаң әсер ықпалы мен зор әлеуметтік қуаты айтпа-
са да түсінікті. Басқа маңызды салалармен қатар, мемлекет үшін
ұлттық киносының алар орнының қаншалықты екенін бүгін анық
сезініп отырмыз.
Қазіргі қазақ киносы көшкен жұртта қалып қойған Асан мен
Үсеннің тағдырына ұқсас. Олар – қорғансыз, өмірлік тәжірибесі аз,
бастысы – бағыт-бағдары жоқ. Және сонша үмітсіз де емес. Не істеу
керек? Біздіңше, қазіргі қазақ киносына, кино мамандарымызға соны
ой, тың идея ауадай қат. Оның алтын арқау темірқазығы – ұлттық
концепция!
Осы ретте кино тарихына көз жүгіртіп көрелік. Өткен ғасырдың
басындағы қазан революциясынан кейін-ақ, әйгілі Эйзенштейн
бастаған бір топ кинематографтардың еңбегінің арқасында деуге
келер, орыс киносы дүние есігін айқара ашты. Бұл кино маманда-
ры жемісті де жеңісті еңбек етіп, ұтқаны – алдарына қойған нақты
ұланғайыр мақсаты еді. Оларды кемел келешекке сүйреген саяси
тұрғыдағы болсын, жалпы қоғамдық болсын бір идеятұғын. Кеңестік
идеологияны кино тілінде шебер сөйлетіп, сан ұрпақтың санасына
сіңдіріп жібергені соншалық, әлі күнге соның әсерінен айыға ал-
май жүрміз. Міне, кеңес киносының әлеуметтік қуаты. Ендеше, осы
кешегі идеологияны ұмыттырып және батыстың басқыншыл кино-
сынан арашалайтын төл туындыларымыз аяқ жолын тауып кетуі
үшін ұлттық идеяны ту етіп ұстап, мемлекеттік деңгейде ұлттық
кино саясатын түзу қажеттігі туындайды.
Мәселенің дәл қазір осылайша өткір қойылуына біздіңше,
кино мамандарымыздың отаншылдық рухының кемшіндігі мен
кәсіби шеберлік деңгейінің төмендігі басты себепкер деп айтуға
мәжбүрміз. Алдымен отаншылдыққа келейік, егер киногерлеріміз
елін-жерін құлай сүйіп, өзі айналысқан өнеріне шын жаны ашыса,
бүгінде бізді қазақ киносы ұлттық па, ұлттық емес пе деген сұрақ
мазаламас еді.
Кешегі кеңестік идеология кезінің өзінде артына өшпес із
қалдырған Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов, А.Қарсақбаев сын-
ды режиссерлеріміздің туындыларын экраннан көргенде көрермен көкейінде «Картина ұлттық па?» деген сауалдың тумасы анық. Әйткенмен, сол кісен-шынжыр үзіліп, азаттығымыздың ақ таңы атқан он үш жылдан бері нағыз қазақ киносы туатын уақытта, ұлттық киноға жарымай отырмыз. Осыдан кейін азат еліміздің атағы дардай киногерлеріне қарныңыз ашпағанда қайтсін. Отандық мүддені көздемеген суреткердің кәсіби шеберлігіне сын айтылуы керек. Соңғы он шақты жыл көлемінде әлемдік деңгейдегі жарнамасымен алғашында жаңалық ретінде қабылданған «жаңа толқын» режиссерлер мазмұн мен форма, стиль мен декорация жағынан емес, күні бүгін идеялық тоқырауға ұшырады. Бұған бар шығармашылық мүмкіндіктерін сарқып, көкейіндегілерін айтып болғандықтары дәлел. Соңғы кезде: тыңнан сүрлеу-соқпақ салып, соны ештеңе бере алмай жатқандары содан ба дейсіз. «Жаңа толқын» кеңестік жүйеге деген жағымсыз көзқарасымен жұртшылықты елең еткізгенімен, жалпы алғандағы адамның бойындағы түсініп бітпейтін үйлесімсіздіктерді термелеп кететін картиналары көрерменнің ішін пыстырып қоймай, ездеріне кері жарнама жасап алды. Өкінішке орай, бұл жайтты шет ел кинофестивальдерінен алып келіп жатқан жүлделері ақтай алмады. Тек қана қазақ киносына қосқан жаңалығы ретінде кәсіпқой актерларсыз түсірілген режиссерлік картиналар екендігін атау ләзім. Дейтұрғанмен, жаттанды әрі таптаурын тақырыптарынан шиырлапшықпай анық бір идеяның жүлгесінен ұстау қажеттігін ұсынады. Олар жалаң пессимистік сарыннан адакүде арылуы үшін, бір сәт жаңа қоғам құрып жатқанымызды естеріне жиі-жиі салып отыруымыз қажет секілді. Бізге керегі – бүгінгі шынайы өмірді, олардың каһармандарын көрсететін кино. Әрине, біреңсараң түсіріліп жатқан кинолар бар болғанмен, «жалғыз ағаш орман емес». Оның үстіне басқа жобаларға табылатын қаржы дәл ұлттық киноға келгенде жоққа саятыны қызық. Біздіңше, осының бәрі, оның ішінде бүтінгі күн тынысық ертеңгі болашақтың жарқын панорамасын көркемдік тілде кескіндеу нағыз кәсіби шеберлікті талап етеді. Жыл келгендей жаңалықты бұрынғы сүрлеу соқпақтан арылғанда ғана сезіне алады екенбіз. Әлемдік кинематографияда жалпы отыз үш сюжет бар деген түсінік үстем. Оны өзіңіздің ұлттық бояуыңызбен қанық етіп, иін қандыра бедерлей алсаңыз ғана нағыз өнер туындысын тудыра алғаныңыз. Ол ұққанымыздай ұлттық рухы биік кәсіби шебер кино маманының қолынан келеді. Бұны әсіресе, тарихи картиналарды жасаушыларымызға қаратып айтуымыз әбден заңды. Қанша талпынғанымен қазақ киногерлерінің бұл тұрғыдағы қадамы
сәтсіздіктерге ұрынды. Қыруар қаржының қайырымы тұрмақ, кинолентаның шаң басқан сөрелерден ғана орын алғанына ішіңіз ашиды. Оны қазақ киносына деген немқұрайдылық қана емес, салығын төлеп отырған халық пен сол қаржыны зор үмітпен бөліп жатқан мемлекет мүддесіне деген самарқаулық демеске лаж жоқ. Бұдан шығатыны, ұлттық киноңыздың тағдыры шынайы отаншыл әрі биік кәсіби шебер санаттағы киногерлердің жауап кершілігінде. Енді осы кемшіліктерді қалай түзейміз дегенге келейік. Біріншіден, маман даярлау ісіне жете мән берілуі тиіс. Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтына артылар жүк ауыр. Ең алдымен мамандықтан да бұрын адамдыққа – өз ісіне білгірлік пен бірге отандық кино өнеріне деген жанашырлыққа баулу жағын қарастырса, артық емес. Ұлттық кино – тек ұлттық режиссура емес, ұлттық продюсер, ұлттық драматург, ұлттық оператор, ұлттық актер, ұлттық суретші және ұлттық кинотану ілімі де. Кино түсіру мүмкіндігіміз шектеулі кезде сонша маман даярлай беру қажеттігі қаншалықты деген сауал тууы мүмкін. Көпсандылықтан сапалылық шығатынын ескерсек, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар туады. Оның үстіне бұрынғыдай емес, қазір Мәскеудің кино мамандарын дайындайтын беделді оқу орны – БМҚИ-де (Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институты) қазақ өрені үшін онда орын да, жағдай да жоқ. Екіншіден, Мәдениет министрлігі біз қамтыған және қамтылмай қалған қазақ киносына қатысты барша мәселелерді ескере отырып, ұлттық кино концепциясын қабылдайтын кезі келді. Оған бұрынғы күйретіп алған кино жүйені шама-шарқынша қалпына келтіріп, кинопрокатты жолға қою, батысша сайрап келген кинотеатрлардың ұлттық киноға бетін бұру, телеарналар мен видеосетьтерде «қызықсыз» болып қалған қазақ киносының кемшін тұстарын зерттеу, зерделеу мен тек қана ұлттық көркем, деректі, анимациялық фильмдерді түсіру үшін қаражат бөлу және оның жүзеге асу деңгейін саралап отыратын керкемдік кеңестер құру сияқты басқа да қадау-қадау мәселелер кірсе керек. Үшіншіден, көрерменіміз ендігі жағдайда демократия принциптері бойынша қалтасынан салық ретінде алынып, киноға жұмсалатын қаржыға, оның шын мәнінде өтеліп, шынайы отандық өнім – ұлттық киноға айналуына бақылау жасап, көңілден шықпаған жағдайда талап етіп отыруы уақыт тудырған қажеттілік. 2003 жыл
ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАЙДА БЕТТЕДІ? Білгірлердің айтуынша, қай қоғамда, қай заманда болсын әлеу меттік-экономикалық ірі тығырықтар мәдени-рухани ұлы сіл кіністердің (ренессанс) бой көтеруіне себепкер. Мұның аныққанығын ақ бас тарих алға тартқан. Зерделей қарасақ, қазіргі өмір мен өнердегі хал-ахуалымыздан өзекті ойды тайға басқан таңбадай танимыз. Яки, ақиқаттың аксиомаға айналғанына шүбә жоқ. Әзірше әдебиет әлемімізде үнсіздік. Сірә, зор сілкіністен кейінгі қайталанбас қопарылысқа қомданып, қоңданып жатса керек. Өнердің ішіндегі ұшқыры киномыз күрт өзгеріп, бұла бұлқыныс танытты. Қазақ деген халықтың бар екенін ескертіп, әлемнің назарын өзіне аударуда десек, асық айтқандық бола қоймас. Соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген аз ғана картиналарымыз жер шарындағы «санаулы» фестивальдардан құр қол қайтып жүрген жоқ. Яғни, әлем мамандары бағалаған фильм ешқандай да осал емес. Ендеше, сол деңгейден табылатын бізде кино өнері бар. Алайда, бұл құбылыс қазақ халқы үшін тән бе еді? Сонда қазақ киносы қайда беттеді? Осы сауалдардың басын ашып алуымызды уақыт талабы тудырып отыр. Әрине, әрбір жаңалық алдымен аз тосырқатып алып, артынан заңды құбылысқа айналады. Пайымдауымызша, қазақ киносындағы «жаңа толқын» және ондағы қайта өрлеу дәуірі зерделі көрермен үшін іздегенге сұраған. Киногерлеріміздің айтуынша, кезінде «Қыз Жібекке» де тосырқап қарау бастан өткен деседі. Бүгінде бір ғажабы – киномыздың интеллектуалдық потенциалы жоғарырақта жатыр. Әттеген-айы, оның оң жамбасқа атып ұрып ұғына кететін керермен қауымның қарасы қалың тұманнан айқындалмауда. Демек, ойсыз оқиғалы немесе шектен тыс сезіми үнді фильмдеріне, КТК-дан күнде көрсетіліп жүрген атыс-шабысымен жартылай жалаңаш көріністерге үйірсек көрермендерімізді арашалау міндеті тұр. Жоғарыдағыларды нақтылай түсу үшін «жаңа толқынның» бірден-бір өкілі Серік Апырымовтың еңбектерін алға тарта отырып, сөзімізді дәйектеп көрелік. Алғашқы толықметражды «Қиян» фильмі сәтті шықты. Тіпті қазақ өнеріндегі боямасыз тіршілігіміздің экрандалуы кімді болсын елең еткізді. Құр елең еткізген жоқ. Кино әлемі аузымызға қарады. Біздегі шолақ белсенділер шошып кетті. Авторды атарға оғы болмағандар құр боқтаумен тағат тапты. Кезінде орыстар үлкен суреткерлері Андрей Рублевтің фильмдерін көріп: «Орыстар ондай емес!» деп айқай салған. Бұл
жерден шығатыны, қанша қарғап, сілегенімен орыстар Рублевтен безіп кете алған жоқ. Өйткені, суреткер халқының көкейіндегісіне терең талғампаздықпен үңіліп, көркемдік шындыққа шығара білді. Бұл құбылыс халықтың өнері үшін де, өзі үшін де көктен сау ете түскен бөгде дүние емес. Бауыр еті – төл баласы. Тек тылсымы тосындау екені рас. Мүмкін, ұзақ сонар жол соғып тастаған шаршаудан кейінгі қайта шарықтау. Өз арамыздағы Апырымовтың тұңғыш туындысы мамыражай қалпымызға түрен салып, түрпідей тиюімен сол қатарға қосылады. Демек, «Қиян» қиялдан немесе кездейсоқ туындаған жоқ. Оны сол күйінде сүйсініп көре алмағанымыз шындық. Картинаны тамашалағанда аудиторияны не жылмысқы күлкі, не жиіркенішті күңкіл кернегенін сезіндік те. Белгілі киносыншының: «Көп кино мамандары жиналған фестивальде «Қиян» фильмін көріп отырып, олардың бірде-біреуінің не күлгенін, не қайғырғанын көрмей таң қалдым» – деуі бізді тіптен қызықтыра қоймас. Аталмыш жайттар айналып келгенде ойды анықтап алуға мұрындық. Осы «Қиянды» аяқтап, көңілді бір демдеген соң, екінші фильм турасында режиссер ойланбас бұрын бір күйзелістің көкейін кернегені өзіне ғана аян шығар. Сол күйзелістен ішкі дүниесін күйретіп алмас үшін амалсыздан түсіруді мақсат түтпаса да «Сергелдең» картинасының дүниеге келуі былайғы жұртқа беймағлұм. Апырымовтың бұл екінші фильмі расында ішкі сезімнің сергелдеңінен туып, көркем өнердің өкшесін баса алмағаны байқалады. Дегенмен, түкке тұрмайтын картина деп баға беруден аулақпыз. Түсінігі терең адамға әдемі-ақ туынды. Әлгі «Қиянмен» рухани бір ізділік тауып, толықтырылған. Алайда, режиссердің өзі мойындағанындай былайша кино түсіруге болмас еді. Бірақ, түсірілді. Бастысы – ішкі сезімнен қалай да құтылу керек болған. Қарап отырсақ, бұл – қажеттілік. Әлгіндегі қайта өрлеудің біздіңше бір сыры осында. Өнер өседі, тоқырайды, қайта қарқын алады. Бірақ, өнердің өшуі мұндай құбылысты маңайлай қоймас. Ендігі фильмнің не туралы болмағынан ойлы оқырман құлағдар. Онда тебіреніс-толғаныс та, тән құмарлығы да жоқ. Жай ғана қазақтардың XX ғасырдағы болмысы, бітімі өрнек таппақ. Мұндағы режиссердің ұстанбағы – атом ғасырының аңғалақтау қазағын Абай уақытындағы, арда қазақтармен қауыштыру. Халықтың тілінің ұшындағысын өзіне қайтарып беру. Қаншалықты ақиқатқа айналарына алдағы күн куә. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда «Қиян», «Сергелдең» секілді картиналарын түсіріп, «Абайды» сомдамақ болды. Серік
Апырымов пайымдауымызша, әлі өзінің соқпағына түсіп кете алған жоқ. Қайта көркемдік биігін іздеуде. Көп кешікпей кемеліне келіп, үнін үркердей топқа емес, үлкен аумаққа естіртетініне сенім бар. Оны қалай, қайтіп іске асыру өз еншісінде. Мұнымен біреудің ішкі дүниесіне қол салып, сұғанақтық жасағалы отырғанымыз жоқ. Бәрі қазақ киносындағы қайта өрлеу дәуірінің себінен келіп шығуда. Өз басым әзірше осы сілкініс дегенді С.Апырымовтың алымы мен қадымынан байқағандаймын. Бұл құбылыс бүкіл қазақ киносын түсіріп жүргендерден байқалады деу қате. Дегенмен, олардың қарасы аз деп те айта алмаймыз. Олардың бар басын қосып ортақ сипат табу да қиын. Қайта өрлеуді қалыптастыратын бұл жерде тек жалғыз Апырымов деген үғым тумаса керек. Осы үдеден шығар үркердей топқа кіретін біршама жігіттер бар. Олар: Б. Қалымбетов, С. Нарымбетов, Е. Шынарбаев, Т. Теменов, Д. Өмірбаев тағы басқалар болар. Бір есепте бүл жігіттердің жасаған дүниелерінде сатып алып пайдалана салатын тауар іспетті арзанқол қасиет жоқ. Соған қуанасың. Бір кезде шыққан «Ине» құралыптас картиналардың қазірде ізі қалмаған. Өкінішке орай, сырт көзге бұл қайта өрлеудің қарқындауына қол ұшын ұсынғандай көрінеді. Осы ретте ашып айтайық. Шет елде қаншама сый-сияпатқа іліккен фильмдердің бәрі әлгі дәуірлеуге демеу деу – ағат сөз. Киногерлеріміз кешіре жатар, фестивльдерге арнап картина жасау әдеті біршама режиссерларымыздың бойында бар. Алдымен өнер ұлттық һәм халықтық болуы қажет емес пе? Дәл бүгінгідей қайда қарарын білмей, алдағы күнге алаңдаушылық танытқан қауымға тірек – өнер. Өнер – адаспауға тиіс. Адасса – бүтін халықты қасіретке апармақ. Осыны режиссерларымызға қадағалап айту парыз. Кино сыншыларымыз қазіргі қазақ режиссерларынан атап айтқанда: кәсіпқойлық шеберлігі шыңдалған, бірақ, ұлттық менталитеті жеткілікті болғанымен кәсіпқойлығы кемшін деп екі топқа бөледі. Қиыны – кәсіпқойлықты бірдеңе қылып қальштастырғанмен ұлттық айшықты игеру оңай еместігі жанға батады. Расында бұл жайтты қалыптасқан ахуалдан анық аңғарып жүрміз. Кезінде орталықтың оқуы орыс тілді режиссерларымызды дайындағаны ақиқат. Олардың бетін өзімізге бұру аса ауырлық туғызатыны түсінікті. Енді бұл толқын осы тұрқын қазақыландыруға тырыссын, тырыспасын өз арналарынан асып еш жаққа кете қоймас. Ойтамызық үшін қайсыбір қырларымен танылған режиссер ларымыздың еңбектеріне тоқтала кетейік. Марқұм Қалықбек
Салықов алғашқы «Балконьшен» социалистік қоғамның солақай
жағын әдемі ашып берген. Оны түщынбай көру мүмкін емес.
Тіпті сол қоғамның бойынан сығып алынған сұлулық символы
«Жынды шалыстау шалдың» кейпімен келісті. Оны қайта-қайта
не автомобильдің, не трамвайдың қағып кете жаздауы көкірекке
қона кетеді. Алайда режиссердың екінші үрейге толы картина-
сы көрермен көңілінен шыға алмаған. «Желтоқсан ашыналары»
фильмі соның дәлелі. Мұндай шалалық (желтоқсан тақырыбын
қозғаудағы) Талғат Теменовке де тән. «Адамдар арасындағы
бөлтірік» фильмі әдемі туынды. Екінші картина «Қызғыш
құстың» идеясы түсінікті болғанымен негізгі иірімдері ашылмай
қалған. Біздікі екі режиссер да аталмыш фильмдерін асықпай
шиырлау қажет еді деген тілек. Әйтпесе, халықтың дәл өзін
экраннан көркемдік дәлдікпен көрсете алатын шеберліктері бар
режиссерларға бұл көп томпақ келмес.
Дәрежан Өмірбаев, Ермек Шынарбаев сияқты режиссерлардың
картиналарын әзірше үғыну оңай көрінбейді. Әрине, халық тү
сінбесін деп «Қайрат», «Сұрқай ұштағандағы орын» секілді кар-
тиналар жасауды мұрат тұтпайтын шығар. Дегенмен, тек кино-
герлер үшін фильм жасаудың қажеті шамалы ма дейсің. Оның
үстіне аталмыш кинолар шетелдік Кавка, Бюхнер, Бунюель сияқты
суреткерлердің көшірмесі іспетті, не оларға өлердей еліктеуден
туған дүбәра дүниеге бара-бар.
Актер Болат Қалымбетов режиссерлықты кәсіп ете бастады.
Алғашқы аяқ алысы да жаман емес. «Айналайын» мен «Соңғы
ызғырығы», «Сардар» кино әлеміне де, көрерменіне де жол тапты.
Енді болашақты болжамдамас бұрын, өткенге оралайық. Жыл
сайын «Қазақфильм» киностудиясы төрт-ақ көркем картина жа-
сап келді. Қашанғы қаржының жоқтығы – қол байлау. Мынаған
қараңыз: американдықтар бір киноға ең аз дегенде шамамен 25
миллион доллар жұмсаса, бізде бір картинаға, жүз мыңға жетер-
жетпес доллар сығымдалып жұмсалады. Қалай десек те, әркім
әліне қарай қам қылады. Бір ғана сонау 1993 жылы: «Әбілқайыр
хан» (В.Пұсырманов), «Жас аккордионистің өмірбаяны» (С.На
рымбетов), «Махаббат станциясы» (Т.Теменов) және Швейца
рияның Лакарно қаласындағы дәстүрлі 45-фестивальдің «Ал-
тын қабылан» бас жүлдесін (гран при) жеңіп алған Ермек
Шынарбаевтың «Сұрқай үштағандағы орын» экрандалған екен.
Аз ба, көп пе? Болашақта Мексика, АҚШ сияқты кинодержаваға
айналу мұнымен мүмкін бе? Ол үшін туындының халықтың
мәні мен сапасы жоғарылау керек-ті. Бірақ, киноны нан тауып
жейтін тауарға айналдыру қазақ өнері үшін әзірге таныс әлем
болмай тұр. Қалай десек те, қазақ киносына бір жаңалық келгені
жасырын емес. Кезінде Шәкен Айманов, Сүлтан Қожықов, Аб-
долла Қарсақбаев, Мәжит Бегалиндердің уақытында осы іспетті
жаңалық жылт еткен де жоғалып кеткен. Бірақ жоғалып кеткен.
Оларда мектеп, артынан ерген шәкірт болмаған деседі. Содан
әдемі басталған үрдіс көпке бармай үзіліп қалған. Бүгін соның
тағы бір бой көтеруі байқалады. Бұл енді қайта өрлеу бола ма,
басқа бола ма белгісіз. Оны алдағы он жылдың көлемі айқындап-
ақ берер. Ендігі қазақ киносының мектебін ұлттық тұрғыдағы
шәкірттермен қалыптастыру қажет. Ол мүмкін қайта өрлеу емес,
қайта түлеу болар.
1994 жыл.
АЙНАЛАЙЫН, «ТАЗША!»
Қапелімде сіріңкенің шырпысын қарызға сұрау қиындық
әкелген осынау сүреңсіз заманда өнердің көсегесін көгерту оңай
емес. Десе де кино өнерінің тасын өрге дөңгелетуге үлесін қосып
жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – Болат Қалымбетов.
Тоқсаныншы жылдардағы топырағымыздағы тұңғыш «Бүгінгі
қазақ киносы» атты кинофестивальдің түсаукесері ретінде Бо-
лат Қалымбетовтың «Айналайын» картинасының көрсетілуі де
заңдылық. Ендеше, сол заңдылықты әспеттейтін әлемге қал-
қадерімізше үңіліп көрсек.
Алдымен Болаттың азды-көпті еңбектерін атап өткен жөн.
Алғаш дипломдық жұмысында Марал Сқақбаевтың әңгімесі бой-
ынша «Тамшы» деген фильм түсірді. Кішкене кезінен киноға түсе
бастаған Болат бүған дейін қырық рөлде, оның ішінде он үш басты
рөлде ойнаған екен. Мысалға: «Балалық шаққа саяхатта» Бектастың,
«Қызылтас заставасы маңындада» Қабыштың, «Біздің Ғанида»
Айдардың, «Адамды қабыл алыңдарда» Тұшқанның сан қилы об-
раздарын сомдағаны көзі қарақты көрерменге таныс. 84-ші жылы
Каунастағы бүкіл дүниежүзілік кинофестивальда «Алаң жиегінде»
(«У кромки поля») фильміндегі Ермектің рөлін ойнағаны үшін ла-
уреат атағын алды. Күйреген империямыздың Кинематографистер
одағына да мүше болған.
«Айналайын» фильмі өз алдына бір төбе. Ол бір жылда (1992 жыл)
үш бірдей халықаралық кинофестивальге қаты-сып, мамандардың
жоғарғы бағасын иеленді. Монреаль (Канада), қатысқаны үшін ди-
плом, Мюнхен (Германия), конкурстан тыс қатысты, Нант (Фран-
ция), үш қүрлықтың халықаралық кинофестивалінің жүлдесі және
Иранда болып, табыспен оралды. Болат Ысқақовпен (Катарсис) бірге
түсірген «Соңғы ызғар» («Последние холода») фильмі Италияның
Турин қаласына әлемдік фестивальге шақырылған.
Әзірше, осындай жетістіктер бар. Әлі бола жатар. Мәселе мәуелі
ағаштың жеміс бере беруінде емес, оны жалпы әлеуметтің кәдесіне
жаратуында. Рухани қажеттілікті өтеуінде. Бұл тұсқа келгенде көп
дүниеміз аяғынан ақсап жататыны жасырын нәрсе дей алмаспыз. Бо-
лат Қалымбетов: «Өнер ұлттық болуы керек, басқасы өнерге қарап
өресін түзер» – деушілердің жағында.
Ұлт өзінде бар қасиетті жалпы адамзат игілігіне айналдыру
қажет...» (Рабиндранат Тагор).
Әдемі сөздің көкейге қона кететіні бар. Өкшіштісі, қазіргі
киноларымыздан ұлттық үрдісті байқай қою қиын. Бірақ,
әлемдік деңгейде біразының мерейі үстем. Өйткені, ұлттық
дүниетанымды қоя тұрып, адамзаттық бел-белестерден бек аспа-
са да сол тұрғыдан табылуға тырысады. Оған үлттық менталитет
жетіспейтін батысшыл суреткерлер бөркін аспанға лақтыра баға
бермегенде қайтсін. Кезінде орысшылдық ой-сананы билеген
уақыттың жазылмас жарасы да ол. Оны емдеу оңай емес. Содан
да болар, Болаттың ең бір қинала айтатын нәрсесі осы – ұлттық
құнар. Дәл қазір бұрнағыдан дертіміз күшейді, деміктік. Біз
соған мәз секілді сергек сілтейміз. Бұған қауіптене қарайтындар
қатары қобырап барады. Суреткер мұны тап басып, тамырын
тауып, өзінше ой толғап «әуре». Түйсіксіздеу санамызға үңілу
үшін үлкен дүниені дөрекі түсіндірмей, сезім пердесін түріп,
нәзік назды нәпақа қыл деп қиылады. Бұл жерде ешкімге кінә да
артпайды. Өкпесі де жоқ. Сонда атом дәуірінің алпауыт аранын
ауыздықтаған не күш?!
Айналайын – деген сөз құдіреті. Суреткердің қызған шеберхана-
сынан шыққан сезім шеберлігі. Мәңгілік тақырып – махаббат арқылы
оқиғаны өрбітеді. Тұнып тұрған трагедия. Қазақтың қайғысы, шері,
мұңы бәрі бар. Мұның соңы құрып біту, тыну емес. Мәні жоғарыдағы
мерезі бола бастаған махаббат межесі турасында ой салу, сенімге
сәл де болса қамшы басу. Ұлтжанды көрермен қауымының көкейіне
дөп келетін «Айналайын» фильмі осындай кемел танымды, келер
таңыңды алдыңа жайып салады.
Картинаны көре отырып, шекеңе шым-шымдап жиылған тер
түйіршіктерінің үзіліп түскенін байқамаған болар едіңіз. Әрине,
көз алдыңыздағы дүниені сезіне, сіңіре алсаңыз. Бүгінде азып-
тозбаған жер-су бар ма? «Есеңгіреткен экология, ебін тапса емге
дауа» деп те тіл қатады фильмнің өне бойынан ескен леп. Бірақ,
қайтіп? Қазақстанды бақандай 22 полигон сынақ алаңына айналды-
рып келді. Басқасы былай тұрсын 22-сі солқылдатып сорғанда жер-
ананың не тамтығы қалады? Тарамысы тартылғаннан тынысы тары-
лып, екі аяқты пендеге бедірейе бәдәуилік танытпағанда қайтсін. О
баста сол шеңберден шыққандардың әмірі еді ғой бұл. Суреткердің
мұны кішкене картинаға сыйғызып, авторлық бастаманы сәтті бере
білуі шын мәнінде шеберлік.
«Жүдеуі жеткен, кенеуі кеткен сықпытсыз ауыл пошымы
бұрнағы кедей жатақ, қаймана қазақтың жұртта қалған тіршілігін
көз алдыңызға келтіреді. Қүм суырған иен даладағы ылғи жермен-
жексен тәпелтек тоқал тамдар. Аңқаны қабатын ыстықта аңыраған
түйелер тоз-тозы шығып ауылды аралап жүр. Нені іздеп жүр екен
олар? Шөбі шүйгін, бойға қуат берер дарқан дала қайда?
Ит байласа тұрғысыз «өлі өлкеде» туған топырағын қимаған
адамдар тірлік кешуде. Бар ермек ететіндері ащы суды ауызға алу
ғана. Мектеп маңында балалар «противогаз» киіп доп қуалайды.
Өздері мәз. Ашық аспанның астында емен-жарқын асыр салу қара
баланың маңдайына жазбап па?
Ауыл маңындағы аждаһаға кімнің болмасын көзі түсіп, көңілі
құлазитын. Қартаң ақсақал (Қасым Жәкібаев) ақыры бір байламға
келіп, оның көзін құртпаққа бекінеді. Не керек, іздегені алдынан
тілемей-ақ табылып, жеме-жемге келгенде әлгі аждаһа өзінен-өзі
отқа оранды. Ақсақалдың қуанышында шек жоқ. Бұл жай жарылыс
емес, көптен күткен пәс көңілдің жемісі.
Жас жігіт Әлішер (Фархат Сейфуллин) шойын жолдың үстінде
боздаған ботасының мұрнынан мықтап ұстап, сүйрете кетіп бара-
ды. Ботасы әлсін-әлсін атырынып, ауылына қарай босанып кеткісі
келеді. Екі көзінен парлаған жасын жасырғысы келген Әлішер оны
қайдан жібере қойсын. «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен
сайын бір тайлақ бос келеді, Туған жерден айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді» деген өлең жолдары еріксіз ойға
оралады. Осылайша, алпыс екі тамырыңыз амалсыздан шымырлап,
бойыңыз босап кетеді.
Айтыңызшы, мұндай ұлы қайғыға мойымай, туған жерін тастап
кеткісі келмей жүрген абзал жүректі азаматтарға айналайын деген
жылы сөзден басқа не айта аласың.
Бұл – «Айналайын» фильмі Болаттың режиссер ретіндегі ал
ғашқы аяқ алысы. Бұған дейін өз бағасын алды. «Бастапқы доңғалақ
қайда барса, соңғысы сонда барады» дейді халық нақылы. Рухани
бір ізділіктің ендігі кездегі жүре қалыптасатынына имандай илансақ та болады. Қазір жалпы әлеумет қандай тығырыққа тірелгенін біле алмай дал. Кейбіріміздің материяға санасын сатқан саудагерден айырмамыз шамалы. Заманына қарай адамы өсіп, өтпелі өкпек желге төсін тосты. «Біз кімбіз осы?» деген сауал суыртпақтасақ, ортадан суырылып шығып жөн айтар жан бар ма бұл жалғанда? Қайдам? Арамызда аты мен қаны ғана қазақ бауырларымыз беттің қызылын қоюырақ етіп тұрған жоқ па? Содан да болар, «Өнер ұлттық болу керек» деп ой тұжыруымыз. Осы орайда бір атаудың сәті түскен секілді. Ол кәдімгі – Тазша. Бүгінде бүл кейіпкерден айнымайтын адамдар қорғансыз қоғамда күн санап көбейіп келеді. Бүған дейін де біздің тағдырымыз Тазша баланыкіндей көз алдымыздан сынапша сырғып өтіпті. Нанбасаңыз, сәл шегініс жасап, сөзімізді сабақталық. Бірде Тазша бала жөнінде кино түсірілетінінен хабардар болдық. Режиссері – Болат Қалымбетов. Сонымен Болат не дейді? – Алдымен қазақ өнері жөнінде аз ғана айта кетсем деймін. Мен он жасымнан бастап киноға түсе бастаған екенмін. Сондықтан, ортам жайында сөз қозғамау айып болар. Қазақ киносын түсіріп жүргендерді көріп, кейде ұяласың. Алған материалдарды түсінбей тұрып, сол турасында фильм жасауға асығамыз. Көп дүниені өстіп құрттық қой. Меніңше, М.Бегалин, Ә.Қарсақбаев, Ш.Айманов, Ш. Бейсембаев сияқты арыстарымызды ұмытпауымыз керек. Бір фильм түсіріп аспанды тіреп жүргендеріміз де жоқ емес. Бұл өз бағасы дұрыс берілмеуінде деп топшылаймын. Бәрінен бұрын ұлттық өнерді қалыптастыру ауадай қажет. Ол үшін қаржы керек. Президентіміз көмектесіп жатыр. Рахмет. Бірақ әлі де болса жыртығымызды бітесек, тесігіміз бар дегендей... Ал, енді алдағы түсірілмек фильм жөнінде айтсам, аты – «Тазша». Құдай қаласа, фильміміз сәтті шықса, халқымыз рахметін жаудырар деген ойдамыз. Бәрі ісіміздің оңға басып кетуіне байланысты. Болашақ фильмнің қоюшы суретшісі, сценарий авторларының бірі – Сәбит Құрманбеков те былай деп пікір қосты: «Біздің Тазшамыз ертегінің кейіпкері емес. Қазір екінің бірі – Тазша. Соны көрсеткіміз келеді. Картинаны отанын, елін, рухын білмейтін жастарымызға, шетте жүрген қандастарымызға арнаймыз. Тазша көп таяқ жейді. Сөйте жүріп туған елінде өз Отанын іздейді. Оған бір хан өз жерінде жүргенін айтып түсіндіреді. Осындай шымшытырық оқиғасы мол картинамызды өз орнын айқындай алмай
жатқан халқымызға, ащы-тұщыны көп көрген қазақтарға, жастарға ұсынамыз». Келешек киномыз жөнінде көп ой толғамай-ақ қоялық. Алдымен шықсын. Фильмнің идеясынан аз да болса, мағлұмат алдық. Тәуірі көріп, біліп, өз санамызбен салмақтаған ғой. Дегенмен, тарт қан тауқыметі қашаннан таусылмаған халқымыз бұл картинадан боямасыз өзін ғана көре алатынына алдағы уақытты төрешілікке қалдырайық. Тек соны тереңнен сезіне алатын рухани салауаттылық салтына жете алсақ, шіркін! Бұ да біздің тазшалық трагедиямыздың ойсырап, ойлантатын тұсы. Дұрыс, Тазша ертегіден есімізге елес беретін, бар жұмбағы өзіне белгілі бейне. Біздің бір күні бағзы әфсана әлеміне айналуымыз нешік. Яки, Тазшамыз да, басқамыз да заңды құбылыстың құлымыз. «Әркімді заман сүйремек, заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек. Замана оны билемек» – дейді дана Абай. Расында заманды қай жан билей алады? Ең... ең болмаса «Айналайын Тазша!» деген аяулы, жылышырай сөзге зар қағып, қаншама бейбақ бұл фәниден өтіп жатыр. Өтіп жатырмыз... Әлгінде рухани бірізділік дегенді айттық. Шындығында, Болаттың «Айналайыны» мен «Тазшасы» Алла жазса дейік, бірбірін толықтырып, жіңішке тартылған желімен байланысқалы тұр. Рухани бірізділік жақсы нәрсе. Сіңірер құлақ, сезінер сана болса... Солай емес пе, Айналайын Тазша?!. 1993 жыл. ТАНЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ «Отырардың ойраны». Мұндай күрмеуі көп, тағылымы зор, тарихи тақырыпқа барудың өзі батылдықпен бара-бар. Олай дейтініміз, біз тарихи тақырыптарды экрандауда кенже қалып жүрміз. Оның үстіне, терең білім мен таным таразысына салып, салмақтау да оңай шаруа көрінбейді. «Отырардың ойраны» фильмінің жетістіктері жайында бір ауыз сөз. Оның алғашқы қойылымы болғаннан-ақ киносүйер жұртшылық жылы қабылдаған. Түсіріліп біткен түста Ашхабадтан «Күміс жарты ай» бас жүлдесін алып оралды. Сондай-ақ, талай танымал сайыстарға қатысып үлгерді. Атап айтқанда, Монреальдағы аламан бәйгеде ФИПРЕССИ сыйлығын еншіледі. Фильм актерлері де атаусыз қалған жоқ. Басты рөлді аса шеберлікпен ойнағаны үшін Доқторбек Қыдырәлиев «Кинотавр» сыйлығын алды. Орта Азия,
Қазақстан және Әзірбайжан киноактерлері бәсекесінде Қайыр хан бейнесін сомдаған Тұңғышбай Жаманқұлов ең үздік ерлер рөлінің сыйлығын иемденді. Бұл қазақ киносы, әрбір кино төңірегінде айтқанда, аз табыс емес. Дегенмен, бүгінгі көзқарас тұрғысында қанағаттана қоймауымыз әбден заңды. Жалпы біздің тарихи фильмдерде сауыт-сайман, садақ, қылыш, қалқан сияқты қарудан басқа соғыс құралдары кеңінен қамтылмай, жұтаң тартып тұратын әдеті. Мысалға, Отырардың алынуына басты себеп, тасатқыш құрал болатын. Көлемі үйдей тастармен атқанда қамал қабырғалары қақырап, алып тастар шашылып түскенде қыпшақтар елеулі шығынға ұшырап отырған. Осы іспеттес жойқын қаруларды моңғолдар жаулап алған Қытай секілді ірі елдерден олжалаған еді. Ақыры Отырарды алуда тасатқыштар оларға негізгі тірек болған. Фильмде Шыңғысханның сонша жауыздығы көрсетіледі де, оның сұңғыла білгір басшы болғандығы адами тұрғыда қамтылмайды. Сонымен қатар, осы фильмнің сценарийін ленинградтық С.Кармалита мен А.Германның жазғандығы ойландырмай қоймайды. Шыньш айтқанда, жоғарыдағыдай жетіспеушілік жайлар тарихи білімсіздіктен деуге келеді. Байқап отырғаныңыздай, сценарийстерге жүктелетін міндет жеңіл емес. Бұл ойымызға режиссер Ардақ Әмірқұлов қиналмастан: «Маманданған киносценаристер бізде жоқтың қасы» деп жауап берген. Өзіміздің ұлттық бояуымызды, сан тарау тарихымызды көрсететін фильмді ендігі жерде өзге ұлт өкілдерінің түсіріп беруі қалай болар екен? Тарихымызды жіліктеп, өз орнына қойып беретін азаматтарымыз баршылык. Неге соларға өтініш жасамасқа? «Отырардың ойраны» фильмі туралы аз-кем айтарымыз осы. Неге екенін қайдам, мүмкін қанымызға сіңген үлттық қасиет пе екен, әйтеуір аталмыш сынды жаңа туындылар туралы тек марапаттауға құрылған дүниелер ғана жазылатыны әдет болып барады. Біз сол ескі құрсауды бұзуға талаптандық. Біз айтқандай, үлкенді-кішілі кемшіліктер болмаса, жұрт көңіліне ұялаған дүние. «Көрмейін десем, көзім бар» дегендей, көзбен көріп, көңілге түйгенді айтпай кетуді жөн көрмедік. 1992 жыл. Көрерменсіз кино Қазақстан киносының керемет тарихы ғана емес, сондай-ақ жарқын болашағы да бар. Отандық киногерлеріміз түсірген көркем және деректі фильмдер жыл өткен сайын әр түрлі конкурстар мен кинофорумдарда мәртебелі марапаттауларға ие болуда. Мұндай
жетістіктерді баршамыз мақтан етіп келеміз, ал сыншыларымыз барған сайын «жаңа толқын» деп аталатын «жаңа қазақ киносының» проблемаларын талқылауда. Бұл құбылысқа қатысты өзге де көзқарас бар. Оны мүлде қарама-қарсы көзқарас десек те болады. «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалін конкурстық қарап шығудың, өкінішке қарай, көрермендері толмаған залдарда өтуінің өзі аталған пікірімізді дәлелдей түседі. Ақиқат пікірлер соқтығысында туатындықтан, мұндай көзқарастың сөз жоқ орын алатыны мәлім. Режиссер С.Апрымовтың «Ақсуат» фильмін көру үстінде осы мақаланың идеясы өмірге келді. Егер фильмді кино сыншысының көзімен қарасақ, онда сәттілікке көзіміз жетті дер едік. Алайда көрермендер аудиториясының ұстанымы қарама-қайшы болып шықты. Міне, осы жайттың төңірегінде сөз қозғасақ демекпіз. Пікірлер қарама-қайшылығының өзі бізде жаңа кинематографтың туып келе жатқанын көрсетеді (қандай идеология мен қандай шеберлік туралы екені – басқаша әңгіме) және ол туралы қазір-ақ айтуға тұрады. Аталған фильм бірлі-жарып құбылыс емес. Туындының бекзаттығы мен шиеленіскен бейнелеу тіліне талап қойылатын бірқатар фильмдерде олардың мазмұнының толығымен жойылуынан картина түсініксіз, көңілге қонбайтын дүниеге айналған. Алайда осындай барлық кинематографиялық элементтерді қашықтан қарасақ, онда бұлардың бәрінің арғы жағынан ежелгі, мәлімдігі аянышты өнер – өнер үшін дейтін мифологияның елес беретінін байқау қиын емес. Әлемдік мәдениетте өнердің шындық ретіндегі және проблема ретіндегі аталған тұжырымдамасының сақталғандығы даусыз. Бірақ оның бізге керегі жоқ. Неліктен дейсіз ғой, себебі: біріншіден, ұлттық кинематограф осы сөздің шын ммағынасында алғанда ұлттық болуға және аудиторияны меңгеріп алуға тиіс. Ол Батыс кинематографиясының шабуылына сенімді тосқауыл қоюы қажет. Екіншіден, қайыршылық пен проблемалар тасқыны тұсында бекзаттық фильмдар түсіру өнегесіздікке жатады. Біздің бүгінгі әңгімеміз өздерін «жаңа толқын» өкілдеріміз деп мақтанышпен атайтын режиссерлердің фильмдері жөнінде қозғалмақ. Олардың көпшілігі Мәскеуден тамаша кинематографиялық білім алып, Еуропадан мәдениетке қаныққандар. Осының бәрі олардың фильмдерінде «көрініс» тапқан. Біз алғашында жаңа ағымға қол соқтық, шетелдік кинофестивальдардан алған жеңістері мен жүл делеріне қуандық. Уақыт өтіп жатты, біз біртіндеп мұндай фильм дердің бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқтығын сезе бастадық, атап айтқанда, олардың ұқсастыққа ойысып бара жатқанын бай қадық. Біздің кинематографтың қазіргі жай-күйін кино сыншысы Б.Нөгербеков былайша сипаттады: «Ең оғаштығы сол – қазір бүгінгі
күннің көкейкесті мәселелерін бейнелейтін фильмдердің жоқтығы. Меніңше, «жаңа толқын» шаршап, өзінің қуатын сарқып алған секілді, бірақ стилистикалық емес, идеялық жұтаңдыққа шалдыққандай. Басқаша айтқанда, идеялық дағдырысқа ұшырағаны байқалады. Әзірше біздің режиссерлеріміз Жаңа Сөзін айта алмай келеді». Өз кезінде абыржып, өзімізден-өзіміз: біздің кино деп жүргеніміз шынында да бекзаттық шығарма ма деп сұрайтын шақ туғандай. Әлде біздің режиссерлеріміз «бекзаттықтан» өзге фильмдер түсіруге қауқарсыз ба? Кезінде А.Камю былай айтқан екен: «Біз Толстой секілді жаза алмадық, сндықтан біз түсініксіз жаза бастадық». Бұған не қосуға болады? Түсініксіз туынды жазу үшін зор талант пен білімнің керегі жоқ, түйсік – интуиция болса жеткілікті. Менімен келіспейтіндер де табылар, бірақ меніңше, «жаңа толқын» нақ осындай кеселге ұшыраған секілді. Мысалы, броундық қозғалысты еске түсіретін кептерлердің ретсіз ұшуының режиссер Д.Өмірбаевқа ұнағаны соншама, ол мұны өз фильміне жеке, «терең мағыналы» эпизод ретінде енгізеді. Алайда, өкінішке қарай, бұл эпизод жоспарланған кинематографиялық міндетті атқара алмаған. Бұл жинақтаушы белгіні «түсіну» үшін көрерменнің ең болмағанда тиісті өмірлік тәжірибесі болуға тиіс. Өйтпейінше, бұл белгі шешілмеген жұмбақ күйінде қала бермек. Өнердің ақиқаты (реализмі) – бұл қарапайымдылық пен нанымдылық. Ресейлік кино зерттеуші Андрей Шемякин мынадай өте дәлмедәл ой айтқан: «Ресейлік қана емес, сондай-ақ ТМД кеңістігінде өсіп шыққан «жаңа ұрпақ» режиссерлері де «түсініксіз кино» өнерін жеткілікті меңгерген. Осы саладағы әлеуметтік ізденулерді жинақтай келе, ол психологиялық ақау деген диагноз қояды. «Тікелей сөйлеуде бәрі де түсінікті секілді. Ал қосымша әңгімелесуде олар түсініксіз тілмен түсініксіз нәрселерді айта бастайды», – дейді ол. Киногердің идеясы айқын. Өнерде адамның жасына деген жеңілдік болмайды. Біздің өз кинематографымызда қандай дәрежедегі психологиялық ақау бар екенін білмейміз, ал жалпы нышаны – симптомы пікірсайыстың ортақ тақырыбын туғызады. Біз фильмдер туралы олардың шетелдік фестивальдардағы жеңістеріне қарап пікір айтуға дағдыландық. Бұл баға берудің ойдан шығарылған шкаласы. Қазіргі кезде бұрын бізге беймәлім көптеген фестивальдық қалалар пайда болды. Жаман-жақсылы жүлделік қор түзіп, бірнеше білгірлерден тұратын қазылар алқасын ұйымдастырудың пәлендей қиындығы жоқ. Мұндай фестиваль дардың халықаралық мәртебесі жоқ.
Осы заманғы әлемдік кино өнерінде мынадай үш бағыт үстемдік етуде. Біріншісі – бұл көрерменді серпінді, ойнақы сюжетімен баурап алатын коммерциялық фильмдер. Екіншісі – адамның рухани өмірі, оның ішкі құпиялары бейнеленетін және осымен қатар қарапайым шынайы баяндау қағидаларынан алшақтамайтын фильмдер. Үшіншісі – ең күрделі бағыт. Бұл бағыттағы режиссерлер үшін ең бастысы – кәсіби шеберлік деңгейі. Олар таза кәсіби тұрғыдан және техникадан қарағанда мінсіз, бірақ... көркемдік сапасы жағынан түсініксіз фильмдер түсіреді. Соңғы онжылдықтардағы отандық кино өнімдеріне жасал ған талдау көңілді көншітпейтін қорытындыға келтіруде: біз дің фильмдеріміздің көпшілігі нақ осындай таза кинематограф дәстүрлерінде түсірілген. Мысалы, «Разлучница» (реж. А.Қарақұлов), «Место на серой треуголке» (реж. Е.Шынарбаев) «Қайрат» (реж. Д.Өмірбаев), «Сон во сне» (реж. С.Апрымов) фильмдері. Таза кинематографтың көзімен қарасақ, фильмдер тағы да жоғары кәсіби шеберліктің үлгілері болып табылады. Бұл фильмдерге «өмірден алынғандай» сезімталдықпен қабылдайтын кинематографтың өзіндік тілінен хабарсыз қатардағы көрерменнің көзімен қарап көрейікші. «Қайрат» фильмінде біздің кейіпкеріміз ауылдан қалаға келеді. Институтқа түсуге әрекеттенеді, бірақ емтиханнан «құлайды». Қала өміріне бейімделудің күрделі сынын қиындықпен басынан өткереді... Ал бұл ауыр жағдайды – драманы көрермен сезіне ме? Ол үшін басты кейіпкердің «қабырғасы қайыса» ма? Жоқ. Неліктен? Себебі бұл фильмде көрерменге түсінікті қарамақайшылықтар қақтығысы мүлде көрінбейді, әсерлену өлшемдері байқалмайды. Кейіпкердің бейнесі көмескіленген, оның әрекеттері түсініксіз. Луис Бунюэл мен Франсуа Трюффоға бекер әуестенушілік сезіледі. Фильмнің деңгейі ФИП-РЕССИ-дің президенті Клаус Эрденнің оны мақтап, былайша пікір білдіруіне толық лайықты: «Қайрат» фильмі – қазақ кинематографындағы «жаңа толқынның» таңдаулы шығармаларының бірі» «Алайда қазақ көрермені үшін бұл деңгей жеткіліксіз деп білеміз. «Кино – бұл өнердің ең ықпалды түрлерінің бірі, – деп жазады кино сыншысы Гүлнәр Ақтиінова. – Көрерменді кейіпкердің жан толғанысына сезімталдықпен үн қосуға, онымен бірге толғануға мәжбүр ету – бұл кез келген қатардағы режиссер үшін басты проблема. «Қайрат» фильмінде мұның ешқайсысы көрінбейді. Сезімдер мүлде көрсетілмеген. Бұл – көрерменнің ішін пыстыратын қызықсыз фильмдердің бірі» («Кино әлемі», № 1, 1963 ж.). Осыдан кейін көрерменнен кинематографты түсіне білуді талап ету ақылсыздық болар еді. Көрермендер баяғыда-ақ серпіп тастаған күрделі
кинематографиялық тілмен «жазылған» күрделі картиналар біздің отандық аудиториямыз үшін әзірше түсініксіз күй кешуде. Біздің жас режиссерлеріміз санаулы киногерлер мен кино сыншыларына арналған осындай бекзаттық фильмдер түсіруді азайтып, парасатты фильмдерді көбірек түсірсе қуанышты болар-ақ еді. Әлемдік кинематограф тарихында мұндай үлгі боларлық тәжірибе баршылық. Мысалы, 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Үндістанның бір топ жас режиссерлері бірқатар фильмдерде би мен музыка басым болып барады деген желеумен дәстүрлі мелодрамаға қарсы бас көтерді. Мринал Сен, Васу Чаттерджи және Шьям Веиетал бастаған «Жаңа толқын» аса күрделі зияткерлік фильмдер шығара бастады. Бірақ олар көрермендердің көңілінен шықпады. Ұлттық топырақтан тамыры үзіліп, ұлтқа жат эстетикаға құрылған мұндай фильмдер күні бұрын-ақ сәтсіздікке душар болған еді. Шетелдерде кермет жеңістерге жеткеніне қарамастан, отанында мұндай фильмдер халықтың құрметіне бөлене алмады. Біраз уақыттан кейін «адасқан» кинематограф туған еліне қайта оралды. Біздің кейбір режиссерлеріміз де шамамен дәл осындай жағдайға тап болды деп сеніммен айтуға болады. Біздің көрермендеріміз қазір Американың, Батыс Еуропаның, Үндістанның арандатушылық, роман тикалық, қызу қанды фильмдерінің дәстүрлерінде тәрбиеленген. Оны қайта тәрбиелеу және Д. Өмірбаев пен Е. Шынарбаевтың мәнері – стилисткасы күрделі фильмдерін түсінуге мәжбүр ету мүмкін емес. Егер біздің «жаңа толқынның» өкілдері батыс кинематографының сиқыр шылығынан арылып, жоғары талғамда жұртшылыққа, Канны, Локарно, Монреалдың бекзаттық фестивальдар көрермендеріне бағдарланған фильмдер түсіруді азайтып, қарапайым көрерменге бет түзейтін болса – олар еш нәрседен ұтылмаған болар еді. Халықтың рухына терең бойлап, оның жан сезімін жеткілікті ұғына білген режиссер ғана халықтың құрметіне бөленетін фильм түсіре алмақ. Аталған фильмдерді көруге кімдер барады? Киноны түсіруге дейін бұл жайында ойланған жандар бар ма екен? Өнер шығармасындағы басты өлшем мазмұн емес – форма, шындық емес – стиль, фильм емес – кинематограф деп есептейтін режиссер мұндай проблемамен басын қатыра қояр ма екен? Ал әзірше «жаңа толқын» өкілдерінің қарапайым көрерменге дейін «төмен түскісі» келмейді. Олардың өз мұраттарына естен тандырарлықтай сенім білдіруі – осының айғағы. Оған қоса, кинема тографтың жаңа толқынын қалыптастыра отырып, «жаңа толқынның» белгілі бір дәстүрге айналуының барлық белгілері өмірге келді. Осылайша, бұл жерде уақытша, өткінші құбылыс туралы емес, ұлттық кинематографтың болашағы туралы әңгіме қозғап отырмыз. Сондықтан осыған орай нақты бір ұсыныс айтуды жөн көрдік. Қазақ
киносына жаңа бағыт қажет болуда. Әлемдік құрметке ие болуды басты мақсат тұтпаған, жүлделерге жетуді өмірлік аңсау етпеген, тек бекзаттық фестивальдық көрермендерге бағдар ұстамаған және өз халқының діліне бағдарланған фильмдер түсіре алатын режиссерлер біз атап отырған жаңа бағыттың айналасына топтасуы тиіс. Ал халқымызға мәнерлі ізденулер емес, қашан да мәртебелі адами құндылықтарды айқын дәріптейтін серпінді, жанды фильмдер керек. Қалай болғанда да, қай кезеңде де көрерменінің жүрегіне жол тапқан режиссердің нашар режиссер болмайтыны ақиқат. Мұндай фильмдерді көбірек түсіру керек. Осындай сәттерде ғана халық ұлттық кинематографқа бет бұратын болады. Венецияда, Мюнхенде, Нью-Йоркта ие болған жүлделермен мәдени экспансияны тоқтату мүмкін емес. Фильміміз қаншама талантты болса да, көрерменсіз туындының құны түкке тұрмайды. Кезінде француз кинематографын күлін көкке ұшыра сынаған мсье Трюффо ендігі жерде өзі фильм түсіруге кіріседі. Оның түсірген туындылары өзгелердің фильмдерінен нашар болмаған, көп реттерде кейбір кәсіби режиссерлердің фильмдерінен жақсы болып шыққан. Осы мақаланың өзегіне айналған біздің кинематографтың жағдайы өзгермейтін болса, көп кешікпей біздің де өзіндік қазақ Трюффомыз өмірге келеді. 2003 жыл. ҮЗІЛГЕН ҰРПАҚ ҮНІ Театрға гүл апаруды ауырсынатын жағдайға жетіппіз... Шүкіршілік ететінің – құр қол болса да, өнер ошағына баратын жүрегінде оты бар көрерменнің кемімегені. Және сол сығырайған от пен сәулелі ошақтың шоғын көсейтін көркем дүниелеріміздің күн сайын көбейіп келе жатқаны. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарына қосылған Әкім Таразидың «Індет» трагикомедиясы соның көрінісі. Біз енді «бәленше олай ойнады, бұлай ойнады» деген таптаурын және авторлық бастамаға татымсыздау жайтты алға тартудан аулақ болсақ жарар. Өнер адамының ішкі әлеміне қол сұғу көргенсіздік десек келісті. Саналы көрермен үшін, бастысы – артистің қалай ойнағаны емес, қалай ойлантқаны. Алдымен қойылымның трагикомедия аталуының себебін ашып алалық. Бұл өзі ғасыр басында қоғамымыз аттай қалап алған «өрке ниетінің» ұлы дауылпаздарының (Әзбергеннің) мәңгілік трагедиясы болса, оны түсініп-түңілуге түйсігі жетпеген сол бейшараның
бос күлкіге кенелуі комедиялық кейпімен бүкіл болмысын бүкпесіз ашып береді. Яки, жеңіл мысқылмен адамзатты аздырған қиямпүріс қоғамның ащы шындығын аһ ұрып қабылдамау мүмкін емес. Өкініштісі, қойылым барысында залды репетсіз күлкі кернеген. Алайда, саналы сараптауды қажет ететін салмақты дүние осындай екі қырлылығымен діттегеніне жеткен. Негізгі әңгімеміздің тиегі – атом ғасырындағы «өркениетіміздің» алпауыт аранына рухани және адамгершілік болмысымыздың азық бола жаздап, қайта ауыздықталған бүгінгі бүкілдей тазару, түлеу дәуірінің тобықтай тұжырымы көркемдік дәлдікпен кестеленуі. «Індет» трагикомедиясының жайып салар жан сыры жоғарыда айтқанымызға толық жауап бере алады. Оған Әзбергеннің (Д. Жолжақсынов) іс-әрекетімен өзге кейіпкерлердің оқиғаға қатысуы дәйекті дәлел. Өткен «өркениеттің» тамаша тартуларының куәсі болған аталарымыз бір әңгімесінде: «Сәбет өкіметі орныға бастаған шақта ауылдағы ауылнай бала бірде – бесін ауа үйіне келіпті. Аздап масаң болса керек. Содан намаз оқып отырған әкесін келіп теуіп: «Намаз оқуды тоқтат. Сәбет өкіметі келді. Енді жаңаша өмір сүру керек депті» – дескен. Дәл осындай жәйттардың ақиқат екенін айғақтағандай және мұндай шолақ белсенділердің жиынтық образын Әзбергеннің бойынан байқауға болар еді. Олардың ортақ ауруы да бір. Ол – індет. Індет жайлап, жайратып жіберген дегенде санамызға бағзы уақыттардағы дерт дендеп, шаңырағы ортасына түскен ауылдар оралар. Бұл індеттің беті басқа. Сорақылығы сонда – одан бүкіл қоғамның қасірет шегуіне тура келген. Онымен қоймай, ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ үні үзіліп, үздігіп келешек алдында күнәлі кейіпте қалды. Әзберген кешегі күні қолын қанға аямай-ақ былғап, бүгінде үлесі бардай қызметте жүрген қызылкөздің өзі. Өткен күнге оралсақ, оған қазір орын жоқ. Соны меңзеген өлі аруақтар маза бермейді. Әзберген әліне қарамай, оларға сенбей күлкіге айналдырып, тіпті партиялық жолмен тәртіпке шақырмақ болады. Өзі туған туыстан тұлдыр. Тікелей себепкері де – өзі. Әкесін ез қолымен халық жауы атандырып, итжеккенге жер айдатты. Әзберген соттың алдында: «Мен халық жауының баласы емеспін. Шешем үйде жүрген қүлмен ашына болып, мен содан туғанмын. Мен таза пролетариатпын» – дейді. Мұны естіген шешесі есінен адасып, зарлай-зарлай запыран құсып, құсалықтан көз жұмады. Бастығының көңілін табу үшін сүйген жұбайын пайдаланады. Бұған шыдамаған ол – о дүниелік болып кете барады.
Мұнымен қоймай қомағай ажал болашақтың бейкүнә символына ауыз салады. Жо-жоқ, абзалы алдындағы азапты ауырсынудан емес, сол сұмпайы ортада Сүлулығына нүқсан келтіргісі келмегендіктен бүл фәниден пәк күйінде кетуін қалаған. Әзбергеннің өмірге енді қанат қаққалы отырған қызының – қоғам бойынан байыз таппай, қонақтаған Сұлулық символының қылшасынан қиылған тағдыры, соның айғағы. Оның Сұлулық символы болатындығы сонда – өзін «керек кезінде» құрбандыққа шала білді. Рухани мешітінің тазалығына жан-тәнін салды. Бағзы біреулердің бүлдіруінен сақтанды. Басқа кейіпкерлер галереясы сияқты әбден жапа шегіп, бүтін болмысын жаралатқан жоқ. Сұлулықтың символына ғана тән морт сынып, мәрт мінез танытты. Әкесін де айдатып жіберген Әзберген баласына қайбір қайы рымдылықпен қарасын. Бүкіл мектеп болып, әзер ұстаған, вокзалдарда түнеп жүретін бейшараны қызы қатты аяп, босатып жібереді. Ал, әкесі орталық жаққа қарай енді өсетін кезіндегі мына кесірге бұлқанталқан ашуланып, қызына орталық жаққа: «Бүл істің, бәріне кінәлі өзім. Әкемнің ешқандай да кінәсі жоқ» деген хат жазғызады. Қызы хатты почта жәшігіне салғаннан соң, вокзалға барып поездың астына түседі. Содан осылай туған туысын жұтқан Әзберген қызметін істеп, бүгінге жетеді. Ескінің Әзберген секілді есерсоғын жаңа қоғам қабылдай қоя ма? Бүған шешім: әкесі мен шешесінің, әйелі мен қызының аруақтары түрса да, жатса да тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермеуі. «Күнің өтті. Енді еншінді ал да еліңе қайт. Саған жаңа заманда орын түгіл жер басып жүруіңе жол жоқ» дейді олар. Оны әбден әумесер болып алған Әзберген саналылықпен қабылдай қойсын ба? Олармен сөз таластырып, ақыры «жоғары жаққа қызметке шақырып еді, соны шамалы істеп кетейін» дейді. Ажалы «еле білу де өнер» деп ескертеді. Әрине, індеттің негізі – осы дүниеге келе білген бейбақтың енді кете алмай аласұрғаны. Қойылымнан түйер түйін мынау: індет тек бір буынға ғана пышақ ұрып қойған жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүгін үрпақ үнін үзді. Оны жалғау жаңа қоғамның құрыш білекті құрылысшыларының қолында. «Індет» трагикомедиясында ең басты оптимизм бар. Қоғам қалап алған «өркениеттің» бойынан шыңғырып, сылынып шыққан сұлулық символы о дүниеден оралып, теріс аққанды оң ағызу үшін қарсы түрған қоғамның руха-ни тазалануына, бойындағы бар арам қаннан арылу үшін буырқануына көмекке келуімен көркемдік кесім көрініс табады.
Үзілген ұрпақ үнін тайға басқан таңбадай айғақтайтын Әзбергеннің қойылым финалында бармақ тістеп бара жатуы осы ойымызға қамшы. Не керек, бәрі кеш. Қорқынышты қоғаммен үніңді шығармайтын үрейдің құлы болмау керек пе еді. Қалай? Жалпы қойылым астарын ашуда, бояуын қанығырақ берудегі артистердің ойынына разы көңілде отырасың. Әзбергенді сан қырынан ашқан Досқан Жолжақсынов пен қызыл комиссарды дөп бере білген Балтабай Сейітмомытовтардың еңбегі анық шеберлікті көрсетеді.... Қорыта айтқанда, «Індет» трагикомедиясы уақыт тінін тап басқан туынды. Оны биік талғаммен таразылау қарақты көрермен қанжығасында. Қойылым соңында солып қалған бір тал гүлден актерларға таратып жүрген кісіні көз шалды. Әлгінде сахнадағы індет секіріп түсіп, жаныңа жайғасқандай. Көшенің салқын сызы бүгінге тиюі әбден заңды. Өмірдегі індеттен арылармыз-ау, өнердегіден ше? 1994 жыл. ТЕАТР ТОРЫСЫ Қазаққа өнердің көбіне нағашы жұрттан қонатыны бір заңдылық. Актриса Ғаникамал Байқошқарованың нағашы атасы өнерлі, ойлы адам болса, апасы сырнай тартып ән салған. Әжесі Тобықты руынан шығыпты. Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия бұлардың үйімен араласып жүрген. Тіпті Мұхаңмен – Мұхтар Әуезовпен бірге жүрген нағашы атасы Мұсатай заңғар жазушының рухани досы, сырласы болған. Мұхаң Алматыға біржола кетерінде: «Мұсеке, екеуіміз сонда бірге барсақ қайтеді» деген қолқасына: «Алдымен өзің барып орналаса бер, сонан соң барармыз» деп Мұсатай ақсақал туған топырағын қимай қала беріпті. Ән-жырға жаны жақын болғаннан соң нағашы атасының үйінен өнерлі адамдар аяғы үзілмеген. Бір кездері Еуропаны аузына қаратқан Әміре әнші де талай қонақ боп, тамсандырып ән салған көрінеді. Ғаникамалдың атасы Мұқан деген кісі де өнерпаз болған. Қарап отырсаңыз, осындай тарландардың алдын көруінің өзі болашақ өнерпаз үшін үлкен өнеге, дәстүрлі мектеп болғанын аңғарамыз. Орыс мектебінде тәлім алған Ғаникамал Алматыдағы меди циналық институтқа қабылданады. Бірақ, бала күнінен көкірегіне қонған өнердің ғажайып әлеміне деген құштарлық бір сәт тыным бермейді. Ақыры жүрегін муза жеңген жас қыз дәрігерлік оқуды тастап, 1965 жылы театр факультетіндегі Қадиша Бөкееваның кла-
сына түседі. Содан балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек жолын бастайды. Ғаникамалды жас демей, театр ұжымы жылы қарсы алады. Үлкен, күрделі бейнелерді сеніп тапсырады. Үдеден шығып, үмітті ақтамай қалған жоқ. Осы театр қабырғасында жүріп Б.Майлиннің «Шұғасында» – Гүлзипа, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында» – Салиха, Қасеновтың «Ботагөзінде» – Лиза, тағы басқа бейнелерді шебер игерді. Бұл уақыт актрисаның шыңдалу мектебі, алғашқы баспалдақтары еді. Арада сәл үзілістен кейін қазақтың М.Әуезов атындағы драма театрына келді. Содан бертінге дейін алпыс қойылымда басты рөлдерде ойнаған. Аз ба, көп пе? Бағасын уақыт бере жатар. Осы орайда шәкірті жөнінде ұстаз айтқан пікірлер зердеде ұялап қалады. Ғаникамал туралы Қадиша апай былай дейді: – Ғ.Байқошқарова, Ә.Сығаев, Ә.Кенжеев, Р. Машурова – менің алғашқы қарлығаштарым. Бұларды бөле жарып айта алмаймын. Тұңғыштың жолы қашан да бөлек қой. Бағыма қарай, талантты балаларға кезігуім кездейсоқ емес. Олардың ішкі дүниесіне үңілу соншалықты қиын бола қойған жоқ. Өздері бір иман жүзді, ибалы балалар еді. Әсіресе, осы Ғаникамал мен Меруерт өте үяң, нәзік жаратылысты жандар. Қуанышқа қарай, олар бүгінгі көп қызкеліншектерге ұқсамайтын, қай жағынан болса да ерекше тәртіпті, тәлімді, тәрбиелі. Түсінісу үшін жіңішке желі жетпесе бәрі бекер дей беріңіз. Артистікті үйретпейміз ғой. Ана сүтімен даритын қасиеті мен ішкі жұмбақ сырына ене алсақ, біздің арман сол ғана. Ғаникамалды медицина институтының 3 курсында оқып жүргенде театр институтының 1-курсына алдық. Бүгінде тарлан тарта бастаған шәкірттерімнің сол бір балалық кескіндері көз алдымда. Көздері де, өздері де таза, өңкей сері жастар... Пендешілікпен шаруасы жоқ. Кейде рөлге талас болатындай жағдай туады. Мен сонда «Маңдайға жазылатыны болады да, оған бола бет жыртысып, ардан айырылуға бола ма? Шама келсе кісілік шеңберінен шықпаңдар» деуші едім. Осы сөздерді тыңдауының өзінде сыпайылық жататын Ғаникамал өте таза, биязы мінезді жан ғой. Оның рөлдерді ойнау, игеру үрдісін айту өз алдына бөлек әңгіме. Ол өнерге, рухани мұратқа қандай адал болса, жолдастарына да сондай адал. Осындай адам лайықты бағасын алмағаны мені, әрине, қинайды. Талантты барында бағаламаймыз-ау! Әйелдің қырық шырағы болады демекші, соның бірі ертелі-кеш жарқ етіп жана қалатынына имандай иланам. Балама сол күнді жазсын деймін. Ол әлі жас бала секілді маған. Осы орайда әңгімеге Ғаникамалдың әріптесі Тұңғышбай Жаманқұлов араласты:
– Өнер жолы – азапты жол. Оның үстіне мына мезгілсіз, түссіз өмірдің тұсына тап келіп отырмыз. Қытайлықтарда мынадай ең ауыр қарғыс бар екен: «Құдай бар болса, екі қоғам ауысып жатқан кезде өмір сүр». Астарына қарасақ, біздің мандайымызға жазғаны да осы. Дегенмен, басқа салса баспақшыл, актердің өмірі мен өнері тығыз байланысты болу керек. Ғаникамал да сол үдеден шығып жүрген жан. Оның құралы – сезімі. Өнерге таза болып келуі, балажандылығы да сондықтан. Ол – өнерге өмірін арнады. Ғаникамал үшін сахна – өмір, сахна – қуаныш, сахна – шер. Білімді, саналылығы бәрі адамгершілік қасиетін биіктете түседі. Өнерді көбіміз есеппен сүйеміз. Абзалы есті сүю. Мұның бәрін Ғаникамал түсінеді, түйсінеді. Қыздың жолы өнерде қылдан да қылдырықтай. «Қызға қырық үйден тыйым» десек, сахнада оған қадала қарайтын қырық кез бар. Міне, осындай жүкті көтеріп жүрген әріптесіме ризамын. Талантты тану үшін де көп тер, мол еңбек керек. Оны талантты бір қырынан ғана ашу ойымыз әурешілік болуы да мүмкін. Бірақ, қүпия дүниенің кілті бізде емес. Бұл ретте біз Ғаникамалдың сахнадағы жасаған кейбір рөлдеріне тоқтала кеткеніміз жөн. Әсіресе, Н.Әбуталиевтің «Өттің дүние» қойылымындағы Фатима ханым рөлі кейінгі кездері жүртшылық көңілінен шығып жүр. Бұл ішкі ойға оранған образ. Д.Исабековтің «Кішкентай ауылындағы» Мәнсия ше? Ол бірде аңғалдығы мен арамдығын ашық мінезіне жендірсе, көңілшектігі де көл-көсір боп көзге ұрып тұрады. Жалпы актрисаның әрбір рөлді түсініп сомдауда жеткен жетістіктері аз емес. Осындай биікте көрінуде сахналас серігінің де ықпалы зор болмақ. Былайша айтқанда, серігіңізді жоғалтсаңыз жан жолдасыңызбен айрылғанмен бірдей. Осы орайда Ғаникамал М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Нұрмахан Жантөринмен бірге ойнағанын әлі күнге ұмыта алмайды. Осы қойылымды сахналаған режиссер С.Мажурин Ғаникамалға көп кеңестер беріп, әр дайындық сайын өсе түскеніне, еңбекқорлығына тәнті болып отырған. Иә, актриса әр рөл сайын өсу үстінде. Кезінде Қадиша апайдың партнерлары – Ш.Айманов, Ы.Ноғайбаевтар болса, бүгінде Ғаникамалдың қанаттасы Т.Жаманқұлов секілді театр тарландары. Ғаникамал сомдаған М.Әуезовтің «Қарагөзіндегі» – Қарагөз, Ж.Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» – Ұрқия, Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісіндегі» – Башурат, Б.Римованың «Абай – Әйгеріміндегі» – Салтанат, С.Сматаевтің «Жұлдызым менің жоғарысындағы» – Гүлжан, тағы басқа да бейнелер бүгінде көрермен көңіліне ыстық ұялап қалған.
Әр ортаның оза шауып, алтыннан алқа тақпаса да өз мінезінен, жорғасынан танбайтын торысы болады. Біздің әңгіме еткен әлеміміз сол соқпақты әспеттейді. Қиын да қызық өнер жолында жүріп елуді еңсерген Ғаникамал Байқошқарованың қоңыраулатқан әуені әлі егделікті елеп, шау тартар шамада емес. Соған қуандық. КӨМБЕГЕ ЗЕРЕК ҮҢІЛСЕК... Тарихты таразылағанда оның жасампаз сәттерін жарқырата түсетін жеке тұлғалар екеніне көз жетеді. Ол талассыз, дау туғызбайтын басы ашық аксиома екенін есті уақыт әлдеқашан дәлелдеген. Есімі күллі әлемге әйгілі адамдар, рухани-ғылыми мұралары ғасырлар тереңінен тамыр тартып, ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан ғұламалар қазақ даласында жетіп артылғанына күн өткен сайын көз қанығуда. Және баршасы шаң басқан көмбеден, шөл басқан көңілге толық орнықты десек, орашолақ пікір болып шығатынын байқаймыз. Осы тұста ортамызға етек жеңімізді жинап, есебімізді түгендеген шақта оралып жатқан ғибраты мол, тұлғасы зор бабамыздың бірі – Қарабура әулие турасындағы ақиқатты таным көкжиегімізді кеңейте түседі деген ниетпен алға тартып отырмыз. Осыдан он бір ғасырдай уақыт бұрын өмір кешкен Қарабура есімінің жыға таныс болмауының өзіндік себебі бар. Жалпы, бұл рухани тұлғаларымызға ортақ жайт. Ғасыр соңынан ғасыр өтіп, ескерткіш белгілер тозып кетті. Тасқа түскен дүниелердің мүжіліп-үгіліп, бастапқы ұсқынын жоғалтуы екібастан. Бүған заман түрі сұрқылтай тартқан кезеңдерін қосыңыз. Содан өз тамырымыз өзімізден алыстай берді. Бірақ, тарих төрінен орын алған тұлға төл тумысын қайткенде де паш ететін көрінеді. Арадағы он-жүз жылдықтар да кедергі бола алмағандықтан Қарабура бабамыздың тағылымды ғүмыры уақыт зиынынан сылынып қала алмапты. Әріден салсақ, сонау төртінші ғасырда бүкіл Еуропада билігін жүргізген Дешті Қыпшақтың үлы басшысы Еділ (Атилла) аруағы қонып, рухы жебеген апайтес батыр ғана емес, далалыққа тән даналығы бар дара түлға. Елінің қаһарман ұлдарындай халықтық ұранға айналған әкесі Ер Тама мен атасы Ер Көгіс екеуі де қырымның қырық батырларының бірегейлері ретінде ұзақ дастандарға арқау болған. Әпсана-хикаяттарға кезек берсек, Қарабураның өмір жолы төмендегідей өріліп жүре береді. «Қарабура алпамсадай болып өседі.
Күндердің күнінде дала баласының делебесі қозып, тай үйретіп мінеді. Алайда, мінген тайларының белі кетіп, көтере алмай қала береді. Асау ат мініп, аламан бәйгеге шапса, ол да шыдастық бере алмайды. Қайбір жолы Түркімендермен болған соғыста бір қара бота олжаға түседі. Шешесі Жамал сонда шешіліп сөйлеп: «Бурам, сенің қанатың да, серігің де осы қара бота», – дейді. Әлгі бота бұла болады, тез өседі. Маңына бала түгілі тірі жан жуытпайды. Ол өріске үзап кетсе Бура оны қобыз сарынымен қайырып алады. Бір-біріне серік болып өседі. Күндердің-күнінде Бура жігіт атанса, бота бүлғақтаған Қара Бураға айналады. Енді Қарабура атануының басты оқиғасын алға тарталық. Бура Бәтима есімді жар сүйіп, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайды. Аламан бәйге ұйымдастырып, оған Қарабураны да қосады. Бірақ, бұған көңілі толмаған ол содан кейін-ақ Астрахан жақты бетке алып жүріп кетеді. Жолда бір елдің ұлан-асыр тойының бәйгесіне қатысады. Бәйгенің мәресіне сонадайдан жеке-дара жерді солқылдата қара дауыл көтеріп келе жатқан оны жиналған жұртшылық «Қарабура! Қарабура!» – деп қарсы алған екен. Сол күннен бастап Бура езіне өмір еншілеп берген Қарабура есімімен таныла беріпті. Тарихта Қарабураның аты дүркіреп шыққан тұсы – Қарақан мемлекетінің билік қүрған кезеңі. Сол Қарақан мемлекетіндегі ислам дінінің сопылық фәлсафа үрығын себушінің бірі Қарабураның діни қайраткерлігіне тарихшылар айқын айғақ ұсынып отыр. «Жарық дүниеге келгенің, одан өтер мезгілің бір Алланың еркінде. О дүниеде пейіш төрі бар. Жарық дүниеден түңілдім, барар жерім сол пейіш», – дейді ол. Иассауи секілді Қарабура да Ақиқат пен Алла екеуі бір ұғым деп ұққан. Қарабураның діттегені тақуалық дін емес, Алланың ақ жолы, адалдығы. Алланың шын ақиқатына жету арқылы адам өзін тани алатындығына көз жеткізеді. Сол бітім болмысымен рухы биіктеген. Не нәрсені де алдын-ала болжағыш, сезінгіш. Сондықтан да, Исфиджап пен Ясыдағы, Созақ пен Отырардағы Иассауи хикметін мансұқ еткісі келгендерді жазалаған Осындай ниеті қисықтардың тілін күрмеген, аяғын байлаған. Қарабура турасындағы оқиғалардың ең шырқау шыңы, оның Қожа Ахмет Иассауимен қияметтік достығы. Иассауи о дүниеге аттанар шағында былайша халқына өсиет айтады: Жан болмасын тусі таныс, сыралғы, Дауласпаңдар, өзі оқиды құранды.
Осы айтқаным орындалған сәтінде, Бабамыздың болды деңдер нур алды... Өйткені, оны Аллатағала жіберер, Жолына оның ай нұр сеуіп, кун өлер. Қаратаудың қойнауынан шықты, әне, Менің демім узілді деп біле бер... Осыны айтып көзін жұмды әулие, Ах! – дегенде қоршаған жұрт-әмбие. Қара бура мінген жан да кеп қалды, Шаң боратып, қас-қабағын сәл түйе. Жоғарыдағы өлең жолдарынан кейін келетін ақынның: «Мен өлгенде Аллатағала жерлеуге Қара бура мінген жанды жіберер...» деген ақтық сөзін негізге алуға тура келеді. Мұнда Қарабура дегеніміз тұтасымен кісінің аты. Ол Алланың әмірімен Иассауидің айтқанындай-ақ ғұламаны арулап жуып, ақтық сапарына шығарып салады. Иассауи – өз асыл мұрасына тасқа басып қалдырғанындай ап-айқын дәлелді дүние. Осыдан-ақ Қарабура бабамыздың тұлғасы зор, тұрқы биік кісі болғанын байқау қиын емес. Байқағанымыздай, ғұлама өз есиетінде Алланың аян беруімен ақыреттік досын алдын-ала жұртшылыққа жария етіп қоюында үлкен мән жатыр. Біріншіден, біздіңше, бүл өз түйсігімен жоғарыдан келген хабар арқылы бұл дүниедегі бар салмағын саралай біліп, о дүниелік сапарына сәттілік тілеп, ақ жауып арулай алатын рухани мүрағаттас адамды тап басып таба білуі. Екіншіден, ғүламаның о дүниелік сапарына соншалықты жауапкершілікпен қарауы көп жайтқа кезді аша түседі. Осы тұста тарихи сабақ-тастыққа айналған ақиқатқа шегініс жасауға тура келеді. Тағы да сол тозаң тұтпас түлғалардың тағылымды түрқына көз жібереміз. Айталық, Қорқыт бабамыз неге сонша өлімді жеңу жолдарын шарқ ұрып, іздестірді? Ақыры елімнің бетін өнермен, нақтырақ айтқанда, музыкамен қайтаруға болатындығын тәптіштеп дәлелдеді. Міне, бүл жайттардан жоғарыдағы ғүламаларды ортақтастыратын рухани бірізді жіптің үшығын көреміз. Ол – о дүниелік өмір проблемасын шешу. Иассауи бабамыз оны қарапайым шешуге тырысқан. Дәлірек айтсақ, ондағы адам рөліне маңызды мән беріп, алдыңғы орынға шығарған. Мүнда сайын сахараның жазылмаған заңдылығының керіністері жатқан секілді. Яғни, ежелден қазақтың тағдыр-талайы тірек тапқан адам және оның иманы мәселесін Иассауи ғүламаның көрегендікпен
жоғары бағалауы бәрінен де дүрыс бетбұрыстай көріне береді. Өйткені, кісілікті зор түтқан түлға қандай нәрседе де Адам проблемасын алға тартып отыруы түсінікті. Адам өзін-өзі танып болмай айнала әлемді, Ақиқатты – Алланы түсінуі мүмкін шаруа емес екен. Осы ретте езінің қияметтік досы етіп таңдаған адамның да тегін кісі еместігі даусыз. Әріден аңыз болып жеткен Қожа Ахмет Иассауи мен Қарабура әулиенің ақыреттік достығына олардың дін ислам турасындағы мүдделестігі жарқын сәулесін түсіреді. Қарабураның әулиелік ізгілігі Иассауидің өмірлік ұстанымымен пара-пар келіп, сонылықты жан жүрегімен қабылдайды. Қадап айтқанда, мәңгілікті сонымен межелеи, өмірлік өлшем етіп алады. Иассауидың сопылық фәлсафасы Қарабураны да қызықтырып, фәнилік басты ұстанымына айналады. «Қарақан мемлекетіндегі ислам діні» уағызының ұрығын сепкен Қарабураның діни қайраткерлігін тарихшылар айқын керсетіп қалдырғаа Бүкіл Талас өлкесі, Қаратаудың екі қапталы, Шу мен Талас, Арыс пен Сыр, одан әрі Арал жағалауы осы жалпақ өңірден – Иасы, Исфиджап, Тараз, Жанкент, Созақ, Отырар Иассауи уағызына сүттей ұйыған. Ол – ұлы түрік дүниесінің пірі. Оның сөзінде зәредей де зіл жоқ, ол ешкімге қамшы үйіріп, дүре соқпайды». Бабамыздың діни сопылық қыры жазбалардың бірінде осылай сыр шертеді. Әрине, оны егжей-тегжейлі ашу ұзақ сонар әңгіменің арқауы. Қарабура есімі әр жерде үздік-создық осылайша көрініс тауыи келіпті, Әйткенмен, бір жүйеге түсіп жүлгеленбеген. Ол туралы деректер мүрты бұзылмай жетпесе де, әйтеуір жеткілікті мағлүмат аларлықтай мөлшерде. Жоғарыда көз жеткеніндей, Қарабураның дәуірлеген кезі Карақан мемлекетінің кең қанат жая түскен шағына дәлме-дәл келеді. Ол – ең алдымен адам деген атауға лайық жан. Сосын өулие, батыр, керіпкел, Бір деректерде Қожа Ахмет әулие кез жүмарында ғүламаларды, шәкірттерін қылуетке шақырып алып: – Мен өлем, жаназа намазымды тахаратсыз жер баспаған, үйіне бала-шағасының бір күнге жететін нәпақасынан артық ешнәрсе апармаған, бес күндік дүниенің байлығына қызықпаған, бар өмірін мешітке арқалап отын тасумен өткерген Бура баба шығарады, – деп өсиет қалдырған екен. Біздіңше, бұдан Қарабура бабамыздың адамдық бейнесі бәрінен бұрын менмұндалайды. Басқа қасиеттері соның ішіне сыйып кетіп отырғанын байқау қиын емес. Айталық, көбіне ол
жүрген жер, шыққан тау, кейде, оның атымен аталып отырғандығы
да бізге белгілі болып отыр. Бұл оның өз ортасына ең сыйлы, әрі
маңайына ерекше салмағы болғандығын көрсетсе керек. Бұған
дәлел ретінде Шоқан Уәлихановтың зерттеулерін алға тартсақ та
жеткілікті...
Шығыстың ұлы. Осы іспетті бүкіл орта ғасырлық бабалары-
мыз сияқты Қарабура әулие де шөлге біткен шынар ғана емес,
әлгіндей зор бәйтерек бұтағы немесе құнарлы топырақтан қуат
алған «құбылыс». Иә, Тектіден текті тууы неғайбыл болса да,
тектіні текті тануы бүгінгі күннің үлесіндегі ғана тұжырым
емес. Оның да әріден келе жатқан дәстүрлі жалғастығы бар. Ата-
бабамыздың қалдырған асыл мұрасын жоғалтып алу аса қиын
шаруа еместігіне қазірге дейін қанық болып келдік. Ұлттың ұлы
болмағы бай мәдениетіне байланысты екенін ұғынған ұрпақ дереу
қателікті түзеуге бел шеше, белсене кірісе бастады. Арамыздағы
сондай азаматтардың бірі Шымкенттегі «Сарыарқа» акционерлік
қоғамының президенті Құрал Ержанов Қарабура әулие тура-
сында кітаптар шығаруға, фильмдер түсіруге және ең бастысы –
кесене-мавзолейін салуға күшжігерін аянбай жүмсап жүрген жан.
Бұл азаматтың мына аумалы-төкпелі уақыттағы атқарып жатқан
істеріне ерекше ішің жылиды. Жалпы бұл – көмбеге зерек үңіл
гендіктің зор табысы.
Күллі түркі халқы бас иетін Қожа Ахмет Иассауидей бабамыздың
мазары бар Түркістан қаласының сол киелі топырағымен сабақтас
тағдырлы Қарабура әулиенің де рухы биіктей түсері даусыз.
2002 жыл.
ІЗГІЛІККЕ ІҢКӘРЛІК
Алыстағы ауылдарды ауызға алғанда алдымен қашан-нан
қағажу қалған қойшылар қауымы тілге тиек. Олар әйтеуір, бейшара
жандардай көрінетін де түратыа Апыр-ау, шыжығы мол шырғалаң
өмірдің асау ағысына қарсы жүзген жанкештілер солар емес пе? Иә,
солар...
Ендеше, шын еңбеккер де, шынайы суреткер де солардан...
Бала кезден кең далаға бауыр басып өскен Пернебайдың сезімтал
да зерек жетілуіне жусан иісі жебеген. Ол кішкене кезден-ақ сан
түрлі туған жер бояуынан сыр ұқты. Қалам құдіреті сыншыл, жыр-
шыл жүрекке киелі ұғымдай көрінетін. Қоршаған ортаның құпия
құбылыстарынан өзінше ой түйіп, оны қағазға түсіру қаншалықты
қызық болса, соншалықты қиын екенін аңғарған. Алғаш өлең, әңгіме жазып, сурет салуды ермекке емес, еңбекке айналдыра бастағаны содан. Сонау одақтық «Пионерская правда» газеті сияқты басылымдарға ә дегеннен суреті шыққаннаң соң, газеттерді кәдімгідей «бомбылай» берген. Біршамасы жарық көріп те жататын. Ол күні шопан үйінде кішігірім той болушы еді. Бойға біткен білік пен талап ұшқыны келе-келе алға ұмтыла беруге жетеледі. Алыстағы ауылдан астанаға арман қуып келіп, көп студенттің бірі емес, бірегейі ретінде көрінді. Сол кездегі буыны беки бастаған қара шаңырақтың журналистика факультетіне оқуға ілігіп, қаламын ұштай түскен. «Лениншіл жас» газетіндегі (қазіргі «Жас алаш») эстетикалық «Аққу» клубында белсенді мүше ретінде өнер турасында үлкен салмақты мақалалар жарияланды. Әсіресе, алып қылқалам шеберлері жайында жазған дүниелері қарымы мен адымын анық айқындап берген. Итальяндық ұлы суретші Леонардо да Винчи туралы «Сұлулық сазы», Мартирос Сарьян қақындағы «Шуаққа іңкәрлік», орыстың ұлы суретшісі Исаак Левитан жөніндегі «Үміт шапағы», мүсінші Сергей Коненков турасындағы «Қалампыр гүлі» сияқты материалдарды 70 жылдардағы оқырманға зор тыныс әкелген. Осылайша, көзі қарақты жұрттың көңілінен шыққан студент бозбаланы сол кездегі «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Шерхан Мүртаза Ташкенттегі қазақ перзенті, әйгілі суретші Орал Таңсықбаевқа барып, эссе жазып қайтуды тапсырады. Кейіннен «Тау мен дала жыршысы» атты үлкен мақала жарияланады. Ол бір кездегі есімі жалпақ әлемге мәшһүр, майталман суреткерден әңгіме естіп, сырласып қана жүргендіктің айғағы емес. Бүгінгі тұрғыдан қарасақ тарихи адамның көкейіндегісіне үңілген Пернебайдың көз көрген қасиетке ие екенін көреміз. Жалпы, сурет сырын ұғынып жазудағы шынайы маман көзімен қарайтындығымен құнды. Кезінде қылқаламды жанынан тастамай сенімді серік еткенде, жақсы суретші шығарына үміт те мол еді. Әрине, бар нәрсенің басын біріктіріп ұстау оңай емес. Тек біреуін қалап, қам қылу нағыз қаламгерлік қарым шығар. Дәл осы өнер әлеміне дендей енген студент бертін келе әдебиетке біржола бет бұрды. Университетті ойдағыдай аяқтаған соң аулына оралып, өзі оқыған онжылдық мектепке мұғалім болып орналасу Пернебайдың бұрынырақтан бергі мұраты еді. Ана тілінен дәріс беруге құштарлық ақыры туған жеріне алып келді. Бала жүрегін баурай білетіндігінен де оқушылар жаңа ұстазды жатырқамай қабылдаған. Оның сәл жы-
миып қойып, майдалай сөйлер мәйің сөзін шәкірт көңіл ерекше ынтызарлықпен тыңдайды. Ұстаздың еңбегі ескеріліп Еңбек Қызыл Ту орденімен ма рапатталған. Мұғалімдік үздік іс-тәжірибесін үлгі еткен кітапшалар да шығарылған. Шәкірттің танымы мен қоса, тәртібі де мектептің ішкі жүйелі жұмысы да үнемі назарда жүретін. Олқылықты көре тұрып, оған оң көзбен қарамау қалай тыншу берсін. Амал жоқ, іргелі мектептің тізгінін ұстады. Қызметтің қара жұмысымен жүріп қаламының қарайып қалғанын да аңғарған. Сұңғыла суреткер Хемингуэйдің бірде қапалықтан банкир болып істеп, жазушылық жолда жүрген әріптесіне: «Сен не банкирлігіңе бар да, не жазушылығыңа жүгін» деген сөзі ойға оралған. Бұл шындықты мойындаған да. Бірақ, біздің қоғамдағы қаламгерлердің бойынан күрескерлік қасиет табылмаса, бүгінгіміз не күйде қалар еді деген сауал туады. Пернебай ауылдан ұзаған адам емес. Кейіпкерлері де, кішкентай достары да қарасирақ ауылдықтар. Жазушы оларды жақсы түсінеді. Талғам таразысына салып, талай толғантқан да. Кейде өзі жалғыздықтың күйін кешетіні бар. Маңындағы қалың қауымнан пікірлес пенде іздеп бәйек болу кімге оңай? Қазір жазушы жанына ойлы жанармен үңілер үндестіктің ғайыпқа сайғаны шындық. Әдеби шығармаларда кездесетін жалғыздық шырмауы міне – осы. Дегенмен, ортасын іздеп, елегізген каламгердің меселі бұдан қайтпаса керек. Қайта теріс аққанға қарсы тұрып, оң ағызу үшін талпынысы бәрінен де пәрменді. Әлбетте, бүгінгі жазушы жауапкершілігі жеңіл ұқсамайды. Уақыт осыған бағыт алған. Жоғарыдағыларды Пернебай түсінеді. Қолы қалт еткенде ересектер тақырыбына, заман тынысын тап басар туынды жазуға ниет білдіретіні содан. Әзірше, балалар әлеміне сан сапар шегіп, шымыр шығармалар әкелгені белгілі. Алғашқы «Жұмбақ жұлдыз», одан кейінгі «Кішкентай гене-ралдар» жинақтары соның айқын айғағы. Үшінші – «Елгезек ертегілер елінде» атты кітап баспада қағаз қиындығына байланысты кешеуілдеуде. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Сыншыларымыз бірде «әдебиетімізде ұқсас тақырып, ұқсас кейінкер, ұқсас шешім көбейіп кетті» дескен болатын. Неге? Негесі сол, әдебиет майданындағы малайлық бар мән-жайға – мұрап. Кезінде идеология иіне бас иіп, бар игілігімізді бергенбіз. Оган қосылган да, қосарланбаған да бар. Әйтеуір, уақыт өзі есті сөз сөлін екшеді. Аққараны ажыратты. Шүкірлігімізді айтар кез келді. Кейде осы ойларды орталағанда таза жанның, һәм рухы қуатты жазушының қандай да болсын суыт соққан суық желдің ығына
жығыла кетпей, қайта қарсы қайрат көрсетіп, көңілдің көк дөненіне қамшы басқанына қайран қаласың. Пернебайдың кітаптарын оқу барысында осыны байқар едік. Азаматтық бейнесі өз алдына. Шығармашылығына көз жүгірте отырып, адам ретіндегі болмысын тануға қиналмаймыз. Ендеше, еңбектеріне үңіліп көрелік. «Жалынның» жабық бәйгесінің төрт дүркін жүлдегері атанған Пернебай балажан жазушы. Мектепте мұғалім болып, бала психологиясын зерттеудегі ізденісі тақырып аясын ашуға етене жақындастыра түсті. Тұңғыш қалам ұстағанда оңай соқпаған. Кішкентайлар турасында жазу кәдімгідей-ақ қиын шаруа. Игеріп кету үшін талай тер төгу керектігі тектен-тек емес. «Жұмбақ жұлдыз» кітабындағы «Жұлдыздар неге жылайды?» повесі сыншылардың тәуір бағасын иеленген. Тек балалар ұғымына ауырлау тиетіндігі алғашқы аяқ алысын аңғартқан. Көш жүре түзелді, әрине. Бір жағынан қарағанда бұл повесть трагедиялы тұжырымға негізделген. Сондықтан, кішкентайлар түсінігіне қиындау тиетіні занды. Он үш жастағы мылқау Тайжанның аянышты тағдырын, оның үстіне аяулы ағасынан айрылып, аһ ұрған үнін қалайша жеңіл қабылдауға болады? Тілсіз тіршілігінің тынысын тап басып суреттеудегі шеберлік қана соған көз жеткізіп, көңіл сендіреді. Тілдік стильдің қанық бояуымен көмкерілгені көкейге қонымдыақ. Кейіпкер психологиясы мен табиғат тылсымның бірге өріле отырып, өзіндік гармониясының туындайтыны оқырманын бей-жай қалдырмайды. Психологиялық сәттерге баса назар аударатындығымен де тартымды. Сонысымен сонылық танытып, еш кібіртіктеусіз жетелейді. Төрт повестен тұратын «Кішкентай генералдар» кітабын бүгінде білмейтін бала жоқ. «Кішкентай генералдар»... Бұл өзі тілі де жатық, құрылымы да қарапайым шығарма. Онда таза ауыл балаларының бүкпесіз өмірі өрнек тапқан. Негізгі ойлар шағын тақырыпшалар арқылы тарауларға топтастырылған. Алтыншы класс оқушылары Әділ, Өмір, Болат үшеуінің каникул кезінде кешкен хикаялары қызғылықты оқиғаларға өзек. Мұндағы шынайы диалогтар, психологиялық түйіндеулер және үнемі қозғалысқа құрылған кейіпкерлер бейнесі ширақтығымен келісті. «Сары сөмке және достары туралы ертегі» атты повесть қазақ прозасындағы аталмыш жанрға үлкен жаңалық ретінде енді. Бұрнағыдан келе жатқан ертегілерімізден туындының айырма шылығы – ойы алғыр, қиялы ұшқыр өзіндік ерекшелігімен есте қаларлық дүние екендігінде. Кейіпкерлері де көнеден келе жатқан Тазша бала, хан не уәзір, сондай-ақ қорқақ қоян, алдампаз түлкілер
емес, күнде ұстап жүрген кәдімгі сары сөмке, бояу қарындаштар, сурет салатын қағаз және басқалар. Оқиға солардың арасында қызғылықты өрбіп, оқырманын желпінте жетектейді. Ертегі үйреншікті болмағандықтан тосын көрінуі әбден мүмкін. Тез баурап алар бір сиқыры тартымдылығымен тәнті етеді. Баспадан шыққалы жатқан және бір жүлделі шығармалар ішіндегі «Қайсар қара қарындаш туралы хикая» жөнінде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауинның білдірген пікірі мынадай: «Бұл қара қарындаш пен ақ альбомның» бастан кешкендері әдемі ертегі. Ара-тұра ұшырасатын кібіртіктер өңдей келе жөнделіп кетсе, бұл хикая қазақ балалары үшін ең қызғылықты кітаптардың біріне айналар еді.» Бұған алып-қосарымыз жоқ. Тек мұны қаламгердің қазақ прозасының шағын жанрына тосын бетбұрысы деп білеміз. Жазушы, ұстаз Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылық өмірі жайлы қысқаша қайырғанда осындай үзік ойларға кенелеріміз кәміл. Бұл қаламгердің орта жолға дейінгі ғана жеңісті, жемісті жүріп өткен соқпағы. Әлі алда сан тарау асу бар. Оны байыпты түрде бағындыру азамат, қаламгер ретінде де сын. Пернебай өнер өлкесінен әдебиет әлеміне ауысқан сан қырлы қаламгер, Мүмкін, содан болар, тіршіліктің бірде тыныш, бірде тынымсыз тылсымының тақуа тумысын таразылауды шығармалары табиғатынан табатынымыз. Кішкене жүректерге жол таба отырып, кемел ойға шомғызатыны бекер емес. Әйтеуір, бір ізгі дүниеге – пәк сезімге іңкәрлікпен қаламын суытпай және сілтей береріне сенімдіміз. 2004 жыл. ЕСЕЙГЕНДІКТІҢ ЕСІГІН ҚАҚҚАН «Әдеби орта – әділ, білікті, әдеби атмосфера таза, тұрлаулы болса, әлеумет бағының жанғаны» деп жүрміз. Ендеше, мұны жіті таразылайтын талантты жазушыларымыз талғам, толғам жасап, тұщымды туындыларымен жол нұсқап жатса, арман не. Бұл сонау қадым заманнан беріректегі қарға адым уақыттың жүгі – жазушы жауапкершілігі деп білеміз. Қайтсе де, бір байламы болғанша, қарымды қаламгерлеріміздің шабытына сын болып және қала бермек. Қазір әдебиет әлемімізде әзірше үнсіздік орнап тұрған жайы бар. Бұрнағы жасалған жәдігерлер жайында да аз сөз айтылып
жүр. Үн-түнсіз жазылып жатқан дүниелеріміз жоқ емес шығар. Біздің топшылауымызша, үзіліс алдағы кемел келешекке бастар баспалдақ іспеттес. Осы орайдағы жоғарыда айтқанымыздың үдесінен үркердей топтың төбе көрсететініне ойлы оқырманның өзі кепіл. Оны бірінші кезекте тілге тиек еткеніміз де содан. Солардың ішінде өзіндік қолтаңбасы бар Тұрысбек Сәукетаев сынды қаламгерлердің қарымы мен әр басқан адымы өзгеше өрнек. Елудің қырқасындағы бұл толқынның әсіресе, қазіргі қазақ прозасының шағын жанрындағы сіңірген еткен еңбектерімен еңселі десек қателеспеспіз. Тұрысбек Сәукетаевтың «асықпай жүріп, анық басатын» алымдылығы жазғандарынан да айқын аңғарылатыны жайдан-жай емес-ті. Алғашқы «Сүткенже» атты жинағынан «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар» деген кітаптарының арасының өзінде, табиғи мүмкіншілігін ізденуде ілкімділіктің ірге көтергенін көрер едік. Және бүгінге дейін әрбір әңгіме, повестерінде рухани бірізділіктің біте қайнасып жатқанына амалсыз қарайлай қайран қаласың. Уақыт шындығын бейнелеуде боямасыз өмір өлшемі, тезге түскен тағдыр талайы, шытырманы мол оқиға өрісі өткірлігімен, шынайылығымен көкейге қона кетеді. Бәрінен бұрын тілдік өрнектің жатық та қарапайымдылығы оқырманын сүйменсіз сүйреп отыратын – жетек. Оның үстіне шығарма композициясы сананы сандалтатын күрделілігімен емес, жүректі жылдам баурап ала қояр түсінік кеңдігімен келісті. Мұндай мұрты бұзылмайтын мұнтаздай қасиет тек шеберлікке сын. Творчество адамның өзіне ғана тән сан қатпарлы құпия сырын тек шығармаларынан тауып, танып білу әлі жеткеннің ғана айласына айналатыны белгілі. Тұрысбекті «жұмбақ жазушы», тани алмай тауым шағылды деу артығырақ болар еді. Тұнық та тынық шығарма тұмбасының өзінің қай жерінде жүрсеңіз де тұншықпай, көз алдыңыз тұманданбай, тылсымыңыз еркін тыныстап, танымыңыздың таңы арайлана атып келе жатқандай. Өндіре оқи отырып, кейде өзіңше ойға шомдыратын тәлімінің дәмін тамсана тататының содан. «Қарауылтебе» повесінің мына бір жаңа жолына көз жүгіртейікші: «Миына біреу ине сұғып алғандай қалтырап ұшып тұрды да, бөтелкені жұлып алып жіберіп қалды. Анау бұғып үлгерді, бөтелке қабырғаға сарт тиіп, быт-шыт сынды. Сөйтіп, сынған бөтелкемен бірге «бөтелке достықтың» күлпаршасы шыққан. Арақ пен ақ көз желіктің тұманын қуып, көкірегінен бір жел ескендей еді».
Бір есепте бұл повестің шарықтау шегі (кульминациясы). Бәрі
«тайға таңба басқандай» ап-айқын. Бұған дейін де, кейін де оқиға
өрісі қалай өрілерінен өзіңше ой түйе бересің. Қойыртпақталған
ештеңке де жоқ. Көкірекке қонымды-ақ. Манадан айтқандарымызға
аядай ғана мысал осы.
Тұрысбек Сәукетаев шығармашылығындағы барша жақсы
нышандар мұнымен түгесілмесе керек. Ол күрделі тіршілік
құбылыстарының ой-шұңқырын түгелдеуде, өмірдің сан қал
тарысының өзін мейлінше шынайы да шымыр жеткізуде шыншыл
бағытты ұстанады. Яки, кәдімгі кәсібилік шыңына ұмсыныс-
ұмтылысы құптарлық-ақ. «Жазушы – адам жанының инженері»
деген нақыл нарқы мен парқын пайымдауда Тұрысбектің
обьективті көзқарас контексінде келуі кеңілдегі көп түйткілдің
кілтін қолыңызға ұстата қояды. Сол адамдар, яғни, кейіпкерлер
бейнесін сомдаудағы сонылық сонда – нағыз нанымды, тура-
сын айтқанда, тірі пендені тірлігімен көз алдыңа көлбеңдетіп
келтіретіндігінде.
Олардың жақсылығы мен жамандығы, қуанышы мен қайғысы
қатар жүрер өзіміз өткеріп келе жатқан күйбең өмірдің таусылмас
тауқыметі, табылмас таңғажайыптары бәрі-бәрі оқиға желісінде
орнын табады. Кейде кейіпкер кейпіне еніп, еріксіз тағдырыңмен
сабақтастықтан тағлым алатының содан.
Жазушы шығармашылығынан және бір байқайтынымыз, басым
көпшілік туындыларда жасөспірімдер бейнесі, олардың жан дүниесі
жарасымдылық тауып жатады. Бар тіршілік тынысы да солардың
араласуымен айшықты. Кіршіксіз пәк көңілге түсер кірбің де, қызуы
қайтпастай болып қона қалатын қуаныш та, қызғаныш та біздің
түйсікке тым сирек сезім сыйлайды. Дүниеге балалық көзбен үңіле
отырып, балаша емес, басқаша ой түюге тура келеді.
Орайы келгенде, «Алыста қалған жағалау» повесіндегі Дәу
реннің кейпін тілге тиек етелік. Алдымен айтарымыз – сонау
жылдардағы соғыс мехнатын тартқан талдырмаш тағдырдың
бүгінгі бір басының күйін келтіре алмай жүрген ұрпаққа салмақты
сабақ екенінің өзі не тұрады? Дәурен ана сүтін еміп қоймай,
қаншалықты қымбат екенін сезініп өсті. Әке мейріміне мерейлене
бастаған жас жүрек есейе келе жасықтық танытпады. Сол аяулы
алақандарға деген берік сағыныш көп құрдастары секілді санда-
лып кетпеуіне темірқазық болып қағылды. Қанат бітіріп, қалықтай
ұшуына қайрат берді. Дәуренді қай жағынан алып қарағанда да
үздіксіз динамикалық қозғалысқа құрылған бейне деп білеміз. Ол
өз ортасының алдына шықты. Түбі адамзат алыптарының жеңіп,
ақ желкенін керіп айдынға шығарына имандай иланды. Сенім алдамады. Арман қанша асқақ болса да, аласарды оның алдында. Шын мәнінде бұл біз үшін қазіргі қым-қуыт шақта алыста қалған жағалау іспетті көрінер бәлкім. Кейде осындай ой түюге келгенде кедейдің күйін кешетініміз бар ғой. Балалық түйсікпен бауыр басқанымызды аңдайтын жазушы алдыңа әлгіндей жасөспірімдер тұрғысынан келуді көздейтіндей. Бәрінен бұрын сол балалар психологиясының ой-шұңқырын жетік меңгерген жазушы салар оюын оқырманын ерте жүріп, бірге пішіптігуге тырысатын-ды. «Құзғын тойған қыс» («Жұлдыз», 1990 жыл, №10) повесі қаламгерді жаңа қырынан танытатын дүние. Аты айтып тұрғандай, заман шындығы – ашаршылық. Тақырыптың бұрынғыдан көп және кең жазылғаны әмбеге аян. Дейтұрғанмен, мұны Тұрысбектің қалай жазғаны ынтықтырады да қызықтырады. Өзіндік үнін ілгеріректен өзгеше ерекшелей түседі. Ондағы аштықтан әбден бұратылған бейшараның жан тәсілім етер шағына дейінгі адам төзгісіз кешкен күйі жан күйзелтіп қоймай, «мұндай да тірлік болады екен-ау», деген сұрқай тітіркеніс санаға суық сәуле шашады. Шамырқанасыз. Өтіңді от шарпиды. Эмоцияның жетегіне ермей, ес жия алсаңыз, оның «артында құлыншағым қалса екен» деген ақтық үнін құлақ шалады. Сонысымен нанымдырақ та. Осы шығармасымен тың бетбұрыстың сүрлеуіне ден қойғандай әсер қалдырады. Осындай сан қырлы ерекшеліктермен есіңде қалатын қасиетке ие Т.Сәукетаевтың өзіндік өрнегі оқушыны бейтарап қалдырмайды. Жазушының әр шығармасын талдап, таразылаудың қажеті жоқ болар. «Әне жерде былай деп жазған, мына тұсын былай жазыпты» деудің кейде әдепсіздікке апарарымен санасқан жөн. Талғамда талас болмауға тиіс. Ішкі құпияға қол салғанымызбен дөп түспей, орағытып өтіп, түп қазығын таба алмай шиырлай беретін де шығармыз. Және жалпы жұрттың көкейіндегі көлеңкеге күнгей болып, шуақ шашу шарт та емес. Бұл ретте жазушы шығармашылығы кемшіліктен де кенде, кенже қалып жатқан жоқ деген тұжырым тумаса керек-ті. Тұрысбектің шығармашылығында бүгінгі қазақ прозасының шағын жанрындағы аяққа оралғы болып келе жатқан ақаулар да бар. Оны жазушының оң жамбасына аларына күмән тумас. Өз биігін, рухани – табиғи мүмкіншілігін іздеген қаламгердің, асықпай анық басар азаматтың талай қан сорпасы шығып, додаға түсер асуы алда дейміз ойлы оқырмандары атынан. 1993 жыл.
Қайшылықты тұлға, қайшыласқан тағдыр
Журналист боламын деп, әсіресе 70-80 жылдары КазҰУ-дың
журфагына түскен талай тарланбоздарға дәріс берген Темірбек
Қожакеев те өмірден өтті. Былтыр біздің газетке орыс тілінде бер-
ген сұхбатында: «Ұлтшыл да, парақор да болған емеспін» деген
еді. Иә, бұл жат әдеттерден ада болғанымен, бір басына жетерлік
пендешілігі де болғанына куә жетерлік. «Мынауыңыз анық қиянат,
қиянат!» деп шыбын жаны шырқырағандар да бар. Дей тұрсақ та,
осындай қайшылықты тұлғаның қазақ журналистикасында өз ор-
нының білініп тұрарына уақыт төреші. Осы ретте біз Темкеңнің
жетпіске келген шағында журфакты тәмамдаған шәкірттерінің
ол кісі турасындагы мына лебізін назарларыңызға ұсынуды жөн
санадық.
Біз мектепте окып жүргеннен-ақ ол кісінің атына қанық едік.
Қолымызға түскен кітаптары арқылы да, баспасөз бетінде жиі
жарық көріп жататын ма-қалалары аркылы да Темірбек Қожакеев
есімін тани түстік.Одан қалса ҚазМУ-дын филология жөне журна-
листика факультеттерінің кабырғасында жүрген таныс-білістеріміз
қызғылықты қылып әңгімелеп беретін.
Иә, кейбірі ол кісіні қатал әрі өте талапшыл деп те жататын. Со-
дан ба, ойымыздағы орындалып, көңіл қойған оқуымызға түсіп кет-
кеннен кейін ауылдың қара домалағына ағаймен қоян-қолтық ара-
ласу қиын шығар деп жүретінбіз. Жоқ, көп ұзамай-ақ университет
табалдырығын жасқаншақтай аттаған сарыауыз шәкірттерін өзіне
жақын тарта бастаған, Әсіресе «журналист болам деп жұлқынып,
ақын боламын деп қылқынып» жазғыш-сынып жүргендерімізге:
«Әй, бала, сенің кеше бәлен газетке шыққан дүниеңді оқыдым.
Дұрыс, жарайсың» – деп, ақыл-кеңесін айтып жататын. Сондай-
да ағайдын пікірін естігеніміз аспанға айды шығарьш тастаган-
дай мақтаньп қалатынбыз. Кейбірімізге сол бір ауыз сөз қайта қуат
беріп, тағы бір өзімізше «тәуір» нәрсе жазып тастайтынбыз. Осын-
дай жылышырай, ұстаз бен шәкірт арасындағы жақын достық бізді
тек журналистиканың қыр-сырына баурап қана қоймай, үлкен
зиялылыққа деген сана көкжиегімізді кеңейте түскен.
Әлі есімізде, мамандық бойынша кафедраларға жазылу
кезінде ағай басқарып отырған «мерзімді баспасөз кафедрасы-
на қанша аңсарымыз ауып жүргенімен басқа кафедраға бөлінген
екенбіз. Ақыры үш-төрт жігіт өз өтінішімізді арқалап ағайдың
алдына барғанбыз. Екі сөзге келмей қол койып жібергені күні
кешегідей көз алдымызда. Бір қызығы, кезінде кейбіреулер мұны
мызды майданның ең отты шебіне сұранып барған жау-жүрек жауынгердің ерлігіне бара-бар екен деп бағалаған. Себеп-сыры белгілі. Мана айтып кеткендей, ағайдың талапшылдығы мен қаталдығын алға тартады. Алайда тәртіп қай жерде болмақ дейді бір ойымыз. Талабы мен талғамы күшті жерде шығар. Ендеше тәртіп болса, тәлім болады екен. Ал тәрбиелілік пен білімділік екібастан. Бес жыл біз соның куәсі болдык. Ағайдың алдынан жақынырақ барып дәріс тыңдап, тәрбие көргенімізге қуанбасақ, еш өкінбейміз. Қайта бағымызға карай осындай ұстаздың алдын көргенімізді мақтаныш тұтамыз. Темірбек ағаның сан қырынан танылған талант иесі екенін тек шәкірттері ғана емес, бүкіл казақтың қауымы біледі. Бір бойына тоғыскан әдебиетшілігі, сьншылығы, журналистігі, фельетонистігі, сатириктігі, ғалым-ұстаздығы бәрі-бәрі тек колтығы сөгіле, қансорпасы шыға төккен терімен жасағаы енбегінің бүгінде өтеуі іспеггес. Бөрінен бүрын бізге ағайдың ғалым-ұстаздық қыры жақын әрі жыға таныс па дейміз. Бұл басқа жағын білмейміз дегендік емес. Ең алдымен Темірбек аға біз үшін ұстаз. Соңғы қырық жылдың бедерінде университет бітірген, бүгінде қазақ журналистикасының қара казанын кайнатып жүрген журна листердің барлығына ұстаз. Және алты мыңдай бұқаралык ақпарат құралдарына мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқан. Байқап қарасақ, аз уақыт, аз цифр емес. Бүгінгі бір ұрпақтың өмірі. Қазақтың «елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген мақалын еске алсақ, сонша мерзім шәкірт тәрбиелеу де мықтылықтың бір мысқал көрінісі. Темірбек ағаның талғамының биіктігі мен талабының күшті лігін сезініп өскен шәкірт күні ертең де сол деңгейден қарауға дағдыланатын шығар, Өйткені өзі де тек еңбекке еті үйренген ұстаздың жалқаулыққа жаны қастығына, сары жамбасты жақтырмайтынына еш шәкірт шек келтірмейді. Алайда қақсоқтығымен, қыңыр тартып тәртіпке көнбегенді де ағайдың тезге салып, түзеп жібергенін көргенбіз. Жөн сөз айтып, жөндем болған қарабайырлықпен емес, қарапайымдылықпен шақыратындығы талай шатақ шәкірттің шаңын да кағып, шалқайғанын еңкейткен. Бұл мінезі мінсіз дегеніміздің өзі ол кісінің алдына барғанда ақауымызды аңғара қоямыз. Ұстаз – қашан да ұстаз. Биыл университет бітіретіндігімізге сенсек те, ұстазымыздың жетпіске келіп қалғанына сене алмайтын сындымыз. Профессор есікті ашып, кіріп келіп, лекция оқи жөнелетіндей көрінеді де тұрады.
АЛАҚАН ЖАЙҒАН АДАМДАР
немесе қайыршыларға қайырым бар ма?
Қоғам дамыған сайын не түрлі өзгерістер өмірдің өзегіне айнала түсті. Бәрі сол қажеттіліктен, тәуелділіктен туындайтыны түсінікті. Оның қанша-лықты тиімді не тиімсіздігіне уақытты төрешілікке калдырдық. Дегенмен, сананы болмыс билейтіндіктен де жанжағымызға барлай байыппен карауға мойынсұнғандаймыз. Бұдан аттай алты жылдан аса мерзім бұрын, сәуірдің баяу соққан самалы тасқын судай сапырылысқан дүниеге әкелді. Қазіргі халіміз соның негізгі мәуелі жемісі. Дәл мына заманды күрмеуі көп күрделі кезек десек қателеспейміз. Тәуелсіздіктен түтініміз түзу ұша бастаса, күнгейдегі көп көлеңкелі түйткілдер де жетіп жатыр. Дүниенің ұшпаққа ұшып, ғайыпқа сайғаны қарапайым халыққа шаншудай қадалды. Қымбат-тағалы бері барымызды жоғалта бастағандаймыз. Басқасын жиып былай қойғанда, адам бойындағы асыл қасиеттер таразы тасымен өлшенетін тауар сияқты маңызын жойғаны несі? Ол жайында күнделікті көріп, біліп, естіп жүргеніміз аз емес. Тіпті төбе құйқанды шымырлататын шындық, ешқайда теріс айналуға тырп еткізбейді. Ежелден мұсылман баласы адамгершілік, имандылық қасиетіне қаяу түсірмегені аян. Бүгін келіп «біздің заманымыз басқаша болып кетті» дегендей сылтаумен ар-ожданымызды санадан сылып тастағандаймыз. Кейде орашолақ болса да, ол ойдың астарында жанды сыр жатқандай көрінеді. «Жел болмаса, шөптіц басы қимылдамайды» демекші нарық, кыспаса халық бүйтер ме еді? Экономиканы тірелген тығырықтан шығаратын нарықты қатынасты қолданғанымыз орынды. Бірақ халықты оған дайындау, алдын-ала әзірлік жұмысын жасау керек еді ғой. Онсыз жүзе білмейтін адамды ашық теңізге лақтырғанмен бірдей. Бағаға қарап бармақ... шайнауға тура келеді. Әрине, тек сен емес, өзгелер де қысылып қиналуда. Әсіресе, бұрыннан шаруасы шамалы жандардын халі қандай десең, көз алдыңа қалтырап қайыр сұраған сұлбасы солғын адамдар келе қалады. Алматының базарлары маңында, адам аяғы үзілмейтін көшелерінде қайыршыларды кездестірмей жүру мүмкін емес. Алқымбаттағалы бері, олардың саны күрт көтеріле түскені заңды. Өйткені, нарықпен бірге жұ мыстан қысқарту және жармасты. Содан жалпы қоғам қайыр шылықтың ащы кермек дәмін татып, талмаусырағаны рас. Қоғам қалай кайыршы болды? Осы сұраққа сәл шегініс жасалық. Бірде шет ел оқымыстысы сәуегейлікпен былай деген болатын:
«Терезесі тен өмір сүрген адамдар ортасында бір-бірінен биік тұрғысы келетін тоғышарлык психология пайда болады. Және оны жүзеге асыруға тырысушылыктың нәтижесінде шаңырақтың ортасына түсетіні күмәнсіз. «Иә, айнымай бізге арналып айтылғандай. Қызығы әлгі сауалдың түп төркіні осында жатқан жоқ па. Кезінде тоқыраудың тұсында қарнымыз тоқ, көйлегіміз көктіктен мемлекет мүлкіне көз сүзе қарағанымыз айқын. Бұқара мүддесін қоя тұрып, қарақан басымыздың, қамын жегеніміз жеңіл көрінді. Тоналған тіршілікке, қоғам өміріне жанымыз ашымады. Бұдан барып жатыпішер жалқаулық, мерезі масылдық келіп жабысты. Сөйтіп, біржақты караудан мендеген дертіне қоғам да, адам да тұсалып тынды. Осылайша опасыз қайыршылыққа калай келгенімізді білмей қалдык. Жеке қайыршының өзі кім? Әр күнін ілдәлап еткізетін пенде болар? Әлде баюды көздеген көрсеқызар ма? Қазірде олай қайдан болсын? Қоғам қайыршы болған соң, құрбандыкқа ең алдымен ілінетін әлсіз, осал жандар жанталасып амал қылады. Сондағы тапқан шарасы маңындағылардан қайырым күту, қайыр тілеу. Мүмкін, осыларды қайыршы деп атау лайық шығар. Тек оларды кінәлай көрмейік. Ең қауқарсыз ақсакал қарияларымыз бен ақжаулыкты әжелеріміздің көбі манағыдай күйзелуде. Бұған кім кінәлі? Қоғам деп, бар жүкті аудара салу әбестік. Қоғамға жетекші – Адам. Жұртшылыкқа жол бастайтын мұрындық – басшылық. Балық басынан шірісе – не шара? Енді анық қалпымызды қанық етіп көрсетуге бірер мысалды алға тартқан жөн. Астана тұрғындары күндегі тынымсыз тіршілігіне бой ұрғанда, телміріп, тұратын тіленшілер де өз жүмыстарына кіріседі. Жұпыны киінген, жәудіреген жанарлар әдетінше сезімі нәзік жандардан рақым күтеді. «Мен бейбақтың, қалған ғұмыры қолдарында» дегендей төмен түскен аянышты жүздері еріксіз жаутаңдайды. Ауырлау болса да олардың екі-үшеуімен іш-тарта сөйлесуге тура келді. Орталық базар. Ығы-жығы адам. Жүргіншілерден гөрі бүктетіле отырған «қа-ра шал» көзге бірден іліне кетті. Иә, «қара шал»! Зарлана басталатын А. Қоразбаевтың әніндегі кейіпкерден айырмасы шамалы-ақ. Айырмасы сол – жаманды-жақсылы өз үйінде тұратындығы. Ескі бөркін қисайта, көнетоз мақталы күпейкесін қымтана жайғасыпты. Көңілсіз көріністен манағы әндегі ыңырана басталатын: «Қаукайған қасіретті қара шалмын, бұл күнде қара шалмен санасар кім..» деген өлең жолдары ойға орала кетпесі бар ма? Қобалжыған жүректің қозғала қоюы қиын. Алғаш жанына жақындауға
ыңғайсызданғаным рас. Сөйтіп, аз-кем кідірістенгенімде оның қолына 7 сом түскенін байқадым. Осы сәтті пайдаланьш, шамашарқымша қарияға ақша ұстата бере, әңгімеге тарттым. Өмірзақ Тойбаев ақсақадың айтқандары мынандай болды: «Мен туралы сұрасаң, балам, міне 87 жастан асқан шағым. Өзім Алматы манындағы «Созақтай» совхозында тұрамын. Екі көзі көр-мейтін кемпірім бар. Бір баламыз болғанымен, үйленген соң, кетіп қалды. Одан хабар жоқ. Жағдайдың жөні бір айдан бері өзін көргендей, күнделікті ас-суға қаражат жинап, ауылға қайтам. Зейнетақы дейтіннік мәнісі шамалы. Ол оңып тұрса, бүйтер ме едім?» Екеуара сұхбатымыз қысқаша осылай өр-біді. Атайдың кеберсіген еріндері кемсеңдеп, үзіп-созып сөйлегеніне де шүкіршілік еттім. Кейбіреулерге қайыршылықтың кәсіпке айналып кеткені әрине, амалсыздықтан. Дені сау адам жәйдан-жәй ондай іске бара қоймас. Енді алақан жаюды күнделікті жұмысқа айналдырғандардың бірімен таныеып көрелік. Қос аяғынан айырылған азамат ағаш арбада отыр. Жанынан өткен жүргіншілерге марғау, мәнсіз қырындап қарайтындай. Әдетке айналғаннан ба, сұлбасы катып қалған ескерткіш тақта іспеттес. Өңінен не абыржудын, не жылылықтың нышанын байкау қиын. Мүсіркеп оны аяған жандардың «алдамшы» ілтипатына еріксіз ерін жыбырлатады. Сонда да сөзге икемдеп, сыр бөлісуін өтіндік. Саран сөйлесе де, біраз нәрсенің шет – жағасын шығарды. Орта жастан асқан Д. Вадимов ойын қысқаша былай баяндады: «Сұрапыл соғыста аяқтан айырылып, қайғы жұттым. Бұл өмірімнін, айықпас касіретіне айналды, Әйелім ба-лаларымды ертіп ертеректе-ақ кетіп калған. Содан кейінгі күй міне осы. Қу басымның қамын жеп «қайыршылықты» ермек етемін. Байқайтыным – казіргі адамдарда қайырымдылық азайып барады. Күнде 30–50 сом әзер түседі. Нарықтан мен де тарықтым. Ұдайы бұлайша отырмаушы едім. Көңіл шіркін, сол кездерде қандай еді? Бір уақыттарда менен бай адам болмаған шығар». Ол сөзінің сонында осылайша ащы шындыққа әзіл араластырып, сәл езу тартты. Келесі кездестіргенім – жүзінде титімдей де жылылықтың лебі жоқ, ақ жаулықты ана. Тағдыр тауқыметін көп көргеннен бе, бет-әлпеті әжімінен ажырағысыз. Өзі 54 жаста бола тұра, соншама қартайып кеткені несі дейсің. Бәріміздің де анамыз ойланады, мұңданады ғой. Бірақ, тіптен мұндай суалып, солмас. Абзал ана баласы үшін құрбан. Ол үшін шарасыздықтан да шығуға тырысады. Мүмкін, ол соңғы парызын орындауға бел буған болар деген ниетпен суыртпақтап сөз сабақтауға тырыстым. Өзін Қ. деп таныстырған апайдың жауабы:
«Талғар ауданындағы «Мичурин» совхозында тұрамын. Бес балам бар. Үйден ақша соңғы кезде тамағымызға жетпейтін болды. Өзім жұмысқа жарамаймын. Содан күнкөріс үшін осында келуге мәжбүр болдым. 3–4 күннен бері бір-екі сағат уақытқа болса да, қол жаю әдетке айналып барады. Одан артыққа бел шыдамайды. Кеше бір сағатта 17 сом, бүгін 13 сом алақанға түсті. Шырағым, тұрмыстың несін сұрайсың, киындықтың құ-рығынан құтылу бұрынғыдан бетер қиындап барады. Оны несіне жазасын, түзеліп жатқан ешнәрсе жоқ» деуге сайды да, өзі жылап жіберді. Ол жерде ананың жан жарасының аузын» тырнап алғандай әсерде қалдым. Бар жақсы сөздермен жұбатқандай болып, жөніме кеттім. Әрине, қайыршысы мол қоғам да қайыршы. Ондай ортаның жуықта оңа қоятыны шамалы. Әйтсе де әр іске жауапкершілікпен қарау мақұл еді. Кұлқынның құлы болғандар халықтың обалына калды. Өткен тарихымыздағы ата-бабамыз кедей-кепшікке пітір жинап көмектесті. Қайыршы дегеннің болмауын қалады. Бұл жөнінде дінімізде қатаң айтылды да. Дей тұрсақ та «дін – апиын» деп одан бездік. Безіп жүріп, терең орға омақасқайда ғана санамыз сілкінгендей болды. Содан дінмен кайта кайғыра қауыштық. Ал енді келіп, көненін, көзі қарттарымыздың кәріне ұшырасақ, не болдық? Әлгіндей аналарымыз қашанғы зар илейді? Ана көз жасының, киесі ұрып, тоқыраған тірлігіміз одан бетер тоз-тозы шықпай ма? Жалпы, бұл тақырыпқа үңілгенде, осындай ойлар түйдектеле түйінделіп мазалайды. Болашақтың болжамы да бұлдырай түсетіндей. Қысқасы, өзгенін орнына өзімізді қойып, қайырыммен қарай білу қасиетін бойға сіңіру кезені жеткен сияқты. ЖАЛАҢ СӨЗГЕ ЖАНЫ ҚАС Ең алдымен, Намазалы Омашұлы туралы сөз болғанда, оның өсіп-өнуіне өзі шыққан ортасының үлкен ықпал еткенін айтпай кете алмайсыз. Ауыл-аймаққа сыйлы отбасында – қазақтың қарапайым зиялы шаңырағында дүниеге келуі соның айғағы. Марқұм Омаш ақсақал. Бар назарын бала тәрбиесіне аударған, олардың адал да еңбекқор, салауатты әрі саналы өсуіне өмірін арнаған екен. Әрқашанда орнымен ақыл-кеңесін айтып, өрендерінің зерек те ерек жетілуін ақыл-әкелік парыз санапты. Бұның бәрі болашақ қаламгердің зиялы ғұмыр кешуіне бірден-бір сеп болғаны мәлім. Жас та болса бас болатынын алғашқы аяқ алысынан-ақ аңғартты. Жасынан алғыр өскен ол алдымен білмекке ұмтыл
ған. Сосын, кейін келе онысын іске асыруға талпынғанын бай қар едік. Әрине, студент кездің өзінде кіл бір «сен тұр, мен атайын» қыз-жігіттер тобын бастап, кейін қатардағы оқытушыдан қара шаңырақ – университеттің проректорлығына дейінгі жолдан өту кім-кімге де оңай жүк артпасы анық. Осы меже биігінен қай орта, қай орында болсын абыроймен көріне білген Н.Омашұлы қашанда біліктілігін іскерлікпен ұштастыра алатын. Сондықтан да шығар, әр кез сенім күшейген, міндет ұлғайған. Содан өзіне көрсетіліп жататын осындай бар сенім мен жауапкершілікті ынты-шынтысымен атқаруға бел буатын. Ондағысы – қолынан келгенінше ортақ істен аянбау. Ел үмітін үкілеу, шет жұртпен қатардан қалмай, терезесі тең, ауқымы кең байланыстар орнату. Әр істі бастағанда, қалай бітетіні әрі оңай шағылатын жаңғақ еместігі ә дегеннен-ақ аңғарылады. Дегенмен, діттегеніне жетпей қоймайтын қағылездігінен де жұмысты ұтқырлықпен ұйымдастыра білген. Уақыт үдесіне сай іскерлік пен ілкімділік арқасында алдағы қандай да күрделі міндетті орындап шығатын. Осы ретте, дара ұстаз, академик, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Зейнолла Қабдоловтың айтқан мына пікірі ол жайындағы ойды толықтыра түседі. «...Ұстаз деген ардақты атты кіршіксіз таза күйінде алып жүргендердің бірі, бірегейі десе де болады, ол – мына отырған менің Намазалы шәкіртім. Біреулер кресломен көркеюге барады, біреулер креслоны көркейтуге келеді. Шырағым, біз таныған қалпыңда тұр! Әрбір менің ұстаздық тәрбиемді алып, түлеп ұшқан шәкірт – қолымнан шыққан төлтума кітабым іспетті. Мен жазған кітаптардың ішіндегі классикасы – Намазалы Омашұлы!» Бұған алып-қосар жоқ. Ендігісі, мұны дамыту ғана секілді. Тарихтың омыртқасы хроника болса, жүрісінен жаңылмайтын – тек факті. Н.Омашұлының өмірбаянына үңілсеңіз, тым асығып, албыртыққа салынбайтын, тым баяу қатардан да қалмайтын қоңыраулы қоңыр қаламды серік еткен жорға жүрісті байқайсыз. Туа бітті болмысындағы осы бір сабыр мен саф ауадай тазалық өмір жолындағы іздерінде сайрап жатқаны анық. Зады, шығармашылық адамының ғұмырын байытып, өткенін баянды ете түсетін – өнербаян. Енді соны тарқатып көрелік. Алдымен әңгімеге сегіз қырлы бір сырлы жігіт ағасының қаламгерлік қыры сұранып тұрғаны анық. Өзіндік қолтаңбасы бар Намазалы Омашұлының қарымы мен әр басқан адымы өзінше өрнек. Себебі, «асықпай жүріп, анық ба-
сатын» табандылығы, алымдылығы жазғандарынан да айқын аңғарылатыны жайдан жай емес-ті. Тынымсыз ізденістен туған «Толқындағы «тотияйын» атты іргелі монографиясынан, «Қазақ радиожурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы», «Белестер», «Жол үстінде – журналист» атты кітаптарымен әрбір ғылыми еңбек, мақала, ой толғаныстарында рухани бірізділіктің біте қайнасып жатқанын аңғару қиын емес. «Азамат парызы» очеркінің мына бір жолдарына көз жүгіртейікші: «Бұрқап тұрған қар ұшқыны басылып, түлкі орнынан тұрып, дүр сілкінді. Одан сайын нарттай құлпырып, күміске көмілген қызыл нүкте алауланып біраз тұрды да, қиырдан асып, ғайып болды. Бір сәттік қана сұлулықтың үзіліп кеткеніне іштей налып тұрғандай...» Немесе: «... Ғасырды куә еткен сары сіңір сексеуілі мен өздігінен шіріп, құлап түскен дүзгені де ұзақ мезгілдің айғағындай. Бұл өңірдің мінезі де өзге жердің табиғатына ұқсамайды. Кейде дүние көшіп жатса да сабырлы қалпынан бір аумайтын салиқалы мінезі ауыр жанның табиғатына келеді. Өршіп соғатын дауылы бір көтерілмесін, көтерілсе дүние қара түнекке оранып, қиыршық тас пен құм жауады да тұрады. Екіленіп көтерілген жел аптаға жуық басылмай, қойнаудың бей-берекетін алады. Ақыры адуыны қайтқан жандай біртіндеп барып басылар еді. Осыдан кейін дүние шайдай ашылып, өңірдің жүзі өзгеріп сала береді. Жайма-шуақ мәзіре жай қалпы қайта оранып, қойшы-қолаң, жан-жануар жадырап шыға келетін. Құм мінезі осындай...» Бір есепте, бәрі тайға таңба басқандай ап-айқын. Көкірекке қонымды-ақ. Қысқасы, манадан айтқандарымызға мысқалдай ғана мысал – осы. Жетпісінші жылдардың екінші жартысында Н.Омашұлы очеркистік қалам-қарымымен танылғанын айтпай кете алмаймыз. Сезім образы мен нәзік лиризм шығармаларының әр кез шырайын келтіргенін көрер едіңіз. Мұнымен қоса фельетон жанрында да өнімді еңбек еткені бөлек әңгіменің жүгі. Оған кеңес қоғамының келеңсіз жайттары мен кемшін тұстарын сынап-міней отырып, тұтас юморлық эпизод, күлкілі диалогтармен езу тартқызған сатириктік қыры айғақ. Н.Омашұлының және бір қыры – журналистиканың теориясына қосқан қомақты үлесі, өз саласының білгір маманы екендігі. Бұл ретте, Н.Омашұлының 200-ден астам ғылыми-публицистикалық мақалалар, оннан аса кітап жазғандығын айтсақ та жеткілікті. Ғалым зерттеуінің негізгі бағыты – радиотележурналистикасы және журналистика ғылымының мәселелері. Сөз ретінде ғалымның
іргелі екі еңбегі аз-кем тоқталуды қажет етеді. «Толқындағы «тотияйын» монографиясы – алғашқы ғылыми ізденістің бірі. Негізінен қазақ радиосындағы фельетон жанрының қалыптасуы мен дамуын жете зерттейді. Жалпы Қазақ радиосында сатиралық хабарлар елуінші жылдардың екінші жартысына қарай пайда болғанын ғылыми дәйектейді. Ал, «Қазақ радиожурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы» атты оқу құралы – 1917-1941 жылдар аралығындағы қазақ радио-журналистикасының нақтылы тарихын, жинақтаған тәжірибесін, қалыптасқан теориясын сөз ететін көлемді зерттеу. Бұл еңбек ғалымның әлі белгісіз архив құжаттарын, арнаулы әдебиеттер мен әр жылдарда шыққан мерзімді басылымдар жарияланымдарын, үнтаспадағы хабарлар түпнұсқаларын негізге ала отырып, Қазақ радиожурналистикасының даму тарихын, алғашқы ширек ғасырлық тәжірибесін, қазақ радиохабарларының жанрлық, пішіндік өзгешеліктерін толыққанды ашып көрсеткендігімен құнды. Бұл ғылыми және оқулық кітаптар жас журналистердің, ғалым дардың және журналистика тақырыбы қызықтыратын барша қауымның пайдаланатын негізгі әдебиеттеріне айналды. Жоғарыда аталған еңбектер – қазақ әдебиеттану және журналистика, публицистика ғылымдарына қосылған үлкен үлес. Профессор Н.Омашұлының ғылыми-зерттеу еңбектері жиырмадан астам халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда сыннан өтті. Мәселен, Астанада, Алматыда, Таразда, Мәскеуде, Лас-Вегаста (АҚШ), Монреалда (Канада), Парижде (Франция) өткен конференцияларда жасаған баяндамалары лайықты жоғары бағасын алды. Ол – «10.01.10 – журналистика» мамандығы бойынша Қазақстандағы жалғыз ғылым докторы. Енді Н.Омашұлы өзі жеті жыл басқарған ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне қандай жаңалық әкелді дегенде, ауыз толтырып айтарлық істердің бір парасына ғана тоқталсақ жеткілікті. Іргетасы сонау 1934 жылы Коммунистік журналистика институты болып қаланған факультеттің қазіргі келбеті жаңа уақыт межесінде жасақталып, соны ізденістер үстінде. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларын қамтитын жеті кафедра жұмыс істейді. Арнайы жабдықталған оқу залы, компьютерлік класс, пароболистік антенна, жаңа фотостудия бар. «Журналист» атты оқу-тәжірибе газеті шығарылады. «Сана» теле және радио студиялары студенттердің шеберлігін шыңдайды. «10.01.10 – журналистика» мамандығы бойынша диссертация қорғалатын Кеңес ашылды. Онда отыздан аса жас ғалымдар ғылыми аренаға жолдама алды. 1996 жылы ЮНЕСКО
Халықаралық ұйымының бұқаралық құралдар және журналисика жөніндегі кафедрасы ашылды. Бұл кафедра – Орталық Азия мен Қазақстандағы қазіргі журналистика проблемаларын зерттейтін бірден-бір орталық, әрі дүние жүзінің 22 елінде ғана бар. Журналистика факультетінің ынтымақтастық, қарым-қатынас аясы кеңейді. Қазір АҚШ, Франция, Германия, Корея, Филиппин, Польша, Канада сияқты мемлекеттердің журналистік білім беру жүйелерімен байланыс орнатылған Н.Омашұлы Қазақстан журналистикасының өсіп-өркендеуі мен дамуына ұйтқы болған тұлғаның бірі екенін қадап айту ләзім. Өйткені, ол 1995 жылдан әмбебап журналистер әзірлейтін республикадағы бірден-бір оқу орны – журналистика факультетінің деканы ретінде көп еңбек етті. Бұл күнде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті – республикадағы журналистік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталығы. Заман талабына сай жаңашылдықтың жарқын іздері байқалса, бұл істе, сөз жоқ, ұжым басшының еңбегі зор. Декандық қызметте Н.Омашұлы өзін іскер басшы, білікті ұйымдастырушы және жаңалык жаршысы ретінде көрсете білді. Ол жетекшілік еткен кезде журналистика факультетінде бұқаралық ақпарат құралдарына қандай журналистер қажет екендігі ескеріле отырып, оқу бағдарламалары түгелдей дерлік жаңартылды. Бір анығы, жоғары оқу орнын ашатын да, жабатын да – СТУДЕНТ! Бұл қағидаттың растығы қазіргі таза бәсекеге құрылған жоғары оқу орындарына абитуриент тарту науқанында айқын байқалып жүр. Соңғы жылдары факультетте «Баспа ісі», «Бұ қарамен байланыс» сияқты заман сұранысы тудырған жаңа ма мандықтар мен «Халықаралық журналистика», ЮНЕСКО, «БАҚ және жарнама менеджменті» секілді кафедралар ашылды. Сондайақ, факультеттің материалдық-техникалық базасы соңғы технологиямен жасақталды. Халықаралық байланыс жөнінен журналистика факультеті университетте алдымен аталады. Оған жоғарыда атап кеткен шетелдердің ірі журналистік білім беру жүйелерімен халықаралық байланыс орнатылғаны дәлел. Н.Омашұлының өзі екі мәрте АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университетіне, сондай-ақ, Парижде (Франция) және Монреалда (Канада) өткен ЮНЕСКОның Халықаралық конференцияларына барып, ғылыми баяндамалар жасап қайтты. 1996 жылдан құрылған халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Орталық Азия мен Қазақстандағы журналистика және коммуникация жөніндегі кафедрада оқытушылар мен студенттер әлемдік деңгейдегі телеарналар хабарларын, ИНТЕРНЕТ байла-
нысын пайдалана отырып, журналистік зерттеулер мен талдаулар жүргізумен айналысады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Н.Омашұлының талантты жастарға деген қамқорлығы ерекше тоқталуды қажет етеді. Қолынан жазу келетін талай ойлы өренді ғылымға баулып, жодама берді. Ісіне мығым, білікті шәкіртін жасына қарамай басшылық орынға да қойды. Жалпы, адамның ісіне, талантына қарап бағалауы осы қадамдарынан аңғарылар еді. Жаңа уақыттың техника-технологиясы мен ілім-білімін тел емген жас ғылымға да, оқу орнына да қажет екенін жақсы түсінетін ұстаз кездескен кедергі-қиындыққа қарамай оларға жол ашты. «Ақыл жастан...» деп үлкен сенім білдірді. Осылайша, «жанам деген жігітке от беретін, шабам деген жігітке ат беретін» орта – журналистика факультетінің барлық жағынан толысып жетіліп, ең бастысы – жаңа уақыттың бар жақсы нышанына қарап бой түзеуіне берік іргетас қаланды. Ендеше, мұны Н. Омашұлының қайраткерлік қыры деп қабылдауға толық негіз бар. Жалпы, Н. Омашұлы сан қырынан танылған талант иесі екенін тек алдын көрген шәкірттері ғана емес, бүгінде қазақтың қара сөзін қадір тұтқан көпшілік қауым жақсы біледі. Бір бойына тоғысқан қаламгерлігі, ғалымдығы, ұстаздығы – бәрі-бәрі тек төккен тер мен сіңірген еңбегінің бүгінде өтеуі іспеттес. Бәрінен бұрын шәкірттеріне осы ғалым-ұстаздық қыры жақын, әрі жыға таныс. Соңғы ширек ғасырдың бедерінде университет бітірген, бү гінде қазақ журналистикасының қара қазанын қайнатып жүрген журналистердің барлығына ұстаз, ақылшы. Талай талантты шә кірттердің тұсауын кесіп, ғылымға деген жігерін жаныды. Және бұқаралық ақпарат құралдарына мыңдаған мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқан. Байқап қарасақ, аз уақыт, аз көрсеткіш емес. Бүгінгі бүтін бір ұрпақтың өмірі. Қазақтың «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген нақылы тұрғысынан келсек, сонша мерзім шәкірт тәрбиелеу де мықтылықтың бір мысқал көрінісі. Н.Омашұлының талғамының биіктігі мен талабының күштілігін сезініп өскен шәкірт күні ертең сол деңгейден көрінуге дағдыланатыны бар. Өйткені, еңбекке ерте үйренген ұстаздың жалқаулыққа жаны қастығына еш шәкірті шәк келтірмейді. Жөн сөз айтып, жөндем болуға шақыруда қарабайырлықпен емес, қарапайымдылығымен ерек. 2001 жылы Кембридждегі (Англия) Халықаралық биографиялық орталық журналистикадағы, білім берудегі және ғылымдағы ересен зор жетістіктері үшін Н. Омашұлына «Жылдың Халықаралық
адамы» атағы мен медалін табыстады. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары мұны қазақ журналистикасы мен ғылымына әлемдік деңгейде берілген жоғары баға деп мәлімдеді. Шындығында солай, ерінің ғана емес, елінің де жеңісі еді. Сөз соңында Н.Омашұлының қазіргі кездегі қызметіне қатысты бір ауыз пікір. Еліміздің мандай алды оқу орны – ҚазҰУ-дің тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры ретінде зор жауапкершілік жүгін арқалағанын университеттің соңғы кездегі тынысынан аңғарар едік. Білім ордасында жалпы идеологиялық жұмыстар қолға аланып, студенттерді мамандықпен қатар адамдыққа тәрбиелеу жағына жете көңіл бөлінді. Қадап айтқанда, ұлттық өнер – рухани өрісімізді жас өскін, жаңа ұрпақ бойына егу арқылы студенттерді отаншылдыққа баулу мәселесі жолға қойылды. Қаламгер, ғалым, ұстаз Намазалы Омашұлының еңбек жолы жайлы сыр шерткенде осындай үзік ойларға кенелеріміз кәміл. Оған басты себеп оның көзі қарақты қауымды бейтарап қалдырмайтын өзіне ғана тән жоғарыдағыдай ерекшеліктерімен есте қалатын қасиетке ие өзгеше өмір өрнегі. 2003 жыл. «ҚЫЗЫЛ ҚАРДАН – АЯЗ БИГЕ» ДЕЙІН Әдебиетте жағымды және жағымсыз ғана кейіпкер болатынды ғына үйренген қауымға «Біздің заманның Аяз биі» атты туынды тіптен тосын. Ондағы кейіпкерлер галереясы да қызық. Түстеп қарасаңыз, көзіңізге тек ақ пен қара түс қана келе қалмайды. Біресе көк, біресе сары т.б. Одан қалса, көзіңізге бұрын түсе қоймаған қайсыбір бояудың түсін түстеу мүмкін де емес. Қалай? Әңгіме бас кейіпкер турасында. Күні кеше тура осындай «жұмбақ жан» болғанына таңданасыз. Не жағымды, не жағымсыз, не тағы басқадай екенін ажырата алмай дал боласыз. «Мәселе сонда – әдебиеттің сан түрлі жазылмаған заңдылығында» дейді сыншы Тұрсынжан Шапай. Біздіңше, бұл туынды осынысымен құнды, әрі ертеңге алып барар жаңалығы әлгіндей. Жазушы Жұмабай Шаштайұлының алғашқы кітаптарының бірі – «Қызыл қар» кезінде Республика деңгейінде ғана емес, одақтық көлемде үлкен әңгімеге арқау болған. Байқауымызша, осынша даурықтырып жіберген бір ғана деталь сынды. Ол кітаптың «Қызыл қар» аталғандығында емес, қардың қызыл екендігіне қатысты ұғымның туындағандығында. Мәселе сол қардың қызылдығында.
Содан қар неге қызыл болады деген сауалдың ұшығына жетуге
ұмтыласыз. Әрі табасыз да. Тапқаныңыз – алдыңыздағы туынды
сан түрлі (сан бояулы!) пікір қайшылығынан ақиқатты екшегендігі
мен ерекшеленетіндігі. Содан ба, көркемдік тәсілмен кестелен-
ген Ақиқатқа қайбір адамдар қарай алмаған. Мұны туындының
әлеуметтік қуатының әлеуеттілігі десек әбден келісті.
Алақандай кітапты кешегі кісендеулі жүйе кезінде де ыжда
ғаттылықпен оқысаңыз, бүгін де оқырманын сол тараптан табады.
Ертең мұндай кітаптың шаң баспай жататындығы екібастан. Міне,
кітаптың өлшемге сыймас ғүмыры!
Бала кезде бәрі арман. Барлығын былай қойғанда, шетсіз-шексіз
әлемді алақанға салып алған да айып емес. Әттеген-айы, ойдағы
орындала бермейді. Себеп көп. Салдар сан тарау. Өмір қиыр-шиыр.
Дегенмен, «талмас талап, ыстық жүрек, қайтпас қайратты» серік
еткен, сеніміне кірген зеректік о бастағы сана зиынында сақталып
қалғанын өз орнына қоюға асық. Бүгінде жігіт ағасы жасындағы жа-
зушы Жұмабай Шаштайұлының болмысынан осыны аңғарар едік.
Әрі бізді бәрінен бұрын жазушыны бүгін не толғандыратындығы
қызықтырады.
«Қандай да бір ұлттың рухани құндылықтарының айталық,
мәдениетінің, әдебиетінің, өнерінің және спорты сынды мың сан
дүниелерінің кеш басында жастар журуге тиіс. Олар тез қабылдағыш
және өздеріне тән шапшаңдықпен алда журуі заңдылық. Дей тұрсақ
та, біздің жағдайымызда рухани дүмпулер жасауды былай қойғанда,
қарапайым жайлардың өзінде жастарымыздың қайда жүргенін
білмей қаласыз. Кезінде Достоевский әдебиетке есіктен емес, тере-
зеден кірген» деген әңгіме бар. Мұндай құбылыс тек жастыққа тән
жігерді, құрбандықты еске салады.
Жастар дегенде, менің ойыма ең алдымен сол буынның бүгінгі
таңдағы әлеуметтік белсенділігінің тым төмендігі оралады. Кей-
де осы келер ұрпақ өте ұсақ-түйек тірліктің төңірегінде шыйырлап
қалып бара жатқандай көрінеді. Өздерінше батыл бастамашылық
пен мәселені жеке шешуге деген талпынысты байқай бермейсіз. Дәл
қазіргі қазақ үлтының бар болмысы мен болашағын айқындайтын
барометр – жастар. Себебі, аға буынға енді салмақ арта алмайсыз.
Уақыт өзгерді. Заман ауысты. Ұрпақ алмасатын кезіңіз келді! Ол
ұрпағыңыз – қазақтың бүгінгі жастары жайында кереметтей пікір
айту қиын.
Кезінде той мәселесіне қазақ үлкен мән беріп, тәрбиелік маңызы
бар шара ретінде қараған. Қыз қуу, теңге ілу, күреске түсу сын-
ды ұлттық ойындар арқылы азаматын таныған. Тойға ішіп-жем
үшін емес, үлкен жауапкершілікпен барған. Дайындығы болмаса, тайсақтаған. Осы жерден келіп намыс деген мәселе қылаң береді. Бүгін жастар тойға ішіп-жейтін, әрі кетсе көңіл кетеретін орын ретінде ғана қарайды. Алайда, ол ешкімді ойлантып отырған жоқ. Мүмкін, міндетті де емес шығар. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тұрғыдан келгенде қазақтың жас-кәрісінің ойланатын жайттарының бірі екені анық. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған адамдар кінәмшіл келетіндіктен де біздің жастарға өкпеміз орынды болуы мүмкін. Керісінше, сол жастарымыздың өзі көп ретте кінәмшілдікке салынатыны несі?» Жазушының дәл бүгінгі ой толғамы осы. Шағын дүниемізде жазушы Жұмабай Шаштайұлының бар пікір-ойын, әсіресе, бүкіл шығармашылығын толыққанды таразылауды мақсат тұтпадық. Ол уақыттың еншісінде. Уақыт демекші, Жұмабай Шаштайұлы елудің белесіне шығыпты. Өмірдің өзге көре бермейтін сан бояуын тап баса білетін үлкенмен ізеттес, кішімен пікірлес жазушы езінің үлкен кітабын жазуға енді отырғанына сенгің келеді. 2004 жыл. ҰРПАҚ ҮНІН ҮКІЛЕГЕН Үшкөлтай апайдың үміті: 60-жылдары қылышынан қан тамған кездің өзінде қазақтың төл тарихын арқау еткен басылымдарды арашалау, ақбас тарихтың ақтаңдақтарын ақтап, ақ-қараны ажырату болатын. Үміт үкіленіп, сенім ақталды. Қиямпұрыс қоғамда ондай ауыр жүк арқалау қанша қиындық туғызса да, күресіп бақты. Ана, ғалым ретіндегі тұлғасын асқақтатады. Бастысы – ағалар, әкелер алдындағы ары таза. Қолтығы сөгіле, қан сорпасы шығып еңбек еткендер еленбей қалады кейде. Түбі рухани ерлік екшеліп, еңсесін тіктей түсетініне имандай иланғаннан болар, олар үнсіз ғана сүйікті ісін серік етеді. Сондай саңлақтың бірі – қарапайым ана, әдебиеттану ғылымының жүгін арқалаған, бүгінде бір ғылыми-зерттеу институтының жұмысын жанқиярлықпен атқарып келген ғалым, филология ғылымының кандидаты Үшкөлтай Сұбханбердина екенін есті уақыт елегінен әлдеқашан өткізген. Тек арамыздағы асылды ардақтай бермейтініміз бар. Сол кемшіліктің орнын ойсыратпай, шамамызша толтыруға тырыссақ сауап-ты. Тағдыр деген де қызық. Талдырмаштай қызды он жасында әкесіз калады деп кім ойлаған. Одан кейін оңтайға келетін тіршілікті но-
байлап болмады. Әкесі Сұбханберді 1937 жылдың жеке басқа табыну зұлматының құрығына ілінуі туған-туыстың тынысын тарылтты. Қайда барса «халық жауының қызы» деп көзге түртті. Көкейіне түскен күйік шемен больш шөккен сосын. Жас қыз бұдан бірқыдыру ой түйген. Бірақ жасымады. Жанарындағы жасты сылып, жалынын жаныды. Әйтеуір, әбжыландай алапатқа қарсы ішінен бір буырқаныс сезім бой көтерді. Алғаш оңдысы – оқу деп түйсінгені содан. Орта мектептен кейін институт тәмамдады. Аз аялдап, ақыры таным-түйсігін жанышқан жаққа тура жолмен тартты. Сол кездегі Қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық Ғылыми кітапханасында библиограф, бас библиограф одан кейін қазақ кітаптары мен сирек кездесетін кітаптар және қолжазба бөлімінің бастығы болып қызметтер атқаруы жайдан-жай емес. Мұндағы мақсат: кешегі көргенсіздікпен көкпарға түскен ер намысына, ел намысына ара тұру, ақиқатқа арашалық ету. Ақыры алған бағытынан айнымай, адым жасады алға. Алғашқы қадамы арзанға емес, тым қымбатқа түсті. Ауыз ашуға тұрмақ, ол жайында ойлауға тыйым салынған тұста ақбас тарихтың ақтаңдақтарын ақтару көз қуанышы болғанмен, көңіл қорқынышы-тын. Қияметтің күнінде қол жалғап, қолтықтан демеген әз аға – ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан еді. Жалғанда жауыңмен жалғыз алысқаннан сақтасын деп іштей шүкірлік еткен сонда. Не керек, төккен тердің шөкіміндей өтеуі іспетті 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында тіл білімі институты мен М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының филология ғылымдарының біріккен Ғылыми кеңесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының – академигі Ә.X. Марғұлан мен Қазақ КСР Ғы лым академиясының корреспондент-мүшесі Е.С. Ысмаиловтың жетекшілігімен «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі және көркем әдебиеті» (ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басы) деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Бұдан кейін де қарап қалған жоқ. М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, фоно-фото бөлімінің бастығы, қолжазба орталығының қызметкері жұмыстары және жетістіктерге жеткізді. Ғьільіми зерттеулер мен мақалаларды ауызға алмағанда, «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» (1961), «Қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар» (1963), «Қазақ кітаптары» (1986), «Дала уәлаятының газеті: әдеби нұсқалар» (1 том, 1989, 2 том, 1991, 3 том, 1992), «Ғашықнаме сынды библио графиялық көрсеткіштері биік мұрағатымыз болып қалмақ. Бұл
асыл мұра түркология ғылымы аясында қазақ ғылымына мәртебе әперген. Аталған көрсеткіштер бүркемелеген ақиқатты айтып, жүгенсіз жүйенің өзінде басылғанын ескерсек, Үшкөлтай апайдың ғалымдық қана емес, азаматтық тұлғасының қаншалықты асқақ екенін аңғарамыз. Ол аз десе, бар еңбегі қаламақы төлемейтін «Ғылым» баспасынан жарық көріпті. Ғалымның «Бүркеншік аттар көрсеткіші» ұзақ жылдардағы ізденісінің, зерделі зерттеуінің нәтижесі. Сол кездегі атын жазуды қойып, атауға тыйым салынған қазақтың біртуар ұлдары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқайұлы, Ғұмар Қарашұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Сейдалыұлы сияқты сегіз қырлы қайраткерлердің қалам ұстағандағы жазған-сыз ғандары жайында хабардар еткен де жоғарыдағы еңбектер. Үшкөлтай апайдың қызығынан қиындығы аса мол ауыртпалыққа арқасын тосуы аналық, перзенттік асыл мейірімінің арқалылығын танытуға тиіс. Әйтпесе, жер жаһанды жалғыз шарлап, өзіндегі абыройы да азырақ дерек іздеумен сан архивтің шаңын жұту есебін білгеннің ермегі емес. Тіпті сонау Қазан, Мәскеу, әсіресе Ленинградтағы М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік кітапхана қорын қопарып қайтуды әдетке айналдыруы тектен-тек емес. Әлгіндегі мейірім дегеннен шығады. Үшкөлтай апай бірде былай деген тебіреніспен: – ...«Айқап» журналы көзіме оттай басылғаны, 1937 жылы «халық жауы» деген нақақ жаламен айдалып кеткен әкем осы журналды әр уақыт оқып отыратыны есімде қалыпты. Міне, сол журналмен 20 жылдан кейін Ленинград кітапханасында қайта табысқанда әкемді көргендей қуанып әрі көзім жасаурап, көңілім босағаны... Бұл сірә да босаңдық емес. Махаббат пен ғадауаттың қатар шарпысуынан туған құрбандықтың, мейірдің, рухтың көзсіз жеңісі емес пе? Бұл – ана бақыты, перзент бақыты, бала тәрбиелеп, немере сүйген ер ананың рухани аласармас биігі. Осы ретте жасырынып жатқан сырдың бір ұшығы шығады. Ол апайдың басқа емес, иеге тағдыр талайы тым бұралаң ақтаңдақтар мен алғашқы қазақ басылымдарының тақырыбы да тың тиек етіп алуынан туындайтын сауал. Уақыт ығына жығылса, жырлайтын дүние жетерлік. Қоғам құламай қозғалуы мүмкін емес тақырыпқа сол кездің өзінде ден қоюы демін ішінен алған ақиқатты аңғартады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жоғарыда Үшкөлтай апайдың әкесі Сұбханберді саяси дағдарысқа ұшыраған қым-қуыт шақтардың құрбаны болғанын айттық. Бар кінәсі – мек-
теп директорлығы мен математика пәнінің мұғалімі болғандығы,
үйінде ескі, көне кітаптардың сақталып тұрғандығы. Сол үшін
«Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин сияқты жаудың құйыршықтары,
халық жаулары бұл ауылда неге жоқ?» деген шабармандар дедек
тетіп апарып абақтыға жауып, итжеккенге айдатқан әкесін. Артын-
ша «ескілікті көксейтін кісінің» кітаптары кішкене қызының көз
алдында отқа оранған. Сөйтіп, аман қалғандарын есейе келе аң
даған-ды. Шүкіршілік айтқанын сезген шешелерінің, үнсіз егіліп,
еңірегендерін көрген көзімен. Көңіліне тақуа тітіркеніш тоқылып
қалған содан.
Бодан шақ пен бостандық алған уақытты рухани жағынан
тоқайластырьш, үзілген ұрпақтар үнін жалғап, тұтас халықтың
жарасымдылығын сақтау жолында бүтін бір ғылыми-зерттеу
институтының жұмысын жалғыз жанқиярлықпен атқарып жүрген
ғалым-ана атаққа да лайық екен-ау.
Үшкөлтай апайдың үміті: 2000 жылдары келешек ұрпаққа шаң
астындағы асқақ рухты, асыл мұраны тас түйін жарқын дүниеге
айналдыру, қайсар халықтың тарихын өзіне қайтарып, келешек
алдындағы аға буын парызы мен қарызын өтеу болатын.
Үміт үкіленіп, сенім артқан жастар шыға бастады. Енді егделік
ті елеп, шау тартқан шағын шамалағанмен ана, ғалым ретіндегі
тұлғасы төмендемек емес. Бастысы, ұрпақ алдындағы аманатты
ақтау.
2003 жыл
Біздің ұрпақ адаспайды
Оралхан Бөкейдің «Алданған ұрпақ» романына әдебиетшілік
емес, әлеуметтік көзбен үңілуді жөн көрдік. Себебі, шығарманың
әлеуметтік қуаты хақында біздің буынның пікір білдіруі әбден
заңды сынды. Өмірбаяндық романның бастамасын оқығанда-ақ
соған иландық.
«Алданған ұрпақ» атауы анықтауыш етіп бекер алынбаған
көрінеді. Шығарма «...Ұлы көсеміміз Сталин мәңгілік көз жұмды
деген сөзді естіген күні ат төбеліндей Шыңғыстай ауылының
жыламаған адамы қалмады» деп басталады. Яғни, автордың алып
отырған обьектісі айдан анық. «...Бұл не қылған ұрпақ?» деп бас
қатырмайсыз да. Тек өкініштісі – соңғы нүктесі қойылмағаны.
Егер, басы бүтін дүниеге айналғанда өткеніміз бен өткелімізді
бағамдайтын, болмысымызбен бетпе-бет қоятын қуатты дүниеге ай-
налар ма еді? Біздіңше, тым түгесілудің реті жоқ. Алғашқы жолда-
рынан адаспай, айтпағын аңдай алдық білем.
«Алданған ұрпақ» ұғымы жазушы шығармашылығының
бүкіл бір лейтмотивіне айналғанға ұқсайды. Бұған дейінгілері
осыған дайындық іспеттес. Оны қаламгер еңбегіне дендей
келе сезінеміз де. «Алданған ұрпақ» – жазушының өзімен құ
ралыптас буын. Оралхан олардың қатарынан қара үзіп шықты.
Қасқая қарап, ойдағы елге ойлы жанарын жазбай қадады. Бүкіл
шығармашылығының да бітімі осылай бөлектенген. Турасын
айтқанда, адами мәселелерді көтере келіп, «бұл не қылған ұрпақ»
деп ұнжырғасын тіктеді. Ұрпақты алдап, жақсысын алған не?
Идеология. Социализм. Одан қалды, ел билеген идеалдар – Ле-
нин, Сталиндер ме? Болса болар, бірақ, бәрі жаратқан әмірімен,
ұрпақ рухымен де санасады емес пе? Біз аңдаған, жайып салар
жан сыры осы.
«Күнсіздерге күн болған, жер жүзіне нұр болған әкелерің
Сталиннен айрылдық...» – деп жазғандай, алданған ұрпақтың
соры – имандай иланғыштығында, көзсіз сенгіштігінде. Ақыры
не болды? Талғамсыздықпен табынған идеяның да, идеялдың да
күлі көкке ұшты. Көсемдердің де, көксегендердің де күні күрт
өзгеріп, күрмеле берді. Ал-даудың не екенін, алданудың не екенін
түйсінгеніміз томсардық, мойындадық. Басында миы жоқтарымыз
шоңғыта шаңдатып шауып жүрміз. Қаламгер соған назаланады.
Налиды.
Бұл пайымға бір табан жақындастырған – жазушы парасат
тылығы. Ол шығарманы идеологиялық көзбен кестелемей, керісінше
кісікиік мінез танытты. Түсінігімізді тұманнан тазартуымыз содан.
Ұрпақтың ұсқынын, толқынның тұрқын, аяқтың аңдысын осылай-
ша аңғардық.
Мана бірде «Алданған ұрпаққа» дейін де осы турасында толғап
келді дедік. Соның бәрі, міне, біртұтастыққа тоқайласты. Олар
«Құлыным менің», «Өз отыңды өшірме», «Атау кере», «Мен сізден
қорқамын», «Қар қызы», «Сайтан көпір», т.б.
«Құлыным менің» деп кімге ынтығып еді? Не себепті «өз отыңды
өшірме» деді? Ақтық деміңді есіңе салып, атау керені неге ауызға
алды? Ол кімнен қорықты? Не қылған қар қызы? Қайдағы сайтан
көпір?.. Мұның бәрін санаға сыйғызып, саралай алдық па?
Өкінішті. Өйткені, талдау жасауға таным таршылық етті. Соқыр
сенімді серік етіп, сол иықтағы шайтанды семірттік. Сорақысы –
«қап!» деп қапалана, санды сарт соғатын сезімнен адыра қалдық.
Айырылдық.
Қызық. Жазушы неге жалғыздықты жалау етті? Нені сарғайып сағынды? Өмірдегі жалғыздық пен жоғарыдағы жалғыздықтың арасы жер мен көктей. Түбі екеуі де жақсы нәрсе емес. Дегенмен, жоғарғысынан қарау ғана көңілге демеу. Қаламгер қарымын осыдан байқаймыз. Бәлкім, бұл әркімнің басына қона бермейтін бақ пен сор шығар! Міне, мәңгілік мәселе, таусылмайтын тақырып. Бұл ауылға екінің бірі ат басын тірей бермейтін көрінеді. Оған ұрынып не тәйірі. Дұрысы, тәуір жолмен жүріп-тұрған. «Алданған ұрпақтағы» мәңгілік стихия – қоғамға қарсы тұру. Мұны шығарманың өне бойынан есетін алғашқы лептен білуге болады. Әрине, салмақты ой легі алда айтылмай қалған да шығар, бас тысы – мәңгілікпен межеленер нәрсені бағамдадық. Мәңгілік не? Мәңгілік ұрпақ! Ұсқынды ұрпақ! Ұрпақ деген не? Шынайы күйінде рух, жеті атасынан, тым әріден келе жатқан рухи дүние! Тарихтан білетініміз – рухы төмен халықтың басына ғана қара бұлт үйірілген. Мұның сызы алданған ұрпақты да шарпыды. Олар дың жүрегін аштық деген алпауыт шайлықтырды. Қайбірі бір келі еттен рухты кем көрді. Әлі де солай. Міне, тексіздік, ұлтсыздық, тамырсыздықтардың тұрқы. Шырмауға түсіріп, шарқ ұрғызған бейбақ уақыт туғызған: «Қазақтың жауы аштық емес – надандық» деген айнымас аксиоманың күндердің күнінде алдан шыға келеріне күмән туғызды ма екен. Жазушының және қадағалап, қадап айтары – тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ! Соның ішіндегі адам үшін рухтан киелі ұлы күшке ие дүние бар ма екен, сірә? Басқасы, бір сөзбен айтқанда, мәңгілік емес, мәнсіз, сәттік қана сәулесі бар алдампаз ауан. «Ауданда Оралхан Бөкеевтің қоры ашылғанда, ауылдас тарының, аталастарының бірі: «Оралхан Бөкеев деген кім еді?! Ол бізге не жақсылық жасапты!» – деп айқайлапты деседі. «Естіген құлақта жазық жоқ» деген жолдарды бір басылымнан оқып, басымызды шайқадық. Әне, алданған ұрпақ! Алданған ұрпақтың айтары. Алданған ұрпақтың (атауымыз айып болмас) артында ерген ел бар. Өмірге енді етене араласып жатқан жас буын – біздер бар. Ағаларымыздан айырмашылығымыз неде дейміз ғой сонда. Біздің ұрпақ бақытты! Бұрын-соңды қазақтың маңдайына біте бермеген шынайы бақыт. Ол шындық. Үш ғасыр бойы зарыға аңсаған
арман-ой бостандығы, ел-жер еркіндігі, ең бастысы, тәуелсіздіктің
көк туы төбемізде. Бағымызға қарай, біздің тұсымызда тарих бұла
бұлқыныс танытты. Сонымен бірге, үлкен жүк, һәм ұлы жүк артты
арқамызға. Және жай уақытта емес, сүйенер сүйегі жіңішке, тарихи
жолайрықта!
Ендеше, біздің ұрпақ адаспауға тиіс. Әлбетте, заман ағымы өз
ағынына иіріп барады. Тек оған тірек болатын буын жол сілтеп, игі
әсерін тигізсе. Алданған ұрпақ соқпағына енді аяқ баспаймыз. Және
таңдап алар жарқын жолды да айқындай алмаудамыз. Оның үстіне
экономикалық ауыртпалық келіп килікті. Бұдан кейін адаспаймыз
деу күдікті. Тіпті, кейбіріміздің қытығымызға тиіп: «Құдай-ау,
қайдағы бақыт, бұл соры қалың ұрпақ қой» деп кейістікпен кекете
кергуі кәміл. Алайда, социализм кезінде қара бала он тиынға күлше
алып жейтін де, өзге тарихты оқитын.
Қазір он теңгеге күлше ала алмаса да, есесіне, оқығаны – өз
тарихы. Дәл бүгін бұдан артық бақыт бар ма? Ғасырлар бойы қол
жетпеген дүниемізді түгендегенде басқасы не тәйірі!? Сүйіншісінің
қолына су құюға да жарамас. Әркім өз ойындағыдай өмір сүруіне
мүмкіндік бар. Тек тегеурінді, саналы ғұмыр кеше алса.
2004 жыл.
«Әдебиет тарихынан» сабақ алсақ
XX ғасырдың бас кезінде Мұхтар Әуезов жазған «Әдебиет та-
рихы» кітабы қолымызға тоқсаныншы жылдары ғана тиді. Ұзақ-
сонар шындық шырғалаңынан кейін оқырманына кешігіп жетсе
де, өз маңызын жойған жоқ. Қайта қайсар ұрпақ өкілдерінің өмір
өрнегі, әдебиеті мен мәдениеті, шерлі шежіресі сабақ болар сараб-
дал салмақтылығымен сезімі сергек, рухы ояу азаматқа құны арта
түсті. Оқи отырып ондағы бүгін мен кешенің күнгейі мен көлеңкесін
жалғастырып жатқан дәнекердің кермек дәмін жұтынғандай
боласың. Әсіресе, «Зар заман» ақындары туралы мағлұмат әрі-сәрі
ойға жетелейді. Зар заманды жырлаушылар әйгілі Абылай ханнан
бастап Абайдың уақытына дейінгі аралықты қамтыған. «Зар заман»
дегеннің өзі – XІX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның әлеумет
ахуалын айтқан өлеңінің аты екен. Бұл өрелі өлең сол кездің алды-
артын жырлағандардың жиынтық түйіні іспеттес болғандықтан,
барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойған. Оның себебі де
тарихтың қатталған қара беттеріне байланысты. Өткен ғұмырдың
күнтізбесін парақтасақ, әлгіге көз жеткізу әсте қиын емес.
Енді қазақтың тарихын таразылап, салыстырсақ, кешегі зарлы сарынның солған үні осы қазір талып естілетіндей. Тіпті бүгін мен болашақ та соның заңды жалғасындай көрінеді. Мұны анық мойындата алатын Шынболат ақынның «Шындық туралы толғауы» дәлелдеді. Бір кезде Шортанбайдай ақындар шырылдаса, Шынболат сынды шынайы жыршылар «мұрасын» жалғастырды. Тек ащы айқай тас бітелген құлағымыздың пердесін жарып өтсе де, меңіреуше тірлік кешудеміз. Бұл ненің белгісі? Санасы соқыр ғана мылқаудың күйін кешіп, наданның кебін кимекші. Бұрнағыдан гөрі қазір халықтың жағдайы ертоқымы мойнына түскен атша тұралап тұр. Байқайсыз ба, күрделі өмірдің өзі «қалтасы қалың қарбыта асайды», дегенді көлденеңінен алдымызға тартқан. Оны тез түйсіне қойған санамыз басқаға көзді жұмып, дүниенің соңына жөңкіле жөнелген-ді. Екеуара әңгіменің түрі – ішер ас, киер киімнің қамы. Білім алу, әдеби кітап оқу дегеніңіз түкке тұрмай қалды деген жаңсақ психология да қалыптаса бастады. Театрға жұрттың жинала қоюы қиын. Қысқасы, өнерімізге, әдебиетімізге, жалпы рухани дүниемізге қауіптің қара бұлты төнді деу асыра айтқандық болмас. Ендігі сөзді сәл шегініс жасап сабақтасақ. Еңсемізді егемендік алып көтеріп жатқандағы халдің ауыр екені әмбеге аян. Тірелген тығырығымыздың шешілмек түйіні болса, ол – Қазақстанымыздың экономикасы, экологиясы және рухани байлығымыздың жұтаңдығына саяды. Ең қымбаты – елді ел қылып, халықтың қасиетін сақтайтын рухани келбет. Құрғақ сөзден – дәйектілік құндырақ. Бақсақ, себебін тереңірек қарастырғанымыз мақұл. Орайы келгенде мына аңызды қысқаша баяндап өтсек. Өте ертеде дәулеті тасыған үлкен мемлекетті кішкене ғана ел жаулап алады. Жеңген патша жеңілген патшаға үш сұрақ қойып, жауабы дұрыс болғанда еліне азаттық беретіндігін ескертеді... Сонымен, үшінші сауал не себепті жеңіліске ұшырағаны жайында қойылады. Оған жүні жығылған патшаның орнына он сегіз жасар жалынды ақын сөйлейді. Орақ тілді ол: «Патша төңірегінен ойшылдарды, өнерлілерді қууынан ел рухани жүдеушілікке ұшырады. Рухани жүдеу елдің ешқашан, ешқандай жеңіске, тіпті табысқа жете алмайтыны айқын. Міне, біздің ұлы патшалық бола тұра шағын патшалықтан жеңіліп қалу себебіміз. Бұл бізге емес, сізге де, келер ұрпақ, кемел тарихқа да сабақ...» – депті. Бұдан кейін жеңген патша жадырап отырып, жеңілген елге азаттық берген көрінеді.
Аңыз осылай сыр шертеді. Аңыздың астарында ақиқаттың қылаң беретіні белгілі. Мұның растығын тарихи фактілер айқындай түседі. Жер бетінде небір халықтар, мемлекеттер болған. Уақыт керуенінің көшінен тағдыр тәлкегіне түсіп, олар да өшті. Тек сол рухани күйзелістен десек, шындықты бұрмаламай табиғи күйінде көкейге тоқимыз. Біз қандай ұрпақпыз? Сауал бітпейтін шаруа. Десек те, әр уақыттың замана ауанына қарай қалыптасатын һәм қоғам қажеттілігінен туындайтын тақуа тумысты сұрауы болады. Біздің, яки, бүгінгі ұрпақтың ұтқыр да ұғынықты жауап берер сауалы санаға самарқаулықты жүктеп отырған жоқ. Түп тамыры сонау көне түрік пәлсапасы дүниеге әкелген «Біз кімбіз осы? Қайдан шықтық? Қайда келдік? Енді қайда барамыз?» деген сұрақтардан сыр тартып жатқаны аңызға емес, ақиқаттың нақ өзіне айналды. Олай дейтініміз, дүркін-дүркін баспасөз беттерінде, мәжіліс мінберінде бұл мәселе жиірек айтыла бастады. Заңды құбылыс. Сауал салмағы саралаусыз қалса, бірінші – қоғамның соры да. Әдеби, мәдени өмірімізде аталмыш жайтқа деген алаңдаушылық бар. Соған қуанасың. Жазушы Д.Қосылбековтың «Бабалар мен ұрпақтар» («Жас алаш», 20-тамыз, 1992 ж.) атты әңгімесінің әлеу меттік қуаты қақында қозғар сөзіміз соның үдесінен шығар үн. Әңгімеде екі желі бар. Біріншісі – бабалар, екіншісі – ұрпақтар. Яғни, ата мен бала. Енді бұлардың арасындағы ғасырлар бойы жасап келе жатқан берік байланысты әңгімеден іздеп әуре боласыз. Көркемдік кілтінің құнын көтеріп тұрған да осы тұздық деп топшылаймыз. Әр заманның өз өлердей сүйенер сенімі, имандай иланар идеялы болғанын Сталин мен коммунистерді пір тұтқан бабаларымыз анық та қанық айғақтайды. Олардың бүкілдей болмысын көрсететін бүтін бейне әңгімедегі атаның кейпімен келістірек. Бабаларымыз Пайғамбардай көрген коммунистік партиясының тіптен құрбаны болып кетуге әзір. Өмір бойы тілеуін тілеп, жанға «жаннат жылуын» берген идеяның күйрегеніне күйінбегенде қайтеді. Және олардың сол «алдамшы арманнан» арыла алмай, дүниеден озып, тозатыны түсінікті нәрсе. Ал, біз ше? Жауаптың жүгін әңгімеге арқау жерінен іздесек. «...Кейде таңертең ерте оянып, алғашқы хабарларды тыңдау үшін радионың жанына барып, жайғасатын: бір түні мен ұйықта
май дөңбекшіп шықтым. Атамның іш-киімімен жаңалықтарды естуге шыққанын пайымдадым. Ол ақырын төсектен түсіп, ая ғына шұлғауын орай, сол күні тәлтіректей қозғалып, дәліздегі радиоға беттеді. Соңынан мысық табандап жеткенімде атамның бірдеңені тыңдап алып, артынан ұрсып жіберетінін көрдім. Тіпті, ол соңғы уақыт өте аз күліп жүрді. Оның сол күнгі бейнесі әлі көз алдымда. Орындық арқалығына асылып, жоғары ілінген радионы құлағына тосқан сықпыты көкірегімде бір жиіркеніш сезімін тудырды. Мен қалай ғана атамды жек көре аламын деп ойладым...» Атамыздың санасын билеген «сайқал саясатқа» жиіркене қараймыз. Сол үшін де атамызды аяймыз. Бабалар салған сүрлеумен жүргіміз жоқ. Оның жеткізген жері осы. Бұдан әрі жеткереріне сенім шамалы. Аталарымыз болса, бұл қағидадан қағажу қорытындыда. Қайта біздің ендігі жолымыздың жарқын болатынына күмәндары керемет. Керісінше, бүгінгі ұрпақтың оған деген осқырынысы мен мұрын шүйіру мәні маңыздырақ. Сонда шалқая төс ұратындай біз кімбіз? Бағыт-бағдар, жол-жосығымыз қандай? Осындай сауалдарды алға тарта отырып, әңгіме әлемінде күтпеген құбылыс шиыршық атады. Шешімін іздейді. Тек өне бойынан өбетін өкпек жел сызы өз шеңберінен шығып, шекемізден өте сығымдайды. Санамызда лажсыз лаң салады. Бұл мынау күнімдік тірліктің күйбеңімен күйгелек ғұмыр кешкен ұрпаққа «күтпеген құбылыс» екенін мойындамай қу мимырт медиенді мейрамдап жүргендер үшін түк емес. Өмірдің сергелдең екенін санадан сызып тастай алмаймыз. Тіршілігімізде өткенімізден бетер аста-төк алдамшы қызық, әбүйір әпермейтінін әпербақандық, тәубаңа түсірмейтін тойымсыздық, оңай опынтатын ойсыздықтардың шетсіз, шексіз желісі жалғаса берді. Осының арқасында тым шаршағыш, самарқау, енжар, бейжай, қимылды сөкет санамайтын ұрпақ ожданы бабалар алдында ұнжырғасын төмен ұстауды ұят санады. Мұндай әлеуметті ахуалынан айықтырар қалам құдіреті десек, амал қайсы, алдымен әдебиет пен өнерге иек артамыз. Сол емеурінімізді елей қояр күштің сықпытын көріп, кейде кейисің де. Осы орайда аз ұсыныс айту айыпқа бұйырыла қоймас. Өнеріміздің қазірде ең маңыздырағы – киномыз тың соқпағын іздеуде. Әсіресе, «жаңа толқынның» жемісін алға тартсақ та жетіп жатыр. Олар: «Біз, бәріміз Соловьевтің қоластынан толқын болып тулап, жағаны су болып бір шайып өтіп қайттық», – дейді. Әдебиетімізге дәл осындай болмаса да жаңа қуат, оқырманға мөлдір суат қажеттігі айдан анық. Әйтпесе, әдебиетіміз киномыздың
көлеңкесінде қалып қойып, «ғайып» болып кетуі де ғажап емес.
Әдебиетімізге тосын бетбұрысты әкелетін және жастар екенін
екіленбей сөз етелік. Ол үшін қазақ киносына «жаңа толқын»
әкелген Соловьев сияқты саңлақ (әрине, өз ұлтымыздан шыққан)
суреткерлер ұлттық әдебиетіміздің байыпты болашағын ойлап,
талданып отырған әңгіме авторы секілді, жастарға дәріс оқып,
бағыт берсе дейміз.
Бізде мәдени бірлік деген жоқ. Орыстар симфониялық музы
каларының өзін талдап отырады. Оларға жаңа шыққан әр шы
ғарманың берер пайдасы мен құны арта түседі. Неге бұлай
етпеске? Жансарайына қаншама жыл өткеннен кейін үңіліп жат
қан әңгімеміз сияқты шығармаларымыз жоқ емес. Шүкір бар.
Оны өмірімізде, саясатымызда тіптен экономикамызда болар ірі
құбылыс ретінде қарастыруымыз қажет-ақ. Жалпақ жұртқа зор
жаңалық ретінде жария қылу парызымызға айналуы тиіс шаруа.
Сонда өркениетке өңмендей енеміз. Өнеріміз де өлмейді, өзіміз де
өшпейміз.
Бар нәрсе адасып қалған ұрпақ, аңырап алақ-жұлақ етіп,
уақытының көш керуенінен көз жазып қалған біздер жайлы болып
отырғандықтан да әңгіме соңы басты кейіпкердің көз жасын көл
етуімен аяқталады. Мұны тәуелсіз ойлайтын жігіттің тәуекелшіл,
турашыл бұлқынысы деп білуіміз керек. Ол бекерден-бекер жылап
отырған жоқ. Бүгінгі бейбақ ұрпақ пен жалпы адамзат атаулының
қоғам һәм жаратушы құдірет алдындағы дәрменсіздігіне налиды,
назданады. Ешкімге сенбейтіндігіне таңданыс пен тәкаппарлана
іштей ызаланып, еріксіз екі көздің жасына ерік береді. Оны шарап
ішіп, шалқығанда нелер есіне түсіп, түнере күңіренетін байғүс деп
бағалауымыз мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Одан жиіркеніш
сезімін бойына жиырып ұғынатын ұрпақ (жанындағы достары) өзінің
алдағы жолын аңғара алмай адасып, аңырап айдалада қалғанын ан-
дамайтыны – ақиқат. Айтыңызшы, өтірік пе? Мына бәдуәи дүниеден
де береке тауып, мереке жасап жүргеңдеріміз жетерлік.
Салмақты ойға шақыратын әңгіме пайымдауымызша, осылай
сыр шертеді. Оны басқасын былай қойғанда, әдеби ортаның өзі
соны жаңалық ретінде салмақтай алмаған-ды. Өстіп, еш байқаусыз
бір күні өнер де, өзіміз де өшер ме екенбіз деген өксік көмейге
кептеледі. Сонда қапа болған Бальзактың: «Бүгінде оқыған адам
бар ма? Барлығы сәнді киім ілген киім ілгіштер ғой» – деген сөзі
ойға еріксіз оралады.
1994 жыл.
Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат
Абай – әмбеге аян, сонау заманы содырлау, адамы соқырлау
уақыттан, қазіргі қарға адым мезет аралығын рухани тоқайластырған
бітімі бөлек тұлға. Бүтін халықтың сана болмысындағы терісаққанға
қарсы тұрған – оң ағызу үшін, ақылын мал мен мансапқа алғызған
көпке қарсы шыққан – жанарындағы шелді сылу үшін. Сонда дейміз-
ау, Абайдың ұлылығы неде?..
Ұлылығы сонда – ешкімнің алдында қарызданып, қауғаланбай-
ақ қазақ мәдениетін әлемдік деңгейге көтергенінде. Бастысы – «са-
налы тіршілік иесі үшін мәңгілікке айнымас өлшем-үлгі болып
қалатын ұлы тұлғалар жоқ!» – деген қалыптың өзіне сыймаған алып
ойшылдығында.
Қысқасы, мәңгілік екендігінде. Сол Абайдың тұла бойында
тұтасқан халықтық қайнар мәдениетті әлі тани алғамыз жоқ. Қам
шының сабындай қысқа ғұмырымызда танып үлгере де алмаспыз.
Мәселе мұнда емес. Нешеме өркениет бойын тіктемесін, бәрін берік
дәнекерлейтін осы Абайдың ұлылығы десек, артық айтпаспыз.
Абай турасындағы жан-жақты толғанысқа толы зерттеу
дүниелердің шегі жоқ.
Әттеген-айы, ұлы тұлғаның ұрпағы жайындағы жарияланым
дар көзге ілікпей жатқаны. Кезінде Абайды ұрпақ қамы аз тол
ғандырмаған. Тіпті, бар сүйеніші мен үмітіне айналған Мағауиясы
қыршынынан қиылғанда көп ұзамай өзі де құсалықтан о дүниелік
болып кете барды.
Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрынғы өлмес ойлардың
күн өткен сайын өміршең өлшемге иек артқанына күллі ұрпақ
бағасын берген. Әлі де бере жатар. Алда сан мәрте саралайтын
өркениеттер өмірге келер, өкілдері өздерінше толайым толғаныс
тиегін ағытар.
Алып ақынның өз кіндігінен тараған ұрпақтары бұл ретте бөлек
әңгіме. Олардың тегіне тартып, өнер қуғаны қаншама. Шетінен ақын,
әнші, өнерпаздық қасиетке ие болуларының да үйлесімді заңдылығы
бар. Әдебиет пен өнерді төңіректеген ақын ұрпақтарының саны
жиырма шамалас. Бұлардың бәрі дүйім қазақ халқы тамсанған
Абай мектебінен сусындаған. Басқалардан бір айырмашылығы –
олар ұлы ақынның заңды мұрагерлері, өнерінің үрдісін үзбейтін
жалғастырушылары. Және мол мұраның зерделі зерттеушілері, тың
дүниелерінің насихаттаушылары. Абай ұрпағы – алыптың артында
қалған көзі.
«Көпте – ақыл жоқ» деп, Абай айтқандай, сол көптің көлеңкесінде
қалып кетпесе де, «көппен көрген ұлы тойда» ақын ұрпағы аз тағдыр
тауқыметін тартқан жоқ. Нешеме мың құбылған қиямет-қайымында
кейбірі құрбан да болып кетті.
Біз Абай ұрпағының бүгінде көзі тірілеріне ғана тоқталғанды
жөн көрдік.
Абайдың 16 жасында ерте үйленгені – Алшынбай бидің неме-
ре қызы Ділдә. Абай Ділдәдан төрт ұл, екі қыз сүйген. Ұлдары –
Ақылбай (1862-1904), Әкімбай (1866-1874), Әбдірахман (1869-1895),
Мағауия (1870-1904), қыздары – Райхан ертерек дүние салған,
Күлбадан (1863-1932).
Бүгінде Ақылбайұлы Ысрайылдың қыздары Нәзипа (1921 ж.)
мен Күлзипа (1925 ж.) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан
қаласында тұрады. Нәзипа Семейдегі педагогикалық училищені
бітіріп, 1949-1966 жылдар аралығында мұғалімдік қызмет ат
қарған. Қазір зейнеткер. Күлзипа Семейдегі педагогикалық
институтты бітірген. Ақындығы бар. Ара-тұра өлеңдері рес
публикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көріп
келеді. Әдебиет сүйер қауымның да ықыласына бөленгенін айта
кету керек. Қазірде 11 немере, 2 шөбере сүйген құрметті дема
лыстағы ана.
Абай атамыздың бүгінде өз кіндігінен тараған ұрпақтың ішінде
жалғыз ер бала бар. Ол – Ақылбай шөбересі Бағфур-ұлы Ақылбаев
Айдар (1949 жылы туған). Алматы политехникалық институтын
бітірген. Астанада үй-жайы бола тұра, азаматқа Маңғыстау түбегі
нағыз ерлік алаңындай көрінген. Мамандығы – гидрогеолог болса
да, мұнай іздеушілер тобына қосылады.
Бір қызығы Ленинградтағы бүкілодақтық мұнай зерттеу
институтының мамандары Маңғыстаудағы Бозащы мұнайын
келешексіз деп тауып жауып тастаса, Айдар іспетті жастар
бұрғылауды тоқтатпайды. Алғашқы К-12 скважинасы қазылып,
оған жас геолог Айдар Ақылбаев кезекшілік етеді. «Бітер істің
басына, жақсы келер қасына» дегендей-ақ, күдіктен үміт үстем
түсіп, Айдар бұрғылаған алаңнан қара маржан атқыласын. Со-
дан көптеген жаңа мұнай көздері ашыла бастаған. Қаражанбас
мұнай алаңының табылғаны әлемге осылайша әйгілі болған. Сол
мұнайды іздеудегі ерен еңбектің үлгісін көрсеткен саңлақтардың
саяқ қатарында Абайдың ұрпағы – Айдардың да жүргенін ол кез-
де әркім біле бермеген. Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат деген
осы шығар.
Айдар Абай атамыздың шөбересі болса, оның жалғыз ұлы Данияр (1971 жылы туған) ұлы ақынның бесінші ұрпағы. Данияр СанктПетербургтегі институтты бітірген. Мамандығы – океанолог. Бір қызығы, мұндай мамандық Қазақстанда әзірше жоқ. Сол олқылықтың орнын толтырайын деді ме екен, әйтеуір, жер шалғайына қарамай талап қылыпты. Алғашқы жылы жолы болмағанына қарамай, екінші рет жігерін жанып жүріп сүйікті оқуына түскен. Әрі өзі бес тілде еркін сөйлейді. Абайдың үшінші ұлы Әбдірахманнан (әйелі Мағрипадан) ту ған Рахила 1924 жылы дүние салған. Оның қызы – Марфуға (Ай) (1922 жылы туған) 1945 жылы Абай атындағы Алматы педаго гикалық институтын бітіреді. Сөйтіп, 1945-1979 жылдар аралы ғында ұстаздық қызмет атқарды. Қазір құрметті зейнеткер. Алма ты қаласында тұрады. Екі ұл, екі қызы бар. Бір ұл, бір қызы ғылым кандидаты. Ұлы ақынның Әбіштен кейінгі баласы Мағауия да көп үміт еткен ұлдарының бірі. Мағауия немересі – Жағыпар қыздары: Ишағы (1923 жылы туған), Ғазел ( 1927 жылы туған) қазір Алматыда тұрады. Ишағы он жылдық оқудан кейін 1942-1945 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өзінің жауынгерлік жолын Қиыр Шығыста тәмамдайды. Жеңіспен еліне оралғаннан соң ұзақ жылдар бойы Меллиорация және су шаруашылығы министрлігінде жауапты қызметтер атқарады. Сонымен қатар Абай атындағы Алматы педагогикалык институтының түлегі. Қазір республикалық дәрежедегі зейнеткер. Ғазел болса Алматы киноактер училищесін бітірген және сол кездегі С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған. Университетте «Абайтану» курсы бойынша Мұхтар Әуезовтен дәріс тыңдаған, тәлім алған. Бұдан кейін «Қазақ-фильм» киностудиясында бірқатар қызметтер істеген. Аталмыш киностудияның жанынан құрыл ған Шәкен Айманов атындағы музейдің директоры болған. Дербес зейнеткер. Абайдың екінші әйелі – Әйгерім. Әйгерім үш ұл, бір қыз туады. Ұлдары – Тұрағүл (1875-1934ж.), Мекайл (1895-1931 ж.), Зікайл (1896-1989 ж.), қызы Кенжеш (1898-1932). Бұлардың бүгін ізін басқан жалғыз Тұрағүл қызы Мәкен (1912 жылы туған) Алматыда тұрады. Абай мұрасына ұқыптылықпен қарап, жазып қалдыруға ең көп еңбек сіңірген адамдардың бірі – осы Мәкен апамыз. Әсіресе, ұлы ақынның өнерпаз, әнші ұрпақтарының мұрасын шаң қаптырмай, қайта жаңғыртудағы атқарған ісі орасан. Мәкен апамыз Абайдың көптеген әнін, Зікәйілдің «Дүниедегі арманым – надан болып
қалғаным», Майбасардың Мұхаметжанының «Әкәлім», «Ей, ахау, үри-ай», «Қоштасу әні», «Атыңнан айналайын, Қуандығым» әндерін, Мағауияның Әбдірахманға арнаған жоқтауларын Қазақ КСР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына жаздырып табыс еткен. Тіршілігінде Мұхтар Әуезов Мәкенді жақын тартып, Абайдың әндерін таратуға үлкен ықпал жасаған. Міне, көзі тірі Абай ұрпағына тоқталғанда айтарымыз осы. Ұлы ақынның өз кіндігінен тараған балаларының саны он. Олардың жетеуі – ұл, үшеуі қыз. Немере-шөберелерінің өзі біршама. Жоғарыда баян еткеніміздей ақынның ұрпақтары бүгінгі таңда саусақпен санарлық-ақ. Оның басым көпшілігі шау тартып, егделікті елеген шақта. Және Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрақтап қалған. Осы ретте ойға мына бір жай оралады. Ол – Абайдың артындағы ұрпағына деген көзқарас. Біздіңше, ұлы ақынның со ңында қалған әр ізіне ұқыптылық танытуға тиіспіз. Өйткені, Абайтану дегеніміз – халықтану деңгейіне көтерілді. Өзінің қазақ елінің даму жолында даңғыл соны соқпағын әлдеқашан саралаған. Ендеше, бізге қалатыны сол аласармас биікті берік ұстау. Бұл тұрғыда Абай ұрпақтары туралы деректер мен олардың бүгінгі жайы Абайтануға тікелей қатысты. Нақтылай тұжырсақ, оның ажырамас заңды бөлігі, рухани жалғасы екенін әдіптеп айтып жату сірә да артық. Абай мұрасын негізінен шаң қаптырмай жинап, насихаттаушы, тасқа бастырушы – ұрпақтары екендігі, ақын өнерінің бүтін болмысына қылау түсірмей, кешегі мен келешекті рухани бірлікке, бірізділікке түсіргендер солар екендігі санасында сәулесі бар азаматқа аян. Олай болса, Абай туралы, оның ұлылығын – бойына тұтасқан халықтың қайнар мәдениетін білуге құштар жанды ұлы ақын ұрпақтарының тарихы, танымы және тіршілігі бей-жай қалдыра қоймас. Абайдың кейінгі қатталар ұрпағының тарихы, тағдыр талайы – абайтану һәм халықтану саласының салмақты бір бөлімі. Бұдан келіп шығатыны, ақынның ұрпақтарына қамқорлық қажет. Бұл жерде олар аялы алақанға зәру деген ұғым тумауға тиіс. Оңтайлы орайы келгенде, көңілге сызат түсіретін әттеген-айды алға тарталық. Әлгінде Абай мұрасына абай болайық дегенді қадап, қадағалап айттық білем. Ол бекерден емес. Қазір «Мен Абайдың шөбересімін» деген сияқты бәзбіреулер қауесет сөз таратып та жүр. Олар қатардағы аңғал мақтаншақ қазақ болса мейлі ғой. Өкініштісі, елге талантымен танылып қалған мүйізі қарағайдай өнер адамдары әлгі ұят тірлікті төңіректепті. Ишағы апамыздың (Жағыпарқызы
Мағауия немересі) «Егемен Қазақстан» газетіндегі (19 шілде,
1994 жыл) «Шежіре шындығы» атты мақаласы бұған дәлел. Сон-
да дейміз-ау, қазір саналы әрбір қазақ (өнер адамы болса да) жеті
атасын сауатты талдап бере алады. Ендеше, «Абайдың кіндігінен
тараған ұрпағымын» деп қарадан қарап шатасатын еш реті жоқ. Бұл
өткен ғасырда Абайдың бойына сыя алған халықтық мәдениеттің
қайнарына шөліркегеннен шығар. Оған әркімді кінәлау күпірлік те
болар. Мұның бәрі айналып келгенде ұлы ақыннан үйренеріміздің
көптігін көрсетеді.
Қорыта қайырғанда, шығатын түйін мынау: «Ұлы болу оңай
емес, ал ұлының ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын».
1994 жыл.
Жыраулық дәстүрдің жалғасы
Осыдан тура он үш жыл бұрын, нақтылай айтқанда, сонау
1991 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевты еліміз бо-
лып алғаш Президенттікке сайлар алдындағы тұңғыш сапарын
шалғайдағы Атыраудан бастағаны бүгінде ақ бас тарихтың енші
сінде. Сол жолғы бір іссапар кезіндегі Қызылқоға ауданының
орталығы Миялыдағы аудан жұртшылығымен болған кездесуде
Тұманбай Сәтмағанбетұлы қария болашақ Елбасына бата береді.
Бала күнінде ақ берен Сүгір жыраудың қасына еріп, қолына су
құйған, көпті көрген көшелі кісінің сол батасы Елбасына ерекше
әсер еткен көрінеді. Әттеген-айы, орталықтан алыстағы мұндай
толғанысты сәттің республика жұртшылығына толыққанды жете
алмағаны. Арада қаншама уақыт өтсе де Тұманбай қарт Елбасының
есінде сақталып, жадында жатталып қалыпты. Соның көрінісіндей,
сонау Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз бекеті Аққұдық
ауылының тұрғыны, сексенді еңсеріп қалған Тұманбай ақсақалға
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен хат жазған, шілде
айындағы туған күнімен құттықтап, ыстық лебізін де білдіріпті.
Және бірде он екі құрметті қарияның қатарына қосып, Астанаға
шақырту да жіберген.
Тұманбай Сәтмағанбетұлы ақсақал Алматыда тұратын кенже
ұлына қонақтап келіп тұрады. Біз сәлемдесе барып, ол кісімен жыға
танысудың сәті түсті.
Аманат Құрметті Тұманбай ақсақал! Менің мерейтойыма және халқым үшін атқарып жүрген қыз метіме байланысты жолдаған жылы лебізіңіз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Адал ниетке толы ақ батаңыз үшін де мың мәрте рахмет! Өзіңізді де 75 жасқа толған торқалы тойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ғибратты ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріңіз. Той тойға ұлассын! Міне, Елбасының өз қолымен жолдаған жылы лебізге толы хатына қарап отырып, Тұмекең сол бір тағылымды сәтті еске алады. «1991 жылдың қарашасында аудан әкімі Есенгелді Нұршаев келіп, Елбасы елге ат басын бұратынын және ол кісіге жүректен шыққан бата беру керектігін жеткізді. Күтпеген әрі күрделі, жауапты ұсыныс. Тосырқап та қалғаным рас. Дегенмен, тәуекел еттім, біршама ұзақтау батамды: «Желге қарсы мал жайған, бейнетқор ағаң мен едім, Елден шыққан сұлтанды, көріп қалсам деп едім; Оң жағынан оралып, бетінен сүйсем деп едім. Әумин!» – деп түйіндегенде, Нұрсұлтан қарағым жүзі жарқырап, қол алып, құшақ түйістірді. Толқып кеткенім де рас – «Аманат!» деппін». Аманат жүгін арқалаған Елбасының еңбегіне Тұманбай қарт дән риза. Ел аман, жүрт тыныш. Ақсақал шопан таяғын балаларына берді. Ұл-қыз, немерелері өз еңбектерімен бұйыртқан не сібесін теріп жүр. Жүзіктің көзіндей бес келіні де алдынан кесекөлденең өтпейді. Айтқан сөзі ауыл, аудан көлемінде болсын жерде қалған емес. Тұмекеңді тоғайтатыны осы – өз отбасы, ота нындағы тыныштық пен тым ыстық тіршілік. Тәуелсіздіктің баға сын басқа-басқа, Тұманбай ақсақал жақсы біледі. Өзінің ұзақ өмі рінің бір күнінде туған өлкесін тастап кетуге де тура келген. Ол кезде қазақтың басына қым-қуыт дүрбелең шақ туған. Отаннан жырақ жүргендегі отыз жыл оған оңай соқпаған. Себеп? Қазақта басқалардағыдай емес, туған жеріне, өскен ортасына, отанына деген ерекше сезім бар. Әкелер мен балалар «Жомарт тағдыр шіркіннің әкеме келгенде соншалықты бедеу бола қалғанына таңым бар. Екі айлығында анасынан айрылған ол
бес жасында әкесіне ілесе Үстірт асып, түрікмен жеріне барып бас сауғалаған екен. Жалғызын майданға жібермей, жат өлкеде жанын шүберекке түйе отыз жылдай бой тасалап жүрген иманды болғыр Сәтмағамбет көкемнің сол кездегі нартәуекелі ерлікке пара-пар екен-ау. Әкем кей уақыттарда ғұмыр бойы бала-шағаның қамы үшін тырбанған бейнетқордан гөрі, оқи алмай арманда қалған оқымыстыға немесе дала философына көбірек ұқсар еді. Шешіле сөйлеп кетсе, аттыға аял, ауыздыға сөз бермейтін от тілді, орақ ауызды шешен екені, шалқайғанға шалқайып, еңкейгенге еңкейетін бірбеткейлігі, қаншалықты қатал болса, соншалықты мейірімді, кең даладай дарқандығы мен үшін үлгі, әрі мақтаныш. Елеусіздеу жерде елеулі ғұмыр кешіп жатқан тек қана аруана тектес менің әкем ғана сияқты» – деп, ағынан жарылады Тұмекеңнің он екі ұл-қызының кенжесі Кенжебек. «Сексен жасап, сегіз сөз қалдырмаған әлдекімнің тағдыры бұ йырмасын» дейтін Мұқағалидың қисыны тұрғысынан келсек, Кенжебектің мұнысы құп. Әңгіме тектілік турасында. Ендеше, қондырмасы рухани қуат, болмыс-бітім, күнделікті тыныс-тіршілікті айналып өте алмайсыз. Бұл ретте тақырып арқауы – рухи тандем – тектілік пен тазалық ең алдымен алды орайды. Бір аксиома айқын, ол – тектіден текті туатыны. Осы ретте Тұманбай ақсақал есімін ерекшелігіне қарап айтқанда – кешегі төрт түліктің білгірі сақа шопан ғана емес, бүгінгі үлкен бір әулеттің тірегі, әлеуетті қазақ шалдарының бірі. Өзгеден өзгешелігі де сол – қарапайымдылығы. Бір қарағанда байқарыңыз осы. Арғы тегінен тартсақ, Сүгір жыраудан бата алған, әкесі сөз ұстаған шешен, батыр да батыл көргенді кісі деседі. Өз кіндігінен тараған ұрпақ та ұсқынсыз емес, алды өз таяғын мұра етіп алса, қалғаны үлкен шаңырақтың берік бекіген уықтары. Бұдан енді тек қана тектіліктің табиғатын танырыңыз анық. Қазақстан аман болсын! Біздіңше, Тұманбай ақсақалдың кереметі, жалпы кісілік келбеті сол, 1991 жылдын қарашасындағы Президентпен жүздесуде-ақ көрінген. Елбасы ерекше ықыласымен Тұмекеңді арқадан қағып тұрып: «Ақсақал, не бұйымтайыңыз бар?« дегенде, қария іркілместен: «Біздегі тілек те, бұйымтай да сол – Қазақстан аман болсын!», – депті. Дәл сонау қиын-қыстау уақытта бұдан артық ақсақалдықтың үлгісін көрсету мүмкін бе? Қазіргі етек жеңді жинаған замандағы қайбір жеке шаруасынан аса алмай, майдаланып кеткен трай-ақсақалдыққа қарныңыз бұдан кейін ашпай қайтсін.
Қайран тектілік! Ол маңдай терін төгіп еңбек етті. Үй тұрғызып, отбасын өсірді, малын өргізді. Осылай орден-медальсіз, мақтау мадақсыз қарапайым ғана өмір сүріп келеді. Бақса, отырғызылған талдан, тұрғызылған үйден, балаларынан, немерелерінен, шөберелерінен басқа бұл жалғанда награданың үлкені жоқ екен. Қандай ғажап және ұзақ ғұмыр! Ол бәрін көрді: соғысты да, аштықты да, махаббатты да, тұңғыш перзент пен бірінші үйдің қуанышын да және әлемде ешкімге, еш жерде белгісіз туған жерін жоғалту қайғысын да. Ақсақалға шау тартқан шағында Елбасымен жүздесу де жазды. Содан бері он үш жыл өтіп кетіпті. Тарих үшін мыңнан бір мезет қана. Қарияның көзімен қарасаңыз, әжептәуір уақыт. Сондықтан шығар, қарияның бір ғана тілегі бар. Ол Елбасымен тағы бір қауышып, құшақ түйістіру. – Нендей әңгіме айтасыз? – дедік біз. – Оны қарағым, алдымен өзіне айтамын, – деді ақсақал. 2001 жылы. БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? «Казахская правда» газетінің құрылтайшы-редакторы Алдан Әйімбетовпен жолығысқан соң осындай сұрақ мазалаған: Біз осы не бітіріп жүрміз? Бізге қарсы қарт адам жүріп келе жатты. Қарапайым киіне салғаны бүкіл адам баласының тауқыметін өзіне алған пайғам барларды санамызға салған. Бәрінен бұрын қатты таң қалдырға ны – оның келбеті. Бұл адамның келбеті ешқашан күліп көрмеген тәрізді. Бет мағынасында сана бойлап жете алмайтын тұңғиық бар. Жадымызға адамзаттың арғы тарихындағы пайғамбарлар оралды. Өз жұртының қамын жеген Асан-қайғы, Қорқыт келді. Біз бұл кісіні соларға жақын қойғымыз келеді. Ол кісінің тірлігі тосындылығымен біраз жұртты тосырқатқан. Басқасын қайдам, бір ақиқат анық. Ол – жаншылған қазақ рухының қайта буырқана бой көтергені. Мұны дәйекті дәлелдеген де – біздің сұхбаттаспақ кейіпкеріміз. Әңгімеміз де кенеттен басталып, тосындау сипат алғаны содан.
– Қазір уақытым тығыз болып жатыр. Газеттің келесі санын
шығару үстіндемін, әрі бір-екі шаруа аяқтан шалып жүргені. Сот
процесі де оңай соқпай тұр, – деген алдымен.
– Осы газетіңізді шығаруға не түрткі болды?
– Бүйірімді тесе түрткілеген түртпек көп. Орыс тілінде болға
ны – ойымыз өзге ұлтқа да жетсін дегенім. Қазақ өзі ғана оқитын
болса, ішінен бір сыбап алып, қойын қайырып тастап жүре берер
еді. Қазір елімізде қатерлі жағдай қалыптасты. Өкімет басында
отырғандар мен ақша жасап жүргендер орыс тіліндегі басылым-
дарды ғана оқиды. Екі ұлтты шағыстырып жүрген алаяқтар орыс-
ша ғана жазады. Оларға орыс халқы да келісетіндей орыс тіліндегі
жауап қажет.
– Бірер басылым бір кезде сізді фашист деуге дейін барғаны
есімізде. Сіз өз тағдырыңызды ілгері уақытта «фашист» болған
Шәкәрім мен Мағжан ғұмырына ұқсатпайсыз ба?
– Бұл екі ұлы адам коммунистік идеяның құрбаны болғаны
белгілі. Олар өз халқының бақыты үшін өмірден қорықпай қоштасып
кете берді. Мәселе, ұлыларға ұқсауда емес. Адамдық сыннан аттап
өтпеуде. Азаматтығыңды халқыңның да, арыңның да алдында асқақ
ұстау.
– Қазіргі қазақ зиялылары мұндай ерлікке бейім деп айта
аласыз ба?
– Айта алмаймын.
– Неге?
– Қазақ зиялыларының басым көпшілігі – сатқын. Олар өз ба
сының қамын халық мүддесінен тым жоғары қояды. Жалпы еш
қандай халық тап қазақтар сықылды мол сатқындардың ордасы
болған емес.
ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ ШЕГІНІС: Оңтүстік Қазақстан облысының
Түркістан ауданындағы Шерт ауылында, шала сауатты ел кісісі
Шоқайұлы Әйімбеттің үйінде осыдан аттай алпыс үш жыл бұрын
Алдан Әйімбетов келген дүниеге. Содан бергі саналы ғұмыры
ғылым-білімнің маңайында келеді. Сол саланы салмақтап жүре
берер ме еді бәлкім. Базбіреулер өзінің ғана емес, халқының намы-
сына тимегенде. Осы күні елге кеңінен таралған саяси қоғамдық
орыс тілінде шығатын тәуелсіз «Казахская правда» газетінің редак-
торы және құрылтайшы-шығарушысы. Мамандардың пікірінше,
бұл газет – публицистикадағы үлкен табыс, журналистика теори-
ясын дамытарлықтай жаңа бағыт. Жападан жалғыз әрі автор, әрі
редактор, әрі корректор, әрі суретші-фотограф, әрі машинка ба-
сушы хатшы, курьер, бұл аз болса шофер-механиктің де қызметін атқару адам қабілеті мен төзімділігінің теңдесі жоқ рекорды. Бұл рекордты танытқан осы – Алдан ағамыз. Осындайда еске оралады. Шындығында еске амалсыз алдырған адамға қайран қалғанда санаға улы суреткер Хемингуэйдің: «Адамды құртып жіберуге болады, бірақ жеңу мүмкін емес» – деген ойы оралады емес пе? – Қазақтың ортасында отырып, өзіне кең орын ойып алған Караван» тақылеттес газеттердің пайда болуы неліктен деп ойлайсыз? – Біздің сайлап алған бастықтарымыздың бос белбеулігі ғой бұл. Бірде бір мемлекет мұндай құбылысқа төзе алмайды. «Караван» – тәуелсіз газет, онымен арпалысу оңайға соқпайды. Қазір «Караван» мемлекет ішіндегі мемлекет іспетті. Ол газеттің көздеген мақсаты үш нәрседен тұрады: бірінші – орыс тілін мемлекеттік тіл қылып Ата заңға енгізу (яғни ұлттық егеменді мемлекетті жою), екінші – осы саясат ықпалымен мол ақша табу («Караван» – ең көп пайда әкелетін бірден-бір басылым), үшінші – жерді жеке меншікке иемдену құқын заңмен бекіту. (Өйткені, жер – өте қымбат тұрады, оны сатып алу мүмкіндігі тек қазақ халқынан басқаларда ғана бар). Қазақ негізінен ауылда қалып, казір жүріп жатқан халық меншігін иемденіп қалу процесінен тыс қалған. Ал шектен шыққан «Казахстанская правда» газеті тобықтан емес, енді тізеден қырқып, шала бастағанда ғана тәртіпке шақыруға үкіметтің батылы жетті. Мәселенің түпкі себебі – орыстілділердің көңілін қалдырып қоймаймыз ба деген жалтақтық. – Сіздің газетіңізге ұқсас басылымдар болашақта бой көрсете алады деп айта аласыз ба? – Мен мана айттым ғой, өкімет пен үкімет жалтақтығын қойса, мәселе өз орнына келер еді. «Казахская правда» газеті – қазақ ұлты мен оған бейбіт көрші болар оқырмандардың ой-отауы. Бұл тақырыпты талқылауда мен әр нәрсені өз атымен атаймын. Орыс тілінде басқа қай газет қазақ тақырыбымен күрделі айналысып отыр? – Сіздің мұндай батылдығыңыз бен халқыңызға деген зор махаббатыңыз сізді осы қасіреті мол елдің қайғысын арқалауға келген пайғамбар ретінде қабылдауға итермелей береді. Сіз турасында келсек, пайғамбар жасын жасаған адам атақ-даңқтан да, ақшадан да, қызмет қызығынан да аулақ кеткен жан. Сондықтан біз сіздің осындай азабына адам төзбес жұмыста жүргеніңізді тек шынайылықпен ғана түсінеміз... – Мен өз халқымды аяймын...
ТАРИХИ ШЕГІНІС. Дәл қазақ секілді азабы мен соры зор тағдыр тауқыметін тартып келе жатқан халықтың бар екендігіне күмәнданасың кейде. Айналасы отыз жылдың өзінде үш дүркін қайталанган (1916-22, 1929-34, 1941-45) апат ақиқатын енді ғана ауызға алып жатырмыз. Басқасын былай қойғанда, отызыншы жылдардағы ашаршылық салдарынан зұлматқа ұшиырағандардың саны 2,5 миллионға жуық екен. Ендеше өткен күнде белгі неге болмасын. Мұндай рухани-әлеуметтік геноцидке дүркін-дүркін ұшырау халықты қай жағынан болсын, бөліп-бөлшектеп майдалап жіберді. Біз өткенімізден ащы сабақ ала отырып, ертеңімізге елгезектікпен елеңдеуге тиіспіз. Бұл ұрпак парызы. – Тіл мәселесінің толғағы жетті. Ендігі шешім не? – Бұл мәселені ешқандай заңмен шеше алмайсың. Меніңше оны түпкілікті шешудің бір-ақ жолы бар. Ол – ұлтымыздың санын көбейту. Шетелдік қазақтарды, әсіресе Қытай қазақтарын көшіруге барлық күшті салған жөн. Мыңдаған үй-күйсіз жүрген бойдақтарымызға жағдай туғызу, қазақтың жетім балаларына көз қырын салу, жалпы қазақтың ұлттық сана сезімін тәрбиелеу (қаншама қазақтың қалалық жастары өз жұртынан алыс қонып жатыр) аса қажет шаруа. – «Казахская правда» газетінің қазақ диаспорасы арасында таралымы қандай? – Әзірше газет таралымы – 10 мың дана ғана. Бірақ кейбір жағдайлар туылса, оның көбейіп кету мүмкіндігі бар. Ташкент қаласында 400 мыңдай қазақ тұрады, олардың өзіне 100 мың дананы жіберуге болар еді; Мәскеуде 8 мың қазақ бар, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі арқылы мың дананы таратуға тек қана олардың өз еліне деген сүйіспеншілігі керек; он тоғыз облысымыз бар, әр облысқа 10 ауданнан келеді, соның барлығын қоса берсек қыруар қазақтардың басын құрайтын едік. «Қазбаспасөз» қызметкерлерінің арасында «Казахская правда» газетіне жасап жүрген кедергілер кездесіп қалып жүр. Олар не газетті жасырып қояды, не апарар нүктеге жібермейді екен. Кейде газет Алматының өзінен шықпай қалатын көрінеді. Соңғы рет Жамбылға барғанымда мені іздеп бір ауданнан жас жігіт келді. Ол бұл газеттің бар екенін естігенмен, оны ешқашан көрмеген екен. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ШЕГІНІС. Бөлінген сиыр бүйрегіндегі бөлек-бөлек әлемнің әр түкпірінде шашыраған қазақ бауырлар тагдыриы көзге жас кілкітеді. Қазақтың әлемдегі барлық саны – 11 миллион 500 мың. Қазір Қазақстанда 7.777.777-ге ( жеті миллион, жеті
жүз жетпіс жеті мың, жеті жүз жетпіс жеті) жетті: жеті киелі сан.
Әруақ жебеген шығар. Өсім жаман емес! Керісінше өзге ұлт өсімінің
тұрақсыздығы байқалады. Айталық орыс ұлты 5 млн 880 мыңға
түскен. Проценттік қатынасы: қазақтар 45%, орыстар 34%. Деген-
мен шет жақтағы бауырлар ойландырады ғой. Бір Қытайдың өзінде
1 млн. 300 мың қазақ тұрады екен. Мамандардың айтуынша, әзірше
демографиялық өсім қалыпты, қуантарлық. Алайда санмен бірге
сапа аса ауадай қажет.
– Сіздің кәсіпқой парламентке өте алмай қалуыңыз көбі
міздің көңілімізге өкініш әкелді. Бұл – қазақ халқының ғана
салғырттығы ма?
– Сайлаудың ешқандай құны болған жоқ. Бұл тұста мен демо
кратияның негізгі қағидаларының орындалмағанын айтып отыр-
мын (жалпы мен өтпелі кезеңде үлкен демократияны қолдаудан
аулақпын). «Ойшылдар» жасап берген сайлау туралы кодекстің
маңыздылығы аудан көлемінен аспайды; мұндай кодекс қалтасы
таяз, үкіметте өз адамы жоқ кандидаттарды о бастан жеңіліске
ұшырататынын бадырайтып жазып берді. «Үш мың сайлаушының
қолын» жинау науқаны елінің қамын жеген тұлғаның намысын
қорлау құралына айналды. Байлықтан құралақан емес, немесе
үлкен қызметтегі кандидаттар бөтен пәтердің қоңырауын қағып,
алғашқы үш мың сайлаушы қолын жинау тәлкегіне түскен жоқ.
Көптеген ел қолдарын қоюдан бас тартты, тіпті табалдырықтан
аттатпай қойды. Бірақ олар дұрыс істеді. Кім бейтаныс біреуге
өз ризашылығын білдіреді. Бұған ешкім міндетті емес. Ал бас-
шылар мен бай адамдардың мәселесі бөлек тұрды. Олар үшін қол
астындағы шабармандары мен әдейі жалдап алған кісілері жүгіріп
жүрген болатын. Мұндай орашолақ істің ақыры өкімет басына
мемлекет жүйесін басқаруға бос-белбеулігі басым кандидаттардың
өтіп кетуіне апарып соқты.
ЭТНИКАЛЫҚ ШЕГІНІС. Өздерін аты белгілі қозғалыстың
жігіттеріміз деп таныстырған баз біреулер Әйімбетовті ал-
дап кеткен. Өзімізді-өзіміз сан соқтырып тақырға отырғызып
кетеміз де, өзгенің өрмелеуіне жол ашамыз. Алдан ағаны
«сыйлайтындықтарын» білдіріп редакцияға телефон соққан олар
көмектеспек болған. Сөйтіп сайлау науқанана арнап шығарған
«Казахская правда» газеті мен насихат қагаздарын алып, із-түзсіз
жоғалып кеткен. Олар бұл материалдарды жұмысшы жастар мен
мал шаруашылық институтының студенттері арасына таратуды
уәде еткен. Кейін артынан іздеп барғанда студенттер ешқандай
үгіттеушілерді көрмегенін айтқан. Осылайша мәселенің төркіні
кешігіп барып айқындалган. Бұны жаңағы қозғалыстың өкілдері
басқа кандидаттың сайлануына жағдай тудыру үшін күрескен
деп түсінеміз бе?Ал Алдан ағаның бүкіл еңбегі беймәлім жерде
қоқысқа айналып жатқан. Әрине сауатты мәдениетсіз болған соң
не шара?!
– Елбасымыз ұстаған бағыт турасында не айтасыз?
– Президенттің бағыты парламентте сөйлеген соңғы сөзінен
көрінді.
Президенттің басқа халықтарды қазақ тентектерінен қорғауы
өте құптарлық. Мұндай қадамсыз ұлтаралық мәмілеге келу, оны
орнықтыру мүмкін емес. Десек те, қазақтың түбегейлі мүддесі
жөнінде анда-санда болса да ескеріп қойғаны жақсылық нышанына
айналар еді деп ойлаймын.
– Қазақ халқы өз топырағында қашан ешқандай талассыз
жер иесі, негізгі қожайын бола алады деп ойлайсыз?
– Қазақстан – біздің ғана отанымыз емес, шетелде сағыныш
өртінде жүрген басқа бауырластарымыз аңсайтын ата-баба жері.
Атырау мен Алтай арасы – Абылай хан, Тәуке хан басқан аймақ,
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар біз үшін қорғап қалған
мекен, Абай мұңайған жер, Құрманғазы күй еткен әлем. Қазіргі
сәуегей басылымдарды осыншама ғұмырнамасы бар шежіре
елдің тағдырын шешетін қайдан түскен данышпан дейсің кей-
де. Өздері төрде отырса да ашуланшақ. Алайда босағадан кірген
жолаушының шаңыраққа таласқанына шыдауға бола ма? Париж
ешқашан Пекин болмайды, Пекинді ешкім француздарға бермек
емес.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ШЕГІНІС. Бізді бір ой түртпектей бергені.
Парижге өнер қуып келген басқа ұлт өкілі, сәулетті қаланы
өз халқының астанасы етуге тырыспайды. Мұндай ниет тек
ақымақтықтың ғана белгісі болар еді. Әлде қазақ елінің мүддесіне
қол салып жүргендер бүтін халықты американдық үндістер
тәрізді қабылдай ма. Он миллионнан асып жығылатын халықты
өз жерінен аластау әділетсіздік қана емес, соны жанжалдарға итер-
мелеу емес пе. Қайбір (атын атамаса да болар) орыс тілді газеттер
қазақ жеріне орналасқан жаңа империя сияқты. Бұл – дархан Дала-
ны он тоғызыншы ғасырдағы әдістен өзге, мүлдем басқаша жаулау
секілді. Соны империя сананы басып алу соғысына белді мығым
байлай кірісіпті. Неге қазақтар эмоция деңгейінде емес, интел-
лектуалды ойлау деңгейінде мұндай шабуылға жақсы тойтарыс
бере алмайды? Неге техника мамандары арасында қазақтар сирек,
неге шешесі ғана орыс қазақтар өз ұлтынан безінеді, зауыттардың
басшылары неліктен өзге халық қана, неге қазақ басылымдары
ешқандай күшке ие бола алмайды...
– Алдан аға, әңгімеміз күрсініс пен өкінішті төңіректеп кетті.
Қазір біз үшін қуанатын уақыт емес. Дегенмен сөз соңында бір
жақсы тілек тыңдағымыз келеді.
– Қазақтарға не дей аламын? Оларға айтқаным өзіме де арнала-
ды. Тек әрбіреуіміздің жүрегімізде басқа тысқары күштер жаулап
ала алмайтын қасиетті ұлттық сезім қалса екен.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай, аға?
– Мүмкін өзімді таяу арада өткізілетін президент сайлауына
ұсынып қалармын. Менің көздеген мақсатым біреу ғана: қазақ ұлтын
өзге халықтар деңгейінде ұстап, даму барысында ешқашан тоқтап
қалмауға қылаудай болса да ықпал ету.
БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? Қария бізбен қоштасып, жеңіл
басып жүріп кетті. Қазақ халқының тағдыры жер ортасынан асқанда
қайтадан жан дүниесін шайқап жүрген секілді. Пайғамбар жасы-
на жеткен адам бәрін тастап, өлімнің өзін кейін шегіндіріп қойып,
аптал азаматтар айналысатын істі өз қолына алыпты. «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым...»
1994 жыл
Бәріміз де үлкен балалар секілдіміз
Баяғыда шет ел өмірінен көріп жататын хабарлардан бір жай
жадыға қатты тоқылып қалғанына әлі таңбыз. Бәлен елде жастар өз
партиясын құруға ұмтылыпты, бірақ оған өмірдің өткіншілігін уәж
ғып тосып, ертең олардың да қартаятынын дәлелдесе керек. Ұсыныс
тынды ма, ары қарай не болғанын кім біліпті. Кеңес Одағы кезінде
жастарға көңіл бөлініп жататындай көрінетін. Комсомол құрылымы
сол жастардың мүддесін қорғап, жақсы істердің ұйытқысы боп,
өміршең шараларды үздіксіз ұйымдастыратындай әсер беретін. Ал,
қазір кейбір көзі қарақты кісілер бір шенеунік туралы айтқанда:
«Комсомолдың қызметкерін еске салады» деп, жиреніш білдіретінін
қайтерсің.
Бүгінгі жастар сол комсомолдың не екенін біле ме екен? Жалпы бүгінгі жастар кім өзі? Отызға келіп те жастық сезімнен әлі арылмаған жеке адамдар турасында әңгіме өзінше бөлек. «Мен жастарға сенемін» деп, кезінде жар салған қазақ ақынының үні өмір толқынында жоғалып барып, қайта жарқ етіп көрінді. Бірақ, оған селт ететін жастар байқалмайды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында жастар өнерге, поэзияға құмар болатын. Жатақханаларда Қадыр мен Тұманбайдың өлең кітаптары жататын. Қазір оның бірі де жоқ. Адам болмысында тоқырау белгісі көп. Не істесек екен? «Мен жастарға сенемін» деп, жұлқынып тұратындай қазақ өнер иесі бұл көкжиектен көрінетін түрі жоқ. Ауызды қу шөппен сүртудің ескі әдетіне ұйғарсаңыз – мейліңіз. Қараңғы тұйыққа қамалып қап, шьғатын жол таппай алақтаған жағдай тумаса да бүгінгі жастар кешегідей емес. Олардың басын біріктіріп, жақсы іске ұйытқы болатын күш табылмай отыр. Осы жөнінде бір уақ ой бөліскен теріс емес. Бізде «егделер мәселесі» емес, «жастар мәселесі» бар. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан бері жағымыз бір талмай «жастар бұзылды, жастар үйтті-бүйтті» дегенді жиі айтамыз. Себебі, түсінікті, салдарына үңіліп көрейікші. «Кеңес» атты казармадан босаған аға ұрпақ өзіндік дәстүр мен қоғамдық нормаларды жас буынға табыстарда қатты қателескен сынды. Мүмкін бұлайша жаза басуға сол қайшылықты жүйенің де үлесі үлкен әсер еткен шығар. Батыстың «әні мен сәнінен» қанша қақпайлап ұстағанмен тордағы тоты құсыңыз темір құрсаудан құтылған сәтте-ақ, басқаша сайрап шыға келді. Нашақорыңыз да, жезөкшеңіз де, жұмыссызыңыз да т.б. жастар. Көбісі «бұғаудан босағанмен» не істерін, қайда барарын білмей, аңырып тұрып қалды. Көзді жұмып, тұспалдап тартты сосын. Қайда барса да қиын, өте қиын еді. Қалаға барса оқу оңай емес, жұмыс табу одан да қиын дегендей... Заманның жастарға деген сыңайын байқадық. Қатқыл. Содан ба, әлемдік қоғамдық-саяси үрдістер былай тұрсын, елдегі жүріп жатқан саяси-экономикалық реформаларға жас буынның, әсіресе, қазақ тілді жастардың кірігуі енжар. Бұл бәрінен бұрын шын талап пен үлкен еңбектің кемшіндігінен бе дейсің. Өзім куә болған бір ғана мысал. «Сорос-Қазақстан» қоры шығармашылықпен айналысып жүрген жастарға арнап, жазғы мектеп жұмысына қатысуға бәйге жариялап тұрады. Он күнге созылатын жазғы мектеп жұмы сының әсері ерекше. Әр сала бойынша еліміздің және шет ел-
дерден арнайы шақыртумен келген лекторлар дәріс оқиды. Ең
соңында үздік танылған талантты жастар әлемнің мықты де-
ген оқу орындарына білімін тереңдетуге гранттар алса, қайбірі
көрмелерге, фестивальдарға, т.б. қатысу жолдамасын еншілейді.
Өкініштісі сол, осындай мүмкіндігі мол шаралардан қазақ тілді
жастардың тым қалыс қалатыны. Көзі ашық жасқа күнделікті
жаңалықтарды шолып шығу мен компьютерді игеріп, интернетті
қарап отыру сонша қиын шаруа емес. (Шындап іздесеңіз, шетел-
де оқу, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін басқа да сандаған қорлар
арқылы табасыз).
Сұлтанмахмұттың «Ана қырда татар тұр, басқалармен қатар
тұр...» деген өкініші әлі сол күйінде қалып қойған сыңайлы. Бұдан
қазақтың кешегі жасынан көзі ашық бүгінгі жасы айтарлықтай
алға кетті деп айту қиын. Осы салғырттықтың, осы енжарлықтың
салдарынан есеміз кетіп, есебімізді түгелдей алмай жүргендей
жай бар. Оны шебер пайдалана білетін билік те, аға ұрпақ та жа-
старды қай кезден-ақ қолбала, саясаттың ұр тоқпағына айналды-
рып келді.
Бір ғана жүйеміз «жаңылысып», жастар қайрат көрсеткен кез
1986 жылдың желтоқсан кезіндегі оқиға еді. Жастардың он ойланып,
күрт оянған және тізе қосып, біріккен тұсындағы бұла бұлқыныс.
Осы оқиғаны өз көзімен көріп тұрып, бір жазушы ағамыз: «Біздің
ұлт, әсіресе, жастарымыз сапалық тұрғыдан бұрын-соңды болмаған
құбылыстарды енді бастан өткере бастайды» деп дәмеленгенін жа-
сыра алмаған. Алайда, сол серпілістерді көре алмадық. Қайта содан
жасып, жасқаншақ болып қалғаннан ба, қазіргі жасыңызда ортақ
мүдде үшін бірігу, «Қазақстанның болашағы үшін!» алға ұмтылу
жағынан көз жазып қалды.
Ешкімге өкпе арта алмайсыз. Мүмкін, қателік билікпен де,
аға ұрпақпен де шынайы диалог құра алмай жүрген жас буынның
өзінде шығар. Билік анда-санда съезд, конгресс, ... т.б. өткізіп,
жұбатқандай болады. Аға ұрпағыңыз «бәрі жақсы болады» деп
алдарқатқандай сыңайда. Ал, жастар өздерімен де, өздерінен
жоғарыдағылармен де «тіл табыса» алмай жүр. Бәріміз де үлкен
балалар секілдіміз.
2002 жыл.
Жас зиялы бүлікші емес... Ғалымдардың айтуынша, саясаттану ілімінде бос кеңістік – «вакуум» болмайтын көрінеді. Бұның теоремадан тұлдыр, анық аксиомаға айналған нәрсе екеніне бертінгі кезде көз жете түсті. Ол халық үшін де, жеке адам үшін де жаңалық емес. Әрине, жаңалық іздеген адам рухани құндылықтар төңірегін маңайласа керек. Ғасыр басындағы алыптарымыз неге анда да, мында да басын соғып, балтыры сыздады? Отыра қалып математика пәнінен оқулық жазды, сыры ашылмай шаң басқан тарихты түзді, одан қалса өлеңін шығарып, әдебиетке үлесін қосуға тырысты. Осының бәрі бекер еріккендік дейсіз бе? Әлгі үзіліп-жұлынып тұрған бос кеңістікті әл-қадерінше толтыруға тырысқандық еді. Сөйткен ұлт зиялыларының бұл ісін көп көрген жүйе түгелдей атып-асып арманына жеткен. Ұлт жетім қалды. Ұрандайтын ешкім жоқ. Зады, ел мен «элита» бір-бірімен тонның ішкі бауындай қабысып бірікпей, ұлт болып ұю мүмкін емес екен. Сол «элиталық» шоғыр шашырап кеткендіктен бе, бүгінгі туалдардың иық тірестіретін жері. Жуан білектілердің жөн білісіп, артындағы еліне бағыт беретін осы – орта. Бүгінде сиырмен көкпар тартып, қампиған қалтасын қайда қоярын білмей, ұрынарға басқа қара таппағандай рухани дүниені ермек етіп жүргендер жетерлік. Керісінше, бұл зиялы қауымның қай-қайсысын болсын қинап жүрген ар мен ақша мәселесін алға көлденеңінен тартады. Қазір осы екі нәрсенің де жас зиялының жауы болып алғаны рас. Арып-ашыған ары бір қысса, нанын тауып жеуі және жанына батады. Ардың арықтап, нанды өлшеммен ғана өлместікпен талғажу қылғызған өзеусіреген өмірдің, әсіресе, қалам ұстаған қауымды қомағайлана қармағалы қашан. Мұндайда қол ұшын беріп, қолтықтан демейтін қайырымдылықты беті қатқылдау, бедері бөлек мына қоғамымыздан байқай қою неғайбыл. Оған күннен-күнге күрделеніп, кері кеткен тіршілік кепіл. Әйтеуір, «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген» шағына жете қойған жоқпыз. Соған шүкіршілік етесің. Санаға жанкештілікпен сары жамбастап жайғасқан «лайым содан сақтасын» деген ой ұялап жатыр. Қалай десек те, қазіргі экономика әлемі мен рухани даму бірбірімен қабыспайтын және бір-бірін қайталамайтын нәрселер. Жоғарыдағы жайсыз жағдаяттардың тінін тесіп шыққан дерт соның әзірше сыпайы көрінісі.
Жас зиялымыз жаңа тұрпаттағы «элита» шоғырын түзуде көп кедергіге кезіге қоймас. Нақты кедергі – істе. Елді артынан ерте білуде. Өйткені, ғасыр басындағыдай қазір өнерде, ғылымда, әде биетте құрық-шұрық бос кеңістік жоқтың қасы деуге болады. Осындай мүмкіндікті дер уағында ұстана біліп, ұпай жинауға тырысу керек. Бізге ешқандайда бүлік (бунт) керек емес. Бәрін уақыт өзі реттейді. Міндет сол, ғасыр басындағы алыптарымыздың ісін жалғап, ұлттық құндылықтарды жандандыру. Әйтпесе, бәрі бүгінгі күндегідей жалғасып келген бос кеңістік те, басқасы да әлдінің ермегі, таланттың жөргегі болып қала бермек. 1997 жыл. Ұлт мәртебесі ұрпаққа сын Қазақстан жас мемлекет деген ұғым санамызға сіңісіп, салтанат құрғалы қашан. Халықтың сан жағы да, оған телінген мәдениэкономикалық жағы да соның айғағы. Алайда, сол жасымыз қалай өзі деген сауал саралауды қажетсінетіні және заңды. Ендігі әңгіме тиегі осы. Қазақ жасы: ол – кім? Тау құлатып, тас қопарғандар ма? Әлде, коммерциялық романтиканың шалығы тиіп, шақшадай басы шарадай болып жүргендер ме? Әрірек бармасақ та, әнебір кездегі Ғани Мұратбаевтың тұлғасы мұнартады. Мен мұндалайды. Бүтін шығыс жастарының шоқтығы биік шоқ жұлдызына айналып ағып өтті лезде. Көз жаздырып қоймай, көңіл ортайтты. Бастысы – жас Мұратбаевтың мұраты һәм қазақтың мақсаты әлі сол мақсат-мұрат күйінде. Мұны, бос вакууымды көре білген Саттар, Баубектер сияқты көреген жас жанын жалдап жұмыс істемеді ме? Істегенде қандай? Өлімнің өзі шошып кетіп, шалқалай құлай шынтағымен жерді сүзді емес пе? Ашуына мінген сосын, аранын ашып, «алда құдай-ай», – деп, аңырады қазақ сонда. Жастықтың ұлы үлгісі жаңғырып қалды санада. Мұны мәңгілік маңайына сәулесін сеуіп, нұрландырып жіберетін прометей оты дерсің. Міне, қазақ жасы кім дегенде, осы тіркесті-ақ алға тартсақ жетіп жатыр. Бұл біздің зерделі көзбен кешеге үңілгеніміз. Қазір хал нешік?! Өткенде телевизордан ауыл мектебінің егде тартқан бір мұғалімі сөйлеп жатыр. Айтқандары белгілі нәрсе:
– «Жағдай нашар. Қыстан қалай шығарымыз белгісіз. Мал басы азайып кетті. Жанға бататыны мектепке балалар қыс түссе, тіптен барудан қалатын түрі бар. Киім жоқ. Оны алатын ақша қайдан болсын. Әкімдердің бос сөздеріне әбден тойдық. Бізге құрғақ уәде емес, нақты көзге көрінетін іс керек, – дей келіп күтпеген мына бір жайтты көлденеңінен тартты. – Біз баяғыда жастарға ренжуші едік. Арақ ішесіңдер, ұрлық-қарлық жасайсыңдар деп. Бекер екен. Енді онымыз орынсыз сияқты. Айтыңызшы, басқа олар не істеуі тиіс? Оңды жұмыс, айналысар іс жоқ. Бізді қойшы. Оларға обал-ақ». Бұған дау шығарып көріңіз. Аталмыш ащы ақиқаттан бүгін гі ескексіз қайығымыздың бет алысын, аға буынмен жас ұрпақ тың арасындағы бейдауа байланысты байқаймыз. Бәрінен бұрын өмірлік мақсат-мұраты, бағдарламасы жоқ жосықсыздықты аң ғарамыз. Бұл не қылған ұрпақ? О заманда, бұ заман еш нәрсенің аяғы аспаннан салбырап түсе қалған жоқ. Тарих әр нәрсені өз орнына қойып отырған. «Кеңес» атты казармада өскен жетім ұрпақ тың (кешегі күнгі «ұлы өркениеттің» өкілдерін айтамыз) өздері мойындап, мойығанындай, әйгілі Эрнест Хемингуэй ақсақалдың сөзіне сүйенсек, олар: «Жоғалған ұрпақ» («Потерянное поко ление»). Шындығында, ащы да болса, айнытпай айтылған. Әйтпегенде, бізде ұрпақ пен ұрпақ арасындағы жарасымды жалғастық, өзара түсіністік сақталар еді-ау! Бастан кешіп, көріп көңіл шайлыққан мына қиямет-қайым шақты да тілеп алмас едік. Автобус не аялдамада үлкен кісілерге кішілік кейпін сақтап орын беріп жатады ғой жастар. Алайда, кейбір ата-әжелеріміз рақмет айтудың орнына отыра кетіп, заманның зарын, жастардың бұзылғанын жыр қылады келіп. Осы нәрсенің бәрі бір міндет секілді. Сондай суық қалыпты, сұғанақ тілділікке үйреткен қоғамды аңсайтындарын қайтерсіз. Көбінесе өстіп, көпірме тілімізбен орақ орамыз. Оу, оданда заманның түзелуіне, жастардың жөнделуіне титімдей тізе қоссашы. Енді бұған бәленше-түгенше кінәлі демей-ақ қоялық. Не десек те адам адамға бауыр деген қоғамды қораштанған екенбіз, онда адам адамға «қасқыр» деген заманға ыңғайланайық. Нұрлан Әмірқұлов деген мырза қазақтың қазіргі зиялыларын үш топқа бөлген. Біріншісі, қазақшамен орысшаны жақсы білетін ауылдан шыққандар. Психологиясы, ойлауы бәрі қазақша. Әттеген-айы, болашағы бұлдыр, келешегі көмескі. Екіншісі, қазақша мен орысшаға
қатар жүйрік болғанмен – тұрақсыз. Өзгенің икеміне көндіккіш. Үшіншісі, бүгінгі қала жастары. Яки, жаңа бағыттағы, еуропалық көзқарастағы адамдар дейді. Бұл жіктеуде бір шындық қылаңытады. Әлі жаңа заманның заңын игеріп, Еуропа мәдениетін меңгергендеріміздің әрекеті, әсерықпалы күшейіп келеді. Алайда, халық артынан еруге аңтарылыс танытты. Бұған белгілі дәрежеде дайындық керек шығар. Оны уақыт көрсетер. Енді XXІ ғасырдың бекзаттықтың үлгісін кімдер арқылы елес тетеміз! Жыласаң тағы ұрамның кері міне – Қазақстанда бір жарым миллион қазақ жасы өз ана тіліне келгенде өгей! Қазір бойымыздан «мынау менің отаным, елім, жерім» деген адами сезім, отаншылдық пен тектілікті байқарсыз ба? Мына нарықтың ырқына көніп, аяғының астында тапталдық. Өз ішіміздегі індетіміз өзімізбен шектеле қойса жақсы еді. Өкініштісі, алыс-жақын шет елдердің алдында таяз санамыз таразыға түсе бастады. Өткен ғасырда Ресейдің өктемдігіне жиырма бес жыл бойы қарсы тұрып, қайрат қылып, жан алысып, жан берісіп бүгінге жеткен шешендердің көсемі Жохар Дудаев: «Егер, Ресей қысым көрсетсе, Мәскеуге үш жүз сексен мың шешенді автоматпен қоямын!» – деп, мәлімдеген. Міне, халқына сенгендік, ұлтына деген сүйіспеншілік! Тығырықтан шығар жол қайсы? Мана айтқандай, енді аға буын мен орта буынымыз өткен уақыттағы инерциясымен өтері хақ. Алдымызда тұрған міндет сол – сіз боп, біз боп жас ұрпақты құтқару. Қазақтың ендігі өрісін кеңейтпек, не кері кетірмек жас ұрпақтың қолында. Кешегі социализмнің содыр идеологиясының орнында қалған бос кеңістікті немен толтырамыз деп бас қатуда. Әрине, басқа елдердің бай тәжірибесіне сүйенген мақұл. Алайда, біз тым евроцентризмге бой ұрдық. Ғаламдастыру құша ғын айқара ашып, өңмеңдеп келеді. Жұмырына жұқ болмай-ақ жұтылып кете бармаймыз ба? Ғасыр басында Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтарды жапондармен салыстыра келіп: «Қазақтар барлық жағынан, әсіресе сыртқы бет пішіні жағынан жапондарға өте ұқсас. Мұны жапондар да мойындайды. Біз неге сондай болмаймыз? Біздің олардан неміз кем?» – деп, армандаған екен ғой. Ол арман әлі мұрты бұзылмаған арман күйінде түр. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтіпті. XІX ғасырдың екінші жартысында (1868 жылы Мэйдзи
революциясынан кейін) жарты ғасырға жетпейтін мезгілде-ақ
феодалдықтың темір кісенін быт-шыт үзіп, дереу даму жолы-
на ұмтылып, жедел өркендей бастаған жапондарды үлгі етудің
де қазаққа бір ұқсастығы бар. Сонда дейміз-ау, оларды алып
бара жатқан не артықшылық? Шикізаты шектеулі болса да,
шіренетіндей не істепті дейсіз ғой. Оларда әлгі феодалдық за-
маннан жапондардың бойтұмары іспетті сіңіп қалған отан деген-
де құрбандыққа дайын, жан бар, рух бар екен. Соның арқасында
еңбекқорлық пен темірдей самурайлық тәртіпке сүйенген де бізге
сүйкімді көрініп отыр. Бүгінде ұлттық табыстың үштен бірін
рухани қажеттілікке ойланбай жұмсап жатыр. Мұнымен жаста-
рын тәрбиелеуде алдына жан салмасы анық. Бар деген осы деп,
үлдемен-бүлдеге орап есіртіп қоймайды. Байлықты белшеден
кешіп жүрген өрімін қайыр сұратып, «қаңғыртып» жіберетін
көрінеді. Сонда әлгі тиынның не, адамның кім екенін сезініп,
өмір сүруге ыңғайланып шығады да, ертеңгі Жапонияның қайыр
шысынан бастап, ханына дейінгінің жайын ойлап, қамын жей ала-
ды. Жұмыр жерді жаулап алған Жапония өз жастарының өстіп
жалынын жаниды екен де, үмітін үкілеп қояды екен.
1995 жыл.
Жеті күнге кешігіп, жерге қарап қалыпты
Он ойланып, жүз толғанып түзілген «Жастар туралы» заң
әупіріммен депутаттар талқысына түсті. Осынша уақыт құқық
тық негіздерсіз-ақ таңы атып, тауығы шақырған жастарға ендігі
заңның қажеті бола қояр ма екен деген сауал туды. Қажет!
Біріншіден, жастардың ешкімнің көлеңкесінде қалып қоймай, дер-
бес әрі тұлғалық жағынан толық қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, күнде аяққа оралғы болып, кездесіп жататын тұрмыстық
деңгейдегі мәселелер мен емен есіктерді именбей ашып, өз мүддесін
төтесінен қоюға құқық береді. Дегенмен, аталған заңымызды
мәртебелі Парламентіміз кейін ысырып қоятын сыңайы бар. Оған
заңның жүзеге асу механизмін қалыпқа келтіретін қаржылық
жағдайы қарастырылмағаны басты себеп. Осылай деп, бірнеше де-
путат әлденеше рет ұсыныс тастаған. Енді бұл көп кешікпей сараң
үкіметіміздің табалдырығын тоздырады деген сөз. Сонда екі ұдай
ойға қаласыз. «Не себепті заңның ауы мен бауы салынып, қаржысы
қоса бекітілмеген?» Басқаның жыртығын жамап, тесігін бүтіндеуге
тапқан тиын-тебенді елдің ертеңінен аяп қалғаны қалай? Өстіп
жүріп түбі он жылдан асып кеткенде ғана әзер дегенде зарықтырыптарықтырып қол жеткен заң жөргегінде тұншықпаса жарар. Қауіп еткеннен де осылай айтпасқа лаж жоқ. «Жастар туралы» заң Үкіметтің кабинеттерін кезіп жүріп, күндердің күнінде қаржылық жағдайы шешіліп, оны депутаттар асықпай қарап және бір қайнауы ішіндегі заңның иін қандырып, қайта-қайта кері қайырып, пысықтап болғанша да қанша уақыт кетер екен? Бір жыл? Әлде тағы да он жыл? Бұдан Парламент те, Үкімет те еш ұтылмауы мүмкін. Қолдың қысқалығын, бар мүмкіндікті пайдаланғандығын айтып ақталар. Ал, мемлекет жоғарыдағыдай кешігулерден үлкен зиян шегері анық. Біздегі қордаланып қалған жастар саясатына соны серпін, кең тыныс беретін «Жастар туралы» заң жоғары деңгейде баяу қаралып жатқанда, нақ осы мәселе Ресейде мемлекеттік тұрғыда кезек күттірмес күйіп тұрған шара ретінде президент Путиннің өзі халқының алдында сөз алып, арнайы түзілген бағдарламаға қол қоятындығын мәлімдеді. Сөйтсе, Ресей жастарының елу пайызы есірткінің дәмін татып, үйірсектеп алыпты. Оның жиырма сегіз пайызы есірткіні тұрақты тұтынушыға айналған. Осылайша, нашақорлық дертінің бұқаралық сипаты қатты қарқын алғаны соншалық жас талғамайтын жағдайға жеткен. Яғни, есірткіні пайдаланатындардың жас мөлшері жыл сайын жасарып келеді. Бұрынырақта нашақорлардың ең төменгі жас мөлшері он жеті, он тоғыз болса, қазір он екіде бір гүлі ашылмаған он бір, он үш жастағы өрімдей жастардың өзі ауызданып алған. Ресейдің статистикалық орталықтары жариялаған осы мәліметтерді көрген жоғарғы билігі шошып кетсе керек, бұған қарсы жедеғабыл күрес жариялап жіберді. Сонда наркомания мәселесі жастар мәселесі ғана емес, Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген мемлекет мәселесіне айналып кеткен. Әншейінде елемей келген жастар саясаты Ресей шенеуніктерін осылайша ышқындырды. Жан қысылғанда аталған салаға жауап беретін министрлер: «Бұл бізде мемлекеттік жастар саясатының жоқтығынан, жұмыс істемей келгендігінен» деп мойындады. Енді мынадан кейін Ресей билігі жастар мәселесін жіті бақылауға алып, жастар ісі жөніндегі министрлік құрып жатса, таңқалмаңыз. Нашақорлық дерті Ресейдегідей бізде жастар мәселесі шең берінен шығып, мемлекет мәселесіне айнала қоймаса да қауіп жоқ емес. Елбасы қауіпсіздік кеңесінің отырысын дүркін-дүркін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуге арнауы соның бір көрінісі. Бүгінде елімізде қырық жеті мыңға жуық
адам есірткі заттарын пайдаланса, соның жетпіс пайызға жуығы
есірткінің ауыр түріне бейімделген. Мұндағы жастардың үлесіне
келейік. Жастар денсаулығының нашарлауына есірткі заттарын,
спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін қолдану орасан зиянын
тигізіп отырғаны мәлім. Оған нақты дәлел жоғары оқу орындары
мен мектептегілердің сексен пайызы шылым шегетіндігі! Темекі
өнімдерін жастардың мұншалықты пайдалануы анық қауіп барын
байқатады. Себебі, темекі шегу нашақорлық дертіне шалдығу
дың алғы шарты. Оған мысал да жоқ емес. Жаңа ғасырымыздың
басындағы ресми деректерге қарасақ, кейінгі бес жылдықтарда
жастар арасында нашақорлық саны бес есеге өскен. Тіркелгені –
33041! Бұл республикамыз бойынша нашақорлар санының жет
піс үш пайызға жуығы жастар деген сөз. Яғни, бұл жағынан Ре
сеймен иық тірестірмесек, қалып тұрған жоқпыз. Ертелі-кеш
алып көршіміздің жоғары билігі сияқты біз де бір күні тәтті ұйқы
мыздан шошып оянып, жастар саясатын ауызға алар күн алыс
емес. Ендігі мәселе соған жеткізбей-ақ, жеделдетіп аурудың ал-
дын алуға тырыссақ...
Жастар саясаты, оның өзегіне айналған әлгі нашақорлық дерті
сияқты мәселелер бұрынғы одақтас елдердің бәріне ортақ. Салы-
стырмалы тұрғыда осының әлеуметтік астарына үңіліп көрелік.
Тоқсаныншы жылдардағы дағдарыста одақтас елдердің қай-
қайсысы да жаңа ұрпақ, жас буын тәрбиесінде үлкен қателіктер
жібергенін енді байқатып жатыр. Ол кезде «байтал түгіл бас қайғы»
еді. Халық ескі қағидалармен өмір сүре алмады. Жаңасы түзіліп
бітпеді. Дайын болған күнде бұқараның қабылдай қоюы қиынға
соқты. Әрі-сәрі күйде жастар тәрбиесі ұмыт қалды, олар өз бетімен
кетті. Дәл осы уақыттың жас өренін кеше тәрбиеледі. Бұдан он жыл
бұрын түрмеге түскен басқа-басқа қыз балалардың басым көпшілігі
адам естіп-көрмеген қылмыстың түрімен – құрбыларын, яғни, қыз
зорлағаны үшін отырыпты. Ал, сол уақыттан он жыл өткен соңғы
бүгінгі күнгі нәзік жыныстылар адам өлтіргені үшін темір тордың
арғы жағына аттанған. Ендігі он жылдан кейін бозбаланы бы-
лай қойғанда, әлгі бойжеткендер арасындағы қылмыс түрі тіптен
бұдан бетер күрделеніп, жан түршіктірерлік сипат ала түсетіндей
сыңайы бар. Әлеуметтік зерттеудің қылмыскер ұлдардың емес,
қыздардың арасында жүргізілуінің сыры түсінікті. Қызыңыз мына-
дай қылығымен таңдандырғанда, ұлыңызға не жорық? «Түйені жел
шайқаса, ешкіні аспаннан іздейсіз!»
Ұлдардың да жайы мәлім. Футболдан әлем біріншілігінде Ре-
сей құрамасы кәрістерден жеңіліс тапқанда тақырбас «фанаттар»
Мәскеуді төңкеріп тастай жаздады. Сонда жұрт «бұл не қылған ұрпақ?» деп қоя салған. Сөйтсе, оңай ұрпақ көрінбейді. Не кешегі кеңестік казарманың, не бүгінгі тәуелсіз елдің тәрбиесін ала алмай жолайрықта қалып қойған жетім ұрпақ іспетті. Міне, көшенің «өнегесі», еркін Ресейдің ертеңі! Олар сол бір ғана толқуымен бірнеше әлеуметтік астары бар мәселелердің ұшығын шығарды. Жолдарындағы барлық ғимараттарды қи ратуы, жеңіл көліктерді аударуы, ұлты азиат адамдарды соққыға жығуы әншейінде білінбейтін алып мұхиттың түбінде тұнып жатқан барша ауруды бір сәтте бетіне қалқытып шығарды. Адамның жастай бойына бітіп, жұмыртқалап үлгерген қаты гездік пен зорлықшылық, рухани аштық пен моральдық аз ғындық, ең қорқыныштысы әрі мемлекетке қауіптісі жалған отаншылдық жалау көтеріп келе жатқаны енді-енді ғана жанға батқан сыңайлы. Бұл қауіп әлеуметтанушылардың зерттеуінше, Ресейдің бизне сінде, саясатында, ірілі-ұсақты билік тұтқаларында да көрініс тауып келеді. Мемлекеттік деңгейде алаңдайтындай-ақ қауіпті құбылыс. Кешегі тағдыры бір, табиғаты ұқсас елдегі жоғарыдағыдай жайлардан біз де сабақ алсақ. Ортақ дәстүрден ірге ажыратып кете қойғанымыз жоқ. Өз соқ пағымызды саралау жағы да әлсіз. Себебі, әлгінде мәлім болғандай жас ұрпақ тәрбиесі – бүгінде ұлт мәселесі. Бұл ретте аңызға айналған мына бір оқиға назар аудартады. Егделеу тартқан шағында сәбилі болған бір азамат ауылының көргенді ақсақалының батасын алып, баласын тәрбиесіне бермек ниетпен алдына барады. Ақсақал баланың дүниеге келгеніне қанша уақыт болғанын сұрайды. Сонда әкесі жеті күннен асып бара жатқанын баяндайды. Қария бұған қарны ашып: «Онда, балам, кешіктің, жеті күнге кешігіп қалдың» депті. Аңыз да болса, астарында ақиқат барын аңдасақ, дәл қазір бұның біз үшін салмағы зор. Нашақорын емдерміз, намыссызын ше? 2003 жыл «Өзің комсомолсың, өзің талқан жейсің...» ...Кеңес үкіметі орнап, шалғайдағы ауылға алғаш комсомол белсендісі барып, қара суға талқан шылап жеп отырғанда айтқан бір қарияның бұл сөзі аға ұрпақтың әлі жадында. Комсомолды кереметтей қасиет тұтып, оның мүшесі тіпті талқан жеуге болмас деп
қабылдаған сол шыңылтыр тазалықка қайран қаласың. Бүгінгі өмір шындығымен салыстыра таңданасың. Комсомолдың тәтті талқаны біреулердің таңдайынан кетпей жүрсе, енді қайсыбіреудің аңсайтыны да рас. Аңсар ауатындай қап түбінде сол тәтті талқан қалып па? Бүгінгі өмір шындығына қарағанда, там-тұм қалғанға ұқсайды. Бұрын Қазақстан Жастар одағында бірінші хатшы болып істеп, кейіннен белгілі бір себептермен кетіп қалған Бақыт Адамсопиевтің айтуынша, Жастар одағының құрылтайшылығымен бірнеше ен шілес кәсіпорын жұмыс істейді. Барлығының айлық айналымы – 3-4 миллион тенге! Бәрінен бұрын осы еншілес коммерциялық құрылымдардан түсетін қайбір пайданың Жастар одағының кассасынан табылмайтынына наразы. Қазақстан ЛКЖО-сының бұ рынғы одақтық мемлекеттермен қатар Мәскеуде қонақ үйі және басқа да жайлары болған. «Солар кімнің қолында?» дейді Б. Адамсопиев. Бұған қоса Жастар одағының қайбір құжаттарының заңға қайшы тұстары бар. Сөйтіп, Б.Адамсопиев бастаған «комсомолдың мұрагерлері» Жастар одағының басшылығы отставкаға кетуі тиіс деп есептейді. Енді екінші жақтың жауабын тыңдап көрелік. «Қазақстан Жастар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің» (толық атауы) төрағасы Есенжол Алияров өздеріне тағылып отырған айыптарды мүлдем жоққа шығара келіп, былай дейді: – Біздің ұйымның атынан құрылтай шақырып, өздерінше шешім шығарып жүрген жігіттердікін заңды дей алмаймын. Әрі олардың өз тарапымызға айтқан кінәлары жала дер едім. Заңның аясынан шығып, ешқандай әрекет етіп жүргеніміз жоқ. Салық органдары да, өзіміздің мүшелеріміз де оны жақсы біледі. Өз күніңді өзің көр деген уақытта Жастар одағының жанынан коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеуі тіптен әбестік емес. Түрлі шаралар ұйымдастыру үшін, қызметкерлер жалақысын айыру үшін, жылу мен жарығымызды төлеу үшін қаржы қажеттігі түсінікті. Ал, айлық айналымымызды бәленбай миллион деп даурығулары күлкілі. Сол сияқты Жастар одағының Мәскеудегі меншігі жайлы да ақпар негізсіз. Реті келгенде сол Б.Адамсопиев Жастар одағының 6 млн. теңгесін заңсыз пайдаланып кеткенін айтуым керек. Бұл үшін ол әлі жауап беруі тиіс деп ойлаймын. Міне, осыдан кейін мәселенің мән-жайын анықтап көріңіз: екі жақтың да бір-біріне қойып отырған айыбы алты атанға жүк боларлық.
Әкелер мен балалар: кім мықты, кім осал? Жастар одағының «жаңа басшысы» Тимур Бекбергенов жиырма бір жаста. Бұған дейін Жамбыл облыстық Жастар одағының төрағасы қызметін атқарған. «Қажет болса, жалақысыз-ақ жұмыс істей беремін» дейді ол. Нағыз комсомол мұрагерінің сөзі. Талабы да осал емес. «Орынды босатып, орындықты тапсырсаңыз» дейді, әкесімен шамалас 46 жастағы Қазақстан Жастар одағының заңды басшысы Есенжол Алияровқа. «Жасым қырық алтыны алқымдағанымен көңілім жас. Бүкіл саналы ғұмырым жастардың айналасында, солармен біте қайнасып өтіп жатыр. Республика деңгейінде біршама істерді жолға қойдық. Шама-шарқымызша жастарға көмектесіп те жүрген жайымыз бар. Бұл үшін үкіметтен соқыр тиын алған емеспіз. Жалпы батыс елде ріндегі жастар мәселесінің айналасында жүргендер – жылдар бойы тәжірибе жинақтаған, істің тетігін білетін егде адамдар. Түптеп келгенде, бұл жерде мәселе менің жасымда емес. Басқада...» – дейді Е.Алияров. Сонда неде? Әкелер мен балалар арасындағы келіспеушілікте ме? Мұның әлеуметтік астарына «әкелер мен балалар» проблемасының өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған елдер үшін өзіндік ерекшелігі болатындығы бір бізде ғана емес, Орталық және Шығыс Еуропаның 27 мемлекетінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ел дерде де байқалып отыратын көрінеді. Бұл не ерекшелік дегеннен бұрын, осыншама елдердің тағдырын ортақтастырған бұл не ұқсастық деген сауалдың жауабы оңайырақ. Ол – аталған елдердегі «темір қорған» құлағаннан кейінгі нарықтық және демократиялық реформаларды әр ұрпақтың стихиялы қабылдауы. Ерекшелік дегенге келсек, өтпелі уақыттағы дәстүр мен қоғамдық нормалар бір ұрпақтан екіншісіне ауысарда бұзылып, тіпті жойылып, содан қайта қалпына келіп, қысқасы, итжығыс күйді кешіп жататын көрінеді. Мұны нақ бастан өткеріп отырғандардың бірі – біз. Аға ұрпақ пен жас буынның арасын жалғайтын дәнекер жіптің неге сонша бос болатыны несі? Комсомолға мұрагер керек пе? Оны енді заң орындары анықтай жатар. Екі жікке бөлінген «комсомол мұрагерлерінің» қай-қайсысының да құжаттары қат таулы, істері де мығым. Осы дау Қазақстан кәсіподақтары феде рациясындағы жағдайға өте ұқсас. Мұнда да бітіспес жанжалдың
аяғы сиырқұйымшақтанып кетіп еді. Сонда бұл біздегі қаржы мен дүние мүлік бар жердегі әдепкі айқас пен «тіршілік үшін күреске» көбірек ұқсайды. Әйтпесе... Б. Адамсопиев жастар мәселесіне қатты жаны ашитын азамат ретінде Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып жүрген кезінде-ақ, «орын алған заңсыздықтарды» бетке басып, кінәлілерді сотқа сүйремеді ме екен деген ой келеді. Әлде, алдымен қызметтен кетіп, сосын «оппозицияға» бару арқылы күресу бізде үйреншікті әдіс пе? Жалпы, қандай да бір саяси бәсекелес топтың басты мақсаты билікке қол жеткізу екенін еске ұстасақ, бұл тақ үшін таластың тамаша үлгісі. Әрине, егер жастар саясатымен шын айналысамын деген адам өз алдына ұйым құрып, ың-шыңсыз, дау-шарсыз-ақ ісін жалғастыра берері сөзсіз. Және оған кедергі қойып, «қойыңыз» деп жатқан жан жоқ. Тіпті мемлекеттік қызметте жүріп, қоғамдық ұйымдар ісіне араласып жатқан Б.Адамсопиев пен Т. Бекбергеновтердің алдын ешкім орамайды. Бізде жастардың жайы, олардың мәселесі он жылдықтардың көлемінде бір болып тұратын құрылтай, конгрестерде талқыланып жатушы еді. Енді міне, сол он жылдан асып кеткеннен кейін «ком сомолдың мұрасына» қатысты әңгіме бой көтерді. Бұған дейін қалың бұқараңызға ол неге беймағлұм болып келген? Шындығына келсек, комсомолдың тікелей әрі шын мұрагері – елдегі мың-сан жастар. Олардың осы «ойындардан», кеңес үкіметінің мұра етіп қалдырған соңғы мүмкіндіктерінен тысқары қалатыны өкінішті. Комсомолға мұрагер керек болмаса да, тәуелсіз елге жастықтың қуатын танытар ұрангер керек шығар дегенбіз бір кезде. Шындап келгенде, мәселе мұрагерде де, ұрангерде де емес. Жастардың өз проблемасын өздеріне қалдырғанымызда болып отыр. Және қандай уақытта десеңізші, Ресей «тақырбастармен» бетпе-бет келіп, не істерін білмей қысылып жатқанда... 2003 жыл. Жастарға арналмаған жарнама Алтын күздің шуақты райымен Ақтау қаласында өткен ел жастарының Конгресінің эстафетасын Астананың ызғарлы қара күзі қабыл алды. Ауа райының ел жастарының ІІ Конгресін қатыңқы қабағымен қарсы алуының да мәнісі бар. Екі конгресс аралығында қол жеткізген жетістік шамалы. Шешімін тапқан мәселеден гөрі
қордаланып қалғаны қаншама. «Жастар туралы» заңның қашан қабылданары белгісіз. Шикі тұстары талқыға түсіп, қаржылық жайы қарастырылуда. Тіпті кері қайтаруға тілек білдірген депутаттарымыз елдің болашағы үшін маңызды құжатқа ақ баталарын беруге асығар емес. Бұл бір. Екіншіден, өткен конгресте көтерілген мәселелердің көпшілігі сол қалпында. Әлдеқашан атқарылуға тиіс қайсыбір маңызды шаруалардың өзі ілдәлда, өгіз аяңмен жүріп, екінші конгресс үлесіне қалып қойды. Соның бастыларының бірі – бірінші конгресс мінберінде тұрып айтқан Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жастарының конгресі» ұйымын құру идеясы. Бұл барша қазақстандық жастардың қоғамдық бірлестіктерінің, қозғалыстарының басын біріктіру бағытындағы бастама өкінішке қарай, өзекті шараның бірі ретінде мәжілістің күн тәртібіне қойылды. Табиғатында қызуқанды әрі бастаған ісін жедеғабыл тындыруға тырысатын жастарыңыз өз проблемаларына келгенде «өгіз қара күшке» салмауы түсініксіз. Ескі тақырып, жаңа мәселе болатын себебі, сонау 1991 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның қазіргі уақыт талабына ешқандай жауап бере алмайтындығы мен сол кезден бергі егемен елдің ерікті жастарының бастарын біріктіру идеясы жаңалықтың жаршысындай көрінгенімен іске аспай-ақ келеді. Неге? Бұған енді шегініс жасай отырып, өткенге үңіліп көрелік. Алдымен көзге ұратыны – тәуелсіздік алған он жылдың ішінде жастарға қатысты нақты жөндем құжаттың қабылданбағаны. Қабылданғанының өзі іске асып жарытпаған сыңайлы. Қараңыз, жастардың белсенділігін барынша арттыру, жастар бастамаларын қолдау, тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» (1999 жылы қабылданған), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс-шаралар жоспары» атты үкіметтің қаулы жобасы мен «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасы сол жастардың тарапынан қолдау таппады. Себебі, жүзеге асу механизмдері қарастырылмаған. Ал, оған 2000 жылдың тамыз айында үкіметтің жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңес бас қатырып жатпаған ба дейсіз. Ұзын саны екі жүзге тарта жастар ұйымдары ұжымдасудың орнына бас-басына ұрандап, ұтылып келгені анық. Алайда, Елбасы жастарды назарынан тыс қалдырған емес. 2000 жылдың қарашасында жастар қозғалыстарының бір топ жетекшілерін қабылдады. Кәрі Каспий жағасындағы жиынға арнайы ат басын бұрып барды. Дегенмен, әр кездесу сайын ел Президенті
белгілеген нақты тапсырмаларды жастар орындай алмай-ақ келеді. Бұған біреу кедергі ме, әлде кінә жас буынның өзінен бе? Елбасымен жүздесуден соңғы нәтижелері алдыңғыларының аяғын құшып жүрмей ме? Егер, бүгінгі Қазақстан жастарына қатысты әдеби шығарма жазыла қалса, сөз жоқ олардың аса зор үмітпен қарайтын Президентпен кездесулері әдеби дүниеміздің шарықтау шегіне (кульминациясына) айналар еді. Одан кейінгі оқиға шарықтау шегінен қайта төмен түсе бастайтыны түсінікті. Яғни, жастардың көкірегінде жылы ұялаған Елбасымен болған жүздесулер соңы сиырқұйымшақтанып кететіні байқалады. Қорытындысында, әлгі шығармамыз сұрқайлау әрі пессимизмге құрылған еңбекке айналып жататын. Бірақ, қалай дегенмен де, Президенттің жастар мәселесіне айрықша маңыз беріп отырғаны байқалады. Осы жағдайда Елбасымен соңғы кездесуден соң жағдай өзгеруі мүмкін бе? Мүмкін. Президент жастар мәселесін тікелей назарына алды. Елбасы маңыз беріп отырған «болашақтың құжаты» болашақта емес, көп кешікпей қабылданып қалады. Ал, Президенттің айтқан «Қазақстан жастарының конгресі» атты бүкіл қазақстандық жастар ұйымын құру туралы бастамасы іске асып жатса, ештен кеш жақсы дейміз. Себебі, кеше не бүгін емес, соңғы он жылда көз жеткен, көңіл сенген мәселе. Жастардың күші – бірлікте. Алдымен қалай біріктіру, қайтіп істі ұйымдастыру жаңадан құрылған «Қазақстан жастары конгресінің» ғана шаруасы емес. Республикамыздағы төрт миллионға жуық жастар өз мүдделерінің оңды шешілуіне шын ықылас білдіргенде ғана бірлік түбі тірлік болмақ. Әрине, жастар жаңа ұйымдарының қайбір «Қазақстанның болашағы үшін» секілді науқаншыл қоз ғалыстардың аяғын құшып кетпеуін қадағалауы қажет. Әрі рес публикадағы жастар саясатына монополистік көзбен қарап, ше неуніктік шіреніс танытпауын назарға алса. Бұл құрылым жастар үшін, жастардың мүддесі үшін қызмет істеуі тиіс. Сондай елдегі туындап отырған жастар проблемаларының аса маңызы бар басым бағыттары: жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, кылмыстың өсуі және демография сынды мәселелерді шешу жолдарына аталған ұйым алдымен кірісуі қажет-ті. Әлгі жайттардың маңыздылығына көз жеткізу үшін бір ғана жастар арасындағы жұмыссыздыққа аз-кем тоқталалық. Жастар негізінен жұмыссыздар армиясында. Әсіресе, ауыл дағы және қалаға үдере көшкен қазақ жастары арасындағы жұмыс сыздықтың жаппай бел алғаны белгілі. Неге басқа әлеуметтік-
этникалық топтарға қарағанда бұл топтың үлес салмағы басым?
Әлде, олардың кәсіби шеберлігі төмен бе, әлде, олардың құқы
қорғалмаған ба? Әлде, о баста өздерін артта қалдырған тарихи
қалыптасқан мүшкіл жағдайы ескерілмеген бе? – міне, конгрестің
зерттейтін-зерделейтін сұрақтары.
Әйтеуір, елдің еңбекке қабілетті тұрғындарының жартысы-
на жуығын құрайтын жастардың, соның ішіндегі қазақ тілділері
нің өз жерінде екі қолға бір күрек таппауы қынжылтады-ақ.
2000 жылдың басында Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы
саны (жасырын жұмыссыздықты қоса есептегенде) 1,5 млн. адам-
ды құраған. Олардың негізгі бөлігінің тіркелмейтіндігі салда-
рынан көбісі жәрдемақы да алмайды. Ал, осы жұмыссыздардың
елу пайызға жуығы 26 мен 29 жас аралығындағылар. Яғни, жас
тар. Бұл республикамызда жұмыссыздар партиясы құрыла қалса,
соның жартысына жуық мүшелері жастар болады деген сөз. Оның
үстіне жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дәл осы
жұмыссыздардың тағдыры тіптен ауыр. Дегенменде, бұл тығы
рықтан шығар жол жоқ емес. Бар мәселе қаржыға тіреліп тұрған
кезде жастар саясатын өз деңгейінде жүргізу үшін ел бюджетінен
жеткілікті қаражат та бөлініп отыр.
Салыстырмалы тұрғыда қарағанда жастар саясатына бөлінбек
қаржы жаңа серпін берерлік тегершік іспетті. Тек соның өз орнымен
жұмсалып, шын мәнінде жастардың қажетін өтеу үшін сол жас буын
белсенділігі қажет.
Айналып келгенде, ең маңызды сұрақ жастардың өзіне келіп
тіреледі. Осы уақытқа дейінгі самарқаулыққа кінәліні іздеп қажет
емес. Шындығында, аталған мәселенің тезірек шешілуі жастардың
өзіне керек. Олай болса, күні өтіп, уақытын оздырып алған адам-
дарша өкпелегіштік пен марғаулықтан айығу ләзім. Әрі жастардың
күші бірлікте екенін түсінетін мезгіл келді. Кім мүдделі? Жастар
өздеріне, елдің болашағына жауаптымыз десе, бұл – тізе қосатын
уақыт. Қалғаны қалың қолдың шаруасы.
Р.S. Жастарға қарай «Астана-эйр» әуе компаниясы да бет бұрған.
15 пен 26 жас аралығындағы өрендерді жеңілдікпен тасымалдаймыз
дейді олар. Сол жастар билетті қанша жеңілдеткенмен де «Астана-
эйр» ұшақтарын пайдалануға мүмкіндіктері көтере ме екен? Бұл
жастарға арналмаған жарнама.
2004 жыл.
Төрт миллион тағдыр «Ғалымдардың есептеуінше, әзірбайжан тұрғындарының орта жасы 29,5 жас екен. Бұл не деген сөз? Әзірбайжан халқының бола шағы өте зор деген сөз». Енді өзімізге келейік. Осыдан біршама бұрын жарық көрген Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабында қазақстандық тардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгінгі күні орта жас 29-ға келіп қалыпты. Яғни, біз де жас ұлт, өсетін халықтардың қатарындамыз. Алайда, осы құбылысты жете зерттеп жатқан орталықтар жоқ. Сондықтан да, жастарға қатысты соңғы мәлі меттерді қолыңызға шам алып іздесеңіз де таба алмайсыз. Дегенмен, төмендегі деректер аталған мәселенің маңыздылығынан хабар берер деген ойдамыз. Қазақстан тұрғындарының 26 пайызға жуығын (16-29 жас ара лығындағы жас азаматтар саны 4 миллионға шамалас) жастар құрайды. Бұл республика жұртшылығының төрттен бір үлесін иеленген жас буынның болашаққа бастар үлкен қол екенінің көрінісі іспетті. Сол кемел келешектен үміткер қалың қолыңыздың халы нешік дегенге келейік. Еңбекке қабілетті ел тұрғындарының 40 пайызы жастар екенін ескерсек, республикадағы жұмыссыздардың 48 пайызын сол жас буынның құрауы ойлантарлық-ақ. Әрбір он жұмыссыз адамның бесеуі – жастар. Олардың негізгі бөлігінің тіркелмейтіндігі салдарынан көбісі жәрдемақы да алмайды. Жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Тіптен, осы ауыр тағдырдан қашып қалаға барса да шекесі қыза қоюы неғайбыл. Екі қолға бір жұмыс іздеп шаршайды. Тапқан күнде ауыр еңбектің ақысы аз, кейде соның өзін ала-алмай тауы шағылады. Одан қалса, қызыл жағалылардың да айналдыратыны ауыл жастары. Содан не оңсын, құқы тапталған, қолы тым қысқа олар басқа да әлеуметтік мұқтаждықтардың мүйіздеуіне бірінші іліге кетеді. Мысал керек пе? Медициналық тексеруден өтіп жататын миллионға жуық жас тардың шамамен 46 пайызының денсаулығы жоқ. Бұл оның жартысы дертті деген сөз. Әскер жасындағы бозбалалардың бүгінде 12 пайызы денсаулығына орай әскери міндетін өтеуге жарамсыз деп табылған. Жыл сайын жалпы білім беру мектептерін бітіретін 200 мың баланың 70-90 мыңының кәсіби білім алу мүмкіндігі жоқ. Сол жыл сайынғы мектеп түлектерінің 40 мыңы ғана оқуға түссе, қалған 160 мыңы сенделіп қалады екен. Бос жүрген бозбала мен бойжеткен қылмыс пен жеңіл жүріске тез ұрынары сөзсіз. Еңбек рыногы-
на әр жылда келіп қосылатын жастардың 20 пайызына жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ. Және бір арқаға аяздай батар мәселе – демография. Жыл сайын жастардың саны өсудің орнына 22 мың адамға азаюда. Соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға азайып кеткен. Ел ертеңінің бүгінгі жайын көктей шолып өткендегі нобайы осы. Бұдан бір ұққанымыз, жас ұлт, өсетін халқымыздың қазіргі күйі қайшылықты екені. Түсінікті, кешегі әрісі ұрандатып БАМды тұрғызып, берісі жас шопандар отрядын құрып үйренген билік жастарға науқаншыл көзқараспен қарап келді. Осылай бірнеше ұрпақ өсіп, өркен жайды. Нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Соның бір ғана көрінісі – басқа кезде қажеті шамалы жастар науқан уақытында, айталық, сайлаулар кезінде тартылатын республикалық деңгейдегі акциялар, съездер, конгрестер... Науқаншыл көзқарастың сарқыншағы жастарды әлі де уа қыттың илеуіне салғысы бар. Енді бүгін қарасақ, кешегі «Алға, комсомол!» идеологиясының артықшылығы бар. Әйтеуір, жас буынды ортақ мақсатқа үндеп, бір мүддеге жұмылдырды. Бүгін ше? Комсомол секілді 200-ге тарта қоғамдық ұйымдар саяси ұпай жинау үшін әр кезде бір бой көрсетіп қана қояды. Республикалық деңгейдегі «Қазақстанның болашағы үшін» және жаңадан пайда болған «Жастар таңдауы» ұйымдары науқан кездерінде ғана дүркіреп шығып, көп ұзамай сап тыйылады. Кейде қатты кетіп, жоғары билікке кері жарнама жасап алатыны бар. Ал, комсомолдың тікелей мұрагері – «Қазақстан Жастар одағы» ішінен «жік шығып, жік шыққанда екі құлағы тік шығып», жастар ісімен емес, сотпен әуре болып жүр. «Бас-басына би болған...» жерде береке, бірлік тұрақтамасы анық. Бұл жерден тарқайтын түйік жалпы жастардың (мейлі ұйымы, бірлестігі, өкілі, лидерлері болсын) ықпалды күшке айнала алмай келе жатқаны. Сондықтан, олармен ешкімнің де санаса қоймасы белгілі. Бәлкім жоғары билікке керегі де осы болар. «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң мың-миллион жастың ендігі бірден-бір үміті іспетті. Өйткені, тәуелсіздік алған уақыттан бері ел жастарының құқын қамтамасыз ететін жөндем заң қабылдана қоймаған. Бұл заңда өз ісін бастаймын деген жастарға несие беру, жастарға салық жағынан жеңілдік жасау және жұмыс берушілерінің бірінші кезекте жастарды тартуына мүдделілік туғызу сияқты нақты заңдық күші бар әрі жастар аса зәру мәселелердің көрініс табуы қажеттілік.
Құқықтық мемлекетте өмір сүру үшін үздік заң шығарып қана қою жеткіліксіз екенін көріп те, сезініп те жүрміз. Бұл ретте «Жастар саясаты туралы» заңға бағынатын адамдар мен оның әрбір бабын бақылап отыратын мықты механизм – мемлекет жүйесі керектігін тәуелсіздігімізді алғаннан бергі уақыт бедері керсетіп берді. Алдағы уақытта заңымыз депутаттардың қолдап, қабылдауынан кейін оның жіті жүзеге асуына құзырлы орган ретінде жастар саясаты департаменті мойнына алуы құбақұп. Қазақстанның жас мемлекет екендігі жайында бірнеше дүркін үлкен мінберлердің өзінен айтылып жүрді. Сондағы ой жосығы: «Біз өзге мемлекеттер секілді шау тартып, шаршаған жаста емеспіз. Еліміз жас, сондықтан, әлі қарыштап өсуге тиіспіз» деген сыңайда. Оптимист болған жақсы-ау. Алайда, сөзден іске көшпесек, «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, қартаю сатысына өтіп кетіп жүрмейік. Әзірге, жаңа науқан басталғанша, бәрі тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзі қасып, сабылып жүр. 2002 жыл. ЖАСТАР ҚАШАННАН САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНЫ Қазақстан жас мемлекет екендігі жайында бұған дейін бірнеше дүркін үлкен мінбелердің өзінен айтылып жүрді. Сондағы ой жосығы: «Біз өзге мемлекеттер секілді шау тартып, шаршаған жаста емеспіз. Еліміз жас, сондықтан әлі қарыштап өсуге тиіспіз» деген сыңайда. Бірақ, қалай? Қайтіп? Бұл пікір сол елдегі жас буынның жағдайы ескеріліп, жан-жақты сарапталып айтылды ма? Оптимист болған жақсы. Алайда Республика жастарының дәл қазіргі жайы басқаша ойға жетелейді. Жүйе өзгеріп, мемлекеттік билік машинасы ауысып, бұрнағы ауру-сырқаудан ада-күде айыққанмен әдет (мүмкін, жаман әдет!) бәрібір қалып қояды екен. Әрісі ұрандатып БАМ-ды тұрғызып, берісі жас шопандар отрядын құрып үйренген билік жастарға науқаншыл көзқараспен қарап келді. Осылай бір-бірнеше ұрпақ өсіп, өркен жайды. Және тамыры тереңге бойлап та кетті. Нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Соның бір ғана көрінісі – басқа кезде қажеті жоқ жастар дәл сайлаулар кезінде тартылатын республикалық деңгейдегі (!) «Мы знаем – кого выбираем!» секілді акциялар. Қысқасы, сол науқаншыл көзқарас әлі күшінде қалып қойды. Қайта салыстырып қарағанда, кешегі «Алға, комсомол!» идеологи-
ясы артық па дейсің. Әйтеуір жастарды ортақ мақсатқа үндеп, бір мүддеге жұмылдыра білді. Бүгін не? Олардың мәселелерімен шындап айналысатын мемлекеттік мекеме де, қоғамдық ұйымдар да жоқтың қасы. Әлгі комсомолымыз – бақандай республикалық жастар ісімен айналысатын мекемелер қысқара, ықшамдала келе қазір жұқанасы да қалмады. Атауы – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне қарасты жастар ісі бөлімі. Бөлімде үш-ақ адам. Ал Қазақстандағы халық санағының алғашқы мәліметтері бойынша, Республикада тұратын 16 мен 29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 4 млн-ға жуық. Яғни, тұрғындардың жалпы санының 4/1-ін құрайды. Сонда үш адам 4 млн. жастың мәселесімен айналысып жүрген болып шығады. Бұл не қылған парадокс? Көтере алмайтын шоқпарды белге байлай беретін біздің билік басындағыларға таңданбасқа лаж жоқ. Аталған бөлім жастар мәселесін шешуде өзінше тырбанып жатқан шығар. Алайда саусақпен санарлық қана адамның әрекеті 4 млн. тағдырға шыбын шаққан құрлы әсер етпесі анық. Әзірге билік басындағылар жаңа науқан бастамағанша, жастар дың қажеті шамалы. Биліктегілер тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзі қасып сабылып жүр. Бір қарағанда бәрі орнында. Тіршілік үшін күрес әркімнің өзіне тиесілі болған заманда тіпті, «жаны ашымастың қасында бас ауырып жатқан жоқ». Ал, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелер күн сайын күрделеніп барады. «Алға, комсомол!» Артымыз қандай, алдымыз қалай? Бұдан бірнеше жыл бұрын статистикалық зерттеу орталық тарында жастардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туғызатын бағдарламалар түзілетін. Қазір көзден бұл-бұл ұшқан. Бұл сөз жоқ, біздің үкіметтің жастарға назар аударып, мемлекеттік деңгейде шаралар өткізбек тұрмақ, ешқандайда осы тұрғыда қимыл-қозғалыс жоқ дегенге саяды. Әнебір кезде шыққан Президентіміздің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгінгі күні орта жас 30-ға келіп қалыпты. Бұл нені көрсетеді? Тоқ етерін айтсақ, аталған жағдай мемлекетіміздегі жүріп жатқан реформаларға қатысатын адам ресурсын азайтуға әкеліп, күрделі бір мәселені туындатқалы отыр. Сайып келгенде бұл бөлек әңгіменің арнасы.
Еліміздегі статистика мәселесімен айналысатын мекемелердің мәліметтеріне көз жүгіртсек, Республика тұрғындарының 26 пайызын құрайтын жастардың 1 950,9 мыңы (55,9 пайызы) қалада, 1 539,7 мыңы (44,1 пайызы) ауылдық жерде тұрып жатыр. Олардың 51 пайызы жігіттер, 49 пайызы қыз-келіншектер. Бұған бөлекше қосарымыз, елдің еңбекке қабілетті тұрғындарының 40 пайызын жастардың құрайтындығы. Міне, жоғарыдағы цифрларға көз жүгіртіп өткеннен кейін-ақ мәселенің мәнісі айқындалып қалғандай. Шын мәнінде жастардың мәселесі алаңдаушылық туғызады. Оған жастардың жалпы аса маңызы бар: жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қыл мыстың өсуі жөне демография сынды мәселелері бүгінде бұлтартпас дәлел. Жастар жұмыссыздар армиясында Әсіресе ауылдағы және қалаға қоныс аударған қазақ жастары арасында жұмыссыздықтың жаппай бел алып келе жатқаны белгілі. Осы тұста заңды бір сауалдар туындайды. Неге, басқа әлеуметтікэтникалық топтарға қарағанда, бұл топтың үлес салмағы басым? Әлде олардың кәсіби шеберлігі төмен бе, әлде олардың құқы қорғалмаған ба? Әлде о баста өздерін артта қалдырған тарихи қалыптасқан мүшкіл жағдайы ескерілмеген бе? Әйтеуір елдің еңбекке жарамды тұрғындарының жартысына жуығын құрайтын жастардың, соның ішіндегі қазақ тілділерінің өз жерінде екі қолға бір күрек таппауы қынжылтады. Оған төмендегі мына мәліметтерге назар салсақ жеткілікті. Өткен жылдың аяғында Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны (жасырын жұмыссыздықты қоса есептегенде) 1,5 млн. адамды құраған. Олардың негізгі бөлігінің тіркелмейтіндігі салдарынан көбісі жәрдемақы алмайды. Осы жұмыссыздардың 41 пайызы 26 мен 29 жас аралығындағылар. Яғни, жастар. Республикамызда жұмыссыздар партиясы құрыла қалса, соның жартысына жуық мүшелері жастар болады деген сөз. Әлгінде қадап айтқандай жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дәл осы жұмыссыздардың тағдыры тіптен ауыр. Өйткені ауылшаруашылығының қантамыры жақын арада бүлкілдей қоймайтынына ел куә. Сонда елдегі жастардың тең жартысы жақын болашақта жағдайы жақсара қоймасы анық. Бұл тауқымет тағы да қазақ тілді жастардың үлесіне тиесілі. Оған жұмыссыздықтың қатты белең алған аймақтарына Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау сынды ірі облыстардың жатуы дәлел.
Көксау жас – бұлдыр келешек Соңғы жылдары Республика жастары мен жасөспірімдері арасында түрлі ауру-сырқау түрлері көбейе бастады. Бұған тіпті ел ішінде ұмытыла бастаған сырқат пен дерттің қайта бас көтеруі жығылғанға жұдырық іспетті. Халық есімінің кемуі мен өлімінің жоғары деңгейі жағдайында ел тұрғындарының, соның ішінде жас буынның денсаулығы да айтарлықтай төмендеген. Медициналық тексеруден өткен млнға жуық жасөспірімнің 46 пайызы аурулы болып шыққан. Бұл 10 баланың 5-і дертті деген сөз. Және бір туындайтын сауал ел жасөспірімдері мен жастары жоғары оқу орындары мен мектептерде не үшін жүр? Білім алу үшін жүр ме, әлде, бұзылу үшін бе? Сауалды дәл осылай төтесінен қоюға негіз де бар. Жалпы жастар денсаулығының нашарлауына есірткі заттарын, спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерін қолдану орасан зиянын тигізіп отырғаны мәлім. Оған нақты дәлел жоғары оқу орындары мен мектептегілердің 80 пайызы шылым шегетіндігі! Бұдан жасөспірімдердің білімге ден қойғандығын емес, басқа алдампаз ауанның жетегіне ергендігін көре аламыз. Нәтижесінде не болып жатыр? Кейінгі 5 жылда жастар арасында нашақорлар саны 5 есеге өскен. Тіркелгені – 33041. Мектеп партасынан күні кеше қол үзген әскер жасындағы боз балалардың 12 пайызы денсаулығына орай әскери міндетін өтеуге жарамсыз деп табылған. Тіпті әскерге қайбір облыстардан баратын балалардың салмағы 41-43 келінің ар жақ бер жағында. Бұдан шығатыны – дініне берік, дені сау ұрпақ қана діттегеніне жете алады десек, әлгі мәліметтер керісінше ойға жетелейді. ...Қылмысқа қарсы және бірге! «Жынды» нарықтың атойына төтеп бере алмағандықтан да шығар, қылмыс жастар ішінде кең етек алып кетті. Ауылда отар-отар қой, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқы ұрлануы таңсық емес. Қалада рэкет, апиын сату, жезөкшелік сынды терминдер өмірімізге дендеп енді де, ұсақ-түйек қылмыс түрлері кең қанат жайды. Еңбек пен оқудан тыс қалған, кәмелетке толмаған жастардың қылмысқа араласуы күн өткен сайын өсуде. Яғни, мемлекет өз азаматтарын лайықты жұмыспен қамтамасыз ете алмауы арқылы «жаңа қылмыскерлер армиясын» сапқа тұрғызуда. Мұның қо мақты қатары әсіресе, Астана, Алматы қалалары мен Ақмола,
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар сынды облыстарда байқалуда. Заманына қарай адамы демекші, қазіргі уақыттың еншісіне бұ йырған ерекшелік – топпен жасалатын ауыр қылмыстар мөлшерінің артып отырғаны. Бір ғана факт: 2000 жылдың 9 айында 5604 рет жастар қылмысқа барып, көрсеткіш 6 пайызға өскен... Сауатсыз ұрпақ сапта бар, санатта жоқ Бүгінгінің ең ащы шындығы ауылда жұпыны тұратын отбасы балалары мектепке бара алмауда. Әрі сол мектепті бітіргендерінің өзі жоғары оқу орындарына түсе алмауда. Себеп көп. Салдар сан тарау. Және заңды сауал: кедей отбасынан шыққан қазақ жастарының қолы жететін білім беру жүйесін қалай жасауға болады, немесе бар жүйені қалай жетілдіреміз? Жыл сайын негізгі жалпы білім беру мектептерін бітіретіндердің 70-90 мьңының кәсіби білім алу мүмкіндігі болмайды. Сонда олар не істейді десеңіз, әлгілердің жартысынан астамы жұмыссыз атанып, қылмысты топтарды толықтырады. Ал, еңбек рыногіне әр жылда келіп қосылатын жастардың 20 пайызға жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ. Осы қалыптасқан жағдайға қарсы күресудің орнына, мемлекеттік бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру жылдан-жылға күрт кеміп келеді. Егер 1993 жылы қаржыландыру 8,1 пайызын құраса, 1998 жылы – 6,3, ал 1999 жылы 4 пайызға бір-ақ төмен түскен. Өткен 2000 жылы білім беру саласына бөлінген қаржы 3,77 пайызды ғана құраған! Білімге қатысты әңгіме қозғалғанда ақылы оқыту меселесін де айтпай кете алмайсыз. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының жалпы саны соңғы үш жылда 5-ке азайған, ал мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 35-ке көбейген. Ресми емес, ақпарат көзіне сенсек, еңдігі 2-3 жыл ішінде мемлекеттік оқу орны мәртебесін республика бойынша ұлттық статусы бар 4 ірі жоғары оқу орындары ғана сақтап қалмақ. Солай-ақ болсын. Алайда мазалайтыны – осы тұрғыдағы біріншіден, білімнің сапасы, екіншіден, жастардың бұған дайындығы. Өкінішке орай жас ұрпақ сәтсіз эксперимент нысанасына айналғанын күнделікті дау-дамай, тексерулер көрсетіп берді.
Жас өспесе, көкіректі теспесе... Демография – бала туу, халықтың өсуі мәселесі қазір жастар үшін ғана емес, мемлекет үшін аса маңызы бар дүние. Қазақта тарихи қалыптасқан көп бала туу дәстүрі бұзылды. Себебі қазақ елдегі ең нашар тұратын ұлт санатында ері туған балаға берілетін жәрдем ақы мөлшері өте аз. Қорытындысында көп балалы болуға тиісті қазақ отбасылардың барлығы бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлуден қалды. Тағы бір алаңдататын нәрсе – жыл сайын жастардың саны өсудің орнына 22 мың адамға азайып келеді. Жас отбасылардың басым көпшілігі 1-2 сәбиден артық баланы дүниеге әкеле алмауда. Сондайақ бала табуға қабілетті 20-29 аралығындағы жас келіншектер саналы түрде отбасыларында бала санын шектеді. Жалпы халықтың саны өсу үшін әр отбасында 3-4 баладан кем болмауы керек екенін демограф ғалымдар түгілі, қарапайым адам біледі. Бәрінен бұрын демография мәселесіне қатысты қалыптасып жатқан жағдай экономикалық тұрғыдан келгенде түптің-түбінде тәуелсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді. Соның заңды бір көрінісіндей соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға аза йып кеткен. Хал мүшкіл. Харекет қандай? Жоғарыда Республикадағы жастардың ғана емес, бүгінгі, тіпті ертеңгі мемлекетіміздің толғақты мәселесінің бет-бейнесін көре алдық. Ендігі әңгіме не істелініп жатқандығы жайында. Алдымен мемлекеттік мекемелеріміз не тындырып отыр дегенге келсек, өткен жылғы тамыз айында үкіметтің жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңестің осы жұмысқа әзірге мұрындық болар түрі байқалмайды. Қағаз жүзіне қарап отырсаңыз, істелініп жатқан шаруалар шаш-етектен. Іс жүзіне келсек, айтарлықтай дәнеме жоқ. Дұрыс, жастардың белсендігін барынша арттыру, жастар бастамаларын қолдау, тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжы рымдамасы қабылданды. Бұл аз десеңіз, оған қоса «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс шаралар жоспары» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы дайындалған. Ал нәтижесі қандай? Оны осы жоспарларды дайындаған азаматтар ғана білсе, білетін болар. Алайда, жастар аталған құжаттардың
нәтижесін көрмек тұрмақ, олардың қабылданғанынан да хабарсыз. Мұндай дүниелерді қағазға түсіріп, қаттаудан жалықпаған билік жақында «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасын қабылдады. Білуімізше, жастар мәселесіне жыл сайын қаражат бөлінеді. Бірақ ол қайда, қандай мақсатқа жұмсалғандығынан сол жастар бейхабар. Соның көрінісіндей әлгі заңда көрсетілген баптар бойынша қоғамдық ұйымдардан ұсыныс-жоба, өтініш т.б. түсіп жатса, жауап «қаржы жоққа» саяды да тұрады. Сонда сауал туады: «Жастар мәселесіне бөлінген там-тұм тиын-тебен сол жастардың аса қажетті жобаларына жұмсалмағанда қайда кетіп жатыр?» Қысқа қайырғанда, жастар ісіне қатысты мемлекеттік меке мелердің тыныс-тіршілігі осы сыпатта. Ал, қоғамдық ұйымдарға келсек, республика бойынша жастарға қатысты мемлекеттік ұйымдар саны 200. Санына қарап қарныңыз тойып қалады. Сапасына келсек, сөз басқа. Республикадағы жастар ұйымдарының көш басында тұрған «Қазақстанның болашағы үшін» Республикалық жастар қозғалысы дәл қазір өгей баланың күйін кешуде. Кезінде билік керек уақытында құрып, қаржыдан тарықтырмай, қамқорлыққа алды. Енді науқан аяқталып, сайлаулар біткен соң, бастан сипауды қойған. Міне, жастарға деген биліктің көзқарасы. Алайда бұл қозғалыстың қазіргі басшылығы өзінше әрекет қылып, өлместің қамын жасап, жүрген сыңайлы. Жастардың басын қосуды, олардың құқықтарын қорғауды басты ұстаным етіп алғандықтан ілгеріректе өз күштерімен Президенттің қабылдауына елдегі жастар қозғалыстары жетекшілерін бастап барған. Президент не деді? Жастар мейлінше ашық әңгімені қалаған. Президент те Республикада қордаланып қалған жастар мәселелеріне қатысты өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Жүздесу барысында мемлекеттік жастар саясаты, жергілікті деңгейдегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттік құрылымның жоқтығы, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігі мен олар үшін шағын несие саясатын жүргізу, әлеуметтік қорғау және ел жастарының өз БАҚ-тарының болуы сынды т.б. мың-сан мәселелер талқыланып, айтылған осы дүниелер тиісті адамдарға тапсырылған. Содан бері нәтиже жоқ. Сонда дейміз-ау, Президент айтқан, тапсырма берген мәселе сиырқұйымшақтанып барып іске аспаса, басқаша қалай шешіледі?
Егер, бүгінгі Қазақстан жастарына қатысты әдеби шығарма жазыла қалса, сөз жоқ жастар жетекшілерінің Президентпен кездесуі әдеби дүниеміздің шарықтау шегіне (кульминациясына) айналар еді. Одан кейін оқиға шарықтау шегінен қайта төмен түсе бастайтыны түсінікті. Яғни, жастардың ең соңғы зор үміт артқан Елбасымен кездесуі де нәтижесіз қалған болып шығады. Қорытындысын да шығармамыз өте сұрқай әрі пессимизмге құрылған дүниеге айналады. Айтып-айтпай не керек, Республика жастарының мәселесі Елба сының алдынан шешілмей қайтты. Әрине, оны Президент білмейді. Білсе, басқаша болар ма еді? Қысқасы, Қазақстан жастарының, оның ішіндегі қазақ жас тарының болашағы жоқ деп тұжыруға осыдан кейін құқымыз бар ма, әлде... Тағы бір басы қылтиятын шындық: ел тұрғындарының төрттен бірінен көбін құрайтын жастардың мәселесі тек сол өздерінің ғана емес, мемлекеттің де ертеңіне қауіп төндіретін мәселеге айналмасына ешкімнің кепілдік бере алмайтындығы. Ендеше, шенеуніктер мәселеге тіпті болмағанда осы тұрғыдан қарау қажеттігі өздігінен-ақ туындайды. Не істеу керек? Айналып келгенде ең маңызды сұрақ жастардың өзіне келіп тіреледі. Енді кінәліні сырттан іздегенмен таппасыңыз анық. Шындығында осы мәселенің шешілуі жастардың өзіне керек болмаса, дәл қазір өзгеге керек бола қоюы неғайбыл. Қысқасы, күні өтіп, уақытын оздырып алған адамдарша өкпелегіштік пен марғаулықтан айығу ләзім. Әрі жастардың күші бірлікте екенін түсінетін мезгіл, келді. Яғни, кім мүдделі? Жастар өз мәселесінің шешілуіне мүдделі болса, бұл – тізе қосатын уақыт. Қалғаны қалың қолдың шаруасы. Бірігетін кез келді! 2001 жыл «Жаңа буын» жақсылық әкелмеді «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегенді халық қалп айтпапты. Заман өзгерді, заңы соған сәйкестеніп бағуда. Өмірдің өзгермек түгіл бір пәсте өңі он құбылатынын құптамаса да сол халық қайран. Мұны тіптен тәкаппар мінезді уақыт елер емес...
Бұрынғы бір ғана партияның шебіндегі қалың нөпір енді қалай, қайсысына қарарын білмей бас қатырады деп кім ойлапты. Енді компартия емес, бірнеше партия, қозғалыс, бірлестік, одақтар өздеріне тартып, күн өткен сайын қатары да қомақтана түсуде. «Біздің жол – әділ, ерсең есең кетпейді» дейтіндері «басқанікі – балаң, бас ауыртып қайтесіңді» меңзеп қояды. Бастысы бұл емес. Бәсекеде. Кім жеңеді? Қалай жеңеді? Сауалды суыртпақтай берсе көп. Ең алдымен ол қандай, қауқары қаншалықты дегенді діттелік. Тоқсаныншы жылдардың үлесінде қалған мына құбылысты бү гінге сабақ болар деген оймен саралап көрсек. Сол кезде ә дегеннен көп әріптесінен көш ілгері кетпесе де басқасынан бедері бөлектенгені – «Жаңа буын» қоғамдық-саяси қозғалысы. Біріншіден, қозғалысты құрған – қалталы кәсіпкерлер. Екіншіден, олар кіл еуропалық көз қарастағы, қалалық жастар. «Жаңа буын» қоғамдық-саяси қозғалысы бағдарламасының кіріс песінде-ақ бағыт-бағдарын айқындап алған. Біздің мемлекетіміздің қазіргі саяси-экономикалық жағдайы терең дағдарысқа тап болды. Дағдарыс халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Әлеуметтік аландау бәсеңдер емес. Өкіметтің жоғарғы сатылары қазір республикадағы жағдайға толық ие бола алмайды. Жағдайдың асқына түсуі байқалып отыр. Мемлекет әлі де өз мүддесінің басым салаларын анықтамауы қалыптасқан жағдайдың себепкері. Ол баяғы тәжірибесіне сеніп, барын да, бәрін де реттемекші. Өкімет құрылымдары бұл бағытта неғұрлым күш-жігер жұмсаған сайын өкіметтік құрылымның басқару қабілетінің қожырауы соғұрлым тезірек жүреді. Өз кезегінде халық бұқарасы мемлекет мүддесінен алыстатылды. Олар өздерінің керексіздігі мен амалсыздығын сезініп, одан әрі қайыршылана түсті. Осынау біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы үшін күрделі уақытта «Жаңа буын» қозғалысы мыналарды ұғынады«, – дей келіп, мемлекеттік – саяси саладағы, ұлтаралық қатынастар саласындағы, экономикалық саладағы, аграр лық саладағы, әлеуметтік саладағы, экологиялық саладағы бағ дарламаларын алға тартады. Мұндағы артық-кем кейбір ой жосығын көктей етіп, аса маңызды дегендеріне назар аударсақ. Бағдарламаға өміріміздің өткір тақырыптары өзек болғанымен олардың біржақты сипат алғандығы байқалады. Айталық, соның ішіндегі жерді жекеменшікке беру мен мемлекеттік мүддеге орайластыру керектігі айқындалады. Олай болатыны алдағы уақытта мұны сөзбұйдаға салып, сағызша созғылаудың еш
қажеті жоқтығы көрсетіліп, бедері белгіленіп берілді. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегенмен, кішісі үлкеніне қарап бой түзейтін тұстары жетерлік. Бағдарламада басқа бәлендей жаңалық жоқ. Жаңалық сол – мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін бірігіп жұмыс істеу. Енді жоғарыда сөз еткен қозғалысты құрушылардың екі ерек шелігіне тоқталық. Біріншісі, кәсіпкерлердің саясатпен айналысқаны құптарлық па деген сұраққа бірден «саясатта не бар, ақшаңды жасап жүре бермейсің бе» деу – дөрекілік. Алайда, саясат пен кәсіпкерлік – басы бірікпейтін екі басқа дүние. Алысқа бармай-ақ оны көрші Ресейдегі жағдай көрсетіп берді. Күні кеше Константин Боровой үлкен каптиталы бола тұра Думаға өте алмады. Миллионер Сергей Мавроди мен бүгінгі миллиардер Михайл Ходорковскийге түрменің қара нанынан дәм татуға тура келді. Кәсіпкерлер басқа-басқа, ақшамен бағаланбайтын дүниені де «керек кезінде» саудаға салып жіберетін көрінеді. Бизнесте бұндай нәрселер «бола беретін» шығар. Бірақ, саясат әлемі әлгіндей солқылдақтықты көтере қоймайды. Жарайды, екі сөйлеп қатесін дер кезінде түзеп жатса, ол – жұбаныш. Айланы асырып кетем деп екіжүзділікке ұрыну саясаткер үшін кешірілмес күнә. Бәлкім кемшіліктігін кеш түсінген шығар. Әлде мұндай кемшілік саяси тәжірибені енді жинап жүрген адам үшін ештеңе ете қоймас па екен. Байқалып қалғаны – «Жаңа буын» қозғалысының өз достарының арасынан да және дала қазақтарының ортасынан да ойып орын ала алмағаны. Яғни, жарнамаға қаржыны аямай-ақ жұмсап, жарияға жар салса да, қалың қауым мен қарапайым еңбекші жұртшылықтан қолдау таппағаны анық. Оған себеп пе? Жетіп артылады демесек те, жілік майын шағып айтуға болады. Қазақ ортасының қозғалысты қолдай қоймайтынына жоғарыдағы оқиғалар бірден-бір себеп. Ал, өз одақтастарының ішіндегі ең көзге көрнектісі «Караван» газеті Қарметкомбинат төңірегіндегі дау-шар тұсында өзін «жан дос» екенін дәлелдей алмады. Алғашқыда байқамай қалып қорғаштаған еді, соңынан сөзінен жаңылысты. Үкіметті кінәлағандай сыңай танытып, Бутя жағының мәселесіне мән бермей қойды. Ақыры, жеңіс кімнің пайдасына шешіліп, кімнің қалай сайрап қоя бергенін уақыт бағалады. Айқындалған ақиқат: қолтықтан демеп, дем берер одақтас жайы да басқа іс түскенде мәлім болды. Жоғарыдағы жайлардан келіп шығатыны: ірі қалталыны халық, мемлекет мүддесінен гөрі өз мүддесінің мысы басып тұратындығын көзге көрсетіп, қолға ұстатқандай етті. Мәселе тек Қарметкомбинатта емес. Басқада – өзімшілдік идеясының қоғамымызда саяси және
экономикалық аксиомаға айналғанында. Біздіңше бұл – мол капи талға деген көзсіз сенімділік. Қозғалыстың соңында қалың халық тұратынын ойласақ, саясат – ақша емес. Екінші ерекшелікке – қозғалыстың басында кіл еуропалық көзқарастағы қалалық жастар екендігіне келсек, жиі сөз бола бастаған жаңа бағыттағы, еуропалық көзқарастағы адамдар туралы шегініс жасаған абзал. Күні кеше біз үшін ең қауіптісі – өз қандастарымыздың өзекті өртер өкінішпен опынтқаны емес пе деп, сауалды дәл осылай төтелей қойып, жауабын да төбеден түскендей төпей қайырып тұқыртуға тырыстық. Халықтан ешкім үлкен емес. Бауыр-еті – баласын, өз қандасын қателігі үшін қалай сөксе де ерік өзінде. Бірақ мұнымен мәселе бітті ме? Өкінішке орай, қайта өрши түскенін көз көргенмен көңіл күйгелектік төңіректен ұзамады. Ұлтынан алыстап, ұясынан адасқан кешегі жүз елу кәсіпкер ғана емес. Ертең бұл көрсеткіш өспесе, кемімейді. Кіндігінен тараған ұрпағы өзіне тартпағанда сайын даланы еркін жайлаған ата-бабасына ұқсай қоярына ешкім де кепілдік бере алмайды. Мұнымен біз халықтың бұл бөлігін бөліп тастап, іске алғысыз қылсақ – қылмыспен тең қаралар шаруа осы. Белгілі бір тобы қыңыр сөйлеп, аяғын қияс басса, бәрін білетін – білімпаз, түсінуші – ұғымпаз, ойлаушы – ойшыл интеллигенциямыз жөнін айтып, жолына салып жіберсе, кімнің ұтарын уақыт көрсетер. Алдымен, осы ұрпақ қайдан келді, қалай болды деген сауалды саралағанымыз салмақты ойды айқындар. Қысқа қайырсақ, бұл – кешегі коммунизмге имандай иландырған соқыр сенімділіктің жанарынан сылынып шыққан көз жасы емес пе екен. Қазірге дейін бәрі қарапайым пайымдалды: халық (бұқара) – бұл – дене, идеолог (интелигенция) – оның басы, жады. Осындағы интеллигенция көп дүниені өз деңгейінде іздеген жоқ. Керісінше, заманға бейімделіп бақты. Өмірлік ақиқатқа сыни тұрғыдан баға берілмегендіктен «жалаң» танымдық бағыт өріс алды. Міне, салауатты ойлаудың кемшіндігінен жаппай ауа жайылу шылыққа (абсурд) апарып соқты. Соның салдары көптеген сорақы істерге жетеледі. Ішіндегі ең ірісі әрі қылмыспен бара-бары – интернационалдық мәдениет еді. Ол екі жүз қаралы ұлт пен ұлысты мидай араластырып жіберіп, нәтижесінде жүзге тарта ұлт пен ұлысты жер бетінен жойып жі берді. Ақыры интернационалдық мәдениеттің бойынан нәр алған интернационалдық өркениет ұзақ өмір сүре алмады. Бұл да жаратқан тәңірдің қазақ халқына қарасқаны шығар. Ендігі шешім – ертелі
күнді кеш қылмай қара қазан, сары бала қамы үшін ұлттық игілікті игеру. Өйткені, тұрлаулы мәдениеттің таза болмысы тек қана ұлттық болып келетінін кешегі күн көрсетті. Осы ретте айқын мәліметке жүгінсек, халқымыздың жиырма проценттейі ана тілін нашар біледі не түсінбейді. Жығылғанға жұдырық іспетті осы уақытқа дейін төрт жүз мыңдай мектеп оқушылары өзге тілде оқып жүрсе, жоғары оқу орындары студенттерінің отыз-ақ проценті қазақша дәріс алды. Ендеше, ертеңімізге елеңдеуіміздің де жөні бар. Алайда, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуіміз ұшқарырақ. Бойында ұлттық құнар барлары арамызда аз емес. Олардың ішінде қазақ мемлекеттігінің нығая түсуіне өзінше үлес қосып жүргендері жетерлік. Біздің бүгінгі қалыптасқан ахуалымыздан алдымен мына жайттарды ой безбенінен өткізіп алғанымыз абзал. Ол – ұлттық сана және оған өзіміз қарсы қойып алған азаматтық сана. Халқымыз бұл тұрғыда екіге бөлінген сыңайлы. Біріншісі – дүниетанымы мен болмысы қазақы топ ұлттық сана төңірегінде оқшауланса, екіншісі – жаңаша бағыттағы, еуропалық көзқарастағы топ азаматтық сана жайынан сөз саптап, өз ойларын дәлелдемек ниетте. Бұған біз еуроцентризм ауруының асқынған тұсы деп баға бере бастадық. Түріктің үлкен идеологы, көрнекті жазушысы Хусейн Нихал Атсыздың жазуынша ұлтты айқындайтын негізгі төрт белгі бар. Олар: ұлттың тілі, территориясы, әскері және ұлттық санасы. Жазушы жоғарыдағы төрт тағанның ішінде ұлттық сананы баса көрсеткен. «Ұлттың ішкі-сыртқы себептерінен оның өз территориясы болмауы мүмкін. Тіпті тілінен де айырылып қалуы ғажап емес. Алайда, ұлттық санасын сақтаған халық өз тілін, мемлекетін жаңғырта алады. Ал, ұлттық санасын жоғалтқан ұлт – өлген ұлт», – деп, жазады ол өзінің «Түрікшілдік мұраты» еңбегінде. Шүкір, әзірше ұлттық санадан ажырап қалғанымыз жоқ. Тек сол ұлттық санаға қалған үш тағанның қапысыз қарсы келе беретіні алдымызды кес-кестеуде. Бұл қай халықтың болсын басына түсіп тұратын сын сәт сынды. Бұдан шығатыны мынау: қазақ ұлт ретінде өзін-өзі әлі танып біле алмай жатқан шақта азаматтық сана тұрғысын көздеуіміз барар жерін білмей тұрып, жолға жиналғанмен бірдей шаруа. Ұлттық санамыз толысып, одан әрі асып, азаматтық санаға аттаныс жасасақ, онда сөз басқа. Біз бірден азаматтық санаға аяқ басу мен тез арада байып кетушілік дәмесінің мысы басқанымен өзіндік ұлттық интеллектуалдық негізсіз әлемдік айдынға иек арту – бос қиялға ұқсайды. 1994 жыл.
ЖАСТАРҒА ҚАРАП ҚАРТАймаңыз Қандайда да бір ұлттың рухани құндылықтарының айталық, мәдениетінің, әдебиетінің, өнерінің және спорты сынды дүниелерінің көш басында жастар жүруге тиіс. Жастар тез қабылдағыш және өздеріне тән шапшандықпен алда жүруі заңдылық. Дей тұрсақ та, біздің жағдайымызда рухани дүмпулер жасауды былай қойғанда, қарапайым жайлардың өзінде жастарымыздың қайда жүргенін білмей қаласыз. Кезінде Толстой әдебиетке есіктен емес, терезеден кірген деген әңгіме бар. Яғни мұндай құбылыс тек жастыққа тән құрбандыққа бара алатындай намыс пен рухты, жігерді еске салады. Жастар дегенде, ойға ең алдымен сол жас буынның бүгінгі таңдағы әлеуметтік белсенділігінің тым төмендігі оралады. Кейде осы келер ұрпақ өте ұсақ-түйек тірліктің төңірегінде шиырлап қалып бара жатқандай көрінеді. Мәселені жеке шешуге деген бастамашыл батыл талпынысты байқай бермейсіз. Алайда, дәл қазіргі қазақ ұлтының бар болмысы мен болашағын айқындайтын барометр – жастар. Себебі, аға буынға салмақ арта алмайсыз. Уақыт өзгерді. Заман ауысты, заң да қайта түзілуде. Яғни, ұрпақ алмасатын кезіңіз келді! Ал ол ұрпағыңыз, қазақтың бүгінгі жастары жайында кереметтей пікір айту қиындау. Осы ретте дәлел үшін бір ғана жайтты алға тартайық. Кезінде той мәселесіне қазақ үлкен мән беріп, тәрбиелік маңызы бар шара ретінде қарастырған ба деп ойлайсың. Қыз қуу, теңге ілу, күреске түсу сынды ұлттық ойындар арқылы азаматын таныған. Тойға жастар ішіп-жем үшін ғана емес, үлкен жауапкершілікпен барған. Дайындығы болмаса, тайсақтаған. Осы жерден келіп намыс деген мәселеңіз қылаң береді. Ал бүгінгі жастар тойға ішіп-жейтін, көңіл көтеретін орын ретінде ғана қарайтыны белгілі. Алайда, бұл ешкімді ойлантып отырған жоқ. Мүмкін, міндетті де емес шығар, бірақ «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тұрғыдан келгенде қазақтың жас-кәрісінің ойланатын жәйттарының» бірі екені анық. Қысқасы өмірінің көбі кетіп, азы қалған адамдар кінәмшіл келетіндіктен үлкендердің жастарға өкпесі орынды. Дегенмен өкініштісі сол, керісінше жастарымыз көп ретте кінәмшілдікке салынатыны бар. Жастарға қарап қартаймаңыз. 2001 жыл
АСТАНА ЖАСТАРДЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА СЕНЕ МЕ?
Еліміздің бас қаласы – Астананың күн сайын көркейіп келе жатқаны бәрімізге белгілі. Қаланың қазіргі тіршілігіне қарап, көз тояды, көңілің өсіп қалады. Содан да шығар, жас қалаға арман қуып жастар көптеп келіп жатыр. Біреуі қала құрылысына құлшына кірісіп кетсе, жоғары оқу орындарын бітіріп жеткендері мемлекеттік мекемелерді т.б. жағалап жүр. Және біреулері басқа жақтан емес, нақ осы Астанадан өздерінің ісін ашуға талап қылып келіпті. Олардың қай-қайсысымен де кездесе кетсең, сөйлесе қалсаң, бәрінің ойында бір арман: ол – өздерінің енді бастағалы отырған өмір жолдарын жас қала – Астанадан бастау. Жақсы ырым. Оған ішің жылып, іштей сәт сапар тілейсің. Кезінде Елбасымыз бар жаңалықтың басы болсын деп, жаңа ас тананың іргесін қалағанда нақ осы жастарға сеніп қадам басқаны анық. Басқа-басқа жастардың бұл бастаманы қызу қолдағанына жоғарыдағы мысал жеткілікті. Иә, қай жағынан алып қарағанда да Астана нағыз жастарға лайық қала. Ауа-райының өзі жастарға тән «темпераментті». Буырқанып тұрған жас буын ғана біте қайнасып, қаланың демографиялық жағынан дамуына да үлкен үлес қоса алады деуге негіз бар. Бір әттеген-айы, жалпы алғанда жастардың Астанадағы жолы оңынан туып тұрмағанына куә болатыныңыз. Нақтылай айтқанда, қызу жүріп жатқан қала құрылысына қатысушылары тиын-тебенін ала-алмай, әр есікті бір тоздырып жүр. Басқасын былай қойғанда Алматының озық оқу орындарын үздік бітіріп, Астанаға тартып отырған мамандар екі қолға бір күрек таппай келген іздерімен кері қайтып кетіп жатқандары қаншама. Өз ісімді ашамын деп талаптанушыларының да тауаны қайтып жүргенін көзіңіз шалады. Бұл да бүгінгі Астананың бір шындығы. Әрине, дәл қазір қай жерге болсын жұмысқа тұрып, орнығып кету оңай емес. Алайда «өз аяқтарымен» Астанаға келіп жатқан арманшыл жастарды алақанға салып аяламасақ та, қолтығынан демеп жіберсек, «жас қаланың көшесіне отырғызылған балғын көшет» сынды күні ертең жайқалып өсіп, ерекше көрік беріп тұрмас па? Қысқасы, «Астана жастардың көз жасына сене ме?» – деген сауал артығырақ, мүмкін тым қатқылырақ көрінуі ғажап емес. Мұны сонау кенеуі кеткен ауылдардан үміт арқалап келген сыныптасауылдастарымның табан-ақы, маңдай-тері жалақысын ала-алмай сенделіп жүргенін және, әсіресе, мемлекеттік мекемелерге «өз күштерімен» жұмысқа тұра алмай, ақыры Алматыға қайтып
жатқан әріптес-таныстарымды көріп, көзіміз жетіп барып айтуға
мәжбүрсің.
Бір кездегі «Москва – слезам не верит» фильмі кешегі ғана емес,
қазіргі әбден қатқылданып қанатын кеңге жайған Мәскеудің жайы-
нан да хабар беретіндей. Ал, бар болашағы алдағы Астана жастардың
көз жасына қалмайтынына сенгің келеді.
2001 жыл
Съезд, конгресс...
бәрі «Қазақстанның болашағы үшін!»
Алдағы қыркүйек айының басында Ақтау қаласында республи-
ка жастарының конгресі өтпек. Басты мақсаты қазір «жасымыз бен
кәріміз» қосамжарлана талқылап жатқан жастар туралы заңның
нүктесін қою сынды. «Жастар туралы заң» дегеннен «мәселенің
үлкен кішісі жоқ» дейтін қайбіріміздің бір елі аузымызға екі елі
қақпақ болып, жаттанды «жастар мәселесі» термині қылаң береді.
Мәселе?!
Қазақстан тұрғындарының 26 пайызын (16-29 жас аралығындағы
жас азаматтар саны 4 миллионға жуық) жастар құрайды. Ал, еңбекке
қабілетті ел тұрғындарының 40 пайызы жастардың үлесінде. Яғни,
елдегі туындап отырған жастардың проблемаларының аса маңызы
бар; жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қылмыстың өсуі
және демография сынды мәселелер бүгінде өзекті.
Еліміздегі 1,5 миллион жұмыссыздардың 46 пайызы (26-29 жас
аралығындағы) жастар. Медициналық тексеруден өткен миллионға
жуық жастардың 46 пайызы аурулы. Бұл онның бесеуі дертті деген
сөз. Әскер жасындағы бозбалалардың 12 пайызы денсаулы ғына орай
әскери міндетін өтеуге жарамсыз деп табылған. Жыл сайын жалпы
білім беру мектептерін бітіретіндердің 70-90 мыңының кәсіби білім
алу мүмкіндігі жоқ. Еңбек рыногына әр жылда келіп қосылатын
жастардың 20 пайызына жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ.
Жыл сайын жастардың саны өсудің орнына 22 мың адамға азаюда.
Соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға аза
йып кеткен.
Міне, жастарымызға қатысты бүгінгі таңдағы көктей шолып
өткендегі картинамыз осындай. Өткенде «Қазақ әдебиеті» газеті (№
32, 2001 ж.): «Ғалымдардың есептеуінше, әзірбайжан тұрғындарының
орта жасы 29,5 жас екен. Бұл не деген сөз? Әзірбайжан халқының
болашағы өте зор деген сөз» деп жазды. Енді, өзімізге келейік.
Осыдан біршама бұрын жарық көрген Президентіміздің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгінгі күні орта жас 29-ға келіп қалыпты. Яғни, біз де жас ұлт, өсетін халықтардың қатарындамыз. Жастардың әлгіндей жағдайынан кейін бір-біріне кереғар келген қайшылықты аңдайсыз. Қазақстандағы жас ұлт, өсетін халықтардың жайы осындай қайшылықты күйінде қала бере ме? Не істелінді, не істелініп жатыр? Тәуелсіздік алған он жылдың ішінде жастарға қатысты нақты жөндем заң қабылдана қоймапты. Қабылданғанының өзі іске асып та жарытпаған сыңайлы. Қараңыз, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» (1999 жылы қабылданған), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс-шаралар жоспары» атты үкіметтің қаулы жобасы және «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасы біраз іске жүк болатындай-ақ құжаттар. Енді бұлардың жүзеге аспауының бір ғана себебіне тоқталайық. Аталған құжаттарда атап, әрі анық көрсетілген баптардағы жүзеге асуы аса қажет деген басым бағыттар бойынша қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерден ұсыныс-жоба, өтініш, т.б. түсіп жатса, жауап «мүмкіндік шамалы, қаржы жоққа» саяды да тұрады екен. Бұл сол қаулы-қарарды қабылдаған құзырлы органның сөзі. Сонда заманыңыз да, заңыңыз да жастарға бетін бұрмағаны ғой. Пайым-күдік жаңа қабылданбақ «Жастар туралы заңға» да қатысты. Хош, арғы-бергі заңымыздың жайы белгілі болды. Алдыңғыларының қайыры шамалылығынан ба, жаңасынан үміт күту де қиын. Себеп. Себептің бір ұшы жастар ісімен айналысатын мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге деген сенімсіздіктен. Бастысы – өткен жылы тамыз айында үкіметтің жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі кеңес келелі іске мұрындық бола алмауда. Ал, жастардың сөзін сөйлейді-ау деген республикамыздағы 200-ге тарта (!) қоғамдық ұйымдар жоғарыға қарап жаутаңдайды десек, қателеспеспіз. Нақты іске келгенде тайғанақ. Науқаншылдыққа әуес. Ақыр аяғы «көшбасшы» деген «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысы жастардың жалғыз газетін шығаруға «жарамады». Осы жерден тарқайтын түйін жалпы жастардың (мейлі ұйымы, бірлестігі, өкілі, лидерлері болсын) ықпалды күшке айнала алмай келе жатқандығы. Оған он жылыңыз аздық етіп тұрғандай ма, қалай? Әйтеуір, әзірге қол баланың рөлін ойнай тұруға тура келетіндей. Оның бірден-бір көрінісін билік пен жастардың арасында «зыр жүгіріп» жүрген «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысына қарап бағамдайсыз. Олай дейтініміз, аталған қозғалыс құрылған
1998 жылдың ақпанында ел жастары съезд ашып, бір алқалы кеңес құрып еді. Енді, міне, «жастар мәселесі» тағы бір еске түсіп, жас буынның белсенділері Каспий жағасындағы конгресске жиналмақ. Күлтөбенің басындағы күнде жиыннан жастарға да жылы леп жетсе жақсы. Қайдам, әзірге съезд, конгресс... бәрі «Қазақстанның болашағы үшін!» Әкелер мен балалар: кім-кімге өкпелі? «Әкелер мен балалар» проблемасының өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған елдер үшін өзіндік ерекшелігі болатындығы бір бізде ғана емес. Орталық және Шығыс Еуропаның 27 мемлекетінде және тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы елдерде де байқалып отыратын көрінеді. Бұл не ерекшелік дегеннен бұрын, осыншама елдердің тағдырын ортақтастырған бұл не ұқсастық деген сауалдың жауабы оңайырақ. Ол аталған елдердегі «темір қорған» құлағаннан кейінгі нарықтық және демократиялық реформаларды әр ұрпақтың стихиялы қабылдауы. Ерекшелік дегенге келсек, өтпелі уақыттағы дәстүр мен қоғамдық нормалар бір ұрпақтан екіншісіне ауысарда бұзылып, тіпті жойылып, содан қайта қалпына келіп, қысқасы ит-жығыс күйді кешіп жататын көрінеді. Мұны нақ бастан өткеріп отырғандардың бірі біз. Кім кінәлі? Аға ұрпақ пен жас буынның арасын жалғайтын дәнекер жіп неге сонша бос? Иә, бізде «егделер мәселесі» емес, «жастар мәселесі» бар. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан бері жағымыз бір талмай «жастар бұзылды, жастар үйтті-бүйтті» дегенді жиі айтамыз. Себебі түсінікті, салдарына үңіліп көрейікші. «Кеңес» атты казармадан босаған аға ұрпақ жоғарыда айтқандай өзіндік дәстүр мен қоғамдық нормаларды жас буынға табыстарда қатты қателескен сынды. Мүмкін бұлайша жаза басуға сол қайшылықты жүйенің де үлесі үлкен әсер еткен шығар. Батыстың «әні мен сәнінен» қанша қақпайлап ұстағанмен тордағы тоты құсыңыз темір құрсаудан құтылған сәтте-ақ басқаша сайрап шыға келді. Нашақорыңыз да, жезөкшеңіз де, жұмыссызыңыз да т.б. жастар. Көбісі «бұғаудан босағанмен» не істерін, қайда барарын білмей, аңырып тұрып қалды. Көзді жұмып, тұспалдап тартты сосын. Қайда барса да қиын, өте қиын еді. Қалаға барса оқу оңай емес, жұмыс табу одан да қиын дегендей... Ендеше –
Өзіңе сенетін уақыт
Заманның жастарға деген сыңайын байқадық. Қатқыл. Со-
дан ба, әлемдік қоғамдық-саяси үрдістер мен елімізде жүріп
жатқан саяси-экономикалық реформаларға жас буынның, әсіресе
қазақтілді жастардың кірігуі енжар. Бұл бәрінен бұрын шын та-
лап пен үлкен еңбектің кемшіндігінен бе дейсің. Өзім куә болған
бір ғана мысал.
Осы жазда «Сорос-Қазақстан» қоры шығармалышықпен ай-
налысып жүрген жастарға арнап, жазғы мектеп жұмысына
қатысуға бәйге жариялады. Оған қатысуға мен де ниет білдірдім.
Он күнге созылған жазғы мектеп жұмысының әсері ерек-
ше еді. Әр сала бойынша еліміздің және шет елдерден арнайы
шақыртумен келген лекторлар дәріс оқыды. Ал ең соңында үздік
танылған талантты жастар әлемнің мықты деген оқу орында-
рына білімін тереңдетуге гранттар алса, қайбірі көрмелерге,
фестивальдарға, т.б. қатысу жолдамасын еншіледі. Өкініштісі сол,
осындай мүмкіндігі мол шаралардан қазақ тілді жастардың тым
қалыс қалатыны. Сонда біз қайда қарап жүретініміз түсініксіз.
Көзі ашық жасқа күнделікті жаңалықтарды шолып шығу мен
компьютерді игеріп, Интернетті қарап отыру сонша қиын ша-
руа емес қой. (Шындап іздесеңіз, шетелде оқу, тәжірибе алма-
су мүмкіндіктерін басқа да сандаған қорлар арқылы табасыз).
Иә, Сұлтанмахмұттың «Ана қырда татар тұр, басқалармен қатар
тұр...» деген өкініші әлі сол күйінде қалып қойған сыңайлы. Бұдан
қазақтың кешегі жасынан көзі ашық бүгінгі жасы айтарлықтай алға
кетті деп айту қиын. Осы салғырттықтың, осы енжарлықтың сал-
дарынан есеміз кетіп, есебімізді түгелдей алмай жүргендей жай
бар. Оны шебер пайдалана білетін билік те, аға ұрпақ та жастарды
қай кезден-ақ қолбала, саясаттың ұртоқпағына айналдырып келді.
Бір ғана жүйеміз «жаңылысып», жастар қайрат көрсеткен кез 1986
жылдың желтоқсан кезіндегі оқиға еді. Міне, жастардың он ойланып,
күрт оянған және тізе қосып біріккен тұсындағы бұла бұлқыныс.
Осы оқиғаны өз көзімен көріп тұрып, бір жазушы ағамыз: «Біздің
ұлт, әсіресе, жастарымыз сапалық тұрғыдан бұрын соңды болмаған
құбылыстарды енді бастан өткере бастайды» деп дәмеленгенін жа-
сыра алмаған. Алайда, сол серпілістерді көре алмадық. Қайта содан
жасып, жасқаншақ болып қалғаннан ба, қазіргі жасыңызда ортақ
мүдде үшін бірігу, «Қазақстанның болашағы үшін!» алға ұмтылу
жағынан көз жазып қалды. Ешкімге өкпе арта алмайсыз. Мүмкін,
қателік билікпен де, аға ұрпақпен де шынайы диалог құра алмай
жүрген жас буынның өзінде шығар. Билік анда-санда съезд, конгресс т.б. өткізіп жұбатқандай болады. Аға үрпағыңыз «бәрі жақсы болады» деп алдарқатқандай сыңайда. Ал, жастар өздерімен де, өздерінен жоғарыдағылармен де «тіл табыса» алмай жүр. Қысқасы, бәріміз де үлкен балалар секілдіміз. 2001 жыл Жарқыл мен жұтаңдық жастар өмірінен байқалып жүр Қазақстан – жас мемлекет. Бұл ұғым бүгінде санамызға сіңіп, сөздік қорымызға еніп алды. Өмірдің өз теңгермешілігі осыны көрсетті. Республика жұртшылығының 54%-і 30-ға дейінгі жастар. Ендеше Қазақстанымызға қай жағынан болсын дәл қазір қарыштап өсу тән. Халықтың сан жағынан да, оған телінген мәдени-экономикалық жағынан да күрт жоғарылау (ренессанс) тән. Еліміздің қалыптасып келе жатқан геосаяси және демографиялық ауаны мұны қолмен қойғандай әйгілеуде. Оның үстіне демографғалым Мақаш Тәтімовтың айтуынша 2000 жылдары халық саны көп өсуге тиіс. Бұл халық тарихындағы өсу эволюциясының әр кезде ғана бір бұла бұлқыныс танытатын табиғи құбылысы екендігінде дау жоқ. Бірақ та бүгінде белгілі болғандай өсу айтуға оңай, іс жүзінде ауыр. Қалай, қайтып өсерсің, өркендерсің деген сауал – асауға тұсау. Фактіге жүгінелік. Бүгінгі күнде республика тұрғындарының 90%-і өте ауыр жағдайда өмір сүріп отыр. Адам өлімі 24%-ке өсе түссе, балалардың тууы 28%-ке кеміп кеткен. Ал Қазақстан жастарынын 53%-і әлеуметтік-материалдық жағынан мешеу халде. Жастардың тек 5%-і ғана ауқаттылар санатында. Бұл жас мемлекетімізде қалыптасып келе жаткан ахуал демеске амал жоқ. Сонда өсу, өркендеу турасында сөз қозғау бекершілік пе? Біздің ойымызша: Тығырықтан шығаратын дамудын дабырайтып айтсақ даңғыл, жұқартып айтсақ жарқын жолы әл-әзір біреу-ақ. Ол бірнеше жыл бұрын аттай қалап алған нарықты экономика. Мемлекеттік статистикалық комитеттің анықтауы бойынша, республикадағы жас адамдардын 58%-і ғана нарықтық экономиканы қолдайтын көрінеді. Бұған да шүкіршілік. Бұл жерден шығатыны осы уақытқа дейін стихиялы сипат алып келген нарықтық экономикасына жастардың батыл араласуын қажет етеді. Яки ендігі жағдайда
мемлекеттін өзі тек жастарға сенеді деген сөз. Әрине мемлекеттік
жастар саясаты мен нарықтық экономика бағыты қабысып жатса
құба-құп. Алайда олай болмай тұрғанын мойындауға тиіспіз. Бұл
ретте 1991 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы
заңды» уақыт талабына орай қайта қарау қажет. Сосын оның орын-
далуын, әрине, қадағалау керек.
Сөз ретінде жастар мәселесімен тікелей айналысып отырған
орындарды тілге тиек етуді жөн көрдік. Солардың бірі – Қазақстан
Жастар Одағы. Осы жолдарды жазу барысында аталмыш одақтың
бірінші хатшысы Есенжол Алияровқа жолыққанбыз. Аңғарғанымыз
одақ бұрнағы комсомол секілді сыңаржақ позициядан аулақ. Кім
бірге жұмыс істегісі келеді, қатарына тартады. Ешкімді қыштау
жоқ. Бастысы – еркіндік. Жамбыл облысынан басқа барлық об-
лыстарда өз ұйымдары бар. Жұмыс ауаны да сан-алуан. Ешкімге
елеусіз қалған жас таланттарды рухани және материалдық жағынан
демеп, дем беруде. Бүгінде «Қазақстанның болашағы үшін!»
қозғалысының белсенді ұйтқысы. Тізбелей берсек тізімге түсіп
кетеміз. Әрине мұндай көңіл қуантатын істермен бірге әттеген-
айлар да бар.
Енді республикамыздағы жастар ісіне мемлекетгік тұрғыдан
тікелей араласып отырған Қазақстан жастар ісі, туризм және
спорт министрлігінің қам-қаракетіне аз аял жасалық. Мұндағы іс-
әрекеттің басым бағыты мәдени-көпшілік жұмыстарға арналғанын
бағамдадық. Ал жастарга нақты көрсетілер әлеуметтік көмек нешік.
Олармен жүргізілер жұмыс қалай? Бұл ретте алға тартылғаны:
нәрестесі бар жас жанұяларға берілетін несие болса, екіншісі
кіл жастардан құралған кәсіпкер топтардың салықтың 50%-нен
босатылатындығы. Басқа іс шаралардың шамасы ай сайынғы мәдени-
көпшілік жұмыстармен шектеліп жатыр.
Біздің ойымызша: Жастар ісі мәдени шаралармен тұйықталатын
жәй ғана іс емес. Ендігі уақытта жастар ісімен айналысу айына
бір-екі мәрте шабылып қоятын шаруаға айналдыру жарамас. Естір
құлақ, істер қол болса «алтын сырға».
Осы тұста Жастар Одағына қояр кінәрат қораштау шығар.
Өйткені, біршама мүшесі бар қоғамдық ұйымның көрпесіне карай
көсілуі бүгінгі көзбен қарасақ өз деңгейінде. Ал білдей Қазақстан
жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің қазіргі қалыптасқан
жастар ахуалына орай жасаған кешенді бағдарламасы жоқтығы көзге
ұрып тұр.
Орайы келгенде көңілге оғаштығымен көзге ұрған жайтты алға
тартсақ артық соқпас. Қазақстан жастар ісі, туризм жөне спорт
министрлігіне бас сұққанымызда қазақ тілінде мандытып жауап
бере алатын жанды жолықтырмадық. Ұзын құлақтан естуімізше,
жуырдағы қысқартуда кіл қазақтың қыз-жігіттері қысқарып кеткен
көрінеді.
Жастар тақырыбын қозғағанда кадр мәселесі алдан шығады.
Бүгінде ұятты нәрсенің бірі сол – ұлттық кадр. Ұятты болмағанда
не, республикамыздағы кәсіпорындардың 75-80%-де өзге ұлттар
істейді екен. Сонымен не істемек керек? Біздің ойымызша:
Біріншіден, кәсіпорын басшысы ұлттық кадр мәселесіне оң ықылас
білдіруі тиіс. Шындығында басшы қазақ ұлтынан болса құба-құп. Ол
жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына да қарап, ыңғайластырар.
Маңайына ұлттық кадрларды тарта бастар. Екіншіден, әрине кадр
мәселесі орын-орынға апарып қоя салғанмен шешілмейді. Басты-
сы білім керек. Бұл ретте Жапония мен Оңтүстік Кореяның өліара
шақтан қалай тез шыққанын еске алу естілік. Олар шет елде жаста-
рын оқытуға күш салыпты. Қазірде бізден мамандық жетілдіруге
барғаны бар, оқуға барғаны бар бас-аяғы 4 мың жас шет елде оқып
жүр екен. Бүгінгі талаптан қарасақ, аз әлбетте. Өйткені, өз ара-
мыздан шыққан іс тетігін білетін сауатты кадрлар ауадай қажет.
Қазір республикадағы кәсіпорындар жаппай жабылуға айналды.
Айталық, бір Жамбыл облысындағы 55 зауыт-фабриканың 49-ы
тоқтап тұр. Ал оған жоғарыда айтқан кәсіпорындарымыздың 75-
80%-ін құраған өзге ұлт өкілдерінің басы ауырып, балтыры сыз-
дай ма? Өтетін жер табылады оларға. Қорыта қайырсақ, жастық
лебі ескен оның жарқылы мен жұтаңдығы тайға басқан таңбадай.
Және итшығыс түсіп жатыр. Жарқылы – жас екендігіміз, өсер
ел екендігіміз. Жұтаңдығы – дәл осы уақытта аяққа оралғы
кедергілердің көптігі. Бір аштықтың бір тоқтығы болса, көбейер,
көркейер күн туар.
1995 жыл
Қалтаң қалың ба, студент?
Бұрын студент стипендиясының мөлшерін сұраушылар жетерлік-
тін. Ол қызық үшін еді ғой. Ал қазір студенттің хал-ахуалы өзінен
басқа ешкімді елеңдетпесіне де ет үйреніп алды. Өлместің күнін
талшық етіп, әупірімнің күшімен (жеткізе алғанға ғана) жететін
«жанбағыс» стипендияның жайы әркімге аян.
100 теңге! Студент те адам. Оны ойлаған кәсіпқой парламент
стипендияны көтерген көрінеді. Әрине оған уақыт төреші. Ал біз
ағаларымызға қамшы болғай деп, бұрынғы 100 теңгені талдап, жіліктеп көрелік. Бүгінде студенттің бір күндік ас-суын ең төменгі бағамен 30 теңгеге сығымдап сыйғызуымыз көзсіз ерлік. Мәселе, мұнымен бітсе жақсы. Студент болған соң кітапханаға, киноға, театрға бармай тұра алмайсың. Қазір бір сериялы фильмнің құны 20-25 теңге. Енді кітаптың жайына келейік. Дәл бүгінгі таңда ізденіске ұмтылған оқырман үшін бұрынғы баспа бетін көрмеген көне, құнды кітаптар шыға бастады. Ал мұның студент үшін мәні аса зор екендігі айтпаса да түсінікті. Аудиторияда алты сағат отырып ала алмаған білімін әлгі кітаптың алты жолынан табатыны ақиқат. Алайда, бағасы да соғұрлым асқақтап тұрғанын қалай жасырасыз? Айталық, Гумилевтің таңдамалы шығармалар жинағының бір томының өзі 50 теңге шамасында. Атақты түркі танушының еңбегін оқымай тағы болмайды. Білім биігіне, танымдық көкжиегіне ұмтылған студент үшін мұндай мүмкіндік туа да бермейді. Міне, байқап отырғандай, 100 теңгеңіз бір күнде емес, бір сағатта жұмырға жұқ болмай шыға келді. Оның үстіне студенттік ортаның ойын-тойсыз, думансыз болмайтыны тағы бар. Сонымен 100 теңгеңізді тек тамақтың өзіне ғана талғажау қылсаңыз үш-төрт күнге зордың күшімен жетіп жығылады екен. Сонда айдың 25 күнінде студент ашқұрсақ, арып-ашып жүре ме? Десек те, бұласа таңырқайтын нәрсе емес. Күнделікті көз үйреніп, ет өліп кеткен жағдай ғой. Біздіңше мұндай ауыртпалықты тартып отырған тұрғылықты қалалық студенттер емес екені белгілі. Бар тауқымет жатақханаларда немесе пәтерлерде тұрып жатқан, алыс ауылдардан ат арытқандарға түсіп отыр. Ал ауыл жағдайының жайсыздығы тіптен белгілі. Ендеше бірінші кезекте студенттердің ішіндегі ауылдықтарға, оның ішіндегі малшы балаларына көмекті өзгелерден гөрі күшейтсе, нұр үстіне нұр. Бұл алалау емес. Жағдайға қарай жанашырлық таныту. Ұлттық игі қасиеттермен қаруланған, аса дарынды балалардың ел ішінен шығатынын ескерсек, осындай қамқорлыққа қол жеткізген жөн. Бір ақиқат анық. Ол студент қауымның әлеуметтік ахуалы қашаннан сын көтермейтіндігі. Социализм тұсында сауат ашқан анаанамыз: «Біз студент кезімізде қатқан нанды суға жібітіп жеп жүріп, оқып едік. Сендерді өсіріп, жеткізуге мүмкіндік ашқан социализмге рахмет. Енді қалай оқимын десең де, үкімет жағдайларыңды жасап отыр. Одан артық не керек» дейтін. Бүгінгі нарық та социализмнің сол дарқан көңілін көпсінгендей. Осы тұста сансыз проблема мені жаз, мені айт деп андыздап шығады. Нарық – талай білімпаз өскіннің өрісін жалғастыруы да неғайбіл. Сонда не істемек керек?
Қалай дегенде де студенттердің өзіндік өмір өрнегі қалыптаспай жатып, білім-таным көкжиегінің тарылуы күн өткен сайын өршіп келе жатқаны белгілі. Қазіргінің студенті бұрынғыдан бетер «жабайы бизнеске» ауызданып алғаны рас. Күнкөріс мәжбүр етіп отыр. Бүгінде қылмысты істерден студент қауымы да қалыс қалған жоқ. Ал тиісті орындар сол қылмыстың себебіне үңілудің орнына жоспарды орындағанына мәз. Қысқасы біреу тойып, біреу тоңып секіріп жүр. Дипломды көк тиын құрлы көрмей, сатып алатын «сауатты» студенттердің шыға бастағаны да шындық. Мұны жүйеліліктің жоқ тығынан, білімнің таяздығынан, тәртіптің назардан тыс қалғанынан десек орынды болар. Бұл ретте қазақтың ендігі жауы ашаршылық емес, надандық дер едік. Осы орайда бірер ұсынысты айта кету жөн. Нарық тұсындағы білім көкжиегін кеңейтетін ұрымтал тәсілдің бірі де бірегейі – жақсы жағдайдағы бәсеке. Мектеп пен мектеп, университет пен университет, кафедра мен кафедра, тағы басқалардың араларында білім, тәрбие, имандылық бәсеке жүруі аса қажет. Осы арқылы білімділер бір-бірімен бәсекеге түсіп, ешкімге бағынбайтын өз қаржысы бар қуатты білім шаңырағына уығын қадап, керегесін керуі тиіс. Әрине, оның ауылы бізден әлі алшақ. Өйткені күрделілігінен күрмеуі қиын нарық жайлы 70 жыл бойы бұғауда болған сана жете түсініп, жете түйсіне қоюы мүмкін бе? Өркениеттіліктің кепілі – сауатты кадр даярлау. Ол үшін әрине студент жайын ертеңге соза бермей, бүгін ойлауға тиіспіз. Бұл ретте ең алдымен тіл ұшына оралатыны студенттің стипендиясы. Оның бар өмірінің мәні мен мағынасын да айқындайтын стипендия. Бұл мәселені соңғы сессияда депутаттар қараған болды. Кәсіпқой парламентіміз ел ертеңіне елеңдеген кісілік келбет танытқан. Рахмет! Стипендияны үш есе көтеру жөнінде шешім қабылданғанымен, жүзеге асуына қаржының көзі табылмай отырғаны және шындық. Мемлекеттің білім мен ғылымға бөліп отырған қаржысы әлгінде баян етілгендей. Онымен алысқа бармасымыз да анық. Сондықтан студенттерді әлеуметтік жағынан қорғайтын республикалық қор құру кажет секілді. Оған кәсіпкерлер мен бизнесмендер белгілі мөлшерде шама-шарқынша қаржы беріп отырса, оңды іс осы болар еді. Студент қашанда ізденгіш халық. Аяғынан тік тұрып кетсе, әрі қарай көзін тауып тірлік жасауға болар еді. Жас тәуелсіз еліміздің ертеңі – студент жастардың жағдайын бүгіннен ойламаған ел азаматтарының, үкіметтің опық жер кезі әлі алда деп білеміз. 1994 жыл
Мамандыққа сұраныс – науқаншылдық Қай тұрғыдан қарасақ та, таңдау уақыты туғанын шын мәнінде сезіне бастаған сындымыз. Өмірге бұрнағы қазақы самарқаулықпен қарау мүмкін емес. Тасада қала беретін қарапайым мысалдарды былай қойғанда, мемлекеттік деңгейдегі шенеуніктердің тұрақтай бермеуі уақыт тудырған талапқа төтеп бере алмаушылықтай аңғарылады. Енді сөзімізді салмақтай түсу үшін, мына жайтқа назар салайық. Қайткенде де пенденің ең бірінші ойы – бақытты өмір сүру. Мейлінше молырақ табыс тауып, жақсы тіршілік кешу. Өрке ниетті елдердің өрендері оған қол жеткізу үшін мықты мектепке, білімді күшті беретін жоғары оқу орнына түсуге тырысады. Ең соңында жалақысы өте жоғары жұмыс орны кәсіби жағынан керемет шыңдалғанын ғана күтіп тұрады. Бұл деген бәсеке. Нарықтың жазылмаған заңы. Мықты маман қай қоғамға да ауадай қажет. Кеше де солай болса, бүгін тіптен оның жөні бөлек. Бірақ, ат төбеліндей айырмашылықты айтпау айып. Социализм кезінде мейлі шебер маман бол, мейлі өнімді он есе өндіріп істе бәріне берілетіні бір жалақы еді. Дәл бүгін бәрі басқаша. «Әр патшаның тұсында бір сұрқылтай» демекші, еңбегіңе қарай өнбегі. Сосын кейінгі мәселе – мамандықты таңдауыңда. Бұдан шығатын алға тартылған сауал: Мамандықтың бәрі бірдей ме? Ақиқат салыстыру арқылы туады. Күні кеше мамандықтың жақсы, жаманы болған жоқ. Керісінше, қай салада да нашар мамандар бар еді. Бұл социализм жарықтықтың алғышарты іспетті. Сөйтсе де, сол кездері қазақтың әлеуметтік сұранысы бар мамандықтар саны санаулы-ақ екенін көріп өспедік пе? Ең бірінші заңгер атанып, сот болуға деген ықылас күшті еді. Одан қалса мал дәрігері, мұғалім, агроном мамандықтары бізге ыстық көрінетін. Көбіне-көп осы төңіректі шиырлап жүргеніміз белгілі. Бұл басқа салаларды қазақтар қаужай алмады деген сөз емес. Қазірге дейін қарапайым шопаннан ғарышкерге дейінгі мамандықтарды игерген қандастарымыз өзге жұрттан қалысып та тұрған жоқ. Айталық, тек математикалық модельдеу саласында бұрынғы одақта он ғылым докторы болса, соның төртеуі қазақ екен. Енді мына қызықты қараңыз. Ұлы Абайдың өз кіндігінен тараған бесінші ұрпағы Даниярдың (1971 жылы туған) мамандығы океанолог көрінеді. Яғни, қазақтан тұңғыш аталмыш мамандыққа түрен салушы. Мұндай мысалдарды келтіре берсе жеткілікті. Әрине, жоғарыдағыдай мұқтаж емес мамандықтарда қазақтардың
бірен-саран кездесетіні түсінікті. Бұл бізде неше түрлі фанаттардың уақыттың сонша қиындығына қарамай өз мүдделерін мүмкіндігінше пайдалануға тырысатындығының көрінісі болу керек. Әйтпесе, әлгі ғалымдар о баста таңдап алған ғылымында әлі күнге дейін жүрер ме еді, ал Абайдың неменесі Данияр бірінші рет жолы болмаса да екінші рет қайта барып, сонау Санкт-Петербургтен «сандалып» оқу іздемес еді ғой. Көңілге тоқ санайтының, бізде мұқтаж емес мамандықтарға да заманның ауыртпалығын місе тұтпастан тілек білдірушілер легі жеткілікті көрінеді. Сонымен, заман басқа, заң басқа. Бұрнағы талғамға талас туғаны рас. Әр мамандыққа деген сұраныс та бөлек. Мамандықтың бәрі бірдей болғанымен оларға деген көзқарас өзгеше. Мәліметтерге қарасақ, заңгер, медик, экономист және халықаралық қатынастар мамандықтарына талап білдірушілер алдыңғы кезекте. Яғни, бізде уақыт ығына қарай қалыптасу белгісі байқалады. Бұл ретте экономика мен бизнес, сондай-ақ, халықаралық қатынастардың тілін білген жерде қалмайтынын жаппай құнттаушылықтың әсері күшті екенін айтуымыз керек. Бұл мамандықтарға бір орынға 4-5 адамнан көп келетінін Білім министрлігінің мәліметі әйгілейді. Осы фактілерге қарап-ақ, қандай мамандықтардың бағасы артып тұрғанын байқауға болар. Бір ақиқат анық. Ол баяғы «сот болуға» деген сұраныстың бүгінде өз биігінде қалып қойғандығы. Қалғаны уақыт талабынан туындап жатқандай. Қай кезде де біздің қазақта «сот болуға» деген сұраныс неге жоғары? Осыған сәл шегініс жасап көрелікші. «Біздіңше, мемлекеттік биліктің болашағы сот билігін өз дәрежесінде ұстауда. Дәстүрлі қазақы қоғамда сот билігі хан билігінен жоғары тұрған. Ең әмбебап, ең биік сот билігі болған. Сот билігі қазақы рухтың көрінісі еді. Бұдан туындайтыны заң билігінің өзі сот билігінің туындысы. Әрі қарыштап өсуі, жапырақ жаюы, қазақы азат рухани өмірдің көрінісі, белгісі, іске асар туындысы – сот билігі ғана өміршең еді және солай болып қалды да», – дейді заңгерлер. Біздің ойымызша, әлгі сұрақтың бір ұшығы, осы жолдарға келіп саятындай ма, қалай? Екінші ұшығы «сот болсаң, сорлы болмайсың» деген пендешілік пайымға құрылғандай сыңайлы. Бұрнағы болсын-болмасын баласын «әйтеуір бір жөнін қарас тырармыз, әйтпесе, келесі жылы сәті түсер, тым келіспесе бағын сынап көрсін» деп келетін ата-ананы қазір байқау қиын. Өйткені, шын мәніндегі таңдау сол – Нарық: қалғысаң қамық, қаласаң қарық! Аталмыш аксиоманы айналып өте алмайтындығын анық аңғарған қауым қалайда он
ойланып, бір шешімге келуге тырысқан-ды. Жоғары оқу орындарына тапсырушылардың саны күрт төмен түскен. Бұл деген бір орынға шамамен 1,5 адамнан келді деген сөз. Салыстармалы түрде қарағанда, өте төмен көрсеткіш. Бұдан кейін оқуға деген ынта-ықылас жөнінде сөз қозғап көріңіз. Нарықтың заңы сол – бәсеке, деп жатырмыз. Біздің білім жолындағы бәсекеміздің түрі жоғарыдағыдай болғанда, оның болашағы бұлдыр. Қалай десек те, бұдан нарық салған таңбаның ізін байқау қиын емес. Енді Алматы мектептерінің түлектері арасында мамандық таң дауға байланысты жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәти желеріне көз жіберелік. «Болашақтағы жоспарыңызды анықтап, нақты бір мамандықты таңдадыңыз ба?» деген сауалға 85 проценті «иә» деп жауап беріпті. Бұған да шүкіршілік. Өйткені, келешек бағыт-бағдарсыз ауа жаюшылыққа (абсурдқа) ең бірінші ұрынатын осы мектеп бітірушілер. Сұранысы жоғары мамандықтар жоғарыда айтып кеткеніміздей: заңгерлер, экономистер екен. Бұл жайт түсінікті. Ал, «Мамандық таңдауыңызға қандай фактілер әсер етті?» деген сауалдың жауаптары қайран қалдырады. Жартысына жуық өрендердің таңдауына ата-аналары ықпал жасапты. 23 проценті болашақ мамандығының атағы мен ақшасы қызықтырғанын алға тартады. Бұдан мектеп бітірушілердің көпшілігінің өз таңдауы жоқ, өздеріне сенімсіз екенін байқауға болады. Бұл қалалық «қарулы» деген жас өскін пікірі. Далалық қара домалақтардың бәсі одан төмендеу тұрғанын ескерсек, келешекке деген келеңсіздеу түйткіл көкейге кептеледі. Мұндай пікірге «Таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма? Оны қалай елестетесіз?» деген сұрақ та жетелейді. Оған жауап берген 47 проценті орташа жобаласа, 33 проценті тек нөлдің төңірегінде. Аталмыш көрсеткіштерден түлектердің 80 проценті болашағына бүгіннен сенімсіздеу қарайтыны көзге ұрып тұр. Әрине, көңілге күдік ұялататын-ақ үлкен цифр. Жауаптардың ішіндегі қарын аштыратыны да, қапы қалдыратыны да осы. «Мамандығыңызға орай қандай оқу орнына баруды жөн деп шештіңіз?» деген сауалға 35 проценті қай оқу орнына баратынын әлі шешпесе, 14 проценті бірден жұмысқа араласуды жөн деп тауыпты. Яғни, сұралғандардың тең жартысы айтарлықтай қуантарлық қадамға бара алмағаны анық. Әрине, бәрінің білімін жетілдіруі үшін оқуға түсуі міндетті де емес. Бірақ, «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақалды, әсіресе, мына нарық заманында ескерген жөн секілді. «Қай мамандықтарға сұраныс күшті деп ойлайсың?» деген жалпы
сұрауға әдеттегідей заңгерлік пен экономистік мамандықты алға тартыпты. Соңғы жылдардағы мамандық таңдаудағы қалыптаса бастаған негізгі ақпар-ауан осындай. Бүгінгі мамандыққа қатысты әңгіме қозғаған соң, біздің шет елдердегі, әсіресе, «Болашақ» бағдарламасы сияқты нарықтық менталитеттегі кешенді оқу жүйесі жөнінде бір ауыз сөз айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, ертеңгі бар үміт соларда екенін көріп отырмыз. Сөйте тұрып, «Болашақ» бағдарламасына қатысты дау-шар әлі де көптің көкейінде сайрап тұр. Осы ретте мына бір мысалды алға тарталық. Қандай да тығырықта қалып қойған ел одан шығу үшін ең алдымен мықты деген шет ел білім ордаларына өрендерін оқытып, көшін түзеп алып, дамыған мемлекетке айналғаны белгілі. Соның бірі – Жапония. Кезінде жүз өрімі оқуға аттанып, оның екеуі оқи алмай жапон жұртын жерге қарататындай жағдайға келгенде намыстан өздеріне қол жұмсап, өліп кеткен көрінеді. Қалған 98-і қайтып келіп, Жапонияның ғарыштап дамуына бірден-бір сеп болған. Мұндай ұлтжанды жауапкершілікті бізден байқай қою қиынның қиынындай әсер қалдырады. Бір ғана фактіге назар салыңыз. «Болашақ» бағдарламасымен барған алғашқы стипендияттардың 21-і оқуын ысырып қойып, сол шет елдерде қалып қойған. Яғни, бұл істегі мемлекеттік деңгейдегі былық-шылықтың беташары іспеттес. Басқасын былай қойғанда, ілгеріректегі балалары ұятқа қалдырған шенеуніктер мен халық зиялылары (газетке тізімдері шықса да) әлгі жапондарша намыстанбай-ақ, халықтан кешірім де сұрамай-ақ, жер басып жүргені «көрмегенің көп әліні» еске түсіретіндей. Бұл үшін ешкім қылмысты еместей әсер қалдырды. Бар кінә – оқи алмаған балаларда. Ол балалардың қылы қисаймай, қайсібірі сол шет елінде қалып қойса, қайсібірі «кезекті командировкадан» оралған-ды. Тандау уақыты келешек алдында тізерлемеуді талап етеді. Қайбір фактілерге қарасақ, қазірше біздегі мамандыққа деген сұраныс заман ағымымен артуда, яғни – науқаншылдық. 1995 жыл. «ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, БІРАҚ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ЕМЕС!» Көңіл шіркін мына өмірде бір тоймайды. Кейде тойымсыз қуыс кеуде жан жаратқан тәңіріне разы. Пендеміз ғой деп, бір кінәні көкірек кере, жуып-шаю санаға еніп, семіп қалған секілді. Қазіргі заман сарынымен адамдар да сан құбылып қу қарынның құлы бо-
лып бара ма, қалай? «Қатардан қалмай күн көрсем болды» деген ойдың жетегіне жармасып жүре беру қарақан басымыздың өзімшіл қалпымыздағы қанымызға сіңіп барады-ау, сірә. Әсіресе бүгінгі мына төрткүл дүниенің ұшпаққа ұшып, кең дүниенің көзден бұлбұл болып ғайыпқа сайған сиқында тіршіліктің тіптен шым-шытырыққа айналғаны аян. Айналаға қырағы көз салсаңыз, бәріне анық-қанық боласыз. Алысқа ат арытпай-ақ өзіміздің бір миллионнан аса халқы бар астанамыздағы аумағы ат шаптырым көшелерінен ол жайттарға көз жеткізу қиын емес. Бірде жол түсіп барған «Жібек жолының» бойындағы Мәскеудің Арбаты секілді көшеден түйген ойлар тым жабырқау жайға қалдырды. Қазанның салқын самал желі ескен жайдары күні болған бұл көріністер адамды екіұдай пікірге шақыратындай. Көшедегі киіз үйлер тігілген, маңайы тобыр митингісіне тоқталамыз. Киіз үй маңдайшасындағы «Оян, қазақ!» деп басталған басқа да жазулар бейресми партиялардың мүдделерін білдіреді екен. Ал митингінің мәнісі армиядан қорлық көріп қашқан қазақ жастарын қолдап егеменді республикамыздың ұлттық жасағын тездетіп құру жайында болатын. Бір уақтарда жасыл жалауды биікке көтере бұлғақтатқан адам соңынан қалың тобыр талаптарын басшыларға білдіруге ұмтылды. Бұрындары бұндай ортада болмағаннан ба, шым-шымдап кірген есер уыты тұла бойымызды шымырлатқан сезіммен жаулап алғаны жасырын емес. Сонымен одан әрі жер асты жолымен жылжығанда манағы сезім су сепкендей басылды. Тағы да әлгіндей үймелескен нөпірдің бірнешеуін кездестірдік. Енді не деген бітпейтін жиылыстар екеніне қайран қалып, жақындай берсеңіз болды, үш картаны олай да, бұлай да ойқастатып, сапырылыстырып жатқан ширақ қазақ жігіттерін көресіз. Ерні еріндеріне жұқпай орысша сөйлегендері де адамды есінен жаңылыстырғандай. Ал, жиналған жұрттың көзі сынапша сусылдаған үш картада. Талайы таба алмай сан соғып, далаға кеткен ақшасына іші удай ашыса, біразы олжалы болғанына қатты риза күйде. Өзекті өртер өкінішті көріністен гөрі мына бір эпизод есте жатталып, сақталып қалатындай. Кезекті ойында орасан олжаға ие болған еңгезердей орыс жігітіне ұтылған қазекем: «Поздравляю, но не от души!» дедіау қинала. Иә, ұялатының сол, ылғи картаны ойнап отырған қазақ жігіттеріне қарның ашады. Киген киімдері де кілең шетелдік. Әрине, ол осындай жеңіл табыстың арқасында келген дүние екеніне күмән жоқ. Алдыңғыдай халықтығымызды қорғап, ел болып етек жапқалы жатқанда шын жүректен жүре алмайтын ұл-қыздарымыз аяққа тұсау болып келеді. Қордаланып, қожырап жатқан қоғамымызға
да қолбайлау болып жүрген осындай жігерсіз жастарымыз екені белгілі. Дүниенің даңғыл жолына түсіп, даңғазалықпен күн өткізу көпшіліктің кеудесіне соқырлықтың ұрығын егуде. Оны осы ортамыздың ащы шындығы айқара ашып, дәлелдеп те отыр. Дей тұрсақ та адам тек күнімдік қызығы мен азығы үшін өмір сүрсе, оның айуаннан айырмашылығы қанша. Тоғышарлық психо логияның торына қамалған сана қоғамнан тыс өмір сүруге мәжбүр. Бұл рухани қазына құлазыған ортаның бүкілдей бір трагедиясы. Әрине, ондай адамда ұлттық ұждан, халықтық қасиет болмайтыны мәлім. Дегенмен шын жүректен өмір сүрмеуден сақтасын. Сенсең де, сенбесең де осы Досым жұмыс жасайтын мекеменің алдынан шомбалдай темір бөлігін көріп, «бұл әлгі протонның бір бөлшегі емес пе?» деген сумаң ой сап ете қалғаны. Құрғырдың өзі де көк кемесінің қайбір құрылғысынан аумайды екен де! Тәйірі, Байқоңыр қайда, біз қайда! Көңілге жұбанышы – осы. Дегенмен, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар». Сол жолы теледидардан ауласына протон бөлшегі құлаған шырпыр келіншек пен салмақты әскери сарапшының пікір таласын көріп қалдық. «Бір емес, екі емес... Мынау масқара ғой. Үнсіз қыру деген осы емес пе?» дейді келіншек. Көк көз сарапшы: «Бұл түк те емес...» деп басу айтады. Ақыры көнбеген соң «Ну ладно, что вы хотите» деп салды әлгі. Сонымен сюжет шорт үзілді. Ал көңілде бір алаң қалып қойды. Расында осы: «Что мы хотим?». Енді қайтеміз, ұшыра берсін. Жалға төлемді жағдай келгенде көре жатар. Бәрібір оны әкім-қарамыз даулай алмайды. Тек төбеден темір-терсек жауғызумен әуестенбесе жарар. «Больше ничего не хотим!» Тағы да сол жолы еліміз аэроғарыш агенттігінің бастығы: «О бастағы келісім-шартта ракетаның сынып құлауы, қоршаған ортаға залалы және оның шығыны турасында бір ауыз сөз болмаған. Енді даярладық. Қол қою ғана қалды» – дейді. Қол қою? Бұдан кейін әкім-қараңызға қалай сенесіз. Басқа-басқа мемлекет тағдырына қатысты істегі жауапсыздыкқа да жанымыз үйреніп бара ма, қалай? Р.S. Әйтеуір, абырой болғанда улы зат ауамызды ластамай аспанда жанып кетіпті. Бұған енді нансақ та, нанбасақ та әкім-қарамыз сендіріп бағып, солай деп шешті. 1999 жыл.
Көшкен күннің бояуы * * * «Тұрыңыз граф, сізді ұлы істер күтіп тұр» (Сен-Симон). Француздың бұл утопист философы қалай әдемі айта білген? Кезінде ол өзінің қызметшілеріне осылай оятуын өтініпті. Біз қанша оян, ойлан десек те, марғаулықтың мұрты бұзылар емес, мүмкін әрқайсымыздың жанымызда: «Тұрыңыз, тұрыңыз, «басеке», сізді ұлы істер күтіп тұр» деп, қылқылдап тұратын бір «беймаза» керек шығар. * * * «Күн көкжиекке батып барады. Мен әлі жүріп келем, алға кетіп барам. Мен жау тас-талқан болып жеңілгенше ілгері қарай аяңдай беруге тиістімін» – деді, шығыс ұлы Баубек Бұлқышев. Егер, біз осы ойды санаға салып сараптасақ, қалай болар екен? * * * Әзірше, жігерді жоғалта қойған жоқпыз. Құдайға шүкір, тәу бамызға түсіріп отырған сол жігер жібінің үзілмегенінде, жібектігін сақтағандығында болар. Бірде марқұм Сәбетқазы Ақатаев ағамыз таусыла былай деді: – Біз неге қу тақыр кедейміз? Өйткені, біздің басымыз бірікпейді. Өмірде құл жиылып жеңіске жетпеген екен. Оның себебі – құл жеке өзіне ғана денсаулық, артықшылық тілейді. Біздің де қазіргі сиқымыз осындай. Сөз ауыр, әрине, бірақ мен мұны қазақ түсінеді ғой деп айтып отырмын. * * * Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Тетігін тап та бар қалан... Кейде әрбір ойлай алатын қазақ жасы: «Осы Абайдың айтқан дарының үдесінен шығып жүрмін бе?» деген сауалды өзіне қоюға тиіс көрінеді.
* * *
Бірде үлкен жазушының: «Біз қазақтар, жалқау халықпыз. Ал,
соның ішіндегі ең ірі жалқауы мен болармын» – деген сөзі сүйектен
өтіп, беттен шымшып алғаны бар. Құр шымшып қойған жоқ,
қызартып, бозартып, талай таяз ойдың жауы болып алды. Бәрінен
бұрын мына ой маза берер емес: «Ол кісінің жанында біз қандай
жалқау болдық екен?»
* * *
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұзын ой қысқарады,
үлкен дене кішірейеді, адам ақыры өледі. Ол табиғат заңы. Адам
өлгенмен оның еңбегі өлмейді, ерлігі өлмейді, ол атқарған ұлы
іс өлмейді. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген
құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады.
Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жасар азаматтар ерекше
ерлік көрсетті. Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған
әрқашан әзір болу керек», – деген жастықтың жалынын жанитын
салиқалы сөз қалдырды. Әр уақыттың әлемі бөлек, әуені басқа, өз
өрнегі, бедері бар дерміз, бұл кезекте.
Олай болса, біз қазір не бітіріп жүрміз?
* * *
Нарық: «Қалғысаң қамық, қаласаң қарық» – дейді. Заң қатал. Адам
да амал жоқ көрпесіне қарай көсіле түсуде. Қашанғы «қорылдай»
берсін, емешегі үзілмесе де, өзіне деп ойлана, ояна бастады.
* * *
Шыңғыс Айтматов ағамыз ертемен тұрып, таң шапағын енді
шаша түскенге дейін қызықтай қарап, кенет «асығу керек, асығу»
деп үйіне қарай шапшаң қимылдай беретін көрінеді. Қандай ғажап,
ғибрат алатын көрініс! Қайда асығады екен ақыл-ойдың алыбы?!
* * *
Уақыт сынапша сырғып, заман ауаны заулап көп нәрсені көңілден
де, өмірден де өшіріп келеді. Мәңгілік межесі ғана мәнін жоймай,
ғасыр қойнауында қалып жатыр.
«Келелі іс атқаруға бола ма?» дейді санадағы бір сауал. Болады.
Асау өмір ағысына қарай құлаш ұрған зымыран уақыттың жалыны-
на жармаса алсақ, шіркін!
* * * Высоцкий, Цой, Есенин, Мұратбаев... Мұратбаев, Есенин, Цой, Высоцкий... Гүлдер, гүлдер, солған гүлдер, қураған гүлдер. Москва. Қызыл алаң. Пайғамбарлар... Абзал жандар арасында, әз ағам бар. Шетсіз, шексіз қабірлер. Тас тақталар. Қапысыз, қамсыз мүсіндер. Жымиыс жоқ. Жылылық та. Қатқан солғын сұлбалар. ...Сонау шынжырлы бейіт басынан қол бұлғағандай біреу тұр. Жақындай бере жанарымыз түйісіп кетіп, төменшіктегеніміз де рас. Сәлден соң мылқау мүсінге тіл бітіп: «Көтер, басыңды. Келіп тұрсаңдаршы?!...» дегендей өңіне от жүгіретін-ді. Біз оның мәрттігіне мәзбіз. «Иә, иә...» – деп қыстыға әзер сөз қатып, тас тақтаға айнала қалатындай, қорқатынбыз да. Сосын шегіншектеп барып: «Келіп тұрамыз. Әлі-ақ келеміз» дегендей ымымыз бен жымымызды жұптастырып, алыстай береміз. «...Мен сонда да өлмес рухыңа бас иіп барамын. Ғани! Көз ілестірместен шығыс жұлдызы адамзат аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып түсті. Бір-ақ рет қана. Ол сен ғанасың. Соныңмен данасың, дарасың. Мұнымен менің тағзымым тәмам емес. Сірә да толастамас. Келер ұрпақ, кемел тарихты тәубасына түсіріп отыратын сенің, сендердің рухтарың!» Мұратбаев, Есенин, Цой, Высоцкий... Гүлдер, гүлдер, солған гүлдер, қураған гүлдер. Москва. Жаңа алаң. Пайғамбарлар... Абзал жандар арасында, әз ағам бар. * * * Неменеге жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп әнекей жағада тұр. Мұқаңның бұл шумағының сана сақайтар шуақ сезімі өз алдына, жаныңды жегідей жеп, маза бермейтін ойдың орны бөлек-ақ. Бұдан шығатыны, «Көкжиекте күн өліп бара жатыр» тіркесіне барып саятындай көрінеді бар әлем, бәр әуен. Әрине, бекерден-бекер Станиславский былай демесе керек: «Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін – текке кеткен және енді қайтып келмейтін күн деп есептеңіз». Көкжиекте күн өліп бара жатыр... Көкжиекте күн өліп бара жатыр...
* * * «Ұят, намыс, қалды ма ар?» Кезінде хакім Абай сұрақты дәл осылай қабырғасынан қойып, жауабын ғұмыр бойы іздеумен өткен секілді. Тапты ма, таппады ма, ол жағы беймәлім. Белгілісі – аталған сауалдың әлі күнге маңызының жойылмағандығы. Философия ғылымында жауабынан гөрі сұрағының маңызды мәнге ие болып келетіні бар. Ендеше, бұл – мәңгілік сауал, еншісі ертеңнің де үлесінде. * * * Бір ақиқат айқын. Ол бүгінгі қоғам көз-құрты – ұят, намыс, ар! Осылардың тапшылығы – өтірікшінің тасын өрге домалатты, ақиқатты күресінге атып ұрды. Бұл қоғамның сыртқы экспансияға қарсы тұрар илеуі жұмсақ, иіні қатты ішкі иммунитетінің әлсіреуіне алып келген. Өйткені, әлгі бәрінің жиынтық аты – Ар, қоғам қауіпсіздігінің инстинкті іспетті. Егер ол жоғалса қоғам да құрдымда! * * * Қадап айтарлығы, жалпылама жалаң сөзден іргені аулақ салып, нақты факті төңірегінде шымыр шиырлау көңіл қуантады. Әйтпесе, бәріміз адрессіз уағыз соғушы болып алған сындымыз. Қазір қарша боратып ата беретін пулеметті емес, тек ондыққа тигізіп отыратын снайперді халық қабыл алып жатқаны аян. Көтеріліп жатқан мәселелерге, әрине, көңіл толады. Бірақ, мәсе лені қалай көтеріп жатқандығына келсек, әңгіме басқа. Халықтың көкейіндегісін тап басумен газет жұмысы шектелмесе керек. * * * Батыс социологтарының пайымдауынша, қандай мемлекетті болсын төбесінен басқарып, ішкі тәртіп ережесін реттеп отыратын ядро ең негізгі ықпалды күш. Бізде сол қазіргі жағдайда халықтың да, әлгі енді қалыптасып жатқан ядроның да бірдей көңілін табу мүмкін болмай отыр. Осындай үйлесімсіздікке үн қосуға БАҚ-тардың батыл баруы құптарлық. Сірә, жоғарыда айтып кеткен тек ондыққа тигізіп отыратын снайперлік санаттан ұдайы көрініп отыру керек шығар.
* * * Таңқаларлығы, кейбір басылымдарымызда өзі де бұйығылыққа бет бұра бастаған қоғамдық ойды оятып алмауға тырысқандай тымтырыс тіршілік байқалады. Тек қорғана беретін боксшы еш уақытта жеңе алмайды. Ендеше, жеңіске деген жігері жоқ боксшының барынан жоғы емес пе? Қазір әр нәрсенің басын бір шалып, қаузап қана қоятын уақыт емес. Оңып жатқан ештеңе жоқ. Бүгінде қолдан келгенше, өршіл оптимистікке бой ұрып, нар тәуекелге бет алмаса бәрі бекер ме, дейсің. Ендігі кезде кешегі инерциямен қанша қимылдағанмен халық оған иілмек түгіл именбейтін де сыңайлы. * * * Дәл бүгінгі өз ортамызда кісі қызыға қоярлық дүниені байқау қиын. Бұрқ етіп бой көтерген кейбір жаңалықтың астарына үңіле қалсаң, болашағы бұлдырлау бірдеңе болып шығады. Сонда, әлемді аузына қаратып, талайды тамсандыра мойындатқан мемлекеттерге қызығасың. Біздің көшеде қашан той болады екен дейсің де. Кейбір басылымға сенсек, той болып та жатыр. * * * Дәл бүгін бізге сабақ боларлық құбылысты жасай алған адамға еліктесек керек. Бағымызға қарай, ондай адам бар. Ол – «Казахская правда» газетінің құрылтайшы-редакторы, академик Алдан Айымбетов. Қазақ бұл кісінің қадірін әлі біле қойған жоқ. Керісінше, одан қазақтың қас жаулары қаймыға бастады. Пайғамбар жасынан асып, қанша шау тарта бастағанына да қарамай, бүкіл бір редакция ұжымы істейтін шаруаны, маңыздысы – қазақ айта алмай отырған сөзді жалғыз өзі жанкештілікпен жүзеге асыруы, шынында, асқан ерлік емес пе? Біз еліктейтін қазақтың арда мінезі мен апайтөс намысы арамызда айналшықтап шарқ ұрып жүр. * * * Космополиттік көзқарастағылар болашақта ұлт болмайды деседі. Олардың ойынша, барлық ұлт бір этносқа айналады-мыс. Енді мұның аса ұшқары пікір екеніне күні бүгінгі қанқұйлы оқиғалар дәлел. Бүкіл әлемді аузына қаратқан Шешенстандағы қантөгістің өзі аталмыш пікірдің ақиқаттан алшақ екенін әйгілемей ме? Оның
үстіне, он тоғызыншы ғасырдың жуан ортасындағы шешендердің көсемі Шәміл Ресей әскерімен шайқасының мәнін «Адамның емес, тек Алланың ғана құлы болу үшін соғысып жүрміз» деп түсіндіруі көп жайтқа көзді ашса керек. Бұл пікір әлі күнге дейін көкейге шемен болып кептеліп тұрып қалғанына қазіргі кездегі Шешенстандағы ахуал айғақ. * * * Досым жұмыс жасайтын мекеменің алдынан шомбалдай темір бөлігін көріп, «бұл әлгі протонның бір бөлшегі емес пе?» деген сумаң ой сап ете қалғаны. Құрғырдың өзі де көк кемесінің қайбір құрылғысынан аумайды екен де! Тәйірі, Байқоңыр қайда, біз қайда! Көңілге жұбанышы – осы. Дегенмен, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар». Сол жолы теледидардан ауласына протон бөлшегі құлаған шырпыр келіншек пен салмақты әскери сарапшының пікір таласын көріп қалдық. «Бір емес, екі емес... Мынау масқара ғой. Үнсіз қыру деген осы емес пе?» дейді келіншек. Көк көз сарапшы: «Бұл түк те емес...» деп басу айтады. Ақыры көнбеген соң «Ну ладно, что вы хотите» деп салды әлгі. Сонымен сюжет шорт үзілді. Ал көңілде бір алаң қалып қойды. Расында осы: «Что мы хотим?». Енді қайтеміз, ұшыра берсін. Жалға төлемді жағдай келгенде көре жатар. Бәрібір оны әкім-қарамыз даулай алмайды. Тек төбеден теміртерсек жауғызумен әуестенбесе жарар. «Больше ничего не хотим!» Тағы да сол жолы еліміз аэроғарыш агенттігінің бастығы: «О бастағы келісім-шартта ракетаның сынып құлауы, қоршаған ортаға залалы және оның шығыны турасында бір ауыз сөз болмаған. Енді даярладық. Қол қою ғана қалды» – дейді. Қол қою? Бұдан кейін әкім-қараңызға қалай сенесіз. Басқа-басқа мемлекет тағдырына қатысты істегі жауапсыздыкқа да жанымыз үйреніп бара ма, қалай? Р.S. Әйтеуір, абырой болғанда улы зат ауамызды ластамай аспанда жанып кетіпті. Бұған енді нансақ та, нанбасақ та әкім-қарамыз сендіріп бағып, солай деп шешті. * * * POSTSCRІPTUM. 200... жыл Алматы қаласы. М.Горький атын дағы мәдениет және демалыс паркі. Серуендеп шыққан Секең ғайыптан тайып, қайықтан құлап кетеді.
О, тоба! Жалғанның жазмышына не шара? Бір айналдырғанды, шыр айналдырған. Жазғаның жүзе алмайтын бейбақ болып шықты. Оның үстіне, үрей иектеп, тәнін діріл билеген. Жанталас. Екі қолда дамыл жоқ, құлаштап су сабалап, демі бітіп, дегбірі қашты. Ақыры болмады. Жаны алқымына келіп, айқай салған: – Құтқарыңдар! Құтқарыңдар! Сол мезетте жаға бойлап жайбарақат кетіп бара жатқан қазақ жігітін көріп қалып, қуанғанынан жан дәрмен тіл қатады. – Бауырым, құтқар, құтқара гөр! Әлгі сәл кідіріп, ажалмен арпалысқан жанды барлай ойлана жауап беріпті: – Шырағым, мен де, сен де қазақ екенбіз. Қазір сені құтқарып алсам, былайғы жұрт: «Қазақты қазақ құтқарып жатыр» дейді. Сондықтан, болмайды. Қош бол, бауырым! – деп жөнімен кете беріпті. Туралап келген ажал алмай қойсын ба? Қазаққа керегі жоқ ба уыр, басқа кімге керек? 1993-2002 жыл.
ІІІ бөлім
Әңгімелер
«Әңгімелер» атты үшінші бөлім публицист-қаламгер, ғалым-
зерттеуші Болатбек Төлепбергенді жазушылық қырынан таны-
та түседі. Бұл бөлімде автордың әр жылдары жазған, ешқандай
кітаптарға, жинақтарға енбеген прозалық шығармалары, яғни
әңгімелері енгізілген.
Бұл бөлімдегі кейіпкерлерін де жанындай жақсы көріп,
әсем табиғатты әсерлі етіп суреттеген, ұлтжандылық пен
елжандылықты елжірей отырып насихаттаған. Жүрегі халқым
деп соққан қарлығаш көңіл қаламгер қасиетті дәстүрлерімізді
жаңғырта, нәрлендіре түскен.
Қырсық Көше ортасын көлденеңінен кесіп өткен жургіншілер ішінен біреу кейіндеу қалып қойды. Жүйіткіген автомобильдер екпіндей тақап қалған. Оны әлгі адам аңғармады ма, әлі сол мысықтабан жүрісінде. Қария екен. Бір қолында сүйенген таяғы, екініші қолында кітап. Белі бүкшиген, жүрісі ауыр. Жеңіл автомобильдің тежегішті басып үлгермегені аңғарылды. Тосын соққыдан бірнеше аунап түскен қария қимылсыз. Алдыңғы шынысы шытынап, тұмсық тұсы мыжырайған сүліктей кара «ДЖИП» автомобилі қайта алға ұмтылып, бүйірімен бүк түскен бейшараны айналып өте берді. Мұны қас-қағым сәтте бағамдап үлгерген Нартас елдің алды боп жетіп барды. Өліп қалыпты. Түсі сұп-сұр. Түрінен қай ұлт өкілі екенін аңғару қиын. Бұрын көрген адамына ұқсатты. Аузы-мұрнынан аққан қан тоқтаусыз жайылып барады. Қан тиер-тимес ашық-шашық жатқан кітапты қолына ала қойды. Жұрт қаумалай бастапты. «Ешнерсесіне тимеңдер, бәлесіне қаласыңдар» деді біреуі. Нартас қолындағы кітапқа қарап сытылып шығып кетті. Марқұмды қайдан көргенін есіне түсірүге тырысты. Тапты. Үйінің қарсысындағы базар алдында отыратын. Қайыр сұрап емес, кітап сатып. «Ақыры өткізе алмай өліп тынды-ау» деп, қалың кітапқа тағы зер салды. Өзінің кітапты не үшін алғанын аңғармапты. Сүйікті орындығын сықырлатып біресе алға, біресе артқа ыр ғалып, теңселіп отыр. Балконнан әдеттегісінше төменге әлсін-әлсін көз тастап қояды. Бұрнағы көз құмарын қандыратын біз бақпас қалпынан айырылған. Тым самарқау. Кейде оқтай түзу сирақ пен аппақ санды жария қылу үшін етегі тізеден жоғары, денемен дене болып құйыла қалған лыпаны әншейін іле салған мәпе қыздарға ынтыға қараудың орнына қолындағы қышқылтым шарапты солай бағыттап шаша салғысы бар. Телефон шылдыр ете түсті. Шалқалай ырғалып қалып, терезе алдындағы телефонды алды. – Алло. – Нұртас, сәлем. Бұл мен ғой. – Қалай? – Жақсы. Балконда отырсың ба? – Иә. – Не жаңалық? – Еш. Бәрі жайлап. – Мамаң үйде ме? – Жоқ.
– Онда тіпті жақсы. Менде екі «көгершін» бар. Мүмкін саған ба-
рармыз, ә?
– Тым алыс қой. Тағы үркітіп, ұшырып алмайсың ба?
– О, не дегенің. Өткен жолғы тым тәкәппар немелер ғой. Бұлар
бір момын. Таксилетіп жетіп барамыз.
– Һмм...
– Алло, Нартас?!
– Иә, тындап тұрмын.
– Онда біз саған тарттық.
– Менің мазам болмай тұр. Кейін көрерміз, ә!
– Бір жерің ауырып қалған ба?
– Жоқ. Жәй әншейін.
– Жарайды. Өзің біл.
– Жақсы.
– Aha.
Телефонды қайта орнына қойды. Алға бар екпінін сала
орындықтан ыршып тұрды. Әкесінің жұмыс столына келіп жай
ғасты. Артында қалған мұрасы тым аз. Көзге көрнектісі – шаң
баса бастаған қолжазбалар. Бәрі түсініксіз тілде жазылған сияқ
ты. Кейбірін әзер шырамытып қана қояды. «Шоқындырылған
байғұстар тағдыры» дей ме, әйтеуір, бар сырын ішіне бүккен
жұмбақ дүниелер. Өзінің бөлмесіне өтті де кереуетке көсіле жата
кетті. Тысы әдемілене зерленген кітапты қолына алды. Өзі томаға-
тұйық, анау-мынау нәрсеге тоң-теріс Нартасты еліткен осы кітап
болды. Санасын самұрық құсындай шарықтатып жібермесе де бау-
рына басып баурайтындай.
Ақ белбеулі көкшілтім троллейбус аялдамадан алысырақ барып
тоқтады. Соңын ала ұмтылған жүргіншілер дүрліге жүгірген. Алғаш
келгендері есікке ентелей жабысып ішке енді. Троллейбус қайта
жолға түсіп, зымырай жөнелді. Иін тірескен адамдар арасынан ине
шаншар жер табылмастай еді, троллейбустың тербеле шайқалуынан
кейін салон іші босап қала берді. Осы сәтті пайдаланып салонның
ортаңғы жағына ойысты. Иығына асқан былғары сөмкесінен кітапты
суырып алып, беттерін ақтарыстыра бастады.
– Кітабың тым семіз екен, балам, – деді, кекесін күлкімен тұмсық
тұсындағы көнетоз шляпасын жымырайта киген кексе кісі.
Ол мән бермеген ыңғай танытты. Ал егде кісі елегзігендей қайта
қомданып қойып:
– Оныңда не айтады соншалық. Кәмінізім орнайды деп па? – деді
тағы.
Нартас кітабынан көзін алып, ойланып барып:
– Коммунизм әр адамның жеке басынан бастау алуға тиіс. Сосын орнап қалады дейді, ата, – деді. – И-и-и, онысы қалай екен. – Қалаайы солай. Адамның мүмкіндігі зор. Соны керек жерге жегіп, пайдалана алмай жүр екенбіз. Коммунизмге қол жетпегені содан көрінеді. – Апырмай-ә, сонда мен не істеуім керек? – Өз-өзіңізді жеңе білуіңіз керек. – Ә-ә-ә, атаңа налет фәшісті жеңгенде өзіме күшім келмеген бе? – Соғыс – тобырдың ісі. Онда жеңу не жеңілу – зандылық. Жеке адам өмірі – тағдырдың ісі. Ол – пенденің өзіне сын. Өйткені адам – ең күрделі физикалық тұлға, әрі Құдайдың ең сүйікті құлы. – Сонда немене, әркім жеке басын ғана күйттеу керек пе? Ойбайау, үкіметтің қойын кім бағады, зауыт-фабрикте кім жұмыс істемек? – Тіптен олай емес. Мына, кітапта ет жемесе де адам одан да тамаша өмір сүре алатынын айтады. Онда қып-қызыл қанды ағызып қажеті не? Хайуан да – тіршілік иесі. Сойылар алдындағы төрт аяғы тас түйін буылған бейшара малдың көзіндегі мұңды көрдіңіз бе? Аянышты ғой! – Апырай, мұндай да қазақ бар екен-ау, – деп қозғалақтап, жанжағына қоқилана қарады. – Мен ет жемей қалай өмір сүрмекпін. Ештеңкесі жоқ ата-бабаларымыз да ет жеп өткен. Сонда Алла тағала хайуанды не үшін жаратты! Адамға адал азық болу үшін жаратқан жоқ па. Етсіз астың демі және кірмейді. Кітабыңда жазылмақ түгілі ет жеуге болмайды деген заң шықса да оллахи-биллахи өле-өлгенше ет жеп өтерім хақ. – Ол – сіздің құзырыңыздағы іс. – Ей, өзің ет жемейсің бе сонда? – Жоқ. – Бәлі, қашаннан? – Алты ай болды. Ет жемей-ақ өзімді жақсы сезініп жүрмін. – Астапыралла! Естімеген елде көп деген осы. – Жә, жарайды! Ақсақал, сау тұрыңыз, – деп есікке қарай ығысты. Түсісімен шал отырған терезе маңына келіп, екі алақанын қосып ұстап тұмсық тұсына жақындатып, белін екі-үш мәрте бүгіп, жымия қарады. Мұны ерсі көріп, түкке түсінбей состиып қалған қария: «Ана қалың кітапты оқимын деп, миы ашып қалған ба байғұстың. Онысы несі» – деді ішінен күбірлеп. Жолай базарды тағы барлай өтті. Орыс кемпірі үлкен дүрбі сатып тұр екен. Көптен күткен дүниесіне қолы жеткендей жанына жетіп барды. Бағасын түсіртіп саудаласпай-ақ есеп айырысты.
Есікке жеделхат қыстырып кетіпті. «Шешең қайтыс болды. Тез жет!» Төрт бүктеді де төс қалтасына сүңгітіп жіберді. Ішке кіріп, есікті ақырын жапты. Жарықты жақпай төргі бөлмені бетке алды. Тыныштық әрі қараңғы. Терезе алдындағы орындыққа келіп отырды. Шешесі енді ешқашан маңдайынан иіскеп, бетінен сүйметіндігі есіне түскенде әкесінің дүниеден өткені оралды. Ол кезде де осылайша бір жапырақ жеделхат келген. Әкесі ауырып жүріп ақыры ауылына кеткен. Содан қайтып оралмады. Енді шешесі шау тартқан шағында туыстарын тағы бір көріп, мауқын басайын деді ме, ертіп баруға жалғыз баласын көндіре алмай жолға жиналған. Сол жолдан қайтып оралуға тағдыр жазбапты. Адам өлер шағында туғантуысын, туған жерін іздейтіні несі. Әлде көмусіз қаламын деп қорқа ма екен. Қазаға алғаш бой үйренбегенмен кейін бәрібір сияқты. Таныс адамыңды енді қайтып көре алмайсың. Ол санаңнан мәңгі ұмытылып қала бастайды. Әйелдердің дауыс салып жылайтыны болмаса жаныңды қорқыныш, тәніңді діріл билей алмайды. Бұл өз басына тән әдетке айналған. Бәрібір, әлдене түсініксіз – түпсіз мағынасыздыққа жетелейді. Адамды туған жеріне ынтық қылатын не құдірет?! Өзі осы қалада ғұмыр бойы өмір кешіп жүре беретін секілді. Қарсы беттегі зәулім үйдің шеткері терезесінен жарық төгілді. Ішке аққұба өңді қыз еніп, қол жүктерін қойды. Дүрбіні қолына алып, терезені бағдарға алды. Ол тез-тез сырт киімін шешіп, басқа бөлмеге кетті. Біршама уақыттан кейін шашын сүлгімен орап, үстіне халатын ілген күйі қайта оралып сөмкесін ақтарыстыра бастады. Ішінен бірнеше журналдарды алды да кереуетке етбетінен жата кетті. Отырысы өзіне ұнамай, ойланып қалды. «Бару керек» деп шешті сосын. «Кешікпей тұрғанда тездетейін» деп қозғалды. Оңжақтан бірінші есік, төртінші қабат деп күбірлей үйден шықты. Қызыл нүктені екі-үш рет басып еді іштен дыбыс білінбеді. Сәлден соң тағы ыңғайланып, қолын созғанда кілттің сыбдыры естілді. Темір есікті еппен ашқан кемпір: – Кім керек? – деді. – Бұл үйде бойжеткен тұрмай ма? – деп аңтарылып қалды ол. – Жоқ – деп, кемпір есікті жауып алды. Оңға бұрыла бергенде қарсы есік ашылып көк халатты қыз көрінді. Сол. Соның өзі. – Сізге кім керек? – деді, сыпайы ғана.
– Сіз, – деп жауап қатты жігіт.
– Нендей шаруа?
– Табалдырықта тұрып бітіретін іс емес. Жалпы, сізбен танысай-
ын деп едім.
Кіріңіз – деп, ішке бастады қыз. Аядай бөлменің төріндегі кіш
кене столдың қос қапталын ала жайғасты екеуі.
– Венера – деп таныстырды өзін.
– Нартас.
– Ия, кім жіберді?
– Өзім келдім.
– Өтірік айтқанды жек көремін.
– Бар шыным. Мына үйде тұрамын, – деп терезеге қарсы үйді
нұсқады.
– Онда тұрған не бар?
– Ештеңе де жоқ. Мен сізді терезеден ылғи көремін. Бүгін
дүрбімен қарап едім, орнымда отыра алмай тықыршып мазам кетті.
– Қы-зы-қ. Солай деңіз. Әсіресе, шешінгенде рахаттана қарайтын
шығарсыз.
– Сіз өте әдемісіз.
– Рахмет.
– Мен сізді ұнатып қалдым.
– Жалған сөзді жаным сүймейді. Алғашқы кездегі алдамшы
сөздерің ғой. Одан да арғы ойыңды ашық айтпайсың ба?
– Мен сізді сүйемін.
– Саған дауа жоқ екен өзі. Әркім өзін ғана сүйе алуы мүмкін. Ма-
хаббат адамдардың жәй қарым-қатынас құралы ғана. Соны ұққын...
– Бар шаруаң осы ма?
– һ-м-м. Жо-жоқ. Ұмытып барам. Қаржы жағынан көмектесе
алмайсың ба?
– һа-һа-һа. Сен тіптен қызық адам екенсің. Мені жарылқауға
келді ме десем. Оның үстіңе бірінші рет көруім сені.
– Алаяқ емеспін. Қайтарам.
– Еркектерге сену қиын. Ойындағысын іске асырған соң зытып
тұрады. Өздері бір періште секілді, нойыстар! Кешір.
– Менің шешем қайтыс болыпты.
– Қашан?
– Кеше қайтса керек. Барып қайту парыз енді.
– Мен сені түсіне алмадым. Өтірігің бе, шының ба?
Ол қалтасынан бүктелген қағазды алып ұсынды. Венера көз
жүгіртіп өте шықты да тесіле қарап қалды. Сөмкесін ақтарыстырды.
– Мына ақшаны ал да бүгіннен қалма.
– Кештетіп жүруге зауқым соқпай тұр. Мүмкін осында түнеп шығармын. – Жоқ, әлі бәріне үлгересің. Басқа-басқа, шешенің қазасынан қалмау керек. Венера жылдам барып есік ашып, қош айтысты.. Жүзі солғын тарта бастапты. Қоңыр салқын қараңғымен баяу ілбіп үйге жетті. Қарсы беттен жарықтар жымыңдайды. Тек өзі нысанаға алған терезенің шамы ерте сөніпті. Қанша қарағанмен ішінен тіршілік білінбеді. Онысына қинала қоймағанмен көңілін жайсыздық жайлаған-ды. Қайдағы бір тобыр ішінде толқынды сағым секілді ғұмыры мұнартады. Әрегідік сол тобыр ішінде болғаны үшін ғана таяқ жейтін сияқты. Адамдардың бәрі біркелкі әрі бір-бірінен бөлінбейтін қасиетке әлдеқашан бой ұрғандай. Сонда әлгі ақшаңқай маталарға малына оралған тақырбастардың тағдыры көңілге оғаш ой салады. Өздері жалаңаяқ жүріп жаратқан Тәңірдің нұрын сіңіреді екен де басқаларға соны бағыттап бақыт сыйлауға тырысады екен. Адам өмірі соншалықты сұрқай әрі аянышты көрініп кетті. Перрон ығы-жығы халыққа толы. Ыңырана тоқтаған пойыз вагондарына жолаушылар жармасуда. Қалың нөпірмен сапырылыса жүріп, купесіне жайғасты. Жанындағы серігі кавказдық келбетті адамға ұқсайды. Бірден сыр тартып сөйлесе алмады. Лезде есік тарс ашылып, ішке екі адам кіріп келді. Есік кейін серпіліп құлыптанғанда алдыңғысы: – Қайсысы, – деп, қарсы отырған екеуге қадала қалды. – Анау, – деді қаба сақалдыны сұқ саусағымен нұсқаған артын дағысы. Купе іші тасыр-тұсыр төбелеске ұласты. Тұра бергенде тиген соққыдан көзінің оты жарқ етіп сұлап түскен. Сәлден соң-ақ әлгілер жедел шығып кетті де тыныштық орнады. Басын ауырсынып тұрып келе жатып көзі жанындағысын төңіректеді. Жақындай беріп жамылғыны ашты. Арқа тұсында сұғылған пышақ тұр. Шегіншектеп барып суырып алды. Еденге тастай салып, арқасына аунатты. Қан ақжаймаға сіңіп үлгермепті. Енді бұл өлімге де еті үйрене бастайтынына сенгісі келді... – Сонымен сүттен ақ, судан тазамын дейсің ғой, – деді қарсы алдындағы тергеуші қозғалақтап. – Ия, өлімге еш қатысым жоқ. Шешем қайтыс болып, соған кетіп бара жатқан адаммын. Міне, – деп бүктелген қағазды ұсынды. – Бұнымен құтылам деу – бос әуре, – деп тергеуші қағазды алдына тастай салды. – Алдыңғы күні қайтыс болған. Сен бүгін кетіп
барасың. Қысқасы, пышақта сенің қолыңның ізі бар. Бұл – бір.
Екіншіден, куәгер ретінде әрі өлімге арашашы болмағаның үшін де
қылмыстық жазаға тартылатыныңды ұмытпа. Сондықтан бүгінгі
күннен бастап осында түнеуге тура келеді, – деп милиционерді
шақыртты.
– Мен бұған келісе алмаймын.
– Ол сенің шаруаң, – деді. Милиционерге бұрылып. – Алып кет, –
деп бұйырды.
– Сонда мені не істемексіңдер?
– Оны уақыт көрсетеді. Сені түрмеге отырғызып бордақылайды
деп пе ең?!
Жап-жарық ұзын коридормен жүріп келіп, қараңғы камераға
кіргенде табалдырықтан ұзамай тұрып қалды. Ептеп көзі үйрене
бастағанда екеудің нобайы көмескіленді.
– Төрлет – деді бірі.
Дауыс шыққан тұсты бетке алып жүре бергенде алдан еңгезердей
біреу тұрып келе жатқандай болды.
Қолын созғандай еді, онысы құлақ шекеден тиген соққыға айнал-
ды. Өзінің шалқасынан құлап бара жатқанын андады.
Таңдайы қаңсып қалыпты. Бүктетіле бір жағына жантайды. Тұла
бойы шымырлап, денесін діріл жеңе түсті. Сонда өзінің тас еден-
де жалаңаш жатқанын байқады. Бұдан әрі шыдай алмай, амалдап
тұруға ыңғайланды.
– Мә, киімінді киіп ал, әйтпесе ана түріңмен бізді де масқара
қыласың, – деп, әлдекім түйіншекті алдына тастады.
Қол-аяғы икемге әзер көніп, киінген болды. Құлаққа сылдырлаған
кілттің дыбысы жетті. Есік сәл ғана ашылып, аржақтан қатқыл үн
шықты.
– Золотухин!
– Мен.
– Пендурадзе!
– Анау маубасты оят.
– Пен мырза.
– Мен тындап тұрмын.
– Тысқа шығыңдар.
Алдыңғысы жақындай беріп теуіп өтті. Соңғысы аяғын мыжып
кетті. Әбден мезі еткен тірліктерінің жанында мыналары түк еме-
стей көрінді. Орнынан тұрып жатып басының шаншығаны жанын
қоярға жер тапқызбаған. Еденді тепкілеп, камераның есігін барып
ұрғылағысы келді. Оған күші жетпесін біліп, ұмтылмады.
Есік қайта ашылып, камера ішіне түскен жарық оны дәл тапты.
Қолымен бетін қалқалап еппен қозғалды Болысбаев.
Ол үнсіз сүйретіліп есікке тақады.
– Тіліңді кесіп алған ба? – деді тағы жекіріп.
Көрден шыққандай келбетін көріп ол басқа ештеңе айтпады.
Аяғын соншалықты баяу басса да әдеттегісінше желке тұсынан
«бас аяғынды» деп ұрыспады. Тергеушінің есігін аса ілтипатпен
ашып кіргізді. Аяғаны шығар.
Бөлме ортасында тергеуші көк түтінді бұрқыратып, темекі
шегіп отыр. Жүзінен біртоғалықтың табы байқалады. Алдындағы
орындықты нұсқап:
– Хал қалай? :– деді.
Ол жақ ашпастан отыра кетті.
– Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді дейді. Ештеңе етпейді.
– Бүйтіп көрге үйренгенше өліп кеткен жақсы еді.
– һа-һа-һа. Кеше мойындасаң ғой, бұлай сайрамас едің. Бірақ сенің
бағың бар екен. Қанішерлер қолға түсті. Сыбайластары көрінеді.
Сен енді куәгер әрі өлімге арашашы болмағаның үшін жауап беруің
мүмкін. Әзірше боссың. Қуана бер, құтылдың деген осы, – деп,
қағаздарын жинастыра бергенде ол оқыс қимылмен шапшаңырақ
тұрып, бар екпінімен барып терезені баспен соқты. Әрі асып, құлап
кетті...
Алтыншы қабаттан қарағанда сұлбасы тым сұрықсыз екен.
Тротуардың үстінде етбетінен жатыр. Денесі жансыз. Маңына жұрт
жиналып қалыпты.
Елес
– Айналайын-ау, қайда жүрсің? Түннің бір уағы болды ғой. Осы
сенің анау достарың түнге қашан тыныштық берер екен?! – деген
әкейдің қатқылдау үнін соңғы кезде құлағым шалып қалып жүр.
Түн тентіреп тірлік кешетін құрдастарыммен бірге қыдыруды
әдетке айналдырып барам. Қызық үшін шығар, бәлкім. Оны түсінсе
де екен, әйтеуір, қабағын түйіп қарсы алады. Анам байғұс шыр-
пыр араша түседі. Ал көкемнің бәрін естіп, біліп үн-түнсіз жата
беретінін байқаймын. Неге басқалар сол кісідей сабырлы болмай-
ды деп ойлаймын.
Қараңғылықтың қара канаты қою жамылғысын әлі жимаған
шақта, көкем: «Мотыш, Мотыбай, тұр, тұра ғой» – деп, оятады.
Амал не, ұйқылы-ояу арбаның үстіне қылжия кетем. Кендір кенепке
оранып, бүктетіле жайғасамын. Ауылдан он шақты шақырымдағы
«Үшназарды» басып өтіп, «Қырық құдыққа» құлаймыз. Шалғымен
шөп шауып, жүктеп ауылға жеткенімізше күн шекені сыға ыси
түседі. Шыдамымның шырқы бұзыла бастасымен тікейте жиған
шөптің үстінен атама көз тастаймын. Өзі тыриған, құлағы салпақ
есекті жетектеген көкемнің сұлбасы тым солғын керінеді. Туу,
мұндай жанкештілік кімге керек деймін іштей үгітіле.
...Алдымызда әдеттегісінше мөлдіреген мұнтаздай көк шынылар.
Тост сөйлеушінің ғана қолында қырлы стакан. Бәріміз соның аузына
аңқайып қараймыз. Ол кеп кідірмей:
– Жігіттер, не дейміз... Осылай іше берейік. Бастысы – денсаулық
болсын. Басқасын сатып аламыз ғой! – деп, қылғыта қағып салады.
Кезек маған келгенде:
– Сен неге іншейсің? – деп кейістік білдіреді біреуі.
– Жігіттер... Дүниеде арақ пен махаббатқа зорлық жоқ қой, –
деймін мен.
– Һмм... Сен өмірдің не екенін түсінбейсің. Ол бір-ақ рет қана
берілетін нәрсе.
– Сонда не істеу керек?
– Көшеге шықпайсың. Әйтпесе бәрін де түсінер едің. Бізге мейлі
ғой. Сені аяймыз.
– И-я-я – деймін өңменімді өрт болып шарпыған мысқылдың
мысы басып.
Бұл ретте маған бір нәрсе айқын болып тұрады. Достарым арақ
ішкенге сондай құштар-ақ. Құшырлана, сіміре сілтегенімді көрсе
тіптен айыздары қана түсері анық. Тіптен қол шапалақтауға бар.
Сосынғысы түсінікті – адам деп сыйлаудан әдіре. Мұны біле тура
өңештен ащы су қалай өте қойсын...
Ауылға жақындай бере сұрықсыздық тым тұрпайлана түскендей
көрінеді маған.
Алыстан көк майсаны аңдаған қозы-лақтар енелерін көргендей
жарыса жамырап келіп, арбаның жақтауынан салбыраған шөпке
жармасты. Кішкене жақтары дамылсыз күрт-күрт күтірлете жасыл
балаусаны аптыға асап жатыр. Кілт тоқтаған көкем айнала беріп:
«Ботақандарым-ай, сендерге обал болды-ау!» – деп, аз тұрды да:
– Эй, Аман, Аманшүк – деп, қарлығыңқы дауысын қаттырақ
шығарды.
Топ баланың ішінен серейіңкіреп көрінетін» інім тосын үнге то-
сыла қарап, бізге қарай жүгіре жөнелді.
Қозы-лақты шүйгін шөптен арашалап әуре, Көкем:
– Ойының бар болғыртау! Қозы-лағынды анау түйешіңің аулына
қарай жаймайсың ба? – деп нықтай айтты.
– Ол жақтан қуа береді,– деді інім кінәлі адамдай басы төмен шіктеп. – Жаныңа ешкімді қоспай, көкем осында жай деген десең қумайды – деп таусылғандай тіл қатты көкем. Төрт аяқтап тұрған көк есекті қайта жетекке алғанда інім жымың етіп, маған бір, көкеме бір қарап: – Мана ағам келген. Мотышты қалаға оқуға апарам дейді, – деді. Көкем үнсіз жүре берген. Адамның ішіндегі ойын оқи алсамшы... Бір уақтардан кейін күбір ете қалды да кеберсіген еріндері кемсеңдеп түсініксіз әлденелерді ұзақ сөйледі. Тек есте еміс-еміс қалғаңы: «Қала дейді. Соның зауыт-фабригі бар суды байлап, мына жердің кенезесін кептірді ғой. Бұдан бәлен жыл бұрын бұл аймақта қандай шалқар болып еді, ә! Арқадан ашыға ауа көшкенімізде бойға қуат, ойға суат нәрін иген осы жер ғой, жарықтық! Көсіле жазылып жатқан жайылманың енді кімге жазығы бола қалды? Сүйегімізді сүйретпей топырақ бұйырып, бақилық, бақилық... » дегендері ғана. Көкемнің мұндай кейіптегі кейістігін, таусыла талмаусыраған сөз саптасын тыңдап тыжырына қалам. Көкеме деген аяушылық көзқарастың қылаң бергенін байқаймын. Кітаптарда жазатындай ит жеккен жерге кеткің келеді сосын. Қалада өмір басқаша болар дегем. Тік, әсем көшелерде ерсілі-қарсылы заулаған машиналар. Қылдырықтай галстук таққан мейірімді де қарапайым адамдар... Үлкен ағам сол санадағы сартап қалаға ертіп барған-ды. Жолым оңғарылып, көз-жұмып көңіл сенген оқуыма түсіп кеттім. Көп жағдайда адам өзіне сенгені дұрыс-ау деп топшылағам. Бұл «ерлігіме», әсіресе, әкем өлердей қуанған. Мен үшін оның қатты қобалжитынын білем. Ауылда жүріп бұзылып кете ме деген күдігінің күштілігі содан. «Сенің орның сонда, орныңды таптың балам» деуді қайталап айтуға қиналмаушы еді. Қала, шынымен, қызық. Кейінгі кезде өзімізден екі мүшел үлкен зиялы ағамен әңгімеміз жарасып жүр. Ол, мен, Данияр үшеуміз кафенің шеткерірек столына жайғасамыз. Ол орыс арағын ұнатпайды. Ыстығын суытпай қою күрең кофені сораптап ішуге кет әрі емес. Данияр оған «Вискиді» толтыра құйып, жаймен жұтқанына шыдамсыздана түседі. Біраз бабына келіп, қызынғанша үшеуміз де қыбыр етпейміз. Данияр сөз бастауға ілік таппай: – Сен неге алмай отырсың? – дейді маған. – Ішкісі келмегенді қыштаудың қажеті жоқ, – дейді ол. – Сонда да ыңғайсыз емес пе? Ол маған бар денесімен бұрылып: – Дұрыс. Дауасы – ішпеген. Бәрінен бұрын сенің ұятың күшті көрінеді. Ұяты күшті адамдарға кінәлай қараудың өзі күнә.
Жылы лебізден кейін жеңілдеп қалғанымды аңғарғам. Қысылған нан ба, тер түйіршіктері үзіліп түсіп жатты. Данияр тағы тыныштықты бұзып: – Аға, бізде орта деген жоқ қой?! – дейді. Неге? Жоқ деуге болмайды. Бар. – Бар болса, кәне? Қайда? – Олар шашырап жүр. Шашырап жүрміз. Басымыз қосылмай ды ғой. – Ал, қалай қосылуы мүмкін? – Бізде жиналатын, бас қосатын орын жоқ. Сосын сайдың тасындай, әр жерді сағалап күй кешеміз. Меніңше, бәрімізге ортақ мешіт керек. Оған ешкім, ешқашан түкіре алмауға тиіс. Ол шетел сигаретін бірінің соңынан бірін тұтатып, дамылсыз тарта берді. Бір мезет тағат тапқанда, сөзді төпеп құлағымызды үйіріп әкетеді. Кейде көбірек көсемсіп кететіні болмаса, тыңдауға жалықпас едік. Ара-арасындағы үзіліп қалған әңгімені сауал тастап, жалғап жіберуге шеберлік шыңдалған. – Аға, ауылдағы жалғыз жазушы ағайым өткенде «пікірлесер бір пенде жоқ, жетімсіреп жүрмін» деп қалмасақ... – деген сөзімен ащы шындықты әзілге жыққандай жымияды. Әр әңгімеміз әсерсіз емес. Олжалы оралатынымызға Данияр екеуміз дән разымыз. Қайтарда, ағамыз қиқалаңдаған жүріспен, көтеріңкі көңілмен кафені қимастай орнынан баяу қозғалады. – Демеп жіберейік, – дейміз. – Жоқ. Рахмет. Мен өзіме жауап бере алатын адаммын, – дейді ол. Такси тоқтатып, әрқайсымыз өз жатақханамызға тарқасамыз. Бөлмеде өзімді қораш сезінетінімді сездірмеуге тырысам. Әркім көрген, білгенін ай-тып түн жарымына дейін созылатын әңгімеге зауқым соқпайды. Көзге үйқы үйірілгенде қисая кетеміз. Түс көрген екенмін деймін: «Бизнесмен курста-сымнан көк диплом сатып алыппын. Енді ауылға қайтсам әкей шошыр, одан қалса пыш-пыш өсек өре түрегеледі. Түсініксіз. Шетелдеіэде қалай екён? Оларда «соғыс» деиді ғой. Ал бізде: санамызда әділетсіз соғыс жүріп жатыр. Тарихта әділетсіз соғысты қозғаушылар жеңіске жетпегені мәлім. Ал бізге бәрЬбір». Ауьілға жиі баруға қүштарлық қамытықашан да мүрындық. Өткенде пойызда кіл егделеу кісілермен қоныс таптым. Теңкиген түйіншектёрдің үлкен үйінДісінің ортасында қалғандай күй кешкенім бар. Бойымды жиіркеніш сезім билеген. – Қаланың нарқы күйіп тұр деп еді. Біздікінен әлдеқайда айналайын екен...
– Иә, енді мүны үқсата алсақ. Өкіметтікінен өнімдірек іс атқарсақ болды да. Ақымақ тірлік кешіппіз ғой... Әңгіме ауанынан аңқам кеуіп, таре бүркеніп жатып қалғам. Үйқым кел-мей қойды. ...Ауылға қарай үлкен дөңмен ақыры белгілі мөлшермен су бөлінгенін әлгінде естігем. Телевизор да, радио да, газеттер де «тарихта» болмаған жайтты қуана хабарлапты. Көкемнің алғаш айтқан жаңалығы осы еді. Өзі бүрынғыдан қуаттана түскендей. Сол күні самбырлап сөйлеумен отырды. Топ жігіттердің ішіндегі жақын тартатын жанымдағы Досымға: – Ауыл жаққа су кёліпті ғой. Жақын маңдағы шопандарға сауап болған шығар деймін. – Білмейді екенмін. Келсе келген шығар дейді, аңсары темекі іспеттес түтіні бүрқыраған, ширатыла оралған қағазға ауып. Аң-таң күй ке,шкенімде елгі айнала жайғасқандарды жағалай Досымға жетті. Ол қүшырлана сорды да маған үсына бергені: – Бұл не? – деймін таңырқай, – Біздегі әзірше жаңалық осы, – дейді Досым. – Қандай жаңалық? – Алдымен бір сорып көр, сосын білесің оның қүдіретін. Қыз да, басқа да қызықсыз. Өмірдің оар лөззаты міне – осы. Түнде топ болып, көрші ауылдағы тойға бардық. Ішпей-жемей шу шықты. Арты ушықты білем. Айқай. Жүдырықтасу. Қираған дүние. Бір уақытта үрей мен қорқыныш мендеп жүгіріп келеміз. Кім қуды? Неге? Не-лер қашты? Белгісіз. Өзімізден өзіміз күлеміз. Кеңіл көтеріңкі. Бәрі қызық. Түн қабағы түксиіп, қараңғылық тым қоюлана түскен. * * * Әлденеден көңілім босап, көзіме ыстық жас келді. Мен адам болсын деп түн үйқысын терт бөлген әке-шешенің шынайы сү йіспеншілігінен емес, үніміз үйлесе бермейтін достардың іс- де емес, тіпті тініңді тіліп түсер тіршіліктің қатыгездігінен де емес. Әйтеуір, елес... АҚЫМАҚ Есік сықыр етіп ашылып ішке егде кісі кіріп келді. Еш жаққа бұрылмастан көне керуетке төніп барып, түнерген жүзін төмен төңкере тоқтады. Бұрнағы солғын сықпатында ерекше ызғар бар. Тістеніп тұрып ықылымда не дерін біраз бағамдай іркілді.
– Айтшы, – деді. – Мен енді не істей аламын? Өлі тыныштықты шарасыздық үні үзіп, қайта үнсіздік орнай қалды. Жақтаудан сүйеніп баяу ғана отыра берді. Бұл жолы бар ашуы басынан сипаумен тарқарына сенбей еңкейіп барып, кілт тоқтаған. Ол бей-жай манадан бергіге мән берместен марғау жатыр. Оның осы ұсқыны ұнамайтын. Далаға шыққанда ауладағы көршілердің үлкен-кішісі қалмай бұларға аңтарылысып қараған. Әйтеуір салқын да болса сәлемдескен сыңайда. Жасын сыйлағаны шығар, қайбір жақтырып тұр деген іштей. Ұзай бере суық көздерімен шығарып салғандардың артық сөз айтпағанына қуанды. – Көрдің бе, көршілерге әбден жеккөрінішті болып біткеніміз ді, – деп, әлгінде әзер ішіне сиғызған сырын ақтара бастады. – Кішкене кезіңде жан баласына жамандығың жоқ сүп-сүйкімді едің. Көршілер тұрмақ сені көргенде көшедегілердің өзі өлердей өре түрегелетін. Енді адам тұрмақ хайуанның өзі жаныңнан емін-еркін өтуге именіп, анадайдан айналып кетеді. Тротуарда іш пыстырарлық баяу жүріспен жылжып келеді. Алдан жолыкқан жүргіншілер жақындай бере бір жағына жылыстай өткізіп жіберуге тырысуда. Арттағылары бұлардың ығысқан сәтінде жылдам басып озып кетіп отыр. Қай-қайсысы да көз қырымен шолып шығуда. Екеуінде де салқын қабақтың сызы бар. – Білесің бе? – деді, сәлден соң сөзін жалғап. – Сен үшін кәрі сүйегімді сүйретіп талай пәтерді де ауыстырдым. Сондағы жеткіз генің осы ма? Әлде өсе келе өнер шығарып, шау тартқан шағымда басынғың келе ма? Тілімді алмай, әл бермей барасың. Менің жазығым не сонда? Сенен басқаны артық көрмей, аялағаным ба? Мен мұны қай ниетімнен тауып едім, а? Даусына діріл араласып, түсі бұрнағыдан бетер бозара, бұзыла бастаған. Әрі өткен, бері өткендердің назарын өзіне қаратып алғанын андар емес. Әлі де әлденелерді айта бергісі келетіндей әлсін-әлсін жөткірініп қояды. – Көршілер құтырған десе, дәрігер түк те емес, екінің біріне тән нәрсе дейді. Түсінбеймін. Тіпті кімге сенерімді білмеймін. Өзіме ме? Жоқ. Шаршадым. Екеумізге айрылысатын кез келді. Жөні – сол. Әйтпесе – көзі қанталаған әлгі маскүнем түбіңе жетуі әбден мүмкін. Баласында нең бар еді. Ызаландырған адамның бәріне тісінді батыра берсең не болады? Олар көшені ақ белбеуінен киып өтті де, хайуанаттар паркінің алдына келіп тоқтады. Қолқаны біртүрлі колаңса иіс капты. Кемпірдің ұзақ тұруға дәті шыдамады ма, есіктің тұтқасынан ұстады да, кенет кері бұрылды.
– Хайуанаттар паркінің бастығы баяғыдан–ақ «құда» түсіп қоймайтын. Көрген жерде жата жабысып, бізге осындай бір әдемі – ит керек деп қолқа салушы еді. Қимағанмен қайтем. Опа әпермеген өз обалың – өзіңе. Бірақ сенің тұрқынды темір тордан көру маған қазірден жиіркеніш сезім туғызуда. Қорқынышты. – Саған ше? СИҚЫР МЕН САЗ Аяқ асты сыз, адам жүргісіз лас. Дымқыл ауа деміңді бітіріп, дымыңды кұртады. Тыныс тарылғанда бір тұрып, бір отырып дүние кең болса, кезіп кеткің келеді. Көз қарықтыратын төрт қабырғадан – көз қиығынды қанықтырып тоқтататын нүктені байқау қиын. Табаннан өткен сыз шымырлап бойға жайылды да, басынан келіп шанқ еткізіп тесіп шығып жатқандай. Мұндағы жандардың еті өлген – жайбарақат. Жанарлары салқын, жүздері солғын. Күнде төбеден түсетін болмашы сәуле де сығырайып барып сөнеді. Темір есіктің тұсы шылдыр–шылдыр етіп, шиқылдап барып ойбайын сала ашылды. Екеуі сыртта калып, ішке тақырбас етжендісі енді. – Қорықпандар! Бір-ақ бұйымтай бар, – деді түкірініп тұрып. – Дыбыс танитыңдарың бар ма? – Мынау паханның оң қолы ғой, – деп күбір етті біреу. Талтайған тәкаппар тұрысымен қазымырлана тіл қатты. – Қайталап айтам, қорықпандар дедім ғой! Дыбыс ажырата тындарың бар ма? Дыбыс! Пахан үшін өте қажет шаруа. Қыңқ еткен тіршілік білінбеді. Бәрі демін ішінен алған. Ол ызалы кескінмен былш еткізіп тағы бір түкіріп, артына қарай ауыр бұрылды. – Малғұндар! – деп, жеки есіктен өте берді. Манағы дыбыс дегені енді санасына жеткендей орнынан ыршып тұрып, есікке қарай ентелей жылжыды. Мұны күтпеген сырттағылар еріксіз кідірді. Камераның іші гу етіп қайта басылды. Жап-жарьіқ дәлізбен жүріп келеді. Құлаққа әр тұстан есіктің шиқылы, ыңырсыған үн естіледі. Бар есікті түгесіп барып, оңға бұрылысымен былғарымен қапталғанына тұмсық тіреді. Бөлме іші жылы әрі жылтырап тұр. Бұларға артын беріп, біресе алға, біресе артқа ырғалып біреу отыр. Жанындағы үстел үстінде жартылай ішілген бөтелке мен темекі қораптары. Бұны жапсарлас бөлмеге кіргізіп, тапсырманы түсіндірді.
Күткендегідей-ақ таңғы ала-кеугімде қабырғаның төменгі тұсы нан дыбыс шықты. Шырт ұйқыдағы адамның шырқын бұзып, шым-шымдап тұла бойынды шымырлатады. Тық... тық... тық... сосын жиілетіп жібереді. Анық адамның әрекеті екенін аңғарды. Не айтқысы келгенін шамалағанша әлгі дыбыс зым-зымия жоғалды. Қара Волга, қарт адам, қаланың сыртындағы еңселі екі қабатты үй, қалғаны сонда... Айтқандай-ақ солай болып шықты. Паханның ризашылығында шек жоқ. Сірә, ай бойына сырын ешкім аша алмаған жұмбақтың астарында ағыны катты суды кері ағызатын құдірет жатқан сынды. – Жүзің таныс емес екен. Қашан келген едің? – деді алдымен. – Көп болған жоқ. Бір аптаның айналасы. – Саған тиіскеңдер болды ма? – Жоқ. – Енді болмайды да. Темекісін ұзақ бұрқыратып, өз ойымен өзі арпалысқан. Бір тоға келген жігіт ағасы жасында. Бет жүзінде иман ұялайтын нүкте табы байқалмайды. Жанары талай жазмышты көріп, енді тек жанартау болып атылуы ғана қалғанын ұқтыратындай. – Сен мұнда не үшін түстің? – деді сосын. – Ескі жараның аузын тырнағам келмейді. – Келістік. Бостандыққа шыққың келе ме? Бұл сұракка екі тұрғыдан жауап беруге болады. – Маған бәрібір. – Мен өзім үшін бостандығымды еңді тапқан сияқтымын. – Сені түсінем. Жаның нәзік адам көрінесің. Саған бәрі-бір бұл жер оңған орын емес. Бойың үйренбей тұрғанда, тастап шығуың керек. – Рахмет. Бірақ мен үшін ендігі бейіш осы. – Ол сен үшін ғана. Адам өзін осындай қапаста құрбандыққа шалуы қате қадам. Сені бұл жерде қалдырғым жоқ. – Менің еркіммен кім санасады сонда? – Кімге жалбарынсаң, сол санасады. Шет елдік саз сүйер кауым сыйлаған шегіртке бітімді мәшинесін қайта ерттеп мініп, бұрнағы әуеніне басқысы келді. Әйтсе де онымен жаңалық аша алмайтынына көзі жетті. Көңілі құлазығаны – жаны жәй тапқан ортадан айырған паханға өкпесі қара қазан. Ол түк те түсінген жоқ. Қайта соңғы үмітін көкке ұшырып, сенімін күл қылды. Өзімен-өзі есептесейін десе, паханның сөзі құлақтан кетпейді. «Кімге жалбарынсаң, сол санасады» Өстіп жүргенде әшейінде өгейситін ақсүйек досы қаладан тыс қары жердегі зәулім сарайына салтанатқа шақырды. Алдымен бас
тартқысы келді. Бәрі бұрынғыша болатынын бағамдады. Бірақ қу
құлқын қамы женді ме, әлде беймәлім әуестіктің ығында жығылды
ма калай барғанын білмей қалды.
Әдеттегідей аспабын алып, ағыл-тегіл әуен жіберді. Бірінші ке-
зекте сана төріндегі сүйікті төл перзенті – «дүние құйылуы». Ел
ұйып тындап, ұйықтап кете жаздағандар бар. Сөйте тұра сыйлағаң
ләззаты тез тарқайтынына қайран. Әлде ықылық ата тойған астың
астында қалып қоя ма, әйтеуір масайтып тастаған шараптың жанын-
да шабыты жіп есе алмайтыны анык. Түн ауа таңға дейін тойлай-
тындары қалып, қалғанымыз тарқасып кеттік. Ол әркіммен ілінісіп
жүрген. Ешкімді тындағысы да жоқ.
Үлкен жолдың бойы көзге ұрған танадай тыныштық. Қараңғы
лықтың рәпатын қашырып, қос жарықпен сүзе біз келеміз. Кенет жа-
нымыздан жан үшыра ағызып, бір мәшине өте шықты.
– 170–пен кетіп барады – деді, шофер жігіт.
Қалаға кіре берісте жеңіл мәшиненің төңкеріліп қалғанын
аңғардық. Маңына аз-мұз жұрт жиналып қалыпты. Жерде жатқан
адамның үстіне ақ жайма жауып тастапты. Төрт доңғалағы аспанға
қарап аударылған шегіртке бітімді шетелдік мәшинені маңайлағанда
таныс әуен талып естілді: «Дүние құйылуы».
ҚАЙТА КЕЛДің БЕ, ҚОРҚЫНЫШ?
Біреу келіп есікті қақты. Тосын дыбысқа құлағын түріп, дереу
басын көтерді. Тың тыңдаған қалпы үнсіз қатты да қалды. Тағы
әлденеше рет тықылдатқан соң, бастапқы ойынан қайтуға тура
келді. Аса құлықсыз орнынан тұрған бойы жарықты жағып, есікке
жақындады.
– Бұл кім?
– Мен ғой, көршіңіз!
– Бірдеңе керек пе еді?
– Жоқ, жай әншейін. Әңгімелесейін деп едім.
– Түннің бір уағында қайдағы әңгіме?
– Сіз не, түннен қорқасыз ба?
– Жоқ. Менің уақытым жоқ.
Жарықты сөндіріп, сол қалпынан қозғалмаған. Әлден уақытта
есік тағы қағылды. Мұнысынан түк шықпасын бағамдаған әлгі
қайта дыбыстады.
– Кешіріңіз! Мен де жалғызбын, ішім пысып кетті. Сізбен кеңірек
әңгімелесуге ынтық едім. Ашыңызшы, а! – деп сөзін аяқтай алмаған.
Есіктің ашылмағанына ызаланған мысық тәрізді. Алдымен артын беріп, жауырынымен сүйеніп тұрған сыңайлы және со күйінше сырылып жерге отырғаны аңғарылады. Сіріңкенің сырт етіп тұтанғаны құлаққа жетті. Төрт қабырғаға қарап жатты да қойды. Ұйқысы келетін емес. Көзі ілінер түрі жоқ. Көршісінің қылығына кайран. Жақындап кетсең жұрт қызық. Жо-жоқ, кеше түсте орналасып болмай жатып баса көктеп кірген өзі, кіргізген бұл. Ескі танысындай есендескен соң, іші-бауырына кіріп, бар сырды суыртпақтаған. Тілі қандай ұзын еді. Әрнені айтып, басын ауыртып жіберді. Іскер екенін, іс-сапармен жүргенін, сөзінің арасына қыстыра кеткен. Сосын мұның жалғыз жүргеніне таңырқаған. Қыз басыңмен қорықпайсың ба деген-ді. Сөйтіп, аяқ астынан қорғаныш табылған. Бейдауа ой құшағында қанша жатқаны белгісіз, қалжырап қалыпты. Кешедегі көліктер дамыл тауып, адам аяғы басылған. Самаладай жарқырап тұратын кала шамдары түгелімен өшкен. Өлі тыныштықка қою қараңғылық дем бергендей тым-тырыс. Тіршіліктің нышаны байқалмайтындай. Бұл фәниде тек өзінің ғана жүрегі соғып тұрған сынды. Денесі ұйып қалғаннан ба, аз-кем аунақшып қозғауды қала ғанмен онысы өзіне ұнамады. Көне кереуеттің сықыры бар дүниенің тылсымын нілдей бұзып жіберетіндей көрінді. Одан да қарсы терезеге қарап жата бергісі бар. Әлден уақытта көзіне ұйқы тығыла бастаған. Кенет қайдан екені белгісіз сықырлаған дыбыс шықты. Бірден бойын үрей шарпып үрпиіп қалды. Әлгі тықыр молая түсіп, терезенің сыртынан біреу шығып келе жатты. Алдымен адамның басы, одан соң бүкіл денесі көтерілді. Өз көзіне сенгісі келмеді. Жандәрмен айқайлап жібере жаздап кілт тоқтады. Елес шығар бәлкім деп жұбатқысы келді өзін. Мізбақпаған қалпы оның әр қимылын аңдады. Анық ер адамның пошымы терезені жауып кетті, ілінер-ілінбес бүкірейген күйі жақтаудан ұстап алған. Үшінші қабатқа дейін қалай шыға алып жүр? Мүмкін емес: Бұл бір елес деген ой жосығы көктей өтіп жатыр. Көзін жұмып алып, қайта ашты. Жоқ, ол терезені ашуға әрекет қылды, әр қи мылына ұқыпты әрі аса сақ. Қанша әурелегенмен ішінен мықтап бекітілген терезе ашыла қоймады. Дымы бітті ме, сәлден кейін бірекі соғып жіберді. Онысы бұрынғыдан бетер өне бойын шымырлатып әкетті. Айдың сәулесі» арқылы түскен көлеңкесі қозғалған сайын еден ді сықырлатпай-ақ жүріп келе жатқандай әсер берді. Енді-енді
қимылдамаса жанына жакындап-ақ келетіндей. Ойы сан-сақты шарлаған қалпы тура ұмтылып, есікке жүгіруді көздеді. Бірақ кеш калатындай аңғарылды. Ақыры өзіне қарсы ұмтылудан басқа жол жоқтай көрінді. Әлгі терезені жиірек қаға бастады да есімін атады. Одан әрі шыдап тұра алмады. Бар күшін бойына жинап, терезені екі қолымен барып ұрды. Қатты соққыдан қақырай сынған терезенің ар жағындағы оп-оңай құлап кетті. Екі қолын қан жуды. Бетін басып отыра беріп, қайырыла еденге қарады. Манағы бейне ғайыпка сайған. Орнына бір жері анық бір жері көмескі ай сәулесінің сынықтары көзге шалынды. * * * Түндегі оқиғадан бүкіл қонақ үй дүрлігіп, аяғынан тік тұрды. Оң жақ қолы тұтасымен шытынап сынып, басына зақым келіпті. Ешқандай куәгер тартылмады. Есесіне айыпкер оп-оңай тергеушінің алдынан табылды. Жанна көршісінің артынан ауруханаға бір-ақ рет барды. Әңгіме ұзаққа созыла қойған жоқ. Көршісі колы икемгe келіп, денсаулығы ның түзелуін құдайдан тілене тілеп жүргенін айтты. Ешкім кінәлі емес сияқты. Бір күні Жаннаны ауруханаға жедел шақыртты. Келсе, көршісі екен. Жүзінде қан-сөл жоқ: орнынан атып тұрып, бұрнағы гипсі бар оң қолын шолтаң еткізіп жоғары көтерді де: – Бұл сенің істегенің, сенің істегенің! – деп айқайлап, қайталай берді. Оң қолының иығынан сәл төменгі бөлігі жоқ. Шошып кетті. Ауруханаға алғаш келгенде туыстарына да, басқаға да хабар беруді ар көріпті. Ақ халатты абзал жандар артынан ешкім келмегенге кейігендей әбден шытынап сынған қолды тексеріп, сараптан өткізбестен бірден гипстей салған. Исінен сезіктеніп дәрігерлерге қанша көрсетсе де, әні-міні деп жүріп ақыры ашқан екен. Амал не, адам тағдырына «ештен кеш жақсы» деген қағида жүре бермейтін көрінеді. Шіри бастаған жарамсыз қолды кесіп тастаудан басқа жолды қандай білгішті шақырса да таба алмапты. Ел құлағын елең еткізген оқиға жұртты таңдандырып тастаған. Өзін-өзі тастап жіберген неге қыз емес, жігіт? Бұл кімге де түсініксіз болып қала берді. Өмір бұралаң. Тағдыр таңдауы екі жолға түсті. Бірі – ұсынысы бойынша кәріп болып қалған көршісіне тұрмысқа шығу. Олай болмаған жағдайда, екіншісі – қылмыстық жазасын өтеу.
КӨПІР Ауа тым салқын тартыпты. Тротуардың қос шетіндегі жасыл шымды шық басқан. Балнұр биік үйлердің жанынан бұрыла бере тосылып, тұрып қалды. Күнде өзі өтіп жүрген жолды қолдарында қайласы бар бесалты жігіт бұза жарып, қазып жатыр. Балнұр баяу ілбіп өте берді. Қызыл желеткілі жігіттердің өзіне сұқтана қарай қалғанын сыртымен сезіп, бағамдап барады. Жұмысқа келісімен, кіреберістегі айнаға қарап, бойын түзеді. Столынан тұрып, «сұрап қалар» деген қағаздарды реттестірді. Топталып қалған қолжазбаларды машинкаға бастырды. Бастық кештетіп келген. Түске дейін болды да, қайтып келмейтінін айтып шығып кетті. Асхаты есіне түсті. Не істеп жатыр екен: мұрны пысылдап ұйықтап жатыр ма, әлде әжесінің ертегісіне елти көзі бақырайып отыр ма? Жүрегі елжіреп, күрсініп қойды. Троллейбуста адам аз екен. Тікесінен тұра беруге аяғын ауырсынып, есікке таманғы орындыққа отырды. Келесі бір аялдамадан балаң екі жігіт мінген. Жанарлары алдымен Балнұр жақты төңіректеп тоқтаған. Әлденебір әңгімені әнтек қайырып аз тұрған соң, бұйра шаштысы бері ығыса берді. Қасындағысы қалып қойған. Түсуге ыңғайланды. Жанына жақын келген жігіт жаймен ғана: – Қарындас, сағатыңыз жоқ па? – деп тіл қатты. Мұны манадан барлай отырған Балнұр сәл жымиып: – Ойымның үстінен түстіңіз ғой, – деп қырымен қараған. Жігіттің жүзіне қан теуіп, күрсініп кетті. – Сағат төрт, – деді, сосын Балнұр. Рахмет, кешіріңіз, сірә, көріп келдігіңіз бар-ау? – Жо-жоқ, ойыма келгенін айтқаным ғой. Айып етпессіз. – Еш оқасы жоқ... Сіз студент емессіз бе? – Жоқ. Оқуды тауысқам, – деп күліп қойды. – Жұмыс істеймін. Өзіңіз студент боларсыз? – Ия, ҚазГУ-де оқимын. – Қай факультетте? – Биология. – Мамандығыңыз «блотной» екен. – Несін айтасыз. Жетіспей тұр ғой. Өзіңіз кім болып істейсіз? – Сұрамаңыз. Бастапқыда музыкант едім. Қазір басқаша. Жағдай болмады оған. – Біздің де ертең кім болып, не істеріміз белгісіз. Ғылым кімге керек. Әйтеуір соры қалыңдау ұрпақ екенбіз. Соны түсіндім.
– Неге, олай дейсіз. Кім не істегісі келеді. Істеп жатыр ғой. Бастысы, еркіндік бар. Қалғаны қолда емес пе? – Қайдам. Әлде әлсіздіктен бе, бір әділетсіздік алға адым бастырмайтындай көрінеді... Троллейбус жолдың шетіне барып тоқтады. Жүргізуші әрі бармайтынын хабарлады. Жүртпен бірге түсуге ыңғайланғанда жігіт: – Айтпақшы, танысып қоялық, есімім Кенже, – деді. – Балнұр, – деді қыз. – Келесі троллейбус аялдамадан алысырақ барып тоқтады. Жо лаушылар дүрліге ұмтылған. Кенже Балнұрға «жүгірелік» деген ишара жасап, алға озған. – Мен... мүгедекпін, – деді Балнұр. – Күтпеген жауап көңілін төңкеріп кеткен. Абдыраған бойы Бал нұрды ойлана барлап өтті. Ыңғайсыздықтан тезірек арылуды аң даған Балнұр: – Біздің үй енді аса алыс емес, жаяу барсам да болады, – деді. – Қарсы болмасаңыз, шығарып салайын, – деп тіл қатты Кенже. Екеуі тротуарға түсіп, баяу ілбіді. Балнұр әлгі сөзден кейін Кенжені кірбің шалғанын сезген – мүгедекпін дегеніме таңырқаған шығар сыз, – деді қыз сәлден соң сөз бастап, –тағдыр ісіне кім араша тұрған. Автомобиль апатына ұшырап, осындай халге түстім, жіліншігім екі жерден сынды, жылға жақын ауруханада жатып, әзер дегенде қалқайып жүретін дәрежеге жеттім. – Қайта, аман қалғаныңызға тәубе деңіз, – деді жігіт жұбату айт қан болып. – Бүйтіп, тірі жүргенімше өліп кеткенім жақсы еді! – қасіретті күндері есіне түскендей қыз қабағын түйді, – Тек Асхатым үшін өмір сүргім келеді, әйтпесе... бүйткен тірліктің құны көк тиын... Талай рет у ішіп, өлгім де келді, жалғызымды қимадым. Бәрі жалған, өткінші екен. Сүйдім, күйдім деуші еді!.. Кешір, – қыз түйіліп, жанарына үйірілген жасты аппақ орамалымен сүртті, – күйеуімді айтам. Оған мүгедек, масылдың керегі жоқ екен. Оны-мұны сылтауратып сырғақсып жүрді де, ақыры кетіп тынды. Анам мен ағам болмағанда, күнім не боларын құдай білсін. Кенже енді өзінің жұбатпақ ниетіне нәлет айтқысы келді. Біраз бүгежіктеп, әйтеуір бірдеңе айтуға он оқталды. Аузына сөз түспей, санасын ауыр салмақ жанышты. Бұл арадан безіп кеткісі келді сосын. Ақын аға қалай деп еді. «Құтқарудың қуанышын қи маған»... – Жұбатам деп, жараңызды тырнап алдымау. Болмаған екен. Мұн дай қайғыға қайысып түрып, қызық, Қозы мен Баяндар турасында,
одан қалса, қазіргі үндінің кинолары жайында қабылдау қалай болар екен, – деп Кенже не айтып кеткенін аңдамаған сыңайлы. – Ол көп болса, кино, аңыз–әфсана ғана. Бәрі–бәрі халықтың қиялынан туған туындылар. Ол – өнер. Бірақ өмірге айналмаған. Айналмайтын да шығар. Тамсану ғана қолынан келетін пенденің әлгіндегі аңыз–әфсандағыдай, кинодағыдай Адамша ғүмыр кешу маңдайына қайдан жазылсын, – деді, Балнүр манағы босаң күйінен бойын жинаған қалпы. – Сонда... махаббат дегеннің мәні – аты бар да, заты жоқ болып шыға ма? – Егер махаббат деген үлы сезім бар болса, білмеймін. Түсіне алмадым. Түсінгім де келмейді, – деді Балнұр еш қиналып қысылмастан, жаймен ғана. Балнұр жеңілейіп қалғанын сезген. Кім-көрінгенге сыр ашқысы келмесе де мұнысын өзі аңдамады. Кенженің ойлы қалпынан қатты ыңғайсызданды–ақ. Кенже ойлы, Балнұр мұңлы жүріп келеді. – Екеуі тротуардың қопарыла қазылған тұсына келіп тұрып қалды. – Қап, мына жерді мана қазып жатқаны есте болмапты. Айналып өте салармын – деді, Балнұр бұрылып қарап. – Айналып жүріп қайтесіз. Өзі алысырақ та екен. Мында ана тақтайды қоя саламыз. Бітті – деді, Кенже сәл жымиып. – Ой, әуре болмаңыз. Рахмет сізге, біраз миыңызды да ашыттым. Үй тиіп түр. Өзім-ақ барам – деп, Балнұр тіл катқанда Кенже тақтайға қол созған. – Әп-сәтте биік босаң топырақтың екі бүйірі тапталып, үстіне тақтай жайғасты. Кенже арғы беттен қол созды. Сүйрік саусақтарын ұсынған Балнұр еппен басып, әрі өте берді.
МАЗМҰНЫ І бөлім. Алаш қозғалысынан тәуелсіздікке дейін Мәңгі жас Алаш!...................................................................................................... 5 Ерте есейген ұрпақ...................................................................................................10 «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы...............................................14 Алашшыл жастар ағалар ісін жалғады.................................................................19 Алаш қозғалысы тарағанымен,............................................................................. 25 Алаш идеясы тамыр алды...................................................................................... 25 Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы......................................................................... 32 Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі күресі........................................................ 37 «Жас тұлпар» орталық тыңшыларын ұйқысынан оятты...................................41 Осы жұрт Махметті біле ме екен?......................................................................... 42 «Жас қазақ» ұйымы ұлтының жігерін жаныды...................................................43 Ант............................................................................................................................. 46 Олжас, Олжас........................................................................................................... 48 Жиырма үш жасар диссидент – Хасен Қожа-Ахмет............................................51 Он сегіз жасар Азамат Жәкібаев........................................................................... 54 неліктен билікке қарсы шықты?............................................................................ 54 Бір түрлі адам........................................................................................................... 57 Ерейментау жастарының ерлігі............................................................................. 63 Қарсылық хат........................................................................................................... 64 Желтоқсанда тағы да жастар ................................................................................ 67 ұлт намысын ту етіп көтерді.................................................................................. 67 Алматыдан хабар..................................................................................................... 77 Шындық сабақтары................................................................................................. 77 Ащы сабақ................................................................................................................ 77 ІІ бөлім. Жасампаз идеяның жалғасы Аяқталған аңыз........................................................................................................81 Таңдау уақыты: «Көпте ақыл жоқ па?»................................................................ 84 Халық... Зиялы... Билік... ....................................................................................... 85 Үмітсіз ымырашылдықтың үштағаны................................................................. 85 Саяси күштерге ұлттық сипат не үшін қажет?.................................................... 87 Болашақ бұлдыр емес............................................................................................. 92 Бізге керекгі «Ұлы өркениет» емес, ...................................................................... 96 Ұлы рух!.................................................................................................................... 96 Өркениеттің үлгісі мен Хандық биліктің тарихи жалғасы............................... 99 Жұтып қоюға қарсылықтан өзара тәуелділікке..................................................102 Нарық бәйгесі – намысшыл!..................................................................................105 Өтпелі уақыт – өкпелі халық.................................................................................106 Ұлттық кино – ұлттық қауіпсіздік........................................................................109 Көрерменсіз – өнер тұл...........................................................................................113 Қазак трюффосы қайдасың?..................................................................................118 Ұстатпай жүрген ұлт картинасы.......................................................................... 120 Мәңгілік көш........................................................................................................... 123 Көшкен жұртта қалып қойған Асан мен Үсендей.............................................. 128 Қазақ киносы қайда беттеді?.................................................................................131 Айналайын, «Тазша!».............................................................................................135 Таным мен тағылым................................................................................................139
Көрерменсіз кино.....................................................................................................140 Үзілген ұрпақ үні.....................................................................................................145 Театр торысы............................................................................................................148 Көмбеге зерек үңілсек.............................................................................................151 Ізгілікке іңкәрлік.....................................................................................................155 Есейгендіктің есігін қаққан...................................................................................159 Қайшылықты тұлға, қайшыласқан тағдыр..........................................................163 Алақан жайған адамдар немесе қайыршыларға қайырым бар ма?.............................................................165 Жалаң сөзге жаны қас.............................................................................................168 «Қызыл қардан Аяз биге» дейін............................................................................174 Ұрпақ үнін үкілеген................................................................................................176 Біздің ұрпақ адаспайды..........................................................................................179 «Әдебиет тарихынан» сабақ алсақ........................................................................182 Біз қандай ұрпақпыз?..............................................................................................184 Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат.........................................................................187 Жыраулық дәстүрдің жалғасы..............................................................................191 Аманат......................................................................................................................192 Әкелер мен балалар.................................................................................................192 Біз осы не бітіріп жүрміз?.......................................................................................194 Бәріміз де үлкен балалар секілдіміз..................................................................... 200 Жас зиялы бүлікші емес........................................................................................ 203 Ұлт мәртебесі ұрпаққа сын................................................................................... 204 Жеті күнге кешігіп, жерге қарап қалыпты......................................................... 207 «Өзің комсомолсың, өзің талқан жейсің...»..........................................................210 Әкелер мен балалар: кім мықты, кім осал?..........................................................212 Комсомолға мұрагер керек пе?..............................................................................212 Жастарға арналмаған жарнама..............................................................................213 Төрт миллион тағдыр..............................................................................................217 Жастар қашаннан саясаттың құрбаны.................................................................219 «Алға, комсомол!».................................................................................................. 220 «Жаңа буын» жақсылық әкелмеді........................................................................ 226 Жастарға қарап қартаймаңыз................................................................................231 Астана жастардың көз жасына сене ме?...............................................................232 Съезд, конгресс... бәрі «Қазақстанның болашағы үшін!»..................................233 Әкелер мен балалар: кім-кімге өкпелі?................................................................235 Жарқыл мен жұтаңдық жастар өмірінен байқалып жүр....................................237 Қалтаң қалың ба, студент?.....................................................................................239 Мамандыққа сұраныс – науқаншылдық............................................................. 242 «Құттықтаймын, бірақ шын жүректен емес!».................................................... 245 Сенсең де, сенбесең де осы.................................................................................... 247 Көшкен күннің бояуы............................................................................................ 248 ІІІ бөлім. Әңгімелер Қырсық.....................................................................................................................257 Eлес.......................................................................................................................... 264 Ақымақ ................................................................................................................... 268 Сиқыр мен саз..........................................................................................................270 Қайта келдің бе, қорқыныш?................................................................................ 272 Көпір..........................................................................................................................275
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы»
сериясы
ТӨЛЕПБЕРГЕН Болатбек
Публицистикалық толғаулар мен мақалалар
Редакторы Б. Байғұл
Техникалық редакторы А. Тлеукеева
Компьютерде беттеген Б. Мұстафа
Басуға 12.05.2015 ж. қол қойылды.
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 60х90/16. Шартты баспа табағы 17,5.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
ЖШС «Сөздік-Словарь». Қазақстан Республикасы.
Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11.
Тел.: +7 (727) 274 59 23
E-maіl: sozdіk@maіl.ru
Тапсырыс берушінің файлдарынан
«Курсив» ЖШС баспаханасында басылды.
Алматы қаласы, «Бағанашыл» ықшам ауданы, Восточная көшесі, 2-үй.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру