Айман. Пьеса
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
ҮШ АКТ, 5 КАРТИНАЛЫ ЛИБРЕТТО
ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
1. Жарас 2. Әлібек 3. Арыстан 4. Айман 5. Шолпан 6. Маман 7. Шешесі 8. Көтібар 9. Теңге 10. Жантық 11. Балпық 12. Өзбек 13. Қойшы 14. Шал 15. Қыз-келіншектер, боз балалар және басқалар.
І АКТ
1-картина
Той болғалы жатқан салтанатты Шөмекейдің ауылы. Екі жақта тігіліп жатқан үлкен үй. Жарас қыз-келіншектердің арасында.
Жарас
Ой, Шөмекейдің тойы бар,
Елді жинап құрған думанай.
Ал енді жиып ән шырқайды,
Жиыңда тола берсін окпе сайын
Басталсын осыменен тойбастарым,
Қызықтан қызық ассын салған сайын.
Шөмекей жайлауында шаңдыр аттай
Іркіліп отыра ма өрлей шаппай,
Жадырайын ауыз жаппай.
Арыстан
Маман қызын көргелі жүр,
Әлібек о да көмбе көмгелі жүр.
Әлібек
Батыр мырза, жол болсын.
Арыстан
Жол қумақ сізден болсын.
Әлібек
Мәссаған мен де өзіңдей жолаушымын.
Жол қумақ меңде неден болсын.
Арыстан
Тас қыратар кезінде кездесіппіз,
Бір түйін бір тілекті мекзесіппіз,
Текедей тіресудің жөні болмас.
Хор
Онысы рас.
Әлібек
Бәрекелде нетеміз біз егесіп,
Хор
Егеспеңдер.
Арыстан
Үстіме баса кепсің мұның қалай,
Кем бе еді менде сенен-ау бақ пен талай?
Әлібек
Қайтесің күшіңді айтып, билік айтсын,
Онан да мынау тұрған топ жағалай.
Арыстан
Ендеше, Жарас айтсын ара ағайын.
Әлібек
Мақұл-ақ мен өзгені қаламаймын.
Жарас
Қой жаным, жай-жапсарың маған мәлім,
Өтпес жарлық білекке жарамай
Хор
Ой, Жарас сен айтқаның мақұл
Жарас
Ақтарып бер араларын араларын.
Жарас
Ендеше, қыз да адамның баласы ғой
Өзі айтсын екеуіңнен қалағанын.
Арыстан
Қыз айтса бай деп бұған жан баспайды,
Бағыма қызды еліртіп бәйге етпеймін.
Әлібек
Батыр деп бұған қарай жан баспайды,
Тең етіп қызды биге баламаймын.
Арыстан
Түсетін шабындыда ол бір байтал,
Нарқымнан неге асырып бағалаймын.
Хор
Оның мақұл батыр. (2 рет.)
Әлібек
Жылқы еді қыздың байы ежелгіден,
Би етіп табынуды қаламаймын. (4 рет.)
Хор
Біздің мырза қаламайды. (2 рет.)
Жарас
Мырзалар арам тер боп таласпаңдар,
Боларын қайдан білдің қыз кімдікі. (4 рет)
Арыстан
Алдымен бұрын келген жол менікі,
Жон білген бұны теріс демес еді. (4 рет.)
Әлібек
Жетіру менің елім, жол менікі,
Қисыны болар жөн жөн, жол сенікі. (2 рет.)
Хор
Ар батырдікі – батырдікі,
Ал, мырзанікі – мырзанікі.
Жарас
Бірің өл, бірің қал да маған десең,
Қоймадың қой десем де есалаңдар, есалаңдар. (4 рет.)
Арыстан
Ең жақсысын мен аламын болсаң да жау. (4 рет.)
Әлібек
Жол бермеймін кеудемде, сірә, тұрса,
Бұл басым cay, бұл басым cay. (4 рет.)
Хор
Әр қиястан қисыны жоқ егескен жау,
Батыр ал, ең жақсысын болсаң да жау. (4 рет.)
Әли мырза, ал ең жақсысын жол бермеңіз.
Кеудеде, сірә, тұрса бұл басың сау.
Жарас
Есалаңдар ойбай-ау, Есалаңдар ойбай-ау.
Айман
Жарасжан, топ жігіттер, сіздер кімсіз?
Мырзалар – мырзалар.
Білмедік жөн сұрадың айып бізден,
Боз бала – боз бала.
Балпық
Жасытты-ау перім, ендеше, Арыстанын,
Жерге тыққан жебейдей алысқанын.
Сымбаты мен қайраты теңдей болып,
Үлкен сый біле білсең,
Айман жан-ау, Қалқам-ау, табысқаның.
Майданда жеңген ер Арыстан,
Жау десе ол қарысқан Асын туған атадан
Арыстан Данышпаным, данышпаным.
Шолпан
Батырын олай болса алсам ба екен,
Сол байдан қол ұзақ қалсам ба екен.
Апажан, қалай дейсің,
Бұл күнде бір оқ болған батыр күні,
Сондықтан бай ұлына барсам ба екен,
Апажан, қалай дейсің.
Жантық
Ay, кімнен темен болыпты Әлібегім,
Әрі бағлан, әрі бай, қалқам-ау, салтанатты
Қиядан жемін тауып, қыран ұстау,
Ойлама әлде кім деп әлім берім.
Айман
Қанекей қайсынымыз кімге ұнадық,
мырза мен батырын,
Сізден де енді жөнді айырайында,
Мырзам-ау, мырзам-ау,
Сіздағы тіл қатыңыз, асыл батыр,
замандас, замандас
Көзіңіз кімнің түсті шарасына,
Асыл батыр, замандас.
Арыстан
Әттең, дүние жалған-ай,
Екеуін бірдей алар мед,
Қалмас еді-ау арман-ай.
Әлібек
Көрсін жұрт Әлібектің мырзалығын,
Жасынам міне сенде бас ұрған.
Аламын бермеймін де барды саған,
Тіпті де ылайық емес жарысқаның
Міне, Жарас, көрімдіп берген
Осы менің мырзалығым.
Шолпан
Аңда жасап жүрген машығы ғой
Шынын айтты Бұл жігіт енді қайтсын замандас. (3 рет.)
Қыздар да артық сүйгені саудасы ғой
Сауданы айтпай алдымен несін айтсың замандас. (3 рет.)
Айман
Жарық қылған мұндай дәурен көрген бар ма,
Бір күйеу екі қызда келген барма,
Таңдамай тізіп қана алып кетпек,
Мұндайда көңіл пейіл берген барма.
Хор
Ақау, қызды көрсін, бізді көрсін
Есалаң ал мырзаға сен недерсің.
Айман
Тойыңда Шөмекейдің кездесерміз,
Шолпан
Сол жерге қайын боп кел, қалма арманда.
Хор
Ахау, қыздар білсін, олар білсін.
Сонымен аңқау жігіт қала берсін.
Жарас
Ал мырза, шыңына баттың ойдың
Мынаны айт қай қызына көңіл қойдың?
Арыстан
Жөніңді айт, олай болса кімді аласың?
Әлібек
Сен айтшы ниет қылдың қай баласын?
Арыстан
Жоқ, сен айт ыңғайыңды байқап көрем.
Әлібек
Жоқ, сен айт мұны тағы қайталайсың.
Арыстан
Сен айтпасаң айтпаймын ол да оңбаймын,
Осы сөзде тас болып мен қаламын. (2 рет.)
Әлібек
Рахмет, ендеше, жол беріпсің,
Тілегенім Айман еді соны аламын. 2 рет.
Арыстан
Жоқ меңде бермен Айманды,
Менен асырмайсың айлаңды.
Әлібек
Жоқ алмай қоймаймын Айманды мен,
Тартынбаспын келген керден.
Арыстан
Жарас-ау, қайсы Айман, қайсы Шолпан,
Әуелі соны білген емес екен, емес екен.
Жарас
А, Айманның оң жағында Шолпан болар
Шолпанның он жағында Аймандағы.
Арыстан
Енді білдім, білдім бәрін, бәрін білдім.
Оң жағында Айман болды,
Сол жағында Шолпан болды,
Сол жағында Айман болса,
Он жағында Шолпан болады.
Әлібек
Жарас-ау, қайсы Айман, қайсы Шолпан,
Әуелі соны білген емес екен, емес екен.
Жарас
А, Айманның оң жағында Шолпан болар,
Шолпанның оң жағында Айман, Аймандағы
Әлібек
Енді білдім, бәрін білдім,
Енді білдім, бәрін білдім
Айманның оң жағында Шолпан болар. (2 рет)
Шолпанның оң жағында Айман болады.
Жарас
Сен де білдің, әбден бәрін білдің, бәрін.
Ай Шөмекейдің тойы бар
Елді жиған, құрған думан.
Ал енді, енді ән шырқайын,
Жиынға тола берсін өлке сайың
Басталсын осыменен той бастарым,
Қызыққа қызық ассын салған сайын.
Шөмекей жайлауыңда шандыр аттай,
Іркіліп отырам ба өрлеп шаппай.
Шақырайын ауыз жаппай.
Шөмекейдің хоры
Жарас-ау, бұл пәлені қайттік енді,
Сабыр жоқ, сағат та жоқ азды кемді
Екі жақтан екеуі қызып жатыр,
Тұйғындай боп, қан көрген жемді.
Жалғыз үй қайсысына жетер мұның,
Егесед жоқтағандай ердің құнын.
Бір Көтібар, бір Маман қос қызыл көз,
Бірі пұлдар шоқпарын, бірі пұлын
Жарас-ау, есебін айт, қисынын тап,
Қисынын тап, Жарас-ау, есебін тап.
Жарас
Енді бізден бәрібір ел кетті,
Бар нөкері қасына еріп кетті.
Хор
Енді бізден бәрі бір ерік кетті,
Сәудегер қасына еріп кетті.
Жарас
Неменем бар бай екем-ау,
Бір өзіңнен аярдай,
Отыр едік мына үйде-ау
Баста сізге даярлап-ау,
Көтібардай долы шықты,
Алам деп тұр осы үйді.
Бізге қысын таяңды-ай,
Қайттік енді осыны-ау,
Әңгір таяқ ойнатар,
Көк жал батыр егесіп,
Бір Мұсайға мініп. (2 рет.)
Көпке пәле жапқандай.
Маман
Бермеймін, өзім түсем, неге шығамын,
Ұстаса қарсысына мен шығамын
Қалжақ сүймеймін,
Жолымды бермеймін
Әулие болсын.
Ондайлық өзімнен де жол табылар,
Келемін құп алудың істеп қамын.
Қалжақты сүймеймін
Қолымы бермеймін
Әулие болса да.
Шолпан
Жарас-ау, сәнді топты көрмейсің бе,
Сыбаға құдаларға бермейсің бе,
Жарас-ау, тұрма қарап-ай.
Айман
Мырзалар, орын міне, қош келіпсіз-ай.
Шолпан
Жалғыз-ақ Айман десең бос келіпсің.
Сонда да жоғары шық-ай.
Әлібек
Іздегенім рас сөз сұлу Шолпан,
Қаңғып шыққан сен едің күйкентайдан
Шыға қалды қиғаш сөз әпкеңізден,
Мен емеспем дәмелі Шолпанжан —
Мен айтайын, ендеше, мезгіл сайын, құлаш жайған,
Шалқып жатқан Бұл дәурен айдындайын,
Дәме қылып сен аққу, біз түрен біз
Батыр ем деп мен недейін.
Айман-ай, сенем ай,
Құлақ сал, Шолпан-ай. Шолпан
Асқақ сөзді, ендеше, мен шенейін-ай,
Табылмас деп ойлама бізге белім,
Балпық
Батырдың Арыстаңдай айтсам жайын,
Жау жылап, ел қуанған жортқан сайын.
Әлібек
Деген боп батыр, батыр хан көтеріп,
Қажытты құлағымды сол сасытты.
Арыстан
Бар, Жарас, хабарын айт батырға онда,
Қашаннан егескеннен ол тойғанба ай.
Жарас
Ойбай, келе жатыр Көтібар,
Қаны қашып барын шашып-ай,
Хор
Уа, Көтеке, сізге арнап-ау,
Тігіп едік мынау үйді-ау,
Бай Маман кеп тартып апау
Кетірді ғой сол күйді,
Тағы бір оқ доп тиді.
Маман қызын Арыстан-ау
Ниет қып ет егес боп,
Бұл да қырсық, боп тиді ay.
Алам деген Айманға
Бай Әлібек шұқшиды-ау.
Ол тиместей болып тұр,
Кетірді ғой сол күйді-ау. (2 рет.)
Көтібар
Не дейсің, Арыстанмен кім таласты,
Сөзі мен Жетірудың кім таласты.
Алмағың қайсы еді мұнысының,
Сен бе едің шоши қалар аяқ асты-ау.
Арыстан
Әттең, дүние жалған ай нетер едім,
Қолға Шолпан тисе де кетер едім.
Көтібар
Атадан тумай кеткір қайттім сені,
Боларын мұндай кесел мана білгем,
Айманды аламын деп неге айтпайсың,
Кетсемші әпермесем мүрдем, мүрдем.
Әлібек
Ол таңдау ініңізде емес шығар,
Майдаңда Арыстанға мен де сыңар.
Маман
Кім салды Бұл саудаға қыздарымды,
Жайым жоқ енді шыдар қорлығынай.
Көтібар
Қаласам алғызармын таңдағанын,
Күшіме ойың бар ма шыдай тұғын.
Маман-ай, Маман-ай.
Маман
Әй Көтібар!
Ойда ұлық, қырда қыруар малым бар,
Ерегесте қарсыма менің шығып көр.
Қырық кессе де қу кедейлік әлім бар,
Сонау Обор,
Катеринбор,
Шытырма пор.
Жағалай жатқан шаршар бар,
Лықылдаған ұлық бар,
Ол өрекпенді қоймасаң,
Талтаңдаған шолаққа,
кісендей қара құлып бар.
Көтібар
Солай ма, олай болса сертімді есіт,
Жетіру құл етермін құлақ кесті,
Қатын қып, қос қызыңды қолмен алам,
Ордаңды ойрандармын астан-кестен,
Сертімді ұмытпа.
Хор
Жетіру, сөз шығардың бойыңа ерсі,
Құтырған мына сөздің буын көрші.
Бара ма түлен түртіп, қайда кеттің,
Кәнекей, білгеніңді тағы терші,
Болмаса шыдамасаң жайына өрші,
Базарда қойыңды айдап, орысқа ерші,
Сонда да қатуланып, шұбыртармын,
Ер болсаң осы сөзге қолыңды берші.
Осы сөзге қолың бер Кәне, шыдап көр
Ер болсаң осы сөзге қолың бер.
Хор
Шектіде бір кесел бар ерте қонған,
Ол кесел кейде толып, кейде солған.
Елерің, құр шоқпармен тұлақ қағып,
Арам тер әлін білмей әлек болған.
Сол іспен адамың жоқ, сірә, оңған,
Көргені бос кезеуіл құрдым қолдан,
құрдым қолдан.
Әйелдер хоры
Сап-сап ерлер, сап ерлер, сабыр ерлер,
Егес сөзден түк шықпас жапқан ерлер.
Ара ағайын тілейміз татулықты,
Тәуір шырай, ортада ер.
Қой қой, батыр, қой батыр, қойған батыр.
Араздықты ортадан жойдым батыр.
Ер өлер егес арты деген сөз бар,
Абырой бермес ие, міне, жаңа жол кәпір,
Қой, қой ерлер қой ерлер, сұраймыз,
Қойыңдар ойбай, қойыңдар ойбай,
Уа көрдік, көрдік, көрдік
Көріп алдық шыға ғой, шыға ғой, қой.
Арыстаңдардың хоры
Асқақпын аса сөйлеп арыңдаймын
Ұсынсаң қолың жетпес нарындаймын.
Сасық бай, талай сендей көрмеп пе едік
Қалатын қарны езіліп, қару байдың,
Дауылда шашып жанған жалыңдаймын,
Дүңдіктей тасты үйіткен ағыңдаймын
Алып та шалып ұрам, соғам сонда,
Сабусанып тоқымдығым сабылмаймын.
Шабарым бәлем (3 рет.)
Дым қалдырмай шабарым-ай.
Ай көрдік, (3 рет.)
Көріп алдық
Шыға ғой (3 рет.)
Хop, Әлібекшілер
Қүлақ сал, байлық та дәулет те мол,
Жеті русың.
Қай Шекті қаруын көрді уыс толған,
Батыр деп, айдар тағып елерткенің,
Жем іздеп күні, түні маңың толған.
Орысқа шабам (3 рет.)
Жайыңды табармыз бәлем
Уа, қыз жоқ саған. (2 рет.)
Саған жоқ, жоқ.
Шымылдық
ІІ АКТ
Екінші картина
Маманның ауылы. Түн. Ауыл ұйқыда, сахнада күзеттегі қойшы.
Қойшы
Ұйқыға енсек кетіп, талғаным-ай,
Қу күзет ауыр азап салғаның-ай,
Ұры алсын, қасқыр жесін байдың малын,
Ұйықтаймын, ие болсын қалғанынай.
Жарас
Ай аттан, аттан қырылғыр,
Қаптады жау, шапқалы жау.
Әйел хоры
Ойбай-ау ақыл-айла табар бар ма,
Қолына қару ұстап шабар бар ма,
Ұлардай бала шулап, кәрі еңіреді,
Тым құрса тығылатын орын бар ма,
Қуарған екі бөрі таласпай қал,
Бірі өліп, бірі қалса обал бар ма.
Қайтеміз, қайда барсақ жан қалады,
Шеңгелді міне салды тап басып кеп.
Айтып ек Көтібардан сақтансын деп,
Ақыры болмады ғой құдайдың
Бұл пәлесі, Қой, бізге қалған, жан сауғала.
Айман
Жарас-ау, бұл сұмдыққа бар ма шара,
Айтсаңшы ақылыңды құтқарарлық.
Байдан да, бағыланнан да қылығы асқан,
Жын қуғын мынау болды жеке-дара.
Шолпан
Ақ бетім неге тұрсың болмай қара,
Болдық қой шын масқара, жатқа таба
Қыз қылып қор еткенше дұшпаныма,
Жұтпайды неге мені дәл осы ара.
Өзбек
Шөліңдей Кербаланың қу жапанда,
Тағдырым жеткеніне сұбыхан алла.
Апажан, құтқара көр, қалым бітті,
Қалар ма шыбын жаным өз панаңда.
Жарас
Жарас деп біл жалғыз-ақ жақыныңды,
Аямайын мен білген ақылымды
Не көрсек те бұдан соң бір көрейік,
Күн туған соң қайтеміз сапырыңды.
Өзбек
Лаққаннан мен қайтемін,
Қайтемін мен бишара.
Ақылыңнан маған қарас,
Жарас аға, Жарас аға.
Жарас
Ендеше, бері қара, сорлы бала,
Құтқарар екеуіміздің бар ма шара.
Көтібар
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр да салқын түске алып,
Алысқаннан ес танып
Ерте алсам кешке алып,
Жыртпай қойман жағаңды,
Ол да құдай өлдім де,
Оқи бер қу дұғаңды,
Дұғаңды оқы, өлер жерің осы
Әпкел, әпкел енді қалғанды,
Жалпағынан, жалпағынан жалпита,
Басып, басып өткен жалғанды.
Бір сен емес талайдан
Басына әлек салғамды.
Егесетін неме екен,
Танытайын тәңірі ісін
Қырқа отап сақалы,
Сақалын, қоштас енді сақалмен.
Маман
Қу Көтібар, асарсың,
Асарсың да тасарсың,
Саған орай жалғыз-ақ,
Көрерсің сен қорлықты,
Басыңа ұлық салғанда.
Арыстан
Қой батыр, қой, қой батыр, мұны қойшы,
Сорлыны қор етерсің шын арманда,
Көтібар
Келіпті бәрекелде, қос қыз саған Арыстан,
Не дейсің, өкпең бар ма енді маған.
Арыстан
Ендеше, Айман қызды ап кетейін,
Шолпаны қала қойсын біз алмаған.
Көтібaр
Жап аузыңды, жап,
Ойбай-ай, жаман шартық не деп тұрсың,
Қалдырсам Әлібекке құдай ұрсын,
Ой дүние-ай,
Бесеуін алмас па едім сендей болсам.
Қос қатын ала алмасаң неғып жүрсің,
Қу шартық.
Айман
Рұқсат қыл ес жияйын,
Жыламай көзімнен де жас тияйын-алуай,
Қайран ел сайраңдаған қайран жұртым, қиясын.
Не қып есім барда мен ұмытам-алуай,
Арыстан
Шолпан, жан, көп тартынба, түбі қайыр,
Батырдың ашуына мен күймеймін.
Шолпан
Әрине, бар жазғаның ел шапқаның
Жалғыз-ақ өлсем дағы мен тимеймін.
Шал
Маманның дақ түссін деп досына да,
Керуеннің қол жұмсадың қосына да.
Өзбек
Мен сәудегер қатыны,
Жоқ мен Маманның қатыны.
Көтібар
Қорғалама, үн шығарма аш көзіңді,
Кімдердің қатынысың, айт сөзіңді – ой дүние-ай.
Жарас
Көтеке, мен Маманның кемпірі едім,
Қайтесің мен сияқты өлексені.
Шал
Шықпаса шыққыр көзім танып тұрмын,
Толайым саудагердің қатыны осы.
Көтібар
Ал қайтадан тарт, ал енді.
Келістіре жыр қылам.
Егесетін бәлемді
Осылай болар қайратым
Тітіреткен әлемді.
Бар әлемді күшім-ай.
Айман
Маман байдың қызы едім мыңды айдаған,
Меруерт жалды боз жорға мен жайлаған...
Толасы жоқ естілет екен даусы-ай,
Аяқ қолы байлаулы Аймандаған –
Жылама, бауырым, жылама,
Жылағаннан не пайда,
Тағдыр жазса осылай.
Шал
Тартыңдар бар олжаны тиеп алып.
Маман
Кетпестей таңба болды сүйегіме,
Жан кетіп, сүлдер бітіп сорлағанда
Шықсайшы, шыққыр көзім жылағанша,
Ем болмас әлсіз жасты бұлағанша.
Мам-Айманым айым,
Шерлі Шолпаным айым
Екеуінен айырылдық-ау.
Шымылдық түседі.
Айман-Шолпанның кетіп бара жатқан көрінісі.
Айман
Зар, зар ете кетейін қорлағасын
Зар илемей нетейін шер толғасын
Қандай ғана күн еді күңіренген
Көтібардай сұм еді түпке жеткен.
Сабыр қыл, қозым, бауырым-ай,
Қайғыңның көрдім ауырын-ай,
Майысып өскен гүл едің-ай,
Жіберді мұндай дауылынай.
Аямай ескен асылды-ай,
Аямай қыршын жасыңды-ай,
Жылатса сертім алды мен ай,
Етейін құрбан басымды ай.
Хор
Ел шаптым деп бөскені,
Егерде қылдым дескені,
Енді де мәлім болды ғой.
Тойлатқалы жүр екені,
Тойым сырда анау кексені,
Қорда болмас тойлайық-ай,
Дәрменімде жоқ неменің,
Шошытпа, байды да ескені.
Үшінші картина
Хор
Найзаға ер Көтекең ту байлаған,
Асынып қаружарақ қол сайлаған
Жаратып тілін буып күреңнің
Көріктіні күнікейдей көп ойлаған-ай
Тас қыран көздің құртын сүймейсің бе,
Тобына көк ала үйрек тимейсің бе,
Шаңытқан шұбат кесте шапақ жатқан,
Дабыл мен жез қанаттар шүймесін бе...
Айман
Естимін әкем даусын Аймандаған,
Зарлайды дәрмені жоқ сор қайнаған.
Қайран анам.
Естимін әкем даусын Аймандаған
Күнім жоқ кешендей жайраңдаған,
Қайран анам.
Естимін әкем даусын Аймандаған,
Кеселге душар болдық қол байлаған,
Естілет әкем даусы,
Естілет анам даусы,
Естілет әкем даусы,
Қалмад-ау баста бағаң,
Зарлады-ау қайран анам.
Шолпан
Қор болған күнің адыра, шерлі Шолпан,
Өмірден әлі бар ма алар қолқаң, шерлі Шолпан.
Қор болған күнің адыра, шерлі Шолпан,
Жас дәурен астаң кестең болды талқан
Қор болған күнің адыра, шерлі Шолпан.
Бұл жолда күйік болған, шерлі Шолпан,
Қор болдың, күң болдың, қор болдың.
Қор болған күнің адыра, тұтқын Шолпан,
Зорлыққа айла таппай болдың сарсаң.
Айман
Маман байдың қызы едім мыңды айдаған
Кең дүниені көңілді ен жайлаған.
Сән түзеген ән шырқап, егіз ерке,
Шаттықпенен сауықпен той тойлаған
Қайран елім, қайдасың,
Намыс құрып, намыс қуып айыратын қайда ерің.
Шолпан
Маман байдың қызымын
Дүниені ен жайлаған, ен жайлаған.
Қайран күнің қайда сенің
Намыс қуып, айырған қайратты ерің (дуэт)
Айман
Естимін әкем даусын Аймандаған,
Пайда жоқ құр жылаудан бай-байлаған.
Кетпейді құлағымнан Зарлаған анам даусы.
Естілет әкем даусы,
Естілет анам даусы.
Естілет елім даусы,
Естілет желім даусы.
Шолпан
Қор болған күнім адыра, тұтқын Шолпан,
Егеспен ырыққа көнбес тағы тарпаң.
Үзіп көр шамаң келсе, шырмалған мына торды,
Қор болдым тұтқында
Қор боддым тұтқында.
Көнбеспін мың шапса да неге қорқам
Жеңдім деп боса дағы батыр балпаң.
Жарас
Көріңде өкір Көтібар, өл де маған,
Жетпегені ендіп сол ғой саған.
Тартарсың-ау сазайын бұл жорықтың
Аман кетпес жыртылмай кәрі жағаң,
Обалы жібермес Айман мен Шолпанның.
Кәрі бура күлге аунап тасады ғой,
Лөкілдеп көбігін де шашады ғой,
Іншалла рақым етпес сонда дағы
Дізерлеп шебер қолдар басады ғой.
Ойнаса кәрі түйе жұт болады
Балалар, бері қара Табалық бір айла,
Бірігіп алдайық Қу шалды.
Меніменен байбатша,
Киінелік қыз болып,
Сендер кемпір болып,
Ауыстырып киелік
Сендердегі киімді.
Біздегіні сендер ки,
Біз қыз болайық,
Көтібардың алдында
Сендерді қайтар деп,
Байбатша екеуміз
Жылалық жүріңдер, жүріңдер-ау.
Теңге
Сеніп жүрсек кетті деп елді шаба,
Қалыпты ғой шырмалып қызды таба.
Жасанған жау дегені қайнаған қыз
Қайтып тұрам қызғанбай, құдай тоба.
Бере алмаспын Байды қолдан.
Жарас
Осы Теңге танып тұрмын.
Айман
Құрбылар, сергелдең бар сейіл де бар,
Батырда бізге деген пейіл де бар.
Қызықтың бәрі тамам болды деме,
Бұрынғы көрген дәурен кейін де бар.
Теңге
Жапанда сұлу көрдім құрбым сіздей,
Немене жүремісің қызық іздей,
Теңгедей батыр да бар аю тоқал
Жүрмесін босағадан ол кіргізбей.
Айман, Шолпан (дуэт)
Төсектен ер торықса болар жүздей,
Қызыққан сұлуларын тұрмас тізбей.
Теңге деп Көтекеңнен құр қалам ба,
Тоқал боп тигендер де болар біздей.
Айман, Шолпан
Ақау батыр қашық Жүрміз сасып.
Жарас, Өзбек
Жүрмеңдер Көтекенді (2рет.)
Тастай қашып.
Теңге
Шыны бар ғой сүйтетін
Келе жатыр өзі де
Бөгеместен байқайын
Аймаласын бикешін.
Жарас
Құлаққа салшы, батырым.
Өзбек
Біздей де тұтқын зарына,
Бізді алып қал да босатшы.
Шешемізді де ауылға-ай,
Кепілде болып орнына
Қыздары қалса,
Қыздары қалса арман жоқ.
Қабылдап көрсең батырым
Басқа да айтар қолқа жоқ.
Көтібар
Уа, ақша бет Айман
Уа, қайран дүние жалған!
Ақ жүзіңді көрсетші
Мен де сен деп бет алған,
Ақша маңдай қасын-ай,
Түймедей болған басын-ай,
Қырлы мұрын көрінді,
Әдемі мөлдір көзін-ай.
Мұрты бар ма, сұмдық-ай!
Арыстан, Шал
Мұрты бар ғой сұмдық-ай,
Сен кім едің, суалған.
Көтібар
Сен неге қатын болмай, болдың еркек,
Қызығым осы ма еді сені көрмек.
Қарағым, Айманжаным, қайтшы райдан,
Жаратқан айналайын бір құдайдан.
Тап қылған сені маған құдайым шығар,
Сескенбе кез келді деп әлде қайдан,
Сақалын-ай, сұмдық-ай.
Арыстан, Шал
Сақалын ай, сұмдық ай!
Мұрты да бар, сақал да.
Көтібар
Қыз емес қыз дегеннің бәрі азбан,
Ойбай-ау, жерім бар ма саған жазған.
Арыстан
Екеуі де айғыр болды.
Айман
Батыр-ай, менің қанша жазығым бар,
Алдыңа иба қылып келуімнің
Зәріңді шаштың, бетімді аштың.
Көтібар
Қап болмас орайы бар ашуымның,
Себепкер өзің болдың қашуымның.
Шолпан ғой мына қалған аймалайын
Осыны тым болмаса аймалайын.
Уа, ақша бет Шолпан-ай,
Уа, қайран дүние жалған ай.
Теңге
Сап батыр, қыздан бұрын мені жайла
Бұл қызды мен аламын көнбесең
Көріп алам күшің сайла, күшің сайла!
Жарас
Өзіне, күшіне де сенген ер ғой,
Болмаса дәл осылай демес еді.
Көтібар
Бұл ер боп, жер боп қалар мен сонда
Қайтпек ең тие қалса қыздар қолға.
Теңге
Алам ба, қайтарам ба ерік меңде.
Көтібар
Жә, жетті тентіремей кет жөніңе.
Теңге
Ендеше, алысамын шық далаға.
Көтібар
Шыға ғой сыбағаңды мен берейін.
Жарас
Ай, майдаңдаспа қос батыр,
Жиналыңдар, көз салыңдар!
Көтібар
Теңге, қу Теңге.
Жарас
Амансың, жеңеше, мал басыңыз аман ба?
Айман, Шолпан
Есенсіз бе, құдағи, мал басыңыз аман ба?
Арыстан, Шал
Қайдан жүрсің, сен Теңге,
ауыл-аймақ аман ба?
Өзбек
Амансың ба, құдағи, мал басыңыз аман ба?
Теңге
Шүкір-шүкір.
Жарас Жақсы.
Көтібар
Сонда да алмай қойман Айманды мен,
Көңілім Айман қызға кетті мүлдем.
Арыстан
Мен қайтем сен алғанда таңдағанды,
Қойсаңшы жалғыз өзің жалмағанды.
Көтібар
Тәйт арман ат иесі алға мінет,
Алатын Көтібардан жолды кім еді.
Шал
Ақ сөйле, әуелі өз құшағың толатынды.
Арыстан жақ хоры
Мәссаған бұдағы бәрекелде билік екен
Байқасақ, кімнен кем біз де жауға тидік екен.
Көтібар жақтың хоры
Әуелі алысқан Көтібар деп аттанғанбыз,
Көрдің бе, қарайгөр жас жауқазын көк немене.
Қыздар да таңдаған жол Арыстанға тию керек.
Басыңда болмаса неге сауыт кидік екен.
Шіріктей, көжедей боп, біз деген шөп немені,
Өліп кет тассыз таңдаған батыр алар
(Барлығы дуэтпен айтылады.)
Көтібар Шулама өңшең шиебөрі,
Тыңдамаймын сөзіңді.
Асыл қызды алам деп,
Шын сермедім қолымды.
Оңдысын өзім аламын,
Оңдысын өзім аламын.
Өзбек
Бұл не деген заман-ай,
Не пәлеге кездестім
Осыдан құтылып,
Аман шықсақ болар еді,
Бұл пәледен аман шық.
Шолпан
Бұл не деген заман,
Қандай бұзық адам.
Қор болдым тұтқында
Шерлі Шолпан, бітті үнің,
Бұл не деген күн болды.
Тенге
Өлсем, өлдім, өлмесем
Алдырмаспын Айманды.
Айланы жұмсармын,
Бұйыртпаспын сен қу шалға.
Шал
Аламыз таңдаған қызды
Қызды аламыз.
Хор
Таласуды қойыңдар,
Жат ой болса қойыңдар.
Екі қызды бөліп ап,
Татуласып қойыңдар, Екі батыр.
Шымылдық
ІІІ АКТ
Төртінші картина
Көтібардың ауылы салтанатты үйлер. Көтібар ортада, жанында шал, масаттанып өлең айтады.
Көтібар
Маманның қолымда отыр балдырғаны,
Тал бойын талайлардың талдырғаны.
Отыз күн міне бүгін өтіп барад
Қамығып қам көңілдің қаңдырғалы. (Күледі.) Шал
Қырқылжың бұған дейін алдырмады,
Құйрығын қызылдағы шалдырмады.
Зар күйін енді соғып кәрің отыр,
Тепсініп тегеуірін салдырлады. (Дуэт.)
Көтібар
Сорлы үнім енді ғана саңғырлады,
Той атқа айдай Айман ілінем деп,
Көңілде арман, сірә, қалдырмады.
Бөгеттің бүгін бәрін үйіп-төгіп.
Шал
Қыранның ашшы дабылы даңдырлады,
Жаман жан жете алмаған жалбырлады.
Бөгеттің бәрін бүгін үйіп-төгіп,
Еңбегін көріп отыр жандырғалы.
Көтібар
Еңбегін көріп отыр жандырғалы.
Шал
Жаман жау жаяулаған жалбырлады.
Көтібар
Жаман жау жете алмаған жабырлады,
Тоқал да қу шолағын шаңдырлады.
Шал
Тоқал да қу шолағын шаңдырлады.
Көтібар
Бөгеттің бәрін бүгін үйіп-төгіп.
Шал
Бөгеттің бәрін бүгін үйіп-төгіп
Көтібар
Еңбегін көріп отыр жандырғалы.
Шал
— Қайран ерім,
Тоқтай қалшы батыр-ай,
Қаптаған мынау неткен қол.
Көтібар
Алып жүр ғой үрейді,
Шақырып білсін біреуді.
Шал
Ойбай, батыр, қамын қыл,
Қуғын жеткен сүренді.
Көтібар
Тарт, ендеше, тезірек
Белдеуде тұрған күреңді.
Арыстан
Көрдің бе мына жауды құдай атқан,
Жоқ екен шоқпарымның дәмін татқан.
Кигізем ерегессем қызыл тақия.
Ұстаңдар Әлібекті.
Хор (Сырттан)
Аттан, аттан, аттан!
Арыстан
Бейне бір тасқыңдай боп аққан селдің,
Мұншама қолды жиып неге келдің.
Әлібек
Келемін жесір іздеп қорқамын ба,
Мен дағы баласымын іргелі елдің.
Арыстан
Қай қызда ниетің бар сенің алмақ.
Әлібек
Қайсысын қалдырып ең маған арнап,
Айман айымай, күнім денің сау ма.
Ақшабағым, шырмалған қинауға,
Айманау, қарағым, сәулем-ай.
Айман
Болғаны рас көп күндер кеткеніме,
Әлде болса ризамын жеткеніңе.
Шолпан
Мал құтырар қырсығып, өршеленіп,
Соның үшін қиын жол шеккеніме.
Екеуі қосылып
Айтайын десек көрген көп,
Айтқан меңде қанша сеп,
Көрінгенге болдық кеп.
Теңге
Келісіңдер алдымен есебін тап,
Батыр жатыр болмаса әлегін сап,
Әлібек, таста босқа егеспе,
Бос егестен не пайда, мырза-ау,
Араңдасып бейбіт ел қырылдың-ау,
Ол құтырып кеткен соң, қару жұмсап
Арыстан, сен де босқа қарыспа,
Босқа шықпа жарысқа, қайным-ау.
Айман
Ендеше, екеуің де келісті деп,
Қояйын қолдарынан қаруды алып,
соқтығады сонда кімге.
Арыстан
Айман қыз, мені тастап кете алмассың,
Соғыста күші мәлім біздің қолдың.
Әлібек
Айманды өлсем дағы қалдырмаспын.
Осы сөз кесір сөзім мен де болдым.
Шолпан
Мен қалайша есіңе алынбаймын,
Арам тер боп, көп сөйлеп салынбаймын.
Сендер қалар соғыссаң, мұнда қыз жоқ,
Бақсы боп кет ұтырда жалынбаймын сендерге.
Арыстан
Ендеше, Жарас айтсын ара ағайын.
Әлібек
Не десе құлдық Жарас мен көнейін.
Айман, Шолпан
Айт Жарас, сенің сөзің кетпес бекер.
Жарас
Жеткен жоқ па жұртым-ау, бұл селебе.
Істі берсең қайтеді жол келеге.
Өз аулынан, Маманның өз қолынан,
Тақияңа қыз алсаң тар келе ме.
Шырқатып жасау мен,
Қыз алсаң қайныңнан.
Тағы да тағы айтайын бір кеңесті.
Бұл жерде қыздар тұрса жан келмес те,
Тезінен Айман-Шолпан қайтсын елге.
Бұйырған несібені жат жеместі.
Жөнелсін, көп тұрмасын тез жөнелсін,
Әлібек артынан әскерімен.
Жау жетсе бөге – ол өтсін,
Ал аулынан Маманның
Өз қолынан қыздарын,
Осыменен тас құрсау,
Үзіледі быт-шыт боп.
Бір буын боп артынан
Біз де барамыз.
Батырды енді алдайық,
Еш нәрсе сезбеген адам боп,
Жан-жаққа тезірек тарайық.
Жан жаққа іздеген қып, жұртты тарат,
Ұйқыға жәй кетсін жайбарақат.
Көтібар
Мені қуып көрсетші келетін кім,
Әбігерді, әлекті салатын кім.
Ат ойнатып ауылыма селдей болып,
Қызды қолдан алатын кім.
Жарас
Іздегенмен қыздар жоқ табалмадым,
Хабарына не болған қана алмадым.
Жер жұтты ма қашты ма сілем құрып,
Бір оқ терең жығылдым, батырым, табалмадым.
Көтібар
Аттан, Арыстан, аттан,
Мынау сұмырай не дейді, нені айтады,
Қашқаны ғой құтылам деп қу байтал,
қап бәлем,
Жау әкетісті қу ойбай, ұшқын байдан.
Жын-сайтанын жерге тық,
қайтар ойбай сұм қыздар.
Арыстан
Қарашы мына жауды құдай атқан,
Жоқ екен шоқпарымның дәмін татқан
Кигізем қызыл тақия алысымын,
Ұстаңдар Әлібекті.
Хор
Аттан, аттан, аттан.
Көтібар
Теңге, қу Теңге, сен қайда барасың?
Теңге
Турам ба ел шабылып, ерге болса,
Жуамын соққы жермін әзер болса.
Шал
Қайдасың сабың түзе, сайланып шап,
Қайдасың, намысын құтан кәрі аруақ.
Хор
Көкжалдан көбік атын шықсын былай.
Көк тұлпар беті қалай көлбей шабар.
Құрулы мылтық болсын құрсаулы жау.
Қолдай көр оқ дегенде Орақ, Мамай.
Түсірген шекесінен жауды талай,
Қасқа азбан томаға көз шапсын қамай,
Қанішер қайқы болат кезің келді
Қылқимас қақалмай шап, жалмай, жалмай.
Көтібар – Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр да салқын төске алып,
Жыртпай қойман жағаңды,
Ол да тәңірім өлгенде,
Оқи бер қу дұғаңды, дұғаңды.
Оқы, өлер жерің осы.
Жарас
Ах, жетейін енді жылдам, Маман copғa,
Киліккен өзінен де күші зорға.
Сорлыға, өй сорлы-ай,
Арттан қуып қырға түрер,
Басып озып, мен барайын.
Мен разымын өзіме,
Күндей бәрі сөзіме
Айман-Шолпан аман қалса,
Жеткенім ғой сөзіме.
Шымылдық
Бесінші картина
Бірінші актінің музыкасы ойналып жатады. Сахнадан үнсіз алдымен Айман, Шолпан, қыз-келіншектер, Арыстан, Әлібек жігіттермен Теңге, Жарас, Көтібар шалдармен өтіп жатады. Бірін-бірі қуған түрде.
2-ші шымылдық ашылғанда Маман байдың аулы, сахнада Жарас.
Жарас
Қайдасың балаларың қайтты,
Маман, Қырсық жол осыменен болар тамам.
Ойнақ сап, күле жайнап міне келді.
Көргенді көп айтуға тілім шабан,
Түрі жаман қу шалдың,
Қорлық жоқ біз көрмеген.
Жақсы екен тек өлмеген.
Көк азу Көтібардан есен-аман,
Құтылдық, бірақ әлі түрі жаман.
Қалғанда орнын сипай жер тепкілеп,
Деп жатты әлде болса қайта шабам.
Әрең тыңдау қырсық жәй.
Қорлық жоқ біз көрмеген,
Жақсы екен тек өлмеген.
Айман
Доста кісім қол қолда жалқы Жарас,
Қарыздармын, амандығым көмегіне,
Жарас-ау, береміз ерік өзіңе
Көнеміз өзің сөзіңе. Асыл аға,
Жарас-ау, Айтпаймыз мұны көзіңе.
Шолпан
Өтілместен Жарастан жатқа барман,
Бұйрығына не десе басым сауда.
Жеңгеніңе Жарас-ау, Көнеміз өзің сөзіңе,
Береміз ерік өзіңе Асыл аға, мұны көзіңе.
Маман
Қуанды анаң көңілі-ай туып.
Іштен қайғы жердің дертін қуып.
Қуанышым, көз жанарым сен екенсің,
Болғанда төрімнен де көрім жуық.
Батты ғой деп ай-күнім.
Өшкен еді-ай үнім,
Қол келдің ғой қос гүлім.
Әлібек
Батыр мырза, жол болсын.
Арыстан
Жол қылмақ сізден болсын.
Әлібек
Мәссаған мен де өзіңдей жолаушы,
Жол қылмақ бізде неден болсын.
Маман
Қалып ек, қу өмірден көңілім суып,
Оңалдым батыр кеткен күнім туып
Баламның осы айтады бекем буып.
Жақып шықты жер астынан.
Айман
Өзің айт не десең де бар билікті,
Ерікті бізге тиген саған бердік.
Қадырлы аға.
Көнеміз не десең де жол сенікі,
Үйде де, түзде де өзіңде ерік.
Қымбатты аға
Алдияр дегеніңе, Жарас аға.
Жөн білген билігіңе таласа ма,
Жарас-ау.
Айман, Шолпан
Бір сенің еңбегіңмен естен кетпек,
Тас есік қамап алған тар бождағы.
Жарас
Жетіскен кім бар екен Жарастайын,
Алыпты бір жағына Аймантайын,
Қос қалқа асылыпты екі жақтан,
Алмайтын еркі бар ма Шолпантайым.
Тақсырдың тайталасқан жерін қара.
Қор болған жерің болса тап осы ара.
Егескен есі шығып кете барып,
Болыпты жан қуалап қас масқара,
Тең болмай қалғанын көр Жараспенен,
Айрылды қос қалқадан таласпенен.
Қоям ба өзім алмай ай-күнімді.
Оларға кім бар екен талас деген.
Жетіскен кім бар екен Жарастайын,
Алмайтын еркі бар ма Шолпантайын.
Қос қалқа асылыпты екі жақтан,
Алыпты бір жағына Айманайын,
Бір Айман, бір Шолпаным егіз ерке,
Мендағы екеуің деп сарғайғанмын.
Әлібек
Қорлық-ай неткен қорлық, жаратқан-ай,
Арыстан құрысын асқақ батыр атағым да,
Жүріппін мен жақсы деп құр шүкірмен.
Байлығым құрып қалсын бу бітірген.
Арыстан
Қос қызды бір Жарасқа қаратқаны-ай,
Бізден де Жарасты артық санатқаны-ай.
Әлібек
Жарас-ай, тым болмаса бірін берші,
Өзіңнен артылғанға жол менікі.
Жарас.
Жоқ.
Арыстан
Әттең, дүние жалған-ай,
Қалғаны маған тисе де,
Қалмас еді арманым-ай.
Жарас
Егестен есер көңіл қалысқанда,
Жай білген жақын абзал алыстан да.
Сонымен Шолпанымды Әлібекке,
Бұйырдым Айманымды жастар-ау, Арыстанға.
Арыстан
Айналдым ақылыңнан, Жарасым-ай,
Не дейін дән разымын аузыңа май.
Әлібек
Алмаймын, керегі жоқ Шолпаныңның,
Бітім жоқ, тоймапсың ғой шабысқанға.
Шолпан
Сен осы қайдан шыққан сер немесің,
Ел көнсе, сен көнбейтін ер немесің.
Кемітер Шолпан басын мәнді айтшы,
Зор көрдің тақияңа неменесің.
Айман
Білдірсеңші, Жарас-ау,
Болмаса ана жігіттің,
Жетіп тұр толғағы.
Жарас
Уай, жігітім, жөніңді айтшы,
Осыңда тұрған қайсы сұлу,
Таныр мекен шыққыр көзің
Асқақ астау аңғал сөзің.
Кемітесің қай баласын,
Мен айтайын бермен қара,
Әлі күнге қай таласың,
Айманымды сен де аласың,
Анау Айман оған болса,
Мынау Айман саған болсын.
Әлібек
Мен ырза, не қыласың оңалды жол,
Әуелден құштар болған Айманым сол.
Жарас
Ал енді бата сұрай сізге келсін.
Қос күйеу тәжім етсін бата сұрай.
Маман
Айман-Шолпан қос еркем,
Бейнет шегіп жол көрсең,
Тағы тартты бір мекен,
Аруақ қабыл көрсе екен,
Аллаһу акбар.
Көтібар
Бата не бата?
Теңге
Шалым-ау, жөніңді айтайын олай болса,
Бекер-ақ шауыпсың ғой өктеп сонша,
Алдында қос күйеу тұр татуласып,
Құдасың, сен де разы жолың жолша.
Көтібар
Не дейді тоба,
Шабармын оза,
Құдая тоба.
Ж-о-қ.
Айман
Оң қара, Көтеке.
Көтібар
Ж-о-қ.
Уа, жоғал қу сирақ Қу шұнақ.
Шолпан
Мың асқанға сауал бар, бір тосқандай,
Жер мен көкті қыс бен жаз кім қосқандай.
Кәдір білсек, кәрі ата, кел, тоқталық,
Шешілер тіл болмаса шын жасқанбай.
Не күн жетті сіз тоқтарлық,
Шектіде азап көп зорлық
Тілек қыпты барлық халық,
Мезгіл жетті сіз тоқтарлық.
Күдер үзген абзалды,
Мезгіл жетті тоқтарлық.
Хор
Ал сап батыр, сап батыр,
Батыр едің де қатыр.
Бойға мін, басқа пәле боп,
Тосқан кезің осы ақыр.
Өтер білген өктемес,
Өшкен жанбас, бұл бақыр,
Бір талай күндер өтті. белде, белде,
Қорқып ек қалмай біздің елде,
Бір Көтібар, бір Маман кездесіпсің,
Осыменен тыным тап, бәрекелде.
Жалғыз-ақ Бұл береке ұзақ болсын,
Тобыңа біз де келдік орта толсын.
Бас сырықтан мал құрық аман болып,
Дегендерің түрт шайтан көңілі солсын.
Көтібар
Сен Шөмекей келдің бе, тағы қаулап.
Сенен шыққан бар пәле жоғал аулақ,
Аулақ.
Жарас
Табысқанда бай мен батыр,
Барлық сұлу сонда жатыр,
Тілемей ақ тілектерін,
Жөніңе тарт өңшең бақыр.
Сергелдең ел басына салған байлар,
Көргенде мінезіңді зығыр қайнар,
Егер қып елді шаптың, пәле жаптың.
Айыпсыз балаларға шектің айбар,
Қайтармасы.
Қиналды арам тер боп, құлын тайлар.
Куә боп қылығыңа қалды сайлар,
Кесті деп пысқырған ит тұмсықтарын.
Сендерге кейінгі ұрпақ тақсын айбар.
Хор
Ертенді-кеш таласқан,
Шоқпар сойыл сабасқан,
Телі тентек сыйың сол,
Кет садаға Жарастан.
Әлібек
Біз бағындық Жарасқа, Еркектер
Ел думаны Жараста.
Бәрі
Бақытты Бұл Жарас, Ақылды аға.
Сенсің жалғыз Жарас, Жарас (2 рет.)
Асылдан.
Хор
Ай, Маман-ау, байдың тойы бар.
Жарас
Елді жиған құрған думан. Жиналыңдар-ай.
Арыстан, Әлібек
Жә, солай болсын тойлайық,
Енді ойнайық гүл жайнайық.
Келе берсін-ай.
Айман, Шолпан
Ал шақыр келсін халайық,
Шаттанайық ән салайық.
Сый болыңдар-ай.
Теңге, Көтібар,Маман –
Ай, амал барма қайтеміз,
Енді не бар бөгет болар,
Тойлай берсін-ай.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру