TELEGEI

Home

Әлемдік саясаттану антологиясы 4 том

Әшімбаев Мәулен

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әлемдік саясаттану антологиясы 4 том

Мазмұн: Э. Кабе Икарияға саяхат Л. О. Бланки Коммунизм қоғамның болашағы Т. Дезами Ортақтық кодексі Р. Иеринг Құқық жолындағы күрес Л. Фейербах Философияны реформалау қажеттігі К. Маркс Капитал Ф. Энгельс Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің... П. Ж. Прудон Кедейшілік экономикалық принцип ретінде Меншік дегеніміз не? П. А. Кропоткин Анархия Революционердің жазбалары М. А. Бакунин Мемлекеттілі

МЕМЛЕКЕТТІК “МӘДЕНИ МҰРА”

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

“МӘДЕНИ МҰРА” МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ:

ҚҰЛ-МҰХАММЕД МҰХТАР, ТӨРАҒА

ДОСЖАН АРДАҚ, ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

АСҚАРОВ ӘЛІБЕК, ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІ:

АБДРАХМАНОВ САУЫТБЕК

АЯҒАН БҮРКІТ

ӘБУСЕЙІТОВА МЕРУЕРТ

ӘЖІҒАЛИ СЕРІК

ӘЙТІМОВА БІРҒАНЫМ

ӘЛІМБАЙ НҰРСАН

ӘУЕЗОВ МҰРАТ

БАЗЫЛХАН НӘПІЛ

БАЙПАҚОВ КАРЛ

БИЕКЕНОВ КЕҢЕС

ЕРТІСБАЕВ ЕРМҰХАМЕТ

КЕНЖЕҒОЗИН МАРАТ

ҚАСҚАБАСОВ СЕЙІТ

ҚОЙГЕЛДИЕВ МӘМБЕТ

НЫСАНБАЕВ ӘБДІМӘЛІК

ӨМІРБЕКОВ БАЙТҰРСЫН

САЛҒАРА ҚОЙШЫҒАРА

САРИЕВА РЫСТЫ

СЕЙДІМБЕК АҚСЕЛЕУ

СҰЛТАНОВ ҚУАНЫШ

ТАЙМАҒАМБЕТОВ ЖӘКЕН

ТҰЯҚБАЕВА БАЯН

ХҰСАЙЫНОВ КӨБЕЙ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ

ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы

ӘЛЕМДІК

САЯСАТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

4-том

Алматы
“Қазақстан”

ББК 66.0

Ә 52

Ә 52

“Әлемдік саясаттану антологиясы”. 10 томдық. “Мә-

дени мұра” бағдарламасы. Алматы:– ЖШС “ Қазақ-

стан” баспа үйі”, 2005 ж. – 480 бет.

ІSBN 9965-10-048-9

ББК 66.0

ІSBN 9965-10-048-9

ІSBN 9965-10-033-0

© ЖШС “Қазақстан” баспа үйі” – Аударма және безендіру

“Әлемдік саясаттану антологиясы” он томдығының түпнұсқа
мәтінін құрастырған Мемлекеттік “Мәдени мұра”
бағдарламасының “Саясаттану” секциясы

Секция құрамы:

1. ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы – Секция жетекшісі, саясат ғылымының кандидаты, 10-томды құрастырушы. 2. БАЙДІЛДАНОВ Лайық Әмірұлы – философия ғылымының докторы, 5-томды құрастырушы. 3. БЕЛГІБАЕВ Серік Талғатұлы – ҚР Президент жанындағы ҚСЗИның әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, 4, 5-томдарды құрастырушы. 4. ИВАТОВА Ләйла Мырзалықызы – саясат ғылымының докторы, 1, 2, 3, 8-томдарды құрастырушы. 5. КӨШКІМБАЕВ Санат Қайырсіләмұлы – саясат ғылымының кандидаты, 7, 9-томдарды құрастырушы. 6. ЛАУМУЛИН Мұрат Тұрарұлы – саясат ғылымының докторы, 8томды құрастырушы. 7. ТАСТЕНОВ Әлішер Жақсыбекұлы – ҚР Президент жанындағы ҚСЗИ-ның аға ғылыми қызметкері, 10-томды құрастырушы. 8. ШОМАНОВ Асқар Жұмабайұлы – философия ғылымының кандидаты, 6, 9-томдарды құрастырушы.

Түпнұсқа мәтінінің қазақшаға аударылып, редакциялануын басқарған, “Қазақстан” баспа үйі” мойынсерігінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Аударма сарапшысы – филология ғылымының докторы, ҚР Мем-
лекеттік сыйлығының лауреаты Жұмағали ЫСМАҒҰЛОВ.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз .
Э. Кабе

Икарияға саяхат
Л. О. Бланки
Коммунизм қоғамның болашағы
Т. Дезами

Ортақтық кодексі
Р. Иеринг
Құқық жолындағы күрес
Л. Фейербах

Философияны реформалау қажеттігі
К. Маркс

Капитал
Ф. Энгельс
Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің...
П. Ж. Прудон

Кедейшілік экономикалық принцип ретінде

Меншік дегеніміз не?
П. А. Кропоткин Анархия

Революционердің жазбалары
М. А. Бакунин
Мемлекеттілік және анархия
Жан Жорес

Республика және социализм
Э. Бернштейн
Парламентаризм және социал-демократия
Р. Люксембург

Әлеуметтік реформа әлде революция
Ф. Лассаль
Жұмыскерлер бағдарламасы
Д. Писарев

Жаңа тұрпат
Ш. Фурье
Өркеният құрылысының өркендеу жүйесі
М. Штирнер

Бірден-бір және оның меншігі
А. И. Герцен
Орыс халқы және социализм

Алғысөз

Шығармашылық жетістіктері бүкіл философиялық һәм саясиқұқықтық ой-пікір тарихындағы елеулі белес болып табылатын ғалым – кемеңгер ойшыл Георг Вильгельм Фридрих Гегель. Оның саяси философиялық жүйесінің құрамдас бөлігі – құқық және мемлекет философиясы. Өзінің саяси-құқықтық философиясын Г. В. Ф. Гегель тұтас қалпында “Құқық философиясы” және “Рeх феноменологиясы” еңбектерінде баяндап берді. Гегельдің саяси теориясының ұйтқысы – оның мемлекет тұжырымдамасы. Гегель мемлекетті құрылған бірдеңе деп қарастырмауға шақырып, сол арқылы қоғамдық шарт дегеннің ұтымдылық схемасына мемлекеттік мекемелер заңдылығы идеясын қарсы қояды. Алайда шартты жоққа шығара отырып, Гегель тіпті де ілгері емес, кейін кетеді. Ол мемлекетті құдайдың құдіретінің көрінісі деп біледі. Ол азаматтық қоғам мен саяси мемлекетті бөліп көрсетеді. Гегель азаматтық қоғамды қарамақайшы мүдделер қырық пышақ ететін антагонистік қоғам, баршаның баршаға соғысы ретінде бейнелейді. Гегель – монархизмнің идеологы. Шындап келгенде, монархия Гегельге басқарудың ең парасатты пошымы. Көпшіліктің немесе халықтың билігін ол мойындамайды. Гегельдің заң шығарушы өкімет пен өкілдік жайындағы идеялары жартылай феодалдық монархия шеңберінде қалып, тіпті Локкты былай қойғанда, тартыншақ Монтескьёден де көш кейін қалады. Заң шығаушы өкімет құрамдас үш бөліктен: корольден, үкіметтен және өкілдікті органдардан тұрады. Ең соңғы шешімді король айтады. Жалпы алғанда, Гегель “конструкциясы” конститутциялық монархия деңгейіне жете алмайды. Бұл – парламентті пошымдарды “оқымысты абсолютизмнің” қатаң құрылымына бейімдеу, пруссиялық тәртіпті көкке көтеру.

Гегельдің халықаралық қатынасқа және соғысқа көзқарасы назар аудартады. Мемлекетаралық қатынас өрісін Гегель мемлекеттік сыртқы құқық көрінісі ретінде түсіндіреді. Мемлекеттер бір-бірімен қатынаста жаратылыстық ахуалда болады деп білетін Гегель, халықаралық құқық принципінің өзін және мемлекеттер арасында құқықтық, шарттық қатынастардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мемлекеттер бірбірін егемен және тәуелсіз деп білуге, бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға, дербестігін өзара құрметтеуге тиіс. Осылайша Гегель қарама-қайшылықты тұлға болды. Ол әдістемелік тұрғыдан көптеген құнды іс тындырып, өзінен кейінгі ойшылдардың бәріне ықпал етті. Тарихтың заңды барысы, диалектика, қарама-қарсы бастаулар күресі идеялары философиялық һәм саяси теориялардың дамуына зор ықпал етті. Алайда Гегельдің саяси ойшыл ретіндегі ең осал тұсы мынада: оның диалектикалық әдісінің қуатына ол ұсынған мемлекеттік-құқықтық доктринаның үргедек қағидалары мүлдем сай келмейді. Ол бар болғаны жартылай феодалдық полициялық мемлекет қызметіндегі қанағатшыл реформист, сөз жүзінде ғана конституциялық деп аталған, өкіметтер бөлінісін де, халық өкілдігін де, азаматтар бостандығын да феодалдық абсолютизм шыңдап шығарған бюрократия құрбандығына айналдырған монархияның жақтасы еді. Соған қарамастан, Гегельдің философиялық-құқықтық ілімі өзінен кейінгі саяси-құқықтық ой-пікір тарихына орасан зор ықпал етті, Гегель философиясы консервативтік те, оппозициялық та көзқарастарды негіздеу үшін едәуір кең өріс берді. Мұны гегельшілдіктің кейінгі тарихы және Гегельдің құқық философиясын әрқилы идеялық-теориялық тұрғыдан түсіндіруі айқын көрсетеді. Социалистік идеялардың классикалық түрде дамуы әлеуметтікфиласофиялық ақыл-ойдың осы бағытының негізгі кешені қаланған нақ XІX ғасыр кезеңіне дөп келеді. Оның себебі – батыс қоғамын индустрияландыру қарқынының жедел жүруі, оның әлеуметтік жағынан

жіктелуі және еңбек пен капитал арасындағы қарама-қайшылықтың анық көрінуі. Аталмыш проблемалар қоғамды екіге жарып, әлеуметтік әділет іздеудің алғы шарттарын жасады да, олар қоғамдық ақыл-ойда да көрінісін тапты. Осыған орай “Әлемдік саясаттану антологиясының” төртінші томына негізінен XІX ғасырдың көптеген бағыттардағы социалистік толқын ойшылдарының еңбектерінен алынған үзінділер енгізілді. Аталмыш кезеңдегі қоғамдық ақыл-ой дамуының жалпы бағыты сол заманға тән проблемалармен сипатталады. Сондықтан да XІX ғасыр саяси ақыл-ойының негізгі нысанасы әділет, құқық, болашақ мемлекеттің мінсіз қоғамдық құрылысы мен мемлекетке қатынас мәселелері болды. Барынша иі қанық идеялогиялық тұжырымдама социализмнің саналуан түрлері болды. Социализм теория ретінде бүкіл XІX ғасыр бойына қауырт даму үстінде болды да, соның салдарынан ғылыми жағынан да, идеологиялық және саяси жағынан да бірнеше ағымдарға бөлінді, олар өзара қырықпышақ болып дауласып та жатты. Тұтас алғанда социалистердің барлығы да дамып келе жатқан капитализмді жазғырып, оның кінәраттарын қатаң сынады. Капитализмге мінсіз қоғамдық құрылыстың әрқилы жобалары қарсы қойылды. Мұраттар мен соларға жету жөніндегі әрқилы түсініктер бірқатар мектептер мен үйірмелерді туындатты. Солардың қатарына кең таралған социалистутопистер ағымы да жатады. Утопистердің көпшілігі өнеркәсіптік төңкеріске зор маңыз берді. Ірі өндірістің көмегімен, деп жазды, Ш. Фурье, адамзат өз тарихының қияметқайым кезеңдерін орағытып өтіп, дамудың жоғарғы сатысына көп ұзамай көтеріле алар еді. Машиналар молшылықты қамтамасыз ететін болғандықтан “өнеркәсіптің өркендеуі, – деп жазды Э Кабе, – коммунизмді қай кездегіден де қазір мүмкін етеді”. Тапсыз, езгісіз һәм қанаусыз қоғам деп көрсетті социалистер, ең алдымен пролетариаттың мүддесіне сай келеді, сондықтан олардың Т.

Дезами, Э. Кабе секілді кейбіреулері коммунизмді тек жұмысшы табы арасында насихаттауға шақырды. 1840 жылы Этьен Кабе әлеуметтік-философиялық “Икарияға саяхат” романын жариялады. Коммунизмді жүзеге асырудың қажетті ілкі шарты теңдікке жол ашатын демократияны дамыту, деп санады Э. Кабе. Ол барлық басқа реформалардың, соның ішінде әлеуметтік реформаның алғышарты ретінде жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізуге мән берді. Кабе егер халық қолдаса және шынында да халыққа сүйенсе уақытша үкіметтің диктатурасы мүмкін әрі қажет нәрсе деп санады. Коммунизмге өтуді даярлауға тиіс шаралардың ішінде Кабе жамағайындық мұрагерлікті, мұрагерлік өсиетті жою, жекешенің мүлкін мемлекеттің сатып алуы, салықтың табысқа қарай ұлғайтылуы, үкіметтің қолдауымен жұмысшылар ассоциацияларын, коммуналар, ұлттық ірі шеберханалар ұйымдастыру секілоді шаралады атайды. Кабе ұсынған мемлекет нұсқасы жалпы алғанда демократиялық сипатта: коммунистік Икарияда халық жиналыстары, халықтық өкілдік, сайланбалы үкімет бар. “Мен үшін, – дейтін Кабе, – демократия мен коммунизм синонимдер”. Сөйте тұра Икариядағы коммунизм тоталитаризмге жақын: еңбек кестесі қатаң белгіленген, елдің бәрі біркелкі жиһаздалған біркелкі үйлерде тұрады, қоғамдағы тең дәрежелі адамдардың киім үлгісі де біркелкі. Тек қана ақпараттық деректер беретін мемлекеттік газеттер ғана шығарылады Социализм теоретиктерінің арасында бөлу принциптері туралы таластартыс көп болды. Дәулеттілердің назарын фалангтар (өндірістіктұтынушылық бірлестіктер) ұйымдастыруға тарту мақсатында утопиялық социализмнің тағы бір теоретигі Шарль Фурье алғашқы кезде табысты еңбек үшін 5/12, капитал үшін 4/12, талант үшін 3/12 мөлшерінде бөлісуді ұсынды. Сен-Симоншылар әркімнің еңбегіне қарай, көптеген социалистер мен коммунистер әркімнің қажетіне қарай бөлуді қолдады.

XІX ғасырдағы Францияда зорлықты, мәжбүрлеуді, диктатураны коммунизмге өтудің құралы деп санаған теориялық бағыт едәуір белең алды. Коммунистердің ең алғашқы ашық жиналысы (1840 жылдың 1шілдесінде Бельвилде 1200 адам бас қосып өткен коммунистік банкет) халықтық диктатура орнатуға жол ашатын зорлықшыл әлеуметтік революция идеясын жақтады, оның мақсаты "нақты да мінсіз теңдік". Осы мақсатқа жету үшін уақытша революциялық үкімет барлық өндірісті мемлекет қолына шоғырландыруға, ұлттық шеберханалар ұйымдастыруға, заң арқылы сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізуге, еңбекшілердің жағдайын жақсартуға, коммунизм құруға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруға тиіс болатын. “Коммунистер банкетін” ұйымдастырушылардың бірі Теодор Дезами өзінің “Ортақтық кодексі” атты кітабы мен журнал беттерінде жарық көрген бірқатар мақалаларында жалпыға бірдей сайлау құқығы мен парламенттік күреске қарсы шығып, оларды буржуазиялық алдау деп атады. Т. Дезами коммунизмге өту кезеңінде пролетариат революциясы мен диктаторлық үкіметтің қажеттігін негіздеді. Осынау өту кезеңінде биліктен тайдырылған таптың қарсылығын басып-жаншу үшін қарулы жастардан әскери лагерь құрылуға тиіс, кейіннен бұл лагерьлерден өнеркәсіптік армиялар ұйымдастырылады. Коммунистік мемлекеттердің қарулы күштері коммунизмнің дүние жүзінде жеңіп шығуын жеделдетеді. Қаншалық орындалмас қиял болғанымен, мұны олар суреттеген қауымдардың (Фурьенің фалангасы сияқты) нақты құрылысының тәжірибесі де көрсеткенімен, утопистер идеясы XІX ғасырдағы социалистік ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қоғамды неғұрлым парасатты ұйымдастыру және өткір әлеуметтік жанжалдардың уытын қайтару қажеттігі сол әрекеттердің қозғаушы күші болды. Социалистік идеяларды қолданбалы және неғұрлым теорияландырылған идеялар деп бөлуге болады. Егер утопистердің идеясы жалпы алғанда сонау XVІІІ ғасырда басталған мінсіз қоғамдық құрылысты іздестіру тенденциясын

жалғастыра берсе, марксизм теориялық һәм философиялық сүбелі базасы бар алғашқы социалистік доктрина болды. Марксизм XІX ғасырдағы экономикалық өрлеудің күрделі жағдайында дүниеге келді. Әділетті бөлу, және экономикалық, әлеуметтік даму мәселелері өте көп адамды толғандыратын. Бұл мағынада алғанда әлеуметтік процестердің экономикадан туындайтынын уағыздайтын марксизмнің өзі де сол экономикадан туындаған еді. Соған ұқсас идеяларды сол кездегі ойшылдардың талайы айтқан. Атап айтқанда, ағылшын экономисі және социалист-утописі Томас Ходжскин өзінің “Еңбекті капиталдың талап-дәмесінен қорғау”, “Көпшілікке арналған саяси экономия” сияқты еңбектерінде капитализмді сынайды. Буржуазиялық классикалық саяси экономия дәстүрін жалғастыра отырып, ол құнның бірден-бір көзі еңбек және капиталист жұмысшы еңбегінің бір бөлігін иемденіп кететінін дәлелдейді. Ходжскин капиталды зат емес, өндіргіш күштердің қоғамдық қатынасы, еңбекке билік жүргізуге ие болудың құралы деп бағалады, Маркс те оның бұл ойымен келіскен. Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің саяси-құқықтық теориясы жалпы алғанда маркстік ілімнің қалыптасу процесінде пайда болды. Бұл теорияға француз социалистерінің идеялары да зор ықпал етті. К. Маркс 1843-1845 жылдары Парижде тұрған кезінде социалист болған. оның көзқарастарының қалыптасуына неміс философиясы, атап айтқанда Г. Гегель мен Л. Фейербах зор ықпал етті, солардың идеялары маркстік теорияны философиялық негіздеудің іргетасы болды. Атап айтқанда, Людвиг Фейербах табиғаттың санадан тыс өмір сүретінін, ол адамның өсуінің негізі екенін, табиғат пен адамнан тыс ештеңе жоқ екендігін, дін жасаған құдіретті жаратушы тек адам болмысының фантастикалық бейнеленуі екенін мойындап, материализм мен атеизмді жариялады. Марксизм ғылымының негізгі қағидасына базис пен қондырма туралы ілім жатады. Базис – қоғамның экономикалық құрылымы, адам ырқынан тыс тұратын өндірістік қатынастардың жиынтығы, олардың негізінде

әрқилы меншік түрлері жатады; бұл қатынастар өндіргіш күштердің дамуының белгілі бір сатысына сәйкес келеді. Қоғамдық санаға сәйкес келетін заңдық және саяси қондырма базиске негізделеді, оны айқындайтын да базис. Қондырманың бір бөлігі ретінде мемлекет пен құқық аталмыш өндіріс жүйесінде әрқашан экономикалық жағынан үстем таптың ықы мен мүддесін білдіреді. Бір қоғамдық-экономикалық формация тап күресінің, әлеуметтік революцияның нәтижесінде алмастырылады, ол революция ұдайы дами беретін өндіргіш күштер өндірістік қатынастың (қоғам базисі) ескірген жүйесімен қарамақайшылыққа, жанжалға түскенде болады. Әлеуметтік революциядан соң орасан зор қондырмада төңкеріс болады. Зорлықпен жасалатын коммунистік революцияның қажеттілігі мен таяп қалғанын негіздей отырып, К. Маркс пен Ф. Энгельс XІX-ғасырдың 40-жылдарында капитализм қоғамдық дамудың тежеуішіне айналды дегенді дәлелдейді. Өскелең өндіргіш күштер мен сол күштердің өсуін тежейтін капиталистік өндірістік қатынастар арасындағы қарамақайшылықты шеше алатын күш, олардың ойынша, пролетариат болатын. Дүние жүзілік коммунистік революцияны жүзеге асырған, пролетариат жаңа, тапсыз әрі саяси өкіметсіз прогресті қоғам құрады. Пролетариат өзінің саяси үстемдігін буржуазияның қолынан барлық капиталды біртіндеп тартып алып, барлық өндіріс құралдарын мемлекеттің яғни үстем тап ретінде ұйымдасқан пролетариаттың қолында орталықтандырады, және бәлки, өндіргіш күштер жиынтығын неғұрлым жедел ұлғайтады. Өзінің “Гот бағдарламасына сын” атты еңбегінде К. Маркс коммунистік қоғамның екі фазасы туралы жазады, олардың алғашқысында еңбегіне қарай бөлуге байланысты “буржуазиялық құқықтың тар көкжиегі” сақталып қала береді. Коммунизмнің екінші, жоғарғы фазасында, “қажетіне қарай” бөлу принципі жүзеге асқанда, құқық пен мемлекеттің қажеті болмай қалады.

Марксизмнің саяси-құқықтық ілімінде мүдделері кереғар тап болмайтын коммунистік қоғамда саяси өкімет өліп тынады деген идея бар. Бұл идеяны әсіресе Ф. Энгельс барынша қорғап, мемлекетті пролетариатқа мұраға қалатын зұлмат деп атады, болашақ қоғамда мемлекетті “көне дүние мұражайына” жөнелту міндетін қойды. Марксизмнің кеңінен таралып, оның саяси-құқықтық идеялогияның ықпалды бағыт ретінде бой түзеуіне Интернационалдың ұйымдастырылуы жәрдемдесті. Маркстік идеялар Еуропаның бірқатар елдерінің социалистері арасында кеңінен тарады, тіпті Францияның Жұмысшы партиясы әубастан-ақ К. Маркс Ж. Гедпен, П. Лафаргпен бірге жасаған бағдарлама негізінде құрылды. Бірақ, соған қарамастан, маркстік идеяларды бәрі бірдей қолдаған жоқ, және де Маркс пен Энгельстің пролетариаттың рөлі, қоғамның эволюциясы және әлеуметтік әділетке жету мәселесіндегі көзқарасы бірден-бір көзқарас болған жоқ. Бұл мағынада XІX ғасырдағы еуропалық социалистік ойдың идеялық субстраты барынша ала-құла болды. Социалистік идеялардың дамуы әрқилы ағымдар мен идеологтардың көптеп пайда болуына апарып соқтырды. XІX ғасыр Еуропасы әлеуметтік қырқыстар жағдайында олардың пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Біз бұл арада сол кездің неғұрлым танымал социалистерінің еңбектерінен үзінділер беріп отырмыз, солар арқылы XІX ғасырдың социалистік ойының жалпы идеялогиялық бағыты жөнінде пікір қалыптастыруға болады. Сол кездегі социалистердің идеялары көп жағынан XVІІІ ғасырдағы ағартушылық философияның, сондай-ақ утопиялық социализмнің ықпалымен қалыптасты. Мысалы, Луи Огюст Бланки тарихи прогресті ағартушылықтың таралуымен түсіндірді, бұл маркстік дәйектемеге сәйкес келмейді. Бланки тарихтың негізгі мазмұны жабайылардың абсолютті индивидуализмінен бірқатар фазалар арқылы коммунизмге – “болашақ қоғамға”, “өркеният шыңына” қарай қозғалысы деп санады.

Бланкизм бірқатар елдердегі, оның ішінде Ресейдегі революциялық қозғалысқа ықпал етті. Халықшылдық қозғалысы көп ретте Л. О. Бланки идеяларына сүйенді. Ресейдегі жағдай жалпы еуропалық жағдайдан айтарлықтай өзгешеленетін, соған қарамастан, әлеуметтік өткір проблемалар тұсында Ресейде социализм аса көп қолдаушыларын тапты. Ресейдегі революциялық қозғалыстың даму кезеңіндегі көрнекті ойшылдардың бірі Дмитрий Писарев болды. Д. Писарев негізінен революциялық идеологияның сыншыл жағын дамытып, орын алып отырған құрылысты, деспотизмді, басыбайлылықты өлтірек сынады. Ол экономикалық қызметті тарихтың мәнісі деп санады, адамзат байлығының бірден-бір қайнар көзі еңбек, барлық әлеуметтік қасіреттердің себебі “ие бола кету” элементі” деп білді. Писарев тарихи прогрестің мағынасы еңбекшілерді қанаудың барлық пошымдарынан дәйекті түрде азат ету және халықтың дербестігін біртіндеп ояту деп білді. Ол феодализмді капитализмнің алмастыру заңдылығын, “капиталдың тирандық өктемдігінің сөзсіз құлап”, “әділеттің, тән саулығының, материалдық әл-ауқаттың жаңа дәуірі” социализмнің орнайтынын мойындады. XІX ғасырдың саяси ойының социалистік блогының сол қанатының жарқын өкілдерінің бірі Роза Люксембург болды. Осы сапада ол большевиктер идеясына әлдеқайда жақын болды, оның еңбектерін орыс большевизмі идеологтарының жоғары бағалауы кездейсоқ емес. Р. Люксембург капиталдың қордалануын, капиталистік өндіргіш күштердің кеңеюі капитализмді империализммен, милитаризммен етене байланыстырады, ал саяси қызметте радикалдық бағыт ұстады. Ол 1905 жылғы орыс революциясы туралы: “... орыс революциясы XІX ғасырдағы буржуазиялық революциялар сериясының соңғы актысынан гөрі, саналы пролетариат пен оның авангарды – социал-демократтарға тарихи тұрғыдан көсем болу жазылған болашақ пролетариаттық революциялардың қарлығашы”, – деп жазды.

Сонымен бір мезгілде сол кезде социалистік ой өкілдерінің бәрі бірдей революциялық өзгерістер идеясын жақтай қойған жоқ. Мәселен, Француз социалистік партиясын басқарған Жан Жорес буржуазиялық қоғамды бірте-бірте демократияландыруға болатынына сенді. Қысқасы, Реформистер деп аталғандар Еуропадағы қазіргі социалистік қозғалысты ұйымдастырудың негізіне айналды. XІX ғасыр социалистері арасындағы идеялық айтыс-тартыстардың шиеленіскен жағдайында марксизм идеяларының кешенін қайта қарау қажет болды. Теориялық жағынан дәйектелген оппортунизм мен ревизионизмнің пайда болуы Эдуард Бернштейн есімімен байланысты. Э. Бернштейн Маркстың бірде-бір қоғамдық экономикалық формация өзі жеткілікті кеңістік беретін барлық өндіргіш күштер кемеліне жетпей күйремейді деген қорытындысына сүйенді. Сондықтан, деп кесіп айтты Э. Бернштейн, капитализмнің күні әлі тіпті де бата қойған жоқ. Бернштейн “капитализмнің күйреуі” теориясы да, “пролетариаттың қайыршылану” идеясы да практикада қуатталмағанын дәлелдеді. Керісінше, өсе түскен кәсіподақтық және социал-демократиялық қозғалыс буржуазияны жұмысшы табының жағдайын едәуір жақсартуға жарайтын бірқатар мәмілеге баруға мәжбүр етеді деп санады. Бұл жақсарту жекелеген реформалар арқылы жүзеге асырылады, олардың бірде-бірі ақтық, барлық проблеманы түгел шешетін реформа бола алмайды. Бернштейннің пікірі бойынша, социализм идеясы алыс болашақтың идеясы ретінде жұмысшы қозғалысын бүгінгі күннің жақсылығы үшін күрестен бұрып әкетеді. Бернштейн, өзінің топшылауынша, капитализмнің социализмге кірігуіне жетелейтін реформаларды жақтады. Оппортунизм мен реформизмнен табиғи түрде ревизионизм туындады; өз бағдарламасының бірқатар қағидаларын Маркс идеяларымен, оның шығармаларынан алынған цитаталармен негіздей отырып, Бернштейн марксизмнің жаңа дәуірге сай келмейтін қағидаларын ревизиялауды ұсынады.

Э. Бернштейн тап күресін тарихи процестің бір қыры ретінде қарастырып, онымен қатар жалпы ұлттық іс үшін таптар ынтымақтастығының мүмкіндігі де бар деп білді. Оның пікірінше, мемлекет таптық ұйымның ғана емес, сонымен бірге ел басқарудың да аппараты. Сондықтан социал-демократиялық партия, жұмысшы табының мүддесін білдіре отырып, демократиялық және экономикалық реформалар арқылы қоғамды қайта құруға қатысып, өз заманы мемлекетінің қызметіне де қатысуға тиіс. XІX жүзжылдықтың екінші жартысындағы әлеуметтік демократияның ең көрнекті теоретигі Фердинанд Лассаль болды. Оның күш-жігерімен 1863 жылы тұңғыш социалистік жұмысшы партиясы “Жалпы германиялық жұмысшылар одағы” құрылды. Ф. Лассаль өзін К. Маркстың шәкіртімін деп атады. Әйтсе де Лассальдың теориясы мен оның практикалық қолданылуы марксизмнен өзгешеленетін. Лассаль жұмысшы табын зорлықшыл коммунистік революцияға шақырғысы келмеді, әрі оның табысқа жетеріне сене де қоймады. К. Маркстың ғана емес, Г. Гегель идеяларының да жақтасы болған Ф. Лассаль мемлекетті индивидуализм мен әлеуметтік эгоизмге қарсы тұрған жұртшылық мүддесінің көрінісі деп санады. Қоғамды ұйымдастыру мен біріктірудің бастауы мемлекет, деп атап көрсетті Лассаль. Алайда заманауи қоғамда мемлекет өзінің мінсіз мәнісіне сәйкес келмейді, өйткені буржуазия мемлекетті “ақшаның дөрекі материясына” бағындырған. Мүліктік ценз көмегімен буржуазия мемлекетті өзінің қызметшісіне, күзетшісіне, тіпті “ түнгі қарауылына” айналдырады. Ф. Лассаль барлық таптарды, әсіресе интелигенцияны мемлекеттік шаралар көмегімен мұқтаж таптарға көмектесу, “жаппай дауыс беру арқылы сайлаған жиналыстың көмегімен жұмысшы табының жағдайын жақсарту” үшін күш-жігер біріктіруге шақырды. Ол былай деп атап көрсетті: әңгіме “төртінші сословиенің ” (яғни, жұмысшы табының) саяси үстемдігін орнату жайында емес, “тек төртінші сословие идеясын

басшылыққа алынатын мемлекеттік идеяға айналдыру” туралы болуға тиіс. Бұл жалпыға бірдей сайлау құқығына негізделген мемлекет жұмысшы табына материалдық мұқтаждық пен капиталистік қанаудан арылуына көмектесетін халықтық мемлекетке айналады деген сөз. Сол кезеңде мемлекет идеясы әлеуметтік ойшылдар талқылауларында орталық идеялардың бірі болды. Мемлекет, оның қажеттілігі және оны өзгерту жолдары ең өткір пікірталастардың нысанасына айналды. Мысалы, анархизм идеяларының бүкіл кешені институт ретіндегі мемлекетке қарсы. Сонымен бірге мемлекетке орталық рөл берілетін теориялар да талдап әзірленіп жатты. Мәселен, XІX ғасырдағы белгілі неміс заңгері Рудольф Иеринг өзінің “Құқық үшін күрес” атты кітабында құқық ылғи да қоғам мүддесін білдіре берген жоқ деген пікірді кесіп айтады. Ол құқық та тіл мен мәдениет сияқты бейбіт жолмен, стихиялық түрде, асықпай-аптықпай өрбиді деген құқықтың тарихи мектебінің пікірін сынады. Р. Иерингтің айтуынша, құқық таптар мен сословиелердің өз мүддесін заң арқылы құқықта бекітуге күш салатын қантөгіс күресінде дамыды. Оның аікірі бойынша, еңбексіз меншік болмайтыны сияқты, күрессіз құқық та жоқ. “Күресе білсең кіріптар болмайсың” деген қағида “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген қағидамен қатар тұр. Құқық өзі үшін күресуден бас тартқан сәттен-ақ, ол өзінен өзі бас тартады...”. Индивидтердің эгоистік мүддесіне қарсы қоғам мүддесін күзету үшін мемлекет қажет, деп санады Р. Иеринг. “Мемлекет дегеніңіз, ұйымдастырылған мәжбүрлеуші өкімет державасы ретінде, қоғамның өзі. “Мемлекет дегеніңіз мәжбүрлеуші қоғам...”. Иеринг күшті мемлекеттік өкіметті жақтады. Ол былай деп жазды: “Мемлекеттік өкіметтің дәрменсіздігі, кәудіректігі – мемлекеттің кешіруге болмайтын күнәсі, қоғам кешірмейтін, төзбейтін күнә... Мемлекеттік ахуалдың ең төзгісіз пошымының өзі оның мүлдем жоқтығынан бәрібір жақсы”.

Мемлекетке қарсы белсенді қарсы шыққан анархизм, XІX жүзжылдықтағы қоғамдық-саяси ойдың ең жарқын ағымдарының санатына енді. Алайда Еуропадағы революциялар кезеңінен және революциялық қозғалыстың жалпы құлдырауынан кейін анархизм өзінің өзектілігінен айрылды. Сонда да болса, ол белсенді жастардың бірлестіктері түрінде бүгін де, әсіресе, Батыс Еуропада сақталып отыр. Социалистік идеяларға XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы әуестік әлеуметтік қарсылық жағындағы жастар арқылы нәр беріп, анархизмге еліктеуді тірілтті. Анархизм дегеніміз мемлекеттік өкіметті терістеп, оны қоғамның өзін-өзі басқаруымен алмастыру. Қоғамдық-саяси ағым ретінде анархизм XІX ғасырдың 40-70 жылдарында Батыс Еуропада қалыптасты. Анархизмді теориялық негіздеу Макс Штирнер, Пьер Жозеф Прудон, Михаил Александрович Бакунин және Петр Александрович Кропоткин есімдерімен байланысты. Алға қойылған мақсаттарға жету жолына көзқарастардың айырмашылықтары салдарынан анархизм ешқашан біртұтас идеялогия ретінде бой көрсете алған жоқ. Анархиялық ілімнің төрт түрлі ағымын бөліп атауға болады, олар: индивидуализм, мутуализм, коллективизм және анархо-коммунизм. Анархиялық мутулизм (яғни, өзара көмек) ағымының авторы француз социалисі және философ Пьер Жозеф Прудон болды. Прудон әлеуметтік әділетсіздіктің қайнары барабар емес айырбас деп білді. Оның атын әйгілеген 1840 жылы Парижде жарыққа шыққан “Меншік дегеніміз не? Құқық пен үкіметтік билік принципі хақындағы ізденістер” дейтін кітабы. “Мен тәртіпті барынша жақтаушы болсам да, – деп жазды Прудон сол кітабында, – соған қарамастан, барып тұрған анархиспін”. Анархия деп адамды қанаудың барлық пошымдарын жою, тек үстем азшылыққа тиімді “саяси конституцияны” әділеттілік пен адам табиғатына сәйкес келетін “әлеуметтік конституциямен” алмастыру түсінілді.

П. Ж. Прудон XІX ғасырдағы әлеуметтік революцияның мәнісі терең экономикалық төңкеріс деп білді. Өзінің бірқатар еңбектерінде ол социалистік теориялардың дамуының екі сатысын – “утопиялық” және “ғылыми” сатыларын айырып көрсетеді. Экономикалық негізге сүйеніп социализм ғылыми болды. Осынау негіздеуді Прудон саяси экономияның, әлеуметтанудың және Гегель философиясының категорияларына құруға ұмтылды. Әлеуметтік төңкерістердің маңызды міндеті және құрамдас бөлігі – “саяси конституцияны”, мемлекетті және құқықты жою. “Адамдарды адамдардың басқаруы дегеніңіз құлдық, – деп жазды Прудон. – ... Өкімет жазмыштағыдай деспотизмге ұмтылады”. П. Ж. Прудонның пікірінше, қоғамға одан кем зиян тигізбейді, өйткені заңдар қисапсыз да ұшы-қиырсыз, өзгермелі де сусымалы алуан түрлі мүдделерді қорғау үшін шығарылады. Индивидуалистік анархизм негізіне өзінің қылықтарында құқық пен моральдың нормасымен ешқандай маталмауға тиіс адамның абсолютті бостандығы идеясы алынған. Бұл бағыттың негізін қалаушы неміс нигилисі Макс Штирнер деп саналады, ол өзінің ең басты еңбегі “Бірденбір және оның меншігі” атты кітабында жалғыз нақты болмыс индивид, қалған дүниенің бәрі соған қызмет етуі шамасында ғана құнды деген ойды дәлелдеуге тырысып бақты. “Мемлекет қашанда бір ғана мақсатты – жеке адамды шектеп, матап, тәуелді етуді, оны әлдене ортақ нәрсеге бағынышты етуді көздейді”. “Мемлекет даралықтың өлтірушісі және жауы” – деп жазды Штирнер. – Біз – мемлекет пен мен – дұшпандармыз”. Құқық, тіпті жеке адамның индивидуалдық құқығы туралы да соны айтуға болады, өйткені “орын алып отырған әрбір құқық – бөтеннің құқығы, маған “берілген”, “маған таратылған” құқық”. Жалғыз ғана шынайы дүние – нақты, қайталанбас “Мен”, “Бірден-бір”, “Эгоист” және оның еңбегімен өндірілген дүние (сол “Бірден-бірдің” меншігі немесе дәулеті).

Кісіге қысым жасаудың барлық пошымдарын мойындамайтын М. Штирнердің кітабы әдетте индивидуалистік анархизмнің кодексі деп саналады. Штирнерді Прудонға жақындататын нәрсе буржуазияға сын, мемлекеттік коммунизмді қабылдамау, пролетариатқа жанашырлық, шіркеуді, мемлекетті, құқықты терістеу, адамды адамның қанауын айыптау. Революциялық көңіл күйдің күшейе түсуіне байланысты Еуропада коллективистік анархизм идеясы қалыптаса бастап, оның теоретигі кезкелген пошымдағы мемлекет халық бұқарасын езіп-жаншудың құралы деп санаған, оны революциялық жолмен дереу құртуды жақтаған Михаил Александрович Бакунин болды. Әрбір адамның жеке бостандығын М. А. Бакунин бүкіл қоғамның ұжымдық бостандығынан туындатады. Ал қоғам бостандығы дегенді ол ұжым болып жерге, еңбек құралдарына иелік ететін шаруалар мен жұмысшылар ассоциациясының “бостан федерациясы мен одағы” арқылы халықтың өзін-өзі басқаруы деп білді, ол ассоциацияларда өнімді өндіру мен бөлу процесі де ұжымдық сипатта болуға тиіс. Табиғат заңдарынан өзгеше, барлық юристік заңдар сырттан күшпен таңылған, сондықтан да деспоттық заңдар, деп біледі М. А. Бакунин. “Саяси заңдар (яғни мемлекет шығарған заңдар) адам табиғатына әман да жат және кереғар”. Антологияның осы томына кіргізіліп отырған Бакуниннің белгілі еңбектерінің бірі – “Мемлекеттілік және анархия”. XІX ғасырдың 70-жылдарында М. А. Бакуниннің идеялары П. А. Кропоткиннің еңбектерінде дамытылды. Кропоткин әріден келе жатқан князь әулетінен еді, ол анархизм насихатшыларының бүкіл әлемге белгілі орыс шоғырының ең соңғысы. Анархизм доктринасын негіздеу тұсында ол өз заманының табиғат пен қоғам жайындағы ғылымының мәліметтеріне, жануарлар дүниесі мен адамзат қоғамдастықтарындағы өзара көмек жайындағы әлеуметтік-философиялық ілімге сүйенді. П. А. Кропоткин мемлекет пен жеке меншік адамдардың ынтымақтастыққа табиғи ұмтылысына кедергі жасайды, сондықтан олар

революция арқылы құртылуға тиіс деп санады. Оның пікірі бойынша, мемлекеттің тарихи миссиясы практикада адамды адамның қанауы мен езуіне” сайды. Ресейдің барлық анархистік бірлестіктері тап күресі мен әлеуметтік революцияның жақтастары болды. Олар өздерін кез-келген мемлекет пен жеке меншікті біржола құртушылармыз деп атады. Кропоткин мен оның ізбасарларын анархо-коммунистерге жатқызады. Жалпы алғанда, XІX ғасырдың саяси ойы осы заманғы идеялогиялық тұжырымдамалардың көпшілігіне негіз болды. Ол ғасырға белсенді саяси қызмет тән болды да, саяси ой сол процестен тысқары қалған жоқ. Бүгінгі Еуропаның саяси және әлеуметтік келбетінде XІX ғасыр қоғамдық-саяси ойының таңбасы әлі де бар. Қазіргі Еуропадағы демократиялық саяси жүйелерді жасау нақ XІX ғасыр белесінде басталды, және де осы мағынада аталмыш кезеңнің саяси ойының тек теориялық қана емес, практикалық та зор маңызы болды.

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының
“Саясаттану”секциясы

Этьен КАБЕ

(1788–1856), француз публицисті. Дижонда кеспекшінің отбасында дүниеге келген. 1830 жылы көше ұрыстарына қатысқан. Бірнеше ай Корсикада округтік прокурор болған. Шілде монархиясын (1830–1848) мойындамау Кабенің 1833–1834 жылдары шығарып тұрған “Попюлер” журналындағы мақалаларынан көрінеді. 1834 жылы Бельгияға, одан Ұлыбританияға өоныс аударып, онда Р. Оуэнмен танысқан. Бабёфтен өзгеше Кабе коммунизмге жалпыға бірдей сайлау арқылы қол жетуі мүмкін деп есептеген. Оның “Икарияға саяхат” атты романы полициясы, армиясы және қазылары жоқ, есесіне демокатиялық сайлау жүйесі бар, жекеменшік жоқ, есесіне материалдық игіліктер теңдей бөлінетін елді суреттейді.Кабенің утопиялық доктринасы “Икария коммунизмі” атауына ие болған. 1843 жылы Кабе Францияда қолөнершілер мен жұмысшылар арасында едәуір табысқа жеткен Икария қозғалысын ұйымдастырған. 1848 жылы Оуэннің көмегімен Техаста жер учаскесін алып, сонда икариялықтардың бірінші отарын ұйымдастырған, бірақ көп ұзамай онда дау-шар басталып, қауым оның өзін қатарынан шығарып жіберген. Навада (Иллинойс штаты), Сент-Луисте, Корнингте, Кловердейлдеөзі ұйымдастырған мекендерде де айтарлықтай жетістіктерге жете алмаған.

ИКАРИЯҒА САЯХАТ

Бірінші бөлім
Бесінші тарау

[...] Икарияның қоғамдық құрылысының принциптері

– Сіз білесіз, – деді ол, – адам барлық қоғамдық мақұлықтардан шын мәнісінде өзінің парасатымен, жетіле үсуге қабілетімен және жұғысқыштығымен ерекшеленеді. Ассциациясыз, теңдіксіз бақыт болмайтындығына тәжірибеден көз жеткізген икариялықтар барынша толық теңдік негізінде құрылған қоғамды құрайды. Баршаның – ассоциация мүшелерінің, азаматтардың құқықтары мен міндеттері бірдей, ассоциацияның қиындықтары мен

игіліктеріне бірдей дәрежеде ортақтасады; осылайша барша бір отбасын құрайды, оның мүшелері бауырластық дәнекерлерімен біртұтас болып байланысқан. Демек, біз бауырлар халқын яки ұлтын құраймыз, және біздің барлық заңдарымыздың мақсаты арамыда теңдік орнату, мұндай теңдік тән кемістіктерінен мүмкін емес жағдайлардан басқа тұстардың бәрінде, сондай теңдік орнату болуға тиіс. – Алайда, – дедім мен, – адамдарға әрқашан дерлік тең болмайтын тәндік және рухани қасиеттер сыйлап, табиғаттың өзі теңсіздік орнатқан жоқ па? – Бұл рас, – деді ол, – бірақ сол табиғаттың өзі барлық адамдарға бақытты болудың бірдей тілегін, өмір сүру мен бақытты болуға бірдей құқық, теңдікке бірдей сүйспеншілік, бақытты қоғамды және теңдікті орнату үшін парық пен парасат берген жоқ па? – Алайда, милорд,, бұл қарсылыққа бөгеліп жатпай-ақ қойыңыз, өйткені біз проблеманы шешкенбіз, және сіз толық қоғамдық теңдікті қазір көресіз. Біз бір қоғамды, бір халықтан, бір отбасын құрайтынымыз секілді, дәл сол секілді біздің территориямыз да, оның астындағысы мен үстіндегісін қоса, бір ғана жер байлығын құрайды, ол дегеніңіз біздің қоғамдық жер байлығы. Ассоциация мүшелерінің барлық жылжитын мүлік, жер мен өнеркәсіптің барлық өнімдерімен бірге, бір ғана қоғамдық капиталды құрайды. Қоғамдық жер байлығы мен қоғамдық капитал тұтас күйінде халыққа тиесілі, оларды ол біріге өңдеп, бірге пайдаланады, ол оларды өзі, өзінің өкілдері арқылы басқарады, содан кейін барлық өнімді бірдей етіп бөледі – Мұныңыз мүліктің ортақтастығы ғой! – деп таң қалдым мен. – Нақ солай, – деп жауап қатты Вальмордың атасы. – Сіздерді осынау ортақтастық қорқыта ма?

– Жоқ... бірақ ... ешқашан оны мүмкін емес деп келді ғой! – Мүмкін емес пе! Қазір көресіз... – Барлық икариялықтар ассоциация мүшелері болғандықтан және барлығы өзара тең болғандықтан, – деп әңгімесін сабақтады Динар, – олардың бәрі өндіріске қатысып, бірдей сағат жұмыс істеуі керек, бірақ олардың барлық қабілеттері мүмкін құралдардың бәрі арқылы еңбекті қысқа, алуан түрлі, жағымды да қауіпсіз етуге бағытталған. Барлық еңбек құралдары мен ұқсатылатын шикізат қоғамдық капитал есебінен жеткізіледі және дәл сол секілді жер мен өнеркәсіптің бүкіл өнімі қоғамдық дүкендерге жиналады. Бәріміз тамақты, киім-кешекті, баспананы және жиһазды қоғамдық капитал есебінен аламыз, және мұның бәрі жынысына, және заңда көрсетіліп қойған кейбір басқа жағдайларға қарай теңдей бөлінеді. Осылайша, нақ республика, немесе қоғам бәрінің бірден-бір меншік иесі, өз жұмысшыларын ұйымдастырады, шеберханалар мен дүкенер салады; жерді өңдейтін, үйлер салатын, тамақтану, киәм-кешек, баспана және жиһаз үшін керек нәрсенің бәрін өндіретін сол; ақыр соңында, отбасы атаулыға және азамат атаулыға баспана мен жиһаз беретін де сол. Бізде тәрбие қоғамның базасы мен негізі деп қарастырылатындықтан, республика барлық балаларға, олардың бәріне тамақты бірдей беретіні секілді, оны да бірдей дәрежеде береді. Олардың бәрі бірдей қарапайым білім және оларға берілетін кәсіпке сәйкес арнайы білім алады. Бұл тәрбиенің мақсаты – жақсы жұмысшылар, жақсы әке-шеше, жақсы азамат жәе нағыз адамдар өсіру. Шындап келгенде, біздің қоғамдық құрылыс осындай, және осынау аз ғана сөз сідің басқасының бәрін ойша топшылауыңызға мүмкіндік береі. – Енді сіз, – деді қария, бізде кедейлер де, малайлар да неліктен жоқ екенін түсінуге тиіссіз. – Сіз сондай-ақ, – деп үстеді Вальмор – өзіңіз көрген барлық аттардың, жүріс құралдарының, мейманханалардың барлығының иесі

қалайша республика еенін, және ол өзінің саяхатшыларын қалайша тегін тасып, тамақтандыратынын түсінуге тиіссіз. Сіз сондай-ақ біздің әрқайсымыз өзіне қажет нәрсенің бәрін заттай алатындықтан, бізге ақша, сауда-саттық мүлдем керегі жоқтығын түсінуге тиіссіз. – Иә, – деп тіл қаттым мен, – мұның бәрі түсінікті... Бірақ... – Қалай болғаны, милорд, – деді қария күлімдей түсіп, – сіз қарыштап алға басып бара жатқан коммунитарлық қоғамды көре отырып, оған сенгіңіз келмейтін секілді! Жалғастыра беріңіз, Динар, бұл кісіге біздің саяси құрылысымыздың негізін баяндап беріңіз.

Икарияның саяси құрылысының принциптері

Біз ассоциация мүшелері, құқықтарымыз бірдей азаматтар болғандықтан, бәріміз сайлаймыз және сайлана аламыз, біздің бәріміз халықты құраймыз және халық гвардиясының құраына кіреміз. Бірігіп алған біз ұлтты, немесе, дү\ұрысы, халықты құраймыз, өйткені бізде халық дегеніміз ешқандай ала-құласыз барлық икариялықтардың жиынтығы. Халық егемен екенін және егемендікпен бірге өзінің қоғамдық шартын, конституциясы мен заңдарын жасау немесе әлдекімге жасауды тапсыру өкілеттігі соған ғана тиесілі екендігін сізге менің айтып жатуымның қажеті жоқ; біз қандай да бір индивид, немесе әулет, яки тап біздің қожайынымыз болуға жосықсыз дәмелене алады дегенді тіпті елестете де алмаймыз. Халық егемен болғандықтан, оның конституция мен заңдар көмегімен өзіне қатысты, өзінің қарекетіне, мүлкіне, тамағына, киім-кешегіне, өзінің тәрбиесіне, еңбегіне және тіпті сауық-сайранына қатысты нәрсенің бәрін реттеу құқығы бар.

Егер Икария халқы толық құрамында бір залға немесе бір алаңқайға оп-оңай және жиі жинала алатын болса, ол өзінің конституциясымен заңдарын өзі жасап, өз егемендігін жүзеге асырар еді. Солай жиналу мүмкін тәндік жағынан мүмкін болмағандықтан, ол өзі тікелей пайдалана алмайтын барлық қызметтерді өкіметке береді де, қалғанының бәрін өзінде сақтап қалады. Ол Халық өкілдігіне (Кабе кей жерде Ұлттық өкілдік де те атайтын ең жоғары заң шығарушы орган – Ред.) конституция мен заңдар шығару өкілеттігін, ал атқарушы органға (немесе атқарушы корпусқа) солардың атқарылуын қадағалау өкілеттігін береді. Бірақ ол өз өкілдерін және атқарушы органның барлық мүшелерін сайлау, олардың ұсыныстары мен актыларын мақұлдау немесе қабылдамау, әділ сотты жүзеге асыру, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтап отыру құқығын өзінде сақтап қалады. Барлық мемлекеттік қызметшілер, осылайша, халықтың уәкілдері болып табылады, олардың бәрі сайланатын, уақытша, жауапты және алмастырылатын адамдар болып табылады. Олардың тарапынан атаққұмарлық пиғылдар орын алмауы үшін заң шығарушылық және атқарушылық қызметке бірдей ие болуға жол берілмейді. Біздің Халық өкілдігіміз екі мың депутаттан тұрады, олар істі кеңесе отырып бір палатада талқылайды. Палата – перманентті, әрқашан немесе әрқашан дерлік орнында болады және жыл сайын жартылай жаңарып отырады. Олар қабылдайтын ең маңызды заңдар, конституциясекілді, халықтың мақұлдауына жатады. Президенттен және жартысы жыл сайын жаңартылып отыратын он бес басқа мүшелерден тұратын атқарушы орган Халық өкілдігіне бағынады. Халыққа келетін болсақ, ол өзіне қамтамасыз етілген барлық құқықтарды жиналыстарда пайдаланады; ол жиналыстарда сайлау өткізеді, істерді талқылайды және шешім қабылдайды.

Халықтың өз құқықтарын пайдалануын қамтамасыз ету үшін, бүкіл территория шағын жүз провинцияға, олар өз кезегінде кеңістігі мен халқы бірдей дерлік мың коммуналарға бөлінген. Әрбір провинциялық қала өз провинциясының орталығында, әрбір коммуналдық қала – өз коммунасының орталығында орналасқанын, және барлық провинциялар, яғни бүкіл халық және өкілдігі ортақ, яки ұлттық істермен айналысатынын білесіз. Өздерінің мың коммуналдық жиналыстарында халық, осылайша, өзінің өкілдерінің кеңесінен кейін немесе соған дейін заңдарды талқылауға қатысады. Халық заңдарды істің жай-жапсарын толық біліп талқылай алуы үшін барлығы жариялылық сәулесімен өтеді, барлық фактыларды статистика тіркейді, және бәрі де барлық азаматтар арасына таратылатын халық газетінде жарияланады. Ал әрбір пікірталас толық байыптылықпен өтуі үшін Халық өкілдігі және әрбір коммуналдық жиналыс, яғни бүкіл халық басты он бес үкен комитетке бөлінеді: олар – конституция, тәрбие, ауыл шаруашлығы, өнеркәсіп, тамақ, киім-кешек, баспана, жиһаз, статистика комитеттеріне және т.б. бөлінеді. Әрбір үлкен комитет, демек, барша азаматтардың он бестен бір бөлігін құрайды; және жақсы тәрбиеленген әрі жақсы білім алған адамдардан құралған халықтың парасаты әрқилы жақсартулар мен жетілдірулерді іздеп тауып, қолдануға ұдайы ұмтылып отырады. Демек, біздің саяси құрылысымыз – демократиялық республика, және тіпті таза дерлік демократия. – Иә, милорд, – деп жалғады Вальмордың әкесі, – бізде барлық заңдарды бүкі халық әзірлейді; және оларды тек өзінің мүддесі, яғни ортақ мүдде үшін әзірлейді және оларды ықыласпен орындайды, өйткені олар – оның төл туындысы және оның егемен ырқының көрінісі. Осынау бірауызды ырық, біз айтқандай, әрқашан әлеуметтік және саяси теңдік, әл-ауқат пен құқықтар теңдігін, баршаға бірдей және

абсолютті теңдік жасауда жатады. әрбие, тамақ, киім-кешек, баспаа, мүлік, еңбек, ойын-сауық, сайлау және сайлану құқығы, талқылау құқығы – осының бәрі бәріміз үшін бірдей. Тіпті біздің провинцияларымыз, біздің коммуналарымыз, біздің фермаларымыз бен біздің үйлеріміз, бұл мүмкін болғандықтан, бір-біріне ұқсас; қысқасы, сіз бұл арада сіз теңдік пен әлаухаттылықты көресіз. [...]

Екінші кітап

Алтыншы тарау

Өтпелі тәртіп. Саяси теңдік. Әлеуметтік теңсіздікті кеміту.
Ілгерілеп бара жатқан әлеуметтік теңдік

Соғыстан, жеңістен және бейбітшілік орнағаннан кейін Икардың ықпалы қандай болғанын сіз көз алдыңызға елестете аласыз. Оны жұрт құдайдай дерлік сыйлайтын. Оны ғұмыр бойына диктатор етіп тағайындау ұсынылды, бірақ ол халық өз ісін өзі тындыруға дағдылануы керек деп, бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Ол тіпті республика президенті лауазымынан да бас тартып, тек экзекутива президенті атағына келісті де, бұл орайда, халық пен оның өкілдерінің егемендігіне бұдай былай бәсекелес те, бәсекелестіктің көлеңкесі болмауға тиіс деп мәлімдеді. Осылайша, тағы да талқыланған отақтық принципі бір ауыздан қабылданды да, оның толық та түпкілікті жүзеге асырылуы, Мкар ұсынғандай, елу жылдық мерзімге кейінге қалдырады. Ұзақ та байыпты талқылаудан кейін оның өтпелі қоғамдық және саяси құрылыс туралы ұсынысты да азды-көпті өзгерістермен қабылданды. Мен ортақтық құрылысын суреттеп жату қажеттігін көріп отырған жоқпын, өйткені, бұл өзіңіз қазір бізде көріп отырған құрылыс, сондықтан

мен өтпелі құрылыстың принциптерін желе жортып баяндап берейін. Оның қысқаша мәнісі мынадай: Өтпелі қоғамдық құрылыстың принциптері “1. Абсолютті теңдік, мүлік ортақтығы және міндетті еңбек құрылысы толық және түпкілікті тек елу жылдан кейін жүзеге асырылады. 2. Осынау елу жыл барысында меншік құқығы сақталады, және еңбек еркін және міндетті емес болып қала береді. 3. Қолда бар мүлікке, ол қандай тең болмаған күнде де, қол сұғылмайтын болады, бірақ бүгіннен бастап, кемітіле беретін теңсіздік және ілгерілей беретін теңдік құрылысы ескі құрылыс, шектелмеген теңсіздік пен мүлтіксіз теңдік пен ортақтықтың болашақ құрылысы арасындағы өтпелі белес қызметін атқарады. 4. Қазіргі бар меншік иелерінің барлығы өз меншігін сақтап қала береді. Өзгерістер тек болашақ мұра, тарту ету және ие болу жөнінде жасала алады. 5. Он бес жастан асқан бірде-бір азамат, ортақтық құрылысы орнатылып жатқан кезеңде жұмыс істеуге міндетті емес. Бірақ он бес жасқа жетпеген, қазір туған және туатын балалар ортақ қарапайым техникалық білім алады, бұл ортақтық құрылысы орнатылғанда олар белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істей алуы үшін жасалады. 6. Бүгіннен бастап барлық заңдардың мақсаты басы артық затты кеміту, кедейлер талайын жақсарту және бірте-бірте барлық нәрседе теңдік орнату болып табылады. 7. Бюджет қысқартылмауы мүмкін, бірақ кіріс пен шығыс жүйелі өзгертіледі. 8. Кедейлер, күнделіктіқажет нәрселер және еңбек салық атаулыдан босатылады. 9. Байлық және артық нәрселерге өсіп отыратын салық салынады. 10. Мемлекеттік барлық пайдасыз шығындардың жолы кесіледі.

11. Барлық қоғамдық қызметтердің зейнеті болады немесе ақы төленеді. 12. Олардың барлығына жеткілікті және қанағатты мөлшерде ақы төленеі. 13. Жұмысшының жалақысы реттеледі, және күнделікті қажет заттардың бағасы әрбір диқан, әрбір жұмысшы және әрбір меншік иесі еңбектен келетін қаржыға және өз меншігіне тәуір өмір сүре алатындай етіп нормаланады. 14. Жұмысшыларға жұмыс беру және кедейлерге баспана беру үшін жыл сайын кем дегенде бес жүз миллион бөлініп отырады. 15. Осы мақсатта ортақтық жүйесін орнату жөніндегі барлық даярлық жұмыстары дереу басталады. 16. Мүмкіндік туған бойда армия, сый-сияпат көрсетіліп, таратылады. 17. Оған дейін алдағы кезде, ол, арнайы сый-сияпат беріліп, қоғамдық пайдалы еңбекте пайдаланылады. 18. Ұлттық иеліктер мүмкіндігіне қарай дереу ортақтықты енгізу үшін пайдаланылады, қалаларға немесе деревняларға, яки фермаларға айналдырылып, кедейлерге беріледі. 19. Халық санын көбейту және некесіздікті доғарту үшін барлық шаралар қолданылады. 20. Жұмысшылардың некеге тұруы ынталандырылады және жеғңілдетіледі. 21. Жаңа ұрпақтардың білім алуы мен тәрбиесі мемлекеттік қамқорлықтың басты тақырыптарының бірі. 22. Олардың мақсаты ортақтық құрылысын орнату үшін еңбек ететін азаматтар мен жұмысшыларды тәрбиелеу. 23. Бұған жыл сайын, егер қажет болса, жүз миллион жұмсалады. Мұғалімдердің қажетті санын даярлауға барлық күш-жігер бағытталады. Республика олар мен олардың үй ішінің әл-аухатын қамтамасыз етеді және

оларды мемлекеттік қызметшілердің ең маңыздылары деп қарастыратын болады”. Меншікке және кеми беретін мүлік теңсіздігіне негізделген өтпелі қоғамдық құрылыстың принциптері осындай болды. Осынау өтпелі құрылыс, көріп отырғанымыздай, ие болған құқықтың бәрін қамтымайтын, ал ортақтық қоғамы тек он беске толмаған жас балалар үшін және болашақ ұрпақтар үшін ғана тіршілік етуге тиіс болатын. Динар бұдан кейін өтпелі кезең барысындағы саяси құрылыстың принциптерін баяндап берді. Осы тақырып бойынша ол айтқанның бәрін қайталап жатпаймын, өйткені мен осынау үкіметтік ұйымды, қазіргіден көп өзгешелене қоймайтын ұйымды жеткілікті суреттедім (бірінші бөлімнің V тарауы). Алайда, қылмыстық құқық пен сот жүргізудің баяндалуын қайталаймын. Меншік елу жыл бойы сақталатын болғандықтан, осынау уақыт барысында енді қылмыс жасалмайды деп үміттенуге болмайтын еді, сондықтан жазалау шараларын сақтап қалу қажет болды. Динар бізге ең әуелі революция сәтінде арситократия мен байлар абақтылар мен каторгаларға тоғытқан бейшара сотталғандар туралы айтты. Ол бізге Икар оларды дереу босатып, отбасына қайтарғанын, олардың не республика армиясына не шеберханаларына баруына рұқсат еткенін жеткізді; тіпті жұмыс істегісі келген ұрыларға да кешірім жасалған. Олардың бәрі дерлік кейін мінсіз жұмысымен көзге түскен. Бұдан кейін ол мынадай сөздерден құралған резюмені оқып берді: “Сот ұйымы оңайлатылды. Қазылар сайланатын және уақытша болады. Көлденең билер азаматтық және түзетуші істерде де, қыцлмыстық істерде де айыптау мәнісі бойынша пікірін білдіреді. Қылмыстық кодекс қайта қаралады; өлім жазасы алып тасталады; ар-намысқа тиетін жазалар жойыладыү Қылмыстық сот жүргізу жиыны қайта өңделеді, индивидуалдық бостандыққа өкіметтің барлық қиянаттарынан кепілдік беріледі; тек кісі өлтірді деп айыпталғандар ғана сотқа дейін, жюридің

рұқсаты бойынша қамауға алынады. Абақтылар таза және ыңғайлы болады. – Өтпелі конституцияның принциптері осындай болды, – деп аяқтады Динар, – және қамқор пейілмен басып шығарылған әрі жұрттың бәріне жақсы белгілі бұл конституция салтанат пен қуаныш үстінде бірауыздан қабылданды. Дәл сондай жігермен конституция барлық халықтық коммуналдық жиналыстарды өткізу, провинциялық өкілдіктерді сайлау және барлық жаңа мемлекеттік қызметкерлерді мансапқа енгізу жолымен іске асырылды. Осылайша республикалық демократиялық үкімет нығайды. Халық үкіметі Ұлттық экзекутиваның президенті Икармен келісіп, сайып келгенде халықтың ісімен айналыса бастады және өзін түгелімен оның әлауқатына аранай алатын болды, өйткені енді оған ешқандай азаматтық алауыздықтар мен сыртқы қатер бөгет жасамайтын еді. Өздерінің істерін талқыалуға бүкіл халық қатысатын болды, өйткенң әрбір коммунаға біріктірілген барлық азаматтардан құралған халықтық коммуналдық эиналысар коммуналдық істерді талқылайтын боолды. Әрбір провинцияның азаматтары сайлаған депутаттардан құралған провинция өкілдіктері провинция істерін ьалқылады. Жиналыстар да, өкілдіктер де сондай-ақ конституция өздеріне сеніп тапсырған істерді талқылады, ал республиканың барлық азаматтары сайлаған Ұлттық өкілдік барлық ұлттық істерді талқылады. Өзі орындауға тиіс болған орасан зор ұйымдастырушылық жұмыстың үдесінен шығу үшін Ұлттық өкілдік әрқайсысы жүз отыз үш мүшеден құралған он бес комитетке (диқаншылы, тамақ, киім-кешек, баспана, өнеркәсіп, сауда, халық ағарту және тәрбие, статистика және т.б.), сондайақ әрқайсысы отыз үш мүшеден құралған алпыс кіші комиссияға бөлінді. Ол тіпті әрбір комитет жанынан депутат емес, біра арнайы білімі бар және өз байламын бере алатын азаматтардан комиссиялар ұйымдастырды.

Барлық осынаукомиссиялар қажетті анкеталар жасап барлық провинциялық өкілдіктер мен барлық халықтың коммунарлық жиналыстар жанынан ұйымдастырылған өздері секілді комитеттермен хат алысып тұрды, сөйтіп бүкіл халық осынау әрқилы комитетерге бөлінді. Ал халық барлық мәселелердің жай-жапсарын толық біліп талқылауы үшін әрбір коммуна соның тұрғындары үшін коммуналдық газет шығара бастады; әрбір провинция – провинция тұрғындары үшін өзінің провинциялық газетін, ал ұл – ұлт пен барлық азаматтар үшін ұлттық, яки халықтық газет шығаратын болды. Мемлекеттік қызметшілер, таңдаулы азаматтар редакциялайтын әрбір газет коммуналардың, провинциялардың және елдің еебінен таратылады (мұның өзі әркім үшін шамалы ғана шығынға түсетін), сөйтіп әрбір әулес басшысы өзінің коммунасының, провинциясының және ұлттық, яки халықтық газетті тегін алатын болды. Бұл шығын халық ағартуға немесе халық егемендігін жүзеге асыруға жұмсалатын шығын ретінде қарастырылды.Дәл сол мақсатпен барлық жерде статистиканы ұйымдастыру немесе коммуналардың, провинциялардың және тұтас алғанда республиканың заттарын есепке алып отыру үшін арнайы әрі тұрақты қызметшілер тағайыналады. Әрбір коммунада үйлердің саны, ахуалы және міндеті; отбасылардың саны, ахуалы және мүлкі; әрбір отбасыны құрайтын дамдардың олардың жынысы, жасы, кәсібі көрсетілген саны, үйленген және бойдақ, немесе жесір әйелдер мен еркектердің саны; бір жылда туған, екі, үш жастағы адамдардың саны; тас қалаушылардың, балташылардың, етікшілердің және т.б. саны жөніндегі статистика болуға тиіс. Коммуналдық статистика сондай-ақ домендер мен фермерердің саны мен ахуалын; дақылдар мен өнімдер көрсетілген жер арпаны санын; аттар мен бұқалардың санын және т.б. тіркеп отыруға тиіс болды. Провинциялық статистика барлық коммуналардың статистикасын қорытып, одан провинциялық статистика құрастыруға тиіс болды, ал

ұлттық статистика барлық провинциялар статистикасының қорытындысын шығаруға тиіс болды. Осынау статистикалық мекемелердің әрқайсысы әрбір коммунаның,әрбір провинцияның басты қаласында және астанада өзінің арнайы ғимараты болды. Олардың әрқайсысы жыл сайын өз еңбектерін басқадан, оны әрбір әулет басшысы өз коммунасының, өз провинциясының және ұлттың статистикалық ақпаратын алатындай етіп бөлуге тиісті болды. Үкімет осылайша, әрбір коммуна, әрбір провинция және бүкіл ел халқының саның, оның мұқтаждары мен еңбек құралдары қандай екенін және жер өнімінің қаншалықты болғанын біліп отыра алар еді; ол кемістіктерді жою, барлық ресурстарды пайдалану, қажет мұқтаждарды қанағаттандыру және әкімшілік аппаратты жақсарту үшін қажет барлық мәліметтерді таба алатын. Реформалар мен жақсартудың барлық жоспарлары осылайша әрбір отбасыдан, әрбір коммунадан, әрбір провинциядан шығып Ұлттық өкілдікті хабардар етуге жетіп жататын; басшылық үшін немесе халықты хабардар ету үшін ақпарат Ұлтттық өкілдіктіктен де шығып жататын, ал барынша маңызды жағдайларда түпкілікті және егемен ретінде бүкіл халық шешетін-ді. Икар мен Ұлттық өкілдік барлық азаматтардың байыпты назарын аударған алғашқы мәселелердің бірі мынадай еді: өтпелі кезеңге меншікті сақтай отырып, барша жұрт, мүмкіндігінше тезірек жақсы тамақтана, жақсы киіне алуы және жақсы баспанаға ие болуы үшін қайыршылықты қалай жоюға және кедейлердің тағдырын қалай ұдайы жақсарта түсуге болады? Өзіңіз таразылай беріңіз, барлық сауатты адамдардың қарауына тап болған осынау бір сұрақтың өзі ақыл-ой иелерін қалай қызықтырады деңіз! Қандай жаңа дүние деңіз! Әуелі қиянаттарды жою қолға алынды.

Олар сыпырғының бір соққысымен-а келмеске кеткенін сізге айтып жатудан пайда жоқ. Ал барлығы да түкке жарамайтын және тек қиянатқа жетелейтін болғандықтан, бәрі дерлік: салмақ пен өлшем, уақытты есептеу мен елдің аумақтарға бөлінуі, есімдер, құлық пен салттар өзгертілді; баршаға бірдей әрі радикалды революция, толық жаңарту, нағыз қайта түлеу жасалды. Азаматтар жаңа есімдерге ие болу үшін тіпті өз ныспыларынан бас тартып жатты. Ескі халықтың орнын жаңа халық алғандай болып көрінді. Бүкіл ел де мүлдем өзгеріп кетті, провинциялардың, қалалардың, көшелердің және өзендердің атаулары басқа атаулармен алмастырылды. Қиянат атаулы аласталғаннан кейін қайта құру немесе жақсарту қолға алынды да, барлық жерде мынадай ортақ ереже енгізілді: алдымен қажет нәрсе, одан кейін пайдалы нәрсе, содан кйін сүйінішті нәрсе. Кедейлерді тиісті тамақпен киім-кешекпен және баспанамен қамтамасыз ету үшін, біреулер азық-түлік, киім-кешек және баспана құнын арзандатып, барлық адамдар үшін жұмыс ұйымдастырып, жалақыны ұлғайтуды; енді біреулер – қажетті азық-түлікті, киім-кешекті, баспананы немесе осының бәрін ала алу үшін ақшаны бөліп беруді, осы мақсатта кедейлер пайдасына салық салуды енгізуді; үшінші біреулер – республикаға байларды тым қинамай, кедейлерге көмектесу мүмкіндігін беру үшін қарыз алуды, тіпті қағаз ақша шығаурды ұсынды. Біріктіре ұштастырылған осынау құралдардың бәрі бір мақсатқа жетеледі және республиканың қарауына оның барлық шығындарына жеткілікті орасан зор капитал берді. Диқаншылық ортақ қамқорлықтың ең басты нысандарының бірі болатын. Жер түгел және мүмкін болғанынша жақсырақ өңделуі үшін барлық шаралар қолданылды; барлық жатжұрттық елдерге олардың жер өңдеу тәсілдерін зерттеп-біліп қайту үшін комиссарлар жіберілді; әртүрлі топырақ үшін оларда бәрінен жақсы өсетін дақылдар көрсетілді, елде жетіп артылатын өнімдер мен жетіспейтін өнімдер көрсетілді. Барлық азаматтар

жақсы тамақтана алуы үшін дәнді дақылдарды, көкөністі, жемісті, мал шаруашылығын және азық-түліктің барлығын жақсарту ынталандырылды. Ұлттық фермалар мен коммуналық жерлерде үкіметтің өзі үлгі көрсетті. Мұнан басқа, мың коммунада ұйымдастырылған мың егіншілік комитеттері ұдайы әрқилы жетілдірулерді енгізіп отырды, және арнайы егіншілік журналы барлық диқандарға басшылық жасап, оларға әртүрлі пайдалы кеңестер беріп отырды. Негізінен медиктерден, химиктерден және аспаздардан құралған тамақтану комитеттері тамақ ішу саны мен мезігіліне қатысты мыңдаған мәселелерді; тағамдардың санын, құрамын, дайындау тәртібі мен тұздығын; жыл мезгіліне, адамның жасына, жынысына және кәсібіне сәйкес қажетті өзгерістер жасап отыру мәселелерін талқылады. Олар тамқтанудың ескі жүйесінің бас тарту керек болатын барлық кемшіліктері және енгізу қажет болатын барлық жақсартулар туралы ғана емес, толық ортақтық жүйесі орнатылып, барлық азық-түлікті республика бөлетін, сөйтіп барлық азаматтар бірдей тамақтанатын уақытқа арнап ең жақсы тамақтану жүйесі туралы нұсқаулар беретін. Халық өкілдігі осынау ақтық жүйені орнатты, оның қолданылуын дайындады және ішінара оны барлық мүмкін болған жағдайларда, мысалы, ауруханаларда, мектептерде және шеберханаларда қолданды. Ол жүзеге асыруға болатын барлық өтпелі шаралар үшін дауыс берді, және халықтың тамақтануын жақсарту жөнінде қажымай-талмай еңбек етті. Негізінен медиктерден, суретшілерден және тәжірибелі жұмысшылардан құралған киім комитеттері де еркектердің, әйелдердің, балалардың, жұмысшылардың және т.б. киімдеріне қатысты мыңдаған мәселелерді талқылап, халық бұқарасына барынша ыңғайлы да әдемі жақсы киім үлгілерін көрсетті. Халық өкілдігі барлық азаматтар бірдей киінетін кезде қолданылатын жүйені белгіледі, және оған бұл үшін ең пайдалы болып көрінген барлық өтпелі шаралар үшін дауыс берді.

Ал заң шығарушыларды халық сайлағандықтан және оның толық сенімін пайдаланғандықтан, барлық жобаларды халықтың өзі талқылап мақұлдайтындықтан және осынау барлық заңдар ешқандай қарсылыққа ұшырамады және әркім Ұлттық өкілдіктің тамақ пен киім жөніндегі барлық шешімдерін, тіпті жай ғана нұсқауларын да орындауға тырысты. Баспана мен жиһаз турасында да солай болды. Толық ортақтық режимі тұсында барлық азаматтар бірдей мүмкіндігінше ең жақсы баспанаға ие болуға тиіс болғандықтан, Халық өкілдігі қаулы қабылдап, онда былай деп белгіленді: барлық жағынан ең мінсіз үлгілі үйдің жобасын ұсынған адамға жомарт наград беріледі және республиканың барлық үйлерінде оның бюсті орнатылады. Осынау барлық жобалар ашық жұртшылық конкурсында қаралып, Халық өкілдігі бір жобаны қабылдап сыйлық берді де, бұдан былай барлық үйлер осы жоба бойынша салынсын деп қаулы етті. Осыдан – және бұл жұрттың бәріне айқын еді – мынадай бір баға жетпес артықшылық та шығатын: барлық есіктер, терезелер және т.б. бірдей болғандықтан, қала мен деревня үйлерінің барлық құрамдас бөліктерін орасан зор мөлшерде күн ілгері дайындап қоюға болатын. Аз әзірше толып жатқан қоғамдық ғимараттар көптеген жарлы отбасылардың қоныстануы үшін берілді және халықтың тұрғын үй жағдайын дереу жақсарту үшін қажет барлық өтпелі кезең шаралары қолданылды. Әділет пен адамшылықтың осынау ұлы шарасы халық ризашылығын туғызғаны сонша, жаппай энтузиазмді қоздырып, толып жатқан бай адамдар, Икардың үлгісіне еліктеп, өздерінің үйлерін сол мақсат үшін респубикаға берді. Фермалар, әәртүрлі шеберханалар, ауруханалар, мектептер және т.б. жобалары да осылай алынды. Жиһаз және жиһаздың әрбір түрі жөнінде де осылай істелді.

Толық ортақтық режимінде барлық коммуналдық қалалар бірдей болуға тиісті болғандықтан, үлгілі қаланың ең мінсіз жобасын ұсынған адамға орасан зор сыйлық берілетіндігіне және барлық коммуналарда оның мүсіні орнатылатындығына уәде берілді етілді. Осындай шаралар провинциялардың басты қалалары, астана, ескерткіштер жөнінде қабылданды. Барлық нашар орналасқан немесе нашар жайластырылған қалалар тексеріліп шықты. Олардың кейбіреулерін түгелімен реконструкциялау, енді біреулерін тек қайта құру қажет болатын, бұл орайда барлық қажетті өзгерістер және дереу қолданылуға тиісті шаралар көрсетілді. Халық өкілдігі дереу соғыс кезінде өртеніп кеткен қалаларды реконструкциялау және бірнеше жаңа қалалар салып, оларда жараланған жауынгерлер мен кедейлерді орналастыру жөнінде нұсқау берді, және де ол қалаларда толық ортақтық жүйесі дереу қолданылуға тиіс болды. Ол бүкіл дерлік деревняларды реконструкциялауға, республика аумағын көлемі жағынан мүмкіндігінше бірдей провинцияларға, әрбір провинцияны бірдей дерлік он коммунаға бөлуге қаулы етті. Провинцияның әрбір басты қаласы өз провинциясының ортасында және коммунаның әрбір басты қаласы өз коммунасының ортасында орналасуына бар күш-жігерді жұмсауға, әрбір коммунаны бір сағат ішінде коммуналдық қалада оның барлық тұрғындарын жиып алуға болатындай етіп қатынас құралдарымен қамтамасыз етуге қаулы етті. Әрбір провинциялық қала және оның территориясы үш коммуналдық қала мен үш коммунаның территориясы мен халқын қамтуға тиіс болды. Астана олардың алпысын қамтуға тиіс болды. Сондай-ақ әрбір қауымда, демек, әрбір провинцияда халық саны бірдей болатындай етіп, халықты біркелкі бөлудің барлық шаралары қолданылды. Барлық нашар салынған күре жолдар және оларға қажет өзгерістер, олардың барлығын дерлік түзету, тереңдету және кеме жүзе алатындай ету

қажет болатын. Жаңадан салу немесе жөндеу керек болатын барлық жодар көрсетіліп, ең шұғыл жұмыстарды дереу жүргізуге нұсқау берілді. Барлық жерде елде табылатын минералдық кеніштер барлана бастады. Орасан зор жұмыс күтіп тұрғандықтан, өнеркәсіп комитеті халықтың барлық инженерлік және өнеркәсіптік кадрларын, тіпті шетелдіктерді өндірісті ұлғайта және адамды барлық қауіпті, ауыр немесе жағымсыз жұмыста алмастыра алатын барлық машиналар мен механикалық құралдарды ойлап тауып, енгізуге пайдаланды. Барлық өндірістерде, мысалы киім-кешек өндіруде, тігіншілердің санын азайту және олардың еңбегін неғұрлым өнімді пайдалану үшін киім тігуді оңайлайтын пошымдар іздестірілді. Республика бірте-бірте шетелдік миллион жұмысшы алды, олар елге орнығып, отбасы құрды. Бірақ ол әрі халықтың тұрпатын жақсарту үшін, әрі өнеркәсіпті дамыту үшін тек сымбатты да талантты адамдардың келуіне жол беретін. Халық өкілдігі тауар өндіру мен жұмысшылар орналастыруды жоспарлап, сауда мен өнеркәсіпті ұйымдастырды, оларды реттеп отырды. Ол тіпті халық ірі саудагер мен фабрикантқа айналды, өйткені ол экзекутивке шет елдерден орасан мол шикізат сатып алып, орасан зор республикалық мануфактуралар ұйымдастыруға жарлық берді, бұл халық үшін ең қажет маталар, киім-кешек, жиһаз өндіру және үй салу үшін қажет барлық тас, ағаш, металл бөлшектер жасау үшін істелді.

Ол сондай-ақ кеніштерді пайдалану және машинаның өндіру үшін орасан зор республикалық зауыттар салуға міндеттеді. Осынау шеберханаларда істейтін ьолып жатқан жұмысшылар жалақыны немесе, дәлірек айтқанда, тамақты, киім-кешекті және баспананы республикадан алатын. Және өндірісті реконструкциялар жөніндегі осынау зор еңбекті жеңілдету үшін көпшілік жұмыстар комитеті ғалымдар мен

өнеркәсіпшілерден құралған комиссияның көмегімен жұмыс тәртібін анықтап, басқаларын дайындау және барлық қиындықтарды еңсеру үшін неден бастау керек екендігін белгіледі. Қоғамдық денсаулық комитеті шеберханаларда және басқа барлық жұмыстарда қабылдануы қажет барлық сақтану шараларын көрсетті. Ұлттық өкілдіктің сыйлығын алған және бірнеше миллион данамен таратылған гигиена жөніндегі басшылық, өмірдің әртүрлі жағдайларында денсаулықты сақтау үшін қажет ережелерді насихаттайды. Ал адамды жетілдіре түсу комитеті адам баласын жақсарта беру жолында аянбай еңбек етті. Икардың қаперінде бәлкім ең бастысы болған халықты тәрбиелеу мен ағарту ісі философ мен бүкіл халықтың назарын өзіне тартты. Халық өкілдігі өтпелі кезең мектептерін құру жөнінде қаулы қабылдап, олар үшін ең әдемі қоғамдық ғимараттарды бөлді. Ол қажетті мұғалімдер мен оқытушыларды дереу даярлау үшін барлық шараларды қолданды.ол ең он бес жастан отыз жасқа дейінгі ересектермен айналысып, оларды оқи, жаза білуді және жұмысшы мен азамат үшін ең пайдалы кейбір практикалық білмдерді үйретуге жарлық берді. Ол толық ортақтық режимі үшін барлық жағынан ең мінсіз тәрбме жүйесін декретпен енгізді. Ол сондай-ақ түпкілікті жүйеден мүмкіндігінше аз айырмасы бар өтпелі кезең жүйесін декретпен енгізді. Бір жыныстың барлық балалары, бай және кедей балалыр, онан он беске дейінгі балалар өзі таңдаған кәсіпті үйренуге міндеттелді және ортақтықтың жаңадан ұйымдастырылуымен, жүйесімен таныстырылды. Он жасқа жетпеген барлық балалар он сегізге дейін бірге, тегін тәрбиеленіп, жаңа әлеуметтік жағдайдағы өмірге жап-жақсы даярланды. Ақыр соңында мұғалімдерді даярлау, шәкірттерді оқыту және барлық азаматтарды ағарту үшін көмекші құралдар құрастырылды.

Икарға бәрінен көп ұнаған жобалардың бірінде ұтымды да дұрыс, қабылданған бәрі де бар және ережелері өте аз, демек ең қарапайым, қысқа да нұсқа, оқып-үйрену үшін жеңіл жаңа тіл ойлап табу ұсынылды. Бұл жобаны Халық өкілдігі қабылдап, ең жақсы үлгі ұсынған адамның мүсінін барлық мектептерде тұрғызуға қаулы етті. Мұнан кейін ол барлық балалар мен жастарды сол тілгге үйретуге және ең жақсы ескі шығармаларды сол тілге аударуға міндеттеді, осылай жаман шығармалар жайылып кетті.Діән мен священниктер де Икардан, Халық өкілдігінен және бүкіл ұлттан түпкілікті немесе өтпелі діни жүйе орнату үшін тиісті нұсқаулар алды. Барлық наным-сенімдерді құрметтеу және барлық культтер үшін төзімділік жарияланды. Дін мемлекетен толық ажыратылып, құдайға құлшылық етуге және инсаниятты насихаттауға сайды. Барлық жас священниктерді өзінің діндестері сыйлауға тиіс болды және олар үйлене алатын болды. Дін иелерінің өздері қандай да болсын шетелдік ағзамнан тәуелсізбіз деп жариялады және өздерінің заңға бағынатынын мойындады. Және де қарт священниктер мен діндар қарт адамдардың әдетіне қаяу салмай-ақ, сол қарттар секілді құрметті де пайдалы жаңа священниктерді даярлау, сондай-ақ жаңа ұрпақтардың діни сезімдерін тәрбиелеу және дінді өзіне сүйіспеншілік пен құрмет туғызатын тазалық пен қарапайымдылыққа жетелеу үшін оқу орындары ашылып жатты. Осылайша Икар, халық өкілдері және халықтың өзі өтпелі кезеңді ұйымдастырып, толық ортақтық режимін даярлау жолында еңбек етті. Бәрі де жақсы ұйымдастырылғаны соншалық, 1798 жылы Икардың қайтыс болуы ешқандай дерлік түсінбестіктерге ұрындырған жоқ. Оның іліміне мүридтер мен пірадарлар бас ұрды, және тіпті халық оның барлық принциптерін өзінікіндей көрді деуге болады.

Барлығы күн ілгері талдап-әзірленгені, және оларды орындаудың ұйымдастырылғаны, даярланғаны және ілгерілетілгені сонша әңгіме тек қарапайым атқарушылардың еңбегіне ғана сайды. Ол-ол ма. Ескі көзқарастар мен ескі дағдылардың тірбиемен, жаңа әдеттермен, ойланып-толғанумен және тәбиемен өзгертілгені соншалық байлардың өзі қандай да бір бастапқы коммунистік ұйымға кіру үшін өздерінің мүлкін республикаға беретін болды. Икар өзінің бүкіл дәулетін коммуна құруға жұмсап үлгі-өнеге көрсетті, оған ол деревня құрған жүз кедей отбасын орналастырады. Ең бай мырзалардың бірі, герцог Ализор да өзінің ғаламат мол бүкіл мал-мүлкін өзі таңдап алған үш жүз кедей отбасыдан коммуна құруға жұмсады. Тағы бір бай, граф Марбель, соларға еліктеп жетімдер үйлерінен тағыздан он жасқа дейінгі екі жүз ұл баланы және бес-алты жасар екі жүз қыз баланы жиып алды да, оларды тәрбиелеп, олар ержетіп, бойжетіп бірбірімен үйленген соң өз коммунасына қабылдап алды. Үшінші біреу бәрі сай коммуна ұйымдастыру үшін басқа жиырма адаммен бірікті. Бір қарт священник өзі тұратын шағын қалашықтың барлық меншік иелерін өздерінің бүкіл мүлкін қосып, коммуна ұйымдастыруға үгіттеп көндірді. Ол-ол ма. Барлық осынау үлгі-өнеге ғаламат энтузиазм туғызып, тізімнің басында байлардың ныспылары жазылған мыңдаған петициялар өтпелі дәуір мерзімінің қысқартылуын талап етті. Дайындық жұмыстарының тыс тез ілгерілегені соншалық, елу жыл бірте-бірте қырық жылға, одан соң отыз жылға дейін қысқартылып, толық ортақтық жүйесі толығымен және түпкілікті 1812 жылы, Икар өлгеннен кейін он төрт жылдан соң, қайта өрлеудің отызыншы жылы орнатылды. Енді сіз осынау бақытты ортақтық бізде қалай ұйымдастырылғанын түсіндіңіз ғой деп үміттенемін? [...]

Егер шамаңыз жетсе, осынау өтпелі дәуірді: құрылыс пен өндірістің ғаламат құлашын; өнеркәсіп пен сауданың өркендеуін; ми мен қол қызметін, толып жатқан жаңалықтарды, өнертабыстарды немесе өнер мен ғылымдағы жетілдірулерді елестетіп көріңіз. Осынау отыз жыл ішінде ұлт өзінің бұрынғы бүкіл тарихындағыдан жұмысты көп атқарып, дамуда көп ілгеріледі. Сондай-ақ біздің әкелеріміз өздері куә немесе құрбандық болған сұмдық дүрбелеңдер мен ғаламат оқиғалардан кейін ләззат тапқан бақдәулет пен бақытты елестетіп көріңіз. Революцияның келесі күні, Икардың жоспарлары баяндалған бойда, халық бойында сенімнен, қанағаттан және үміттен өзге сезім болған жоқ. Әрбір күн жаңа жеңіс, жаңа жетістік әкеліп отырды, отан мен бүкіл адамзатқа сүйіспеншілік күн өткен сайын өсе түсті. Және балалық шағында бізден көп баытсыздық көрген әкелеріміз, өздерінің табыстары мен жеңістерінен көбірек рухани және материалдық ләззат тапты, олар қазір бізге толық ортақтық жүйесі беретін ләзаттан артық.

“Этьен Кабе. Путешествие в Икарию.
Философский и социальной роман. М.-Л., 1953”
басылымынан
қазақшалаған

Нұрмахан

ОРАЗБЕК.

Луи-Огюст Бланки

(1805-1881) – француз саяси қайраткері, бастапқы білімді Ұлы Карл колледжінде алған, кейін заң ғылымы мен медицинаны оқып-үйренген. Бланки коммунистік идеялар күрескері жолына ерте түсті, 1827 жылдың өзінде-ақ тәртіпсіздіктерге қатысып, үш рет жараланған, тұтқындалып, абақтыға қамалған. Бланки жалпыға бірдей сайлау құқығынан ештеңе күтпей, социалистік құрылысқа қол жеткізу үшін «ұлттың саналы азшылығының диктатурасын» орнату қажет деп санады. Аталмыш диктатураға жеткізер жол – қаскүнемдік пен көтеріліс. Өзінің «Халық достары қоғамы» газетінде үкіметке қарсы ымырасыз күрес жүргізді, осы үшін бір жыл абақтыда отыруға үкім шығарылды. 1836 жылы оқ-дәрі жасау процесіне байланысты тағы да сотқа тартылып, екі жыл абақтыда отыруға кесілді. Кешіріммен босатылғаннан кейін «Жыл мезгілдері қоғамында» көтеріліс әзірлеуге белсене қатысты. Көтеріліс басып-жаншылды, Бланки өлім жазасына (1840) кесілді, алайда үкім өмір бойы абақтыда отыру жазасына ауыстырылды. 1848 жылғы революция Бланкиді азат етті, ол қайтадан «Орталық республикалық қоғам» ұйымдастырып, өкіметті басып алуды ұйымдастыру әрекеті үшін тағы да 10 жылға қамалып, одан қашып шығуға сәтсіз әрекетінен кейін, Корсика аралына жер аударылып, қамалда ұсталады. 1859 жылғы кешірім оған бостандық берді, бірақ Бланки дереу астыртын қоғам ұйымдастыруға кіріседі де, тағы да тұтқындалып, 4 жыл қамауда ұстауға үкім етіледі. 1870-1871 жылдарғы революция Бланкидің белсенді революциялық жұмысымен тұспа-тұс келді. Ол Коммуна мүшесі болып сырттай сайланады, бірақ көп ұзамай тұтқындалып, қамалды. 1872 жылы Бланкиді әскери сот жер аударуға үкім шығарады. 1879 жылы Бланки депутаттар палатасына сайланды, бірақ сайлауды үкімет бекітпеді. Ол ғұмының 37 жылын абақтыда өткізді.

КОММУНИЗМ – ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Өркенияттың асқар шыңы ортақтық құрылыс болады, осынау айдананық нәрсені теріске шығару қиын. Өткен шақ пен қазіргі шақты зерттеу прогресс атаулы осы жолда жасалған қадам екендігін қуаттайды, және қазіргі даулы проблемаларды қарастыру өзге парасатты шешімге орын қалдырмайды. Барлығы да осы шешімге қарай аршындап келеді. Ол тек халықтың ағартылуына, демек, біздің ізгі ырқымызға тәуелді. Коммунизм

– утопия емес. Ол қалыпты дамудың қорытындысы болып табылады және қиялшылдар бүге-шүгесіне дейін ойдан шығарған үш немесе төрт жүйемен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Кабе болашақтың сымбатты мұратын бейшара қиялшылдардың негізсіз гипотезаларына ұқсатып, өзінің Икариясында және Науво мекенін жасау әрекетімен қателікке ұшырады. Ол өзімен жарысқа түскендерден де аяусыз сәтсіздікке тап болуға тиіс еді, өйткені коммунизмді жер бетінің бір қиырында қауырсыны да, қанаты да жоқ екі аяқты құс туып, балапан шығарған жұмыртқа тәрізді емес, адамзат дамуының жалпы қорытындысы ретінде қарастыру керек. Сен-симонистер, фурьеристер, позитивистер – олардың бәрі революцияға соғыс жариялап, оны түзелмес негативизмге толы деп айыптады. Олар табандатқан отыз жыл бойы өздерінің уағыздарында талқандау дәуірінің аяқталғаны туралы және осы секталардың әрқайсысының мессияларымен бейнеленген табиғи шығармашылық кезеңі туғаны туралы бүкіл әлемге жар сала берді. Кәдуілгі бақалшылар тәрізді бір-бірімен бәсекелесе жүре, осы үш секта бір нәрседе – қайтып түзелмес күнәһарлар, революционерлерді аяусыз сынауда ауыз жаласты және жаңа сәулеге көз жүгіртіп, жанды сөзге құлақ түруден бас тартты. Коммунистер мен утопистер арасындағы айырмашылық жеткілікті дәрежеде мына фактымен айқындалатыны тамаша: коммунистер әрқашан демократияның ең айбынды авангарды болып табылады, ал гипотезалардың жақтастары барлық реакциялық үкіметтер алдында құрдай жорғалап, қайыршылар сияқты олардан садақа тілеп жалбарынып, республикаға қарғыс жаудырып, әдепсіздік өнерінде бір-бірімен бәсекелесіп жүр. Коммунизм дегеніміз – революцияның мәнісі, миы, ал осынау барлық жаңа діндеріңіз, нақ ескі дін тәрізді, қашанда революцияның жаулары болып келді. Сен-симонистердің, империяның осынау тіректерінің кім екенін қазір жұрттың бәрі біледі. Оларды, әрине, өздерінің принциптерінен айныды деп

кінәлауға болмайды. Олардың капиталдың жоғарғы билігі туралы, банк пен ірі индустрияның асқан құдіреттілігі туралы доктриналары салтанат құрды. Солармен бірге билеп-төстеп отырғандар да нақ солар – бар болғаны осы. Осынау тәп-тәуір жігіттер қауіпті жаңашылдар деп қабылданғанын кім ойлапты! Республикашылдарды қорлап, он сегіз жыл бойы Луи-Филиппке бәйек болған фурьеристер республиканың жеңісінен кейін соның жағына шықты да, өздері күткен билікке қол жеткізу орнына көп ұзамай қуып тасталғанын көргенде қатты таңырқап, абдырап қалды. Дауыл кезінде олар өздерінің сайқымазақ утопиясымен бірге зым-зия болды. Олардың қалдықтары демократтар сапымен араласып кетті. Олардың бұдан басқа үміт артар ештеңесі жоқ. Позитивизм, ғасырдың осынау үшінші құбыжығы, культтар мен наным-сенімдер атаулыны теріске шығарудан бастады да, карикатуралық католицизмге негізделген касталық жүйе құрумен аяқтады. Айтқандайын, ол қақ жарылды. Ортодокстар маңғаз кейіппен, пайғамбарына Конт дұғасын тынбай шырқауда. Наразылар өздері уағыздайтын доктринаны теріске шығарумен немесе өздері теріске шығарып отырған доктринаны уағыздаумен өмірін өткізуде, әркім білгенін істеп жүр. Ал солардың бәрі таяқтан өлердей қорқады, күш алдында тағзым етеді және жеңіліп қалғандармен байланыс жасаудан бас сауғалап қашады. Конт ғұмырының соңғы жылдарын император Николайды мадақтауға арнап, революционерлерге лағнет айтумен болды. Ол реакцияны өз жағына тарту үшін өзінің касталарын ойлап тапты. Реакция да, патша да оған бұрылып та қараған жоқ. Жікшілдер өңеш-жыртуда, атеизмнен үрейі ұшып, әлдене күмәнді қорғаныш тапқан қорқақтардың қайырымымен ықпал елесіне ие болып отыр, Қатер сейіліп, осы бір елесті тіршілік аяқталған соң, позитивистер социализмнің соңына келіп тіркеледі немесе консерваторлар қосынына қоныс аударады.

Революцияны бейнелейтін Коммунизм утопиялық қылықтарынан бойын аулақ салуға және саясаттан ешқашан алшақ кетпеуге тиіс. Күні кешеге дейін ол саясаттан тыс қалып келген еді, енді оның нақ жүрегінен орын алды. Саясат оның қызметшісі ғана. Коммунизм оның қызметін пайдалану үшін оны сақтауға тиіс. Ол жеңіс қарсаңында да, жеңістен кейінгі келесі күні де өзін бірден таңбауға тиіс. Мұның өзі күнге қарай сапар шеккенмен бірдей. Көкке көтеріліп үлгергенше, біз жерге шашылыа түсіп, ұзақ уақыт ауруханада аялдайтын боламыз. Біздің аксиомамызды ұмытпайық: оқу-білім мен коммунизм қатар адымдайды, оның бірі екіншісінен бір қадам да озып кете алмайды. Бүкіл әлем шақырып отырған Сиам егіздерінің бірі болу – аз нәрсе емес. Оның бірі сыңарын тастап келмейді. Рас, білім алуға шақырған бір ауызды бұл үндеу қалай болғанда да анықталуға тиіс. Ал анықтауыш екі түрлі – қара және ақ болатынын біз көрдік. Ақымақ болмайық. Гәп мынада. Үкімет пен консерваторлар әулие әкейлер бере алатын білімді ғана қалайды, ал бұл қара түнек деген сөз. Олар өліп-өшіп осыған күш салуда. Цезарь, Шейлок, Лойола қара түнектің салтанатына қарай иық тіресе адымдап келеді. Олар бұған қол жеткізе алмайды, бірақ олар біздің де дегенімізге жетуімізге кедергі жасайды. Тайталасушы күштердің екеуі де бір-бірін екіұдай жағдайда ұстап тұр. Ешкім де ілгерілей алмайды, ешкім де шегінбейді. Ешқандай қозғалыс жоқ. Біз үшін мұндай жағдай табыс деген сөз. Қара түнек 50 мың священниктің, 50 мың конгрегационистің және шамамен 40 мың мұғалімнің қызметін пайдаланып отыр, өйткені олардың бәрі дерлік қазір дінбасыларына бағынғады. Университетте толық сатқындық. Тіпті баспасөзге де сенуге болмайды. Оппозициялық баспасөз қала қабырғаларынан әрі аса алмайды. Деревня баспасөз насихатымен кюрелердің, қаратүнек топастардың және ірі жер иелерінің ауызша насихатын қолдайтын кертартпа парақтардың ықпалында. Бәрі бізге қарсы, бізді жақтайтын ештеңе жоқ.

Сонда бізге қалып отырғаны не? Ауада сезілетін прогресс лебі, темір жол арқылы адамдар арасындағы байланыстар, қоғамдық ұждан және әсіресе, біздің керемет қорғаныштық сөзіміз – дұшпандарымыздың әлпеті. Ашу-ыза өршіп барады, бірақ бұл сенімді күш емес. Бүгінгі күннің ашуызасы ертеңгі күннің қорқынышына айналып шыға келеді. Білімнен басқа берік негіз жоқ, бірақ оған қарсы күш-жігер оны құртып барады. Біз бір орында тұрмыз. Бірақ революциядан кейінгі алғашқы күн театр әсеріне ұқсайды. Және ол табан астынан өзгеріс болғандықтан емес. Адамдар мен заттар соның қарсаңында қандай болса, сол күйінде қалады. Тек үміт пен қорқыныш орын ауыстырды. Бұғау талқандалды, халық еркіндікте, енді олардың алдынан шексіз-шетсіз көкжиек ашылды. Сонда не істеу керек? 1848 жылғы арбаға тың аттар жегіп алып, сол сүрлеумен алаңсыз тарта беруіміз керек пе? Ол сүрлеудің қайда апаратыны белгілі. Егер, керісінше, естілік, ақырында, үстем түсетін болса, халықтың алдында бір-бірімен қатарласа тартылған екі жол жатыр. Оның бірі кезеңкезеңімен жалпыға бірдей оқу-білімге жеткізеді; екіншісі тиісті кезеңдер бойынша ортақтық құрылысына жеткізеді. Екі жолдың бастауында да бірдей шара: кедергілерді талқандау шарасы тұр. Олар жақсы мәлім. Мұнда – қара армия, оның жанында – капиталдың қаскүнемдігі. Қаратүнек армияны шекара асырып жібереді, бұл қарапайым іс. Капиталдың көне қоюы оңай емес. Оның өзгермейтін қарекеті мәлім: ол не жылыстап тынады, не бой тасалайды. Бұдан соң капиталист терезенің алдына отырып алып, халықтың шалшықта қалай тырбаңдап жатқанын тып-тыныш бақылаумен болады. 48-жылдың тарихы осындай. Халық уһіледі, жылады, балағаттады, содан кейін тым кеш ашуызаға басып, бас көтерместей болып таяққа жығылды да, бұғауын қайта киді. Мұны қайталамайтын боламыз. Сыңғыр қаққан теңгенің жоғалып кетуіне тосқауыл қою мүмкін емес! Бұл жайында бас қатырудың да қажеті жоқ. Бірақ жылжымайтын,

ақиқатын айтсақ жылжитын мүлік тығылып та, қашып та кете алмайды.
Осының өзі жеткілікті. Ең ділгір шаруаны дереу тындыру керек.

Таяудағы шаралар

Экономика саласында

1. Өнеркәсіп пен сауда кәсіпорындарына басшылық ететін барлық адамдарға елден аласталу қатерімен сол кәсіпорындардағы жағдайды, қызметкерлерді және оларға төленетін жалақыны уақытша сақтап қалуды бұйыру. Мемлекет олармен шарттық қатынастар орнатады. Бұйрыққа мойынсұнудан бас тартуы себепті қуылған кәсіпкердің орнына кәсіпорын айрықша басқараманың іс жүргізуіне тапсырылады. 2. Кеден мәселесін, кеніштер мен ірі өнеркәсіп компаниялары туралы, кредит және сауда айырбасы тәсілдері туралы мәселені реттеу үшін білікті адамдар жиналыстарын шақыру. 3. Айрықша жиналысқа жұмысшы ассоциацияларының негіздерін талдап әзірлеуді тапсыру. Осы бұйрықпен кәсіпкерлердің сатқындық соққысы тойтарылар еді. Бастапқыда бұл басты мәселе. Еңбекшілер жаңа әлеуметтік шараларды шалшықта емес, басқа жерде күте алады.

Саясат саласында

Армия мен сот органдарын тарату. – Орта және жоғары мансап иелерін дереу орнынан алу. Ұсақ қызметшілерді уақытша қалдыру. – Дінбасылардың, еркектер мен әйелдердің бүкіл қара армиясын қуып шығу. – Шіркеулердің, қауымдардың және еркектер мен әйелдердің конгрегацияларының, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, сондай-ақ сырт көзге қойылған кісілердің мүлкін мемлекеттік мүлікке қосу. – 1848 жылғы ақпанның 28-інен кейін жасаған қылмыстары үшін

республиканың басты жауларын жазалауды талап ету. – Олардың сол күннен бастап қандай да болсын мүліктерін сатуға немесе басқа да қарыздарын өтеуге берген рұқсаттарының күшін жою. Шенеуніктер персоналын қайта құру. Қылмыстық кодекс пен қазылар сословиесін тарату. Азаматтық істер үшін қалыс сот, қылмыстық істер үшін алқа билер сотын құру. Алқа билер соты жазаны жасалған қылмысқа сәйкес ұждан бойынша, мәжбүрлеусіз белгілейді. Жаза түрі ғана күні бұрын айқындалуы мүмкін. Ұлттық армияның аумақтық бөлімдерін құру. Жұмысшылар мен республикашыл халықты жаппай қаруландыру. Дұшпанға ешқандай бостандық бермеу.

Қаржы саласында
Мемлекеттік қарыздар тізімін жою. – Жинақ кассасы туралы мәселені
реттеу жөнінде комиссиялар құру.
Барлық төте және жанама салықтарды мұраға және кіріске салынатын

жалғыз-ақ төте прогресті салықпен алмастыру.

Халыққа білім беру

Оқудың үш сатысы: бастауыш, орта және жоғары мектеп үшін оқу
ведомствосын құру.

Үкімет Париж диктатурасы. 1848 жылы жалпыға бірдей дауыс беруге шұғыл кірісу ұраны қасақана сатқындық болды. Баспасөздің аузын тығындаған 18 брюмерден кейін барлық провинция дінбасылардың, шенеуніктердің және аристократияның олжасына айналғаны белгілі. Осындай жағдайда қанаудағы халықтан дауыс беруге қатысуды талап ету мұны олардың мырзаларынан да талап

етумен бірдей еді. Адал республикашылдар сайлау жиналыстарын қалыптасқан жағдайды кедергісіз талқылау арқасында халық санасы еркін болған кезге дейін кейінге қалдыра тұруды талап етті. Бұл талап егер сайлау дереу өткізілсе жеңіске жететініне сенген, егер ол бір жылдан кейін өткізілсе жеңіліске ұшырайтынын сезген реакцияны үрей құшағына алды. Республикаға амалсыздан ғана төзіп отырған Уақытша үкімет оны реакцияға қасақана опасыздықпен бере салды. Революциядан кейінгі келесі күні жалпыға бірдей сайлаудың көмегіне жүгіну бірдей қылмысты екі мақсаттың бірін ғана көздей алатын: мәжбүрлеу жолымен дауысты тартып алу немесе монархияны қалпына келтіру. Біз азшылықтың құқығы мен зорлық-зомбылықты мойындайды деуі мүмкін. Жоқ, террордың және ауызды тығындаудың көмегімен алынған көпшілік азаматтардың көпшілігі емес, құлдардың табыны. 70 жыл бойы айтыс-тартысқа түскендердің тек бір жағын ғана құлағына іліп келген сот – көрсоқыр сот. Енді ол 70 жыл бойы екінші жақты тыңдауға міндеттенеді. Өйткені екі жақ та өз ісін бір мезгілде қорғай алмағандықтан, енді оны кезек-кезек қорғайтын болады. Оқиғалардың қарсаңында реакцияның мәймөңке өкілдері мына сарындағы: «Жеңіске ие болған партиялар бостандық туралы ойлаудың орнына кек қайтару жолын ғана ойластырып жүргені аса өкінішті-ақ» деген кісі зеріктірер күйреуік уағыздарын жамылып тор құра бастады. Жалған мақамдар. 1848 жылы, республикашылдар, 50 жыл бойғы қуғын-сүргінді ұмытып, өз дұшпандарына толық және шексіз бостандықты тарту етті. Салтанатты да шешуші сәт болған-ды. Ол енді қайталанбайды. Жеңімпаздар ұзақ жылдар бойы көріп келген қатаң жәбір-жапасына қарамастан татуласуға бастайтын алғашқы қадамын жасап, өнеге көрсетті. Жауап қандай болды? Қырып-жою. Мәселе шешілді. Еңбекші еркін сөйлейтін күн туғанда, олар капиталистер аузына қақпақ қояды.

48-жылғы Париж диктатурасының бір жылы Францияны және батуға бет алған ширек ғасыр оқиғаларынан тарихты құтқарған болатын. Егер енді осындай диктатураның он жылы қажет болса, жалтақтаудың жөні жоқ. Түптеп келгенде Париж үкіметі – ел сайлаған үкімет, демек бірден-бір заңды үкімет. Париж – кәдуілгі, өз мүдделерімен тұйықталған қала емес, – ол ұлттың шынайы өкілдігі болып табылады. Революцияның игілігі үшін естілікті күш-жігермен шебер ұштастыра білуі маңызды. Жекеменшік принципіне шабуыл жасау қауіпті әрі сондай дәрежеде пайдасыз. Коммунизмді декретпен бекітуге болмайды, оның өмірге келуі елдің еркін шешімінен туындауы қажет, ал бұл шешім тек оқу-білімді барлық жерде тарату салдары ғана бола алады. Қара түнек жиырма төрт сағатта сейілмейді. Біздің барлық жауларымыздың ішіндегі ең табандысы осы. Жиырма жылдан кейін де ашық күннің тумауы мүмкін. Саналы жұмысшылар өзінің тәжірибесінен біледі, жұмысшылар ассоциацияларын дамыту жолындағы негізгі, тіпті бірден-бір деп айтуға болатын, кедергі надандық. Бұқара олардың маңызын түсінбей, олардан қауіптенеді. Бұл қауіп, амал нешік, аса заңды! Қансорғыштар нәсілі қашан да даяр, ол қанаушылықты жаңа бет-пердемен жаңғыртуға әзір. Қараңғы жұмысшылар, осы қауіпті түйсігімен сезініп, жалдамалы еңбектің қарапайым түрін артық санайды. Олар оның барлық пайдасы мен зиянын жақсы біледі. Күрделендіру оларды шошытады. Бізді сергектігімізден өміріміз тәуелді болатын ойынның айқын түсінігінің болмауынан басқа ештеңе ажырата алмайды. Әйтсе де үкімет оқу-білімді таратуға күш салған бойда ассоциациялар беретін пайда бүкіл өнеркәсіптік пролетариатқа айқын болуы да, сөйтіп ассоциацияларға бірігу барынша шапшаңдықпен аяқтала алады. Басқа бір елеулі қиындық – деревня. Алдымен айтарымыз, қараңғылық пен сенімсіздік шеберханадан гөрі лашықтардың табалдырығын жиі аттайды. Мұнан кейін шаруаның бойында оны ассоциацияға жетелейтін қажеттілік пен пайда сияқты құдіретті талап жоқ.

Оның еңбек қаруы бекем де айқын. Ал өнеркәсіп болса, капиталдың осынау жасанды туындысы толқын шайқап, сәт сайын апатқа бас тіккен кеме тәрізді күн кешсе, ауыл шаруашылығында аяқтың астында ешқашан да толқу дегенді білмейтін қара жер тұрады. Шаруа өзінің шөкімдей жерін біледі, оны жастанып, бекітеді, бір-ақ нәрседен – әлдекім оны тартып алмаса екен деп қорқады. Шет-шегін оның өзі де білмейтін осынау жер мұхиты оның ұлтарақтай жерін жұтып жіберсе, ол үшін кеме апаты дегенің сол. «Жерді бөлу» және «ортақ» сөздері оның құлағына дабыл болып естіледі. Бұл сөздер 1848 жылы Республиканың шаңырағын шайқалтқан қасіреттерге бірталай ықпал етті, үш монархияның жаңа коалициясы пайда болған кезден бері осы сөздер Республикаға қарсы қайтадан пайдаланыла бастады. Бірақ бұл саяси сөздіктен коммунизм сөзін сызып тастаудың себебі бола алмайды. Тіпті де бола алмайды, деревня тұрғынын оны қатер емес, үміт ретінде тыңдауға үйрету керек. Тек ортақтық құрылыс дегеніміз – жекелеген ассоциациялардан бірте-бірте құрылған, федерациялардың жүйелі қосылуы жолымен үлкейген бүкіл елдің толық бірлігі екенін анықтап айту керек. Француз аумағының саяси ассоциациясы қазірдің өзінде жүзеге асырылды. Осы идеяны тарату нәтижесінде экономикалық ассоциация оның табиғи толықтырылуы неге болмасқа? Тек ешкім ешқашан өз жеріңмен белгілі бір ассоциацияға қосыл деп мәжбүрлемейді, егер әлдебіреу оған кіріп жатса тек өзінің еркімен ғана қосылады деп ашық мәлімдеу қажет. Республика жауларының мүлкіне үкім сот комиссияларының қаулылары бойынша шығарылады, мұның өзі меншік принципіне ештеңеде қайшы келмейді. Дәл сол секілді мұндай қаулылар ұсақ және орташа жер иелеріне қатысты болмайтынын жариялау қажет, өйткені осы жер иелерінің дұшпандығы, егер ондай дұшпандық орын алып отырса да, маңызды емес, және ол жазалауға тұрмайды. Еш жалтақтамай, ұждан алдында азап

шегемін деп күмәнданбастан жерден қуатындар бар, олар – аристократтар мен дінбасылар. Шетелге қарай, табаныңды жалтырат! Францияда коммунизм қашан орнайды? Қиын сұрақ. Қазіргі кездегі ақыл-ой жайымен таразыласақ, ол енді міне-міне есік қағады деп айтуға болмайды. Белгілі бір жағдайдан артық алдамшы нәрсе жоқ, өйткені одан артық құбылмалы ештеңе жоқ. Зор кедергі – мұны еске салып отырудың еш артықтығы жоқ – қараңғылық, надандық. Осы мәселеде Париж елеске елігіп отыр. Бұл әбден түсінікті – жарық жерден көлеңкедегі жер көрінбейді. Газеттер, саяхатшылар бізге провинциялар туралы әңгіме шертеді, бірақ оның жағдайы қандай, ол жағын ашып бере алмайды. Қара түнек дегеннің не екенін білу үшін, оған бойлауың керек. Оның Францияны қат-қабат тұмшалап тастағаны соншалық, оны жұлып тастау мүмкін еместей көрінеді. Бір ғана орын күн нұрына бөленіп тұр, басқа кейбіреулерінің үстіне таңғы шапақ енді түсе бастағандай, ымырт бұлты да төніп тұр, ал одан әріректе – көзге түртсе көрінбес қараңғылық. Сондықтан бізге әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын айқын елестету мүмкін емес. Бұл екі арада, қазіргі бар нәрсе мен болатын нәрсенің арасында орасан зор қашықтық жатыр, ақыл-ой оның шетіне жетуге дәрменсіз. Алайда, жұмбақтың кілтін гипотеза береді. Әрбір азамат білім алғаннан кейін баршаның өктем талаптарын жарастыра алатын бірден-бір құрал – абсолютті теңдік қандай тәсілмен орнатылар еді? Бұл тәсілдің коммунизм болатындығына ешқандай шүбә жоқ. Коммунизм – жоғары білімдар адамдардан құралатын, сондықтан да абсолютті тең негізде орнатылған қоғамның бірден-бір ықтимал ұйымдастырылуы. Артықшылықты көксеу оқу-ағартудың бірінші және ең сөзсіз салдары болатындығына төңірегіңе және өзіңе қарап-ақ оп-оңай көз жеткізе аласың. Білімді адамдардың арасынан біреудің үстемдігіне төзе алатын, егер ол оған күшпен мәжбүр етілмесе, жан табыла ма? Мәжбүрлеу дағдысы «ләббай тақсыр» дағдысын туғызады. Бұл туралы ойлауды да қояды, ал

ойлай қалса екі иығын қиқаң еткізеді, мұның өзі шарасыздықтың айқын нышаны. Сонымен, дөрекі күш дегеніміз не? Бұл – жағдай орай кім көрінгенге қызмет ететін надандық, бұл – қорқақтық пен көнгіштікке, зорлықзомбылықтың қаруына, сонымен қатар, оның құрбандығына айналған надандық. Надандар болмаса, солдат та жоқ! Билік атаулы жойылған. Кім өз көршісіне дегенін істете немесе оның есебінен күн көре алады? Теңдік – бірінші заң. Бауырластық пен азаттық қажетіне орай оның табиғи серіктеріне айналады. Коммунизм, әлбетте, осындай әлеуметтік тәртіптің міндетті пошымы болып табылады, өйткені, ол естілік негізінде барлық экономикалық проблемаларды бір өзі шешеді. Міне сондықтан нақ сол қазіргі қоғамның пошымы бола алмайтын еді. Ол тек жалпыға бірдей оқу-ағартумен ғана үйлеседі, ал біз оған әлі жеткен жоқпыз. Үйлеспейтін ортаға оны қондырудың мезгілінен бұрын жасалған әрекеті тек бақытсыздыққа душар еткен болар еді. 1848 жылы жұмысшылардың көпшілігі баршаға бірдей жалақы туралы идеяға, білімі шектеулі адамдар шынында да түсінбейтін идеяға теріс қарады. Коммунизмнің анасына айналатын ассоциация енді ғана екіқабат. Ол өз жақтастарының арасында айырбас, демек, индивидуализм үстемдік ететін құрылысты сақтап отыр. Неғұрлым, қатаң ассоциацияға ешкім де келіспес еді, ондай терең өзгерістер үшін әлі ештеңе пісіп-жетілген жоқ. Осы кезге дейін ортақтық әлемде тек сиықсыз жағынан – монастырь түрінде көрініп келді. Болашақтағы ортақтық – еркіндік. Жол суықтан да, аптаптан да құрғақ және қатты болады. Олардың арасында – жылымық жатыр. Парижде, ашық жария жиналыста, мемлекеттік төңкеріс кезіндегідей, тапсызданғандарды уытты сынай бастауға тәуекел жасалды. Ғалымдар қауымы өміршең бола алмайды, оның нақұрыстар қоғамын артық көргені жөн деуге дейін барды. Ұлт өзінің қараңғылығы салдарынан езгіге тап болып отырған кезде білімді адамдар орасан көп деп шағыну – бұл халық

жауларының тілі емес пе? Олар мұны иамаша түсінеді, сондықтан да пролетарийларға қолдың өнері ақылдың күшіне тең дегенді уағыздай отырып, өз тактикасын дөрекі қолпаштаумен бүркемелейді, сөздерін жүрек айнытарлық мақтаумен майдалап өткізгісі келеді. Халық бұқарасын азат ету ісіне адал еңбекшілер осынау хош иісте қаншама зәр жатқанын анық көріп отыр. Олар күш те, ептілік те ақылдың салдары емес екенін және өндірістің қандай да бір үздік туындысының авторы сонымен қатар сауатсыз ақымақ болуы мүмкін екенін жақсы біледі. Мысалға Үндістан мен Қытайды алайық. Еуропа кашемир тоқуда ешқашан да үндістермен теңесе алмады. Суретші ретінде, шебер ретінде қытайлар кем дегенде – біздің бәсекелестеріміз. Алайда, қандайлық кері кету! Неліктен? Ой жоқ. Тіпті кейбір жануарлар да адамдармен бәсекеге түсе алады, кейде затты ұқсатуда олар адамнан асып та кетеді. Құстың кейбір ұялары – қайталанбас шедевлер. Ара мен өрмекшіден асқан ғажайып жұмысшылар бар ма? Ара өзінің алты қырлы ұяларын ғажайып геометриялық дәлдікпен орналастыратыны соншалық, біз одан ешқашан озып кете алмаймыз. Өрмекші сан түрлі орындарда өзінің арқау жіптерін байлап, оны тоқу өнерінің мыңдаған есептерінде математикпен бәсекелесе алады. Ал былай қарағанда бұл екеуі жай ғана жәндік. Жоқ! Адамды жасайтын қолдың ептілігі емес, жалғыз идея ғана. Азат ету құралы – қол емес, ми, ал мидың тіршілігі тек оқу-ағартуға ғана байланысты. Ойға нәр беретін оқу-ағартуға шабуыл ойлы жанның өзіне қарсы жасалған қастандық, қоғамдық қылмыс болып табылады. Асқазан тамақсыз тіршілік ете алмайды, ал ми, керісінше, оған опоңай бейімделеді. Ми көбірек жапа шеккен сайын, асқа қажеттілікті соғұрлым аз сезінеді. Жапа шегудің шексіздігі оның бойында асқа қомағайлық туғызбайды, оған тәбеттен айырады, тамақ оны ауыртпалыққа ұшырата бастайды. Адам өз сырқатын сезінбей, одан тіпті қанағат тауып, ұйқы құшағында маужырай бастайды. Асқазан аштығынан тән өледі,

мидың аштығы рухани ажал әкеледі. Тек тұрпайы тіршілік иелері ғана мал сияқты таза айуандық өмір кешуден қанағат табады. Тирания халықтың рухани қабілетін асқан шеберлікпен осылай тұншықтырып, оның моральдық жағынан өлімсірей түсуіне қол жеткізеді және кей ретте оны адам қатарынан шығарып тастайды. Ұлт өзінің қанаушыларына құлдықты, абақтыларды, азапты, аштықты, зорлық-зомбылық атаулының, қасірет атаулыны кешіре алады, бірақ өзінің миына жасаған қастандықты ақылойының тұншықтырылуын ешқашан, ешқашан, ешқашан кешірмейді! Мұндай қылмысқа кешірім жоқ! Сөздер мен пошымдар туралы осынау сандырақты, осынау қияли бағдарламаларды динап қоя тұралық. Халықтың құтқарылуы оқу-білімде! Жұрттың бәрі: «Оқу-білім! Оқу-білім!» деп айқайлайды. Дұшпан оны қаламайды. Ол бізді орта ғасырларға шегеріп тастау үшін жан ұшыра қимылдауда. Монталамбердің 1850 жылғы Құрылтай жиналысының мінберінен айтқан есте қаларлық сөздерін кім ұмыта қоймақ: «Қазір біздің алдымызда екі армия – жақсылық армиясы мен жамандық армиясы тұр. Жақсылық армиясы – 40 мың кюре, жамандық армиясы – 40 мың мұғалім». Несі бар! Сол екі армия қазір бір-ақ армияға айналды. Монталамбердің ұраны құлаққа жетті. Мемлекеттік төңкерістен кейін шыққан «Монитёрды» ашыңыз, оның бағдарламасының бұлжытпай орындалғанын көресіз: колледждер барлық жерде иезуиттер мектептерімен алмастырылған, мұғалімдер жабайы жануарлар сияқты індетілген; тапсыздандырылған, немесе, басқаша айтқанда, сауатты кедейлерге лағнет айтылуда; бастауыш білім катехизисті оқытумен шектелген; лицейлерде философия жойылған, бағдарламалар қысқартылған; жас ұрпақ дінбасылардың қарамағына берілген, жер-жердің бәрінде оқу-ағартуға қарсы өліспей беріспейтін соғыс жүріп жатыр, барлық жерде капиталистер священник пен көрсоқыр қараңғыларды өздерінің қатер төніп билептөстеуіне көмекке келуге жар салуда.

Осынау қатерлі күндерде адамның ақыл-ойына қарсы жүгенсіз шабуылды көре тұрып кім көз жасын іркіп қала алған! Осындай өлермендіктің қылмыстылығы қандай айқын бола түсуде! О, егер оларға Францияны алысқа, ең қиырда жатқан мұхиттардың арғы жағына дейін алып кету мүмкіндігі берілсе, олар адам ақыл-ойының барлық ескерткіштерін, баспа бетін көрген сөзді, тіпті баспахананың атауына дейін есі кеткендей екіленіп тып-типыл етер еді! Олардың сорына қарай, егер олар азаматтарды алып кетсе де, жер бәрі бір қалар еді, өйткені өркениятты дүниеде тек ақыл-ой ғана шынайы күшке ие, ал біздің жеңімпаздарымыз көп кешікпей өздерінің төл жеңістерінен опат болар еді. Олар ажал құшамыз деген үрейден іркіліп, ми қызметін толық жоя алмас еді. Бірақ қаншама нәрсе талқандалып кетті! Және де бұл әлі ақыры емес. Қылыш – Экю – Діни ырым – үстемдіктің әрқашанғы осынау үш тағаны тек зорлық-зомбылық пен тағылыққа сүйенеді. Оның бейшара құлын –жалпыға бірдей сайлау құқығын – сайлауға жандарм мен священник жағасынан сүйреп апарады, олардың соңынан ерген капиталистер оларды арт жағынан аяқтарымен теуіп итереді. Бұл арада таң қалатын не бар? Надан – оны адам деу қиын, оны жылқы тәрізді тізгіндеп жетелей беруге болады. Оны жұмыс пен бағынуға үйрету – қожайынның жалғыз-ақ шаруасы осы. Кімде-кім консерватизмнің арманын аяғына дейін танып-білгісі келсе, мемлекеттік төңкерістен кейінгі кезеңдегі оның тілін, оның әрекеттерін зерттеп көрсін, бұл кезде ол халықты аяқпен таптап, тепкілеп өзінің бет-пердесін ашып берді, санасуды қойғанын көрсетіп берді. Жақсы мұғалімдер даярлайтын қалыпты мектептер дереу жабылды. Сол кезде осынау «жастардың от көсеушілер мен уландырушыларының ұясы» туралы қандай балағаттар жарияланды десеңші. Ресми сөздерде, газеттерде, уағыздарда халықтың балаларын тек катехизис пен әлдебір кәсіпке ғана оқытқан жөн, басқа оқытудың бәрі көтерілістердің тұрақты қайнар көзі, қоғамдық қасірет деп жарыса жар салынды. Жер-жердің бәрінде халық бұқарасында қызғаныш отын үрлеп,

оларды қоғамға қарсы қоятын оқу-білімге лағнет жаудырылды; тапсыздандырылғандарға, өмір сүріп отырған әлеуметтік тәртіптің осынау жауларына, толқулардың бастаушыларына лағнет бораны жаудырылды. Қазір, тапсыздандырылғандарға, тіпті халық жиналыстарында айбарақ қайтадан бас көтергенін, тегін де міндетті оқуға қарсы соғыс жарияланғанын көре отырып, оның жалған социалистік әлпетінің тасасында феодалдық-клерикалдық айла-шарғыны аңғару бізге қиын емес. Кәсіби мектептер жобасын мұқият зерттей отырып, 1852 жылғы уды, еңбекшіні кәсіппен бұғаулап тастаудың, осы жолмен касталық жүйеге қайта оралудың жабысқақ идеясын оп-оңай байқауға болады. Кәсіптік мектептер, көп адамдардың ойындағы түрінде, қытай семинарияларынан артық ештеңе бола алмайтыны бар бауыспен айту керек. Мұның қауіптілігі, ол жарамсақтық пошымына айналғандықтан, одан сайын күшейе түседі. Жарамсақтық жолымен халықты азғындата бермек және прогреске жүйелі кедергі жасамақ. Гутенберг пен Вольтер адамзатқа ең ғаламат шеберден мүлдем өзгеше пайдалы болатын. Оның үстіне езгіге салатын талант емес, капитал. Ақшасыз қабілет тек тиранияға қауіпті. Көбіне-көп ой еңбегінің әлдебір қызметкері дене еңбегінің қызметкеріне қарағанда көбірек мұқтаж болып жүреді. Тапсызданғандар дегендерің ой париялары емей, кім? Оларды тек кедей болғандықтан ғана қорлайды. Олардың қалтасына ақша түскен бойда, олар тапсызданғандар болудан қалып, жоғары лауазымға дейін көтеріледі. Мұның өзі біздің әлеуметтік тәртібімізде адамдардың қадір-қасиетімен емес, мүліктік жағдайына қарап жіктелетіндігінің тамаша дәлелі емес пе? Адамзатқа қызмет еткен көптеген ғалымдар жоқшылықта өмір сүріп, кедей қалпында өліп, белгісіз болып қала береді. Оларда білім болатын, бірақ олар баю үшін қажет білімнен – ептіліктен жұрдай болатын. Біздің қатыгез қоғамымыздың жоғарғы әміршісі ептілік, жәндік үшін бізтұмсық қандай қажет болса, қансорғыш үшін де сондай қажет еді. Табиғат осындай

тұмсық беруді ұмытып кеткен пенделердің күні қараң! Олар ғылым атаулының падишасы – қанау ғылымы үшін азық қызметін атқарады. Мыңдаған таңдаулылар шектен шыққан қайыршылық құрсауында өлмешінің күнін көруде. Олардан капиталистердің зәре-құты қалмайды. Капиталистер кімді жек көруді біледі. Тапсызданғандар, прогрестің осынау көзге көрінбейтін армиясы, қазіргі кезде бұқараның алжуға дейін құлдырап кетуіне жол бермей, оның бой тіктейтін жасырын ферменті. Күні ертең олар Революцияның резервтегі күшіне айналады. 1869-1870 ж.

“Л. О. Бланки. Избранные произведения. М.”
Басылымынан қазақшалаған Тілек ДӘУЛЕТОВ.

Теодор Дезами

(1803–1850) – XІX ғасырдың қырқыншы жылдарындағы француз “халық коммунизмінің өкілі. Жан-жақты білім алған (медицина, философия, құқық). Отызыншы жылдары Бланки идеяларынан нәр алған құпия “Жыл мезгілдері қоғамына” кірген. 1839 жылы ай сайын шығатын “L’йqalіtaіre, jornal de L’organіsatіon socіale” журналын, 1848 жылы “Les droіts de l’homme. Trіbune des prolйtaіres” газетін ашқан, коммунистік идеяларды утопиялық пошымда насихаттаған, барлық коммунистік күштерді біріктіруге шақырған. 1848 жылғы революцияға қатысып, жұмысшы табының мүддесіне сай келетін саяси және әлеуметтік міндеттерді алға қойған. Дүниетанымы жағынан Дезами – материалист және атеист. Оның басты шығармасы төменде үзінділері беріліп отырған “Ортақтастық кодексі”. Онда болашақ қоғамда өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлауға көп көңіл бөлген, ол қоғамда игіліктерді бөлудің коммунистік идеяларын қолдаған, пролетариатты коммунистік болашақтың иесі деп таныған. Сонымен бірге Дезами “ақтық революция” қантөгіссіз, кәміл сенім күшінен жасалады деп білген.

ОРТАҚТАСТЫҚ КОДЕКСІ

ІІ тарау

Негізгі заңдар

Негізгі заңдар деп бүкіл әлеуметтік ғимарат көтерілген іргетасы құрайтын, барлық басқа заңдар байланысты болатын және маңайына орналасатын орталық арысты құрайтын белгілі бір заңдарды атайды. Негізгі заңдарды конституциялық заңдармен шатыстырмау керек. Конституциялық заңдар, немесе конституциялар саясаттың шаруасы; олар өзгерістерге ұшырап, уақытша сипатта болады. Негізгі заңдар, керісінше, мәңгілік және өзгермейді; олар саяси құрылыс атаулыдан бұрын пайда болған және неғұрлым мінсіз, өйткені табиғаттың өзінен бастау алады. Заң шығарушының миссиясы оларды іздеп табу, танып-білу және содан кейін жария ету. Бийо-Варенн мен Сен-Жюст негізгі заңдардың сипатын тамаша тап басып, олардың алғашқысы «Қайыршылықтың жойылуына қол жеткізіңіз,

сонда сіз кедейді қылмыскер болу қажеттігінен құтқарасыздар» деп, ал екіншісі «Халықтың қайыршылығы мен бұзылғандығы – үкіметтердің қылмысы. Егер адамға оның табиғаты мен оның тілегіне сай келетін заңдар берілсе, ол сорлы және бұзылған болуын қояды. Халық заңдарға бейімделмеуі керек, қайта заңдар халықтардың мүдделеріне сай келуге тиіс» деп бедерлеп жеткізді. Айтқандайын, бұл сөздер Мореллидің мына бір терең ой-пікірінің басқаша білдірілуі ғана: «Адам одан әрі бұзылған да, жаман да бола алмайтындай ережені іздеп табу керек». Сонымен, адамның табиғаты мен тілегіне сай келетін бұл неғылған заңдар? Сен-Жюст пен Бийо-Варенн бұл жайында тіпті де бәрін айтқан емес. Егер біз, осынау ержүрек және даңққа бөленген монтаньярлар (Ұлы француз революциясы кезінде конвенттегі депутаттардың революциялықдемократиялық тобы – Баспа) соғылып опат болған су түбіндегі тастарды айналып өтуді қалайтын болсақ, онда бәрін білу, алайда, біз үшін айрықша маңызды. Табиғат адам организмінің құрылысымен және азықты жасауының өзімен сол азықты адам пайдаланып, тұтынуға тиіс екенін көрсеткен. Және де әр адамның өз құрылысы болатындықтан әркім азықты соған сай пайдаланып, тұтынады. Бұл екі арада, әрбір өндіріс еңбекке негізделеді. Қоғамдық өнімдерді пайдаланатындардың баршасы, демек, еңбекке қатысуға тиіс. Және де қоғам, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, барлық қолайсыз кездейсоқтықтарға және мешеуліктің барлық түрлеріне қарсы тұратын ынтымақты бірлестік болғандықтан, онда қызметтер өзара алмасылатындықтан, барлық тілектер, барлық мүдделер, барлық дарындар мен барлық күш-жігерлер бір жерге тоқайласатындықтан, біз былай деп мәлімдейміз: осыдан егер біз табиғат заңдарына бағынуды және ассоциация принципін толық жүзеге асыруды қалайтын болсақ, онда біз

жер мен барлық өнімдерді бір ғана ірі, біртұтас қоғамдық иелікке айналдырудан бастауға тиіспіз деген қорытынды шығады. «Ғаламның мәңгілік заңы осындай, оған сәйкес ештеңе де тек бір адамға тиесілі болмайды, – дейді Морелли. – Егістік оны өңдеушіге, дарақ оның жемісін жинаушыға тиесілі емес; тіпті оның төл кәсібінің өнімінен де оған өзі тұтынатын бөлігі ғана тиесілі: қалғандары барлық адамдарға тиесілі». «Дүние дегеніңіз, – деп өрбітеді ол, – тойға келгендердің бәріне жететін асқа толы дастарқан; ондағы тамақтың бір бөлігі жұрттың бәріне ортақ, өйткені жұрттың қарны аш, ал бір бөлігі кейбіреулерге арналған, өйткені басқалардың тамағы тоқ»1. Шамамен осындай бауырлас қоғамдастық жұрт айтып жүргеніндей, қазір де Огайо мен Миссисипи жағалауларындағы жабайыларда бар, бұл ретте олар қарапайым табиғи сезімдеріне ғана бағынады. Оларда бәрі ортақ, бәрі тең; Өйткені оларда сарайлар да жоқ, онда Кедейлерге арналған ауруханалар да жоқ. (Гельвеций) Әрбір бал арасы ұясында өзінің күш-қуаты мен өзінің қабілетіне сай ортақ еңбекке ынта-шынтасымен қатысады және ортақ игіліктегі үлесін өзінің қажетіне сәйкес тұтынады. Аралар республикасынан адам республикасы неліктен төмен жетілген болуға тиіс? Біз өзіміздің бәтуасыз кодекстерімізді осынау кіп-кішкентай ғажайып жәндіктердің игілікті парасатымен салыстырған кезде өзіміздің менмендігіміз бен өзіміздің надандығымыз үшін неліктен бетіміз қызармауға тиіс? Оларда – сүйіспеншілік, тәртіп, сақтық атаулының бәрі бар, ал бізде бәрі кездейсоқтық билігіне беріліп қойған, оны ешкім де пәрменді шектеуге ұмтылып көрген емес!

1 Қараңыз: Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы, “Қазақстан”, 2-том, 250-251-беттер.

Саяси мемлекеттер отбасы тәрізді ұйымдастырылған деп қайталаудан жалықпаймыз. Бірақ бұзылып кеткені соншалық немесе естіліктен жұрдай болғаны соншалық, өздерінің тіршілік етуіне қажет затқа дейінгі әрбір нәрсені құмар ойынға салуға мүмкіндік беретін, сонда көрсоқыр сәттілік бүкіл ұтысты бір немесе екі адамның талайына жазатын, қатар отырып бауырлары аштан өліп жатқанда, ас та төк молшылыққа мелдектейтін тым болмағанда бір әуейі отбасын, тым болмағанда бір бауырластар қоғамын елестетіп көруге бола ма? Осынау есалаңдық, осынау инсаниятсыздық пен пасықтық біздің осы заманғы қоғамдарымыздың бет-бейнесі емес пе? Ұтыс шыққан адамдар өздерінің бауырлары өлім аузындағы азапта көбірек зарықса, жаңа ләззаттар құшағында барынша бақытты бола түседі дейтіндерге сенбеңіздер! Жоқ, жоқ; бақытымызға қарай, табиғат заңдарын бұзу ешқашан да қауіп-қатерсіз болмайды. Мелдектеп иелену өзімен бірге қам-қаракет пен қауіптерді тоғытып ала келетіні соншалық, жалғанды жалпағынан басып жүргендер бақыт ләззатына бөленуге емес, қайта өзгелердің сол бақытқа кенелуіне кедергі жасау үшін жаратылғандай болып көрінеді: өйткені бақыт дегеніңіз бізді ләззатқа бөлейтін нәрселерді, одан айрылып қаламын деп қорықпастан, жайбарақат, еркін пайдалану ғой. «Көптеген адамдардың өмірі үшін қажетті ауаны сіз жұтып қойсаңыз не болады? Сіз өмірін үзіп жіберетін жандар, сіздің өміріңізді күшпен қиып, сізді құртып жіберуге мәжбүр болмай ма?» (Ф е н е л о н). Сорлы бейшаралар! Сіздердің жүрегіңіздегі ең табиғи қасиетті бейімділікті азғындатқан, тәжірибе мен парасатты түсінуге сіздің көзіңіз бен құлағыңызды бітеп тастаған қандай у екен! Сіз шайқас даласында үстем шыққанда, өзіңіздің атаққұмарлығыңыз бен көкейіңізді тесіп бар жатқан нәрсенің бәрін жинап алып, мұратымызға жеттік деп санайсыз. Бірақ сіздің ең үлкен адасуыңыз, сіздің ең үлкен ақымақтығыңыз нақ осында жатыр ғой!...

Ежелгі дүние халықтарын олар азаматтардың жеңілгендерді тонау, құлдарды қайыршыландыру мен қанау бостандығын тым ұзақ негіздеді деп тынбастан айыптай отырып, сонымен бірге олардың бойында осынау аяусыз адасу қайдан туғанын белгілі дәрежеде түсінуге болады. Римдіктер мен гректер әділетсіздігінің, бері салғанда, сыпайы ілігі, былайша айтқанда, белгілі ақталу болды, атап айтқанда: қарапайым азаматтар бұқарасы артықшылықтарына қарамастан, ілдалдалап күн көруі және әлсін-әлі ашаршылыққа ұшырау қорқынышы. Бірақ біздің дәуірдің монополистері, қазір, қоғамдық өндірістің барлық заттары, тіпті сән-салтанатқа әуестікті қанағаттандыруға арналған заттар да біздің қызметтерімізді қанағаттандыратын мөлшерден шексіз көп өндіріліп отырған кезде – өздерін ақтау үшін қандай дәлелдер келтіре алады! Маған, сіз мүлікке ие болудың қасиетті құқығын қалайша аяқ асты ете аласыз, сіз тонау мен қарақшылықты уағыздап отырсыз дер! Жоқ! жоқ! Мен Боссюэмен бірге: «Өзгенің құқығына ешкімнің де құқығы жоқ» дей алмаймын ба. Өмір сүру құқығынан асқан қасиетті құқық бар ма? Мен өзімнің бауырларымның, байлар мен кедейлердің, көзін олардың шынайы мүдделеріне, олардың ортақ мүддесіне ашуға ұмтыламын, ал сіздер соны маған кінә етіп тағуға әзірсіздер. Ал бұл, меніңше, әлемді қанқұйлы революциядан құтқарудың ең жақсы әдісі, бірден-бір құралы! Егер сіздер мен өз ойымды тым албырт білдіріп отыр деп тапсаңыздар, онда тіпті қазір билік басындағы адамдар үшін де ұзақ уақыт бойы беделді болған үнге құлақ түріңіз: «Меншікті қорғау дегеннің астарында шынайы ұрлық – заңда көрсетілмеген ұрлықтардың жатуы мүмкін. Мен шын мәнінде былай ойлаймын, егер полицияның болмауы себепті Картуш күре жолдың бойында мықтап орын теппесе, ол көпірден өту үшін баж салығын жинаудың шын құқығына ие бола алар ма еді? Егер ол бір кездері әдеттегі

нәрсе болған осы монополиясын сата алса, бұл құқық оны сатып алушының қолында бұрынғыдан неғұрлым құрметті бола кетер ме еді? Бұрынғы құқықты қалпына келтіру әдетте ұрлыққа қарағанда неғұрлым әділетсіз және жүзеге асырылуы барынша қиын деп қарастырылатыны неліктен?» (С и е й е с, Үшінші сословие дегеніміз не?) Естисіздер ме, консерваторлар, әдетте меншікті қорғап келген аббат Сиейесті жағдайдың айнымас қисыны осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын бұрынғы құқықты қалпына келтіру туралы айтуға мәжбүр етті, сол сияқты қазіргі кезде де көптеген басқа адамдар революция туралы, қайта түлеу туралы, әлеуметтік қайта құру туралы айтуда, сіздердің өзіңіз де және сіздердің араңыздағы бірінші тұлға Гизо, халықтың азап-қазабы шырқау шегіне жеткенін және мұны ұмыту – е л е у л і қ а т е л і к және е л е у л і қ а т е р! екенін кей-кейде мойындап та жүрсіздер. Сондай-ақ менің де өз ойымды айтуыма неліктен рұқсат етілмейді? Осынау елеулі қателікті өтеудің және және осынау елеулі қатерге тап болмаудың бірден-бір тәсілі, ақыр соңында, табиғат пен парасаттың мәңгілік заңы: әлеуметтік теңдік пен абсолютті ортақтастыққа оралу деп неліктен ұдайы шырқырай алмаймын, олардың ең бірінші заңы мынау: «Қолыңнан келетінді өндір. Осы сәтте мұқтаж болып отырған нәрсеңді ал» (Морелли) Немесе тағы да: «Өз күш-қайратыңа, біліміңе, қажетіңе, жеке қабілетіңе сәйкес ортақ еңбекке қатысу және қоғамдық өндірістің өнімдерін пайдалануда, өзіңнің бүкіл қажетіне сәйкес жалпы игіліктерді пайдалануда да дәл солай». Бірақ бұл арада дене күшіндегі, қабілеттегі, дарындағы, жанқиярлықтағы туа біткен теңсіздік және т.с.с. туралы, тумысынан адамға тән нәпсі мен мін туралы, соның салдарынан адам, коммунизм дұшпандарының айтуынша, еңбекке әрқашан азапты титықтау ретінде, жан төзгісіз ауыртпалық ретінде қарайтыны туралы сол бір құны көк тиын

тұрмайтын сылтау, сол бір адам төзгісіз көк мылжың қайтадан басталады. Мен дұшпандарымыздың мойнымызға мұқият артып қоятын осындай күлкілі және өсек-жалаға толы жосықсыздықтары туралы айтып та отырған жоқпын. «Ортақтастық құрылысы, деп мәлімдейді олар, прокруст төсегі, жанды жәбірлейтін, мағынасыз теңгермешілік, капуциндердің бой бермес монастырі болар еді! Мән-мағынасыз және жиіркенішті жыныстық араласудан басқа ешқандай ғылым, ешқандай өнер, ешқандай әкелік, жыныстық жақындасудың ешқандай өзге тәсілі жоқ!». Кезі келгенде және тиісті орнында мен осынау масқара байбаламдарға үзілді-кесілді жауап қайтарамын. Қазір мен осы тараудың мазмұнын құрап отырған біздің негізгі заңдарымызға тікелей қатысты қарсылықтарды теріске шығарумен шектелемін. Мен қарастырмақ болып отырған қарсылықтар, оның үстіне олардың кейбіреулері адал ниетті, бірақ ойлау машығына көп дағдыланбаған адамдардан шығып жатқанын әбден мойындаймын. Қарсылық. «Адамдар күш-қуаты жағынан тең емес, демек құқықтарында да тең емес». Жауап. Рас, қазіргі кезде адамдардың арасында орасан зор айырмашылық бар. Бірақ бұл теңсіздік әлеуметтік жағдайлардың, кеселді де зұлым тәрбие жүйесінің, талай ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың төбесінен төніп тұрған ұзақ жылдарғы езгінің нәтижесі болып табылады. Бұл теңсіздік әлеуметтік теңсіздіктің анасы дегеннен гөрі қызы дегенге саяды. Айтқандайын, күшті айқындаудан асқан күрделі, қиын не бар? Дене бітімі, ептілік, тәсілқойлық, жүректілік, т.с.с. – осының бәрі бірі екіншісінің орнын ойдағыдай толықтырып жатпай ма? Адамның күшқуатын жекелей алған кейбір бөлшектерге қарап емес, олардың барлық жиынтығы бойынша бағалауға болады, арифметикадағы сияқты қос қатарлы цифрларды қосқан кезде осы цифрлардың жеке жиынтығы қаншама өзгеше болмасын ортақ жиынтығы тең болады ғой; дәл сол

сияқты екі адамды егер олардың күш-қуаты жалпы алғанда тең түсіп жатса, оларды да тең деп санау керек. Бірақ егер заттарды қазіргі күйінде алып қарайтын болсақ, олар туралы қандай қорытында жасауға болады? Ең алдымен күш-қуат дегеніміз соғысқа құқықтан, қарақшылық пен жауыздық құқығынан басқа не? Бүгінгі күннің қаһармандарынан кім ертең жеңілгендер қатарынан табылмаймын деп барынша сенімді бола алады? Осы жағдайдан асқан төзгісіз жәйт болар ма! Тілеуіңізді берсін, айтыңызшы, бұдан асқан әлеуметке жат нәрсе бола ма? Теңдіктің сормаңдай ғайбатшылары! Осы оқиғада да сіздердің қарсылықтарыңыз өзіңізге қарсы бағытталып тұрғанын көрмейсіздер ме? Іс жүзінде адамдар өзін қауіптен, қорқыныштан, бағынышты жағдайға тап болудан, бәлкім болашақтағы, демек ешкімге беймәлім бақытсыздықтардан нақ сақтану мақсатында әу бастан – әрқайсысы бөлек және барлығы бірігіп – олардың әрқайсысы ие болып отырған кездейсоқ басымдылықтан адал ниетімен бас тартып, әлеуметтік және саяси теңдікті біріге отырып жариялағаны айдан анық емес пе. Мұндай теңдік – ол баршаға мәлім болсын – тәндік және интеллектілік теңсіздік өріс алған сайын, соншалық қажет: өйткені барша адамдар мүлдем тең болса, онда қоғамдық шарт бұдан былай тіптен пайдасыз болып қалмас па еді? Осынау ақиқатты адал адамдар барлық уақытта және жер-жердің бәрінде мойындаған; алайда оны философ Монтеньнен өзге ешкім де жақсы анықтап, түсініктірек баяндап бере алған жоқ: «Шынында да, егер табиғатта көз жұмып қарауға болмайтын айқын да анық әлдене бар болса, ол табиғаттың біздің баршамызды түріміз бойынша, бірдей етіп, бір үлгі бойынша дерлік жаратқаны, – онысы біз бірбірімізді жолдас немесе, дұрысын айтсақ, бауыр санауымыз үшін еді. Егер ол біреулерге дене немесе ақыл игіліктерін басқалардан неғұрлым жомарт сыйласа, алайда ол бізді бұл дүниеге бейне бір жарыс алаңына әкелуді көздеген жоқ; ол мұнда неғұрлым қайратты және неғұрлым ақылдыларды,

ормандағы қарулы қарақшылардай, неғұрлым әлсіздерді уысында ұстасын деп жіберген жоқ; ол осылайша біреулерді өзгелерге қарағанда басымдықпен жарата отырып, бауырластық сүйіспеншілікті оятуды қалаған болуы керек деп ойлаған жөн тәрізді, өйткені біреулері көмек көрсете аларлықтай, өзгелері оны қабылдау қажеттігіне ие боларлықтай жағдайда болады. Одан әрі осы мейірбан ана мекендеп өмір сүру үшін бәрімізге жер берді, баршамызды бір баспанаға орналастырғандай еді, әрқайсысымыз өзін көре білуі және өзгеден өзін тани білуі үшін бізді бір қамырдан илеп шығарды. Ол біздің барлығымызды дауыс пен сөздің ұлы сыйымен жарылқады, бұрынғыдан да жақындай түсіп, өзара туысқандық қатынастар орнату, сөйтіп баршамыздың арамызда өзара пікір алысу арқылы талап-тілектердің бірлігін туғызу үшін осылай істеді». (М о н т е н ь. Философиялық тәжірибелер). Қарсылық. «Адамдар өз қабілеттері мен дарындары бойынша тең емес». Жауап. Ең алдымен теңдікті бірдейлікпен, теңсіздікті айырмашылықпен шатыстырмайық. Жоқ, біздің қабілетіміз тіпті де бірдей емес және ешқашан да ондай болмайды да. Бұл айырмашылық, ол жөнінде біздің жауларымыз соншалық жанталаса шу көтеріп жүргеніне қарамастан, соншалық бір жамандық емес; оның теңсіздікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, қайта, керісінше, жалпыға ортақ жарасымға тамаша жәрдемдеседі. «Бірақ, дейді олар, сіз қоғамдық қызметке ие болу кезінде артықшылықты теріске шығарады екенсіз, алайда сіз адамдардың ептілігі, біреуде көбірек, біреуде азырақ екенімен, ақылдың дамуы біреуде көбірек, біреуде азырақ екенімен келісуге тиіссіз. Біреулер жалғыз-ақ істі әрең атқарып жүрсе, енді біреулер бірнеше істі қатар тындыруға қабілетті. Біреулер белгілі кәсіптерде табысқа жетеді, оларда бірінші дәрежелі орынға ие болады, ал олардың әріптестерінің, туыстарының, жолдастарының көпшілігі екінші, үшінші, төртінші, оныншы орындарға ие

болуға ғана қабілеті. Біріншілерін біз ең жоғары, қабілетті адамдар деп атаймыз; егер біз олардың белсенділігін, олардың дарынын тұншықтырып тастағымыз келмесе басымдықты, артықшылықты нақ соларға беруге тиіспіз. Сіздің теңдігіңіз бұл орайда анық әділетсіздік болар еді. Мәселен, жай ғана қолөнершіні Гельвециймен немесе Лапласпен, Фултон Вокансонмен, Кювьемен салыстыру кімнің ойына келмек? Жоғарыда көрсеткенмін, оны тағы да қайталаймын: табиғатта неғұрлым биік және неғұрлым төмен жағдай құқық бойынша емес, іс жүзінде орын алады; осындай жиіркенішті теңсіздіктердің барлық түрлері адамдар ақыр аяғында іс жүзіндегі де, сондай-ақ құқық бойынша да жетілген дерлік теңдікке қайтып оралғанға дейін күн санап әлсіреген үстіне әлсірей беретін болады. Осының бәрін айқындап көрсеткеннен кейін, мен қазіргі кезде адамдар дарынға және қабілетке барынша әртүрлі дәрежеде ие дегенге ықыласпен келісемін. Бірақ мұның өзі қоғамдық игілікті бөлу саласында артықшылық беру үшін, саяси үстемдік үшін немесе жай ғана құрметті атақ алу үшін негіз бола ала ма? Қоғамдық принципке бұдан артық қайшы келетін нәрсе жоқ сияқты көрінеді маған, өйткені осы принциптің мәні табиғи теңсіздіктің салдарына жол бермеуді көздейді. Бұдан соң адамның дарыны, жалпы адамның өзі секілді өткеннің өнімі, адам қазір өмір сүріп отырған және бұрын да өмір сүрген әлеуметтік ортаның өнімі емес пе, атап айтсақ – оның бастапқы ұйымының, оның тәрбиесінің, құлқының, заңдарының, шексіз-шетсіз басқа да көптеген жағдайлардың өнімі емес пе? Осыдан әлдекім көбірек беріп жатса, бұл оның көбірек алғанынан екендігі айдан анық емес пе; және де біз халықтың: «Қолынан келетіннің бәрін істейтін адам, ол істеуге міндетті нәрсенің бәрін істейді» деген ескі мәтелінің бүкіл әділдігін мойындауға міндетті емеспіз бе. Осылай екен, онда Сіздер неліктен дарындылардың адвокаттары бола қаласыздар? Дарын иесі сіздерді өзіне тіл тигізуге өкілетті етпегені сөзсіз.

Дарын дегеніңіз өзінен өзі-ақ айтарлықтай үлкен артықшылық емес пе? Ғылым мен өнердің сіздіңше ешқандай тартымдылығы жоқ па? Әлде олар ең терең деген қуаныштардың қайнар көзі ретінде бұдан былай қызмет ете алмайтын болды ма? Әлде сіздер даңққа сүйіспеншілікті, еркін халықты құрметтеуді түкке татымайтын нәрсе деп білесіз бе? Осындай күпірлікті қолдауға тәуекел еткендерді масқаралап, жазғыру керек! Атақты да кемеңгер философтардың қаламұштары мынадай шешен де тамаша сөздерді жазғанда дарынның ісі мен абыройын әлдеқайда жақсы қорғаған болатын: «Ұзақ тәжірибе мен толассыз еңбектің нәтижесі болып табылатын басымдық пен кемеңгерліктен басқа олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» (Фенелон. Бетикидің басқару салтын суреттеу). «Сіңірілген еңбек өзінің мінсіздігінен өзге қандай да бір басымдыққа зәру емес» (Морелли. Базилиада). «Артықшылық дегеніміз еркіндікті білдірмей жейтін жегі құрт». (Макиавелли). Сондай-ақ соңғы ғасырдың мейлінше даңқты азаматтарының бірін тыңдап көрейік. Бүкіл Корсика отанын генуялықтардың езгісінен қаһармандықпен біржолата азат еткен Паолиге отанның құтқарушысы және оның атасы құрметті атақтарын берген кезде, Әркім оның е р е к ш е риясыздығы мен сатылмас ізгілігін қуана-қуана аспандатып жатқан кезде, Барлық азаматтар оның өзінің жеке дәулетіне нұқсан келтіре отырып теңдік2 орнатқаны үшін алғыс айтып жатқан кезде және оған жаңа диктаторлық билікті бір ауыздан құттықтау ұрандарымен сыйлап жатқан кезде, Корсиканың заң шығарушысы достарының біріне жазған ержүрек, сонымен қатар қарапайым мына сөйлем ұлы философқа лайық емес пе:

2 Паоли Корсикада жеке меншікті түгелге дерлік жойды.

«Мен өз риясыздығымды сіңірген еңбегім деп білмеймін; мен өз отаным үшін жұмсаған сома, мен бас тартқан ақша мен оны үйлер тұрғызуға немесе өз иелігімді кеңейтуге пайдаланғанымнан гөрі мені жақсы атаққа бөледі. Мен өз ұрпағымның осылай істегенін қалар едім, мен жайында тек ізгі ниеттің адамы еді деп айтып жүрсе деймін» (Паоли). Жоғарыда баяндалған пікірлер маған әбден көз жеткізерлік болып көрінсе де, «Артықшылықтар туралы зерттеу тәжірибесінің» авторы бізге одан да сүбелі уәждер қалдырған: «Халыққа өзінің құрметінің дәлелдерін еркін көрсетуіне мүмкіндік беріңіздер, беріңіздер. Табиғат халық сезімін құрметтеудің шынайы қайнар көзіне айналдырды. Нақ халықта шын мәніндегі қажеттілік болады; отан дегеніміз де сол, ең таңдаулы адамдар өз дарындарын соған арнауға міндетті; наградалардың қайнар көзі, демек, халықта сақталады, олар сол наградаларға қол жеткізе алады. Халықта өзіне қызмет еткендерді құрметке бөлеу мүмкіндігі ғана қалады; ол осы құралды ғана қолында ұстап отыр, ондағы мақсаты халыққа қызмет етуге лайықты адамдарды одан әрі жігерлендіру. Сіз оны осы соңғы игілігінен, оның соңғы қорынан айырып, осылайша оның бақыты үшін ең асыл меншігінің өзінің пайдасыз болып қалуын қалайсыз ба? Қайталап айтамын, азаматтарға өз сезімдерімен құрмет көрсетуге және оларға мақтаулы және жігерлендіруші мәнерлі сөйлеуімен өздері істей алатындай бейнебір шабыт құшағында бөленуге мүмкіндік беріңіздер, сонда қүш-жігерге ие баршаның еркін бәсекесі бойынша, игіліктің барлық түрлеріндегі көптеген күш-қайрат бойынша қоғамдық мойындаудың ұлы оятқыш күшінің қоғамның өршіл қозғалысы үшін не істеуге тиіс екенін көретін боласыздар. Алайда сіздердің енжарлығыңыз бен менмендігіңіз артықшылықтармен жақсырақ тіл табысады. Сіздің өз отандастарыңыз тарапынан құрметке бөленгеннен гөрі, олармен салыстырғанда

артықшылыққа ие болуды артық санайтыныңызды көріп отырмын». (Синейес. Артықшылықтар туралы зерттеулер тәжірибесі). «Байғұстар үшін өздері пайдаланбайтын артықшылықтар, сәрсалтанат және ләззат көрінісі, әрқашан азап пен беймазалықтың сарқылмас қайнар көзіы болып табылады. Адам айырымдар мен артықшылықтарға неғұрлым көбірек ие болған сайын айырымдар мен артықшылықтардың көбейе түскенін қалайды, оның бойында көре алмаушылық пен сұқтанушылық күшейе түседі; алтын мен билікке осынау соншалық мағынасыз, тойымсыз және қылмысты ашкөзділік сыры осында жатыр; өшпенділік, зорлық-зомбылық, кісі өлтіру т.с.с. осыдан туындайды. Барлық замандарда кемеңгер туындылар даңққа құмарлықтың арқасында дүниеге келетін. Миллиондаған бейшара солдаттар күн сайын қатыгез әміршінің әздектігіне қызмет ету абыройы үшін басын бәйгеге тігеді. Бақыт түйсігінің, теңдікке және отанға сүйіспеншілік сезімінің кемеңгер саясат талабы күшінің адам жүрегіне ғажайып ықпал жасайтынына күмәндануға бола ма?». (Ф. Буонарроти). Осының бәрінен шығаратын қорытындымыз: нағыз адамдарда артықшылықтарға да, жоғары шендерге де қажеттілік жоқ; олардың арасынан тек тең адамдарды көруге болады. Және шынында да, өзінің қоғамдық міндетін шын пейілмен орындайтын кез-келген жан, мейлі ол қандай іс атқармасын, республика тарапынан атап өтілу құрметіне ие бола алмай ма? Қарсылық. «Сіз әлеуметтік теңсіздік дене күшінің немесе интеллектік қабілеттің артықшылығына айналады дегенге сілтеп, сол теңсіздікті теріске шығарасыз. Солай-ақ болсын, бірақ сіз адамдардың бәрі бірдей жанқияр емес деп ойламайсыз ба? Осынау сирек қасиетке ізгілікті де әділетті артықшылық беруден кім бас тарта алмақ?». Жауап. Жанқиярлық дегенді қалай түсінетіні дәлірек айтылғанын аса қалар едім, өйткені бұл ұғым тым бұлдырлатып жіберілген. Бюше, ал оның

ізін ала «L Atelіer» газеті жанқиярлықты жаратылыстан тыс сезім ретінде, өзін және өзінің жеке «менін» толық ауыздықтаудың еркін стихиялық актысы ретінде анықтайды. Бірақ іле-шала ғаламат қайшылыққа ұшырап, олар жанқиярлықты міндетке айналдырады, селқостарды мәжбүрлеу және арамдарды жазалау үшін қобалжымай семсер күшіне жүгінеді. Қандай пәтуасыздық! Бостандық пен мәжбүрлеу, семсер мен жанқиярлық! Осы сөздер бірін-бірі теріске шығарып тұрған жоқ па, олар өзара үйлес ме? Жанқиярлық, басқалардың пікірінше, нәпсі атаулыға, міндеттілік пен жеке бастың мүддесі туралы ой атаулыға, өзін-өзі сүюдің қоспасы атаулыға жат, ізгіліктің байсалды, парықталған актісі. Солай-ақ болсын. Бірақ, деймін мен, егер осы анықтамалардың біреуін қабылдайтын болсақ, онда жанқиярлығымыз неге айналып кетеді? Бір жағдайда адамның болмысында, оның нәпсісінде де, талап-ниетінде де, инстинктінде де оның ешқандай тамыры жоқ; екінші жағдайда – рухани сыйақы алуды көздеп не материалдық жазадан қорқып ұрығында тұншықтырылып, өлі туған нәресте. Біздің мойындауымыз, біздің құрметтеуіміз, біздің риясыз көңілмен жәрдемдесуіміз, тіпті тәнті болуымыз жолымен бүкіл қоғамдық жақсалықтарды көтермелеу, ынталандыру қажеттігіне менен артық ешкім де кәміл сенбейді; бірақ оларға табиғатта жоқ ояту сарынын беруге неліктен ұмтылуымыз керек? Әсіресе, қоғамдық артықшылықтың қауіпті стимулын неліктен қолдануымыз керек? Теңдік жақтастары! Мысалы, өздерінің жалған жанқиярлығының ықпалымен қоғам ұлы да тамаша атаққұмарлық сезімдерін қоздыруға барлық шараларды қолдануы керек деген талап қоюға дейін жеткен, моралистер, Сен-Симонның шәкірттері туралы сіздер не ойлайсыздар? Сіздер оларды жазғырасыздар, солай ғой? Және сіздер осы жазғыруда Пьер Лерудің өзімен, осы мектептің ұстазының доктринасына әлі де адал болып қалған бірден-бір социалисімен келісесіздер. Ол Сен-Симонның

негізгі заңын, қабілеттер принципін қандай сөздермен теріске шығаруға тырысатынына құлақ түріңіздер: Әркімнен оның қабілетіне қарай, әрбір қабілетке оның істеріне қарай деген «Сен-Симон принципі теңсіздіктің қабілеттер мен істерге негізделген жаңа түрін орнықтыру, яғни жаңа аристократияны орнықтыру секілді болып көрінеді. Ал түптеп келгенде, ақыл мен дене күшінің артықшылығы құқықтан гөрі міндеттер туындататын және игілікті бөлудің принципі қызметін атқаратын қабілеттер мен істер емес, шын қажеттіліктер ғана болатын ғой». `Revue Іndйpendante, қараша 1841 ж.). Пьер Леру әбден дұрыс айтып отыр. Аристократиялық құрылыстың қандай да болсын түрлері жоғала бастағанда немесе қазірдің өзінде жоғалып үлгергенде, мейлі ол қабілеттер атауымен немесе жанқиярлық атауымен болсын, сол құрылыстар негізделген принципті өмірге қайта әкелу қазір қандай парасатты да адал адамның ойына келмек? Маған келетін болсақ, мен мынаған кәміл сенемін: теңсіздік, ол қандай пошымдар көрсетсе де, сайып келгенде әрқашан тажалды жараға, бұзылғандық атаулының сарқылмас қайнар көзіне айналады. Бірақ сіздер қоғамның негізгі заңдарына қарсы шықпақсыздар, өйткені сіздер қиялыңызда іске аспайтын түсініктерді жасап алғансыздар. Қандай ақкөңілсіздер! Біз тең және бауыр адамдарға айналғанда бізге қосымша барлық басқа қасиеттер де берілетінін көрмейсіздер ме? Біздің принциптеріміздің ұлылығы мен дұрыстығы сезіміне мүмкіндігінше тереңірек бойлайық; мықты, құдіретті бірлік жасауға асығайық, сонда біз біздің ісіміздің салтанаты талап ететін болса, жанқиярлық өзінен-өзі туатынына, өйткені ортақтастық жүйесінен басқа қандай жүйенің жақсылық атаулыны күн тәртібіне қоятын ықтимал мүмкіндігі мен күші бар! Бұл ретте республикашыл энтузиазм тек елесті бауырластыққа ғана саяды деп қорықпаңыздар. Жо-жоқ: осынау қасиетті бауырластық күн өткен сайын өсе береді, барған сайын тарала береді, барған сайын қанатын

жайып, нығая түсетін болады. Біздің ұнатуымыз, ілтипатымыз, қоғамдық ғұрпымыз, тәрбиеміз, біздің неғұрлым тамыр жайған және бізге неғұрлым тән дағдылармыз, ақыр соңында, ғылымның талабы және қажет болғанда, заңның талабы – осының бәрі адамдарды бір-біріне көмектесуге ғана емес, қатер* төне қалғанда бірін-бірі құтқаруға, сондай-ақ ғаламат батырлық пен ізгілік актыларын ойланбай-ақ жасауға сөзсіз жетелейтін қандай оятушы сарындар, орынды себептер! Ортақтастық! Ортақтастық! – Жақсы, тамаша атаулының бәрі осынау жалғыз-ақ сөзде қысқа да нұсқа баяндалған. Әлеуметтік тәртіппен жетілдіре түсуге қабілетті бұдан артық білдіруді талап ету. – Өзіңді қауіпті сағыммен алдарқату, бос, орындалмас арманды қуу болып шықпай ма? Иә, қайталап айтайын, жанқиярлық, сөзсіз, тамаша нәрсе, бірақ бұл біздің табиғатымызға онша тән емес: бұл қалшылдаған, буырқанған, жаратылысымызға жат және тек сын сәттерде ғана қозатын ахуал. Жанқиярлықты әлеуметтік тәртіптің тұрақты негізі ету тілегі орасан зор пирамида тұрғызуды қиқарлықпен ұшар төбесінен бастау болар еді; өйткені, айта кетелік, жанқиярлық ғимараттың іргетасына айналуы үшін оның тек азғантай адамдарда болуы жеткіліксіз, – жанқиярлық актылары, қоғамның қажеттері қанша сан алуан болса, соншалық кең таралған болуы қажет. Оқшаулану мен монополияның, жекеменшік пен қайыршылықтың қазіргі жиіркенішті режимі жағдайында бұған үміт арту әбден жосықсыздық болар еді. Сондықтан да өзімізді алдамай-ақ қоялық және адам жүрегінен оған соншалық жақын сезімді, менмендік немесе өзін сүю деп аталатын сезімді тамырымен жұлып тастауға ұмтылмайық, өйткені бұл сезім мызғымас. Көптеген атақты философтардың, атап айтқанда Мабли мен Ж.–Ж. Руссоның пікірі осындай болған.

* Кейбір адамдарды осындай қайғылы оқиғалар шектен тыс алаңдатады деп ойлаймын, олар қазіргі жағдайда тым жиі және сөзсіз болып тұрады, бірақ олар тіпті де табиғат заңдары емес. Және осының бәріне жол бермес үшін олар жанқиярлықты ойлап тапқан. Ортақтасқан жүйесі тұсында полиция және гигиена туралы заңдар-ақ бір жылдың өзінде жиырма ғасыр бойы барлық діндер, барлық моральдық талаптар және дүниедегі барлық заңдар алдын алған кездейсоқ оқиғалар мен қасіреттерден сан миллион көп сондай қасіреттердің алдын алуға жетіп жататынын дәлелдей аламын.

«Адам менің пайдамды өзінің жеке пайдасынан артық санайтындай кейіп танытуға қаншалық тырысса да, – дейді Руссо, – бұл жалғандықты қандай софизммен әдемілеп көрсетпесе де, оның нақ жалған екендігін кәміл сенемін». «Ежелгі дүниеде, – дейді Мабли, – заңдар азаматқа өзіңді құрбандыққа шал, қоғамдық игілікті жеке басыңның есендігін жоғары қой деп талап ететіндей соншалықты әңгүдік болған емес. Ол заңдар адамды ортақ игіліктің мүддесі үшін өзін қысқа мерзімге ұмытуға шақырумен ғана шектелетін». Барлық зейінді байқаушыларды жақсылықтар мен жанқиярлық туралы мылжыңдайтын біздің ділмарларымыздың көпшілігінің екіжүзді өсиеттерінен едәуір дәрежеде сақтандыруға жәрдемдескен тағы бір себеп бер: атап айтсақ, адал ниетті бір кісіге шаққанда олардың арасында адамдар бойында ізгі сезімдер туғызатын нәрселерді аярлықпен кәсіпке және сауда мүлкіне айналдырып жүргендер саны әлдеқайда көп. Олар жанқиярлықпен жанкештілік михрабын, өздері сол михрабтың абыздары болса ғана туғызады. Турасын айтайық, олар мұны өздерінің алдауының құрбаны болғандардан садақа жинау мақсатымен ғана істейді. Бұл орайда олар Бэл абыздарының тарихын еске салады, олар түн жамылып өздерінің құпия баспаналарынан шығып, тіл үйірер жылы-жұмсақты жұтқыншақтарынан өткізіп жіберетін, ал аңғал халық оларын өздері табынатын пұтқа арнап әкелетін, содан бері философия мен парасат халыққа былай деп үн қатады: «Өз құдайларыңыздың михрабына қымбат заттарды құрбан етпеңіздер Халықтар! өздеріңізден бай адамға тарту жасамаңыздар» Енді әлеуметтік теңдік принципі туралы бұдан бұлай менімен айтыспайтын болар деп үміттенемін. Егер кейбір демократтар бұған тәуекел етіп жатса, онда олар өздерін Ж.–Ж. Руссоның және француз революциясының ісін жалғастырушылармыз деп атамайтын болсын. Конвент оларды:

“Адамдар өзара тең” деген қысқа да нұсқа тамаша ережемен күні бұрын айыптап қойған болатын. Ал Сиейес өзінің құқықтар декларациясы жобасының бір тұсында соншалық парасат пен дамыта түскен негізгі мынадай: “Екі адамның арасында тіршілік ету құралдарында теңсіздіктің орын алуы мүмкін, бірақ бұдан олар құқықтарында тең бола алмайды деген қорытынды қықпайды”. “Әлеуметтік заң әлсізді одан әрі әлсіз ету, ал күштіні бұрынғыдан да күшті ету үшін емес, қайта, керісінше, әлсізді күштіден қорғау және оған құқықтарының толық екендігіне кепілдік беру үшін жасалған. Күш қарекет жасайды, бірақ міндеттеме жүктемейді. Езгі ешқашан қанаушының құқығына да, қаналушының міндеті де бола алмайды. Азат болу әрқашан құқық, тіпті өзекті парыз болып табылады. Табиғат заңына сәйкес, бір адам екінші бір адамға зиян тигізуге және, демек біреу қажет нәрседен айырылып отырғанда, артық нәрсеге ие болуға хақылы емес. Меншік сөзіне әдетте біз өзіміздің саяси қоғамдарымызда беретін түсініктің бүкіл кеңдігін беру мүмкіндігіне ие болу үшін шарт, заңды бата беру болған деп топшылау керек. Ж.–Ж. Руссо бұл мәселені “Қоғамдық шарттың” мынадай тамаша формуласының көмегімен шешіп берген: «Негізгі шарт, – дейді Руссо, – табиғат адамдар арасында жасауы мүмкін дене теңсіздігін моральдық* теңдікпен және заң алдындағы теңдікпен алмастырады. Егер олар күші жағынан және дарыны жағынан тең бола алмаса да, олар шарт бойынша және құқық бойынша тең болады». Осы тарауда бұл туралы айтуды доғарайық: теңсіздік жеңілді.

* Жан Жак қаламынан туған «моралдық теңдік» атауы, меніңше пропорциялық идеясына толық сай келеді, оны коммунистер әлеуметтік теңдік деген формуламен байланыстырады.

Ортақтастық принципіне келетін болсақ, ол біздің барлық негізгі заңдарымыздың сығымдалған мазмұны болып табылды; ол қисынды түрде әлеуметтік теңдік принципінен туындайды, бұл принципті тек ортақтастық қана жүзеге асыра алады...

ХVІІ тарау

Саяси заңдар

Мен ІІІ тарауда коммуна теңдікке негізделген әлеуметтік бірліктің табиғи базасы, болып табылатынын дәлелдедім; ол сондай-ақ саяси бірліктің де базасы мен типі болып табылады. Бірінші жағдайда бұл қарекет, өндіріс, тұтыну бірлігі, бұл мақсат бірлігі; екінші жағдайда – бұл басқару мен бөлу бірлігі. Біздің әкелеріміз 93-жылы осы ақиқатты жақсы түсінді. Францияны департаменттерге, дистриктерге және коммуналарға бөліп, осынау барлық бөлімдер мен бөлімшелердің бәрін өзара байланыстырып, олар басқарудың орталықтандырылуына қол жеткізді. Олардың саяси орталықтандырудан қандай орасан зор пайда алғаны белгілі. Бірақ, әттең! олардың қолындағы осынау ұлы жеңіс қаншалық күшті тетік болғанына қарамастан, болашақтың проблемасы мұнымен шешілмеді. Пролетариаттың және Конвенттің пуритандық бөлігінің өзгертушілік күш-жігері тұсауланды; француз революциясы қадам басқан сайын кедергіге ұшырап, шабуылға тап болып отырды; ол, ақыр аяғында, өзінің өрлеу шеруінде доғарылды. Неліктен? Өйткені ол феодолизм мен монополия дарағының ең қауіпті тамырларын жұлып тастауға тәуекел ете алмады, өйткені ол шын мәніндегі халықтық негізге, шын мәніндегі және толық демократияға арқа сүйене алмады. Қысқасы, ІІ жылдың конституциясы саяси бірлікті жариялағанымен, теңдік ғимаратын тұрғызу үшін әлеуметтік бірліктің әлі де жетпегендігінен.

Қазір бірлік пен теңдік тағы да тілге тиек бола бастады; бірақ бұл сөздер тек бос та екіжүзді формула болып табылады. Егер орталық үкімет анархия мен монополияға бағынса, коммуналардың азаттығы мен бір тектілігі адам күлерлік жалғандық! Мемлекет бірдей дәрежеде дәулеттілерден, пролетарийлардан, жалдаушылар мен жалдамалы жұмысшылардан, белсенді және енжар азаматтардан тұрады. Онда күлқоқысқа толы және жұтаң деревнялар, шағын және лас қалалар бар, сондай-ақ адам шошырлық құбыжықтың дәл өзі, қоғамның бүкіл тәніндегі қанды талмай сорып жатқан. индустрияның таңдаулы өнімдерін күреп алып жатқан, әсем өнер мен білімді иеленіп алған қанағатсыз қансорғыш астана және бар. Нәтижесінде ол барлық келеңсіздіктердің, барлық кеселдердің және барлық жексұрындық атаулының шалшығы мен ақаба су толы жыраларынан басқа түк те емес! Біздің ортқтастық ұйымымыз осы кемшіліктердің бәріне бой алдырмайды. Бұл жүйеде ұлт* тәнімен, бүкіл адамзаттың ұлы ортақтастығымен етене байланған коммуна саяси жағынан да, әлеуметтік жағынан да өзіне тән өмір-тіршілігінен шын мәнінде ләззат алады. Мемлекет дегеніңіз сөздің төл мағынасында – өзара мүлдем тең коммуналардың жиынтығы ғана, бірақ ол үйлесімді де парасатты жиынтық. Түрлі коммуналар арасындағы осынау тұтастықтан және осынау үндестіктен барлық кедергілерді жеңе алатын ұжымдық күш, әлеуметтік дененің барлық мүшелерін бағыттап отыратын бір ортақ, біртұтас парасат пайда болып, бой көрсетіп, тоқтаусыз өсе береді. Жай ғана шақыру жолымен ол соларға жұмысты қалай атқаруға тиіс екенін туысқандықпен көрсетеді және, ақыр соңында, баршаға қоғамдық білім мен байлықты, адамгершілік және ақыл-ой ләззатын молынан береді.

*І және ІІІ тарауларда мен провинциялық ассамблеялар туралы айтқан едім. Осы саяси мекемелер өтпелі кезеңде, әкімшілік ведомстволар әлі жетілмеген тұста пайдалы болатыны сөзсіз; бірақ осы аралық құрылыстардың бәрі ортақтастық құрылыс толық орныққан кезде пайдасыз болып қалады. Ол кезде коммуналардан басқа тек ұлттық конгрестер мен үлкен жалпы адамзаттық конгресс қана болады, олар туралы мен көп ұзамай айтамын.

Демек, еш жерде бағыныштылықтың немесе артықшылықтың, енжарлық пен үстемдіктің зәредей де элементі болмайды. Коммунарлар арасында да, азаматтар арасында да барлық жерде мүдделер мен тілектердің мінсіз ортақтастығы орнатылатын болады. Адамдар арасында ләззатпен, мерекелермен, ортақ жұмыспен, өзара қызметпен байланысты қатынастардан өзге қатынастар, ұнату мен ризашылық, теңдік пен туысқандық сезімдерінен басқа ешқандай сезімдер болмайды! Нәр алатын дымы қалмағандықтан, сондай-ақ бәсекелестік атаулы, дау-дамай атаулы, ұлттық дұшпандық атаулы сарқылып бітеді. Жалпыға ортақ отан михрабында қызметтің барлық түрлері мен барлық қажеттіліктер, барлық ақыл-ой мен барлық жүректердің толық қосылуы жүзеге асады, біздің тең жандарымыз бір отбасын, адамзаттың ұлы отбасын құрайды! Тағы да айта кетейік, толық үйлесімді ортақтастық құрылыс кезінде бәрі өзінен өзі істеліп жатқандай болады, өйткені барлық заңдар, барлық қоғамдық қатынастар табиғат заңдарының шынайы көрсеткішіне айналады. Ешкім де соқыр сенімдердің, сараңдықтың, менмендіктің аттаққұмарлықтың және т.б. тажалды ықпалынан қауіптенетін болмайды. Демек, ешқандай ұйым саяси ұйымнан неғұрлым қарапайым, неғұрлым оңай бола алмайды. Саяси, әкімшілік, заң шығарушы және атқарушы билік тіміскімен, дау-дамаймен, қызғанышпен, ортақ байлық пен бостандыққа қол сұғу әрекеттерімен бәрінен кем шұғылданатын болады. Заңның барлық сайланған өкілдері өз міндеттерін дәлме-дәл, ынтамен, парасатпен орындайтын болады; олар негізгі заңға (теңдік және ортақтастық) сондай үйлесімді, аспан денелерінің белгілі дәрежеде орталыққа қалай тартылатыны тәрізді сөзсіз бағынады. Осы пікірді жақтап тұрып алу артық та болар. Мен осы кітапта келтірген барлық дәлелдерден кейін екі жақтан – негізгі заңға және сауатты халықтың қоғамдық парасатына – бағынышты болатын заң шығарушы мен әкімгер (ал олардың міндеттері әрқашан уақытша болады

ғой) зорлық-зомбылық пен деспотизмге енді аттап баса алмайтыны айдан анық болмай ма! Өнеркәсіптің, өнер мен ғылымның дамуын белгілеп, үйлестіру, рұқсат ету, ынталандыру, жандандыру, ұрықтандыру – заңның басты мақсаты осындай болады. Ортақ жұмыстар мен қызықтарды ұйымдастыруға нұсқау беру, реттеу, басқару, полицейлік шаралар жүргізу және гигиеналық дағдыларға баулу – осылардың бәрі де соның құзырында. Заң бұлыңғыр да, күдікті де, күмәнді де, екіұшты да, майысқақ та, жорамалды да, құдіретті де бола алмайды. Заң жақсылық жасау күшіне ие бола отырып, жамандық жасауға қауқарсыз болады. Өйткені барлық статуттар мен қаулылар, барлық байламдар мен шешімдер бұлжымастан негізгі заңнан бастау алуға тиіс, оның қолданылуы және оның дамытылуы болуға тиіс, оның болмашы, елеусіз бұзылуына ғана жол беріле алады. Оның үстіне бұл принцип жаңа да емес. Оны барлық дерлік халықтар, тіпті өркениятталған халықтар да әрқашан мойындаған. Ал іс жүзінде біздің соттарымыздың үкімдері қандай? Олар тиісті заңды немесе нұсқауды қолдану мен орындаудан басқа, не болмақ? Бірлесе қатысушылар қоғамдарының статутын зерттеп көріңіз, сонда сіз сол шағын коммерциялық демократиялардың бірде-бірі абсолютті егемендікті жүзеге асырмайтынын, олардың баршасы негізгі пактыға бағынатынын, олар өздері белгіленген шеңбермен өз қарекеттерін шектеуге тиіс екендігін көресіз. Табаны астындағы тиянағы осылай берік, тамаша тәрбие жан-жүрегі мен ақыл-парасаты қоғамдық игілікке баулынған теңдестер мен бауырластар ұрпағы қандай қиянаттан қауіптене алады? Ол кезде саяси қызметтер екінші дәрежелі болатынына және, басқарудың қандай салты қабылданса да негізгі заңдар өзгертілмейтініне, ортқатастық құрылысының болашағы зардап шекпейтініне күмәндануға бола ма? Біздің жүйеде саяси конституция жетілдірудің үлкен немесе кіші дәрежесіне ғана ықпал ете

алар еді; ондайда, бері салғанда, барлық ықтимал жағдайларда мұның өзі жетіле түсуге ұмтылыс болады. Осыны тиянақтай келіп, менің тек басқарудың қандай салты неғұрлым жайлы болатынын анықтап беруім ғана қалады. Мысалы, тұтас халық осы мәселені талқылау үшін жиналды деп топшылайық. Әрқилы көзқарастар ортаға салынды, одан кейін не болатыны олардың шамалас қорытындысы мен мәнісі болып табылады.

Коммунист, реформист, легитимист, доктринер

Легитимист – коммунистке. Сіз негізгі заңдар туралы айттыңыз, бұл өте жақсы; бірақ сіз оған «теңдік» және «ортақтастық» деген сөздерді араластырдыңыз. Есуастық пен бүлік осы арадан басталады. Қоғамдық құрылыста тек үш негізгі заң бар; олар монархияны, меншікті және діни культті құрайтын мәңгі, қасиетті заңдар; бұл заңды әулет пен басқа да барлық пұрсатты құқықтардың қасиетті де киелі билігі, оны құдайдың өзі тең емес меншік пен католиктік сенімнің мызғымас негізіне орнатқан. Бұдан тыс – тек құдайсыздық пен анархия, қылмыстар пен революция! сіздердің теңдік пен ортақтастық доктриналарыңыз, инсаниятсыздық пен қарақшылықтың жексұрын жүйесі демесек те, ақымақтық утопиядан өзге түк те емес. Коммунист. Балағат – дәлел емес. Ой-пікірді онымен алмастырған кезде, ол, әдетте, керісінше адам ұждан мен жаман істердің айқын дерлік көрінісіне айналады. Өтінемін, сабыр сақтай отырып, мені тыңдап алыңызшы. Сіздерде ғана мәңгі және негізгі заң бар, дейсіз сіз. Бірақ осы қасиетті әріптерді қалай тануға болады? Сіздер құқық деңгейіне көтеруден қаймықпаған, бірақ шын мәнінде өзінің кесепат бастауын жаулап алу мен дөкір күшті қолданудан алған озбырлық пен бейәділет қарекеттеріңіздің, езіп-жаншу мен тағылықтың ұзыннан-ұзақ тізбегіне қарап танимыз ба?

Жо-жоқ, осындай бейберекетке, осындай қайыршылыққа жеткізген тіпті де абсолютті заң емес. Сіздер оны дау-жанжалсыз және зорлықсыз ешқашан да қолданған емессіздер. Егер сіз сілтеме жасап отырған заңдар мызғымас болса, онда олар өз жақтастары тарапынан неліктен жиі-жиі мойындалмай, аяққа тапталып келді? Сіздер Хлодвиг пен Ұлы Карлдың скипетрін неліктен сындырдыңыздар? Осы заманғы еуропалық монархиялардың, Капетингтердің алғашқы төрт ұрпағы салтанатпен бас иіп келген монархиялардың мыңдаған мұнаралары мен феодалдық қамалдары неліктен талқындалып, жермен жексен етілді? Егер әулеттік легитимдік – құдай заңы болса, онда сіздердің папаларыңыздың өздері оны неліктен бұзып, егер тек Франция туралы айтатын болсақ, екі мәрте өз қолдарымен көтеріліс жасаған вассал (Ұлы Карл) мен батыл солдат (Наполеон) басына империялық тәжді де, темір тәжді де кигізді. Егер, ақыр аяғында, бұл мәңгі де жалпыға ортақ заң болса, онда ежелгі дүниенің басым жартысында неліктен оның күші болмады және қазіргі дүниенің басым жартысында неліктен күшке ие бола алмай отыр? Қысқасы, Атлантиканың арғы бетінде қылмыс пен адасу саналатын нәрсенің Еуропа жерінде кемеңгерлік пен жақсылыққа айналатынына қалай сенбекпіз? Біздің негізгі заңымыз тіпті де өзгермелі де құбылмалы емес. Ол дәуіріңді де, кеңістігіңді де, нәсіліңді де, артықшылығыңды да білмейді: ол ой тәрізді ортақ, теңіз тәрізді шексіз-шетсіз, болашақ тәрізді жеңімпаз. Мен сол заңды бар табиғатта – орасан зор жер шарында, сондай-ақ кіпкішкене жәндікте жүзеге асқан күйінде көремін. Оу сіздер, біздің негізгі догмаларымыздың ақиқаты мен құдіретін теріске шығарып отырған есалаң софистер, төбелеріңізден нұр сәулесін төгіп тұрған осынау шырағына көз тастаңыздаршы, – сол догмалар онда жарқын да тамаша әріптермен жазылған. Оларды танымай тұрып, олардың ықпалы жайында жариялайтындар соқыр, мың-мың мәрте соқыр!

Дүниенің барлық үлкен денелерінде соншалықты тамаша келісіммен, сондай ғажайып жүйелілікпен көрінетін осы теңдік, осы мінсіз тепе-теңдік, осы үйлесім, ақылдың ұласуы әлемдік қозғалысты басқаруын тоқтатып көрсінші, сонда табиғат тұп-тұтас күйі кенет былыққа да кетеді!!! Сонымен, біздің соңымыздан қалмай келеке етудің, тіл тигізудің, өшпенділіктеріңіздің орнына бізге ұдайы естіліп келе жатқан іштейгі, қасиетті үнді есту үшін бізбен біріккендеріңіз абзал, ол үн бізге былай дейді: “Дүниеде жеке-дара ештеңе өмір сүре алмайды, өзінен-өзі қоректене алмайды. Алу үшін береді, беру үшін алады, баршаның әркімге, әркімнің баршаға осынау өзара және тұрақты сыйынсыз бүкіл өмір сарқылып бітер еді”. Сондай-ақ кекесінді де парасатты Раблені де тыңдап көріңіздер. Ортақтастық заңынан тыс өмір сүретін әлем туралы идеяны ол соншалықты жиіркенішті және делқұлы деп санайтынын көріңіз! Қараңыздар, ол осы мәңгі заңды қаншалықты асқақ деп біледі: “Сонау биікте, аспан шырақтарының арасында, – деп үн тастады ол, – енді дұрыс қозғалыс болмайды; олардың бәрі тәртіпсіз қозғалатын болады. Ай қанқызыл да күңгірт түске боялады; күн оған өз сәулесін неліктен бермек, ол оны істеуге міндетті емес қой. Күн жерге нұрын төкпейді, планеталар оған игілікті ықпал етпейтін болады, өйткені жер бумен және буланумен оларға нәр беруін тоқтатады. Элементтер арасында өзгерістер де, түрленулер де, қандай да бір байланыстар да болмайды. Өйткені біреу өзін басқаны құрметтеуге міндеттімін деп санамайды: ол оған ештеңе берген емес. Жерден су ағып шықпайды, су ауаға айналмайды; ауадан от пайда болмайды, от жерді жылытпайды; жер ешнәрсені өндірмейді; жаңбыр шелектеп құймайды, жарық сәуле шашпайды; жел үрлемейді, жаз да, күз де болмайды. Қарызға ешнәрсе бермейтін мұндай әлем, қастастыру әлеміне, албасты басқан, әдептен асқан сүйек ойыны әлеміне айналады. Сөйтіп адамдар бірін-бірі құтқарудан қалады. Адам көмекке шақырып

жанұшыра: Өрт! Тасқын! Кісі өлтіріп жатыр! – деп қанша айқайласа да ешкім оған қол ұшын бермейді. Неліктен? Ол ештеңе берген емес, оған да ешкім ештеңе бережақ емес. Тоқ етерін айтқанда, мұндай әлемнен үміт, сенім, туысқандық дегендерің аласталады. Олардың орнын, небір жауыздыққа, небір лағнетке, небір қасірет-қайғыға толы сенімсіздік, жек көрушілік, кекшілдік басады. Адам адамға қасқыр, сұмырай, үй перісі тәрізді болады; адамдар қарақшыларға, жендеттерге, улағыштарға, әккі қаскөйлерге айналады, әрқайсысы баршаға бір өзі қарсы шығады. Өтеуіне ештеңе бере алмайтын әлемнің осындай қайыршылық күйін бастан өткізгеннен гөрі балықты ауамен асырау, бұғыларды мұхит тұңғиығында бағу оңай соғар еді. Бұған керісінше басқа әлемді көз алдыңызға елестетіп көріңіз, онда әркім қарыз да береді, әркім қарыздар, баршасы борышкер, баршасы қарыз беруші болады. Оу, аспан көгіндегі дәлме-дәл қозғалыста жатқан не деген үйлесімділік! Оу, табиғат өзі жаратқанымен, өз туындыларымен қандай рақатқа бөленіп отыр! Осыларды пайымдау кезінде өзімді қояр жер таппаймын! Адамдар арасында – бейбітшілік, сүйіспеншілік, құрмет, адалдық, тыныштық, қуаныш, салтанат! Процесс, дау-дамай, ұрыс-керіс дегенің атымен жоқ; ешкім өсімқор емес, ешкім сараң, қомағай емес, ешкім де басқаға көмектесуден бас тартқан емес. Шын құдай дерсің! Мұның өзі алтын ғасыр, Сатурн патшалығы емес пе, өзге жақсылықтардың бәрі өмір сүруін тоқтататын, сөйтіп бір ғана бауырластық патшалық етіп, басқарып, үстемдік жасап, салтанат құратын олимпиадалық елдер туралы түсінігіміз осы емес пе! Баршасы ізгілікке толы, баршасы бақыт құшағында, баршасы ғажайып бағында, баршасы әділет аясында жүреді. Міне, бақытты әлем! Табиғат адамды беру және қарызға алу үшін жаратқан емес пе!” Осынау аңғал да ескірген стильдің әр жолы қандай шыншыл да терең лебімен аймалайды десеңізші! Рабле жиі қайталай беретін: баршасы борышкер, баршасы қарыз беруші болуға тиіс деген сөздердің астарына нені бүркемелеп отыр? Мұның өзі Пифагор мен Эпикурдың: “Достар

арасында бәрі де ортақ болуға тиіс” деген тамаша ережесінің бір нұсқасы екені айдан анық емес пе. Баршасы ізгілікке толы, баршасы бақыт құшағында, баршасы әділет аясында, баршасы ғ а жа й ы п бағында болады деген осы сөздерден біздің болашақ қаламыз туралы қаншалықты кең түсінікке ие бола аламыз. Басқа бір үзіндіде ол өз ойын мейлінше дәл білдіреді: ол мүліктер мен жұмыстардың ортақтығын барынша мінсіз де толық ортақтастық деп анық мойындайды. Ортақтастық құрылысы кезінде б ә р і ө з і н е н-ө з і ж а с а л а д ы дегенге біз сияқты ол да кәміл сене отырып өзінің теңестіруші кодексін екі-ақ жолмен түйіндеген: “Қ а л а ғ а н ы ң д ы і с т е! Ж ү р е б е р, л ә з з а т а л, с ү й с і н е б е р!” Егер тек тәрбие, соқыр сенімдер, заңдар мен салттар сезімдеріміз бен парасатымызды бұзып үлгермеген болса, біз ортақтастық принциптерінің бүкіл ақиқаты мен күшін өз бойымыздан ерекше сезінеміз. Иә, мен мұны талай-талай қайталап айтып келемін, – осынау қасиетті заңдар біздің жүрегімізден орын алған, олар біздің жүйкемізге жазылған, олар біздің қанымызда ағып айналып жүр, олар біздің тынысымызбен қайталануда: олар біздің өмір сүруіміз, әсіресе біздің бақытымыз үшін қажет. Әрбір адам, былайша айтқанда, кіп-кішкентай ортақтастық. Адам денесінің бірде-бір мүшесі өз қызметін атқарудан, ортақ жұмысқа жәрдемдесуден бас тартпайды. Біз одан теңдік жоқ біздің қоғамдарымыздағыдай байлықпен қатар бас көтертпес қайыршылықтың жиіркенішті көрінісін көрмейміз. Онда тек тойымсыз да ашқарақ жатып ішер жалқауды өлшеусіз рақатқа батыру үшін маңдай теріне малшына жүріп еңбек етуге мәжбүр, ал осы кезде өзі өліп-өшіп ажалдың суық құшағында жүретін пролетарий жоқ. Пауперизм, біздің қоғамдық денеміздің азаматтардың оннан тоғызын тұрақты түрде сырқат, мешел тұрмысқа душар ететін осынау дерті, пауперизм біздің әрқайсысымыз өкілі болып табылатын кішкентай әлемімізде болмайды: онда барлық мүшелер арасында нағыз мінсіз ынтымақ, туысқандық салтанат құрған. Адам

организмін ортақтастық принципі бойынша жаратқан, барлық органдарға нәрді соншалық дұрыс, соншалық бірдей етіп бөлетін, өзінің мыңдаған қан тамырларымен көзге көрінбейтін жерлерге дейін жететін, барлық органдарға ортақ жұмыстың нәтижесі болып табылатын нәрлі сұйықты жеткізіп тұратын, және осынау данышпандық бөлісте бір ғана заңмен: әркімнің қажетіне заңымен санасатын осынау табиғаттың көрегендігіне біз қалай тәнті болуға тиіспіз десеңізші. Өмірлік жан жылуы мен белсенділік жаратылатын пункттен, барынша шалғай жатқан бөліктердің ерекше құрылысына біз қалай тәнті болуға тиіспіз деңіз! Біз көп ұзамай-ақ барлығы да күні бұрын көзделгенін және орталық бөліктен бәрінен де қашық орналасқан бөлшектер осынау тажалды монополиядан тіпті де қорықпауы керек екенін танып-білеміз де, сол монополия осы заманғы қоғамдық денеде пролетарийға қаншалық азап пен беймазалық әкеледі деңіз! Біз енді өмірді ой дүниеге келетін жоғары салаларда қарастырсақ, біздің органдарымыздың әрқайсысының қалыпты қызмет етуі сондай-ақ олардың баршасының үйлесімді жәрдемін талап ететінін көрмейміз бе? Бірде-бір орган өзгелеріне үстемдік етуді немесе қорлауды ойламайды, қайта, керісінше, оларға көмектесуді, оларды күшейтуді қалайды емес пе? Бұл арада тағы да ортақтастық заңы қарекет етеді. Осы заң неғұрлым құдіретті де мінсіз бола түскен сайын адам ақыл-ой саласында биіктей түседі. Доктринёр. Үлкен жиналыстарда парасаттылық пен тәртіп болмайды. Демократияларда есалаңдар данышпандарды басқарады. Тәртіп – еркіндік палладиумы (лат. – қорғаныш, тірек – Баспа), кез-келген қоғамның қорғаушы принципі. Ал тәртіптің кепілі білім мен меншік. Бірден-бір заңды жоғарғы билік – парасат билігі. Коммунист. Мен парасаттың, бірақ ғылыми дәлелденген және айқын білдірілген парасаттың, де Поттер мырза айтқандай, әлеуметке барлық қарсы нәпсіні есерліктің қатарына жатқызатын парасаттың үстемдік

құруының барынша жақтасымын. Ал заман мен орнына қарай құбылып отыратын абстрактты да шартты парасатқа келсек: бүгін – жақсылық, ертең мін; шындық Пиренейдің бергі бетінде – адасу арғы бетінде дейтін; тек ақшамен бағаланатын жалған парасатқа; тек тікелей салық тізімімен ғана сәйкесетін парасатқа келсек, қаншама шолақ болса, соншама өзімшіл парасатқа келсек, оған табынушылардың үстемдікке және өз-өзіне сүйіспеншілікке бой алдырғаны соншалық, өздерінің бейшаралық әздектіктері үшін, егер батылы жетсе, бүкіл адамзатты құрбандыққа шалып жіберер еді! Бұл жаңа арсыздық емей немене? Баяғыдан бері қанаушы қаналушының құлдығын мәңгілік ету мақсатында оның талаптарына қарсы қойып келе жатқан шағымды қабылдамау емей, немесе? О, осынау қаныпезерлік мазақ кейбір кемеңгер доктринёрлерге тамаша болып көрінуі шүбәсіз, бірақ түптен келгенде, оның біздің принциптерімізге және адами парасатқа ортақ несі бар? Доктринёр. Коммунистер дегеніміз – тек бүлікшілер мен анархистер, олар өздерінің ақымақ та арам теорияларын жаппай ойрандау мен апатқа бастар жолмен ғана жүзеге асыра алар еді. Қайыршылықтағы, ақымақтықтағы және қылмыстағы теңдік – олар армандап жүрген және дін атаулы мен мораль атаулының күл-қоқысына негіздемек болып жүрген қоғамның тамаша мұраты осындай. Азғындатудың осынау ошағын қолдап жүрген арам ниетті атаққұмарлар табылады. Оқымысты реформаторлар мен жауыздар адам баласының бақыты жолында бірдей еңбек етуде. Ежелгі дүниеде Спартак қандай қауіпті болса, әлеуметтік тәртіп үшін ділмар пролетарийла да сондай қауіпті. Олар өздерінің қаламдарын қанжарға, ал сөздерін – өрт салатын шыраққа айналдыруда! Егер олар коммунистерді заңдар ордасына қасиеттіні қорлайтын шабуыл жасау үшін белгілі бір құралдармен жабдықтап, соншалықты ақымақтық жасаса, меншік иелері неге душар болар еді, қауіп-қатерден қалай арылар еді? (“Журналь де Деба”, қыркүйек, 1841 ж).

Легитимист. Оның өзі орнатқан меншік заңы беретін, сипат легитимді (заңды) деп аталады. Легитимдік адамнан барынша мол құрбандықты талап етеді, өйткені өмірге келуіне өзіміз жәрдемдескен заңға көп күш жұмсамай-ақ бағынуға болса, ал күшіне еніп үлгерген заңға бағыну әлдеқайда қиындау. Бірақ бұл қажет заң, және оны теріс шығару қауіпті. Корольдің ұлы құқық пәрменімен корольдікті мұраға алып жатса, отын кесушінің ұлы да әкесінің лашығын нақ сондай құқық пәрменімен мұраға алады. Егер легитимдік (заңдылық) жоғарыда бұзылса, ол төменде қауіпті болады. Егер принцип бір бабында жойылса, ол басқаларының бәрінде де жойылады, өйткені принциптер әмбебап. Сіздер (осы заманғы үкіметтер) әлеуметтік тәртіпке келтірген орасан зор нұқсанның салдарынан олар (коммунистер) саясатқа баса көктеп кірді: сіздер мансап пен байлықтың мүддесі үшін негізгі заңдарды құрбандыққа шалдыңыздар! Сіздердің коммунизмге қарсы қудалауларыңыз бен қатаңдықтарыңыздан қисын бойынша не туындайды? Тек бір ғана нәрсе: м о н а р х и я л ы қ б и л і к к е м е н ш і к қ ұ қ ы ғ ы н, құдіретті қ ұ қ ы қт ы ң з а ң д ы л ы ғ ы н мойындау!!! (Газетт де Франс. 1841 жылғы 19 қараша). Коммунист. Жоғарыда мен легитимистердің уәждерін теріске шығардым; коммунистік прициптер мен естіліктің алдында олар сынға төтеп бере алмайды, олар толық айыптауға лайық. Бірақ егер меншік иесінің көзқарасы тұрғысынан пайымдайтын болсақ, мойындайын, бұл арада қисынды түрде қарсы шығатын нәрсені көріп тұрғаным жоқ. Шынында да, бұл дегеніңіз – адамдарды сотталушы орындығына шебер отырғызу, антикоммунистік секталардың бәрін олардың өздерінің шыбықтарымен шықпырту, олардың бізге қарсы, жалақорлығынан сандырағы басым айыптауларын жою: доктринёрлердің айыптау актыларының, қақ орта өкілдерінің лепірме сөздерінің теңдік дұшпандарының, реформаторлардың софизмінің сыйпаты сондай.

Мәселе енді ашық қойылып отыр. Теңдік немесе теңсіздік; бір жағынан құдіретті құқыққа негізделген король билігі, екінші жағынан – коммунизм; бұл екі жүйе арасында орта нәрсе жоқ! Жағдайдың күші бізді еріксіз міне сол жаққа жетелеп келеді; өзімізді мың-мыңдаған алданышпен әлдилеуге болады, – дауылды күні әткеншекті біз бекер тепкен болар едік, ол тез тозар еді. Біз не істесек те белгілі бір шекке жетпеуімізге жол беруіміз мүлдем мүмкін емес. Ақылды да адал адамдарға таңдау жасау және мүмкіндігінше тезірек жасау ғана қалады. Мейлі коммунизм дұшпандары үстемдік үшін өзара күресе берсін, мейлі олар пролетариат олжасына (depouіlles opіmes) өршелене таласа берсін, ақыр аяғында, мейлі, Кадм аждаһалары тәрізді теңдік дұшпандарының бүкіл армиясы өзін-өзі жойып жіберсін, – бұл түсінікті: құрмет пен байлыққа құмарту алаулаған от тәрізді; құмарлықты көбірек қанағаттандырған сайын, ол одан сайын аранын аша түседі, ол басыңды айналдырады, құрмет пен байлыққа құмарта түскендерді есалаңдық шырмаумен. Бірақ егер пролетарийлар, егер теңдік достары осы күреске қатысқан болса, егер олар қандай да бір бәсекелесуші топ үшін бәрібір – қайсысы болса да, өз күш-қайратын сарқып алса, ол тек саяси күрес жүргізетін біздің радикалдардың тобы болса да, – мұның өзі менің көз алдымда олар өздерінің шынайы мүдделерін нашар түсінетінінің айқын дәлелі болар еді. Бақытымызға қарай, біз бұған жиі көз жеткізіп келеміз, аярлық пен екіжүзділік күн санап тиянағынан айырылып келеді, саяси көрсоқырлық пен былық-шылық уақыты бейне бір әлдеқашан өтіп кеткендей. [...] Сөзімді сабырлы әрі консервативтік дейтін партиядан шыққан мырзалар, Сіздерге арнаймын! Сіздер соншалық ақымақтық жала мен жүгенсіз балағатқа неліктен жол бересіздер? Сіздер пролетарийлар кейде өздерін аштықтың азабы мен торығуға душар етіп отырған әлеуметтік тәртіпке қарсы әрекет етуді ойға алады деп неліктен соншалық таңданасыздар? Егер қара түнек қауіп сіздердің тыныштығыңыз бен

сіздердің ұйқыңызды жиі-жиі бұзып жатса, бұған кім кінәлі? Өркениятымыз халық тасқынымен шайылып кетеді деп қорқасыздар, – дейсіздер сіздер... Несі бар! Тасқынға сондай кең және сондай тамаша арна жасап беріңіз. Сонда ол арнасынан асып төгілу қажетін ешқашан да бастан кешпейді. “О, сіздер, прогресс пен парасат күймесін саяси дауылдардан жоғары тұрып заулауына мәжбүр ету керек деп жүргендер! революция иірімін мәңгіге жабуға тиіс жаңа әлеуметтік символды бізбен бірге жариялауға асығыңыздар, асыға түсіңіздер! аш адамның сіздермен қатар еркін отыруына орын беріңіздер, орын беріңіздер; теңдік тойының дастарқанында баршаға орын бар!!! Доктринёр. Барлық замандарда демократия анархияға немесе деспотизмге жетелеп, көптеген жағдайларға соқтырып отырды. Иә, Монтескьёнің де: “Франция республикаға айналу үшін тым үлкен дегені бар. Коммунист. Бұл көзқарас өз принципінде, яғни әрқашан қаншама жалған болса, соншама шектеулі. Демократияларда саяси мекемелер монархияларға қарағанда неғұрлым біртекті және орталықтандырылған бола алады. Конвент тарихы осыны қуаттайды. Ал бұл екі арада осынау халық жиналысы шынайы демократияның әлі тек шала жетілген көрінісі болатын. Ол жиналыс он төрт ғасырдың әлеуметтік федерализміне қарсы және меншік режиміне қарсы күресуге тура келген сол кезде саяси теңдіктің тар шеңберінде қысылып қалған-ды. Бірақ біздің дәуірде, бұрынғы қай кездегіден болсын, жасалған прогресс алдында Монтескьёнің қырсық сентенциясы түкке тұрғысыз! Машинаны ойлап табу, темір жолдар мен будың ашылуы неліктен ештеңені өзгерте алған жоқ? Бұл тезисті қазір, әліг жаңалықтардың арқасында біздің ең шалғай деген қалаларымыз көп кешікпей бір-бірінен бірнеше сағаттық қана жол жүрерлік жерде жататын кезде; сол кезде бүкіл Францияны айналып өту үшін ХҮІІІ ғасырда Гельвецияны немесе Венеция

республикасын айналып өтуге жұмсалғаннан әлдеқайда аз уақыт қажет болатын кезде қорғауға кім бел байлай алмақ. Қазіргі кезде үлкен ұлт пен кіші ұлттың саяси тұрмысының арасындағы бірден-бір маңызды айырмашылықты атап өте аламыз, бұл – біріншісінде екіншісіне қарағанда күш те, қаржы да шексіз көп екендігі, мұның өзі оның бостандығы мен тәуелсіздігін құрметтеуге мәжбүр ететіндігі. Бірақ сіздер ұдайы қайталап айтып келе жатқан ежелгі республикалардың жүгенсіздігі мен терроризмі деп атайтын кісі өлтірерлік гиперболалар нені білдіреді? Осынау қорқынышты құбыжық әлі де сәннен қалмағаны ма? Әрине, мен сол республикаларды республикалардың мінсіз типі деп тіпті де жариялау ниетінде емеспін; әйтсе де, көптеген жағдайда басқарудың сол тәсілі басқалармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы болатын. Міне сондықтан да тарих: “Тып-тыныш құлдықтан гөрі буырқанған еркіндік артық!” деген ұранды дәріптеуге мәжбүр болды. Мұның үстіне, ортақтастық құрылысы кезінде, осынау соңғы қолайсыздықтан қауіптенбейтін боласыз, – мұны көп ұзамай көреміз, – мен мұны талай рет дәлелдедім. Ежелгі демократия жолды қармалап тауып жүрді және адасуы да мүмкін еді; мұның өзі адам ақыл-ойының тәжірибесі болатын, ол өзінің белсенділігі үстінде өзінен-өзі асып түсті. Философия софистерді туғызды, ділмарлық шешендерді туғызды, демократия – атаққұмар демагогтарды туғызды. Жаулап алуды көксеу дертіне шалдыққан орташа тұрмысқа негізделген ежелгі демократияның адасуларына кім таңдана алады? Еңбекке, ортақ молшылыққа, білім таратуға, қоғамдық тәрбиеге негізделетін болашақ демократия тіпті де кімді болмасын езіп-жаншу мен зорлық-зомбылық жолымен тұншықтыратын қандай да бір беймаза азшылық болмайды: ол өз құрсағында әлемге әлі белгісіз үш бірдей: жалпыға ортақ бостандық, теңдік және туысқандық! аталатын пәк перзенттерге жүкті.

Реформист. Мен сіздің барлық сөздеріңізден мынаны айқын көріп отырмын – коммунизм халықтың абсолютті егемендігін теріске шығарудан қаймықпайды. Сіздің принципіңіз кейіннен ортақтастық құрылысының шыңына диктаторлық, демек деспоттық билікті орнатпайды деп қауіптенбеуге бола ма? Коммунист. Толық үйлесімі ортақтастық құрылысы кезінде қандай да бір диктатура туралы әңгіме болудың өзі мүмкін емес, егер тек сол сөздің астарында табиғат, ғылым, ақыл-ой билігі жатпаса. Сондықтан да бір ғана мақсат, бір ғана ниет: адамдарды ең шексіз еркіндік және ең мінсіз кұрылыс жолымен бақытқа бастайтын әрекетті деспотизм немесе зорлық-зомбылық деп айыптау нағыз нақұрыстықтың, есалаңдықтың шыңы болып табылмай ма? Халықтық егемендікке келетін болсақ, қайталап айтамын, табиғат заңдарынан тыс абсолютті ештеңенің де болуы мүмкін емес. Ал ортақтастық құрылысы өз бойына соншама мүмкіндіктер мен күшті жинай алады, сөйтіп ол баршаның және әр адамның ақыл-ойын, сезімін, мүдделерін табиғатпен шендестіріп жібере алады. Жоғарыда айтылғандардың бәрінен, кейін біздің әлеуметтік заңдарымыздың таяудағы салдары, ақырында унитарлы ұйым, прогресс заңдарына сәйкес, мінсіз құрылып болғанға дейін азшылықтың тез де үздіксіз азая түсетінін түсіну қиын болмайды. Сол кезде ешқандай қиындықсыз, күрессіз, күштеп таңбай-ақ, қайта өзіңді ұсына отырып жалпының қолдауы жағдайында т а з а д е м о к р а т и я мәңгіге орнатылатын болады және де ол тек шартты заң түрінде ғана емес, одан да мәндісі, сөзсіз факт ретінде, дұрыс заң ретінде, табиғи еңсерілмес салдар ретінде орнатылатын болады! Қоғамдық шарттың ең терең мәні, мүмкін, төмендегідей болар; «ортақ шешім – бір нәрсе, ортақ ырық – басқа нәрсе». Дұрысында қандай да бір заң шын мәнінде халықтық болуы үшін азаматтардың басым көпшілігі оны жақтап дауыс бергені немесе оны қабылдағаны жеткіліксіз, – ол заңның баршаның мүдделерімен сәйкес келуі ғылыми тұрғыдан

дәлелденген болуы керек. Мұның өзі осындай заңды мақұлдау немесе оған келісім беруден әлдеқайда артық, – бұл оған қ о с ы л у. Дауыс беру жолымен ақиқатты алдын ала біледі, қосылу жолымен оны мойындайды. Анжерадағы төрелік сот алдында Ледрю-Роллен мырза айтқан мына сөздер, демек, демократтардың орасан зор және елеулі күпірлігі болды: “Егер сайлау реформасынан кейін халық әлі де сорлы болып қала берсе, оның шағымдануға құқығы болмайды? Бірақ бақытты болу құқығы барлық құқықтардың ең қымбаты және ең етенесі болып табылмай ма? Руссо осындай софизмді күні бұрын көріп қойғандай, жоғарыда келтірген формуладан кейін мынадай сөз қосыпты: «Халық билігінің сыртқы әлпеті секілді тирания – тираниялардың ең нашары. Әлеуметтік теңдіктің болмауы тұсында, сайлау құқығы кең болған сайын қаналушының мойнындағы бұғауы ауырлай түседі: бір қожайынның орнына, оның қожайындары мыңдап саналады». ЛедрюРоллен мырзаға қарағанда, Лион академиясына мынадай назар аударарлық сөздер жазған Бонапарттың өзі барынша шексіз демократ болатын: “Сіздер тек кейбір адамдар ғана барлығына ие болатындай азаматтық заңды бекітпейсіздер, өйткені егер жерге азаматтардың аз ғана саны иелік ететін болса, ол қалғандардың бәрін сөзсіз саяси езгіге душар етеді. Осындай жағдай болып жатқан жерде азаматтар жоқ, – мен ол жерден тек қаналушы құлды және қаналушы құлға қарағанда мейлінше сұмпайы қанаушы құлды көріп тұрмын... Олардың екеуі де қамытқа байланған, біреуінің мойнында бұғау, екіншісі онысын қолында ұстап жүр!” Бірақ саяси реформа өз кезегінде қоғамның құрылысын реформалаудың құралы болып табылады, дейтіндер бар. Бұған мен былай деп жауап қайтарамын: халық революция жасаған кезде және ол революция үшін күшті импульс алған кезде бұл мүмкін; бірақ мұндай жағдайда да пролетариаттың жеңіске жетуі күмәнді. Біздің қазіргі реформистеріміз меншікті мызғымас және қасиетті артықшылық деп жариялай отырып, осынау болмашы жеңілдікті айтарлықтай дәрежеде

алмастырып отырған жоқ па? Сіздер халықтың саяси құқығын мойындап отырсыздар, бірақ оны күнкөріс ырзығы мен оқу-білімнен айырып отырсыздар, сіздер аштық пен қараңғылық арқылы оны бұғаулап отырсыздар! Бұл бір қарағанда сал болып жатқан адамға жүр деп бұйрық бергенмен парапар емес пе! Осы жайында бұдан жүз жыл бұрын Гельвецийдің не дегенін тыңдап көріңіз: “Біреуді ләззатқа рақатқа бөлейтін, басқаларды зіл-батпан атаулының бәрімен езіп жіберетін артықшылықты құрту керек. Бұл артықшылық – оқу-ағарту, оған баршаның құқы бар, демек ол тамақ және біз тыныстап жүрген ауа тәрізді баршаға тегін берілуге тиіс. Оқу-ағарту тек қана байлыққа, ал билік – тек оқу-ағартуға тиесілі; билік байлық пен оқу-ағартуды аз ғана қолдарға шоғырландырады, ол оны тек халықтың әлеуметтік ұйымының күшінен қаймығып, уысынан шығарады. Мағынасыздығынан гөрі барынша аты-шулы осынау артықшылықта тура да жігерлі қопарылыс жасамайынша, халықтың көпшілігі бір қадам да жасай алмайды, – тек халық өзін игіліктен бөліп тұрған кеңістікті бір-ақ секіріп көктей өте алады”. Мысалдар қажет пе? Оларды таңдауда дағдарып тұрмын. Сайлау кезеңінде Францияда, әсіресе Англияда қаншама жанжалды көріністер болып жатады! Бірде сіз форумда алба-жұлба, аштан қырылып жатқан осы король-халықты көресіз, енді бірде сіздің көз алдыңызға такаппар мырзадан қайыр сұрап жасқана қол созған азаматтар келеді, ол сәнсалтанатты күймесінің биігінде отырып алып, бейшара жанның алақанына бірер шиллингті арсыздықпен тастай салады. Ол жерден сіз сол бір игілікті Альбионды, екі лагерьге – аздырушылар мен азғындарға бөлінген бүкіл Альбионды көресіз: аяқ басқан сайын байлардың ар-ұждан мен өз елінің бостандығын саудаға салғанын, қадам басқан сайын кедейлердің осынау

ұжданға жат қылықтарын көресіз*. Сол бір шулы жүгенсіздікті, сол бір жексұрын шерулерді, сол бір кескілескен төбелестерді, сол бір жиіркенішті жын-ойнақты, – сол бір ұждансыздық пен жексұрындықты кім суреттеп бере алады, мұны болашақ депутат Гастингс тұғырынан өзі көрсетеді. Сайлау жәшіктерін ұялмастан азғындау ыдысына айналдырған заңдық декреттерге қандай құрмет көрсетуді талап етуге болады? Адалдығын айтқанда, саяси құқық пен әлеуметтік құлдықтың осындай оғаш жұптасып кетуінің астарында бүкіл қалыпсыздығы мен алдаудың бұдан асқан айқын дәлелін енді қайдан табарсың? Осы сөйлемде айтылатын: «басты ой-пікір осы», деген ойды мен батыл қолдаймын. Жалпыға бірдей сайлау құқығы декретпен бекітілгеннен кейін Францияның өзінде не болар еді? Сол сәтінде якобинлік сулыққа оранған, Брут болып қайта киінген араға от тастаушылар қара құрым болып форумға ағылар еді. Онда олар пролетарийлар жағында болып, не бір қызықтырарлық уәделерді есепсіз үйіп-төгері хақ. Осы бір екіжүзді достардың депутаттыққа ұсынылатындары көп болар ма екен? Бұдан қауіптенуге болады, өйткені: біріншіден, тек солардың өздері ғана жұрттың көз алдында, өкіл болуға жұмсалатын шығынды көтере алатындай дәулеттері жеткілікті; екіншіден, халықта жеткілікті білім жоқ, қалың топтың арасынан шын достарды іздестіретін уақыты да жоқ; үшіншіден, ол әлі күнге дейін байлыққа тікелей тәуелділікте жүр, ол әлі де аштықтың құлы! Парижге келген соң біздің саяси Тартюфтар өздеріне үстемдікті қамтамасыз ету үшін, ең алдымен өзара сөз байласуға тырысып бағады. Олардың кейбіреулерінің қоғамдық құтқару дегенді сылтауратып, ұйымның ешқандай принципін алға тартпастан, жеке-дара басқаруды ұсынуы да мүмкін. Олардың арасынан қоғамдық прогресті қорғаушыларға

* Кейбір адамдар егер жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізілетін болса, онда аристократия ажал құшады деп кесіп айтады. Билікке ие болып отырған арситократия бір қолымен бергенді екінші қолымен тартып алатын мыңдаған құралдарға ие емес пе? Англиядағы соңғы сайлауда дауысты параға сатып алуда торилар орасан көп ақша жұмсаған деседі. Қазір оны бейне бір көп деп санайды деп ойлайтындар неткен аңғал еді!

қарсы цензура мен қанқұйлы заңдарды енгізуді армандап жүрген тіпті айтарлықтай батыл және айтарлықтай ақымақтар табылуы да мүмкін. Осы он жыл ішінде халық мұндай тағлымның талайын алды емес пе! Енді Барттар, Мерилу, Баву, Тьерлар, Барро, Могендер, Лерминье дегендер кім? Спартак семсерін қолға алып, оқшауланған иелікке қарсы жалынды лағнет жаудырған Ламене мырза қандай күйге тап болды? Ледрю-Роллен, сол бір күндік санкюлот, басына киген сайлау тәжімен, дулығасымен және қолындағы семсерімен не істеді екен, ол осы жасауымен Бурбон сарайына жеңімпаз ретінде кірмекші емес пе еді? Иә, біз оны парламентке кіріп бара жатқанын көргенбіз, бірақ әттеген-ай!.. (Quantum mutatus ab іllo!) қалқанын шешіп, тізерлегендей күйде, король үшін мақтаншақтық шешендігінен де бас тартты емес пе!!! Пролетарийлар, өзінің қайта түлеуі үшін халықтарда кейде жүз жылда бір ғана сағаты болады! Осы сағат келген кезде оны дау-дамай мен өзара тартыста өткізіп алудан сақтаныңыздар! Әлеуметтік мәселелерді зерттеу ғана сіздерге оны пайдаланып қалу мүмкіндігін беретінін қазірден бастап ойластырыңыздар!.. Осының алдындағылардың бәрінен жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізілген жағдайда біз өз принциптерімізді қолдану үмітінен айрылған болар едік деген қорытынды жасай көрмеңіздер: біз оларды қолдану мүмкіндігіне толық сенеміз иеміз. Бірақ біз бір жағынан, су түбіндегі қандай да бір тастарды, екінші жағынан бізді сенімділік пен тыныштыққа дәмелендіретін жағаны көріп тұрсақ, желкенімізді сол бір тыныштықта жатқан жағаға қарай бұруға күмәнданатын неміз бар?*

*“Natіonal” коммунизм реформа мен революцияға кедергі келтіреді деп санайды. “Natіonal” және басқалар сайлау реформасымен мүлдем шұғылданбайды деп ойлауға менің бұлтартпас дәлелдерім бар. Осы газеттің өз бағаналарында кейде жалғандықпен орын беретін “саяси егемендік” және «жалпыға бірдей сайлау құқығы» деген сөздер шешендік сақтықтан басқа түк те емес, мұнысы ортақтастық жүйесіне қарсы балағатты бастаудың кіріспесі қызметін атқарады, осылайша ол кейбір алысты болжай білмейтін революционерлерді осы жүйені зерттеуден назарын басқа жаққа аударып әкетуге үміттенеді. Егер “Natіonal” бұл ойында бостандықты жоқ қылатын бүкпе ойын жасырмай отырса, онда ол идеяларға қарсы күресудің орнына прокурорлық қадағалаудың ресми құйыршығына айналуға дейін

Реформист. Сіздің қаупіңіздің кейбір негіздері бар екеніне келісемін, алайда ұйымдастырғаннан гөрі сынаған жеңіл. Сіз әлгінде ғана таза демократия туралы айттыңыз. Бүкіл халықты бірден жинап алуға болады деп ойлау есалаңдық емес пе? Сондықтан да егер қандай да бір алып ұшпа ділмар әйелдерге және тіпті балаларға сайлау құқығын беруді ұсынса, мәнсіз болар еді. Коммунист. Егер сізге біздің жүйеміздің барлық ресурстары белгілі болса, сіз бәлкім бұлайша ой толғамас та едіңіз. Коммунизмнің заң шығарушы мекемелерінің қазіргі парламенттерімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонда, біздің кезімізде орын алып отырғанындай, надан әскери адамның немесе буржуаның биік ғылымдар туралы тіл безеуі болмас еді; атын ғана білетіндігіне мәз адвокаттар таскөмір кені туралы көкіп сөйлемес еді; біздің 40 000 заңымыз бен декретіміздің қыр-сырына түгел бойлаған көпес те болмас еді. Болашақ тәртіпте шешен өзі сөйлейтін тақырыбы хақында жетік болуға, заң шығарушы істің жайын терең білуі жағдайында қарекет жасауға тиіс. Барлық өнер, барлық ғылым, барлық өнеркәсіп әрқашан таныстырылады. Заң ордасынан ешкім де – қария да, кемеліне келген еркек те, әйел де, бозбала да шығарып тасталмайды; керісінше, ортақ ошаққа өзінің нұр сәулесін әкелетін әрбір адам құшақ жайып қарсы алынады. Сол кезде саяси жиналыстар бір мезгілде парламенттер, институттар,академиялар, мектептер т.б. т.с.с. болады. Осы жаңа тетік болмашы тәртіпсіздікке, болмашы әбігерге душар етеді деп қауіптенбеңіздер; саяси корпустың міндеті барлық табыстарды, барлық жаңалықтарды қуаттау және оларды жариялаумен шектеледі, сондай-ақ қоғамдық басқарудың міндеті де немесе қоғамдық өнімді тұрақты реттеп

жетіп, неліктен қыркүйек заңдарын асыра бағалайды, “Natіonal” әлеуметтік ұйымның жоспарын өзі неліктен ұсынбайды? Өйткені «Natіonalдың» мына жәйтті білмеуі мүмкін емес: ортақтастық жүйесі босаңдық пен марғаулыққа салыну емес, қайта керісінше скептицизм мен саяси енжарлықтың бұғауын талқандауға одан басқа ешнәрсе де қабілетті емес екенін, ол адамзат мүддесін қорғау проблемасын шешудің шыңы, саяси жаңа кеме апаттарына қарсы тып-тыныш айлақ болып табылатын жан біткеннің бәріне ұдайы дәлелдеумен келеді.

отыру мен оның баршаның арасында әділетті де мол бөлінуінде болады немесе ізгі ниетті адамдардың бәріне ортақ жұмысқа қатысуға туысқандық шақыру тастауда болады. Жиналыстардың орны мен әдістеріне келетін болсақ, енді өзімді ол туралы ойлаудан босата аламын деп ойлаймын. Іс ұлттық конгреске немесе жалпы адамзаттық конгреске қажетті бола ма, бұдан тек іс коммуна жиналысына қатысты болатындағыдан үлкен қиындықты көріп отырған жоқпын. Азаматтарды қазір істеліп жүргеніндей, ad hos миссиясымен сайлап, жіберу деген қалады; орталықта орналасқан, ұлттық конгресс мәжіліс құратын және екінші бір жалпыадамзаттық конгресс мәжіліс құратын жыл сайынғы коммунаны белгілесе жетіп жатыр. Осы коммуналарды мекендейтін азаматтар қандай болғанына қарамастан, олар заң шығарушы міндеттерін әрқашан да атқара алады, өйткені, қайталап айтамын, қоғамдық ұйымның оңайлатылатыны соншалық, саяси машина өзінен өзі ілгерлей беретін болады. Тәрбиенің сондай күшке ие болатыны, оқу-білімінің сондай ортақ болатыны, маңызды ақиқаттардың сондай айқын да дәлелді болатыны соншалық, оларға қарсы шығатындар тек ақылынан адасқандар үйінен, егер тек қалыпты құрылыста ақылынан алжасқандар әлі де кездесетін болса ғана, табылуы мүмкін. Мұндай жоғарғы билік сөзсіз, меншік құрылысының жоғары билігіне лайық, ол билік көп ретте тек түрлі сайлау және парламенттік айла-шаралар арқылы ғана құрылады.

“Т. Дезами. Кодекс общности. М.,” басылымынан қазақшалаған Тілек ДӘУЛЕТОВ.

Рудольф фон Иеринг

(1816–1892) неміс заңгері. Гейдельбергте, Мюнхенде, Гёттингенде жәе Берлинде құқықты оқып-үйренген; Базельде (1845), Ростокта (1846), Кильде (1849), Гисенде (1852), Венада (1868) және Гёттингенде құқық профессоры болды. Иерингтің алғашқы жұмыстары Савиньидің тарихи мектебінің ықпалымен жазылды, бірақ көп ұзамай ғалым ол мектептің әдістері мен принциптері қанағаттандырғысыз деп тапты. “Рим құқығының рухы оның дамуының әрқилы сатыларында” (1852–1865) атты еңбегінде Иеринг заңдардың әмбебап принциптерін, соның ішінде Рим құқығының негізінде жатқан принциптерді анықтауға ұмтылды. Рим құқығын осы заманғы талаптарға бейімдеу мүмкіндігіне кәміл сенді. 1857 жылы ол заңгер Карл фон Гербермен бірге “Адамзаттық құқықты теориялық зерттеу жылнамасының” негізін қалады. Иерингтің үзінділері беріліп отырған “Құқық жолындағы күрес” атты лекциясы – құқыты нақты мүдделердің қақтығысы деп түсіндіруге саятын тұжырымдаманың баяндалуы. Иерингтің бұл теориясы оның “Құқықтағы мақсат” (1877–1884) атты еңбегінде дамытылды.

ҚҰҚЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС

Құқық дегеніміз практикалық ұғым, яғни мақсатты таныстыру; мақсатты әрбір таныстыру өзінің табиғаты жағынан екі жақты; өйткені ол мақсат пен құралды ірге қабылдайды. Бір ғана мақсатты көрсетіп қою жеткіліксіз, оған қол жеткізудің құралын да беру керек. Демек, құқық осы екі сұраққа да жауап беруге тиіс – олар бүкіл құқық саласын қозғай ма, әлде жеке құқықтық институты қозғай ма – бәрібір, және шынында құқықтың бүкіл жүйеленуі осынау екі сұраққа да үздіксіз жауап. Құқық институты атаулының, мысалы, меншіктің, міндеттеменің анқытамасы қажетті түрде екі бөікке бөлінеді. Ол осы институттың мақсатын көрсетеді, сонымен бірге оған қол жеткізудің құралдарын береді. Барлық құралдар, олар қаншалықты алуан түрлі болғанымен, жалғандыққа қарсы күреске саяды. Құқық ұғымында қарама-қарсы екі ұғым тоқайласады, олар – күрес және бейбітшілік; бейбітшілік құқықтың мақсаты ретінде, күрес құралы

ретінде көрінеді, екеуі бір-бірін толықтырып қажетті түрде толықтырып және сонда етене тоқайласады. Бұған мынадай дау айтылуы мүмкін: күрес, бейбітшіліктің болмауы дегендеріңіз құқық кедергі жасауға тиіс нәрселердің нақ өзі, онда құқықтық тәртіпті құқықтық таныстыру сәті емес, қирату, теріске шығару жатыр. Егер әңгіме жамандықтың құқыққа қарсы күресі туралы өрбісе, онда бұл қарсылық әділетті болар еді, бірақ әңгіме құқықтың жалғандыққа қарсы күресі туралы өрбісе, онда бұл қарсылық әділетті болар еді, бірақ әңгіме құқықтың жалғандыққа қарсы күресі туралы. Осынау күрессіз, яғни топшыланатын жалғандыққа қарсы қарсылықсыз, құқық өзін-өзі жоққа шығарар еді. Құқық жалғандық тарапынан шабуылға ұшырап отырған кезде – ал бұл мына дүние тұрғанда жалғаса береді, құқық тарапынан да күрес тоқталмайды. Демек, күрес құықққа жат бірдеңе емес, қайта ол дегеніңіз соның мәнісінің өзімен етене байланысты, ол дегеніңіз сол ұғымның бір қыры. Дүниеде қандай да болсын құқық күреспен жеңіп алынуға тиіс. Ондағы құқықтық қағида атаулы қарама-қарсы қағидалармен ұшырасады және оларды жоюға тиіс. Әрбір құқық, ол халықтың құқығы болсын, яки жеке адамның құқығы болсын, өзінің қорғалуын өзіне міндет етіп қояды. Құқық логикалық ұғым емес, күш ұғымы. Сондықтан әділетті бір қолында құқықты таразылайтын таразысы бар, екінші қолында соны қорғайтын семсері бар етіп бейнелейді. Таразысыз семсер көрінеу зорлық, семсерсіз таразы – құқықтың дәрменсіздігі болып шығар еді. Екеуі етене байланысты және құқықтың мүлтіксіз толықтығы сесмерді жұмсайтын әділетті күші, ол таразыны қосатын дәлдікке тек болғанда ғана салтанат құрады. Құқық дегеніміз үздіксіз жұмыс және тек қана мемлееттің жұысы емес, бүтін бір халықтың жұмысы. Егер біз құқықтық өмірдің бүкіл жиытығын тек көзбен шолып шықсақ, сонда ол бүкіл ұлттың тынымсыз күресі мен жұмысының, экономикалық және ақыли қызмет саласында көрінетіні секілді көрінісін береді. Өзінің құқығын қорғау қажеттігіне

мәжбүр етілген әрбір индивидуум осынау ұлттық жұмысқа қатысады, құқықтық идеяы жер бетінде жүзеге асыру ісіне өз үлесін қосады. Әрине, бұл талап жұрттың бәріне бірдей дәрежеде қойылмайды. Мыңдаған индивидуумдардың өмірі құқықиың орныққан жолымен, күрессіз жүріп жатады және егер біз оларға: құқық дегеніміз күрес десек – олар бізді түсінбес еді, өйткені олар құқықты тыныштық пен тәртіп ахуалы деп біледі. Олардың төл тәжірибесі тұрғысынан да, өзгелердің жұмысынан жемісі маңдай тер төкпей өзіне тиесілі болып қалған мұрагер меншік дегеніміз еңбек деген қағидаға дау айтқанда қалай дұрыс болса, тап сондай дұрыс болып шығады. Бұл екеуінің қатесі мынада: меншік пен құқытың екі жағы да жекелеген жағдайларда ыдырап кетуі мүмкін, сөйтіп біреуге ләззат пен тыныштық, екіншісіне еңбек пен күрес тиеді. Егер біз соңғысынан сұрасақ жауап мүлдем қарама-қарсы болады. Меншік пен құқық нақ екі беті екі түрлі Янустың басы; ол біреуге тек бір бетін, екіншісіне басқа бетін көрсетеді. Әлгі екеудің әрқайсысы бейнені өзінше көргендегі даусыз айырмашылық содан. Құқыққа қатынс жөнінде бұл тек жекелеген адамдар басында ғана емес, тұтас бір ұрпақтар басында бола береді. Біреулердің талайына соғыс, енді біреулердің талайына бейбітшілік тиеді, сондықтан халықтар да дәл сол қателікке тап жеке индивидуумдар секілді ұшырайды. Бейбітшіліктің ұзақ кезеңі, оның мәңгілікке созылу мүмкіндігіне сенім зеңбіректің алғашқы күркірі тамаша түстен шоышп оятқанша, және бейбітшіліктің дәмінен алаңдамай ләззат алған ұрпақ орнына соғыстың ауыр еңбегімен соны қайтадан жеңіп алуға тиісті басқа ұрпа келгенше шешек атып тұрады. Меншікке де, құқықтағы, еңбектегі және ләззатағы секілді, осылай бөлінеді. Бірақ олардың өзара байланысы бұдан тоқталып қалмайды, бейбітшіліктен ләззат алып, оны пайдаланып отырған біреу үшін басқа біреу жұмыс істеп, күресуге тиіс. Күрессіз бейбітшілік, еңбексіз ләззат жұмақ заманына тиесілі; тарих оларды үздіксіз, қиын күрестің нәтижелері ретінде біледі. Осынау ойды, күрес құқықтың жұмысы және оның практикалық қажеттілігі; сондай-ақ оның

инсанияттық абыройына қатысы бойынша құқық меншіктегі еңбек пен айны-қатесіз бір қатарда тұрады деген ойды мен алда дамытпақпын. Бұл орайда мен менің жұмысым артықтық етпес деп ойлаймын, қайта біздің теория (тек құқық философиясы ғана емес, біздің заңтануымыз да) қалдырып кеткен тұсты толықтырармын деп ойлаймын. Айта кету керек, біздің теория әділет семсерінен гөрі, оның таразысымен көбірек айналысты. Теория құқықты қарастыруда қолданатын таза ғылыми көзқарастың біржақтылығы және құқық оның күш ұғымы ретіндегінақты жағынан емес, көбіне дәйексіз құқықтық қағидалар жүйесі ретінде логикалық жағынан қарастыруға саятындығы, менің пікірімше, құқық ұғымын бұрмалап жібергені сонша, ол енді дөрекі нақты болмыспен үйлесуден қалды; біздің теорияға айтылған осынау кіәнің әділеттілігін мен алдағы баяндауыммен дәлелдемекпін. Құқық сөзінің екі мағынасы болатыны – объективті және субъективті мағынасы бар екендігі белгілі, біріншісін біз күшіндебар құқықтық қағидалардың жиынтығы, заңмен белгіленген өмір салты деп, ал екіншісін абстрактты абстрактты ережені кісінің нақты құқықтық жағдайына қолдану еп түсінеміз. Екі бағытта да құқық қарсылыққа ұшырайды, екі жағдайда ол сол қарсылықты жеңуге, яғни өзінің тіршілігін күрес жолымен бекітіп, қорғуға тиіс. Өз баяндауымда мен негізінен екіші бағыттағы күресті меңзеп отырмын, бірақ сондай-ақ күрес құқықтың мәнісінде жатыр деп кесіп айта аламын және мұны бірінші бағыт жөнінде де дәлелдеп беруден бас тартпаймын. Күмән жоқ, сондықтан да одан әрі дәлелдеп жатуды қажет етпейтін нәрсе, құқықты мемлекет тарапынан жүзеге асыру; құқытық тәртіпті мемлекет тарапынан сақтап отыру оны бұзуға тырысатын заңсыздықпен үздіксіз күрестен басқа ештеңе емес. Бірақ құқықтың шығу тегі, және тарихтың бас кезіндегі бастапқы шығу тегі жағынан ғана емес, оның күн сайынғы, біздің көз алдымызда қайталанып жататын жаңаруы, тіршілік етіп отырған иституттардың асқақтатылуы, бұрынғы құқықтық

қағидаларды жаңаларымен шектеу, қысқасы, құқықтың қарышты ілгерілеу жағынан да әлдене басқа бірдеңе кес-кестейді. Құқықтың шығу тегі туралы мен өкілі болып отырған көзқарасқа, құқықтың құралуы мен болмысы бір ғана заңға бағынады деген көзқарасқа басқа бір көзқарас бері салғанда роман халықтары ғылымында қазіргі кезде де әлі үстем көзқарас қарсы қойылады, оны мен қысқаша ғана оның негізі қалаушылардың бастыларының есімімен құқықтың шығу тегі туралы Савиньи-Пухта теориясы деп нобайлаймын. Оған құлақ түрсек, құқытың құралуы сондайақ, тілдің құралуы секілді, елеусіз, иындықсыз, өз-өзінен жүріп жатады, ол күш-жігері, күресті ғана емес, тіпті әрекетті де талап етпейді – бұл дегеніңізтып-тыныш ахуалда қарекет ететін, ешқандай зорлықсыз, баяу, бірақ өзіне дұрыс жол салып отыратын ақиқат күші, ақыл-ойды билеп алатын және қылықтардан көрінетін кәміл сенім күші – жаңа құқықтық қағида осылайша тілдегі ереже секілді, қиындықсыз күшіне кіреді. Ежелгі Рим құқығының біреуге қарыз берген адам оны қайтара алғанша қарыздарды құлдыққа сата алады немесе мүлік иесі онысын біреудің қолынан тапса, қайтарып беруін талап ете алады деген ережесі, бұл көзқарас бойынша ежелгі Римде, дәл сит ережесі табыс септігін басқаратыны секілді құралған. Менің өзім де кезіде университетті осы көзқараспен тәмамдап, ұзақ уақыт бойы соның ықпалында болғанмын. Бірақ бұл ақиқаттан дәмете ала ма? Келісу керек, құқық, дәл тіл секілді, көзге көрінбейтін, санасыз әдеттегі сөбен айтсақ, іштей тарихи дамуға ие болады. Бұған құқық саласында дербес қарекет жасайтын жекелеген құқықтық оқиғалардан әсте-әсте қалыптасатын салттар, сондай-ақ ғылым алдыңғы құқықтан алып, диалектика жолымен олардан ұғымдар жасайтын, сөйтіп санаға жеткізетін дерексіздендірулер, дәйекті байламдар және ережелер жатады. Бірақ осынау екі фактордың: салттың да, ғылымның да күші шектеулі, ол бұрын салынған жолдар бойындағы қозғалысты реттей, оған көмектесе алады, бірақ ол ағынның жаңа арна салуына кедергі жасйтын бөгенді

бұзып өте алмайды. Мұны тек заң ғана, яғни мемлекеттік өкіметтің осы мақсатқа бағытталған қарекеті ғана жасай алады, демек, бұл оқиға емес, тереңнен, құқықтың мәнісінен тамыр алатын қажеттілік, соның пәрменімен сот жүргізуге де, материалдық құқыққа да қатысты барлық реформалар заңның ықпалына саяды. Бірақ кейде оын алып отырған құқықта заң енгізетін өзгеріс сонымен, яғни абстрактты саламен ғана шектеліп, өзінің ықпалын соған дейін болған құқық топырағында пайда болған нақты қатынастар саласына таратпай, құқықта таза механикалық өзгеріс жасайды, онда жарамсыз бұранда немесе білік алмастырылады. Бірақ көбіне іс былай болып шығады: өзгеріс қолда бар құқық пен жеке мүдделерді қатты қозғайды. Мыңдаған кісілер мен тұтас бір қоғамдық жағдайлардың мүдделері ұзақ уақыт бойы қолда бар құқыққа негізделген, демек оларға елеулі нұқсан келтірмей ол құқықты жоюға болмайды, құқықтық қағиданың немесе мекеменің күшін жою осынау барлық мүдделерге соғыс жариялау, науқас организмнен оған мыңдаған тамыршаларымен жабысқан полипті жұлып алу деген сөз. Осылайша мұндай тәжірибе атаулы қатер төнген мүдделер тарапынан өзін-өзі сақтап қалуға егізделген күші қарсылық, демек күрес те туғызады, онда, күрес атаулы секілді, өзара күресіп жатқан тараптардың кәміл сенімі емес, күштерінің ара салмағы басым түседі, бұл орайда көбіне-көп нәтиже дәл күштер параллелограмындағыдай: бастапқы линиядан диоганал бойынша ауытқу болып шығады. Қоғамдық пікір ұзақ уақыт бойы қарсы болып келе жатқан мекемелердің әлі де ұзақ өмір сүре беретінін нақ осымен ғана түсіндіруге болады: оларды сақтап жүрген vіs іnertіqe (инерция күші) емес, оларды сақтап қалуға тырысатын мүдделер қарсылығының күші. Осылайша, орын алып отырған құқық мүдделермен байланысты мұндай оқиғалардың бәрінің тұсында жаңа құқық тек, көбінесе тұтас жүзжылдықтарға созылатын күрес жолымен ғана орнығады. Бұл күрес мүдделер жеңіп алынған құқық түріне (пошымына) ие болғанда ең шиеленісті шегіне

жетеді. Бұл арад бір-біріне қарсы екі партия тұрады, олардың әрқайсысы құқықтың қасиетті туының астына жиналады: біреуі тарихи құқықтың, өткеннің құқығы, екіншісі ылғи да туындап, жаңарып жататын, адамзаттың тіршілік етуінің алғашқы тұрпатты құқығы туының астына құқық идеясының өзінде болатын қақтығысы туының астына жиылады, онда шын қасіреті бірдеңе бар, өйткені онда оның бүкіл күші мен бүкіл мәнісі көрінеді, және оларға баға беретін күш тек тарих сотында бар. Құқық тарихындағы бүкіл ұлы олжалар: құлдық пен басыбайлылық құқығын жою, жер бойынша меншік, кәсіпшілік, наным-сенім бостандығы және т. б. , солардың бәрі өзінің жолында тұтас бір ғасырларға созылған, көбінесе судай аққан қанмен, жалпы алғанда құқықтың күйреуімен нобайланған жан алысқан күреске төтеп беруге тиіс болды, өйткені бұл арада құқықтың өзі құртылып жатты. Осылай құқық дегеніңіз өз балаларын өзі күйсеп жатқан Сатурн. Құқық тек қана өткенді аластаумен ғана жаңарады. Нақты құқық, бір орнығып алған соң, шектелмеген, мәңгі дамудан дәметеді. Бұл өз ансына қол көтеретін нәресте, ол құқық идеясын, соған негізделгеніне қарамастан, мазақ етеді. Құқық идеясы дегеніміз үздіксіз қызмет, өйткені жүзеге асқан іс келе-келе жаңаға орын беруге тиіс, өйткені: “– Болған нәрсе атаулы, Өлемін деп жаралды”. Осылайша құқық өзінің тарихи ілгерілеуінде бізге іздестіру, күшжігер, күрес, қысқасы, тынымсыз ұмтылыс картинасын береді. Тіл құрау үшін санасыз жұмыс істейтін адамзат рухына бұл орайда ешқандай күшті қарсылық жасалмайды. Өнер де өзінің төл өткені мен үстем талғамнан басқа қарсыласын кездестірмейді. Бірақ адами ұмтылыстардың, мүдделердің бытысқан сенделісі арасына қойылған мақсаттың ұғымы ретіндегі құқық, төте жолға түсу үшін қармап, іздестіріп үздіксіз ілгерілеуге, және ол жол табылғанда, сол жолмен жүру үшін әлі қарсылыты еңсеруге тиіс. Құқықтың дамуы, нақ өнер мен тілдің дамуы

секілді, белгілі бір заңдармен жүретіндігіне, және ол мәнісі мен пошымы жағынан содан қашықтай беретіндігіне күмән жоқ және сондықтан да біз осы мағынада Савиньи жүргізген параллельден мүлдем бас тартуға тиіспіз, ол бір жағынан құқық және екінші жағынан тіл мен өнер арасына асығаүсіге сондай ортақ мән береді. Саяси ережеге айналдырылған осынау ілім жалған, бірақ қауіпсіз көзқарас ретінде елестету мүмкін болатын барып тұрған адасу секілді көрінеді, өйткені адам мақстты толық, айқын түсіне отырып барлық күшін жұмсап қарекет жасауға тиіс жерде еліктіреді, іс өзінен-өзі істее береді, егер ол қолын қалтасына салып алып, құқықтың қайнар көзі: ұлттық құқықтық кәміл сенімнен аз-аздап өздігінен жарық түседі деп алғаусыз сеніп отыра берсе жақсырақ істейді деп еліктіреді. Савиньи мен оның барлық ізбасарларының заңдардың қарышты қозғалысынан жиіркеніші осыдан туындайды. Пухтаның әдеттегі құқық теориясында салттың шын маңызын мүлдем түсінбеуі осыдан туындайды. Пухта үшін салт құқықтық кәміл сенімді танудың қарапайым құралынан басқа түк те емес; осынау кәміл сенім қарекет үстінде ғана қалыптасатынын, ол тек қарекет арқылы ғана күш-қуат пен маңызға ие болып, өмірде үстем күшке айналатынын, қысқасы, салтқа: құқық дегеніміз күш ұғымы деген мәтелді қолдануға болатын – осынау бәрін көреген Пухтаның көзі мүлдем көрмейді. Осынысымен ол уақытана құн төледі. Өйткені бұл біздіңпоэзиядағы романтикалық кезең заманы болды және романтизмнің юриспруденцияға ықпалын ізерлеп шығудан бас тартпай, осынау екі саладағы сәйкес бағытты салыстыру шаруасын өз мойнына алған адам, менің тарихи мектеп те дұрысына келсек романтикалық мектеп деп атала алады деген пікірімді бәлкім қате деп таба қоймас. Және шынында даа, ол өткенді, құқық қиындықсыз, тып-тыныш, даладағы өсімдік секілді қозғалмай тұрады деген пікірді жалған көкке көтеруге негізелген нағыз романтикалық түсінік; қатыгез нақты болмыс, және біздің көз алдымыздағы, бізге барлық жерде халықтардың өздерінің құқықтық қатынастарын білуге аса күшті ұмтылысын көрсететін болмыс

қана емес – ең өткір мәселелер, бірін-бірі ығыстырып шығарып отыратын мәселелер оған кереғар нәрсеге үйретеді, бірақ әсер де, өткендегідей жерге көз тіксек те, орнында қала береді. Осылайша Савиньи теориясын қолдану үшін біздің ешқандай мәліметіміз жоқ тарихқа дейінгі уақыт қана қалады. Бірақ маған сол уақыт туралы пікірімді білдіруге мүмкіндік берілсе, онда мен құқықтың бейнетсіз, бейбіт құралуы осынау өңірде халықтың кәміл сенімінен туындап жататын Савиньи теориясына оған мүлдем кереғар өз теориямды қарсы қоямын. Тегінде оның ту сыртында бері салғанда құқықтың айдан анық тарихи дамуы тұрғанымен жұрт келісер, және оның ту сыртында зор психологиялық ықтималдық та тұр деп ойлаймын. Алғашқы қауымдық заман! Бір кездері оған барлық тамаша қасиеттерді: ақиқатты, бүкпесіздікті, адалдықты, балалық аңғалдықты, алғаусыз сенімді таңу маода болды, және мұндай топырақта құқық ешқандай басқа күшсіз тек құқықтық кәміл сенім пәрменімен, дамыған болар, ол кезде құқық жұдырыққа да, семсерге де мұқтаж болған жоқ. Бірақ қазір айта беретін бағзы заманда мүлдем басқа белгілер болғанын және ол өз құқығына кейінгі қай замандардан да неғұрлым оңай жолмен қол жеткізіп отырды деген топшылауға қатты күман келтіру керектігін әркім біледі. Мен өз тарапымнан сол заман оның мойнына артқан жұмыс әлдеқайда неғұрлым қиын болғанына, және тіпті ең қарапайым құқықтық қағида, жоғарыда біз ежелгі Рим құқығынан келтірген меншік иесі өзінің мүлкін қайтарып беруді талап ете алатыны, ал қарызын қайтара алмайтын қарыздарға кепіл болған адам оны жат жұртқа құлдыққа сата алатыны секілді қағидалар, олар орныққанша, сөйтіп оған әркім бағына бастағанша кескілескен күресте ғана құрала алғандығына кәміл сенемін. Қалай болған күнде де, біз бұл арада алғашқы қауымдық заманмен айналысып жатпауға тиістіміз. Біз құқықтың шығу тегі туралы бастапқы тарих беретін мәліметтермен қанағаттануға тиіспіз. Ал одан біз құқықтың жарық дүниеге келуі, адамның дүниеге келуі секілді, ауыр толғақпен өткенін білеміз. Бірақ біз солай болды екен деп реніш білдіруге тиіспіз бе? Керісінше, халықтардың

құқығы оларға аспаннан оп-оңай жауа салған жоқ, ола барынша күш-жігер жұмсауға, күресуге, қан төгуге тиіс болды да, мұның өзі туу кезінде нәресте мен оның анасы арасында болатындай, олар мен құқық арасындағы етене байланыс қызметін атқарды. Қиындықсыз қол жеткен құқық ләйлек әкелген бала секілді, ләйлек әкелгенді түлкі де, қарақұс та алып кетуі мүмкін3. Бірақ нәресте тапқан ана, халық өзі қантөгіс күресте жеңіп алған құқықтары мен мекемелерін бермейтін секілді, оны алып кетуге бермейді. Мынаны алғаусыз кесіп айтуға болады: халықтың өз құқығына сүйіспеншілігі мен табыгдылығының дәрежесі (ол құқығын солармен қорғайды) ол нақ сол құқыққа қол жеткізген күш-жігермен және күреспен анықталады. Құдай жарылқаған халыққа ол оған қажет нәрсені сыйлай салмайды, жеңілдетпейді, қайта қажет нәрсеге қол жеткізуін қиындата түседі. Осы мағынада мен жасқанбай мынаны айта аламын: құқық дүниеге келу үшін талап ететін күрес қарғыс емес, қайта бата беру. [... ] Құқықты қорғау сонымен бір мезгілде қоғам жөніндегі парыз. Бұл ойды мен алдағы баяндауымда дамыта түсуге тырысамын. Мұны дәлелдеу үшін менің объективті мғынадағы құқық субъективтік мағынадағы құқыққа қатысы бар екенін: оның неден құралатынын көрсетуім қажет. Егер мен: бұлардың біріншісі екіншісінің болуын қажет етеді; нақты құқық абстрактты құқықтық қағида нақты қағидаға жан беретін жағдай жасалған жерде ғана болады десем таптаурын түсінікті айны-қатесіз беремін ғой деп ойлаймын. Үстем ілім бойынша, екеуінің өзара қатынасы мүлдем тәмамдалады. Бірақ бұл түсінік мейлінше біржақты, ол нақты құқықтың абстрактты құқыққа мейлінше тәуелді екенін әшкере етеі, және мұндай тәуелділік қатынасы керісінше бағытта да болатынын ұмытып кетеі. Нақты құқық абстрактты құқықтан тек нәр мен күш алып қана қоймайды, оған қайтарып беріп отырады. Құқықтың мәнісі практикалық қарекет жасау. Күшінен

3 Неміс мәтелі.

айрылған немесе қолданылмайтын құқықтық қағида бұл атауға ие боамын деп дәмете алмайды, ол құқық механизмінде жұмыс істемейтін және ешқандай өзгеріс жасамай-ақ алып тастауға болатын бұзылған пружинадан басқа түк те емес. Бұл қағиданы құқықтың барлық бөліктеріне, мемлекеттік құқыққа, сондай-ақ қылмаыстық және азаматтық құқыққа бірдей қолдануға болады, және Рим құқығы desuetude заңды алып астаудың мүлдем іргелі негізі бола алатынын мойындап, бұл жағдайды анықтап берді, оған ұзақ уақыт жүзеге асырылмау (non usus) салдарынан нақты құқықтан айрылу сәйкес келеді. Қоғамдық және қылмыстық құқықты жүзеге асыру мынамен қамтамасыз етілген: оларды жүзеге асыру міндетін мемлекеттік өкімет өзінің әртүрлі органдарына жүктелген, ал азаматтық (жеке) құқыққа кісілердің құқығы пшымы берілген, яғни оларды жүзеге солардың еркін инициативасы мен қызметіне берілген. Бір жағдайда бұл мемлекеттік шенеуніктердің өз міндеттерін атқаруына, екінші жағдайда жеке кісілердің өз құқығын жүзеге асыруына байланысты. Егер соңғылар қандай жағдайда болмасын ұзақ уақыт бойы өзінің құқығын қорғамайтын болса, мұнысы қандай да бір қолайлы жағдайлардың немесе жай ғана қорқудың салдарынан болсын, онда құқықтық қағида жарамсыз болып қалады. Біз былай деуге тиіспіз: азаматтық құқықтың құқықтық қағидаларының пәрменділігі практикалық күші нақты құқықтың жүзеге асырылуына негізделеді және нақты құқық ретінде заңнан нәр алады, сондай-ақ ол өз кезегінде заңға нәр береді. Объективті, яғни абстрактты құқық пен субъективті, яғни нақты құқықтың өзара қатынасы жүректен жүрекке оралатын қан айналысы секілді бірдеңе. Қоғамдық құқықты жүзеге асыру шенеуніктердің адалдығына, ал жеке құқықты жүзеге асыру сол құқыққа ие адамның өз құқығын қорғауға итермелейтін сарындарға: оның мүддесі мен оның құқықты сезінуіне тәуелді, ал егер сол сарындар жеткілікті күшті болмаса, демек құқықты сезінуі де енжар және топас, ал мүдделерінің қолайсыздықтарды, ренжісу мен дау-шарға жиіркенішті және

процестен үрейді еңсере алатындай қуатты болмағандығы. Мұның тікелей зардабы – құқықтық қағиданың қолданылмауы. Бірақ бұдан нұқсан кімге келеді, деп дауласа кетеді менімен, егер әлдекім зиян шексе, тек сол құқықтың иесі ғана. Мен бұрын келтірген бір мысалымды қайтадан келтіемін. Бір адамның шайқас алаңынан жылыстап кетуі. Мыңдаған адамдар шайқасып жатқанда бір адамның бас сауғалауын байқай аламысың: бірақ жүздеген адам туды тастай салып безіп кетсе, орнында қалғандардың жағдайы қиындай түседі, қарсылықтың бар салмағы солардың иығына түседі. Осынау картинада, менің ойымша тиісті іс жағдайы мейлінше дұрыс көрінеді. Дәл сол секілді жеке құқық саласында жалғандыққа қарсы, бүкіл ұлттың ортақ күресі жүріп жатады, ол күреске барша қатысуға тиіс. Бұл арада да қашқын ортақ іске сатқындық жасайды, өйткені ол қарсыласқа басымдық беріп, оның күші мен басымдығын ұлғайтады. Егер қиянат пен заңсыздық тайсалмай бас көтерсе, мұның өзі заңды қорғауға тиіс болғандардың өз міндетін атқармағандығының даусыз нышаны. Ал жеке құқықта әркім заңды қорғауға тиісті. Әркім – заңның күзетшісі, сақтаушысы, өйткені бұл оның өзіне қатысты. Нақты құқық дегеніміз мемлекет оған берген өкілеттіктен басқа ештеңе емес, ол өкілеттік – өзінің төл мүдделері жөнінде заң қорғаушыларының қатарына тұрып, жалғандыққа қарсы күресу, бұл шенеуніктердің міндетті де ортақ өкілеттігіне қарама қарсы шарты да арнайы өкілетті. Өз құығын қорғай отырып ол қысқа уақытқа құқық жолындағы күрескерге айналады. Оның мүдделері мен оның қарекетінің салдарлары оның жеке өз басымен шектелмейді. Осымен байланысқан ортақ мүдде дегеніміз тек заңның беделі мен құдіреттілігін орнықтырудың мінсіз мүддесі ғана емес, нақты, ең жоғары дәрежедегі практикалық, әркім сезінетін және әркімге, тіпі сол мінсіз мүддені түсінбейтін адамға түсінікті, атап айтқанда қоғамдық өмір тәртібін беркітіп, бекем күзету мүддесі де. Егер қожайын малайларынан тәртіпті талап ете алмайтын болса, аларман жұртшылық сатушылардан

белгіленген салмақ пен өлшемді талап ете алмайтын болса, заң беделі осыдан шайқала ма? Мұнымен бүкіл қоғамдық тәртіп белгілі бір бағытта өзімшілдікке беріледі, және зиянды зардаптар қайда апарып жарға жығатынын, мысалы, осымен кредит жүйесі шайқалып кетер-кетпесін айтып беру қиын. Менің құқығымды жүзеге асыру кезінде жанжал, дау тууы мүмкін екендігін өзім көре білетін жерде мен бойымды аулақ салып, капиталымды басқа елдерге орналасиырамын, өзіме қажет тауарларды шетелдерден әкелемін. Мұндай қоғамдар аңды ержүректікпен іске асыратын ат төбеліндей адамдардың жағдайы нағыз азапкерлік сипат алады; олардың күшті, жігері құқықтық сезімі оларға лағнет жаудыртады. Олардың табиғи одақтастары мен жолдастары болуға тиістілердің бәрі сырт айнаған олар жаппай пәруайлық пен қорқақтық тұсында белең алған жүгенсіздікке жападан жалғыз қасқайып қарсы тұрады, және сөйте тұра, егер олар ауыр құрбандықтармен өзіне-өзі адал болып қалғандық санасына ие болса, еңбектерін мойындай орнына тек мазақ пен жазғыруға ғана ұшырайды. Мұндай жағдай үшін жауапкершілік қоғамның заңды таптайтын бөлігіне ғана емес, оны қолдауға батылы жетпегендерге де жүктеледі. Құқықты ығыстырып тастайтыны үшін жалғандықты емес, бұған неліктен жол беретіні үшін құқықты жазғыру керек, және мен “заңсыздық жасама”, “заңсыздыққа төзбе” деген екі қағиданың практикалық мәнін олардың қайсысы маңыздырақ екенін анықтау үшін салыстырғанда, мен мынаны айтуға тиіспін: бір орынға заңсыздыққа төзбе, екінші орынға заңсыздық жасама деген ережені қою керек. Заңсыз қареке құқық иесі тарапынан бекем қарсылыққа ұшырайтынын білу адамды өсиет атаулыдан күштірек жасқантады, демек біз осының бәрін ой елегінен өткізсек, инсанияттық заңның негізі түптеп келгенде тек практикалық күш қана құрайды деген байламға келеміз. Мен айтқанның бәрінен кейін бұзылған құқықты қорғау дегеніміз құқық иесінің өзіне өзі жөніндегі парызы ғана емес, қоғам жөніндегі де парызы дегенді кесіп айтуым артық болмай ма? Егер мен баяндаған, өз

құқығында әркім заңды қорғайды, ал заңмен баяндаған, өз құқығында әркім заңды қорғайды, ал заңмен бірге қоғамдық тәртіпті қорғайды деген қағида дұрыс болса, осы арқылы қоғам жөніндегі парыз орындалатынын кім теріске шығармақ? Егер қоғамның әркімді ол өмірі мен дүниесін құрбадыққа шалатын сыртқы жауға қарсы күреске шақыру құқығы болса, ол қатері одан кем емес ішкі жауға қарсы күреске неліктен шақыра алмайды? Егер соғыста ұятсыз қашқандық ортақ іске сатқындық деп саналса, бұл арада біз сондай қареетті неліктен дәл сол атаумен атай алмаймыз? Жоқ! Құқық, елдегі әділ сот қазы өз орнында әрқашан даяр отырғаныме, поиция тергеушілерді жұмсайынымен емес, әркімнің осыған жәрдемдесетінімен күзетіледі; қиянат пен заңсыздықтың айдаһары бас көтерген бойда, оны шауып тастауды әркім өзінің міндеті деп санауға тиіс. Мен өзім келтірген көзқарастың пәрменімен әркімнің өз ұқығын жүзеге асыру жөніндегі қандай ізгілікке ие болатынын айтып та жатпаймын. Осы заманғы теорияның өзқылықтарын заңға қарапайым бағындыру жөніндегі біржақты ілімінің орнына өзаралық қатынасы келеді, онда құқық иесі өзіне заң көрсететін қызмет есесіне оған дәл солай қызмет етеді. Әрбір адам ұлттық ұлы міндетті орындау тұсында әрбір адам еңбек етуге шақырылады. Және де оның осы міндетті түсіну-түсінбеуінің бәрібір. Инсанияттық әлемдік тәртіптің қауқары мен маңызы сондай, бұл орайда оны түсінетіндер ғана есепке алынып қоймайды, оның заңдарын түсінбейтіндерді де жәрдемдесуге тарту үшін онда құралдар жеткілікті екендігі ескеріледі. Адамдарды некеге тұруға мәжбүрлеу үшін табиғат олардың біреуіне адам ұмтылыстардың ең ізгісін, енді біреуіне дөрекі сезімдік елігуді, үшіншісіне қолайлылыққа ұмтылысты, төртіншісіне ие болуға құмарлықты сіңіруі – солардың бәрі неке қияды. Дәл сол секілді құқық жолындағы күресте біреу мүддесін, тағы біреу құқық бұзылған кездегі жан азабын, үшіншісі құқық идеясын басшылыққа алады – солардың бәрі күрес алаңына шығып, бірлескен қызмет үшін: қиянатқа қарсы құқықты қорғау үшін бір-біріне қолын ұсынады.

Енді біз, егер маған осылай айту рахымы жасалса, құқық жолындағы күреске көзқарастың асқақ биігіне көтерілдік. Басшылық ететін сарын мүдде болып табылатын төменгі сатылардан көтеріле отырып, біз кісінің өзі-өзі инсанияттық сақтауы және оның құқықтың жүзеге асырылуына жәремдесуі көзқарасына дейін көтерілдік. Менің жеке құқығымда құқық бұзылады, теріске шығарылады, дәл сонда ол қорғалып, қалпына келтіріледі. Субъекттің өз құқығы үшін күресі қандай жоғары маңызға ие болады десеңізсші! Осынау ой бізді көтеретін асқар шыңмен салыстырғанда таза индивидуалды, жеке мүдделер, мақсаттар, нәпсі саласы қандай төменде жатыр десеңізші, ал надан адам оларды құқық саласының елеулі бөліктері деп санайды. Бірақ осынау шыңдар, тым биік, оларға тек құқық философтары ғана жете алады, ал практикалық өмір үшін олар есепке алына алмайды; ешкім де құқық идеясы үшін процесс жүргізбейді, деуі мүмкін. Осынау көзқарасты теріске шығару үшін мен Рим құқығына сілтеме жасай аламын, онда осынау асқақ құқықтың мағынаны жүзеге асыру ашық шағымдар институтында толық көрініс тапқан. 3) (actіones populares), бірақ, егер біз өз халқымызға осы мағынада рұқсат бергіміз кемесе, біз оған әділетсіздік жасар едік. Оған құқықтың қиянатпен бұзылуы кезінде инсанияттық ашыызаға бой алдыраын әркім ие. Төл құқығымыздың бұзылуынн туындайтын сезіммге эгоистік пиғылдар араласатындығына қарамастан, осынау сезім тек қана инсанияттық идеяның адам ақылына жасайтын ықпалына негізделеді, бұл мықты инсаниятты адамның құқытың қорлануына қарсы наразылығы, құқықтық сезімнің сау-саламат ахуалының ең тамаша да асқақ дәлелі, психологтардың байқап-бақылауы үшін де, ақындардың көркем түсінігі үшін де бірдей асқақ та ұнамды инсанияттық құбылыс. Адам бойында соншалық терең өзгерістер жасай алатын, оның тұсында ең қарабайыр адам да оған дейін өзіне жат болып келген жандәрмен ахуалға келетін басқа аффектті мен көз алдыма елестете алмаймын – олардың өздерінің бойындағы ең ізгі нәрседе жанды жерге тигендігінің, жан-тәнін

қозғағандығының дәелі міне осы. Бұл инсаният әлеміндегі өзінің пошымдары жағынан асқақ та ғаламат күн күркірі. Бұл инсанияттың күштің кенет, тікелей, дауыл секілді еңсерілмес көрінуі. Бұл субъект үшін де, әлем үшін де өзінің себептерімен және ықпалымен бітістіретін әрі асқақтата түсетін ауаны инсанияттық тазарту. Бірақ әрине субъекттің шектеулі күші қинаят орнатқан, құқықтың жолын бөгеп тұратын мекемелерден тауы шағылғанда, сол кезде дауыл қайраткердің өзіне қарсы соғады да, оның өзін бұзылған құқықтық сезім салдарынан қылмыскердің тағдыры (бұл туралы мен кейінірек айтамын) немесе қасіреті одан кем түспейтін тағдыр (оның жүрегінде жалғандықтың бізінен қанды із қалады да, ол құқыққа сенімнен айрылады) күтіп тұрады. Құқық идеясын қорлап, мазақ етуді жан-тәнімен сезініп, жеке өзін қорлау деп қабылдайтын және ешқандай жеке мүддесіз-ақ қыспаққа алынған құқықты өзінің төл құқығы секілді қорғайтын тұлғаның осынау мнсіз құқықтық мағынасы – осынау идеализм әрқашан ізгі де күшті тұлғалардың еншісі болып келді. Бірақ тіпті суық, ешқандай мінсіз арын жоқ, жалғандықты өзіне тікелей қатысты болғандықтан ғана сезінетін құқықтық сезім нақты құқық пен заң арасындағы мен көрсеткен қатынсты түсінуге қабілетті, ол қатынасты жоғарыда мен мынадай қағидамен білдірген болатынмын: менің құқығым дегеніміз ортақ құқық, құқық сонда бұзылып, сонда қорғалады. Бұл парадокс болып көрінгенмен, соған қарамастан әділетті, сондықтан да бұл көзқарасты тіпті заңгерлер де түсіне алмайды. Әдеттегі түсінік бойынша, нақты құқық туралы дауға заң қатыспайды; бұл тегі түсінік бойынша, нақты құқық туралы дауға заң қатыспайды; бұл төңірегінде дау жүріп жатқан абстрактты заңның өзі емес, қайта оның нақты құқық бейнесінде жүзеге асуы, бір шамада оның фотогрфиясы, ол онда бейнеленген, бірақ өзі тікелей басы-қасында жоқ. Мен бұл көзқарастың техникалық қажетті екендігімен дауласқым да келмейді, бірақ осыған қарама-қарсы көзқарастың да негізі бар екендігін мойындамай тұра

алмаймыз, ол көзқарас бойынша заң нақты құқықпен бірдей орынға қойылады және ол көзқарас бойынша соңғысын бұзу алдыңғысын бұзумен бірдей. Тікелей құқықтық сезім үшін бұл көзқарас біздің заңгерлік көзқарасымыдан әлдеқайда жақын. Бұған ең жақсы дәлел неміс тілінде де, латын тілдерінде де сақталып қалған тіркес. Сот процесінде талапкер “заңға жүгінемін” дейді. Римдік шағымды “legіc actіon” деп атаған. Заңның өзі күрес пәні болып табылады, бұл заң жолындағы дау, ол жеке жағдайда шешілуге тиіс – бұл әсіресе ежелгі Рим процесіндегі legіs actіones’ті түсіну үшін маңызды. Бұл түсінік бойынша – құқық жолындағы сонымен бірге заң жолындағы күрес; дауда әңгіме жай ғана субъекттің мүддесі туралы, заң бейнеленген, мен айтқандай жарықтың жыпылықтаған сәулесі секілді заң нобайы бейнеленген фотография ұстап қалынған жеке жағдай туралы емес, оны заңның өзіне тиіспей-ақ талқандауға болады. Заң, егер ол мұндайда заңның өзі сыйланбай, табанға тапталады. Заң, егер ол ойыншық және жай ғана сөз болмаса, қорғалуға тиіс – ренжітілген адамның құқығымен бірге заңның өзінің аяғы көктен келтіріледі. Мен жоғарыда көрсетіп өткен және мен оны қысқа ғана заң мен нақты құқықтың ынтымағы деп атаған осынау түсінік екеуінің де қатынасын толық қамтиды. Алайда о қарапайым, асқақ көзқарастарға қабілетсіз эгоизм түсінбейтіндей тым тереңде жатқан жоқ, қайта нақ сол оны анығырақ көреді, өйткені дау кезінде оған мемлекет өзінің одақтасы болғаны жақсы. Сондықтан да эгоизм онысын өзі де сезінбей және қаламай-ақ өзінің жеке құқығынан, жалпы құқық биігіне көтеріліп, онда заңның қорғаушысы болып шығады. Субъект ақиқатты өз мүддесінің тар аясында мойындап, қорғағанда да ақиқат болып қала береді. Шейлокты Антонионың тәнінен бір қадақ етті кесіп алу үшін Сотқа алып келген өшпенділік пен кек қайтаруға құштарлық, бірақ соған қарамастан оның аузына ақын салатын сөздер кез-келген басқа адамдардікіндей дұрыс. Бұл қорланған барлық жерде және әрқашан айтылатын сөздің тап өзі, құқық әрқашан құқық болып қала беруге тиіс деген кәміл сенімнің күші

бұлжымайтындығы; өзі қорғап отырған істе жай ғана өзінің кісілік арнамысын қорғап қана қоймай, идея үшін де қорғайтынын да түсінетін адамның ұмтылысы мен жігерленуі. Бір қадақ ет Шекспирді Шейлоктың аузына мынадай сөздер салуға мәжбүр етеді: Мен талап ететін бір қадақ ет Тым қымбатқа түскен, ол менікі, мен соны алғым келеді. Егер сіздер орындамасаңыздар, сендердің заңың көк тиын! Демек Венецияда құқықтың күші қалмағаны. – Мен заңның орындалуын талап етемін. – Мен қолхатпен бекітілуін талап етемін! “Мен заңның орындалуын талап етемін”. Осынау бес сөзбен ақын субъективті мағынадағы құқықтың объективті мағынадағы құқыққа шын қатынасын және құқық үшін күрестің маңызын дөп басып айтқандығы соншалық, ондай сөзді бірде-бір құқық философы айта алған емес. Осынау сөздермен Шейлокқа қатысы бар жеке құқықтық мәселеден бірден іс Венециядағы құқықты қозғайтын мәселе сипатына ие болып шыға келеді. Осынау сөздерді айтқанда дәрменсіз адамның бейнесі қандай құдіретті, орасан зор ауқымға жетеді десеңізші! Бұл енді өзіне тиесілі бір қадақ етті талап етіп отырған еврей емес, бұл сот есігін қағып тұрған Венеция заңының өзі – өйткені оның құқығы мен Венеция құқығы айналып келгенде бір нәрсе; оның құқығымен Венеция құқығы терістеледі. Өзінің құқығын менсінбес мазақпен құртқан сот үкімінің салмағынан жаншылып, ащы мысқыл-мазаққа ұшырап, аяғын баса алмай, қалтыраға тізесіне сүйенгенде сонымен бірге Венецияның өзінің құқығы қорланғанын, жерде еңбектеген еврей Шейлок емес, ортағасырлық еврейдің типтік тұлғасы, қоғамның, заңның сақталуын баосқа зорлап талап ететін шетқақпайының типтік бейнесін кім сезінбейді? Оның тағдырының сұмдық таргизмі оған құқық беруден бас тартылғаны емес, ортағасырлық сол еврейдің – нақ бір христиан болғандай! – құқыққа сенгендігінде, құқыққа сом жартастай берік сенгендігінде, оған күмән келтіруге болмайтын еді, өйткені қазының

өзі нәр беріп отырды, бұл сенім оны апаттың сұмдық соққысы күрт сындырып, оны адасудан шығарғанына және оған, орта ғасырлардың жеккөрінішті еврейіне құқық оны алдау үшін ғана берілгеніне үйреткенше жалғаса берді. Шейлоктың бейнесі менің қиялымда поэтикалық жағынан одан кем соқпайтын, бірақ тарихи тұлға Михаил Колхастың бейнесін туғызады, оны сол аттас Новеллада Генрих Клейст қайран қалдыратын шындықпен бейнелеген. Шейлок соттан әбден қор болып шығады, о әбден қалжыраған, сот үкіміне ол ләм-мим демей көнеді. Михаил Колхас басқаша. Ол менсінбей күйе жағылған өз құқығына қол жеткізудің барлық құралдарын пайдаланып болған соң, үкіметтік юстицияның қылмысты актысымен оған заңды жол жабылған соң, әділ соттың ең жоғары өкілдері тақсырды да қоса жалғандық жағына ашық шыққан соң, өзіне көрсетілген қорлықты байқап, шексіз азап сезіміне беріледі: “Егер мені табанымен таптар болса, адам болғаннан ит болған жақсы”. Ол қабылдаған берік шешім мынадай: “Мені заңның қорғауынан шығарып тастағысы келетін адам, мені жабайының ахуалына итермелейді, ол менің қолыма мен өзімді-өзім қорғайтын шоқпарды береді”. Ол сатқын әділ соттың қолынан қор болған семсерді жұлып алып, өршелене сермейтіні соншалық, қорқыныш пен үрей бүкіл елге таралды, мемлекеттің шірік байланыстары шайқалды, тақсырдың өзінің зәре-құты қалмады. Бірақ оған жігер берген тағылық кек сезімі емес, ол Карл Моор секілді қарақшыға, кісі өлтірушіге айналмайды, Карл Моор “көтеріліске шақырған үнін бүкіл дүниеге жеткізгісі келді, ауаны, жерді және теңізді шибөрінің түсігіне қарсы көтеру үшін бүкіл табиғатты қоздырғысы келді”, ол қара күйе жағылған құқықтық сезіміне бола, бүкіл адамзатқа соғыс жариялайды; ал Михаил Колхосты инсанияттық идея, “табиғат оған күш бере тұрып, қорланғаны үшін есе қайтару және өз отандастарына болашақта қауіпсіздік сылай міндетін жүктеді” деген идея биледі. Бұл идея жолына ол өзінде бардың бәрін – өз әулетінің бақытын, өзінің қадірлі есімін, дәулетін, өмірін құрбандыққа шалды. ол бір ғана

қрып-жою үшін мақсатсыз соғыс жүргізбейді, ол соғысын тек жазықтыға және оның барлық жақтастарына қарсы бағыттайды және өзінің құқығына қол жеткізу үміті оралғанда, ол ерікті түрде қаруын тастайды; бірақ осынау адам сол замандарда құқықсыздық пен намыс сезімінің жоқтығы қаншалық кең таралғанын өз үлгісімен көрсету үшін жаралғандай, өйткені Михаил Колхас жөнінде оған берілген уәде – қорғау қағазы мен кешірім – бұзылып, ол өмірін дарда аяқтады. Бірақ оның құқығы қалпына келтірілген болатын және текке күрескенім жоқ, құқықты құрметтеуге мәжбүр еттім, өзімнің адамдық ар-намысымды қорғай алдым деген ой оның жүрегін ажал алдында тыншу табады; өз-өзімен, дүниемен және Құдаймен бітіскен ол, жендеттің артынан именбей ереді. Осынау құқықтық драма жөнінде қаншама ой туады десеңізші. Мейірбан, адал, өз әулетін жақсы көретін, бала секілді игі сезімді адам Атиллаға айналады, өзінің дұшпаны тығылған аймақты отпен, семсермен аластайды, мұның бәрі ненің садары? Оны өзінің барлық дұшпандарынан, олар оны қаншама қорласа да, инсанияттық жағынан соншама жоғары көтеретін нақ сол қасиеттердің салдарынан: оның құқыққа асқақ құметінен, оның қасиетті екендігіне сенімнен, осынау құрметтің пәрменді күшінен және кінаратсыз құқықтық сезімнен. Оның тағдырының тереңнен қозғайтын трагизмі осында, атап айтқанда оның тұлғасының артықшылығы мен ізгілігінде; оның құқықтық сезімінің мінсіздікке ұмтылысы, құқық идеясы үшін ештеңені ойламай өзін-өзі құрбан ету сол кездегі бейшара дүниемен: ұлықтар мен күштілердің жүгенсіздігімен, қазылардың парызды ұмытып, қорқақтыққа бой алдыруымен қақтығыста оның ажалының себебі болып шығады. Оның қылмысы оны құқық жолына ығыстырып, оны заңсыздық жолына итеріп шығарған тақсырға, оның шенеуніктері мен қазыларына қос салмақ болып түседі. Өйткені қаншалық қиын болса да, бері салғанда тікелей инсанияттық сезім үшін қаншалық қиын болса да, адам төзетін ешқандай жалғандық Құдай әмірімен орнатылған өкіметтер өздері құықты бұза отырып жасайтын жалғандықпен тіпті де теңесе алмайды. Біздің тіл оны

өте дәл анықтағанындай, заң арқылы кісі өлтіру құқықтың ең тажалды күнәсі. Заңның күзетшісі мен сақтаушысы оны өлтірушіге айналады – бұл дегеніңіз науқасты у беріп өлтіретін дәрігер, өзі бағып-қағуға тиіс сәбиді жаншитын қамқоршы. Ежелгі Римде парақор қазы өлім жазасына кесілетін. Құқықты бұзатын әділ сот үшін қылмыскердің тұнжыр, айыптауға толы бейнесінен күші артық айыптаушы жоқ, ол қорланған құқықтық сезім салдарынан қылмыскер болған – бұл әлгі әділ соттың өзінің қанды елесі. Сатқын да біреуге бұрып тұратын әділ соттың құрбандығы құқық жолынан зорлықпен дерлік тайдырылады, сол құрбандық өз құқығының кек алушысы мен орындаушысына айналады, және көбіне-көп, ең таяу мақсатпен шектелмей, қоғамның ата жауына, қарақшыға және кісі өлтірушіге айналады. Бірақ Михаил Колхас секілді, ізгі де инсаниятты жан болмысы бұл жолға түсірмей қалғандардың өздері қылмыскер болып шыға келеді де, сол үшін жазаны өтеуге мәжбүр болғанда, өзінің құқықтық сезімінің азапталушысына айналады. Азапталушының қаны бекер төгілмейді дейді, және бәлкім, аталмыш жағдайда бұл әділетті де болар; оның қатерлі аруағы құқыққа оның өзі бастан кешкендей қорлықты ұзақ уақыт бойы мүмкін етпейді. Менің өзім сол аруақты шақырсам, мұны тіпті күшті әрі құқықтық сезім мінсіз дарыған кісінің өзі, құқықтық мекемелердің мідері оны қанағаттандырудан бас тартқан жағдайларда неге тәуекел ете алатынының қайран қалдыратын мысалын көрсету үшін ғана істеймін. Сондайда заң жолындағы күрес заңға қарсы күреске айналады. Зорлық-зомбылыққа арсы күресте, құқық сезімін қорғауға тиісті өкіметтің өзі оны көмексіз алдырғанда, құқықтық сезімнің өзі заң топырағын тәрк етеді де, өзін-өзі қорғау жолымен түсінбестік, қаскүнем ырық, дәрменсіздік жеткізбеуге тырысатын нәрсеге ұмтылады. Тіпті еркше күшті және дарынға бай тек жекелеген тұлғаларда ғана емес, егер мен солай атай алсам, ұлттық құқықтық сезім, сондай құқықтық ахуалға қарсы жалпы шағымда және наразылықта көтерілсе, кейде сол шағымдар мен наразылықтар бүкіл халықта жаңғырық тауып, белгілі

құбылыстар арқылы білдірілетіні болады, оларды біз, халық немесе белгілі бір сословие оларды қалай түсінетініне немесе іске асыратынына қарап, мемлекеттік мекемелерге халықтық қарсы салмақ деп атай аламыз. Сол кездегі қылмыстық соттардың дәрменсіздігі мен мемлекеттік өкіметтің пәрменсіздігінің салмақты дәлелдері құпия соттар, жекпе-жектер сондай болды; қазіргі кезде дуэль ар-намысты қорлағаны үшін мемлеет бұйыратын жаза қоғамның белгілі топтарының дамыған сезімін еш қанағаттандыра алмайтындығының анық дәлелі болып табылады. Корсикалықтың қанды кегін және Солтүстік Америкадағы халықтық жазалауды, Линч соты дейтінді де осыған жатқызуға болады. Олардың бәрі мемлекеттік мекемелер халықтың құқықтық сезіміне немесе қоғамдық жағдайына сәйкес еместігін көрсетеді; бері салғанда оларда не мемлекет оларды қажет нәрсе ететіндігіне, не оған төзетіндігіне наразылық жатыр. Жекелеген адамдар үшін олар, егер заң оларға тиым салатынымен, оларды жаныштай алмайтын болса, ауыр қақтығыстардың қайнар көзі болып кетеді. Мемлекет жасаған тиымның пәрменімен қанды кектен тартынған корсикалықты өз жақындары менсінбейді, ал халықтың құқықтық көзқарасының қысымымен өзі істеуге тиесілі нәрсені жасаған корсикалықты юстицияның кекшіл қолына түседі. Біздің дуэльде де солай. Мұны ар-намыс алдындағы парыз талап ететін жағдайда одан бас тартатын адам өзінің ар-намысына зиянын тигізеді, ал оған келісетін адам жазаланады – бұл жеке адам үшін де, қазы үшін де бірдей қиын жағдай. Ежелгі Римде мұндай құбылыстарды біз бекер іздестірер едік; онда мемлекеттік мекемелер мен ұлттық құқықтық сезім толық жарастықта болды. Тек христиандық заман дүниеге келгеннен бастап, орта ғасырларда еврейлер христиандар сотынан өз Раввинінің сотына қашатыны секілді, дүниауи соттан епископтың дүниауи сотына қашатын болды. Осылайша мен жеке адамның өз құқығы жолындағы күресі туралы баяндауымды аяқтап қалдым. Біз бұл күресті барлық сарындарда, таза пайданы көздейтін пиғылдан мінсіз сарындарға – кісіні және оның

инсаниятты өмірлік жағдайларын қорғауға дейін өрлеп әзірлеп шықтық та, ақыр соңында әділетті сот идеясын жүзеге асыру көзқарасына жеттік – бұл шырқау шың, мұнан жаңсақ жасалған жалғыз қадам өзінің құқықтық сезімі қорланған адамды қылмыскер ахуалына дейін жетелеп, оны заңсыздық шыңырауына құлатады. Бірақ осынау күрестің мүддесі тіпті де жеке құқықпен немесе жеке өмірмен шектелмейді, қайта оның шегінен көп шығып жатады. Ұлт дегеніміз жекелеген индивидуумдар жиынтығы және жекелеген индивидуумдар қалай сезінсе, ойласа және қимылдаса, ұлт та солай сезінеді, ойлайды, қимылдайды. Егер жеке өмір жөніндегі жеке адамдардың құқықтық сезімі енжар, қорқақ, бойкүйез болса, әділетті немесе жаман ұйымдастырылған мекемелер белгілейтін кедергілер салдарынан еркін де күшті өркендеу үшін өріс таба алмайтын болса, егер қолдау күтетін жерде, қуғындау орын алса, соның салдарынан жалғандыққа төзе беру өзгертуге болмайтындай әлдене дағдыға айналса, ондай жерде ондай құлдық, төменшік, бойкүйез құқықтық сезімін қорлау туралы болғанда: оның саяси бостандығына қастандық жасалғанда, мемлекеттік мекемелер бұзылғанда немесе құртылғанда, сыртқы жаулар басып кіргенде, мұны терең сезініп, жігерлі көтерілуге қабілетті болады дегенге кім сенеді? Өзінің құқығын тайсалмай қорғауға дағдыланбаған адам, қоғамдық іске өмірін де, мүлкін де қию ниетін қалай сезінбек? Өзінің ар-намысы мен кісілігіне тіл тигізілгенін түсінбейтін адам, тыныштығын күйттеп, ешқандай күмәнсіз құқығын сатып жіберетін адам, сол кезге дейін құқыққа қатысты істерде барлығын жалғыз-ақ материалдық мүдделер аршынымен адам, іс тұтас ұлттың құқығы мен ар-намысы туралы болған жерде, өлшемнің басқа тәсілін таңдайды деп күтуге бола ма? Соған дейін мойындалмай келген түсіну идеализмі кенет қайдан пайда бола қоймақ. Жоқ! Мемлекеттік және халықтық құқық жөніндегі күрескер жеке құқық үшін күресуге тиіс адамның нақ өзі: өзінің жеке құқықтары жолындағы күресте қалыптасқан қасиеттер оның мемлекеттік құқық жолындағы

күресінде қажет болады – жеке құқықта себіліп, пісіп жетілген нәрсе, ұлтқа мемлекеттік және халықтық құқықта жемісін береді. Кейін мемлекет өз мақсаттары үшін үлкен көлемде пайдалана алатын инсанияттық капитал жеке құқықтың төменгі сатыларында, жеке өмірдің шағын, елеусіз жағдайларында, тамшы артынан тамшылап құралып, молыға беруге тиіс. Халықты саяси тәбиелеудің шын мектебі мемлекеттік құқық емес, жеке құқық. Егер, қажет болған жағдайда, халық өзінің саяси құқықтары мен өзінің халықтық құқықтық жағдайын қалай қорғайтынын білгісі келсе, онда жеке адам өзінің төл құқығын қалай қорғайтынына жүгіну керек. Жоғарыда мен күреске құмар Ағылшынның мысалын келтірдім, бұл арада сол айтқанымды қайталаймын: ол табандап жақтайтын гульден тасасында Англияның саяси дамуы жатыр. Әркім өзінің титімдей де құқығын тайсалмай қорғайтын әдет қанына сіңген халықта оның ең жоғары игіліктерін тартып алу ешкімнің ойына келмейді және ежелгі заманда өз ішінде ең жоғары саяси өркендеуге ие болған халық, сыртта да күшінің ғаламат дамығанын көрсетті. Рим халқы сонымен бірге мінсіздік деңгейіне жеткен жеке құқыққа да ие болатын. Қандай парадокс болып естілсе де, құқық дегеніміз идеализм қиялдың идеализмі емес, мінез-құлықтың, яғни өзін-өзі мақсат деп білетін, осы қасиетті орында біреу-міреу тиіссе, ештеңеге қарамайтын адамның идеализмі. Оның құқығына осынау шабуыл қай тараптан жасалса да: жеке адам тарапынанжасалса да, немесе үкімет тарапына, басқа халық тарапынан жасалса да – оған бәрібір. Шабуылға қарсы қойылатын қарсылық шабуыл қай тараптан жасалатындығымен емес, оның құқықтық сезімінің қуатымен, ол өзін қорғауға қам жасайтын инсанияттық күшпен анықталады. Халықтың саяси жағдайы, ішкі жағдайы да, сыртқы жағдайы да, оның инсанияттық күшіне сәйкес болады деген сөз сондықтан да әрқашан дұрыс. Кіндік патшалық (автор Қытайды айтып отыр – Ауд. ) өзінің ересек балаларды жазалайтын бамбугымен, шыбығымен, басқа халықтар жөнінде, кішкентай Швейцария ие болып отырған жағдайға, өзінің жүздеген миллион адамдарына қарамастан,

ешқашан жете алмайды. Швейцариялықтардың табиғи қасиеттері өнер мен поэзия тұрғысынан Римдіктердікінен мінсіздігі жағынан да, салмақтығы мен практикалығы жағынан да еш кем көрінбейді. Құқық жөнінде осыған дейін мен айтқан мағынада алғанда, мұны Ағылшындар тәрізді Швейцариялықтарға да қолдануға болады. Кінәратсыз құқықтық сезімнің осынау идеализмі, егер тек өзінің төл құқығын қорғаумен шектелсе, сондай-ақ құқық пен тәртіпті қолдауға қатынаспаса, өзінің іргетасының астын қаза бастар еді. Ол тек өзінің құқығы арқылы жалпы құқықты қоғайтынын ғана емес, құқық арқылы ол өзінің жеке құқығын қорғайтынын да түсінуге тиіс. Қатаң заңдылық сезімі басым түсіп жатқан қоғамда басқа жерлерде үйреншікті болып кеткені соншалық, полиция заң бұзушыны қуып келе жатып, оны қолға түсіргісі келгенде халық бұқарасы соңғысының жағында болатыны, яғни мемлекеттік өкіметті өзінің табиғи дұшпаны деп білетіні секілді кінаратты құбылысты бекер іздер еді. Ал бұл арада керісінше заңның шаруасы өзінің шаруасы екенін – қылмыскерге тек қылмыскердің жаны ашитын, адал адамның оған жаны ашымайтынын, қайта мұндай жағдайда оның полиция мен бастықтарға ықыласпен көмектесетінін әркім біледі. Менің осы айтылғанның бәрінен байлам жасап жатуымның қажеті жоқ дерлік. Бұл байлам бір ғана қағидамен білдіріле алады: сыртта құрметтеуді, іште мызғымас та бекем болуды қалайтын мемлекет үшін қамқорлық жасау керек болатын нәрселердің ішінде халықтың құқықтық сезімінен асқан қымбат құндылық жоқ. Бұл қамқорлық саяси педагогиканың ең жоғары да маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс. Жеке адамдардың кінаратсыз, күшті құқықтық сезімі арқылы мемлекет өзінің төл күшінің сарқылмас қайнарына, өзінің жағдайының ең сенімді кепілдігіне ие болады. Құқықтық сезім дегеніміз бүкіл дарақтың тамыры. Тастақ немесе құмдақ топырақта өскен тамыр жарамайды, барлық қалған басқалары да әлжуаз – дауыл соғады да, бүкіл ағашты тамырымен қоса қопарады. Драқтың діңі мен төбесінің артықшылығы – олар көрініп

тұрады, ал тамыр тереңде, көзге түспейді. Халықтың инсанияттық күшіне ірітіп-шірітуші ықпал ететін әділетсіз заңдар мен жаман ұйымдастырылған мекемелер өзінің ісін жер астында жүргізеді, мұны саясаттың соншалық көп дилетанттары қаперге де алмайды; олар тек мемлекеттік дарақ төбесінің қамын жейді, ал заһар тамырдан жоғарыға жайылатынын ескермейді. Бірақ дарақты жұлып тастау үшін неден бастауды деспотизм біледі; ол төбеге тиіспейді, қайта тамырды қияды. Деспотизм атаулы жеке құқыққа килігуден және жекелеген адамдардың құқығын бұзудан бастаған; егер бұл арада ол өзінің қалағанын істей алса, дарақ өзінен-өзі құлайтын. Және оған дәл осы арада қарсы тұру маңызды, және қыздың абыройы мен ар-намысына астығы үшін әуелі патшаларды, содан кейін децемвирлерді елден аластағанда, Римдіктер өздерінің не істегенін жақсы білген. Шаруаны алым-салықтармен титықтату, азаматты полицияның қырағы көзіне тапсыру, және тіпті жүріп-тұру бостандығын паспорт жүйесімен матау, жазушының қаламына бұғау салу, салықты қалай болса, солай салу – халықтың бойында ержүректік сезімі атаулыны, инсанияттық күш атаулыны өлтіріп тастап, деспотизмге даңғыл жол ашу үшін Макиавеллидің өзі бұдан жақсы кеңес бере алмас еді. Рас, бұл орайда деспотизм мен жүгенсіздік кіретін есік сыртқы жау үшін де ашық екені есепке алынбайды және сол жау сол есікке таяп келгенде ғана, кемеңгерлер халықтың инсанияттық күші мен құқықтық сезімі сыртқы жауға қарсы ең жақсы қорғаныс болаындығын кешігіп түсінеді. Шаруа мен азамат феодалдық жүгенсіздік пен абсолютизмнің билігінде болға кезде, Германия Лотарингия мен Эльзастан айрылып қалды. Олар өздерін өздері қорғауды да ұмытып қалған кезде, мемлекетті қалай қорғамақ! Бірақ тарих сабағын тым кеш түсінетініміз үшін өзіміз кінәліміз. Біз ол сабақты тым кеш түсетініміз үшін тарих жазықты емес, өйткені тарих оларды бар дауыспен, анық қайталаудан жаңылған емес. Халықтың күші оның құқықтық сезімінің күшімен бірдей – ұлттың құқытық сезімі жөніндегі қамқорлық дегеніміз мемлекеттің саулығы мен күші жөніндегі қамқорлық.

Мұны айтқанда мен, әлбетте, оны мектеп және білім алу деп білмеймін өмірдің барлық оқиғаларына әділетті іс жүзінде қолдану деп білемін. Құқықтың жалғыз сыртқы механизмі әлі жеткіліксіз. Оның бүкіл мүлтіксіздігіне және бүкіл сыртқы тәртібіне қарамастан, мен көрсеткен талап мүлдем орындалмауы мүмкін. Заң мен тәртіп басыбайлылық құқықта да өткен замандардың көптеген басқа жағдайлары мен мекемелерінде де болған, алайда олар кінәратсыз құқықтық сезім талаптарымен мүлдем кереғар тұрған және бәлкім мемлекет олармен өзі билеп-төстеген азаматтардан, шаруалардан, еврейлерден гөрі, өзіне көп зиян тигізген болар. Материалдық құқықтың беріктігі, айқындығы, анықтығы, құқықтық сезімді азғыратын барлық жағдайларды құқықтың барлық салаларында, жеке құқық саласында ғана емес, полиция, басқару, қаржылық заңдарда шектеу, соттардың тәуелсіздігі, мекемелердің процестік жағын мүмкін болғанша жетілдіре түсу – мемлекеттің күшін көтерудің әскери бюджеттің неғұрлым дұрыс жолы міне осылар. Мемлекеттік күш жол беретін, немесе қолдап отыратын кез-келген жүгенсіз және әділетсіз үкім ұлттың құқықтық сезіміне, сонымен бірге ұлттық күшке де күшті зиян тигізеді, осылайша ол құқық идеясына қарсы күнә болып табылады, бұл күнә арынан мемлекетің өзіне нұқсан келтіреді және ол үшін пайдаға пайыз есебінен құн төлеуге тура келеді – орайы келгенде ол сонысымен бір аймағынан айрылып қалады; әрине менің өзім де мемлекет мұндай күнәлардан аулақ болу керек деген пікірді жақтаймын, бірақ жалғыз осы көзқарастың пәрменімен ғана емес, мен мемлекеттің ең асқақ та қасиетті парызы осы идеяны оның өзі үшін жүзеге асыру деп санаймын; бірақ осынау ғалым фантазиясы, егер мемлекет қайраткері немесе практикалық саясаткер мұндай тілекке иығын қиқаң еткізсе, онша таң қаларлық болмайды. Сондықтан да мен мәселенің мүлдем айқын практикалық жағын көрсеттім. Құқық идеясы мен мемлекет мүддесі қол ұстаса жүреді. Жұтаң құқық топырағында кінаратсыз құқық сезімі өсіп шықпайды, оның дамуы кешеуілдеп, тоқырай береді. Құқық

мәнісі дегеніміз, бұрын да ескертілгендей, қарекет: жалын үшін жел керек болса, құқықтық сезім үшін қарекет бостандығы сондай керек, оған мұны беруден бас тарту немесе бөгей тұру, оны өшіру деген сөз. [... ]

“Борьба за право доктора Рудольфа фонъ-
Иеринга, королевско-прусского тайного советника,
профессора
Геттингенского

университета.
Москва,
1874”
басылымынан

қазақшалаған
Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Людвиг ФЕЙЕРБАХ

(1804–1872), неміс философы, көрнекті заңгер отбасында дүниеге келген, гимназияны бітірген соң 1823 жылы Гейдельберг университетінде, дан кейін Берлин университетінде оқыған, сонда Гегегльдің лекцияларын тыңдаған. 1828 жылы “Біртұтас, баршаға бірдей және шексіз парасат туралы” диссертация қорғағаннан кейін Эрланган университетінің приват-доценті мансабына ие болып, метафизикадан, логикадан, филосфия тарихынан дәріс оқыған. Бірақ “Ажал мен ажалсыздық” жөніндегі ойлары жасырын атпен жарияланған соң, қызметінен босатылып, сабақ бере алмайтын болған. Осы тұста оның “Бэконнан Спинозаға дейін жаңа философияның тарихы”, “Лейбниц туралы”, “Пьер Бейл туралы” деген белгілі еңбектері жарияланған. 1839 жылдан кейін Фейербахтың ғалым ретінде өсуінің жаңа белесі басталды. Бұл кезед ол “Гегель философиясына сын турасында” және “Христиандық мәнісі” деген ең белгілі еңбегін жариялап, онда христиандықты материалдық сын тұрғысынан қатты айыптады. Өмірінің соңына қарай марксизм мен социализм идеясымен әуестеніп, қайтыс болуынан екі жыл бұрын социалдемократиялық партия қатарына кірді.

ФИЛОСОФИЯНЫ РЕФОРМАЛАУ ҚАЖЕТТІГІ

(1842)

Бұрынғы философиялармен ортақ дәуірге қатысты философия жөніндегі мәселе адамзаттың жаңа кезеңіне жататын философиядан мүлдем басқа; яғни өзінің тіршілігі үшін мысалы, Кант философиясы жөніндегі Фихте философиясы секілді, тек философиялық қажеттілікке, қарыздар философия бір басқа да, адамзаттың қажеттілігіне сай келетін философия бір басқа; басқаша айтқанда – философия тарихына тиесілі, тек жанама түрде, сол философия арқылы адамзат тарихымен байланысты философия бір басқа да, адамзат тарихының тікелей өзі болып табылатын философия бір басқа. Сондықтан, да сұрақ туындайды: философияға қандай да бір өзгеріс, жаңару, реворма қажет пе? Және егер – иә десек, ол қалайша жүзеге асырыла алады, қалайша жүзеге асырылуға тиіс? Осынау өзгеріс осы кезге дейін болған философияның рухы мен мағынасындағы өзгеріс болуы керек пе, әлде жаңа философия мағынасындағы өзгеріс болуы керек пе? Әңгіме осы кезге дейін болған философия туралы ма? әлде елеулі түрде өзге

философия туралы ма? Бұл екі сұрақ та басқа бір сұраққа байланысты: – біз жаңа заманны, адамзаттың жаңа кезеңінің табалдырығында тұрмыз ба, әлде ескі арнамен жөңкіліп барамыз ба? Біз тек уақыттың ілгерілеуінен сөзсіз болатын өзгерістерді ғана бойымызға сіңірген бұрынғы адамдар күйінде қалып отырған жоқпыз ба? Егер біз өзгерістердің қажеттігі туралы мәселені тек философиялық көзқарас тұрғысынан түсінетін болсақ, онда біз оны тым шектеулі түсінер едік, оны мектептегі әдеттегі дауларға айналдырып жіберер едік. Одан артық қарабайырландыру болмас еді. Философияның уақыт қажетіне, адамзат қажетіне сай келетін өзгерісі ғана қажетті де шынайы өзгеріс болады. Бірақ тарихи көзқарастың құлдырауы тұсында қажеттіліктер, әрине, қарама-қарсы болады: біреулер үшін қажеттілік дегеніміз ескіні сақтап қалу, жаңаны аластау болып табылады немесе солай секілді болып көрінеді; басқа біреулер үшін қажеттілік дегеніміз – жаңаны жүзеге асыру. Шынайы қажеттілік кімнің жағында? Болашақтың қажеттілігі болып табылатын, болашақтың алдын алған қажеттілік болып табылатын жақта; ілгерілеу бар қажеттілік жағында. Сақтап қалу қажеттілігі – қолдан жасалған қажеттілік, бұл – реакциия Гегель философиясы орын алып отырған әрқилы жүйелерді, жартыкеш шараларды қалай болса солай ұштастыру – абсолютті терістеудің жоқтығы пәрменімен оң ыңғайдағы күші жоқ ұштастыру болды. Тек абсолютті терістеуден қаймықпайтын кісі ғана, жаңаны жасай алатын құдіретке ие. Адамзаттың даму кезеңдері бір-бірінен тек діни өзгерістермен ғана ерекшеленеді. Тарихи ілгерілеу ол адамның жүрегін баурап алғанда ғана түп-тамырымен қозғайды. Жүрек дегеніміз діннің пошымы емес, өйткені сондай-ақ жүректе де пошым болуға тиіс қой; жүрек дегеніміз – діннің мәнісі. Енді мынадай сұрақ туады: біздің өз бойымызда діни революция жасалып қойда ма? Иә, енді бізде дін де, жүрек те жоқ. Христиандық терістеліп жүр; тіпті, былай қарағанда соны әлі ұстанатындар тарапынан да терістеліп жүр; бірақ ол терістелетінін аңғарғысы келмейді. Мұны

саясаттың салдарынан мойындамайды, одан құпия нәрсе жасайды; өздерін өздері әдейі немесе жорта алдайық, тіпті христиандықты терістеудің өзін христиандықтың өзі деп көрсетеді; христиандықты тек жалғыз атауға айналдырады. Христиандықты жоққа шығаруда алды-артына қарамайтындығы соншалық оң ыңғайдағы басшылыққа алынатын өзек атаулыны жайына қалдырады, символдық кітаптарды да, шіркеу әкейлерін де, інжілді де енді діни өлшем ретінде алғысы келмейді: дәл бір кез-келген дін ол діндарлықтың белгілі бір өлшемі, белгілі бір орталық нүкте, белгілі бір ппринцип болғандықтан ғана дін болып табылмайтын секілді. Бұл арада терістеу пошымындағы нәрсе шындап келгенде сақтап қалу. Христиандық дегеніміз қазір не нәрсе? Егер бізде енді өсиет жоқ болса, дін негізін қалаушылардың ырқын, рухын қайдан білмекпіз? Мұның өзі христиандық енді жоқ дегеннен басқа ештеңе де емес қой. Бұл тектес құбылыстар шындап келгенде іштей азғындауды, христиандықтың ажалын байқаудан басқа ештеңе емес. Христиандық енді адамдарға теориялық жағынан да, практикалық жағынан да сәйкес емес; ол енді рухты да қанағаттандырмайды, сондай-ақ жүректі де қанағаттандыра алмайды, өйткені біздің жүргеімізге ұялаған көк аспандағы мәңгілік рахат емес, мүлдем басқа мүдделер. Осы кезге дейін орын алып келген философия христиандықтың құлдырау кезеңіне, оны еріске шығару кезеңіне, алайда бір мезгілде оны орнықтыру болғысы келетін кезеңге тиесілі. Гегель философиясы түсінік пен ой арасындағы кереғарлықпен христиандықты теріске шығаруды жасырып қойды, яғни ол оны ұсынып отырған сәтте-ақ теріске шығарды; ол оны туындап келе жатқан христиандық пен аяқталған христиандық арасындағы кереғарлықпен жасырып қойды. Туындап келе жатқан христиандық қажет болатын – бұл арада барлық тұсау шешіп тасталуға иіс болатын. Бірақ дін, егер ол өзінің бастапқы негізі мағынасында сақталса ғана, сақталып қала алады ғой. Әу баста дін дегеніміз от, күш-жігер, ақиқат әрбір дін әу баста қатаң, даусыз, ригорл; уақыт өте келе, алайда ол

титықтай береді, іркілдек, енжар бола түседі, өзіне сатқындық жасайды, әдеттің құрбандығына шалынды. Практиканың осынау кереғарлығын татуластыру және жасырып қалу үшін, діннен діннің өзінің бөлінуін татуластыру үшін құтқарылу құралын дін заңының көне кітаптарының дәстүрлері мен оларды жаңартудан іздейді. Еврейлер солай. Христиандар өздерінің қасиетті құжаттарына мүлдем кеерғар мағына берумен жан сақтайды. Христиандық теріске шығарылуда; оны рух пен жүрек, ғылым мен өмір, өнер мен индустрия теріске шығаруда, ол мықтап, түпкілікті және дауасыз теріске шығарылуда, өйткені адамдардың ақиқат, адами, қасиеттіге қарсы нәрсені сіңіріп алғандығы соншалық, хрситиандықта қарсыласар дәрмен қалған жоқ. Осы кезге дейін болған терістеу саналы терістеу емес-тін. Қазі ғана ол саналы, қалаулы, тікелей бағытталған терістеуге немесе қазірдің өзінде солай болып отыр; бұлар христиандық осы заманғы адамзаттың ең елеулі ұмтылысына, саяси бостандыққа ұмтылысына кедергі болған сайын күшейе түсуде. Саналы терістеу Жаңа дәуірге, жаңа, бүкпесіз, енді христиандық емес, үзілді-кесілді христиандық емес философияға негіз қалайды. Философия діннің орнына келеді, бірақ нақ сондықтан бұрынғы философия орнына одан түп-түгелімен өзгеше философия келеді. Осы кезге дейін орын алып келген философия дінді алмастыра алмайды:ол философия болатын, бірақ дін емес-тін; ол дінсіз болатын. Ол діннің өзіндік ерекше мәнісін өз аясынан тыс қалдыратын, ол тек ой пошымы болуға тырысатын. Дінді алмастыруға тиісті философия, философия болуын доғармай-ақ дінге айналуға тиіс, өзіне сай келетін тәсілмен діннің мәнісін құрайтын нәрсені қабылдауға, дінге философиядан артықшылық беретін нәрсені қабылдауға тиіс. Елеулі өзгеше философияның қажеттігі сондай-ақ біздің көз алдымызда бұрынғы философияның мінсіз үлгісі тұрғанынан да туындайды. Демек, соған ұқсас нәрсенің бәрі, ол сонымен ерекше

анықталуында қаншама өзгешеленетін болса да, соның рухында баяндалатын нәрсенің бәрінің басы артық. Адамның жеке құдай олай да, былай да түсініліп, негізделе алады – бұл туралы біздің құлағымыз жеткілікті сарсыд, біз ол туралы енді ештеңе естігіміз келмейді, енді ешқандай теологияны қаламаймыз. Адамзаттағы елеулі айырмашылықтар философияда да елеулі айырмашылықтар болып табылады. Ианның орнына имансыздық, інжілдің орнына – парасат, дін мен шіркеудің онына – саясат, аспанның орнына жер, намаздың орнына – еңбек, тозақтың орнына – материалдық мұқтаждық, Христтың орнына – адам келді. Аспандағы құдай мен жердегі қожайын енді ажыратып тұрмайтын, нақты болмысқа қаяусыз көңілмен жүгінетінадамдар жер мен аспан арасындағы қырын қабақтық ахуалында өмір сүретін адамдардан басқаша жандар философия үшін ойлау нәтижесі болған нәрсе, біз үшін тікелей шындық болып табылады. Демек, бізге осынау тікелей шындыққа сәкесетін принцип қажет. Егер адам іс жүзінде Христтің орнын алса, теория тұрғысынан адам да құдай тәріздес жан иесінің орнын алуға тиіс. Қысқасы, біз өзіміз болғымыз келетін нәрсені бір асқақ принциппен, бір асқақ сөзбен қамтуға тиіспіз. Тек осы жолда ғана біз қазір өзіміздің Менімізге күн көрсетпейтін қайшылықтан, өзіміздің өміріміз бен ойлауымыздың сол өмір мен ойлауға түбірімен кереғар дінмен қайшылғынан азат боламыз. Өйткені біз тағы да дідар болуға тиіспіз және біздің дініміз саясат болуға тиіс; бірақ ол тек бір жағдайда, біз өз түйсігімізде саясатты дінге айналдыратын асқақ нәрсеге ие болғанда ғана, ол дінге айнала алады. Саясатты инстинктті түрде өзің үшін дін етуге болады, бірақ әңгіме соңғы, жаңа ғана айтылған негіз туралы, ресми принцип туралы болып отыр, теріс ыңғайда айтсақ, – бұл принцип атеизмнен басқа, яғни адамнан өзгеше құдайды жоққа шығарудан басқа ештеңе емес. Діннің түсінігіндегі құдай – әлем монархиясының әкесі, қорғаушымы, күзетшісі, қамқоры, сақтаушысы, регенті және қожайыны. Адам, сондықтан, адамға мұқтаж

емес. Ол өзінен немесе басқалардан алуға тиіс нәрсені құдайдың өзінен алады. Адам, сондықтан, басқа адаммен кездейсоқ қана байланысты болады. Егер біз өзімізге мемлекетті субъективті түсіндірсек, адмдар тек ешқандай құдайға сенбейтіндіктен, олар өзінің діни сенімін санасыз түрде, оқыстан, іс жүзінде терістейтіндіктен бірігеді. Мемлекетке негіз берген құдайға сенім емес, құдайға күмәнмен қарау. Адам үшін құдай ретінде адмға сену мемлекеттің шығу тегін субъективті түсіндіреді. Мемлекетте адамның күші бөлініп шығып, дамығанда мұны осынау бөлініп шығу мен жаңадан қосылу арқылы шексіз жан иесінжасау үшін істейді; онда көптеген адамдар, көптеген күштер бір күш ретінде көрінеді. Мемлекет – барлық нақты нәрсенің жиынтығы, бұл адамның көрегендігі. Мемлекетте бірі екіншісін алмастырады, бірі екіншісін толықтырады. Менің шамам келмейтінге, білмейтінге екінші адамның шамасы келеді, біледі. Мен табиғат күшінің әмірене берілген өзім үшін ғана емеспін; мені басқалар жақтайды, мені баршаға мемлекет шектелмеген, шексіз, шынайы, мінсіз және құдай сынды адам. Мемлекет дегеніміз ең алдымен адам, өзін өзі айқындайтын, өзіне өзі қатысты, абсолют адам. Мемлекет дегеніміз нақты шындық, біра сонымен бірге сондай-ақ діни сенімді іс жүзінде тәрк ету. Тіпті бүгіндері де діндар кісі адамнан зәру кезінде тек көмек күтеді. Ол бұл орайда барлық жерде болуға тиіс “алланың бергеніне” шүкіршілік етеді. Әрине, табыс көбіне-көп адамиқызметке емес, кездейсоқ қолайлы жағдайға байланысты, бірақ “алланың бергені” дегеніңіз тек иманды имансыздық өзінің практикалық атеизмін жасыратын әуейлік қана. Практикалық атеизм осылайша мемлекет үшін арқау болып табылады; адмдар мемлекетте оларды құдай жоқтықтан тұрады, өйткені олар үшін құдай – мемлекет, сондықтан да ол “ұлы мәртебелі” деген құдайлық атақтан дәметеді. Мемлекет үшін негіз және арқау болып табылатын нәрсе – практикалық атеизм – қазір санаға сіңді. Қазір адамдардың саясатқа ден

қоятын себебі, олар христиандықты адамдарды саяси күш-қуаттан айратын деп біледі. Ойшыл өзінің танымында (Erkenntnіss) санадан бұрын ие болатын нәрсе практикалық адамның ұмтылысында болады. Бірақ адамзаттың практикалық ұмтылысы саяси ұмтылыс, мемлекет істеріне белсене қатысуға ұмтылысы, саяси иерархияны, халықтың әрейілігін құртуға ұмтылыс, саясатта католицизмді терістеуге ұмтылыс болып табылады. Реформация діни католицизмді жойды, бірақ есесіне жаңа заман оның орнына саяси католицизмді қонжитты. Реформация дін саласында жасағысы келіп, күш салғысы келген нәрсені, қазір саясат саласында істегісі келеді. Құдайды парасатқа айналдыру құдайды аластамай, тек оны басқа орынға қоятыны секілді, проестантизм де корольді папаның орнына қойды. Енді әңгіме саяси папалық туралы жүріп жатыр. Корольдің қажеттілігінің негізі папаның қажеттілігінің негізімен бірдей. Жаңа, деп аталатын бұрынғы уақыт – протестантизмнің ортаа ғасырлары, онда біз тек жартылай терістеу мен айла-шарғы жолымен Рим шіркеуін, Рим құқығын, ескі бөлінулерімен университеттерді, қылмыстық құқықты және т.б. ұстап тұра алдық. Заман рузы яки болашақ рухы – реализм рухы. Егер біз адамнан өзгеше тірішілік иесін ең жоғары принцип және ең жоғары тірішілік иесі деп түсінетін болсақ, онда абстракт пен адам арасын айыру сол тіршілік иесін танып-білудің бұлжымас шарты ретінде елестейді де, біз өзімізбен, дүниемен, нақты болмыспен ешқашан тікелей бірлікке келе алмаймыз; біз өзіміз бен дүниені қандай да бір басқа, үшіші біреу арқылы нақтылап, әрқашан туындатушы орнына туынды аламыз; бізде өзімізден тыс болмаса да, есесіне өзіміздің ішімізде о дүниелік бірдеңе болады; ұдайы теория мен практика арасындағы кереғарлықпен қаламыз, басымызда бір тіршілік иесі, жүрегімізде басқасы болады; басымызда “абсолютті рух”, өмірде – адам болады; онда тіршілік иесі емес ой, мұнда – ноумен емес, ой емес тіршілік иесі болады; өмірде біз ұдайы

ататған сайын философиядан тыс қаламыз, ал философияда – аттаған сйын өмірден тыс қаламыз. Шіркеу басшысы папа дәл мен секілді адам, король дәл біздің бәріміз секілді адам. Демек, ол өз өкіметін шектеусіз пайдалана алмайды: – ол мемлекеттен, қоғамнан жоғары тұрған жоқ. Протестант – діндар республикашыл. Протестантизм ыдырау тұсында, жоғалып біткен кезде, яғни оның діни мәнісі әшкереленіп, байқалған кезде, сондықтан саяси республикашылдыққа жетелейді. Егер біз протестантизмдегі біз қожайын болып табылатын аспан мен біз қызметші болып табылатын жер арасындағы кереғарлықты жоя алсақ, егер біз осылайша жерді бізді анықтайтын орын деп мойындасақ, онда протестантизм бірден республикаға алып келеді. Егер бұрынғы заманда протестантизм республикамен байланысты болса, онда бұл, әрине, кездейсоқ (мәнсіз болмаса да) болатын, өйткені протестантизм адамдарды дін жағынан ғана бостан етеді; қайшылық осыдан туындайды, өйткені, протестантизмнің діни сенімі әлі мызғыған жоқ. Тек сен христиандық дінді жолыңнан алып тастағанда ғана, сен, былайша айтқанда, республикаға құқық аласың; өйткені христиандық діндегі өзіңнің республикаң баршаға арналмаған, демек, осында жер бетінде сен оған мұқтаж емессің. Оған керісінше, сен мұнда қызметші болуға тиіссің, өзгеше болса аспан басыр артық нәрсе болып шығар еді.

ІІІ. Құқық пен Мемлекет

1. Мен өмір сүрсем, бұл өмір сүруге құқығым бар екендіктен емес, қайта мен өмір сүріп жатқандықтан, менің өмір сүруге даусыз хақым бар екендігінен. Құқық дегеніміз екінші қатарадғы бірдеңе; құқықтың алдында

құқық болып табылмайтын бірдеңе, яғни құқықтан көбірек бірдеңе, алам енгізгеннен басқа бірдеңе тұр.

2. Құқықтың шынайылығы мен дұрыстығы тек сезімнің шынайылығы мен дұрыстығына сүйенеді. Тек сол ғана қойылған қолдың дұрыстығына, таңбаның дұрыстығына, мәнеттің дұрыстығына баға береді – жұртшылықтың кредиті соларға байланысты! Бірақ ол жалғыз өзі ғана сезім арқылы куәландырылған зат болып табылатын тән бірдейлігінсіз бола ала ма? 3. құқық бастапқыда заңға тәуелді болмайды, керісінше, заң құқыққа тәуелді. Заң құқық болып табылатын және құқық бойынша нәрсені ғана беркітеді, тек құқықты басқалар үшін парызға айналдырады.

4. Сұмдық инсанияттық жамандық адамдар өзі мен басқалардың арасындағы бірдейліктегі айырмашылықты бүркемелейтіндіктен туындайды. әлбетте, біз екеуміз де адамбыз; бірақ бұл ең азы екені әлбете бесенеден белгілі. Теңдікті менмендікке қарсы қою керек, менмендік басқаның адам болуына жол бермейді, өзін одан жоғары тұрған, артықшылығы бар тіршілік иесімін, бір кездері дворяндар өздерін плебс, бюргерлер жөнінде санағанындай, тегі ерекше, ерекше жынысты тіршілік иесімін деп санайды, демек жасанды айырмашылыққа қарсы қою керек.

5. Саясат та, мемлекет те өздері үшін мақсат болып табылмайды. Мемлекет адамдарға сіңіп кетеді, тек адамдар ырқымен ғана тіршілік етеді. Нағыз адам, нағыз рух – субъективті адам деп аталатын кісі. Бұл христиандықтың ақиқаты. Біз христаиндықтан және адам мемлекетке сіңіп кететін, бюргер тұтас күйінде алған адамнан жоғары тұрған (тіпті

бюргердің өзі осы заманғы “боданнан” неғұрлым адами және мінсіз
тіршілік иесі болса да) мәжуси мемлекеттік өмірден артақ қайтып
оралмаймыз.
Христиандықтан айырмашылық тек субъектиутң адам нақты дүниенің

мазмұнымен молығатынын, аспандағы жаратылыстан тыс субъективтілік
практикалық чубъективтілікке айналдырылатындығынан құрала алады.

6. Бостандық дегеніміз адамға шектелмейтін, оның тұтастығына, оның бүкіл күші мен қабілетіне сәйкес келетін қарекет өрісін беруден басқа ештеңеден құрала алмайды. Егер мемлекет, субъективті рухтан өзгеше, объективті ақиқат нәрсе ретінде көрсетілсе, онда адам машинаға қарай азғындайды, адамдық қасиеттен айралады, абстрактты сан ретінде мемлекет үшін құрбандыққа шалынады. Адам пікірде қандай болатыны, ол қалай көрінетіні ол шынында қандай екендігінен артық орнығады.

7. Барлығы да дара әміршінің рақымы мен өзімбілемдігіне тәуелді мемлекетте әрбір ереже шатқаяқ нәрсеге айналады, мойынсұнумен бірге, күмән жоқ, “мәңгілік инсанияттық заң” туралы түсінік, жақсылықтың қажеттігі, әділеттің ортақтығы мен қатаңдығы жөніндегі кәміл сенім түп тамырымен жұлып тасталады, дербестік сезімі, ержүректік және жақсылық жасауға бейімділік жұлып тасталады. Шектеусіз монархия – инсаниятсыз мемлекет. 8. Тарих дегеніміз – тек қана адамзаттың адамға айналуы: біріншісі және адамға ең жақыны ең соңғысы әрі ең алысы болып шығады. Адам өзінің мәнісін объективтендіру арқылы білдірілетіні, оның әуелі, ол мұны өзінің мәнісі деп және бұл дұрыс деп қарастыра бастаудан бұрын, өзін өзінен өзгеше және одан жоғары тұрған тіршілік иесі деп қарастыратынына,

тарих тым таптаурын мысалдар береді. Католицизм үшін жаратқанның институты болған нәрсе протестантизм үшін адамдар енгізген нұсқауға айналды.

9. “Дүние құдайдан” дейтін қағида “король құдайдан” деген қағидамен бірдей. Корольдік құдайдың рахымымен қаншалық ақиқат болса, дүние құдайдың рахымымен екендігі де соншалық ақиқат. Онда табиғи сіңісу орнына жағдай, себеп бар, мұнда саяси сіңісу және себеп орнына ойдағы себеп қойылады.

10. Адамзат тарихының жолы, әрине, оған арналған жол, өйткені адам мысалы, ағыс ыңғайына еретіндігі секілді, ол табиғат ыңғайына ереді. Адамдар өзіне орын табатын, оның үстіне өзіне сәйкес келетін орын табатын жерге ұмтылады. Олар бір жерге шоғырланады, олар өздері өмір сүретін орынды таңдап алады. Үндістанның мәнісі – үнділердің мәнісі. Үнді дегеніміз оның өзі және ол тек үнді күнінің, үнді ауасының, үнді суларының, үнді хайуанаттары мен өсімдіктерінің жемісі ретінде кім болғанының дәл өзі. Демек, бастапқыда қандай жолмен табиғаттан басқа нәрседен шыға алмақ? Бастапқыда қандай да болсын табиғатқа бейімделген адамдар шетін нәрсені ұнатпайтын табиғаттан пайда болды.

11. Дуализм, кереғарлық дегеніміз діннің мәнісі, кереғарлық монархияның да мәнісі. Біріншісінде біз құдай мен дүниенің кереғарлығына, монархияда мемлекет пен халықтың кереғарлығына тап боламыз. Бұлардың екеуінде де төл мәніс басқа мәніс ретінде адамға қарсы тұр – біріншісінде баршаға ортақ мәніс ретінде, екіншісінде – шын мәніндегі, жеке немесе индивидуалдық тіршілік иесі ретінде қарсы тұр.

“Князьдар дегеніміз құдайлар”, яғни олар нақты болмыстағы мәәнсітен біршама басқаша көрінетін тіршілік иесі, іс жүзіде басқа адамдардан өзгешеленбейтін, ол ойда басқа, неғұрлым жоғары текті тіршілік иелері болып көрінетін тіршілік иелері.

12. Елестете білу – теологияның күш қуаты, елестете білу – монархияның күш-қуаты. Елестете білу адамзатқа билік жүргізіп тұрғанда князьдар адамзатқа үстемдігін жүргізе береді. Бір жағынан сән-салтанат, даңғойлық, жылтыраққұмарлық, көпе-көрнеулік, екінші жағынан қайыршылық, мұқтаждық, кедейшілік – монархияның қажетті атрибуттары міне осылар. Елестете білудің күш-қуаты тек мадақтап сөйлеуден ләззат алып, толық ашылды; ең жоғары бақытқа тек смұдық сорлылық, аспанға – тек тозақ, құдайға – тек сайтан сәйкес келеді.

13. Теологиялық ойлау жүйесі саласында антропологияға айналуы дегеніміз практика мен өмір саласында монархияның республикаға айналуы.

14. Бостандық дегеніміз, әрине, бәрінен асқақ нәрсе, бірақ идея секілді соншалық аз көлемде ол бәрінің бастауы; ол – мақсат; тәндік емес, тума бейімділік – адам бостан болып тумайды; бостандық дегеніміз білім алудың, әрине, тиісті туа біткен дарындар негізінде білім алудың нәтижесі.

15. Адамдар адами ырықтық қылықтардың қажеттілігіне сенбеуден немесе бостандық туралы метафизикалық ілімнің көмегімен солардан арылудан бостан болмай қалар еді дегенге сенуден күлкілі ештеңе жоқ.

16. бостандықтың жаратылыстық қажеттілігімен фантазияның, адасудың заңдылығы – қажеттіліктен осынау ауытқулар қалай бәтуаласа алмақ? Бұл ескертпе дәлме-дәл мынаған ұқсайды, егер хайуанаттардың жүріп-тұруы тек сүймен, механика заңына сәйкес келетінін танып-білуге осынау заңға сәйкестікпен хайуанаттардың секіруі мен жарыса жөнелуі әрлі-берлі жүгіруі, құлап және сүрініп қалуы қалай үйлеседі деген есуас сұрақ қойғанмен бірдей.

17. Бостандық, соған ұқсас барлық басқа жалпыламасөздер сияқты, бұлдыр мағынада алатыны соншалық, көптеген адамдар үшін бостандықты жоққа шығару, яғни фантастикалық бостандық түрғылықты орныңды өз қалауыңмен алмастыруды терістеумен бірдей, сондықтан олардың “адам бостан емес” дегені “адам адам емес, яғни жүріптұратын жан иесі емес, тек өсімдік, тас” дегенімен бідей.

18. Идеалист немесе спиритуалист, бері салғанда, егер ол дәйекті болса, сыртқы саяси бостандықты қалайша өзінің мақсаты етіп қоя алатынын мен түсінбеймін. Спиритуалистке рухани бостандық жеткілікті ғой; сырттан жасалатын қысым неғұрлым көп болса, оның керісінше, ішкі бостандықты пайдалану негізі көп бола түседі. Спиритуалистердің түсінігіндегі саяси бостандық – саясат саласынағы материализм. Шын мәніндегі саяси бостандық – саясат саласындағы материализм. Шын мәніндегі бостандыққа іс жүзінде сондай-ақ материалдық, тәндік бостандық та жатады. Баспасөз бостандығы менің басыма ғана емес, менің жүрегіме, менің өкпеме, менің өтіме де өріс пен таза ауа береді. Ал спиритуалистке ойша бостандық та жеткілікті.

19. Кастелярдың испан монархиясына қарсы сөзінен: “Адамзаттың тарихы идеялар мен мүдделер арасындағы тұрақты күрес; мүдделер әрқашан қас қағым сәтке ғана жеңіп шығады, ал ұзавқ уақытқа тек идеялар ғана жеңеді”. Бұл неғылған қарсы қою? Идеялар сондай-ақ мүдделер емес пе? Қас қағым сәтке танылмаған, жек көрінішті, қуғындалатын, әлі күшіне кірмеген заң мойындалмаған мүдделер емес пе, жекелеген, бүгіндері үстем болып отырған сословиелердің ерекше мүдделеріне кереғар мүдделер емес пе, әзірше тек идеяларда ғана бар мүдделер, баршаға ортақ адами мүделер емес пе? әділет ортақ мүдде – әділетсіздіктен жапа шегетіндердің мүддесі, өз-өзінен белгілі, бері салғанда, сол әділетсіздікті пайдаланатындардың мүддесі, яғни тек басқа таптардан артықшылығынан қанағат табатын сословиелер мен таптардың мүддесі емес пе?

20. Соған қарамастан, қаншама әлеуметтік жамандықтар, дәл солай, бері салғанда, зор беймазалықтарға соқтырмастан, мысалы эмигранттық кемелердегі сияқты беймазалықтарға соқтырмастан, олар тек ескі практиканы жалғастыру мүлдем мүмкін емес нүктеге жеткенде ғана жойылатынына қарамастан, соншалық оңай жойыла алар еді. Адам, үкімет тек қысым, әрқашантек мәжбүр ету пәрменімен адам, үкімет солай істейді және олардың ең әдемі сөздерімен таразылағанда ешқашан олай істемейді; ешқашан еркін, парасатты және көрегендікпен істемейді.

21. Халық пен қара халық арасындағы айырмашылық қандай? Егер қара бұқара, тегінде, үстем болып жүргендерге ұқсайтын немесе пайдалы

нәрсеге сенетін немесе соны істейтін болса, қара бұқара халық болып табылады; кереғар жағдайда халық та бұқара болып табылады.

“Людвиг Фейребах. Сочения. Том первый. М., 1923. Петроград” басылымынан қазақшалаған

Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Карл МАРКС

(1806-1883), Социалистік ойшылдардың ең елеулісі, марксизм деп аталатын ой джүйесін жасаушы. 17 жасында Бонн университетінің заң факультетіне түсіп, артынан әкесі оны Берлин университетіне ауыстырған. Сонда ол әуклі гегель, содан кейін Фейербах философиясының ықпалында болған 1843 жылы Женни фон Вестфаленге үйленіп, сол жылы ол Гегегльдің сол заманғы неміс мемлекетін ақтауын

сынап көлемді еңбек жазған. Германиядан жұмыс таба алмай Парижге қоныс аударған. Экономиканы тереңдеп зерттеу арқасында “жаңа революция жаңа дағдарыстың арқасында ғана мүмкін болады” деген қорытындыға келіп, өзін “капиталистік қоғам қозғалысының заңдарын” зерттеуге арнады. Оның нәтижесі – “Капитал”. Ол өзінің концепцисын “тарихты материлаистік түсіну” деп сипаттап, адамзаттың дамуы мен тарихын ұғынудың кілті өндірістік қызмет, еңбек дегенді кесіп айтқан. Саяси, философиялық немесе діни идеялар мен ұғымдар екінші кезекте келіетін нәрсе. Тарих – кездейсоқтық нәтижесі, ұл ыадамдар қарекетінің немесе жаратылыстан тыс күштер ықпалының жемісі емес; тарих – жалпы алғанда адамзат қызметінің туындысы және белгілі бір заңдарға бағынады. Оның ілімі социалистік қозғалыстың негізіне алынып, XX ғасырдың аяғына декйін ықпалды болып қала берді.

КАПИТАЛ

Саяси экономияға сын

Бірінші том. Бірінші кітап

КАПИТАЛДЫ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІ

Жиырма төртінші тарау

Бастапқы делінетін қордалану

7. Бастапқы қордалану құпиясы

Біз ақшаның капиталға қалай айналатынын, капиталдың қосымша құнды қалай өндіретінін және қосымша құн есебінен капиталдың қалай көбейетінін көрдік. Әйтсе де капиталдың қордалануы қосымша құнды, қосымша құн капиталистік өндірісті, ал осы соңғысы тауар өндірушілердің қолында едәуір мөлшерде капитал мен жұмыс күшінің болуын қажет етед. Осылайша, бүкіл осынау қозғалыс, тегінде, кінаратты шеңберде айналып

жүріп жатады, ал одан біз капиталистік қордалану алдында “бастапқы” (А. Смитше “prevіous accumulatіon”) қордалану, өндірістің капиталистік тәсілінің емес, оның әуелгі нүктесі болып табылатын қордалану болды деп топшыламай тұріп ол шеңберден шыға алмаймыз. Осынау бастапқы қордалану саяси экономияда шамамен теологиядағы күнәға бату секілді рөл атқарады; Адам алманы бір тістеді де, сонымен бірге адамзат тегіне күнә да енді. Оны түсіндіргенде, ол ежелгі заманда болған тарихи анекдот ретінде айтады. Есте жоқ ескі замандарда, бір жағынан, еңбекқор және, ең алдымен ұқыпты парасатты таңдаулылар және, екінші жағынан, қолына түскеннің бәрін, тіпті одан да артығын тек тамағына тығатын жалқау туралы байғұстар болыпты-мыс. Рес, күнәға бату туралы теологиялық аңыз бізге адамның өз тамағын маңдай терімен табуға қалай кесілгенен айтады; ал экономикалық күнәға батудың тарихы бізге соған мүлдем мұқтаж емес адамдардың қалай пайда болғанын ашып береді. Бірақ мұның бәрібір. Ақырында былай болып шықты; алғашқылары байлықты жатпай-тұрмай жиып алыпты, ал соңғыларында, сайып келгенде, олардың өз терісінен басқа сататын ештеңесі қалмапты. Қалың бұқараның кедейшілігі өзінің шығу тегін сол күнәға бату заманынан бастайды, сол бұқарада, оның бүкіл еңбегіне қарамастан, әлі де өзінен басқа сататын ештеңе жоқ, ал аздаған адамдардың байлығы, олар жұмыс істеуді әлдеқашан қойғанына қарамастан, ұдайы өсіп келеді. Мұндай пасық ертегілерді, мысалы, proprіété’ні (меншікті) ақтау үшін, Теьер мырза бір кездегі соншалық сөзге ұста француздарға, мұның үстіне мемлекет қайраткерлерінің салтанатты-маңғаз әлпетімен әлі де мылжыңдап айтып келеді. Бірақ, гәп меншік мәселесі туралы болғандықтан, қасиетті борыш барлық жастағы адамдар мен дамудың барлық сатылары үшін бірден-бір дұрыс нәрсе ретінде балалар әліппесінің көзқарасынан таймайды талап етеді ғой. Ал шын тарихта жауалап алу, езгіге салу, қарақшылық жасау – қысқасы, зорлық үлкен рөл атқаратыны белгілі. Бірақ мондыбас саяси экономияда бағзы заманнан бері идиллия салтанат құрып келеді. Құқық

пен “еңбек” ежелден-ақ баюдың бірден-бір құралдары болды – әрқашанда, әлбетте, “осы жыл” ғана бұл санатқа жатпайды. Шынына келгенде бастапқы қорланудың әдістері – қалағаныңыздың бәрі, бірақ тек идиллия емес. Ақша мен тауар дәл өмірлік қаражат және құралдары секілді өздігінен тіпті де капитал болып таьылмайды. Олар капиталға айналдырылуға тиіс. Бірақ бұл айналдыру тек белгілі бір жағдайларда ғана мүмкін болады, олар мынаған саяды: туар иелерінің өте әрқилы екі түрі бір-бірімен ұшырасып, қатынас жасай бастауға тиіс, олар – бір жағынан ақшаның, өндіріс құралдарының және күнкөріс қарадатының иесі, оған өзі иеленіп кеткен құн сомасын одан әрі ұлғайта түсін үшін өзгенің жұмыс күшін саты алу керек; екінші жағынан, бос жұмысшылар, төл жұмыс күшін сатушылар және, демек, еңбегін сатушылар болуы керек. Бос жұмысшылар екі жақты мағынада: олардың өздері құлдар, басыбайлылар және т.б. секілді тікелей өндіріс құралдары санатына жатпайды, бірақ дербес шаруашылық жүргізетін шаруаларда және т.б. болатыны секілді, өндіріс құралдары да оларға тиесілі емес; керісінше, олар өндіірс құралдарынан жұрдай, олардан босатылған, олардан айрылған. Тауар базарының осынау кереғарлығымен капиталистік өндіірстің негізгі шарттары меншік жұмысшылардан бөліп тасталуын көздейді. Және капиталистік өндіріс қаз тұрған бойда, ол осынау бөліністі тек қолдап қана қоймайды, оны ұдайы өсе түсетін ауқымда қайталап та отырады. Осылайша, капиталистік қатынасты құратын процесс жұмысшыны оның еңбек шартына меншіктен айыратын процестен – бір жағынан, өндірістің қоғамдық құралдары мен күнкөріс құралдарын капиталға, екінші жағынан тікелей өндірушілерді жалдамалы жұмысшыларға айналдыратын процестен өзге ештеңе бола алмайды. Демек, батсапқы делінетін қордалану өндірушіні өндіріс құралдарынан бөліп тастаудың тарихи процесінен өзге ештеңе де емес. Ол “бастапқы” деп көрсетіледі, өйткені капиталдың алдыңғы тарихын және оған сай келетін өндіріс тәсілін құрайды.

Капиталистік қоғамның экономикалық құрылымы, феодалдық қоғамның экономикалық құрылымынан өсіп шықты. Соңғысының іріпшіруі алғашқысының элементтерін босатты. Тікелей өндіруші, жұмысшы, оның жерге маталуы және оның басыбайлылық немесе феодалдық тәуелділігі тоқтатылғанда ғана басына билік жүргізу мүмкіндігін алады. Одан әрі, өзінің тауарын оған сұраным бар жерге апаратын, жұмыс күшін бостан сатушы болу үшін, жұмысшы цехтардың үстемдігінен, шәкірттер мен шебердің көмекшілері туралы хец жарғыларынан және еңбек жөніндегі басқа да қыспақты нұсқаулардан құтылуға тиіс болатын. Сонымен, өндірушілерді жалдамалы жұмысшыларға айналдыратын тарихи процесс, бір жағынан, оларды феодалдық міндеткерліктен және цехтық мәжбүрлеуден құтақру ретінде көрінеді; біздің буржуазиялық тарихшылар үшін тек осы бір жағы ғана бар. Бірақ, екінші жағынан, босатылғандар олардан олардың барлық өндіріс құралдары мен тіршілік етудің байырғы, феодалдық мекемелер қамтамасыз ететін барлық кепілідктері тартып алғанғанда ғана өзін-өзі сатушыларға айналады. Және оларды осынау экспроприациялаудың тарихы адамзат шежіресіне қан мен оттың жалқын тілімен жазылған. Өнеркәсіптік капиталистер, осынау жаңа әміршілер, өз тарапынан, тек цех шеберлерін ғана емес, байлық көздеріне ие феодалдарды да ығыстырып шығаруға тиіс болды. Бұл жағынан алғанда олардың көтерілуі тым өрескел артықшылықтары бар феодалдық билікке қарсы, сондай-ақ еркін қанауына салатын бұғауларға қарсы жеңімпаз күрестің жемесі ретінде көрінеді. Аалйда өнеркәсіп рыцарьлары семсер рыцарьларын тек олар өздерінің мүлдем қатысы жоқ оқиғаларды пайдалануының арқасында ғана ығыстырып шығара алды. Олар бір кездері Римнің еркіндік берілген құлдарына өз патрондарының қожайындарына айналуына мүмкіндік берген лас құралдарды пайдаланып көтерілді. Жалдамалы жұмысшыны да, капиталисті де жасаған дамудың әуелгі нүктесі жұмысшының құлдығы болды. Бүл даму оны құлдыққа түсірудің

пошымын өзгертуден, феодалдық қанауды, капиталистік қанауға айналдырудан құралды. Осынау процестің барысын түсіну үшін біздің өткенге тым бойлай беруіміздің қажеті жоқ. Капиталистік өндірістің алғашқы ұрықтары Жерорта теңізі бойындағы қалаларда аракідік XІV және XV жүзжылдықтарда ұшырасып қалатынымен, капиталистік дәуірдің басталуы тек XVІ жүзжылдыққа жатады. Ол келіп жеткен жерлерде басыбайлылық құқығы әлдеқашан жойылған және орта ғасырлардың ғаламат беті – ерікті қалалар реңкі солған еді. [...]

5. Егіншілік революциясының өнеркәсіпіне кері ықпалы.

Өнеркәсіптің капитал үшін ішкі базарды жасау

Село халқын дүмпулермен жүзеге асырылатын, ұдайы қайталанып тұратын экспроприация және оны жерден қуу, біз көргендей, қалалық өнеркәсіпте пролетариялардың цехтық қатынастар атаулыдан мүлдем тыс тұрған ылғи да жаңа бұқарасын дүркін-дүркін жеткізіп тұрды, – мұның өзі күрделі жағдай болатын, ол қария А. Андерсонды4 (Джемс Андерсонмен шатастырмаңыз) оның сауда тарихв туралы еңбегінде жазмыштың тікелей араласуына қалай сенуше мәжбүр етті. Біз әлі бастапқы қордаланудың осы тұсына бір минутқа тоқөтала кетуге тиіспіз. Дербес шаруашылық түргізетін бір жерде әлемдік материалдың қоюлануы оның басқа жерде сирексуімен түсіндірілетіні секілді еді. Жер, оны өңдейтін адамдар санының кемігеніне қарамастан, енді бұрынғымен бірдей немесе одан да көп өнім бере бастады, жер меншігі қатынастарындағы революцияға өңдей әдістерінің жақсартылуы, кооперацияның кеңейтілуі, өндіріс құралдарының шоғырлануы және т.б. ілесе жүрді, өйткені ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылар неғұрлым интенсивті еңбекке5 мәжбүр етіліп қана қойған жоқ, өндірістің олар өздері үшін,

4 Оның “Natіon de Phіlosophіe Naturelle” атты еңбегін қараңыз. Parіs, 1838. 5 Мұны сэр Джемс Стюарт атап көрсетеді.

жұмыс істеген саласы да барған сайын қысқара берді. Осылайша, селохалқының бір бөлігінің босаиылуымен сонндай-ақ оның бұрынғы күнкөріс құралдары да босатылады. Енді олар ауыспалы капиталдың заттық элементтеріне айналады. Жер мен аспан арасында қалған шаруа олардың құнын өзінің жаңа қожайынында, өнеркәсіптік капиталисте, жалақы пошымында табуға тиісті. Өнеркәсіп үшін ауыл шаруашлығы жеткізіп беретін отандық шикізат та күнкөріс қаражаты тағдырына тап болды. Ол тұрақты капиталдың элементіне айналды. Мысалы, мынаны елестетіп көрейік: Фридрих ІІ заманында бәрі де зығыр талшығын иірумен айналысқан Вестфалия шаруаларының бір бөлігі зорлықпен экспроприацияланып, жерден қуып жіберілді, ал қалған бөлігі ірі фермерлердің жалшыларына айналдырылды делік. Сонымен бір мезгілде зығыр талшығын иіретін және тоқитын кәсіпорындар көбейе түседі, жерден “босатылғандар” соларға жұмысшылар ретінде жалданады. Зығырдың түр-түсі бұрынғыдай. Оның бірде-бір талшығы өзегрмеген, тек оның деенсіне енді жаңа әлеуметтік жан жайғасты. Енді ол мануфактура иесінің тұрақты капиталының бір бөлігін құрайды. Егер ол бұрын ұсақ өндірушілер бұқарасының арасында бөлініп, олар өз отбасымен бірге оны өсіріп, аз-аздап иіріп келсе, енді ол басқа адамдарды тоқып, иіруге мәжбүр ететін бір капиталистің қолына шоғырланған. Зығыр талшығын иіретін жерде жұмсалатын қосымша еңбек бұрын қисапсыз шаруа әулеттерінің қосымша табысы ретінде, сондай-ақ – Фридрих ІІ заманында – pour le roі de Prusse6 салығы түрінде кәдеге жарайтын. Енді ол азын-аулақ капиталистердің пайдасы түрінде кәдеге жарайды. Енді ол азын-аулақ капиталистердің пайдасы түрінде кәдеге жаарйды. Бұрын деревняларда бытырап жатқан ұршықтар мен тоқу станоктары енді жұмысшылардың өздері және шикізат секілді азын-аулақ ірі жұмысшылар казармаларына шоғырланды. Ұршықтар да, тоқу станоктары да, шикізат та иірушілер мен тоқушыларға тәуелсіз күнкөрісінің құралдарынан иірушілер мен

6 Сөзбе-сөз алғанда: Пруссия королінің пайдасына, ауыспалы мағынасында: бекерге.

тоқушыларға бұйрық жүргізудің құралдарына, олардан ақысы төленбеген еңбекті сорып алу құралдарына айналды. Ірі мануфактуралардың, дәл сол секілді ірі фермалардың сыртқы көрінісіне қарап, олар көптеген ұсақ өндірушілерді экспроприациялау жолымен көптеген ұсақ өндірістік бірлестіктерден құрылды деп тіпті де айта алмайсың. Алайда қалыс бақылаушыны осынау сыртқы көрініс алдай алмайды. Мирабо – революцияның осынау арыстаны заманында ірі мануфактуралар әлі manufactures réunes, біріккен шеберханалар деп аталатын, бұл біздің қазіргі кезде біріктірілген егістіктер дейтініміз секілді еді. [...] “Село халқының бір бөлігін экспроприациялап, деревнядан аластау тек өнеркәсіптік капитал үшін жұмысшыларды, олардың күнкөріс құралдарын, олардың еңбегінің материалын босатып қана қоймайды, ішкі базарды да құрады. Шынында да ұсақ шаруалардыь жалдамалы жұмысшыларға, ал олардың күнкөріс құралдар мен еңбек құралдарын капиталдың заттық элементтеріне айналдыратын уақиғалар, сонымен бір мезгілде осынау соңғысы үшін ішкі базарды құрады. Бұрын шаруаның отбасы кұкөріс құралдары мен шикізатты өзі өндіріп, өзі ұқсататын да, олардың көп бөлігін тұтынатын. Осынау шикізат пен күнкөріс құралдары енді тауарларға айналды. Ірі фермерлер оларды сатады; мануфактуралар оның базары болып табылады. Иірілген жіп, мата, дөрекі жүн бұйымдары – шикізаты әрбір шаруа отбасының өз қолында болған заттар оның өзінің тұтынуы үшін иіріліп, тоқылатын заттар – енді мануфактуралық бұйымдарға айналды,олар үшін өткізу базары дәл еігшіік округтары. Толып жатқан бытыраңқы, осыған дейін өзінің тәуекелімен жұмыс істеп келген ұсақ өндірушілер қызмет көрсетіп келген тұтынушылар енді бір ірі бүтінге шоғырланады, өнеркәсіптік капитал жабдықтайтын базарды құрайды. Осылай бұрын дербес болып келген шаруаларды экспроприациялаумен, оны өндіріс құралдарынан айырумен қол ұстаса отырып, селолық жэжанама кәсіпті жою жүргізілді, мануфактура мен

егіншілікті ажырату, процесі жүргізіледі. Және тек селолық үй ішілік кәсіпшілікті құрту ғана аталмыш елдің ішкі базарына өндірістің капиталистік тәсілі мұқтаж көлем мен орнықтылықты бере алады. Алайда мануфактуралық кезең әлі радикалдық өзгерістерге жеткізбейді. Еске сала кетейік, мануфактура ұлттық өндіріске тіпті де толық ие бола алмайды, ол әрқашана кең базис ретінде [Hіntergrund] әрқашан қала кәсіпшілігіне және селолық үй ішілік жанама кәсіпшілікке негізделеді. Осынау жанама кәсіпшіліктер мен қала кәсіпшілігін олардың бір пошымында, өнеркәсіптің белгілі бір салаларында, белгілі бір пункттерде жоя отырып, ол өмірге оларды басқа бір пункттерде, келтіреді, өйткені ол өзінің шикізатын өңдеу үшін белгілі дәрежеге дейін соларға мұқтаж болады. Сондықтан ол ұсақ егіншілердің жаңа табын жасайды, олар үшін жер өңдеу, тек жанама сала, ал басты жұмыс – өнеркәсіптік еңбек, тікелей немесе көпестер арқылы – мануфактураға сатылатын өнімдер даярлау. Бұл ең алдымен Англия тарихын зерттеушілерді дағдартатын құбылыстың – басты болмаса да – себебі. XV ғасырдың соңғы үштен бірінен бастап ол деревняда капиталистік шаруашылықтың өсуіне және шаруаларды құрту ұлғайып бара жатқандығына үздіксіз, тек ара-тұра ғана тоқталатын шағымдарға тап болуда. Бірақ, екінші жағынан, ол осынау шаруалар, азайған мөлшерде және ылғи нашарлап бара жатқан жағдайда болса да, барлық уақытта бар екендігін көріп отыр. Мұның басты себебі мынада: Англияда бірде дән шаруашылығы, бірде мал шаруашылығы кезектесіп басым түсіп отырады да, осыған қарай шаруалар өндірісінің көлемі аумалы-төкпелі болып шығады. Тек ірі өнеркәсіп қана өзінің машиналарымен капиталистік егіншілік үшін берік базис береді, село халқының орасан зо көпшілігін экспроприациялайды және егіншілік пен үй ішілік деревнялық өнеркәсіптің бөлінуін аяқтап, соңғысының тамырын – иіру мен тоқуды жұлып тастайды. Демек, тек сол ғана өнеркәсіпті капитал үшін бүкіл ішкі базарды жаулап алады.

6. Өнеркәсіп капиталисінің генезисі

Өнеркәсіп капитаисінің генезисі фермердің генезисі тән біртебіртелікіпен ерекшелене қойған жоқ. Күмән жоқ, кейбір ұсақ цех шеберлері және дербес ұсақ қолөнершілер мен тіпті жалдамалы жұмысшылардың одан көп саны ұсақ капиталистерге айналды, ал содан кейін, жалдамалы еңбектің қаналуын бірте-бірте күшейте отырып және соған сйкес капталдың қордалануын күшейте отырып sans phase [даусыз] капиталистерге айналды. Капиталистік өндірістің сәбилік кезеңінде орта ғасрлардағы қалалық өмірдің сәбилік кезеңіндегідей жағдай жиі орын алды, онда қашып шыққан басыбайлылардың қайсысы қожайын, қайсысы малай болуға тиістігі туралы мәселе әдетте олардың ұайсысы өз қожайындарынан ертерек қашқанына қарап шешілетін. Бірақ осынау әдістің тасбақаның қарқыны XV ғасырдың аяғнда ашылған ұлы жаңалықтар жағсаған әлемдік базардың сауда қажеттіліктеріне тіпті де сәйкес келмейтін. Орта ғасырлар өзінен кейін капиталдың әрқилы екі пошымын қалдырды, олар ең әрқилы қоғамдық-экономиялық формацияларда пісіп-жетіліп, өндірістің капиалистік дәуірі басталғанша шын капитал және көпестер капиталы деп саналады. (jygfhtkm нонапарел) “Қазіргі кезде” бүкіл қоғамдық байлық әуелі капиталистің қолына түседі… ол рентаны жер иесіне, жалақыны жұмысшыларға, салықтар мен алымдарды оларды жинаушыларға төлейді, ал оның өзіне жылдық еңбек өнімнің едәуір, тіпті басым, және де үздіксіз өсіп отыратын бөліні қалады. Капиталисті қазіргі кезде бүкіл қоғамдық байлық қолына бәрінен бұрын түсетін меншік иесі ретінде қарастыруғаа болады, сол меншікке оның құқығын қамтамасыз ететін заң болмаса да нақ солай… меншік саласындағы осынау өзгеріс капиталға пайыз алудың арқасында жасалды… және бүкіл еуропаның заң шығарушылары өсімқорлыққа қарсы заңдар көмегімен оған кедергі жасауға тырысқаны да көп нәрсені аңғартады… Капиталистердің елдің бүкіл байлығына билік

жүргізуді меншік құқығындағы толық революция;; бұл революцияны қандай аң немесе қандай заңдар қатары жасады?”.7 Заңдар жалпы ешқашан революция жасамайтынын автордың білгені жөн болар еді.Өмсімқорлық пен сауда жанама жинақталған ақша капиталының өнеркәсіптік капиталға айналуына деревнядағы феодалдық құрылыс, қаладағы цехтық құрылыс бөгет жасады. Осынау шектеулер ффеодалдық жасақтар таратылған кезде, село халқы экспроприацияланып, ішінара аласталғанда келмеске кетті. Жаңа фануфактура теңіз юойындағы, экспорттық қолтықтарда енемесе елдің цехтық құрылысы ба ескі қалалардың бақылауынан тыс орналасқан пункттерінде өсіп шықты. Англияның corpate towns’тарының [цехтық корпоративтік құрылысы бар қалаларының] өнеркәсіптің осынау жаңа ошақтарына қарсы жанталасқан күресі осыдан. Америкада алтын және күмміс кеніштерінің ашылуы, байырғы халықты түп тамырымен құрту, езіп-жаншу және кеніштерде тірідей көму, Шығыс Үндістанды басып алып, тонаудың алғашқы қадамдары, Африканы қара түстілерді аулаудың өзге жан баспас алаңына айналдыру – өндірістің капиталистік дәуірінің таң шапағы осындай болды. Осынау идиллиялық процестер бастапқы қордаланудың басты сәттері. Содан кейін еуропалық халықтардың сауда соғысы басталып, жер шары соның аренасына айналды. Бұл соғыс Нидерландының Испаниядан бөлініп кетуінен басталады, Англияның якобишілерге қарсы соғысында орасан зор көлемге ик болады және қазір де Қытайға қарсы “апиын” соғыстарында және тағы басқаларында жалғасуда. Бастапқы қордаланудың әрқилы сәттері тарихи жағынан әртүрлі елдер арасында атап айтқанда: Испания, Потугалия, Голландия, Франция және Англия араасында азды-көпті дәйекті бөлінеді. XVІІ ғасырдың аяғындағы Англияда олар отаршылдық жүйе мен мемлекеттік қарыздар жүйесінде,

7 “The Natural and Artіfіcіal Rіght of Property Contrasted”. London, 1832, p. 98, 99. Осынау аноним еңбектің авторы – Т. Годскин

осы заманғы салық жүйесінде және протеционизм жүйесінде жүйелі түрде бірігеді. Бұл әдістер ішінара мыслы, оташылдық жүйе секілді, аса дөрекі зорлық-зомбылыққа сүйенеді. Бірақ олардың бәрі мемлекеттік билікті, яғни өндірістің феодалдық тәсілін капиталистік тәсілге айналдырып, оның өтпелі сатыларын қысқарту үшін шоғырландырылған және ұйымдастырылған қоғамдық зорлық-зомбылықты пайдаланады. Зорлықзомбылық ескі қоғам атаулының ол жаңаға жүкті болған кездегі кндік шешесі болып табылады. Христиандық отаршылдық жүйесі жөнінде христиандықты өзінің мамандығы еткен адам – У. Хауитт былай дейді: (нонпарел) “Христиандық делінетін нәсілдердің жер бетінің барлық бөліктерінеде, өздері құлдыққа түсіре алған барлық халықтар жөнінде жасаған варварлығы мен ұятсыздығы кез-келген тарихи дәуірде кез-келген нәсәл жасаған юарлық сұмдықтардан, олар қандай жаабайы да надан, аяусыз да ұятсыз болмасын, барлық сұмдықтардан асып түмеді”.8 Голланд отаршылдық шаруашылығының тарихы – ал Голандия XVІІ ғасырдың үгілі капиталистік елі болатын – бізге сатқындықтардың, сатыпалудың және зұлымдықтардың ешкім аса алмаған картинасын береді9. Ява аралындағы құлдарды толықтырып отыру үшін Целебесте адамдар ұрлаудың голландтар қолданған жүйесінен артық сипатты ештеңе жоқ. Осы мақсатпен арнайы адамдар ұрысы даярланған. Ұры, тілмаш және сатушы осынау сауданың басты агенттері, түземдік принциптер – басты сатушылар болды. Ұрланған жастар құлдарды таситын кемеерге жөнелтілуге жарайтын жасқа жеткенше Целебестің жасырын абақтыларына қамалған. Бір реси есепте былай делінген: (нопр) “Мысалы, бір ғана Макассар қаласының өзі құпия абақтыларға толы, олар бір-бірінен өткен сұмдық, оларда ашқарақтық пен тиранияның

8 Wіllіam Howіtt. “Colonіzaton and Chrіstіanіty. A Popular Hіstoty of the Treatment of the Natіves by Europeans іn all theіr Colonіes”. London, 1838, p. 9. […] 9 Thomas Stamford Paflles. Late Lіent. Gov. of that іsland. “The Hіstory of Java”. London, 1817 [v. ІІ, p. CXCCXCІ, қосымша].

бұғауланған, өз отбасыларына зорлықпен ажыратылған бейшара құрбандықтары толып отыр”. Малаккаға ие болу үшін голландықтар португал губернаторын сатып алды. 1941 жылы ол голландықтарға қаланың есігін ашып берді. Олар дереу соның үйіне асыға жетіп, оны өлтіріп тастады, мұны олар сатып алғаны үшін төленуге тиіс 21875 фунт стерлингті “бермеу” үшін істеді. Олардың аяқ басқан жерінің бәрі құлазып, адамсыз қалып жатты. Яваның Баньюванги провинциясында 1750 жылы 80.000 тұұрғын болса, 1811 жылы олардан қалғаны небәрі 8.000. Doux commerce [күнәсіз сауда] дегеніңіз осы! Англияның Шығыс Үндістан компаниясы Шығыс Үндістандағы саяси билікке қоса, жалпы Қытаймен сауда және Еуропадан және Еуропаға тауар тасымалдау секілді, шайменсауда жасауға ерекше монополияға қол жеткізді. Бірақ Үндістанның жағалулары бойымен және аралдар арасында жасалатын кеме қатынасы, сондай-ақ Үндістанның ішіндегі саудда компаниясының ең жоғары мансапты адамдарының монополиясына айналды. Тұзға, апиынға, бетельге және басқа туарларға монополия байлықтың таусылмас көзіне айналды. Мансап иелері бағаны өздері қоятын және өз жүгенсіздігімен бейшара үнділерді жұрдай ететін. Генералгубернатор да осынау жеке саудаға қатысатын. Оның сүйіктілері олардың, алхимиктерден де әрі, ештеңеден алтын жасауына мүмкіндік беретін шарттармен келісімшарттар алып отырды. Мол дәулет жағбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жыпырлар өсіп, бастапқы қордалану, әуелде тым болмаса бір шиллинг те жұмсамай, жүзеге асырылып жатты. Уоррен Гастингстің сотпроцестерінде осындай мысадар бықып жатыр. Соның біреуі мынадай. Апиын жеткізуге бір келісімшарт Салиивен деген біреуге Үндістанның апиын өндіретін жерден алыс жатқан бір ауданына ресми тапсырмамен кетіп бара жатқан сәтінде беріледі. Салливен өзінің келісімшартын Бинн деген біреуге 40000 ф.-ст.-ке сатады, ал Бинн дәл сол күні оны 60000 фунт стерлингке қайта сатады. Соңғы сатып алушы және келісімшартты

орындаушы содан ғаламат пайда таптым деп мәлімдейді. Парламентке берілген бір құжатқа сәйкес, 1757 жылдан 1766 жылды қоса компания мен оның мансап иелері үнділерді 6 миллион фунт стерлинг тарту жасауға мәжбүр еткен. 1769-1770 жылдары ағылшындар бүкіл күрішті түгел сатып алып, оны тек сұмдық жоғары бағадан басқаша сатудан бас тартып, жасанды түрде ашаршылық жасаған10.

Түземдіктерге қатынас, тек экспорттық саудаға бағытталған, мысалы, Батыс Үндістан секілді, плантацияларда, сондай-ақ тонауға бұйырлған Мексика және Шығыс Үндістан секілді, бай да халқы көп елдерде, әрине, бәрінен сұмдық болды. Алайда, отарлардың өзінде де бастапқы қордаланудың сол христиандық сипаты мықтап көрінді. Жаңға Англияның пуритандары – саалуатты пуританизмнің осынау асқан шеберлері – 1703 жылы өздерінің Assambly’сында [Заң шығарушы жиналысында] әрбір үнді скальпы (бас терісі) мен әрбір қызыл түсті тұтқын үшін 40 ф.ст. сыйлық беруге қаулы етті, 1720 жылы әрбір скальп үшін сыйлық 100 ф.ст. дейін көтерілді! 1744 жылы, Массачусетс шығанағы төңірегінде бір тайпа бүлікшілер деп жарияланғаннан кейін, мынадай бағалар белгіленді: 12 жасқа толған және одан жоғары еркектердің скальпы үшін жаңа валютамен 100 ф.ст. еркек кіндікті тұтқын үшін 105 ф.ст., тұтқын әйел немесе бала үшін 55 ф.ст., әйелдің немесе баланың скальпы үшін 50 фунт стерлинг! Бірнеше ондаған жылдан кейін отаршылдық жүйе өзі үшін осынау тақуа pіlіgrіm fathers’тердің (әке пилигримдердің) ұрпағынан кек алды, өйткені, өз кезегінде олар да бүлікшіл болып шыққан еді. Ағылшындардың сатып алуы мен айдап салуының арқасында олар томагавкаларлдан ажал тапты. Британ парламенті қаншеңгел иттер мен бас терісін сыпыруды “оған құдай мен табиғат сыйлаған құралдар” деп жариялады.

10 1866 жылы тек Орисса провинциясында ғана миллионнан аса үнділер ашаршылықтан өлді. Соған қарамастан барлық күш-жігер аштарға азықты көтеріңкі бағамен сату жолымен Үндістанның мемлекеттік кассасын байытуға бағытталды.

Отаршылдық жүйе мен кемеде жүзудің шұғыл өсуіне жәодемдесті. “Қоғам-монополиялар” (Лютер) капиталдың шоғырлануының қуатты тетігі болды. Отарлар тез өсіп шығып жатқан мануфактуралар үшін тауар өткізу базарын замтамасыз етті, ал ол базарға монополиялық иелік мықтап қордалануды қамтамасыз етті. Еуропаның шегінен тыс тікелей тонау, түземдіктерді езіп қанау, кісі өлтіру арқылы қолға түскен қазынабайлықтар метрополияға жеткізіліп, осы арада капиталға айналып жатты. Отаршылдық жүйені бірінші болып толық дамытқан Голландия, 1648 жылы-ақ өзінің сауда құдіретінің шыңына шықты. (нопарель) “Оның қоспасыз дерлік иелігінде ост-индиялық сауда және еуропалық оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыс сауда қатынастары болды. Оның балық үйірлері жүретін орындарының, кеме жүзуінің, мануфактураларының ешқандай басқа елде теңдесі болған жоқ. Осынау республиканың капиталдары, бәлкім, бүкіл қалған Еуропаның қосып алынған капиталынан молырақ болған шығар”. Осынау жолдардың авторы Гюлих мынаны қосуды ұмытып кетеді. Голландияның халық бұқарасы сол 1648 жылдың өзінде бүкіл қалған Еуропаның халық бұқарасынан тым ауыр еңбектен көбірек зардап шекті, кедейірек болды және неғұрлым ауыр езгіде болды.

Жиырма бесінші тарау

Отарлаудың осы заманғы теориясы11

Саяси экономия жеке меншіктің өте әрқилы екі тегін принципті түрде бытыстырып жібереді, олардың біреуі өндірушінің төл еңбегінде, екіншісі бөтеннің еңбегін қанауға негізделеді. Ол соңғысы алғашқысының тікелей

11 Бұл арада әңгіме шын отарлар туралы, еркін имигранттар отарлайтын адам аяқ баспаған жерлер туралы болып отыр. Құрама Штаттар экономикалық тұрғыдан әлі де Еуропаның отары. Айтпақшы, құлдықты жою барлық қатынастарды түп-тамырымен өзгерткен ежжелгі мекендер де жатады.

қарама-қарсысын құрап қана қоймай, тек соның моласында ғана өсіп шығатынын ұмытып кетеді. Еуропаның батысында, саяси экономияның отанында, бастапқы қордалану процесі азды-көпті аяқталды. Капиталистік режим, бұл арада не бүкіл өндірісті өзіне бағындырды, не, қатынастар кемірек дамыған жерлерде, ол, бері салғанда жанама түрде, оның өзімен бірге өмір сүріп келе жатқан және өндірістің ескірген тәсіліне жататын, өліп бара жатқан қоғамдық жжіктерді бақылап отыр. Капиталдың осынау дайын дүниесіне экономист, фактылар оның идеологиясына қарсы қаншалық шырқырай түссе, капитализмге дейінгі дүниеге жататын құқық пен меншік туралы түсініктерді соншалық қорқақ ынтамен және соншалық сүйсінумен қолданады. Отарлардағы жағдай басқаша. Онда капиталистік режим қадам басқан сайын төл еңбегі шартыынң иес болғандықтан, өзінің еңбегі мен капиталисті емес, өзін-өзі байытатын өндіруші тарапынан кедергіге ұшырайды. Бір-біріне мүлдем керғар осынау екі экономикалық жүйенің қарама-қайшылығы бұл арада практикада олардың күресінен тұрса, онда ол өндірушінің төл еңбегіне негізделген өндіру және иелену тәсілін зорлықпен жойғысы келеді. Экономист, капиталдың скифонтын метрополияда өндірістің капиталистік

тәсілінің оның өзінің кереғарлығымен бірдейлінгін теориялық жағынан негіздеуге мәжбүр ететін мүдделер, сол мүдделер оны бұл арада “to make a clean breast of іt’ке” [“бұл тұрғыда өз арын тазалап алуға”] және осынау өндіріс тәсілдерінің қарама-қарсылығын бар дауыспен жариялауға итермелейді. Осы мақсатпен ол еңбектің қоғамдық өндіргіш күшінің дамуы – кооперация, еңбек бөлінісі, машиналарды кең ауқымда қолдану және т.б. – жұмыскерлерді экспроприацияламай және соған соған сәйкес олардың өндіріс құралдарын капиталға айналдырмай жатып, мүмкін емес екенін көрсетеді. Ұлттық делінетін байлықтың мүддесі үшін ол халықтық

кедейшіліктің жасанды құралдарын іздейді. Оның аплогеттік қабыршығы бұл арада шіріп кеткен білтедей жұлым-жұлым болып кетеді. Э. Г. Уэйкфельдтің зор еңбегі оның тарлар туралы жаңа бірдеңе айтқанында емес, отарларда оның метрополиядағы капиталистік қатынастар туралы ақиқатты ашып бергенінде. Протекционизм жүйесі өзі пайда болғанда метрополияда капиталистерді көбейте түсуге ұмтылатыны секілді, Уэйкфельдтің, Англия біршама уақыт бойы заң шығару жолымен жүзеге асыруға тырысқан отарлау теориясы, отарларда жаладмалы жұмысшыларды көбейтуге ұмтылды. Ол мұны “systematіc colonіzatіon” (жүйелі отарлау) дейді. Ең алдымен Уэйкфельдт отарларда ақшаға, күнкөріс құралдарына, машиналарға және басқа да өндіріс құралдарына ие болу адмды, егер оған жалдамалы жұмысшы секілді қосымша болмаса, егер өзін-өзі ерікті түрде сататын басқа адам болмаса, капиталист етпейтінін ашты. Ол капитал зат емес, адамдар арасындағы затпен жанастырылған қоғамдық қатынас екендігін ашты. Қазіргі кезде өнеркәсіптік егегмонияның артынан сауда гегемониясы ілесе жүрежі. Керісінше, мануфактуралық кезеңнің өзінде сауда гегемониямы өнеркәсіптік басымдықты қамтамасыз етеді. Сол кезде отаршылдық жүйе атқарған шешуші рөл содан. Бұл михрабқа Еуропаның ескі құйдайларымен бірге кіріп, күндердің күнінде олардың бәрі бір сермеумен айдап шыққан “беймәлім құдай” болатын. Оатршылдық жүйе адамзаттың ақтық және бірден-бір мақсаты пайда деп жариялады. Ұрығын біз Генуя мен Венецияда ота ғасырларда көретін қоғамдывқ несие, яғни мемлекетті қарыз жүйесі мануфактуралық кезең барысында бүкіл Еуропаға таралды. Теңіз саудасымен және сауда соғыстарымен қоса, отаршылдық жүйе оның жылыжайы қызметін атқарды. Сөйтіп ол ең алдымен Голандияда тамыр жайды. Мемлекеттік қарыз, мемлекеттің: деспоттық, конституциялық немесе республикалық екендігі бәрібір – шеттетілуі капиталистік дәуірге өзінің мөрін басады. Ұлттық деьінетін байлықтың осы заманғы бөлігі олардың мемлекеттік қарызы. Сондықтан

халық қарызы қаншама көп болса, соншама бай деген осы заманғы доктрина әбден-ақ дәйекті. Мемлекеттік кредит капитал сенімінің рәмізіне айналып барады. Және мемлекеттік қарыздың пайда болуына байланысты, ешқандай ақтау жоқ ең ауыр күнә енді қасиетті рухқа лағнет емес, мемлекеттік қарызға сенімді бұзу. Мемлекеттік қарыз бастапқы қордаланудың ең күшті тетіктерінің біріне айналады. Ғажайып таяқшаның жанап кетуі секілді ол өндіргіш күші жоқ ақшаға өндіргіш күш береді де, осылайша оны капиталға айналдырып, ақшаны өнеркәсіпке жұмсауға және тіпті өсімқорлық операциялармен етене байланысты қауіптер мен қиындықтарға ұшыратудың қажетітгі атаулыны жояды. Мемлекеттің кредиторлары шынында ештеңе бермейді, өйткені олар несиеге берген сомалар айналымға оңай түсетін, олардың қолында нақ қолма-қол ақша секілді қызметететін мемлекеттік қарыз куәліктеріне айналады. Бірақ осылайша жасалған қолы бос рантьлер табынын және, үкімет пен ұлт арасындағы делдал болатын қаржыгерлердің табан астында жасалған байлығынан басқа мемлекеттік қарыз атаулының қолдарына аспаннан жауған капитал ретінде мол бөлігі тиетін салықты сатып алушылардан, көпестерден және жекеше фабриканттардан басқа, мемлекеттік қарыз акционерлік қоғамдарды: әрқилы бағалы қағаздармен сауда жасауды, қарбаластықты, қысқасы – биржа ойыны мен осы заманғы банкократияны туғызды. Өзінің пайда болуынан бастап, ұлттық мәртебелермен күшейтілген ірі банкылар тек үкіметтерге жәрдемдесетін және, алынған артқышылықтарының арқасында оларға ақшалай қарыз бере адатын жеке жалдаптардың қоғамы болды. Сондықтан мемлекеттік қарыздың қордалануының ең бетіне жел тимес өлшемі сол банкылардың акцияларын еселеп өсіру болып табылады, олардың гүлденуі англия ьанкын құру сәтінен (1694 ж.) басталады. Англия банкы өзінің қызметін үкіметке 8 пайызбен ақшалай қарыз беруден бастады; сонымен бірге парламент оған

ол жұртшылыққа банкнот пошымында қарыз беретін капиталдан ақша шегу өкілеттігін де берді. Сол банкноттармен ол вексельдерді есепке ала алатын, тауар кепілдігімен қарыз бере алатын; оған асыл металлдар сатып ала алатын. Аз ғана уақыт өтті де, банкының өзі көбейтетін сол кредиттік ақшалар кәдуілгі сыңғырлаған мәнеттерге айналды. Англия қарыздар бойынша пайыздарды мемлекет үшін банкноттармен төледі. Ол-ол ма, ол екінші қолымен көбірек алу үшін бір қолымен беріп жатты; тіпті алған кезде де ол өзі берген барлық сомаға ең ақырғы тиынына дейін ұлттың мәңгілік кредиторы болып қала берді. Ол аз-аздап елдің металл запасының сөзсіз сақтаушысына және бүкіл сауда кредитін тартатын орталыққа айналды. Ағылшындар жадығойларды алауларда жағуды қойған кезде, олар банкноттарды қолдан жасаушыларды дарға аса бастады. Банкноттардың, қаржыгерлердің, рантьелердің, маклерлердің, жалдаптар мен биржа бөрілерінің осынау тобырының кенетттен пайда болуы замандастарына қандай әсер еткенін сол заманда туған шығармалар, мысалы Болингброктың шығармалары көрсетеді. Мемлекеттік қарыздармен бірге халықаралық кредит жүйесі пайда болды, ол көбіне белгілі бір халықтың бастапқы қордалануының жасырын көздерінің бірі болып табылады. Мәселен, тонаудың веенциялық жүйесінің айла-шарғылары Голландияның капиталистік байлығының осындай құпия негізін құрады, құлдырауға түскен Венеция оған ірі мөлшерде ақшалай қарыз беріп отырды. XVІІІ ғасырдың бас кезінде-ақ ағылшын мануфактурасы голланд иануфактураларынан әлдеқайда асып түсті де, Голландия сауда мен өнеркәсіптегі үстем ұлт болудан қалды. Сондықтан 1701–1766 жылдар кезеңінде оның басты кәсіптерінің бірі орасан капиталды қарызға, әсіресе өзінің құдіретті бәсекелесі Англияға қарызға беру болды. Қазіргі кезде Пнглия мен Құрама Штаттар аарсында да осындай қатынас қалыптасты. Құрама Штаттарда айналымда жүрген, шыққан тегін танымайтын капитал күні кеше Англияда капиталға айналған балалар қаны.

Мемлекеттік қарыздар мемлекеттік кіріске сүйенетін, жылдық пайыздар мен және т.с.с. төлемдер солардың есебінен жабылуға тиіс болғандықтан, осы заманғы салық жүйесі мемлекеттік қарыздар жүйесінің қажетті толықтырушысына айналды. Қарыздар үкіметтің төтенше шығыстарды салық төлеуші соңғылардың бүкіл ауыртпалығын бірден сезе қоймайтындай етіп жабуына мүмкіндік береді, бірақ сол қарыздардың өзі, сайып келгенде, салықтардың көбейтілуін талап етеді. Екінші жағынан дәйекті түрде ұлғайып бара жатқан қарыздар туындататын салықтардың ұлғайтылуы, үкіметті әрбір төтенше шығыстар тұсында барған сайын жаңа қарыздарға жүгінуге мәжбүр етеді. Осылайша, темірқазығы аса қажетті күнкөріс құралдарына салық белгілеу (демек, оларды қымбаттата түсу) болып табылатын осы заманғы фискалдық жүйе, өз бойында салықтардың автоматтытүрде өсуінің ұрығын ала жүреді. Төтенше салық салу – кездейсоқ факт емес, дұрысы оның принципі. Осынау жүйе бәрінен бұрын орныққан Голландияда, ұлы патриот де Витт өзінің “Максималарында” оны жалдамалы жұмысшының бойында моыйнсұнғыштық, қаанғатшылдық, ыждаһаттылық және тым ауыр еңбекке төзуге әзірлік қасиеттерін дамытудың ең жақсы тәсілі ретінде мадақтайды. Алайда бізді бұл арада осы заманғы фискалдық жүйенің жалдамалы жұмысшылар жағдайын бүлдіргіш ықпалынан гөрі, содан туындайтын шаруаларды, қолөнершілерді – қысқасы, ұсақ буржуазияның барлық құрамдас бөліктерін зорлықпен экспроприациялау қызықтырады. Бұл туралы тіпті буржуазиялық экономистер арасында екі пікір жоқ. Фискалдық жүйенің экспроприациялаушы ықпалы протекционизмнің арқасында одан да күшейе түседі, протекционизмнің өзі фискалдық жүйенің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қарыз бен соған сәйкес фискалдық жүйе байлықтың капиталға айналуында және бұқараны экспроприациялауда ойнайтын ірі рөл бірқатар авторларды Коббетті, Даблдейді және басқаларын

шатыстырып, олар осы заманғы халықтар қайыршылығының бірінші себебін мемлекеттік қарыз бен фискалдық жүйеден көретін болды. Протекционизм жүйесі фабриканттарды көбейтудің, тәуелсіз жұмыскерлерді экспроприациялаудың, өндірістің ұлттық құралдары мен күнкөріс құралдарын капиталдандырудың, өндіірстің ескі тәсілінен осы заманғы тәсіліне көшуді зорлықпен жылдамдатудың жасанжы құралы болды. Еуропаның мемлекеттері осынау өнертабысқа патент үшін таласып бақты және, пайдакүнемдік рыцарьларына қызмет етуге бір рет кіріскен бойда, осы мақсатпен өзінің халықтарын тонаумен, жанама түрде – қамқорсыған баж салықтары жолымен, тікелей – экспорттық сыйлық, және т.с.с. жолымен тонаумен қанағаттанып қойған жоқ. Олар өздеріне тәуелді көрші елдерде өнеркәсіп атаулының мануфактурасының тамырын осылай қиды. Еуропа континентінде осынау процесс, Кольбердің жеңіл қолымен, одан да оңайлатылды. Мұнда бастапқы капитал өнеркәсіпшілерге едәуір шамада мемлекеттік қазынадан тікелей ағылып келіп жатады. (нопр) “Жетіжылдық соғыс алдында, – дейді Мирабо, – Саксонияның мануфактуралық шешек атуының себептерін сонша алыстан іздеп не керек? 180 миллион мемлекеттік қарызды, қаперге алу жетіп жатыр” 12. Отаршылық жүйе, мемлекеттік қарыз, салықтардың ауыртпалығы, сауда соғыстары және т.б. – мануфактуралық кезеңнің бүкіл осынау перзенттері ірі өнеркәсіптің сәбилік шағында ғаламат өсіп кетеді. Осынау соңғысының дүниеге келуі ғаламат иродтық балаларды ұрлау – атап өтілген. Фабрикалар өздерінің жұмысшыларын, өз матростарын рекруттайтын король флоты секілді, зорлық көмегімен жинайды. Сэр Ф. М. Иден село халқынан XV жүзжылдықтың соңғы үштен бірінен бастап өзінің заманына, XVІІІ жүзжылдықтың соңына дейін жерді экспроприациялау қандай сұмдықтармен жүргізілгенін қандай немқүұрайдылықпен бақылайды деңіз; капиталистік жер шаруашылығын жасау мен “егістік жер мен жайылымдық жердің дұрыс арақатынасын

12 Mіrebeau, шығармалар, VІ т. 101-бет.

орнату” үшін осы процесті ол қандай өзіне-өзі ризашылықпен құттықтайды деңіз; бірақ тіпті сэр иден де мануфактуралық өндірісті фабрикалық өндіріске айналдырып ,капитал мен жұмыс күшінің дұрыс арақатынасын орнату үшін балаларды ұрлап, қанаудың экономикалық қажеттілігін сондай дәрежеде түсінуге көтеріле алмайды. Ол былай дейді: (нонпр) “Бәлкім, жұрнтшылықтың қаперге алуына мына бір мәселе лайық болар.. Коттедждер мен жұмыскерлер үйлерінен бейшара балаларды, топ-топ болып ауысып, ұзақ түннің көп бөлігінде жұмыс істеуге тиіс балаларды ұрлап алып қана ойдағыдай жұмыс істей алатын өнеркәсіп; мұның үстіне екі жыныстың әртүрлі жастағы және бейімділігі әртүрлі балаларын ортақ топқа араластырып жіберетін, мұның өзі жаман үлгілердің арқасында бұзылуға, азғындауға сөзсіз жетелейтін өнеркәсіп – осындай өнеркәсіп ұлттық және жжеке бақыттың жиытығын ұлғайта ала ма?” [...] Мануфактуралық кезеңнің өн бойында капиталистік өндірістің дамуымен бірге Еуропаның қоғамдық пікірі ұят пен ұжданның соңғы қалдықтарынан босанды. Ұлттары жамандық атаулыны, ол капиталды қордаландырудың көзі болса, ұялмай-қызармай мақтан етті. Мысалы сауданың филистер А. Андерсон құрастырған аңғал шежіресін оқып шығыңыз. Онда ағылшын мемлекеттік кемеңгерлігінің ең асқақ жеңісі ретінде Утрехт бітімін жасасу кезінде Англия Испаниядан асьенто (шарт – исп.) бойынша Африка мен испан Америкасы арасында негрлерді сату құқығын тартып алғанын көкке көтереді, бұған деін ол бұл сауданы тек Африка мен ағылшын Вест-Индиясы арасында жүргізіп келген еді, англия 1743 жылға дейін испан Америкасына жыл сайын 4800 негр жжеткізіп беру құқығын алды. Осымен бірге британ контрабандасы үшін ресми бүркеме жасалды. Ливерпуль құл садуасының арқасында өсіп шықты. Құл саудасы оның бастапқы қордалануының әдісі болып табылады. Және күні бүгіндерге дейін Ливерпульдің “жайсаңдар қоғамы” құлдармен сауда жасаудың Пандары болып келеді, ол... “коммерциялық іскерлік рухын

нәпсіге айналдырады, атышулы теңізшілерді өсіріп шығарады және ғаламат ақша әкеледі”. 1730 жылы Ливерпуль құлдар сату үшін 15 кеме, 1751 ж. – 53 кеме, 1770 ж, – 96 және 1792 ж. – 132 кеме пайдаланды. Мақтадан мата тоқу өнеркәсібі, Англияда балалар құлдығын енгізе отырып, сонымен бір мезгілде Құрама Штаттардың бұрын азды-көпті патриархалдық болып келген құлдық шаруашылғын қанаудың коммерциялық жүйесіне айналдыруға серіпн берді. Жалпы Еуропадағы жалдмалы жұмысшылардың бүркемеленген құлдығы үшін құлдық іргетасы ретінде Жаңа құрлықтағы құлдық sans phrase (сөзсіз) қажет болды. ... Ожьенің сөзі бойынша, ақша “дүниеге бір бетіндегі талаураған қан таңбасымен келсе”, онда жаңа туған капитал өзінің бүкіл денесінен, бастан-аяқ қан саулатып тұрады.

7. Капиталистік қордаланудың тарихи тенденциясы

Сонымен, капиталдың бастапқы қордалануы, яғни оның тарихзи генезисі неге саяды? Ол құлдар мен басыбайлылардың жалдамалы жұмысшыларға айналатынын, яғни пошымның қарапайым алмасуын көрсетпейтіндіктен, ол тек тікелей өндірушілерді экспроприациялау, яғни өз еңбегіне сүйенетін жеке меншікті жою деген сөз ғана. Қоғамдық, ұжымдық меншіктің қарама-қарсы көрінісретінде жеке меншік тек еңбек құралдары мен еңбектің сыртқы жағдайлары жеке адамдарға тиесілі жерлерде ғана тіршілік етеді. Бірақ осынау жеке адамдар жұмыскерлер ме әлде жұмыскерлер емес пе, соған қарай жеке меншіктің өзінің сипаты өзгереді. Жеке меншіктің біздің көз алдымызда көрінетін қисапсыз реңктері осынау екі шетін жағдайдыңарасында жатқан аралық ахуалдарды ғана бейнелейді. Жұмыскердің өзі өндіріс құралдарына жеке меншігі дегеніміз ұсақ өндіірстің негізі, ал ұсақ өндіріс қоғамдық өндіріс пен жұмыскердің өзінің

еркін индивидуалдығын дамытудың қажетті шартын құрайды. Рас, өндірістің бұл тәсілі құл иеленуші құрылыста да, байыбайлылық құрылыста да және жеке тәуелділіктің басқа пошымдарында да кезедседі. Алайда ол тек жұмыскер өзінің, оның өзі ғана қолданатын еңбек шарттарының еркін жеке меншік иесі болатын жерде, шаруа өзі ұқсататын егістікке ие болатын, қолөнерші – өзі хас шебер ретінде білетін аспаптарға ие жерде ғана шешек атып, өзінің бүкіл күш-қайратын көрсетеді, тепе-тең классикалық пошымға ие болады. Өндірістің бұл тәсілі жердің және өндірістің басқа құралдарының бөлшектелуін қажет етеді. Ол осы соңғыларының шоғырлануын да, кооперациялануын да, бір ғана өндірістік процесс аясында еңбек бөлінісін де, табиғатқа қоғамдық билікті және оны қоғамдық реттеуді де, қоғамдық өндіргіш күштердің еркін дамуын да қабылдамайды. Ол тек өндіріс пен қоғамның бастапқы шекараларымен ғана сәйкеседі. Оны мәңгілік етуге ұмтылыс, Пеккёрдің әділетті ескертпес бойынша, “баршаға ортақ жартыкештікті декреттеуге” ұмтылыспен бірдей. Бірақ дамудың белгілі сатысында ол өзін құртудың материалдық құралдарын өзі жасайды. Сол сәттен бастап қоғамның қойнауларында өндірістің осы тәсілі өзіне бой жаздырмайтындай сезінетін күштер мне нәпсілер қозғалақтай бастайды. Ол тәсіл жойылуға тиіс, және жойылады да. Оны жою, өндірістің индивидуалдық және бытыраңқы құралдарын қоғамдық тұрғыдан шоғыроанған құралдарға айналдыру, демек, көп адамдардың ергежейді меншігін аз адамдардың ғаламат меншігіне айналдыру, қалық халық бұқарасынан жерді экспрориациялау – халық бұқарасын осынау сұмдық та ауыр экспроприациялау капитал тарихының беташарын құрайды. Ол тарих зорлық әдістерінің тұтас бір шоғырын қамтиды, олардың ішінен біз жоғарыда тек бастапқы қордалану әдістері секілді дәуірлік әдістерді ғана қарастырдық. Тікелей өндірушілерді экспроприациялау барынша аяусыз вандализммен және барынша залым, барынша ылас, барынша күйкентай және барынша есерсоқ нәпсі қысымымен жүргізіледі. Меншік иесінің

еңбегімен қол жеткен, былайша айтқанда, жекелеген тәуелсіз жұмыскердің өзінің құралдарымен және еңбек құралдарымен сіңісіп кетуіне неігделген деке меншікті бөтеннің, бірақ пошымдар түрде еркін жұмыс күшін қанауға негізделген жеке капиталистік меншік ығыстырып шығарады. Осынау айналу процесі ескі қоғамды тереңінен де, қөлденеңінен де жеткілікті бөлшектеген кезде, жұмыскерлер пролетариатқа, ал олардың еңбек ету шарты капиталға айналдырылған кезде, өндірістің капиталистік тәсілі қаз тұрған кезед, сонда еңбекті одан әрі қоғамдастыру, жер мен басқа өндіріс қаналатын құралдарға , демек, өндірістің ортақ құралдарына одан әрі айналдыру және сонымен байланысты деке меншік иелерін одан әрі экспроприациялау жаңа пошымға ие болады. Енді экспроприациялануға тиісті адам дербес шаруашылықты өзі жүргізетін жұмыскер емес, көпетген жұмысшыларды қанайтын капиталист болып шығады. Бұл экспроприация капиталистік өндіірстің өзінің иманентті заңдарының ойынымен, капиталдың орталықтануы жолымен жасалады. Бір капиталист көп капиталистің сазайын тартқызады. Осынау орталықтандырумен, немес көптеген капиталистерді аздаған капиталистердің экспроприациялауымен қол ұстаса, еңбек процесінің кооперативтікпошымы ылғи өскелең мөлшерде дамиды, ғылымды саналы түрде техникалық жерді жоспарлы түрде пайдалану, еңбек құралдарын тек ұжымдық пайдалануға жол беретін еңбек құралдарына айналдыру, барлық өндірісқұралдарын оларды ұштастырылған қоғамдық еңбектің өндіріс құралдарына айналдыру жолымен оларды үнедмеуғ барлық халықтарды әлемдік базар торымен шырмау дамиды, ал сонымен бірге капиталистік режимнің интернационалдық сипаты дамиды. Осынау алмасу процесінің барлық пайдасын қолына жиып алатын капитал магнаттарының санының ұдайы азаюымен бірге қайыршылықтың, езіп-жаншудың, құлдықтың, зағындаудың, қанаудың салмағы арта түседі, бірақ сонымен бірге өзінің саны жағынан ұдайы ұлғая беретін, капиталистік өндіріс процесінің өзінің механизмімен үйретілетін, біріктірлетін және ұйымдастырылатын

жұмысшы табының наразылығы да өсе түседі. Капитаолдың монополиясы соның тұсында және соның қолында өсіп шыққан өндіріс тәсілінің бұғауын айналады. өндіріс құралдарының орталықтандырылуы және еңбектің қоғамдастырылуы олар өздерінің капитлаистік қабығына сыймвайтын нүктеге дейін жетеді. Ол қопарылады. Капиталистік жеке меншіктің соңғы сәті туады. Экспроприаторлар экспроприацияланады. Капиитлаистік өндіріс тәсіленен шығатын капитлаистік қылғыту тәсілі, демек, капиталистік жеке меншік те өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті алғашқы терістеу. Бірақ капитлаистік өндіріс табиғи процесс туғызатын қажеттілікпен өзінің төл терістелуін туындатады. Бұл – терістеуді терістеу. Ол жеке меншікті емес, капитлаистік дәуір жетістігінің өзі өндірген өндіріс құралдарына ортақ ие болу негізінде индивидуалдық меншікті қалпына келтіреді. Жекелеген адамдардың өз еңбегіне негізделген бөлшектелген жеке меншігін капиталистік меншікке айналдыру, әрине, іс жүзінде қазірдің өзінде өндіірстің қоғамдық процесіне негізделетін капиталистік жеке меншікті, қоғамдық меншікке айналдыруға қарағанда әлдеқайда неғұрлым ұзақ, қиын және ауыр процесс. Онда гәп халық бұқарасын ат төбеліндей узурпаторлардың экспроприациялауында болатын, мұнда халық бұқарасының ат төбеліндей узурпаторларды экспроприациялауына тура келеді.

“Карл Маркс. Капитал. Кртика полити-
ческой экономики. Т. І. Кн. І. Процесс производства
капитала. М., 1988” басылымынан ықшамдай
қазақшалаған Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Фридрих ЭНГЕЛЬС

(1820–1895). Марксизмнің негізін қалаушылардың бәрә. 1841–1842 жылдары әскери қызметін өтей жүріп, Берлин университетінде лекциялар тыңдаған. жылы Манчестерге келіп, әкесінің фабрикасының кеңсесінде. 1844 жылы Парижде Маркспен кездесіп, өлеөлгенше дос болып өткен. Сонымен бірге “Коммунистер одағын” құрған,

“Коммунистік партия манифесін” жазған. Маркспен бірге І Интернационалдың қызметіне басшылық жасаған, Маркс қайтыс болғаннан кейін, оның негізгі еңбектерін жарыққа шығарған, Еуропа социалистерінің кеңесшісі және басшысы болған. Маркспен бірге еңбектерін былай қойғанда, “Германиядағы шаруалар соғысы” (1850), “Германиядағы революция мен контрреволюция” (1852), “Анти-Дюринг” (1878), “Людвиг Фейербах және неміс классикалық философияның ақыры” (1886), “Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы” (1874), “Табиғат диалектикасы” (1873-1882 және 1925 жылы жарияланға), “Франция мен Германияға шаруалар мәселесі” (1894) деген елеулі еңбектер жазған.

ОТБАСЫНЫҢ, ЖЕКЕМЕНШІКТІҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ

ШЫҒУЫ

ІX. Варварлық және өркеният

Біз рулық құрылыстың ыдырауын жекелеген үш ірі мысалды – гректердің, римдіктердің және германдықтардың мысалында арастырдық. Қорытындыснда қоғамның рулық ұйымдастырылуын варварлықтың ең жоғары сатысында-ақ жегідей жеп, өркенияттың дүниеге келуімен оны мүлдем аластаған экономикалық шарттарды қарастырамыз. Бұл арада Маркстың “Капиталы” бізге нақ Морганның да кітабы қажет болады. Тағылықтың орта сатысында пайда болып, оның ең жоғары сатысында дами берген ру, біздің дереккөздеріміз бұл туралы мүмкіндік беруіне қарағанда, өзінің гүлдену шағына варварлықтың ең төменгі сатысында жетеді. Біз дамудың нақ осы сатысынан бастаймыз. Бізге американ қызыл терілілері үлгі болуға тиіс бұл арада біз едәуір дамыған рулық құрылысты көреміз. Тайпа бірнеше руларға, көбінесе екі руға бөлінеді; ...Осынау бастапқы екі рудың әрқайсысы, халық санының көбеюіне қарай, бірнеше жүрағат руларға бөлініп кетеді, оларға бастапқы ру фратрия ретінде көрінеді; тайпаның өзі бірнеше тайпаға бөлініп кетеді; олардың әрқайсысына біз көбіне бұрынғы руларға тап боламыз; одақ, бері салғанда жекелеген жағдайларда, туыс тайпаларды қамтиды. Осынау

қарапайым ұйым, олар пайда болған қоғамдық жағдайларға әбден сәйкес келеді. Ол сол жағдайларға тән табиғи түрде өсіп шыққан ұрылымнан басқа ештеңе ле емес; ол осылай ұйымдастырылған қоғам ішінде туындайтын барлық жанжалдарды реттей алады. Сыртқы дүниемен жанжалдарда соғыс болады; ол тайпаның жойылып аяқталуы мүмкін, бірақ тіпті де оны құл етуімен аяқталмайды. Рулық құрыыстың ұлылығы, бірақ сонымен бірге оның шектеулілігі бұл арада үстемдік пен езгіге салуға орын жоқ екендігінен көрінеді. Рулық құрылыс ішінде құқықтар мен міндеттер арасында әлі ешқандай айырмашылық жоқ; үндіске қоғамдық істерге қатысу, қанды кек немесе ол үшін құн төлеу құқық па әлде міндет пе деген мәселе жоқ; мұндай мәселе тамақ, ұйқы, аң аулау – құқық па әлде міндет пе деген мәселе секілді одағай болып көрінен еді. Дәл сол секілді тайпа мен рудың әртүрлі таптарға да жіктелуі мүмкін емес. Мұның өзі бізді осы құрылыстың экономикалық базасын қарастыруға алып келеді. Халық барынша сирек орналасқан; ол тек тайпаның өмір сүретін жерінде ғана тығыз; сол жердің айналасында кеңінен көсіліп ең алдымен аң ауланатын аймақ, содан кейін тайпаны басқа тайпалардан бөліп тұрған және оған қорғаныш қызметін атқаратын бейтарап орман жолағы жатыр. Еңбек бөлінісінің тегі – таза табиғи жағдай; ол тек жыныстар арасында ғана бар; еркек соғысады, аң және балық аулауға шығады, шикі күйінде тамақ өнімдерін және соғанқажет құралдарды дайындайды. Әйел үй шаруасында және тамақ пен киім әзірлеумен айналысады – тамақ пісіреді, киім тоқиды, тігеді. Олардың әрқайсысы – өз саласының қожайыны: еркек орманда, әйел – үйде. Әркім өзі жасап, қолданатын құралдың иесі: еркек – қарудығ аң, балық аулайтын құралдардың, әйел – үйдегі ыдыс-аяқтаың иесі. Үй шаруашылығын бірнеше, көбіне бірталай отбасы коммунистік негізде жүргізеді. Бірлесіп әзірленіп, пайдаланылатын нәрсе: үй, бақша, қайық – ортақ меншікті құрайды. Бұл арада, осылайша, және де тек осы арада, іс жүзінде, өркениятты қоғамның заңгерлері мен экономистері

ойлап тапқан “өз еңбегімен қол жеткен меншік” – осы заманғы капиталистік меншік әлі сүйенетін соңғы жалған құқықттық негіз болады. Бірақ адамдар осы сатыда барлық жерде тоқтап қалған жоқ. Азияда олар қолға үйретуге болатын және үйретілген күйінде одан әрі көбейтуге болатын жануарларды тапты. Жабайы буйволдың ұрғашысын аулау керек, қолға үйретілген ол жыл сайын бұзау туады, мұның үстіне сүт береді. Кейбір ең озық тайпаларда – арийларда, семиттерде, қазір бәлкім турандықтарда да – әу баста қолға үйрету, тек содан кейін ғана мал өсіріп, оны бағып-қағу еңбектің басты саласына айналды. Бақташы тайпалар варварлардың негізгі бұқарасынан бөлініп шықты – бұл алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Бақташы тайпалар басқа варварлардан тек көп өндіріп қана қойған жоқ, олар өмір үшін өндіретін заттар да басқа болатын. Оларда, әлгілермен салыстырғанда, тек сүт, сүттен жасалған азық және әлдеқайда көп болып қана қойған жоқ, сондай-ақ тері, жүн, ешкі түбіті және шикізат көлемінің барған сайын ұлғая түсуіне қарай, иірілген жіп пен тоқылған мат да әлдеқайда көп болды. Бұл тұңғыш рет жүйелі айырбасты мүмкін еттін. Одан неғұрлым бұрынғы даму сатыларында тек кездейсоқ айырбас қана болуы мүмкін еді; қару мен құрал жасаудағы ерекше өнер уақытша еңбек бөлінісіне жетелей алар еді. осылайша, мысалы, көптеген жерлерде кейінгі тас ғасырының тас құралдарын дайындайтын шеберханалардың дау тудырмайтын жұрттары табылды; сол жерлерде өз өнерін дамыта түскен шеберлер, тегінде, бүкіл ұжымның есебінен және солардың пайдасына жұмыс істеген болуы керк, Үндістанда рулық қауымдардың тұрақты қолөнершілері бүгінге дейін дәл солай істейді. Дамудың осы сатысында айырбас тек тайпа ішінде пайда бола алатын, соның өзінде ол ілуде бір кездесетін құбылыс болып қала берді. Енді, керісінше, бақташы айпалар бөлініп шыққаннан кейін, әртүрлі тайпалар мүшелерінің арасындағы айырбас, оның тұрақты институт ретінде дами түсіп, орнығаа түсуі үшін барлық шарттарды табамыз. Бастапқыда тайпалар арасындағы айырбас әрбір жақтың ру ақсақалдары

арқылы жүргізілді; ал табындар оқшау меншікке көше бастап, ақыр соңында, айырбастың бірден-бір пошымына айналған кезде, – жекелегенадамдар арасындағғы айырбас барған сайын басым бола түсті. Бірақ, бақташы тайпаларөздерінің көршілерімен айырбас жасайтын басты зат мал болатын; мал сол арқылы барлық басқа тауарлар бағлаантын және барлық жерде соларға айырбас ретінде қуана қабылданатын тауарға айналды – қысқасы, мақ ақша қызметіне ие болды да, сол сатының өзінде ақша қызметін атқарды. Тауар айырбастаудың пайда болуының өзінің тұсында ерекше тауар – ақшаға қажеттілік дәл сондац мұқтаждықпен және шапшаңдықпен дамыды. Варварлықтың ең төменгі сатысынада тұрған Азия тұрғындарына тегінде белгісіз бақташылық, олрда егіншіліктің ізашары ретінде орта сатының алдында пайда болды. Тұран жазығының климат жағдайында ұзақ та қатал қысқа арналған жемшөп қорынсыз бақташылық өмір мүмкін емес; шабындық және дәнді дақылдар ол арада, осылайша, қажет болатын. Қара теңізден солтүстікке қарай созылып жатқан қиян дала туралы да осыны айтуға болады. Бірақ дән әуелгіде сал үшін өсірілсе, ол көп ұзамай адамның да тамағына айналды. Ұқсатылатын жер әлі тайпаның меншігі болып қала берді де, әуелгіде руға пайдалануға, кейінірек ру – үйішілік қауымдарға, ақыр соңында еке кісілерге пайдалануға берілетін болды; олардың сол жерге иелікке белгілі құқықтары болды, бірақ одан артып кеткен жоқ. Өнеркәсіптік қызмет саласында осы сатыдағы жетістіктердің арасынан екі нәрсенің ерекше маңызы бар: біріншісі – тоқу станогы, екіншісі – металл рудаларын балқыту және металл өңдеу. Олардың ең маңыздылары мыс пен қалайы, сондай-ақ солардан балқытып алынатын қола болды; қола жарамды құралдар мен қару берді, бірақ тас құралдарды ығыстырып шығара алған жоқ; бұған тек темірдің ғана шамасы келетін еді, бірақ темір алуды әлі білмейтін. Әсемдік үшін алтын мен күміс

пайдаланыла бастады, олар, тегінде, мыс пен қоладан бағалырақ болған секілді. Барлық салаларда , мал шаруашылығында, егіншілікте, үй қолөнерінде өндірістің ұлғаюы адамның жұмыс күшін оны сақтап отыру үшін қажеттен көбірек өнім өндіруге қабілетті етті. Сонымен бірге ол рудың, үй қауымының немесе жекелеген отбасының әрбір мүшесіне келетін күнделікті еңбек көлемін ұлғайтты. Жаңа жұмыс күшін тарту қажеттілігі туды. Оны соғыс беретін: әскери тұтқындар құлдарға айналдырыла бастады. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін, демек, байлықты да ұлғайтумен, және сондай-ақ сол кездегі жиынтығында алынған тарихи жағдайда өндіргіш қызмет өрісінің кеңейтумен бірге өзінің соңынан құлдықты ерте келді. Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен қоғамды алғашқы екі ірі тапқа – қожайындар мен құлдарға, қанаушылар мен қаналушыларға бөлу де келіп шықты. Табындар тайпаның немесе рудың отақ игілігінен жекед\леген отбасы басшыларының меншігіне қалай және қашан көшкені жөнінде біз әлі күнге дейін ештеңе білмейміз. Бірақ бұл көшу негізінен осы сатыда жасалуға тиіс болатын. Ал табындар мен өзге байлықтарға ие болумен бірге отбасында революция болды. Кәсіпшілік қашанда еркектің ісі болатын, кәсіпшілік құралдарын солар жасайтын, олар солардың меншігі болатын. Табындар кәсіпшілікиің жаңа құралы еді; бастапқыда оларды үйрету, кейінірек оларды бағып-қағу еркектің шаруасы болды. Сондықтан мал соған тиесілі болды, малға айырбастап алынған тауарлар мен құлдар да соған тиесілі болды. Енді кәсіпшілік берген бүкіл артық өнім еркекке тиді; әйел оны тұтынуға қатысты, бірақ меншікте оның өзінің үлесі болған жоқ. “Жабайы” жауынгер мен аңшы үйде әйелден кейінгі екінші орынды қанағат тұтатын, ал “неғұрлым момын” бақташы, өзінің байлығына масайрап, бірінші орынға шықты да, әйелді екінші орынға ығыстырды. Әйел шағымдана ада алмайтын еді. Отбасындағы еңбек бөлінісі меншіктің еркек пен әйел арасында бөлінуінің шартына айналды; ол бұрынғы күйінде

қалды, соған қарамастан, соған дейінгі үй қатынастарын мүлдем өзгертіп жіберді; оның себебі біреу ғана еді; отбасынан тыс еңбек қатынастары басқа сипатқа ие болды. Нақ бұрынғы, себеп, бұрын әйелдің үйдегі үстемдігін қамтамасыз етіп келген себеп – оның еңбегінің үй жұмысымен шектелуі – дәл сол себеп енді еркектің үйдегі үстемдігін сөзсіз нәрсе етті; әйелдің үйдегі жұмысы енді еркектің кәсіпшілік еңбегімен салыстырғанда енді өзінің маңызынан айрылды, оның еңбегі баршасы болды да, әйелдің жұмысы – елеусіз қосымшаға айналды. Осы арада-ақ, әйел қоғамдық өнімді еңбектен шеттетіліп, үй ішіндегі жеке еңбекпен шектелуға мәжбүр болып отырғанда, әйелді азат ету, оның құқықтарын еркектің құқықтарымен теңестіру қазір де, болашақ та да мүмкін еместігі байқала бастайды. Әйелді азат ету тек өндіріске ірі, қоғамдық ауқымда қатысқанда, ал үйдегі жұмыспен ол аз-аздап қана айналысатын болғанда ғана мүмкін болады. Ал мұның өзі тек осы заманғы ірі өнеркәсіптің арқасында ғана мүмкін болды, ол өнеркәсіп әйелдер еңбегін кең көлемде қажет етіп қана қоймайды, оны тікелей де талап етеді және жеке үй еңбегін қоғамдық өндіріске сіңіріп жіберуге ұмтылады. Үйде еркектің іс жүзіндегі үстемдігі орнығуымен, оның дара билік жүргізуіне соңғы кедергі жойылды. Осынау дара билік ана құқығының төңкеріп ьтасталуымен, әке құқығының енгізілуімен, жұптық некеден бірте-бірте моногамияға көшумен қуатталып, мәңгілік етілді. Ал мұның өзі ежелгі рулық құрылыста жарықшақ туғызды: жеке отбасы руға қатер төндіріп тұрған күшке айналды. Келесі қадам бізді варварлықтың ең жоғары сатысына, барлық мәдениетті халықтар өзінің қаһармандық дәуірін – темір семсер дәуіріне, сонымен бірге темір соқа мен балта дәуірін бастан өткерген кезеңге, жетелейді. Адамға темір, тарихта революциялық рөл атқарған шикізаттың барлық түрінің ең соңғысы да ең маңыздысы, картоп пайда болғанға дейінгі соңғысы қызмет ете бастады. Темір егіншілікті неғұрлым ірі аумақта жүргізуге, кең орман аумақтарын жер жырту үшін тазалауға

мүмкіндік берді; ол қолөнершіге беріктігі мен өткірлігіне бірде-бір тас, сол кезде белгілі бірде-бір металл шыдай алмайтын құрал берді. Мұның бәрі бірден болған жоқ; алғашқы темір әлі көбіне қооладан жұмсақ еді. тас қару сондықтан баяу жойылып келе жатты. “Хильдебранд туралы жырда” ғана емес, 1066 жылы Гастингс маңында да шайқаста тас болат қолданылған. Бірақ прогресс енді екпіндей, аз үзілістермен және жылдам жүріп жатты. Тас немесе кірпіш үйлерді өзінің тас дауалдарымен, мұнараларымен және тіс секілді парапеттерімен қоршалған қала тайпаның немесе тайпалар одағының ұясына айналды – бұл құрылыс өнеріндегі орасан зор прогрестің көрсчеткіші, сонымен бірге ұлғая түскен қауіп пен қорғанысқа қажеттіліктің нышаны еді. байлық жылдам, бірақ жекелеген кісіледің байлығы ретінде ұлғая түсті; тоқымашылықта, металл өңдеуде және барған сайын бір-бірінен оқшаулана түскен басқа кәсіптерді алуандық барған сайын ұғая түсті және өндіріс шеберлігі жетілдіріле берді; егіншілік енді дәнмен, бұршақты өсімдіктермен және миуамен қатар сондай-ақ өсімдік майы мен шарап бере бастады, адамдар оларды дайындау әдістерін тауып алды. Соншалық сан алуан қызметті енді бір ғана адам атқара алмайтын еді; екінші ірі еңбек бөінісі жүзеге асты: кәсіпшілік егіншіліктен бөлініп шықты. Өндірістің, сонымен бірге еңбек өнімділігінің де тоқталмай өсе беруі адамның жұмыс күшінің құндылығын арттыра түсті, дамудың алдыңғы сатысында енді ғана пайда болып, аракідік сипатта болған құлдық енді қоғамдық жүйенің елеулі құрамдас бөлігіне айналды; құлдар жай ғана қолбала болуды қойды, олар енді он-ондап егістіктер мен шеберханалардағы жұмысқа қуылды. Өндірістің екі ірі негізгі салаға, егінілік пен кәсіпшілікке бөлінуімен тікелей айырбасқа арналған өндіріс – тауарлы өндіріс, сонымен бірге сауда да, және де тек тайпа мен оның шекараларында ғана емес, теңіздің арғы бетіндегі елдермен де сауда да дүниеге келді. Мұның бәрі, алайда, әлі дами қоймаған түрде еді; асыл металлдар басым және баршаға ортақ тауарға – ақшаға айнала бастады, бірақ олар әлі шегілмейді, тек жай ғана салмағы бойынша алмастырылады.

Еркін адамдар мен құлдар арасындағы айырмашылықпен қатар байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық көріне бастады – жаңа еңбек бөлінісімен қоғамды жаңадан таптарға бөлу пайда болды. Жекелгене отбасы басшыларының арасындағы мүліктік айырмашылық ескі коммунистік үй қауымын ол сақталған жердің бәрінде күл-талқан етті; сонымен бірге сол қауымның құралдарымен бірлесіп жең өңдеу де келмеске кетті. Жыртылатын жер жекелеген отбасылардың пайдалануына – әуелі уақытша, кейін біржола беріле бастады оның толық жеке меншікке өтуі бірте-бірте және жұптық некеден моногамияға көшумен қатар жүріп жатты. Халықтың тығыздығының өсе түсуі іште де, сыртқы дүниеге қатынаста да неғұрлым тығызырақ топтасуға мәжбүр етті. Туыс тайпалардың одағы барлық жерде қажеттілікке айнала басттады, ал көп ұзамай тіпті олардың қосылуы және сонысымен жекелген тайпалық аумақтардың бүкіл халықтың бір аумағына бірігуі де қажеттілікке айнала бастады. Халықтың әскери көсемі – чех, basіleus, thіudans – қажетті, тұрақты мансапты кісісіне айналды. Әлі болмаған жерлерде халық жиналыстары пайда болды. Әскербасы, кеңес, халық жиналысы әскери демократияға қарай дамып бара жатқан рулық қоғамның органдарын құрайды. Әскери демократияға айналатын себебі – соғыс және соғыс үшін ұйыммдастырылу енді халық өмірінің жүйелі қызметіне айналды. Көршілердің байлығы байлыққа ие болу енді аса маңызды өмірлік мақсаттарына айналған халықтардың ашқарақтығын қоздырды. Олар варварлар: тонау оларға жасампаз еңбектен гөрі неғұрлым жеңіл, тіпті неғұрлым абыройлы шаруа болып көрінеді. Бұрын тек шабуыл жасағаны үшін кек алуға немесе жеткілікті болмай қалған аумақты кеңейтуге саятын соғыс енді тек тонау үшін жүргізіледі; тұрақты кәсіпке айналады. Жаңа бекіністі қалалардың айналасында еңселі дуалдардың бой көтеріп тұрғаны бекер емес: олардың айналасындағы орларда рулық құрылыстың молалары үңірейеді, ал мұнаралары өркениятқа жетіп тұр. Қоғамның ішінде де дәл

солай болып жатыр. Тонаушылық соғыстар жоғары қолбасының, сондайақ оған бағынышты қолбасылардың билігін күшейтеді; салт бойынша қалыптасқан, олардың мирасқорларын белгілі бір әулеттерден ғана сайлау аз-аздап , әсіресе әкелік құқықтың орнығу заманынан бастап, мирасқорлық билікке айналады, оған әу баста шыдайды, содан кейін талап етеді, ақыр соңында, тартып алады; мұрагерлік королб билігі мен мұрагерлік жайсаңдық негізі қаланады. Осылай рулық құрылыс органдары халықтағы, рудағы, фратриядағы, тайпадағы тамырларынан бірте-бірте айрыла бастайды, ал бүкіл рулық құрылыс өзінің қарама-қарсысына айналады: тайпалардың өзінің төл істерін еркін реттеу үшін құрылған ұйымынан ол көршілерін тонау мен езу үшін құрылған ұйымға айналады, соған сәйкес оның органдары халық ырқы құралынан өзінің халқына қарсы бағытталған үстемдік пен езудің дербес органдарына айналады. Бірақ егер байлыққа ақшарақ ұмтылыс ру мүшелерін байларға және кедейлерге бөлмесе, егер “бір рудың ішіндегі мүліктік айырмашылықтар мүдде ортақтығын ру мүшелерінің арасындағы анагонизмге айналдырмаса” (Маркс) және егер құлдықтың таралуының нәтижесінде тіршілік ету қаражатын төл еңбегімен табу енді тек құлға лайық, тонаудан неғұрлым ұятты шаруа деп таныла бастамаса, бұл ешқашан болмас та еді. * * * Біз енді өркенияттың табалдырығына келдік. Ол еңбек бөлінісіндегі алға қарай жасалған жаңа қадаммен ашылады. Төменгі сатыда адамдар тек тікелей өздерінің тұтынуы үшін өндіретін; аракідік болатын айырбас актылары ілуде бір кездесетін де, тек кездейсоқ қалып қойған басы артық нәрсеге қатысты болатын. Варварлықтың орта сатысында бақташы халықтарда біз енді мал түріндегі мүлікті кездестіреміз, ол табынның белгілі бір мөлшерінде ылғи да төл қажеттіліктен біршама басы артық нәрсе беріп отырады; бір мезгілде біз сондай-ақ бақташы халықтар мен артта қалып қойған, табындары жоқ тайпалар арасындағы, демек, қатар тұрған әрқилы екі өндіріс сатысын яғни жүйелі айырбас үшін шарт болып

табылатын еңбек бөлінісін көреміз. Варварлықтың жоғары сатысында егіншілік пен кәсіпшілік арасындағы одан әрі еңбек бөлінісі орын алады, демек, еңбек жемісінің барған сайын өсе түсетін бөлігін тікеелй айырбас үшін өндіруді, сол арқылы жекелеген өндірушілердің аарсындағы айырбасты қоғам үшін өмірлік қажеттілікке айналатынын көреміз. Өркеният өзіне дейін пайда болған еңбек бөліністерінің осынау түрлерін, әсіресе қала мен деревня арасындағы қарама-қайшылықты шиеленістіру жолымен (және де экономикалық жағынан ежелгі заманда болғандай қала деревняға, немесе, орта ғасырларда болғандай деревня қалаға үстемдік ете алады) орнықтырып, күйшейте түседі, және оған үшінші, өзіне ғана тән, шешуші маңызы бар еңбек бөлінісін қосады – енді өндіріспен емес, тек өнім айырбастаумен айналысатын тапты, атап айтқанда көпестерді құрады. Осыған дейін таптардың құралуының себебі тек қана өндіріспен байланысты болатын; олар өндірісте істейтін адамдарды басшылар мен атқарушыларға немесе көбірек және азырақ ауқымдағы өндірушілерге бөлуге жетелейді. Осы арада өндіріске ешқандай түрде қатыспай-ақ, өндіріске жалпы да тұтас басшылықты тартып алатын, өндірушілерді экономикалық жағынан бағындыратын, әрбір екі өндірушінің арасында қуып кетіе алмайтын делдалға айналатын, сөйтіп олардың екеуін де қанайтын тап тұңғыш рет көрінеді. Өндірушілерді айырбасқа байланысты еңбек пен тәуекелден арылту, олардың өнімдерін ең қиыр базарларға дейін олардың өткізуді кеңейту және сол арқылы халықтың ең пайдалы-мыс табын құру желеуімен паразиттер табы, нағыз қоғамдық жатыпішерлер табы құралады да, ол шындап келгенде өзінің болмашы қызметінің есесіне отандық та, шетелдік те өндірістің қаймағын қалқып алады, орасан зор байлыққа және қоғамда соған сәйкес ықпалға тез ие болады, нақ сондықтан өркеният кезеңінде барған сайын құрметті жағдайға ие болады және өндірісті өзіне бағындыра береді, мұны ол өзінің төл өнмін – мерзімді сауда дағдарыстарын жасағанша жалғастыра береді.

Айтпақшы, біз қарастырып отырған даму сатысында жас көпестер қауымы өзінің алдында тұрған ұлы істер туралы әлі ештеңе білмейді. Бірақ ол қалыптасып келе жатыр және қажет бола түсуде, және осының өзі-ақ жеткілікті. Ал сонымен бірге металл ақша, шегілген мәнет, ал металл ақшамен бірге – өндірмейтіннің өндіруші мен оның өндірісіне үстемдік етуінің жаңа құралы пайда болады. Жасырын түрде өз бойына барық басқа тауарларды жиып алған тауарлардың тауары, егер қажет болса, кез-келген қызықтыратын, қалаулы затқа айнала алатын ғажайып құрал ашылды ол кімде болса, сол өндіріс дүниесіне билік жүргізеді. Ал жұрттың бәрінен бұрын кім ие болады? Көпес. Жұрт табынатын ақша соның сенімді қолында болды. Ол барлық тауарлар, солармен бірге барлық тауар өндірушілер ақшаның алдында құрдай жорғалауға тиіс екендігін жариялау қамын өз мойнына алды. Ол байлықтың барлық басқа пошымдары байлық атаулының осынау жиынытығының алдында тек клеңке екенін практикада дәлелдеді. Кейінірек ешқашан ақшаның билігі оның осынау жас кезеңіндегідей сондайлық бастапқы жөрекі де зорлықшыл пошымда көрінген емес. Тауарларды ақшаға алудың артынша ақшалай несие, сонымен бірге өсім пайызы мен өсімқорлық пайда болды. Кейінгі замандардың бірде-бір заңы, Ежелгі Афина мен Римнің заңдарындай, борышкерді несие беруші-өсімқордың аяғының астына соншалық қатігез де аяусыз лақтырып тастамайды, мұның екеуі де әдеттегі құқық ретінде өздігінен, экономикалық қажеттілік пәрменімен дүниеге келді. Тауарлар мен құлдарға ие болудан көрінетін байлықпен қатар, ақшалай байлықпен қатар енді сондай-ақ жер байлығы дүниеге келді. Жекелеген адамдардың жер парцелаларына, бастапқыда оларға ру немесе тайпа пайдаоануға берген жер парцелдеріне иелік ету құқығының нығайғаны соншалық, бұл парцелалары оларға мирасқа қалдырылатын меншік құқығымен тиесілі болып шықты. Өйткені олар соңғы кезде бәрінен бұрын парцеланы оған рулық қауым тарапынан құқықтаан, олар үшін бұғауға айналған құқықтан босатып алуға, нақ соған ұмтылған еді

ғой. Олар бұл бұғаудан босанды, бірақ содан көп ұзамай өздерінің жаңа жер меншігінен де құтылды. Жерге толық, еркін меншік оған кедергісіз және шектеусіз ие болу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ, оны шеттету мүмкіндігі деген де сөз еді. Жер рудың меншігі болып тұрғанда ондай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ, жаңа жер иесі ру мен тайпаның жоғары меншігінің бұғауын өз мойнынан ысырып түсіргенде, о сондай-ақ соған дейін өзін жермен етене байланыстырып тұрған дәнекерлерді де үзді. Мұның не екенін оған жерге жеке меншікпен бір мезгілде ойлап табылған ақша түсіндірді. Жер енді сатылатын және кепілдікке қойылатын тауар бола алатын еді. жерге меншік орнатылған бойда ипотека да дүниеге келді (Афинаны қараңыз). Моногамияны өкшелей гетеризм мен зинақорлық келетіні секілді, жер меншігіне өкшелей бұдан быай ипотека жүретін болды. Сіз толық, еркін, шеттетілетін жер меншігін қалаған едіңіз – ала қойыңыз, ол мінеки: tu Pas Voulu, George Dandіn! Осылай сауданың кеңеюімен бірге, ақшамен және өсімқорлықпен, жерге меншікпен және ипотекамен бірге байлықтың аз санды тап қолында шоғырланып, орталықтануы шашаң жүріп жатты, ал сонымен бірге бұқараның қайыршылануы да өсе түсіп, кедейлер бұқарасы ұлғая түсті. Байлықтың жаңа аристократиясы ескі рулық жайсаңдарды, егер олар әу бастан оған сәйкес келмесе, оларды артқы қатарға түпкілікті ығыстырып жіберді (Афинада, Римде, германдықтарды). Және еркін адамдардың мүліктік жағдайына қарай таптарға бөлінуімен қатар, құдар санының орасан зор өсуі, әсіресе Грекияда жүріп жатты, олардың мәжбүрі еңбегі бүкіл қоғамның қондырғысы жайғасқан негіз қызметін атқарды. Енді осынау қоғамдық төңкеріс тұсына рулық құрылыспен не болғанын қарастырайық. Ол өзінің қатысуынсыз дамыған жаңа элементтердің алдында дәрменсіз болып шықты. Оның алғышарты бір рудың немесе бері салғанда бір тайпаның мүшелері бірлесіп, тек қанас солар қоныстанған бір аумақта тұрғандығы болатын. Бұл әлдеқашан доғарылды. Барлық жерде рулар мен тайпалар бытысып кетті, барлық

жерде еркін адамдардың арасында құлдар, біреулердің қанаты астындағы адамдар, шетелдіктер тұрды. Тек варварлықтың орташа сатысында ғана қол жеткен халы отырықшылығы оның құрамындағы өзгерістермен және сауда қызметінен, жұмыс түрін өзгертуден, жер меншігінен айырудан туындаған тұұрғылықты жерді жиі ауыстырудан жиі-жиі бұзылып отырды. Рулық бірлестіктердің мүшелері енді өздерінің ортақ төл істерін қарауға жинала алмайтын болды; тек елеусіз, діни мерекелерді өткізу секілді істер ғана өйтіп-бүйтіп реттелетін. Кезінде рулық бірлестіктер ыңғайластыруға тиісті болған қажеттіліктермен және мүдделермен қатар, өндіріс жағдайындағы төңкерістің және қоғамдық құрылымда сол туғызған өзгерістердің нәтижесінде ежелгі рулық құрылысқа жат қана емес, барлық жағынан оған кереғар жаңа қажеттіліктер мен мүдделер туындады. Еңбек бөлінісінің арқасында туындаған қолөнершілер топтарының мүдделері қалалардың деревняға кереғар ерекше қажеттіліктері жаңа органдарды талап етті, бірақ осы топтардың әрқайсысы барынша әрқилы рулардың, фратриялардың және тайпалардың адамдарынан құралды, тіпті шетелдіктерді қамтыды; бұл органдар сондықтан рулық құрылыстан тыс, сонымен қатар, сонымен бірге оған кереғар дүниеге келуге тиіс болды. Және әрбір рулық бірлестікте, өз кезегінде, мүдделердің осынау қақтығысы сезіліп, олар байлар мен кедейлер, өсімқорлар мен борышкерлер бір ғана руда, бір ғана тайпада ұштасқан жерлерде барынша өткір сипат алып отырды. Мұның үстіне рулық қауымдарға жат, жаңа халық көп боды, ол Римдегі секілді, елде ересен күш бола алар еді, және де ол қандас туысқандыққа негізделген рулар мен тайпаларға біртіндеп сіңіріп жіберу үшін саны жағынан тым көп болды. Осынау бұқараға рулық қауымдар тұйық, артықшылықты копорациялар ретінде қарсы тұрды; алғашқы қауымдық табиғи жолмен өсіп шыққан демократия жек көрінішті аристократияға айналды. Ақыр соңында, рулық құрылыс ешқандай ішкі кереғарлықты білмейтін және тек соған ғана бейімделген қоғамнан өміп шықты. Оның қолында мәжбүрлеудің қоғамдық пікірден басқа ешқандай

құралы болған жоқ. Дәл осы жерде өздерінің өмірінің бүкіл экономикалық жағдайының пәрменімен еркін адамдар мен құлдарға, қанаушы байлар мен қаналушы кедейлерге қақ жарылуға тиіс болған қоғам – сол кереғарлықтарды қайтадан татуластыру былай тұрсын, оларды барған сайын шиеленістіре беруге тиіс қоғам пайда болды. Мұндай қоғам тек қана сол таптардың арасындағы толатамайтын ашық күресте немесе өзара күресіп жатқан таптардан жоғары ьұрады-мыс деп саналуы олардың ашық қақтығыстарын басып-жаншитын және таптық күреске ең әрі кеткенде экономикалық салада ғана, заңды пошымда делінетін түрінде ғана жол бере алатын үшіші күш үстемдігі жағдайында ғана өмір сүре алатын еді. рулық құрылыстың күні келмеске кетті. Ол еңбек бөлінісімен және соның салдары – қоғамның таптарға бөлінуімен быт-шыт етілді. Ол мемлекетпен алмастырылды. Жоғарыда біз мемлекет рулық құрылыстың қирандыларында өсіп шыға алатын басты үш пошымды жеке-жеке қарастырдық. Афина ең таза, барынша классикалық пошымды көрсетеді: мұнда мемлекет тікелей және негізінен рулық құрылыстың өз ішінде дамитын кереғарлықтан өсіп шығады. Римде рулық қоғам сол қоғамнан тыс тұрған саны көп, құқығы жоқ, бірақ міндеттері бар плебс қоршаған тұйық аристократияға айналады; плебстің жеңісі ескі рулық құрылысты күл-талқан етіп, соның жұртында мемлекет туғызады, она көп ұзамай рулық аристократия да, плебс те сіңіріліп кетеді. Ақыр соңында, Рим империясын германдық талқандаушылардп мемлекет басқаның ұлан-ғайыр аумағын басып алудың тікелей нәтижесі ретінде өсіп шығады, ондай аумаққа үстемдік ету үшін рулық құрылыста ешқандай құрал бермейді. Бірақ осынау жаулап алумен бұрынғы тұрғын халықпен байыпты күрес те, неғұрлым прогресті еңбек бөлінісі де байланысты болмағандықтан; бағындырылған халықтар мен жаулап алушылардың экономикалық даму деңгейі бірдей дерлік болғандықтан, демек, қоғамның экономикалық негізі бұрынғы күйінде қала беретіндіктен, рулық құрылыс өзгертілген, марктық құрылыс түрінде

аумақтық пошымда тұтас бір жүзжылдықтар бойында өмір сүре бере алады және тіпті неғұрлым әлсіз пошымда аса кейінгі дворяндық, патрицийлық руларда, тіпті, мысалы, Дитмаршенде болғандай, шаруалар руында біршама уақытқа қалпына келтіріле алады. Сонымен, мемлекет, қалай болғанда да, қоғамға сырттан тағылған күш бола алмайды. Мемлекет, сондай-ақ Гегель кесіп айтатындай “инсанияттық идеяның нақты болмысы”, “парасаттың бейнесі мен нақты болмысы емес”. Мемлекет дамудың белгілі бір сатысындағы, қоғамның жемісі; мемлекет дегеніміз сол қоғамның өзімен-өзі қарама-қайшылықта әбден шатысқандығын, ол арылуға дәрменсіз кереғарлықтарға қақа жарылғанын мойындау. Ал осынау кереғарлықтар, экономикалық мүдделері қарама-қайшы таптар бір бірін және қоғамды жеміссіз күресте жеп тауыспас үшін, осы үшін, тегінде, қоғамнан жоғары тұрған күш, қақтығысты тізгіндей алатын, оны “тәртіп” шекарасында ұстап тұра алатын күш қажет болды. Және қоғамнан өсіп шыққан, бірақ өзін одан жоғары қоятын, барған сайын өзін лдан шеттете беретін осы күш – мемлекеттің өзі. Ескі рулық құрылыспен салыстырғанда мемлекет, біріншіден, мемлекет бодандарын аумақтық бөліс бойынша бөлшектеуімен ерекшеленеді. Қандастық дәнекер пәрменімен пайда болып, соның күшімен мықты болған ескі рулық бірлестіктер, біз көргеніміздей, жеткілікті болмай қалғанының себебі көбіне-көп олардың алғышарт, ру мүшелерінің белгілі бір аумақпен байланысты өмір сүруін тоқтатқан-ды. Аумақ орнында қалды, бірақ адамдар қоныс аудара беретін болып шықты. Сондықтан темірқазық ретінде аумақтық бөліну алынды да, азаматтарға өздерінің қоғамдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру, руға және тайпаға қарамай, өздері орналасқан жерлерде жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша осындай ұйымдастыру барлық мемлекеттерде бірдей қабылданған. Ол сондықтан бізге табиғи болып көрінеді; бірақ біз ол Афина мен Римде ескі рулар бойынша

орналасу орнына орныға алуы үшін қандай табанды да ұзақ күрес қажет болғанын көрдік. Екінші ерекше белгі – жұртшылық билігін енгізу, ол өзін-өзі қарулы күш ретінде ұйымдастыратын халықпен тікелей сай келмейді. Осынау ерекше жұртшылық билігінің қажет болатын себебі, халықтың өз бетімен қызмет ететін қарулы ұйымы таптарға бөлінуі заманынан бастап мүмкін болмай қалды. Құлдар да халық құрамына кіреді. Афинаның 90 мың азаматы 365.000 құлдарға қарағанда тек артықшылықты тапты ғана құрайды. Афина демократиясының халықтық әскері құлдарға қарсы бағытталған аристократиялық жұртшылық билігі ғана болып, оларды мойынсұндырып ұстады; бірақ азаматтарды да мойынсұндырып ұстау үшін, жоғарыда әңгімелегеніміздей, жандармерия қажет болады екен. Осынау жария билік әрбір мемлекетте бар. Ол тек қарулы адамдар ғана емес, қоғамның рулық құрылысының белгісіз болған заттай қосымшалардан, абақтылардан және әрқилы мәжбүрлеуші мекемлерден құрала алады. Ол таптық кереғарлықтары әлі дамымаған қоғамдарда және Америка Құрама Штаттарының кейбір жерлерінде кей-кейде байқалатынындай, қиыр өңірлерінде едәуір елеусіз бола алады. Жария билік мемлекет ішінде таптық қайшылықтар шиеленісіне түскенде және іргелес мемлекеттер ірі, халқы көбірек бола түсуіне қарай күшейе түседі. Бері салғанда қазіргі Еуропаны шолып шығыңыз, онда таптық күрес және жаулап алудағы бәсекелестік жария билікті шарықтатып жібергені соншалық, ол бүкіл қоғамды және тіпті мемлекетті жұтып жіберу қатерін төндіреді. Осынау жария билікті ұстап тұру үшін азаматтардың жарнасы – салықтар қажет. Салықтар рулық қоғамға мүлдем белгісіз болатын. Бірақ біз оларды жеткілікті жақсы білеміз. Өркенияттың дами түсуіне қарай тіпті салықтар да жеткіліксіз; мемлекет болашаққа вексельдер береді, қарыз, мемлекеттік қарыз жасайды. Және бұл жөнінде кейуана Еуропа көп нәрсе айта алады.

Жаоия билігіне және салық жинау құқығына ие шенеуніктер, қоғамның органы ретінде өздерін қоғамнан жоғары санайды. Рулық қоғамның органдарына еркін, ерікті құрмет, тіпті олар бұған ие бола алатын күнде де, енді оларға жеткіліксіз; қоғамнан алып қойылатын билікке ие олар өзіне құрметке ерекше заңдар жолымен ие болуға тиіс, солардың пәрменімен олар ерекше қасиеттілікке, ұлықтыққа ие болады. Өркениятты мемлекеттің ең төменгі полиция қызметкерінің “беделі” рулық қоғамның бірге алынған барлық органдарынан артық; бірақ өркеният дәуірінің ең құдіретті монархы мен аса ірі мемлекет қайраткері немесе қолбасысы ең елеусіз ру ақсақалына көрсетілетін зорлықсыз алынған, даусыз беделіне қызғана қарай алар еді. ру ақсақалы қоғамның өз ішінде тұр, ал біріншілері өздерін одан тыс жоғары тұрған бірдеңе етіа көрсеткісі келуге мәжбүр. Мемлекет қарама-қарсы таптарды тізгіндеп ұстау қажеттілігінен; сондықтан бір мезгілде сол таптардың қақтығысынан пайда болғандықтан, ол ортақ ереже бойынша ең жұдіретті, экономикалық жағынан үстем таптық мемлекет болып табылады, ол тап мемлекеттің көмегімен, сондайақ саяси жағынан үстем тапқа айналады, сөйтіп осылайша езілген тапты басып-жаншудың және қанаудың жаңа құралдарына ие болады. Мәселен, ежелгі заман мемлекеті, ең алдымен, құл иеленушілердің құлдарды басыпжаншитын мемлекеті, феодалдық мемлекет – дворяндардың басыбайлы және тәуелді шаруаларды басып-жаншитын органы болды, ал осы заманғы өкілдікті мемлекет дегеніміз жалдамалы еңбектң капиталдың қаануының құралы. Аалйда, оқшау жағдай түрінде күресіп жатқан таптар күштердің тепе-теңдігіне жететін кезеңдер де болады, мұндайда мемлекеттік өкімет біршама уақытқа екі тап жөнінде де, олардың арасындағы делдал ыспатты дербестікке ие болады. XVІІ және XVІІІ ғасырлардың дворяндар мен буржуазияны бір-біріне қарсы тепе-теңдікте ұстаған абсолюттік монархиялары сондай; Франциядағы Бірінші және әсіресе Екінші

империяларының бонапартизмі сондай, ол пролетариатты буржуазияға, буржуазияны пролетариатқа қарсы айдап салып отырды. Бұл саладағы ең жаңа, өз тұсында әмірші де, қарауындағылар да бірдей күкілі көрінетін жетістік бимсарктік ұлттың жаңа Грман империясы: онда бір-біріне қарсы тұрған капиталистер мен жұмысшылар арасындағы тепе-теңдік сақталып оырады да, олар кедейленген Пруссия юнкерлерінің мүддесі үшін бірдей алдап соғылады. Мұның .стіне, тарихта белгілі мемлекеттердің көпшілігінде азаматтарға құқықтар олардың мүліктік жағдайына сәйкестендіріп беріледі, және осы арқылы мемлекет – дәулетті таптың оны дәулетсіз таптан қорғау үшін құрылған ұйымы екендігі тікелей мәлімделеді. Мүліктік категорияларға бөлінген сонау Афина мен Римде солай болды. Саяси ықпал дәрежесі жер иелігінің көлемімен анықталғаг орта ғасырлардағы феодалдық мемлекетте солай болды. Бұл осы заманғы өкілдікті мемлекеттердің сайлау ценінен көрінеді. Алайда мүмліктік жағдайдағы айырмашылық тарды осынау мойындау тіпті де елеулі емес. Керісінше, ол мемлекеттік дамудың ең төменгі сатысын сипаттайды. Мемлекеттің ең жоғары пошымы, бізздің қазіргі өоғамдық жағдайымызда барған сайын сөзсіз қажеттілікке айналып келе жатқан және пролетариат пен буржуазия арасындағы шешуші күрес тек соның тұсынға ғана аяғына дейін жеткізіле алатын демократиялық республика, осынау демократиялық республика ресми түрде байлық бойынша айырмашылық туралы ештеңе білмейді. Оның тұсында байлық өзінің билігін жанама түрде, есесіне неғұрлым сенімді, шенеуніктерді тікелей сатып алу – мұның лкассикалық үлгісі Америка, – екінші жағынан, үкімет пен биржа арасындағы одақ пошымында пайдаланады, бұл одақ мемлекет қарыздары өсе түскен сайын және ауционерлік қоғамдар транспортты ғана емес, өндірістің өзін де қолына көбірек шоғырландырып, сол биржаны өзінің темірқазығына айналдырған сайын соншалық оңай жүзеге асырылады. Мұның анық мысалы, Америкадан былай, ең жаңа Француз республикасы, тіпті

салауатты Швейцария да бұл салада өзінің үлелсін қосты. Бірақ үкімет пен жбирданың осынау бауырластық одағы үшін демократиялық республика тіптті де талап етілмейтінін, Англиядан былай, жаңа Герман империясы да дәлелдейді, онда “баршаға ортақ сайлау құқығы” кімді,, Бисмаркты ма, әлде Блейхрдерді ме, көбірек көкке көтергенін айтып бере алмайсың. Ақыр соңында, дәулетті тап баршаға ортақ сайлпу құқығының көмегімен үстемдік жасайды. Есілген тап – аталмыш жағдайда, демек, проелатриат – өзін-өзі азат етуге пісіп-жетілмейінше, ол өзінің көпшілігінде орын алып отырған қоғамдық тәртіпті бірден-бір мүмкін тә”ртіп деп мойындайтын болады және саяси жағынан капиталистер табының артынан ере береді; оның ең шетін сол қанатын құрайды. Бірақ ол өзін-өзі азат етуге қарай пісіп-жетілуі шамасына қарай, ол өзінің төл партиясына кірігеді, капиталистердің емес, өзінің өкілдерін сайлайтын болады. Баршаға бірдей сайлау құқығы – жұмысшы табының кемелдену көрсеткіші. Ол содан артық бере алмайды және қазіргі мемлекетте ешқашан бермейді. Баршаға ортақ сайлау құқығының термометрі жұмысшылардың қайнау нүктесін көрсеткен күні, олар, капиталистер секілді, не істейтінін білетін болады. Сонымен, мемлекет мәңгіден келе жэатқан жоқ. Онсыз да күнін көрген, мемлекет пен мемлекеттік биліг деген ұғым тұсіне де кірмеген қоғамдар бол,ған. Экономикалық дамудың белгілі бір сатысында, қоғамның таптарға бөлінуімен қажетті байланыстағы сатысында, осынау бөліну пәрменімен мемлекет қажет нәрсеге айналды. Біз қазір шапшаң қадамдармен өндірістің дамуының сол таптардың орын алуы қаджеттілік болуын қойғаны былай тұрсын, өндіріске тікелей кедергі болатын сатысына жақындап келеміз. Таптар бұрын амалсыз пайда болса, солай амалсыз жойылып кетеді. Таптардың жойылуымен мемлекет те амалсыз жойылады. Өндірушілердің ерікті де тең ассоциацияларының негізінде өндірісті жаңадан ұйымдастыратын қоғам, бүкіл мемлекеттік машинаны, сол кезде оған нағыз орын болатын жерге: ежелгі жәдігерлер мұражайына, ұршық пен қола балта жанындағы орынға жібереді.

* * * Сонымен, жоғарыда айтылғандарға сәйкес, өркеният өқоғамдық дамудың еңбек бөлінісі, содан шығатын жеке адамдардың арасындағы айырбас және осынау екі бірдей процесті біріктіретін тауарлы өндіріс толық шешек ату жағдайына жетіп, бүкіл бұрынғы қоғамда төңкеріс жасайтын сатысы. Қоғамдық өндіріс болды, дәл сол секілді тұтыну да үлкен немесе шағын коммунистік қауымдардың ішінде өнімдерді тікелей бөлуге сайды. Өндірістің осынау ұжымдық сипаты ең тар шеңберде жүзеге асырылады, бірақ ол өндірушілердің өзінің өндірістік процесіне және өндіріс өнімдеріне үстемдігін орнатты. Олар өніммен не болатынын біледі: олар оны тұтынады, ол оның қолынан шығып кетпейді, және өндіріс осы негізде жүргізіліп жатқанда, ол өндірушілерден асып кете алмайды, өркеният дәуірінде ұдайы әрі сөзсіз болатындай, құпия, оларға жат күштерді туындатпайды. Бірақ осынау өндірістік процеске еңбек бөлінісі там-тұмдап енеді. Ол өндіріс пен иеленудің ұжымдық сипаын бүлдіреді, ол жеке адамдардың иеленуін басым ережеге айналдырады және сонымен бірге олардың арасындағы айырбасты туындатады – мұның қалай болатындығын біз жоғарыда зерттедік. Бірте-бірте тауарлы өндіріс үстем пошымға айналады. Тауарлы өндіріс тұсында өндіріс енді өзінің тұтынуы үшін емес, айырбас үшін жүргізіледі, өнімдер қажетіне қарай қолдан-қолға өтеді. Өндіруші айырбас кезінде өз өнімі береді; ол енді онымен не боатынын біледі. Ал өндірушілер арасындағы делдал рөлінде ақша, сонымен бірге көпес пайда болғанда, айырбас процесі бұрынғыдан шатыса түседі, өнімдерің ақтық тағдыры бұрынғыдан да беймәлім бола түседі. Көпестер көп, және олардың бірде-бірі басқасы не істеп жатқанын білмейді. Тауарлар енді тек қолдан-қолға ғана емес, базардан-базарға да өтеді; өндірушілер өзінің төл өмірінің шарты бүкіл өндіріске билігінен

айрылады, бірақ бұл билік көпестерге де өткен жоқ. Өнімдер мен өнімдер кездейсоқтық билігіне көшті. Бірақ кездейсоқтық – өзара тәуелділіктің бір ғана полюсі, оның басқа полюсі қажеттілік деп аталады. Табиғатта, кездейсоқтық үстемдік құратын секілді болып көрінетін жерде де,әрбір жеке салада сол кездейсоқтық жағдайында өзіне жол сала алатын ішкі қажеттілік пен заңдылықты біз әлдеқашан белгіледік. Бірақ табиғат үшін кұші бар нәрсенің қоғам үшін де күші бар. Қандай да қоғамдық қызмет, тұтас бір қоғамдық процестер адамдардың саналы бақылауына қаншалықты көп шығып кететін болса, осынау қызмет таза кездейсоқтық ырқына қаншалықты көп берілген болса, осы кездейсоқтық шеңберінде оған тән ішкі заңдар табиғи қажеттілікпен өзіне соншалық көп жол ашады. Мұндай заңдар тауарлы өндіріс пен атуар өндірушілер мен айырбастың қатысушысына олар жат, әу баста табиғаты әлі мұқият зерттеліп, танып-білінуге тиіс беймәлім заңдары өндірістің осынау пошымының әртүрлі даму сатыларында тірлік өзгеріске ұшырап отырады, бірақ жалпы және тұтас алғанда өркенияттың бүкіл кезеңінде солардың үстемдігі белгісімен өтеді. Әлі қазір де өнім өндірушілерге үстемдік дүргізеді, әлі қазір де бүкіл қоғамдық өндіріс бірігіп ойластырылған жоспарға сәйкес емес, соқыр заңдармен реттеледі, олар стихиялық күшпен көрінеді, соңғыв инстанцияда – мерзім-мерзімді сауда дағдарыстарының дауылдарында көрінеді. Біз өндірістің дамуының салыстырмалы түрдегі ерте сатысында адамның жұмыс күші өндірушінің тіршілік етуі үшін қажет мөлшерден едәуір көп өнім беруге қабілетті бола түсетінін, және дамудың осмынау сатысы негізінен еңбек бөлінісі және жекелеген адамдар арасында айырбас пайда болатын саты екенін көрдік. Сөйтіп енді ұлы “ақиқатты” – егер адамды құлға айналдыраса адам да туар бола алады, адамның күшін айырбас дегежәне тұтынуға болады деген “ақиқаты” ашу үшін көп уақыттың керегі болмай қалды. Адамдар айырбасқа кіріскен бойда,

солардың өзі айырбас затына айнаоып шыға келді. Шын кепілдік, адамдар қаласын-қаламасын ырықсыз кепілдікке айналады. өркеният тұсындаөзінің дамуының шырқау шегіне жеткен құлдықтың пайда болуымен қоғамның алғашқы ірі бөлінуі – өркеният кезеңінің бүкіл барысында болып отырды. Құлдық – қанаудың бірінші пошымы, ол антик дәуіріне тән; оның артынан та ғасырларда басыбайлылық, жаңа заманда жалдамалы еңбек келеді; езгіге салудың өркенияттың үш ұлы дәуіріне тән үш ұы пошымы осындай; ашық , ал таяудан бері бүркемеенген құлдық оңан әрқашан ілесе жүреді. Өркеният басталатын тауарлы өндіріс сатысы экономикалық жағынан былай сипатталады: 1) металл ақшаның, сонымен бірге ақша капиталының, өсім пайызының және өсімқорлықтың енгізілуі; 2)ушілер арасындағы лделдал тап ретінде көпестердің пайда болуы; 3) жерге жеке меншіктің және ипотеканың пайда болуы және 4) өндірістің үстем пошымы ретінде құлдық еңбектің пайда болуы. Отбасының жаңа пошымы – моногамия, еркектің әйелге үстемдігі және қоғамның шаруашылық өлшемі ретіндегі жеке отбасы өркениятқа сай келеді және сонымен бірге өз үстемдігін біржола орнықтырады. Өркениятты қоғамның матастырушы қызметін мемлекет атқарады, ол барлық типтік жағдайларда тек қана үстем таптың мемлекеті болып табылады және барлық жағдайларда шындап келгенде езілген, қаналатын тапты басып-жаныштаудың машинасы болып қала береді. Өркеният үшін және мынау тән: бір жағынан бүкіл қоғамдық еңбек бөлінісінің негізі ретінде қала мен деревня арасындағы кереғарлықты беркіте түсу; екінші жағынан, меншік иесі өз меншігін өлгеннен кейін де билеп-төстей алуына көмектесетін өсиетті енгізу. Ежелгі рулық құрылысқа тікелей қайшы бұл институт Афмнада солонға дейін белгісіз болған еді; Римдде ол әлі ерте сатыда енгізілді, жақсы германдық өзінің мирасын шіркеуге кедергісіз өсиет ете алуы үшін енгізді. Осынау ұстындарға негізделген өркеняит ежелгі рулық құрылыс тіпті маңайлай да алмаған тірліктерді жасады. Ол бірақ оларды адамдардың ең

пасық пиғылдары мен нәпсілерін қоздыру, оларды барлық басқа ниеттерге нұқсан келтіре отырып дамыту арқылы жасады. Барынша пайдакүнемдік өркенияттың алғашқы күндерінен күні бүгінге дейін қозғаушы күші болып келеді; байлық, тағы да байлық, үш есе байлық, қоғамның емес, мынау бейшара жеке индивидтің байлығы оның бірден-бір, айқындаушы мақсаты болды.егер бұл орайда осынау қоғамның қойнауында ғылым барған сайын дами түссе және өенрдің шешек атуының ең жоғары кезеңдері қайталанса, бұл тек байлықтың қордалануы саласындағы заманымыздың барлық жетістіктері мұнсыз мүмкін емес болғандықтан еді.Өркенияттың негізі бір таптың екінші тапты қанауы болғандықтан, оның бүкіл дамуы тұрақты қайшылықтарда жүзеге асады. Өндірістегі ілгері қарай жасалған кез-келген қадам бір мезгілде езілген таптың, яғни орасан зор көпшіліктің жағдайындағы кейін қарай жасалған бір қадам деген сөз. Біреулер үшін кез-келген игілік басқалар үшін қажетті жамандық, бір тапты кез-келген босату – басқа тап үшін жаңадан қанау болып табылады. Мұның ең жарқын мысалы машиналарды енгізу болып табылады, ал оның зардаптары қазір баршаға мәлім. Және егер ваварларда, біз көргендей, құқықтарды міндеттерден әрең--әрең ажыратуға болса, өркеният тіпті барып тұрған саппасқа да, бір тапқа барлық дерлік құқықтарды беріп, екішісіне барлық дерлік міндеттерді жүктеп, олардың арасындағы айырмашылық пен қарама-қарсылықты түсіндіріп берді. Бірақ бұл болмауға тиіс. Үстем тап үшін жақсы нәрсе, үстем тап зін біргемін деп санайтын бүкіл қоғам үшін де жақсы боуға тиіс. Сонықтан өркеният неғұрлым ілерілей түскен сайын, ол өзі туғызатын теріс құбылыстарға сүйіспеншілік лыпасын жабуға, оларды боямалап көрсетуге немесе жалғандықпен теріске шығаруға, қысқасы, жалпы жұрт қабылдаған екіжүзділікті практикаға көбірек енгізе түсуге мәжбүр болады, қоғамның төменгі сатыларына да беймәлім сол екіжүзділік: езгідегі тапты қанауды қанаушы тап тек қана және бірден-бір қаналушы таптың мүддесі үшін жүргізеді, ал егер сол тап мұны түсінбесе және тіпті оған қарсы көтерілер

болса, онда бұл жарылқаушылар – қанаушылар жөніндегі аспен атқаны таспен атудың нақ өзі болып шығады дегенді орнықтыруда өзінің ең жоғары нүктесіне жетті. Енді қорытындысында – Морганның өркеният туралы пікірін берейік: “Өркенияттың келуімен байлықтың өсуі зор болғаны соншалық, оның пошымдарының алуан түрлі бола түскені соншалық, оның қолданылуы кеңігендігі соншалық, ал оларды меншік иелерінің пайдасына басқару шебер бола түскені соншалық, осынау байлық халыққа қарсы тұрған еңсерілмес күшке айналды. Адамзаттың ақылы өзінің төл туындысының алдында абдырып, мөлтеңдеп тұр. Бірақ, адамзат парасаты байлыққаүстемдік ететіндей болып нығайған кезде, ол мемлекеттің өзі қорғайтын меншікке қатынасын, меншік иелері құқықтарының шекараларын да белгілейтін кез, сондай заман келеді. Қоғамның мүддесі сөз жоқ жеке адамдардың мүддесінен жоғары, және олардың арасында әділетті де жаарысмды қатынас орнату керек. Егер тек прогресс өткен замандар үшін заң болғанындай болашақ үшін де заң болып қала берсе, тек байлықтың соңынан қуа беру адамзаттың ақтық міндеті емес. Өркеният келгелі бері өткен уақыт – адамзат бастан өткерген уақыттың болмашы бір бөліңгі ғана, ол бастан өткеруге тиіс уақыттың болмашы бір бөлігі ғана. Бірден-бір ақтық мақсаты байлық болып табылатын тарихи міндеттің аяқталуы, бізге қоғамның құрып кету қатерін төндіреді, өйткені ондай міндет бойында өзін-өзі құртып жіберу элеементтері бар. Басқарудағы демократия, қоғам ішіндегі бауырластық, құқықтар теңдігі, жаппай бідім алу тәжірибе, парасат және ғылым үздіксіз ұмтылып келе жатқан қоғамның келесі, жоғары сатысына бата береді. О ежелгі рулардың еркіндігінің, теңдігінің және бауырластығының қайта түлеуі – бірақ ең жоғаы пошымда түлеуі болады” (Морган “Ежелгі қоғам”)

“Фридрих Энгельс. Происхождение семьи,
частный собственности и государства. В связи с

исследованиями Льюиса Г. Моргана. – М., 1980”
басылымынан қазақшалаған Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Пьер Жозеф Прудон

(1809–1865) француз социалисі, анархизм теоретигі. Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Жүйелі білім алуға мүмкіндігі болмағандықтан, тарихты, саяси экономия мен философияны өз бетінше оқып үйренді.

Прудонның есімі 1840 жылы «Меншік дегеніміз не?» деген еңбегі жарыққа шыққаннан кейін белгілі болды, онда ол «меншік дегеніміз – ұрлық» деген тұжырымын дәлелдеді. Прудон утопиялық ұсақ буржуазиялық реформатор ұстанымынан айныған жоқ. Ол «Экономикалық қарама-қайшылықтар жүйесі, немесе Қайыршылық философиясы» деген шығармасында кредит пен ақша айналымын реформалау арқылы қоғамды бейбіт жолмен қайта құру туралы өзінің идеяларын баяндап, коммунизм мен жұмысшы қозғалысына қарсы шықты. 1848 жылғы революция кезінде Прудон белсенді саяси қызмет жүргізіп, Құрылтай жиналысының депутаты болып сайланды. «Революционердің тәубеге келуі» және «ХІХ ғасыр революциясының ортақ идеясы» атты кітаптарында Екінші империя жылдарында Прудон бонапарттық диктатураны ірі буржуазияны, қаржыгерлер мен биржа қызметкерлерін қолдағаны үшін сынады, сонымен бір мезгілде пролетариаттың саяси белсенділігін құптамай, бейсаясаттықты уағыздады. «Федерациялық принцип туралы» еңбегінде «мемлекетті жою» жөніндегі ұранын орталықтандырылған мемлекетті ұсақ автономияларға бөлшектеу жоспарымен алмастырды. Дүниеден өтер алдында жазған «Жұмысшы табының саяси қабілеті туралы» шығармасында Прудон «өзара көмек» принципіне негізделген өндіруші, несие және тұтыну ассоциацияларының көмегімен пролетариатқа бостандық беретін «мютюэлизм» бағдарламасын жасады.

ІІ.

Байлық елесі. Пауперизмнің басталуы және баршаға ортақтығы

Адамның жер бетіндегі міндеті рухани және инсаният жағынан жетіле беру; бұл міндет одан ақыли өмір салтын талап етеді. Тұтыну күші, нәпсінің, ағыл-тегіл байлықтың және мұрат сән-салтанатының шексіздігі жөнінде адамзат құралдары өте шектеулі; ол жарлы және жарлы болуға тиіс те, өйткені онсыз ол сезімінің алдануы мен ақылдың азғыртылуының салдарынан мақұлыққа айналады, тән жағынан да, жан жағынан да азғындайды, сөйтіп, ләззатқа елігудің салдарынан өзінің жақсылығы мен өзінің кемеңгерлігінің қазынасынан айрылады. Біздің жер бетіндегі жағдаймыз біздің пешенемізге жазған заң осындай және ол саяси экономия да, статистика да, тарих та, имандылық та. Материалдық байлық пен ол

беретін ләззатты ғана көксейтін халықтар азғындап бара жатқан халықтар санатына жатады. Біздің түп-тұқиянымыздың ілгерілеуі, немесе кемелденуі түптүгелімен әділет пен философияда. Әл-ауқаттың ұлғаюы онда бақыттың марапаты мен құралы ретінде емес, өзіміз оқып-үйренген ғылымның көрінісі және біздің жақсылықтарымыздың символы ретінде орын алады. Осынау нақты болмыстың алдында қоғамдық міндетпен кереғар екендігі әшкереленген сенсуалистер теориясы біржола қожырап тынады. Егер біз, Інжіл кеңесіне құлақ асып, тоқмейіл кедейшілік рухында өмір сүрсек, жер бетінде ең мінсіз патшалық үстемдік құрған болар еді. Кесапат-кесел де, қайырусыз қылмыс та болмас еді; адамдар еңбегімен, парасатымен және жақсылығымен кемеңгер қоғамын құрар еді; олар өздерінің жаратылысына тән барлық рахаттан ләззат алар еді. Бірақ мұның дәл қазір бола қоюы мүмкін емес, тіпті еш заманда да болған жоқ, және тап екі ұлы заңымыздың – кедейшілік пен қанағатшылдықтың бұзылу салдарынан солай болып келді. Алғашқы замандардың аста-төк молшылығынан айрылып, енді жұмыс істеуге мәжбүр болған, соған сіңірген еңбегі арқылы дүние-мүліктің құнын білуге үйренген адам байлықтың буына елтіді; бұл алғашқы қадамнан-ақ жаңсақ басу деген сөз еді. Адам ләззат пен идеалдың барлық иллюзияларына қалай сенсе өзі, байлық деп атайтын нәрсеге де солай сенеді. Ол өзі тұтынатын нәрсені өндіруге міндетті екендігінің салдарынан, нақ соның салдарынан, байлықты жинай түсуге және одан алынатын ләззатқа өзінің мақсаты секілді қарайды. Тап осы мақсатқа жетуге ол құлшына кіріседі: кейбір байып кеткен адамдардың үлгісі оны біреудің қолы жеткен нәрсеге басқаның да қолы жетеді деп иландырады; егер бұл солай болмаса, оны табиғаттың кереғарлығы, Жазмыштың өтірігі деп санар еді. Өз ақылының осынау байламынан қуат алған ол, өзінің дүние-мүлкін шамасы келгенінше көбейтіп, құндылық заңына сәйкес, бастапқы молшылыққа кенелемін деп

ойлайды. Ол тиыннан теңге құрайды, жинайды, пайда түсіреді; оның жаны осы, пиғыл-ниеттен семіреді, нәр алады. Мына ғасыр өзі алмастырудан дәмелі ғасырлардың бәрінен де күштірек осынау наным-сенімге бой алдырған. Саяси экономияны, ең жас әлі әрең түсінілетін ғылымды оқып-үйрену соған көз ашады; социалистердің мектептері сенсуализмнің осы бір жынойнағына жарыса мақтанды; үкіметтер материалдық мүдденің самғай түсуіне және соған қызмет етуге қал-қадарынша жағдай жасауда; заманында сөзі соншалық қатаң діннің өзі де соны қолдайтындай. Байлықты молайта түсу, ақша жинау, байй түсу, үлде мен бүлдеге орану – барлық жерде инсаният пен үкіметтің де басты ережесіне айналды. Адамдарды жақсырақ етудің, кесапат пен қылмысты тыюдың ең жақсы құралы – барлық жерде жұмақ орнату, байлықты үш есе немесе төрт есе арттыру деп мәлімдеуге дейін жеттік; қағаз жүзінде есептейтіндерге – миллион да түк емес! Ақыр соңында, осынау жаңа этикамен ежелгі заман ақылгөйлері айтқан, атап айтқанда: ең алдымен адамдарды қанағатшыл, инсаниятты, кішіпейіл ету керек, азға қанағат қылып, барына шүкіршілік етуге үйрету керек, сонда қоғам мен мемлекетте бәрі жақсы болады деген есті сөзге қарама-қарсы, ақшақұмарлықты қоздыруға үйрендік. Бұл жағында қоғамдық пікірдің аяғы көктен келді десе де болады: қазір әркім осы бір оғаш төңкерістің нәтижесі қандай болғанын көре алады. Бұл екі арада экономикалық тұрғыдағы заңдар жөнінде шамалы болса да ойланған әркімге байлық та, құндылық та нақты болмыстан гөрі қатынас екендігі пайдан анық, ол өндірістің тұтынуға, ұсынымның сұранымға, еңбектің капиталға, өнімнің жалақыға, мұқтаждықтың қарекетке, т. б. қатынасы, – екі жақтан – шығын мен өнім жағынан қарастырылатын, түптегі, типтік көрінісі жұмыскердің орташа күні болып табылатын қатынас. Жұмыс күні – міне, бір сөзбен айтқанда, қоғамдық мүліктің саулда кітабы осы, ол кітап оқтын-оқтын өзгеріп отырады, бірақ әдетте ойлағаннан гөрі әлдеқайда тар шекте өзгеріп отырады, оның

активінде өнеркәсіптің, сауданың, шикізат өндірудің, егіншіліктің отарлардың және жеңістердің жаңалықтары мен салдарлары; ал пассивінде жаппай індеттер, өнімсіз орақ науқандары, төңкерістер мен соғыстар бар. Жұмыс күні туралы осынау ұғымнан шығатыны, біріктіріп алынған ортақ еңбектің көрінісі – ортақ өндіріс қандай жағдайда біз күнкөріс ырзығы деп атаған ортақ қажеттіліктен айтарлықтай көп, бола алмайды. Фабрикантқа кенепке яки шұғаға берілер тапсырысты екі не үш есе ұлғайтуға болатыны секілді, еңбекті, капиталды, халық саны мен базарды пропорциялы ұлғайатуды ескермей әрі есепке алмай... елдегі өндірісті екі, үш есе ұлғайту туралы ой – осынау ой, деймін, шеңбердің шаршысын шығарғаннан да ерсі: бұл – кереғарлық жосықсыздық. Бірақ бұқараның түсінгісі, экономистердің түсіндіргісі келмейтін және бұл туралы үкіметтер де жақ ашпайтын нәрсе міне осы. Өндіріңдер, іс қылыңдар, байыңдар – Құдайға да, адамзатақ да сенбейтін қазіргі кезде бұл сіздердің бірден-бір баспаналарыңыз! Осынау алданыштың және одан кейін келетін ащы түңілістің салдары – пейілді қоздыру, кедей мен бай, жұмыскер мен масылдың бойында қанағатсыздық пен дүниеқоңыздықты ояту. Содан кейін, түңіліс келген кезде, – оның бойында өзінің сормаңдай тағдырына наразылық, қоғамға өшпенділік қозады, ақыр соңында қылмыс пен соғысқа дейін барады. Тәртіпсіздікті шегіне жеткізетін нәрсе – өнімді бөлудегі сорақы теңсіздік. Алдыңғы тараудан біз Францияның бір адамға шаққандағы барлық кірісі қай жағынан алсақ та күніне 87 1/2 сантимнен аспайтынын көрдік. Бір адамға күніне сексен жеті жарым сантим – қазір міне осыны кіріс, яғни орташа өнім деп, демек, Францияның орташа тұтынуы, оның нақты тұтыну мөлшерінің көрінісі деп санауға рұқсат етіледі! Егер осынау кіріс, ол қаншалықты мардымсыз болғанымен, әрбір азаматқа бекітіп берілсе; басқаша айтқанда, егер әкесі, шешесі және екі баласы бар әрбір француз отбасы 3 фр. 50 сант. кірісті пайдаланса; егер, mіnіmum ең құрығанда, қашанда көп адамнан тұратын кедей отбасылары

үшін 3 фр. 50 сант. жартысы – 1 фр. 75 сантимнен төмендемесе, және mахіmum қашанда саны өте аз байлар үшін 15 не 20 франктан асып кетпесе, отбасы атаулы өзінің тұтынуына қажетті нәрсені ғана өндірді деп топшыласақ, – еш жерде қайыршылық болмас еді; халық құлақ естімеген дәулеттің рақатын көрер еді; оның қаяусыз дұрыс бөлініп берілген байлығына ештеңе жетпес еді, елдің дәулетінің ұдайы артып келе жатқанын айтып мақтануға, үкіметтің толық құқығы болар еді. Ал шындығында дүние-мүліктің арасындағы айырмашылық тіпті де аз емес: ең кедей отбасы өзінің кірісін 1 фр. 75 сантимге тіпті де жеткізе алмайды, ал ең бай отбасылар осы кірісті он еселесеңіз де, оған ешбір қанағаттанбайды. Бір адал экономист ғалымның соңғы зерттеулері бойынша бретон халқының үлкен бөлігі күн сайын бір адамға 25 сантимнен артық жұмсай алмайды; ал бұл халық, деп қосады ол, тым сорлы деп саналмайды. Екінші жағынан алғанда, көптеген адамдардың отбасына шаққандағы күнделікті кірісі 10 немесе 15 франкқа ғана емес, 50, 100, 200, 500, 1000-ға дейін жететіні белгілі; күніне 10.000 фр. табатындар туралы да айтылады. Мынадай қызықты факт бар: кәсіпорындарға берілген ғаламат серпіннен бергі кезеңде, кейбір кәсіпкерлер, тегінде, бәріміз үшін байлық енді таусылмайтын несібеге айналды деп білген болуы керек, өздерінің бастамалары үшін күнілгері ақы алғысы келіп, бірі миллион, екіншісі екі, он, жиырма, отыз, елу, сексен миллионды өзіне бөліп ала бастады. Мұныңыз олар бізге болашақтағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын мәңгілік заман жөнінде уәде беріп, қоғамнан жүзден – мың процентке дейін алым алып отыр деген сөз. Осындай зорлыққа үнсіз төзіп отырған елге келсек, қаржының сарқылуы, істегі тоқырау, борыштың ұдайы өсуі – осының бәрі қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман туралы арманнан не күтуге болатынын көрсетеді. Енді осыншалық сұмдық теңсіздік қайдан туындады! дегенге келейік. Теңсіздік үшін ешқандай алаяқтықтан жиіркенбейтін дүниеқоңыздықты; құндылық заңдарынан хабарсыз надандықты,

саудадағы жүгенсіздікті, т.б. айыптауға болар еді. Әрине, бұл себептердің де ықпалы бар; бірақ солардың бәрі, неғұрлым терең, неғұрлым құрметті түрде көрінетін, бірақ қолданыла қалса барлық бәленің бастауы болатын бір принциптен тамыр алмаса, олардың өзінде тұрған табиғи ештеңе жоқ. Бұл принцип бізді байлық пен сән-салтанат іздеуге жетелейтін біздің бойымыздағы, атаққұмарлықты күшейтетін принцип; алдымен біздің қара күшіміздің құқығын, кейін ақылымыздың құқығын туындататын принцип; бұл – біздің жеке басымыздың абыройы мен маңыздылығы сезімі, ізгі іске қолданылса жақыныңа да, бүкіл адамзатқа да құрмет сезімін тудыратын, әділетті туындататын сезім. Оның кері салдары – ең алдымен, біздің бәріміз өзімізді басқалардан артық көріп қана қоймаймыз, осынау жосықсыз артық көруімізді өзімізге ұнайтын, досымыз деп санайтын адамдарға да таралтамыз. Нағыз әділетті адамда жақынын бағалай білуге, оған оның жақсы қасиеттері үшін емес, оның қара басы туғызатын жанқиярлықан көмектесуге бейімділік болады. Осынау жанашырлық қасиетті сезім достықты туындатады; ол бізге қамқор көңіл сыйлайды – бұл өзінің табиғатынан, сенім секілді, соншалық ерікті және әзірше ешқандай әділетсіздік жоқ, бірақ көп ұзамай жеңілдік беруді, бұра тартуды, алаяқтықты, қоғамдық айырмашылықтарды және касталарды туғызатын сезім. Еңбек прогресі мен қоғамдық қатынастардың дамуының өзі-ақ осының бәрінде ненің әділетті, ненің әділетсіз екенін көрсетіп бере алар еді; өмір тәжірибесінің өзі егер біздің жақынымызға қарымқатынасымызда достық жанашырлықтың қайсыбір маңызына орын берілсе, онда іш тарту атаулы, экономикалық әділет алдында қара көрсетпеуге тиіс екедігін; және егер қайсы бір жерде заң алдында теңдіктің маңызы болса, онда бұл – еңбектің зейнеті, қызмет пен өнімді бөлісу тұсында байқалуға тиіс екендігін көрсетер еді. Өзіміз туралы тым асқақ пікір, жеке қарым-қатынастарымызды асыра пайдалану – экономикалық бөлініс заңын біз осынымызбен бұзамыз, және

осынау бұзу біздің бойымызда сән-салтанатқа құмарлығымызбен ұштасып, пауперизмді – әлі нашар зерттелген, бірақ мемлекет пен қоғамға бүлдіргіш ықпалын экономистердің бәрі мойындайтын құбылысты туындатады. Енді осының астарына үңіліп көрелік. Кедейшілік, біздің жаратылысымыздың заңы, ол бізді өзіміз тұтынуға тиіс нәрсені өндіруге мәжбүрлей отырып, алайда, сол еңбегіміз үшін ең қажетті нәрседен артық ештеңе бермейді. Франция сияқты елде осы қажеттілік орташа санмен, ең жаңа деректер бойынша, әрбір отбасына күніне 3 фр. 50 сантимнен келіп отыр, сонда mіnіmum – 1 фр. 75 сантим, ал mахіmum 15 фр. болады. Жергілікті жерлер мен жағдайға қарай бұл шамалардың өзгеруі мүмкін екені түсінікті жәйт. Осыдан әрі дұрыс, әрі оғаш мынадай қағида туады: адамның өркенияттағы қалыпты жағдайы – кедейшілік. Былай қарағанда кедейшілік – сорлылық емес: егер қатшылықсыз тіршілік деп кәдуілгі тілде байлық деуге келмейтін, бірақ өндіргіш еңбектен бой тартуға мүмкіндік беретін мүлік ахуалы деп түсінбейтін болсақ, ертегілердің үлгісі бойынша қатшылықсыз тіршілік деп атауға болар еді. Пауперизм дегеніміз қалыптан тыс, бүлдіргіш ықпалы бар кедейшілік. Оны туындататын оқшау жағдай қандай болса да, ол әрқашан адамның өндірген өнімі мен оның кірісінің арасындағы, оның шығындары мен қажеттіліктерінің арасындағы, оның ұмтылыстарына армандары мен қабілет күшінің арасындағы, демек, адамдардың жабдықталуының арасындағы теңдіктің жетіспеуінен құралады. Ол жекелеген адамдардың немесе мекемелердің қатесі, қанаудың немесе соқыр сенімнің салдары болсын, бәрібір, экономикалық заңның бұзылуы, ол заң бір жағынан, адамды тіршілік ету үшін жұмыс істеуге, екінші жағынан – өндірісті қажеттіліктермен орайластырып отыруға міндеттейді. Мысалы, өз еңбегінің өтеуіне өзі мен отбасы үшін күніне ең аз дегенде 1 фр. 75 сантим жалпы орташа кіріс кіргізбейтін адам пауперлердің қатарына жатады. Ол өзінің жеткіліксіз ақысының көмегімен күшін қалпына келтіре алмайды,

өзінің шаруашылығын ұстап тұра алмайды, балаларына тәрбие бере алмайды, бәрінен сорақысы өзінің ақыл-ой қабілетін дамыта алмайды. Байқалмай-ақ ол азып-тоза бастайды, азғындайды қайыршылыққа ұшырайды. Экономикалық заңның осы бұзылуы, тағы да айтайын, сонымен бірге өзінің негізі жағынан психологиялық факт; оның бастауы, бір жағынан, біздің тілек-ниеттеріміздің идеализмі, екінші жағынан, өз абыройымызды асыра, ал басқалардың абыройын кеміте бағалау. Біздің, демократиялық деп аталатын қоғамда әлі де мәңгілік өмір сүріп келе жатқан сән-салтанат пен аристократизмнің осынау бір рухы өнім мен қызмет айырбасын, оған бүйрек бұруды енгізіп, алдамшы етеді; ол, құндылықтар заңына кереғар, тіпті күш құқығына кереғар, өзінің баршаға ортақтығымен ұдайы басқалардың аузынан жырып алынған сансыз бөлшектермен өз қалаулыларының байлығын үздіксіз арттыра беруді ойлайды. Жалпы экономияда көрінетін осынау жалған бөліс фактылар, жержерге және жағдайға қарай әртүрлі болып келеді; бірақ олар, әрқашан қызметкердің қажеттіліктерімен салыстырғанда, ылғи да жұмысқа төленетін ақының жеткіліксіздігінен көрінеді. Олардың ең бастыларын ғана атайық: а) Арамтамақтықтың өрістеуі, мансаптар мен сән-салтанат кәсіптерінің көбеюі. Бұл – өз мақтанышымыз бен сезімталдығымыздың бүкіл күшімен ұмтылатын ахуал. Әркім баршаның есебінен күн көргісі, синекураға (ешқандай еңбекті талап етпейтін мансап – Ред. Ие болғысы, ешқандай өнімді еңбекпен айналыспағысы, немесе көрсеткен қызметі үшін қоғамға тигізер пайдасымен үйлеспейтін, тек қиялға ғана сыйып, өзінің таланты туралы артық пікір ғана беретін ақы алғысы келеді. Бұл арамтамақтар, сән-салтанат қызметкерлері, жүздеген мыңдап саналады. b) Өнім өндірмейтін, жинақтауға қатысы болмаса мәніссіз кәсіпорындар. Жеке өмірінде азаматтар кім болса, өз кезегінде мемлекетте

де сондай болуы керек: мұны ежелгі Грекияның, императорлық Римнің, қайта өрлеуден кейінгі Италияның мысалы дәлелдейді. Бұл арада әсіресе мынаны ескерту керек: кірістің азаюына қарай шығыс та көбейе түседі, мұның өзі моралистердің, өздері сән-салтанаттың себебі деп қабылдайтын өнерлерге қынжылысын өрбітеді, ал шындығына келгенде оларды тек құралы деп қана білу керек. с) Үкіметтік элементтердің өз кезегінде осынау барлық себептерден туындаған тым көптігі. Францияда 1862 жылға белгіленген бюджет 1.929 миллионға жетті. Мұның өзі халық өзін-өзі басқара алмай, басқаның басқарғаны үшін өз табысының алтыдан бір бөлігі шамасында ақы төлеп отыр деген сөз. Баспана да басқару ісі сияқты қымбат тұратындықтан, үйдің ыдыс-аяғына, оны жылытуға, киім-кешекке, азық-түлікке және бала тәрбиесіне кірістің үштен екі бөлігі ғана қалады. d) Астаналар мен ірі қалалардың өзгелерді қылғытып қоюы, олар қай жағынан алып қарасаң да, тіпті өндіріс орталықтары, әсіресе, сән-салтанат өндірісінің орталығы ретінде қарастырсаң да, байырғы еңбекке өздері тонап жатқан нәрсенің бәрін ешқашан қайтармайды, және тек қолы бостардың көңілін аулау үшін, кейбір мещандардың баюы үшін ғана жұмыс істейді. е) капитализмді асыра мадақтау, ол бәрін де қаржы мәселесіне әкеп тірейді және қоғамдық жұмыстарды, банкылар, темір жолдар, каналдар және басқалар сияқты, коммерциялық мойынсеріктерге және дінге айналдыруға дейін барады. Осыған орай бір ескертпемді айта кетейін. Заң шығарушы корпустың бір құрметті мүшесі таяуда несиелік нұсқауларымызда өзінің айналымға түсуі үшін тек бейбітшіліктің нығаюын күтіп жатқан 500 миллион еркін капиталдың бар екенін айтты. Көптеген адамдар осы бір таусылмайтын ақша қорын қаперге алып, елдің қаражаты да сондай таусылмайды деген байлам жасауға бейім. Бірақ сол ақшаның салықтар, банкылар, темір жолдар, жер рентасы және басқа жолмен тек жұмысшылардың қолынан өту, бірақ әрқашан бастапқы

нүктесіне, яғни капиталистің сандығына қайтып оралу арқылы айналысқа түсетінін қаперге алмайды. Франция өзінің негізгі капиталының мүмкін деген барлық сорттарын он рет тамағынан өткізіп жіберсе де, бәрібір осы құбылыс қайталана береді. Фабрикант пен банкир жөнінде ақша капитал деп атала алады, өйткені олар шикізаттың белгілі бір мөлшерін білдіреді; ал ақша айырбас құралы, және банк билеттерінің кепілі қызметін ғана атқара алатын және пайдаланылмайтын айырбаста олар, – ойдағы, алдамшы капитал: тек еңбек туындысы ғана – шын капитал. f) Қымбатшылықтан, не металдың арзандығынан, не мәнеттің сыртқа шығарылуынан, не бүлінуінен болатын мәнет құнының өзгеруі. Осыдан өндірушіге де, тұтынушыға да зиян шектіретін дүрбелең туады. Мысалы, калифорниялық кеніштердің ашылуы базарда абыржу туғызып, күміс шақаның құнын түсіріп жіберді. Заң жазалауға құқықты болған осынау дүрбелеңнен басқа, алтынның молдығынан оның құнының төмендеуі қант пен мақта мата өндірісінің екі есе өсуінің салдарынан осы тауарлар бағасының төмендеуі секілді қайыршыланудың себебі бола алар еді. g) Ақыр соңында пәтердің және тұтыну заттарының түгелдей дерлік қымбаттауы. Ол арамтамақтық пен өнім өндірмейтін кәсіпорындардың дамуының, үкімет адамдары санының артуының, астаналар мен ірі қалалардың елдің күшін сарқуының, қаржы операцияларының жеке тұлғалар мен мемлекеттің ысырапқорлығының салдарынан пайдалы қызметкердің үлесіне оның бұрынғы тұтынған мөлшерінің 3/4, 1/3 бөлігі немесе жартысы қалатынын, басқаша айтқанда, оның кесімді жалақысы сол күйінде қалғанмен, істеген жұмысына алатын ақысының шын мәнінде 50, 60 не 80 пайыз азайғанын көрсетеді. Баяндалған фактылар бір-біріне ықпал ете отырып, өзара ықпалдастығымен ұлғая түседі. Мысалы, француз үкіметі қолға алған орасан зор жұмыстарға қозғау салған себептердің бірі – жұмысшы табына көмектесу. Ниет тамаша, әттең, нәтижесі соған сәйкес келмейді. Іс жүзінде

айтылғанның бәрінен шығатыны: пауперизмді жасанды құралдармен жеңемін деп үкімет тек оны ұлғайта түседі, ол үшін бұл тығырықтан шығар жол жоқ. Капиталистер кейін шаруаны аяқтайды. Ел олардың капитал жұмсар жерін тауысқанда, олар басқа жаққа ауады; олар өз өнеркәсібі мен қайыршылықты басқа елге ауыстырады. Өнімді бөлудегі тепе-теңдіктің бұзылуының салдарынан пауперизм жұмысшы табының мойнына бір мініп алса, – ол төменгі сословиелерден бастап жоғарғыларға дейін, одан кейін бай тұратындардың өзіне дейін барлық жерге жайылуға дайын тұрады. Пауперизм кедейлердің арасында, Фурье айтқандай, баяу ашаршылықпен, бір сәттік емес, жыл бойғы, өмір бойғы ашаршылықпен – бір күнде өлтіретін емес, қайта барлық жоқшылық пен тақсіреттен тұратын ашаршылықпен сипатталады, ол тәнді үздіксіз семдіреді, ақылды топастандырады, ұятты азғындатады, ұрпақты аздырады, барлық індетті, бар пәлені, соның ішінде маскүнемдік пен іштарлықты, еңбек пен ұқыптылыққа жиіркенішті, жанның арамдығын, ұждан мен құлықтың дөрекілігін, жалқаулықты, қайыршылықты, зинақорлық пен ұрлықты туғызады. Арамтамақ – басқаша көрінеді: ол аштық емес, қайта тойымсыз мешкейлік. Тәжірибеде анықталған, қоғамның өнім өндірмейтін мүшесі қаншалық көп тұтынса, оның тәбетінің ашылуынан, тәнінің мүшелері мен ақылының жатыпішер жалқаулығының салдарынан, аның араны соншалық ашыла түседі. Құбылулардағы Эрезихтон туралы мысал осы ақиқаттың эмблемасы. Овидий, мифологиялық Эрезихтонның орнына, бір отырыста бүтін бір провинциядан түсетін табысты ішіп-жеп кететін өз заманының асыл текті римдіктерін көрсете алар еді. Бай адам өзін ләззат жалынына берілуіне қарай пауперизм оны күштірек билейді де, ол бірден әрі ысырапшыл, әрі пайдакүнем, әрі сараң болып шыға келеді. Ал мешкейге жарасатынның бәрі ләззаттың барлық

тегіне де жарасады; олар тойған сайын тойымсыз бола түседі. Сән-салтанат тек өнімсіз шығынның бір бөлшегі ғана. Көп ұзамай, әздектік пен даңғойлық араласқан бойда, ешқандай қазына жетпейді; ләззат құшағынан қайыршылық сығалайды. Мұндай тұтынушы ортайып бара жатқан сандықты, толтырып отыруға тиіс: нақ сол арада пауперизм оны біржола құшағына алады, оны тәуекелшіл тірлікке, баянсыз жалдаптыққа, құмар ойынға, ойнасшылдыққа жетелейді, сөйтіп, ақыр аяғында, қорланған қанағатшылдық, әділет, жаратылыс үшін масқара қайыршылыққа ұшыратады. Пауперизмнің шетін жақтары міне осындай. Бірақ бұл шектердің арасында, еңбек пен тұтыну мөлшері дұрыс үйлестірілген орташа жағдайдағы отбасылар бұл бәлеге ұшырамайды деп ойламау керек. Жөн сілтеп отырған бай сословие, және барша соған еліктеуге тыраштанады. Байлықтың соқыр сенімі, ол сепкен елес ұрығы, тыныштық бермейді. Өзінің рухына керексіз қажеттіліктер маза бермейтін отағасы, өз сөзімен айтқанда, жағдайын жақсартуды армандайды, бұл көбінесе – өзінің сәнсалтанаты мен шығындарын ұлғайту деген сөз. Азық-түлік пен қызмет көрсету бағасы көтеріледі, еңбек босаңсиды, қор жинау онша қатаң жүргізілмейді, мырзалар мен мемлекеттің үлгісімен ең ұқыпты дегендердің шығындары олардың өздеріне елеусіз түрде ұлғаяды, сөйтіп, осының барлығының салдарынан, барлық жерде тапшылық белең алады, бұл істегі былықтардан, сауда мен қаржы дағдарыстарынан, банкроттықтан, салықтар мен борыштардың ұлғаюынан көрінеді. Қанағат, өмір қарапайымдылығы, барлық нәрседегі жұпынылық біз үшін жай ғана емес, жақсылық екенін енді түсіндіңіздер ме? Бүкіл адамзатқа және барлық қоғамдық жіктерге ортақ пауперизмнің барысы осындай. Әулеттердің көп бөлігі диқаншылықпен күн көретін, барлығын дерлік өздері үшін өздері өндіретін, сыртпен байланысы шамалы кейбір елдерде – бұл зұлмат салыстырмалы түрде азырақ сезіледі. Оларда кедейліктен

халық бұқарасымен салыстырғанда көбінесе ақшасы мен алатын несиесі жоқ үкімет және жерден болмашы, оның өзі заттай төленетін рента алатын, жоғарғы сословие өкілдері зардап шегеді де, олардың өмірінде қамсыздануы мен олар үшін қажет нәрсенің бәрі олардың сауда мен өнеркәсіп ісіндегі мешеулігіне тікелей байланысты болып шығады. Керісінше, еңбек дұрыс бөлініп, ұштастырылған халықтарда егін шаруашылығы өнеркәсіпке бағындырылған, дүние-мүліктің бәрі бірбірімен ынтымақты, жұмыс ақысы оның ырқына бағынбайтын мыңдаған себептерге байланысты; тиімдей кездейсоқтық олардың шатқаяқ қатынастарын бытыстырады, және қас-қағым сәтте миллиондаған адамдар өмірінің тас-талқанын шығара алады. Халықтардың күнделікті өмірі қандай түкке тұрғысыз бірдеңеге тәуелді екенін және оны қаншалық қисапсыз себептің құртып жіберуі мүмкін екенін ойлағанында, зәрең зәр түбіне кетеді. Сонда ғана сол тамаша қоғамдық құрылыс, қалың бұқараның әл-ауқатын жақсартуға қаншалықты уәде берсе, алғашқы дүрбелеңге тап болған бойда соншалықты сор әкелетінін байқайсың. Бірақ мынаны ескеру керек және бүкіл осы теорияны қуаттайтын да сол: халықтарды дұшпандық қақтығыстарға апарып соқтыратын осынау кемшіліктер тізбегіндегі ең төзуге болмайтын нәрсе – тобырдың пауперизмі емес. Бұл жерде бірінші орында тақсырлардың кедейленуі тұр; одан кейін ақсүйектер мен байлардың қайыршылануы тұр. Бұл арада, барлық нәрседегідей, халық бұқарасы ең соңында. Жаппай қайыршылықта кедейге тіпті құрметті орын да тимейді. Тұтыну бәрінен көп байлар, – егер маған салыстыруға рұқсат берілсе, – өзінің бойы мен күші жағынан үй қоянына, тиінге, тышқанға қарағанда тезірек аштан өлетін таудай төрт аяқтыға көбірек ұқсайды. Ондай тұқымдардың құрып кетуінің басты себебі сол, – ол нәпақасын тауып жей алмайды. Осынау жамандыққа аристократиялық сословиелер, бай да дәулетті әулеттер ұшырайды. Қара халықтың арасында ылғи да мұқтаждықта болатын, оған қызмет еткеннен гөрі оның сөлін бәрінен

бетер соратын, борышқа белшесінен батқан, қарыз бергендер соңынан қалмайтын, банкрот болған адамдар, солар, пауперизмнің барлық құрбандарының ішіндегі ең қызғылықтылары демесек те, әрине, ең ызалылары. . . Осы тарауды қорытындылайық. Табиғат, өзінің бүкіл туындыларында: артық ештеңе болмасын дегенді ережеге айналдырған. «Қаражатты үнемдеу – оның басты заңдарының бірі» – деген Фурье. Сондықтан да ол біздің пешенемізге еңбекті жазумен ғана шектелмей, бізге тек қажеттіні береді және кедейшілікті біз үшін заңға айналдырады, осылайша інжілдің өсиеттері мен барлық монахтар жарғыларының алдын алады. Егер біз оның заңына қарсы келсек, егер мұраттың азғыруы бізді сән-салтанат пен ләззатқа жетелесе, егер өзімізді тым асыра құрметтеу бізді көрсеткен қызметіміз үшін экономикалық шамадан тыс, артық талап етсек, жазасы дереу дайын тұратын табиғат, бізді қайыршылыққа ұшыратады. Қанша болсақ та, бәріміз – рента және еңбекақы алатын жеке кісілер мен халықтар, әулеттер мен сословиелер, ғалымдар, артистер, өнеркәсіпкершілер, шенеуніктер – кедейшілік заңына бағыныштымыз. Мұның біздің жетіле түсуіміз, біздің еңбек заңымыз талап етеді... біз негізінен өзіміздің тіршілік етуімізге қажет нәрсені ғана өндіреміз. Егер біздің кейбіреулеріміз ережедегіден не көп, не аз алатын болсақ, ортақ кінә өзімізде: онда реформа қажет. Өзінің психологиялық негіздерінде қарастырылған пауперизм, соғыс секілді көздерден, яғни көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің ішкі құнын қаперге алмастан, адами тұлғаның маңызынан туындайды. Байлық пен даңқты осынау туабітті алқалау, осынау теңсіздік діні адамды біраз уақыт еліктіре алатын: олар тікелей өмір тәжірибесінен алынған тұжырымның алдында қарасын жоғалтуға тиіс: пешенесіне күнделікті еңбек, қатаң қанағат жазылған адам өз мәнісінің абыройы мен өз өмірінің атақ-даңқын,

сән-салтанатқа кенелу мен үстемдік атаққұмарлығынан мүлдем басқа
нәрседен іздеуге тиіс.

МЕНШІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Екінші бөлім

Меншіктің пайда болуы

§ 1. Біздің адасуларымыздың бастаулары

Нағыз қоғамдық құрылысты табу үшін алдымен мына сұраққа жауап беру керек: Егер меншік адамның жаратылыстық ахуалы болмаса, онда ол қалай пайда болады? Хайуандар бойындағы соншалықты шүбәсіз әлеуметтік түйсік, бұл арада адамнан теріс айналғанын қалай түсіндіруге болады? Қоғам үшін туған адам осы кезге дейін неліктен мойынсерікте күнін көрмейді? Мен жоғарыда адамдар өздерінің арасында мойынсерік құрайды дегенді айттым. Бұл термин оншалық дұрыс болмай-ақ қойсын, бірақ ол көрсететін факт факт күйінде қалмақ – біз таланттар мен индивидуалдық қабілеттердің рөлін айтып отырмыз. Өздерінің шексіз әрқилылығының арқасында осынау таланттар мен қарым-қабілеттер, өз кезегінде, біздің ырқымыздың саласында шексіз санқырлылықты туғызатынын, олар біздің бүкіл мінез-құлқымызға, қабілет-бейімімізге, егер айтуға болса, біздік меннің пошымына өзінің ізін қалдыратынын қайсымыз көрмей жүрміз? Бостандық пен парасат саласында неше бас болса, сонша тип, неше индивидуум болса, сонша бірегей бар екенін; олардың талғамдары, көңіл күйлері, бейімділіктері әртекті идеяларға сүйенетіндігін және өзара жарасып кете алмайтынын кім көрмейді. Табиғат пен түйсік адамды

қоғамдық өмірге бағыштайды, бірақ оның тұрақсыз да сан қырлы тұлғасы бұған қарсыласып бағады. Хайуандар қоғамдарында барлық тіршілік иелері бәр нәрсені істейді: олар жігер беретін бір ырық, бір рух. Хайуандар қоғамы дегеніміз жұмыр ма, қисық па әлде текше ме, бірақ қашан да өзара ұқсас атомдар үймесі; олардың бәрінің келбеті бірдей, барлығы да бір менге бағынады деуге болады. Хайуандар атқаратын жұмыстар (бірігіп немесе жеке) олардың өзіндік ерекшеліктерінің дәлме-дәл көшірмесі: балара ұясының біртекті индивидтерден тұратыны сияқты кәрездер де ылғи бірдей әрі дұрыс клеткалардан тұрады. Адамның парасаты мүлдем басқа, ол бір мезгілде адамның әлеуметтік табиғатына және кісінің қажеттіліктеріне қызмет етеді; мұның өзі адамның тілекталаптарының таңғаларлықтай алуан түрлі болуына жетелейтінін түсіну қиын емес. Балараның аңсары қашан да тұрақты әрі бірдей, өйткені оны ешқашан өзгермейтін бір ғана инстинкт, оның бар тіршілігі, оның бақыты, болмысы сыйып кететін біртұтас инсинкт басқарады. Ал адамдарда әрқилы талант бар, олардың парасаты тұрақты емес, олардың тілек-талаптарының ала-құлалығы мен алуан түрлілігі осыдан: адам қоғамды іздейді, бірақ езгіден, бірсарындылықтан қашады; ол басқаларға еліктейді, бірақ сонымен бірге өз идеяларына өзі ғашық және өз шығармаларын өлердей сүйеді. Егер әрбір адам балара секілді тумысынан дайын талантқа, әбден толық, өзіндік ерекше білімге, қысқасы, тума функцияларға ие болса, және сонымен бірге ойлану қабілетінен, рефлексиядан мақұрым болса, қоғам өзінен-өзі ұйымдасар еді. Біздің алдымызда мынадай көрініс тұрар еді: біреу жер жыртып жүр, енді біреу үй салуда, үшінші біреулері металл соғып, төртіншілері киім тігуде, тағы біреулері өнімді бөлуге бас-көз. Олардың ешқайсысы өз жұмысының мағынасына ой жүгіртіп жатпайды, қалай істеп жатқанын – аз ба, көп пе, сұрамайды да, әркім өз әмірінің дегенін істейді, өнім өткізіп, ақысын алады, демалады, және осының бәрі

ешқандай есепсіз, басқаға ешқандай қызғанышсыз, өнім бөлушіге еш шағымсыз жүріп жатыр, – соңғысы шынында да, бұл арада әділетсіз бірдеңе істей алмайды. Корольдар басқарады, бірақ патшалық құрмайды, өйткені патшалық құру дегеніңіз, Бонапарт айтқандай, бордақыланып жатқан меншік иесінің кебін кию деген сөз; олар әмір де бермейді, өйткені әркім оларсыз да өз орнында, олар билік шоғырланып, талқылау жасайтын жерлен гөрі жиналатын бекеттер қызметін атқарады. Бұл саналы да ерікті ассоциация емес, тоққұрсақ коммунизм.

Бірақ адам тек өзінің өмірден байқағандарымен, тәжірибесімен күшті. Байқау мен тәжірибе толғанысқа жетелейді – ол толғанады; ол ойланады, ойланбай тұра алмайды; ол толғана отырып, қиялға беріледі, ойлана отырып, қателеседі, бірақ өзінікін дұрыс деп санайды, қасарысып бағады, өзіне ғана сеніп, басқаларға жиіркенішпен қарайды. Сол сәттен бастап ол оқшауланып қалады, өйткені көпшіліктің айтқанына көну өзіңнің ырқың мен парасатыңнан бас тарту, яғни төл меніңнен бас тарту деген сөз, ал ол мүмкін емес. Осынау оқшаулану, осынау парасат эгоизмі мен көзқарас индивидуализмі тәжірибелер мен бақылау оны ақиқат аулына алып келгенше жалғаса бермек. Тағы бір соңғы салыстыру жасайын, сонда осынау фактылардың барлығы айдан анық бола түседі. Егер күндердің күнінде бал араларының соқыр, бірақ үйлесімді инстинкті рефлексиямен және парастпен молықса, бұл балара ұясының азғантай қоғамы үшін ақырзаман болар еді. Біріншіден, аралар қандай да бір жаңа амалды сөзсіз сынап байқар еді, мысалы, өз кәрездерінің клеткаларына дөңгелек немесе төрт бұрышты пішін берер еді. Сөйтіп ғылыми геометриямен ұштасқан ұзақ практикасы алты бұрыштың артықшылығына тоқтағанша, жүйелер мен жаңалықтар өз кезегімен жүре берер еді. Көтерілістер туындар еді. Еркек аралар өз күнін өзі көріп, ана ара түртініп еңбектенер еді. Жұмысшы ұрғашы аралардың арасында

алауыздық, қызғаныш туындап, әркім өзі үшін ғана жұмыс істегісі келіп, ақыр аяғында ұя қаңырап, аралар өліп бітер еді. Бәле деген, раушан гүлдер арасына жасырынған жылан сынды, балға бөккен республикаға соның даңғайыр даңқына қызмет етуге тиісті нақ сол парасат пен пікірдің көмегімен енеді. Бұл бәле – біз айналысып отырған мәселеде: қоғамдық келеңсіздік, демек, жай ғана біздің ойлану қабілетімізбен түсіндіріледі. Пауперизм, қылмыстар, бүліктер, соғыстар – өз кезегінде меншік туындатқан теңсіздіктің перзенттері; меншік эгоизмді туғызды, эгоизм – парасат автократиясынан тікелей шыққан біздің жеке өміріміздің жемісі (sens prіve). Адам өзінің жоолын қылмыстан, жабайылықтан емес, балалық білместіктен, тәжірибесіздіктен бастады. Билік инстинкттері дарыған, бірақ парасатқа бағынған ол әуелде аз ойланады, келте ойланады; бірақ там-тұмдап, көптеген қателіктерге ұрынып, оның ойы берки түседі, парасаты жетіле түседі. Ол енді түкке тұрмайтын бірдеңе үшін бәрін қиюға бар, ал содан кейін жаздым-жаңылдым деп, көз жасын көлдететін нағыз жабайының өзі; өзінің ақсақалдығын жасымық сорпаға сатып, кейін одан айнығысы келетін Исв; кепілдіксіз жұмыс істейтін және жалақысын көбейтуді талап етуден шаршамайтын осы заманғы жұмысшы, өйткені оның өзі де, қожайыны да теңдік жоқ жерде жалақының ешқашан жеткілікті болмайтынын түсінбейді. Ол өзінің мұрасы жолында өлетін Навуфаил; құл болғысы келмей, өзіне-өзі қол жұмсаған Катон; өлеөлгенше ой бостандығын қызғыштай қорыған Сократ; бұл 1789 жылы бостандықты талап еткен үшінші сословие, кейін бұл өндіріс құралдары мен жалақыда теңдікті талап еткен халыққа айналады. Адам қоғам үшін туған, ол өзінің барлық қарым-қатынастарында теңдік пен әділетке ұмтылады; бірақ ол сондай-ақ бостандық пен даңққа да құмар; осындай әр түрлі қажеттіліктердің бәрін бірдей қанағаттандырудың қиындығы ырық деспотизмінің және содан туындайтын жеке меншіктің бірінші себебі болды. Екінші жағынан, адам өз өнімдерін айырбастауға

қашанда мұқтаж; ол әртүрлі өнімдердің құнын дәл есептеп шығаруға дәрменсіз, өзінің құмарлығы мен қыңырлығына қарай шамамен белгілеуге мәжбүр болады; сөйтеді де, бұрыс саудаға кірісіп кетеді, оның нәтижесі біреулердің байлығы, біреулердің кедейлігі болып шығады. Осылайша адамның ең үлкен соры парықсыз қарым-қатынастан (қоғамдасудан), адамзат өзі соншалықты мақтан тұтатын және соншалықты керемет надандықпен пайдаланатын бәз-баяғы әділеттен туындайды. Әділет, қолданбалы әділет мәселелері – тұтас бір ғылым, оның жаңалықтары және оны насихаттау ерте ме, кеш пе, әйтеуір қоғамдық келеңсіздікті тыяды, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жөнінде түсінік береді. Біздің инстинктімізді осынау дәйекті, азапты тәрбиесін, біздің өздігінен жүріп жататын түйсігіміздің ойластырылған білімге осынау баяу, елеусіз айналуын біз хайуанаттардан таппаймыз, олардың инстинкті әрқашанда сол күйінде қалады жәнеп парасатпен өзгертілмейді. Хайуанның инстинктік және парасатты тіршілігінің арасындағы айырмашылықты соншалық сәтті көрсеткен Фр. Кювьёге жүгінсек, «инстинкт дегеніміз хайуанның сезімталдығы, ашушаңдығы мен парасаттылығы секілді, бастапқы, дербес күш. Өздері бір рет түскен қамақты аңғарып, одан қашатын қасқыр мен түлкі, тіпті біздің кейбір сөздерімізді түсінетін, сөйтіп бізге мойынсұнатын жылқы мен ит мұны өздеріне тән парасаттылық пәрменімен істейді. Жемтігінің қалғанын тығып қоятын ит те, кәрездер құрайтын балара да, ұя салатын құс та тек инстинкт бойынша ғана қимылдайды. Инстинкт адамды қоса, тірі мақұлықтың бәрінде бар: жаңа туған нәресте анасының емшегін инсинкт бойынша сорады. Бірақ адамда бәрі де саналы түрде өтеді, оның инстинкті саналылықпен молығады. Хайуанаттарда басқаша екенін көреміз: оларға инстинкт алғырлығына қосымша ретінде берілген». (Flourens. Résumé analytіque des observatіons de F. Cuvіer). «Инстинкт туралы түсінігіміз айқын болуы үшін біз хайуандардың өзінің sensorіum’інде олардың қылығына дәл кәдімгі сыртқы түйсіктер

сияқты ықпал ететін туабітті бейнелер мен түйсіктер бар деп топшылауға тиіспіз. Оларға барлық жерде осынау, қажет десеңіз, арман не галлюцинация еріп жүреді; олардың инстинктіне қатысты барлық нәрседе оларды айкезбелер санатына жатқызуға болады». (F. Cuvіer. Іntroductіon au regne anіmal). Сонымен, әр түрлі дәрежеде болса да, парасат пен инстинкт адамға да, хайуандарға да тән; сонда адамды өзгешелеп тұратын не? Кювьенің айтуынша, оны өзгешелейтін рефлексия немесе біздің төл түрленулерімізді ретроспективалық парықтау. Мұнымыз бұлыңғыр, сондықтан түсіндіруді талап етеді. Хайуандарда парасаттылық (іntellіgence) бар екенін мойындай отырып, біз оларда белгілі дәрежеде рефлексияның да бар екендігін мойындауымыз керек; рефлексиясыз парасаттылық жоқ, және Кювьенің өзі мұны көптеген фактылармен дәлелдеген. Бірақ енді осынау байқапбақылаушы ғалымның бізді хайуанаттардан өзгешелеп тұрған рефлексия түрін қалай анықтайтынына назар аударайық: біздің төл түрленулерімізді көру қабілеті. Мен осыны парықтап алмақпын, және хал-қадарымша философ-натуралистің лаконизмімен толықтырмақпын. Хайуандардың паарсаттылығы олардың инстинктік қылықтарына ешқандай өзгеріс енгізбейді; парасаттылық оларға тек олардың тынышын алатын айрықша, күтпеген жағдайлар үшін ғана берілген. Ал адамда, керісінше, инстинктік қимыл-қозғалыстар ұдайы саналы қызметке айналып отырады. Мысалы, адам өзінің инстинкті бойынша үйірсек, бірақ бұл арада оның инстинкті қадам басқан сайын ойланумен және ерікті таңдаумен алмастырылып отырады; бастапқыда адамның тілі инстинктің жемісі), ал оның поэзиясы шабыт жемісі; ал енді грамматикадан ғылым, поэзиядан өнер жасап, адам, – еріксізден айтуға тура келіп тұр, – инстинктті түрде Құдайға және болашақ өмірге, құдіретке сенеді – ол осы сенімін құбыжық, содан кейін оғаш, әсем, жұбанышты немесе сұсты пошымдарда білдірді; он сегізінші ғасырдың әдепсіз құдайсыздығы келекелеген осынау әрқилы

культтер адамның діни сезімдері сөйлеген тілдерден басқа ештеңе де емес; күндердің күнінде адамның ойына арқау болған Құдайдың кім екенін, және оның жаны самғап жететін о дүниеден не күтуге болатынын оның түсінетін сәті соғады. Адам инсинктпен істегенін қадірлемейді, қайта менсінбейді; ал егер тәнті болса, онда оны өзінің бірдеңесі емес, табиғаттың ісі ретінде қабылдайды; сондықтан алғашқы өнертапқыштардың есімдері келмеске кетті, сондықтан біз дін атаулыға енжармыз, ал оның тәсілдері бізде кекесін ғана туғызады. Адам рефлексия мен ой жемістерін ғана бағалайды. Инстинкттің ең ғажап жемістері оған тек кездейсоқ олжа болып көрінеді; парасат жемістерін ол ашылымдар деп атайды (мен шығармашылық деп қала жаздадым). Инстинкт нәпсі мен жігер туғызады; парасат қылмыс та, жақсылық та жасайды. Өзінің парасатын шыңдай түсу үшін адам өзінің ғана емес, басқалардың да байқағанына сүйенеді; оларды хаттап тіркейді, шежірелерге айналдырады, сөйтіп индивидуумның ғана емес, бүкіл тектің ақыл-ой қоры молыға түседі. Хайуандарда бірінен-біріне білім беру жоқ; әрбір тіршілік иесінің жадындағысы өзімен бірге өледі. Сонымен, жалғыз рефлексияны адамның хайуаннан айырмашылығы деп санау жеткіліксіз; сондай-ақ сіздің инстинктіңіздің санаға айналуға ұмтылысын да естен шығармаған абзал. Адам инстинкт жетегінде жүргенде, не істеп, не қойғанын түсінбейді. Егер оған тек инсинкт әмірін жүргізсе, хайуанаттардан көріп жүргеніміздей, ол ешқашан қателеспес еді, жамандықты да, адасуды да білмес еді. Бірақ Жаратқан біздің инстинкт парасатқа айналсын деп, бізге рефлексия сыйлаған. Ал осы рефлексия мен одан туындайтын білім дәрежесі әртүрлі болатындықтан, алғашқы кезде рефлексия инстинктке көмектескеннен гөрі, көбірек кедергі жасайды. Демек, біздің ойлау қабілетіміз басында бізді төл табиғатымыз бен міндетімізге қарсы қимылдауға итермелейді; біз адасамыз, жамандық жасаймыз, содан азап шегеміз; бізді жақсылыққа жетелейтін инстинкт

және жамандыққа азғыратын рефлексияны жақсылық пен жамандық туралы ғылым, бізді жөн қадаммен бір нәрсеге жетелеп, басқасынан сақ болуға мәжбүр ететін ғылым ауыстырғанша, солай бола береді. Осылайша, жамандық, яғни адасу мен оның зардаптары қарама-қарсы тұрған екі қабілеттің: инстинкт пен рефлексияның тұңғыш перзенті болып табылады; жақсылық, яки ақиқат олардың қосылуының екінші, даусыз жемісі болуға тиісті. Осы аллегорияны өрбітейік: жамандық бір-біріне қарама-қарсы екі күштің қан араласуынан туған ащы жеміс, жақсылық, ерте ме, кеш пе, олардың қасиетті де құпия одағының заңды жемісі болады. Өзінің шығу тегі жағынан біздің таразылау қабілетімізге қарыздар меншік салыстырумен өрбиді. (сөз ұйқасы: faculté de raіsonner және comparaіsons – Ауд.). Бірақ рефлексия мен парықтау интуициядан кейін, бақылау түйсінуден, тәжірибе инстинкттен кейін келетіні секілді, меншік те коммунизмнен кеш пайда болған. Коммунизм, немесе қарапайым ассоциация – даусыз мақсат, жұртшылықтың бастапқы көтерілуі, оның тікелей өзін алғашқы көрсетуі, бұл өркенияттың алғашқы сатысы. Қоғамдық эволюцияның осы сатысында (заңгерлер оны теріс коммунизм деп атайды) адам адамға жақындайды, бір-бірімен жерден өнетін дәнді дақылдарды, малдың сүті мен етін бөліседі; адам әзірше ештеңе өндірмейтіндіктен, теріс күйінде қала беретін коммунизм біртіндеп еңбек пен өндірістің дамуынан нәр алып оң коммунизм сатысына көшеді. сонымен бірге ой автономиясы және жақсылық пен жамандық туралы пайымдаудың сұмдық қабілеті адамға егер теңдік қоғамның қажетті шарты болса, онда коммунизм құлдықтың бірінші түрі деген ойды сіңіреді. Осының бәрін гегельдік формуламен өрнектейік: Жұртшылықтың алғашқы фазисі, алғашқы дефинициясы болып табылатын коммунизм әлеуметтік дамудың алғашқы пошымы, тезис; коммунизмге қарама-қарсы меншік – антитезис. Проблемамызды шешу үшін бізге үшінші мүшені, синтезді табу қалады. Бұл синтез тезисті

антитезиспен түзетудің қажетті нәтижесі; демек, біз олардың қасиеттерін зерттеп, олардағы жұртшылыққа дұшпандарын аластауымыз қажет; соның екеуінен қалатын нәрсе өздерінің одағымен, адамзат ассоциациясының ақиқат пошымын құрайды.

§ 2. Коммунизм мен меншіктің айырым белгілері

1) Әлі ешкім де қоғамдық құрылысты меншіктен немесе коммунизмнен тыс елестете алмайтынын жасыра алмаймын; осынау талай рет қарғыс атқан адасу үшін меншік өзінің бүкіл бар екендігімен қарыздар. Коммунизмнің кемшіліктері айдан анық екені соншалық, оның қарсыластарына сол сынмен адамдарды улау үшін онша көп өнер қажет болмайтын. Оның әділетсіз үкімдерінің үзілді-кесілділігі, оның жеке адамның ұнату, ұнатпауына зорлығы, адамның ырқына ол кигізетін темір мойынтұрық, оның ұжданына көрсететін инсанияттық азабы, қоғамдық өмірге ол бұйыратын босаңдық, ақыр соңында оның еркін, белсенді және парықтай алатын тұлғаның бойын жаздырмайтын даңғой да нақұрыс біркелкілігі – осының бәрі адамның естілігін ызаланадырып, коммунизмді біржолата айыптап, үкім шығарды. Коммунизм пайдасы үшін бетке ұстар беделдер мен мысалдар шын мәнінде оған қарсы; Платонның коммунистік республикасы құлдыққа негізделген, Ликургтың республикасы өз қожайындары үшін бәрін өндіруге тиіс болған, сөйтіп олардың бірыңғай соғыс пен гимнастикалық жаттығуларға берілуіне мүмкіндік берген илоттардың еңбегіне сүйенеді. Коммунизм мен теңдікті бытыстырып алған Ж.-Ж. Руссоның да бір жерде құлдықсыз теңдік мүмкіндігін елестете алмаймын дегені бар. Алғашқы христиандардың коммунистік қауымдары бір ғасырдан артық төтеп бере алмай, моназтар скиттерге айналып тынды; Парагвайдағы иезуиттер коммуналарын көрген саяхатшылардың бәрі ондағы негрлер жағдайының құлдықтан еш айырмашылығы жоқтығын айтады; мейірімді әкейлер өз

неофиттерінің жаппай қашуына тосқауыл қою үшін өз мекендерін дуалдармен және орлармен қоршауға мәжбүр болғаны факт. Бойларын белгілі бір доктринадан гөрі, меншік алдындағы елірме үрей билеген бабёфшылардың түбіне өздерінің принциптерін қарабайырландыру жетті; коммунизм мен теңсіздікті ұштастырғысы келген сенсимоншылар маскарадтың иіс-қоңысындай болып өтті. Осы заманғы қоғам тап болуы мүмкін ең үлкен қатер – осы бір су астындағы жартасқа соқтығып, тағы да кеме апатына тап болу. Таң қаларлық іс! Жүйелі коммунизм, меншікті саналы түрде жоққа шығару меншік соқыр сенімінің тікелей ықпалымен ойластырылған нәрсе; коммунистердің барлық теорияларының негізінде бәз-баяғы меншік жатыр. Рас, коммуна мүшелерінің ешқандай меншігі жоқ; бірақ сол коммунаның өзі меншік иесі, материалдық заттардың ғана емес, адамдар мен олардың тілектерінің де меншік иесі болып табылады. Осынау тәкаппар меншік принципінің арқасында біз үшін тек төл табиғатымыздың жаратылыстық табиғи талабы ғана болуға тиісті еңбек адам адамға жүктейтін міндеттемеге айналады; бұл оны жиіркенішті етеді. Бұл коммунизм өзінің мүшелеріне адамның парықтау ырқымен сыйыспайтын үнсіз бағыну принципін таңады; ол өзінің жарғыларымен ешқандай келіспеушіліктерге жол бермейді, ал олар мадақтасаң да, ешқашан кемшіліксіз болмайды; адамның өмірі, таланты және бүкіл қабілеті оларды ортақ игілік үшін қалай жұмсаса да ерікті мемлекетке тиесілі болады; жеке адамдар қоғамдарын құруға қатаң тыйым салынады, өйткені оған жол беру қауымға басқа, ұсақ қауымдарды, яғни жеке меншікті енгізумен бірдей; қайратты адам әлсіз үшін жұмыс істеуі керек, бұл міндет емес, есіркеушілік қана болса да, мұны бұйыруға емес, ұсынуға болады; ықтиятты адам, әділетсіздік болса да, жалқаудың сабағын орындайды; қисынсыз болса да, талант – нақұрыстың сабағы; ақыр аяғында, адам төл менін, төл даралығын, төл даналығын, төл бейімділіктерін құрбан етіп,

айбарлы да мызғымас коммунаның алдында тізе бүгіп, мойынсұнуы тиіс. Мұның бәрі сол коммунизмнің негізінде жатқан меншік принципінен бастау алады. Коммунизм дегеніміз – теңсіздік, бірақ меншік мағынасындағы емес, керісінше теңсіздік. Меншік – әлдінің әлсізді қанауы, коммунизм – әлсіздің әлдіні қанауы. Меншік режимі тұсында теңсіздік күш-қуаттың нәтижесі болып табылады, бұл күш табиғи немесе рухани зорлық күші болсын, оқиғалар күші ме, бақ па, сор ма, байлықтың күші ме, т.с.с. – бәрібір. Коммунизмде теңсіздік талант пен еңбектің күшпен бірге бір тақтаға қойылатын болымсыздығынан туындайды. Мұндай ренішті теңгермешілік біздің ар-ұжданымызға тиіп, лайықтылардың наразылығын туғызады; өйткені егер әлді әлсізге көмектесуді борышым деп мойындайтын болса, оны ізгіліктің борышы деп мойындайды, ол онымен бір тақтада тұруға ешқашан келіспек емес (іl ne supportera jamaіs la comparaіson). Олардың екеуіне де еңбек пен марапаттың бірдей шарты қойылуы керек, бірақ олардың арасында ешқашан да екеуінің біреуі ортақ міндетті атқармай отыр деген күмән тумауы тиіс. Коммунизм дегеніміз – езіп-жаншу және құлдық. Адам парыз заңын мойындауға, отанға қызмет етуге, достарына көмектесуге әзір, бірақ ол жұмысты қашан және қанша болсын, өз қалауынша істегісі келеді; ол өз уақытына өзі қожа болуды, бір ғана қажеттілікке бағынуды қалайды, достарын да, айналысатын тірлігі мен демалатын уақытын да өзі таңдағысы келеді; бұйрық бойынша емес, өз ықтиярымен көмектескісі келеді; құлдық мәжбүрлеуден емес, эгоизмнен өзін құрбан еткісі бар. Коммунизм біздің қабілеттеріміздің, біздің асқақ ұмтылыстарымыздың, біздің қастерлі сезімдеріміздің еркін дамуына сөзсіз кедергі жасайды; егер сіз оны индивидуалдық парасат пен ырықтың талаптарымен жарастыратын амал тапсаңыз мынаған кәміл сене беріңіз: алдыңыздағы енді коммунизм емес, оның тек аты ғана қалады, – ал біз ақиқатқа алғаусыз ұмтылатындықтан бөспелік атаулыдан аулақ болуымыз керек.

Сонымен, коммунизм ұждан автономиясы мен теңдікті бұзады: біріншісін – ақыл мен жүректі матауымен, ойлар мен фактылар саласында бостандығымызды жансыздандыру; екіншісін – еңбек пен жалқаулықты, талант пен ақымақтықты, кесепат дерлік нәрсе мен жақсылықты бірдей марапаттауымен бұзады. Айтпақшы, жұрттың бәрі ие болғысы келетіндіктен, меншік мүмкін болмаса, коммунизм жалқаулық жарысының арқасында көп ұзамай-ақ мүмкін болмайды. 2) Өз кезегінде, меншік теңдікті өзінің даралығымен және артықшылығымен, ал бостандықты – деспотизмімен бұзады. Бұлардың біріншісіне мен алдыңғы үш тарауда жеткілікті тоқталдым; бұл арада меншік пен ұрлықтың бірдей екендігін дәлелдеп берумен шектелемін. Ұры латынша fur және latro, біріншісі – грекше phero, латынша fero деген – әкетемін деген сөз; екіншісі грекше lathroo, қарақшылық жасаймын, латынша lateo бой тасалаймын деген сөз. Гректерде klepto дегеннен шыққан kleptes, ұрлаймын деген де сөз бар; оның түбірі де сол kalupô, жабамын, жасырамын деген сөз. Осынау этимологиялық сілтемелерге сәйкес, ұры өзіне тиесілі емес затты жасыратын, алып кететін адам болып шығады. Нақ сол ойды еврейлер ganпab ұры деген сөзбен, ganab былайырақ алып қою, алып кету деген етістіктен туатын сөзбен: lo thі gnob (8-өсиет), ұрлық істеме, яғни ештеңені былай алып қойма, өзің үшін ештеңені жасырып қалма деген сөз. Қоғамға кірерде адам оған өзінде бардың бәрін беруге осылайша уәде етеді, бірақ атақты Анания сияқты оның бір бөлігін жасырып қалатын адамдар да болады. Voler (ұрлау) деген етістіктің этимологиясы бұдан да тағлымыды. Voler немесе faіre la vole латынша vola, алақан деген сөзден шығады, бұл: карта ойынында бәсеке тігілгеннің бәрін алу; ұры, яғни бәрін алатын, үлестің көбін алатын, алаған деген сөз. Бәлкім, voler деген сөз ұрылар жаргонына алынған, біздің күнделікті тілімізге енген, ал одан заң шығарушы тіліне көшкен болар.

Ұрлық шексіз әрқилы амалдармен жасалады, заң шығарушы оларды шебер айырып, олардың аяусыздық немесе лайықтылық дәрежесіне қарай топтастырып жіктейді, бір жағдайда ғана оған құрметпен қарап, басқасында – жазалайды. 1) күре жолда бас салып, 2) жападан ажлғыз немесе тұтас банды болып, 3) құлып бұзып, 4) жасырып қалып, 5) қасақана банкрот болып, 6) жеке немесе ресми құжаттарды қолдан жасап, 7) жалған ақша жасап ұрлайды. Бұл санатқа қара күшпен не алаяқтықпен қимылдайтын ұрылардың бәрі: бандиттер, қаңғыбастар, пираттар, корсарлар және флибустьерлер кіреді; ертедегі батырлар осындай құрметті атақтарын мақтаныш тұтқан және өздерінің кәсіптерін пайдалы ғана емес, сонымен бірге ізгі іс деп есептеген. Немврод, Тезей, Язон мен оның Аргонавтары; Иафет, Давид, Ромул, Хлодвиг пен оның бүкіл ұрпағы – меровингтер; Роберт Гюискар, Танкред, Богемунд және нормандық батырлардың көпшілігі – солардың бәрі қарақшылар мен ұрылар болған. Қарақшылықтың батырлық сипаты Гораций Ахиллдың аузына салған шыққан мына сөздерден: Jura neget sіbі nata, nіhіl non arroget armіs13, сондай-ақ еврейлер Дәуітке, ал христиандар Христке қаратып айтатын Жақыптың өсиетіндегі: Manus ejus contra omnes, оның қолы бәрін де тонауға жетеді деген үзіндіден (Болмыс, 48-тарау) көрінеді. Бүгіндері қарақшы, бұрынғының батыры, аяусыз қудаланады; заң оның кәсібін масқаралаумен, абақтымен, тіпті кейде эшафотпен жазалайды. Көзқарастағы қандай аянышты өзгеріс! 8) шулер ретінде, 9) бопсалаушы ретінде, 10) біреудің сеніміне кіру арқылы, 11) құмар ойындар мен лотореялар көмегімен ұрлайды. Ликургтың заңдары жастардың тапқырлығы мен алғырлығын ұштау үшін осынау екінші санатты ныталандырады; бұл Улистердің,

13 Менің құқығым – менің қалқаным мен найзам. – Генерал Броссар Ахиллше сөйлеген: «Көк сүңгім мен қалқаным маған шарапты да, алтынды да, әйелді де алып береді» (“Бала белде, қатын жолда” деген қазақ мәтелін еске – Ред.).

Солондардың, Синондардың, Йаковтан Дейцке дейінгі ертедегі және қазіргі иудейлердің; сығандардың және барлық жабайылардың айласы. ХІІІ және ХІV Людовиктер тұсында жалдаптық құмар ойын онша ұятты іс болып саналған жоқ, шулерлік қандай да бір дәрежеде ойын ережесіне енді де, көптеген адал адамдар бастарынан ұшқан бақты епті қимылдың көмегімен қайтарып алудан жиіркенген жоқ. Тіпті қазіргі біздің заманда барлық елдердің шаруаларында мәміле жасаса білу, яғни арманды тақырға отырғызып кету зор абырой болып саналады; мұның салтқа айналғаны сондай, алданған алдаушыға өкпелемейді де. Біздің үкіметтің лотореядан бас тартуының оңай болмағаны өз-өзінен түсінікті; лотореяны алудың меншіктің қақ жүрегіне қадалған қанжар екенін ол сезді. Шулер мен алаяқ қыспақтан өздерінің ептілігінің, айлакерлігінің, сөзшеңдігі мен тапқырлығының арқасында шығады; кейде олар бөтен біреудің ашкөздігінің жолына тұзақ құрады; сондықтан білек күшінен гөрі ақылды сәл-пәл артық санайтын біздің Қылмыстық Низам осынау төрт түрлі қылмысты екінші санатқа жатқызып, оған ешкімді қорламайтын, тек түзеу түріндегі жаза қолданғаны жөн деп тапты. Осыдан кейін заңды құдайсыз деп, пайдакүнем деп айыптап көріңіз! 12) өсімқорлық пайыз көмегімен ұрлайды. Інжіл жарияланғаннан кейін соншалық жеккөрінішті болған және қазір қатаң жазаланатын бұл санат рұқсат етілмеген ұрлықтың рұқсат етілген ұрлыққа көшуге қызмет етеді. Өзінің құбылмалы табиғатына сәйкес ол заң мен моральда көптеген қайшылықты жайларға, қаржы мен коммерция дүниесіндегі адамдар шебер пайдаланатын қайшылықтарға жол береді. Мәселен, ипотекаға 10, 12 немесе 15 пайызбен қарыз беретін өсімқор, егер заңның қолына түссе, өте көп мөлшерде айып төлер еді; ал банкир болса, сол пайыздарды, рас, қарыз үшін емес, айырбас немесе есептеу, яғни сату түрінде ала отырып, корольдік артықшылықтарға сүйенеді. Бірақ банкир мен өсімқордың арасындағы айырмашылық сырт көзге ғана; өсімқор жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік кепілдігімен

қарыз берсе, банкир бағалы қағаздарға қарыз береді; өсімқор секілді ол да пайызды күнілгері алады; өсімқор секілді ол да егер кепілге қойылған зат жоғалса, яғни вексельдің құны төленбесе, қарыз алушыдан оның құнын өндіріп ала алады, оның ақшаны сатпайтынының, ақшалай қарыз беретіндігіні дәлелі осы. Банкир қарызды қысқа мерзімге береді, ал өсімқордан алынатын қарыз шарты бір жылға, екі, үш, тіпті тоғыз жылға және т.б. жасала алады; бірақ мерзімдегі айырмашылық және кейбір пошымдық айырмашылықтар келісімшарт мәнісін өзгертпейді. Ал өз капиталдарын 3, 4, 5 пайызбен мемлекеттік қағаздарға немесе сауда кәсіпорындарына салатын, сөйтіп банкирлер мен өсімқорларға қарағанда өсімқорлық пайызды азырақ алатын капиталистерге келсек, олар қоғамның қаймағы, адал адамдардың алдыңғы қатарлысы. Ұрлаудағы қанағатшылдық – бар жақсылық осы ғана14. 13) рентаның , жалгерлік ақы және жалдау ақысы көмегімен ұрлайды. Провинциалға жолданған хаттардың авторы (Паскаль) өзінің иезуит Эскобарымен және Могатр шартымен он жетінші жүз жылдықтың

14 Өсімқорлық туралы немесе кейбіреулер айтатындай пайызға берілетін қарыз (әрине, ізет үшін) туралы жазған жазушыларды талқыға салу қызықты да пайдалы тақырып болар еді. Теологтар өсімқорлықпен ылғи да күресіп келді; бірақ олар жалгерлік және жалдау ақыларының заңдылығын қашан да мойындап келгендіктен, қарыздан алынатын пайыздардың жалдау ақысынан ешқандай айырмашылығы жоқтығына көздері жетті, барлық айла-шарғылар мен айырмашылықтардан олардың басы қатып, өсімқорлыққа қалай қарау керектігін білмейтіндігімен аяқтады. Өз ілімінің тазалығымен соншалықты мақтанатын, шіркеу моральдың осынау падишасы меншік пен өсімнің шынайы табиғаты жөнінде білместің күнін кешті; ол тіпті өз абыздарының аузымен бұл тұрғыдағы небір анық адасуларды паш етті. Non potest mutuum, – дейді Бенедикт ХІV. – Іocatіonі uІІo pacto compararі. Боссюэтке жүгінсек, «рента мен өсімқорлықтың арасы жер мен көктей». Мұндай идеялармен пайызға берілетін қарызды айыптауға бола ма? Ең бастысы өсімқорлыққа пошымдық жағынан қарсы Інжілді қалай ақтап алуға болады? Шындығында теологтардың қиналатын жөні бар: олардың қарыздан алынатын пайыздың жалдау ақысымен бірдейлігін бұлтартпай дәлелдейтін экономикалық дәлелдермен келіспеуге шарасы жоқ, олар бұдан былай пайызға берілетін қарызды айыптай алмайды, бірақ Інжіл ақшаны өсімге беруге тыйым салатындықтан, мұны не деп атау керектігі жөнінде бірдеңе ойлап табуы керек. Сонымен, өсімқорлық деген не? Осы бір «халық тәлімгерлерінің» өздері айтатындай тұспалдап айтуы мүмкін емес Інжіл мен экономикалық дәлелдердің арасындағы алшақтықтарды қызықтаудан асқан нәрсе жоқ; меніңше Інжілді оның жалған пайғамбарларының осы құлдырауынан артық ешнәрсе мадақтай алмайды. Пайызды жалдау ақысымен шатастырып алатын Салмазийді Гроций, Пуффендорф, Burlamaquі, Вольф, Гейнециус жоққа шығарды; бәрінен қызығы Салмазийдің өз қатесін мойындағаны. Салмазийдің меншіктен алынатын барлық пайда заңсыз деп, пайыз бен жалдау ақысын теңдестіруінен қорытынды шығарудың, сөйтіп інжілдік теңдікке келудің орнына бұдан тіпті бөтен тұжырым жасалды: бүкіл дүние жүзі рента мен жалдау ақысын алуды дұрыс деп санағандықтан, ақшаға салынған пайыздың оның өзінен айырмашылығы жоқ екендігімен келіскендіктен, онда өсім деп атауға болатын ешнәрсе де жоқ болып шығады; демек, Иисус Христің сөздері қиял, нөл болмақ, бірақ мұнымен діндар адам келісер ме? Егер менің мемуарым Боссуэттің тұсында жарық көрсе, осы бір ұлы теолог Қасиетті кітапқа, шіркеубасыларына, дәстүрге, сарайлар мен папаларға сүйеніп, меншік деген құдайдың берген құқы да, өсімқорлық – ібілістің азғыруы деп дәлелдер еді; менің еретиктік шығармам өртеліп, авторы Бастилияға қамалар еді.

қайырымды христиандарын әбден мәз қылды. «Могатр шартының мәнісі мынада, дейді Эскобар, сіз матаны қымбат бағаға әрі несиеге сатып аласыз да, оны сол жерде-ақ сол адамға қолма-қол ақшаға және әлдеқайда арзан бағаға қайта сатасыз». Эскобар өсімқорлықтың осы түрін ақтайтын дәлелдерді де тапты. Паскаль мен янсенистердің барлығы оны қорлап бақты. Бірақ сатирик Паскаль мен ғұлама Николь, жеңілмейтін Арно, Вальядолидтік әкей Антуан Эскобар оларға мынадай уәж айтса, не дер еді: Жалдау келісімшартының мәнісі мынада, сіз жылжымайтын мүлікті белгілі бір уақыт өткеннен кейін сол сатып алған кісіңізге арзан бағаға сату үшін қымбатқа және қарызға сатып аласыз; айырмашылығы, мәмілені оңайлату үшін, сатып алушы алғашқы және екінші бағаның айырмасын ғана төлейді. Егер сіз жалдау келісімшарты мен Могатр шарты бірдей емес десеңіз, мен сіздікін табанда теріске шығарамын; егер сіз олардың бірдейлігін мойындайтын болсаңыз, менің теорияммен келісуге тиіссіз, әйтпесе сіз рента мен жалгерлікті айыптаған болып шығасыз. Иезуиттің осындай сұмдық пайымдауларын естігеннен кейін синьор Монтальт қоғамға қатер төнді, иезуиттер оның іргесін қопаруға жақын деп аттан салар еді. 14) егер саудагердің пайдасы оның міндеті үшін төленетін сыйақыдан асып кетсе, сауда көмегімен де ұрлайды. Саудаға қандай анықтама берілетіні белгілі: 6 фр. тұратын нәрсені 3 франкқа сатып алу, және 3 франкқа алған нәрсеңді 6 франкқа сату өнері. Мұндай сауда мен американша ұрлықтың арасындағы айырмашылық алмасылған құндардың пропорциясында, бір сөзбен айтқанда түскен пайданың шамасында. 15) өз өнімінен пайда тауып, синекура немесе мол жалақы алу арқылы ұрлайды. Тұтынушыға белгілі бағамен өзінің бидайын сататын, оны өлшеген кезде бір уыс бидай алып қалатын фермер, сөз жоқ, ұры; оқыған лекциялардың үшін мемлекеттен жалақы алып, және оларын кітап етіп,

дүкені арқылы жұртшылыққа тағы да сататын профессор ұры; өзінің түк бітірмейтіні үшін мол жалақы алатын синекура иесі ұры; 1 ғана нәрсе шығарып, 4, 100, 1000 нәрсенің ақысын алатын жұмыскер ұры; осы кітапты басып шығарушы да, оның авторы мен де – ұрымыз, өйткені біз оны өз құнынан екі есе артық бағаға сатамыз. Сонымен, қорытынды жасайық: Ежелгі ақындар алтын ғасыр деп атаған теріс коммунизм дәуірінен кейін әділет бізге әлдінің құқығы, оның алғашқы дебюті ретінде келді. Өз ұстындары мен ұйымдарын іздейтін қоғамда қабілеттердің бірдей еместігі сіңірген еңбек туралы ой туғызуға тиіс еді; теңдік принципі оған адамның қоғамдағы беделін ғана емес, сонымен бірге материалдық игіліктердің бөлінуін де оның жеке сіңірген еңбегіне тәуелді ету идеясын ұсынды; ал сол заманда ең басты, бірден-бір қадір-қасиет болып дене күші саналғандықтан, ең мықты, , қоғамның ең үздік мүшесі ретінде ең жақсы үлес алуға хақылы болды; егер сол үлес берілмесе, ол, әрине, оны күшпен алады. Осыдан келіп барлық мүмкін заттарға меншік құқығын талап етуге бір-ақ қадам қалмақ. Батырлық құқығының сипаты осындай болды, ол – бері салғанда дәстүрде гректер мен римдіктердің республикаларының ең соңғы күндеріне дейін сақталып келді. Платон «Горгиаста» әлдінің құқығын өте қисынды қорғайтын Калликлес деген біреуді алдымызға әкеледі, оны, теңдіктің қорғаушысы Сократ байсалды жоққа шығарады. Ұлы Помпей туралы ол оп-оңай қызарып кететін еді деген әңгіме айтылады, соған қарамастан бір жолы оның аузынан мынадай сөз шығып кеткен: Қолда қаруың тұрғанда заңды қайтіп құрметтерсің!? Бойында инсанияттық сезім мен атаққұмарлық арпалысқан адамға тән сипатты белгі бұл; ол өзін батыр мен қарақшының ғибратымен ақтауға тырысады. Әлдінің құқығынан адамның адамды қанауы, басқаша айтқанда – құлдық, өсімқорлық немесе жеңгеннің жеңілген жауға салған алымсалығы, алымның, салықтың, атақтардың, барщиналардың, оброктардың,

рентаның, чинштің және тағы басқалардың неше түрі, қысқасы – меншік пайда болды. Әлдің құқығынан соң әділеттің екінші түрі ретінде айлалының құқығы келді; бұл айлаға жоқ, мұнда көп нәрседен ұтылатын батырлар жек көретін құқық келді. Шындап келгенде бұл да күш, бірақ дене күші емес, рухани күш. Дұшпанды алдай білу де өнер, абырой саналды; бірақ әлділер қашан да ашық айқасты қалаған. Сол замандарда берілген уәде мен антқа адалдық бұлжымайтын, пошымы өзгермейтін сипатта болатын: Utі Lіngua nuncupassіt, іta jus esto – аузынан шыққан сөз жерде қалмасын дейді Он екі кесте заңы. Ежелгі Римнің барлық саясаты айлаға немесе дәлірек айтқанда опасыздыққа құрылды. Вико мынадай факт келтіреді, оған Монтескьё де сілтеме жасаған: Римдіктер Карфагендіктердің дәулеті мен қаласына тиіспеуге уәде береді, бірақ қоғам, мемлекет дегенді білдіретін cіvіtas деген сөзді әдейі қолданған; Карфагендіктер болса, бұл сөзден материалдық мағынадағы қала, urbs деп ұғып, қаланың жаңа қабырғасын тұрғыза бастаған. Сонда Римдіктер шартты бұздыңдар деп айыптап оларға соғыс жариялаған; қаһармандық құқыққа сүйенген олар бұл соғысты әбден әділетті соғыс деп санаған және жауды осындай айла-шарғымен сәтсіздікке ұшыратқанына тіпті ұялмаған. Айлалының құқығынан өнер кәсіпшінің, саудагердің және банкирдің пайдасы; коммерциялық опасыздықтар, дарын, данышпан деген құрметті атақтармен мадақталған барлық адамдардың талап-тілектері, дәмесі өрбіді, ал шынына келсек, сол талап-тілектердің, дәметудің бәрін арсыздық пен адамдықтың шектен шыққан көрінісі деуге болар еді; ақыр соңында, қоғамдық теңсіздіктің барлық түрі өрбиді. Ұрлықтың заңмен тыйым салынатын түрлерінде күш пен айла ешқандай қысылып-қымтырылмай ашық қимылдайды; рұқсат етілген ұрлықта олар өндірілген құн маскасымен жасырынады да, осы ілікпен өз құрбандығын жұрдай етеді.

Тікелей зорлық пен алдау баяғыда-ақ бірауыздан айыпталған; бірақ әлі күнге дейін бірде-бір ұлт ұрлықтың талантпен, еңбекпен, иелікпен одағының езгісінен құтыла алған жоқ. Казуистиканың барлық ауытқулары мен юриспруденцияның сансыз кереғарлықтары осыдан туады. Илиада мен Одиссея өлең-жырларында рапсодтар мадақтаған күш пен айла құқығы Грекияның барлық заң шығарушыларына шабыт берді, оның рухы Рим құқығын да өмір сүрді, содан біздің құлықтарымыз бен заңдарымызға ауысты. Христианшылдық бұл арада ештеңені де өзгерте алған жоқ; Кінәні Інжілге аудара салудан аулақпыз, священниктер оны ешқашан түсінбеген және өз діндарларына түсіндіре алмаған, – олар да, заңгерлер секілді, қабаған доктриналардың билігінен шыға алған жоқ. Соборлар мен папалардың мораль саласындағы надандығы форум мен преторлардың надандығы бір деңгейде болатын; құқық, әділет, қоғам мәселелеріндегі осынау қас надандық шіркеудің түбіне жетеді және оның ілімінің мәңгілік масқарасы болып табылады. Рим және басқа да христиандық шіркеулердің опасыздығы айдан-анық; олардың бәрі Иисус Христ ілімін әбден бүлдірді; олардың бәрі өздерінің моральдық, та, діни де доктринасында лағып кетті; олардың бәрі қағидалар үшін жазықты. Өзін пәкпіз деп атап, өз моралін табанымен таптаған бұл шіркеу Құдайдан да, адамдардан кешірім сұрасын; оның реформаланған сіңлілері тәубасына келетін, сонда нелер азапты бастан кешкен, бірақ момын да діндар халық мұны дұрыс бағалайды15. Құқық эволюциясы өзінің әрқилы тұжырымдалуына меншіктің әрқилы түрлері сияқты сатылардан өтті; әділ сот әлі күнге дейін ұрлықты

15 «Мен Інжілді жариялаймын, мен сонымен өмір сүрем» деген апостол, мұнымен ол өз еңбегімен өмір сүретіндігін білдірмек болған-ды; католик дінбасылар меншіктен түскен кіріс есебінен күн көрген жөн деп ұйғарды. Орта ғасырлық коммуналардың ірі жер иелері және сеньорлар болған аббаттар мен епископтарға қарсы жүргізген күресі; шіркеу меншігін қорғап найзағай ойнатып, жай түсірген папаның аластаулары белгілі; қазір де француз дінбасыларының ресми органдары шіркеу қызметкерлерінің кірісі жалақы емес, 1789 жылы үшінші сословие алып қойған шіркеу меншігі үшін берілетін сыйақы дегенді дәлелдеумен келеді. Дінбасылар еңбектен гөрі меншіктен түскен кіріспен күн көруді артық санайды. Ирландияның қайыршылығының басты себептерінің бірі – ағылшын дінбасыларының ұшан-теңіз кірісі. Көріп отырғанымыздай, еретиктер мен діндарлардың да, протестанттар мен папашылдардың да бірбіріне кінә қоятын реті жоқ; олардың бәрі де әділет өрісінде бірдей адасып келді, бәрі де «Ұрлама!» дейтін сегізінші өсиеттің алдында бірдей күнаһар.

алдына салып айдап келеді, барған сайын оның адымын тұсап, тығырыққа тірей түсуде. Осы кезге дейін құқық – жалғандықты, теңдік теңсіздікті тек инстинкт пәрменімен және істің барысымен жеңіп келді; бірақ біздің қоғамның соңғы салтанаты біздің парасатымыздың жемісі болмақ, әйтпесе біз басқа бір феодалдық былыққа батамыз: не біздің парасатымыз сол даңққа бөленеді не біздің жасық табиғатымыз бізді сордың түпсіз тұңғиығына батырады. Меншіктің екінші нәтижесі – деспотизм. Деспотизм ақыл таразысында заңды өкімет ұғымымен астасып жататындықтан, мен деспотизмнің себептері туралы өз баяндауымда заңды өкімет туралы, оның принципі туралы мәселеге де тоқталмақпын. Біздің үкіметтің қандай пошымын қабылдағанымыз дұрыс? – Қалайша, сіз осыны шынымен сұрап тұрсыз ба? – дер еді жас оқырман таңданысын жасырмай, – сіз республикашылсыз ғой. – Иә, республикашылмын; бірақ бұл сөз ештеңені білдірмейді. Res publіca ортақ іс, ортақ игілік деген сөз; мейлі, қандай мемлекеттік пошымда болсын, ортақ игілікке ұмтылатындардың бәрі өздерін республикашылмын деп атай алады. Корольдер де республикашылдар. – Жарайды. Бірақ сіз демократсыз ғой? – Жоқ. – Қалайша? Сіздің монархист болып шығуыңыз да мүмкін екен-ау? – Жоқ. – Конституционалист болып ше? – Құдай сақтасын! – Демек, сіз аристократсыз? – Мүлдем олай емес. – Сіз, немене, басқарудың аралас пошымын қалайсыз ба? – Жоқ. – Сонда сіз кімсіз? – Мен анархистпін. – Иә, мен сізді түсіндім; сіз үкіметті кекетіп отырсыз ғой. – Тіпті де олай емес. Сіз менің professіon de foі’ым туралы естіген боларсыз, ол менің ойларымның байыпты да кемел жемісі. Мен жаратылысымнан тәртіпті қалайтын адам болсам да, сөздің шын мағынасындағы анархиспін. Тыңдаңыз. Қоғам болып өмір сүретін жануарларда жастардың кәрілер мен күштілер бағынуы олардың нақ жастығынан туады; ал оларда ұждан

орнына жүретін дағды биліктің, қанша қартайып, әлсіресе де, іштеріндегі ең кәрісінің қолында болғанын қалайды. Бастаушы бар жерде, ол ылғи дерлік үйірдің ең үлкені болады. «Ылғи дерлік» деуімнің себебі нәпсі жеңген кезде белгіленген тәртіптің бұзылуы мүмкін. Онда билік басқаға көшеді; демек, ол да күштен басталды, одан кейін дағды бойынша сақталмақ. Жабайы жылқылар үйір-үйір болып жүреді; үйірді айғыр бастайды, үйір соған сеніп ере береді, қашуға да, шайқасуға да белгі беретін сол. «Біз асыраған қой соңымыздан қалмайды, бірақ ол өзі жарық дүниеге келген отардың соңынан да дәл солай ереді. Ол адамды өз отарының серкесі деп біледі... Үй жануарлары үшін адам олардың қоғамының тек бір мүшесі ғана; оның бүкіл өнері оларды өзін өздерінің серігі деп білуіне үйрету; ол өзінің рухани артықшылығының арқасында тез арада олардың көсеміне айналады. Деиек адам, Бюффон ойлағандай, бұл жануарлардың жаратылыстық ахуалына өзгеріс енгізбейді; қайта ол осынау жаратылыстық ахуалдан пайда табады. Басқаша айтқанда, оған дейін жануарлар қоғамдық болатын, енді ол олардың серігіне, бастығына айналып, оларды үй малына айналдырды. Сонымен, жануарларды қолға үйрету жеке оқиға, қарапайым модификация, оның қоғамдық жаратылысының салдары ғана. Барлық үй жануарлары шығу тегі жағынан қоғамдық мақұлық». (Flourens Resume des observatіons de F. Cuvіer). Қоғамдық жануарлар бастаушының соңынан инстинкт бойынша ереді; бірақ бұл жерде Ф. Кювье байқамаған бір жәйтті айта кетелік: бастаушының рөлі тұтасымен интелектке сүйенеді. Бастаушы табынның басқа мүшелерін өзінің қол астына жиналуға, өніп-өсуге, жаудан қашып құтылуға, одан қорғануға үйретпейді; бұл пункттердің бәрінде оның бағыныштылары оның өзі сияқты ақылды. Бірақ өзінің бай тәжірибесінің арқасында ол қандай да бір тосын жағдайларда табыла кетеді; қиын-қыстау кезеңдерде оның интеллекті ортақ инстинкте көмекке келе қояды; ол

жағдайды салмақтайды, шешеді, алға түседі, қысқасы, оның естілігі қоғам мүшелерін баршаның игілігіне басқарады. Өзінің жаратылысына сәйкес қоғамда өмір сүретін адам да өз серкесінің немесе көсемінің соңынан ереді. Бастапқыда мұндай көсем – әке, патриарх, ақсақал яғни көрегін мол, ақылды адам, оның қызметі ылғи да ойланып алып іс істеуге негізделелді. Адамзат баласының да, басқа да қоғамдық мақұлықтар сияқты, өз инстинкті, туа біткен қабілеті, өзіндік ортақ идеялары, сезімдері мен парасаттың өзіндік санаттары бар; көсемдердің, заң шығарушылардың немесе корольдердің бәрі ештеңе ойлап тапқан емес; өз жанынан бірдеңе шығарған, өзіндік ештеңе енгізген емес, олар қоғамды өздері жинақтаған тәжірибеге сәйкес басқарумен ғана шектелді, және де әрқайсысы ортақ наным-сенімдер мен пікірлерге сүйенді. Мораль мен тарих өрісіне өздерінің демагогтық тұнжыр көңіл күйлерін енгізетін философтар адамзат баласы әуел баста көсемдерді де, корльдерді де білген емес деп тұжырымдайды; олар адам табиғатынан ештеңе де түсінбейді. Монархия, абсолюттік монархия, дәл сол демократия секілді, тіпті демократиядан да жоғары дәрежеде, басқарудың бастапқы замандық пошымы болып табылады. Біз бағзы замандардың өзінде батырлар, қарақшылар, қилы-қилы қызық қуушылар өзіне-өзі тәж тауып, король болғандарын көріп отырмыз; осының негізінде монархия мен деспотизмді бір үймеге жатқыза салады. Бірақ монархия да адамның өзі сияқты өте ескіден келе жатыр; ол теріс коммунизмнің тұсында да бар болатын; ал батырлық және ол туғызатын деспотизм әділет идеясы алғаш тұжырымдалған тұста, яғни күш патшалық құрған кезде келеді. Ең күшті адам ең лайықты, ең жақсы адам деп санала бастағпанан былай ақсақалдың ығысып, оған орын беруіне тура келді, сөйтіп монархия деспотизмге айналды. Монархияның стихиялық, инстинктік, және, былайша айтқанда, физиологиялық шығу тегі басында оған адам ақылынан тыс сипат берді,

адамдар оны Құдайлармен байланыстырды, олардың пікірі бойынша, алғашқы патшалар солардан шыққан; корольдердің ата-тектерінің құдайлармен байланыстырылатыны, адам кейпіндегі құдайлар, мессиялық мысалдар осыдан туған; өзінің делқұлы ізбасарларын осы күнге дейін сақтап қалған құдай құқығы доктриналары да осыдан. Монархия әубаста сайланбалы болды, өйткені адам әлі өнімді аз өндіретін, сондықтан өзіндік ештеңесі жоқ сол дәуірде мұрагерлік идеясын жасауға, сөйтіп әкесінің корольдігін ұлына қалдыруға меншік әлі тым нәренжік болатын. Бірақ, тың жерлерді игеру мен қалалар салу шамасына қарай, басқаның бәрі сияқты, әрбір қызмет түрі де жеке меншікке айнала бастады; сөйтіп корольдік және абыздық қызметтер де мирасқорлық сипатқа ие болды; тіпті қарапайым кәсіптердің өзі мұраға қалдырылатын болды, бұл касталарға бөлінуге, жерлестікке соқтырды, әртектілерге деген жеккөрінішті туғызды – бұл жағдай менің бос орындарды иелену және басталған істі аяқтау жөніндегі бізге табиғат сыйлаған қабілет сияқты әкеден балаға қалатын мұра туралы айтқан сөздерімді қуаттайды. Оқтын-оқтын атаққұмар, озбыр адамдар – тақты тартып алушылар пайда болды; бұл олардың біреулерін заңды корольдер деп, екіншілерін тирандар деп атауға түрткі болды. Бірақ кісі есімдері біздің пысымызды баспауға тиіс: тарих талай тасыр корольдер мен шүкіршілік етуге болатын тирандарды біледі. Егер өз тұсында (аталмыш уақытта) бірден-бір мүмкін басқару пошымы болса, әрбір монархияның жақсы бола алады: бірақ ол ешқашан заңды бола алмайды. Оны мирасқорлық бастау да, сайланбалы негіз де, жалпы халықтық дауыс беру де, егеменнің артықшылығы да, дін мен заман рұқсаты да заңды ете алмайды. Бізге ол қандай пошымда – монархиялық, олигархиялық, демократиялық пошымда келмесін, бәрібір монархия, немесе адамды адамның басқаруы заңсыз және бос сандырақ. Адам өзінің мұқтаждарын барынша мінсіз әрі қысқа тәсілмен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін ереже табуға әрқашан ұмтылады; алғашқыда бұл – жаны бар, көзге көрінетін, қолмен ұстайтын ереже: ол –

оның әкесі, оның қожайыны, оның королі. Оның білімі неғұрлым аз болса, оның өз басшысына мойынсұнуы, оның сенімі соғұрлым сөзсіз бола түседі. Бірақ өзінің құлқын нормамен үйлестіріп отыру, яғни оған ойланыптолғану, саралап-салмақтау арқылы келу заңы болып табылатын адам, сондай адам өз көсемдерінің бұйрықтарын ой елегінен өткізе бастайды; бұл пайымдаулар – беделге қарсы наразылық, мойынсұнбаудың басы. Адам өктем ырықтың сарындарын іздей бастаған сәттен бастап, оны бүлікші деп санауға болады. Ендігі жерде ол король солай айтты екен деп емес, король оны дәлелдей алды деп бағынатын болса, біз оның бұдан былай ешқандай беделге бас ұрмайды, ол енді өзіне өзі король болады дей аламыз. Оның көсемі болуға бел байлайтын, бірақ өз заңдарының көпшілік беделінен басқа рұқсат негізін оған көрсете алмайтын адамның күні қараң: ерте ме, кеш пе әйтеуір азшылық көпшілікке айналады, ақымақ деспот тағынан тайдырылып, оның барлық заңдары желге ұшады. Қоғамның көзі ашылған сайын король беделі түсе береді; бұл бүкіл тарих дәлелдеген факт. Ұлттық өмірдің алғашқы кезеңінде адамдар қанша қаласа, сонша ойланып-толғана алады, одан пайда да жоқ, өйткені оларда әдіс те, принцип те жоқ, өз парасатын қалай пайдалануды білмейді; олар өздерікінің дұрыс екенін не қателесетінін пайымдай алмайды. Ол дәуірде король беделі әлі шексіз, жұрттың оған қарсы шығатын білім-білігі жоқ. Бірақ тәжірибе там-тұмдап әдетке, ал әдет өз кезегінде салтқа айналады; сонан кейін салт ереже пошымына ие болады, ереже қағидаларға, дәлірек айтқанда заңдарға айналады; ал король, тірі заң, енді солардың алдында тізе бүгуге мәжбүр болады. Салттар мен заңдар әбден көбейіп, егеменнің ырқы ортақ ырықпен байланысты болып қалатын уақыт туады; ол енді таққа отырарда елді оның салт-дәстүріне сәйкес басқаруға ант береді; ол енді тек заңдары оның қатысуынсыз қабылданған қоғамның атқарушы билігінің басында отырған адам болып шығады.

Осыған дейін мұның бәрі инстинктік жолмен, былайша айтқанда, тараптардың қатысынсыз өтеді. Бірақ бұл қозғалыс қандай нәтижеге әкеп тірейді, біз мұны қазір көреміз. Бірте-бірте көші ашылып, идеялар қорына ие бола отырып, адам түптің түбінде ғылым ұғымына, яғни нақты болмысқа сәйкес келетін және бақылап-байқаудан алынған білімдер жүйесіне келеді. Ол анорганикалық денелер туралы ғылымды, органикалық денелер туралы ғылымды, адамның рухани өмірі, дүниенің жүйесі туралы ғылымды жасайды. Ендеше ол қоғам жүйесін неге іздемесін? Міне, осы шыңға жеткенде ол ақиқаттың (осы саладағы) немесе саясат ғылымының егемен ырқынан, көпшілік пікірі мен халықтың наным-сенімінен мүлдем тәуелсіз екенін; әңгіме солардың ырқы туралы болып отырғандықтан, корольдар мен министрлердің, магистраттар мен халықтардың, ғылым үшін ешқандай маңызының жоқ екенін көреді. Сонымен бірге оған, егер адам қоғам үшін дүниеге келетін болса, оның парасаты жетіліп, тәрбиесі аяқталған сәттен бастап оның әке билігінен босайтындығы, – онда ол әкесінің серіктесіне айналатындығы; оның шын әміршісі мен королі – дәлелденген шындық екендігі; саясаттың ойын емес, ғылым екендігі; заң шығарушының рөлі сайып келгенде ақиқатты қажымай-талмай іздеуге саятындығы анық болады. Сонымен, адамға адамның билік жүргізуі – әрбір аталмыш қоғамда – сол қоғам қол жеткізген ақыл-ой дамуының деңгейіне кері қатынаста болады; егер ақиқат үкіметке, яғни ақиқатқа негізделген үкіметке ұмтылыстың қоғамда қаншалықты қанат жайғанын таразыға салып көрсек, біз оның ықтимал ұзақтығын есептеп шығара аламыз. Дәл сол секілді, әділет ұғымының таралу шамасына қарай әлді мен айлалының құқығы таяныштан айрылып, ақыр соңында теңдікке ұласатыны сияқты, ырық гегмониясы парасат гегемониясының алмасып, нәтижесінде ғылыми социализмге сіңіп кетеді. Меншік пен монархия жарық дүниеге келгеннен

бастап өзінің ыдырауына бет алады, дәл сол секілді адам әділетті теңдіктен іздейтіні сияқты, қоғам да тәртіпті анархиядан іздейді. Анархия16 қожайын, билеуші атаулының болмауы – міне, біз күн өткен сайын жақындап келе жатқан басқару пошымы осы; біздің бойымызға сіңіп қалған адамды нұсқау деп, оның ырқын заң деп қабылдау мәнері бізді басқарудың осынау жаңа пошымынан тек былық пен тәртіпсіздікті көруге мәжбүр етеді. Мынадай әңгіме бар: он жетінші ғасырдағы Париждің бір тұрғыны Венецияда король жоқ дегенді естігенде, көзі шарасынан шыға таң қалыпты; бейбақ ішегі қатқанша күле беріпті, өзі үшін тосын, ойласа миы жетпейтін жаңалықтың мәнін түсіне алмай, дал болыпты. Міне, біздің соқыр сенімдеріміздің күші осындай; біздің бәріміз нешеу болсақ та, өзіміздің көсеміміз не көсемдеріміз болғанын қалаймыз. Қазір менің қолымда бір кітапша тұр, оның авторы, жалынды коммунист, құдды екінші Марат дерсің, диктатураны аңсайды. Біздің ең алдыңғы қатарлыларымыз мүмкіндігінше егеменнің көбірек болуын ғана қалайды; ұлттық гвардия корольдігі – міне, олардың ең жалынды тілектерінің нысанасы осындай; осылай кете берсе, әрине, көп ұзамай азаматтық милицияға қызғанышпен қарап, жұрттың бәрінің король болуын талап ететін адамдар да табылмай қалмас; онда мен былай дер едім: жоқ, ешкім де король емес, біздің бәріміз, қалаймыз ба, жоқ па – бәрібір, жолдаспыз. Ішкі саясаттың барлық мәселелері департаменттік статистиканың деректеріне қарап шешілуге тиіс; сыртқы саясаттың кез-келген мәселесі халықаралық статистиканың шаруасы. Басқару ғылымы ғылым академиясы секцияларының бірінде шоғырландырылуға тиіс, оның тұрақты хатшысы өзінен-өзі премьерминистр; ал әрбір азамат Академияға баяндау хатын жаза алатындықтан, азаматтардың бәрі де заң шығарушы болып табылады; адам пікіріне ол дәлелденгенде ғана мән беріледі, сондықтан парасаттың орнына ешкім де өз ырқын тықпалай алмайды, бұдан былай корольдар жоқ.

16 Анархия деген сөздің мағынасын әдетте принциптің, норма атаулының жоқтығы деп түсінеді; сондықтан одан тәртіпсіздіктің синонимін жасап алған.

Заң шығару мен саясаттың барлық мәселелері – талғамның ісі емес, ғылымның объектісі; заң шығарушы билік тек парасаттың, жүйелі дәлелденген ақиқаттың еншісі. Биліктің бір тармағына берілген рұқсат құқығы мен veto құқығы – тирандықтың көкесі. Әділет пен заңдылық, математикалық ақиқаттар сияқты, біздің жанашырлығымызға тәуелді емес. Оларды тек білу керек, сонда өздігінен-ақ олар міндетті болып шығады; тек ойланып алып, ширата түсу қажет, сонда олар бізге сырын ашады. Халықтың өзі, егер ол егемен әрі заң шығарушы биліктің көзі болмаса, қандай рөл атқарады? Халық дегеніміз заңның күзетшісі, халық дегеніміз атқарушы билік. Әрбір азамат бұл орынды, бұл әділ дей алады; бірақ оның сенімі тек оның бір өзіне ғана міндет жүктейді; ол жариялаған ақиқат жалпы жұрт мойындағанда ғана заңды болмақ. Бірақ бұл заңды мойындау ма? Бұл дегеніңіз математикалық немесе метафизикалық операцияны тексеру, тәжірибені қайталау, бақылау жасау, фактыларды атап көрсету. Ұлт қана біз бұйырамыз және әмір етеміз деуге хақылы. Келісемін, осының бәрі, дәстүрлі идеяларды теріс айналдырып қояды, мен біздің (бүкіл) саяси өмірімізді төңкеріп тастауға тырысатындай болып көрінемін. Бірақ оқырманның мынаны қаперге алуын өтінемін: парадокстан бастаған мен аттаған сайын жаңа парадокстарға тап болуға және, егер дұрыс пайымдаған болсам парадокстармен аяқтауға тиіспін. Айтпақшы, мен егер азаматтардың қолына заң шығарушы қаламының орнына заң семсері түссе, бостандыққа қандай қатер төнетінін білмеймін. Атқарушы билік шындап келгенде ерікпен байланысты, сондықтанң иелері неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы; бұл халық егемендігінің нағыз саласы17.

17 Егер осындай идеялар күндердің күнінде ақыл-есті билеп алса, бұл өкілдікті басқару мен сөзқұмарлар тираниясының соры. Ғылым, ой, сөз бір ғана сөзбен нобайланатын кездер болған; ақылды әрі ғұлама адам туралы сөз болғанда: ол өте тамаша сөйлейді делінетін. Бірақ сөз, сөйлеу дегеніңіздің ғылым парасаттан абстракцияланғаны баяғыда; осынау абстракция аз-маздап, логиктердің тілімен айтқанда, қоғам өмірінде іске асты; сондықтан қазір әлі күнге дейін ләм-мим демеген әртүрлі ғалымдар; және сөз өнерінде де ғалым деп айтуға болмайтын сөзуарлар аз емес. Философ, енді ғалым емес; ол – желбуаз. Заң шығарушылар, ақындар бұрын құдайдың рахманына бөленген ұлы жандар еді; енді олар – сөзуарлар. Сөзуар – бұл сәл ғана қағып қалсаң болды, тоқтаусыз сыңғырлай жөнелетін қаз дауысты қоңырау; онсыз да таяз ойының түбі көрінген сайын оның жел сөздерінің ағынын тоқтатып болмайды. Сөзуарлар әлемді

Меншік иесі, ұры, батыр, егемен – осы сөздердің бәрі синонимдер ғой, – өз ырқын заң деп жариялайды да, кереғарлыққа да, бақылауға да төзбейді, басқаша айтқанда, өзіне заң шығарушы өкіметті де, атқарушы өкіметті де талап етеді. Корольдік өкімет жан алып, жан беріскен ауыр күрестен кейін ғана өз орнын шынайы, ғылыми заңға береді, және осы үздіксіз процесс меншіктен кейінгі ең қуатты тарихи фактор, саяси қайраткерлердің ең басты қайнары болып табылады. Бұған мысал толып жатыр, және өз жайын өзі-ақ айтып бере алады, сондықтан мен оларға тоқталып жату маған неме керек. Меншік қажетті түрде деспотизмге, қиянат пен тойымсыз ындынның үстемдік құруына жетелейді; мұның оған тән екендігі соншалық, өзіміздің айналамызға қарап алу, меншіктің әлпетін еске түсіру жеткілікті; оған біз қазір көз жеткіземіз. Меншік дегеніміз қылғыту және қиянат жасау құқығы. Бірақ басқарудың міндеті үнемдеу де жатса, оның бір ғана мақсаты өндіру мен тұтыну, еңбекті және өнімді бөліп беру болса, ол меншікпен қалайша әмпей болмақ? Егер өнім жеке меншікті құрайтын болса, оның иелері қалайша патша болмасқа, патша болғанда да озбыр, байлығының шамасына қарай өктем патша болмасқа? Егер әрбір меншік иесі өз меншігінде тайраңдаған билеуші, өз иелігінде билігіне қол сұғуға болмайтын байбатша болса, онда мұндай меншікшілдер үкіметінің былық пен вавилондық бей-берекеттік болмасқа шарасы қане?

§ 3. Қоғамдық құрылыстың үшінші пошымының анықтамасы.
Қорытынды.
Сонымен, егер негізге меншікті алсақ, онда басқару да, қоғамдық
шаруашылық та, әкімшілік те мүмкін емес.

билеп тұр, олар біздің құлағымызды сарсылтып, қанымызды ішіп, тірідей тонауда, мазақ қылуда; олар бізді өлтірмей тынбайды; Ал ғалымдар ауыздарына су ұрттап алғандай тым-тырыс; ләм деп аузын ашса, тілін суырып алмақ. Одан да олар жаза берсін!

Коммунизм теңдік пен заңға ұмтылады; парасат дербестігі мен жеке сіңірілген еңбек сезімінен туған меншік барлығында да тәуелсіздік пен пропорциялықты талап етеді. Бірақ біркелкілікті заң, бірдей етуді теңдік деп білетін коммунизм деспоттық және әділетсіз құрылысқа айналады, өзінің деспоттығы мен жыртқыштығының арқасында меншік көп ұзамай еңсені езетін және әлеуметке қарсы нәрсе болады да шығады. Коммунизм мен меншіктің нысаанасы жақсы, бірақ екеуінің де нәтижелері жаман. Ол неліктен? Өйткені оның екеуі де ерекше сипатқа ие және қоғамдық өмірдің екі элементімен санаспайды. Коммунизм тәуелсіздік пен пропорциялықты мойындамайды; меншік теңдікке және заңға томпақ. Осы төрт принципке: теңдікке, заңға, тәуелсіздікке және пропорциялыққа құрылған қоғамды көз алдымызға елестетелік. Сонда көретінімзі: 1) теңдік әл-ауқаттың бірдей болғанында (бұл қаражат бірдей болған жағдайда қызметкердің өз ісі болуға тиісті) емес, тек жағдайдың, яғни құралдың бірдей болуында, ол не болғанда да әділетті бұза алмайды; 2) фактыларды білуге сүйенетін, демек, қажеттілікке арқа сүйенетін заң тәуелсіздікті тіпті де шектемейді; 3) индивидуумдардың өзара тәуелсіздігі, немесе жеке парасаттың дербестігі таланттар мен қабілеттердің айырмашылығынан туындайды және заң шегінде қауіп төндірмейді; 4) ой мен сезім өрісімен шектелген және материалдық игілік саласынан шығарып тасталған пропорциялық әділет пен қоғамдық теңдікке қайшы келмейді. Қоғамның осы үшінші пошымын, коммунизм мен меншіктің синтезін біз бостандық деп атаймыз18.

18 Lіbertas, lіberare, lіbratіo, lіbra, lіberte, delіvrer, lіbratіon, balance (таразы, тепе-теңдік), lіvre (фунт) – бұл сөздердің бәрінің шыққан тегі бір. Бостандық – құқықтар мен міндеттердің арасындағы тепе-теңдік; адамды бостан ету дегеніміз оны басқалармен бірдей ету, тең ету деген сөз.

Сонымен, біздің бостандыққа берген анықтамамызда біз коммунизм мен меншікті айырып қараймыз, әйтпесе ол бейшаралық эклектизм болып ышғар еді. Талдамалық әдістің көмегімен біз ол екеуінің бойында табиғат пен жұртшылық заңдарының талаптарына анық жауап беретін не бар екенін зерттейміз; біз ондағы жат элементтерді аластаймыз. Нәтижесінде адамзат қоғамының жаратылыстық пошымына сай көрінісін, қысқасы – бостандықты аламыз. Бостандық дегеніміз – теңдік, өйткені бостандық қоғамда ғана бар, ал теңдіксіз қоғам жоқ. Бостандық дегеніміз – анархия, өйткені ол ырық режимін мойындамайды, тек заңның беделін, яғни қажеттілікті мойындайды. Бостандық дегеніміз – шексіз алуандық, өйткені ол заң шегінде әркімнің ырқы санасады. Бостандық дегеніміз – пропорциялық, өйткені ол абыройлы еңбек пен даңқ жолындағы жарысқа кең өріс ашады. Енді біз Кузеннің сөзмен былай деп аламыз: «Біздің принципі адал, жақсы, әлеуметшіл; ендеше одан барлық қорытындыны шығаруға қорықпайық». Адамның қоғамдық сипаты – моральдің ақиқат бастауы, біздің барлық қарекеттеріміздің принципі мен ережесі міне осы; ойлау мен рефлексияның арқасында ол әділетке айналады; дарындарды дамыту оны адамгершіл етеді, ал оның формуласы – бостандық. Бұл философия іздейтін, нығайтатын, дін эгоизм ығыстырып шығаратын ал жалғыз парасат ешқашан алмастыра алмайтын барша ортақ қозғалушы күш. Бізде құқық пен борыш қажеттіліктен туады; бұл қажеттілік сыртқы тіршілік иелері жөнінде қарастырылғанда құқық та, ал біздің өзіміз жөнінде – борыш болады. Бұл тамақтану және ұйқтау қажеттілігі; ұйқтауға және тамақтануға қажетті заттарды тауып тұтыну біздің құқығымыз да, табиғатымыз қажет еткен кезде соларды пайдалану борышымыз.

Бұл өмір сүру үшін еңбек ету қажеттілігі; біздің құқығымыз, біздің борышымыз. Бұл жарың мен балаларыңды сүю қажеттілігі; біздің борышымыз – оларға сүйеніш, қорғаныш болу, біздің құқығымыз басқадан гөрі олардың сүйіспеншілігіне көбірек бөлену. Ерлі-зайыптардың адалдығы – әділеттің әмірі; ойнасқорлық – қоғамға қарсы қылмыс. Бұл өз өнімімізді басқа өнімдерге айырбастау қажеттілігі; айырбасқа барабар өнім алу біздің құқығымыз, ал енді өнім өндіруден бұрын біз тұтынатын болғандықтан, біздің борышымыз егер бұл біздің қолымызда болса, біздің соңғы өніміміз біздің соңғы тұтынуымыздан кейін шыққанын ойлау. Өзін-өзі өлтіру – банкроттықтың ызасы. Бұл біздің өз міндеттерімізді біздің парасатымыздың айтуына сәйкес атқару қажеттігі; біздің өзімізді билеу құқығымыз; біздің басқаларының да сол құқыңын мойындау борышымыз. Бұл басқа адамдардың бізді бағалауын күту қажеттілігі; біздің борышымыз солардың мақтауына лайық болу; біздің құқығымыз ісімізге қарай бағалану. Бостандық мұрагерлік және өсиет құқықтарына тіпті де кереғар емес; ол тек теңдіктің бұзылуының алдын алады; Екі мирастың бірін ғана таңда, екеуін бірдей өз қолыңа түсіру дұрыс емес, дейді ол. Дүние-мүлікті сыйға және басқалай беру, бала асырап алу туралы біздің заңдарымыздың барлығы да қайта жасалуға тиіс. Бостандық жарысқа қолайлы жағдай туғызады, оны басып тастамайды; қоғамдық теңдік кезіндегі жарыс дегеніміз бірдей шартпен жұмыс істеу деген сөз, награда жарыстың өз бойында; оның жеңісі ешкімге зиян келтірмейді. Бостандық жанқиярлыққа қол соғады, бірақ ол онсыз да өмір сүре алады. Әлеуметтік тепе-теңдік үшін әділеттің өзі жетіп жатыр;

жанқиярлық соны қарабайырландыру. Сонда да Мен өзімді құрбан етем дей алатындапр бақытты19. Бостандық өзінің мәнісі жағынан ұйымдастырушылық сипатқа ие: адамдар арасындағы теңдікті, ұлттар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін, егіншілік пен өнеркәсіп, оқу-ағарту мен сауда орталықтары, қойма пункттер әр елдің географиялық және климаттық жағдайына қарай, өнімнің сапасына, тұрғындардың табиғи таланты мен мінезіне және т.б. сәйкес бөлінуі қажет; бұл бөлу әділетті де парасатты, еш жерде халық санынада, тұтынуда және өнімде не артықшылық, не жетіспеушілік болмайтындай етіп жүргізілуге тиіс. Көпшілік және жеке құқық туралы ғылым, нағыз саяси экономия асы арадан басталады. Ендігі шаруа заңгерлердікі: меншіктің жалған принципінен арылған олар енді солардың заңдарын тұжырымдауға, дүниені тыныштандыруға тиіс. Оларда ғұламалық пен талант жеткілікті; оларға тірек нүктесі берілді20. Мен алдыма қойған міндетті орындадым: меншік талқандалды, енді ол басын көтере алмайды. Осы кітапты оқыған, білген жерлердің бәрінде ол меншік үшін ажал ұрығын сеуіп қояды; артықшылық пен құлдық ерте ме, кеш пе мұнда өлім жазасына кесілген; ырық деспотизмі парасат патшалығымен алмастырылады. Шынында да келесі қарапайым қағидаларға қандай сәуегейлік, қандай қатып қалған соқыр сенімдер төтеп бере алмақ?

19 Ай сайын шығатын L ’Egalіtaіre журналының таяуда шыққан бірінші санында жанқиярлық теңдік принципі ретінде көрсетіліпті. Бұл ұғымдарды шатыстыру болып табылады. Жанқиярлық теңсіздіктің ең жоғары дәрежесін көздейді; жанқиярлықтан теңдік іздеу теңдікті табиғатқа қарсы деп мойындау. Теңдік әділетке, қатаң құқыққа, меншік иесінің өзі мойындайтын бастауларға негізделуі тиіс: әйтпесе ол ешқашан өмірден орын алмас еді... 20 Қазіргі барлық социалистердің ішінен маған ұзақ уақыт бойы Фурьенің шәкірттері ең озық және осы атқа лайық бірден-бір адамдар болып көрінетін. Егер олар өз міндеттерін түсіне алатын болса, халықпен сөйлесе алатын болса, олардың ықыласын оята білсе және өздерінің білмейтіндері жөнінде үндемесе; егер олар соншалық ерсі талаптар қоймаса және ортақ парасатты сыйлайтынын көбірек байқатса, бәлкім, реформаларды бастап берер еді. Бірақ осынау қызу қанды реформаторлардың билік пен байлықтың, яғни реформаның хас жауларының алдында басын иіп, құрдай жорғалауын қалай түсіндіруге болады? Қалайша олар парасат ғасырында адамдарды аңыздар мен аллегориялар арқылы емес, дәлелдер мен парасат арқылы қатарға тартуға болатынын қаперге алмайды?..

1) Жеке иелік21 қоғамдық өмірдің шарты; меншік – қоғамның өзін-өзі өлтіруі, мұны меншіктің бес мың жылдық тарихы дәлелдейді. Иелік құқықпен үйлеседі, меншік құқыққа жат. Меншіктің көзін құртып, иелікті сақтап қалыңдар; осы бір ғана өзгеріс арқылы сіздер принципінде барлық заңдарды, үкіметті, халық шаруашылығын, мекемелерді өзгерте аласыздар, – сіздер жер бетінен жамандықты аластай аласыздар. 2) Ие болу құқығы баршаға бірдей болғандықтан, иелік иелердің санымен бірге өзгереді; меншік құрыла алмайды. 3) Еңбектің нәтижесі де барлығы үшін бірдей болғандықтан, меншік бөтеннің еңбегі мен айырбас кезінде жоғалады. 4) Адам еңбегі атаулы қажетті түрде ұжымдық күштен туатындықтан, меншіктің бәрі де ұжымдық әрі бөлінбейтін болуға тиіс; дәлірек айтсақ – еңбек меншікті жояды. 5) Әрбір жұмысқа қабілеттілік пен дарындылық, әрбір еңбек құралы секілді, жинақталған капиталды, ұжымдық меншікті білдіретіндіктен, таланттардың бірдей еместігі деген желеумен енгізілетін жағдай мен мүліктегі әрбір теңсіздік әділетсіздік және ұрлық болып табылады. 6) Сауданың қажетті шарты – тараптардың еркіндігі және айырбасталатын өнімнің барабарлығы; ал құн өнімге жұмсалған уақыт пен шығынның сомасымен белгіленетіндіктен, бостандыққа қол сұғуға болмайтындықтан, барлық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері қандай бірдей болса, олардың жалақылары да сондай бірдей болуға тиісті. 7) Өнім өнімге ғана сатып алынады; айырбас шарты өнімдердің барабарлығы болса, пайда табу мүмкін емес және бұл әділетсіздік болады. (Саяси) экономияның осы бір қарапайым принципін сақтаңыздар, сонда біздің арамыздан пауперизм мен сән-салтанат, езіп-жаншу, ашаршылықпен бірге кесір-кесапат, қылмыс атаулы қалмай құриды.

21 Жеке иелік үлкен мәдениет пен пайдалану бірлігіне тіпті де кедергі болмайды. Мен өз кітабымда парцилляцияның пайдасыздығы туралы ештеңе дегенім жоқ, өйткені жұрттың бәрі жақсы білетін нәрсені жүз рет қайталаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бірақ шағын мәдениеттің барлық кемшіліктерін жақсы ашып көрсеткен экономистердің олардың себептерінің тұтасымен меншікте жатқандығын байқамағандығына, олардың жерді жұмылдыру жөніндегі жобасының меншікті жоюдың алғашқы қадамы екендігін түсінбегендігіне қайранмын.

8) Адамдар өндірістің физикалық және математикалық заңдарының пәрменімен, ассоциацияға саналы түрде келуден бұрын, өзара бірігеді; демек, шарттың бірдейлігі әділеттің, яғни қоғамдық құқықтың, сол мағынадағы құқықтың талабы болып табылады; пропорциялы немесе бірдей (equіtable) құқықтың санатына тек сыйластық, достық, алғыс білдіру, тәнті болу жатады. 9) қоғамдық құрылыстың бірден-бір мүмкін, әділетті де ақиқат пошымы еркін қауымдастық, өндіріс құрал-жабдықтары мен айырбастағы барабарлықтың теңдігін сақтаумен шектелетін еркіндік болып табылады. 10) Саясат дегеніміз азаттық туралы ғылым; адамды адамның басқаруы, қалай аталса да, езіп-жаншу; нағыз мінсіз қоғам – тәртіп пен анархияның одағы. Ежелгі өркенияттың күні бітті; жұмыр жер жаңа күннің жарқын сәулесімен қайта түлеуге тиісті. Бүтін бір ұрпақ өмірден өтсін, жапан далада қарт күнаһарлар ажалын тапсын; олардың ақсөңке сүйектері қасиетті жерде жата алмайды. Жас жігіт, сізді біздің беймаза ғасырымыздың бұзылған ниеті назаландырады; сіздің көкірегіңізде әділет жалыны лаулайды; егер сізге отан қымбат болса, егер сізді адамзаттың игілігі қанаттандырса, талпыныңыз да, бостандық ісіне кірісіңіз. Күні өткен эгоизмнен арылыңыз да, туып келе жатқан теңдік жолындағы халықтық күреске араласыңыз; сіздің жаныңыз жаңа өмірден жадырап, құлақ естімеген күштен нәр алады; сіздің шаршаған рухыңыз қайта оянып, сарқылмас қуатқа кенеледі; өмірдің ауыртпалығынан, бәлкім, жаншылған жүрегіңізге тағы күш бітіп, жүзіңізге жастық нұры құйылады. Сіздің нұр біткен жанарыңызда бәрі де өзгереді; жаңа сезімдер сіздің бойыңызда тың идеялар туғызады; дін, мораль, поэзия, өнер, тіл – барлығы да сізге басқа, неғұрлым асқақ та әсем қырынан көрінеді. Сонда сіз, өзінің жаңа дініне болаттай берік жас өркен, көңілі шуақ, көкірегі зерек жас өркен, жалпыға ортақ өркендеу дәуірінің бақытты таңын қарсы аласыз. [...]

“Прудонъ. Бедностъ каъ экономический принципъ. М., 1908” және “П. Ж. Прудон. Что такое собственность? Лейпцигъ-С.-Петербургъ. 1907” басылымдарынан қазақшалаған Әбжан ӘБІЛТАЙ.

Петр Алексеевич КРОПОТКИН

(1842–1921) – революциоер, анархизм теоретигі, ғаоым. Рюриктер ұрпағынан. Паж корпусын бітіргенімен, сарай қызметінен бас тартқан ол өз тілегімен Амур казак әскеріне жіберілген. Бес жылдан соң 1867 жылы Петербург университетінің физика-математика факультетіне

оқуға түсіті әрі ішк істер министрлігінде қызмет атқарды. 1870 жылы Орыс географиялық қоғамының хатшысы болып сайланды. 1872 жылы шетелге сапар шегуге рұқсат алып, Швейцарияда І Интернационал қайраткерлерімен танысып, сол ұйымға кірді, Ресейге қайтып оралып, революциялық іске қызу араласып кетті. “Болашақ құрылыс мұратын қарастырумен айланысуымыз керек пе?” және “Революциялық насихат бағдарламасы” деген еңбектерінде алғаш рет өзінің анархистік бағдарламасын тұжырымдады. Кропоткин түсінігіндегі анархиялық қоғам дегеніміз тек адамдардың ассоциациясы, оларға ешқандай өкіметтің де, ешқандай зорлық-зомбылықтың да қажеті жоқ. Еркін кооперация, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген еркін қоғамдар жаңа өмір ғана, сұлу да еркін өмір орнатады, онда біркелкілік, орталықтандыру тенденциясы жойылады, жеке бастама ынталандырылады. Францияда қамауда болды, Англияда тұрып, бірқатар елеулі еңбектерін жазды., Керенский ұсынған министрлік қызметтен бас тартты, Бүкілресейлік Кеңестер съезіне соңғы хатында еркін баспалардың қажеттігін дәлелдеді.

АНАРХИЯ

* * * [...] Шынында да біз қазір экономикалық құлдық барда, бостандық туралы тіл безеудің бекер екендігін өте жақсы білеміз. Ақынның: Айтпа маған бостандықты: Жарлылардың талайында – құл болу! деген сөзі қазір жұмысшылар бұқарасының санасына, заманымыздың бүкіл әдебиетіне сіңді; ол сөз тіпті жұрттың кедейлігінің арқасында күн көретіндерді де бағындырып, оларды бұрын басқаларды қанауға құқығы бар екендігін мәлімдейтін өркөкіректікпен айыра бастады. Қоғамдық капиталды иеленудің осы заманғы пошымы бұдан былай орын алмауға тиіс – мұнымен Ескі және Жаңа дүниенің миллиондаған социалистері келіседі. Тіпті капиталистердің өздері де бұл пошымның күні қараң екенін сезініп, енді оны бұрынғы батылдықпен қорғаудан тайсақтайды. Олардың бүкіл уәжі, сайып келгенде, сендер әлі жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқсыңдар дегенге саяды. Бірақ меншіктің орын алып отырған пошымдарының тажалды зардаптарын теріске шығаруға да, оған

өздерінің құқығын қорғауға да олардың жүрегі дауаламайды. Олар сол құқықты өздеріне рұқсат беріп отырғаннан пайдаланады, бірақ оны қандай да бір принципке негіздеуге ұмтылмайды. Және бұл әбден түсінікті. Мысалы, Парижді – соншама ғасырлардың туындыларын бойына сіңірген, тұтас бір ұлт кемеңгерлігінің жемісі, жиырма яки отыз ұрпақтың еңбегінің нәтижесі болып табылатын қаланы алыңыз. Осынау қаланың оны безендіре түсу үшін, оны сауықтыру үшін, оны асырау үшін, оған адамзат кемеңгерлігінің ең үздік шығармаларын жеткізу үшін, оны ой мен өнер ордасына айналдыру үшін ұдайы жұмыс істейтін тұрғындарын; осының бәрін жасайтын адамдарды Париждің көшелеріне әр беріп тұрған сарайлар, олардың бүкіл құндылығын біздің бәріміз бірігіп жасап отырғанда, бізсіз олар түкке тұрмайтын кезде, әділет бойынша қазіргі кезде олардың заңды иесі болып отырғандарға тиесілі деп сендіре аласыз ба? Халықтың залым тәрбиешілерінің күш-джігерімен осынау өтірік әлі де біраз уақыт өмір сүре алады. Ол туралы тіпті жұмысшы бұқарасының өзі ойланбай тұра алмайды. Бірақ азшылықты құрайтын ой адамдары осы мәселені көлденең тартып, баршаның алдына қойған кезде оған қандай жауап берілетіндігіне күмән жоқ және халық ақылы былай жауап береді: “Әрине, жекелеген адамдар бүкіл осы байлықты жеке өзіне қаратып алса, онда баршаны тонап қана істей алған”. Дәл сол секілді помещикке тиесілі ана немесе басқа бір жер оған заңды құқық бойынша тиесілі деп диқанды, ол осы өңірдің жиырма шақырымға дейінгі әрбір ұлтарағының тарихын айтып бере алатын диқанды сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, оны мына бір жердің, айналада сол жерді жыртуға қуана кірісетін диқандар толып жүргенде, анау бір помещиктің бағы мен мекен-жайы болғаны абзал деп сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, жұмысшы мен кенші барлық осынау орасан тонаудың және темір жолдар мен көмір кеніштерін қымқырып кетудің мағынасы

түсіне бастағанда, бай мырзалар жер мен зауыттарды заңды тонаудың қандай жолдарымен қолға түсіретінін аз-аздап түсіне бастағанда зауыт жұмысшысы мен кеншіні зауыт пен кеніштер олардың бүгінгі қожайындарына әділетті түрде тиесілі дегенге сенуге мәжбүр ету мүмкін бе? Жалпы шындап келгенде экономистердің жұмысшылардан гөрі байлардың өзін олардың басып алуының заңдылығына сендіруге тырысатын осынау барлық айла-шарғысына халық бұқарасы әйтеуір бір кездерде сеніп пе еді.Мұқтаждық пен жаншылған және қоғамның қамсыз топтарының тарпынан ешқандай қолдау таба алмаған шаруалар мен жұмысшылар жай ғана өмірдің өз ағымымен өте беруіне араласпай кейкйде ғана өз құқықтарын қатерлі істермен мәлімдейтін. Және егер қалалық жұмысшылар бір кездері капиталға жекеше иелік, бәлкім, ортақ пайдаға бола, қыруар байлық жинап алып, баршамен бөлісетін күн туар деп сене алса, бүгіндері сол адасу да, басқалары секілді, жойылып барады. Жұмысшы өзі бұрын қалай талайсыз болса, сол күйінде қала беретініне көзі жете бастады: өз қожайынынан өздерінің күшімен жиылған байлықтың титімдей бір бөлігін жұлып алу үшін, оның не көтеріліске, не ереуілге жүгінуіне, яғни ашығуына жәнне абақтыға түсу қатеріне ұшырауына тура келеді, тіпті одан да жаманы императорлық, корольдік немесе республикалық әскер оғына жем болады. Сонымен бірге орын алып отырған тәртіптің басқа да, неғұрлым терең кемшілігі барған сайын айқынырақ көріне бастады. Ол мынада: жеке меншік орын алып оытрған кезде, өмір үшін және өндіріс үшін қажет нәрсенің бәрі – жер, баспана, тамақ өнімдері, сол аз ғана адамдар дән өсіруге, үйлер салуға, мата тоқуға және жалпы – әркімнің молшылықта тұруы үшін қанша қажет болса, сонша өндіруге ұдайы бөгет жасап отырады. Жұмысшы біздің техниканың, біздің машиналардың күштілігі сонша, баршаға бәрін еркін жеткізе алатынын, бірақ капиталистер мен ммлекет барлық жерде оған кедергі жасайтынын бұлдыр да болса түсіне

бастады. Шаруалар мен жұмысшылардың бәріне ағыл-тегіл ие болуының қажеті жоқ: олар бүұдан қорқады. Аш адамнан гөрі тоқ адамды ауыздықтап ұстау қиынырақ. Біз тек қана астықты, әртүрлі тамақты, әртүрлі киім-кешекті және басқаларын жұрттың бәріне ағыл-тегіл жететіндей етіп көп өндірмеумен ғана шектелмейміз; біз міндетті түрде қажет нәрселерді тіпті де өндірмейміз. Осы заманғы мемлекеттерде, шаруа помещиктердің ұқатылмаған жерлеріне, олардың қазылар мен урядниктер күзететін мекен-жайлары мен бақтарына көз салғанда, ол мұны өте жақсы түсінеді; оның осынау бос жатқан жерлерді жыртып, соларда деревняларда жетіспей жататын астық өндірсе жақсы болар еді деп ойлайтыны тектен-тек емес. Кенші, аптасына үш күн қол қусырып қарап отыруға тура келгенде, – ал мұның өзі тас көмір бағасы төмендей астаған бойда Англияда ылғи да болып тұрады – ол қаншама көмір қазып шығара алар едім және егер әрбір отбасында пешке жағатын көмір болса, қандай жақсы болар еді деп ойлай бастайды. Дәл сол секілді, зауытта жұмыс болмай, жұмысшы іссіздіктен өзін қайда сыйғызарын білмей сенделгенде, ол жұмыссыз сенделіп жүрген тас қалаушыны, жұмыссыздыққа шағынатын еткіншіні және т.б. кездестіргенде – қоғамда бірдеңе жетіспейтінін өте жақсы түсінеді. Ол ең бір сорақы лапастарда қаншама халық тұратынын, балалардың жалаң аяқ жүргенін – және осылардың бәрі жұмысшыға керек екенін біледі. Бірақ әлдекім жұртқа осының бәрін салуға және істеуге бөгет жасайды, және оның бәрін соллапастарды қымбат бағаға жалға беру, аш жұмысшыны ең аз жалақыға бола фабрикаға қуып тығу үшін істейді. Ғалым мырзалар қалың-қалың кітаптар жазып, астықты тым мол өсіріп жіберіппіз, матаны тым көп тоқып жіберіппіз деп, фабрикалардағы қиын кезеңдерде нақ сол себеппен түсіндіргенде, егер біз олардан Англияда, Францияда, Германияда немесе Ресейдекөп өндіріп жіберіп,

енді оны жасаудың қажеті де болмай қалған не нәрсе еді деп сұрай қалсақ, шындап келгенде, олар жауап таппай, қатты қиналар еді. Жыл сайын Ресейден қаншама астық шығарылады деңіз, сөйте тұра, Ресейде өсірілген бүкіл астық Ресейдің өзінде қалса, – түп-түгелімен – соның өзінде жылына әрбір адамға 10 пұттан, яғни ешкім ашықпас үшін қанша астық керек болса, нақ сонша ғана болып шығар еді. Ресейдің жартысы үйде үймежүйме тұратыны соншалық, бір бөлмеде он адам ұйықтайтын болса, орманның тым көп болғаны ма? Немесе қалаларда үйлер тым көп пе? Сарайлар көптеу екеніне дау жоқ, ал жұмысшылар үшін тәуір пәтерлер көп пе – бір бөлмеде бес, он адам тұрып жатса? Немесе, тұтас миллиондаған адамдар жылына бір кітап та көрмей өмір сүріп жатса, кітап қажетінен мың есе көп өндіріледі: бұл – шенеуніктер. Олар, айны-қатесіз тым, тым көп өндіріледі; тек осы тауар туралы, неге екенін қайдам, ғалымдар кітаптарында жазылмайды. Ал бұл қай жері кем тауар! Кім қаласа, сол сатып ала берсін! Ғалымдар “артық өндіріс” деп атайтын нәрсе, шындап келгенде, қожайындар мен мемлекет тұлдыр қалдырмайтын жұмысшылар сатып ала алмайтын әрқилы тауар көп өндіріледі деген сөз. Қазіргі құрылыс тұсында солай болуға тиісті де, өйткені мұны баяғыда Прудон да байқаған – жұмысшылар өзінің жалақысына бір мезгілде өздері өндіретін нәрсені сатып ала алмайды және өздерінің мойнында отырған масылдар армиясына ағыл-тегіл тамақ жеткізіп тұра алмайды. Осы заманғы экономикалық құрылымның мәнісінің өзі бойынша жұмысшы ешқашан оның еңбегінің жемісін құрайтын игіліктерді пайдалана алмайды; және де оның еңбегі есебінен күн көретіндер саны барған сайын ұлғая береді. Ел өнеркәсіптік тұрғыдан неғұрлым дамыған болса, бұл сан соғұрлым көп бола түседі, өйткені еуропалық бұл орайда сондай-ақ толып жатқан азиаттарды, африкалытарды және т.б. қанайды. Сонымен бірге өнеркәсіп баршаның қажеттерін өтеу үшін жетіспейтіндігі сезілетін нәрсені емес, дәл осы сәтте қожайындарға барынша көп пайда

әкеле алатын нәрсені өндіруге бағытталады, және сөзсіз бағытталуға тиіс. Байлардағы ағыл-тегілдік сөзсіз жұмысшылардың жарлылығына негізделеді, жәнекөпшіліктің осынау сорлылық жағдайы, өзін сатуға және өзі тындыра алуға қабілетті нәрсенің тек бір бөлігін ғана алып жұмыс істей беруге дайын жұмысшылар әрқашан болуы үшін қажет. Басқаша болса капиталист байи да алмас еі. Ал оған тек сол керек. Біздің экономикалық құрылысымыздың осынау өзгешелік белгілері оның мәнісінің өзін құрайды. Оларсыз о тіршілік ете алмас еді. Егер жұмысшыны аштық қорқынышы мәжбүр етпесе, шынында да, өзінің жұмыс күшін ол өндіре алатынынан кем бағаға кім сатар еді? Бірақ біздің экономикалық құрылысымыздың осынау елеулі міндетті белгілері оны үзілді-кесілді айыптарға негіз береді. * * * Англия мен франция техникалық даму мағынасында артта қалған басқа халықтар арасында өнеркәсіпте бірінші орында тұрғанда; олар өздерінің мақта жүн маталарын, өздерінің жібегін, өздерінің темірін, өздерінің машиналарын, сондай-ақ толып жатқан сән-салтанат бұйымдарын олардың өз алармандары есебінен байи түсуіне мүмкіндік беретін бағамен сата алып тұрғанда – жұмысшының бойында күндердің күнінде оған да пайданың азды-көпті бір бөлігі тиіп қалар деген жалған үмітті сақтауға болатын еді. Бірақ қазір бұл жағдай өзгере бастады. Осыдан отыз жыл бұрын мешеу болған халықтар өз кезегінде ірі мөлшерде маққта және жүн маталар, жібек, машиналар және сән-салтанат бұйымдарын шығара бастады. Өнеркәсіптің кейбір салаларында, олар тіпті ағылшындар мен француздарды басып озды және, олар өздерінің ағаларымен бәсекелес алыс елдердегі сауданы былай қойғанда, олардың өдерінің базарларыцнда да бәсекеге түсе бастады. Соңғы кезде Германия, Швейцария, Италия, Құрама Штаттар, Австрия, Ресей әне Жапония ірі өнеркәсіп елдеріне айналды. Олардың соңынан Мексика, Үндістан, тіпті Сербия келе жатыр, ал қытайлар жапондарға еліктей бастап, дүниежүзілік

базарға өздерінің шайын, жібегін, темірін және машиналарын тоғытқанда не болмақ? Осыдан да өнеркәсіптік дағдарыстар, яғни тоқырау кезеңдері барған сайын жиі-жиі келіп, ұзаққа созылатын болды, ал кейбір өндіріс салаларында тұрақты дерлік құбылысқа айналды. Сондай-ақ осыдан еуропалықтардың базарлар үшін шығыста жәәне Африкада соғыцс жүргізуіне барған сайын жиірек соғыс жүргізуіне тура келіп отыр, еуропалық соғыс та содан, яғни еуропалықтардың базар үшін соғысы толастамай, оларды қару-жарақ шығынымен титықтатып, барлық еуропалық халықтардың басына қатер болып төніп тұр. Егер сол соғыс әлі де басталып кете қоймаса, бұл (ақшамен сауда жасайтын) ірі қаржыгерлерге мемлекеттердің барған сайын қарызға белшесінен бата бергені тиімді болғандығынан ғана. Бірақ егер осынау өсімқорлар тиімділікті соғыстан көре қалса, олар адамдар тобырын бір-біріне айдап салып, бір-бірін қыра беруге мәжбүр етеді, тек қаржы патшалары бұл екі арада байи беретін болсын. Осы заманғы экономикалық құрылыста бәрі де тығыз байланысты, бәрі де өзара ұштасып кеткен, және бәрі де біздің айналамыздағы өнеркәсіп және сауда жүйесінің сөзсіз құлдырауына жетелейді. Оның алдағы ғұмыры тек қана уақытқа тіреліп тұр, және бұл уақытты енді ғасырлармен емес, жылдармен есептеуге болады. Бірақ бұл уақыт мәселесі болса, сонымен бірге ол біздің төл күш-жігеріміздің де мәселесі. Жалқаулар тарихты жасамайды: олар оған енжар төзе береді! * * * Барлық өркениятты елдерде алдыңғы ұорпақтардың еңбегімен жиналған барлық байлықты қоғамға қайтаруды табандап талап етіп отырған адамдардың соншалық елеулі топтары құрылып жатқаны міне сондықтан. Жерді, көмір кеніштерін, зауыттар мен фабрикаларды, тұрғын үйлерді, қатынас жолдарын және т.б. қоғамдастыру осынау партиялардың ортақ жауыгерлік ұранына айналды және қуғындау – бай да билеуші

таптардың сүйікті құралы – көтеріліске шыққан ақылдың салтанатына енді жол бермей тұра алмайды. Және егер миллиондаған жұмысшылар әлі күрт көтеріліп, жыртқыштардың қолынан жер мен зауыттарды тартып ала қоймасы, бұл тек олардың орын алып құрылысты барлық жерде халықаралық қозғалыс тарапынан жасалатын қолдауды тосып, талқылауға лап беру үшін ыңғайлы сәтті – 1848 жылы болғандай сәтті күтіп отырғандығынан ғана. Ондай сәт кешікпей соғады. 1872 жылдан, яғни Халықаралық жұмысшылар одағын үкіметтер талқандаған кезден бастап – және тіпті нақ сол кезден бастап – жұмысшылар арасындағы халықаралық байланыс идеясы ғаламат табыстарға – тіпті Халықаралық Одақ жақтастарының өзі кейде елей бермейтін табыстарға жетті. Байланыс істе, ойда, сезімде, тұрақты халықаралық аралас-құраластықта орнады, ал плутократиялар – ағылшын, француз, неміс, орыс плутократиясы – бір-бірімен қырбай және минут сайын Еуропаны қарулы қақтығысқа жетелей алады. Бір нәрсе даусыз: Францияда тағы да коммуналар жарияланып, әлеуметтік революция басталған кезде, Франция тағы да дүниенің барлық халықтары тарапынан, соның ішінде неміс, итальян және ағылшын халықтары тарапынан, ол Еуропа халықтарында 1848 және 1793 жылдары тапқан ризашылықты тағы да табады. Және егер Германия, айтпақшы, республикашыл революцияға жұрт ойлағаннан әлдеқайда жақын тұрған ел осынау – өкінішке қарай якобишілдік – революцияның туын көкке көтеріп, жас та өз дамуының өрлеуін бастан кешіріп (қазір Германия бастан кешіріп отырғандай) отырған елдің бүкіл жалынымен қозғалысқа қосылып кетсе, Францияда барлық ұлттардың батыл революционерлерін жақсы көре алатын және өркөкірек плутокартияны өлердей жек көретінхалық тарапынан толық жанашырлық пен қолдау табады. Егер тіпті осынау қырбай екі ұлт революция сәтінде бауырларша бас қосса, онда Италиядағы, Испаниядағы, Австриядағы немесе Ресейдегі кез-келген

революциялық қозғалыс бүкіл дүние жүзіә жұмысшыларының жүрегінен үндестік табарын айтып жатудың қажеті де жоқ. Еуропадағы осынау сөзсіз болатын революциялық қопарылысқа осы кезге дейін көптеген себептер бөгет болып отыр. Кейбір шамада соғыс қатері Францияның революция жолына күрт те анық түсуіне мүмкіндік бермей, оның назарын басқа жаққа бұрып, оны жалған патриоттық жолға бағыттап отыр. Бірақ, менің ойымша, басқа, неғұрлым терең себеп бар, мен сіздердің назарларыңызды соған аударғым келеді. Толып жатқан нышандар бізге мынаны көрсетеді: біздің социалистердің көзқарастарында қазіргі сәтте терең өзгерістер болып жатыр, ол мен басында, жалпы ғылым туралы айтқанда нобайланған өзгеріске ұқсас. Біз ұмтылуымыз керек қоғамдық ұйымға социалистердің өздерінің көзқарастарының бұлдырлығы да олардың жігерін белгілі бір дәрежеге дейін әлсіретеді. Өзінің дүниеге келуі тұсында, қырқыншы жылдары, социализм экономика саласына көшірілген коммунизмге тетелес пошымда, біртұтас әрі бөлінбейтін республика, диктатура жәе үкіметтік якобишілдік пошымында болды. Сол кездің мұраты сондай болды. Және ол жылдардың социалисі, ол христиан немесе еркін ойлы болсын, күшті үкімет атаулыға, тіпті империяға бірей бағынуға дайын еді, тек ол жұмысшылар пайдасына экономикалық қатынастарды қайта құруды қолға алатын болсын. Бірақ соңғы елу жыл ішінде ақыл-ойда, әсіресе латын халықатының арасында және Англияда терең өзгерістер болды. Жұмысшылар үкіметтік және шіркеулік коммунизмге қырын қарай бастады да, соның салдарынан Халықаралық жұмысшылар Одағында жаңа бағыт – ұжымшылдық бағыты пайда болды. Ұжымшылдық әу баста еңбек құралдарына (алайда, өмірге қажет заттарды қоспай) ұжымдық, яғни қоғамдық меншікті және әрбір жеке топтың өз мүшелері үшін өзі қалайтын бөлу тәсілін: коммунистік пен идивидуалистік тәсілін қабылдау құқығын нобайлады. Демек, біз бірігіп фабрикаға, жерге, темір жолға және т.б. ие бодық та, артель болып бірге жұмыс істейміз; бірақ әрбір артель өзінің тапқанын өзінше жұмсауға

ерікті: ол не ортақ шаруашылық құрып бірге күн көре алады, не ортақ табысты бөліске алады, қалай жөн көрсе солай істейді. Сол кезде (жетпісінші жжылдардың ең басында) бұл ұжымшылдық деп аталды және Испанияда қазір де анархистер арасында қазір де солай аталады. Гильомның “Әлеуметтік ұйымға жалпы көзқарас” дейтін кітабында осынау жүие, ол жүйені сол кезде анархистер қалай қабылдап, марксистер ұстанған мемлекеттік коммунизмге қарсы оны қалай насихаттағаны тамаша баяндалған. Алайда, француз социал-демократтары там-тұмдап ұжымшылдықты коммунизм мен мемлекеттік капитализм (мемлекет – ең басты капиталист) арасындағы мәміле секілді бірдеңеге айналдырып жіберді; сондықтан да қазіргі кезде ұжымшылдар өндіріске қызмет ететін нәрсенің бәрін қоғамдық меншікке айнадырғысы келеді, сөйте тұра әркімнің өз еңбегінің өтеуін – қанша сағат жұмыс істегеніне қарай – “бес, он, жиырма сағат еңбек” деп жазылған чек немесе қолхат түрінде алғанын қалайды. Сол чектерге қоғамдық дүкендерден барлық тауарларды сатып алуға болады, ал тауарлар өз кезегінде оларды өндіруге қанша сағат керек екеніне қарай бағаланады. Мысалы, егер сұлының белгілі бір мөлшерін өндіруге орташа есеппен төрт жүз сағат кететін болса, сұлының әлгі жүзден бір бөлігі 4 сағат тұратын болады; тас көмірдің бір пұты, шамамен, жарты сағат, ал бір қадақ сабын, айталық, бес минут тұратын болады. Егер жақсылап ойлансаңыз, онда сіз, ұжымшылдық, шындап келгенде, мынаған саятынын көресіз: өндіріс құралдары мен тәрбие жөнінде жекеше (жартыкеш) коммунизм және сонымен бір мезгілде астық, баспана және киім-кешек үшін жеке кісілер мен топтар арасындағы бәсеке; адам ақылының туындылары мен өнер туындылары жөнінде индивидуализм; және, ақыр соңында, осы жүйенің ыңғайсыздықтарын түзету ретінде – балаларға, науқастарға және қарттарға көмек.

Қысқасы, біз бұл арадан шапағатшылдықпен біршама жұмсартылған бәз-баяғы тіршілік үшін күресті, яғни шіркеулік-әскери “әуелі жарала, содан кейін емде” деген ереженің қолданылуын және тіршілік үшін күресте әрбір адамды өз бетімен жіберу керек пе әлде оған мемлекеттік көмек көрсетілуі керек пе дегенді анықтау үшін полициялық тіміскілеуге жасалған бәз-баяғы кең өрісті көреміз. Өздеріңіз білесіздер, чектер идеясы жаңалық емес, оны сонау Роберт Оуэн, онан кейін Прудон қолданған. Енді ол “ғылыми социализм” деген жаңа атауға ие болды. Алайда, айта кету керек, бұл теория халық бұқарасына нашар сіңуде, оның бүкіл іске аспайтындығын демесек те, бүкіл ығайсыздықтарын дәл сезініп отыр. Біріншіден, қандай бір еңбекке жұмсалған уақыт, ол еңбектің қоғамдық пайдалалығы өлшемін бермейді, және тек жұмсаған еңбектен шығарылған өндіріс құнына негіздеуге тырысылған барлық құндылық теориялары – Алдам Смиттен Марксқа дейін – осы кақытқа дейін құндылық туралы мәселені шеше алмады. Тек айырбас қана жүретіндіктен, заттың құндылығы күрделі өлшемге айналады да, ол негізінен бұрын кейбір саяси-экономдар ойлағандай индивидуумның емес, тұтасымен алынған бүкіл қоғамның қажеттерін қай дәрежеде қанағаттандыруына байланысты болады. Құндылық дегеніміз қоғамдық құбылыс. Айрыбас нәтижесі болғандықтан оның екі жақты сипаты болады,бір жағынан ол белгілі жетіспеушілікті, екінші жағынан, белгілі қанағаттандыруды көрсетеді, және бұл екі жақ индвидуалдық емес, қоғамдық құбылыс ретінде қарастырылуға тиіс. Бұдан соң осы заманғы экономикалық құрылыстың кемшіліктерінбайқасатй отырып, біз – ал жұмысшылар мұны өте жақсы түсінеді – оның мәнісі жұмысшының өз жұмыс күшін сату қажеттілігіне мәжбүр етілгенінде екенін көреміз. Жұмыссыз екі апта да күн көре

алмайтын, мемлекет оған өзінің күшін пайдаланып, оны қандай да бір пайдалы еңбекке жұмсауға мүмкіндік жасамайтын, оны баринге, фабрикантқа немесе сол баяғы мемлекетке сата алмаған жұмысшы өзіне өзінің еңбегі бере алатын пайдадан – күш, аштық пәрменімен ас тартуға мәжбүр болады. Ол өзі өсірген немесе жасаған нәрсенің басым бөлігін қожайынға береді, және сол орайда ол өзінің бостандығын және тіпті өзі өндірген нәрсенің пайдалылығы жәәне өндіру тәсілі туралы өз пікірін айту құқығын құрбандыққа шалады. Осылайша капиталды қордалау оның қосылған құнды (қосылған құн туралы ұғымның бірден кем беруді, қанауды қамтиды) қылғыту қабілетіне емес, жұмысшы, ол өндіретін нәрсенің бәрін түгел ала алмайтынын өте жақсы біле тұра өзінің мүддесі сақталмайтынын, ол жұмыс күші сатып алушы жөнінде төмен жағдайға қойылғанын біле тұра, өзінің жұмыс күшін сату қажеттігіне мәжбүр етілгеніне тәуелді. Егер бұл болмаса, егер жерден айрылған, сормаңдай миллиондаған жұмысшылар өздері тиімсіз шартпен өздерін басыбайлы етуге мәжбүр етілмесе, капитлаист жұмыс күшін ешқашан сатып ала алмас немесе жалдай алмас та еді. Катковтың крепостниктер мен мәскеулік фабриканттар партиясының бүкіл тірлігі – шаруларды қайтіп жерден айыру және миллиондаған халықты (барлық фабрикаларға қажет мөлшерден он есе көп) аш та сорлы бартактарға айналдыру, ал оларды тиын-тебенге жалдауға болады. Осыдан шығатын қорытынды: орын алып отырған тәртіпті қайта құру үшін оның себебенің өзін, яғни оның тек салдарларын, яғни капитализмді емес, жұмыс күшін сатуды жою керек. Жұмысшылар мұны еміс-еміс біледі; олар қазір егер әлеуметтік революция барлық өмір құралдарын, яғни, экономистер айтатындай, “бөлуді” басып алудан, сөйтіп әркімді өмір үшін қажет нәрсенің бәрімен, яғни баспанамен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуден бастамайтын болса, онда бұл ештеңе істемегенмен барабар дегенщді жиіжиі айтатын болды. Және біз сондай-ақ біздегі ғаламат өндіріс құралдары

тұсында мұндай қамтамасыз ету әбден мүмкін екенін білеміз. Егер жұмысшы жалдамалы жұмысшы болып қала берсе, ол өзінің жұмыс күшін кімге сататын болса – ол жеке адам немесе мемлекет болсын бәрібір – ол соның құлы болып қала береді. Нақ сол секілді халық ақылы, яғни адамдардың миына келетін барлық қисынсыз пікірлердің жиынтығы мынаны да көре біледі: егер жұмыс күшін сатып алып оны бақылауда қожайынның рөлін мемлекет өз мойнына алса, мұның нәтижесі тағы да мейлінше жиіркенішті басыбайлылық болып шығады. Халық арасынан шыққан адам дерексіз бірдеңелерден, тікелей күнделікті өмір фактыларынан шығарып ой толғайды. Сондықтан ол кітаптарда көйітіліп жататын мемлекет дегеніңіз өз басына қисапсыз шенеуніктер пошымында келетінін сезеді, олар өзінің бұрынғы жұмыстас жолдастарының арасынан алынған, ал олардың қандай адамдар екенін ол өз тәжірибесінен тым жақсы біледі. Ол тамаша жолдастар бастық болып шыға келгенде кім бола қалатынын біледі, және ол қазіргі жамандық жаңа жамандықпен алмастырылатын емес, мүлдем жойылатын қоғамдық құрылысқа ұмтылады. Міне сондықтан ұжымшылдық халық бұқарасын бәрібір еліктіре алмады, дегенмен ол сайып келгенде коммунизмге, бірақ қырықыншы жылдардың шіркеулік және якобишілдік реңктерден барған сайын арыла түсетін коммунизмге, яғни еркін, анархиялық коммунизмге жетеді. Бұл да жеткіліксіз. Соңғы ширек ғасырда еуропалық социалистік қозғалыста бастан өткізгеніміздің бәріне, артымызға бұрылып қарап, мен осы заманғы социализм еркін коммунизмге қарай алға сөзсіз бір қадам жасауға тиіс екендігіне және ол мұны істемейінше бұқараның ақылойындағы жаңа ғана мен айтқан бұлдырлық социалистік бұқараның бұдан былайғы табысын кешеуілдете беретіндігіне кәміл сенемін. Маған өмір ағысының пәрменімен социалист ең алдымен қоғамның барлық мүшелерінің тіршілігін материалдық жағынан қамтамасыз ету әлеуметтік революцияның бірінші актысы болуға тиіс екенін мойындауға

мәжбүр болатын секілді көрінеді. Бірақ сонымен бірге оның тағы бір қадам жасауына, атап айтқанда, мұндай қамтамасыз етуге мемлекеттің көмегімен емес, мүлдем одан тыс, оның араласуынсыз қол жетуге тиістігін мойындауына тура келеді.

* * * Қордаланған барлық байлықты қолына алған қоғам, өндіріс саласындағы күніне төрт-бес сағат дене еңбегі шартымен, баршаға ішіпжемді қиналмай қамтамасыз ете алатындығына осы мәселе туралы ойлағандардың бәрі келіседі. Егер әрбір адам бала күнінен өзі жеп отырған нанның, өзі тұратын үйдің, өзі оқитын кітаптың және т.б. қайдан келетінін білуге дағдыланса, және егер әркім ақылы еңбекті өндірістің қандай болсын саласындағы дене еңбегімен ұштастыруға дағдыланса – қоғам бұған оп-оңай, тіпті өндіріс тәсілдеріндегі бізге азды-көпті жарқын болашақ сыйлайтын жеңілдетулерге иек артудан тыс-ақ, қол жеткізе алады. Шынында да, сауатты да білімді қоғам атаулы қаншалықты көп нәрсе ала алатынын, бұл үшін әрбір адамнан қаншама аз еңбек талап етілетінін және ондай қоғам қандай ғаламат істерді – қазір түсімізге де кірмейтін істерді қолға ала алатынын көз алдымызға елестету үшін қазіргі сәтте қаншама күш босқа жұмсалып жатқаны жайында тек ойланып алудың өзі жеткілікті. Қоғамдық ғылымдар шеңберінде, әрине, саяси-экономия ғылымы үшін де орын бар. Бірақ бұл ғылым, оны талдап әзірлей бастаған кезде, қазіргісіне мүлдем ұқсамайтын болады. Ол қоғам физиологиясының орнын алады. Өсімдіктер физиологиясы (қоректену, көбею физиологиясы) өсімдіктер барынша аз күш жұмсап барынша көп нәтижелерге (өзін және түрді сақтап қалу) жету үшін қандай тетіктерді пайдаланатынын зерттейді; қоғам физиологиясы қоғам үшін нақ соны істейді және, осынау тетіктерді зерттеп, оларды нәтижелермен салыстырып, былай дейді: мынадай-

мынадай тетіктер кісінің, түрдің барынша өміршеңдігін сақтауда барынша мол үнем береді, ал мынадай-мынадай тетіктер күшті парықсыз жұмсау. Мыналар үнемді емес, бірақ мынасымен пайдалы. Ал қоғамның дамуы жөнінде метафизикалық трилогиялар жазу және қандай да бір табиғат заңы дейтініміздің шартты нәрсе кендігін білмей тұрып-ақ заңдар ашу дегеніміз әлі ғылымға айналмай тұрған кезде геология, физиология істегенді қайталау ғана. Ол, бәлкім, керек де болар, тек әлі саяси экономия ғылымы жоқ. Коммунистік қоғам үшін бай болу мүмкіндігі жөнінде, біздің осы заманғы, ғаламат техника тұсында, күмән болуы мүмкін емес. Тек мына мәселеде күмән туындауы мүмкін: кісіні мемлекеттің толық бақылауына бағындырмай мұндай қоғам өмір сүре ала ма және материалдық әл-ауқатқа жету үшін еуропалық қоғамдардың біздің ғасыр барысында соншалық құрбандықтар беріп жеңіп алған елеусіз бостандығының өзін құрбандыққа шалуы талап етілмей ме? Социалистердің бір бөлігі бұл нәтижеге тек бостандықты мемлекет михрабына құрабндыққа шалып қана жетуге болады дейді. Екінші, өзіміз де соған жататын бөлік, керісінше, тек мемлекетті жою, кісінің толық бостандығын жеңіп алу, ерікті келісім және одақтар мен одақтар федерациясына мүлдем еркін бірігу жолымен ғана коммунизмге жетуге, яғни біздің бүкіл қоғамдық мұрамызға бірігіп иелік етуге әрі барлық байлықты бірігіп өндіруге болады деп ойлайды. Бұл мәселе қазіргі сәтте бірінші орында тұр, және бұл сұраққа социализм, егер өзінің бүкіл күш жігері тұлдырсыз болып шығуын қаламаса, екі жауаптың біреуін дереу беруі тиіс. Оны өзіне лайық байыппен қарастырайық.

* * * Әрбір социалист, жерге жеке меншікті және капитал тарихи қажеттілікке айналып келеді дегенді алғаш естіген немесе өзі ойлаған

кезде, өзінің бойында қаншама соқыр сенімдер болғанын оп-оңай еске түсіреді. Қазіргі кезде мемлекетті оның заңдарымен, оның бүкіл басқару жүйесімен, оның барлық бірлестіктерімен қоса құрту дәл әлгіндей тарихи қажеттілікке айналып келеді, мемлекетті құртпай капитализмді жоя алмайсың деген сөзді бірінші рет естіген адаммен де солай болып жүр. Бұл ой, дау жоқ, бізге тәрбиемізбен – өз пайдасы үшін шіркеу мен мемлекет басшылық жасайтын (мұны ұмытпау керек) тәрбиемен сіңірілген барлық ұғымдарға кереғар. Біз өкіметтің қажеттігі туралы көп оқытылып, оқығанымыз сонша, әбден қорқытылып, өзімізден өзіміз (христиандық) және “парықсыз тобырдан” (тарих) одан да бетер қорқатыным сонша, көтерілістердің сұмдықтарын, “былықтың”, “анархияның” тәртіпсіздіктерін көп естігеніміз сонша, өкіметсіздік туралы ой бізді салған жерден үрейлендіреді. Бірақ өкіметсіздік ойы осыдан бейәділет бола қоя ма? Және біз өзіміздің азаттығымыз жолына қожайын, меншік, дін жөніндегі соншама соқыр сенімдерімізді құрбан ете тұрып, мемлекет деген соқыр сенімнен имене қаламыз ба?

* * * Мен мемлекетті сынауға бойлап жатпаймын; бұл талай рет істелді. Дәл сол секілді мен оның тарихи рөлін қарастырып жатпай, өзімнің басқа бір еңбегіме сілтеме жасай саламын (“Мемлекет және оның тарихтағы рөлі”). Мен бірнеше ескертпелермен шектелемін. Ең алдымен, адами қоғамдар жер бетінде адамның пайда болуынан бастап тіршілік етіп келе жатса, керісінше, мемлекет біздің еуропалық қоғамдарда өте таяу арада құрылған қоғамдық өмір пошымы болып табылады. Алғашқы мемлекеттер құрылғанша адамдар тұтас мыңжылдықтар бойында тіршілік еткен: Македония және Рим империялары пайда болғанша, Грекия мен Рим тұтас бір ғасырлар бойы

гүлденіп тұрған, ал біз, осы заманғы еуропалықтар үшін мемлекет, турасын айтқанда, тек он алтыншы ғасырдан ғана бар. Нақ сол кезде еркін қауымдарды құрту аяқталып, әскери және қазылық өкімет, жер иелері мен капиталистер арасындағы өзара сақтандыру қоғамы құрылды да, ол мемлекет деп аталды. Тек он алтыншы ғасырда ғана соған дейін басым болған еркін одақтар мен ұйымдардың қалалық және селолық еркіндігі, қазір мемлекет өз қолына жиып алған барлық міндеттерді атқарған тәуелсіз топтар федерациясының барлық сатыларындағы еркіндік туралы түсініктерге үзілді-кесілді соққы берілді.тек шаруалар қозғалыстыры, гусистік және анабаптистік қозғалыстар талқандалғаннан кейін және еркін қалалар бағындырылғаннан кейін ғана шіркеу мен туындап келе жатқан корольдік өкіметт арасындағы одақ федерациялық еркін ұйымның түбіне жетті. Ал бұл құрылыс тоғызыншы – он бесінші ғасырлар бойы өмір сүріп, тұтас бір жаңа да ғаламат өркеният жасаған, сипатын бүгінде, өкінішке қарай, тым аз оқылатын тарихшылар – Тьерри мен Сисмонди өте жақсы аңғарған, ортағасырлық еркін қалалардың тамаша кезеңін берді. Дворян, священник, көпес, қазы, солдат және король арасындағы осынау келісім өз үстемдігін қалайша нығайтқаны белгілі. Орта ғасырлардағы қала және деревня қауымдарында болған барлық еркін одақтар – барлық гильдияларды, қолөнершілердің, шеберлер мен шәкірттердің барлық одақтарын, бауырластықтарды, көршілестіктерді және т.б. барлық жерде: Англияда, Францияда, Испанияда, Италияда және Германияда корольдар, Ресейде мәскеулік патшалар қырып-жойды. Қауымдарға тиесілі жерлер тонауға берілді; гильдиялардың меншігін құраған байлық тәркіленді; адамдар арасындағы еркін келісімдер атаулыға сөзсіз әрі аяусыз тиым салынды. Өзінің үстемдігін орнату үшін, содан кейін өзара ешқандай тікелей байланысы жоқ тек табындарды басқару мүмкіндігін алу үшін Шіркеу мен Мемлекет ештеңеден тайынбады: жекелеп және жаппай құпия өлтіру, дөңгелекке байлап өлтіру, дар, семсер

мен өрт, азаптау, тұтас бір қалаларды көшіріп жіберу – бәрі де іске қосылды. Голландияда қырып салынған жүз мыңнан астам шаруаларды, Швейцарияда да соғыста өлген жүз мың шаруаны, Иван Грозныйдың Новгордтағы хайуандығын еске алыңыз...

* * * Енді ғана, тек соңғы жиырма жылда ғана біз күрес және революция жолымен орта ғасырлардағы қолөнершілер мен шаруала, тіпті басыбайлылар пайдаланған еркін артельдер мен сан алуан одақтарға құқықтың қалған-құтқанын қайтып ала бастадық. Біз сол құқықтарды қайта жеңіп ала бастадық, және егер сіздер осы заманғы өркениятты халықтардың өміріне үңіле түссеңіздер – кітаптар бұл туралы айтпайды, өміррдің өзінен іздеңіздер, – біздің заманның үстем ұмтылысы осы заманғы адамның барынша алуан түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін мыңдаған одақтар мен қоғамдар құруға ұмтылыс екенін көреміз. Бүкіл Еуропа өнеркәсіпті, сауданы, ғылымды, өнер мен әдебиетті зерттеуді үйретуді мақсат етіп қойған, қанауды және қанаудан қорғауды мақсат ететін көңіл көтеріп, байыпты жұмыс істеуді, ләззаттану мен жан пида етуді – қысқасы, сергек те ойлы адамның өмірін құрайтын барлық нәрсені мақсат ететін ерікті одақтармен торлануда. Біз осынау ұдайы өсіп шығып жатқан одақтарды Америка мен Еуропаның саяси, экономикалық, көркем және ақыли өмірінің барлық түпкірлерінен табамыз. Олардың біреулері тез арада ізі-қайым жоғалып кетеді, енді біреулері ондаған жылдар бойы қатардан қалмай келеді, және олардың бәрі де әрбір топтың, үйірменің, бөлімшенің немесе тармақтың тәуелсіздігін сақтай отырып, бірбірімен бірігуге, топтасуға, өздерінің арасында әрбір елде және халыққралық федерациялар құруға ұмтылады, сөйтіп өркениятты адамдардың бүкіл тіршілігін ұштасып, тоқайласып жататын дәнекерлер торымен қамтуға ұмтылады. Осынау қоғамдар ондаған мыңдарды құрайды

және милиондаған адамдарды құрайды, ал бұл екі арада Шіркеу мен Мемлекет олардың кейбіреулеріне – тек олардың кейбіреулеріне – төзе бастағаннан бері елу жыл да өте қойған жоқ. Барлық жерде бұл қоғамдар бұрын мемлекеттің міндеті деп саналып келген нәрселерді қолға алып, оның біріккен, шенеуніктік өкіметінің қызметін ерікті қызметпен алмастыруға ұмтылуда. Англияда біз тіпті ұрлықтан қамсыздандыру қоғамдарын, суда құтқару қоғамдарын, елдік ерікті қорғаушылары қоғамдарын, жағалауларды қорғау қоғамдарын және т.б. таусылмайтын қоғамдарды табамыз. Мемлекет, әрине, осындай қоғам атаулыны өз қанатының астына алып, оны өз өкіметін беркіте түсудің құралына айналдыруға тырысады, және кейде мұның сәті түседі (Қызыл Крест); бірақ барлық осынау қоғамдардың бастапқы мақсаты – мемлекетсіз тіршілік ету. Шіркеу мен Мемлекет болмаса, еркін қоғамдар білім беру және тәрбиелеу саласын баяғыда-ақ қолға алып, мемлекет беретін – тіпті де баршаға емес – жалған білімнен әлдеқайда жақсы білім берер еді. Осы бағытта, мелмекеттен тыс және оған кереғар (өйткені ол соңғы үш жүз жыл ішінде ие боған үстемдігіне айрылғысы келмейді) қаншама көп нәрсе істеліп жатқанын көргенде, ерікті одақтар аз-аздап бәрін қолына, өзінің дамуында тек мемлекеттің қуатынан қаймығып қана тоқтайтынын көргенде, біз бұл арада ғаламат ұмтылыс көрініп, осы заманғы қоғамның жаңа күштері бас көтеріп келе жатқанын амалсыз мойындаймыз. Сонда біз толық құқықпен мынадай сұрақ қоя аламыз: егер бес, он, жиырма жылдан кейін – бәрібір көтеріліске шыққан жұмысшылар меншік иелерінің, банкилердің, священниктердің, қазылардың және солдаттардың арасындағы өзара қауіпсіздендіру қоғамының күшінжеңе алса; егер халық бірнеше ай бойы өз тағдырының қожайынына айналып, өзі жасаған және құқық бойынша өзіне тиесілі байлықты қолына түсіре алса, – ол жыртқыш қоғамды қалпына келтірумен қайтадан айналыса бастай ма? Ол, керісінше, қолға түсірген байлықты өзі пайдалану және өмір сүру әрі өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәрін өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатымен,

әрбір жекелеген жердің сан алуан әрі ұдайы өзгеріп отыратын қажеттеріне сәйкес, өзара келісімге негізделген, қарапайым нәрседен бастап, күрделі нәрсеге қарай ілгерілей беретін ұйым құруға тырысп көрмей ме? Басқаша айтқанда, әлеуметтік төңкеріс жасау үшін осы заманғы мемлекттік ұйымды күйретіп тастаған соң, тағы да жағартылған пошымда мемлекет – халықтарды езіп-жаншудың ғасырлар бойғы құралын – қайта құра бастаған жақсы ма, әлде онсыз да күн көре алу құралын іздеген жақсы ма? Халық ғасырдың үстем ұмтылысының соңынан ере ме, әлде, керісінше, өзі талқандаған өкіметті қайтадан құруға ұмтылып, оған қарсы шыға ма?

* * * Фурье менсінбей “өркениятты” деп атаған мәдениетті адам – күндердің күнінде қоғам қазыларсыз, жандармдарсыз және абақтышыларсыз қалуы мүмкін-ау деген ой келгенде қалтырап кетеді. Алайда, кітаптарда – әдетте өздеріне дейін не жазылғанын өте жақсы білетін, бірақ көбінесе халықты да, оның күнделікті өмірін де, мүлдем білмейтін ғалымдар жазған кітаптарда айталатынындай әлгі мыразалар бізге шынында да керек пе? Егер біз полицейлер қаптап жүретін париж көшелерінде ғана емес, жүргіншілер ілуде бір ғана ұшырасатын деревня жолдарында да қауіпқатерсіз жүре алатын болсақ, біз бұл үшін кімге қарыздармыз: полицияға ма әлде, өлтіргісі немесе тонағысы келетін адамдардың жоқтығына ма? Мен әрине қалтасында миллиондар жүретін адамдарды айтып отырғаным жоқ, ондайлар аз, мен өзінің айла-шарғымен табылған бірнеше червонецтермен толтырылған әмияны үшін емес, өзінің өмірі үшін қорқатын қарапайым буржуаны айтып отырмын. Оның қаупі орынды ма? Таяудағы тәжірибе бізге мынаны көрсетті. Джэк Қанқұмар Лондонда өзінің хайуандықтарын тұп-тура полицейлердің көз алдында жасаған, – ал Лондон полициясы әлемдегі ең тынымсыз полиция, – және оларын тек оны Уайтчепель тұрғындарының өзі аңди бастағанда ғана тоқтатқан.

Ал біздің өз азаматтарымызбен күнделікті қатынастарымыз ше? Және сіз қоғамға қарсы қылықтарға қазылар, абақтылар және жандармдар жол бермейді деп қалайша ойлайсыз? Қазы, яғни заңшылдық дертіне ұшыраған және соның салдарынан ылғи да ааяушылықты білмейтін адам, сыбырлақ, шпион, абақтышы, полиция жендеті (оларсыз қазы қалай күн көре алмақ?) және соттар төңірегінде күн көріп жүрген барлық күмәнді адамдар, шынына келгенде, солардың әрқайсысы, қоғамда таратылатын азғындықтың кіндігі екенін сіздер қалайша көрмейсіздер? Қазылардың осынау өміріне үңіліңкіреп қараңыз, процестер туралы есептерді оқып алыңыз, хабарарландыруларға көз жүгіртіңіз, олар тәжірибелі із кесуші әйелдердің көмегімен ері мен зайыбының қайда барып, қайда қоятынын түкке тұрмайтын ақыға аңдуды ұсынатын жекеменшік аңду агенттіктерінің газеттерінде өріп жүр; үзіп-жұлқып болса да Скотланд-Ярдтың (ағылшын үшінші бөлімшесі) тротуарда жататын көмекші әйелдерімен қоса Париж Құпия Полициясының және орыс Үшінші бөлімшесінің картинасын елестетуге тырысыңыз, соттардың пердесінің арғы жағына үңіліңіз, салтанатты тас фасадтардың ауласында не болып жатқанын көріңіз, сонда сіз қатты жиіркенішті сезінесіз. Адамның бойындағы ырық атаулыны және мінездің күші атаулыны жер шарының қай нүктесіндегіден де масқара амалмен өлтіретін абақтылар әрқашан қылмыстың жоғары мектебінің ал сот залдары – сот атаулының – залы ең аяр аяусыз мектебінің рөлін атқарған жоқ па? Біз мемлекет пен оның барлық органдарын жоюды талап еткенде, мына болмыста бар адамдарда әлдеқайда жақсы адамдары бар қоғам туралы армандайды деп дау айтады. Олай емес, дейміз біз, мың рет те олай емес! Біз бір нәрсені талап етеміз: осынау аяр мемлекеттік мекемелер адамдарды өз болмысынан жаман етпесін!

Белгілі неміс заңгері Иеринг бірде өзінің ғылыми еңбектерін бір шығармасында тиянақтағысы келді, онда ол қоғамды өмірді қолдап отыратын барлық құралдарды талдауға ниеттенді. Бұл шығарманың аты “Құқықтағы мақсат” (Der Zіel іm Pecht) және әбден лайық беделге ие. Ол өз еңбегінің жоспарын жасап, мәжбүрлеуші екі құралды: жалдау ақысын және заңда белгіленген мәжбүрлеу пошымдарын істің жайжапсарын жете біліп талдап шықты. Ең соңына ол мәжбүрлемейтін екі құралды атай кету үшін екі тармақты қалдырды, олар атап айтқанда: парыз сезімі және ұнату сезімі болатын, бұларға ол барлық заңгерер істейтіндей онша маңыз бере қойған жоқ. Сонымен не болды деңіз? Мәжбүрлеуші құрадарды тереңірек үңіліп зерттеген сайын, олардың мүлдем жеткіліксіз екендігіне, қоғамдық құрылысқа таяныш болуға мүлдем қабілетсіз екендігіне көзі жете түсті. Ол соларға тұтас бір том арнады, және зерттеудің нәтижесінде – олардың маңызы мықтап шайқалды. Ол соңғы екі тармақты қолға алып, қоғамдық өмірдің мәжбүрлемейтін құралдары туралы ойға шома бастаған кезде, ол солардың орасан зор, басым маңызы бар екендігін көрді де, осынау екі құрал: өзін-өзі ерікті шектеу және өзара қолдау туралы екі тараудың орнына бірінші томнан екі есе қалың тұтас екінші томды жазып шығуына тура келді, және де ол тақырыптың тек болмашы бөлігін ғана әмамдай алды, өйткені ол тек жеке ұнату сезімінен не туатыны туралы айта алды да, қоғамдық реңктерді орындау үшін еркін келісім туралы мәселені шамалы ғана қозғай алды. Егер сіздер осы тақырып төңірегінде тереңірек ойлансаңыздар және мектепте үйренген формулалардың орнына осы мәселемен байыпты айналыссаңыздар, Иерингпен болған жағдай сіздердің де бастарыңызға келеді. Иеринг секілді сіздер де мәжбүрлеудің ерікті келісумен салыстырғанда қоғамда қандай түкке тұрмайтын маңызы бар екенін көресіздер.

Екінші жағынан, егер сіздер Бентам берген ескі кеңеске құлақ қойып, заңды мәжбүрлеудің тажалды – төте, әсіресе жанама зардаптары туралы ойлансаңыздар, сіздер Толстой және біз секілді күштің осынау қолданылуын өлердей жек көріп кетесіздер де, қоғамның қолында қоғамға қарсы қылықтарға жол бермеудің мыңдаған басқа, әлдеқайда пәрменді құралдары бар екен деген байламға келесіздер; егер қоғам сол құралдарға қазір жүгінбей отырса, бұл тек шіркеу мен мемлекет басқаратын оның тәрбиесі де, оның қорқақтығы мен ой жалқаулығы да осы мәселелерді айқын түсінуге бөгет жасап отырғандықтан. Егер бала қандай а бір жағымсыз қылық жасап қойса – ең оңайы оны жазалау: ондайда, бері салғанда, ешқандай түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Ал адамды өлтіріп жіберу, әсіресе бұл үшін жалдамалы баскеселер барда, Англияда әрбір дарға асылған адам үшін небәрі бір фунт – 10 сом төленетін кезде, қиын шаруа ма? Несіне қиналамыз! Жылына бірнеше жүз сан төлей салыңыз – қылмыстардың себептері туралы дворян басыңызды қинап жатпайсыз№” сібірге жер аударып жіберу немесе крестке қамап тастау – одан да оңай! Бірақ – бұл кісіні жиіркендірмей ме? Бізге, сендер, анархистер, армандар дүниесінде қалықтап жүресіңдер де, осы заманғы нақты болмысты көрмейсіңдер деп жиі айтады. Ал іс жүзінде біз, бәлкім, оны тым жақсы көріп, білетін болып шығамыз да, сол себептен де “Құдайдан немесе осы дүниеден” берілген өкімет атаулы туралы мәселеде бізді қоршап тұрған ғасырлар боййғы соқыр сенімдер нуында балтамен жол ашуға ұмтыламыз. Біз тіпті де елестер дүниесінде тұрғнымыз жоқ және адамдарды олардың іс жүзіндегі қалпынан жақсы деп білмейміз: керісінше, біз оларды нақ өз қалпында көреміз, сондықтан да былай деп кесіп айтамыз: өкімет тіпті ең жақсы адамдарды да аздырады және “өкілеттің тепе-теңдігі” және “үкіметті бақылап отыру” секілді теориялардың бәрі билік басында отырғандар басты халықты, нақ солар билеп отыр-мыс деп сендіру үшін ойлап тапқан таптаурын формулалардан басқа ештеңе де емес. Ал іс жүзінде халық еш жерде билеп-төстемейді. Барлық жерде кедейлерді

байлар мен басқаруға үйретілгендер басқарады. Нақ адамдарды өзіміздің білуіміздің пәрменімен біз өздерінсіз адамдар бір-бірін шайнап тастар еді деп ойлайтын билеушілерге былай дейміз: “Сіздер шетелге кетуге мәжбүр етілген француз королі “Менсіз сорлы бодандарымның көрген күні не болар екен!” деген секілді ойлайсыздар”. Әрине, егер адамдар өкімет утопистері бейнелейтіндей ең жоғары тіршілік иелері болса, егер біз нақты болмысқа көз жұмып қарап, солар басқаруға тиіс деп санайтындардың инсанияттық биіктігі жөніндегі иллюзиялар дүниесінде солар секілді өмір сүре алатын болсақ, сонда біз, бәлкім, солар сияқты ойлап, солар сияқты билеп-төстеушілердің жақсылығына сенер едік. Шынында да, егер құл иеленушілер, оларды құлдық утопистері бейнелейтіндей, жүзінен нұр төгілген әулиелер болса, құлдықтан қай бір жамандық табар едіңіз? Сіздер, бәлкім, осыдан отыз жылдай бұрын американ құл иеленушілері мен крепостник-помещиктерін бізге реңкті бояулармен көрсететінін ұмытпаған боларсыздар? Олар өздерінің құлдары мен асыбайлыларына әкелік қамқорлық жасап отырмап па еді! Баринсіз осынау жалқау, қамсыз, ертеңін ойламайтын балалар аштан өліп қалатын еді ғой! Барин, – дейтін бізге крепостниктер, – өздерінің құлдарын не үшін ауыр еңбекпен титықтатпақ немесе оларды дүремен азаптамақ! Оның төте пайдасы өз құлдарын жақсылап тамақтандыру, оларға жақсы қарау, оларға өз балаларындай қамқорлық жасау ғой! Біздің бала кезімізде бұл туралы айтқанда бүкілресейлік Скарятиндердің , американ газетшілерінің және ағылшын поптарының тілінен бал таматын! Ал мұның үстіне, құл иеленушіні өзінің міндеттерін орындаудан титетей де ауытқу үшін жазалайтын “заң” болды ғой! Ал бұл екі арада Дарвин өзінің Бразилияға саяхатынан оралып, ғұмыр бойы сол Бразилияда жазаға ұшыраған құлдардың ойбайынан, қолына салынған бұғау қыспағынан жан ұшыра шыңғырған әйелдердің өксігінен арыла алмады. Ал біз, бұрынғы

помещиктердің балалыр, біздің әкелеріміздің не істегені есімізге түссе, осы күнге дейін нартай қызарып кетеміз. Егер, билік басында тұрған мырзалар, мемлекетті мадақтаушылар оларды бейнелейтіндей, шынында соншалық ақылды да қоғамдық іске шын берілген болса – үкімет пен қожайындар билейтін қандай тамаша утопия жасауға болар еді деңіз! Қожайын өз жұмысшыларының тираны емес, әкесі болар едә: зауыт жақсылап сейілдеп қайтатын орынға айналар еді және жұмысшылардың тұтас бір ұрпақтары ешқашан дене жағынан азып-тозуға ұшырамас еді. Мемлекет өзінің жұмысшыларын, қызылмен ауыстыру оп-оңай болса да, ақ сіріңке жасауға мәжбүрлеп жұмсамас еді. Өздері үкім шығарған кісіледің ешқандай жазығы жоқ әйелдері мен балаларын тұтас бір жылдарға аштық пен жоқтықтан азап көруге, содан титықтап өлуге кесетін қазылар – ондай хайуандар болмас еді; прокурорлар өздерінің ділмарығын көрсету үшін ғана сотқа тартылған жнды өлім жазасына кесуді талап етпес еді, қазылар өздері орындағысы келмейтін үкімдерді атқаруға келісетін абақтышылар да, жендеттер де табылмас еді! Несін айта берейік! Сонау бір мамыра заман депутаттарының, Панама чектерінің өңінің өзі жүрегін айнытатын депутаттардың барлық жақсылықтарын айтып жеткізуге Плутархтың өзінің сөзі жетпес еді! Тәртіптік батальондар жақсылық атаулының жылыжайына, ал тұрақты армиялар азаматтар үшін бір рахатқа айналар еді, өйткені мылтық солдаттарға найзасына гүлдесте іліп алып бала күтушілер мен балалар алдында сап түзеп өту үшін ғана қажет болады ғой. Біз өкімет басында тұрған адамдар қарапайым пенделердің әлсіздігі жат немесе жат дерлік адамдар табы деп топшылаған бойда, біздің қиялымызда қандай тамаша утопия, қандай тамаша ертегі пайда бола кетер еді деңіз! Шенеуніктерді лауазым туралы тізбеге сәйкес бірін-бірі бақылап отыруға мәжбүр ету және егер бір жерде дауыл қазының дарағын жұлып кетсе, кеңселердің бір-бірімен алмасатын рапорттары мен өтініштерінің санын небәрі жиырма бес нөмірмен шектеу жеткілікті болар еді (қазір

біріккен Францияда дауыл сындырып кеткен ағашты сату үшін кеңселер 53 нөмірлі қағаз амасады). Қажет кезінде шенеуніктерді қадағалап отыруды қарапайым пенделерге де беруге болады, олар мемлекеттік утопияларда өзара қатынастарында мін атаулының қабы болады да, өз билептөстеушілерін таңдағанда кемеңгерліктің суреті болып шыға келеді. Билеп-төстеушілердің өздері жасаған мемлекеттік басқарудың бүкіл ғылымы осынау утопияға толы. Бірақ біз ондай арманға берілейік десек, адамдарды тым жақсы білеміз. Біз әңгіме басқарушылар немесе басқарылатындар жөнінде екендігіне қарап, әртүрлі екі өлшем қолданбаймыз, біз өзіміздің міндеріміз де көп екенін және біздің тіпті ең таңдаулыларымыз өкіметке араласа қалса, бұзылып шыға келетінін білеміз, сондықтан адамның адамға билігі атаулыны жек көреміз және барлық күшімізбен – бәлкім, тіпті жеткіліксіз де болар – оны құртуға тырысамыз.

* * * Бірақ бір ғана қирату жеткіліксіз. Жасай білу де қажет. Халықтың барлық революцияларда алданып қалатыны нақ осы жасампаздық туралы жеткілікті ойланбағанына. Ескіні талқандап жібергеннен кейін ол болашақтың қамын әрқашан буржуазияға арта салатын, буржуазияның одан артықшылығы, өзінің нені қалайтынын азды-көпті анық білетін, сөйтіп өкіметті тағы да өз пайдасына қарай қалпына келтіретін. Міне сондықтан, өкіметті оның барлық көріністерінде жоюға, оған бағынуға мәжбүр ететін заңдар мен механизмдерді жоюға ұмтыла отырып, жершілдік ұйым атаулыны терістей отырып және еркін келісімді насихаттай отырып, анархизм сонымен бірге жұртшылықтың, онсыз ешқандай адамдар қоғамы, ешқандай жануарлар қоғамы өмір сүре алмайтын қымбат ұйқысынан сақтап қалып, кеңейте беруге ұмтылады. Тек, осынау қоғамдық дағдыларға өолдауды ол бірнеше адамның өкіметінен емес, ол баршаның тұрақты қызметінен күтеді.

Коммунистік мекемелер мен дағдылар қоғам үшін экономикалық қиындықтарды шешудің тәсілі ретінде ғана емес, сондай-ақ адамдарды жақындастыратын, олардың арасында әркімнің пайасын баршаның пайдасына айналдыратын қатынастар орнататын – адамдарды бөлшектеу орнына, оларды біріктіретін мекемелер жасайтын жұртшылық дағдысын қолдап дамыта беру үшін де қажет. Біз өзімізге адмдар және жануарлар қоғамында белгілі бі инсанияттық деңгей қандай құралдармен сақталып отырады деп сұрақ қойғанда, біз ондай үш қана құралды таба аламыз: олар – қоғамға қарсы қылықтарды індетіп, жазалау, инсанияттық тәрбие және өмірде өзара қолдауды кеңінен қолдану. Ал бұл үш тәсіл сыналып көірлгендіктен, біз оларды нәтижелеріне қарап, таразылай аламыз. Сот арқылы жазалаудың дәрменсіздігіне келсек, ол дәрменсіздік осы заманғы қоғам белшесінен батқан жиіркенішті жағдаймен және біз ұмтылатын әрі оның сөзсіз болатындығын бәріміз сезінетін революцияның қажеттігінің өзімен жеткілікті дәлелденеді. Шаруашылық саласында мәжбүрлеу жүйелі бізді фабрикалық каторгаға, саяси салада – мемлекетке, яғни бұрын азаматтар арасында орын алған барлық байланыстарды бүлдіруге (1793 жылы якобишілер тіпті король өкіметіне қарсы төтеп бере алған байланыстарды да бүлдірді) алып келді, бұл олардан барлық жағынан бір ғана орталық өкіметке бағынған сұрықсы бодандар бұқарасын жасау мақсатымен істелді. Мемлекеттік аңдар мен жазалау осы заманғы шаруашылық, саяси және қоғамдық құрылыстың барлық қасіреттерін жасауға көмектесіп қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның инсанияттық деңгейін көтеруге мүлдем қабілетсіздігін де көрсетті. Олар осы тіпті бұрынғы деңгейінде де ұстап тұра алмады. Шынында да, егер әйтеуір бір шарапатты періште кенет біздің көз алдымызға өркениятты қоғамда беймәлімдіктің, жоғары мансапты адамдар қамқорлығының және заңның өзінің бүркемелеуімен жасалатын қылмыстардың бәрін жайып салса, қоғам тәні қалшылдап кетер еді. 2-желтоқсандағы Наполеон

төңкерісі, немесе коммунаны қанға бөктіріп жазалау, немесе каторгалар мен Шлиссельбургтегі патша айуандықтары секілді ірі саяси үшін жазықтылар ешқашан жазаланбайды. Некрасов: “Үлкен ұрылар ләззат алуы үшін ұсақ ұрылар әуреленеді” дегенде, расын айтқан. Бұл да аз. Өкімет қоғамдық инсаниятты “жазықтыларды жазалау” арқылы жақсарту міндетін өз мойнына алғанда, ол тек бірқатар – соттар мен абақтыларда – жаңа қылмыстарды ғана туындатады. Мәжбүрлеуге адамдар тұтас бір ғасырлар бойы жүгінген, және оның сәтсіздігі сонша, біз қазір, өткенініміздің мәжбүрлеуші мекемелерін күйретіп, жоймасақ, басқа жолмен шыға алмайтын жағдайда отырмыз. Біз аталған құралдардың екіншісінің: инсанияттық тәрбиенің маңызын тіпті де жоққа шығармаймыз; әсіресе қоғамда біреуден біреуге санасыз беріліп жататын, біздің әрқайсымыз күнделікті өмірдің оқиғалары жөнінде айтатын ойлар мен пікірлердің ортақ жиынтығынан шығатын тәрбиенің маңызы. Бірақ бұл күш қоғамға бір ғана жағдайда ықпал ете алады: оған қазіргі бар мемлекеттік мекемелерден шығатын басқа, инсаниятсыз тәрбие бөгет жасамайтын болсын. Осынау соңғы, мемлекеттік мекемелерден шығатын тәрбие бөгет жасайтын жағдайда оның ықпалы жоққа тән немесе тіпті зиянды болып шығады. Христиандық инсаниятты алыңыз: крестке керілген Құдай атынан сөйлейтін және өзінің құпиялылығының бүкіл күшімен, бүкіл азапталу поэзиясымен, жендеттерге кешірімнің бүкіл ұлылығымен қарекет жасаған христиандықтан артық қандай инсаният ақыл-ойға соншалық күшті ықпал ете алар еді? Сөйте тұра мемлекеттік мекемелердің ықпалы христиан дінінен күштірек болып шықты. Христиандық өзінің мәнісі жағынан иудейлердің императорлық Римге қарсы көтерілісі болатын, бірақ іс жүзінде оны сол Рим бағындырып алды, ал соның негіздерін, оның салттарын, оның тілін қабылдап алды. Христиан шіркеуі Рим мемлекеттік құқығының негіздерін өзек етті де, соның салдарынан тарихта мемлекеттің – христиандық өзінің тіршілік етуінің бастапқы кезеңінде шақырған

жартылай коммунистік мекемелердің ең бітіспес жауының одақтасы болып шыға келді. Біз, бір сәтке болса да, министрліктердің қамқорлығымен орнатылатын инсанияттық әрбие христиандықта болмай шыққан жасампаздық күшке ие болады деп топшылай аламыз ба? Және тәрбие адамдарды шынында да қоғамдық мақұлық етуге шынымен ұмтылса да, егер басқа тәрбие, күн сайынғы барлық қоғамға қарсы дағдылар мен мекемелердің жиынтығынан шығатын тәрбие оған қарсы тұрса, ол не істей алмақ. Енді үшінші элемент – қоғамдылық сезімдері көрінетін дағдыға айналатындай, инстинктке айналатындай етіп қареке жасайтын мекеменің өзі қалды. Бұл күш, бізге тарих көрсетіп отырғанындай, ешқашан дәрменсіз қалып көрген емес, ол ешқашан екі жаққа бірдей шабатын қару болып көрген емес. Және егер ол өзінің мақсатына жете алмаған сәттер болса, бұл жақсы салт аз-аздап мызғымайтын, тазаланып шыққан зат бола отырып, қандай да бір тіз тигізілмейтін дінге айналатын, сөйтіп кісіні, оның бүкіл қарекет бостандығын тартып алып, сол арқылы өзінің одан әрі дамуына бөгет болатын нәәрсемен күресуге мәжбүр ететін кездерде ғана туындайтын сәт болатын. Шынтуайтына келгенде өткенде даму, прогресс элементі ретінде немесе адамзатқа инсаниятты әрі ақыли тәрбие берудің құралы ретінде қызмет еткеннің бәрі – осының бәрі өзара қолдау бастауларын практикада қолданудан және адамдар арасындағы теңдікті мойындайтын дағдылардың көрінуіне туындайтын, олар адамдардың өздерін өндіріс және тұтыныс үшін бір-бірімен бірігуге, топтасуға немесе ортақ қорғаныс үшін одақтар құруға және өздерінің арасында туындаған дауларды шешу үшін өздерінің арасынан таңдап алынған мәмілегерлерге жүгінуге итермелейтін. Халық өз бостандығын жеңіп алған дәуірлердехалық асапаздығының жемісі ретінде дүниеге келген осынау мекемелер тарихта өз дамуының шыңына жеткен әрбір жолы – қоғамның инсанияттық деңгейі де, оның

материалдық дәулеті де, оның бостандығы да, оның ақыл-ой прогресі де, кісінің дамуы да – бәрі де әрбір жолы көтеріле түсетін. Керісінше, сыртқы дұшпанның жаулап алуының пәрменімен болсын, немесе мемлекеттік соықр сенімдердің дамуының пәрменімен болсын, адамдар барған сайын қанаушылар мен қаналушылар ретінде басқарушылар мен басқарылушыларға көбірек бөлінген әрбір долы – қоғамның инсанияттық деңгейі төмедеп кететін; көпшілік дәулетінің орнына кейбіреулердің жеке пайдасы қонжиып, ғасырдың ортақ рухы тез арада ұсақтап кететін. Тарих бізді осыған үйретеді, және біз өзіміздің қоғамның мемлекетшілдік дағдыларымен төмендетілген инсанияттық деңгейін көтере алатын күш ретінде еркін коммунизмнің орнатылуына сенімімізді нақ содан аламыз. Қазіргі кезде біз қалаларда басқа адамдармен, тіпі оларды білмей-ақ, көрші тұрамыз. Сайлау күндерінде біз бір-бірімізбен жиналыстарда ұшырасамыз, кандидатардың жалған уәделерін немесе парықсыз сөздерін тыңдаймыз да, өзіміздің үйімізге қайтамыз. Қоғамдық мүдде бар барлық істерді мемлкет басақарды; жекелеген адамдардың өз отандастарының мүдделерін бұбауы, қажет болғанда, жазықтыларды жазалау арқылы олар келтірген нұқсанды түзету соның мойнында. Ашыққандарға көмектесу жөніндегі шаруа, білім беру, жаулардан қорғану шаруасы және т.б. шаруалар соның мойнында. Сіздің көршіңіз аштан өліп қалуы немесе балаларын өлімші етіп сабап тастауы мүмкін – бірақ мұның сізге қатысы жоқ: бұл полицияның шаруасы. Сіз көршілеріңізді білмейсіз; сізді онымен ештеңе байланыстырмайды, қайта бәрі бөліп тұрады, және, жақсы ештеңе болмағандықтан сіз Құдіреттіден (бұрын ол Құдай болатын, қазір – Мемлекет) қоғамға қарсы нәпсілерді асқақтатып жібермеуді тілейсіз. Коммунистік қоғамда іс сөзсіз басқаша жүруге тиіс. Коммунистік құрылысты ұйымдастыру ісін қандай да бір заң шығарушы жиналысқа – парламентке, қалалық немесе дүниауи кеңеске тапсыруға болмайды. Ол

баршаның ісі олуға тиіс; ол халықтың өзінің жасампаз ақылымен жасалуға тиіс; коммунизмді жоғарыдан таңуға болмайды. Баршаның тарапынан тұрақты, күн сайынғы қолдаусыз ол тіршілік ете алмас еді; ол өкімет атмосферасында тұншығып өлер еді. Осының салдарынан коммунизм, адамдар арасында олардың ортақ істері жөнінде мыңдаған түйісу нүктелерін жасамай, басқаша өмір сүре де алмас еді. Ол ең ұсақ бірліктер: әрбір көше, әрбір үйір үйлер, әрбір орам, әрбір қауым мен қала үшін тәуелсіз жергілікті өмір жасамай, басқаша өмір сүре алмас еді. Ол өзінің мақсатына қоғамды сан алуан қажеттерді: қанағаттың, салтанаттың, зерттеудің, ойын сауықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға қызмет ететін артельдер мен қоғамдар желісімен қамтығанда ғана жете алады. Ал бұл қоғамдар дәл сол секілді таза жергілікті болып қала алмайды; олар, қазір ғылыми қоғамдармен, велосипедистер қоғамдарымен, суға батып кеткендерді құтқару қоғамдарымен және т.б. болып жатқаны секілді бүкілхалықтық және халықаралық болуға сөзсіз ұмтылады. Және коммунизмді – әу баста ең болмағанда жартыкеш коммунизмді – өмірге сөзсіз әкелетін қоғамдық дағдылар қазірдің өзінде бар қоғамдық дағдылардың ұйтқысын қолдап, дамыта беру үшін алуан түрлі жазалау шараларынан әлдеқайда күштірек болып шығады. Біз өзара келісім рхын дамытуды міне осындай өмір пошымынан, осындай қоғамдық құрылыстан күтеміз. Орайына қарай айта кетелік, бұл пікірлер сондай-ақ коммунизм мен анархизм сыйыспайды дейтіндерге де жауап. Іс жүзінде олар бірін-бірі қажетті түрде толықтырады. Кісінің және оның төл ерекшеліктерінің толық дамуы – біздің жолдастарымыздың бірі әділетті ескерткеніндей – адамның тамақ пен баспана жөніндегі бірінші, басты қажеті қанағаттандырылған кезде, оның өмір жолындағы, табиғат күштеріне қарсы күресі оңайлаған кезде, оның уақыты өзінің тіршілігін сүйемелдеп отыру үшін қажет мың сан ұсақ қаммен жұтып қойылмайтын кезде ғана орын ала алады. Сонда ғана

адамның ақылы, көркемдік талғамы, ойлап тапқыштығы және жалпы барлық қабілеттері еркін дами алады. Осылайша, коммунизм кісінің амуының – жұртты бір-бірімен күресуге итермелейтін және осы кезге дейін бір өзі ғана мағлым болып кеген индивидуализмді емес, – адамның барлық қабілеттерінің толық шешек атуын, онда бар тосын нәрсенің бәрін, оның ақылының, сезімдерінің және ырқының ең мол қызметін дамытудың ең жақсы негізі болып табылады. . * * * Біздің мұратымыз осындай, және ол толық күйінде алыс па, жақын ба болашақта, әйтеуір бір жүзеге асатындығында шаруамыз жоқ! Оның ішінара жүзеге асырылуын біз қазірен, өзіміздің арамызда бастай аламыз – және сонда біз, біздің алыста жатқан мақсатымыз қоғам ілгері қарай жасайтын әрбір қадамға қалай ықпал ететінін, қазірдің өзінде не істеуіміз керектігі жөніндегі барлық көзқарастарда қалай бейнелейтінін, әрбір жеке мәселеге қалай қарауымыз керектігі көрінеді. Біздің шаруа – ең алдымен осы заманғы қоғамдық құрылысты оған дамудың қазіргі сәтінде тән оның ұмтылыстарын, оның бет-бағдарын ашу, сөйтіп сол ұмтылыстарды көрсету. Содан кейін – сол ұмтылыстарды өзіміздің пікірлестерімізбен қатынаста жүзеге асыру; және ақыр соңында – қазірдің өзінде, әсіресе, революциялық кезең табалдырықтан аттаған бойда, сол ұмтылыстардың дами түсуіне кедергі жасайтын мекемелер мен соқыр сенімдерді қиратумен айналысу. Бұл – біз бейбіт жолмен де, революциялық жолмен де жасай алатынымыздың бары осы. Бірақ біз осы ұмтылыстардың көрінуіне жәрдемдесе отырып, прогреске көмектесетінімізді және оларға қарсы жасалатын нәрсенің бәрі, прогресті тек кешеуілдете алатынын білеміз.

“П. Кропоткинъ. Анархія. Ея философія, ея
идеалъ. Лейпцигь-С.-Петербургъ. 1906” басылы-
мынан қазақшалаған Нұрмахан ОРАЗБЕК.

РЕВОЛЮЦИОНЕРДІҢ ЖАЗБАЛАРЫ

XVІІ

Менің ағылшын социалистік қозғалысына қатысуым. – әдеби жұмыс. – жаратылыстық “өзара” көмек заңымен толықтырлған “тіршілік үшін күрес формуласы”. – Социалистік идеялардың ғаламат таралуы. Мен бұл қозалысқа белсене қатыстым, және бірнеше жолдастармен бірге, бұрыннан бар үш социалистік газетке ай сайын шығатын анархиялық “Freedom” журналын қостық, ол әлі де шығып келеді. Дәл сол кезде мен, қамалуыма байланысты тоқтап қалған жұмысымды – анархизмді ғылым талдап әзірлеу жұмысын қайтадан қолға алды. Жұмысымның сыншыл бөлімін – осы заманғы өоғамға сын бөлімін мен Клэрвода жүрген кезде Элизе Реклю “Paroles d’un Revolte” (Бүлікшілдің сөздері) деген атаумен шығарды. Қазір мен анархиялыққ-коммунистік қоғамның жасампаздық бөлігін талдап әзірлеуге кірісіп, өзімнің көзқарастарымды біздің париждік La Revolté газетіндегі (“Le Revolté” – “Біздің ұл” соғысқа қарсы насихаты үшін қуғынға түсіп, атауын өзгертуге тиіс болды да, енді қызға айналды) бірнеше мақаламда баяндап бердім. Кейін бұл мақалалар өңделіп, “La Conquête du Paіn” деген атаумен (орысша аударылғанда “Хлеб и воля” – “Астық және еркіндік” деген атаумен 1902 жылы жарияланды – Ред.) Парижде жеке кітап болып шықты. Осынау жұмыстар мені осы заманғы халықтардың шаруашылық өмірінің кейбір қырларын неғұрлым байыпты зерттеуге мәжбүр етті.

Англия мен Шотландияның әртүрлі қалаларында лекция оқи жүріп, мен осы сапарларымды жұмысшылармен ұзақ-ұзақ әңгімелесуге де, әртүрлі фабрикалармен, зауыттармен, көмір шахталарымен және үлкен кеме вервьтерімен танысуға арнадым, бұл орайда қолөнер өндірісінің Шеффильд пен Бармингем секілді орталықтарында ұсақ шеберханаларды да ұмытқаным жоқ. Нақты өмірмен осылайша таныса жүріп, менің көкейімде ылғи да мынадай сұрақтар тұрды: социалистік негізде ұйымдастырылған өндіорістер, яғни халықтың барлық мұқтаждарын барынша жақсы қанағаттандыру үшін жұмысшылардың өздері ұйымдастырған өндірістер қадай пошымға ие болуға тиіс. Сол кезге дейін социалистердің көпшілігі өркениятты қоғам жұрттың бәрінің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажет мөлшерден әлдеқайда көп өндіреді, және тек өндірілгенді бөлу ғана дұрыс емес дейтін. “Әлеуметтік революция жасалған бойда, – дейтін олар әркімнің өз фабрикасына немесе шеберханасы оралып, бұрынғы жұмысына қайта кірісу ғана қалады. Қоғам қосымша құнға, яғни қазір капиталистің қалтасына түсетін пайдаға өзі ие болады”. Мен, керісінше, жеке меншіктің осы заманғы жүйесі тұсында пайда үшін жүргізілетін өндірістің өзі теріс бағыт алғанына, және ол тіпті бүкіл халықтың негізгі қажеттерін де қанағаттандыруға мүлдем жеткіліксіз екендігіне көз жеткіздім. Мұндай төмен өнімділік тұсында “баршаға әл-ауқаттылық” мүмкін емес. Жеке меншік және пайда үшін өндіру бүкіл халықтың қажеттерін, олар қазір халықтың орасан зор бұқарасында қаншама қарапайым болғанымен, шындап қанағаттандыруға тұп-тура бөгет жасайды. Бірде-бір өнім, дейтінмін мен, барлық қажеттерді қанағаттандыратын мөлшерде көп өндірілмейді. Тым жиі тілге тиек болатын “артық өндіріс” тек бұқара тымм кедей және өздері өндіретін әрі өздері тым мұқтаж күнделікті қажет заттарды да сатып ала алмайды. Ал барлық сауатты елдерде өнеркәсіптік өндіріс те, ауыл шауашылық өндірісі де жұрттың

бәрінің ризашылығын қамтамасыз ететі мөлшерге дейін оп-оңай ұлғайтыла алады және ұлғайтылуға тиіс. Осынау ойлар мені осы заманғы егішілік қандай бола алады, сондай-ақ әркімнің ұнамды да өнімді дене және ақыл еңбегімен айналысуына мүмкіндік беру үшін және жадпы өнімділікті күшейту үшін, білім беруді жаңа негізде қалай қайта құру керек деген мәселелерді зерттеуге жетеледі. Мен бұл ойларымды бірқатар мақалаларымда дамыттым да, олар “Nіneteenth Centurry’де” жарияланды, артынан “Fіelds, Factorіes and Workshops” деген атаумен жеке кітап болып шықты. Халықтардың экономикалық өмірін зерттеу мені біз үстірт көзге көрінетіндей соншалық бай емеспіз деген байламға алып келді. әлемдегі ең бай ел – Англия. Бірақ егер ол өзінің егістіктерінен, кеніштерінен, қисапсыз фабрикалары мен зауыттарынан және әлемдік саудадан алатынын қосып жіберіп, оны өз тұрғындарының санына бірдей бөліп жіберсек, бір адамға күніне бір жарым сомнан келеді және қалай етсеңіз де екі сомнан аспайды. Осының өзінен-ақ әлеуметтік революция, ол қай жерде болса да, ең алғашқы күндерден бастап, өндірісті ұлғайтуды өзінің басты міндеті етіп қоюға тиіс екені көрінеді. Азаттықтың алғашқы жылдарында тамақ және тауар атаулыны тұтыну сөзсіз ұлғаяды, өйткені Еуропаның барлық елдерінде әлі күнге дейін халықтың анық үштен бірі әрқашан тойып тамақ ішпейді және киім-кешек пен басқа да барлық нәрселерге мұқтаж. Демек, өздерінде, бір жағынан, ауыл шаруашылығын мықтап дамытып, жетілдіру үшін, екінші жағынан – өздерінде өңдеуші өнеркәсіпті күшейте дамыту үшін барлық халықтар өз күштерін тас-түйін жұмылдыруға тиіс. Капиталдың езгісінен еңбекті азат ету прогресс пен табыстың кепілі – осында. Осыдан кейін көп ұзамай мен басқа бір, менің назарымды бұрын аударған маңызды мәселемен айналыса бастадым. Дарвиннің “тіршілік үшін күрес” деген заңын тәпсірлеуде оның ізбасарларының көпшілігі, соның ішінде тіпті Гекели секілді ақылдылары да, қандай қорытындыға

келгені мәлім. “Тіршілік үшін күрес” деген осынау сөздермен ақ әсілді халықтың қара нәсілге немесе күштінің әлсізге зорлығын түгеімен ақтауға тырысып бақты. Клэрвода тұрған кезімнің өзінде-ақ мен жануарлар дүниесіндегі, оның үстіне адамдар дүниесіне “өмір үшін күрес” деген ұғымның өзін әбден қайта қарау қажеттігін сезіне бастадым. Осы бағытта кейбір социалистер жасаған әрекеттер мені түк қанағаттандыра алмады; және орыс жаратылыстанушыларының 1880 жылғы съезінде сөйлеген орыс зоологы профессор Кесслердің сөзінен тіршілік үшін күрестің жаңа, тамаша түсінігін тапқанда, мен сол мәселе жөніндегі ой үстінде едім. “Өзара көмек, – дейді ол, – өзара күрес секілді жаратылыстық заң; бірақ түрдің ілгерілеп дамуы үшін біріншісі екіншісінен әлдеқайда маңызды”. Өкінішке қарай, Кесслер өзінің сөзінде шамалы ғана фактылармен дәлелдеген (кемел ақыл Северцев оны бірден қабылдап, екі-үш мысалмен қуаттады) осынау ой мен үшін барлық есепті шешудің кілті болды. Мен бұл туралы Клэрводан Элизе Реклюге ұзақ хат жазып, хануарлар өмірінен өзімнің ойымды қуаттайтын материалдар жинай бастадым. Енді, гексли, социализмге қарсы күрескісі келіп, 1888 жылы “Nіneteenth Century’де” өзінің “The Strugge for Exіstence: a Program” деген қаныпезер мақаласын жариялағанда, мен сайып келгенде өзім соңғы алты жыл ішінде жинаған материалдар оқылатындай пошымда баяндап, жануарлар арасындағы және адамдар арасындағы өмір үшін күресті таптаурын түсінуге қарсы өз пікірлері жариялауды жөн көрдім. Мен мұны кейбір ағылшын достарыма айттым да, бірақ көп ұзамай мынаған көзім жетті: “Әлісіздердің күні қараң!” деген жауынгерлік ұран ретінде тәпсірленген және даусыз “жаратылыстық заң” сатысына көтерілген “тіршілік үшін күрес” Англияда тамырын терең жайып, канонға айналып ұүлгеріпті. Тек екі адам ғана табиғат өмірін осынау қате тәпсірлеуге қарсы сөйлеуге маған дем берді. “Nіneteenth Century’дің” баспагері Джемс Ноульз (James Knowles) өзінің тамаша көрегендігімен мәселенің

маңыздылығын заматта байқап, таза жастық жлынмен мені осы жұмысты дереу қолға алу қажеттігіне сендіре бастады. Екіншісі бізде жақсы белгілі “Натуралист Амазон өзенінде” деген кітаптың авторы Бэтс (Bates) болатын. Ол Дарвин өзінің ұлы қорытындыарын жасаған түрлердің өзгеруі туралы мәліметтерді ұзақ жылдар бойы жинаған, және Дарвин өзінің өмірбаянында ол туралы өзі ұшыратқан ең ақылды адамдардың бірі ретінде айтады. Бэтс Лондон географиялық одағының хатшысы болатын және мен оны білетін едім. Мен оған өзімнің ниетімді айтқанымда, ол қатты қуанды. “Иә, бұл жұмысты сөзсіз істеңіз! – деді ол. – бұл нағыз дарвиниззм. Олар Дарвин идеяларынан не жасағанын ойлаудың өзі ренжітеді. Кітабыңызды жаза беріңіз, ал оны бастырып шығарғаныңызда, мен сізге хат жазып жіберемін, оны сіз жариялай аласыз” . Одан артық инталандырудың қажеті жоқ болатын, сөйтіп мен жұмысымды еселенген жігермен жалғастыра бердім, ол “Nіneteenth Century’де” “Жануарлардағы өзара көмек” деген, одан кейін – “жабайыларда, варварларда, орта ғасырлық қалада және осы заманғы қоғамда” деген тақырыппен жарияланып тұрды, содан кейін мен осының бәрін “Mutual Aіd: a Factor of Evolutіon” (“Өзара көмек эволюция факторы ретінде”) деген атаумен кітап етіп шығардым. Өкінішке қарай, мен Бэтске жануарлардағы өзара көмек туралы алғашқы екі мақаланы, олар оның көзі тірісінде шықса да, жібергенім жоқ. Мен адамдар араасындағы өзара көмекке арналған екіншібөлімді ұзамай аяқтармын деп үміттеніп едім, бірақ бұл үшін маған бірнеше жыл қажет болды, бұл екі арада Бэтс қайтыс болып кетті. Осынау жұмыста варварлық кезең мен орта ғасырлардағы ерікті қалалардағы мекемелермен танысу үшін мен жасаған ізденістер мен басқа қызықты зерттеулерге, атап айтқанда соңғы үш ғасыр бойындағы мемлекеттің рөлін оның ең жаңа, Еуропада XVІ ғасырдан басталған зерттеуге жетеледі. Екінші жағынан, өркенияттың әрқилы фазаларындағы өзара көмек мекемелерін зерттеу мені адамзат бойында әділет пен

инсаният идеяларының дамуын зерттеуге алып келді. Мен бұл жұмыстарымды екі лекциямда баяндадым. Оның біреуі “Мемлекет және оның трихтағы рөлі”, екіншісі “Әділет және инсаният” деп аталды. Ьұл лекцияда мен этиканы, яғни жалпы қоғамдық инсаниятты өзімнің түсінуімді жазып, және осынау соңғы үш жылда (1895–1898 – Ред.) мен сол лекцияда айтылған ойларды неғұрлым толық талдап әзірлеумен айналыстым. Соңғы он жыл ішінде Англияда социализмнің дамуы жаңа сипат ады. Басты назарын социалистік және анархистік жиналыстардың саны мен оларға қатысқан тыңдарман санына аударатындар социалистік насихат азайып барады деген байлам жасауға әзір; ал идеяның табысын парламенттен социализм атынан орын алуға дәмелі кандидаттарға, берілген дауыс санымен таразылайтындар социалистік насихат Англияда бүгін-ертең құрып бітеді деген байлам жасайды. Бірақ социалистік көзқарастардың таралуының тереңдігі мен екі туралы, өздерінің бағдарламаларына социалистер талаптарын азды-көпті енгізетін кандидаттарға берілген дауыстар санына қарап таразылауға болмайды. Бұл әсіресе Англияда дұрыс болмас еді. Іс жүзінде, Фурье, Сен-Симон және Роберт Оуэн талдап жасаған үш социалистік бағыттың Англия мен Шотландияда соңғысы үстем. Сондықтан қозғалыстың күшін митингілердің саны мен дауыс санына қарап емес, социалистік идеялардың жұмысшылар одақтарына, кооперативтік қоғамдарға және мунициялық социализм дейтінге, сондай-ақ бүкіл елде халықтың ақыл-ойына қалай сіңгеніне қарап таразылау керек. Бір ақыл-ойда бұл көзқарастар әбден саналы, енді біреулерінде олар әрі тым бұлдыр; бірақ олар жұрттың бәрі үшін экономикалық және саяси құбылыстарға баға бергенде өлшем қызметін атқара бастады. Егер Англияны осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда 1886 жылмен салыстырғанда мұнда социалистік идеялар едәуір жайылды. Және тіпті бұлталақтамай айтайын, олардың таралуы, 1876–1882 жылдарғы

болғанымен салыстырғанда, орасан зор. Сондай-ақ мынаны қоса аламын: шағын анархиялық топтардың тұрақты күш-жігері үкімет атаулының рөлін кеміту туралы және кісінің құқықтарын, жергілікті ұйымдардың тәуелсіздігін және еркін келісім мүмкіндігін тиісінше дамыту туралы идеялардың жұмысшылар арасында, солар арқылы – жетекшілер арасында да дамып таралуына едәуір жәрдемдесті. Осыдан жиырма жыл бұрын бәрінен күшті мемлекет, ортлықтандыру және тәртіп идеялары барлық жерде билеп-төстелгенін есіме түсіріп, мен қаймықпастан былай дей аламын: біз өз уақытымызды текке рәсуа еткен жоқпыз. Қазір бүкіл Еуропа өте бір жаман сәтті – әскершілдіктің дамуын бастан кешіріп отыр. Әскершілдік, яғни әскери күшке сенім – 1871 жылы әскери герман империясының, оның жалпыға бірдей әскери міндеттілік жүйесінің Францияны талқандауының сөзсіз салдары. Және Еуропада әскершілдік пен империализмнің дамуы сөзсіз болатындығы сол кезде, әсіресе Бакунин күні бұрын айтқан-ды. Бақытымызға қарай, қазіргі кезде қарама-*қарсы ағым нобайлана бастады (мақала 1888 жылы азылған – Ред.). Ал коммунистік идеяларға келсек, оларды казармалық немесе монастырьлық пошымында емес, қауымдық еркін келісім пошымында уағыздай бастағаннан бері, олар Еуропада және Америкада кеңінен таралды. Мен бұған социалистік қозғалысқа өзім белсене қатысып келген соңғы жиырма жеті жылда көз жеткізе адым. Мен Интернационалдың алғашқы конгрестерінде жұмысшылар мен олардың достары ортаға салған немесе Коммуна кезінде Парижде, тіпті ең көрнекті адамдардың арасында таралған бұлдыр, бұлыңғыр, именшек идеяларды еске түсіріп, оларды қазір жұмысшылардың орасан зор саны арасында таралған ойлармен салыстырғанымда, маған өмір жөніндегі осынау екі түсінік әрқилы екі дүниеге тиесілі секілді көрінетінін айтуға тиіспін. Бәлкім, XІІ ғасырдың ортағасырлық халық жиналыстары бар қалаларын дүниеге әкелген революциялық кезеңінен басқа тарихта

жұртшылық идеялары соншалық түбегейлі өзгерістерге ұшыраған кезең жоқ. Және қазір де, ғұмырымның алпысыншы жылында, осыдан отыз жыл бұрынғыға қарағанда, мынаған неғұрлым көбірек кәміл сенемін: Еуропаның жағдайы сондай, қолайлы жағдайлардың таза кездейсоқ тоқайласуы революция туғыза алады, ол дән 1848 жылғыреволюция сияқты барлық елдерге тез таралады, бірақ бұл орайда әлдеқайда неғұрлым терең маңызға ие болады: ол бүкіл дүниеге дұшпан саяси партиялардың арасындағы жай ғана күресті емес, қайта бүкіл қоғамдық құрылыстың коммунизмге қарай жылдам да үзілді-кесілді бет алғанын көрсетеді. Және мен мынаған кәміл сенемін: бұл қозғалыс әртүрлі елдерде қандай сипат алса да, әрбір елде даусыз нәрсеге айналған әлеуметтік өзгерістерді, біз соңғы алты ғасыр бойына қай жерде көргенімізден неғұрлым кеңірек түсіну көрінетін болады. Сонымен бір мезгілде артықшылықты таптар тарапынан жасалатын қарсылық, өткен ғасырлардың революцияларын соншалық қантөгісті еткен көзсіз қыңырлық сипатын ала да қоймас. Осыгнау ұлы нәтиже соңғы отыз жыл ішінде барлық ұлттар мен барлық таптардың мыңдаған күрескерлері жұмсаған күштерге әбден лайық.

“Кропоткин П. А. Записки революционера.
М., 1988” басылыман қазақшалаған Нұрмахан

ОРАЗБЕК.

Михаил Александрович Бакунин

(1814–1876), анархизмнің негізін қалаушылардың бірі, дворян отбасында дүниеге келген. 1833 жылы Санкт-Петербургте артиллерия училищесін бітірген, әскерде қызмет еткен, жиырма бір жасында әскери қызметтен кеткен. Философияны, тарихты, дін ілімін оқып-үйренген. Оған немістің классикалық философиясы ықпал етті, А. И. Герценмен және В. Г. Белинскиймен жақындасты. 1840 жылы Бакунин Германияға кетті.

Берлинде Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп білетін жас гегельшілермен табысты. 1842 жылы «Германиядағы реакция» атты мақаласының жариялануы себепті патша үкіметі оның Ресейге қайтарылуын талап етті. Парижге жылыстаған Бакунин онда Прудонмен, Маркспен және көрнекті поляк эмигранттарымен кездеседі. Қырқыншы жылдарғы Еуропадағы революция толқынына Парижде, Берлинде, Прагада, Дрезденде қатысып, осы қалада тұтқындалады. Саксония соты оны өлім жазасына кеседі, үкім кейін өмір бойы тұтқында отырумен алмастырылады. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін оны Австрия, содан соң Ресей полициясына береді. Ресейде ол Санкт-Петербургте үш жыл Петропавл қамалында, одан кейін Ладога көліндегі Шлиссельбург қамалында төрт жыл қамақта отырады. Сібірге қоныстануға жөнелтіледі. 1861 жылы ол Жапония мен АҚШ арқылы Лондонға қашады. Соңғы жылдарда Бакунин анархизмді М. Штирнер ілімі рухында шектен шыққан индивидуализм доктринасы ретінде зерттеумен шұғылданады, объективті тарихи күштердің өмір сүруін теріске шығарады және революцияға деген үмітін шаруалармен байланыстырады.

МЕМЛЕКЕТТІЛІК ЖӘНЕ АНАРХИЯ

А қосымша

Жаңсақтықтың алдын алу үшін, алайда мына жәйтті атап өту қажет деп санаймыз: біз халық мұраты деп жүргеніміздің халық өмірінен сырт буржуазиялық ғалымдардың немесе ғалымсымақтардың қолы бос кезде ойлап шығарған және сауатсыз халық тобырына олардың болашақ құрылысына қажетті шарт деп жомарттықпен ұсынып жүрген саясиәлеуметтік схемаларымен, формулаларымен және теориялармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл теорияларға біздің иненің жасуындай сеніміміз жоқ және де олардың ең таңдаулылары бізге халық өмірінің құдіретті де ұлан-байтақ кеңдігін құшағына сыйғыза алмайтын тым қысқа Прокруст төсегіндей болып көрінеді.

Ең ұтымды да терең ғылымның өзі болашақ қоғамдық өмірдің пошымдарын тап басып айта алмайды. Ол тек тіршілік етіп отырған қоғамды қатаң сынаудан қисынды түрде туындайтын терістеу шарттарын ғана анықтап бере алады. Осылайша, мұндай сын тұсында әлеуметтікэкономикалық ғылым жеке-мұрагерлік меншікті теріске шығаруға дейін жетті және, демек, болашақ әлеуметтік құрылыстың қажетті шарты ретіндегі ұжымдық меншіктің дерексіз, былайша айтқанда, теріске шығару жағдайына жетті. Дәл сондай жолмен ол мемлекет пен мемлекеттілік идеясының, яғни қайдағы бір жалған құқық, дін оқуы немесе метафизикалық, құдайшыл немесе зиялы-ғалым құқығы мүддесі үшін қоғамды жоғарыдан төмен қарай басқару идеясының өзін теріске шығаруға дейін жетті, соның нәтижесінде қарама-қарсы, сол себепті де теріс ахуалға – анархияға, демек қауымды және олардың төменнен жоғарыға бастайтын өзара еркін федерациясын құрайтын барлық бірліктердің немесе бөлімдердің дербес еркін ұйымы – анархияға жетті және де мұны қандай да бір мейлі, тіпті сайланған басшылықтың бұйрығымен емес және қандай да болсын ғылыми теорияның нұсқауымен емес, қайта өмірдің өзінен көрініс тауып жатқан қажеттілік атаулының табиғи дамуы нәтижесінде өмірге әкелді. Сондықтан ешқандай ғалым халықты үйретуге дәрменсіз, әлеуметтік революцияның ертеңіне халық қалай өмір сүреді және өмір сүруге тиіс екенін тіпті өзі үшін де айқындап алуға дәрменсіз. Бұл, біріншіден, әр халықтың жағдайымен, екіншіден, олардың бойынан көрініс беретін және күштірек ықпал ететін ұмтылыстармен айқындалады, тіпті де жоғарыдан берілетін пәрменмен, нұсқаулармен және революция қарсаңында ойлап шығарылған жалпы қандай да бір теориялармен айқындалмайды. Қазір Ресейде халық мұғалімдері дейтіндердің оқытуға деген тұтас бір бағытының бел алғаны бізге мәлім. Ең алдымен халықты үйретіп алу керек, ал үйреніп алып, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінген соң, тек содан кейін оны бүлікке көтеруге болады деп соғады. Бұл арада сіз

халықты не нәрсеге үйретпексіз? – деген сұрақ бірден көлденеңдейді. Өзіңіз білмейтін, біле алмайтын және ең алдымен өздеріңіз халықтан үйренуге тиіс нәрсеге үйретпекпісіз? Бұл бағытта яки тіпті де жаңа емес партияда екі категорияны ажыратып алу қажет. Ең саны көбі – доктринерлер, дүмшелер, көп ретте өзін-өзі алдаушылар категориясы, олар өмір сүріп отырған қоғам әлпештеулі де дәулетті азшылықты бөлеп отырған ләззат пен пайда атаулыдан бас тартпайды, сөйте тұра халықтың бостандығы ісіне шын мәнісінде адал адамдар, ал онша үлкен қолайсыздыққа душар етпейтін жағдайда тіпті революционерлер беделіне ие болғысы немесе соны сақтап қалғысы келеді. Мұндай мырзалар Ресейде өріп жүр. Олар халық банкілерін, артельдер, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар ашады, әлбетте, әйелдер мәселесімен де айналысып, өздерін ғылымды жақтаушылармыз, позитивистерміз, ал қазір марксистерміз деп бар дауыспен жар салады. Оларды ерекшелейтін ортақ белгі – ештеңені құрбандыққа шалмай, бәрінен бұрын өздерінің қымбат санайтын жеке басын сақтап, мәпелей беру, сөйте тұра барлық жағынан да озық адамдар кейпінде көрініп қалғылары келеді. Сан жағынан қанша көп болғанымен, бұл категориямен әңгіме пәтуасыз. Революцияға дейін оны тек әшкерелеп, масқаралай беруге болады; ал революцияда... ол кезде олардың өздері жым-жылас болып кетеді деп үміттенейік. Адал, шын берілген жастардан құралған тағы бір категория бар, олар бұл бағытқа соңғы кезде амалсыздан, қазіргідей жағдайда оларға басқа іс, басқа жол жоқтай көрінгендіктен лап қойғандай. Біз оларды жақынырақ таныстырмаймыз, оларға полиция назарын аударудан сескенеміз; бірақ олардың арасынан осы жолдарды оқығандар біздің сөзіміз тура соларға арналғанын түсінді.

Біз нақ солардан сұрағымыз келді: сіздер халықты не нәрсеге үйретпекшісіздер? Сіздер халыққа ұтымды ғылымды үйретпексіздер? Біздің біліуімізше, олардың мақсаты ондай емес. Халық мектебіне ғылымды енгізбек болғандардың кез-келгенін үкімет алғашқы қадамындаақ шідерлеп тастайтынын олар біледі, және де сонымен қатар олар халқымыздың өзінің бүгінгідей тым жұтап отырған жағдайында ғылымға мойын бұра алмайтынын да біледі. Оған теория жетерліктей ету үшін оның практикасын өзгерту, ең алдымен оның тұрмысының экономикалық жағдайын түбегейлі қайта құру, оны барлық жердегі және түгел дерлік аштық апатының қармағынан құтқарып алу керек. Адал адамдар халықтың экономикалық тұрмысын қалай өзгерте алады? Олардың қолында ешқандай билік жоқ, сондай-ақ мемлекеттік биліктің өзі де, халықтың экономикалық жағдайын түзетуге дәрменсіз, мұны біз кейінірек дәлелдеп беруге тырысамыз; ол халық үшін бір-ақ нәрсе істей алады, ол – таратылып, жойылып кетуі керек, өйткені оның өмір сүруінің өзі халық игілігімен келіспейді, ол игілікті халықтың өзі ғана жасай алады. Халық достары не істей алады? Оны дербес қозғалыс пен қарекетке ынталандырамыз және оның азаттық алуының жолдары мен құралдарын көрсетеміз, дейді біз енді жаға сөз еткен бағыттың нақ адал жақтаушылары. Жолдар мен құралдар екі түрлі болуы мүмкін: бүкіл халықтық бүлікті ұйымдастыруға тікелей ұмтылатын таза революциялық жол және басқалай, неғұрлым бейбіт халықты азат етуді оның экономикалық тұрмысын жүйелі түрде баяу, бірақ сонымен бірге түбегейлі өзгерту жолы. Осы екінші әдіс, егер оны шынайы ұстанғысы келсе, әлбетте, буржуазиялық экономистер аузынан тастамайтын үнемшіл болу жөніндегі пасық уағызға пысқырмайды да, мұның себебі қарапайым, жалпы жұмысшы қара халықтың үнемдей қоятын ештеңесі жоқ.

Әйтсе де біздің халықты осы баяу, бірақ түбегейлі экономикалық өзгерістер жолына түсіру үшін адал адамдар не істей алады? Олар деревняларда әлеуметтану кафедраларын ашпай ма? Біріншіден, сол баяғы әкеңдей қамқор қырағы үкімет оған жол бермейді; ал, екіншіден, шаруалар ештеңе түсінбейді де профессордың өзін күлкі етеді; ал, ақырында әлеуметтанудың өзі – болашақтағы ғылым; қазіргі кезде ол оң ыңғайдағы жауаптардан гөрі шешімін таппаған сұрақтарға тым бай, біздің бейшара мұжықтарымыздың онымен шұғылдануға мұршасы жоқ екенін айтпай-ақ қоялық, оларға тіпті де теориялар арқылы емес, практика жолымен ғана ықпал етуге болады. Осы практика неден құралады? Нақ практика, өзінің алдына, бірденбір демесек те, басты мақсат етіп жер қайысқан шаруалар бұқарасын ең жаңа әлеуметтану рухында дербес экономикалық өзгерістер жолына түсіру мақсатын қоятын практика неден құралады? Ол тек жұмыс артельдері мен кооперативті қоғамдар, несие беру, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар, негізінен мақсатқа басқаларынан неғұрлым төте, яғни еңбекті буржуазиялық капиталдың үстемдігінен азат етуге төте тартатын соңғысын ұйымдастырудан басқа ештеңеден де құрала алмайды. Бірақ қазіргі қоғамда басым тұрған экономикалық жағдайлар тұсында осы айтылған азаттық мүмкін бе? Ғылым фактыларға, атап айтсақ түрлі елдерде соңғы жиырма жыл бойына жасалған тәжірибелердің тұтас бір тізбегіне сүйене отырып, бізге үзілді-кесілді: мүмкін емес дейді. Айтпақшы, біз тіпті де ізбасары болып табылмайтын Лассаль оның мүмкін еместігін өзінің кітапшаларында барынша тамаша да түсінікті етіп дәлелдеп берді, және буржуазиялық болса да, байыпты ең жаңа экономистердің баршасы осы пікірмен келіседі де, кооперативтік жүйенің дәрменсіздігін ықылассыз болса да ашып көрсетіп, бұл жүйеге әділетті түрде әлеуметтік-революциялық дауылдың найзағайынан сақтайтын жайтартқыш ретінде қарайды.

Интернационал, өз тарапынан, көп және ұзақ жылдар бойы кооперативтік серіктестіктер туралы мәселені жиі-жиі көтеріп, толып жатқан дәлелдер негізінде Лозанна конгресінде (1867 ж. ) айтылған және Брюссель конгресінде қуатталған (1868 ж. ) төмендегідей нәтижеге келді. Кооперация, оның барлық түрлерінде, болашақ өндірістің ұтымды да әділетті пошымы екені сөзсіз. Бірақ ол өз мақсатына – барша жұмыс істейтін бұқараны азат ету және олардың бейнет ақысын толық өтеп, қанағаттандыру мақсатына қол жеткізу үшін жер мен капитал, барлық түрлерінде, ұжымдық меншікке айналуы қажет. Бұған қол жетпейінше кооперация көп ретте ірі капиталдар мен ірі жер иеленуші меншіктің құдіретті бәсекесінің табанының астында жаншылып қалады; ілуде бір жағдайда, мысалы, қандай да бір, сөзсіз азды-көпті тұйықталған, өндірістік серіктестікке осы күреске төтеп беріп, аман қалудың сәті түскен жағдайда, оның нәтижесі қайыршылық күн көретін пролетариат бұқарасы арасында ұжымдық бақыттылардың жаңа әлпештеулі табының дүниеге келуі ғана болады. Сонымен, қоғамдық экономиканың қазіргі жағдайында кооперация жұмысшы бұқарасын азат ете алмайды, алайда, қалай дегенмен ол қазіргі шақта қызметкерлерді бірігуге, ұйымдасуға және өзінің төл істерін дербес басқаруға дағдылану пайдасын бере алады. Алайда, осы сөзсіз пайданың мойындалғанына қарамастан бастапқыда бізді тезірек кооперативтік қозғалыс соңғы кезде Еуропада едәуір бәсеңдеп қалды, оның себебі де тым қарапайым, жұмысшылар бұқарасы қазіргі кезде осы қозғалыстың көмегімен өзінің бостандығына қол жеткізе алатындығына сенуден қалып, өздерінің практикалық тәрбиесін аяқтау үшін оған жүгінуді қажет деп таппады, мақсатқа қол жеткізу сенімін жоғалтуы мұң екен, олар соған жеткізетін жолды да, яғни оған жеткізбейтін жолды да елеп-ескеруден қалды, ал гимнастикамен, тіпті пайдалы гимнастикамен айналысуға олардың уақыты жоқ. Батыста ақиқат нәрсе, Шығыста жалған бола алмайды, сондықтан да біз кооперативтік қозғалыс Ресейде қандай да бір көлемді қанат жаяды деп

ойламаймыз. Қазіргі уақытта Ресейде кооперация Батыстағыдан да мүмкін емес. Оның табсының, оған шынында да қол жеткен жердегі табысының негізгі шарттарының бірі жеке бастама, төзімділік пен ерлік болатын, бірақ жеке тұлға Ресеймен салыстырғанда Батыста неғұрлым дамыған, ал Ресейде әлі күнге дейін табындық қозғалыс басым түсіп отыр. Мұның үстіне Батыста саяси да, қоғамдық та сыртқы жағдайлардың өзі, сондай-ақ білім деңгейі кооперативтік қоғамдарды құру мен дамыту үшін Ресейге қарағанда аса қолайлырақ, соның бәріне қарамастан Батыста кооперативтік қозғалыс солып қалды. Ол Ресейде қалай тамыр жаймақ? Орыстың халық қозғалыстарының мал табынына ұқсастығының өзі оған қолайлы бола алады дер. Прогресс элементтері, оларсыз бәсекелес капиталға қарсы былай да ала-құла күрес, мүлдем мүмкін болмайтын жұмысты, өндіріс пен оның өнімін ұйымдастыруды осынау дәйім жетілдіре беру ұдайы дағдылы қалыпқа бейім табындық қызметпен сыйыспайды. Сондықтан Ресейде кооперация тиімдей демесек те, болмашы көлемде ғана және тек бәрін басып-жаншитын капитал үшін және одан да асқан басып-жаныштаушы үкімет үшін көзгес түспейтін, сезілмейтін кезге дейін ғана өркен жая алады. Айтпақшы, өздерін либералдық фазалармен алдарқату үшін және өздерінің эгоизмні доктринерлық, жансыз, мағынасыз, қысқасы, Миртаның немесе Кедровтың ғылыми мылжыңымен бүркемелеу үшін тым байыпты да адал; екінші жағынан, өздерінің алдынан тығырықтан шығудың басқа жолын көре алмай, масқара қарекетсіздікте қол қусырып отыра беруге аса сергек те жалынды жастардың кооперативтік қозғалыс дейтінге неліктен лап қойғаны бізге түсінікті. Мұның өзі оларға, бері салғанда қаражат және қызметкерлермен кездесу, қызметкер ретінде олардың қатарына қосылу, оларды танып-білу және қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндігінше олардың басын қосу мүмкіндігін береді. Бұл бәрібір шөп басын сындырмай отыра бергеннен әлдеқайда жан жұбатарлық та пайдалы нәрсе ғой.

Осы көзқарас тұрғысынан келгенде кооперативтік әрекеттерге біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ; бірақ сонымен бірге сол әрекеттерге бой ұрған жас адамдар осы жолда қол жеткізер нәтижелері хақында өздерін алдамауға тиіс деп ойлаймыз. Бұл нәтижелер үлкен қалалар мен фабрикалық селоларда, фабрика қызметкерлерінің арасында айтарлықтай сүбелі болуы мүмкін. Ол нәтижелер село халқы арасында тым елеусіз болады, олар мұнда даладағы құм түйіршіктері, теңіздегі тамшылар тәрізді жоғалып кетеді... Бірақ Ресейде енді тығырықтан шығудың кооперативтік кәсіпорындардан басқа жолы да жоқ, басқа іс те жоқ деу әділдікке жата ма? Біз мұны үзілді-кесілді әділетсіздік деп ойлаймыз. Орыс халқында әлеуметтік революцияның қажетті шарттары ретінде біз көрсете алатын алғашқы екі элементі аса кең көлемде бар. Ол шектен шыққан қайыршылығымен, сондай-ақ қылаусыз құлдығымен мақтана алады. Оның қайғы-қасіретінің шегі жоқ, ол оны шыдамдылықпен емес, қайта тамыры тереңде жатқан асқан жанкештілікпен бастан кешіруде, мұның өзі тарихта екі рет, екі жойқын бұлқыныстан көрініс тапты, ол: Стенька Разиннің бүлігі және пугачевтік бүлік, бұл жәйт бірқатар жекелеген шаруалар бүліктерімен күні бүгінге дейін тоқтаусыз жалғасудан көрінісін тауып келеді. Жеңімпаз революция жасауға оған бөгет болып отырған не? Халықтық революцияны парықтай алатын, оған белгілі бір мақсат бере алатын және, біз жоғарыда айтқандай, тұтас бір халықтың бір мезгілде және жаппай көтеріліс жасауы мүмкін емес, демек, революцияның өзінің табысты болуы да мүмкін емес ортақ халықтық мұраттың жетіспеуінен бе? Орыс халқында мұндай мұрат әлі қалыптасып болған жоқ деу әділетті бола қояр ма екен. Егер ол болмаса, егер ол халық санасында, бері салғанда, басты белгілерінде қалыптасып болмаса, онда орыс революциясына қандай да бір үміттен бас тарту керек болар еді, өйткені мұндай мұрат халық өмірінің ең

терең қойнауынан өсіп шығады, халықтық тарихи сынақтардың, оның ұмтылыстарының, азаптарының, наразылықтарының, күрестерінің сөзсіз нәтижесі, сонымен бірге оның нағыз талаптары мен үміттерінің бейнелі де жалпыға түсінікті, әрқашан қарапайым көрінісі болады. Егер халық осы мұратты өз бойында қалыптастыра алмаса, онда оған мұны ешкім де бере алмайтыны түсінікті. Жалпы мынаны айта кету керек, еш пендеге, еш кісіге, еш қоғамға, еш халыққа оның бойында ұрығында ғана емес, тіпті дамудың біршама дәрежесінде жоқ нәрсені беру мүмкін емес. Кісіні алайық: егер оның бойында жанды инстинкт ретінде және сол инстинктті алғаш байқататын азды-көпті айқын түсінік ретінде ой болмаса, онда сіз оған дүниедегі ештеңемен ұғындыра алмайсыз және, ең бастысы, көкейіне қондыра алмайсыз. Өз тағдырына мәз буржуаға қараңыз, сіз оған пролетарийдың адам ретінде толық өсіп-жетілуге және қоғамдық өмірде бар барлық ләззатқа, қанағатқа және игілікке теңдей қатысу құқығын әйтеуір бір кезде түсіндіре аламын немесе оған әлеуметтік революцияның заңдылығы мен құтқарушы қажеттілігін дәлелдей аламын деп үміттенесіз бе? Жоқ, егер сіз ақылыңыздан алжаспасаңыз, бұған тырысып та көрмейсіз; неліктен тырысып көрмейсіз? Өйткені сіз мынаған кәміл сенесіз, сол буржуа табиғатынан қайырымды да, ақылды да, ізгі де, кең пейілді де, әділетке бейім де болсын, – байқайсыз ба мен қандай жеңілдіктер жасап отырмын, ал мұндай буржуа дүниеде некен-саяқ, тіпті ол төтенше білімдар, тіпті ғұлама-ақ болсын, ол бәрібір сізді түсінбейді және әлеуметтік революционер бола алмайды. Неліктен бола алмайды? Қарапайым ғана себеппен, оның өмірі оның бойында сіздің әлеуметтікреволюциялық ойыңызға сәйкес келетін инстинкттік ұмтылыстарды қалыптастырмаған. Егер де, бұған керісінше, бұл ұмтылыстар тіпті ұрық күйінде немесе түсініктің мүлдем оғаш түрінде-ақ оның бойында бар болса, оның қоғамдық жағдайы оның сезімталдығына қаншалықты жайлы тисе де және оның өзімшілдігін қаншалықты қанағаттандыра алса да, ол өзіне өзі риза болмас еді.

Керісінше, шала сауатты, мейлінше қосүрей адамды алыңыз, егер сіз оның бойынан әлеуметтік-революциялық идеяға сәйкес келетін инстинкттер мен қараңғы болса да адал, ұмтылыстарды шынымен аша алсаңыз, оның қазіргі түсініктері қаншалықты жабайы болса да, сіз шошымаңыз, тек онымен шындап, сүйіспеншілікпен айналыса беріңіз, сонда сіз оның сіздің идеяңызды немесе, дұрысы, өзінің төл идеясын құшағын айқара, құшырлана ашқанын көретін боласыз, өйткені, ол оның өзінің төл инстинктінің айқын, толық және қисынды білдірілуінен басқа түк те емес, демек, сіз оған шындап келгенде ештеңе берген жоқсыз, оған жаңа ештеңе айтқан жоқсыз, тек ол сізбен кездескенге дейін бойында бұрыннан болған нәрсені ғана ұғындырдыңыз. Менің ешкім ешкімге ештеңе бере алмайды дейтінім де міне сондықтан. Егер бұл бір кісі хақында әділетті болса, тұтас халық хақында онан сайын әділетті. Халыққа бір нәрсе беруге болады, оған қандай да бір материалдық игілік немесе жаңа ақыли немесе инсанияттық мазмұн, жаңа ақиқат және оның өміріне қалай болса солай жаңа бағыт беруге болады немесе, бұдан отыз алты жыл бұрын марқұм Чаадаев нақ орыс халқы туралы айта келіп, оған, ақ қағазға жазғандай, нені болса да жазуға болады деп ойлау үшін құдай соққан кеще немесе ем қонбайтын доктринер болу керек. Ең ұлы данышпандардың арасында осы кезге дейін халық үшін шынында да бірдеңе бітіргендер аз болды; халық кемеңгерлері тым аристократтар, олардың осы кезге дейін істегендерінің бәрі тек қанаушы азшылықтың білім алуына, күшейе және байи түсуіне ғана қызмет етті; жұрттың бәрі теріс айналып, тапталған халықтың кедей бұқарасы бостандыққа және жарыққа бастайтын ғаламат-азапты соқпағын тас түнекте түртіншектей, ұшы-қиыры жоқ нәтижесіз күш-жігер жұмсай жүріп өтуге тиіс болды. Ең Ұлы кемеңгерлер қоғамға жаңа мазмұн әкелген жоқ, әкеле де алмайтын еді, қайта, қоғамның өзі тудырған олар сан ғасырларға созылған жұмысты жалғастырып, дамыта отырып, сол мазмұнның тек

жаңа пошымдарын әкелді және әкеліп те жатыр, ал ол мазмұн қоғамдық өмірдің өз дамуымен тоқтаусыз жаңадан қайта түлеп, кеңейтіле түсуде. Бірақ, тағы да қайталап айтайын, ең даңқты данышпандар күні бүгінге дейін халық үшін, яғни сан миллиондаған қара жұмысшы пролетариат үшін ештеңе де бітірген жоқ немесе бітіргені шамалы. Халықтың өмірі, халықтың дамуы, халықтың прогресі тек халықтың өзіне ғана тиесілі. Бұл прогресс, әрине, кітаби білім жолымен емес, тәжірибе мен ақыл-ойдың табиғи молығуы жолымен жасалды, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, мазмұны жағынан қажетінше кеңейіп, тереңдей берді, жетіле түсіп, өзінің пошымдарына ие болды, бұл, әлбетте, тым баяу ауыр да ащы тарихи сынақтардың ұшы-қиыры жоқ қатарлары жолымен жүрді, осы жол, ақыр соңында біздің заманда барлық елдердің, бері салғанда барлық еуропалық елдердің халық бұқарасын әлпештеулі таптар мен осы заманғы мемлекеттерден, жалпы саяси төңкерістерден ештеңе де күтуге болмайтынын және олар тек өздерінің күш-жігерімен, әлеуметтік революция арқылы ғана бостандыққа ие бола алатынын түсінуге жеткізді. Бүгін таңда олардың бойына орнығып, қарекет жасайтын жалпыға ортақ мұратты айқындайтын нақ сол. Мұндай мұрат орыс халқының ұғымында бар ма? Бар екеніне күмән жоқ, және, оның басты белгілерін анықтау үшін халқымыздың тарихи сана-сезіміне тым тереңге бойлаудың да қажеті жоқ. Басты және негізгі белгі – жер, бүкіл жер оны өз маңдай терімен суарып, өз қолымен атқаратын еңбегімен баптайтын халыққа тиесілі деген жалпы халықтық кәміл сенім. Нақ сондай ірі екінші белгі, оны пайдалану құқығы жеке кісіге емес, оны кісілер апасында уақытша бөлетін тұтас қауымға, тиесілі; алдыңғы екеуімен маңыздылығы бірдей үшінші белгі – квазиабсолютті автономия, қауымдық өзін-өзі басқару және соның салдарының қауымның мемлекетке үзілді-кесілді дұшпандық көзқарасы. Орыстың халықтық мұратының негізінде жатқан басты үш белгі міне осылар. Олар өзінің мәнісі жағынан соңғы жылдары латын елдері

пролетариатының санасында қалыптасып келе жатқан мұратқа әбден сай келеді, бұл елдер герман елдеріне қарағанда қазір әлеуметтік революцияға әлдеқайда жақын тұр. Алайда орыстың халықтық мұратына басқа үш белгі қаяу түсіріп тұр, олар оның сипатын бұрмалап, жүзеге асырылуын төтенше қиындатып, баяулатады; сондықтан да біз барлық күшімізбен сол белгілерге қарсы күресуге тиіспіз, және олар халықтың өзінің бойында болғандықтан, оларға қарсы күрес мүмкін бола түседі. Қаяу түсіріп отырған осынау үш белгі мыналар: 1) патриархалдық; 2) қауымның кісіні билеп-төстеуі; 3) патшаға сенім. Төртінші белгі ретінде ресми-православиелік немесе сектанттық христиандық діни сенімді қосуға болар еді; бірақ біздің пікіріміз бойынша, біздің Ресейде бұл мәселе Батыс Еуропадағы, тек католиктік қана емес, тіпті протестанттық елдердегідей маңыздылыққа тіпті де ие болып отырған жоқ. Әлеуметтік революционерлер, әлбетте, оны елеусіз қалдырып жүрген жоқ және халықтың алдында Саваоф тәңрі мен оның жердегі діни, метафизикалық, саяси, заңдық, полицейлік және буржуазиялықэкономикалық өкілдеріне шыңғырған шындықты айтып қалудың әрбір сәтін қалт жібермей пайдаланып қалады. Бірақ олар дін мәселесін бірінші орынға қоймайды, өйткені халықтың, ондағы надандықпен табиғи байланысты соқыр сенімі, алайда, сол надандықтан гөрі, оның қайыршылығынан, оның материалдық қасіреті мен олар күн сайын тап болатын адам айтқысыз қыспақтардан өрбігендігіне; діни түсініктер мен аңыздар, қисынсыз қиялилыққа осынау ғаламат бейімділік – теориялықтан құбылыстан гөрі әлдеқайда практикалық құбылыс екендігіне, атап айтқанда, ақыл-ойдың сансырауы емес, адам төзгісіз өмірлік құрсауға қарсы өмірдің өзінің, ырық пен нәпсінің қарсылығы екеніне; халық үшін шіркеу аспан кабагы іспетті екенін, кабак жер бетіндегі аспан шіркеуі іспетті елестетілетініне; шіркеу де, кабакта та ол өзінің аш-жалаңаштығын, өзінің езгіде жүргенін, өзінің қорланғанын бір сәтке болса да ұмытады, өзінің күн сайынғы қасіретін ұмытуға – бірде пәтуасыз діни сенімде, бірде

шарап буынан ұмытуға тырысатынына кәміл сенеді. Бір мастық екіншісімен барабар. Әлеуметтік революционерлер мұны біледі және сондықтан халықтың діншілдігін тіпті де еркін ойшылдар дейтіндердің дерексіз де доктринерлық насихатымен емес, тек әлеуметтік революциямен ғана жоюға болатынына кәміл сенеді. Осынау еркін ойшылдар аталатын мырзалар бастан аяқ буржуа, өздерін позитивистерміз деп атап, материалистерміз деп ойлайғанның өзінде де амалдарымен, дағдыларымен, тыныс-тіршілігімен ем қонбас метафизиктер. Оларға өмір ылғи да ақылойдан шығатындай болып көрінеді, бәрінен бұрын пайда болған ойдың жүзеге асырылуы болып көрінеді, осының салдарынан өмірді ақыл-ой және, әлбетте, өздерінің де жартыкеш ақыл-ойы да, билеуге тиіс дегенді кесіп айтады; және де олар ақыл-ай, керісінше, өмірден туындайтынын, сондықтан да ақыл-ойды өзгерту үшін ең алдымен өмірді өзгерту керек екенін түсінбейді. Халыққа адамға лайық дарқан өмір беріңіз, сонда ол өз ойының терең ұтымдылығымен сізді қайран қалдырады. Өздерін еркін ойшылдарымыз деп атайтын жырынды доктринерлардың практикалық істен бұрын теориялық, дінге қарсы насихатты жүргізетіндігінің тағы бір себебі бар. Олардың көбісі нашар революционерлер және жай ғана даңғой эгостер мен қорқақтар. Мұның үстіне олар жағдайы бойынша оқыған таптарға жатады және осы таптар өмірде ағыл-тегіл комфорт пен үлбіреген сүйкімділікті ойшыл атаққұмар ләззатты бәрінен артық көреді. Олар өзінің мәнісі жағынан және өзінің мақсаты жағынан ожар да әдепсіз халық революциясы өздері олар жайлы да жақсы өмір сүріп жатқан буржуазия дүниесін құртып жіберуден таймайтынын түсінеді және мұның үстіне олар революциялық іске адал қызмет етуден туындайтын елеулі қолайсыздықтарға ұшырауға тіпті де құштар еместіктен, сондай-ақ олар либералдығы мен батылдығы кемірек болса да, бәрібір қымбатты қамқоршыларының, құрметтеушілерінің, білім алу, тұрмыстық байланыстар, әсемдік пен материалдық жайлылық

жағынан достары мен жолдастарының өздеріне қарсы ашу-ызасын туғызғысы келмейтіндіктен, олар жай ғана өздері үшін революция өздерін тұғырынан тайдырып, қазіргі жағдайының барлық пайдасынан кенеттен жұрдай ететін ондай революцияны қаламайды және одан қорқады. Ал бұл екі арада олар мұнысын мойындағысы келмейді, олардың буржуазиялық дүниені өзінің радикализмімен таңдандырып, революцияшыл жастарды, мүмкін болып жатса, халықтың өзін де еліктіріп әкетуі керек. Бұл арада не істеген жөн? Буржуазиялық дүниені қайран қалдыру және оны ашуландырмау керек, революцияшыл жастарды еліктіру және сонымен бірге революциялық құздан айналып өту керек! Мұның бір ғана құралы бар: өзінің жалған революциялық ашу-ызасының бәрін алла тағалаға қарсы бағыт керек. Оның жоқ екеніне олардың сенетіндігі сонша, оның қаһарынан қорықпайды. Бастықтардың, патшадан бастап соңғы полицейге дейінгі бастықтардың жөні бөлек! Банкир мен саудагер жидтен бастап, ең соңғы көпес-кулак пен помещикке дейін бай және қоғамдық жағдайы бойынша құдіретті адамдардың жөні бөлек! Олардың ашу-ызасы тым қатты болуы мүмкін. Осындай толғам пәрменімен, олар әлбетте, қалталарына салып жүретін, өздерінің таусылмас мылжың сөзімен шатпақтай беретін ғылым мүддесі үшін жаратқанға аяусыз соғыс жариялап, дінді, барлық көріністері мен түрлерін қоса, шексіз батылдықпен теріске шығарады, діни ілім мен метафизикалық сандырақты халықтың барлық соқыр сенімдерін талқандайды, – бірақ сөйте тұра мына жалғанның барлық саяси және қоғамдық күштеріне төтенше үздіге тіл қатады, егер де логика мен қоғамдық пікірдің қыспағы оларды теріске шығаруға мәжбүр еткен күнде де, мұны асқан әдептілікпен, асқан момақандықпен істейтіні соншалық, оларға ашуланғануы үшін төтенше дөйт мінез керек, олар шығар жолды да сөзсіз тауып қояды және оларды түзете алу үмітін де білдіреді. Оларға үміт артып, сенудің осынау қабілетінің молдығы соншалық, олар тіпті біздің үкімет орнындағы сенат ерте ме, кеш пе халықты азат ету органына

айналады деп те топшылай береді. (мерзімді емес «Вперед» басылымының соңғы, үшінші бағдарламасын қара, ол таяуда Цюрихте жарық көреді деп күтілуде). Бірақ осынау алаяқтарды жайына қалдырып, өз мәселемізге мойын бұрайық. Халықты ешқашан, ешқандай себеппен және ешқандай мақсатпен алдауға болмайды. Бұл жай ғана қылмыс емес, революциялық іс жетістіктерінің түрлерінде де зиянды; зиянды болатыны, алдау атаулы шындап келгенде көр соқырлық, ұқсастық, өре тайчздығы, қашанда тігісі әрқашан ақ әрі шірік жіппен көктелген нәрсе, соның салдарынан сөзсіз сөгіліп кетіп, қақырап жатады және революцияшыл жастар үшін де барып тұрған жалған, кенет пайда болған, делқұлы да халыққа жиіркенішті бағыт. Адам тек өз шындығында таймаса, өзінің аса кәміл сенімдеріне сай сөйлеп, қарекет жасағанда ғана мығым. Сонда, ол мейлі қандай жағдайда болсын, әрқашан не айтып, не істейтінін біледі. Ол өліп те кетуі мүмкін, бірақ масқара бола алмайды, өз ісін де масқара ете алмайды. Егер біз халықты өтірік жолымен азат етуге ұмтылатын болсақ, онда сөзсіз шатасамыз, жолдан адасамыз, мақсатымыздың өзінен айрыламыз, және егер халыққа қандай да бір ықпалымыз болса, онда халықтың өзін де жолдан тайдырамыз, яғни реакцияның пайдасы мағынасында да қарекет жасаймыз. Сондықтан, біздің өзіміз кәміл сенімді құдайсыздар, діни наным-сенім атаулының дұшпандары және материалистер болғандықтан, халықпен иман туралы сөйлесетін кездің бәрінде, оған өзіміздің дінге сенбейтінімізді барынша толық, одан да асырып айтайын, дінге дұшпандық көзқарасымызды жасырмай айтуға міндеттіміз. Оның осы тақырыптағы барлық сұрақтарына адалдықпен жауап беруге тиіспіз және, тіпті қажет кезінде, яғни табыс бой көрсете бастаған кезде де, оған өз көзқарастарымыздың әділеттілігін түсіндіріп, дәлелдеуге ұмтылуға тиіспіз. Бірақ біз мұндай әңгіме бастайтын сәтті өзіміз іздемеуге тиіспіз. Біз халық арасындағы насихатымызда дін мәселесін бірінші орынға қоймауға тиіспіз.

Мұны істеу, біздің терең сеніміміз бойынша, халық ісіне сатқындық пен бірдей. Халық – доктринер емес, философ емес. Оның бір мезгілде көптеген мәселелермен шұғылданатын бос уақыты да, әдеті де жоқ. Бір шаруаға елігіп кеткенде, ол басқаның бәрін ұмытады. Сондықтан біздің тікелей міндетіміз, оның алдына, оның бостандыққа жетуі бәрінен бұрын мәселенің шешілуіне байланысты басты мәселені қою. Бірақ бұл мәселені оның өзінің жағдайы, бүкіл ғұмыры көрсетіп отыр, бұл – экономикалықсаяси мәселе, әлеуметтік революция мағынасында экономикалық, мемлекетті талқандау мағынасында саяси мәселе. Оны дін мәселесіне бас қатырту – оны нағыз істен басқа жаққа бұрып жіберу, яғни оның ісін сатып кету. Халық ісі жалғыз ғана халық мұратын, халықтың өз бойына тамыр жайған, түзетумен және оны барынша жақсы, нысанаға тура да тезірек жеткізетін бағытпен жүзеге асыру. Біз орыс халқының мұратына қаяу салатын басты үш белгіні көрсеттік. Енді ескерте кетелік, олардың соңғы екеуі: қауымның кісіні билеп-төстеуі және патшаны құдайдай құрметтеуі, шындап келгенде, оның біріншісінің, яғни патриархалдықтың табиғи нәтижесі ретінде туындайды, сондықтан да патриархалдық басты тарихи, бірақ, амал қанша, тікелей халықтық жамандық, оған қарсы біз барлық күшімізбен күресуге міндеттіміз. Сол жамандық бүкіл орыс тіршілігінің өңін айналдырып, оған кещелік марғаулықтың, аяқ аттатпас төл батпақтың, сүйекке сіңген жалғандықтың ашқарақ екіжүзділіктің ақыр соңында, малайлық құлдықтың таңбасын басты, нақ солар ол өмірді адам төзгісіз етті. Күйеудің, әкенің, содан кейін ағаның деспотизмі өзінің заңдық-экономикалық бастауы бойынша инсаниятсыз отбасын салтанат құрған зорлық-зомбылық пен өзімбілемдіктің, үй ішіндегі күн сайынғы адамдық пен азғындықтың мектебіне айналдырды. Ағартылған табыт – орыс отбасын анықтау үшін таптырмайтын тіркес. Мейірбан орыс отағасы, егер ол шынында да

мейірбан, бірақ жуас болса, жазығы да, жауабы да жоқ жай ғана шошқа, ештеңені анық сезінбейтін, белгілі бір анық ештеңені қаламайтын, бәрін де енжар істейтін, сонысымен бір мезгілде жақсылық пен жамандықты қатар істей беретін мақұлық. Оның қарекеті мақсаттан гөрі жағдайға қарай, бір сәттік сезімге және ең бастысы, ортаға қарай жасала салады; отбасында мойынсұнуға дағдыланған ол, қоғамда да мойынсұнуын жалғастырып, жел қалай соқса солай қарай иіле береді, ол құл болып, сол күйінде қала беруге жаралған, бірақ деспот бола алмайды. Бұған оның күш-қайраты жетпейді. Сондықтан оның өзі дүре соға алмайды, бірақ бастық қамшы астына алғысы келген сол бақытсыз бейбақты, кінәлі не кінәсіз болсын, сөзсіз ұстап тұрады; ал бастық дегеніңіз ол үш басты да қасиетті үш түрде: әке түрінде, қауым түрінде және патша түрінде көрінеді. Егер ол қияңқы да жігерлі адам болса, ол бір мезгілде әрі құл, әрі деспот; өзінен төмен және оның өзімбілемдігіне тәуелді адамның бәріне қалағанын істейтін деспот бола алады. Ал оның қожайындары қауым мен патша. Егер оның өзі отағасы болса, ол өз үйінде шектен шыққан деспот, бірақ қауымның малайы патшаның құлы. Қауым – оның дүниесі. Ол – оның отбасының, оның ұрпағының табиғи кеңеюінен өзге ештеңе де емес. Сондықтан да онда тап сол патриархалдық бастау, тап сол жиіркенішті деспотизм және тап сол арами құлдық ұру басым түсіп жатады, сол себепті де тап сол тамыр жайған әділетсіздік, және тап сол жеке құқықты, отбасының өзіндегі сияқты, түбегейлі мойындамау басым. Қауымның шешімі, мейлі ол қандай болса да, заң. «Қауымға кім қарсы шыға алсын!» – орыс мұжығы осылай деп таңдана, үн қатады. Біз қауымнан тыс, немесе, дұрысы, соның үстінде тұрған патшадан, оның шенеуніктері мен дворяндардан басқа, орыс халқының өзінде қауымға қарсы шыға алатын кісі бар екенін көреміз: ол – қарақшы. Қарақшылық Ресейде маңызды тарихи құбылыс екендігі міне сондықтан – Ресейдегі алғашқы бүлікшілер, алғашқы революционерлер, Пугачев пен Стенька Разин қарақшылар болған.

Қауымда тек қарттардың, отағасының ғана дауыс құқығы бар. Үйленбеген немесе үйленсе де ең еншісін алмаған жастар айтқанға көніп, айдағанға жүре беруге тиіс. Бірақ қауымның, қауым атаулының үстінде патша, жалпыға ортақ патриарх және әулетбасы, бүкіл Ресейдің әкесі тұры. Сондықтан да оның билігі шексіз. Әрбір қауым тұйық бүтінді құрайды, соның салдарынан – ал мұның өзі Ресейдің басты қасіреттерінің бірі – бірде-бір қауымның өзге қауымдармен ешқандай дербес табиғи байланысы жоқ және оған қажеттілікті де сезінбейді. Олар өзара тек патша-ағзамның, тек оның жоғарғы, әкелік билігі арқылы ғана байланысады. Біз мұны нағыз сор дейміз. Мұндай бөлшектеу халықты қауқарсыз етеьіні, әрқашан жергілікті және байланыссыз бүліктерін сөзсіз жеңіліске ұшырататыны, сонысымен деспоттық биліктің салтанатын арттыра түсетіні түсінікті. Демек, барша ықтимал құралдармен және қайткен күнде де бөлшектеліп қалған қауымдар арасында бүлікшілдік жанды байланыстар орнату революцияшыл жастардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Қиын міндет, бірақ орындалмас міндет емес, өйткені тарих бізге бұлғақ замандарда, мысалы, Жалған Дмитрий тұсындағы өзара қырқыс, Стенька Разин және Пугачевтік революциялар, сондай-ақ новгородтық бүлік кезінде де, император Николай патшалығының басқы кезінде қауымдардың өзі өз қозғалысымен, осынау құтқарарлық байланысты орнатуға ұмтылғанын көрсетеді. Қауымдар саны қисапсыз, ал олардың ортақ патша-ағзамы бір өзі баршаны билеу үшін тек алла тағаладан сәл ғана төмен, асқар биікке шығып алған. Тіпті алла тағаланың өзі әлемге билік жүргізу үшін қисапсыз шенділер мен аспан күштерінің, серафимдердің, херувимдердің, архангелдердің, алты қанатты және қарапайым қанатты періштелердің қызметіне мұқтаж ғой, ал патша болса шенеуніктерсіз қалай күн көрсін. Оған тұтас әскери, азаматтық, қазылық және полицейлік әкімшілік қажет. Осылайша, патша мен халықтың арасына, патша мен қауымның арасына

әскери, полицейлік, бюрократтық және сөзсіз қатаң орталықтандырылған мемлекет тұрып алады. Осылайша, қиялдағы патша-әкей, халықтың қамқоры мен жарылқаушысы қол жетпес асқар биікке, сонау аспан зеңгіріне таяу орын тепкен, ал шын патша, патша-дойыр, патша-ұры, патша-жоюшы, мемлекет оның орнына жайғасқан Бұдан, әрине, мынадай оғаш факт туындайды: біздің халық бір мезгілде қиялдағы, болып көрмеген патшаны аруақ тұтады және мемлекетте жүзеге асқан шын патшаны иттің етінен жек көреді. Біздің халық мемлекетті жан-тәнімен, өлердей жек көреді, оның барлық өкілдерін, өзінің алдында қандай түрде көрінсе де, жек көреді. Күні кешелерге дейін оның осынау өшпенділігі дворяндар мен шенеуніктер арасында екіге жарылып жататын да, кей-кейде тіпті ол соңғыларынан гөрі біріншісін қаттырақ жек көретін секілді көрінетін, дегенмен, ол оларды бірдей жек көретін-ді. Бірақ басыбайлылық құқығының жойылуының салдарынан дворяндар көпе-көрнеу жұтап, пышырап, өзінің бастапқы таза қызметтік сословие кейпіне айнала бастағанда, халық оны бүкіл шенеуніктік сословиеге деген ортақ өшпенділікке толы құшағына алды. Оның өшпенділігінің қаншалықты дәрежеде заңды екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қояр ма екен! Мемлекет өзінің патриархтық бастауымен онсыз да азғындап біткен орыс қауымын түкпілікті басып-жаныштап, аздырып болды. Оның езгісінің астында қауымдық сайлаудың өзі алдауға айналды, ал халықтың өзі уақытша сайлайтын кісілер – басшылар, старосталар, онбасылар, старшындар, бір жағынан, биліктің қол шоқпарына, екінші жағынан бай мұжық-кулактардың пара жейтін малайларына айналды. Мұндай жағдайда онсыз да мемлекеттік алым-салықтардан титықтаған бастықтар қиянатынын жаншылған қауымдардың әділеттіліктің, шындықтың, жай ғана адамшылықтың соңғы қалдықтары жойылып бітуге тиіс болатын. Бұрынғы қай кездегіден де кісі үшін қарақшылық, ал тұтас халық үшін – жалпыға бірдей бүлік, революция бірден-бір жол болып қалды.

Мұндай жағдайда біздің ақыли пролетариат, орыстың адал, шынайы, басы бүтін берілген әлеуметтік-революцияшыл жастарымыз не істей алады? Олар халық арасында баруға тиіс, бұған дау жоқ өйткені қазір жержердің бәрінде, негізінен Ресейде халықтан тыс, сан миллиондаған қара жұмысшы бұқарадан тыс өмір де, іс те, болашақ та жоқ. Бірақ халыққа қалай және неліктен бару керек? Қазіргі кезде бізде Нечаев әрекетінің азалы нәтижесінен кейін, бұл жөніндегі пікір, мүлдем қақ жарылып біткендей секілді; бірақ ойдың ортақ бейберекеттігінен қазірдің өзінде басты екі және қарама-қайшы бағыттар көзге түседі. Бірі неғұрлым бейбітшіл және даярлық сипатында; екіншісі – бүлікшіл және тікелей халық қорғанысын ұйымдастыруға ұмтылады. Бірінші бағытты жақтаушылар бұл революцияның шын мүмкіндігіне сенбейді. Бірақ халықтың қайғы-қасіретін тып-тыныш сырттай бақылаушы болып қалғысы келмейтіндіктен және қала алмайтындықтан, олар халықтың қайғы-қасіретін бауырларша бөлісу, сонымен бірге өздерінің жанды үлгі-өнегесімен оларды теориялық тұрғыдан емес, іс жүзінде үйретіп, даярлау үшін соның арасына баруға бел байлайды. Олар фабрика қызметкерлері болады, олармен бірге жұмыс істей жүріп, олардың арасында аралас-құраластық рухын таратуға ұмтылатын болады... Енді біреулері ауыл шаруашылық колонияларын құруға тырысатын болады, оларда біздің шаруаларға әбден таныс жерді ортақ пайдаланумен қатар, оларға әлі беймәлім, бірақ экономикалық жағынан қажетті бастауды, ортақ жерді ұжымдасып өңдеу және өнімді немесе өнім бағасын аса қатаң, заңдық емес, адамдық тұрғысынан, яғни қабілетті де қайраттылардан көбірек, қабілетсіздер мен қауқарсыздардан азырақ жұмыс талап етіп, жалақыны жұмыс көлеміне қарай емес, әркімнің керегіне қарай әділет тұрғысынан өзара тең бөлу бастауында жүргізіп, қолдануға үйретпек. Олар өзіміздің өнегемізбен, ал ең бастысы, ұжымдық еңбекті ұйымдастырудан алынатын пайдамен шаруаларды еліктіре аламыз деп үміттенеді; Кабе де осындай үмітін үкілеген-ді, ол 1848 жылғы сәтсіз

революциядан кейін өзінің икариялықтарымен Америкаға аттанып, онда өзінің Жаңа Икариясының негізін қалады, бірақ ол аз ғана уақыт өмір сүре алды, айта кетуге тиіспіз, мұндай тәжірибенің табысқа жетуі үшін американ топырағы орыс топырағынан бәрібір қолайлы болатын. Америкада толық бостандық үстем, ал біздің құдай берген Ресейде патша үстем. Бірақ халықтың біздегі даярлаушылары мен бейбітшіл басалқыларының үміттері мұнымен шектелмейді. Кісінің толық бостандығы негізінде өзінің үй тіршілігін жайластырғысы келетін олар біздің бүкіл орыс құлдығының негізінде жатқан бәз-баяғы жиіркенішті патриархалдыққа қарсы қимылдағысы келеді. Демек, олар біздің қоғамдық басты қасіретімізді түп-тамырымен жойғысы келді, сөйтіп халық мұратын түзетуге және халық бойына әділеттілік туралы, еркіндік туралы, бостандыққа бастар құралдар туралы нақты ұғымдарды сіңіруге тура жәрдемдеспек. Мұның бәрі тамаша, аса қайырымды да ізгі нәрсе, бірақ орындала қояр ма екен. Ал егер кей жерде мұның сәті түссе де, ол теңізге тамған тамшыдай ғана, және халқымызды даярлау, көтеру және азат ету үшін тіпті де жеткіліксіз тамшы; көп қаражат, көп адам күші қажет болады, ал нәтижесі тым жадау болып шығады. Мұндай жоспарларды өзінше сызып, оларды шынайы жүзеге асырғысы келетіндер мұны, күмән жоқ, ондағы мақсат – біздің орыстық болмысымыздың бүкіл сұмдығын көрмеу үшін көз жұмып істейді,. Олар жоспарын іске асырудың бастапқы сәтінде-ақ тап болатын сұмдық та ауыр түңілу атаулының бәрін күні ілгері айтып беруге болады, өйткені тым аз, ілуде бір сәтті оқиғалардан басқа, олардың көпшілігі сол басталған күйінен ілгерілемейді, ілгерілуге күші де жетпейді. Алдынан басқа ештеңе көре алмаса, байқап көре берсін, бірақ сондайақ қорлық астында жүрген біздің бейшара халқымызды азат ету үшін, құтқару үшін мұның аз, мүлдем аз екенін де біліп қойсын.

Басқа жол жауынгерлік, бүлікшіл жол. Біз соған сенеміз және құтқарылуды тек сонан күтеміз. Біздің халық көмекке аса мұқтаж. Оның әбден титықтаған жағдайы сондай, кез-келген деревняны күрт көтеру қиын емес. Бірақ, көтеріліс атаулы, ол қаншалық сәтсіз болса да, қашан да пайдалы, дегенмен, жеке бұлқыныстар жеткіліксіз. Барлық деревнияларды кенет көтеру керек. Мұның мүмкін екенін бізге Стенька Разин мен Пугачев бастаған халықтың ғаламат қозғалыстары дәлелдейді. Бұл қозғалыстар бізге халқымыздың санасында шынында да ол жүзеге асыруға ұмтылатын мұрат бар екенін дәлелдейді, ал олардың сәтсіздігінен біз осы мұратта елеулі кемшіліктер бар, олар табысқа кедергі жасады және жасап та отыр деген тұжырымға келеміз. Бұл кемшіліктерді біз атап көрсетіп, оларға қарсы тұрып, халықтың санасының өзінен ол кемшіліктерді аластау үшін барлық күш-жігерді пайдалану біздің революцияшыл жастарымыздың тікелей міндеті деген өз пікірімізді айттық, ал мұндай күрестің мүмкін екендігін дәлелдеу үшін ол халықтың өзінде әлдеқашан басталып кеткенін көрсеттік. Патриархалдыққа қарсы күрес қазір әрбір дерлік деревня мен әрбір отбасында жүріп жатыр, және қауымның қазір халыққа жеккөрінішті мемлекеттік билік пен шенеуніктік озбырлықтың қаруына айналып кеткені сонша, соңғыларына қарсы бүлік сонымен бірге қауымдық және дүниауи деспотизмге қарсы бүлікке де айналуда. Патшаны құдайдай құрметтеу, әлі де қалып отыр; ол соңғы он немесе он екі жыл ішінде ақкөңіл император Александрдың даналық және халық сүйгіштік саясатының арқасында халықтың санасының өзінде әбден жалықтырып, әлсіреді деп ойлаймыз. Дворян-помещик-крепостник енді жоқ, ал ол халық өшпенділігінің барлық қаһарын негізінен өзіне үйірген жайтартқышқа айналған еді. Дворян немесе жер иеленуші көпес, ірі кулак қалды, ал ең бастысы шенеунік патшаның, періштесі немесе архангелі қалды. Бірақ шенеунік патшаның ырқын орындайды. Біздің мұжық

патшаға ессіз тарихи сенімнен қаншалық тоттанса да, ол мұны ақырында өзі де түсіне бастады. Қалай түсінбесін! Он жыл бойы ол Ресейдің барлық түкпірінен патшаға өздерінің жоқшы-депутаттарын жіберумен келеді, сонда патшаның аузынан жалғыз-ақ жауапты – «Сіздерге басқа бостандық болмайды! Деген жауапты естіп келеді”. Жоқ, сіздің шаруаңыз, орыс мұжығы надан, бірақ ақымақ емес. Ол көзге ұрып тұратын соншалық фактылардан, өз басынан өткізген сынақтардан кейін, өзінің патшадан асқан жауы жоқ екенін ақыры түсіне бастамаса, таза ақымақ сонда болар еді. Мұны мүмкін болатын барлық тәсілдермен, сезіндіру және халықтың күнделікті өмірінде ернеуінен асып төгіліп жатқан барлық аянышты да қайғылы оқиғаларды пайдаланып, оған шенеуніктердің, помещиктердің, поптардың, кулактардың барлық қиянаттары, күн көрсетпейтін қарақшылық, тонаушылық тікелей патшадан шығып жатқанын, соған сүйенетінін, және тек соның арқасында мүмкін екенін көрсету, қысқасы, оған соншалықты жеккөрінішті мемлекет – патшаның өзі екенін, патшадан басқа ештеңе емес екенін дәлелдеп беру – революциялық насихаттың тікелей, ал қазір басты міндеті осы. Бірақ бұл аз. Ресейде жаппай халық ереуілін тұсап, күні бүгінге дейін мүмкін етпей отырған басты кемшілік – қауымдардың тұйықтығы, шаруалардың жергілікті қауымдарының оқшауландырылып, бөлшектелуі. Қайткен күнде де осы тұйықтықты талқандап, осы жекелеген қауымдар арасында революцияшыл ақыл-ойдың, ерік-жігердің, іс-әрекеттің жанды тогын өткізу керек. Барлық деревнялардың, болыстардың, мүмкіндігінше облыстардың таңдаулы шаруаларын, орыс шаруалар дүниесінің озық адамдарын, табиғи революционерлерін өзара байланыстыру және мүмкін болған жерлерде фабрика қызметкерлері мен шаруалар арасында нақ осындай жанды байланыс орнату керек. Бұл байланыс жеке байланыстардан өзгеше бола алмайды. Оны әрбір деревняның, әрбір болыстың, әрбір облыстың таңдаулы да озық шаруаларының барлық өзге

деревнялардың, болыстардың, облыстардың осындай шаруаларын білуі үшін, сақтықты әлбетте, асқан педанттықпен сақтай отырып орнату керек. Шаруалар арасынан шыққан осы озық адамдарды, олар арқылы бүкіл халықты демесек те, бері салғанда оның елеулі, мейлінше жігерлі бөлігін тұтас халық үшін, бүкіл Ресейдегі, сондай-ақ Ресейден тыс жерлердегі барлық деревнялар, болыстар және облыстар үшін жалпы ортақ қасірет, сондықтан да бір ғана ортақ іс орын алып отырғанына ең алдымен сендіру керек. Оларды халықта мызғымас күш бар екеніне, оған ештеңе де, ешкім де қарсы тұра алмайтынына сендіру керек; егер ол күш күні бүгінге дейін халықты азат ете алмаса онда оның әлі күнге дейін жинақталмауында, ол бір жұдырық болып топтасып, бір уақытта, барлық жерде, жаппай, бір кісідей әрекет ете білмеуінде екеніне сендіру керек. Оны топтастыру үшін, селолардың, болыстардың, облыстардың бір ортақ жоспар бойынша, бүкілхалықтық бостандық дейтін бір ғана мақсатпен байланысып, ұйымдасуы қажет. Біздің халықтың бойында шын мәніндегі бірлік сезімі мен санасы қалыптасуы үшін халықтың баспаханалық, литографиялық, қолжазба немесе тіпті ауызша газетін шығару керек, ол бүгін бір жерде, ертең басқа жерде бұрқ ете қалатын кез-келген оқшау көтеріліс, шаруалар көтерілісі немесе фабрикалық көтеріліс туралы, сондай-ақ Батыс Еуропа пролетариаты жүргізіп жатқан ірі революциялық қозғалыстар туралы Ресейдің барлық жерінде, барлық түкпірінде, облыстарында, болыстары мен селоларында дереу хабарлай алар еді, сонда біздің шаруа мен фабрика қызметкері өзін жалғыз сезінбес еді, қайта керісінше, өзі сияқты езгіде жүрген, есесіне еркіндікке ұмтылған қажыр-қайрат пен ерік-жігерге толы қара жұмысшы бұқарасы әзірлеп жатқан жалпы бұлқынысқа бастайтын орасан зор, шексіз-шетсіз әлем тұрғанын білер еді. Революциялық насихаттың міндеті, және турасын айтсақ, бірден-бір ісі осындай. Жастарымыздың бұл істі қалайша атқаруға тиіс екендігі хақында баспасөз арқылы айтып жату ыңғайсыз.

Бір ғана нәрсені айтайық: орыс халқы біздің сауатты жастарымызды онымен өз өмірінде, өз қасіретінде, өз ісінде, өзінің баз кешкен көтерілісі ұшырасқанда ғана өз жастарымыз деп мойындайды. Оның бұдан былай куәгер ретінде емес, басын бәйгеге тіккен әрекетшіл де озық қатысушы ретінде, жер-жердің бәрінде және әркезде де халықтың ірілі-ұсақты барлық толқулары мен көтерілістерінің қайнаған ортасында жүретін болуы керек. Жастар қатаң ойластырылған және оңды жоспар бойынша қимылдай отырып, бұл ретте өз қарекетін аса қатаң тәртіпке байлауы керек, ондағы мақсат сол бірлікті сақтау, онсыз жеңіске жету мүмкін емес, жастардың өзі осыған тәрбиеленуі және халықты жанкештілік қарсылық көрсетуге ғана емес, сондай-ақ батыл шабуылға шығуға да тәрбиелеу керек. Қорытындыда тағы бір сөз қосайық. Біздің ақылман пролетариатымыз деп атайтын, қазірдің өзінде әлеуметтік-революциялық, яғни жай ғана пұшайман да үмітсіз жағдайда отырған тап, масқаралықпен бостан-бос жоқ болғысы келмесе, енді әлеуметтік-революциялық істің саналы құлшынысына бөленуі керек, бұл тап бүгін таңда халық революциясын дайындаушы, яғни ұйымдастырушы болуға тиіс. Оның басқа жолы жоқ. Рас, ол алған білімінің арқасында халықты тонаушылардың, қанаушылардың және қыспаққа алушылардың мүлдем жыртылыпайырылған, тым қонақжай емес қатарларынан қандай да бір ірілі-ұсақты жылы орынға қол жеткізуге ұмтыла алар еді. Бірақ мұндай орындар барған сайын азая түсуде, сол себепті де оларға аздаған адамдар ғана қол жеткізе алады. Көпшілігі сатқын деген масқаралық таңбаны арқалап, қайыршылықта, пасықтықта, азғындықта өліп тынады. Біз тек сатқындық дегенді ойға алмайтын, ол мүмкін емес дейтіндерге сөз арнаймыз. Қанаушылардың, тұншықтырушылардың және орыс халқының жауларының дүниесімен барлық байланыстарын үзіп, олар өздеріне тек халықты азат ету ісіне ғана тиесілі баға жетпес капитал ретінде, өзін тек халықтық насихатқа, бүкілхалықтық көтерілісті өршітуге және оны ұйымдастыруға жұмсалатын капитал ретінде қарауға тиіс.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ

[...] Позитивистерге консерватистік көзқарас тұрғысынан, дау жоқ, дұрыс айтады: халықтың қара тобыры үшін дін қажет. Күні бүгінге дейін халықты басқару атаулының тұрақты да даусыз мақсаты халықтың өндіргіш күштерін пұрсатты және азды-көпті пәруайым азшылықтың пайдасына қанау болып келгендіктен – мемлекет дегеніңіздің бүкіл мәнісі де нақ осында ғой, – барлық үкіметтердің қолында қараңғы тобырды осындай құрбандықтың қажеттігіне сендірудің құралы болуы қажет. Мұндай құрал тек екі түрлі бола алады: не діни сенім, не зорлық-зомбылық – не құдайдан қорқу, не таяқтан қорқу. Бірақ тек бір ғана озбырлықпен тіпті ең момақан, ең бойкүйез халықты бағындырып ұстап отыра алмайсың. Дүниеде өмір сүретін тіршілік иесі атаулы, оның салыстырмалы әлсіздігі қандай болса, өзінің тіршілігі үшін қажет жағдайдан жұрдай етпекші болған кезде, барынша жігерлі тойтарыс беруге қабілетті; ал халықтың материалдық күші оны қыспаққа алып, қанаушы азшылық күшінен қашанда елеулірек. Сондықтан халықты толық және ұзақ уақытқа жеңіп шығу үшін оның табиғи жігерін жасыту, оның бойындағы тойтарыс күшін әлсіретіп, аздыру қажет. – Бұл діннің шаруасы. Екінші жағынан, халықты езгіде ұстау үшін жалғыз-ақ діннің ықпалы жеткіліксіз. Өмір мүддесінің, мұқтаждықтары мен қажеттілігінің қисыны өздігінен-ақ айқын да күшті екендігі сондай, егер оған тек ырық беріп, мәселелерді іс жүзінде қоюдан тұрақты озбырлықпен тежеп отырмаса, ол халықтың қиялы мен жүрегіндегі кумирлердің бәрінің тас-талқанын шығарар еді; мұның даусыз салдары қазір барлық жерде билеп-төстеп отырған азшылықтың жеңілдіктерін құртып тыну болар еді. Сонымен, тәртіптің сақталуы үшін екі билік: шіркеу және мемлекет билігі, екі қаһар: жер және аспан қаһары бірін-бірі толықтыруып отыруы қажет. Міне сондықтан тарих тарих болғалы бері барлық мемлекеттерде таяқтар

басқару мен діни басқару бірге туған және арасынан қыл өтпейтін
бауырлар болып келген.

Революция жақтастары – біз барлық діни поптардың ғана емес, сондай-ақ ғылым поптарының да жауымыз, – дін халық үшін қажет деп көкитіндердің баршасының жауымыз – бұл жиіркенішті де арам сөйлем, оның мәні мынаған саяды: «Халықтың қараңғылығы бізге, халықты қанаушылар мен қысым жасаушыларға қажет». Біз халықтық дін атаулыны талқандауды және оны халықтық біліммен алмастыруды қалаймыз. Иә, біз халыққа арналған парасатты, қатаң ғылыми білімді қалаймыз. Біздің оны қалайтынымыз, мемлекеттің қандай да бір қамқоршылығынан халықтың біржола азат болуын қалайтындығымыздан; бірақ мұны революцияшыл доктринёрлардың жаңа қамқоршылығына душар ету үшін қаламаймыз. Нағыз революция қамқоршылық атаулыны мүлдем талқандаудан, мемлекеттілік атаулыны түбірімен жоюдан тұрады. Біз халықтың кәмелеттілігін қалаймыз, ал кәмелетке жету үшін ғылым қажет. Демек, дейді бізге, сіздер, бері салғанда халықты уақытша болса да, атап айтқанда, ол ғылыммен суарылғанша қамқоршылыққа алудың заңдылығы мен қажеттілігін мойындайсыздар ғой? Жоқ, олай емес. Біз бұл қажеттілікті мойындау былай тұрсын, қайта, халықтың сауаты қаншалықты төмен болса да және халықты қамқорлыққа алудың атаққұмарлық ісін қолға алғысы келетін халықты сүйетін жандар қаншалықты сауатты да шынайы адал болса да, бұл қамқорлық олардың өздерін сөзсіз азғындатып, халық үшін құлдықтың, қайыршыланудың, ақыли және инсанияттық тоқырауының даусыз қайнарына айналар еді. Өкімет атаулының логикасы сондай, ол бір мезгілде-ақ өзін қолында ұстағандарды да тыпыр еткізбей бүлдіріп, оған бағыныштыларды да тұншықтырып отырады.

Сонымен, біз, халық дамудың қандай сатысында тұрмасын, ол халықты қамқоршылыққа алу, құқығын да, пайдасын да ешқандай жағдайда мойындамаймыз. Біздің мойындай алатындығымыздың бары, халық әлі соқыр сенімдер бой алдырып, діни сенімдермен және үміттермен мастанып жүрген жерде, ғылымның парасатты үні дүниенің мән-жайын әлі түсіндіріп үлгермеген жерде және бостандық дегеніңіз ұзақ уақыт түске де кірмегендіктен нәтижесінде мінез-құлық айналған пен өзінің бойындағы төл күшін сезіну өсіп-жетілмеген жерде халықтық бағыну, халықтық төзімділік пен мойынсұну фактысының өзінің табиғи нәрсе екендігі – ғана. Бірақ халықтың қараңғылығын осылайша пайдаланатын адамдар, бұдан көркемірек бола алмайды. Сондықтан да біздің міндетіміз ең алдымен халықтың қараңғылығын жою. Бірақ ол түпкілікті тек ғылым күшімен ғана жойылады. Ал ғылым халық қол жеткізе алатын нәрсе ме? Неге болмасын? Оған біздің қолымыз жетіп жүр ғой, ал халықтың қатарында бізден, құрметті оқырман, тегінде ақылдырақ көп-көп адамдар бар. Оның үстіне табиғат нақ біздің халықты сырт айналмағанын, оның ақылы соны да құдіретті, ең негізгісі еркін екенін. Сіздер білесіздер, оның соқыр сенімдерінің бәрі беріде жатыр, біреуі де оның бойында орнынан қозғалмас зіл батпан, салмаққа айналып үлгерген жоқ. Бірақ оның бос уақыты жоқ, оқуға қаржысы жоқ. Оның үстіне, қазір бұрынғыдан да құдіреттірек бола түскен үкімет нағыз халықтық ағартуға кедергі жасау үшін өзінің орасан зор барлық құралдарын жұмсайтыны күмәнсіз. Иә, бар мәселе, бүкіл әлеуметтік мәселе осында. Революцияның өзінің қажетілігі де сонда жатыр. Осы мәселенің қалайша оғаш қойылып отырғанын қараңыздаршы! Былай қарағанда шығар жері жоқ тұйық: халықты азат ету үшін, оны үйрету керек; ал оны үйрету үшін оның оқуына қаржы, ынта және уақыт беру керек, яғни оны қазіргі басп-жаншып тұрған саяси және әлеуметтік

езгіден азат ету керек. Не істеу керек, неден бастау керек, біз қай тұстан іске кірісуге тиіспіз? Көптеген адамдар: бүкіл Ресей бойынша халықтық мектептер ашу керек, – дейді. Барлық титықтаған және титықтағандықтан немесе қорқыныштан әлсіреп біткен адамдар, әсіресе қазір, осылай дейді. Иә, халықтық мектептер, күмән жоқ – тамаша іс. Тек халықтың мектептерге баруына немесе оларға балаларын жіберуіне уақытты, ынта-ықыласты, мүмкіндікті кім береді? Ол аштан қатып өлмеу қамындағы жұмыстан бел жаза алмай жүр ғой. Және мектепті кім ашады? үкімет пе? дворяндар ма? бай адамдар ма? поптар ма? яғни халықтық мектептерді нақ соларға қарсы ұйымдастыру көзделіп отырғандар ма? Бұл жосықсыздық қой. Және, оғаштығы сол, осынау жосықсыздық бізде, Ресейде белгілі дәрежеде жүзеге асырылуға шақ қалды. Дворяндар сословиесі арасында, Мәскеу Патшалығы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекетпен бірге болып, халықтың нағыз қас жауы, тонаушысы, азаптаушысы болып келгендердің арасында халықты ағартудың және халықты азат етудің ісіне шын берілген адамдар табылды. Барлық Декабристер мен Петрашевшілдер соларға жататын; қазір алаңсыз патшалық құрып, жайбарақат күн кешіп жатқан император Сібірге тұтқынға жөнелтіп, жер аударған саяси қылмыстылардың басым көпшілігі соларға жатады. Нигилистер дейтіндердің, сондай-ақ Нигилист әйелдердің басым көпшілігі сол сословиеден шыққандар, сонымен қатар қазіргі кезде халықтың қамын жеп, – әлбетте, соттар мен земство жиналыстарындағы орасан көп дворяндық басымдыққа қарсы шыққан кейбір жекелеген тұлғалар осы сословиеден. Дворяндар, тұтас губерниялар өкілдері, 1862 жылы сословиелерді жоюды және бүкілхалықтық земство жиналысын шақыруды талап етті. Ақыр соңында, шаруалар қатарына жазылуды қалаған дворяндар да болды. Дворяндық қадір-қасиетті, дворяндық парызды және дворяндық мүддені олардан жақсы түсінетін үкімет, әлбетте, мұның бірдебіреуіне келіспеді.

Осынау оғаш құбылыс, айтпақшы, әбден табиғи түсіндіріледі. Дворяндардың бізде батыстық оқу-ағартудың нұр сәулесі шарпыған тұңғыш және талай ондаған жылдар бойы бірден-бір сословие болып келгені белгілі; ал оқу-ағартудың жемісті күш-құдіретке ие екендігі соншалық, ол пасықтыққа толы саяси және экономикалық жағдайлардың (күні бүгінге дейін біздің дворяндарымызды малайлық пен тағылыққа душар ететін) бәріне қарамастан, тіпті дворяндық ортаның өзінде, әсіресе дворян жастары арасында, құлдықты жек көретін, әділетті сүйетін және халыққа мейілінше адами қарым-қатынастар тұрғысынан қарауды талап ететін жандарды топтастырып үлгерді, олардың білімге ие болуының өзі сол халықтың маңдай тері мен қан жұтқан азабына негізделді емес пе? Олардың арасындағы бірен-сарандары әлбетте өздері әділетті деп мойындайтын жәйтті шын мәнісінде жүзеге асыруда және халықты азат етуде қалайтын бірінші шарт қазіргідей күйге түсірген экономикалық жағдайларды түп тамырымен жою болуға тиіс деп түсінді, осы жағдайлардың арқасында олар – пұрсатты сословие – білім алу мүмкіндігіне ие болды, ал өзінің жерін немесе одан тартып алынған жерді өңдеуші халық қараңғылықтан көз ашпады. Соған қарамастан, олардың ұмтылыстары, құқыққа және халықтың мүдделеріне негізделмегендіктен әлсіз де жеміссіз болғанымен шынайы да ізгі еді. Бірақ пұрсатты, мұрагерлік меншікке, яғни халық еңбегін қанауға негізделген өркеният Ресейде, Еуропада, барлық жерде бүгінде, қашандағысындай ішкі қайшылықтарға толы, бұл қайшылықтар ерте ме, кеш пе өзімшіл немесе сословиелік күштердің белең алуы жағдайында шындыққа, әділеттілікке және ортақ игілікке деген бастапқы риясыз-балаң ұмтылысты таптап тастауға тиіс. Шынында да, соңғы кездері сословиелік мүдделердің қисыны біздің үкіметтен тыс мән-мағынадан да, күштен де жұрдай сословиелердің санасында, саяси бағытының өзінде де айқынырақ біліне бастады. Ақырында жаңа реформалардан жұтап қалған және ескі дағдымен

қазыналық-қызметтік ұрлық жасаумен өздерінің поместьелерін қолдау мүмкіндігін сақтап қалған дворяндардың бір бөлігі өз пайдасынан айырылмау үшін және өзін сословие ретінде құтқарып қалу үшін халыққа қарсы тұруда үкіметті, мемлекетті, патшаны жаппай қолдау керек екенін түсіне бастады. Оның үстіне бізде қазір революциялық мәселенің өзі де айқынырақ та түсініктірек қойылып отыр, және, біздің сенімімізше, оғаш, түсініктер мен ұмтылыстардың төтенше зиянды кірігуінің шырмауынан барған сайын құтылып шығуда, мұның өзі күні кешеге дейін революцияшыл түйсік атаулыдан жат адамдардың өздерін шынында да революционерлер деп білуіне мүмкіндік беріп отыр. Олар өздерін де, басқаларды да алдап, істі әбден бүлдірген-ді. Ресейде де, тұтас Еуропада да әлеуметтік революциядан да басқа революцияның болуы мүмкін емес екендігі айқын болған кезден бері әлеуметтік революция орта жолда тоқтап қала алмайтынын біле отырып, мұраға алған немесе сәті түсіп тапқан байлықтарын сақтап, балаларына беруді көздеген бай адамдардың көпшілігі өздеріне революциялық саптан орын табылмайтынын, олардың жеке мүдделері үкіметпен, мемлекетпен тығыз одақты талап ететінін түсінді. Соның салдарынан біздің қатарымыздағы дәулетті дворяндар мен дворян еместер саны айтарлықтай азая түсті, олардың орнын халық ісін сүюге, түсінуге және оның өкілі болуға мейлінше қабілетті адамдар басты; бұлар: түгі қалмай жұтаған дворяндардың балалары, разночинецтер, семинаристер, мещандар және шаруалардың балалары. Біздің халықтық, мемлекетке қарсы фаланга – революцияшыл ой мен халықтың арасындағы делдал қазір негізінен және түгел дерлік. Қазіргі патшалықтың бастапқы кезінде бұл сан алуандық болмаған-ды немесе онша сезілмейтін. Барлық сословиелердің білімді жастары қозғалыс партияларына келіп құйылып жатқандай болды; игілікті Қырым ойранының салдарынан, император Николай патшалығының ұятын лайықты ашып берген, мемлекет үшін масқаралық соғыстан соң (1853– 1856 жылдардағы Қырым соғысы айтылып отыр – Баспа) бүкіл Ресей дүр

сілкініп, қайта туғандай болды, халықты азат ету туралы ой жалпыға ортақ ойға айналды; осы мақсатқа қол жеткізудің сенімді құралы ғылым екеніне ешкім де күмәнданбағандықтан, түрлі сословиелердің көптеген жастары халықтық, жексенбілік және жексенбілік емес мектептерді құруға жаппай кірісті. Қысқа мерзімнің өзінде-ақ Ресейде бой көтерген мұндай мектептердің саны айтарлықтай болды, бәрі де тамаша жүріп берді: сәулелі үміт оты оятқан халық ақылмен, ынтамен оқи бастады. Осындай оқумен бір он жылды артқа тастағанда, ол тым шығандап кететін еді... Бірақ кемеңгер үкімет кенет бәрін тоқтатты. Иә, бұл арада үкімет, даусыз кемеңгерлік көрсетті. Ол халықты ағарту өзі үшін, мемлекеттік билік үшін, тұтас империя үшін тажал екенін түсінді. Петр ұрпағының сөзсіз аса ақылды өкілі ІІ Екатеринаның халықты ағарту қажеттігі туралы айтқан әдеттегі сөздеріне сеніп қалған губернаторлардың бірі оған халық үшін мектеп ашу туралы жобасын ұсынғанда. Оған жолдаған хатында Екатерина: «Ақымақ! Бұл сөздердің бәрі батыс мылжыңдарын алдасуға жарамды; біздің халық тезірек сауат ашатын болса, онда сен де, мен де өз орындарымызда қала алмайтынымызды сен білуге тиіс едің ғой», – деп жазған. Шынында да, ғылым шапағы арқасында өзінің күшін, өзінің шын пайдасын түсінген халық іргесі қаланғаннан бері бүкіл өмірі мен гүлденуі халықтың қайыршылануы мен құлдығына негізделіп келген және тиісінше солай болып қала беретін империяны бағып-күту үшін жыл сайын бірнеше жүздеген миллион сом төлеуді, өз қанын беруді қаламас еді. Біздің халыққа оның ғасырлар бойғы талабы сәтті табылған екі-ақ сөзбен жеткізілген-ді, ең әуелі Жер мен Ерік қажет. Ал әсіресе біздің империяның және жалпы әскери-бюрократтық мемлекет атаулыынң құрылысы сондай, олар тіпті қалаған күнде де халыққа оның қай қайсысын да мүлдем бере алмайды. Біздің халық осыны түсінген күні империяның аяғы аспаннан келеді, демек оның тіршілігінің бәрі халықтың қараңғылығына негізделген. Осыдан кейін үкімет әйтеуір бір

кездері халық арасында ағарту ісін шындап таратпақ екен деп қалайша үміттенбекпіз? Ол, өз көзқарасы тұрғысынан, халыққа арналған ұтымды мектептер құруға барлық мүмкін болатын шаралармен қарсылық көсреткенде, оныкі жөн емес пе? Халықтық ғылымның барлық шынайы жоқшыларын оның хайуандықпен, аяусыздықпен жаншып тастайтындығына күмән жоқ. Бірақ біз оның қатыгездігіне таңданбаймыз да, тіпті онысын кінәламаймыз да. Ол өз шаруасын істейді. Өзін сақтап қалу үшін халықты тұншықтыру – кез келген мемлекеттің ісі; дәл сол секілді, халықты құтқару үшін мемлекетті талқандау – революция адамдарының ісі. «Күш тең емес шайқаста кім төтеп береді?». Қазірігі күш, сөз жоқ, мемлекет жағында. Есесіне болашақтың күші, үмітіміз бар, қашық емес болашақтың күші – халық жағында. Қайта, керісінше, халыққа арнап озық адамдар іргесін қалаған жексенбілік және басқа мектептерді үкіметтің жаппауына болатын еді; жұмысшы артельдерінің құрылып, өркендеуіне төзімділік таныта алар еді; еркін сынға төтеп бере алар еді және цензурасыз баспасөзден тіпті өзіне пайда да таба алар еді; мемлекеттік ақыл-ой мен пайданың ең таңдаулы өкілі біздің патриот Михаил Николаевич Муравьев – дарға асушыны көмекке шақырмауына болатын еді; жалған азат етілудің әп дегеннен аңғара алмаған шаруаларды дүреге жығып, атып тастамауына болатын еді; поляктардың қанына шомылмауына және өздерін халықты ағарту мен халықты азат ету ісіне арнаған жүздеген жас жігіттерімізді каторгага жер аударып, тұтқында ұстап, көзін жоймауына да болатын еді; қысқасы, империя мүддесін өзіне құл ретінде жұмыс істейтін және онда абақтыдағыдай қамалған орыстар мен орыс емес халықтардың мүддесімен татуластыра алатын деуге бел байлайтындарға қайран қаламыз. Мойындаймыз, үкіметтің жамандық жасамау, қайта жақсылық жасау, тек жамандық жағына емес, жақсылық жағына да ғажайыптар

жасау қабілетіне мұндай сенім бізге әркез таңғаларлықтай аңқаулық боп көрінетін. Біздің бұл аңқаулыққа қатысымыз жоқ; үкіметтен немесе тіпті, дұрысы үкімет соның мүддесін көздейтін мемлекеттен жамандық атаулыны күтеміз; және ол бұдан былай да қаншалықты жиіркенішті нәрселер жасаса да, біз оған таңданбайтынымыз былай тұрсын, оның оңбағандық қимылдарынан оның мән-мағынасының табиғи және қажетті көрінісі деп елестететінімізге күні бұрын уәде береміз. Қайта, ол халыққа шын пайда беретін иненің жасуындай нәрсе жасай алса, таң қаламыз және қуана қоймаймыз; өйткені ол кездейсоқ жасаған жақсылықтың осынау тамшысы оған деген жаңа және сөзсіз ақымақтық сенімді қоздыру арқылы көптеген жамандық жасай алар еді. Осы мақаланы практикалық қорытындымен аяқтауға асығып отырмыз. Үкіметтің халыққа арналған жеткілікті де парасатты мектептер ашуға барлық күш-қайратымен қарсы болатыны шүбәсіз, дейміз біз. Бұл бізді тоқтатуға тиіс пе? Еш тоқтата алмайды. Мектептерді, әрі кеткенде тіпті үкіметтік мектептерді мүмкін болған жердің бәрінде ашуға қол ұшын беріп, көмектесеміз. Бірақ өзімізді алдамай, өзімізге былай дейміз: қаржымыздың тапшылығына және үкіметтік қарсылықтың асу бермес бөгетіне байланысты біз мектеп жолымен ешқашан да оң нәтижелерге жете алмаймыз. Ғылымның көмегімен халықты азат ету жолы біз үшін де жабық; сондықтан біз үшін бір-ақ жол қалып отыр, ол – революция жолы. Алдымен халқымыз азат болсын, ол азат болған кезде бәрін де үйренгісі келеді және үйрене алады. Біздің ісіміз насихат жолымен бүкілхалықтық көтерілісті әзірлеу. Насихатты не үшін және қалай жүргізу хақында басқа бір ретте әңгімелерміз. Қазір біздің халықтық дінге көзқарасымыз туралы бірер сөз айтамыз.

Біз әрбір адамның бостандығын сөзсіз құрметтейміз, тек ол қысым көрсету бостандығы және қанаушы мен қысым жасаушының жиіркенішті озбырлығы болмасын. Сондықтан біз дін атаулының бостандығын құрметтейміз; құрметтейтініміз, егер ол ақымақтық болса (ақымақтықты құрметтеу мүмкін емес), діннің өзі емес, тек әрбір адамның, егер ол өзіне жұбаныш пен қанағат табатын болса, кез-келген ақымақтыққа сену құқығын құрметтейміз. Мұның өзі бізге жосықсыз, жалған болып көрінетін нәрселердің бәріне, миллиондаған адамдар оларға сенетіндігіне қарамастан, қарсы сөйлеп, жазып, қасқайып тұрып насихат жүргізуімізге кедергі болмауға тиіс. Бұл біздің міндетіміз, біздің құқығымыз. Міндетіміз болатыны өтірік атаулы, ақымақтық атаулы оларды жақсылық, ақиқат деп қабылдайтын қоғамға тажалды ықпал етеді. Құқығымыз болатыны, адам атаулының қоғамға тәуелді болатындығы салдарынан қоғамға нұқсан – бізге нұқсан; оның тажалы – біздің тажалымыз. Сонымен, халықтық дінге қарсы табанды насихат жүргізу біздің құқығымыз, біздің міндетіміз екендігіне күмән келтіре алмайды. Оның шын мәнінде көздеген мақсатына жетуі үшін оны қалай жүргізу керек? – бұл басқа мәселе. Барша достарымызға берер кеңесіміз: халық сеніміне асқан сақтықпен қараңыздар. Оны қолпаштамаңыздар, оның алдында қылымсымаңыздар, бірақ оны қорламаңыздар. Әйтпесе халық өзінің ісіне сіздің риясыз адалдығыңызға көз жеткізіп үлгергенше, оны өзіңізден түңілтіп аласыз, сөйтіп, ал үкімет болса сізді халықтан ажыратар орды тереңдете түсу үшін бар күш-жігерін онсыз да пайдаланатын үкіметтің сойылын соғып кетесіз. Халықтың соқыр сеніміне қарсы кез келген жағдайда, халық сенімін жоғалтып алу қаупі жоқ жерде бұл күресті жүргізу мүмкін болған жағдайдың бәрінде күресіңіздер. Бірақ дінге қарсы насихат оны сізге қарсы қоятын жерде, сіз одан үзілді-кесілді бас тартуға тиістісіз. Бұл сақтық халық арасындағы дінге қарсы насихат табысының өзі үшін қажет.

Оқу-ағарту жолымен бостандыққа жету мүмкіндігіміз жоқ екеніне және халықтық ғылымға революция жолымен қол жеткізуге тиіс екендігімізге бір рет көз жеткізген соң, біз бүкіл насихатымызды негізінен патшаға қарсы бағыттауға тиіспіз, сан ғасырлар бойы тажалды құлдыққа душар етіп келген патшаға халық жүрегіндегі сорлы сенімнің қалдығын түп тамырымен жоюға тиіспіз, халықтың тарихи өшпенділігінің негізгі қос тармағы помещиктер мен шенеуніктердің ешқашан да өз күші болмағанына, бірақ әрқашан тек патшаның еркі мен күшіне иек артып келгеніне және әлі де солай істеп келе жатқанына халықтың көзін түпкілікті жеткізуге тиіспіз. Біз, ақыр аяғында, халық бойындағы Пугачев заманынан кейін қайтадан ұйықтап кеткен өз күшіне сенімді оятуға тиіспіз; бұған дейін бөлшектеніп келген барлық жергілікті күштерді бір тас түйін бүкіл халықтық іске жұмылдырғанда ғана ол өзін қыспаққа алып келгендер мен дұшпандары атаулының үстінен салтанат құра алатынына ақылын жеткізуге тиіспіз. Бұл міндетті орындаймыз, тек адал болайық, жатпай-тұрмай революцияны әзірлеп, оның кіндік шешесі бола білейік. Қалғанының бәрін революцияның өзі тындырады. Ал соған дейін сол бір сөзсіз, айтпақшы, біз жоғарыда еске алып кеткен даусыз факт бізді құптаушы қызметін атқара берсін, ол факт – біздің халқымыздың діні, әйтсе де көбіне дөрекі пошымға ие болып, бүкіл христиандық секілді, өзінің оғаштығымен ғана емес, азғындығымен де мерт ететін догматтарға толы болса да, – бұл дін біздің халқымыздың терісін ғана зақымдаған дерт, ол дененің өн бойына жайылып үлгермеген. Халықтық діни сенім тек жалғыз қараңғылықтан емес, ол ең алдымен меншікті жегідей жеген, мемлекет басып-жаншыған халық өмірінің аш құрсақ та жасанды қыспағынан тамыр алады; ол жанды да тіршілікке талпынған халық жүрегінің жексұрын болмысқа қарсы наразылығы іспетті. Жағдайдың өзі түбегейлі өзгергенге дейін халықты діни есалаңдықтан

немесе маскүнемдіктен азат етуді күтудің өзі бекершілік болар еді. Тек ақыли насихат жолымен сіз оны ешқашан да сауықтыра алмайсыз. Оны дін атаулыдан тек ӘЛЕУМЕТТІК РЕВОЛЮЦИЯ ғана түпкілікті азат етеді.

“М. Бакунин. Философия. Социология. Политика. М., 1989” басылымынан қазақшалаған Тілек ДӘУЛЕТОВ.

Жан Жорес

(1859-1914), француз саяси қайраткері, Парижде жоғары қалыпты мектепті бітірген. Альби лицейінде және Тулуза университетінде сабақ берген. 1885 жылы депутаттар палатасына респубикашыл ретінде сайланған. 1893 жылы депутаттық екінші мерзімінде Жорес тәуелсіз социалистер тобфна енді. Ғұмырының соңына дейін депутат-социалист болып қала берді. 1904 жылы күн сайынғы “Юманите” газетінің құрылтайшыларының бірі болды. Ұлы француз революциясы тарихының

үш томын даярлады. Социалистік партиялардың бөлектелуінен кейін
Француз
социалистік
партиясын

басқарды.
жылы
екінші
Интернационалдың Амстердамдағы конгресінің шешіміне бағынып,

Франция социалистік партиясымен татуласты. Француз үкіметін
отаршылдықты қолдағаны үшін сынады. Мемлекеттер арасында дау
туған жағдайда халықаралық арағайындықты талап етті. Бейбітшілік
пен пен қарусыздануды жақтаған ол Францияда азаматтық армия

құрылуға тиіс дегенді қадап айтты. Жорес жұмысшы қозғалысы мен
социалистік ынтымаққа көп үміт артып, екінші Интернационалға
Еуропа жұмысшы табының соғысқа қарсы бірлесе күресуінің жобасын
ұсынды.

РЕСПУБЛИКА ЖӘНЕ СОЦИАЛИЗМ

Мақалалар

Осыдан он бір жыл бұрын, неміс социал-демократиясы өзінің бағдарламасын жасап жатқан кезде, көп ұзамай Эрфуртта қабылдануға тиісті ол бағдарламаның жобасы Маркстың әлі көзі тірі досы Энгельске таныстырылған болатын. Энгельс бағдарламаның саяси бөліміне қарсы маңызды келіспеушіліктерін айтты. Ол бұл бөлімді жасық, дәйексіз және мақсатына жете алмаған бөлім деп тапты. Әңгіме, – деді ол, – жалпыға бірдей сайлау құқығы, референдум құқығы және халық бастамасы туралы болып отыр. Бірақ әзірше герман конституциясы самодержавиелік мипатта болып отырғанда, және әзірше ұсақ мемлекеттерге бөлшектелген, оларда бәрін де монархтардың ырқы билеп-төстеп отырған Германия халық ырқын көрсету үшін ерікті де біртекті алаңды құрамай отырған кезде осының бәрінен не шықпақ. Осындай мемлекеттік конституция тұсында капитализмнен социализмге заңды түрде, байыпты өтуге қалай үміттенуге болады? Осы рада мен Энгельстің Либкнехт қағаздары арасынан табылған және Каутскийдің “Neue Zeіt” журналында жарияланған хатынан сөзбе-сөз үзінділер келтіремін.

“Көп адамдар өзіне және партияға осы заманғы қоғам ішкі эволюция жолымен социализмге беттеп бара жатыр дейді және ешкім өзінен-өзі сол эволюция жолымен, ол күшінде тұрған конституцияның пошымдары мен қабығын сындырмай ма деп сұрамайды. Гермаияның самодержавиелік және шырмалған мемлекет құрылыс бұғауынан арылуының қажеті жоқтай көсіледі. Бұрынғы қоғам, халық өкідігі бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған жерде, халықтың көпшілігі қолдайтын болса, конституциялық жолмен қаланғанның бәріне қол жеткізуге болатын жерде, Франция мен Америка секілді демократиялық елдерде, әулет халық ырқына қарсы ештеңе істей алмайтын Англия секілді монархияларда бейбіт жолмен жаңа қоғамға айнала алады дегенді елестетуге болады. Бірақ, Германияда, үкімет бәрін дерлік астына басып алған жерде, рейхстаг пен басқа өкілдіктік мекемелер шын биліктен айрылған жерде бейбіт эволюция туралы әңгіме көйіту абсолютизм жағын ашық қолдау деген сөз”. “Егер анық сенімді әлдене туралы айтуға болса, онда бұл, біздің партия мен жұмысшы табы тек демократиялық республиа тұсында ғана билікке жете алатыны. Соңғысы, оны Ұлы француз революцясы көрсетіп үлгергеніндей, пролетариат диктатурасының сипатты түрін көрсетеді. Біздің ең жақсы күрескерлеріміз империя тұсында, Микель секілді, министрлер бола алады дегенді елестетуге де болмайды”. Энгельстің осынау тамаша сөздерінің ішінен мен қазір екі пунктке ғана оқталамын. Біріншіден, демократияық республика Маркстың атақты досының көзіне, бізде марксизмнің доктринёрлары жиі айтып жүргеніндей, пролеатриатың назараныа басқа басқару пошымдары атаулыда артық лайық емес таза буржуазиялық пошым болып көрінбейді. Энгельс бойынша республика социализмнің саяси пошымыҮ олсоциализмді жариялайды, даярлайды, тіпті белгілі дәрежеге дейін оған ие болады, өйткені тек сол ғана заңды да тоқтаусыз эволюция жолымен соған жетелей алады. Сонымен француз дағдарысы кезінде республиканы оның

жауларына қарсы қорғағанда біздікі жөн болған, біз шынайы марксистік идеяға адал болғанбыз. Революция және ілімнің тазалығына шаң жұқтырмау мақсатымен саяси үнсіздік пердесінің тасасына тығылғандар социалистік идеяға опасыздық жасады. Олар сондай-ақ француз пролетариатының революциялық дәстүрлеріне де опасыздық жасады. Энгельс 1798 жыл Республикасы, кейбі француз социалистері тек қана буржуазиялық революция деп жариялайтын, және, Энгельстің пікірі бойынша, бір сәте пролетариат диктатурасының қаруы болған революция туралы айтып отыр. Арғы күні, Габриэль Девильмен бірге мұрағатта француз революциясына қатысы бар құжаттарды іздестіре жүріп, мен олардан Бабёф күнделігінен үзіндіні салтанатпен оқып шықтым. Онда Бабёф революция мен республиканы олар халықты қуғындаушылар қолында болған кезде де қорғағанына қуанады. Ол респубиканы, сонымен бірге оның лайықсыз өкілдерін де құтқарып қалу қатеріне қарамастан, құтқарып қалғанына қуанады. “Иә, – дейді ол, – роялистердің 13вандемьерде жеңе алмағаны, халық азаттығына ұлы қауіп төнген күндерде, демократтар, соншалық қасиетті мақсатт үшін, өз өміріне қауіп төніре отырып, өздерін қуғындаушылардың, сол бостандыққа талай рет опасыздық жасағандардың өмірін сақтап қалу қажеттігін сезінді, өйткені олардың ажалы оның құлауын ерте келетін еді”. Азамат Вальянды өлтіре соғатын тамаша сөздер. Олар, республикаға қауіп төнген күндерде, буланжизм мен ұлтшылдық дағдарысы күндерінде ол өзінің үнсіз қалуы мен өзінің тепе-теңдік саясатын атауға тырысып көлденең тартқан барлық сылтауларды түгін қалдырмай тас-талқан етеді. Бабувизмді желеулеткісі келіп, ол өзіне берілмеген атақты жымқырып кеткісі келеді. Сол бір аласапыран күндерде Францияның революциялық коммунизміне адалдықты нақ біз сақтадық. Бірақ Энгельстің сөздері, оның үсіне, бізге басқа бір нәрсені, атап айтқанда, коммунизмнің қандай жолдармен жүзеге асатыны туралы мәселе неміс социалистерін қай дәрежеде алаңдатқанын да көрсетеді. Энгельс

Герман республикасының жоқтығына қатты өкінеді. Ол социалистерді империя министрі ретіде көру қаншалықты жағымсыз болса, олардың социализм бағытында дамып келе жатқан демократиялық республиканы басқаруға қатысуын көру соншалықты табиғи екендігіне меңзейді. Либкнехт, төменде келтірілетін үзінділерден көрінетіндей, ілгерілей түсіп, социалистердің тіпті импеиялық конституция тұсында да үкіметке қатысуын көре біледі. Бірақ мүлдем екінші дәрежедегі министрлік мәселесі қалай шешілген күнде де, оларды төмендегі мәселе қатты қиналтты: “буржуазиялық қоғамдық құрылыстан коммунистік қоғамдық құрылысқа алай өту керек? Қандай жодармен, қандай эволюциямен?”. Біздің көкейімізден ұдайы шықпайтын, ысылмай айтайын, міне осы мәселе. Біз өзіміздің бүкіл ойымызды, бүкіл қызметімізді осыны практикалық және теориялық жағынан шешуге түп-түгел, қайтарымсыз беріп келеміз. Бір рет, социалистердің 1893 жылғы ұлы жеңісі көзімізді қарықтырған маған толық та түпкілікті салтанат, іс жүзінде болып шыққандағыдан, жақын тұрғандай көрінді. Сол кезде азамат Вальян осынау қауіпті арманның жетегінде кетпеуімді қаншама рет ескертті десеңізші! Қаншама рет ол сол кездің өзінде бізге Гедьің жақын болашақ туралы көріпкелдігіне және азаттық беретін апатты мистикалық күтуге неғұрлым сақ қарауға кеңес берді десеңізші! Бірақ қызу да жүзеге асуы жақын қалғандай үміттің сол күндерінде де мен ешқашан реформалар ісін ұмыт қалдырған емеспін және олардың жобаларына ұдайы социалистік бағыт беруге тырысып бақтым. Мен олардан нағыз азаптар мен мұқтаждықтардың уақытша жеңілдеуін ғана емес, социалистік ұйымдастырудың іргетасын, капитализм топырағына егілген коммунизм ұрығын көрдім. Мен революцияшыл шаруаларға 1789 жылғы нұсқауларды қолыма алып, мемлекеттен бидай әкелуге монополия ретінде, жұмысшылар мен шаруалар синдикаттары немесе өндіруші қоғамдар елмен бірге басқаратын мемлекеттік азық-түлік қызметін енгізудің бірінші қадамын жасауды мемлекеттен талап еткен кезде; қант жөніндегі ұзақ та қызу айтыстар кезінде қызылшадан қант

жасайтын және шақпақ қант жасайтын зауыттарды социалистік тұрпатта құрып, оларды халықтың бақылуымен, қызылша сатып алу үшін өндіруші шаруалар синдикаттарымен және белгілі бір ең аз жалақыға кепілдік берілетін ауыл шаруашылық жұмысшыларымен шарттық қатынастар орнататын ұйымдасқан жұмысшы табы басқаруын талап еткенде; мен рудниктер мен кеніштерді зорлап оқшаулап алып, бұл орайда басқару ісін құрамына мемлекеттің, бүкіл жұмысшы табының және кенші жұмысшылардың өкілдері болатын еңбек кеңесіне берілуге тиістігін талап еткен кезде, сол кездерде де мен тек капитал билігін шектеуді, проларийлар жағдайын жақсартуды ғана көздегенім жоқ; мен негізінен осы заманғы қоғамға меншіктің жаңа коммунистік және пролетарлық пошымдарын, сайып келгенде капитализм шеңберін тас-талқан ететі ұлттық-синдикаттық пошымын енгізуді көздедім. Нақ осы оймен Альбиде кооперативтік шыны зауытын салу тұсында Гедтің достарына тайсалмастын оппозицияға шытым, олар Париждегі даярлық жиналыстарында одан шыны жасаушыларға жататын, яғни капиталистік зауыттың жұмысшы көшірмесі болатын шыны зауытын жасау ниетін білдірген еді. Мен бар күшімді салып, одан барлық жұмысшы ұйымдарының меншігі жасағысы келген және солай істеген, сол арқылы осы заманғы қоғамда пролетариаттық коммунизмге барынша жақындайтын меншік түрін жасаған адамдарды қолдадым. Сонымен, мен Маркс “революциялық эволюция” деп тамаша атаған нәрсені әрқашан басшылыққа алып келемін. Бұл “эволюция”, менің пікірімше, осы заманғы қоғамға оған кереғар және одан озық меншік пошымдарын енгізуде; бұл пошымдар жаңа қоғамдық құрылысты алдын-ала жариялап, даярлайды және өзінің табиғи пәрменімен ескі дүниенің ыдырауын жеделдетеді. Реформалар, меніңше, тек жұмсарту құралдары ғана емес; олар даярлық қадамдары болып табылады жән солай болуға тиіс. Күрестің алғашқы сәтінен бастап маған жігер берген ой осы. Мен парламенттік қызметтің бес жылы бойында – ұзақ та табанды күрестің бес

жылы бойында социализмді жүзеге асырудың мен олданған аұтикасы міне осы. Және, ақыр соңында, мені өзім туралы сөйлеуге мәжбүр етеді екен, мен ие болған халық сенімінің және мен тек революция пайдасы үшін сақтауға ұмтылатын бір бөлшегі қорғауыма тура келеді екен, онда мен сол тактика мен сол ойға әбден адал болып қала беремін деп бар дауыспен мәлімдеймін. Осыдан төрт жыл бұрын надандық пен варварлықтың кісі жиіркендірер қопарылысы, адамдар бойындағы ырық пен ұяттың мұңды әлсіздігі маған социализмге ұмтылып, жағаласып ену жеткіліксіз екендігін, әлі іргесі шайқалған революциялық бостандықты орнықтыру керек екендігін көрсетті. Көмір қазушы өзінің сүйменін көмір қабатына сілтеп, оның кесектерін бір-бірлеп алып жатқан кезде, кенет жер астындағы галерея сенімді еместігін, тіреуіштер босаңсығанын, төбе төне бастағанын көрсе, ол бір сәт сүйменін тастап, тіреуіштерді бекітеді. Ол жұмысын тоқтатты, өзінің қауатты шабуыл қаруын тастады деп кім айтар? Керісінше, ол жұмыстың жалғастырылып, ойдағыдай жүргізілуін қамтамасыз етті. Милльде, Рубэде, Парижде, Кармода, Ривь-де-Жирде мен сондай-ақ капитал күші әлі де орасан екенін, Гед айтқандағыдан әлдеқайда көп әрі табынды екенін көрдім. Сонда мен күшті соқыр сенімдерді жеңіп, ақылойғ сіңу үшін бізге ұзаққа созылатын және сұмдық күш-жігер, ұзыннанұзақ қарекеттер саны қажет болаынын түсіндім. Және бізге дұшпан пікірлердің бір бөлігін сейілту үшін, дағдарыс сәтінде буржуазиялық қоғамның социалисті билікке қатысуға өзі шақыру қажеттігіне тап болатындай ету пайдасыз емес секілді көрінді. Мен не болып қалса да және тәжірибе ешқашан қайталанбаса да, осынау оқиға таяу болашақта социализмді насихаттау пайдасына қызмет етеді деп топшылаймын. Сол кездің қиын-қыстау жағдайында да, мен санағандай, оның тіршілік етуін ұзарту жолымен сол комбинацияға тарихи маңыз беруге тұратын еді. Мен

қазір де оны кенет тоқтатудың қайғылы зардаптары болатын еді деп санаймын. Бірақ мен, социалистер партиясын болашақ үкіметтік жсопарлаға киліктіру зиянды деп санайтыным, біздің конгрестеріміздің принципті қаулыларын басшылыққа алғандығымнан емес, менің терең кәміл сенімім де солай еендігінде деп мәлімдеймін. Социалистер партиясының билікке қатысудың оң және теріс ықтимал нәтижелерін әуелі қашықтан және уақыт қыспағынан именбей ойластырып алғаны қажет. Оның оқиғалардың орналасуын есептеп алуы қажет. Сондай-ақ әу баста оның барлық күшжігері парламент пен елдің алдында өзінің кеңейтілген және жжаңартылған қарекет бағдарламасын жариялауға бағытталуы керек. Ол мұны қазір өзіне бостандық пен ұлттың ұлы дағдарыстарында шешуші рөл беретін ықпалдың өсуін пайдалана отырып істейді. Ол өзінің бағдарламасын күн ілгері теріс көзқарас ұстанбайтын, бостандықтың жаңа түрлерін түсінуге қабілетті адамдарғажариялайды; ол бағдарламасын республикалық үкіметтен қол жеткізе алатын ішінара реформаларды бір сәтке де көзден таса етпестен, ол өзі кірмейтін министрлік қызметін ұдайы қарсылықпен жансыздандырмастан жариялайды, және өз бағытының бұлжымастығына тұрақтықамқор болып отырады. Меншік туралы мәселенің өзі парламентте тек жалғыз дәйексіз мәлімдемелер жолымен емес, өнеркәсіптік және жерлік капиталистік меншіктің көп бөлігін жедел әлеуметтендіру қажеттілігі белгілі бір заңдық және экономикалық түрге ие болатын егжей-тегжейлі, талдап әзірленген практикалық бағдарламалар жолымен де көтеріле алатын және көтерілуге тиіс сәт сөзсіз соқты. Буржуазиялық саяси материяларды жалпылама формулалармен емес, меншік мәселесін дұрыс қойылатын және социалистік идеяның бүкіл ауқымын ғылыми негізбен көрсететін кең де талдап әзірленген бағдарламамен бетпе-бет қоятын уақыт келді. Мен солдат секілді, шаршап-шалдықпай, бүгін де кешегідей осынау ұлы іске дайындалғанымды мақтан ете аламын. Мен қорлау кезінде де,

құттықтау кезінде де жұмыс істедім. Және, менің еңбектерім пролетариат үшін ізсіз кетпейтіндігіне кәміл сенемін.

1901 жылғы 13-қазан.
Мақсат

Социализмнің табысқа жетуі үшін қажет бірінші нәрсе жұрттың бәріне оның түпкі мақсаты мен мәнісін айқын түсіндіру; біздің қарсыластарымыз жасаған толып жатқан түсінбестіктер мен біздің өзіміз туындатқан кейбір түсінбестіктерді сейілту. Социализм ойы айқын да ізгі. Бұл меншіктің осы заманғы құрылысы қазіргі қоғамды ірі екі тапқа бөліп отырғанын, және сол таптардың бірі, пролетарийлар табы тіршілік ету және өзінің қабілеттерін іске қосу үшін капиталистер табына оброктың бір түрін төлеп отыруға мәжбүр етілгенін көрсетеміз. Ештеңесі жоқ толып жатқан адам баласы, азаматтар бар. Олар тек өз еңбегімен ғана күн көре алады, ал еңбек ету үшін оларға өздерінде жоқ қымбат құралдар, материалдар мен аванстар қажет болатындықтан, олар өздерін өндіріс құралдарын, жерді, зауыттарды, материалдарды және жинақталған ақшалай қаражатты өз қолында ұстап отырған басқа таптың билігіне беруге мәжбүр болады. Және е капиталистер табы, өзінің билігін пайдаланып, пролетарийлар табын өзіне елеулі оброк төлеуге мәжбүр ететіні түсінікті. Шығыдарды қайтарумен және құралдарды өтеумен шектелмей, ол жыл сайын және қалт жібермей жалдау ақысы, жер рентасы, қаладағы үйлерді жалдап алғаны үшін ақы, мемлекеттік қағаздардан, акциялар мен облигациялардан түсетін табыс, кәсіпкерліктен және саудадан түсетін пайда түрінде жұмысшы және шаруа еңбегі өнімінің елеулі бөлігін иеленіп кетеді. Сонымен, осы заманғы қоғамда пролетарийларға олардың бүкіл еңбегі тиесілі болмайды. Бірақ күшейтілген өндіріске негізделген біздің құрылыста, экономикалық қызмет адам атаулының елеулі қызметтерінің

бірі, ал еңбек кісінің етене бөлігі болып табылады; сондықтан, демек, пролетарийлардың жеке біреуі де толық күйінде өзіне тиесілі болмайды. Олардың қызметінің белгілі бөлігі, яғни олардың мәнісінің өзінің бір бөлігі басқа таптың пайдасына бөліп алынады. Сонымен, олардың адамдық құқығы толық емес, жартыкеш. Олар құқықтағы осылай шектеусіз, кісінің осынау оқшаулануынсыз өзінің өмірлік қызметтерін жүзеге асыра алмайды. Олар өздерінің күш-жігерінің бір бөлігін дивиденд пен пайда жасауға шығындаған зауыттан, кеіштен, верфтен шыққан бойда, өздерінің отбасылары сығылысқан жадау-жүдеу пәтерге оралған бойда – енді жаңа алым, жаңа салық – пәтер ақысын төлеуі керек. Және дәл сол мезгілде барлық түрдегі, төте және жанама мемлекеттік салықтар оның екі бірдей алымнан жүдеген жалақысына тап береді, және бұл өркеният пен ортақ мүдде шығындарына қаражат табу үшін ғана емес, ауыр салмақ болып түсетін рентаның бәз-баяғы капиталистер табына төленуін қамтамасыз ету үшін, немесе орасан зор, түк пайдасы жоқ армияны асырап-сақтау үшін де істеледі. Міне, ақыр соңында, пролетарий осынау барлық алымдардан кейін өзінің қолында қалған тиын-тебенімен өзіне күнделікті қажет тауарлар сатып алуға жөнелді; бұл үшін оның, ақшасы немесе уақыты жетпейтіндіктен, не бөлшек саудагерге баруына тура келеді, бұл орайда оған әрқилы да басы артық делдалдардың тұтас ұйымының салмағын көтеруіне тура келеді; не ол үлкен магазиндерге, үлкен базарларға барады, бұл орайда ол тауарларды сақтау мен бөлу шығындарына ғана қатысып қоймай, ірі сауда капиталына 10 немесе 12 пайыздық дивиденд құрастыруға да қатысуы тиіс. Пролетарийдың өмірлік жолы да, қадам басқан сайын ұшыраса кететін кеден заставаларымен бөгеп қойылған орта ғасырлық жолдар секілді, капиталдың пайдасына енгізілген әрқилы феодалдық алымдармен кес-кестелген. Ол капиталистер мен меншік иелерінің табына алымның бір түрін төлемей тұрып, жұмыс істей де, тамақтана да, баспанасына тығыла да алмайды.

Оның өмірі ғана емесе, оның бостандығының өзі қыспаққа алынған. Еңбек шын бостан болуы үшін, барлық еңбеккерлерге шеберханаларды экономикалық басқаруда олардың басшылық жасауға, олар жаппай дауыс беру жолымен мемлекетті саяси басқаруға қатысатыны секілді негізде қатысуына мүмкіндік беру керек. Ал еңбекті капиталистік ұйымдастыруда пролетарийлардың жағдай мүлдем бағыныштылық. Олар қандай жұмыс атқарылатынын, қолда бар жұмыс күшінің қалай пайдаланылатынын шешпейді және оларды шешуге қатыспайды. Капитал пролетариаттың пікірін сұрамастан, көбіне оған ештеңе айтпастан-ақ бір істі бастап, артынша оны тастап кете алады. Пролетарийлар капиталистік құрылыстың құралдары; олар капитал мүлдем дербес түзген жоспарларды үн-түнсіз атқаруға тиіс. Және капитал ойластырып, оның ырқын білдіретін бұл жоспарларды пролетарийлар нақ сол капиталдың өзі тағайындаған бастықтардың басшылығымен жүзеге асырады. Сонымен, жұмысшылар еңбектің мақсатын анықтауға да, басшылығымен жұмыс жүргізілетін билікті тағайындауға да қатыспайды. Демек, еңбек қос қабат құлдықта болады, өйткені өзі таңдамаған құралдар жолымен, өзі алға қоймаған мақсатқа ұмтылады. Демек, пролетарийдың жұмыс күшін қанайтын бәзбаяғы капиталистік құрылыс еңбеккердің бостандығына да қаскүнемдік жасайды. Және сол еңбеккердің кісілігі осымен дәл оның құралдары секілді кемсітіледі. Бірақ бәрі мұнымен тәмамдалмайды. Пролетарийлар жөнінде капиталистер мен меншік иелерінің барлығы бір тапты құрайды. Бірақ осы соңғысының ішінде бәсекелестіктің салдарынан ұдайы алауыздық пен даудамай болып жатады. Ол ұйымдаса алмайды, демек, өндіріске тәртіп енгізуде, өндірісті қоғамның өзгермелі қажетіне сәйкестендіруге дәрменсіз болады. Осынау жүгенсіз анархия отбасында оның қаеліктерін тек дағдарыстар ашып береді, ол ағдарыстың үрейлі зардаптары көбіне-көп пролетариатқа тиеді. Осылайша, әлдене сұмдық әділетсіздік бойынша, пролетариат қоғам алдында өндірістің барысы үшін, өзі ешқандай түрде де

белгілемеген барыс үшін жауапты болып шығады. Бостандықты пайдаланбай – жауап беру; тіпті сұралмай-ақ – жазаға ұшырау; капитализм тәртіпсіздіктері ішінде пролетариаттың тағдыры міне осындай. Бірақ капитализм ұйымдаса алған күннің өзінде де, ол орасан зор тресттердің көмегімен өндірісті реттей алған күнде де, сонда да мұның бүкіл пайдасы соның өзіне тиесілі болып шығар еді; ол өзінің бірлігінің күшін, барлық алармандар үшін өсімқорлы баға тағайындап, қиянатқа жұмсар еді; ал жұмысшылар экономикалық берекетсіздіктің зардаптарынан тек монополиялардың езгісіне түсу үшін ғана қашып құтыла алар еді. Барлық осынау қасіреттер, барлық осынау әділетсіздіктер және барлық осынау берекетсіздіктер өндіріске және тіршілік етуге қажет барлық қаражат тек жалғыз таптың қолында екедігіне, және ол басқа тап пен бүкіл қоғамға заңдарды таңа алатындығынан өрбиді. Сондықтан осынау таптық үстемдікті құрту қажет. Езілген тапты, сонымен бірге бүкіл қоғамды азат ету керек. Қазіргі кезде бір таптың игілігін құрайтын және оның қолында қанау мен қыспақтың қаруы қызметін атқаратын өндіріс құралдары мен тіршілік қаражатына құқықты азаматтардың бүкіл ұйымдасқан жиынтығына беріп, бүкіл таптық айырмашылықтарды жою керек. Азшылықтың берекетсіз де заңсыз үстемдігін еңбек құралдары мен бостандықтарға бірлесіп ие болатын азаматтардың жалпыға бірдей кооперациясымен алмастыру керек. Адамның кісілігін азат етудің бірденбір жолы осында. Социализмнің, ұжымшыл және коммунисік социализмнің ең таяу мақсаты капиталистік меншікті қоғамдық меншікке айналдыру болатыны міне осыдан. Адамзаттың осы заманғы ахуалында, барлық халық организмдері ұлттық болып отырған кезде, қоғамдық меншік те ұлттық сипатқа ие болады. Проелариаттың қызметі барған сайын халықаралық сипат ала береді. Ұлттар, эволюциялық жолмен социализмге ұмтыла отырып, өздерінің арасындағы қатынаста барған сайын әділет пен бейбітшілік бастауларын басшылыққа алатын болады. Бірақ социализмнің

Тарихи шеңбері, жаңа әділет ие болатын біріктіруші пошым қызметін әлі ұзақ уақыт бойы ұлт атқаратын болады. Біз адами кісілік бостандығы талабын көлденең тарта отырып, осыдан кейін ұлт жиынтығына жүгінгенімізге қайран қалмау керек. Бүкіл жеке кісілерді тек ұлт қана азат ете алады. Тек сол ғана оладың бәріне еркін даму мүмкіндігін бере алады. Жеке, көлемі жағынан шектелген одақтар жекелеген адамдардың шектелген санына уақытша қорғаныш бола алады. Бірақ адамдардың бәріне түп-түгелімен, тек өмір сүріп жатқандарға ғана емес, болашақ ұрпақтардың ұзақ тізбегінде дүниеге келетіндердің де құқықтарын ек әмбебап және тұрақты одақ қана қамтамасыз ете алады. Ал ондай жалпыға бірдей, өзімен жер шарының белгілі бір кеңістігінде өмір сүретін адамдардың барлық адамдарды қамтитын, өзінің қарекеттері мен ойын барлық кейінгі ұрпақтарға тарататын өлмейтін одақ нақ ұлт болып табылады. Біз ұлтқа кісінің құқықтарының толықтығы мен қол сұғылмайтыдығын қамтамасыз ету үшін жүгінеміз. Ешқандай адам баласы ешқашан құқық саласынан тыс тұрмауға тиіс. Ешкім басқа адамның құрбандығы немесе қаруы болу қаупіне ұшырамауға тиіс. Ешкім кімнен болса да құлдық тәуелділіксіз еркін жұмыс істеудің етене мүмкіндігінен айрылмауға тиіс. Сонымен, барлық жеке адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету қазір және әрқашан ұлт қолында болады. Бұл бұрын капиталистер табының меншігі болып келгенді ұлт жиытығының қолына ұлттан құдай жасау және жеке адамдардың бостандығын оған құрбандыққа шалу үшін бермейді. Керісінше, біздің мақсатымыз содан жеке қасиет атаулыға және барлық жеке бостандықтарға ортақ топырақ дайындау. Қоғамдық, ұлттық құқық бізде тек барлық жеке кісілер құқықтарының геометриялық орны ғана болады. Қоғамдық меншіктің бірден-бір мағынасы – қызмет құралдарын ортаұ пайдалануға беру.

Социализм және өмір

Таптық үстемдік дегеніміз адамзат құқытарына қаскүнемдік. Сондықтан, таптық үстемдік атаулыны және таптарға бөлу атаулыны жоятын социализм дегеніміз сол құқықтарды қалпына келтіру. Ал бұл осылай болған соң, социалист болу әркім үшін әділет талабы болып табылады. Кейбір социалистер мен позитивистер секілді бұған әділетке шақыру күлкілі де тұл, оның ұғымы – мүлдем дәйексіз және барынша әрқилы тәпсірлер туғызады, осынау былғанып біткен нарт қызылға барлық тирандар оранған болатын деп дау айтуға болмайды. Жоқ, қазіргі қоғамда әділет ұғымы аз-аздап белгілі бір және терең мағынаға ие болып келеді. Ол адам атаулыда, адамның абыройын теерң құрметтеп, жоғары қою керек дегенді білдіреді. Ал осылардың соңғысы (абырой – Ред.) шынында да тек тәуелсіздік, жігерлі ырық, әрбір кісінің өздеріндейлерің жиынтығына еркін де ықылспен бағынуы болған жерде ғана бар. Бір адамдар басқаларға бағынышты жерде, немесе олардың құзырында болған жерде, жалғыз парасат қана емес, зорлық пен әдет те адамдар құрайтын бүтіннің әміріне бағындыратын жерде адам абыройы қорланып, бүлдірілген. Демек, ол капитализмді жойып, социализмді енгізу арқылы ғана қалпына келтіріле алады. Революцияшы буржуазия Адам Құқықтары Декларациясына олигархиялық реңк, таптық рух енгізіп жібергенін мен теріске шығармаймын. Ол Декларацияның көмегімен меншіктің буржуазиялық құрылысын біржола қасиетендіруге тырысқанын, және саяси тұрғыдан тіпті ол әуелі миллиондаған кедейлерге дауыс беру құқығын да бермей, оларды енжар азаматтарға айналдырғысы келгенін мойындаймын. Есесіне демократтар адм құқықтарын, барлық адамдардың құқықтарын бірден барша үшін дауыс беру құқығын талап етіп, соған қол жеткізудің қаруы

ретінде пайдалана бастады. Проеларийлар өз талаптарын, тіпті экономикалық талаптарын қолдау үшін әу бастаа Адам Құқықтарына сүйенді. Жұмысшы табы, 1789 жылы ол әлі шарана ахуалында болса да, Адам Құқықтарын пролетариат рухында қолданып, кеңейтуді кешіктірген жоқ. Ол 1792 жылдың өзінде өмір сүру құқығы барлық меншік құқытарының ең біріншісі, және осынау қол сұғуға болмайтын меншік заңы қалған барлық заңдардан үстем болуға тиіс деп жариялады. Енді өмір деген сөздің мағынасын кеңейтіп, тереңдете түсейік. Оны тіршілік ету деп деп қана емес, ол – бүкіл ғұмыр, барлық адами қасиеттерді дамыту деп түсінелік, сонда Адам Құқықтары Декларациясының негізінде пролеатариат коммунизмнен басқа ештеңе құрмайтынына көз жеткіземіз. Демек, революция жариялаған адам құқықтарының мағынасы түу басынан-ақ оған революцияшыл буржуазия берген мағынадан кеңірек болған. Ол буржуазия өзінің олигархиялық және қысаң құқығымен адам құқығының бүкіл тереңдігін толтыра алмайтын; өзеннің аңғары өзеннің өзінен кең болатын және әділет түсінігі ақыр соңында әбден жүзеге асуы үшін жаңа ағын, пролетариаттың жалпыадамзаттық құдіретті ағыны қажет болады. Жалғыз социализм ғана Адам Құқықтары Декларациясына оның шынайы мағынасын бере алады және адам құқытарын толық қалпына келтіреді. Буржуазиялық революцияшыл құқық адами кісілікті көп бұғаулардан азат етті; бірақ алдыңғы ұрпақтар жиып-терген капиталға алым төлеуге жаңа ұрпақтарды мәжбүр етіп, әрі мұндай алымды жинаудың артықшылық құқығын азшылыққа беріп, ол адами кісілік атаулыны кепілге, белгілі тап пен өткенге пайда түсіріп тұратын кепілге қояды. Біз болсақ, керісінше, адамзат жиып-терген өндіріс құралдары мен байлық барлық еңбекшілерге тиесілі болып, олардың азаттық алуына қызмет етуге тиіс деп санаймыз. Біздің пікіріміз бойынша, адамзат жасаған бүкіл даму құралдарына қазірдің өзінде әрбір адамның құқығы бар. Осылайша, адам өзіне қыспақ пен алуан түрлі қанау төндіретін әлсіз,

ештеңе бұйырмған тіршілік иесі болып тумайды; ол белгілі құқықтармен дүниеге келеді және адамзаттың бейнетқорлығымен жиып-терілген еңбек құралдарын өзінің толық дамуы үшін пайдалануын талап ете алады. Толық дамуға әрбір адамның құқығы бар. Демек, оның адамзаттан сондай дамуға ұмтылысын жеңілдете алатын барлық нәрсені алап етуге негізі бар. Оның адамдардың ешқандай тобы оның еңбегіне алымдар мен езіп-жаншуына түсірмейтін жағдайда жұмыс істеуге, өндіруге, туындылар жасауға құқығы бар. Ал қоғам кісі құқығын, тек оның қарауына өндіріс құралдарын беріп қана қамтамасыз ете алатындықтан, сондықтан осынау өндіріс құралдарына меншіктің жоғарғы құқығы қоғамның өзіне тиесілі болу керек. Маркс пен Энгельс Коммунистік Манифесте коммунизмнің мәнісінің өзін құрайтын өмірге құрметті тамаша суреттеген. “Буржуазиялық қоғамда жанды еңбек тек капиталдан тұратын жиыптерілген еңбекті еселей түсу амалы қызметін ғана атқарады. Коммунистік қоғамда жиып-терілген еңбек тек еңбеккерлердің дамуының, баюының және өмірін жеңілдетуінің құралы қызметін ғана атқарады”. “Буржуазиялық қоғамда өткен заман қазіргі заманды билеп-төстейді. Коммунистік қоғамда қазіргі заман өткен заманды билеп-төстейтін болады”.Адам құқықтары декларациясы да өмір хақында еске салу, соған шақыру болды. Революция нақ тірі адамның, өмір сүріп жатқан адамның құқықтарын жариялады. Ол өткеннің адамзатының қазіргі адамзатты қалай да бір матауға ешқандай құқығын мойындаған жоқ. Ол корольдар мен дворяндардың өткенде сіңірген еңбектері қазір өмір сүріп жатқан адамзатты езіп, оның қабілеттерін көрсетуге бөгет жасай алады дегенді мойындаған жоқ. Керісінше, өмір сүріп жатқан адамзат өткен замандар мұраға қалдырған барлық тірі күштерді оларды өз пайдасына жарату мақсаымен ие болды. Корольдар өкіметімен даярланған француз бірлігі революцияның дәл сол корольдар билігіне қарсы шешуші қаруына айналды. Дәл сол секілді буржуазия жиіп-терген орасан өндіргіш күштер

капитал артықшылықтарынан адамзатты азат етудің шешуші құралына айналды. Өмір өткенді құртпайды, қайта оны өзіне бағындырады. Революция бөлектену емес, жеңіп алу. Және пролетариат осы жеңіп алуды аяқтаған кезде, коммунизм енгізілген кезде, ғасырлар бойы қордаланған адам еңбегі, адам баласы туған бойда оны өзінің аясына алатын және оның толық даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін жайсаң да құнарлы өріске айналғандай болады. Сонымен, коммунизмнің тамырлары тіпті буржуазиялық революцияшыл құқықта, тіпті Адам құқықтары декларациясында және өмір құұқықтарында бар. Бірақ құқық пен адамзат идеяларының ішкі логикасы пролетариаттың қайнаған сырқы қызметінсіз нәижесіз де дәрменсіз болып қала берер еді. Ол революцияға оның алғашқы күнінен-ақ араласып кетті. Ол, Марат секілді, оған: “Сен не істеп жүрсің? Сен бірдебір пролетарий ешқашан отырғызылмаған Бастилияны алуға неліктен бара жатырсың?” дегендердің мағынасыз таптық кеңестеріне құлақ қойған жоқ. Ол соған барды; ол шабуылға кірісті; ол ұлы күндердің табысқа жетуін шешті; ол шекараға ұмтылды; ол революцияны елдің ішінде де, сытында да қорғап қалды; ол қажетті күшке айналды және жол бойынан өзінің қажымас қызметінің жемісін теріп жеуде. Жартылай демократиялық, жартылай буржуазиялық елден ол үш жылы ішінде, 1789-1792 жылдары, таза демократия жасап, онда пролетарийлар ықпалы кейде үстм шығып жүрді. Өз күштерін дамыта отырып, ол өзіне сенімге ие болды да, сайып келгенде, Бабёфпен бірге, өзіне-өзі: ортақ қуат-құдіретті, ұлттың қуатқұдіретін жасаған ол, мұны ортақ бақыт орнату ісіне пайдалануға тиіс дейді. Осылайша пролетарийлар қызметінің арқасында, коммунизм дәйексіз философиялық дүниетанымнан партияға, анық белгілі күшке айналды. Осылайша, француз революциясынан екі күштің: құқықтық ой күшінің және пролетариаттың туындап келе жатқан қызметінің күшінің біріккен

ықпалымен социализм туындады. Демек, социализм дерексіз арман емес. Ол осы заманғы өмірдің ең буырқанған ең жалынды, барлық ыстық бұлақтарынан төгіліп жатады. Міне осылай, көптеген сынақтардан, ішінара жеңістер мен жеңілістерден кейін, көптеген әрқилы мемлекеттік тәртіптер арқылы, революция жасаған жаңа буржуазиялық құрылыс жами бастады. Империя мен қайта қалпына келтіру заманында шектелмеген бәсекеге негізделген буржуазиялық экономикалық құрылыс өзінің задаптарын ашып көрсете бастады: олар – байлықтың даусыз еселене түсуімен қатар, инсаниятсыздық, құлық, мәңгі алакөздік, берекетсіздік және қыспақ. Фурье данышпандығының белгісі мынау еді: ол байлық өндіруді шектемей, қайта оны дамыта отырып, қоғамдық құрылысты түзету, оны тазалап, ретке келтіру мүмкіндігін көре білді. Аскеттік мұрат туралы әңгіме де жоқ: бейімділіктер мен инстинкттердің толық бостандығы. Күш-жігерді сәтті ұштастыру мен үйлестірудің көмегімен дағдарыстарды жоятын, байлықты да еселей түсетін құрылыс. Осылайша революция социализмге таңып үлгерген аскетизм көлеңкесі маңып кетті. Осылайша, социализм, революция заманының пролетарийларымен және бүкіл революциялық өмірге қатысқан Бабёфпен бірге енді байлық пен осы заманғы өндірістің ұлы ағысына аяқ басты. Фурье мен Сен-симонның арқасында ол капитализмді тойтаруға емес, оны басып озуға қабілетті күш болып табылады. Осынау ұлы ақыл иелері көре білген жаңа қоғамдық құрылыс тұсында әділет үшін өмір қуаныштарын төлемейсіз. Керісінше, адам күштерін әділетті ұйымдастыру олардың өнімділігін ұлғайтады. Бабувизм революцияны терістеу болған жоқ, қайта оның ең батыл үні болды. Фурьеизм мен сенсимонизм шын мәнісінде осы заманғы өмірде теріске шығару, шектеу емес, қайта, керісінше, оны жалынды кеңейту. Демек, социализм әрқашан және барлық жерде өмірмен бірдей бағытта ілгерілейтін жанды күш және оның буы бұрқыраған тасқыны.

Бірақ жалпыға ортақ үйлесім мен байлық жөніндегі ұлы арманға Фурье мен Сен-Симонның ұлы ақылы құрылымдарына Луи-Филипп заманының буржуазиясы еселенген таптық езгімен, жұмыс күштерін титықтататын күшейтілген қиянаттармен, мемлекеттік концессиялардың, монополиялардың, дивидендтер мен сыйлықтардың тұтас жынойнағымен жауап қатты. Осынау арсыз қанауға идилиялық армандарды одан әрі қарсы қою бері салғанда күлкілі болар еді. Ррудон оған меншікке, табысқа, арендаға және пайдаға қаһарлы мынмен жауап қатты; және бұл арада да йту керек болатын сөздер өмірдің қатаң лебінің әмірімен айтылды. Бірақ сын ісін ұйымдастыру ісімен қалай толықтыруға болатын еді? Қоғамның банкылардың, монополиялардың және капиталдың езгісі қатер төндірген немесе қыспаққа алған барлық элементтерін бір ауқымды жауынгер күшке қалай біріктіру керек? Прудон әлеуметтік демократия армиясы тым әртекті екенін, ол саны жағынан да, күші жағынан да әлі әлсіз фабрикалық пролетариаттың және ұсақ өнеркәсіп пен сауда буржуазиясының, бәрін де қылғытып қоятын және бәрі де қойылтатын капитализм тасадан күткен, бірақ әлі құрта қоймаған қолөнерші таптың қойыртпасы екенін тез аңғарды; Прудон еңбектеріің жағымды бөлігіндегі толқулар мен қарама-қайшылықтар осыдан; ол ұсақ өнеркәсіптік буржуазияны жасанды кредиттік айла-шарғылармен құтқаруға тырыса ма, әлде революциялық күш – жұмысшы табының таққа шығатынын күн ілгері сезе ме, соған қарай реакция мен революцияның оғаш кезектесіп отыруы осыдан. Ол экономикалық эволюцияға өзінің бағытын анығырақ нобайлануына, ал адамдарға – оған өзінің қатынасын анықтап алуына уақыт беру үшін, 1848 жылдың оқиғаларын бөгей тұруды, революциялық дағдарыстарды кейінге қалдыра тұруды қалар еді. Бірақ осынау жағдайда да мұндай толқулардың, шегінудің және тіпті кереғар ұмтылыстардың себептері, егер шынайы социалистік ойдың күрделі де әлі анықталмаған болмыспен қақтығысында болмаса, қайда жатыр?

Енді міне, 1848 жылдан астап, ұлы күш, шешуші де материалдық күш пайда болып, ұйымдаса бастады. Ірі өндірістің өсуі жұмысшы пролетариатын жасады, оның саны, топтасқандығы және өзін түсінуі тоқтаусыз ұлғая берді. Маркспен бірге осынау шешуші қуаттың дүниеге келуін құттықтағандар, дүниені жаңарту оның маңдайына жазылғанын түсінгендер өздерінің түсініктерінде экономикалық қозғалыстың жылдамдығын асыра бағалауы мүмкін еді. Олар, Прудоннан гөрі, кемірек сақ болғандықтан, ұсақ өнеркәсіптің тойтарыс күшін және оның өзгерткіш қабілетін одан кемірек ұғынғандықтан, міндетті шектен тыс жеңілдетіп, капиталдың бәрін қылғытып қоятын күшін бомыста қандай екендігінен көбірек етіп көрсетуі мүмкін еді. Тіпті біз әрқашан күрделі де сан алуан нақты болмысты зерттеу талап еткен барлық шектеулер мен ескертпелерді жасағаннан кейін де, мына бір факт – таза пролетариат сан жағынан өсіп келе жатқаны, ол адамзат қоғамының барған сайын көп бөлігі бола түскені, ол барған сайын ауқымды өндірістік топтарға біріге бастағаны; мына бі факт – ол ірі өндіріс идеясынан шеген әлеуметтік меншік көрсететін ірі меншік идеясына көшуге әбден даяр екендігі даусыз блып қала береді. Сонымен, Бабёф арқылы социализм демократиялық революция тамырының ең күшті дүрсілі болды; Фурье мен Сен-симон арқылы ол батыл капитализм дүниені жарылқамақ болған байлық пе құдіреттілікті ғаламат ұлғйту болды; Прудон арқылы ол қоғамды жегідей жеп жатқан буржуазиялық олигархияға қарсы оны қатаң ескерту болды; ал енді, өзі бойына сіңген пролетариат арқылы, ол барлық әлеуметік күштердің ең күштісі болып отыр, оның күш-қуаты үздіксіз өсіп келеді және сайып келгенде әлеуметтік дүниенің, тепе-теңдігін, өзінің, яғни бүгінгі күні өзі ең жоғары өкілі болып отырған адамзаттың пайдасына бұзатын күш болу оның маңдайына жазылған. Жоқ, социализм ойдан шығарылған және фатастикалық ұғым емес, ол әбден нақты өмір сүріп, дамып келеді; ол өмірге араласатын және көп

ұзамай оны басқаруға қабілетті ұлы өмірлік күш. Буржуазиялықдемократиялық республиканың әділет пен адам құқықтарын толық жүзеге асыруына ол соңғысын толық та үзілді-кесілді тәпсірлеуді қарсы қояды. Капитализм сынап көрген байлықты жартыкеш, қысаң және берекесіз ұйымдастыруды ол байлық туралы керемет, сымбатты түсінікпен алмастыруды, онда әрбір жеке күш-жігер жалпыға бірдей бірлескен күшжінердің жәрдемі жағдайында өсе түсер еді. Тұрақты қанаудан, алым алудан және монополиялардыпайдалануда ұсақтап кеткен буржуазияның құрғатығы мен эгоизміне ол революциялық өкінішпен, намысқа тиетін және кекті кекесінмен, өтіріктің бет-бейнесін ашып беретін тажалды талдаумен жауап берді. – Сөйтіп міне, ақыр соңында, капиталдың әлеуметтік үстемдігіне ол даму үстіндегі пролетариаттың күн өткен сайын нығая түсіп келе жатқан апты ұйымын қарсы қойып отыр. Езілген, қаналған таптың саны, топтасқандығы және өзіне сенімі күнен күнге артып келе жатқанда, және со тап таптық меншікті құрту жөніндегі өзінің бұлжымс ниетіне барған сайын кәміл бола түскенде таптық құрылыс төтеп бере ала ма? Социализмнің шын мәніндегі, материалдық күштерінің өсе түсуімен бір мезгілде оны жүзеге асырудың техникалық тәсілдері де анықтала түсуде. Ұлт өзінің бірлігі мен жоғарғы билігін барған сайын нығайтып келеді, және оның аз-аздап экономикалық рөлді өз мойнына ала беруіне тура келіп отыр, ал мұның өзі, жалпы алғанда, әлеуметтік меншіктің прологы болып табылады. Ірі қалалы және өнеркәсіптік коммуналарда демократия сауықтыру, баспана, жарық беру, оқыту, азық-түлік мәселелерімен айналыса отырып, бірте-бірте меншік мәселесінің мәнісі мен қауымдық мүлікті басқару ісін бес саусағындай біліп алады. Әрқилы кооперативтік мойынеріктер көбейіп келеді; өндірістік және тұтынушылық, одақтық және кәсіптік одақтар таралып, икемді де сан алуан бола түсуде: кәсіптік одқтар, одақтардың одақтары, еңбек биржалары, федерациялар пайда болуда.

Міне осылайша капиталдың артықшылықтары ауыр, сүреңсіз орталық бюрократиямен алмастырылмайтыны күмәнсіз бола түсуде. Әлеуметтік меншіктің жоғарғы құқығы қолында болатын ұлтта сансыз органдар, коммуналар, кооперативтік мойынсеріктер, кәсіптік одақтар болады және осынау барлық органдар әлеуметтік меншікке икемділік пен бостандық береді, және оның жеке энергияның сан алуандығымен тіл табысуына мүмкіндік береді. Сонымен, социализм ақылижағынан да, әлеуметтік жағынан да қаншалық дайын болса, техникалық жағыан да соншалық дайын. Тындырылған іске елігіп, енді социализм дүниесі пайда бола кетуі үшін қаулы, “жарық болсын!” деген үг жеткілікті деп ойлайтындар тым аңғал. Бірақ журжуазияның үстемдігі мен таптық құрылысты өлімге кскен эволюцияның еңсерілмес күшін байқамайтындар да есалаң. Радикалдық парияға, ол біздің алдымызға көлденеңдей қалған ұлы сұраққа тек “жеке меншікті сақтау” деген екіұшты сайлау алды ұранымен ғана жауап бергені үшін ұлт жоламады. Бұл ұранмен, дау жоқ, біраз уақыт бойы социализмге қарсы надан, қорқақ және эгоистік бұқараны қоздыруға болады, бірақ ол ұран оны пайдаланатын партияның түбіне жетеді. Ол ұранда ешқандай мағына жоқ, не барынша қысаң қоғамдық консерватизмді білдіреді. Ол ғылымға да, демократияға да қарсы ұзақ төтеп бере алмайды.

Социалистік идеализм22

Ұлы адамдардың да оғаш әлсіздіктері болады. Олар өткеннің уақиғаларын және жалпы тарихи процестерді адам таңқаларлықтай етіп түсіндіреді; олар бүгінгі күннің ұлы әлеуметтік құбылыстарына куә болады және оларды түсінбейді. Осылай, мысалы, христиандықтың пайда болуын зерттеп білген Ренан, социализм туралы өзінің “Заңынан” басқа ештеңе білмейтін ежелгі кітапқұмардың туындап келе жатқаны туралы

22 “L’ Humanіte”, 1905 жю 13-тамыз.

таразылағандай сөйлейді. Өзінің “Иисустың ғұмыры” атты кітабында ол “Құдай патшалығы” дегенде нені меңзегенін анықтай келіп, былай деп жазады: “Тіпті бүгіндері де, біздің бұлғақты күндерімізде де, Иисустың тегінде оны теріске шығаратын адамдардан артық адал ізбасарлары жоқ кезде, қоғамды мінсіз ұйымдстыру хақындағы бастапқы қауымдық христиандықтың ұмтылыстарымен толып жатқан ортақтығы бар армандар кей мағынада сол бір идеяның, жақсы болашақ туралы ой атаулы өрбитін орасан зор дарақтың бір бұтағы болып табылады. Иисустың “Құдай патшалығы” бәрінің де тамыры мен негізі болып мәңгілікке қала береді. Адамзаттың барлық әлеуметтік революциялары осынау сөзбен тығыз байланысты болады. Бірақ дөрекі материализмді жұқтырған, мүмкін емес нәрсеге, атап айтқанда жалпыға бірдей бақытты саяси және экономикалық шараларға негіздеуге ұмтылатын бүгінгі күндердің “социалистік” әрекеттері Иисус ілімінің шынайы рухына, яғни мінсіз идеализмге, жерге ақиқат ие болу үшін мына жалғандағының бәрінен ьас тарту принципіне негізделмей тұып, тұл күйінде қала береді”. Осынау шағы мақаламда мен христаиндық пен революцияшыл социалистік демократияның өзара қатынасын зерттемек емеспін. Ренан ұқсастықты тым асыра көрсеткен және ол айтқан байланыс шынына келгенде тым әлсіз. Оның социализмнің өзі туралы пікірі өте үстірт. Ең асқақ және сонымен бірге ең терең идеализм – социалистік идеализм, өйткені ол тіпті екеуара және күнделікті қатынаста да әділеттіліктің жүзеге асырылуын талап етеді. Адамзаттың бүкіл ғұмыры еңбекке негізделген. Еңбекте әділеттік орнату дегеніміз – ол әілетті өмірдің өзінің негізіне бойлауға мәжбүр ету деген сөз. Әділеттің жүзеге асырылуын о дүниеге қалдыра тұратын идеализм – өз мұратынан бас тартқан идеализм. Адамдар бас байлығын мұраттың тамаша батылдығы қоғамдағы адам қатынастардың мәнісін айырып алып, оларды бауырлас теңдіктің бізге берілген ұлы үлгісімен алмастыруда.

Социализм адамдарға әбден пысықталған, саяси және қоғамдық механизм даярлаған бақытты бере салмақшы-мыс деген нәрсе өтірік. Бақыт әрқашан жеке адамның шаруасы, өздеріне өмірдің мағынасын анықтап алған, өзінің бойында асқақ ләззатқа қабілетті оятып,, тәрбиелей алған адамдардың жеңісі болып қала береді. Бірақ адамзат барлық адамдар үшін бақыттың қ о ғ а м д ы қ ж а ғ д а й ы н жасауға міндетті. Адами қабілеттердің барлығы дөрекі күштің немесе олигархиялық меншіктің артышылықтары атаулы құйрығын қысып кеткен ортада ғана мінсіз дами алады. Артықшылықтар сол артықшылықтары жоқ аамдардың күшін басқаларға қызмет етуге бағыттап, соларды езгіге ұшыратады; бірақ олар соларға ие адамдардың өзін де қорлап, бірде оларды өздерінің қабілеттерін шыңдай түсуге қажетті күш-жігерден айырып, бізде жеке кісінің шамасынан артық болып, оны сыртқы дүниемен және өмірмен өз еркімен қуана араласып-құраласудан айыратын әрқилы іскерлік қиындқтардың, жауапкершіліктің және күнделікті күйбеңнің қамытын артады. Ал социализмнің орнауы ортақ меншік, ортақ өкімет және ортақ жауапкершілік жасап, барлық адамдар үшін жеңілдік болады. Күні кеше құл болып, езгіге ұшыраған біреулер қайыршылықтың, шама жетпес жұмыстың, көрсоқыр надандықтың және қызғанышты, бірақ дәрменсіз аңсаудың қамытынан құтқарылады. Басқалар, бүгінгі қожайындар мен қанаушылар мазасыз эгоизмнің, дарақылық пен ерекше жауапкершіліктің қамытынан құтылады. Сөйтіп, қазір қашалықауыр өмір шынында да жеңілдетіледі. Қисапсыз нәзік тілектердің жұбанышы мен қуанышы – әркімнің ақылы мен санасына қайыл болады да, адамдар енді өзінің төл жүрегінің тілектерінен азап шекпейтін болады. Міне сонда, Ренан бізге бір тармағын бағыттағысы келетін ғажап Галилея нұры шынында да бар күшімен тағы да жарқырайды. Сол нұр бейшара лашықтарды кеңейген терезелері арқылы да, сол кезде өз үстемдігі үшін мақтаннан босанатын байлардың сенгіштікпен ашылған терезелері арқылы да, бауырлас еркін еңбектен еті тірілген зауыттардың кең алаңдары

арқылы құшақ жетпес толқын болып құйылады. Олар барлық шыңырауларға сәулесін түсіріп, бәрін нұрландырады, ол барлық жүректерде маздап жанып, барлық көздерде жарқырап тұрады. Бірақ адамдар арасындағы тіпті біздің ақылымыз бен санамыздың ішкі өмірі де негізделген саяси және экономикалық қатынастарды менсінбесек, әділетті, жеңіл де қуанышты өмір мұраты қалай жүзеге аспақ? Социализмнің терең мағынасы міне нақ осында жатыр, бұл социалистік идеализмді ақиқат ететін нәрсе. Ренан, адамзат социалисік революцияны тек бүгінде шамалы ғана адамдардың қолы жететін дөрекі де қымбат ләззаттарға жұртың бәрінің қолын жеткізу ғана деп түсінер, өйткен күнде ауыр салмағынан адамзат ыңырсып жатқан сұмдық шатысу мен қатынастар салмағы бұрынғыдан ауырлап кетеді деп қорқатын секілді. Ол болашақтан тек даңққұмарлық пен жосықсыз сән-салтанатты (одан ләззаттану бүкіл адал уақытты жұтып қояды) ғана көреді. Әрине, егер өркеният барлық уақытта жедел де асығыс қарқынмен ілгерілей беруге тиіс болса; егер ол өркендеу мен өмірді ояту сылтауымен ондағы мәніс атаулының, жақсы атаулының бәрін құртып бітіретін болса, ол ғылыми жұмыс пен өнертабыстар барлық күндерімізді көлегейлеп, жұтып қоятын болса; егер адамның табиғат жөніндегі жеңістері оны өзінің олжасының салмағыцмен жаншыла түсетін әлдене варварға айналдырса, – онда біз ішкі өміріміз бен қуанышымыз үшін қандай да бір бұрыш тауып алуға ғана тырысып, бастан асып жатқан сан қилы жұмысқа толы өмірімізден көз аша алмайтын пақыр болып өтер едік. Бірақ өркениятты шынайы жолға түсірудің бірден-бір жөн амалы – оны жұрттың бәрінің қолы жетерліктей ету. Сыртқы игіліктерге ашқарақ та тойымсыз құмарлық құлқынын тыюдың бірден-бір дұрыс амалы – меншікті үстемдік құралы емес, тек тіршіліктің кепілі ету; еңбекті шайқас алаңы емес, бейбіт кооперацияға айналдыру. Жоқшылық – құлдық, бірақ

тым баршылық та құлдық. Және тек социалистік құрылыста ғана адамзат бостандықпен бірге орнықтылыққа және теңестіріп бөлуге ие болады. Және қазргі кезде жұртқа қанағатшыл болыңдар деп қалай кеңес беруге болады? Өзін де, өз меншігін де еркін жұмсай отырып, оларға тым тыраштанбай-ақ ақылдың табиғатқа үстемдігінің нәзік нышаны болып табылатын, сөйтіп адами қабілеттерді оятатын, бірақ сонымен бір мезгілде оларды бәсеке мен атаққұмарлыққа елігуден арылтатын өмір жоспарын қалай ұыну керек? Осынау кеңестер кімге пайда берер еді? Буржуазия мен капиталистер табына емес болар? Біздің қоғамдық жүйеміздің өзінің пәрменімен әрбір индивидуум тек қана өзі үшін өмір сүріп, қарекет жасайды. Осы заманғы қоғмда аам күші атаулының даму заңы оған ол қоғамдық ортада жалғыз өзі ғана бардай даму мүмкідігін берудің нақ өзінде. Әрбір индивидуум енді қайтып шыға алмайтын қайыршылық шыңырауына құлап та кетуі мүмкін, және сондай-ақ табыс пен құдіреттің деңгейін өлшеу мүмкін емес биігіне шыға алуы да мүмкін. Оның басқа бір сатыда емес, нақ сол сатыда қаып қоюының не керегі бар? Жарты жолда тоқтап қалып ол, неғұрлым жоғары шыңды өлермендікпен бағындыратын басқа біреудің табанының астында қалу қатеріне ұшырамай ма, мұны кім біледі? Теңізді аласапыран ететін орасан зор толқын, егер теңіздегі әрбір толқын, толқындағы әрбір тамшы шамасы келетін биікке жетуге ұмтылмаса, соншалық биікке көтеріле алмай, тез беті қайтар еді. Ең биікке ұмтылмаған адам, ол ең төменде қалып қою қатеріне ұшырайды; және де шыңға шығу үшін бар ынтсын салмаған адам, биіктің жартысына жетуге де дәрменсіз болады. Ал мұның үстіне, физиологиялық ләззаттарды шектей алғаныңызбен, қиял мен атаққұмарлық ләззаттарына нақ соны істей алмайсыз; бері салғанда жалығып, тойып біткен адам олардан игіліктерге барған сайын көбірек ие болу жолымен құтылармын деп үміттенеді. Өйткені мына біздің заманда баршылық тек ләззат құралы ғана емес, ол адамның бұқараны өзінің

жоспарлары мен есептеріне қызмет етуге мәжбүрлеп, адамдар мен игілікті атаулыны жатқызып-өргізуге мүмкіндік беретін өктем күшпен қоғамдағы бірінші орынды жеңіп алу болып табылды. Ол өзін не үшін шектей бастар еді? Осылайша адам осы заманғы қоғамда шеткі екі жағдайдың: бас айналдырар шыңырау мен бас айналдырар шыңның арасында, шексіз жоқшылық шыңырауы мен шексіз құдіреттілік шыңының арасында болады. Биікке көтерілген де, шыңырауға құлаған да, әрі-сәрі болып тұрған да – барлығы бірге бүкіл адамзатқа дүрбелеңдерді, ұмтылыстарды, есалаң толқуларды, жаппай үрейді немесе жаппай табысты, қысқасы, сана атаулыны алжастыратын, өмірді толқытатын, ой мен тілектің дұрыс барысына кедергі жасайтын нәрсенің бәрін адамзатқа береді. Адамзат ие болудың жаңа тәртібін, жеке адамдардың күш-жігерін жасытпай-ақ, кооперация мен тепе-теңдік рухын басым түсуге мәжбүр ететін, сөйтіп қайыршылықтың ес-түссіз үрейін де, шексіз құдіреттілікке мастануды да құртатын тәртіпті орнатқанда ғана өз өмірінде саналы ережені, асыптаспайтын және сындарлы жоспарды қолдана алады. Сол кезге дейін артықшылықты таптар, яғни шыңға шығуға ерекше ұмтылатындар кемеңгерліктің, бақыт пен жарасымның осынау моралін әлсіз болып, берілудің кісі күлерлік кеңесі деп, ал қаналушы таптар мұны өздерінің қасіретті жағдайын мазақ ету немесе алаяқтар олардың қанаушыларының пайдасына бола өздеріне ұсынып отырған бас тарту жөніндегі екіжүзді кеңес деп қабылдайды. Ренан не десе де, идеализм жалғандағының бәрінен амалсыз бас тартуда емес; және социалистік адамзат шын мақсаты жер бетіне ие болу болғандықтан, жалғандағының бәрінен баз кешудің оғаш алдауына ешқашан жүгінбейді. Ол керісінше, жерге де, табиғатқа да ие болғысы келетінін жәе олардың құрсауына түсуге емес, оларға іс жүзінде ие болғысы келетінін бар дауыспен жариялайды. Ал адамзат табиғатқа ие болуы үшін ең алдымен адамзаттың бір бөлігі қалған адамдарды ыспаққа

алмауы және оларға табиғатпен қатар ие болуға әрі қанауға болатын табиғат күштері деп қарамауы қажет. Екіншіден, әділет арқылы өзімен-өзі татуластырылған және ғылым арқылы ұлықталған адамзат өмірдің қуанышы мен қарапайым ұлылығын әрқилы игіліктерге ие болу безгегіне құрбан етпеуі қажет. Осындай сындарлы бауырластық қызметті, адамның табиғаты осылай кемеңгер де сабырлы жеңіп алуын, адамның өзі тарапынан ешқандай құрбандықсыз жеңіп алуын тек жалғыз социализм ғана амтамасыз ете алады. Сондықтан да ол бірден-бір жемісті идеализм. Әрине, осынау жаңадан ұйымдастырылған және молшылық өмірде де адамдар маужырата түсетін бойкүйез тыныштықты білмейді. Күрес заң болып қала береді; адам ырқының толып жатқан қасіреттер мен кедергілерді еңсеруіне тура келеді. Адам – әлемнің еңбекоры – Елисей алаңдарында жай ғана қыдырыстап демалға жаралмаған. О өз заманының нұрына бөленіп, ылғи да бай рухани өмірге ұдайы үміт арта алмайды. Және оның өмірі ешқашан ай сәулесімен нұрланған жазық далаға ұқсамайды. Бірақ ол тіпі қазірдің өзінде, күрес, еңбек және күнделікті күйбең ортасында, біздің қоғамдық өмірдің қарбаласында өзін-өзі уыста ұстай алатынын, күш-қуатын жұмылдырып, үкіл жан-жүрегімен ғылымға, өнерге, әділетке, сұлулыққа, идеяға және өмірге – бүкіл жан-тәнімен санасын тіктей алатын асқақ та тұрақты мұратқа беріле алатындығын мақтан тұтуға тиіс. Оның мақтанышы ол осы заманғы дөрекі де былыққан өмірдің толқулары мен бейнетінің арасында әлі де аса терең әлемдк қайғыны сезіне алатындығында және табиғаттың, Паскаль қатты қорыққан мәңгілік үнсіздігінің арасында түнгі самалдың лебімен жапырақтың сыбдырын ести алатынында. Әсіресе біздің ғасыр артықшылықты таптар арасында абыржу мен күмән белең алып тұрған кезде, түнекте өмір сүретін пролетарийлардың ойы жарыққа ұдайы ұмтылып келе жатқанын мақтан ете алады; бұл жарасымды ұйымдастырылған социалистік өмір жағдайында адамның мәні гүл жайнап құлпыра алатын болашақтың кепілі. Бұл социалистік идеализмнің опат болмайтындығының кепілі.

Мұрат23

Клемансо орыс революционерлерін олар үшін ең қиыны жеңістен кейінгі екінші күні басталады деп ескертеді. Адамзат ғаламат күш-жігер жұмсау жолымен тек орташа нәтижелерге қол жеткізеді. Ең қиын жұмыс мұратқа қаһармандықпен ұмтылу емес, жүйелі жұмысты ұйымдастыру. Және Клемансо бізге бұл сөздер тек орыс революционерлеріне қатысты еместігін де ескертеді. Ол бүкіл Еуропа жұмысшыларына көктегі рахат туралы діни қиялдардан ғана емес, жер бетіндегі абсолютті бақыт хақындағы метафизикалық иллюзиялардан да бас тартуды ұсынады. Мойындайын, болашақ қоғамда адамдарға бір ғана қуаныш пен жаннаттың рахатына ғана уәде беретін социалистерді бекер іздеп жүрмін. Олар жаңа құрылыстың құндылығы адамдардың өздерінің жігеріне, біліміне, кемеңгерлігіне байланысты деп талмай қайталап келеді. Бірақ іс жүзінде жаңа құрылыстың ұлы міндеті адамдарды өздерін өздері басқаруға қабілеті етуде және бір таптың бағыты мен құдіреттілігі басқа таптың тек айырмашылығына ғана емес, көрсоқыр мойынсұнуына да құрылатын тәртіпті жоюда. Меншіктің ұжымдық ұйымдастырылуы барлық жерде индивидуалдық ырық пен өз тұсында ғана барлық қабілеттер де, сана да, жауапкершілік сезімі де дами алатын еркін кооперацияны езіпжаныштайтын үстемдік механизмін өзімен алмастырады. Бұл адам қасиеті мен адам қызметінің ең жоғары сатысы болады. Бұл дайын бақыт туралы арманға дәрменсіз құлай беру емес, адам әділет үстемдігі тұсында ала алатын бақт бөлшегі үшін күшейтілген жарна болады. Шынында да, социализм жолындағы күрескерлер жұмысшы табы өз мойнына алған міндеттің қиындықтары туралы қиялдар туғызады деп қалай топшылауға болады? Және ескі құрылысты талқандап, жаңа құрылыс жасау үшін көбіне-көп күрес талап ететіннен де қаһармандықты

23 “L’ Humanіte”, 1905 жылғы 27-желтоқсан.

талап ететін орасан зор әрі қиын ұйымдастырушылық және тәрбиелеушілік жұмыс қажет екендігін білмейтін пролетарийлар қайда? Жоқ, пролетариат, өзінің міндетін орындау үшін, сұлу, бірақ дімкәс сандырақ жәрдемімен қоздырылуға мүқтаж емес. Оған өзі таңдап алған жолдың дұрыс екендігін, ұмтылған социалистік құрылыс мұраты саяси және экономикалық дамудың нақты жағдайларына негізделгенін және әділет талаптарына сай келетінін білу жеткілікті. Таяуда ғана мен “L’Eqalіté” газетінің ескі сандарын оқыдым, онда 1877 жылы Жюль Гед, Габриель Девилль және кейбір басқа жолдастар ұжымшылдық идеяларын жігерлі наихаттапты. Рас, социализмнің өзінің тәжірибесі мен өсе түсуі кейбір идеяларды кеңейтіп, өзгертті, әдісті жұмсартып, дәлірек айқындады, бірақ доктринаның мәнісі осы кезге дейін сақтаып қалды, және, барлық қиыдықтарға қарамастан, барған сайын көбірек жақтастар тауып келеді. Ұжымшылдар ең алдымен біз бір мезгілде әрі социалистерміз, әрі республикашылдармыз деп кесіп айтады. Және олар өз мақсатын өте айқын баяндайды. Олар саяси бостандық жолында бұрынғы билептөстеуші кісіні жаңасымен немесе артықшылықты таптың бір тобын басқасымен алмастыру үшін күреспейді; олар пролетарийларға шынайы бостандықты жалғыз өзі ғана бере алатын социалистік революцияға жол ашу үшін күреседі. “L’Eqalіté” газеті 1877 жылы 18-қарашада, яғни 16-мамырдағы контрреволюциялық әрекетке соққы берген заң шығарушы орган сайлауынан кейін жарық көрді. Реакционелер әлі қарусызданбаған болатын және маршалды24 мемлекеттік төңкеріс жасауға көндіруге тырысты. Дәл сол кезде ұжымшылдар өз саясатын анық тұжырымдады. “Жұмысшы табы нақ күрес қарсаңында либералдық буржуазияға бір ортақ жауға қарсы күресте біз оған аяғына дейін көмектесуді ұйғарған шарттар туралы түсінік беру өзі үшін маңызды екенін түсінбеуге өз мүдделерін тым

24 Республика президенті – Мак-Магон.

анық біледі; пролетариат үшін қазір әңгіме кәсібі бойынша саясаткерлерге арнап тағы да оттан шоқ тасу емес, “республикашыл” республика үшін топырақ даярлау, яғни тек жұмысшы табы ғана өзін лайықты да пайдалы наградтай алатын жағдайды жасау екені туралы болып отырғаны жайыда бар дауыспен жариялау маңызды”. Осынау тирадада қазіргі кезде де бірде-бір сөзді өзгертуге болмайды. Рас, сол кезде Гед пен оның бозбала жолдастары контрреволюциялық күштерге баға беруде қателесті. Олар тегінде, республикашыл партия үзілді-кесілді тегеурінмен реакцияны біржола таптап тастайды, және социалистік пролетариаттың таптық күресі үшін шынында да құнарлы топырақ дайындауға болады деп сенген болуы керек. Контрреволюция әртүрлі пошымдармен бірнеше рет алға шықты: оны өзінің қателіктерімен, өінің эгоизмімен республикашыл буржуазияның өзі жиі шақыратын. Бірақ әрқашан, барлық осынау қайталана берген дағдарыстар кезінде социалистік партияның тактикасы 1877 дылы Гед анықтаған күйінде өзгерместен қала берді; “либералдық буржуазияға “ортақ жауға” қарсы күресте республиканы қорғауға көмектесу, бірақ оған проетариат республиканы өзінің толық азаттығы жолында, жалдамалы жұмысшылар табының капиталға қарсы күресі үшін пайдалануға бейіл ееін ашық көрсетіп отыру”. Социалистердің бірігуінің бүкіл мағынасы қазіргі сәтте де нақ осында. Интернационализм туралы ой да нақ осылай айқын айтылды; дәл сол тұста социализм жәрдемімен Францияны Германиямен біріктіру идеясы өмірге келді. “L’Eqalіté’нің” неміс тілшісі 1877 жылы 17-қарашада Берлиннен былай деп жазды: “Сіздер бастап отырған стің мәнісі біз үшін мынада: Франция мен Германияның қаналған және сормаңдай таптарын біріктіру; кедей Жак пен кедей Конрадтың одағы; екі елдің билеп-төстеуші таптары екіжүзді, жалған патриотизм үшін бір-бірімізге айдап салу мақсатымен жұмсап жатқан күш-жігерге қарсы бірлескен күрес, ал үстемдікке бірдей

ұмтылыспен біріккен олардың өздері, әңгіме олардың мүдделері жайында өрбігенде, бір-бірімен тамаша тіл табыса кетеді. Біз француз социалистерінің ғылыми негізде және осы заманға лайық ашылған органы тек қана жұмысшы табына қатысты халықаралық мәселелерді байыпты да шынайы талқылай отырып, еуропалық континенттің аса ұлы екі ұлтын бөліп тастай алатын ондай көптеген соқыр сенімдерді құрта алады деп ойлаймыз. Бір-бірімізбен неғұрлым тығғыз араласа отырып, бір-біріміздің жағдайымызды жақсырақ зерттей отырып, біз өзімізге қарама-қарсы деп көрсеткісі келген мүдделеріміздің ынтымағын тезірек мойындаймыз; біз дәуірлеп тұрған, жеке өзімшілдік пен бейбастақ эгоизмді, яғни өазір бізге бейбітшілік пен сабырлы сенімде өмір сүруге кедергі болып отырған әрсені шектеген бойда, тегінде халытарды бөліп тұрған мәселелерді өздері оңай, практикалық, әділетті, қарапайым да бейбіт шешімін табатыны көреміз”. Осыдан жыл бұрын неміс социалистері француз ұжымшылдарының шағын тобымен, коммунаның ұлы драмасынан кейін 7 жылдан соң француз пролетариатын революцияландыру міндетін өз мойнына алған топпен алмасқан ойлар, үміттер міне осындай. Олардың мұраттары қазір де, 30 жыл өткен соң да, жүзеге асырылудан алшақ жатыр; бірақ оның сәулесі толып жатқан жақтастарын тауып, Франция мен Германиядағы жұмысшы табы өзінің құтқарылуы тек ұжымдық меншік, әділет пен бейбітшіліктің осынау кепілін орнатуда екенін барған сайын түсініп келеді. Революционерлер адамзат ілгері қарай баяу қозғалып келе жатқанын мұңая айтады, бірақ бұл мұңда торығу да, күмәндану да жоқ, өйткені олардың пікірі бойынша адамзат баяу ілгерілесе де, тоқтаусыз ілгерілеуде, күресерлерді осыған кәміл сенім қолдайды. Барлық күшпен ілгері, әділетке ұмтылу үшін бұл күрескерлердің оңай қол жететін, толық бақыт туралы балалық елеспен алдануының қажеті жоқ, ал Клемансо оларға соны телиді. Энузиазмге толы, азап шегіп отырған

халық аса сабырлы да принципті. Ол адамның, олжасы ілуде бір ұшырайтын жүлгеге таңылған осынау бейшара кеншінің тағдырын біледі, ол жүлге алтынның, яғни әділе пен қуаныштың бірнеше түйірін ғана береді. Бірақ кедей адам – кенші, егер терең, қараңғы шахтада оған өзінің шамы жарық түсірмесе не істер еді? Ол жарық – қазір адамның үресіне басшылы жасап отырған социализм идеясы. Бұл жарық мистикалық күш секілді жарқырап тұрған жоқ, бірақ онсыз қап-қара түнек болар еді, ол түнекте тек қармалап қана сенделуге болар еді.

Ереуіл және революция25

Пужэ мырза “La Voіx du Peuple’де” жаппай ереуіл орыс революциясында зор рөл атқарды деп атап өтіп, дұрысын айтты. Дегенмен дұрысырағы, күрестің қуатты реінде ол барлық еуропалық революцияларда көрінген болатын. Бельгия пролетариаты оны кейбір сайлау құқықтарын жеңіп алу үшін шабуылдаушы қару ретінде пайдалана алды. Неміс социал-демократиясы оны жалпыға бірдей сайлауқұқығына қаскүнемдікке қарсы соған жүгінуді ұйғарды. Австрия пролетариаты, егер император Австрияға да Венгрияға бергісі келгеніндей жалпыға бірдей сайлау құқығын тартатпаса, оны жариялаудың қарсаңында тұр. Үкімет өзінің тізе бүккені үшін орыс жұмысшыларының жаппай ереуіліне қарыздар. Жұмысшы табы жұмыстан кең көлемде бір ауыздан бас тарту арқылы реакция мен артықшылықты таптың зәре-құтын ұшырып, оны шайқалта алатынын түсініп, соны күні бұрын айтқандардікі жөн болып шықты. Жаппай ереуіл экономикалық қозғалыстың қажетті де табиғи салдары болып табылады. Өнеркәсіптік өмірдің шоғырлана түсуі үстінүстін жұмысшы табы бірлескен шешімдерге итермелеуде. Жұмысшы табы өзі айыптайтын қоғамға және өзі жиіркенетін режимге өзінің жұмыс күшін беруден қысқа мерзімге бас тартып, осынысымен өзі талқандағысы келетін

25 “L’Humanіté”, 1995 жылғы 5-қараша.

механизмді шайқалтады. Ол қоғамның негізінде еңбектің жоғары билігі жатпаса, қоғам сенімсіз екенін және жаңсақ жолмен жүріп бара жатқанын артықшылықты таптарға ескертеді. Бірақ, осынау жаңа жаппай ереуіл қаншалық неғұрлым елеулі болса, оны соншалық тереңірек талдауымыз керек. Ал Пужэ оқиғаны жеткізе отырып, екі нәрсені ұмытып кетеді. Ол ең алдымен жаппай ереуіл орыс революциясының бірден-бір және ақтық пошымы болмағанын ұмытып кетеді. Ұйымдасқан және бірталайға созылған ереуілдің алдында земстволардың өсе түскен талаптары қойылды және жұмысшылардың қаңтар манифестациясы өтті, бұл манифестацияның бағынышты да діни сипаты болғанымен, бәрібір бағышталған талаптар еді. Жаппай ереуілдің мүмкін болып, жүзеге асырылуының себебі тек мынау болатын: қоғамдық пікірдің ашу-ызасы мен пролетариаттың ашық наразылығы ескі самодержавиелік режимді шайқалтып үлгерген еді. Бірақ оған зор революциялық қуат берген осынау толқулардан кейін де ол үзілді-кесілді болған жоқ. Ол ағаштың быт-шытын шығаратын жай отының соққысындай болған жоқ және абсолютизмді найзағайдай жылдамдығымен күйрете алмады. Өмір сүру қажеттігі жұмысшы халықты фабрикаларға қайтып оралып, революция жеңісі толық та түпкілікті болардан бұрын қайтадан жұмысқа кірісуге мәжбүр етті. Әрине, ол зор нәтижелерге жетті; және өз күшін нығайтқан бойда басқа да, неғұрлым елеулі нәтижелерге жетеді. Бірақ, белгілі бір мағынада былай деуге болады: жаппай ереуіл басталып кеткен және едәуір уақытқа соылатын революцияның құралы, ол бірнеше рет жасалуға тиіс. Халықтың 1789 жылғы 5 және 6 қазандағы Парижден Версальға шеруі орыс жұмысшыларының жаппай ереуілінен әлдеқайда пәрменді болды. Сонда Людовик XVІ жаппай ереуілден кейінгі орыс үкіметінен (бұл үкімет ереуіл талаптарына көнуге тиіс еді) әлдеқайда көп дәрежеде революция тұтқыны болатын.

Бұл не деген сөз? Жаппай ереуілге жүгініп орыс революционерлері дұрыс істемеді ме? Титтей де; олар абсолютизмге Ресейде орын алып отырған құрылыс тұсында және осы заманғы күрес жағдайы тұсында мүмкінболатын ең сұмдық соққы берді. Жаңа революциялар бұрынғыларын қайталау болсын деп талап ету балалық аңқаулық болар еді. Пролетариатқа, мысалы, осы заманғы еңбектің ұйымдастырылуы беретін, бұрын қолданылмаған күрес тәсілдерін елемеу, оның тарапынан жасалған есалаңдық болар еді. Революционерге ең қажетті қасиет – жағдайды айқын түсіну. Тіпті орыс революциясында да жаппай ереуіл тек күрес пошымдарының бірі ғана, оның бір сәті ғана екендігі бегілі ғой. Қисапсыз сан алуан күштер бірдей салдарларға жетелейді. Бірақ Пужэ мырза ұмытып кететін, бірақ, егер біз орыс революциясының сабақтарын француз пролетариатының күресінде пайдаланғымыз келсе, елемеуге болмайтын тағы бір факт бар. Ол атап айтқанда мынау: жаппай ереуіл зор рөл атқаратын барлық елдерде оның қолданылған себебі, оларда жалпыға бірдей сайлау құқығы болған жоқ, соны жеңіп алу үшін немесе қорғау үшін қолданылады. Осы кезге дейін байқалғанындай, пролетариатта саяси құқықтар неғұрлым аз болса, ол соғұрлым тезірек жаппай ереуілге көтеріледі және ереуіл соғұрлым пәрмендірек болады. Ағылшын пролетариаты чартистер қозғалысынан бері оған жүгінген жоқ. Францияда пролетариат міне 35 жыл бойы демократиялық республикада өмір сүріп келеді және бірде-бір рет оған шындап жүгінген емес. Ал Италиядағы жаппай ереуіл Ресейдегіден әлдеқайда пәрменсіз болды. Мені түсініңіздер; мен тіпті де ұлттық егемендікке және толық демократияға қол жеткізген елдерде, жаппай ереуілдің рөлі аяқталды деп отырғаным жоқ. Жоқ, ол тек өзгереді. Жаппай ереуіл қазірдің өзінде пролетариат үшін оның саяси құқықтарын алмастырмайды. Пролетариат, жаппай ереуілді қолдануға бола, жалпыға бірдей дауыс беру жолымен

саяси құқық жеңіп алудан бас тарта алмайды, өйткені нақ жалпыға ірдей сайлау құқығын жеңіп алу үшін, бұл құқық әлі жоқ жерде, ол жаппай ереуілді қолданады. Жалпыға бірдей сайлау құқығын жеңіп алу үшін жаппай ереуілге жүгіну, содан кейін, оны пайдаланбай, қайтадан тек қана жаппай ереуілді қолдану дегеніңіз тым оғаш кереғарлық болар еді; мұның өзі ең қиын да пайдасыз айналып жүру арқылы артқа оралу болар еді. Француз жұмышы табы өзі үшін Ресейдегі революциялық оқиғаларды айқындап алғанда, ол өзінің жалпыға бірдей сайлау құқығына ие екендігін, ал орыс пролетариаты соны жеңіп алуға ұмтылып отырғанын бір сәтке де естен шығармауға тиіс. Францияда жаппай ереуіл мүлдем басқа жағдайларда қолданыла алады. Ол жалпыға бірдей сайлау жеткіліксіз болғанда қолданыла алады. Ол енжар халық бұқарасына жұмысшыларға тән жігерлілікті сіңіре алады. Ол капиталистік құрылыстың агониясын қысқартып, пролетариаттың саяси қызметін әлсіретіп, тұрлаусыз ететін жүйенің күйреуін жылдамдата алады. Бірақ ол, пролетариаттың парламенттегі барлық қарекеттерімен тек үйлесімді болғанда ғана, пәрменді болады. Жалпыға бірдей дауыс беру жағдайында жаппай ереуіл мен парламенттік қызмет бір-бірімен ұштастырылып отыруға тиіс. Қиын міндет. Бір жағынан, тек қана саяси, сайлау және парламенттік күрес жөнін күйттеу жұмысшылардың ұйымдасқан азшылығының жігерін жасыта және жақсылап жүргізілген жаппай ереуіл оған одан арғы күрес үшін беретін күшті әлсірете алады. Екінші жағынан, жеткілікті әірленген бағдарламасыз жәе қозғалысты еркін басқара алаты, қажетсіз мағынасыз қатыгездіктерді жоя алатын жеткілікті күшті, пролетарлық ұйымсыз батыл жарияланған жаппай ереуіл социализм аз-аздап тірбиелеп, қатарына қосып алуға ұмтылатын біздің “табиғи емес” демократияда реакция туғызуы мүмкін. Демек, күрестің осынау екі тәсілінің біріктіріліп, ұштастырылуы жұмысшы табында нағыз сяси кемеңгерліктің болуын талап етеді; бірақ француз пролетариаты одан біржола мақұрым емес. Ол күрделі мәселелерді шеше

алатынын талай рет дәлелдеді. Тек екі шарт қажет. Ең алдымен, жұмысшылар міндеттің бүкіл ауқымдылығын да, бүкіл күрмеуі қиындығын да жақсы түсініп алуы керек. Содан кейін, революциялық күрестің екі органы да – біріккен социалистік партия және Еңбек Конфедерациясы өздерінің бостандығын еркін қолдай отырып, зор ортақ қимылдар үшін бірігуі керек. Олардың бірде-біреуі екіншісін бағындыруға немесе оны елемеуге тырыспауы керек. Басқаша болса, бұл француз жұмысшы табын бүлдіру, ол әлдеқашан қалдырған ең бастапқы күрес пошымдарына оралу болар еді.

“Ж. Жоресъ. Избранные речи и статьи.
Книгоиздательство “Луч”. 1907 г.” басылымынан
қазақшалаған Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Эдуард Бернштейн

(1850-1932) герман социал-демократиясы қайраткерлерінің бірі, «ревизионизм» дейтіннің негізін қалаушы. 1881-1890 ж.ж. – социалдемократиялық партияның орталық органы – «Социал-демократ» газетінің редакторы. 90-жылдардың соңында «Социализмнің алғышарттары» атты кітабын жариялап, онда Маркс іліміне теориялық ревизия жасады. Бернштейннің көзқарасы бойынша, Маркс ілімінің бірқатар тармақтарында ғылыми негіз жоқ. Мұндай тармақтардың қатарына Бернштейн Маркстың капитализм дамыған сайын пролетариаттың қайыршылануы үдей түсетіні туралы, жалпы капиталдың шоғырлануы, әсіресе, егін шаруашылығында шоғырлануы туралы, бұқараның революциялық көтерілісі және пролетариат диктатурасы туралы ілімін жатқызады. Бернштейн капитализм дами түскен сайын таптық қайшылықтар шиеленісе бермейді, керісінше бәсеңдей түседі, жұмысшы табының жағдайы мемлекеттік реформалар жолымен барған сайын жақсарып, социализмге бейбіт ұласады, буржуазиялық қоғамның өзгеруінің құралы – парламент, онда пролетариат басымдыққа қол жеткізуге ұмтылуға тиіс, деп санайды. Капитализмнің бейбіт дамуы дәуірінде жарық көрген Бернштейннің кітабы халықаралық социал-демократияға «ревизионизм» немесе «бернштейншілдік» деген атаумен енген тұтас бір ағымның бастауына айналды. Бернштейннің алғашқы ревизионистік кітабы пайда болғаннан кейінгі отыз жыл бойғы оның көзқарас эволюциясы ұдайы оңшылдыққа қарай ойыса берді. Империалистік соғыс басталардан көп бұрын ол жұмысшы табы үшін отан идеясының маңызын «негіздеді». 1902 жылдан рейхстагқа сайланды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында – центрист. 1919 жылы Тәуелсіз социал-демократиялық партияны құруға қатысты.

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ЖӘНЕ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯ

Біздің дәйектілігіміз қаншама қиырға қанат жоюға тиіс? – Қазір социалистік дүниені толғандырып отырған және 1900 жылы Парижде, 1904 жылы Амстердамда өткен Интернационалдың екі конгресінде айрықша қызу талқыланған ұлы мәселе осы. Мәселе мынаған саяды: түрлі партиялардан қиюластырылған үкіметке социалистер қатыса ала ма, немесе, дәлірек айтсақ, буржуазиялық элементтерден тұратын үкіметке социалистер кіре ала ма? Мұның өзі социал-демократияның парламенттік қызметін мойындаудан шығатын қорытынды ма? Париж конгресі де, Амстердам конгресі де бұған теріс жауап қатты; соңғысы алдыңғысынан

қатаңырақ болды, демек біз бұдан былай оның шешіміне мейлінше анық шешім ретінде сілтеме жасай аламыз. Және сипатты нәрсе мынау: тіпті неғұрлым жігерлі Амстердам қарары да пікірін тек шартты түрде білдірген. Мәселен, Амстердам қарарының екінші тармағында социалистік тактика туралы мәселе бойынша былай делінген: «социал-демократия буржуазиялық қоғам қойнауындағы үкіметтік билікке қатысуға ұмтылмауға тиіс». Бұл, алайда, мәселенің бір ғана, атап айтқанда неғұрлым жеңіл жағын тәмамдайды. Үкіметтік билікке қатысу атаулы аталмыш үкіметтің барлық шаралары үшін жауапкершіліктің бір бөлігін артады; кең ауқымды, тәуелді, қаналушы, тұлдырсыз бұқараның өкілі болып табылатын партия үшін ол жауапкершіліктің салдарларының елеулілігі сондай, оған қол жеткізуге елігу, әсіресе қарекет бостандығы жоқ кезде, оншалық қызықтыра қояр нәрсе емес. Демек, шындап келгенде аталмыш қарар трюизм ғана, онымен тек әпенділер ғана дауласа алады. Мәселенің шын формуласы мынаған саяды: социал-демократия «буржуазиялық қоғам қойнауындағы үкіметтік билікке қатысу деген» тармаққа нүкте қойып: осыған дейін ғана, әрі қарай бір қадам да жаасамайды дей ала ма? Осы шешімге байланысты ол рим папалығының темірдей формуласының non possumus деген сөзін қолдана ала ма? Немесе, бәлкім оның парламенттік қызметінен қисынды түрде мынадай байлам шығатын болар: аралас үкіметке қатысудан туындайтын барлық қолайсыздықтарды өз мойнына алу қажеттігі туа қалған жағдайда ол соған әзір болуға тиіс пе? Париж конгресі де, Амстердам конгресі де осы сұраққа үзілді-кесілді жауап беруден мұқият жалтарумен болды. Нақ солай ету керектігі сөзсіз болатын, өйткені абсолютті теріс жауап социал-демократияны, зор саяси дағдарыстар бола қалса, жұмысшы табының өмірлік мүдделерін аяқпен таптау және ондаған жылдар бойғы ауыр жұмысты тәрк ету қажеттігіне мәжбүр етер еді.

Мәселе, әрине, не шынында да парламентаризм үстемдік ететін жерде, яғни шешуші үкіметтік билік конституцияға сәйкес халықтық үкіметтің қолындағы жерде, не революциялық үкіметтер құру кезінде көтеріле алады. Біз көрсеткен бірінші жағдай жоқ, үкіметті парламент бекітпейтін елдерде, социалистердің парламентке кіруі жайшылық кезінде шенеунік кадрлары қатарына өтумен пара-пар. Осынысымен олар партияның адамдары болудан қалады. Мәселе, демек, не елдің прогресшіл саяси дамуын, не революциялық ахуалды қажет етеді. Мұның үстіне ол бірбіріне дұшпан екі ірі топ: реакциялық мүдде өкілдерінің партиясы немесе коалициясы және саяси прогресті азды-көпті дәйектілікпен қолдайтын бірқатар партиялардың іс жүзінде қарсы тұруын қажет етеді. Тек осындай жағдайда ғана прогресшіл элементтердің буржуазиялық бөлігінің өкілдері социалистерге үкіметті құруға қатысуға ұсыныс жасайды. Мұндай жағдайда социалистер, бұрынырақ Францияда болғанындай радикалдарға: «біз үкіметтен тыс қаламыз, бірақ біз, сіздер белгілі бір реформаларды жүргізуге байыпты бел байлап отырғандықтан, ал қалған тірлікте жұмысшы табы мен қарым-қатынаста әдепті де ілтипатты тактика ұстанатын болғандықтан, реакциялық коалицияға қарсы сіздерді қолдайтын боламыз», – деп мәлімдей алады. Мұның өзі біршама уақытқа жеткілікті бола алады және оның тіпті бірқатар артықшылықтары да бар. Бірақ іс жүзінде социал-демократияға осы жағдайдың өзінде де үкіметтік партия таңбасы басылады. Қарым-қатынас неғұрлым шиелінісе түскен сайын, социал-демократияның өзінің осындай рөлінен бас тарту қажеттігі соғұрлым күштірек туындайды, ондағы мақсат үкіметке тікелей қатысу жолымен өзінің жігерлі шараларға көбірек қабілетін жүзеге асыру. Тарихта әлеуметтік дамудағы қамалдар мен тарандар рөлін атқаруға тиісті белгілі бір елеулі фактылар жасалатын жағдайдың кей-кейде тым ауыр зардаптары болады. Әлеуметтік төңкерістер кезінде саяси күш бірден-бір фактор болып табылмайды, бірақ ол төңкерісті керемет жеделдетіп, адамзатты – аталмыш

жағдайда жұмысшы табын – орасан қасіреттер мен титықтатар күрестен құтқара алады. Егер социал-демократия аралас үкіметке кіру жолымен осындай шараларды жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізе алса, онда біздің сұрақ: «сенің мына немесе ана нәрсені істеуге құқығың бар ма» деп емес, «сенің мына немесе ана нәрсені істемей-ақ қоюға құқығың бар ма» деп тұжырымдалады. Егер саясат – жай әздектіктің ісі болмаса, онда өзің ие болып отырған билік үшін жауапкершілік сезімін елемеуге болмайды; көміп жасырылған олжаға ұқсастықты саяси партияларға да таратуға болады. Жағдай бізге: нашар басқарушы пайдаланбаған күйінде қалдырып бара жатқан күш мынау деп шыңғыратын сәт те туады. Үкіметтік ауыскүйіске қатысуға үзілді-кесілді тыйым салу партияның қолайлылықтарын барлық жағдайда да ол нәр алатын мүдделерден жоғары қою жөніндегі нұсқаумен пара-пар. Мұның үстіне, ол тиым қоғам даму үстіндегі организм дейтін біздің түсінігімізге қайшы болар еді. Амстердам конгресі осындай қателік жасауға бір қадам ғана қалды. Аталған қарардың бірінші тармағында социал-демократия «бюджеттің үстем таптың өкімет басында қала беруін көздейтін баптарына өзінің келісімін бермейді» делінген. Егер қоғам тек екі таптан тұрса, ал бұл таптар бір-бірімен бітіспес дұшпан екі партияға топтасқан болса, онда бұл қағидаға қарсы айтар ештеңе болмас еді. Бірақ біз мұндай жағдайды еш жерден байқай алмаймыз; әсіресе неғұрлым прогресшіл елдерде қоғамдық даму мұндай күрт қарама-қарсылық үрдісін еш жерде байқатпайды. Парламенттердің көпшілігінде буржуазиялықреформаторлық топтың және сыбайласы – қарапайым тоғышарлармен плутократиялық феодалдық коалицияның арасында шешуші дауыс социалистерге тиесілі. Егер буржуазиялық радикалдар социалистермен одақтасып, көпшілік дауысқа ие болатын, сөйтіп прогресшіл министрлік құратын жағдай туса, ал социалистер пролетарлар емес элементтерден тұратын жаңа үкіметке қаржы бөлуден әрбір жолы, парламенттік ереже бойынша табандап бас тартып отырса, тізгін басында министрліктің

феодалдық-плутократиялық құрамын қолдаған болар еді, әрине, бұл – алғашқы қолайлы жағдайда-ақ оның құлауына жәрдемдесу үшін істелер еді. Мұндай жағдайды көз алдына айқын елестете алатын адам осындай саяси ойын, бір-екі рет қайталанған соң, ондағы абсурд салдарынан, сөзсіз күйреп тынуға тиіс екендігін мойындауға тиісті. Пайғамбар рөлін ойнайды деген жазғырудан қауіптенбей-ақ, бұл ойынның жолын сайлаушылардың өздері кеседі деп күн ілгері кәміл сеніммен айтуға болады. Не үшін жасалатындығының формуласы қаншалық құрметті болғанымен, үлкен таптардың мүддесін жүгенсіз ұзақ уақыт аяқасты етуге болмайды. Парламентаризмнің, қайталап айтайын, белгілі бір өз заңдары бар. Партия немесе партиялық топ парламенттен тыс тұрып, олардың ықпалынан аулақ бола алады, бірақ ол парламентке кіріп, оның жұмысына қатыса отырып, бұл заңдардан ұзақ уақыт жоғары тұра алмайды. Осы орайда Мефистофельдің мына сөздері орынды: Біріншісінде біз еріктіміз, Екіншісінде біз – құлмыз. Тек бұл «құлдыққа» үрейлене қарамау керек. Ол табиғаттың белгілі бір заңдарына біздің тәуелділігімізден тіпті де жаман емес. Осынау мойындаудан біз өзіміздің мәнісімізден ат-тонымызды ала қашуға тиіспіз деген пікір мүлдем тумайды. Бұған социал-демократияның парламенттік қызметінің күні бүгінге дейінгі тарихынан артық ешқандай жақсы дәлел жоқ. Өзінің бүкіл барысында ол бұрын аксиома саналып келген тактикалық ережелерге қарсы ұсақ қателіктірдің үздіксіз тарихы болып табылады. Кезінде партияның іріп-шіруі күтілмеген және жалынды қарарларда аяусыз дүреленбеген күні бұрын көрсетілген жолдан бірде-бір ауытқу, қатаң саяси оқшаулық шеңберінен шығатын бірде-бір бой көрсету болған емес. Соған қарамастан, социал-демократия барған сайын ұлғая түсіп, көбіне-көп нақ сол ұсақ қателіктердің арқасында ұлғая түсіп, осы кезге дейін болғанының қайсысынан да неғұрлым тығыз топтасқан сап құрады, айқын талаптар қойып күрес жүргізуде; бұған дейін ол ешқашан –

біз бұған қозғалыстың бұрынғы сатыларын неғұрлым тереңірек зерттегенде көз жеткіземіз – алаяқтар мен қағынып жүретіндердің құрбандығы болудан дәл қазіргідей сақтандырылған емес, ал қазір ол Германиядадағыдай, империяның, жекелеген мемлекеттердің және қауымдардың үлкенді-кішілі өкілдікті мекемелеріне парламенттік қызмет үшін өз мүшелерінің бүтін бір армиясын жіберіп отыр. * * * Қорытындыда әйтсе де парламентаризмнің негізгі тарихи жағдайлары туралы, оның морфологиясы мен динамикасы туралы бірнеше тезисті айта кету қажет деп санаймыз. 1. Парламентаризмді халық жиналысынан, яғни барлық ересек еркектердің немесе, бері салғанда, отағасылардың әскери және басқа тіршілікті талқылау үшін, сот шешімдерін шығару үшін немесе (бұл кейінгі даму кезінде) заң шығару мақсатымен оқтын-оқтын және қажетіне қарай шақырылатын жиналысынан ажырата білу керек. Мұндай жиналыстарды біз қалыптасқан рулық қауымдар сатысында, ал кейде рулық одақтан мемлекетке көшудің өтпелі кезеңінде барлық дерлік халықтарда кездестіреміз. Парламентаризм мен халық жиналысы арасындағы айырмашылықтың елеулі сәті мынау: парламентаризм кезінде талқылау мен шешім қабылдауға қатысу құқығына тек делегаттар немесе honoratіores’тің немесе басқа үкіметтік кісілердің шағын тобы ғана пайдаланады. 2. Халық саны белгілі шектен асып кеткен кезде, және, экономикалық өмірдің неғұрлым дамуы салдарынан талқылануға тиіс мәселелер неғұрлым күрделі сипатқа ие болған кезде қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысатын адамдар санын шектеу сөзсіз болатын нәрсе. Қатысушылар құрамының саны тұрғысынан да, сондай-ақ талқыланатын мәселелердің табиғаты тұрғысынан да белгілі бір шек бар, одан өткеннен кейін заң шығарушы немесе әкімшілік органдары ретінде халық жиналыстарының дәрменсіздігі сөзсіз болып шығады.

Сан түрлі қолайсыздықтар ұшырасып қалады, олар кейде қоғамның қақ жарылуына немесе тиранияға жетелейді. Ең жақсы дегенде сол кезге дейін тікелей халық жиналысында талқыланып келген барлық істерді шешу үшін делегаттардан тұратын мейлінше тығыз жиналыс құру қажеттігі көлденеңдейді. Орта ғасырлық мемлекеттердің өзінде, кейіннен орта ғасырлардағы қалалық республикаларда да біз ұшырататын осындай жиналыстарда осы заманғы парламентаризмнің барлық негізгі сәттері бой көрсетеді. Бастапқыда олар көбіне-көп сайлау принципіне негізделмеген, қайта әдетте беделге сүйенеді, «ақсақалдардың» немесе «әкейлердің», яғни отбасылардың немесе рулық одақтардың кеңесі болып табылады: рулық одақтар іріпшіри бастағанда немесе автохтонды, толық құқықты тайпалармен қатар келімсек элементтер де үлкен маңызға ие бола бастағанда халық неғұрлым күшті ыдырай түседі де, авторитарлық жиналысты қандай да бір сайлау органымен алмастыру, шектеу немесе толықтыру талабы пайда болады. Көп ретте екіншісі, яғни сайланған жиналыс ерте ме, кеш пе нағыз парламентке айналады. 3. Ежелгі дүние тұсында-ақ өкілдікті принцип әскери күшке сүйенген, өзіне дұшпан монархиямен қақтығысып қалады. Монархия орныққан жерде халықтық немесе сословиелік өкілдік жайына кетеді: ол не жай ғана құртып жіберіледі, не елестік тіршілік етуге бұйырылады немесе өзінен-өзі өліп тынады. Монарх шенеуніктік иерархия көмегімен басқарады. Мұндай құбылысты біз орта ғасырлардың аяғындағы феодалдық сословиелер мысалынан байқаймыз. Олар барлық жерде абсолют тақсырларға, корольдерге немесе неғұрлым ұсақ князьдарға орнын берді. Бірақ Англияда ХІІІ ғасырдың өзінде-ақ дворяндар беделсіз король Иоаннан «Ұлы Хартия» («Magna Charta») ала алды, ол бойынша, айтпақшы, толып жатқан салықтар алу дворяндар мен дінбасылар өкілдерінің дұрыс шақырылатын жиналыстарының ырқына тәуелді жағдайға қойылған. Дәл сол ғасырда осы жиналыстарға сондай-ақ графтықтар мен қалалардың да

өкілдері тартыла бастайды, және 1295 жылдың өзінде үш сословиеден – жүйелі түрде жоғары дворяндардан, дінбасылардан және поместьелі дворяндардан (gentry) құралатын парламент тұңғыш рет жиналды. ХІV ғасырдың алғашқы үштен бірінде графтықтар мен қалалардың («commons») өкілдері – дворяндар мен дінбасылардан («Lords») бөлек мәжіліс құрады; ХV ғасырдың ортасынан бастап қауымдар палатасының маңызы лордтар палатасының маңызынан үстем түсе бастайды. Ішкі жанжалдардан сілесі қатқан дворяндар құдіреттілігін аяғына нық тұрған буржуазияның көмегімен талқандаған король билігі көп кешікпей қауымдар палатасынан абсолютистік тенденцияға жаңа, барынша қауіпті дұшпанды көре бастады; ХVІІ ғасырда күрес басталаып кетті де, ол аяқталмай жатып-ақ парламентаризм король билігін, ал қауымдар палатасы – лордтар палатасын жеңгенін жария ете алатындай жағдайға жетті. ХІХ ғасырда қауымдар палатасының билігі демократиялануы біртебірте күшейе түседі. Бастапқыда, ежелгі дәуірде парламент халықтың тікелей бейбастағын шектеу үшін, орта ғасырлар кезеңінде ол барлық жерде ең алдымен король билігін, дворяндар билігін, ал кейінірек плутократия билігін де шектеу қажеттігінен туды. 4. Бұл дегеніңіз парламентаризмнің әлгі екі жақты сипаты, қазіргі кезде ол барлық елдерде дерлік осынысымен өзгешеленеді. Англияда алты ғасыр бойы даму үстінде болған нәрсенің бәрі абсолютизмнің мейлінше ұзақ кезеңінен кейін, бір ғасыр немесе тіпті бірнеше оңдаған жылдар барысында басқа елдерде де орын алды. Парламентаризм, бір жағынан, азат етуші болса, екінші жағынан құлданушы болып табылады, оның табан тіреген негізіне байланысты бүлінген құлданушы және қанаушы құлданушы болып табылады. Лотар Бухер ағылшын парламентаризмін суреттеген кезде, тіпті қауымдар палатасының өзі әлі де болса негізінен көп ретте ұсақ, орта және ірі буржуазия сайлаған жер иелерінен тұратын; оның саясаты көбіне монархиядан гөрі демократияға қарсы бағытталған-ды. Бірақ

демократиялық сайлау принципі негізінде сайланған парламенттің өзі де бәрібір демократиялық өзін-өзі басқаруды шектеу болып табылады. 5. Министрлерді парламенттен тәуелсіз тағайындайтын күшті орталық үкімет парламентке қарсы тұрған жерде, демек парламент өзінің veto құқығымен ғана үкіметке шешуші ықпал ететін жерде – партия құру орталықтан безіну тенденциясына ие болады, яғни ол партияларды бөлшектеуге, көптеген арнаулы одақтар құруға ұмтылатын болады. Экономикалық жағынан неғұрлым дамыған елдерде бұл тенденция социалдемократия негізінде ұйымдасқан жұмысшы табының буржуазиялық партиялармен ұлы таптық күресінде тоқайласып қалады немесе әлсірейді. [...]

“Эд. Бернштейн. Парламентаризмъ и социаль-демократія. С.-Петербургъ. 1906” басылымынан қазақшалаған Тілек ДӘУЛЕТОВ.

Роза Люксембург

(1870–1919) – поляк және герман социал-демократиялық қозғалысының әйгілі қайраткері. Жасөспірім шағында-ақ революциялық қозғалысқа, социал-демократияға бой ұрды, бірнеше жылдан кейін дарға асылған Марцин Каспарчак басшылық жасайтын “Пролетариат” тобына кірді. 1889 жылы қамауға алыну қаупі төнген Люксембург Цюрихке кетті. Швейцарияда ол Цюрих университетінің заң факультетінде оқыды және поляк, орыс революциялық эмигранттар тобының жұмысына белсене қатысты. Люксембург мильеранизмге, бернштейндікке және жоресизмге қарсы солшыл қанаттың көзқарасын қорғай отырып, көптеген халықаралық социалистік конгрестердің жұмысына қатысты. Роза Люксембург – “Поляк өнеркәсібінің дамуы”, “Капитал жинақтау”, реформа әлде революция (1899), “Жаппай ереуіл, партия және кәсіподақтар” (1906), “Капитал жинақтау” (1913), “Социалдемократияның дағдарысы” (1916) және басқа аса құнды еңбектердің авторы. 1907 жылдан басы бүтін герман жұмысшы қозғалысында жұмыс істей жүріп, герман социал-демократиясының бітіспес қанатында тұрды және солшыл-радикалдар тобына басшылық жасап, оппортунистік қозғалысқа қарсы күрес жүргізді. Көрнекті жазушы, тамаша шешен, терең білімді Люксембург жұмысшы қозғалысының тарихына осы заманғы еуропалық коммунизмнің пионері және еуропалық жұмысшы табы партиясының аса ірі ұйымдастырушы ретінде кірді.

ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМА ӘЛДЕ РЕВОЛЮЦИЯ

Бірінші бөлім

3. Әлеуметтік реформалар жолымен социализмді енгізу

Бернштейн социалистік қоғамды жүзеге асырудың тарихи жолы ретінде “күйреу теориясын” мойындамайды. “Капитализмнің бейімделуі теориясы” көөзқарасы тұрғысынан осыған жетелейтін жол қандай? Бұл сауалға Бернштейн тек тұспалдаумен жауап берді, ал Конрад Шмидт Бернштейн рухында неғұрлым егжей-тегжейлі жауап беруге тырысып көрді. Оның пікірі бойынша, “әлеуметтік реформалар жолындағы кәсіптік күрес пен саяси күрес өндіріс шарттарына қоғамның барған сайын күшейе

түсетін бақылауына жетелейді” және заңдардың жәрдемі тұсында “капиталдың иесін, оның құқықтарын шектеу жолымен, барған сайын әкімгер рөліне децін төмендете береді”, ақырында, “өндіріске басшылық пен басқару капиталистен тартып алынбайды, оның қарсылығы доғарылады жән еоған өз меншігі өзі үшін барған сайын бүкіл құынан айрылып бара жатқаны айқын болады” да, осылайша қоғамдық өндіріс біржолата енгізіледі. Сонымен, кәсіптік одақтар, әлеуметтік реформалар, және Бернштейннің пікірі бойынша, мұның үстіне мемлекетті саяси демократияландыру – социализмді біртіндеп енгізудің құралдары міне осылар. Кәсіптік одақтардан бастайық. Олардың басты функциясы – мұны 1891 жылы “Новая времяды” Бернштейннің өзі өзгелердің бәрінен жақсы дәлелдеген болатын – жұмысшы үшін капиталистік жалақы заңын іске асырудан, яғни жұмысшы күшін аталмыш сәттегі базар бағасы бойынша сатудан тұрады. Кәсіптің одақтар пролетариатқа көрсететін қызмет олар оған әбір аталмыш сәттегі базар конъюнктурасын өзінің мүддесіне пайдалану мүмкідігін беруден тұрады. Бірақ конъюнктураның өзі, яғни, бір жағынан, өндіріс ахуалына тәуелді жұмыс күшіне сұраным, екінші жағынан, орташа жіктердің пролетарлануын және жұмысшы табының табиғи өсімінен жасалатын жұмыс күшінің ұсынымы, және, ақырында, еңбек өнімділігінің аталмыш дәрежесі – осының бәрі кәсіптік одақтар ықпалы өрісінен тыс жатады. Осының пәрменімен олар жалақы заңын жоя алмайды; олар ең әрі салғанда капиталистік қанауды, аталмыш сәт үшіy “қалыпты” шекараға енгізе алады, бірақ оны, тым болмағанда біртіндеп жоюға мүлдем қабілетсіз. Конрад Шмидт, кәсіполақ қозғалысынан, әрине, әлсіз бастапқы сатыны көреді және кәсіподақ ұйымдары кейін өндірістің өзін реттеуге барған сайын көбірек ықпал ете бастайды деп күтеді. Бірақ өндірісті ретеу дегенде екінің бірі ғана: не өндірістік процестің техникалық жағына араласу, не өндірістің өзінің мөлшерін белгілеу деп қана түсінуге

болады. Осы екі мәселеде де кәсіптік одақтардың ықпалы қандай сипатта? Өндіріс техникасы жөнінде жекелеген капиталистің мүддесі капиталистік шаруашылық прогресімен және оның дамуымен әбден үйлесетіні айқын. Төл мүддесі оны техникалық жетілдіруге ұмтылдырады. Жекелеген жұмысшының позициясы, керісінше, оған тікелей қарама-қарсы: техникалық төңкеріс атаулы оған тікелей қатысы бар жұмысшылардың мүддесіне кереғар және жұмыс күшін құнсыздандыра, еңбекті неғұрлым қауырт, біркелік және азапты ете отырып, олардың жағдайын тікелей нашарлатады. Және кәсіптік одақ өндірістің техникалық жағына араласа алатын болғандықтан, ол тек соңғы мағынасында, тікелей қатысы бар жекелеген жұмысшылар топтары мүддесі тұрғысынан қарекет жасай алатыны, яғни жаңаны енгізуге бола алатыны айдан анық. Бірақ мұндай жағдайда ол жалпы жұмысшы табының мүддесіне, оны азат ету мүддесіне қарекет жасамайды, өйткені оның мүддесі техникалық прогреспен, немесе, басқаша айтқанда, жекелеген капиталистердің мүддесімен сәйкеседі, демек, кәсіптік одақ, керісінше реакциялық қолшоқпарына айналады. Шынында да, өндірістің техникалық жағына ықпал етуге ұмтылыстарды біз кәсіподақ қозғалысының, Конрад Шмидт іздеп отырған болашағынан емес, өткеніне табамыз. Олар ағылшын тред-юнонизмінің, ол орта ғасырлық цехтық сарқыншақтарын әлі де арыла қоймаған, және, сипатты нәрсе, ол күні өткен “жақсы жұмысқа ие болу құқығы”26 принципін басшылыққа алатын неғұрлым әуелгі сатысының (60 жылдарға дейін) ерекшелікті белгісі болып табылады. Кәсіптік одақтардың өндірістің көлемін және тауардың бағасын белгілеуге ұмтылыс, керісінше, неғұрлым кейінгі, уақыттың құбылысы. Осындай әрекеттердің пайда болуын – ең соңғы уақыттарда ғана – онда да тағы да Англиядан ұшыратамыз;27 бірақ бұл ұмтылыстар да өзінің сипаты мен үрдісі жөнінен бұрынғылармен мүлдем бірдей. Кәсіптік одақтардың тауарлық өндірістің көлемі мен

26 Вебб,Теория и практика тред-юнионов, 2-том, 100-б.
27 Сона, 115-б.

бағасын белгілеуге белсене қатысуы неге саюға тиіс? Жұмысшылар мен кәсіпкерлердің тұтынушыларға қарсы одағына саюға тиіс, ол ортақ бәсекелес кәсіпкерлерге қарсы мәжбүрелу шараларының көмегімен, дұрыс ұйымдастырылған кәсіпкерлер одағының әдістерінен ешбір кем түспейтін шаралар көмегімен қарекет жасайтын болады. Шын мәнінде бұл еңбек пен капиталдың арасындағы күрес емес, капитал мен жұмыс күшінің тұтынушы қоғамға қарсы ынтымақты күресі. Өзінің әлеуметтік сипаты жағынан бұл – реакцияшыл бастама, ол осының өзімен-ақ ол пролетариаттың азаттық күресіндегі бір белес бола алмайды, бұл таптық күреске тікелей кереғар бірдеңе. Өзінің практикалық маңызы жағынан бұл – утопия, ол, біршама ойлану көрсететініндей, өнеркәсіптің неғұрлым елеулі және әлемдік базарға өнім беретін салаларына ешқашан тарала алмайды. Сонымен, кәсіптік одақтардың қызметі, шынтуайтына келгенде, жалақыны көтеру және жұмыс күнін қысқарту жолындағы күреспен, яғни капиталистік қанауды базар шартына сәйкес реттеумен шектеледі; ал өндіріс процесіне ықпал, олардың өздерінің мәнісі бойынша, олар үшін мүлдем мүмкін емес. Ол-ол ма, кәсіптік одақтардың бүкіл дамуы еңбек және басқа ьтауар базарының арасындағы тікелей қатынасты толық жоғаруға бағытталған, мұның өзі Конрад Шмидтің пікіріне тікелей қарамақарсы нәрсе. Аталмыш жағдайда ең сипатты факт мынадай: тіпті еңбек шарты мен өндірістің жалпы жағдайы арасында жалақының жылжымалы шкала жүйесі арқылы тікелей қатынасты орнатуға енжар ұмтылыстың өзінің қазіргі кезде күні өтіп кетті және ағылшан тред-юниондары одан барған сайын көбірек бас тарта бастады28. Кәсіптік қозғалыс, өз ықпалының нақты шекарасында да, капиталдың бейімделу теориясы топшылайтын шамада шексіз кеңейіп бара жатқан жоқ. Мүлдем керісінше. Әлеуметтік дамудың неғұрлым елеулі кезеңдерін қарастыра отырып, мына фактыны асыруға болмайды: жапыама, тұтас

28 Вебб, теория и практика тред-юнионов, 2-том, 115-б.

алған күнде де кәсіподақ қозғалысының күшті өрлеу заманына емес, өсе түсетін қиындықтары заманына беттеп келеміз. Өнеркәсіптің дамуы шарықтау шегіне жетіп, әлемдік базарда капиталдың “төмендеу қисық сызығы” байқалып отыр екен, демек кәсіптік күрес екі есе қиындай түседі: біріншіден, жұмысшы күші үшін базардың объективті конъюнктурасы нашарлап барады, өйткені қазіргі байқалып отырғанындай, сұраным баяу, ал ұсыным, керісінше, тезірек өсуде; екіншіден, капиталдың өзі, әлемдік базарда айрылып қалған шығындарының есесін қайтарып алуға ұмтыла отырып, жұмысшы үлесіне тиесілі өнімге қол сұғуды барған сайын күшейте түсуде. Жалақыны төмендету пайда нормасын құлдыраудан тежеудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі ғой. Англия бізге кәсіподақ қозғалысының екінші сатысы басталуының картинасын береді. Онда ол барған сайын, қажетіне қарай, қол жеткізгенді жай ғана қорғап қалуға саюда, бірақ соның өзі күн өткен сайын қиындай түсуде. Істің көрсетілген жалпы барысының екінші жағы саяси және социалистік тапты күрестің өрлеуі болуға тиіс. Тарихи перспективаның терістігі мағынасында осындай қателікті Конрад Шмидт әлеуметтік реформа жөнінде де жасайды, бұл реформадан ол “жұмысшылардың кәсіптік коалицияларымен қол ұстаса отырып, капиталистер табына шарт қояды, соңғылары жұмыс күшін сол шарт бойынша алады” деп күтеді. Әлеуметтік реформаны осы мағынада түсіне отырып, Бернштейн фабрикалық заңдарды “қоғамдық бақылаудың” бір бөлігі, демек, социализмнің де бір бөліні деп санайды. Конрад Шмидт еңбекті мемлекетік қорғау туралы айтатаын барлық жерінде “қоғамдық бақылау” деген сөз тіркесін пайдаланады, мемлекетті қоғамға соншалық ойдағыдай айналдырып алып, сонымен көңілін жайлайды да, “яғни даму үстіндегі жұмысшы табы” деп қосып қояды; осындай операцияның көмегімен герман бундестратының еңбекті қорғау туралы кінәратсыз қаулысы герман пролетариатының социалистік өтпелі шараларына айналып шыға келеді.

Бұл арада мистификация көзге ұрып тұр. өйткені осы заманғы мелмекет – даму үстіндегі жұмысшы табының “қоғамы” емес, капиталистік қоғамның өкілі, яғни таптық мемлекет. Сондықтан ол жүргізіп отырған әлеуметтік реформалар да тіпті де “қоғамдық бақылаудың”, яғни еркін жұмыс істейтін қоғамның төл еңбек процесін бақылауының көрінісі емес, капиталдың таптық ұйымының капиталдң өндірістік процесін бақылауының көрінісі. Әлеуметтік реформаның табиғи шекарасы да осы арада, яғни капиталдың мүддесі шегінде жатыр. Алайда, Бернштейн де, Конрад Шмидт те қазіргі кезде бұл арадан да “әлсіз бастапқы сатыны” көреді де, болашақта әлеуметтік реформалар жұмысшы табының пайдасына шексіз дамиды деп үміттенед. Бірақ олар бұл орайда да, кәсіптік қозғалыс шексіз өсе береді деп топшылаған кезіндегідей, қателікке ұрынып отыр. Әлеуметтік реформалар жолымен социализмді біртіндеп енгізу теориясы капитлаистік меншіктің де, мемлекеттің де белгілі бір дәрежеде объективті дамуын топшылайды, – оның сүбелі жері де осы. Олардың біріншісіне келсек, Конрад Шмидт өз схемасында топшылайтынындай, болашақ даму “капитал иесі, оның құқықтарын біртіндеп шектеу жолымен оны әкімгер рөліне дейін төмендетуге” саяды. Өндіріс құралдарын бірден және кенеттен экспроприациялау мүмкін емес дегендей Конрад Шмидт өзіне біртіндеп экспроприациялау теориясын жасайды. Осы мақсат үшін қажетті алғышарт ретінде ол меншік құқығын “жоғарғы меншікке” және “пайдалану құқығына” ыдырату теориясын құрастырады, сөйтіп олардың біріншісін “қоғамға” ұсынады, және, оның пікірінше, бұл меншік барған сайын ұлғая беруге тиіс, капиталистің қолындағы екіншісі бірсыпыра уақыт өткеннен кейін жай ғана басқаруға айналуға тиіс. Егер осынау түзілім елеулі ештеңесі жоқ, жай әншейін сөз сапыру болса, біртіндеп экспроприациялау теориясы жалаң сөз күйінде қала береді, а егер ол құқықтық дамудың елеулі сжемасы болса, онда ол мүлдем қате. Өзінің капиталды “біртіндеп экспроприациялау” теориясын дәлелдеу үшін

Конрад Шмидт жүгінетін меншік құқығын она бар әртүрлі құқықтық өкілеттіктерге бөлшектеп жіберу – феодалдық натуралдық шаруашалық қоғамына тән, онда өнімді әртүрлі қоғамдық таптардың арасында бөлу заттай пошымда, феодал мен оның құзырындағылардың арасындағы жеке қатынас негізінде жүргізілетін меншіктің әртүрлі бөлікке ыдырауы қоғамдық байлықты бөлудің аталмыш ұйымдастырылуын алдын ала бейнелейтін. Тауарлық өндіріске көшуге және өндірістік процеске жекелеген қатысушылардың арасындағы барлық жеке байланыстардың жойылуына орай, керісінше, адам мен заттың арасындағы қатынас – жеке меншік нығая түсті. Бөлу жеке қатынастың негізінде емес, айырбас жолымен жасалатын болғандықтан, қоғамдық байлыққа қатысуға жекелеген құқық ортақ затқа меншік құқығы бөлшек күйінде емес, әркім базарға шығаратын құндылыққа орай өлшенетін болды. Орта ғасырлардағы қалалық қауымдарда туарлық өндірістің пайда болуына ілесе кеген құқықтық қатынастардағы алғашқы төңкеріс, меншікті бөлуге негізделген феодалдық құқықтық қатынастар аясында абсолютті тұйық жеке меншіктің пайда болуы еді. капиталистік өндірісте бұл даму өзіне одан әрі жол ашты. Өндірістік процестің қоғамдастырылуы тереңдеген сайын, бөлу процесі де таза айырбасқа көбірек сүйене берді, жеке меншік неғұрлым қол сұғылмайтын және тұйық бола түсті және капиталистік меншік өз еңбегінен алынған өнімге құқықтан бөтеннің еңбегін таза иеленіп кету құқығына айнала берді. Капиталист фабриканы өзі басқарып тұрған кезде бөлу белгілі бір дәрежеде оның өндіріс процесіне тікелей қатысуымен байланысты болды. Фабриканттың жеке басқаруы басы артық нәрсе түскен сайын, (ал акционерлік компанияларда бұл қазірдің өзінде орын алған факт) – бөлу тұсындағы дәменің негізі ретіндегі капиталға меншік өндірістегі жеке қатынастан мүлдем ажырап. өзінің таза және тұйық күйінде көрінеді. Акционерлік және өндірістік кредиттік капиталда капиталистік меншік құқығы тұңғыш рет өзінің толық дамуына қол жеткізді.

К. Шмидтің “меншік иесінен қарапайым әкімгершілікке” деген тарихи схемасы, іс жүзінде, осылайша, төңкеріліп қойылған дүние болып шықты, ол, керісінше, меншік иесі әкімгершіліктен таза меншік иесіне алып келетін еді. Бұл арада К. Шмидт Гётенің басынан өткенді қайталап отыр:

“Was r hesіtzt, das sіeht er wіe іm weіten,
Und was verschwand, wіrt thm zu Wіrklіchkeіten”
(“Өзінікі көрінен көзіне оның бұлдырап,
Айрылдым-ау дегені қолға түсті ап-анық”)

Оның тарихи схемасы экономикалық жағынан ең жаңа акционерлік компаниялардан мануфактуралық фабрикаға немесе, тіпті қолөнершілік шеберханаларға кері оралу секілді, дәл сол секілді құқықтық жағынан капитлистік дүниені феодалдық-натуралдық шаруашылықтың қауашағына тықпалауға ұмтылады. Бірақ осынау көзқарас тұрғысынан да “қоғамдық бақылау” да Корнад Шмидт суреттеп отырған күйде көрінбейді. Қазіргі кезде “қоғамдық бақылау” ретінде – еңбекті қорғау, акционерлік компанияларды қадағалау және т.б. – жұмыс істейтіндердің, іс жүзінде меншік құқығына қатысуымен, “жоғары меншікпен” үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл бақылау, капиталистік меншікті шектеу ретінде емес, керісінше, оны қорғаушы ретінде жұмыс істейді. Немесе, экономикалық тілмен айтқанда, ол капиталистік қанауға араласу емес, осы қанауды қалыпқа түсіру және реттеу боолып табылады. Және егер Бернштейн мәселені фабрикалық 〴⁔眠㈵〲㘷㠊⽃㉟ㄠㄠ呦ਰ⸰〴⁔挠ⴰ⸰〴⁔眠〮㌸㔠〠呤ਜ਼㰰㈵䄰㈶䄰㈵ м ә य़ л е н і

фабрикалық
⸰〴⁔挠ⴰ⸰〴⁔眠〮㌸㔠〠呤ਜ਼㰰㈵䄰㈶䄰㈵䄾㠼〲㘵㸴㱔吰‱‵㈷ㅔ搊⠠⥔樊⽃㈠
㘵㸴㱔吰‱‵㈷ㅔ搊⠠⥔樊⽃㈠

ойнауға тиіс. Бұл қайшылықтар өндіруші мойынсеріктерді ажаға жетелейді, өйткені олар не капиталистік кәсіпорынға айналады, не жұмысшылардың мүддесі басым түссе, мүлдем ыдырап кетеді. Осы тектес фактыларды көрсете отырып-ақ, Бернштейн алайда, оларды түсінбейді және Поттер Вебб ханыммен бірге өндіруші мойынсеріктер ажалының себебін “тәртіптің” жеткіліксіздігінен көреді. Бұл арада үстірт те негізсіз тәртіп деп аталған нәрсе капиталдың табиғи да жүгенсіз режимінен басқа түк те емес, оны әрине, жұмысшылардың өздері өздері жөнінде жүргізе алады. Осыдан шығатыны, өндірістік мойынсеріктер капиталистік шаруашылықта өздерінің тіршілігін тек мына бір жағдайда – егер олар өндіріс тәсілі мен айырбас арасындағы өздерінің бойында бұғып жатқан қайшылықты әлде бір айналма жолымен жоя алса еркін бәсеке заңдарына бағынудан құтыла ғана қамтамасыз ете алады. Ал мұның өзі, егер олар әу бастан өздеріне өткізу базарын, тұтынушылардың берік шеңберін қамтамасыз ете алса ғана, мүмкін болады. Мұның құралы – тұтынушылар одағы. Дербес өндіруші мойынсеріктердің мүрдем кететіндігінің, олардың тіршілігін қамтамасыз етуге тұтынушылар одағы ғана қабілетті екендігінің Бернштейн қарастыратын құпиясы, сатып алатын және сататын мойынсеріктердің арасындағы айырмашылықта емес, тек нақ осында. Бірақ егер, осылайша, өндіруші мойынсеріктердің тіршілік ету шарты осы заманғы қоғамда тұтынушылар қоғамдарының тіршілік ету шартымен байланысты болса, онда одан мына бір қорытынды туындайды: өндіруші мойынсеріктер ең әрі кеткенде жергілікті жерде аздап қана өткізуге және тікелей тұтынылатын азын-аулақ өнім, негізінен азық-түлік өндіруге ғана үміт арта алады. Капиталистік өндірістің тоқыма, көмір, металл және мұнай өнеркәсібі, сондай-ақ машина жасау, паровоз және кеме жасау тәрізді неғұрлым маңызды салалары әу бастан тұтыну, демек, өндіруші мойынсеріктердің қарекет өрісінен шығарып тасталған. Сонымен, өндіруші мойынеріктер, өздерінің екідай сипатын былай қойғанда, жалғыз

әлгі себептің өзімен-а ортақ әлеуметтік реформа сипатына ие бола алмайды, оларды баршаға бірдей етіп жүзеге асыру ең алдымен әлемдік базардың жойылуын және тіршілік етіп отырған әлемдік шаруашылықтың өндіру мен айырбас үшін шағын жергілікті топтарға ыдыратылуын қажет етеді; ал мұның өзі шындап келгенде ірі капиталистік шаруашылықты орта ғасырлық тауарлы шаруашылыққа оралту болып шығады. Бірақ осы заманғы қоғам топырғында ықтимал жүзеге асырылу шегінде де өндіруші мойынсеріктер тұтынушылар одақтарының сөзсіз жай ғана шылауы болып табылады, ола осылайша, топшыланатын социалистік реформалардың басты иесі ретінде алдыңғы қатарға шығады. Бірақ мұндай жағдайда бүкіл социалистік реформа мойынсеріктер арқылы капиталистік шаруашылықтың басты негізі – өндіруші капиталға қарсы күрестен – сауда капиталымен, және де ұсақ саудагерлік және делдал капиталмен, яғни капиталистік діңнің ұсақ бұтақтарымен күреске айналады. Бернштейннің пікірі бойынша өндіруші капитал тарапынан жасалатын қанауға қарсы тағы бір құрал қызметін атқаруға тиіс кәсіптік одақтарға келсек, біз жоғарыда көрсеткеніміздей олар жұмысшыларға өндіріс процесіне, оның көлемі жағынан да, техникалық амалдар жағынан да ықпал етуді қамтамасыз ете алмайды. Таза экономикалық жағынан, Бернштейннің сөзімен айтсақ, “жалақы нормасының пайда нормасымен күресіне” келсек, онда бұл арада да осынау күрес, біз бұрын көрсете алғанымыздай, ауасыз кеңістікте емес, жалақы заңының белгілі бір шеңберінде жүреді, сондықтан ол аталған заңды жоймайды, тек оны жүзеге асыра алады. Егер нақ осы мәселені басқа қырынан қарастырып, өзімізге кәсіптік одақтардың төл функциясы қандай деген сауал қойсақ, бұл түсінікті болады. Жұмысшы табының индустриялық пайда нормасына ақрсы азаттық күресінде, Бернштейннің пікірі ьойынша, шабуылдаушы тарап рөлін атқарып, пайда нормасын біртіндеп жалақы нормасына сіңіріп жіберуге тиіс кәсіптік одақтар, нақ сол одақтар пайдаға қарсы экономикалық

шабуылдаушы саясат жүргізуге қауқарсыз. Өйткені олар жұмыс күшін пайда тарапынан жасалатын шабуылдан ұйымдасып қорғаудан, капиталистік шаруашылықтың езіп-жаншу үрдісіне қарсы жұмысшы табын қорғаудан басқа ештеңе емес қой. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, кәсіптік одақтардың міндеті – өз ұйымының көмегімен жұмыс күші базарындағы жағдайға ықпал ету; бірақ еңбек базарына жаңа тауарды ұдайы жеткізіп тұратын орташа таптардың пролетарлануының арқасында, бұл ұйым ұдайы жеңіліп қалуда. Екіншіден кәсіптік одақтар жұмысшы табының жағдайын жақсартуды, оның қоғамдық байлықтағы үлесін арттыруды өзінің мақсаты етіп қояды. Бірақ бұл үлес еңбек өнімділігінің ұлғая түсуі пәрменімен абиғи құбылыстардың тауасыздығы секілді ұдайы кеміп келеді. Бұған көз жеткізу үшін марксист болу тіптен қажет емес, Родбертустың “Әлеуметтік мәселені шолу” деген шығармасын қолға тым болмаса бір рет ұстап көрудің өзі жеткілікті. Сонымен кәсіптік күрес өзінің ең басты екі экономикалық функциясында капиталистік шаруашылықтың объективті жағдайының пәрменімен өзіндік бір Сизиф еңбегіне айналды. Әрине, егер жұмысшы базардың аталмыш жағайына сәйкес елетін жалақы тағайындалуына қол жеткізгісі келсе, егер тек капиталистік жалақы заңының жүзеге асуына ие болғысы келсе, егер экономикалық дамуды жаныштау үрдісінің ықпалы жансыздандырылуға немесе, дұрысы, әлсіретіуге тиіс болса, осынау Сизиф еңбегі қажет. Бірақ кәсіптік одақтарды жалақыны арттыру жөнімен пайданы бітіндеп төмендету құралына айналдыру, әлеуметтік алғышарт ретінде, ең адымен, орташа жіктердің пролетарландырылуының және еңбек өнімділігінің дамытылуының тоқатылуына тиіс, яғни екі жағдайда да ірі капиталистік шаруашылықтың алдындағы кезеңге оралу көзделеді, дәл сол секілді тұтыну одақтарына негізделген шаруашылық орнату көзделеді. Осылайша, социалистік реформаның бернштейндік екі құралы да – мойынсеріктер мен кәсіптік ұйымдар – капиталистік өндіріс тәсілін

өзгертуге мүлдем дәрменсіз болып шығады. Шындап келгенде, Бернштейннің өзі мұны бұлыңғыр сезініп, оларды тек капиталистік пайдадан бірдеңені қарпып қалып, осындай тәсілмен жұмысшы табын байыту құралы ретінде қарастырады. Бірақ мұндай жағдайда ол капиталистік өндіріске қарсы күрестен бас тартып, социал-демократиялық қозалысты капиталистік бөліске қарсы бағыттайды. Бернштейн өз социализмін “әділетті”, “неғұрлым әділетті” (оның кітабының 51-беті) және тіпті “бұрынғыдан да неғұрлым әділетті” (“Алға”, 1899 жылғы 26наурыз) бөлуге ұмтылыс ретінде әлденеше рет тұжырымдайды. Әрине, бері салғанда халық бұқарасының социал-демократиялық қозғалысқа қатысуына алғашқы түрткі капиталистік құрылыс тұсында үстемдік ететін “әділетсіз” бөліс болатын. Тұтастай алғанда бүкіл шаруашылықты қоғамдастыру жолында күресе отырып, социалдемократияның сонымен бірге қоғамдық байлықтың “әділетті” бөлінуі үшін күресетіні түсінікті. Бірақ Маркс ашқан аталмыш бөлу аталмыш өндіріс тәсілінің табиғи салдары ғана деген жаңалықтың арқасында оның күресі капиталистік өндіріс шеңберіндегі бөлуге қарсы емес, тауарлық өндірістің өзін жоюға бағытталған. Қысқасы, социал-демократия капиталистік өндіріс тәсілін жою арқылы социалистік бөлуді жүзеге асыруға ұмтылады, ал Бернштейн мүлдем кері нәрсеге ұмтылады: ол капиталистік бөлуді жойғысы келеді, сондай жолмен социалистік өндіріс тәсілін біртіндеп жүзеге асыруға болады деп үміттенеді. Бірақ аталмыш жағдайда Бернштейннің социалистік пошымын немен негіздеуге болады? Капиталистік өндірістің белгілі бір үрдістерімен бе? Тіптен де олай емес. Біріншіден, бұл үрдістерді оның өзі жоққа шығарады, екіншіден, өндірісті қайта құру ниеті оған, жоғарыда баяндалғанға сәйкес, бөлудің себебі емес, салдары болып көрінеді. Демек, оның социализмінің негізделуі экономикалық негіздеу бола алмайды. Социализм құралдарын оның мақсаты ретінде және керісінше ,мақсатты құрал деп қабылдап, сонымен бірге бүкіл экономикалық қатынастардың да орнын ауыстырып,

ол өзінің бағдарламасына материалистік негіз бере алмай, идеалистік негіздеуге жүгінуге мәжбүр болады. “Социализмді экономикалық қажеттіліктен шығарудың қажеті не?” – деп сұрайды ол. “Адамның ақыл-ойын, құқықтық санасын және ырқын неліктен қабылдау керек?” (“Алға”, 1899 ж. 26-наурыз). Демек, бернштейндік неғұрлым әділетті бөліс адамның еркін, экономикалық қажеттіліктен азат ырқының пәрменімен, немесе, ырықтың өзі тек құрал ғана екендіктен, дәлірек айтқанда әділетті сезіну пәрменімен, әділет идеясының пәрменімен жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен, біз әділет принципіне – әлемді жетілдірушілердің барлығы жүріп-тұрудың басқа неғұрлым сенімді тарихи құралдары жеткіліксіз болғандықтан, мыңдаған жылдар бойы пайдаланып келе жатқан осынау қартайып біткен тұллпарына қылымыз қисаймай жеттік. Біз тарихқа белгілі барлық Дон-Кихоттар өз үйіне көзінің алдын көгертіп оралу үшін ғана реформалардың ұлы дүниесіне аттанатын көтерем Россинантқа жеттік. Социализмнің қоғамдық негізі ретіндегі кедейлер мен байлардың қатынасы, оның мазмұны ретіндегі жолдастық “принципі”, оның мақсаты ретіндегі “неғұрлым әділетті” бөлу, және, ақырында, оның бірден-бір тарихи ақталуы ретіндегі әділет идеясы – 50 жыл бұрын осындай социализмнің өкілі ретінде көрінген Вейтлингтің бір өзінің бойында қаншама күш-жігер, рухани сұлулық пен тұнықтық жатыр десеңізші! Және де осынау тамаша тігіншіге ғылыми социализм әлі белгісіз еді. Міне арада жарты жүз жылдық өткенде Маркс пен Энегльс быт-шытын шығарған оның бүкіл теориясы пролетариатқа ғылымның соңғы сөзі ретінде жеткізіліп отырса, бұған әрине,тігінші керек...бірақ оның данышпан болуы міндетті емес. Кәсіптік одақтар мен мойынсеріктердің ревизионизм теориясының экономикалық тірегі болып табылатыны сияқты, демократияның ұдайы күнейе дамуы оның аса маңызды саяси алғышарты болып табылады.

Қазіргі уақыттың барлық кертартпалық ревизионизм үшін, оның пікірі бойынша, кездейсоқ та өтпелі “сіңір тартылу” ғана, жұмысшы табы күресінің ортақ бағытын белгілеу кезінде оны есепке алудың қажеті жоқ. Бернштейн, мысалы демократияны қазіргі қоғам дамуындағы қажетті баспалдақ ретінде, қарастырады; бұл аз десеңіз, оған да дәл либерализмнің буржуазиялық теоретиктері секілді, демократия жалпы қоғамдық дамудың үұлы негігі заңын құрайды, және осы заңды жүзеге асыруға саяси өмірдің барлық белсенді күштері жәрдемдесуге тиіс. Алайда мұндай үзілді-кесілді пошымда айтылған көзқарас түбірінен қате және буржуазияның дамуының өте шағын кезеңінің соңғы 25–30 жыл кезңіндегі нәтижелерін үстірт үлгіге ұсақ буржуазиялық айналдырудан басқа ештеңе де емес. Демократияның тарихтағы дамуымен және капиталзимнің саяси тарихымен жақын танысқанда, мүлдем басқа қорытындыға келесің. Демократияға келсек, біз оны әртүрлі қоғамдық формациялардан; алғашқы қауымдық коммунистік қоғамдардан, ертедегі құл иеленушілік мемлекеттерден және орта ғасырлардағы қалалық қауымдардан көреміз. Дәл сол секілді абсолютизм мен конституциялық монархияны біз сан алуан экономикалық комбинациялардан да кездестіреміз. Екінші жағынан, капитализм өзінің ең бастапқы дамуында – тауарлық өндіріс пошымында – қалалық коммуналрда таза демократиялық құрылыс құрады; кейінірек, неғұрлым дамыған – мануфактуралық пошымы ол өзіне сай келетін пошымы абсолюттік монархиядан табады. Ақырында, әжептеуір индустриялық шаруашылық ретінде ол Францияда демократиялық республиканы (1793), Наполеон І-нің абсолюттік монархиясын, реставрация кезеңінде аристократиялық монархияны (1815–1830), ЛуиФилипптің буржуазиялық-конституциялық моанрхиясын; сонан соң тағы да демократиялық республиканы, тағы да Наполеон ІІІ-тің монархиясын және, ақырында, үшінші рет республиканы алма-кезек құрады. Германияда шын мәніндегі бірден-бір демократиялық мекеме – баршаға бірдей сайлау құқығы – буржуазиялық либерализмнің жеңісі емес,

жекелеген ұсақ мемлекеттердің саяси топтасу құралы және ол неміс буржуазиясының дамуы үшін осы жағынан ғана маңызды, ол буржуазия жартылай феодалдық конституциялық монархияны әбден қанағат тұтатын. Ресейде капитализм ұзақ уақыт бойы тығыстық самоджержавие жағдайында да шешек атып келді және буржуазия демократияға ешқандай ұмтылыс көрсеткен де жоқ. Австрияда баршаға бірдей сайлау құқығы құлдырау үстіндегі монархия үшін едәуір дәрежеде құтқару белбеуі рөлін атқарды. Ақырында, Бельгиядағы жұмысшы қозғалысының демократиялық жеңісі – баршаға бірдей сайлау құқығы – милитаризмнің әлсіздігімен, демек , Бельгияның географиялық және саяси ерекше жағдайымен сөзсіз байлансыты, және де бұл “бір үзік демократия” ең алдымен буржуазияның жеңісі емес, буржуазияға қарсы күрестің жемісі. Осылайша, біздің ревизионизм мен буржуазиялық либерализмге адамзат тарихының, немесе кем дегенде қазіргі тарихтың негізгі ұлы заңы болып көрінетін демократияның үздіксіз өрлеуі жақсылап қарастырғанда,елес болып шығады. Капиталистік даму демократияның арасында ешқандай абсолютті ішкі байланысты байқау мүмкін емес. Саяси пошым әрбір жолы абсолюттік монархиядан бастап, демократиялық республиканы қоас өзінің аясына бүкіл саяси шкаланы сыйғызатын ішкі және сыртқы саяси факторлаврдың барлық жиынтығының нәтижесі болып табылады. Егер біз осылайша осы заманғы қоғам шеңберінде демократияның дамуының ортақ тарихи заңынан бас тартып, буржуазиялық тарихтың қазіргі фазасына ғана жүгінсек те, бұл арада да, саяси жағдайда, Бернштейннің схемасын жүзеге асыруға жетелейтін факторларды емес, қайта, керісінше, буржуазиялық қоғам тарапынан осыған дейін қол жеткен барлық жеңістен бас тартуға жетелейтін фактыларды ұшыратамыз. Бір жағынан – мұның өзі өте маңызды – демократиялық мекемелер буржуазиялық қоғамның дамуында өзінің рөлін едәуір дәрежеде атқарып та шықты. Олар жекелеген ұсақ мемлекеттердің бірігіп, осы заманғы үлкен

мемлекеттердің (Германия, Италия) пайда болуы үшін қажет шамада, экономикалық даму ішкі таиғи ұласуға алып келді. Жартылай немесе толық феодалдық саяи-әкімшілік машинаның капиталистік механизмге айналғаны туралы да дәл осыны айту керек. Тарихи жағынан демократиямен етене байланысты осынау капиталистік механизмге айналудың да ілгерілеп кеткендігі соншалық, мемлекеттік құрылыстың таза демократиялық мекемелері – баршаға бірдей сайлау құқығы, басқарудың республикалық пошымы – ешбір қауіп ойламай ізтүссіз жылыстап кете алар еді, ал әкімшілік, қаржы, әскери іс және т.б. наурызға дейінгі пошымдарға орала алар еді. Егер бұл жағынан либерализм буржуазиялық қоғам үшін мүлдем артыұ нәрсеге айналса, екінші жағынан, ол көптеген басқа жағынан ол үшін тікелей кедергіге айналды. Бұл орайда осы заманғы мемлекеттердің барлық саяси өміріне үстемдік құрып отырған екі факторды; әлемдік саясат пен жұмысшы қозғалысын есте ұстау керек; олардың екеуі де капиталистік дамудың қазіргі фазасының тек әртүрлі тараптарын көрсетеді. Әлемдік шаруашылықтың дамуы, әлемдік базардағы бәсекенің шиеленісуі мен жалпы сипаты әлемдік саясаттың құралы ретінде милитаризм мен маринизмді барлық үлкен мемлекеттердің ішкі, де, сыртқы да өмірінің басты сәттері етті. Бірақ егер әлемдік саясат пен милитаризм қазіргі кезде өрлей түсу тенденциясы үстінде болса, буржуазиялық демократия төмендеу желісімен қозғалуға тиіс. Германияда 1893 жылы басталған мықтап қарулану дәуірі және Киао-Чаода негізі қаланған әлемдік саясат буржуазиялық демократияны екі құрнбандыққа баруға мәжбүр етті: либерализмнің ыдырап тынды және орталық партия оппозициялық партиядан үкіметтік партияға айналды. Рейхстагқа жуырдағы, сайлау (1907), отарлау саясаты туының астында сонымен бір мезгілде герман либерализмін тарихи жерлеу болды.

Және егер сыртқы саясат буржуазияны реакция құшағына итерсе, жұмысшы табының ұмтылысына ішкі саясат одан кем ықпал етпейді. Мұны социал-демократиялық “қорқынышты ертегілерді”, яғни жұмысшы табының социалистік ұмтылысын либералдық буржуазияның өз туына сатқындық жасағаны үшін жауапты етіп, Бернштейннің өзі де қуаттайды. Сондықтан ол зәре-құты қалмаған либерализмді реакцияның тышқан інінен тағы да алдарқатып шығару үшін, пролетариатқа социалистік түпкі мақсат туралы ойдан арылуға кеңес береді. Бірақ, социалистік жұмысшы қозғалысын жоюды буржуазиялық демократияның өмір сүруінің өмірлік шарты және әлеуметтік алғышарты деп санап, Бернштейнніңөзі осынысымен бұл демократияның осы заманғы қоғам дамуының ішкі үрдісіне социалистік жұмысшы қозғалысы қай шамада оның тікелей жемісі болса, нақ сол шамада қайшы келетінін өте айқын көрсетеді. Бірақ осынысымен ол тағы бір нәрсені дәлелдейді. Жұмысшы табының социалистік түпкі мақсаттан бас тартуын буржуазиялық демократияны қайта тірілтудің басты шарты ретінде көлденең тарта отырып, ол осынысымен буржуазиялық демократияның социалистік қозғалыс пен социалистік жеңістің қажетті алғышарты қызметін қаншалық мардымсыз атқаратынын көрсетеді. Осы арада Бернштейннің толғамдары сырқау шеңбер жасайды, онда тұжырым бастапқы шартты “жұтып” қояды. Бұл шеңберден шығудың жолы өте қарапайым: буржуазиялық либерализмнің даму үстіндегі жұмысшы қозғалысынан және оның түпкі мақсаттарынан қорқыныш себебінен өліп кету фактысы тек мынаны дәлелдейді: нақ қазір демократияның бірден-бір сүйеніші социалистік жұмысшы қозғалысы болып табылады және бола алады, социалистік қозғалыстың тағдыры буржуазиялық демократияға тәуелді емес, керісінше, демократиялық дамудың тағдыры бүтіндей социалистік қозғалысқа тәуелді, демократияның өміршеңдігі жұмысшы табының өз азаттығы үшін күрестен бас тартуына қарап емес, керісінше, әлемдік саясаттың және буржуазиялық сатқындықтың кертартпалық зардаптарына қарсы күресу

үшін жеткілікті дәрежеде күшті болуы шамасына қарай өсе береді. Кімдекім демократияның күшеюін қаласа, сол социалистік қозғалыстың әлсіреуін емес, оның күшеюін қалауға тиіс және социалистік ұмтылыстардан бас тарту, жұмысшы қозғалысы мен демократиядан бас тарту деген сөз.

3. Саяси өкіметті жеңіп алу

Демократияның тағдыры, көріп отырғанымыздай, жұмысшы қозғалысының тағдырына байланысты. Бірақ демократияның дамуы, тіпті ең жақсы жжағдайда дамуы, мемлекеттік өкіметті тартып алу, саяси өкіметті жеңір алу мағынасында пролетарлық революцияны басы артық немесе мүмкін емес нәрсе етеді ме? Бернштейн бұл мәселені заң шығарушылық реформалар мен революцияның жақсы және жаман жақтарын мұқият салмақтау арқылы шешеді; ол бұл операцияны коица мен бұрышты тұтыну дүкенінде таразыға тартқандай жіптіктей етіп жүргізеді. Дамудың заңды барысынан ол парасат қарекетін, революциядан – сезім қарекетін көреді; реформаторлық жұмысқа ол тарихи прогрестің баяу, ал революцияға шапшаң әдісі ретінде қарайды; заңдар шығарудан ол жоспарлы жұмысты, ал төңкерістен дөрекі күшті көреді. Таптаурын тарих! Ұсақ буржуазиялық реформатор барлық нәрсенің үнемі “жақсы” және “жаман” жақтарын көреді, барлығын аз-аздан алады. Бірақ мына нәрсе де тапаурын тарих өмірдің шын ағысы осынау ұсақ буржуазиялық қисындармен санаспайды, дүниеде бардың бәрінен үзіпжұлқып мұқият жинаған “жақсы жақтардың” бәрі бір шерткеннен быт-шыт болады. Нақты болмыста біз тарихта заң шығарушылық реформа мен революция қайсыбір әдістің жақсы жақтарынан немесе кемістіктерінен гөрі, неғұрлым терең себептерден туындайтынын көреміз.

Буржуазиялық қоғам тарихында заң шығарушылық реформалар дамып келе жатқан тапты бірте-бірте күшейте беруге қызмет еті, бұл қызмет ол саяси өкіметті тартып алу және орын алып отырған бүкіл құқықтық жүйені жойып, жаңасын құру үшін өзінің жеткілікті дәрежеде пісіп-жетілгенін сезінгенше жалғаса береді. Саяси өкіметті тартып алу теориясын зорлықтың бланкистік теориясы ретінде тас-талқан етпек Бернштейн ыңғайсыз жағдайға тап болады: жүздеген жылдар бойы адамзат тарихының өзегі және қозғаушы күші болып келе жатқан нәрсені ол қарапайым бланкистік қателік деп қабылдайды. Таптық қоғам өмір сүріп келе жатқаннан және таптық күрес осы тарихтың басты мазмұнын құрайтыннан бері, саяси өкіметті жеңіп алу әрқашан барлық көтерііп келе жатқан таптардың мақсаты және әрбір тарихи кезеңнің бастапқы әрі түпкі нүктесі болып келеді. Мұны біз ежелгі Римдегі шаруалардың ақша капиталымен және патрицйлармен ұзақ күресінен де, патрицийлардың епископтармен күреісінен де, орта ғасырлар қалаларындағы қолөнершілердің патрицийлармен күресінен де, жаңа заманда буржуазияның феодализммен күресінен де байқаймыз. Сонымен, заң шығарушылық реформа мен революция тарихи прогресі тарих буфетінен ыстық немесе салқын шұжық сияқты қалауыңша таңдап алуға болатын әртүрлі әдістері емес;бұл – таптық қоғамның дамуындағы әртүрлі сәттер, олар мысалы, Оңтүстік және Солтүстік полюс сияқты немесе буржуазия мен пролетариат сияқты бірін-бірі туындатып, толықтырады немесе бір-бірімен сыйыспайды. Заңмен орнатылған қандай да бір мемлекеттік құрылыс бар болғаны революцияның жемісі ғана. Революция таптық тарихтың саяси жасампаздық актысы болса, заңдар қоғамның саяси тіршілігін қолдап отыру. Заң шығарушылық реформаторлық қызметте революциядан тәуелсіз қозғаушы күш жоқ; және әрбір тарихи дәуірде ол өзінің қозғалысын соңғы төңкерісттен, немесе, нақтырақ айтсақ, төңкеріс жасаған

қоғамдық пошым шеңберінде жалғастырады. Мәселенің мәнісі де тап осында. Заң шығарушылық реформаны ұзаұ революция деп, ал революцияны – тазаланғанреформа деп түсіну мүлдем қате және тарихұа жат. Әлеуметтік төңкеріс және заң шығарушылық реформа ұзақтығы жағынан емес, мәнісі жағынан әртүрлі сәттер. Саяси өкімет жасайтын тарихи төңкерістердің бүкіл құпиясы нақ қарапайым сандық өзгерістері жаңа сапаға айналдыруда, яғни бір қоғамдық тәтіпті, басқа қоғамдық тәртіпке айналдыру. Сонымен, кімде-кім саяси билікті жеңіп алудың және қоғамдық төңкеріс жасаудың орнына және оған қарама-қарсы заңды реформалар жолын жақтаса, ол іс жүзінде сол мақсатқа жетудің неғұрлым сабырлы, неғұрлым сенімді және неғұрлым баяу жолын емес, мүлдем басқа мақсатты, атап айтқанда – жаңа қоғамдық тәртіпті жүзеге асырудың орнына, ескі тәртіпте тек мардымсыз өзгерістер жасауды таңдайды. Осылайша, ревизионизмнің саяси көзқарастары оның экономикалық теориялары секілді тұжырымға жетелейді: шынына келгенде, ол социалистік құрылысты жүзеге асыруды емес, капитализмді қайта құруды ғана көздейді, ол жалдау жүйесін жоюға емес, тк көбірек немесе азырақ қанауға күш салады, ол капитализмнің өзін емес, тек оның сүйелдерін жоюға ұмтылады. Бірақ, бәлкім, заң шығарушылық реформа мен революцияның қызметтеріне қатысты жоғарыда айтылған қағидалар осы уақытқа дейін жүргізіліп келген таптық күрес жөнінде ғана әділ болар? Бәлкім, осы сәттен бастап, буржуазиялық құқықтықжүйені жетілдірудің арқасында, щзаң шығарушылық реформа сондай-ақ қоғамды бір тарихи фазадан екіншісіне көшіруге бағышталып, пролетариаттың саяси өкіметті тартып алу теориясы, Бернштейн өз кітабының 183-бетінде айтқандай, “мазмұнсыз тіркеске” айналған шығар?

Бірақ біз мүлдем басқа құбылысты байқап отырмыз. Осы заманғы буржуазиялық қоғамның ерте дүниедегі және орта ғасырлардағы таптық қоғамдардан айырмашылығы неде? Нақ мынасында: таптық үстемдік қазіргі кезде “берік қол жеткізілген құқыққа” емес, нақты экономикалық қатынасқа сүйнедеі, жалдау жүйесі құқықтық емес, таза экономикалық қатынас. Біздің бүкіл құқықтық жүйемізде қазіргі таптық үстемдіктің заңда білдірілген бірде-бір формуласын таба алмайсыз. Және егер оның ізі, мысалы қызметші туралы жарғыда байқалса, ол феодалдық қатынастың сарқыншағынан басқа ештеңе емес. Бірақ жалдамалы құлдықты, егер заңдарда мүлдем білдірілмесе, “заңды жолмен” қалай біртіндеп жоюға болады? Капитализмді осындай жолмен құртпаққа үміттеніп, заң шығарушылық реформаторлық жұмысқа кіріспек Бернштейн Успескийдегі орыс городовойы жағдайына тап болады, ол өз басынан өткен оқиғаны: “Мен оны жағасынан ала түстім. Не болды дейсіз ғой? Оңбағанда жаңа да жоқ екен!” деп баяндайды. Міне гәп қайда. “Бүгінге дейін болған барлық қоғамдар, өзіміз көргеніміздей, қанаушы және қаналуыш таптар арасындағы антогонизмге негізделген болатын” (“Коммунистік Манифест”). Бірақ осы заманғы қоғамның алдыңғы фазистерінде бұл қарама-қайшылық белгілі бір құқықтық қатынастардан көрінетін де, осының пәрменімен ол бұрынғы шекарасында жаңадан дамып келе жатқан қатынастарға белгілі бір дәрежеге дейін орын бере алатын еді. “Басыбайлы басыбайлылық ахуалында коммуна мүшелігі жағдайын көтерілді...” (“Коммунистік Манифест”). Қалайша? Қала шегінде барщина, басыбайлының мұрагерлері оның қожайынына төлейтін әртүрлі алымдар түріндегі ұсақ құқықтарды жан басына салықты, мәжбүрлі некені мұрагерлікке қатысу құқығын және т.б. бірте-бірте жою арқылы, осылардың жиынтығы басыбайлылық құқығын құрайтын. Дәл солай “ұсақ буржуа да феодалдық абсолютизм қамытынан буржуа жағдайына дейін көтерілді”. Қалайша? Цехтық бұғауларды ішінара

формалдық жою немесе іс жүзінде жеңілдету жолымен және әкімшілікті, қаржы мен әскери істі ең шетін қажеттілікке сай келетін мөлшерде біртіндеп қайта құру жолымен. Сонымен егер, мәселені тарихи тұрғыдан емес, абстрактылы қарастырсақ, бұрынғы таптық қатынастар жағдайында, бері салғанда, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға көшу таза заң шығарушылық реформа көмегімен жасалды деп топшылауға болады. Бірақ іс жүзінде біз, онда да заң шығарушы реформалар буржуазияның саяси билікті тартып алуын қажетсіз ету үшін жасалмағанын, керісінше, оны дайындап, жүзеге асыру үшін жасалғанын байқаймыз. Нағыз саяси-әлеуметтік төңкеріс басыбайлылықты жою үшін де, феодализмді жою үшін де қажет болды. Қазіргі жағдай басқаша. Пролетариатты өзін капиталдың қанауына бағындыруын заң емес, мұқтаждық және өндіріс құралдарының жоқтығы мәжбүр етеді. Бірақ әлемдегі ешбір заң оған сол құралды буржуазиялық қоғам шеңберінде бере алмайды, өйткенң ол құралдан заң пәрменімен емес, экономикалық даму пәрменімен айрылған. Әрі кетсек, жал қатынастарындағы қанау да заңға негізделмеген, өйткені жалақы деңгейі заң шығарушылық жолмен емес, экономикалық факторлармен белгіленеді. Қанау фактысының өзі де заң шығарушылық қаулылардан емесе жұмыс күші тауар ретінде ұсынылғанда, таза экономикалық фактыдан туындайды. Қысқасы, капиталистік таптық үстемдіктің барлық негізгі қатынастары буржуазиялық құрылыстың топырағында заң шығарушылық реформа жолымен өзгертіле алмайды, өйткені олар буржуазиялық заңдармен жасалған емес, және пошымын олардан алған емес. Социалистік “реформадан” үміттенуіне қарағанда, Бернштейнге, тегінде, осының бәрі беймәлім секілді; алайда өзі де байқамастан, өз кітапшасының 10-бетінде бұл туралы ол былай дейді: “бұрын үстемдік қатынастарымен және әрқилы идеалогиялармен бүркемеленіп келген жерде экономикалық сарын қазір еркін тыныстайды”.

Және бір жәйт. Капиталистік құрылыстың басқа бір ерекшелігі мынадай: онда болашақ барлық элементтері дами отырып, бастапқыда оларды социализмге жақындатпайтын, қайта қашықтата түсетін пошымға ие болады. Өндірісте қоғамдық сипат барған сайын көріне түседі. Бірақ бұл қандай пошымда білдіріледі? Капиталистік қайшылық, жұмыс күшін қанау мен езіп-жаншу ең жоғары дәрежесіне жететін ірі кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, картельдер пошымында. Әскери салада бұл даму жалпыға бірдей міндеттіліктің таратылуын және қызмет мерзімінің қысқартылуына жетелейді, яғни материалдық жағынан халықтық армияға жақындатады. Бірақ осының бәрі осы заманғы милитаризм пошымында болып, ондаәскери мемлекеттің халықтан үстемдігі және мемлекеттің таптық сипаты айқын аңғарылады.саяси қатынастар саласында демократия дамуы, ол қолайлы жағдайда жүретіндіктен, халықтың барлық жіктерінің саяси өмірге қатысуына, демек, белгілі бір дәрежеге дейін “халықтық мемлекеттің” құрылуына жетелейді. Бірақ бұл буржуазиялық парламентаризм пошымында көрінеді, онда таптық қайшылық және таптық үстемдік жойылмақ түгілі, қайта дами түсіп, айқынырақ көріне бастайды. Бүкіл капиталистік даму, осылайша кереғарлықта ілгерілейтіндіктен, социалистік қоғамның дәнін қабықтан аршып алу үшін пролетариаттың саяси билікті тартып алуға жүгінуіне және капиталистік жүйені толық жоюын тура келеді. Бірақ, Бернштейн, әрине бұл арада да басқа тұжырымдар жасайды. Егер демоккратияның дамуы капиталистік қайшылықтарды әлсіретуге емес, шиеленістіруге жетелейтін болса, онда, дейді ол, “социалдемократия, егер өзінің жұмысын қиындатқысы келмесе, онда әлеуметтік рефомалар мен демократиялық мекемелердің кеңеюіне мүмкіндігінше кедергі жасауға ұмтылуы керек болар еді”. егер социал-демократия ұсақ буржуа секілді тарихтың жақсы жақтарын іріктеп алып, жаман жақтарын лақтырып тастау тәрізді өніміз іспен шұғылданудан қанағат табатын болса, бұл сөзсіз солай болар еді. бірақ дәйекті болу үшін, оның капитализмнің

өзін жоюға “ұмтылуына тура келер еді, өйткені ол оның социализмге барар жолын қилы кедергілер қойып отырған ең басты жамандық болып табылатыны даусыз”. Ал іс жүзінде капитализм ұдайы және бір мезгілдік кедергілер мен бірге социалистік бағдарламаның жүзеге асырылуына бірден-бір мүмкіндік те береді.осының бәрі толық көлемде демократияға да қатысты. Егер демократия буржуазия үшін ішінара артық, ішінара қыспақтаушы нәрсеге айналса, есесіне жұмысшы табына ол қажет және міндетті. Оның қажет болатыны, ол, біріншіден, буржуазиялық қоғамды қайта құрған кезде пролетариаттың бастапқы және арқа сүйер тірек қызметін атқаратын саяси пошымда (өзін-өзі басқару, сайлау құқығы және тағы с.с) құрады. Оның міндетті болатыны, тек сонда, демократия үшін күресте, соның құқықтарын пайдалануда проетариат өзінің таптық мүдделері мен тарихи міндеттерін түсінуге жете алады. Қысқасы, демократияның қажет болатыны, ол пролеатриаттың саяси өкіметті тартып алуын артық ететіндіктен емес, қайта, керісінше, ол тартып алуды қажетті де, бірден-бір мүмкін де етеді. “Франциядағы таптық күрес” еңбегіне алғысөзінде Ф. Энгельс осы заманғы жұмысшы қозғалысының тактикасына тағы бір шолу жасай келіп, баррикадаларға заңдылық базасындағы күресті қарсы қоятынын аңғарсақ, алғысөздің әрбір жолынан байқалатынындай, ол саяси өкімет міндетті түрде тартып алу мәселесін емес, осы сәттің күнделікті күрес мәселесін қарастырады; оны пролетариаттың саяси өкіметті тартып алу сәтіндегі капиталистік мемлекет жөніндегі қарекеті емес, оның капитаистік мемлекет шеңберіндегі қарекет қызықтырады. Қысқасы, Энгельс жеңімпаз пролетариатқа емес, құлдықтағы пролетариатқа нұсқау береді. Керісінше, Аглиядағы жер мәселесіне байланысты, Бернштейн де сілтеме жасайтын, Маркстың “барлық жағынан ықтималы, лендлордтардан сатып алу бәрінен де арзан болар” дейтін әйгілі сөзі, пролетариаттың жеңіске дейінгі емес, одан кейінгі қараекетіне қатысты. Өйткені үстем

таптарда жер сатып алу уралы әңгіме жұмысшы табы басқару тұтқасын қолына алғаннан кейін ғана болады ғой. Мұнымен Маркс тек пролетариат диктатурасын капиталистік әлеуметтік реформалармен алмастыру туралы емес, диктатураны бейбіт жолмен жүргізу мүмкіндігі туралы топшылауын ғана білдірген. Пролетариаттың саяси өкіметті тартып алу қажеттігінің өзі Маркс үшін де, Энгельс үшін де әрдайым даусыз нәрсе болып қала берген-ді. Сондықтан буржуазиялық парламентаризмнің тауықкетегін ең қуатты дүниежүзілік-тарихи төңкеріс – қоғамның капиталистік пошымынан социалистік пошымына өтуін іске асыруға шақырылған орган деп санау Бернштейннің артықшылығы болып қала береді. Бірақ Бернштейн өзінің теориясын тек пролеатриат басқару тұтқасына тым ерте ие болып жүрмес пе екен деген қауіптенуден, алдын ала сақтандырудан бастады ғой! Мұндай жағдайда, оның пікірінше пролетариат бүкіл буржуазиялық құрылысты оның қазір күйінде мүлдем өзгеріссіз қалдырып, өздері қатты опық жейді. Мұндай қауіптенуден ең алдымен мына бір нәрсе айқын: Бернштейн теориясында пролетариат үшін, егер жағдай оны басқаруды өз қолына алуға мәжбүр ететіндей болса, тек бір ғана “практикалық” нұсқау – жат та ұйықта деген нұсқау бар. Бірақ осынысымен ол күрестің аса маңызды сәтінде пролетариатты қарекетсіздікке кесетін, демек, өз ісіне бойкүйез сатқындық жасауға кесетін теория ретінде өзіне-өзі үкім шығарады. Біздің бүкіл бағдарламамыз, егер ол барлық кездейсоқтықтарда және күрестің әрбір сәтінде қызмет етуге және оны ұмытып кету жолымен емес нақ өмірде қолдану жолымен қызмет етуге дәрменсіз болса түкке татымайтын бір жапырақ қағаз болып қала берер еді. шынында да! Егер біздің бағдарлама қоғамның капитализмнен сроциализмге қарай тарихи даму формуласын берсе, онда ол, әрине, осы барлық өтпелі фазаларын да тұжырымдап, олардың жалпы нобайын көрсетуге тиіс; демек ол социализмді жақындату ақсатында әрбір аталмыш сәтте пролетариатқа сол

сәтке сәйкес келетін құлықты көрсетіп отыра алатын болуы керек. Бұдан шығатыны: пролетариат үшін өз бағдарламасын атастап кетуге ол мәжбүр болатын немесе керісінше, сол бағдарлама оны тағдыр тәлкегіне тастап кететін сәт жалпы болмауы керек. Іс жүзінде бұл мына бір фактыдан көрінеді: жағдай пәрменімен басқару тұтқсы ұстатылған кезде пролетариат өзінің бағдарламасын немесе социализмге жетелейтін өтпелі шараларды жүзеге асыру үшін қандай да бір шаралар қолдануға дәрменсіз болатын немесе міндетті болмайтын сәттің соғуы мүмкін емес. Пролетариаттың саяси үстемдігінің әйтеуір бір сәтінде социалистік бағдарлама өзінің жүзеге асырылуы жөнінде қандай да бір нұсқау беруге мүлдем дәрменсіз де қабілетсіз болып шығуы мүмкін дейтін пайымдаудың тасасында тағы бір пайымдау, атап айтқанда, социалистік бағдарлама жалпы және ешқашан жүзеге аспайды деген пайымдау тұр. Ал өтпелі шаралар тым асығыстық болып шықса ше? Бұл сұрақта әлеуметтік төңкерістердің шын барысы жөніндегі қателіктердің бір шумағы жатыр. Пролетариаттың, яғни халықтың қалың бұқарасының саяси өкімет тартып алуын, ең алдымен жасанды жолмен жүзеге асыру мүмкін емес. Саяси өкімет тартып алу фактысы өздігінен-а ылғи да саяси экономикалық қатынастардың белгілі бір даму дәрежесін қажет етеді, Париж Коммунасында болғанындай, пролетариаттың үстемдігі белгілі бір анық мақсат үшін саналы күрестің нәтижесі емес, жұрттың бәрі тастап кеткен иесіз мүліктей қолға түскен жағдайдан өзге жағдайлардың бәрінде солай болады. “Өлермен азшылық” жасайтын, әрбір жолы тосын және, осының салдарынан, мезгілсіз жасалған нәрсе болатын бланкистік мемлекеттік төңкерістің, саяси өкіметті зор да таптық сананы сіңірген халық бұқарасы тарапынан тартып алудан басты өзгешелігі осында. Мұндай басып алу тек қана буржуазиялық қоғамның басталған күйреуінің жемісі бола алады және осының пәрменімен өзінің дүниеге келуінің экономикалық-саяси заңдылығын өзімен бірге ала келді.

Егер, осылайша, жұмысшы табының саяси өкіметті басып алуы, қоғамдық даму шарты тұрғысынан, ешқашан “тым ерте” жасала қоймайтын болса, екінші жағынан, саяси эффект – билікті ұстап қалу тұрғысынан оның “тым ерте” жасалуға тиіс. Бернштейннің ұйқысын қашырып жүрген мезгілсіз революция біздің үстімізден Дамоклдың семсеріндей төніп тұр және одан өтініш те, жалыну да, қорқыныш та, сақтандыру да құтқара алмайды. Өте қарапайым екәі себептен солай болуға тиісті де. Біріншіден, қоғамның капиталистік құрылыстан социалистік құрылысқа өтуі секілді зорлықпен жасалатын төңкеріс тіпті де бірден пролетариаттың жеңімпаз бір соққысымен жасала қоймайды. Осындай бірдеңені топшылау тағы да таза бланкистік түсінікке ұрыну болып шығады. Социалистік төңкеріс ұзақ та табанды күресті қажет етеді, және де қай жағынан келсек те, пролетариаттың талай рет тойтарылып тастауы әбден мүмкін, демек, бүкіл күрестің ақтық нәтижесі көзқарасы тұрғысынан, ол бірінші рет қажетіне қарай басқару тұтқасына “тым ерте” ие болуға тиіс. Екінші жағынан мына бір себеппен мемлекеттік өкіметті “мезгілінен бұрын” басып алудан қашып құтыла алмайсың: пролетариаттың осынау “мезгілінен бұрын” жасалатын шабуылдарының өзі түпкілікті жеңістің саяси шартын құрайтын өте маңызды фактор болып табылады, және де тек пролетариаттың өкімет басып алуына ілесе жүретін саяси дағдарыс барысында ғана, ұзақ та табанды ұрыстардың от-жалынында ғана пролетариат өзін ақтық ұлы төңкеріске қабілетті ете алатын қажетті саяси кемелдік дәрежесіне жете алады. Осылайша, пролетариаттың саяси мемлекеттік өкімет “мезгілінен бұрын” шабуылдарыөздігінен-ақ түпкілікті жеңісті жетелей жүретін және сол сәтті айқындайтын маңызды тарихи сәтте болып шығады. Осы көзқарас тұрғысынан, еңбекші халықтың саяси өкімет мезгілінен бұрын басып алуы туралы ұғымның өзі саяси жосықсыздық болып көрінеді, ол қоғамның дамуын үстірт түсінуден

туындайтын және таптық күрестің жеңісі үшін, белгілі бір сә сыртқы және осы таптық күреске тәуелсіз сәт қажет деп бідуен туындайды. Бірақ пролетариат, осылайша, тіпті басқаша да, саяси өкіметті “тым ерте басып ала алатындығының, яғни, басқаша айтқанда, сайып келгенде оны баянды жеңіп алуы үшін күндердің күнінде бір немесе бірнеше рет сөзсіз басып алуға тиіс болатындығының пәрменімен. өкіметті мезгілінен бұрын басып алуға қарсы оппозиция жалпы пролетариаттың саяси өкімет қолға алуына ұмтылысына қарсы оппозициядан басқа ештеңе емес. Барлық жолдардың Римге жеткізілетіні сияқты, осы жағынан да біз ақтық социалистік мақсаттан бас тарту туралы ревизионистік кеңес бүкіл социалистік қозғалыстан бас тарту туралы кеңеспен бірдей еген тұжырымға дәйекті түрде келеміз.

“Р. Люксембург. Социальная реформа или
революция. М., 1958” басылымынан қазақшалаған
Орынбай ЖОЛДЫБАЙ.

Фердинанд Лассаль

ЖҰМЫСКЕРЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

Осы заманғы тарихи кезеңнің жұмысшылар сословиесі идеясымен
негізгі байланыстары туралы

(1825–1869) – неміс социал-демократиясының негізін қалаушыларды бірі. Оның тарихи еңбегі және саяси қызметінің басты қорытындысы – ол Германияның жұмысшы бұқарасын 1848 жылғы революциядан кейін қалғып-мүлгуден оята алғаны. Жұмысшылардың аузын қаратып алған либералдармен тынымсыз күрес жүргізіп, ол өзінің жалынды үгіиімен оларды дербес Бүкілгерманиялық Жұмысшылар одағын құруға итермелей алды. Социализм теориясы мен саяси қызмет бағдарламасы саласында Лассаль өзін Маркс пен Энгельстің шәкіртімін деп санағанымен, олардың дүниетанымынан едәуір ауытқыды. Мәселен ол мемлекет көмектесетін өндіруші жұмысшылар мойынсерігін көп нәрсенің дауасы деп білді. Қысұа ғұмырында ол “Тераклита деп аатйық” (грек философиясы саласындағы зерттеу), “Бастиа – Шульце” (экономикалық зерттеу), “Конституцияның мәнісі”, “Жұмыскерлер бағдарламасы” секілді еңбектер қалдырды.

Мырзалар! Сіздерге лекция оқып беру туралы шақыру алғаннан кейін мен өзінің мәнісі жағынан сіздерді, ерекше қызықтыра алатын тақырыпты тауып, оны қатаң ғылыми тұрғыдан өңдеу керек деп ұйғардым. Мен осы заманғы тарихи кезең сипаты мен жұмысшылар сословиесі идеясының арасындағы ерекше байланыс туралы айтпақпын. Әлгінде айтқанымдай, мен бұл тақырыпқа қатаң ғылыми тұрғыдан келмекпін. Бірақ шынайы ғылымилық мінсіз айқындылықтан басқа ештеңеден де құралмайды, демек, ештеңе де дәлелсіз айтылмауын, күн ілгері белгілі нәрсе деп топшыланбауын талап етеді.

Ештеңені де күн ілгері белгілі деп топшылауды қаламай, біз осы әңгімеміздің барысында “жұмыскер” және “жұмысшылар сословиесі” деген сөздермен тіпті нені түсінетінімізді өзіміз үшін де анықтауға тиіс боламыз. Тіпті осыны да біз түсіндіруді талап етпейтін, күн ілгері белгілі нәрсе деп топшылай алмаймыз. Ешқандай жағдайда да! Әдеттегі сөзде “жұмыскер” және “жұмысшылар одағы” деген сөздер барынша әртүрлі мағынада қолданылады, сондықтан да біздің олармен қандай мағынаны ұштастыратынымызды анықтап алуымыз керек. Бірақ бұған әлі ертерек. Сондықтан әңгімемізді басқа бір мәселеден бастаймыз. Жұмысшылар сословиесі азаматтық қоғамды құрайтын бірнеше сословиелердің біреуі ғана. Жұмыскерлер барлық замандарда болған. Осынау бір сословие идеясы мен осы заманғы тарихи кезеңнің ортақ принципі арасында қандай да бір ерекше байланыс қалайша болуы мүмкін? Бұл не деген сөз. Мүны түсіну үшін, мырзалар, тарихқа, өткенге бойлауымыз керек, ол, егер оны дұрыс түсіне алсақ, біздің алдымызға осы заманның мағынасын әрқашан жайып салады және болашақтың нобайын береді. Осынау шолуда біздің, мырзалар, барынша қысқа болуымыз керек: өйтпесек, бізге бөлінген уақыттың жеткіліксіздігінен, өзімізді қызықтыратын тақырыпқа мүлдем жете алмауымыз мүмкін. Бірақ, соған қарамастан, бізге бәрібір, жалпылама нобайда болса да, өткенге желе жортып шолу жасауға тура келеді, өйткені басқаша болса, біз мәселемізді де, тақырыбымызды да түсіне алмаймыз. Орта ғасырларға жүгінсек, біз сол кезде де, қазіргідей дамыған пошымда болмаса да, бар болғанын көреміз; бірақ ол кезде бір сосоловие, бір бастау басты рөл атқарды. Ол жерге иелік болатын. Жерге иелік, мырзалар, орта ғасырларда билік скиптерін уысында ұстады, сол кездің барлық мекемелері мен бүкіл өміріне өзінің рекше

өзіндік тамғасын басты. Нақ осын сол заманның үстем принципі деп тану керек. Бұл үстемдіктің себебі өте қарапайым. Ол орта ғасырардың экономикалық, шаруашылық жағынан ұйымдастырылуында, олардың өндіре алу ахуалында жатыр. Бері салғанда осы арада осынау түсінік біз үшін жеткілікті. Ол кезде сауда әлі тым әлсіз өркендеген болатын; өнеркәсіп одан әлжуаз еді. Орта ғасырлық қоғамның басты байлығы егіншілік өндірісінен құраатын, ол өнімділіктің барлық басқа түрлерін бауырына басып жатты. Жерге меншікпен салыстырғанда ол заманда барлық басқа жылжымалы меншікке үлкен маңыз берілмейтін. Оның қаншалықты ортақ құбылыс болғандығын, бізге тіпті өзін ттуындатқан дәуірдің экономикалық қатынастарының қашанда дұрыс бейнеленуі болатын азаматтық құқық та көрсетеді. Мәселен, әулеттік байлықты ұрпақтан ұрпаққа сақтау және оның ысырап болуына жол бермеу үшін, орта ғасырлық азаматтық құқық әулеттік мүлік немесе “атамекен” деп тек жер ғана түсінілді. Оған керісінше, жылжымалы мүлікті мұрагерлердің келісімінсіз оқшаулап алуға болатын еді. Жалпы ежелгі герман азаматтық құқығы жылжымалы мүлік атаулыны дербес, өндіргіш қор, капитал деп емес, тек жердің жемісі, демек, мысалы, жерден түсетін жылдық табыс деп қарастырылып, оған мүлдем теңестіріледі. Ол кезде дербес өндіргіш мүлік қоры деп әдетте тек жерге меншік қана саналды. Сондықтан, егер ол кезде жерге ие болу және оған негізінен ие сословиелер, яғни дворяндар мен дінбасылар, орта ғасырлық қоғамның барлық жағынан үстем факторы болса, онда бұл жағдайға өте дөп келетін және оның қарапайым салдары болатын. Орта ғасырлардың қандай мекемесін алмаңыз, сіз осы құбылысқа тап боласыз. Жерге ие болу үстем бастау болатын, осынау мекемелердің кейбіреуін, неғұрлым маңыздыларын алып қарастыру бізге жеткілікті.

Біріншіден, осыдан туындайтын қоғамдық өкіметті ұйымдастыру немесе лендік жүйе сондай. Өздеріңіздер де білесіздер, мырзалар, ол мынадан құралатын: корольдар, князьдар және билеушілер жерді басқа билеушілер мен рыцарьларға пайдалануға береін, ал оны алғандар бұл үшін негізінен әскери қызметімен міндеттелетін, яғни өзінің егеменіне оның барлық соғыстарында немесе жауласуында оған өзінің жеке басымен де, өз адамдарымен де көмектесуге міндеттелетін. Екіншіден, жұртшылық құқығын ұйымдастыру немес мемлекеттік құрылыс сондай болды. Немістің империялық сеймдерінде тек князьдар сословиесінің және империялық графтар мен дінбасылардың ірі жер иеліктерінің өкілдері ғана болды. Ал қалалар еркін империялық қала артықшылығына ие болудың сәті түссе ғана сеймнен орын алып, дауысқа ие болатын. Үшіншіден, ірі жер иелігін алым-салық артықшылықтары. Біз, мырзалар, ұдайы мынадай сипатты құбылысты байқаймыз: үстемдік құратын артықшылықты сословие қоғамдық шығындардың ауыртпалығын ылғи да езіген және тұлдырсыз таптардың мойнына артуға тырысады, – және бұл ашық немесе бүркемеленген, тікелей немесе жанама пошымда жасалады. 1641 жылы Ришелье мырза дінбасыларда мемлекет мұқтажы үшін 6 миллион франк төтенше салық төлеуді талап еткенде, ол, Сена архиепископының аузымен мынадай жауап берді: “Шіркеудің күші кезінде оның ежелгі салты мемлекет мұқтажына халық өзінің мүлкімен, дворяндар өзінің қанымен, дін иелері өзінің дұғаларымен, қызмет етуге тиіс болатын”. Төртіншіден, қоғамның диқаншылықпен айналысуда басқа еңбек атаулыға менсінбей қарауы. Өнеркәсіптік орындар ашу, саудамен немесе кәсіппен ақша табу артықшылықты екіә сословие – дворяндар мен дінбасылар үшін масқара және жалдаптық болып көрінетін, тек жер меншігінен табыс алу абыройлы іс болып көрінді.

Дәуірдің негізгі ауанын айқындайтын осынаву ірі де сипатты төрт фактор орта ғасырларда жерге ие болу бәріне өзінің тамғасын салатынын және өмірдің үстем принципі болғанын көрсету үшін әбден жеткілікті. Оның қай жеге дейін осылай болғанын тіпті, тегінде, 1524 жылы Германияда бұрқ ете қаып, бүкіл Швабияны, Францияны, Эльзасты, Вестфалияны және басқа да неміс жерлерін қамтыған, әбден революциялық шаруалар соғыстары қозғалыстарымен де дәлелденеді. өзінің революциялық келбетіне қарамастан, бұл соғыстар дәл сол принципті көздеген еді, яғни реакциялық қозғалыс болды. Сол кезде шаруалардың дворян замоктарын өртегені өздерін өлтіргені, сол замандағы салт бойынша найалар сапы арқылы өткізгені сіздерге белгілі, мырзалар. Бірақ, осындай революцяилық сыртқы тұрпатына қарамастан, бұл қозғалыс түгелімен, он бойымен реакциялық қозғалыс болды. Гәп мынада, шаруалардың түсінігі бойынша, мемлекеттік атынастарды түдету, олар қалпына келтіргісі келген халық ырқы, князьдар император мен империст арасында алып отырған ерекше және артықшылықты жағдайды құртудан және неміс империялық сеймдерінде оны тек қана еркін де тәуелсіз жер иелігі өкілдігінен алмастырудан құралуға тиіс болатын. Бұған сол кезге дейін өкілдігі болмаған шаруалар жер иелігі да, рыцарьлар жер иелігі де, және әртүрлі тектілердің – рыцарьлардың, графтарды, бұрынғы князьдардың нағыз әуелсіз жер иеліктері, осынау бұрынғы мйырмашылықтарына ешқандай қарамастан, бірдей енгізілді, және осылайша, өз кезегінде дворяндар жер иеліктері де, шаруалар жер иеліктеріндей өкілдіктер алатын. Сонымен, мырзалар, сайып келгенде осынау жоспар тек сол дәуірдің сол кездің өзінде күні таусылып бара жатқан ортақ принципін неғұрлым дәйекті, неғұрлым әділетті жүзеге асырудан, жер иелігі әрбір адамға мемлекеттік өкіметке қатысу құқығын беретін үстем бастау және шарт болуға тиіс деген принципті неғұрлым таза да әділетті жүргізуден өзге ештеңе болмағанын көріп отырсыздар. Осынау қатысуға әркімнің құқығы

бар, өйткені ол – жері болмаса да адам, парасатты тіршілік иесі деген ой шаруалардың басына келген де жоқ! Мұндай түсінік үшін сол кездегі өмір құрылып әлі жеткілікті дамымаған болатын, сол кездегі идеялар құрылысы әлі жеткілікті революцияшыл емес-ті. Оылайша, сырт қарағанда соншалық революцияшыл сипаттағы осынау қозғалыс өзінің мазмұны жағынан мүлдем реакцияшыл қозғалыс боатын, яғни жаңа революциялық принципке сүйенудің орнына ол, керісінше, өзі де аңғармастан, шындап келгенде тұтасымен өтеннің принципіне, орын алып отырған жағдай тәтібі принципіне, сол кездің өзінде құлдырауға бет алған дәуір принципіне сүйенеберді, нақ сондықтан да, өзінреволюциялық деп санай отырып, шынына келгенде реакциялық болғандықтан да шаруалар қозғалысы күйреді. Жер иеліктерінің мемлекеттік басқаруға қатысуын бұрынғыдан да дәйектірек орнықтыруға шаруалар көтерілістеріне де, дворяндар көтерілістеріне (Франц фон Зикинген) де қарама-қарсы – сол екуіне де кереғар жер иелігі меншігіне тәуелсіз мемлекеттік егемендік өкілі ретінде, жеке мүліктік атынастарға тәуелсіз мемлекеттік идеяның қорғаушысы ретінде дами бастаған князь биліші салыстырмалы түрде әділетті де революцияшыл құбылыс болды. Осының арқасында ол ойдағыдай дамып, шаруалардың да, дворяндардың да қозғалысын жанйыштай алды. Осынау тармаққа біршама егжей-тегжейлі тоқталғаным, мырзалар, біріншіден, тіпті осындай, неғұрлым үстірт қарағанда мұны тіпті де дәлелдей алмайтын, мысалдар арқылы, сіздерге еркіндіктің парасаттылығы мен прогресін тарихи дамуда көрсеткім келгендіктен, екіншіден, шаруалар қозғалыының реакцияшыл сипатын тарихшылар әлі де мойындай қоймайтындықтан және оның сәтсіздігінің себептеріносыдан көрмейтіндіктен: мыртқы көріністермен алданған олар шаруалар соғыстарын әлі де нағыз революциялық қозғалыс деп білетіндіктен. Үшіншіден, ақыр соңында, барлық замандарда тек күні өтіп бара жатқан дәуір мен өмір салты идеясының неғұрлым дәйектірек те неғұрлым

айқынырақ білдірілуін жаңа революциялық принцип деп қабылдайтын дөрекі ақыл-ойдың сұмдық адасуының осынау тамаша құбылыс жиі қайталанатындықтан. және де, мырзалар, мынаны ескеріңіздер: осынау, адасу, тегінде, ең оқымысты адамдарға, профессорларға – бұл солай да – тән бола алады, мұны сіздерге масқара Франкфурт жиналысы көрсетіп берді. Менің, мырзала, сіздерді өздерінің қиялдарында ғана революцияшыл сондай адамдар мен бағыттардан сақтандырғым келеді, өйткені, бұрындары олар болмаса, боашақта олар жыртылып-айрылатын болады. Бірақ бұл бізге үлкен шүкіршілік етуге де мүмкіндік береді, өйткені біз не мүлдем сәтсіз шыққан, не бір сәттік табыстан кейін құлап қалған және сәтсіздігі халықтың әлдебір жанашыр, бірақ шолақ ойлы досының жүрегіне мұңды күмән болып ұялайтын барлық толып жатқан тарихи белгілі қозғалысты жалған революциялық қозғалыс деп санауға тиіспіз. Керісінше, неғұрлым байыпты ойшыл тарихты зерттеп-білуден шынында жаңа принципке негізделген шыайы революциялық қозғалыс әлі ешқашан өліп кетпеген, ешқашан, әрі салғанда, ұзақ уақытқа, құлап қалмаған деген қуантарлық кәміл сенімге ие болады. Алайда, әңгімеміздің тақырыбына оралайық! Егер шаруалар соғыстары тек сырт қарағанда революцияшыл болса, сол кезде, шынайы революциялық қозғалыстар болған нәрсе – өнеркәсіптің ілгерілеуі, қалалық өндірістің ілгерілеуі, барған сайын дамып келе жатқан еңбек бөлінісі және осының салдарынан туындаған капитал молшылығы болатын, ол тек қана буржуазияның қолына жинақтала берді, өйткені нақ осы сословие өндірісті қолға алып, оның барлық пайдасын иемденді. Орта ғасырлардың аяқтталуын және жаңа тарихтың басталуын әдетте реформацияның бас кезіне, яғни 1517 жыға жатқызады. Бұл, шынында да, мына мағынада дұрыс: реформациядан кейін тікелей келген екі ғасыр бойында бірте-бірте және байқалмай өзгеріс жүріп отырды да, ол өзгеріс қоғамның сыртқы көрінісін мүлдем өзгертті және

оның ішінде төңкеріс жасады, оны 1789 жылғы француз революциясы жаңадан жасаған жоқ, тек жариялады. Осынау өзгеріс неден құралады? деп сұрайсыздар сіздер. Дворяндардың құқықтық жағдайында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Заң бойынша дворяндар мен дін иелері әлі де артықшылықты сословиелер, ал буржуазия – есесі кеткен, қаналушы сословие болып қала берді. Бірақ құқықтық тұрғыдан ештеңе өзгермегенмен, іс жүзінде, нақты болмыста, қатынастарда орасан зор өзгеріс болды. Буржуазияның қолында жер иелігі меншігіне кереғар мрол капиталдың, жылжымалы меншіктің шоғырлануының арқасында, дворяндар қандай да болсын абыройдан айрылды, ол-ол ма ол осынау байып кеткен буржуазияға шын тәуелді болып қалды. Буржуазиялық қатар өз жағдайын сатап қалу үшін, дворяндардың өзінің барлық сословиелік принциптерін өзгертуіне, сөйтіп буржуазия өзінің байлығы үшін, сонымен бірге өзінің тән күшіне қарыздар өнеркәсіптік пайда табу жолына түсуіне тура келді. Людовик XІV тұсында өмір сүрген мольер комедияларының өзінен біз аса қызықты құбылысты – сол кездегі дворяндардың бай буржуазияны ит етіндей жек көретінін, сөйте тұра оның алдында құрдай жорғалайтынын көреміз. Людовик XІV-нің өзі, осынау тәкаппар корольдің өзі, өзінің Версальдағы сарайында жөйт Самуил Вернардың, сол заманның Ротшильдінің алдында, одан қарыз алу үшін, бас киімін шешіп, құрдай жорғалады. XVІІ ғасырдың басында атақты шотланд қаржыгері Ло Францияда сауда компаниясын, Миссисипи, Луизиана, Оңтүстік Үндістан жағалауларын және сондайларды сауда үшін пайдаланатын акционерлік қоғам құрғанда, Францияның регентінің өзі (тақ мұрагері) осы компания директорларының санатында болды, көпестік қоғамның мүшесі болды. Олол ма, 1717 жылы регент дворяндар, өз абыройын қорламай-ақ осы

компанияның әскери және теңіз қызметіне кіре алады деген эдикт жариялауға мәжбүр болды! Сол кездің өзінде Францияның жаугер де тәкаппар дворяндары міне неге жетті деңіз! Ол бүкіл дүниені тіміскілеп жүретін буржуазияның өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарында қарулы піркәншік жұмысын атқаратын болды! Осынау өзгеріске толық сәйкес, сол кездегі қоғамда материализм, ақша мен байлық жолындағы қорқау қуғын, барлық инсанияттықидеяларды жіне тіпті барлық сословиеік артықшылықтарды тұншықтырған – бұл әдеттегі нәрсе, артықшылықты сословиелер тарапынан, өкінішке қарай, одан да көрнекі – қуғын таққа отырды. Дәл сол регент тұсында Францияда аристократтың кеуде алдыңғыларының бірі, көптеген атақты әулеттермен, тіпті регенттің өзімен туыстас граф Горн, кәдуілгі қарақшы секілді, доңғалаққа байланып өлтірілді. Орлеан герцогинясы, тумысынан неміс принцессасы 1719 жылы 29-қарашада мынадай бір жайтты жазады: күндердің күнінде бір үйдің ауласында аса атақты алты бәйбіше әлгі айталған Лоны ұстап алады; сол кездегі Франциядағы ең белгілі осы адам, сонымен бірге шаруасы ең көп адам еді, сондықтан оны ұстау өте қиын тірлік болатын; дәл сол арада, аулада олар өзі құрған компаниялардың, Бүкіл Францияда жапа-тармағай сатылып жататын, биржада өз бағасынан алты-сегіз есе, тіпті одан да қымбат сатылатын акцияларын сыйлауды өтініп тұрып алады. Ло өте асығыс болатын, оларды тыңдап тұрғысы келмеді, ақырында, құтыла алмасын білген ол: “Ханымдар, мың рет кешірім сұрайын, бірақ, сіздер мені жібермесеңдер, жарылып кетемін, өйткені сигім келіп тұр, енді шыдай алатын емеспін” деген ғой. Сонда атақты бәйбішелер оған: “En bіen, monsіeur, pіssez, pourvu que vous nous écontіez” (“Ештеңе етпейді, мархабатты тақсыр, сие беріңіз, тек бізді тыңдап алсаңыз болғаны”) депті. Шынында да, ол қуық босатуға кіріскенде, олар жанында тұрып, өз өтініштерін айта берген.

Егер сіздер менен, бұда әрі өнеркәсіптің осылай дамуының, соның нәтижесінде буржуазияның баюының себептерін сұрайтын болсаңыздар, оны неғұрлым кеңірек түсіндіру үшін маған, бөлінген уақыттан әлдеқайда көп уақыт керек. Болар еді. Мен сол себептердің ең маңыздыларын ғана тізіп бере аламын: Американың ашылуы және оның өндірісіке орасан зор ықпалы; Оңтүстік Үндістанға Қайырлы Үміт мүйісі төңірегімен теңіз жолының ашылуы, ал бұрын Шығыспен және Үндістанмен бүкіл сауда құрғақтағы жолмен, Суэц қылтасы арқылы жүргізілетін; магнит тілімен компасты ойлап табу және соның салдарынан теңіз саудасының көбірек қауіпсіздігі мен жылдамдығы, оның нәтижесі қауіпсіздендіру сыйлығының кеміілуі болды; елдердің ішінде су жолдарын, каналдар және тас жолдар тарту, мұның өзі көптеген өнімдерді тасымалдау шығынан кемітті де, оларды шалғай базарларда өткізуге мүмкіндік берді, оларға бұрын, тасымалдау қымбаттығынан, тауар еткізіле алмайтын; меншіктің көбірек азаматтық қамтамасыз етілуі; ұйымдастырылған әділ сот; оқ-дәріні ойлап табу және сол арқылы монархиялық өкіметтің феодал дворяндардың әскери күшін құртуы; дворяндар қамалдарының талқандалуынан және дворяндардың дербес әскери күшін құртудан туындаған жалдамалыларды, найзагерлер мен рейтарларды таратып жіберу, олардың ендігі жұмысты ортағасырлық жұмысын шеберханалардан іздеу ғана қалуы – буржуазияның салтанатты шеруіне жәрдемдескен міне осы оқиғалар. Барлық осы және мен сіздерге тізбелеп бере алатын көптеген басқа оқиғалардың бір ортақ нәтижесі болды: ұлан-ғайыр debouchésтердің, яғни тауар өткен ірі базарлардың ашылуынан және осымен байланысты өндіріс пен тасымалдау шығындарының кемуінің арқасында жаппай өндіріс, әлемдік базар үшін өндіріс пайда болды; бұл, өз кезегінде, арзан өндіріске қажеттілікті туындатты., ал бұл қажеттілік тек одан арғы еңбек бөлінісімен, яғни ңбектің мейлінше қарапайым механикалық операцияларға барған сайын мінсіз бөлінуімен ғана қанағаттандырыла алатын; ақыр соңында,

еңбек бөлінісінің жетілдіріле түсуі, өз тарапынан өндірістің барған сайын ұғая түсетін көлемін туындатады. Осылайша, мырзалар, біз бұл арадана бірқатар өзара ықпалдастықты көреміз. Осынау фактылардың әрқайсысы басқасын туындатты, ал ол өз кезегінде, біріншісіне ықпал етіп, оның көлемін кеңейте, ұлғайта түсетінін көреміз. Қандай да бір тауарды орасан зор мөлшерде, яғни оны жалпы әлемжік базар үшін өндіру жалпы мына жағдайда; ол арзан болса және сол тауарды тасу құны оның бағасынан көп артық болмаса ғана мүмкін екендігін оңай түсінесіздер. Бұл түсінікті, өйткені орасан көп мөлшерде өндіру жаппай өткізуді де талап етеді, ал тауарды орасан мөлшерде өткізу, оны алармандардың орасан санының алуына болатындай, арзан еткенде ғана, мүмкін нәрсе. Тауар өндіру мен тасымалдаудың арзандығы, демек, оның көп көлемде, орасан зор мөлшерде өндірілуін туғызады. Сондай-ақ тауарларды көп көлемде өндіру де, өз тарапынан, оның арзан болуын туғызатыны түсінікті. Мысалы, жылына миткальдың 200.000 орамын өткізетін фабрикант жылына тек 5.000 орам ғана өткізетін фабрикантқа қарағанда, әрбір орамды белгілі бір шекте арзанырақ сата алады, өйткені, бұлардың біріншісіне көтеріп сатып алудың арқасында шикізат арзанырақ түседі, ал өзінің негізгі капиталына, ғимараттарына және машиналарына келетін пайда мен пайызды ол орамдардың көп санына бөле алады. Демек, өндірісті арзандату жаппай өндіруге, ал бұл арзандату, өз кезегінде, бұрынғыдан да көп мөлшерде жаппай өндіруге жетелейді, мұның өзі оны тағы да арзандатады және т.б. Еңбек бөлісімен де солай болады: біо жағынан, ол ірі өндіріс пен арзан болуын қажет етеді, екінші жағынан – өзі де ірі өндіріс пен арзаншылықтың өажетті шарты болып табылады. Еңбек бөлінісі өнім өндіруді көптеген қарапайым, көбіне таза механикалық және мағынасыз операцияларға бөледі және мұндай әрбір жеке операцияны ерекше жұмыскерге тапсырады. Ол тек жаппай өнім

өндіруде ғана мүмкін, демек, оны тек сол өндіріс жасап, дамытады. Бірақ еңбектің осындай мүлдем қарапайым операциялар мен манипуляцияларға осынау бөлінуі де, өз кезегінде, одан әрі: 1) өнімнің ұдайы арзандатыла беруіне; 2) осының салдарынан барған сайын мол, орасан мөлшерде өндіруге, жергілікті, белгілі бір базарға емес, әлемдік базарға есептелген өндіріске және 3) осының арқасында, жұмыстың жекелеген операцияарын бөлудегі жаңа табысқа – тағы да еңбек бөлінісінің өзіндегі барған сайын көбірек ілгерілеуге жетелейді. Осындай өзара ықпалдстықтың арқасында қоғамдық еңбек процесінде, соның салдарынан бүкіл қоғамдық қатынастарда бірте-бірте толық төңкеріс жасалды. Осынау төңкерісті жалпы нобайында бәрінен жақсы былайша беруге болады. Орта ғасырлардың алакеуім кезеңінде тауар тек өз жерінің қажеті және өте шектеулі көрші базар үшін ғана өндірілетін, ол базардың қажеттіліктері нақ осының арқасында белгілі, анық және ешқашан өзгермейтін болатын, өйткені кейбір аз қымбат өнімдер ғана тасымал қымбатшылығына шыдай алатын. Қажеттіліктер, яғни сұраным, өндірістің, яғни ұсынымның алдында жүретін, және ол үшін күнілгері белгілі мөлшерді құрайтын. Басқаша айтқанда, қоғамдық өндіріс негізінен қолөнершілік өндіріс болатын. Фабикалық, яғни ірі өндіріс пен ұсақ қолөнершілік өндіріс арасындағы айырмашылық та осында: бұлардың соңғысы өндірісті бастау үшін не, мысалы, тігінші маған суртюк тіге бастау үшін, слесарь маған құлып істеу үшін заказымды күтетіні секілді тұтынушыны күтіп отырады, немесе, кейбір заттар күн ілгері дайындалып қойса да, мұны өте шектеулі мөлшерде, өзінің тәжірибесінен жақсы белгілі өзі тұрған жер мен жақын маңайдың қажеттеріне толық сәйкес мөлшерде ғана істейді. Мысалы, темір ұстасы шамның белгілі бір мөлшерін күні бұрын істеп қойса, ол мұны қалалықтар көп ұзамай сатып алатынын жақсы біледі.

Осындай тәсілмен өндіретін қоғамның сипатты ерекшеліктері, мырзалар, кедешілік немесе, әрі салғанда, тым жұтаң дәулет болып табылады, есесіне бұл арада қатынастар берік те орнықты. Енді міне, мен сіздерге айтқан үздіксіз ықпалдастықтың арқасында, біртіндеп қоғамдық еңбек те, бүкіл қоғамдық қатынастар да мүлдем өзге сипатқа ие болады; бұл арада біздің алдымызда, –, әрине, мүлдем өзге түрде және орасан зор мөлшерде – қазіргі кездеқоғамдық еңбекті сипаттайтын нәрсе, ұрығында тұр. Өзінің қазіргі орасан дамуында бұл құбылыс, бұрынғыға кереғар, төмендегідей басты белгілерімен көрінеді: бұрын қажеттілік ұсынымның, өндірістің алдында жүрсе, оны қажетсініп, анықтаса, оған басшылық және күн ілгері белгілі өлшем, қазір өндіріс, ұсыным қажеттіліктің алдында жүреді, соны туындатуға тырысады. Өндіріс белгісіз жерді, жақын өткізу базарының қажетін емес, әлемдік базарды көздейді. Адамдар бүкіл әлем үшін, жұмыр жердің барлық бөліктері үшін, мүлдем белгісіз және анықтау мүмкін емес қажеттілік үшін өндіреді, ал өнім өзіне қажеттілік туындату үшін, оған арзан деген қару беріледі. Арзаншылық өнімнің қаруы, сол қарумен ол, бір жағынан, аларманды жеңіп алады, екінші жағынан шайқас даласынан өзі тектес, лараманға өзі секілді тықпаланатын басқа тауарларды ығыстырып шығарады. Осылайша, еркін бәсеке жүйесінде, әрбір өндіруші, ол қандай орасан мөлшерде өндірмесін, егер тек ол өзінің тауарын, өзге өндірушілердің тауарын ығыстырып шығара алатындай арзаншылықпен жақсырақ қаруландырса бәрін де өткіземін деп үміттене алады. Мұндай қоғамның ерекше белгісі қыруар, қисапсыз байлық, есесіне мұнда бәрі де тым шатқаяқ, адамдар қашанда өз жағдайы үшін алаңдаулы болады, және, ақыр соңында өндірістің пайдасы оған қатысушылар арасында тым ала-құла бөлінеді. Міне, мырзалар, қоғамның нақ жүрегінде өнеркәсіптің тып-тыныш, революциялық, барлық негіздерді күйрететін ықпалы өткен ғасырдың

(әңгіме XVІІІ ғасыр туралы – Ред.) соңынан көп бұрын білдірмей жасаған төңкеріс осындай ұлы төңкеріс болатын. Біз шаруалар соғыстарына қатысушылар мемлекеттің негізі үшін жер иелігінен басқа қандай да бір негізді ойлауға да бәс тікпегенін, олар тіпті ойша да жер иелігіне қажетіне қарай мемлекетте үстем рөл берілуі керек және осынау иеікке қатысу сол үстемдікке де қатысудың сөзсіз шарты деген сенімнен ойша да арыла алмағанын көрдік. Ал мүлдем тыныш, аңғартпай революцияландыратын өнеркәсіп прогресі, өткен ғасырдың аяғынан көп бұрын жер иелігін бұрынғы маңызынан мүлдем айырды. Дамып келе жатқан өнеркәсіппен қатар, оның қойнауында жасырынған, күн сайын ұлғайып келе жатқан байлықпен қатар, соның арқасында индустрия бүкіл халыққа және оның қатынастарына, едәуір бөлігі кедейленіп үлгерген дворяндарды да қоса, жасаған орасан жол ықпалымен қатар, жер иелігі екінші дәрежелі жағдайға көшті. Сонымен, қоғамның ішінде, шын қатынастарда, революция. Ол Францияда лап ете қалғандағыдан әлдеқайда ерте басталды, және осы төңкерісті сыртқы мойындау, оған құқықтық рұқсат беру ғана қалған еді. Жалпы барлық революциялардың маңызы, мырзалар, міне осындай! Революцияны ешқашан жасауға болмайды! Әңгіме тек қоғамның шын қатынастарында жасалып қойған революцияны сырттан, заңдық тұоғыдан мойындау және дәйекті жүргізу туралы ғана болуы мүмкін. Революцияны тек тарихтың заңдары туралы түк ұғымы жоқ, ойы өспеген ақымақ адамдар ғана жасағысы келуі мүмкін. Бірақ қоғамның қойнауында жасалып қойған революцияны артқа шегіндіріп, тоқтатуды қалау, оның заң жүзінде мойындалуына қарсылық жасау, осынау жаңаның дүниеге келуінде кіндік шешелер рөлін атқаратын қоғамды немесе жекелеген адамдарға олардың революцияшылдығын беке салық қылу дәл сондай балалық. Революция қоғамның өз ішінде, оның шын қатынастарында екен – ол құдайдың мына жарық дүниесіне келуге

тиіс, заңдарға кіруге тиіс және оны ешқандай күш-жігермен доғара алмайсың. Мұның қалай болатынын және бұл тұрғыдан алғанда мен айтып отырған уақытта оның қалай ілгерілеп кеткенін, төмендегі факт бәрінен жақсы көрсетеді. Мен сіздерге еңбек бөлінісі туралы, оның бұл бөлінісі өндіріс ааулыны бірқатар қарапайым, механикалық және мағынасыз операцияларға ыдырату арқылы дамитынын айтқанмын. Осынау ыдыраудың барған сайын өскелең ілгерілеуі, ақыр соңында, сол жекелеген, мүлдем қарапайым да мағынасыз операциялар дәл сондай табыспен немесе тіпті одан да жақсы түрде санасыз факторлармен атқарыла алады деген жаңалық ашуға алып келеді. Осылайша, 1775 жылы, демек, француз революциясынан 14 жыл бұрын, Англияда Аркрайт бірінші машинаны, өзінің атақты жіп иіретін машинасын ойлап тапты. Әрине, француз революциясын осы машина жасаған жоқ; ондай ықпал жасауға ол революцияға шамалы уақыт қалғанда ғана ойлап табылды және де ол Францияда ойлап табылған бойда енгізілген жоқ. Бірақ ол өзі арқылы іс жүзінде таңы атқан, жасалып қойған революцияны ейнеледі деуге болады. Мұны оңай түсіндіруге болады. Сіздер, әрине, өз шеңберімен ортағасырлық өндірісті қамтыған цехтық құрылыс туралы естігенсіздер. Мен бұл арада цехтар туралы да, француз революциясынан бері барлық жерде цехтарды алмастырған еркін бәсеке туралы да көп айта алмаймын. Бұл рада мен тек орта ғасырлық цехтардың орта ғасырлардың барлық басқа мекемелерімен байанысты болғанын ғана атап өте аламын. Егер мен бүгін осынау етене байланыстардың себептерін түсіндіріп бере алмасам да, бірақ факттың өзін тарихи тұрғыдан дәлелдеуге болады. Цехтар бүкіл орта ғасырлар бойында француз революциясына дейін болды. Оарды жою туралы әңгіме неміс империялыққ сеймінде тіпті 1672

жылы көтерілді, бірақ одан түк шыққан жоқ. Одан да бұрын, 1614 жылы француз Бас штаттарында, мелекеттік шендердің француз жиналысында буржуазия енді барлық жерлерде өндірісті құрсаулап отырған цехтарды жоюды талап етті. Онда да түк шыққан жоқ. Ол-ол ма, революциядан он үш жыл бұрын, 1776 жылы француз министрі, атақты реформатор Тюрго, цехтарды жойды. Бірақ орта ғасырлардың феодалдық артықшылықты әлемі орынды түрде егер оның өмірлік приницпін, артықшылығы қоғамның барлық таптарына сіңбейтін болса өзіне тажалды қауіп төніп тұр деп білді де, хецтары жою басталғаннан кейін алты айдан соң, дворяндар қош-қоштаған король өз эдиктінің күшін жойып, цехтарды қалпына келтірді. Тек революция ғана – бір күнде, Бастилияға төте шабуыл арқылы – ерманияда 1672 жылдан, ал Францияда 1614 жылдан бері, яғни екі ғасыр дерлік заңды жолмен қол жетпеген нәрсені тас-талқан еті. Осыдан сіздер, мырзалар, өздерінің барлық ұлы артықшылықтарына қарамастан заңды өзгерістер жолы барлық неғұрлым маңызды тармақтарында үлкен бір ыңғайсыздыққа, тұтас ғасырларға созылатын дәрменсіздік ыңғайсыздығына ұшырайтынын көріп отырсыздар; ал екінші жағынан, революциялық жол, өзінің даму тиімсіздіктеріне қарамастан, практикалық мақсатқа тез де жігерлі жетелейтін артықшылыққа ие екенін көресіздер. Егер сіздер енді, мырзалар, цехтар орта ғасырлардың барлық қоғамдық құрылысымен етене болғандығын еске түсірсеңіздер, сіздер салған жерден, бірінші машина, Аркрайттың тоқу машинасы, өз бойында осынау барлық қоғамдағы толық төңкерісті бейнелегенін түсінесіздер. әрбір жер үшін, әрбір шебер қанша көмекші шебер және өндіріс ұстай алатыны заң бойынша белгіленген цехтық құрылыста машиналық өндіріс мүмкін бе еді? Барынша әртүрлі жұмыстарды бір капиталдың қол астына біріктіруді талап ететін машиналық өндіріс цехтық құрылыста, еңбектің барлық салалары заң бойынша бір-бірімен барынша дәл бөлінген, әрбір шебер тек бір ғана саламен айналыса алатын, сондықтан Париж тігіншілері

мен шеге жасаушылары жүз жылдар бойы жамаушылармен және слесарьлармен өз кәсіптерінің шекараларын анықтау үшін эүз жылдап соттаса алатын құрылыста мүмкін бе еді? Осылайша, барлық осы тұрақты және біртіндеп жасалған жетілдірулер, ақыр соңында, бүкіл қоғамдық құрылыс күл-талқан болып кетуге тиіс жұмыс аспаптарын жасауға алып келді, өйткені осынау сапаптар мен өндірістің жаңа тәсілдері цехтық құрыыста өздеріне орын мен өріс таба алмайтын еді.

Алғашқы машина, өзінің қарапайым сыртқы көрінісіне қарамастан, өздігінен-ақ революция болып еді, өйткені өзінің тістері мен дөңгелектерінде бүкіл жаңа қоғамдық тәртіптің еркін бәсеке негізделген ұрығын ала келді; және осынау тәртіп нақ сол ұрықтан өркендеуге тиіс болатын дегенде мен нақ осы мағынада айтқан едім. Сол секілді қазір де, мырзалар, мен соншалық қателеспесем, өз бойына жаңа тәртіпті жиып алған және оны қажетті түрде өзінен өсіріп шығаруға тиіс көптеген құбылыстар бар. Бұл құбылыстар сырт жағынан мүлдем зиянсыз, сондықтан да тіпті түкке татымайтын қандай да бір үгітілерді қажымай-талмай қуғындай беретін өкімет те, ештеңе байқамай олардың қасынан өте шығатынымен қоймай, оларды біздің мәдениетіміздің қажетті иелері деп мойындайды, оның гүлі мен шыңы деп оларды құттықтайды, және орайы келгенде оларды салтанаттты сөздерінде мадақтап, аспандата түседі. Енді, мырзалар, сіздер абат Сиэстің жылы, француз революциясынан бір жыл бұрын басылып шыққан атақты кітапшасының маңызын әбден түсінесіздер. Оның мазмұнын автордың өзінің “Qu’est que c’est que le fіers-état? – Rіen! – Qu’est-ce qu’іl’doіt être? – Tout!” деген сөзімен қысқаша білдіруге болады. Tіers-état, яғни үшінші сословие деп Францияда буржуазия аталды, өйткені мемлекеттік сословиелердің жиналысында ол, артықшылықты екі

сословиемен, дін иелерімен және дворяндармен қатар, артықшылығы жоқ бүкіл халықтың өкілі болып табылған үшінші сословиені құрады. Сонымен, Сиэстің кітапшасының бүкіл мазмұны өзі қоятын және өзі жауап беретін екі сұраққа саяды: “Үшінші сословие деген не? – ештеңе! – Ол кім болуға тиіс? – Бәрі де!”. Сиэс осылай сұрап, осылай жауап қатады. Бірақ, мен осы уақытқа дейін айтқанның бәрінен, осынау сұрақтар мен жауаптардың шынайы мағынасын былай білдіру әлдеқайда күші де дұрысырақ болып шығар еді деген қорытынды туындайды: “Іс жүзінде, шын үшінші сословие дегеніміз не? – Бәрі.” Ал заң бойынша ол кім? – Ештеңе!. Демек, гәп: үшінші сословиенің құқытық жағдайын оның шын маңызымен теңестіруде; үшінші сословие әден-ақ ие болған шын маңызға құқықтық санкция мен мойындау беруде болатын, 1789 жылы францияда лап ете қалған және барлық басқа Еуропа елдеріне өзгертуші ықпал еткен жеңімпаз революцияның ісі мен маңызы нақ осында болатын. Мен сіздерге, мырзалар, енді француз революциясының тарихын баяндап жатпаймын. Тұл арада біз тек қоғамдық кезеңердің ең мңызды және шешуші өтпелі сәттеріне, онда да тек көз жүгірте әрі жолай тоқтала аламыз. Бұл арада ең алдымен мынаны сұрау керек: француз революциясында артықшылықты сословиелерді жеңіп шыққан, сөйтіп мемлекетке үтсемдікке жеткен осы үшінші сословие яғни буржуазия кім еді? Өзіне қарс артықшылық заңмен кепілдік беріген, қоғамның артықшылықты сословиелері тұрған үшінші сословие күрестің алғашқы сәттерінде өзін бүкіл халықпен ынтымақтамыз деп шешті, өзінің ісін бүкіл адамзаттың ісі деп шешті. Сол дәуірде үстемдік құрған асқақ та қуатты шабыт осыдан. Адамның құқықтары жарияланды және үшінші сословиенің азаттық алуымен және үстемдік құруымен бірге

артықшылықты айырмашылықтар, біртұтас адам бостандығында еріп, жойылып кетті деп ойлауға болатын еді. Рас, сол кездің өзінде, қозғалыстың әу асында, 1789 жылғы сәуірде, корль мемлекеттік штаттарға сайлауға байланысты бұл жолы дворяндар мен дін иелері бірігіп қанша депутат жіберсе, жалғыз үшінші сословие сонша депутат жіберсін деп нұсқау бегенде, тіпті де революцияшыл емес бір газет: “Дворяндардың жалған аристократиясын буржуазияның деспотизмі алмастырмайтындығына кім кепіл бола алады?” деп жазды. Бірақ сол кездегі жаппай жігер тұсында, ондай үнге ешкім де құлақ қоймайтын. Соған қарамастан біз жоғарыда қойылған сұраққа оралуға тиіспіз; біз төтесінен мынадай сұрақ қоюға тиіспіз: үшінші сословиенің шаруасы, шынында да бүкіл адамзаттың шаруасы болды ма, әлде, бәлкім, осынау үшінші сословие, буржуазия өз бойына тағы төртінші сословиені сіңіріп пе еді, сіңірсе, өз кезегінде, ол содан заң жүзінде іргесін аулақ салғысы және оны бағындырғысы келмеді ме? Алайда, мырзалар, осы арада менің саяси партияның ныспысы ретінде буржуазия немесе ірі буржуазия деген сөздің мәнісін түсіндіретін уақытым жетті; мен бұл сөзді қандай мағынада пайдаланатынымды айтатын уақыт жетті, өйткені басқаша олса, менің лекциям зор түсінбестіктер тудыра алатын қауіп төніп тұр. Буржуазия деген сөз, аударылғанда, өздігінен, бюргерлік (қалалық), азаматтық деген сөз. Бірақ мен оны бұл мағынада қолданбаймын; біздің бәріміз – жұмыскер де, мещан да, капиталист те және т.б. – азаматтармыз. Бірақ уақыт өте келе буржуазия деген сөз мүлдем ерекше міәнге ие болды, ол мүлдем анық саяси бағытты нобайлайтын болды, мұны мен қазір түсіндіремін. Француз революциясы жүзеге асқанда дворян емес барлық азаматтар тобы екі шағын тапқа бөлінді және әлі де бөлінеді: біріншіден, өзінің табысын тек қана немесе негізінен өз еңбегінен алатын кісілер табы; және

де оларда не ешқандай капиитал жоқ, немесе тек олардың өздері мен өздерінің отбасын асырауға ғана жететін өндірістік қызметпен айналысуға мүмкіндік беретіндей, тым болмашы; бұл тапқа, демек, жұмыскелер, мещандар, қолөнершілер және жалпы алғанда шаруалар да жатады. Екіншіден, ірі мүлкі, зор капиталы бар, сондай мол қордың негізінде өндіріспен айналысатын немесе содан пайда алатын кісілер тобы. Бұл кісілерді капиталистер деп атауға болар еді. Бірақ капиталист те, мырзалар, өздігінен алғанда әлі буржуа емес! Дворян өзінің үйінде, төрт қабырғаның ішінде, өзінің ата-бабаларын мақтан тұтанынында және поместьелерінен ләззат алатынында азаматтың шаруасы жоқ. Бірақ дворян сол ата-бабалары мен сол поместьелерін өзінің мемлекеттегі ерекше маңызы мен ерекше артықшылықтарының щарты ретінде, мемлекеттік ырықтан үстем тұрудың шарты ретінде көрсете бастаса – сонда азамат ашуға мінеді де, оны феодал деп атайды. Іс жүзіндегі мүіктік айырмашылықтарда да сол байқалады. Капиталист, үйінде отырып, мол мүлік өзінің иесіне беретін өолайлылықтар мен ләззаттанып отыруынан артық оңай, таиғи және заңдырақ ештеңе жоқ.

Әрине, жұмыскер мен мещаның, жалпы кембағал таптың мемлекет өзінің барлық ойы мен ұмтылысын жұмысшы таптардың ашы да ауыр жағдайын жақсартуға арнауын талап етуге құқығы ба. Ол біздің өркениятқа сән беретін барлық байлық, қоғам бір күн де оларсыз тіршілік ете алмайтын барлық өнімдер қолымен өндірілетін адамдарға көмектесуді медмекет өзінің басты мақсаты етіп қоюын талап етуге хақылы; ол мемлекеттің көбірек және неғұрлым баянды табыс табуына,сонымен бірге ақыли білім алуына, демек, шынайы адами тіршілік етуіне көмектесуін талап етуге хақылы. Бірақ, бұл орайда, жұмыскер кезінде заңды жолмен алынған меншік атаулыға қол сұғуға болмайтынын, ол заңды екенін ешқашан ұмытпауға тиіс және ешқашан ұмтыпайды да.

Бірақ егер кпиталист, байлықтың іс жүзіндегі артықшылықтарын місе тұтпай, өзінің байлығын, капиалын мемлекеттік өкіметке, мемлекеттің ырқы мен мақсатын айқынауға қатысуының шарты ретінде алға тартса, – сонда ол буржуаға айналады, сонда олиелік иелік фактысын саяси үкіметтің құқықтық шартына айналдырады, сонда ол өзін халық құрамындағы жаңа артықшылықты сословие, орта ғасырларда дворяндар жерге иелік ету артықшылығын пайдаланғаны сеекілді, барлық қоғамдық ұйымдарға өзінің артықшылығының негізгі сипатын таңуға тырысатын сословие ретінде көрсетеді. Осылайша, француз революциясы мен содан басталған тарихи кезең жөнінде біздің мынадай сұрақ қоюымыз қажет: сол революцияның арқасында үстемдікке жеткен үшінші сословие, осы мағынада, өзіне буржуазия ретінде қарады ма? Ол өзінің артықшылықты саяси үстемдігіне халықты бағындырғысы келді ме және бағындырды ма? Бұл сұраққа тарихи ұлы фактылар жауап беруге тиіс, және олар үзілдікесілді – иә! дейді. Біз осынау фактылардың аса маңыздыларына тек көз жүгіртіп қана өтеміз, әйтсе де мәселені шешу үшін солардың өзі жеткілікті. Француз революциясы жасаған алғашқы конституцияның, 1791 жылғы 3-қыркүйек конституциясының өзінде 1-тарау, 1және 2-бөлімдер cіtoyen actіf пен cіtoyen passіf арасындағы, белсенді және енжар азаматтар арасындағы айырмашылық белгіленеді. Тек белсенді азаматтар ғана сайлау құқығын алады, ал белсенді азаматтар деп конституция тек белгілі мөлшердегі төте салық төлейтін адам ғана танылады. Бұл мөлшер әуелгіде төмен белгіленді, ол үш күндік жалақыдан аспайтын, демек, жұмыс күнінің құны 10 зильбергрош (сол кездегі бағаммен 1 зильбергрош 10 пфенингке, орыс ақшасымен 4,5 тиынға тек болатын – Ред.) деп санасақ, онда салық мөлшері т талерге тек болар еді. Бірақ, әлдеқайда маңыздысы, барлық servіteurs à gaqes, ақыға жұмыс істейтін қызметшілер енжар азматтар деп жарияланды; осымен бүкіл

жұмысшы сословиесі сайлау құқығынан тікелей айрылды, өйткені мүұндай мәселелерде гәп төлем мөлшерінде емес, принциптің өзінде. Ценз енгізілді, яғни белгілі мөлшердегі мүлік барлық саяси құқықтардың ең бірінші де аса маңыздысы – сайлау құқығы арқылы мемлекеттің ырқы мен мақсатын анықтауға қатысудың шарты болды. Буржуазиялық мүлік яки капитал мемлекеттік өкіметке қатысудың шартына айналды, ал орта ғасырларда мұндай шрат дворяндар мүлік яки жер иелену болатын. Француз революциясының 1793 жыл,ы қысқа кезеңінің бұлдырығы мен сол кездегі жалпы жағдайға байлансты жантәсілім қылған барлық конституциялардың негізгі принципі күйінде қалып келеді. Ол аз, содан кейінгі уақытта ол, жалпы барлық принциптерге тән екендігі секілді, одан әрі дамытылды. Людовик XVІІІ-нің хартиясымен тарту етілген жылғы конституцияда сайлау құқығының шарты бойынша бұрынғы үш күндік жалақы мөлшеі орнына төте салық мөлшері 300 франкқа, яғни 80 талерге жеткізілді. 1830 жыл,ы шілде революциясы келіп жетті, соған қарамастан 18311 жылғы 19-сәуір заңы ойынша сайлау құқығының шарты ретінде төте салық 200 франк, яғни 53 талер шамасында белгіленді. Луи-филипп пен Гизо тұсында pays légal, заңды ел дейтін, яғни “заң қаперіне алатын ел” еркек кіндік 200.000 адамнан құралатын. Францияда 30 миллионнан астам халқы бар елде буржуазиялық мүлікті қару еткен тек 200.000 сйлаушы билік жүргізді. Жол-жөнекей ескерте кетейік, шындап келгенде, ценз принципі дүниесі жоқтарды сайлау құқығынан айыру сол конституциялардағыдай төте және ашық жүргізіле ме, немесе әлде бір бүркемеленген пошымда жүргізіле ме – мұның бәрібір. Нәтиже әрқашан бірдей болып шығады. Мәселене, 1850 жылғы екінші француз революциясы кезінде жарияланған жалпыға бірдей және төте сайлау құқығын ашық түрде еш алып тастай алмады, біздің оған әлі алда тоталуымызға тура келеді. Бірақ

ол 1850 жылғы 31-мамырдағы заңымен айналып өте алады, ол заң бойынша әрбір жерде сайлау құқығын тек бір жерде кемінде 3 жыл тұрған азаматқа ғана беру міндеттелді, Францияда өз жағдайының пәрменімен жұмысшылар тұрғылықты орнын жиі ауыстыруға, жұмысты басқа қауымдармен іздеуге мәжбүр болады; сондықтан бір жерде ірге аудармай 3 д\жыл тұрғанын дәлелдей алмайтын көптеген жұмысшыларды сайлау құқығынан айырамыз деп үміттенді, және оған негіз де бар еді. Сонымен, бұл да бәз-баяғы, бірақ бүркемеленген ценз. Бізде үш кластық сайлау заңы тарту етілгеннен бергі жағдай одан да жаман; бұл заң бойынша, жергілікті жағдайға қарай, үшінші кластағы 3, 10, 30 тұлдырсыз сайлаушы сайлаушылардың бірінші лкасына жататын бір ірі капиталистке тең сайлау құқығын пайдаланады. Демек, былай болып шығады: егер орташа алғанда 1:10 қатынасынан артпаса, онда 1848 жылы сайлау құқығын пайдаланған 10 адамның 9-ы осы тарту етілген үш кластық сайлау заңы бойынша ол құқықтан айрылған, енді қазір оны тек сырт көзге пайдаланады. 1848 жылы, сол кезде енгізілген жалпыға бірдей сайлау құқығы бойынша, бізде 3.661.993 бастапқы сайлаушы болды. 1849 жылғы 31-мамырдағы тарту етілген үш класты сайлау заңы белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдардың барлығын және кедейлерге арналған кассалардан жәрдем алған адамдардың барлығын сайлаушылар қатарынан шығарып тастап, ол санды 3.255.703-ке дейін төмендетті. Демек осының өзі ғана 406.000 адамды сайлау құқығынан айырды. Бірақ бұл “әлаулайым” ғана. Қалған 3.255.000 бастапқы сайлаушы, аталған сайау заңына сәйкес, үш класқа бөлінеді, және заң жарияланғаннан кейін жасалған 1849 жылғы ресми тізім бойынша: 1) Сайлаушылардың бірінші класына ... ... 153 808 адам 2) // екінші // ... ... 409.945 // 3) // үшінші // ... ... 2.691.950 // жатқызылады.

Тіпті екінші класты былай қоя тұралық та, тек сайлаушылапрдың бірінші және үшінші, капиталистер мен кедейлердің кластарын алайық. 153.808 байдың дауысы, 2.691.950 жұмысшының, мещанның және шаруаның дауысымен тең екен; демек бір байдың сайлау құқығы он жеті кедейдің құқығымен тек болып шығады. Егер енді 1848 жылғы 8-сәуір заңымен жалпыға бірдей сайлау құқығы бектіліп қойғанын еске түсірсек, демек, 1848 жылы 153.800 дұмысшы немесе мещан сайлауда 153.800 баймен бірдей салмаққа ие болса, яғни бір кедейдің құны бір байдың құнымен бірдей болса, енді сайлау құқығына қатысты он жеті кедейдің құны бір байдың құнымен теңестірілген кезде, 17 жұмысшыдан немесе мещаннан 16 адам өзінің заңды сайлау құқығынан айрылды. Бірақ бұл-дағы, мырзалар, орташа қатынас. Нақты болмысты әрқилы жергілікті шаттардың салдарынан жағдай әлдеқайда жаман, және мүліктік теңсіздік бәрінен күшті жерлерде бәрінен де жаман. Мәселене, Дюссельдорф округінде бірінші класты сайлаушылар 6.356, ал үшінші кластағылар – 166.300; демек үшінші кластағы 26 сайлаушы ғана бір баймен бірдей пайдаланады. Бірақ басты тақырыбымызға оралайық. Біз буржуази, француз революциясының арқасында, үстемдікке жетіп, өзінің негізгі принципін, мүлікті барлық қоғамдық мекемелердің үстем принципіне қалай айналдырғанын; дәл сол буржуазия, орта ғасырлардағы жер иелігі бар дворяндар секілді, барлық қоғамдық мекемелерге өзінің рекше принципінің, мүлік немесе капитал принципінің үстем де жалғыз тамғасын, өзінің артықшылық тамғасын қалай салғанын көрсеттік және әлі де көрсетеміз. Бұл тұрғыда дворяндар мен буржуазия толық ұқсас болып шықты. Аса маңызды негізгі мекеме – мемлекеттік басқару жөнінде біз бұл ұқсастықты қарастыра алдық. Орта ғасырларда неміс империялық сейімдерінде өкілдік етудің үстем принципі жер иелігі болса, қазір палаталарға сайлану, сонымен бірге, демек мемлекеттік өкіметке қатысу

құқығы ашық немесе бүркемелнген ценз пошымында, салық мөлшерімен, яғнм, шындап келгенде, капитал иелігімен анықталады, өйткені салық мөлшері капитал көлеміне қарап белгіленеді. Мен сіздерге көрсеткенімдей, орта ғасырларда жер иелігі үстем принцип болған барлық мекемелердегі жағдай да дәл сондай. Мен сіздерге орта ғасырлардағы дворяндар жер иелігіне салық жеңілдігі белгіленгенін көрсетіп, үстемдік ететін әрбір артықшылықты сословие мемлекеттік шығын ауыртпалығын езілген, тұлдырсыз таптарға аудара салуға тырысады дедім. Буржуазия да солай істейді. Рас, салық төлеу міндетінен босатылғым келеді деп ашық мәлімдей алмайды. Керісінше, ол әркім өзінің табысына пропорциялы түрде салық төлеуге тиіс екендігін өзінің принципі деп ашық жариялайды. Бірақ, ол мүмкіндігіне қарай, сол нәижеге бүркемеленген тәсілмен, төте және жанама салықтар арасында айырмашылық белгіеу арқылы жетеді. Төте салық деп, мырзалар, топтастырылып жіктелген табыс салығы немесе таптық алым ретінде кірістен алынатын, сондықтан кіріс пен капиталдың мөлшерімен анықталатын салықтар, ал жанама салық деп әртүрлі қажеттіліктерге, мәселене: тұзға, нанға, сыраға, етке, отынға немесе заңмен қорғау қажеттіліктеріне, мысалы, сот шығындарына, гербті қағазға және т.б. салынатын салықтарды атайды. Осынау салықты адам көбіне сол сәтте алым төлеп тұрмын деп, сатып алынатын заттардың бағасын нақ салық өсіреді деп ойламай, байқамай зат бағасының ішінде төлейді. Бірақ, сіздер, мырзалар, біреу-міреу басқа біреуден тіпті 20, 50, 100 есе бай болса да, соның салдарынан бәрібір тұзды, нанды, етті 20, 50, 100 есе көп жемейтінін, сыра мен шарапты 50 немесе 100 есе көп ішпейтінін, жұмысшыға немесе мещанға қарағанда үй жылытуды, демек, отынды 50 немесе 100 есе артық қажет етпейтінін білесіздер ғой.

Осыдан барып барлық жанама салықтар, адамдарға олардың капиталы мен кірісіне қарап салынудың орнына, өзінің көп бөлігінде дүниесі жоқтардың, ұлттың ең кедей таптарының мойнына түседі. Рас, жанама салықтарды ойлап тапқан буржуазия емес: олар бұрын да болған; бірақ буржуазия оларды құлақ естімеген жүйеге айналдырып, мемлекеттік шығыстардың барлығын дерлік соларға артты. Мұны сіздерге дәлелдеп беру үшін мен, мысалы 1855 жылғы Пруссия бюжетіне көз жүгіртемін. Сол жылы мемлекет кірістерінің жалпы көлемі, жиыстырып айтсақ, 108.930.000 талерге жетті. Соның ішінде 11.967.000 талер кіріс мемлекеттік мүлік пен ормандардан, яғни біз есепке алмайтын мүмліктен алынды. Демек, 97 миллион талердей кіріс басқа көздерден алынған. Олардың 26 миллиондайы, бюджеттің топтастырып жіктеуі бойынша, төте салық болып табылады. Бірақ бұл дұрыс емесе және тек солай сияқты болып көрінеді, өйткені біздің бюджет еш жерде ғылыми негізді ұстанбайды және өзінің топтастырып жіктеуінде тек алым жинаудың сыртқы пошымын басшылыққа алады. Сол 26 миллионнан 10 миллион жер алымын алып тастау керек, ол тікелей жер иелерінен алынса да, олар оны нан бағасына аударып төлейді, демек, оны, шындап келгенде нан жейтіндер төлейді, яғни жанама салық болып табылады. Дәл сол себеппен 2.900.000 кәсіпшілік салығын да алып тастау керек. Шын төте салықтан қалатын кіріс: 2.928.000 талер топтастырылып жіктелген табыс салығы 7.884.000 талер таптық салық әне 2.036.000 талер қосымша салық. Барлығы 12.848.000 талер. Сонымен, мырзалар, шынын айтқанда 97 миллион мемлекеттік кірістің тек 12.800.000 талері төте салықтан түседі. Осынау 12.800.000 талерден тыс, қалғанының бәрі, бұл арада ерекше орын алатын азын-аулақ, түкке тұрмайтын баптарды қоспасақ, жанама салыққа түседі – онда да тек бюджеттің ғылыми емес топтастырып жіктеуін ұстанбасақ қана, ол,

мысалы, тұз монополиясынан алынатын 8.300.000 талерді немесе сот бажынан алынатын 8.849.000 талер мөлшеріндегі кірісті жанама салық санатына жатқызбайды. Жанама салық, мырзалар, демек, буржуазия ірі капитал үшін алым жеңілдіктерін жүзеге асыратын және мемлекетті ұстап тұруға жұмсалатын шығындарды қоғамның ең кедей таптарының мойнына артатын қаржылық ұйым. Мырзалар, осынау өзіндік бір қарама-қайшылыққа, осынау өзіндік бір әділетке назар аударыңыздар: мемлекетті ұстап тұрудың барлық шығыны жанама салықтарға, яғни кедей халыққа жүкеледі, ал мемлекет мұқтажына қажет 108 миллионның түкке тұмайтын 12 миллионын беретін төте салық сайлау құқығының, демек, саяси биліктің де өлшемі мен шартына айналады. Орта ғасырлардағы дворяндар туралы айтқанда, мырзалар, мен сіздерге, олардың буржуазиялық азаматтық қызмет пен өнеркәсіп атаулыны менсінбегенін көрсеткенім. Бүгіндері ден нақ солай болып отыр. Рас, қазір еңбектің кез-келген түрі бірдей құрметтеледі және, егер адам шүберек жинап немесе әжетхана тазалап миллиондар жинай алса, ол қоғамда құрметке бөленетінін білер еді. Есесіне қалай еңбек етсе де, немен айналысса да капиталы жоқ адамдарға қоғам қалай адырая қарайды. Бұл факт, өкінішке қарай, сіздерге өмірден тым жақсы белгілі екені соншалық менің оған тоқталып жатуымды қажет етпейді. Кейбір жағынан алғанда буржуазия өзінің ерекше артықшылығы мен өзінің негізгі бастауының үстемдігін, орта ғасырлардағы дворяндар өздерінің жер иелігі принципін жүзеге асырғандағыдан әлдеқайда дәйектілікпен жүргізеді. Халықты оқыту – мен бұл арада ересектерді оқыту туралы айтып отырмын – орта ғасырларда дін иелеріне берілген болатын. Қазір дін

иелерінің орнын газеттер басты. Бірақ газеттер енгізуге міндетті кепілдік олар бізде де, Францияда да және басқа елдерде де төлеуге тиіс одан да зор штемпельдік алым, күн сайын шығатын газетті өте мол капитал болса ғана жүзеге сырылатын тым қымбат шаруа етеді. Осылайщша, халық пікіріне ықпал ету, оны ағарту және оны басқару ірі капиталдың артықшлығына айналды. Осылай болмаса, мырызалар, бізде мұүлдем өзге және әлдеқайда жақмсы газеттер болар еді. Мырзалар, буржуазияның баспасөзі капиталдың аартықшылығына айналдыруға ұмтылысы қаншал ерте байқалғанын көру қызықты. Және қандай аңғал да ашық пошымда десеңізші! Бастилияға шабуыл жасалғаннан бірнеше күннен соң, 1789 жылғы 24-шілдеде, яғни буржуазияның саяси үстемдігінің ең алғашқы күндері, Париж коммунасының қалалық өкілдерінің жарлығымен баспаханашылар “sáns exіstence connue” – “белгілі бір күнкөріс қаражаты жоқ” жазушылардың кітапшалары мен парақшаларын шығарғаны үшін жауапқа тартылатын болды. Сонымен, жаңа ғана жеңіп алынған баспасөз бостандығы, тек “белгілі бір күнкөріс қаражаты бар” жазушыларға тиесілі болып шықты. Бұл арада меншік баспасөз бостандығының шарты, ол-ол ма, тіпті жазушы инсаниятының өлшемі болып шықты. Буржуазиялық үстемдіктің алғашқы күндерінің осынау аңғалдығы қазіргі айла-шарғының, кепілдер мен штемпель бажының нақ өзі, тек оны балалық бүкпесіздікпен білдіреді. Мырзала, орта ғасырларды шолып шыққанда істегенімдей, осынау ірі, сипатты фактылармен шектелейін. Біздің көз алдымыздан, мырзалар, екі әлемдік кезең өтті, олардың ә”рқайсысында өзінің принципін өз заманының барлық мекемелеріне таңатын белгілі таптың үстем идеясының тамғасы бар. Бұл, ең алдымен, дворяндаридеясы яғни жер иелігі идеясы, ол орта ғасырлардың үстем принципі болып табылады және олардың барлық мекемелеріне таралады.

Бұл кезең француз революциясымен аяқталды, дегенмен, өздеріңіз білетіндей, сол тарихи кезеңнің толып жатқан әрі елеулі қалдықтары бар, әсіресе, Германияда бар, мұнда төңкерісті халық жасаған емес, үкіметтер – өте баяу әрі болбыр реформалар долымен жасалды; соның бәрі осы күнге дейін буржуазияға мықы кедергі жасап отыр. Екіншіден, біз өткен ғасырдың аяғында француз революциясынан басталған тарихи кезеңді қарастырдық. Өз принципін – ірі буржуазиялық меншікті яғни капиталды ол барлық қоғамдық мекемелерге таралатын және мемлекеттің ырқы мен мақсатын анықтауға қатысуды туындататын артықшылыққа айналдырды. Бірақ бұл кезең де, мырзалар, сырт көзге басқаша көрінсе де, аяқталды. 1848 жылғы жиырма төртінші ақпанда тарихи кезеңнің таңы атты. Сол күні Францияда, ғаламат ішкі күрес бостандықтың жеңістерімен және жеңілістерімен бүкіл адамзаттың жеңістері мен жеңілістерін байқататын елде, жұмыскерді (Альберді) уақытша үкімет құрамына алған, мемлекеттің мақсаты жұмысшы табының жағдайын жақсарту деп жариялаған, жалпыға бірдей және төте сайлау құқығын жариялаған революция бұрқ ете түсті, сол құқықтың пәрменімен 21-ге толған әрбір азамат, өзінің мүліктік жағдайына қарамастан, мемлекеттік өкіметке, мемлекеттің ырқы мен мақсатын анықтауға бірдей қатысады. Сонымен, мырзалар, 1789 жылғы революция tіers-état , үшінші сословиенің революциясы болса, 1848 жылғы революция төртінші сословиенің, жылы әлі үшінші сословие киім-кешегінің қыртыстарында жасырынып жатқан, және, егінде, соған ұқсас болған сословиенің революциясы. Енді сол өзінің принципін бүкіл қоғамның үстем принципі еткісі келеді, оның барлық мекемелерді қамтуын қалайды. Бірақ бұл арада басқа сословиелердің үстемдігімен салыстырғанда төртінші сословиенің үстемдігі сипатындағы оасан зор айырмашылық бірден байқалады. Төртінші сословие қоғамның ең соңғы сословиесі,

сормаңдай сословие, ешқандай еркше құқықтық немесе фактылық шарт қоймайтын, қоя да алмайтын сословие, онда ол жаңа артықшылыққа айналдырып, қоғамның барлық мекемелерін қамтитын дворяндық та, жер иелігі де, капита иелігі де жоқ. Біз, егер әйтеуір бір нәрседе қоғамға пайдалы болуды қаласақ, бәріміз де жұмыскерміз. Сондықтан, төртінші сословиеге жаңа артықшылықтарға қандай да бір ұмтылыс мүлдем жат және нақ сондықтан ол бүкіл адамзат атаулымен ұқсас. Оның шаруасы шынында да, бүкіл адамзаттың шаруасы, оның бостандығы адамзаттың өзінің бостандығы, оның үстемдігі баршаның үстемдігі. Жұмысшылар сословиесінің идеяларын, мен таратып айтқан мағынада, қоғамның үстем принципі деп жариялау, демек, қоғамдық таптарды бөлектеп, дұшпандыққа шақыру емес, бұл – татуласуға шақыру, бүкіл қоғамға арналған шақыру, қоғамдық топтар арасындағы барлық кереғарлықтарды ұмсартуға шақыру, бұл артықшылқтар мен халықты езіпжаншудың барлық дұшпандары үн қосуға тиіс бірігуге шақыру, бұл күндердің күнінде халық жүрегінен шығып, оның мәңгілікке шын ұраны болып қала беретін сүйіспеншілік үні және өзінің ішкі сипаты жағынан халықтың шайқасқа шақырған үні күркірегенде де сүйіспеншілік үг\ні болып қала береді! Енді жұмысшылар сословиесінің принципін қоғамның үстем принципі ретінде үш көзқарас тұрғысынан қарастырамыз: 1) оны жүзеге асырудың пошымдық құралдары тұрғысынан; 2) оның инсанияттық мазмұны тұрғысынан және 3) мемлекет мақсатына оған тән көзқарас тұрғысынан... Бұл принципті жүеге асырудың құралы баршаға бірдей және төте сайлау құқығы, ол туралы біз айтқанбыз. Мен 1848 жылы бізде болған жай ғана баршаға бірдей сайлау құқығы туралы емес, баршаға бірдей және төте сайлау құқығы туралы айтып отырмын. Екі сатылы сайлау енгізу –

бастапқы сайлаушылар және сайламшылар сайлауы – халық ырқының білдірілуін мүмкіндігінше бұрмалау мақсатымен жымысқылық жасаудан басқа ештеңе де емес. Айтпақшы, баршаға бірдей төте сайлау құқығында да, мырзалар, сіздерді бір сәттік қателіктен сақтаудың қандай да бір сиқырлы құралы жоқ. Францияда 1848 және 1849 жыдары, бірінен соң бірі, екі бірдей сәтсіз сайлаудан көрдік. Бірақ баршаға бірдей және төте сайлау құқығы аталмыш сәтте оны сәтсіз пайдалану туындататын қатеілктерді уақыт өте келе өзінен-өзі түзете алатын жалғыз құрал. Бұл – өзі салған жарақатты өзі емдейтін найза. Баршаға бірдей және төте, сайлау құқығы тұсында сайланған өкілдер оны сайлаған халықтың, ақыр соңында, дұрыс та дәл көшірмесі болмауы мүмкін емес. Халық сондықтан баршаға бірдей және төте сайлау құқығын әрқашан өзінің мейлінше қажет саяси қаруы, өз талаптарының ең негізгісі және ең маңыздысы деп саануға тиіс. Енді біз қарастырып отырған қоғамдық принциптің инсанияттық мазмұны туралы. Бәлкім, қоғамның төменгітаптарының принципін мемлекет пен қоғамның үстем негізіне айналдыру ойы, инсаният пен ағартуды “осы заманғы варварлықта” құртып тыну қатерін төндіретін өте қауіпті де инсансыз ой болып көрінер. Және осындай қауіптену шынында да пайда болуы қиын емес, өйткені қазіргі кезде қоғамдық пікірді, мен жоғарыда айтып өткенімдей, капитал мен артықшылықты ірі буржуазия газеттер көмегімен қалыптастырады. Бірақ осынау қорқыныш – тек жалған соқыр сенім және, керісінше, осынау ой осы уақытқа дейін тарихта болған ең ұлы прогресс және инсанияттың ең асқақ салтанаты екендігін дәлелдеп беруге болады. Бұл – соқыр сенім деймін мен және тек әлі артықшылықтарға бой алдырып отырған біздің заманың ғана соқыр сенімі.

Мүлдем қарама-қарсы соқыр жайлаған уақыт болған. Бұл 1793 жылғы алғашқы француз республикасы тұсында болды, оған біз, жоғарыда айтқанымыздай, бүгін егжей-тегжейлі тоқтала алмаймыз және ол, өзінің бұлдырлығының салдарынан, сөзсіз құрып кетуге тиіс болатын. Сол кезде барлық жоғары таптар инсаниятсыз және бұзылып біткен, тек төмендегі халық қана қайырымды да таза деген пікір догма секілді болатын. Бұл пікір Руссодан туындаған-ды. Францияның ұлы құрылтай жиналысы – Конвент жариялаған жаңа адам құқықтары декларациясында ерекше баппен, 19-баппен: “Халықты жақсы, үкіметті – сатып алынған деп топшыламайтын мекеме атаулы – кеселді” деп жарияланды. Сіздер, мырзалар, бұл қазір сіздерден талап етілетін сенгіштікке және соған сәйкес өкіметтің ізгі ниеті мен жақсылықтарына күмән келтіруден артық қылмыс жоқ деп саналатын, ал халық қасақана әлдебір қабаған хайуан, жамандықтың қабы деп бейнеленетін пікірге тұп-тура кереғар екенін көріп отырсыздар. Сол кезде осынау қарама-қарсы көзқарас шегіне дейін жеткізілді: біреу-міреудің үстінде тұтас камзол болса, соның үшін ғана сол азғындап біткен, күдікті адам болып көрінді де, жақсылық, адалдық және патриоттық инсаният тек өрім-өрім киімділерде ғана болуы мүмкін деп саналды. Бұл санкюлаттықтың кезеңі болатын. Мырзалар, бұл көзқарстың негізінде ақиқат бар, тек ол бұл арада жалған да теріс пошымда білдірілген. Ал жалған да теріс пошымдағы ақиқатан қауіпті нәрсе жоқ, өйткені оған қалай қарасаң да түбі жаман болып шығады. Егер ақиқат өщінің жалған да теріс пошымында қабылданса, онда белгілі жағдайларда одан, санкюлоттықтан болғанындай, сұмдық зардаптар өрбітеді. Ал егер жалған да теріс пошымның салдарынан бүкіл жағдай жалған деп танылса, бұл одан да жаман. Өйткені онда ақиқаттың өзі және – аталмыш жағдайда – мойындамасаң қазігі мемлекеттік өмірде парасатты түрде аттап баса алмайтын ақиқат теріске шығарылады.

Демек, бір ғана нәрсе: сол жағдайдың жалған да теріс пошымын серпіп тастап, оны шынайы мазмұнын анықтау ғана қалады. Жоғарыда айтқанымдай, қазіргі қоғамдық пікір осынау барлық қағиданы мүлдем жалған деп санауға бейім. Оны Француз революциясы мен Руссоның жай ғана мылжыңы деп білуге бейім. Бірақ егер Руссо мен француз революциясына осылай менсінбей қарауға болған күнде де, жүз жылдық мүшел тойын осынау қала келесі айда атап өтетін немістің аса ұлы философы, барлық халықтар мен замандардың ең құдіретті ойшылы философ Фихтеге олай қарау мүлдем мүмкін емес. Фихте төтесінен және айны-қатесіз: сословие неғұрлым жоғары тұрса, онда инсансыздық соғұрлым көп дейді. Оның төл сөзі мынадай: “азғындау адамдардың әлеуметтік асқақтауына пропорционал күшейеді” . Алайда, Фихте де мұның негізгі себебін жеріне жеткізе көрсеткен жоқ. Ол жоғары сословиелердің осынау азғындауының себебі ретіде пайдакүнемдікті, эгоизмді көрсетеді. Бірақ сол бойда мынадай сұрақ туындайды: төменгі таптарда пайдакүнемдік неге билік құрмайды немесе бұл оларда неге азырақ? Төменгі сословиелерде пайдакүнемдік жоғары сословиелердегіден кемірек болуға тиіс деген байлам қайран қалдыратын қайшылық емес пе, өйткені білімділік пе тәрбиеде – осынау барша мойындаған ізгілендіре түсетін факторларда жоғары сословиелер төменгі сословиелерден елеулі түрде ада тұр ғой? Үстірт қарағанда соншалық қайран қадырарлық қайшылықтың шынайы себебі мен шешілуі мынадай: Өзіміз көргеніміздей, халықтарды дамуы, тарих рухы әзелден бері жоғары, үстем сословиелер ретінде, жоғары сословиелерге олардың жағдайына кепілдік беретін артықшылықтардың барған сайын кбірек жойыла түсуіәне жетелейді. Сондықтан, сол жағдайды сақтап қалу ниеті немесе жеке мүдде сол сословиелердің әрбір мүшесін халықтың өркендеуінде, ағарту мен ғылымды таратуға, мәдениет табыстарына, тарихи өмірдің барлық лептері мен жеңістеріне принципті дұшпандықпен

қарауға итермелейді, жоғары түсініктің арқасында олар өздерінің жеке жағдайынан жоғары көтеріе алмаса солай болады, ал сіздер, мырзалар, ондай адамдар қаншалық сирек екенін білесіздер. Жоғары сословиелердің осынау жеке мүддесі мен ұлттың мәдени дамуының арасындағы осынау қайшылық жоғары сословиелердің терең де көзсіз инсаниятсыздығымыздың себебін құрайды. Олардың инсанияттық терең құлдырауының қажеттілігін түсіну үшін мұндай тіршілік оларды күн сайын қандай жағдайға қоятынын елестету жетіп жатыр. Күн сайын асқақ та жақсы нәрсеге қарсы тұру қажеттілігінде болу, оның табыстарына ренжу қажеттілігінде болу, оның сәтсіздіктеріне қуану, оның алдағы барысын тежеу, оны кері қайтаруға тырысу, оған лағнет айту – бұл дегеніңіз дұшпан елдегі мәңгілік өмір секілді – және бұл дұшпан өзің өмір сүретін өз халқыңның инсанияттық ынтымағы, ал бүкіл шынайы инсанияттық өзі соған ұмтылудан тұрады. Бұл деймін мен, дұшпан елдегі мәңгілік өмір секілді және бұл дұшпан өзінің төл халқың, және ұдайы қулыққа барып, сен оған дұшпан ретінде қарайтыныңды жасыруың қажет, ал сол дұшпандығыңды азды-көпті шебер бүркемелей біуің керек. Бұған не осының бәрін өз ұятың мен өз парасатыңның үніне қарсы істеу, не өз бойыңда бұл үнді, ол сені енді қысылдырмау үшін ,біржола тұншықтыру, не, ақыр соңында, оны ешқашан білмеу, пайдакүнемдік дінінен жақсы ештеңені ешқашан білмеу қажеттігін қосыңыз! Мұндай өмір, мырзалар, мінсіз ұмтылыс атаулыны мүлдем менсінбеуге, жек көруге қажетті түрде жетелейді, ол идеяның ұлы есімі тек еске салынғанның өзінде қинала жымиюға мәжбүр етеді; ол түк сезінбейтін топастықты және барлық тамаша да ұлы нәрселерге жиіркенішті туғызады; ол біздің бойымыздағы бүкіл инсанияттық негіздерді бір ғана пайдакүнемдік пен ләззат алуға құмарлық шөлінде құмықтырады. Төменгі таптарда, мырзалар, олардың бақытына қарай, жеке мүдде мен ұлттың мәдени дамуы арасындағы осынау қайшылық жоқ.

Рас, амал нешік, төменгі таптарда да пайдакүнемдік әлі жеткілікті, болуға тиісті деңгейден әлдеқайда көп. Бірақ бұл арада осынау дерт индивидуалды, бүкіл таптың қажетті дерті емес, жекелеген кісілердің дерті. Төменгі таптардың мүшелеріне қарапайым инстинкттің өзі, олардың әрқайсысыс жеке-жеке алып, тек өзі туралы ғана қаам жейтін болса, ол өзінің жағдайын едәуір жақсартуға үміттене алмайтынын сездіреді. Бірақ қоғамның төменгі таптары тап ретінде қ\өздерінің жағдайын жақсартуға, өздерінің таптық талайын жақсартуға ұмтылғанда, олардың жекемүддесі тарихи қозғалыспен қақтығысу былай тұрсын, соның арқасында инсансыздық деп айыпталмайды да, қайта, керісінше, өзінің бағыты бойынша бүкіл халықтың дамуымен, идеяның жеңісімен, мәдениет прогресімен, бостандықтың дамуынан басқа түк те емес тарихтың өмірлік негізінің өзімен сәйкес келеді. Басқаша айтқанда сіздің шаруаңыз, біз жоғарыда көрегніміздей, бүкіл адамзаттың шаруасы. Сіздер бақыттысыздар, мырзалар, өйткені сіздеридеялар жөнінде өлік емес, сіздер ,қайа, керісінше, сіздердің жеке мүдделеріңіз сіздерді оған ең жоғары дәрежеде құлықты етеді. Сіздер – ьақыттысыздар, өйткені сіздердің шынайы жеке мүддеңіз тарих тамырының бүлкілімен, инсанияттық дамудың қозғаушы өмірлік бастауымен сәйкес. Сондықтан сіздер тарихи дамуға жеке құштарлықпен қосыла алсыздар, өйткені осынау құштарлық осы арада көрсетілген пәк мағынасында неғұрлым жарқын да терең болса, өздеріңіздің инсаниятты боала түсетіндеріңізге кәміл сенесіздер. Міне сонқытан, мырзалар, мемлекетте төртінші сословиенің үстемдік құруы өзімен бірге инсанияттың, мәдеиет пен ғылымның тарихта әлі болмаған шешек атуын ала келер еді. Бұған тағы бір себеп, осында біз айтқанның бәрімен ығыз байланысты және соның бәрінің іргетасы болып табылатын себеп қосылады.

Төртінші сословиенің буржуазиядан өзгеше пошымдық саяси принципі де бар, ол – буржуазиялық ценз орнына баршаға бірдей, төте сайлау құқығы, ол өзінің жағдайының пәрменімен инсанияттық бастауларға жоғары сословиелерден тек басқаша қарап қана қоймайды, мемлекеттің инсанияттық мақсатын да буржуазиядан мүлдем өзгеше түсңнеді. Буржуазияның инсанияттық идеясыәркімнің өз күштерін кедергісіз пайдалануына кепілдік берілуінен ғана тұрады. Егер біздің бәрімізде күш бірдей, ақыл, білім, байлық бірдей болса, бұл идея қанағаттанарлық та, инсаниятты да болар еді. Бірақ мұның жоқтығынан және болуы мүмкін еместігінен бұл ой жеткіліксіз және сондықтан қажетті түрде мейліше инсаниятсыз тұжырымдарға жетелейді. Ол неғұрлым күшті, неғұрлым пысық, неғұрлым бай аам ең дәрмесізді қанап, қолға түсіріп алуына жетелейді. Оған қарама-қарсы жұмысшылар сословиесінің инсанияттық идеясы мынада: кісінің өз күштерін кедергісіз және еркін пайдалануы өздігінен алғанда әлі жеткіліксіз, инсаният жағынан реттелген қоғамда оның үстіне мүдделер ынтымағы, дамудағы ортақтық пен өзаралық қажет болады. Оы айырмашылыққа сәйкес, буржуазия ммлекеттің инсанияттық мақсаты тек қана индивидуумның жеке бостандығы мен меншігін күзетуден тұрады деп біледі. Бұл түнгі қарауылдың идеясы, мырзалар, түнгі қарауылдың идеясы болатыны, бұл арада мемлекет бар міндеті талау мен тонаудың алдын алу болатын қарауыл ретінде көрсетіледі. Ама қанша, бұл идеяны тек қана нағыз либералдардың арасында ғана емес, демократтар деп аталатындардың арасында да, ақыли дамудың кемістіктерінің арқасында, едәуір жиі кездестіруге болады. Егер буржуазия дәйекті түрде ештеңені бүкпей айтқысы келсе, ол өзінің осы идеясына сәйкес, қарақшылар мен

ұралыар құрып біткен кезде, жалпы мемлекет дегеніңіздің мүлде керегі болмйтынын мойындауға тиіс бола еді.29 Мемлекеттің мақсатын, мырзалар, төртінші сословие мүлдем басқаша түсінеді, ол мұны нақты болмыста ол қандай болса, нақ сондай күйінде түсінеді. Тарих дегеніміз, мырзалар, табиғатпен, қайыршылықпен, надандықпен, кедейшілікпен, дәрменсіздікпен, демек, адамзат тарихын бастағанда біздің басымызда болған алуан түрлі бағыныштылықпен күрес. Осынау дәрменсіздікті бірте-бірте еңсеру дегеніміз бостандықтың тарих өзі арқылы көрсететін дамуы. Біз, егер сол күресті әркім өз бетінше, әркім жападан жалғыз жұргізе бастаса, ол күресте алға қарай бір қадам жасай алмас едік, жасамас та едік. Мемлекеттің міндеті осынау бостандық дамуын жасау, адамзат баласын бостандық бағытында дамыту. Мемлекет дегеніміз тұлғалардың бір инсанияттық бүтіндегі бірлігі, осыау бірлесуге кіретін барлық жекелеген кісілердің күшін миллион есе көбейтетін бірлік, олардың әрқайсысының индивдуалдық күштерін шексіз ұлғайтатын бірлік. Осылайша, мемлекеттің мақсаты, тек индивидуумның буржуазиялық идеяға сәйкес адам мемлекетке кірген кезде-ақ ие боладымыс дейтін жеке бостандығы мен меншігін күзету емес; жоқ керісінше, мемлекеттің мақсаты адамдарды осылай біріктіру арқылы олардың жеке кісі үшін ойға да келмейтін мақсаттарды жүзеге асыруына, тіршілік етудің сатыларына жетуіне мүмкіндік беру, олардың ағарту биігіне шығуына мүмкіндік беру. Сонымен, мемлекеттің мақсаты – адамның өзін оң ыңғайда дамытып, тынымсыз жетілдіре беру; басқаша айтқанда, – адамның бұл

29 Осынау мемлекеттік идея, шын мәнісінде, мемлекетті мүлдем құртып, оны пайдакүнемдік мүдделері ұшан-теңіз жай ғана буржуазиялық қоғамға айналдыратын идея либерализмнің мемлееттік идеясы және тарихи жағынан оны тұжырымдаған сол. Ол жеткен ықпал тұсында бұл ықпал оның үстірттігіне тікелей қатысты болып отырған тұста, ол ақыли және исанияттық топастанудың шын қауптілігін, қазір жайлап алған “осы заманғы варварлықтың” шын қауіптілігін көрсетеді...

дүниедегі міндетін нақты болмыста, яғни адамзат баласы қабілетті мәдениетті жүзеге асыру; мемлекеттің мақсаты – адамзатты бостандық бағытында тәрбиелеп, өркендету. Мемлекеттің нағыз инсанияттық табиғаты, оның ақиқат та асқақ парызы міне соы, мырзалар. Және шынында да мемлекет барлық замандарда, жағдайдың өзінің пәрменімен, тіпті санаға сіңірмей-ақ, тіпті өз жетекшілерінің қалауына кереғар осынау мақсатқа аз болсын, көп болсын қызмет етіп келеді. Бірақ жұмысшылар сословиесінің, қоғамның төменгі ьпатарының жекелеген мүшелерінің дәрменсіз жағдайының өзі мемлекеттің міндеті индивидуумның жападан-жалғыз кісі үшін қол жетпейтін дамуға – баршаны біріктіру жолымен – жетуіне көмектесуден тұратынын және солай болуға тиіс екенін инстинктті түрде сезінуге мәжбүр етеді. Рас, мен жоғарыда айтқандай, барлық мемлекеттер өзінің табиғаты бойынша және жағдайдың пәрменімен, санаға сіңірмей-ақ, тіпі өзінің ырқына кереғар өзінің осынау инсанияттық мақсатына қызмет етті. Бірақ жұмысшылар сословиесі идеясының үстемдігі тұсында мемлекет оған мінсіз йқындықпен, толық санамен қызмет етер еді. Ол осы кезге дейін бұған қарсылардың бойынан тек там-тұмдап шығып келген әрсені мүлдем ерікті және мейлінше толық дәйектілікпен орындар еді. Уақыт маған сіздерге мұның барлық нәтижелерін қажетті байланыста көрсетуге мүмкіндік бермейді; бірақ біз бүкіл әлемдік тарих әлі көрмеген және олардың алдында бұрынғы замандардың ең ғаламат құбылыстары да мүлдем өлеусіреп қалатын рух гүлденуін, бақыттың, ағартудың, әл-ауқаттың және бостандықтың шоғырын беретіндігі күмәнсіз. Жұмысшылар сословиесінің мемлекеттік идеясы деп, мемлекеттік мақсатта оның түсінуі деп міне осы аталуға тиіс, мырзалар. Бұл түсінік жұмысшылар сословиесінің принципі, мемлекет ырқын анықтауға баршаның қатысуы принципі, яғни баршаға бірдей сайлау құқығы буржуазияның тиісті принципі – цензден қаншалық шалғай жатса,

мемлекет мақсаты туралы буржуазиялық түсініктен соншалық шалғай жатқанын көріп отырсыздар. Мен осы арада сіздердің алдыңызда өрбіткен бірқатар идеялар мен жұмысшылар сословиесінің идеялары деп атаған нәрсенің тап өзі. Әңгіменің бас кезінде қазіргі тарихи кезеңнің жұмысшылар сословиесі идеясымен байланысы туралы айтқанда нақ соны есте ұстаған болатынмын. 1848 жылы 24-ақпанда басталған осынау ьарихи кезеңге оы мемлекеттік идеяны жүзеге асыру міндеті қойылып отыр, және біз, мырзалар, осынау аса ғаламат тарихи еңбекті жүзеге асыру пешенесіне жазылған дәуірде туғанымызбен өзімізді құттықтай аламыз, бұл еңбекке шама-шарқымызша өзіміз де қатыса алмыз. Бірақ мұның өзі жұмысшылар сословиесіне жататын баршаға қарекеттің мүлдем жаңа тәсілін ұстануды міндеттейді. Сословиеге абыройға толы, терең инсаниятты мұндай тамғаны үстем сословие болу оның пешенесіне жазылған, ол өзінің төл принципін бүкіл ғасырдың принципіне дейін асқақтатуға, өзінің идеясын бүкіл қоғамның басшылыққа алатын идеясына айналдыруға және, демек, қоғамның өзін өзінің бейнесіне айналдыруға шақырылғаны санасынан артық ештеңе сала алмайды. Осындай міндеттің асқақ әлемдік-тарихи абыройы сіздердің барлық ойларыңызға өзек болуға тиісті. Езілгендердің дерттері, нәруайым адамдардың бос сауық сайрандары, тіпті түкке тұрмайтындардың жазықсыз жеңілтектігі – осының бәрі енді сіздерге лайық емес. Сіздер – қазіргі заман шіркеуі ірге тебетін жартассыздар! Осынау ой өзінің асқақ инсанияттық ақатаңдығымен жалынды даралығы арқылы сіздердің ақыл-ойларыңызға билік жүргізсін, ол сіздердің рухыңызға нәр берсін, және сіздердің ғұмырларыңыз соған лайық болсын, соған сәйкес болсын, оған әрқашан сол өзек болсын. Осынау ойдың инсанияттық қатаңдығы сіздерді ешқашан, шеберханадағы жұмыс

үстінде де, қолыңыз бос сағаттарда да, диналыстарда да тастап кетпесін және тіпті өздеріңіздің жамбасқа қатты бататын төсектеріңізде де ол, ұйқыға кеткеніңізше сіздердің жандарыңызды молықтырып, әлдилеп тұратын болсын. Сіздер оған неғұрлым терең бойлаған сайын, сідердің оған құштарлығыңыз толық болған сайын, сеніңіздер, қазіргі тарихи кезең өзінің міндетін соғұрлым тезірек орындайды, сіздер осы мақсатқа соғұрлым жылдамырақ келесіздер. Мырзалар, бүгін мені тыңдап отырған сіздердің ішіңізден екі немес үш адамның бойында осынау ойдың инсанияттық жалынын мен мұны өзіме елестеткендей және сіздердің алдыңызда өзім бейнелегендей жапжарық тұтата алсам, – мен мұны ұлы жеңіс, менің лекциямның жомарт ақысы деп санар едім. Ең бастысы, мырзалар, ой қуатымен нұрландырылмаған тарихи оқиғалар көрінісі оп-оңай жетелейтін ан күйзелісі мен күнаға бой алдырмаңыздар. Мысалы, жылғы 2-желтоқсандағы мемлекеттік төңкеріс Францияда республиканы құлатты-мыс дегенге сенбеңіздер. Сол кезде Францияда тұрақты қала алмаған нәрсе құлаған нәрсе – жалпы республика емес болатын. Ол 1850 жылғы 30-мамырдағы сайллау заңымен, сіздерге айтқанымадай баршаға бірдей сайлак құқығын алып тастаған және – одан жұмыскерлерді шеттету түрінде бүркемеленген ценз енгізген республика болатын; ол, демек, республикалық мемлекетке буржуазияның мөрін – капитал үстемдігін басуға тырысқан буржуазиялық республика болатын. Француз узурпаторына, баршаға бірдей сайлау құқығын қалпына келтіру желеуімен республианы құлатуға мүмкіндік берген міне сол, басқаша болса, ол француз жұмыскерінің кеудесінен мызғымас қамал табар еді. Сонымен, Франциядашыныда да тұрақтап қала алмаған және сол кезде құлап қалған нәрсе жалпы республика емес, буржуазиялық республика болатын. Осылайша, бұл мысал да, егер оған дұрыс қарасақ,

1848 жылы ақпанда басталған тарихи кезең үшінші сословиенің үстем саяси принципін қоғамға таңуға немесе сонда сақтап қалуға ұмтылатын мемлекетпен сиыспайтынын дәлелдейді, ол ұмтылмас монархиялық немесе республикалық пошымда жасалсын, мұның бәрібір. Төмендегіден, үйреншікті өмірдің қарбаластары арасынан гөрі, мырзалар, ғылымның биік шыңынан жаңа күннің шапағын бұрынырақ көруге болады. Сіздер, мырзалар, биік таудан күннің шығуын көріп пе едіңіздер. Нарт қызыл жолақ көкжиекті қан-қызыл түске бояп, жаңа күннің келгенін жариялайды; тұман мен бұлт көтеріліп, қоюлана түседі бірақ күннің баяу да салтанатты көтерілуін тоқтата алатын күш жер бетінде жоқ, бір сағаттан соң ол көк жүзінде баршаның алдында жарқырап, нұрын құйып тұрады. Күн сайынғы аспани өзгерістердегі табиғи бір сағат – әлемдік-тарихи күн шығуының шексіз ұлы көрінісіндегі бір немесе екі он жылдық.

“Сочинения Фердинанда Ласаля. Том первый.
С.-Петербург”
басылымынан
қазақшалған

Нұрмахан ОРАЗБЕК.
Дмитрий Писарев

(1840–1868) орыс сыншысы, публицист. 1856–1861 жылдары Петербург университетінің тарих-филология факуьтетінде оқыған. Ол университеттен алып шыққан “скептицизмнің улы дәні” оны дәстүрлі мәдени және эстетикалық құнылықтарға нигилистік көзқарас жолына бастады. Ол өзінің мақалаларында азаматтық бостандықтардан, ғылымның, өнедрің және ағартудың қоғамды-практикалық юағытынан өрбитін әлеуметтік-тарихи және мәдени погрестің қажеттілігін уағыздады, көркем әдебиет туралы мақалалларында ол көркем бейнелерді нақты өмір ахуалдарында объективті бейнеленген әлеуметтік типтер деп түсінірді. Жасырын таратуға арналған мақааларында үкіметті құлатуға, патша мен оның әулетін құртуға шақырғаны үшін Писарев Петропавл қаалаында төрт жарым жылдай қамуда отырды. Қысқа ғұмырының соңына қарай оның мақалаларында радикализм сарыны күшейе түсті, эстеттік пен эстетиканың соңына шам алып түсті, “эстетика ақыли тоқыраудың ең бұлжымас элементі және парасат прогресінің хас жауы” деп жазды. 1866 жылдың қарашасында анасының

кепілдігімен
және
Петербургтан
шығу

құқығынсыз
абақтыдан
босатылды. 1868 жылы жазда нақсүйері Марко Вовчекпен, оның ұлымен
Рига шығанағында шомылуа аттанып, Бубултада суға кетіп өлді.

ЖАҢА ТҰРПАТ30

[...] Жаңа адамдар еңбекті адам өмірінің абсолютті қажетті шарты деп санайды, және еңбекке осынау көзқарас ескі және жаңа адамдардың арасындағы айырмашылықтың ең елеулісі дерлігін құрайды. Тегінде, мұнда тұрған ерекше ештеңе жоқ секілді. Еңбекті кім құрметтемес? Оның маңыздылығы мен қажеттілігін кім қорғамас? Ұлыбританияның жүн қабының үстінде отырған, сол отырысы үшін жыл сайын бірнеше ондаған мың фунт-стерлинг алатын лорд-канцлері өзінің ол ақшаны еңбегі үшін алатындығына және фабрика жұмыскеріне толық негізбен: My dear, біз екеуміз қоғамның пайдасыеа еңбек етіп жүміз, ал еңбек дегенің – қасиетті іс деп айта алатынына кәміл сенеді. Мұны лорд-канцлер де айтады, граф Дерби де айтады, өйткені ол жер рентасын қалтасына жытыру үшін тер төгеді ғой, бірақ олар неғылған жаңа адамдар. Олар болары болып, бояуы сіңген, өте құрметті джентельмендер ғой. Жаңа адамдар олардың қай қасиетіне де барынша әділ баға береді, бірақ өздері еңбекті лорд-канцлер мен граф Дерби секілді құрметтеуге ешқашан келіспейді; олардың өздері жүн қаптың үстіне немесе пэрлер палатасының барқыт орындығында отырып алып соншалық көп табыс табуға ешқашан келіспейді. Олардың өздері еңбекке алыстан үздігіп ләззат алуды қаламайды. Оларға еңбек шынында да қажет, ләззаттан гөрі неғұрлым қажет, олар үшін еңбек пен ләззат организмнің қажеттерін өтеу деп аталатын ортақ бір ұғымға сыйып кетеді. Оларға қарын тойдыру үшін тамақ керек, оларға күшін қалыпна келтіру үшін ұйқы керек, және оларға дәл сол секілді бұлшық еттері мен жүйкелеріндегі сол күшті сақтау,

30 Кейін шығармалар жинағына “Ойшыл пролетариат” деген атпен жарияланған бұл мақаланың үүзінділері біз оның тұңғыш жарияланғандағы (“Русское слово”, №10, 1865) атауымен жариялауды жөн көдік – Баспа.

нығайтып отыру және дамыту үшін еңбек керек. Олар өте ұзақ уақыт ләззат көрмей-ақ жүре алады; еңбексіз олардың күні қараң. Олар еңбектен тек сал ауруға тап болғанда, немесе абақтыға салынғанда, немесе қандай жолмен болса да өз қауқарын пайдалану мүмкіндігінен айрылғанда бас тарта алады. Айналада не болып жатқанын жиі-жиі, байыпты ойланып, жаңа адамдар әр жағынан және әртүрлі жолдармен адамдар қоғамында орын алып отырған барлық жамандық екі себептен: кедейшіліктен және жұмысы жоқтықтан туындайды деген іргелі байламға тіреледі; ал осынау екі себеп еңбектің былық ахуалы деп атауға боатын ортақ бір қайнардан бастау алады. Еңбек пен оған төленетін ақы қазір өздерінің арасындағы кері қатынаста: еңбек неғұрлым көп жұмсалса, ақы да соғұрлым аз; еңбек неғұрлым аз жұмсалса, ақы а соғұрлым көп. Осыдан сатының бір жағында қол бостық, екінші жағында кедейшілік отырады. Бұлардың екеуі де өзіне лайық қоғамдық кінараттар туындатады. Қол бостықтан ақыли да, тәндік те болбырлық, қызығатын нәрсесін қолдан жасап алып, соған елігуге ұмтылыс, қиялдың тым шолжаңдығы, зеріккеннен нәпсіқұмарлық, басқа адамдарды құлша жұмсау пиғылы, отбасылық және қоғамдық өмірдегі ұсақ және ірі қақтығыстар, тең адамдардың тең адамдармен, үлкендердің кішіермен, кішілердің үлкендермен бітпейтін дау-дамайы, қысқасы – адамдар бірін-бірі ешқандай кезексіз-ақ сыйлай беретін реніштер мен қиналыстардың таусылмас табыны және бұл өмірде бір ғана “иттің боғы дару болса дарияға тышады” деген әсерлі мәтелмен түсіндірілетін нәрсенің бәрі туындайды. (Абайдың “Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын” деген жолдарын еске түсіріңіз – Баспа). Кедейшіліктен материалдық та, ақыли да, инсанияттық та, азап, қандайын қаласаңыз да; бұл арада аштық та, тоңу да, құшағынан құтылғың келетін надандық та, ең былапыт пенделердің де табиғатының төбе шашы тік тұратын амалсыз зинақорлық та, маскүнемнің өзі де ұялатын айықпас

маскүнемдік те, қылмыскер жасамай тұра алмайтын топ-топ қылмыстар да өрбиді. Сатының ортасында кедейшіліктің туындылары қол бостықтың туындылары жүздеседі; бұл арада жабайылық төмендегіден кем, болбырлық жоғарыдағыдан кем, бірақ күл-қоқыс қай жердегіден де көп; бұл арада қысылып –қымтырылу керек, өйткені өзіңді байшікеш етіп көрсеткің келеді; аспаздан не аула сыпырушыдан бес тиын қағып кетесің, өйткені сайранға шығуың керек; балаларыңды сұп-суық бөлмеде ұстайсың, өйткені қонақ бөлмеге жиһаз алу керек; иістеніп кеткен сиыр етін жейсің, өйткені жібек мантилья тіктіруің керек. Бүкіл сатыда төөменнен жоғарыға дейін еңбекке өшпенділік және жеке мүдделердің мәңгілік антагонизмі үстемдік құрады. Мұндай жағдайда еңбек өнімді аз шығаратынына қайран қалмайсың; жақыныңа жақсылық та тек өсиет кітаптарында ғана кездесетініне де қайран қалмайсың,. Әркім былай немесе былай дерлік ойлайды: егер мен жақынымның тонын жымқырып кетсем, бұл үшін мені мақтамайды, қайта полицияға отырғызып қояды; бірақ мен сол тон жөнінде жала жауып, білдірмей қағып кетсем екі бірдей пайдам бар: біріншіден тон тікізіп әуре болмаймын, екіншіден, кез-келген адам мені ақылды да инабатты адам деп біледі. Алайда, мұндай жағдай жұрттың бәріне ұнай бермейді; қолы бос адамдарға: “Сіздердің

зерігіп кететіндеріңіз, ештеңе істемейтіндіктеріңізден; ал кедей боғандықтан соры ашылмаған басқа адамдар да бар. Барыңыздар, соларды іздеңіздер, соларға көмектесіңіздер, мұқтажын біліңіздер, сонда сіздер де соншалық зерікпейсіңіздер, олардың да бұл жалғанда өмір сүруі соншалық қиын болмайды” дейтін жекелеген адамдар да табылады. Мұны жақсы адамдар айтады, бірақ жаңа адамдар оған қанағаттанбайды. “Филантропия, – дейді жаңа адамдар, – абақты және барлық басқа қылмыстық және түзету жаулары секілді тамаша нәрсе. Қазіргі кезде бұлардың екеуінсіз де қиын, бірақ қазіргі заман, барлық өткен замандар секілді, оның өзі ылғи да дүниеге әкеліп отыратын сұмдықтарды

ылғи да сылап-сипап, жуып-шаюмен ғана айналысады. Сорақылықтар жасалғаннан кейінғ әрине, оны жамап-жасқап, жуып шаю да керек, бірақ болашақта сондай сорақылықтарды жасамау жайын ойластырып көру де зиян тигізе қоймас”. Өздігінен алғанда филантропия адамның абыройына дақ және онда тереңде жатқан әділетсіздік бар; ол бір адамды өзінің өмір сүруінде және әл-ауқатында өзі секілді басқа бір адамның мейрімділігіне тәуелді болуға мәжбүр етеді; ол қайыршы мен жанашарды тудырады да, екеуін де бұзады. Ол кедейшілікті де, қол бостықты да жоя алмайды; ол өндіргіш еңбек өнімін соқыр тиынға да көбейте алмайды. Ежелгі Римде тегін нан тарату түрінде, ал оңтүстік Еуропаның ең жаңа католиктік мемлекеттерінде монастырь қақпалары алдында тегін сорпа тарату түрінде осынау сүйкімді филантропия көкейі түзу қара халықтың талайын бұзды. Адамзатты құдай құжырасы емес, шеберхана жаңарта алады, және жаңартуға тиіс. Елсіз аралға орналастырылған дені сау адам өзін-өзі асырай алады; адамның күші, ол басқа адамдармен өнеркәсіптік ассоциация құрғанда, жүздеген, мыңдаған есе артады. Сондықтан, өркениятты қоғамда өмір сүретін адам өзінің еңбегімен күнін көріп, киінуге, өзі де білім алып, балаларын да тәрбиелеуге тиіс. Бұл арада төл еңбек басқа ешқандай ингридиентпен алмастырыла алмайды. Еңбекке өріс жоқ, еңбекке ақы нашар төленеді, еңбек қаналады, сол себептерден дүниеде бар пәленің бәрі туындайды. Кімде-кім жамандықпен уақыт өткізу үшін емес, оны күндердің күнінде жеңіп шығып, түп-тамырымен жұлып тастау үшін күрескісі келсе, ол: еңбекті жұмыскер үшін қалай өнімді ету керек және осы заманғы еңбектің жағымсыз да ауыр жақтарының бәрін қалай жою керек деген мәселені шешумен айналысуға тиіс. Еңбек байлықтың бірден-бір көзі; еңбекпен келетін байлық кедейшіліктің азаптарына қарсы және қолы бостықтың дерттеріне қарсы бірден-бір ем. Демек, еңбекті дұрыс ұйымдастыру адамзатқа бақыт әкеле алады және әкелуге тиіс. Олай ұйымдастыру мүмкін емес деу, өздерінің ізашарлары мен

замандастарының ойына келмегеннің бәрін мүмкін емес дейтін болбыр қарттарға еліктеу болып шығады. Адамдар өз аықмақтығынан жапа шегіп жүргенде, қол қусырып отыра беріп, жер бетіндегінің бәрінің пісіпжетілмегені туралы аһылап-уһілей беру, сол ақымақтарды табиғат заңдарына айнадыру және еті тірі, адал және зирек ақыл дарыған адамға лайық емес ой марғаулығы мен жасқаншақтығы. Жоғары материялар туралы жаңа адамдар осылай немесе осылай дерлік ойлайды; осынау ойларға көз жүгіртіп, “көрегеннен” басқа әрбір оқырман оларда сұмдық ештеңе жоқ екенін, қайта орынды нәрсе көп екендігін көреді. Жаңаруды еңбектен іздеу, адамзат игілігінің әліпбиін депутаттар палатасын немесе пэрлерпалатасын енгізуден бері салғанда әлдеқайда ұтымды. Ең жақсы палата тек елдің кірістерін сақтай алады, ал жақсы шеберханалар ол кірістерді он есе ұлғайта алады, онан басқа, жұмыскерлердің тәндік, ақыли және инсанияттық күштерін он есе ұлғайтады және, осылайша, жыл өткен сайын байлықтың, білімнің және баршаның дәулетінің көбірек ұлғайтылуын даярлайды. Жаңа жоғары материя туралы ойланып-толғанумен өтпейді. Бүкіл адамзаттың ортақ мүддесін ұдайы қағыс қалдырмай, бұл екі арада олар оны өздерінің жеке өміріне қолдануда шешіп те қойды. Оларға еңбек ұнайды, олар үшін еңбек өнімді; сүйікті еңбегі болмайтын әібрде-бір жаңа ажам жоқ және бұл еңбек ойын емес, шынында да бүкіл өмірдің мақсаты мен мағынасы. Өзінің сүйікті еңбегінсіз жаңа адам жоқ, онсыз еңбек те жоқ. Бұрынғы адамдар өздерінің қоғамдағы жағдайының қамын жеп, ең алдымен қызметте өсіп, әулет жинауға ұмтылды, соның екеуіне де жетелейтін жол өздерінің жүрегін оңдырмай айнытатын болса да, соай істеді. Жаңа адам үшін ең алдывмен қажеті еңбектің өзіне ұнауы және оған шамасының келуі. Сондай еңбекті тапқанша, ол ізздей береді; тапты екен – шаруаның біткені; сонда ол соған жан-тәнімен беріледі; нәпсі қуғандай аянбай жұмыс істейді, жасампаздықтың барлық қуанышынан ләззат алады және мына жалғанда жалғыз еместігін сезінеді. Және өзіне сүйікті жұмыс таба

алмайтын дені сау адам жоқ. Және жер шарындағы барлық жұмыскерлер өзінің ісін жақсы көретін кезде, баршасы жаңа адамдар болады, сол кезде кедейлер де, бос жүргендер, филантроптар да болмайды, сол кезде шынында да “көреген оқырмандар” тәлпіш балаларды таң қалдыратын “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды” – Бұл мүмкін емес – деп ырылдайды көрегендердің бірі. – Әрине, мүмкін емес, бірақ бу машиналары да мүлдем мүмкін емес замандар да болған ғой. Болған нәрсе өтті-кетті, ал болатын нәрсе, бомай қоймайды.

ІІІ Өздері үшін ұтымды өзгелер үшін пайдалы сүйікті еңбегіне сүйеніп, жаңа адамдар өзінің өмірін олардың жеке мүддесі қоғамның шын мүдделеріне ештеңеде кереғар келмейтіндей етіп құрады. Мұұны істеу тіпті де қиын емес. Пайдалы еңңбекті сүйдің екен, сол еңбектен көңілді алаңдататын барлық нәрсе жағымсыз кедергі болып көрінеді: сіз сүйікті пайдалы еңбегіңізге неғұрлым көбірек берілсеңіз, бұл өзіңізге соғұрлым жақсы болады. Егер сіздің еңбегіңіз сізді қамтамасыз етіп, сізге асқақ ләззат беретін боса, сізге басқа адамдарды үптеудің қажеті жоқ, тікелей де, жанама да, ұрлық-алаяқтық көмегімен де, қылмыс деп танылмаған қанау көмегімен де. Сіз еңбек етіп жүргенде, сіздің мүддеңіз барлық қалған еңбекші адамдардың мүддесімен үйлеседі; сіздің өзіңіз – жұмыскерсіз, және барлық жұмскерлер – сіздің табиғи достарыңыз, ал барлық қанаушылар – сіздің табиғи жауларыңыз, өйткені олар сонымен бір ммезгілде бүкіл адамзатқа, соның ішінде өздеріне де жау. Егер барлық адамдар мүлдем жұмыс істемей, тек жақынын қарақтайтын, қанайтын болса, онда қанаушылар бір аптаның ішінде бір-бірін жеп бітерер еді де, адам баласы жер бетінен құрып кетер еді. Сондықтан кім еңбекті жақсы көрсе, сол өзінің пайдасына қарекет жасайды; кім еңбекті жақсы көрсе, сол өзін саналы түрде жақсы көреді, сол өзін сүю арқылы барлық басқалады жақсы көрер еді; тек мына

жалғанда пайдалы еңбек атаулыға амалсыз немесе қасақана бөгет жасайтын мыразалар болмасын. Жаңа адамдар еңбек етеді және өз еңбегінің өрісі ке боып, ілгерілей беруін қалайды; өз организмінің аса терең қажеттіліктерін құрайтын осынау тілекте жаңа адамдар жер шарының барлық еңбекші адамдарымен, саналы ма, санадан тыс па, әйтеуір құдайға жалбарына жақынынан тілеу тілеп өзінің еңбек етуіне және еңбек жемісін пайдалануына бөгет жасамауын өтінетін баршамен әмпей. Мүдденің бірдейлігі жанашырлық туғызады, және жаңа адамдар барлық адамдардың барлық шын қажеттіліктеріне жан-ттәінмен, саналы түрде жанашыр болады. Адамның әрбір нәпсісі өзінің қолданылуын шарқ ұрып іздейтін күш; осынау күш қалай қолданылуына байланысты сол нәпсі жақсылық немесе жамандық деп аталады, сөйтіп адамдарға пайдалы не зиянды, кіріс не шығыс береді. Жақыныңды қанауға жұмсалған күш пен нәпсі қандай да бір инсанияттық сарындармен ауыздықталып отыруға тиіс, әйтпесе олар адамды жамандық жолымен қылмыстық сотқа жетелейді; бірақ өнімді еңбекке бағытталған күш пен нәпсі ешқандай зиянсыз қанша мөлшерге дейін болсын өсіп-өркендей бере алады. Қанаумен күн көретін адамдар шектен тыс эгоизмнен сақтануға тиіс, өйткені, эгоизм оларды адам бейнесі атаулыдан айырып, оларды өркениятты кісі жегіштерге айналдырады, олар кісі жейтін жабайылардан әлдеқайда жексұрын. Бірақ еңбекпен өмір сүретін және ең адамгершіл де ақкөңіл деген қанауға физиологиялық жиренішті сезінетін адамдар, ешқандай қауіпсіз барынша эгоист бола алады. Қанаушының эгоизмі барлық басқа адамдардың мүддесіне кереғар; өзін байыту дегеніміз эксплутатор үшін басқадан қарпу деген сөз; эксплутатор өзін бүкіл қалған дүниеге нұқсан келтіре отырып сүюге мәжбүр; сондықтан ол ақ көңіл әрі құдайдан қорқатын адам болса, ол өзін қанағатпен сүюге тырысады, бірақ ондай қанағатшылдықтан айнымау өте

қиын, сондықтан да эксплутатор не басқаларды эгоистік аранының құрбанына айналатындай тыс аз жол береді.біздің ғажайып планетада үй ішінде де, қоғамда да, халықаралық қатынастарда да жаппай қанау орын алып отырғандытан, бізде эгоизмге қарсы бақырып-шақыру, жекелеген жексұрындарды эгоистер деп атау, және, керісінше, бар жазығы тек өз орнында деп атау, және, керісінше, бар жазығы тек өз орнында отырмаған адамдарды қанау атаулыдан қашық жүреді, ешқандай орқып-үрікпей, өзіне де, өзгеге де ешқандай зиянын тигізбей эгоизмнің ең терең тұңғиығына бойлай алады және өзінің орнын таба білетіндіктен, өз ісіне беріліп кететіндіктен бойына әділетсіздіктің бірде-бір дағын жұқтырмайды. Егер ескі тәрбиемен шыныққан адам медициналық практикамен айналысса, оның эгоизмі мынадан көрінеді: ол күніне көбірек визит жасап, дап-жасыл, көкпеңбек қағаздарды көбірек тапқысы келеді; ол өз пациенттерін қанайды, оларды үстірт тыңдайды, ойына келген рецептті жаза салады, тіпті де сырқат емес науқастарға соғады, және соның бәрін өзінің көкпеңбек және жап-жасыл қағаздарға (ақша – Баспа) үйірсектігінен жасайды. Ондай адам, әрине, кей-кейде өзінің эгоизмін ауыздықтап, оқтын-оқтын өзіне өсиеттер айтып отыруға тиіс. Жаңа адам медицуинамен соған құштарлық әміремен айналысады; оған әрбір сағат қымбат, өйткені әрбір сағат зертеп-білуге жұмсалады; ол үшін ақша өзінің өмірін қолдап отыратын құрал ғана, ол құрал сол өмірді еңбекке жұмсау үшін керек. Науқастың төсегінің алдында ол ғылыми мәселені шешуге тиіс ойшыл. Ол пациентті тонап кеткісі емес, оны сауқтырып жібергісі келеді, өйткені сауықтырып жіберу міндетті шешу деген сөз; ослыайша медиктің мүддесі мен науқастың мүддесі өзара тіл табысып кетеді де, қанау дегеніңіз болмады; жаңа тәрбие докторы өзінің эгоистік құмарлығына барынша арсыз түрде беріле алады және бұл үшін пациенттер де, олардың туған-туыстары да, барлық отандастарының өоғамдық пікір де рахмет айтады. Және бұл доктордың өзін-өзі парыз идеясымен қорқытуының керегі жоқ, өйткені ол үшін парыз бен еркін елігу

арасында айырмашылық жоқ. Мұның бәрі неліктен? Сүйікті еңбек табылғандықтан, адам өз орнын тапқандықтан. Бұл шарт қажет. Онсыз жалпы адал адам болып қалу өте қиын, бәлкім, тіпті мүмкін емес те шығар. Осылайша біз, жаңа адамдардың өмірінде елігу мен инсанияттық парыз арасында, эгоизм мен адамды сүю арасында кереғарлық жоқ екенін көреміз; бұл өте маңызды ерекшелік; бұл әрбір адамды өзін-өзі сақтауға және өз организмнің физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық жасауға мәжбүр ететін табиғаттың тікелей мықты еліктіруі жағынан адамды сүйетін және адал кісі болып қала беруіне мүмкіндік беретін қасиет. Олардың адамды сүюінде амалсыз жасандылық жоқ; олардың адалдығында кірпияз ұсақ-түйек жоқ; олардың елігулері бай табиғаттың төл туындылары секілді қарапайым да кінаратсыз, күшті де тамаша; олардың өздері де, осынау жаңа адамдар, аса бай адам табиғатының, өз бойында ғасырлар бойғы азаптан жиылған күл-қоқыстан арылған табиғаттың алғашқы көріністерінің тап өзі. Егер қоғамдық пікір бұл адамдарды өз тұқымының қарапайым, бірақ адал өкілдері деп танымайтын болса, егер ол олардан ерекше бірдеңені, қорқынышты да құбыжық бірдеңені крсе, мұныңыз осынау қоғамдық пікір дейтін нәрсе адам бейнесі туралы ұғым аталудына айрылған, оның барлық нышандарын ұмытып қалған, олармен ұшыраса қалса бейтаныс бірдеңе ретінде зәр-құты қалмайтын, Джонатан Свифт Гулливердің саяхатында иагу (jahou) деген ныспымен бейнелейтін, ақымақтығы мен ызақорлығы ойлана, сөйлей білетін жылқыларға қарсы қойылатын оғаш екіаяқтыларды нағыз аам деп қабылдайды деген ғана сөз. Өздері үшін еңбек етіп, со еңбек процесінен ләззат ала отырып, жаңа адамдар адамзат пайдасына еңбек етеді, өйткені әрбір өнімді еңбек адамдар үшін пайдалы. Әу баста жаңа адамдар пайданы, жақсылықты парықтамай-ақ жасайды, бірақ кейін пайда әкеліп, жақсылық жасау процесінің өзі әкелетін, жасайтын адам мен әкелінетін, жасалынатын адамның арасындағы инсанияттық байланысты бастап береді. Бұл

байланыс жаңа тәрбие жұмыскері көбірек пайда әкеліп, көбірек жақсылық жасаған сайын күшейе түседі. Біз кімге жақсылық жасасақ немесе жасап жүрсек, бізге соны сүю тән деген сөз көне ақиқат, және сол көне ақиқат әрбір қадам сайын қуатталып отырады. Гарибальди Италияны басқа бір итальяндықтан артығырақ сүйеді, және қазір өз өмірін еңбек пен қуғында өткізген, Ачпроионт түбінде итальян оғывнан жараланған Гарибальди қария осыдан отыз жыл бұрын жас Гарибальди сүйе алғаннан күштірек сүйетін болуы керек; өйткені сол кезде ол оны тек отаным деп сүйетін; енді ол, отанның үстіне, сондағы өзінің барлық ерліктерін, барлық азаптарын, өзінің таза естеліктерінің бүкіл тамаша тізбегін сүйеді. Роберт Оуэн, Чернышевский мырзаның Лопуховы атайтындай, “әулие қария” ғұмыр бойы адамдар үшін еңбек етті және, әрине, қартайған сайын оның адамдарға махаббаты, жас кезіндегі махаббатынан неғұрлым ауқымдырақ, неғұрлым қызығырақ және бері салғанда саналы кешіріммен әлдеқайда молырақ боа түскені сөзсіз. Оуэн мен Гарибальди секілді адамдарда қарттық болбырлық деген болмайды; ондай адамдар барлық ғасырлар мен халықтар үшін жаңа адамдар бола береді. Бірақ, біз олардың өміренен байқайтын құбылыс өз күштерін сүйікті де пайдалы ісіне арнаған барлық қайраткерлердің немесе ойшылдардың ортақ дүниесін құрайды. Осынау қайраткерлер мен ойшылдарда адамға махаббат, олар өз еңбегіне беріліп, оның пайдалылығын санаға сіңіре түскен сайын, ұлғайып, күшейе түседі; олар ылғи да жақсы да таза бола береді; олар болбырланып, арсыздана түсу орнына ұдайы жасара береді; олар өздерінің жанды да парасатты еңбегі барысында ата-анассы жұқтырған, мектеп есеей түскен және қоршаған өмірдің “”қара түнегі ылғи шашырататын балшықты жуып тастайды. Бұрынғы заман адамдарыжас кезінде ғана сұлу және ақыл жағынан зерек болатын; бір он жыл өтіп, осынау бүкіл сұлулық пен зеректік беттің қызылымен бірге келмеске кететін; беймазалық пен ұсақтық, соқыр тиын тұратын есепқорлық пен тауықтың қорқақтығы келетін; бала қораз

бордақы қоразға, тамаша студент барып тұрған филистерге, “көреген” оқырманға айналатын. Осының бәрі әбден табиғи нәрсе болатын, өйткені бұрынғы жастар тек албырт қызбаллыққа бой алдыратын, тек қызыл тілді безеп, әдемі рахаттанатын; жастықтың ермегі жастықпен бірге кетуге тиіс болатын, өйткені ол ермек қана болатын. Кімде-кім жастық ашғында өзін ұлы да пайдалы еңбекпен немесе бері салғанда қарапайым, бірақ адал да пайдалы еңбекпен байланыстырмаса, со өзінің жастық шағын, о қаншалық көңілді өтсе де, қаншалық жақсы естеліктер қалдырса да, із-түзсіз жоғалтып алдым деп есептей бере алады. Жастық сезімін өзіңізбен бірге ала кетіңіз, кейін таба алмайсыз, – дейді Гоголь, және о расын айтады. Оны, егер солардың бәрін түгелімен өз ғұмырыңның соңғы минутына дейін сенің тіршілігіңнің әрбір пернесіне ықпал ететін іске арнамасаң, қалай алып кетпексің. Мұны істей алған әркімге, оның жастық шағы ауыр еңбекте, қымбат та жақын адамдарынан алыста, ләззатсыз, сүйікті ұрғашының ыстық құшағынсыз өтсе де, өкінуің орны жоқ. Қымбат адамдар да, ләззат та, сүйікті ұрғашы да – осының бәрі, дау жоқ, өте жақсы нәрсе, бірақ адам өзіне-өі дүниедегінің бәрінен қымбат. Егер ол еңбек пен жетіспеушілік бағасымен, желге кеткен жастық шақ бағасымен, айрылып қалған махаббатының бағасымен ол өзін өзі терең де саналы түрде құрметтеу құқығын сатып алса, қартаймайтын жастығын, ақылы мен сезімінің зеректігін дүниенің бір қиырына алып кетіп, барлық сындарда сақтап қала алса, ол тым қымбат төлепті деуге болмайды. Ол бүкіл ғұмырын адамша өткізу үшін өмірінің бір бөлшегін берді, ол екі-үш қуаныштан айрылды, бірақ олардың орнына өмірдің кһркі және агония сәтіде таяныш боатын ең асқақ ләззатқа ие болды. Жаңа адамдардың эгоизмі міне осы, және бұл эгоизмде шек жоқ; олар соған шынында да барлығын да құрбан етеді. Олар өзін жан-тәнімен сүйеді, барынша қадірлейді; бірақ олар тіпті өздері жөнінде де соқыр да кешірімшіл бола алмайтындықтан, әрбір аталмыш минутта өзінің махаббаты мен өзінің құрметінен айрылып қалмас үшін олардың жарғақ

құлағын жастыққа тигізбеуіне тура келеді. Өзінің махаббатынан, өзінің құрметінен де гөрі олар өзінің талдай, қадағалай” білетін менінің өмірдің сыртқы төте де бүкпесіз қатынастарын көбірек бағалайды. Егер бір мен екінші меннің көзіне қаймықпай қарай алмайтын болса, егер бір мен екінші меннің талап-тілектеріне желеулермен, софизмдермен жауап қатқысы келсе, ал басқа мен бұл сәтте бірінші меннің сөзбұйдасына жүрдім-бардым қарап, соған қанағаттанатын болса, онда осынау масқара былықтан кейін жаңа адмның жанынада соншалық түңілу және өзінің қара күйе жағылған тұрпатына соншалық жіркеніш туындап, ол, тегінде, сырт көзге ән айтқандай болғанымен, осылайша өзін-өзі табалап, ең бір терең иірімге басымен кететін болар. Жаңа адам өзіне-өзі кешпейтін әрі аяусыз еенін өте жақсы біледі, жаңа адам ешкімнен де өзінен-өзі қорыққандай қорықпайды; ол – құдірет, егер күндердің күнінде сол құдірет өзіне қарсы шықса, оның күні қараң. Егер ол өз бойында ішкі қайшылық тудыратын сұмдың істесе, онда ол, бұл қайшылықтан құтылудың өзін-өзі өлтіруден немесе естен айрылудан басқа дапуы болмайтынын біледі. Маған өзін-өзі құрметтеудің осындай қажеттігі және өз сотынан осындай қорқыныш ескі тәрбие адамдарын әртүрлі жаманшылықтардан бөліп тұратын инсанияттық кедергілерден, екі жыныстың да әртүрлі қызтекелері әрі-бері айнақ сала беретін кедергілерден, сол болмағандықтан жаңа адамдардың қаламы жүгіріп тұрған немесе өсиет айтқыш қызыл тілге ие көреген оқырмандар тарапынан кісі зеріктірер өсиет естуіне тура келетін кедергілерден берігірек көрінеді. Жаңа адамдар өз тұрпатының бүкіл артықшылықтары үшін сүйікті нәрлі ықпалына қарыздар. Соның арқасында олар түп-түгел эгоситер бола алады; олардың эгоизмі неғұрлым терең боған сайын, олардың адамзатқа махаббаты соғұрлым күштірек бола түседі, жаңа адамдарың бойында олардың жастық шағы мен зеректігі соғұрлым мызғымай, берік тұрады, ақыл мен сезім соғұрлым кеңінен ашыла түседі, олар өзіне өзінің құрметін

соғұрлым қатаң бола түседі, және осының бәрінін салдарынан олар
өздерінің күшін дамытуға және өз бақытының шексіздіге соғұрлым
жақындай түседі.

ІV Жақынын қанау немесе өзгенің еңбегін иеленіп кету есебінен күн көретін адамдар өздерін қоршап тұрған бүкіл дүниемен ұдайы шабуыл соғысында болады. Соғыс үшін қару керек, ал ондай қару ақыли қабілет болып шығады. Эксплутаторлардың ақылы біржола дерлік көршіні алдап соғуға немесе оның айла-шарғысын біліп алуға жұмсалады. Жақыныңды жеңіп шығу немесе оның шебер соққысын тойтарып тастау – өз қаруыңның күшін және оны қолдана білу шеберлігіңді көрсете білу, немесе, кемірек жаугер және неғұрлым жиірке пайдаланылатын тілмен айтсақ, ақылыңның артықтығын және ғаламат өмір тәжірибеңді көрсету деген сөз. Ақыл күрес үшін жетілдіріліп, шыңдалады, бірақ қару әскери іске қаншалық жақсы бейімделген болса, бейбіт істер үшін ол соншалық жарамсыз екендігі тәжірибеден баршаға белгілі... Өзара қырқыс үшін тәрбиеленген ақыл жөнінде де осыны айтуға болады. Онда бейбішіл ойдың ойдағыдай өрбуі үшін мүлдем қажетсіз және тіпті әбден зиянды кейбір қасиеттер тым қатты дамиды. Тайыз көрегендік, ұсақ күмәншілдік, күнделікті өмірдің зерттеуге тіпті де татымайтын ұсақ-түйегіне қадалып қарауға үйірсектік, көк жіппен көктеле салған софизмдермен өзінің де, басқалардың да басын қатыра білу мен соған әуестік – біздің заманның практик адамының ақылын әдетте өзгешелеп тұратын міне осылар. Бұл ақыл сөзсіз шолақ ақылға айналады, өйткені практи адам қақпанды басып кетпес үшін ылғи да аяғының астына үңіледі. Ұсақ сәтсіздіктерден ол өте мұқият сақтанады, және о шынында да ұсақ сақтығының арқасында солардан жиі-жиі құтылып кете алады, есесіне практик адам өз өмірінің жалпы бағытын қадағалап отырудан мүлдем

қағылады; ол аяғының астына қарап мимырт адымдай береді, кенет жанажғына қарайды да, қайда тұрғанын өзі де білмейді. Ол өз ақылының таптаурын қасиеттері бойынша фактыларды жинақтап қорытындылауды білмейді; ол жалпы жағдай жөнінде өзіне-өзі есеп беруге және өз қылығына қандай да бір жалпы мағына беруге де қабілетсіз; оқиғалар оны өзімен ілестіріп әкетеді, және оның ең даңғайыр кемеңгерлігі, өзі бәрібір түсінбейтін ағыс барысына қарсы болмақ. Практик адамдар мен эксплутаторлардың осынау тұрпатының ұлы өкілдері деп Меттерних пен Талейранды айтуға болады: осынау мырзаларда табиғи ақыл жоқ еді деп ешкім айта алмайды, бірақ сол ақыл бесіктен басталған ұзақ дағдыландыру арқасында барынша бір жақты пайдалануға, атап айтқанда, қарама-қарсы қосынның софизміне бой бермей, софизммен адамдардың басын қатыруға жетілдіріліп, шыңдалғанын әркім-ақ түсінеді. Меттерних пен Талейранның елесті құдіреттілігінің бүкіл сыры олардың бейімделгіштігі мен сүреңсіздігінде, олардың өз софизмдеріне толық немкеттілігі мен бір софизмнен оған мүлдем қарама-қарсы басқа софизмге көше салуға әрқашан дайын тұруында. Олар оқиғаларға ешқандай билік жүргізе алған және оларға тиімдей де ықпал ете алған жоқ, олар дәл бір жел шақырмай-ақ, желбағытының өзгергенін көрсетіп тұратын флюгер секілді болатын. Ешқандай дауыл Талейранның жалын жыға алған жоқ, өйткені онда жығатын да ештеңе жоқ еді – онда ешқандай берік мазмұн болмайтын. Егер Меттернихті 1848 жылғы революция талқандаса, оның себебін тек қана қайырымды немістердің алғаусыз аңғалдығына телу керек: олар принциптің жарнамасын принциптің өзі деп қабылдады; жарнама алып атсалғанда “жасасын” деп айғайады да, әрине, дәнемесіз қалды. Меттернихтің, Талейранның және басқа, ұсақ және ірі эксплутаторлар атаулының ақылы мейлінше біржақтылығымен ерекшеленеді; ол тек басқа адамдарды шайқаста сұлатуға, яғни оларды алдап-сулауға ғана жарайды.

Ондай мырзалар өз ақылының есебін ғана ескеретін кезде, осынау есептер оларды қандай да бір ммасқара жасауға мәжбүр ететінін күні бұрын айтуға болады, өйткені бұл есектер көрсоқыр, ал тар да соқыр эгоизмнің сіңіретіні әрқашан ең сұмдық әділетсіздіктердің өлігі.

Қазақшалаған Нұрмахан ОАЗБЕК.

Франсуа Мари Шарль ФУРЬЕ

ӨРКЕНИЯТ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУ ЖҮЙЕСІ

(1772–1837), француз социалист-утописі. Ұлы французз революциясы жылдарында өкіметке қарсы Лион көтерілісіне қатысқан. Оның әлулеттік меншігітәркіленіп, Фурьенің өзі абақтыға жабылған. Біраз уақыттан соң әскери қызметке шақырылған. 1799 жылы коммивояжерлікпен айналыса бастаған. Жұмыс бабындағы сапарының бірінде Фурье Париж мәйханасында алма Безансондағыдан жүз есе қымбат екендігіне назар аударады. Бұл аян берген – “жаңа әлеуметтік тәртіп” мәнін түсіну сәті еді. Фурье өзінің тұжырымдамаларымен ресми адамдарды қызықтыруға тырысып баққанымен, қолдау таба алмады. 1808 жылы ол өзінің басты еңбегі – “Төрт қозғалыс және баршаға бірдей тағдыр” теориясын жариялайды. Фурьеге сенсек, әлеуметтік ұйымдастырудың мінсіз жүйесінің өзегі – фаланга. Ондағы басты идея – жаппай бауырластық және ол жеке мүдде мен ортақ мүдденің сәйкес келуіне негізделеді. Фаланга ауыл шаруашылық негізінде құрылады, бірақ өнеркәсіптік өндіріспен

ықпалдастықты мойындайды. Фурье ғұмыр бойы өзінің идеяларын қайтақайта қарап, дәлдей түсті де, өзінің жүйесіне жаңа терминдер мен теориялар енгізумен болды. Оның соңғы еңбектердің ішіндегі ең маңыздылары – “Үй шаруашылығы мен егіншілік асоциациясы”, “Жаңа шаруашылық әлеуметтік дүние” және “Жалған өнеркәсіп”. Оның идеяларының негізінде “әлеуметтік мектеп” ақлыптасты. 19-ғасырдың ортасында қайта қаралып, дәлдене түскен Фурье жүйесі жаңа әлеуметтік идеалды іздестірген ойшылдарға елеулі ықпал етті.

Мен әлеуметтік қозғалыс теориясы туралы бірнеше тарауда осы
шығарманың өн бойында шашыратып беремін деп ескерткен боатынмын;
олардың
еліктіріп

әкететін
ештеңесі
жоқ,
дегенмен

өркеният
құрылысының барысын дұрыс көре білу үшін қайталап оқып шығу керек
болатын біреуі мынадай, өркенияттың өркендеуі мен құлдырауын мен
төменде берілген кесте арқылы көрсетемін.

Кесте

Әрбір фазаның өзінің ерекше белгілері бар, мен оларды көрсетуге тоқталып жаипаймын Жолын бізге адалдық монополия мен франкмасондық ашып берген әлеуметтік дамуға сілтей отырып, осынау жақсарту құралдарын пайдалана білмеген осы заманғы саясаттың қауқарсыздығын, өркеният тәртібінен осынау ауытқуларды көрсеттім. Қазіргі заманғы адамдар сауда механимзі жөнінде одан да бетер көрсоқыр: оны қарастыру философтардың ақиқат атаулыны тұншықтыруға, әлеуметтік өнер ісіндегі біздің надандығымыздың көзге ұрып тұратын елгілерін елемеуге табанды ұмтылысын көрсетеді. Сауда рухының патшалық құруы бұл арада өркеният тәртібінің ағындауы, немесе құлдырауы ретінде қарастырылады; осымақсатпен мен

өркеният құрылысы механимзі кестесінің көмегімен онда сауда мен монополия қандай жағайға ие болып отырғанын көрсетемін; мен өндірістің прогресіне немесе құлдырауына қарай қозғалыс тек жалғыз табиғаттың итермелеуші күшімен, қандай сәтте болмасын бұлдырлау ғылым тарапынан қандай да бір көмексіз жасалатынын түсіндіремін.

Дәйекті өрлеу және құлдырау

Өрлеу тербелісінің екі фазасы жеке немесе тқте тәуелділіктердің төмендеуәіін туындатады. Төмендеу тербелесінің екі фазасы ұжымдық немесе жанама тәуелділіктердің ұлғаюын туындатады. Апогей – өркеният құрылысы өзіне тән барлық он алты ерекшеліктің бәрін толық дамытып, масқаралықтың ең елеусіз пошымдарына ие болатын заман; мен мейлінше ізгі пошымдары демеймін – өйткені осынау қоғам қашанда жиіркенішті және өзінің төрт фазасында онда әрқашан үстемдік құратын зұлымдық пен құлық бұзылғандығының реңктерімен ғана түрліше болып көрінеді. Бұл кестеден біз кереғарлық секілді нәрсені көреміз: бұл – теңізде жүзу өнерінің туындауының арқасында өркеният құрылысы құлдырау ахуалына тап болады, алайда, ол әлеуметтік прогрестің жаны болып табылады деген сөз. Теңізде жүзу өнері деген атауды өз басым бүкіл жер шарын қамтып, үстемдік жүргізе алатындай деңгейге дейін таралған ірі кеме қатынасы деп білемін. Адам рухының ғаламат бетістігі болып табылатын бұл өнер өркеният құрылысына сай келмейді, тек алтыншы және содан кейінгі кезеңдерге сай келеді. Егер өркеният қоғамның құрылысы ғылымның сондай дәрежесіне қол жеткізе алса, бұл – оның сорына; ол қолы көтере алмайтын шоқпарды беліне байлағаны. Шынында да, теңізде жүзу өнері бізде аралдық монополия мен алтыншы кезеңде орын болмайтын басқа да

қоғамдық қасіреттерді туындатады; осының салдарынан танымның мұндай артықтығы біз үшін, ең жақсы тамақтың өзі артық жесе денсаулыққа зиянын тигізетіні секілді, тажалды болады. Өркеният құрылысының мүмкіндіктеріне арналған шек – ұсақ кеме сапарлары; алтыншы кезеңге ірі кеме ссапрларын ұйымдаструдан бұрын көшу керек еді, өйткені ол біздің арамызда көптеген әлеуметтік дауылдар туғызады да, содан үшінші және төртінші фаза, сол кезеңнің құлдырауы мен дәрменсіздігі туындайды. Өркеният құрылысының төрт фазасының әрқайсысының өзінің толығу шегі, яки апогейі бар, бұл әрбір кезеңнің өз толысу кезеңі болатыны секілді. Үшінші фазаның толысу шегінен тыс тұрғаны айдан анық, өйткені біз адалдық монополия мен банкроттық биржалық ойын, еселеп пайда табу үшін сатып алу және тағы сол сияқты саудагерлік саясат туындайтын барлық қоғамдық қасіреттердің жеке-дара билігін көреміз. Ескертпе: Қарышты қозғалыстың осынау қысқаша кестесінің механикалық қозғалыспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, өйткені о нәпсі бойынша қарсы қозғалыс жүйесін күрделі ретте, сипатты ерекшеліктердің он алты қарекетін, немесе нәпсінің көрінуін кері ретте көрсетер еді. Ол коллизиялардың жанжалдың немесе келіспеудің пәрменімен солардың қақтығысының және заңды түрде атқұйрығын үзісуінің нүктесін; рдан әрі – бастапқы жеті нәпсінің ауытқуын және олардың қайталама серияларда пайда болуын; ақыр соңында, нәпсілердің ретке келтірілген ұлы шайқасын көрсетер еді. Мен ұлы шайқасын деп отырмын, өйткені, жеке-дара тұратын отбасылық шаруашылықтың бес қоғамында нәпсілер бір-біріне ұдайы маза бермейтін болғанымен, сөйтседағы өркеният құрылысындағы олардыңқақтығыстары кез-келген өзге кезеңдегіден неғұрлым күрделі және неғұрлым қызықты қаректтерді көрсетеді. Сондықтан өркеният құрылысының механизмі – саяси сұмдықтың дүниеде кешелі-бүгінді ең жақсы үлгісі, өйткені ол құдайдың кемеңгер есебі болып табылатын келісе қимылдаудың басы бүтін қарамақарсы көрініс.

Ескерте кеетйік, өркенияттың бастан өткен үш фазасында философия әлеуметтік жетістіктерге ешқашан жәрдемдескен емес,сөйте тұра ол сол жетістіктердегі делдалдық абыройды өзіне телиді; ол әлеуметтік қозғалыс жөнінде әрқашан е н ж а р болып қала берді; мен мұның кейбір көрсеткіштерін бергенмін, енді соларды қорытайын. 1-фаза. Ол зайыпқа азаматтық құқық беруден туындаған. Бұл туралы Құңфудзы секілді ежелгі заман философтары мен Мысырдың және Үндістанның философтары ешқашан мазасызданған емес; олар тіпті әйелдің тағдырын жақсарту пиғылын да байқатқан емес; Ежелгі заман бәйбішелерінің бостандық үлесі біздің бәйбішелерден де кем болған; олардың сүйіспеншілік саласындағы ажырасу құқығы секілді әртүрлі құқықтар ортақтасқан емес, ал моралистер, дәл қазіргідей, олардың әлауқатына немқұрайды қарайтын. 2-фаза. Өркеният құрылысы бұл фазаға құлдықтың босаңсуы арқасында аяқ басты. Осынау жақсарту егіншілерге ұжымдық және біртебірте азат болудың құралдарын беретін дворяндық феодализмнің салдары болды. Басыбайлыларды жеке адамға емес, егістік жерге матап, ол әрбір сеньордың осал тұсын өөз пайдасына айналдыру мүмкіндігін берді; және әкенің сараңдығын өйтіп-бүйтіп жұмсартудың, екінші жағынан ұлдың қайырымдылығынан пайда көрудің мүмкіндігіне ие қауым бірте-бірте азат болуға дейін көтеріледі. Бұл – қарекет салты, ол туралы ежелгі философтарда ешқандай түсінік болмайтын. 3-фаза. Бүл фаза отаршылдық монополия туғызған сауда саясатының арқасында дамыды. Бұл ықпалды философтар ешқандай шамада алдын-ал көре білген жоқ, және олар оны теңестіру үшін де, тіпті оның ең еңсені езетін көрінісінде де (аралдық монополия сондай) оған соққы беру үшін ешқандай құрал ойлап тапқан жоқ. Олар сауда саясатына тек оның кесепаттарын мадақтау үшін ғана араласты, мұны солармен күресу орынан істеді, оны мен алда көрсетемін.

4-фаза. Өркеният құрылысы оған корпорациялардың белгілі бір санының ықпалының арқасында ыңғай береді; олар артықшылықтарының бүркемелеуімен ең елеулі бәсекелестерін қатардан шығарып тастайды және еңбекке шартты қатыстылықтың жолын кеседі. Ондай компанияларда кең көсілген феодалдық полицияның ұрығы жатады, ол көп ұзамай бүкіл өнеркәсіптік және қаржы-қаражаттық жүйені қолға түсіріп, сауда феодализмін туғыза алар еді. Философтар мұны көре білуден шалғай жатты; және олар өздері ықпалын болмашы ғана көре білген саудагерлік рухқа мүлдем құлай берілген тұста бұл саясатты өзгертетін және бізді өркеният құрылысының төртінші фазасына енуге мәжбүр ететін оқиғалар дайындалып жатты. Бірақ бұл софистер болашақ дауылды күн ілгері көре білу үшін ештеңе істеп жүрген жоқ; олар әлеуметтік қозғалысты тек кері кететін бағытта көреді де, тек өткенмен және бүгінмен айналысады. Саудагерлік рух үстем болып тұрған қазіргі кезде, олар, өздерінің әдеті бойынша, орын алып отырған жағдай парасаттың жетіле түсуі деп ұйғарады. Олар өздерінің көз алдында тұрғанды ғана тілге тиек етіп, өркеният тәртібі жаңа пошымдарға ие боа алады деп ойламайды да. Ал өркеният құрылысы алдағы уақытта өзінің төртінші фазасына тап болғанда, сауда феодализмі толық байланысты ғылыми тартыстар үшін жаңа үйірме ашу ісіне тым кеш араласатынын көреміз; біз олардың төртінші фаза кесапаттарын көкке көтере мадақтап, осынау жаңа тәртіп туралы том-том кітаптарын сата бастағанын көреміз, оларға сол философтар тағы да жетілуге қабілетті жетілдірулі енгізер еді, мұны олар қазір саудагерлік рухқа енгізуде.

“Шарль Фурье. Избранные сочинения. Том 1,
Москва-Ленинград” басылымынан қазақшалаған
Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Макс ШТИРНЕР

(Иоганн Каспар Шмидтің ақап аты, 1805–1856). Сол замандағы кәдуілгі орташа таптан шыққан, бір жасында әкеден жетім қалып, өгей әке тәрбиесінде болған. жылы Берлин университетінде философияны оқып-үйренгу кіріседі де, оқуын Эрланган, Кенисберг университеттерінде жалғастырады, ақырында Беолин университетіне қайтып оралып, оны 1834 жылы аяқтайды. 1842 жылы Штирнер “Біздің білім беруіміздің өате принципі” және “Өнер мен дін” деген мақалаларын жариялайды, олар Штирнер ілімінің қалыптасқан бағытын байқататын алғашқы елеулі еңбектер болатын. 1844 жылы оның ең басты еңбегі – “Бірден-бір және оның меншігі” атты кітабын жариялайды. Сол жылы ол оқытушылық қызметті қойып, екінші әйелі Мари Дэнхардтың мұраға алған дүниесімен коммерция жасауға тырысып көреді, бірақ бұл салада жолы болмай, қаражатсыздықтан қатты қиналады. 1846 жылы Мари Штирнерді тастап кетеді. Штирнердің соңғы кітабы – “Реакция тарихы” 1852 жылы жарияланды. 1856 жылы шамалы ғана ауырып, қайтыс болды.

БІРДЕН-БІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕНШІГІ

[...] Менің бостандыққа түк те қарсылығым жоқ, бірақ мен саған бостандықтан көбірек нәрсені тілеймін. – Өзің қаламайтын нәрседен бостан болу жеткіліксіз, әлі өзің қалайтын нәрсеге ие болуың керек, тек “бостан” болып қана қоймай, “меншік иесі” де болуың керек. Бостан болу керек? – бірақ неден? Әрине, бойыңнан сілкіа тастайтын нәрсе көп. Басыбайлы тәуелділік езгісін, өзіңе шексіз биліктен, аристократия мен князьдар езгісінен, нәпсілер мен ашыналықтан, тіпті өз ырқыңның билігінен, өзімбілемдіктен бостан болу керек, өйткені өзіңді өзің риясыз жоққа шығару да бостандыққа, білгеніңіді істеуден, өзіңнің меніңнен бостандыққа саяды; және қандай да болсын құн төлеуге тұратын абсолютті бірдеңе ретіндегі бостандыққа ұмтылыс бізді өзіндік ерекшеліктен айрды: ол ан аямауды, өзін-өзі жоққа шғаруды туғызады. Бірақ мен қаншалық бостан бола түсем, менің мойныма салмақ соншалық түсе береді, мен соншалық дәрменсіз бола түсемін. Бостан емес жабайы мәдениетті адамның еңсесін жаздырмайтын шеңберді білмейді: ол өзін соңғысынан бостанырақпын деп санайды. Мен өзіме бостандықты неғұрлым көбірек жеңіп алған сайын, мен өзіме соғұрлым көбірек жаңа міндеттер туғыза беремін. – мен темір жолды ойлап таптым, бірақ өзімнің әлсіздігімді тағы да сезінемін, өйткені мен құс сияқты самғап ұшуды білмеймін; және егер мен, ақыр соңында, менің рухымды өзінің қиындығымен пұшаймын еткен міндетті шеше алсам да, мені сансыз көп басқалары күтіп тұрады, олардың жұмбақтығы менің бостан жанарымды мұнартады да, өзімнің бостандығымның шекарасын түйсіну жанымды ауыртады. “Күнадан тазарып, сендер тақуалықтың құлына айналдыңдар31. Республикашылдар өзінің кең бостандығында заңның құлдарына айналмай ма? Барлық замандарда таза христиан жүректері “бостан болуға” қалай ұмтылады, “мына жалғанның” торынан құтылуды қалай аңсады десеңізші;

31 Римдіктер, 6, 18.

олар жанарын мамыражай, бостандық еліне тікті. “Ал жоғарғы Иерусалим бостан: ол біздің бәріміздің анамыз”32. Бірдеңеден бостан болу дегеніміз тек қана: бірдеңеден арылу немесе бірдеңеге ие болмау. “Ол сонау соқын сенімнен пәк” дегеніміз онда сол соқыр сенім ешқашан болмаған немесе одан арылған деген сөз. Біз христиандық тек терістеу, кесіп айтылған ыңғайда үйлесетін, күнәсіздік, құдайсыздық, инсаниятсыздық және т.б. тұрғыдағы бостандықты жүзеге асырамыз. Бостандық – христиандықтың ең басты ілімі. “Бостан адамдар секілді...33”, “Бостандық заңдары бойынша таразыланатын адамдар ретінде сөйлеп, іс істеңдер34”. Бостандық христиандықтың мұраты екен деп біз неліктен одан бас тартуға тиіспіз? Жоқ, ештеңе де жоғалтылмауға тиіс – бостандық та қала беруге тиіс; бірақ біз оны өзіміздікі етуге тиіспіз, ал бостандық пошымында ол біздікі емес. Бостандық пен өзіндік ерекшелік арасындағы айырмашылық қандай! Көп нәрседен арылуға болады, бірақ дегенмен бәрінен емес. Құлдықта да іштей бостан болуға болады, бірақ тағы да біраз нәрседе, бірақ бәрінен емес: қожайынның қамшысымен, әмірші жүгенсіздігінен құл бостан бола алмайды. “Бостандық тек қиял патшалығында өмір сүреді!” оған керісінше, өзіндік ерекшелік – менің бүкіл мәнісім және менің бүкіл өмір салтым – менің өзім. Мен неден арылсам, содан бостанмын, ал мен өзімнің билігім жүретін нәрсеге, өзім билік жүргізетін нәрсеге билік иесімін. Мен барлық уақытта және барлық жағдайда, егер тек мен өзімнің иесі бола алатын және өзімді ешқашан өзгеге бере алмайтын болсам, өзіме өзім иемін. Мен шынында да бостан болуды қалай алмаймын, өйткені өз бостандығымды жасай алмаймын: мен тек бостандықты тілей аламын, соған ұмтыла аламын, өйткені ол бәрібір мұрат, елес болып қала береді.

32 Галатеяға арнау 4, 26.
33 текст
34 текст

Нақты болмыстың бұғаулары әрбір қас қағым сәтте менің денеме өткір тістерін батыра түседі. Бірақ мен өзімдікі болып қала беремін. Басыбайлы ретінде қожайыныма тиесілі бола отырып, бәрібір мен тек өзім туралы және өзімнің падам туралы ойлаймын. Рас, оның соққысы маған тиеді, бірақ мен оған өзімнің пайдам үшін төземін немесе өзімнің сыр көзге төзіміммен оны алдау, немесе өзімнің қарсылығыммен одан да жаманға ұшырамас үшін төземін. Бірақ, мен өзімді және өзімнің пайдамды бір сәтке де ұмытапайтындықтан, мен құл иеленушіні құртып жіберудің ең бірінші қолайлы сәтін пайдаланамын. Содан кейін мен оның қамшысынан құтылатын нәрсе – бұл тек менің соның алдындағы эгоизмімнің салдарынан құтылатын нәрсе. Бәлкім, мен құлдық ахуалында да “бостан” атап айтқанда, – “өзімде” немесе “өз ішімде” бостан болдым дер. Алайда, “өз бойымда бостан болу” дегеніңіз, “шын мәнінде бостан болу” деген сөз емес: “ішкі бостандық” “сыртқы бостандық” емес. Есесіне, мен іштей де, сырттай да әбден-ақ өзімдікі, өзіме тиесілі бола алдым. Қатыгез әміршінің билігіндегі менің тәнім азаптау мен қамшы соққысынан “бостан” емес, бірақ азаптан зар қаққан сүйек менікі, соққыдан дір ете қалатын тән менікі, сол менің тәнім шырқырағандықтан, мен шырқыраймын. Мен аһылап-уһілесем, дір қақсам мен әлі өзімдікі екенімді, әлі өзіме тиесілі екенімді дәлелдейді. Менің аяғым әміршінің соққысынан “бостан” емес, бірақ бұл менің аяғым, және ол менен бөлініп кете алмайды. Сол әмірші оны жұлып алып, қарап көрсін – әлі ол менің аяғым ба екен! Оның қолында менің аяғымның мәйітінен басқа ештеңе қалмайды, ол мәйіт, өлген ит қалай ит болса, сондайлық менің аяғым: иттің жүрегі соғады, ал өлген иттің жүрегі соқпайды, сондықтан да ол ит емес. Құл бәрібір іштей бостан бола алады дегенде, бұл сайып келгенде жоққа шығарыла алмайтын және ештеңені білдірмейтін труизм. Адам қандай болса да бостандық атаулыдан жұрдай етіле алады деп кім кесіп айта алмақ?

Егер мен жарамсақ болсам, сонымен бір мезгілде мен басқа қисапсыз бостансыздықтан, мысалы Зевске сенуден, даңққұмарлықтан және тағы сол сияқтылардан бостан бола алмаймын ба? Дүреге жығылған құл сонымен бір мезгілде христиандық емес ойлау жүйесінен, жауына өшпенділіктен және тағы басқалардан неліктен іштей бостан болмауы керек. Сонда ол “христиандық жағынан бостан, яғни ол христиандық емес нәрселерден арылған; бірақ ол абсолютті бостан ба,бәрінен, мысалы, хрситиандық есі ауысудан немесе тәннің ауыруынан және т.б. бостан ба?” Бірақ осының бәрі сөздің ішіндегі ұғымға қарсы айтылғаннан гөрі сөздің өзіне көбірек қарсы айтылған секілді. Бірақ сөз енжар ма, сөз, ұрандар адамдарды жігерлендірмеді ме, басын айналдырмады ма? Дегенмен алайда бостандық пен өзіңе өзің тиесіліліктің арасында, тек сөздегі айырмашылықтан гөрі ғаламат құз жатыр. Бүкіл дүние бостандықты аңсайды, бостандық патшалығын бәрі армандайды. О, шешек атқан “бостандық патшалығы” туралы, “бостан адамзат” туралы ғажайып арман! Оны кім әлпештемеді! Сонымен, арман адамдардың бостан, болуы қысым, зорлық атаулыдан мүлдем бостан болуы туралы екен. Зорлық атаулыдан, шынында да барлығынан ба? Демек, олар тіпті өздеріне өздері зорлық жасамауы керек пе? Жоқ, өзіңеөзің жасауыңа болады, бірақ бұл зорлық емес қой! Олар бәрібір діни сенімнен, инсанияттық парыздың қатаңдығынан, заңның бұлжымастығынан, “Қандай сұмдық түсінбестік!” дегеннен бостан болуға тиіс. Сонымен олар кеден бостан болуға тиіс, неден – болмауға тиіс? Тәтті бір елес сейілді, ояна салып, ұйқылы-ояу көзін сүртіп жіберіп, сұрақ берген адамға қайран қала қарайды. “Адам неден бостан болуға тиіс?” – соқыр сенімнен, – деп айғай салады біреуі. – Дақты соғып не керек, – дейді екіншісі, – дін атаулы соқыр; жалпы сенім дегеннен бостан болу керек. – Жо-жоқ, Құдай сақтасын, – деп даурығады тағы да біріншісі, – дін атаулыдан безбеңіз, әйтпесе біздің бәрімізге хайуандықтың билігі

жүреді. – Бізге, – дейді көсемсіген үшінші біреу, – республика қажет, әмірші атаулыдан құтылу қажет. – Оның түкке керегі жоқ, – дейді екінші: – тек тағы бір әмірші – “билік жүргізетін көпшілік” келеді; бізге ең сұмдығынан – теңсіздіктен арылу бәрінен маңызды. – О, сорлы теңдік, мен сенің плебейлік күркіріңді тағы да естіп тұрмын! Жаңа ғана менде бостандық жұмағы туралы тамаша арман бар еді, ендіміне тағы да арсыздық пен жүгенсіздік тағы да ұли бастады! – деп бірінші тағы да жабығып, “тым мол бостандықты армадайтындардың өзара келісе алмай, семсерлері шыңылдай бастағанын естиміз”. Бостандыққа ұмтылыс барлық замандарда белгілі бір бостандықты, мысалы, ұждан бостандығын қалауға сайып отырған; бұл діндар адам бостан әрі тәуелсіз болғысы келген едеген сөз. Неден – тәуелсіз? Иманнан ба? – Жоқ! Ол тек инквизиторлардан бостан болуды аңсады. “Саяси немесе азаматтық” бостандық жөніндегі жағдай да тап сондай. Азамат бостан болғысы келгеде азаматтықтан емес, бюократиялық немесе монархиялық жүгенсіздіктен және сол секілділерден бостан болғысы келеді. Князь Меттернихтің бірде қашанда нағыз бостандыққа жеткізетін жолды таптым дегені бар. Граф дн Прованс нақ сол кезде, “бостандық патшалығын” құрмақ Франциядан қашып шығып, былай деді: “Менің қамалуым мен үшін енді төзгісіз болып кетті; менің бір ғана ғаламат арманым – бостандық аңсары болды да, мен тек сол туралы ойладым”. Белгілі бір бостандықты көздеп ұмтылуда әрқашан жаңа үстемдікті тілеу жатады. Мысалы, революция, “өзінің қорғаушыларына олар бостандық үші күресті деген қанат бітірер сана сіңірер блғанымен”, тек сол кезде белгілі бір бостандыққа, сол арқылы жаңа “үстемдікке – “заң үстемдігіне” ұмтылғандықтан ғана. Сіздердің бәріңіз бостандықты, “өзіңіздегі” бостандықты қалайсыздар. Неліктен сіздер “көбірек” немесе “азырақ” бостандық туралы дауласасыздар? “Өзіңіздегі” бостандық тек бүкіл бостандық қана бола

алады. Бостандықтың бір жапырағы Бостандық емес. Сіздер толық бостандыққа, бәрінен бостандыққа жету үмітінен күдер үзесіздер ме, сіздер тіпті соны қалау – ақылдан алжасу деп санайсыздар ма? – Олай болса елес қуудан бас тартыңыздар да, өз күштеріңізді қол жетпейтін нәрсеге ұмтылудан гөрі, жақсырақ бірдеңеге бағыныңыздар. “Бірақ бостандықтан жақсы ештеңе жоқ”. “Егер сіздер бостандыққа, яғни – сіздердің ұсақ-түйек бостандықтарыңыз туралы мен тіпті айтқым да келмейді – төл бостандыққа қол жеткізсеңідер сонда қолдарыңызға не түседі? Сіздер барлығынан, өздеріңізге құлашжайдырмайтын нәрсенің барлығынан азат боласыздар, және ғұмырыңыздың әйтеуір бір кезеңінде сіздерді қысылдырмаған нәрсе болды ма екен. Және сіздер осының бәрінен арылуға кім үшін ұмтыласыздар? Дегенмен – өздеріңіз үшін, өйткені сіздің жолыңызда көлденең тұрған сол! Егер бір нәрсе сізге ыңғайсыз болмай, қайта өте ұнайтын болса, мысалы, сіздің сүйіктіңіздің нұр шашқан, бірақ соынмен бірге қаяусыз әсір етіп тұрған жанарын алсақ, сіз одан арылуды, одан бостан болуды қаламас едіңіз. Неліктен? Тағы да өзіңіз үшін! Сонымен, сіз өзіңізді бәрінің өлшемі мен қазысы етіп аласыз. Бостандық емес – “Махаббат ләззаты” сізге рахат берсе, сіз қиналмай-ақ бостандықтан бас тартасыз; бірақ, сізге бостандық неғұрлым қалаулы және ұнамды көрінген кезде, егер сіз, әрине, одағыңызды әлдене себептермен, мысалы, діни себеппен бұзудан қорықпасаңыз, тағы да бостандыққа ұмтыла бастайсыз. Өзіңізді бәрінің бірден-бір шын мәніндегі түп қазығы және кіндігі етуге сіздің батылыңыздың жетпейтіні неліктен? Сіз бостандық, өзіңіздің арманыңыз жөнінде тек күрсініп қана қоятыныңыз неліктен? Сіздің арманыңыз – сіздің өзіңіз бе? Мұны қиялыңыздан, түсініктеріңізден, ойларыңыздан сұрап жатпаңыз, оның бәрі – “бос теория”. Өзіңізден сұраңыз және өзіңіз туралы сұраңыз – бұл қолайлы, ал сіз бәрінің де өте қолайлы болғанын қалайсыз ғой. Бірақ біреу бұған өз Құдайының (Құдай

аты аталғанда ол не ойласа, оның Құдайы сол екені түсінікті) не дейтініне құлақ асады, екінші біреу бұл туралы өзінің инсанияттық, өзінің ұжданы не дейтінін пайымдайды, үшінші біреу бұл туралы жұрт не дейдтінін ойлайды, сөйтіп әркім, өзінің тәңрі-құайымен кеңесіп алып (ал адамдар қоғамы – о дүниедегі, тіпті одан да анық көрініп тұратын, қиялдағы тәңріқұдай секілді, өйткені “халықтың үні – құдайдың үні”) өзінің пікірінің ырқына бағына бастайды да, өзі айтып, өзі шеше алатын нәрсеге құлақ қоюдан қалады. Ең абзалы, өзіңіздің құдайларыңыз бер пұттарыңыздан өзіңізге құлақ қойғаныңыз. Өзіңіздің бойыңызға берілгенді анықтаңыз, өзіңізді ашып көріңіз. Ешкімнен ештеңе сұрамай-ақ өз ықыласың бойынша қалай қарекет жасауды христиандар өзінің Құдай туралы түсінігімен көрсетті. Ол өзінің қалағанын жасайды. Дәл солай ете алатын ақымақ адамнан ол “Құдайға жағатын нәрсені” істеуді талап етеді. – Егер, Құдай мәңгілік заңдары бойынша қарекет жасайды десе, бұл сондай-ақ маған да дөп келеді, өйткені мен де өзімнің жаратылысымнан шығып кете алмаймын және өз заңымды өз табиғатымнан, өзімнің өзімнен табамын. Бірақ сіздің түңіліп кетуіңіз үшін сізге өзіңізді еске алу жеткілікті. Сіздердің әрқайсысыңыз өзіңізден “Мен кіммін?” деп сұрайсыздар. Ретсіз де заңнан тыс қисапсыз елігулер, ашыналықтар, тілектер, нәпсілер, нұр сәулесіз әрі темірқазықсыз қаратүнек!.. Құдайдың әмірін тыңдамай, инсанияттық парыз бер қасіретті сындардан кейін ең жақсы мен ең парасаттының бәрін заң деп таныған парасат үніне құлақ қоймай, тек өзімнен ғана сұрап, мен қалай дұрыс жауап алмақпын? Менің нәпсім маған ең бір пәтуәсіз нәрселерге кеңес берер еді. Осылайша, әркім өзін сайтанмын деп санайды. Өйткені егер ол өзін, дінге енжар боғандықтан және т.б. мақұлықпын деп санаса, ол тек өзінің инсинкті (өзінің кеңесшісі секілді) бойынша қимылдайтын хайуан “ең пәтуасыз” нәрсеге тіпті де баспайынын, қайта ең дұыс қадамдар жасайтынын оп-оңай түсінер еді. Алайда, діни ойлау жүйесі әдетінің

ақылымызды билеп алғансы соншалық, біз өзіміздің жалаңаштығымыз бен табиғилығымыздан қорқамыз. Ол (яғни әдет) бізді қорлағаны соншалық, біз өзімізді әзәзілдің азғыру туындатқан алғашқы күнәнің құзырындамыз деп санаймыз. Әрине, сіз салған жерден-ақ, “жақсылық” жасауға бейімділік, инсаният бойынша тіршілік еу – әділетті деп мәлімдейсіз. Егер сіз өзіңізден не істеу керек деп сұрасаңыз жақсылықтың, әділеттің, ақиқаттың жолын нұсқайтын лебіз сіздің көмекейіңізден қалай шықпақ? Құдай мен Әзәзіл қалай келісе алмақ? Бірақ, егер сізге әлдекім: Құдайға, ұжданға, парызға, заңға және тағы басқаларына мойынсұну – басыңыцз бен жүрегіңізге әбден сіңіріп, ақылыңыздан алжастырған сылтаулар ғана деген дау айтса, сіз не ойлар едіңіз? Және ол, егер сізден табиғаттың үні тек зұлым әзәзіл ғана екенін қайдан білесіз деп сұраса не ойлар едіңіз? Егер, мұның үстіне, ол сізге гәпті кері айналдырып, нақ Құдай мен ұждан үнін әзәзілдің түсігі деп санаңыз деген кңес берсе, не ойлар едіңіз? Сіздер өздеріңіздің молдаларыңызға, әке-шешелеріңіз бен жақсы адамдарға сілтей алмайсыздар, өйткені олар нақ соларды сіздердің әзәзілдеріңіз, өзін-өзі жек көру мен тақуалықтың арам шөбінің ұрығын жанталаса сеуіп, жас жүректерді ьылғайтын, әлі піспеген бастарды топастыққа сүйрейтін жастардың нағыз азғырушылары деп атайды. Олар дегенінен қайтпай, Тәңірінің және басқалардың әмірене не үшін жандарыңыз ашиды? деп сұрайды. Сіздер бұл Құдайдың ризашылғына бөлену тілегімен істеледі демейсіздер ғой? Жоқ, мұны сіздер өздеріңіз үшін істейсіздер. Демек, бұл арада да ең бастысы – сіздер; сондықтан да әркімм өзіне; өзім үшін мен – баршасы, мен бәрін де өзім үшін істеймін деуі керек. Егер күндердің күнінде Құдай, өсиеттер және тағы басқалары тек зиян тигізетінін, олар сізді шектеп, титықтатынын анық түсінген болсаңыздар, сіздер, заманында христиандар Аполлонды, Минерваны немесе мәжусилік дінді серпіп тастағаны секілді, олардан анық бас тартар едіңіздер. Рас, солардың орнына олар Христті, содан кейін Мәрия мен

христиандық моральді қойды, бірақ олар мұны тағы да здерінің жанын құтқару үшін, демек, – эгоизмнен немесе өзіндік ерекшеліктен істеді. Және тек осынау эгоизмнің, осынау өзіндік ерекшелік арқылы олар ескі құдайлар дүниесінен арылып, солардан азат болды. Өзіндік ерекшелік жаңа бостандық жасады, өйткені өзіндік ерекшелік – әрқашан да, біртуарлықпен бірдей кемеңгерлік (белгілі бір ерекшелік) атамзаманнан бері әлемдік маңызы бар жаңа туындылардың жасаушысы деп санайтыны секілді, бәрінің жасаушысы. Бірақ егер сіз қайткен күнде де “бостандыққа” қол жеткізгіңіз келсе, онда ең болмаса оның талаптарын түгел қамтуға тырысыңыз. Кім бостан болуға тиіс? Сен, мен, біз. Неден бостан болуға тиіс? Сен, мен, біз емес басқаның бәрінен. Демек, мен – барлық қабықтан, құлашымды жаздырмайтын құрсау атаулыдан азат етілуге тиіс дәнмін. Егер мен еместің бәрінен құтылар болсам не қалады? Тек қана мен және менен басқа ештеңе де емес. Сол меннің өзіне ьостандық ештеңе бере алмайды. Мен бостандық алғаннан кейін не болуға тиіс, – бұл туралы бостандық жақ ашпайды, мұның өзі біздің үкіметтер қамаудағы адамды, мерзімін өтеген соң, бостандыққа жіберіп, оны жалғыздыққа итеріп тастайтыны секілді. Егер бостандыққа жетуге өзінің “мені” үшін күш салатын болса, онда сол меннің өзіне неліктен бәрінің бастауы, ортасы, аяғы етпеске? Мен бостандықтан маңыздырақ емес пе? Өзімді бостан ететін мен емес пе, мен бастау, ең бастысы емес пе? Тіпті бостан болмай-ақ, тіпті мыңдаған бұғаулармен қол-аяғы маталып тұрып-ақ, мен тіршілік етемін және тек болашақта және бостандық секілді үміт-арманда тіршілік етпеймін, құлдың ең сорлысы болсам да – мен бәрібір тіршілік ететін бірдеңемін. Осының бәрін ойластырып алыңыз да, өзіңіздің туығңызға не жазатыныңызды: “бостандық арманын” немесе “эгоизмнің”, “өзіндік ерекшеліктің” үзілді-кесілді талабын жазатыныңызды шешіп алыңыз. “Бостандық” сіздің бойыңызда өзіңізден өзіңізге риза болуыңызға, өзіңізден өзіңіз ләззат алуға шақырады; осы шақтағы да, келер шақтағы да

“бостандық” тек сарғая күту, романтикалық шағым, о дүниеде өмір сүру мен болашаққа христиандық үміт, ал “өзіндік ерекшелік” – нақты болмыс, ол сіздің жолыңызда тұрған қамақ атаулыны өз-өзінен алып тастайды. Сізге бөгет жасамайтын нәрсенің бәрінен сіздің бас тартқыңыз келмейді, ал әлдене кедергіге тап бола қалсаңыз, сіз “жұрттан гөрі өзіңіді өзіңіз” көбірек тыңдауға тиіс екеніңізді білесіз. Бостандық тек: езгі атаулыдан азат болыңыз, арылыңыз дейді, бірақ ол сідердің кім екендеріңізді көрсетіп бермейді. “Жойылсын, жойылсын!” – бостандықтың ұраны осы, ал сіз оған асыға құлақ түре отырып, өзіңізден арыласыз, “өзіңізден өзіңіз бас тартасыз”. Ал өзіндік ерекшелікке келсек, ол, керісінше, сіді артқа, өзіңізге шақырады; ол “Өзіңізге келіңіз!” дейді. Бостандық көлеңкесінде көп нәрседен арыласыз, есесіне сізді басқа бір нәрсе қинай бастайды; “сіз жамандықтан арылдыңыз, бірақ өзіңіздегі жамандық қала берді”. Ал өзіндік ерекше адамдар ретінде сіздер шынында да бәрінен азат болып, арласыздар, ал сіздердің бойыңызда, қалатын нәрсе – сіздердің өздеріңіз қабылдаған, өздеріңіздің таңдауыңыз бен тілегіңіз бойынша қабылдаған нәрсе. Өзіндік ерекше адам – табиғаты жағынан бостан, “әу бастан бостан” адам; ал бостан адам, керісінше, – бостандыққа енді ұмтылатын адам, ол – арманшыл әір қиялшыл адам. “Өзіндік ерекше” адам әу бастан бостан, өйткені ол өзінен басқа ештеңені мойындамайды, оның әуелі өзін азат етуінің қажеті жоқ, өйткені ол әу бастан-ақ өзінен басқаның бәрін теріске шығарады, өйткені ол өзін бәрінен жоғары бағалайды, бәрінен жоғары қояды, қысқасы, – өйткені ол өзінен бастау алып, “өзіне келеді”. Тіпті сәбилік құрметтеу бұғауы тұсында да ол бәрібіңр өзін сол езгіден “азат еткісі” келеді. Өзіндік ерекшелік тіпті кішкентай эгоистің бойында да қарекет жасап, оған қалауын – бостандықты береді. Мыңдаған жылдар бойғы мәдениет сіздің бойыңызда сіздің өзіңізді көлегейлеп, сіздер эгоист емессіздер, сіздер иддеалистер (“жақсы адамдар”) болуға тиіссіздер деген сенімді сіңірді. Өз бойларыңыздан

осыны сілкіп тастаңыздар! Өзіңізден өзіңізді айратын. “өзіңізді” “өзіңізден бас тартқызатын” бостандықты іздемеңіздер; өздеріңізді өздеріңіз іздеңіздер, эгоист болып алыңыздар; сіздердің әрқайсысыңыз аса құдіретті Мен болыңыздар. Немесе анығырағы: өзіңізді тағы да таныпбііңіздер, тек сіз шынында кім екеніңізді білір алыңыз, өздеріңіздің екіжүзді ұмтылыстарыңыздан, өзіңіздің тұла бойыңыздағыдан басқа болғысы келетін ақымақ тілектен бас тартыңыздар. Мен мұны екіжүзділік деп отырғаным, сіздердің бәріңіз осынау мыңдаған жылдар бойы эгоистер, тек ұйықтап жатқан, өздеріңізді өздеріңіз алдайтын эгоистер, есалаң эгоистер болып қала бердіңіздер, – іздер өздеріңізді өздеріңіз сабап, азаптаушыларсыздар. Әлі бірде-бір дін уәде беруден, “жұмақтан” бас тарта алған жоқ, сөйтіп “осы” немесе “о” дүниеге, “мәңгілік өмірге” және т.б. сілтеме жасап отырды, өйткені адам награда күтеді және тегін ештеңе істемейді. Ал награда күтпей-ақ “жақсылық үшін жақсылық” уағызы ше? Бірақ бұл арада да, осы орайда алынатын қанағатта жеткілікті награда жатқан жоқ па?.. Демек, дін де біздің эгоизмге негізделген және соны пайдаланады; біздің ашыналықтарымызға үміт артатын ол бір ғана мақсат үшін көптеген басқаларының үнін шығармайды. Осы арқылы алданған эгоизм жасалады, оның тұсында мен зімді емес, өзімнің қызығатындарымның бірін, мысалы, рахатқа ұмтылысымды қанағаттандырамын. Дін маған ең жоғары игілікке уәде береді де, соған қол жеткіз үшін мен басқа қызығушылықтарымның бәрін тәрк етемін де, оларды қанағаттандырмаймын. Сіздердің барлық қылықтарыңыз бен қарекеттеріңіз – құпияланған, жасырылған, бүркемеленген эгоизм. Бірақ бұл – сіз мойындағыңыз келмейтін, сіз мұқият жасыратын эгоизм болғандықтан, демек, ашық та бүкпесіз емес, санасыз эгоизм болғандықтан, бұл – эгоизм емес, құлдық, қызмет қылу, өзіңді терістеу; сіздер – эгоистерсіздер, және сонымен бір мезгілде, эгоизмді терістей отырып, эгоист емессіздер. Сіздер, тегінде, барып тұрған эгоист болып

көрінетін жерде – сіздер, тіпті “эгоист” деген сөздің өзіне менсінбей, жиіркене қарайсыздар. Дүние жөніндегі бостандығымды мен сол дүниені өзіме тиесілі ету, яғни оны өзім үшін “басып алу, иелену” арқылы қамтамасыз етемін, мен мұны қандай да болсын зорлық күшімен, сенім, өтініш, үзілді-кесілді талап күшімен, тіпті екіжүзділікке, аладу және т.б. күшімен істеймін, өйткені бұл үшін мен пайдаланатын құралдар менің кім екендігіме сай келеді. Егер мен әлжуаз болсам, менің қолымдағы құралдар, мен атағанның бәрі секілді әлжуаз, алайда олар өмірдегі едәуір көп нәрсе жөнінде әбден жеткілікті. Мұның үстіне, алдау, екіжүзділік және өтірік сырт көзге көрінетінінен шындап келнде жақсы. Жасаған заңсыздығын және т.б. жасыру үшін полицияны, заңды кім алдамас, тергеушімен бетпе-бет келгенде өзін кім пәк жан етіп көрсеткісі келмес? Мұны ешқашан істемеген адам, өзіне-өзі зорлық жасаған адам деген сөз; оны қорқақ еткен оның ұжданы. Басқа біреу жөнінде (бұл басқа – ырқы жоқ нәрсе, мысалы, тас болсын, немесе, ырқы бар тіршілік иесі, мысалы, үкімет, жеке адам және т.б. болсын, бәрібір) өз ырқымды жүзеге асыра алмайтынымның өзі менің бостандығымды шектейді. Мен біреудің алдында өзімнен өзім бас тартсам, яғни мен келіссем, бірдеңеден бас тартсам, райымнан қайтсам мен өзіндік ерекшелігімді теріске шығарамын. – менің өзіндік ерекшелігім, демек, берілгендікпен, мойынсұнумен жойылады, өйткені мен өзімнің бұрынғы қарекетімнен ол мақсатқа жеткізбейтіндіктен бас тартамын ба, демек, қате жолымнан шығамын ба, немесе өзім тұтқынға берілемін бе – бұл екеуі бірдей нәрсе емес. Менің жолымда көлденең жатып алған жатасты, оны жарып жіберу үшін менің қолымда жеткілікті оқ-дәрі жиналғанша, мен оны айналып өте беремін; аталмыш халықтың заңдарын, мен оны жоятын жеткілікті күш жинағанша, айналып өтемін. Егер Айға ие болуға менің шамам жетпесе, мұның өзі мен үшін ол “қасиетті” біреңе болуға, мен оны Астарта деп білуге тиіспін деген сөз болып шыға ма? Мен тек саған жетіп алайын, сонда мен саған мықтап жабысар едім, және егер мен саған

көтеріле алсам, мен сенен қорықпаймын! Мен саған ие бболу үшін, өзіме сені тиесілі етіп алу үшін, өзімдікі деп атау үшін жеткілікті ақыл-парасат жиып алғанға дейін ғана сен маған түсініксіз болып қала бересің; сен үшін мен өзімнен бас тартпаймын, мен тек өз мерзімімді күтемін. Егер мен қазір саған ештеңе істей алмасам, соны кейін көзіңе көрсетемін! Күшті адамдар әрқашан соай істеген. “Мойынсұнғандар” қандай да бір еңерілмес күшті өздерінің әміршісі деп жариялап, оған тағзым еткенде және дәл солай тағзым етуді басқалардан талап еткен кезде, – сол кезде кенет бой бермес ұл пайда болып, құдай сынды көрінетін билікті оның қол жетпес биік Олимпінен құлатып отырған. Ол қозғалып бара жатқан Күнге бір орында тұруды, Жерге тынымсыз айналуды бұйырған; “мойынсұнғандар” бүған амалсыз көнетін; ол қасиетті еменді кесіп тастайтын, ал “мойынсұнғандар” оны көктің оты өртеп жібермегеніне қайран қалатын; ол паапны Петр тағынан жұлып түсіретін, ал “мойынсұнғандар” бұған қалай қарсы шығуды білмейтін; ол “Құдайдың шапағатына” негізделген бүкіл құрылысты тас-талған ететін, ал “мойынсұнғандар” тек аһылап-уһілеп қана, ақырында, түк бітірмей аузын жабатын. Менің бостандығым, ол билікке айналғанда ғана, мінсіз болады сонда мен тек бостан болуды доғарамын да, өзімдікі болып шығамын. Халықтар бостандығы неліктен бос сөз? Өйткені халықтардың қолында билік жоқ. Тірі Меннің бір үрлеуімен адам бүтін бірхалықтарды ұйпап жібереді – бұл үрлеу иесі әлдебір Нерон ба, қытай императоры ма немесе күнін көре алмай жүрген жазушы ма, мұның бәрібір. Депутаттар палатасы бостандыққа неліктен текке ұмтылуға және бұл үшін министрлердің “ақыл-кеңесін, ескертуін” тыңдауға мәжбүр? Өйткені “өкімет” оларың қолында емес! Билік жақсы және көп тірлік үшін пайдалы нәрсе, өйткені “бір қорап құқықтан гөрі, бір уыс билікпен көп нәрсе тындыра аласың”. Сіздер бостандыққа асықсыздар ма? Ақымақ екенсіздер! Егер сіздер өкіметті өз қолдарыңызға алсаңыздар, бостандық өз-өзінен келер еді. Көз

салыңыздар, билік кімде, сол “заңнан жооғары тұр”. Заңды сыйлайтын, “заңқой” мырзалар бұл сіздердің талғамыңызға сай ма? Бірақ сіздерде талғам да жоқ қой! “остандық” туралы айқай-сүрең барлық жақтан естіледі. Бірақ тарту етілген, қайырымдылықпен берілген бостандықтың не екенін сезе ме, біле ме? Бостандық атаулы, шындап келгенде – өзін-өзі азат ету екенінің, яғни, ме өзіндік ерекшелігі арқылы қанша ала алсам, сонша бостан екенімнің бүкіл мағынасын жұрт түсінбейді. Қойлардың сөз бостандығын ешкім шектемейтіндігінен оларға қандай пайда бар. Бәрібір олар тек маңырай береді. Өзінің ішкі болмысы бойынша мұсылман, иудей немесе христианин адамға ойына келгенін айта беруге рұқсат етіңізші – ол бәрібір өте шектеулі нәрселерді ғана айтады. Бірақ белгілі адамдар сіздерден сөз бостандығын және таңдау бостандығын алып қойса, олар аталмыш кезеңдегі өздерінің пайдасын тамаша түсінеді, өйткені сіздер, олар, осынау белгілі адамдар маңыз атаулыдан, ықпал атаулыдан жұрдай болатын нәрсені айта да, есіте де аласыздар. Ал егер олар қайткенде де сіздерге бостандық берсе, олар қолындағыдан көп нәрсені беретін алаяқтар: сонда олар сіздерге өздерінің қолындағысынан ештеңе де бермейді, тек ұрлап алған тауарды, сіздердің төл бостандықты береді; және олар сіздерге оны тек өздеріңіз алмау үшін және ең алдымен ұрылар мен алдаушыларды жауапқа тартпау үшін ғана береді. Өзінің қулық-сұмдығының арқасында олар тарту етілген бостандық бәрібір бостандық емес екенін тамаша біледі, өйткені әркім өзі үшін алатын, демек, – эгоистің бостандығы ғана нағыз, шын мәніндегі, бар желкенін көтеріп еркін жүзетін бостандық. “Тарту етілген” бостандық дауыл соқса да, жел болмаса да дереу желкенін жия қояды, оны ұдайы абайлап – тым күшті етпей – үрлеп отыру керек. Өзін өзі азат ету мен эмансипация (азат ету, бостандыққа босату) арасындағы айырмашылық та осында. Бүгіндері кім оппозицияда болса, солар бостандыққа жіберілуге асық, сол туралы айқайлайды. Тақсырлар

өздерінің бодандарын “кәмелетке жеткендер” деп тануын, яғни оларға дербестік беруін (оларды эмансипациялауын) талап етеді. Өздеріңізді кәмелетке жеткен адамдарша ұстаңыздар, сонда сіздер ешқандай тану, мойындаусыз-ақ сондай боласыздар, ал егер сіздер өздеріңізді солай ұстамасаңыздар, онда оған лайық емессіздер, ешқандай тану, мойындау сіздерді кәмелетке жеткен адам ете алмайды. Кәмелетке жеткен гректер өздерінің тирандарын қуып шықты және кәмелетке жеткен ұл әкеден бостан адамға айналады. Егер сол гректер тирандар бізге бостандықты садақа етіп береді деп күтіп отыра берсе, олардың ұзақ күтуіне тура келер еді. Ал егер өз бетінше күн көргісі келмейтін ұлды парасатты әке үйден қуып жібереді, үйді өзіне ғана қалдырады: ақымаққа сол керек. Бостандық “тарту етілген” адам, еркіндікке жіберілген басыбайлыдан, Lіbertіnnіs’тен , артында шынжырдың үзігі шұбатылып жүрген иттен басқа түк те емес. Ол бостан адамның киімін киген тәуелді адам – жәл арыстан терісін жамылған есек секілді. Тең құқыққа ие болған еврей тиімдей де жақсы болып кетпейді – олар тек жеңілдіктер алады да, еврей болып қала береді; алайда бұл орайда олардың жағдайын жақсартатын адам, бері салғанда жай ғана шіркеу-христианнан әлдеқайда ірі адам, өйткені соңғысы мұны дәйексіздіксіз істей алмас еді. Бірақ еврей атаулы – басқалармен құқықтары теңестірілген немесе теңестірілмеген – бәрібір еврей болып қала береді; сол секілді өзін-өзі азат етпеген адам да шын мәніндегі бостан адам емес, тек бостан деп танылған (эмансипацияланған) адам. Протестанттық мемлекет, әлбетте, католиктерді босата (эмансипациялай) алады; бірақ олар өзін-өзі бостан етпегендіктен, олар бәрібір тек католик болып қала береді. Пайдакүнемдік пен пайдакүнемдік туралы жоғарыда айтылды. Бостандықты сүйетіндер пайдакүнемдікке қарсы көтеріледі, өйткені пайдакүнемдік өзінің бостандыққа діни ұмтылысында өзін-өзі азат етуге, өзінен-өзі асқақ бас тартудан бас тартуға дәрменсіз. Либералдардың ашуызасы да эгоизмге бағытталған, өйткені эгоист мәнісі жағынан елеулі

біррдеңеден ешқашан дәметпейді, тек өзі үшін ғана, өзі асық нәрсе өзіне қызмет етуіне ғана ұмтылды ғой. Ештеңені нағыз абсолютті құндылыққа ие деп мойындамай, керісінше, бүкіл құндылықты өз бойынан іздеу эгоистік. Эгоизмнің ең бір жиіркенішті белгілерінің санатына күн көру үшін ғылыммен айналысуды да жатқызады: бұл ғылымды ұятқа қалдыру дейді. Алайда, ғылым жұрттың пайдалануы үшін жасалмаса, ол неме керек? Ал егер әлдекім оны өзі үшін күн көру қаражатын табудан артыққа жарата алмаса, оның эгоизмі ұсақ болғанымен (өйткені ондай эгоистің күш-жігері шектеулі), оның эгоистігін тек олармен ғана жазғыру, ғылымды қарабайырландыру туралы айта алады. Христиандық дара нәрсені бірден-бір нәрсе деп мойындай алмай, оны тәуелді нәрсе деп білгендіктен, және, ол, былайша айтқанда, тек әлеуметтік ілім болғандықтан – бірге ьтұру және қауышу туралы, атап айтқанда адамның Құдаймен, адамның адаммен қауышу туралы ілім болғандықтан, ол “өзіндік ерекше” нәрсенің бәрін: пайдакүнемдікті, өз ырқында болуды, өз құлқын көрсетуді, өзіндік қасиетті, өзін сыйлауды және т.б. мүлдем теріске шығаруға келуге тиіс болатын. Христиандық дүниетаным бірте-бірте жалпы барлық адал сөздерді ұятты сөздерге айналдырады: сондықтан біз неге ұятты сөздердің төл мағынасын қалпына келтіре алмаймыз? Мәселен, “Schіmpf” (масқара) деген сөз ертеде әзіл дегенді білдіретін, бірақ христиандық ригоризм үшін барлық рахат жоқшылыққа айналды, өйткені ол әзілді түсінбейді; “Frech” (әдепсіздік) деген сөз бұрын тек “өжеттік” дегенді, “Frevel” (астамшылық) тек батылдық дегенді білдіретін. “Парасат” деге ұзақ уақыт бойы мойындалмай келгені белгілі. Біздің тіліміз христиандық көзқарасқа тым дағдыланып алды, және баршаға ортақ сана әлі христиандық емес нәрсенің бәрінен, қандай да бір жетілмеген әрі жаман нәрседей, қорықпау үшін тым христиандық сана. “Пайдакүнемдік” деген сөздің бізде соншалық жеккөрінішті екендігі осыдан.

Пайдакүнемдік христиандық мағынада алғанда шамамен мынаны білдіреді: сезімтал адам ретінде мен тек бірдеңе маған пайдалы ма дейтін нәрсеге ғана назар аударамын. Бірақ менің бүкіл өзіндік ерекшелігім тек сезімталдығымда ғана ма? Мен сезімталдыққа бүтіндей берілгенде, мен өзіме адалмын ба? Сезімталдық билігіне берілгенде мен өзімнің төл, нағыз міндетімді орындаймын ба? Мен өзіме тек сезімталдық билігіне, сондай-ақ басқа біреудің (Құдайдың, адамның, бастықтардың, заңның, мемлекеттің, шіркеудің және т.б.) билігіне берілмегенде ғана, өзіме өзім ие болғанда ғана тиесілімін. Менің пайдакүнемдігім маған, өзіндік ерекше немесе өзіне-өзі тиесілі адамға пайдалы нәрсеге ғана ұмтылады. Айтпақшы, соншалық масқараланған пайдакүнемдікке, жеңімпаз күш ретінде минут сайын сенуге тура келеді. 1844 жылғы 10-ақпандағы мәжілісте Велькер қазылардың тәуелсіздігі туралы ұсыныс енгізіп, өзінің ұзақ сөзінде мансабынан айыруға, орнын ауыстыруға және отставкаға жіберуге болатын қазыар, жалпы әкімшілік “қысқарта, бастықтыра” алатын сот мүшелері сенімді пайдалана алмайды, ортақ құрметтен айрылады деп дәлелдеп бақты. Бүкіл қазылар алқасы, – деп көтеріле сөйледі Велькер, – мұндай тәуелділіктен қажып бітеді! Бұл. Басқаша айтқанда, қазылар сот үкімдерін нағыз заңдылық рухынан гөрі, министрлік рухында шығару өздеріне неғұрлым пайдалы деп тани алады деген сөз. Мұнымен қалай күресуге болады. Қазылардың сатқындығы масқара екендігіне олардың көзін жеткізу, содан кейін олар ұялады да, әділ соттың мүддесін өз пайдасынан жоғары өоя бастайды деп үміттену ме? Жоқ, ондай романтикалық аңғалдыққа халық қабілетті емес, ол пайдакүнемдік барлық басқа ниеттерден күштірек екенін сезеді. Сондықтан қазы болып бұрынғы адмдар қала берсін, олар эгоист секілді қимылдағанына біздің көзіміз әбден жетсе де, солар қала берсін; тек алдағы уақытта олардың пайдакүнемдігін әділ соттың сатқындығымен ынталандырмау керек; қазылар дұрыс үкім шығара алатын, онымен парасатты түсінілген жеке

мүдделерін бұзбай, жақсы ақы алатын азаматтардың құрметтеуін пайдаланатын болуы үшін олар үкіметтен соншалық тәуелсіз болуға тиіс. Сонымен, Велькер мен Баденнің азаматтары пайдакүнемдікке үміт арта алғанда ғана өздерін қауіпсізбіз деп сезіне алады. Олардың аузынан үнемі шығып жататын пайдакүнемдік (риясыздық) туралы қисапсыз тіркестер туралы не деуге болады? Мен өз пайдамды ойлап істейтін іске, өзім риясыз қызмет ететін нәрседен басқаша қараймын. Төмендегідей айырым белгісін енгізуге болады: біріншісіне қарсы мен жазықты бола немесе күнә жасай аламын, ал екіншісіне қарсы мен жүрдім-бардым қарай аламын, өзіммен итеріп тастай аламын, одан айрыла аламын, яғни үстірттік жасай аламын. Сауда саясаты да осы екі көзқарас тұрғысынан қарастырылады: оны ішінара, жағдайға қарай, тарту етіле алатын – немесе тартып алына алатын, ішінара қандай жағдайда болса да қасиетті деп саналуға тиіс бостандық деп мойындайды. Егер мен бірдеңеге соның өзі ретінде қабылдамай қызықсам, сөйтіп одан оның өзі үшін емес, басқаша дәметсем, ол маған тек оның орындылығы, пайдалылығы үшін, яғни басқа бір мақсат үшін қажет, мысалы, устрицалар мені өзінің дәмімен қызықтырады. Демек, эгоист үшін барлығы құрал болуға тиіс емеспе, оның түпкі мақсаты – оның өзі ғой, және ол өзіне мүлдем керегі жоқ нәрсені қорғап, қолдауға тиіс пе, мысалы – пролетарий мемлекетті қолдап отыруға тиіс пе? Өзіндік ерекшелік барлық алуандықты қамтып, христиандық қара күйе жаққан нәрсенің барлығының жақсы атын қалпына келтіреді. Бірақ өзіндік ерекшелік ешқандай бөгде өлшемді пайдаланбайды және жалпы ол бостандық, инсаният, адамшылық және т.б. секілді идея емес. Ол тек меншікшілдің суреттеуі ғана

Еркін жандар

Ежелгілер мен жаңалар жоғарыда екі бөлімде көрсетілгендіктен, бұл арада, үшінші бөлімде еркін ажандар дербес және оқшау көрсетіледі деп күтуге болатын еді. Бірақ бұл олай емес. Ерін жандар дегеніміз тек неғұрлым жаңа және “жаңалардың” ішіндегі ең жаңалары, және олар бөлек бөлімде тек олар осы заманға тиесілі болғандықтан беріліп, ал бұл арада бізді осы заман ең алдымен қызықтырады. “Еркін жандар” дегенде мен либералдардың атын ғана аударып беріп отырмын, бірақ бостандық ұғымы жөнінде, күн ілгері айтпай кетпеуге болмайтын басқа да көп нәрсе жөнінде мен алдағы кезге сілтеме жасауға тиіспін.

§1. Саяси либерализм

абсолютизм дейтіннің кесесін түбіне дейін тауысып ішкеннен кейін, он сегізінші ғасырда ол кеседегі сусынның адами дәмі жоқ екендігі тым айқын болуы да, басқа бір сусынды татып көру ниеті пайда болды. “Адамдар” – қалай десеңіз де біздің бабаларымыз адамдар болған ғой – сайып келгенде өздерін солай деп санауды талап етті. Кімде-кім бізді адамнан басқа бірдеңе деп білсе, біз де соны адам емес, құбыжық деп білеміз және оған құбыжық ретінде қараймызз, кімдекім керісінше, біздің әрқайсысымызды адам деп таныпбіліп, бізге адам ретінде қарамау қатерінен қорғайтын болса, соны біздің нағыз қорғаушымыз және сақтаушымыз ретінде қастерлейміз. Бір-бірімізге сеніп, бір-бірімізді адам ретіне қорғайық; сонда қажетті қорғанышты біз өзіміздің бірге болуымыздан табамыз, бірге болатын біздің бәріміз, өзінің адамдық абыройын білетін және бір-біріне “адамша” қатынас жасайтын адмдар қоғамны құрады. Біздің бірге болуымыз – мемлекет, біз Ц бірге болатындар – ұлтпыз. Ұлт немесе мемлекет ретінде біздің бірігуімізде біз тек адамдармыз. Біздің әрқайсымыз жеке-жеке қалай қимылдаймыз және қандай пйдакүнемдік мақсатты көздейміз, бұл біздің тек қана жеке өмірімізге

қатысты; біздің жұртшылық арасындағы яки мемлекеттік өміріміз – таза адами өмір. Біздің бойымызда бар адами емес немесе эгоистік нәрсе “жеке шаруаға” дейін төмендетіледі де, біз мемлекетті “эгоизм” де үстемдік құратын “буржуазиялық қоғамнан” әл ажыратып аламыз. Нағыз адам – ұлт, ал жеке-дара – қашанда эгоист. Сондықтан өздеріңізден эгоистік теңсіздік пен бұлғақтың көзі жататын өз жекедаралығыңызды немесе оқшаулығыңызды лақтырып тастаңыз да, өзіңізді әбден нағыз адамға, ұлтқа немесе мемлекетке арнаңыз. Сонда сіздепді адамдар деп санауға болады және сіздер адамға тиесілі нәрсенің бәрне ие боласыздар; мемлекет, нағыз адам, сіздерді өзіміздікі деп санайды да, сіздерге “адам құқықтарын” береді: адам өзінің құқықтарын сіздерге береді. Азаматтық дегеніміз тұтас алғанда мемлекет – нағыз адам, эәне жеке кісінің адами құндылығы мемлекеттің азаматы бола білуден тұрады деген ойдан басқа ештеңе де емес. Жақсы азамат болу – абырой үшін ең биік нәрсе: “жақсы христиан” болу деген ескірген принциптен басқа, бұдан жоғары тұрған ештеңе жоқ. Азаматтық пен буржуазия артықшылықты сословиелерге қарсы күрестедамды, олар буржуазияға, “үшінші сословие ретінде, жоғарыдан қарайтын да, оны қара тобырмен, “cannaіle’мен” бір қатарға қоятын. Мемлекетте, “кісінің теңсіздігі патшалық құрды”. Дворянның баласы орташа сословиенің ең үздік адамдарының қолы жетпейтін атақтарға ие болатын, және т.б. азаматтық сезімі нақ осыған қарсы көтерілді. Атақтар атаулы жойылсын, кісіден кісіні артық көру жойылсын, сословиелерді айыру жойылсын! Барлығы да тең болсын! Бұдан былай еншқандай ерекше мүдде емес, тек баршаның ортақ мүддесі көзделсін.мемлекет еркін де тең адамдардың қоғамы болуға тиіс, әркім өзін “ортақтың игілігіне арнауға, мемлекетке сіңіп кетуге, мемлекетті өзіннің мақсаты мен мұратына айналдыруға тиіс. Мемлекет! Мемлекет – баршаға ортақ ұран осындай; сөйтті де “нағыз мемлекеттік конституцияны”, ең жақсы

конституцияны, яғни мемлекетті сол сөздің ең жақсы мағынасында жүзеге асыру жолын іздестіре бастады. Мемлекет идеясы барлық жүректерге жол тауып, күш-жігерді қохдырды; соған, осынау дүниауи Құдайға қызмет ету – жаңа құдайға табынуға және культке айналды. Белгілі бір саяси дәуір таңы атты. Мемлекетке яки ұлтқа қызмет ету ең жоғары мұратқа айналды, мемлекеттік мүдделер ең жоғары мүдделерге айналды, мемлекетке қызмет ету (бұл үшін сөзсіз шенеунік болудың қажеті жоқ) – ең жоғары абыройға айналды. Осылайша, оқшауанған мүдделер аласталды, мемлекет үін жан пда ортақ ұранға айалды. Өзіңнен бас тартып, тек мемлекет үшін өмір сүру керек. “Риясыз” өмір сүріп, өзіңе емес, мелмеетке пайда келтіру керек. Ол, мемлекет, сондықтан нағыз тұлғаға айналады, оның алдында оқшау кісі атаулы құйрығын қысып кетеді: өмір сүретін мен емес, – менде өмір сүретін сол. Сондықтан, бұрынғы пайдакүнемдік пенөзін сүю орнына, адамдар барынша риясыз және даралықтан айрылған жандарға айналды. Осынау Құдай – мемлекет – алдында эгоизм атаулы құйрығын қысып кетті, және оның алдында бәрі тең болды; олардың барлығы, ешқандай атақсыз, “адамдар”, тек “адамдар” болды. Меншіктің тұтанғыш материясы революцияны маздатты. Үкімет ақшаға мұқтаж болды. Ол сонда өзінің абсолютті екендігін, сондықтан тек жалғыз өзіне тиесілі меншік атаулыны билеп-төстей алатынын дәлелдеуге тиіс болды; о өзінің бодандарында бар, бірақ олардың меншігі емес өз ақшасын өзіне қайтарып алуға тиіс болды. Бірақ мұның орнына, оған сол ақшаны қайтарып алуға рұқсат беретін “бас штаттарды” жинады. Дәйектіліктің соңғы қадамынан қорқыныш абсолютті үкімет елесін тасталқан етті: кімде-кім “рұқсат сұрауға” тиісті болса, сол абсолютті деп таныла алмайды. Бодандар өдерінің нағыз меншік иесі екенін, бұл, қазәір талап етіліп отырған өздерінің ақшасы екенін түсінді. Сол сәтке дейін бодан болып келген олар, өздерінің меншік иесі екенін анық ұғынды.

Байи мұны бірнеше сөзбен айтып бере алады: “Егер сіз менің келісімімсіз менің дүние-мүлкімді билеп-төстей алмайтын болсаңыздарр, менің жеке басымды да, менің рухани және қоғамдық жағдайыма қатысты нәрсенің бәрін билеп-төстей алмайсыздар. Соның бәрі – менің мешігім, мен өңдейтін бір тұтам жер секілді меншігім. Мен заңды өзім жасауға хақылымын, мүдделімін”. Байидің сөдері, әрине, қазір әркім-ақ меншік иесі секілді естіледі. Аалйда, үкіметтің орнына, князьдің орнына қазір ұлт қожайынға және меншік иесіне айнады. Сол кезден бері мұрат “халық бостандығы”, “бостан халық” деп және т.б. аталады. 1789 жылғы 8-шілде-ақ Отэн және Баррер епископының мәлімдемесі жеке-дара атаулының заң шығаруда маңызы бар деген елесті сейілтті; ол ұсыныс жасаушылардың ешқашан билігі жоқ екенін көрсетті: көпшілік қожайын болып алды. 9-шілдеде конституция жасау жөніндегі жұмыс жоспары бөлінгенде, Мирабо: “Үкіметте тек күш бар, бірақ құқық жоқ; құқықтың бастауы тек халықта” деді. Он алтыншы шілдеде сол Мирабо айқай салды: “Күш атаулының бастауы – халық емес пе? Ол, демек, – құқық атаулының бастауы және күш-қуаттың бастауы!” бұл арада “құқықтың” мазмұны да анықталады: бұл – өкімет”. “Күш кімде болса, құқық та сонда”. Буржуазия – арықшылықты сословиелердің мұрагері. Іс жүзінде, барондардың олардан “узурпация” ретінде тартып алынған құқықтары буржуаияға өтті, – өйткені буржуазия “ұлт” деп атала бастады.Барлық артықшылықтар “ұлттың қолына берілді”. Бірақ сол арқылы олар “артықшылық” болудан қалды. Олар “құқытарға” айналды. Сол кезден бері ұлт барщинаны талап ете бастады, ол мырзалар құқығын, еркін саятшылық – басыбайлылар құқығын мұраға алды. 4-тамызға қараған түн барлық жеңілдіктер немесе “артықшылықтар” (сондай қалалар, қауымдар, магистратурлар да бұрын жеңілдіктерге ие болатын, мырзалардың артықшылықтарын және құқықтарын пайдаланатын) үшін тажалды болды да, ол “құқық” “мемлекеттік құқық”, “ұлттық құқық” шапағымен аяқталды.

Король-әмірші түріндегі монарх осынау жаңа монархпен – “егемен ұлтпен” салыстырғанда бейшара монарх болатын. Ьұл монархия мың есе қатаңырақ, кесімдірек және дәйектірек еді. Жаңа монархияға ешқандай жүген болған жоқ, онымен салыстырғанда ескі режимнің “абсолют королі” қандай шектеулі болды десеңізші! Революция шектеулі монархияның абсолютті монархияға айналуына жәрдемдесті. Сол кезден осы монарх тарту етпейтін құқық атаулы – “дәме”, алайда, ол тарту ететін әрбір артышылық – “құқық”. Уақыт абсолютті корольдікті, абсолютті монархияны талап етті; сондықтан да абсолютті корольдік дегеніңіз құлар тынды, оның абсолютті бола білмегендігі соншалық, мыңдаған ұсақ мызалармен шектелді. Мыңдаған жылдар бойы жұрт ұмтылып келген, асық болған нәрсе, атап айтқанда – абсолютті әміршіні, өзімен қатар ешқандай басқа тақсырлар мен өкімет тұра алмайтын әміршіні табу талабына буржуазия қол жеткізді. Ол “құқық негіздерін” жалғыз өзі ғана тарту ететін және оның жол беруінсіз ештеңе де заңды бола алмайтын қожайынды тапты. Енді біз пұттың түк емес екенін, бір Құдайдан басқа құдай жоқ екенін білеміз35. Құқыққа қарсы енді, әлдене құқық жөнінде ол “әділетсіз” деп, үн көтеруге болмайды. Енді тек ол – мағынасыз нәрсе, иллюзия деуге ғана болады. Егер оны “жөнсіз” деп атасаңыз, оған басқа бір құқықты қарсы қойып, сонымен салыстыру керек. Оған қарама-қарсы жалпы құқық ретінде, өз бойыңыздағы және өзің үшін құқық ретінде оны жоққа шығаратын болсаңыз, сондай-ақ жөнсіздік ұғымын да жоққа шығарып, құқытың бралық ұғымын (оған жөнсіздік ұғымы да жатады) жойып жібереді. Біздің бәріміз “саяси құқықтар теңдігін” пайдаланамыз деген нені білдіреді? Тек мемлекет менің кісі екендігімнен санаспайтын, мен ол үшін, кез-келген басқа біреу секілді адам екенімді, оның көз алдында менің басқа

35 І. Коринф. 8, 4.

ешқандай маңызым жоқ екенін білдіреді. Мен дворян, дворянның баласы, немесе шенеуніктің мансабы маған мұраға тиген оның мұрагері (орта ғасырлардағы графтықтар және кейінірек, абсолюттік корольдікте мұраға берілетін мансаптар) секілді оған сыйлы емеспін. Бірақ мемлекеттең қолында ол бөліп бере алатын, мысалы, батальонд, ротаны және т.б. басқару құқығы, университетте және т.б. лекция оқу құқығы секілді толып жатқан қисапсыз құқықтар бар; ол соларды бөліп бере алады, өйткені бұл соның, яғни мемлекеттік немесе “саяси” құқықтары. Бұл орайда кімге беріп жатқаны оған бәрібір, тек оларды алғандар өзіне берілген құқықтардан туындайтын міндеттерді орындаса болғаны. Біздің бәріміз ол үшін теңбіз және бірдейміз., біреудің құны басқа біреудің құнынан артық емес. Армияны басқару кімге тиеді – маған мұның бәрібір, – лейлі егемен мемлекет, тек басқару құқығын алған адам істі тиісінше түсінеді деп топшылайды. “Саяси құқықтар теңдігі” сондықтан мемлекет тарту ететін құқықты әркім де ала алады, артық көруде (persona granta) емес, әрбір жекелеген құқық табиғатында жататын шарттарды орындайтын болсын: офицер болу құқығы өзінің табиғаы жағынан дене мүшелерінің сау болуын және белгілі бір білім дәрежесін талап етеді, бірақ ол сөзсіз щарт ретінде текті жерден шығуды талап етпейді; егер соған керісінше, еңбегі бәрінен көп сіңген адам офицерлік атаққа жете алмайтын болса, бұл саяси құқықтардың теңсіздігі деген мағынан білдірер еді. Осы заманғы мемлекеттердің арасында барлығы – біреуі көбірек, біреуі азыраө – теңдіктің оы негізгі қағидасын жүргізді. Сословиелік монархия (мен абсолютті корольдікті – революцияға дейінгі корольдер заманын осылай атаймын) жекелеген кісіні тодып жатқан титімдей монархияларға тәуелді етіп ұстады. Олар мойынсеріктер (қоғамдар): цехтар, дворяндар, дінбасылар, қалалық сословие, қалала, қауымдар жән е т.б. еді. Барлық жерде жекелеген адам әуелі өзіне сол кішкентай қоғамның мүшесі ретінде қарауға және сол қоғамның, сол esprіtde corps’тың рухына,

өзініңмонархы ретінде, сөзсіз мойындайтынын көрсетуге тиіс болды. Дворян үшін оның отбасының, оның әулетінің абыройы оның өзінен маңыздырақ болуға тиіс болатын жекелеген адам үлкенкорпорацияларға, мемлекетке тек өз корпорациясы, өз сословиесі арқылы ғана жататын – бұл дәл катоицизмдегідей болатын, онда жекелеген кісі Құдаймен тек священник арқылы ғана тілдесе алады. Бұның түбіне жеткен үшінші сословие, ол өзін барынша өжеттікпен сословие ретінде теріске шығара бастады. Ол басқа сословиелермен қатар енді сословие болмауға, қайта қзін көтеріп, жинақтан – “ұлт” болуға бел байлады. Осынысымен ол әлдеқайда неғұрлым мінсіз және абсолютті монархияны жасады да, соған дейін үстемдік еткен сословиелер принципі, бір үлкен монархия ішіндегі ұсақ монархиялар принципі біржолата құлады. Сондықтан, революция бірінші екі артықшылықты сословиелерге қарсы бағытталған еді деуге болмайды. Ол жалпы барлық ұсақ сословиелік моанрхияларға қатысты болатын. Бірақ сословиелер мен олардың деспоттық басқару салты (король да ортақ азаматтық король емес, тек сословиелік король болды ғой) күйретілгенімен, сословиелік теңсіздіктен босатылған жекелеген кісілер қалды. Неліктен олар сословиелерден тыс және ешқандай нормалар мен ноқтасыз, сословиелікпен (status) байланыспаған, ортақ байланыссыз қалуға тиіс болатын? Жоқ, үшінші сословие өзін ұлт деп жариялағанда сол үшін, басқа сословиелермен қатар тұру үшін емес, бірден-бір сословиеге айналу үшін жариялады ғой. Осынау бірден-бір сословие дегенімі ұлт, мемлекет (status). Енді жекелеген адам кім болып шықты? Саяси протестант болып шықты, өйткені ол өз Құдайы – мемлекетпен тікелей байланысқа кірісті. Ол енді дворяндық монархиядағы дворян, цехтық моанрхиядағы қолөнерші емес; ол, барлық басқалар секілді, бір ғана қожайынды – мемлекетті мойындап, соған баынатын болды, және олардың бәрі, соның қызметшісі ретінде, “азамат” деген құрметті атақ алды. Буржуазия – сіңірген еңбегі бойынша дворяндар; “еңбегіне қарай – тәж” – соның ұраны. Ол “жалқау” дворяндарға қарсы күресті, өйткені

еңбекқор. Еңбегімен, сіңірген еңбегімен дворяндыққа ие болған содан кейін “тумысынан” бостан адам, сондай-ақ Мен бостан емес, “еңбегі сіңген”, жақсы малай (өз королінің, мемлекеттің констиуциялық мемлекетте халықтың) бостан. Өзіне бостандықты қызмет қылуымен алады, яғни, ... Маммонға қызмет қылса да, “еңбек сіңірген” атанады. Мемлекетке, яғни мемлекет принципіне, оның инсанияттық рухына еңбек сіңіру керек. Кім мемлекет рухына қызмет қылса, сол, е болудың қандай құқытың саласымен күн көрсе де, жақсы азамат. Олардың пікірі бойынша, “жаңашылдар” “күнкөріс қаражатын бере алмайтын өнермен” айналысады. Тек “саудагер” “өмірдің қыбын біледі”, және саудагерлік рухы шенеуніктік орын іздеген адамға да, саудадан пайда іздеген адамға да немесе басқа бір амалмен өзі үшін және басқалар ұшін пайда іздеген адамға да билігін жүргізеді. Бірақ егер “еңбек сіңіргендер” – бостан болса (өйткені жайбарақат буржуаға, адал шенеуікке олардың жүрегі аңсаған бостандықта не жетпейді), “малайлар” – бостан адамдар. Айтқанды екі етпейтін малай – бостан адам! Қандай масқара! Әтсе де буржуазияның мағынасы сондай, және оның ақыны – Гёте , оның философы Гегель, субъекттің объектіге тәуелділігін, объективті дүниеге мойынсұнуды және т.б. даңққа бөлей алды. Іске қызмет ететін, “оған әбден берілетін адам ғана нағыз бостандыққа ие. Ал ойшылдрдың ісі парасат, мемлекет пен шіркеу секілді, ортақ заңдарды беретін және жекелеген адамды адамзат идеясының шынжырымен матайтын парасат болды. Ол ненің “ақиқат” екенін, немен сәйкестендіру керек екенін анықтайды.жақсы малайлардан өзге “парасатты” адамдар жоқ, олар ең алымен мемлекеттің қызметшісі ретінде жақсы азаматтар деп атала алады. Сен байсың ба, қайыршысың ба – мемлекеттің онда шаруасы жоқ: бұл сенің өз шаруаң; тек сенде “жақсы ойлау салты” болсын. Ол сенен міне осыны талап етіп, мұны баршаға сіңіруді өзінің аса маңызды міндеті деп біледі. Сондықтан ол “наразыларды” ауыздықтап ұстап, олардың кісіні

қоздыратын сөздерін цензуралық тиымдармен, айыппұлдармен тұншықтыруға тырысып немесе оларды абақты қабырғасымен тұншықтырып, сені “залым арандатушылардан” сақтандырады; ал “жақсы ойлаe салты” адамдарды ол цензорлар жасайды, “ізгі ниеттілер” саған “моральдық ықпал” жасай алуына барлық амалдармен тырысады. Ал ол сені жаман сыбыр-күбірге саңырау етіп алғаннан кейін, екінші жағынан сенің құлағыңды жақсы сыбыр-күбірге кеңірек аша түсуге тырысып бағады. Либерализм буржуазиядан басталады. Барлық жерде “парасатты”, “дер кезіндегі” және т.б. нәрселерді енгізуге тырысады. Оны мақтағандай етіп айтылған төмендегі сөздер, оны әбден-ақ сипаттайды: “Либерализм орын алып отырған жағайларға қолданылатын парасатты танымнан басқа ештеңе де емес”36. Оның мақсаты – анархия емес, заңсыздық пен өзіндік ерекшелік емес, “парасатты тәтіп”, “инсаниятты құлық”, “шектеулі бостандық”. Бірақ парасат үстемдік еткенде, тұлғаға ажал жетеді. Өнерде талайдан бері өрескел нәрсенің алып тасталуы былай тұрсын, қайта қажет деп танылып, сондай нәрсе ретінде енгізіледі: өнер зұлымға мұқтаж. Дін саласында да ең иісалмас либералдар діндар адамды мемлекеттің азаматы, яғни діндар қаскүнем деп қарастыратын болып алды; олар еретиктерге құрылған соттарды білгісі куелмейді. Бірақ ең ауыо жаза қорқынышымен, “парасатты заңға” қарсы бас көтеру ешікмгерұқсат етілмейді. Либералдар еркін қозғалысты емес, тұлғаның орнықтырылуын емес, парасаттың, яғни парасатты үкіметтің үстемдігі орнықтырылуын қалайды. Либералдар – иманның – Құдайдың емес, өздерінің қожайыны парасаттың күрескерері. Олар ешқандай тәрбиесіздікке көнбейді, және сондықтан ешқандай өздігінен дамып, өз бетін өзі айқындауға төзбейді: олар, ең абсолютті әміршілердің бар екендігіне қарамастан, қамқор болып жүреді. “Саяси босандық”, мұның астарын не деп білуіміз керек? Жекелеген кісінің мемлекет пен оның заңдарынан бостандығын ба? Жоқ,

36 Eіnund-wanzіg Bogen. S. 12.

қайтакерісінше, жекеліктің мемлекеттен және мемлекеттік заңжармен байланыстылығы деп білуіміз керек. “Бостандық” дегеніміз неден құралады? енді мемлекеттен делдалдар бөліп тұрмайтынын, оған төте де тікелей қатынас онатылғанынан құралады, өйткені біз басқа біреудің бодандары емеспіз, біз – мемлекеттің азаматтарымыз; біз тіпті корольдің де кісі ретінде емес, “мемлекет басшысы” ретіндегі бодандарымыз. Либерализмнің негізгі ілімі – саяси бостандық протестанттықтың екінші фазисінен басқа ештеңе де емес, діни бостандықпен” қатар жүріп отырады37. әлде бостандық деп діннен бостан болуды білуіміз керек пе еді? Тіпі де. Мұнымен тек делдалдардан бостандық, делдалдық жасайтын священниктерден бостандық, дінбасылардан оқшауланған “дүниауиларды” жою, демек, дінге немесе Құдайға төте де тіклей қатынас нобайланады. Иманың кәміл болғанда ғана, діни бостандықты пайдалануға болады: діни бостандық діннің жоқтығы деген сөз емес, ішкі иманның тереңдей түсуі, Құдаймен тікелей сұхбаттасу деген сөз. Кімде-кім “діни бостан” болса, сол үшін дін – жүректі шаруасы, оның төл шаруасы, “қасиетті іс”. “Саяси бостан” адам үшін де дәл солай; мемлекет – қасиетті іс, ол – оның жүргенің шаруасы, оның басты шаруасы, оның төл шаруасы. Саяси бостандық полис, мемлекет – бостан, діни бостандық – ұждан бостандығы ретінде дін босан деген сөз, демек, мен мемлекеттен, діннен ұжданнан бостанмын, яғни солардан құтылдым деген сөз емес. Ол менің бостандығым дегенді емес, мені басқаратын, бағындыратын өкіметтің бостанды,ы деген сөз. Мемлекет, дін, ұждан – осынау тирандар мені құл етеді, ал олардың бостандығы – менің құл екендігім. Олар бұл орайда “мақсат құралды ақтайды” деген қағидаға қажетті түрде сүйенуге тиіс екендігі өз-өзінен түсінікті. Егер мемлекеттің игілігі – мақсат болса, онда соғыс – бата берілген құрал; егер әділет – мемлекеттің мақсаты болса, онда ажал құштыратын соққы – бата берілген құралға және өзінің қасиетті

37 Луи-Блан реставрация заманы туралы: “Протестанттық идеялар мен нсанияттың негізіне айналды” дейді.

есімімен “өлтіру” деп аталады және т.б.: қасиетті мемлекет өзіне пайдалы нәрсенің бәріне бата береді. Буржуазиялық либерализм көз ілмей күзетіп тұратын “индивидуалдық бостандық”, тіпті де өз жолыңды өзің белгілеу (соның арқасында қарекет әбден-ақ менікі болып шығар еді) емес, тек кісілерден тәуелсіздік қана. Ешқандай адмның алдында жауап бермейтін адам – индивидуалды бостан. Бұл мағынада алғанда – бостандықты басқаша түсінуге болмайды – индивидуалды бостан, яғни жұрт алдында жауапты емес әмірші ғана (“Құдай алдында” ол өзін жауаптымын деп біледі) емес, “тек заң алдында ғана жауаптылардың” бәрі бостан. Ғасырдың революциялық қозғалысы нақ осы бостандыққа, яғни жүгенсіздіктен, “tel est notre plaіsіr’ден” бостандыққа алып келді. Сондықтан конституциялық князь кісі ретінде, индивдуалдық адам ретінде басқалардың “индивидуалдық бостандығын” бұзбас үшін кісілік атаулыдан, индивидуалдық шешім атаулыдан бас тартуға тиіс болды. Конституциялық князьдан әміршінің жеке ырқы тартып алынды, және бұған қарсы болып, шектелмеген монархтар дұрыс істейді. Бірақ бұл орайда, нақ солар жақсы мағынасында “христиандық князьдар” болғысы келеді. Алайда, бұл үшін олар таза рухани билікке айналуға тиісті болатын, өйткені христиан тек рухқа ғана (Құдай дегеніміз рух) бағынады. Барынша жәйектілікпен тек коституциялық князь ғана рухани билік өкілі бола алады, өйткені ол, ешқандайжеке маңызы болмағандықтан, рухатанатын соншалық, мінсіз, қоқынышты “рух”, идея деп санала алады. Конституциялық король – нағыз христиандық король христиандық принциптің әбден дәйекті туындысы. Конституциялық монархияда индивидуалдық үстемдік, яғни шын қалайтын әмірші аяқталды, сондықтан онда индивидуалдық бостандық, индивидуалдық әмірші атаулыдан, “tel est notre plaіsіr” негізінде маған тікелей бұйрық бере алатын адам атаулыдан тәуелсіздік үстемдік етеді. Ол – аяқталған христиандық мемлекеттік өмір, рухтағы өмір.

Буржуазия өзін әбден-ақ либералды тұрғыда ұстап келеді. Басқа біреудің жеке өміріне қнадай да бір жеке араласу буржуазиялық ойды бұлқан-тақан етеді; егер буржуа жекелеген кісі ретінде (яғни “жоғары биліктен бата алмаған”) адамның қыңырлығына, әздектігіне, ырқына тәуелділікті көре қалса, ол дереу өзінің либерализмін байқатып, “жүгенсіздік” деп айғай салады. Буржуа бұйыру (ordonance) деп аталатын нәрсенің бәрінен өзінің бостан екенін табандап қорғайды: “Маған ешкім бірдеңе бұйыра алмайды”. Бұйыру дегеннің мынадай мағынасы бар: мен істеуге тиіс нәрсе әлдене басқа бір адамның ырқы, ал заң басқа біреудің жеке зорлығын білдірмейді. Буржуазияның бостандығы – басқа адамның ырқынан бостандық немесе тәуелсіздік, жеке немесе индивидуалдық делінетін бостандық. Өйткені жеке бостан болу дегеніңіз, ешқандай басқа адам маған құдіретін жүргізе алмайтындай немесе мен ісей алатын яки істей алмайтын нәрсе басқаның жеке анықтауына тәуелді болмайтындай соншалық бостан болу деген сөз. Айтпақшы, баспасөз бостандығы, либералимзнің нақ сондай босатндығы: либерал цензураға қарсы күреседі. Өйткені ол – жеке жүгенсіздіктің көрініс, ал басқа бір жағдайларда ол сол бостандықты “баспасөз туралы заңдармен” басып-жаншуға өте бейім; бұл буржуазиялық либералдар баспасөз бостандығын өздері үшін қалайды деген сөз; олардың өздері заңдылық шеңберінде қала береді, сондықтан да сол заңдар құзырына жатпайды. Тек либералдық, яғни тек заңды нәрсені ғана жариялауға ьлады: қалғандарының бәріне “баспасөз туралы заңдар” мен “айыппұлдар” төніп тұрады. Жеке бостандық қамтамасыз етілгенін көреді де, егер тереңдей түссе, жан түршігерлік кіріптарлық қонжиятынын мүлдем көрмейді. Өйткені біз бұйырудан қаншалық азат болсақ (“бізге ешкім бұйрық бере алмайды ғой”), заңға да соншалық бағына түстік. Құқықтың барлық көріністері бойынша бұғаулау басталды. Мемлекеттер тек “бостан адамдар” ғана бар, олар мыңдаған нәрселерге мәжбүр етіледі (мысалы, бас ұруға, қандай да бір дін ұстануға

және сондай нәрселерге). Онда тұрған не бар? Оларды мәжбүрлейтін әлдене адам емес, тек мемлекет қой! Әрқилы жеке бұйрықпен, яғни “істің” мәнісінен, “парасаттан” және т.б. шықпайтын бұйырулармен күрескенде, буржуазия нені қалайды? Ол нақ “іс” мүддесі үшін “кісінің” үстемдігімен күреседі! Бірақ рухтың ісі – парасатты, жақсы, заңды және т.б. іс; бұл “жақсы іс”. Ал буржуазия жеке адамсыз әміршіні көксейді. Бірақ, егер, бұдан әрі, принцип тек іс қана, атап айтқанда заңдылық ісі ғана және т.б. адамға билік жүргізе алады деген болса, онда сондай-ақ біреудің басқаға ешқандай жеке шектеуіне жол берілмеуге тиіс (мысалы, бүрын, орта сословиеге дворяндық мансаптарға дворянның кәсіпке жолы жабылғаны секілді), яғни еркін бәсеке енгізілуге тиіс. Біреуді екншісімен салыстырғанда жеке кісі емес, тек іс қана шектей алады (мысалы, бай адам бейшаманы – ақшамен: бұл іс). Демек, тек бір ғана бостандық – мемлекеттің үстемдігі мәнге ие болады; жеке кісі ретінде енді ешкім басқаның қожайыны бола алмайды. Туа салысымен балалар мемлекетке тиесілі болады – өздерінің әке-шешесіне олар мемлекет үшін ғана тиесілі болады, ол, мысалы, балаларды өлтіруге төзбейді, оларды шоқындыруды және т.б. талап етеді. Бірақ мемлекетке оның барлық балаары бірдей (“азаматтық немесе саяси теңдік”), ал олар енді өзара күресе, бір-бірін жеңе алады: олар бәсекелесе алады. Еркін бәсеке кез-келген адам басқа бір адамға қарсы шығып, онымен күресе алады дегеннен басқа ештеңе де емес. Бұған, әрине,, феодалдық партия қарсы шықты, өйткені оның тіршілік етуі бәсекенің болмауына тәуелді. Франциядағы реставрация кезеңдеріндегі күрес мынадан көрінді: буржуазия еркін бәсеке үшін күресті, ал феодалдар цехтық құрылысты қалпына келтіруге ұмтылды. Енді мен, еркін бәсеке жеңіп шықты, ал цехтар жеңіп шығуға тиіс болаnын (бұдан арғысын төменнен қараңыз).

Револциядан кейін реакция дәуірі туғанда, революцияның шындығында не болғаны анықталды. Өйткені әрбір ұмтылыс, ол ес жиғанда, реакцияға айналады; ол “мастық”, “есуас”, кезінде ғана алға тежеусіз шапшаңдықпен ұмтылады. “Естілік” әрқашан реакцияның ескертпесі, өйткені естіік ұмтылған нәрсенің, яғни бастапқы “тежеусіздік” пен “басбұзарлықтың” шегін өойып, оны азат етеді. Ештеңеден қысылыпқымтырылмайтын тағы бурштар (Германияда жоғары курс студенттерінің атауы – Ред.), буырқанған студенттер шындап кегенде филистерлер, өйткені бұлар үшін, басқалар үшін де бастысы шартты қыспақта; айырма тек мынада: олар сол қыспақтарға қарсы шалдуарлықтан көтеріледі, оларға теріс қарайды, – кейін, филистерлерге айналып келе жатқанда, сол қыспақтарды мойындап, сақтап жүреді. Екі жағдай да барлық ойлар мен істер қыспақтарға шоғырланған; бірақ филистер буршпен салыстырғанда реакцияшыл, ол есі кірген басбұзар, ал басбұзар – есерсоқ филистер. Күн сайынғы тәжірибе осынау өзгерістердің ақиқатын қуаттайды, және басбұзарлар есейе келе қалай филистерлер болып шығатынын көрсетеді. Дәл сол секілді Германиядағы реакция делінетін де ол бостандыққа жаугер елігудің есі кірген жалғасы болғанын көрсетеді. Революция жалпы бар атаулыға қарсы бағытталған болатын.ол жалпы әміршіні емес, сол әміршіні жойды; ал француздар, керісінше, содан кейін ең аяусыз деспотизмнің билігіне түсті. Революция барлық ескі кесепаттарды өлтірді, бірақ жақсы адамдарға ол дұрыс тіршілік бергісі келді, яғни ол кесепат орнына тек жақсыны қойды (ал кесепат пен жақсылық бір-бірінен жабайы бурш пен филистер секілді ғана айрылады) және т.б. Әлі бүгінге дейін революция принципі өмірде бар бір немесе өзге қарсы күрес кезеңіндегідей күйінде, яғни реформаторлық кезіндегідей болып қалып отыр. Бірақ қаншалық көп нәрсе түзетілсе де, “естілік прогресі” қаншалық ұзаққа барса да, – әрбір долы ескі қожайынның орнына жаңа қожайын отырғызумен болды, ал құлату – тек қайта құру

болды. Тағы да жас және кәрі филистер арасындағы айырмашылық. Революция тоғышарлықпен – үшінші сословиенің, орташа сословиенің өрлй түсіп, шарықтауымен – басталды, және оның аяғы да тоғышарлықпен ітті. Бостан болған жекелеген адам емес (сол ғана – адам), буржуа, cіtoyen, саяси адам, ол нақ сондықтан адам емес, адамзат тегінің бір данасы, атап айтқанда буржуазиялық текің бір данасы, бостан буржуа. Революцияда қарекет жасап, әлемдік рөл атқарған жекелеген адам емес, халық: ұлт, егемен ұлт, барлығын жүзеге асырғысы келді. Белсене қимылдаған қиялдағы мен, идея, ұлт дегеніміз сол, яғни жекелеген кісілер өздерін сол идеяның қолына құрал ретінде беріп, “азамат” ретінде қимылдады. Буржуазияның күші және сонымен бірге оның шегі мемлекеттік негізгі заңдарда, хартияларда, құқықтық немесе “әділетті” тақсырда, оның өзі “парасатты заңдарды” басшылыққа алады, сөйтіп, қысқасы, заңдылықпен басқарады. Буржуазия кезеңі заңдылықтың британдық рухына бағындырылған. Мемлекеттік сословиелердің жиналысы, мысалы,оның өкілеттігі пәлен-пәлен шектерге жететінін, ол жалпы мейірімнің арқасында құрылғанын, ал мейірімсіздіктен тағы да таратылып жіберіле алатынын ұдайы есте ұстайды. Ол өзінің міндетін үздіксіз есте ұстайды. Әрине, мені әкем тудырғанын теріске шығаруға болмайды; бірақ мен жасалып қойғаннан кейін-ақ, менің әкемнің жасампаздық ниеттерінің маған қатысы жоқ, және ол мені неге үндесе де, мен өзімнің қаағанымды жасаймын. Сондықтан, күндердің күнінде шақырылған француз сословиелер жиналысы революцияның бас кезінде ол өзін шақырғаннан тәуелсізбін деп мүлдем дұрыс ұйғарды. Ол бар болатын және, егер ол өзін бармын деп санамай, өзін әкеге тәуелдімін деп ойлайтын болса, мүлдем ақымақтық болар еді. Шақырылған енді: мені туғызғанда шақырған адам нені қалап еді? немесе, мен шақыру бойынша келгенненк ейін нені қалаймын деп сұрауға тиісті емес. Шақырған адам да, оны шақыру жүзеге асқан хартия да, ештеңе ол үшін киелі, тіл тигізілмейтін билік бола

алмайды. Ол өз билігіндегі нәрсенің бәріне өкілетті; ол шектеулі “өкілеттіктерді” білмейді, лоялдық жасағысы келмейді. Қорытындысында, егер мұны парлламенттен күтуге болатын болса, ол әбден-ақ эгоистік болуға, кіндік атаулыдан босатылған, кім жөнінде болса да ешқандай пиғылды білмейтін нәрсе болуға тиісті болар еді. бірақ парламенттер әрқашан ілтипатшыл, егер оларда жартыкеш, именшек, яғни жағымпаз “эгоизм” көп болса, оған таңырқаудың қажеті жоқ. Сословие өкілдері оларға хартия, корольдің ырқы және т.с.с міндеттеген шекарада қала беруге тиіс. Ал егер олар мұны қаламаса немесе шамасы жетпесе, олар “бой көрсетуге” тиіс. Парызға адал адамдардың қайсысы басқаша жасай алар еді, өзінің кәміл сенімі мен өзінің ырқын бірінші орынға қоя алар еді, егер тіпті бұл орайда корпорация да, жалпы бәрі де жан тапсырса да, өзін көрсету үшін соншалық инсаниятсыз бола алар еді? Бірақ бәрі де “құқықтар” шеңберінен аттап шықпайды; өзінің билігінң шеңберінде бәрібір қала беру керек, өйткені ешкім де өзінің шамасы келетінінен артық ештеңе істей амайды… Буржуазия өзінің мәнісімен байланысты моральды ұстанады. Оның бірінші талабы – келелі іспен, адал кәсіппен айналысу, инсаниятты өмір салтын ұстану. Ол үшін аферист, зинақор, ұры, қарақшы мен кісі өлтіруші, құмарпаз, мансабы жоқ кедей, әуейі адам инсаниятсыз. Осынау “инсанятсыз адамдарға” өзінің қырындығын адал буржуа “терең ашу-ыза” деп атайды. Сола адмдардың бірңне шыдамдылық, іскерлердің маңғаздығы, тұрақты кірістердің кіршіксіздігі және т.б. жетіспейді. Қысқасы, олардың тіршілігі берік негізге жайғаспағандықтан, олар қауіпті “жекеленгендерге немесе бытырап кеткендерге”, қауіпті пролетариатқа жатады. Олар жекелеген “айғайшылдар” және ешқандай кепілдік бермейтіндер, олардың жоғалтатын ештеңесі жоқ, демек, ештеңені бәске тіге алмайды. Мысалы, отбасы болып некелесу, адамды матайды; маталған адам кепілдік; оны “ұстап” алуға болады. Оған керісінше, зинақор жөніде ешқандай кепілдік жоқ. Құмарпаз бәрін қартаға тігеді, өзін

де, өзгелерді де титықтатады: кепілдік жоқ. Буржуа үшін күдікті, дұшпан және қауіпті адамдардың бәрін бір сөзбен – “кезбелер” деген сөзбен атауға болар еді: буржуа кезбелікті жек көреді. Рухани кезбелер де бар ғой, олар үшін әкелерінің мұралық тұрғын орны тым тар, және олар шектеулі кеңістікте қанағаттана алмайды: қанағатшыл ой салтын ұстану орнына және мың-мыңдаған сабыр, жұбаныш берген нәрсені даусыз ақиқат деп қабылдай алмайды, олар ескінің барлық шекараларынан аттап өтіп, өздерінің өжет сындарына, өздерінің бой бермес скептицизміне ырық беріп андағайлап жүреді. Осынау әңгүдік кезбелер тұрақсыз, мазасыз, өзгергіш адамдар табын, яғни пролетарийлар табын құрайды, ал олардың шыдамсыздығы көзге ұрып тұрған кезде, оларды “мазасыз бастар” деп атайды. Неғұрлым кең мағынасында пролетариат немесе пауперизм делінетіндер міне осындай. Буржуазияға, қолынан келгенінше, кедейшілікті (пауперизм) жою ниетін телу қаншалық қателік болар еді. керісінше, буржуа өзін өте ыңғайлы сеніммен жұбатады: “бақыт игілігі біржоата бірдей бөлінбеген, және бұл Құдайдың кемеңгер ұйғарымымен әрқашан солай болады”. Өзін барлық көшелерде қоршап тұрған кедейшілік нағыз буржуаға бөгет емес; әрі кеткенде ол оған садақа береді, нмесе “адал да сүйкімді” бозбалаға жұмыс, тамақ береді. Бірақ оның өмірден жайбарақат ләззат алуына одан әрі тып-тыныш төзгісі және қасірет шеккісі келмей, “әуейілене”, бүлік көтере бастайтын адамдардың наразы, жаңаруға асық кедейшілігі одансайын күштірек бөгет жасай береді. Кезбені сыртынан құлыптап қойыңдар, бүлікшілді ең берік абақтыға тығып тастаңыздар. Ол “мемлекетте наразылық туғызғысы келіп, күшінде бар заңдарға қарсы арандатады”; оған тас боран жасаңыздар; өлтіріп тасаңыздар! Бірақ дәл сол анарзылар былай ойлайды; “Жақсы буржуаға” оны мен оның принциптерін кімнің қорғайтыны, – абсолютті немесе конституциялық король ме, республика ма және т.б. ма, мүлдем әрібір: ең

бастысы қорғайтын болсын. Олар қорғаушыларын ұдайы “жақсы көретін” сол принцип қандай? Әрине, еңбек принципі емес; тектің атақтылығы да емес. Олар – орташалықтың, ары да, бері де емес орта тұстың жақтастары: шамалы атақтылық та, біршама жұмыс та, яғни – пайыздап пайда түсіретін меншік болсын. Меншік олар үшін бері бар, мұраға тиген (тектің атақтылығы) нәрсе; пайыздап өсу – бейнеттің зейнеті, яғни айналымдағы капитал. Тек асып-төгілу, шектен шығу, радикализм болмасын! Олар – тектіліктің құқықтарын, тек тумысынан тигендәулет мағынасындағы құққытарын жақтайды; олар – жұмысты жатайды, тек өкп болмасын және өзінікі емес, капиталдың және... бағынышты жұмысшылардың жұмысы болсын. Егер дәуір қандай да бір қателіктің қақпанына түсіп қалса, бұол әрқашан біреулерге пайдалы, біреулерге зиян. Ортағасырларда христиандарда жер бетіндегі билік пен басшылық шіркеуге тиесілі болу керек деген қате сенім болды; дінбасылар бұл “ақиқатқа” профандардан кем сенген жоқ, олардың екеуі де бір қателіктің құрсауында болатын. Бірақ дінбасылар бұдан биліктің пайдасын, қара халық бағыныштықтың зиянын көрді. Бірақ мәтел бойынша, “жамандықтың жақсылығ жоқ” екендіктен, қара халыққа ақыр соңында ақыл кіріп, ортағасырлық “ақиқатқа” сенуді қойды. Буржуазия мен жұмысшылар арасында да сондай қатынас бар. Буржуа да, жұмысшы да ақша “ақиқатына” сенеді; ақшасы жоқтар оған ақшасы барлардан кем сенбейді: қара халық та, дінбасылар секілді, бір сенімге бой алдырған. “Ақша дүниені билейді” – буржуазиялық дәуірдің негізгі ауаны міне осындай. Дәулетсіз дворян мен бәрінен жұрдай жұмысшының, “ашыққандар” ретінде, саяси мағынада құнсыз адамдар: тек пен жұмыс ол құндылықты жасамайды; гәптің бәрі ақшада. Дәулеттілер үстем, ал дәулетсіздерден мемлекет өз “қызметшілерін” теріп алып, оларға мемлекет атынан үстемдік еткені (басқарғаны) шамасында ақша (жалақы) береді.

Мен бәрін мемлекеттен аламын. Мемлекеттің рұқсатынсыз бірдеңеге ие бола аламын ба? Мен оған қарамай ие болған нәрсені, жетпей жатқан “заңды негізді” ашқан бойда, ол менен тартып алады. Демек, менің одан бәрін алатыным, соның қайырымы, соның келісімі емес пе? Буржуазия тек осыған, заңды негізде сүйенеді. Буржуа мемлекеттің қорғауының, соның қайырымының арқасында өзі қандай болса, сондай болып шығады. Егер мемлекет күш-қуаттан айрылса, ол бәрінен айрыламын деп қорқуғға тиіс болар еді. Жоғалтар ештеңесі жоқ адаммен, пролетариймен жағдай қалай? Оның жоғалтар ештеңесі жоқ болғандықтан, оның “ештеңесі” үшін ммлекеттің қорғауының қажеті жоқ; ол, қайта, “мемлекеттік қорғауды” жоюдан тек ұтып шыға алады. Сондықтан тұлдырсыз адам мемлекетті дәулеттілірге қамқор, соларға бәрін беретін өкімет деп қарайды; ал оның өзінен, тұлдырсыздан, ол тек бар сөлін сығып алады. Мемлекет – буржуазиялық мемлекет, буржуазияның status’ы. Ол адамды оның еңбегіне қарай емес, оның мойынсұнуына (лоялдығына) сәйкес, яғни ол мемлекет берген құқықтарды мемлекеттің ырқына, яғни заңдарына сәйкес пайалануына қарай қорғайды. Буржуазиялық режим тұсында жұмысшылар әрқашан дәулеттілердің, яғни өзінің құзырында мемлекеттің қандай да бір мүлігі барлардың (ол барлық иелік мемлекеттікі, соған тиесілі, және жекелеген адамға тек пайдалануға берілген) қол астына түседі; әсіресе олар ақшасы мен имениелері барлардың, яғни капиталистердің қол астына түседі. Жұмысшы өзінің жұмысын, оны тұтынушы бағалайтын шамада бағалай алмайды. “Жұмысқа нашар төленеді!” Ал одан ең көп пайданы капиталист алады. Тек мемлекеттің жарқылы мен үстемдігін асыра мадақтай түсетін жұмысына ғана, мемлекеттің ең жоғары малайларының жұмысына ғана жақсы, тіпті жақсыдан да жақсы ақы төленеді. Мемлекет өзінің “жақсы азаматтары”, дәулеттілер, ештеңеден қауіптенбей, жаман төлей алуы үшін, оларға жақсы төлейді; мемлекет өзін малайлармен қамтамасыз етіп,

солардан “жақсы азаматтар” қамқор держава, полиция құрайды (полицияға жататындар: солдаттар, әртүрлі шенеуніктер, мысалы, әділет, ағарту шенеуніктері және т.б., қысқасы бүкіл мемлекеттік механизм). Әрине, мемлекет оған жақсы төлейді, ал “жақсы азаматтар” сол салықты, өз жұмысшыларына мейлінше аз төлей алуы үшін, қиналмай төлейді. Бірақ жұмысшы табы осынау мемлекетке, дәулеттілердің осынау мемлекетіне, осынау “буржуазиялық корольдікке” дұшпан күш болып қала береді, өйткені жұмысшы табындағы ең елеулі нәрсені мемлекет қорғамайды; жұмысшылар жұмысшы ретінде “мемлекеттік қорғауды” пайдаланбайды, тек, оның бодандары ретінде, полициялық және “құқықтық” қорғауға жатады. Жұмысшы табыынң принципі – еңбек бағаланбайды: оны тонайды, бұл – дәулеттердің, оның жауларының әскери олжасы. Жұмысшылардың қолында орасан зор күш бар, және де егер олар соны сезініп, соны пайдаланса, онда оған қарсы ештеңе де шыдас бере алмас еді: олар тек жұмысты сәл доғарып, өздері өндіргеннің бәрін өзіміздікі деп санап, өздері пайдаласа жетіп жатыр. Кейде бұрқ ететін жұмысшылар толқуларының мағынасы сондай. Мемлекет еңбектің құлдығын жастанады. Еңбек бостан болған кезде, мемлекет күйретіледі.

“Максъ Штирнеръ. Единственный и его
собственность.
С.-Петербургъ,
1909”

басылымынан қазақшалаған Нұрмахан ОРАЗБЕК.

Александр Иванович ГЕРЦЕН

(1812–1870). Орыс революционері, жазушы, философ. Орыс помещигі мен неміс қызынан некесіз туғандықтан Герцен (“жүрек”) деген фамилия берілген. Бала кезінде оған қатты әсер етіп, содан кейінгі бүкәіл ғұмырын айқындаған оқиға – 1825 жылғы декбаристер көтерілісі. Мәскеу университетінің студенттері Герцен мен Огарев маңына озық жастар жиналып, саясатпен және әлеуметтанумен байыпты айналысты. 1834 жылы жазда Герцен тұтқындалып әуелі Пермьге, кейін Вяткаға және Владимирге жер аударылды. 1847 жылы шетелге кетіп, содан қайтып Ресейге оралған жоқ. Әуелі Италияда, 1852 жылы Лондонда тұрды. Сонда келесі жылы Еркін орыс баспаханасын, 1855 жылы “Полярная звезда” алманахын ұйымдастырды, 1857 жылы базда Огаревпен бірге “Колокол” газетін шығара бастады, ол Ресейде жасырын түрде кеңінен таратылды. 1867 жылы газет Ресейдегі азаттық қозғалысындағы өз рөлін атқарды деп біліп, онв шығаруды тоқтатты. Ол ендігі басты міндетін революциялық теорияны талдап әзірлеу деп ұйғарды. 1869 жылы Парижге қоныс аударып, сонда тұруды ұйғп\арды. 1870 жылы 21қаңтарда сонда қайтыс болды.

ОРЫС ХАЛҚЫ ЖӘНЕ СОЦИАЛИЗМ

Ж. Мишлеге хат

Мархабатты тақсыр,

Менің ең терең сенімдеріме қатысты шаруада менің үндемей қалуыма, сөйтіп сіз Костюшко туралы өзіңіздің аңызыңызда орыс халқына берген сипатыңызды жауапсыз қалдыруыма Сіз барлық ойлы адамдардың пікірінде тым биік орын аласыз, сіздің ізгі қолыңыздан туындайтын әрбір сөзді еуропалық демократия тым толық та лайықты сеніммен қабылдайды. Бұл жауап басқа бір себеппен де қажет. Ресей туралы айтқанда, қарасы көрінбейтін, үн шығармайтын, әрі мылқау, әрі саңырау туралы айтылмайтынын Еуропаға көрсететін уақыт жетті. Біз, Ресейден тек еркін орыс сөзі, ақыр соңында, Еуропада да естілуі үшін ғанак кеткен адамдар, – осында бармыз және орасан зор да лайықты беделі бар адам “Ресей жоқ, орыстар адам емес, олар инсанияттық мағынадан айрылған” деп соққанда өз даусымызды көтеру өзіміздің парызымыз деп білеміз. Егер сіз ресми Ресейді, патшалық-фасадты, византиялық-немістік үкіметті айтып отырсаңыз, дауымыз жоқ. Бұо тұрғыдан сіз не айтсаңыз да біз күні бұрын келісеміз. Бұл арада қорғаушы рөлін атқаратын біз емес. Орыс үкіметінің баспасөздегі агенттері жыртылып-айрылады, демек оның қарекеттері ділмар мақтау-мадақта ешқашан жетіспестік болмайды. Бірақ сіздің еңсеңізде әңгіме алғыз ресми қоғам туралы емес; сіз неғұрлым терең мәселені қозғап отырсыз; сіз халықтың өзі туралы тіл безейсіз. Бейшара орыс халқы! Оны қорғап дауыс көтеретін жан жоқ! Өзіңіз-ақ бәсін беріңіз, ар-ұятқа салсақ, үндемей отыра аламын ба? Орыс халқы, мейірімді тақсыр, тірі, дені сау және тіпті кәрі де емес, – керісінше, өте жас. Адамдар жас кезінде де өледі, бұл болып тұрады, бірақ бұл қалыпты нәрсе емес. Орыс халқының өткені түнек; оның қазіргісі сұмдық, бірақ оның болашаққа хақысы бар. О өзінің қазіргі жағдайына сенбейді, уақыт өткенде қаншалық аз берсе, ол содан неғұрлым көп күтуден тайсалмайды.

Орыс халқы үшін ең қиын кезең аяқталып келеді. Оны ғаламат күрес күтіп тұр; оның жаулары соған дайындалуда. Кімді кім деген ұлы сұрақ Ресей үшін көп ұзамай шешіледі. Бірақ күрес алдында жеңістен күдер үзу күнә. Орыс мәселесі орасан зор, сұмдық көлем алып отыр; ол барлық партияларды қатты алаңдататыд; бірақ маған императорлық Ресей мен ресми Ресеймен тым көп, ал халықтық Ресеймен, үнсіз Ресеймен тым аз айналысатын сықылды көрінеді. Тіпті Ресейге тек үкіметтік көзқарас тұрғысынан қарап-ақ, сіз осынау ыңғайсыз көршімен, өзін бір жерде найзасымен, бір жерде шпиондарымен көрсетіп бүкіл Еуропада сезіндіріп отырған көршімен жақынырақ танысу артық болмас еді деп ойламайсыз ба? Орыс үкіметі Оттоиандық Портаға қамқорлығымен Жерорта теңізіне дейін, неміс бажалары мен нағашыларына қамқорлығы Рейнге дейін, Франциядағы тәртіпке қамқорығымен Атлант мұхитына дейін созылып жатыр. Осынау әлемдік қамқоршыны лайықты бағалау, осынау оғаш мемлекетке Петербург үкіметі қабылдаған жиіркенішті рөлден – адамзат жолына ылғи да кесе-көлденең тұратын бөгет рөлінен ьасқа бір міндет жүктелмеп пе, соны зерттеу артық болмас еді, деймін мен. Еуропа сұмдық катаклизмге жақындап келеді. Орағасырлық дүние күйреп жатыр. Феодалдық дүние аяқталып келеді. Саяси және діни революциялар өз дәрменсіздігінің салмағынан титықтауда; олар ұлы істерді жасады, бірақ өз міндеттерін атқара алмады. Олар тақ пен михрабқа сенімді күйретті, бірақ бостандықты жүзеге асыра алмады; олар жанжүректе атқаруға өздерінің күштері жетпейтін тілектерді оятты. Парламентаризм, протестантизм – осының бәрі тек кейіне шегеру, уақытша құтқарылу, ажал мен қайта түлеуге қарсы дәрменсіз тіректер. Олардың уақыты өтті. 1848 жылдан бастап қатып-семген Рим құқығы да, алдамшы казуистикасы да, арық-тұрық деистік философия да, тұл діни

рационализм де қоғам тағдырының жүзеге асуын шегеріп тастай алмайтыны түсініле бастады. Күн күркірі жақындап келеді, оны теріске шывғару мүмкін емес. Мұнымен революция адамдары да, реакция адамдары да келіседі. Жұрттың бәрінің басы айналды, ауыр өмірлік мәселе баршаның жүрегін жаншып, тынысын тарылтуда. Баршаның аузында өсе түскен беймазалықтан туындайтын бір сұрақ: ескі Еуропаның, осынау тірі аруақтық, осынау қаусап бара жатқан организмінің қайта түлеуіне күш жете ме? Жауапты үрейлене күтуде, және осынау күту сұмдық. Шынында, сұрақ қорқынышты! Қарт Еуропа өзінің суып бара жатқан қанын жаңартып, еңсерілмес күш жетелеп бара жатқан, осынау көз жетпес болашаққа қойып кете ала ма, сол болашаққа ол алды-артына қарамай зырлап барады, сол болашаққа барар жол, бәлкім, әке үйінің қираған жұрты арқылы, өткен өркенияттардың қирындылары арқылы, ең жаңа құрылымның табанмен тапталған байлықтары арқылы өтер? Қазіргі сәттің бүкіл маңыздылығын екі жақ та түсінді. Шешуші шайқастың алдында Еуропа саңрау, тымырсық түнек құшағында қалды. Бұл өмір емес, ауыр үрейлі сарғая күту. Заңдылық та, шындық та, тіпті бостандықтың ұрығы да жоқ; барлық жерде дүниауи инквизицияның шексіз үстемдігі; заңды тәртіп орнына – қоршаудағы жағдай. Бір ғана инсанияттық қозғаушы күш – қорқыныш бәрін билеп-төстеуде, және ол жеткілікті. Реакцияның аждаһадай қомағай мүддесінің алдында барлық мәселелер екінші қатарға ығыстырыла береді. Тегінде, ең дұшпан біртұас, ғаламдық полиция болып қосылып кетуде. Орыс императоры, өзінің француздарға өшпенділігін жасырмай-ақ, Париждің полиция префектісін наградтай береді. Неаполь королі республика президентін орденмен марапаттайды. Берлин королі, орыс мундирін киіп алып, Николайдың жебеуі қатысуымен, өзінің дұшпаны Австрия императорын құшатау үшін Варшаваға асығады, ал сол мезгілде әлгі Австрия Николай, біртұтас

құтқарушы шіркеуден безінген адам. Рим папсына өзінің көмегін ұсынады. Осынау сатурналий (өз балаларынан қауіп – Ауд.) ортасында, реакцияның осынау жын ойнағының ортасында енді кісіні жүгенсіздіктен ешім қорғамайды. Тіпі дамымаған қоғамдарда, Қытайда, Персияда бар кепілдіктер де енді сауатты дүние делінетіндердің астаналарында құрметтелмейді. Көзіңе әрең сенесің. Бір кездері біз іблетін, жақсы көретін еуропа осы ма? Рас, егер, Шекспир айтқандай “теңіздің күпісімен әдіптелген осынау алмас” – еркін де өркеуде Англия болмаса, егер Швейцария, Петр секілді кесарьдан қорқып, өзінің бастауынан бас тартса, егер Италияның аман қалған бір бұтағы Пьемонт, Альпінің арғы жағына қуып тығылған, Апениннен өтпеген бостандықтың осынау соңғы баспанасы, егер осынау үш консерваторларға ескі дүниені ақтық іріп-шіруге жеткізудің сәті түсті, Франция мен Германияда варварлық заманы орнап үлгерді деп ойлауға болар еді. Осынау былық арасында, ажал алдындағы осынау сарығу мен азапты қайта түлеу арасында, бесіктің айналасында быт-шыт болып ыдырап бара жатқан дүние арасында жанарыңыз амалсыз шығысқа тігіледі. Онда, тұманнан жоғары бой көтерген қап-қара тау сияқты, дұшпан, қаһарлы патшалық көрінеді; кейкейде ол, тасқын су сияқты, Еуропаға келе жатқан секілді, ол, шыдамсыз мұрагер сияқты, оның баяу ажалын тездеткісі келетін секілді көрінеді. Осыдан екі жүз жыл бұрын мүлдем белгісіз патшалық ешқандай құқықсыз, ешқандай шақырусыз кенеттен, келіп, Еуропа державаларының кеңесінде дөрекі, күркіреп, сөйлей жөнелді және оның жәрдемінсіз жиналған олжадан өз үлесін талап етті. Еуропаның барлық істеріне араласуға оның дәмесіне қарсы шығуға ешкімнің батылы бармады.

Карл XІІ тәуекел етіп көрді, бірақ соған дейін жеңілісті білмеген оның семсері омырылып қалды; Фридрих ІІ Петербург сарайының дәмесіне қарсы шығып еді; Кёнисберг пен Берлин солтүстік дұшпанның олжасына айналды. Наполеон жарты миллион әскерімен алапаттың нақ жүрегіне жетті, бірақ алғаш қолы іліккен кең шанамен жалғыз өзі жылыстап берді. Еуропа Наполеонның зытып беруіне, оның артынын құған қара бұлттай казактарға, Парижге беттеген, жолшыбай немістерге садақа – олардың ұлттық тәуелсіздігін берген орыс әскерлеріне таң-тамаша қарап тұрды. Сол кезденн бері Ресей, қанішер сияқты, Еуропаныңтағдырына ауыз салуды да, патшалар мен халықтардың қателіктерін қалт жібермей қадағалап тұр. Кеше ол Венгрияға қарсы көмектесемін деп Австрияны жаншып тастай жаздады, ертең ол Берлин королін тыншыту үшін Бранденбургты орыс губерниясы деп жариялай салады.Күрес қарсаңында осынау жауынгер туралы ештеңе білмеу ықтимал ма? Ал бұл екі арада ол бар қаһарымен, мұздай қаруланып, реакцияның алғашқы өтінішімен-ақ шекарадан аттап өтіп, жетіп келуге дайын тұр.сөйте тұра оның қаруын, оның бояуының түртүсін әрең-әрең біледі және оның ресми сөздері мен ол туралы әрқилы бұлдыр әңгімелерді қанағат тұтады. Енді біреулер тек патшаның құдіреті бәріне жететіні, үкіметтің жүгенсіздігі, бодандардың құлдық рухы туралы ғана айтады; екінші біреулер, керісінше Петербург империализмі халықтық империализм емес, үкімет пен помещиктердің қосар деспотизмінен жаншылған халық қамытқа жегілген, бірақ онымен ь\бітіспейді, о жойылған жоқ, тек сормаңдай дейді, және сонымен бі мезгілде, осынау халықтың өзі, өзін жаншып отырған ғаламат патшалыққа бірлік пен күш береді дейді. Өзге біреулер, орыс халқы – маскүнемдер мен алаяқтардың жеккөрінішті тобыры деп толықтырады, басқа біреулер Ресей қабілетті де аса дарынды адамдар тұқымыфна толы деп сендіреді.

Маған көне дүние өзінің қарсыласы туралы барлық мәліметтерді бытыстырып жіберетін қарттық ұмытшақтықта қасіретті бірдеңе бар сияқты көрінеді. Кереғар пікірлердің осынау ьобырында мағнасыздықтың, сарсылтатын үстірттіктің, қатып-семген соқыр сенімдердің өріп жүргені соншалық, Римнің құлау кезеңімен салыстыруға біз амалсыз жүгінеміз. Сол кезде, онда да төңкеріс қарсаңында, варварар жеңісінің қарсаңында, Римнің мәңгілігі жарияланды, бұл назарейлердің (иудейерден шыққан алғашқы христиандардың атауы – Ауд.) дәрменсі есалаңдығы мен варварлар дүниесінде басталған қозғалыстың түкке татымайтындығы еді. Сіздің ұлы еңбегіңіз бар: сіз Францияда бірніші болып орыс халқы туралы сөйлей бастадыңыз, сөіз байқамай өмірдің жүрегінің өзіне, бастауының өзіне тиіп кеттеіңіз. Егер ашу-ыза үстінде сіз созылған олыңызды дереу қайта жиып алмасаңыз, егер сіз өзіңізге лай болып көрінген бастаудан теріс айналмасаңыз ақиқат сіздің көз алдыңызға көлденеңдей қалар еді. Мен сіздің ызаға толы сөздеріңізді терең өкінішпен оқыпшықтым. Мұң жайлаған, жүрегімді сағыныш билеген мен, шынымды айтайын, одан біздің бәріміз білетін әрі жақсы көретін тарихшыны, философты және ең алдымен жүрегі сүйіспеншілікке толы адамды бекер іздеппін. Айта кетейін; мен сіздің ашулануыңыздың себебін, тәп-тәуір түсіндім: сіздің бүйрегіңіз бейшара Польшаға бұрыпты. Бізге де өзіміздің бауырларымыз поляктар жөніндегі осы сезім терең сіңген, және бұл сезім бізде – тек аяушылық емес, сондай-ақ ұят және ұжданның жегідей жеуі. Польшаға сүйіспеншілік! Біздің бәріміз оны жақсы көреміз, бірақ сол сезімді, дәл сондай сорлы басқа халыққа – қолы байлаулы болғандықтан долы үкіметтің зұлымдықтарына көмектесуге мәжбүр етілген халыққа өшпенділікті қосақтауға бола ма? Кең болсақ, кем болмаспыз, күні кешелергі революцияның барлық ажалдарына ие халық біздің көз алдымызда Римде варшавалық тәртіпті қалпына келтіруге келіскенін

ұмытпайық, ал бүгін... айналаңда не болып жатқанына өзіңіз-ақ көз салыңыз... ал біз әлі француздар адам болудан қалды деп жүргеніміз жоқ қой. Бауырлар арасындағы осынау соры қайнаған соғысты ұмытатын уақыт жетті. Біздің арамызда жеңімпаз жоқ. Польша мен Ресейді басыпжаншып отырған ортақ жау. Құрбандықтар, азап шеккендер де – солардың өзі солар үшін де, біз үшін де бірдей мұңды өткеннен теріс айналуда. Сіз секілді мен де, сіздің досыңыз, ұлы ақын Мицкевичке сілтеме жасап отырмын. Бұл “садақа, күнәсіз адасу” деген поляк әншісінің пікірін айтпай-ақ қойыңыз. Жоқ. Бұл ұзақ та қаяусыз ойдың, слваян дүниесінің тағдырын терең түсінудің жемісі. Жауды кешіру – тамаша ерлік; бірақодан да тамаша, одан да адамшыл ерлік бар: бұл жауларыңды түсіну, өйткені түсіну – әрі кешіру, әрі ақтау, әрі татуласу! Славян дүниесі бірлікке ұмтылуа; бұл ұмтылыс Наполеон кезеңінен кейін іле-шала аңғарылды. Славяндар федерациясы туралы ой Пестель мен Муравьевтің өзінің революциялық жоспарларында-ақ туа бастады. Сол кездегі орыс астыртын ұйымына көптеген поляктар қатысты. Варшавада 1830 жылғы революция бұрқ ете қалғанда, орыс халық патша ырқына көнбегендерге қарсы титімдей де дұшпандық көрсеткен жоқ. Жастар бүкіл жпн-жүрегімен поляктар жағында болды. Біз Варшавадан жететін хабарларды қаншалық асыға күткенімізді мен ұмытқан жоқпын; Польшаның астанасында біздің петербургтік азапкерлерімізге (автор декабристерді айтып отыр – Ауд.) ас берілгені туралы хабары естігенде біз өксіп жыладық. Поляктарға жаашырлық бізді аяусыз жазаларға ұшыратты; оны амалсыз жүректе жасырып, үндемеуге тиіс болдық. 1830 жылғы соғыс кезінде Польшада ерекше ұлт және әбден түсінікті дұшпандық сезімі басым болуы әбден мүмкін нәрсе. Бірақ сол кезден бері Мицкевичтің қызметі, көптеген славяндардың тарихи және филологиялық

еңбектері, еуропа хаықтарын тереңірек білу (бұл елден аласталудың ауыр бағасымен сатып алынған білім) ойға мүлдем басқа бағыт берді. Поляктар күрес орыс халқы мен өздерінің арасында жүріп жатпағанын сезінді, олар алдағы уақытта өздері мен біздің бостандығымыз үшін күресуден басқа жол екенін түсінді, бұл олардың революциялық туына жазып қоылды. Николай запатап, ФВильнода атып тастаған Конарский тайпаға бөліпжармай орыстар мен поляктардың көтерілісіне шақырды. Ресей оған алғысын еміс-еміс белгілі трагедиялардың бірі арқылы білдірді, ал бізде неміс ботфорттарының астында ырықтың қандай да қаһармандық көрінісі трагедиямен аяқталады. Армия офицері Короваев Конарскийді құтқаруға бел байлады. Олл кезекшілік жасайтын күн жақындап келе жатты; оны қашырып жіберу үшін бәрі де даяр болатын, дәл сол кезде поляк азапкерінің жолдастарының бірінің сатқындығы оның бүкіл жоспарының күлін көкке ұшырды. Жас жігіт тұтқындалып, Сібірге жөнелтілді, чодан бері ол туралы ешқандай сыбыс естілген емес. Империяның қиыр губернияларында аудауда мен бес жылымды өткіздім; мен онда жер аударылған талай полляктармен кезіктім. Әрбір дерік уездік қалада не тұтас бір әулет, не тәуелсіздік сорлы жауынгерлерінің бірі тұрады. Мен солардың айғайын қуана-қуана келтіре алар едім; әрине, олар жергілікті тұрғындар тарапынан іш тарту жеткіліксіз деп шағына алмайды. Әлбетте, бұл арада әңгіме полиция және жоғарғы әскери иерархия туралы емес. Ол еш жерде, оның үстіне Ресейде бостандыққа ынтықтығымен ерекшеленбейді. Сондай-ақ мен туған жердің ықпалынан алыстату үшін жыл сайын орыс университеттеріне жөнелтілетін поляк студенттеріне сітеме жасай алар едім; оларды орыс жолдастары қалай қарсы алғанын сола айтсын. Ола бізбен көз жасын төгіп тұрып қоштасатын. Есіңізде ме, жылы Парижде, поляк эмигранттар өз революциясының жылдығын мейрамдап жатқанда, достық және өткенді

ұмыту үшін мінберге орыстың көтерілгені. Ол біздің сорлы досымыз Бакунин болатын... Айтпақшы, отандастарыма сілтеме жасамау үшін, біздің дұшпандарымыз деп саналатындардың арасынан сіздің өзіңіз Костюшко туралы өзіңіздің ауызыңызда атаған адамды іріктеп алайын. Бұл мәселе туралы поляк демократиясының ақсақалдарының бірі революциялық Польшаның министрлерінің бірі Бернацкиге жүгініңіз; мен соған сілтеме жасауға тайсалмаймын – ұзаққа созылған қайғы, әрине, оныорыстікі атаулыға қарсылықты қатайта түсер еді. бірақ ол мен айтқанның бәрін растайтынына кәміл сенемін. Ресей мен Польшаны өзара және бүкіл славян дүниесімен, біріктіріп тұрған ынтымақ теріске шығарыла алмайды, ол айдан анық. Одан да әрі: славян дүниесі үшін Ресейсіз болашақ жоқ; Ресейсіз ол дамымайды, ол жайылып кетіп, оны герман элементі жұтып қояды; ол австриялық болып кетеді де, өзінің дербестігін ояды. Бірақ, біздің пікіріміз бойынша, оның тағдыры, оның міндеті бұл емес. Сіздің ойыңыздың біртіндеп өрбуінің артынан ере отырып, мен мынаны мойындауға тиіспін: мен сіздің бүкіл Еуропа бір тұлға, онда ұлыс қажеььі орган рөлін атқарады деген көзқарасыңызбен келісе алмаймын. Маған барлық герман-роман ұлыстары еуропалық дүниеге қажет секілді көрінеді, өйткені олар сонда отыр, бірақ олар онда әлдене қажеттіліктің салдарынан отырғанын дәлелдеу қиын болар еді. сонау Аристотель алдыңғы қажеттілікті фактылар салдарынан енгізілетін қажеттіліктен ажыратып көрсеткен болатын. Табиғат жүзеге асқан оқиғалардың қажеттігімен келіседі, бірақ сан алуан мүмкіндіктер арасындағы тербеліс өте үлкен. Нақ сол негізде славян дүниесі бірлікке өз құқығын көрсете алады, оның үстіне ол бір тайпадан құралған. Орталықтандыру славян рухына жат; федерация оның сипатына әлдеқайда тән. Тек еркін де өзіндік ерекшелігі бар халықтар одағына топтасып қана, славян дүниесі, ақыр аяғында, нағыз тарихи тіршілік етуіне қадам басады. Оның өткеніне тек өсу, дайындалу, тазару ретінде ғана

қарауға болады. Славядар өмір сүрген тарихи мемлекеттік пошымдар олардың ішкі ұлттық қажеттіліктеріне, керек десеңіз, дәйексіз, инстинктті қажеттіліктеріне, бірақ сол арқылы ғаламат өміршеңдігін, болашаққа көп үміт артқызатындығын мәлімдейтін қажеттіліктеріне сай келген жоқ. Славяндар осы кезге дейін өз тарихының барлық фазаларында оғаш жартылай назарға – тіпті ғажап ұнасымға ие болып отырды. Мәселен, Ресей мәжусиліктен христиандыққа дүрбелеңсіз, наразылықсыз, жалғыз ғана ұлы князь Владимирге мойынсұнудан, Киевке еліктеуден көшті. Ескі пұттар өкінішсіз-ақ Волховқа тасталып, жаңа құдайға жаңа пұт секілді бағынды. Сегіз жүз ыжлдан кейін Ресейдің бір бөлігі дәл сол секілді шет жерден жаздырып алдырылған өркениятқа бағынды. Славян дүниесі ешқашан сүйіп көрмеген, және сондықтан да, тегінде, өзінің айналасында болып жатқан күйбеңге ешқалай қатыспаған әйелге ұқсайды. Оның еш жерде керегі жоқ, баршаға жат. Бірақ болашақ үшін жауап беруге болмайды; ол әлі жас, және оғаш бір сағыныш оның жүрегін жаулап алып, оны тезірек лүпілдеуге итермелеп тұр. Халық байлығының рухына келсек, бір мезгілде күшті де, бостан да болған бірден-бір славян халқы поляктарды көрсету жетіп жатыр. Славян дүниесі, шындап келгенде, сырт көзге көрінетініндей, соншалық іру-тіру де емес. Рыцарьлық, либералдық және католиктік Польшаның сыртқы қабатының, императорлық, езгіге түскен, византиялық Ресейдің астында, серб воеводасының демократиялық басқаруы астында, Австрия Империясы, Далмация мен Банатты тұншықтырып отырған бюрократиялық қамыт астында, Османшылардың патриархалдық билігінің астында және Черногория владыкасының батасының астында физиологиялық әрі этнографиялық жағынан бірдей халық өмір сүруде. Осынау славян тайпаларының басым бөлігі ешқашан дерлік жаулап алу салдарынан езгіге түскен емес. Олар жиі тап болған тәуелділік, көбінекөп тек өзгенің билігін мойындап, алым төлеп тұруға саятын. Ресейдегі

моңғол билігі, мысалы, сондай болды. Осылайша, жүздеген жылдар бойы славяндар өздерінің ұлтын, өздерінің құлқын, өздерінің тілін сақтап қалды. Осы айтылғандардың бәрінің негізінде Ресейді шыңдалудың дәні, бірілікке ұмтылған славян дүниесінің бүйрегі бұратын орталық деп санауға, мұның үстіне әзірше ұлы тайпаның күшті де тәуелсіз мемлекетке айналған бірден-бір бөлігі болып отырғанда солай деп санауға хақымыз жоқ па? Бұл сұраққа жауап, егер Петербург үкіметі өінің ұлттық міндетітуралы титімдей де бірдеңе түсінетін болса, егер осынау нақұрыс та тажалды деспотизм қандай да бір адами оймен сыйыса алатын болса, мүлдем айқын болар еді. бірақ қазіргі орнаған жағдайда қандай адал ниетті адам батыс славяндарға ұдайы қоршау жағдайындағы империямен – скипетр аямай ұрып өлтіретін таяққа айналған империямен бірігуді ұсынуға бел байлай алмақ? Сатып алынған немесе адасқан адамдар ара-тұра мадақтап қоятын императорлық панславизмнің, әлбетте, еркіндік бастауына негізделген одақпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Осы арада логика бізді бірінші дәрежелі маңызы бар мәселеге алып келеді. Славян дүниесі болашақта неғұрлым толық дамуға үміт арта алады деп топшыласақ, мынадай сұрақ қоймауға болмайды: ұрықтық ахуалында байқалған қандай элемент осындай үмітке құқық береді? Егер славяндар заманымыз туды деп санаса, бұл элемент Еуропадағы революциялық идеяға сәйкес келуге тиіс. Сіз сол элементті көрсеттіңіз, сіз оны қозғап көрдіңіз, бірақ ол сіздің қолыңызға түспей кетті, өйткені Польшаға ізгі жанашырлық сіздің назарыңызды бұрып әкетті. Сіз “орыс халқы өмірінің тұғыры коммунизм” дейсіз, сіз “оның күші аграрлық заңда, жерді ұдайы бөлісіп отыруда” дегенді кесіп айтасыз.

Сіздің көмекейіңізден қандай қорқынышты Мане-фекел ұшып шықты!.. Коммунизм – тұғыр! Жер бөлісуге негізделген күш! Және сіз өз сөзіңізден өзіңіз қорқып кеткен жоқсыз ба? Осы арада бөгеліп, ойлану, мәселеге бойлай түсу, бұо арман ба әлде ақиқат па, соған көз жеткізіп алмай тұрып тастамау керек емес пе еді. XІX ғасырда коммунизм туралы мәселеден тыс жатқан, жерді бөлу туралы мәселеден тыс жатқан қандай да бір елеулі мәселе бар ма еді? Өзіңіздің ашу-ызаңызға бой алдырып, сіз былай сабақтайсыз: “Оларда (орыстарда) адамшылықтың елеулі нышаны – инсанияттық алғырлық, жақсылық пен жамандық сезімі жетіспейді. Ақиқат пен шындықтың олар үшін мағынасы жоқ; солар туралы сөз етіңізші – олар үндемейді, жымияды және со сөздердің не екенін түсінбейді”. Сіз сөйлескен орыстар кімдер? Ақиқат пен шындық туралы қандай ұғымдарды олар түсінбейтін болып шықты? Бұл басы артық сұрақ емес. Біздің барынша революцияшыл заманда шындық пен ақиқат деген сөздер өзінің абсолютті, баршаға бірдей мәнінен айрылып қалды. Ескі Еуропаның ақиқаты мен шындығы туып келе жатқан жаңа Еуропаша айтсақ – өтірік пен жалғандық. Халықтар – табиғаттың туындысы; тарих – жануарлық дамудың прогресті жалғасы. Біз табиғатқа өзіміздің инсанияттық өлшемімізбен алысқа ұзай алмаймыз. Оған біздің жамандауымыздың да, мақтауымыздың да бәрібір. Оған үкімдер де, Монтион сыйлығы да жоқ. Ол біздің жеке қалауымызбен жасалған этикалық категорияларға жатпайды. Маған халықты жаман деп, жақсы деп те атауға болмайтын секілді көрінеді. Халықта әрқашан ақиқат білдіріледі. Халықтың өмірі жалған бола алмайды. Табиғат аталмыш жағдайды жүзеге асыруға болатынды ғана туындатады: ол тіршілік етуші атаулыны өзінің творчестволық ашибастауымен, өзінің жүзеге асыруға қажымас құштарлығымен, тіршілік ететіндердің баршасына ортақ осынау құштарлықпен алға жетелейді.

Тарихқа дейінгі жағдайда өмір сүретін халықтар бар, енді біреулер – тарихтан тыс өмір сүреді; бірақ, біртұтас, блінбейтін тарихтың кең ағынына бір түскен олар адамзатқа тиесілі, және, екінші жағынан, оларға адамзаттың бүкіл өткені тиесілі. Тарихта, яғни адамзаттың белсенді де прогресшіл бөлігінде әлпет пошымының, тері түсінің және басқа айырмашылықтардың аристократиясы аз-аздап жойыла береді. Адамға айналмаған нәрсе тарихқа ене алмайды; сондытан тарихқа еніп алған, хайуандар үйірі деп атауға болатын халық жоқ, сондай-ақ таңдаулылар табыны деп атауға лайық халық та жоқ. Францияның Еуропа дүниесі тағдырындағы орасан маңызын жоққа шығаратын едәуір батыл немесе слғыс дегенді білмейтін адам жоқ; бірақ менің ашық мойындауыма рұқсат етіңіз, мен сіздің тарихтың алағы барысына Францияның қатысуы – sіne qua non38 шарт деген пікіріңізбен келісе алмаймын. Табиғат өзінің бүкіл капиталын ешқашан бір қартаға тікпейді. Әлемдік гегемонияға құқығы тіпті де кем емес Рим, мәңгілік қала, сүрінді, күйреді, жоқ болып кетті, және аяушылықты білмейтін адамзат соның моласын аттап өтіп, ілгерілей берді. Екінші жағынан, табиғатты жүзеге асырылған алжасау деп санамай тұрып, он жүз жылдықта көбейе берген, өзінің ұлтын табандап сақтаған, орасан зор мемлекетке топтасқан, тарихқа, бәлкім, керектен де көбірек килігетін халықтан – тек бәсіреден қағылған жұртты, тек ғаламат жалғандықты, тек кесепаты жағынан ғана кездейсоқ жиылған адамдар секілді тіршілік иелерін көру қиын болар еді. Және, біз айнаысып отырған халық ,тіпті оның дұшпандарының айтуынша, тіпті де тоқырауда қалмаған халық жөнінде, осының бәрін қабылдау одан да қиын. Бұл тіпті де өзінің тілектеріне шамамен сәкес келетін қоғамдық пошымдарға жетіп алып, қытайлар секілді, ұйықтап қалған, тайпа емес, шектен тыс көп жасап, қарттық дәрменсіздікте үнділер

38 Даусыз (лат.).

секілді, өлімсіреп бара жатқан халық емес. Керісінше, Ресей мүлдем жаңа мемлекет – брлығына да әк иісі сіңген, барлығы жұмыс істеп, бірдеңелер бітіріп жатқан, әлі ештеңе мақсатқа жетпеген, барлығы да өзгеріп жататын, көбіне жаман жағына болса да, бәрібір өзгеріп жататын әлі салынып бітпеген ғимаратқа ұқсайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл, сіздің пікіріңіз бойынша, негіз тұғыры коммунизм болған, жер бөлісімен мықты халық... Ақыр соңында, сіз орыс халқын немесі үшін жазғырасыз? Сіздің айыптарыңыздың мәнісі неде? “Орыс, – дейсіз сіз, – өтірікті судай сапырады, ұрлайды; ұдайы ұрлайды, ұдайы өтірік айтады, және мұның ешқандай айбы жоқ; бұл оның табиғатындағы нәрсе”. Мен сіздің үкіміңіздегі шектен тыс қорытуларға тоқталмаймын, бірақ сізге қарапайым ғана бір сұрақ қоямын: орыс адамы кімді алдайды, кімдікін ұрлайды? Әрине, помещикті, шенеунікті, басқарушыны, полицейді, ол соларды басурмандар, сатқындар, жартылай немістер деп біледі, олардан басқа кімді алдасын? Қорғаныштың мүмкіндігі атаулыдан жұрдай ол өзін азаптаушыларға қулығын көрсетеді, соларды алдайды және сонысымен өте дұрыс істейді. Қулық, мархабатты мырза, ұлы ойшылдың сөзіне қарағанда дөрекі өкіметке кекесін. Орыс шаруасы, сіз өте дұрыс байқаған жерге жеке меншігіне жиіркеніші тұсында, өзінің пәруай да жалқау табиғаты жағдайында, азазддап елеусіз ғана неміс бюрократиясы мен помещиктік билік торына шырмалып қалды. Ол осынау кесіте беретін жамандыққа аянышты мойынсұнды, бірақ о помещиктің құқығына да, соттардың шындығына да, атқарушы биліктің заңдылығына да сенген жоқ. Міне екі жүз дерлік жыл болды, оның тіршілігі орын алып отырған жағдайға меңіреу, теріс оппозицияға айналды. Ол қыспаққа бағынады, ол шыдайды, бірақ селолық қауымнан тыс болып жатқан ештеңеге оның қатысы жоқ. Патшаның есімі, халық арасында әлі соқыр сенімге негізделген жанашырлық туғызады; халық Николай патшаның алдында емес, дерексіз

идея, миф алдында бас ұрады; халықтың түсінігінде патша қаһарлы кек алушы, шындықтың жүзеге асуы, жердегі көрегендік. Патшадан кейін тек жалғыз дінбасылар ғана православиелік Ресейге ықпал етеді: дінбасылар сақал қырмайды, сонысымен ғана халық жағында. Халық монахтарды сеніп тыңдайды. Бірақ монахтар мен жоғары дінбасылар тек о дүниемен айналысып, халық жайын еш ойламайды. Ал поптар ашқарақтығының маскүнемдігінің және полициямен әмпейлігінің салдарынан ықпал атаулыдан айрылған. Халық бұл арада да идеяны сыйлайды, бірақ жеке кісіні емес. Раскольниктерге келсек, олар жаңағы кісіні де, идеяны да, попты да, патшаны да өлердей жек көреді. Патша мен дінбасылардан басқа, үкімет пен қоғамның барлық элементтері халыққа мүлдем жат, елеулі түрде оған дұшпан. Шаоуа, сөздің төте мағынасында, заңнан тыс. Сот оған жәрдемші емес, және оның орын алып отырған бүкіл тәртіпке қатысты үстінен төніп тұрған, ол еңбегімен, қанымен төлейтін қос астарлы салықпен шектеледі. Жұрттың бәрі теріс айналған ол барлық басқару оның пайдасына емес нұқсанына ұйымдастырылғанын, үкімет пен помещиктердің міндеті сонның көбірек жұмыс істеуін, көбірек рекрут, көбірек ақша беруін талап ету екенін инстинктті түрде түсінді. Осыны түсініп алған, алғыр да икемді ақыл дарыған ол оларды барлық жерде, барлық нәрседе алдайды. Басқаша болуы мүмкін де емес: егер ол шынын айтса, сонысымен солардың өзіне билігін мойындаған болар еді; егер ол солардан ұрламаса (есіңізде болсын, шаруаның маңдай терімен өндірілгеннің бір бөлігін оның жасырып қалуы ұрлық деп есептеледі), ол сонысымен олардың талаптарының заңдылығын, помещиктердің құқықтарын және соттардың әділдігін мойындаған болар еді. Орыс шаруасының жағдайын едәуір түсіну үшін оны сот алдында көру керек; ол әскери кеңес алдындағы әскери тұтқын, қарақшылар шайкасы алдындағы жолаушы екенін түсіну үшін оның ұнжырғасы түскен

әлпетін, оның үрейге толы, жаутаңдаған жанарын көру керек. Бір қарағаннан-ақ құрбандықтың оны тергейтін, азаптайтын, жүұрдай ететін осынау дұшпан, аяуды білмейтін, ашқарақ тонаушыларға титімдей ден сенбейтіні аңғарылады. Ол ақшалы болса ақ, жоқ болса, қара болып шығатынын біледі. Орыс халқы өзінің ескі тілімен сөйлейді; қазылар мен хатшылар жаңа, қиқы-жиқы, әрең түсінілетін бюрократиялық тілмен жазады – олар тұтас бір фолианттарды грамматикалық сауатсыздықпен толтырып, осынау мылжыңды шаруаға асыға-үсіге оқып береді. Қалай қаласаң, солай түсін, қалай білсең, солай құтыл. Шаруа мұның бәрі қайда бұрылып бара жатқанын көреді де, өзін өте сақ ұстайды. Ол артық ештеңе айтпайды, өзінің мазасыздана бастағанын жасырады, ақымақ адам секілді үн шығармайды. Сот ақтаған шаруа үйіне нақ бір үкім естігендей қайғылы кейіппен сүмірейіп қайтады. Екі жағдайда да шешім жүгенсіздіктің немесе кездейсоқтықтың ісі сияқты болып көрінеді. Осылайша, оны куә ретінде шақырғанда да ол ештеңе білмеймін деп табандап тұрып алады, тіпті ең даусыз анық нәрседе де сөйтеді. Орыс халқының көзінде үкім адамды былғай алмайды. Жер аударылғандар, каторгаға айдалғандар ол үшін бейшаралар. Орыс халқының өмірі осы кезге дейін қауыммен шектеліп келді; ол өзінің құқықтары мен міндеттерін тек қауымға және оның мүшелері жөнінде ғана мойындайды. Қауымнан тыс жерде оған бәрі де зорлыққа негізделген секілді болып көрінеді. Оның мінез-құлқының жазмышты жағы оның сол зорлыққа мойынсұнатындығында, оның соны теріске шығарып, қулықпен өзін аман алып қалуға тырысуында. Заңсыз өкімет қойған қазы алдындағы өтірік сатып алынған префект соның ығына жығылып іріктеген көлденең билер алдындағы өтіріктен әлдеқайда бүкпесіз. Халық тек заңдар мен құқықтар туралы өзіне тән ұғымдар бейнеленген низамдарды ғана құрметтейді.

Орыс халқымен жақын танысқан кез-келген адамға күмәнсіз бір факт бар. Шаруалар бірін-бірі ілуде бір алдайды; олардың арасында шектелмеген дерлік сенім үстем, олар келісім-шарт пен жазбаша қолхат дегенді білмейді. Телімдер арасын омақалау мәселесі қажетіне қарай салық төлеуші саныа қарай жерді ұдайы қайта бөліп беру тұсында өте күрделі; сөйтседағы іс шағымсыз, сотта қараусыз бітеді. Помещиктер мен үкімет килігу үшін сылтауды асыға күтеді; бірақ ондай сылтау табылмайды. Ұсақ келіспеушіліктер қарттардың, не қауымның талқысына беріледі де, олардың шешімін барша ләм-мим демей қабылдайды. Артельдерде де нақ солай. Артельдер көбіне белгілі бір уақытқа, мысалы – бір жылға бірігетін бірнеше жүщ адамнан құралады. жыл өткеннен кейін жұмыскерлер табылған табысты әркімнің еңбегіне қарай және ортақ келісім бойынша өзара бөліседі. Полиция олардың есеп айырысуына ешқашан дерлік араласа қоймайды. Артель әрқашан дерлік әрбір мүшесі үшін жауап береді. Бір қауымның мүшелері православиелік емес, раскоьник болғанда шаруалар арасындағы байланыс ода да күшті болады. Үкімет ара-тұра әйтеуір бір раскольниктер деревнясына аяусыз жортулы жасап тұрады. Шаруаларды абақтыға отырғызады, жер аударады, осының бәрі ешқандай жоспарсыз, ешқандай дәйексіз, ешқандай іліксіз және мұқтаждықсыз, тек дінбасылардың талабын қанағаттандыру және полицияға жұмыс тауып беру үшін жүргізіледі. Раскольниктерге осынау жортуылдар кезіне орыс шаруаларының мінез-құлқы – оларды өзара байланыстырып тұрған ынтымақ тағы да байқалады. Олардың полицияны қалай алдап үлгеетінін, өз бауырларын құтқаратынын, қасиетті кітаптар мен ыдыстарды жасыратынын, ештеңе айтпай, қандай азамптарға шыдайтынын дәл сол кезде көру керек. Маған раскольниктің қауымын шаруа, тіпті православ шаруа көрсетіп берген бір оқиғаны кім көрсете алар екен? Орыс мінез-құлқының осынау қасиеттер полициялық тергеуді төтенше қиындатады. Бұған шын жүректен қуанбасқа болмайды. Орыс

шаруасында оның коммунизмінен инстинктті, табиғи түрде туындайтыннан басқа инсаният жоқ; бұл терең халықтық инсаният; оған інжілден белгілі аз-маз нәрсе оны қолдап отырады; помещиктердің көпекөрнеу әділетсіздігі оны соның құққытары мен қауымдық құрылысқа матай түседі (автор өзінің ескертпесінде бұған бірталай мысал келітерді, біз оларды аударып жатудың керегі болмас деп ұйғардық – Ауд.) Қауым орыс халқын моңғаол варварлығы мен императорлық өркенияттан, еуропаша боялған помещиктер мен неміс бюрократиясынан сақап қалды. Қауымдық ұйым, қатты сілкіленсе де, өкіметтің килігуіне төтеп бере алды; ол Еуропада социализмнің дамуына аман-есен жетті. Бұл жағдай Ресей үшін шексіз маңызды. Орыс самодержавиесі жаңа фазиске қадам басты. Ұлтқа қарсы революциядан өсіп шыққан ол өзінің міндетін орындады; ол орасан зор империя, қаһарлы әскер, орталықтандырылған үкімет құрды. Шын тамырдан айрылған, аңыздардан айрылған ол, енді қарекетсіздікке бұйырылған; рас, ол өзіне жаңа міндет – Ресейге батыс өркениятын енгізу міндетін жүктегендей еді, және ол біршамма дәрежеге ейін, әлі білімді үкімет рөлін ой нап тұрғанда, табысқа да жетті. Енді ол бұл рөлді жиыстырып қойды. Халықпен өркеният үшін ірге адыратқан үкімет, самодержавие үшін білім беруден бас тартуды кешіктірген жоқ. Ол өзінің ұмтылысы тасасынан либерализмнің үші түсті елесі байқала бастаған бойда өркенияттан бас тартты; ол ұлтқа, халыққа оралуға тыраштанып көрді. Бұл мүмкін емес еді. халық пен үкімет арасында ортақ ештеңе жоқ еді; алғашқысы екіншісін тосырқап қалған-дды, ал үкіметке бұқара қойнауында жаңа елес, бұрынғыдан да қорқынышты – қызыл әтеш елесі жатқандай көрінді. Әрине, либерализм төндіретін қауіп жаңа пугачевшілдік төндіретін қатерден кемірек болатын, бірақ либералдық идеялардан үрей мен жиіркеніш күшті болғаны соншалық, үкімет енді өркениятпен татуласа алмайтын еді.

Сол кезден бері царизмнің бірден-бір мақсаты царизм болып қалды. Ол билеп-төстеу үшін билеп-төстеуде. Өзара қырып-жоюға, жасанды тыныштықты сақтауға орасан күш жұмсалуда. Бірақ самодержавие үшін самодержавие кйіннен мүмкін болмай қалады; бұл тым одағай, тым тұл. Ол соыны сезінді де, Еуропадан айналысатын іс іздей бастады.орыс дипломатиясының қызметі қажу дегенді білмейді; барлық жерде ноалар, кеңестер, қоқан-лоққы, уәде қардай ьорап тұр; агенттер мен шпиондар өріп жүр. Император өзін неміс ханзадаларының табиғи қамқорымын деп біледі; ол ұсақ неміс сарайларының барлық ұсақ айла-шарғыларына араласады; ол барлық дауларды шешеді; біреуіне зіркілдейді, енді біреуін ұлы ханшамен марапаттайды.бірақ оның қызметі үшін бұл жеткіліксіз. Ол ғаламның бірінші жандармының міндетін өз мойнына артады, ол бүкіл реакцияның, бүкіл қуғындаудың тірегі. Ол Еуропадағы монархиялық бастау өкілінің рөлін ойнайды,ол нақ бір Бурбон немесе Плантагент секілді, ал оның сарайындағылар – Глостерлер немесе Монморанси секілді аристократиялық менмендік көрсетуден тайынбайды. Өкінішке қарай белгілі бір бастауы бар, өткені бар, әлеуметтік және діни идеясы бар феодалдық монархизм мен артында тек қасіретті тарихи қажеттілік, өткінші пайда тұрған, ешқандай да инсанияттық қайнарға сүйенбейтін Петербург патшасының наполеондық деспотизмі арасында ортақ ештеңе жоқ. Қысқасы сарай да, күздің соңындағы тау шыңы секілді барған сайын қар мен мұзға көміле түсуде. Осынау үкіметтік шыңға дейін, жасанды түрде көтерілген өмір нәрі аз-аздап суып барады; бір ғана, әлі революциялық толқындардың тегеурінін тежеп тұрған материалдық күш пен жартастың беріктігі қалып тұр. Генералдар, министрлер, бюрократтар қоршаған Николай өзінің жалғыздығын ұмытқысы-ақ келеді, бірақ сәт сайы түнеріңкі, торығулы. Үрейлі бола түсуде. Ол өзінің ешкімге ұнамайтынын көріп жүр; ол

алыстағы дауылдың өзіне жақындап келе жатқан сеілді анық гуілінен өзінің айналасында патшалық құрған өлі үнсіздікті байқайды. Патша бәрін ұмытқысы келеді. Ол өзінің мақсаты – императорлық билікті ұлғайту екенін бар даусымен жариялады. Бұл мойындау – жаңалық емес: осынау жалғыз мақсат үшін қажымайталмай, демалмай еңбек етіп келе жатқалы міне жиырма жылдың жүзі болды; бұл үшін ол өз бодандарының көз жасын да, қанын да аяған жоқ. Оған бәрінің де сәті түсті; ол поляк ұлысын жаныштап тастады; Ресейде ол либерализмді басып тастады. Оған, іс жүзінде, енді не керек? Неліктен ол түнеріп жүр? Император Польшаның әлі өлмегенін сезеді. Ол мүлдем бекер, жанкештілікпен індеткен, орыс топырғаныа тамыр жая алмайтын экзотикалық гүл – либерализмнің орнына басқа бір, найзағайлы бұлт секілді қаһарлы басқа бір мәселе келе жатыр. Помещиктердің езгісінің астында халық бұлқына бастады; жергілікті көтерілістер үздіксіз бұрқ ете түсуде; сіз өзіңіз мұның сұмдық мысалын келтіргенсіз. Қозғалыс, прогресс партиясы шаруалардың, босатылуын талап етуде; ол өзінің құқықтарын құрбан етуге даяр. Патша толқу үстінде және кедергі жасауда; ол босатқысы келеді әрі оған бөгет болуа. Ол шаруаларды босату жерді босатумен байланысты екенін түсінді; өз кезегінде жерді босату – әлеуметтік екенін түсінді Босату туралы мәселені айналып өту мүмкін емес – оның шешімін келелі патшалыққа дейін шегере тұру, әрине, оңайырақ, бірақ бұл қорқақтық, және, шындап келгенде, бұл тек аттары жоқ жаман паошта станциясында жоғалтылған бірнеше сағат қана... Осының бәрінен сіз селолық қауымның өліп қалмағаны, жеке меншік қауымдық меншікті бөлшектеп жібермегені Ресей үшін қандай бақыт екенін; орыс халқының барлық саяси қозғалыстардан, еуропалық өркенияттан, қауымның түбіне жететін күмәнсіз және қазір социализмде

өзін-өзі терістеуге дейін жеткен өркенияттан тыс қалғаны, ол үшін қандай баыт екенін көресіз. Еуропа, – мұны мен басқа бір жерде айтқан болатынмын, – жеке кісі мен мемлекет арасындағы антиномияны шешкен жоқ, бірақ ол соны шешуді өзіне міндет етіп қойды. Ресей де бұл шешімді таба алған жоқ. Осы мәселенің алдында біздің теңдігіміз басталады. Еуропа әлеуметтік революция жолындағы алғашқы қадамында осынау хлықпен, оған егіншілер арасында жерді ұдайы бөліп отырудың жүзеге асырылуын, жартылай жабайы, бас-аяғы ашық-шашық – бірақ бәрібір жүзеге асырылуын беретін халықпен ұшырасады. Және есіңізде болсын, осынау ұлы өнегені беріп оытрған оқымысты Ресей емес, халықтың өзі, оның өмірлік процесі. Біз, батыс өркенияты арқылы өткен орыстар, біз орыс халқы мен революцияшыл Еуропа арасындағы құралдан, ашытқыдан, делдалдан басқа ештеңе емеспіз. Ресейдегіболашақтың адамы, Францияда дәл жұмыскер екендігі секілді, – мұжық. Бірақ соай болса, орыс халқының сіздің тарапыңыздан біршама кеңшілікке хақысы жоқ па, мархабатты тақсыр? Бейшара шаруа! Мүмкін болатын барлық әділетсіздік соның маңдайына тиеді. Император оны рекурттық жиып алуымен қуғындайды, помещик оның еңбегін, шенеунік соңғы бір сомын ұрлайды. Шаруа үндемейді, шыдайды, бірақ торықпайды, онда әлі қауым бар. Одан бір мүшені жұлып алса, қауым бұрынғыдан та тығыз жақындасады; былай қарағанда, бұл аяйтын жағдай; ал мұнда ешкімнің шаруасы жоқ. Шаруаны қорғау орнына, оны айыптайды. Сіз оған тіпті ол өзін адаммын деп сезінетін, ол жақсы көріп, қорықпайтын соңғы баспанасын да қалдырмайсыз; сіз былай дейсіз: “Оның қауымы – қауым емес, оның әулеті – әулет емес, оның әйелі – әйел емес: оның алдында ол помещикке тиесілі болады; оның балалары – оның ұрпағы емес, олардың әкесі кім екенін кім біледі”.

Сіз осылай осынау сорлы халықты ғылыми талдауға емес, басқа халықтардың, сіздің аңыздарыңызға аяусыз құлақ қоятын халықтардың менсінбеуіне мұрындық боласыз. Осыған орай бірер сөз айтуды мен парызым деп санаймын.барлық славяндардың үй тұрмысы төтенше күшті дамыған: бұл, бәлкім, олардың мінез-құлқының бірден-бір консервативті элементі, олардың терістейтін нәрсесінің соңғы шегі болар. Селолық семья оңайлықпен бөліне қоймайды; көбіне бәріне айтқанын істететін қарт атамен бір баспана астында үш, төрт ұрпақ тұрып жатады. Егіншілер сословиесінде барлық жерде болатыны секілді, әдетте езгіде болады, бірақ ол әулеттің үлкенінің жесірі болса, құрметке бөленеді. Бүкіл отбасын ақ шашты әже басқаратыны сирек емес... Ендеше, Ресейде отбасы жоқ деп кесіп айтуға бола ма? Енді помещиктің басыбайлы әулетке қатынасына көшейік. Бірақ айқынырақ болу үшін норманы қиянаттан, құқықтан қылмысты ажыратып алайық. Jus prіme noctіs39 Ресейде ешқашан болған емес. Помещик некедегі адалдыққа дақ салуды заңды түрде талап ете алмайды. Егер Ресейде заң орындалатын болса, басыбайлы әйелді зорлау, ол нақ еркін әйел болғандай, жазаланар еді, яғни каторгалық жұмысқа, не барлық құқықтарынан айрылып, Сібірге жер аударуға кесілер еді. Заң сондай, енді фактыларға жүгінейік. Үкімет помещиктерге берген билік тұсында оларға өз басыбайлыларының әйелдері мен қыздарын зорлау арқылы әрқашан мынаған қол жеткізе алады: қыздары мен әйелдерін оның қойнына салып беретін әкелер мен күйеулер табылады, бұл “Пёшо жазбаларындағы” XVІІІ ғасырда, ерекше жақсылық ретінде, өзінің қызын Parc aux cerfs’ке орналастыруды өтінген абыройлы француз дворянымен бірдей нәрсе.

39 алғашқы түн құқығы (лат.).

Сондай-ақ адал әкелер мен күйеулер Ресейдегі тамаша сот құрылысының арқасында помещикке сот таба алмайтыны да таңқалалық нәрсе емес; олар көбіне-көп Людовик XV-нің тапсырмасымен Берье он бір жасар қызын ұрлап алған Тьерселен мырзаның жағдайында болады. Осынау пасық жаманшылықтардың бәрі де мүмкін: бұған көз жеткізу үшін орыс дворяндарының бір бөлігінің дөрекі де лас құлқын еске түсіру жеткілікті. Бірақ шаруаларға келсек, олар өз қожайындарының мұндай бұзықтығына тіпті де жайбарақат қарамайды. Бұған дәлел келтіруіме рұқсат етіңіз. Өз

басыбайлылары өлтіретін помещиктердің жартысы (статистикалық мәліметтер боцынша олардың саны жылына алпыстан жетпіске дейін жетеді) өздерінің эротикалық ерлігінің салдарынан жаһаннамға аттанады. Мұндай ілік бойынша процестер сирек; шаруа өзінің шағымын сот ескертмейтінін біледі; бірақ оның балтасы бар; ол оны шебер игерген және мұнысын да жақсы біледі. Шаруалар туралы осы ишарамен шектелемін де, мен сізден сауатты Ресей туралы бірер сөзге құлақ түруіңізді өтінемін. Сіз халықтың сінез-құлқы секілді Ресейдің ақыл-ой қозғалысына да менсініңкіремей қарайсыз; қаоамыңыздың бір сүйкеуімен осы кезге дейін біздің бұғаулы қолымызбен жасалған барлық еңбекті сызып тастайсыз. Шекспирдің кейіпкерлерінің бірі өзінің мандыбас дұшпанын қорлау үшін, оған: “Мен тіпті сенің бар екеніңе күмәндімін” дейді. Сіз одан да әрі кеттіңіз, сізге орыс әдебиет тегеннің жоқ екені даусыз. Өзіңіздің төл сөздеріңізді келтірейін: “Біз орыс тіліне жаттығып, орыс әдебиеті-міс дейтіннің түсі қашқан елесімен Еуропаны аллдағысы келетін азын-аулақ қана ақылды адамдар жасаған тәжірибеге маңыздылық беріп жатпаймыз. Егер мен Мицкевич пен оның бейкүнә, пәк адасуына құрметпен қарамасам, мен, рас, оның осынау нәрсе туралы кеңдігі үшін (тіпті мархабаты үшін деуге де болады) оны айыптар да едім”.

Мен, мархабатты тақсыр, абақтыда оянған халықтың қасіретке толы алғашқы айғайын, абақты иесінің қолымен қылғындырған күрсінісін сіз қабылдайтын менсінбеудің себептерін текке іздеппін. Біздің мұңды поэзимыздың ғаламат үніне, тынымсыз өксік естіліп тұрған әуендерімізге сіздің неліктен құлақ түргіңіз келмеді? Сіздің жанарыңыздан біздің кекесінге толы күлкіміз, осынау үздік ирония, астарында әбденқансыраған жүрек жатқан, шындап келгенде, дәрменсіздігімізді тек жазмышты мойындау болып табылатын ирониясы не жасырып қалды? О, мен Пушкин мен Лермонтовтың біреше өлеңін, Кольцовтың бірнеше әнін сізге лайықты аударып беруді қандай қалаймын десеңізші! Сіз сонда бізге өзіңіздің достық қолыңызды ұсынар едіңіз, Сіз бірінші болып өзіңіздің сөзіңіз үшін кешіруді өтінер едіңіз! Шаруалар коммунизмінен кейін Ресейді оның әдеби қозғалысынан артық ештеңе сипаттай алмайды, ештеңе оған соншалық ұлы болашақ меңзей алмайды. Шаруа мен әдебиет арасында ресми Ресейдің – сіз айтқандай, “Ресей – жалғандықтың, Ресей – тырысқақтың” құбыжығы тұр. Бұл Ресей императордан басталады да, жандармнан жандармға дейін, шенеуніктен шенеунікке дейін, империяның ең қиыр түкпірлеріндегі ең соңғы полицейге дейін дамлиып жатыр. Осынау сатының әрбір басқышы, Дантенің тозағының орларындай, жамандықтың жаңа күшіне, былығу мен қаныпезерліктің жаңа баспаолағына ие болады. Бұл қылмыстардан, қиянаттардан, сатып алудан, полицейлерден, оңбағандардан, қарны бір тоймайтын тоңмойын немміс әкімшілерінен; ылғи да лас надан қазылардан, әман да арам аристократиядан құралған тірі пирамида; осының бәрі тонау мен олжаның қоғамдастығымен байланысты және алты жүз мың найзалы табиғи машинаға сүйенеді. Шаруа үкіметтік цинизмнің осынау дүниесіне ешқашан былғанбайды, ол соның болғанына төзіп отыр, оның жалғыз жазығы – сол.

Ресми Ресейге дұшпан қос бәріне дайын, оған қарсы шығатын, онымен күресетін, оны әшкерелейтін, астынан ор қазатын ат төбеліндей ғана адамдардан тұрады. Осынау жалғыз-жарым жауынгерлерді ара-тұра казематтарға тығады, азаптайды, Сіьірге жер аударады, бірақ олардың орны ұзақ уақыт бос қалмайды; жаңа күрескерлер алға шығады; бұл бідің аңызымыз, біздің майортаымыз. Ресейде адам сөзінің үрейлі салдарлары қажетіне қарай оған ерекше күш береді. Еркін кеңеске сүйсіне, риясыз құлақ қояды, өйткені ондай сөзді бізде тек айтатыны бар адамдар ғана айтады. Әірбір беттің соңында жандарм, үштік, қос және алдағы уақытта Тобольск немесе Красноярск елестеп тұратын кезде өз сөзіңді баспасөзге беруге кенет бел байлай алмайсың... Орыс халық оқымайды. Сондай-ақ Вольтер мен Дантені қоныстанғандар емес, дворяндар мен орташа сословиенің бір бөлігі оқығанын сіз білесіз. Ресейде орташа сословиенің сауатты бөлігі дворяндарға бейімдеу, ал дворяндар халық болудан қалғандардан құралған. Тіпті халықпен қосылып кететін дворяндар пролетариаты да, және еркіндікке жіберіліп дворяндарға қарай көтеріліп келе жатқан пролетариат та бар. Осынау флуктуация, осынау үздіксіз жаңару орыс дворяндығына артта қалған Еуропаның артықшылықты таптарында сіз таба алмайтын сипат береді. Қысқасы, Петр І-ден бастап Ресейдің бүкіл тарихы дворяндық және оған ағарту ықпалының тарихы. Қоса кетейін, орыс дворяндары соны жағынан 31-мамыр заңы бойынша Франциядағы сайлаушылар санымен бірдей. XVІІІ ғасырдың өн бойында жаңа орыс әдебиеті біз қазір ие болып отырған күмбірлеген бай тілге – икемді де құдіретті, герман метафизикасының ең дәйексіз идеялары мен француз әзілқойлығының жарқ-жұрқ еткен ойынын бере алатын тілге ие болып отырмыз. Петр І-нің кемеңгер ишарасымен дүниеге келген осынау әдебиет, рас, үкіметтік

сипатта болды, бірақ ол кезде үкіметтің туы прогресс, революция дерлік болатын. 1789 жылға дейін императорлық тахыт ағарту мен философияның ғаламат шымылдықтарын масайрай жамылды. Екатерина ІІ өзін картон деревнялармен және түрлі боялған тақтайлардан жасалған сарайлармен адауға лайық еді... Көрермендерді ғаламат жиһазбен одан артық ешкім көз қарықтыра алмайтын. Эрмитажда Вольтер, Монтескьё, Беккариа ауыздан түспейтін. Мархабатты тақсыр, медальдың екінші беті сізге белгілі. Алайда, сарай маңындағы салтанатты жырлар аарсында бір оғаш, күтпеген нота естіле бастады. Ол көп ұзамай барлық басқа, жасанды әуендер құйрығын қысып кетуге тиіс ештеңеге сенбейтін, қаһарлы ішектің дыбысы болатын. Әрі поэтикалық, әрі жалдаптық орыс ойының нағыз сипаты Николай таққаотырғаннан бастап бар күшімен дами бастады. Бұл бағыттығң ерекше белгісі – ұжданның қасіретті босатылуы, аяусыз жоққа шығару, ащы мысқыл, өзіне-өзі азапты үңілу. Кей-кейде осының бәрі ес-түссіз күлкімен алмасады, бірақ бұл күлкіде көңілді ештеңе жоқ. Еңсені езіп тұратын ортаға тап болған, айқын көзқараспен және сатылмайтын логикамен қаруланған орыс өз ата-бабаларының сенімі мен құлықтарынан тез босанды. Ойлана білетін орыс – бұл дүниедегі ең әуелсіз адам. Оны тоқтата алатын не? Өткенге құрме пе?.. Егер халықтық пен аңыздарды теріске шығару бомаса, Ресейдің жаңа тарихының бастапқы нүкетсі не болмақ. әлде Петербург кезеңінің аңыздары шығар? Бұл аңыз бізді ештеңеге міндеттемейді; бұл “зинақорлар үйінде болып жатқан қанды драманың бесінші актысы”, керісінше, біздің қолымызды біржола босатады. Екінші жағынан, батыс халықтарының өткені бізге өнеге ғана, басқа түк те емес; біз өзімізді олардың тарихи өсиеттеріне бас-көз болушы деп санамаймыз.

Біз сіздердің күмәндарыңызға ортақпыз – бірақ сіздердің иманыңыз бізді жылытпайды. Біз сіздердің өшпенділіктеріңізге ортақпыз, бірақ атабабаларыңыз қалдырған өсірген өсиетке сіздердің үйірсектіктеріңізді түсінбейміз; біз жартыкеш бостандықты қанағат тұтуға тым езілгенбіз, тым сорлымыз. Сіздерді күмән матайды, сіздерді ішкі есеп тежейді. Бізде ішкі есеп те, күмән да жоқ, бізде тек күш жетіспейді... Біздегі сынау кекесін, біздің жанымызды жегідей жейтін, бізді жындануға дейін жеткізетін, Сібірге, заптауға, жер аударуға, мезгілінен бұрын өлуге қол жеткізгенімізше бізді алға итермелей беретін сонау мұң осыдан. Біз ешқандай үмітсіз өзімізді құрбандыққа шаламыз; ызадан, зеріккеннен... біздің өмірімізде шынында да есуастық, бірдеңе бар – ьірақ ешқандай лас, ешқандай кертартпа, ешқандай тоғышарлық нәрсе жоқ. Бізді инсаниятсы деп айыптамаңыз, өйткені сіз сыйлайтын нәрсені, біз сыйалмаймыз. Жолдан табылған баланы ол ата-анасын сыйламайды деп жазғыруға бола ма? Біз тәуелсізбіз, өйткені өмірді қайтадан бастады. Бізде өзіміздің организмімізден, біздің халықтығымыздан басқа ештеңе жоқ; бұл дізлің мәнісіміз, біздің тәніміз бен қанымыз,бірақ матап ұстайтын бедел емес. Біз тәуелді емеспәз, өйткені бәрінен жұрдаймыз. Біз ынтық болатын ештңе дерлік жоқ. Біздің есіміздегінің барлығы кініш пен қастыққа толы. Білімді, ғылымды бізге дойырдың ұшымен берді. Біздің, мирас тимеген кенже буырлардың сіздердің аңсар міндетттемелеріңізде қаншалық шаруамыз бар? Жіне біз ұжданымыз бойынша сіздердің таптаурын болған, христиандық та, адамдық та емес, тек ділмарлық жаттығулар мен прокурорлық баяндааларда ғана бар инсанияттарыңызбен қанағатттана аламыз ба? Сіздің оримдік-варварлық заңдылықтарыңыз, осынау жарық та, ауа жоқ бітеу, ебетейсіз, орта ғасырларда жаңартылған, еркін жіберілген мещандар әктеп қойған ғимараттарыңыз бізге өздерін қалай құрметтете алмақ? Келісемін, орыс соттарындағы тапа-талтүстегі тонау одан да жаман, бірақ бұдан сіздерде заңдар мен соттарда әділет бар еген қорытынды шықпайды.

Сіздердің заңдарыңыз бен біздің жарлықтарымыздың арасындағы айырмашылық тек бастапқы формулада. Жарлықтар еңсені езетін ақиқаттан басталады: “Патша бұйрық беруді ұйғарды”; сіздедің заңдарыңыз кісінің жынын келтіретін өтірікпен – француз халқының атын кекесінді пайдаланумен және “бостандық, бауырласты және теңдік” деген сөздермен басталады. Николай низамдары бодандарға қарсы және самодержавиенің пайдасына есептелген. Наполеон низамдарының сипаты да үзілді-кесілді сондай. Бізге өзіне жаңа бұғауларды еркін салады десеңіздер, ол бұғаулар онсыз да тым көп. Бұл жағынан біз өзіміздің шауралармен мүлдем бір қатарда тұрмыз. Біз дөрекі күшке бағынамыз. Біз құлмыз, өйткені босануға мүмкіндігіміз жоқ; бірақ біз өз дұшмандарымыздан ештеңе қабылдамаймыз. Ресей ешқашан протестанттық ел болмайды. Ресей ешқашан juste-mіlіeu (франц. – абзал орта) болмайды. Ресей ешқашан революцияны Николай патшадан арылу, сөйтіп өкілпатшалар, қазы-патшалармен, полицей-патшалармен алмастыру мақсатымен істемейді. Біз, бәлкім, тым көп талап етіп отырған және ешқашан масатымызға жетпейтін болармыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ біз, бәрібірі, торықпаймыз; 1848 жылға дейін Ресей революциялық жолға түсуге тиіс болмайтын, ол мүмкін емес болатын, оның әлі үйрене түсуі керек болатын және қазір ол біраз нәрсені үйренді.патшаның өзі мұны түсініп, университеттерге, идеяларға, ғылымға қаһарын төгуде, ол Ресейді Еуропадан бөліп тастауға, ағартудың түбіне жетуге тырысуда. Ол өзінің шаруасын тындыруда. Сол шаруада ол табысқа жете ме? Мен мұны бұрын айтқанмын. Болашаққа құлай сеуге болмайды; әрбір ұрықтың дамуға хақысы бар, бірақ бәрі бірдей өспейді. Ресейдің болашағы жалғыз оған тәуелді емес. Ро Еуропаның болашағымен байланысты. Егер

реакция мен абсолютизм Еуропадағы революцияны біржола жеңер болса, славян дүниесінің тағдырын кім көріпкелдікпен айта алады? Бәлкім, ол күйреп тынар? Ондай жағдай бола қалса, Еуропа да күйреп тынады... Сонда тарих Америкаға көшеді... Алдыңғыларды жазып болып, мен сіздің аңызыңыздың соңғы екі фельетонын алдым. Оларды оқып шыққан соң менің алғашқы ниетім жазғанымды өрет жіберу болды. Сіздің жанашаыр жүрегіңіз мойыдалмаған орыс халқын қорғауға басқа біреудің дауыс ктеруін күткен жоқ. Сіздің сүсйіспеншілікке толы жаныңыз азап шеккен поляк халқы жолындағы бітіспес қазы, кек қайтарушы ретіндегі рөліңізден басым түсті. Сіз өзіңізге өзіңіз кереғар кеп қалдыңыз, бірақ мұндай кереғарлық – тектілік. Өзімнің хатымды қайта оқып шығып, мен одан сіз Ресей мен славян дүниесіне жаңа көзқарас табар аларсыз деп ойладым; сөйтіп, сізге жолдауды ұғардым. Сіз менің скифтік қызбалығым ұстап кеткен жерлерді кешірерсіз деген бір үмітім бар. Варварлар қаны менің тамырымда бекер лүпілдеп жатпаса керек. Мен сіздің орыс халқы туралы пікірңізді соншалық өзгерткім келген еді; сіздің бізге қарсы екеніңізді көру мен үшін тым қиын, тым ауыр болды да, мен өзімнің ренішімді, өзімнің толқынысымды жасыра алмайдым жа, қаламымды тежей алмадым. Бірақ енді, сіздің бізден үміт үбегеніңізді көрдім, мен мұны көріп отырмын, және, өз кезегімде сізге мойындайын, Ресейдің атауының өзі еркін адам атаулыға ететін әсерді әбден түсінемін. Біздің өзіміз сорлы отанымызға жиі-жиі қарғыс аудырамыз. Сіз мұны білесіз, сіздің өзіңіз Ресейдің инсанияттық бейшаралығы туралы өзіңіздің айтқаныңыз орыстарды өздері айтатын нәрсемен салыстырғанда нәренжік дейсіз. Бірақ біз үшін де Ресей табыт алдындағы сөз заманы өтіп барады, және біз сізбен бірге: “Осынау ойда өмір ұшқыны жатыр” дейміз. Сіз сол ұшқынды өз махаббатыңыздың құдіретімен аңғара алдыңыз; ал біз оны көріп отырмыз, оны сезінеміз. Бұл ұшқынды жосылып аққан қан да,

Сібірдің мұздары да, кеніштер мен абақтылардың тымырсығы да өшіре алмайды,. Ол күл астында жатып-ақ маздай берсін! Еуропадан соққан, тажалды леп оны өшіріп тастауы мүмкін. Біз үшін қарекет сәті әлі соққан жоқ; Франция өзінің алдыңғы жағдайымен әлі әділетті мақтанады. 1852 жылға дейін оған қиын құқық тиесілі. Күмән жоқ. Еуропа табытқа немесе жаңа өмірге бізден бұрын жетеді. Қарекет күні біз үшін, бәлкім, әлі алыс болар; сана, ой күні әлденақ келіп жетті. Біз ұйқыда және жақ ашпауда әбден жетерлік күш кештік; біз айтатын уақыт келді. Шынында да, неміс (Гакстгаузен), сіз айтқандай, халықтық Ресейді ашу үшін, 1847 жылға дейінөмір сүруге тура келгені үшін, соған дейін со Ресей, Колумбқа дейінгі Америка секілді, белгісіз болып келгені үшін кім кінәлі? Әрине, біз – кедей, мылқау біз, біздің именшек сөзіміз, біздің қорқытып тасталған қиялымыз жазықты. Біз өзіміздің бұғауларымызға өшпенділікпен қарайтынымызды мойындауға тіпті шет елде де қорқамыз. Тумысымыздан каторжник, аяғымызға байланған тасты ғұмырымыздың соңына дейін сүйретуге бұйырылған бі өзіміз туралы ерікті құлдар ретінде, суық өлкенің негрлері ретінде айтқанда өкпелейміз, сөйте тұра ашық қарсы шықпаймыз. Осынау сындарға ләм демей мойынсұнуымыз керек пе, әлде еркін орыс сөзі үшін кеудемізді төсеп, оларды тоқтатуға бе байлауымыз керек пе? Маңдайымызға басылған құлдық таңбасымен өмір сүргенше, бізді ерікті езгіге түскендер деп айыптауды естігенше, адамдық абыройы жоқ деген күдікпен өлген артық. Сорымызға қарай, Ресейде еркін сөз таң қалдырады, қорқытады. Мен бізді Еуропадан жасырып тұрған ауыр перденің бір шетін ғана көтеруге тырыстым, мен тек теориялық ұмтылыстарды, алыстағы үмітті, болашақ дамудың табиғи элементтерін ғана көрсеттім; бұл екі арада. Сіз соншалық мақтаған менің кітабым Ресейде маған қолайсыз пікір туғызды. Мен өзім

құрметтейтін дос-жар үндер оны жазғырады. Одан Ресейді айыптауды көреді! Айыптау!.. не үшін деңіз? Біздің қасіреттеріміз, біздің сорымыз, осынау жан түршігерлік жағдайдан құтылу жөніндегі біздің ниетіміз үшін... Бейшара, қымбат достарым, осы қылмысым үшін ме кешіріңіздер; мен тағы да со қылмысты жасаймын. Күрессіз, таяу тұрған үмітсіз ұзақ күрестің қамыты ауыр, сұмдық! Ол кейіннен ең ізгі, ең күшті жүректі де зорықытырады. Ақыр соңында титықтау түбіне жетпейтін, қартайғанда жеміссіз күш-жігердің мәңгілік беймазалығынан тыныштықты артық көрмейтін батыр қайда? Жоқ, мен үндемей қала алмаймын! Менің сөзім адамдарды инсанияттық ажалға, рухани өлімге дейін жеткізетін орыс жеке-дара билігі талқандалған осынау сорлы тішілік үшін кек алады. Біз сөйлеуге мінндетімізді онсыз осынау азапты жандар өздерінің кеудесінде қаншама тамаша да асқақ нәрсені біржола жасыратынын, соның бәрі солармен бірге Сібір үскірігінде өлетінін ешкім білмейді, ал Сібірде тіпті олардың моасында олардың қылмысты аты да жазылмайды, оны олардың достары өз жүрегінде сақтайды да, стіртіп айтуға сескенетін болады. Біздің аузымызды ашуымыз мұң екен, өзіміздің тілектеріміз, өзіміздің үмтіміз туралы екі-үш сөзді былдырлауымыз мұң екен, аузымызды жапқысы келеді, біздің еркін сөзімізді бесігінде тұншықтырғысы келеді! Бұл мүмкін емес. Ой үшін кәмелет уақыты келеді; оныоған енді цензуралық шаралар да, сақтық та матай алмайды. Бұл арада насихат жалынды жүргізіледі; ұйқының тереңдігі соншалық, оны дабылыңмен де оята алмайтын кезде құлаққа сыбырлаумен қанағатттануға бола ма? Стрелецтердің көтерілісінен 14-желтоқсан қимылына дейін Ресейде байыпты саяси қозғалыс болған жоқ. Оның себебі түсінікті: халықта тәуелсіздікке айқын белгіленген ұмтылыс болған жоқ. Ол көп нәрседе үкіметпен келісті, үкімет көп нәрседе халықтан бұрын имыдап отырды. Жалғыз шаруалар ғана, император пайдасына қатысы жоқ, бұрынғы қай

кездегіден де қатты езілген шаруалар ғана көтерілуге тырысты. Жайықтан Пенза мен Қазанға дейінгі Ресей үш ай бойы Пугачев билігінде болды. Казактар императорлық әскерді тойтарып, талқандады, және Петербургтен әскер қолбаслығын қабылдауға жіберілген генерал Бибиков, қателеспесем, төменгі Новгородтан былай деп жазды: “Жағдай тым жаман; бәрінен де бүлікшілердің қарулы тобырларынан емес, халықтың рухынан қорқу керек, ал олқауіпті, өте қауіпті”. Атам айтқысыз күш-жігерден кейін көтеріліс ақыр аяғында басылды. Халық құлаққа ұрған танадай мелшиіп қалды, аузын ашпайтын болды, сөйтіп мойынсұнды... Бұл екі арада дворяндық дами берді, оқу-білім, ақыл-ойды ұрықтандыра бастады да, инсанияттық дамудың осынау қажетіне қарай қызметтен көрінетін саяси кемелдігінің жанды дәлелі ретінде, осынау ғаламат тұлғалар, өзіңіз әділетті атағандай, осынау батырлар келді, олар “жападан-жалғыз, айдаһардың аузында тұрып-ақ 14-желтоқсанда батыл соққы жасауға бел байлады”. Олардың жеңіліске ұшырауы, қазіргі патшалықтың терроры табысқа жету туралы ой атаулыны, уақытынан бұрын жасалған әрекет атаулыны басып-жаншыды.басқа мәселелер туындады; конституцияға үміт артып өмірін қиюға енді ешкім тәуекел етпейтін болды; Петербургте жеңіп алынған хартия патшаның жұлымдығынан быт-шыт болатыны тым айқын еді: Польша конституциясының тағдыры көз ладында ұрған. Он жыл бойы ақыл-ой қызметі бірде-бір сөзімен бой көрсете алмады да, санаменен сарғайған сағыныш “бір сәтке еркін болу үшін өмірін қиюға” және өз ойының ең болмағанда бір бөлігін естірте айтуға дейін жетті. Біреулер тек бізде және поляктарда ұшырасатын жеңілтек әуейілікпен өздерінің байлығынан бас тартып, еркін ауа жұту үшін жат жұртқа аттанды; Петербург ауасының тымырсығына төзе алмаған енді біреулер деревняларға бас сауғалады. Жастардың біреулері панславизмге, біреулері неміс философиясына, біреулері тарихқа немесе саяси экономияға бой

ұрды; қысқасы, ақыл-ой қызметіне бейім орыстардың ешқайсысы тоқырауға бағынғысы келмеді. Қысқы сарайдан екі қадам жерде бірнеше саяси қоғамдар ұйымдастырғаны үшін мәңгілік каторгаға кесілген Петрашевскийдің және 1849 жылы жер аударылған оның достарының тарихы ессіз аңғалдығы жағынан, табысқа жетудің айдан-анық мүмкін еместігі жағынан, ойға берілу уақыты өткенін, жан толқынысын тежеп ұстай алмайтыныңды, Петербург тәртібіне азапты үнсіз бағынудан гөрі анық өлім оңайырақ көріне бастағанын жеткілікті дәлелдемей ме? [...]Ресейде бір рет болса да еркін тыныстауға ұмтылмайтын батыл адамдар құрып бісе, оның күні қараң. Бірақ мұнан қорқудың керегі жоқ... Осынау сөздерден кейін менің ойыма М. Бакунин еріксіз оралады: Бакунин Еуропаға еркін орыс адамының үлгісін берді. Сіздің оған арналған тамаша сөзіңіз мені қатты толқытты. Сорымызға қарай, ол сөздеріңіз оған жетпейді. Халықаралық қылмыс жасалды. Саксония өз құрбапндығын Австрияға, Австрия – Николайға ұстап берді. Ол Шлиссельбургте, осынау лағнет атқан қамалда, онда бір кездері Алексей патшаның немересі Иван Антонович жабай”ы хайуан секілді торда ұсталып, оны Екатерина ІІ өлтірткізді, әлі үстінен күйеінің қаны кеппеген осынау әйел әуелі тұқынды өлтіріп жіберуге бұйырды, содан кейін оны өлтірген бейшара офицердің басын алуға бұйырды. Сыз арылмайтын камерада, Ладога көлінің мұздай уы жағасында арманға да, үмітке де орын жоқ! Саусақтарында соның қаны қалған екі үкімет сатқындық жасаған осынау азапкер соңғы ұйқысына тып-тыныш берілсін... Оның есімі даңққа бөленсін және кек алынсын!.. Бірақ сол кекшіл қайда!... Біз-дағы со секілді жарты жолда өлеміз; сол кезде сіз өзіңіздің

қатаң да ғаламат дауысыңызбен біздің балаларымызға олардың мойнында қарыз бар екенін айтып беріңіз... Бакунин туралы естелікпен доғарып, ол үшін де, өзім үшін де қолыңызды қатты қысамын. Ницца, 1851 жылғы 22-қыркүйек

“А. И. Герцен. О социализме. Избранное.
Издательство “Наука”, М.” Б, басылымынан
шамалы
қысқартып

қазақшалаған
Нұрмахан

ОРАЗБЕК

ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ

АНТОЛОГИЯСЫ

4-том

“Мәдени мұра” бағдарламасы

Редакторы Н. Оразбек.
Суретшісі Н. Наурызбаев.
Компьютерде беттеген Қ. Оразбек.

ИБ № 104.

Басуға қол қойылды 15.09. 06. Пішімі 84х108 1/32.
Қаріп түрі “Таймс”. Қағазы офсеттік. Басылым офсеттік.
Есепті баспа табағы 30,0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №1399.

ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
Алматы қаласы,
Прокофьев к-сі, 226/1.
Тел./ факс (327-2) 41-25-47.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙