TELEGEI

Home

Ғасырлық ызғар

Ғаппар Біләл

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғасырлық ызғар

Ғаппар Біләл Шыңжаң өлкесіндегі қазақ ақын-жазушыларының көрнекті өкілі саналады. Жазушы қаламынан туған «Ғасырлық ызғар» романын кезінде қытай қазақтары арасында қолдан-қолға өткен құнды кітап деуге болады. Шығарманың басты кейіпкері – Боранқұлдың ғасырға жуық өмірінде басынан өткізген адам төзгісіз қиындықтарын, кешкен қанды қырғындарын көрсету арқылы қаламгер қазақ үркіншілігін, ұлтымыз душар болған алмағайып кезе

ҒАППАР БІЛӘЛ

ҒАСЫРЛЫҚ

ЫЗҒАР

роман

УДК 821.512.122

ББК 84 қаз 7-44

Б 94

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды
түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Біләл Ғ.

Б 94 Ғасырлық ызғар: Роман. /Ғаппар Біләл. – Алматы: Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2012.
480 бет.

ІSBN 978-601-7023-56-0

Ғаппар Біләл Шыңжаң өлкесіндегі қазақ ақын-жазушыларының
көрнекті өкілі саналады. Жазушы қаламынан туған «Ғасырлық
ызғар» романын кезінде қытай қазақтары арасында қолдан-қолға
өткен құнды кітап деуге болады. Шығарманың басты кейіпкері

– Боранқұлдың ғасырға жуық өмірінде басынан өткізген адам

төзгісіз қиындықтарын, кешкен қанды қырғындарын көрсету
арқылы қаламгер қазақ үркіншілігін, ұлтымыз душар болған
алмағайып кезең шындығын шебер жеткізген. Романның оқиға
желісі ширақ, тілі тартымды.

@ Біләл Ғ., 2012
@ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы, 2012

ІSBN 978-601-7023-56-0

ШЫҒАРМАНЫҢ ҚҰНЫ, СІРӘ, НЕДЕ?

Шығарманы шиыршық атқан тартысқа құруда шымыр сю­
жет желісі мен ширақ та жүйелі композициялық құрылым аса
жоғары рөл ойнайды. Әрі бұл екеуі шығарманың құрылысына
саятын маңызды факторлар. Бұлардың сәйкесімділігі үйлесім

тапқанда ғана, шығарманың көркемдігін арттырып, өресін
биіктете түседі. «Ғасырлық ызғар» романы бас кейіпкер
Боранқұлдың Қазақстандағы келіні мен немересінің іздеп
келу

қуанышынан
басталады.Осыдан
былай
шегіністі

баяндауға көшеді де, «ықтасын» тарауында Боранқұлдың
түрмеден
босап
ауылына,отбасына

оралғаны,
шекара
оқиғасында баласы ханжігіттің ар жаққа өтіп кеткені сөз бо­
лады. «Теріскейден соққан үскірік» тарауында Ақпатшаның

«16-маусым жарлығына» қарсы елдің қытай топырағына
үрке жосуы, Боранқұлдың он алты жасқа дейінгі өмірі
мен 1916- жылдан 1920-жылға дейінгі оқиғалары баянда­
лады. «Көшкін» тарауында оның сағындырған келіні мен

немересінің келу той қуанышы,Отаршының хаты, Ханжігіттің
өлу себебі,Тарбағатайдан Баркөлге пана іздеп келуі,ондағы
елдің қырғыншылығы, Елісхан бастаған елдің ұрпақ қамы
үшін Шыңжаннан ауа көшуі әңгімеленеді. «Жұт» тарауында

керей елінің ауғындық сапары, жауымен айқасқан ерліктері,
қырғыншылық жағдайы, Боранқұлдың тибет шекарасындағы
Жетіоба қырғынында (әйелінің босану себебінен) көшкен елден
ажырап қалуы, сотталғанға дейінгі тіршілік қамы айтылады.

«Ұшпақтың төрінде» тарауында Түркиядан келген Балқашты
қарсы алу тойы, Боранқұлдың сотталған кезіндегі жеті жылдық
хал-жәйі, Түркияға барған елдің ахуалы баяндалады. Міне,
бұлар романның қайшылық-қақтығысқа,тартысқа құрылған

сюжет желісі.Осы желіні автор айтарлықтай композициялық
құрылым арқылы әрлендіре түскен. Көкейге қонымды
қиюластырып, сұлу бітім қалыптастырған. Шегіністі баянда­

Ғаппар БІЛӘЛ
улар ішінен нешелеген шегіністі баяндаулар туындап, қыруар
қыстырма баяндаулар қисынды орналасып, роман күрделі
құрылым қалыптастырған. Сан алуан оқиғалар мен суреттеу­

лер, сезім мен сыр, қимыл мен құбылыс, байыпты ой, парасатты
толғаныс, бәрі-бәрі де жарасымды жүйеге құрылып, романның
әсемдігін арттыруға, мазмұнын байытуға тамаша негіз қалаған.
Қысқасы- «ғасырлық ызғар» кітабінің сюжет желісі шымыр,

композициясы бір бүтін тұтастыққа ие болып, бірімен бірі
өте тығыз сәйкескен. Шығарманың пішінін құрайтын сюжеті
мен копозициясындағы шеберлік, сайып келгенде, автордың
талантын танытатын, шығарманың өресін биіктетіп, мерейін

өсіретін маңызды буын. Сондықтан пішіннің әсемдігі-суреткер
шеберлігі болып табылады. Олай болса «ғасырлық ызғар»
осындай қағидаға бап келген қуатты, көркем, білікті роман.
«Ғасырлық ызғар» романындағы көл-көсір шындық-

халқымыздың басынан өткен бір ғасырлық тарихы тек
Боранқұлдың типтік образы арқылы түйінделіп, жинақталып
көрсетілген. Боранқұлдың тоқсан неше жылдық өмірін, арман
мұратын, тағдыр тауқыметін жазу арқылы қазақ халқының

өткен ғасырдағы тыныс-тіршілігін, алмағайып сәттерін, ұрпақ
үшін берген бодауын кең ауқымда суреттеген.
Боранқұл елі үшін еңіреп туған ер, жанкешті батыр.
Өмірі кісі бетіне тік келмейтін,тышқан мұрнын қанатуға қолы

батпайтын сабырлы, діндәр, ғұлама сопы Зинбияның ұлы
Боранқұл әу баста қан ішейін, батыр болайын деп ойлаған
жоқ. Заманы оны солай болуға мәжбүрледі. Ол туыла салы­
сымен атасы Қажыгелдінің дарға асылуы, отбасының со­

нау Жайықтан Тарбағатайға жан сауғалап келуі, атасының
тасбейітін мұжықтардың шошқа қораға айналдырып алуы,
«16-маусым жарлығының» халыққа, Әнбия отбасына әкелген
зобалаңы,жаудың безбүйрек қырғыншылығы оны тез есеюге,

он алты-ақ жасында жауына оқ атуға итермеледі. Сөйтіп өмірдің
өртіне, тағдырдың сиына араласты да кетті. Ол қызылдарға
батпады,алаш жасағында жеңіліске ұшырады. Түрмеде отыр­
ды, сүйгені Нәзиладан, аяулы зәйібі Зипагүлден айырылды. Бас

амандап Баркөлге, Әліп үкірдай ауылына жеткенде қызылжоса

қан, шашылған өлік, ауыр қырғыншылықтың үстінен түсті.
Қайда барсаң да «қорқыттың көрі» екеніне көзі жетіп, Елісхан
бастаған керей елінің көшіне ілесіп,зорлықшыл күштермен
өліспей беріспейтін майданға шықты. Бірнеше жыл бел шешпей

қанды шайқас жүргізді, ұрпағын, халқын қорғады. Дұшпанына
деген өштігі, кегі еселеп артып, оларды аямауға бекіді. Осы ба­
рыста тағы екі баласынан өлі, Балқаштан тірі айырылды. Ен­
деше Боранқұл қан ішпей, батыр болмай қайтушы еді? Қарап

тұрып босқа өлуі керек пе екен?! Елім деп елжіреген ет жүрегі,
ұрпақ қамын жеген мұрат-мақсаты, жауына өшпенділігі оны
осындай батыр тұлға, еңіреген ерге айналдырды.
Кітапты оқу барысында Боранқұлдың қайсар рухы

мен жігеріне,төзімділігі мен қажырлылығына тәнті бола­
сыз. Оның Елісхан тобына ілескен, отан сатқан деген жала­
мен айыпталып,жеті жылға сотталуы, Ханжігіттің советтер
еліне өтіп кетуі ұшық болып жабысып, ұзақ жыл михнатты

еңбекте,бақылау астында ғұмыр кешуі, «мәдениет төңкерісінің»
ауыртпалығын бір кісідей көтеруі, заман түзеле бергенде
көзден айрылуы, күні бүгін Ханжігіттің өлу себебін біліп, ба­
сына көшкін түсуі, т.б. азап пен ауыртпалық, қайғы мен нала,

рухани соққы, мүгедектік қатарлыларды тек Боранқұл сынды
қайыспас қара нар ғана көтере алатын жүк.
Боранқұлдың сарайы таза, ішкі дүниесі сұлу, мейрім-
шапағаты мол, кісілік қасиеті басым дара тұлға. Айталық,

алғашқы сүйгені Нәзиланы Шәуешектегі зибаханадан тауып
алып, оны кешіріп, бауырына басып әлпештеуі, адасып қалған
Гүлсімді далаға тастап кетпей, екі күн арқалап жүруі, жаңа жесір
Қатипаның жұмысына қарайласып, мұң-мұқтажына көмектесуі,

Биғай өлген соң отбасының барлық ауыртпалығын көтеруі, тува
жерінде серіктерімен бірге аңшылық істеп, кедей-кепшік, жоқ-
жітікті асырауы, Ұлбосын бәйбіше мен оның қызына қарайласып
сүйеу болуы, чиңхай жерінде Еңсеген мен қаңғып қалған бес ба­

ланы тауып алып, оларды бағып-қағуы, анталаған жаудың ал­
дында босанған келіншекке көмектесуі,өлең жазған мұғалім
жігітті қауіптен арашалап қалуы, т.б. Міне, бұлар Боранқұлдың
жайшылықта емес, қайта қиын-қыстау кезеңдерде басқаларға

Ғаппар БІЛӘЛ
пана, қорған болған азаматтық істері. Осыдан-ақ Боранқұлдың
адамгершілігін, ізгі сүйіспеншілігін, мәрт бауырмалдығын,
қайрымдылығын көруге болады.

Боранқұлдың аңғарымдылығы, парасаттылығы, біліктілі­
гі кісіні қызықтырады. Аягөз кеңесіне Бастабай бидің
салмақты,ойлы сәлемін жеткізе білген бала Боранқұл мынау
қартайған шағында да сол ақылынан, дана көңілінен жазбап­

ты. Ол мынау «төрінен көрі жуық» кезінде де өз айналасын,
заман ауқымын көкірек көзімен барлайды., бағамдайды, тағы
да ұрпақ қамын уайым етеді. Ендігі ұрпақ «жұмысы жоқтық,
қарыны тоқтықтан» шегімдік пен ішімдікке салынып, бұзылып

кете ме деп алаңдайды. Ол қазір кейбір ұлықтар өз қамын, өз
мүддесін көп күйіттеп, ұрпақ қамын жемесе, оларға бір өнердің
шетін ұстатып кәсіптендірмесе, бассыз, баусыз жіберсе,олар
ерікпей, еріккен соң бұзылмай қайда барады?! Бұзылған соң

құдайдан қорықпайды, адамнан ұялмайды. Осы екеуі қолдан
кеткен соң барша сұмдық, барша жамандық қолынан келеді,
деп ойлайды да шошынады. Сосын «қазіргі әулетті әдеп-ибаға,
береке-бірлікке, иманжүзді адамгершілікке, ұятты, ар-намысты

қадірлей білуге үйретуі керек»(571- бет) деп арман етеді. Міне
бұл да Боранқұлдағы кесек мінез, алымды ой. «Мен хайуанмын,
мен мақұлықпын» деп күңіреніп,күйзеліп жүрген Боранқұлдың
бойынан нәзік сезім, сындарлы махаббат та қағыс қалмаған.

Оның Нәзиланы құлай сүюі, Зипагүлді аялауы, Мәликені өмір
бойы құрметтеуі, Қатипаны жақсы көруі, Гүлсімді қимауы
бәрі де таза жүректің, мейір-шапағаттың, тамаша махаббаттың
айғағы.

Жоғарыдағы қасиеттердің бір кісінің, Боранқұлдың бой­
ынан табылуы, әрине, оңай шаруа емес. Оның өзіндік негізі
бар, мұны осы кітап сенімді етіп жеткізеді. Ол кішкентайынан
дана, ақылгөй атасы Бастаубайдың тәрбиесінде болып, атасы­

нан естіген аңыз-әпсана, жыр-дастан, хикаяттардан көкірегіне
нәр алып, атасы үйреткен қобыз күйлерінен сезіміне нүр құйып
өскен. Ғұлама сопы әкесі Әнбиянің уағыздаған дін өсиеттерінен
сусындап,

әкесінің
иманжүзділігінен,
қайрымдылығынан
өнеге қабылдаған. Нағашы ағасы Молдаш оны аңшылыққа

баулып, қағылез, қажырлы болуға үйреткен. Бұдан былайғы
өзі араласқан істер мен оқиғалар оны бірегей азамат, үлкен
тұлғаға айналдырған. Яғни жазушы Боранқұлды өз келбет,
мінездемесіне қарай мүсіндеп, еркін қимыл жасатқан. тұрмыс

ортасына, жасаған дәуіріне сай кейіпкер бейнесін сомдап
шыққан. Автор Боранқұл образына байсалды көзқарасын орна­
тып, ыстық ықыласын аямаған.
Жазушының кейіпкер ерекшелігін ашудағы шеберлігін

дәлелдей түсу үшін Шоқай мен Тұманның образына үңілейік:
«-басшылықтың
басшылығында
малды

ортаға
бердік,
басшылықтың арқасында отын керек, су керек демейміз. Асты
асханадан ішеміз. Басшылықтың қамқорлығында барлығы

даяр. Партия баулыған Сәйдәліні бастық етіп алдық. ....и....әй,
біреулер келе жатыр екен, көріп қоятын болды-ау, енді қаттік?
Екеуіміздің әмпей, жәмпей жәмпілдесіп келе жатқанымызды
көріп қалса, өңшең бұзық ауызжаласып алыпты деп пәле

қылып жүрер ме екен? Түсе тұрғандай боласың ба, қайтесің?
Боранқұл, кешір мені» (34-бет). Боранқұлдың түрмеден бо­
сап ауылына келе жатқанда, Шоқайдың арбасында отырғанда
айтылған Шоқайдың сөзі. Мұнан жасында қытымыр, пысық,

қарау бай Шоқайдың аз жыл ішінде сужүректеніп, жарамсаққа
айналған, көлгір, суайт, ынжық кейпі көрінеді.
« –Ел секіріп, жас-кәрінің бәрі секіріп, тұтас заман секіріп
жатқанда, түйе секірмей ме екен? Айда, секіріңдер... капитализм

дей ме, феодализм дей ме, осындайлау бірдемелерді шағып,
өртеп жіберіп, күлінің үстіне жаңа дүние орнатып жатырмыз.
...Тақырқолтықтан шыққан сәдірмек Сәйдәлі бастығымыз
болған. ....тағдырымызды сол шешеді. тамақ Сәйдәліден, өлім

құдайдан....ат күшімен айдалған жердің егінін адам күші орып
тауыса алмады. Қашан бітіресің деп жоғарыдан тақымдап жа­
татындар бар секілді. Сәйдәлінің аузында, біздің қолымызда
тыным жоқ. Оған бой бермей бара жатқан соң қол жүргізбейтін

бітік егінге орақ орнына соқа жүргізіп, күздік бидай айдатып,
топырақпен бастырып көмдіріп жатырмыз». (36,37- беттер).
Бұл Боранқұлға кезіккен Тұман шалдың сөзі. Осыдан
оның кеуделі, адуын, жігерлі, аңғарымды, өткір ойлы мінезі

Ғаппар БІЛӘЛ
аңғарылады. Жол- жөнекей көп сырдың басын шалып, зама­
нына болған бағасын жасырмайды. Тілінде қитұрқы шындық,
өткір ажуа бар. Екі шал, бір орта, ұқсас жағдай. Бірақ, екеуі

екі түрлі сөйлейді. екі түрлі ойлайды. Дәуірге берген бағалары
әр алуан. Бірі мақтайды, бірі мойынсал болмайды, бірі разы,
бірі наразы. Сәйдәліні бірі партия баулыған бастық десе, бірі
тақырқолтықтан шыққан сәдірмек дейді. Сайып келгенде бұл

екі түрлі бейне, мінез біріге келіп, коммуналасқан тұстағы
адамдардың ой өрісін, арман-тілегін, тұрмыс тәсілін, жасау
ерекшеліктерін толықтап тұр.
Әрқандай шығарманы, әсіресе, кесек прозаны талдағанда,

оның тіліне соқпай кету мүмкін емес. Өйткені «тіл әдебиеттің
басты мүшесі» (горки). «Сөз – шығарманың негізгі матери­
алы» (федин). «көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі, құнды
сөз – құнарлы ойдан туады» (Зейнолла Қабдолов). т.б.-лар

айтқандай, тілі нашар шығарма әрқандай кезде зейінді шығарма
болып жарытпаған, әрине. «Тіл – ойдың тікелей шыңдығы».
Ойыңызда не болса ақ қағаздың бетіне сол түседі. Ойы
тереңнің – сөзі терең болады. «Ғасырлық ызғар» романының

тілі тапқыр,сөзге кенен, қиналу, кібіртіктеу жоқ, жатымды,
жатық, еркін,ершімді, музыкалы буырқанған тіл.
«Сырдария сарқылып қалмай, саябыр таппай ағыл-тегіл
жөңкіліп аға берді. Қарлы құздардан, мәңгі мұздардан ырыздық

алып, ырыстанып жатқан сүлейлі ағыс неге сарқылады екен?!
Жалпақ дала тіршілігінің жітірмелете соққан барлау та­
мырындай лыпылдап, бүлкілдеп қайнаған момақан майда
толқындардың бетіне жібек кілемін төсеп тастап, салауат­

ты сақалы сүттей ағарған, салиқалы саусағы тарамысы біліне
таралған Қорқыт баба аруақты қара қобызын өңгеріп оты­
рып, күңірендірді Сыр бойын, оғыз-қыпшақ даласын күймен
тербетіп. Желмая мініп қашқанда құба шөлдерден, құзар

шыңдардан пана таппаған жаһангезді Сырдарияның сырлы да,
сиқырлы толқындары қамажаулап, алақанына отырғызып алып,
қайда, қай түкпірге барса да алдынан орап шығып, құтқармауға
айналған жылпос, жылбурынды ажалдан арашалап тұрды,

арыстан ажал секіріп өте алмады, әбжылан ажал жүзіп жете

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР алмады, жеткізбеді сырлы су, өткізбеді. ....Мың құбылып, жүз түрленді қу ажал, мың толғанып, жүз ойлады су да амал. Өткел бермей айналдырды, мекерлердей алдандырды сырлы ағын» (88-бет). Тамаша суретті тіл, керемет тапқыр кейіптеу, тілдегі ершімділік, өлеңдік ырғақ, поэтикалық бояу оқырманын елітіп, баурап отырады. Тілде селкеулік жоқ, салған жерден тайпалып ағыла жөнеледі. «Мұрттары көкке шаншылып, мүдірмей дауласуларын тоқтатсын деп айтты де, сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап, қаңғырып кеткен қазақтың басы қайда қалмаған?! Бөлінбесін, бөлінгенді бөрі жейді деп айтты де» (101-бет). Мұндағы шебер теңеу, өткір ой, салмақты мағына тілдегі образдылық пен ойлылықты айқындап тұр. Жазушы ро­ ман тілін ерекше екшеу мен сұрыптаудан өткізіп ықшам да дәл, бояуы қанық, жанды да бейнелі болуына ыждағатпен көңіл бөлген. Романның иірімді де қисынды ой толғаулары, философиялық тұжырымдаулары да шығарманың ойын байы­ тып, мазмұнын қоюлата түскен. Мысалы: «Адамға даяр қазіргі өмірден киялдағы өмір сүйкімді көрінеді»(53-бет). «Тура сөзді ашып-жарып айта алмаған, турашылдықтан жалтарған халық жасқаншақ болады. Асылық істейтін оспадарсыз опасыздарды көптеп шығарады. Өйткені, өжеттілік, турашылдықтың қылша мойнына сілтенетін қылыш қашан да дайын тұрады» (153-бет). «Жар құлағы жастыққа тимейтін пысықтық асқан өзімшілдіктің жолына өзін арнаған, жалақы талап етпейтін малайы. Ол кіріскен жерінде өзгенің мүддесіне қақтықпай, соқтықпай кетпейді» (192 -193-беттер). «Адамзат баласы сұлулықты тани білетін болса-өзімшілдіктен тиылады»(281-бет). «Күші жоқ болса әрқандай ұлылық, әулиелік дегендеріңіздің барлығы мүсәпір мұңлыққа айналады» (481-бет).т.б. Мұндай философиялық мәнер романның өн бойына сіңіріліп, оқырманына ой тастап, қиялын шарықтатады, адамды тереңдік пен кемелділікке жетелейді. Шеберлікте шек жоқ. Романға «Ғасырлық ызғар» деп ат қоюдың өзінде әлеуметтік мән, үлкен сыр қамтылған. Ғасырға

Ғаппар БІЛӘЛ
таяу жасаған Боранқұлдың боранды өмір оқиғалары арқылы,
қазақ халқының ғасырлық тарихынан сыр шертеді. ол-тек
Боранқұлдың басындағы қуғын болып қалмастан, қайта ел ба­

сына түскен қуғын екендігін айғақтайды. Боранқұл талыққанда,
тарыққанда қара қобызын маңыра-тады. Іштегі шер-шеменін,
мұң-зарын, арман-сағынышын, жан алауын қобыз күйінен тау­
ып, мауқын басады. Жігерін ұштап, кең тыныстауға мүмкіндік

табады. Сосын алдағы күнге үмітпен қарап, өмірдің соқпағын
бойлап кете барады. Бастаубай қария «Қорқыт атаңнан қалған
мұра қара қобызын бергенде, «Қорқыт атаңнан қалан үн еді»
деп талай күйді үйреткен. Боранқұл ойлап көрсе – Қорқыт

баба өмірін ажал құрығынан қашып жүріп өткерсе, өз өмірін
адам құрығынан қашып жүріп өткізіпті. Қайда барса алдынан
«Қорқыттың көрі» шығып отырыпты. Жазушы Қорқыт атаны,
оғұздар заманын, баһадұр батыр ерлігін, «ақтабан шұбырынды,

алқакөл сұлама» кезін, содан туған «емен толқыны» күйін, оны
шығарған қара шалды романға кіргізіп, Боранқұлдың туыла
сала адам құрығынан қашқан тарихын нәрлендіре түседі.
Автор қарапайым, шағын деталдарға да шеберлікпен

ой сіңіріп, кітаптың мазмұнды, сапалы шығуына мүмкіндік
жасаған. Бұл арада тек бір ғана мысал келтірейік: шығарма
соңында кішкентай немересі Мақаш иттердің сүйек-саяққа та­
ласып, өзара ырылдасып жатқанын қызық көріп айтып келген­

де, Боранқұл: «соны да сөзім бар дейсің-ау, өздеріне тән иттігі
ғой онысы, оны десең, басы ауыратын олардың бір зәуреті
тағы бар»(604-бет) деген жан толқынысына түседі. Ия, ол
өзіміз, итше ырылдасатын да, бет жыртысып жаңжалдасатын

да, тіпті, өлісіп-беріспейтін де өзіміз. «Итшілеген өмір-ай» деп
өкініш айтатын да өзіміз.... Осы деталь салмақты ой арқалап
қалмастан, шығарманың мазмұны мен идеясын шоғырлы
түйіндеп, романның тартымды, өрелі аяқталуында таптырмас

рөл ойнаған.
Қорыта айтқанда, «Ғасырлық ызғар» ерекше тебіреніспен,
терең толғаныспен жазылған лирикалық бояуы қанық дүние
Тұрғанбай Оразғалиұлы

БІРІНШІ ТАРАУ

ЫҚТАСЫН

Жасы тоқсаннан асып, ғасыр жасауға таяқ тастам жер
қалғанға қадар асқарына қар түспей қара жатқанымен,
«ағайыны найзаласқан жау болған, екеуі үшеуге айналған»,
еңсегей бойлы, сұңғақ денесі жота тұсынан алға, тірсек

тұсынан сыртына қарай иілген, иір-қиыр қара шал жатаған
қара күңгейдің ықтасынды иірім қолтығына, іргесі жаңқа тасқа
жастай қаланған жертаған тас үйдің есігінен еңкейіп далаға
шықты. Су жаңа кезіндегі сықырлауықтығынан айырылып,

жұлығының сыры көшкен қашанғы қара саптамасының әукесі
қатпарланып, ойыстағы ескілікті қой қораның жақтауына
таңдайлап жиылған қу қыртыс қи түбіне келіп тоқтады. Имек
тұтқалы ырғай таяғына – (әлгі үшке айналған екеудің үшін-

шісіне) көнетоз шапаншасының кеуде тұсынан тірене тұрып,
қырсау қабағын көтерді. Таяқ ұстамаған бос қолының көк та­
мырлары білеуленіп сыртына тепкен, тоғызтарауынан төменгі
барша буындарынан қисайып, буылтықтанған шадыр саусақ-

тарымен сауысқан құйрығындай ұзын, бурылдап қылау шалған
шоқша сақалын салалады. Көңірсіген қара қордалы қыстау-
лықтың алдына көлденең түсіп жатып алған барыстай тарғыл
теріскейдің үстінде, үңірейген қап-қараңғы аспан үңгірінің

тақыр қапталына тұяғын іліндіре алмай қанаты дірілдеген
сары көбелек сияқты күн көзінің бозамық сүлбесіне қарап
еңсесін тіктеді. Қарақоңыр Қатипамен тысталған сәнді елтірі
тымағын шалқайта киіп, бараны ғана елестейтін аяғының

алдын ырғай таяқтың тұмсығымен түртпектеп ілгері басты.
Қарлыққан жаңқышақты дауыспен:

– Түс ауып барады екен, мені жотаға шығарыңдар! – деп есік

алдында, қора төңірегінде жер сыпырып, от жағып, су тасып,

Ғаппар БІЛӘЛ пышақ қайрап, әр түрлі шаруа қамымен қайшалысып жүрген ер-әйелдің топ ортасына жарлық түсірді. Сыртқы қабығынан ішкі өзегіне дейін, жүрісінен дауысына дейін көнеріп ескірген қарттың әмір-жарлығын естігенде, есік алды алаңқының шет жағасына құрылған тасошақта бауырсақ пісіріп, түтіндетіп жатқан топты әйелдің дабыры саябырлай қалды. –Жыртыңдағанды қойыңдар! Атакей естіп қалса ұят бола­ ды. –Бізге емес, еркектерге айғайлап жатыр. –Тездетіңдер, қатындар, аңылжып отырып сөздің көбін ұқпай қалатыным-ай, осы, не айтып жатырсыңдар? –Әзілің жарасса атаңмен қалжыңдас демеуші ме еді бұрынғылар. –Бүгін кеште жеңешемнің шілдеханасына барып, қайындармен айтысамыз. –Шалбары мықынына тоқтамайтын әулекім-ай, деп соқтыртасың ғой. –Ақымақтық та тұқымынан өседі. –Қонақтар келетін уақыт болып қалды. Мұрынға су жетпей жатқанда жыртыңдағандарың қалып па? Алдымен жұмысты бітірелік, атакейлеріңе айтар әзілдерің болса содан кейін де үлгіресіңдер. –Қайын атамызға біз қақтықпаймыз-ау, кеселдің көбі кемпірлерден шығады екен осы, – дөңгелек үстелшеде оқтаулап нан жазып отырған Қадиша атты сусылдаған қара келіншек қатты күліп алып, жасаураған көзін сүртуге күйі кел­ мей, сықылықтай берді. –Поу, құрғырлар-ай, ішегім түйіліп қалды-ау, тәйірі, қайдағыны айтады екенсіңдер. Оның қарсы жағында қырықтық порымды ұзын қара пышақпен бауырсақ кесіп жатқан қаймақ еріндеу мосқал сары әйелдің күлкі үйрілген шегір көзінен қитұрқыланған әжуа ұшқыны шашырады. –Қанқұрт түскен қасқа тісі ме екен, әлде азу жағы дей ме? –Қай тісі екенінде нелерің бар?! Қанқұрт жеген тістің жа­ засы қағып түсіру ғой, еһе, һе, һе.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Заманның заманынан бермен қарай қағып түсірілуден аман қалып, қанқұрт жегенге дейін сақталып жүрген неткен бақытты тіс еді байқұстыкі? Онда құдағиымыздың байға тиіп, бала тапқаны да бекер шығар?! –Осында жүрген сары шал сақалы селдір дегеніңмен ер­ кек кіндіктілер ішіндегі әмеңгері емес пе?! Сол кісіге қайталап тісін қақтырып көру керек. Һе, һе, һе, һе. –Азудың жұрнағы қалып жүрмесе, қасқа тісін менің қайнағам қоймаған болар, һе, һе, һе, һе, аһа, ха, ха. –һе, һе, һе, һе! Мүйізімен аймаласып отырған аралас жастағы абысынажын, құдаша-құдағилардың келесі біреуді ту сыртынан жүндеп жатқандары хақ еді. Үш қатынның басы біріксе бір қатынның сорына көрінбек. Бұлардың сорлатпаса да айыз қандырар әңгіме етіп отырғандары өз құдағиларының бірі еді. Қаракер сылқым Қадиша айтады: кешегі кеште осында жиналған құдағилардың екеуі намаз оқитын бастанып дәрет алғалы сыртқа шығыпты. Екеудің бірі асты дәрет алмақшы болып екіншісінің қасына келіп, құмандағы судың жылысуығын сұраса керек. Сонда алдымен дәреттенген сөзуар әйел біріншісін қағытып: –Ойбай, құдай атқыр-ау, дәретсуының ыстық-суығын сұрап нетесің? Суық тисе, ыстық ұрттаса қақсап қоя беретін қанқұрты бар ма еді тісінің? – деп, қалады. Сол сөз жас-кәрісі аралас мына отырған құдағилармен абыстайларының зілдізілсіз әзіл-қалжыңдарына мұрындық болған. –Тісті қойып, қызыл иегінің бүтіндігін ойластырса да жетер еді-ау! –деп, күле жөнелген Қадиша көтеріле бергенде қырсық шалып, арт жағынан тырс еткен жел шығарып алған еді. Тамам әйелге бұл да болып берді. –Шыдамасаң, Қадиша, ұлыжараққа жүгір! –Өзі екіқабат болса жел шығармай өле ме енді? О, несі енді?! Уа,ха,ха, Мәдениет төңкерісі дәурендеп тұрған мезгілде тапқан бір баласын Қадиша «Дажай» атандырған болатын. Әр дәуірдің,

Ғаппар БІЛӘЛ
әр діннің өзіне тәбиғылылы, тіл тигізуге, дәретсіз беткелді
кіріп-шығуына болмайтын киелі, қасиетті саналған орындары,
адамдары болады. Бүкіл мемлекет көлеміндегі ауыл-қыстақ

атаулыға үлгі етіп орнатылған дажай қыстағының қыртысына
жақпайтын сөзді ауызға алу кімді болса да қырсыққа ұшыратуы
тиіс еді. Қадишаның жаңа туған сәбиі бөгде біреулердің көзінше
жаялығын былғап қойса керек. Сосын Қадиша қолқанат қызын

жәрдемге шақырып айғай салады ғой:

–Ойбай, жүгір, құманды әкел, Құдай алғыр Дажайдың іші

өтіп кетті – деп. Егер оқымаған, надан кедейдің қызы Қадиша
айтпай, оқымысты, байшыкеш біреудің аузынан шығып кет­
кен болса, бұл сөз үшін ұстараның жүзіндей қылтқып тұрған
жағдай оның тырқын жазып жіберуге де тиіс еді. Осы мәселе

сөз бола бастаған жиын үстінде баласының атын өзгертіп
қоюға уәде беріп құтылған Қадиша осы болатын. Ол бүгін де
өзін мұқыратушы замандастарына қарсы жауап тауып шықты:

–Ей, қатындар, қылжақтамаңдар! Жел шығарсам сасық

желді мен шығардым. Жақсы адамның ішінде жамандық жат­
пайды деген осы.

–Қадиша тауып айтты.

–Жеңілдіңдер.

–От басында, ошақ қасында ошарыла күлген әйелдер

әзілі кешегі өз қылығы туралы екенін аңғарса да, естімеске
салып, шымдауытқа қағып-сілкіп алған қарала сырмақты
шиыршықтап жіберіп, қайта көтеріп келе жатқан мосқал қара
қатын «мені жотаға шығарыңдар» деп әмір берген қара шалды

жол-жөнекей қағытып өтті:

–Мүрдесі шығатын жотаға сүлдесін сүйретіп не табады

екен?! Жолаушыларды үйде отырып күтіп алса да ешкім сөге

– жамандамас еді ғой. Есік көзінде селдір сақалы қаужаңдап,

пышақ қайрап отырған сары шал мосқал қара бәйбішенің бе-
тіне қарап ыржия күлімсіреген еді, жымырылған еріндерінің
астарынан түбі көгеріп, тұрқы қисайып кеткен опырық тістері
андыздап көрініс берді.

–Құдағи,

қасқа
тістеріңіздің
хал-жағдайы
қалай?

Қанқұртына ем-дом бірдеңенің керегі бар ма?

–Қалжағыңа болайын, құдағилармен алыспай, өз жайыңа,

өз аузыңа қарап сөйле! – Мосқал қара тұрпайылау кеткенде,
сары шал құдағиынан жеңілгенін біліп жуаси берді.

–Қатынға жұғыссаң қаласы жұғады деген осы... – деп

күбірледі... Жіңішкелтең сары кездікті тас қайрақтың бетіне
жалақтата жосытып.

–«Мені жотаға шығарыңдар» – деген айғайды естіген за­

ман астына мінген күрең шыбықпен «жорғалатып» келіп,
атасының сұқ саусағынан алған кішкентай немересі тілі енді
ғана оралымға келтірген «р» дыбысын екі-үш еселеп былдыр­
лады:

–Ата, жүр-ріңіз, мен ер-ртіп шығар-райын!

–Айналайын, кішкентай жолбасшым менің, ердім соңы-

ңнан, бастай бер атаңды, сен баста! – деді қарт елжіреп.
Ата, немере, ырғай таяқтан ұйымдасқан үшеулік қосын ор­
нынан жылжығанда, шулап қоя берген иттердің шәуілі қайта
кідіртті.

–Мақаштай, иттер неге үрді? Келіп қалған жоқ па? Құла-

ғыңды салшы! Машине дүрілі естілмей ме?

–Жоқ, машине емес, Қапасбай келе жатыр.

–Көршілер екен ғой жиналып жатқан, келсін айналай­

ындар! Өз көкірегіңнің қырылы кейде машине гүріліндей
гуілдейді. Кәрілік деген де бір дерт екен ғой, жүр, балам,
тарттық жотаға!
Оң қолына немересін, сол қолына таяғын сүйеніш ет­

кен қария қораның ту сыртындағы аласа қыратшаға бет алған
еді. Қапасбай көршіге үріп, бөрлігіп қайтқан қара ала, көк
бөрте төбеттер ақыиесіне жер шалып беретін шолғыншылар
іспетті иіскеленіп, орағытып алдыға түсті. Ал, қария әр қадам

аттаған сайын таяқтың тұмсығымен басар жолын аластап, жаңа
қонған қыстау сонысының тірсекке соққан шөбі арасында
аяқ қағар тас, томар бар-жоғын адақтап аңдап басады. Сөйтсе
де, соқырдың тірлігі-жарым тірлік қой, ғұмыр бойы тартқан

азап, михынатын аз көргендей тағдыр оны қартайтып, әл-
қуаты азайған шағында осылай жүруге қосқан, екі көздің көру
қуатынан айырған. Көлденең кезіккен тезек, кесек бірдемеге

Ғаппар БІЛӘЛ
аяғын қақтырып сүрініп кетсе, қаусап жұқарған сүйек тастақты
қатты жерге шашылып кетпесе де, сынып, мертігіп қалуы әбден
мүмкін. Екі жастың біріне енді келіп, «Жер ортасы – көктөбе»

деп аталатын орта жастан жаңа ауған шағы емес. Ақырғы
көмбеге жетіп, сіңіріне әзер ілініп отырғанда бала-шағасына
соқырлықтан тарттырған ауыртпалығы аз болғандай, оның
үстіне ақсақ, шолақ болудың азабын үстемелеп берсе, сыртқа

көтеріп шығарып, асты аузына салып берудің бейнетін Жарату­
шы Алла балаларының басына бермей-ақ, көзіне көрсетпей-ақ
қойсын!
Алғашқы қайын атасы Көкебай болыстың жасына жетіп,

қара бура қартайып жар басына шөккен күн ғой бұл күн.
Ғасырлар бойы алма кезектесіп келе жатқан шақырайған ап­
тап, шатынап айрылған аяз, қарлы боран, сусамыр аңызғақтың
қазымыр тырнақтарымен қақырап тілімделген жәйірдің

күнқақты адырлары іспетті айғыз-айғыз бет терілерінде бақ пен
сор тайталасып тәжікелесумен өткен тағдырының қуанышы
мен қасіретінің, үміті мен түңілісінің сойдақ-сойдақ іздері
жатыр. Балалық-жастық шағынан мұраға алып қалған жалғыз

нышан-шәшінің көмір қара бояуы ғана. «Тоқсанды аралаған
шалдың шашы ағармағаны қай жақсы дейсің?» деп, бұл нысан­
ды жақсылыққа жорымайды. Қайраты қайтпаған мығымдығына
баламайды. Қайрат қайда, қария қайда? Күш қуаттың көзден

бұлбұлы ұшады. Қайраты қайтпаған болса таяққа сүйеніп,
немереге жетелетіп жүрер ме еді?! Атқа мінуден қалып, от
басының, ошақ қасының ерікті тұтқынына айналып омалып
отырып қалар ма еді?!

Ерікті тұтқын деймісің? Көз көрмесе, қол қалтырап,
тітіреп тұрса қайдағы еріктілік? Зорлық қой бұл, адам сонша
дәрменсіздікке өзін өз еркімен ұстап берер ме?! Дәрменсіздік
ноқтасына еркімен басын ұсынар ма? Әрине, бермейді де,

ұсынбайды. Ұсынбағанға уақыт шіркін жібермейді. Құлақтап
басып көндіреді. Күллі тағдыры «уақыт» атты дара билеушінің
қолында тұрғанда жоны таймайтын семіздік, қуаты кемімейтін
күштілік болмақ емес. Уақыттың қолында заман да, хандық-

патшалықтар да кәрілікке шалдығады. Каусап күйрейді. Өліп

тарихнамаларға жерленеді. Көздері жұмылмай тұрғанда олар-
дың бойынан ғұмыр сүруге, жарық дүниеде жасай тұруға
талпыныстың ақтық минутына дейін күдер үздірмейтін үміт-
керлік сәулесі ғана жойылмай сақталады. Ғасыр жасаған

қарияны жотаға жетелеп, сырылдаған кеудесін қау көріктей
күрілдетіп, желдендіріп жүрген де сол сәуленің сарқын
демесіні, қараңғылық әлемінде жылтыраған шырақ жарығы.
Жаратушы Алланың мұны бергеніне де шүкіршілік, де­

генмен шаштың ағармағаны көңілге қаяу сала береді. Сақал-
мұрттың өзіне де соңғы кезде ғана қылау жүгірді. Қазақта
«оңбағыр», «оңбай кеткір» дейтін қарғыстар айтылады. Бұл
қарғыстың шын мағынасы – жастай өл, көктей орыл, қыршын

жасыңда қиыл дейтін мазмұндарға саятынын біле тұра, осы
қарғыс қартайғанға дейін сорың арылмасын, бағың жанбасын
дейтін мазмұндарды қоса білдірмес пе екен деп күмәнсірейді.
Боранқұл тоқсан неше жасты бекер өткізген жоқ қой. Ол

осы ұзақ ғұмырында қанша адамның қарғысына ұшырамады
дейсің?! Жаугершілік замандарда кәпір-мұсылманы аралас
қанша боздақтың қанын төкпеді, басын жұтпады?! Солардың
артында қалған қатын-баласы Боранқұлға қарғыс жаудырмай,

алғыс айтты деймісің? Бірақ, соларға Боранқұлдың қарғысы аз
ба еді? Боранқұл сол жетім-жесірлердің көз жасының киесіне
жолығып, қарғысына ұшырасын-ау делік, сонда Боранқұлдың
боратқан қарғыс-наласы, төккен көз-жасы оларға неге дары-

майды? Неге селге кетеді? Күштінің арты диірмен айналды-ра­
тыны осы емес пе?! Әділдік-теңдік деген қайда бар?!
Жоқ, жалған дүниеде әділет өмір сүрмейді. Ол тек
адамдардың сана-сезімінде ғана жасайтын, іс жүзіндік ғұмырда

өмір сүрмейтін жалған, жасанды елестік қана атау. Егер ол ұғым
өмір сүремін десе күштінің сойылын соғып, сойылгерлікке
дағдалуы керек. Өйтсе әділет ұғымы өз қасиетін жояды. Де­
мек «жеңген-хан, жеңілген қарақшы» деп бекер айтылмаған.

Жеңіліс тапқан күні әділет те қарақшы атанады.
Қазір Боранқұлдың қос жанары: ұзақты жылдар бойы
төгіле беріп сарқылған көз жасы көлшігінің кеуіп, үңірейіп
қалған орны, жараның ұясы, ұрттай берсе көл суы да таусы­

Ғаппар БІЛӘЛ
лады. Енді мына келе жатқан, аяқ жетпес, көз жетпес алыстан
бері беттеген бала-шағаларын қарсы аларда екі көзден сығып
шығарар тамшы жас табыла қояр ма екен?

Ойхой, шіркін, дүние-ай, сенің тірі жанды қызықтыратын
сұлу, сүйкімділігің жалғыз күндік болса да жарығыңда екен
ғой. Екі көзден айырылған соң Алланың жаққан шырағы –
аспандағы жалғыз күн сөнгендей, жер мен көктің арасы көрге

айналып, барша әлем тас қараңғылыққа шым батып жұтылып,
бар мен жоқтың, жоқ пен бардың арасындағы беймағұлым бір
тар қуыстыққа қыстырылып қалғандай, есеңгірегендей күй
кешеді екенсің. Қанша тырбансаң да ол қуыстан құтылып,

сытылып шығар дәрмен жоқ, үйелмені үйдей болып дөңкиіп
көрінетін денең шөжіп, жасың тоқсаннан асып томыртқадай
шалға айналған шағыңда дүниенің жарығын көре алмаған
соң, құр сүлдеңнің тірі жасағаны кімге керек? Өзіңе де не ке­

рек? Әуелі бала-шағаң үшін басы артық ауыртпалық, қажетсіз
жүксің. Соны ойлағанда қаңғырап тұрған көкірек қазандай
қайнайды. Сен ол қазанға тары бөрттіріп жатқан жоқсың.
Ондағы көбік атып қайнап жатқан нәрсе-у, өзекті өртеген у

қайнайды онда.
Бала-шағаның алдында кетейін, қалған өмірімде солардың
жаманшылығын көрсете көрме деп Алладан тіленесің. Бірақ,
Хақ Тағаланың ақ өлімі келмеген соң, ат атандырып, сүйек сын­

дырып, қарадай пышаққа түсе алмайсың. Тосасың. Жұмыстың
қара қыртысын айырмасаң да қора-қопсының жыртық-тесігін
жамап-жасқап, мал шетіне шығысып, шаруа қамына жетісе ал­
май тұмсығынан шаншылып жүретін балаларыңа бас-көз бо­

лып айғайлайсың. Бар жұмыстың басы-қасынан, тым құрыса,
шет жағасынан көрінгің келіп, тықыршисың. Амал не? Дәме
бар да, дәрмен жоқ. Көз көрмейді.
Тоқсан екі жылдың жарығы мен жалыны шығар екі көзді

қарықтырып, күйдіріп кеткен?! Шаң-тозаңы шығар бір қабат
перде тартып қарашығының сыртын тұмшалап тұтып қалған?!
Күйігі мен қасіреті шығар көз жасын көлдете беріп тақа су­
алдырып жіберген?! Мүмкін дәрігерлер айтқандай – ядролық

сынақтардан шашырап, әуеде таралып жүрген радиоактивтік

тозаң, сәуле дейтін кесапаттың шалығы шығар қабанның
тісіндей орып түсірген?! Қазақтың бос мойын шоқпары,
шашақты найзасы, орыстың торс еткізетін берденке, бесатары
болмағасын, сәуле, ядро дегендердің не екенін білетіндердің

айтуынан дүнді-барандап тұспалдағаны болмаса, қандай өрт,
қандай көшкін екендігін қария қайдан біледі?!
Бір кезде Боранқұл атомдық жарылыстардан пайда бола­
тын шаң-тозаң сияқты тағы бірдемелер адам денсаулығына

зиян жеткізбейді, пайдасын тигізеді деп тәлім берген
«ақылдылардың» сөзін де газеттен оқыдық дегендердің ау­
зынан естіген болатын. Сонда Боранқұл кімнің сөзіне сенеді?
Екі көзіңді ағызып жіберді деген дәрігерлердің сөзіне сенуі

керек пе, әлде, радиоактивтік шаң-тозаң денсаулықтың
“майөкшесіне” жағады деп қарайтын ақылдылардың сөзіне
илана ма?! Егер әлгі ақылгөй адамзатқа шын жаны ашитын кісі
болса, Боранқұлдың ағып кеткен көзінің алдына әкеліп тағы

бір атом бомбысын жарып, не үшін сауықтырып жібермейді?
Бірақ, Боранқұлдың мұндай “данышпандық” кеңестерді
естігені бір осы ғана деймісің?! Ертеректе Ресейдің шарпатша
өкіметі де қазақ жігіттерін әскери қосынға мойындарынан тізіп,

қойша қосақтап аларда нелер “ақылдылар” шыққан болатын.
Олар патша ағзамның “июнь жарлығы” қазақ халқына пайда­
лы, ба-лаларыңды әскерлікке беріп, оқ-дәрі, мылтық сияқты
қару-ларыңды тапсырсаңдар пайда табасыңдар, тыныш, бейғам

боласыңдар, азаттыққа, жақсылыққа жетесіңдер, жетілесіңдер
деп түсініктер жасаған. Боранқұл бұл “жақсылықтан” қазақ
елінің тапқан “пайдасын” өз көзімен көрген.
Қазір өз төрінің басында қалқайып тірі отыр дегенің бол­

маса бақиға дейін мойнынан түспеген, тақымын босатпаған осы
дерттен сауығамын деп үміт күтпейді. Кәріліктен емес, еңсесін
басын-жаншып, іштей кеміріп жеп бара жатқан осы дерттен
құрымақ. 92 жылдың денін аттың жалында, алмас қылыш

жүзінде, қанды қырғын соғыстың ішінде дүрілдетіп жүріп
өткерген дала сойқаны еді ғой қария. Егер ол бөсе білетіндеу
кісі болса Атырау даласынан тибет үстіртіне дейінгі аралықта
менің атым тұяғы тимеген төбе кемде-кем деп бөсер еді-ау.

Ғаппар БІЛӘЛ
Бірақ оған Құдай Тағала бөспелік қасиетті бұйыртпапты. Бөсе
қойғыдай қай жырғаған сапар дейсің ол?!
Бұдан 92 жыл бұрын, егер нақтылап айтар болсақ,

ғасырымыздың бірінші жылы, бірінші айдың бірінші күні,
бірінші сағатында шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте әкесі
Әнбия азан шақырып, атын Боранқұл қоюы да тегін емес
шығар?! Айтты-айтпады, оның 92 жасы түгелге жуық боран-

шашынмен өтті. «Өткен күнде белгі жоқ» – дейді екен біреулер.
Жан сақтаудың бір сыдырғы майда, маймақ қимылымен
сірәптанбай, ер азаматтың кесірге соқтырар кесек қимыл-
дарымен өткен, сайран мен сарпалдаңға толы сапарының

белгісі неге болмасын?! Ат жалын тартып, азамат ісіне арала­
са бастаған алғашқы адымдарынан тартып, күні бүгінге қадар
өткен жолдары, басқан іздері тайға таңба басқандай сайрап
жатыр көкірек шатқалдарында. Ғасырға жуық ғұмырында

сан төңкерілген заманалардың, бірін-бірі табалап, бірін-бірі
күнәландырып, қынадай қырылысқан жорықтардың қыры мен
сыры жатыр жүрек сарайында. Барлығы да «аш иттің артын
сұқ ит жалағанының» кебі... Қақ тұрып, шөп басып кеткен

ескі со-раптар да ұмытылмайды. Ескіріп көмескі тарта баста­
са ойлар желемігі ұдайы жалаңаштап, бадырайтып,көрнеуге
шығарып кетіп отырады. Сол заманалар бойы сөнбей ілесіп,
ілестіріп келе жатқан үміт алауының соңғы алауы ғой оны қазір

де сайдан көрінетін көкжиектің қасына, қырат үстіне сүйрелеп
жүрген демесін күш.
Үшеулік қосын ілбіп жүріп қыратшаға шыққасын, Мақаш
атасын бұрынғы дағдысы бойынша жамбастан сыз өткізбейтін

қара қордалы ақ теріскеннің үстіне әкеліп отырғызды. Қысқа
жолда алқынып, бусанып қалған Боранқұл сәнді елтірі
тымағын шалқайтып, тершіген маңдайын алақан бұжырымен
сүртті. Торғай қуып жөнеле берген немересін қайта шақырып

тұмсығынан искеді.

–Жолға қарап жүр, анау жоғарыдағы қасқа мойнақшадан

мәшиненің қылпы көрінген заман маған айт! Ұзап кетпе! –
деп тапсырды. Сосын аңызғақтап соққан күзгі желге жотасын
беріп, дыр еткен дыбысқа құлағын төсеп, көпке дейін елеңдей
берді.

Қарт көңілі қазіргі сәтінде қуаныш пен күдік тайталасқа
түскен аласапыран күйде еді. Бірақ, күдіктен үміт күштірек.
Бүгін «жер түбі, жекен судан» бала-шағасын ерткен бір келіні
келмек. Боранқұлдың бұл отырысы – асыға күткен сол аяулы

қонақтарының алдынан шыққаны. Бір қыратқа шығып бір қадам
жақындай түскені. Басқа ағайын-туыс, құда-жекжаттардан бір
минөт болса да бұрын көрісіп, бір минөт бұрын құшағына
қысып, беттерінен сүймек, маңдайларынан иіскемек. Бұл

жолғасуды ол аңсап күткелі міне енді есептеп көрсе, табаны
күректей отыз жыл болған екен. Бір адамның ғұмыры жөнінен
отыз жыл зарыға күту оңай шаруа ма?!
Уа, Дәриға жалған-ай, күн сайын, жыл сайын мың құбы-

лып, жүз түрленіп, қылтқып, қыңыратқып отыратын заманалар
қаһары Боранқұлға қай қырымен соқтықпады?!
«Аюға намаз үйреткен таяқ». Бірақ, таяқ аса дарынды
болғанда ғана аюға намаз үйрете алады. Жарым ғасырдан асқан

жасына дейін Боранқұлдың үйренбеген намазы Аллаға сиыну
емес, адамға сиыну болатын. Жарым ғасыр тулап мөңкіген дала
тағысы елуінші жылдардың соңында ғана көнпістікке көнікті.
Ноқтаға тұрды. «Мінәжатқа» жүгінді. Ат жалында ойнаған ар­

палыстан тыйылып, намысқа шабар егес-қырқысын тоқтатты.
Жуасып келіп от басына отырды. Бала-шағаның тыныш
тіршілігін алданыш етіп, бәйбішесінің қасына тізесін бүкті. Бұл

– отыз жыл бойы сарылдырып бүгін ғана келе жатқан келіннің

күйеуі, өзінің сүйікті ұлы Ханжігіттен айрылып қаларынан үш-
төрт жыл бұрын орныққан тіршілігі еді.
Күллі жер-су, мал-мүлік, өндіріс атаулы жалпылық және
коллективтік иеліктерге көшіріліп, барша жұмыс-тұрмыс

ортақтастырылған, шанда бір ұшырасатын «көзқарақтылардан»
басқа, жалпақ қауымға ауыз атаулыны өзіне қаратып алып,
буы бұрқырап, оты дүрілдеп жанып жатқанымен, сылдыр суды
қайната беруден түбі қолдырап жыртыла бастаған «тайқа-

зандардың» тез арада тесіліп, күйреп кететіндігі мәлім бола
қоймаған мезгіл еді. Шаруашылық құрылыстардың барлық
саласында «Англияны он бес жылда қуып жетіп, басып озып
кету» жарысына түсіп, «секіріп ілгерілеуге: бұйрық алған

Ғаппар БІЛӘЛ
жаңа заман екпіні – түтін атаулының оңаша жағылатын отын
өшіріп, қазан-ошақ ыдыс-аяғын сыпыра жинап әкеткен-ді. Ұзақ
уақыт түрмеде жатып, қоғамдық өмірдің өзгеріс үстіндегі хал-

жағдайынан бейхабар қалде оралған Боранқұлға бұрын-соңды
құлақ естігенімен, көзі көрмеген “коммуна” тіршілігі тым сөкет,
жат көрінді. Бұрынғы өріс-қоныстың, ауылдық құрамның
барлығы орын алмастырып, араласып кеткендігі себепті өз үйін

зорға тауып жаяу келгенде, белі бүгіліп, беті тотығып кеткен
Мәлике есіктің көзінде аш аруақ болып көрінді. Жібек кәмзол
жамылып, алтын сырғаның жарқылынан құлақ түбінде сағым-
сәуле ойнақтайтын айдай аруды аңсаған сағынышты жүрек

қайыршы сұрықтас кемпірге тап болғанда үркіп, шошып кетті.
Танымай қала жаздады.
“Қазанына қақ тұрмағанның, көлеңкесіне ит жатпайды”
деп бекер айтылмаған екен. Тым құрыса, Боранқұлдың алды­

нан бір ит те шәу етіп үріп шықпады. “Үрерге иті, сығарға биті
қалмаған” деген осы шығар. Үйде дән тұрмаған соң қыдырып
келушілердің де аяғы үзілген. Көрші-қолаңдармен ас-суы,
ыдыс-аяғы араласудан қалып, абысын-ажындармен сырласып,

мұңдасудан тиылып болған қарсаңда алдына пайда бола кеткен
Боранқұлдың сүлбәсін ымырт көлеңкесінде шала шырамытқан
Мәлике алақан жайған тілемші кемпірдей созылған қолы дір-
дір етіп, жақындап келе жатты. Амандық сұрасуға, мойнынан

құшақтай алуға да күйі келген жоқ. Көтерген легені даңғыр етіп
жерге түсіп, тезегі шашылып кеткенін сезбейтін есеңгіреген
күйде түтесі шыққан шоқпыт күрте киген сыртқы қабығымен
Боранқұлдың құшағына құлап түсті. Жалбырап иығына

төгілген шашының арасынан сабын, әтір исі емес, көң, түтін
исі келеді. Есік көзінде дүңкілдеген аяқ дыбысы, леген салды­
рымен атылып сыртқа шыққан кенже қызы Қазинеш кешкі ала
кеуімде шешесін жұлмалап, ала жөнелгелі қарбаңдап жүрген

албасты тұлғалас алып мақұлыққа, кісі киікке ұшырасқан
үрейлі сезіммен бақырып жіберді. Шар етіп жылаған қызының
оғаш даусынан есін жиған Мәлике:

– Қорықпа, балам, әкең келді. Боранқұл әкең келді. Әкең...

әкең – дей берген.

Сонда ғой, Қазинештің есі шыға аңырап, жасқа толы
жанары түкті көрмей, сілейіп тұрып қалғаны. Оны жерден
Боранқұл өзі барып көтеріп алып кеудесіне басты. Он алты-
он жеті жастағы қыз баланы түрмеден қайтқан әлсіз адамның

көтеріп алуы жеңіл жүк қой дейсіз бе? Бірақ, бетінен қан ойнап,
нұр тамып тұратын дер шағында дерт шалған гүлдей сұрғылт
жүзі тозаңытып тұрған қаңғажақтай арық қызды іліп алғанда
шегіртке ғұрлым салмағы білінбеді. Көтеріп әкеткен алба­

сты тұлғасы шын әкесі екеніне сенгісі келмегендей, үркінген
қыз жүрегінің кеудесінен шығып кетердей үркіп, тарсылдап
тұрғанын Боранқұл көкірек сүйегімен естіді. Шын шегіртке,
ұзын етекті көйлек кигізілмеген бойжеткен қыз жұлған бөдене

емес, сидиған екі сирағымен тебініп, уыстың ішінде бұлқынған
қара шегірткенің өзі. Әкесі екеніне көзі жеткеннен кейін мой­
нынан тас құшақтап алып, күліп тұрып зар еңіреп жылады-ау
дейсің. Қазинештің даусымен жүгіре шыққан Ханжігіт сынды

азамат ұлы екпетінен түсіп, оратылып алған екі аяқтың жұлығы
тесілген шүберек шарығынан сүйіп, күшік иттей қыңсыласын!
Әйеліне жар, балаларына әке болып жарытпаған, тірі жесір,
тірі жетімдік тауқыметіне кіріптар етіп, аштық, жалаңаштыққа

душар еткен барша жауапкершілік, барша күнәкәрлық
ауыртпалығы желкесінен басып, басын салақтатып алып түскен
Боранқұл ет жүрегі езіліп, бордай босап егілсін! Жертаған тас
үйдің ішінде емес, есік сыртында табысып, бірін-бірі аймалап

бірігіп кеткен төрт жаниесі бейуақыттың арсалаңдап соққан
аңырақай желімен үн қосып, ал бір боздасын келіп! Олардың
қосыла жосыған көз жасын жүрегі жылымайтын алыстағы
жұлдыздардың суық дидары алдында, қоңырқай адыр-

жайырдың қоңыр кештегі жылы ауасы сүйіп құрғатсын! Өксік
үнін, шер даусын, жан жоқтауын, жұбаныш күлкісін самарқау
күздің тас қараңғы түні тыңдасын! Сөйтіп, хабарлы сөйлемдер
кілең лепті сөйлемдерге айналып жүре берсін!

Жалыны қылпылдаған кәресін шамның түбінде, түтесі
шыққан ескі сырмақтың шетінде, көршіден сұратып алған
орта шыны сүтті қосқан аққұйрық шайын құйып, бір тілкім
дастарханның ортасына қойылған жарты тегеш қылтанды

Ғаппар БІЛӘЛ
қара талқанмен күйеуін күтіп, байырғы ибасымен бір тізерлеп
шоқиып отырып, сорасы шыққан көз жасына ие бола алмаған
Мәлике бетін қарып, өртеп бара жатқан жоқшылығын

сездірмеуге тырысып, әлгі талқанды екі баласынан қызған-
ғандай Боранқұлдың алдына шөлгемдей берген болатын.
Алыстан аңсап сағынып келген бала-шағасының күйіне
Боранқұлдың жаны ашып кетті. Бар шүкіршілігі – Ханжігіт еті

тірі, пысық жігіт болып ержетіпті. Ата кәсібін қуып, аңшылық
істей алмаса да, мұрсасы барында кекілік аулайды екен. Олар
сол күні түрмеден босап келген әкесінің азаттығын төрт кекілік
сойып құттықтады. Мәлике кекілік сойылған соң шалына қой

сойып беріп отырғандай молқорсыды. Дөңгелене отырған төрт
жанды жәйірдің мемлекет меншігіне өткізіп алынбай, есеп-
қисап дәптеріне ілінбей, сейсана жүрген ала қаптал төрт кекілігі
молшылыққа кенелдірді. Ол да болса әулие ата Қарынбайдың

шапағаты шығар?!
Боранқұл үй-ішінің бұрынғы жасау жабдықтан тұттай
болғанын есіктен кіре байқаған. Бәйбішесі Мәлике малдан
айрылған соң кілем-кілемше, қасқыр ішік, түлкі тымақ, зерлі

шапандардың тибетке көш үстінде шашылып жоғалмай қолда
қалған сарқынын базарлатуға жол таба алмаған жағдайда
жіпселеп тартуға ұсынып жүріп, Ханжігітті оқытыпты. Ұн-
талқанға айырбастап құрсақтарын асырапты. Ханжігіт сол

болымсыз оқығандығының арқасында көзі ашық, хат сауаты
толық адам есептеліп, коммунаның бір бригадасында есепшілік
міндетке тағайындалыпты. Өйтпегенде Боранқұл сынды тари­
хи қылмыскердің үй іші жаз жайлауға шығып, қыс қыстауға

түсіп, малшылармен бірге көшіп, қонып, атқа мініп, сылқым
серілерше «селкілдеп» жүруіне толайым жол жоқ көрінеді.
Ондайлардың орны – көптің көзінен, бұхараның бақылауынан
таса кете алмайтын, егіншілік майдандарында, отырықты қыс-

тақтарда тұруы керек екен. Ханжігіт азғантай сауаттылығына
еңбекшілдігі мен кішіпейіл шығысымдылығы қосылып, ел-
жұртқа жағымдылығымен қара еңбектен құтылыпты. Кәдірлік
орындықтың шетіне құйрығын іліндіріпті. «Кәдір» дегеніңіз

ендігі заманның алақанынан түспейтін ерке-шора ақсүйектері

болатын түрі бар. Басқаларға билік жүргізетін ұқықтылар да
солардың арасынан талданбақ.
Мәликенің қолда бар жалғыз ұлы туралы бөскендей
мақтанышпен жеткізген мадақ жырларын Қазинеш құйып бер­

ген жылы суға басын жуып, өсіп кеткен сақал-шашын жібітіп
отырып, елжірей тыңдаған Боранқұл өзіндей дырау, «өштескен
иттің ізін талаудан» тайынбайтын кекшіл, қатыгез адамнан
адуын ұл тумай, Ханжігіт сынды жібек мінезді, жан баласына

жағымды “шүйкебас” ұлдың туғанына таңыр-қады.Бірақ,оған
Боранқұлдың таңырқайтын да жөні жоқ-ты. Өз әкесі Әнбядан,
қой аузынан шөп алмайтын, тышқан мұрнын қанатуға қолы
бармайтын әкеден, Құдай жолын тұтынған сопы адамнан

Боранқұл сияқты кесек мінезді “қанішер” ұл тууға тиіс емес
қой. “Түлкі болған заманды тазы болып шалатын” итке айнал­
дырып, ит тұқымдастардың мінезін тағдыр қанына егіп отырса
оған не шара бар?!

Боранқұл солай да болса ертеңгі елең-алаңда мал санағы
жұмысына кетіп қалатындығы үшін түн асырмай, май шамның
жарығында әкесінің шашын сыпырып, сақал-мұртын түзетіп бе­
руге ұстарасын жанып даярланып жатқан ұлын енжар көңіліне,

жұқарған тірлігіне медет көріп, медеу тұтты, есіркеу көрмей,
мүсіркеу өскен бақытын шырамытып, жаңа танығандай күй
кешті сағынып келген азамат ұлын, бойжеткен қызын қайта-
қайта шақырып маңдайынан сүйіп, тұмсығынан иіскей берді.

Көкірегінде күй лебі желеміктеді. Шегіртке сияқты Қазинешті
жұмсап, қашанғы заманнан қара кебеженің түбінде жасырулы
жатқан қара қобызын алдырды. Балаларын ғана емес, қобызын
да, қобыз үнін де сағынып қалған екен. Сыры көшіп, жұлығы

сөгіліп ұртиып кеткен былғары етігінің қонышы қолқылдап,
құймышағы сорайған Мәликені құшақтап аймалауға аңсары
ауып, асығып отырса да балаларының алдында әдеп сақтады.
Түн бояуымен тұмшаланып, иендегі қара қуысты мекенде­

ген жертаған үйдің тас қабырғасын қобыз үнімен күңірендірді.
Ыспалы қыл ішектің үстінде безілдеп, жортақ басқан
саусақтардың ұшынан көкірекке симай өрекпіген сағыныш
зары жосылып есілді. Бітеу жатқан жан жарасын тілімен

Ғаппар БІЛӘЛ
жалаған мұң самалы сағағынан үзілердей, қалтыраған құба
жапырақтарға сыр шерткендей – шешен тілмен көсем сөйлеп,
жорғақ басты. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбіт

заманға талпынып үздіккен үміт пен мұң шұғыласы шешек атты
балбыраған түннің барқыт қанатында. Баласынан айрылған ата
мен ананың өзегін кеміріп жет бара жатқан әлде бір жылан по­
рымды бауырымен жорғалаушы сұп-суық сезім ағысы белуа­

рынан қамшы тиіп кең тынысты қобыз шанағына құлап түскен
соң, сарқын қуатымен қайта жиырылып қақшайған басымен,
сабау құйрығымен Боранқұлдың перне басқан саусақтарына
сабалап, шерлі ішектің бойымен термелеп өрмелегендей күй

туды. Төрт бірдей жан қара қобызға қосылып, күліп отырып
жылады, жылап отырып күлді. Сопа басы сергелдеңде жүрген
тұстарда езіліп елжіреуді, егіліп жылауды ұмытып кеткен жүрек
қылының дірілдей білу қуаты қатайып, сарқылып кетпегенін

Боранқұл соңғы кезде ғана сезе бастаған-ды.
Түн ішінде ол шашын сыпыртып жатқан орайда Мәлике
де жуынып, тарана бастаған, оның да соңғы кезде сирексіп
бара жатқан тарану қимылын шалына жарыса қайталап, киме­

шек-шылауышын бұрыштап отыра қалуы ұмытылуға айналған
жар құшағына ұмтылған әйел пиғылы болатын. Бағанадан бері
Мәликенің жүдеу жүзінен, кірбең қабағынан түңіліп, торы-
ғыңқырап отырған Боранқұлдың соны көргенде сезіміне қытық

жүгірді. Көкірегіне жылы жел есті. Шам сөнісімен жамаулы
шыт көрпенің шетін ашып кіріп келген Мәликенің арық денесін
өлген-тірілгеніне қаратпай, апа-тапасын шығарар құмыққан
құштарлықпен бас салды. Ішке симай кеткенде лап қойып,

аңырап ақтарылғалы тұрған дыбыстарды тиып ұстап, боздап,
ыңыранып жіберуден, шалының тамағын шайнап тастаудан
сақтану қамына бола Мәликенің мұндайда көрпенің жағасын
қауып, тістеніп алатындығын ол білетін.

Боранқұл өзін жас шағынан тартып даңқы зор үлкен
істердің жолына арнаса да, тағдыр оны күн сайын үш
саусағының ұшымен шымшып ұстаған асықтай үйіріп, шәкене
істердің иіріміне шертіп түсіре берген байырғы әдеті еді. Сол

күні таңға жақын ол қырық ожау суық сумен ғұсыл жасап,

түсіне кірген әкесі Әнбиянің жолын ұстап, таң намазына отыр­
ды. Намаз үстінде Аллаға жалбарынып, ұл-қызына ұзақ өмір,
тыныш тіршілік тілеп дұға қылды. Алыс-жұлыстан, айтыс-тар­
тыстан тиылып, от басының, бала-шағасының ауыртпалығын

арқалауға ниет етті. Бұл – оның қатын-бала алдында, оларды
төңіректегі тобырлардың жеккөрініштілігіне, шет қақпайына
ұшыратқан кінәларын жуып, еңбек көрсетуге тырысқан әкелік
жанашырлығы еді.

Сәске шайын іше сала үй шаруасына кірісті. Жыл сай­
ын әркім отырып қол тимеген күтімсіздіктен құлап бүлінген,
қисайып мыжырайған, тегінде біреудің салақ-олақ қолымен
добалдай салған тас үйдің жыртық-тесігін жамады. Қиюы

қашқан, жыртылып шағылған есік-терезесін бүтіндеді. Түйелі
көште тартуға түсіп жапсары ашылған көне моржаны қайта
қаусырды.
Сол жұмыстардың аралығынан уақыт шығарып, көршісі

Айданақтың үйіне кіріп, амандасып шықты, алыстан алты жа­
сар бала келсе алпыстағы шал алдынан шығатын елдің салты
бойынша алдымен Боранқұлға ауылдасы Айданақ келіп сәлем
беруі тиіс еді. Боранқұл олай деп керги алмайды. Өйткені, ол

– күнәләнудан пәк, кіршіксіз бала емес. Ауыл-аймаққа аты

жайылған қылмыскер. Оның үстіне Айданақ алыс-жақынды,
ақ пен қараны, қас пен досты ажыратып парықтандыра ала­
тын, көкіректе жылты бар, аңғарымды кісі емес, қырықты
орталағанға дейінгі ғұмыры қой соңында өткен надан, қой аузы­

нан шөп алмайтын момын, аузың қайсы десе мұрнын көрсететін
ынжық. Оған өзінен басқаның бәрі би, бәрі қожа. Өзіне-өзі ғана
қожалық етпейді. Бидің билігіне, қожаның құқайына жаралған
құл, құлдығына жасымайды, билеуіне жабырқамайды. Осы

халдегі адам – үкімет жағы айыпты етіп соттап, өзге жұрт ат
бойын ала қашып сырттап, жуық келуден, жұғысып қалудан
тайсақситын Боранқұлға сәлем бере келмегені несі айып?!
Боранқұлдың кім екенімен, не үшін жазаланып жүргендігімен

оның қанша шаруасы бар?! Үкімет айтты, Боранқұл күнәкар
деді, ендеше, Боранқұл Айданақ үшін де күнәкар. Оның
білгені де, білері де сол. Басы аман, малы түгел болса болғаны.

Ғаппар БІЛӘЛ Үкіметтің қырына ұшырап жүрген адаммен жұғысып, сау ба­ сына “сақина” тілейтін Айданақтың жөні жоқ-ау. Боранқұл сәлемдесе келгенде сол езбелтек Айданақты ұнатып қалды. Өзі тіленіп барып сүйкеніспеген соң Боранқұлдың іздеп келуі ештеме етпейтін секілді. Қылмыскер деп жиренбей, тыржыңдамай жылы амандасып, жөн сұрасып, бар мәзірін дастарқанға жайдырып отырған бір жайдарман молқордың өзі. Үй-іші де тап-тұйнақтай таза. Бала-шағасының да қызылы-қызыл, ағы-ақ. Қазинеш пен Ханжігіттей азыптозбаған. Сәске көтерілгенге дейін қоралы қойдың тас қорада қамаулы тұрғанына абыржып, қыстың малы-ау деп асығатын түрі жоқ. Әйеліне бұйрық беріп, Боранқұлға сыбағалы шай қайнаттырып қойып, терлеп-тепшіп, ескі шайдың қарайып кет­ кен қалдығын бықпай тартып отыр. Бығатын оның несі бар?! Қазір оған “әй” дейтін әжа, “қой” дейтін қожа жойылған. Қойды өргіз, күзгі тойыныстан қалады деп ақырып, зекіруге ешкімнің батылы жетпейді. Тісі батпайды. Барша әжа мен қожа кедей таптан шыққан Айданақтың қолына су құйып, сойылын соғуы керек. Боранқұл бұл үйден шығарында Айданақша өмір сүруге қызығып, құмартып қалғандай еді. Әзелден өзінің парықсыз өлездеу болып жаралмағанын өкініш етер хал кешті. Үшінші кеште мал санағы жұмысынан қайтқан Ханжігітпен бірге семізше, сұлу мұртты қара жігіт келіп сәлем берді. Бұл осы бригаданың бастығы Тілеукелді дейтін азамат екен. Тілеукелді жарқылдап күліп, жатық амандасып, жақсыжақсы сөздер айтты. Тілектестік білдірді. Аттанар алдын­ да Айданақ көршінің қорасынан көже-қатық үшін бір ту қой босатып, бекім жазып берді. Бекім жазған қағазды қолына алған Қазинешті ертіп қойды көзінше алып беруге бригадир өзі шықты. Бірақ,бастық босатқан қойды Айданақ бермей көп әурелепті. Өйткені – бекімдегі сөз – Боранқұлдың үйіне босатылған ту қой емес, өлген қой үшін жасалатын әктінің сөзі екен. Өзі хат танымаса да, жазылған қағазды бастықтың өзіне оқыттырып істің мазмұнын ұғып алған соң мұндай қарақұрықтан қорқып кеткен, қожаларға қолына су құйғызатын сабазың «пәле боладының» астынан алып отырып алыпты.

Қанша нашар, қанша өлез дегенмен де бас пайдаға келген­
де “бас аман”-ды ойлайтын адамдардың өзіне тән сондай бір
«көкжал» көріпкелдері болады.
Содан тартып Боранқұл Тәлеукелдінің орналас­тыруымен

еңбекке шықты, аралап жүріп әр қораның қиын ойды. Жем-
шөбін тасыды, жас жігіттерге қосылып өгіз айдап, боранға
түсіп, қар кешіп, мұз жастанып жүріп, орқыдан тұз әкелісті. Сот
жазасына ұшыраған күнәкар адамның бос жүруіне, еңбектің

жеңілін таңдауына жол жоқ екен. Қыс ортасында ауырып жа­
тып қалған Айданақтың қойын бағуға шықты. Айданақтың
сырқатына Боранқұлдың күлкісі келеді. Оның сырқаты
Тілеукелді бригадир қой босатқан күні түнде сызат алыпты.

Боранқұлға босатылған қойға аурудан өлді дейтін акті жасауға
көнбей қасарысқан Айданақ, өзіне бір қой босатылғанда барып
илігеді. Бірақ, өз қорасына өзі түсіп, қой алып шығуға баты­
лы бармай қолы қалтырай береді. Сосын қойды Тілеукелді

таңдайды, Тілеукелді қорадан алып шығады. Тілеукелді үйге
кіргізеді, “мен бастықпын, ертең осы қойдың есебін алатын кісі
менмін, мен бердім, сен же, ұста, бауызда!” десе “қой патшасы”
Айдакеңнің дірілдеген қолы пышақ ұстауға келмейді. Ертең

сөз болып жүрсе сытылып кетуге оңай болсын дейтін бақай
қулығы бар-жоғын өзі біледі, әйтеу, пышақтан ат бойын ала
қашады. Кейінірек мәдениет төңкерісі жүрілерін, ол жүрілсе
“Социализмнің іргесін қазып”, “капитализм жолымен жүрген

ұқықты” дейтін атаққа қалып, “кері төңкерісшіл әлемент:
Боранқұлмен астасып, екі бірдей ту қойды сойғызғанын, оның
бірін ауызбасытқы үшін өзіне бергенін Айдакең айдай әлемге
жамыратып айтып саларын, айтып салса айықпас пәлеге ай­

наларын Тілеукелді ол кезде қайдан білсін?! Қалтыраған
қолдан қара пышақты жұлып алып, еркек қойды алып ұрып
жарып тастайды да, ішек-қарынды жегісі келмесе күл-күбір
төккен күресіннің астына төңкере салмай, қасақана Айданаққа

өңгертіп, далаға жасырып көміп келуге жұмсайды. Қапқа
салынған ішек-қарынды атқа өңгеріп мойнақ асып кеткен
Айданақ сол кеткеннен мол кетеді. Қой сойылып боршаланып
болады. Айданақ келмейді. Қазан қайнайды, ет піседі, келмейді.

Ғаппар БІЛӘЛ
Ет сылынып түсіп бара жатқан соң желініп болады, келмейді.
Күн батады, түн болады. Тоса-тоса бала-шаға ұйқыға кетеді. Ал
Айдакең таңға жақын оралады. Өң бозарған, дене қалтыраған.

Күзгі қара суықта үш саусақтың басы үсіген, бүйіріне шаншу
қадалған. Бір шұқырға аудара салатын бір қарын жынды әр
бұтаның түбіне үсіген үш саусақтың ұшымен үлестіріп жүріп
таң атырған. Айданақ ұрлығын жасырған сол еңбегін өзі еш

қылып, мәдени төңкерісте өзі айғайлап шыққаны бір шаруа
ғой, сол кезекті бүйірінен ұстаған шаншу тарқамай қойғаны
өкініш-те. Сыздап ауырып жүріп, қыс ортасы ауа бере жалп
етіп құлап түсті.

Өзгенің ала жібін аттамауды мақтаныш ететін қазақ
пиғылының кір шалмаған ақаусыз тазалығы да, майлығын
мысық шайнап жатса мырш демейтін кешірімпаз кең пейілділігі
де мөртті кезінде қарбытып қалудан жасқандыра беретіндіктен

ынжық, ездікке кіріптар етпей тынбайды-ау, – деп Боранқұл
мысқыл етеді. Әйтпесе, бір қойды сойып жегенін жасырып
жаппай-ақ, керек болғасын жедім десе де Айданақтың басын
ешкім кесіп алмайды ғой. Алдына салып берілген қоралы

қой өзіне тәуелді болмаған күнде де, кембағал Айданақтың
өзі коммунаға бір қой қоспады, бір қойлық еңбек сіңірмеді
деймісің?! Қара шай, қара нанға қақтығып отырған бала-
ларының өзек жалғар көжеқатығы үшін бір қой сойып алуына

тура келсе, Айданаққа бастықтың бекімі не керек? Шаш ал десе
бас алатын мәдениет төңкерісінің “қыл қимас” жүзі қылшылдап,
жалақтап тұрған кезінде Тілеукелдінің басына Айданақ мыр­
за сойыл етіп үйіргенде қылмыскер Боранқұлдың өзі-ақ төтеп

беріп, кейін құда болып кеткен Айданақтың ауыртпалығын
да өз басына үймелетіп, “бұл екі қой қасқыр тартып кеткен
өлешек қой болатын” деп бет бақтырмай қойған-ды. Дегенмен
“біреу өлмей біреу күн көрмейді” дегеннің жөні бар-ау, тегі.

Айданақтың ауырып қалғаны, сол кезде Боранқұл үшін теріс
болған жоқ, оның таяғын алып, қойшылық мәртебесін иеленді.
Әрине, қойшы таяғы әмір таяғы емес, бірақ Айданақ ауырып
қалмаса Боранқұл сияқты кері төңкерісшіл “элементтің” қолы

жете беретін де биік емес. Өйткені егіншілерге қарағанда мал

бақташыларының өз тізгіні өзінде, қалаған уағында қойын
өргізеді, қалаған уағында қоралайды. Отырса демалыс, тұрса
жүріс еркіндігі бар. Астына арық-тұрақ болса да ат беріледі.
Көлік беріледі. Қарны ашып, өзегі талса ұрлап қой соя алмаған

күнде де жасырып-жауып саулық қойдың сүтін сауып ішуіне,
құрт-май жинап алуына мүмкіндік жоқ емес. Ал егіншілер
тұрмысын Боранқұл өз көзімен көрген. “Тырнадан қарауыл
қойғанның басынан қиқу кетпек емес”. Білім қабілетіне,

іскерлік иқуатына қарамай, сенімділігіне,көнімділігіне қарап
талда-натындықтан бастық атаулы ұя бұзбас надан кедейден
ылғанып алынған, ұқықтылардың талайы кісі болғаным осы
деп біліп алкеуделеніп кеткен-ді. Ондайлар өз меңгеруіндегі

диқандарды қылмыстылардан да нашар күйге түсіріп жіберген-
ді. Боранқұл жаза мерзімін аяқтап абақтыдан қайтқанда алғаш
рет коммунаның егістік майданындағы орталығына барған.
Үйін іздеп аңқалаңдап жүріп адасып барған жоқ, өзін комму­

на басшылық кеңсесіне мәлімдеуге бұйырған тапсырыспен
барған.
Ұзақты жылдарға созылған түрме тұрмысынан, кезенулі
қару астында өткен өмірден, қысқы үскірігі, жазғы аптабы

қырсаудай қысатын құбының құмынан құтылып, өз аяғын өзі
басқару ұқығына қолы жетіп, кең дүниеге, Дөрбілжіннің қала
сыртына шыққаны сол еді. Тарбағатайдан аңырап ескен күзгі
желемік Боранқұлдың омырауынан жайлау самалындай айма­

лады. Бозбала күннен бауыр басқан ұлы таудың шаң жұқпаған
мөлдір ауасынан жусанның жұпар исі, қымыз исі аңқыды.
Бойы жадырап, жүрегін қуаныш кернеді. Қаладан ала шыққан
тал таяғын екі білектің қырымен белдемесіне көлденең басып,

жасы алпысқа таяса да арқасынан ер кепеген тақымкестілікке
көніккен сартоқым көнпістікпен шаңдақ жолды жебей саума­
лады. Қалаға астық өткізіп қайтқан шолақ құйрық көк өгіз бен
сыңар мүйіз қоңыр өгізді парлап жеккен ағаш арбаны лезде

қуып жетіп, шоқша қара сақалын шүкір сары шаң басқан қайыс
бетті қара шалға қатарласты. Жасы кішілер салт бойынша ал­
дымен сәлем беруі керек еді. Жан пендеге жақын тартып жу­
ысудан, сырласып іштесуден тиылып, бір елі аузына екі елі

Ғаппар БІЛӘЛ
қақпақ қойып алған Боранқұл түрмеде дағдыланған ғадетіне
басып, шалдың тұсынан өте берген.

– Үйбай-ау, Боранқұлмысың? Аман-есен, сау-сәләмәт

бармысың? Бала-шағаң аман ба? Бермен кел… Мұнда… арбаға
отыр, – деп қауқылдаған қара шалдың байырғы жерлесі Шоқай
екенін қырылдаған даусынан таныды. Бұл күндері Шоқайлар
Боранқұлдың қай қажетіне жарайды?! Ол көрген ғой, замандас

пен жерлестің талай түрлерін. Мына Шоқай қаудырлап отырып,
«бала-шағаң аман ба» – деп дөй дала лаққанын көрмеймісің!
Мұндайлар…
Боранқұлдың арбаға шыққысы келмеді. Бірақ, ел жағдайын,

үй ішінің амандық, хал-тұрмысын ұғысқысы келген бір оймен
еріксіз келіп арбаға отырды. Алыстан келе жатқан адамнан ау­
ылда қалған бала-шағаның амандығын сұраудың орнына өзі
айтып беруі керектігін аңғармай, алжасқан Шоқай өз дәуірінде

оттыға жол, ауыздыға сөз бермеген, талайға қамшы-сының
ұшын ұстатпаған мықты да шешен Елемес деген кісінің баласы
еді. Жергілікті тұрғындардан көтерілген бір реткі қақтығыста
Елеместің «қытай тамырларының» біріне, ішкеріге кетіп,

бой тасалауына тура келеді. Қашпаса құтылмайтын қауыпты
тағдырға тап болған тамыр алып кетерге күйі келмеген, қоярға
жер таппаған қырық жамбы күмісін сақтап бер деп Елемеске
әкеліп тапсырады.

–Сен қайта оралғанша мен өлі болам ба, тірі болам ба?

Оны бір құдай біледі, тау айналмаса тас айналады. Аумалы-
төкпелі заманда мұнша мол дүниеге ие бола алсам жақсы, ие
бола алмасам ұятқа қалармын. Айналмайтын, қозғалмайтын
бір жерден ұра қазып көміп таста, – деп кеңес береді Елемес. Өз

қолына алудан үзілді-кесілді бас тартады. Тамырекең Елеместі
ертіп шығып, су ормайтын, тасқын, көшкін жүрмейтін бір бет-
кейден тесіп шыққан иендегі бастаудың көзін ойып түсіреді
де, қырық жамбыны көміп тастап кете барады. Ай жайылады,

Күн шығады. Қақтығыс жанышталып, жағдай орнығады. Қайта
оралған тамыр бастаудың көзін ақтарып-төңкеріп күмісті таба
алмайды. Арада өткен төрт-бес жылдың ішінде мыңғырып бай­
ып алған Елемес – алмадым да көрмедім, көмген жерге барма­

дым, – деп маңына бастырмайды. Дау Тарбағатайды табанында
солқылдатып тұрған Амбының алдына түседі.

–Қойманы не көрген алады, не көмген алады. Көмген иесі

мен, енді келіп жоқтап отырмын. Көрген Елемес алмағанда кім
алады? Көзі болса күмісімнің көзін берсін, көзі болмаса құнын
төлетіп беріңіз, – деп Тамырекең жабысады талақ болып.

–Құдай дескен тамырым сеніп тапсырған күмісін маған

алдың десе батыр айғақ – балуан куәсін тапсын. Болмаса, оның
Тарбағатайдағы бар танысы мен ғана емеспін. Қанша досы,
қаша тамыр сырласы барын мен қайдан білейін, солардың
біріне алдыртып алып жала жауып отыр. Амбы төрем, сен

екеуің тұқымдассың. Бауырыңа бүйрегің бұрылып бұра тартай­
ын демесең, ақ-қарамызға қарарсың, обал-сауаппен санасар са­
лауатты билікті өзіңнен күтемін, – деп Елемес қайқаңға салады.
Елеместің сөз нақысындағы тентек беталыстан жергілікті

халыққа жеккөрінішті болып қалу қаупі барын аңғарған сезікті
Амбы билік айтудан жалтарып кетеді. Дауға төрелік айту
ұқығын жергілікті ұлттардан шыққан төрт мықтының қолына
ұстатады. Қазақ ішінен жұмық елінің үкірдайы Таңғыт пен

керей үкірдайы Қызыр, ұйғыр мен дүңген ұлтының салиқалы
байлары Әмірәсән мен Шордың бірлесіп шешуіне тапсырады.
Дәу-дәу төрт қошқардың арбақ мүйіздері арасына алғанда Еле­
мес қайыспаған екен.

- Шор мырза, саған айтарым жоқ, – деп әуелі тамырының

ұлтымен тілдес болып келетін, Амбыға бар сөзін емін-еркін
жеткізе алатын дүңген ақсүйегін көптіріп, өзіне жақын тартып
алады да, қалған үшеуінің бетінен алып ашық айқасқа басады.

- Қызыр, сенің әкең керейдің төрт биіне ілесіп Алтайдан

келген жалғыз құла шолақ атты ұры еді, сен қайтіп байыдың?
Әкеңе үш мың жылқы қалай бітті? Сендер де Қытайдың қырық
жамбысын алып байыдыңдар ма? Таңғыт, сенің әкең Еңсе
пұшық ақбас атанға Орқашардың алмасын артып әкеліп, Еміл

бойы егіншілерінің балаларына, Тарбағатайдың талын өртеп,
көмірін Дөрбілжіннің таға соғатын темірші сартына сатып, жан
бағатын кедей еді. Сенің әкең қырық жамбыны қайдан, кімнен
алып байыды? Әмірәсән, сенің әкең Үсейінбай сары ала қор-

Ғаппар БІЛӘЛ
жынын еркек көк есектің беліне салып, Қашқардан жаяу кел­
ген жалаңаяқ сарт еді, сен қайтып байыдың? Сен де біреуден
қырық жамбы алып байыдың ба? Дәулет келерінде жасау­

ымен ұзатылып келген қыз секілді. Кетерінде қолға ұстаған
мұз секілді, сендерге қарағанда менің баюға негізім бар,
үкіметтен «шиалың» алдым, халықтан “алым” алдым. Үкімет
пен мансаптың шетінде жағалап жүрген соң болымсыз ғана

сиырдың оқырасындай ұқығыма, ұлықтығыма сүйеп пара ал­
дым. Содан байыдым, – деп етегін қағып, тұрып жүріп кетеді.
Төрт би қырық жамбыны Елемес төлейді деген үкім
шығарады. Мұны естіген Елеместің елі-жұрты жиналып,

Елемеске “жылу” бермек болып қамданады. Бірақ, Елемес
тышқақ лақ бермеулерін өтініп еліне кісі жібереді де, еркек
қой, атан өгіздерін тізіп қосақтамай, тобымен айдатып беріп,
қырық жамбының төлемінен құтылады. Содан кейін айдан-ай,

жылдан-жыл өтіп, дау тозып ескіріп болған кезде Елемес:

- Ақ жамбыларды алғанымды мойындасам билер мені

бектерге төленетін айып-анжымен-ақ күйретіп кететін еді, ай­
ыптан аман қалған соң, бір тал түгім де қисайған жоқ. Қырық
жамбыға сатып алған малымның өсімімен-ақ тындым қылдым,

– дейді екен.

Шоқай – сол есе бермес Елеместің ұлы. Жас шағында
«Шығайбай» атанған қарау байлардың бірі. Сапты аяққа ас
құйса – сабына қарауыл қойып отыратын сақтығы, көбінесе,
малының түгелдігі жағында жүретін кісі еді. Ертеректе таң

асырып қойған бір атын сұраусыз жайдақ мініп кетіп, бусан­
дырып әкелгені үшін Боранқұлдың Елеместен сөз естіген жері
де болған. Бекіткен аты шідерін үзіп кетіп таба алмай жүргенде
табаны ауырып бара жатқасын талағы түскірін екі-үш қырат

астына жайдақтай салған еді:

–Таң асырған атты ақ көбігін ағызып неге мінесің? Мінсең

– сұрап неге мінбейсің? Ақ көбігін шығарып жібітіп әкеп

берейін деген жанашырлығың ба? – деп кекеткен-ді.
Сол Шоқай енді арбаға отырғызып, қамқорси қалыпты.
Екі сөзінің бірі «басшылықтың арқасы». Ауыл-аймақтың, ел-
жұрттың, үй-ішінің, бала-шағаның жағдайынан ауыз ашпайды.

Көлгірсіп шылғый өтірік сөйлейді.

–Басшылықтың басшылығында малды ортаға бердік.

Басшылықтың арқасында отын керек, су керек демейміз. Асты
асханадан ішеміз. Басшылықтың қамқорлығында барлығы да
даяр. Партия баулыған Сәйдәліні бастық етіп алдық. Осы күнде
«Сәйдәлі» демейміз, «секретар Са» деп шақырамыз. Сол кісі

рақым айлап осы арбаны маған айдатты. Байқұс қанша дегенмен
де көз көрген емес пе, бай шаруа, тап жауы едің деп сөкпейді.
…ия …әй… біреулер келе жатыр екен, көріп қоятын болды-
ау. Енді қайттік, екеуміздің әмпей-жәмпей жәмпілдесіп келе

жатқанымызды көріп қалса, өңшең бұзық ауыз жаласып алып­
ты деп пәле қылып жүрер ме екен, түсе тұрғандай боласың ба,
қайтесің. Боранқұл, кешір мені – Шоқаң кенеттен абыржыды-
ай келіп. Бір-екі жаяудың қарсы келе жатқаны шын еді. Мал-

дәулеті шалқып жатқанда кең дүние көзіне тар болып көрінетін
қарау байдың аз жыл ішінде сужүректеніп, жарамсаққа айна­
лып кеткенін жақтырмай, «ешкіні – апа, текені – жезде» дей
берсең ажалыңа да сүйкімді көрінесің, – деп кекесін ойлаған

Боранқұл Шоқайдан жақсы хабар ұғып қарық болмасына көзі
жетті де, арбадан қарғып түсіп озып жүре берді. Шоқайға
қарағанда одан кейін кезіккен Тұман шал әлде қайда кеуделі,
қалжыңбас кісі болып көрінді. Ши артқан екі түйесін жетеле­

мей, өгізше айдап келе жатқан Тұман екі көзі шегірейіп алып,
тіпті, шұнаң қағады. Жаяу болса да екі аяғынан шаң шығарып
жебей басқан алдындағы адамның Боранқұл екендігін ту сыр­
тынан таныған соң, әтей қырланған болса керек, мұрны жыры­

лып қаңсары саңырайған пұшық қара атанмен ақ тұмсық сары
іңгенді желдірте қуып, алдыға түсіре сандатып жіберді.

–Ел секіріп, жас-кәрінің бәрі секіріп жатқанда тұтас заман

секіріп жатқанда түйе секірмей ме екен? Айда, секіріңдер!
Торы шолақ ат пен шегір шалдан тізе көрген жазықсыз
қос аруана табандары жарқылдап алдыға түсе жөнелгенде,
Тұманның тізесі Боранқұлдың иығына қатарласты.

–Боранқұлмысың? Жарайды, аман жүрсең болғаны, ер

жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Бір күн сыртын берген
дүние-жалған тағы бір күні ішін де береді. Бір тәуліктің бір
беті жарық, бір беті қараңғы. Мойып қамығатын дәнеңе жоқ.

Ғаппар БІЛӘЛ
Жаның аман, басың түгел, денсаулығың бүтін. Әзірге керегі
де осы. Капитализім дей ме, пиядализім дей ме, сондайлау
бірдемелерді шағып, өртеп жіберіп, күлінің үстіне шыт жаңа

дүние орнатып жатырмыз. Мұндағының барлығы жаңарды.
Жазда бие байлап, көк жайлауда қыдырып қымыз ішіп босқа
тентіремейміз. Қыста соғым сойып, қазан көтеру әбігерінен
де айықтық. Түйені жетелеуді қойып, айдаймыз. Жетелейтін

мұрны артық екен. Қаладан далаға дейін төгіліп жатқан «қара
қымызға» қызара бөртіп алғасын жынданған жігіттер желігіп
кетеді де, түйенің мұрнын жұлып алып қуырдақ қуырып жейді.
Өгіздердің құйрығы мен мүйіздері де артық екен, асырыңқырап

артқан жүкті көтеріп жүре алмаған соң, басын жеңілдетейік деп
мүйізін қағып түсіреміз. Қырсықтанып жатып алса, қамшының
сабына, бұраудың беліне салып ыспалап жүріп, құйрық
терісін сыдырып аламыз ендігінің малына шыбын қағардың

қажеті жоқ көрінеді. Өгізге мүйіз, түйеге мұрын жараспайды
екен. Өйтпесе, осы түйелердің әкесі мен шешесі пұшық емес,
шетінен қыр мұрынды болатын. Тегіне тартып кетті деуге бол­
майды. Маған ұқсап пұшық түйе айдап, жауыр атқа мінген

шалдар барлық жерде бар көрінеді. Керейдің Жұмажан деген
ақын шалы боранды күннің бірінде екі түйемен асханаға арша
тасып жүрген Қалтай деген замандасына кезігіп қалғанда бы­
лай деген екен:

Жанқұтты ұлы Қалтайым,
Жорға бір мініп тайпалдың.
Қара торы жігіт ең
Түлкісіндей Алтайдың.

Сонада бір кез кербезсіп
Шайқақтадың, шайқалдың.
Екі түйе жетелеп
Көк арша жұлып салпайдың.

Партияның әділі-ай
Мінгізген жауыр байталын.
Өзіне қос ферманың
Тартасың бір күн сарпайын,

Осыған бар ма айтарың?!

Тазды көрсе таздың басы қышиды. Сені көрген соң
арқам қышып, қасынып жатырмын. Сөйлемейсің ғой өзің.
Сөйлегенде маған Сәйдәлі не қылады. Үрерге ит, сығарға битім
жоқ. Аларын алып болған. Би жоқта құл жүреді жораға, ит

жоқта шошқа үреді қораға. Тақыр қолтықтан шыққан Сәйдәлі
деген сәдірмек бастығымыз болған. Керей-найманның кетігіне
сол барып қаланған соң, еркек кіндікті, ұзын етектінің барлығы
Сәйдәлінің алақанындамыз. Тағдырымызды сол шешеді. Тамақ

Сәйдәліден, өлім Құдайдан. Мұсылман баласы той жасап, топ­
ты адамға тамақ пісіріп көрмегенбіз бе, қалай, лаубян деген
қытай бас аспазымыз бар. Баяғыда армияға қатынасқан әскер
екен деседі.

Онысын қайдам, “қазіргінің қап тесер егеуқұйрығы” бол­
ды деп ел зарлайды. Тамақты қолын жуып істей ме, жумай
араластыра бере ме, онысын да білмеймін. Соның қолынан
таратылатын су көжені, кебегі екшелмей үнем үшін бірге

пісірілген қылтанақты қара нанды шымшымдап ішіп, шы­
дап келеміз. Жас-кәрінің бәрі еңбекте. Жердуалы егініміз
бар. Қара топырақты айғыздап көктемде соқа тұмсығымен
түртіп тастағанбыз. Құдай берейін деп тұр ма, құнарлы жердің

тусыраған қуаттылығынан ба, егін сыңсып-ақ шығып еді. Бір
шетінен орақ қойғанымызға екі айдың жүзі болды. Ат күшімен
айдалған жердің егінін адам күші орып тауыса алмады. Қашан
бітіресің деп жоғарыдан тақымдап жататындар бар секілденеді.

Сәйдәлінің аузында, біздің қолымызда тыным жоқ. Оған да
бой бермей бара жатқан соң қол жүргізбейтін бітік егінге орақ
орнына соқа жүргізіп, күздік айдатып, топырақпен бастырып
көміп жатырмыз. Сәйдәлі бұйрығының бұл қара-құрығын

көретін көз жоқ. Құдай берген нанды жерге көміп тастап, елге
су көже берген қай жақсы ырым дейсің. Үш-төрт тәулік ұйқы
бермей, күні-түні үздіксіз істелетін “жапалы еңбек” дегендер,
белінен баса алмайтын, көзінің суы тоқтамайтын кемпір мен

шалдың тырқын жазар-ау деймін. Осы күйікке шыдамай, қысас
қылама білмеймін, жастардың көбі Құдайдан қорықпайтын,
адамнан ұялмайтын ішкіш маскүнемдерге айналып барады.
Ауданнан шыққан екі мас адасып кеткен екен. Солардың бірі

Ғаппар БІЛӘЛ
Жарбұлақты сен тапсаң, көрбұлақтағы ауылды мен табар едім
деп, екінші біреуіне ерленген сияқты, сондағы табамын де­
ген ауылы Жарбұлақ пен Көрбұлақтың арасы қырат асты ғана

екенін өзің де білесің. Оқу-білімнен жұрдай Сәйдәліні бас
қойдық. Жарбұлақ пен Көрбұлақтың арасында тентіретпей, тірі
күннің мұрат тұтқан «жаннатына» қай күні жеткізетініне көзім
жетпейді. Абақтыдан босап ауылға қайтқан теріс те емес шығар,

десе де, Сәйдәлінің құйрыққа қоныс таптырмайтын тыныш-
сыздығынан сол жүрген жеріңнің өзі қайырлы болып шықпаса
не қылсын?! Абай бол өзіңе, киімің де жеңілтек көрінеді, күн
суытып барады. Майлы – Жәйірдің бір қуы шілденің шілің-

гірінде қар жауып тұрған жон жайлауда отырып, ойдағы елге
маза бермейтін жырғалаңның маса-шіркейіне сәлем айтқан
екен: “Жырғалаңның маса-сонасына сәлем айт, дүміне шыда­
са жон жайлауға бір келіп кетсін!”– деп, шыбындап келгеніңде

Сәйдәлінің ызғары шырылдатып жүрмесін, байқа!
Боранқұл шағын жолдың үстінде қапырақтатып талай
сырдың бетін ашып, талайдың ісін өзі жөптеп, өзі жөндеп,
тікенекті қыжыртпаларды жасырып-жаппай, қаптатып өргізген

Тұман замандасының тұманды ойларына сенер-сенбесін білмей
аңтарылды. Осы қу мені не дер екен деп сынап келе жатқан
жоқ па? деген ойлармен де қобалжыды. Бір сәт Тұман ашық-
жарқын, бүкпе сақтамайтын ақкөңіл азамат болған екен деп те

оған қызыға қарады.
Ол Тұманның нағашы атасы Шүрти деген кісінің
шешендігі туралы аздап еститін. Қандай себеп, қандай
нанымдарға байланысты жарықтықтың аты естір құлаққа

анайылау атпен аталғанын кім білсін, соны бетіне салық қып
мұқыратқысы келген болыс-билердің бірі “көк иірім съезі” деп
аталатын съезге кетіп бара жатқан жолында Шүртиге кезігіп,
қасақана аты-жөнін сұраған екен, қағытпа қалжаққа айналды­

рып мазақтағысы келіп тұрған болыстың сыңайын ажарынан
таныған қария тайсалмапты:

- Менің атым Шүрти. Қатындардың немесі. Аузы-мұрны

қан болып хан мен қараның, болыс пен бидің бәрінің шыққан
кемесі, – деп, жөлерсіген болысты тұмсыққа соғыпты. Сөзі

мірдің оғындай сол Шүртидің жиені “гүңшы” (коммуна) деп
аталатын жаңа қоныстағы жаңа ауылға жеткенше талай сырға
қандырды. Жөн сілтеп, жоба көрсеткендей әсер қалдырды.
Сыңсып бітік шыққан бидайды күздік айдау сылтауымен жасы­

рып соқамен көміп, сирек жертаған боп өнген жұлма бидайды
қолмен жұлып іскектеп жатқандарды қолмен нұсқап көрсеткен
соң Тұманның сөзіне сенді. Тарбағатайдың жоғарырақ
төстағанын қақ тіліп цементті тоған жатқызып жатқан өндіріс

– құрылыс армиясының қалың қосынымен де таныстырды.

Мәмбет, Шотай руларының ақтылы қой, алалы жылқысы ма­
мырлап өріп, жусап жататын маңғаз далада жаңа өмірдің тың
тынысы байқалады. Құжынаған адам күшімен бақасы қойдай
шулаған, балығы тайдай тулаған Еміл өзені күні ертең көшіп

шығып, осы қырға қоныс аудармақ көрінеді. Тұрғылықты елдің
тұрмыс тіршілігі осы қауыммен бірге көгермек.
1951-1952 жылдардағы «тап жауы», «мал иесі», «жер иесі»
дегендерден тартып алынған жер су қазір де ескі-жаңалы жал­

пы ұлт халықтарының ортақ игілігіне айналған. Осы дала тұтас
егістікке өзгеріп, адам күшінің ат-көлік күшінің орнын алып
тракторлар мен комбайындар басқан кезде Бейіс бақи дүниеден
фәни дүниеге, жер бетіне көшіп келмек.

Қыстақтың шетіне іліне бере беткелді қолабалай салған
шым-шытырық тұрғын үйлер Боранқұлға тым ерсі көрінді.
Көше жоқ, жөн-жоба жоқ, дымдақ топырақты қырсау
ағаштардың арасына жаныштап түйіп, асығыс-үсігіс тұрғыза

салған дуал қабырғаларды кірпіштен түзулеп қалауға да мұрса
берілмеген сияқты. Қыңыр-қисық үй қапталдарына балшық
та жапсырылмаған. Асыр салып жүретін ойын балалары бал-
шықтан құйғандай қараала, торыала топырақ өңдес. Жұмысқа

кеткен әке-шешелерін асыға күтіп, іргелерде ықтап бүрісіп
отыр. Жылына бір рет берілетін екі-үш метр кездеме, бірлі-
жарым шақай жетіспегендіктен барлығының үсті-басы тұттай.
Тыр жалаңаштың аз алдында. Мұндайда бұзаушық сабын,

жалғыз қапшық сіріңке бекім бұрыштамасыз сатылмайтын. Аса
құдіретті әмір тізгінін ұстап отырған Сәйдәлі бастық қағынбай
қайтсін? Егер Сәйдәлі осы қылығынан жазбаса балапан басына,
тұрымтай тұсына кететін жағдай қалыптаспаса не қылсын?!

Ғаппар БІЛӘЛ
Осы ойларды айтып болып, коммуна парткомының кең-
сесін нұсқап көрсетіп, бөліне жөнелген тұманның артынан
Боранқұл ұзақ қарап тұрып қалды.

Ол Сәйдәлі кеңсесіне кіре берісте-ақ өз тағдырының тастай
безеріп тұрған қатулы қабағын танып үлгерді. Секретар Сәйдәлі
оны жайырға шығып кеткен қыстаулықтағы үйіне жібермейтін
кісі екен. Бұрын-соңды сотты болғандардың барлығы тари­

хи қылмыстылар ретінде жайлау-қыстауды аралап емін-еркін
кетуіне мүттәки болмайтын көрінеді. Бұқараның бақылауын
жуастықпен қабылдап, егіншілік майдандарында еңбек істеп,
қылмысын жуып, Сәйдәлінің көз алдында жүруі керек. Ау­

зын бағып, аяғын аңдап басуы шарт. Өйтпегенде Сәйдәлі
Боранқұлды кешірмейді. Сәйдәлінің сабағын тыңдап тұрып,
бала-шағасына қосылып малшаруашылығы орындарында жа­
саудан күдері үзілген Боранқұл:

- Бір рет қана үйіме барып, балаларымның бетінен сүйіп,

амандасып келейін, – деп еді, Сәйдәлінің көздері шатынап
сынып кете жаздады. Оңаша бөлмеде сыры қожалақтанған
сары үстелдің арғы жағында сұрланып, қанын ішіне тар­
тып, тысырайып алған бастық қабағының астынан ата қарап,

орындығынан тік тұрғанда айыр құйрықты әпжылан шаншы­
лып қақшая қалғандай еді. Сары үстелдің арғы жағына шан­
шып қойған семсер яки бір кезенулі мүйіз шайқап тастауға
дайын. Жасқанбасаң жарып түсіреді. Осы бір кезеулі мүйізді

қағып ұшырып жібермекке құлшынған ашуын зорға тежеп
тұрған Боранқұлдың сақал-мұрт қаптаған жалпақ беті жауыры­
на шыбын қонған аттың арқасындай тыржыңдап дірілдеп кетті.
Сырт ауылдың бұқасын ауыл үйдің тайыншасы қорқытқанның

кебі. Шытырайып алып, екі сөзге келтірер түрі жоқ, қарсылы-
ғың-райынан қайтпаған дұшпандыққа, жалынғаның-алдауға
ұрынған жаудың әккілігіне баланбақ. Бұдан қорлық өтер ме?!
Өз үйі болмағасын Боранқұлдың басы кімнің босағасына си­

яды? Кімге, қайда паналайды? Үкімет жағынан «тап жауы»,
“кері төңкерісші” деп ат қойып, айдар тағылғандарға қарсы
қайрап салынғандарға жанашырлық жақындық көрсетпеуге
Боранқұлдың өтілі жүрер ме? Босағасынан қаратар ма? Мо­

мын қауымның жөні бір басқа. Ал болымсыз мансап, мәртебесі
үшін бұлданып, тұлданып алған Сәйделі туралы “алтын артқан
есек” деген қыжыртқы бір бағаларды ойлап тұрса да, Боранқұл
басқаларға өтініш айтып, жалбарынуды білмейтін ғадетін тағы

бір рет еріксіз бұзып:

–Жолдас бастық, маған бір кісілік оңаша жататын орын

беріңіз! – деген еді, Сәйдәлі ақырып қалды:

–Мен саған жолдас емеспін. Тарт тіліңді! Мен – сенің

жауыңмын. Сен қоғамымыздың,заманымыздың жауысың. Саған
оңаша үй керек қой, сірә. Солай ма? Оның жақсы-жаманына
да қарамайсың, сол оңашада жатып алып, социализмнің
іргесін қазуды қарастырмақсың ғой, оңашашылын мұның,

оңашалық жоқ саған. Оңаша үй бар болса да берілмейді. Осын­
да Шеризаттың үйінде жатып тұр, сонда жатасың!
Боранқұл тегінде өзімен түрмелес жатқан оқымысты-
лардың бірінен: “даңққұмарлық – тесіліп, шіріп өлетін құлғана-

мерез емес, есірік ауруы. Бұл дерт әдеттегі тырашбайлардың
біріне жұқса – өз төңірегіндегілердің сайқымазағына айна­
лумен ғана тынады. Ал егер, бұл патшалардың біріне дарып
кетсе, онда оның мемлекеті жындыханаға айналады”, – деген

сөзді естіген болатын. Сәйдәлінің бетіне, бетіндегі бейнелерге
қарап тұрып, сол сөзді есіне ала берген еді, секретардың соңғы
ұйғарымын естігінде тағы ойланып қалды.
Шеризаттың үйіне жатасың дейді секретар, мұнысы ғой

тым теріс емес. Шеризат Боранқұлдың туған балдызы. Бәй-
бішесі Мәлике – Шеризаттың бір әке, бір шешеден туған әпекесі.
Бұрын Түркияға бет алып, Үндістан топырағына аса көшкен
алтай, баркөл қазақтарының басшысы Елісханның нөкеріне

ілесе алмай, чиңхаи-тибет үстіртінен қаңғырып қайта көшіп
келген соң Баркөлге орналасқан Боранқұлдың бала-шағасын
іздеп тауып, Тарбағатай жеріне көшіріп әкелген Жақыпбек –
осы Шеризаттың әкесі, Елісхандарға туыстық жақтан жақын

қандастығы болғандықтан сөзіне көндіреді, қайтуға иландыра­
ды деген мақсатпен бүлінген елді қайтарып келуге Жақыпбекті
кезінде үкімет жақтың өзі жұмсаған. Бірақ, Жақыпбек жол
үстінде ауырып қалып, Елісхан елін соңынан қуып жете ал­

Ғаппар БІЛӘЛ
май, жолдан қайтқан. Кері қайтарында сұрастырып жүріп,
Боранқұлдың үйін тауып алған. Ақырында Жақыпбектің көп
уақыт азап тартқан ұзақ сапарлық еңбегі жанбады. Боранқұл

шаңырағындағы қызы мен жиендерін ғана алып келуі
жұмсағандардың көңіліне жұқ болмады. Місе көрмеді. Сөйте
тұра Жақыпбектің басына өсек ілінді. “Жол-жөнекей өтірік ау­
ырып, өтірік аялдап жатып, Елісхандарға елші жіберіпті. Қайтіп

келсеңдер жақсылық таппайсыңдар. Үкімет жағы сенімсіз, не
болса да алған беттеріңнен қайтпаңдар” деп, хабарлап, бері
көшетін елді бүлдіріп, ары көшіріпті делінетін пәле жабысты.
Осы кеселден қолға алынды. Ақыры түрме азабына төзе алмай,

денсаулығынан айрылып, абақты ішінде көз жұмды. Мүмкін
Сәйдәлінің Боранқұлды кері төңкерістік қылмыспен жазала­
нып жүріп өлген қайнатасының төңірегіне қайта қосақтауында
да ішке бүккен бір түпкі есебі бар шығар? Ендігі жерде жалғыз

балдызы Шеризатты қоса арандатқалы отырмағанына кімнің
көзі жетеді? Солай болған күнде де бұл бұйрықтан бас тартуға
Боранқұлдың шамасы да, шарасы да жоқ еді.

–Мейлі, – деді Боранқұл, – Шеризат мақұл десе соның

үйінде-ақ жата тұрайын.

–Солай, жатасың. Мен айттым, бітті. Ол мақұл болсын-

болмасын сонда жатасың. Мен айтты десең болады.
Боранқұл ұзақ уақыт абақтыда болып, атын естісе де затын
көрмеген халық коммунасының егіншілері өмірімен сонда таны­
сты. Шеризаттың ұсталық істейтінін естіп, алдымен теміршілік

дүкеніне келді. Мұнда соқтауылдай екі жігіт, бір шал жұмыс
істейді екен. Қаба сақалды қара шал көрік басып, қара жігіт
балға соғып тұр. Шеризат қысқаш ұстайтын қолы месекерлі,
даңғайыр ұстаның өзі болыпты. Боранқұл бәсең дауыспен

сәлем беріп есіктен кіргенде төбесінің шілік-саламдарынан тар­
тып төрт қаптал қабырғасына дейін баттасқан қара күйелі ыс
тұтып, түтіндеп жатқан аласа үйшіктің ортасындағы дөңкиген
шомбал төстің төңірегінде тұрған үш адамның еріндері зорға

жыбырлады.
Мұрын желбезегіне күйе жұғып, көріктің аузындағы
қызыл-жасылды шоқ пен жалынға қарығып екі көзі қызарып

кеткен Шеризат Боранқұлды танып тұрып, танымаған кісі
сыңайланды. Боранқұлдың бетіне бір қарап, иегін көтеріп
қалды да, қарбалас жұмыстан қолы босамайтындықтың райын
көрсетіп көрік аузынан суырып алған қызыл темірді шыжыл­

датып, тақылдатып төпештей жөнелді.
Бетін торлап алған уайымды жымиыс сиқын бұзып, сақал-
мұртын тікірейтіп жіберген Боранқұл не айтарын, қайда ба­
рарын білмей мәңгіріп тұрып қалды. Жанашыр жақының жат

көріп алыстаса, өз үйіңе бара алмасаң, жамбас сияр оңаша орын
берілмесе күнің не болады? Қыстақ шетінен бөлінерде үйіне
шақырып, қона-түней жатып дәм татуға, кір-қоңын жудырып
тазаланып алуға ілтипат көрсеткен Тұманның үйіне бара ма? Ол

үйге рұқсатсыз бас сұққандығы үшін Сәйдәлі бастық құрықтап
қуып шықпасын кім біледі? Бүйтіп тірі жасаудың не керегі
бар? Асылып өлу керек болар! Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді
екен, сүлдесін сүйретіп елім-жұртым, ауыл-аймағым деп мұнда

келгенше, тар есік, там босағаның ішінде, абақтының түбінде
жатқанда неге өліп кетпеді екен?
Адасқан күшіктей қыңсылаған ойлар жүрегінің айналасын
тырналап қазып кеулеп бара жатқан Боранқұл шыға жөнелмек

болып бұрыла бергені сол еді, есік көзінде қарсы ұшыраса кет­
кен қара торы келіншек бас салып мойнынан құшақтай алды.

– Жезде аға, сіз екенсіз ғой, ағатай, сау-саламат жүрсіз бе?

Қуанып кеткенімді қарашы! Алақай, Шеризат, сәлем бердің бе
жезде ағаңа? Жақсы болды ғой келгеніңіз. Қандай қуанышты
күн еді бұл күн?! Үй ішіңіз түгел дін аман. Әпекеміз де тың,
Қазинешіңіз бойжетті. Ханжігітіңіз ер жетті. Дөйдей азамат, бір

бригаданың есебін істейтін кассир. Ақша қолында, тұрмыстары
да теріс болмаса керек. Ханжігіттің қызмет орны қырда болған
соң биыл тауға көшіп кетті. Құттықтаймын сізді. Жүріңіз,
үйге жүріңіз, – деп, әудемнің ішінде барды баяндап шыққаны

ғой. Боранқұл жас келіншекке ләм деп тіл қатқан жоқ. “Шағи,
Шағиым менің, айналайын келінім, пейіліңнен айналайын”
дегендерді іштей ғана күбірлей берді.
Шағи Шеризаттың келіншегі еді. Басқа туыс-қиыстығы

болмаса да, ағалап келіп мойнына оратылған келіннің

Ғаппар БІЛӘЛ
бауырмалдығына жаны елжіреп, Шағиды иығынан сипалады.
Жоғарыдан еңкейіп келіп, күнге күйіп тотыққан маңдайынан
сүйді. “Айналайын келінім” деп, даусы шығып кеткен тұста

екі жаққа қақ жарып таралған шашының ортасындағы ақ
сызық болып тартылған жіңішке сызатынан искеді. Шағидың
әке-шешесі затты, кісілікті кісілер болғанын еске алып, тегіне
тартқандығына разы болды. Шағиға ілесіп үйіне баруға

ыңғайланды.
Сол кезде, тек сол кезде Боранқұлдың мойнына асылып
алған қолын ажыратқан еді Шағи.

– О, менің жерге ұқсаған ұлым, келе ғой айналай­

ын, Сәлменім, жер секілдім, – деп, дүкен төріне қарай
ұмтылғанда көрді ғой Боранқұл темір қыздырылатын көрік
отының түкпір жағында отқа итіндіріп отырғызып қойылған
кішкентай нәрестені. Кешке дейін бұрқыраған күл мен күйеден

баланың екі көзі ғана жылтырайды. Бетіне бір қабат түк өніп
шыққандай. Бейне төрт көз күшік. Астына төселген алақандай
тері жаялықты жібітіп қойған күшік.
Жер-судан

тартып
дастарқанға
дейінгінің
барлығы

ортақтастырылғаннан бері от жағылудан, тамақ пісірілуден
қалып қойған иен, суық үйге тастап кетсе бесіктен аударылып
тұншығып немесе ұлыжарығымен бірге қатып, өліп қалады
дейтін қатерден амандау үшін көріктің отына жылындырып

баққан баланың халінен қыстақ тұрғындарының тұрмыс-күйін
шамалауға болар еді.
Шағи баласын көтеріп, Боранқұлды ертіп үйіне қайтқан
жол үстінде-ақ саудырлап талай сырдың бетін ашып таста­

ды. Екі жылдың ішінде қыстақта туған он шақты сәбидің
екеуі ғана қатарға қосылыпты. Оның бірі Шағидың осы
күлді-күйелеш Сәлмені екен. Оны әкесі Шеризат күн суықта
көріктің отына жылындырып, ыстықта дүкеннің салқын

бұрышына құндақтап отырғызып, көзінен таса қылмай жүріп
аман сақтап қалған. Енді бірі еңбекке жарамай төсек тар­
тып жатып қалған ауру әжесінің қолтығын паналап жүріп
жан сақтапты. Басқасы ұқсамаған себептермен қауашағын

жармай жатып жан үзген. Таң бозынан ымырт үйрілгенге

дейін тәуліктен-тәуліктерге жалғасып жататын «жапалы
еңбектерден» қол үзе алмайтын ата-аналардың балаға қарау
мұрса-мүмкіндігі болмаған. Күн бойы үй бетін көрмейтін,
көруге жіберілмейтін аналарға бесік-жөргегімен әр үйден

теріліп, арбаға тиеп әкеліп еміздіріп қайтарылатын бөбектер
қалай аман қалсын?! Бірі өкпесіне суық тиіп, бірі ішіне ыстық
түсіп өлген. Бірі аштан, бірі шөлден өлген. Иен үйде жалғыз
қалған сәбиге қатер көп қой, мұның бәрін Сәйдәлінің үстінен

шер төгіп, ашық айтарға ауыз жоқ. Айтса пәлеге қалады. Бұл
жылдары анатілдің сөздік қорына «қалпақ кидіріп, бақылауға
алу», «күреске тарту», «сын тезіне ілу» сияқтанған қыруар
жаңа атаулар келіп қосылған. Бұл атаулардың барлығында

пәле бар. Сын тезіне алынатындардың бүкір, шадыр мінездері,
қыңыр-қисық сөздері тексеріліп, тегеурінді күштің көпшілік
топ алдына құрылған тезіне басылады. Қателігі мойында­
тылып, түзелуге, ендігәрі қайталамауға серт алынады. Ант

ішкізіледі. Егер бұл қателік тағы қайталанса күреске алы­
нады. Бұл жердегі күрес-балуан салу, бәсекеге түсіп күш
сынасу емес. Топ ортаға тікесінен тік тұрғызылып, барлық
адамның ақырып-зекіріп, янатты атаулармен балағаттап,

көзге шұқып масқаралауына беріледі. Мұндай сөз шабуылына
жуастықпен көніп, бұқараның үстемдік жүргізуіне мойынсал
болмағандарға «кері төңкерісші элемент» деген атақ беріліп,
бұқараның бақылауына жіберіледі, бақылау дегеніміз – айдап

жүріп ауыр жұмысқа салу. Жаңағы қойылған атақ пен айдар
оның басынан алынбайтын қалпақ болып есептеледі. Олардың
сөйлеу, талап қоюы, баспасөз ұқығы, бұқаралық жиындарға
қатынасу толымдылығы, сайлау-сайлану ұқықтары алып та­

сталады.
От жағылып, үй жылынған аралыққа дейін осы жағдайларға
Шағидың аузынан қанығып үлгірген Боранқұл абақтыдан бо­
сап қайтып келгеніне өкіне бастаған еді. Жаңа ғана қағып салған

қара ала сырмақты төсене отырып ойға батты. Асханадан нор­
малы кешкі көжені әкелу үшін үйден шелек көтеріп шыққан
Шағи қайта оралғанша неше рет оқталып, неше рет тайып бе­
руден өзін әзер тоқтатты. Аудандық сақшы мекемесіне барып,

Ғаппар БІЛӘЛ
қайтадан түрмеге жауып тастауларын тіленбекке ниеттенді.
Сол аралықта жұмыстан қайтып оралған Шеризат есіктен
күңірене кірді:

–Әссәлаумағаләйке...е...е...ем,–деп есіктен кіре Боранқұлды

бас салып, мойнынан тас құшақтап алып жылап жіберді.

– Аман-есен жүрсіз бе, жезде аға? Мені кешіріңіз. Мен

ер жігіт емес. Қоянмын, қояннан өткен қорқақпын. Қормын,
ынжықпын мен, жанымда бірге жұмыс істейтін әлгі екеуінің
көзінен жасқанып, сізге сәлем беріп, амандасудан да қорықтым
ғой мен, қорқып кеттім. Су жүрек болдым. Айтты, жаңа Сәйдәлі

айтты. Сізді осында тұрсын дейді. Біз Шағи екеуміз қара
тұяғымыздан хал кеткенше... сізді... жетімсіретпейміз. Сәлем
беріп амандаса алмағаныма ұяттымын. Аруақтардан ұят-ай,
көзі тірі үлкендерге, әпекеме не бетімді айтайын?!

Ымырт көлеңкесі ұялап алған оңаша үйде Боранқұлдың
алдына жүгініп отырып алған Шеризат жер шұқып отырып,
иығы бүлкілдеп көп жылады. Содан тартып Боранқұлдың жел
азынаған көкірегіне аздап жылымық жүгірді.

Шеризат ерте күннен аңшылық, ағаш-темір ұстасындық
өнерге үйір, қолы месекерлі жігіт еді. Сол еті тірілігін әлі
қоймай, ши арасынан қырғауыл, бұлдырық, қоян атып келеді
екен. Бағзы заманнан қалған жалғыз атар “жез айырын” үкімет

мылтық жинағанда қарауылын қағып түсіріп,шақпағын шағып,
саудыраған қаңқасын көрсетіп, жарақсыз заттар қатарында
алып қалыпты. Күндізгі міндетін атқарып тастаған соң Шекең
кәресін шамның түбінде түнімен тұқжыңдап, мылтық түтігінің

талы шайылып кеткен бөлігін кесіп тастап, шақпақ, шүріппесін
жөндеп, ширатпасын жаңалайтын, оқты қолдан жасайтын
сияқты. Соның күшімен «тайқазаннан» тамақ алатын жалғыз
тесікке көзін сатып күнелтетін бір үйлі жанның ара-тұра жүрек

жалғар ырыздығын айыратын болса керек.
Асханадан әкелген су көжемен таңдай жібіткен соң,жан
пендеге көрсетпей ұрланып атқан аққоянның боршасын беті
жабық мыс тоғаға қайнаттырып, есік-терезені тұмшалап жауып

алған Шеризат сыбырлайды-ау келіп жездесінің құлағына.

– Бүкіл қыстақтағы тамам ел қорегімізді жалғыз тесіктен

айырамыз. Атан өгіз, құр ат, ту сиыр, ту биелер қазы-қарта, жал-
жаясы ақтарылып, күніне сойылып жатады. Бірақ көп ауызға
үлестірген соң берекесі кетіп қалатын көрінеді. Тіске сыздық
болмайды. Майлы, шұрайлы тамақтар астыртын басқа жаққа

жөнелтіліп жата ма, білмеймін, өз дастарқаныңнан дән кеткен
соң, кісінің араны ашылып кететін көрінеді. Әйтеуір тоймай­
мыз. Ішкеріде қуаңшылық апаты туылып, ел-жұрт қырылып
жатқан жағдай бар сықылданады. Соларға туысқандық жәрдем

үшін астық үнемдеу керек деседі. Сол үнем үшін ұнды кебегімен
пысырамыз. Содан кейін нанымыз «Күлжара» болып шығады.
Ашөзектен тікен емес қандауыр болып кетсе де, тамақтық
қуаты бардың бәрін жұтып өткізуіміз керек. Оптығып кел­

ген соң сулап отырып өткіземіз. Баспанамыздың күйі осы.
Тұракелсең төбең мәтшаға соғылады, балшық жапсырып,
жыртық-тесігін жамап аларға мұрса жоқ. Бүйте берсе, ақыры
неге соқтырарын білмеймін. Саптаяққа ас құйылса сабын­

да Сәйдәлі қойған «Қарауыл» тұрады. Әкесі бұзық, жездесі
бұзық, сотталған, солардың жоғын жоқтайды деп соңымнан
қалмайды. Баяғы сол «жақтырмаған бақсының демі сасық». Со­
дан иттің күнін көріп жүрмін ғой. Бірақ, өзіне тіс-тырнақ, айбар

көрсетіп, үргені, басынып абалағаны үшін кек көріп, намыс ой­
лап ит екеш ит те таласады. Езуінің жырылғанына, құлағының
жұлынғанына, аяғының, алқымының шайналғанына қарамай
намысқа шабады. Менде төбет ит құрлы батылдық жоқ. Аузым

жесем де қан, жемесем де қан. Неше рет күреске тартты. Әбден
зықымды шығарып, зәремді алып болды. Басқа қалпақ киіліп,
зорлықты бақылауға алынып қалам ба деп, бәйек болып, зыр
жүгіріп жан бағып келемін.

Боранқұл ойланып отырып қалды. Ешкімге сыр ашпайтын
дағдысын бұзып, жақындығы үшін Шеризатқа ақыл айтқысы
келіп, көп кідіріп барып сөйледі.

– Тым зыртұяқ болып кетіпсің, бауырым, екі шоқып бір

қараудың орнына бір шоқып екі қарап жүріп қалай жан бағасың?
Ноқталы басқа қашан да болса бір өлім. Сенің бұл кебіңді кие
берсе адамда адамдық қасиет қалмайды. Ұлтымыз, халқымыз
адамгершілік рухынан мақрұмдалып азып азғындайды. Құриды.

Ғаппар БІЛӘЛ
Саған жүргізіліп отырған зорлықтың барлығы-қорқытып
бағындырып алудың амалы. Адам қорқытар зорлықта илан­
дыру қуаты болмайды. Зорлық жүрген жерден қарсылық қана

қаулап өніп шығады. Қорқыту елдіктің, берекенің ісі емес.
Хан-патша халықпен патша. Халықты керек етпейтін патша
болмайды. Болса ұзақ жасамайды. Сенің Сәйдәлің де ұзаққа
бармай құлайды. Соның қорлығына ұшырап қалмауға тыры­

сып бақ! Құдайға шүкір, сен өз бойыңдағы иттік, қоянжүректік
міндеріңді шырамытып, танып біліп отырсың. Осының өзі
сенің бойыңнан адамгершіліктің сарқыны үзіліп, таусылып
кетпегенін аңғартады.

Боранқұл шынтағына биік қойылған жастықтан көтеріліп,
арқар терісі бөстектің үстіне көтеріліп отырды. Шағи жуынды­
рып әкелген күлді-көмеш кішкентай ұлды сұрап алып алақанына
қондырды. Екі жасар бала дейтін емес, аяғын баспаған, қаз

тұруға, тәй-тәйлап жетелеуге жаңа жете бастаған. “Әта-Әта”
дегеннен өзге көп тілі де жоқ. Қарны қабақтай, борбайы ши­
дей. Баладан гөрі шиге шанышқан қуыршаққа көбірек ұқсайды.
Жанды қуыршақ. Жуындырып-шайындырған соң күл исі

жоғалып, сәби исі бұрқырап шыға келген. Сәби баланы қолына
алмағалы көп болған Боранқұл сағынып қалған екен, кеңсірікті
жарған жағымды сәби иісіне құшырланып, Сәлменнің көзінен,
мұрнынан, тамағының астынан, тіпті бор-байының арасынан

да, шүкімейттей өкше-табанынан да қайта-қайта искеледі.
Көрік аузында отырып көпшікке жіберіп қойған “насыбайы­
нан” сүйіп отырып, көзінен жас сорғалады. Төрт төңіректен
қатынасы үзіп тасталған қапаста отырған кезінде қамқорсыз

қалып,қырылып, құрып кетер ме екен деп уайым қылған бала­
ларын еске алып өзегіне өрт кетті. Өзінің бала кезінде нағашы
атасы Бастаубайдың немере-шөберелерін алақанына қондырып
алып, әндетіп отыратын “әлди жыры” есіне түсті. Омырауын

жуған көз жасынан тез тиылып: –
Әлду-шәлду-ай
Ақ сиырдан туады күрең айғыр-ай,
Иттің күндіз үргені күз болғаны-ай,

Ителгі құс аспанда пішен жемес-ай,

Бастаубайша барылдап әндетіп барып тоқтады. Ол тұста
Боранқұл нағашы атасының қию-қисын жоқ бұл жырында
мағына бар деп ойламайтын. Балаларды күлдіріп, алдандыруға
айтатын әзілі болса керек деп ойлайтын. Ақ сиырдан айғыр

туа ма, бұл мүмкін емес, деп қарайтын. Ендігі де сол мүмкін
еместердің барлығы оның көз алдында шындыққа айналып
барады... иә... иә... бала кезінде әке таяғынан жасқанбайтын
сотқар мінезді Шеризаттың сужүрек қоянға айналып кеткенін

көріп отырмыз ғой, анау атақты Елеместің ұлы Шоқай қалай
өзгерген. Ақ сиырдан арқыраған көрең айғыр туғаны да рас,
ителгінің аспанда пішен жегені де шын. Сәйдәліні айтпай-
мысың? “Мен айттым, бітті, мен саған жолдас емеспін” деп

нығызсиды. Сәйдәлі айтатын болашақ молшылық жырының
үні құлақтан кетер ме?! Кімге не керек болса даяр, ақша
жұмса-майтын, еңбек те, күш те сарып етпейтін, Сатып алып
әуреленбейтін, иен-тегін жатқан молшылық жыры. Естіп

отырсаң тіл ұшына сылқитып соға беретін жаубүйректің дәмі
үйріледі. Тегін тамақты кім жек көрсін?! Аспандағы пішенге
айналып кетпесе екен деп тіленгендейсің.
Адамға даяр қазіргі өмірден қиялдағы өмір сүйкімді

көрінеді. Боранқұл сәскелік шай үстінде егіншілік орын өзіне
қол еместігін, мұнда тұрып, Сәйдәлінің қорлықтарына шыдап
өмір сүруге құлқы соқпайтынын, жұқарып кеткен сабыр-шыда­
мы шыдастық беруге төзбейтінін айтып, абақтыға тіленіп қайта

кету шешіміне келгенін білдірген еді, Шағи жылап жіберді.

– Абақтыға кетемін дегеніңіз не, жезде аға? Айта көрмеңіз.

Біз баға алмайды, ауырсынады деп ойлайсыз ғой, олай дей
көрмеңіз, қырға шығып, мұндағы ауыр азап, жеңіл тозақтан,
Сәйдәлінің қуарлауынан енді ғана босаған бала-шағаңызды
қайта алдырамын, көшіріп әкелемін деп те әуреленбеңіз,

алдырмаңыз, тау айналмаса тас айналады. Сәйдәлі ақыры
бір күні сізді де жібереді. Оған дейін қолда барымызбен
қолымыздан келгенді аямай сізді бағамыз. Шеризат екеуміз
қара тұяғымыздан хал кеткенше сізді асыраймыз. Сәлменнен

өзге жүгіміз жоқ, деніміз сау, қарнымыз аш болмайды.
Киіміңізді кірлетпейміз. Асхана тамағына тоймасақ, Алланың

Ғаппар БІЛӘЛ
ырыздығы, Құлыстайдың қояны мен құсы құрып қалған жоқ.
Қақпан жайып, тұзақ құрса да Шеризат ұстап әкеліп тұрар.
Өз балаңыздай қарайтынымызға сеніңіз!. Ел іші алтын бесік

емес пе, – деп бәйек болды. Қым еткеннен қитық шығарып
отыратын Сәйдәлі қазымырлығының күн көрсетпесін еске
алып, Боранқұлдың қайтып кетуіне Шеризат қосыла бастаған
кезде Шағи тағы ақыл тауып шықты. Кәрі жездесін Тарым

мен Құбының құмына қайта қаңғыртпай, ауырып жатыр де­
ген өтірік сылтаумен жылы жауып үйге жатқызып қойып,
қырдағы өз үйіне шығып емделуі үшін дәрігерлік сипатта­
ма алып бере алатындығына сендіріп әуреленді. Осы жердегі

Пәтемхан деген ұйғыр қызымен достығы бар екен, сол дәрігер
қыздың қолынан ыспат жаздырып аламын деп кеудесін қақты.
Шағидың іске асуы екіталай тапқырлығына да, өжеттігіне де
Боранқұл сүйінді. Шағи кеспелтек денелі, тепсе темір үзетін ат­

пал азамат Шеризат сияқтанып қорқып бұқпайды, айтар сөзін
есік-терезені тарс жауып алып құлаққа сыбырламайды, ашық
сөйлейді. Батыр да, батыл да өзі. Бірақ, оның өтірік ауыртқалы
жүрген жездесі Боранқұл шын ауырып қалды. Кешегі жаяу

сапар үстінде аңсап, сағынып келе жатқанда аңырап соққан
Тарбағатай желінен ашып тастаған кеудесіне суық тигізіп алды
ма, ақ қоянның тоя жеген етінен күпті болып, жасығы жібіп
кетті ме, тұла бойы шанышқақтап жатып қалды. Шақыртылып

келген ұйғыр қызы Пәтемхан аурудың ыстығы көтеріліп,
өне бойы қақсайтындығын суықтан тұмау тигізудің кесапа­
ты деп қарап, емдеп жатқан орайда барша адамды жиынға
шақырған шапқыншы жетті. Шақыртқан кісі Сәйдәлі екен.

Әсіресе, Боранқұлдың жиынға қатынаспай қалып қоюына
болмайды депті. Қас-қабағы қиылған сұлу мүсінді Пәтемхан
шақырушының бетіне ашулы раймен түксие қарап:

–«Боранқұл әкәм бара алмайдұ, суық тиіп ауырып қалған.

Яқшы дауаланмыса болмайдұ”,– деп мәлімдеді. Алайда, бірі
қайтарылса екіншісі қайта жіберілген шабармандар Боранқұлды
алды-еркіне қаратпады. Емделіп жатуына рұқсат етпеді. Жиын
майданына зорлап ертіп апарды.

Боранқұл жиын майданы етіп белгіленген егіншілік

бригадасының кең ауласында қоралана отырып алған қалың
адамның ту сыртынан келіп тізесін бүкті. Орындықсыз тақыр,
сыз жерге отыратынын білетіндердің көбі үйлерінен көтере
келген тері тулақ, киіз бөстектерін төсеніп алыпты. Желке

жағынан көрінген көп адамның кім екенін тани алмаса да,
қырмызы қыр түлкісіндей құлпырып, беттерінен нұр тамып
тұратын бағзы заман әйелдерінің қызыл шырайын Боранқұл
қанша шолса да ұшыратпады. Барлығы шаң қауып, сұрғылт-

танып алған жүздер. Екеу-үшеудің басы қосылған топты жер­
де дабырласып, гуілдесіп жататын әзіл-қалжың тиылған. Жас-
кәрінің бәрі де аузын бағып тақуаланып кеткендей. Жым-жылас.
Боранқұлдың келіп шетте отырғанын көргендер де орнынан

қозғала алмады. Келіп амандасуға бас жақтағы әлде-кімнен
қорқып айдынып отырған түрлері бар. Қатар отырғандар бір-
бірін бүйірден түртіп қалып. Боранқұл жақты иегімен нұсқап
көрсетіп қойып, жер шұқыған қалпында әлденелерді күбір-

леседі. Бұрыла қарағандардың өзі де көздерін тез тайдырып,
теріс айналады.
Оң қапталда бір көздің өзіне сұқтана қарап отырып
қалғанын Боранқұл тез байқады. Әйел көзінің сұғы. Тегі

әйелзаты көнекөз дәмдестігін, көңілдес достаналығын ұмыт-
пайтын, ұмыта алмайтын сияқты. Мезгілінен ерте қартайып
кетіпті. Мүмкін, балабастылықтан болар, бәлки тұрмыс күйдің
төмендігінен, жапа-машақаттың ауырлығынан болар, тістен

айрылып, ұрт еттері, қаймақ ерні ішіне қарай жиырылып, ас-
тыңғы иегі мұрнына жақындап алыпты. Сол түріне бақпай,
Боранқұлға үңірейе үңіліп, жәудірей қалыпты. Маңдайынан
көлденең кесіп өткен әжім жолақтары екі құлақтың алды­

нан құлап келіп, ақ тамақтың тұсына жеткенде шырматылып,
ұйлығып алыпты. “Мағарияның тамағы, Мағарияның тамағы”
дейді бір үн Боранқұлдың жүрек түкпірінен айқайлап. Бірақ,
бұл айқайдың соңғы дабырасына құлағын төсеп отырар мұрса

тимеді Боранқұлға. Мүмкін Мағарияны ескеруге онан кейін де
мұрсасы жете қоймас.
Кеңсенің есік көзіне жанастыра қойылған жалғыз үстелге
келген бригадир бұл реткі жиынның мақсаты абақтыдан қайтып

Ғаппар БІЛӘЛ
оралған байырғы қылмыскер Боранқұлға құлақ қағыс ету және
бірнеше бұзақының үстінен күрес-сын жүргізу екенін түсіндіре
келіп, аудандық сот мекемесінен келген басшы қадір Мұрат-

бекті күтіп алу байланысымен Сәйдәлі секретар қатынаса
алмайтын болған осы жиынды ашуға өзі міндеттенгендігін
мәлім етті. Солайда Сәйдәлі секретардың тікелей нұсқауымен
ашылған бұл жиынды сәтті өткізуіміз керек деп, қыруар үгіт-

насихатты құлаққа құйып болған соң, Зағипа деген әйелді ор­
нынан тұрғызды. Ол “жекелік” істеп, егіні орылып, жиналып
кеткен атыздан масақ теріп, бас мүддесін күйіттепті. Тегінде
бойына шақтап, дәлдеп тігілген болса керек, бұл күндері

жұбына жете арықтағандығынан көлкілдеп бос қалған қоңырала
көйлегінің етегі шұбалып орнынан тұрғанда, көпшілік алдына
шыққандығын ауырлап, ұялып қысылғандықтан Зағипаның екі
беті албырап, маңдайы тершіп кетті. Ол орақ науқаны аяқтамай

жатып масақ тергені үшін сындалуы, басқалардың да масақ
теріп, жекелікпен шұғылдануына, коллективтің іргесін қазуына
мұрындық болатын қателігін танып, түзетуі үшін уәде беруі
керек екен. Оның қатарына Құдайберген деген жас мұғалім

тұрғызылды. Оның күнәсі – коммуна парткомінің есігіне бүгін
түнде Сәйдәлі секретарға қара шаптап, найза ұшын қаратқан
кертартпа мазмұндағы өлең жазылған бір жапырақ қағаз
жапсырылған сияқты. Сол қағазды жазып, жапсырған кісі ша­

масы осы Құдайберген деп жорылған көрінеді. Өлеңде:
Ақ бидайды орусыз,
Көмдіріп жатыр Сәйдәлі.
Мәліметтердің сифырын

Өндіріп жатыр Сәйдәлі.
Асхананың айраны,
Қайда кеткен қаймағы?
Жегеніміз нан емес

Нанның қара дайрағы.
Бас секретар Сәйдәлі.
Осы ма бізге қайраны? –
деп жазылыпты.

Бастапқыда қысылып, сасқалақтап қалған Зағипа өзінің
масақ теруі жекелікке бой ұрып, капитализмді қайта тірілдіруге
сұқтанған қате әрекет деп қарайтын шешендердің ығына
жығылып, мойындауға бейімдеген еді, кезек Құдайбергенге

ауысқанда оның жазылған өлең менікі емес деп бет бақтырмай
қарсылық көрсеткен рухынан әсерленді ме екен, дереу алғашқы
райынан қайтып ала қойды.

– Мен бір уыс бидаймен капитализмге бара қояйын дегенім

жоқ. Кішкентай сәбиімнің жалғыз үйде қараусыз қалып, аш­
тан, шөлден өлгенін көпшілік біледі. Қалғандары аман болсын,
қарнын тойғызып қояйын деп ойладым. Қарға мен торғай жеп
жатқан масақты менің балам жесе несі қате? Тіпті, менің де

балам емес, коммунаның баласы, компартияның баласы ғой,
ертең компартия үшін, коммуна үшін солар егін салады, бидай­
ды солар өндіреді, екі есе, көп есе етіп қайтарады. Сондықтан
оның тойғаны, қарнын тойғызғаны қате емес, – деп шапшу­

ырлады. Баланы аштан өлді деудің өзі Сәйдәліге, халық ком­
мунасына қара жапсырып, жала жапқандық, Сәйдәліге қарсы
шығу – компартияға қарсы тұру болатынын назариялық жақтан
дәлелдеуге тырысқан жас жігіттің бетінен алып шаптығып

кетті.

– Аузыңның ішінессейін, естиін дегенің осы ғой, менің ба­

лам аштан өлмей, майға қақалып өліп пе еді? Қанша май беріп
күпті қылып едің асханадан? Қазы-қарта, жал-жая белсенділер,
бастықтар сендердің ауыздарыңда. Біз білмейді, көрмейді
дейсіңдер ме? Басынбаңдар өйтіп, – деп шарылдады.

Ал Құдайберген мұғалім аққұба жүзі сұрланып қатайып
алды.

–Өлең жазған мен емес, тегінде баспасөзде өлең жарияла­

тады дегендеріңмен6 мыналарың жазба әдебиетке ұқсамайды.
Бұл ауыз әдебиеті үлгісінде жазылған өлең, жазу бөгенайы
да менің жазуыма ұқсамайды. Менің жазғанымды растайтын
дәлел – ыспаттарың жоқ. Тегінде Сәйдәлінің бір рет бетінен

алғандығым үшін істеп отырған қаралықты арандату деп
білемін мен мұны.

–Жазуды сен бұрынғы жазу үлгіңе ұқсатпай, сол қолыңмен

Ғаппар БІЛӘЛ
жазғансың. Өйткені, кеше кеште сенің сол маңайда жүргеніңді
сыртыңнан көрген кісі бар. Сондықтан мойындауың ке­
рек. Қарсылық көрсетіп жақсылық таппайсың, қарсылық

көрсеткендерге қатал болатын партиямыздың саясаты бар, –
деп тепектеді біреулер.
Бірақ, оған Құдайберген қарсылық жасаған кезде, алдын
ала әзірленген адамдар болса керек, төрт-бес жігіт дүрсе қоя

берді:

–Тайсақтама, жазған сенсің.

–Мен емеспін.

–Сенсің.

–Емеспін.

–Мойындағаның жақсы болар ма екен?! – деп орнынан

көтерілген нығыз қара жігіт жардай болып, тойынған ауыр
денесімен сес көрсетіп, оған төніп келе жатқан кезде де «мой­
ындай алмаймын» деп қасарысқан қаңғажақтай арық денелі
қайсар мұғалімнің өжеттігіне разы болып кеткен Боранқұл

орнынан созылыңқырап тұра келді. Мұғалімнің жас ғұмыры
арандалып кеткелі тұрғанын аңғарып, оны арашалап қалғысы
келген екпінмен артқы тұстан айқайлап тұрып:

–Өлеңді жазып ілген кісі мен едім, бұл жас мұғалімде

шаруаларың болмасын! Мені тексеріңдер, – деді жұртты өзіне
жалт қаратып. Сәйдәлі секретардың мәпелеп тәрбиелеуінің
арқасында, мұндай бұқаралық жиындарда күрес жүргізудің
амал-тәсіліне төселіп, жер танып,ысылып қалған бригадир

бастатқан белсенділер тобы күтпеген жерден Боранқұлдың
бой көрсетуіне аңтарылып, тосылып қалған еді. Бригадирдің
бұл жиындағы міндеті – Боранқұлды тыныш жүруге, бұрынғы
қылмысты райынан қайтып, өсек-аяңмен, бұзақы әрекеттермен

шұғылданбай, басшылыққа бой ұсынып, бұқараның бақылауын
жуастықпен қабылдап, бұйырылған еңбекті жақсы істеп,
бұрынғы күнәларін жуып, жақсы адамдар қатарына қосылуы
керектігін құлаққағыс етіп, тәрбие-кеңес бердік сылтауымен

қорқытып, жасқандырып алу болатын. Өлетін өгіз балтадан
қорықпайтынын, кәрі орыстан мұсылман шықпайтынын,Сәйдәлі
құқайынан жасқанып, жақсаттануға жатылған жалған белсен-

ділердің түртпегіне түсіп, қорлауында жасаудан гөрі, бірін-
бірі кемсітіп мұқыратпайтын қылмыстылар ортасында, жаза
лагерінде өткізген қаратүнек өмірді артық көріп, Боранқұлдың
әдейі ізденіп тұрғандығын олар қайдан білсін?! Сәйдәлі жоқта

мына күтпеген шабуылға төтеп берудің қисынын келтіре
алмаған олар сасқалақтап кетіп, Құдайбергенді тастай берді де,
Боранқұлға қадалды.

–Сен неге жазасың?

–Менің жазғандарымның шындық екендігіне мына отырған

ел куә, өлеңде айтылған сөздің еш өтірігі жоқ екендігіне көзім
жетіп отыр. Сондықтан ауданнан келген сот бастығының осы
мәселені тексеріп, анықтап көруін талап етемін, – деді Боранқұл
тайсалмай тұрып. Партиялы басшы Сәйдәлінің бетінен ала­

тын мұндай өлеңді мен жаздым деп мойнына алатын адамның
табыла кетерін күтпеген, әсіресе, абақтыдан жаңа оралған
Боранқұл мойнына алар деп ойламаған, Боранқұл мен жаз­
дым деп тұрғанымен, оның жазып жапсыра қояр мүмкіндігінің

жоқтығына көздері жетіп тұрған олар абыржып қалды да,
жағдайды Сәйдәліге жеткізіп, одан нұсқау алу керектігін ойла­
стырып, жиынды атсыз-аяқсыз таратып жіберді. Боранқұлдың
бұл күнадан айық екендігі бастықтардан тартып, басқа бұқараға

да айқын еді. Жиыннан тараған жұрт:

–Түлен түрткен немеге дауа жоқ.

–Тазды көрсе таздың басы қышиды деген осы.

–Ұрыншақтығын әлі қоймаған екен.

–Сорлы неме, құрып бітейін деген екен.

–Саусоқыр деген осы.

–Саусоқыр емес, саңылауы бар кісі болып, осының

бірдеменің жөнін біліп тұрған жоқ па өзі. Боранқұл кеуде керіп
шыққан соң аптығып тұрғандар су сепкендей басылды ғой.

- Піскен бас қой, ең құрығанда өлер жерін білетін шығар, –

деп дабырласып бара жатты.
Осының ертеңінде коммуна өмірінде қауырт өзгеріс туыл­
ды. Боранқұлдың үйіне қайтуына рұқсат етілгендігі мәлім бол­
ды да, бұралқы сөздер бұрынғыдан бетер гуілдей жөнелді:

Аудандық
соттың
бастығы
Мұратбек

аудандық

Ғаппар БІЛӘЛ
парткомның тұрақты жорасы екен, ол Сәйдәлінің көкесін та­
нытыпты. Бұқара ішінде ауыздықсыз кеткен бейбастықтығы
үшін қатты сөгіс айтыпты. Күздік бидай ектіру сылтауымен

орылмаған егінді беталды жыртқызып, топырақпен бастыр­
туын да, асхана тұрмысын жұтатып, бұқараны қинағанын да,
бейуаз адамдарды күреске алып, зықысын кетіруін де, заң
қайтарған Боранқұлды үйіне жібермеуін де қатеге шығарып,

аудандық партком мәжілісінде осы істер жайлы мәселе көтеріп,
талқыға салатындығын жариялап, Сәйдәлінің есін шығарып
жіберіпті, Мұратбек жігіт екен, осы бетінде тұрса Сәйдәліні ау­
данда жауапқа тартатын сияқты, біздің партиямыз әділ партия,

Қытай халқын жоқшылықтан, ашаршылықтан құтқаратын пар­
тия депті, қателескендерге де, қылмыс жаза мерзімін аяқтатып
қайта оралғандарға да шығар жол беретін партия депті. Ас­
хана тамағы жақсартылып, балалар мен кәрілерге күтім орны

құрылатын болыпты, – дескен дабыралар молая түсті.

–Сәйдәліге сүт болған екен, өркештеніп, тым дүрдиіп алып

еді.

–Қой құйрығының шуашты исіне құнығып алған тұмсық

қой оның тұмсығы.

–Маңдайы жіпсіп үкіметке де, пақыр бұқараға да тер

төкпесе несіне бұлданады, ей?!

–Тұмсыққа жейтіндігін бұрын да сезуші едім.

–Ондай әулиелігің болса бетінен ала түспей айға бата қып

жүрдің бе?

–Бетінен алған емес, тура ғана төбе құйқасын шайнап,

төбесіне шай қайнатқан рәуә болар еді.

–Соны басындырып, басымызға шығарып, құтыртып алған

бар күнә өзімізде. Қарын шашы алынбаған бала сияқтымыз ғой.

–Қорқақпыз, қуыс кеуде құр сүлдерміз, тірі қаңқамыз.

Өйтпесе, тағдыры қыл үстінде тұрған Боранқұлға қарағанда
түбіміз қомақты, тамырымыз берік тақыр кедей біздің кеуде
керіп, қарсылық көрсететін жөніміз бар ғой.

–Боранқұл ер екен. Ерліктен қайтпаған екен есілің. Біз ер­

кек емес, оның қасында кимешексіз кеткен қатын екенбіз ғой.

–Жә, әлгі көзі ашық, өзі оқыған Құдайберген мұғалімді не

қара басты. Жазылған өлең, айтылған сөздің қате емес, дұрыс,
өтірік емес, шын екендігін айтып тұрып алмай, өз басын араша­
лаумен ғана әбігерленді ғой.

–Ол жас емес пе?! Бір мәрте соғылып кетсе, жуықта оңала

алмасын ол да біліп тұр.

–Кәрі қойдың басы піскенше, жас қойдың басы сылынып

түседі дегеніміз осы, – делінетін шаптырма сөздер қарша бо­
рады.

–Жұрт не десе о десін, Боранқұлға әзірше, ең басты

қажеттілік – үйіне жетіп, бала-шағасымен аман-есен жүздесу
еді. Оның жайырдағы иен қуыста отырған өз үйін ымырт алдын­
да зорға тауып, жаяу келуі осы күннің ертеңінде, Пәтемханның
қолынан емделіп шыққаннан кейінгі шаруа еді.

Сөйтіп жүріп қолы жеткен мәртебеден, Айданақтың
қолынан жазатайым қолына тиген қоралы қойынан айрылғысы
жоқ еді. Борекең бұрын қой жайып көрмесе де, Айданақтан
алған ақ таяқтан айрылып қалмауға барын салды. Оның

бағымына тигені бір қора саулық қой еді. Іші өскен сайын
аяғы ауырлайтынын, еті төмендейтінін ескеріп қыстау соны­
сын шиырлатпай, жайлымын тың сақтады. Жиналған пішенді
ысырапқа салмады. Ханжігіттің болымсыз кадрлық мәртебесі

мен пысықтығына сүйене жүріп, отбасы жағдайын тез оңап
әкетті. Бәйбішесі Мәликенің қырықтан аса бере бүгілген белі
жазылды. Тотығып, жұтыққан өңіне қызыл арай жүгірді. Аз
күннен кейін өзінің жүкті болып қалған қуанышын жеткізді

шалына. Алыста жүрген, жақында жүрген балаларының басын
қоса алмай өткен Боранқұл бәйбішесінің жақсы хабарына жа­
рыла қуанды. Ауру меңдете берген Айданақ көрші орнықты
жерде емделу үшін егіншілік орынға көшкелі жатқан қарсаңда

Мәлике тағы бір жақсы лепес үстемеледі. Байырғы әдетімен бір
тізерлеп шай құйып беріп отырып, шалының бетіне қоңырқай
жанарының аса бір жылы мейірбан сәулесін түсірді.

–Шалеке, Айданақ көршіміз көшкелі жатыр, барып

сөйлесіп келесің ғой деймін.

–Неменені сөйлесемін?

–Баласына құдалық сөйлесесің. Кәмилә деген үлкен

қызына, ...біздің Ханжігіттен екі жастай кішілігі бар.

Ғаппар БІЛӘЛ

–Үй, бәйбіше-ау, біздің онымызға балалар көне ме екен?

–Көнетін сияқты, сөйлесіп, уәделесіп жүргені бар секілді

ғой.

–Бар болса жақсы екен, көріп жүрмін, сол бала маған да

ұнайды. Айданаққа тартпай, шешесіне тартқан бұйынтақ бала.
Сол үйді үй етіп ұстап отырған да сол бала көрінеді ғой. Өңі де,
мінезі де теріс емес, ақсарының әдемісі.
Ерлі-зайыпты екеудің хикаялары созыла келе Айданақтың

алдына жеткен еді, Ханжігіттің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын
ұнатып қалған Айдакең құлап түсті. Сол жылы Мәлике егде­
леген шағында, ержеткен ұл мен қызының алдында екіқабат
болып қалғандығына ұялып, қымсына жүріп, басы бақырдай ұл

тапты. Кенже ұлының атын олар Орқаш қойды. Келесі жылы
Ханжігітті үйлендірді. Қазинешті ұзатып үлгірді. Ханжігіт
пен Кәмиләні қолқанат етіп, Орқашты алақанына қондырып,
бәйбішесі Мәликенің қасында терлеп-тепшіп шай ішіп, жа­

дырап отырған Боранқұлдың төбесі бұрынғыға қарағанда
көкке көп жақындап қалғандай еді. «Жас күнімде бейнет бер,
қартайғанда дәулет бер» деген тілегін Алла нәсіп айлаған
шығар, есік алды керде қоралы қой ыңыранып жусап жатса,

тақымға толық тайлақкер мен алшаң басатын алкүрең белдеуде
байлаулы тұрса, шар тартқан Боранқұлға бала-шағасының жа­
нында күліп, жырғап отырудан өзге не керек?!
Ойхой, дүние-ай, тірі адамға керегі көп қой, Борекеңнің

жөні тіпті басқаша болатын. Бірақ, өткен іс өтті, кетті.
Оған қайта қайрылар қауқар да, мұрса да жоқ. Мүмкіндік те
жойылған. Мұндайда қолда барды жұбаныш етпей шара не?!
Сол үшін намазға үйренген аюдай қорбаңдап мінәжатқа

отырды. Үй тұрмысын оңдауды ғана ойлауға көндікті.
Жекелердің қолында тігерге тұяқ қалдырмаған алғашқы ком­
муналасу қарсаңындағы ағаттықты түзетіп, үкімет қайта
үлестірген жеке меншігіндегі азынаулақ малын өсірді.

Тарбағатайдан жайырға шығатын ұзақ көш үстінде оған тағы
бір көлденең пайда қосылды. Табынынан бөлініп кеткен он
бір саулық қойды қарлы боранда қаңғып жүрген жерінен
үстінен түсіп тауып алды. “Тәңірім арнап берген олжасы, көп

жылдық бейнетімнің қарымжысы, Атыраудан Алтыншөгеге
дейін шашылған көп малымның сілекейі болар, іздеп келген
иесі шықса берейін, іздеп келмесе үндемейін” деген ниетке
келді. Іздеген ие шықпаған соң бұл сырды кемпірінен де, ұлы

Ханжігіттен де жасырып, білдірмей кетті. Сөйтіп коллектив
қойының көлеңкесінде көпкөрім әлденіп алды. Бірақ, бұл аз
күндік бақытты тұрмыстың тыныштығын 1962 жылы аяқ асты­
нан туылған шекара оқиғасы бұзып жіберді.

Сол жылы көктемде Алтайдан бастап, Тарбағатай жота­
сынан қырқалап, Ілеге асып түсетін шекаралық сызық белінен
пенде баласын аттатпайтын қасиетті тидауды бір ай бойы алып
тастады. Бұл тыйымның неге алып тасталғанымен шаруасы

болған бұқара жоқ. Сол бір жылдары ойына келгенін қылған
қарадүрсіндер бір Сәйдәлі емес-ті. Сол Сәйдәлілердің оңды-
солды сілтеген әмір таяғынан жәбір тартып, жазықсыз-күнәсіз
тектеу-тежемге ұшыраған тұрғылықты халық тайлы-таяғымен

Советтер Одағына, оның боданы Қазақстан жеріне жосыды.
Шекаралық аймаққа таяу отырғандар бала-шаға, мал-жанымен
қотарыла көшіп жатқанда, жырағырақ өңірдегілер үй-мүлкін
тастап кетіп жатты.

Осы хабар құлағына жеткенде шекарадан шалғай Жай­
ыр тауында жатқан Боранқұл қатты абыржыды. Елтіріден
ел бүлінетін ерте замандардан тартып бірде батысқа, бірде
шығысқа босып, әлсін-әлі іргесі көтеріле берген қазақ елінің

тағдыры тағы аумалы-төкпелі кезеңге тап болған екен деп та­
нып, бұрыннан қаяулы көңіліне қапырықты сезім ұялады. Қара
қобызын қолға алып, қыл ішекпен бірге күңіренді. Тиянақ-
тұрлауы жоқ тіршілік әлемін мансұқ еткен ғарып көңілдің пәни

дүниемен қоштасардағы ақтық сөзін бергі беті жарық, арғы
беті қараңғы тағдыр талқысына ұмсынған талмау күбіріндей
бір сыңғыр-сұңқыл жүгірді сусылдаған жел қанатына да. Жел
аударған қаңбақтай қотарыла көшкен елдің жұртында адасып

қалған күшік ой қыңсылады бұрыштарда. Елсіз иендерді ме­
кендесе де елмен күнелтетін, ел-жұрттың қора-қотанына шау­
ып рыздықтанатын түздің көкжал бөрісі болып ұлыды мұңлы
жүрек. Есінен айрылған елдің көшерін жел, қонарын сай

білетін, айхай, қу тағдыр-ай!

Ғаппар БІЛӘЛ
Боранқұл бордай босап егілді. Таған түсе бастаған қос
жанардың жасымен сақалын жуды. «Көптен айрылған көмусіз
қалады, көппен көрген ұлы той» деп біліп, босқан елдің

құба жонда боразда тартқан сорабымен кетіп бүкіл ғұмырын
талқандаған еді, бала-шағасының сорына бағып, көзжасына
қалып, түсіп-шығып аласатып еді түрмелердің аузынан.
Алғашқы махаббатын да мерт қылып, тұңғыш балаларынан да

айрылып еді сол сарпалдаңды сапарларда. Сондай бір өткен та­
рих тағы қайталанғалы отыр ма? Көппен бірге кетіп, арғы бет
асқандардың тағдыры тағы нендей күйге жолығады? Оларға ие
болар, қамқорлық етер кімі бар алдынан шығып қарсы алатын?

Қазақтың елдік тізгіні өз қолында тұрмаған соң. «Бөдененің
үйі жоқ, қайда барса бытпылдық» дегеннің кебін кимес пе?
Демін ішіне тартып тынып тұрған әр қандай жым-жылас
тыныштықтың артында, астарында жататын боран-шашыны,

қызыл шұнақ аязы болушы еді. Ол қай бағыттан соғады?
Шекаралық
өңірге
жақын

Тарбағатай
бөктеріндегі
көктеулікке ерте көшкен елдің артында, Жайырда мал төлдетіп
қалып қойған Боранқұлдың әрі-сәрі ойлармен болып, «Темір

ноқта», «қайыс ноқталардың» парқын салыстырып, бұдан ары
найқалып отыра берер мұрсасы жоқ еді. Ел ішіндегі толқуларға
ілесіп кетіп жүрсе Тарбағатайға ерте көшкен малшылармен
бірге жүрген Ханжігіттен тағы айрылып, адасып қалармын де­

ген қауіп оны қолды-аяққа тұрғызбады. Мұндай аласапыран­
дарда Боранқұлдың айрылып қалған ұлы аз деймісің?!
Боранқұл ат-көлігін жинап жіберді де, Тарбағатай төсіне
үдере көшті. Аяқтанбаған төл мен арық-тұрақтардың көшке

ілесе алмағандарын түйеге артып алып, бір жетіде ел шетіне
ілінген жерде Ханжігіт үйге келді. Коммунабасыларынан тар­
тып бақташыларға дейінгі көп қауым көшерменге айналып
дүбінісіп жатқан хабарын жеткізе отырып, Ханжігіт те елден

қалмасақ деген тілек білдірді. Боранқұлға темірдің екі басы
да ыстық еді. Ол ресейліктерден тегінде тепкі көріп, теперіш
тартқан тарихын еске алды. Ендігі жерде қазан-ошағын
салдырлатып жетіп барғанда сүйкімінің қандай боларын

мөлшерлеп көрді. Барар жерім бұрынғы басқан төбем болса, ол

арадан ескі кекті ұмытпай, жұдырығын түйіп отырғандар шыға
қалса оңдырмас деп шамалады. Ханжігіттің тіліне көнбей көп
қасарысты. Бірақ, ел басқарып ысылып қалған ыспар жігіт
жылы да жылбурынды сөздермен әкесінің алды-артын орап

құтқармады. Тым берік қаланбаған ұйғарымның іргесін наным­
ды дәлелдермен ұрып, қопсытып құлата берді.
Ханжігіт тіпті шешен болып кетіпті. Сылдырап тұрған
су жұқпас судыр емес, оң мен солды айыра білетін, сарабдал

азамат болып көрінді әке көзіне. Сөйтіп Қазақстанға қаша
көшкелі жабданған елден Ханжігітті жырып бөліп алып қалмақ
ниетпен асыға жеткен Боранқұл, жас күнінде, қылышынан
қан тамып тұрған дер шағында айтқанынан қайтпайтын қатал

Боранқұл буыны кеткенін көрсетіп, алып кететін ұлдың тіліне
иланайын деді. Баланы қойып, даналардың тіліне көзі жет­
пей көнбейтін қуатынан айрылып, бошалаң тартқанын, сөзге
ергіштеп «жұмсақбастанып» бара жатқанын түйсіне отырып,

Ханжігітті қайын атасы Айданаққа жұмсады. Түнқатып барып
Айданақ құдасының ой-ниетін, бағыт-бағдарын біліп келуге
жіберді. Қырсық шалып, қаңғырып қалғалы тұрғандығын ол
қайдан білісін?! Таң бозынан қайтып келуге тиісті Ханжігіт

қайта оралмады. Ай жайылды, күн шықты, келмеді, түс ауды,
келмеді. Бір сұмдықтың ныспын нышандап, тықыршық атты.
Боранқұл отырайын деп отыра алмады, бесін кезінде терлеп
сауыс болған аттарын сау желдіріп, түтіге жеткен топты адам

Боранқұлды екі сөзге келтірмеді. Алқым таудағы көктеуліктен
еңкейте кішіріп, шыбын-шіркейі түтін болып тұратын Еміл
бойына қуып түсірді. Ыстықта үйездеген қойды айдап жүргізе
алмай, кенезесі кеуіп қаталаған Боранқұл қанша жалынса да

оны қайта көшірушілер Ханжігіттің қайда жүргенін айтып бер­
мей қыршаңқыланды.
Сақшы киімін киіп шылтиған семізше қара жігіт беліне
қыстырған ортасы тесік, қарыстай қара темірдің былғары

қабына алақанын басып тұрып:

–Тапжылмайсың осы арадан, шошаң етіп атқа мінсең,

біреулермен сыбырлассаң көресің! – деп кесетті, – Ат-көлікті
біз айдап әкетеміз, көлік атаулы бір орынға жиналып, бір орын­
да бағылады.

Ғаппар БІЛӘЛ

–Қарағым-ау, өлтірсең де шынын айтып өлтірші. Менен не

көрініп тұр көздеріңе? Әуелі ұлым қайда, соны айтып берші!

–Ұлың бізде, қамап тастадық.

–Ұлымның қамауға алынатын жазығы не?

–Жазық деймісің? Жазық жоқ қой сендерде?! Сөзді доғар!

Қойыңа ие бол! Басқасын кейін көресің.
Боранқұл шаңырағының үстіне қаралы күндей қайта түн ор­
нады. Шылтиған қарамен айқашақтану қамаудағы Ханжігітке де,
басқа бала-шағаларына да жақсылық емес, жамандық әкелетінін

мөлшерлеп отырып қалды Боранқұл. Жан күйзелісін Мәликеге
де, екі қабат келіні Кәмиләға да сездірмеуге тырысып, өтірік
күлімсіреді. Бірақ, ол күлімсіреуін келтіре де алмады. Баяғыда
түрмелес жатқан ұйғыр оқымыстыларының бірі тамұқтың есігін

күзететін «сербер» деген ит туралы айтып берген кезде де ол
күлімсіреуін осылайша келтіре алмай әуреленген болатын.
Бірақ, Ханжігіттің хабары ұзақ күттірмеді, жағдай орнығып
болғанша орнынан қозғалмасын деп сақшы жігіттің Боранқұлға

өтірік айтқандығы мәлім болды. Ханжігіт қамалмапты.
Айданақтың үйінен қайтқан жолында соңғы елді шетінен түре
көтеріп, көшіріп келе жатқан коммуна басшыларына кездесіп
қалыпты, көш бағыты шекара екен.

Дүниедегі аса қуатты, аса ірі екі мемлекеттің арасындағы
шекара аты бары атын мініп, бала-шағасын мінгестіріп, аты
жоқтары екі аяғын мініп, балаларын арқалай жосып, бо­
сып жатқанда бір ай бойы аңырайтып ашып тасталғанымен,

мерзімі жеткен сағат-минутында бір бұйрықпен сарт етіп
жабылып қаларын, жабылып қалса барлық аппарат, барлық
қорғаныс жүйесі аттанысқа келіп, шұбырған көштің мойнақ
асып үлгірмеген соңғы бөлегін алдынан қайырып, иіріп қайта

тырқырататынын, алдын-ала мөлшерлеп болжай білетін сәуе-
гейлік дарыған жоқ қой бұл елге.
Бұларға өсек дарыған. Сол өсекке сеніп, өсекке ілеседі.
Боранқұл күйіп, пісіп, соған ыза болады. Қашып-пысудан

ел-жұрт тиылып, орныққан бір әредікте баяғыда кертартпа
өлең жаздың дейтін Сәйдәлі қуғынынан өзі құтқарып алған
Құдайберген мұғалім келіп, Борекеңнің құлағына сыбырлайды:

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР 1962 жылғы шекара ашылуының жер түпте жатқан сыры бар екен, баяғыда Қытай үкіметі Корей соғысына көмектесіп әскер шығарған кезде, совет үкіметі екінші дүние жүзі соғысынан қалған көп қару-жарақпен қамдаған көрінеді. Бірақ, дер кезінде қару-жарақтың төлем мәселесі сөз болмай қалып қойыпты. Стакеңнен кейін таққа отырғандар сол қарудың құнын жоқтап келгенде Қытай жақ қаржы жоқтықтан адам берейік депті, сөйтіп, екі жақ мәмілеге келіп, шекараны бір ай ашық ұстауға, қашып өткендер сол қарудың төлемі есептелуге келісіпті, уақиға осыдан туған екен, – деп көститті. Құдайбергеннің бұл өсегін естігенде жарыла жаздап отырса да сыр білдірмей тыңдап болған Боранқұл оның мұндай мылжыңды кімнен естіп, кімнен ұққанын сұрамастан, қара тұмсықтан шырқ еткізіп жатқызып, орнынан тұрып жүріп кеткен-ді. Бұл оның Құдайбергенге ел бүлдірер аузыңа ие бол деген ескертуі еді. Егер, бұл өсектен тиылмаса мәдениет төңкерісінде басты беріп шығатын мұғалім бір тисе де молаң тиген сол жұдырықтың күшімен ес кіріп, кейін аман қалған. Ол кезде Құдайберген сықылды қуырған бидай тоқтамайтын “жыртықауыздар” не десе о десін, дәл сол күні не қылса да екі жақтың орталығынан да шекара жабылғандығы туралы жергілікті орындарға жарлықтар мен ұқтырулар түсірілгені анық. Сол ұқтырулар қолға тиісімен тиымдау­ шы қосын қозғалар алдында олардың құлағына бір сауысқан шықылықтап, осы коммунаның да түп қотарыла көшуге бет алғанын мәлімдейді. Бұл қосын жүрдек машиналармен құйындатып келіп, Ханжігіт қосылған топтың алдын орап шығады да, Сәйдәлі бастатқан топты, бастықты аттан түсіріп, бір шетінен сытырлатып көзірлей бастайды. Сол үрейлі құбылысты көзімен көріп тұрған Ханжігіт көзірлену кезегі өзіме де келе жатыр екен деп қате мөлшерлесе керек, астындағы қыл қауып тұрған алкүреңге қамшыны басып қалады. “Кетті, қашты, ұста, қуала” дейтін жарлықтар жамырай­ ды. Біреулер атқа міне ұмтылады, біреулер машинамен сырқыратады. Бірақ, Боранқұлдың сорына біткен тұлпар тұлғалы алкүрең қуа шапқан аттыларға шалдырмайды. Қырқа арыққа

Ғаппар БІЛӘЛ
салған қашқынның соңына түскен жеңіл машинадағылар да
көсіліп жүгіре алмай кейіндей береді. Ханжігіт ұзап шығың-
қырап бара жатқанда; “атын ат, өзін атса да болады” дейтін да­

быра көтеріліп, кейбіреулер қолында бар қаруларын кезеніп те
қалады. Сонда сақшы мекемесінің әлгі бір шылтиған семіз қара
жігіті:

– Алдында үлкен тас тоған бар, секіріп өте алмай еріксіз

қолға түседі атпаңдар! – деп әмір береді. Оған Ханжігітті
тірідей қолға түсіру қажет болды ма, атылған оқ Ханжігіттің
атына тимей, жазатайым өзіне тиіп, мерт қып алсақ обал бола­
ды деп қарады ма, жоқ, бекімсіз адам өлтіргені үшін өздеріне

сөз тауып, пәлеге қалып жүруден тайсалды ма, ол жағы белгісіз
еді. Ал “талағы түскір” алкүреңге көлденең кезіккен апан арық
бөгет бола алмайды. Атты кісі бойламайтын терең су ағып
жатқан, он шақты метр жалпақтықтағы тас тоғанның үстінен

қызыл жалын болып секіреді. Өте беріс жағаға артқы аяғын
соғып сәл мүдіргенде Ханжігіттің күнқағары ұшып түсіп қала
берді. Екі жағасы есік пен төрден алыс апан арықтан секіріп
өткеннен кейін тарс-тұрс атылған оқ дарымайды. Сөйтіп

Ханжігіт Қазақстан жеріне, кейінгі қайын жұртына салт бас-
сабау қамшысымен жалаңбас кетеді.
Боранқұлдың бұл баладан айырылуының ең соңғысы еді.
Адам баласы басқа түскен бейнеттің көп түріне көнгенімен, ру­

хани бейнетке оңай көндікпейді екен, егделеген шақтағы соңғы
айрылудың азабы Боранқұл мен Мәликеге қан жұтқызды. Аз
күнде арсаларын шығарып жүдетіп жіберді. Мойнына бұршақ
салып, ұлының аман-есен қайта оралуын тілеп, Жаратушы

жалғыз Аллаға жалбарынып Мәлике аңырады. Боранқұлдың
қолында қара қобыз азынады жер мен көкті жат қылып, жапан
түздің сояу қурайымен сырласып Кәмилә еңіреді қосағынан
айырған тәлкекшіл тағдырына қарғанып. Қазинеш келді

ағасынан айрылған хабарымен тау-тасты күңірендіріп. Барлығы
бірігіп қара қобыздың азанына ұйыды. Дәгбіріне жүгінді. Қара
қобыз оларды мінәжатқа бастайтын имамға айналды. Имам
үнінен медет алып жұбаныш тапты, сабырға келді. Оңаша бір

аралықта Қазинеш келіп, жеңгесі Кәмиләнің екіқабат екенін

сыбырлағанда Боранқұлдың көкірегінде тозаң ұшырып,
ұйытқып соққан қара құйын тоқтады. Туашақ немересін қам
көңіліне медет, демеу етті. Созыла келе барлығы естерін жиды,
етектерін жапты. Күйзеле жүріп күлдіреуіштерін қайта түзеді.

Қалған бала-шағаның қамы үшін, туашақ немере-шөберенің
жаны үшін Боранқұл қарбаңдап қарашаруаға қайта қол салды.
Ендігіде олардың мал бағып, Тарбағатай жотасындағы
жайлауға шығып, жайлаулықты іргелеп өтетін шекара сызығына

жақын бару толымдылығы жойылған еді. Жеке Боранқұл емес,
шекараға қаша көшіп жолдан қайтарылғандардың отбасынан
бір адамы шекара асып кетіп, соңында қалғандардың барлығы
шектеліп, ойдағы Еміл бойына төмендетіп отырақтастырылды

да, шекаралық тау алқымындағы байырғы мекендерге өндіріс-
құрылыс армия қосындары қоныстандырылды. Сөйтіп жүргенде
Құдайберген мұғалім құйыршықтанып келіп, “Гоминдаң ар­
миясынан өзгертіліп, жауласқан қосыннан жаңа дәуірдің нан

өндірушілеріне айналған өндірістік қосын шекара бүтіндігін
қорғайтын даңқты міндетке ие болды, компартиямен жиырма-
отыз жыл қанды қырғын соғыс жүргізген солар ғұрлым сенім,
сүйкіміміз жоқ екен”, – деп сыбырлай қойған еді, Боранқұл оны

бұл жолы да ұрып түсірді.
Боранқұл қарт бүгін қара қыстауының ту сыртындағы дөң
үстіне шығып, алдынан тосып отырған қонақтары – сол кеткен
Ханжігіттің Қазақстан жерінен алған келіншегі мен балалары.

Уа, дариға, жарық жалған-ай! Мың да тоғыз жүздің ал­
пыс екінші жылынан тоқсан екінші жылға дейінгі отыз жыл
бойы зарықтырған осы кездесуді сағына күткенде, келіні
мен немерелерінің ай дидарын, күн жанарын өз көзімен көре

алмайтындығы күйіндіреді Боранқұлды.
Қасым деген ақын жазған екен деп Ханжігіт айта беретін
бір шумақ өлең Боранқұлдың зердесінен кетпейді.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы,

Көруші ең құбылысты қай-қайдағы.
Япыр-май, сен де бір күн сөнермісің,
Қап-қара түнек болып маңайдағы?! –

Ғаппар БІЛӘЛ
дейді екен Қасым ақын өлер шағын өкініш етіп. Ал
Боранқұлдың маңдайындағы екі жұлдыз өлуінен әлде қашан
бұрын, көзі тірісінде сөніп болған. Маңайдағының бәрі қап-

қара түнекке айналған. Жарығы сөнген, көруден қалған көз
тірі көз қатарында есептеле ала ма? Егер Боранқұлға салса –
Құдайдың ақ ажалынан келген өлімді өкініш етпес еді. “Тумақ

–сүннет, өлмек – парыз” дейді моллалар, ноқталы бастың қашан

да болса бір өлімнен құтылмасы хақ. Одан гөрі Боранқұлға тірі
өлімнің күйігі қатты соқты.
Өлім емей, өлімнен де ауыр емей немене? Бір ғана таудың,
Тарбағатай аталатын жалғыз ғана жал қыраттың екі жақ

беткейінде, бірі күнгей, бірі теріскей бетінде отырып, отыз
жыл бойы бір мәрте кездесіп, бір мәрте тілдесуге күйі келмесе,
тілдесер шаққа жете алмай ұл өліп, жесір келін, жетім немере
ауылға келгенде бет дидарын, түр тұлғасын көре алмасаң бұдан

өлім өтер ме?!
Қолына кейде тиіп кейде тимей кетіп сирексіп жүретін
хаттардың дерегіне қарағанда, Ханжігіттің бала-шағалары
көз жетпес-құлақ естімес жердің түбінде жасап жатқан жоқ.

Тарбағатай сілемінде, Аягөз өңірінде тұрады. Машиналы кісіге
таяқ тастам аралық. Бірақ, осы аралықты алыстатып, айлық,
жылдық жол емес, отыз жыл ішінде жете алмайтын қиян-қиырға
айналдырып отырған құдірет – Тарбағатайды жоталап өтетін

«шекара» атты жалғыз сызықтың киесі. Ол шетін басуға, аттап
өтуге тиым салынған, нәзік, нәуетек сызық. Мұндай секемшіл
сызықтар өштескен екі мемлекеттің арасынан өткен кезде онан
әрі киелілене түседі. Екі жағалаудағы адам ғана емес, жорғалап

өткен тышқанның да сорына айналады. Басқан ізі тексеріліп,
соңына қуғын түседі. Екі мемлекет шын жаугершілікке басқан
кезде екі жақтың әскери қорғанысшылары қатарына алынған
әке мен бала біріне бірі оқ атып, бірін бірі найзалап өлтіруіне,

өлісуіне тура келеді. Өлтірмесе, өле кіріспесе өз мемлекетінің
қас дұшпаны қатарында қаралады. Өз ұлымен қантөгіске ба­
рысатын мұндай күнге қалмағанымен, көп уақытын тәжі-
келескен енжарлықпен, қантөгіссіз қақтығыспен өткізген екі

мемлекеттің арасында баласынан айрылған Боранқұл құлақ

етін жеген қанша өсекке таңылмады? Қанша қиқуды бастан
кешірмеді дейсіз?!
Айрылысқанына алты ай толған күні Ханжігіттен хат келіп
еді, Қазақстан жеріне барған соң Тарбағатай атты совхозға ор­

наласып, аман-есен жүргендігінен хабар жеткізген осы хат
келген күні Ханжігіттің артында қалған тірі жесірі Кәмилә
толғатып, әп-әдемі ұл тапты. Ұлынан хат алып, немере сүйген
қуанышы үшін жылап отырып күліп, күліп отырып жылаған

Мәлике мен Боранқұл немересінің атын Қуаныш қойысты.
Содан тартып ара-тұра келіп тұратын хаттар мәдениет
төңкерісінің тидауына жолықты. Үзіліп кетті. Хат үзілген соң
Ханжігіттен Кәмиләның да күдері үзілді. Үміті кесілді. Ата-

ененің қолында алты жыл отырып барып жолға түсті. Сол алты
жылдың бойында келін ренжіп қалмасын, келін кенделік көріп
жүрмесін, қабағы кірбең тартпасын, көңіліне кірбең ілінбесін
деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты.

Кәмиләның қабағын бағып, бәйек болды. Тапқан-таянғандарын
соның қолына ұстатып, жылтырағанның бәрін соның үстіне
жапсырды. Кәмиләдан қалғанын киді, Кәмиләдан қалғанын
ерніне жағып қанағат етті. Ханжігіт қайта оралар күн туса

келінсіз қалармыз. Кәмиләға қарамай қоя беріпсіңдер дейтін
Ханжігіттің өкпе-наласына қалармыз дегені ме, іштерінен
шықпаса да киімшең туған баласы болып кеткен Кәмиләны еш
жаманатқа, еш жамандыққа қимайтын ата-аналық қамқорлығы

ма, әйтеуір келіннің етегіне қақ ілінбесін, иығына шаң жұқпасын
деп барын салды. Бірақ, ақырында келіннің етегіне қақ тұрды,
иығына шаң жұқты. Алты жарым жылға дейін сездірмей жүріп-
жүріп, аяқ астынан күйеуге шығатындығын хабарлады. Түнек

түндей түнеріп, қара күйе жаққандай қарайып, сыр бермей са­
зарып отырып қалған кемпір мен шалдың сыңайын таныған қу
келін оларды немересімен алдарқатты, ес жиып, етегін жауып,
алты жасқа аяқ басқан Қуанышты балдай тілімен, шекердей

қылығымен беріп кететінін айтқанда Мәлике сылқ етіп жібіп
кетті. Боранқұл да сынбайтын жерінен сынып түсті. Жандары­
на қанша батып, қабырғалары қанша қайысқан күнде де кетем
деген келінді кетірмей ұстап отыру да дұрыс болмас еді. “Жас

Ғаппар БІЛӘЛ
адамды обалды етпейік” десті де, күңіренісін ішке, күлкісін
сырттарына жиып той жасады. Ықылас-баталарын беріп, барын
кигізіп, бақанын таяндырып жолға салды. Жолға салу емес, ат

мінгізіп, еншісін беріп, ұзатып салды.
Сол Кәмилә күні бүгінге қадар бұл үйді екінші төркінім
деп сыйлап құрметтейді. Той-томалағынан қалмайды. Көйлек-
көншегін, бір жілік сыбағасын үзбей жіберіп беріп, өзі де келіп-

кетіп тұрады. Сол қылығына бақса Кәмиләны жаңа күйеуімен
қоса оң босағасына кіргізіп, немесе отауымен әкеліп, қасына
отырғызып қойғылары да келеді. Бірақ, Қуанышты менен
туған бала, менің балам деп айтып қала ма дейтін қауіппен

тым жақындата беруден сақтанады. Бүгін алыстан келе жатқан
соңғы келінді қарсы алуға жиналғандардың ішінде Кәмилә да
жүр. Өз күндесін қарсы алмақ.

– Жүрсін, алдынан шықсын, – дейді қария, тегінде бір

еркектің екі әйелі «күндес» деп аталатын, көрсеқызар, іші
тар, мінезсіз болса мұндайлардың арасы тату өте бермейтін.
Байлыққа, елге, жерге, ырықтылыққа таласып қырбайласқан
көршілес мемлекеттер сияқтанып, байға таласып, бой талас-

тырып, балағаттасып қалып, шаштасып кететін, Ең құрығанда

– сырттай янаттасып жүретін жайттар кездесіп отыратын. Ал,

екі мемлекетте жасайтын күндестердің шайпау сөздермен
тілдесерге үні, шайқасып шаштасарға қолдары жетер ме?!
Олардың арасында басы таласқа түсетін Ханжігіт те жоқ бұл
пәниде. Оның өлімі 1984 жылға тура келетінін Боранқұл соңғы

хаттардан біледі. Хаттағы хабар дұрыс болса, Ханжігіттің
дүниеден көшкен күні Боранқұлдың екі көзден айрылған
уақытымен бірдей болып шығады.
1984 жылғы шілденің орта кезі болатын, көп жылдар

бойы бақылауда, коммунаның егіс алаңында болып, мәдениет
төңкерісінің нелер ауыртпалығына жолғаса жүріп күйзелген,
жоқшылықтан көз ашпаған шаңырағын әлдендіру мақсатына
бола, жоқ күнәдан ақталып шыққан соң арызданып жүріп,

мал бағуға қол жеткізгені де сол мезгіл еді Боранқұлдың.
Тарбағатай жотасындағы өр жайлаудың аспаны мөлдіреп
тұрған. Аңызғақты үстіртке тігілген ауыл сыртындағы көк

доңғалға шығып отырған Боранқұл сары дала, сағымды
адырларға телміре-телміре көзін талдырды. «Тарбағатай со­
вхозы» деген жаңа атына қарағанда, Ханжігіттің тұратын жері
тым алыс емес болса керек, мүмкін осы адырлардың бір жыра­

сында жүрген жоқ па екен. Белінен аттатпайтын қара жылан­
дай ирелеңдеген әлгі бір ат жол сызықтың арғы жағынан төбесі
шошаң етіп көрініп қалмас па екен деп үміттенді. Әттең, әлгі
сызық өткізбейді. Арғыны бергіге, бергіні арғыға жеткізбейді,

тілдестірмейді. Тілдестірмесе мейлі, Ханжігіттің қой қайырған
айқайы бір мәрте болса да құлағына шың етіп естілер ме еді,
шіркін! Жоқ, естілмейді. Дағдарды көңіл, сарғайды жүрек, тал­
ды көз.

Оңда да, солда да селдір түтіндей көгілдірлене мүлгіген
сағым жамылып көзжеткісіз байтақ далалар жатыр көсіліп. Сол
далалардың әр қиырында бұлдырап, бұрлығып келіп шөккен
бетінде жусап-күйсеуге күйі келмей мәңгілікке қатып қалған

керуен түйесіндей-ақ тұмсық таулар тізбектеледі. Мүмкін, ол
оңнан солға, солдан оңға көшіп, босып өткен ру-ұлыстардың
әр заман, әр қиырда бөлініп қалған сарқын үзінділері шығар?!
Бұл далада қазақ баласы қай бағытта көшіп өтпеді, қай бағытқа

қашып боспады?! Мұндағы жатқан мұнарлы дала, мұзартты
құздарға кімдердің ізі түспеді? Кімдердің қаны төгілмеді?!
Бұл далада Керейдің оң ханы атанған Хан Тұғырыл
Шыңғыс қолынан қаза тапты, басы алынды. Хан Шыңғыстың

бұл қылығы – әкесі Есукеймен “анда” болғандығы үшін не­
месе өзін сүйемелдеп әкесі Есукей айрылып қалған хандық
тағына Шыңғысты қайта отырғызғаны үшін сый құрметі шығар
Тұғырылға көрсеткен?! Бұл далада Тұғырылдың әкесі Марғұз

ханды шүршіттер патшасы «ағаш есекке» таңып өлтірді.
Темушін жорығы арғын, жалайырды, уақ, қыпшақты қиратты.
«Отырар апатын» тудырды.
Жоңғар хандығы кезінде Хұнтәижі әулеті бұл даланы қазақ

қанымен қайта бір жуындырып шықты. «Ақтабан шұбырынды»
болып босқан ел тұқым-тұқианын құрып кетуден қорғаймын,
сақтаймын деп жүріп, қанша қақпанды баспады, қанша
қармақты қаппады?! 1916 жылдан 1920 жылға дейінгі аралықта

Ғаппар БІЛӘЛ
бұл даланы Боранқұлдың өзі де Тайшұбар атпен оңнан солға,
солдан оңға қарай неше рет кесіп өтті ғой.
Соның бәрін еске алып, іш құстадан жарыла жаздап, көк

доңғалдың үстінде отырған Боранқұл үйден қобызын алдырып
еді. Мүмкін осы бүкір бел қара қобыз Қорқыт бабасынан қалған
тәбәрік екені де рас шығар?! Бұл мұра Боранқұлға нағашы ата­
сы Бастаубай бидің қолынан өткен. Бастакең шал “Қорқыт

атаңнан қалған мұра еді” деп талай күйдің басын шалған бо­
латын. Нағашы атасынан алып қалған сол күйлер, сол үндер
сарыны Боранқұлдың жадынан өшпек емес.
Жасыл жібек жамылған Тарбағатай жотасын қара

қобыздың үні кернеді. Аруақты үн, ыңырсып оянған сезім
ағысы тәлтіректеп келіп ішектерге ілінген жерде секекулеп
ойнақ басқан саусақтарға ілесіп, құлпыра жосыды. Ішек бой­
ынан жел гуілдеп, шанақ үстінде құйын ұйтқыды. Жағалау

орман туырлық болып желпілдеді. От басынан ұшқан қоламта
түсіп көкіректі өрт шарпыды. Тұтас денені жалақтаған жалын
тілі жалады. Лезім аралықта нөсер құйып толастады. Жалын,
басылды, күйік шалған дене салқын тартты.

Көк доңғалдың үстіне төселген көк кілемдей көк шалғынды
төсеніп, қобызын аңыратқан осы отырысында Боранқұл
ажалдан қашып, толқын атқан Сырдарияның бетінде сырлы
кілемге малдас құрып, қуалай соққан құба желмен сырласып,

құйын ойнақтаған құба шөлмен мұңдасып, құтқару бермес қу
тағдырмен тілдесіп, қыл қобызын боздатқан Қорқыт бабасына
ұқсаушы еді. Ұқсамайтын жері – Қаңлықожа, Көлерген бастатқан
хан-патшаларға уәзір бола алмапты. Қорқытқа ұқсап дау-жан­

жалды шешуге, ел мен жұрттың тағдырын белгілейтін жиын-
топтарға қатынаспапты. Ұмтылған екен, ұрынып баққан екен,
қатынасу толымдылығына тағдыр қолын жеткізбепті. Мүмкін,
мұның себебі – заман күшінің аса тегеурінді терістемпаздық

қуатында ғана емес. Боранқұлдың Қорқыт бабасы сияқты
Көрхаптан шыққан пері қызынан, аққудан немесе диюдан ту­
май, қарапайым қазақ қызының жатырынан дүниеге кегендігі
шығар?! Қорқыттың шешесі жай қыпшақ қызы дегеннің өзінде

де, Боранқұлдың шешесі жүкті боларында сол қыпшақ ана­

дай құлан етіне жерік болмапты, жер-дүниені үш күн, үш түн
қараңғылық баспапты, нөсерлі қара жаңбыр жауып, сұрапыл
қара дауыл соғып, біреуді біреу көре алмайтын қорқыныш ту­
ылмапты, Сыр бойы, Қаратау үстіне «қара аспан» орнамапты.

Қорқыныш туылса да, қара аспан орнаса да, қара дауыл соқса да
Боранқұл туған үйдің өз шаңырағы үстінен аспапты. Сондықтан
болар, Боранқұлдың атын Қорқыт деп те атандырмапты.
Бірақ, бала күннен, жас шағынан Қорқыт үнін сарын­

дап, қобыз үнімен дамылдап, дала тілін қабылдап өскен
Боранқұлдың шын өмірі ажалдан қашып жаһан кезген Қорқыт
бабасының әфсәнәлі өмірінен көп парықталмайтын сияқтанады.
Қорқыт өмірін ажалдан қашып өткерсе, Боранқұл өмірін адам

құрығынан қашып жүріп өткеріпті. Қайда барса алдынан
«Қорқыттың көрі» шығып отырыпты. Тағдыры қысталаңға
соқтырған тар кезеңдерде торғайдай тозып, шашылып кеткен
әулеттерінің арты ауылда, қой соңында жүрсе, алды қай жерге

жеткенін Боранқұл өзі де толық біле бермейді. Мүмкін Амери­
ка, Африканы шарлап, Еуропаны қоныстанып, Азияның түкпір,
бұрыштарында тентіреп жүрген шығар?! Әкесінің басы шека­
ра сызығының арғы бетінде, шешесінің басы бергі бетінде жа­

тыр. Өз басы Жайықта туып, Аякөзде ержетіпті. Тарбағатайдан
Шиңхай, Тибет үстіртінің Алтыншөгесіне дейінгі аралықты ат­
пен шарлапты.
Осы жайлардың ұлы баранын топшылап, көк доңғалдың

үстінде көк шалғынды төсеніп, қыл қобызбен сырласа тебіреніп
кеткен кезі екен, аңыраған қыл ішек зарлы, шерлі күйден
тоқтала бергенде аспан сынып түскендей, жер жарылып қақ
айрылып кеткендей құлақ тұндыратын аса жойқын, аса үрейлі

қопарылыс даусы шарт атылып, шақырлап қоя береді. Жер
сілкініп басылады.
“Сүбіхан алла, я, рабби...” деген діни атауларды айтып, иман
шақырып үлгіргенше Боранқұлдың қабағы астынан, кірпігі

ұшынан әлеміш түкті топ торғай дүр етіп ұшқандай, күлгін, жа­
сылы аралас бір жарық жалын елесі зу етіп өтіп кетеді. Жарқ
беріп, лып сөнеді. Сол лезім аралықта көз алдында жайнап
тұрған жарық әлем түпсіз тұңғиыққа, меңіреу қараңғылыққа

Ғаппар БІЛӘЛ
шым батып жұтылып ғарқ болады Айналаны көрдей қараң-
ғылық басады. Күллі тіршілікті, тіршіліксіз әлемнің басына
тігілген көк шатырлы аспан күмбезінің көк туырлығы аудары-

лып кетіп, күміс күлдіреуішті ашық шаңырақ, жарық күннің
көзін бір найзаның ұшы түртіп ағызып түсіріп, жез уық сынды
сәуле жолақтарын кереге басынан жұлып әкетті ме, оң босағада
керілген нарт алау шымылдығын дар айырып, жасыл мақпал

жамылғы астында бұлықсып жатқан аруды шошытып оятып,
ат артына салып бөктере жөнелді ме бір құдірет? Боранқұлдың
көз алдынан барлығы ғайып болады. Сұқ саусағымен көзін
сипалайды, кірпіктерін қағып, қос жанарын ашып-жұмады.

Үңірейген аспанның орнына, жоғарыға қарайды. Сол шақта
көз алдында көр аузындай түпсіз тұңғиықтың ішінде қанаты
дірілдеп, қалшылдап тұрған сарғыш көбелектей күннің түбірін
көріп шошып кетеді. Бақса, жер шары опырылып жойылып

кетіп, астындағы тоқымдай тұғыр ғана қалғандай екен. Ол
өзінің соқыр болып қалғандығын, әлгі жарқ етіп сөнген от екі
көзін бірдей ағызып жібергенін сонда біліп, екі көздің орнын
екі жұдырығымен басып алып, зар еңірейді. Даусы Құдайға же­

тердей болып өкіріп бақырады. Сөйтіп, басына түн томағасы
киіледі. Бірнеше апта, бірнеше айдан кейін айығып кететін по­
ляр түні емес, таңы мәңгі атпайтын, күні мәңгі шықпайтын,
суық кернеген мәңгіліктің аязды түні басталады. Қорқыт

туғанда Сыр бойының, Қаратау өлкесінің төбесін торлаған
«қара аспан» келіп орнайды.
Енді ол ақша дидары албырап туған айдың аруларша
қымсынып ұялғанын, ақ желек бұлттардың шашағын жамылып

жасырына қалуын, қылымсып күлімсіреуіндей бұлт жырты-
ғынан сығалап еркелеуін көріп қызықтаудан қалады. Таңның
арайына, кештің алауына телміріп елжіреуден тоқталады.
Аспанның күміс моншақтарындай - жұлдыздарға қарап есі-

неуден тиылады. Ертіс толқындарының білегіне салған брил­
лиант білезіктей-кемпірқосақ нұрының құбылуына қарап
дірілдеуден айрылады. Бар мен жоқтың арасындағы ғайып бір
аралықта болымсыз түбір тұғырға құйрығын қойған халде оты­

рып қала береді.

Бастабында ол бұл зобалаңның қайдан келгенін білмеді.
Үрімжіде жарым жыл жатып емделген кезде тексеріп
көрген дәрігерлердің айтуынан ғана ауада таралып кет­
кен «радиоактиктік сәуле» дейтін бірдеменің шалығына

ұшырағандығын түсінді. Мұндай сәулелердің салқыны ядролық
жарылыстардан болатынын ұқты. Бірақ, өз үйінің артындағы күн
шуақты төбеде қобыз тартып, тыныш отырған, ешкімге зәбір-
жапа жасаудан қалған бейғам да бейуаз шалдың төбесіне әкеліп

атом бомбасын тастайтын қандай ақымақ? Ақымақ болмаса
қаншалықты ұзында өші, қысқада кегі бар ала алмай жүрген?
Қолындағы қобызы әлгі ақымақтың шұбартқан көзіне зеңбірек
түтігі немесе басқарылмалы бомбаларды ату құрылғысы болып

көрінбесе, сексеннен асып, селкілдеп отырған тойтық шал жау
болып, қанша дүниені жайратып, жапыра қиратып кетуші еді?!
Сұрақтардың жауабы көп тостырған жоқ, 1949 жыл­
дан тартып іргелес жатқан Семей өңірінде әлденеше жүз рет

ядролық сынақ өткізілгенін естіп, өзін мүгедек еткен себепке
көз жеткізді. Сол-ақ екен, оның жан түкпіріне, өзінің көзден
айрылуымен бірдей уақытта дүниеден көшкен Ханжігіттің
ажалына да осы сынақтардың себепкерлігі болып жүрмесін

дейтін бір кәдікті ой сайтандай сап етіп жабыса түсті. Сонда біз
әкелі-балалы екеуміз атом бомба иелерінің ойыншығымыз ба,
жоқ олар бізді сынақ жүргізуге болатын айуан есептей ме деп
буырқанады қария.

Осы күдігінің түбіне жетіп, түсініп білу үшін Ханжігіттің
артында қалған бала-шағаларына талай рет хат жазса да жар­
тымды жауап ала алмады.
Ханжігіт тірісінде өз қолымен жазған хаттарында

сырқатым бар, денсаулығым нашар дейтін емеурін білдірмеген
болатын. Ендеше ол не себеп қандай аурудан өлді деп қанша
рет қадағаласа да, ядролық сынақтың құрбаны болды дейтін
хабарға қолы жетпеді. Егер сондай себептен өлгені шын болса,

балаларының шындықты жазып, ашық айта алуы да мүмкін емес
секілденеді. Өйткені, Боранқұл шекарадан өтетін хат-хабарлар
қатаң тексеріледі дейтін сөзді еститін. Сонда бұл адамзат бала-
шағаларымен бет көріскенді қойып, ақ қағаз арқылы тілдесуіне

де жол берілмейтін болғаны ма? – деп кіжінеді Боракең.
Енді бүгін Құдай оңдап, бір ұрпақ жат болып өскен өз

Ғаппар БІЛӘЛ
әулетімен бет көрісу орайына ие болғалы отыр. Екі мемле­
кет арасы татуласқан соң алысы жақындағандай, жақыны
қосылардай күй туды. Мерейлі күй. Десе де, бұрынғылар «дәм

ғайып, дидар ғайып» деседі екен, күні кеше келген телеграм
бойынша шекарадан тосып алуға кеткен машинамен қазір ғана
жетіп келгелі тұрса да, сағат-минут сайын құбылып отыруы­
нан запы қылған ел аралық жағдайдың аумалы-төкпелілігінен

қауіп ойлап, күдіктене береді. Жотаға шығып, машина
дүбіріне құлағын төсей беретіні де, бурыл сақалын мықыр
саусақтарымен еспелеп, қиялдай беретіні де содан. Кейде, келе
жатқан балаларының ай жүзін, күн дидарын көре алмайтынын

арман етіп қорланады. Қобызын алдырып, тағы бір күңірендіре
тартуға құлшынып құмартады. Тез келсе екен, кедергіге
ұшырамаса екен деп тықыршық атады.
Жағатси сөйлеуге жатылған жандармыз ғой, балаларың

келеді, қария. Жағдай жақсы, сабыр ет! Қазір тоқсаннан асқан
томыртқадай шағыңда жаңа көрген әулетің сені көзі көрмейтін
соқыр екен деп қомсынбайды. Қотыр шалдың ұрпағы болғанына
арланбайды, қорланба да назаланба! Бір кездері сен де жәудір

қара көзді жас болғансың, жалын атып жар құшқансың, бала
сүйіп баулығансың, жортуыл аттың жалында, алмас қылыш
жүзінде ойнағансың, келелі істерді шешкен кеңестердің
шетінде отырғансың. Сенің шеке теріңе басылған қара таңба

– қорасанның дағы емес, қорғасын қатқан мырыш оқтың

тыртығы болатын. Бір құлағыңның жарым жарғағын кеміріп
жеп шұнақ етіп кеткен қаптесер тышқан емес, қағып түсірген
орыс патша әскерінің қылышы болатын. Сенің ақ дидарыңды
әжімдендірген өрмекшінің торы емес, заманыңа соғып өткен

сан сайыстың қалдырған қанды іздері, қазып шығарған
соқпақтары. Сенің арқа етіңді арша, борбай етіңді борша етіп,
кежігеңнен басып, ғасыр бойы арқаңнан түспей, тақымын бо­
сатпай асылып, артылып алған тауқымет – өз шаңырағыңның

ғана ауыртпалығы емес, ер жігіттің парызы, ел-жұртыңның на­
мысы болатын.
Ал, бірақ, жаңа келін Ханжігіттің өлімі туралы қандай
суық, қандай жайсыз хабарлар әкеле жатқанын, әзірше сізге

ешкім де айтып бере алмайды.

ЕКІНШІ ТАРАУ

ТЕРІСКЕЙДЕН СОҚҚАН ҮСКІРІК

Сырдария сарқылып қалмай, саябыр таппай ағыл-тегіл
жөңкіліп аға берді. Қарлы құздардан, мәңгі мұздардан ырыздық
алып, ырыстанып жатқан сүлейлі ағыс неге сарқылады екен?!
Жалпақ дала тіршілігінің жітірмелете соққан барлау тамы­

рындай лыпылдап, бүлкілдеп қайнаған майда толқындардың
бетіне жібек кілемін төсеп тастап, салауатты сақалы сүттей
ағарған, салиқалы саусағы тарамысы біліне таралған Қорқыт
баба аруақты қара қобызын өңгеріп отырып күңірендірді Сыр

бойын, оғыз-қыпшақ даласын күймен тербетіп. Желмая мініп
қашқанда құба шөлдерден, құзар шыңдардан пана таппаған
жаһангезді, аспан төңкеріліп астына түскен, жер аударылып
үстіне шыққан Сырдарияның сырлы да сиқырлы толқындары

қамажаулап, алақанына отырғызып алып, қайда, қай түкпірге
барса да алдынан орап шығып, құтқармауға айналған жылпос,
жылбурынды ажалдан арашалап тұрды. Арыстан ажал секіріп
өте алмады, әбжылан ажал жүзіп жете алмады. Жеткізбеді

сырлы су, өткізбеді. Жүзе білетіндер тайызға қайрандап, жүзе
білмейтіндер құйындай үйрілген шүңеттерге шөгіп кетіп отыр­
ды. Мың құбылып, жүз түрленді қу ажал, мың толғанып, жүз
ойлады су да амал. Өткел бермей айналдырды, мекерлердей ал­

дандырды сырлы ағын.
Ал, қазымыр қасіреттен теперіш көріп, тепкіге ұшыраған
асау сезімнің қобыз шанағында буырқанған соқталы зор дау­
сы шығандап өрлей берді. Жүректен кіріп, бойды алар сыршыл

ырғақтар безілдей бебеу қаққанда, дария бойындағылар үйінде
шыдап отыра алмай, Қорқыттың төңірегіне жиналды. Бұлт
қанатына отырып, жел қанатына асылып, қиянды шарлаған
мұңлы әуен Арқаға жеткенде жұрт сезімі тасқын судай көбікті.

Ғаппар БІЛӘЛ Дүрк көтеріліп топ-тобымен Сырға қарай жосыды. Қорқыт ба­ бамызды көруге, қобыз үнін тыңдауға құмарланған қырық қыз албырттықпен ат ерттеп мінуге де асығыстық етіп, етектерін белге түріп, жаяулап жүгірді. Бірақ, әуелгіде қырат асты­ нан, тұмсық айналмасынан естілгендей сезілген қобыз үніне жете алмай дал ұрды. Күн жүгірді, түн жүгірді, қыпшақтың жерінен, Бетбақтың шөлінен өтті. Дамыл алмай, байыз таппай зыр жүгірген отыз тоғыз қыз өкпесі ұшып өлді. Қырқыншы қыз кезесі кесіліп, өкшесі тесілгеніне қарамай, сылти басып, сүйретілген сүлдесін Сыр бойына жеткізді. Ол қобыз әуенімен жер тітіретіп, бұлтты күркіреткен құдірет иесінің есеті тұлғасын көрді. Аппақ сүттей сақалынан, пәк дидарынан машайыққа лайық келбетін танып, көзін ала алмай жәудіреді, тәнті еткен таңғажайып күй сазына құлағын тосып тұрып, ұйып елжіреді, назды жүзі жымиып күлімсіреді. Жүрегін арбаған үн құдіретіне өзін арнады. «Сырғасын қайық қылып» жүзіп келді де, жібек кілемнің шетіне ілінді. Дана күйшінің әз жолына өз бойындағы ләззат уытын бағыш етер нар тәуекелмен қолаң шашын Қорқыттың тізесіне төкті. Басын иді. Он тоғыз бен жиырмасыншы ғасырдың өліарасында жасаған жаңа заман Қорқыты Бастаубай би қартайған шағында төсек тартып жатып қалды да, Аякөз жағасында өткізілетін салиқалы ұлы топқа қатынаса алмайтын күн туды. Бұл жолы оған арналған киелі кілем сырғып аққан Сыр суының бетіне емес, тасқынды кезінде өгіз ағызатын1 тентек тебінді Аягөз өзенінің жарқабағына тігілген сегіз қанатты ақбоз үйдің төріне төселген-ді. Төсеттірген ел иелері болатын. Шығысқа көсілген аяғын Алтайдың қолтығына тіресе, батысында Бурабай көлін жастанып, қазақ даласын қақа жара ұзыннан-ұзақ созылып, мүлгіп, сұлап жатқан, өкпе тұста тоқта – барлықтың мұзартты сілемдерімен иық түйістірген, жоңғар Аягөз – Өкпеті баурайындағы томаршалар арасынан тесіп ағатын айнакөзді көп тұмалардан басталатындықтан «Аялыкөз» де­ ген қазақ атауы қалыптасқан екен. Кейін өгізін суға кетіріп алған Сер­ гей (орыс), «менің өгізімші» деп зарланып жүріп Аягөз атандырып жіберген-мыс.

жаугершілігі тұсында Хұнтәйжі әулеті тасқа басып жеген
тарбағасының етіне тәнті болып, «суырлы тау» атандырған, орта
жүздің арғын-найман, керей-уақ, қоңырат-қыпшақ сынды алты
арысы қоныстанған сонау бір заманда Найман Хандығының

меншікті мекені болған Тарбағатай тауының Балқашқа құлай
берісі құшағы еді бұл орын.Өзбек, қазақ, қырғыз, қыпшақ,
естек, қарақалпақ аталатын алты алаш заманынан ғана емес,
оғыз-сақтар заманынан тартып сан рет аударылып-төңкерілген

тарихи қопарылыс дәуірлерінің бәрінде де бұл өңірден мекенді
елдің іргесі түбеселі сөгіліп көрмеген-ді. Қазақ халқының
жығасы жығылып, жағасы жыртылған, салыны суға кетіп, әр
бұтаның түбінен жансауға тілеген, қара саба тігісінен сөгіліп,

желі арқаны үзіліп, құлыны құланға айналған. Қаны өзен сула­
рына қосылып кілке аққан құба қалмақ шабуылы тұстарында
тазығыр таудың қысаңдарынан секіріп, қарғып ағып, жазыққа
шыға берісте Хан базардай шымырлап қайнап жататын

қарғыба, базар бұлақтарымен қанаттас жатқан Өкпетінің бір
шатқалы Қабанбай бабамыздың туына тұғыр, қосынына қоныс
болғандығы үшін «Қабанбай Шаты» атанып кеткен табиғи, та­
рихи қорған осы Тарбағатайда. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

хиссасында Айбас батыр Балқаштың жаға қамысына қонып
жатқан Қарабай ауылын қарауылдап, жай көзбен-ақ көретін
қара сеңгір шыңы осында, Бор батыр, Ұлан батыр бастатқан
қалмақтың қалың қолы қотанашы, қожыр, күзуін өңірлерінен

көктей өтіп, екпіндеп келе жатқандығынан алдан хабар алған
Абылай, Қабанбай сарбаздары олардың алдын тосып, бөгеп
қамап алып, алдыңғы бөлектеріне қосылуға үлгіртпей жамса­
тып салатын Ласты мен Шорға жері осы Тарбағатай қапталы.

«Шыбынсыз жаз» жайлаулығына таласып, суыр етінің майлы
қыртысына үймелеген құба қалмақтың бір ауық қазақтан ай­
ырып алғанда тіккен үйлерінің туырлығы селге кетіп, ақтық
күндері асқарынан ерте батқан Ақшәулі шыңы да, Абылайдың

жеңіс туы желбіреген Ақшоқы биігі де осында. Қазақтар
жеңісінен кейін әр рудың жер бөлісіне билік айтқан Боранбай
бидің Қарашаш сұлумен неке қосқан тойында мейманасы асып
төгіліп, майға май құйылған, ит майдан жерігені себепті «май­

Ғаппар БІЛӘЛ
лы шат» атанған ырысты алқап та Тарбағатайда.
Соңғы шақта осы өңірде майрағайда-тайрағай шалқып
жатқан қазақ ауылдарының іргесінен жел саулап, түндік-

туырлығы желпілдей бастады. Түтіні теріс шалқып, қаймағы
бұзылды, тыныштығы шайқалды. Шайқаған күш Ақпатша
билігінің 1916 жылғы «маусым жарлығы» еді. Патша жарлығы
қазақ халқын әскер беруге қосқан. Он сегіз бен отыз екінің ара­

сын қидай сыпырып, немістер мен орыстар арасындағы жемтік
таласта шыжаққа түсіп, шыжық болуға бұйырған. «Ақтабан
шұбырынды» заманында жоңғарлар шабуылынан тұқым-
тұқиянымен құрып кетудің қиямет қыл көпіріне тіреліп тұрған

қам көңілді қазаққа болысқан кісімсіп, өндіркелеп жүріп ендеп
кіріп сіңіп алған патша күштері қазақтың өзін сіңбе, бұратана
атандырып, жер-суын, мемлекет билігін иемденер кезінде
жергілікті халыққа қалдырған жалғыз кеңшілігі – қазақтан

әскер алмау туралы келісімі еді. Осы келісім бұзылып, қыршын
боздақтар Ақпатшаның соғыс майданындағы халықаралық
жеңісі үшін қан төгіп, жан берісер тізімдікке ілініп, көздерінен
тізіле бастағанда ел бұзылып, бүлінуге ден қойған. Жуас,

момындығынан, ұйқышылдығынан тез айығып, құлақ жарғағын
шайнап жатқан мысыққа мырш демейтін сабаз кешірімділігінен
тыйылып, тұмсығынан басып шөгеріп, тізерлеп жатқандарға
бық демейтін көнтерілі көнпістігінен селт етіп сергіп, басын

көтеріп алған. Тұмсығына, бұйдалығына қол апартпайтын ба­
япар, тіркес мінез шығарған.
Патша «саққұлақтарын» жүйеге жығып, әскер беруден
аман қалуға үміт артқан «иіс алмастар» жағы айтысқа түсіп,

негізгі шартты көлденең ұстауға тырысқан. Әскерлікке алына­
тын қазақ баласының қолына қару алып, тіке соғысқа қатынаса
алатын санаттағы әскер емес, әскерлердің қолына су құйып,
асын пісіріп, окобын қазып беретін майлық-сулық жұмысқа,

малайлық қара еңбекке шегілетіндігін сылтауратып, патша
үкіметін жүйеге жықпақ болып тыраштанған. «Қазаққа сенетін
болсаң қолына неге мылтық бермейсің, сенбесің бар, әскери
жұмысқа неге телисің» – дейтін пәтуа-дағуаларды көтеріскен.

Ел қамын емес, өз қамын, қара басын күйттеуге бейім

тұратын ептеме-септемесі бар, түкпіш пысықайлар жағы ығын
тауып, ұлықтардың жүрегін жібітіп, қолға қондыру жолымен
баласын, бауырын, жамағайындарын әскери науқаннан аман­
дап қалу үшін жуанынан жіңішкеріп, астамылығынан аласарып,

иіліп, имійіп, күлімсіреп, ыржиып, байпақшаңданып, баржиған
саққұлақтардың, күдірейген полицейлер мен ұлықтардың ау­
зына барын төсеп, бәйек болуды, дөдек қағуды шығарған.
Ал басым жұрт жігіт беруден мүлде бас тартып,

кекжиіп, тіке енжарлыққа ауысқан. Жұмысты құда да ты­
ныш, құдағи да тыныш болатын жолдармен тындырғысы
келіп, шенді-шекпенділерге «етек басты» болған әлгі жортақы
пысықайларды «қызтеке» жағатсулардан тиып тастау үшін

оңаша шығарып алып тырдай ғып соғып салатын, борбайына
жібергенше қылқындырып қоя беретін әдет тапқан. Жалғыз-
жарым ел аралап жүрген жез түймелілер қайта оралмайтын,
қатарға қосылмайтын, із-түзсіз ғайып болатын оқиғалар белең

алған.
Илекке көнетін, итпеге жүретін, қойдан қоңыр, жылқыдан
торы халықтың тосын мінез, дөкір қимылынан секем алып, сезік
ойлаған патшалық үкімет тараулары ел ішіне таралып кеткен

некен-саяқ құрал-жабдықты, оқ-дәрі, мылтық атаулыны жинап
алу туралы қосымша жарлық түсірген. Осы хабар құлағына
жеткенде Боранқұлдың әкесі Әнбия софы оқып отырған нама­
зын тастай беріп:

– А... А...А... не дейсіңдер, құрал жиналады деймісің?

– деп шошына қарғып тұрып кеткен. Елуді орталаған жасы­

на дейін бірде бір рет қаза қылып көрмеген намазын, көрші
ауылдың кісі алатын жараған бурасы аузынан ақ көбік атып,
қанды көзінен қаһар шашып жетіп келгенде де, бассалып ала
түсуге батына алмай, сылқ етіп жанына жата кеткенде де иен

далада, қар үстінде бұзбай оқып отыра берген намазын осы
жолы бұзып жіберген. Хабарға қанығып болғаннан кейін қаза
кеткен намазын қайта жалғастыруды да тарс ұмытып, қайын
атасы Бастаубай бидің ауылына шапқылаған. Кісі бетіне қарап

қатты сөйлеуді білмейтін, кісілер сыртынан ғайбат айтудан
тыйымдалған, тышқан мұрнын қанатуды күнә есептейтін, мал

Ғаппар БІЛӘЛ бауыздауға батылы бармайтын, обалсынатын осы бір тақуадар діндар адамның иман нышаны ұялаған, сақал-мұртына дейін белгілі бір тәртіпке келтірілген аққұба жүзі шаңытып, қоңырқай көздері шаншарланып есіктен аптыға кіргенде, төсек тартып жатқан ауру қарияның қасында отырған ағайындардың көбі шошып үркіп қалды. – Ау, не жетті? Ауыл-аймақ аман ба? – Бала-шағаларың есен-сау бар ма? – деп шұрқырасты. Ал Әнбия есі ауысып қалған адамдай теріс-қағыс сөйледі: – Аттан, аттан, аттаныңдар, ағайын! Аттану керек. Қару алып қарсы шабу керек, қан... қан төгу керек, қан ке­ рек! – деп айқайлады. – Бұл сөзіме құлақ қақпасаңдар қашып көшемін, Қытай асып жоғаламын, қарамды батырамын, жалғыз ұлды бермеймін, батырамын қарамды, мен жоғалтамын, мен жоғаламын, жан... жан, жан! Күйеу баласының шалықты жүзінен, сандырақ іспетті айқайынан тіксініп, басын көтеріп алған Бастаубай қарт бәрін де біліп, болжап болған еді. 1840 жылдар шамасындағы Кене­ сары көтерілісіне қатынасқан құдасы Қажыгелді алпыс жылдан кейін қылмысы анықталып, алпыс жылдан кейін дарға асылғанды. Қажыгелді дарға асылардың алдында да ел ішінен осылай­ ша қару-жарақ жинап алынған-ды. Сол Қажыгелді ақсақалдан қалған жалғыз тұяқ осы Әнбия. Әрқандай патшалық өз халқына зұлымдық жаныштаулар жүргізерінде белгілі сақтық шараларын алдын ала орналастырып отырады. Қажыгелді лаңынан шошынды көріп, зыртұяқ болған Әнбияның намазынан жаңылып, есінен адасуы тегін емес, тағы да басталғалы тұрған бір зобалаңның қылпын аңғарып,содан үркініп қалғаны хақ. Қазіргі емістеп жеткен дақпырттарға қарағанда Торғай жерінде көтеріліс туылған. Аманкелді деген азамат бастаған қазақ сарбаздарының қалың қолы патша үкіметінің жағасына жармасып, Торғай қаласын қоршап алған. Іргелес жатқан Ақмола аймағында атқа мінген көтерілісшілер тізімгер болыстар мен полиция ұлықтарын өлтірген. Әскерге шақыртылатындардың тізімін тартып алып, өртеп жіберген.

Жергілікті билік тарауларының іс кеңселерін талқандап, ой­
ран ботқасын шығарған. Қарағанды көмірлігінің, Спаскі
заводының, Успен кенішінің жұмысшылары Сиқымбаев
дегеннің басшылығында антқа отырысып, не қилы өндіріс

ошақтарын меңгеруіне алған. Түстік өлкелер жағынан
да жаңғырықтап жеткен осындай дүмпулердің нышаны
байқалады. Тарбағатайдың қос қапталынан дүбінген елдің
дүбірлері де сыбыстайды. Кей топтардан қарсылық көрсетуге

қамданып, кесек қимылдар жасауға жабданып жатқан хабар­
лар келулі. Қайсы бір түкпірлерден қаша көшіп, Қытай асып
кетпекке харекеттенген сыңайлар байқалады.
Ес-ақылынан адаса аттан салған Әнбияның айғайына

ілесіп, дүрк көтерілгенде айбалтамен, шоқпар, сойылмен
қаруланған қазақ жасақтары желкеден басып, орнығып алған
қара жартас – патша үкіметінің ауыр дүмін қозғалта алар ма?
Әлде тұмсығынан қан жалап, қаусай күйреп қала бере ме?

Иә, бәрі мүмкін, естіген құлаққа Нұрсәлім болыс бастаған
үлкен топ тамам найман баласын Қытай асырып, жан сауғалап
көшіріп әкеткелі жатыр дейтін еміс хабарлар келеді. Қашқан
жауға қатын би боларын мынада мұндар есіне алар ма екен?!

Осындай қыл үстінде тұрған ел тағдыры сөз болатын
ұлы топқа қатынаса алмайтындығы Бастаубай биді қатты
құсаландырды. Жасы тоқсаннан асып көпті көрген, көсем
болған ел ағасы дана қарт кірпігі зорға қимылдап әл үстінде

жатса да төсектен тұрып кетуге зорланды. Неше рет киініп,
неше мәрте шешінді, есікке неше барып, табалдырықтан ат­
тап өтуге дәрмені жетпей неше рет қайта отырды. Аты да
неше рет ерттеліп, неше мәрте қоя берілді. Атқа міне алма­

сына, мінсе жүре алмасына, жүрсе жете алмасына көзі жетіп
түңілген шақта аһ ұрып күрсінді, сүйенішке қойылған көрпе-
жастыққа арқасын сүйеп, нұры тайған жанарының әлсіз
жарығын жартылай ашылған шаңыраққа, шаңырақтан арғы

түпсіз шыңырауға жіберіп, ұзақ жатты. Сол шақта дәл сол
мезетте сыздықтап ашылған әлгі шыңыраудың бетінде кілкіп
шыққан шұбар ноқаттар бұлдырады. Жарығы әлсіреп өшкін
тартса да, кәнігі көз шұбар ноқаттарды шырамыта білді.

Түстікке қайтқан тырналар екенін таныды.

Ғаппар БІЛӘЛ
Бәлкім, бір тәсбиық па
Жап-жасыл алақанда
Жылжыған

Бір жазылып, бір жиылып?
Сонан соң солқылдайды
Жалғыз тал жас шыбықтай көкте иіліп.
Осыдан жарым ғасыр, жоқ, жарым ғасыр емес-ау, дәл

алпыс төрт жыл өткеннен кейін Тарбағатайдың шығыс
бөктеріндегі балаусалы төскейде арқасын шалғынға төсеп, екі
қолын желкесіне қойып шалқалап жатқан ақын жігіт Омарғазы
деген кісі көз алдында қайта тұлғаланған Бастаубай қарттың

аруағының жанарына үңілгенде осы суреттерді көреді.
Мұндайда жақпас еді
Айтса да мамырлатып қайсы әніңді.
Немесе домбырада

Шертсең де безілдетіп қай сарынды, –
деп, ұлы аруақтың көңіл ауанын жырға қосады. Тағдыры
өлім мен өмір арасындағы көкжиектің қыл көпірі үстіне
шығып, аспан мен жердің, фәни мен бахидың шекара сызығына

әзер ілініп, ауытқып жатқан қария қай әнге, қай сарынға құлақ
қойсын?! Оның құлағында – әлде бір құпия қасиетті саусақтар
пернелеп басып, сыңғырлатып тұрған аспан қоңырауының
үніндей тырналар даусы бебеулейді. Тырналар, тырналар!

Ол түстік жылы жаққа, пейішке бет алып шыққан өз жанының
шыбындары шығар? Бір ауық олар шыр айналып, алақандай
шаңырақтың аузына неге айналсоқтай береді? Бәлки, бауыр
басқан боз жусанды даланы, бауырынан қызу-жылуы өткен

тастақ топырақты қимайтын шығар?! Ол осы бозкөденің түбінде
жұмыртқа басып, ұрпақ жетілдірген, сары ауыз балапандарын
ұшырған еді-ау. Кім біледі, Ұрпақтан-ұрпаққа кір жуып, кіндік
кескен қасиетті мекенге қайта айналып бір соғар мүмкіндігі

болар-болмасын ойлап, алмағайып жаралған жазмыштың бір
сызығына тура келе кетсе, дүниенің басқа бір бұрышында са­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР лымды құстарға жем болып кетерін ойлап, сағымға көзін той­ дырып, көңілін көтеріп кеткісі келер?! Аспан кенересінде тізіле шұбатылған түйелі көш шөлден сілесі қатып, қалжаураған ке­ руен болып шұбырады. Қайырып мың жылқысын құраулаған жылқышы үні – бір шумақ өлең болып шырқалады, көкпеңбек сахнада билеген бір топ ару қыз болып елестейді. Жо... жо... жоқ, айта көрмеңіз! Әл үстінде үзілгелі жатқан қарт адамға елестейтін қайдағы биші қыздар, қайдағы жыр?! Скрипка сымдарына ілініп алып, сезім қылына сәл тисе дір еткелі тұрған қайдағы романтика?! Қайдағы акорт?! Сол тырна­ лар тізбегіне араласа ілініп оның жаны ғана кетіп бара жатқан жоқ, оның өмірде барының барлығы, елі-жұрты, ұрық-туғаны, асау-жасау дүние мүлкі, барша байлығы, барша арман-мұраты қаздай тізіліп көшіп барады. Көшіп бара ма? Жоқ, таяп қалған қыс қаһарынан, қарлы боран, қатігез жұттан қашып, босып барады. Шашылған, жи­ нап үлгермеген тон-шалбарына ғана емес, қатын-баласына қарамай, қаңғыртып тастап кетіп барады. Естияр атаулының барлығы – қашқын. Қанға бөккен қала мен дала, қарға, құзғын қаптаған жон-жоталар қалып барады. Қарттың жарлауланған биік қабағының астындағы шүңеттің ернеуіне іркілген жастан бормидай ақ бұршақ өніп шықты. Егер ол жан үзіп кетсе демігіп ентіккен кеуде қуысында, жан сарайында ысқырынып құйын соқтырған сезім үскірігімен қатып тоңазыған сол бұршақ қос жанарымен бірге суынып, мұзға айналып кетер ме екен?! Тамыр-тарамыстары адырайған оң қолын көтеріп, қаукөріктей ентіге сырылдаған кеудесіне басқан қария даусы дірілдеп: -Әнбия, сен тоқта, аттандағаныңды қойып, өзіңе ие бол! Жиенім Боранқұл қайда? Осында бар болса маған жіберіңдер! –деп, төңірегінде қамажаулап отырған жақын-жағаластардың томсарған жүздеріне үңілді. – Бар, ақсақал, жиеніңіз осында. – Мен мұндамын, нағашы ата, не бұйырасыз? Неше тәуліктен бері әлсіреп кетіп, қайта түзеліп жатқан аяулы қартты әлпештеп, қабағына бағып, халіне қарап,

Ғаппар БІЛӘЛ қолдарынан сусын беріп қалжыраған үлкендер сырылып орын босатқанда, нағашы атасының оң бүйірінен келіп тізе бүккен жас Боранқұл кестелі ақ қалпағын қолына алып, еңкейе бұйрық күткен еді. Көз ишарасымен шақырып келтіріп, жазық маңдайынан, жылтыраған көз ұясынан сүйді. – Балам, жиенім... бала болсаң да батылдау көрінуші едің, сөз ұғатын кісі секілденетінсің, осыным рас па? – деп сұрады. – Рас болса екен деп тілеймін, ататай. – Жарайсың, балам, Нұрсәлім болыс бастаған ағаларың ауа көшіп, табандарын жалтыратқалы жатқан хабар естіледі. Өз заманында Бұхар жырау деген атаң Сыр бойынан ауа көшкен керей елінің соңынан қуа жеткенде: Керей, қайда барасың, Сырдың бойын көбелеп? Артыңнан қуып мен жеттім Тұлпарымды жебелеп. Мен арғын деген арыспын, Азуы кере қарыспын. Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын. Көшің кетер бір жаққа, Малың кетер бір жаққа. Бұл барғаннан барарсың, Жар басына қонарсың, Жарты лашық тігерсің, Ауызыңнан ас кетер, Қара көзден жас кетер, Бұл қылығың қоймасаң Дулығалы бас кетер, – деп тоқтау салған, кеңес берген екен. Бұхар атаң Сыр бойынан көшкен керейдің соңынан білмей қумаған, Бұхар атаң білмей айтпаған ғой, Нұрсәлім бауырға да мен Бұхардың сөзін айта­ мын. Оның төңірегінде ел иесі, игі жақсылардың талайының

басы қосылар, солардың алдына сені жұмсаймын. Мен айтты
де оларға, мұрттары көкке шаншылып, мүдірмей дауласуын
тоқтатсын деп айтты де! Сақалына сары шіркей ұялап, самай­
ына қара шыбын балалап, қаңғырып кеткен қазақтың басы

қайда қалмаған, бөлінбесін, бөлінгенді бөрі жейді деп айтты
де. Көңілде кірдің таты бар ежелгі дұшпан ел болмасын біліп
отырғанымды да айтарсың. Ақпатша жақпен ат құйрығын
кесісеміз, ат сауырын берісеміз десе ішінде де болар ем,

оңымыздан күн, солымыздан ай туып, Арқаның құба жонында
арыстан ойнар шырқ ұрып, атайы ердің қасында тұлпары тұрар
тарп ұрып делінетін жырауларымыз арман еткен шақ жетсе
қолдасқандардың қолына демесін, қолтығына сүйесін болар

едім, бірақ, оның күні ерте секілденеді. Ақмола, Торғай жақтың
дүбіріне дүрлігіп, қарсылық көрсетемін, қарсы аттанамын деп
жүріп, қара қазанды шақтырып, сары баланы қырғындатып,
обалына қалып жүрмесін! Аңғалдық, долаңдық істесе азулы

жаудың тұқымымызды тұздай құртуына мұрындық болады.
Патша керек қылған баланы әскерлігіне берелік! Анда-санда
бір еңкейгенге бүкір бола қоймаспыз. Ендігі ұрпақ ең болмаса
ендігі заманның әскері қандай боларын, қалай қаруланып, қалай

соғысарын көріп біліп, көздері қанығып қайтсын, саңылау та­
нып, үлгі-өнеге алып келсін! Азды-кем құрбандықтар Қорқыт
бабаң заманында да беріліп тұрған. Осыны айт. Жеке Баста­
убай емес, ұлы аталары – Жиенбет, Ақтанберді жыраулар,

Шалкиіз, Бұхар жыраулар айтыпты деп айт! Жеткізе аламысың
осы сөзімді?
Қарт би даусы қалтырап, алқынып кетті. Қызыл еттен
арылып, үңірейіп терең түсіп кеткен өндіршектің үстінде

білеуленген арса-арса төс сүйектерін жауып, боз тұмандай
шөгіп жатқан аппақ сақалы сілкініп тоқтады.
Кәріліктің өзі де бір дерт қой, оның үстіне қосылған ауру
азабы мен жан азабына қатар төзіп жатқан қандай шыдам

десеңізші?! Ол жүр-жүрдің астынан алып асықтырған ажалдың
алдында көзі жылтыраған қу дүниені қия алмай қиналып жатқан
жоқ-ау, мынау, қан-жын исі мүңкіген боқшылықты күнәкәр
дүние оның енді қай күніне керек?! Оған керегі – иман, оған

Ғаппар БІЛӘЛ
керегі – Мұхаммедтің ақ туы астына жиналып, Алланың дәргәйі
алдына барғанда беті жарық болып, қияметтің қылкөпірінен өте
берісте шымырлап қайнап жатқан тозақ отына құлап түсіп кет­

пей, жаннат босағасына жету, Алланың сүйікті құлына айналу,
әрқандай мұсылман баласы өмір бойы Алла жолына тәуап етіп,
құран кәрімде көрсетілген бес парызын қаза жібермей өтемекке
тырысқанда күтетін үміт-мұраты осы.

Ал, Бастакең қарт құдай алдына кеткелі әл үстінде жатып,
ел-жұртының үрім-бұтағының болашағына ес қатар ақыл ай­
тып, жөн көрсетіп кеткісі келіп жан азабына түседі. Сол жөн-
жобаны таба алмай жанталасады. Аузына қалақтап тамызған

сүт пен қымызды қуат етіп, сәтке болса да кідіре тұрғысы,
артқы әулетінің тағдырын сөз етер келелі кеңестің соңғы
шешімін естіп, біліп кеткісі келеді. Мүмкін естімей, білмей кет­
се қабірінде де күңіреніп тыныш жата алмас.

Қайдан тыныш жата алсын?! Ол жеке басының қияметтік
мүддесі үшін иман жолын тұтынған тақуа діндәрларға
ұқсамайды. Оның ғасырға жуық жасында қан-қарындастарына
ғана емес, күллі қауымға, исі адамзатқа сауапты істер істеп

беруге, өнеге көрсетуге ұмтылыспен өткерген жолдары
жапалырақ, ауырырақ соқты. Өз төңірегіндегілерді ұрлық-
қарлықтан, зорлық зомбылықтан, барша күналы істерден
тиымдап, таза қанды, адам жанды адам баласын жетілдіру

мақсатында ол орнатқан тәртіп пен қағида, ол шығарған үкім
мен кесім қанша?! Қара қылды қақ жарған әділдігі оны бүгінгі
әулеттің алақанынан түсірмеді. Құрмет төріне отырғызды.
Мүмкін, осы жолда тартқан азап, михынаты, сіңірген еңбегі

үшін де Алланың ықыласына бөленер, бақи дүниесінің төрінен
орын алар.
Жаннаттан орын алатын жан рақатын күйіттемей, тән
азабын тартып жатқан күнде де ел-жұрттың қолын бақытқа

жеткізер, бойын басқалармен теңестірер саңылау, жол іздеп
жан азабына түсулі. Ойхой, есіл қариялар-ай, сендердің
алдыларыңда қыздан туған немерең, бозбала Боранқұл
тебіреніп кетіп көзіне жас алып тұрса да жасықтық көрсетуге

тиіс емес қой.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Жеткіземін, ата, сөзіңізді толық жеткізуге уәде беремін, – деді Боранқұл ант еткендей даусын қатаңырақ шығарып. Бірақ, ол кенеттен мүсіркеп томсара қалды. Өзіне салса, Боранқұлға қанды қырғын, айқас керек еді. Есерлене айқай салған әкесі Әнбияның аттанына қосыла шауып, Арқаның құба жонында арыстанша шарқ ұрып ойнауы керек еді. Тұяғын тас қақпаған буыны шорланбаған аңғал жас көңілдің есе-теңдік үшін алысып, тістесіп жүріп өлуді, өлерінде өштескеннің алқымынан ала жығылуды даңқ, мұрат етіп елестететін. Бірақ, қылп еткен қимылдың артық кеткен ағаттығы қырғыншылыққа, жайы келсе әлсіз-күйсіздер тұқымының құрып жоғалуына ұшыратар қатерін ол қайдан аңғарсын?! Ол жартылай ашық шаңыраққа, шаңырақтан арғы көк аспанның татыраң алабында таландыға түсіп, қуғын көрген бұлт табындарының үрке жосыған қимылына бағып жатқан қарт бидің қиялы қанша әрілеп кеткенін шамалай алма­ са да, үлкен даналық иесі жүзге тартқан жасымен де, соған дейін алжып кетпей, ақылын тың сақтаған күш-қуатымен де, баршаға батагөйлік ететін қамқор қасиеттерімен де аруақтанып сүлейленіп, биіктеп бара жатқанын түсінді. Өмірін құлшылықпен өткізген, күнәйі ниеттерден пәк, күнәлі сөздерден аузы таза, күнәкәр қылықтардан қолы кіршіксіз, діндәр, ғұлама әкесі Әнбиядан нағашы атасы Бастаубайдың бойы аса жоғарыда асқақ тұрғандай елестеді. Боранқұл бәрін де көріп тұр, би атаның кірпігі жасқа қайта шыланды. Қызарып талаураған мұңлы көздің іргесінен бөртіп шыққан жалғыз бұршақ жосылған нілді ізін қалдыра сусып келіп дөңес мұрынның бір желбезегіне іліне мөлтілдеп кідіріп барып үзіліп кетті де, будақ бұлттай омырауды жапқан жалпақ сақалдың ну ормандығына құлап түсті. Бірақ, жалғыз тамшы ғой, қурап болған, өрттен шыққан тұтас ақсөңке сақал ормандығына жастық реңін, көктем бояуын беріп қайта жасаңғырата алмас. Ел ағасы қарт би тапсырған салмақты сәлемді зердесіне ту етіп көтеріп Аягөз кеңесіне барған Боранқұлға сегіз қанатты ақбоз үйдің босағасынан орын зорға тиді. Ал, сөз кезегі ти­

Ғаппар БІЛӘЛ мей де кете жаздады. Әр түкпірден бас қосқан алты алаштың қасқа мен жайсаңдары бала жігітке сөз беріп, уақытын ысы­ раптайтын жөні де жоқ-ақ. Шашасына шаң жұқпайтын төкпе шешендер, кешегімен салыстырып келешекті болжай білетін білгір көсемдер өрлі-қырлы сөз ағылтып, ой сабылтып отырып, ақпатшаға бодан болған бұратана елге отаршыл үкіметтен опа шықпайтынын да, қарсылық жасап марқадам таппайтынын да дәлелдеп болып, үдере көшіп шетелге кетіп қара батыруға бас шұлғысып, ат басын түйістіре бастаған тұс еді. – Бала екен демейік, би атамыздың сәлемін арқалап, арнайы келген көрінеді. Сөйлетейік! – деген таныстырулардан кейін Боранқұл кезек алды. Жалғыз ауыз сөзімен мың ойдың түйінін суыртпақтап, жүз болжамның ұшын сабақтайтын төселімді шешен, ақылгөй ағалардың, әкелердің алдында, ғұлама билердің арасында көсемсігендей тақылдап суырыла сөйлеу бала күйдегі басына лайықсыз екенін сезінген Боранқұл ыңғайсызданып, қысыла отырып, мұқым ұлыстың ұлағатты пірі саналатын нағашы атасының ой-пікірін толық жеткізу, жеткізе алмау азамат басына ауыр сын екенін аңғарды. Тұңғыш рет топ жарып сөйлеу оңай емес екен, ерні дірілдеп, даусы қалтырап кетті. – Аса құрметті әкелер, ардақты ағалар, нағашы атам сіздерге сәлем айтты. – Ий, айта ғой, балам, қорғанба да жасқанба! Би атаң тісқаққан басқа біреуді жібергісі келсе, кісі табылмаған жоқ қой, аталы сөзге, келелі іске араласып ертерек баулысын көрсін деп сені әдейі жіберген болар. Ол кісі бекер үміттенбеген шығар?! Сөйле! Атаң не тапсырса соны айт! – деп, шалаң қара сақалды, семіз қара кісі мейрімді қоңырқай көздерінің жылуы­ мен қарап, көтермелеп жіберді. Соған елеуреп, ершікештеніп алған Боранқұл айыр қалпағын алып тастап, тершіген дөңес маңдайын алақанымен сүртіп, қуақылана күлімсіреді. Бөлініп бүліне көшкенде керей елінің соңынан қуа жеткен Бұқар жы­ рау төгілдірген жыр жолдарын тақылдатып, тақпақтап шығып бір тоқтады. – Би атам сіздерге сол Бұқар бабамыздың керейге

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР берген кеңесін айтады, – деп келіп, төңірегінен өзіне кезелген жалпақ-жалпақ қара семсердің жүзіндей білеуленген мұрттарға қарап тағы жымиды. Би атасының «мұрттары көкке шаншы­ лып, мүдірмей дауласуларын тоқтатсын» деген күлдіргілеу сөзін еске алды. Сонан кейін атасының мынау көп мұртты бірақ күзеп түскендей әлгі өткір әзілінен аттап өтіп, бала ұғымына жаңылтпаш жаттағандай жеңіл келетін қанатты сөздерді шұбыртып ала жөнелді. – Сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шы­ бын балалап, қаңғырып жүрген қазақтың басы қайда қалмаған, бөлінбесін, бөлінгенді бөрі жейді деп тапсырды би атам. Көңілінде кірдің таты бар ежелгі дұшпан ел болмасын би атам білмей отырған жоқ, Ақпатша жақпен ат құйрығын кесісеміз. Ат сауырын берісеміз десеңіздер, іштеріңізде болмақ ойы да жоқ емес. Оңымыздан күн, солымыздан ай туып жатса, Арқаның құба жонында арыстан ойнар шарқ ұрып, атайы ердің қасында тұлпары тұрар шарқ ұрып делінетін ата-бабамыз арман еткен шақ туса, қолдарыңызға демесін, қолтықтарыңызға сүйесін болмақ. Бірақ, ол күн әлі туған жоқ, басқа жердегі көтерілген дүрбелеңге ілесіп, дүрліге көтеріліп, қара қазан, сары баланың сазайын тартқызып, обалына қалып жүрмесін, балаларды пат­ ша әскеріне берсең, ендігі заманның соғыс өнерін үйреніп, са­ уаттанып қайтсын, бұл сияқты құрбандықтар Қорқыт ата зама­ нында да берілген, – деп айтады би атам, бұл сөз – жеке өз сөзім емес, Жиенбет, Ақтанберді, Шәлкиіз, Бұқар жыраулардың ортақ ақылы, ортақ кеңесі, осы ақылды ұқсын, тілімізді алсын дейді би атамыз. Қарт бидің жүрекжарды сөздері қаша көшерге ыңғайланып қалған ақылгөйлерді толқытып тастады. Ата аманатын толық жеткізе алғандығына Боранқұл ержеңдеп қуанып қалған еді, бетпе-бет мақтап марапаттама­ са да өзіне ықыласты жүзбен қарап, риза болысып отырған үлкендердің райынан жылы шырайларды көріп мәз болды. Бірақ, бұл арада баланы көтермелеп мадақ сөздер айтуға ішкі өзектерінде арпалысып жатқан ауыр ойлармен қаржасып, күйзеліп отырған үлкендердің ұлағатты ел иелерінің мұрсалары жоқ еді.

Ғаппар БІЛӘЛ – Ә, бәрекелді, жеткіздің балам, ұзын ырғаңнан би атаңның лебіз ырғағын танып отырмыз. Бастакең би осылай айтарын мен баяғыда-ақ ойлаған едім, – деп қалды сол қанат қабырғада отырған жирен сақалды, нарттай қызыл шал даусы гүрілдей түсіп. – Енді қайттік, қаша көшкеніміз халықтың сорына көрінер, пәлеге соқтырар болса, енді қай қатынның етегінің астына барып тығылайық, – деп жылтыңдаған қуақы көзді көсеу қаражігіт мысқыл айтты. – Қаңғырып қаша көшкенде шетелдің қай жерұйығының үстінен түспекші болып отырмыз? «Пәлен жер­ де бақыр бар, барсаң жауырша да жоқ» дегеннің кебін киіп, бала-шағаның обалын арқалап, көз жасына қалатын болсақ, қоялық түге. Іздеген иманымыз не Қытайдан, – деп, маңдай шашы сыпырылып қалған, қаба қара сақалды қасқа бас болыс­ най басқаларды кінәландыра бастады. – Тоқтат маймөңкелеген кереғарыңды, үйдей пәледен үндемей отырып құтыла алмаймыз. – Қашпайтын болсақ, қашқанда құтылмайтын болсақ тістеген жерде тісіміз кетсін! Өлсек, айқасып өлейік! Ақпатшаңызға аттанамыз да қарсы шабамыз. Би атамыз да мұндай мінез шығаруды теріс көрмейді екен ғой. Ондай батылдыққа барыссақ қолымызға демесін, қолтығымызға сүйесін боламын депті. Енді не тұрыс бар? Аттанайық жігіттер! – Азуы алты қарыс Ақпатшаға қарсы шапсаң қан жа­ лап қалмай, қарық боларсың Кермалдасқан дау-шар ұлғая түсті. – Кекетпеңіз, ағасы, ел мен жұрттың езі мен қоры біз емес, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай, абақ керейден шыққан ер Жәнібек батырлардың ұрпағымыз. Біз туғанда да шешеміз бір қой қалжа жеген, «тиірменде туған тышқан тарсылдан қорықпайды»: – Ақпатша да ет пен сүйектен жаралған адам, жұдырық тисе жығылады, қылыш тисе қиылады. Оған біткен екі қол мен екі аяқ бізде де бар. – Енеңнің бәтегі, жығасың сен, жұмсаған жұдырығың жетеді ғой патшаның тұмсығына.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Ақпатшаның басы аспанда ма екен? – Зеңбірек, пулеметтің қидалауына түсіп, жемтік,шыжың боласың. Қамал жастанған жауға қарсы жұмсайтын қаруың сақтар заманынан, Шыңғыс заманынан қалған шашақты найза, саптаулы балта болса, сені найза салым жерге келтіреді ғой деп пе ең?! Жекпе-жектің заманы өткен. Ұялмай, қызармай-ақ алыстан сығалап торс еркізеді. Күні кеше өткен Кенесары-Наурызбай, Исатай-Махамбет, Жанқожа көтерілістері немен тынып еді? Ұғасыңдар ма, ұмыттыңдар ма соны? – Енді, немене, Ақпатшаның аяғына оратылып, қатын болайық па? – Таусылатын түк те жоқ, қотарыла көшіп қарамызды батырамыз. Әуелгі сөз рахым, көшкен жұттан құтылады. Ендігәрі Ақпатша қарда ізімізді, қарада бойымызды көрмейтін болады. – Аюдың қасында шошқа жылмақтай жігіт көрінеді ғой көзіңе?! – «Орыс – темір ноқта, Қытай – қайыс ноқта» деп бекер айтылмаған. – Ноқтадан ноқтаның жорғасы бар деңіз. – Бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдық. – Соқыр тауыққа бәрі бидай. Көп сөз, бос керістің қайда барып, немен тынарын білмей, басы қатып, шекесі дыңылдап босағада отырған Боранқұлдың әр қандай топты жердің бәрінде басқалардан бойы озық, сала­ уаты басым сүлейлі біреулердің болатындығынан хабары жоқ еді. Бағанадан бері дауласқан жақтардың барлығы төр алдында қалы кілемге қабаттап төселген қалың көрпеде малдас құрып, әңгімеге араласпай, сазарып отырған еңсегей бойлы, жар қабағының астындағы көлеңке ұялаған шүңеттің ішінде тұнып жатқан қатулы сеспен ызғарлана қарайтын қарасұр адамға жалтақтап қараса беретіндіктерін байқап, ол адамның Нұрсәлім болыс екенін ұғысып алған-ды Боранқұл. Төр басында төбедей болып көрінетін сол адам жөткірініп орнынан қозғалғанда барлық дау-дабыра жым болды.

Ғаппар БІЛӘЛ
Қоңыр Қатипа тақиясын сыпырып қолына алғанда
сопақ, ұзыншақ маңдайы жарқырап ашылған Нұрсәлім
төңірегіндегілерді сесті жанарымен бір шолып өтті. Даусы да

зілді, қатқыл естілді Боранқұлдың құлағына.

– Анау босағада отырған Боранқұл бала би ағамыздың

сәлемін жақсы жеткізді. Жасы он алтыға енді шығыпты. Қаралы
топтай қан жұтып отырған біздің ортамыз ба еді оның бас
сұғар жері? Ел мен жұрттың тағдыр талқысы ма еді оның түсер
келесі? Ол кірісер мәжіліс ойын-той емес пе еді?! Ол қатысар

шаруа – сауық-сайран емес пе еді?! Бұл арада не жұмысы бар
оның дымы кеппеген жас басына, қатпаған бұғанасына ауыр
салмақ, ел салмағы түсіп, қабырғасы қайысып, омыртқасы май­
ысып жасып кетсе қайтер ек? Жас жүрегіне қан, сезіміне егес,

өштік сіңісіп, төрт құбыласындағылардың бәрімен елдесуді
білмейтін, белдесе кетуге бейім тұратын, егерге шабар дұшпан
болып жетілсе не етер ек? Жоқ, ағайындар, біздің келер
ұрпақтан күтер үмітіміз бұл емес, одан тәуірлеу нәрселерді,

адамға тән ізгі қасиеттерді, бауырмалдықты, рахымдылықты,
имандылықты, тағы-тағыларды күтетінбіз.
Өзінен үлкені бар, кішісі бар, үзеңгілес жүретін, за­
ман тұрғысы бір болыс-билері бар, алыс-жақындағы тамам

игі-жақсыны шақырып жиып алып, таласқа салып, аужайын
байқап отырса да аузына қаратып, жалтақтатып, айбарымен ба­
сып түсіп отырған аса мықты адамның салған жерден өз атын
ауызға алып, мүйізіне іліп әкеткенде қай қылығымен жақпай

қалғандығын біле алмай қысылып, қызарып кеткен Боранқұл
енді жадырап кеңи бастаған күйде еді. Нұрсәлім одан әрі ірілеп
кетті.

– Бірақ, біздің жағдайымыз жастарымыздың барлығын

жарастыққа шақырмай, жақындыққа келтірмей, ойын-тойға
жібермей, жаугершілікке итпелеп қосып отырса, сауығымызға
емес, керісімізге қатыстырмай не шара?! Жағдайымыз жа­
старымызды

жасытатын,
жігерім
құм,
қайратын

отын
ететін бодандыққа зорласа кесірге қарсы кеңесімізге алмай
қайтеміз оларды?! Бұлар да естісін, ұқсын, тәлім алсын деп би
ағамыздың әдейі жіберіп отырғаны да үлкен естиярлық. Осы

Боранқұлдарымыздың, айдарлы ұл, тұлымды қыздарымыздың
болашақ тағдыры ғой баршамызды шаршатып, қан жұтқыза
қайғыртып отырған шаруа. Итше ырылдастырып қойған да сол
мүдде. Бөлінгенді бөрі жейтінін Бастакең жақсы ескертіпті.

Біз де ескергенбіз. Қамалды жауға қарсы шабар тіке шабуыл
харекеті туралы да ойластырғанбыз. Торғай, Ақмола көтерілісін,
әр жерден тесіп өніп жатқан жарылыстардың дүмпу-дүбірін
барлығың естіп, біліп отырсың. Біз қарап қалмақпыз ба? Сиыр

екеш сиыр да қанына өкіріп жиылады. Төрт аяғымызды буып
тастап, алқымымыздан ора тартып қорқыратып бауыздап
жібергенге дейін тұяқ серпуге шамасы жетпейтін тірі өлік пе
едік?! Бірақ, соны ескертейін, сорлы халқымыздың дүбір алған

харекетіне жәрдем-көмек сұрап көрші елдерге адам жіберген
едік, барлығы ауыздарын қу шөппен сүртіп, қол үшін беруден
атбойын ала қашыпты. Құрал-жарақ сатып беруге жарамапты.
Патша үкіметінің қытығына тиюден, қырына ұшырап, тепкісіне

түсуден тайсақтайтын көрінеді. Әлемде күшсіздермен ешкім
де есептеспейді, күштілермен ғана санасады. Қарғысталған
қарақшы атанбаймыз дегендерге күш керек, күшею керек.
Жоғарыда билікті орындарға қолқанаттық істейтін оқымысты

қазақтарымыздың да талайы біздің бұл тәуекелімізге барғысы
келмейді,
тәуекелді
құптамайды.

Жылы
орнын
қимай
қипақтайды. Олардың ішіндегі бір бөлім ұлтжанды азат ойлы­

лары ғана Батакең би сияқты отарлық ажырғыдан құтылуды
армандайды. Бірақ, көтбастылау. Шындығын айту керек,
олар өз халқының бостандығын, азаттық еркіндігін жақтайды,
қарулы көтерілісті қалайды. Алайда, әлі ерте деп біледі. Хал-

дәрмені жетпей қансырап қалады деп қорқады. Жанашырлық
сезімдермен арпалысып қиналады. Меніңше етекбастылықтан
пайда жоқ, қарманатын кез жетті. Ішкі-сыртқы бүліктен пат­
ша үкіметінің буыны құрып әлсіреп отыр. Бізді бірден жусатып

салар күйі шамалы. Сондықтан әскерге бала бермейміз, қол
жинап қорғаныс ұйымдастырамыз, өзіміз ізденіп соғыспаймыз,
ізденіп келсе қарап та тұрмаймыз, қолдың алды жиналып
үлгірді, ата-бабамыз Абылай, Қабанбайлар қорғаныс жасаған

Тарбағатай тауының құзар-шатқалдары біздің бекінісіміз,

Ғаппар БІЛӘЛ
қорған-қамалымыз болады. Бірақ, әр жақтылы кемістіктерімізді
ескеріп, бала-шаға, мал-мүлік атаулыны көшіреміз, Қытай
жеріне жібере тұрамыз. Бұл бізге сақтық үшін керек. Ел

ағалары ақылдасып осыған тоқтастық. Енді алақашпа бос
сөзге, алтыбақан алаауыздыққа орын жоқ. Бастакең айтқандай
мұрттарыңды шаншылтып, мүдірмей дауласуды доғарасыңдар.
Ақ қой сойылды, ақ бата жасалды, енді қызыл қанға қол ма­

тырып уәде, сертке отырысамыз. Кім бұл уәдеге қайшылық
жасап, кереғар қылық байқатса ысқырып атқан киіктің обалы
жоқ, жазасын өзіміз береміз. Бір оқ жалынады. Еркек тоқты
құрбандық. Жаратқан Алла сапарымызды оң айласын!

Мысымен басып, сесімен имендірген сұсты болыс
басқаларды екі сөзге келтірген жоқ, тұтас тобын бастап далаға
алып шықты.
Бала жасынан Бастаубай нағашысын пір тұтып өскен

Боранқұл ол кісінің сөзін бұзатын, тапсырығын орындамай­
тын пенде баласы шығады дегенді ойына да алып көрмеген-
ді. Нұрсәлім болыстың ешкімді бет бақтырмайтын бірбеткей
жуандығы да, патшаға қарсы қол жинаған қылығы да ұнады.

Бірақ, би атасының сөзін тойтарып, қаша көшпекке ниеттенгені
көңіліне жақпады. Осы арада бір ағаттық бар сияқтанды, әйтсе
де, ол ағаттықты дөп басып таба алмады да, азулы, арынды, ай­
лалы мықты болыспен шармаяқтасып дауға түсердің ретінде де

келтіру қолынан келмеді.. Босаға жақта отырып сыртқа алдымен
шыққан ол қайран қаларлық, адам сенгісіз көрініске тап болды.
Есік көзінде сел суымен күшейіп, күркіреп аққан Аягөздің жар
жиегіне бір топ патша әскері сап түзеп тізіліп қалыпты. Қару

кезеніп, қарсылық көрсетушілерге қанды жаныштау жүргізгелі
тұрған қаһарлы шеп емес, құйрық-жалы күзеліп сымпиған,
қару-жарақтан
айрылған,

қолдары
артына
қайырылған
мүсәпірлер тобы. Салдыр-күлдір болып жүретін сарала қылыш,

сармойнақ бесатарды қойып, алтындай жарқырайтын жез
түймелері де үзілген, жаға-жеңдері жыртылған, қоқырайған
күнқағар-папахалары тоналған, талайының кеңсірігі бұзылған,
тотяиынданып тұратын көздерінің үстінен көгілдір томарша­

лар өніп шыққан, ажары сынған, айбары шағылған.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Сұрғылт киімді қосынның жуан ортасында еңсесін тік ұстап, бөрі жүнін жықпай қаздиып тұрған жасыл көз пристав­ ты ғана таныды Боранқұл. Жұрт арасында «сонакөз» атанып кеткен жасыл көз ұлық намысқа тыртысып, әлі де сырттансып көрінгісі келетін сияқты, жатырқаулы, таңырқаулы топты ба­ стап Нұрсәлім болыс алдына келгенде: – Вы здесь скрываетесь (сіздер мұнда тығылып алғансыздар ма), – деп қалжыңдағансыды. Бірақ, даусында жаңқышақтанған жәңкішек дыбыстар бар еді. – Мы не скрывались, а воевали, а я тоже привет пере­ даю (біз тығылып жатқамыз жоқ, соғысып жатырмыз, өзіңізге дұғай сәлем), – деп қыжырта кекеткен Нұрсәлімнің сөзін естіп, ақсары жүзі көгеріп кетті. – Бизду уелтуреду болса наши велики царик саган ке­ ширмеиду, – деп қазақшалағансыды. – Әрине, ұлы мәртебелім, сіздерді өлтіреміз, ол дүниедегілерге де, бұл дүниедегі патшаларыңызға да дұғай сәлем айта барғайсыз! Ақпатша балық етін жақсы көреді деп естігеніміз бар, патшаңыздың дәргәйіна тезірек жетіп алуыңыз үшін Балқашта жүзіп жүрген үлкен балықтардың құрсағына отырғызып жібермекпіз. Жаны бар кеме-қайықтарыңызда тоңбай, шөлдемей жайлы жатып, жақсы жеткейсіздер. Ал, бау­ ырым жақсылықпен жүздесейік! Қош бол! Осыдан кейін өз жігіттеріне қарап жалт бұрылған Нұрсәлімның қатулы қабақтарының астынан от шашыра­ ды. Әлгіндегі жиын топ ішінде патша жарлығына қарсылық көрсетуден тайсақтап, кейін тартар пікірде болған оншақты адамның атын атап, оларды топтың алдына шақырып шығарды. Алдыға шығушылардың басқы легіне бағана елді көшірмей тастағысы келіп көшелсіген жалтырбас болыс Сарыбайдың аты ілінген еді, алтыншы кезектегі күнәкарлар тізімдігінің қатарында өз атының шақырылуы Боранқұлды жасытып, ұялтып кетті. Бірақ, бұл ретте Нұрсәлімнің бұйрығын атқармауға тырысатын дәрмен ешкімде де жоқ еді. Алдыға шығарушылар Нұрсәлімнің әмірімен алдын-ала даярлап үйгізіп тасталған көп тастың ішінен ауырын таңдап, бір-бір тасты көтеріп шығып,

Ғаппар БІЛӘЛ
әр әскердің алдына апарып қойысты. Сосын үлестіріп берілген
жіптермен әлгі ауыр тастар тұтқын әскерлердің әрқайсысының
мойнына тегіс бірден асылды.

Қарашобыр қалың қауымды жусатып-өргізіп жүрген
Нұрсәлімнің қабағы жауар бұлттай түнеріп тұрса да, бет әлпеті
сабырлы, қимылы салмақты еді. Тұс-тұстан даурығып, беткелді
жүгіретін берекесіздердің басын біріктіріп, шанжау жібермей,

шашау шығармай ұстайтын осындай бір аруақты адамның ке­
рек екендігі Боранқұлға айқындала түскендей болды. Қашанғы
дағдысы секілді, сөйлер алдында Нұрсәлім қоңыр Қатипа
тақиясын қолына алып, шыйыршықтай береді екен.

– Жә, ағайындар, мырзалар, Ақпатшаның арамыздан әскер

жинауға жіберген атарман-шабармандары қолды болып алды­
мызда тұр, әмір-жарлықты атқарушылар ретінде бұларда жазық
жоқ дер едік, бірақ, бұлардың істемеген жамандығы қалмады.
Бір баламды берейін, екінші баламмен жанымды бағайын, өзіме

тастап кет деп тіленген Смағұл деген жетпістегі шалымыздың
сақалын кесіп алды. Білесіздер, біздің мұсылман қауымында
сақал дегеніміз үлкендердің иманы. Сақал кесудің салмағы
бас кесуден де ауыр. Егер Смағұл екіншісін берсе үшіншісіне

де ауыз салар еді. Барша баласын әскерге бергенде бұл ел
еңкейген Смағұлға қой бақтырып, еңбектеген сәбиіне жылқы
қайырта ма?! Көнбегендердің талайын қалаға айдатып жапты­
рып тастады. Онымен тынбай мылтық жинауға тағы зорлайды.

Мылтық емес, қолымызға көсеу темір тоқтатқысы жоқ. Мылтық
ұстайтын, аңшылық істейтіндердің үйлеріне тінту жүргізді.
Бір үйден оқ-дәрі табылса мылтығы қайда деп тергеуге ала­
ды. Мылтық шықса оқ-дәрісін жоқтайды. «Жоқ еді, таусылып

еді, біреуге беріп ем, сатып жіберген едім» дегеніңе сенбейді.
Дүреге жатқызады. Кеудесіне нан піскен мынау сонакөз при­
став әлінен асып, қазақ әйеліне қырындапты. Қорқытып зорлық
жасауға ұрыныпты. Бұлар бізге шақырылмаған қонақтар.

«Шақырылмаған қонақ – татардан да жаман» деп орыстар ай­
тады. Біз де сол татар тұқымдаспыз, шақырылмаған бұлар да
жаман бізге. Өз басымызды өзіміз билеуге хұқығымыз жоқ.
Бізге тиген нәпәқа - бұғау, кісен, көзір, абақты, сақал кесу, бас

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР алу. Көне алмаймыз біз бұған, көнбеске бекіп, ақыл-айламен бұларды қолға түсірдік. Зорлықты зорлық тежейді. Алайда, бұларды қорламай, кескілемей өлтіреміз. Итке тастамаймыз жемтігін. Бірақ, бұларға біздің жерімізден топырақ бұйыруға тиіс емес. Сондықтан Аягөздің бақасы мен жете алса Балқаштың балығына жем болсын мүрделері. Тастаңдар суға! Жаңағы алдыға шыққандар реті бойынша өз кезегіне бұйырылған сол­ датты суға құлатсын! Бірінші кезек – Сабырбай сенікі. Жалтыр­ бас болыстың қаба сақалы қаужаңдап көзі жапақтап кетті. – Қу екенсің ғой, Нұрсәлім, қолымды қанға былғап, бастықтың алдына бара алмайтын, өзіңе ермей қала алмайтын етпексің ғой, енді қайтейін?! – Қорықпа, албасты басқыр. – Итер! Ендігі тақсырың олар емес, Нұрсәлім. – Құлат, жапақтамай! Құнжыңдаған болыстың желке тұсынан айқай гулеп кетті. Алғашқы солдат күмп беріп суға құлағанда қалғандары шу ете түскен еді. Жаңбырдың молдығынан күшейіп, арындап алған Аягөз өзені бүгінгі сел суы қосылған соң одан әрі құтырынып алған екен, биік жарқабақ астындағы шүңет көкиірім адам тұлғасын бір толғап қана жұтып әкеткесін, сергіп, көңілденіп, билеп ала жөнелгендей шырқ үйрілді. Аждаһадай сусылдап, шиыршықтала сумаң қақты. Боранқұлдың көз алдында адам жұтқан көктеңбіл абжылан қақшаңдап бара жатты. Адам өлтіру дала киігін бауыздағанға ұқсамайды екен, көзі жаудыраған тұтқындардың алдында өзін қанша берік ұстағысы келсе де жазылған алақаны жұмылмай, жұмылған жұдырығы жазылмай әуреленді Боранқұл. Ол өлтіру кезегі өзіне тиіп, сонакөз приставтың алдына келгенде, жасыл көздері шатынай жарқырап, сұлулап сәнге қойған пышақтың қырындай күрең қызыл мұрттың құлаққа қарыстыра ширатылған шалғы жебесі дірілдеп кетті. Боранқұлдың өң-шырайын шырамыта қалып: – Бурангел, бауер, – деп ыржиа күлімсіреді. Академик Оженің асылатын дар алдына кетіп бара жа­ тып бір атым насыбай иіскеу үшін насыбай шақшасын іздегені есінде бар-жоғын кім білсін, бұл ыржиыс патшаға адал арын

Ғаппар БІЛӘЛ
сақтап, ажал алдында намысын жібермей өле білетін орыс
офицерлері мен төрелерінің ерлік салтынан жаңылып, жаза
басқалы тұрғандығының нышаны, осыған дейін ұлықтық

кербездігін сақтап дүрдиген сыңайынан айрылып, жүні жығыла
бастағандығының белгісі болатын. Ет жүректі пенде ғой, пат­
ша ағзамның киелі сардары жұтып жібергелі жұтынып келген
ажал алдында, жаңа эраның 1535 жылғы 6 июлінде басы ша­

уып түсіруге бұйырылған Англия гуманистерінің әйгілі уәкілі
Томас Мордың шапқалы тұрған қылышты жендеттің алдына
келтірілгенде «мойным қысқа адаммын, әбден дәлдеп алыңдар,
жаңылыс кетіп, масқара болып жүрмесін» деп, жазалаушылар­

ды келемеж еткен ұстамдылығына жарамады. Боранқұлды бау­
ырым деп шақырып мүсәпірсіген жалынышын аңғартып алды.
Оны өлтіре салуға бала Боранқұлдың қолы барар ма,қарымы
жетер ме екен?! Боранқұлдың алдында әлгінде ғана шатынай

жарқыраған жасыл көздер лезім аралықта қарауланып, асыран­
ды үй хайуандарының тамақсыраған кездегі көзіндей жалын­
сыз, жалынышты күйге ауыса берді.
Өткен жылдың күзі болатын, Боранқұл нағашы ағасы

Молдашқа еріп саятқа шыққан. Жолбарыс жонды Өкпеті
шыңының Барлыкөл жақ баурайындағы алқым адырлар­
да аң қағып, топты аңшымен бірге «сарыкер» тігіп, иенде
жатқандарына неше күн болған. Алғашқы түскен ақша қардың

желігімен желпініп алған аңшылар құзғын сәріде төсектен
тұрысып, аттарын ерттесіп, қансонарға аттанғалы, түн ортасы­
нан қайнатылған мыс тоғаны ортаға алып, дала дастарқанына
енді отыра бергенде, тасырлап қоя берген ат дүбірі оларды

дүрк өргізген. Сөйтсе келіп қалған жау емес, жанына екі сол­
дат ертіп түнқатып, түсі қашып, суыт жүрген сонакөз ұлық
Әндірей екен. Ол бұрынғысындай айғырсып айқұлақтанбай,
құйрық-жалын жатқызып, байпақшаңданған жорға жүріспен

келді. Істиген қу тұмсықтың қос желбезегінен гуілдеген жел
естірмей, мырс-мырс күліп, ат үстінен саудырлай амандасты.
Есік пен төрдей көктеңбіл арғымақтан түсе бере, қара бұйра
елтіріден тігілген сәнді папахасын жүндес саусақтарымен

кейін сырғытып, бусанған сары қасқа маңдайын таң арайына

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қаратып жарқырата ашып тастады. Аңшылардың күндіз ба­ ласы табылмайтындықтарын естіп, түнқата іздеп келгенін ай­ тып көлкек қақты. «Қосқа кіріңіз» деп ымдаған үлкендердің ілтипатын ұғып, еңгезердей мығым денесімен еңкейіп, сабау ағаштардан отаулап тұрғызған аласа қос «саргердің» есігінен кіріп, дастарқан басына отырды, жанындағы солдаттың бірін жұмсап, қанжығадан алдырған былғары дорбадан кесек-кесек ақ қанттарды дастарқанға төгіп тастады. Молқорсыған бей­ немен қарқылдап күле отырып, Молдаш мергенді әдейі іздеп келгендігін мәлім етті. Оның себебі – ойда жатқан генералгубернатордың бәйбішесіне табанына төсеп отыратын бөстек үшін аю терісі керек бола қалыпты. Енді қандай қиғылыққа тап болар екенбіз деп тыжырынып үрпиісе қалған аңшылар ұлықтың келген беталысында кеселді шаруа жоқ екендігін аңғарғасын жөндеріне келіп, жадырай бастаған еді. – Қазір аю табылмайды, қысқы ұйқыға жатып қалды, – деген Молдаштың сөзін естіп ұлықтың күрең мұрты тікірейіп кетті. Ожар, биік қабағы бір түйіліп, бір жазылды. Жасыл көздің шарасы бұлттанып барып қайта ашылды – Әй, Молдаш, біз дос, біз тамыр болады, біз таудың жолын білмейді, сен аю атады, мен саған мылтық сыйлайды, бесатар мылтық, – деп көшелсіді. Әрине, орыстың сармойнақ бесатары қазақ аңшыларының жайшылықта қолдары жете беретін қару емес, егер ол құралайды көзінен ататын Молдаш сықылды сайыпқырандардың қолына түссе дала тағыларына апат келгенімен бірдей. Мүмкін, Молдаштың аю табылмайды деп кергуінде де ұлықты осын­ дай бір мәмлеге кетірудің ішкі есебі жатқан шығар. Сармойнақ бесатар туралы пиғыл білдірілісімен ол тіпті көңілденді. Сау­ малап отырып аю атылса бесатарды басыбайлы беретіндігі ту­ ралы уәделестікке қолы жеткізгесін, Молдаш Боранқұлға көзін бір қысып жымиды да: – Мен кеше бір үлкен арлан аюдың апанға кіріп кеткенін көріп қалған едім, – деді сыздықтатып. – Бізге жоғарыдан тапсырық бар, сен сол аюды қалайда

Ғаппар БІЛӘЛ бізге атып бер! Саған берілетін мылтық мынау, – деп сужаңа қызыл бесатарды дөң жауырын, бүкір солдаттың қолынан алып ұсына берді. Жаңа мылтықты қолына алған Молдаш. – Тырысып көрейін, бірақ, біз тобымызбен жүрмейміз, жол-жөнекей кезігетін аң атаулы дүбірімізден үркіп қашып кетеді. Екіге бөлінеміз, – деп кесім айтты. Аю аулауға барғысы келіп қипақтаған ұлықты Боранқұлдарға қосып, топты аңшымен бірге балақ тауда қалдырды да, өзі қасына жеңілтек мерген жігіт Жүніс пен екі солдатты ертіп, жырықшегірді қолына қондырды да Тарбағатайдың өр жайлауын бетке алып жүріп кетті. Өкпетінің теріскейінде Қызылтас деген құзар бар. Сол құзардың жақпар жаламасына әлденеше жылдың алдында ғайыптан пайда болған бір құс ұя салған болатын. Тарбағатай алқабында бұрын-соңды ұшыраспаған бұл бүркіттің аспандағы ұшып жүрген келбетіне, аспандағы қанат қағысына көрген жерден көріпкел құсбегі Молдаштың көзі тұнып кетті. Көктем мезгілінде ұя басқан құсты, төлдеген аңды аулауға тиым са­ латын ел салтын бұзып, атасы Бастаубай бидің ұрсатынын біле тұрып, бүркітті қолға түсіруге құлшынды. Ішінде бала Боранқұл жиені бар топты жігітті ертіп келіп, құз жаламаның басынан арқан салып түсіп, ұяға қақпан құрмақ болды. Нағыз құсбегілер шарасыз қалғанда болмаса қыран құсты қақпанмен ұстамайтұғын-ды. Қақпанға түскен құстың аяғы жараланбай, мертікпей сау қалуы екіталай болғандықтан, көбінесе тормен ұстайтын. Торға түсіре алмаған жағдайда, аса тояттап алған құсты жазық өңірлерде атпен қуып ұстауға да болатын еді. Тым алқалап тойып алған бүркіт үш-төрт рет ұшқан соң көтеріліп кете алмай, шалымды аттының қолына түсетін. Ал, мына құс ондай тәсілдердің біріне де келтіретін күйде емес, көктемгі шабыттың мол шағында көзжұмбай ерлікке ба­ сып, тордағы шырғаға түспейді. Тояттап алғанда атпен қуғанға жер жағдайы көтермейді. Қырағы құс жұтпа тұзақтарға да жоламай қойды. Сөйтіп, ұяның ернеуіне қақпан құрудан өзге шара қалмаған-ды. Ұялы тастың төбесіне жиналған топты адамды көрген алып

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қыран балапандарына қатер бар деп ойлаған шығар, биіктен сорғалап құйылып келгенде ұяға түспек болып дарияланып тұрған жеңіл денелі Жүніс қорқып кетіп, беліне байланған арқанды шешіп тастап, ұяға түсуден азар да безер бас тартқан соң, Боранқұлды түсіруден аялаған Молдаш қос арқанға байла­ нып төменге өзі кетті. Астыңғы жағы шыңырау шатқал болып кететін зәулім жартастың дөдегелік тектірінде Молдаштың беліне қаңғалақ қосып байланған қос арқанды саумалап жіберіп, тартып отырған екі жігіттің қасына басы айналған Боранқұл жолай алмай кейін жатқан-ды. Ернеуге таяп, төменге үңілсе болғаны астындағы бүкіл құз өзімен бірге еңкейіп, қарсы бетке қарай тоңқалаң асқалы құлап бара жатқандай күйге түсіп, қожығыр тасқа арқасын беріп, жабысып жатып алған. Төбесінде суылдаған жел сарыны іспетті әлдеқандай жат дыбыстан секем алып жоғары қараған ол көгілдір аспан кеңістігінен құлап келе жатқан қара найзағайды көріп: – Бүркіт – деп айқайлап жібергенін өзі де сезбей қалды. Бұл сәтте үшкір жебедей түйілген қос қанатының ұшынан жел ысқырып жетіп келген құс оның көзіне бүркіт емес, отырған орнынан сыпырып әкетіп, құздың басынан құрдымға жіберетін албасты болып елестеді. Ағындап келіп жауырын ортадан тепкенде атты кісіні ұшырып түсіретін екпінмен саулап атылған қыран қияметтің қыл көпіріндей бо­ лымсыз текшесымаққа жабысып, қылпып отырған жігіттерді болат тегеурінімен бір-бір қағып, құлатып кетуі ғажап еместі. Тістей қатып жабысқан орындарынан сәл қозғап сырғытып жібесе болғаны жандары жаһаннамаға, жаһаннамаға бергісіз шыңырау сай тағанына қарай төгіліп кеткелі тұр еді. Егер арқан ұстаған екі жігіттің бірі құласа екіншісін де, жалама бетіндегі Молдашты да ала кетпек. Дәл осы сәтте төніп келіп қалған құс қатерінен есі шыққан құсшылар шу етіп жабыла айқайлап жіберген еді. Адам айбарына үйірлеспеген аспан серісі үркініп, төбелерінен жанап өте шықты да қайқая тарт­ ты. Бірақ, жоғары кеңістікте құйындай үйірілген қара тажал бір құлдилап, бір биіктеп аз аялдағаннан кейін қайта шүйілді.

Ғаппар БІЛӘЛ Қос тегеурінін кезеніп, ысқырынып жеткен «алдашының» көзінен Боранқұлдың бетіне қан шашырағандай еді. Қожыр тасқа төрт тағандап жабысып, тарбайып қалған Боранқұлға қараған жоқ, жаламаның дөдегесінен зың еткізіп, құйылып кеп кеткен қасқағым аралықта шаң еткен Молдаштың даусы­ мен қатар екі жігіттің қолындағы кере тартылған қос арқан солқ етіп сілкініп кетті де екі жігітті омақастырып ұшырып әкете жаздап тоқтады. Соның арасынша қарсыдағы жалдан аса ұшып бара жатқан құстың қарасын көзі шалған Боранқұл: – Бармысың, ағатай, – дегенге әзер күйі келді. – Бармын, ештеме еткен жоқ, қорықпаңдар! – деген ха­ бар алғаннан кейін зорға жан шақырды. – Шығыңыз, Молдаш аға, шығыңыз! Қайта айналып соқтықса мерт қылатын түрі бар, кетелік бұл арадан! – Шық бері, қайтып кел! – Шықпасаң болмайды, – деген жігіттердің айқайынан кейін, бойы көрінбей тас бетінде салақтап қалған Молдаштың даусы жайбарақат естілді. – Шіркін, құс екен ғой, нағыз қыран деп осыны айт, адамға түсуге батылы барған түз құсын бұрын-соңды көрмеген екем. Жарайтын құс – менің қыраным, шықпаймын, әзірге аман қалдым, жаламаның бетінде ұстасып қалар ма екем деп қорқып ем, ұстамады, әйтеуір. Нар тәуекел, көрейін, жіберіңдер арқанды! Беті қайтты ғой, енді орала қоймас. Алған бетінен қайта бермейтін Молдаштың жүректілігі арқасында ұяның жақтауына қақпан құрылды. Аспан тағысы жер бетінде жүретін хайуанаттардай аса сақтықты қажет етпейді. Көмескі, жымысқы қатерге аңқау, албырт келеді. Сондықтан, ұя төңірегіндегі қақпанның жасырындылық жағдайын көп елеп-ескермейді. Молдаш ұяда екі балапан барын біліп қайтты. Бірақ, оның қызыққаны балапандар емес, олардың шешесі еді. Ендігіде жігіттердің үйлеріне қайтуына болмайды екен. Ана құс қайта оралғанша күту, күзету керек екен, қақпанның қандыауызы асық байланып, кигіз оралып, түскен құстың аяғы зақымдалмастай етіп, қаншалықты қауіпсіздендірілгенімен де,

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қақпан басқан құс қақпанымен бірге тас бетіне салақтап асы­ лып қалуы, көп туласа жіліншігін шағып алуы сияқты сан қилы қатердің туылуы мүмкін болатын. Аттарын бекітіп қоя беріп, бөрік тоғайдың астына жасырынған топты жігіт кеш батқанша жатты, құс келмеді. Таң атты, келмеді. Ертеңгі түс әлетінде тілін тістеп ашыққан жігіттер қайтамыз десіп, көп тосудан зерігіп айни бастаған шақта үркінді көріп кеткен қыран қайтып оралды. Шіркін, бала-ай, ет жүректі езілтетін шіркін сәбилер-ай! Қанша шошынды көріп, түңіліп кетсе де қимады ғой балапан­ дарын, ашығып қалды деді ме екен, әккі екі аяқтылар алып жеп кетті деп ойлады ма екен, балапандарына жем әкелмей, құралақан келіпті. Шырқау биікте ұзақ айналып, көп рет шо­ лып өткеннен кейін ұяның шетіне қона беріп, лып етіп қайта ұшып жоғалды. – Қақпаныңды көріп қойды, енді келмейді, – деді Жүніс. – Жоқ, мүмкін емес, көре алмайды, мен білсем балапан­ дарына жем әкелуге кетті. Қазір-ақ оралады, – деп қасарысты Молдаш. Айтқандай, лезім аралықта жалдың арғы бетінен бір көкше қоянды салақтатып іліп алып келе жатқан қыран қайта көрінді. Салып ұрып ұяға жетті. Көк қоянды қос балапанға та­ стап беріп, шоршып шетке шыға бергенде шарт етіп шапқан қақпан даусы естілді. Қыран шар етіп тік көтеріліп барып, жалп етіп құлап түсті. Екінші рет бұлқынғанда шөмшек арасындағы қақпанды суырып әкетіп, сабаулап ұшып қарсыға тартты. Бірақ, ағаш тоқпақ байланған ауыр қақпан алып құсты көтеріле ұшып, қарсы заңғардың басынан асып кетуге жібермеді. Ұшқан сайын төмен тартып, салма тұмсықтан айнала беріс шатқалға барғанда жерге алып түсті. Аттылы-жаяу ұмтылғандардың бәрінен бұрын жеткен Молдаш еді. Боранқұл келгенде оның жылап отырған үстіне түсті. Сөйтсе құстың екі тегеуріні бірдей жоқ болып шыққан екен ғой. Ақырында Молдаш ұстаған бүркітін үш рет басынан айналдырып, ұшырып қоя берді де, ұядағы қос балапанның жетілуін күтіп жүріп, қарақанат болғанда ұясынан ұшырып ба­ рып, бірін таңдап ұстады.

Ғаппар БІЛӘЛ Пристав Андрейдің алдында қолына қондырып көтеріп шыққан жырықшегір сол балапан болатын. Сол күні Боранқұлдың қызыққаны күнде көріп жүрген Молдаштың жырықшегірі емес, ұлықтың астындағы көктеңбіл арғымақ болды. Өз астындағы тайшұбармен жарысып көрмек болып, ұлықты еліртіп көріп еді, сонакөз баспай қойды. Соған ерегесіп, кездескен аңды атпай, кезікке үйрекке көк шұбар қаршығасын жібермей қырсықтанды. Ал, сонакөздің өзі адам атқанға бол­ маса, қашып бара жатқан арқар-құлжаны атып түсіруге епсіз, домбырауын кісі болып шықты. Олар қосқа ерте қайтқан еді, Молдаш ағасы кештетіп, ымырт алдында мол әңгімемен оралды. Оның аттанар ал­ дында Боранқұлға көзін қысып қоюы, анау ұлықты бөліп тастап кетуі бекер емес екен. Елең-алаңнан суыт жүріп кет­ кен Молдаш өз серіктерін аюы аралас көп хайуан мекендей беретін Ақшоқының шырқауына беттетіп, бір биікті жотала­ тып келіп, шыңырау шатқалға құлай беріс керқапталға жет­ кенде аттан түсіреді. Құлдамасына селдір ағаш өскен өргі жалаңаш өңірдің шетіне аттарын тұсаттырады. Сырт киімдерін шештіріп жеңілтектендіреді. Тасқа төсеген бияләйдің үстіне жырықшегірді қондырып тастап, мылтықты серіктерін бастап биікке жаяу тартады. Жылбысқа қар жамылған тазығыр қаптал аса тайғанақ болғандықтан сүрініп, жығылып жүріп айтулы апанның аузына зорға жетеді. – Мінекей, аю кірген апан осы, көріп тұрсыңдар, аюдың шығып кеткен ізі жоқ, демек аю апанның түбінде жатыр деген сөз. Енді мұны әбдестелеп соғып алуымыз керек, – дейді Молдаш сенімді бейне көрсетіп. – Қалай аламыз? – Қалай соғамыз?-Жапақтап өзіне қараған серіктері ал­ дында Молдаш түйсінбейді. – Апанға бірің кіресің, – дейді ол ышқыр белбеуіне қыстырылған былғары қанаптан ұзын сапты сары кездікті жарқ еткізіп суырып алып, – қазір аюдың қысқы ұйқысы басталды. Ұйқыдағы аюда кіресілі-шығасылы ғана ес болады. Есеңгіреп жатқан жерінде барасыңдар да, ұзын пышақты қос өкпенің

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР тұсынан қорс еткізіп салып жіберіп, қорқыраған кезінде сүйретіп сыртқа алып шығасыңдар. Қалай, солдат мырзалар, қайсысының барасың? Дөң жауырынды, қияқ мұрт, бүкір солдат өңі қуқылданып жанындағы ұзын-сираққа қарайды, ұзынсирақ күмілжіп теріс айналады. Ақыры соқтауылдай екі солдат біз аю ұстауды білмейміз, бұрын мұндайды көргеміз жоқ деп азар да безер бо­ лып, аю апанына пышақ алып кіруден үзілді-кесілді бас тар­ тады. Молдаш құты қашқан екі солдаттың қорқып, үрейленіп тұрған кеспірлеріне қарап: – Апанға кіру – әрине, қауіпті жұмыс, толық ұйықтап кетпеген болса барған адамды жазым етуі мүмкін, Жүністі жіберсек болар еді, бірақ, ол өте әлсіз, бойы да құрдым. Кіруге ебдейлі болғанымен, аю алыса түскендей болса күші жетпейді. Сендер кірмесеңдер, мен өзім-ақ кірейін. Аю жесе меніақ жесін. Пристав тамырдың тапсырмасы жолында құрбан болсам да мейлі, – деп, қалың киімдерін шешіп, білегін сы­ банып, жарқыраған сары кездікті қолына алып, екі солдат­ ты апанның екі босағасына ерсілі-қарсылы тұрғызады да, оқтаулы мылтықтарын кезеттіріп қояды. Жүністі оңаша тастың қалтарысына жатқызып оған да оқтаулы мылтық ұстаттырады. – Өлтіре алсам аюды өзім алып шығамын. Жазатайым алысып қалатын күн туса айқайлаймын, біреуің ішке кіріп, маған жәрдемдесесіңдер, қалай, келісесіңдер ме? – деп сұрағанда екі солдат сүлелеу күйде «барайық», «жәрдемдесейік» де­ ген болады. Сонда да олардың қолындағы мылтық қарауылы шайқалақтап тұрғанынан арты бостау екенін сезіп: – Егер аю қашатын болса ауыздан шыға бергенде мой­ нынан құшақтай алыңдар! Одан қорықсаңдар атып салыңдар! Тегінде, өздеріңе қатты абай болғайсыңдар! Үңгірдің ішінде өңменінен пышақ қадалып жаралы кеткен аю аса ашулы, долы болады. Бір жерлеріңді бөксертіп алып, оқысқа ұшырап жүрмеңдер, – деп тапсырады. Одан кейінгі тапсырмалар ауашаға жатқызылған Жүніске беріледі: – Жүніс, сен де сақ бол, – мына кісілермен аю алысып қалғандай іс туылса аюды атамын деп бұларды жамсатып алып

Ғаппар БІЛӘЛ жүрме, аюды дәл көзеп ат! Мүлт кетіруден сақтан, абыржып, сасқалақтап кетпеңдер! Туылашақ аю қатерінен жасқанып, қушық беттері бо­ зарып, көк көздері шытынап алған солдаттардың кезенулі мылтықтарының қарауылы бұрынғыдан да бетер қозғалақтап тұрғанын байқаған Молдаш мырс етіп еңкейеді де, апанның ау­ зынан кіріп еңбектей жөнеледі. Апанның түбі ұзақта сықылды, әуелдегі салдыр бара-ба­ ра сылдырға айналады. Сылдыр тықырға ауысады, ақырында тықыр таусылып, ұзаққа созылған тыныштық орнайды. Қауіпті тыныштық. Тынышы кеткен солдаттар тыпыршып, қаша жөнелуге шақ тұрады. Бірақ, әмір қатты, жан тәтті, аюды алмай қайтса ұлықтан көретін көресілері де жеңіл соққалы тұрмаса керек. Кенет үңгірдің түбі дүңгірлеп, дүңкілдеп қоя береді. Ақырған аюдың, шыңғырған адамның дауысы естіледі. – Өлдім-ау, өлтірді-ау, бармысыңдар? – деп ыңыранған сөздер құлаққа жетеді. Тарпылдаған тасыр, дүңкіл ауызға таяп келе жатады. – Ұстаңдар, ұстаңдар! Қашты, қашты, жаралы кетті, жібермеңдер! – деген айқай шыққанда, тағатынан айрылған екі солдат еңіске қарай ұрып кеп жөнеледі. Ыратөкпе еңіс, құлама теріскей, тайғақ қар бетінде екеуі құйрығымен шаңғы тепкен­ дей сырғанайды. Мылтық бір жақта, бас киім бір жақта қалады. Үңгірден аман-есен шыға келген Молдаш олардың артынан жөнеледі. – Ұста, ұста! Алдынан қайырыңдар! – деп айқайлай ұмтылады. 1805 жылы Сергиополь деп аталатын Аягөз қамалы салына бастағаннан тартып, ата-бабалары қазақ жерінде, қазақ арасында өсіп ержетсе де, қазақ тілін шұбарлау түсінетін орыс жігіттері Молдаштың айқайына қайдан қайыру берсін, соңымыздан қуып келе жатқан Молдаш емес, аю екен деп біледі. Артына қарауға күйлері келмей зыта береді. Екі солдат­ ты ұзақ қуып сілесін қатырып, әбден сорлатқан Молдаш сай тағанына түскенде жөнге келеді. – Аю теріс кетті, алдынан қайырмадыңдар, оқ

шығартпады, – деп шәжілендіріп алады да, соңынан аттарын,
құстарын, шашылған мылтық, киімдерін жинап алып Жүніс
келген соң қайта аттанады. Екінші бір қойнаудан екі бірдей
аюды атып алып, қосқа олжалы оралады.

Арыстай екі аюдың терісі мен ем-домға жарайтын бар
мүшесін алдына әкеліп жайып тастағанда саркерлеп тіккен дала
қосының төрінде, лапылдата жаққан оттың жарығында, мыс
тоғада қайнаған ту арқардың көксүбесін жапыра асап, қара сор­

пасын сораптап ішіп отырған ұлық Андрей жайылып түспесе
де, морт кетіп ашу шақыра алмады. Екі солдатының «жабайы
киргиздарға» мазақ болған масқаралы жағдайынан сезік ала
отырып, сезбегенсіді. Тіркістеніңкіреп, тырысыңқырап барып

қайта түзелді. Жасыл көздің иіріміне болымсыз күлкі ишара­
сын шақырып келтірді. Велики губернатор ағзамға көрсеткен
қызметі үшін берген бесатарды қайтарып алмайтынын, уәдені
бұзбайтынын жариялады.

Аягөз бекетінде ұзақ тұрып сонакөз атанып кеткен по­
лиция ұлығы Андрейді Боранқұл содан бері танитын.
Молдаштың әжуаға шығарған жалған аюынан қорқып, сайқы-
мазаққа айналған серіктерінің ынжықтығы үшін намыста­

нып, ширыққан ашуын сабырға жеңдірген ақылдылығы, уәде
бұзбас бірауыздылығы үшін Боранқұл оны ұнататын да еді.
Бүгін ажал алдында бетін торлап алған уайымды жимиыстан
сиқы бұзылып кеткен ұлықтың кеспіріне өлшемді назармен

жақындап келе жатқан Боранқұл:

– Тоқта, – деген Нұрсәлімнің әмірін естіп кідіріп қалды.

Ұлықтар салтанат мінбесінде тұрғандағысынан гөрі жаза
майдайына шығарылған кезде жұрт назарын көбірек бау­
райды. Қылт еткен қимыл құбылысын байқап, аңдап тұрған
Нұрсәлім Сонакөздің азғалы тұрған кеспірін тани қойса ке­

рек, Нұрсәлімнің Боранқұлға «тоқта» деп бұйырған жалғыз
ауыз жарлығынан оның көз алдында қара күйеленіп сөніп бара
жатқан үміт ұшқыны майқағаздай лап етіп қайта жанды.

– Полицейдің тұмсығы қылмыс күресіндері арасында

тіміскіп жүріп, даңққа бөленуді армандайды. Мен сені одан
гөрі тәуірлеу майданға ертіп шығайын, – деп, Нұрсәлім оның

Ғаппар БІЛӘЛ
қолын босаттырды. Мойнына байланған ауыр тасты алдыртып
тастады. Оңаша үйге ертіп кіріп кетті.
Осыдан соңғы жиын ұзаққа созылған жоқ, ұлық Андрей

де, кейінгі солдаттар да суға тасталмай, өлімнен аман қалды.
Оның есесіне арнаулы мал сойылып, жақсы күтімге алынды да,
соңынан босатып қоя беріледі екен дейтін қауесет таралды.
Кеш бата Сонакөз ұлықтың (Аякөз бекетінен) отызға тарта

әскерді жәрдемге шақырған хатын алып арнаулы шапқыншы
кеткендігі мәлім болды. Бұл бекіністе жатқан көп әскерді
шырғалап алып шығып, алдын-ала белгіленген орында қазақ
көтерілісшілеріне қару-жарақтарын тұттай тонатып берудің

айласы екені анық еді.
Боранқұл бұл сапардан Нұрсәлім болыстың Бастаубай
нағашысы айтқан тапсырмаларды бұзып тастағандығына
наразы

болудың
орнына,
ақыл-айласына
тәнті

болып
ризашылықпен қайтты. Өлімге бұйырылған әскерлерді сенімсіз
жалтақойлардың қолымен өлтіртуі, соңындағыларды тірі бо­
сатып жіберуі, осының барлығы екібеткейлерді бұлтаққа

жібермей өз соңынан еріп отыруға еріксіздендірудің шара­
сы екенін түсінді. Қолға түскелі бері тағдырына мойынсал
болмаған кербез ұлықты құлатып жыққан жерін айтпаймысың?!
Көшбасы осындай іскер болғанда қазақ көтерісшілерінің дереу

қаруланып, ірі күшке айналып кетуінен үміттенуге болатын
сияқты.
Бірақ, өзі қуаныш санаған осы хабарларды айтып келгенде,
қарт би талықсып кетіп қайта түзелді. Жүйкеге соққан бір ауыр

қасірет бойын салдандырып езіп жіберсе керек.
Аспан мен жер арасында жүрілгелі тұрған қантөгісті,
найзағайлы нөсерді тоқтатуға жіберілген ыспар делдал
сияқтанып сусылдаған ысқаяқ жел күзеулікте отырған кигіз

үйдің есігін ашып-жауып желпілдетті. Жұмылып кетіп қайта
ашылған нұрсыз көзжанардың алдында мұнарлы дүниенің
сұрықсыз сұрғылт келбеті көлеңдеді. Көк айдынды көлдердің
бетінде қызыл шымылдықтанып қан көлкіді. Сағым буған сары

далада үріккен елдің жанайқайы шырылдады. Иттер ұлып, бо­
талары боздап, мөңіреген сиырлар ауыл үстін, жол бойын азан-

қазан етті. Шағылған шаңырақ, үзілген сағанақ, шашылған тон-
шалбар, бас-сирақ, шашырап тозған мал-дәулет шұбарланды.
Тайған бақ, сөнген үміттің күйік шалған көсеу түбірі
қарауланды. Қария басын көтертіп, жастығын биіктеттіріп

алғасын Боранқұлды жанына жақын отырғызып алып, «Емен
толқыны» атты қобыз күйін тартып беруге бұйырды. Тарихы
тым арыдан басталатын бұл күй әл үстіндегі қарияның жан үзер
шағында аузына салған иман дұғасы болып күңіренді.

Сахараның сарғайып әлсіреген дертті күні тауға батпай,
дағдысынан жаңылып, мұнарға батуға айналды. Бұл күннің
жаңсақтығы емес, ата мекеннен ауа көшкен елдің қоныс
жаңылысы еді. Сағым мен мұнарға бөгіп шөлден кенезесі кеп­

кен, лыпа ықтасыны жоқ баябан далада күзге салымғы өңменнен
өтетін ызғырық желге бетін беріп, ру-ұлысымен, жас-кәрісімен
босқын болып қаша көшіп шұбырған елдің аянышты кеспірін,
кетеуі кеткен хал-жайын қараңғы түннің қадау жұлдыздары

мен даланың кезбе аң-құстарынан өзге көріп білгендер табыла
бермесе керек. Тегінде жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға
салтанатпен көшіп-қонып жүретін толықсыған қайран ел
қазір басаламан қырғыннан торғайдай тозып, қашқын, үркінге

айналған. Іргесінде сыңсыған қалың қол жиналып, тарпа бас­
салар апатты шабуыл әзірленіп жатқандығынан иіс-сыбыс
алмаған аңғырттық пен бейқамдық бұл елдің түбіне жетіп,
тұқымын тұздай құртып жіберуге шақ қалған. Тұтқиыл тап

берген жоңғар шабуылы тұсында атын өріске жіберіп, жылы
төсекте жейдешең-дамбалшаң маужырап ұйықтап жатқан
еразаматта қайрат сынасып, қарсылық көрсетер, шошаң етіп
сойыл көтерер мұрса болмаған. Тау сағалап, өзен жағалап,

судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып, мал қамымен быты­
ранды жүрген халықты уайымдасуға үлгертпей, дулығалы са­
уыт құрсанып, тұлпарлар мінген айдарлы доспан қапыда қу
шөпке тиген өрттей жалмаған. Ат тұяғы жеткен жердің бәрінде

қазақ даласын қанға бояған. Жота жон, сай-сала қылыштың
жүзінде, найзаның ұшында кеткен адам денелерінің ашық
қабырстандығына айналған-ды.
Тидаусыз кеткен адам тағылығынан туатын қорқаулық

Ғаппар БІЛӘЛ
табиғатта кезігетін барша тағылардың жыртқыштығын басып
түседі. Қасқыр екеш қасқыр да кездескеннің барлығын адамша
қидай сыпырып қыра бермейді. Есіркемесе де, ертеңіме керек

болар, ісім түсер деген ниетпен болса да соңырасына қарайтын
шығар, тойғанынан асқанын аман тастап кетеді.
Ал, жоңғарлар өйтпеген, қолына іліккен пенде бала­
сын тірі қалдырмаған, ересектеріне қосып, ержетсе ата кегін

жоқтайды, шабындыға түскен мал-байлығын қуғындап,
кейінгі ұрпағымызға ауыз салады деп, бесіктен белі шықпаған
сәбилерді жөргегінен суырып алып, табандарына басып шы­
рылдатып тұрып борбайларын жұлып-жұлып алып, итке,

құсқа лақтырып тастап берген. Жарық дүниеге келмеген іштегі
нәрестелерді ана құрсағынан жарып алып кескілеген. Малша
бауыздалған, аналардың бойында тірі қалған перзенттердің
өлі жатырда тұншығып өлеріне де сенім артпаған. Болашақ

жауларының ана құрсағында жасырынып қалуынан да
сақтанған, жантүршігерлік жазаға ұшыраған халықтың орнына
қайта тұқым себер, ұрық төгер барша мүмкіндікті түп тамыры­
мен құртып жіберуге тырысқан.

Іс жүзінде шапқыншылар күш салыстырмасындағы
уақыттық үстемдігі ұзаққа бармайтынын, шектен асқан
зұлымдық аса тегеурінді халықтар қарсылығын оятуға
мұрындық болатынын шамалай алмаған. Тау, адырларға

бытырай қоныстанған қалың ел тұқымы құрып бара
жатқандығынан хабар, сыбыс алса қолма-қол қарсылық
көрсете алмаған күнде де қолындағы ат-көлігінің молдығына
сүйеніп, жау өтінен жалтарып кете алатынын, қысым келген­

де бастағы үй, бауырдағы қазанына қарамай, бала-шағасын
шұбыртып, босып жүріп-ақ ақтық қайратын жұмсап
қарсылық көрсетуге қам жасайтынын, ұлан-байтақ өңірдің
заңғарларынан асу жол тауып, күтпеген ендігінен суат ашып

кете беретіндігін аңғармаған еді.
Ұлы таудың, ұлан-қиыр далалардың әр тұсынан шұбырған
жер қайысқан қалың көштің алды қайда жеткенін, соңы
қайда қалғанын біліп, болжап келе жатқан салихалы елба­

сылары бар да шығар, апталарға, айларға созылған «ақтабан

шұбырындының» ұзақ сапарында тағдырдың сілесіне қалған
елдің, малдың өңі көрден шыққандай.
Тегінде де алажәукім дүние кілең бір түске, сұрғылт
түске ауысқан. Сүреңі қашқан сұрғылт әлемде өңшең бір

сұрғылт түсті аруақтарды аса жойқын дырау күш сенделтіп
тентіретіп жібергендей. Киіздей тұтқан шаң-тозаңнан көздері
әрең жылтырайды. Аттаған сайын күлі бұрқыраған борбас пен
тандыры кепкен татырдың шаңын желектендіріп, титықты

құртқан ұзақ сарпалдаңда аттылы-жаяудың талайы табанынан
тесілген, тай-құлын қолы түсіп солтақ-шойнаққа айналған.
Ілбуге жарамағандары жолда қалып, көзін тірідей қарға-
құзғын шоқыған. Жемтігін түлкі-қарсақ кемірген. Сай-салада

ұлан-асыр тойға жиналғандай үйір-үйірімен қаптап шулыға
шуылдаған ақбас күшігендер, тазқаралар, қорқау, борсықтар
даңғазасы осы батақұрдың жаназалық айқайы болатын.
Шоғырын жазбай түйдек келе жатқан алдыңғы лектің

ішінен әлдекім алыстан сағымданған бұлдыр орман сұлбасын
шырамытып, «су, су» деп айқайлап жіберді. Сол-ақ екен бүкіл
тобыр «су» деген жалғыз атауды қайталап, шу ете түсті. Аша­
май үстінде тепкішекке сүйеніп немесе түйе қабырғасындағы

кебеже бұрышын жастанып қалғып келе жатқан сағал тұмсық
балалар жарылып кеткен жалақ еріндерінің жыртылып,
айрылғанына қарамай, «су, судың» астынан алып шұрқырады.
Кемсеңдеген иектеріне ие бола алмай, көзжастарын жеңімен

сүртіп тұрып, «су бер, су ішем, су, су» деп шырқырады. Өң мен
түстің, бар мен жоқтың арасында сенделген есеңгіреулі сана­
мен зорға ілініп келе жатқан әлсіз-күйсіздер жағының кетеуі
кетіп жұтыққан, торыққан жүздерінде тірлік үмітінің мезеттік

қуаныш елесі қанат қақты. Барша қуат күшімен «су, су» деп
қырылдай сыбырлады.
Таяу маңдағы су ныспын сезген жылқылар кісінеп, си­
ырлар мөңіреп, түйелер боздап қоя берді. Зілзала дауысқа

шулыққан азан-қазан дүние, қой-ешкінің маңырауы, иттердің
ұлуы адам даусына ұласып, қадау-қадау сексеуіл, жертаған
бұйрығын, жусан, шойтабан дала қосыла жаңғырығып, «су»
деген жалғыз атауды қайталай беретін аса кемелді, аса шерлі

«хор» қалыптастырды.

Ғаппар БІЛӘЛ
Әлгінде ғана сілтідей тынған жансар табиғат құтырынып
шыға келіп, бұлтсыз күн күркірегендей, қопарылысты күтіп
тым-тырыс жатқан аса жойқын, аса дырау толқындар сілкініп

оянғандай, қобыда бейғам жайылып жүрген киік табында­
рын тап бермеден атылып шыққан жолбарыс дүркірете қуып
әкеткендей күй туды. Аса үрейлі хор, қамырықты жыр, жоқтау
зарына ұқсап кетеді. Адам, хайуан, табиғат, бәр-бәрі осы

жоқтау зары үстінде бір үддеге ден қойып, тіл табысқандай.
Олар бір-біріне медеу-демеу бола алар ма екен?! Жанды-жан­
сыз барша дүниенің бар дерті, барша арман-мұраты осы сәтте
«су» деген жалғыз есімге ұйлыға топырлап, жасағанға жалба­

рынып тілек еткен қорғансыздың, мүскін ғарыптың жан даусы
болып күңіренді.
Бұл үн шаршап шанжау келе жатқан артқы топтарға, ай­
даулы мал табындарына қарай ауыздан ауызға тарап, қалың

қоғаның басынан желді күні секірген өрттей жосыды. Лезім
аралықта сусыздықтан қаталап, таңдайы таңдайына жабысқан
жас-кәрі, адам-хайуан атаулы әлді-әлсізіне, арық-семізіне
қарамай топ-тобымен, дүйім-дүрмегімен сулы өңірді бетке

алып лап қойды.
Анау бір жылбурындылық істеп, суға жылдам жетпек
болып тұра ұмтылған қара жорғалы сылқым бойжеткен ауру
кемпірге соғылып ат үстінен құлатып кетті. Сыңарезу, ұркөппе

торыға мінген біреу тілі салақтаған кәрі төбетті белінен ба­
сып өте шығып қанқақсатты. Көткеншек құла құнандағы ұл
бала жүкті сиырға қақтығып омақатты. Жүк артқан түйелердің
артқылары алдыңғысына кимелеп, омыраулап, ошақты ақсаққа,

шәугімді пұшыққа айналдырды. Уықтың қаламын сындырып,
керегенің сағанағын шақты. Жау тигендей дүркіреген жылқы,
сиыр табындары жығылып, сүрінгенін тұяғымен таптап, жан­
шып кетіп жатты. Мың-мыңдаған адам-хайуан бірінің арасын­

да бірі қалып, сеңдей соқтығысып, өмірі көрілмеген сүренді
сүргін қалыптастырды. Ұлы таулардың биік қапталынан жо­
лында кезіккенді қидай сыпыратын ұлы көшкін болып құлады.
Нұх пайғамбар заманындағы топан су болып төгілді. Жандар

атаулы осы беті қайырусыз кетіп алдыда жатқан салқар көлге

бас қойса, артқы лек алдыңғыларын тықсыра кимелеп, түпсіз
тұңғиыққа ғарық қып жұтқызып жіберері хақ. Алдыда жатқан
шаралы көл өліммен де, өмірмен де сыйлай алатын еді.
Бір аяғы тірсегінен кесілген, қаба қара сақалды, қапсағай

денелі қара шал суға қарай ұмтылған мал мен адам дүрмегін
көріп, маңайындағы сайлауыт жігіттерге әмірлі үн тастап,
тақымындағы балдақты таяғын жұлып алып сілтеп қалды.

– Қайыр алдын, тоқтат, тоқтатыңдар! Қырылады мына

ел, қайыру бермеген малды қырып салыңдар! Суға кеткенше
қырда өлсін, ашыққан елге талшық етеміз!
Ауыздықпен алысып, қыл қауіп тұрған тұлпарларға мінген
сайлаулы сарбаздар омыраулап келе жатқан адам мен малға

көлденеңінен ат қойды. Қаншырдай қатқан сарыбауыр атқа
мінген жауқабақ қара шалдың өзі алдыға шыққан жас-кәріге
қасқырдай ұмтылды. Шолақ аяғы жағына ауытқып, екпіндей
шапқан ат үстінен неше рет лоқып, ауып түсе жаздаса да,

таяғын сермеп-сермеп жіберді.

– Тоқта, тоқтаңдар, түге! Тоқта деймін мен саған! – ашу­

лы әмірге бағынбай өте бермек болған біреудің атын қасқа
маңдайдан ұрып жіберіп тырабай асырды. Жығылып тұрған
адамды артқы лектің тұяғы астында қалдырмау үшін арты­
на мінгестіре салып тағы ұмтылды. Бұл тұста сәйгел жігіттер

тасқын суға айналған жұртты адуын күшпен, қара шалдың
абиыр-беделімен жасқап, бөгеп, иіріп алған-ды. Саулаған
оқтан, қаулаған өрттен қайтпастай болып қаптап төгілген
қауым жұртты шолақ аяқ қара шалдың мысы жеңді.

Адам беделіне тең келетін құдірет бұл дүниеден табыла
қояр ма екен?! Бірақ, бедел күші өзіне сеніп табынушыларға ғана
өтеді. Ілгергі бір қанды шайқаста екі аяқтың бірін құрбандыққа
беріп, сыңар аяқ қалғанда да қара қазан, сары баланың қауым-

халайықтың ғұмырын қорғап қалған жанкешті қарияның бе­
дел-салауатынан нәдүріс біреу болмаса аттап өте алмас еді. Кім
де кім өтсе күнәкәр болар еді. Дүйім жұрт алымды жігіттердің
айдауына түсіп, қара шалдың алдына әкеліп иірілгенде, шал

екең ашуын сабырға жеңдіріп, кеңіп қалған болатын.

– Уа, халқым, алдыңда қандай суат тұрғанын білесіңдер

Ғаппар БІЛӘЛ
ме? Бұл суат – өзен емес, көл. Шөлден сілесі қатқан ел суатқа
бұлай түспейді. Біріңді бірің басып қырылушы ма едіңдер?
Біріңді бірің итеріп кеудеңмен соғып көлге түсіріп, балыққа

жем болмақпысыңдар? Суға барғанда суды бірден қауып
жұтуға да болмайды. Қатты жұтқан су кеуіп, құрғап кеткен
өңештен өтпей, кеңірдекке, өкпеге кетеді. Өйтсеңдер суға
қақалып, шашалып өлесіңдер, барыңдар, барша жұртқа осыны

айтып ұқтырыңдар!
Ендігіде мықты жігіттер суға беттеп дүркіреген малға
ұмтылды. Неше тәулік тамшы суға зар болып, сілесі қатқан
ел шөлден қырыла жаздап, төңірегі қоғалы қамыс, қордалы

тоғаймен жұрындалған алқалы көл бойына жеткенде шұрқырап
құйылды. Ұзақты күндер бойына жалғыз тамшы жаңбыр нілін
тілеп, Жаратушы Аллаға жалбарынып, аспанға көзін сатқан,
өзегіне өрт кетіп өлімші халге жеткен сәбилер жол-жөнекей мал

несебіне ұмтылып, адам баласының сай-сүйегін сырқыратар
зар дауыспен шырқырап шырылдағанда көзжасына ие бола ал­
май бордай босап егілген аталар мен аналар салқын суға жылап
көрісті. Табаны тесілген, арқасы кесілген, санына садақ ілгендей

жүдеп-жадаған ат-көлік, айдаулы мал табындары бастапқы
қарқындарымен андап қайырусыз кетуге қауқарсыздық етті.
Шығандап кетіп, көлдің шұңғыма жақ жиегінен ілінген алғашқы
топтағы мал азды-кем шығындалғанымен, ұлығаусар апаттан

аман қалды. Әрине, малдың шығасылы болмағаны жақсы еді.
Қаптаған жау қатерінен қаша көшкен елді ат-көлік болып аман
алып шыққан да, азық-түлігін айырып, аштан қырылудан да
сақтап келе жатқан осы мал ғой.

Суға қанып, шөлі басылысымен қажып-қалжаураған, бол­
дырып титығы құрыған адам, хайуан атаулы сүлдерін сүйретіп
қырға шыға бере буындарынан айрылып, жүк түсіруге, айыл
босатуға, ас пісіріп ішуге, жайылып оттауға күйлері жетпей,

жағалау жазықта жамбасы сиған жерге құлай жығылып, быр­
дай ұйқыға кетті. Мүмкін, күллі тіршілік иесі мұндай бір тәтті
ұйқыны бастан кешіріп көрмеген шығар?! Ат-айғырдан, тай-
құлынға, атан серкеден лақ-серкешке дейін, әншейінде тілі

салақтап жоқтан өзгеге абынатын иттерден мияулаған мысыққа

дейін, бесіктегі сәбиден белі бүгілген кәріге дейін әлгінде
қыбырлап өрген, шулап-шұрқыраған тіршілік белгілерінен
махұрымдалып, лезім аралықта ауадан жіберілген тылсым күш
дуалап уландырғандай, төрт аяғын төрт жаққа жіберіп жусап

түсті. Тарихтан тарихқа қалар «ақтабан шұбырынды, алқакөл
сұлама» атауын тудырған себеп халқымыздың осы сықпыты
шығар?!
Күйіс қайыруға күйі келмей, басын жерге салып шөгіп

қалған түйелер, сушайлы кемердегі шоғайнақ шағыл үстінде
көк шалғын төсеніп керігендей рахаттанып жатқан сиырлар,
теуіп кетер дейтін қауіптен ада, аттардың артқы тұяғын жаста­
нып жатқан жігіттер, қысқасы мал мен адам бір-біріне араласа

айқасып, бей-берекет жатқан қалпында мызғып кеткен. Осы
бір қарақорым өліктердей жусап түскен дүн-дүниенің орта­
сында құм төбеге қадалған қадау қарақшыдай сопайып жалғыз
отырған шолақ аяқ қара шал ғана ояу. Сондай бір сергек

қамқоршы мезгілі жеткенде қайта оятып алмаса, арып, ашығып
келген қауым-халайық мал-жанымен бірге мәңгілікке ұйықтап
кетер ме еді, әлде қайтер еді?!.
Қара шал қамырықты көкірегі қарс айрыла күрсініп жіберді.

Әлгінде көл жиегінен іліп ішкен жарым саптаяқ салқын су өн
бойына жалын болып тарады. Күзгі суық ызғырықта ыстықтап
пысынағандай, алтыайрығынан тер кетіп, қара сорпаға түсті.
Шыңылтыр суық шілденің түскі аптабы болып сезілді.

Аспан кеуегінің зәулім биігінен төгілген тарам-та­
рам сәуленің алтын рәуішті тіреуіштерінен жасалған алтын
мосыға асылған алтын жалын. Әдетте мосыға шәугім асылып,
от астынан жағылушы еді, ал жаратылыстың өз оты мосыға

асылып, тамақ пісіретін жойқын қара қазан сол оттың астына
төселген. Жер шарының шар қазаны. Қазан ішінде қарақоқым
қуырдақтай болып адам-айуан араласып кеткен тірі тамақтар
кірпік айқастырулы.

Қабырғасы сынарман күйде қайысқан қара шал оңаша
отырып көзіне жас алды. Әншейінде көп ішінде отырғанда
мұндай жасықтық көрсетуге оған жол жоқ еді. Ел басшысы
басқа түскен ауыртпалықтан мұқалып, бошалаңдық байқатса

Ғаппар БІЛӘЛ
басқалар не күйге түспек?! Жас-кәріге қайрат беріп отыратын,
үдере тартқан ұлы көштің сондай бір ұстамды иесі болмаса
мына суатты дұрыс таба алмаған ел қаңғып жүріп қырылар еді

ғой.
Қара шалдың кірпігі ұшында ілініп үзілгелі келе жатқан
тамшы жасқа күн сәулесі қиылып, кемпірқосақ қалыптастырды.
Көз шарасы алдында тұлғаланған сол кемпірқосақ астын­

да, қиыс астыңғы жақта жаңқышақты ағаш томарын мамық
жастықтай, не бір жар құшағындай жастанып, рахат ұйқыға
кеткен қыз баланың кейісті жүзін көрді. Самайына айғыз-айғыз
тер қатқан, әжім торларын шаң тұтып жылмағайландырған

тарамыс кемпірдің жүдеу беті маса талағандай жыбырлап,
тыржыңдағанын байқап, шалдың көңілі бұзылды. Көкірегінде
оянған бір күрсін дыбыс сарындай бастаған ол қасындағы елге­
зек жігітті оятып, ойпаңда шөгіп жатқан ақтұмсық қара нардың

үстіндегі шаңыраққа қосып таңылған қарадомбыраны алдыр­
ды. Сосын терісбұраудың құлақ күйіне келтірілген домбыра
пернелерінің дұрыстығын тексеріп, бір сыдырып өткен салалы
саусақтарының ұшынан күңіренген қасірет үні жылаулардың

көзжасындай сорғалап төгіліп кетті.
Зобалаңға толы тіршілік дүниесін мансұқ еткен ғарып
көңілдің пәни әлеммен қоштасардағы ақтық сөзін бергі беті
жарық, арғы беті қараңғы тағдыр талқысына ұсынған май­

да күбіріндей бір сыңғыр сұңқыл жүгірді ішектердің бойы­
на. Жондар мен далаларда жосыған елдің жосылған сары­
нындай бір сүрен оянды домбыра шанағында. Көз алдында
жезтырнақты жәдігөйлер, жын-шайтандар, дию-перілер асыр

салады. Мойынға түскен жіп тұзақ үміт пен арман атты қос
ғашықты әлпеншегінде тербетіп, қылқындыра тұншықтырады.
Тақымға түскен қылбұрау бунап шыңғыртады. Безілдетіп бебеу
қақтырған ашты толғақ қыстығады. Өрт шалған қара күйелеш

әлемнің қақ ортасында сырты жанып, өзегі қалған қара тұғыл
тіршілік бейбақ заманға өзінің әлі де бар екенін паш етеді.
Бірақ, ішке біткен шемен икемге келтірмейді. Үзіліп таусылған
қысқа жіп күрмеуге жетпейді. Сосын торыққан сезім тәркілік

мінәжатқа, сопылық құлшылыққа көнгісі келмей, бастықпаған

асау қыңғылығына басып, мөңкіп тулайды. Сыңғыр күлкіден
айрылып сыңсыған мұң пернелерге оратылып қыңсылайды.
Оны сабырға шақырған ақыл-ыждағатты уәж айтады. Көл
бетінде кілкіген саржалқақ сәуле ояу қыздың жүзіне жарғақ

жағымен желпіп, жанарына кілегей сағым түсіреді.
Қара шал әлденеше тәулік алдында осындай бір хал кешіп
еді, көптен бері қуғын салып ізге түскен дұшпан күштерін көшке
жолатпай, тосқауылдай соққы беріп жүрген сарбаздар қарсы

жақтың қапысын тауып, бір кезек сәтті шабуылға шыққан екен,
талайлар өліп, талайлар жараланған қанды қырғында ойсырай
шығындалып беті қайтқан дұшпан күштерінің өршеленген
соңғы қимылы тұсында қара шалдың сүткенжесі де мерт

болған. Сол бір қаралы хабарды ақ таяққа сүйеніп, шойрылған
белін жаза алмай шойнаңдап жүрген ақ кемпірге, жаңа туған
нәрестесін құшақтап, қауіп-қатерден алаңсыз отырған Жадыра
келінге қандай тілмен, қандай сөзбен жеткізудің бабын таппай

қалың қауым қысылып еді. Аса аяулы адамдарға сүркейі қаза
хабарын естіртуден өтер ауыртпалық болмайды. Сол кезде қара
шал (дана шал) қиналған елдің алдында кемпірі мен келініне
жан түршігерлік жат хабарды домбыра тілімен жеткізген бо­

латын.
Жіпке асылған өзін-өзі өлтірушінің тұншығып бара
жатқан қырылындай, жан үзер алдында тұяқ серпкен ақтық
ышқынуындай бір дыбыс булыға сусып келіп, домбыра

ішектеріне асыла кетіп, суырыла безілдеген еді, сол кезде
есіктен енді кірген кемпір әлгі күйдің шерлі әуені арасынан ада­
сып қалған күшіктің ақы иесін көрген жерде аяққа оратылып
қыңсылауындай, басқа шапшып еркелеп, жүндес саусақтарының

арасына жасырынған өткір тырнақтарымен жалаңаш кеудені
тырналауындай-қожығыр жат дыбыстардан секем алып тұрып
қалған болатын. Жапан түзде оқ тиіп жараланған жезкиіктің
жасырынар пана таппай жан ұшыра қашқандағы ақсап басқан

аяқ алысындай, таяқтан өлімші болған рухтың сүріне-қабына
жүгіріп келіп, табалдырықтан аттай бере екпетінен түсіп зар
еңірегеніндей, жылан тіл қияқ арасында, үкілі ши ұштарында
өкпек жел беймәлім қауесеттерді күңкілдеп, күллі орман атаулы

Ғаппар БІЛӘЛ
жаназа үніне салып аңырағанындай тылсым ырғақтар теріліп,
сыңсып өргенде сезімтал кемпір күй сырын ұғып үлгірген екен.

– Мұндар-ау, мына да шалың недейді? Не шертіп отыр?

Сұмдық-ау, ботасы өлген боз інген, боздауың ба еді мына күй?
Кенжемнен айрылған екенмін ғой, айырған екенсің ғой, қу за­
ман, ах, жалған-ай!...
Тұмсығы мұжылған тал таяғына сүйене беруге ебі келмей

есі кеткен ақ кемпір жел омырған қу ағаштай серейген бойы­
мен лапылдап жанған оттың үстіне артыла құлаған. Баж етіп
тұра ұмтылған келіні мен даяр тұрған жігіттер сүйеп қалмаса
кемпірдің маздаған отқа сүйек тамыздық болып кетуі де

ғажап емес-ті. Домбыра ішегінде күңіренген күй сазына жан-
тәнімен беріліп, көз шарасына жас толып егіліп алған қара шал
кемпірінің жалп етіп отқа құлағанын, шөмшек болып жана
бастағанын сезіп көре алмас та еді. Сол кезде оның көз алдында

ел қорғаған ер ұландар, бірі құласа бірі шабуылдап жатқан қан
майдан, шегіртке сирағындай қыршылып, үзіле берген қол-аяқ,
қиылған бас, ат бауырында сүйретіліп жүрген жарты денелер,
жемтіктер елесі сырғанап, құлақ түбінде жер солқылдатқан

ат дүбірі, ұрандаған шабуыл үні, темірдің темірге соғылған
шыңылы, өндіршектен атырыла шапшып, іркінді қақ суының
үстіне шаптырған баланың несебіндей қайта құлаған барлау
тамырдың қан шұрылы емістеп тұрып алған-ды.

Сол дыбыстар бүгін қарт көкірегінде қайта сыбыстап,
қорлана келіп домбыра шанағында жосылып есілді. Пәруана
көңіл әлі де алыстарға емекситін секілді.
Күй дегеніміз – қыл ішектің әткеншегінде асылып ойнап,

қылаң ұра асыр салған жастық шақтың жалыны, болашаққа бой
ұрған талаптының арыны, үзіт сезімнің үздіккен сағынышы,
достық пен махаббаттың тамылжыған шырыны, толықсыған
құштарлықтың тізесін кемірген уыт құшағында талмаураған

дем алысы, жеңіс шаттығының дыбыстар әлемінде жырты­
лып айрылған салтанаты еді-ау. Күй дегеніміз – жасамы­
стар көңілінің суықсырап, аязы сықырлаған шалғайына күн
шуағының жылуын шақырған жұмсақ та ибалы жалынышы,

жұбанудан қалып қан жылаған қасіретті жүректің жүйкені

қалжыратқан қайғылы қамырығы, қапыда жер соқтырған
жеңілістің іште көбіккен ашу-ызасы, ноқтаға көндікпеген
қыжалды қияңқылығы еді-ау.
Бұл жолы қара шалдың көкейінен салтанат үні,

құштарлықтың уытты тынысы, жастық шақтың жанкешті
арындылығы емес, көбіккен ашу, «ләйлә аллаға» келген
мүскіннің жалыныш үні төгілді. Шебер саусақтарға ба­
сыбайлы болған шерлі ырғақтар бір сағаға бас қойып,

мінәжат етіп, домбыра михырабына құйыла құбылғандай,
белгісіз бір құдіретті күш алдында дәрет суын тасымал­
дап, зыр жүгіргендей, адамзат ғұмырындағы барша таяздық
иірімделіп, шүңет тартып, тайпақ аласалық атаулы іріленіп,

басынан құс ұшып өте алмас үрейлі зеңгір жаламаға
айналғандай, қауыз, қабық сынды жеңілдік ауырлап, ішіне
дән тартып зілдене түскендей.
Қара домбыра безілдеп әлі сөйлеп тұр. Қара шалдың көзі

алдында кешкі табиғат суреті кестеленді.
Күні бойы тыным алмаған күз желемігі үдей түсіп, кеш
бата жиекте жатқан ауыр бұлттарды айдап өргізе бастады.
Жер қапталының тозаңын шығарып қарадай қанжіліктенген

қара жел аптыққан сайын, көл жағалап өскен қалың орман
шашын жайып жіберіп, мықынынан бүгіле сыңсып, беймезгіл
ымыртта беймағұлым жоқтау жырымен шулап еңіреді. Тегінде
алтын көбелектер сынды саялы бөрік бұтақтардан ұшып

шыққан бетінде ауада үйіріліп, иіріліп асыр салатын сары езу
жапырақтар бүгін тағдыр үкімінің долы додасында жұлмалана
төгіліп, додырап, ықтасыннан айрылысымен қонар сая таппай,
мал аяғы айғыздаған тақыр жерде жел бағытымен жөңкіліп жат­

ты. Ұзақ үркін сапарында баспанасынан айрылып қаңғып қалған
мүскін ғарыптар сынды басы ауған жаққа тәлтіректеп жөнеп
берді. Қиыр түстікте сабалақ жүнді күшік бұлт ыңырсиды.
Жел ысқаяқтаған тазығыр аспанда аңырап ұлиды. Барша әлем

босқындар әлемі, күштілер әлсіздерге, жуандар жіңішкелерге
қасқырша шабатын тиым-тидаусыз тағылық әлемі секілденеді.
Өмірбақи тентіреп дүние кезгенде табылмаған, бостандық
жолында қан кешіп жүріп, бір сирағын құрбандыққа бергенде

Ғаппар БІЛӘЛ
қол жетпеген теңдік енді күдер үздіргендей, қара шал қапалана
түседі. Ойлап көрсе әділет, теңдік дегендер қиял арман, сезімдік
болжамдар ғана екен. Тұтас тірлігінде сол арманның елесін малда­

нып, тағдырдың тәлкегіне айналған жайы бар, шын мағынасына
жүгінсек, ақиқат дегеніміз – табиғаттың өз қолымен өндірілген
ындын тазалығы, ал әділет – ақиқаттың адам санасында құратын,
құруға тиісті деп қаралған салтанаты, сондықтан ол адам сана­

сында ғана жасайды. Шынайы өмірде ешқашан өмір сүре ал­
майды. Дәурен сүрген күнде де бұл дәурені баянды болмайды.
Мұның себебі – ақиқаттың, әділеттің әлсіздігінде. Өз төңірегіне
күш топтап, зорлық, зұлымдық үстінен үстемдік жүргізуге

құлқы соқпайтын, мақсұт етпейтін ақ еділ адалдығында, адалдық
әрқашан бойын таза сақтайды. Дүниеде кірпияз, кіршең зат қана
таза болады. Ал, кіршең кірпияздық ып-лас дүниеде әлсіздік бо­
лып шығады. Сондықтан адамзат қоғамдарында таза адалдыққа,

кіршіксіз ізгілікке күн жоқ. Адалдық әділетке, әділет ақиқаттың
әлсіздік тығырығына душарластырмай тынбайды. Әлемде
әлсіздермен есептесетін ешқандай күш жоқ. Күш күшпен ғана
есептеседі. Ал, күш дегеніміз – шоқпар, садақ, қанжар, қылыш

және қалқан. Олар қатыгездіктің қолымен жасалады және
солардың қолында тұрып дәурендейді.
Қара шалдың сан-саққа сабылып бұрлыққан қиялы
мүсіркеп жабырқай түседі. Жабырқау сезім шалығы дом­

быра сағағында емеуріндеп сыпсың қағады. Тарихи заман
қирандылары арасында бастығырылып өлімші болған үміттің
ес жиар алдындағы тұла бойымен тітіренген қалшылы қыл
ішекке тіл қатып, жыламсырап су сұрағандай, төңірек толы

ұлар-шу.
Алғашқы жұтқан су буындарына түсіп мызғып оянған
жан-жануар үйірін, енесін, ботасын, құлынын, тағы-тағыларын
іздеп, өлім шығарардағы жоқтау зарына қайта басты. Боздап,

кісінеп, маңырап, мөңіреген үндер жетім-жесір қалғандардың
өз бетін өзі жұлып ышқынған жан даусына тоғысты.
Аспан екеш аспанның күрсінуіндей көкірегінен жалын
атып, найзағай күркіреп, қалқып жеткен қарынсау бұлттар

түйіле келіп, көз жасына ие бола алмай төгіп-төгіп жіберді.

Жаратылыс дүниесінің омырауын жуып, қара орманның
сақалынан сорғалаған ағыл-тегіл көз жасы. Жаңбыр тиген көл
беті тары бөрттіргендей шымырлап, әлгінде сәуе көріп жатқан
кемпірдің ұйқылы жүзіндей тыржыңдайды. Жай күндері ал­

тын буымен апталғандай айшықтала жарқырайтын көкжиек
алдымен жылаулардың көз етіндей қызыл жалқақтанып еді,
соңынан жанды жабырқатар, жүректі езер жадау сүреңсіздікті
жаратылыстың көзінен жасырып тасалай тұрғысы келген­

дей қанатын кең жайған ымырт көлеңкесі бүркеп жүре берді.
Ауғын елге жаратылыстың жарық күні таусылып, ылғи да
қараңғы, күңгірт жақтары қалған іспеттенеді.
Нөсерлі жаңбырға, ымырт қараңғылығына қарамай,

дүние қызығын тәрк етіп, қайғы-мұңнан, қасірет-шерден
қабырғасы сөгілген қара домбыра дөң басында, құм төбенің
үстінде безілдей түседі. Пернелерге ілмешектенген зар сарыны
шерқұмарынан шықпай, өксігі басылар емес.

Жаңбыр құя жөнелгенде орнынан қарғып тұрып кеткен
елгезек жігіт қаптал шапанын шешіп алып, шалдың басы­
на, домбыраның үстіне қалқалады. Күзгі жаңбырда су өтіп
мұздаған денесінің қалтырап тоңғанына төзеді бұл жігіт, ал,

қайғылы елдің қаралы жырындай ағыл-тегіл сарнап жатқан күй
сазының үзіліп, тоқтап қалуына… жоқ, төзе алмайды.
Қаптал шапанын қарт күйшінің төбесіне жауып,
қалшылдап қалтыраған елгезек жігіттің құлағында сүркей

заманның сүреңсіз кешінде аспанға шығандап әуелеп кетіп,
жер бетіне, адам жанының нәзік иірімдеріне қарай сорғалата
құлаған сол күй бұлт қанатына шарпылып, мәуесі салбыраған
алма бұтақтарына асылып, ереуілдейді. Өршеленіп өрлене

түседі. Жағы сембеген сарын ботасы өлген бозінген болып
боздайды, көл шөңетіне ғарық болып кеткен бұзауын іздеген
қызыл сиыр болып мөңірейді.
Ал, қара шалдың көкірек көзінде кескінделгені бұл

суреттен басқаша еді. Сеңдей соғылысқан сергелдең ел
жапырағынан тоналып, жел өтінде ыңыранған жадау орманға,
буыны сықырлаған қартамыс еменнің ығына тығылған дірдек
шыбықтарға ұқсайтын да шығар, бірақ, ең маңыздысы – аштық,

Ғаппар БІЛӘЛ
жалаңаштыққа ұшырап босқан елдің ішер асы, киер киімі. Күні
ертең қылышын сүйреп қыс келгенде баспанасыздар сары аяз,
ақборанның астында жатып-ақ қырылады. Қария соған егіледі.

Елгезек жігіт күй сарынына бақса мұнан да маңызды
толғам-болжамдар дүбірлейтін сықылды, күнкөрістің тапа­
сына түсіп, ездік өліммен қор болып өлгенше, күні кеше жау
қолында жазым болған, тұқымы құрып таусылып кетсе де, қан

қарызын біреуге арқалатып, дұшпанның қолында өлгені жақсы
еді. Мәселе тұқымның құруында емес, намыстың тапталып қор
болуында.
Жоңғарлар бейуаз елді қырғанда қызыңды күң, ұлыңды

құл етпек болды ғой. Кейінгі дәуірлік дұшпандыққа тұқым
қалдырады деген күдікпен бастапқы қарқында қырып
тастағаны да жақсы еді, кейіндей келе бұлай істеуден айныды.
Әйел затын қатын еткелі, еркек кіндіктіні қазақ халқының өзіне

қарсы айдап салатын құлақкесті сатқын жендет етіп шығарғалы
қыра беруден тиылды. Қазақ қанына, қазақ даңқына қара
күйе болып жағылатын мұндай күнәкәрлықтан ұл мен қызды
амандап қалу үшін ерік, теңдікке ұмтылды, күні кеше ұрыста

өлгендерді осы тірі жүргендердің құдайы құрбандығына ешкім
де атаған жоқ. Олар өз елінің бостандығы үшін өз өмірлерін
арнады. Кібіртіктемей, жасқанбай күшті жауға қарсы барып
майдан ашты, күші жеткенін жеңді, өлтірді, күші жетпеген кез­

де жеңілді, өлді. Жан үзер шақтарында бір де біреу ауыздары­
на дем салып, иман, дұғасын оқи алмайтындығын, мүрдесіне
мұсылман жоралғысындық ақырет шүперегі бұйырмай,
шоғайнақ адыр, күлбеттенген далаларда көмусіз қаларын

білмеген жоқ олар, білген. Бахи дүниеге сымбылбайсыз кетерін
біле тұрып ерлікпен өлген, өлгеніне өкінбеген, өлімін ешкімге
қарыз да етпеген.
Ер азамат атаулыдан жүген ұстап, басқалары тірі қалса күні

ертең бас бостандығы не болмақ бұл халықтың? Жоңғарларға
телім болып, басыбайлыққа көнер күн туса үрерге иті, сығарға
биті қалмай тоналар, тақыр жерге отырар, үзім нан, бір шағылдақ
құрт үшін бардамның, бағындырушының босағасына көзін са­

тар, сол кезде төрдегілердің иттеріне лақтырған сүйегі басына
тиіп, сәбилер қанқақсаса, жалғанның қорлығы сол болар.

Бұрынғы қазақ хандарынан да талай озбырлар шыққан,
енесі тепкен құлынның еті неге ауырмасын, ауырады. Бірақ,
ауырсынса – етім ауырды деп айта алар еді олар, хан алдына
барған тазша бала: «Қаусарлы қара бүркіттей хан ордаңның

ішінде, қылыш алып тап беріп, мен сорлы ма күнәлі» деп
қарсылық көрсетер еді. Жайы келсе:
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.

Досың келіп басқа ұрып,
Дұшпаның келіп қас қылсын!
Қақаңдатып басыңды
Қаныңды судай шаштырсын! –

деп, қарғап-сілеу де қолынан келетін. Сөйте жүріп хан алды­
нан есесін алып, аман құтылып кете беретін. Жоңғар ханы
түбі жаттық істемей, бұған келтірер ме?! Келтірмесе тілдің
кесілгені ғой. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Бұрын-

соңды әр қандай жағдайда ешқандай ел, ешқандай тарих тіл
кесілгенін естіп білген емес. Ал, қара шал жоңғарларға сене
алмайды. Өйткені, сенімсіз елге жоңғар ханы да сенбек емес.
Ал сенбесе, сенімсіз халықты біріктіріп, бөрліктіре беретін

тілге ерік берілмек емес. Тура сөзді ашып-жарып айта алмаған,
турашылдықтан жалтарған халық жасқаншақ болады. Асылық
істейтін оспадарсыз опасыздарды көптеп шығарады. Өйткені,
өжеттіктің, турашылдықтың қылша мойнына сілтенетін қылыш

қашан да дайын тұрады. Бұдан өткен қорлық, бұдан өтер намыс
болмас-ау! Ал, түк көрмеген долаңдық, ұркөппелікке де жол
беруге болмайды. Бұлар бүтінді бүлдіреді.
Қара шал емендей толқыды. Қатая соққан қара жел сын­

дырарман күйге жетіп, қайыра-қайыра соққылады. Бірақ иілген
жоқ. Түбірінен жік алып сынғалы морт кетіп омырылып түскелі
тұр, дегенмен туа біткен шетендік иілер емес, жылап егіліп
отырып иілмейді.

Қара домбыра безек қағады. Елгезек жігіт тоңып қалтырап
тұрып, қара шалдың басын, қара домбыраның шанағын шапа­
нымен бүркеп қорғаштай береді.

Ғаппар БІЛӘЛ
Қан жұтқан сезім домбыра тіліне ерік берген. Жаңбыр
қатайған сайын зарлы күй шығандап, тасбауыр тағдырға деген
жүрек наласы, қыжыртқы көңілдің бейдауа өмір сілесіне де­

ген күйініш күстәнәсі, сілелі қарғысы. Бір мезет ершікештене
өрекпігендей, бірде әділетке бой созған ерлік үніне ұласып
бара жатады. Сарқылып бермес қарсылықтың ашу шақырған
қазымыр қақтығысы жаңғырығады. Біресе армандай бір

үмітпен:
«Күлдір-күлдір кісінетіп
Күреңді мінер ме екенбіз?!
Күдеріден бау тағып

Қамқапты киер ме екенбіз?!
Төменге бие байлатып
Төскейге орда орнатып,
Төбел бие сойғызып,

Төбеде бидің кеңесін
Біз де бір құрар ма екенбіз?!» –
деп тұрғандай, бұлбұл қағады. Жылтыраған үміт ұшқыны перне
сайын шешек атып, жарқылдай жөнеледі. Тағдырына мойын­

сал болмаған, мөндібастанып үлгірмеген қияңқы таккаббарлық
уыт төгіп, көбік шашады. Аспанға талпынып көтеріліп кеткен
жазғыру сарыны беймағұлым құйрықпен қонғалы салбырап
келе жатқанда нұрланған жаннат есігі сызаттап ашылғандай.

Тігіліп болған жаппа қосқа кірмей, дөң басында, құм төбенің
үстінде қара түнге бағып, қара домбыраға тіл берген қара
шалдың халіне бағамыз ба? Жансебіл арманның төгілген
көзжасынан өрілген осы күй халық жүрегінде ұрпақтан ұрпаққа

жалғаса берер қасиетті тәбәрік болып қала беретінін сол кезде
елгезек жігіт қана түсінген болатын.
Күй шертіліп тоқтағаннан кейін қарияны қолтығынан де­
меп тұрғызып, балдақ таяғын ұсына берген жас жігіт ұғынып

қалғысы келіп, шертілген күйдің атын сұраған еді, балдағын
қолына алып, домбыраны жігітке ұстатқан қария ықыласты жа­
уап қайырды:

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Бұл күйдің аты «Емен толқыны». Емен толқыны – ел толқыны екенін де түсінді жас жігіт. Шойнақтап келіп қара қостың төріне отырғанда көк тезектің көңілсіздеу жанған шандыр сәулесі жалап жылтыратқан қарт күйшінің өңіне үңілген ол қарияның күй басталар алдындағы қаба қара сақалы бір ғана шерлі күйді зарлатып шертіп болған аралықта қудай ағарып кеткенін көріп, қаймығып кетті. Қарияның келбетіндегі барша жастық бояуынан ніл қалдырмай жалғыз күй кергілеп еміп, тақа суалдырып кеткен жоқ па екен?! Мейлі, не болса – ол болсын! Тарих қара шалдың есімін баяғыда ұмытып кетсе де, халық жадында, әулет-ұрпақ сана­ сында сақталып кете жатқан шерлі күйдің Боранқұл саусағымен қобыз тіліне аударылған зарлы әуенін естіп, Бастаубайдың көзінен сорғалаған жас ақжелкен сақалын жуды. Қанша күннен бері аузына қалақтап су тамызып отырған ағайындар қарияның құрғап біткен, құр сүлдері жатқан денесінің мұнша мол су, мұншама сарқылып бермес көлдария көзжасы қай жерінен ба­ стау алып, қайнап шығып жатқанын біле алмай қайран қалысты. – Қайран елім, қазағым... күйің... күнің... не болар екен? Жердің тесігін жамайтын өнермендер көбейіп, алыстан торс еткізетін атпалы мылтық пайда болып, найза-шоқпардың заманы өткен соң. Сенің де заманың өтіп барады-ау, есіл елім! Көшің қашан аяқтап, іргең қашан орнығар екен, – деп, әлсіз ғана сыбырлауға күйі әзер келген қария жан үзіп кетердей өзеуреп, талықсып кетті. – Аспанға түкіргеннің түкірігі өзіне түседі. Мың асқанға бір тосқан. Қамықпаңыз! – деп, артқы жақтан жөн айтқысы келген біреулерге, қарт бидің жүзіне еңкейіп, күбірлеп дем салып отырған шоқша жирен сақалды қожа дейтін келбетті шал сопақша келген қызыл шырайлы жүзін бұрып: – Талықсып кетті, дыбырламаңдар, – деп күбірледі. Сәл тыныштықтан кейін қарт бидің қу шүберектей ағарып кет­ кен өңіне қайта қан жүгіріп, кірпігі қимылдай бастады. Бұл тұста Аягөз жиынынан тараған болыстар мен ақсақалдардың, би-бағландардың күшімен Нұрсәлімнің қолына сардарлар жиналып жатты. Тағы бір жағынан патша

Ғаппар БІЛӘЛ армиясының қанды жаныштауынан қорқып, бас сауғалауға айналғандар бала-шағасын алып, төрт түлік малын айдап Тарбағатайды аса көшуге бет түзеді. Найман елінің ішінде төрт төлегетайдың бірі қара керейден таралатын байыс әулеті бәйбішесі Мұрынның (Жүзбике) аты­ мен аталып, Тарбағатайдың қақ жарымын алып жатқан жалпақ рудың өзі он жеті болысқа бөлінетін. Солардың арасында Жо­ лымбет әулетінің көп ауылы көше алмай дағдарып, көп аял­ дап қалды. Оларды аялдатқан нәубет – ел ағасы Бастаубайдың «туған жерден ел кетсе де мен кетпеймін, сүйегім атамекенімде қалсын! Тұра қашып жөнелуге асығып отырсаңдар, көп то­ стырмаспын, Алладан келген сәуе бар, бір жұма жатып өлемін, өлсем орным ата-бабам Ырғызбай зираты болсын» деген өтілөсиеті еді. – Тақсыр, би аға, құлдығыңызға Алдиярбас, Ырғызбай әулиенің зираты Сандықтаста емес пе? Мынадай жауіші жау-жаламда сонша алысқа күйіміз келе ме екен? – деп қайқалақтағандарды екі сөзге келтірмеді: – Мен найманның тас ошағымын, алыс болса арқалап жеткізсеңдер де, көшкен елдің жұртында қалсаңдар да сүйегімді сол араға жеткізіп жерлейсіңдер! – деп кесетті. Қайнатасының осы кесетуінен кейін қару-жарақ жиылатындығы туралы дақпыртты алғаш естігенде оқып отырған намазын тастай беріп, аттан салып ұрандап шыққан Әнбияның үні де ішке түсіп, жіпсіз байланып тоқтап қалды. Бірақ, Боранқұлдың көңілі орнықпады. Көшіп кетіп жатқан елдің құлазыған жұртында адасып қалған күшіктей бір көмескі сезім өзегінің ішінде ұлып, ыңырсып, төңірегін тырналап ма­ засын алды. Би атасының ой-ниетімен отаспайтын, күреске құлшындырған қиялдармен шиыршық атып арпалысты. Оның арпалыспайтын жөні жоқ болатын. Бұл арпалыс бұдан әлденеше жылдың алдында әкесі Әнбияға ілесіп, Жайықтың жарқабағына жерленген ұлы атасы Хажыкелдінің мазарына құран оқып, та­ уап етіп қайтқалы барған сапарында көкірегіне ұя салған-ды. Олар сол майданға орналасқан орыс көшпенділерінің ұлы атасының тастан қаланған зиратын шошқа қораға айналдырып

алған үстінен шығып еді. Сонда ғой, Әнбияның ауғын мұжық
ауласының сыртында Аллаға жалбарынып, жер құшақтаған
бетінде ботадай боздағаны, сонда ғой Әнбияның көмір қара
сақалы бір сапардың үстінде бурылдап қайтқаны. Бурылдамай

қайтсін?! Енді ол әкесінің бейіт топырағы еді деп мұжықтың
шошқа қорасының қиын сүймек пе?! Шошқа қораға тауап етіп,
шошқа қораға құран оқымақ па?! Өз ұлтының мұрат-мүддесі
үшін қантөгіске қатынасып мерт болған бабаның аруағы жа­

татын орын-мұсылман ұғымында харам есептелетін хайуан
доңыздың қорасы ма еді?! Сонда ғой, Әнбияның тышқан
мұрнын қанатудан именетін, күнә санайтын Құдай жолын
ұстанған діндарлық тақуалығынан, рухани тазалығынан

ауытқып, өш алуға, кек қайтаруға құлшынғаны. Сонда ғой,
Боранқұлдың шошқа қорасына кіргізбей, қайла, күрек ала
ұмтылған қаба күрең сақалды мұжықты қамшымен қасқалата
жаздағаны. Сонда ғой, Боранқұлдың әлгі мұжықты жасырын

атып кетпек болып, садақ иіуге қамданып аласұрғаны. Сол
сапарда ғой, Боранқұлдың жол-жөнекей кезіккен бейтаныс
қазақ оқымыстысынан мылтығын сұрап, көпке дейін тыным
таппағаны.

Егер сол кезде қасында бірге жүрген нағашы ағасы Мол­
даш пен атшы-қосшылары араға түсіп, арашалап қалмаса,
Боранқұлдың арандалып қалуы әбден мүмкін еді. Егер сол са­
парда Боранқұлы қасында жүрмесе, бұрын-соңды құлақ естіп,

көз көрмеген мынау қорлықтан кірпияз Әнбияның буынып өлуі
де ғажап емес-ті.
Амал не? Әкелі-балалы екеуі Жайық жағасынан қан жұтып
қайтты. Жер болып қорланып қайтты. Шошқа қораның бүліну

ақысына алтын төлеп, әке сүйегін қаздырып алды. Айрым арба
жалдап тасып әкеліп, Ұлытау қойнауындағы аруақты аталар
қорымының іргесіне жерлеп кетті...
Сөйткен Боранқұл Аягөзге барған сапарында нағашы

атасының тапсырмасын орындай алмады. Бірақ, жеткіз де­
ген сөзді жеткізбей қойса айып, күнә Боранқұлға артылар еді.
Жеткізген сәлемді қабылдату қолынан келмесе, адуын билер
мен бектер оның сөзін қабылдамай тастаса не шарасы бар?!

Ғаппар БІЛӘЛ Тәңірі ием мұның жауапкершілігін кімге артады, кімді жаза­ лайды? Боранқұлдың сезінуінше, би атаның алдынан кесіп өткен бір күнәнің өтілгені, бір қатеге жол берілгені хақ. Аягөз жағасында болған бар әңгімені қаз қалпында айтып естірткенде сұңғыла бидің аһ ұруы, «қайран елім, қазағым, ертеңгі күйің, күнің не болар екен, ерте туып, кеш қалғаным-ай» деп, көкірегі қарс ай­ рыла күрсініп, көзжасымен жалпақ сақалын жуып, талықсып кетуі тегін емес шығар?! Нағашы атасы Боранқұлдың құлағына нелер хикаяны бұрын да құйған ғой. Қорқыт заманында Оғыз елі жайлауға көшеді. Арызқожаның Сарышопан дейтін қойшысы басқалардан бұрын көшіп, перілер мекені Ұзынбұлаққа келгенде жел соғып, құйын көтеріледі. Қой бастаған серкелерін қайыруға ұмтылған Сары­ шопан бұлақ басында ұшып жүрген қауырсын қанатты пері қыздарын көреді де, кебенегін лақтырып қалады. Пендешілік қой, пенжек пері қыздарының бірін басып қалады. Сарышо­ пан пері қызды бассалады. Сол арада қой үркеді. Қойшы қойға жүгіргенде, пері қызы қанатын бір-ақ серпіп көкке көтеріледі. Көтеріліп бара жатып: «Жыл толғанда аманатыңды ал, бірақ, сен Оғыз еліне пәле таптың» деп кетеді. Сарышопан қыздың сөзінен қорқады. Қорқа жүріп, оны сағынатын болады. Жыл айналып Оғыз елі жайлауға шыққанда Сарышопан әлгі бұлақ басына келеді. Қойлар тағы үркеді. Оның жарқырап жатқан бір тұлыпқа көзі түседі. Кенет пері қызы пайда болып: – Ей, Шопан, келе ғой, аманатыңды ала ғой, бірақ, Оғыз елінің басына пәле таптың,- дейді. Қорқып қалған Шопан қаша жөнеледі. Оның соңынан би-бектерін ертіп, серуендеп жүрген Байындыр хан әлгі тұлыптың үстінен түседі. Нендей зат екенін білмей таңданысып тұрғанда, бір жас жігіт аттан түсіп, тұлыпты теуіп көреді. Тұлып тепкен сайын үлкейеді. Бірнеше жігіт жабылып тепкілесе, тұлып одан әрі үлкейе береді. Бұған таң болған Арызқожа келіп теуіп қалғанда тұлып жарылып кетіп, ішінен бір бала шығады. Баланың кеудесі адам сияқты, маңдайында тостағандай көзі бар. Арызқожа баланы етегіне салып:

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Хан тақсыр, бұл баланы маған беріңіз, ұлым Басатпен бірге бағайын, – дейді. Байындыр хан мақұл болады. Бұдан бұрынырақ бір шеттен жау тиіп, Оғыз әлі үрке көшкенде Арызқожаның бір жас баласы жоғалып кетеді. Кейін сол төңіректе екі аяғымен тік басып жүретін бала ерткен, ұстаған жылқының қанын сорып алатын бір арыстан пайда бо­ лады. Арызқожа бектерін ертіп келіп, арыстанды қуып жіберіп, баланы айырып алады. Бірақ, арыстан сүтімен ауызданған бала қанша күтсе де, даладағы арыстанның апанына қашып тоқтамайды. Ел жиналып баланы қайта ұстап әкелгенде Қорқыт ата келіп: «Балам, сен адамсың, хайуанмен жолдас болма! Бер­ мен кел, сәйгүлік атқа мініп, сері жігіттермен ат жарыстыр, ойнап-күліп өмір сүр! Үлкен ағаңның аты Қиянсалжұқ еді, сенің атың «Басат» болсын, атыңды мен қойдым, ғұмырыңды Алла берсін! – деп ақыл айтады. Арызқожа Жалғызкөзді Басаттың жанына қосып, емшек ана шақыртады. Бірақ, Жалғызкөз оның бір сорғанда емшек сүтін сарқады. Екінші рет сорғанда қанын сарқады. Үшінші сорғанда жанын тартып әкетеді. Емшек аналыққа шақыртылған басқа әйелдер де сол тағдырға тап болады. Бұлай асырау мүмкін болмаған соң балаға сүт беріп көрсе күніне бір қазан сүт әзер жетеді. Арызқожа баланы амалдап бағып-қағып ержеткізеді. Бірақ, ол бірге ойнауға келген басқа балалардың бірде мұрнын, бірде құлағын жеп қоятынды шығарады. Зәрезеп болғандар арызда­ нып Арызқожаға келеді. Арызқожа айтып тілін алдыра алмаған соң, баланы далаға қуып жібереді. Қуаланды болған баланың шешесі келіп, оның бармағына жүзік салады. – Балам, саған оқ өтпесін, қылыш қимасын, – деп сиқырлайды. Осыдан соң биік тауды паналаған Жалғызкөз жол тосып адам аулайтын болады. Ел-жұрт ақылдасып, оның көзін жоюға талай азаматты жұмсайды. Бірақ, Жалғызкөзге оқ өтпейді, қылыш батпайды. Төңіректегі малшы-құсшы, жо­ лаушы атаулыны жеп болып, Оғыздың жалпақ еліне ауыз са­ лады. Ел жиылып келсе Жалғызкөз түп тамырымен қопарып

Ғаппар БІЛӘЛ
алып сілтеген бір терекпен алпыс адамды өлтіреді. Сардарба­
сы Алыпқазан батырдың басынан бір ұрғанда басы зеңіп, кең
дүние тар көрінеді. Қазанның інісі Қаракүне Жалғызкөздің

қолына түсіп, ес-ақылынан адасады. Дүзеннің баласы алып
Рүстем қаза табады. Үшінқожаның ұлы да шәһит болады.
Оның екі бауыры да Жалғызкөздің қолынан өледі. Темір сау­
ыт киген Мамақты да өлтіреді. Қанды мұрт Богдүземеннің де

есі ауысады. Ақ сақалды Арызқожаға қан құстырады. Оның
баласы Қиянсалжұқтың өті жарылады. Амалы құрыған Оғыз
елі қашып көшпек болғанда Жалғызкөз оларды жібермей
иіріп алады. Оғыз жеті рет үркіп көшеді. Жалғызкөз жеті рет

алдын тосып, жеті рет айдап әкеледі. Амалы құрыған оғыз елі
ата Қорқытты шақырып бітімге жібереді.

–Балам Жалғызкөз, – дейді Қорқыт оның алдына келіп, –

Оғыз елі әуреге жолықты, саған тілдескелі келдім. Тегін алман
төлеп тұрайық, бұған не дейсің?!

– Болады екен, маған күндік тамағым үшін алпыс кісі

беріп тұрыңдар, – деп шарт қояды.

– Бұлай болғанда сен адам қоймай жеп құртасың ғой,

күніне екі кісі, бес жүз қой берейік!
Бұған Жалғызкөз мақұл болады. Бірақ ас пісіретін екі
кісі малай сұрайды. Ел-жұрт ақылдасып оның малайлығына
Жүндіқожа мен Жабағықожаны жібереді. Төрт ұлы барлар

бірін береді, үші қалады. Үш ұлы барлар бірін береді, екеуі
қалады.
Қабаққан дейтін адам екі ұлының бірін беріп, бірі қалған
екен, кісі беру нәубеті айналып қайта келгенде, кемпірі байба­

лам салады. Сол қарсаңда Арызқожаның ұлы Басат жорықтан
оралыпты. Жылаулар ана Басаттың алдына барып, баласының
орнына беретін тұтқын олжа сұрамақ болады. Басат алтын ша­
тырын тіктіріп дамалып жатыр екен, шатырға кірген ана аман-

сәлемнен кейін
Қарашалы баласы
Уысыңнан аспаған.
Таутекенің мүйізін

Садақ қып ойнап ұстаған.
Іш Оғыз бен сырт Оғыз
Түгел білер даңқыңды,
Арыз ұлы хан Басат

Маған көрсет шарқыңды, –
деп зарлайды.

– Не сұрайсың? – дейді Басат кемпірге.

– Мына опасыз жалғанда бір жалмауыз пайда бол­

ды. Оғыз еліне тыныштық бермеді. Алмас қылыш өтпеді,
шашақты найза батпады, қайың оқтар дарымады, шара та­
былмады, ағалаған алып Қазанға соққы берді, оның ба­
уыры Қаракүне де оның қолында естен танды, бигі қаңлы

Бөгдіземеннің есі шықты, ақсақалды әкеңе Арызға қан
құстырды, бауырың Қиянсалжұқ өті жарылып өлді, құдіретті
Оғыз билерін бықпырт тигендей қылды. Талайының басын
жұтты. Оғыз елін жеті рет жерден аударды. Күніне екі кісі,

бес жүз қой алман сұрады. Жүндіқожа мен Жабағықожа ба­
сыбайлы құлдыққа берілді, төрт баласы, үш баласы барлар
біреуін берді. Екі ұлым бар еді, біреуін бегем, кезек айналып
жалғыз ұлдың басына тағы келді. Хан ием, мені құтқара көр!

Мұны естіген Басаттың қара көзі қанға толады. Бауырла­
рына жаны ашып сөйлеп бір кеткен екен дейді:
Кең жазыққа тігілген ақ үйлерді
Сол залым бұздырды де.

Үйір-үйір жусаған жылқыларды
Сол залым бездірді де.
Маң-маң басқан нар атан түйелерді
Тізбегінен тоздырды де.

Қорасына симаған қалың қойлар.
Нәпсісін қоздырды де.
Күліп-ойнап әкелген келіншегін
Құшағына алды де.

Ақ сақалды, сары тісті шалдарымыз
Тізелерін құшақтап қалды де.

Ғаппар БІЛӘЛ
Ақша жүзді аналарды зар илетіп
Қайғы-мұңға салды де.
Өзенімнің тұнығы-ай,

Ауыр тиді-ау күйігі-ай.
Қуаты еді белімнің
Сәулесі еді көзімнің.
Айрылған екем, ой, бауырым, –

деп кемсеңдейді.. Кемпір Басат босатқан тұтқынның бірін
баласының орнынан жіберіп, ұлын амандап қалады да,
Арызқожаға барып Басаттың қайтып келгенін хабарлай­
ды. Арыз жүрегі жарылардай қуанып, Оғыз бектерін жинап,

Басаттың алдынан қарсы алып шығады. Әке-шеше баласымен
жылап көріседі. Оғыз бектеріне қонақасы сойылып, мол дастар­
хан тартылады. Дастархан үстінде Оғыз билері мен бектерінен
бауырларының кегі үшін Жалғызкөзбен айқасуға Басат рұқсат

сұрайды. Сонда Қазан бек отырып:

Қара айдаһар боп жетілді бұл Жалғызкөз,
Хал жеткенше алыстым, ала алмадым.
Қара қабылан боп жетілді бұл Жалғызкөз
Қаратауда шайқастым, ала алмадым.

Арыстан боп жетілді бұл Жалғызкөз
Әдістедім, байқастым, ала алмадым.
Бармай-ақ қой сен онда, батыр Басат,
Мен сияқты боларсың кетіп ағат.

Ақ сақалды әкеңді жылатарсың,
Ақ самайлы шешені шулатарсың, –
деп кеңес береді.

– Қайтсем де барамын, – дейді Басат.

– Білемісің, батыр Басат, елің, жұртың әке-шешесін

жылатып кетті дейді. Әкеңнің орнын иесіз қалдырма, – дейді
Қазан бек.

– Жоқ, әке, барамын, батаңызды беріңіз! – дейді ер Басат.

Қорамсаққа оқ салады, алмас қылышын жанына асады, садағын

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қолына алып, ата-анасының қолынан сүйеді. Разылығын алып жолға түседі. Іздеп жүріп, иен тауда күнге қақталып жатқан Жалғызкөздің үстінен түседі. Қорамсаққа қол салады, қол салғанда мол са­ лады. Дәлдеп көздеп мірдің оғын атады. Мір дәл тигенімен өтпейді. Жебесінен сынып түседі. Жалғызкөз ұйқыдан оянып кетіп: – Мына жердің маса-сонасы маза бермеді-ау, – деп етін қасып аунап түседі. Екінші атылған жебе тостағандай көзіне тиіп сынып түскенде, орнынан қарғып тұрып, қарсы алдындағы Басатты көреді де қуанып кетеді. Қарқылдап күліп, қолын шапалақтайды. – Оғыздан бір қозықан келіп қалған екен ғой, о... ха, ха, ха, ха, қа! – деп, Басатты желкесінен қысып, үңгіріне әкеліп, етігінің ішіне салып тастайды. «Маған тамақ пісіріп қойыңдар! Екінті кезінде жеймін» деп қос малайға бұйрық береді де, қайта ұйқыға кетеді. Етіктің қонышын қанжарымен тіліп шыққан Басат оның қайтсе өлетінін малайлардан сұрайды. – Ондайын анық білмедік, көзінен басқа жерінде ет жоқ, – деседі Жүндіқожа мен Жабағы қожа. Мұны естіген Басат темір істікті қыздырып алып, жалындатып әкеліп, Жалғызкөздің ұйықтағанда да жұмылмай бақырайып жатқан тостаған көзіне шыж еткізіп басып қалады. Жалғызкөз құлын да құлын даусы шыға шыңғырып таутасты жаңғырықтырғанда Басат қой қамалатын үңгірге кіріп кетеді. Басаттың қашып үңгірге жасырына қалғанын білген Жалғызкөз жалғыз есікті алып денесімен бітеп тұра қалады да екі аяғын талтайтып жіберіп: – Қоралы қойым, серкелерім, өтіңдер астымнан! – деп айқайлайды. Қойлар, серкелер оның борбайының астынан шұбырып өте бастайды. Жалғызкөз астынан өткен әр қойдың арқасынан сипап өткізіп тұрып, «серкелерім, қойларым, қошқарларым, өтіңдер, өтіңдер» деп бұйрық беріп тұрады. Жатқан орнынан керіліп тұрған кер қошқарды алып ұрып, терісін іреп жіберіп ішіне кіріп алған Басат Жалғызкөздің

Ғаппар БІЛӘЛ астынан қошқар болып өтпекке ыңғайланады. Қошқардың арқасынан сипай берген Жалғызкөз ішінде Басат барын сезіп: – Ей, маңқа қошқар, менің қай жерімнен өлетінімді білдің. Сені тырнағыма ілдім, үңгірдің қапталына ұрып өлтірейін, қой қорам құйрығыңмен майлансын! – дей бергенде Басат оның қолына қошқардың мүйізін ұстата салып лып береді. Жалғызкөз Басаттың сытылып кеткенін біліп: – Құтылдың ба, – деп сұрайды. – Тәңірім құтқарды. – Ей, жігіт, сен менің саусағымдағы жүзікті алып, өз саусағыңа салсаң саған оқ дарымайды, қылыш өтпейді. Басат жүзікті алып қолына салады. – Жігітім, жүзікті салдың ба? – деп сұрайды Жалғызкөз. – Салдым. Жалғызкөз қанжарын алып тап бергенде, Басат жалтарып кетеді. Қараса, жүзік Жалғызкөздің астында жатады. – Құтылдың ба? – дейді Жалғызкөз. – Құтылдым, тәңірім құтқарды. – Жігітім, мына күмбезді көрдің бе? – Көрдім. – Оның ішінде менің барлық қазынам бар, басқалар алып кетпесін, барып аузын бекітіп кел! Басат күмбезге кіріп, қисапсыз алтын, күмісті көріп басы айналады. Жалғызкөз күмбездің есігін сыртынан бекітіп алып: – Кірдің бе? – деп сұрайды. – Кірдім. – Ендеше, алтын, күміске көміліп өл, мен тамды құлатамын, күмбез сенің көрің болсын! Басат қатты қорқады. Иман шақырады, тәубә қылады, құдіреттің әмірімен күмбез жарылып жеті жерден есік ашы­ лады. Басат қашып шыққанда Жалғызкөз жұдырықпен ұрып құлатып, күмбезді жермен жексен етеді. – Құтылған шығарсың, – деп кекетеді Жалғызкөз. – Тәңірім құтқарды. – Саған өлім жоқ екен, ал енді мына үңгірді көрдің бе? – Көрдім.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Онда екі қылыш бар, бірі қынапта, бірі қынапсыз. Қынапсызы менің мойныма өтеді. Соны әкеліп, басымды кес! Басат үңгірге барып, қабырғада әрі-бері тербетіліп ілулі тұрған қынапсыз қылышты көреді де, сақтық ойлап бірден жармаспайды. Өз қылышын тербеулі қылышқа тигізіп байқаса, қылышы ортасынан қиылып түседі. Бір жуан ағашты әкеліп тигізсе ол да туралып, опырылып қалады. Басат садағын алып, асылып тұрған қылышты бауынан атып түсіреді де Жалғызкөзге келеді. – Жалғызкөз, қайдасың? – Әліге дейін өлген жоқ па едің? – Тәңірім құтқарды. –Әй, Басат, саған амал жоқ екен, көзім-көзім деуші едім, мені көзден айырдың, тәтті жаннан сені құдай айырсын! Атта­ нып шыққан жеріңді айт, аттандырған еліңді айт! Бетке ұстаған патшаң кім? Шепке ұстаған батырың кім? Мұнда келіп неге қағындың? – Оғыз деген елім еді, Салур Қазан ерім еді, Ел-жұртымды баққан еді, Өзің тыныш жатсаң еді. Атым Басат Анам арыстан, Ат ауызды Арызқожа әкем еді, Сен тимесең тып-тыныш жатар еді, Батырымды құлаттың, Бауанымды сұлаттың, Аталарымды жылаттың Аналарымды шулаттың, Жеңгелерімді жесір қалдырдың, Нәрестелерді жетім қалдырдың, Жалғыз көзден айрылдың, Енді маған алдырдың, – деген Басаттың сөзіне Жалғызкөздің зәресі ұшады.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Сілкініп тағы тұрмақшы едім,

Оғыздың елін қырмақшы едім.
Манжанақтан шың тасты алмақшы едім
Атқан тасым қайта айналып басыма түссе
Мүрдем кетіп, мүлдем қатпақшы едім.

Ашулы Басат Жалғызкөзді түйе шөгергендей жүгіндіріп
қойып, қынапсыз қылышпен бір шауып басын қиып түсіреді.
Қылыш-садақтарын асынып, диюдың басын көтеріп далаға
шығады. Жүндіқожа мен Жабағықожаны ақ атқа мінгізіп

сүйінші сұратып, елге жібереді.
Құдіретті Оғыз еліне қуанышты хабар жетеді. Ат ау­
ызды Арызқожа жүгіріп үйіне кіріп, Басаттың Жалғызкөзді
өлтіргенін айтып бәйбішесінен сүйінші сұрайды. Оғыз елінің

игі-жақсылары жиналып, салахат қиясында Жалғызкөздің
қиылған басын көріп тамашалайды. Қорқыт ата әсерлі күй тар­
тады.
Қара тауға жолықсаң асу берсін!

Ағын суға кезіксең кешу берсін!
Аға-бауырдың кегін қайтардың,
Оғыздар елін апаттан құтқардың,
Жаратқан ием жар болсын! –

деп Басатқа батасын береді. Нағашы атасынан тегінде естіген
осы аңызды еске алған Боранқұл тықыршиды. Оның елі де
Жалғызкөз сынды диюдың қатеріне ұшыраған қалың елі үркіп
босқалы отырған шақта оларды құтқарып алатын Басат қайда?

Қайта туа қойған жоқ па екен? Туған болса үркінді тұсында
жоғалып кетіп, арыстан ананы ембегені үшін батырлық санат­
тан қалып қойғаннан сау ма? Қалып қоймаса кім ол? Оншақты
болыс елді аузына қаратқан Нұрсәлім бе? Боранқұл неге Басат

болмайды, ол кімнен қорқады? Әрине, ол да Қорқыт әулеті
Оғыз ұрпағы еді ғой. Оғыздар заманындағы Жалғызкөзді жал­
мауыз қазақтар ішінде қайтадан пайда болды. Олар қазақтың
емшек сүтіне тоймайды. Қаны мен жанын қосы сорады. Екі

ұлдың бірін алып бірін қалдырмайды, екеу болса екеуін, бесеу
болса бесеуін жейді. Қайдасың, қайда жүрсің, батыр Басат?
Қайдасың, Қорқыт әулие?
Боранқұл өзінің ажалдан қашқан алғашқы сапары ана

құрсағынан шыр етіп жерге түскен күні басталғанын әке-
шешесінің айтуынан біледі. Ол дүние есігін ашқанда Қорқыт
туғандағыдай тұтас Сыр бойының, тұтас Қаратау елінің ба­
сына қара аспан орнамапты. Боранқұлдың әкесі Әнбияның

жалғыз шаңырағының үстіне орнапты және ол қара аспан
Жаратушы Алланың әмірімен емес, адамның қаһарынан ор­
напты. Қорқыт туғанда жер-дүниені үш күн, үш түн басқан
қараңғылық Әнбия шаңырағын басып, нөсерлі қара жаңбыр

Әнбия шаңырағына жауып, сұрапыл қара дауыл Әнбия
шаңырағын шайқалтыпты. Біреуден біреу жасқанатын үрейлі
қорқыныш та сол шаңырақты тұмшалапты. Боранқұлдың
ұлы атасы Қажыкелді содан елу-алпыс жыл бұрын жүріліп

өткен Кенесары көтерілісіне қатынасып, патша армиясына
қырғын салған, патшалық құрамынан бөлшектенуге ұрынған
делінетін жаламен айыпталып, патша жандарымдарының
қолымен алпыс жылдан кейін дарға асылыпты. Мал-мүлкі

тәркіленуге бұйырылыпты. Сол жазаның кесірінен жоқшылық,
қайыршылыққа ұшырағалы отырған бала-шағасын, мал-мүлкін
алып қашқан Әнбия атамекені Жайық бойынан көшіп кеткен
екен. Жайық жағасынан басталған көш жолында жарты Ази­

яны алып жатқан қазақ даласын батысынан шығысына кесіп
өтіп, қайын жұрты Бастаубай бидің еліне, Тарбағатай жеріне
жетіп жығылыпты. Неше жылға созылған осы көште жөргектегі
Боранқұл өз тіршілігін анасының қолтығында, желмаяның

өркешінде өткеріпті. Желмая мініп жаһан кезген Қорқыт
әулиенің құлағында ысқырып ойнаған Сарыарқаның сары желі
жаттанды дала әуенін Боранқұлдың құлағына да әу бастан
құйған екен. Қорқытты тебірендірген арқаның күн нұры, жусан

исі Боранқұлды да әлдилеп, өз шапағатына бөлендіріпті.
Боранқұл әулие бабалары Асан, Қорқыт жайлы аңыздармен,
жыраулар жырымен кекілі желбіреген бала кезінен бастап
нағашы атасы Бастаубайдың аузынан ауызданыпты. Қобыз

Ғаппар БІЛӘЛ
тартуды да сол кісіден үйреніпті. Будақ бұлттай бурыл сақалы
омырауын жапқан қарт би қартамыс тарихтың шежіресі еді.
Ол Қорқыт бабасынан қалған тәбәрік қара қобызын өңгеріп,

тебіреніп кеткен тұстарында:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтып күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтып күн көрер? –
деп күңіренетін.
Көк темір көсеу арқалап
Ерім қайтып күн көрер?

Қиыр қонып, шет жайлап
Елім қайтып күн көрер?! –
деп аһ ұратын. Көлденеңінен қалыңы жалпағырақ көрінетін
зор, мығым тұлғасына, құлынның жалындай жауырын орта­

сынан басталатын қою көкбурыл түк құймышағынан айналып,
құс төстене біткен төсқасқасына жеткенде бұйралана жайылып
барып таусылатын омырау кеудесіне, арыстан жалды ақбұйра
сақалына, қасының бір қанаты өрге шаншыла қайқайып, бір

қанаты салбырап құлай біткен ожар қабағына, түнгі өрттей
қанталап қызарып алған, ұясынан жалын атып тұратын сабыр­
лы жанарына қарай отырып, теңдессіз алып күштің иесіндей
болып елестейтін қарт бидің көзіне жас алып жасықтық

байқатқандығына, әлдекімдерден қорлық көріп жүргендей
құсаланатындығына Боранқұл қайран қалатын. Нағашы ата­
сына күші жетіп, зорлық істей алатын, батылы барып қарсы
шығатын, жүрегінде түгі бар Жалғызкөздің кім екенін біле ал­

май дал болатын. Егер сондай бір алып дию шығып, би ата­
сымен алыса түссе, аяғынан алып жығысып жібергісі келіп
құлшынатын.
Боранқұл би атасының күштілігі, мықтылығы тура­

лы бұрын да көп естіген. Ілгеріде Зұлхария деген кісінің асы

болыпты. Исі орта жүздің бетке ұстары жиналған осы аста
келушілердің құрметіне бір ыңғай ақбоздармен, алкүреңдермен
немесе мақпал қара жорғалармен топ-топқа бөлінген жігіттер
сабылып жүріп, салтанатпен табақ тартыпты. Топты жерде

дәретке отырған Дүйсенбі қажының алдынан кесіп өтіп кеткен
әдепсіз, көргенсіздігі үшін Шаскебай атты полицейді Бастау­
бай сары жорға атпен қуалап жүріп соққан екен. Қылышынан
қан тамған патша полицейін сабаған деген жеңіл күнә мә?

Сол ерлігіне қызығып Бастаубайды көреміз деп топырлаған
халайық ол отырған үйді жаншып, шағып кете жаздапты. Бас­
сыз-баусыз кеткен «тағы» халықтың «сотқар-сотанағы» үкімет
қызметкерін сабаған бейбастақтығы үшін қатаң жазаланып,

«тескентау», «итжеккен» айдалып кетуі мүмкін бола тұрса
да, халық қарсылығынан жасқанған ұлықтар Шаскебайдың ақ
жорғасына Бастаубайдың сары жорғасын айырбастап мінгізу
жолымен әрекені ағайындастырып тындырыпты. Осындай са­

лауатты, мықты атаның қобызымен қосылып жылап отырғанын
көргенде, Боранқұлдың сәби жүрегі қозғалып, дірілдеп кететін.
Ал қобыз үні оны ширықтырғысы келгендей кейде құйқылжи
жөнелетін де, би атаның өгіз қураймен үрлегендей қожығыр

жуан дауысы қосанжарлап хор болып шалқитын.
«Күлдір-күлдір кісінетіп
Күреңді мінер ме екенбіз?!
Жағасы алтын, жеңі жез

Шығыршығы торғай көз
Ақ сауыт киер ме екенбіз?!
Ор қояндай жүгінтіп
Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды
Таңдап та мінер ме екенбіз?!
Сол шұбарға мінген соң
Қоңыраулы найза қолға алып,

Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз?!
Жалаулы найза сілтеніп
Жау тойтарар ма екенбіз?!»

Ғаппар БІЛӘЛ
Мұны естігенде бала Боранқұл би атасын аяп кететін.
Күлді-күлдір кісіней білетін күреңдер мен жолбарыстай
шұбарларды міне алмағандығынан қорлық-зорлық көріп

отырғандай сезінетін. Содан «ереуіл атың болсын» деп би
атасы өзіне мінгізген тайшұбарды қайтарып бергісі келетін.
«Тайшұбар» дейміз-ау, егер тайшұбардың құлын болып туып
тұрған жерінде үстінен шыққан жылқышының айтқаны шын

болса – жаңа туған құлын енесінің екі жағына қарғып түсіп
ойнақ салғанын көріпті-мыс. Содан кейін сенің босағаңа ту
ұстайтын ер мінетін тұлпар сынды құлын бітті деп шүйінші
сұрап келген жылқышыға Бастакең шапан кигізіпті.

Бастаубайдың кенже інісі Молдаш атақты саяткер, жүйрік
ат пен қыран құстың «тілін білетін» бапкер жігіт еді. Шұбар
құлын тай шыққан жылы сынап көрмек болған Молдаш шағын
аралықты қара жарысқа қосқан екен, не сайыста бәйге бер­

меген төселімді жүйрік «желаяқ қызылмен» құйрық тістесіп
қалмай қойыпты. Осыдан кейін шұбар тайға «тайшұбар» аты
беріліпті. Құнанында Дүйсенбі қажының тоқсан жасқа толуы
байланысымен өткізілетін, «құрбысымен сүзістіру» тойын­

да бәйгеге қосылыпты. Той Алтайдың күнгей бетіндегі керей
ішінде, Мошқа әулиенің ауылында өтеді. Дүйсенбінің өзімен
қатар жасы тоқсанға жеткен құрдасы Мошқа екен.
Ұлан-асыр тойға жиналған Алтай-Тарбағатайдың тамам

елі екі қарттың күш сынасып сүзіскенін тамашалап мәре-сәре
болады. Ат жарысы өткізіледі.
Молдаш шұбар құнанды жарысқа қосарда жарылыс ту­
ылады. Тайшұбардың түр-тұлғасын танып сескенген ат сын­

шылары сыбырлап қойса керек, бәсекелестер жағы «атымызға
тай қосамыз дегенің қай басынғандық, мазақ қой мына
астамшылықтарың» деген ән шығарады. «Кежімдеп әкелген
кербез тұлпарларыңның жұдырықтай тайға қосылып шабу­

ынан қорыққандарың жарасып тұрған жоқ, тісеп үлгермеген
құнан бақ сынап көргісі келсе несі айып?!» деген Мошқа
әулиенің жазғыруымен тайшұбар жарысқа қосылады. Екінші
бәйгеге ілініп, рулы елдің мақтанына айналады. Сөйткен

тайшұбар дөнен шыққан жылы Боранқұлдың иелігіне өтті.

Шешесі Ықилаға ілесіп нағашылай барған сапарында «жиенім
қуанып қайтсын» деп нағашы атасы мінгізіп жіберді. Мүмкін,
нағашы атасы тайшұбарды мінгізгенде «ту ұстайтын ер шықса,
осы жиенімнен шығар» деп дәмеленген шығар?! Қабылан түкті

шұбар дөнен астына тиген соң Боранқұл желдене бастады.
Жолбарыс шұбарларға мінген қас батырларға ұқсап жапыра
қол төңкергенде қолына алар қоңыраулы найза іздегендей ала­
сатты. Жаусырағандай елеңдеді. Бірақ, қас дұшпаны кім екенін

тани алмады. Нағашысы айтып отырғанда зердесінде жатталып
қалған Бұхар жырау жырларының мағынасын ишаралауға ша­
масы жетпеді. Сөйтіп жүріп ол тез есейді. Заман тағдыры өзіне
ерте араласқандарды уақытынан бұрын жетілдіреді.

Тайшұбар «шіліңгір жүйрік» атанып бәйгеден бірінші
келген алғашқы күз айларының бірі еді. Нағашы ағасы Мол­
даш балиғат жасынан енді асқан Боранқұлды аңшылыққа ба­
улимын деп жездесі Әнбияға қолқа сала келді. Молдаштың

иненің көзінен өткідей пысықтығы Боранқұлды бұрыннан
қызықтыратын. Сәйгүлік аттардың, сайыпқыран құстардың ба­
бын бес саусағындай білетін сахи саяткердің сегіз қырлы, бір
сырлы білгір тұлғасы мүсінделетін көз алдында. Мұртын мінтеп,

сақалын түзеп, күніне бес уақыт дәрет құманын көтеріп, үсті-
басын тазалап, жайнамаз шетінде мінәжатқа жүгініп, тәсбих
тартып отыратын әкесінің күнәдан пәк, кіршіксіз, жас жігіттерге
мінәсіп келе бермейтін сопылық өмірінен гөрі, ойдан орып,

қырдан қырып, ерлік еркелікпен өткен Молдаштың қылығы
әлдеқайда ершімді, сұлу көрінетін. Бала Боранқұл өзіне салса-
алақанынан түсірмейтін ата-ана әлпешінен секіріп өтіп, аңырай
соққан түз желінің дала ойнағына, бұлаңқұйрыққа салған тау

тағыларының ұлы сарынына қойып кетуге жұлқынғандай еді.

– Қан төккен қай жақсы дейсің?! Аң-құс атаулы да Жа­

ратушы Алланың жазықсыз жан иелері ғой, аңшылық деген
де жауыздық қой, мен баламды моллалыққа үйретіп жүрген
кісімін. Боранқұлдың Құдай жолын, дін жолын ұстанған таза
адам болуын тілеймін, – деп Әнбия Молдашқа қарсылық

көрсетті.
Әнбия жыршы-күйші әрі аса беделді би атанған қайын ата­

Ғаппар БІЛӘЛ
сы Бастаубайға да, саяткер, түз серісі Молдашқа да ұқсамайтын,
діндәр, біреудің ала жібін аттамайтын сопы кісі еді. Тым әсіре
шалқып жатпаса да, өз тұрмысының қалай төгіп-шашуына

жетіп асатын дөңгелек дәулетін қалауынша жұмсауына қолы
ашық тұратын. Ғаріп-қасірлерден қайыр-садақасын, дін жо­
лынан бітір-зекетін аямайтын. Осы ақкөңіл қайырымдылығы
түбіне жете жаздаған кездері де болған.

Боранқұлдың енді ғана қаз тұра бастаған кезінде әйелі
Ықиланы ертіп, Боранқұлды алдына алып, Бастакең бидің
аулына қайыншылай барады. Ерулеп жатқан күндердің
бірінде ауыл жылқысына қарақшылар келіп тиісті. Ауыл аза­

маттары аттан салып қуғынға кеткенде, намаз оқып отырған
Әнбия қозғалмаған еді. «Ел шетіне жау шауып жатқанда түтін
үзбейтін мұның қай намаз? Үйде отырған қатын ба едің?
Әкеліңдер, қатындар, кимешек-шылауыштарыңды, Әнбияның

басына кигізіп жіберелік! Тонаушылар қайта шабуылдап жүрсе
еркек екенін біліп, сойыл сілтеп жүрмесін» деп келекелейді
жеңгейлері.
Әзіл-қалжыңға намыстанып, қуғыншылардың соңынан

жалғыз кеткен Әнбия жол-жөнекей қол-аяғы байлаулы жатқан
бейсауат адамға кезігеді.

– Босата көріңіз, ағатай, өліп барам, қолымды жіп қиып

кетті, – деп, қыстыға шырылдаған тұтқын жігіттің зар даусына
тұла бойы түршігеді. Әлгінде ауылдан аттанған қуғыншылар
қолға түсіріп байлап кеткен қарақшылардың бірі екенін біле
тұра, оған жаны ашып, аттан түсіп, қолын босатады. Бостандық

алған жігіт Әнбияға иіліп тағзым етеді. Ақжарыла алқап, алғыс
жаудырады, құтқарушысын сыйлап, құрметтеп аттандырып
жібермек болады. Бірақ, қолтығынан демеп атқа көтеріп сала
бергенде ниеті бұзылып, Әнбияның атын олжалап құтылып кет­

пек болып, ту сыртынан қапсыра құшақтай кетіп, алқымынан
ала түседі.

– Қой, бала, қой, қарағым, жақсылыққа жамандық ер

адамның ісі емес. Ездің ісі. Құдайға күнәкәр мүнәпих боласың,

– деп Әнбия ақыл айтады. Сиырдың құлағына домбыра шерт­

кендей бұл насихат қарақшының құлағына кіріп шықпайды.

Ту сыртынан алып, алқымын қылқындыра түседі. Қарсылық
көрсетпеске амалы қалмаған Әнбия қарақшыны мықынынан
қайыра тартып алдына әкеледі де көтеріп басады. Әнбияның
жүзінен иман нышанасын таныған дұшпан:

– Алдияр тақсыр, жазыппын, жаңылыппын, өкпем аузы­

ма тығылып, жүрегім қысылып, өліп барамын, бала-шағамның
жүзін көрмей кететін болдым ғой, обал емес пе соларға,
жаныңыз ашыса ед-ті! Кеудемді қатты баспаңызшы, Аллам-ай,
Құдай үшін рахым етіңізші пақырыңызға! – деп жалына ша­

рылдайды. Қарақшының аузынан «Алла, Құдай» атын естіген
соң босатып жібермек ниетпен Әнбия босаңси береді. Аш
кеңірдегін сығып ұстаған шеңбегін жазып жіберсе, босатып қоя
беретін де еді. Бірақ, анау босатпайды.

– Босат кеңірдегімді, антұрған, Құдайдан безіп күнәкәр

болма! – деген кеңесті қарақшы қабылдамайды. Бірі алқымнан
сығып, бірі кеудеден басып, екеуі қатар әлсірей бастай­
ды. Астында жатқан қарсыласының ағаш кеңірдегін сығып,
тұншықтырып жіберуге сол шаққа дейін сопының қолы бат­

пайды. Ақыры астында жатқан қарақшының ырықтылығы ар­
тып, демі сығылып қылқынып кеткен Әнбия есінен танып, ту­
лап бұлқынған жігіттің кеудесінен сырғып құлай берді. Алдыға
кеткен жігіттер дер кезінде қайта оралып, құтқарып алмаған

болса Әнбияның сүйегіне ендігі қына шығып үлгіретін еді.
Әнбия осы діндарлығы бойынша Боранқұлды талайдан
бері ауыл молласынан оқытып, бір жағынан өзі баулып жүрген
болатын. Мұсылманшылық қағидаларына қанығып, шариғат

жүйелерімен танысып келе жатқан Боранқұлды ендігіде қалалы
жерден, үлкен медреселерден оқуға жібергісі келетін. Ал
көзінен таса қылуға қимаған анасы оны қалалы жерге (пәлелі
жерге) жібергісі келмейтін. Сөйтіп жүргенде Әнбия Жайық

бойында жерленген әкесі Қажыгелдінің зиратына құран оқып
қайтуға аттанды, қазақ даласын шығысынан батысына, баты­
сынан шығысына кесіп өтетін осы ұзақ сапарда ел көрсін, жер
көрсін деп Боранқұлды ертіп алды.

Ақ Жайықтың жағасынан қайтар жолында ғой, Әнбияның
Петербордан қайтып келе жатқан қазақ оқымыстысымен таны­

Ғаппар БІЛӘЛ
сып білісуі. Жігіттің аты Мақатай еді. Өз айтуында қазақтың
соңғы жазуын емлеге түсіріп, қазақ әдебиеті мен мәдениетін
зерттеген аса беделді ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлынан

тәлім алған кісі екен. Жайық бойынан Қарқаралыға жеткен­
ге дейінгі ұзақ жолдың бойында аса салауатты осы адаммен
Әнбия ортасында не хикаялар жырланып, не қилы сырлар
шертілген болатын. Жүріс-тұрысы мәдениетті, мырза киінген

осы жас ғалымның аузын аңдығандай бала Боранқұл құлағын
төсеп жанынан шықпай қойған. «Алтын Орда» дәуірінің Рап­
хози, Сайып сарай, Хорезми, Дүрбек сахахи сияқты ақын-
ғұламаларының атын осы кісінің аузынан естіген.

«Мұхаббатнама»,
«жұм-жұма»,
«салнама»,
«Жүсіп-

Зылиха» дастандарының мазмұнымен де сонда танысқан. Ең
бергі күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдан ерімей,

Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы төске ұрынбай,

Тебінгі теріс тағынбай,
Қутолағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?! –
деп келетін, күндей күркіреп, селдей бұрқыраған нөсерлі,

әсерлі берілістерін сол сапарда естіп жаттаған, жыраулар
жырының қыр-сырымен де сонда қаныққан, сол сапардың

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР соңында Боранқұлдың ұғымтал зеректігін, тіл алғыш елгезектігін аңғарған Мақатай үлкен оқу ордасы «Құсайыния» медресесіне жіберіп оқытуды тапсырған еді Әнбияға. Бірақ, Әнбия ауылға келген соң Боранқұлды Орынборға жібере алмады. Содан былай осы бір көзілдірік таққан салауатты адамның сұлу келбеті Боранқұлдың көкірегіне орнап қалғанды. Оған еліктеп жоғарылап оқығысы келгенімен, Молдаштың жылбурынды аңшылық өнері де оны дала қызығына баурап шырғалай беретін. Сол шырғаға ұмтылып жұлынып тұрған баланы Молдаштың еркіне бермей, Тайшұбардың шылбы­ рына жармасқандай, әкесінің алып қаламын деуі Ықилаға да жақпаған екен, өз ұлының ұрынғалы тұрған беталысын ана шіркін аңғарған секілді. – Аңшылық, саятшылық деген де өнер ғой, жібер, әкесі! Үйренсін! Ұмсынған баланың шаужайына қақпа! Керек тастың ауырлығы жоқ, қазіргі дәулет қалпын құратпай басымызда тұра да бермес, тұрсын-тұрмасын, ер адамға өнер керек. Кісі болар баланың кісесінен белгілі демектейін. Борашымның от жанып тұрған көзіне қарап көрші! Мен кісі танитын болсамбаламыздың тұлғасынан хан Кененің қалың қолын бастап жүрген ұлы атасының бейнесін шырамытамын. Менің көзім қате танымаса – сенің ұлыңнан қой бауыздаудан қорқатын сен секілді молла, сопы шықпайды. Қабанбай, Жәнібек шығар дәме бар. Итағатыңмен өзің бол! Ат жалында өскен түз баласын от басы, тұғыр үстіне шырғаламас болар, – деп арашаға түсті. Сөйтіп, бала Боранқұл өзінің ұмтылысымен, анасының демесінімен әке жетегінен айықты. Молдаш өнеріне қолды бол­ ды. Би атасының ықпалымен қазақтың қоңыр күйлерін, «Емен толқыны», «Жез киіктерді» қобызда ойнай бастаған ол қағушы, қызылшы мәртебесімен Молдашқа ілесті. Он төрт жасында Тарбағатай іргесінен Алакөл жағасына, Алтайдан Ертіс бойына дейінгі аралықты атпен шарлады. Оңашасында қаршыға салып, Тайшұбармен тазы жүгіртсе, Молдашпен біріккенде жамса­ тып атқан киік еттерін, самсытып алған түлкі-қарсақ терілерін бөктерді. Сақылдаған сары аязда жылына білудің, қақап соққан қарлы боранда адасып өлмей, жол тауып шығудың жолдары­

Ғаппар БІЛӘЛ на қанықты. Үрейлі түндерде меңіреу шатқалдарда жалғызжарым жүріп-ақ түнеп шығуға көндікті. Арқырап аққан өзендерден өткел тауып, құс ұшпас құзар-жақпарлардан түсіп, шығудың, жүзіп өтудің сырларына төселді. Дала тағыларының қыс пен жазда қайда паналап, қалай өрістейтінін, қалай ғұмыр сүріп, қалай төлдейтінін ұғынды. Оларды қалай аулап, қолға түсірудің тәсілдерін меңгерді. Жанкешті кәсіпкерлік жолында жаралы қасқырдың аранына түсіп, арандала жаздаған шақтары да кезікті. Бір мәрте аюға жем болып кетуге шақ қалғаны да бар. Сондай пәленің бәрінен арашалап, қағып қалып жүретін құтқарушысы – Молдаш. Ол жасы отызды аралаған, ұстараның жүзіндей қылшылдап тұрған өткір жігіт. Өзі күлдіргі. Әзілдесіп күліп отыруды ұнатады. Туған әкесіндей қадірлейтін Бастаубай би мен Боранқұлды ғана әзіліне қоспайды. Аң қуып, құс салып түзде түнеп қалған түндерде әңгімесі таусылмайды. Кең сарай түнгі аспанның қара қаңылтырын төбеге жапсырып шегелеген күміс шегелердей жұлдыздар жарқырайды. Албырап батқан кештің биікке іліп кеткен алтын сырғасындай қияқтанып ай ту­ ады. Шатырлап жанған от жалынын жапыра ентігіп жел еседі. Пышақ мұрттың жебесінде, қоңыр көздің бұзау кірпіктері ара­ сында от жарығын ойнатып, соқтыртып отырған Молдаштың хикаялары үдей түседі. Малтүгел бабамыз төрт әйелінен туған он үш ұлын Аягөздің Әбілбарабан тұсынан тоған алуға жұмылдырып та­ стап, алкүрең айғырын ерттеп мініп, балалары баптаған екі та­ зысын ертіп, Тарбағатайдың теріскей бетінен аң қуып шыққан екен, қорымнан қашқан қызыл түлкіні екі тазы қуып беріпті. Жақыннан қашқан тағының құтылмасын білген Малтакең алкүрең айғырмен бастырмалатып қуып келе жатып, болашақта тіктіретін тымағының жөнін сөз ете бастапты. «Түлкісі мұнан табылды, тысы қайдан табылар, қырылғырдың қыздары қылып берер деймісің?» деп қайда соқтығарын білмей келе жатқанда күшік тазы болдырып жолда қалыпты. Үлкен тазысы қуып жетіп тірсекке ауыз сала бергенде, әккі түлкі бір әңгекке кіріпті де кетіпті. Алкүрең айғырды төбелеп қуа жеткен Малтекең

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР аттан түседі де, әңгектің аузын бағып аңдып жатқан тазының мойнындағы қарғысына шылбырқашаған айғырдың шылбырын байлай салып, жан-жағына қаранады. Әңгектің басқа бір жер­ ден шығатын екінші аузы барын байқап, түлкі қашып шығып кетпеуі үшін құлақ бауы байлаулы елтірі тымағын басынан сыпырып алып, екінші ауызға тығындап бекітеді. Сонан соң қараған, тобылғыны жинап әкеліп, найқалып жүріп алғашқы ауыздан от жағып, түтін салады. Ашты түтінге қақалған дала тағысы қаша жөнелгенде екінші ауызға тығындалған тымақ түлкінің басында, айғыр түлкі қуған тазының жетегінде кетеді. Иен түзде жаяу қалған Малтакең етегіне малтығып, өкшесі тесіліп, кенезесі кесіліп жүріп, Жіңішкенің бойына жеткенде су ішіп, шөлін қандырады. Демалып отырған ол боғас беттеп бара жатқан екі жолаушының керей екендіктерін тымақтарынан та­ ныпты. Қасына шақырып алып: – Тымақ киген түлкі, ат жетелеген тазы көрдіңдер ме? - деп сұрапты. Малтакеңнің сөзіне қатты күлген керей жігіттері ат үстінен құлай жаздап: – Осы маңда Малтүгел дейтін бір әулие бар деп естуші едік, сіз сол кісіден қалайсыз, – деп сұраған екен. Жаяу қалған шал Малтүгелдің өзі екенін білген соң: – Онда сізге дауа жоқ екен, – деп жүре берсе керек. Малтакең бабаларының аңшылық әңгімелеріне қызығып, мәз болысып отырған аңшылар таңсәріде қайта атқа отыратын­ дарын ұмытып, ұйқыларының қанбай қалатынымен де есепте­ спей, Молдашты қоралай ортаға алып, «тағы да, тағы да, айта түс» деп еліреді. Ал, Молдаш әңгіме айтудан жалықпайды. – Енді бірде Малтакең атамыз сыбан ішінде сыбайлас дос болып жүретін Серғазы дегеннің қасқыр алған қыранын аяқбауына боталы түйе жетелетіп, тұғырына мәуіті шапан жауып жүріп қолқалап алған екен. Ұстаған жерінде тырнағы қалмаса, уысына ілінгенді тірі құтқармайтын есіл қыранды Малтакең Долаңқара тауының етегінде қарсыдан қашқан түлкіге томағасымен жіберіпті. Қолдың сілтеуімен зорға ұшқан қыран түлкіге түскенді қойып, барған сайын төмендеп жартасқа соғылып өліпті. Жарықтық атамыз бүркітті ұшырарында

Ғаппар БІЛӘЛ тұмсық дағына қарымаған екен, – деп Молдаш серіктерін күлдіре түседі. Келесі кезекте астындағы атын алты ай іздейтін Малтакеңнің батпаққа аунап алған алкүрең айғырын та­ нымай қалып, кездескеннің бәріне тапсырып, ұшты-күйді жоғалған айғырына сұрау сала жүрулерін өтінгені қыруар әңгіме болып тартылады. Өз кезінде өгізін бұзаулатып жүретін Малтакеңнің үшінші ұрпағы Бектемір деген кісі қағыбабазар, Аягөз өңірінде жер жыртып, егін салып мол байлыққа батып жүретін ағайындарының сырттай естілген дабырасына ілесіп, Жіңішкенің бойынан, тоған қазып, жер жыртып, арпа, бидай егіп жатады екен. Сол қарсаңда қағыба-базардан келе жатқан құрдасы Қасен деген жігіт Бектемірге кезіге кетіп: – Сендер тұз ектіңдер ме? – деп сұрайды. – Сен не айтып тұрсың, тұз еккені қалай? – Екі жылдан бері қағыба-базарлықтар тұз еге бастаған еді, биыл қарсуымен ерте еккен сықылды, тұздары бітік шығып жайқалып тұр екен. Астың тұзын, малдың ашысын алыста жатқан Балқаштан тасып, азапқа белшесінен батып жүретін тарбағатайлықтар үшін тұз өсіру үлкен ғанибет еді. – Онда қарғыба-базарлықтар азаптан құтылған екен, – деп құрбысының қалжыңына сеніп кеткен Бектемір соқасын қайта жүргізіп, ауылдастарынан жинап шыққан уысты құлақ тұзын тұқымға арнап шашып тастайды. Сөйтіп, аталарының қылығын әр саққа жүгіртіп қуланатын Молдаш кейде әңгіменің бетін басқа жаққа бұрып әкетеді. Кейде өз әйеліне де сырттай соқтығып әңгіме тудырып оты­ рады. Семейге барып қайтқан сапарларының бірінде Молдаш жолшыбай шөлдеп келе жатып, арғын азаматының үйіне ат тұмсығын тіреген екен. Сырты бозғылдау көрінгесін таңдап түскен абажадай бейтаныс кигіз үйге кіргенде түстеніп отырған топты әйелдің үстінен шығады. Қазан түсіріліп, енді орталары­ на ала берген қазы мен сары жамбасты бөгде біреудің үптеп кетуінен қызғана бастаған әйелдерді Молдаш қағытпаға алады. Бірінің бетіндегі тыртығын, бірінің қолтығындағы жыртығын

сылтың өтіп, сықаққа айналдырған сері жігітке шамданып кете
алмай қызарақтаған бір келіншек:

- Біздің бәрімізге сын қояды, өзінің әйелі қандай екен?

Көрер ме еді, бәлемді, – деп қалса керек. Сол тұста қолы жет­
кендер ғана етік тіктіре алатын «атанбай қара» атанып жүретін
былғары болады екен, келіншектің әлгі сөзіне жауап қайтарған
Молдаш.

– Әйелімнің қандайын сұрайсың, тура атанбайқараның өзі,

сықырлап тұр, – деп жалтарады. Содан былай «атанбай қара»
атандырып алған Жәміш расында сықырлап тұрған, үстіне шаң
жуытпайтын қаракердің әдемісі еді. Сол Жәміштен Молдаш
аяқ астынан қорқатын кісі бола қалады.

Оның ауылдас отыратын Қыдыш есімді құрдасы сілімтірлеу
жаралған, оның есесіне ептеп бөсіп отыратын, басқалардың
бөстіруін ұнататын, өзін молламын деп білетін болымсыз шала
сауаты бар, сауаттылығы арқасында әйелін сыйлай білемін деп

түсінетін. Бірақ, бұл сыйластығы әйелінен қорқатындығын
жасырып-жабуға жарамай, күлкіге қалтыра беретін адам еді.
Ел аралап қыдырғанда, аңға шыққанда жанынан тастамайтын
Қыдыш құрдасы Молдаштың екі сөзінің бірінен қалдырмайтын

ермегі болатын. Бір қоныста тезек теруге шыққан Қыдыш
қабын жоғалтып алады да, оны әйеліне қалай айтудың ебін тап­
пай қысылып-қымтырылып отырып: «Ойпырай, мына жақта
қап жоғалтқандардың көбін-ай» деп қипақтайды. «Ә, сен де

қап жоғалтқан екенсің ғой» деп, алара қараған әйелі тұтқышты
сілтеп қалғанда Қыдыш қашып құтылады. Бірақ, келесі жолы
қайта тұтылады. Бұл жолы ол әйелінің пісіріп әкелген кеспе
көжесін «сұйық» деп қалған екен, тағы да ала көзімен қараған

әйелі:

– Не деп отырсың, ішуіңе жарамай ма екен? – деп,

қолындағы ожауды ербең еткізгенде, ыстық көжені ұрттай
алмай үрлеп отырған Қыдыш атылып сыртқа шығады. Ожау
қатері жете алмайтын жерге барып алғасын мықтысынып:
«қатыннан қорқатын кісі біз емес, көженің қоюын қою,

сұйығын сұйық дейміз» деп айқұлақтанады. Сонан соң оның
қатыннан қашып ытқи жөнелген батырлығы Молдаштың әзіл-
қалжыңына көжеқатық, тұздық болады.

Ғаппар БІЛӘЛ Қыдышты қырына аларда Молдаш алдымен атанбайқараға соқтығады. “Мен, – деп бастайды ол әңгімесін жымыңдап, күлміңдеп отырып, – мен баяғыда, ерте-ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бөкен қуып Алакөлдің бойында жаттым, күн суық, қар қалың түскен. Қыстың ортасы, баспанамыз бұтабүргеннен жасаған құстың ұясындай саргер. Шатынаған аязда пана болмаған соң сексеуілді өрттеп жағып, жерді қыздырып аламыз да, отты күреп тастап, қызған құмның үстіне түнеп шығамыз. Сөйтіп жүргенде Атанбайқара көп азаппен тігіп берген көлкемедей ішіктің бір өңірін күйдіріп алдым. Бөкен ұсталмады. Ішік өртенді, қатынға қарар бет қалмады. Енді қайту керек? Атанбайқараның сыры өзіме мәлім, бөкен мүйізін танымайды. Сол осалдығынан пайдаланбасам жан қалар емес, сосын атып алған қарақұйрық текесінің қос мүйізін тазалап сүртіп, даладағы керекке алып шыққан кестелі орамалға орап, қасиеттеп қойныма тығып үйге алып келдім. Бөкен аулауға үкімет тыйым салған кез болатын. Ай жүріп қайта оралған аңшыны ауыл жиылып қарсы алатын әдеті. «Алдың ба» деп ымдайды әйелім иегін көтеріп, «үндеме» дегендей етіп мен бас шұлғып қоямын. Шай қайнатып, дастархан жөндестіріп жүріп, жақсы хабарды етқұлағымен естуге асыққан Атанбайқара еңкейіп келіп, құлағыма аузын жапсырып тұрып «ұстадың ба?» дейді сыбырлап. – Үндеме, – деймін бөкенді көп ұстаған кісімсіп, үстіңгі кірпігімді қағып-қағып жіберіп, қойшы әйтеуір, ел аяғы үзіле берген кезде іштегі төсқалтамның ішінен (сыртқы мешпетімнің ішінде ішкі мешпет бар, ішкі мешпеттің ішінде ке­ удеше күрдекшем бар, күрдектің ішінде сырт жейдем бар, сырт жейденің омырауында әлгі қалтам бар) «қасиетті» түйіншекті суырып ұстатып: – Жасыр, жоғалт, – деп қаламын. Содан біздің сықырлауық Атанбайқара қарақұйрықтың қос мүйізін жып еткізіп шүйгітті дейсің көрден көрге. Сандықтың ішінде торғын көйлегі бар, торғын көйлектің ішінде жібек дамба­ лы бар, дамбалдың ішінде мата шұлғауы бар, шұлғаудың ішінде түбіттен тоқылған шұлығы бар, суық тимейтін, ыстық

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР өтпейтін етіп бөледі де тастады. Содан барып хикая екінші сатыға өтті, бала-шаға ұйқыға кетті-ау дегенде Атанбайқара құлақ түбімнен күбірлейді-ау келіп: – О, не айтып жатырсың? – деймін естімеген кісімсіп. – Әлгің екі мүйіз бе, сыңар ма? – Қос мүйіздің өзі. – Ақ бөкеннің қос мүйізі қанша шығарады? – Алушысы келіссе үш жүз тұсақ мұнда бар. – Қойшы әрі... солғұрдайын... тіпті... – деп түйткілсіп жатса да, үміткер бәйбішем қолтығыма жабыса түседі. – Қойсаң өзің біл, қытайларға кезіксек, сол бағадан асып түспесе, кем шығармайтынында шүбә жоқ,– деймін мен де кергіп. – Тұсақ бағып әуреленіп қайтеміз, оданша маған... оданша алтын сырға, және бар ғой... әлгі гауһар көзді жүзік алып бермейсің бе? – деп үзіле өтінген қаракерім сықырлап келіп ернімнен сорады. Ернімді ашып қалсам тілін аузыма са­ лып жібереді. – Әрине... әрине, аламыз. Алуға болады. Ал бірақ, ал­ дымен сен қара ішікті бүтіндейсің! – Ол дегенің оңай ғой, сонда сен бұл мүйізді қашан сатасың? – Ел жайлауға шыға өзбек, ноғай саудагерлері келеді. Соларға өткіземіз. Болмаса... – Болмаса шы? – Болмаса Семейге базарлатамыз. – Семейде үкімет жағы көріп, біліп қалмай ма? – Жең ішінен жүргіземіз, соған да мыйың жетпей ме?! Атанбайқара барша ықыласымен мойнымнан құшақтап, тас болып жабысады да қалады” . Әңгімені әдейі доғарып тымпиа қалған Молдашқа тыңдаушылар жабыла жалынады. – Содан кейін ше? – Содан кейін не болды? Тыңдаушылар асыққан сайын Молдаш шалқақтап, атты алысқа айдайды. – Қатын деген қатерлі халық қой, – деп, әңгіме

Ғаппар БІЛӘЛ төркіні қатыннан қорқу жағына қарай бейімделісімен от ба­ сынан шегініп, ертоқым жастана, қалғып кеткен кісідей «бөрі тыңдауға» салып жатып алатын Қыдышты тірсегінен қағып тұрғызып алады Молдаш. – Дүниеде қатын қиын, қорықпаймыз дегенмен де олардан қорқу керек. Қара шөмішпен қасқалатып кеп кет­ се қиын болады. Еркек басымызбен соған бола төбелесе алмайсың. Сондай күнге қалмау үшін қатынды алдайсың, бірақ, қу пәлекеттер алдауыңа көнбейді. Көнбеген соң қорқа бастайсың. Сен қорыққан сайын ол қоқилана түседі. – Ноғайларың қашан келеді?... Өзбектерің қашан келеді? – дейді де отырады. Олар жуырда келе қоймайды. – Семейге неге барып келмейсің? Әлгі асылың сандықта жатып шіріп кетіп жүрмесін! – деп қиялдайды. Ал­ тын сырға, жаһұт жүзік асықтырған әйел неге қиялдамасын?! Қиялдайды. Ол қиялдағанда сен тік сүрдекке салып қашып құтыласың. Бірақ, ол ұтылап қуады, ақыры құтқармауға айна­ лады. Қара ішік бүтінделіп болған кез еді, Тәшкеннен шыққан саудагерлер келе жатқанын естімей тұрғанда бәйбішемді төркіншілеп келуге аттандыра қойдым. Ата-анасына, ағабауырына берілетін сәлем-сауқатты толықтап жіберген соң майрағайда-тайрағай аттанып кетті. Төркініне барып ай жүріп қайтатын Атанбайқара үшінші күні танауынан жүні шығып қайта жетіпті. Саудагерлер хабарын естіп қайтқан екен. Оған дейін тыққыштаған «асылдың» көзін жоймай қоям ба?! Кілті кереге басында қалған сандықтың құлыбын сырт еткізіп ашып жіберіп, бөлеудегі мүйізді құтқарып алып шықтым да, атта­ нып кетіп жітірдім жер түбіне, жекен суына. Көйлек-көншегін өртеп, қос мүйізді екі тастың секісіне лақтырып шығарып тын­ дым қылдым. Қатынекең қайтып келсе бөкеннің мүйізі орнын­ да жоқ. Мүйіз ғана емес-ау, сыртындағы торғын көйлек. Жібек дамбал дегендердің барлығы ләм тақыр, қатын менен көреді: – Мені төркініме жұмсап жіберіп, көңілдесіңнің бірін жарылқап, сол асылмен силадың,– дейді. Мен қатыннан көремін: – Сен төркініңе апарып, туыстарыңа беріп келдің,

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – деп. Сондай-сондай бұлтаққа салып құтылмасақ қатынға қараған күн бекер ғой, қалай дейсің, Қыдыш замандас? –деп, тоқым жастана қисайып бара жатқан құрбысын қайта тұрғызып алады. – Жә, Қыдыш, ептеген молдалығың бар еді, көбінде да­ лада жүрген соң қажет болады екен, осы мына шалбарды басқа жастауға бола ма? Осыған шариғат не дейді екен? – Шалбарды басқа жастаса, әлбетте, биік болады, – деп жауап қайырады Қыдыш. Осындай қызғылықты күлдіргілерімен зеріктірмейтін нағашы ағасының алдына Боранқұл бұл жолы ақыл сұрай келді. Мейлі қоғамның, мейлі жеке адамның нәуетектігін ешкім де есіркемейді. Долы әйелдей бетін жыртып, қарғанып-сіленіп отырғанына да қаратпайды.Боранқұл көз аясында жайқалып тұрған кесепатты алауды Молдаштан жасырып жапқысы келмеді. – Әке-шешем ұнамаса да ұрынып көрейін деп тұрмын. Қолдайсыз ба, Молдаш аға, – деп тікесінен дүңк еткізді. Бұл Қарасу бойында қайтыс болған Бастаубайдың сүйегін әліге дейін көшпей іркіліп отырған Малтүгел әулетінің игіжақсылары жиналып, қарияның өсиеті бойынша Сандықтасқа жеткізіп, Ырғызбай әулиенің зиратына жерлеп қайтқан жол үстінде басталған әңгіме еді. Боранқұлдың Молдаштан ақылкөмек сұрап, қолдауын өтініп тұрғандағы шаруасы – қыздарға қатысты шаруа болатын. Бұл елде Томарды жайлап, Қарабұлақты күзеп жүретін Жәкей дейтін старшын бар. Жаңа көтеріліп келе жатқан пысық кісі. Жарғақ құлағы жастыққа тимейтін пысықтық – асқан өзімшілдіктің жолына өзін арнаған, жалақы талап етпейтін малайы. Ол кіріскен жерінде өзгелердің мүддесіне қақтықпай, соқтықпай өтпейді. Сондықтан, қазақ тілінде өзімшілдікке «пайдакөс» деген қосымша лақап ат берілген. Жәкей өзін пайдакөстігі үшін сынап-міней беретін Әнбияның сөзін сырт­ тай елеп-ескермегенсігенімен, іштей жек көріп, тыжырынып жүретіні бар. Старшындық мансабымды көре алмай күндестік етеді деп, ептеген өсек-аяң да таратып отыратын. Бірақ, артық

Ғаппар БІЛӘЛ
сөзге барыспайтын, әдептен аспайтын ибалы сопының сөзінен
де, әрекетінен де тиісе кетер сылтау таппай, ізденіп жүргенде
орайы табыла кетті. Биылғы жаз жайлауда өткізілген бір

тойда Боранқұл Тайшұбарға мініп қызқуарға шыға қалды.
Тайшұбар – ұзаққа, алысқа жүгіретін бәйгенің аты. Оны Жәкей
өз тақымындағы жұлынып ойнап тұрған жынды жиренмен бір
соқтырып жіберудің жөні келген екен деп ойласа керек, жын­

ды жирен тап бермеде ұшқан құсты шалатын ұшқыр, нағыз
қызқуардың аты. Жәкей осы атына кенже қызы Нәзиләні
мінгізіп шығара қойды. Айдай ару Нәзилә жұрт арасынан сы­
тылып шыға бере ауыздық сүзіп, аласатып тұрған жынды жи­

ренмен құйындатып келіп қатарласқанда, сұрша қыздың өзіне
қарап жәудіреген отты көзін көріп, Боранқұлдың бойы шымыр­
лап кетті. Оның қарсы алдында қап-қара екі жұлдыз, қап-қара
екі сәуле от болып жанып тұр еді. Қыздың ақша дидарында

ашық күннің сәруәр сәулесі құбылып, жасыл жаулығы самал
желмен ойнап, асыр салулы. Жаңа толысып келе жатқан қыз
баланың алабұртқан уыты құс төстендіріп, нарт шұғыладай
алаулаған қызыл қатипа камзолдың омырауын шертіп сызда­

тып жіберген.
Қатарға жүрмей, тақымнан суырылып кете жаздап сойқап
жөнелген жынды жирен күн сәулесі төгілген сауырынан жа­
нып, қан жиренге айналып бара жатқандай еді. Орағыта ұйтқып

келіп тайшұбарды қапталынан соққанда Боранқұл сулығынан
ала түсті.
Біздің қазақ он бестегі ұлды отау иесі дейді. Қысы-жазы
ауаның тұнығын, судың мөлдірін жұтып, қымыз бен айран

ішіп, қазы-қарта, бағланның етін жеп, қара кеміктенбей, ат
үстінде асыр салып, ойнап-күліп ақсүйек болып өскен дала
баласы үшін бұл таңданарлық шаруа емес қой. Сол он бестен
асып, он алтыны жарымдап, қағынып келе жатқан жас пері боз­

бала Боранқұл аттың омырауымен соқтырған қызға соқтықпай
қала алмайтын шығар?!

– Бойжеткен, қарадай қақтығып тұр екенсің, алып қашып

кетсем қайтер едің? – деді биік қабақтарының астынан шүйліге
қарап.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Нәзилә ашық-жарқын қыз екен, өтірік қылымсып, бетін басқансып тартынған жоқ. Қарақат көздің мөлдіреп тұрған тұнық райымен сынай шаншылып: – Шыдайсыз ба? – деп сұрады. – Әкең көне ме? – Әне, сөйтіп қорқасыз емес пе, – деп қыз әзілдей жы­ миды. – Өзің бейім білдірсең несіне қорқайын. – Ер азамат екенің шын болса, өзің бейім екенің шын болса, қыздың бейімделмегеніне тізгін беріп қоя бересің бе? – Бұл сөзің екіұштылау екен, құрбым. – Екіұштыланбай қайтейін, – деп, қыз әзілден шынға көшетін кісі порымданып, бет әлпетіндегі назды күлкі ишара­ ларын жиып ала қойып, мұңая қалды. – Мазақ етіп тұрсыз ғой... әйтпесе – Әйтпесе ше? Мазақ емес шыным болса, менімен қашар ма едің? – Мазақ емей немене? Атастырылған қалыңдығыңыз бар тұрып... – Ол әке-шешелердің ісі болатын, – деп қиялағысы келген Боранқұлды қыз бұлтартпады. – Ол кезде өзіңіз қайда жүріп едіңіз, бозбала? – деп тағы мысқылға ауысты, – әлде, тәтті айранға тойып алып мызғып жатқан ба едіңіз? – Мен ғой, мен бар едім, бірақ, ол кезде жас болдым, жастығым... жасықтығымның салдарынан ата-ана ырқынан асып кете алмаған едім. – Көрмей айттырылған әрі бай, әрі сұлу қалыңдықты көріп көзайым болған соң жасығыңыз одан әрі жібіп кеткен бо­ лып жүрмегей? – Жоқ, ержеткен соң жасығым асылданды. – Ендеше, ата-анаңның ырқынан ендігіде асып кете алатындығыңа мені қалай сендіре аласың? – деп, қыз сізден сенге ауысып, жігітті өзімсінгендей рай білдірді. – Сен сенімді болсаң, мен өміріммен сендірер едім. – Менің білуімше өтірік айтып тұрсың.

Ғаппар БІЛӘЛ – Шын болғанда қандай?! Маған әзір өтірік айтқызар зор келе қойған жоқ қой. – Сендіре алмадың, жігітім, ал, мәреге келдік, қаш енді, қуамын! – деп, Нәзилә жынды жиреннің басын кері бұрып алды. Боранқұл Нәзиләнің үш жағы сүйірлене біткен аппақ сүйрік саусақтарын тершіген жалпақ алақанымен шап беріп ұстап, ат үстінен аудара тартып бара жатыр еді. – Ұят болады, қалың ел қарап отыр, сабыр ет, батыре­ ке, – деп тоқтатып тастады, – ал қашыңыз, мен қууға дайын­ мын... Егер бар ғой, мен қуып жетер болсам, жотаңыздан таспа сыдыратын боламын,осыны біліп қойыңыз! – Аялай көр, ақ періштем, сөзіміз таусылмай қалды. Бірақ, таяуда іздеп ауылыңа барамын. Сырласайық, оңаша шығарсың? – Оны кезінде көрерміз, бірақ, алдын-ала ескертіп қояйын, әуелі өзіңе өзің сенімді болсаң кел! Әйтпесе... – Әйтпесе ше? – Өзіңе өзің сенбесең, қарда ізіңді, қарада бойыңды көрсетпейтін бол! Ал, жөнел! Олар мәреден қайтқан жарыс үстінде төпеп тепкіленген сүлік жиренді артқа тастап кетіп қалмай, тайшұбардың тізгіні тежеліп келе жатқанынан Молдаш сезік ойласа, қатарласып алған Нәзилә Боранқұлдың сауырын тіліп таспа түсірмегенін Жәкей старшын шам етерін кәперіне алған жоқ болатын. Содан кейін-ақ Боранқұл жоқтан өзгені сылтауратып, Нәзиләнің ауылына барғыштап алды. Нәзиләнің шу деген­ нен жабыса түскендей сыңай білдіруінде де сыр бар екен. Ол тайшұбар сынды жүйрік ат мініп, ел аузына ілінген Боранқұлдың жас басынан дабырайып бара жатқан атағына да, салбурын құрып аң аулаған өнеріне де тәнті болып, талай­ дан бері сыр-сипатын, түр-тұлғасын сырттай бағып құмартып жүреді екен. Өткен жылы қыс ішінде құс салып саятта жүріп, Молдашпен бірге үйіне қонып, аттанып кеткеннен кейін Боранқұлды ұнатып, оған ғашық болып қалғандығын Нәзилә алғаш рет сезінген көрінеді. Оңаша су бойында кезіккен Нәзиләнің бар сырын айтқызып

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР алғаннан кейін, Боранқұл оны бассалып бетінен, ернінен жа­ быса кетіп сүймекші болып ұмтылған еді, қыз оны еркіне жібермеді. – Алдымен саған айтар шартым бар, – деп, кеудесінен итергендей етіп тоқтатып тастады, – алдымен сен айттырған қалыңдығыңмен араңды ажыратып, мойныңды босат. Мен сені Зипәгүлмен ортақтаспаймын, жарым-жартыңды бөліп алып оның иеленуіне бергім келмейді. Сен мені алады екенсің, тек менікі ғана боласың. Бұл қолыңнан келе ме? – Уәде болсын, қолымнан келеді. Мен Зипәгүлден қол үземін, Бір ғана сендік боламын. Бұл сертіме аспанда күн, жер­ де мынау басымызға көлеңке түсіріп тұрған ақ қайың куә бол­ сын! Жасыл төскейге біткен жалғыз тал шұғынықтың гүліндей, бәлки, бір көзге қарып басылатын қызыл шоқтай алаулап көрінетін қынама бел қызыл қатипа камзол киген Нәзилә бұл жолы сүйдіруін сүйдіргенімен, тіпті, ақыр соңында өзі де өліпөшіп ерінге ернін төсеп қадала жабысқанымен, одан арыға Боранқұлды жібермеді. Бәрінен бұрын Нәзилә қыздың оған ұнап кеткені осы қылығы еді. Нәзиләнің алдында Зипагүлмен ірге бөлісуге уәде бергенімен, содан бергі аз күннің ішінде бұл уәдесін Боранқұл орындай алмады. Орындауға мұрсасы да жетпеді. Күйі де келмеді. Алдымен би атасының ауырып жатып қалуы жо­ лын бөгеді. Онан соң Аягөз жиынының әңгімесі келіп арала­ сты. Мұндай қарсаңда құдаласқан орынмен дағуа көтеруден сөз ашудың реті де жоқ еді. Сөз ашқан күнде өз әке-шешесі де оңайлықпен Боранқұлға ырық бермейді, әке-шешесі ырық берген, ыңғайына көнген күннің өзінде, қайын жұрты көне қоятын орын емес. Оның қайын жұрты дегеніңіз қайырыла бір жұдырық сілтесе Боранқұл тұрмақ, әкесі Әнбияның мұрнын бет қылатын зордың зоры. Оған төтеп берсе – бір ғана нағашы атасы Бастаубай би ғана төтеп беруі, сол, тек сол адам ғана ақылына көндіруі мүмкін еді. Бәлкім, Бастакең жан үзген шақта бүкіл арқа тірегінен айрылғандай, жарығы қараңғыланғандай, жалған дүниеде жалғыз бейбаққа айналғандай жетімсіреп,

Ғаппар БІЛӘЛ
өзегінен өртеніп, өксігін баса алмай зар еңіреп ұзақ егілуі де
соның салдары шығар?! Тегінде тұтас Тарбағатайдың күнгей,
теріскейіне жалпағынан жайылған тоғыз таңбалы Найман

арасынан тұңғыш Меккеге барып, «қажы» атанған Шал де­
ген кісі болған. Алты алаштан бойы озып арғыннан шыққан
аға сұлтан Құнанбаймен қажы сапарына бірге аттанса да,
қолындағы куәліктің шалалығынан Меккеге бір жыл кейін

жетіп, найманның тұңғыш қажысы атанған, Құнанбай мен
Шалдан кейінгі үшінші қажы – Көкебай болыс. Ол болыстықты
жеті шатыр (Семей) қаласында үй тіктіріп, патша ұлықтарын
күту қамына бола қыруар мал сойғызып шығындалып жүріп,

сайлау бәсекесіне түскен кісілерді бұрынғы беделіне, шешен
ұтқырлығына, үлкен шенділермен үзеңгілестігіне, таныс-
білістігіне сүйеніп ұтып алып шыққан мықты, азулы кісі.
Боранқұлдың айттырған қалыңдығы осы айтулы бо­

лыс Көкебайдың қызы – Зипагүл. Көкебайдың жиырма жыл
қолынан шығармаған болыстық дәуірінде ағайын ара азуласқан
бақастықтарға бой бермеген, адам өліміне құныкер болуға
айналғанда да, сайлау кезінде өлілердің есімдігін қосып

есептетіп жібергендігі үшін көрсетіндіге ұшырап, басына қауіп
төнген шақта да алтыны мен ақшасын аямай төгіп құтылып
шыға берген дабырасын жұрт тегіс біледі. Әкім-әміршілерге,
атарман-шабарман әскерилерге ақша өткізудің тәсілін қалай

тапқанына қайран қаласыз. Кейде амандасып қол алысқан бо­
лып тұрып, әміршінің алақанына қыстырып кете берген, кейде
өзін тұтқындауға келе жатқан әскерлер мен әміршілер ауылға
жақындап қалғанда, құнан қымызға жетпеген ақ саумал дайын­

датып, оған орыс екеңдер өле кірісетін ақ арақты өз күтушілеріне
де сездірмей қосып жіберген. Ал, ыстықта кенезесі кеуіп
қаңырығы түтеп алыс жолдан болдырып келген солдаттар ат­
тан түсе сала алдыларына құйылған салқын саумалға бас қойып,

мелдігіп алғасын бырдай ұйқыға кеткен. Арақ қосқан ақ саумал
аш өзегіне түсіп, сеспей қатқан солдаттар ұйқыдан оянғанда
пагондарына қыстырылған он сомдық «инабатты қағаздарды»
көріп қуанып кетіскен. Қыстырылған жерінен суырып алып

қалталарына басқан. Бірі ілгері, бірі кейін оянған олар бірінің

олжасын бірі көрмеген. Ал солдаттарды бастап жүрген әмірші
ояна келгенде алақанында тұрған алтынға көзі түскен. Осыдан
кейін-ақ қиялап қисайғысы келген жазалаушылар қипақтай
бастаған. «Қазақ іші күншілдікке толы болады, көре алмастық

көп кезігеді. Көкебай да сондай көре алмастықтарға жолыққан
болып жүрмегей, осы жағына көңіл бөлсеңіз» деп тілек білдірген
солдаттар жағы солқылдай бастаған соң, еншісіне алтын тиген
әміршінің құйрығы неге қисаймасқа?! Қисаймақ түгілі шадыра­

яды, әлбетте.
Осы Көкебай бір реткі Семей жәрмеңкесінде бір ауыз
сөзімен сол кездің өзінде даңқы шыға бастаған ұлы ақын
Абайдың назарын аударады. Наймандар жағы жәрмеңкеге мал­

ды көп апарса керек, наймандарға малының көптігінен базар
нарқы бұзылып кеткеніне наразы болған басқа рулар: «сауда
нарқын мұрындар бұзып жіберді, малымызды күйдіріп барады,
зиян тарттық, зиян-зиян» деп шу көтереді. Сонда қапсағай бой­

лы Көкебай болыс зор, жуан даусымен жұрттың басынан асыра
айқайлап:

– Уа, ағайындар, пайда, пайда дейсіңдер, оларың жөн-ақ

делік, сонда зиян қайда барып күн көреді? – деген екен. Дабыра-
даңқын алыстан естіп, кездесудің қиятын таппай жүрген Абай
Көкебай болыстың кесек келбетін көріп, ершімді сөз алысын
естіп, өзіне де, сөзіне де дән риза болыпты.

Оңды-солды сауда жүргізіп, шығыс пен батысты жебей
сауып жұрттан аса лықсып байыған, Семейдің Ертіс көпірі
түбінен мешіт салдырып даңқын асырған Қаражан деген адам
болады. Сол Қаражанның үйінде қонып жатқан Көкебай үй

иесімен Абай жөнінде сөз таластырады. Қаражан болса, аға
сұлтан Құнанбайдың Абайға жайдақ деп, орысшыл деп, қас
пен досты айыра білмес парықсыз деп таққан мінін ауызға
алады. Ал, Көкебай болыс әкесіне мүдірмей жауап қайтарған

Абайдың сөзін сөйлеп, Абайды жақтап шығады. Аяғы керіске
соға жаздаған осы қонақасыдан кейін Көкебай іздеп шығып,
Семей кітапханасында Абайды тауып сәлемдеседі. Жасы
үлкен ағаның іздеп келгеніне разы болған Абай бүкіл нөкерімен

қоса Жидебайдағы өз ауылына қонаққа шақырып алып кетеді.

Ғаппар БІЛӘЛ
Жидебайда сый-құрметке бөленіп, жақсы күтіммен бір жұма
жатқан Көкебай ұлы ақынның бойындағы даналық қасиеттерін
сол кезде-ақ танып білсе керек, сөйлесіп отырып: «Бүкіл орта

жүзде бойы асқан қазақтың қай баласы бар? Осыған кімді атар
едің?» – деп сұрайды Абайдан.

– Уа, Көке, – деп жауап беруге кіріседі Абай, – орта жүзде

асқан деп сізді атасам, жалған сөйлеген жәлпуішке айналар­
мын, қазіргі Қаражан ғой қазақта асып тұрған. Созған қолы
дүниенің батысынан шығысына жетеді. Семейден мешіт сал­
дырды, бізде Қаражаннан асатын басқа кім бар дейсіз?!2

Абайдың мына сөзіне тосылғандай сәл іркіліп қалған
Көкебайдың жалпақ мұрты қозғалақтап, қабағының астындағы
көлеңкеден күлкі нышаны елеурейді.

– Әй, қарағым, Абай-ай, дарқан көңіліңді танып тұрмын-

ау, сен мақтаған Қаражанның үйінде көсіліп жатып жалғыз
күн қонақ болдым. Ас-суына, ықылас-ниетіне дау айтқалы
отырған жоқпын. Ал, сенің ауылыңда отызға тарта нөкеріммен
мен жатқалы бір жұма болды. Ішкен-жегеннің аз-көптігін ай­

рып тұрғаным емес, Қаражанның үйінде болғанымда әкең
Құнанбай атаған үш мініңді айтып сені жамандап еді, ал,
сен оның төбесінен құс ұшырмайсың. Абайжан-ай, адам өз
мінін біле бермейді ғой. Сол сияқты өз қасиетін де біле беруі

екіталай. Осы сапарымда бір жұмбақты шешкен секілденемін,
түптің түбінде Қаражан екеуміз дәулетімізбен бірге кетерміз
де, бұл қазаққа тұтқа болып өзің қаларсың, – деген баға береді.
Абайдың Абайлық қасиетін сол кездің өзінде-ақ тани білген

Көкебай оңай кісі ме?! Ол қайтуға рұқсат алып, Жидебайдан
аттанарында Абай өзі жақсы көретін, сүйегі шарғылау келген,
табанынан жарылған жорға ақбоз атты көлденең тартыпты.
Сонда Көкебай тұрып:

– Ақылы асқан Абай-ай, мүсінінен танып тұрмын, өзің

қастерлейтін мал көрінеді. Бірақ, алпамсадай денеммен тай­
дай көк жорғаға мініп қайтсам, Көкебай Жидебайға барғанда
қажының елінен Қоқанның көк есегіне мініп қайтыпты деген
сөзге қалам ғой. Басқа серіктеріме түгел ат мінзігіп жатырсың,

Романдағы – Мұрын, Малтүгел әулеті, Көкебай, Абай тура­
лы хикаяттар деректі материалдан алынды.

сол да жетеді, пиғылыңа ризамын, – демей ме?!
Жүйрікке де бір томар деп бекер айтылмаған ғой, көсем
атаулы сүрінбей, шешен атаулы мүдірмей салып ұрып кете бе­
рер бір сыдырғы кілең жазықтық емес қой бұл дүние. Ағасының

әзіліне жеңіліп кеткен Абай:

– Сарт та өсіп-өнген халық қой, ниетімді өзіңіз де аңғарып

тұрсыз, болмаса есек мінгізбей-ақ аттандыруға әлім бар ғой, –
деп, жылқышыларын жіберіп, есік пен төрдей қаракер атты ал­
дырып жетелеткен екен.
Кезінде Аягөз бойында отыратын елдің әйелдері «Көкеңнің

жылқысы түскенше су алып алайық» деп асығады екен дейтін
аңыз бар. Мүмкін, аңыз да емес шығар, әр жылдың көктемінде
қар еріп су тасығанда, бұршақ жауып сел жүргенде атты кісі
өткізбейтін Аягөздің суы Көкебайдың қалың жылқысы қаптап

келіп түскенде сарқылып қалмаса да, тартылуға таяп, түбі
ылайланып кететінін жасынға шығару қиын сияқты. Осынша
байлық, осынша билік иеленген, осынша жүйрік Көкебай ақ қой
сойып, ақ бата жасасқан құдалықтан Әнбияның. күйеуліктен

Боранқұлдың мойнын босата қоятын кісі ме? Босатқан күнде
Зипәгүлдің қалыңмалына алған жүз байталды қайырып бергенді
қойып, кекілінен сипатар ма? сипатпаса Боранқұлдың әкесі мен
шешесі еркіне жіберер ме?! Мал көзі ыстық болады. Бірақ, қазір

Көкебаймен арадағы разылық-наразылыққа да, алыс-беріске де
қарайтын кез емес қой.
Боранқұлдың Нәзиләмен алысқан серттен тайғысы жоқ.
Нәзиләдан айрылғысы жоқ. Сол үшін ол бұл жолда үлкендердің

алдында бет жыртыспаймын, көңілін қалдырмаймын деп айта
алмайды. Оның айттырған қалыңдығы Зипәгүл де, әкесі Көкебай
сияқты өз тұсынан асып тумаса кем тумаған, періште сыйпат­
ты әндігер сұлудың өзі. Зипа бойлы алқаракердің әдемісі. Ол

Нәзиләға ұқсап кергімейді. Ата-аналардың қалауымен айтты­
рылса да болашақ жарының түр-тұлғасын, мінез-құлқын көріп
бар ыждағатымен берілген, ғашықтықтың аламан отына күйіп
тәнті болған перизат. Сән-салтанатын салыстырса да Нәзиләдан

көш артық. Шолақ жүз ғана қойы бар Жәкей старшынның қызы
алаштан асып тұрған Көкебайдың қызымен бой таластыруға,
салтанат салыстыруға қайдан жарасын?!

Ғаппар БІЛӘЛ
Көп жағдайда махаббат сорға бітеді. Сондықтан, кісілігін
жұрт мойындаған Көкебайдың қызы Зипәгүлден әдеттегі
Тырашбай Жәкейдің қызы Нәзиләны керім-кербездігі

үшін, икемге көне бермейтін тәкаппар ұстамдылығы үшін
Боранқұл артық көріп ұнатты. Оған қарағанда Зипәгүл
әсіре жұмсақтығы, кергуді білмейтін иілгіштігі үшін кем
көрінді. Боранқұлдың білуінше – қыз бала айтқан сөзге

жеңілтектікпен көне кетпейтін тәкаппар болуы керек. Ол
осы қасиеттен айрылған күні дереу «шөпжелкеге» айналады.
Бұл ұғым Боранқұлдың бойына жас ғұлама Мақатайдың сөз
кеңестерінен дарыған.

Жайық жағасынан ұлы атасы Қажыгелдінің сүйегін алып
қайтқан ұзақ сапарда жол қысқарту үшін емес, танысып,
түсінісу қамына бола Әнбия сопы өзінің солқылдақ жайлы
күймесіне шақырып отырғызып алып, Мақатаймен шертіскен

хикаялары, ағытқан ой жүйелері кейде әке тізесін жастанып жа­
тып, кейде кірпік қақпай, аяқ-қолын қыбырлатпай тік отырып
тыңдаған әңгімелері жарғақ құлағында әліге дейін жаңғырады
да тұрады. Әр сөзі, әр үніне дейін зердесінде жатталып қалған.

Діни ғұлама Әнбияның ғылыми ғұламамен алғашқы әңгімесі
аспан денелері туралы түсініктен басталып еді, күйменің екі
қабырғасында қарама-қарсы отырған оқымыстылардың сөз
алысы Боранқұлдың назарын бірден аударып әкетті.

– Жердің шар формалы домалақ екендігін естіген болар­

сыз, – деп бастады Мақаң алғашқы әңгімесін, мұңлы, ойлы
көздерін алысқа жіберіп, қияқ мұртының жебелі шалғысын
екі саусағының ұшымен ширата отырып, – жер күнді айна­
лып жүрген 300 мың жұлдыздың тек біреуі ғана, жер секун­

дына отыз шақырым жылдамдықпен самғап, күнді жылына бір
мәрте айналып шығады. Күннің жерден қашықтығы 150 мил­
лион шақырым. Бұл қашықтықты пойызбен 300 жылда зорға
басуға болады. Ал, сәуле осы аралықты сегіз минутта ғана

басып өтеді. Демек, сәуле секундына 300 мың шақырым жол
басады. Жаңағы күнді айналып ұшатын 300 мың жұлдыздың
бір шетінен ұшып шыққан сәуле екінші іргесіне жүз жылда
зорға жетеді. Бұл күн отбасы деп аталады. Бұл отбасы ауылдың

орталығын айналып секундына 200 шақырым жылдамдықпен
самғайды. Бұл ауылды ғылым тілінде «галактика» деп атай­
ды. Біздің галактикамыздың орталығы құсжолы жүйесінің бір
жерінде екен. Ал, бұл ауыл аймақтың, яғни метагалактиканың

орталығын айнала самғап отырады. Міне осыған қарағанда,
аспан дегеніміз – шет-шегі жоқ ұлы бостық болып шығады.
Бұл бостықпен, әлем кеңістігінің шексіздігімен салыстырғанда
біздің алып жер шарымыз тарының қауызындай ғана...

Cөз осы араға келгенде Әнбия сопы өз тұжырымын баста­
ды. Оның сөзінен дүние халықтары ішінде Алланың бірлігіне,
пайғамбардың хақтығына сенбейтін құдайсыз делінетіндер
бар екенін Боранқұл бірінші рет естіді. Әнбия сопы сол

құдайсыздарға дау айтады.

– Әлемнің кеңдігімен, шексіздігімен салыстырғанда жер

шарының көлемі тарының қауызындай ғана болса, сол ғаламат
шексіздіктің арасындағы тарының қауызындай ғана жердің
бетіндегі адамның үлкендігі қанша? Оның миы, оның ақыл-
парасаты қанша? Әлгі шексіздікпен өлшестіргенде сірке ғұрлым

көрінбейтін адам тарының қауызында тұрып, қанша ақылды,
қанша данышпан деген күннің өзінде қанша алысқа көз жеткізе
алды? Осынша ұлы бостықты жаратып, соншама қалың аспан
денелерін біріне бірін қақтығып, соқтығып қалмайтындай етіп

зыр айналдырып, шыр айналдырып тұрған бір құдіреттің жоқ
екендігін қалай анықтап шықты, – деп тебіренді.
Сопы адамның ұлағатты сұрағына кемелді жауап беру ке­
рек еді, Мақаң да іркілген жоқ.

– Құдайсыздардың данышпандығына мен де сене бермеймін.

Менің білуімше Құдайсыздар қисынға қарайды. Логикалық бай­
ланыс дегенге сүйенеді. Оларды қисындырғыштар деп атауға
да болатын сияқты. Дін атаулының адамзатқа сіңірген еңбегі
ұлан-асыр, адамды ынсапсыздықтан, арсыздықтан, қаскүнем

қанішерліктен, тағы сондай әр түрдегі азғындықтан бастан-
ақыр тиып, тидам салып келген ұлы күш-діннің күші. Дінге
сенбеген, Құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмағандардың
қолынан әрқандай жамандық пен зұлымдық келеді. Дін болма­

са адамзат азғындап, жыртқышқа айналып, бірін-бірі талап жеп
құрып кетуі де ғажап емес-ті.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Көріп отырмын, бауырым, көзіңнің ашықтығына,

көпті білетіндігіңе разымын. Бірақ, құдайшылдар мен
құдайсыздардың ортасында қалып, былғақтағаныңды ұнатып
та отырғаным жоқ. Тегінде біз мұсылман халқы бір Алланы
ұмытпағанымыз жөн секілді, – деді Әнбия.

Мақаңда көпке дейін үн жоқ. Дау тоқтаған сияқты. Екі
ғұлама да бірін-бірі түсініп отыр. Бірін-бірі қимастық бар.

– Мен өз басым, – деп Мақатай Әнбияның жүзіне жылы

назарын тастады, – өз басым құдайсызға айналып, материалист
болғаннан саумын. Осыншама шетсіз-шексіз әлемді, сансыз
жұлдыздарды біріне-бірін соғылыстырмай, біріне жарық, біріне
соған сәйкес келетін тіршілік беріп, отырған бір жаратушы жоқ

деген сөзге сенбеймін. Бірақ, мені ойландырып толғандыра
беретін бір шаруа бар, дүниеде қыруар діндер бар. Солардың
барлығы бір Жаратушымыздың барлығына сендіреді, сену­
ге шақырады. Алайда, олардың әрқайсысы Жаратушының

сипатын әр түрлі етіп түсіндіреді, әр түрлі етіп дәлелдейді.
Шынымды айтсам – осының неліктен екендігіне көзім жет­
пей дал боламын. Бұлар неге бірыңғай емес, бірін-бірі неге
теріске шығарады. Бірін-бірі неге жаратпайды деген мәселе

алдымнан көлденеңдей береді. Мен мұсылманшылық жолына
мін тағудан аулақпын. Ол адамды ізгілікке, бауырмалдыққа,
қайырымдылыққа, жалпы адамгершілікке баулиды. Сондықтан,
біздің мұсылман халқы – аса моральды, ибалы халық. Қазақ

халқы да солай. Қазіргі жағдайымызда менің жоғарыдағы
сұрақтарыма толық иландырғыдай жауапты сіз де тауып айта
алмайсыз. Сондықтан, бірлесіп ойлассақ болатын сияқты.
Екі мықты осыдан кейін табысып кеткендей еді. Боранқұл

өз әкесінің де аса білімді аңғарлы адам екендігін енді ғана танып
отырғандай күй кешті. Аса білімді адамдардың ішкі түсінігін
ақтарып сыртқа шығару үшін де оған теңдесіп сөйлесе алатын
терең білімді адам керек екен ғой.

Ұлы дала, қазақ даласы, ақ буалдыр сағыммен жарысып
ойнап, асыр салған ақ бауыр киіктердің, түз тағыларының
мекені. Оның аспанында асыл текті құстар сүзіліп ұзақ ұшады.
Жер бауырлап қарға, құзғындар сабаланады. Оның жонын

кесіп түскен керуен жолдарымен батыстан шығысқа, шығыстан
батысқа сабылған сауда көліктерінің тұяқтары дүбірлейді.
Доңғалақтары тасырлайды. Сол жолдармен бірде өрге шығып,
бірде еңіске құлдилап, Әнбия мен Мақаңның кіре күймелері

қоңыраулатады. Әңгіме шеруі де ұзара түседі.
Сырласудың келесі кезеңі қазақтың айтыс өлеңдері
тақырыбына ауысып кеткен еді, сол шақта қос білімпаздың
сөздеріне мәуедей салбырап ұйып отырған Боранқұлдың көз

алдына Мақатай ағасының білімге дарқан алып тұлғасы тағы
бір қырынан тартылды.

– Біздің қазақ ақын халық. Олардың ақын болмауға хақы

жоқ. Өйткені, қазақ тілінің өзі – ақындар тілі. Аса көркем тіл.
Бізде әзілдескен құрбылар қалжың үшін өтірік бір нәрсеге серт
берерінде «желкемнің шұқырын көрмей кетейін» дейді. Әзіл
үшін қандай жарасымды серт?! Қазақта адам жанын шыбынға

теңейді. Сондықтан, бір ауырған адамның әл үстінде жатқанын
басқаларға ескертіп қоюына тура келгенде – бойында жаны бар
демейді, бойында шыбыны ғана жатыр дейді, бұл әлгі хабар­
лы сөйлемді әрлендіріп, түрлендіріп өлеңдік бояумен айтудың

тәсілі. Өлең дегеніміз – жай ұйқас емес, сөздің сиқырлы сым­
баты, көз сүріндіретін, жан сүйіндіретін көркі, өлең - ділгір
сезімнің өтіл-өтініші, жан сұлулығының кескін-келбеті, қарақат
көздің иірімінде дірілдеп жаудыраған қара шұғыласы, кейісті

шақтың наласы, қасіреттің зар үні, азалы жоқтауы, зықысы
шыққан әкенің ашу үстінде иіні қатты тентек ұлды жөнге сала
алмай екі аяғын бір етікке тыққан зілді тежемі, босағасын
қызартып, көсегесін көгерткен, ұрпағын ұрпаққа жалғастырар

жас келін босағадан аттарда берген ықыласы, киелі батасы.
Өлең дегеніміз – ат жалын тартып мінуге жараған азамат
ұлын баса көктеп, басып жаншып кетуге ұмтылған жауға қарсы
қанды жорыққа аттандырарда Аллаға жалбарынған әкенің ақ

тілегі, сол ұлдың аман келуін Құдайдан тілеп, мойнына бұршақ
салып жалбарынған ананың күбірлеп оқыған, күңіреніп оқыған
дұғасы, екі көзі төрт болып күткен жардың сағынышы, өлең
дегеніміз – жүрегінде түгі бар, қолында найза-садағы, белінде

қалқан-қорамсағы бар қарауылға шыққан қас батырдың екі

Ғаппар БІЛӘЛ қарап, бір шоқыған сақтығы, ел-жұртына сауап тілеп, Құдай жолын тұтынған тақуа діндардың мазлұм пиғылы. Өлең дегеніміз – өмірден «шөміш қақты» көріп өскен егей баланың, езгі көрген елдің өксік, қамырығы, есерлікке бой ұрған ессіз ұлдың қарадай қасқыр соққан алкеуде әулекілігі, сол шақта ырқына көнбей бетімен кеткен балаға ақыл-тілін алғыза алмай бетімен жер басқан әкенің іштен шыққан шұбар жыланды қарғыстауға қимай, қасірет шегуі. Өлең-жырдың табиғи осы қасиеттерін тани алмай кейбір айтыскерлеріміз қазақ өлең-жырларының абыройын түсіріп, инабатына дақ салып жүр. Мінгенім дәйім менің қара құнан, Үркеді қара құнан қабағынан. Көңілің шыныменен менде болса Аулыңның кезігейік аяғынан, – деп жігіттер айтатын жаттанды шумақ бар. Әйелдерге ер­ лер сөз салатын ел салтына жүгінсек, жігіттің осылай айтуға қақысы бар да шығар. Егер осы өлеңге бір сарынды жауап беріп құтылғысы келген әйел: Мінгенім дәйім менің құла құнан, Үркеді құла құнан құлағынан. Көңілің менде болса, қос әріптес Іргеңнің кедесейік бұлағынан, немесе қыраңынан– деп қисындырар еді. Онда бұл жауап айтыскер әйелдің еркекке алдымен ұрынғысы келіп тұрған дарақылығына айналар еді. Қазақтар жақсы әйел затын «ару» деп атасады. «Ару» ішкі-сыртқы сымбаттылыққа, кірсіз, нұқсансыз тазалыққа қаратылады. Егер бұл қасиеттен айрылса әйел арулық толымдылығынан да мақұрым болады, жолбике «шөпжелкеге» айналады. Өзіңізге мәлім, біздің қазақ жігіттері өз ғашықтарының маңдайына күн орнатқысы келеді, ұшпаққа шығаруға

құлшынады. Бірақ, мамық төсектерде емес, көбіне шымдауыт­
ты төскей қойнауларда қарсы алады. Мүбәдә, «шөпжелке» ата­
уы да осындайдан таралса керек. Жалпы түркі халықтарының
ескі ғашықтық жырларына қарап көріңіз, ондағы ғашықтар

темірден етік киіп, темірден таяқ ұстап, жер-жаһанды шарлап
бірін-бірі іздейді. Нелер өткелектен өтіп, нелер қиыншылықты,
нелер қауіп-қатерді бастан кешіріп жүріп, темір таяқтан тебен­
дей, темір етіктен теңгедей қалғанда әзер табысады. Махаббат

азаматқа да, әйел затқа да осындай қиыншылығымен қымбат.
Ал, арзанқол заттың беріктігі де, көріктілігі де кем болады.
Ел ішіне көп таралып жүретін бір шумақ өлеңнің екі жо­
лына ғана тоқталып өтейік, онда «Ертістің ар жағынан көрдім

сені, сырғаңды қайық қылып өткіз мені» делінеді. Қандай та­
маша беріліс, адамды қайран қалдырарлық қандай сұлулық
жатыр осы сөйлемдерде?! Екі ғашықты өткел бермес өзеннің
екі жағасына бөліп, Ертістің екі босағасына ажыратып тастаған

тағдыр үкіміне назар аудармай-ақ қоялық, жігіт бер жақта, қыз
арғы жағада, орталарында аждаһадай сусылдап шиыршық атып
жатқан арыстан жалды бұйра толқын көкке шапшиды. Кешіп
өтер дәрмен жоқ, кесіп өтер қайық жоқ. Ал сағынысқан асық

ғашықтар кездесуге, аймаласуға асығады. Енді не істеу ке­
рек? Ғашық жігіт арғы жағаға дауысын жібереді жел қанатына
отырғызып.Өзі өте алмаған соң енді қайтсін?! Ең болмаса
даусын-үнін өткізгеннің өзі қаншалық?! Асыққан көңілге сол

да медет. Ол айғайлап тұрып «Сырғаңды қайық қылып өткіз
мені» деп өтінеді ғой. Сүйген жардың жан шырылының, ынтық
лебізінің киесімен алтын сырға Ертіс толқынын қақ жарып
жүзіп кетті делік. Сонда атпал азамат осы сырғамен өзі мініп

өтпек болар? Жоқ, оның өткізгелі, қызға жеткізгелі тұрғаны

– жан сезімі, іңкәр ниеті ғой. Сол сәтінде бұл ниет, бұл сезім

жалғыз тал жаңқа, бір тал тарының қауызы тырнағына іліксе
соны сал етіп өтпек қой. Жүзіктің көзінен өтетін ептілігі, ерлігі
бар жұпар кіндікті жігіттің қолына сондай бір сылтау боларлық
қауыз ілінсе Ертістің жойқын толқындары бөгет болудан қалып

қояр еді. Қандай сиқырлы ынтызарлық десеңізші?! Мұндай
үлгілер дүниенің басқа халықтарында да бар көрінеді. Кәдімгі

Ғаппар БІЛӘЛ
заман үнді ақыны Кәлидаса деген кісінің бір өлеңінде ғашығына
айтар сәлемін ақша бұлттан жолдаған екен. Сол себепті сол
өлең «ақша бұлт» атаныпты. Ару деп Ертістің арғы жағасына

өз жарын сырғасымен өткізіп алғалы тұрған осы қыздар айты­
лар болар?!
Сол ұзақ әңгімелерді естігенде ғой, Боранқұлдың
шалқып жатқан көк теңізді ишаралағаны, құзарына қыран,

қойнауына тұман қонақтаған асқар шыңды шырамытқаны.
Сонда ғой келбетті келген ақсары жүзінен нұр тамған Мақатай
ағасының қоңырқай көздерін сығырайта жымиып, күніне бес
уақыт дәрет алып, намаз оқитын әкесі Әнбияның қолынан да

жұмсақ балбыраған алақанымен қасында құлағы қалқайып,
көзі бақырайып бар ынтасымен күні бойы әңгіме тыңдаудан
жалықпайтын жігітше Боранқұлдың тікенек шашын тіп-тік бо­
лып өскен тарақ төбесінен сипап:

– Сөзге құмар көрінесің, ұғымтал болғандай ныспың бар,

жоғарылап оқысаң болады, – деп насихат бергені.
Ал, қазір Боранқұл Мақатай ағасы суреттеп берген ару­
лар өлшеміне салса Нәзилә Зипәгүлден көш ілгері жүрген
сияқтанады. Ерке назды бұланай қыз Зипәгүлді тәкаппар

сұлу Нәзиләнің салауаты басып кете береді. Бір үлкен ақ піл
мойнындағы алтын шынжырын үзіп, Бирма деген елдің хан
ордасынан қашып шыққанын тағы да Мақаң аузынан естігені
бар. Сол піл секілді Көкебай болыстың құдалық атты алтын

шынжырын үзіп, «қалыңдық» атты қасиетті ордадан қашып
құтылғысы келеді Боранқұлдың.
Өзі қоныс аударуға бекіп алған Әнбияның жұмсауымен
Боранқұл кеше ғана әужай түйіп қайту үшін қайын жұртына

барып қайтқан. Сол сапарында қайын атасының Нұрсәлім бета­
лысына теріс қарайтынын, ата мекенінен айрылу ниеті жоғын
өз құлағымен естіп, өз көзімен көріп келген.
Нәзиләнің әкесі Жәкей жақтан ала бөтен сұмдық бір сы­

быс та естілген. Нұрсәлім бастаған Тарбағатай елінің көбі
бұзылып шетелге ауа көшіп, жас жігіттері жиналып қолына
қару алып, қол құрап, патша жарлығына қарсы көтеріліске дай­
ындалып жатқанын білдіріп, сездіріп қайту үшін Жәкей стар­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР шын астыртын Сергиопольға кетіпті деген өсек бар, бұл өсек түбі шикі болмай шынға айналса Жәкей старшын Боранқұлмен найзаласқан жау болып шығады. Онда оғыз елінің сорына бола сары шопанның пері қызынан тудырған Жалғызкөзді пәлесі – орыс империясының соңғы патшасына некесіз тиген еркектер­ ден туған болып табылады. Бүгін Бастаубай зиратының басына жиналған Жолымбет әулетінің тамам ауылы ұлы аруақтар алдында серт байласып, ауылдарына жетісімен даярлық көріп, ертеңгі кештен бастап жабал көшуге уәделескен. Солардың ішінде Әнбия да бар. Мал-жан, бала-шағасы аман кезінде қарманып, Тарбағатайдан аса көшіп кетпек. Мұндай аласапыранды шақта Әнбияның Боранқұлға қалындық таңдап айтысып, тартысып жүрер мұрсасы қайдан болсын?! Нағашы атасын жерлеп қайтқан асығыс жол үстінде Боранқұлдың ақыл сұрап Молдашты оңаша шақыратын себебі осы еді. – Әке-шешем қолдамаса да ұрынып көрейін деп тұрмын. Молдаш аға, қуаттайсыз ба? – деп келген жиені Боранқұлдың үстіңгі ерніндегі қарайып белгі бере бастаған балапан түгіне, етектілеу біткен жал тұмсығына, жарлауыт қабағына қарап Молдаш ойланып қалды. Астындағы мейіздей қатқан қара жал күреңнің тізгінін тежеңкіреп: – Ойланайын, мына қарбаласта ұрынып көргеніңе уақыт табылар ма екен? Ауылға бара көрелік, – деп екіұшты жауап қайырды. Ертеңінде Молдаштың кеш батқанға дейінгі аралықта сөзсіз қайтып келуге бұйырған рұқсатын алып, жылқышы Биғали деген пысық жігітті жанына ертіп Боранқұл аттанып кетті. – Биғали жасы үлкендігіне қарамай Боранқұлмен еп­ теп қалжыңдасып жүретін, бұл ауылға келіп сіңерден бұрын «тоқымы кеппеген ұры» болыпты. Алыс жерлерден ұрлап әкелген күрең атты күрең қасқа, қара атты қара, төбел торы атты ақбақай торыға өзгертіп жіберу оған оп-оңай іс екен. Құрым кигізді ыстық суға шылап жіберіп, аттың маңдайына немесе аяғына таңып тастаса, кемді күн өткеннен кейін жидіп

Ғаппар БІЛӘЛ түскен жүннің орнына ақ жүн шығып, жылқының бөгернайы өзгеріп кете беретін көрінеді. Биғалиға ауыл төңірегіндегі біреудің ешкі-серкелерін сіңіріп әкету де қиын жұмыс бол­ мапты. Ұрланған ешкіні алып ұрып, мүйізін ыстық қоламтаға тығып жіберіп, балқытып алған соң арбақ мүйізден қоспақ мүйізді, қоспақ мүйіздіні оп-оңай өндіріп шығады екен. Пайдакөстікке жүріп тұрған сол жігітті қасына ертіп алған Боранқұл Қарабұлақтан көшіп шыққан соң Қарасудың аяғына қонған Жәкейдің ауылына таяғанда Сәбихан деген құрдасы жылмың етіп кездесе кетті. Нәзиләмен жолығуға келіп-кетіп жүргенде таныс болған жайдарман жігіт жадырай қалды: – Оһо, күйеу жігіт, аман-есен бармысың? Ат ізің сиреп кетті ғой, түге, Бастакең атаңның қасынан ұзап шыға алмаған шығарсың? Мұндағы ғашығың екі көзі төрт болып күтіп отыр. Бірақ, бүгін біздің ауылға жоламағаның жөн болар ма екен?! – Неге? – Бүгін болмайды, старшын тақсырымыз қамалдан ертіп шыққан қалың әскермен ошарылып ауылда жатыр. Ішкендері арақ, жегендері ет, өздері қызу, бөртігіп алған соң қаша көшкендерді, көшетіндерді, қол жинап қарулы бүлік сайлағандарды қырамыз да жоямыз деп бөрлігуде. Сендердің ауылдарың жөнінен құлақтарына жеткені тым жақсатты ха­ барлар емес сияқты. Болашақтың болыстығынан дәмеленіп, басқаның барлығын сатып жіберуге дайын отырған қайнатаң мошқап жіберсе, төбелеріңді көрген жерден тарпа бассалып жүрмес пе екен?! Сенімді құрбының шын дерегін естіп Боранқұл қаймығып қалды. Қауіпті ауылға шет жағалап жақындауға бола ма? Барған жерінде жер тарпып отырған әскерлердің қолына түссе көшкелі жатқан ауылдың азаматын оңдырмайды. Бармаса Нәзиләмен тілсіз айрылысады. Бір айрылып кеткен соң басқа елдің жерінен қайта оралып соғуға жағдай жар берер ме? Ойла­ на келіп, тіл-жағын айырмай Нәзиләны тастап кетуге қимаған ол, астырттағы өзен бойына Нәзиләны шақырып шығуға Сәбихан құрбысын әзер иландырды. Жәкей аулының астырт жағы қалың тал-шілік аралас өскен

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қопалы өзек болатын. Жансерігі Биғалимен бірге атпен келіп, шілік арасы алаңқыда тоқтаған Боранқұл көп күтті. Сәбихан сездіріп алып жүрмесе игі еді деп шиыршық атқан ол қалың қоғаның арасынан өтетін сүрлеу жолмен келе жатқан аяқ тықырын, шолпы сылдырын естігенде астындағы тайшұбардың қапталын өкшесімен нұқып қалып, ұмтыла берген еді. Биғали шылбырынан ала түсті. – Шықпа кернеуге! Қара көзінің ұясына үрей ұя салып, ақсұрланып кеткен ақша жүзі тітіркене албыраған Нәзилә тақай бергенде Боранқұл аттан секіріп түсті. Аман-сәлем жасауға да асығып: – Ауылым көшкелі жатыр, Көкебай ауылы көшпейтінін біліп келіп отырмын, енді олармен әкемнің құдалығы уәссәләм. Зипәгүл осы себептен екеу арамызға сына болып қыстырылудан қалды деген сөз. Жүрсең алып кеткелі келдім, қалайсың? – деп тікесінен кетті. – Япырым-ау, мұның қалай, Боранқұл? Мен қанжығаңа байлап бөктере жөнелетін қоянның көжегі емеспін ғой, сенімен бірге тұра қашып ендігінің Еңлік-Кебегі бола қоймаспыз, ең болмағанда үлкендердің алдынан өтіп, бір ауыз лебізін естіп арылуымыз керек болар? Өйтпегенде ата-ананың қарғысына қалатынымызды ескермеген сықылдысың, жас жанымыз бен бос мойнымызға қарғыс арқалау дұрыс болмас. – Жоқ, Нәзилә, оған болмайды... – Оған болады, Боранқұл... – Менің баламды азғырып жүр екенсің ғой, қу сайтан, ұстаңдар әзәзілді! Желке жағында төніп тұрған мылтықтың аузын, селеу мұрты кірпінің түгіндей адырайып, ашуға булыққан Жәкейдің жүзін Боранқұл бұрыла беріп бірақ көрді. Ат әкелуге кеткен Сәбихан ат әкелмей, асығыс қайтып келе сала Нәзиләны ымдап шақырып шыға жөнелгенінен-ақ секем алған старшын көксауыр кебіспен жазық жерде тайғанақтап, су бойына жөнеле берген қызының соңынан қол бастап жетерін кім ойлаған?! Қолды болған екі жігітті бұлқынып қарсылық көрсеткеніне

Ғаппар БІЛӘЛ қаратпай жабылып кеткен көп солдат тырыстырып байлап тастағанда Нәзилә шыдап тұра алмады. – Байламаңдар, босат Боранқұлды! Сендерге қылған жазығы жоқ, – деп шырылдап келіп араға түсті. Тапалтақ бойлы, жуан тұғыр сары солдаттың білегіне жар­ масып, оның не айтып тұрғанын ұқпаса да, өздері қонақ бо­ лып отырған үй иесі Жәкейдің бетіне қарап «қызыңа не дейсің» дегендей жалтақтап, босаңси бастағанын аңғарған еді. Бірақ, орыс солдаттарынан Нәзиләға Жәкей қатқыл тиісті: – Жазығы жоқ екенін біледі екенсің ғой, олар мұнда не іздеп жүр? Рас жауап бермесе әкесін сендіре алмайтынын, сендіре алмаса Боранқұлдың қауіпке ұшырарын сезген Нәзилә өз сүйіспеншілігін ата-анасына өз аузымен айтуды әбес көретін қазақ қыздарының әдетін бұзып, батыл кетті. – Олар мені іздеп келген. – Сенде несі бар? Ойланып қалған Нәзиләнің өңіндегі шыңылтырланған қаталдық жұмсара бастады. – Сұрамайтын істі сұрап тұрсыз, әке, оларды босатыңыз! Ауыл аралап жүрген бейуаз жігіттерді тергеуге алдырсаңыз ұят болады. – Уа, сұмырай, ұзын етекті ақ сайтан, қанша ұятты ісің бар олармен? Әке-шешенің абыройын төккен сен сайтанды ма, бәлем!.. – Олай деуге аузыңыз қалай барады, әке? Аяңыз мені! – Неменең еді деп аяйды екем мен оларды? – Әке, әке, қатал кетпеңіз. Олар менің досым. Өтінемін сізден. – Өтініш жүрмейді бұл араға, байлаңдар екеуін де! Ауа көшкелі отырған қашқын ауылдың адамдарына аяушылық жоқ. Тырыстырып байлап тастаңдар! – Әке, әке, мен... мен сізге айтайыншы, Боранқұл... болашақ күйеу балаңыз болады. – Көкебай мен менің қызымды кезек айналдырып ал­ дап жүр екен ғой, бұл сұм, байла, байлап таста!

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Нәзиләнің жылағанына қаратпай қол-аяғы байланып, қоңсы отырған қойшы үйінің босағасына таңып тасталған қос жігітке атар таң, шығар күн бар ма, жоқ па? Таң асса Сергиопольға ай­ далады. Одан әрі қамақ, көзір, кісен. Одан арғысын бір Жара­ тушы өзі біледі. Қинау, тергеу басталар, атып өлтірілер, дарға асылар, бастарын шауып тастар, бәлкім. Уа, дариға, бостандық, жарық дүниеде саған не жетсін, жер бетінің бас еркіндіктен айрылған барлық қорланушылары саған ұмтылады. Олардың саған ұмтылуы да күнә есептеледі, сақталып жүруі де күнә. Бақытқа жарай Боранқұл мен Биғалидың тұтқындығы ұзаққа созылмады. Мал өрістен қайтқан кешкі апақ-сапақта басқаша киініп келген Нәзилә жеңіне жасырған пышақпен қолаяқ байланған жіптерді қиып түсірді де: – Ал, жөнеліңдер, достарым, менің араға түскенім үшін әкем де ойланып қалған сияқты, соңдарыңнан қудыра қоймас. Жолдарың болсын, – деді дірілдей күбірлеп. – Алып кетейін, Нәзилә, бетің ашылып қалды ғой, саған да жеңіл болмас. – Болмайды, Боранқұл, кешір мені, әке-шешемнің ал­ дынан бір өтпей болмайды ғой, әй-шәй жоқ тұра қашқаным ұят қой. – Алып кетуіме қосылмадың. Нәзилә қайтейін, қимай тұрмын, амал жоқ, қош аман бол! Жаным тірі болса қайта айна­ лып соғамын, тосарсың! – Жаным тірі болса тосамын, қош! – Уәделестік ендеше,- бір сәтке ғана екі жүрек дүбір қосып, екі құшақ айқасып барып жазылды, екі ерін жабы­ сып барып айрылды. Қатерлі ауылдан ымырт қараңғылығын жамылған қос жігіт сусып жөнеле бергенде Нәзилә сыңсып жылап жіберді. Олар сол кеткеннен мол кетті. Көші-ғон қарсаңында атсыз-аяқсыз жоғалып кетіп алаңдатқаны үшін Әнбияның айғайы, Ықиланың реніші ұзаққа созылған жоқ. Аруақ алдындағы уағдаластық бойынша жол үсті қосылған көп ауыл Жолымбеттердің көшін жетіқараңғы түн ішінде Тарбағатайдың

Ғаппар БІЛӘЛ
теріскей бетін бөктерлеп кететін кенере жолға түсіріп, аттары
жүйрік, білегі мықты ребдел жігіттерден жиырма шақтысын
іріктеп алып қалған Молдаш Жәкей ауылында жатқан топты

солдаттың алдын тосқауылдап, кейіндеп қала берді. Оларға
жүктелген міндет - қарулы солдаттар көш соңынан ізге түсіп
қуғынға шығар күн туса, қырып сала алмаған күнде де ара-тұра
мергеншілеп атып кеміктеп, алыстан көрініс беріп шырғалап,

жаудың бетін көш соңынан басқа жаққа бұрып әкету еді.
Молдаштың осы топқа Боранқұлды қосып аламын деген тала­
бын Әнбия тойтара алмады. Әкесі Қажыгелді дарға асылғаннан
бері «тек жүрсең, тоқ жүресің»деп біліп, ұрыс-төбелес, әрекет-

жанжалдан ауаша жүруге бекіген өз жолын бұзып:

– Уә қатилуәфи сәбилелләһи уәғыләму әннә Аллаһи

сәбиғұн ғалим, Алла жолында соғысыңдар! Біліп қойыңдар,
Алла барлығын естіп, біліп тұрушы. Барсын! Аллаһу
ғапурүррахим, – деді...
Бұл нәубет көш бастап кеткен қожа ақсақалдың

ақыл-айласына Молдаш сенеді. Жас кезінде жортуылға,
жаугершілікке көп жүрген, төселімді сойылгерлігімен даңқы
шыққан, жер сырына, жол сырына қанық, табанды да айлалы,
Бастаубай биге қолқанат болған, «ата жолдас, қу кәрінің» бірі

еді. Осы рет көшетін Жолымбет ауылдарының бар қимылын
алдан ойлап, бар шаруаны орналастырып жүрген де, таяу­
дан бері алыс-жақынға шапқыншы жіберіп, Тарбағатайдың
теріскей беті патша қолынан таза екенін анықтап шыққан да

сол кісі еді. Көшуге бейімделгендердің жүрісі мандымайтын
адымы қысқа барша ұсақ малын шекаралық асуға жақындата
беру үшін күзге қарай отарлатып жүрген бейнеде жасандырып,
алдын-ала жөнелтіп жіберген де сол адам. Сондықтан арттан

келіп соқтығу мүмкіндігі бар қарулы топ – Жәкей ауылындағы
әскерлерді шырғаға түсіре алса, басқа жақтан қапы соқтырар
қауіптің жоқтығын ескерген Молдаш екі жігітті ат бағуға,
екі жігітті қарауылға шығарып қалғандарын жатып ұйқтап,

тынығуға бұйырды.
Ол Жәкей ауылындағы солдаттардың араққа араласуы
көп ауылдың бүгін түнқата көшетіндігінен хабарсыз екендігін

білдіреді деп мөлшерлеген еді. Ал, араққа масайған әскерлердің
ертеңгі түске таямай аттана қоюы екіталай.
Бірақ, сол күні кеште Боранқұл тынши алмады. Бұл
күндері жасы қырыққа таяп, қияқ мұрт қойған Молдаштың

бет әлпетіндегі сұрланып алған өзгеріс еді оны алаңдатқан
алғашқы құбылыс. Көшкен ауылдың жұртында қалдырып
кете беруге қимай, биәләйлі қолына қондырып алып шыққан
жырықшегірдің аяқбауын сыпырып ала бастағанда бұзылған

Молдаштың өңі, қыранның томағасын алып, серпе лақтырып
жіберетін тұста тіпті көгеріп кетті.

– Қош бол, менің қыраным, қош бол менің сауық-сайранды

салтанатым... Қош, қош бол менің қолыма қонған бақ-дәулетім,
қош бол менің қуаныш-шаттығым! Мен ауып көшіп барамын,
мен босқынмын, атамекен, туған жердің аспанында төбесінен
айналып, сен... сен ғана ұшып жүре тұр!!!

Екі көзінің жас тамшылары моншақ-моншақ болып
жағасына төгілген Молдаш қолындағы құстың жарқыл атқан
жанарына тура қарай алмады. Ер қыранның жанына серік бола
алмаған айыбын мойындаған күнәкәрдай жасып, именіп тұрып

қолын сермеп қалды. Ту баста сақпанның тасындай зымырап
барып, шапшып тік көтерілген қыранның иесін шақырғандай
шаңқылдап, төбеде дөңгелек айналып ұшқанына да қарамай,
мықынын таянып, бүгіліп отыра кетті. Қыраны төмендеп, сал­

бырап келіп шоқы тастың үстіне қонғанда да ол жаққа қарағысы
келмеді. Қарауға батылы бармады.
Сондай бір ет жүрегі езілген аянышты хал Боранқұлдың
басынан да айықпай қойды. Шөптесінді теріскейде жұқа

елтірі тымағын жастанып, қызыл бесатарды бауырына басып
жатқанда да ұйықтай алмады. Әлпештеп баққан аяулы иесін
қимай айнала ұшып келіп, пыштақтап тас шоқыға қонып
алған қыран құс көз алдынан кетпей әуреледі. Жамбасына тас

батқандай дөңбекшіді-ау келіп. Қойны-қонышын аралап күз
желінің суық тұмсығы тіміскиді. Шашырап жайылған ақ сағал
бұлттың сыртқы бетінде пәрменді қолмен лақтырып жіберілген
жартыкеш айдың сынық табағы сырғанайды. Жетіқарақшының

қасқа
маңдайында
солтүстік
бағыттан

тапжылмайтын

Ғаппар БІЛӘЛ
темірқазықтың жасқа шыланған күміс кірпігі жыпықтайды.
Бағана қойшы босағасынан босатып шығарып саларда
Нәзиләнің жасты кезінде де сол жыпылық бар еді-ау. Жо...

жо...жоқ, ол жыпылықтау емес, жалындаған алау, жарқыраған
от болатын. Мүбәдә, оның көзінде алаулаған сол жалын, сол
шұғыла қараңғы түнде адастырып әкетуге шырғалап жүрген
жалған от болып жүрмегей?!

Жо...жо...жоқ, ғашықтар жүрегінде жанған оттың жалғаны
болмайды. Қайран нұр, қайран жарық жұлдыз, солтүстік
бағытқа ымдап шақырып тұрған қайран темірқазық, сен шетел
аспанында да бар ма екенсің? Боранқұл қазір алысқа, жат ел,

жат өлкеге кетіп барады ғой, сен сол арадан көрініс беріп тұра
алармысың? Тұра алмасаң қайрыла бір оралып соққанша өшіп-
сөніп жоғалармысың? Төңірегіңді торыған топты қарақшының
біріне қолды болып, қанжығасында кетермісің?

Кенет көшкен жұртта адасып қалып, жапан түзде, ессіз
түнде қаңғырған иттің ұлып қоя берген соқталы зор дау­
сы Боранқұлдың жанын түршіктіріп жіберді. Аза бойды қаза
қылатын зарлы жоқтау сарыны аңырайды. Ит тым алыста емес,

жақын маңда жүрген сияқты. «Итаяғыңды жалатып, ырысты
босағаңда үргізген есіл ауылым-ауууу, зым-зыя аууууып қайда
жоғалдеееең, жеті қараңғы түнде жер жұтып кетті ме сені, ауу­
уу, қайдасееең», – деп зар еңірегендей. Зор дауыспен созақтата

шырқайды. Зар айқайын алысқа таратып жібергеннен кейін
қыңсылап егіліп қоя бергендей болады. «Адасып қалдым, енді
қайдан табамын, таба алмасам тағы бір жат босағаға көзімді са­
тып, телім болып, бұралқы атанып, тентіреп кетермін-ауууу»

деп еңірегендей.
Боранқұлдың жүрегі өрекпи соғып, көз шарасына жас
тығылып кетті. Жатқан орнынан қарғып тұрып, бейуақытта
бейбақ түзге зарлап ұлыған бейбақ төбетті айқайлап, дауыс беріп

шақырып алғысы келді. Өңешіне тұз құйғандай өзегі ашып қоя
берді. Бастакең би «кетпеңдер, көшпеңдер» деп ақыл айтқанда
көнгісі келмей, қайқая тартып жөнелуді жақтап өндіркелеп
жүргенде ет қызуымен байқамайды екен ғой, ата-бабалары­

нан бермен қарай кіндік кесіп, кір жуған, ат мініп, асыр салған

туған топырақтан тамыр ажырату, тулап аққан өзен сулардан,
саялы тоғай нулардан айрылу қандай қиын, қандай қасыретті
еді?! Мүмкін әлгі төбет өмірі рыздығын айырған құтты
шаңырақтың көз жетпес, құлақ естімес тым жыраққа кетіп бара

жатқанын аңдап, тілімен су ішкен кәусәр бұлақтарды қиып кете
алмай, көш сарынынан қасақана қалып қойып, әдейі қайтып
келе жатқан шығар? Адал қызметкерлігінен айнып, асыраған
ақы иелерінен айрылып, ырылдасып сүйісетін ұяластарынан

бөлініп, қайта қашқанда аш қаларын, жалғыздық көрерін ой­
лады ма екен? Мүбәдә шегіртке теріп жесем де, тышқан ау­
лап кетсем де сүйегім өз жерімде, атамекенімде қалсын деп
ойлаған шығар? Бастакең атайдың сүйегім мекенімде қалсын

деп тістей қатуында да бір гәп болғаны ғой. Әлгі лаққан
төбет не көргілікті көрер, ел көшкен ескі жұрттарды аралап,
ескі күресіндерді тырналап, иіскелеп жүріп, сасып-шіріген
мал жемтіктеріне кезігіп қарнын тойғызар, сонда оның адам

жемтігінің үстінен түспесіне кімнің көзі жетеді? Күні ертең-ақ
талай боздақтың сүйегі осы адырларда шашылып қалар, пат­
ша әскерлерінің... мүмкін қазақтардың, тіпті, Боранқұлдың өз
басын осы төбет кеміріп жатпасына кімнің көзі жетеді? Кім

кепіл бола алады?! Боранқұлдың кеуде қуысында бір дау­
ыс қыстыға шыңғырып жіберді де басын көтеріп алды. Жоқ,
жанындағы серіктері естімеген екен. Әлі де баяғы күздің зар
желі, баяғы сары жұлдыз, бағанағы сынық ай, ол ит туралы

ендігәрі ойламауға бекіп қайта қисайған еді, ұзақ көшке ере
алмайды деп жұртқа тасталған арық ешкі, кәрі саулықтарды
бастыртып, бықпырт тигендей қуалап, бірін таңынан тартса,
бірін алқымдап, қызылқырғын салып жүрген әлгі төбет қайта

елестеді. Енді бірде түз тағыларына ілесіп, қасқырға айналып
алған көк төбеттің көкжал арландар мен қаншырдай қатқан
жылан-бауыр өлекшіндер тобын бастап, ағызып келіп жалғыз
атты жолаушыны қамап алғанын, ойнағандай ойнақ салып

келіп ат үстіне секіргенін, аздан кейін бір қапталы бөксерілген
жолаушының шабын жарып жіберіп, ыстық кеудеге қанды
суық тұмсығын сұғып, өкпе-бауырын суырып әкеткенін көпке
дейін көріп жатты.

Ғаппар БІЛӘЛ
Оларды көп зарықтырғын отыз әскер дәл Молдаш
мөлшерлеген уақытта шаң шығарды. Сиыр бүйрек бұйрат ішінде
көш ізіне түсіп келе жатқан шұбалаң құйрық шаңды көріп, Мол­

даш жігіттерін тасаға түсірді. Ат жалында ойнап өскен, шымыр
денелі кілең марқасқа боздақтар. Талайының қолындағы қару

- балта мен шоқпар. Молдаш пен Боранқұлдан басқасының

мылтықтары да жырғап тұрған жоқ, берденке, шиті, манапөлке
делінетін өте таяу жерден шип еткізбесе алыстан атысуға жа­
рамайтын ұсақ аңшылық құралдары. Тозған шарқыш дүниелер,
қайсы біреулердің қолындағы қолаба шитілері, құс ататын

қосауыздары атылған оғы түкіріп тастағандай түтік аузынан
шыға берісте түсіп қалатын, құқай көрсетіп, қара көбейтуге
алып жүрген торсылдық өгізқурайлар ғана. Жағдайдағы осы
осалдықты оңап жібермек болған Биғали өткен кеште Жәкейдің

ауылында мас болып жатқан әскерлердің мылтығына ұрлыққа
түсіп, қаруларын олжалап, далаға өріске жіберілген аттарын
айдап әкелмек ниетін айтып Молдаштың алдына келгенде
қосылмай қойған еді. Бұрын тоқымы кеппейтін ұры болған

Биғалидың айтқанына көніп, ұрлыққа аттандырса талай мылтық
олжа түсіріп келетіндігіне шүбә дә жоқ еді. Ең құрығанда
олардың өрістегі аттарын айдап келу қолынан келетін-ді. Бірақ,
мылтық жоғалтқан әскерлер дереу қуғынға шықса мыңғырып

көшкен қалың елді көріп, көп ұзатпай қуып жетіп қырғынды ой­
ран салуы мүмкін. Аттарын ұрлап әкеткенмен Жәкей ауылынан
өретін қалың жылқыны шетінен ұстап мініп шығады. Мұндай
жағдайда өштесіп алған дұшпан өлермендене тиіседі деген ой­

мен Биғалиды тиып тастаған болатын. Енді болса Молдаш сол
кездегі батылсыздығына өкініш еткен күйде еді. Солайда бол­
са өгіз қурай-шитілермен қаруланған жігіттеріне қайсыныңды
қан түртіп тұр екен дейтін күмәнді назармен ұзақ қарап тұрып

қалды. Аңшылық көргенімен атыс көрмеген «көрбалапан»
азаматтарды орыс пулеметінің тісіне түсіріп туратып алар ма
екенмін дейтін қорқыныштан қобалжып тұрса да, бөрі жүнін
қарбайтып, айбаттана, қайраттана айқайлады:

– Жігіттер, саспай қимылдаңдар! Көріп отырсыңдар, көш

Тарбағатайдың теріскей бөктерімен ендігі талай жерге кетті.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Біздің міндетіміз – төрт тұрманы сай патша әскерімен қан төгісіп қырылысу емес, оларды көшке жолатпай алдандырып, адастырып Тарбағатайдың күйгей бетіне, Үржар қапталына асырып әкету. Сол қапталда топтасып жатқан Нұрсәлімнің қарулы қосыны бар. Біз алыстан бой көрсетіп, шырғалап жүріп солардың аранына іліктіре алсақ мұратқа жеткен бола­ мыз. Нұрсәлімге түнқатып хабар кеткен. Алдымыздан шығып қаларынан да үміт жоқ емес. Келе жатқан шаңның селдірлігіне, арты ұзынға созылған шұбалаңқылығына қарағанда қимылдары ширақы емес, жұртымызды көргенде ғана көшіп кеткенімізді бірақ біліп, қуып жетпек дәмемен жапа тармағай ат қойған. Ен­ деше олар үздік-создық келеді. Бұл біз үшін тиімдірек болар. Биғали, сен алдыға шық! Жел қағып, күнге тотыққан өңі қарауытып көрінетін, түсі суық, қабағы түксиген соқтауылдай қара жігіт астындағы дом болып жараған қызыл күрең атты тебініп қалып алдыға шыққан еді, Молдаш әмір бере бастады. – Биғали, сен мына жиырма шақты жігітті бастап алдыға түсесің. Аттарың жүйрік, оқ жетер жерге келтірмейсің, ада­ стырып ұзақ тастап та кетпейсің. Беталысың – Үржарға аса­ тын мойнақ асуы. Боранқұл екеуміз артта қаламыз. Созыла шапқан солдаттарды кейде маңдайдан, кейде өкпеден атқылап мергеншілік істейміз. Ал, кеттік, жігіттер, жолдарың болсын! Біреулерінің қабағы қатулы, ендібіреулері тойға бара жатқандай ержеңдеп жөнеле берген ала-құла азаматтардың ар­ тынан айқайлап Молдаш соңғы тапсырығын айтты: – Біз бірдемеге ұшырап қалсақ тастап кетіп жүрмеңдер! – Мақұл. Білеміз ғой өзіміз де. – Құп, бастық, атқарамыз. Аттарын таса жерге қаңтарып тастап, тас қыраттың үстінде, Боранқұлдың қатарында жатқан Молдаш қарсыдағы қасқа мойнақшадан бәйгеге шапқандай үздік-создық шауып келе жатқан әскерлердің алдында екі етегі далақтап жол баста­ ушы Жәкей шыға келер де, еңіске қарай төгіле берер, сол кезде бір бірден атып түсіре берерміз деп ойлаған еді. Бұл тұжырымы қате екен, қасқа кезеңге алдымен шыққан бес әскер көрінді.

Ғаппар БІЛӘЛ Олар негізгі топтың алдында келе жатқан шолғыншылар болса керек, соны аңғарған Молдаш атып жіберуге оқталып, нысанаға ала бастаған Боранқұлды иығынан тартып: – Түсіңкіресін, төменірек түскен соң қимылдаймыз, – деді. Шолғыншылар мойнақта аялдамай еңістетіп шаба жөнелген кезде «ат» деп әмір беріп жатып алдымен өзі оқ шығарды. – Учит – Чииууу. Қатар атылған екі оқ бес әскердің екеуін ұшырып жіберді. Сөйтіп, орыс офицері сыйға тартқан қызыл бесатар алғаш рет патша әскерінің басын жұтып, алғаш рет адам қанымен ауызданды. Боранқұлдың қолындағы ұзынқоржын ноғай саудагерінен жең ішінен қымбатқа сатып алынған түрік ал­ тыатары да алғашқы баулудан өтті. Боранқұл Аягөздің жар қабағында мойнына тас байланған ұлықты Нұрсәлімнің әмірімен өзенге итеріп құлатып жіберуден тайсақтап, жазылған қолы жұмылмай, жұмылған жұдырығы жазылмай әуреленген кезіндегідей қобалжымады. Зайыры, алыста тұрған адамды атып түсірудің ора тартып бауыздап жіберуден, өз қолыңмен отқа-суға итеріп құлатудан гөрі адам сезіміне жасайтын әсерықпалы жеңілдеу түсетін болса керек. Бірақ, қадап атқан алғашқы әскер ат үстінен еңкейе бүктетіліп барып домалап кеткенде қызыл алтыатардың қарауылы шайқалып тұрғанын өзі де сезген жоқ еді. Соңғы атылған оқтар бөгеліп қалған топ­ тан тағы екеуін құлатып жібергенде артқы әскер атының басын бұрып ала салып кейін қашқан-ды. Мойнақтан аса берісте жа­ уырынынан қадалған Боранқұлдың оғы оны да жұлып түсірді. Енді қоныс жаңалау керек еді. Қусаң жетіп, қашсаң құтылатын сәйгүлік аттар тақымдары ертоқымға тие берісімен оларды алып ұшты. Кекілінен жел ескен дала саңлақтары-ай, шіркін! Тайбурыл сынды, қубас ат сынды желтабан тұлпарлар туылмаса Қобыланды батыр болар ма еді, Қабанбай «ер Қабанбай, дарабоз» атанар ма еді?! Алты айлық жолды алты күнде басатын жолбарыс сынды шұбарлар, күлдір-күлдір кісінейтін күреңдер ес қатпаса исі қазақ Алтай мен Атырау

аралығында жатқан жалпақ даланы иеленіп мекен тұта алар ма
еді?! Желден жүйрік жануар, Қамбар атамыздың аруағы қолдап
сенің жоның таймасын, сенің жалың жығылмасын! Тымық
күнде дауыл тұрғызып, желбіреген жалаудай дүрілдеген

жал мен кекілің шоқтығыңда отырып, құстай ұшқан қас
батырлардың алдына көтерген туы ғой. Сен жығылма!
Қара жал күрең мен тайшұбар сол күні нағашы мен жиен
болып келетін қос мергеннің мерейін үстем етті. Ұлы тауға

жеткенге дейінгі бұйрат адыр ішінде кенет жоғалып кетіп, ке­
нет келесі төбеден пайда бола кететін екеуі жырақтан көрініс
беріп жүрген Биғали бастаған қарусыз топтың қарасына ілесіп,
қателесіп алған әскерлерге тыным бермеді. Біресе алдан,

біресе қапталдан соғып, бірден-екіден шырпып түсіре берді.
Шетінен кеміктей берді. Олар бір орында тұрақтап атыспауды
тәсіл етті. Молдаштың айтуынша күшті жауға қарсы тұратын
күшсіздердің қолдануға тиісті бірден бір әдісі осы екен. Олар

өздері бұрын шығып алған биікте отырып, төрт бес оқпен
бірнешеуді қадап атып, іле-шала сол арадан тайып тұрады.
Аңшылық сапарларда мылтық даусына үйреніскен, қойған
жерден қозғалмайтын жан серік жануарлар қас қаққанша

келесі қырдан асып үлгереді. Ал мылтықтың даусы шыққан
төбені көп әскер оқтың астынан алып, көпке дейін атқылаумен
болады. Тасын ұшырып, топырағын тоздырып болып, асқан
ерлікпен шабуылға шығып, қыратқа көтерілгенде жауларының

өлігі емес, оқтың өлігін-шашылған бірен-саран жезді көріп
жер тепкілейді. Келесі қырқалардың бірінен қарасы көрінген
Биғали тобының соңынан жабыла ат қояды. Бірақ, келесі оқ
әлгінде жау қылпы байқалған қыраттан емес, басқа бір жақтан

келіп өкпеден, бүйірден қадалады. Оқ атылған төбеге шабуыл
қайта басталады. Қайта төмпештейді, жетіп барса тағы түк жоқ
болып шығады.
Қазақ мергеншілігінің қапысын таба алмай рәсуәсі

шығып, ызаланған адуын топ тағы бір ат қойған тұста старшын
Жәкейдің қарынсау келген тоқ тұлғасы қарауылға тартылды.
Қойға кірген қотыр ешкі сияқты кілең сұр шинелділердің ара­
сында қолына мылтық берілмеген, қоңыр барқыттан істелген

Ғаппар БІЛӘЛ қаптал шапанының жағасы жайлауына кетіп, қайқайта киген елтірі тымағы кетеген түйе бастандырып, далақтап шауып келе жатқан Жәкей жалғыз қара болып ерекше көрінеді екен. – Пышшш. – Пыштууу. Жарыса атылған екі оқ қай жерінен қадалғаны белгісіз, қанатын жайып ұшатын құстай екі қолы, екі етегі екі жаққа кетіп, мейіздей қатқан тоқпақ жалды торы айғырдың сауырына қарай жайылып барып, шалқасынан түсті. – Жат осылай жемтік болып, ізге түсіп жол бастап, жауға жөн сілтейтін немесің ғой, қазақ қанының садағасы кеткір, сатқын, саған сол керек, аруақ атқыр! Мен емес, аруақ сені атқан... енді патша жендеттері із кесер итінен, жер сырына жетік малайынан айрылды. Жүр, кеттік! Қатар шауып келе жатқанда Молдаштың аузынан естілген осы сөздер Боранқұлға ауыр тиді. Жәкей сатқын бол­ са да Нәзиләнің әкесі ғой, болашақ қайнатасының кеудесіне Молдаштың қатарында жатып оқ жұмсайтын жөні бар ма, жоқ па? Сатқынға оқ жұмсамаса, Боранқұлдың өзі де сатқындар қатарынан барып шықпас па? Ондайда Боранқұлды Молдаш ағасының өзі-ақ тырс еткізер еді. Ендеше сатқынның қызына ғашық болып, онымен некеленбекке ұмтылысының өзі де кінәлі іс емес пе екен? Мейлі, бұл жағынан күнәсіз болған күнде де, өз қолымен Нәзиләнің әкесін атып өлтірген Боранқұл Нәзиләнің бетіне күні ертең қай бетімен қарайды? Қай бетімен көріседі?! Бірақ, мұндай қиялдарға беріліп жүруге Боранқұлдың мұрсасы болған жоқ. Молдашқа ілеспей «бұтарлау шайқасынан» шегінуіне де жол жоқ-ты. Бірде шекеден шертіп, бірде жуан кеуденің ортасынан торс еткізіп құлатып кете бер­ ген қос мылтықтың оғынан жарым саны кеміп кеткен отыз шақты әскердің атаманы зығырданы қайнап, қара арғымақты текіректетіп алдыға шыққан еді, ұлы тауға кіре беріс шатқал сайдың аузында қасқа маңдайымен шоқ басып алғандай селк етіп, басын ұстай алды да бүктетіліп келіп арғымақтың бауы­ рына түсті, оны атып жіберген Боранқұл еді. – Тоқта! – деп ақырып қалды шатқалдың кіре беріс

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР босағасындағы тұмсықшада секі тасқа екпеттеп жасырынып жатқан Молдаш, оның ойы осы тұмсықшадан айналдырып, шатқал сайды өрлетіп алып, күтпеген жағынан-жауырын жағынан атқылау еді. Бұл жобаны атаманның өлімі бұзып жіберді. Әміршілерінің өлігіне жиналған сұр шинелділер құпиясын ішке бүккен көр шатқалдың аузына кіруден жасқанып ұзақ тұрып қалды. – Қайта қашқалы тұр, – деді Молдаш. – Көштің соңына түсіп жүрер ме екен? – Енді не істейміз? – дегенше болған жоқ, әлгінде оқ шыққан биікті сезіп қалған бірнеше әскер аттан түсе қалып, бұлар отырған мұрыншақ тасты бытырлатып атқылай бастады. Дереу орын жылжытып үстіңгі салмаға шығып алған екеуі топ­ ты солдаттарға қарата мөңіретті-ау дейсің оқтың астынан алып. – Тіракә, тәкә, тіратака. – Тіт, тіт, тіт, тірит. Төрт әскер шалғыға түскен қамыстай жапырыла құлағанда, қалғандары шегіне қашып бел асып кетті. – Қашты, әскерлер қашты. – Көріп отырмын. – Қуамыз ба? – Жоқ, болмайды, қуаласақ өз кебімізді өзімізге кидіреді, – деп, орнынан көтеріле берген Молдашты ғайыптан атылған бір оқ екпетінен түсірді. Екінші оқ Боранқұлдың төбе сүйегін жалап кете жаздап, желке тұсындағы тастың бетін «тчт» дегізді. – Өлмеген екем, Боранқұл, мен өлмедім, әзірге аман қалдым. Иттің баласын көріп қойдым, жаралы сияқты, сай тағанындағы тобылғының түбіне бұғып алып атып жатыр. Абайла, тез құрт, жылдам, жылдам қимылда, өзіңді байқа! – деп Боранқұлды асықтырды бетін қан жауып кеткен Молдаш тастың қалтарысында киімдерін шешініп жатып. Төменіректегі қарағанның арасынан келіп баспалаған Боранқұлдың саңылауда жатқан қасқырды құлағынан танитын қырағы көзі тобылғы түбінде бұғып жатқан солдатты көрнеуде қалған етігінің қонышынан айырды да, оның бас мөлшері

Ғаппар БІЛӘЛ жатқан тұсты дәлдеп тұрып тыңқ еткізді. Ат мініп қашуға ша­ масы келмей қалып қойған жаралы солдат «паналаған бұта түбі сен болсаң саған да рақымет» дегендей, тобылғы таса­ сынан көтеріле бір аунап кетіп, сылқ ете түсті. Бұл аралықта әскерлердің қашқанын көрген Биғали тобы да қайтып оралған еді. – Ойбай-ай, Молдаш аға, сізге оқ тиген екен ғой, – деп, Молдаштың бетіндегі қанды көріп шошып кеткен Биғали ат үстінен домалап түсті. – Ештеңе етпес, шеке терімді сыдырып кеткен сықылды. Мүттәйімнің оғы қатты екен. Ауыртып кетті. Бірақ, сүйегі аман-ау деймін. Тезірек таңып қанын тиыңдар! – Биғали мұндайға епті жігіт екен, жарақат таңатын шүберек таба алмай сасқалақтаған Боранқұл Молдаштың сыртқы киімдерінің түймелігін ағытып жіберіп, ақ бәтес жейдесінің омырауынан құлдата жарып жыртқалы жатқанда Биғали оның қолын жұлқып тастады. – Қазақ өлген адамның киімін солай жыртып шешіндіреді. Қой жаман ырымды, – деп өзі кірісті де ақ жейденің етегін бітеу күйінде айналдыра жыртып алып, мылтықтың қара дәрісін жарақат аузына баса салып таңып тастады. – Қаққан екен құдайым, бір ажалдан қаққан екен, жар бола гөр, жаратқан ием! Ауыратын сияқты ма, қалай? – Ештеңе етпес, жүрелік! Сай аузында өлген әскерлердің киімдерін сыпырып, қаруларын үлестіріп алып көңілденіп кеткен жиырма жігіт өліктерді сықақтап күлісе бастады. – Енді сендерге киімнің керегі жоқ, ақыретке кеткен­ дер бой түземесе де бола береді. – Ол дүниеде де әйелдер баршылық қой, ұялып жүрмес пе екен арулардан? – Бәрібір, бұлардың қолына енді ұстара тимейді, аруақтар арасындағы аруларға кезігерге дейін сақал-мұрттары өсіп тәндерін жауып кетеді. – Аруақты қорламаңдар, жігіттер, оданша қашқан жау­ ды соңынан қуып жетіп, құртып жіберуге тырысайық!

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Қашқан жауға қатын би. Олар енді бізге бет қарап қарсылық көрсете алмайды. Ең болмағанда біраз жерге тырқыратып қуып тастайық! – Болмайды, жігіттер, алдымыздан тосып жатып, өзіміз істегенді өзімізге істетеді. Бір мойнақтан тосып жатып, он неше мылтықпен аңыратып қоя берсе шетімізден жамса­ тып салады, – деп, қызып елеуреген жігіттерді Молдаш еркіне жібермеді. Жол-жөнекей жер қапқан оншақты әскердің өлігін тауып, қаруларын алайық деген ұсынысқа да көнбеді. – «Ер жақсысы қос табар» деген, қосымызды табайық! Көш үстіндегі елдің халы не күйде, тез жетпесек болмайды, – деп шешті. Бірақ, олар күндіз-түні дамыл алмай суыт кеткен көшті жылдам қуып жете алмады. Басы күп болып ісіп, қан көбірек кетіп қалған Молдаштың атқа жүруі ауырлап қинала берді. Аурудың жағдайына қарап ерулеп найқалуға да, бақсы балгер іздеуге де мұрса тимеді. Биғали Молдашты аттан түсіріп дем алдырып, жарақатын жаңалап қайта таңып беріп жатқан бір белегірде жырықшегір қайтадан пайда бола кетті. Балапан шағынан бірге өсіп, біте қайнасып кеткен түз тағысы жалғызсырады ма екен, ақы иесін, өмірлік қожайынын іздеп тапқан секілді, төбеден айналып ұшпай, пыштақтаған беті са­ лып ұрып келді де Молдаштың иығына қонды. – Ой, жарықтығым-ай, құс екеш құс болсаң да жолдастыққа адал мақұлықсың-ау, басынан жараланғанын, қиналып ауырғанын сезіп әдейі келдің-ау, періштең сездірді-ау, жарықтығым, – деп көзіне жас іріккен Биғали жырық шегірдің шеңбегін жазып, өз қолына алды да: – Енді қайтсек болар екен? – деп Молдаштан ақыл сұрады. Жарақаты қақсап, басы ауырып отырған Мол­ даш жаугершілік атыс көріп, қаны қарайып алғандыкі ме, кешегісінен қатайып кеткен екен. – Ұшыр, жібер ары, жоғалт көзін, – деп ақырып қалды. Бірақ, жырық шегір ұзап кетпеді. Олар қайта аттанғанда ілесе ұшып қалмай айналып жүрді де, бір ыратөкпеден аса берісте биіктен сорғалап келіп, сай тағанына құйылды. – Алды, ұстап қалды, – деді Боранқұл тебініп қалып.

Ғаппар БІЛӘЛ Олар ат сабылтып жеткенде бір арқардың жетілген қозықасын бөке басып тыпырлатып отыр еді. Жігіттер ғайыптан бұйырған дала несібесін тастаған жоқ, өкпе-бауырын суырып жырық шегірге тастап берді де, қалған етін бөктеріншекке алып жүріп кетті. Олар жүрістерін жеделдете түссе де, көш соңынан бірер тәуліктен кейін зорға қуып жетті. -Жаудың беті қайтыпты. Сергиопольда жатқан әскердің саны да санаулы болатын. Артымыздан қуғыншы шыға қоймас, ат-көлік нараулап, жас-кәрі болдырды. Тәуліктер бойы көз шырымын алмадық, бірер күн ерулеп тынығайық, көлік тынықтырайық, болдырған арық-тұрақ албаты қала бермесін, – деп анталаған өтінішке қожа шал қаратпады. Ыстық су қайнатып ішіп шөл қандыруға, ат-көліктің белін босатып, суға қандырып, суын бастыруға екі сағатқа ғана кеңшілік берді. Шоқша жирен сақалды, сопақ қызыл шырайлы келбетті кісі еді өзі де. Оның жарлығын ешкім бұза алмады. Жіңішкелеп аққан судың бойына түскен жер де Молдаштың қасына келіп, жарақатының таңуын шешіп көрді. Бас сүйектің аман екендігін, құйқаны қалыңынан тіліп өткен жарақат суыққа шиеленісіп, ісініп кеткенін анықтап шықты. Іскен жеріне тынжы жағып, жарақат аузына өз кебежесінен алдырған бір қоймалжың қоңырқай затты жапсырып қайта таңып тастады. – Түк етпейді, қарағым, бір жұмада дыңғырап шыға келесің, уайымдама, – деп тапсырды да, өмілдірік, құйысқан, пыстан, таралғысынан тартып ағаш ердің қасына дейінгі күміс шапқан айшықтардың орталарына түрлі-түсті маржан көздер орнатқан әсем ертоқыммен жабдандырылған қақпанбел қоңыр атқа мініп, жусап жатып қалған жас-кәріні ақыра бұйрық етіп, аяғынан дүрк өргізді. – Көшке ере алмаған малды тастап кетіңдер, қалсын! Жүруге күйі келмейтін болдырған малдың бетіне қарап қалып қоюларыңа болмайды. Тарбағатайдан асып шекарадан өтіп алған соң мейілдерің, одан бері биліктерің менің қолымда. Аттаныңдар, жүр, баста! – деп бір-ақ бұйырды. Көшбасы қарттың жарлығы бойынша шеру қайта ба­ сталды. Жаралы Молдаш көште қалып, оның байырғы тобы

Боранқұл мен Биғалидың қос билігіне өткізіліп, тағы да көш
соңына салынды. Осыдан кейін бірнеше күн бойына тыным
болған жоқ. Бесіктегі нәрестелер ат үстінде емізіліп, ат-түйе
үстіндегі сәбилер жол-жөнекей құрт-малта кеміріп, көз шыры­

мын көліктің үстінде алып отырды. Тасырқап табаны тесілген,
қолы түскен тай-тулақ, арық-тұрақтардың қолтаулап қалып
жатқаны да молыға түсті. Бар тәуірі алды-артынан соқтыққан
дұшпан қатеріне жолықпады. Жылқы, сиырын топ-тобымен

жосытып айдап, беттері шаңытқан, ұйқыдан қалжырап,
қалғып-шұлғығанына қарамай қауырт келе жатқан түйелі көш
Тарбағатайдың хабар асуынан асатын теріскей бетіндегі аңғар
сайдың аузына іліне берген жерде бір дүлей көшкін келіп ара­

ласты, оқ көшкіні. Күн суық болатын, тас қараңғы түн аспа­
ны шығыс іргесінен өрт кеткендей қызыл жалқақтанып алған
ауыр қара бұлттың жиегінен сығалаған күннің қан жапқан
жарты шекесін көріп келе жатқан Әнбия сопы іштей күбірлеп,

таң намазын ат үстінде өтеуде еді. Көштің алды суат басы­
на қарай балта сабы қыратшадан аса төгіліп келе жатқанда
қарсы беттен сақылдап-тақылдап қоя берген оншақты мылтық
шалғыдай сыпырды. Жүкті түйелер екпетінен түсіп, міністегі

аттар шыңғыра тік шапшып барып шалқасынан құлағанда бірге
құлаған кемпір-шал, бала-шағаны басып қалып жатты.
Жол кескен дұшпан күштері тіл айқастыруға келтірер
болса, айдап келе жатқан бар малын беріп, бас амандап кетуді

ойлаған қожа шал қамшы сабына байлаған ақ орамалын ту етіп
көрсетіп елшілікке ұмтылған еді, қатігез топ тілге келтірмеді.
Мал бауыздау үшін де үлкендердің ықыласын алатын шаруа
ғой, бірақ, қырып саларда қазақ Қарынбайдың малы ғұрлым

есептелген жоқ. Ит қосып тықсыра қуып әкеліп, жартастың
бетіне иіріп алған аң сияқты бытырлатты. Ақ жалау көтерген
Қожа шалды маңдайдан атпай, сығалап отырып оң көзінен атып
түсірді. Топты көш оқпен қидаланып жатқанда қарсы атылған

мылтық даусы жоқтығы есіртіп, елеуреп алған сұржағал топ
атқан оғын шығынсынып, әрі қауқарсыз елді сәнмен турап
шығу үшін әйдік қылыштарын жалақтатып, кескен құйрық ат­
тарымен ағындап келіп, қойға тиген қасқыр іспетті араласты.

Ғаппар БІЛӘЛ
Тарлан көк шолақ аттың шоқтығына миқиып отырып алған
жайған керегедей аппақ сақалы бар өлмелі шалды танауы
істиген көк көз офицер есік пен төрдей қара қасқа арғымақпен

шауып келіп, дәл мойын түптен турап түскенде шалдың бауыз­
дауы төмен, ақ сақалы жоғары қарап тарлан көктің қапталына
құлады. Ақ шылауышты, қайыстай қатқан қара кемпірді мой­
нынан емес, бүкірейген жотасынан шауып қақ бөліп түсірді.

Шұнтиған тұлымы құндыз бөріктің ернеуінен шығып тұрған
қыз баланы қоңыр құнанмен жалтарып тұра қашқанына
жіберген жоқ, баж етіп бақырып үлгіргенше шекелете шау­
ып, бас сүйегінің жарымын жапырақшалап ұшырып жіберді.

Көш соңында келе жатқан Боранқұл, Биғали тобы атыс үнін,
мылтық даусын ести сала жінігіп жеткенше, әскери қосынның
адам шабудан қолдары қарысып, білектері тала бастаған-ды.
Балта сабы қыратқа шыға бере тайшұбардан домалап түскен

Боранқұл қылышты жендеттердің бірнешеуін қадап атып
құлатып жіберген еді, қырат үстінен атып тұрған мылтықты
адамды көре сала әлгіндегі көк көз офицер мойнындағы
мылтығын алуға үлгірмеді, тап берме жерден қара қасқа

арғымақты қарсы айдады. Мылтығының таңдайына жаңалап
оқ басып үлгіргенше офицер бастырып келіп қалған еді, сәл
мүлт жіберсе басы денеден бөлініп домалап кететін қауіп
Боранқұлға да төніп келіп қалған соңғы қас қағым аралықта ол

қасқа арғымақтың адырайған кең танауын көрді. Одан арыда-
желпілдеген ат кекілінің үстіңгі жағында істиген тұмсық, көк
көздердің ортасы... мылтық тарс еткенде арындап шапқан
арғымақ үстінен секіріп өте берген оның желкесіне қылыш

емес, қылыш ұстаған офицер келіп соғылды. Бірақ, тайып ти­
ген қылыш құлақ жарғағын жартылай қиып жалбыратып кетті.
Бұл тұста олардың бар қосыны жетіп үлгіріп, дұшпандарын
оқтың астынан алған еді. Он шақты әскердің аман қалғандары

қашып құтылды. Жұрт жаудан айықты. Алайда, бұл жеті
Жолымбеттің жолға шыққан он ауылы үшін аса ауыр қайғылы
күн болды. Көшбасы қожа шал қайтыс болды, өмірінде тышқан
мұрнын қанатып көрмеген, жандар атаулыға қастық ойламай­

тын Әнбия сопының мойнын да жендет қылышы турап түсірді.

Жылқышы Биғалидың келіншегі оққа ұшып, алдына өңгерген
сәбиі бесігімен құлағанда басы тасқа соғылып жан үзді. Талай
кәрінің, талай сәбидің ұшып кеткен бастары бір-біріне арала­
сып денелері танылмай көп әурешілік тудырды. Жәкей стар­

шын өлтірілгелі жұрт алдында болашақ қайын атасына қол
жұмсаған күнәкарлығы үшін іштей жабығып түнеріп жүрген
Боранқұл әкесінің өлігін көргенде өзегіне өрт кетті. Ойхой,
дүние шіркін, жарық жалған-ай, Боранқұл қасында тұрмаған

соң әкесі Әнбия жарықтықтың қалай өлгенін, қандай күйде
өлгенін қайдан білсін?! Өз желкесін шапқалы қылышты жендет
қарсы ұмтылған шақта қолындағы қамшының ұшы тиіп көзін
шығарып, бетін тіліп кетпесін дейтін аяушылық сезім билеген

сопы алты таспалап өрген дырауын әскердің басына сілтемей,
жотасына сілтегенін оған кім айтып бере алсын?! Сол жендет
қой оны желкесінен бауыздап кеткен. Бұл сырды құлағына бір
аруақ сыбырламаса да Боранқұлдың жанарында жасын ойна­

ды. Буырқанып-бұрқанып келіп қасқа арғымақты офицердің
денесін өз қылышымен турап шықты. Боз інгендей боздап
келіп араша тілеген анасының өтіл-тілегін де тыңдаған, естіген
жоқ. Құтырынып кеткендей кескілей берді. Бұл тұста ол жалған

қайын атасы Жәкей емес, қарсы алдында айттырылмаған
қалыңдығы Нәзилә тұрса да шауып, кескілеп тастайтын­
дай күйде еді. Ол енді жүні құндыздай жылтыраған қасқа
арғымақты шабамын деп ұмтылған болатын. Бірақ, үлкендер

жібермей қалды.
Бұл қанды майданнан шаһиттерді жерлеп болып аттанып
кеткеннен кейін олар қауіп-қатерге ұшырамады. Алдын-ала
айдалып кеткен мал табындарын шекара маңында қуып жетті.

Тарбағатай асып, Қытай үкіметі меңгеруіндегі өңірге жетіп
алған соң тоғанақтарын түсіріп, ер-тұрмандарын сыпырып, ат-
көліктерін тынықтырып өріске жіберді. Үлкен-кіші түгел жа­
тып ұйқысын қандырды. Күнгей беттегі бөктерге түскен соң

Құлыстай даласын қапталдай көшіп, Дөрбілжін төңірегінде
қосылуды бұрыннан мақсат тұтып, көксеп келе жатқан Таңғыт
үкірдайдың ауылын тапты. Таңғыт Бастаубай, Молдаштарға
бөле болып келетін. Өз елі, өз жерінде билікті де, білікті болған

Ғаппар БІЛӘЛ
Таңғыт оларға қайрым-шапағат жасады. Ауыл азаматтарын
жинап, ен жатқан Еміл бойынан жер кепелер қаздырып, қыс
күндері баспана етерлік үй дайындатып берді. Төрт түлік малы­

на Құлыстайдың тоғай болып өсетін ну қамыстығы жағасынан
өріс ажыратты. Қытай үкіметінің жергілікті тарауларына ха­
барлап өз қарастылығына алды. Жергілікті қазақ ағайындарды
жұмылдырып, егіншілердің әр шаңырағынан бір-бір қап астық,

малшыларынан бір-бір қой жиып көмек көрсетті.
Өз бетінше күнелте алмайтын кедей-кепшіктер жағы
ауқатты, бай адамдардың малшы-жалшылығына тұрып жан
бақты. Өлінің артынан өлмек жоқ қой, жол-жөнекей тап

болған қырғында әке-шешесінен, бала-шағасынан, ерінен,
әйелінен айрылған жетім-жесірлер, сопа басы сопайып
жалғыз қалған сыңарлар қайғы-зарын іштеріне жұтып жүріп,
біріне бірі сүйеніп, үлкені кішіге бас-көз болып, кішілер

үлкендерге қолқанаттық істеп жан бағудың (жарық дүниенің
азабын тарта түсудің) қам-қарекетіне ауысты. Бірақ, әкесі өліп
басалқасыннан айрылған, анасы Ықиланы жат ел-жат жұртта
тастап кете алмай, Нұрсәлім жасағына жете алмай жіпсіз

байланған Боранқұл темір шарбаққа қамалып қалған көкжал
бөрідей аласатты. Азды-көпті жылқы табындарын аралап,
Құлыстайды құлдап соғатын сарғусын ебісінен амандап жүріп
те, орыс офицерінен олжаға түсірген қара қасқа арғымақ пен

тайшұбарды кезек мініп, қалың қарда түлкі-қарсақ қуып келе
жатып та, аң терілеріне айырбастап алған астығын ағайын-
туған көршілеріне уысты құлақтап үлестіріп тұрғанда да
туған жерге, өскен өлкесіне деген сағыныштан арылмады. Бұл

сағыныш махаббат сағынышына ұласты. Ол жерде айттырып
қойған қалыңдығы Зипәгүл қалды, ол жерде өзі ұнатып ғашық
болған Нәзилә зарыға күтіп тосып отыр. Айтылған серт,
берілген уәде бойынша жаны тірі болса күте бермек, қашанғы

күтеді? Боранқұл осы беті бара алмай қалса кемпірқыз атанып,
қаусап қартайғанға дейін... мүмкін махшар күніне дейін күте
бермек Нәзилә.
Бір атадан жалғыз тумай, тым құрыса екеу болып туса еді,

онда бірі жоқта анасына бірі бас-көз болар еді-ау, әкесі тірі

тұрса Боранқұл мұндай мұқтаждық көрмес еді-ау. Осыған кел­
генде Боранқұлдың кеудесін кек кернейді. Атасы Қажыгелдіні
дарға асып, әкесі Әнбияны қылыштап өлтірген патша үкіметінің
озбырлығына қарсы қару жұмсап, бас аламан шайқас жасауға

құлшынады.
Ал, Нәзилә қыздың жайынан хабарсыз жүрген Ықила
байқұстың есіл-дерті арғы бетте қалып қойған келіні Зипәгүлде.
ақ қой сойысқан, ақ бата жасасқан келінін алып, оң босағасын

қызартуды ойлайды. Бір мойнақтың, бір ғана жал қыраттың
арғы бетіне асып барып аман оралу қол жетпес арманға
айналған, жалғыз ұлды қайыншылатып жіберейін десе... оның
артын Ықила ойлап көз алдына елестете алмайды. Елестетуден

қорқады. Жанына басқа бір серік ертіп, Зипәгүлді алып келу­
ге өзі жүргісі келеді. Өлсем мен өлейін деп қиялданады. Бірақ,
келін алар тойға күйеу жігітті жібермей, құдағидың өзі баруы
қазақтың қай жоралғысына сияды?

Осыларды ойлап басы қатып отырғанда, жалғыз бауыры
Молдаш қағына тиген дұшпан оғынан жабысқан жарақаты
асқынып кетіп дүние салды да, Боранқұлды қайыншылатып
жіберу бір жылға кешіктірілді.

Сол бөгелісті шақта Ресей топырағын аспанға ұшырған
тағы бір жанжал көтерілді. Шатынап айрылып барып шаңырағы
ортасына түскен патша ордасының босағасын күзеткен
қаһарлы офицерлердің қайрыла таласуға күйі келмегендері

қашып-босқан қазақ көштерінің сүрлеу-сүрдегімен жан ұшыра
зытып Қытай жеріне бет алған қым-қуыт ат дүбірі тітіретті
Тарбағатайдың екі қапталын. Бұл тұста жаңа келе жатқан
кеңес үкіметінің қас-қабағынан жасқанып жатырқаған қазақ

ауылдары да дүрлігіп, ақтардың өзімен қосыла босқан еді.
Сөйтіп Тарбағатай жерінде қой мен қасқыр қосыла қашқан ұлы
оркестрдің сүренді үні сахыналасты.
Осы қарбаласты орай деп білген Ықила Боранқұлды

қайынына аттандырды. Қалың құда ертіп, тоймал алып жүрудің
қисыны болмаған соң, жанына Биғалиды ғана қосып берді. Дәл
осы қарсаңда табанына шеге тиген тайшұбар ақсап қалған соң
Боранқұл офицерден түскен «олжа қасқаны» мініп кетті.

Ғаппар БІЛӘЛ
Әрине, олар шекарадан өтісімен Көкебай ауылына тура
тартпай, анасы Ықила әлі күнге білмейтін Нәзилә қыздың
дерегін қузастырды. Жәкей шаңырағын патша жендеттері

шағып тастағандығын, «қамалда жатқан әскерлерді қасақана
ертіп шығып, Нұрсәлім жасақтарының арасына кіргізіп беріп
арандатты, көп шығынға ұшыратты» деген жаламен мал-мүлкін
тонап, әйелін, бала-шағасын Сергиопольға айдап әкетті дегенді

естіп білді. Содан кейін Нәзиләдан дерек таба алмай, талай
жерде аралап тінтіп жүріп, торыққан соң ғана Көкебай ауылы­
на келіп түскен еді, олар жылы шыраймен қарсы алынды.
Бұл Көкебай болыс дәулетінің басы есептелетін, ел аузы­

нан тараған аңызға сенсек-шөліркеп келіп түскенде сарқырап
аққан Аягөздің суын сарқып, таусып кете жаздайтын әлгі жер
қайысқан қалың жылқысын жұтқа алдырып кіртиіп отырған
кезі болатын. Өткен қыс өкпеті өңіріне қатты тиіскен екен. Қыс

басталарда бірнеше тәулік нөсерлі жаңбыр жауып, соңынан
суық іліп әкеткендіктен көк шеген мұз қатып, шөп түбін
шеңгелдеп ұстап қалған даладан жайылыс таба алмай, қар те­
буден мүйіз тұяқтары маңдайынан ойылып көбесінен сөгіліп

қырылуға айналған қалың жылқыны құтқару үшін іргелес ру
семіз найманның ел басыларымен кезігіп, разылығын алған
соң, солардың мекені Cасықкөл маңына төңкеріпті. Алакөлмен
жалғас жататын Cасықкөл маңы шүйгін өңір болмаса да ебі

желі қарын айдап кететіндіктен қоғалы қамысына сүйеніп көп
жылқыны қыс апатынан аман өткізіп кетуге болатын, жұты
да, құты да жоқ сортаңды аймақ еді. Сасықкөл табиғатын біле
бермейтін Көкебай жылқышылары малға жаны ашып, қыс

ішінде көл бетінен ойық ашып, аспалы қауғамен су тартып,
жылқы суарып жатқанда көп жылқының салмағын көтере
алмаған қалың мұз ойылып кетіп, барлық жылқы көлге ғарқ
болады.

Апатты күні суға апарылмаған екі айғырдың үйірін
амандап шығып, қар шеті сөгіле ауылдарына мініп қайтқан
жылқышылар Көкебайдың қаһарынан именіп, жазаланудан
қорқып, бет көруден ұялып, күңелеңдеп жүріп алдына келгенде

болыс екең ақырып қоя беріпті.

– Тәйт, әрі, барлығың да өркенді ел болатын ұрпақтың

әкесісіңдер, менің жылқым көлге кетті екен деп аза тұтып
отырсыңдар ма? Маған Алланың берген аяны бар, менен бақ
қайтты, дәулет тайды. Қалың жылқым қаңырығы түтеп шөлден
өлгенше, сусыны қанып суда өліпті. Соған да шүкірәнә,

өздерің суға бірге кетпей аман қалғандарыңа тәубә. Қазір менің
белдеуіме ат тұмсығын тіреген жұтым біреу емес, он. Әдетте.
Жұрт айтады «Жұт жет ағайынды, айнагөзбен сегіз, қайтқан
қызбен тоғыз» деп. Оныншы жұтым – жаңа келген заманым бо­

лып отыр, жер бетінің бар қызығы бір адамға бола жаралмаған,
менен кері айналар кезі жетті, – деп отырып қалыпты.
Абажадай ақбоз үйдің сол жақ қапталына қойылған
сүйек төсектің бас жағын ала төселген аю терісі бөстектің

үстінде малдас құрып, төбедей боп отырған қарт болыс есік
саңылауынан күйеубаласының төбесі көрініп, сәлем беріп
кіргенде болдыртып, тұнжыратып басып алған ауыр ойлардан
селт еткендей, есік көзіне жалпақ алақанымен күн сала қарап

ықыластана сәлем алды. Боранқұлды жанына шақырып, мол
құшағына қаусыра қысып тұрып маңдайынан сүйді. Әнбия
құдасының қазасына көңіл айтты. Ықиланың амандығын
сұрап, Қытай жеріне ауып кеткен ауылдардың хал-жайын

қазбалап қауқалақтады да қалды. Бірақ шешесінің оң тізесіне
шынтақтап отырған Зипәгүлдің қабағы қыртыстанып тұр екен,
күйеу жігіт келгенде қалыңдық атаулының жәудір көздерін
төңкеріп жіберіп, назды жымиыспен ұрлана бір қарайтындары

болушы еді. Сол бір қарастың өзінен жігіт жүрегін елжіретіп,
ерітіп жіберетін ерке наз бен сағыныш нұры ереуілдейтін-ді.
Қыз баланың ішкі қуаныш толқыны сыртына тепкенде бетіне
шыға келетін қызғылт сағым Зипәгүлдің жүзінен елес бермеді.

Жылы шырай да білдірген жоқ. Томсарған беті сыртқа шығып
кетті.
Бұл Боранқұл үшін жақсылықтың нышаны емес-ті. Содан
қайтып Зипәгүл кеш батқанша есіктен қараған жоқ. Ымырт ал­

дында ат қою қамымен сыртқа шыққан Боранқұлды «Зипәгүл
шақырып жатыр» деген хабар іргелес отырған отау үйлердің
біріне алып кірді. Хабаршылыққа жүрген жас келіншек әдейі

Ғаппар БІЛӘЛ оңаша қалдырған болуы керек, қайқыбастап жасалған сәнді ағаш төсектің шетінде аяғын салбыратып отырған Зипәгүл Боранқұлдың жел қағып қаралтқым тартқан жүзіне сүле ғана көз тастап: – Мұнда неге келдің,- деп сұрады. – Сені іздеп келдім, Зипәш, – деді Боранқұл мүләйімсіп. – Жаманқатты мені іздеген шығарсың? Боранқұлдың Нәзиләмен қарым-қатынасы жайлы, шекара­ ны қайта асқаннан кейін де оны іздеп шапқылағандығы туралы бір-ер сауысқанның Зипәгүлдің құлағына шықылықтап кеткені хақ еді. Ендігі жерде Боранқұлға жасырынар да, жалтарар да жер қалмады. Ұсынған қолын сілкіп тастамаса да, алғысы кел­ мей кермалданған қалыңдығының алдына келіп тізесін бүкті. – Алдыңа келіп жүгіндім, Зипәгүл, қазір кесіп алсаң да қылша мойным-талша. Қолыңды қақпаймын, бір мезет сенің сыртыңнан күнәкәр сезімде болғанымды жасырмаймын. Бірақ, шектен асқан ұятты жерім де жоқ еді. Ендігісін өзің біл! – Ендеше, Нәзиләға ауған көңіліңе ортақтасамын деп талассам менікі де жолсыздық болатын шығар? – Мен қазір Нәзиләны жоғалтып алып келіп отырмын. Ол ендігі жерде табылмас та. Табылар халден кеткен сияқты. – Іздеуің жетпеген шығар? – Жетерліктей-ақ іздедім, таппадым. Табылған болса – шынымды айтайын, қалай боларын ойламаған екем, таппаған соң саған келіп отырмын. – Нәзилә табылған болса оралмас едің ғой? – Айттым ғой, ол жағын ойламаппын. – Мен туралы ойлауға да зауқың соқпаған екен ғой? – Жоқ, Зипәгүл, олай деме, мен Нәзилә жөнінен сенің шам көретініңді ойламаған екенмін. – Ендеше, ойланып кел! – Ойландым, ойланып болып келіп отырмын. Атааналарымыздың ақ батасымен отастырылған жұбайлар едік, отасуға тиісті едік, ендігісін өзің біл! Тағдырым өз қолыңда. Зипәгүл ендігі жерде діңкең қатып, амалың құрыған соң еріксіз келіп отырсың ғой деп жазғыра беруге атасқан

жарын қимады. Көп уақыт зарықтарған қимастық сезім
артықша шәжілендіруге жібермеді. Қыстыға жылап жіберіп
Боранқұлдың құшағына құлап түсті. Ғашықтық мұқтаждық-
кемшілік, қателіктердің сүреңсіз кеспіріне қаратпақ емес.

Осыдан екі-үш күн өткен соң Көкең болыс Жолым­
бет, Құттымбет, Қыдыр әулетінің көшпей қалып қойған, аз
ауылын шақырып той жасады да, Боранқұл мен Зипәгүлді
үйлендірді. Оңаша отау көтеріп бөлек шығарды. Содан тартып

Зипәгүл өз еріне шын ниетімен берілген әйел қасиетімен ба­
урады Боранқұлын. Кемді уақыттан кейін Көкең болыс тағы
да той жасап, хабар асу аузындағы қан төгісте келіншегі өліп,
бесіктегі сәбиінен қоса айрылған Биғали сынды Боранқұлдың

серігін және үйлендірді. Күйеуі ақтардың қолынан қаза тапқан
қарашаның бір жесіріне теліді.

– Екеу болып келіп ең, төртеу болып қайтыңдар! Ықила

байғұс қуанып қалсын! – деген еді қарт болыс, бірақ, олар
Ықиланы қуандыра алмады.
Әр қандай бір жаңа зат, жаңа құбылыс атаулының, мейлі ол
күн сайын тұтынылып жүретін астау-табақтың жаңа түрі болса

да таңсық көрінетін, көріп тамашалауға қызықтыратын әдеті.
Төртеу болып қайтқалы жабданып жатқанда, Ресейда дүниеге
келген жаңа заман жаршысы Сабыржан Ғаббасов деген кісі
Сергиопольға келіп, кеңес үкіметінің туын тігіп, керегесін жай­

ып жатқан хабар таралды. Қарт болыс Көкебайдың қабағынан
қар жаудырған бұл хабар Боранқұлға тым суық естілген жоқ.
Биғалиды ертіп барып, жаңа үкіметтің түрі-түсін, кейіп-кеспірін
көріп, сыңайын байқап білгісі келген бір желік жабысты. Оның

бұл ниетін білгенде қайын атасы жөптемесе де, теріс екен деген
жоқ. «Олжа қасқаны» мініп, Биғалиды жанына ертіп, Аягөздің
аядай қаласына келді. Татар қыстағы делінетін мәліні кесіп
өтіп, Биғали танитын бір үйге түсті. Аман-сәлем аяқтасып, ал­

дыларына шай келе бергенде тарсылдаған атыс үні зіркілдеп
қоя берді де, қаңғырған оқ қатерінен жасқанған олар сол үйден
шыға алмай отырып қалды. Бұл отыру зор отыруға айналды.
Атыс бастағандар көзін тырналап енді ғана ашқан жаңа

үкіметтің желкесіне қылыш кезеп, аптығып жеткен ақ бан­

Ғаппар БІЛӘЛ
дылар екен. Тіс-тырнағына дейін қаруланған ақтардың қалың
әскері іргесі бекіп үлгірмеген кеңес үкіметінің апа-тапасын
шығарып, ақтық сағатына дейін қарсылық көрсетсе де төтеп

бере алмасына көзі жетіп, аман қалған бірнеше нөкерімен
қашып шыққан комиссар Ғаббасовтың сары ізіне шөп салып
тінтіп жүргенде, орыс офицерлері мінетін қара қасқа (олжа
қасқа) арғымақтың үстінен шықты. Ғаббасов осы деді ме екен,

Боранқұлды Биғалимен бірге шап беріп ұстап, тінту жүргізді.
Қасқа арғымақтың ақы иесінен олжаға түсірген браунигін
қалтасына салып келгені қай сорым екен, Боранқұл Ғаббасов
болмаған күнде де, орыс офицерлерінің бірін өлтіріп тонаған

Ғаббасов жасақтарының бірі деп қаралғаны хақ еді. Мұндай
адамдардың мемлекет тағдыры қыл үстінде теңселіп тұрған
кездерде тергеусіз-ақ атып тасталатын жөні бар ғой, бірақ,
су ішерінің барына көрінді ме екен, олар атаманның алдына

шақыртылды. Кім екендігі, қасқа арғымақты, брауникті қайдан
алғандығы, Ғаббасовты білетін-білмейтіндігі қузастырыла ба­
стады. «Қасқа арғымақты қаңғырып далада жүрген жерінен
тауып алған мен едім» деп, Биғали Боранқұлдың басына

төнген қауіпті өзіне тәуелдеуге тырысқан кезде, олардың тіліне
жарымаған атаман тілмаш шақырта қалмасы бар ма? Тілмашы
кім дейсіз ғой? Тілмашы ма? Анна Васильевна. Жалғыз ат
арбасымен еларалап, қолының месекерлігіне сүйеніп жан

бағатын Василий Хартовичтің жанынан тастамайтын жалғыз
қызы Анна. Жас перизат. Ертеректе мылтығының ширатпасын
жаңалату үшін оларды Боранқұл өз ауылына ертіп апарған, та­
лай күн үйіне де қондырған. Жалғыз ғана көк шолақ ат жеккен

сырлы көк арба қурайлы шөпті сытырлата сындырып келіп есік
алдына тоқтағанда, арбадан түсіп жатқан орыс азаматын көріп,
әкесі Қажыгелдіні өлтірген күпәр әулетін жақтырмаған Әнбия
сопы сәлемдеспей, тыржиып теріс айналып кеткені сонда бола­

тын. Шалының жақтырмаған қабағына қарамай, жылы жүзбен
қарсы алған Ықила неше күн үйіне қондырып, бәйек бола күтіп
жүріп, ұлының мылтық шақпағына ширатпа салдырып, өзінің
ескіден келе жатқан тігін машинасының тартпай қалған тісін,

жіпті астына тартып кететін қайығын, тағы басқа ол-пұлдарын
жөндетіп алғаны да сонда еді.

Сонда ғой, Аннаның аспанның қиығындай көгілдір көздері
жайнай күлімдеп келіп, су бойындағы шым тұғырда шаншы­
лып отырған көк қаршығаны көріп құмарта қызыққаны. Үйрек
алатындығын естігеннен кейін қаршыға саятына шығып, үйрек

ұстауды тамашалағысы келіп тілек білдіргені. Жасы онбе­
ске шығып, жігіт қатарына қосылып қалған бозбала Боранқұл
ауылында қонып жатқан айдай арудың бір өтінішін жерде
қалдыра алар ма?! Мұндайда бозбала жігіт қыздардың алдында

мәмпәсиға кезіккен жас балаға ұқсап кетер еді. Әуелі десеңіз,
ат мінуге көп дағдалмаған қала қызын ала қашып жығып
кетеді демесе, ауыздық сүзіп жұлынып жүретін тайшұбарға
да мінгізіп алғысы бар еді. Жоқ, оған басқа ат мінгізді. Тал­

мау түс, үп еткен жел жоқ, қызғылтым сары түске енген
сахараның сап ауасы. Қолына қаршыға қондырған сері жігіттің
көзі үзеңгі қағыстарып қатарында жүрген ару бойжеткеннің
қыр мұрнының екі жақ қобысына болымсыз секпіл түскен

ақсары жүзінде де, бұйраланған қолаң шашында да емес, да­
лада еді. Құдай сәтіне айналдырғанда су бойынан қос үйрек
кезіге кетсін. Сағым буған қиырдан сайтанның қылпын қалт
жібермейтін қанды көзінен найзағай атып, екпетінен түскен

қаршығаны Боранқұл жіберіп қалсын. Әккі қыран ну қамысты
көбелеп барып, қос үйректің өкпе тұсынан атылып шыққанда
сасқан үйрек биіктеп кете алмай су жағалап сабалап ұшсын.
Сол кезде ғой, зымқып тік шапшыған көк қаршыға адырна­

дан жіберген сұрғылт жебедей көтеріліп кетіп, ойын салып
өнер көрсеткендей төңкеріліп барып, қанаты күнге шағылыса
жарқ беріп сұр үйректі бассалғаны. Мүбәдә, содан кейінгі
сәтте үйректі қанжығасына байланып, қолына қаршығасын

қондырып, әсем басқан тайшұбардың үстінде шаншылып
отырған бала жігіт көзіне сахараның сал-серісі, түз перісі бо­
лып көрінген шығар, мүбәдә, қоңыр самал күз айында болым­
сыз емексіткен шал шуағының өзінен пысынап кетіп, аттарын

байлап тастап, бой салқындату үшін көк иірімде жүзіп ойнап,
қатарласа судан шыққанда толықсып, тіленіп тұрған сүйістің
шабытты көзі етке жабысып қалған бір қабат қабыршақ қана су
соқты киімнің астынан тепсінген жігіт денесінің алғыр ныспын

Ғаппар БІЛӘЛ
танып қалған шығар?! Ну болып өскен тоғайдың арасындағы
алаңқыда төңкеріліп жатқан қара бас шалғынды төсеніп қатар
отырған жерінде Боранқұлдың мойнына Анна өзінің сүт түсті

ақ білегін арта салып, қытықты көзбен қиыла қараған-ды. Сонда
ғой, Боранқұлдың осы бір сопақ жүзді ақсары қыздың аспанның
қиығындай көкпеңбек көздерінің ұңғысынан жылтылдаған
құймыр сәулені көріп тамашалағаны. Көкірек қуысында

ұйықтап жатқан бала мысық әлгі сәуле бетіне түскенде тышқан
тықырын естігендей селк етіп, оянып кетіп, шошына ашылған
екі көзімен сол ерке сәулені ішіп-жеп, шиыршықтала атылып
барып бас салуға оңтайлана берген. Ажалмен ойнағандай ал­

дына келіп төңіректей бастаған түлкі ныспын томағаның
саңылауынан шырамытқан балапан бүркіттей Боранқұл топ­
шысын жайып жіберіп, қарсы алдындағы уыз дененің шытадай
іш көйлектің қолтық тұсынан бөтегеге қарай сәл аулық тұсынан

сыртына сыздата шертіп тұрған төсқасқасын кеудесіне басып,
жабыса кеп түссін деңіз. Содан ары қарай Боранқұл ештемені
көре алған жоқ. Мүмкін, екі көзін тас жұмып алған шығар?
Әйтеуір, бойды билеген бір асығыстық бар, ол неге асығады?

Мүбәдә, терек саясында қалған қаңтарулы аттарды көріп қалса,
ары-бері өткен жүргіншілер, мал іздеген жоқшылар үстімізден
түсіп жүрер ме деп қауіптенетін болар? Немесе жан рахатының
(бұрын бастан кешіріп көрмеген) дауыстап тұрып жылап жіберер

сәтіне асықтырып, минут-секундтық аял бермес, тағат таптыр­
мас құштарлық құлшынысы ширықтырған шығар? Әйтеуір,
жінігіп кетті. Балғын тән жанға жағымды тиетін қырпулы
оттың жалынында шымырлап балқып қайнағандай, тұтас дене

бір ғана тұсынан жарылып кеткелі шымылдап. Шеңберек атып
жылауықтанып келе жатқандай, қаша жөнелгісі де бар, бірақ,
қашуға қияр емес. Қимайды ғой қу жүрек, қимайды.
Адам ғашық болу үшін сүйіспейді, сүйісу үшін ғашық

болады. Сүйіс тірі организмінің мұқтажы. Күллі тіршіліктің
әке-шешесі де осы мұқтаждық. Бұл мұқтаждық өз қажеті
үшін жүргізген шабуылдық сипаты бар қам-харекеттерімен
тіршіліктің алғашқы нышанасын жаратады. Мүсінге келтіреді.

Қан жүргізеді, Жан кіргізеді. Ол барды қазып шығармайды,
жоқтан өндіреді.

Боранқұл расында жылап жіберердей еді.Тұра қашқысы
келгенде құшағынан босатпай қойған Аннаның қылығынан
қорлық көріп қыстыққан жылау емес.Сондай бір тегеурін
көргеніне тәнті болған разы – қоштықтық көз жасы еді оның

жанарынан ытқып шыққан нілді тамшылар. Сонда ғой,
оған әлемде бар әйелдер қауымының ішіндегі ең сұлуы, ең
ыстығы, ең жұмсағы, ең тебіндісі осы қыз болып көрінгені.
Сонда ғой, оның Аннаға ғашық болып қалғандығын, үйленгісі

келетіндігін айтып, жалынып жалбарынғаны. Бірақ, есті қыз
оны еркіне жіберген жоқ, біз жаспыз, ойнауымыз керек,
басқасы керек емес» деп бірер күн күліп-ойнасып айрылы­
сып кеткен. Үйленулеріне дін әмірі, Иссус-христос рұқсат

етпейтінін өкініш етіп, өмірлік достасып өтуге уәделесіп
тарасқан-ды.
Енді міне тергеу үстінде күндей күлімдеп Анна кіріп кел­
генде Боранқұл жазықты адам ретінде қолды болып тұрғанына

ұялып қызарып кетті.

– А, Бурангел, сіз жақсымысыз, – деп Анна салған бетінде

онымен қолдасып амандасты. Осыдан кейін Бурангелдің
жазғырылып тұрған мән-жайын атаманның аузынан естігенде
шыжақ болып араға түсті.

– Бұл жақсы адам, мен танимын, Ғаппасовпен ешқандай

қарым-қатынасы жоқтығына куәлік етемін, – деп соқты.
Зор, мығым денелі ақтар атаманы да жас жігіт екен, Ан­
надай ару қыздың куәлігін теріске шығарып, онымен дау­
ласып тұруды өзіне мінәсіп көрмеген шығар. Боранқұлды

атудан аман қалдырды. Бірақ, қаматып тастады. Соңынан
қызылдар қосыны қайта оралып, Аягөзге шабуыл жасаған
тұста Боранқұл Биғалимен бірге абақты есігін бұзып қашып
шыққан еді, соңынан қызыл әскер комиссары оларды қайта

тұтқындады. Оларға ендігі жерде Сабыржан Ғаббасовтың
қашқан бағытын ақтарға көрсетіп жіберіп өлтірткен адам
сендер емес пе екенсіңдер деген күмән таңылған еді. Бірақ,
тиянақты спат табылмаған соң қайта босатты. Босап шыға са­

лысымен Боранқұлдың Қызылдар қосынына қосылғысы келді.
Өйтетіні – Аягөздегі ақтар жеңген алдыңғы шайқаста қолды

Ғаппар БІЛӘЛ
болған Айғыз атты қазақ қызы ақтар атаманына Ғаббасовтың
қайда, қалай кеткен дерегін айтып бермей қарсылық көрсеткені
үшін екі емшегін кесіп қорлап өлтірген болатын. Осыған бола

Боранқұлдың ақтарға ескі кегі тағы ширыға түскен-ді.
Қызыл комиссар Боранқұлдың ақтарға қарсы көтерілген
Нұрсәлім жасақтарына қосылуға ниеттенгенін, жанұясын ше­
телге көшіріп тастап, қайтып оралғанға дейін қаншалаған пат­

ша әскерін шығындатқан ер азаматтардың бірі екенін естіген
соң оның қызыл армияға кірмек болған талабын қабылдағысы
келіп лоблыды да, Әнбия сопының баласы, атағы жер жарған
Бастаубай бидің жиені, орта жүзден бойы асқан Көкебай

болыстың күйеу баласы екендігіне қарап қайта қайқалақтады.
Армияға қабылданбай, Аягөзден Өкпеті баурайындағы
қайын жұртына қайтарында Боранқұл өзінің бала жастан
мақтаныш етіп табынатын Мақатай ағасы Семейде жүр екен,

жаңа үкіметті ұйымдастырушылардың бірі көрінеді деген ха­
барды және естіді.
Ақтарға кеткен есе-кегін қайтарудың таңдаулы жолы
Мақатай ағасымен табысып, оның үкіметі үшін қызметтену

деп таныған Боранқұл үйіне келген соң осы ойларын көнекөз
қайын атасына білдірген еді. Көкебай болыс оны «Өзің біл,
қарағым, мен бағы қайтқан, елге ақыл, тұғыр болудан қалған
қу түбірмін, түбіне көзім жетпейтін жұмысқа анауың теріс,

мынауың дұрыс деп баға бере алмаймын, ақыл көрсетемін
деп жүріп обалдарыңа қалсам жараспайды, жастар өздерің
шешіңдер» деп шығарып салды. Оның шығарып салмай,
жастарға ақыл қосу қай теңі?! Сыртқы дабырадан құлағына

жеткен хабарлар рас болса – жаңа үкімет оған жағымды,
сүйкімді болып келгелі отырған жоқ. Жаңа үкіметтің ат
дүбірінен үркіп, ақтармен жарыса қашып, шетке ағылып
жатқандардың жағынан да жақсы лебіз естілмейді. Әне келіп

қалды, міне таяп қалды деп дүрліккен дабырамен тігулі үй,
асулы қазанына қарамай, тырнауыштап жиған-терген мал-
мүлкін тастап, астына тиген бірлі-жарым керігіне қатын-
баласын мінгестіре қашып зытып безгендердің дақпырты

күн сайын құлақ тұндырады. Оларды жол-жөнекей кезіккен

ақтар да, соңына түскен қызылдар да тырсылдатып атып кете
береді екен. Жолда аты болдырып жаяу қалғандары шетел
шекарасына жете алмай, сілесі қатқан жерде бала-шағасын
тастап кете алмай, бір қуыста бүкіл ұрпағымен құшақтасып

жатып аштан қырылғаны, жаңа туған сәбиін арқалап
жүруге күйі қалмаған жас келіншектің жау қолына түсіп
жәбірленуден өле салуды артық көріп, нәрестесін өлтіріп,
өзі пышаққа түскені, немесе күйеуінен өлтіріп кетуді өтініп

зар еңірегені, әл-қуатынан айрылған ата-әжелер жүрерге
дәрмені қалмағанда иенде тастап кетулерін тілеп ботадай
боздағаны туралы деректер сай-сүйекті сырқыратады. Бұл
сияқты сұмдықтарды дүние халқы бастан кешіріп көрді ме

екен?
Осы сыбыстарды естіп, ата жұрттан қозғалмауға бекінген
Көкебай Боранқұлға нендей ақыл көрсетеді. Солармен
бірге кет, солармен бірге ит пен құсқа жемтік бол демек

пе? Жоқ, кетпе, жаңа үкіметтің құрылысы үшін қызметтен
деуге қанша болашаққа көзі жетіп отыр? Жиырмасыншы
жылдардың соңына таяғанда асқынған әсіре солақайлық
салдарынан мал, жан ортақтастырылып кетерін, отызыншы

жылдардың басында ашыққан сәбилер анасының жан үзіп
болғанын сезбеген күйде тас емшегін сорып жатып, қатып
қаларын, бір үйлі жан бір-ақ қырылып, жерлеуге шығар
адамның жоқтығынан көмусіз қалып сасып, шіріп кетерін,

өз шаңырағы өзінің моласына айналарын, Көкебай қайдан
біледі? Жеуге жарайтын қоректік қуаты бар жандар жәндік
пен махлұқат ішіндегі шариғат әмірі бойынша мұсылман
қауымның жеуіне рұқсат етілген төрт түлік малдан басқаның,

адал деп қаралатын құс пен балықтан басқаның етін ерніне
жағуды күнә деп білетін, бақа-шаянның, құрт-құмырсқаның,
қысқасы асқазанды зақымдамайтын, уландырып өлтірмейтін
алыптарынан зәредейіне дейін сыпырып соға беретін пен­

делерге ұқсамайтын, майы томырылып тұрған доңыздың
маңайын баспайтын, қолда баққан «жеті қазынасының» бірі
иттің етін жегенді қойып, ішіп отырған тамағына, алдындағы
дастарханға демі тимесін деп есіктен қаратпайтын, ажал ау­

Ғаппар БІЛӘЛ
зында жатқан сырқаттардың өзі дертіне шипа боларын біле
тұрып, аузына апартпайтын, адал деп танылған төрт түлігінің
өзі ора тартып бауыздалмаса, бауыздалған күнде де «бисмиллә

аллаһу акбар» деп мұсылман жоралғысы айтылмаса, қасқыр
тамақтап, аю жаралап, жылан шағып, таудан-тастан құлап
өліп бара жатқанда бауыздалған алқымынан аққан қан бір
сүйем жерге ағып жете алмаса арам өлген жемтік қатарында

иттерге тастап беретін осы бір кірпияз біртоға халық өзегі та­
лып, көзі қарайып, аштан өліп бара жатқанда адам етін же­
уге дейін барарын, соған көндігерін Көкебай қайдан біледі?
Адами қасиеттерден жүген ұстаған көзсіздік пен көргенсіздік

дәурендей келе отызыншы жылдардың соңғы жарымына жет­
кенде хат жазып, қара танитын, шошаң етіп атқа мінетін зия­
лы қауымды ат қойып, айдар тағып, зындан түбінде шірітіп,
«тескентау» асырып айдауға жөнелтілерін алдан болжайтын

әулие емес қой Көкебай. Сасықкөлдің шүңетіне шөгіп кетіп
ғарқ болған қалың жылқыдан қалған аз дәулеттің сарқынын
үптеп болғасын ақбоз үйдің ішкі жиһаздарына ауыз салар­
да қара би, қараша әулетінен шыққан Пәкизә суырылып

келіп, сүйек төсекте, аю терісі бөстекте шалқасынан жатқан
жерінен Көкебайды бүйірге теуіп тұрғызарын, теуіп тұрғызса
«ендігінің жастары сендер аяқпен амандасатын болғансыңдар
ма» деп кекесін айтарын, «тәңірдің бұл да бір жазғаны шығар»

деп кейістік етерін, содан соң сол көрсеткен қорлығы үшін
Пәкизәні тау жастанып жүрген қашқындарға нұсқап беріп,
мойнақ асуының жалғыз аяқ жолы бар тар кезеңінде қорлап
өлтіртерін алдан болжау сәуегейлігі жоқ қой Көкебайдың,

қара бура қартайып жар басына шөккен күн ғой – бұл күн.
Қайын атасының қалыс нысай ұстағанын көрген Боранқұл
Зипәгүлден қолдау тапты. Гүлге қонған ақ теңбіл төрекөбелек
секілді гүл-бәйшешек көмкерген Өкпеті жайлауының жазғы

төскейінде қызыл-жасылды ою-өрнектермен безендірілген ақ
томағадай әсем отауда, қоқан кілемнің үстінде оң тізесін баса
үлбіреп, шай құйып беріп отырған ибалы келіншек Зипәгүл
Боранқұлдың Тарбағатай аса көшіп кету ниетінен қайтып

қалғанын естігенде қарақат көздің жалынышты түкпірлерімен
қарап күлімсіреді.

– Аузым барып айта алмай жүр едім, кетпейікші! Менің

де әке-шешем бар ғой, соларды тастап кетуге қимаймын.
Қартайған шақтарында күйі не болады? Басы ауырып, балтыры
сыздаса жанында болсам, ақырғы шақтарында бастарын сүйеп
қолымнан сусын берсем деймін, енемді осы бетке қайта әкеліп

алайық! Жалынамын, Боранқұл, солай істейікші! – деп қиылды.
Міне, содан Боранқұл сол бетінше қалып қойды. Кемді
күн Зипәгүлдің қасында болып, соңынан Семейге тарт­
ты. Семейде Мақатай ағасына кезіге алмағанымен, оның

жақтастары оны Алашорданың жасағына қабылдады. Сөйтіп,
қыс өтіп, жаз шыға отауын Семейге көшіріп әкетті. Сол жыл­
дары ол не үйренді? Қандай тәлім алды? Қандай еңбектер
істеді? Бұл сұрауларға Боранқұл ешқандай тергеулерде жа­

уап беріп көрген емес. Тек, ол жасақ болған Алашорданың
1920 жылы күшпен құлатылғаны хақ. Дәл сол қарсаңда
жасақ бастығы Қазиды жаттығу жүргізіп жатқан үстінде
беймәлім біреулер атып өлтіргені анық. Қазидың өлімі Се­

мейде үлкен дабыра тудырғаны шын. Шәкерім, Міржақып,
Бейімбет сияқты оқымыстылар Қазидың өліміне арнап азалы
сөздер сөйледі. Жоқтау жырлар оқыды. Мұндайда өзі иман­
дай ұйыйтын адамдардың сөзіне әсерленіп, еліріп кететін

Боранқұл Қазиға оқ жұмсаған адамның түбіне жетпек бо­
лып соңына түсті. Бірақ, ойламаған жерден сездіріп алып,
өз түбіне жетуге шақ қалды. Қазиды өлтіруші қаншалықты
мәртебелі адам екенін ол қайдан білсін, әйтеу, сезілісімен

қолға түсті, түрмеге жабылды. Бұл реткі ізге түсу күнәсіне
тарихи күнәлары үстемеленіп тергеу күрделене берді. Сабыр­
жан Ғаббасовты ақтарға көрсетіп жіберді дейтін күдік, Әнбия
сопының ұлы, Бастаубай бидің жиені, Көкебай болыстың

күйеу баласы болғандығы сияқты шырма-шатуларға ұласып,
басы кететін қауіп бары байқалды. Сонан кейін Боранқұл
көзсіз ерлікке басты.
Бір кезекті тергеуде қос сұрақшының бірі сыртқа шығып

кеткен еді. Осы орайды пайдаланып қалғысы келген ол
үстелдің арғы жағында қағазға үңіліп отырған қасқа бастың аш
кеңірдегінен ала түсті. Мықындағы жанқұралына ұмтылған

Ғаппар БІЛӘЛ
қолын шынтақтан ұрып салдыратып тастап, алқымын езіп
қылқындырып жіберді. Жан алып, жан берісер шақтың
қиыны-ай, Қасқабастың жаны шығысымен жан ұшырған

Боранқұл есік көзінде күтіп тұрып, бейғам кіріп келген соңғы
тергеушіні үстелде жатқан көзірмен шекеден тық еткізіп
қатырып түсірді де, аузын тығындап тастап, киімдерін киіп
қашып шықты. Енді оған ата жұрттан пана болар бір қуыс, бір

бұтаның түбі қалмаған еді. Астан-кестеңін шығарып тінтіліп
жатқан қаладан Анна Васильевна аяқ астынан кезіге кетті де,
басына қауіп төнсе болды, кездесе қалатын осы бір құтқарушы
періште оны бір тәулік өз үйінде жасырып сақтады. Құпия

түрде шақырып әкеліп Зипәгүлмен жолықтырды. Сонда ғой,
қарны қабақтай, бұты таяқтай болып жүдеген Зипәгүлдің
Боранқұлды бассалып зар еңірегені. Мойнынан құшақтап жа­
бысып алып айрылсайшы!..

Жағдай қыл үстінде тұр, шың еткен дыбыс сыртқа шығып
кетсе болғаны, тықыр еткен дыбыстан секем ойлайтын
тінтушілер мен із кесушілер кіріп келіп Боранқұлды дырылда­
тып ала жөнелмек.

Анна жалынып, жалбарынып жүріп әзер ажыратып алған
Зипәгүл өксігін баса алмай, егіліп отырып айтады ғой сонда:

– Құдайым-ау, құдайым, мен неден сорлы жаратылып

ем? Әке-шешенің күйі не болары белгісіз, енді сенен де ай­
рылар болдым-ау, сорлы басым-ай! Құдай қосқан қосағым
едің, тым құрыса сен тірі жүрші! Сен кет, Боранқұл! Менің
күйім мынау, саған еріп жүре алмаймын. Жүремін десем,

аяғыңа тұсау болармын, маған тұсалып жүріп қолға түссең
оңдыратын түрі жоқ. Үйіміздің әптер-тәптерін шығарып сағат
сайын тінтіп кетеді. Көріп отырмын, үйіміздің маңайы өріп
жүрген аңдушы. Жаратқан Алла саған жар болсын! Мен сені

әйел атаулының көзінен қызғанушы едім, қайтейін, ендігі
жерде сені өзге әйелмен үйленіп кетуге қисам да, өлімге
қияр емеспін. Қайда жүрсең, аман жүр! Көзіміздің тірісінде
көрісуді Алла нәсіп айласын! Тек... әйтеуір... ішімде, құрсақ

түбінде қалып бара жатқан тірі жетіміңді... артыңда өзіңе ақ
жол тілеп, зарлап, жылап қалған мен сорлыны ұмытпағайсың!

Ауық-ауық болса да есіңе ала жүргейсің! Ұл тусам да, қыз
тусам да атын кім қойуым керек, маған соныңды айтып кет!
Бордай босап егілген зайыбын тастап кетуге қимай қиналып
отырып қалған Боранқұл ізге түсушілер қатері төніп келіп

қалмаса, оның үстіне Анна асықтырып, ұрсып таяқтағандай
етіп қуып салмаса, сол орынның өзінде қоршап жүргендердің
тырнағына ілініп мүрдем кетер ме еді, әлде қайтер еді?!
Қысымға шыдамай жылыстай жөнелген ол Зипәгүлдің

ернінен ең соңғы, ең ақырғы рет сүйіп тұрып:

– Ұл тусаң атын Отаршы қоярсың, қыз тусаң қалай атауды

өзің біл, – деген сөзді әзер айтып үлгірді.
Боранқұлдың шекара асып кететін қайта оралмас сапа­
ры сол күні түнде басталды. Бірақ, ол Зипәгүлдің жайылып
жастық, иіліп төсек болатын әйелдік ықыласын көп замандар

бойы ұмыта алмады. Атқа мінерінде шапанын кидіріп, белбеуін
буындырып, қамшысын ала жүгіріп, атының сулығынан алып,
қолтығынан демеп аттандыратын, үйге оралғанда сызылып ал­
дынан шығып қарсы алатын, шешкен киімдерін адалбақанға

іліп, астына көрпе төсеп, бәйек болатын,қаймақты шайы қайнап
дайын тұратын қылап қылықтарын қалай ұмыта алсын?!

ҮШІНШІ ТАРАУ КӨШКІН – Шақырып жатыр. – Шайға келсін дейді. - Суық тиіп шойырылып қалады, жотада отыра бермесін! – делініп, арт-артынан келіп жатқан Мәликенің шақыртулары жота басында аңырап соққан күз желіне арқасын беріп, қара қордалы ақ теріскенді төсеніп отырып алған Боранқұлдың құлағына кіріп шықпады. Бүгінгі күні оның алқымынан ас өтер емес. Балалары келер уағынан кешеулеген сайын көкіректі күпті қылған күдік күшейе түскен. Содан соң: – А, Құдай-ау, жан етіп жаратқаның шын болса, ба­ лаларыма оң сапарыңды бере көр, адастырып, шатастыр­ май, алыста жүрген балаларымның маңдайынан иіскетіп, қамырығымды тарқата көр, – деп, Жаратушы Аллаға жалба­ рынумен болды. Кәләм шәрифтен жатқа білетін дұғаларын оқып, әулие-әнбиелердің сөзінен зердесінде қалған ақ ба­ таларын айтып, тілек тілей берді. Сөйтпей де қайтсын, бір ғасырдан жеті-сегіз жыл ғана кем жасаған ұзақ ғұмырында ол қанша өтірікке алданбады, уәде-серттен айныған қанша тайғақ бұзылуларды бастан кешірмеді? Оның білуінше-өтіріктер мен бұзылыстар әлсіздерден гөрі әлділерден, басқарылушылардан гөрі басқарушылардан көбірек туылады. Балықтың басы­ нан шіритіні сияқты, өргі жақ бұзылған соң өзгені бірге бүлдіреді. Таудан домалаған тас етектегіні ала кетеді. Сондай қылықтардан зыртұяқ болған көңіл шекарадан өтуге рұқсат берген ұлықтар кенет айнып, бұзыла қала ма деп зәресі ұшады. Тамаққа да тәбеті тартпайды.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Ата... ата... үй, ата... – А, не дейсің, келе жатыр ма? – Жоқ, ата, ана ана баррр ғой, біздің «құттыаяқ» біррр күшікті қуып келеді, – деп абдыраған Мақаштың дауысы Боранқұлды сасқалақтатып жіберді. – Не айтып тұрсың? – ...қызыл күшік, – деді. Мақаш тақылдап, – пай, пай, пай... жүйрік екен, ата, анау баррр ғой, тура шыбын... шыбын­ дай ұшады. Ит екеш иттің бір есалаң аусарсоғы болмаса «боғымен жасты» кішкене күшіктерге жүгіріп қарадай күш көрсетіп та­ ламайтыны мәлім, үлкені кішісін, әлдісі әлсізін жеп жұтып жіберетін патшалықтар ғана болмаса, ит екеш иттер де өзінің тең тұсымен ғана таласады. Ендеше, үлкен итке жеткізбей қашып келе жатқан қызыл күшік түлкі болып жүрмесе игі еді?! Боранқұлдың жүрегі дір ете түсті. – Қызыл күшігің түлкі емес пе, балам, анықтап қарашы! – Білдім, ата, білдім, Орррқаш ағам маған қой қайыррып келе жатқанда көррсеткен. Түлкі екен, ...түлкі... оһоһо, түлкі... – А, Құдай, жақсылыққа көрінсе игі еді... алыстан келе жатқан балаларымның жолын кестіре көрме! – деп зарланды Боранқұл даусы күңірене шығып. Оның нанымында алдыдан кезіккен түлкі алдырмай, аман құтылып кетсе жамандыққа көрінбек. Ондайда жолаушының, аңшының жолы болмай­ ды. Оң ісі теріске бағады. Ал егер түлкі олжаға айналып, қанжығаға байланса ырғын олжаның, игілік пен жақсылықтың бастама нышаны болмақ. Ұзын-сонар аңшылық сапарларын­ да Боранқұл мұндай құбылыстың талайын өз тәжірибесінен өткерген. Мүмкін пенде баласының шын ықыласпен жасаған батасын, зар тілегін Алланың қабыл айлайтыны рас шығар, қызыл күшікті әлтақымға алып тықсырып келе жатқан құттыаяқтың жүгірісінен, сасқалақтап кеткен күшіктің күлтелі құйрығы қалай былғалақтағанынан мәліметтер жеткізіп, тақылдап тұрған Мақаш қамшы салым мойнақтың аса берісіндегі қайқаңда шоқпар тастың астындағы жапсарға кіріп кеткенін естірткенде Боранқұлдың қуанғанын айтпаңыз,

Ғаппар БІЛӘЛ ілініп-салынып Мәликенің қасында отырғандағысындай ерке­ леп, найқалуға қайдан мұрса болсын?! «А, Құдайлап» орны­ нан тұрып, жотаның басынан айқай-сүрен көтеріп, тымағын бұлғап ауылдағыларды шақырды. Күтіп отырған сыйлы қонақтарымыз келіп қалған екен деп ат ойнатып жетіп келген өз кенжесі Орқаш бастатқан жігіттерге жақпар тасқа тығылған түлкінің мән-жайын мәлімдеп, жарлық шашып оларды тез жетуге жұмсады. Не қылса да мынау бір Құдай айдап ауылға әкеліп беріп тұрған тегін олжаны құтқармауға бұйырды. – Шап, жылдам! Тез, тез!... Құтқармаңдар! Қашып шықса қуып жүріп ұстаңдар! Мақашқа бір қолынан жетелетіп, өзі де қиралаңдап, жақпар тасқа тез жетпесе түлкі қашып шығып құтылып ке­ тердей асықты. Жолшыбай жусан, ши түбірлеріне, тобықтай тастарға саптамасының тұмсығымен қақтығып, сүрініп кетіп қайта түзеліп адымдағанда өкпесі кеудесіне симай алқына сырылдады. Буыны құрып, маңдайынан жосыған тер мойны­ на құйылды. Сонда да «А, Құдай, берегөр, берегөр, Алла» деп жалбарынумен болды. Ол жақпар тасқа жеткенде Орқаш атты кісі жіберіп ауылдан алдырған жіңішке құрықты жүгіртіп көріп жапсар тастың астындағы қуысты тексеріп жатыр еді. – Бар ма екен? – Ештеме біліне ме? – Бар сияқты, құрықтың ұшына бір жұмсақ нәрсе ти­ гендей түрі бар, былқылдайды. – Құрықты бұра! Сол жұмсақ нәрсе түлкінің денесі, көбірек бұрай түс! Бұрай берсең, құрықтың ұшы түлкінің жүніне оралып ілінеді. Содан кейін тартып шығарып аласың. Байқаңдар, басқа жақта жапсардың аузы болып, шыға қашып жүрмесін, жігіттер, барыңдар, тастың айналасын түгел тінтіп қараңдар! – деп Боранқұл тапсырмаларын үстемелей берген еді. – Ілінді, ата, тартып келемін, енді қайтсек болады? – деп сұрады Орқаш. – Әй, жігіттер, ауызда дайын тұрыңдар, шыға бергенде қара тұмсықтан ұрсаңдар біткені, байқаңдар! Бұйырмайын де­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР генде бұттың арасынан шығып кететіні де болады. Қолдарыңды қаптырып алып жүрмеңдер! – Оһо, міне, ұстадық, ата, ұстадық. Жайырдың нағыз қызыл қоңырының өзі екен. – Тұмсығы қалай өзінің, былғары ғой, тура. Ырсыңдайды, жаны әлі шықпаған екен. – Тірі сойып, терісін сыпырып алған соң қоя беріп қызығын көрейік! – Тек, олай істеуге болмайды, обал болады, балала­ рым, бұл босағаға келген ырыс, ырыстың алды. Оны қорлауға, ойыншық етіп азаптауға болмайды. Таза өлтіріп қана артқы сирағын маған ұстатыңдар! – Ал, мінеки, ата! – Айналайын, түлкішегім менің, – Боранқұл түлкінің тақыршық жылы сирағы қолына тигенде балаша мәз болды, – айналдым сенің былғары тұмсығыңнан, ләйім, балаларымның жолы болады екен, балаларым аман келе жатыр екен, келді менің балаларым. Солардың хабаршысы ғой бұл түлкішек, қазірше мен ие бола тұрайын! Ешкімге байламаймын. Алыстан келген немеремнің қанжығасына байлап беруге арнап, Алланың берген сыбағасы ғой, ал, Орқаш сен мына маңайындағы жора-жолдастарыңа түгелінен ақша байлайсың. Кісі басына он-жиырма сомнан кем болмасын! – деп бұйырды. Әлгінде ғана еңсесін басқан уайым-мұңның барлығын тарс ұмытып, жадырағанын айтпаңыз қарияның. – Бұлардың бәрінің қанжығасына жиырма сомнан байласақ, түлкі түгіл аттың құнынан асып кетпей ме? – дегенге қаратқан жоқ, бересің деп шорт қайырды Орқашқа. – Жүріңдер үйге, шай ішеміз, қарнымның ашқанын жаңа білдім ғой, тәйірі, – деп кеуілдеген топты бастап ауылға беттеді. Өз денесін өзі тарта алмай жүріп, сойылмаған бітеу түлкіні көтеріп ауылға жаяу бармақ болған қарияны атқа зорлап мінгізіп, есік көзіне әкеліп түсірген Орқаш қолына су құйып, орамал әкеліп беріп тазаландырып, үйге кіргізді. Аласалау жиналған тас үйдің төргі бұрышындағы қос қабат қалың сырмақ үстіне арқар терісі төселген өз орнына отырғызып болып, жас

Ғаппар БІЛӘЛ келіндерді шай әкелуге бұйырған еді, дәл сол шақта дүр еткен машина даусы естілді де, отырғандар да, отырып болмағандар да дүрлігіп сыртқа жүгірді. – Келіп қалды. – Қонақтар келді. – Дастарханды жинай тұрыңдар! Үй толы жан жапа-тармағай жүгіріп есік көзіне барып кептелгенде Боранқұл неше ұмтылып орнынан тұра алмады. Жотада ұзақ отырып, суық қарыстырып, болмаса астынан сыз өткізіп, сіңірін тартыстырып қалды ма, шұғыл қуаныштан буы­ ны кетіп, әл-қуатын жинай алмай жатыр ма, кім білсін, әйтеуір, құрып қалғыр қу тізенің бүктеуі жазылмайды. Жетесі қатты бәкідей бүктеліп, қойға ұмтыларда аузын ашып жүгірмеген қасқырдың жағындай қарысып тістесіпті де қалыпты. Таяққа сүйеніп зорланып тұрмақшы болғанда бір жағына қисайып ауып бара жатқанын сезіп қайта отыра кетті. – О, Жаратушы тәңірім-ай, екі көзден айырғаның аз болғандай, ендігі зіліңді екі тізеге жібергенің бе? Ең болма­ са, бірер күнге, тым құрыса бірер сағатқа аял бермегенің бе, қу тағдыр? – деп күбірледі Боранқұл... сауысқан құйрықтанған бурыл сақал қанша ұзын болғаныңмен жер таянуға сүйеу бола алармысың! – Құдайым-ау, мен шойырылып қалыппын, – деп жылап жіберген қарттың даусын естіп, есік көзінен қайта оралған Айданақ құда Боранқұлдың дөңес мұрнының қос қапталынан есіліп қоя берген соқыр көздің сорасын көріп қайысып кетті. – Шуламаңдар, жігіттер, алыстан келген балаларды алды­ мен атасына кезіктірелік, – деп айғайлап келіп, Боранқұлдың қолтығынан алды. Екі-үш рет лоқытып көріп, орнынан қозғалта алмаған соң Орқашты шақырды. Сөйтіп Боранқұл есік алдына қойылған басқы орындыққа көтеріп жеткізілді. Бұл тұста қонақтардың алдынан машина алып кеткен Қуаныш «Бижің 212» маркалы, шекпен қапты жеңіл машинадан алдымен түсіп, аласа есіктен бойы ендемей әзер шығып келе жатқан сұңғақ бойлы, талдырмаш қаракер әйелдің қолтығынан алып, топтаса шыққан қалың адамның ешбіріне қаратпай,

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР атасы Боранқұлға қарай жетеледі. Машинадан соңғы түскен соқтауылдай ұзын денелі бала жігіт олардың соңына ілескенде тас үйдің іргесінде қатарласа отырған ата-аналардың, туыстуғандардың алдына баратын жол ашып қалың қауым ортасы­ нан қақ жарылды. – Ата, келініңіз Хамила алдыңызға келіп тұр, – де­ ген Қуаныштың даусымен құшағын жая берген Боранқұлдың көз алдында көкжиекке қос мұртының ұшынан ғана ілініп, қалтырап тұрған сарғыш көбелектей батар күннің соңғы жарығын бір көлеңке, Хамила келіннің көлеңкесі жауып әкетті. – Айналайын, ақ балапаным менің, – деп қария қуанышты шақта жыламауға өзін қанша тежесе де, қыстығып келген көз жасына ие бола алмай кемсеңдеп, сөзінің соңын айтуға шамасы келмеді. Оның кезерген ерніне Хамиланың жол бойы жел қағып тоңазыған маңдайы сұп-суық болып тиген еді, көз ұясы жып-жылы болып сезілді. Ол келінін маңдайынан, бір жақ көзінен сүйіп босатқанда, келесі кезек тумысында қарда ізін, қарада бойын көрмеген немересі Серікболға тиді. Атасы Боранқұлдың өзіне тартып бойшаң туған немеренің соқтауылдай ұзын да сом денесі тауапқа бас қойғандай, жотасы жөңкиіп отырған кісінің үстіне еңкейгенде, ұзын қара бурыл сақал жайнамаз болып жайылды. – Ассалаумағалейкум, ата! – Уағалайкүм... – мойнынан тас боп құшақтап еңіреп қоя берген немересінің жүзін сақалына басып алған Боранқұл өзіне өзі ие болудан қалып қойды. Бордай босап егілді-ау дейсің, егіліп отырып немересінің маңдайынан шашының ара­ сынан тап-таза бала иісін сезінді, бала исі емес-ау, көктемгі жусанды даланың жұпар исі бар екен өзінде. Бұрқырап қолқаны ататын арақ, темекі дегендердің сасық исі сезілмейді. «О, айналайын, бал бөбек, садағаң боп кетейін: қуаныш пен шаттықтың қарлығаштары, сендердің жаманаттарыңды естімей алдыларыңда кетсе Боранқұлдың енді арманы жоқ. Күні бүгін көзі жұмылып жүре берсе, сендердің қолдарыңнан топырақ бұйырған тағдырына дән риза, Боранқұл иманды». – Күңіренген Боранқұлдың үнін келінімен көріскен

Ғаппар БІЛӘЛ
Мәликенің еркек даусына ұқсайтын жуан зор даусы басып
кетті.
Алыста жатқан атаңның

Назары едің, жан балам,
Алыста жатқан анаңның
Базары едің, жан балам.
Алыста жүрген атаңның

Құлағы сенде, жан, балам,
Алыста жүрген анаңның
Құмары сенде, жан балам.
Зарлы көріс-шерлі көңілдің ағыл-тегіл ақтарылған шын

сыры жыр болып құйылғанда жүрек емес, қара тасты да бо­
сатып жібіткендей еді. Ұйлығып тұрған топты адам ер-әйел
демей кемсеңдеп, көздеріне жас алып, жыламағаны қалмады.
Мәликенің зор даусы өрлеп шығандай түсті:

Қарысқан қара таулардан
Айналды ма екен аса алмай?
Зәулім де зәулім заңғардан
Қиналдың ба екен түсе алмай?

Есіліп жатқан шөлдерден
Бөгелдің бе екен кесе алмай?
Көсіліп жатқан көлдерден
Іркілдің бе екен кеше алмай?

Балаларын сағынған ананың мұң-наласы, күдігі мен күмәні
сай сүйекті сырқыратып, қатқан мұзды ерітер сәруәр күннің ап­
табы болып жалын төкті. Қосағымен қоса ағарған қариялардың
іште жатқан бітеу жарасы бір-ақ ақтарылып, бар уытын сырты­

на алып шыққан.
Жолыңды тосып талыққан
Екеу де көзім төрт болды.
Хабарыңды тосып тарыққан

Өзекке жалын өрт толды, –

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР деп аяулы ана аңырап келіп тоқтағанда күллі жүрек жылап, күллі дүние күңіреніп қоя бергендей күй туды. – Қой, Мәлике, тоқтау ет! «Сабырдың түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа» дейтін нақыл бар, мұратқа жеттің, сабыр айла! – Бейуақыт таяп қалғанда көп жылама! Балаларың кел­ ген қуанышты сәтте көзіңнің жасын бұлама! – Қайратқа кел, беркін! – дескен ауыл ақсақалдары араға түсіп, ақыл бере бастаған еді, шыңылтырланған жіңішке дауыс – Хамиланың даусы сызыла көтеріліп, жәйірдің кешке қарай атқа мінетін сары желінің қанатына ілініп, ұзақ-ұзақтарға жосыды. Сыңарынан айрылған Жартың келді, ана жан. Қолдан ұшқан бағыңнан Сарқын келді, ана жан. Мұң-зарымды естіртіп Жылатайын деп келдім. Мұң-зарыңды ескіртіп Уатайын деп келдім, – деп үздіккен ашты өксік үні жабал елді тағы жылатты. Боранқұл жылап отырып күлді, күліп отырып жылады. – Суқараңғы көзімнің суалып кетпей, бұл дүниеде сақталып қалған нұры, кәрі жасымның қуаты, арманымның қанаты ақ тамақ қарлығаштарым менің, алыста жүрсеңдер де көңілге ме­ дет, өмірге демесін болған қоңыр қозыларым менің, сендерді көретін күнге, маңдайларыңнан иіскеп, беттеріңнен сүйіп, қаңырығымыз тарайтын, шөліміз басылатын күнге жеткізген Алланың рахым-шапағатынан айналдым, – деп күбірлей берді. Оның бүгін тоқсан екі жасында қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болды. Өлгені тірілді, өшкені тамды. «Ат тұяғын тай басар» деген ғой бұрынғылар. Ханжігіттің орнына Серікболын ертіп келін келді. «Ақ түйенің қарны жарылған» деген осы. Сіңіріне ілініп, етегіне сүрінетін шағында Мәлике кемпір жиырма

Ғаппар БІЛӘЛ
жастағы Серікбол сынды тонды немересін туды. Бұдан өтер
қуаныш-мереке болар ма?! Ал, ендеше, тарт қобызыңды қарт
Боранқұл қайта бір аңыратып!

Қария орындығынан қозғалып көріп, әлгінде ғана құрысып
қалған тізесінің жазылып кеткенін аңғарды. Екі аяқпен тік ба­
сып түрегелсе де ауырмайтын түрі бар. Уа, ғаламат, екі тізе, екі
аяқ ызғар өтіп, суық тиіп, сары су ұстап, сіңірі тартысып қалу

сияқты дерт-дербезден айық болып шыққаны мұндай көрім бо­
лар ма?! Қауырт келген қуаныш та, үрейді ұшырған қорқыныш
сияқты өзекке шапқанда буынға түсіп кетеді екен-ау, жат ел,
жат жұрт болып кеткен балаларың келгенде доп болып дома­

ланып жатып қалмағаныңның өзі қандай ғанибет?! Солардың
көзінше дәретіңді астыңнан алдырып немесе дәретке көтертіп
шығартып жүрсең жарық дүниенің тірі қорлығы сол болар-ау.
Жаратушы иең ондай өлешек күйге қалдыра көрмесін, қарт

баба! Отырған орныңнан қозғала алмай домаланып қалғаныңа
қарағанда, екі көздің көрмеуі жылмақтай емес пе?!
Есіп соққан ызғарлы жел басылды. Қара қыстау, қоңыр
күз-мамыражай көк жайлаудың жазғы түніне айналды. Алқара

көк аспанның зәулім күмбезін жарқырата жайнап жұлдыздар
шықты. Шығыс іргеден алма дидары албырап, толықсып
толған ай көтерілді. Ұзақ-ұзақ жыласулар тоқталысымен қысқа
қайрымды есендік сұрастырыла барып, ел орынға отырды. Дала­

да самаладай оттар жағылды. Шәугімдер асылып, қазандар қайта
көтеріді. Арт-артынан ақсарбастарға баталар жасалды. Ұлан-
асыр той басталды. Тас үйге жастай тігілген киіз үйлерде, тоша­
ла, қарсы бөлмелерде қарын-қарын сары майдың аузы кесіліп

отқа тасталды, қаптағы құрт, ірімшік, жент тағамдарының тігісі
сөгілді. Бетіне «лақ ойнақтаса бұзылмайтын» күзге салымғы
сары қаймақтың талайдан жиналған қоры шағын ыдыстарға
салынып, сапқа тұрғызылды. Осы қонақтар құрметіне бола

қыстау сонысында байланған биелердің қою сары қымызы
сапырылып көбік шашты. Алғашқы шайдан кейін-ақ жұмыс
бабынан бастары босай қалған жастар дүрліге әнге, дөңгелене
биге басты. Ер-әйелі араласа отырған жасамыстар ортасында

сықсырыңдаған әзіл-қалжың сусылдады.

Қазір Боранқұл шаңырағының аузы-мұрнынан шығып
отырған кәрі мен жастың ортасында кім жоқ дейсің?!
Отбасының ерікті қызметін атқарысып жүргендеріңде, дүрмек
көбейту қамына бола Боранқұл өзі шақыртып алған шіреніп

төрде отырушылардың да талайы бар. Жаңа көріскен ба­
лаларына құйрық-жалының келте, шолақтығын сездірмей,
жанашыр-жақыны, туыс-туғаны мол күлтеліқұйрық күреңнің
үйірі сықылданып, баржиып, қомақтанып көрінгісі келген.

Боранқұлдың қойнынан кіріп, қонышынан шығып жүрген
кейбір сусылдақтардың өз аяғынан келгендері де жоқ емес еді.
Мұнда Бастаубай, Молдаш тұқымынан қалған ескі
сарысүйек жұраттар сарқыны да, Орқаштың, Қуаныштың

қайын жұрттары сынды жаңа құдалар әулетінің де бастары
қосылған. Боранқұлдың тойлығына арнап, тайын-тайлағын
жетелеп, қойы қозысын өңгеріп келген мұндай сыйласымды
жекжаттарын Боранқұл қонақ күту жұмысына салмайды. Төрге

отырғызып күтіп аттандырады. Аттандыру міндеті анау Шери­
зат, Шағи сынды аралас өскен ауыл иелерінің бала-шаға, келін-
кешек, қыз-күйеулердің мойнында.
Ханжігіттен қалған жалғыз ұрпақ Қуанышты дәнекер

тұтып, су үзілмейді деп білетін көнекөз сарсүйектігі үшін бір
ту биесін жетелеп Айданақ құдасы келіп отыр. Осы үйдің оты­
мен кіріп, күлімен шығып көне келіні Кәмила да жүр. Кәмилә,
Хамила болып бір Ханжігітінің екі мемлекеттен алған екі

әйелінің аттары адас келуін қарашы! Тағдыр жылпостығының
қиуластыруына кейде қайран қаласың. Бұрынғы келіні бүгінгі
келіннің қызметіне құлшынады. Күні ертең олар абысын-ажын
болып силасып өте ме? «Күндестің күлі де күндестігіне» ба­

сып, аяқ астынан қитық шығарысып, шаштасып кете ме, оны өз
мінез-құлықтары біледі.
Төрдің қасқа маңдайына отырған Айданақ құданың арғы
жағындағы кісі Сәйдәлі. Баяғыда түрмеден босап қайтқан са­

парында жол ортадан килігіп, үйіне қайтармай, егіншілік май­
данында ұстап қалмақ болып әлек салған Сәйдәлі. Таптық
қырағылығынан айрылмайтын, Боранқұл секілді тарихи
қылмыскерді шолжаңдатып қырға шығуына жол бермейтін,

Ғаппар БІЛӘЛ
жолдас деп танымайтын, «төңкерістік жігері тасқындаған»
Сәйдәлі. Қайраткер Сәйдәлі. Бірақ қазір оның жүзіндегі
шатынаған аяз, бұрқыраған боранның ызғарлы екпіні басылған,

тесірейгенде өңменіңнен өткізе қарайтын шүңірек көздің
қанжары алынған, жылы жүзбен жымиып, жағатси қарайды.
Енді қайтсын?! Мәнсаптән түскен, демалысқа шығарылған.
1962 жылғы шекара уақиғасында қол-аяғына түскен көзір-

кісеннен бертінде айыққан Сәйдәлінің де көрмегені жоқ, «ай­
лас қатын-мұңдас» дегендей, тым іштесіп кетпесе де, басына
сойыл тигендер қатарында есіркей қарасады. Шен болып,
мүйіз болып жырғатпаған болымсыз мәнсәбінә арқаланып,

тұштиып, әулекіленіп алып, аз күн дәурендеген тұстарындағы
қандас-қарындастарын арандатуға ұмтылған ұрыныстары үшін
жазғырғысы келмейді Боранқұлдың. Туада біткен опасыздығы
емес, ауқымға еліккен ақылсыздығы деп кешіреді. Әсіресе, өзін

ардақтап, билікке отырғызғандарға сенімі кетіп, соққы көргені
үшін жақын тартады. Өзінің шолтыраңдай қалғаны болмаса,
оның басына біткен мүйіз қанша жырғаған мүйіз еді?! «Айдай,
айдай, қара ешкінің мүйізі қарағайдай, қарағайдай мүйізін қағып

алса, тоқал ешкі болуы боқтан оңай» делінетін бір шумақ өлең
әспетті әзіл болушы еді. Сәйдәлі қазір әйдік мүйізді ақ серке
емес – қой бастайтын,тұштиған мүйізсымағы қағып түсіріліп,
топты қойдың тозаңын жұтып, топ ішінде жүретін тоқал ешкіге

айналған соң, Боранқұлдың өзіне жағайымсып, «Ханжігітке
жолдас болып едім, оны қолдап, қуаттап қолтығыма тар­
тып, қызметке, есепшілік міндетке орналастырып едім» деп,
жәркелеңсіп отырғанда кекеп кемсітпейді. Адамды адам етіп,

адами қасиетке төселдіретін де, адамды адамға үргізіп, адам­
мен таластырып, ырылдастырып жіберетін де қу жағдай деп
түсінеді.
Сол айтулы 1962 жылы совет үкіметі Куба дейтін мемле­

кетке ракеталы ядролық қарулар орналастырғанын Боранқұлға
осы Сәйдәлі айтып берген. Оның айтуындай болса өз іргесіне
таяу өңірде пайда болған осы қаруларды сезіп, біліп қойған
Америка үкіметі дау қозғап үлкен дүмпу тудырыпты. Жер

шарын үйткен торайдай қоңырсытып жалаңаштап, құйқаға

айналдырып шығаратын ядролық соғыстың туылу қаупінен
сескеніп Мәскеу жағы Кубадағы қаруларын қайтарып әкетуге
мәжбүрленген екен. Жағдай деген осы. Егер ол аса қуатты Аме­
рика үкіметі болмай мына отырған Сәйдәлі секілді біреудің

түкірігі мәскеулік шонжарлардың бірінің бетіне шашырап
кетсінші, онда «ысқырығы жер жарып тұрған» Сәйдәлінің екі
аяғын бір етікке тықпайды, шатынан басып тұрып, екі аяғын
бірдей ұршық түбінен суырып алады.

Осындайда баяғы қайнатасы Жәкей старшынның қылығы
есіне түседі Боранқұлдың. Оны өз қандастарының соңына
жазалаушы етіп қосқан патша үкіметінің зорлығы мен
азғырындысы еді. Сәйдәліге де өз аға-әкелерін «сіз» деп сила­

уды қойдырып, «сен» деп сөйлеуге дағдалдырып берген сон­
дай бір жағдаяттың зорақы күші. Бірақ, осындай қарсаңдағы
екі беткей табансыздық ердің абыройын түсіріп қана тынбай­
ды, азғын, сатқындыққа душарластырады. Адамның ерлігі

ұстанған жолынан, көзқарақтылықпен тұтынған тұрғысынан
қайтпайтын табанды қайсарлығымен, өжет батырлығымен
өлшенеді.
Ер адамның табансыздығы ердің құнын түсіретін

ездік, ынжықтық, орашолақ ақылсыздық сияқты нашарлық
жақтармен салыстырғанда өз халқы үшін әлде қайда зиянды
болып шығады.
Боранқұлдың қиялын Сәйдәліге тізелес отырған селдір

жирен сақалды, төртпақ сары Меңдібайдың күңгірлеген да­
усы бөліп жіберді. Сөйлегенде ерепайсыз ашылып кетіп,
сөйлемегенде бүрісіп жиырыла қалатын еріндерінің арасынан
түбі көгеріп, тұрқы қисайып аңдыздап біткен қалдық тістері

шам жарығында қоңыздың қабығындай жылтырап, жанып,
сөніп тұрғанын Боранқұл қайдан білсін? Оның білуінше,
Меңдібайдың жас күнінде меңгерген жалғыз өнері - жалақтатып
пышақ қайрап, мал сою еді. Қай күні кімнің үйіне қонақ кел­

се аңдып жүріп, малға бата жасатарда пайда бола кететін
Меңдекең дастархан жайылып, кесенің шеті ерінге жуыса бер­
генде ора тартып бауыздап жіберген еркек қойдың терісін екі
қапталдан жұдырықпен екі-ақ ұрып іреп шығарып, етті борша­

Ғаппар БІЛӘЛ
лап, қонақтың тиесілі сыбағасын қазанға тастап-тастап жіберіп,
жаңа басталған шайдың орта тұсында қонақтардың қатарына
келіп отыра қалатын, әрине, оның жалақтағын пышағы әйелге

нұсқау түсіртіп әурелендірмейді. Келген қонақтың үлкен-
кішілігіне,
салауат-салмағына,
сән-салтанатына

қарап-ақ,
баспен қатар тартылуға тиісті жамбас па, кәржілік пе, аяққы
табақтарға не керек, олар осы үйге кім болып келеді, асықты
жілікке не қосымшалауға болады, әуелі өзі қай табаққа кіре ала­

ды, соның бәрін өзі есептеп, өзі қатынасатын жаққа бөлінетін
жіліктің ойынды етін молаңырақ жіберу сияқтылардың
мөлшерінен жаңылмайды, ретін келтіреді. Ондай кісінің
ағайын-туыстығы, ауылдас көршілігі болмаса да, араласып

өскен таныс-білістігі үшін де мынадай ұлы думанды той бо­
лып жатқан қарсаңда ат өксітіп алыстан шетелден келіп жатқан
силы, құрметті қонақ балаларға сәлемдесіп, амандық сұрасып,
Боранқұлдың төрінде шалжиып отыруының жөні келіп-ақ тұр.

Сол Меңдекең енді қартайған тұсында сөзіуарлыққа салынып,
қыртқа айналып бара жатқанын Боранқұлдың байқағаны кеше­
ден бері ғана болатын. Сол мінін Меңдекең өзі де аңғаратын
секілді, бұл жолы хикаясын қырттық жайынан қозғаған еді.

– Ұлы ағзамдар қартайса сопы болады демектейін,

ендігінің қадырлары қырт болатын түрі бар, – деп бағанадан
бері ел іші-сыртының, тіпті, халықаралық жағдайлар туралы
жаңа хабарларды таныстырып, кейде орталықтың жаңа саясат
белгілемелері жайында тоқталып, одан әрі қызыңқырағанда

«сотсиялзм, коммунизм дегендеріміз – жарым әлемнің
надандық, көзсіздікпен жарты ғасырдан астам уақыт адасып,
тентіреп кетіп сорлануы болып шықты» деп шырқап кетіп
отырған Сәйдәліге соқтығатын кісі бастағанда, Зайыры, ет кел­

генде шөмішқақты жасағыш ойы бар ма, қалай, әйтеуір сөз са­
рыны қиқарақтау басталды: – бірақ, қырт болуды оның сөзінің
оң-терісі мен тегі білетін сияқты, сиырдың терісін илесе көн
болады, жылқы терісін илесе күдері болады. Сіз бұған қалай

қарайсыз, Бореке?

– Барлығың үйге келген қонақсың, алыс-жақыннан жина­

лып балаларыма амандаса келгендеріңе рахмет! Менің міндетім

барлығыңды разы-хоштықпен күтіп аттандыру. Сендерге мен
не деп сал айтайын? Оң-терісіңді өздерің айыр! – деп Боранқұл
Сәйдәліге тиісе қоймайтын нысай білдірген соң, Меңдекең сөз
сарынын басқа жаққа бұрып әкетті.

– Біздің қазақ сұраса келе бірімен бірі қарын бөле болып

шығады екен. Мына отырған Боранқұл маған да бөтен емес.
Бас құда Айданақпен руласпын. Сондықтан, осы үйге мен де
сарсүйек құданың бірі болып табыламын, – деп әлгінде бата
жасалған ақ сарбас қойдың басын өзіне тәуелдейтін сыңай

байқатып бір тынды да, сөзді тағы бір қиырға қарай қиялатты.

– Осы Борекеңнің нағашысы Молдаш айтулы мерген,

жұрттан асқан саятшы болған екен. Сол өнерден менің әкем
де құралақан кісі емес еді. Баяғыда біздің жас күніміз бола­
тын, әкем үйден күн сайын шыжық алып кетіп жүрді. Сөйтсем
бір қақпан баспайтын шор аяқ қу түлкіні шыжыққа дәндетіп

жүргені екен жарықтықтың, дәндетті, дәндетті, дәндете келіп
ақырында шыжықтың астына қақпан отырғызды. Бірақ, қу түлкі
қақпан барын сезіп қойыпты. Қақпанның үстіне шашылған
шыжықты құйрығымен қағып, ауаша шығарып алып жеп кете

беріпті. Содан әкем бізді кәріқыз теруге шығарды. Бірнеше
күнге дейін шыжыққа кәріқыз араластырып шашып жүрді.
Шыжықты сыпырамын дегенде кәріқыз жабыса берген соң
түлкінің құйрығы да ауырласа береді екен. Содан бір күні ау­

ырлап алған құйрығымен шыжықты қаға бергенде қыл қуып
тұрған қақпан қарап жатсын ба, шарт етіп алған екен қу түлкіні
құйрық түптен.

– Керемет, керемет екен әкеңіз.

Отырғандар ду күлгенде, құсжастыққа шынтақтап жатқан
Сәйдәлі басын көтеріп алып, Меңдібайдың қуақы жүзіне
күлімсірей қарады. Бірақ, мазақтағысы келіп отырғанын
сездірмеу үшін ашық күлген жоқ.

–Әкеңіз тәуір-ақ айлалы кісі екен. Шіркіннің оқымағаны-

ай, оқыған болса барлау қызметіне қосып, ұры-қарылардың,
шпион-тыңшылардың
соңына
салса

қақпан
бастырмай
қоймайды ғой. Нағыз ыспор барлаушы болғыдай екен.
Сайқы-мазақты аңғармаған Меңдекең желдене түсті.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Ауылымыз қыстауда болатын, көккезеңге Қоякені ертіп

шығып, «анау үш үшқаттың желкесіне барып тас домалат!Сол
арадан түлкі қашады» депті әкем. – Сол жерге келгенде Сәйдәлі
мырза қағытып қалғысы келіп «япырай, көріп-біліп жүгені
шын болса, ол түлкіні бұрынырақ неге алып жібермеді екен»

дей жаздап тоқтаған еді, мұны абайламаған Меңдекең көпіре
түсті.

– Айтқандай, Қояке барып тас домалатса түлкі қашыпты.

Әкемнің қолында балапан бүркіті бар екен, салған жерден
бассалып ұстапты, сонда «ау, Қояке, сен түлкінің терісін
аласың ба, етін аласың ба» деп сұрапты әкем, «ойбай, тақсыр-
ау, етін қайтем, терісін алайын» деген Қоякеге түлкіні тірідей

сойғызып, терісін беріпті де, бүркітінің аяқбауын алып,
әлі жаны шығып үлгірмеген күйімен тұра қашқан түлкінің
үстіне қондырып қоя беріпті. Ал, босатылған бүркіт түлкінің
үстінде кетіпті. «Мұныңыз қалай» деп сұраған Қоякеге «сен

нені білесің, бұл бүркіттің бір түлкілік қана күйі бар. Екінші
әрі түлкі алмайды» деп жауап берген екен. Жарықтық. соны
қалай білген деші?

– Япырай, екініш рет түлкі алмайтын болса аштан өлді-ау

әлгі бүркіт.
Сәйдәлінің қағытып отырғанын енді ғана аңғарған ұлы
қырт лақпа бөспеліктен айыға бастағандай еді. Өйтпегенде,
ол ендігі кезекте өзінің қасқырға у салғанын, у жеген қасқыр

түлкідей емес, недәуір мықтылық көрсететінін, Майлының
бөктерінен у жеп кеткен бір қасқыр жырғалаңға беттеген ізіне
түскенде, тым көп жерге тентіреткенін, енді бір жерге барғанда
екі құлағы тіп-тік болып қатып қалғанын жырлағалы отыр еді.

Бұл тұста ауыл арасының керекке алғысыз, мән-мағынасыз
қысыр әңгімелерінен зерігіп қалмайық деп әдейі түртпектеп,
қоздырып отырған Сәйдәлі көзі ашық сауатты адамдарға тән си­
патын байқатып, халықаралық келелі ірі істерге ойысқысы келіп,

атасының тізесін жастанып жатып мызғып оянған Серікболды
сөзге тартты. Жаңа тәуелсіздік жариялаған Қазақстан елінің
хал-жағдайын сұрастыра келіп, саяси назариялық мәселелерге
саятын істерге бет түзеді.

– Барлық шаруашылық жүйелері жекелерге таратып

беріліп, барлық адам жеке басының мүддесін қүйіттейтін
жағдай қалыптасса, адамдар кілең озбырлықпен айналыса­
тын обырларға, кілең өзімшілдерге айналып кетпей ме? – деп
сұраған еді. Серікбол атасы Боранқұлға тартып кесек туған

балғын денесімен бұрылып, Сәйдәліге езу тарта жимиып
қарады. Жауапты да қысқа қайырды.

– Адамзат баласы сұлулықты танып қабылдай білсе,

өзімшілдіктен тиылатын болады. Жәнесінде табиғи түрде ти­
ылады.
Бұл сөздің астарында қаншалықты мағыналар жатқанын
түсініп жете алмағандар ойланып отырып қалған еді. Көңілге

алған, тура деп таныған ойын бүкпесіз ашық айтып тастау­
дан тайынбайтын, өжет көріне бастаған немересін Сәйдәлінің
еркіне беріп, сыр алдырғысы келмеді Боранқұлдың. Тура
сөйлеп үйренген бала көпшілік алдында заман ауқымына

жақпайтын лебіздер білдіріп қойып, пәлеге қалуынан сескенді.
«Жалған сөйлеуге жатылып, жылмай ағатын тәжірибелілердің
салтын, яғни құбыла білу әдістерін, яғни тайында басқа
ұрылмаған жылқы ат болғанда топқа кірмей тайсақтадығының

жөнін білмейді» деп қарады.
Боранқұл ойлаған осы түйткілді қонақ күтісуге келіп
отырған Кәмилә да аңғарғандай еді. Серікболдың төр қабырғаға
ұсталған қалы кілемнің үстінде ілулі тұрған қара қобызға

қарағыштай беретіндігін де бағып отырса керек, қайнатасы
Боранқұлға күлімсірей қарап:

– Ата, балаңыздан қобыз тартып беруін өтінгелі отырмын,

– деген тілек айтты.

– Я, я, білетін болса рұқсат, тартсын балам, көпшілікке

тартып берсін!-Екі шешесінің ең үлкені болып келетін
Кәмиләнің да, атасының да алғашқы тілегін Серікбол, әрине
жерге тастай алмайды ғой. Алыс жолдан шаршап келсе де, иба
сақтап, өзі түрегеп барып атадан қалған қара қобызды қолына

алды. Құлақ күйіне келтіріп ішек үндерін теңестіріп алғасын,
Ықыластың
бірнеше
күйін

қатар-қатарынан
безілдетіп
орындап шықты. Немересінің шебер орындаған күй әуеніне

Ғаппар БІЛӘЛ
елжіреп, езіліп отырған Боранқұл көкейіне орнап қалған
Сәйдәліге берген жауабының маңызын ойлап толғана түсті.
«Керемет екен ғой менің балам, адам ойламаған сөзді айтты-

ау, рас-ау енді, ішкі-сыртқы жан сұлулығын тани білмеген
адам өзімшіл болатыны шын-ақ қой, ақылға да, шындыққа да
жанасады».

- Тамақ пісті, су құямыз, – деген дабырамен отырғандардың

көбі орындарынан тұрып далаға шықты.
* * *
Балалары келердің алдында Боранқұлдың санасында тағы
бір кәдікті ой күш көрсетіп жүруші еді. Үкімет жақтары талай

уақыт жамандасып кеткенімен орыстар елі оған өнерлі ел сипа­
тында елестейтін. Ұзақ жылдар бойы қатар жасаған қазақтарға
сол орыс мәдениеті жұғып, дарыған болса Қазақстан мал­
шылары біз сияқты мыжырайған тас үйлерде, жер кепелерде

қыстамайтын шығар? Жоспардан артық төл алып, енелік мал
санынан артық төл ерткен малшылардың озат шопан атанып,
силыққа жеңіл машиналар мініп жататынын Боранқұл жаман
радиосынан талай естіген. Оның малшылары шөпті машинамен

шауып, машинамен жинап, малды машинамен жемдейтінін,
дала қостарында, қой қораларында електір шамдары жарқырап
жанып тұратынын, сай-саларындағы қойшы үйлерінде мон­
шасы, телефон, теледидары, тағы-тағылары болатынын да

дыритып айтып жатады. Олары рас болса, өркенді елден кел­
ген мәдениетті келін, оқымысты немере аңсаған атасының екі
көзден айрылған соқыр шал, ене-әжесінің түйтиіп бүкірейген
шұбалаң етек шандыр кемпір екенін көргенде қомсынып,

намыстанбаған күнде де, қыстық баспаналарының қораштығын
жаратпай, тыжырынып жүрмесе екен деп ерте қамданып, есігін
ашса «ап» дейтін, терезесі «күп» дейтін ескі үйді биыл жаз
қыруар ақша шығарып, еңселендіріп, жарықтандырып қайта

жөндеуден өткізген еді. Бірақ, балта сабынан озбаған еді.
Кірпіш үй қалатуға жақын жерден топырақ шықпады. Қаладан
күйген кірпіш алдыруға шығынсынды. Келетін қонақтар
үшін өтелешек мол шығасыға қаржы үнемдеу керек бол­

ды. Аттама табалдырығы тізеден келетін тас үй баяғы тас үй

қалпын сақтап қала берді. Қалалы жерде, зәулім ғимараттарда
тұратын, солқылдақ жұмсақ креслоларда отыратын, шыны­
лы үйге дәреттеніп, суды қабырғадан алатын, бар жағынан
жабдықталған, сырлы едендеріне қалы кілем төселген, електірлі

баспалдақтармен шығып-түсіп үйреніскендердің бұл үйдің
қағып-сілкіп салған қарала сырмақтарына келіп жиіркенбей
тізесін бүгуі қалай болар екен? Пальто-кастомдарына қылшық
тұрып, шалбарларының қыры бұзылып, тізесі қалталанып қалса

не деп жүреді?
Боранқұл да талай қалаға барып көрген ғой. Мұндай сарай­
ларда үлкен лауазым иелері, жоғары жалақылы кадірлар, маман­
дар отырады. Ал, малшылар қауымының ондай тұрмысқа жуыр­

да қолы жететін түрі жоқ. Боранқұлдың қыстаулығының ту сыр­
тынан өтетін үлкен күре жол бар. Үрімжіден ары қарай Бижің-
Шаңхайға, мемлекеттің жер-жеріне, бері қарай Шәуешекке,
одан ары Қазақстанға, Ресейге өтетін осы жолмен күндіз-түні

аңыратып ерсілі-қарсылы түтін үзбей тасылып, ағылып жа­
татын жолаушылардың, жүктің қайда баратынын, қайда апа­
рылатынын Боранқұл біліп отырған жоқ. Солардың арасында
Боранқұлдан, Боранқұлдың балаларынан алынған жүн-жұрқа,

тері-терсектен тартып, бағлан қозыларға, атан өгіз, ту сиырларға
дейінгінің барлығын маңыратып, мөңіретіп тасылып кетіп жа­
тады. Тіпті, кейде кісінің күлкісін келтіріп, мұжып тасталған,
қысқы апаттан қырылған, арықтап өлген ірілі-уақ малдардың

сүйек-саяғы, мүйіз-тұяғы сатылып тасылып барады деп те
естиді. Қысы-жазы жарғақ құлағың жастыққа тимей, қар жа­
мылып, мұз төсеніп, адамның ұрысынан, даланың қасқырынан
қорып, талайын шығындатып жүріп баққан малыңды саудаға

салып, сен тас санасаң, олар құм санайтын алыпсатарлармен
баға таласып жүріп алғандағы көк шақай анық он бес күн киіс
бермейді. Өкшесі осылып, табаны тесіліп түседі де қалады.
Ал, қалаға барайын, дәрігерге көрінейін деп жол-жөнекей

автовозға шықсаң, бұрын орнығып отырып алған жастар дудар­
бастанып алып, саған орын бермейді. Сақалың сапсиып, белің
бүктеліп ұзынды күнге тік тұрсаң, ішінара бір иман жүзділері
болмаса, көбінің беті шімірікпейді. Әке-шешеден тумағандай-

Ғаппар БІЛӘЛ
ақ силау, құрметтеу дегенді білмейді. Жәйі келсе тау сағалап
жүріп, қулық-сұмдықтан бос қалған момын-жуастығыңды ба­
сынып, «қоңқабай» атандырып мазақ қалады. Тегін ас көріп,

суық қолын қалтаңа жүгіртеді. Қалтаңның түбі қалыңдау
сезілсе қой құйрығының шуашты иісі бұрқырап тұрған шапан-
шалбарыңнан жиіркенбей, арланбай-ақ қапыңды аңдиды. Екі
көзің қалтаңа қарауылдықтан тайып кетсе қалтаңның түбін

пышақпен тіліп жіберіп, опырып түсіреді де, қан-қақсатып кете
барады. Оның ыңғайы келмесе алдап соғудың айла-шарғысын
жасайды. Дегенмен, тәңірдің бергеніне шүкірлік, ұрылар да
бар болған соң ұрлайды ғой. Қайтсін, молаң ақшаға көздері

тұнып кеткен соң қол жалап қалғысы келетін шығар?! Бір ешкі
егіз туса, бір шөптің басы айыр шығады екен. Сенің қалтаңа
ақша түспесе, олар ырыздығын қайдан айырады. Күні кеше
Сәйдәлінің асханасының жалғыз тесігіне көзін сатқан, көзің

сатпай қырда жүрсе де көжеқатық үшін сұраған бір қой неме­
се бір лақ үшін Тілеукелді бастықтан бекім сұрап, бұрыштама
алып, оны Айданақ құда сияқтылардың қорасынан таңдап алуға
қолың жетпей мөлтеңдейтін кезең болса, ұрының Боранқұлда,

Боранқұлдың ұрыда несі бар еді?! Несіне қызығып, несін алар
еді?!
Аллаға шүкір, тайқазан тарады, коммуна шағылды. Әркім
өз малына өзі қожа. Малды бағып-қақпай жалқаулыққа,

маскүнемдікке салынғандардың аузы асқа, ауы атқа жарымаса
өз обалы өзіне. Боранқұлдың ішкені алдында, ішпегені артын­
да. Қоралы қойы, айғыр үйірлі жылқысы бар. Шетінен кіріп,
мойнынан сүйретіп әкеліп сойып жатса шәй дейтін ешкім жоқ.

Бүгін де шетелден келген балаларын қонақасы, шығасыларына
шыдап шақыртып алып отырғаны соның арқасы.
Мәдениетті немересі Серікболдың салған жерден сатпақ
шал екен деп жиіркенбей, тізесін жастанып ұйықтап кеткені

Боранқұлдың тоңазыған жанын жылытып, қуақыландырып,
ержеңдетіп жіберді. Немересінің салмағынан аяғы ұйып, тізесі
талып бара жатқанына да қыңқ етпей, ұзаққа дейін шыдап
бақты.

Арада әлденешекүндер өтті. Боранқұл аяулы ұлы

Ханжігітпен отыз жыл бұрын неке қосқан келіні Хамиланың
үйлену тойына, жасы жиырмаға шыққан азамат немересі
Серікболдың бесіктойына, бүгінгі олардың келіп бас қосу
тойына арнап құр ат, ту бие сойғызып, келін түсіру, бала сүю

тойын жасады. Ат шаптырып, балуан түсірді. Аттың бәйгесіне
түйе жетелетті. Балуанның алдыңғы жүлдесіне ертоқымды ат
мінгізді. Құтты болсын айтысып, қонақ күтісіп аман-сәлем
білдірісіп алыс-жақыннан келіп жатқан ағайын-туыс, құда-

жекжаттардың қонақасыларына да жиырмаға тарта мал сойыл­
ды. Тайқазаннан құтылғалы бері малданып, жалданып қалған
Боранқұлдың дәулеті бұған ортайған жоқ. Ел берекесінің,
силастықтың арқасында көп шығынды ел-жұрт әкелген

тойлықтың өзі асыра толтырып кетті.
Осы аралықта Боранқұл келінімен де, немересімен де
айызы қанып әңгімелесе алмады. Арғы бетте жатқан бала-
шағаның, құда-құдағилардың амандығын, тұрмыс-күйлерін,

оқыған оқу, істеген қызмет орындарын жеңіл-желпі бір сы­
дырып, шолуылдап өткені болмаса іштесе сырласуға мұрса,
мүмкіндігі болмады. Келімді-кетімді кісілер қол босатпа­
ды. Оңашалық бермеді. Көп замандар бойы көңіл түкпіріне

бүккен кәдікті түйіндерді шешіп ағытыларда көлденең көз,
халыс құлақты араластырғысы, сырына ортақтастырғысы
келмеді. Сырласа кетсе, Ханжігіттің ажалы 1984 жылдың
шілде айында Семей жерінде өткізілген ядролық жарылы­

стан келгендігі туралы суық та, сүркей хабардың дәл үстінен
түсетіндей болып өзі де тіксініп, мүдіре берді. Бір есептен
сондай сұмдық хабарды естігеннен естімегені жөн сияқтанып
толқыды. Естуге қартайып қалжыраған жүрек шыдамайтын

бастанды. Егер мұндай жаманнатты хабарды елу құлақты ел-
жұрттың бір жарғағы шалып қалса, ауыздан ауызға таралып
кететін өсек қалай түрлендіре әрлендіріп, аспан мен жердің
ара бостандығында қандай алыпқашпа құйындар соқтырарын

кім білсін?! Және де, бастапқыда тартынбай сөйлейтін өткір,
сөзіуар кісі секілденіп көрінген Хамиланың сырғуыңдап,
ата-енесіне жуысып сырласудан сырғаяқтап, жуық келтіргісі
келмейтін қашқалақ сыңайынан да секем ойлады. Ханжігіттің

Ғаппар БІЛӘЛ
өлімі атом қаруының сынағынан да емес, осы келіннің өзінен
келіп жүрмегей дейтін бір суық ағын жүгірді өзегіне. Жарату­
шы Алла өз келінінің ту сыртынан жалалы ой жүгірткені үшін

кешірер я кешірмес, деседе... «ауыл үйдің тайыншасы бөтен
ауылдың бұқасын қорқытады» екен. Тұрғылықты жердің адамы
болғасын Хамила келін туыс-туғандарына арқаланып, өктемдік
мінез көрсетіп, ырың-жырың әңгіме шығаруы, егер ол жаман­

дап барса оның аға-бауыры Ханжігітті қойға кірген қотыр
ешкідей жалғыздап мүйіздеуі, өйтпегенде... бәлки, әлдеқалай
келіннің бір суық жүрісі болып... қой! Құдай басқа жазба­
сын! Мұндай сұмдықты ойлаудың өзі де күнә ғой. Оламайын

десе де әке-шешесінің мән-жайын сұраған кезде Хамиланың
түйткілсіп, мүдірістей беретіні толғандырмай қоймайды. Со­
сын төс шөміршегі шанышқақтап шыға келеді.
Төртінші күні төс шеміршектің шанышқағының үстіне

тағы бір шаншу келіп жабысты. Ол соның алдында ғана
Сәйдәлінің аттанар шәйіне жасаған: «Жәзәкаллаһу белқайри
хайрән кәсирин, бирахмәтикә я архәмәррахимин» деген бата­
сын қалжыңға айналдырған құрбысы қаймақ ерін Қадишаның

сөзіне күліп отырған болатын. Сәйдәлі осында келгелі бері
шай ішкен сайын өзі білетін әлгі жалғыз батасын қайталай
берген болса керек, бұрын бастық болған, құдай жолына теріс
қарайтын, компартияға мүшелікке өткен, бұл күндері үкіметтен

қыруар зейнетақы алып жүретін Сәйдәлінің батаны құран
тілімен арапша бергені ұнасып тұрмаған соң, Қадиша аңдып
жүретін сияқты, бүгін аттанар алдында «жәзәкә алланы» қайта
шұбырта жөнелгенде киіп әкетіп:

– Жазаңды құдай берсін! «жәзәкә алла, жәзәкә алладан»

басқа білерің бар ма? «Ұры қартайса сопы болады» дегендей,
бұл молдалықты қайдан ұғып жүрсің? Оданша алыстан келіп
жатқан ініңе, келініңе ағыңнан жарылып өз батаңды неге
бермейсің, – деп қалғаны ғой. Боранқұл осыған күлген. Со­

дан кейін «Қадишаға мазақтатып, өзің күлдің» деп Сәйдәлі
қыржиып кеткен. Оның қыржиуы Боранқұлға шаншу болып
қадалған. Ақ тілеуі үстінде Боранқұлға ешкімнің қыржиып-
тыржимай, разы-хош болып аттануы керек еді. Қойын сойып,

қолын қусырып неше күн күтіп аттандырса, алты аласы, бес
бересі жоқ Сәйдәлі неге тыржияды? Қысқа күнде қырық байға
тиетіндер сияқты қылтқып, құбылып тұруы ұнамаған соң,
«мүбәдә, осы неме сыр тартуға арнайы келіп отырған тыңшы

секілді бірдемеден сау ма екен өзі» дейтін сұраулы шаншу еді
оның төс шеміршегіне жабысқан пәле.
Келімді-кетімді кісілер тарап, абыр-сабыр басылып, түскі
шай ішіліп болып, бала-шаға далаға кеткен орайда Боранқұл

Хамиланы шақыртып алып есікті жапқызды. Келгеннен бері
келіндік иба сақтап, төрге шықпай төмендеп отырып жүрген
Хамиланы рұхсат беріп төрге шығарып жанына жақын
отырғызды, көптен көкірегін кернеп, іштей кеміріп жеп жүрген

дерттей сұрауларын төтесінен бастап кете алмай күмілжіп:

– Хамила, балам, сен неден жүдеулік тартып жүрсің? Жа­

дырап күлгеніңді естімедім ғой, қабағың кірбең секілденеді?

– деді. Боранқұл келіннің жүдеулігін көзбен көрмесе де

алғаш рет құшағына қысып, маңдайынан сүйген кезде-ақ
ишараланған-ды. Сонда оның алақанына қысқан саусақтары
шидей жіңішке, кеудеге қысқан денесі қуыршақтай қушиған,
тым нәзік болып сезілген. «Ханжігіттің артында қалған үй

толы жас баланы бағып, қағып қанжілік болып жүргендігі
ғой, жас адамға жесірлік тағдыр жеңіл соққан жоқ шығар?»
деп шамалаған. Енді бір тұста Хамиланың мандытып тамақ
іше алмайтын әлсіздігін аңыс еткен Мәликенің хабарын естіп,

«япырай, осы келін сырқаттанып жүрген жоқ па екен» деп
те күмәнсыраған. «Әлі де болса іштей кеміріп жеп жүрген
қайғы-қасіреті, Ханжігіттен айрылған қамырығы тарқамады
ма екен? Өйтпегенде осы ғұрлым шөмшек болып қалар жөні

жоқ емес пе?» деп те алаңдаған-ды. Сол тұста сұқ саусағымен
жер шұқып отырып қалған Хамиланың аққұбаша бет әлпетін,
көлеңке ұялаған көз ұясындағы тұнжыраған мұң ишарасын
Боранқұл көре алған жоқ қой. Қонышы қолқылдаған былғары

етігінің тұмсығына түсіре киген жасыл қатипа көйлегін
көлбіретіп жібермей, кеуде тұсынан қамажаулап ұстап тұрған
жібек кәмзолының жылтыраған жез түймелеріндегі жымиып
күлімсіреген соқыр сәуленің түкпірінде қорғалаған ымырт бо­

Ғаппар БІЛӘЛ яуларын да аңғармады ғой. Егер көрген, аңғарған болса, бұл сұрауларды келіннің алдына кетпектей өтіп тастай салмаған да болар ма еді, әлде қайтер еді? – Жасырмаймын, ататай, жүдеулігім рас. Жалғызілік, жартылықтың тауқыметін аз тартқамын жоқ. Балалар жас бол­ ды, – деп кібіртіктеген Хамиланың жыламсырай дірілдеген да­ усын естіп қабырғасы қайысып кетті Боранқұлдың. – Хамила, қарағым, сендерді көрсем, сендердің маңдайларыңнан иіскесем деп мен сарылғалы отыз жыл бол­ ды. Құдай Ханжігітпен тіріде көрісуге жазбаған екен. Қияметмақшарда жүздесуге жазсын тәңірім! Өліңнен өлі, тіріңнен тірі айрылып қанқақсап отырған жайым бар, – көз ұясын жасқа шылады. Ерні дірілдеп, иегі кемсеңдеп барып тоқтады да: – кәрі саулықтың жасындай жасым бар ма, жоқ па, оны бір жаратушы өзі біледі. Алдашы қай күні келіп ала жөнелер екен деп тосып отырмын. Екі көзім көрмесе де төбелеріңді көргендеймін. Маңдайларыңнан сүйдім, беттеріңнен сүйдім, қамырығым басылды, қасіретім тарады. Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Ағаш бесікке түскен пенденің жер бесікке түспеске шарасы жоқ. Бір шетінен құлап, бір шетінен бүтінделіп жатады бұл дүние. «Ат тұяғын тай ба­ сады, орнында бар оңалар» дейді қазақ. Тас басып кетілсеңшым басып жетілесің, жетілдім, түледім. Ханжігітімнің ар­ тында қалған жеті-сегіз немерем бар екен. Бүгін өлсем де арманым жоқ. Арғы атамыз Қорқыттан, ең бертінгі нағашы атам Бастаубайдан қалған жалғыз мұра қара қобызым бар. Тәбәрік етіп соны Серікболыма тапсырып кетейін деп отыр­ мын. Қастерлеп сақтап, өзінен кейінгі әулетке жеткізетін, табыс ететін болсын! – деп бір тоқтады. Сөйлеген сайын көкірегі ортайып, бір міндеттен құтылғандай, мойны босап жеңілденіп қалғандай жадырап бара жатты. Қоңыр қатипа тақиясын алып, қылтаңдап қалған шашын қырсау алақанымен сипады. Тақиясын қайта киіп, ойланардағы байырғы әдетімен омырауына құлаған ұзын сақалын буылтық саусақтарымен тарап салалады, сақал демектейін, бұрынғылар сақалды жасы ұлғайған шақтағы ер адамның иманы деп қараушы еді.

Ендігінің шалдары бет-аузына қылтанақ тоқтатпай қырып-
жонып отырғанда нені ойлайтындарын өздері біледі. Жас
әйелдермен көңіл қосып, суық жүріске салыну қамына бола
жасаңғырап көрінгісі келгендерінің әбестігі болса да мейлі,

не қылса о қылсын, қолынан келсе қоныштарынан бассын!
Тек әйтеуір, «жалқаудан мал бақпас туады, таздан жарғақбас
туадының» кебін келтіріп, өзінен кейінгілерге «жан бақпас»
туғызатын залалын тигізіп, зардабын қалдырып жүрмесе

болғаны да. Ал, Боранқұлдың өз қолындағы азамат ұлдарының
әзірге түтіндері түзу. «Қошқар болар қозының маңдай жағы
дөң келеді, адам болар баланың маңдай жағы кең келеді»
демектейін, Серікболының да адам болар сыңайы бар, сөзі

жатық, мінезі орнықты көрінеді. Сөз мәнеріне қарағанда
алған тәрбиесі, ұстанған өнегесі дұрыс қалыптасқан сияқты.
Ендігінің жастарын адамдық қасиеттерден айыратын арақ-
шарап дейтін пәленің ғазазілдік уәсуәсіне ілісіп кетуден

іләйім, сақтаса екен, құдайым!
Байыз таппаған қиялдармен қыдырып кетіп, қайта оралған
қария тағы бір тың кеңеске көшті

–Ауылымыздың ту сыртынан өтетін күре жолды өзің

де көріп келдің, келінім, осы жолмен түзу тартқан машинаға
отырса ауылдарыңа күнбе-күн жетіп баруға болатынын үйде
отырып-ақ соқыр шал мен де шамалап отырамын. Қайтейін,
жақыным алыс болды, алысым ғайып болды. Жете алма­

дым, жеткізбеді дүрдиіп алған тежем шаралары. Бүгін тежем
өзгерді, қатынас жақсарды. Қазақ мемлекеті құрылды. Соның
арқасында бет көрісіп отырмыз. Десе де, көне сүрдектің керігі
әлі толық тарап таусыла қойған жоқ. Күншілік жолды апталық

жолға айналдырып, Талдықорған, Іле айналып зорға жеттіңдер.
Қарыс жерде қаза бар. Ажал шіркін біреуге ерте, біреуге кеш
келеді, деседе кәрілерге өш келеді. Ғасырға жуық жасымда ол
дүниеге біле кеткім келеді. Ханжігіт қандай сырқатпен, нендей

ажалмен өлді, осыны айтып берші! – деп өтінген қария көпке
дейін жауап қатпай, сілейіп отырып қалған Хамиланың:

– Мұны айтып беру менің парызым ғой, ата, айтып

жеткізбесем мойныма қарыз болар еді. Бұрынырақ келу­

Ғаппар БІЛӘЛ
ге шекаралық шектеменің кесірі тигені де рас, деседе осы
сұрақтың алдымнан шығатынын ескеріп өзімнің тартынғаным
да жоқ емес-ті, – деген жауапты естігенде Боранқұлдың шо­

шынды көрген секемшіл жүрегі дір етіп кетті. Өзі болжағандай
Ханжігіттің ақ өліммен өлмегені аян болды.

– Иә, айта ғой, балам, атом қаруы деп аталатын пәленің

сынағы тұсында шәһит болса да расын айтшы, қарағым! – деп
кемсеңдеді.

– Жоқ, ата, Ханжігіт ядролық апаттан емес, басқа

жағдаймен дүние салды.

– Қарағым-ау, ол ненің жағдайы?

Тағы талай үнсіздіктен кейін Боранқұл Хамиланың дыбыс
шығармай жылап отырғанын өксіген даусынан сезді. Сонда
ғана ол келіні туралы ағат, күнәкәр ойларда болғанын аңғарған
еді.

– Сіз сол біздің жақта Зипәгүл деген әйел болғанын білесіз

бе? – деген келіннің соңғы сұрауы Боранқұлдың миын шата­
стырып жіберді. Дүниенің астын үстіне шығаратын тағы бір
зілзала қопарылыс туылғандай еді. Басының ішінде, заһарлы
уларды жұтуға, сұмдық, суық хабарларды естуге көндігіп шы­

ныланып алған бас сүйек паршаланып кетуден тағы да аман
қалды.
Боранқұл Зипәгүлді неге танымайды екен?! Танымақ
түгіл, ол Боранқұлдың ақ батамен атастырылып үйленген

алғашқы әйелі болатын. Аягөз өңірінде атағы шыққан Көкебай
болыстың қызы еді. Сол Зипагүл сол арада әлі бар, тірі жүр екен
делік, сонда тоқсанға таяп мәлкілдеп отырған өлмелі кемпірдің
қолынан не келеді? Боранқұл жас күнімде жесір тастап кетті

деп кек тұтқан күнде де, Ханжігітке у бергізді. Қастық сайлап
өлімге қиды дей аламысың?! Боранқұл түндей түнеріп отырып
қалды.
* * *

Ажалдан қашқан Қорқыт ата желмаясын желдіртіп,
ақ сақалы тудай желбіреп зытып келе жатты. Құтқармады
қу ажал, қайда барса, қалай жалтарса да жылбурынды
жырындылық істеп, орап алдынан шығып отырды. Құба

шөлдерден сағым болып жүйткіді. Құзар шыңдардан көшкін
болып құлады. Аспан төңкеріліп астына түскен, жер аудары­
лып үстіне шыққан шалқар көлдердің, салқар дариялардың
талайын артқа тастады. Нармаяның шудасынан жел гуледі.

Табанынан шаң борады, Арқадан Алтай өтіп шықты,
түйесінен түсіріп алғалы, қолтығынан демеп, қазулы тұрған
қараңғы көрдің түкпір төріне жетелей жөнелгелі зыр жүгіріп,
ыржия жылыұшырап, иіліп тағзым етіп, қызметіне дайын

тұр екен тағы сол тұйықсыз ажал. Жоңғарды, Алатауды ара­
лады, Шу мен Сыр бойын шарлады. Қайда барса, қалай жал­
тарса «Қорқыт көрінен» құлантаза құтылып кетудің жолы
қиындай берді..

* * *
Жетпіс екі жылға дейін Боранқұл хабарсыз кеткен
Зипәгүлді келіні Хамила қайдан біледі? Оның Ханжігіт өліміне
қатысы болмаса Хамила неге сұрайды?

Қасында отырған адам қарасын көрмей адасып, терезе
саңылауына қарап отырған атасының бозамық кілегей жапқан
шаралы көзіне, сұраулы да сұсты көзіне ұзақ үңіліп отырып
қалған Хамила күрсініп жіберді.

– Ата, сіз біздің жақта Ханжігіттен басқа балаңыздың бар-

жоқтығын білесіз бе?
Боранқұлдың түнек басқан жанарында бір сәуле жарқ етіп
жанып сөнді. Көзі көрмесе де Хамиланың қара баранына үңілді.

– Ненің баласы? А,я... кімнен туған...қай бала?

– Зипәгүлден туған бала...

– А, а... не дейді? Айналайын, Хамилашым менің, аузыңнан

айналайын! Бар ма еді сондай балам? Ұл ма? Қыз ба?

– Ұл...ұл бала.

Сұрғылт тартқан жүзінде ойнап үйрілген қорқыныш
ишарасы ма, қуаныш белгісі ме, біртүрлі ыңғайсыз тітіркеніс
сезіммен беті жыбырлап, көзі тұнжырап отырып қалды
Боранқұл. Сәлден кейін бұлтты көз ағара шатынап қоя берді.

– Ханжігітті сол өз тұңғышым өлтіріп жүрмегей?

– Жоқ, ата, атай көрмеңіз, Ханжігітті ол өлтірген жоқ,

өлтірмейді де. Сізді текке әуреледім-ау, – деп қынжыла ор­

Ғаппар БІЛӘЛ нынан тұрған Хамила жасыл қатипа көйлегін сусылдатып, қабырғада ілулі тұрған жол қапшығын алып келіп қайта отыр­ ды. Шеті қырқылып кеткен көнетоз сары конвертті шығарып, ішінен көп беттерге жазылған ұзақ хатты алып бүктеуін жазды. – Ата, сіздің әліге дейін хабарсыз екеніңізді білуші едім. Алдымен сізге қуанышты хабарды жеткізейін. Сіздің балашағаңыз, үрім-бұтағыңыз осы отырған Майлы-жәйірда, біз отырған Қазақстан топырағында ғана емес, дүниенің бірсыпыра елдерінде бар көрінеді. – Дүниенің бырсыпыра елдерінде?.. – Сіз бақытты атасыз, сіздің балаңыз көп. Мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылы сіз Семейдегі қамақтан қашып құтылып кеткеніңізде, артыңызда екіқабат қалған Зипәгүл шешеміз От­ аршы есімді ұл тауыпты. – Отаршы деймісің? – Иә, отаршылдыққа қасы тұрған дегеніңіз бе екен, тұңғыш балаңыздың атын Отаршы болсын деп өзіңіз тапсырған екенсіз ғой. – Жоқ, олай емес, балам, айрылысар кезде Зипәгүл болашақ балаңның атын өзің қойып кет деген соң, дүниенің сынығын таңатын, мертігін емдейтін болсын деген ниетпен осы атты өзім қойып кетім ем. Қазақта сынықшыларды «Отаршы», «от­ ашы» деп те атай береді. – Ендеше сол балаңыз Германияның Мюньхен қаласында тұрады. – Құлыным-ай, тарыдай шашылып, тоз-тозы шығып кеткен менің қайран балаларым-ай! Қаңғыртқан құдайым-ай, қайдан, қалай барады екен Герман жеріне? – Сол кісіден хат бар. Сізге оқып берейін. – Хатты кімге жазыпты? Шешесі Зипәгүлге жазғаны шығар?. – Кімге жазылыпты дейсіз бе? – деп әлденеге тосылып бөгеліп қалған Хамила ақыры айтар сөзінің қисынын әзер тап­ ты. – Біздің жерде қалған баласы бар, соған жазыпты. – Зипәгүл өлген болды ғой?

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Солай, ол кісі ертерек дүние салған екен. – Алла алдынан жарылқасын, топырағың торқа болғыр, жарықтығым-ай! – деп құрысқан қос алақанымен бетін сипа­ ды Боранқұл: – Отаршының да Қазақстанда қалған баласы бар дейсің бе? – Бар, ата. – Ойхой, менің шетелдік немерелерім бір сендер ғана емес екенсіңдер ғой. Мүмкін, ол немеремнен туған шөберелерім де бар шығар? Мінеки, мен жүз жасап қана отырған шал емеспін. Адам ұрпағымен мың жасамақ. Мен мың жасаған қариямын, алақай! – Сол хатты сізге оқып бергелі отырмын, ата, рұқсат етесіз бе? – Ұлықсат, балам, оқы! Оқи ғой! Қағаздан болса да тұңғыш ұлымның даусын, үнін естиін! Сөз алыс ершімін байқап көрейін! Қандай кісі болды екен? – Хат былай басталыпты, ата, құлақ салыңыз: «Сүйікті, ба­ лам,.... хаттарыңды тапсырып алып, есендіктеріңді естіп шексіз қуанышқа бөлендім. Туған елдің ішінде, туған жердің төсінде қаз басып жүрген қуатым менің, қуанышым менің! Жіберген суретіңнің бетінен сүйіп, мауқым басылмады, қамырығым тарқамады. Тағдыр мені туада сені аймалап, сүйіп-құшып, еркелетуге, алақаныма салып әлпештеп өсіруге бұйырмапты. Өтелмеген әкелік парызым мойындағы қарызым болып кетіп барады. Жетімдік көрсеткеніме кешіргейсің! Ал, балам, тегінде мен өзім де жетім едім, тағдыр мүмкін біздің түптұқиянымыздың маңдайына жетімдікті туада жазған шығар. Мен әкемнен ана құрсағында жетім қалған едім, сол тағдыр аумаған, айнымаған қалпында сенің басыңа аунады. Сен де ана құрсағында жетім қалдың...» Ет жүрегі езіліп, іштей егіліп отырған Боранқұл Хамила оқыған хат сөздерін үзіп алмау үшін бар күшін жұмсап даусын шығарып алмауға тырысты. – Оқ...и бер, ба......лам! – «Мені әке мейірімінен 1920 жылғы Ресей дүрбелеңі айырған еді, сенен 1941 жылғы соғыс айырды. Әкем

Ғаппар БІЛӘЛ Боранқұлдың бет-жүзін мен көрмедім, әкең Отаршының ди­ дарын сен де көрмедің. Әкемнің атының Боранқұл екенін мен шешемнен естіп білген едім, сен де менің атымды шешеңнен естіп отырсың. Екеуміз де тірі жетімдерміз. Жетімдік тағдыр сені қандай күйге ұшыратты, қандай хал кештің, бұл жағын жазбаған екенсің. Ал, менің көрмеген қорлығым, тартпаған бейнетім қалған жоқ. Жиырма жасында жесір қалған анам мен ес біліп, етегімізді жапқанша күн көрісімізді неден айырғанын білмеймін. Ақиланып тұрған заман кеспірін ертерек таныдым. Ақ патшаға да, кейінгі қызыл патшаға да теріс бағытта кет­ кен әкеден жаралғандығым үшін азап тартпауға, жоқшылық көрмеуге қақым жоқ еді. Нағашы атам Көкебай ірі байлығы үшін, қазақ жерінде билеуші болыс болғандығы үшін өлімге үкім етілді. Мал-мүлкі тәркіленді. Маған тиесілі шешеме берген мол енші Кеңес үкіметі күшімен колхоздарға өткізілді. Соғысқа дейінгі барлық өмірім Семейде, Ертіс көпірінің жанындағы әкемнен қалған екі ауызды үйде өтті. Әкем Боранқұл жұмыс бабымен шешем Зипагүлді Тарбағатайдан көшіріп әкелерде осы бір құйтымдай баспананы татар алып-сатарынан сатып алған екен. Әкемнен тірі айырылып, тірі жесір қалған ше­ шем төркінін сағалап, Тарбағатайға қайта көшіп кетерге күйі келмепті. Алды жазаға ұшыраған нағашыларымның да көшіріп әкетерге, арқа тірек сүйеніш боларға шамасы қалмапты. Со­ нан шешем төркінінен келген тігін машинасының күшімен тігіншілік істеп жан бағыпты. Мені асырапты. Бастапқы жыл­ дары үкімет шешеме соқтықпаған еді. Содан болар, шешем көпке дейін әкемнен күдер үзбеді. Келеді, алып кетеді деп дәмеленумен болды. Бірақ, барған сайын күшейтіліп, екі ел арасынан тышқан жорғалатпауға айналған тұста шешем қайта тұрмыс құрмауға, ендігі ары ерге шықпауға, ақырғы деміне дейін Боранқұлға адал, кіршіксіз некесін сақтап кетуге бел буып болған еді.» Хат оқылып осы араға келгенде Боранқұл буыны шодырайған сұқ саусағын шошайтып, Хамилаға тоқта деген белгі берді. – Қайран Зипәгүл-ай, мен саған күнәкәрмін-ау,

күнәкәрмін. Ақ қойын сойып, қолдарын қусырып құдаласқан
аталарымыздың ақ батасы қосқан сені де ренжітіп желіктім-ау
бір шақтары. Білмеген, түсінбеген екем ғой қасиетіңді. Жастық
албырттықпен өткізген күнәләрімді кешірер ме екен аруағың?!

– деп аһ ұрды. Сонан соң соқыр көзін орамал шытпен сүртіне

отырып:

– Ал, оқи ғой, балам, оқи бер! – деп әмір етті.

Хат оқыған Хамиланың дауысы қайта сыңғырады. «Бұл
тұсқа дейін билік басына орнығып, буынданып алған үкімет От­
анын сатып, шетелге қашқан бандының әйелі ретінде, Көкебай
сынды атақты би, жеменгер болыстың қызы ретінде қудалап

шешемді түрмеге жапты. Ақыры 1932 жылғы ашаршылықта
түрмеде жатып аштан өлді...»

–Ой, есілім-ай! Менің кесірімнің азабын сен де тартқан

екенсің ғой, аһ қу жалған-ай!

–Содан кейін әке-шешеден тұттай болған тұлдыр жетімге

айналдым. Біреудің отын жақтым, біреудің суын құйдым.
Жығылып, сүрініп жүріп ержеттім. Қалалы жерде бұлай тұра
беруге келмеді. Бандының баласы атағынан құтылу үшін аты-
жөнімді өзгертіп, шыққан тегімді жасырып, қоныс жаңалауыма

тура келді. Ата-жұртым, ру-ұластым Жайық бойында екендігін
де шешемнен естіп ұққан едім. Оларды іздеп бүкіл қазақ дала­
сын шығысынан батысына кесіп өтіп, Жайыққа жету мүмкін
болмады. Екі ауызды үйді болымсыз тиын-тебенге сатып

жіберіп, соның күшімен жылжып жүріп нағашы жұртыма,
қазіргі сенің ауылыңа келдім. Көпшілігі жер ауып кеткендігі
себепті менің кім екенімді ешкім танымады. Мен таныстыр­
мадым. Жайық ұлы деген жалған атаның атын жамылып,

колхоздың егін жұмысына жегілдім, ел қатарына ілігіп, шешең
Қарлығашпен отау көтердім. Оңаша түтін түтеттім. Әкемнің
кім екенін Қарлығаштан да жасырдым. Кейін айтармын деп
жүргенде кеңестер еліне зор келді. Дүниелік екінші соғыс өрті

Ресей қара шаңырағының іргесіне барып ілінді. Қара орданың
сағанақтары сатырлап жана бастады. Өзіңнен біреу зор шықса
екі көзің сонда шығады екен. Үкімет ата-бабалар араздығын
ауыл итінің ішкі алалығына балады ма, жоқ кім екенімді тектеп

Ғаппар БІЛӘЛ
отыруға мұршасы болмады ма, мені армия қатарына шақырды.
Барып едім, қолыма мылтық ұстатып бөріге қарсы жұмсады.
Қарлығаш үйде қалды, сен іште қалдың. Мен Украинада әскери

үлгіге жасақталдым. Әрине, Қарлығашпен үзбей хат алысып
тұрдым. Туған өлкеде Қарлығаштан өзге, оның құрсағынан
дүниеге әлі келіп үлгірмеген өзіңнен өзге ешқандай жанашыр
жақыным жоқ еді.

Несін жасырайын, еңбек сіңіріп, ел көзіне түсіп, біреулерге
жасақтанайын демесем де, сендер үшін, Қарлығаш екеуің
үшін кісі өлтірдім. Өлмей тірі қалу үшін , сендерге тірі жету
үшін кісі өлтіруім керек болды. Көздеп тұрып атып өлтірдім

неміс әскерлерін. Бірақ, талай жерде өзім де өлімнің аузынан
әзер аман қалып жүрдім. Мүмкін, су ішерлігімнің барлығынан
шығар, мүмкін пәни дүниеде тартар азабымның, татар дәмімнің
таусылып бітпегендігі болар, нелер қауіп-қатердің арасынан

көзім жылтырап тірі шығып отырдым. Соңынан «Отан үшін,
Сталин үшін» ерлік көрсетудің, еңбек көрсетудің де орайы
келді. Лузевенкі түбіндегі қанды шайқаста Қызыл Армия­
ны пулеметпен атқылап қынадай қырып тұрған жау қамалын

жалғыз барып, жайратуға жарлық алдым. Автоматымды
қолыма алып топты гранатамды қолтығыма қысып жамбастап
сырғып келемін. Жылжып келемін. Бір қобыға түсе берісте жау
байқап қалған екен. Пилат дулығамның ернеуіне тиген оқ зың

етіп шалқығанда құлақ жарғағымды сыдыра қағып өтіп кетті.
Құлағымнан қан сорғалап тұрса да берілген тапсырманы орын­
дамай, өлімнен аман қайтып оралуыма рұқсат етілмейтін еді...»
Келіннің хатты мүдіріссіз оқитын қабілетіне де, қыздай

сызылған әдемі даусына да қызығып, құныға тыңдап отырған
Боранқұл тағы да сұқ саусағын шошайтты. Ол Отаршының
маңдайын тесіп өтпей, құлақ жарғағын ғана сыдырып кете
берген оқтың «жанашырлығына да» қараған жоқ, шеберлігіне

де таңырқамады. Тегінде өз құлағын қасқа арғымақты патша
офицерінің қылышы қағып шұнайтып кеткен өз халы мен тұғыш
ұлының құлақ жарғағын немістер атқан оқ сыдырып кеткен
тағдырластығы туралы ойланып алғысы келген еді. Бірақ, оның

тоқтауға белгі беріп ишара жасаған сұқ саусағының қимылын

қағазға үңіліп отырып аңғармаған Хамила іркілген жоқ, хатты
ілгерлеп оқи берді.

– «Жарақатымды таңып алған соң бұға түсіп тағы

еңбектедім. Бауырыммен жер сызып келем. Ужылдап-шыжыл­
дап өтіп жатқан оқтар бас көтертпейді. Тырысып, тырмысып
жүріп бекініске таяп қалған едім, екі көзім пулеметтің аузында
болып, байқамай қалыппын, қосақтаулы гранатамды енді көтере

бергем». Ту сыртымнан келген екі неміс бассалып үстіме құлай
кетті. Бірі қолымнан, бірі аяғымнан алып, тұлып сүйреткендей
дырылдатып сүйрете жөнелді. Қорыққанымды айтпа, сендер­
ден айрылдым-ау деп қорықтым. Желкелеп апарып шұңқырға

түсірді. Тінтіп қарусыздандырып болып, екі көзі аппақ болып
көрінетін шақшабас офицердің алдына айдап апарды. Екі тізем
бүгіліп тоқтамайды, бірақ, қатып сіресіп тік тұрмын. Екі көзім
бұлдырап барады. Бірақ, шақшабасқа шақшая қарап шаншыла

түсемін. Ол былдырлайды, мен міңгірлеп далаға сөйлеймін.
«Мейлің білсін, жаққаныңды істе» деймін қазақшалап, солай­
да өлтірмегенін қалайды ішім. Ақырында неміс-орыс арасынан
шата туған сияқтанған бір бұзау кірпікті тілмаштыққа әкелген

соң, жөн-жобаға келе бастадық.

– Атың кім?

– Атым Отаршы.

– Сен орыс емес пе?

– Әлбетте, мен орыс емеспін, қазақпын.

– Қазақ деген немене?

– Қазақ деген Дон бойының қабаны емес, Сарыарқаның

түйе киігі.

– Оу, сен Дон казагі емес, мен біледі, сен Қазақстандық,

Мұстапа Шоқай сен біледі.

– Білмеймін.

– Жарайды, еврейлерге ұқсамайды. Шашы бұйра емес, ал

мұнда неге келдің?

– Саған сәлем беріп, бекіністеріңді талқандауға келдім.

– Кім жіберді?

– Командир жіберді.

– Командир орыс па?

Ғаппар БІЛӘЛ

–Я, орыс жігіті.

– Аты кім?

– Атын білмеймін.

– Сен надан, өз командирінің атын білмейді, солай ғой?

– Солай, тақсыр.

– Қанша әскер бар?

– Білмеймін.

– Неге білмейді?

– Мен – қазақпын жәнесінде жәй әскермін. Ондай нәрсе

бізге айтылмайды.

– Айтылмайды ғой?

– Солай, тақсыр.

– Қамап таста!

Солай да мен майдан түрмесінде көп жатпадым. Түн орта­
сында есік ашқан қаба жирен сақалды біреу «Германия рейхінің
ұлы мәртебелі фюрері Адольф Гитлер үшін еңбек сіңіруің ке­
рек, марш» деп бұйырды.

Ежелгі Римнің мысқылшыл ақыны Юеналс: «Тағдырдың
қырын қарауы себепті олар күні кеше ауыл азаматтары еді,
ал бүгін ел-жұрттың тізгінін қолдарында ұстап отыр. Ертеңгі
күні әлеуметтік дәретхананың тазалықшылары болып шыға

келеді» деген екен. Күні кеше ғана ата-тегімнің нанымсыздығы
себебінен ауыл азаматындық толымдылықты толық ала ал­
май жүрген қарапайым жігіт едім, уақыт дөңгелегі бір ай­
налып шықпай жатып, «жау қарсы тұрғындарға қарсы» оқ

ату мәртебесіне ие болдым. Ендігі жетіспегенім әлеуметтік
дәретхананың тазалықшылығы еді, бұйырса оны да көрермін
дедім. Бұл қарасаң «саясатты ойыншық қуыршаққа балайтын,
заң атаулыға бағынбайтын, тұтас еуропаның алтын шашты

әртіс қыздары да еліктіре алмаған – соғыс аспабы»– Адольф
Гитлер мырза бағы заманда тұқым-тұқияны құрып кеткен ма­
монттар, сырық тісті пілдер сияқтанған генералдары мен адми­
ралдары алдында «орыстар ендігі жерде жоқ екендігін, Ресей

аюы өлгендігін, бірақ, оның ендігі қателігі әлі жатып қалғысы
келмегендігінде, сақталып қалуында» екендігін ашық жария­
лап, «тіршілік дүниесіне дарқан табиғаттың өзі де қатыгездік,

зұлымдық істейтіндігінен сабақ алуға, зиянды жәндік сияқты
қаулап өсіп, миллиондап көбейіп жатқан сапасыз ұлттарға
мейірімсіздік істеуге, жойып-құртып жіберуге болатындығын»
ұқтырып, Славян халықтарына «Қытайдың ұлы қорғанын»

соқтыруға, әскери бөлімдердің барлығын Мюллердің «Ресей»
маркалы бит қырғыш дәрісін өндіруге, ешқандай зәрулік атау­
лыны осы аса маңызды дәрі өндірісіне кесірін тигізбеуге» зор­
лап, ақыра бұйырып жатқан кез еді. Пәни жалғанымызда міне

осындай «хайуан екеш хайуанды да силай алатын» жалғыз
жарылқаушымыз Гитлердің қамқорлығында өткен менің
өмірімде ненің арманы болсын?!
Мұратыма жеткізген қамақ пен лагерден екі рет қашып

шықтым. Не үшін, кім үшін қаштың дерсің. Менде аңсайтын
Отан бар ма? Ол ерте заман мамонт, динозаврларының
тағдырына жолығып құрып біткен жоқ па? Шынайы маған тән
«бір елес дүние кезіп жүргені» шын болса, жарамсақ ұрандарға

қосылып кетіп айқайлауым керек шығар бар дауыспен?!. Құйған
су да жердің барлығына бірдей сіңе бермейді. Үгіт-насихат
адамның мұрат-мақсатымен, тұрмыс-мүддесімен тоғысқан жер­
де ғана өнім береді. Ал, мен уралап келіп қатарына қосылатын

отан-сүйген әйелім Қарлығашқа, Қарлығаштың ішінде қалған
өзіңе оқ боратып жатқан Гитлердің Отаны ма? Мен сендер
үшін қаштым. Көзім жұмылып кетсе тәмәм кәпірлердің ара­
сында мұсылман жоралғысынсыз көмілетіндігім үшін қаштым.

Мен ол кезде Германия топырағында өліп бара жатсам аузыма
иман салып, өлігіме дұға оқитын мұсылман баласы барлығын
білмеуші едім. Тек осы екі іс үшін барар жерім, басар тауымның,
жүрер жолымның барлығы миналанған, жерге қақпан, аспанға

тор жайылған, қия басқаныңды, қит еткеніңді аңдытып, күшті
қарауыл орнатылған мылтық аузынан басымды өлімге тігіп
тұрып қаштым.
Амал жоқ, дәрмен жоқ, екі ретінде де қолға түстім. Із

кескіш иттердің талауына ілігіп, қасқыр талағандай халге
жеттім. Балтыр-саным ғана емес, қол еттерімді де қарулы ит­
тер жұлып-жұлып әкетіп жұтып жеп қойды. Әкем Боранқұл
аса әлуетті, аса жойқын кісі болғанын естуші едім, бәлкім

Ғаппар БІЛӘЛ
сол кісіден дарыған дене қуатымның, денсаулығымның
мықтылығынан шығар, аз күндік емделуден қалпыма келіп,
сауығып кетіп отырдым. Өлмедім, өлгім де келмеді. Өйткені

өмір екеу емес, біреу, қысқа болса да біреу ғана. Оның үстіне
мен өліміммен кімді мұқыратпақпын?! Мен арам қатқан екен
деп қай дұспанымның беті шімірігеді?! Жоқ, өлмеу керек,
немістер елінде тіл білмеудің, жалғыздықтың қанша азабын

тартып жүрсем де өлмеуге тырыстым. Көпке дейін сендер
жақтан күдерім үзілмеді. Кетермін, жетермін деп дәмеленумен
болдым.
Соғыс тұтқындары кілең орыстар емес, ала шұбар әр ұлт

араласып кеткен көже қойыртпақ дүние еді. Солардың арасын­
да бұзнан лагерінде болдым. Кюстайында, Дрезден маңындағы
14-лагерде, саксонияда, тирингияда жұмыс істедім. Саз
құрғатуға қатынастым. Шахталарда, кірпіш зауыттарында аса

ауыр, аса былғанышты еңбектерге жегілдім. Ауыл-аймақтан
тым алыстап кеткен соң қашып шығудан тиылдым.
Қолында темірдің сынығы жоқ миллиондаған тұтқындарды
бір шетінен сүйретіп шығып, кісі өлтіру дінінің «сауабы» үшін,

химиялық дәрілердің, биологиялық тәсілдердің сынағы үшін ай­
уандар мен адамдарға қоса жүргізіліп жатқан қырғындаулардан
су ішерім қағып қалды. Тұтқындарға қолда бағылатын ит яки үй
қояны қатарында дәрігерлік реакциялардан тәжірибе жасаудың

шапағат нұры бізге нацистер партиясының дана көсемі
Гиммлердің қолымен таратылушы еді. Ол кісі өзіне табиғилы
адамгершіліктің улы бөлмесінде аса құнтты, тұрмысынан
мін табылмайтын Роберт Беламин сияқтанып, «хайуан екеш

хайуанға да мол мейірім бағыштайтын», «Жәннәт рахатын
көре алмайтындығы себепті бүргелерді де адам қанымен
ләззаттандырмауды аса ауыр қаталдық деп қарайтын», «сүйек
өртейтін отынды өткізіп алып, оған от қоярдың алдында барша

құдайсыздарды кітаптарымен қоса тамыздық етуге бұйырып,
үйіндегі мысықтарын, шымшықтарын тоғайтып отыратын аса
рақымды кісі болатын».
Табиғат дарқан ғой. Ол адам түйсігін кейде сөдегей, сол­

пы жолдармен қалыптастыра алады, сезімдік түйсігі осы

сөдегей жолмен орнықтырылғандар көбінесе тарихтың аса
көрнекті беттерінен орын алуға ұмтылады. Ал көрнекті орын
абақтылардан, ғибадат орындарынан көп табыла бермейді.
Көрнекті орынды тек төңкерістер заманы ғана даярлайды.

«Шарапатты пайғамбар» Гиммлер «құрту» деген атауды жат
дінділерді есіркеуге болатын рахымды тәсіл, әрі адамзатты
жарылқау деп түсінді. Неге десеңіз, жат дінділер қанша көп
өмір сүрсе сонша көп сұмдықтар ойлап табады да, мынау пәни

жалғанда хайуан екеш хайуанды да сыйлап құрметтей білетін
жалғыз нәсіл – неміс ұлтының оңды істеріне тигізер зардабы
көп болады» деп бағалады. Ол соғыс кезінде барлық параса­
тын шоғырландырып, Германия мемлекетінің миллион-мил­

лион қаржысын осы діннің ғұламалық жоспарына сарып етті.
Нацистік партияның батагөйі Геббельс жаппай соғыстық
жұмылдыруды талап еткен кезде, ол шетелдегі тыңшылдық
органдардың зерделі зерттеушілеріне райхан гүлін буданда­

стыру, ерікті саяхатшылар үйірмесі, солтүстік Ирландияның
«арфаға» тиым салумен айналысатын символизмі, готикалық
мұнаралардың мән-мағынасы, идонның тігіл қалпағы туралы
талдаулар жасатып жатты. Оның ғылыми тәжірибеханасында

нағыз әрилер қанын айырып шығу жолындағы сынаққа барша
мүмкіндік жасалды. Нәтиже шықпаса неміс нәсілінің түпкі тегін
тауып шығу үшін тибет өңіріне зерттеушілер жіберуге әзірлік
жасалды. Тұрғыны сирек осы биік үстіртте неміс тектілер бағы

замандық европа мифтерін сақтап отырғандай сезінді. Соны­
мен қатар Еуропа қабырларын ақтартып, герман мәдениетінің
ескі үлгілерін табу жұмысын орналастырды. Неміс армия­
сы шегінер шаққа келгенде Хоен штауфен патшалығы мола­

сы сияқты мұрағаттық жұрттарды қалдырмай ала шегінуді
қадағалап отырды. 1945 жылы ақпанда, бүкіл рейхтың ой­
раны шыққалы тұрған кезде Украинаны дін жолымен қайта
меңгеруге дәмеленді, Жапондық одақтастарының немістермен

қандас болып шығуынан дәмеленді, Азияның шығыс бүйірінен,
Тынық мұхит жағалауынан сан миллион әрилерді тауып, олар­
ды көшіріп алып, кілең немістер қоныстанған аса ұлы, аса
құдіретті реих құруға аңсары ауды.

Ғаппар БІЛӘЛ
Амал жоқ, уақыт тығыз. Сапасыз ұлт сілікпелері
қатарында Гиммлердің тәжірибе жасау мақұлығына айна­
лып кетуге шамалы ғана уақытым қалғанда Юуналыстың

айтқаны тағы келді. Екінші дүние соғысының тізгін ұстарлары
дәретхана тазалықшыларына айналуы тиіс болды. Талайына
тазалықшылық толымдылығы да тимеді. Ұрыс майданында қаза
табу имандылығына қолы жеткен бірнеше генерал ғана жана­

за шығару мәртебесіне ие болды. Жолбарыстың жанында бірге
жүргендей тағдыры қыл үстінде өткен оларды қабірге кіріп
кеткенге дейінгі аралықта табытсыз жатқан Гитлер аруағымен-
ақ тізгіндеп шаужайлап тұрды. Қайсыбіреулері екі жағындағы

не суға, не шөпке аузын жеткізбей қаңтарып тасталған «бури­
дан есегінің» халінде жан үзді. Олардың арасындағы генерал
тонын жамылған философ фиергибелл ғана атылғалы отырған
ақтық минуты таусылғанша жанның мәңгі жасайтындығы,

өлім шеңгеліне түспейтіндігі туралы өз адьютантымен даула­
суын тоқтатпады. «Қан төкпей ұлы жеңістерге қол жетпейді»
деп қарайтын дара билеушінің ұлы жеңісі өз қанын өзі төгумен,
ішілген удың үстіне өзін-өзі атып өлтірумен аяқталды.

Сөйтіп, соғыс бітті. Мен Гитлердің өртінен де, Гиммлердің
нәсілдік, надандық аластануынан да, ем-дом сынақтарынан да
аман шықтым. Аяулы балам, мен Еуропа тарих мамандарының
зерттемелерінен оқып-білген осы деректерді саған неге айтып

отырмын, білесің бе? Білмесең біліп ал! Дүниені шарпыған
екінші соғыс аяқталған, Гитлер өлген. Бірақ, Гитлердің айықпас
дертін арқалап алшаңдап жүргендер әлі де бар. Егер кім де
кім осы аурумен ауырса осы аурумен өледі. Бұл осы дертке

шалдыққандарға тарихтың жүргізетін зорлығы, сондықтан осы
дерттен абай бол демекпін.
Ал, өзім соғыс аяқтап тұтқыннан босағаннан кейін де
ауылға қайтпадым, қайтқым келген еді, біреулер құлағыма са­

бырлады. «Ауылға барғанда не табасың? Сенімсіздікке, «неміс
жерінен неге келдіңге?» қаласың, олар сені неміс қолына
зорлықпен түскен тұтқын деп қарамайды, тіленіп кеткен, са­
тылып өткен сатқын, тыңшы деп бағалайды, ендігі қалған

өмірің қуғындалумен, тағы да түрмеленумен өтсін демесең

осында қал, жаныңды бақ!» деді, қалдым. Елім, жерім деген
атаудан тойып торықтым. Әйелім, балам деген атаулар маған
аспандағы жұлдыздар секілденді. Қолым жетпесін түсіндім,
тоқтадым. Өлім туралы қиялдаудан тиылдым. Неге өледі

екенмін? Бала-шағасыздардың, қайыршылардың, ернімен,
тісімен жерге жабысып, шөптің нілін сорушы тірі құрттардың,
қоңыздардың неге өлгісі келмейді? Қоңыздарға тірлік неге
керек? Құмалақ домалатуды олар өздеріне даңқ, мәртебе деп

біле ме? Нәжістермен қоректенетін Азия иттері неге буынып
өлмейді? Біздің қорамызға үріп беру үшін бе? Оларда ұят,
ар-намыс дегендердің жұрнағы жоқ болғаны ма? Біреудің
қорасына үріп беретін ит құрлы үміт жоқ па менде? Олардың

қасында мен азат адаммын ғой. Неге жан бағып, адамша өмір
сүрмеске?!
Өмірге ұмтылдым. Соғыста қаңырап қалған неміс жері
маған өріс болды. Ол еңбеккүшке зәру еді. Сонымен мен за­

уытта істедім. Саудамен шұғылдандым. Соғыста шаһит болған
неміс офицерінің қалыңдығына үйлендім. Соңғы бақытымды
соның құшағынан таптым. Әйелімнің аты Винтер Буран­
гел, яғни Винтер Боранқұл. Менің шешем айтатын – сенің

әкең аты Боранқұл, әкеңнің аты Боранқұл, ұмытпа! Қытай
жерінде тұрады. 1920 жылы Семей түрмесінен қашып кеткен,
ұмытпай есіңде сақта! – дейтін. Құлағыма құйылып, құранның
дұғасындай, Жаратушымның есіміндей сақталып қалған ол атты

мен ешқашан есімнен шығарған емеспін. Сол кісінің құрметіне
бола әйелімнің аты менің фамилиям бойынша Бурангел атанды.
Сүйікті балам, сенің құлағыңа да сол есімді құямын, сенің
ұлы әкеңнің аты Боранқұл. Ол кісі Тарбағатайдың күншығыс

жақ күнгей бетінде, өзіңмен іргелес отырған болуы мүмкін.
1940 жылға дейін тірі бар екен, мен бұл деректі өзімнің туған
бауырым Балқаштың аузынан естідім...»

– Не... немене... кім дейді?

– Туған бауырым Балқаш дейді.

– О, Жаратқан ием, жалғыз Алла! Рахым-шапағатыңнан

айналайын! Балқашым да бар екен-ау бұл дүниеде. Бәсе, бәсе...
жүрегім сезуші еді.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Дүние кең ғой, ата. Бір тұйыққа тіреліп тоқтап қалмаған

кісіге шығар жол табыла беретін көрінеді.
Бағанадан бері әзер шыдап отырған Боранқұл тағы да
кеңкілдеп жылап кетті. Хамила, Серікболдар келгелі босап,
егіліп алған көңіл қашанғы замандар бойы көкірек түкпірінде

қорланып, іші толы іркіндіге айналған шемен шер шайқалса
болды, төгіліп әдеттеніп алған секілді. Кілегейленіп қабыршақ
мұз қатқан көзден сырғыған жас қурап бурыл тартқан сақалын
тағы суарды.

– Күндерім-ай, жарықтарым-ай, қайтейін-ай... ал, ал енді

тағы оқы!

– «Балқаш қазір Туркияның Измир қаласында тұрады.

Үйлі-баранды, тұрмысы ауқатты. Екі баласы бар, мен де екі ба­
лалымын. Сонымен Азияның батыс жағасы Еуропаның шығыс
іргесі тұсында екі шаңырақты Боранқұл әулеті жасап жатыр­
мыз».

Боранқұл енді күліп жіберді. Қол орамалымен көзін сүртіп,
толық уанбай жатып есі ауысқандай қарқылдап кеп күлді.

– Оқы, балам, оқи ғой! Менің Отаршымның сөзі қандай

ершімді!.. Қандай кесек сөйлейді?!. Шіркін, қандай үлкен ой­
лар айтады?! Көп жасаған білмейді, көп жортқан біледі, көп
жортты ғой. Содан көз аясы ашылып, көкжиегі кеңейіп кетті
ғой. Жоғары биіктеген сайын көкжиек кеңейе түседі. Егер

тым әріге шығып кеткенде көкжиек жойылып, бүтін жеріміз
алақандай болып, қанатының астында қалатын шығар? Соныкі
ғой, әйтпегенде біз андағыдай ойланып, андағыдай толғамды
ғақлиялар айта аламыз ба? Бағалар бере білеміз бе? Мен бір

ғасырды текке жасамадым, дүниенің бар жеріндегі балаларым
мені мақтаныш етеді. Менің атыммен, Боранқұлдың атымен ата­
луды әсте естерінен шығармайды. Жәйірдің ұсақ адырларының
арасында, ескіден қалған көне тас үйде мыжырайып отырған

соқыр шал қандай адам екенін білесіңдер ме, дүние? Оның көзі
текке соқыр болмаған. Оның көзжанарын парлату аса қымбатқа
түскен. Он, жүз миллиондық қағаз ақшалардың құнына келген
атом қаруының бағасына сындырғанда екі көзі қанша сомаға

тоқтайды? Сондай күшемелі, күшті қаруларды жұмсауға

дейін барғанда Боранқұл әулеті таусылып құрып кетпеді.
Ханжігіт өлгенімен басқа да балалары аз емес. Солар көтереді
Боранқұлдың туын, солар төбесіне хан көтереді Боранқұлдың
есімін. Боранқұлдың тарихы- боранды тарих. Жеке бұл деймісің

Боранқұлдың бір көрген құқайы.
Дауылдап есіре сөйлеп кете жаздаған қиялын Хамиланың
хат оқыған даусы тағы бөліп кетті.

– Хаттың азғантай бөлігі ғана қалды, жалғасын тыңдаңыз,

ата! «Мен дүние жүзін шарладым. Еуропа елдерін түгел ара­
ладым. Америка, Африканың да талай елдерінде болдым.
Көп жәйларға қанықтым, көп сырларды түсіндім. Ендігіде
дүниенің ісі темір жұмсап, қан төгумен шешілмейді. Сөйлеген

сөздермен, көпшілік дауыспен шешіледі. Мен Балқашпен жу­
ырда ғана Мысырда табыстым. Әкемнің 1940 жылға дейінгі
кешірмелерін Балқаштан естіп сүйіндім. Біздің әкеміз, сенің
ұлы атаң кезінде намысын қолдан бермеген, кеудесін жатқа

бастырмаған ердің ері, батырдың батыры екен. Қайталап ай­
тамын, балам, менің әкемнің, сенің атаңның аты, сенің шешең
Қарлығаштан да жасырған әкеміздің аты – Боранқұл. Бірақ,
әкеміздің бар-жоғынан қазір хабарсыз жүрміз. Хабар алуға ты­

рысудамыз. Сондықтан сенің де іздеп көруіңді тапсырамын.
Ал Қарлығашқа менен сәлем айтарсың! Оның ерге тиіп
кетуі дұрыс болған. Бұл үшін Қарлығашты алқаймын. Сен­
дей тамаша қызыма жетімдік көрсетпегені үшін разымын.

Өзіңе, өзіңді асырап ер жеткізген әке-шешеңе рахмет айтамын.
Күйеуіңе, балаларыңа бақыт, ұзақ өмір тілеймін.
Құрметпен:
Отаршы Боранқұлұлы

1984 жылы 1 мамыр»
Хат оқылып бола бергенде Боранқұл көп сұрауын қайта
бастады.

– Отаршыдан қалғаны қыз бала екен ғой?

– Солай, қыз бала.

– Келінімнің аты Қарлығаш екен де?

– Иә, солай.

– Сонда қалай? Қарлығаш та, оның балалары сендермен

ауылдас, жерлес болғаны ма?

Ғаппар БІЛӘЛ

– Дәл солай.

– Ендеше Отаршыдан туған қыз немеремнің аты кім? Ері

кім? Баласы нешеу?

– Оның да сегіз баласы бар, – деп Хамила Қарлығаштан

туған қыздың аты-жөнін айтпай кеткенін Боранқұл байқамай
қалды да, Қазақстан жерінде сегіз баласынан тыс сегіз жиені
барлығын ести сала қозғалақтап кетті.

– Жер мен көктен қуаныш әкелген, жан балам, Хамила­

шым менің, садағаң болып кетейін! Жарылып кетер ме екен
құшағым сен жеткізген қуанышты хабарлардан. Ханжігітімнің
өлімін ұмыттырып, көкірек толы қайғы-қасіретімді жуып-шай­
ып айықтырып жібердің-ау, күн балам... Бар баламның орны

тең еді. Ханжігітіме не болды, соны айтпадың ғой.

– Айтайын, ата, айтайын! Мен енді өз отбасымның

жағдайына көшейін! – деп Хамила қоңырала жаулығын басына
түзеп орады. Қараторы жүзінде толқу бар еді. Қарақат көзінде
бір сәуле жанып сөнді. Салалы қайқыш кірпіктері жасқа шылан­
ды. Бағанадан бері ата мен келін әңгімесін бұзбау үшін қарсы

үйдегі Мәликенің тапсыруымен есікке ешкімді жолатпай,
сырттан келіп көмекшілік етіп жүрген, бұл үйдің көне келіні
Кәмила есіктен кіріп, күндесі Хамиланың жылап отырғанын
көріп, аңтарылып аз тұрды да, қайта шығып орта тегене қымыз

әкеліп беріп кетті. Атасына қымыз құйып беріп, өзі де сусын­
дап алған Хамила әңгімесін қайта сабақтады.

– Біздің алғашқы өміріміз аса жақсы өтіп жатты, Ханжігіт

біздің ауылға жалаңбас барғанда «шеттен ауып келген аза­
мат екен, қамқорлық етейік» деп әкем үйімізге кіргізіп алды.
Бұл тұста әкем Шапиғолла совхоздың бас бұғалтыры еді.
Ханжігіттің есеп-қисап істерін білетіндігін ұғып, қамбашылық

міндет алып берді. Пысық жігіт екен, екеуміз бірден үйірлесіп
кеттік. Ыңғайымызды танып үлкендер бізді үйлендірді. Отау
көтердік. Ханжігіт барлық адамдармен танысып-шығысып
алды. Арт-артынан балалы болдық. Үлкеніміз қыз еді, Абай

атындағы институтты тәмәмдаған. Осы күнде Талдықорғанда
мұғалім. Аты – Ардақ. Үйлі-баранды, екі жиеніміз бар. Екіншіміз
Серікбол биыл қазақ мемлекеттік университетін тауысты.

Үшінші баламыз Бақыт техникум тауысып, бір шағын орында
есеп жұмысымен айналысады. Қалғандары оқушы, орта, баста­
уыш мектептерде оқиды. Ханжігіттің барында ауқатты жақсы
тұрған едік, төрт түлігіміз сай еді. Екеуміздің қызмет орнымыз

да жақсы еді. Ол – қамбашы, мен оқытушылық қызметте едім.
1984 жылдың бас мөлшерінде бір күні ол жұмыстан өңі
бұзылып келді. Шайын бердім, ет асқалы жатқанымда қайта
шақырып алып:

– Сенің әкеңнің аты кім еді деп сұрады?

– Кім болушы еді, әкемнің атын білмей жүрсің бе? – дедім

оның сұрауын шам көріп. Рас, ата, шамданып қалдым. Әкем
демалысқа шығып, аудан орталығына көшіп түскенге дейін
күнде көрісіп жүретін адам. Оны қамқорлығына алып, үйіне
кіргізген де, қызмет әперген де, өз қызына үйлендірген де, бір

сол әкем екенін біле тұрып, несін сұрайды деп ойладым. Ар­
тында пәле жатқанын қайдан білейін? Сол күйі үндеген жоқ.
Бірақ, тұнжыраған қабағының қыртысы тарамады. Бұл сұрауды
текке сұрамағанын сезіп шошына бастадым. Екі-үш күн жүрді

де ауданға кетті. Одан қайтып келгенде қабағы одан ары
құрыстап, иығы түсіп өте көңілсіз оралды. Қанша сұрасам да не
болғандығынан дұрыс жауап ала алмадым. Бір-бірімізден жан
аяспайтын тату-тәтті адамдар едік, арамызға қарадай көлеңке

түсті, кірбеңдік араласты. Ханжігіт менің алдымда бір сырлы
адамға айналды. Не болғанын, не жеткенін білмей дал болдым.

– Менің әкем Шапиғолла ғой, рас, ол татар азаматы,

бірақ, өзін қазақпын дейді. Шешеммен ерте үйленген. Отан
соғысының алғашқы жылдарында оқ тиіп жаралы қайтып кел­
ген соң есепшілік жұмысқа орналасқан. Демалысқа шығарға
дейін сол жұмыспен шұғылданған. Мұның барлығы саған аян

ғой, оның несін сұрайсың? – деймін, жауап жоқ. Ал шикілігім
болса өзің айт, Шапиғолладан тумадың десең, өз әкемді тау­
ып бер деймін, жауап жоқ. Солайдан-солайша айдан ай өтті.
Біздің арамыз тіпті суып кетті. Балаларымыз да жаутаң, өзім

де жаутаңдаймын. Жалынамын, ауырып жүрсең жөніңді айт,
дәрігерге көрсетейін деймін, жөнін айтпады. Асты-үстіне түсіп
күтемін, бара-бара жөндеп тамақ ішуді қойды. Сырғақтап

Ғаппар БІЛӘЛ үйге тоқатамайтын әдет тапты. Үйде отырса да маған түзу қарамайды. Содан кейін, менің әкем расында да Шапиғолла емес болып жүрмесін, емес болса да екеуміздің арамызға түскен енжарлыққа оның не қатысы бар, осының жөнін біліп келейін, шешемнен толық ұғысайын деп ойлап ауданға бармақ болып ем, жібермеді. Содан ішетінді шығарды. ішкенде қандай?! Тура сұмдық, ес-ақылын білмей үйде жатып бір жеті ішті. Сауыға бастаса қайта алдырады, қайта ішеді, қайта жығылады. Бабы­ на қарап, сусын беріп мен әлекпін. Содан бір күні ептеп басын көтерді. Үркердей болып қорқып кеткен балаларым да қуанып ержеңдесіп қалған. Шілденің бір қоңыр ымырты еді, сәл сергігендей болып сыртқа шығып кетті. Бой жазып жүріп келер деп, балаларға айналып қалыппын. Соңынан іздеп шыққан бір балам «жоқ» деп келді. Бір күдік сайтандай сап етті. Жүгіріп іргелес тұрған кілет үйге жетіп барсам... – деп Хамила жылап жіберді. Солқылдап кемсеңдеп отырып «асылып қалыпты» дегенді зорға айтты. Боранқұл қымызға шашалып қалғанда айтылып өтіп кеткен талай сөзді ұқпай қалды. Мынау көп баяндауларды Отаршының хатымен байланыстыра алмай есі шықты. Ал, көпке дейін өксіп солықтауын баса алмаған Хамила әңгімесін де әзер сабақтады. – Содан кейін Ханжігіттің қалтасынан Отаршы ағамыздың хаты шықты. «Бұл хат оған Германиядан қалай келді, Германиядағы ағасын қалай тапты» дейтін сұрау туды маған. Сөйтсем әңгіме былай екен, біздің елдің таралымы аздау газеттердің бірінде Германияда тұратын Отаршы де­ ген адамның іздеу хаты жарияланады. Ол хатта Қарлығаш деген әйелдің бар-жоқтығы, өзі 1941 жылы соғысқа кет­ кенде Қарлығаштың іште қалған баласының бар-жоқтығы қузастырылады. Ал, менің шешемнің аты Қарлығаш болатын. Бірақ, бұл хатты мен оқып көрмегем. Оны Ханжігіт оқыпты. Әсіресе, іздеу хат жариялатқан адамның әкесі Боранқұл екенін көріп қатты жінігеді. Бұл адам менің өзімнің туысым болып жүрмегей дейтін ойға қалады. Әкесінің тегінде Қазақстанда ержеткені есіне түседі. Сонан кейін Отаршының іздеп жүргені өзінің енесі, яғни, менің туған шешем Қарлығаш емес пе екен

деп күмәнданады да, ауданға барып, Отаршынының әлгі хатын
шешеме оқып береді. Отаршының атын естіп, газетті көрген
жерде шешем талып түседі. Ханжігітке енді барлық мәселе
айқын бола кетеді.

Шешем Қарлығаш, әкем Шапиғолла екеуі 1944 жылы
үйленгендігін ол ел аузынан бұрыннан-ақ біледі екен. Ал, мен
1942 жылы туған баламын.
Сосын Ханжігіт менің атымнан Отаршы ағасына хат жаза­

ды. Шешем Қарлығаштың жағдайынан ағасына толық мәлімет
береді. Мені де таныстырады. Соңынан Отаршыдан жаңағы
хатты тапсырып алады. Хат алдымен совхоз кеңсесіне келетін
әдет. Сол жерде менің атыма келген хатты алып, қалтасына

салады да, оңашада оқып шығады... ататай, несін жасырай­
ын, қаралы бетімді, қара бетімді қайтып жасырайын?! Содан
Ханжігіт өзінің алған әйелі, қойнында жатқан, неше балалы
болған зайыбы өзімен бір әкеден туған ағасы Отаршының қызы,

өзінің қарындасы екеніне көзі жетеді. Міне, бізге ақырзаман
осылай орнады. Өз қандасына, өз қарындасына үйленіп, неке
қосқандығы үшін ар-намысқа шыдамай, Ханжігіт өзін-өзі мерт
етті. Мен қарабет тірі қалдым. Ата, атажан, шешем сорлы күні

үшін менің шын әкем Шапиғолла емес, Отаршы екенін ме­
нен жасырып келіпті. Бірақ, Отаршының әкесі Боранқұл атты
адам екендігін, оның Ханжігітпен туыстығы барлығын ол өзі
де білмейді екен. Енді ұқтыңыз, ата, мен сіздің келініңіз ғана

емес, сонымен бірге қызыңыз болып шығатындығымды со­
дан кейін барып Ханжігіттің қалтасынан табылған Отаршы
әкемнің хатын, және әрі ерім, әрі туған ағам Ханжігіттің өзі жа­
зып қалдырған хатын оқып көрген соң ғана бір-ақ білдім, ата,

атажан, мұсылман жоралғысына ғана емес, күллі адамзатқа тән
адами қасиетке, ата-баба жолына біздің некеміз күнәкәр, бізден
туған бала харам.
Боранқұл қақ төбеден әлде қандай қарулы да қайырымсыз

қол дойыр тоқпақпен періп қалғандай меңірейіп отырып барып
«ах» деп құлап түсті. Есі ауып талып кетті. Әлгіндегі қуаныш
шешек атқан әжім соқпақтарын көлеңке басып, бозғыл тартқан
ашаң жүз қуарып, көгеріп бара жатты.

Ғаппар БІЛӘЛ
Жоқ, жоқ, жоқ, оның төбесіне тоқпақ тиген жоқ, көшкін
түсті. Биік құздардың құламалы қапталына замандар бойы жи­
налып қалыңдай берген қар қабаттары зілмауыр салмағымен

төмен тартып, шың еткен дыбысты, болымсыз діріл тербелісті
күтіп, аға жөнелуге сақадай сай тұрғандай- мұң мен шер, қасырет
пен күйік апатты қопарылыс тудырып, қылайған шөп, сыңсыған
орман атаулыны қидай сыпырып, қары мен мұзы, тасы мен

топырағы араласқан, тік ұшатын сауысқанды құтқармайтын,
көз ілеспес жылдамдықпен шыңырау шатқалдарды күңірендіре
домалақтанып, түйдектеле құлады. Бар хикаяны сөйлеп болы­
сымен «аталап» келіп Боранқұлдың мойнына асыла кетпек бо­

лып ұмтылған Хамила да үлгірмеді. Бұл апаттан жан қалар ма
екен?
* * *
Ойхой, дүние! Қорқыт бабамыздың соңына түскен қу

ажал, жеткізген жерің осы ма?! Желмая мініп қашқанда құба
шөлдерден, құзар шыңдардан пана таппаған жәһәнгезді аспан
төңкеріліп астына түскен, жер аударылып үстіне шыққан
сырлы да сиқырлы толқындарыңмен қамажаулап, алақанына

отырғызып алып, қайда, қай түкпірге барса алдынан орап
шығып құтқармауға айналған жылпос, жылбурынды ажал­
дан арашалап тұратын Сырдың суы қайдасың? Арыстан
ажал секіріп өте алмайтын, абжылан ажал жүзіп жете ал­

майтын шалқар айдының, жүзе білетіндер қайраңдап қалып,
жүзе білмейтіндер шөгіп кетіп отыратын таязың мен шүңет
иірімдерің қайда кеткен? Мың құбылып, жүз түрленсе қу ажал,
мың толғанып, жүз ойлаушы ең ғой сен де амал. Өткел бермей

айналдырып, мекерлердей алдандыратын сырлы сиқырыңды
неге көрсетпейсің? Ең болмаса, күні ертең алыстан келген
балалары аттанып кеткенге қадар аял бермегенің бе? Қуанып
қайтар әулетті жылап кетсін дегенің бе? Бұл қай қылығың?

Сыртта жүргендер Боранқұлдың жығылып түскен хаба­
рымен дүрлігіп үйге кіргенде Хамила туған атасын, әрі қайын
атасын өзі ұрып жыққандай сасқалақтады. Бірнеше сағатқа
созылған әңгіме үстінде шалекең жазым болып кетсе, Хамила

қас қылды деп ойламаған күнде де көрер көзге, естір құлаққа

тым ерсі, сөлекет сезілер еді. Жер бетінен басқа бай таппағандай,
текедей таңдап туған ағасы Ханжігітпен некеленіп, шариғат
әмірі, адамдық ар-ұждан алдында беті күйетін осы некеден
Боранқұл атасына сегіз бірдей немере, яғни сегіз бірдей жиен

тауып беріп, осы күнәкәрлығы үшін ар мен намыс соты алдын­
да Ханжігіттей аяулы азаматты өзін өзі дарға астыру тағдырына
тап қылған алдыңғы ұяты аз болып па? Осы масқарадан күйіп,
өртеніп кеткен қап-қара күйелі бетін көрсетуден именіп, күні

бүгінге қадар жасырып, жасқанып жүріп, кезді уағынан кешу­
леп келген айыбының өзі ата-аналары үшін көрсетілген жәбір
емес пе?
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады. Балалары келгелі

суқараңғы көздің жасымен омырауын жуған Боранқұлдың
жылау кезегі ендігіде екі көзі сау, ағыл-тегіл жылай алатын
Хамилаға ауысып кеткендей еді. Ол боздап келіп, талықсып
жатқан атасының басын құшақтады.

– Ататайым-ау, сізге не болды? Енді қайттым? Әлгінде

ғана тып-тың отыр едіңіз ғой, бір әулетке сор болам деп келіп
пе едім бұл дүниеге мен сорлы.
Хамиланың зар даусымен алдыңғы кірген Мәлике еді, ша­
лынан бес жастай кіші болса да, бұрынырақ қартайып, самайы

қудай ағарып, иіліңкіреп кеткен Мәлике қоңырала көйлектің
етегімен жер сызып, жіңішке тал таяғына сүйеніп таяп келген­
де сый келіні Хамиланың көңіліне алғау болар сөз тауып айтуы
керек екенін біліп, шалына зікінді.

– Немене, сен, қара басқыр, балаларды шошытып,...

қайтеді ей өзі?! Мұны алмаған құдайдың тамағы тоқ. Жан
алғыш періштелердің тізімдік кітабынан мұның аты түсіп
қалған. Етегіне сүрініп отырып қақсайды-ай келіп. Асарын
асады, жасарын жасады, құдай тәубесін айтып тыныш оты­

ратын кісі. Ұзақты күнгі әңгімеде несі бар басын қатырып?!
Әкел, суық су әкеліңдер! Ұшықтап жіберелік.
Кемпекең балаларға, жастарға көз қылып, шалын кекеп-
мұқырата сөйлегенімен жаманшылыққа қимайтын секілді,

күлдіреуіші түсіп, түндігі қолпылдаған шаңырақтай – тісі түсіп,
ұрт еттері шұқырайып кеткен ауыз қуысына сіңіп, қабысып

Ғаппар БІЛӘЛ
тұрған қатпарлы еріндері бүлкілдеп келіп шалының жанына
отырды. Шыт-шыт болып жарғақтанған қолымен шалының
жағасын ағытып, омырауын ашты. Әлдеқандай дұғаларды

күбірлеп болып, шынылап әкелген суық суды ұрттап, шалының
әуке терісі шандыланған өндіршек ұңғысына, шодырайған
төс сүйегінің бурыл бұйра қалшықтармен тарғылданған
алаңқысына дәлдеп тұрып, «фуччччт» деп ақыра бүркіп

жіберді. Сұлық жатқан шал сәл тітіркеніп, дір еткенде кемпекең
алдыңғы емін тағы қайталады. Екі-үш рет ұшықтап жіберді.
Сәлден кейін шалекең жыпылықтап шелді көзін жапсарлап аша
бастаған тұста, тіпті елеуреп кетті.

– Немене, барып қайттың ба? Мәңкір-мүңкірге кезіккен

шығарсың? Не сұрайды екен? Келгенің жақсы болды деген жоқ
па? Неге қайтып келдің?
Құсжастыққа шалқалап жатқызылған Боранқұлдың қуаң
тартқан жүзіне күлкі ишарасы жүгіріп, сақалы қыбырлаған

еді. Атасының жаны қалғанына қуанып кеткен Хамила жасты
көзін жібек орамалымен сүртіп, еңкейе төніп, шалдың аузына
құлағын төсеген соң миығынан күліп, жымия көтерілді.

– А, не деп жатыр?.. Бірдеңе айтты ма атаң?

– Періштелер сізге сәлем айтты дейді, ат-көлігін даярлай

берсін депті.

– Бычч, – деп қалды Мәлике, – быч, тіленіп барғанда

есіктерінен қаратпай қойған періштелерден қауаланды көріп,
қайтып келіп отырған өз күйіне қарасайшы! Менің тіленіп ба­
рарым жоқ. Балаларымның алдында жүре тұрамын. Қызығын
көремін, керегім болса періштелер ат-көлігін өздері жіберсін!

Өле алмай жатып мені кекетеді, ей, өзі. Тұр былай жасымсы­
май! Балаларды үркітіп немене... Хамилашым қорқып қалды.
Шалекең кемпірінің «алғыснамаларын» ұғып жатқан
секілді, орнынан тұрғысы келіп қозғалақтаған еді, қолынан

тартып тұрғыза алмаған Мәлике ерні жыбырлағанын көріп, сен
тыңдашы дегендей Хамиланың бетіне қарады. Тағы да еңкейіп
келген оның құлағына:

– А, не дейсің? Хамилаш қорықты деймісің? деген сөздер

естілген еді.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Тұр, ыстық шай іш! – деп зекіді кемпір. Ендігіде шал мен кемпірдің тілмашына айналып қалған Хамила күліп отырып; – Айналайын, ақ келіншегім менің, сенің қамқорлығың ғой осы қиып кете алмай жүргенім, – дегенін жеткізгенде Мәликенің кекесіні қайта атқа мінді. – Кекетуін қарашы келіншегім деп, өзің жырғап тұрсың, менімен қалыңдық ойнайтын жас жігітім сен бе едің... Әзіл-қалжыңдары кедір-бұдырымен де жарасып тұратын шал-кемпірдің сөз алыстарындағы ұнасымдылық сыртқы сым­ батында емес, дық сақтамайтын, кикілжіңге барыспайтын жан күйлерінің ішкі байлығында жатқанын жастар жағы аңғарады ма екен? Қазақ өмірінде реніш-күйінішке бой алдырмайтын адуын әйелдер жиі ұшырасады. Олар қыздай қиылып, иіліп, майысып, қайысып отырмайды. Ерінің ырқына көніп, ығына жүгіне бермейді. Қайта ердің өзін жүгіртеді. Кейде әлемді алақанында ойнатқан азуы алты қарыс бектер мен сұлтандарды еркіне жібермей, шаужайлап ұстай білген аналар, әйелдер өнеріне қайран қаласың. Олар ғайыпперен қырық шілтеннің киелі күшіне сүйенбейді. Түлкі мінезді қулық, сұмдығымен де сусылдап сұқсыраңдамайды. Ерге адал, елге бауырмал кіршіксіз іңкәрлығыменен, қамқорлығыменен жаулайды ер­ кек жанын, ел көңілін, ер көңілін әйелдердің жаулап алу жаугершілігі, баурап алу жауапкершілігі жүрекпен жүргізіледі. Үлкенді сыйлап, кішіні еркелете білетін әйелдің қолынан бәрі келеді. Олардың қолы ашық, дастарқаны жазық болады. Алысжақынды, ағайын-туысты ала-құла көрмейтін, жыртыққа жа­ мау, жоққа жөрмеу болатын әйел алақаны алмайтын қамал жоқ. Мұндай ел аналарының еркінен аса алмай тұсалып отырғанын, емеурінін бағып зыр жүгіретінін ері де, елі де көбіне сезіп байқай бермейді. Сезіп аңғаруға келтірмейді де. Айхай, ақ еділ аналар, ақ жайқау жеңгелер-ай, қосақтарыңмен қоса ағарып, өмірдің жазы өтіп, күзі қалған, ыстық-желігі басылып сызы қалған шақтарыңа дейін сүйіс ор­ нына тістесіп кетпей, сүйкімділіктеріңді сақтап, «ары жат та, бері жатпен» шайқасып шайналыспай, қағысып ойнап отыра­ тын қағылез жарасымдылықтарыңнан жазбағайсыңдар!

Ғаппар БІЛӘЛ
Мәлике қанша күштесе де Боранқұл басын көтере алмады.
Әлсіреп кетті деп сүт әкеліп еді, екі-үш қалақтан ары іше ал­
мады. Қымызға тәбеті тартпады. жарым кеседен ғана қоңыр

салқын су ішкен соң жан шақырды. Тағы да даусы шықпай сы­
бырлап, Серікболдың қобыз тартуына тілек білдірді. Серікбол
қара қобызды сөйлетіп ала жөнелгенде қарияның құлақ түбінен
байғыз даусы сұңқылдады. Таң намазы тұсында тау іргесіндегі

сарыағаш жапырақтары арасына жасырынып отырып алып,
гүлдердің ашылуын көрсем дейтін зар тілекпен таң атуын са­
рыла күтіп сарғайған сандуғаштың сан құбылтқан сағыныш
үні құйқылжыды. Түн қараңғылығын жамылған иен түзде дөң

басына шығып алып, үйірін шақырып ұлыған аш қасқырдың
соқталы зор даусы күңіренді. Мүмкін, ол аяғын қақпанға
алдырған шолақ аяқ қасқыр шығар? Мүмкін, ол осы кемтар
аяқтың қақпан тісінен босатпай қойған сіңірін өз тісімен қиып

тастап, ашу үстінде сирағының қалдығын өзі жеп қойған болар?
Жеген емей немене? Жер бетіне шашылып кеткен өз ұрпағы
бір-біріне жат болып, қарындасы мен ағасы үйленіп жатса,
қаңғыртып, ұлытқан қу жалған, зар замандар шері ғасырға

таяған жасында бөрі жүнін қарбайтып, жалданып, сырттай
гүлденіп отырғанда бос мойын шоқпармен соққандай қара
құстан ұрып түсіріп, естен тандырып отырса, ұлытқан емей не­
мене?!

Келгеннен бері Серікболды жанынан шығармай, қоғадай
жапырылып қонаққа шақырысып жатқандарға жібермей,
түнде қасына жатқызып, ашылып қалған көрпесін қымтап,
маңдайынан құшырлана иіскеп отырып, немереме не беріп

қайтарсам екен деп қиялдаушы еді қарияң. Ат мінгізгісі,
түйе жетелеткісі келетін. Бар байлығын төгіп, Сәйдәлі
бастықпен құдаласып, оның сұлулардың сұлуы, арудың
аруы деп есептелетін ортаншы қызын немересіне айттырып,

жаңадан келін түсіріп, босағасын қызартудың жөнін де ой­
ластыратын. Екеу болып келген келін мен немерем үшеу бо­
лып қайтса, қандай жақсы болар еді деп армандайтын. Бірақ
оларға мінгізіп қайтаратын тайшұбар сынды толымды тұлпар

қолында жоқтығына қынжылатын. Түйе жетелетіп жіберудің

ел аралық жолаушыларға жараспайтындығы да қамықтыратын.
Қалыңдық айттыру, оны шетелге ұзатып салу жағына мемлекет
аралық жағдай оңай оспаққа жол бермейді-ау деп тарылатын.
Егер құда боламын десе Сәйдәлі де теріс кетпес еді. Өзін жалғыз

ауыз сөзбен тоқтатып тастаған Серікболдың толғамдылығын
таныған да шығар, бәлем, қызын қуана-қуана берер еді деп
әуестенетін.
Шіркін, менің немерем қандай ақылды, қандай толғамды!

Адам баласының өзімшілдіктен тиылу жолы сұлулықты тану
дейді. Бұл деген сөз – рахым-шапағаттылықты, ізгілік пен
махаббатты, бауырмалдық пен достаналықты жырлаған сөз
ғой. Осыларды кісілік деп танып қасиеттей білген адамның

өзімшілдікте несі бар?! Айналайын Серікболым менің, сенен
кісі шыққалы тұр екен, жас өседі, жарлы байиды.
Ойнат, ата-бабаларыңнан қалған қыл қобызды! Дүрілдетіп
өт бұл дүниеден! Қорқыт, Ықылас күйлерін тарт осылай боз

інгендей боздатып! «Ат арыса - тулақ, ер арыса - аруақ» де­
ген екен бұрынғылар. Мен қазір аруақпын. Мені өледі-ау деп
сасқалақтап жүрген балаларды ұялтып өлмей қояйын, сенің
күйлеріңнің құдіретімен аруақтанып әлдене түсейін!

Шаңырағы қанша рет шайқалып, іргесін жел көтерсе
де құлап қалмаған Қажыгелді, Әнбия тұқымының бір
босағалығында ер жетіп, қобыз бен домбыра да ойнай білуге
тәлім алған соңғы ұрпақ Боранқұлдың қыл қобызын аңыратты-

ау дейсің Жәйірдің бір қуысында. Баяғыда Жіңішкенің бойын­
да Бастаубай бидің жан үзер шағы алдында Боранқұл да осы
қобызды осылай тартып, осылай тыңдатып еді-ау. Ол да осын­
дай бір құс қайтып жатқан мезгіл болатын.

Қобыз үнінің дәуренді тұстарында қарт Боранқұл қайта
төмендеп, қайта әлсірей бастаған еді. Сасқалақтап үйден
шыққан Орқаш қосар атпен шапқылап дәрігер шақырып келу­
ге аттанғалы жатқанда «сыр-р-р» етіп жетіп келген екі жеңіл

машина есік көзіне таяп тоқтай қалды. Ұлудың қабығындай
иіріліп босағада жатқан Құттыаяқ абалап қоя берді. Ауыл
адамдары сыртқа шығып қуып жібергенге дейінгі аралықта
екі машинадағыларды да жерге түсірмей, арсылдап тұрып

Ғаппар БІЛӘЛ
алды. Машина есігі ашылып кетсе атылып барып бассалатын
түрі бар. Әрине, «Құттыаяқ» Боранқұл шаңырағының құты.
Қоралы малға қасқыр жолатпайды. Ұры түсірмейді. Тамаққа

тойып еліріп алған күндері тықырға жүгіреді... қоралы қойдың,
қордалы үйдің сыртынан қоян өткізбейді. Мал қараған, жоқ
іздеген немесе жолаушылаған біреулер жолы түсіп ауыл
төңірегінен жүре қалса ат тұмсығына секіріп, құйрығынан,

бақайынан алып, ес-ақылын шығарады. Бейтаныс ауылдың
қатын-қалаш, бала-шағасы қыдыра қалса, үйге кіру үшін
құттыаяқтың алдынан өтіп, соның «рұхсатын» алулары керек.
Оған «Құттыаяқ» сынды әрі экономикалық , әрі әскери атақтың

берілуі сол еңбегінің арқасы шығар?! Боранқұл шаңырағының
осы қорғаныс маршалы міндетін атқарған кезде біреулер үшін,
сорпа-су берген қожайыным үшін дегенді бақайына алмайды.
Бүкіл қой-сиырдың, жылқы-түйенің ақы иесі бір өзі сияқтанып

дүрдійеді. Үй де, үй иелері де өзінікі. «Байға тай мінсе де
жарасады» демектейін, үйдің төрінде, қарала сырмақ, ала­
ша, текеметтердің үстіне жатпаса да, бәрі бір ғой. Босағаның
көлеңкесінде, қара көңнің үстінде құсжастыққа бас қойып

кергіп жатқандай, суық тұмсығын шатының арасына тығып
жатып, таза ауада тынығып демалғанның өзі ғанибет емес пе?!
Үй иелерінің жегені Құттыаяқтың жегені. Үй иелерінің төрде
отырғаны – Құттыаяқтың төрге шыққаны есепті. Сол үшін мөрті

келгенде өзінен кейінгі алғыр нөкерлері Жолдыаяқ, Құтпан,
Сырттан, Бөрібасарларын ертіп шығып, құрбан болып кету­
ден де тайынбай, қораға шапқан қасқырлардың соңына түседі.
Жан-жағынан ұтылағанда қарсақ, түлкілерді де алып тастайды.

Өзімен қандас, тұқымдас болғандығы себепті қасқыр, түлкінің
етін жемейтіні де рас. Терісінен ішік, тымақ кимейтіні де шын.
Бірақ, ол түлкі, қарсақты өзі үшін емес, иесі үшін ұстайды.
Одан еркек қожайын тымақ киеді, ұрғашы қожайын ішік

тіктіреді. Ақша зәрулігі туылғанда сатып жіберуіне де болады.
Бір қазанға қарап отырған бір үйлі жан болған соң оның адамы
не, иті не, бәріне бірдей ішкі береке, ынтымақ керек. «Ағайын
тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп». Мұны түсінбесе,

Құттыаяқ бұл босағаға ие бола ма? Сондықтан, өз нөкерлерінің

қатарындағы қызметкерлерді тәртіпке шақырып, талап тастай­
тын шабуыл сипатты қарекеттерінің өзі де берекенің қамы үшін
жүргізіледі.
Бірақ, оның бүгін шетелден енгізілген аса сәулетті, аса

қымбат бағалы машиналарға мініп келген төтенше құрметті
адамдарға үруі тым әбестік болды. Танымасын сыйламас,
деген осы ғой. Дегенмен, туада мал шетінде жүрген қотыр
қойшының тәртіп үйренбеген жағымсыз итінің дарақылығын

құрметті білімді қонақтар көңіліне ауыр алған жоқ. Білімді
адамдар көңіліне дық сақтамайды емес пе?!
Келгендер айтарға екі машиалы кісі болғанымен, бір
машинаға да сия салатын, бар-жоғы бес-алты адам ғана екен. Бір-

бірімен қара таластырмаса да ат-көліктің осындай молшылығы
жақсы ғой, молшылыққа не жетсін?! Молшылықты жерде
мәдениеттілік бірге жасайды. Мәдениет пен молшылық екеуі
тізе қосып біріккен жерде күнәкәрлық та туылмайды, туылса да

мардымды сан ұстамайды.
Келгендердің бірі аукомның секретары, бірі ауданның
әкімі болып шықты. Ал, ол екеуінен төменгі үшеу-төртеуді
ешкім таныстырмады. Таныстырудың қажеті жоқ жастар

ғой. Олар мынау хатшы, мынау аудармашы (тілмаш) еді деп
таныстырылмағанына да қыңқ етпейді. Дық сақтамайды.
Ертең-ақ қой олардікі. Мына жүрген бастықтар келесі бір
кезекте орнынан түседі. Демалысқа шығады. Содан кейін

орындық, мәртебе, машина, хатшы, аудармашы дегендердің
барлығы өздеріне тиеді. Сол кезде олар да нөкерлерін ертіп
шығып, көңіл жетер ауыл ақсақалдарына сәлем берісіп,
қал-жағдайларын ұғып, лайықты шешімдер жасап, қона-

түней жатып разы-хоштықпен аттанып кетуге қол жеткізеді.
«Қайырымды, мейірімді бастық» атанады. Олардың арасы­
нан жоғарылап өсірілмейтіндер де шығады. Саусағын қалам,
шынтағын үстел қажап, қағаз тексеруден жүздері жүдеп-

жадап, халқы үшін бас ауыртып, балтыр сыздатып, жүріп
көзге түскендер ғана өсіріледі. Ал, бірсыпырасы үсті-басын
түзейді. Үлбіреген ақ саусақтарының басын кір шалмайды.
Ұстай асаң, алақандары торғындай үлбірейді. Ыстық-суықта

Ғаппар БІЛӘЛ
айғыздалып жарылып кеткен малшылардың қолы мен мүйізгек
басқан егіншілердің алақанымен салыстырғанда олардың
өкшесі де сүйкімді. Әлдеқайда таза болатын шығар? Олардың

күніне жалап жылтыратқандай майланып отыратын етіктерінің
тұмсығына да шаң-тозаң тоқтай алмайды. Кәстомының сы­
нына, сым шалбарының қырына қарап, бой түзеп сыланып
өскендер қоңыр күзде емес, сары аязы сықырлаған қыстың

ішінде жаздық киіммен, жалаң қабат жұқа шұлықпен, жалаңбас
жүреді. Боран-шашынға түсіп, ыстық-суықта қалатын қапыдан
алаңсыз тұрмыс оларды солай қалыптастырған. Бет, маңдай
терілері ақ қағаздай шытырлап жарқырап тұрғаны тұрған.

Күн шалмаған, жел тимеген соң әжім түспейді, секпіл баспай­
ды. Қылайған түк атаулыны қырып тоқтатпаған соң, балғын
қалпындағы баланың бетіндей үлбірейді де тұрады. Жүдеушілік,
жоқшылық тартпаса да, шалбарының тізесі қалталанып,

жағасы қатпарланып, қарала-торала болып жүретін ауыл адам­
дарын қалалы жердің салқын сарайларында, саялы бақтарында
жасайтын осы бір кірпияз, тамақты салпылдатып алақандап
асамай, шымшуырдың ұшымен шымшып жеп, шымқып қана

отыратын, таза, мәдениетті қауымнан бөліп тұрған бір сызық
бар. Адамдар арасын қақ бөліп жатқан осы сызықтың арғы
жағындағылар мемлекеттен «айлық», «жалақы» деп аталатын
құнды қағаздармен қамдалады. Ол қағаздар қызмет уақытының

алыс-жақындығына, оқыған оқуының, мансап-мәртебесінің
жоғары-төмендігіне,
тағы-тағыларының
өлшеміне

қарай
әркелкі мөлшерде үлестірілгенімен қажетіне жетіп асып отыра­
ды. Тегін емделеді. Ат-көлікті тегін мінеді, қызмет етіп, еңбек
сіңіргендігі себепті солай қамдалуға да тиіс. Бірақ солардың

едәуірі мемлекетті тегін астай көріп, не бас ауыртпайды, не
алақан тоздырмайды. Кілең күтімге беріледі. Әншейін бір ау­
зын ашқан ақ үрпек балапан, кейбіреуі жұмыс бабымен жүрген
мынау бастықтарға босқа ілесіп, елдің асын босқа ішіп, аяғын

босатып қайтып барған соң «командировка» деп аталатын тегін
ақша алуға тырысатын көрінеді. Былайша айтсақ – «тамақ бай­
дан, өлім құдайдан». Тым құрыса жалақы беріп, аузын аққа
тигізіп отырған мемлекетіне, мемлекетін асырап, бағып-қағып

отырған халқына жаны ашысайшы!

Боранқұл сондайларды жаратпайды. Сондайларды бар­
дам орындарға тықпалап, жұмсақ орындықтарға отырғызу
қамына бола шаршап-шалдығып, жоғары-төмен шапқылап,
тұмсығынан шаншылып жүретін, жалынып-жалпайып көлкек

қағатын пысықтарды жақтырмайды. Жастарды, балаларды
мемлекетке, тағы сондай бір тегін орындарға аманатын арт­
тырмай, өз еңбегімен жан бағуға, өзгелерге асырату үшін ал­
дымен өз бастарын асырауға баулу, соған дағдыландыру керек

қой. Боранқұлдың балаларын кадрлік орын алуға жібермейтін
себебі осында.
Терезеден түскен болмашы жарықта қара қоңыздың
қабығындай жылтырап, жалтырап тұрған былғары шапандарын

сықырлатып келіп, төрге отырған екі бастықтың бірі, аудандық
үкіметтің бас әкімі Бекболаттың келелі істерге жұмсайтын
қымбатты уақыттарын бөліп, қона-түнеп жатып, бір малын жеп,
қыстау сонысына байланған биенің қоңыр-салқын қымызын

ішіп, ғасыр жасаған қарт Боранқұлмен шүйіркелесіп, сырласып
кетпек ниеттері шалдың ауыру жағдайын көре сала бұзылды.
Бекболат жайдары жүзді, майда кісі екен, қарияның күй жай­
ын ауыл адамдарынан ұғысып болып, сырқаттың қасына келіп

көңіл сұрады. Өзінің аты Бекболат, қасындағы жуан қара
жігіт ауком секретары Лю Жінтау екенін таныстырып болған
соң, қарияға сәлем бергелі арнайы келгендіктерін, алыстан
келген балаларымен танысып, құтты болсын айтқалы аудан

орталығынан шыққанын мәлім етті. Бірақ, қарияның ауырып
қалғандығы себепті шайға қарамайтын, қонып жатпайтын ба­
станып асығыстыққа ауысты.
Бекболат жанындағы хатшымен қытайша сөйлесіп,

келісімін алғаннан кейін өз машинасымен тілмашты жұмсап,
бірнеше сағат ішінде Қарамайлыдан дәрігер шақырып келуге
жіберді. Лю Жінтау хатшы Қарамайлы парткомында істейтін
басшылардың таныс біреуіне өз атынан хат жазып, дәрігер

жіберуге көмектесуін өтінді. Қысылып тұрған шақта келіп
қалған шапағатты басшылардың қамқорлығына разы болып
кеткен Мәлике Орқашты жұмсап қымыз алдырған еді. Оның
артынан өрістен мал әкелдіруге әкім Бекболат жібермеді. «Шал

Ғаппар БІЛӘЛ
сақайған соң қайта келеміз, малды кейін жейміз» деп еріксіз
көндірді. Сары қымызға тойып кекірелеп алғаннан кейін:

– Әжей, – деді Мәликеге бұрылып, – біз сіздерге тағы

бір қуанышты хабар жеткізгелі келген едік, атамыз ауырып
қалыпты. Енді сол кісіден алатын сүйіншімізді сіз бересіз ғой
деймін.

– Алыңыз, алыңыз, – деді Орқаш анасының атынан сөйлеп,

– менің шешем ат мінсеңіз де, шапан кисеңіз де мәселені,

шалының бұйрығынсыз-ақ, өзі шеше алады.

– Біздің алар сүйіншіміз ат, шапан емес, одан да қымбатырақ

нәрсе, – деді Бекболат қулана күліп.

– Алыңыз, алыңыз, барымызды алыңыз!

– Мына ғасыр жасаған қарияның ықылас батасын сұрағалы

келдік.

– Құдай қуанышқа жеткізсін, балаларым, бізді сендер

есіркесеңдер, сендерді құдай есіркесін! – деді Мәлике ұрт
еттері бүлкілдеп.

– Сіздерге жеткізер ендігі қуанышымыз – Түркия

мемлекетінен Балқаш деген балаларыңыз келе жатыр екен.
Қазір орталықта, Бижінде жүрген көрінеді. Бірнеше күннен
кейін осында келіп ата-аналарымен көріспек. Бізге бұл хабар­
ды автоном райондық партком кеңсесі жеткізді. Балқаш ертең

Үрімжіге келетін болса керек.
Хамила келіні мен Боранқұл арасында жүріп өткен жеке
әңгімеге қатынаспағандығы себепті Ханжігіттің өлу жағдайын
да, Боранқұлдың Зипәгүлден туған үлкен ұлы Отаршының ха­

тынан да, өз кіндігінен туған Балқаштың тірі жүргендігінен де
бейхабар отырған Мәлике мына қуанышты лебізді естігенде
аңырып отырып қалды.

– Әкем-ау... Балқашым,... Балқашым да бар ма екен бұл

дүниеде? – деп күбірледі.

– Бар екен, балаңыз бар екен, аман-есен, тіпті, асқан бай

көрінеді. Үрімшіден аса кемелді былғары заводын салуға
тоқтам жасаспақ. Ол құрылыс іске қосылса, елімізге зор пайда
келтірмек. Сол тоқтам шаруасын бітірген соң осында сіздерге
келеді.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Ұйбай, шал-ай, тырайып жатушы ма едің? Балқашым, менің Балқашым да бар екен. Келе жатыпты осында, енді қайттік? – деп Мәлике екі көзі бұлауланып шалының қасына қарай жылжыды. – Естіп жатырмысың? Балқашымыз да бар екен. Келе жа­ тыпты. Мәлике жақсы хабарды шалының шалыңғырт бол­ са да естіп, қарт жүрегі кеуде қуысына симай дүбір салып, бұлқынып тұрғандығын қан-сөлсіз бозалаң тартқан жүзінде, ожар қабағының үстінде қанат қаққан қуаныш нышаналары­ нан танып біледі де, ұмыт қалған бір нәрсесін еске алғандай, бүкшеңдеп жүріп қайта орнына келді. – Көп жаса, балам, көп жаса! Қуанышты хабар әкелгендеріңе мың да бір рахмет, қарақтарым! Жастарың ұзақ болсын! Қымызға қанып жайдарылана түскен Бекболат әкім енді бір ауық іс адамының әлпетіне ауысып, партия саясаттарының абзалдығын үгіттей келіп, Балқаштың Үрімшіден за­ вод құруын Орталық Комитет қызғын қарсы алып, қолдап қуаттайтындығын түсіндірді. Сондықтан, мұндай шетел­ ден келіп қаржы қосқан азаматтың ата-ана, туғандары да құрметтеледі екен. Осыдан кейін Бекболат әкім орталықтан берілген қатысты министрліктің нұсқауына сай аудандық парткомның ұйғаруымен шақырылған аудандық үкіметтің жаңа қабылданған екі құжатын алып шығып, Орқаштың қолына берді. Құжатта Боранқұлдың қолындағы қойшы ұлы аудандық малшаруашылық мекемесінің жұмысшылығына қабылданып, қамдау-сауда кооперативінде кассирлік істеп келген немересі Қуаныш аудандық сауда мекемесінің орынба­ сар бастықтығына тағайындалғандығы қаулы етіліпті. Соған жалғас тоқсан екі жастағы қарт Боранқұлдың екі көзі бірдей көрмейтін мүгедектігі үшін халық істер мекемесінің қарауында тұрақты көмек қаражатымен қамдалатындығы, сол мекеменің тарапынан қала ішінен қолайлы үй берілетіндігі шешімделіпті. Мұнан соң сөз алған ауком хатшысы Лю мырза бұл отбасының дерлік мемлекет қазынасынан қамдалатын күйге жетуі Компартия мен үкіметтің шексіз қамқорлығы екендігін,

Ғаппар БІЛӘЛ
сол үшін бұл қамқорлықтың қадырын біліп, жоғарының күткен
үмітін ақтап, шетелден келіп жатқан және енді келе жатқан ба­
лаларына Жүңго Компартиясы мен үкіметінің абзал саясатын

дұрыс түсіндіріп, еліміздің халықаралық беделінің артуына
үлес қосулары керектігін міндеттеді.
Осыдан кейін қонақтар кететін кісі сыңайланып орында­
рынан қозғала бере, Бекболат әкім Боракеңнің тез сауығуына

тілектестік айта келіп, соңғы орналастыруларын жариялады.

– Қарамайлыға кеткендер дәрігер әкелген соң қария

жақсы емделсін, тәуірлене алмаса және келген дәрігер тағы
да емделуі тиіс деп қараса, онда қарияны ауданға жеткізіңдер,
ал, сырқаттың беті қайтып тәуірленсе, машинаны тез қайтарып
бізге мәлімдеңдер, сонан соң сіздерді көшіріп әкетуге көлік

жібереміз, аудан орталығына көшіп түсесіздер. Сіздерге
даярланған үй кең, жарық, әрі жәйлі. Бұл жердегі малдарыңызды
бағатын малшы сол машинамен көшіп келеді. Қам жемеңіздер,
жақсы бағады. Қариялар қара шайға шыдамас десеңіздер, бірер

бұзаулы сиырды қалаға ала барсаңыздар да болады. Жем-шөбін
біз қамдаймыз, – деді.
Қарамайлық маманның барын салып қарбалас емдеуімен
Боранқұл қалқайып басын көтерген кезде қуаныштары қойнына

симай жүрген ұлдары Орқаш пен Қуаныш аудан басшыларының
өздері келіп жеткізіп қайтқан шапағатты шешім, бекімдерінің
жай-жапсарын тәптіштеп отырып жеткізген еді, бірақ, қанша
тырысшаңдық жасаған күнде де ғұмыр бойы қол жеткізуге бол­

майтын осыншама ырғын қамқорлықты естігенде алақайлап
қуанады деп ойлаған аталарының қабағы құрыстанып, үн-
түнсіз, қозғалмай, сіресіп отырып қалғандарын көріп, арында­
ры қайтып қалды. «Аяқ астынан пайда болған неткен шүлен

жарылқаушылар, бізді жарылқар болса бұрын қайда жүрген?
Балқаштың байлығына қызығып, пайдаланып қалғысы келіп
жүрген бір қулығы бар шығар, болмаса жан-жақтан келіп
жатқан балаларымнан немесе барлығымыздан күдіктеніп,

көз алдарында ұстағылары келіп отырмаса не қылсын», де­
ген зәрезеп болған кәркесте ойлар еді оның басын құрсаудай
қысып құрыстырған шытырмандар.

* * *
Қорқыт заманында үшоқ пен бозоқ, яғни іш оғыз бен сырт
оғыз олжаға өкпелесіп араздасқан екен. Араздық асқына бара
жауластыққа жетіп, сырт оғыздың арыстаны арыз қожа өз

ұлысынан қыз алған күйеу байрақты шақыртып, Хазан ханға
бірлесіп қарсы тұруға көнбегені үшін сақалынан алып тұрып
қара санынан шауып жіберіпті. Осы жарақаттан байрақтың
өлгенін кек көріп, таңла-махшарға дейін жауласып өтуге

серт еткен Хазан хан іш оғыздың билері мен бектерін жинап,
арғымағына мініпті, сырнайлар тартылып, дағылар соғылыпты.
Күнді түнге жалғап шеру тартыпты.
Арыздың ұлы Басат келмей тұрғанда,

Елі-жұрты шабуыл көрмей тұрғанда,
Түйелері боздамай,
Жылқылары шұрқырамай тұрғанда,
Қоралы қойы маңырамастан бұрын,

Қыз-келіндері жыламастан бұрын,
Ақша жүзді аруын.
Арыз ұлы Басат олжаламастан бұрын баспақшы болып,
сырт оғызға бет түзепті. Қанды шайқас үстінде жекпе-жекке

шыққан Хазан алпыс тұтам найзаның сабын қолтығына қысып
тұрып, шаншығанда Арыздың өндіршегінен кіргізіп, жотасынан
шығарыпты. Сырт оғыздың бектері аттарынан түсіп, Хазанның
аяғына жығылып кешірім сұрапты. Сол шақта Қорқыт ата келіп

қобызынан күй төгіпті, асыл сөздер сөйлепті:
Айтарым мынау, бек ерендер,
Дүние біздікі дегендер,
Ажал алады, жер жасырады,

Пәни кімге қалады?
Келімді-кетімді дүние
Ақыры өлімді дүние.
Ұзын өмірдің ұшы – өлу. Соңы айрылу. Дұға қылайық!

Ғаппар БІЛӘЛ
Қане, өлім уақыты келгенде Алла иманымыздан айырмасын, ақ
сақалды бабаңның, ақ жаулықты анаңның жатқан жері жаннат
болсын! Құдіретті Алла күніңді жатқа қаратпасын! Хақ алдын­

да бес уақыт оқыған намаз, қылған дұғамыз қабыл болсын. Ау­
мин дегендер Алланың дидарын көрсін! О дүниеде Мұхаммед
Мұстапа үшін күнәңді Алла кешірсін! – деген екен Қорқыт ата.
Солай-ақ, өмір жолы шеңбер айналмайды, аттанып кеткен

қоналқасына қайта айналып соқпайды. Түзу болмаса да ұзын
сызық бойымен қозғалады. Боранқұл өмірі де солай. Қазір ол
осы ұзын сызықтың үзілер ақырғы кезеңі үстіндегі сәтке ғана
аялдаулы. Қалған жол бүгін бе, ертең бе, әйтеуір, таусылады.

Құрт-құмырысқадан тартып, айуандар патшасы арыстанға,
құлдарға, құл иелеріне дейінгінің барлығының тағдыр жолы
осы. Барлығы да әншейін бір шырпы, «бөдененің үйі жоқ, қайда
барса бытпылдық» дейтіндей күн кешкен тұлдыр құйрықты

торғай. Ойхой, келім-кетімді дүние жалған-ай!
1916 жылы Нұрсәлім елі ауа қашқанда жібермейміз деп
алдын кесіп, соңынан қуып қынадай қырған еді ақтар, іле-
шала қызылдардың қырғынына өздері ұшырағанда қазақ ау­

ылдарымен араласа қашты. Қой жегенін қойып кеткен сорлы
қасқырлар – ауыл үйдің желідегі бұзауларынан қорқатын кірме
бұқалардың күнін кешіп, Яң Зың Шин үкіметінің босағасына
телмеңдеп көзін сатты. Ақ патшаның Үрімшіде, Іледе,

Тарбағатайда тұратын бас консулдары Дяков, Луба, Дропчев­
тер өрлі-қырлы шапқылап, қытайлық үкімет тарауларының
табалдырығын тоздырып, хат жазып, ноталар тапсырып, ақ
патшаның жеңілген армиясына заттық және адами көмек

тілеп жанталасты. Самарға жиналған қызылдар қосынына
қайта оралып соқтығу үшін Іле, Тарбағатайды басып өтетін
жол сұрап жінігісті. Өз жерлерінен қалтасында келген орыс
ақшаларын өткізер әдіс-тәсіл қарастырып арпалысты. Ақтар

мен қызылдар арасындағы қызылшеке жанжал тұсында жаңа
құрылып жатқан кеңес үкіметінің әлсіз, буынсыз кезінде орай­
дан пайдаланып, ірге кеңейтіп, Орта Азиядан дербес мем­
лекет құрып ала қою дәмесіне салынған Қашқария Уәлиі ма

фушиң ақтарға көмектесу сылтауымен кеңес өңірінде әскери

қақтығыс тудыруға ниеттенді. Бұл Шыңжан билеушісі Яң
Зың Шинге жақпайтын теріс пиғыл емес еді. Бірақ, өзінің
зорлық-зомбылығы асқындырып жіберген ішкі қайшылықтан,
ұлттық бөлшектену қатерінен қорқып, сілесі қатып отырды

да, бұл жағымды ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. Бұл
генерал мырзаның қан төгістен қолын таза сақтағысы келген
сопылық тазалығынан да, барға шүкіршілік ететін қанағатшыл
ынсаптылығынан да емес, өз күшін дұрыс межелеп, той­

ымсыз нәпсіден өз аузына тыйым салған сақтықты ойлаған
шарасыздығы еді.
Ол шақта Яң мырзаға байтал түгіл бас қайғы болды. Ол
Ресей мен Қытай үкіметінің бұрынғы одақтастығын сақтап,

ақтарға көмек берсе, текетіресте жеңіп шығуы, орнықты үкімет
құрып алуы құр елестен шындыққа айналып бара жатқан
қызылдардың шеттен килігіп, өз өктемдігін аударып кету
мүмкіндігін дұрыс шамалады. Сонымен қатар Шыңжанның

байырғы тұрғын халқымен тұқымдас, қандас болып келетін
босқын қазақтардың мұндағыларымен біріге кетіп дүрбелең
тудыру мүмкіндігі де зор еді.
Яң Зың Шин өзінен әскери көмек дәметіп отырған ақтардан

да сескенді. Өйткені, 1920 жылғы ақпанның өзінде бір ғана
Бақты қарауылынан он бір мың адамы бар атаман Бәкіш
бастаған әскери қосын келіп кірді. Одан бұрын да әр тұстан
кіріп сіңіп кетіп жатқан ақтар мен казактар саны ұшан теңіз

еді. Алда-жалда олар 1921 жылы Алтай, Қобда аймақтарында
жүргізген ұлттық бөлшектеу әрекетімен қайта шұғылданар
болса, бүкіл Шыңжанға бытырата орналастырылған он неше
мың адамдық қана әскери күшпен төтеп берудің мүмкіндігі

жоқ еді. Оның үстіне ақ генералдары соғыс өнеріне жетілген.
Мамандығы жоғары, қару күші де жойқын қосын еді. Осындай
жағдайда бір мылтықтың аузынан тырс етіп оқ шығып кетсе
Яң Зың Шин үстемдігінің баяндылығына қауіп төндірері хақ.

Сондықтан, ол ресейлік ескі, жаңа екі үкіметтің ісіне арала­
спау жағын қарастырды. Келгенді кекілінен, кеткенді сауыры­
нан сипады. Бақтыдан өткен ақтарға Шұбарағаш, Қырықошақ
сықылды құнарлы жерлерді босатып беріп, астықпен, жем-

Ғаппар БІЛӘЛ
шөппен, тағы-тағылармен қамдады. Сонымен қабат, босқындар
мен ақтардың қолында жүрген мылтық, қаруларды жинап
алуға, бір орынға топтастырмай, бытыратып қоныстандыруға

барын салды. Кеңес үкіметіне елшілер жіберіп, ақтар мен
босқындарды қайтарып әкетуін талап етті.
Ал, кеңес үкіметінің іздегені сол еді. Ол өзіне қарсы күрес
жүргізетін бандылардың, босқын халықтың іргелес Шыңжан

топырағында база құрып алуына төзіп отыра алмас еді, шы­
дамас еді. Сөйтіп, бұрынғы ақ патшаның одақтасы Яң Зың
Шин көрнеуде ақтардың аузына май жағып, көмескіде кеңес
үкіметімен астасып, оларға ор қазып бақты. Өздігінен қайтуға

бейімі бар бандыларды көрнеу қайтарып, көнбегендерін көмес
өткізіп беріп жатты. Мұның өзі сынғақ, морттау келетін темір
сілбіден гөрі, созылғақ қайыс сілбі алымдылау келетінін
әйгіледі.

Ақтар атамандарының басына түскен бұл ноқта бара-
бара тарайып, Боранқұлдың басына да күн туды. Ресейдегі
ескі-жаңалы екі үкіметтің, бірімен бірі жауласып қан төгіскен
тұсында тұра қашқандар ішіндегі ел бастаған, ел бастамаса да

елеулі рол атқарғандардың соңынан қуғын түсіп, талайлары
жасырын ұсталып кетіп жатты. Тарбағатайдан соңғы рет аса
қашқанда Боранқұл екі жақтап араға алар қос мүйіздің орта­
сында қалармын-ау деп ойламаған еді. Бұт артар бір-бір керік

бұйырмаған күнде де асулы қазан, тігулі үйіне қарамай, жан
сауғалап, аш-жалаңаш сәбилерін арқалап, шұбыра босқан
барлық Боранқұлдар Хантәңірі іргесінен немесе Текес, Күнес
жайлауынан, жұлдызға тірелетін Ерентау қапталынан Алтай,

Бәйтік, Боғданы орап шығатын ұлан-қайыр алапқа дейін шашы­
рай қоныстанған үш жүздің баласына сеніп, соларға арқаланып
босқан еді. Астына мінетін ат-көлігі болса жат жұрттықтың
өзі Нарын даласынан Қобдаға дейінгі жалпақ елді жалғыз

жармақ шығын шығармай-ақ аралап шығып кете беруіне құлақ
қақпайтын кең қолтық ел берекесіне, өтініші өтетін, өкпесі
жүретін қандас қарындастығына сенім артқан болатын.
Боранқұлдың қайран ауылдары-ай! Сағымы көлкіген сары

жонда құбыла соққан құба желмен жарысып, ат жалында ары­

станмен айқасып, жолбарыспен байқасып, ойнаған, ақбөкен
мен құлан қуып асыр салған, салтанат үшін құс салып, ит
жүгіртіп, бұлғын, сусарды, түлкі, қабыланды сәнге аулаған,
шөп тұқымдасына жататын бидай, күрішті тамақсынбай, ет

жеп, қымыз ішпесе місе көрмейтін ақ жілік ақсақалдар мен
қарасақалдар-ай! Үлкенді силап, кішіні аялай білетін, жасамы­
сты әлпештеп, жасты еркелететін, бас кесуге бар, ата сақалынан,
аға жағасынан алысуға жоқ, ері инабатын, әйелі ибасын иман­

дай қадірлеуге дағдалған, тентегіне сот құрмай, теліміне тепкі
көрсетпей бауырына басып, «жеті жарғысымен» қара қылды
қақ жарған қайран «кең қолтық» бауырлар-ай! Ата салты­
на, ел мұратына қиғаштық істеп, ұлттың,ұлыстың намысына

дақ түсіріп, атақ-абыройына, бет-беделіне нұқсан келтірген
күнәкарларды дарға аспай, атып өлтірмей, ат құйрығына
сүйретіп, үстінен қой айдап жаза берген, ұлын құл, қызын
күң етпек болып қан төгіске ұмтылған қас дұшпандарына

қарсы күндей күркіреген бөрілі байрақтарын көтеріп шығып,
батырлық пен ерліктің сан үлгісін жаратқан, қынадай қырылып
жатса да бас имеген, қылыш-найзасы, балта-шоқпары қолынан
түспеген қайран айбатты бабалар-ай! Үш қайнатса сорпасы

қосылмайтын біреу ат тұмсығын белдеуіне тіресе алдынан
шығып қарсы алып, итінен қорып, атын байлап, сырмағын
қағып қалыңдатып төсеп, желініне қарап отырған жалғыз
ешкінің жалқы лағын жарып тастап, сере табақ ет тартып, қайта

айналып соқпайтын, жалғыз ауыз батасынан, ықыласынан
өзге ғұмыр бойы септік қайрымы тимейтін «құдайы қонағын»
күтіп аттандыратын қайран қасиеті мол дастарқаны-ай елдің!
Ауылдық, елдік салтыңнан айналайын! Ресей бодандығынан

қашып келген аш-арық қандастарыңа төсіңнен қоныс, төбеңнен
өріс беріп, құшағыңа қысып қолтықтап көтеріп әкеткен едің-ау.
Боранқұл Семей түрмесінде жатқанда өсекті қаға беріс
еститін «желім ауыздардың» бірі «Боранқұл атылып кетіпті»

деп жеткізеді. Ол шекарадан қайта асып үлгергенге дейінгі
аралықта Орқашардың жотасын жайлап, бөктері Құлыстайға
қыстап, жұмық елі ішіне орналасып қалған шешесі Ықила
Боранқұл өлді деген хабарға сеніп, жалғыз ұлдан айрылып,

Ғаппар БІЛӘЛ
қаңыраған үйде жалғыз қалғандығы үшін шашын төгіп, бетін
жыртып, қара жамыла қан жұтып, ел-жұртын жинап ас бергелі
жатқан батақұрының үстінен шыққан еді Боранқұл. Сол шақта

қуаныштан жыртылып айрылған ана байқұс асты тойға айналды­
рып жіберген. Әнбияның батақұрынан, Боранқұлдың тойынан
асқан малын садақа үшін кедей-кепшікке үлестіріп беріп, одан
қалған бөлегін ұлына жаңадан айттырылатын қалыңдықтың

қалың малына беріп тауысқан болатын. Сол қалыңдық Мәлике
еді. Мәлике Боранқұлдың өзі қалап үйленген ғашығы емес,
Зипәгүл сынды аяулы келіншегін қайта іздеп кетсе, ұлымнан
айрылып қалармын деп қауіптенген анасы Ықиланың жеке

ықыласы қосқан әйелі болып қала берген-ді.
Ол Мәликемен бас қосып жұптасқан кезде қолдарында
ата дәулетінен Тайшұбардан өзге тігерге тұяқ қалмады.
Тайшұбардың өзін де анасы оның асына арнап, жарым жыл

бұрын құйрық-жалын күзеп, тұлдатып жіберген екен. Боранқұл
өліпті деген хабар өтірікке шығып, аман оралған соң басы
кесіліп кететін ажалдан әзер аман қалған тайшұбарды жал-
құйрықтан тұлдыр күйінде мініп шықса, қыз-келіншектің,

құрбы-құрдастың мазағына қалар еді, бірақ, мұндай сайқы-
мазақтан Тайшұбар да, Боранқұл да жасып тайсалмады.
Тайсалар күйі де жоқ, анасы ауру, әйелі жүкті еді. Шешенің
сырқатына ем-дом іздеп, бақсы-балгерлерді шарлап шығу үшін

шаппағанда, жаңа үйленген әйелі Мәликенің жерік асы үшін
шаппағанда тайшұбар қайда шабады?!
Жал-құйрық дегеніңіз – жылқы баласының шыбын қағары
ғана емес, сәулет көркі, дәулет байлығы, бірі жаулық, бір аби­

ыр жапқыш көйлек-дамбалы екен ғой. Сиқы кетіп, сымбаты
бұзылған бейшара жануар не жылқыға, не сиырға ұқсамайтын,
ер азамат мініп шығуды қойып, жетелеп жүруден де, мынау
менің атым еді деп айтудан да арланатындай дүбәра халдегі бір

мақұлықатқа айналып қалған еді. Бірақ, бөкен қуған шақта оның
міндетін басқа ешқандай жылқы баласы атқара алмайтындығы
себепті еріксіз арқасына ертоқым салынған.
Ол тұста Майлы-жайыр керейлері ақбөкенді атпен қуып

ұстайтын өнер шығарған-ды. Әрине, шу дегенде ат атаулыға

шаңын көрсетпей кететін сахара сағымын атпен қуып ұстау
дегеніңіз көрмеген, білмеген адамға аңыз. Ертегі болып естілері
хақ. Ал, керей саятшылары атып алу мүмкіндігі бола тұрса да
салтанат үшін, бөкен мүйізінің ішкі қаны, сыртқы құны үшін

осы сағымды атпен қайырудың амалын тапқан. Десе де, тым
бейнетті амал.
Өйткені, бөкен қууға аса көп адам керек. Аса көп жүйрік
ат керек. Бір бөкеннің мүйізі үш жүз тұсақ қойдың құнын

тұрғызып тұрған жағдайда олар қанша көп болғанымен,
ақбөкен алынса еңбегі төленері хақ еді. Олар топ-топқа бөлініп,
араларын жарым күндік, бір күндік жер тастап, тосқауыл
құрады. «А» деп Алакөл өңірінен қашқан бөкенді алыстан

орағытып, көрініс беріп, Ебінұр көлінің жағасынан тосқан
топқа бағыттап әкеледі. Ебінұрдың жиегіндегілер тың атпен ал­
дынан шығып, Майлы-Барлық жаққа қайырады. Майлы барлық
бөктеріндегі тосқауыл топ тағы да тың тұрған сәйгүліктермен

орағытып, Алакөл бойына қарай қайта айдайды. Мұндай ұзақ
қуғын ұлпа қар жауған қансонар күніне дәлденеді де, қашқан
уақытта басын төмен салып жіберіп жүгіретін ақбөкеннің
тыныс алу үшін кең танауынан гуілдетіп жел тартқан өкпесі

ұлпа қарды бірге тартады. Үлпілдек қар қапқан тыныс жол­
дары, мұрны мен кеңірдекшелері тарылып демі сығылады.
Денесі қарлығады, қаша-қаша тастақты жерді қатты екпінмен
қашап басқан темір тұяқ тұжырылып, тұрасынан қан саулайды.

Міне, осы тұсқа дейін тайшұбарды тың сақтап тосып тұрған
Боранқұл борандатып келіп өкпе тұстан ат қояды. Сол шақта
адыр-күдірдің, жарлоқаптардың үстімен, жаңқа, қойтастардың
арасымен жұлдыздай аққанда жығылып-сүрінуді, тұяғын тасқа

қағуды білмейтін есіл тайшұбардың құлағынан жел ысқырып,
дүбірінен жер қозғалар еді. Тасырлатып басып жеткенде та­
баны тесіліп, кенезесі кесіліп, дымы құрып кеткенге қадар
жан ұшыра зымырап келе жатқан ақбөкен өмірінен біржола

күдер үзіп кететін шығар, әйтеуір, ат тұяғының астына құлай
кететін. Сен пышағыңды шығарып бауыздап жібергенге дейін
тұяқ серппейтін. Кірпігін де қақпайтын. Оған қарағанда құлан
аулау аса қиын, аса қатерлі жұмыс еді. Құлан қолға түсерге

Ғаппар БІЛӘЛ
айналғанда кісіге шабады. Жазатайым бір жеріңнен ауыз са­
лып тістеп қалса, шықшытын балталап шағып ашпасаң ашыл­
майды. Сондықтан сыралғы аңшылар құланға жақындағанда

қолына бұрау сияқты бір ағаш дайындап алады. Ондай заттар
дайын болмай қалған жағдайда қамшының сабын болса да өзіне
шапқан құланның аузына тістете салады. Өйтпегенде қатерге
ұшырайды.

Осы жолы Бижің (Пекин) айналып Түркиядан келе жатқан
ұл Мәликенің құлан етіне жерік болып, сол кезде тапқан
тұңғышы еді. Алакөл мен Балқаштан су ішкен Ақбөкеннің етін
жерік асына жеген шешеден туғандығы үшін ырымдап, әдейі

Балқаш атандырған болатын. Семейде жүкті қалған Зипәгүл
сынды ару келіншегін ұмыттырып жібере алмаса да, оны іздеп
кетпек болғанда аяғына тұсау, қолына матау болған Мәликеден
кейінгі екінші айланышы мен алданышы - осы Балқаш еді.

Шекара күзетіндегі әскери қарауылдың қатеріне қарамай,
Зипәгүлді іздемек болып ұмтылған талай реткі құлшынысын
алдынан бөгеп тойтара берген күш – алғаш рет көзін ашып
көрген, аузын ашып сүйген аяулы ұлын жетім қалдырып кетуге

қимаған жанашырлық сезімі еді. Балқашты ойнатып алданды­
рудан босаған уақытында Боранқұл тайшұбарды ермек ететін.
Ол тайшұбардың қызығын бәйгеге қосып, ас пен тойда
жүлде алудан көрген жоқ. Көбінесе бөкен қуудан көрді. Желаяқ

жүйрік жануар жазық жерде көсілткенде қуалай соққан арттағы
желге қарсы жел соқтыратын. Қарлығып, бұрлығып келе
жатқанның өзінде жолдан келіп көлденең қосылған көк атты­
лар шаңына ілеспейтін. Екі-үш күн қатарынан шабысқа салып,

титықтатып әкеліп таңасырып отқа қойсаң, қунап, құлпырып
шыға келетін. Ерге қанат, жанға қуат болған есіл сәйгүліктің
басы 1940 жылдың қысында тибет шекарасындағы Алтыншөге
өңірінде тасқа шығарылды. Ол тұста жасы отызға жетіп, ұзаққа

созылған қанкешті жорықтарда еттен арылып, сүйегі қалған,
тістен айрылып, түбірі қалған тарлан тұлпар ел сарынына ілесе
алмай жатып қалған-ды. Отыз жыл мініс берген хайуанды бау­
ыздап кетуге қолы батпай Боранқұл қиналып еді-ау сонда.

Тайшұбар Чиңхай-тибет үстіртіне басым қалсын деп

барған жоқ қой, Боранқұл да, оның төңірегіндегілер де қаңбаққа
айналған шақтар ғой ол. Я, қаңбақ өнген топырақтан тамыры
ажырап кеткен соң ұшарын жел, қонарын сай біледі, сыз өткен
жамбасына төсей ме, ас пісіріп отқа жаға ма, оны жол-жөнекей

ұстап алған қол біледі.
Боранқұл тайшұбардың бәйгеден алған жүлдесі мен бөкен
мүйізінен тапқан олжасын қосып дәулеттеніп, Балқаш ат жа­
лын тартып міне бастаған тұста Тарбағатай өңіріне симады.

Малы батыспаған жоқ, өз басы симады. Онымен деңгейлес
дәуірде Қытайға қашып өткен қазақ оқымыстыларының бірі
Райымжан Марсаков деген адамды Қазақстанда ту көтерген
Алаш Орда үкіметі мен алаш партиясында жауапты қызмет

атқарғандығы үшін соңынан қуғын салып келгендердің қолына
Яң Зың Шин үкіметінің мансаптылары жасырын ұстап берді.
Боранқұлдың соңына да сондай сыбыс сүйретіліп ере бастады.
Құлақ естімес, көз жетпес ұзаққа салып, атты алысқа айдамаса

жан қалмайтын қатер төнді. Азғана жылдың ішінде әкесі Баста­
убайдан, күйеуі Әнбиядан, бауыры Молдаштан айрылып қан
жұтып отырғанда «Боранқұл өлді» делінген жалған хабардан
жаны қалмай қорқып кетіп, құсадан ауруға шалдыққан Ықила

да дүние салған еді.
Басына
төнген
қауіпті

жағдайды
хабарлап
соңғы
қайынатасы Жақыпбектің алдына келген еді, ол кісі Баркөл

жаққа көшіп, қара үздіріп кетуге кеңес берді. Баркөл жеріндегі
Әліп деген үкірдай Жақыпбекке немерелес туыс болып келеді
екен. Тым алысқа шырқап кетуге көнгісі келмеген Боранқұл
өзін ұстағалы жүрген хабардың шын-өтірігіне көз жеткізіп,

анықтап білмек болып, саудагерше жасанып, 30 жылдардың
басында қазақ жерінде туылған ашаршылықтан қайта қашып
оралған Биғалиды атқосшы көшірлікке алып, жабық күймеге
отырып Шәуешекке барды. Көптен бері бөкен мүйізін, түлкі,

қасқыр терілерін өткізіп, таныс, тамыр болып жүретін қытайын
тауып, оны Шәуешектің сақшы бастығына жұмсады. Іс осы ара­
дан бұрылыс тапты. Сақшы бастығы саудагер бауыры әкелген
екі күміс жамбыны азырқанса керек, әлгі хабардың анық-

қанығын айтып берудің орнына жалбызбалап сұрап отырып,

Ғаппар БІЛӘЛ
Боранқұлдың қайда жатқандығын біліп алған соң, көп черігін
қаптатып келіп Боранқұлды ұстады да, жаптырып тастады.
«Күміс жамбымен паралап, адамдық арыма, үкіметтің беделіне

кір келтірмек болдың» деп, ел жинап, дабыл соқтырып, екі
жамбыны мойнына асып көше айналдырып масқараламақ бо­
лып, қол-аяғын байлап, кісендеп, соңына түсіп шетелден қуып
келгендерге өткізіп берем деп айбарланды. Сақшы бастығының

оны істейтіні де шын еді. Боранқұлдың екі ғана «Тайтұяқ»
күміс беруі даңғойлық екендігіне саудагер Қытайдың кеңесі
арқылы көз жеткізген Биғали ақшаға, алтын, күміске сатыл­
май жүрмейтін Яң Зың Шин үкіметінің сақшы мансапты­

сына жиырма жамбы төлеп, Боранқұлды босаттырып алып
шықты. Парадан іші түсіп шіріп отырған сақшы бастығы оны
шығарып жіберерде ғана шынына келіп, тез кетіп жоғалмаса
болмайтындығын, қайта қолға түссе құритындығын қадағалап

ұқтырды.
Боранқұл дәл сол күні қара көзәйнек тағып, басына жалпақ
етекті қара қалпақ киіп, күймеге отырып қаладан шығып келе
жатқанда қызыл көпірдің өте берісінен Нәзиләға ұшыраса кетті.

Қыз күнінде ғашық болған ақ дидарлы аруды ары қарап кетіп
бара жатқан сымға тартқандай сыртқы тұлғасынан таныған ол
көзге түсіп қайта тұтқындалып кетуден қорқып, Нәзиләны көре
тұрып көрмеске, танып тұрып танымасқа салып кездеспей,

жүздеспей кетуге қимады. Тұсынан өтіңкіреп барып тоқтаған
күймеден секіріп түсіп, қарсы алдында келе жатса да өзін
көрмеген, ойсоқты халдегі Нәзиләны Қанбазардың ішінде шап
беріп құшақтай алды.

– Бармысың, Нәзилә, бұ дүниеде тірі бар ма едің, менің

Нәзиләшім?
Боранқұлды көрген жерде көзі жасаурап, қолы қалтырап
кеткен Нәзилә бойын тез жинады.

– А... а... а... мен... сен бе едің?... Өзім де ойлаушы едім, –

деп күбірлей берді. Ол Өкпеті баурайында қызқуарға шыққан
кездегі күн сәулесі ойнаған сауырынан жанып, тақымынан
суырылған сүлік жиреннің үстінде ұйтқып үйрілген қызыл
жалын әспеттеніп, қызыл қатипа камзолымен нарт шұғыладай

алаулаған Нәзиләға ұқсамай қалыпты. Сәруәр күн сәулесімен
құбыла құлпыратын ақша дидардың бет ұшында жүдеулік бар.
Қап-қара екі жұлдыздың- екі көздің ұясында шаңыттанған
мұң тұманы кілкиді. Ыстық күнде алақанға тиген сүйір

саусақтарынан салқын сыз білінеді.
Боранқұл Нәзиләнің онысына қараған жоқ. Әкесі Жәкей
старшынды атып өлтіргендігін де тарс ұмытып, оны арбаға
қарай жетеледі.

– Жо... жоқ, болмайды. Олай болмайды, – деп шегіншектеді

Нәзилә қорқып кеткен сыңайланып, – мен сенің арбаңа отыра
алмаймын.
Жәкейге өз қолымен оқ жұмсағаны есіне енді ғана оралған
Боранқұл ыңғайсызданып, қысылып, терлеп кетті. Бірақ,

қысылғанын білдірмеуге тырысып:
-Жүр, Нәзилә, өтінемін, саған өктемдік, зорлық жасамай­
мын. Менен қорықпа! Қаланың шетіне шығып, тым құрыса
жөнімізді ұғысалық, – деп жалына берген еді. Көнекөз

құрбылас, жерлестерінің бірі Биғалидың да күймеде отырғанын
көріп, амандасуға бола жақындаған Нәзилә екі бірдей жігіттің
емеурінін қимай күймеге шықты. Күймелі арба орнынан
қозғала бергенде жанына келіп отыра берген Боранқұлдың

тізесіне шынтағын тіреп, жас парлап қоя берген екі көзін қос
алақанымен жауып алып жалына бастады.

– Боранқұл, сен мені сыйласаң тастап кет! Сенің бетіңе

қарауға дәтім жетпейді екен, өтінемін! Менің кешірмелерім
сырласуға келмейді. Айтуға да, естуге де татымайды. Естісең,
менен жиіркенесің, мен саған жар болудан қалып қойдым.

– Қиын болса, басқа біреумен үйленген шығарсың, жігітің

қандай, тәуір адам ба?

– Жо... жо... жоқ, Боранқұл, мен салдақымын, мен саған

татымаймын. Сен өзіңнің кіршіксіз таза қалпыңмен кете
бер! Маған жұғыссаң былғанасың. Мен сені қадірлеймін.
Махаббатыңды, сүйіспеншілігіңді силаймын. Сол үшін сен кет!
Мені тастап кет! Тілеймін, өтінемін сенен! – деп солқылдап

жылаумен болды.

– Жыламашы, Нәзилә, қазір ғана қайтарамын, қимас

Ғаппар БІЛӘЛ
жарың, бала-шағаң болса қайтадан Биғали әкеп салады.
Қамықпа! Тағдыр бізді айырған екен, бірақ, бір-бірімізді біле
жүрейік, кезігіп қалған соң сырласпай, түсініспей айрылы­

сып кетсек өмірлік өкініш болады. Сен ерге тиген, жар сүйген
болсаң, содан қысылып, ұялып келе жатсаң, ондай күнәдан
мен де құлантаза жүрген кісі емеспін. Мүмкін кешірісерміз,
түсінісерміз, түсінісе алмасақ кетісерміз. Онсыз да кетісіп

болған кісілерміз ғой, қиын болса бір-ер сағат уақытың кетер,
әуелі жөніңді айтшы! Шешең қайда? Үй ішің қайда? Кіммен үй
болдың?
Жылаудан көз ашпаған Нәзиләдан жауап ала алмай,

тасырқаған Боранқұл қайтадан сөйледі.

– Біз Биғали екеуміз туып өскен жерден сені көп іздедік.

Бірақ, еш дерегің табылмады. Шәуешекке келіп алады де­
ген ой басымызға кіріп шықпаған екен. Мұнда қашан келдің?
Тұрмыс күйің қандай? Күйеуің сені жәбірлей ме, қалай? Неге
жабырқаусың? Егер сұрап барсам, күйеуің сені маған бере ме?

Жоқ таласа түсе ме? Күй-жайы, мінез-құлқы қандай адам, – деп
жалына қазбалаумен болды.
Қою өскен қау тікендей қаулап қара мұрт шыққан, дөңес
мұрны екі жағынан бірдей қазылып биіктей түскен, шықшытты

жалпақ беті екі ұртынан ортайып ұзарған, кеуде, иық сүйектері
жалпағынан да, биігінен де өсіп еңселене толысқан, бүкіл
денесінің бұлшық еттері киімдерін шертіп шымырлана жетілген
алып денелі Боранқұлдың қарақоңыр жүзіне мөлие қарап

отырып көз жасы тиылған Нәзилә ақыры жөнге келді. Қала
шетіндегі қарақабақтың қалың қарағаш өскен қара бас шөбі
тізеден келе шалғындап алған жасаң ойысына келіп тоқтаған
күймеден түсерде күрсініп жіберді. Табаны жерге тиісімен

Боранқұлды қолтығынан алып, мөлдіреп аққан тастақты өзен
жағасына келіп отырды.
Жүзің күйсееееен!.. Боранқұл әлемде жоқ кербез, керім,
сұлу деп танып, балажігіт шағында құлай ғашық болған, бірін-

бірі мәңгілікті тосуға серттескен, жұрттан асқан жылқылы бай,
жұрттан асқан беделді Көкебай болыстың жұрттан асқан Зипәгүл
сынды ару бикешін ақ батамен қосылған қалыңдығы екеніне

қарамай тастап кетуге шақ қалдырған Нәзиләнің Шәуешекке
келгелі бері жезөкшелер үйінде тұрғандығын естігенде, исі
қазақ әулетінде әлмисақтан бері ешкімі кезікпеген, еш әйелі
кезіктірмеген «тән сату» дейтін сұмдықтан жиренгені сонша,

қабығы жылтыраған сасық қоңызды аузына салып шайнап
жібергендей жүрегі айнып, неше рет лоқсып жібере жаздады.
Оның осы кейпін көріп, бағып отырған Нәзилә өзін ұстай алмай
тағы да екі көзін алақанымен жауып алып жылап қоя берді.

– Мен сенен өтінген едім ғой, Боранқұл, жаныма жуы­

ма! Маңайымды баспа! Мен саған татымаймын, сенімен
сырласуға мінәсіп емеспін деп өтінген едім ғой. Естіместі
естідің, Боранқұл, естірткен күнә менде, ту баста әке-шешемді
өлтірген, қара қордалы үйімді ойрандаған патша әскерлерінің

шеңгелінен, Аягөз абақтысынан құтылып шығуым керек бол­
ды. Сол үшін, тек сол бір күндік бостандығым үшін, бір күндік
жарық дүние үшін орыс офицеріне жалындым. Арымды са­
тып бермек болдым, жігіт екен. Мүмкін, мендей қарындасы

бар шығар, мүмкін, мендей басына іс түскен мұңлық қыздың
абиырын бостандығына айырбастамақ болған мүсәпірлік
қалін, аянышты көңіл-күйін түсінген шығар, мені аман-есен
күйімде, бір тал қауырсыныма қолын тигізбей құтқарып қоя

берді. Айрылысарда жалынып сұрасам да атын айтпады. Өз
елім, өз жерімде тасаланар бұта түбін таппадым. Таппағаным
да жоқ, орыс офицері шығарып берген көкшолақ атпен сенің
артыңнан қуып осында келдім. Сенің Қытай жеріне асып

кеткеніңді білемін ғой. Бірақ, сені іздеп таппадым. Ұзақ
іздеуге мүмкіндігім болмады. Аштық пен жалаңаштықтан
өліп кетуіме тура келді. Жат ел, жат жұртта өлсем көмусіз
қалатын, сүйегімді ит жеп, көзімді қарға-құзғын шоқып

кететін қауіп төнді басыма. Көбінің тілін ұқпайтын бөтен
қалада бір үзім нан, жарты бидай сатып алатын менің не
байлығым бар? Өзегім талды, көзім қарайды. Көзі қарайған
там сүзеді екен, сүздім. Өлгім келмеген соң барымды, арымды

саттым. Елге, жұртқа қарайтын беттен айырылып, қарабетке
айналған шағымда сенің осы таяу өңірде, Тарбағатайдың
шығыс бөктерінде жүргеніңді естідім. Бірақ, сені іздеп

Ғаппар БІЛӘЛ баруға бетім шыдамады. Арым бармады. Барған күнде де мен шынымды айтпай тұра алмаспын, айтсам Боранқұл маған пысқырып қарамас деп ойладым. Өзімнен аядым сені. Сенің кіршіксіздігіңді аядым, сенің бетіңді құрметтедім. Боранқұлдың әйелінің сондай былғанышты тарихы бар екен дейтін өсекке қалдыруға сені қимадым. Сол ұйғарымым – ұйғарым. Ендігі жерде сенен үміттенуге тинамдай хақым жоқ. Сен менен аулақ бол! Мүмкіндігің болса, ақшалай бірдеңе қарасарсың, қарасуға күйің келмесе сөкпеймін. Қай бетіммен сөгейін?! Мен күресін, мен сыпырындымын, аулақ кет, ұмыт мені! Жиреніп отырған Боранқұл мына ұзақ жырды естігенде екі иығы жоғары шығып, тізесіне құлаған басын көтере ал­ май, солқылдап жылаған Нәзиләнің инеліктей қатқан жүдеу тұлғасын көріп жаны ашыды. Қарымды құшағымен ашбелінен өзіне тартып қапсыра қысты. – Нәзилә, сен жыламашы! Қабырғам қайысып кетті ғой. Сен шыныңды айтып отырсың. Жалған сөйлеп, монтанылық істемей, шын сөйлеудің өзі ізгіліктің бір белгісі. Сен бұл былғанышты жолға бұзақылықпен барған жоқсың. Егер мұндайдың барлығын айтып күнәласар болсақ, нелер күнәдан менің де айық еместігімді әлгінде өзіңе ескерткен едім ғой. Азамат басыммен сенің алдыңдағы күнәмді жасырып қалуға менің де қақым жоқ. Әкеңді өлтіргендер сен ойлағандай патша әскерлері емес, мен едім, – деп салды. – Ау, не дейсің, Боранқұл, әкемді рас сен өлтірдің бе? – Нәзилә, сені алдай алмаймын. Бұл үшін мені жазала! Өз еліне опасыздық істеп, өз туыстарын патша жендеттеріне қырғындатпақ болып, соңына қуғын салған сатқындық күнәсі үшін әкең бір қазақтың қолымен өлтірілуі керек еді. Бірақ, сені сүйген менің жүрегім оқ жұмсауға қақылы болмаса да, тағдыр осы міндетті менің атқаруыма жүктеді. – Солай ма? Солай-ақ болар... Бірақ, түсіндім, түсінемін бұл сөзіңді. – Ал, Нәзилә менің қазір де әйелім бар, бұрынғы қалыңдығым Зипәгүл емес, керей қызымен үйлендім. Егер

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР сен осы күнәларымды кешірер болсаң. Әсіресе, әкеңнің өлімін кек сақтамайтын болсаң, сені мынау тозақтан, мынау нәжіс үйіндісінің ішінен алып шығып кетейін. Сахараның сап ауасы­ на жеткізейін, мақұлмысың осыған, көнемісің? Боранқұлдың қас-қабағына сынай барлап, аңырыңқырап отырып қалған Нәзиләнің қабағы астынан баяғыдағы қап-қара екі жұлдыз, қап-қара екі сәуле қайта жанып оянды. Қуанып кет­ кендей еді ол. – Рас айтасың ба, Боранқұл, жиіркенбейсің бе?... бәсе... әуел бастан-ақ сені қате танымаған секілденуші едім, сезуші едім бір сен ғана бұл дүниедегі жалғыз құтқарушым екендігіңді. ...бірақ... бірақ... кеш қалдық. Тағдыр бізді кешіктірді. Енді саған әйел болып жұптасуға қақым жоқ. Рұқсат етсең... босағаңда жүретін күңің болып өтейін, әйеліңнің отымен кіріп, күлімен шығып, малайы болып кетейін, тым құрыса жас күнімде, пәк күнімде арман болған өзіңнің жарқын жүзіңді көріп, сенің төңірегіңде жүріп өлейін, өлген күні сенің қолыңнан бұйыратын бір уыс топырақтың ләззәтіне бөленейін, жас келіншегің екеуіңнің дәрет құмандарыңды көтеріп, аяқтарыңа су құйып берейін, тамақтарыңды әзірлеп, өлер-өлгенше босағаңда жүріп жанымды бағайын! Рұқсат етесің бе? – Нәзилә, сен арусың. – Бірақ, ...Боранқұл, әбден ойланшы! Сен қосылған күнде, бұған келіншегің қосылар ма? Боранқұл Нәзиләнің мойнынан құшақтап, қып-қызыл етіп боялған ернінен сүюге оқталған еді, Нәзилә алақандағы тірі балықтай ыршып түсті. – Болмайды, Боранқұл, мен саған әйел бола алмаймын, зайыбыңмен екі ортаңа от тастап, өрт тудыра алмаймын. Егер менің күң болуыма көнбейтін болсаң, мен қалып қояйын, мені тастап кет! – Жоқ, Нәзилә тастап кете алмаймын, жәнесінде Мәликенің үстіне аламын. Бұған Мәлике де мақұл болады. Мен оған сенемін. – Шын айтасың ба, Бораш? – деп Нәзилә босай баста­ ды, – мұнымыз қалай болар екен? Пәлеге қалып жүрмейсің бе?

Ғаппар БІЛӘЛ Мендей ып-лас әйелмен некеленуге арланбайсың ба? Нәзиләнің босай бастағанын көріп, оны құшып сүймекке ұмтылған Боранқұл абайсыз қолтығынан шығарып алды. – Ендеше, Боранқұл, сен мені қырық шелек сумен соқтыруың керек. Жо... жо, жоқ, Боранқұл олайда болмай­ ды екен, сенің тұрмысыңа мен араласа алмаймын. Мен қалып қояйын! Жезөкшелер үйінде мырзалардың назарын аудару қамына бола киетін бір киер жасыл торғын көйлегін сусылдата тұра қашқан Нәзилә жайдақ өзенді шалпылдата кешіп барып көк иірімнің ішіне күмп беріп қойды да кетті. Ол ендігі жерде Боранқұлдың тегеурінді алақанынан құтылып кете алмайтын еді. Нәзиләнің алды еркіне қоймай, зорлағандай етіп қаладан алып шығып кеткен Боранқұлды жансерігі Биғали ат болдыр­ ды деген сылтаумен далада қондырды. Он неше жылдың ал­ дында серт байласып, тағдыр әмірімен айырылысып кеткен қос ғашық осылай табысты. Қояр да қоймай өтіне берген соң абдыраның жіңішке суы бойында Биғалидың қолымен жалаң қабат көйлек сыртынан қырық шелек суға соқтырып тазаланған Нәзиләнің тоңазыған денесін Құлыстайдың күре жолдан бұрыс қараағашты даласында, көк балғын өлең шөптің үстінде Боранқұл алпамсадай кеудесіне басып жылындырды. Нелер ғұламалар асқан сұлулықтың ғұмыры қысқа, ше­ тен болады деп қарайды екен. Ал, Боранқұл он шақты жыл бойы ісараптанып мазаққа айналған қазақ әйелінің бойындағы шын сұлулықтың жаны сірілігін Нәзиләнің тұлғасынан тауып, танығандай күй кешті. Нәзилә оның көз алдында Зипәгүлге де, Мәликеге де, тіпті Аннаға да ұқсамайтын секілденді. Әсіресе, сүйіс жағына кел­ генде тойымсыз ашқарақ болып көрінді. Және сол ашқарақ құмарлығын қандыру жағында аса тәжірибелілігін байқады. Бірақ, ұзақтан бері қорланып, кемерінен аса мөлтілдеп тұрған іңкәр құштарлықтың есерлігіне жол берген Боранқұл сүйіс жағындағы аса тәжірибелі әйелден қорқу керектігін ескеріп отырар мұрса таппады. Қалжырап шаршаған еркекті қалай ширатып, маужыраған ұйқыдан қалай сергітіп әкетудің, күліп

аймалаудың, назданып еркелеудің, көтермелеп көңілдендіре
білудің, үздіге үзіліп жабыса құшақтаудың, ыңырсып әндетудің
ыстық ерінмен ғана шопылдатпай, бүкіл ауызбен қомағайлана
сорудың, қан шығуына, қанталап қалуына қаратпай тіспен де

сүйісудің, сипалап қасынудың барлық айла-тәсіліне төселген,
қай кезде ерге кезек беріп, қай кезде өзі құлшыныс жасау
керектігін толық меңгерген әйелдің ықтиярына беріліп, көрер
таңды көзбен атырды. Жеті қараңғы түн ішінде ызыңдап келіп,

тақымының астынан қызара бөртіп қанға тойып, өздігінен до­
малап түсіп қалып жатқан Құлыстайдың сары шіркейіне де
қараған жоқ, қарабас шалғынды жапырып төсек қылып таста­
ды...

Осы сапардан оралысымен ел ішінен түн қата суыт көшіп
шығып кеткен олар Нәзиләнің Боранқұлға, Боранқұлдың
Нәзиләға бұрыннан ғашық болған мән-жайларын Тарбағатайдан
ұзаңқырап алғаннан кейін бір-ақ сездірген еді. Әрине, ашып-

жарып қатты сөйлеп қарсылық көрсетпесе де, Боранқұлдың
төсек жаңғыртуына Мәлике разы-қоштық білдіре қойған жоқ
болатын. Бірақ, бұл кірбеңдік ұзаққа созылмады.
Бүкіл отбасының қара шаруасын үстіне алып, зыр жүгірген

Нәзилә Мәликенің бар ауыртпалығын мойнына көтеріп әкетті.
Енесі Ықиланың жеңіл-желпі қолғабысынан айрылғалы бері
балабастылықтан, қазан-ошақ жұмысынан белі талып, ал­
пауыт денелі Боранқұлдың тепсе темір үзгідей тегеурін

тебіне шыдамай салбөкселеніп жидіп бара жатқан тұсында
әйел ауыртпалығына ортақтаса кеткен Нәзиләні қыжыртуын
аз күнде-ақ қоя бастады. Жас баланың құйрығын шайып,
жаялығын жуып жатса, құман ұстап су құйып бермеуге шыда­

мады. Сиырды сауып, іркітті пісіп, құртты қайнатып, лыпылдап
тұрған Нәзиләнің қолындағы шелек, қысқаша таласып, тартып
алудың ретін таба алмады. Түзден шаңырқап келген күйеуінің
шайын қайнатып, сармайды салып, дастарқанды жайып жіберіп

даярлай қоятын Нәзиләнің бас жағында Боранқұлмен тізелесе
жайланып, тершіп отырып қаймақты шайды қанып ішуге
дағдыланайын деді, қысыр жыландай сылаңдаған Нәзилә төсек
сала бастағанда емшекке таласатын ұялас күшікше өзеленбей,

Ғаппар БІЛӘЛ
өзін төмен ұстап, аяқ жағынан жалғыз кісілік төсек әзірлеп жата
кететін жол бергіштігін көргенде іші жылып кететін. Жастық
шайнатып жанталастыратын ер михынатын Нәзиләға тастап

беруге ыңғайланатын. Сөйте бара екеуі әзіл-қалжыңдары
жарасқан, үлкен-кішілігі де жоқ, бәйбіше-тоқалдығы да толық
парықтала бермейтін екі әйелі болып шыға келді Боранқұлдың.
Олар Шыңжанды батысынан шығысына қақ бөліп жатқан

Ерентау мен Боғданың теріскей іргесін жүлгелеп, жердуалы
малын Биғали бастаған малшы-жалшыларына айдатып, та­
лай қиын-қыспақтардан өтіп, екі жыл бойы қиналып жүріп
Баркөлге жеткенде Мәликеге немерелес аға болып келетін Әліп

үкірдайдың ауылы астан-кестеңі шығып, адамдары қырылып,
үйлері өртеніп жатқан үстінен түсті.
Уа, дариға, жалған жарық дүние, сенің кемеліңе ке­
лер күнің болар ма екен?! Кешіріңіз, Қорқыт ата әулеті,

кешіріңіз құрметті оқырман! Біз Әліп үкірдайдың ауылына
жету үшін ат болдыртып, тақым тоздырып, біраз ілгері кейін
шапқылап, орағытып барып оралуымызға, әліге дейін сіз
бен бізге таныс болып үлгірмеген жаңа кейіпкеріміздің ал­

дынан алдын-ала өтуімізге тура келіп отырғанын байқайсыз
ба? Байқамаған болсаңыз, сізге сөгіс жоқ. Ендеше, ең әуелі
осы Әліп ауылындағы қырғыншылық тұсында Қобда, Бәйтік
жақтағы туыстары Моңғолия әскерлерінің шабуылына ұшырап

жатқанын естіп, соларға көмектесу үшін қол бастап кетіп, өз
ауылын қапыда басқан қанды қырғыннан аман қалған Елісхан
сынды ер азаматтың алдына жүріңіз! Ол азамат осы қырғында
қаза тапқан Әліп үкірдайдың туған ұлы екенін білмесеңіз де,

Сарышоқы жайлауының жығылып сұлап қалған күреңсесі киіз
болып төселген кең төскейінде ел-жұртын жинап алып сөйлеп
тұрған Елісханның алдына барып, Боранқұлдың қатарынан
орын алып, тізеңізді бүгіңіз! Сөзгердің атжақты келген бет

әлпетіне, қақпақ жауырынды қапсағай біткен ер тұлғасына
қарап таңырқаудың орнына, оның саңқылдаған даусына құлақ
түріңіз! Сөз мәнісіне бағыңыз! Ол айтады:

– Шыңжанның байырғы дудуы (князі) Юан дахуаның

қолынан өлкенің тәж, тахытын 1912 жылы тәбәрікке алған Яң

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Зың Шин 1928 жылы шілденің жетісінде қол астындағы әскери істер меңгерушісі, қосымша байланыс жасау мекемесінің бастығы Фән Яунәннің қастауымен атып өлтірілгенге дейінгі бар өмірін дерт-дербез, қастық, бүліктерге қарсы алысжұлыспен, айқас-күреспен өткерді. Ол таққа отырардың алдын­ да, яғни 1912 жылы Фән Яунән мырза Іле төңкерісін жөргегінде тұншықтырудың жәңа әдісін тапқырлаған жасампаздығымен, сыртқа дыбыс алдырмайтын ептілігімен көзге түсіп Яң Зың Шиннің назарына ілікті. Билік дегеніміз шырыны тіл үйіретін майлы төстіктен өзге дәнеңе емес. Билеуші атаулы тіршілікте қолы жеткен жаннаттық ырыздық ләззәтінің баяндылығы үшін қолындағы қасап пышағын, қан жұққан тырнағын болашақта төс қасқасы сыпырылатын құрбандықтарының көзіне көрсетпеуі, жүрегін шайлықтырып үркітіп алмауы шарт. Тіпті, қақтап пісірлетін төстіктің өзіне де рақымды мәмле жасауы керек. Жайнаған қызыл шоқтың үстіне бір тамшы майын та­ мызып алмай, иіс қоңыс шығарып қоңырсытпай, екі жақ бетін кезек аударып, жалақ қақтырғанда төстік те күймейтін, істік те күймейтін тамаша тәсілдерді меңгере білген мескерлі қолдар ғана мұндай міндеттерді ақаусыз атқара алады. – Әкем-ау, мына Елісхан мұндай сөздің барлығын қайдан біледі, қайдан оқып келген? Билік жағалағандардың ішінде жүрген кісілері бар-ау, – деп Боранқұлға ілесіп таңырқай бер­ мей, сабыр сақтаңыз! Ол тағы былай дейді: – Яң Зың Шин Іле төңкерісінің лаулаған жалы­ нынан өзін арқа тұтып, бу көріп, соңына ілесіп келген қандас, қарындастарының қолын таза сақтап қалған. Күйе жұқтырмады, күйікке шалдырмады. Ұлтаралық қайшылық бо­ раны гулеп, есік-терезеге тыным бермейтін жаңа топырақта билеуші қауымды қасап майданында бой көрсетуге алып шығу дегеніңіз (Құдай көрсетпесін!) отқа май тамызғанмен бірдей. Сол үшін ол Ілеге өз ұлттастарын жібермей, дүңгендерді ай­ дап салды. Тұңжы жылдарында Иүннән, Гәнсу өлкелерінде өткен соғыста Чиң патшалығы ордасының тәжірибесінен дүңгендердің қанағатшыл, қарулы, жасынан діни тәрбие көргендіктен жамандыққа дағдалмаған, ұрлық-қарлықтан

Ғаппар БІЛӘЛ
таза жүретін, тәртіпті, ұйымшыл, бұйрық бұзбас итағатшыл
екендігін танып жеткен ол дүңгендердің Шыңжанға ертерек
келіп орналасқандығы себепті мал-мүлкі, бала-шағасы үшін де

жергілікті тұрғындарға қарсы жан аямай күреседі деп дұрыс
межеледі. Оның үстіне екі жағы да мұсылман. Өзімен діндес
те, қандас та емес. Мұсылманға қарсы, мейлі басқа діндегілерге
қарсы жұмсаса да көрер көзге, естір құлаққа тым жаман әсер

тудырмайды. Осы «бақайқулық» Іле төңкерісін тізгіндеуде Яң
Зың Шиннің бойына ұлы айбат бітірді. Өз тықырынан сезік
алдырмайтын, қанды жаныштаулардың ізін сыпырып, сыйпап
біліндірмей жіберетін шежірелік қимылдарын тарих бетіне

қылыштың жүзімен жазып қалдырды.
Ол Шыңжан топырағына алғаш аяқ басқанда бұрынғы
әмірші Лиән күйдің жақын тартуымен үлкен мансап, үлкен
байлық дәметіп келген болатын. Сол дәмемен Астанаға ба­

рып, Гуаңшүй патшаның да, патшаны дүниеге әкелген Сыши
ханымның да қабылдауында болып еді. Оның сол мұратына
ішкі ұлттық аласапыраннан үрейі ұшып, мансабынан еріксіз
бас тартқан Юән Дақуа қолын жеткізді. Яң Зың Шин таққа

отырысымен бүкіл өлкенің әскери, әкімшілік, қазына тізгінін
қолына ұстады. Аз уақыттың ішінде екі мың жылқысы бар
мал фермасын құрып, жергілікті ұлттың үлкен оқымыстысын
жылқышылыққа жалдады. Ішкеріде әлі көні жібімей қаңсып

жүрген туыс туғандарына жылқышының қолымен он, жиырма
мыңдап ақша жіберіп тұратын дәулетке қолы жетті. Биліктің
адамды қызықтырып, құнықтырып отыратын қасиеті осында,
өз қарауына берілген елді ұшпаққа шығару емес, солардың

байлығымен, табан ет, маңдай терімен өз басы ұшпаққа жетіп
алу үшін ұмтылады. Бұрынғының, бүгінгінің, ертеңгінің бар­
ша ләззаты байлығында. Байлық – бейіс, байлық – барша
ұлылықтың, ұлы бейшаралықтың қайнар көзі. Бұрқырап өскен

бұйра жусаны жоқ, нілсіз, сусыз тақыр татыраңда, кенезесі кеп­
кен құм шөлде бір киік мекен теппейді, жалғыз шегіртке жаса­
майды. Шыбын екеш шыбын да майға қонады.
Шыңжан халқы бір ғана Яң Зың Шиннің ішкен-жегеніне,

сауық-сайранына қыңқ қылмас еді, еркелігін, сән-салтанатын

көтерер еді. Балық басынан шірімек, Яң Зың Шин генерал­
дан үлгі алған бүкіл үкімет құрылымы шіруге бет алғанда
халық наразылығы қайта бас көтерді. Бүкіл ғимаратты қирау
қаупіне ұшыратқан парақорлық, қиянатшылдықтарға қарсы

сөгіс жарияламаса болмайтын халге жетті. Бір кемпірдің бір
кемпірді «апам» дейтіні шын, Яң Зың Шин ашуланып кеткенде
«Шыңжан мәнсаптыларының ішінде оңған адам жоқ, жаһаннам
деген осы, мен келешекте Шыңжанды сендерге тастап беремін»

деп кіжінді. Бірақ, тапсырып бермеді, қылмыстыларды, яғни
«оңбағандарды» құрта алмады. Бүкіл жегіқұрт өз туыстарынан
шығып отырғанда құртып жіберуге қу іші қайдан қисын?! Күні
үшін күлік жүгіреді ғой. Өзге емес, өз билігі үшін оларды өлімге,

құртып жіберуге қиған күннің өзінде де бірін-бірі қолтығына
қысып, қоян бұлтаққа салып, қашырып, жасырып қалып оты­
ратын, әкімшілік, қазына, әскери салаларда, орталықта, шетел­
дерде берік бекіністері, мықты тіреніштері бар, жерді құртқан

алаяқтар Яң Зың Шин қатерін бойларына түгел дарытпас та
еді. Оның таққа шығарының алдында Іле төңкерісіне төтеп
беретін әскери қосынды дүңгендерден ұйымдастыратын себебі
де бас пайда қуып келген жұрттас жұрағаттарының обыр

тойымсыздығы, сенімділік жақтағы тұрлаусыздығы көңіліне
қаяу түсірген болатын. Бірақ, Яң генерал бір күн де оларсыз
генерал болып тұра алмас еді. Тұс-тұстан анталап, күн сайын
бүлік тудырып, көтеріліс жасап жатқан шұбар аттың жүніндей

құрама елді оларсыз тізгіндеп тұру мүмкін емес-ті. Сондықтан
ол қарыстан сүйем жақын екенін түсіне білді. Жағасына жар­
масатын қауіптілігіне қарамай, өзімен тұқымдас мансаптылар­
ды сүйеніш етті. Жазым болып кетсем, өз туысымның қолынан

жазым болайын, қолымдағы тізгін қалса, солардың қолында
қалсын, бөтен қолға өтіп кетпесін деп қарады. Оларды арандап
қалудан амандап отырудың қамына бола былайғы ұлттарды
бір-біріне қайрап салудың сара жолына түсті. Жанышталған

Іле төңкерісшілерін ымыраға шақырып, басты адамдарын ірі
мансапқа отырғызу тәсілімен ыдыратып, бөлшектеп алды да,
ақшаға, мансапқа сатылғандардың қолымен жеке-жеке жу­
сатып салды. Алтай қазақтарының төре тұқымды уаңы /бек/

Ғаппар БІЛӘЛ
Әлен мен қарадан шыққан бек Мәми екеуін «гуандәй» деп
аталатын тең дәрежелі болымсыз әскери мансаппен емексітіп,
жарыспалы қарсылықтар арқылы біріне бірін аңдытып қойды.

Мұңғылдан шыққан Тайпыңды да сол шенмен жарылқап, оны
қазақ төрелерімен шаужайластырды. Оны шақыртып алып,
«Алтай мұңғұлдардыкі, сен Алтайдың жергілікті иесісің,
Алтайға сен керексің» десе, Әлен мен Мәмиге кезіккенде

қазақтарға сенетінін, қазақтармен дос екенін жырлап беріп
отырды. Үлкен одақ, кіші одаққа бөлінетін ұраңқайларды да
бір-біріне жаныстырып, Балта, Деншін қатарлы екі ұлығын
әтеш таластырғандай айдарластырып ұстады. Ұйғыр төрелері

де бұл үлестен құр қалған жоқ. Өте қауіпті деп танылғандарын
өлкелік кеңеске көтеріп, кеңес мүшелігіне қабылдап, іс орны­
нан шыға алмайтын бұғаулы жолбарысқа айналдырып қойды.
Сондай қағазбастылықтан қол үзе алмайтын қағаз қуыршаққа

айналғандардың бірі Розының «мен үйреніп қайтемін,
үйренсем де, үйренбесем де Яң Зың Шиннің айтқандарына
шұлғып беруді білемін ғой» деуі де осындайдан шыққан еді.
Ол осы тәсіл күші арқылы қарсылығын тоқтатпаған ілеліктерге

де, түстік Шыңжанда жабал қимылға келген «бауырластар
қоғамына» да, «кіркенің хаупі» астында қалған «дербес
Алтайға» да, құмылдағы Темір көтерілісіне де, тұрпандағы
Амет бүліншілігіне де, ақтар атаманы Аненковтың Шонжыдағы

шұрқанына да, патшалық Ресей консулханаларының Ресей
азаматтарына жасаған арандатуларына да, кеңес үкіметінің
ендеп бара жатқан ықпалына да төтеп беріп отырды. Жерлік
ұлт азаматтарының шетелдіктермен араласуына тиым салды.

Кеңес үкіметімен байланысы бар деп қаралған Әртим бастатқан
Шәуешектіктерді жасырын қолға алып тірідей көмдіріп та­
стады. Жер-жердің бәріне тыңшы құлақтар орнатып, католик
діндәрі германиялық шубодиннің сөзімен айтқанда «құмылда

бір қандала қызып ауырса біліп отыратын» мүмкіндікке қолы
жетті.

– Қарғам-ау, мынау Елісхан қайда жүрген? Яң ордасының

бар құпиясын қайдан жүріп біліп алған? – деп күдіктенудің ор­
нына оның дүйім дүниеден хабардарлығына, ондық мүмкіндігі

болғандығына сеніңіз, құрметті оқырман! Боранқұл сияқтанып
имандай ұйып тыңдай түсіңіз! Шыңжандық билік ордасының
ішінде көміліп жатқан шынайы деректерді білгіңіз келетіні рас
болса, айызыңыз сонда қанады. Елісхан былай дейді:

– 1916 жылдың өзінде өз әмірімен тыңшылық кәсіпке

міндеттелген Сычуандық Шие уинфу мәлімет жеткізіп,
Қытайдың жаңа патшасы Юән Шыкайға қарсы әр өлкеде
көтеріліс
ұйымдастырмақ

болған
жасырын
міндетпен
Шыңжанға келген юннандық Яң И деген адамның жерлестік

байланыс қуып, Шыңжандағы Юннандықтарға үгіт-насихат
жүргізіп,
зеңбірекшілер
баталионының

бастығы
лифән,
оның көмекшісі Шя диң, әскери киім-кешек мекемесінің бас
басқарушысы Ду гожин, сақшы бастығы Лю иифу, кен істер

ұлығы У миңкүй бастатқан юннандықтармен ауыз біріктіріп
болғанын хабарлаған еді.
Тыңшы Шие уинфу жарлық бойынша бір орынға
шақыртылып

бастары
қосылған
әлгі
Юннандық

көтерілісшілердің
көзінше
бетпе-бет
отырып,

алдыңғы
жеткізбелерін қайталай мәлімдеген еді, күнәларын мойында­
май жалтаруға тырысқан Ли фән, Шя диңдерді қапыда соғу
үшін Яң Зың Шин қулық істеуіне тура келді. Өсек-аяң таратып,

қандастарымыздың арасына іріткі салдың деп Шие уинфудың
өзін жазғырып, опасыздық істемек делінгендерді беттестіріп
көрді. Олар өз ниеттерін ашық мойындаса болғаны құрығаны
еді. Әрине, мойындамады. Сол кезде Яң генерал бүлікшілерді

әшкерелеп еңбек сіңіріп келген өз тыңшысы Шие уинфуды
өзін ақтауға да үлгіртпей, атқосшыларына сүйретіп шығартып
табанда аттырып тастады. Осы көрініске алданып салғыртси
қалған Ли фан, Шя диңдерді өз ордасының екінші залында

өткізілетін орталық оқу-ағарту министрлігінің тексерушісі Лиу
Жайіңді аттандырып салу қонақасына шақыртты. Қонақасыға
меңгерме, мекеме ұлықтары, жоғары дәрежелі офицерлер
қатыстырылды. Қонақасы басталар алдында Яң Зың Шин

сыртқа шығып кетіп қайта кірді де, сұқ саусағымен Шя диңді
нұсқап тұрып, «басын ал» деп бұйырды. Генералға сырттан
ілесе кірген қорғаушы қылышын сермеп қалып, Шя диңнің ба­

Ғаппар БІЛӘЛ
сын шауып түсірді. Қонақтардың көзі шарасынан шығып, бас
қонақ Лиу Жайің аса үлкен салтанатты ерлікпен үстелдің асты­
на кіріп кетті. Ал, Яң генерал еш уақиға туылмағандай, үстел

шетіне қонған бір шыбын қағып ұшырылғандай жайбарақат
отырып, өлікті шығарып тастауға бұйырды. Көпшілікті жай­
ланып отыруға ұсыныс етті. Көп өтпей тағы да қарғып тұрып,
сұқ саусағын Ли фаннің тұмсығына безеді. «Басын ал!» Әрине,

генералдың бұйрығы табанда орындалды. Соңынан Яң-ии,
дугожиндерді де жаптырды. Яң-иидың басы Үрімжіде алын­
ды. Енді қалғандарына «мекендеріне қайту» мәртебесі берілді.
Бірақ, олар Құмылдан өтіп, ел көзіне ілікпейтін иенге шыққанда

жандары жаһаннамға жіберілді.
Сонан соң жаһаннамға басқалардан бұрын жетіп, төрден
орын алған өз тыңшысы Шие уинфудың бала-шағасына тұрмыс
қаражатын бергізді. Өз жарлығымен өлтірілген жансерігінің

жаназасы үшін өз қолымен жоқтау жазып, аза білдірді. Ол
арандатушылардың қылпы байқалса болғаны, осылайша
қырқып отырудан сырт, Шыңжанды тапжылтпай ұстаудың
екінші басты шарасы халықты қараңғылықта, надандықта

ұстау деп білді. Ол оқу-ағарту, мектеп ашу сияқты шаруалар­
дан қолын таза сақтады. Қытайдағы барлық мектеп мансап
үшін қырқысқа барысатын. Мансапты болу жолымен ырғын
пайда табуды мақсат ететін содыр-сойқандарды жетілдіріп

шығаратын орда, қазіргі заман оқымыстылары өнер-ғылыммен,
ауылшаруашылығымен, өнеркәсіп, саудамен айналысатын
адал еңбек жолынан безіп, билік иелеп, ырғынға бату жолын­
да жанын салатын пайдакөстер, әлем мыйша былықса осы­

лардан былығады деп түсінді. Қара қауымның да, қасындағы
сарбаздарының да надан қалуын тіледі. Саңылаусыз надан то­
быр иіс алмас топастығымен илекке, малайлыққа көнімді келеді
деп мөлшерледі. Сонымен қатар халық қараңғы ұсталмаса, Ре­

сей топырағында қаулаған қызыл өрт Шыңжанды да шарпып
кетеді деп үрейленді. Сол үшін Кеңестер Одағының Үрімжідегі
консулхана тілмәші Кинковичтің көмегімен Маркстің «Ка­
питалын» зерттеуге бой ұрды. Бірақ, ылаң басылмады, қалай

тырысса да тыныштыққа қолы жетпеді. Ұзаққа созылған дара

биліктің орнын көтеріліскер халықтың билігі тартып әкетер
ме екен деп қобалжыды. Содан кейін қорлық көру – қорлық
көрмеуден жақсы екені шын болса, ер азамат ретінде қорлық
көруге де дайындық жасады. Мұндайда ер азаматтың ақымақ

бейнесіне кіріп алуы керек, тек шынайы ақымақ болып кетпесе
болғаны деп тұжырды.
Ақыры оның ажалы өзі күткен жерден келіп шықты.
Орталық үкіметтен Шыңжан қызметіне жауапты болып келген

Фән Яунан оны атып өлтірді.
Фән Яунан келе сала-ақ: «Яң Зың Шиннің саясаты қара
түнек, еренқабырғаның екі бөктерінде парақор, қиянатшылардан
аяқ алып жүре алмайсың, олар халықты сүліктей сорып жеп

жатыр, елге-жұртқа дәнеңе істеп бермеді» делінетін жаманатты
хабарларды жамағаттан көп естіп қаныққан еді. Ол Шыңжанда
оқу-ағартудың дамымағанын, мектеп ашылмағанын өз көзімен
көрді. Яң Зың Шиннің біреуді біреуге қайрап салып, сол арқылы

өз орнын бекемдеп отырғанын, дүңгендерді пайдаланарында
басқа ұлттарды сенімсіз дейтінін, ұйғырларды пайдаланарын­
да дүңгендерді сенімсіз етіп көрсететінін, тағы бірде қазақтар
мен мұңғылдарды жаныстырып қайрап салып отыратынын

естіп білді. Фән Яунаннің қимылынан сезіктеніп қалғанда он
мың сәрі өлке ақшасын тартуға ұсынып өткізе алмай тасырқап
қалған еді, Фән Яунан ақыры оның қапысын тауып, қонақасы
үстінде жайратып салды. Бірақ, Фән Яунанның өзі де Жін

Шуріннің қолымен Яң Зың Шиннің артынан жөнелтілді.
Шыңжан халқының басына бақыт құсын қондырып бермек
болып жүрген есіл боздақ атқораның діңгегіне таңылып, еті
тістеуікпен жұлынып, көзі ойылып қорлықпен өлді.

Ал Жін Шурін мырза Яң Зың Шинге қарағанда өлермен бо­
лып шықты. 1930 жылы Құмыл Уаңы (бегі) Шамахсұт қайтыс
болғаннан кейін оның уаңдық орнына отырған Назырдың
мұрагерлік ұқығына пысқырып қарамады. Үрімжіге шақыртып

алып, «өлкелік үкіметтің жоғары дәрежелі ақылшысы» де­
ген қуыршақ ат беріп, Құмылға жібермей қойды. Шамахсұт
әулетінің хандық мәртебесін жойып, Құмылды үш ауданға
бөліп жіберді. Ал, Құмыл уаңдығы мирас ретінде ұзақтан бері

Ғаппар БІЛӘЛ
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жергілікті «бектік»
еді. Уаңның ата-бабалары жаркен бектігінің ұрпағы бола­
тын. Олар Чиң патшалығының Шыңжанды «тыныштанды­

ру», «бірлікке келтіруінде» «елеулі еңбек көрсеткендігі»
үшін патшадан уаңдық шен алған еді. Ол осы мәртебесімен
өзіне тиесілі жерін, елін басқаруға бүкілдей ұқықты болатын.
Оның қарауындағылар чиң ордасына лау беру, бажы тапсыру

қатарлы борыштарды өтеуге міндеттелмеген-тін. Бұл тәртіп
1884 жылы Шыңжан өлке болып құрылғанда да, 1912 жылы
Чиң патшалығы қиратылып, республикалық түзімдегі Жұнхуа
минго орнағанда да өзгертілмеген қалпын сақтап қалған еді.

Жін Шурінің пәрмені хандық түзімнің осы бір қалдық
қаңқасын күресінге сыпыра салды. Ішкеріден адам күшін
жөткеп әкеліп тың игеру, жер салығын жинау шаралары
белгіленді. Гансуден ауып келген босқындарды Тұғыз де­

ген жерге орналастырып, олардан алман-салық жинамауды
белгіледі. Осыларға байланысты жерлік ұлт халықтарының
ашуы құрыстай келіп, шопул уақиғасын тудырды. Құмылдың
Арамтай, Тасбалық, Қарамұқпа, Ұшайрық, Шопул сияқты елді

мекендерінде тұрақты үкімет әскерлері жергілікті халықты
басынып, малайлыққа істетіп басынып алған-ды. Шопул­
да тұратын баталион командирі Жаң Гоху асқынып кетіп,
қарсылыққа қарамай ұйғырдың бір сұлу қызына басқыншылық

жасаған еді. Кегі қайнап, шыдамы таусылып отырған ұйғырлар
лагерге басып кіріп, Жаң Гохуды 32 шерігімен қоса қырып
салды. Іле-шала Аратүрік, кіші Борұл, Тұргүл, Тасбалық
тұрғындары да билеушілерді бықпырт тигендей етіп қуып

шықты. Әбдірейім, Сабыр, Сәли, Палнияз, Абдунияз, Миы­
тов сияқты ауылнайлардың ұйыстыруымен өмүртауы, т.б.
орындарда қарулы қосын құрылды. Олардың өжет шабуылы­
мен әскери бекіністер талқандалып, көтерілісшілердің қолына

қару-жарақ түсе бастады. Оларды құртып жібермек болып
ұмтылған Құмыл дивизиясының командирі Лю Шызұң қосыны
кіші Ұлтай қысаңында тосып жатқан Қожанияз қосындарының
күшімен тас-талқаны шықты.

Сөйле дейсің бе, құрметті оқырман? Тым ержеңдеп кетпей,
Елісханның сөзіне құлақ салыңыз! Ол әлі де сөйлеп жатыр.

– Сөйтіп тарихта «Қожанияз көтерілісі» деп аталатын

Құмыл көтерілісінің туы көтерілді. Қожанияз тегінде Темір
көтерілісіне қатынасқан, Құмыл уаңының қорғаушылар
қосынында
болған,

әскери
тәлім-тәрбиеленуден
өткен,
тәжірибелі адам еді. Бұл қозғалысқа Баркөл қазақтарын бастап

Әліп үкірдай келіп қосылуға бейімделді. Құмыл, Тұрпан, Шон­
жы аралығындағы қатынас жолдарын тізгіндеді. Күн санап
күші нығайып келе жатқанымен күні ертең мығым қаруланған
үкімет армиясының шабуылына төтеп бере алмасын сезген

Қожанияз Қытайдың Гансу, Ниңша, Чиңхай өлкелері көлемінде
әрекеттеніп жүрген көтеріліс басшысы Ма Жұң иыңды
көмекке шақырды. Дүңгендерден ұйымдасқан Ма Жұңиың
қосыны «мұсылман мүддесі үшін» делінетін өз ұраны бой­

ынша Шыңжанға кірген жерден арындатып ат ойнатып келіп
Хуаңлугаңды басып алды. Құмылдың сыртқы қорғанысын
талқандап, Жаңа құмыл қаласын қоршауға түсірді.
Содан тартып Құмылда жатқан үкімет армиясы жарым

жыл бойы көз шырымын алмай, кірпік қақпай, түнде алау,
шырақ жағып, күндіз кетілген, омырылып құлаған бекініс
қорғанын қой жүнімен тығындап, жамап-жасқап күзетте
тұрды. Ауыр құралдарының жоқтығынан бекіністі бұзып кіре

алмаған Ма Жұңиың қазақтардың қол үшін бергелі отырғанын
естісімен Құмылды тастап, Баркөлді қоршады. Олардың бағы
жанып, Баркөлдің зер шапанды полк командирі Хы Жін Шаң
қорқып кетіп ұрыссыз тізе бүкті. Ма Жұңиың оқ шығармай-ақ

он мыңнан астам оқтаулы мылтық қолға түсірді. Жасы жиырма
үшке жаңа шыққан Ма Жұңиың қатты пысық, тегінде Чиңхайда
баталион командирі болған жалынды жігіт еді. Әкесі Ма жау­
ды алдап өлтіргендігі себепті үкімет армиясымен уытты өштігі

бар-ды. Ол Баркөлді алған соң Қожаниязға қосылып Құмылға
қайта қоршау ұйымдастырды.
1931 жылдың тамыз айында ұрыс өрті ұлғайып, мылтық
даусы көбейе түсті. Жін шурін армиясының Жаң Пииуән,

Шың Шысай басшылық еткен алты мың адамдық әскери
қосыны Қожанияз бен Ма Жұңиыңның үш жарым мыңдық
қолымен Жетіқұдық маңында кездесіп, ұлан-асыр ұрыс сал­

Ғаппар БІЛӘЛ
ды. Өз мылтықтарының даусынан өздері қорқып, аттарына
міне қашып, қашқандары қайта оралмай кететін өлке арми­
ясы қанша көп болса да, көтерілісшілер жекпе-жекте алдыра

қоймайтын еді. Бірақ, олардың алдында Ресейдан қашып келіп
«бағынды армия» атанған ақтар армиясының қалдық күштері
ысылғандығын көрсетіп, көтерілісшілерді көп шығындатып
тастады. Ұрыста ықсырап бара жатқан Ма Жұңиың Гансуға

тайып тұрды да, Қожанияз қайта күш жинау үшін тау сағалап
кетті. Онсыз да Жін Шурін үкіметінің қысымына ұшырап, ты­
нысы тарылып, алман-салықтан, бұлап-талаудан есі шығып,
тағаты таусылып отырған Баркөл қазақтары ішінен мың үйлік

адам көше қашып моңғолияға өтіп шықты. Ендігі жерде әңгір
таяқтың үлкені Әліп ауылдарының басына ойнауы тиіс қой.
* * *
Майлы құйрық асатушыдан, алман-салық төлеушіден, ат-

ылау берушіден айрылып, зығырданы қайнаған Жін Шурін
сынаптай сырғып алақанға тоқтамайтын, ат-көліктің күшімен
бір таудан екінші тауға көшіп шығып көз жаздырып кетіп оты­
ратын, қоныс жаңалауға жаны құмар осы бір сенімсіз халықты

тапжылтпай ұстаудың темір тәртіптерін орнатты. Шошаңдап
көзге түскендерінің бастыларын аттырды. Басқаларын қаматты.
Бейуаз деп қаралғандардың жүрген-тұрғаны тексеріліп, ас
құйылмаған саптыақтың сабына қарауыл тұрғызды. Екі кісінің

басы қосылса не сөйлескені қузастырылды. Бір ауылдың ада­
мы екінші ауылға рұқсатсыз, жолхатсыз бармайтын тәртіп
белгіленді. Атсыз-аяқсыз атып кететін құбылыстар молайды.
Әліп үкірдай қарастылығындағы ауыл күндіз күлкіден, түнде

ұйқыдан қалды. Бұл қысымға шыдамай тағы көшпек болып
толқи бастаған тұста өлкелік үкімет атынан Шәріпхан төре,
Баймолла қатарлы бедел иелерін жұмсап, азып-тозбау, бөлініп
жарылмау туралы уағыз айтқызды. Үкімет жағалап жүрген бұл

кісілерді қазақ елінің жанашыр-жақындары деп түсінген халық
олардың сөзіне сеніп, толқудан тоқтады. Солардың жазған хат­
тарын оқып, моңғолияның Қобда өңіріне асып кеткендер қайта
көшіп, Баркөл, Мори, Шіңгіл төңірегіне орала бастады. Бірақ,

дәл осы қарсаңда Әліптің сыртынан «Қаражат сұрап келген

Қожанияз қосынына жеті жүз қой көмек берді» деген мәлімет
келіп түсті. Тиісе кетердің сылтауын іздеп аласатып тұрған
шығыс Шыңжанның әскери істер қолбасшысы Чін Пишу
Баркөлдегі апанынан екі жүзден астам жендетін аттандырып,

Әліп ауылының сазайын тартқызып келуге жұмсады. Олар
бейғам жатқан иен ауылды қанды сахнаға айналдырып, әлі
жазылмаған трагедиялық шығарманың барлық көріністерін дәті
жеткендер ғана айызы қанып көріп отыра алатындай етіп орын­

дап қайтты. Қожаниязға қол ұшын берген бас атаман Әліптің
жанын қинамады. Аса үлкен рахымдылықпен сақалынан
ұстап тұрып, ора тартып бауыздап жіберді. Жұлындамаған
бетінде буындап шығарып алып, басын лақтырып тастады,

...ойбайлап арашаға ұмтылған шал-кемпірлерді бір шетінен
қылышпен қидалап турай бастады. Қорқып кетіп, қолтығына
жабысқан сәбиін көтере қашқан әйелдің жотасынан сілтеген
найзаны кеудесіне басқан баласының жауырын ортасынан

өткізіп қабатымен түйреп тастады. Жан сауғалап бытырай
қашқан қыз-қырқын, бала-шағаны ат бауырына алып, бірін
желкесінен, бірін иығынан, енді бірін жарым шекесінен шау­
ып түсіре берді. Қара шобыр қалың үйлі ауылдан өріп шыққан

ірілі-уақты жас-кәрінің кесілген қолы, қиылған басы төккен те­
зектей шашылып түскен мезетте ақырғы кезек Әліп үкірдайдің
туған інісі Қожақынның айы-күні жетіп, орнынан қозғала ал­
май отырып қалған екіқабат әйеліне келген еді. Көйлегі жырты­

лып жалаңаштандырылған әйелдің шермиген қарны қыл қауіп
тұрған қылыштың жүзімен тігінен, көлденеңінен бір-бір тілініп,
мұсылмандар қауымы үшін қорлық болып табылатын крест
белгісімен таңбаланды. Мазақ үшін масқаралап тірі қалдырды.

Содан шошынды көрген әйел мерзімінен бұрын толғатып, басы
бақырдай ұл тапты. Ат тұяғын тайбасар демектейін, ол кейін
Әліп үкірдайдың орнын толтыра ала ма, әлде... ? Ол жағына
болжам айту қиындау.

Жүзден астам адам қырғын тауып, жан түршіктірген
осы оқиғадан Әліп үкірдайдің жас тоқалы Шекерхан ғана
аман қалды. Аман қалған жоқ-ау, сұлулығына, арулығына
қызыққан ойыншылар жоғары дәрежелі ұлығын қуандырып

Ғаппар БІЛӘЛ
ынталандыру қамына бола ат артына салып, сол ауылдың иесіз
қалған мал-мүлкімен қоса алып кетті. Алуға жарамаған үй-
жайлары өртеп жіберілді. Иен жұртта қаңғырып қалған иттер

иелерін іздеп үрді, ұлыды, қарны ашып, өзегі талған кезде күні
кеше өз қолынан ас құйып, аялап баққан ақы иелерінің қуыс
кеуделеріне суық тұмсықтарын тығып жіберіп, өкпе-бауырын,
қолқа-жүрегін суырып-суырып әкетті, қол еттерін, қоң еттерін

ойып жей бастады.
Қобда, Бәйтік жақта жүріп қапыда қалған Елісхан бастатқан
ер азаматтар қайтып оралғанша олардан сәл бұрынырақ жеткен
Боранқұл бұл ауылдың жұртында ат тұяғын бояп қан кешті.

Қарға-құзғын мұжып көздерін үңірейтіп, тістерін ақситып
кеткен бассүйектерді, ит кеміріп кеткен қол-аяқ, омыртқа-
белдемелерді көрді. Бұрынғы ақ төбедей кигіз үйдің күйіп кет­
кен күл үйіндісінің іргесінде айқаса құлаған кемпір мен шалдың

басын таба алмай құсаланды. Екі қолтығына екі немересін қыса
құлаған қарт әженің төбе сүйегін жел ұшырған тақиядай ауда­
рып кеткенде шашылып қалған ми қалдықтарын жалап жатқан
қанды ауыз күшікті қамшымен шықпыртып қаңқақсатты.

Мәликенің көзіне жас, Боранқұлдың көзіне қан құйылды.
Аяғының қаны басына қарай сарқырап ақты. Мәлике шашын
жайып, бетін жыртты. Қос жұдырығымен қара жерді тоқпақтап,
шалғындап өскен көк шөпті жұлып, додасын шығарды.

Боранқұл бір отырып, бір тұрды. Құндағының сыры көшкен
түркі алтатарының таңдайына оқ басып, ауыл төбесінде қалқып
ұшып жүрген құзғынды атып түсірді. Бірақ, Чін Пишу шеріктері
жалғыз ұшпайды ғой, көзі шұбартып, бойы салданып меңзығыр

күйге түскен Боранқұл меңірейіп отырып қалды. Барар жері, ба­
сар тауы таусылған, ұзын жолдың алды тұйықталған, тұмсығы
тасқа тірелген, жан сақтар мүмкіндік атаулы құрыған күй кешті.
Үміт өшті. Саңылау жабылды. Ендігі алды – ор мен көр, зымы­

стан қараңғылық, атып түскен көздің орнындай үңірейіп жатқан
үңгір дүние. Уа қуықтай ғана қу дүние, сен осынша тар ма едің?
Әлем сиған, әлемдегі барша жұлдыз, ай мен күн, жер осының
барлығы сиып тұрған ұлы бостығың, алып кеңістігің арасын­

да Боранқұл сыналанып тұрар болымсыз жапсар бұйырмағаны

ма? Қайда барса оның алдынан Қорқыттың көрі неге шыға
береді? Қалай қашып, қайда жасырынып құтыласың тірсектеп
қуған қу ажалдан?! Қорқыт ата, әкелші бір қыл қобызыңды!
Көшкен бұлтқа, соққан желге жұбату айтқан қыл ішек, сен ақыл

айтып, кеңес бермесең, көздің сыртқы ауласынан емес, түкпір
түбінен қайнап атылған қанды жас тиылар, тидау берер түрі
жоқ. Сен су сеппесең, күйдіріп, жандырып бара жатқан алау
өрттің өзекте қозданып алған жалыны жан шыдатар, маңайына

жан жолатар емес. Қылтиған бұтаның басын, қарайған шөптің
мұртын шалып, шалғыдай сыпырып отап барады. Боранқұл
дүние есігін ашқан күні Жайық жағасынан Атырау даласынан,
Каспий теңізі жиегінен басталған жалғыз үйлік көш бір орынға

ірге тебер мезгіл жеткен сияқты еді ғой. Енді қайда қашпақ?
Қайда паналамақ? Немен тынар екен бұл сарпалдаң??? Ұлы
атасы Қажыгелді заманында ақпатша соңына қосқан қуғын
Яң Зың Шин, Жін Шурін жабыла қосылған ұлы дүрмекке ай­

налып барады. Бұл қаптаманың соңы неге соқтырар екен?
Көшпенділерді бастап Қаратеңіз жағалауынан қоныс аударған
патша Тарғытайдың, кемерліктерді ықсырған скифтер көсемі
ишбақайлардың, «ел анасы» атанған – ордостағы сарыөзенді

мекендеген тәңірқұты Мөделердің заманын қай қасқыр жеп
кетті. Айтқандарың шын болса – қасқыр оларды жеудің ор­
нына, асырап бағатын қасиетті ананың әулеті емес пе еді?
Ғұндар ішіндегі түркі тобының арғы атасы сәби кезінде ішкі

қырқыстың кесірінен қол-аяғы қырқылып, иен түзге апарып
тасталғанда Алтайдың ергенехұн аңғарында көкбөрі «ашина­
хан» емізіп ержеткізген екен деп айтатындарыңның барлығы
өтірік даңғаза ма еді? Оныңыз аңыз, ертегіге айналып-ақ кетсін

делік, сонда сіз Боранқұлдың Тарғытайдан тараған үш ұлдың-
липоксайдың, арпақсайдың, қолақсайдың бірінің әулеті екенін
бекерге шығара аласыз ба? Шығара алмасаңыз, оларға аспаннан
түскен қасиетті төрт заттың – құт белгісі алтын тостағанның,

қасиетті қару алдаспанның (ақинақтың), ырыс белгісі ал­
тын соқаның, елші белгісі мойынтұрық (алтын шынжырдың)
қайсысының жұрнағы бар Боранқұлдың қолында?
Қорқыт атамыз Басат баһадүр сияқты әулеттеріне

Ғаппар БІЛӘЛ
кезіккенде «Қаратауға кезіксең, асу берсін, ағын суға кезіксең,
кешу берсін» деп батасын береді екен. Қиналғанда дем беріп,
қысылғанда күш беріп отыратын ата-баба аруағы қайда

жүрсің? Ұзаққа көшіп шырқап кеткен ұлдарыңның соңына
ілесе алмай, бетбақтың шөлінен, құбының құмынан өте ал­
май көз жазып адасып қалып, таба алмай түңілдің бе? Әлде
оғыздар елінің нелер мықтыны найзасының ұшымен түйреген,

жау ішіне кіргенде кім екеніне қарамай қырыпсал қырандай
шүйілетін Қиянсалжұқтың баласы Телідондар сияқты, қайың
оғы қос төбені тесіп өтетін жаубірінші баласы Елалмас секілді,
үш күн жау көрмесе қанжылайтын Догіннің ұлы Үрстем

іспетті, айдаһардың аузынан адам құтқарған Телеверен тәрізді,
қара жердің бір шетінен кіріп екінші шетінен шықсам дейтін
Сүбіхансары тектес қас дұшпанға қасқара шабар байрақты
батырлар шықпаған соң Боранқұл сияқты каша көшетін қоян

жүрек қорқақтарды бата беріп, аруағыңмен жебеуге олқысынып
қорашсындың ба? Оғыздар заманы қай заман? Мынау қай за­
ман? Болат-шойынмен құрсанған, алысқа атылатын мылтық-
зеңбіректермен, ұшпалы, сырғымалы танкілермен жабданған

темір қалпақтылар қолыңа темірдің сынығын тоқтатпай
жинап әкеткен жағдайда, сені сойыл салым жерге келтіріп,
қазантолмастың басынан, қос жауырынның қобысынан түйреп
тастауға келтірер ме? Жер – елсіз, ел – ерсіз қалсын демесең,

ақкөз ерлікке барудың заманы өтіп кетіп отыр ғой. Осыны
білсеңдер еді, қария аруақтар!
Ал, ендеше, қос қолыңмен басыңды бүркеп, жан аман­
дап, көрден көрге шүйгіп, зыта бер, Боранқұл! Бір тайыншаны

қасқыр тартса табынымен жиналып, өкіріп бақырып, мүйізін
кезеп, арқаларына топырақ лақтырып, бір сайдың ішін азан-
қазан ететін сиырлар ғұрлым айбар көрсетуге батылың барма­
сын!

Болмаса, Әліп Үкірдайдың қан жоса болған жұртына
керегеңді жайып, ақ ордаңды тік! Босап қалған өрісіне
жылқыңды салып, жаңадан байып қорланудың бейбіт жолына
түс! Қашан келіп тағы бір зорлықты күш желкеңнен бауыздап,

өрісте жатқан алалы жылқы, ақтылы қой, сары қоңыздай өрген

түйе келелеріңді қотарып әкеткенше ұйқы-күлкі көрмей зыр
қағып өсіре бер!
Шығысып, сіңісіп кетер, қалған өмірін қам-қайғысыз,
қауіп-қатерсііз өткізер дәмемен алыстан іздеп келгенде,

таныс-білістігі жоқ қайынжұрттың қанға бөккен, өртке кет­
кен жұртынан келіп шыққасын Боранқұл ат үстінен домалап
түсіп, мылқау, керең адамша меңірейіп отырып қалған еді. Ол
жер төмпештеп, шөп жұлып зар еңіреген Мәликенің даусын

естімеді. Сол кезде оның қасына Биғали мен Нәзилә келді.

– Бораеке, есіңді жи, ақылыңа кел, тағы бір жөні болар,

– деп Боранқұлды жұбатқалы тұрып өзі кемсеңдей бастаған

Биғалиды Нәзилә тиып тастады. Қолтығына қысып, ат үстінен
емізіп келе жатқан екі жасар ұлы Әміртайды көтеріп әкеліп
Боранқұлдың тізесіне қойды.

– Ұста, мына баланы! Ұнжырғаңды түсіріп, салыныңды суға

кетірсең бір сенің бетіңе қарап келе жатқан қатын-балаңның,
жора-жолдастарыңның күні не болады? Ержігіттің басына не
келіп, не кетпейді?! Адам баласы бір шекпеннің ішінде неше
толып, неше солады. Қой, тоқтат! Мен Мәликені уатамын, –

деп адуын айғаймен Боранқұлды селт еткізді. Мелшиген осы
отырыстан Боранқұл ашты өзекте булыға ширыққан ашумен
сергіді. Алдына отырғызылған баласын да ұмытып, орнынан
жұлқына көтерілгенде тұмсығымен жер сүзе көк шымдауытқа

құлап түскен Әміртай шырқырап қоя берген еді. Баланы Биғали
көтеріп әкетті.
Бұл тұста сұмдық хабардан құлақтанып жеткен Әліп елінің
адамдары сай-саладан құйыла бастаған еді. Барлығы ат жалын

құшып зар еңіреп жылап келеді. Біреудің ағасы, біреудің бауы­
ры өлтірілген. Біреудің әпке-қарындасы, біреудің құда-жекжаты
шаһит болған. Ұлар-шу болып қаптаған жұртшылықты қара
жал, қара құйрықты зор сары жорға атқа мінген қапсағай денелі

үлкен қызыл сары адам келіп, шырқ иіріп тоқтатып алды.
Қатипа жағалы қаптал шапанының омырауын жапқан бұйра
күрең сақалы сілкініп тұрып:

– Тоқтаңдар, ағайындар! Ұлдың ұрымына, қыздың

қырымына кететін қызыл қырғын бұл апаттың қайғысы мен

Ғаппар БІЛӘЛ кегін ешқайсымыз естен шығармаспыз. Әліп сынды арысынан айрылған еліміз жетім қалды. Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар, қарағым Мәлике, сен Жақыптың қызы болсаң Әліптің де, менің де қызым болғаның. Әліп өлсе, мен бармын. Қара тұяғымнан хал кеткенше жетімдік көрсетпеспін, тоқтау қыл, са­ быр ет, балам! Осыдан кейін аты-жөні Зайып тайжы деп таныстырылған осы бір елағасы Боранқұл көшінің тұмсығын бұрып, өз ауылы­ на көршілес қонуға әмір берді. Қырылғандардың сүйегін жи­ настырып тез жерлеуге бұйырды. Сол кезде жер-әлемді жат қылып «бауырым» салған бір айқай қайта көтерілді. Алыстан қызыл күреңденіп көрінетін жуан торы аттың екі қапталына ке­ зек түсіп, еңіреп келген адамға жердегілер жапырыла қошамет көрсетіп, жағалай көрісіп жатты. – Қайран жездекем-ай! Қайран әпекем-ай! Қапияда айрылдым-ау бәріңнен, ...қайран асылдарым-ай, айырдың-ау, қу заман... Бұл келген Қасым батыр деп аталатын жас жігіт Әліптің балдызы, Шекерханның бауыры болып шықты. Ол тоқтау ай­ тып жұбатып жатқан Зайыптың алдына тізерлей кетіп: – Қанға қан, жанға жан. Әліп ағадан жаным артық емес, есемді қайырамын. Шекерхан әпекемді қайтарып әкелемін, рұқсат беріңіз, – деп басын иді. – Қарағым-ау, мынадай жау іші, жау жаламда сендерді қайтып жіберемін?! Бәйтікке кеткен Елісхандар келсін, құралжарақ солардың қолында, күш жиып ес жинап алып, сонан соң көрелік, – деген Зайыпқа тоқтау бермеді. – Ер-намысының құлы, намыс жолында өлсем өлейін. Намыссыздықтан өлмейін. Елісхандарды тосып отырғанымызға дұшпан тоспайды. Шекерханды қорлап жәбірлейді. Көзін құртады, мен оған төзбеймін. – Қасыңа қосар азамат күші, қару күші жоқ болып тұр ғой. Зайып тәйжінің қиналып кеткен жан күйзелісін көріп тұрып Боранқұл шыдамады. Аталарынан қалған мылтығы мен қылышын көлденең ұстаған беті тік жүріп келіп, ат үстіндегі тәйжінің алдына бас қойды.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Ләббәй, тақсыр, маған рұқсат етіңіз, Қасым бауырдың жәрдемшілігіне мен барайын. Бала күннен серігім болған Биғали досымды да ерте жүрейін! Тәйжінің ожар қас-қабағы тыржыңдап, бұйра күрең сақалы соққан желмен жайқала толқыды. – Рахмет, балам, ықылас-ниетіңе ризамын. Отты көзіңнен, сұсты жүзіңнен, құрыштан құйғандай сом тұлғаңнан ер мүсінін танығандаймын. Бөтеніміз емес, күйеу баламыз екенсің, арқа тұтып, сүйеу көріп келген қайынжұртыңның хал-жайы осы болып жатыр. Біреу-екеу емес, жүз адамды жерлеуіміз керек. Мұның бәріне де қолқанат керек. Көп адам шығарарға күйіміз келмейді. Аз адаммен барғанда тәрбие көрген, қару-жарағы толық қалың әскерге не істей аласыңдар? Сұрағандарыңа бермейді Шекерханды, сұрамай алуға күштерің жетпейді. Қанып шай ішпедің, ұйықтап тынықпадың. Бұл сапарға бармай болмайтын болса, басқалар барсын! Келмей жатып сені мерт қып алсам, ол күйігің де оңай соқпайды маған. Әліптің артында қалған ендігі атаң мен боламын. Қоспа қонақ айырады. Еркек тоқты құрбандық деп сені оқ қағарға ұстай ал­ маймын. Боранқұл Зайып тәйжынің көңілін түсінді. Кірме, сіңбе қатарлы майлық-сулық орнына жұмсап Боранқұлды жасытпақ емес. Қатерге де қимайды. Бірақ, Шекерхан сынды аруды жау қолында шырқыратып қоя беруге де жаны төзбейді. Ару емес, әдеттегі бір қыз болса да жат босағасын қызартып, төсегін жаңғыртсын, тоқалдыққа кетсін дегенге қалай төзсін? Сол арада ұбырынды-шұбырынды ұл тауып, күні ертең Әліп, За­ йып тәйжы еліне жаулық, қырғыншылық жүргізетін дұшпан қарасын көбейте түссін демек пе?! Халық қамқоры қарттың осындай бір осал жерінен мықтап ұстап жығыла жабысқан Боранқұл мен Қасым Зайыпты алдыеркіне қоймады. Тіленіп отырып рұқсатын алғанда қарт тәйжы оларға Құлыш дейтін жалғыз ғана мерген жігітті қосып берді. – Жолдарың болсын, ерлерім! Батыр балаларым менің, көзсіз ерлік істеймін деп қатерлі ноқтаға бас сұғып жүрмеңдер! Ерлікке сай келетін ақыл, ашу мен кекке сай

Ғаппар БІЛӘЛ
келетін сабырлы ұстамдылық керек. Әліп сынды ардагерінен
айрылған елге ер-амазат керек екенін ұмытпағайсыңдар!
Қияты келсе, сорлы болған әпекелеріңді құтқарып шығудан

тайынбайтындықтарыңды
көздеріңнен-ақ
көріп
тұрмын.

Қияты келмесе, беткелді ұрынбаңдар! Шекерханның көзжасы
үшін сендерді қатерлі сапарға жіберіп мен де жырғап тұрғаным
жоқ. Барыңдар, жолдарыңды Алла оңғарсын! Ата-бабаң
аруағы қолдасын! Елісқанның жігіттері қайтып орала қалса,

соңдарыңнан жіберермін, – деп шығарып салды.
Салқы төс, қақпан бел торыға мінген Қасым батыр десе
дегендей, батыр тұлғалы, кеспелтек, қысқа мойны бұрылуға
келе бермейтін дойыр кісі болып көрінді Боранқұлға. Ол

тегінде Баркөл түрмесіне қамалып, аяқтағы кісенді бұрап үзіп,
күзетші қарауылды сол кісен сынығымен ұрып жығып қашып
шыққандығы үшін батыр атанған кісі екен. Сонан кейін ел іші
пана болудан қалып, Қожанияз көтерілісіне қатынасқан Әйембет

қосынына араласып, Құмылды қоршау, Жетіқұдықта Жың Пииу,
Шың Шысәй әскерлерінің қоршауын бұзып шығу сияқты ірі
шайқастарға қатынасып, талай реткі ыстық-суықты бастан
өткеріпті. Бұланып кеткен Шекерхан оның туған әпекесі болып

шықты. Отызды орталап, ақыл тоқтатқан, қайраты толысқан дер
шағындағы азамат бар қырымен Боранқұлға ұнады.
Құлын сауыр, құлан жал, қамыс құлақты құла бестіге
мінген Құлыштың бала мерген аталуы да тегін емес сықылды,

құралайдың көзінен өткізетін мерген болғыдай-жезқалақтай,
сыптығыр денелі, сығыр көздің өзі көрінеді. Екеуінің қолында
да Жін Шурін «сары аяқтарының» меншігінен айырған тәуір
мылтықтары бар. Ұзақ көш жолында жаугершілікке мінілмей,

көп мініс көрмей сартап күйінде сақталып келген тайшұбарға
мініп, өз адамдарынан Биғалиды қосып алған Боранқұл аттана
жөнелгенде Нәзилә жетіп келіп тайшұбардың сулығынан алды.
Құбының құмын жағалап, жоңғар даласын сағалап, солтүстік

Шинжанды батысынан шығысына кесіп өтіп, Боғданы ба­
сып, Тарбағатайдан Баркөлге жеткенге дейінгі ұзақ көш бой­
ында жарғақ құлағы жастыққа тимей, отын-суға жүгіріп, мал
күзетісіп тыным таппаған ауыр еңбектен шымырланып толыса

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР түскен Нәзиләнің қоңырқай тартқан желқақты жүзіне, қағылез, қайратты адамдарда болатын ширақы қимылына күлімсірей көз тастаған еді Боранқұл, өтінішпен қиыла қараған қарақат көздерінің төңірегінде өрмекші сирағындай тап сала бастаған әжім сызаттарын көріп аяп кетті. – Не керек, Нәзилә? – Менің де бірге барғым келеді. – Неге? – Сенен айрылғым келмейді. – Тағы да көзжазып қалармын деп қорқасың-ау, сірә? – Солай. – Қой, Нәзилә, мен тойға бара жатқан жоқпын. Қан кешетін жорыққа қатын ертіп шыққаным маған да ұят шығар? Болмайды, қарағым. – Тым құрығанда бір-жар ауыз қытайша сөйлей білемін ғой, керегім болар, Боранқұл соны ойласаңшы! Қатын деп кеміте берме мені! Ертеде тұтас Азияны жалмап жұтып қоюға айналған Азия әміршісі Кир патша Амударияның қырық тарауынан өтіп, Сыр бойына жеткенде алдынан кесе көлденең шығып тосқауыл бер­ ген, ерлер саны азайып бара жатқанда «ер апалар» қосынын ба­ стап ұрысқа кіріп, сайгезіне жыланның уы жағылған жебелердің астынан алып, парсы сарбаздарының талқанын шығарып, Кир патшаны ажалымен өбістірген кісі сақтардың Тұмар деген ха­ нымы екенін Бастаубай атасының аузынан естігені есіне түсті Боранқұлдың. Сол-ақ екен оның буыны босап жұмсара баста­ ды. – Ұрыс көрген жоқсың ғой, Нәзилә, аяққа оралғы бо­ лып жүрмейсің бе? – Ант ішуге даярмын, қалдырма мені, септігім тиеді, өтінемін! – Емшекте балаң бар ғой. – Мәлике бағады, екі жастан асқан бала ембесе де ештеңе етпейді. – Болмайды. – Неге болмайды? Шынымды айтар болсам, олардың жын ойнағында менің де кегім бар екенін ұмытпағайсың!

Ғаппар БІЛӘЛ Боранқұл ойланып қалды. Емшектегі балаға Мәликенің қарайтыны шын болатын. Бұл күндері зейін зердесімен де, елгезек еңбеккерлігімен де ері мен күндесіне бірдей жағып, Боранқұл шаңырағын өзі билеп, өзі төстеп меңгеріп әкеткен Нәзилә – пұшпағы қанамаған, бала көтермеген кісі. Емізіп емірене берген соң омырауынан сүт шығарып жіберген Әміртай балажандылықпен Мәликеден бауырына салып алған бала­ сы. Нәрестенің шөпілдеген жұп-жұмсақ оймақтай аузы кеу­ де сүйектің үстіндегі тырнақтай ғана қоңыр бездерге қадалып алып, сорғылағанда, әйел шіркіннің тастан жаралмаған ет жүрегі езіліп, бүкіл тамыр жүйелері еріп, балбырап иіп сала береді екен ғой. Содан кейін Әміртайды әдейі емшектен шығармай қойған. Үлкен-кішінің бәріне шыжақ болып, барлығын бау­ ырына тартып, баршаға рахым-шапағат ойлайтын бауырмал анаға жеке Әміртай емес, бала-шағаның барлығы бауыр басып, Мәлике, Боранқұлға дейінгі үлкендер де соның сөзіне тоқтап, соның сөзімен жүретін болып бара жатқан-ды. Ас-судың ба­ бын, жұмыстың жөнін, адамның көңіл-күйін жетік білетін, жөнжосыққа жүйрік адамның сөзіне кім тоқтамасын?! Боранқұл жас тоқалы ғана емес, жансерігіне айналып алған Нәзиләнің бетін қайтара алмай, кібіртіктей берді. – Жеңеше, мылтық атуды білесің бе? – деп сұрады ат үстінен шұқшия қарап күлімсіреген Құлыш. – Атпағанда несі бар екен, атамыз, – деді Нәзилә жаңадан пайда бола кеткен қайнысына қалжыңдағансып. – Жүріңіз, келістік онда, атыңызды көрсетіңіз, қолтығыңыздан көтеріп аттандырып жіберейін! Нәзиләні ертіп шығуға ыңғайланғанда оның қытай тілін білетіндігі ес қатарынан ешкім де үміттенген жоқ еді. Сондықтан болар, олардың ту сыртынан қарап тұрғандардың талайы таңырқасып, талайы қыжыртысып қалып жатты. Бейбіт елдің ішінде қан төгіп жеккөрінішті болған Чін Пишу шеріктерінің таулы өңірде ұзақ аялдап, найқалып жүруге батылдары жетпейтіндігі хақ еді. Өре көтерілер халық қарсылығынан жасқанбаған күнде де, жұрттан асқан сұлу Ше­ керханды аман-есенінде жылдам жеткізіп, жылы ұяда жан күйіттеп жатқан билеушісінің ықыласын алуға асыққан шығар,

Әліп ауылының қылышпен туралып қалған адамдарының бас-
сирақтарын жинастырып жерлеу жұмысына қарамай асығыс
аттанып, соңдарынан қосар атпен қуған Боранқұл тобына
қарасын көрсетпей кетті. Аудан қалашығына бұрын жетіп

үлгірді. Қалалы жердегі қамалды бекініске кіргізіліп кеткен
Шекерханды қалың әскери қосын ішінен құтқарып шығудың
мүмкіндігі жоқтың қасы ғой.

– Үмітсіз – шайтан ісі. Үміттенуіміз керек, – деді Нәзилә,

– мен қытай тілінде көп-көрім сөйлесе аламын. Еркектерді

үйрілтудің де ығы-жөнін білемін, егер қалаға кіре алсақ, одан
арғысын жүре көрерміз.
«Еркектерді үйрілту» деген сөз Боранқұлдың көңіліне
тық етіп кіділеу тисе де, ауырлаудың реті жоқ еді. Олар қала

сыртында Биғалиды ат күзетуге қалдырып, қалғандары ымырт
көлеңкесін жамыла қалашыққа келіп кірді.
Жол бастаушы Қасым батыр еді. Сырт тұлғасы өңкиген
дөкір кісі сықылданғанымен асықпай, саспай қимылдайтын сақ,

жүріс-тұрысқа ысылған епті адам болып шықты. Ай жарығында
көше қыдырғандармен, шарлаушы әскерлермен ұшқасып
қалмау үшін ағаш, там көлеңкелерін тасалана жүріп, барамыз
делінген Әлімбайдың үйіне тура бастап жеткізді. Әлімбай Әліп

үкірдайдың көзі тірісінде Баркөлдегі әскери қимылдардан ха­
бар жеткізіп тұруға арнайы орналастырған адамы екен. Олар
келіп қақпа сыртынан белгі бергенде Қасым батырды даусы­
нан танып есік ашты. Дене бітімі қаңғажақтай қағылез жігіттің

амандасқан қолы Боранқұлдың алақанына шып-шымыр, қатты
болып тиді.
Сыбдырсыз ашылатын сыртқы есіктен кіргізіп, шишалы
кересін шам жаққан ала көлеңкелеу үйдің төріне шығарды

сыйлы қонақтарды. Әдеміше келген пісте мұрынды аққұбаша
келіншегімен жарыса жүгіріп, дастарқан әзірлеп, қайнап тұрған
қара шайды алдыларына қойды.

– Шағын да болса, шәрілі жерміз, шайымыз қара, сауын

сиыр болмайды бізде, кешірерсіздер! Қай жақтан келесіздер,
ағалар?

– Бейіліңе рахмет, ауыл жақтан келеміз.

– Ел іші аман ба?

Ғаппар БІЛӘЛ – Қайдан аман болсын?! – Қасым аға, қабағыңыздан-ақ аңғарып отырмын. Бір сұмдық болған-ау, сірә? Осыдан кейін Боранқұлдың, Нәзиләнің кім екендігінен тартып, ел ішінде туылған қанды қырғынның мән-жайына дейін таныстырып өткен Қасымның сөзін естіген соң: – Өте қиын болған екен, обалы-ай, обалды болғаны-ай елжұрттың. Алдынан жарылқасын жарықтықтардың! Шекерхан жеңгейге тіпті қиын болған екен. Амалын тауып құтқарып шығуға кірісейік, – деген құлшыныс білдірді Әлімбай. – Қалай құтқарамыз? – Шекерханды қылмысты деп қамап тастағалы әкелген жоқ қой, қолбасының мазағына бола әкелінген. Ендеше абақтыға жаппайды. – Сонда не істеу керек? Ойланып отырып қалған Әлімбай тұтандырып алған темекісін құшырлана сорып, көк түтінді мұрнынан шығара будақтатты. Екі тісінің арасынан шырт еткізіп есікке қарай ытқыта түкіріп тастады да: – Аттарыңыз қайда? – деп сұрады. – Атымыз көл жақ шетте. Қала сыртындағы астыртта қалды. – Ат күзетінде адам бар шығар? – Бар. – Ендеше, асығуға тура келеді. Бүгін қырдан жеткен шеріктер жеңістерін құттықтап думандатып жатса керек. Өйткені, күндегідей емес, көше күзеті күшейтілген. Түнгі жүріске тыйым салынған. Біраздан кейін бұқараның көшеге шыққаны тұтқындалады, ұқтыру солай, қаланы басына көтеріп шырқалып жатқан ән мен күйдің әуенінен қарағанда дүрліктіріп тойлап жатыр, демек, олардың ішкені арақ, шетінен мас деген сөз. Әттең... бір ... екілеген әскер киімі қолға түссе, көрім болар еді. – Қамал сыртына шығып жүретіндері бар ма? – Көшеде шарлаушылар қаптап жүр. – Киімді солардан алмаймыз ба?

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Оңайшылықпен бере қоймайды ғой олар. – Сұрауы келіссе, бермейтін сараң жоқ, аламыз. Содан кейін азды-кем шүңкілдесіп бірлікке келген бес адамдық топ Әлімбайдың келіншегін ұйықтап жатқан балаларының жанына қалдырып, Нәзиләні орталарына ала сыртқа шықты. Үйден шығарда балалардың ойыншық мысығын қалтасына салып ала жүрген Әлімбайдың көзін сығырайтып қулана күлімсіреуін Боранқұл байқаған жоқ. Аспан ашық, қала тым-тырыс. Тек орталық көше жақтан шалқыған музыка әуені бөрлігеді. Кірпігі жыпықтаған темірқазықты торуылдаған жетіқарақшы бір бүйірден анта­ лайды. Күллі қала-даланы күміс сәулеге малындырып толған айдың албыраған дидары жарқырайды. Қала жағдайына таныс Әлімбайды алдыға салып, орталық көшені сағалап көлеңкеде келе жатқан олар аяқ тықырын алысырақтан естіп тоқтай қалды. Көше күзетіне шыққан екі шарлаушының сұлбасы көрінді. Олардың күткені де сол еді. Боранқұл бүйірінен түртіп қалғанда ақ жібек көйлегі сусыл­ дап, ақ орамалы жарқырап ай жарығына шыға берді Нәзилә. Қос етекті көйлек киіп, бұрала басқан Нәзиләнің тұлғасы ай жарығында артынан қарап тұрған Боранқұлдың көзіне тіптен сымбаттанып көрінді. – Тоқта, кімсің? – деп құлағында жаңғырған қытайша сөздің мағынасын ол ұқпағанымен Әлімбай ұқты. – Көтер қолыңды! – Ұйбай-ау, ер азамат әйелден қорқа ма екен? Мен әншейін... Нәзиләнің сызылған даусы өте назды еді. Шәуешекте, әлгі бір айтылмыш «құтханаларда» үйренген дағдысы ғой. Еркектерді үйрілтудің бір жолы осы шығар?! Сонда осы «емшекті сайтан» Боранқұлдың өзін де үйрілтіп алып жүргеннен сау ма екен? Үлпершек тұсынан қытыр еткізіп кеуде сүйегін тістеп қалған бір тышқан тісінің тықырын естігендей еді Боранқұл. Сөйлескен сөздерді, түсінбесе де, жанына жақын келіп бетпе-бет тұрған екі шеріктің алдында қылымсып, ер­ келей күлегештеген Нәзиләнің қылықтарын сырттай бақылап

Ғаппар БІЛӘЛ отырғанда сыбыс берген бұл дыбыс кеуде қуысында жүрген тышқан тықыры емес, там көлеңкесінде отырған жерінен қозғалып қалған өз дыбыры екен. Екі әскер бұл тықырды ести сала елеңдеп, артына қарағанда Әлімбай қалтасындағы қуыршақ мысықтың бүйірін қысып қалып мияулатып қойды. – Мысық екен, – деді екеудің бірі. – Мысықтан қорықсаңдар, әйелді көргенде жүректерің жарылып кетпей қайтып аман жүрсіңдер? Аһа, һа, һа... Нәзилә күлкіге алдандырып, өзі шеріктердің арғы жағына өтіп олардың бетін бұрып әкете бергенде там көлеңкесінен атылып шыққан екі жолбарыс беттері теріс қарап алған екі шерікті бұрылуға келтірмеді. Оқтаулы мылтықтарын алып үлгіргенше алқымдарына көр шеңгел салып үлгірді Боранқұл мен Қасым батыр. – Жақсы жігіттер екен, – деп сыбырлады Құлыш олардың алқымдарына қара талақ болып жабысқан қолтаңбаларының сыртынан омырау түймелерін ағытып жа­ тып, – жарайды, жігіттер, жарайсыңдар. Рахмет сендерге, бір бесатар, бір автомат жеткізіп бергендерің үшін көп-көп рахмет. Жандарың мен денелерің жататын жаннат көше бойындағы осы шалшық болсын! Аумин! Әскер киімдерін киіп, шарлаушылардың өздерінше жаса­ нып алған Боранқұл мен Әлімбай Нәзиләні ілгерірек жіберіп, екі өлікті жиектегі шалшық суға сүйретіп түсіріп оралған Қасым мен Құлышты тұтқындар сияқты алдына салып айдап жүріп кетті. Дүңкілдеген барабан, құйқылжыған скрипка үні зорайған сайын әскери казармаға жақындай түскенін аңғарып, әр қауіпке сақадай сайланып келе жатқан Боранқұл қытай тілінде ақырыпзекірген әлдекімдермен сөйлесіп қалған Нәзиләнің дауысын та­ ныды. – Келдік, осы ара, – деп сыбырлады қатарында келе жатқан Әлімбай. Содан кейін Әлекең казарма қақпасына күзетте тұрған қарауылға естіртіп, айдалушы Қасым мен Құлышқа қытай тілінде ақырып кіжінді. – Жүр, бас аяқтарыңды! Нәзиләнің назды лебіздеріне емексіп тұрған қақпа

қарауылдары екі тұтқынды алдына салып айдап келе жатқан
Боранқұл мен Әлімбайдың әскериленген сыртқы пішіндеріне
алданып қалған еді, ашық қақпаның екі босағасында қаздиып
сіресіп тұрған қос қарауыл өздеріне жанасалай өтіп бара

жатқандардың арасынан Боранқұлдың зұлпұхары ай сәулесіне
шағылыса жарқ беріп кеткенін көріп үлгіргенше бірінің
басы домалап жерге түсті. Екіншісінің тұмсығын Қасымның
жұдырығы шырқ еткізді. Аздан кейін оның алқымына да

бес саусақтың қара таңбасы мәңгілікке басылды. Қақпа
күзеті тазаланған соң Әлімбайдың жөн сілтеуімен Нәзиләні
алғарақ жіберіп, сырнайлатып, кернайлатып жатқан үлкен
залдың алдынан орағытып өтіп кеткен олар кең ауланың төргі

қапталындағы офицерлер тұрағына төте тартқан еді, бұдан
кейін көп тосқауылға ұшырамады. Шам қойылған есік көзінде
Нәзилә қарсы ұшыраса кеткенде жас офицер сумаңдап жүрген
қазақ әйелінен тіксініп қалса да, сыртқа шығып жүрген Ше­

керхан екен деп жаңылысып, онымен тілдесе бастағанда,
көлеңкеден суырылып шыға келген Боранқұлдың қылышы
оның басын да қапталына түсірді. Осыдан соң ұзын залдың
ішіне емен-еркін еніп кеткен топты адам тықырын шығармай,

жабық есіктердің сыртынан тың тыңдап келіп, Шекерхан
отырған үйдің есігін әп-сәтте тауып алды.
Әйел өксігіне қосанжарласқан ер адамның күңгірлі дау­
сы естілген есікті теуіп ашқан олар мылтықтарын серте ұстап

жабал кіріп келгенде тәтті тағамдарды үстелге тізіп тастап,
ырқына көнбей жылап зәрезеп болған Шекерханды жылы-
жұмсақ сөздермен сылап-сипап отырған орақ ауызды қара офи­
цер орнынан ұшып тұрды.

Сақтық үшін қала адамы Әлімбайды көзге түсірмей, есік
көзінде күзетке қалдырған Боранқұл бұл жолы офицердің
қармануына мұрса бермеді. Атылып келіп жан алғыш ақ
беренін желкесіне кезеп, шауып түсірер айбармен шаншыла

қарады. Нәзиләні аударушы етіп:

– Жан керек пе? – деп сұрады.

Жан керек деп айта алмағанмен, әншейінде құлағына қол
апартпайтын жас жігіттің ақсүйектерге тән жан тәттілігі иін

Ғаппар БІЛӘЛ жұмсартып, бас асауы басыла қалған екен, өзінен зорды көрсе көлгірсіп, күлімсірей қалатын ата ғадеті ме қалай, ырсыңдап күле берді. Үстел үстіндегі құрал-жарақтарын жинап алып жатқандардың қолына да жармаспады. – Жан керек болса, ешкімге қақтықтырмай бізді шығарып саласың, онда біздің қолдан аман құтыласың, біз уәдемізде тұрамыз, сен қалайсың? Офицер мақұл деп айта алмай мүдіре берген еді, ендігі жерде оның қарсылық көрсетер қайрат-жігері қалмағанын байқаған Боранқұл: – Жігіттер, киіндіріңдер мына маршалды, – деп бұйырды. Тік көзді, орақ ауыз қара жігіт өзін «маршал» деп ке­ кеткен сөзге түсінбеген болса керек, жауап қатпады. Киіндіріп жатқан Құлышқа да қарсылық жасамады. – Қалай? Мырзам, көнемісің шартқа? – Болады, шығарып салайын, бірақ, қақпаға дейін ғана. – Қаланың шетіне дейін барасың. – Оған болмайды, мен сендерге сене алмаймын. – Сенбесең сыбағаң даяр, біз басымызды өлімге бай­ лап келген адамдармыз. Айтқанымыз айтқан, аман шығарып салсаң, аман қайтасың. Әрі-сәрі күйде бөгеле берген офицер жоғары көтеріле бер­ ген қылыштың айбарынан именгендей еді. – Жарайды, сөзде тұратындарың шын болса, айда кеттік. – Айтқанымыз айтқан. Жүр алдыға, бізді босат! Құлыштың қолындағы өз тапаншасының кезенулі ұңғысына көз қиығымен бір қарап алған офицер күрсініп жіберіп алдыға түсті. Әскери формалы киіммен шыққан бастықты көріп қарсы кезіккен бірен-саран әскерилер бұрылып жол беріскен еді. Олардың шұқшия үңіліп қарағыштаған біреулерін Боранқұлдың алдаспаны турап түсіріп кетті. Сол жүріспен қақпадан шыққан олар офицерді жалтаруға келтірмей, алдыға салып көшеге тарт­ ты. Қала шетінде оны босатып қоя бермек болған Боранқұлға Құлыш қарсы шықты.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Жауды аяған жаралы болады. Боранқұл аға, жібермейік мұны. – Бізді аман-есен шығарып салған еңбегі үшін жанын қалтырайық! – Болмайды, Бореке, артымыздан оқ жаудыртады. – Жаудыртса мейлі, бірақ, серттен таймаймыз. Сертте тұрмаған кісілікке жатпайды. Бағана қайтарамыз дедік, айттық, бітті., қайтсын. Шығарып салғанына рахмет. – Бізді өзі бастап шығарып салған соң, бұл сор­ лы ұялмай-қызармай үйіріне қай бетімен барып қосылады? Қосылған күнде де соңымыздан қуғыншы сала қоймас, Боранқұлдың ұйғырымы дұрыс, барсын, – деп Қасым батыр қостаған соң Құлыш зорға қосылды. – Амал жоқ, ағаларым бұйырып тұр, бағың бар екен, болмағанда шекеңді шеруен аттандыратын едім. Ал, енді жоғал көзімнің алдынан! – деп офицерді май құйрықтың тұсынан теуіп қалды. Бірақ, олар тыныш құтылып кете алмады, артықша жан қинауына түсіп ауырып қалған Шекерхан атқа жүре алмай оларды аялдата берген-ді. Таң ата соңдарынан қалың шоғыр қуғыншы әскерлер жетіп атысқа душарласты. Шаң беріп алы­ стан келе жатқан қуғын қатері алғаш байқалғанда санап атып шерқұмарымнан шығайын деп ешкім де ойлай алған жоқ. Құлыштың абыржыңқы кеспірін көріп, Боранқұл қабағын түйді. – Қорықпаңдар, жігіттер, сабырлы болыңдар! Екі әйел алдыға озып кете берсін, біз биіктеу жерден қарауыл иеленейік, – деп бұйырған Боранқұл дәл осы жерде қателесіп тұрғанын абайлаған жоқ еді. Жеделдетіп жеткен әскери қосын отыз шамалы адам екен. Өкпе тұстағы жал қыраттан атыс бер­ ген бұларға қарсы шабуылдауға қақ жарымы бөлініп қала берді де, жарым бөлегі ілгерілей шауып өте шықты. Демек, олардың алдыға жіберілген Шекерхан мен Нәзиләні алыстан дүрбі салып көріп, біліп келе жатқандының белгісі еді бұл. Амал жоқ, бұлар қарауылды тастап тұра жөнелсе, қуғыншыларға Құдайдың бергені болар еді, ырықтылықтан айрылып, алды-

Ғаппар БІЛӘЛ артына қаратпай соңынан жауған оқтың астында безілдей зытқын қашқынға айналар еді. Соны тез аңғарған Боранқұл тобы еріксіз атысқа кірісті. Алысырақтан қадап атып, бірнеше әскерді ат үстінен жалбыратып түсіргенімен беті қайтпаған құралды қосын бұларға қарата ат үстінен оқ жаудырып, жапатармағай ат қойды. Олар өрге қарсы шауып келе жатқанда өткен түнгі шарлаушыдан қолға түсірген автоматтан Боранқұл тұңғыш рет оқ боратып, қасқа маңдайдан атқылаған еді, алдыңғылары аттан жапырыла құлағанда соңғылары кейін төңкерілді. Осы орайдан пайдаланып аттанып алған олар әйелдердің соңынан кеткен алдыңғы топтың ту сыртынан шапқылап, Нәзилә мен Шекерханды ұстап алып қайта бетте­ ген әскерлердің өкпе тұсынан келіп шықты. Топты жау еңісте, бұлар биікте, аралық алыс. Сай тағанында саусылдап желе жортқан «сары аяқтарға» олар қырат үстінен оқ жұмсады. Бірақ, бірен-сарандап аттан құлаған шығындарына қарамай, қарсы шабуыл жасаудың орнына қолға түсірген олжаларын ала қашып, құтылуға ыңғайланған дұшпан күштерінің ара­ сынан әйелдерді құтқарып алып шығудың орайы табылмады. Сусып шегіне берген топты әскер тұмсық айналмаға жеткенде қиятын тауып, жетекке алған қыл шылбырды шешіп жіберіп қашқан Нәзилә бұлар жатқан қыратқа қарай ат қойған еді, ұзаққа жібермей жауырын тұсынан қадалған оқ серпінімен аттың сауырына қарай жайылып барып шалқасынан түсті. Көзіне қан толып есерленіп кеткен Боранқұл өз тобын ба­ стап әлгі тұмсықтың өр жағындағы тастақ төбеден келіп оқ жаудырды. Сайдағылар бұған тым дүрліге қойған жоқ, оның есесіне солар жақтан қадап атылған бір оқ Боранқұлдың шеке терісін сыдыра жалап өте шықты. Осы тұста шылбырынан жетектеулі жүрген Шекерхан ат үстінен түсе қашқан еді, соңынан қуа жетіп ұстаған зор денелі бір әскер көтеріп алып, кеудесіне оқ қағар етіп ұстады да көткеншектеп шегіне берді. – Атыңдар, бауырларым, мені атыңдар! Жат қолына тірі жібермеңдер! Мені тірі жібере көрмеңдер! Атыңдар мені, ат, ат! – деп шыңғыра айқайлады Шекерхан Дұшпан шеңгелінен Шекерханды тірі алып шығу ендігі

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР жерде ешкімнің қолынан келмейтін еді. Тас қалқасына екпет­ теп жатқан Боранқұлдың көз алды қарауытып, жарық дүние шұбарланып кетті. Басы айналып, көзіне жас толып, не істерін білмейтін есеңгіреген күйде Шекерханның құс төстене біткен кеудесін қарауылға қондыра алмай қолы дірілдей берді. – Ат, мені атыңдар! Өтінемін сендерден, бауырла­ рым, бір тал оқтарыңды аямаңдар менен! Садағаларың болып кетейін, Құдайдың зарын қыламын, атыңдар мені! Құлын да құлын даусы шырқырап, атып өлтіруді өтініп жалынады. Жан даусы, ақтық зары ғой бұл оның. Боранқұл мақпал комзолдың омырауын сыздата керіп, үшкірлене дірілдеген қос алманың қақ ортасындағы қобыны дәлдеп сығалай бастады. Жат жұрттықтан үрке қашып аласұрған әйел жүрегі сол қобының астында тұр ғой. Ана мейрімі үшін, жар махаббаты үшін, ізгі сүйіспеншілік үшін соғатын қасиетті әйел жүрегі, саған медет берер, шапағат етер ер азаматтан алар сыбағаң, көрер қызығың мылтық аузынан та­ тыратын мырыш оқтарға айналып кеткен бе ед»? Ол мылтық қарауылының ұшынан Шекерханды емес, Шекерханның киімін киіп, Шекерханның тұлғасына енген Нәзиләні көрді. Қиылып кеткен қантамырынан қызыл жалын шашып тұрған Нәзиләнің жүрегін көрді. Су мылтықтан жіберілгендей шапшып секірген қан өзінің бетіне шашырап, көзіне құйылып жатқандай күй кешті Боранқұл. Қып-қызыл қан ішінде бұлқына тулаған сол жүректің «мені жіберме, баяғыда, Шәуешек қаласында қорлаған жынойнақтың ішіне жіберме, өтінемін сенен, жалы­ намын саған» деген жан айқайын естіді Боранқұл. Мені аман жіберуге, жаралы жіберуге қақың жоқ, өйтпесең қарызым сенде қалады, мойныңда кетеді» деп зарланады сол жүрек. Мылтық қарауылына ілінген әйел тұлғасы ақ періштеге айнал­ ды. Ақ тамақ қарлығаш болып шырылдады, бірақ, абжыланның аранына құйрығынан ілініп, жұтылып бара жатқан қарлығаш қанаты далбырлап қанша тырбанса да құтылудан, қайта ора­ лудан қалған. Боранқұлдың масаға ілініп, қарысып тұрған сұқ саусағы ақыры иіліп кетті. Екі кісіні қатарынан түйреп өткен оқ серпінімен Шекерханды ту сыртынан құшақтаған күйінде

Ғаппар БІЛӘЛ
шалқасынан құлаған шерік қабаттаса жығылғанда қара мақпал
камзолдың етегі жайылып барып, оның аузы-мұрнын кептей
жауып қалды.

Дұшпандасқан екі дененің қос кеудесін көктеп өткен бір
оқпен бір-біріне шегеленіп қалғандай ажырамаған қалпында
қабаттаса құлаған сол көрініс мәңгілік елеске айналып, екі
бірдей әйелді құрбандыққа беріп, еткен еңбек, төккен тері зая

кетіп жеңіліс тапқан қорлықтан зығырданы қайнап булыққан
Боранқұлдың зердесінде басылған ғұмырлық таңба болып қала
берді.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ ЖҰТ Заманның зауалға соққан боран-шашыны тарыдай шашып жіберген ауыл-аймақ туыс-туғандарының арасынан бөлініп шығып кеткен Боранқұлдың соңғы жел екпінімен келіп түскен жері – ХІХ-ХХ ғасырлардың өларасында тағы да Шыңжаннан босып, Тибетке өткен күнәсі үшін жеткен жерінде қалып, басы Алтайға жерленген Бөке батыр басшылығындағы аз ау­ ылдан басқа исі қазақ баласы аяқ басқанды қойып, атын естіп білмеген «Итарқасы» қияндағы алтыншөге қапталындағы Момохы, Садимге түсе беріс аңғар сайдың кіре беріс аузы еді. Бұл мың да тоғыз жүз қырқыншы жылдың апатты қысы енді басталып, айғай борандары мен қарлы бұрқасындары атқа міне бастаған шағы болатын.. Қазақ тарихында күрсін күй, күңіренген шер болып шертілетін естен кетпес «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қанды қырғынын сол заманнан қалған жыр-күйлер, аңыз-әпсаналар, хиса-дастандар жылаулы жүрекпен еске алады. Бүгінге қадар Боранқұл басып өткен соңырасыз сапардың қиямет қиыншылықтарымен салыстырғанда қазақ даласын қанға бөктірген сол мезгілдің апаттарын «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» бақытты шақтары қатарында күрсінбей, күліп отырып еске алса боларлық секілденеді. Ол тұста алапат апаттан қашып-пысқан қазақ баласы қанша алыстарға қаңғырып тентіредік деген күннің өзінде де байтақ жатқан байырғы қоныстарының өз көлемінен шеттеп шығып кетпеген, бүкіл Орта Азия пана болудан қалып, қорғалайтын бір бұтаның түбі бұйырмайтын тағдырға тап болмаған ғой. Найзаның ұшы, садақтың сайгезі құрығанда туған жер,

Ғаппар БІЛӘЛ атамекені – өз Отанынан топырақ бұйырған, тым құрығанда, өлік-жемтіктерімен өз Отанының түлкі-қарсақ, қарғақұзғынын тойындырған, тым құрығанда, қадірлеп жерлеген мазар, зираттарына әрі-бері өткен сан ықылым жолаушыжүргіншілер тағзым етіп, құран оқып, дұға жасап Құдайдан иман тілеу мүмкіндігіне қолы жеткен. «Ажалды киік адырға қашады» демектейін, мың тоғыз жүздің отыз төрт пен отыз бесінші жылдары аралығында ішінара керей ауылдарының Боранқұлды өз тасқынына іліктіріп ала жөнелген ауғындық сапарының алды мұңғолияның Өлгей өңірін шалып өтіп, Гансу, Чиңхай қатарлы қытай өлкелерін кесіп, жер шарының Арктика мен Антарктикадан кейінгі үшінші орында тұратын мәңгі мұздар қаптаған құзар мұзарты, дүниенің жотасы Тибет үстіртіне ба­ рып ілінді. Ендігі жерде Үндістан, Пәкістан арқылы Азияның батыс оңтүстік қолтығындағы Шығанақ елдерін шыр айна­ лып, ыстық та шөлейтті араб елдерін шарлап, дүниенің басқа бір түкпірінен қандас-қарындастарын тауып ат тұмсығын тіремек. Аспаннан қуып жетіп тасталған доп (бомбылар) құдіретімен жүкті түйелерін әуеде билететін, жерден қуып жетіп, зеңбірек-пулеметтен төккен снарядтар мен оқтардың күшімен қатын-қалаш, бала-шағаны бұршақ соққан егіндей жапырып, қиратып кететін қара түнек жаугершілікті жол­ да қынадай қырылып, тоз-тозы шыққан қалың елдің аурусырқауларын, жас сәбилерімен жасамыс қарияларын арқалап көтеріп жүріп, сонша шырқау қиырларға сапар шегуін дүние халықтарының ешбірі бастан кешіріп көрмесе керек. Ұзақ жылдарға жалғасқан сарпалдаң сапарларда, қан сел боп аққан жорық жолдарында тақымкестіліктен қанжілік болып, жалы үзілген, сауыры қазылған, саны садақтай, белі қармақтай болып, тұяғы тұжырылған, тұрасынан қан саулаған есіл сәйгүлік тайшұбар былғалақтап келе жатып сүрініп кетті де тұмсығынан шаншыла құлап түсті. Бұл Садимның бөктер адырында сәтке дамылдап, ыстық су қайнатып ішіп, бой жы­ лындырып алмаққа суыт көшті тоқтатып, аттан түскен көп ауылдың тезек теруге шыққан отыз шақты баласын өзінің екі

сәбиімен қоса кескілеп қырып кеткен Ма Буфаң әскерлерінен
кек қайтару үшін көшкен елдің артында қалып, жалғыз ша­
уып жүргенде кездескен тауқымет еді. Боранқұлдың басына
«ақырзаман» сонда орнады. Тізесі кесілген, қылтасы қиылған

деген осы да.
Ат – адамның қанаты. Алтайдан Атырауға дейінгі да­
ланы Боранқұлдың ата-бабалары ат күшімен иелеп, талай
реткі шапқыншылықтан ат күшімен қорғап қалған, «ақтабан

шұбырынды» апатынан да ат күшімен құтылған. Іргеден
өрген Шыңғыс Жәуміттері де жалпақ Азияны, жарым Еуропа­
ны ат күшімен бағындырған. Барар жердің, басар жолдың қақ
жарымын басып үлгірмей жатып, Боранқұл мырза Чиңхайда

жаяу қалса мәрмәр теңізі жағалауына сүйегі жетер ме?! Уа,
қаңғыртқан Құдай, тірі жан, тісті бақаңды қу жалғанның
қуықтай қуыстығында осыншама сорлатармысың?!
Жанжүйесінде қар көшірген жаяу борасын көтерілген

Боранқұл қау тікендей қаулап өскен сақал-мұрт жауып алған
қара қайыс жүзіне, ожар биік қабағының астына шүңет тартып,
тереңнен сығалайтын қанталаған көзіне, қатулана түнерген
ажарына қарап мөлтеңдеп, жанында тұрған сопа басты сұлу

келіншекке қараған жоқ, жүгіріп жүріп шөп жұлып әкелген еді,
зорық меңдетіп, басын көтере алмай тұмсығымен жер тіреп,
кірпігі зорға қимылдап жатқан тайшұбардың былшық басқан
жұмулы көзі шөпті көрмеді. Жүгеннің сулығынан тартып

көріп, ауыз қуысының да сұп-суық болып кеткенін байқады.
Шөп жұлардан айрылып, шұбарынан оңып тарланбозға
айналған қартамыс серігінің бүйірін соққан кеспірінен түңіліп
кеткен еді. Алқымына пышақ ұруға келгенде отыз жыл қанат

болып, қаптаған қалың ажалдың ішінен аман алып шығып
отырған жан жолдасын қимай қолы қалтырап кетті. Жанын
қинамай бауыздап кетуге батылы жетпеді.
Айылын ағытып, ер-тұрманын көтеріп тасқа шығарып

бара жатқанда аяқ жақтарынан жер дүңкіген ат сарыны,
шуылдаған адам дауыстары естілді. Бұл осының алдында ғана
тайшұбармен өрлі-қырлы шапқылап таба алмай қаңғырған
сары ұяң әскерлерінің дүбірі мен дабырасы екенін тез аңғарған

Ғаппар БІЛӘЛ
Боранқұл сай тағанында тұрған әлгі бейтаныс жас келіншекті
қолынан жетелеп, қару-жарағын көтере қашып, өкпе тұстағы
жапсар қуысты өрлей жүгірді. Тайшұбардың барында іздеп

таба алмаған дұшпанынан тайшұбардан хал кетіп жаяу
қалған соң солай қашты. Тұмсықшаланып біткен секі тастың
үстіне шыға берді. Дүрілдетіп келе жатқан ат дүбірі, айқай-
сүрен адам даусы жақындаған сайын құлағын қайшылап,

тұмсығымен жер тіреген басын көтеріп, сергексіп сала бер­
ген тайшұбардың сай тағанындағы делебесі қоза бастағанын
көрген Боранқұлдың көз шарасына жас толып алды. Сөйтіп,
топты көрсе, дүрмекке араласса болғаны, аруақтанып кететін

есіл сәйгүлік өлім алдында жатып, тау-тасты жаңғырықтан
қалың дұшпан шауып жетіп келгенде орнынан қарғып тұрып,
ақы иесі Боранқұлдың балаларын кескілеп өлтірген қанды қол
қас дұшпандарымен қосыла жарысып жөнеп берген еді. Бірақ,

олардан озып шыға алмады. Аяғы шалыныса тәлтіректеп
кетіп, тұмсық айнала берісте омақатып түсті. Соққан желмен
жарысқан, бұршақтай төккен қалың оқтың арасынан жұлдыз
болып ағатын сахара сәйгүлігі ақырында өз жауларымен жа­

рысып бара жатып жан үзді.

– Бітті, – деді Боранқұл қос білегімен сүйеніп тұрған иек

артпа секі тасты жұдырығымен қойып қалып. Өкпетұстан өтіп
кеткен аттылы жаудың артынан жаяу шабар нысаймен ұмтыла
беріп, етегінен тартқан жас келіншектің қабағына қайта бір
айналып қарады да, шалқалап кетіп, суық сұр тасқа сілейіп

отырып қалды. Отырмай қайтсін?!
1935 жылы Елісханға ілесіп Баркөлден ауа көшкенде же­
тем деген жері осы иен бе еді?! Оның күткені Чиңхай өлкесінің
аң мен құс мекендеген елсіз шатқалында жат әйелді қасына

алып, жалғыз басы қаңғырып жолда қалу ма еді?!
Рас, оған алғашқыда Шекерхан мен Нәзиләнің қазасы
қатты соқты. Екі жыл ғана отасқан қысқа ғұмырында
Нәзилә оны аса дарынды әйел махаббатымен силады. Айтып

тауысқысыз әйел мархабатымен қуаттандырды. Жанына ме­
дет, қолтығына демесін болды. Нәзиләнің барында ол мал
демейтін, Нәзиләнің барында үй шаруасына қарамайтын,

бүкіл бір үйдің ішкі жұмысын да, сыртқы шаруасын да сол
басқаратын, сол тындыратын. Қайсы қойды сойып жеп, қайсы
тайды жалшының еңбегіне беретінін, қайсы ат пен түйені
қай көршінің көлігіне бөлу керектігін, қайсы малды, қанша

малды сатып, ақшаны қайда жұмсайтынын, шайды, тұзды
қайдан аларын Нәзилә шешетін. Отты сол жағатын, суды сол
әкелетін. Бедеу басымен бала емізетін балажандылығымен
қысыр күйде желіндеп, омырауынан сүт шығып кетуінің өзі

Боранқұлға кереметтей сиқыр құбылыс болып елестейтін.
Есеп айырысып кезекке тұруды, бой таласуды білмейтін
біртоға жаралған момақан Мәлике шұбалаң етектеу болса да
әйел ғой, отын жағып, суын құйып, құман-шәугімін әзірлеп

беріп, онсыз жерде зыр жүгіртетін барша ауыртпалықтан
қолын босатқан тоқалдың қылығына тәнті болып, бірінен
кейін бірін шұбыртып тапқан қара шұнақтарының алдына
тигенін әлдилеп отыра беретін. Зауықты кезінің өзінде тізесін

қылтасына жіберіп, арқасын қасытып отырған Боранқұл
қасынан тұрып кетіп, белбеуін Нәзиләнің төсегінің тұсына
барып ағыта бастағанда көзінің ала жерімен қарауға да,
қабағын тыржитып, ернін бұртитуға да батылы бармайтын.

Әлдиінде отырған Әміртайды ала қашқан Нәзилә омырау­
ын ағытып жіберіп, қоңыр моншақтай жылтыраған үрпін
баланың аузына төсеп емізе бастағанда Мәлике іштен шыққан
сәбиін қызғанудың орнына ауыр жүктен мойны босағандай

кеңіп жырғап қалатын. Болмаса, Әміртайдан төрт жас үлкен
Жаукенін шақырып алып, тұлымының арасынан иіскеп
аналық мауқын басатын. Сөйтіп жүрген Нәзиләнің қылығын
Боранқұл қайдан ұмыта алсын?! Ұмытқанды қойып, Нәзилә

мен Шекерханның өлімінен кейін Боранқұл желік ауруына
шалдығып құтырып кете жаздады. Алпамсадай зор денелі
әскердің бергі бетіне оқ қағар етіп ұсталған Шекерхан
тұлғасы өзгеріп, Нәзиләнің бейнесіне еніп алады да, ұйықтаса

түсіне кіріп, ояуында көз алдынан кетпей зарлап тұрып ала­
тын әдет тапты. Сол аруақ біресе «атыңдар, бауырларым,
мені атып өлтіріңдер, өлтірмесеңдер обалыма қаласыңдар,
қарызым мойындарыңда кетеді» деп зарласа, келесі кезекті

Ғаппар БІЛӘЛ
«қыр, жой, қанға қан, мынау қанға бөккен дүниені қанмен
жуыңдар, атыңдар, шабыңдар» деп ұран салып, даурығады.
Сол үн құлағына жеткенде көз алды қызыл шымылдықтанып,

көлкіп аққан қан теңізінен өзге ештеңе көрінбей кететін
Боранқұл қалшылдап, дірілдеп қоя беретін күй кешті. Алды­
на келген адам, айуан атаулыны қидалап шауып тастағысы
келіп ширықтыратын құлшыныс пайда болды. Сол шақта,

ол бір ғана кісіден, тек Елісханнан қорқып тоқтап қалатын,
ұстамалы дерттің сондай бір қозбалы қарсаңында қылышын
ала ұмтылып, Мәликені шауып тастағалы жүгіргені бар. Сон­
да ғой, есіктен ақыра кіріп келген Елісханның шоқтай жанған

сап-сары көздерінің ішінен атылып келіп бассалғалы тұрған
бір кесек денелі арыстанның өзіне қарап айбар шашқаны,
сонда ғой, Боранқұлдың қалтыраған қолынан қисық қылышы
салдыр етіп жерге түсіп кеткені. Содан кейін ғой, Боранқұлды

байлап тастамақ болып жініккен ауыл азаматтарын қайтарып
жіберген Елісханның оның үйінде күзетке тұрып, бірнеше
тәулік бойы тапжылмай бағып отырғаны. Сонда ғой, Елісхан
арнаулы адам жіберіп, Құмылдан алдырған ұйғыр тәуіптің оны

дуалап, емдеп жүріп, айналасы екі аптаның ішінде аурудан
құлантаза айықтырып жібергені. Содан кейін ғой, оның ел-
жұртты бастап ауа көшуге жұмылдырып жүрген Елісханның
қимылдарын шет-жағалап көріп, ұлы баранын дүнді барандап

түсіне бастағаны, бірақ, ол құлдық ұра табынып кетпесе де,
Елісханның аузынан шыққан әр лебізіне имандай ұйитын адал
серігіне айналып кеткендігін көпке дейін аңғармай жүрді.
Елісхан көші-қон жұмысын 1916 жылғы Нұрсәлімше бір

жерге топ құрып, ұлы дүбір жиын ашу жолымен шешпеді. Ал­
дымен ауыл-ауылды аралап, ел ағаларының ішіндегі көшуге
бейімі барларын ыңғайлап шықты. Солардан кейін бір-бірлеп
өз көлеңкесінен қорқатын жаны тәттілерді қолға тұрғызды.

Мұндай жалтаңкөз солқылдақтардың бабын табу үшін оларды
егеп, қайрап өткірлігін жетілдіретін түсінік беру, насихаттап
иландыру қажеттігін Боранқұл сонда түсінді. Ал, кежегесінен
кейін тартқан кербақпалар мен өзі де сатылып кететін, ел-

жұртын да сатып жіберуге бейімі барларды қорқыту керек

екен. Есдәулет руының беделдісі Тұңғышбайды Елісханның
қорқыту тәсілі Нұрсәлім болыстың әдісіне де ұқсаңқырап
кетуші еді, бір реткі шайқаста қолға түскен гоминдаңның үш
әскерін топты адамның көзінше шауып өлтіресің деп Елісхан

Тұңғышбайдың қолына балта ұстатты. Тұңғышбай тамам
жұрттың алдында қас дұшпанды өлтіруден бас тартса, көптің
табасына қалмақ. Өлтіріп жіберсе, үкімет алдындағы сенім,
беделінен жүдәләнбақ. Темірдің екі басы да ыстық, амалы

құрыған Тұңғышбай бір шеріктің басын шауып түсіргенде,
қалған екеуін Елісхан босаттырып қоя берді. Сөйтіп, үкімет
жақтың бетін көруден қалып қойған Түкең еріксіз Елісхан
тобына келіп қосылды да, өзіне қарасты үш-төрт жүз түтінді

бастап Гансуға ауған алдыңғы елдің легінде кетті. Жәдік
руының біліктісі Артықбай қиқарақ шығара бастаған соң
Елісхан әдейі өсек шығарып, «Артықбайды үкімет әскер
шығарып ұстап әкеткелі жатыр екен» деген дақпырт таратып

жіберді. Сол хабардан тіксінген Артықбай Елісханды өзі іздеп
келіп тапты. Ал, Шиң Шысай үкіметіне бүйрегі бұрылып,
жақсылығынан дәмеленетін, сол үшін үкіметке қызмет
көрсетіп жақсаттануға ұмтылатындар мен жасырын қойылған

жансыздардың үстінен «бүлік тудырғалы жатыр» деген
жалған мәлімет жіберіп, алданған үкімет тарауларын олардың
соңынан қуғын салуға қосты. Сөйтіп, үкімет жағына сенімі
кеткендер ақырында Елісханның ығына келіп жығылды.

Бұл ел ішінде қадыр-құрметі бар ауыл ақсақалдарының, ру
иелерінің ішінен бірсыпырасы тұтқындалып, алды Шиң Шы­
сай қамақханаларында атылып кетіп жатқандығы туралы ха­
бар тапқан жұртшылық қатты ашынып, ашу шақырып, дүбініп

тұрған қарсаң еді. Бұған халық қолындағы қару-жарақты жи­
нап алуға шыққан адуын топтың аптықпалы қимылы келіп ара­
ласты. Оның үстіне ауыр алман-салық келіп қосанжарласты.
Соның кесірінен толқып, сілкінген ашулы тобыр Елісханның

соңынан ілесе жөнелуге бейімделе берді. Сол кезде ғой,
Елісханның Саршоқы жайлауының теріскей жақ түсе беріс
етегіндегі жалпақ жұртта отырған Зайып тәйжінің ауылына
барша қасқа мен жайсаңды жинап бас қосқаны. Демін ішіне

Ғаппар БІЛӘЛ
тарта келіп-қайтып, күшіне енді ғана ене бастаған күз желі
шаңырағын шайқамаса да, туырлықтың етегін желпілдетіп,
түндіктің бұрышын қолпылдатып тұрған ақбоз ауылдың сыр­

тында, тазығырлана бастаған күреңселі қойнауға жиналған
топты адамның ортасында қоңыр былғарымен тысталған
пұшпақ ішігін желбегей жамылып, қос тізесімен жер басып
жүгініп алған Елісхан ал бір сөйлеп жөнелді дейсің. Алдына

көлденең түсіп жатып алған сарбел замандай қарсыдағы сары
жонға тігіле қараған сарғылт жанарында, атжақтанып біткен
қызыл шырайлы бет ажарында сабырлы салмақтылықтың,
қағылез орамдылықтың, сұңғыла аңғарымдылықтың салау­

атты нышандары тұлғаланған осы бір жас жігіттің сол күнгі
күңгірлеген қоңыр даусы Боранқұлдың құлағынан кетпейді.

– Төрт төңірегі мұз таулармен қоршалған ана отанымыз

– алтын бесігіміз еді. Енді ол жаратылыс өзі қалыптастырған

табиғи абақтымызға айналды, – деп бастады Елісхан алғашқы
әңгімесін, – қазір бұл абақтының есігі кірушілерге ашық,
шығушыларға жабық, қарулы күзеттермен құлыптанды.
Тарих соның шойын құлыбын шағып, бостандыққа шығу

міндетін біздің мойнымызға жүктеді. Халқымыздың тұқым-
тұқияны құлдықтың, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген
зорлықтың қорлығына ұшырап, кісі есігінде үріп кетпесі
үшін біз осы міндетті орындауымыз керек. Бұл – асқан

ерліктің жолы. Бұл – ұрпақ қамын ойлаған елдіктің ісі, бұл

– ердің ерлігі сынға түсетін қауіп-қатердің асқар асуы, біз

осы жолды таңдадық. Қаламын деушілерге жол ашық. Бірақ,
өз ұлтымызға опасыздық етіп, дұшпандарымызға тізе бүгіп,
соңымызға түсетін қуғынға мұрындық болып жүрсе, оларға
рахым жоқ, өз қолымызбен бауыздап кетеміз, сонда бізге

өкпелемейтін болсын!

– Іргелес отырған көрші елдерден бізге қылар қайыр-

шапағат жоқ па? – деген көлденең сұрауларға да Елісхан іш
жимады. Шалымы күшті алымды жауап қайтарып, иланым
таптырды.

– «Көрші қақысы – тәңір қақысы» дейді екен бұрынғылар,

ондайлар өзімізбен тұқымдас, тілдес, діндес халықтардың

ішінде жоқ та емес, бірақ, өздерінен зорлар олардың бізге қол
ұшын беруіне жол бермейді. Демек, оларға да «байтал түгіл,
бас қайғы» болып отыр.
Елтірі тымақтары шалқая, жарғақ құлақтары қалқая

тыңдап, сілтідей тынып отырған жұрттың арасынан ұшқан
шыбынның ызыңы естілер еді, Елісханның сөзіне қайран
қалып, ой жүйесіне толық бойлай алмай малтыққан Боранқұл
сөйлей түссе екен деп құмартады.

– Ма Жұңиың шегініп кеткен соң Шиң Шысай қарулы

күштері 1932 жылы нарат тауында Қожанияз қосынын
қоршауға алған еді. Бұл екі жақ үшін де шешуші шайқас
болған жоқ, жеңсе өкшелеп қумайтын, жеңілсе ес-ақылынан
адаса қашпайтын Шиң Шысайдың ішкі есебі өз күшін

орынсыз шығындатып алмай сақтап қалу ғана болатын. Ол
адам баласы өз мұратына тек күш арқылы ғана қол жеткізе
алатындығын тура түсінген ақылды кісі еді. Күші жоқ бол­
са, әр қандай ұлылық, әулиелік дегендердің барлығы мүсәпір

мұңлыққа айналады, сол үшін ол Құмылды қоршауда да тар­
тына қимылдады. Ал, Ма Жұңиың сияқты демеуші күш өз
жеріне тайып тұрғандығы себепті әлсірей бастаған Қожанияз
қорғаныс күйіне көшті. Жайы келсе, үкімет жағымен жара­

сып кетуге ниеттенді. Бірақ, Шиң Шысай тартқан сіріңкеден
өртке кетіп, күлі қалған Құмылды көргенде лоблыған көңіл
Қожаниязды тауға қайта алып шықты да, сыртқы мұңғұлия
жақпен шығысып, әскери көмек алды. Алтайға қоныстанып,

тың игеру жолымен байыған Гемеркин есімді Ресейлік
алпауыттың сауда керуенін олжалап, кемтігін толықтырды.
1932 жылы Тайырбек, Мақсұттардың бастауында көтеріліп
шыққан Тоқсын, Пішән диқандары Жін Шурін қосынына

Құмыл маңында қақпан бастырды. Басқалай иық сүйері
қалмаған Жін Шурін Ресей топырағынан күн көре алмай
қашып келіп бағынғандығы үшін «бағынды армия» атанған
ақтардың күшімен Сәнбауда қайта шабуылға шығып, аты

оққа ұшқан Мақсұтты қолға түсірді де, оның кесілген басын
Тұрпан көшесінде көрмеге қойды. Бұл ұйғыр азаматтарына
«тыпыр етіп бүлік шығарсаң көретін күнің, алатын сыбағаң

Ғаппар БІЛӘЛ
осы» деген ескерту еді. Жін Шурін босағасында сорпа-
суға тоғайған бағынды армия Тұрпан, Құмыл төңірегіндегі
қыстақтарды өртеп, тұрғын ұйғырларды қырып салды. Өрт

құшағынан жандәрмен қашып шығып тау сағалағандар аязда
үсініп өлді. Аштан өлді.
Басы алынған Мақсұттың бауыры Мамұт бұл қысымға
шыдамай, Қожаниязды Пішанға шақырды. Ма Жұңиың

Гансуға шегінерде Қожанияз қарастылығында қалып қойған
Ма Шымиң, Ма Жансаңдар тәжірибелі соғыс мамандары
еді. Тұрпан күзетіндегі полк командирі Ма Фумиң дүңген
қандастығы, мұсылман діндестігі үшін жан тартып, олардың

қосынын қалаға кіргізді. Олар қалаға кірген заман Тұрпан
әкімін қысымға алып, өздеріне үлкен қауіп төндіріп келе
жатқан дырау күш Шұң Фаюды Тұрпанға алдап шақыруға
көндірді. Нәтижеде Шұң Фаюдың қалаға кірген жерде басы

алынды. Бригадасы жойып жіберілді.
Бұл тұста Жін Шурін күні ертең өз орнын тартып
алып, Шыңжан патшасына айналатын Шиң Шысайды
еркелетіп, шығыс бағыттағы армияның бас қолбасшылығына

тағайындады. Қожанияз, Мамұт, Ма Шымиң қосындары
Тұрпан, Құмылдан солтүстікке аттанды. 1933 жылы қаңтардың
соңында Ма Шымиң күштері Үрімжіге басып кіріп, қаланың
жарымын, қызыл тауды, радио стансасын тартып алды.

Өзіне табиғилы өлке армиясымен ешкімге төтеп бара алма­
сын түсінген Жін Шурін тағы да «бағыңды армияны» іске
қосты. «Ұрылар», «қара тобырлар» атандырылған топ үкімет
қорғанына басып кіреді-ау деп қараған көшелерді, далда

қалтарыстарды құлатып өртетіп жіберді. Жан мұрынның
ұшына тірелді...
Боранқұл
көпшіліктің

арасында
отырып
өзінің
надандығын, дүние істерінен, Шыңжанда болып жатқан

уақиғалардың ешбірінен хабарсыз екенін Елісханның сөзін
естігенде ғана барып түсінді. Елісханның үкіметтің мұндай
ішкі хабарларын кімдер арқылы ұғып, біліп алғанына көз
жеткізе алмай қайран қалды.

– Пулемет, зеңбірек күшімен қаруланған қамалды жауға

жалтаң жерде шабуылдай алмаған көтерілісшілер күл бо­
лып жанып кеткен қаладан еріксіз шегініп шықты. Бірақ, бұл
қысым Жін Шурін әкімшілігінің ғұмырын қысқартты. Жін
Шурінді тақтан тайдырмаса жаны қалмасын сезінген билік

ордасының ақылшысы Чин Жұң, Тау Миңюелер 1933 жылдың
12 ақпанында саяси өзгеріс жасап, «бағынды армияның»
жұдырығымен Жін Шурін билігінің тұмсығын бұздырды.
Өлкелік үкіметті тартып алды. «Бағыңды армия» үкімет ау­

ласына басып кіргенде дуалдан секіре қашқан Жін Шурін
өкпесін аузына тістеп Шәуешекке жетті де, бір жарым мың
сәрі Тарбағатай алтынын қоржынына басып алып, Кеңестер
Одағына сып беріп өте шықты. Олар оны Нанжіндегі үлкен

атасының жылы құшағына табыс етті. Шыңжандықтарға
жендет болып тиіскен Жін Шурінға Жяң Жешы ызғарлы
жүзбен ажырая қарады. Мансап-мәртебе дәметіп сәлемдесе
келген жерінде тұтқындап, кеңес елімен өз бетінше сау­

да тоқтамын жасасқандығы, Құмыл бегінің жерін тартып
алып, бейкүнәларды албаты қырғындағаны, үкімет ақшасын,
Тарбағатай алтынын қымқырып кеткені, Үрімжі көшелерін
өрттеп жібергені үшін үш жылдық қамақ жазасына үкім етті.

Келесі билік Шиң Шысайдың қолына өткен еді. Жаңа
губернатордың көз алдында да өлкенің аса тұрлаусыз кеспірі
тұлғаланды. Ерте заман патшаларын сан мың шақырымға
созылған «Ұлы Қытай қорғанын» соқтырып, ел іргесін тас,

топырақпен морлап шығуға мәжбүр еткен теріскей бет ша­
буылшылары ғұндар әулеті әлсіреп, өз ішінен шіріп, ыды­
рап, бөлшектеніп кеткен тағдыр әміріне мойынсал болмаған
«ұрылардың», «қара тобырлардың» ішкі бүліктерін басып-

жаншып отырудың жапалы да жауапты міндеті оның мойны­
на мойынтұрық болып киілді. Дүниенің жер-жеріндегі отарла­
рынан айрылып, қаңқайып сопа басы қалған Англия бастатқан
елдер өзіне бақталастық ете алатын ірі мемлекеттердің

бөлшектеніп кетуін жақтаушы болып шықты. Шығыста
қытаймен жауласып жатқан жапондар да Орта Азиялық аз
ұлттарды көтеріліске түртпектеді. Жапония астанасы Токи­
яда түркі тілінде хабар тарататын баспа құрылып, азиялық

Ғаппар БІЛӘЛ
аз ұлттарға үгіт-насихат өрістетті. Герман астанасы Берлин­
де шығарылатын татар тіліндегі «ұлтымыздың жаңа жолы»
журналында «Шығыс түркілерінің ата жауы Қытай мен Кеңес

үкіметі, Жапония мен Англия бұл арадағы қақтығыстарға
қарап отыра алмайды» деп жазды.
Боранқұл Елісханның таусылып бермес баяннамасын
тыңдап отырып, осыншама ел аралық ірі уақиғалар мен ішкі

сырларды біліп, жеткізіп тұратын үкімет тарауындағы ада­
мы да үлкен құқық иеленген қытайлардың бірі-ау, жемге
сатылғыш қой олар деп қиялдады. Құрғақ аңызғақ қақтаған
төскейде шөліркеп, таңдайы кеуіп бара жатқанына қарамай

төселе тыңдаумен болды.

–Осы деректерден хабарсыз жатса да, Шиң Шысай

үстемдігінің қысымына шыдамаған Шыңжан халықтары әр
жерден көтеріліп, қарсылығын күшейте түсті. Моңғолияның
көмегіне қол жеткізген Қожанияз қосыны іріленіп күшейген
тұста Шыңжан жағдайынан сыбыс алып қайта оралған Ма

Жұңиың лезім аралықта Алтай мен Тарбағатайды тартып
алды. Желдің бағдарына, күннің райына қарай құбылып,
түрленіп отыратын өлкелік үкіметтің әр дәрежелі ұлықтары
ендеп, ұлғайып бара жатқан көтерілісшілерге жағайымсып,

жалғыз тал темекісі болса да қауқалақтап ала жүгіріп,
жан сақтаудың қамына кірісті. Іле районының қожайыны
Жаң Пиюән тегінде Құмыл көтерілісін қол бастап барып
жаныштаған күнәсін жуып-шаю үшін, болашақ «майлы

шұжықтан» айрылып қалмай, тым құрығанда тең бөлісіп
алу үшін дүңген Ма Жұңиың мырзаға сатылып, өзі қызмет
етіп келе жатқан өлкелік үкіметтің қарсы жағына өтіп кетті.
Жеке кетпей Тарбағатайдың әскери қолбасшысы Яу Хуатиңді

сүфілеп соңына ерте кетті. Ма Жұңиыңмен бірлесе жүріп,
өлке орталығын одан бұрын иелеу мақсатына бола шығысқа
жорық жасап, жол бойындағы Сауан өңірінде өлке армиясы­
мен қанды шайқас жасады. Талай ұрыста жеңіле де, жеңе де

жүріп күшейіп алған Ма Жұңиың, Қожанияз қосындары өлке
орталығы Үрімжіге төніп келе жатты.
Бұларға өлке армиясының, «бағынды армияның» күшімен

төтеп беру мүмкін емес-ті. Бұл тұста ішкі Қытайда компартия
қосындарымен ішкі қырқыстан, Жапониямен қақтығысқан
сыртқы әрекеттен буыны құрып отырған Нанжің орталық
үкіметінен жәрдем күту ақымақтық болар еді.

Өлке тағына жаңа отырған Шиң Шысай кемеңгерлік
көрсетті. Дүние жүзіндегі оқшау аралдай жалғыз өзі ғана
социалистік қоғам орнатқан Кеңестер Одағының ішкі-сыртқы
бүліншіліктен, тұтқиыл шабуыл қатерінен айыға алмай

отырған жағдайында, іргесінің тыныш болуы үшін іргелес
отырған өзіне қол ұшын беруі мүмкін екендігін болжай білді
де, кеңес үкіметінің Үрімжі қаласында тұратын бас консулы
Зылайкинді, оның орынбасары Ганинді өз үйінде Қытай сал­

тымен асты-үстіне түсе күтіп, аста-төк қонақасы беріп, ком­
мунизм оқулығы болып табылатын Маркстің «капиталын»,
«коммунистік партияның манифесін», сталиннің «ленинизм
мәселелері» атты кітабын көрсетті. Жас күнінен жасырып

оқып жүрген осы кітаптар арқылы социализм, коммунизм
дүниесіне сенім орнатқанын, қытайды социализм жолы ғана
құтқара алатындығына зерттеулер арқылы көз жеткізгенін
мәймөңкелеп отырып майын тамыза жеткізіп шықты. Сол

үшін кеңестер одағымен істестік орнатып Шыңжанда кеңестік
үлгіде үкімет орнатуды мақсат ететіндігіне сендірді. Сонымен
қатар, Ма Жұңиың, оған қол ұшын беріп азып кеткен Жаң
Пиюән сияқтылардың кертартпа Гоминдаң орталық үкіметінің

қолшоқпарлары екенін, кеңес үкіметінің қас жауы Жапо­
ниядан көмек алып отырғанын иландырымды тәсілдермен
дәлелдеп берді.
Сөйтіп, «би аға, бикештің» астынан алған осы бас қосулар

арқылы Ресей топырағында ұтып шыққан сайыскер қызыл
армия мен ұтылғандықтан қашып шыққаннан кейін жан
сауғалап келіп Қытай миллитаристерінің етек астына тығылған
ақтар сарқыны Шыңжан бүлікшілерін тыныштандыруда ат

тұмсығын түйістірді. Шиң Шысай тіпті Ресей компартиясының
мүшелігіне қабылдансам деген «ізгі ниетті» өтінішін жаз­
ды. Сонымен Зылайкин мырза Шиң Шысай үстемдігіне
қауіп төндіріп, Үрімжіге таяп қалған Қожанияз қосындарына

Ғаппар БІЛӘЛ
уағызшылар жіберіп, ымыраға шақырды. Бұл тәсіл нәтижелі бо­
лып шықты. Құмыл, Тұрпан дөңдерінде сан рет қан төгіскен екі
дұшпан шебер қолмен жарастырылғаннан кейін, аз уақыттың

ішінде адуын Қожанияз «қылышынан қан тамған қамқоршы»-
Шиң Шысайдың «Маубас орынбасарына» айналды. Шікең
жергілікті жалданбаларды араға жүгіртіп, ішкі көтерілісті ішкі
жағынан іріту шайқасын қанат жайдырды. Қазақ беделділері

Шәріпхан, Баян басшылығында көтеріліп шыққан соң алды­
мен Бурылтоғай, Көктоғайды, соңынан Алтайдың орталығы
Сарсүмбені басып алып, Алтай тоғайларының тарлан жолбары­
сы Уй Жіңгоны Үрімжіге қуып салған «Алтай бүлікшілеріне»

кісі жіберіп, «қазақ өртіне» су септірді. Іле-шала дүңгендерді
қазақтарға айдап салып, бір мың қазақтың басын жұтқан «Дүңген
апатын» тудырды. Орталық Нанжің үкіметі мен Германия
бірлесіп құрған «еуро-азия серіктігін» жасырын үгіт таратып,

ұлтшылдық нысайды қоздырғаны үшін делінетін күнәмен жап­
тырып тастады. Кеңес үкіметінен қару-жарақ алдырып, қашқын
Ресейліктерді қаруландырды. Іле қолбасшысы Жаң Пиюәннің
ұлттық бүлікшілердің жақтасына айналған Тарбағатайдың

әскер басыларын қаруланған Ресейліктердің қолымен жасы­
рын тұтқындап, жасырын өлтірді. Соның арқасында қызыл
армияның Шиң Шысайға көмекке жіберілген қалың қолы
Шәуешек тұсындағы Бақты қарауылы арқылы Қытайға ың-

дыңсыз өтуге мүмкіндік алды. Олар жұртты дүрліктірмеу үшін
халықараға және тұрғын ел арасына ым-жымын білдірмей, Ал­
тайдан ауысқан «бағынды армия» ретінде киіндіріліп, «Алтай
армиясы» атанды да, Үрімжіні алуға айналған Ма Жұңиың

қатерін аластау үшін түстікке шеру тартты.
Бұл қарсаңда батыс бағытта Шиху: Манасты алған Жаң
Пиюән қосындары мен шығыс және түстік бағытта Шон­
жы, Тұрпан, Саяпілді алған Ма Жұңиың қосындары бірігіп

Үрімжіні қоршап болған еді. Ма Жұңиыңның жиырма жеті
мың кісі шамасындағы үлкен күші қалаға бірақ қаптап, көп
жерін әудемде иеленіп басып алды. Бірақ, көп ұзамай бұл
жеңісті жорық ілгерлеуден дереу шегініс сатысына өтті.

Жол-жөнекей Жаң Пиюән қосынын жайпап өтіп, дер кезінде

жетіп үлгерген жасанды «ақтар» соңынан аттандырылған
ұшақтардың көмегімен Үрімжінің іші-сыртындағы Ма Жұң
бекіністерінің тас-талқанын шығарды. Ма Жұңиың армия­
сын сол шегіндіргеннен шегіндіріп, Маралбасыдағы соңғы

шайқаста қансырата жеңіп шықты.
Бұған дейінгі аралықта Қытай әскерлерінше киіндіріліп,
«Тарбағатай полкі» атымен Іле шекарасынан өткен соңғы топ
Жаң Пиюәннің Іледе бекініп жатқан қалдық күштерін өрт

өшіргендей етіп ұйпай салды. Жанына қысым таяғанда бала-
шағасын ішкерідегі ата мекеніне жіберіп үлгірген Жаң Пиюән
алып қалған жас тоқалының жанында өзін-өзі атып өлтірді.
Шиң Шысайдың ендігі назары ұлт болып өмір сүруге

қақысы жоқ, ел болып жарытпайтын, жойып жіберілген күнде
де өз әкімиятының қылшығы құрамайтын, тау шатқалдарында
тарыдай шашылып жүріп, аң болып кеткен тағы қазақтар жағына
ауған еді. «Дон бойының казак орыстарына атын ұйқастырып,

өздерін «хазахы» атандырып алғанын көрмеймісің? Пішту ка­
зак, қанша тырбансаңдар да менің құрсауымды бұзып шығу
қолдарыңнан келмейді. Жалпақ Азияда саған қол ұшын беру­
ге ешкімнің батылы жетпейді. Моңғолия ма? Ол мықты болса,

кеше ғана ие болған өз тәуелсіздігін жырғатып алсын! Мықты
болса қарауындағы Қобданы мекендеген бес садыра қазаққа
пана болып көрсін! Алман-салығына шыдамаған, қоныс
жаңалатам дегеніне көнбеген бес жүз үйлі қазақ қаптықтан

қайта шалқып шекараға келгенде армиясын іске қосып, тірі
жан қалдырмай қырып салғаны, мал-мүлкін үптеп кеткені
кімге құпия» деп ойлады ол.
Қырғын болған елден бөлек-бөлек кетіп аман құтылған

қазақ ауылдары Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріп үкірдай
мен Байқадамның бастауында Алтайдан ауа көшіп, Баркөлге
қоныс аударды. Боғданың теріскей бетіндегі Шонжы, Жемса­
ры қазақтары да жазды күзге, күзді қысқа жалғап Баркөлге бет

түзеді. Солардың арасынан сенімсіздігі үшін тұтқындалған он
екі адамның басын аламыз, дарға асып өлтіреміз деген айқай-
сүрен салып, халықтың жүрегін шайлықтырып, қорқытып
бағындырмақ болған еді. Соларға кеңшілік етуін сұрап ау­

Ғаппар БІЛӘЛ
дан бастығының алдына барған Тұрсынбай Үкірдайды
атқосшыларымен қоса бауыздап өлтіруі Шонжы қазақтарының
бүлінуіне себеп болды. Сонымен Баркөл қапталдары Шонжы,

Моридан, Шіңгіл, Көктоғайдан, Ертіс жағалауынан босып
қашқан қазақ ауылдарының илеуіне айналып отыр...
Топты адамның ортасында ұзақ сөйлеп, даусы қарлығып
қалған Елісхан осы араға келгенде өңі өзгеріп, қатуланып

кетті.
Әке-шешелері,
туыс-туғандары
шетінен

қырып
тасталғандығы үшін ашуланып, қатты кектенген кісінің
әлпетімен екі көзі қанталап, қарсылық көрсеткеннің бәрімен
алыса түсердей қаһарына мінді. Ең сұрапыл, бет тырнасатын

балағат атауларын есіне түсіре алмай булыға түтігіп тұрып:

– Мен айтып арылдым, ағайын, қозғалғысы келмеген,

тозығы жеткен сары жұртынан іргесі көтерілсе жаны шығып
кетердей болып отырып қалғандар Іле мен Тарбағатай ау­
ылдары болып отыр. Жер шалғайлығынан, жол қатынастың
жоқтығынан олармен байланыс жасай алмаған өз қолымыздың

қысқалығынан көрмесек, оларға өкпе артатын да жөніміз жоқ.
Дегенмен олардың ішінде де қозғалысқа бейім байқатқандары
жоқ емес еді. Найман ұлысының Тарбағатайға атағы шыққан
мықты үкірдайы Таңғыт ел бастап шығысқа ауғалы жатқан кез­

де жасырын жансыздары арқылы алдан хабарланып отырған
Шиң Шысай мырза өлкелік үкімет атынан ел тоқтатуға бұрһан
шаһадиді жіберді. Бір кездегі Шыңжан билеушісі Яң Зың
Шиннің жылқышысы, одан кейінгі Жін Шуріннің Берлиннен

қару-жарақ алдыратын саудагер кірекеші, соңғы билеушіміз
Шиң Шысайдың аз ұлттарға жұмсайтын ашу басытқысы
болған, Ресейда туылған қытайлық, будданың бұрханы
емес, дін исламның бұрһан шаһадиі кеудесіне құран ұстап,

жазаландырмасқа серт беріп, Таңғыттың алдына көлденең
түсіп жатып алды, – деп салды.
Бұрһан туралы бұл жазғыруларды жаны түршіге тыңдап
отырған Боранқұл «енді қайтсін, ашулы ғой Елісхан» деп ой­

лады.

– Баркөл илеуіне жиналып алған қазақтар енді не істеуі

керек?

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Ұзақ сөздің соңын зілді кекесінге соқтыра салмақты сұраумен аяқтаған Елісхан ақырғы шешімді жұрт талқысына тастап аяқтаған еді, оның ашулы кейпіне қарап отырған жұрт қаймығып, толқып қалды. – Гансу, Чиңхайдың жері кең, үкіметі де бізге Шиң Шысай сияқты кәрін төгіп өштесіп отырған жоқ. Шиң Шысайдың көзі жоғалғанша сонда барып паналай тұралық, – деп ұсыныс жасаған біреулерге келесі біреулер дау көтерді. – Шиң Шысай сені ол араға емін-еркін жібере қоя ма? Қайда қаштың деп қуалап келіп қырып тастамай ма? -Қатқанының басы жібереді! Қол астындағы малшыжалшыны жіберетін қағып кетіп пе оны?! Біз болмасақ оған алман-салықты кім төлейді? Салық жиналмаса ол жанын қайтып бағады? Жел оба ма? Осылайша енжарласқан дау-шар көбейе берген соң сөзге Елісхан араласты. – Көзжасымызды көріп есіркейтін бұл төңіректе еш пенде жоқ. Біз ұрпақты құтқарамыз, ұрпағымыз азып-то­ зып жәлпуіштеп, жалынып, жалбарынып жүріп жан бағатын жалтаңкөздерге айналып кетсін демесек, көшеміз, туысқан елдердің біріне жетеміз, жеткіземіз. Ата болған, ана болған, ата болатын, ана болатын бар адамның парыз міндеті осы. Ұрпақты құтқару жолында қан төгісерміз, құрбандық берісерміз, бірақ, бала-шағаны күткен жерге жеткізсек мұратқа жеткен есептелеміз. Мен бастадым, иланғаның жүріңдер, иланбағаның қалыңдар! – деп етек қағып орнынан тұрып жүріп кетті. Саршоқы баурайындағы күреңселі төскейде, еңістеген күннің аптабы бәсеңсіп, көтеріле бастаған күз желіне туырлығы желпілдеп, түтіні қылпылдаған ақбоз ауылдың ту сыртында төбедей боп отырған Зайып тәйжінің қызыл-сары жүзінен, жасаураған шаралы томпақ көзінен, қырсауланған тазығыр жайдақ қабағынан мұң тарқамады. Бағана ел жиналардың ал­ дында үйден алдырып ермек етіп отырған қаңғажақтай арша домбыраның сағағынан жуанбас саусақтарымен әлденендей бір бұлыңғыр сарындарды термелеп қақпақылдай берді.

Ғаппар БІЛӘЛ – Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Ертістен күдер үздім-ау. Құзында ұлар жайлаған, құмында киік ойнаған Ерентау, Алтайдан қол үздім-ау. Ойхой, қу жалған-ай, ұл мен қызды қаңғыртып, алыстан көзді талдыр­ тып, қан мен жасқа жүздім-ау, – деп бір тоқтады. «Жер жылжыса жылжымайтын» сабаз адам күңіреніп отыр. Үй ішінде көбіне жейдешең, дамбалшаң отыратын қарияның шешіп тасталған шалбарының кестелі балағынан, ышқырынан ұсақ балалар кіріп-шығып ойнап жүретін мол денесі баршын тартқан шағында атүсті жүріске, жаугершілік атыс-шабысқа келтірер ме екен? Алыс жорыққа аттанар күн туса тізелесе отырған қара кемпірінің күміс құймалармен айшықталған қос бүйірлі бүйрек ожаумен сапырып құйып беріп отыратын сары қымызы қайда?! Өкпек желдің өтіндегі жалғыз шидің ұшына қонған шымшық торғай қалтырап шырылдайды. Қорқыт бабаның қобыз үні қоңыр домбыраның тілінде сарнап безілдейді. Тоғыз оғұз бектеріне уәж айтып тақта отырған Күлтегін хағанның қарлыққан даусы сарындайды. «Ілгері – күн шығысындағы, оң жақта – күн ортасындағы, кейін – күн батысындағы, солда – түн ортасындағы халықтың бәрі маған қарады. Ілгері шантұн жазығына дейін жауладым, теңізге сәл жетпедім. Түстікте тоғыз ерсенге дейін жауладым, тибетке сәл жетпедім. Батыста інжу өзен – Сырдариядан өтіп, темір қақпаға дейін жауладым, терістікте байырхы жеріне дейін жа­ уладым. Осынша жерді шарладым. Отукен қойнауының иесі жоқ еді, ел тұтатын жер осы отукен қойнауы еді. Осы арада Табығаш халқымен табыстым. Алтын-күмісін, астық-жібегін мол берген Табығаштың сөзі тәтті еді, асыл дүниеге малда­ нып, тәтті сөзге алданып түркі халқы сорладың, қырылдың. Түркі халқы жойылдың, түстікте түн жазығына қоныстанғысы келетін түркілер жойылдыңдар, сендер жаңылшақсыңдар, сендер алданғышсыңдар, түркі халқы өкін! Қарулылар қайдан келіп сені ыдыратты, найзалылар қайдан келіп тағы сені құлдыратты? Уа, қасиетті отукен қонауының халқы, босып-жосыдың, біресе ілгері, біресе кейін шаптың, қаның

судай құйылды, сүйегің таудай үйілді. Бек ұлдарың құл бол­
ды, пәк қыздарың күн болды. Білместігінен, нашарлығынан
ағам қаған жанынан айрылды деп налығандай еді домбыра
үні. Күзгі желдей, боранды күнгі көлдей ыңыранған күрсін

сазды күй әуені тебірене келе өрекпи көтеріліп, дауылдатып,
сел жүргізер нөсерлі жаңбырдай сатырлап төгілгенде Зайып
тәйжінің бүгілген белі жазылды, қабақтағы қырыс тарап, қып-
қызыл боп талаураған көздің түйдек бұлты ыдырай бастады.

«Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деп бебеулейді күй
тілі, «қызыл қанымды ағыздым, қара терімді тамыздым» деп
жар салады күй үні.
Қарт тәйжі ендігі жерде өзін жүрегі түкті, білегі мықты

жаугер сардарлардың ортасынан көрді. Бесігін қара бұқаның
терісімен жапқан, қаһарланса қара тасты үгітіп тастайтын,
мұртының шалғысын желкесіне жеті жерден байлап жүретін,
жігіт атаулының сұлтаны Қаракүне порымды қобызшы

Боранқұлдың сымбатына сүйінді. Тербененің қақпасын
теуіп сындырған, талай-талай батырды алпыс тұтам найза­
сымен түйреген Қиянсалжұқтың ұлы Телідондар әспетті
сұлу мұрт Байқадамның тұрпатына тоғайды. Алпыс серкенің

терісіне жасаған жамылшы асығына жетпейтін, алты серкенің
терісінен жасаған жамылшы құлағын жаппайтын, бұдыр
бәденді Қазанбектің нағашысы ат ауызды Арызқожа сын­
ды батыр Қасымның тұлғасына шүкіршілік етті, кәуірлерді

итарқасы қиянға айдап қорлаған, айғыркөз өзенінен ат
жүздірген, елу жеті қорғанның кілтін алған, ақпатшаның
Жешмен дейтін қызын алып, сопы сандал патшаға қан
құстырған, отыз жеті қала бегінің қызын қырына алып, бір-

бірлеп мойнынан құшып, бір-бірлеп бетінен сүйіп, ернінен
нәр алған Оғұз ұлы алып Ерене келбетті Елісханның салауа­
тына тәнті болды. Пара-сара қорғанынан құстай ұшып өткен,
шымылдығы түрулі жеті қыздың сілекейін шұбыртқан, өжет

қаршыға көзді, Байшұбар атты Бамсыбайрақ мүсіндес өжет
мінезді Құлыштың мергендігіне ризашылық ойлады.

– Жолдасың қызыр болсын, қарақтарым, мен қосылдым,

көшіңдер! Жаным бойымда болса, соңдарыңнан қалмаспын,

Ғаппар БІЛӘЛ
мендей көркеуде шал емессіңдер, жол бастаңдар, мен ілесіп
отыратын болайын, – деді Зайып шертіп отырған домбыра­
сын тастай беріп. Ол бүкіл Алтай, Тарбағатай, Боғдаға дейін

тараған он екі абақ керей ішіндегі өскен ата есептелетін
Жәнтекейдің Базарқұлынан шыққан беделді, белді кісі еді.
Демек «он екі абақ керей бүлінсе, бір Жәнтекейге сиып
кетеді, бір Жәнтекей бүлінсе, тамам керейге симайды»

делінетін тәмсіл тудырған киелі атаның ұрпағы еді. Алтайда
қарулы қосын ұйымдастырып, алман-салық төлеуге қарсылық
көрсеткені үшін басы алынған Зуқа батыр мен Базарқұлдан
шыққан Жантайлақтың өлімінен кейін бұзылып, осыдан бірер

жылдың алдында ғана мыңнан астам түтінді бастап көшіріп
әкеліп Баркөлге орналастырған кісі. Сол кісі қолданғаннан
кейін басқалардың ердім демеске шарасы да жоқ еді.
Боранқұл

Алтыншөге
жерінде
ел-жұртынан,
бала-

шағасынан айрылып, тайшұбардың басын жер жастанды­
рып, жаяу-жалпы қаңғырып қалатын ұзақ сапардың алғашқы
шабуылдық қимылына сол күннен бастап қатынасты.
Саршоқы кеңесінің соңында көптің ұйғарымы бойынша

көшбасылыққа сайланған Елісхан бас ақылшылыққа Зайып
тәйжіні, көмекші ақылшылыққа ителі руынан Зуқа батырдың
ұлы Солтаншәріпті, найман руынан Құсайын тәйжіні алып,
жоғары басалқаны құрып шыққаннан кейін қарулы қосынға

құрылымдық тәртіп енгізді. Бас сардарлыққа Қасым батырды
тағайындап, көштің алдында жүріп отыратын шолғыншылар
жасағы, соңында жүріп отыратын тосқауылшылар жасағы,
оң қанат, сол қанат қорғаушылар жасағы деп аталатын төрт

топқа бөлінген құрама қосынның әр тобына жасақбасылар
белгіледі.
Шолғыншылардың жасақбасы болып тағайындалған
Боранқұл сол күні Елісхан мен Қасымның бұйрығына сай жи­

ырма шықты жігітпен бірінші реткі жорыққа аттанды.
Суқараңғы соқыр түн ішінде сыралғы жігіттерге жол
бастатқан Боранқұл жасағы өр-еңісті күдір жолдармен
дүбірлетіп, шырт ұйқыда жатқан Сабырбай ауылының ту сыр­

тынан төніп келе жатты. «Жаңбыр жауып кетер ме екен, әлде

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР қайтер екен» деп артқы тұстан біреу күңкілдеп еді, алдыңғы қатарда келе жатқан тағы бір жасақ «қант емеспіз ғой еріп кететін, жауса жауа бермей ме» деп оны тиып тастағанын естігенде көңілсіз келе жатқан Боранқұл өзінің жымия езу тартқанын сезінді. – Енді қанша жер қалды, жігіттер? – Жеттік, жасақбасы, алдымыздағы тұмсықтың ай­ налмасында сол ауыл бар. – Ендеше, аттан түсіңдер! – деп бұйырды Боранқұл. – Бес адам ат жанында қалсын, қалғаның маған еріңдер, – деген әмір бойынша Боранқұлдың алдында келе жатқан Құлыш тұмсыққа шыға берісте отыра қалып, үш рет үкі болып шақырған еді, қауіпті ішке бүгіп жатқан ауылдан тырс еткен дыбыс білінбеді. Аздан кейін қалбаңдаған бір көлеңке бұларға қарсы келіп, алдындағы бұғып отырған адамдарды көре алмай, тың тыңдап тұра қалғанда Құлыш ор­ нынан тұрып оған қарсы жүрді. Бұл осы ауылдағы арнаулы орналастырылған адам еді. – Барлығы орынша ма? – Барлығы орынша, әскерлер түгелімен байдың үйінде ұйықтап жатыр. Үй иелері жанындағы қараша үйде. – Күзетшілері нешеу? – Күзетшілер алдын-ала жойылды. – Иттер үріп жүрмей ме? – Иттерді жылқышылар ертіп әкеткен. – Баста, ендеше, – деп бұйрық берілгеннен кейін қалбаңдап алдыға түскен әлгі қара көлеңкенің соңынан барлық қарулы жігіттер ептеп басып ілгерілей берді. Қараңғыда дөңкиіп көрінген абажадай ақбоз үйдің тұсына келгенде әлгі көлеңке бар керегің осы үйде дегендей, Боранқұлдың алдына қолын шошаң еткізіп нұсқап жіберді. – Үйдің іргесінен айналдыра от қойып өртеп жіберсек қайтеді? – деп құлағына сыбырлай қойған Құлышты Боранқұл шынтағымен қағып қалды. – Болмайды, оқ, мылтықтары бірге күйіп кетеді, да­ ярлан!

Ғаппар БІЛӘЛ
Осы кезде алдын ала берілген тапсырма бойынша қараша
үйден жағып алып шыққан шишалы шамды Құлыштың қолына
ұстатқан әлгі көлеңке «істеріңізге сәт» деп күбірледі. Он

қарулы жігітті сыртта қалуға бұйырған Боранқұл қылышын
қолына алып, Құлышты алдыға салып, шалқасынан қайырып
ашылған есіктен бес жігтті бастап кіріп келгенде ашты арақтың
күлімсі сасық исі мұрынға соқты. Әкесінің төрінде жатқандай

араққа әбден бөгіп, бырдай ұйқыға кеткен әскерлерді
Боранқұл шетінен санап шықты. Он бір адам екен, елден жи­
нап алынған көп мылтық бір жақ босағаға үйіліп тасталып­
ты. Әр әскердің мылтығы өзді-өзінің бас жағындағы кереге

басына ілінген жеріне жете масықтырылып, талықтырылып
барып жатқызылған «құрметті қонақтар» ештеңені сезер емес.
Боранқұл қатарындағы Биғалиды алдыға өткізіп жіберіп, үйулі
мылтықтарды сыртқа шығар деп ым жасаған еді, отын болып

үйіліп қалған көп қаруды шетінен қолына алып, артқыларға
бір-бірден әперіп жатқан Биғали кемді уақыттан кейін дыбыс
шығарып алды. Бір мылтық салдыр етіп жерге құлап түсті.

– Ю Са Сыр (бұл нендей іс)? – деп төрде жатқан арық қара

басын көтеріп алғанда Боранқұл қылышын жоғары көтеріп ай­
бар көрсетті. Шам жарығында қылша мойнын қиып түсіруге
оқталып, төбесіне төніп келген қайқы қылыштың бетінде
ойнаған сағымға жалт қарап, көзі арасынан шыға бағжиып,

айғайлауға да дәрмені жетпей сілейіп отырып қалды. Сүйтіп
босағада үйілген, керегеге ілінген бар мылтық жинап алынып,
сыртқа шығарып әкетілген соң Боранқұл ақырып қалды:

– Көтер қолдарыңды!

Солайша, көптен бері ел ішіне алабүлік болып тиісіп,
оқ, мылтық жинап жүрген қарулы топ әп сәтте ешқандай
шұрқан шығармай қолға түсті. Шетінен тінтіліп, шетінен
байлап алынды. Қайда барса, қарсылыққа жолықпай ба­

сынып, әспенсіп алған бейғамдық олардың түбіне жетті.
Тілмаштыққа ертіп жүрген бір дүңгені бар он бір тұтқынды
орнында киіндіріп, қолдарын артына қайыра байлап, ауыл
сыртына айдап шыққанда таң атып, күн шығып келе жатыр

еді. Екі автомат бастатқан отыз-қырық шамалы мылтық олжа­
лап, көңілденіп алған Боранқұл тобының ат дүбірі алыстан са­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР рын береді. Боз көденің ұшына қона алмай әуеде қалықтаған бозторғайдың шырылы сыңғырайды. Аспан көрігінің ұртын толтыра үрлеген жел құлақ түбінен ысқырынады. Алғашқы жеңіс шаттығымен жігіттердің барлығы да ажарланып алған, тіпті кеуделене түскендей. – Мынау бір борбаңдаған төртпаққара неме қазақты майшелпектей көріп, құрғағымызға суымызды араластырып асай берген жексұрын ғой мөлшері, тым семіріп кеткен екен. Үлпершек майы аузына тығылып жүре алмай келеді. – Біздің жердің доңызы да ақсүйек болып кетеді. Жаның ашыса артыңа мінгестіріп ал! – Анау бір арық қараның тұмсығы сетік екен. – Мұрнының жырылғанына қарамай, мұрындық тоқтатпайтын тартыншақ болған қу құйрық неме ғой, зиыры, кезді уағында... – Сонау еңісте будақтаған немене? Баркөлдің көлі өртеніп жатқаннан сау ма өзі, қараңдаршы! – Өртенсе өртеніп жатқан да болуы керек, түн ішінде басымызға күйген балық жауып тұрған еді ғой. Жасақтардың әзіл-қалжыңына құлақ салмай, ой үстінде келе жатқан Боранқұлға Құлыш келіп қатарласты. – Бор аға, мына жертесерлерді көздері жаутаңдап тұрғанда шықпыртып жіберіп желдіре айдауға қолымыз бат­ пайды екен, шықпыртпаған соң жүрісі мандитын емес. Нашы­ раттандырмай қырып салсақ қайтеді? – Болмайды, ұруға да, қыруға да рұқсат жоқ. Елісханнан бұйрық бар. Біздің міндетіміз бұларды айтулы жерге аман-есен жеткізу ғана. Қамыс құлақ құла бестіні тебініп қалып алдыға озып шыққан Құлыш жаяу тұтқындардың соңында қалып, әлсін-әлі ышқырын көтере берген қартамыс шерікке ақырып жіберді. – Бас аяғыңды! Өзінен кейін жұмыртқаларын топыраққа көміп кететін оңтүстіктің көк қасқа шегірткелері сияқты балалайын деп келемісің? Немене, қайта-қайта ышқырыңды көтере бересің? Шалбарыңның ышқыры белдемесіне тоқтамайтын сақалтай, сен қатынды қалай алып жүрсің? Тездет!

Ғаппар БІЛӘЛ Сол күні түс әлетінде олар оншақты тұтқынды жаяу ай­ дап, Боранқұл жөн-жобасын білмейтін бір қысаң сайдың аузындағы жайылмаға жетті де, Елісхан, Қасым сардардың мол жасағына келіп қосылды. Көшбасы оларды алқап, жеңістерімен құттықтап жатқан кезде: – Келе жатыр, – деген хабар жетті. Селдір қамыс өскен жайылма қолқатты ортаға алып, әр бүйірден бой көрсеткен қарулы жасақтарға жасырыну тура­ лы Қасымның бұйрығы жетісімен барлық адам қыраттардың тасасына түсіп, лезім аралықта жоқ болды. Жартасты қияның ту сыртына шыққан соң аттан түскен Елісхан Боранқұлды шақырып алып: – Сендер қолға түсірген мылтық жинаушылардың бастығына кеше Сабырбай арқылы бір хабар жолдаған едім, бұл хабарда «Елісхан деген бұзық бүлік тудырып, қырық-елу түтінді бастап Құмыл жаққа ауа көшіп кеткелі жатыр екен» дейтін қауесет сөздер айтылған болатын. Өздерін сыйлы қонақ ретінде күтімдеп отырған үй иесі Сабырбайдың аузы­ нан шыққан бұл хабарды шын екен деп ұққан бастық ауданға кісі шаптырып, Чін Пишуға мәлімдеген екен. Өз адамы жеткізген бұл өсекке Чін Пишу мырза да сеніп кеткен сияқты. Аудан орталығынан Әлімбай бауырымыз хабар жіберіп, бүгін таңертең қаладан жиырма шамалы қарулы қосын аттанып шығып, біздің жаққа беттегенін мәлімдеп отыр. Мына келе жатқан «сыйлы қонақтар» солар. Жақсырақ күтіп алайық! Қасым сардардан бұрын ешкімнің оқ шығаруына болмайды,- дегенді ұқтырды. Бұл тұста бесеу-алтауы алдыда келе жатқан қосын жанжағы жасырын жасақтардың қоршауына алынған жайылма түбектің орта шеніне келіп қалған еді. Қанша көп жаттығудан өтсе де «Балта сабынан озбайды» дегендей, тегіне тартқан тақымының бостығын – бір тізгінді екі қолымен ұстаған атқа отырысынан, отбайыңқы сыртқы тұрпатынан аңғаруға болатын қолабалау қосын баяу жылжып таяп келген тұста тас далдасын­ да сығалап жатқан Құлышқа Қасым сардар «ат» деп әмір берді. Сол-ақ екен, тарс еткен мылтық даусымен қатар ең алдыңғы

шолғыншы мықшың етіп қалды да, ұша жөнелуге ыңғайланған
құстай қос қанатын жая еңкейіп барып екпетінен құлап түсті.
Осы белгі бойынша жартас үстіндегі қарсы маңдайдағылар
атқылауы керек еді. Бүгін түнде Олжаға түскен автоматтың

бірін кезеніп жатқан Боранқұл «сәл асығыстық еткеніміз-ай,
таятыңқырап алып атсақ қырып салар едім-ау» деген оймен
өкініп жатып, көпшілік қатарында оқ шығара бастады. Бірақ, ол
атыстан тез тоқтады. Бірнеше адамы оққа ұшқан қосын бұрыла

қашып кейін жөңкіді. Айналасы жал қыраттармен қоршалған
кең түбектің кейінгі іргесіне жете бергенде, қарсы қыраттан
дүркіндеп атылған оқ оларды маңдайынан шертіп кейін
шегіндірді. Шегініп келе жатып оң бүйірге қарай толқыған

тұста қарсы алдынан тағы оқ нөсері төгіліп, беті қайтып тоқтап
қалды. Осы сәтте Қасымның қол сілтеген бір белгісімен айнала
сол қыраттардың тасасында жатқан қалың адам самаладай бо­
лып көрініске шықты да, қоршауда қалғанын түсінген әскерлер

жандәрмен қимылға көшті. Қоршауды екінші бүйірден бұзып
шықпақ болып өршелене шабуылға ұмтылды. Бірақ бұл рет
тағы жолы болмады. «Тырр-у, тыңқ, тоқ, тоқ, та-та-талап»
қоя берген қарсы оқтан бірнешеуі жалбырап ат бауырына

түскен әскерлер және шегінді. Қатер төнгенде ұлы денесінің
ашық қалғанымен есептеспей, басын жасырып жатып алатын
түйеқұстың кебін келтіріп, орта тұстағы селдір қамыстың ара­
сына кіріп бой тасалады. Елісхан түнгі бір тұтқынды, бағана

үлпершек майы аузына тығылып, айдауға жүре алмай қиналған
семіз әскердің байлаулы қолын шештіріп қасына алдырды.
Кішкентай ақ жалаушаны қолына беріп, дүңген тілмаш арқылы
бұйрық айтты.

– Сені босаттық, қосыныңа барасың, мына әскерлер

түгелімен құрал тапсыратын болсын. Мылтығы мен оғын
түгел тапсырса, тұтқыннан сендерді де босатамыз, жаңа
келгендердің де аман қалуына жол беріледі.
Ақ жалауша көтеріп көрініске шығарылған семіз әскер

алды-артынан бірдей тарс еткелі тұрған оқ қатерінен сескеніп,
аяғын шалыс басып жөнеле берген еді:

– Бас аяғыңды, бар жылдам нашыраттанбай, – деп ақырып

қалды біреу.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Андағы мас тұлыбыңыз сіздің қазақшаңызды ұққан жоқ,

құдай біледі-ау, осы итің бүлдіреді, – деп жымиды Құлыш, –
жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды демектейін, осы немені
бастық атандырып жүрген кісінің өзінде де ес жоқ.
Әрине, ақ жалауша көтеріп өздеріне қарай жаяу бетте­

ген өз адамын әскери киімінен шырамытқан болса керек, оқ
шығармай әскери қосын тұрып қалды.
«Ұстараның жүзіндей төңкерілген, ой боқшылықты қу
жалған-ай, күні кеше қалың елді мазақ етіп ойнаған бастықты

бір күн өтпей жатып басқаның ойыншығына айналдырған
қу дүние, сен кімге опа қыласың» дегенді ойлап отырған
Боранқұл қару-жарақтарын төбешіктің ортасына үйіп тастап,
іріктеліп шыға берген әскерлер қимылын байқап бақылаудан

жалықпады. Осыдан кейін қолдағы оншақты тұтқынды боса­
тып, үйіріне қарай ұзатып салған Елісханның қасына барған
Құлаш:

– Аттарын да тартып алып неге жаяу жібермейміз? – де­

ген ұсыныс айтқан еді, Елісхан басын шайқады.

– Біздің аталарымыз «досың да, дұшпаның да ер болсын»

деп үйретеді. Тәлейімізге тәңірі бұйыртқан өз дұшпанымызды
ерлікке шақырып, өнеге көрсетуіміз үшін өзіміз ерлік
көрсетуіміз керек. Егер қаруын тапсырған әскерлердің атын
сыпырып алсақ, оларды әлсіреткен есептелетініміз, жеңіс

хабарымыз тез таралып, көшкен елдің соңынан түсетін
қуғыншыларды кешеуілдететініміз хақ. Бірақ, олардың
жігерін жасытып, жүрегін шайлықтырудың пайдасы одан
да жоғары болуға тиіс. Сондықтан соқтықпайық, – деп

ұйғарым жасады. Сөйтіп, осы екі реткі қимыл көбі көрініс
үшін ағаштан жасалған қуыршақ мылтықтар асынып жүрген
қазақ жасақтарының талайын қаруландырып шығарған
еді. Елісханның бұл тәсілдері Боранқұл бастатқан көп

адамның сенімін арттырып, оған табындыра түсті. Боранқұл
шаңырағын өз легіне қосып алған бірінші реткі ұлы көштің,
ұзаққа созылатын аса жапалы көштің алды сол күні ымырт­
та басталды. Жерге сиғанымен жолға симайтын қалың елді

жер қайыстырып бір-ақ көшіріп әкету аса қатерлі шаруа еді.

Жол бағдарын әрі қартаға қарап, әрі сенімді жолбасшының
сөзіне қарап тура мөлшерлеген Елісхан көшетін елді бірнеше
топқа бөліп тастады да, алдымен өз елін көшіруге ұйғарым
жасады. Олар сол кеткеннен мол кетті. Ақтылы қой, алалы

жылқысын мыңғыртып, сиырларын азан-қазан мөңіретіп, сай-
саладан андап құйылып, үздік-создық табысқан ұзақ көш түн
ішінде бірін-бірі сарындырып ілгерілей берді. Күнді түнге,
түнді таңға жалғаған дамылсыз көш үстінде іргесі көтеріліп

кеткен өскен өлкесінен алыстаған сайын қай жерден топырақ
бұйырып, қай жерде көмусіз қаларын, түрі-түсі қандай өлім,
қандай бейнет тосып тұрғанын, тіпті барша болашағын
мөлшерлеуге шамасы жетпес бұлыңғыр санамен сарғайған

кәрі-құртаң шал кемпірлердің жасты көздері артына қарай
жалтақтап, алыста, мұнар ішінде өшіп, жоғалып, жерге сіңіп,
шөгіп бара жатқан көгілдір тауларға алаңдап қарайлауы мо­
лая түскен. Сықсыраңдап дыбыс шығарып келе жатқандары

да жоқ емес.
Ата жұрттан аттанғалы бергі неше тәулік бойына сарнап
соққан сары жел бүгін ғана тоқтаған. Кенереленген жұқана
бұлт жолақтары әжімдендірген кәрі аспанның шыңылтыр

бетінде бала құстар қара сағым сияқтанып сырғанақ теуіп
ойнайды. Төмендеп ұшқан ителгі орақ қанаттарымен тебініп,
суық аспанда сабаланады. Қос қапталда бұйраланып жатқан
құмды шөл, шаңытқан ауа. Кейде құмға көміліп жоғалып кетіп,

кейде табылып отыратын сүрлеу жолдың жиегінде андыздап
өскен қара жусан түйелердің жалпақ табанында сытырлай сы­
нып тапталып жатады. Қалың мал тұяғынан көтерілген шаң-
тозаң бұрқырап қолқаны қабады. Әсіресе, қой айдағандардың

өңі көрден шыққандай.
Шарлау міндетіндегі оншақты жігітімен бірге көш ал­
дында ұзаңқырап келе жатқан Боранқұл неше күнге созылған
тыныштықтан зерігіп жаусырағандай күйде еді, көлденең

кезіккен бір құм төбені көріп, төбесіне шауып шықты да,
тайшұбардың ауыздығын алып отқа қойды.

– Баркөл әскербасылары қорғалап қалды ма, соңымыздан

қуып шықпағаны қалай? – деп сұрады құм үстінде шалқалап
жатып.

Ғаппар БІЛӘЛ – Түлеген қаршығаша қышына бастаған түріңіз бар-ау, оқ бораған ұрыстан, қантөгісті жанжалдан гөрі тыныштығымыз бен амандығымыз тәуір шығар, – деді оның қатарына келіп сұлаған Құлыш. – Алақаным қышып бара жатқан жоқ-ау, дегенмен, олардың оқ, мылтық жеткізіп беріп қайтатын жөні бар еді, – деген Боранқұлдың әзіліне Құлыш күліп жіберді. – Жарығы түсіп кетіп жатып қалмаса көп сағындыра қоймас. «Құланқарауыл» сақтығымызды босаңсытуға да болмас. Қашақ сиыр бұзаулай білмесе де бұқа ілестіргенін қоймайды. Біздің заманымыз тұп-тура қашақ сиырдың өзі. Бұзау да таппайды, күйлеуін де тоқтатпайды. – Оның ертіп жүрген бұқасы кімдер? – Шиңжаң билеушілері. – Жақсы айттың, Құлыш. – Олар бізден бір-жар рет таяқ жегені үшін тәубе қылмайды. Тәубаға келген күннің өзінде тоқылдақтың тәубесі сияқты, түнімен ағаш тесіп тұмсығы ауырған соң таң ата тәубаға келіп, ағаш тескенін қойғысы келеді. Ал, кешінде қарны ашқан соң ағаш тесуін қайта бастайды. – Жақсы айттың, Құлыш, олар біздің қабырғамызды шоқымаса қоректі қайдан алады? Сондықтан, олар соңымызға түсіп қуғындауға тиісті. Құлыш, төбеңе қарашы, үстімізде бір құзғын айналып ұшып жүр. – Көрдім, көрдім. – Көрсең атып түсірмейсің бе? Мергендігіңді бір сы­ нап көрейін. – Әй, қиындау ғой, Бораға, алайда, тырысып көрейін. – Тырысайын дегенің тура емес, біздің соңымыздан үкімет ұшқыштарын жіберіп, төбемізден атқылауы мүмкін ғой. Елісхан солай дейді. Ал, бізде ұшақтарды, ұшқыштарды атып түсіретін озық қару жоқ. Сондықтан, қолда бар мылтықпен атып түсіруге бола ма, жоқ па, осыны білуіміз керек қой. Бо­ латын болса атып жаттығайық, ендеше, тырыспайсың, тура ғана атып түсіресің, шарт осы. Құм төбенің жантайма беткейіне жамбастай көсіліп жа­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР тып алған Құлыш қолындағы жапонқызыл деп аталатын ең тәуір мылтықтың артқы қарауылын алыстыққа туралап алып, ұзақ сығалады. Сүзіп айналған құзғын төмендеп келіп, сабау­ лап өрге шалқи бергенде мылтық тарс етті. – Тиді, тиіп кетті, жарайсың, Құлыш, – деді Боранқұл жатқан орнынан басын көтеріп, мылтық тарс еткенде аспанда бір толқып тік шапшып барып, бір қанатына қисая сырғанаған құзғынның соңынан қарап отырып, құзғын арттан таяп келіп қалған көшке қарсы бағытқа қарай ұшқан еді, көштің төбесіне жете бере бір төңкеріліп аунап кетті де, жалбырап құлап көш арасына барып шаншылып түсті. Сол кезде ат үстінде қалғып келе жатқан қыз баланың ытқып үріккен қара дөненнің серпінімен омақата жығылғанын көріп қалған Боранқұл: – Ат үркіп, бір қыз жығылды, жігіттер, жүріңдер! – деп орнынан қарғып тұрып кетті. Олар келгенде білегін сыбанып алған қушық жауырынды қара шал шоқша сақалы қаужаңдап, жығылған қыздың тоқ балтырын жалаңаштап жатыр еді. Қыздың сыртқы жіліншігі жарықшақтанып сынып кеткені мәлім болды да, Боранқұл осы мертікке жауапкер өзі екенін аңғарып ұялып, қызарып кетті. Бірақ, сынығы салынып, сыр­ тынан таңылып жатқан қыздың жіліншігіне қадалып қалған Құлыштың көз шарасындағы іркілдеп, төгіліп кеткелі тұрған жас ишарасын көріп, оның жан күйіндегі жанашырлықтың ныспын таныды. «шіркін, жастық-ай, сен тым-ақ тәтті екенсің ғой, амал не, біздің басымыздан тым ертерек өте шығып, қор еттің-ау» деп қалды. Иә, иә, Боранқұлдың басынан сауық құрар, сайран са­ лар есіл шақтардың барлығы ауа көшіп еңістеп кеткені шын ғой. Ол көктем сайын келіп қайтып тұратын жыл құстарына ұқсамайды. Төбеңнен бір айналып ұшып өткен соң-ақ қайта оралмайды. Оқ тиген құстай ат аяғының астына ұшып түседі де ғайып болады. Оны сен алақаныңа салып әлпештеп, құдайға жалбарынып құлшылық ету жолымен қайта жан­ дандырып, қайта тірілдіріп қолыңа қондыра алмайсың. Қызбалаға деген өтініш-тілегіңнен, өтімділік қасиетіңнен айырады. Баурау қуатынан жүдәландырады.. Сөйтіп, өмірдің

Ғаппар БІЛӘЛ
көктем базарынан сыртқарылына бересің. Боранқұл күрсініп
жіберіп тайшұбардың басын кері бұрып әкетті. Содан кейін
ол ешкімге сөйлескісі келмей, жабырқау тартқан күй кешті.

Ол жабырқамай қайтсын?! Баяғыда Дөрбілжіңнің база­
ры ішінде бір жарғақбас таз саудагер өмір сүрген екен. Ол
шаштаразға барып әр кезек шаш алдырған сайын «жарым ша­
шым жоқ» деп дауласып отырып, бір адамның шаш алдыру

ақысының жартысын төлейді екен. Сондай есепқорлығынан
болса керек, саудагер атаулының көбі «тақыс саудагер» деп
аталатын қосалқы анықтауыш есімдермен аталатын болыпты.
Сол тақыстардың біреуі үйіне барса «шашымды жаңа ғана

алдырып шықтым» деп, малақайын сыпырып тастап отыра
береді екен. Егер біреулер мазақтай бастаса «шыбын бол­
са бермен жіберіңдер, басыма қонамын деп жүргенде тайып
жығылып, шаты айрылып өлсін» деп қарсыласатын көрінеді.

Ал, қыздар жағына келгенде «маған жібер» деп құлшынудан
Боранқұл қалып барады. Тым құрыса, әлгі таз сияқты арсыз­
дау жаралса тағы бір сәрі ғой.
Бірнеше тәулікке созылған тыныштық сол күні бесін ауа

Дөңбастау деген жерге іліне бергенде бұзылды. Елісханның
болжамы бойынша қауіпті деп қаралған сол суаттың басына
отыз шамалы жасағымен бұрын жеткен Боранқұл бастауға таяп
келгенде сыздықтап көтерілген түтінді көріп, тосқауылдаған

дұшпан барын біле қойды. Олар сеп жая аңдуылдап келіп, ал­
дымен дөң басындағы қарауылды жойды. Бірақ, қалғандарын
ұстап алмаққа аңдып басып келе жатқанда сездіріп алып,
еріксіз оқ шығарды. Сөйтіп суат жақтағы белегірге ат қойды.

Жатаған қабақсоқтаға шыға бергенде ту сырттан естілген
мылтық даусынан, ат дүбірінен үркінген, саны өздерімен
қарайлас топты әскердің пішен қорадан дүркіреп ұшқан топ
торғайдай, алдыларына жаңа алған ыстық тамақтарын тастай

салып, бірі атқа, бірі мылтыққа қарай жүгіріп, қайшалысып
жатқан қарбаласының үстінен түсті. Бұлар аттан түсіп, быты­
рай жайғасып болғанша әскерлер де бір төбешіктің далдасына
қалқаланып үлгерген еді, іле-шала екі топтың ортасында жан

алып, жан берісер атыс басталды. Бірақ, салған жерден-ақ екі

жақтың арасындағы қару күшінің теңсіздігі біліне бастады.
Жасақтардың қолындағы ең озық қару есептелетін азынаулақ
автомат оқтары жетпейтін аралықтан нөсерлеп төгілген
пулемет оқтары бас көтертпеуге айналды. Жасақтардың

алдындағы жамылғы қыраттың тас қиыршықтары қаптаған
қара шегірткедей шоршып, секіріп ойнақ салды. Боз топырақ
сабаған жүндей көпіріп, Құлыштың төбесінен, тұс-тұстан
ысқырған оқтар «бұқ, бұқ, жат, жат, та, та, тақ жаныңды алай­

ын» деп өсиет айтқандай, жайқалып өскен селеудің ақ шашақ
мұрттарын суламай-ақ өткір ұстарамен сыпырғандай сытыр­
лата қидалап, дүкі, дүкі, дүкі, дүк, тыра-тыра-тырайт, тырит»
дей берді. Жасақтардың ұзағырақтан жұмсаған азынаулақ бе­

сатар, алтатар оқтары ес қатпайтын бастанып, ырықсыз күйге
түсе бастаған Боранқұл қысылып терлеп кетті. Қатарында
атқылап жатқан Құлыш пен шегір көз сары жігітті иығынан
тартып шегіндіріп алды да, пулеметшілердің желке тұсынан

торыуылдауға бұйырып, аттандырып жіберді. Қалайда жау­
ды ұзағырақ атысқа шырғалап, көш төңірегіндегі соңғы күш
келіп жеткенше алдандыра тұру керектігін ойлап, атыс орны­
нан жігіттерін тапжылтпай ұстауға тырысты.

– Қозғалмаңдар, жігіттер, кейінгі жасақ келіп үлгіргенше

шыдаңдар, қайрат қылыңдар! Дұшпанға бас көтертпей жабал
атқылаңдар!
Осылайша бұйрық беріп тұрғанда зың еткен бір оқ оның
құлақ тұсынан жанап өтіп кетті. Екінші оқ елтірі бөркін ұшырып

кетті. Өзін қадап атып жатқан біреудің бар екенін сонда ғана
аңғарған Боранқұл орнынан сырғып кетіп, төменіректегі бір
түп боз көденің арасынан баспалап қарап, қарсы қыраттың
саңылауында күн шалған қоңыздың қабығындай жылтыраған

маңдайынан таныған бір басты көздеп тартып кетті де, лып
түсірді. Осы кезде сақылдап сөйлеп тұрған қос пулеметтің
бірі жұтқыншағынан қылтаңдап қалғандай қақалып барып,
үні өшіп кеткен еді, мұның тырқын Құлыш жазғанын білген

Боранқұл көтеріле беріп, жарымы атқылап жатқан жаудың
жартысы тусыртындағы доңғалға қарай өрмелеп шегініп бара
жатқанын байқап үлгірді.

Ғаппар БІЛӘЛ

– Атыңдар, жігіттер, аямай атыңдар! Жау шегінді. Көздеп

атыңдар!
Жаудың беті қайтып еркінси қалған азаматтар қапырақтата
атқылап, өрге қарыса шегінген сұр киімділердің бірнешеуін
жапырақтап жіберді.Атыс үнін алыстан естіп асығыс жет­

кен Қасым сардардың жігіттері қосылып күшейген олар
қашқан жауды өкшелей қуып талай жерге дейін шығарып са­
лып қайтысты. Қашқан жаудың соңынан алғаш рет аттануға
қамданып қозғала бергенде өзінің бас жақ қатарынан орын

алып ұзақ уақыт атқылап жатқан Райымбек есімді аққұбаша
сұлу жігіттің маңдайын тесіп өткен оқтан баяғыда жан үзіп,
сұлық жатып қалғанын көрген еді Боранқұл, күтіп ұсталған
әдемі қияқ мұртына шаң тұрып, шалқалап жатқан жігіттің

ашық қалған көз ұясы борқұйғандай аппақ болып оның
зердесінде тұрып қалды.
Сол күнгі қашқан жаудың соңынан жүргізілген ұзақ шар­
лаудан кештетіп әзер оралған Боранқұл мол суатты жағалай

ошарылып қалған қалың елдің ішінен өз қосын зорға тап­
ты. Екі керегенің басын біріктіріп итарқалай салған жолым
қостың сыртынан келіп түсіп жатқанда «әссалаумағалейкум»
деп сәлем беріп келіп Балқаш атын ұстады. Мәликеден туған

тұңғыш ұлының жасы он беске толмай жатып өзінің кеуде
тұсына таяп қалған кесек те, сұңғақ тұлғасын жаңа көргендей,
түр-тұрпатының өзіне тартқандығында жаңа шырамытқандай
жылы жүзбен таңырқай қарап, ықыласты сәлем алған Боранқұл

екі кештің арасында сидалау көк сиырдың сол бүйіріне оты­
рып алып, шыпылдатып сүт сауып жатқан Мәликенің қоңыр
даусын естіді.

– Әміртай, жүгір, балам, әкеңе сәлем бер! Әкең келді.

Томпаңдаған Әміртайды қолынан жетелеп, алдынан
шыққан Жәукеннің бұл күндері естияр тартып қалғанын иша­
ралап, «әке, аман келдің бе» деп амандасқан даусын естігенде
жүрегі елжіреп кетті. Жәукеннің тікшелеу біткен қағаз

маңдайынан иіскеп, кішкентай ұлын алақанына құйрығынан
қондырып тік көтеріп әкетті. Оның екі ене (Нәзилә мен
Мәликені) қатар емген шүкімәйттәй аузынан сүйіп, үлбіреген

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР бетін бетіне жапсырған еді. Көптен бері үй бетін көрмеген Боранқұлдың ұстара тимей иен-тегін кеткен қау тікен қара сақалы уыз етке шөгірше қадалса керек, бала шыр етіп кейін серпілді. – Айналайын, құлыным, ашуланған түріңнен айналайын! Күпі жасап кигізетін жабағы емес, қаулап өскен ырғай тіс қара бүрген ғой әкеңнің сақалы, үйтіп қана жіберер ме еді өзін саудыратпай?! Баркөлден аттанғалы бері аттың жалында, түйенің қомында өткен неше тәулік бойы бет көріспеген балашағасымен осылай табысып, от басына тізе бүккен Боранқұл сарымайын салып, құрт-бауырсағын жайып, аққұйрық шай­ ын құйып, тізесін тигізе шоқайып отыра қалған Мәликенің сықпытына, шашыраған самай шашын түзетіп, шылау­ ышын бұрыштап әуреленген бой түзегенсымақ зауықты қимылдарына бағып, езу тартты, «тандыршағыңды...» деп ойлады. Бірақ, балаларының көзінше оны айтпады. Шайға да көп аялдаған жоқ, қаудырлап қатқан бауырсақтарды кеседегі ыстық шайға басып жібітіп, қарпақ-құрпақ асап, төрт-бес кесе шай ішіп болған соң итарқа қостың босағасында отырған Балқаштың дүрдиген қалың ерніне, дөңестеле біткен қоңқақ мұрнының үстіңгі жағынан жарлауланып көрінетін, қалың қою қара қасты биік қабағына мейірлене қарап отырып, қанша қанды сорпасын шығара қинап әкелгенде де суытуды қажет етпейтін тайшұбарды жемдеп, отқа қойып торы төбел атты әкеліп ерттеп, дайындап тұруды тапсырды да, Елісқанға ха­ барласып келетін ниетпен орнынан көтерілді. – Қуырдақ қуырып қойсам болатын шығар? Ет асай­ ын десем сойған қойдың жамбас еті құрттап кетіпті, – деді Мәлике жарамсақ жүзбен күлімсірей қарап. – Ет піскенше қай уақ, сол жамбастың құрттаған жерінен қуырсаң тәтті болады, – деді қалжыңдағансып. Бұл сөзді Мәликенің қалай ұққаны белгісіз, үнсіз жымиып төмен қарап кетті. Боранқұл жағалай тігілген қара қорым қостарды жаяу аралап келе жатты. Дөңгелене толған ай шарбы бұлттардың арасын тінтіп, шарлап жүр. Жыртық тесіктердің

Ғаппар БІЛӘЛ
арасынан қадау-қадау жұлдыздар сықсыраңдайды. Кеш
бата атқа қонған жүрдек жел сусылдаған қамыс бастарын­
да уілдейді. Астырттағы бастаушалардан қосылып аққан

жіңішкелтең бұлақ суы тілі жаңа шыққан бала тіліндей был­
дырайды.
Қараңғы түнді басына көшіре шаңылдаған әйел даусын
естіп, лапылдап жанған даладағы оттың басына үймелеп алған

көп адамның сыртынан келіп сұғынған Боранқұл өз бетін өзі
жұлып, жылап-еңіреп, қарғанып-сіленіп жұлынып отырған
жас әйелді көрді.

– Енді қайттым, құдай-ау, енді қайттым? Жау қолынан

қырғын тапқан әке-шеше, туыс-туғандарының кегі үшін та­
мам елді, бейуаз халықты алдап-сулап, шулатып-шұрқыратып
ертіп шыққан Елісхан етегінен ұстаған ерімнің басын жұтты,
әке-шешем Алтайда қалды, басым ауырып, балтырым сызда­

са сүйеу болар пенденің жоқтығына көзім жетті. Өліп-тіріліп
жатсақ келіп көңіл айтуға да Елісханның қолы тимейді.
Адастырған қу құдай, тентіреткен Елісхан сұмырай, бізді
жеткізбек болған мұратың осы ма еді? Менің жетпек болған

мұратым-ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа жан аяғы баспаған
мынау жапан далада қаңғырып қалу ма еді? Оу, жатқаныңнан
тұрма, жетпей желкеңнен қиыл! Жеткіздің ғой сен мені,
Елісхан. Өңкей алдамшы жәдігөй, құдайдың қарғысы жаусын

бастарыңа! Көз жасымның киесі атсын, киеге жолыққырлар!
Зар жылаған әйелдің көзжасынан сай-сүйегі сырқырап,
төбе құйқасы шымырлаған Боранқұл жанындағы біреулерден
сұраған еді. Бағана ұрыс үстінде қаза тапқан сұлу мұртты

Райымбектің келіншегі екенін білген соң ол араға тоқтай ал­
мады. Аяғын жылдамдата басып, әркімнен сұрастыра жүріп,
Қақапұлы Қалпе деген жас жігіттің қасында отырған Елісханды
әзер тапты. Ол келгенде жоғары мектептің оқушысы порым­

дас бала жігіт Қалпе мен бас түйістіре еңкейіп, бір қырынан
жамбастап жатқан Елісхан бәкене қостың ішінде лыпыл­
дап жанған май шамның саркөз жарығында қартаға үңіліп
шұқшиып отыр еді. Бұлардың жер сырын, жол бағдарын

қартаға қарап мөлшерлеп отыратынын бұрыннан білетін

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Боранқұл онша таңырқай қойған жоқ. Ол өзіне аңтарыла бұрылған екі оқымыстыға төбесінен қарап тұрып, бүгінгі шолғыншылық жұмысынан хабар беріп, төрт төңіректің жаудан таза екендігін мәлімдеп болған соң, жаңағы жылау­ лар келіншектің налалы, жалалы сөздерін түгел жеткізгенде Елісхан басын көтеріп алды. Өңі бұзылып сұрланып кетті. – Қате болыпты, өте ұятты қателік болыпты. Жерлеуді ертеңге қалдыруымыз да қателік. Бейбіт замандағыдай жерлеуді келесі күнге қалдырып, созбақтатып жүрген кім екен? Мұны ұғысу керек. Біз қазір ұрыс жағдайындамыз ғой. Найқалып жүруді бұл жағдай көтермейді. Сондықтан, жерлеуді кешіктіру өліге де, тіріге де құрметсіздік бола­ ды. Мен қарбаластықтан бұл іс жайлы ойланбай қалыппын. Үстінде барып көңіл айтып хал сұрауымыз, үстінде жерлеуіміз, ұрыста ерлікпен өлген ер азаматқа аза білдіріп, артындағыларға қайыр-береке тілеп, көмектесуіміз керек еді. Осылай істеу бұдан кейін салтқа айналатын болсын! Сол үшін ертең еру болайық. Ал, қайғылы әйелдің қал-жағдайын қазір барып ұғысалық. Жұбатайық, жақсы лебіз білдірейік, – деп орнынан сілкіне түрегелді. Сыртқа шыққан соң алдыға түсе жөнелген Боранқұлға қатарласа келіп, қолтығынан алды да: – Бореке, бұл әйелдің басқа қарайласар жақыны жоқ болса, көмектесе жүруді сізге тапсырамын. Көшіңізге көмектесіп жүрген естияр серігіңіз Биғали бар ғой, екеуіңіз де жол жүрген, ұятты білетін адамсыздар, екеуіңіз селбесіп қамқорлық жасаңыздар! Қанаттарыңыздың асты­ на ала жүріңіздер! Кемдік, қорлық көріп, жоқшылық тартып қалмасын! – деп тапсырды. Бұл көш осыдан кейінгі ұзақ жолдың бойында жау қатеріне жолықпады. Соңдарынан қуғыншы түспеді. Алды­ нан тосқауыл құрылмады. Кемді уақыт ішінде шөл баябан құмдарды кешіп өтіп, заңғар-заңғар тауларды кесіп асып, мал-жандары аман-есен тура, Сұр өңіріне барып кірді. Ал Дөңбастауда өткен шайқаста қайтыс болған күйеуінің арты­ нан бетін жыртып, шашын жұлып, Елісханды қарғап-сілеп қиғылық шығарған жаңа жесір Қатипаны қостарының жа­

Ғаппар БІЛӘЛ
нына қосып алып, оның мұң-мұқтажына көмектесе жүруді
Боранқұл мен Биғали ауырсынған жоқ. Жасау-жабдықты
жаңа отауын бірге көшіріп, ат-көлігін, мал-түлігін бірге қарап,

қосып бағып кете берді. Қатипа бұрын бала көтермеген, сым­
батты сұлу әйел екен. Қазір жылап, қазір күле салатын, тез
иланғыш, жеңіл мінезді, ұрт сөзді, ақкөңіл кісі болып шықты.
Уақыт ұзара келе Елісханның кісілігін Елісханнан көрген

жақсылығын мақтап, екі сөзінің бірінде Елісханның есімін
ауызға алып, құрмет көрсетіп отыратын әдет тапты. Сөйте
бара осы «емшекті сайтанның Елісханға көңілі ауып қалған
жоқ па екен» деп күмәнсыраған Боранқұлдың көңілінде

Елісханнан оны күндейтін бір сезім желеміктеді. Қатипаны
ұнатып қалғанын да жылдам аңғарды. Сонысына бола оның
түр-тұрпатына көзінің құртын сала телміріп қарап отырып,
Нәзиләның орнына төсек жаңғыртып, үйленсем бе екен деп

қиялданды. Соңғы қарбалас тұстарда ие болудан қалып,
бейбастақ жіберіп алып жүретін сақал-мұртының қап тікенін
қырып-жонып, тектеп-тежеп отыратынды шығарды. Бірақ,
бұл ниетін ашық білдіруге аузы бармай қипақтады. Күйеуі

жаңа өлген жесір әйелдің жаралы жүрегіне, қаралы көңіліне
қаяу түсіріп алар ма екенмін деп те қауіптенді. Жас өлімнің
аруағына қиянат болар деп сескенді. Мешкей нысабын зорға
тежеп, сыңар езулеген жағына ала қашып бой бермейтін

елірме нәпсісін әзер тізгіндеп ұстады. Қатипаның көзінен
құймырсыған еліктіргіш күлкі нышанын көріп емексіп қалған
кезінде де тарпа бас салуға батылы жетпеді. Ұятқа қалудан
тартыншақтаған бір үркек сезім «сап-сап, Боранқұл, сап-сап»

деп кеудесінен қаға берді. Сондай күндердің бірінде өзі келіп
соқтыққан Қатипа:

– Сіз жігіт емес, шал сияқтанасыз, – деп қағытты

Боранқұлды. Ұрынарға қара таппай қағынып тұрған Боранқұл
үшін бұл қағытпа таптырмайтын сылтау еді.

– Шал болсам болармын. Бірақ, азбан еместігім хақ. Егер

осы қаба сақалды шал кісі өзіңмен төсек жаңғыртқысы келіп
жүрген болса, ол талабын ашық айтуға аузы бармай жүрген
болса қайтер едің?

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Қатипаның күнқақтылау болған аққұбаша бетінің ұшына ойнап шыға келген қызғылт бояу тез сөніп кетті. – Болмайды, мен ондай шалмен төсек жаңғырта ал­ маймын. – Неге? – Қорқамын. – Мен сондай қорқыныштымын ба? – Әрине, сіз қорқыныштысыз. – Қалай, қай жерім қорқынышты, өңім бе, көзім бе, өзім бе? – Бәрі де емес, тек қана сіздің қылығыңыз қорқынышты. – Мен соншама дойыр кісімін бе? – Сізді жау көргенде өте өлерменденіп кететін, атылған оқ, шабылған қылыштан өлер-тірілеріңізге қарамай, көзжұмбай тәуекелге басатын тым өркөкірек жан екен деседі жұрт. Бұл қылығыңызды қоймасаңыз тағы бір ұрыста өлесіз ғой. Менің келесіде үйленетін екінші ерімнен тағы айрылып, тағы жесір қалғым келмейді. Боранқұл тілінің ұшына жиналған бір кермек дәмді жылбысқа түкірікті түкіріп тастауға қимағандай таусап оты­ рып ойланып қалды. Тұрлаусыз дүниенің тұманды тұлғасы мұнар ішінде сырғанады. Бет терісі үстінде құмырсқа жүргендей жыбырлап кетті. Ду етіп жанған бір от әлгі мұнарлы ғаламға үрейлі жарық түсірді. Дертті жымиыспен езу тартқан Боранқұл әлгі кермек түкірікті қайта жұтып жібергендей жұтынып қалды. – Ал, мен саған шынымды айтайын, сен маған ұнайсың, сені жақсы көремін. Жесірлік тағдырдың қапалы көңіл күйін де түсінемін. Сүйемін сені, сүйген жүрек сүйкендірмей тынбақ емес, сүйгім келеді сені. Енді не істеуім керек? Өзің ақыл айтшы! – Сіз қалжыңдай береді екенсіз. – Шыным сол. – Мені мазақтап отырсыз ғой. – Сені шын сөзіме иландырудың ретін таппай, қиналып жүрмін.

Ғаппар БІЛӘЛ – Онда сізді қиналдырмаудың шарасын білмейді екенмін. – Меніңше оның шарасы бар, ол үйлену деген шара. – Жоқ, оныңызға болмайды, үй бола алмаймын сізбен. – Шының ба? – Шыным сол. – Ендеше тамыр болайық! – Көңілдесі бардың көңілі... дей бергенде Қатипаның сөзін Боранқұл іліп әкетті, «көтеріңкі жүреді» деген сөдермен үстемелеп жіберген еді. Дәл осы арада Мәлике келе қалсын, ол «көңілдесі бардың көңілі көтеріңкі жүреді» деген екі ауыздан шыққан бір сөйлем сөзді естіп қалсын деңіз. Сөйтіп, бозөкпе жуастығынан тез арылып, көкперіленіп шыға келген Мәлике атой салып шаң боратқан тергеуге алып, Боранқұлдың жержебіріне жетсін. – Ержетіп, ес біліп қалған ұлың бар, қызың бар, со­ лардан ұялмайсың ба? Байы өліп, панасыз қалған соң бұтаға қорғалаған торғай құсап, панаңа келіп тығылған жесір байқұсты аяқ асты етуге қалай қиясың? Әрбілеп азғыруға аузың қалай барады, бетің қалай шыдайды? Аузыңа шыққан ата сақалың анау, бұрынғың бұрынғы, бүгінгің не енді? Бұрын үндемедік. Менен бұрын бір қатын алыпсың, білсек те тіс жармадық. Менен кейін тағы үйлендің Нәзиләмен, көріп тұрып ләм-мим демедік. Сыйладық, құрметтедік. Жолаушылықты көп жүретін адам жолдас қадырын білсе керек қой. Айтшы маған, әлсін-әлі мазақ ететін не жазығым бар саған? Оқтан, оттан қайтпаған Боранқұл мынау сұмдық сөздер шабуылынан қысылып, қыстығып кетті. Мәликені жонынан та­ спа тіліп соғып салғысы да келіп ызаланды. Бірақ, балаларының көзінше қыбыр етіп қозғалуға шамасы жетпей қор болды. Сол кезде жаңа қоныстанған жерінде жыртылып айрылған құлан үйірлерін көріп көзі тұнып кетті де, алаңды көңіліне аңшылықты алданыш етіп, кедей-кепшік, жоқ-жітікті құлан, киік етімен асырайтын салдық еңбек сапарына аттанып жүре берді. Сонда ғой, Боранқұлдың тумысында көрмеген албасты бейнелі, аса сиықсыз мақұлыққа тап болғаны. Ол күні Боранқұл иен жатқан

бөктер адырдың арасындағы бірнеше рет құлан, бөкен атып
дәнігіп, өздері «Құлансаз» атандырып алған суат басына қарай
суыт жүріп, желе жортып келе жатқан-ды. Бірақ, «Құлансазға»
құлай беріс қапталда бір үйір керқұлан кездесе кетіп, қапияда

үркітіп алды. Оқ шығаруға үлгіртпей, екі жағы қысаң тар
қуыстың ішімен құлдай жөңкілген құлан үйірінің алды жа­
ламалы ұшпа тұйық екенін жігіттердің көбі білетін еді. Сол
тұйыққа айдап апарып бар құланды шашау шығармай қамап

алып, шетінен қырып салмақ болып жініккен жігіттердің алды
екі топқа бөлініп, екі қанаттағы жазықай қыраттың үстімен кет­
кенде, бірнеше жігіт ерткен Боранқұл сай тағанымен құланның
соңынан айдады. Тайшұбарды жаугершілікке сақтап, аңшылық

сапарларға басқа аттарын мініп жүретін ол бүгін астындағы
қақпанбел торы төбелді сабаулап, тырағайлата қашқан құлан
үйіріне тақымдап таяп қалғанда, қашан, қай бүйірден келіп
қосылғаны белгісіз, бұрын-соңды көрмеген бір түрдегі ғажайып

мақұлықтың құлан арасында бірге қашып бара жатқанын
байқап қалды. Жалбыраған ұзын жалы жаясын жауып кеткен
мақұлықтың арбаңдаған екі аяғымен адамша тік жүгіретінін
көргенде, аңыз-рауаяттарда естіген бір хайуанның аты есіне

түсе кетті Боранқұлдың.

– Кісікиік, кісікиік!

Осы айғайды ести сала аттарын үсті-үстіне төпелеген көп
жігіт тұс-тұстан андап келіп құйылғанда ғой, жан ұшыра үркіп
жөңкілген беті әлгі тұйықтың үстінен жапа тармағай бір-ақ
секіріп, зұлмат шыңыраудың астына құлаған құлан үйірінің

топ ішіндегі бөтен мақұлықты бұрыла қашуға келтірмей
қағып-соғып, өздерімен бірге ұшырып ала кеткені. Бітеу
тұйықтың сыртынан айнала шапқан Боранқұл басқалардан
ат бойы бұрын жеткенде, тұйық жаламаның түбіндегі сай

тағанында қирап-жайрап жатып қалған құлан үйірінің шетінде
қалқайып басын көтеріп отырған сейсана жат мақұлық таяп
келген адам қатерінен қорқып кетіп, қос қолымен жер таянып,
құйрығымен жылжып, кейін шегінбек болып жанталасқанын

көрді. Бірақ, сүйретіліп қалған екі аяғын тартып жинап алуға
шамасы жетпеген соң, күректей жалпақ екі алақанымен

Ғаппар БІЛӘЛ
бетін, көзін тарс жауып алып, сұлқ отырып қалды. Сол кез­
де аттан түсе берген Боранқұл тұла бойын жаңа боздақ
алған түйенің түгіндей қою түбіт басқан алып денелі, адам

тәрізді хайуанның құс тұяғы әспетті тырнағы сойдиған сояу
саусақтарының арасынан сырғып домалаған су тамшылары
орғыл түкті төсқасқасына, талыстай қос емшегінің қарауытқан
бармақтай тасырайған үрпіне төгіліп кеткенін көріп, түршігіп

кетті. Кісікиіктің жылап қоя бергенін түсінген еді ол. Мүмкін,
иендегі мекенде шөлдеп, ашығып жатқан емшектегі бала­
сы үшін жылаған шығар? Мүмкін, жапан түзде қаңғырып
кеткен қосағының сопа басы тентіреп жалғыз қаларын ой­

лап армандаған болар? Боранқұл тұс-тұстан кимелеп алға
ұмтылған серіктерін екі жағына жайып жіберген қос қолымен
бөгеп тастап, мылтығын жерге қойды. Сыртқы киімдерін
шешініп, артындағы біреудің қолына ұстатты да, бір ба­

сып, екі басып жақындай берді. Қастық жасамайтындығын,
жәрдем көрсеткісі келетіндігін қалай ұқтырудың қисынын
таппай, өз бетіне күлкі шақырып, жымиған бейне көрсетті.
Сонан кейін тарпа бассалып жұлып тастайтын қауіптілігіне

қарамай, жанашырлық жасайтындығын әлдеқандай қимылдар
арқылы, екі қолымен ымдап, «мен саған көмектесемін,
қорықпа, қорықпаңыз» дегендерді сыбырлап, аяқ тұсынан
еңкейе берді. Қайыстанып кеткен қап-қара бетін жапқан

қос қолын түсіріп жіберіп, Боранқұлдың сықпытына қадала
қараған хайуанның көзұясындағы тамшылар тиылып, оның
орнын үрейі ұшқан қорқыныш көлеңкесі бүркеп бара жатты
да, жаралы аяғына созылып келе жатқан адам қолын көріп,

бұрын-соңды құлақ естімеген сұмдық бір жат дабыспен баж
етіп бақырып жіберді. Отырған жерінен тағы шегінбек болып
арпалысты. Бірақ, шегінуге күйі келмейтінін біліп, «өлтірсең
де өзің біл, тағдырымды бердім қолыңа» дегендей қара қайыс

алақандарымен көзін жауып алып тыныш отырып қалды.
Адам-айуан ортасындағы аралық бұрынғысынан жақындай
түскендей еді, Боранқұл енді оның сынған аяқтарына жола­
мады. Ауыртып алса өштесе кетеді деп қарап, тік жүріп келді

де, жұмсақ алақанымен киіктің төбесінен, сауырына төгілген

қап-қара жалбыр шашынан сипап мейрім көрсетті. Майда
түкті қолының сыртынан, білегінен ұстап барып қайта босат­
ты. Арқасынан қағып еркелетті. Сол кезде әйел жынысты ада­
ми киік бетін жапқан қолын түсіріп, жуасыған жылы жүзбен

Боранқұлдың бетіне үңіліп, мүсәпір бейнеде жаутаңдады.
Қайыс беттері тыржыңдап, дорбиған маймыл ауызы қисаңдап,
ернін жыбырлатты. Оның кеспірінен көндім деген ишараны
ап-анық танып алуға болатын еді. Боранқұл еркінсіп кетті.

Ол жаралы құландарды бауыздап соя беруді жігіттерге
тапсырып, Құлышты жәрдемшілікке шақырып алды да,
өзінің сырт киімдерін сыпырып түсірді. Ішкі жұқа бешпетін
шешіп алып, жотасынан қақ бөле жыртты да, бір аяғы

жіліншігінен, бір аяғы тірсектің өргі жағынан сынған киіктің
сүйектерін ұстап көріп шықты. Құлышты бірнеше сүйемел
ағаш қарғашалар жонып даярлауға бұйырып, сынған сүйекті
қиюластырып орнына түсіруге кірісті. Сөйтіп, үйірлі құлан

сойылып болған аралықта сынығы орнына түсірілген киіктің
екі аяғын жыртылған бешпетімен орап, мықтап таңып
үлгірген еді. Бауыздалудан бұрын жан тәсілім қылып, арам
өліп кеткен бір құланның етін сүйретіп әкеліп, жанына та­

стап бергенде киіктің боталап қоя берген жәудір көздерінен
құрмет білдірген ризашылық сағымы жайнап, жайқалып шыға
келгенін таныған Боранқұл содан кейін де бірнеше рет айна­
лып соғып, жаралы киікке су тасып беріп, жемтік азайғанда

ет әкеліп тастап кетіп жүрді. Барған сайын үйірлесе түскен
адами айуан Боранқұлдың келе жатқанын көргенде ыржия
күлімсіреп, көмейінен күлкі порымды дыбыстар шығарып, екі
қолын шапалақтап, еркелеп қыңқылдайтын қылық көрсете

бастаған еді.
Аяқ астынан Елісхан жарлық түсірді. Бұл жарлық Баркөлде,
Бәйтік, Қаптықта қалған соңғы елдің қақ жарымын көшіріп,
осы араға жеткізу үшін Боранқұл бастатқан отыз шамалы аза­

матты қайта аттандырды. Бірақ, Боранқұл тобы Баркөлге жетіп
үлгіргенше қалған елді жарымдап, топ-топқа бөліп көшірмек
болған Елісхан жоспары жоспар болудан қалып қойған еді.
Қашаннан қиыр қонып, шет жайлап шашау жүретін Елісхан

Ғаппар БІЛӘЛ
елі сыбдырын білдірмей қаша көшіп ұзап шығып кеткеннен
кейін олардан қапыда айрылып, бармағын тістеп қалған Шиң
Шысай соңғы елге қарқындап келіп соқтықты. Қазақ атаулыға

аудан, аймақ көлемінен жолхатсыз аттап шықпайтын тәртіп
орнатты. Елісханға езуінен енші беріп, ақыл қосқандар, жол
көрсеткендер бар-жоғын қузастырды. Елісханның соңынан
кеткісі келіп лоблығандардың сары ізіне шөп салып қуғындады.

Мылтық жинау тәртібін қатайтып, қолына темірден көсеу
ұстағандарды тектеп, тексеру жүргізді. Бұл қимылға теріс
нысай ұстанып, кәдікті қимыл байқатқандарды тұтқындай ба­
стады. Бұл қысымға шыдамы таусылып, ширыққан бұқара За­

йып тәйжінің қол астына жиналып, тұтқиыл көше жөнелген.
Олар бұдан көп ілгері Елісхан көшін Шыңжан шекарасынан
шығарып салып, Баркөлге әлдеқашан қайтып оралған Қасым
сардардың қарулы жасақтарына сенім артқан екен. Алайда,

бұл сенім лезде желге кетеді. Қазақ ауылдарының қит еткен
қимылын бағып, сайланып отырған үкімет әскері әуеден бом­
былап, атпен қуа жетіп атқылап жүріп қоршап алады да, қайта
иіріп айдап әкеліп, ескі қоныстарына жайғастырып тастайды.

Қабдолла, Қайдар тәйжі, Сейтнәби қатарлы күдікті саналған
ел ағаларын ұстап әкетеді. Ендігі қалған сорпа бетіне шығар
ықпалды адамдардың басына да бірінен кейін бірі тұтқындалу
қаупі төніп келе жатады.

Дәл осы тұста Бәйтікте жатқан қазақ ауылдары туралы
жаманатты хабар алған үкімет армиясы тез қимылдап, жетіп
барады да, отын жағып, суын құйып бейбіт жатқан елді бір
шетінен оққа ұстайды. Шиң Шысай үкіметінен жақсылық

таппайтынына көзі жетіп, қаны қарайып алған бұқара дереу
бастарын біріктіріп, ақылдарын қосып, өлген-тірілгеніне
қарамай, үй мүлкін, мал түліктерін тастай салып, жанкешті
ерлікпен дұшпан қоршауын бұзып шығып, шулаған бала-

шағасын арқалап, жаяу-жалпы қаптық тауына бет түзейді. Әуе
айналып жерге түскен қапырық ыстықтан қақырап айрылған
шөлейт далада қаңырығы түтеп, кенезесі кесіліп, өкшесі
тесілген қалың ел шулап-шұрқырап жүріп қаптық бойындағы

ырғайтының жалғыз суатына таяған шақта қыруар қырғынға

жолығады. Суат басында бұрын келіп тосып жатқан қалың
әскер Қасым жасағының қарсылығын күшпен тойтарып,
қашқын елді қынадай қырады. Бала-шаға қырылып таусы­
лып бара жатқан тұста бас сауғалаудың басқа жолы таусылды

деп білген ел ағалары Қожамберген, Жеңісхан, Сақаба, Қази,
Әйкебай, Ібірәлі, Қайдар бастатқан он сегіз адам өз бастарын
ел құрбандығына арнап қолдарын көтеріп, өздігінен беріледі.
Нәтижеде Бәйтік елі қарулы жаудың қанды жаныштауына

түседі. Бәйтік елі қансырап жатқанда, Баркөл төңірегіндегі
Әйембет, Солтаншәріп, Қамза, Салахиден, Құсайын секілді
ел ағаларына Баркөл әміршілері: «Моргудегі Нұрғали
үкірдайдың үйінде жиын ашамыз, ел жағдайын ақылдасатын

ісіміз бар, біз барғанша сол үйге жиналып отырсын» деген
жарлық түсіреді. «Жиналыс» деген атаудан шошынды көріп,
үркініп қалған естілердің кейбіреулері арты жаманшылыққа
айналып кетуінен тіксініп шегіншектегенімен, жүрегі жұмсақ,

сөзге ергіш қазақы аңқаулықпен әміршілердің лебізін силап,
айтулы жерге жинала бастағанда, аудандық үкімет шабарма­
ны Ауғанбай деген азамат жетіп келеді де, есіктен кіре бере
зарлатып қоя береді.

– Мен төтенше бір сұмдық жұмыспен келіп отырмын.

Үкімет сіздердің толық жиналған-жиналмағандарыңызды
біліп келуге жұмсады. Жиналып болсаңыздар, бүгін түнде жүз
әскермен келіп сіздерді тұтқындамақ. Қандас-қарындастығым
үшін шын жағдайды хабарлағаным осы. Обалдарыңызға

қалмайын деп ойлағанда тапқан бар ақыл-айлам да осы,
ендігісін өздеріңіз шешіңіздер, мен кеттім. Кеш бата әлгі жүз
әскерді бастап осы араға жеткіземін. Сөзіме сенесіздер ме,
сенбейсіздер ме, өз еріктеріңіз. Мен айтып арылып болдым,

– деп орнынан тұрып, кетуге ыңғайланады. Ауғанбайдың

жеткізгені шын хабар екендігіне көзі жеткен ел ағалары шұғыл
қимылға келеді. Азды-кем шүңкілдесуден кейін Ауғанбайды
суыт қайтарып жіберіп, Зайып тәйжімен бас қосады да,
бұрыннан қопақтап, қопарыла көшуге дайын отырған бар

ауылға кісі шаптырады. Ел басыларын тұтқындауға шығатын
жүз әскер жетіп келгенге дейінгі қысқа уақыт ішінде қауырт

Ғаппар БІЛӘЛ әрекеттеніп, қаша көшіп қарасын батыру керектігін хабарлай­ ды. Сөйтіп, ендігі жерде ешкімнің де артына қарайлап іркіле беруінің реті қалмайды. Басына іс түсіп қауіп төнгендер ғана емес, жарлы-жақыбай, шабан-шардақтар да көштің алдына та­ ласып, бұрын кетуге, аяқ астынан тұтқындалып кету қатерінен ертерек бас сауғалап тайып тұру қамына жанталаса кіріседі. Боранқұл тобы осы қарсаңда жеткен еді. Ел шетіне іліне бере мал табындарының алдын жүргізіп жіберіп, артқылары аттарын ерттеп, үйлерін жығып, түйелерін қомдап жатқан қауырт қимылдың үстінен шықты. Ол жасақтарымен бірге шилеуітті кең жалпақта киіз үйлерін жайратып жығып тастап, жапатармағай жүк артып арпалысып жатқан қалың ауылға келгенде, топ ортадағы алты қанатты абажадай ақбоз үйдің түндік-туырлығы сыпырылмаған тігулі қалпында тұрғанын көріп, ат басын солай бұрған еді. Ақ үйдің есік көзінде қатар шөгеріп тастап жүк артылып жатқан екі нар түйенің төңірегінде дәурендеп тұрған тартысқа алыстан көзі түсті. Жасы он төрт, он бестен аса қоймаған аласа бойлы, әдемі бітімді тұлымы желбіреген қыз баланың түйе үстіне шығарған қызыл қобдишасын бүрге сияқты бүкшеңдеген бүкір кемпір жұлып алып лақтырып тастады. Қыз бала келесі кезекте су жаңа алашаға оралған шағын теңді көтере бергенде кемпекең оны да жұлып түсірді. Шеше рақымсыздығына ызаланған қыз бала көзіне жас алған болуы керек, көзінің тұсын кішкентай қолының қырымен сүйкеп жіберіп, шиыршықтаулы жатқан ауыр қалы кілемге жүгірген еді, шұбалаң етекті бүкір кемпірдің шаңылдаған кейісті даусы шықты. – Таста, балам, керегі жоқ. Ақы иесіне бұйырмаған дүниесі құрғыр адыра қалсын! Бастан құлақ садаға, – деді. Дәл осы тұста жетіп тоқтаған ат үстіндегі Боранқұлға бүкір кемпір тарамыс алақанымен күн салып қарады. – Қай баласың? – Елісхан ауылынан келемін, атым Боранқұл, жолда­ старым... – Ау, и, я, – деп қасқа тісі түсіп, үстіңгі ерні қатпарланып қалған кемпірдің әжім торлаған ақсары жүзінде болымсыз ғана

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР жылмық ишарасы жүгіріп өте шықты, – естігенмін, әлгі батыр күйеу сен екенсің ғой. Е, е, қарағым, әлгі біздің қыз аман-есен жүр ме? Бала-шағаларың аман ба? Бұрын көрген, көрмегенім де есімде жоқ. Бір көрген кісіні ертеңінде танымай қаламыз. Картайған соң көретін күнің сол көрінеді ғой. Танымай жатыр­ мын. Сөйлей жүріп, екі қолы тыным таппай есік алдында ыбыр­ сып жатқан заттардың бірін алып, бірін тастап, күңкілдеген кемпірдің тусыртынан келіп аттан түскен Боранқұл: – Жеңеше, үйіңізді неге жықпағансыз? – деп сұрады. Осыдан кейін жұмысбасты арық кемпірдің ақсары жүзі тыржыңдап, даусы қатқыл тарта бастады. – Жығып қайтемін? Қалсын! Ақы иесі Байдолланың басы­ на, ержеткен азамат ұлымның басына пана болмаған қаралы мола қай күніме керек? Дүние шіркін қай мұратқа жеткізер дейсің? Керекке жарарын, ілікке татырын буып-түйіп алған болдым. Он беске жаңа шыққан қызым бар, оның артынан ерген жалғыз інішегінің жасы он екіге енді толады. Жылқы айдаған жігіттермен бірге мал соңында кетті. Бұл екеуінің керегіне буып-түйіп алған тоғанағым да жетер. Жетпей жатса өз күндерін өздері көрер. Ауыр салмақты үйдің бар мүлкін қайыстырып артып жүрерге шамамыз да жетер емес. Қажеті болар дегендерін көрші-қолаңдарға үлестіріп бердім. Ендігі қалғаны қала берсін! Азғантай ғұмырында шыжақ болып, шырылдап жүріп жинап-терген дүние мүлкінен бір ғана кеште жеріп, жұртқа тастап кетуге айналған заржақ кемпірдің соңғы сөздерін то­ спай, ауыздығы алынған аттарын отқа қойған серіктерімен бірге ақтөбедей киіз үйді жығуға ыңғайланған Боранқұлдың алдына бүкір кемпір көлденеңдей қалды. – Күйеу, қарағым, қажеті жоқ. Әуре болма! Басымызға пана боларлық жеңіл-желпі қос дайындап алдым. Енді керек десеңдер, бір түйелік қана жүк шығарайын. Басқасы қалсын. Егер мен десеңдер, Байдолла қайынағаңның шаңырағы деп силасаңдар соңымыздан жететін қуғыншы жаудың олжасы­ на қалдырмай, біз бір қырат асып кеткен соң сіріңке тартып

Ғаппар БІЛӘЛ өртеп жіберіңдер, – деп кесетті. Содан кейін бар жігітті үйге кіргізіп, оң босағада тұрған қара сабаны пісіп-пісіп жіберіп, сырлы ағаш тегенеге көпірген іркіт құйып әкеліп шетінен су­ сындатып шықты. Оларды тоғайтып болған соң екі жігітке қара сабаны көтертіп, шомбал қара атанның үстіне шығартып, жүктің төбесіне бастыра байлатып тастады. Боранқұл жігіттерінің өздері әкеліп шөгерген қомды түйеге артқаны кілем-кілшелер мен тең-тең етіп буып тасталған қасқыр, түлкі терілерінен, шым жібектерден тігілген ішік-шапан, көйлеккөншек сияқты бұйымдар екенін білген де жоқ, тек шалы мен ұлынан қатар айрылған ауыр қайғыдан белі бүгіліп, қаусай қартайып көрінгені болмаса сары кепірдің жасы аса ұлғайып кетпегенін аңғару қиын емес-ті. Жүкті түйелер тұрғызылып тіркелгеннен кейін етегі жер сызған қоңыр мәуіті тысты пұшпақ ішігін киіп, түбіт салыны жамылып, малынып шыға келген кемпірді қолтығынан демеп, былғары тоқым, қайың ердің қасына дейін қызыл-жасылды шыны көздер орнатып, ою-өрнекті ақ күмістен нақыс шапқан аса сәулетті ертоқым салынған жуан бел қоңыр жорға атқа көтеріп мінгізген Боранқұл аса дәулетті кемпірге кездесіп тұрғанын аңғарды. – Атыңыз кім, жеңеше? – Атым Ұлбосын. – Жеңеше, білімді адам екенсіз. Еріңіз Байдол­ ла ақсақалдың Үрімжі абақтысында өлтірілгенін де, үлкен ұлыңыз Серікболдың таяудағы әскерлермен қақтығыста шаһит болғанын да естіп ұқтым. Сондықтан сізді ардақтап құрметтейміз, – деп кемпірдің қолына зәулім ақбас атанның бұйдасын ұстата берген Боранқұл көшті жүргізіп жіберіп бөлініп кетпек болған еді, атқа мінген соң сәулеттеніп алған сөзуар кемпір оны әңгімеге шырғалап, көшіне ертіп әкетті. Қырат асып кеткен соң іргесіне от қойылған баспанасының қызыл жалын атып, будақтаған түтінін көргісі келмей, ат үстінде сырт қарап отырып алды. – Күйеу жігіт сені батыр екен деп естимін. Ел-жұрт сыртыңнан солай деп аңыстайды. Баркөлге алғаш келгеніңде Шекерхан абысынымды құтқарам деп жүріп тоқалыңнан

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР айрылыпсың. Есіл зайыбың оққа ұшыпты. Ер арыса – аруақ, ат арыса – тулақ қой. Мен де тулақ кемпірмін. Байдан айрылған жесірмін. Ержеткен азамат ұлдан айрылған мұңлықпын. «Ел іші – алтын бесік», «көппен көрген – ұлы той» делінетін қазақ аталарымыздың тәлімін ескеріп, елден айрылмайын, көптен қалмайын, не көрсем де елмен бірге көрейін деп, көшіп келемін. Бұл қай жырғаған келіс дейсің, туған жерден, өскен өлкеден шығып кеткен соң тамыры топырақтан ажыраған қаңбақтың күнін кешерміз, қонарымызды сай, көшерімізді жел білер. Заманның сұрқына бақсам, басар жол, өтер өткеліміз қиын соғатын түрі бар. Бәйдекеңнің көзі тірісінде жинап-тер­ ген алтын, күміс теңгелері бар еді, азынаулақ болса да соның жарым-жартысын алуыңды өтінер едім. Лайық көрсең, мақұл десең шиеттей екі балама қараса жүрерсің. Өтінемін, қарағым, – деп бір тоқтады. Зайыры, Боранқұл не айтар екен деп аңысын бағып келе жатқан сыңайлы. – Балаларыңызды тапсырғаныңыз жөн. Бәйдекең сияқты ардагер ағалардың әулетіне қараспағанда кімге қарасамыз?! – деді Боранқұл іркілместен, – қара тұяқтан хал кеткенше оларға көмектесуді парызым деп білемін. Жәрдемімді аямаспын. Бірақ, бұл еңбегімді сізге міндет етпеймін. Алтын, күмісіңізді алмаймын. Әке дәулеті балала­ рына бұйырсын. Жәнесінде мынадай «жау іші жаужаллам» жағдайда әлгіндей асыл қазынаңыздың барлығын басқаларға айтып тіс ағартушы болмаңыз. Біліп қалса, біреу-міреу қастық сайламайды деуге болмайды. Боранқұлдың бұл ескертпесін естіп келе жатқан Ұлбосынның қоңыр даусы күз желімен қосыла зыңылдады. – Біздің қазақ айтады: «Алаған қолым береген» деп. Сен алмаған соң менің көңілім алаң бола береді ғой, жарымын алмасаң түгелімен ал, бұл менің шын ниетім. Тек... – «Тек» дегеніңізді қоя тұрыңыз, жеңеше, маған ешқандай қазынаның, ешқандай байлықтың керегі жоқ. Ешнәрсеге зәрулігім де жоқ. Өз дәулетім бұйырса өзіме жетеді. Ал дегеніңізбен алмаймын, бұл да менің шын сөзім. – Бірақ...

Ғаппар БІЛӘЛ – «Бірақты» да қойыңыз, мен айтқан сөзден қайтпаймын. Балаларыңызға, от басыңызға көмектесемін дедім, көмектесемін. Жаным бойымда болса, қолымнан кел­ ген жақсылығымды аямаймын. Қазір көшіңізді алып жүрісетін адамыңыз жоқ екен. Көмекке бір жігіт бердім. Екі жігіт босатуға күйім келмейді. Жаугершілік жағдай жар бермейді. – Айналайын, күйеужан, айтқаның орынды ғой, бірақ, менің көңілім орнықпай келеді... Осы, қарағым, сенің... – деп қасқа тістері түсіп кеткен қызыл иек аузын омпырайта ашып қарайтын әдетімен, Боранқұлға аңтарыла қарады, – осы, қарағым, сенің ержеткен ұлың бар ма? – Бар еді, жеңеше, Мәликеден туған тұңғыш ұлым азамат болып қалды. – Ұят болса да айтайын, ендеше, қарағым, күйеужан, екеуміз құда болайық. Үріп ауызға салғыдай әп-әдемі қызым бар екенін өзің көрдің. Аты Кенжегүл. Саған қалыңсыз берейін, осы бастан бала қып ал. Жаман айтпай жақсы жоқ. Заман мынау, заң мынау, ұстараның жүзіндей қылтқып тұрған жалған дүние мынау. Ертең бармыз ба, жоқпыз ба? Тағдырымыз бір Алланың қолында ғой. Тұс-тұстан дызыл­ дап ұшқан құмалақтай қорғасын бұршақ қадала кетіп тырая саламыз ба, кім біледі. Соны ойлап көзім тірісінде сенімді кісіге қол артып, балама сүйеніш тауып берейін дегенім ғой. Құдалықты ұл бала жақ сөйлесетін ата салтын аттап кетіп жа­ тырмын. Заман солай болып тұр. Бұған не дейсің? – Балалар бір-бірін жарататын болса болғаны, біз келістік, жеңеше. Осы сөзді естіген кемпірдің өңі жадырап кеткендей еді. – Балаңды көрмедім. Тек әйтеуір текті жердің, ел ау­ зына аты ілінген жақсы атаның баласы ғой деп жатырмын. Болмаса тастай алмай жүрген балам жоқ. Балаң бала емес, ит, күшік болып кетсе де өз сорымнан көрейін, сөзім-сөз, қызым соның босағасында жүріп үріп кетсін. Билікті балаға салмай­ мыз, тоғыз ай көтеріп, тоғыз күн толғатып тапқан балам аш­ сам алақанымда, жұмсам жұдырығымда. Оларға қастық емес, жақсылық ойлайтын ата-ана көр балапан жастарды жаманатқа

қалдырмайтын орын тауып, өмірлік тағдырын алғаш рет
шешіп беруге қақылы да құқылы, жас балалар өмірді біліп,
түсініп жеткенше, тізгін-шылбырларын біздің қолымыздан
суыра тартып жұлып әкетуге қақы жоқ, ұқығы да жүрмейді.

Шүйкедей ғана бүкір кекпірдің опырық аузынан шыққан
толғамды сөздерге тәнті болып таңырқаған Боранқұл
болашағы күңгірт бүгінгі құдалығына дән риза болып келе
жатқан еді. Ел басылары Зайып, Әйембет, Құсайын, Нұрғали

үкірдайлардың ұйғарымы бойынша, қауіпті деп қаралған
Шиңшиңшаның төте жолын тастап, моңғолия шекарасын
басып өтетін Лом, Іңіз, Сарымжан жолымен айналып кетуге
бет алған мың түтінді қамтыған ұлы дүбір үлкен көш жолға

шығысымен Боранқұлға шақыру келді. Шақыртқан Зайып,
Қасымдар еді. Бұл шақыру ел ағаларын тұтқындауға шығатын
жүз шамалы әскерді алдынан шығып қарсы алудың қамы
екенін толық білмесе де, Боранқұл Ұлбосын құдағайымен

қош айтысып, бұрылып кетті.
* * *
Боранқұл биік доңғал сары белге шыққанда тіленіп
жаланып борандата жөнелген күшті жел сырқынды кәрі

құздардың алжапқыш күйегіндей алыстан мұнартқан боз
тұманды сыпырылған туырлықтай сарылдата сүйретіп келіп,
көтере желпіп көкке шығарып жіберді де, жыртып, тоздырып
жіберуге күйі жетпеген соң ентігі басылып бәсеңси берді.

Аспан түнеріп шыға келді. Жаңа ғана бақадай шулаған қалың
елдің жұртында қалып, әудемде меңіреу иенге айналған
меңзығыр өлкеде сылбыраңдап қар жауа бастады. Ат тұяғын
сулаған шөп ұштарына, қурай мұрттарына іліне үлбіреп,

төгіле берген үлпілдек қар жер бетін алапестендіріп, беткей,
төскейлерді теңбілдендіре түсті. Қабығына кірген ұлудай
иіріліп қараған түбінде жата қалған қызыл жон түлкі ат
дүбірінен үркіп шығып, безіп жөнелді де, ағара қалған қарлы

теріскейдің бетінде, бұлттың үстіңгі жағындағы күн көзінен
үзіліп түскен бір тамшы қызыл ұшқын болып сырғанады.
Қасқыр бүлкек желіспен суыт келе жатқан Боранқұлдың
ашылмастай бұлт басқан көңілін аңшы атаулыны елең

Ғаппар БІЛӘЛ
еткізер бұл көрініс те селт еткізе алмады. Милықтата киген
баскиімдей тұманды ойлармен құндақталған бас сүйегінің
ішінде күңгірт мұнарға батқан тұрлауы жоқ, баянсыз

ғаламның тұманды тұлғасы бағана Ұлбосын кемпір айтқандай
ұстараның жүзі болып төңкерілді. Қылпып, қылтқып тұрған
ол жүз қазір қиып түсіреді. Қолма-қол ора тартып бауыздай
алады. Төсқасқаңды жарып түсіре біледі. Сондықтан, мал-

мүлік емес, ұрпақ керек, ұл керек, қыз керек. Дүниенің төрт
бұрышына шашылып кетпей тұрғанда, көзіңнің тірісінде
үйлендіріп үлгіруің керек. Өйтпесең, кешігесің. Баркөл
төңірегі қазір үлкен қасапханаға айналған. Мұнда қорқыратып

бауыздалған мал емес, адам. Мұнда адам еті қарға-құзғын,
түлкі-қарсақтарға тегін үлестіріледі. Содан шошынды көріп,
үркіндіге ұшыраған азғантай қазақ баласы торғайдай тозып,
құрып барады. Боранқұлдың кеуде қуысында іргені қазып

тырмаланып жатқан сумақы ит тырнағының тықыры тысыр­
лады. Түйілген қабағының астында шөгіп жатып алған уайым
көлеңкесі қоюланып қараңғы тартты. Ауырып жазылғалы бері
жүрек түкпірінде беріштей қатып жатқан ашу мен ыза аяз кер­

ген мұздай шатынап жарылып жатты.
Олар желе жортып көшіп кеткен Нұрғалидың жұртына
келгенде Қасым батыр кең қоныстың ортасын ашық
қалдырып, қарулы жігіттерді төбе-төбенің, жал-қыраттардың

үстіне жатқызып, оқтаулы мылтықтарын кезетіп тастаған
еді. Боранқұлдың орны дұшпан әскерлері ашық алаңқыға
өрлейтін аңғар сайдың бір жақ иығы екен. Өз тобымен келіп
бұйырылған иықтағы шоқпар тасты төңіректей жайғасты.

Оның қолына бұрынғы мылтығынан сырт тағы бір автомат
берілді. Міндет - жасақтардың қоршауына кірген әскери
қосынның шегініп шығар жолын кесіп тастау еді.
Қар жауғаны тоқтағанымен, тарқамаған бұлттың сазарған

бетінде теміреткінің орнындай еңкейген күннің бөрткенді
жарақаты бұлдырап көрінеді. Күн еңкейген сайын Боранқұл
тықыршып кетті. Өйткені, іздегеніне жетпеген көңіл сабыр
таппайды ғой. Иә, қазір қырғын басталады. Бұл реткі қызыл

қырғын кімнің пайдасына шешілері әзір Алладан басқаға
мағұлымсыз.

Бұл сұраудың жауабы да көп күттірген жоқ. Ат дүбірі
естілді. Меңіреу кештің тыныштығы сатырлаған ат тұяғының
астында қу шөмшектей сытырлап сына берді. Дұшпан күштері
де бұрынғы жауын құртындай жылбыраған сылбырлығынан

арылып, ширай бастаған сыңайлы. Қатты жүріп суыт келеді.
Бір тәуірі, Ауғанбайға жүз әскер барамыз дегені өтірік екен,
мына келе жатқан қосын отыз шамалы ғана адам екен. Сол
Ауғанбайдың өзін оққағар үшін алдыға салып сұр жылан­

дай иріле шұбырған сұрғылт топ тұсынан өтіп болғанға
дейін Боранқұл жігіттері дыбыс білдірмеді, сыр алдырмады.
Иреңдеген айдаһар сүйір басын Нұрғалидың жұртына тіреп,
құйрығын шиыра бастағанда, кеусіндей қарасұр атқа мінген,

командирі порымды біреу «торс» еткен мылтық даусымен
ілесе теңселіп, бір қырынан жамбастай құлап түсті. Сол-ақ
екен, қасқа маңдайдан, қос бүйірден жарыса атылған мылтық
«теке-теке, тек-тек, тықа-тықа, тық-тық, тақ-тұқтың» асты­

нан алып, лекілдетіп қоя берген еді. Тұс-тұсынан бұталып
тұжырыла түскен қосын аттан түсе қалып, мылтық күшімен,
оқ нөсерімен жауаптасып байқап, әскер саны аздығынан оған
да шыдамады. Аттарына міне салып, ілгері шоқытып барып,

маңдайға соққан тосқауылдан ығыстап қайта сырғанады.
Ендігі ниеттері шегініп шығып кетуге ойысқандай еді. Кейін
лықсып, өзіне қарсы келе жатқан әскер қимылын бағып
отырған Боранқұл темір құндақты жеңіл автоматын сарна­

тып қоя берді. Әскерлер де ат үстінен атқылап келеді. Тұс-
тұстан оқ жауып кетті. Дәл осы қарсаңда «шип-шип, шию»
деп шыпылдап өте шыққан автомат оғынан Боранқұлдың
бас жақ қатарында жатқан еңгезердей қара жігіт шалқасынан

түсті. Оң бүйірінде қадап атып отырған Құлыш ыңқ еткен
дыбыс шығарып, сұлқ жатып қалды. «Сасқан үйрек артымен
сүңгиді». Талай әскерінен айрылып, күші кеміп бара жатқан
әскердің соңғы легі лап беріп ат қойған еді, Құлышқа қарап

бұрыла берген Боранқұлдың иегінің асты дейтіндей жер­
ден шоқпартастың іргесінен киіп жарып өтіп шығып кетті.
Қоршауды бұзып шыққан әскер саны жиырма шақты шама­
сында еді. Құлышты өлдіге жорыған Боранқұл қашқан жауды

Ғаппар БІЛӘЛ
қуалай соқпақ болып тасадағы тайшұбарды міне ұмтылған
кезде серіктері шылбырдан алып тоқтатып қалды. «Қашқан
жауға қатын би болады». Сен қатын емессің ғой. Қашса

жолдары болсын. Нең бар оларда? «Пәлелі көтке бармағың
тықсаң, тырнағың ішінде қалады». Пәлекеттер кетсін сол
тойғанымен дегендердің сөзінен асып кете алмады. Бірақ,
құлдама қуыстың сай тағанында аты оққа ұшып, жығылып

түскен бір әскер қол көтеріп тұра бергенін көргенде ескі
жыны қайта қозып шыға келді де тұра ұмтылды. Тайшұбармен
ағызып барып сұр шинелдің жауырын ортасынан бүре көтеріп
тақымға басып салақтатқан беті қайта шапты. Ат бауырына

сүйретіп әкеліп топ ортасына тастай бергенде тұмсығынан
секірген қан ақ қырбақтың үстіне шимай салып, сорлаған сор­
лы тәлтіректеп тұруға ыңғайлана беріп, тайшұбардың алдына
қайта құлады. Жай құлаған жоқ. Ар-намысының маңдайын

табанға төсеп, тоңқалаңдап бас ұра құлады. Бірақ, өшігіп
алған Боранқұл оның жалынышына қарамады. Қажыгелді
атасынан, Ханкене заманынан қалған қайқы қылышты қайқая
сілтеп, бір иығынан шауып түсірді.

– Нәзиләнің кегі үшін, Шекерханның кегі үшін,

Құлыштың кегі үшін тарт сазайыңды, – деп қылышын оңды-
солды сілтеп, шала жансар өліктің тұтас денесін қырықпышақ
қылып кескілеп тастады. Егер сол кезде иығынан тартқан
бір серігі «Құлыш үшін демеңіз, Құлыш өлген жоқ, тірі, тек

бір иығынан ғана жараланыпты» деп хабарламаса, Боранқұл
өлікті кескілеуін жалғастыра берер күйде еді. Тек қана сол бір
Құлыштың тірі екенін жеткізген жақсы лебізді естіп білген
соң ғана оның қатыгездігі алақандағы мұз сияқты жылбырап

еріп сала берді. «Боранқұлдың желігіп ауыратын көне дерті
қайта қозғалып, көтеріліп кетіп жүрер ме екен?» деп Қасым
батыр ойлаған қауіп содан кейін ғана айықты.
Алайда, қолға түскен тұтқынды кескілеп өлтіруді ол

содан кейін де тоқтата алмады. Ақ қар, көк мұз жамылған
қысқа қарсы сай-саладан өріп қосылған ұзын көштің соңында
келе жатып, артынан қуа жетіп аспаннан бомбалаған
ұшақтарға қадап атқан оғын тигізе алмай қарғанып-сіленген

ол атпен келіп атқылаған қуғыншы әскерлерді қаруланған
мергендерінің күшімен тойтарып, бетін қайтарған соң қолға
түскендерді қылышпен қидалады да отырды. Осындай бір
кезде үстінен түскен Солтаншәріп оған ақыра бұйырып:

– Боранқұл, қой, тоқтат бассыздығыңды! Жау болса да

жәбірлегеніміз жараспайды. Тоқ етері – тоқтат енді, – деді.
Боранқұл содан кейін Солтаншәріпті жек көріп кетті. «Біздің
Сүкең иманды болатын кісі, тышқан мұрнын қанатпайды.
Малды да бауыздамайды, бауыздағанға қолы батпайды. Ба­

тылы жетпейді. Үйіне келген қонақты қонақасы бермей аш
жатқызатыны да содан» деп, Солтаншәріптің қараулығын
сыртынан сылтың етіп отыратын әдет тапты. Боранқұлдың
қатыгездігін үлгі көріп, өнеге етпесе де ерлігіне сүйінген

серіктері шетінен өжеттеніп жігерленіп алды. Жол ұзарып
жер арасы алыстаған сайын қуғыншы аттылар мен бомбы­
лаушы ұшақтар да еселеп артқан еді, жер танып, атыс көріп
ысылған жігіттер атты қуғыншыларға ырық бермеді. Күші

жететіндерін қоршап жойып, қару-саймандарын тартып
алып күшейе түсті. Күші жетпейтін аса қалың әскерді жалған
атысқа шырғалап, құм, шөлейттерге түсіріп әкетіп, адастырып
жүріп, әуре-сарсаңмен титықтатты. Олардың қарғысы дары­

майтын, атқан оғы жетпейтін бір ғана жендет - аспаннан келіп
аса биіктен бомбалайтын «темір құстар» болатын. Өлермендік
көрсетіп, төмендеп келіп бомбылаған бір ұшақ көп мергеннің
қадап атқан оқтарының бірі жан жеріне дарып кеткені де, мо­

торынан кілтипан шыққаны да белгісіз, бомбалау қарсаңында
өртеніп құлағаннан кейін, қалғандары тым төмендеп шүйліге
ұшудан қалып қойған еді. Жігіттер биіктен бомбылауға
қарсы қолданар шараны да ойлап тапты. Күндіз баласы тау

шатқалдарына бытырай ерулетіп, ат-көлігін отықтырып алған
елді қараңғы жастандыра жолға шығарып, түні бойы көшіріп
отырды. Ерулеген өңір жазықай жер болып кездескенде жел
жағына отын үйгізіп, ұшақ дүбірі естіле бере түтін салып, ел

мен малды будақтаған түтін астына жасырып қалып жүрді.
Бірақ, Шынығын деген жерге қонған күні бойы бомбылаған
жеті ұшақтың қатеріне түтін салу шарасы ес қатпады. Жаққан

Ғаппар БІЛӘЛ
отын таусылып, түтін басыла бере қайта оралған жеті құзғын
жайрап жатқан қалың елді көп шығындатып тастады. Жусап
жатқан қоралы қойдың ортасына түскен бір бомбы қақ жары­

мын қырып салды. Айғыр үйірлі жылқыны да жусатып салды.
Құлағына құйып отырған сөзді ұқпайтын, зердесіне
жұқпайтын,
езбелтек

жылбысқалығынан
арылмайтын
«босбелбеулердің» жансарлығына шипа да жоқ-ау. Төмендей
салбырап ұшқан бір ұшақ дүбір салып сарылдап жетіп келген­

де үрейі ұша сасқалақтаған бір шала нәдүріс қашып құтылмақ
болып, шиеттей үш баласын бір түйеге мінгестіре салып,
желдіре жөнелген еді, олардың өкпе тұсындағы жарлауытта
жамбастап жатқан Боранқұл:

– Тоқтат, шөгер түйеңді, жат, – деп ақырып үлгіре алма­

ды. Биіктің басына, қарауылдың ұшына, түйенің үстіне әкесі
өзі шығарған үш нәрестені биіктен қиғаштай төгілген пуле­
мет оғы қайшымен турағандай қырқып өте шықты. Тайлақтап
желіп келе жатқан түйе оқ тиіп омақата құлағанда үстіндегі

балалардың өлігін жан-жаққа шашып жіберді. Сол мезгілде
жар астында жасырынып жатқан жерінен қарғып түрегеліп
бұзауына қарай тұра жүгірген жас жігітті төбеден төгілген
пулемет оғы екпетінен жығылған жеріне кеудесінен аққан

қанмен желімдеп жабыстырып кетті. Жаман бұзау үшін жа­
нын қиған жігіттің дүниеқорлығына қорланған сезіммен
қозданып отырған Боранқұлдың көз алдында қалбаңдаған
тағы бір көш үзігі пайда болды. Бақайшықтата жүк артқан екі

түйесін жүргізе алмай, тамам көштің артында қалған еркек
пен әйел бірі бұйдасынан сүйрелеп, бірі тірсегінен сабалап
қанша асыққанымен, арқасындағы жүгін ауырлап, бұрлыға
бастаған екі түйені шуда қақтырып желдіре алмады. Олардың

қимылын алыстан бағып отырған Боранқұл артулы жүктерінің
қара боршалығына, киімдерінің жұпынылығына қарап, ерлі-
зайыпты екеуінің сыртынан «тасып жүрген қазыналарың
ылғи да алтын мен күміс-ақ шығар-ау, қатқандарыңның

басы...» деп бұрқырай бастағанда, әлгі қатерлі ұшақ гүрілдеп
қайта жетті де дәл солардың төбесінен өте бере, құйрығының
жырмышынан ытқытып жіберген ұлыжарақ іспетті бір бом­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР бы үзіле салбыраған еді, шөліркеп жүрген бейшара жігіт өзіне бір торсық айран ұшып келе жатқандай, жоғарыдан құлап келе жатқан жыртқыш ажалының тұрпатына аңыра қарап тұрды да қалды. Боранқұлдың «түс аттан, өлесің, жат» деген айғайын екеуі де естіген жоқ. Екі түйенің ортасына түскен бомба оларды ат-түйесімен бір-ақ жамсатып, жайрат­ ты да салды. Солардың қақпыш екі түйені сорлатып артып жүрген жүгін көргенде ғой, Боранқұлдың ашудан жарылып кете жаздап жер тепкілегені. Құдай-ау, қай-жайдағы қоқырқоқсық ілікке алғысыз бірдемелер. Алып жүргенді қойып, көріп тұрудан да арланатын тозған байпақ, жыртық етік, қатқан тулақ, жұлым сырмақ сияқты қым-қуыт, қиқым-бақай дүниелер. Боранқұлдың көзіне қан толып, буырқанып кетті. Аспанда ұшып жүрген ұшақты жай мылтықпен атып түсіру мүмкін еместігін біле тұра, жақын төбеден өнер көрсетіп ер­ келегендей, әспенсіп басынғандай құйқылжып, бір қанатына қисая қиғаштап сүзіп ұшып жүрген темір құстың маңдайынан аралық жер тастап сығалап тізбектете атып-атып жіберді. «Атқан оқ ажалдыға кез болады. Түлен түрткен темір құзғын қақалып қалғандай дабысы өзгере қалды да, артынан бұрқ еткен боз түтінді саңғырып жіберді. Сол-ақ екен, сол боз түтінді арқан ала қашқан асаудай жіпше шұбалдырып, зы­ мырай сырғанады, алыстан доңыз сырты болып көрінген жал қыраттан асабере тұмсығынан шаншыла құлап кетті. Олар әуе шабуылынан содан кейін ғана айыға бастады. – Шабуыл тоқтады, атқа мініңдер, көшіңдер! – деп шауып келе жатқан Боранқұл топты түйенің тұсынан өте бер­ генде шалқасынан құлап жатқан өліктің басын құшақтап, зар жылап отырған қыз баланы басып кете жаздады. Тайшұбармен ағып өтіп барып қайта оралғанда өлік басында отырған Кенжегүлді желбіреген тұлымынан таныды. – Сен бе едің, айналайын қарағым, ақ үрпек балапаным-ай, – деп ат үстінен өкіре құлап түскен Боранқұл кеудесінен қанға малшынып жатқан Ұлбосынның жанына таяғанда Кенжегүл шешесін тастай беріп оның мойнына асы­ ла кетті.

Ғаппар БІЛӘЛ – Әке, әкежан-ау, енді қайттім? Әкеден айрылғаным, ағадан айрылғаным аз болғандай, енді шешемнен айрылдым. Артыма ерген шиеттей ғана бауырым қалды. Жетпей жатып желкемізден қиылдық қой, әкежан-ау, енді қалай тірі жүреміз? Аллам-ау... – Қайтесің, құлыным, жыламашы! Балдырғаным, жа­ сып кетесіңдер ғой. Елің бар, жұртың бар, ертең-ақ ер жетесің, жетіледі бауырың да. Мен де бармын. Ұлбосын шешең жарықтық көзі тірісінде маған тапсырып еді. Ұмытпаймын. Сен елдің, халқыңның баласысың. Менің баламсың, ел асы­ райды сені, мен асыраймын. Өзіңе өзің берік бол, балам! – дей берген Боранқұл тым өтімді жұбату сөз тауып айта алмағанын сезіп қатты қиналды. Шешесі байқұс көзі тірісінде болашақ қайынатаң Боранқұл болады, мен құдаласып, уәделесіп қойдым, танып, біліп ал деп құлаққағыс етіп тапсырып, та­ ныстырып кеткені бар ма, әлде «көзі қарайған там сүзеді демектейін көзіне көріне кеткен соң ес көріп, тиянақ тұтып жабысқаны ма, қалай, мойнынан тастай қатып құшақтап алып, айрылмай әурелегенде де, Ұлбосынның жағын таңып, ашық қалған көзін жауып, қол-аяғын түзетіп жатқанда да, «сен менің баламсың» дегеннен басқа тәуір сөз тауып айта алмады. «Сен менің келінімсің, сен менің келін баламсың, мен қайын атаңмын, шешең менің ұлым Балқашқа өз аузы­ мен атастырып кеткен. Ендігі әке-шешең мен боламын, өзім барда қиыншылық тартқызбаймын, обал сауабың менің мой­ нымда, сендерді ержеткізу, ел қатарына қосу жауапкершілігін шешең алдында мен үстіме алғанмын» деген сияқты көмейіне келіп, қайтып тұрған сөздердің бірде бірін аузынан шығара алмады. Ақ қой сойып, ақбата жасалмаған, ата жолымен ата­ стырылып үлгірмеген сәби қызды келінім деуге аузы қалай барсын?! Бірақ, Боранқұл бомба жарықшағынан мерт болған Ұлбосынның сүйегін арулап жерлегенде де, жүкті түйелерін тұрғызып, ел қатарлы жүргізіп келе жатқанда да қөзіне қарап жаутаңдай берген Кенжегүлдің жасты жанарынан өз әкесі іспетті жақын көретін жалыныштың, бағыныстылықтың ны­ спын танып, әлгі бүкір кемпір Боранқұлмен ара құдалығын

айтып, қызына ескертіп үлгірген-ау деп мөлшерледі. Ол со­
дан кейін Кенжегүл мен бауырын көзінен таса қылмауға ты­
рысып бақты. Бірақ, Ұлбосын кемпірмен жүрдім-бардым
жасасқан шала құдалығын еш пендеге аузынан шығармасқа,

өз кіндігінен жаралған ұлы Балқашқа да сездірмеуге бекіді.
Екеуара табысып жатса, кезінде көрермін, болмаса мен ара­
ласпайын деп шешті. Алтын-күміс, асыл қазына жиһазы
бар, асау-жасауы толық бүлдіршіндей бай қызды өз ұлына

қалыңсыз алып беруден жалтаруды Құдай күпіршілікке жаз­
басын деңізші. Әйткенмен, Боранқұл бұл бекімге келерінде
Ұлбосынмен жасасқан құдалығынан бекер айныған жоқ-ты.
Біріншіден, әке-шешеден айрылып, сүйенері қалмаған қыз

бала кішкентай бауырымен қосыла мынадай жапа-машақатты,
қатерлі ұзын сапарда ұлымның аяғын аттап бастырмайтын
тұсауға айналады деп бағалады. Екіншіден, қыздың тастап
кетуге қимайтын, артып-тартып алып жүру көп қиыншылық,

көп әуреге тоқтайтын дүние мүлкі, мол байлығы бұғанасы
қатпаған Балқаштың қабырғасын қайыстырып жіберетін
көтергісіз жүк болады деп шамалады. Үшіншіден, бұл тұсау,
бұл жүк шырмалып жүріп жұрттың артында қалдырып,

қатерге ұшыратуы мүмкін деп қарады. «Шынығын» деп атала­
тын шығасыға кезіктірген қоныста көп малынан, көп адамы­
нан айрылған жылаулар халық көш қарқынын жеделдете түсу
үшін басы артық үй мүліктерін тастап, өртеп кетуден мүлде

тайынған жоқ. Жеті қараңғы түн ішінде Ломторай өзеніне жет­
кенде шеті мұз болып қатып, ортасы ағып жатқан мол судан
қойлары өтпей әурелегенде, қыруар малдың табын-табыны­
мен қалып қоюына да қарамады. Оның есесіне сорлаған елдің

жолы болайын деп тұрған секілді, осыдан арғы жол бойында
кейде қарлы боранға түсіп, кейде көш ізінен жаңылып қалған
қуғыншы әскерлер адасып кетіп, төбеден тасталған доп құмға
түсіп, жұмсақ құмда жарылмай қалып, жан амандап отырды.

Қанат-құйрығына сүйеніп рыздығын түзден айыратын
бүркіттен, қаршыға, сұңқарға дейінгі барлық аспан серілерін
айрықша мәпелеу, артықша аялаудың арқасында қолға
үйретуге болады. Олар қанша шырқау биіктерге шығып кет­

Ғаппар БІЛӘЛ
кен соң да ақы иесін аспанға қаратып тастап кетпейді. Қайтып
оралады. Оралдыратын күш ақы иесінің оған қаратқан ниет-
ықыласы. Ал, заман қатыгездігінен теперіш көріп, бетін

теріске салған ауғын халықтың қайта айналуынан, байырғы
тұғырына қайта оралуынан үміт жоқ еді.
Суыт көшкен ел он бірінші тәулікте моңғолияның Еңіз
тауының етегіне барып ілінген еді. Оқ пен оттың ортасын­

да арпалысқан ел жылқы, қойларынан шығындалып келе
жатқанда, алдыңғы барлаушылар моңғолияның мыңға жуық
түйелі әскерлері келе жатқанын хабарлады. Көш қарқынын
тездетіп Темірқада адырына жеткенде моңғолияның танкі,

машиналы қалың әскері тап болды. Түйелі әскерлер де жетіп
үлгірді. Бомбылаушы ұшақтар да қаптады.
Бар жігіт бар көлікті бытырата қуып, атыса жүріп тауға
ілінді. Бұл ара Қытай өлкесі Гансудың сыртқы моңғолиямен

шекараласқан қарауыл орны еді. Қарауыл пункітінен
көтерілген туды көрген моңғол әскері қуғындауын тоқтатып,
кейін серпілді. Болдырған ел Гансудің Мажың тауына жете
жығылды. Артқан түйе, мінген аттарынан басқа қой, ешкі,

жылқы, сиырының көбі моңғолдардың қолында қалып қойды.
Барша Қорегін малдың сүті мен етінен айыратын көшпенді
ел ашаршылық тартпаса жарар еді. Қашып-пысып, қуғын-
сүргін көріп сорлап жүрсе де, мажыңда бірнеше күн ерулеп,

мұсылмандық жол-жосынды ұмытпаған ел құрбан шалып,
1939 жылдың құрбан айт мерекесін тойлады. Кемді күннен
кейін Әншиді басып өтіп, Тула, Сұр, Ақшоқыда тосып отырған
Елісхан ауылдарына барып қосылды.

Бұлармен қанаттас көшкен қалың ел үш мың үйлік үлкен
бөлек көш еді. Олар жол бойы шабуылға ұшырап, кейіндеп
қалып жүрген Құсайын, Сабырбай, Салахиден, Қамза, Омар,
Бегилар басшылық еткен көш болатын, Бисандағы ұрыстан

күшпен құтылып, Ломға келгенде көктен, жерден бірдей
қаптаған қаһарлы шабуылға тап болады. Айдауда келе жатқан
қалың жылқыны ұшақпен үркітіп айдап, қуып әкетеді. Аяғы
ауыр, адымы қысқа ұсақ мал алып шығуға үлгіртпей қоршауда

қалады.

Атыса, шабыса жүріп, артқан түйе, мінген атымен ғана
жан амандап, Еңіз тауына шығып үлгірген жер қайысқан
көп ауыл көнке қақта тосып жатқан көнкелі (машиналы)
көп әскердің қатерінен Құдай сақтап әзер өтіп шығады. Үш

тәулікте әзер өтіп шығатын үлкен қақтың шетіндегі маши­
на (көнке) жарығын алыстан көріп, тосқауылдаған қарулы
қосын барын алдан сезінген ел иелері қараңғы жастанып,
орағыта көшіп жүріп әзер құтылады. Тегін де құтылмайды,

қашқан елдің алдын орағыта айналып, өтіп кеткенін іздерінен
айырған машиналы әскер тау етегінде қуып жеткен біраз
көшті қайырып айдап әкетеді.
Жер қайыстырған бұл көштің соңынан аз ауыл

Іркітбайдың көші келіп қосылып, Ұйұрхұн, Тула, Ерха,
Ақшоқы өңірін қазақ ауылдары түтіндетті. Ашығып, талығып
жеткен елге тынығып әлдену, азықтану керек еді. Олар ендігі
рыздығын құлан, киіктің етімен айырды. Үйір-үйірімен өретін

құлан және басқа киік түрлерін атпен қайырып, иіріп атып,
мерген жігіттер ашыққан елді асырап жатқан тұста Гансу
өлкелік үкіметтің жылпылдаған әккі қимылы келіп араласты.
Жеріне қоныстанғаны үшін салық төлеуге бұйырып, ат жи­

найтын ән шығарды. Кемді күн ес жиып, тынығу қамына бола
аялдаған халық берекелесу жағына бейімделген еді. Біреудің
әлпештеген жүйрігі, біреудің жорғасы, біреудің жортақысы
таңбаланып, ноқталанып әкетіле бастады. Бұған көнгісі кел­

меген жұрт қиқарақ шығаруға ыңғайланғанда, қазақтың жа­
засы қанатын қырқу екенін, сөйтпей тыным бермейтінін
жақсы түсінген өлке әміршісі қалың әскерін қаптатып, үш
мың жылқыны сыпырып әкетті. Осыған қысасып ушыққан

бар қазақ ауылы Гансудан ауа көшіп, жаяу-жалпы сүйретіліп
жүріп тағы да шекара аттап, Чиңхайдың Көккөл маңына
жетті. Шыңжан топырағынан бір жыл бұрын кеткен Әдубай,
Тұңғышбай ауылдарымен олар осында табысқан еді. Бірақ,

дүңген, қытай, моңғол, тибеті араласқан бұл өлкенің ше­
карасынан аттап өткеннен кейін қажып-қалжыраған елдің
сарқын дәулетіне ұрылар мен тонаушылардың суық қолы
келіп тиісті. Көзден таса болса ат-көліктерін ұрлап шыдат­

Ғаппар БІЛӘЛ
пады. Кездесіп, байқасып қалғандарды атып-шауып өлтіріп
кете берді. Қырыққа тарта адаммен өлкелік үкіметке барып,
өлке әміршісі Ма Буфаңмен кезіккен Елісхан тоғыз атпен

қоса қымбат бағалы қыруар тарту ұсынып, мұңын айтты.
Есе-теңдік, тыныштық тіледі. Ма Буфаңды мұсылманша
Құсайын атымен құрметтеп атап, көмектесуін өтінді. Бірақ,
бұл мұсылман әмірші де жергілікті ұрылар мен тонаушыларға

тыйым салудың орнына сырғуаңдап, оларға қатаң шара
қолдана қоймайтын, қайта солардың сойылын соғып, сөзін
сөйлейтін сыңай танытты. Осы сыңайдан торыққан Елісхан
ауылы жылыстап Алтыншоқы (алтыншөге) биігіне барып

жетті. Сол күні Чиңхай-тибет шекарасының осы шатқалында
жол тосып, керуен тонап дәніккен «қолық қарақшылары» жүз
қаралы жылқыны айдап қашты. Соңынан қуа шыққан Омар
үкірдайды серіктерімен қоса атып кетті. Ашуға булыққан

Елісхан тибетке өтер жолды аршып, қорлықтан тазарту үшін
Боранқұл бастаған жігіттерін ертіп, қарақшылардың ізіне
түсті. Олар қарулы тонаушыларды қуалай соғып, қолды
болған жылқыларды қайырып әкелгенде өмірлерінде кезігіп

көрмеген ауыр шырғалаңға тап болғанын білді.
Ма Буфаңның әмірімен атқа мінген хан жыңбау ко­
мандир, сары ұяң (сары уиюән) баталионының қалың қолы
олардан бұрын келіп, иесіз қалған ауылды басып алған еді.

Кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-шағаның барлығын иіріп
алып, төрт төңірегіне пулеметтерін құрып тастаған, айна­
ла толы әскери қоршау бұлтаруға келтірмеді. Аяғы жеңіл,
аузы епті, жылпылдаған елшілер «қайта көшіп Көккөлге

барсаңдар, қаруларыңды тапсырсаңдар тиіспейміз, кеңшілік
етеміз» деп, діні бір мұсылмандығын айтып, құран ұстап сенім
білдіріп тұрып насихат жүргізді. Олардың уәделі сөзіне сен­
бесе де, қит етсе қырып салғалы тұрған ауыл-аймағын аяған

Елісхан қарсылық жасай алмады. Қару тапсырып өздігінен
берілді. Ел-жұрт қайта көшірілді. Бұл күндері жасы отызға
жетіп, теңбіл шұбары оңып-тозып, тарлан бозға айналған
тайшұбарды келбетінен танып аударып мінген баталион

командирі хан жыңбау айқұлақтанып кетіп, қыңырақтағысы

келген Боранқұлды қамшымен тартып жіберді. Боранқұл сол
кезде булыққан ашудан жарылып кете жаздап, мұртының
екі шалғысы сілкініп, қанды көздері шатынап шыға келді.
Сұлу қара мұрт қойған хан Жыңбаудың дембелше денесін ат

үстінен жұлып алып, қазық етіп қара жерге қағып жіберетін
құлшыныспен қалшылдады. Жұдырығы түйіліп, денесі
қалтырап барып тоқтады. Уытты жанарын көрсетпей, теріс
айналып, өзін зорға ұстап қалды.

Хан Жыңбау қосыны оларды үш күн бойы иіріп айдады.
Момохыға жеткенде ат-көлікті сыпырып алып, тибет, моңғол
әскерлеріне айдатып жіберді де, Елісхан қатарлы сегіз адамды
тұтқындап, қол-аяғы байлаулы күйде ат үстіне таңып тастады.

Қалғандарын ат бауырына алып сабап, өңкілдетіп қуып оты­
рып Садимге жеткізді.
Моңғолдар мекендеген Садим жері жыңғыл өскен,
шалшық сулы, қопа қамысты, шөбі қалың өсетін сортаң

құмдақты алқап еді. Садимге барғасын тұтқындағы сегіз адам
айырым шатырға маталып, айнала қарауыл қойылды. Төбе-
төбешіктерге пулемет орналастырылды. Он сегіз жерден
шатыр тіктірген хан жыңбау сұлу қыздар мен келіншектерді

тізімдеп, кешке қарай шатырларға әкеліп тапсыруға жарлық
берді. Тізімдегілердің ішінде Боранқұлдың балиғатқа жаңа
толған Жәукені де, болашақ келіні Кенжегүл де бар еді. Қаны
қайнап, тісін тіске басқан Боранқұл бос жігіттермен сыбырла­

сып, қарманып қалуға қамданды. Балта-шот, сойыл-шоқпарлар
әзірленді. Қас қарая тізімделген қыз-келіншектерге шақырту
жетті. «Қазір барғалы жатыр, жарықта баруға үлкендерден
ұялады. Өздерің шам сөндіріп жылдам жата беріңдер» де­

ген жауап қайтарылды. Айғырлығы ұстаған қалың әскер
шешініп, шамдарын сөндіріп, жамбастары төсекке тиген кез­
де екі жақтың біріне өлім сағаты таяған еді. Темір-терсек,
ағаш келтектермен қаруланған Боранқұл жігіттері ымырт

қараңғысында бұта-бүрген, шөп-шалаңды далдалап, жам­
бастарымен сырғып, көп шатырға жақындап төніп келді.
Боранқұлдың ысқырып қалуымен дүрк көтерілген көп жігіт
Хан Жыңбау әскерлерін орнынан тұруға үлгіртпеді. Барлық

Ғаппар БІЛӘЛ
шатырдың бел ағаштарын омырып ортасына түсіріп, сырты­
нан басып қалды. Шатырдың шекпеніне бастырылып тулаған
әскерлерді сілтеген сойыл, балта бас көтертпей ұрып, турап

түсіре берді.
Қарауылдағы күзетшілер де күш көрсете алмады.
Қыратшадан мөңіретіп қоя берген пулеметке қарсы ұмтылған
Қойшы батыр атқышты да өлтірді, өзі де шәһит болды.

Тулаған шатыр іргесінен суырыла шыққан бір әскер үстіне
қона түскен Құлыш мергенді көтере қашқан еді. Көлденең
кезіккен Боранқұл аяғынан шалып екпетінен түсірді де, құлан
бауыздайтын мүйіз сапты сары кездікпен жауырын ортасы­

нан қорс еткізді.
Хан Жыңбау шатырларына қарусыз шабуыл басталған
сәтте қомды түйелерге жүк артуға қол қойған әйелдер қауымы
көшті алып жүріп кеткен еді. Боранқұл Хан Жыңбау мыр­

заны қырғын кезінде өлтірмей тірі сақтап қалды. Ол Қойшы
батырдың соңынан күзетшілердің оғына ұшқан Биғалидың
өліміне күйініп, долданып алған болатын. Жиырма неше жыл
жолдас болған үзеңгілес серігі үшін аяусыз кек алуы керек еді

оған. Өзегінде өрт қаулаған, көзіне қан толып алған, талай
рет Елісхан ұрсып тыйым салған шектеулерді де ұмытқан ол
Хан Жыңбауды асаудың құйрығына байлап жібергісі келіп
құмартса да булықтырған ашу аял таптырмады. Екпетінен

жатқызып, белдемесінен бір аяғымен басып тұрып, бір қолын
жауырынан сөгіп алды. Сонан соң бір аяғын ұршықтап
бөлек алып тастады. Осы сәтте ол қарсы алдында жыламсы­
рап мынау сұмдық әрекеттен жүрегі айнып, лоқсып тұрған

Балқаштың дидарын көріп қалды да, теріс айналып кетті.
Көп-көрім азамат болып қалған ұлының ақсұры жүзіне қайта
қарай алмады.

– Жат, осылай! – деді ол көзінің астымен Хан Жыңбаудың

тулап жатқан аянышты кеспіріне үңіліп тұрып, – мен
өлтірмеймін сені, осылай жатып азаппен өл. Бізде алты ала­
сы, бес бересің жоқ еді ғой, беткелді неге соқтығасың, неге
басынасың? Соқыр жармағыңа тиіспей, ауылыңның үстінен

бейбіт өтіп кете беретін бейуаз көшті тонап, қырғындап,

қорлаған күнәң үшін сазайыңды осылай тартуың керек. Сен
айуан, сен жыртқыш мені де жыртқыштандырдың. Тарт
соның кесепатын!
Елісхандарды көзір-кісеннен, байлап-матаудан босатып,

Хан Жыңбау тобының атына мінгізіп, оқ, мылтықтарымен
қарусыз жігіттерді қаруландырып көш соңынан аттандырып
жіберген Боранқұл аз адаммен Қойшы батыр, Биғалилардың
сүйегін арулап жерледі. Өзі білетін құранын оқып аттанғаннан

кейін Биғалидың жан қиысар достығы, өзіне, еліне ес қатқан
нелер қылықтары есіне түсіп ет жүрегі езіле берді.
Боранқұлдың бала кезінде Бастаубай бидің ауылына
келіп қосылған соң үлкендердің тыйым салуымен тастап кет­

кен ұрлығын бертінде, Гансу, Чиңхай өңіріне бет алғаннан
тартып қайта бастаған-ды. Оның ұрлығы талайлардың
мұқтажын шешіп, жерлік ұрыларға алдырған кемтігін толты­
рып кететін. Тамақ керегінде моңғол, тибет бақташыларының

қоралы қойына түсетін. Нан керегінде отырақты жерлердің
қамбасына кіріп шығатын. Бір жолы Құлыштың жүкті түйесіне
бомбы түсіп, баспанасы жолда қалып қойғанда моңғол
бақташыларының бірінің қорасына түнделетіп келіп, ұрлыққа

түседі. Сыбдырын білдірмей жүріп таңынан іліп әкеткен екі
еркек қойды мойнақ асырып барып Құлыштарға өңгертіп қоя
береді. Осылайша қайталана берген көп ұрлықтың бірінде
Құлыш тибет бақташыларының қолына түсіп қалады. Отты

лаулатып жағып, қол-аяғы байлаулы Құлышты қара шатырға
кіргізіп, от жарығында тергеп, сабап жатқанда Биғали атпен
жеткен екен, қостың есігі алдына көлденең тұра қалып, тарс
еткізіп шатыр ішіндегі отты атып жібергенде үйдің іші түгел

шашыраған от болып кетеді. Ауыл иелерінің қашқаны қашып,
қаша алмағаны жүк артына, іргелерге жасырынып тығылып
қалады. Аттан секіріп түскен Биғали төр алдындағы жүк ар­
тынан табаны көкке қарап сорайып тұрған екі сирақты көріп,

миығынан күледі де, Құлыштың байлау жіптерін турап та­
стап, артына мінгестіре шауып жоғалады.
Бір кезек ол осы өнерін жау қолына түсіп кеткен қалың
жылқы үшін де көрсетеді. Ол кезде Биғали Елісханның

Ғаппар БІЛӘЛ бұйрығымен топты жігіт ертіп, артқы көштерге көмектесуге жіберілген болатын. Лом өңірінде аспаннан, жерден бірдей атқылап, адамдарын қуып салып, ұшақ дүрілімен үркітіп қуып әкеткен кейінгі көштегі Сабырбай, Құсайын ауылының қалың жылқысына ұшқасып қалады. Жер қайысқан жылқыға қызғаныш ойлаған Биғали өз тобын бастап жылқы айдаушылардың соңына түседі. Шеру тартқан қалың қолдың айдауында кеткен жылқыға күндіз тарпа бассалып тиісе ал­ май, ізіне түсіп ілесе береді. Әскерлер түнеп аялдаған кезде жылқыны жайылысқа шығарып, «жесекке» аттанған қарулы күзетшілер оларды тағы да жолатпайды. Сол кезде Биғали қараңғы жамылып келіп, шеттеп шыққан бір тайды ұстап, оған екі қолтық шөпті теңдеп, теңделген шөпке сіңірке тартып қалады да жылқыға беттетіп қоя береді. Үстіндегі өрттен шошынған жабағы шыңғырып тулап, от арқалаған бетінде жайылыстағы жылқының ішіне келіп кіргенде, бүкіл табынның ту-талақайы шығады. Қайыру бермес қарқынмен үркіп жосыған қара тасқынға айналады. Осы тұста өкпе тұстан келіп араласқан Биғали тобы әскери күзетшілермен қосыла айғайласып, алыс-жақыннан дабыс беріп, күзетшілердің бетін басқа бағытқа бұрып әкетіп, көп жылқыны айдап алып шығады. Кейін Ма Буфаң жасауылдары «қанат қырқып», кілең жақсы аттарды жинап алып жатқанда таңдаулы сәйгүліктерді қараңғыға тастап, кермеден, жемдеген жерден ұрлап алып шығып, орнына қайдағы бір дүбір аяқ тобышақтарды байлап беріп кетіп жүрді. Ертеңінде Ма Буфаң адамдары өз көздеріне өздері сенбей, таңданып, тамсанып қойып кете беретін. Осы қылықтарын сырттай естіп, сырттай ұрсып жүретін Елісханды да ол бір кезекті мылтық ұрлығымен разы етіп кеткені бар. Ол күні Биғали иен жерде аң қуып келе жатып бір жартастың түбінде талтүстің аптабынан паналап ұйықтап қалған топты әскердің үстінен түседі. Алыс жол жүріп қатты шаршағандығынан болса керек, бырдай болып ұйқыға кеткендерін көргенде көзі тұнып кеткен Биғали атын алысқа тастап, мысық табандап келіп, төрт-бес мылтығын көтеріп алып кетеді.

Биғалидың осы қылықтарын емірене еске алып, кеңкілдеп
жылап келе жатқан Боранқұл:

– Әке, жау келіп қалды, – деп иығынан тартып жұлқыған

Балқаштың даусына селт етіп, төңірегіне қарағанда, жезқұла
атпен көш жақты бетке алып, шаба жөнелген ұлын дөңес жа­
уырын жағынан тамашалады. Тақымына мылтық қыстырып,
ол да көп-көрім жігіт болып қалыпты. Уақыт шіркін неткен

тез өтеді, десейші. Бұл келген жау басқа емес, Хан Жыңбау
шатырларын ту сыртынан аңдып келіп қалың жігітпен
басып
қалғанда,

ымырт
қараңғылығынан
пайдаланып,
жылпостықпен іргеден суырылып шығып, байқатпай тайып

тұрған сары ұяңның түн қата шапқылап жүріп, одан-бұдан
құрап алған он-жиырма шамалы шағын тобы еді.
Олар сол күні сары ұяң әскерлерімен кешке дейін атысты.
Бұл бір орында бекініс алып қарсыласқан толассыз қан төгіс

емес, әлсіз күштер арасындағы әр қырқадан бірін-бірі аңдып
атып, ат үстінде шауып жүріп жүргізілген атыс болды. Бір
кезек көз жаздырып шегініп кеткен топты әскер ұзын көшке
өкпе тұстан ұмтылды.

Ер азаматы жоқ қорғансыз көшке топты әскер ан­
дап құйылғанда жалғыз Балқаш жалғыз автоматпен бетін
қайтарыпты. Жүкті түйенің бірін шөгеріп жіберіп, далдасын­
да жатып нөсерлеткен оғына топты жау беттей алмапты. Аты­

на оқ тиіп құлап қалған бір бойжеткен әскерлердің қолына
түсіп кету қаупіне тап болғанда, жезқұламен сырқыратып ба­
рып қызды өңгере қашып құтқарып әкетіпті.
Жаудың беті қайтып, тау алқымына жеткен соң түнеп

аттануға қонған ауыл ымырт алдында тағы бір апатқа
ұшырады. Тезек теруге шыққан отызға тарта баланы бір
өзекте ұялап баспалап жатқан сары ұяң әскерлері турап кетті.
Боранқұлдың қос жұлдызы Жәукен мен Әміртай солардың

ішінде еді. Жәукеннің жауырын ортасынан қадалған найзаның
кеуде сүйегін тесіп өтіп шыққан жерінен бұрқырап аққан
қанды көргенде Боранқұл тайшұбардың үстінен құлап түсті.
Кіші ұлы Әміртайдың желкесінен қиылып, алқым терісіне

ғана ілініп, салақтап қалған басын ағайындар оған толық

Ғаппар БІЛӘЛ
көрсетпей қойған еді. Шетелге апарып мұратқа жеткізер
ұрпағының қазасына жаны шырқыраған Боранқұл түн қатып
көшкен елге қараған жоқ, үстінде кек қайтару дәмесімен сары

ұяң әскерлерінің соңына түсіп, Тайшұбармен жалғыз кетті. Ел
ағасы Елісханға айтпай ұрланып кетті. Бірақ, ол таң атқанша
шапқылап босқа тентіреді. Кешегі шабыста белгі беріп,
қарлыға бастаған тайшұбарды бекер қинады. Таңға жақын

тайшұбардың мойны қарысып, аяғы ауырлай бастаған тұста
кері қашқан сары ұяң қосынын қуып жетуден күдер үзіп,
қайтуға ыңғайланған еді, бет алдындағы бір кезеңге шыға
берісте қыбырлаған адам сұлбасын көріп тұра ұмтылды.

Бұл адам Ыдырыс қожаның жаяу қалған жас тоқалы
Гүлсім екенін жетіп келгенде бір-ақ таныды. Көркімен көз
сүріндіретін сұлу келіншек аш аруақ әспеттеніп, қолаң шашы
жайылып, жасыл желегін ортасынан қақ айырып екі аяғына

орап алыпты. Жүре алмай қолтаулап ақсайды.

– Гүлсім-ау, не күйге ұшырағансың? Қайдан жүрсің өзі?

Боранқұлдың қайран қалып тұрған жүдеу кеспіріне
тосырқай қарап тұрып қалған Гүлсім жауап қайтарудың ор­
нына жылап қоя берді.

– Өлдім ғой, қайным, өлдім мен, – дей берді иығы

шошаңдап. Оның өлген жері кешегі жұрттары екен. Садимдегі
жіңішке бұлақ бойынан ауашарақ отырған Ыдырыс қожа ауы­
лын Ма Буфаң әскерлері тұтқиыл басып, көздеріне іліккен жас-
кәріні түгелдей қырып салыпты. Ауыл адамдарын атты жау

қылыштың астынан алып қидалап жатқанда, құйлаған түйенің
алқым шудасының астына жасырынған Гүлсім аман қалыпты.
Аяқ киімі суырылып батпақ ішінде қалғандықтан қырғын
аяқтай бере жалаң аяқ күйінде көшкен елдің ізімен жүгіре

беріпті. Жүгіре-жүгіре әлі кетіпті, табаны тесіліп, өкшесі ой­
ылып, болдырған шағында бір топ жаяуға жолғасыпты. Олар
да өз ауылының қашып шыққан шал-кемпірлері екен. Шалдар
қырғыннан қашқанда қолдарына іліккен Гүлсімнің екі жа­

сар сәбиін ала жөнелсе керек. Жол бойында қалдері азайып,
баланы көтеріп жүрер қауқары қалмаған соң еріксіз тастап
кетіпті. Олардың баланы тастаған жері тым алыс көрінбеген

соң Гүлсім өз күйіне де қарамай, топты жаяудан бөлініп, ба­
ланы іздеп кері қайтыпты. Бірақ, қанша тентіресе де баласын
таба алмай, қиып тастап кете алмай қаңғып жүрген кезі екен
Боранқұл Гүлсімнің көңілі үшін Тайшұбардың сарқын

қуатымен айнала шапқылады. Тайшұбар талығып титықтаған
кезде баланың жыртылған киімін тапты. Киімнің төңірегі қан
мен жын, шуатылған бір үзім ішек шөп басына ілініп қалған.
Шөптен әріде батпиып түскен қасқыр табанының ізі жатыр.

Алқыны басылып, салыны суға кеткен Боранқұл
болдырған атын жетелеп қайта келгенде Гүлсім тосып
отыр еді. Баланы қасқыр жеп кеткенін айта алмай қиналған
Боранқұл Гүлсімді өзімен бірге жүруге зорға көндіріп, тау

алқымына жеткен кезде тайшұбар тұмсығынан шаншыла
құлап түсті. Соңдарынан қуа жеткен әскерлердің дүбірімен
тұра жөнеліп барып, омақатып кеткен жерде жан үзді.
Сонымен Боранқұл елсіз иен өңірде, барар жерін, басар

жолын, асар асуын, өтер өзенін білмейтін тылсым сырлы жат
өлкеде, құзар шыңдардың қоршауында, жаңқа тасты шатқал
сайдың ішінде жаяу қалды. Елден, үйден адасып, қасқыр
жеп кеткен баласынан айрылып, қаңғырып жүргенде табаны

ойылған, тасырқап болдырған сұлу келіншек Гүлсім ғана бар
қасында. Өз шаңырағында айы-күні жетіп, аузы-мұрынынан
шығып босану алдында жүрген екіқабат Мәликемен бірге
жалғыз қалған ұлы Балқаш Елісхан көшімен ілесіп ілгері

кеткен. Ендігі тибет шекарасынан өтіп шыққан да болуы
мүмкін. Үндістанға бет түзеп суыт кеткен ол көшті Гүлсімді
ерткен Боранқұл жаяу қуып жете алар ма? Жеткізер ме
қу тағдыр? Елісхан көшін соңынан қуып кеткен сары ұяң

әскерлерінің қатері, жол тосып тонаушылық, қарақшылықпен
шұғылданатын, болымсыз олжа үшін торс еткізіп атып
кете беретін қоhлықтардың кесірі, дала жыртқыштарының
қатері оларды аман өткізер ме? Тұмсық сайын аңдыған жау,

анталаған ажал бар. Айуан емес, адамына кезігіп қалсаң да,
бірге жүрген сұлу Гүлсімге қызыққандар Боранқұлды тыңқ
еткізіп тырапай асырып кете беруден имене қояр ма екен?!
Шыңжан топырағынан Чиңхай жеріне ауған қазақ

Ғаппар БІЛӘЛ
ауылдарының дені кейіндеп артта қалғаны да рас. Туған
жерден мойны ұзап қашықтаған сайын ауырлай түскен жол
азабына тойып, торыға бастағандар да, алдыңғы жақта басар

жолдың ыс-түтек қаптаған, ақ қар, көк мұз жамылған құзар
асулардан, аязды жондардан өтетін жазымы көп жаңылтпаш
сырларынан үрейленіп, жүрегі шайлыққандар да, туған жерін,
өскен өлкесін біржола тастап кетуге қимай айналсоқтап,

кежегесінен кейін тартқандар да, жол-жөнекей кездескен
жаудың шабуылында, ұры-қарақшылардың тонауында ат-
көлігінен мал-мүлкінен айрылып, көшуге дәрмені жетпей
қалған күйсіздер де кейін жатыр. Мұсылманшылық туын

бетке ұстаған Ма Буфаң үгітінің азғырындысына сеніп, Ган­
су, Чиңхай қапталын мекендеп қоныстанып қалу ниетімен
Чилияншан тау жүлгесін сағалап, Чиңхайдың өлке орталығы
Шиніңге қарай шығыс оңтүстікті бетке алып, Долан, Сака

өңірлеріне шығандап шығып кеткендер де жоқ емес. Елісхан
көшіне ілесе алмаса сол кейінгі елге қайтуларына болар еді.
Біреудің сұлу тоқалын ертіп жүрген Боранқұл кейінгі елдің
алдын қай бетімен көреді? Көрсін делік, сонда ілгері кеткен

Мәлике мен Балқаштың күні не болмақ?
Боранқұл «бісмілләні» айтып, білген дұғасын оқып,
тайшұбардың кесер басын көтеріп, алтыншөгенің құс шықпаса
жан шықпас жақпар жаламасына шығарып қасиеттеп қойды.

Бұл оның көп жыл серік болған аяулы тұлпарын арулап
жерлегені еді. Ол тастан түсіп, жалаңаяқтықтан өкшесі ой­
ылып, сау ақсаққа айналған Гүлсімнің қасына келді де,
тайшұбардың сауыр терісін сыпырып алып, әдемілеп екі

шарық жасады. Қатарына отырғызып алған Гүлсімнің
қымсынып тартыншақтағанына қаратпай, жалаңаш аяғынан
ұстап, табанын тексеріп көрді. Жас баланыкіндей құйтымдай
ғана аяқ. Еттері де құс етіндей нып-нығыз, бауыр жағынан

қарағанда тізбек алқаның бөлініп түскен үзбесі секілді саусақ
еттері үлкенінен кішісіне қарай жіпке тізген ақ моншақтарға
ұқсап тұр. Тізенің үстінен түсірмей алдыға алып отыратын-
ақ аяқ. Бірақ, табан еттерінің түтесі шыққан жаралы аяқ.

Басбармақтың түсе берісіндегі жалпақ бұлшық ет ортасы­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР нан ойылып барып жарылыпты да, сыртқы терісі сыпырылып түсіп, қызыл сиректеніп алыпты. Отаулаған өкшенің ішіне су толып тұр. Боранқұл отаулаған жерді сары кездіктің үшімен жарып, көлкілдеген суын ағызып жіберді. Шұлғауға айналған жасыл жаулықтың қалдығын қайта орап, жаңа жасалған шарықтың ішін Тайшұбардың жал-құйрығымен ұлтарақтап, Гүлсімның аяғына тартып берді. Бұған дейін ол оң бүйірінен өткен әйел санының қызуымен терлеп қалған еді. Жалт қарағанында сұлу келіншектің жапақтаған мүләйім көзіндегі жалыныш ишарасын көріп аяп кетті. Сонан кейін өзінен жи­ ырма жастай парқы бар жас әйелдің шырайына қайта айналып қарай алған жоқ. Боранқұл Гүлсімді соңына ертіп, мылтығын, оқ қапшығын, тайшұбардың лоқ етінен ойып алған өлексесін көтеріп көш соңынан ілгері тартты. Олар қырқыншы жылдың аңырап соққан күз желіне қарыса таусылып бермес шатқал сайды өрлеп ұзақ жүрді. Түс әлетінде Гүлсім қайта қалжырап, босаңси бастаған еді. Сырлас, мұңдастығы болмаса да, әйел затын көзін жаудыратып тастап кетуге Боранқұл қимады. Жол үстінен бұрыла беріс қысаң қуыстың ішіне келіп Боранқұл иықтағы жүгін түсірді. Шешкен шапанын тастап беріп, Гүлсімді жатып дем алуға бұйырды. Өзі шөпшек, тезек теріп от жақты. Қанжығасынан тастамайтын мыс бақырмен сай­ дан су әкеліп шай қайнатты. Тайшұбардың сан етінен ойып алған боршаны жұқалап кесіп, мылтық сүмбесіне шаншып қақтап пісіргеннен кейін, талықсып ұйықтап кеткен Гүлсімді оятпақшы болған еді. Кішкентай ғана желбезегі лепіп қозғалып, пысылдап жатқан әйелдің тәтті ұйқысын бөліп жіберуге қимады. Әдемі ғана пісте мұрны, жел қағып қоңырқай тартқан сопақша жүзі, сәбидің өкшесіндей ұлпа, сүйір иегі, бәр-бәрі жарасымды. Қарлығаш қанатынан қиып жапсырғандай имек қастың астында жалғыз сызат болып тартылған тал-тал кірпігі айқасулы. Жұп-жұмыр иық бітімі қандай сүйкімді. Қайсы бір әйелдер алқам-салқам жүретін еркек тұлғаланып, қақпақ жау­ ырын, қапсағай денелі болып келеді ғой. Қару-қайратқа емес, сүйкімді сұлулыққа жаралатын әйел затына қапсағай дене қай

Ғаппар БІЛӘЛ
жарасушы еді?! Ал, Гүлсімнің бітімі құшаққа шымыр, құшуға
ебдейлі етіп әдемі құйылған дерсің. Алыстан ағараңдап
көрінетін ашық көк көйлектің өргі тұсынан дөңгеленте керіп

тұрған мықын сүйегіне қараңыз, қайқыштығы жоқ, түзу біткен
белдеменің соңырасы қусырылып қушимай, далиып жалпай­
май, дөңгелене барып тоқтаған. Неше тәулік тыным көрмей,
атыс-шабыстан қажып қалжыраған Боранқұл қақталған қара

боршаны шымқып жеп, Гүлсімнің тұлғасына қарап отырып
қалғып кетті.
Ол ұйықтап кеткенін де, қасындағы Гүлсімнің мықынын
жастана құлай қисайып қалғанын да сезген жоқ еді. Бәлкім,

еркек қатерінен бұрын да шошынды болған жері бар шығар,
тәтті түс көріп, шырт ұйқыда жатқан Гүлсім Боранқұлдың
салмағынан шошып оянды. Зорлыққа ұшырағалы тұр екем деп
ойлаған кісіше Боранқұлды сілкіп тастап, суырыла жөнелмек

еді. Қау тікендей сақал-мұрт қаптап кеткен ер адамның қара
қайыс болып қатып семген бет терілерін, мүсіркеу мұң ұялаған
жұмулы қабағын, көз ұясын көріп үңіліп отырып қалды да
жүрегі құрғыр жыли бастады. Аяушылық ойлады. Жігіттің

зілдей ауыр салмағына төзіп, қозғалмауға тырысты. Осы
салмақ, ер адамның салмағы бойын шымырлатып, денесіне
жылу таратты. Ол Боранқұлға сездіріп алмауға тырысып,
дөңес жал тұмсықтың үстіне жанаса төніп келіп, үлбіреген

жұмсақ бетке тікендей қадалатын сояу мұртына ернін басып
тұрып, езу тұсынан жұмсақ қана сүйіп қойды. Бойын алды­
рып қатты ұйықтап кеткен Боранқұл мұны сезген жоқ. Көзін
де ашпады. Жоғарыда төніп тұрған пісте мұрынды, ұялып

қысылыңқыраған қоңыр жүзді көрмеді. Жәудіреген көздің
иірімдегі дірілдеген сәуледей есіркеу нышанын аңғармады.
Тамақтанудан кейін сергіп, тыңайып қалған Гүлсімнің
суыған жаралы табаны жүріске жарамады. Жерге бастырмай

қолтаулап ақсай берді. Боранқұл арқалап алмақшы болып еді,
оған Гүлсім көнбеді. Бір қолымен сүйеніп аз жүргеннен кейін
ашып, ауырсынған аяқ жүріске әзер көндікті. Бірақ, түске
таяғанда қайта болдыра бастады. Сан еттері салдырап, екі

ұршығы қозғауға келмей үзіліп сырқырады. Ұзап жүре алма­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР сына, көшкен елдің артынан қуалай беруге қуаты жетпесіне көзі жеткен кезде Боранқұлға жалынды. – Өтінемін сізден, маған қарайламай кете беріңіз! – Сені кімге тастаймын? Бұл мүмкін бе? – ...Сіздің балаңыз бар, әйеліңіз бар, кейіндеп қалсаңыз, оларға обал болады... – Сенші? ... Саған обал емес пе? – Жоқ, Бореке, болмайды. Мен бәрібір жүре ала­ тын емеспін. Маған айнала берсеңіз болмайды. Сізді обалды еткім келмейді. Мен үшін ел-жұрттан айрылып қалып қоятын жөніңіз жоқ. – Әрине, Гүлсім, жөні бар. Мен ер азаматпын, со­ лай етуім керек. Мен өзіме қуанып келемін. Көптен бері өзімнен қорқып жүруші едім, хайуанданып, адамшылықты, рақымшылықты білмейтін жыртқыш мақұлыққа айналып кеттім бе екен деп күдіктеніп, өзімнен қорқып жүруші едім, қолыма түскен, тырнағыма іліккен бір дұшпанға кезіксем қаным қарайып, тірідей жеп, жұтып жібергім келетіндігінен қорқатынмын. Өшіккен ит тым құрығанда бірінің ізін бірі та­ лайды екен ғой. Құдайға шүкір, менде аяушылық сезімі әлі де бар екен, соған қуанулымын. – Ертегіңізді қойыңыз! Мен де тірі жан, тісті бақамын ғой, бірдеме етіп күнелтермін. Тәлейім болса, аткөлікті біреуге кезігермін, жалынамын сізге, кетіңіз! – Мені қуалап рақымсыздық ете көрмеші, Гүлсім! Көгенкөзді әйел сен түгіл ауылымыздың жетім тоқтысын да тентіретіп иенге тастап кетуге қимаймын. Желкеме көтерсем де сені елге жеткіземін. Әйел ықыласының аса бір шуақты жылы шырайымен қарап тұрған Гүлсімнің көзі Боранқұлдың көзінен сүрініп кетті де, көтеріп ала жөнелгелі тұрғанын көріп: – Онда мен өзім жүрейін, – деп Боранқұлдың алды­ на түсті. Боранқұл өзінің бір аттам ізіне екі аттап басатын Гүлсімнің адымына шақтап жүрісін баяулатса да, екі-үш тұмсық айналмай жатып Гүлсім қайта отырды. Отырып жа­ тып Боранқұлдың созыла берген қолын көріп қайта түрегелді, және жүрді. Екі тұмсықтан кейін тағы тоқтады.

Ғаппар БІЛӘЛ – Қиналма, Гүлсім, – деп Боранқұл оны екі білегінен қармап арқасына бір-ақ шығарды. Мылтығы, оқ-дәрі, азықтүлігі бар, оған құйтанақтай болса да әйел салмағы қосылған соң нар түйенің жүгіне айналған еді. Бастабында ер қайратына сүйеніп талай жолды ұтып тастады. Қас қарайып, жұлдыз шыға өзі қарлыға бастады. Жүрген сайын салмақтана түскен қыруар жүк екі иығын алып түсіп, жон арқасынан басып титықтата берді. Көк балтыры созылды. Самайынан аққан тер қырусыз кеткен қылтанақты сақалын жуды. Соны сезген Гүлсімнің түсіп алайын дегеніне да қаратпады. Намысқа ты­ рысып, сүйекке қарысып тағы талай ұзақтарға дейін шыдап бақса да ақыры күйі кетті. Өкпесі күйіп, көзі қарауытып, ек­ петтей сүрініп барып жүгіне отырып қалды. Тақымынан алған қарулы қолдан босап шыққан Гүлсім: – Ағатай-ай! – деп ұмтылып келіп Боранқұлдың мой­ нынан құшақтай алды. – Ау, Гүлсім! – Сау екенсіз ғой. Қуанып кеткенім-ай, – деп Гүлсім жел қағып жарылып кеткен қаралтқым еріндерінің тікен сақалға жұғысқанда қанап бүлінуінен де сескенбей, қайратты түктердің арасынан Боранқұлдың ернін іздеп тауып қадала кетті. – Жаным, арым садаға сіздің жолыңызға, шалдым барлығын сіздің құрбандығыңызға. Құйтымдай жас келіншек Боранқұлдың алып денесіне таскенеше жабысты. Сай тағанымен өрлеген жылан жолдың шетінде өз сезімдеріне ерік беріп, құшақпен, ерінмен табысқан қос дене содан кейін сөзге келген жоқ. Тезек теріліп, от жағылды. Желді күні өрге шалқыған әйелдің қызыл бұрымы секілді екі көлеңкенің ортасын­ да от жалыны желбіреді. Түбінен тызылдаған мыс тоғада тайшұбардың қалдық еті бұрқылдап қайнай бастады. Гүлсім ертесінде қунап, тыңайып қалған еді. Табандағы жарақатты орындардың жаны кетіп, ауруға көндігіп алғандығынан болар, ауырсынып әлек шығармады. Көп жүріске шыдады. Бірақ, түс ауа тайшұбардың сауыр терісінен

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР жасалған шарығы ойылып түсіп, тағы да жалаңаяқ қалды. «Енді қайттым, тағы көтеремін-ау» деп жүдеп отырып кеткен еді Боранқұл. Тіленіп жаланған сумақы жел әлде қайдан борсыған жемтік исін әкеліп мұрынға соқты. Иықтағы жүгін Гүлсімге қалдырып, шарлауға шыққан Боранқұл ұзақ әуреленбеді. Сай тағанынан ауашарақ кежіге тастың қалтарысында жатқан өліктің үстінен түсті. Маңдайынан тиіп төбе сүйегін тесіп өте шыққан оқ ізінен аққан қанмен бірге қатып, шашына жабысып қалған бас киімнен әскери адамның өлігі екенін айырған соң, киім-кешегі тұттай болып тоналған денеден әлгі бас киімнен өзге шүберек қиқымын таба алма­ ды. Іші кеуіп сасып кеткен өліктің маңына жақын барудың өзі қиын болса да, асты-үстін аударыстырып, ештеме іліктіре алмаған соң сілейіп тұрып қалды. Шарасыздық, жоқшылық адам баласын не күнәларға жетелемейді?! Боранқұл ойлана келіп, өліктің жотасынан екі шарқайлық теріні сыпырып алып қайтып келді. – Бореке, бұл ненің терісі? Жауап жоқ, көне шарықтың баулық қайысын суырып алып, жаңа шарықты бүрмелеп, шетінен тізе бастаған еді, сұрақ тағы қайталанды. – Ненің терісін алып келгенсіз? – Жүні жидіп түсіп қалыпты ғой, сасып кеткенін көрмеймісің? – деп Боранқұл адам терісі екенін айтар болса Гүлсімнің аяғына жолатпай қоярын ескеріп сөзге жақауратты. – Ол қандай аң? – Қорқау деген аң. – Мен қорқауды көрмеген екем. – Тірі жүрсең бұл дүние не көрмегенді көрсетеді. Не естімегенді естіртеді. Гүлсім, өлі қорқауға енді терінің керегі жоқ. Әкел аяғыңды, тартып берейін! Содан кейін аттай желесің. Бұл күні олар кейде аялдап, кейде мимырттап талай жерге барған еді. Күн кешкіргенде Гүлсім және болдырды. Қарыс жер мұң болды. Ілгері басқан аяғы кейін кетіп, жығылыпсүріне берді. Оны кешегісіндей көтеріп әкетерге Боранқұлдың

Ғаппар БІЛӘЛ
өз шамасы да сыр алдыра бастады. Жарылған жұмыртқадай
сары жалқақтанған күн батып, қас қарайғанда күйедей қара
көлеңке тұтқан биік қара жартастың түбіне келіп тоқтады.

Гүлсімді демалдырып, тынықтырмаса болмайтын шекке жет­
кен еді.
Боранқұл иықтағы жүктерін түсірді. Жолдан қиыстап
оңаша тас түкпіріне барып Гүлсімді отырғызды. Мылтық,

қапшықтарын жерге қойып, тағы да отын шөмшек теру­
ге кетті. Сол аралықта күзгі суықтан тер қатып қалтыраған
Гүлсім орнынан тұрмақ болып еді, қайта қолдыраған табанын
жерге тигізе алмады, көлеңкелі зор жартастың түбіне таяу

біткен қара бүргеннің түкпір жағындағы жапсар үңгірге ба­
рып ықтамақ болып еді, гүр еткен үрейлі дауыспен бірге өзіне
қарай атылып келе жатқан жолбарыстың сағал тұмсығын та­
нып шыңғырып жіберді. Боранқұл жетіп келгенде жойқын

жолбарыс Гүлсімнің алқымынан алып талап жатыр еді.
Ол мылтығын алуға үлгірмеді. Жамбасындағы алмас
қылышын суырып алып жолбарысқа ақыра ұмтылды. Гүлсімді
тастай беріп қарсы атылған қатерлі жыртқыш секіріп келген­

де жалтара беріп қылышты сермеп қалды. Бірақ, қылышты
ат үстінен сілтеп дағдалған ол жаяулығынан ба, болдырып
шаршағандығынан ба, қапы жіберген екен, қайқы қылыш
қасқа маңдайдан тая тиген жаралы жолбарыс оның басына

секірді. Боранқұл қылышын қайта көтергенше қағып ұшырып
түсірді. Жан дәрмен еңіске қарай домалап кеткен бетінде
қарғып тұрған еді, соңынан қуа ұмтылған үрейлі мақұлық
қылыш тиген жағына толқып, ауытқып барып зорға құлап

түсті.
Боранқұл құлаған жолбарысқа қарамай жүгіріп келгенде,
алқымынан қан саулап басын көтере берген Гүлсім лоқсып
қалып қан құсты да, қоңырқай жүзі қуарып, Боранқұлдың

алақанына жауырынын төсей сүйеніп шалқалай берді. «Ра­
зымын» деген жалғыз ауыз тілге келіп үзіліп кетті. Аяулы
ару, бір ауылдың көркі, бір байдың еркесі болған сұлу жар
құдайдың ақ ажалынан, дұшпан жұмсаған оқтан өлмей, жат

ел, жат жұртта мекенді жолбарыстың тырнағынан қаза тапты.

Боранқұл әйелдік қасиеті жағынан Гүлсімді Нәзиләға
ұқсатып еді. Қара жартастың түбінде екі тізесін құшақтап
отырып қалған оның қабағы сүңгі басқан қара ормандай
тұнжырады. Көз алдында табанын жер дүңкіп, өкшесінен

іріңдеген тіршілік дүниесі қолтаулап шойнақ басқандай,
мұнарлы ғалам секеку ойнады. Қолтығының астындағы
іріңді жарақаттан қан салағандай күй кешті. Кеуде қуысында
тыпыршыған жүрек бұзылған сағаттың әуенімен әркелкі ды­

быс шығарып тықылдады. Өлілердің де тәбетін қоздырарлық
мүдуәр сезіммен ізет білдіріп басын еңкейткенде, қарсы
алдындағы жал, жартасы, жарқышақты аспан оттары сәл
уақытқа көз алдынан ғайып болды.

Осыдан кейін ғана өз-өзіне келген Боранқұл жер сүріп,
тас тіліп кеткен алақанының жарасын өзі таңып, жолбарыс
соғып жығылғанда ауырып қалған иығының қозғалтпағанына
қарамай, мылтық сүңгісімен Гүлсімге арнап көр қаза

бастаған еді, алыстан сарын берген адам даусының арасынан
маңыраған қой-қозының шуылын ишаралады. Бір көш, қазақ
ауылының көші келе жатқандығының дерегі еді бұл дабыс.
Дабыра-дауыс жақындай келе ұлы дүбір көш сарынына айнал­

ды. Боранқұл өлімнен де, жалғыздықтан да құтылғанын біліп,
көр қазудан тоқтады. «Үлкен қысқыш бақа тірідей қуырып
пісіруді ұнатады» деп жазған екен бір білгір. Сол айтқандай,
Боранқұлдың тірі қуырылудан да ауырырақ түсетін тіршілік

азабын тарта түсуге әлі де пейілі соғар түрі бар сияқты. Мәйіт
басында шоқайып отырған жерінде алдымен шолғыншылар
жетті. Зайып елінің жер қайысқан қалың көші келе жатқанын
Боранқұл солардан ұқты. Таныс азаматтар аттарынан түсіп,

мән-жайды ұғыса бастаған тұста Зайыптың өзі де жетті.
Гүлсімнің өлігін көріп, Боранқұлдың қылышпен шабылған
екі баласымен бірге Елісхан ауылының қырғындалған отыз
сәбиінің хабарын естігенде қарт тәйжі аттан өкіріп түсті.

Барбиған жалпақ алақанымен Гүлсімнің суық маңдайынан
сипап, ашық қалған көзін жапты. Дұға оқып, бата жасады.
Қарымды жігіттерді шығарып, Гүлсімнің сүйегін арулап
жерлетті. Боранқұлға көңіл айтып, Гүлсімнің моласының ба­

сына жүгініп отырып құран оқыды.

Ғаппар БІЛӘЛ – Топырағың торқа болсын, жарықтық! Жас едің, көрер қызығың, жетер мұратың алдыңда еді. Жарық дүниеден ерте кеттің. Ол дүниенің жарығын ерте көр! Қиямет мақшар күні Мұхаммед пайғамбардың ақ туының астында көрісейік! – деп бахұлдасып отырып көпке дейін кемсеңдей берді. Да­ лада қалуға айналған жолбарыстың терісін сыпырып әкеліп ай жарығында алдына тастаған Боранқұлға қарап рахметін айтты да, «керек тастың ауырлығы жоқ» деп, жүкті түйенің қабырғасына байлатты. Көште келе жатқан өзінің жетек атын алдырып, Боранқұлға мінгізіп, онан соң аттана берді. Ұзақ шабысқа мықты болғыдай жуан тұғыр сары балақ, қоңыр ат астына тиген соң көштен оза жөнелмек болған Боранқұлды қарт тәйжі тежеп қалды. – Жалғыз жүріп жазым боларсың, – деп жібермеді. Соңғы көшкен бұл елдің хал-жайын таныстырды. Елісхан ауылдарын жау шауып, малын тонап, адамын өлтіріп, теріс қаңғыртып кері айдаған дақпыртын, келін-кепшік, қыз-қырқынға қырындамақ болған сайқымазақ, қорлықзорлығын естіп, тыныштығынан айрылған бұл ауылдар мұсылманшылығына алдарқатқан Ма Буфаңнан жақсылық таппасын аңғарып, жылдам қозғалып кеше таңертең ертеле­ те көшкен екен. Садим төңірегінде Елісхан ауылының Хан Жыңбау тобын талқандаған ескі жұртын басып өтіпті. Сол маңдағы тұзды сортаңнан өте берісте келіп соқтыққан дұшпан оғынан екі адам шаһит болыпты. – Бөкей, Мәкежан деген аса ержүрек аяулы жігіттерім еді, атқан оқ ажалдыға кез келеді. Қайтейін, қалғандарың аман болыңдаршы! Жаратқан ием олардың қалған өмірін сен­ дерге берсін! Бөлінбей, бөлшектенбей жабал жүргендерің, жабыла қимылдағандарың жақсы. Бөлінгенді бөрі жейді. Жұмыла қимылдағанның жүгі жеңіл болады. Аманшылық болса Елісхан ауылдарына да қосылармыз. Төбет жеріне өтіп алған соң бізді тосатын шығар, соған дейін асықпа! – деді Боранқұлға. Барша ой-ниеті алдыға кеткен Мәлике мен арғы дүниеге кеткен Гүлсімнің екі арасында қаңғырып, басының мыңғы-

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР дыңғысы шығып келе жатқан Боранқұл қарияның сөзін шалыңғырт естіген еді. Әйел жанарының еріткіш пешінде балқып от-ағынға айналған сезімдер үнсіз кетуге жібермей атыла бұрқақтап, айқайлауға желіктіріп келе жатқанда оқыс бір сезіммен ат үстінде дөңкиіп көрінген Зайыптың айбар­ лы тұлғасына көз тастады. Бірақ, ол алып денелі қарияның етжеңді семіздіктен арылып, шапан, шалбарлары қолқылдап бос қалғандай шөге бастағанын ай жарығында әзер аңғарғаны болмаса, Баркөл жерінде, күздің қара суығында түйе жүн күпісін арқасына бос жамылып, өз терінің басында жейдешеңдамбалшаң отыратын аса қуатты тұлғасы аттың жалы, түйенің қомында, қан төгісті жорық жолдарында арпалыспен өткен үш-төрт жылдың ішінде оязып, қалыңынан жұқарғанын, тұтас денесімен айналмаса бұрылуға келмейтін жуан мойны жіңішкеріп, атқа отырғанда ердің қасында жататын салқы қарны жиылғанын, нұр тамған қызыл сары жүзі қуарып, ұрт еттері суалғанын, самайын тұтқан тұман қалыңдап, бұйра күрең сақалын мұнар шалғанын, жан қиналысының шұғыл қартайтып бара жатқан барлық белгілерін толық көре алма­ ды. Өзіне бұрыла шұқшиғанда қатулы қабағы қыртыстанып тұрғандығын да күңгірлеп естілген сөз сарынындағы белгілерден ишаралағанымен, бозамықтаған ай жарығы көріп алуға мүмкіндік бермеді. – Қарақ, күйеубала, сені тентектеу деп естимін ғой, рас па? Қайын атасы орнындағы қадірменді адамға қарсы келе алмай, ашық жауап қайтарудан күйіркелеп, мүдіре берген Боранқұлдың құлақ түбінде жазғырымды зор дауыс тағы қайталанды. – Болмайды, балам, болмайды. Дұшпанымыздың өлігін жәбірлеп, қорлайды екен деп естимін. Сырттан айтыла­ тын сөздің артық-ауысы көп болады. Деседе, жел соқпаса шөп басы қимылдамайды. Өлікті қорлау мұсылманшылыққа да, адамшылыққа да мінәсіп шаруа емес. Өш-кегің де жоқ емес, ілгеріде жас әйеліңді атып өлтірді. Енді міне екі бірдей жеткіншегіңді қылыштап кетіпті. Тегінде ұлы атаң Қажыгелді,

Ғаппар БІЛӘЛ
әкең Әнбия да жау қолынан өлгенін естігемін. Өштестірмей
қоймайтын, кек қайтармай тынбайтын-ақ жан күйзелтер істер.
Біздің елде «өштескен ит ізін талайды» деген сөз бар. Біз адам­

быз ғой, күйіп-пісіп із талағанда не түседі? Қанша құса тарайды?
Жоқ, қарағым, заманың түлкі болса тазы болып шал! Бұл сөзім-
дұшпаныңа жарамсақсып, алдамшылық, жалғаншылықпен
айналысып, ез болып кет деген мағына бермейді. Бұл сөздің

мәнісі басқа. Сен ана жаныңда жүрген Елісханға қарашы!
Қас жауының өзінен пайдаланады. Қазір Елісханда қатын да,
бала да жоқ. Ата-анасы, туыс-туғаны қырылған. Қу жанын
шүберекке түйіп, кеудесін оққағарға ұстап, кім үшін арпалы­

сып жүр? Ол шырғаға түсіп, мансап-мәртебеге сатылып, Шиң
Шысай өлкелік үкіметінің орынбасар бастығына ұсынған
орындығына отырмай кетті. Ұлт мұраты жолында ар-намысын
таза сақтады, азбады. Елі үшін, келесі әулет үшін күндіз күлкі,

түнде ұйқы көрмей, жарғақ құлағы жастыққа тимей жердуалы
елін бастап, әлемдегі аса қорқынышты тәкіләмәкән шөлінен
орағытып өтіп, Чиңхай, тибеттің боран кеулеп, аяз керген
сары жонын кесіп асып барады. Алдымызда асқары аспан­

мен тілдескен Гималайдың құзар шыңдары, үндінің ыстығы,
араптың құмдығы жатыр. Асқар таулардың, шалқар теңіздердің
көбі алдымызда. Егер Елісхан сәл ұшқалақ кетіп, тинәмдай
қателік жіберсе, соңына ерген ел-жұрттың, қара қазан, сары

баланың обалына қалады. Қырғынға жолықтырады. Күні кеше
Гансу билеушісіне аттарымызды неге бергізді?! Ма Буфаңға
неге салық төледі?! Азғантай қазақты жер-жерге бытыратып
қоныстандыруына неге жол берді?! Мұның барлығы – тәсіл,

мұның барлығы – елді аман алып шығудың әдісі. Ақылды
адам айлалы болады. Айла-тәсілсіз аттап баса алмайсың.
Өзімізден басқа ұлт, жұрт атаулыны жау көріп, дұшпан санап,
барлығымен егесіп, қырылысатын болсақ, жер-судан айрылып

ауа көшкен елге барар жер, басар тау қалар ма? Үндінің, ауған,
парсының елінен өтерміз, арап дүниесінің ортасынан қақ жа­
рып жол тартармыз, дүниені шарлап өзімізге болыстық етер
дос табармыз, сондықтан, ағайыншылықты ардақ тұту керек.

Баркөл жерінде көшпей қалып қойсам менің де, Қожанияз,

Әйембет көтерілістеріне қол ұшын созбай тыныш жатып
алса, Елісханның әкесі Әліптің де бір басына жетпей жатқан
дәнеңе жоқ болатын. Болымсыз болса да ұлықтығымызды
біріміз үкірдайлық, біріміз тәйжілік мәнсәбімізді жан бағар

алғауға айналдырсақ, басымызға тар келді ғой дейсің бе?!
Қарауымыздағы мыңдаған үйдің қымызын ішіп, бағланын жеп
жүре берсек, бетімізден алатын ешкім шықпас еді. Ал, енді ел
бастаған серке болып алдыға шыққан екенбіз, ашу емес, ақыл

керек.
Боранқұлда үн жоқ. Ат дүбірі, мал тұяғының тықыры
жартастарға жаңғырығады. Ұзын көш ай жарығында сай
тағанымен шұбыра жылжып келеді. Елбасы қарияның

күңгіреген қоңыр үні бар дыбыстан бөлек сарындайды.
-Өлікті қорлау – аруақты қорлағандық болады. Өлтірдің,
өлді, бітті. Күнәсі болса, махшар таразысы алдында өлшенеді.
Біреу бізге зұлымдық істеді екен деп, оның ізіне түссек өзіміз

де зұлым болып шығамыз. Біздің сол қылығымызды жастар
еліктеп, өнеге көріп малданып жүрсе, олар қайда барып баты­
сады, кімге барып сиысады?!
Біздің халық аруақ аттамайды. Жаңа өлік түгіл көне

моланың тас-топырағына да соқтықпайды. Өзіміз білмейтін
көне моланың ішінде кімнің жатқанын қайдан білеміз?!
Мүмкін, ол әулие-әнбиелердің мүрдесі шығар?! Мүмкін, жорық
жолдарында шаһит болған батыр бабаларымыздың моласы

шығар?! Бізден бұрын осы жонда Бөке батырдың өлтірілгенін
білесіңдер. Жазғырмаймын, тексермеймін, балам, ескертемін,
бұл сөздерім құлағыңда, есіңде жүрсін! Ұнамайды маған бұл
мінезің. Сонымен қатар сендей ұлым, сендей күйеу балам

болғанын мақтаныш етемін. Осында жабыла көшкен жалпақ
керей баласы «ер екен, батыр екен» деп сенің есіміңді ауызға
алады. Ту етіп төбелеріне көтереді. Ру, ұлысың басқа, қыпшақ
баласы болсаң да жеке керей үшін емес, исі ұлтың үшін

сіңірген еңбегіңді мен көрмесем соқыр болар едім. Құдайым
сау соқырлықтан сақтасын! Шекерханды құтқарам деп жүріп
кіші әйеліңнен айрылып, шеке теріңді тыртық етіп шықтың.
Орыс қылышы құлақ жарғағыңды жартылай алып түсіпті.

Ғаппар БІЛӘЛ
Бүтін денең кеміді. Бірақ, ат құлағынан ақсамайды. Ақсаған,
шұнақ атанған жоқсың. Екі мемлекет әскерінің қоршауында,
нөсерлеп жауған оқтың астында қалған Ырғайты шайқасында

аз ерлік көрсеткен жоқсың. Қоршаудан сытылып шығып, та­
лай жауды мергендікпен құлаттың. Қайыра қуып Баркөлге
апарғанда қаптап кеткен қалың жауды жайпап салған өзіңсің.
Соңымыздан жеткен топты әскердің алдын оқпен кесіп, көшке

жолатпай қойған сенсің. Өлгейде, Бисән тауында кезіккен
жауға дес бермей, биіктен бомбылаған ұшақты төмендетпей,
оқтың астынан алып ел құтқарған сенсің. Еңіз тауында,
Темірқарда адырында түйемен, көнке, танкемен қаптаған

мұңғұл әскерінің алдынан тосқауыл беріп, тойтарып қалған
да сенің күшің. Қай еңбегіңді жырлап тауысайын?! Бүгін міне
Гүлсім сынды келінді жолбарыс аранынан арашалаймын деп
жүріп мерт бола жаздадың. Иығыңды ауыртып, алақаныңды

зақымдадың. Басқа жігіт сенен үлгі алса болады. Керек болса,
керей саған тағы бір қызын берсін, әдеттегі емес, маңдайға
басқан керімін берсін!
Үлкен

адамның
ұлағатты
ескертулерін
естігенде

Боранқұлдың екі бетіне өрт кетті. Қол тимегендіктен, қырып-
жонусыз кеткен сақал-мұрттың қаудан түбінен жүрген өрт ба­
ра-бара тұла бойын шарпыды. Көрнеу мін өзі де шет-жағасын
аңғарып жүрген қисық-шадырлығы жалтарып ақталуға

жібермеді. Іштен қозданып, сырттан жалын қаптаған басы
кеудесіне салақтап Зайыптың бетіне тура қаратпады. Мұндай
жазғыруларды ол күні кеше өзіне жыламсырай қарап, лоқсып
құсқысы келген Балқаштың жүзінен де оқыған. Содан кейін

жыртқыш мақұлыққа айналып бара жатқан ішкі кеспіріне
үңіліп уайымдаған. Бұл уайымын жол үсті жолдас болған
Гүлсімге де құлаққағыс еткен. Ал ендеше, тәйжіге не деп жа­
уап беруі керек? Өзім де сезген, ойлаған едім деп ақталуы,

енді қайталамасқа серт беріп қарғануы керек шығар? Аза­
мат үшін сөзбен ақталып, жалған уәдемен жалтарудан өткен
сұмпайылық жоқ. Бүгін мінін мойындап, қайталамасқа ант
ішсе ертең атқара алар ма? Боранқұлдың соған көзі жетпейді.

Өзіне өзі сенбейді. Қаны қарайып, өшігіп алған тұстарда ізін

талайтыны рас. Бірақ, сонда өз қолына өзі ие бола алмай
кететін себеп не екенін өзі де білмейді, білуге де ұмтылмайды.
Зайыптың сөзі оған жай жазғыру емес, тергеуден де ауыр
соқты. Басы салбырап, не айтарын білмей, тұла бойын тер

басты. Бас көтертпес, бет қаратпас ашты шындықтың алдын­
да ол не айта алсын?! Солай қиналып келе жатқанда ерлік,
батырлық қимылдарына берген бағасы қайта сергітіп, ширата
бастаған еді.

Сол қарқынмен әлденеше тәулікті ат үстінде өткерген
көш Алтыншөгедегі Елісхан ауылының аттанып кеткен
жұртына әзер жетті. Құз қияның түбінде жарым түн түнеп,
таңсәріде қайта басталған көштің жүрісі мандымады. Жарым

түн жауған қар құзар асудың тар соқпағын тайғақтандырып
жіберді де, жол азабын қиындата түсті. Жартасты жақпар
қабырға-қапталдарда қанша адам, қанша түйе құлап өлді.
Адам баласы кейде үрейді ұшырған ажалдың қарсы ал­

дында бетпе-бет тұрып та күле алады екен ғой. Қилыбай деген
жәутік қара шалдың құлауы да көпке дейін естен кетпейтін
ашты күлкімен аяқтасты. Елден бұрынырақ қамтып, жа­
удан бұрынырақ құтылып, асудан ертерек асып кетпек

бақай қулықпен асыға қимылдаған Қидакең мұзды алқапқа
басқалардан бұрын жеткенде, аяқ астында беті бүркеулі
жасырынып жатқан шыңырау апан барын қайдан білсін.
Тайғанақтап шегіншектей берген «борбас» деп аталатын

тоқпақ жалды торы атты тебініп бауырлата шықпыртып
жібереді. Дөңкиіп жатқан мұзды қабырғадан шатқаяқтап
сүрініп кеткен торы ат қапталымен сырғанап барып, құлдай
берістегі беті қармен жабылып,көміліп жатқан мұз әңгектің

ішіне сыр етіп түседі де кетеді. Қарқарадай бір шалдан ізім-
қайым айрылып, көз жазып қалған соңғылар ептеп басып,
ізімен келіп, жарықтың жиегінен үңілсе, шыңыраудың түбі
көрінбейді.

«Қилеке, бармысың, жоқпысың» деп зор дауыспен айғай
салғанда төменнен шыңылдаған дауыс естіледі. Содан атты-
жаяулар жабылып келіп, Қилыбайға арқан жібереді. Арқанның
артынан арқан жалғанады. Қатарынан үш арқанды жалғап

Ғаппар БІЛӘЛ
салақтатқанда «жетті, жетті» дейтін дыбыс шығады. Аздан
кейін-ақ «тартыңдар» дегендей белгі беріледі. Жігіттер күшеп
тартып жүріп шығарып алса, арқанның ұшында Қилыбай емес,

Қилыбайдың қиюы қашып, қиқылдап-шиқылдап жүретін
шоқпыт ертоқымы шығады ғой. Соны көріп ыза болып күйіп
кеткен жігіттер еріксізден еріксіз бір күлсе керек қой жар­
тастарды жаңғырықтырып. Ол қай жырғаған күлкі дейсің?!

Біреулер ысқа шалдығып, біреулер үсікке ұрынып, біреулер
таудан құлап жатқанда, біреудің түйесі жығылып, біреудің
жамбасы шағылып, жан атаулы мұрынның ұшында жүргенде
шарқылдаған күлкі қанша ұзаққа созылар дейсің?!

«Борбас» атты алып шығудан күдер үзген Қилекең ал­
дымен өзі шығып алса артында қалған ер-тұрманы мүрдем
кететінін есептеп жіберіп, жайдақ қалмасын сұңғылалықпен
ойластырыпты. «Сүйтіп жүргенде мұз жарығының түбінде өзі

қалып қойса қайтер еді?» деп күледі ғой бұл күлегештер.
«Қияметтің қыл көпірі» сынды өткелектерден ауытқып
кетіп, қиын шатқалдарға құлап өлгендердің сүйегін алып
шығудың шарасы табылмай, мұз жарықтарының, жаламалы

шыңыраулардың түбінде талайлар қалып қойды. Оның үстіне
жол биіктеген сайын ауа сиреп, сау адамдардың тынысы та­
рылып, құлақ, мұрындарынан қан кетті. Талай адам ыс тиіп
жан үзді. Жотаның ең биігіне шыққанда Зайып ақсақал да

ысқа шалдығып ауырып қалды. Басқа ауырып әлсірегендер
де молыға берді. Дәрі-дәрмексіз келе жатқан ел ыс тиіп
қырылуға айналғанда оларды ажалдан қағып қалар жалғыз
ем - балалардың несебі еді. Сирек ауада қарадай әл-қуатынан

айрылған, аяқ басып тік тұруға күйі жетпеген бала-шағаны
түйе қабырғасындағы кебежелерден түсіріп дәреттендірудің
өзі оңай шаруа емес еді. Бет қаратпай қақап соққан үскірік
жел азынаған құз қияның үстінде, білінбей жұтылып жатқан

ыстың ішінде алдыға алып тосқан баланың өзі де жөншілігімен
дәрет сындыра алмайды екен. Басы ауырып, балтыры сыздап
әлсірегендер мен өлгендерді түйеге артып, тар жол, тайғақ
кешулерде жалғыз аяқтап шұбырған ел жығылып-сүрініп,

қырылып-жойылып, үсікке шалдығып жүріп, ертеңінде тас

обалардан белгі қойылған тибет шекарасына жетіп, Жетіоба
қырқасының түбіне құлады. Үсігендерді емдеп, өлілерді жер­
леп, тоңған бала-шағаны ыстық су ішкізіп жылындырмақ
болып, жүктерін түсірді. Ашыққан ат-көлікті отқа қойып,

қостарын тіге бастады. Дәл сол шақта «жау жетті» деген айғай
естілді.
Шіркін, ел-жұртқа бас-көз болған көсемдердің орны
бөлек екен ғой. Бар кесел Зайып тәйжінің ыс тиіп ауырып

қалуынан туылды. Тұс-тұстан анталаған қауіп-қатердің
ішінде барлық өлі-тірілердің, ат-көліктің, айдаған малдың
әбігерімен арпалысып жүріп есі шыққан ел басшысыз қалып,
артқа тосқауыл қоюды, алдыға шолғыншылар орналастыруды

ұмытып кеткен-ді.
Біреулер атқа, біреулер түйеге жүгірген қым-қуыт ба­
сталды да кетті. Илеуіне ыстық су құйылғанда үркіп шыққан
құмырсқадай құжынаған ел қар жамылған тазығар қойнауды

шұп-шұбар етіп жіберді. Біреулер кебежеге отырғызатын ба­
ласын, біреулер жалғыз-жарым туырлығын көтере жүгіріп
түйелерін артып жанталасты. Баркөлден бергі жол бойында
ұдайы шабуылдан көз ашпаған, қоршаудан қашқан тұстарда,

көшкен жұрттарда әлем-жәлем жасау жабдықтарын, қалы
кілем, қарала сырмақтарын тонатып, өздігінен қалдырып,
ауыр жүктен жеңілденіп алған елде бастарына пана үшін
алып қалған оншақты уық, қос туырлықтан, болмашы азық-

түлік, ыдыс-аяқтан өзге қанша мүлік бар дейсің?! Буыншақ-
түйіншектері артылып, айылдары тартылып көштің алды
түйесін жетелеп енді созыла бергенде Алтыншөгенің
мұзартты асуынан Ма Буфаңның атты қосыны қара құйын,

қарлы көшкін болып құйылды.
Алдыңғы жақ тибеттің тас обалар жиналып белгі
тұрғызылған биік белгірі еді. Атқа мініп үлгіргендер жүкті
түйелерін сабаулатып, өрге қарсы зар желдірді. Аттанып

үлгірмегендер мал-мүлкіне қарамай, бала-шағасы барын
да ұмытып жаяу безілдеді. Есі шыға сасқалақтағанда қалып
бара жатқан баласы, әйелі есіне түсіп қайта жүгіргендер ұша
жөнелуге күйі келмей қар бетімен жортақтаған жұтыққан

Ғаппар БІЛӘЛ кекілік сияқтанып, ұшыртып келе жатқанда топшысын үзіп түскен оқтан қанаты далбырлап қалып жатты. Қару ұстаған ер азаматтардың жалғыз үміті әлгі тас обаларға жетіп үлгіруде ғана қалып еді. Сол биікті бұрын алмаса селдей қаптаған қалың қол қашқан елдің алдын орап шығып, қайырып әкету қаупі туылды. Қарауыл қоймай қапыда қалған жігіттер обалы доңғалға қарай ат қойғанда, бұл реткі шайқастың тағдырын шешуші кезең осы биікті алуда екенін ұғып қалған қуғыншы қосын да көлденеңінен лап қойды. Өмір мен өлім белдескен сын сағаты туылды. Тік қайқаңға салған өрге жарыста қазақ жігіттері қарауылды бұрын алып кетті. Сары балақ қоңырды төпелеп төбеге бұрын шыққан Боранқұл аттан домалап түсіп тас обаны жастана жығылды да, астырттан қаптап өрмелеп, қарыса шауып келе жатқан әскерлердің қасқа маңдайынан оқ нөсерін төгіп қоя берді. Дұшпанның өзі жеткізіп берген темір құндақты автомат сөйлей жөнелгенде талайын жалбыратып ат бауырына түсірді. Бұған әр обаның түбінен, әр қыраттың үстінен борап қоя бер­ ген басқа жігіттердің оғы қосанжарласты да, өндіршектен оқ жұтқан шабуылдың беті тойтарылды. Бірақ, қару күшіне сен­ ген дұшпан қайта қашпады. Бір лықсып сайға түсіп, қонған жұртта қозғалып үлгірмеген қалың қауымды ошарыла барып басып қалды. Шақ-шәлекейін, тырым-тырақайын шығарған ша­ буыл қарсаңында қашып үлгірмеген шабан-шардақтар, ауру-сырқаулар қолда қалды. Алтыншөге асуында ыс тиіп өлгендердің, үсіктен, құлап кетуден мерт болғандардың жер­ ленбеген сүйектері, қарша бораған оқ апатынан жан үзген өлілердің жемтігі, жаралылардың тірі жемтігі қолды бол­ ды. Біреудің анасы, біреудің әкесі, біреудің көкесі, біреудің тетесі, біреудің тәтесі қалды, талайлар ағасынан, талайлар жағасынан, талайлар інісінен, талайлар тынысынан айрылды. Біреулер қатынсыз, жақынсыз қалды. Талайлар құрдасынан, сырласынан, талайлар андасынан, қандасынан айрылды. Қара қазан қирады. Тоңсирақ сары бала жұртта қалып шулады. Тибеттің ғана емес, дүниенің ең биік жалама жартасының

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР басында, қызыл шұнақ аяз кернеген, ақ түтек қарлы боран кеулеген сүркейі жонында бастарына пана қылар құрым туырлығын, бес садыра қос ағаштарын жұртта қалдырып, азық-түліксіз, аш-жалаңаш сопа басын әзер алып шыққан бес мың адамдық қазақ босқыны тас обалардан асып, тибет шека­ расына кіргеннен кейін не күн көрерін, қанша қиямет кешу­ лерден өтерін бір құдайдың өзі білмесе, ешкім білмек емес еді. Шекаралық тәртіп үшін обалы қыраттардан аса қашқан көштің соңына түсіп қумаса да, тең жарымға жуық елді қоршап алған Ма Буфаң қосынының ат тұяғы астынан, тырнақ-шеңгелі арасынан өлілердің аруағын, тірілердің шыбынын құтқарып алар қуат қазақ жасақтарында да қалмаған-ды. Күні кеше Зайып қария ақыл айтып тыйым салған Боранқұлдың ескі дерті қайта қозғалды. Зайыптың ақылы ақыл емес, жауды аяған жаралы, жауды аямау керек, қыру керек...».«Анау қандастарымның жау шеңгелінде қорлық көріп, өмір сүргенінен гөрі өлгендері артық» деп күбірлеген Боранқұл әскері аралас қара тобыр, қалың шоғырдың қақ ор­ тасын қарауылға алып жотадан төмен қарата оқ жаудырып қоя берді. – Әке, – деп арт жағынан шыққан таныс дауысты естігенде Боранқұлдың сұқ саусағы мылтық масасынан тай­ ып шығып кетті. Жалт бұрылғанда жезқұланы жетелеп келіп қалған Балқашты таныды. – Қайдан жүрсің? Сүлкіні түсіп, жығасы жығылып, өңі сұрланып алған боздақ ұлының сопақша жүзінде үрей елесі бар еді. Қорлық көрген, шошып үркінген жанның кеспірі. – Әке, жүріңіз, анашым ауырып толғатып жатыр. – Қайда? – Таяу жерде, мынау астырттағы шатқалдың ішінде. – Ел қайда? – Көшіп кетті. – Сендерші? – Біз қалып қойдық, шешем жүре алмады.

Ғаппар БІЛӘЛ – Елісхан сендерді жалғыз тастап кетті ме? – Қарайласу үшін бізге екі адам қалдырып кеткен, атыс даусын естіп, шапқылап жеткеніміз осы. Біреуі міне, қасыңызда... ойбай-ау, өліп қалыпты ғой, бейшара-ай! Боранқұл өз қатарында маңдайынан оқ тиіп өліп жатқан ұзын тұра сары жігітті жаңа ғана көрген еді. Шаһиттің өңін шырамыта алмады. Аты-жөнін сұрауға да үлгірмеді. – Енді біреуі қайда? – Біреуін көре алмай қалдым, мүмкін ол да... Бұған дейін шекаралық жотадан асып үлгірген босқындар аттылы-жаяу шұбырып түйелі көштің арасына андап құйылып, жосып берген еді. Қауіп қатерге қашанда сақадай сайланып жүретін еті тірі, пысықшалардың ішінде қоралы қойын асы­ рып әкеткендер де бар екен. Тас обадан шегініп атқа мінген Боранқұл Балқаштың ар­ тынан дүбірлете шапқан еді. Төменіректе қарсы кезіккен бір кезеңшеге шыға берісте артқы жағынан мергеншілеп жотаға шыққан топты әскер атқылап оқтың астынан алды. Астырт­ та, оқтың өтінде қалған Боранқұлдың оққа оқпен жауап қайырар шамасы болмады. Қар боратып шауып бара жатқан сары балақ ат оқ тиіп ұшып түсті. Әкесінің жығылғанын көріп қайта шапқан Балқаштың жағдайы да қауіпте қалған еді. Сарбауырдың қапталына бастырылып қалған аяғын әзер су­ ырып алған Боранқұл жезқұланың құйрығына жабыса кетіп, «қаш» деді Балқашқа айғайлай әмір етіп. Сол құйрықтан ұстаған беті жан ұшыра зымырап барып, қабақсоқтадан асқан соң жаны қалды. * * * Мәлике сол белгірдің астындағы терең шатқалға құлай беріс тік қуыстың ішінде, құз жартастың қар түспеген қаралтқым кеуек түкпірінде босана алмай толғатып, жаны қиналып әлсіреп жатыр екен. Уа, қу бала, қуарған қу әулет, сен осылайша да дүниеге келуші ме ең? Жау анау, жауып тұрған оқ анау, қақаған аяз, қаптаған ақ боран мынау, қар жастанып, мұз төсеніп, мылтық тарсылын естіп туған бала-қайтып адам боларсың?

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Қайтып қатарға қосыларсың? Тусаң - жөніңе тусаң болмас па еді? Қарлы құздың үстінде, қаптаған жаудың иегі астында қансырап жатқан анаңды қинап, үш күн, үн түн толғаттыратын, ауа көшкен ел сарынынан адастырып алып қалатын нең күйіп кетті? Ата-анаңа қандай өшің, нендей қастығың бар еді?! Жау көзінен жасыру үшін тар қуыстың ішіне шөгеріп, тізерлеп тасталған сары атанға да, жұлып әкеліп алдына тасталған шөп садарларына да Боранқұл қараған жоқ. Ашық жағына сыңар туырлық ұсталып ықтасындандырылған тас кеуегінде ыңқылдап жатқан Мәлике күйеуін көргенде өксіп, жылап жіберді. Астына төселген қалың кигіздің үстінде дөңбекшіп бір аунап түсіп, басын қайта көтерді де көзжасын жылдам тиып ала қойды. – Сені де көретін күн болады екен ғой. Аман келгеніңе шүкіршілік. Бораш, менің жүрер халім қалмады. Мен біттім, таусылып болдым. Қатарға қосыла қоймаспын, мылтық дау­ сын, атыс үнін естіп жатырмын. Ең болмаса, Балқашым аман болсын, сен аман бол. Сол құлынымды құтқар! Алып кет бұл арадан!... Маған аялдамаңдар, мен қалайын... сендер ... сендер ...кетіңдер! – деді үздіге жалынып. Балқашты бұл арада аялдатуға болмайтындығы, көшкен елге ертіп жіберу керектігі есіне енді түскен Боранқұл Балқаштың кеспіріне қарап тұрып жылап жіберуге тәс қалды. Бірақ, жылауға, жасықтық көрсетуге болмайтындығы оған аян еді. Жыламау үшін қабағын түйіп, қатулана түсті. Баласының бетіне қарамай, далаға қарап, саңыраумен сөйлескендей қатты дауыстап сөйлей жөнелді. – Ер жеттің, азамат болдың, ат жалын тартып міндің. Саған әкелік рұқсатымды бердім. Кет бұл арадан, елмен бірге кет! – Үй... бай, әкежан-ау... – Болмайды, кет дедім, кетесің. Бұл – әкеңнің ақылы емес, әмірі. Күйің келсе, бала күннен үзеңгі қағысып бірге өскен жолдасым Биғалидың бала-шағасына бас-көз бола жүр! Осы сөзім есіңде болсын! – Әкежан-ау, мен сіздерді тастап... деп қарсы алдына

Ғаппар БІЛӘЛ жүгіне кетіп, екі алақанын аспанға жайып зарлана бастаған Балқашқа Боранқұл ақырып қалды. – Кет, кет деген соң кет! Екі көзден жас парлап, екі қолы қалтырап, еріндері дірілдеп, иегі кемсеңдеген Балқаш орнынан тұрғанда қайта жұмсарды. – Жолыңды Алла оңғарсын, оң жолына бастасын! Бар, балам! Біз мұнда Мәлике екеуміз қала тұрамыз, Құдай қосса, қуып та жетерміз. Жете алмасақ таңда махшарда кездесейік! Тек... әйтеуір қанжығада кезіктіргеннен тәңірім сақтасын! Көңіліңді босатпа! Маңдайыңнан иіскемеймін. Қош, аман бол! Боранқұл бір орында сазарып тұрып алған Балқашты бір қолынан жұлқа жетелеп әкеліп, жезқұланың үстіне көтеріп салды. – Әкенің бұйрығын Алланың бұйрығы деп біл, бар! Қайта оралып соғамын деп жүрме! Тарт, бұр аттың басын! – деп ақыра жарлық етті. Ата-анасын қатер астында тастап ке­ туге қимаған Балқаш сонда да тізгінін босатпай тартына бер­ ген еді, жерде жатқан бұрау ағашты жұлып алған Боранқұл жезқұланың сауырына тартып жіберді. Теріс қарап, иығына салған мылтығы шошаңдап шаба жөнелген Балқаштың өксік үнін естімеді. Жалтақтап артына бұрылса көңілі босамасын деп, соңынан телміріп мойнақ асып кетуін тосып та тұрмады. Боранқұл мен Мәликенің Балқаш сынды ұлынан айры­ лып, тибет шатқалында қаңғырып қалуы дәл сол күні осылай басталған еді. 1962 жылы соңғы рет Тарбағатай төсінде айрылған Ханжігіт сынды ұлы сол жартастың түбінде туылды. Жырла, Қорқыт бабамыздың қыл қобызы! Боранқұлдың баласы дүниенің жотасы тибет үстіртінде, азынап соққан «айдабол» ақ боранның өтінде, құз жартастың қар кеулеген түкпірінде фәнидің есігін ашты. Сенің заманыңда ұлы Баяндыр хан: «ұлы-қызы жоқтарды тәңірім жарылқамаған, біз де жарылқамаймыз» деп Дірсе хан­ ды қара кигіз төселген қараша үйге түсіріп, қара қой сойып

беріп мұқатқан екен. Соған намыстанған Дірсе хан Құдайдан
ұрпақ тілеп, іш оғыз бен сырт оғыздың игі жақсыларын, бек-
билерін шақыртып, жылқыдан айғыр, түйеден бура, сиыр­
дан бұқа, қойдан қошқар сойдырып, төбедей ет астыртып,

көлдей қымыз сапыртып, аста-төк қонақасы беріп, аштар­
ды тоғайтып, жалаңашты бүтіндеп, жас-кәріден бата сұрап
Аллаға жалбарынған екен. Көптің батасы қабыл болып, Дірсе
ханның үйден шықса шынардай сұңғақ бойлы, тобығына

түсетін сүмбіл қара шашты, бір тал пісте сыймайтын оймақ
ауызды, қауын шырынындай ләззәтті сұлу бәйбішесі жүкті
болып, айдарлы ұл тауыпты. Сол бала он бес жасқа толғанда
хандардың ханы Баяндырдың сауық майданында сүзістіруге

алып шыққан дәу бұқамен алыса кетіп, оны ұрып өлтіргені
үшін «батыр» атаныпты. Сонда балаға бата беру міндеті.
Қорқыт ата, саған бұйырылыпты, сен:
Ей, Дірсе хан, Дірсе хан,

Билікті бер балаңа!
Өнері асты әлемнен.
Тағыңды бер балаңа!
Өнеріне жарассын

Құлаш мойын, серке сан
Тұлпарың бер балаңа!
Дастарқаны кең болсын.
Қотан толы мыңғырған

Қойыңды бер балаңа!
Артқан жүгі қалмасын,
Қызыл бұйда аруана
Нарыңды бер балаңа!

Гүлдей болып жарассын
Алтын уық отау бер
Саялыққа балаңа!
Кигеніне жарассын

Өңді жібек шапанды
Киіндіргің балаңа! –
деп қобызыңмен жырлапсың.

Ғаппар БІЛӘЛ
Боранқұл өз ұлына несін береді? Баласына арнар алтын тақ
түгіл мынау жалпақ ғаламда өз құйрығын сидырып отыра алар
алақандай орын жоқ. Құлаш мойын тұлпары - тайшұбардың

басы Алтыншөге шатқалының тасына шығарылды. Қотан
толы қой түгілі, дастарқанына сындырып салар шөкім нан та­
была қояр деймісің? Алтын уықты отау тігіп бергенді қойып,
ұзақ көштерде сүйреткіге түскен қос туырлықтың бірін Мәлике

ықтаған жартастың жел жағына ұстаса, бірін астына төсеуге
әзер қалдырып отыр. Тізерлеулі жатқан жапырық өркеш сары
атаннан өзге несі бар Боранқұлдың. Мәликенің қос омырауы
жарытпаса, жаңа туған нәресте қызылшақа қалпында аштан

өліп кетеді. Елік, киік етімен асырауға Боранқұлдың күйі кел­
месе, арғы жағын ойлап көріңізші. Мәликенің омырауынан сүт
шығару үшін оған нені жегізіп, нені ішкізу керек? Бас жақта
қырылып қалған өлік жемтіктерін қарға, құзғыннан бұрын

қамтып жиып алудан басқа не шарасы бар? Мүбәдә. Шыр
етіп дүниеге келісімен ана сүтімен бірге харам дүниелермен
ауызданғандығының сілелі салдары шығар, бір әкенің кіші ұлы
үлкен ұлының қызына үйленіп, атасына немере сүйдірудің ор­

нына жиен сүйдірген. Бір атаның немере қызы әкесінің тетелес
інісіне яғни кіші әкесіне неке қосып, әжесіне жиен сүйдірудің
орнына немере сүйдірген тарихты қай заман бастан кешіріп
көріп ең? Мұндай қарабет некені қай дүние естіп, көріп ең?

Бұған ұл айыпты ма, қыз (яки келін) айыпты ма? Қарабет не­
кеден жаралған немере (жиендердің) мойнына бұл күнәдан
қаншасын көтертеміз? Әлде, солардың барлығын ақтап, бас
күнәкәрлықты Боранқұлдың өз үлесіне жатқызамыз ба? Бала-

шағада не жазық бар? Біте қайнасып бірге өспеген соң, ұғысар
мүмкіндік қалмаған соң шатасты, адасты. Ағасы қарындасын
төсегіне баурады, қарындасы ағасының құшағына жалман­
ды. Үйленген осы екен, бас құрап бала сүйген осы екен деді.

Бірінің артынан бірін шұбыртып ұл тапты, қыз тапты. Бірін-
бірі тани алмаған соң енді не қыл дейсің? Оларды көрінген
жерге шашып кете берген бас күнәкәр Боранқұл болмай, кім
болады? Ендеше қарабет басқа ешкім де емес, Боранқұл,

Боранқұлдың өзі қарабет. Тоқсаннан асқан, ғасырға таяған

жасында енді қай бетімен өмір сүреді? Оған өлу керек. Қайда,
қай жерден бұйырады оның көр топырағы?
Осылай қазымырланудан өткен дарақылық болар ма?
Бірақ, қараңғылық жастанған қанша дарақылық дәуренді

тағдырын қалай тасалап, ғалам назарынан қалай қағып қалып
жүргенін, әрине, жердің жер түбінде жатқан ең құпия дерек­
тер ғана растай алды.
Қанды

қырғын
сахналасқан
тибет
шатқалында,

сақылдаған сары аязы бет қаратпайтын, ту деген түкірік жерге
түспейтін үскірікті күні дүниеге келген Ханжігіттің тағдырын
түптің-түбінде өзін-өзі дар жазасына бұйырып, асылып
өлетін сөлекет трагедиямен аяқталарын қансырап, әлсіреп

жатқан анасы Мәлике де, оның жанында бәйек болып құрақ
ұшып жүрген әкесі Боранқұл да шамалай білген жоқ бола­
тын. Әлсіз жатқан әйел мен қызылшақа сәбиді ызғар шашқан
жақпар тастың кеуегінде аман сақтап алып қалудың өзі

Боранқұлға оңайға соққан жоқ. Аштан өліп бара жатқан соң,
бауыздалмаған малдың етін арамға шығаратын мұсылман
жоралғысын бұзып, өз астынан оққа ұшқан сары балақ аттың
жемтігін сүйретіп әкеп, бір ай бойы талшық етті. Қар асты­

нан тезек теріп от жақты. Баласы мен әйелін қос туырлықпен
тұмшалап жүріп үсіктен сақтады. Тізерлеулі жатқан сары
атанды жайылысқа жіберсе ел көзіне, ары-бері өткен Ма
Буфаң пысықшаларының көзіне шалынып қалар болған соң,

көрден-көрге шүйгітіп, өткелектен өткізіп, бір бітеу тұйыққа
түсіріп, аузын шөпке тигізді. Баласы ширап, Мәлике серги
бастаған кезде Елісхан, Зайып көшінің ізін қар басып, жел тоз­
дырып жоғалтқан еді. Жол сырын, жер сырын білмейтін жат

өлкеде асу бермес қанша мұзарт, өткел бермес қанша өзен-
дария кезігерін, қанша жаугершілік тосқауылға жолығарын
мөлшерлеп көріп, алдыңғы елді қуып жетуден күдер үзген
Боранқұл күллі мал-мүлкінен тоналып, тұттай болып, мал

сілекейінен қалған жалғыз жапырық өркеш сары атанға қос
туырлықты қомдап, қара қобыз салынған қара кебежесін
теңдеп, Мәликесін үстіне отырғызып, құндақтаулы Ханжігітті
алдына беріп, жіп бұйдасынан жетелеп, сыңсып кейін тарт­

Ғаппар БІЛӘЛ
ты. Бар мұрат, бар мақсат келер жол бойында тосылып қалған
кейінгі елге аман жету. Мәлике мен Ханжігітті аман жеткізу
еді. Ілініп-салынып жүріп, Алтыншөгенің биігінен де асты.

Садимге түсті, Көккелді басты. Көптен бері бауырын көтере
алмай, екі көзі тарс жұмулы күйінде қыңсылап, ене омыра­
уынан емшек іздеген қасқыр күшігіндей – аспан апанының
түкпірінде дүниеге келген көктем көзі енді ғана жылтырап

ашылып, қар шеті сөгілген мезгілде Шыңжан шекарасына
жақын Алтыншоқыға жетті. Осы арада азық-түлігі тақа таусы­
лып, мылтық таңдайында жалғыз тал оғы қалмаған Боранқұл
тақыр жерге отырды. Не қатын, баласымен бірге аштан өлуі,

не тірі жасауы, құйтанақтай ұлы мен сабаз бәйбішесін аман­
дап қалуы керек еді, бірақ, бір кездегідей ат жалында ойнаған
арыстан денелі азамат емес, жұмыстың қара қыртысын айыра­
тын пысықтығы адыра қалып, ауыздықпен алысып ала қашып

тұратын арыны басылып, жүдеп-жадап әл қуаттан айрылған,
қызыл еттен арылған, мойны ырғайдай жіңішкеріп, сіңіріне
әзер ілініп тұрған аш аруақ Боранқұлдың оларды аман алып
қалар шамасы бар ма? Жоқ болса, асылып өлуі керек шығар?

Жоқ, оған өлуге рұқсат жоқ. Өле салуына баласы, бәйбішесі
рұқсат бермейді. Тегінде өзін-өзі өлтіру мәртебесіне артында
сенері барлардың ғана қолы жетеді. Боранқұл кімге сенеді?
Бала-шағасын сенім артып тапсырып кетер кімі бар? Жүнді

бет маймыл секілді аузы-басын шаш-сақалы қаптап жау­
ып алған бір түрдегі мақұлық сиықтанып кеткен Боранқұл
ойланып-толғана келе, өлем дегенмен де өле алмасын, өле
салуға ұқығының жоқтығын түсінді. Сол үшін мұсылмандық

шариғат әміріне қиғаш, адамгершілік қағидаларымен от­
аспайтын аса күнәкәрлық істерге қолы баратын бастанды. Қар
астынан аршылып шыға бастаған адам өлігімен қоректенуге
ыңғайланды. Бұл ненің еті деп әйелі сұрап қалар болса, сен

білмейтін киік түрлерінің бірінің еті деп жалған сөйлеуге
даярлық жасады.
Жылан жолдың шетінен қаға беріс тар қуыстың ішінде,
аспан маңдайшалығына қыстырылған ыңғырудай жарты­

кеш айдың солғын сәулесі күңгірт жарық түсіріп тұрған

Мәликенің жүдеу жүзіне әлсін-әлі қарағыштап, екі жамбасы­
мен кезек аунап, дөңбекшіп жатқан Боранқұл кірпігі айқасып
кеткенін аңғармай қалған еді. Қайта ояна келіп, көктемнің
шолақ түні құйрығын жиыстырып, таң атып келе жатқанын

көрді. Жиектегі ақшулан бұлттың қызараңдаған түлкі
құйымшағына қарап жатып езу тартты. Ол бала кезіндегі бір
шалдың әңгімесін есіне алған еді. Патша үкіметінің он жыл
айдауында жүріп, «ит жеккеннен» қайтып оралған сол шал ай­

тады ғой: «Бұрын ешкінің еті жақпаушы еді, он жыл айдауда
жүргенде денсаулығым жақсарып, асқазаным түзеліп, текенің
етін жесем де жаға беретін болды» деп. Соны естігенде күлген
еді Боранқұл. Жаңа сойылған ет болмаса, сүрленген етті

талғап жейтін күйден қалып болған өзінің адам етін жеуден
жасқанбайтын халге душарласқанын ойлап жұмсақ жымиды
да орнынан тұрып кетті. Мәлике оянғанша кеше жол-жөнекей
көріп өте шыққан өлікке барып келе қоймақ, барып келмек

емес, бұйырғанын алып келмек.
Бетіне қара күйе жағылған қара түн теріс айналып кет­
кен соң, қардан ала қабыландап аршыла бастаған бауырсақ
адырлардың үстінен жаңа көтеріліп шыққан дөңгелек күн

аспанның арғы шетінен қашан жетемін дейтін сарылған уай­
ыммен сарғая жарқырайды.
Боранқұл қырат аса беріп сылдыр еткен бір жат дыбыстан
секем алып, жан-жағына қарады. Бірақ, ешнәрсенің қауіпті

ныспын көре алмай, ілбіп ілгерлей берді. Су ағар өзекшені
қуалай өскен қу қамыстың ну тоғайы шетіне келгенде әлгі жат
дыбыс тағы белгі берді. Ол ту сыртынан аңдуылдап ілесіп
келе жатқан бір қауіптің барын сезініп, тізесі қалтырап кетті.

Қылышын қолына алып белгісіз шабуылға даярланғансыды.
Бірақ, бұл тұста оның ешқандай қарымды күшке қарсылық
көрсетер қауқары жоқ еді. Тәуліктерге жалғасқан аштықтан
өзегі талып, буыны құрып, көз алды қарауыта берді. Түртіп,

итеріп қалса жығылып түсердей тәлтірек басып тағы ілгерледі.
Қопа қамыстың жиегінде жатқан өліктің қасына келді. Жеу
керек пе, жоқ па? Жеуге жарай ма, жоқ па?
Асу бермес осы сұрауға тіреліп тағы тоқтады. Ықтасын

Ғаппар БІЛӘЛ
қардың астында көміліп жатқан өліктің бір сирағы ғана
шығып қалған. Боранқұлдың ашық жатқан адам сирағына
еңкейе бергені сол еді. Қарсы алдындағы қамыс салдыр етті.

«Гүр» еткен жолбарыс даусы естілді, өлікке созған қолын тез
тартып алып, бойын тіктеген Боранқұл қайқы қылыштың са­
бына қайта жармасты. Бірақ, тоғай боп өскен ну қамыстың
жиегінен суырылып шығып, арқан тастам жерден атылуға ай­

налып, жұмырыла жұтынып оқтала берген алып жолбарыстың
қатерлі шабуылына төтеп беріп, алыса кетер әл-қуаттан
айрылған Боранқұл не істерін білмей абыржыды. Алды­
нан кезігіп қалғанда алып денелі қодас бұқаның іш жарғыш

сәйгел мүйізінен жасқанбайтын әйдік жыртқыштың әлпеті
адам шошырлық еді. Құйрығын шиыршықтап, құлағын жы­
мырып алып, жалын шашқан екі көзімен ішіп-жеп, төніп тұр.
Боранқұл жыртқыштың көзіне қанталаған өз көзінің өштесіп

үйренген қаһарлы сағымын түсіріп, өжеттене қарады. Оның
бойында дәл қазіргі сәтте бұдан өзге бұра тартар қуат жоғы
мәлім-ді. Бұрыла қашқанды қойып, көз жанары тайып кетсе
болғаны тарпа бассалмақ. Аздан кейін Боранқұлдың тесіле

қараудан көзі талып, көз оты әлсірей бастаған аса қауіпті тұста
атылуға айналып бүктеле берген жолбарыстың өкпе тұсынан
қамыс салдырлап қоя берді. Ну қамысты жарып шығып тап
берген екі аяқты бір мақұлық жолбарыстың бүйірінен соғып

өте шықты. Ашулы жолбарыс алдындағы тірі жемтікті тастай
беріп, соның соңынан ұмтылғанда Боранқұл да безді дейсің
бар пәрменімен. Ендігі жерде қатын-балам не болып қалды
дейтін қауіппен дедек басып, түнемелі қуыстың қыратына

шыға бергенде белі үзіліп шала жансар жатқан елік текесінің
үстінен түсті. Бұл қандай құдіреттің қайраны екенін біле ал­
май аңтарылып тұрып қалды да, бұрыла беріп, өзіне қарап
ыржия күлімсіреп тұрған кісі киіктің шырайын көрді. Баяғы

жылдары құлан үйірімен бірге тұйықтан құлап мертіккен
ұрғашы киік екенін тани кетті.

– Рақмет, рақмет саған, – деді Боранқұл оның адам

сөзін, қазақ тілін ұғар-ұқпасымен есептесіп жатпай-ақ, бүгін
таңертең ғана емес, талай күндерден бері ту сыртынан дыбыс

беріп, соңынан ілесіп жүрген бір құпия күштің осы екенін
түсініп, жолбарыс қатерінен құтқарғанына дән риза болды.
Доскиікті қалай алқарын, қалай жарылқарын білмей қиналды.
Қол-аяғы серейген ұзын, шудаланып алған қалың қара шашы

құймышағына дейінгі тұтас арқасын жауып кеткен, ешмегі та­
лыстай осы түйе түкті хайуан содан тартып оларға үйірлесіп
алды. Көшкенде бірге жүріп, қонғанда бірге жатпаса да
бұлардың төңірегінен ұзап кетпей, орағытып айналып соғып

отырады. Қазір жоқ болып кетіп, қазір шаң боратып қайта
келе жатады. Құралақан келмейді. Азық әкеледі. Қолына
түскен қоян, ирек мүйізді ешкі, қарақұйрық, арқар еттері
не тұтасымен, не боршаланып әкелінеді. Сөйтіп, өздігінен

берілген жырынды малайдың қолқабысы арқасында Боранқұл
мен Мәлике тоғайып, күйлене бастаған еді, рахымы күшті
Аллатағала әр қайсы тіршілік иесін ырыздықсыз жаратпаған
ғой.

Май айының алғашқы жетісінде Шыңжан шекарасына
таяп келген Боранқұл жол үсті кезіккен бір суаттың басына
сары атанды шөгеріп, балалы Мәликені қолтығынан демеп
жерге түсірді. Шапан-шақпыт, төсек орындарымен қоса ыдыс-

аяқ сияқты керек-жарақтарын шешіп алған соң, туырлық бо­
сатып, қос тігу үшін түйенің қомын шешуден ерініп, жалаңаш
оттың басында түнеп шығуға ұйғарды.
Бейсенбіге қараған кештің соңғы алауы сөніп, жайнап

жұлдыз шыққан мезгілде шай қайнатып, дастарқан шетіне
отыра берген Боранқұлдың алдына кісі киік жетіп келіп, бір
хайуанның өлімтігін тастай берді. Бірақ, Боранқұл тумы­
сында көрмеген бұл жануар тибет пен гималай өңірінде ғана

өмір сүретін «куку-яман» деген аңның түрі екенін танымай,
дос киіктің бетіне аңыра көз жүгіртті. Сол кезде көрді ғой,
ол қытықты әйел жанарымен өзіне мөлие қарап жаудырап
тұрған екі сарғыш көздің қиығында еркелеп аймалағысы, ал­

дап арбағысы, баурап бағындырғысы келіп қылаң ұрған бір
сәуленің жанып-сөніп құбылып ойнағанын, Боранқұл бұл
ишараны ұқты. Ол кетіп қалған соң кішкентай нәрестесін
жалаңаш құйрығынан алақанына қондыра ойнатып отырып

Ғаппар БІЛӘЛ ойға батты. Ойлап көрсе арманы көп болған сияқты, арман­ да айрылғандары да аз емес екен. Зипәгүлден, Нәзиләдан айрылды. Бір көрініп Қатипа кетті жайына, бір кездесіп Гүлсім қарасын батырды бұл дүниеден. Бір кездері Ұлбосын кемпірмен құдаласып, оның кенже қызы Кенжегүлді сырттай атастырып қойғанын күні кеше айрылысып кеткен Балқашқа айтып ескертуге де үлгірмеді. Үлгертпеді қу жағдай. Үлгеретін уақыт бар кезде айтқысы да келмеді. Қобалжыды, Ұлбосынмен құдалығынан айныды. Тек, Құдай күпіршілікке жазбасын деп тілейік! Ымырт үйірілгенде сөнген оттың қызыл шаласының жа­ нында аймаласып жатқан Боранқұл мен Мәликенің қасына келіп, сақылдап күлген әспетті жат дыбыс шығарып, сүйкене берген хайуанның көңіліне қараған жоқ, Боранқұл шықшытқа жанып жіберді. Содан қайтып кісі киік көрінбей кетті. Осылай тентірей көшкен Боранқұл мен Мәлике Шыңжанның Гас көлі, Темірлік өңірінде қалып қойған соңғы қазақ ауылдарының шетіне келіп ілінген еді, олардың келіп қосылғаны Ма Буфаң тосқауылынан өте алмай осы өңірде қыстап қалған Сабырбай, Құсайын тәйжілердің ауы­ лы еді. Тибет шекарасында Боранқұл өзі қатынасқан Жетіоба қырғынында бес жүз адам қаза тапқанын, қоршауға түсіп қолды болған мың адам бір ай бойы жаяу айдалып, Чиңхайдың өлке орталығы Шиниңға жеткізілгенін, ол арада естиярдың көбі тұтқындалып, ауыр еңбекке жегілгенін, қыз-келіншек атаулы олжа бөлісінде әркімге үлестіріп жіберілгенін Боранқұл осы елден естіді. Жағдай тыныш болса, жеті, сегіз жүз түтіннен бас қосқан бұл елді бір кісідей бірігіп атқа мінген азаматтар шегіртке теріп берсе де аштан өлтіріп, көштен қалдырмас еді. Ілешала Дәлелхан Сүгірбайұлы деген кісі елшілікке келді. Ол «данышпан көсем» Шиң Шысайдың Шарқылық ауданы көлеміндегі осы өңірде мекендеген қазақ ауылдарын үгіттеп, атамекендеріне қайтаруды міндетіне алып келген арнаулы елшісі екен. Әрине, ол кезде Дәлелханның болашақ шығыс Түркістан ұлт азаттық төңкерісінің көсемдері қатарына

ілігіп, генерал атағын иеленерін, ақырында сол бағыттың
құрбандығы боларын ешкім де шамалай алған жоқ. Үш
бірдей ержеткен баласын шығындатып алған Боранқұлдың
сол кісіге ілесіп қайтқысы келгенде Сабырбайлар тиып таста­

ды. Олар ұлы «мәртебелі» Шиң Шысай ағзамның құрылтай
ашамыз деп ұйғыр, қазақ, қырғыз, моңғол халықтарының сор­
па бетіне шығар бар біліктісін Үрімжіге шақырып келтіріп,
құрылтайды Шыңжан түрмесінде бастағанын, салауаты то­

лымды ел басыларының қолына билік тізгінін берудің орнына
көзір ұстатып, ат орнына кісен мінгізгенін біледі екен. Алтайға
тексеру үйірмесін жіберіп, халықты тағы да құрал тапсыруға
қысап, Байқадам, Сақсайбай, Баянбай, Ақыт қажы қатарлы ел

ағаларын екі аяғын көсілуге келтірмейтін жер асты тар қапас,
тас зындан түбіне салынған «мамық төсекке» жатқызып,
мәпелеулі бағым-күтімге алғанын, бұған кектенген Алтай
халқы Есімхан, Ақтеке деген кісілердің бастауында мылтық

жинауға шыққан әскерлерді өлтіріп, мылтығын алып көтеріліс
бастағанын, Көктоғай, Шіңгілді басып алып, көтеріліс көлемі
ұлғайып бара жатқанын естиді екен. Алыс-жақыннан хабар­
дар отырған ел ата жұртқа қайта көшуден үзілді-кесілді бас

тартқан кезде Дәлелхан да күштемеді. Ол қайсы біреулерше,
мансап-мәртебеге сатылып, кеудесіне құран соғып алдағандай
етіп, қайта көшіріп барған елдің Шиң Шысайдан рахым тап­
пайтынын, қатал жанышталарын сезген сияқты. «Бөдененің

үйі жоқ, қайда барса бытпылдық». Жіберген елшісінің тілін
алмай, жеткен жерінен қозғалмай қойған елге енді Шыңжан
шекарасы ішінде, шарқылық көлемінде отырып қалуға
болмайтындығы белгілі еді. Соны мөлшерлеген Сабырбай

залың елді бастап Чиңхай жеріне қайта шалқыды. Гарінки та­
уына келіп паналады.
Боранқұл Гарінкидің Хайыр деген жерінде аң аулап
жүріп ғажайып бір мақұлыққа тап болды. Белі имиіп, жау­

ырыны күдірейген, екі аяқтап жүре алатын мақұлық. Бірақ,
жүрісі адамға ұқсамайды. Аттаған сайын жоғары шығып,
төмен түсіп секектейтін секілді. Жетелеп алған жалғыз лақты
ешкісі бар. Кісі киік пе, әлде етін жеуге болатын айыр тұяқты

Ғаппар БІЛӘЛ
немесе дөңгелек тұяқты хайуанаттардың Боранқұл көрмеген
басқа түрі ме? Алыстан қарасын көріп, баспалап жақын кел­
генде Боранқұл оның адам екенін шырамытты. Екі емес, үш

аяқпен жүретін адам. Екі аяғы өзінікі, үшіншісі ағаш аяқ.
Қолында қаруы жоғын көрген соң Боранқұл оған көрініс беріп
айғайлағанда әлгі мүсәпір пенде дыбыс бермей, аңтарыла
тұрып-тұрып барып, қолын бұлғаған еді, Боранқұл атына

мініп оның қасына келді. Ұрт еті солып, шықшыт сүйегі шо­
дырайып, көз жанары қабақсоқтаның астына шөгіп, терең
түсіп кеткен, іші белдемесіне жабысып қалған, әншейін бір
аш аруақ. Шүкірге бояған жарғақ шалбардың бір балағы

тірсегінен жұлынып түсіп жоғалған. Қара бәйтүрі мешпеттің
бір жеңі иығынан бөксеріліп, қапталына түскен. Үсті-басы
«түлен түрткендей» қорс-қопа, қайызғақтанған астыңғы ерні
ортасынан қақ бөлініп айрылып, қаны шығып тұрған ғарып,

Боранқұл таяғанда қисайып, үш аяқтың үстінен ауып барып
отыра кеткен еді, аттан түсіп жанына келгенде де дыбыс
бермеді.

– Қазақпысың?

Үн жоқ.

– Кімсің?

Үн жоқ, ернін жыбырлатып, шүңеттегі көзі жапақтай
береді. Бүтіндей бір мақұлық. Сөйтсе, ернін жыбырлатқаны
сөйлегені екен. Бірақ, дыбыс шығарар дәрмен қалмапты ғой
сорлыда. Адам баласындай ит жандыны көрмейді екенсің,

соған дейін өлмей жүрген.
Боранқұл шұбат құйылған сусын торсығын әкелгенде әлгі
байқұс тұра ұмтылды. Қос қолымен құшақтай алды торсықты.
Дірілдеп-қалшылдап торсықтың аузын ашуға асығып өліп ба­

рады. Бірақ, қола торсықтың бұрандалы қақпағын бұрап ашуға
өмірінде әлі жетер түрі жоқ. Боранқұлдың жәрдемімен қақпақ
ашылып кеткенде торсықты басына бір-ақ көтерді. Төңкерілген
торсықтан лақылдап құйылған шұбатты ол жұтқан жоқ, ауыз

қуысының ішіне қотарып төге берді. Аш өзегіне түсіп кеткенде
асты бірден көп ішкізуге болмайтын еді, Боранқұл оның қолынан
торсықты жұлып әкеткенде таласқысы келіп, оңтайлана бер­

ген аруақтың көзі аларып жоғары тартып кетті де, серең етіп
шалқасынан құлады. Боранқұл мүскіннің қолындағы жіптің
ұшында боз жусанды шөмшөңдеп терміштеп жатқан қыржаны
бар бөрте ешкіге, оның жанындағы қотыр тұмсық қара лаққа

қарап ұзақ отырды. Аруақтың аздан кейін саусақтары, бара-ба­
ра аяқтары қимылдады. Сәлден кейін оқыс басын көтеріп алды.
Жылтыраған көзінен қазақ нышаны елес берді.

– Сен кімсің?

Аруақтың жыбырлаған ерніне қарап, сөйлеп, жауап беріп
отырғанын сезген Боранқұл оның аузына құлағын төсеп еді
арғы түкпірден:

– Қ ааа ззз ааа ққ пын, – деген әлсіз дыбыс естілді. Сол

қазақ көптен кейін түзелді.
Еңсеген есімді бұл жігіт Ма Буфаң тосқауылынан
Алтыншөгеге өте алмай, Гарінкиді төңіректеп жан бағып
жүретін, үш жүз түтіннен құралған шағын ауылдың аза­

маты екен. Таяу күндердің бірінде тұтқиылдан тап берген
Ма Буфаң жасағымен бұл ауылдың арасында қиян-кескі
ұрыс басталыпты. Екі жақ бірдей қырғындалған шайқастың
ақырында әскерлер жағы үстемдік алып жеңіп шығыпты да,

қазақ ауылдарының арасына өрт болып қаптапты. Үш жүз
шаңырақтың ілікке татыр мүлкін тонап, керексізін өртеп
жіберіпті. Жас-кәріні түгел жинап, әйелдердің бет терісін
бұрап көріп, сынға толатын жастауларынан алпыс әйелді

таңдап алып, қалғанын тігерге тұяқ қалдырмай қылышпен
турап салыпты. Күші еркін жететін жас сәбилердің бұтын
айырып, бастарын тасқа тоқпақтап, миын шашыратып
рәсуалапты. Қырғыннан аман қашып құтылған қырық аза­

мат тістерін тіске басып, өкпесін ауыздарына тістеп, қолды
болған апеке-қарындастарын, әйелі мен қыздарын айырып
алмақ болып, соңынан жаяу қуыпты. Гарінкиден қалыңсыз ал­
пыс қатын алып, олжалы қайтқан әскерлер Тәжінұр маңында

кездесіп қалған отыздан астам үйден оншақты қызды тағы ол­
жалап, әумин депті де, қалғанын үйге қамап өртеп жіберіпті.
Тәжінұрдан өтіп Гормиға келгенде жаяу азаматтар
әскерлерді қуып жетіп, жанқиярлықпен ұрыс жүргізеді.

Ғаппар БІЛӘЛ
Майданның аяқ жағында, ырықсыз жағдайда селдір бұталарды
паналап, асқан ерлікпен шайқасқан азаматтар көпке дейін
қарыса шабуылдайды. Аз мылтықпен көп әскерді бұтарлап,

бұтап түсіре береді. Ақырында құрал күші мығым Ма Буфаң
жасағы қаптамаға өтіп, гранатаның астынан алады. Бір
қазақтың басына оннан астам гранат жарылады. Қырық жігіт
бірдей қыршынынан қиылады. Қазақтар «Құмбыты» атап кет­

кен Горми топырағында қырық жас жер жастанады. Сол жер
жастанған, бахи дүниеге барып келген қырықтың бірі Еңсеген
екен. Ол қыршынынан қиылмай, бір жіліншігінен қиылып,
талып жатқан қарсаңда бүйірінен бір теуіп, қозғалмаған соң

өлдіге жорыған әскерлер оқ, мылтығын сыпырып алып кете
берген. Еңсеген ұрыстан кейін қанша уақытта ес жиғанын
еске түсіре алмайды. Басына қонып енді жұмулы көзін
шоқығалы қарқылдап қоя берген құс даусынан шошып оянып,

аруақтан адам қатарына қайта қосылған ол қалқайып басын
көтергенде өзін қалың өліктің ортасынан көреді де, тұра беріп
жығылып түседі. Тақыр жіліншікті оқ үзіп кеткенін сонда
біледі. Жейдесін жыртып, мертікті өзі таңып, жамбастап жыл­

жып бір түп жыңғылға жетеді. Бір таяқтық жыңғыл бұтағын
сындырып алып, шоқақтап жолға түседі.
Өлмегенге өлі балық жолығады. Қиралаңдап суға жетеді.
Қанын жуып, жарақатын тазалап, сынған сүйекті орнына са­

лып қайта таңады. Жаралымын деп далада жатып өлетін емес,
сыздап ісіп кеткен сынықтың қақсап ауырғанына қарамайтын
жанкештілікпен жүріп келе жатып, қаңғырып жүрген жалғыз
лақты ешкіні тауып алады. Сөйтіп қабырғасы тыртиған бөрте

ешкіні ақсақ Еңсеген мен қотыр тұмсық қара лақ кезек еміп
жеткен жері осы екен. Қанды жұртта қазақ иістіден қалған тірі
пенде бар шығар деген болымсыз үмітті малданып, жол бой­
ында қанша түнеп, қанша күндерді бастан кешкенін де біле

бермейді. Осы кешірмелерін айтқанда Еңсегеннің қабағының
астындағы қос үңгірден сызаттап шыққан су нышаны жылты­
райды.
Айтпадың сәлем алдыңнан қайтқан жаушыдан,

Қалайдан-қалай тарыдай тозып таусылам?!

Көтеріл көрден, жауабын әкел Алланың
Оянған аруақ қобыздың қоңыр даусынан.
* * *
Әбден асқынып ушығып алған жарақат пен орнына толық

түспеген сынықтан көп бейнет көріп, әзер айыққан Еңсеген
мен Боранқұл содан былай сан жылдар бойы тізесін айыр­
мады. Мәликенің қолынан ас ішіп, бір үйдің адамы болып,
бір-біріне бауыр басып, Боранқұлға іні, Ханжігітке аға болып

кетті.
Ал, Ма Буфаң қосындары Елісханға ілесе алмай Чиңхайда
тосылып қалған ауғын қазаққа тыныштық таптырмады.
Бір таудан қуып екінші тауға өткізіп, аумақты үстірттің ол

шетінен бұл шетіне жапыра қуып, жапырақтап, жоңқалап,
қырып жоюмен болды. Сыжу өңірінде жүрген Аянбек ауылы­
на ауысқан баяғыдағы Қасым батыр мен Құмархан дегендерді
шай-шалаң үшін қалашылап барған жерінде атып тастады.

Қалибай, Нұрғали дегендерді Аянбектің дерегін дұрыс ай­
тып бермегендігі үшін таспен бастырып өлтірді. Бұл күндері
аруақтар қатарына кетіп болған Аянбектің өліміне сенбей,
көрін ашып тексерді. Тула жерінде орағытып шыр айнала

қашып жүрген бір ауыл қазақты ұстап алып, бір адамға бірден
оқ жұмсауға шығынсынып, жеті-сегізден қосақтап, қабаттап
қойып атып өлтірді. Үйұрхұн өңіріндегі қалың ауылдың
үлкендерін қырып тастады да, таңдап алған екі жүздей жас

жігітті шұбыртып айдап, Шиниңға апарып, Зайып елінен
қолға түскен мың адамға қосып ауыр еңбекке салды. Нұрғали
елінен, Солтаншәріп, Аянбек елдерінен жарым мыңдай жас
баланы жинап апарып, Шиның жүн фабрикасында жұмысқа

жекті. Аштықтан, дүреден, ауыр еңбектен ауруға шалдыққан
балалар қырыла бастағанда еті тірлігіне сүйеніп қашып
шыққан бес сәбиді шыбын жаным шықпалап жүрген жерінен
Боранқұл тауып алып бауырына басты. Ханжігіттің артынан

Чиңхай жерінде қыз баласы Қазинеш дүниеге келді.
Соңын ала Шыңжан билеушісі Шиң Шысай құлап,
У Жұңшин тұра келді. Солтүстік үш аймақта ұлт азаттық
көтерілісі жеңіске жетіп, орталықтан жіберілген генерал Жаң

Ғаппар БІЛӘЛ
Жы Жұңның араласуымен өлкелік біріккен үкімет құрылып,
жаңа шаңырақ көтерген ұлттық мемлекеттің «шығыс
түркістан» аты қағаз бетінен сызып тасталды. Қос бүйірдегі

ірі держава билеушілерінің талайына жақпайтын, құлағына
түрпідей тиетін осы атау осылайша тарих сахнасынан да
мәңгілікке аласталды. Іле-шала Ресей жерінен ұшырылған
аспан көлігі су қараңғылықпен тауға соғылып, қытайлық жаңа

үкіметтің бірінші кезекті саяси кеңесіне кетіп бара жатқан жол
үстінде «үш аймақ»атандырылған «шығыс түркістанның»
мемлекет басшылары қатарында Дәлелхан Сүгірбаев та қаза
тапты.

Байырғы атының жойылуына жол берген үш аймақ
үкіметінің бағыт-бағдарын теріске балап, одан бөлініп, бүліне
көшкен Оспан мен Қалибек бірі Алтайдан, бірі Тарбағатайдан
ел бастап шыққан еді. Шыңжанды ортасынан қақ бөліп

жатқан Ерентаудың мұзартты құзарларынан тайып, құлап
кетпеулері үшін туырлықтарын мұзға төсеп тастап, үстінен
көш өткізген Қалибек еренқабырғаны кесіп асып, құмында
тышқан жорғаламайтын, төбесінен құс ұшпайтын тәкіләмәкән

шөлін көктей өтіп, шарқылықтан келіп шықты да, Тәкіламакан
шөлінің шығыс іргесінен орап өтіп,Чиңхайдың Хайзы өңіріне
жеткенде әрі әскери қолбасы, әрі немерелес туысы Қапбас
сынды жаралы азаматын қиып тастап кете алмай қалып бара

жатқан Оспан батыр жаққа қарайлай жүріп, Үндістан ше­
карасына жетті де, аялдаудың қияты келмеген соң, шекара
сызығынан аттап өте шықты.
Сол жылы Еңсеген сынды ершікеш, пысық бауырының

күшіне сүйенген Боранқұл асыранды бес баласына өз бала­
сын қосып алып, Чиңхайдан қоныс аударып Баркөлге кел­
генде тұтқынға алынды. Сол күні ол сөзден тиылды. Бір елі
аузына қойылған екі елі қақпақты жеті жыл бойы ашқан

жоқ. Ол тұтқындалған соң панасыз қалған бес жетім өз
жөндерін тапқан. Еңсегеннің ептілікпен жеткізген хабарынан
Мәликенің Баркөлде тірі жесірге айналып, тірі жетімдерді
баға алмай қиналып жүргенін естіген қайынатасы Жақыпбек

оның отбасын өзі жоқта Тарбағатайға көшіріп әкеткен.

БЕСІНШІ ТАРАУ

«ҰШПАҚТЫҢ» ТӨРІНДЕ

Бүгін Боранқұлдың аудан орталығынан ойып түскен
сәулетті жаңа ордасының ішінде аса салтанатты той сал­
ты өткізілулі. Бұл той күні кеше ғана жайырдың жота­
сында Қазақстаннан келген Хамила келіні мен немересі

Серікболдарды қарсы алу үшін жасаған жалғыз үйлік той­
ына ұқсамайды. Одан әлдеқайда думанды. Әлдеқайда
көлемді. Мұнда бүкіл ауданның нелер ыспар қадірлары
күтушілік жұмысқа жегілген. Дастарқан үсті көл-көсір. Бұл

той – Азияның таусылған жерінен, мәрмәр теңізі жағасынан
келген Балқаштың тойы. Әлемдік өреге көтерілген аса
дәулетті байдың тойы. Кеше кешкісін Балқаш келіп маши­
надан түскенде самаладай етіп жағып тасталған сан түрлі

шырақтардың жарығында қақпаның екі қапталына қақ жары­
лып тұрып, тұтас қала халқы қарсы алған. Іле-шала аудан бас­
шылары тобымен келіп құттықтасып, той жұмысының кем-
кетігін ақылдасып, өз қолдарымен орналастырып қайтқан бо­

латын. Бірақ, Балқаш бұл тойдың соңғы екі күнін қысқартып
тастап, алғашқы бір күндігіне әзер мақұлдық берген. Ол
асығады екен. Жұмысы қарбалас көрінеді. «Ел-жұртыңа
ғұмырыңда бір келгенің осы ғой, асықпасаңшы» деп жібергісі

келмей қипақтағандарға өзі ақыл айтады. «Сендер әлі ұйықтап
жатыр екенсіңдер, өркениетті дүние өте ілгерлеп кетті. Қазіргі
адамзат қоғамының доңғалақ айналысы тездеп барады.
Бұлайша қалғып-мүлгіп жата берсеңдер, ол доңғалақ ертең-ақ

басып-жаншып өте шығады. Тапталып қаласыңдар. Уақытты
қастерлей білмесеңдер рәсуа боласыңдар» деп асықтырады.

Ғаппар БІЛӘЛ
Сондықтан, Боранқұл да асығулы. Ұлым аттанып кеткенше
толығырақ бір сөйлесіп қалайын, арыз-арманымды айтып
жеткізіп қалайын деп асығады. Мүмкін соныкі болар, сапы­

рылысып келіп-кетіп жатқан тойшылардың аман-сәлеміне де,
беріп жатқан тойлық, тарту-таралғыларына да назар аудар­
майды. Тек, тойшылардың алды келе бастағалы жағы сем­
бей жырлап отырған үкілі домбыралы ақынның сөзіне құлақ

түріп, ауық-ауық көзіне жас алып жылай береді. Сол ақын ай­
тады: «Қара тастан су шықты, тас көзден жас сорғалады, оның
бәрін де жібуі, жібітушісі біледі. Тас қой Боранқұлдың көзі,
кілең қара тас емес, қара жері әр тұсынан оңып ағарған, шіріп

көгерген бозала тас. Қына басқан, яғни ноғалалы көз, ол бұрын
тұзды өңірден тесіп өнген сор бұлақтың қайнары еді, қазір
ашты сорлар шайып таусылып, туа сала жер тепкілеп жылаған
Смағұл пайғамбардың өкшесі астынан пайда болған бәлзәм

бұлаққа, бәлки бір тостаған «Әбілхаят суына» айналған,
Азияның әр түкпіріне шашылып, торғайдай тозып жүрген
бала-шағасының бастары құралған шақта қамырығы тарап,
сарығы басылған көңілдің сорлы суы борық дәмді зәмзәм

суына неге айналмасқа?! Өйткені бұл соңғы жас-күлкінің
көз жасы ғой. Қазір Борекең күліп отырып жылайды. Жылап
отырып күледі», – деп соқтыртады кеуілдеп алған ақының.
Оның даусы қарлығар емес. «Қайда қашса, қай түкпірге барса

алдынан шығып құтқармайтын, көп дәурен мұқым қазақтың
барар жеріне айналған Қорқыттың көрі бүгіндер ұшпақтың
төріне айналды. Тоқсан екі жылдық ғұмыр сапарының дені
жаһаннам жалынының ыс-түтегі, ыстық аптабы келіп-қайтып

тұрған қылкөпірдің үстінде өткен Боранқұл жалғыз күнде
ұшпақтың төріне шықты. Бұрын Тарбағатайдан жайырға,
жайырдан Тарбағатайға көшкенде ат мініп, түйе жетелеп,
жүкті өгіздерін бір-біріне кимелетіп, керегесінің сағанағы сы­

нып, ошағының борбайы жұлынып, аңыраған желде жағының
боздағы шығып, үсіп-жығылып, қирап-шағылып жүріп
күзеуліктен қыстаулыққа, қыстаулықтан көктеулікке зорға
жететін Боранқұлдың үй мүкәмәлін жүк машиналары тасиды.

Өзі бала-шағаларымен бірге бітеу қорапты жеңіл, жүрдек ма­

шиналармен заулатады. Қаланың қайнаған базар орталығынан
алты ауызды үй берілген. «Тар жер, там босағаң» бұл емес.
Аяғыңды қалай көсілсең де жетіп асады. От жақпайсың,
иығыңа иінағаш асып шелектеп су тасымайсың. Тезек теріп,

отын жинамайсың. От, су, ток бәр-бәрі қабырғадан келеді.
Мұндағы қызыл-жасыл шырақтар күн жарығынан кем емес.
Әкесі Әнбия сопы жырлайтын бахи дүниенің жәннаты пәни
әлемге баяғыда-ақ көшіп келіп алғанын Боранқұл алыстан

тұспалдағаны болмаса, қолы жетпегесін көрмей жүріпті ғой.
Кереғарласқан ескі ұғымдарға тістей қатып жабысып алып,
жайырдың екі-үш қуысын отаным деп малдана береді екен,
Отан дегеніміз – иемденістілігімен Отан. Иелену құқығы жоқ

жерде Отан да жоқ. Қазір Боранқұлдың иелігінде тұтас қытай
жері бар. Өзінің көмек қаржысы, балаларының еңбекақысы,
нан мен тұзы, шай-қанты тұтас мемлекеттен беріледі.
Ақшаны аудандық үкіметтен, нанды Құлыстайдан, шай­

ды Анхұйдан, киім-кешекті Шаңхайдан алдыртады. Астына
басқан аяғын сыздатып, екі тізесін талтайтып малдас құрып,
қанша қалыңдатса да астынан сыз келіп тұратын. Тақыр жер­
ге төселген қарала сырмақтың үстіне отырмайды. Шалқайып,

шалжиып кілем жабылған жалпақ креслода отырады. Ат
емес, машинамен жүреді. Қисық сапты ырғай таяқ-әшекейлеп
сырланған мамық балдақты бамбук таяққа өзгертілген.
Тұмсығы көкиген, жұлығы жемтірленген көнетоз қара сапта­

ма басқан сайын сақырлап, шықырлап тұратын қисық табан­
ды құрым етікке орын босатқан. Елтірі тымақ құндыз бөрікке
ауыстырылған. Жағасы терге майланып былғарыланып алған,
қашаннан бері иығынан түспейтін шибарқыт шапанша су­

сып, судырап тұрған қаракөк шұғадан арнайы тіктірілген
қайырма жағалы кастюмға айналдырылған. Ендігіде
көйлегінің қолтық тігісіне бит ұяламайды. Сынық сірке жо­
ламайды. Бит ұясы тон-шалбар, бәтес жейде, дабы дамбал

сияқтылар көзге түрткі болып үйден аласталған, кемпірі
Мәликеден немересі Мақашқа дейінгі бала-шаға атаулының
сыртқы мұқабасы саржа, шұғаның, астары дүрдүн, жібектің
ұнамды түрлерінен таңдалады. Қолды иісті сабындар­

Ғаппар БІЛӘЛ
мен жуынады. Қаңылтыр құман, қалайы шәугімнің есіктен
қарауы екіталай. Ондай қолданылмалы бұйымдар алтын­
нан құйылмаса да шыны, фарфордан әзірленеді. Қатипа

тақиясын тастамағаны, галстук тақпағаны демесең, қазіргі
заманның бұрын мінбелерден түспейтін., кейіндеп демалысқа
шығарылған жасамыс академиктерінен аумайды. Қи ойыл­
май қалды, шөп шабылмай қалды деп бала-шағаның апшы­

сын айдай қуырып зікініп отыратын қара шалың бұл емес.
Жылқының қайырусыз кетуінен, қойдың қараусыз қалуынан
алаңдамайды. Оның малын қасқыр жемейді. Ұры алмайды.
Қыстауына жұт, жайлауына шегіртке қаптамайды. Қағанағы

қарқ, сағанағы сарқ. Тамақ байдан, өлім құдайдан. Қымыз
орнына құшардың өрік шырынын жұтады, айран орнына
Тұрпанның үзім уаринасын ішеді, сарымай орнына алтайдың
ара балы жүреді, Жаңсу, Жыжияңның апельсині, Тоқсынның

жержаңғағы, Іленің алмасы сияқтылар дастарқаныңда жайнап
тұрса, тістен тіс қоймайтын қатты құртты қажалап, қарадай
тозудың не қажеті бар?! Жасы ғасырға таяған томыртқадай
шал үшін бұдан ары кететін алтын тақтың не керегі бар?!»

деп көпірме мадаққа көбірек жаттығып, көсіле шапқан ақын
жігіт желдіртіп келіп тоқтағанда, жүзін көрмесе де судыраған
жел сөзді қалт жібермей тыңдап, жылап отырған Боранқұл
күліп жіберді. Күлмей қайтсын?! Егер, шынында ақынның

айтқаны келіп, аяқ астынан Боранқұлға бақ қонып, қыдыр
дарып, таққа отырып патшалық лауазымға ие бола қалса,
дүниені қай бағытқа бұрып, мемлекет машинасын қай жолмен
жүргізер еді? «Өзіңнен өлім шықпай жаназаға жарымайсың»

деп Қожанасыр айтқандай, онда мынау ел-жұрт алжыған кәрі
патшаға қарық болып, бір жырғап қалатын-ақ шығар?! Ол
патша қазы-қарта, жал-жаяға сіреп тойып алған күні шөліркеп
кетіп, қанып ішкен қара шайға қуығы сыздап шыдатпаған соң,

жамбас астына жіберіп алып, мұқым мемлекет топырағын
көжеқойыртпақтатып илеп отырып алса не бетімізді айтар
едік?! Беттің ісі бір сәрі, көжеқойыртпағым дұрыс еді деп,
бұлғанатайына су жолатпай, жуып-шайғызбай, бөке басып

отырған жерінен тұрмай қойса, оның патшалық дүмін қозғай
алатын қандай амалың бар?!

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Өлген бураның басынан тірі атан қырық жыл қорыққан екен, патшаның аты патша ғой. Бетіне тура қараған кісінің басын алып тастап отыратын әмір иесінің алдына қарсы келе алмасаң діңкеңнің құрығаны сол ғой. Бірақ, ханға хан ұқсамайды. Қаны ұқсамаған соң хандар қалай ұқсасын?! Боранқұлдың білуінше хандар атаулыда бір ұқсастық бар. Олар «әр ханның тұсында бір сұрқылтай» болатындығымен ұқсасады. Боранқұл қазір иегі астына жиналған бар баласының патшасы. Соқыр патша. Ол алыс-жақынды көзбен емес, көкірегімен көреді. Дабысынан, дауысынан таниды. Сон­ да оның көз орнына ауысып орналасқан көздері қандай көп десеңізші. Екі құлағы да, көкірегі де көз. Алла тағала маңдайдың көзінен айырса да көкіректің көзінен айырмасын! Ол адамдардың сыртқы сымбатын құлағымен көреді. Ішкі са­ райын көкірек көзімен таниды. Кемтар, мүгедек адамдардың сондай бір ерекше, жұрттан асқан сезімтал сипаттары бола­ ды. Боранқұл тым ертеректегі біреулердің даусынан жаңылып қалмаса, кейінгілердің барлығын «ассалаумағалайкүмынан»- ақ ажыратып бере алады. Олардың атын да ұмытпайды, істейтін кәсібін, әлеуметтік орнын сөз мәнерінен-ақ аңғарып отырады. Ал, Боранқұл патша балаларын «тастаяқтай» қағыстырып қазымырланбай-ақ өз салауатымен бағындыра біледі. Боранқұлдың баласын емес, күллі адамзат баласын бағындырудың ең кемеліне келе жетілген жолы – тентектіктен жасқап, қорқытып отыратын құқайлы зорлық жолы емес, өздігінен имендіріп, өздігінен иліктіріп, өздігінен беттерін шіміркендіріп отыратын салауаттылық жолы. Адам салауаты – оның абырой, беделі. Зорлық-зомбылықпен ешқандай абы­ рой, беделге қол жеткізуге болмайды. Бет жыртысқан жерге бе­ дел жүрмейді. Беті өтпеген бедел тасырқаған шағында ашулы қатыгездікке басып, зорлыққа қол қояды. Абыройы айрандай төгіледі. Бедел бекерге шығады. Қандай да бір ханның, қандай да бір қараның салауат, салмағы оның рахым-шапағатымен, шыншылдығымен, бет күйер, басынан, тәж бен тақтан ай­

Ғаппар БІЛӘЛ
рылар, жаны суырылар ісі болса да расын айтатын, жалған
уәделермен алдап-суламайтын, өтірік емексітпейтін, қысқасы

– қара қылды қақ жаратын әділдігімен, турашылдығымен

өлшенеді. Әрқандай адам өз абыройын мықтылығымен емес,
еңбек жолымен табады, өз беделін адамгершілік жолымен
тіктейді. Ондай бедел, ондай абыройдың шыққан тағын, алған
биігін ешқандай зорлықты күш құлата алмайды.

Боранқұлдың соқыр патшалық тағына қай баласы тала­
са алады? Тарыдай шашып, торғайдай тоздырып жіберсе де,
Боранқұлдың өмірі – солар үшін қар жастанып, мұз төсеніп,
қан кешіп, жан жалдап жүріп өткерген өмір. Таласпаса да та­

стап бермей ме соларға?! Салауаттысы алмай ма содан кейін
бұл тақты?!
Қазір Боранқұлдың оңынан күн, солынан ай орнаған шағы.
Балаларының басы қосылған шағы. Боранқұл көтеріп салмақтап

көрген жоқ қой, десе де Балқашпен алғаш көрісіп, қауышқан
шақта құшағына симайтын аса бір алып, мелжемді дене келіп
кеудесіне басылған болатын. Қатарына келіп, түрегеліп тұрып
сөйлессе де Балқаштың өгіз қураймен үрлегендей зор даусы

өзі биік денелі Боранқұлдың төбе жағынан естіледі. Үй ішінде
ары-бері жүргенде тақтай еденді сықырлатып, шақырлатып
жіберетіндігіне қарағанда Балқаш аса ауыр, аса денелі кісі бо­
лып жетілген сықылданады. Бала кезінің өзінде-ақ бойшаң,

сұңғақ денелі ол болашақта соқтауылдай кесек кісі болып
шығарын байқатқан-ды. Сол Балқаш барлығын басып түсердей
зіл салмағымен еденді солқылдата келіп оң жағынан орын
алғанда, аяқ киімдерін ауыз үйде қалдырып, қотан кілемнің

үстінен байпақшаң жүріп өткен Хамиласы мен Серікболы
келіп сол жақ қапталына жайғасса, жалпақ креслода шалқып
отырған Боранқұлда ес қалушы ма еді?!
Аудан әкімі, ауком секретары келгенде «айналайын,

қарақтарымның» астынан алып жарамсақсып та қояды.
Солардың тіліне еріп, Боранқұлдың «зиратым шошқа қораға
айналып кетер ме, дегеніне қаратпай, алды-еркіне қоймай
жүріп қалаға көшіріп әкелген балаларында алқайды. Ара-тұра

қайталап, әркімге құлаққағыс қып отыратын осы сөздеріне

қарағанда алжитын жасында ақыл қона бастаған сияқты. 92
жыл бойы босағасынан қаратпай жүріп-жүріп келіп кенеттен
төріне шығарып ала қойған ақыл оның қалған қанша ғұмырына
ес қатар дейсің?!» дегенмен, «анда-санда бір еңкейгенге бүкір

болып кетпейсің. Бір-жар ауыз сөз үшін жарамсақ атанбайсың»
деп ескерткендердің ақылы теріс те емес секілді. Ақылды кісі
жаза баспайды. Қарадай кіжініп қамалға қарсы шаппайды.
Оның есесіне ақша құрайды. Бала-шағаларының бедел салауа­

тын қорғайды. «Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда».
Қазір Құдайға шүкір, екі ұлдың үкіметтен алатын еңбекақысы
өзінің қамқорлық қаражатымен қосылғасын, несін айтасың, ет
базарда, сүт қорада. Осылай болған соң, алыстан, шет жұрттан

келген балалары әкеміз тіршілікті кісі екен деп кетеді ғой. Құс
қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Боранқұлдың қанат-
құйрығы балалары. Олар разы болса, Боранқұлға бұдан артық
ғылыми атақ, әскери лауазымның не керегі бар?!

Балқаш келгелі оның ауласы базарға, адам жәрмеңкесіне
айналған. Қарсы алушылар, күтушілер, аман-сәлем жасау­
шылар, құттықтаушылар, тағы-тағылар, әй, бір босатсайшы
Боранқұлдың босағасын. Қой союлы, қол қусырулы. Ардақтап-

әлпештеушілердің,
мақтап-мадақтаушылардың
дабырасы
ұлы дүбір хор қалыптастырған. «Ит көзі түтін танымайтын»

бір сарынды көне тұрмысқа дағдыланып көндігіп алған соң
байқаусыз қалдырып жүргені болмаса, орнын тауып түзетіп
айтқан кісіге Боранқұлдың тарихы заман ауқымымен отаспай­
тын тарих емес. Әбілет басып адасқан, босқын, қашқынның

тарихы емес. Нағыз күрескердің тарихы болып табылады екен
ғой. Кәсіптен сыртқы тілші едім деп өзін таныстырған көп-
көрім қадірдің бірі Ресейде ақпатша баскесерлерімен, Қытайда
Гоминдаң «шиаяқтарымен» шайқасқан Боранқұлдың тарихы

– еске алып, құрметтеуге тұрарлық тарих» деп бағалайды.

Оның айтуынша: өмір жолының бұралаңды болатыны сияқты,
мінсіз түзу жаралған адам да болмайтын көрінеді. Әлгінде
үкілі домбырасын безілдетіп, кеуілдеген даусымен бүкіл аула,
бүкіл қаланы жаңғырықтырған жыршы да Боранқұлды төрт

тұрманы сай бір атқа мінгізіп, төрт құбыласы түгелденген хан

Ғаппар БІЛӘЛ
сарайына кіргізіп, сегіз ұжмақтың төріне шығарып, патша
тағына отырғызып жібергелі шақ қалды. Артық сөздері үшін
өздері ұялмаса, Боранқұл несіне қымсынады. Беттері шыдаса

айта берсін! Кеупая жалған мадаққа жаны кіріп, айызы қанып
отыратындар да болады. Кей тұста тіпті жиі ұшырасады.
Адамзат баласының мақтан сүйгіштік осы бір осалдығын
қайсы бір арамзалар лауазымға жетудің, жетіп алған соң сол

орнын бекемдей түсудің тәсілі етіп пайдаланып, басқалардың
аузымен өзін мадақтату, жалғанын жасандырып көрсету
арқылы былық-шылығын арамза-пайдакөстігін, қаскүнем-
зұлымдығын жауып бүркеп кетіп отырады. Мұндайда олар

өзін жұрттан асқан кемеңгер, әділетті рахымгер ретінде су­
реттеп жатқан мадақ жырларының астарына көп үңіледі.
Өзін рәсуалап, сайқымазаққа айналдырып жүрген жасырын
белгілердің бар жоғына қатаң қадағалау жүргізіп шұқшияды.

Жалған мадақтың тасасында жалбызбалап жүріп, қолтығының
астынан кіріп кетуге тырысатын қаскүнемдіктің суық қолы
бар-жоғына тіпті де секемді қарайды. Сондықтан мадақ
жыршыларының өзі көп жағдайда көктеп көгере бермейді.

Ауызға жеудің орнына мүйізге, тұмсыққа жеп тыным табады.
Мүйізге, тұмсыққа жемеудің ақылын таба білген жыршылар
өзінен төменгілерді қарақтатарға айналғанда әлгі мадақ иесі
«дәупірімнің» атын басқалардың басына шоқпар етіп үйіреді.

Дәу пірісінің сөзінен нақыл келтірмей сөйлемейді. Дәу
пірісінің нұсқауынсыз қимыл жасамайтын болып көрінеді.
Содан кейін-ақ қара су теріс ағады. Кейде бұл түрдегі
жағымпазды жоғарыдағы пірінің өзі қолтығына шөлгемдеп,

әр дәрежелі мансаптармен емексітіп, сойыл соғар үшін пайда­
ланып отырады. Боранқұлға салсаң, бас пайдасы үшін барша
қауымды сыртынан сатып жіберуге дайын тұратын мұндай екі
беткейлерді желкесінен бауыздағанды рауа көрер еді. Өйткені,

Боранқұлдың тағдыры найзаның ұшында, қылыштың жүзінде
қылпылдап тұрған шақта да өтірік айтып көрген жері жоқ еді.
Алдамшылық - ежелдің ең күнінен Боранқұлдың маңдайына
жазылмаған қасиет. Сондықтан, ол өз өмірінде өтірік ай­

туды қойып, шындығын да айтпай қойған кісі. «Қанша

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР адам өлтірдің» деп сұрайды түрме тергеулерінде, Боранқұл үндемейді. «Қайда бардың, қандай топтарға қатынастың, қандай қырғындарға араластың, қандай рол атқардың» деп сұрайды. Боранқұл жауап бермейді. Сонда ол үндемей қойсам үйдей пәледен құтылады екем деген жоқ. Қырсыққа солай істеді. «Тарбағатай көлемінен қашып, Тәкіләмәкән шөлінен кесіп өтіп, Ерентау мен Алтын таудың мұзартынан кесіп асып, Чиңхайға барған Қалибек, Қамзаларға, Сәліс, Жолбарыстарға неге қосыла қашпадың? Үндістан, Пәкістанға, Иран, Түркияға кетпей неге қалып қойдың? Мақсатың не, қандай тапсырықпен қалдың?» деп қадалады. Екінші ұлы Балқаш кеткен бағытты бетке алып кейін шыққан бұл соңғы топтарға қосыла жөнеп берсе, ол кезде Боранқұлдың қолына байлау, аяғына тұсау болып алып қалған ешкімі жоқ еді ғой бұлардың. Сонда неге қашпаған? Боранқұл онысын айтпайды. Неге айтады екен? Істеген, істеп болған ісіне жауап беруден бұрын, істемеген ісіне жауап беруі керек пе? Боранқұлдың ақталғысы келсе, осы сұраққа берілетін жауаптың өзімен-ақ құтылып кетуіне бола­ тын еді. «Отаншылдығымнан, өскен елім-жұртымды қимағандығымнан, осы мемлекетімді өркендетіп, бір кісілік үлес қосқым келгендігінен кетпеген едім» деген сөзді айтса, естір құлақтың құрышы қанарын, жаны кенелерін ол білмеді дейсің бе?! Құдайым айтар сөзді білмейтін миғұлалықтан сақтасын! Жарамсақсығысы, жанын арашалағысы келген екібеткейлердің бірі болса, аузы-басы қаймиып отырып соғар еді талай суайттықты. Ал, Боранқұл сұраққа жауап қайтарғанды қойып, өмір бойы көкейінен кетпейтін, көкірегінде ұя басып жатып алған жалғыз сұрағының да жұмыртқасын жармайды, балапан қалпын шандырмайды. Боранқұлдың білуінше – батыс-шығыс дүниесінде, әсіресе, Африка деп аталатын өңірде бір дәурен құл сау­ дасы жамыраған екен, жасына, тісіне қарап, ісіне-күшіне қарап базардағы нарқына таласып жүріп сатып алынған құлдар піштіріліп, таңбаланып, бұғауланып, көзірленіп

Ғаппар БІЛӘЛ қожайындардың шаруашылық майдандарына апарылады. Балаған, барақтарда тұрып, ғұмыр бойы құлдық еңбектермен шұғылданады. Оларға төленетін еңбекақы – еңбек. Қалшаңдық істеуіне, қарсылық жасауына, қашып-пысуына рұқсат етілмейді. Сондай бір нысай байқалса, оларға рахым жоқ, ұрылады, соғылады, балталап өлтірсе де қожайынның қолына араша тұрар, айырып алар ешкім болмайды. Ал, ендеше дегісі келеді Боранқұлдың: – орталық Азияның аз ұлт халықтарын кім, қандай қожайын, қай кезде, қай ата-бабасының тұсында, қай базардан, қанша ақша төлеп сатып алған? Сатып алса, ата-бабаларын сатып алған ба, әлде, болашақта туашақ балаларының баласының баласына дейін, үрім бұтағымен сатып әкеткен бе? Егер сатып алған басы­ байлы құлы болмаса, олардың көшіп-қонуына, ел ақтап жан бағуына неге жол берілмейді? Бертінгі заман қожайындарына айналған мырзалар, сол аз сандылар қатарында күні кеше сендер өздерің де құл емес пе едіңдер? Темушін әулетінің хан-патшалары алдында сенің кіназдарың, бектерің қабылдану ұқығына қол жеткізу үшін дүрілдетіп жағылған екі оттың ортасынан қолдарын кеудесіне қусырып, иіліп тағзым етіп, еңкейіп, бүкірейіп өтеді екен ғой. Тәуелсіздікті сендерге кім берді? Отарлықтан кім құтқарды? Батуды алдарқатып алдау үшін Бату ханға қарсы нысайдағы орыс бектіктерін өз қолымен жаныштап, Тверь князі Александрдың бас терісін сыпырып әкеп сыйлыққа ұсынған, өз ұлтына қанды қырғын салып жағымсыған, оның есесіне Мәскеудің ағаш қамалын тастан соқтырып, іргесін бекем­ деп үлгірген Мәскеу князі шығар барлығыңның қолдарыңды жеткізген тегеурінді құтқарушыларың? Әлде, дон жазығында моңғол қосындарын жеңіп шыққан Дмитрий, әлде, Қазан қаласын өртеп жіберген шар (Цезар) патша Иван Гроз­ ный шығар? Мейлі, құтылдың делік, құтылып алғасын әлің жететіндерге Құдайлануды сендерге кім үйретті? Отарыңа алдың делік, отарлық жүйе құлдық жүйемен тең емес еді ғой дерсің. Емес болса, неге құлша малданасың? Болмаса, таз өшін тырнадан аладының кебін кидіріп, ата-бабаңның моңғолдарға

кеткен есесін азиялық басқа халықтардан қайырмақсыңдар
ма? Өзің көшіріп, өзің қондырмаған соң, сенің атың арып,
тоның тозбаған соң қорлық-зорлығыңа шыдамай қашып-
пысқаны үшін неге қырғындайсың? Мылтық ала ұмытылып,

ұшақ, танктеріңді қаптатып төбесінен от, қапталынан оқ жа­
удыратын зындан, түрменің түбінде шірітетін әкеңнің көз
құны бар ма еді? Әлде, қатыныңның қойнынан шығып па еді?
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ еді ғой. Тілін неге кесесің?

Сұрауларын неге айтқызбайсың? Айтса болғаны – тілін су­
ырып, жанын тартып әкеткелі, қанын шашқалы, сирағын
шаққалы тұрсың ғой. Сен ол жағына жоламай, Боранқұлдан
қанша кісі өлтірдің деп сұрайсың. Ол қызылдармен

текетіресте жеңіліп, ел билігінен жүген ұстап, шыбын жа­
нын алып қашып шыққан ақтардың да, Шиң Шысай, Ма
Буфаң сары аяқтарының да талайының шыбынын шырылда­
тып, басын жұтқан. Сол қылмыстары үшін Боранқұл жауапқа

тартылсын-ақ. Бірақ, Боранқұлдың бар баласын шашып, тоз­
дырып, қынадай қырып, елін-жұртын ақтабан шұбырындыға
ұшыратқан, атамекен, жер-суын тартып алып, мал-мүлкін
тонап, буаз қатындардың қарнына қарғыс таңбасындай крест

белгісін қанжармен салып, ер азаматтардың кеудесін таспен
бастырып өлтірген, жеті-сегізден қабаттап қойып пулеметпен
тураған, ел ағасының басын кесіп көшеге ілген, аруақтардың
көрін ақтарып тексеру жүргізген, жүріс-тұрысына тыйым са­

лып, сөйлеген, сөз, айтқан әңгімесіне тектеу, тергеу қимылын
өрістеткен, жәйы келсе, қой аузынан шөп алмайтын, бүргеге
қас қылмайтын Әнбия сынды сопыдан туған Боранқұлды жен­
дет етіп шығарған, тағылыққа баулыған алдияр тақсырлардың

жауапкерлігін Боранқұл неге қузастыра алмайды? Оның қузау
ұқығын кім ішіп-жеп қойды? Кім сатып әкетті? Боранқұлдың
осы сұрауларына жауапкерді ұстап бермегеннен кейін,
Тарбағатайдан емес, Атыраудан басталған қашқындық са­

парын жол ортада неге доғарып, тибеттен Шыңжанға неге
қайтып келгенін, Қалибек, Сәлістерге неге ілеспей қалғанын
білмек болған сұрауларыңа неге жауап береді екен ол?! Әрине,
жауап бермейді. Бір елі аузына қойған екі елі қақпағын аш­

Ғаппар БІЛӘЛ
пайды. Сосын қамайсың, сұрайсың, ұрасың, соғасың, қинап
қысымға аласың, бәрі-бір жауап ала алмағасын, болдырып
тоқтайсың. Қылмыс фактін дұрыс тұрақтандыра алмайсың.

Оның қасында өзің бірге жүрмегесін көзің жетпеген қылмысқа
өлімге бұйыру қолыңнан келмейді де, шырамытқан тұспалға
сүйеніп, мерзімді қамақ секілді бірдемеге кесесің. Боранқұл
жұмған аузын ашпаған бетінде жаза мерзімін атқарады да

кете береді. Ал, жабулы қазан жабулы күйінде қалып қояды.
Бүгін екі көзін былшық баспай, шел басып отырған
шалекең сөйткен көзелдің өзі еді ғой. Рас, ол қамақтағы кезін
де тым үнсіз, даң-дабырасыз өткізіп жібере қойған жоқ, одан

да қашып шыққан, өліп бара жатса қашпай қайтеді?!
Мың да тоғыз жүз елу екінші жылдың жазында Гарінки
даласында тауып алған бес баласын өзінен туған екі баласына
қосып, Еңсеген бауырының көмегімен Баркөлге жетіп, іргесін

көміп, аш-жалаңаш балалардың үсті-басын бүтіндеп, қарнын
тойғызудың қамына кіріскен кезде, аудан орталығынан «са­
яси кеңес жиынына қатынасасың» деген шақырту алды.
Ілгеріде үш аймақ яғни Шығыс Түркістан көсемдері де осыған

тектес Пекиндегі жиынға шақыртылған ғой. Боранқұл мұндай
жиынға қатысар қандай толымдылығы барлығынан күдіктеніп,
азды-кем түйткілсіді де, қалаға келді. Саяси кеңестің кеңсе
табалдырығынан аттай бере жиын жоқтығын көрген жерде-

ақ маңайында торуылдап жүрген бір сұмдықтың ныспын
сезіп, дереу табанын жалтырату керектігін біле қойды. Бала-
шағаның шақай-шақпыты үшін базар аралауы қажет еді. Оған
да қарамай тайып тұру үшін жылдам қамданып көшеге шыға

бергенде, көнетоз көк шалбар, сары пешпет киген кекселеу
ақсары кісі жылпылдап келіп қатарласа кетті.

– Сәлеметсіз бе?

Боранқұл жылпылдақтың жөлерсіген сары көзіне, тана­
уы қусырылған сүкі тұмсығына, қылтанақ шықпаған тықыр
иегіне тыжырына қарап, ұсынған қолын алмады. Теріс айна­
лып жүре жөнелді.

– Сіз кім боласыз, ағасы?

Боранқұлда үн жоқ.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР – Сіздің есіміңіз Боранқұл-ау деймін, мен шырамытып тұрған секілдімін. Боранқұлда дыбыс жоқ. – Қателеспесем, біз туыс адамдар едік қой. Танымай қалдыңыз ғой деймін, – жөлер сары Боранқұлдың алдын­ да қателеспесем деп тұрып қателескенін байқамады. Баркөл жерінде ешбір туыс-туғаны жоқтығын еске алып, Боранқұл одан құтылып кетуге қамданды. Ол жүрісін жеделдеткен сай­ ын жөлер сары тақымдап жабыса түседі. – Саршоқы жайлауынан келген шығарсыз? Гансу, Чиңхайдан таяуда көшіп келгеніңізді естігенмін. Саяси кеңес жиынына шақырылғаныңыздан да хабарым бар. Жиын орнын таба алмай жүрген боларсыз, жүріңіз, мен ертіп барайын! – Аулақ жүр! Мен танымаймын сені, – деп таскенедей жабысқан пәлені құлақтүптен шырқ еткізіп, тырайтып кет­ пек ниетпен Боранқұл жалт қарағанда, оның от шашыраған қатулы қабағының астына әлгі жөлермен ұқсас үлгіде киінген екі адамның монтаны жүзі кіреукеленді. Екеуі де танаулары тарбиған, қысық көз, салпауыз қаралар екен. Екі қапталынан жанасалай келіп, екі қолтығынан қолдарын тығып жіберіп, қолтықтаса кетті де, алды-артына қаратпай бұрым көшеге иіндеп ала жөнелді. Көше қыдырымпаздарының көзіне қолтықтасып бірге келе жатқан дос-жарандар әспеттеніп көрінбек. Екеуі де тапалтақ келген төртпақ жігіттер, олардың ығына көніп, ыңғайына жүретін бейнемен көлденең көшеге бұрыла берген Боранқұл оқыс тартынып қалып, екі білегінен алған екі төртпақты ұрит-соқ қып сүзістіріп кеп жіберді. Қайратты білектер үйіріп әкеліп бірінің бетін екіншісінің төбесіне сүздіргенде тапал қаралар долана жегендей қызыл иектеніп шыға берді. Ендігі кезек оларды шүйдеден бір-бір қойып жатқызып, безіп беру еді, жағдай оған үлгіртпеді. Тұстұстан сәйгел мүйізденіп шыға келген көп мылтық қоршауға алды. Қарапайым сауат бойынша – беткелді біреулерді тұтқындап, беткелді біреулерді жазаландырып жіберетін жаңсақтықтан сақтану үшін түрмелердің тергеу естелігі

Ғаппар БІЛӘЛ
айыпкердің аты-жөнін, жасын, жынысын, ұлтын, мекенін
қолға алынушының өз аузынан айтқызып, берілген жауапты
естеліктеуден басталушы еді.

Баркөл абақтысында жаналқымға алып, қанша терге­
се де атын айтқыза алмай ызаға булыққан сығай тергеушілер
өздерінің жаза басып беткелді адамды тұтқындамағанын, қолға
түсуші нақты айыпкердің өзі екенін куәгерлердің анықтамасы

арқылы растап шықта да, Алтайдың аты шыққан атаманы Оспан
ісімен байланыстарытын ірі қылмыскер қатарында тапқан-
таянған қылмыс фактілерін жазып-сызып, Боранқұлды Үрімжі
түрмесіне жөнелтіп жіберді. Боранқұл жол үсті мүсәпірліктің

талай тауқыметін тарта жүріп, Үрімжіге жеткенде нелер
өткелектен өткізіліп, соңғы бір есіктен кіргізіп жіберілді де,
құлақтары қалқайып отырған топты аруақтың үстінен түсті.
Грек аңыздарында кездесетін тылсым сарайлардан сырлылығы

асып түспесе кем түспейтін шым-шытырық бірінші түрме
құрылысы алдияр көсем Шиң Шысайдың тапсырығы бой­
ынша астыртын тыңдау аспаптарымен жабдықтандырылған,
тесіп, бұзып шығу қаупінің алды алынған, қабырғалары дыбыс

өткізбейтін заттардан қаланған, бір есікті бір қашқын бұзып
шыққанның өзінде де, дұрыс тауып қақпаға жете алмай, бір
үлгідегі түрме үйлерінің арасынан өтетін сүрлеулерде теріс-
қағыс тентіреп, адасып жүріп, тәлкек болып қолға түсетін,

Шыңжан халықтарының осызамандандырылған құтты «мей­
манханасы» еді.
Боранқұл кіріп келгенде камера қабырғасына тірей
орналастырылған қос қабатты ағаш сәкінің астыңғысында

қаздай
тізіліп,
сақал-мұртынан
тартып

шибиген
аяқ-
қолдарына дейін шөмшек болып қаусап қураған бір үйір
аруақ сүлделердің жаны бар екендіктерін, ол дүниеге кетіп

үлгірмеген бұл дүниеліктер екендіктерін білдірісіп кірпіктерін
қимылдатқан еді, абақтының үстіңгі сәкісі шақырлап қоя берді
де, отыздар шамасындағы қуақы, ширақ жігіт басын көтеріп
алды.

– Бізге бір тахсы гоиру (бір тәлеңке қуырдақ) келді, – деп

дабыстады ол мөлдір қара мұртының қауырсынынан күліп.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Таныса келе түстік Шыңжандық бұл күлегеш жолба­ рыс тобының шалығына ұшырап, тұтқындалған Абдыса­ лам дейтін жігіт болып шықты. Қытайша білетіндігіне бола қылмыстылар ішінде камера бастығы етіп белгіленіпті. Ол қасындағылардың бірін жұмсап Боранқұлға тамақ алдырды да: – Қош, бұ тамақ сізге яқимыса кирак, шондықтымұ аста-аста үгініп қалысыз. Құрсақны пәмләп алсыла! – деді. Баркөлден бергі жол бойында түлкі құрсақ келген Боранқұл тамақтанғысы келді. Буы бұрқыраған үлкен қалайы тегеш қолына тигенде суға қайнатылған көкөніс жапырағының үстіне құйрығын қойып жатып алған төрт бұрышты қаралтқым затқа көзінің қышырлы жерімен қарап біраз кідірді. – Біле алмайуатысыз ғо дәймін, бұ қонақ ұныдан ішленген нан. Оны қытайлар пагау дәйдұ, – деген Абдысаламның таныстыруынан кейін тумысында көрмеген тағамды аузына жақындата беріп, кеңсірікті қапқан жат иістен тыжырынып шалқасынан түсті. Үстіңгі ерніне жабысқан қауырсын қанатты қара мұрты ортасынан қақ айрылып жыр­ тыла жаздап Абдысалам мырза ал бір күліп кетті дегейсің. – Иеңа, тетіп бақсыла! – Жемеймін, қарағым, жей алатын емеспін. – Иеидығалар бармұ? Бұны естіген топты қылмыскер дүрк көтерілді. – Маңа берсілә! – Маңәмұ берің! – Мән түгішіп кеткелі дәс тұрымән, мәңә бергін!-Екі дана жүгері момасы (буға пісірген жүгері наны) мен капуста қуырмасын әлгілерге тең бөліп берген Абдысалам Боранқұлды да әл қуаты барлар қатарында үстіңгі сәкіге шығарды. – Бізнің бұ иедә гепні иеткізіп тұрыдыған гүманлық адамлар иоқ. Нәдән, немә сәуәпләр түпәилідән келдің, қазақ ағайна, дәиуерсәң блыдұ, – деп оны әңгімеге шақырды. Жа­ ным десе жан семіреді. Тергеушілер алдында қарысып қалған Боранқұлдың жақ сүйегі қозғалайын деді. Абдысаламның алдында өз кешулерін қысқаша таныстырып болды да: тыңдаушысының аңысын бағып отырып қалды.

Ғаппар БІЛӘЛ – Бұлай болғанда бұл арада ұзақ аялдап қалғандай түріңіз бар екен, сұрақ, тергеу ақырласқан соң еңбекке шығарады. Еңбекті жақсы істеген жөн. Жақсы істемегенге тамақ кем беріледі. Тамақ кемісе қуат кемиді. Қуат кемісе денсаулық кемиді, – деп үйретті Абдысалам. Алыс жолдан талығып келіп қатты ұйықтап кеткен Боранқұл құзғын сәріде қышынып оянды. Тұла бойы, әсіресе екі саны дуылдап әкетіп барады екен. Басын көтере беріп, үстінде өріп жүрген ақбөрте биттерді көріп, қабырғалас жатқан қара сақалдың бетіне жиіркене қарады. – Бит атаулы маған жабылушы еді, жарым-жартысын бөлісіп, ауыртпалығымды жеңілдеткеніңіз үшін рахмет, – дегенді ұйғырша мен қазақшаны араластыра сөйлеп отырған қаба сақал жақтан таралады екен бар бит. Сол күні Абдысалам арызданып, түрме басқарушыларға жалынып-жалбарынып жүріп тұтас кәмераның ішін дәрілетіп алған еді, бір жұмадан кейін барлығы бит азабынан құтылды. Екі күннен кейін еңбекке шығарылған Боранқұл күні бойы әбігерленіп қырық-елу кірпішті әзер құйған еді, мазақтап тағы да қатты күлген Абдысалам күніне мың кірпіш құятын ұйғыр жігітінің қасына қосып қойды. Бұл жаңа серігінің аты Аб­ дырешит еді. Шорт сөйлейтін, дүңк мінезді бұл әріптесі аса бауырмал азамат болып шықты. Өзінен оншақты жас үлкен Боранқұлдың түр-тұлғасына қарап, әзірше долаңдық істеп, істің ыңғайын білмей тұрғаны болмаса болашақта толық серіктес бола алатындығына сенім артса керек, Боранқұлға болыстық істеді. Өзі кірпіш құйып, Боранқұлды балшық илеу­ ге шығарды. Балшық илеу кірпіш құюдан жеңілірек еді, алай­ да бар күшін салып, су тиген топырақты Әнжан кетпенмен аударып, төңкеріп, жер жыртқан асау өгіздей жан терге түсіп, қиналған Боранқұлға Абдырешит ақыл көрсетті. Батпақты олай илемейді екен. Қалың жайылған топырақты суға көбірек бықтырып алып, суды толық сіңіріп,бойына тартып болған кезде кетпендеп бір аударып үйіп тастап қойса кемді уақыттан кейін толық пысқан ылай болып шыға келеді екен. Осы үрдіспен жеті күнде тамақ ішуді үйренген Боранқұл жи­

ырма күнде кірпіш құюға да мамандасып шықты. Абдырешит
екеуі лай мен кірпішті кезек ауысып істеп, күніне екі мыңдай
кірпішті тастап кете беруге дағдалды. Алғашта иісінен қашқан
тамақтарды аңсап, сағынып тұратын, қолына тисе арпаша

асайтын өнер тапты. Түрменің бір адамға жүктелген күндік
міндетін еселеп артық орындағаны үшін берілетін сыйлық
тамақ оларға ашаршылық жолатпас еді, бірақ, таусылып
бітпейтін тергеулер Боранқұлды тұқыржылата берді. Ұрып-

соқпаса да, ақырып-зекіріп, жоқтан өзгеге мойындатқысы
келеді екен. Боранқұл жақ кірісін ашпай сазарып отырып алған
сайын ашуға булыққан тергеушілер янаттап, тіл тигізетінді
шығарып алған. Бұған зығырданы қайнаған Боранқұлдың

баяғы мінезі қайта оянып кетіп, тарпа бассалып сойып салуға,
қолма-қол оқ тиіп өліп кетсе де есесін жібермей жұдырықтаса
кетуге итпелеген қысас сезімі аш өзегінде қыңсылап, ұлып
қоя беретін. Камераға қайтып келген соң да арыстандай

ақырған сол сезім өзіне зекіріп, жер тарпып, тықыршық атты­
рып көпке дейін ұйқы бермей мазасын кетіретін. Бірақ, алып
денелі осы адамның шатынап шыға келетін көзінен қауіп
ойлаған тергеушілер оны көзірлеп, кісендеп тастап тергейтін

сақтық шара қолданды да, Боранқұлдың қарсылық жасауына
мұрса мүмкіндігі жетпеді. Әрине, айыпкерден дұрыс жауап
ала алмаған тергеушілер оны бірде Оспан тобына, бірде басқа
бір бандылық топтарға теліп теріс тентіреді. Өйткені, Баркөл

жерінде оның тарихын тарата білетін, қайда болғанын, не
істегенін толық түсіндіріп, куә боларлық ешкім де қалмаған
еді. Көпке созылған тергеулерден кейін көпке созылған
тыныштық дәуірі басталды. Ақыры Елісхан тобына ілескен,

Отан сатқан қылмысымен айыпталып, жеті жылдық мерзімді
қамақ жазасына кесілді де, жоңғар даласының иендегі бір
шөлінде дүниеге жаңа келген «еңбекпен өзгерту алаңына» ат­
тандырылды.

Бұл ара кілең бір шығаннан шыққан сырқындылардың
басы біріктірілген «құмырсқа илеуі» еді. Бас-аяғы дүмдей,
бел ортасы қылдай нағыз құмырсқалар қарағаш, жыңғыл,
тораңғы, сарбалақ, сексеуіл өскен Құбының құмды даласын­

Ғаппар БІЛӘЛ
да шұбырған із қалдырып, елсіз мекенді шұбарландырып,
күні бойы қайшыласады да жүреді. Құмалақ орнына жыңғыл,
тораңғыларды домалатады. Болашақ егіс атыздарын әзірлеп,

орман ақтайды. Түсте, кеште тамаққа қайтарында әрқайсысы
бір-бір арқа отын көтеріп, жеркепелерінің маңына үйеді.
Үрімжі қаласын тамыздықпен қамдауға дайындалған бұл
отындарды тасыған машиналар шұбырып жатады. Жерке­

пелер аралығында аса тереңге жіберілген түтіктерден аты­
лып шығып жататын суаттар көзі ашылған. Сол суаттар
төңірегіне сан алуан көкөністер егіледі. Ішкеріден әкелінген
көкөніс түрлерінің көбін Боранқұл танымайды да. «Жер

кіндікті» халықтың қолымен өндіріліп дүниеге таралған осы
көкөністердің Құбының құмында түрленіп, әрленіп кететіндігін
болжай білген адамдар да білімпаз ғой, тәжірибелі баптаудан
өтіп алынған өнім қалаға жөнелтіледі де, қалдық сәбірлері

асхана алдына маялап үйіп тасталады. Қыста қатып – жазда
құрттап жататын осы қалдықтарды аспаздар өткір қайралған
кетпенмен шетінен кертіп шауып түсіріп тайқазандарда
қайнатып микропсыздандырады да, әр қылмыскердің қалайы

тегештеріне бір келкі өлшеммен үлестіріп береді. Көже қатық
осы. Кілең жүгері момасын жегенде іш қатып қалатындықтан
бұл қойыртпақты ішпей, жемей болмайды. Ішсе де жырғап
кетпейді. Осы себепті жатақ орыннан еңбек майданына дейінгі

олар басып өтетін аралықта қылайған көк шөп қалмайды.
Сапқа тізіліп айдауда келе жатқан қылмыстылар екі жағына
жүре жайылып, көк нілі бар шөптің өңешке қадалып тұрып
қалмай өтіп кететіндерін жайқап, шалып оттап отырады.

Барат дейтін бригадир бар адамды бір шыбықпен айдайды.
Шыбық емес-ау, қолынан түспейтін ақжаңқа таяқ. Бір адам
қыңқ еткен дыбыс шығарса, жел жағынан жүріп өтсе асата­
ды. Қарны ашып, екі жіліншігіне ісік жүріп, әл-қуаты азайған

Боранқұл көкөніс атызын жанап өтетін жолмен келе жатып,
жайқалып тұрған помидорды көргенде көзі тұнып кетті. Ай­
даулы топтың арасынан бұрыла беріп, қызарып үлгірмеген
помидордың көк түйінін жұлып алып аузына тастай бергені

сол еді, Бараттың көзі шалып қалған екен, тусыртынан келіп

Боранқұлдың аузын баса қалып, шалқасынан алып соқты да
кеудесіне мініп алды.

– Ұғыры гой, немә, ағызыңдікі нимә? Ташла!

Аузы-мұрнын басып алған шеңгелден босана алмай,
тұншығып бара жатқан Боранқұл қарсылық көрсетпейін
десе де, тұншығып өліп бара жатқан соң, қатты бұлқынып
қалып, «тоқал бригадирді кеудесінен аударып түсірді. Алып

соғып мінгенде тыныш жатып бермегені үшін де, аударып
кетіп басқаларға сайқымазақ етіп қарсыласқаны үшін де
Боранқұл таяқ жеуі керек еді. Бұрын қайсыбіреулер таяқтың
шошаң еткенін көргенде денесіне әңгір таяқ соққысын дарыт­

пау үшін айнала қашып, жеткізбей қойып та Баратты талай
ызаландырған балатын. Алыстап қашса атып тастар деп, әдейі
айнала қашатын-ды.
Бұл жолы Боранқұл Бараттың жота-жонға төпеген

таяғынан бұқпай сілейіп тұрып алып ызаландырды. Төпелеп
ұра берген соң ұшынан сызат алып жарықшақтанған ақ таяқ
төбесінен ысқырып төніп келе жатқанда басқаларға ұқсап ба­
сын да қорғамады. Жаңбыр жауып, найзағай шатырлап, бо­

ран соғып жатса да кірпік қақпай, мізбақпай қасқайып тұра
беретін тас мүсіндер сияқтанып сіресті де қалды. Әуелгі
соққы шаң мен терден қақ тұрған қара мешпетінің жауырын
ортасынан тиген еді, тайсалмағаны үшін үдей түскен таяқ

белдеме, құймышақты түгендеп шықты. Боранқұл сонда да
тапжылмаған еді, қан жауып кеткен оқты көздің қаһары мен
өңменінен өткізе өшіге қарауынан өзге қарсылық та жоқ,
тым құрығанда қың етіп ауырсынатын жөні бар ғой, шы­

бын шаққан ғұрлы көрмегендей қарыса түседі. Таяқ сілтеген
алақаны жаңғырып, қолы ауыра бастағанда, басқалардың таяқ
тигізбей айнала қашқанын қорлық санап ашуланатын Барат
Боранқұлдың солар құсап қашпағанына ызаланған күй кешті.

Тал таяқ жарылып, сынып, тамтығы шыққан кезде өртеніп
кетті. «Неге қашпайсың» деп ақыра сілтеді тал таяқтың түбірін.
Осы шақта жөтеліп қалған Боранқұл аузына жиналған қара
қақырықты тілінің ұшымен түйіртпектеп ыңғайлап тұрып,

Бараттың бетіне былш еткізіп түкіріп жіберді. Тал таяғы та­

Ғаппар БІЛӘЛ
усылып құр қол қалған Барат оқ жұмсаудың, атып тастаудың
қиятын таппады да, қынаптағы наганын алақанымен сипалап
тұрып, боқтыққа басты дегейсің.

Боқтап янаттай білу де үлкен өнер екен ғой. Боранқұлдың
өз өмірінде боқтық өнеріне шын жетілген, аузынан ақ ит
кіріп бара жатқанда, қара ит шығып келе жататын нағыз
маманданған боқтықшыны көргені осы екен. Адам баласының

зығырданын қайнатып, намысын қоздыратын лағынатты ата­
улар Боранқұлдың қолқа-жүрегін жылан болып шаққылады.
Басының ішінде, миының арасында шаян болып өрмеледі.
Жұлын-жүйкелерін бүйі уытымен бүрістірді. Жер жүзіндегі

лас, жиренішті атаулар борандай бұрқап, аузы-мұрнын сы­
бап, жеті атасын жездей қақтап, қарғап-сілеп шыққанда
Боранқұлдың шыбын жаны шыға қашпай қалды ғой әйтеуір.
Бірақ, оның нағыз көресісі алдыда тұр еді.

Көгала қойдай етіп сойып салған таяқтан жон-жотасы
қанталап, қараталақтанып ісініп кеткен Боранқұл еңбектен
қайтып жатаққа барғаннан кейін абиыр жапқыш шолақ дам­
балынан басқа киімі түгел шешіндіріліп, екі қолы көзірленіп,

жатақханалар ортасындағы алаңқыға тік тұрғызылып, кешкі
салқынмен құжынап шығатын жоңғар даласының маса-со­
на, құмытыларының талап шығуына тапсырылды. Жасаңды
өңірде түтін болып қаптаған құмыты, шіркейлер Боранқұлдың

қалшиып тік тұрған жалаңаш денесін киіздей тұтып, бір
қабат киімдей жабыса қадалып, жеп бара жатты. Оған жаны
ашыған біреулер оның жел жағынан түтін салмақ болып, от
тұтандыра бастағанда айғайлап жеткен Барат оларды қуып

салды. Қанға мелдігіп, қабысқан қарындары тойған қозыдай
томпайып, қызыл қарынданып шыға келген сары шіркейлер
қан мастығынан ұшуға күйі келмей, өздігінен домалап түсіп
жатты. Алғашқыда тары бөрттіргендей бұйралаланып кет­

кен тұла бойы кемді уақыттан кейін күп болып ісіп-кеуіп
бара жатқан еді, екі көзі ісінуден тарс жұмылып алған ол
басы айналып, құлап түскелі тұрса да сүйекке қарысып шы­
дап бағуға тырысты. Тұтас қаны көзге ілінбейтін қалың

инешіктермен сорғызылып таусылуға айналған тұста ақыры

жығылып түсті. Содан кейін төсек тартып жатып қалған
Боранқұл өлем-ақ қой деп ойлап еді, өлмеді. Оның су ішеріне
көрінгендей, әлде қандай бір бақылаушы органнан кел­
ген тексерушілер жағдайды ұғысқан соң дәрігерлік көмек

көрсетілді. Баратты бастабында міндеттен алып тастайтын
екпінмен бассыздық қылықтарын тексеріп жатқан хабар та­
ралып еді, соңынан қатаң сын айтылып, ескерту жасалған
екен дейтін қауесеттен кейін арты жаймашуақ-жадағайланып

қала берді. Ал Боранқұлдың азап-ауыртпалыққа көндігіп кет­
кен жаны сірі денсаулығы азды-кем емдеулердің жәрдемімен
барша ауыртпалықты жеңіп шықты. Ісік-домбығы тарап, ба­
сын көтеріп орнынан тұрғаннан кейінгі екінші түннің ішінде

қылмыскерлерге кигізілетін кілең қара түсті киімдерді сы­
пырып тастап, біркиерге сақтаған қазақы киімін үстіне
жапсырып алды да, жертаған жатақ үйдің дөдегесін тесіп
шығып, қашты да кетті. Түн жарымда бір қоржадан өтіп, күн

шыққанда Санжы қалашығына келіп кірді. Бұл арада оның
лагерде бірге болып, босап қайтқан таныс дүңгені болушы
еді. Оның үміт күтіп, жәрдем жасар деген ниетпен Санжы­
дан іздеп келген адамы сол ғана болатын. Кемді күн болса

да «Бақыр сорпасын бірге ішкендігін» бұлдап одан қарнын
тойғызбақ. Таяқтан, маса талаудан, аштықтан әлсіреген
дене қуатын толықтырып, бір күн, бір жеті болса да дем
алып тынықпақ еді. Бірақ, жәрдем күткен адамы жарға қайта

құлап, қайта тұтқындалғанын бейсауат біреуден естіген кезде
дөңгелек дүние оның көз алдында шыркөбелек айналды. Үміт
үзілді, тас қабырғаға тұмсығы тірелді. Іштей жұтап, таусылып
ұзақ отырып кеткен ол Құтыбиді мекендейтін түрме тамыры

Розы дейтін ұйғыр жігітін есіне алып, беталысын батысқа
түзеп, нар тәуекелмен жүрді де кетті. Қаладан шыға берісте
бір шағын алма баққа кезігіп, аласа қорған дуалдан секіріп
түсті. Ағаш басын сілкіндіріп түсіріп алған қалың алманың

ортасына отыра кетіп, ал бір жеді дегейсің. Аздан кейін тіс
қамалды, жүрекке тиді. Екі қалтасын алмаға сықап алып және
жолға түсті. Ұзақ жүріп талыға бастағанда тағы бір жүзімдікке
ілінді. Астыңғы жағы көшеленіп кеткен сөренің астына кіріп,

Ғаппар БІЛӘЛ
тамылжыған жүзімнен мейлінше жеді. Жей берген соң жүзім
де топырақ татып, жеуден тиылды. Екі күлте жүзімді қолына
алып, ол арадан да сытылып шықты. Күн бесінге айналған

мезгілде жүзім, алмалар ауыр жүкке айналды. Екі шоқ жүзім
екі білегін талдырып, екі қалта алма екі қапталын алып түсіп,
батпан тарта бастады. Алтыншөге жерінде Гүлсім сынды
әйелді оқ, мылтық, азық-түліктерімен қоса көтеріп, күндік

жүріске шыдайтын Боранқұлдың қанша күйі қалғанын осы­
дан да шамалауға болар еді. Ақыры жей алғанша жеп, қалған
алманы да, жүзімді де лақтырып тастап кетті. Екінті кезінде
екі балтыры сыздап, екі саны үзіліп, өз денесін ауырлап, өз

аяғы өз қаңқасын көтеріп алып жүруден қалып бара жатқасын
отырып дем алды. Кемді уақыт тынығып, қайта тұрайын деп
еді, орнынан тұр алмады. Екі табаны удай ашып, жерге ба­
стырмай қойды. Резеңкі табанды шарығын шешіп алғанда екі

табаны бірдей отаулап ойылып кеткенін көріп, жылап жібере
жаздады. Бастан кешкен барлық жазаның ең ауыры сол кез­
де оған осы болып сезілді. Құбының құмында отын арқалап,
аяқпен күрек басып, жер қазып, ылай-батпақты көшіріп ай­

дап жүргенде сіріленіп, адамның табанынан түйенің табаны­
на өзгеріп, көлденең жатқан шөгір, тікен жалаң аяғына шан­
шылып кірудің орнына оларды өзі сындырып кететін табаны
қолдырап ойылудан өткен қорлық болар ма? Бұл – ендігі жер­

де жүрмейсің, тағдырдың бұйрығын отырып күтесің деген
сөз ғой. Мұның себебін кілең тақылдақ тасжолмен жүруінен
көрген Боранқұл ашуға булығып, топырақ қазған аласа
жарлауытқа отыра кетті де, екі аяғымен жер тепкілеп, отаулап

ойылған табанның тері арасындағы көлкілдеген суын күшпен
жарып жіберді. Тынымсыз тепкілене берген соң табан еті
қызып, ауырсынғаны білінбей кетті де, созылыңқырап барып
орнынан тұрды. Күн батарға таяғанда ол әбден қаталап, тілі

аузына симай шөлдеп кеткен еді. Дымы құрып келе жатып,
жолды көлденең кесіп өткен тас арыққа кездесе кетті. Жол­
дан бұрыла бере екпетінен жата қалып, тас арықтан еңкейіп
су ішуге ыңғайланған оны бір күш сырғытып ала жөнелді де,

су ішіне басымен барып түсірді. Ол суға еңкейгенде сол орын­

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР да жүріп өткендерден қалған қауын шапағын екі алақанымен баса еңкейгенін, сол шапақтар шаңғы іспетті өзін еңіске қарай ала жөнелгенін байқамаған еді. Алайда, су оны ағызып әкете алмады. Басын судан көтермей тоңқайып жатып су ішті. Шөлі қанып, жиекте жатқан қауын шапақтарын суға шылап соғып алғасын, көп-көрім дыңғырап сергіп қалды да, отыра берсе та­ баны тағы да жер бастырмай ауыратындығын ескеріп, жүріп кетті. Қас қарайғанда қоржа сықылданған өңшең бір қара көлеңкелердің арасына келіп кірді. Жата қалып саңылаулап көріп, бұл көлеңкелер қордалы қора емес, жол жасаушылар тіккен шатырлар екенін білді. Бір шатырдың тұсынан өте бер­ генде бұрқ еткен тамақ исі оны қайта шақырып алды. Шатыр іргесіне бұғып отыра қалып, іште ұйықтап жатқандардың қосыла шырқап салған қорылын естіп, езуіне күлкі жүгірді. Сол арада отырып жас күнінен серік болған Биғалиды сағына еске алды. Ол жанымда болса осы шатырдағы бар азықты түп қотарып алып шығып кету қиынға соқпас еді-ау деп арманда­ ды. Биғали бір кездері Аякөздің шағын базарында қауынқарбыз жайып тастап, сауда жасап отырған өзбек жігітін көзбекөз жаңылдырған еді. Күн ыстықта шөлдеп келе жатқан Биғали «мен мына жылпосты алдап соғып, саған өнер көрсетем» деп, анталап тұрған қалың адамның арасымен үйілген қарбыздың қасына келіп отырып, үлкен біреуін борбайының арасынан сыртқа домалатып жіберді де, топ ішінен сытылып шығып, артқа кеткен қарбызды артқы етегіне жасырып алып, саудагердің қасына қайта келген. Сатымсақ қарбыз бағаларын сұрастырып алған соң, «бек қымбат екен, мен арзанға сатамын, аламысың» деп ұрлық қарбызын саудагердің мұрнының астына тоса қойған-ды. Сонда саудагер жігіт шамырқанып, кет кеттің астынан алып, Биғалиды кеудесінен итерген беті қарбызымен қоса көшенің арғы қапталына шығарып тастаған болатын. Сон­ да ғой, Биғалидың оған бөсіп отырып, тағы бір байдың үйіне ұрлыққа түсіп ұсталып қала жаздағанын жырлап бергені. Биғалидың ондай ұрлықтары көп қой, Боранқұл қазір оның қайсы бірін еске алып отырады. Отыратын мұршасы да жоқ.

Ғаппар БІЛӘЛ
Шатырды айнала иіскеленіп келіп, іргенің бір тұсынан қолын
сұғып көріп, ештеме іліктіре алмады. Іргені көтеріңкіреп,
кеудесімен сұғынған кезде қорылдап жатқандардың бірі ды­

быс алып қойғандай болды.

– Бұл не? Сүмелек, жұдырық жейін деген екенсің ғой.

Аузы-мұрныңды дал қылайын ба осы, не ғып отырсың? –
деді бір жуан дауыс кіжініп. Боранқұл қаша жөнелмекке
ыңғайланып барып, кіжінген дауыстың соңы бәсеңдеп бара
жатқанын байқап, демін ішіне тарта тыңдап отырып қалды.

– Оттама, сен менің артыма түскенде не бітіресің?

Артыңды қысып жүр! – деп барып қайта қорылға басқанда
ғана бұл жуан дауыстының ұйқысырап жатқандығын аңғарып,
Боранқұлдың қобалжуы басылды. Сипаланып жүріп, үйілген
тоқаштарды тауып, екі қалтасын сықап, төрт-бесеуін қабаттап

ұстап, шегініп шығып кетті.
Түн ортасы ауа шаршап, ұйқы меңдеткен Боранқұл
қолындағы нанды жүре шайнап келе жатқан болатын. Ендігі
жерде ол тоқаштардың маңынан ұзап кеткеніне өкіне баста­

ды. «Сол төңіректе бірнеше күн неге жүріп алмадым екен,
күндіз жасырынып, түнде ұрлыққа түсіп, тоқашқа тыңқиып
тойып алып, жардың түбінде жата берсем мұртымды балта
кесер ме еді» дегендерді қиялдап, дем алып жатқан жерінде

мызғып кетті. Ұйықтап жатып қарасат майданын, қарсыдан
қарсыға тартылған жалғыз тал жіптей аспақ қыл көпірді көрді.
Көпір астында жалпақ даланы алып, қып-қызыл шоғы шы­
мырлап қайнап жатқан жаһаннам оты жайнай жарқырайды.

Алып динозаврлар мен зәредей сіркенің салмағын өлшеп
шығатын махшар таразысының алдында кезек күтіп сарылған
қалың топтың қатарында Боранқұл өзі де тұр екен, төбеден
жайдың оты жарқылдағандай ауаны ысқырта тіліп өткен

гүрзі үніне жалт бұрылғанда екі білегін шынтағына дейін
жалаңаштап, жеңін түріп алған ғазірайылдың қаһарлы жүзін
таныды. Кісінің өңменінен өткізе қарайтын өткір жанарынан
шашыраған оттан сескенді. Ол білегі жалаңаштанған шом­

бал қолымен зуылдата үйірген алып ахинағын жалаңдатып,
түрлері бөтен топты адамды өңкілдетіп қуып келеді екен.

–Хандар мен патшалар, королдар мен шахтар екен ғой

мыналарың, – деп қалды тәңірі таразысына таяу тұрған ақ
сақалды аруақ. Боранқұл сақалы қудай ағарған бұл аруақ
Қорқыт баба екендігін ишаралап үлгіргенше, ғазырайыл
гүрзісінің астында сар желіспен келе жатқан патшалар тобы­

ры жақындап қалған еді. Барымтаға түсіп аяусыз қуғындалған
жылқы табындары сияқты – бүйірлерін соғып, сауыр-са­
майларынан сорғалаған тер ақ көбігі шыға жапырақталып,
ұшыртып келе жатқан топты адамның өңі кісі көргісіз. Фәни

дүниенің алтын тағында отырған шақтарында ызғары бет
қаратпайтын арыстан айбары сынып, түлкі мұрттанып алған,
көзденде жалақтайтын «қыл қимас» алмас қылыштардың суы
қайтқан, әлемді алақанында ойнатып, адамдарды асықша

ататын салауаттарының сағы сынып, жасығы жібіп, мүсәпір
мүскіндерге айналған олар құйбатпақтың үстімен айдалып
келе жатқанын Боранқұл кейінірек байқап, үнсіз жымиды.
Олардың кешіп жүргені қан мен тердің тойбатпағы екен.

Рахым-шапағаттыларының
ішінен
бөліп
алынып,

телмеңкөзге айналған осы бір күнәкәр тобырдың арасы­
нан Боранқұл ешкімін тани алмады. Бұрынғысымен де,
кейінгісімен де жүздесіп көрген жоқ қой ол. Оларды иіріп
айдаған ғазырайыл тәңір таразысының алдына көп аялдатқан

жоқ, сақалды-сақалсызын, мұртты-мұртсызын араластыра
тықсырып әкеп, жаһаннам отының жар жиегінен түсірді де
жіберді.

– Үйіріңмен үш тоғыз, – деп, бата берген ақ сақалды

аруақтың даусынан Боранқұл шошып оянды. Мойнына ар­
тылатын қыруар қан қарызы есінде бар сияқтанады, солайда
болса патшалық тақыт иелей алмағанына шүкіршілік ойлаған
түрі бар.

Шашағы төгілген қызыл желекті таң келе жатыр екен,
есінеп соққан ескек жел Боранқұлды ашық омырауынан айма­
лады. Қоренді топырақта қаулап өнген қара қияқ күшікше ерке­
леп аяғына оратылды. Мұз дулығасы жарқыраған Ерентаудың

жаңбыр шайып, сел жыртқан, жел қақтап қайызғақтандырған
айғыз-айғыз бет терісінің бұж-бұж қатпарларына ұялап алған

Ғаппар БІЛӘЛ
қоңыр көлеңкені күн сәулесі көпке дейін жуып кетіре алмады.
Сарымсақтап пісірген тәтті тоқашқа тойып әлденіп алған
Боранқұл сәскелік жорық жолында ширақылық көрсетті. Күн

қызып шөліркегенге дейін көп жолды ұтып тастады. Сусырап
бара жатқан тұста қауындыққа кездесіп, қарбыз жарып жеді.
Жұдырықтай екі балқауынды жолазыққа алып шыққанымен,
жол жиегіне келгенде лақтырып тастап кетті. Талтүстің ми

қайнаған ыстығында Құтыбидің шетіне жетіп ілінді де, жола­
ушылар бекетінің алдына келіп тоқтап, машиналардан түсіп
тамақтанып жатқан қалың жолаушының бірі болса бірі таныс
болып қалуынан сескеніп, тайып кетуге ыңғайланғанда тәтті

тағамдардың мұрынға соққан хош исі шырғалап, қиып тастап
кете алмай, асхана төңірегін айналсоқтай берді. Өзегі талып,
буыны құрып, көз оты қарауланып, шеткі үстелдің біріне оты­
ра бергенде сәбіз аралас сары палау салынған қыш ыдысты қос

сақпының ұшымен ыңғуырлап, көмейлете асап жатқан қарасұр
адамның қадала кеткен көз сұғынан жалтарып тұра жөнелді.
Айнала беріс бұрымнан кез болған жайма тамақшыдан төрт
тал жұмыртқа алып жеді. Түрме тінтулерінде ышқырына жа­

сырып сақтап қалып жүретін екі теңге ақшасының әлі де бір
жарымдайы бар еді. Кедейдің бір тойғаны шала байығаны.
Оңашарақ асхана тауып, шерте тойып алмақ болып, көше
қыдырып келе жатқанда нығызсыған, қырма иекті қара жігіт

қарсы ұшыраса кетті де қазақ тілінде амандаса қалды.

– Ас с салаумағалайке е е ем!..

Боранқұл тұтқиыл кездесіп таныстық берген нығыз
қарадан сескеніп ұсынған қолын алмады. Қолын алмағысы
келген жоқ, өзінің мүйізгек басқан қотыраш алақанын
көрсеткісі келмей тартынды. Әртис болмағандығы себепті

басқа адам болып жасанып, құбылудың жөнін келтіре
алмайтындығынан ыңғайсызданып кетті. Мүмкін, әртістер
де басына іс түспеген, қауіп-қатер төніп тұрмаған, еркіндікке
ие дәуренді шақтарында ғана құбылудың ретін келтіре ала­

тын шығар?! Айта көрмеңіз, адам баласы көп жағдайда
бірін-бірі бақылап байқай бермейді. Әйтпесе, кімнің қандай
күйдегі адам екенін киім киісінен де, жүріс-тұрысынан да,

сөз қолданысынан да, көңіл күйінен де бір көріп біліп алуға
болар еді. Кедейдің кездейсоқ арғымаққа мінген жасанды
қарабайырлығы, байдың тайға мінген қарапайым кішіпейілдігі,
ақылсыздың шалқақтаған есерсоқтығы, ақылдының еңкейімді

жанасымдылығы қандай жағдайда болса да белгі бермей
қоймайды. Егер ол әртистік жасампаздық қуатына сүйеніп
сыртқы тұлғасын, сөз мәнерін мың түрлендіріп жасандыра
алған күнде де билеуші болса, астамшылығынан, қайыршы

не қашқын болса, ең болмағанда кірпігіне, көз қиығына ілініп
жүретін жалыныштан, қорқыныштан бір нышан байқатпай
қалмайды. Қанша ершікештеніп, қанша салауаттанса да
тыраштанған бейшаралықтың бір белгісі сақталып қалып

отырады.
Боранқұл Құтыбидағы Розының үй дерегін табу үшін де
таныстық берген нығыз қараның алдында сақау кісімсіп, жау­
аптаспай кетуге шарасыз еді.

– Үрімжіден Алтайға кетіп бара жатқан жолаушы едім,

ақшамды, машина билетімді ұрлатып алып, сорлап қалған
жайым бар. Осында Розы деген ұйғыр жігітімен таныстығым
бар еді, көмек сұрамақпын, соның үйі қайда екенін білер ме
екенсіз?

– Қай Розы? – деп нығыз қара қадала кеткенде, ол тегінде

түрмеден босап қайтқан ұйғыр жігіті еді дегенді айта алмай
күйіркеледі.

– Жүріңіз, түрмеден босаған Розы менімен көрші отыра­

ды, ертіп апарайын, – деп нығыз қара лыпылдай қалған соң
толқып тұрған Боранқұлдың ілеспеуіне болмады.
Төрт көше түйілісінен айнала берген мезетте алдын то­
сып көлденеңдей қалған нығыз қара оған жып-жылы жүзбен

күлімсірей қарады.

– Мына жерге кіріп, жоғалған заттарыңызды тізімдете

жүргеніңіз жөн болар ма екен?
Боранқұл сақшы мекемесінің алдына келіп тұрғанын
босағаға ілінген тақтайшаны көргенде бір-ақ білді. Тергеу-
сұрақ қайта басталды. Тегін жасыру үшін Боранқұлдың

мылқаулығы қайта ұстады. Оның кім екендігін, қайдан,

Ғаппар БІЛӘЛ қалай жүргендігін, қалай тоналғандығын толық біле алмаған тергеуші алдымен оның екі алақанын тексеріп көрді. Бесбестен он саусақтың түбіндегі кетпен, күректің сабы қажаған он мүйізгек, алақандағы алты мүйізгек, екі білек пен екі жіліншіктегі табы толық қайтпаған ісік, маса-сона тісінен қалған қотырға қосымшаланған көзір, кісен дақтары оның тұтқыннан қашқан қылмыскер екендігін толығымен растап берген еді. Жер-жерге соққан телефон бір жарым сағат бойы шырылдап, оның кім екендігін толық деректендіре алмады да, күмәндылар қатарында ұстап тұратын «жиып тексеру орны» делінетін мырза қамақ сүрей «құтханаға» апарып кіргізіп жіберді. Жаңа қоныста үркіне қараған әріптестеріне тіс жармай, теріс қарап тысырайып жатып алған Боранқұл кешкі тамақ кезінде бидай ұнынан істеліп, қатығына турамыштап ет қосқан, қызыл-қылаңы аралас кеспе көжеге жылап көрісті. Жол-жөнекей жол жөндеушілердің шатырынан ұрлап шыққан бес-алты тоқаштан өзге ақ ұн көрмегеніне әлде неше жылдың жүзі болған еді. Қалжа қойдың сорпасын ішкендей таңдайына бал татыған ыстық көжеге алты айрығынан тер сорғалады. Жуан төрт тегеш көжені сарқып болып бесіншіге барғанда тағы ішкісі келіп тұрса да қарны сыздап бөгеліп қалып, қараңқұраң етін теруге ойысты. Боранқұл осы орында ақбидайдың көжесі мен нанына қарық болды. Бұл арадағы еңбек те ауыр соқпады. Ешкім қадағалап тұрмаған соң, жан рахаты мен молаң тұрмысқа дәнігіп алып, майлы босағадан айрылуға қимады. Із-дерегім табылмаса екен, осы орында жата берсем екен деп тіленді. Бір аптаның ішінде көп-көрім әлденіп қалды. Екінші жеті орта­ лай бере оның аты аталып үлгірді. Жертаған балағанның есігі ашылып кетті. – Бораңху, голәй (Боранқұл шық бері), – деген да­ уыс естілді. «Бораңху» қытайшаланған өз есімі екенін білетін Боранқұлдың енді қозғалмауына болмады. Ымырт алдында тергеу бөліміне кіргізілген еді, төргі үстелде қарсы қарап отырған бадырақ көзді, еңгезердей қасқабас жігіттің

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР ұйғыр азаматы екенін тұрпатынан таныды, ол ұйғырша мен қазақшаны араластырып сөйлейді екен. – Есімің Боранқұл, дұрыс па? – деп сұрады. Боранқұл үндемей сазарып отырып алған соң: – Сендек адамның гәс-гәшә болышы натайын, бұ нықабың тұғұрылық маңа телефонда диілгән, мәлімки, сен санжы өзгертіш маданыдан иошұрұнше қашып шыққан қашақ, сенің ісімің Боранқұл, тұғра болар? Қақпақ жауырынды, еңгезердей қара жігіт сөйлеп жүріп үстел суырмасынан кендірден есілген шылбыр бойындай ұзындықтағы жіпті және көзірді алып, Боранқұлдың көзінше қолқапшыққа салды, тапаншасының таңдайына бір тізбек оқ басып, шүріппесін қайырып кілттеді. Сом тұлғасымен көз сүріндіретін атпал жігіт өз күшіне сенетіндігінен болса керек, қол-аяғы байлаусыз Боранқұлды ымырт қараңғысында далаға алып шығып айдап жүрді де кетті. Ауладан көшеге шықты. Көше таусылып дала басталды. Әрқандай заң қызметкерінің қылмыстыларды үкім-кесімсіз, бекім-бұрыштамасыз беткелді атып тастай алмайтындығын біле тұра, қаладан ұзап шығып бара жатқан кезде, «жұрт көзінен ауаша шығарып алып атып тастағалы жүрген жоқ па екен, тарс еткен мылтық даусы қашан шығып, толыскей оқ жауырын ортадан қашан шертіп қалар екен» дейтін үрей тынышын кетірген Боранқұл артына қарап жалтақтай берген еді. – Түз жүр, – деп ақырды сақшы жігіт. Боранқұл қара күйедей тасқараңғы түн ішінде жапан түзді аралап өтетін сүрлеу соқпақтың сорабын әзер ишаралап келе жатып, тұра жөнелуге қанша рет оқталса да қашпады. Кейде жол жиегіне қиыстап шығып бара жатса айдаушы жігіт қолшырақтың жарығын түсіріп, жол нұсқап отырды. Көптен кейін соқпақ жол арба жолға қосылып, қалың орман арасына апарып кіргізді. Өлтірілер жерім осы болар, деп шамалаған Боранқұл жал­ тара қашқысы келіп, ытқи жөнелуге неше мәрте бейімделіп барып тоқтады. Өз күшіне сенетін адуын жігіттің мысы ба­ сып жеңе берді. Құтылып бара жатса, атып салуына сылтау

Ғаппар БІЛӘЛ боларын ойлап сабыр сақтады. Жүре-жүре көр қараңғылығы тұмшалаған қалың орман таусылып, тақыр дала қайта бастал­ ды. Теріскей бағыттан ызғырықтап жел соқты. Толықсыған дөңгелек ай бөртпе салының шетінен жалт қарап, ұяла қымсынып бетін жауып ала қойған ару келіншек сияқтанып, қоймалжың бұлттың жыртығынан жарық беріп жасырына қалды. Сәлден кейін ерні жырылып кетіп қармақтан босай қашқан алтын балық сияқтанып бұлт жыртығынан тағы бір шыға келді де, құйрығын шолтыраң еткізіп, терең тұңғиыққа қайта сүңгіп кетіп жоқ болды. Арба жол аздан кейін сол жақ қапталға қарай бұрылды да, көп ұзамай қараңғыда дөңкиіп көрінген бір бітеу жартасқа барып тірелді. Сол арада әскери қарауыл бар екен, сақшы жігіт әлденелерді қытайша сөйлегеннен кейін бітеу жартас ыңыранып барып аса зор қақпа ашылды да, тісін жұмсамайақ Боранқұлдың денесін бітеу күйінде ішіне тартып қылғып жұтып әкетті. Айдаушы сақшының алдынан өткізіп алған түрме қызметкері қытай азаматы еді. Ол абақты кеңсесінде әлдеқандай рәсмият қағаздарын жазып толтырды да, Боранқұлды тағы бір үлкен қақпадан өткізіп әкеліп, ұзыннан ұзақ кеткен қараңғы залдың ішімен алып жүрді. Кілтін сыл­ дырата жүріп түкпірдегі бөлменің есігін ашып, май шамның түбінде бастары қалқайып әңгімелесіп отырған екі тұтқынның үстіне кіргізіп жіберді. – Ой, лаушиаң. (ау, ағайын)... – Оу, бораңху, ни хау (ау, Боранқұл, сәлеметсің бе)? – деп орнынан қарғып тұрған екеу қолдарын ала жүгірді. Бұл екеуі санжының аяғындағы алаңда өзімен бірге болып, араласып танысып кеткен көне әріптестер екенін Боранқұл да салған жерден таныды. – Оһо, біздің шау уаң, шау сы (інішек уаң, інішек сы) екенсіңдер ғой, амансыңдар ма? – Аман, аман, сен қайдан келеді? – Мен өздерің сияқтанып... – дей берді Боранқұл. Ол олардың уаң, сы деп аталатын фамилияларынан кейін айтыла­ тын буындарды білмейтін-ді. Бірақ талай реткі ұрлыққа бірге

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР түсіп, помидор сорпасын бірге жасасып, бақыр дәмін бірге татып., іштесіп кеткендер еді. Олар Боранқұлдан бірнеше ай бұрын қашып кеткен болатын. Бір рет алаңдағы күллі қылмыстыға далада кино көрсетіліп, тарай берген тұста түнгі қараңғылықтан пайдаланып қалғысы келген қыруар адам жанжаққа бытырап қашқан бір уақиға туылған-ды. Уаң Мен Сы сол орайда құтылып кеткендігін Боранқұл бұрыннан білетін. Осы көне көздермен енді ғана шүйіркелесе бастағанда, бір үйге қамалғандардың барлығы бір алаңнан қашып шыққандар екенін еске алып, сақтық ойласа керек, кілті сылдыраған түрме қараушы қайта келіп, есік ашты да Боранқұлды есік көзіне қарсы басқа бір бөлмеге апарып қамады. Бұл арада ол майшамның түбінде шошайып жалғыз отырған тағы біреуге тап болды. Ақ түсті жейде киіп, сақал-шашы қуарған, өңі бозарған адам оның көзіне тағы да ақ кебінге оранған тірі аруақ болып елестеді. Бірақ, екі көзі ажарлы, әрекеті ширақы екен. – Кел, бауырым, аман-есен жүрмісің? Қазақ баласы көрінесің, жөн сұраса отыралық, мүмкін қарын бөле болып шығармыз, отыр қасыма, менің төсегіме отыр! Алдымен өзімді таныстырайын, атым Нығымет, руым албан. Ілелік бо­ ламын. Құтыби аудандық бажы мекемесінде бастық болған едім. Шаруалардың малын ортақтастыруда зорлықты тәсіл қолданушыларға қарсы шыққаным үшін осы сарайдың тұрақты қонағы болып отырмын. Бір жылдан асып бара­ ды, бұрын мұнда басқа ешкімді кіргізбеуші еді, сені маған қалайша қосақтай қалды екен? Мейлі не болса о болсын! Жә, қарақ, ендігі кезек сенікі... Жаңа танысының алдында шешіліп ақтарылып кеткен Боранқұл бар тарихын шолып шыққанда Нығымет разы бо­ лып кетті. – Жарайсың, замандас, сырлас, жолдас болуға толымдылығың бар көрінеді. Ашыққан болсаң тойғызамын, болдырған болсаң тыңайтамын. Менің үйім осында қала ішінде тұрады. Әйелім күн құрғатпай тамақ әкеліп әуре. Қарынның тоқтығына қарасам қайғым жоқ. Бірақ, менің за­

Ғаппар БІЛӘЛ
рым күннің көзі. Менің мұқтажым – тіл айқастырып, әңгіме
дүкен құрып, іш босатар, шер тарқатар жан серіктің жоқтығы.
Бір жылдан бері күннің көзін көрмедім, етімді, бетімді жарық

шуақ шалмады. Бірде-бір мәрте таза ауа жұтып, далаға шыға
алмадым, қонақ үйімізде терезе жоқ. Есіктің жоғары тұсынан
ас кіргізіп, аяқ жүргітетін болмашы ғана ашылып-жабылма­
лы саңылау қалдырылған. Күннің батқанын, таңның атқанын

сол саңылаудан айырамын. Алғашқы біраз тергеулерден кейін
сұрақ тиылды. Жаза кесілмеді, босатып жібермеді. Еңбекке
де шығармады. Талдырып қамады да қойды. Дәрет шелегін
шығарып төгіп келуіме де рұқсат берілмейді. Күн аралатып

өздері алып кетеді. Болған біткені сол. Кең далаға шығып,
еркін қимылдап, еңбекке қатынасып жүрген сен бақытты
екенсің.
Осы сырластықтан кейін жан серік табылғанына қуанып

кеткен Нығымет Боранқұлдың көрген азап-ауыртпалығына
жаны ашып, құрт, май, ірімшік дегендерді алдына үйіп та­
стады. Бірақ, жатар қарсаңда Боранқұлға жамылшы-төсеніш
табылмай қысылған еді, Нығымет есікті шарқылдатып

жүріп кілтшіні шақырып, Боранқұлға төсек-орын талап етті.
Сәлден кейін қайта айналып келген кілтші есікті ашып, ау­
ырлау бір затты күп еткізіп тастап берді. Көлкемедей үлкен
қара тон екен. Қарны тойып, майлы тамаққа өзегі жалғанып,

бас-аяғына жететін тері тонды теріс жамылып жатып қалған
Боранқұл маужыраған рахат бір ұйқыға кірген еді, ертеңгі
сәскеде жұлынып оянды. Барат бастықтың жазасына ұшырап
маса талағандағысынан әрмен тұла бойы дуылдап қышып

барады екен, жүгіріп келіп есік көзіндегі саңылауды ашып
жібергенде, балағынан өрлей, басынан құлдай өріп жүрген
бөрте толқынды көріп шошып кетті. Сөйтіп, әлгі көлкемедей
қара тон құмырысқа илеуіндей құжынаған бит ұясы болып

шықты. Бастабында теріп тауыса алмасын сезген Боранқұл
тыржалаңаш шешініп, үсті-басына: киім-кешегіне қаптаған
битті алақанымен сыпырып түсірді де, цемент жатқызылған
тас еденнің үстінен сібірткімен айдап есік көзіне жеткізді.

Кілтшіні шақырып есік аштырып алды да бөрте құмырысқаны

күреп отырып далаға шығарды. Осыдан кейін қара жүнді
ақбөртелендіріп жіберген қара тонның битін де теріп ауыса
алмайтындығын байқап, тонның өзін де шығарып тастады.
Нығымет сол күні кеште қабырғалас бөлімдегі біреумен

дуалды шертіп тіл айқастырып алды да, Боранқұлға еңбек
майданында болыстық жасауды тапсырғанын ұқтырды.

– Ал, Боранқұл, замандасым, қашып шыққаның үшін

сені қайта соттамайды. Бұл жерде ұзақ тұрып қалсаң саған
жоқшылық тартқызбаспыз, көршілес камерада Бабаш деген
жігіт бар. Үш аймақ ұлт азаттық төңкерісінде бірге болып,
ұрысқа бірге қатынасып, әскерден бірге босаған көне жол­

дас едік. Соған сені тапсырдым, еңбек майданында саған
көмектеседі. Ол күшін шығарады, мен тамақ шығарамын.
Әлсіздіктен аз уақытта айықтырып әкетеміз.
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.

Қысылып-қиналып жүргенде қол үшін берген Бабаш,
Нығыметтердің жақсылығын Боранқұл өмірбақи ұмытпақ
емес. Екі күннен кейін еңбекке шыққан Боранқұлды бір аяғын
сылтып басатын Бабаш өзі іздеп келіп тапты. Бұндағы міндет

те кірпіш құю екен. Күніне 250 кірпіш құятын бір кісілік
міндетті асыра орындап, жан қинап жүріп жүгері момыдан
артық үлес алуға Бабаш оны жібермеді.

– Саған әлдену керек. Әлдену үшін артықша зорлануға

болмайды, – деп тиып тастады. Күндіз Бабаштың қасында
болып, еңбектің жеңілдеу жағын үлесіне алған ол кеш бата
Нығыметтің жанында отырып, оның қызғылықты хикаяла­
рын, арманды адасымды тарихын сөйлетіп, қазақ әйелінің

қолымен дәмдеп пісірілген майлы еттерге, жент, қаймаққа
тойған соң, бір жетінің ішінде недәуір түлеп-төлежіп
үлгірді. Білек-сирақтарындағы бүкіл домбығулардың табы
қалмай тарап кетті. Денесіне әл-қуат кірді. Рухани буында­

рына жігерлі талпыныс нышандары жүгірді. Еңбектің ауыр
жағына ұмтылатын құлшыныс пайда болды. Алғашқыда Ба­
баш арқалаған ауыртпалықты жұмысты өз мойынына алып,
серіктесін тынықтыратын әдет тапты. Дүниеде адам бала­

сындай ит жанды, аса көнпіс мақұлықтың бар екендігіне

Ғаппар БІЛӘЛ Боранқұл сенбейді. Ол бір айдың ішінде әбден күшейіп, бұрынғы қалпына келіп, дыңғырап кеткен еді. Бір айдан он күн асқанда дерек бойынша соңынан қуа жеткен Барат брига­ дир осы жылы орнынан суырып алып шығып, Үрімжі ішіндегі көмір құдығының апанына көмді де жіберді. Ол қайынатасы Жақыпбекке осы көмір құдығының ішінде жолығасты. Бір ғана дүние әр адамның көзіне әркелкі болып көрінеді де, әр адамға әртүрлі сезім береді. Өйткені, бір заманда жасайтын әр адамның тағдыры әркелкі шешім табады да, бір аспанның асты біреуге кең, біреуге тар соғады. Ендеше, әр келкі қалпақ бір басыңа дәл келмесе, әлің жетерін таңдауыңа тура келеді. Бірақ, қалыптасып болған таным мен сенім әл-қуаттың азкөптігіне қаратпайды. Бүкіл бір қауым адамдары әлемді айықтырудың таңдамалы жолы деп түсінген шаруашылықты орталықтандыру, ортақтастыру қимылына кереғарласқаны үшін және бірнеше жалақорлардың жапсырған жалған пәлесі үшін мерзімсіз қамақ жазасына бұйырылған Жақыпбек құдық астында Боранқұлдың ауыртпалығын арттыра түсті. Ауыр еңбек пен түрме тауқыметіне шыдамаған кәрі адам ауруға шалдыққандығы себепті, оның күндік үлесіне тиетін жүгері момысын кемітпеу үшін Боранқұл барша қару-қайратын еңбекке жұмсады. Бір өзі екі кісілік еңбек нормасын орындауға барын салып бақты. Бірақ, жүре-келе төсек тартып жатып қалған қайын ата оны ұзақ зорықтырмады. Ың-дыңсыз, сүлесоқ жатқан күйінде бақи дүниеге қоныс аударып жүре берді. Семсердің дарыны сермеушінің білек күшімен өлшенеді. Түрменің, көмір құдығының түбінде жүрген Боранқұлда ненің дарыны сақталсын?! Кейіндеп келгенде атышулы мәдениет төңкерісі де: «Ханжігітті қайда жібердің» деп ақырып көрді Боранқұлға. Оны әдейі жіберген Боранқұл ма екен? Ол қартайған шағында ержеткен ұлынан айрылып, қолқанатсыз қалайын, келінім жесір, немерем жетім қалсын деген ойдан аман еді ғой. Жайшылықта тышқан жорғалатпайтын бітеу шекара­ ны аяқ астынан ашып тастап, кетемін дегендердің, кеткісі

келгендердің алды көшіп қашып жатқанда алдын тоспай
өткізіп қоя беріп қойып, айдан ай өткен соң ілесушілерді
қайырып, иіріп алып, шетінен тұтқындап, кісендеп көзірлеп
жатқандарды көріп қорқып кеткен Ханжігіт көз алдыларыңда

қашып шығып еді ғой, сонда соңынан машинамен қуалап,
мылтық атып, есік пен төрдей тас арықтан секіртіп өткізіп,
өлген-тірілгеніне, ұшып түскен баскиіміне де қаратпай,
үркітіп жіберген, шетелге жалаңбас өткізген өздерің емес пе

едіңдер?! Тигізе алмайтындарың бар, мылтық атып нелерің
бар? Ата алмасаң, Боранқұлдың қолына бер көсеуіңді.
Қолына қарап отырған бар ересек ұлы үйін тастап қаңғырып
кетіп қазақ елінде қателесіп қарындасына үйленіп, күнәкәр

неке құрып, ұрпақ сеуіп ақыры буынып өлуіне мұрындық
болған талағың түскір алкүрең атты тас арыққа жеткізбей, қай
жерінен атып, қалай омақаттырып түсірудің өнерін Боранқұл
көрсетер еді сонда.

Жүрек түкпірінде жатқан осы сөздерді бері шығарып
айтпайды ғой Боранқұл. Айтып берсе, қайтетінін қайдам.
Айтпаған соң Боранқұлдың ісі түгел теріс екен деп біліп,
өздерін кісі болғанымыз осы деп қарайтын содыр төңкеріс

оны сабайды. Сабай берсін, қолдары ауырмаса, қамай берсін
бұзау қораларға еңбек етпеген тоғышарларға тегін берілетін
тамақтары ішусіз қалып, асып-төгіліп бара жатса. Басына
берсін, бастарына іс айланбайтын болса. Өз қорасынан қой

жеп қойды деп Айданағын да сабасын, ел бүлдірдің, аздың,
сатылдың деп Сәйдәлісін де сабасын, құрым туырлықтың,
шылым қағаздардың тастандыларынан істелген шошақ
қалпақтарын кидіріп, беттерін күйе жағып, көше айналды­

рып масқараласын, аузын бұзып, тісін түсіріп, қарсылық
көрсеткен «тоңмойын элементтердің» қабырғасын шөмшек,
омыртқасын отын етсін өз сүйкімдері орнағасын құратпай
мәңгілікке сақталып қала беретін болса! Халықтан айрылғысы

келгендер қалағанын істесін! Боранқұлдың жалғыз басы неге
тұрады? Ол қай құқайды көп деген?! Ол көрмесе, өз халқын
итше талап, қасқырша тамақтап, өз жұртымен жұлысқан
үкіметті көрген жоқ. Олардың уағызы. Аузы қимылдаса ай­

Ғаппар БІЛӘЛ
тар «бісмілләсі» – күрес, тап күресі. Ол не деген сөз? Яң Зың
Шиң генерал ұлт пен ұлтты жаныстырып, сол жанжалдың
арасынан жаңқа түсіріп буынын бекіткен еді. Ал, мынау

дегенің ит пен баланың шаруасы ғой. Ағайын-туыстарды бір-
бірімен ырылдастырып, таластырып қойып, шайнаспаңдар,
жөн ғана дыбыс шығарып ырылдасыңдар деген қай сөз?
Ырылдасып алған иттер таласпай тынушы ма еді? Олайша

мәймөңкелеп, байпақшаңданудың орнына қырылысыңдар,
зеңбіректің астынан алып, пулеметпен атқыласыңдар деудің
өзі баяғыда қайырлы емес пе?! Сөзің мен ісің қақ жары­
лып, «унтер офицердің жесірі өзін-өзі жөндеді» дегеннің

кебін келтіріп, өз сөзіңді өзің жоққа шығарып, былғақтамай,
бірбеткейлік көрсетсең, тым құрығанда жалғаншы, алдам­
шы атың шықпайды ғой. Атың шықпаса, жер өрте демекші,
атақ, мансап, мәртебе үшін үкімет басында отырып өтірік

айтқан не сұмдық? Мақсат, мұрат ізгі болмаса мансап жолы –
азғындау мен сатылудың, сатқын болудың жолына айналады.
Жоғарғылар азады, төменгілер сатылады. Азғандар өз күшігін
өзі талайды. Сатылғандар ру, ұлысын, ұлтын, жұртын, ар-

ұятын бір басының бақыр тиынға алғысыз бес күндік жарығы
үшін құрбандыққа шалады. Тәж бен тақ, мансап пен мәртебе
орындығының бұл сияқты түбінен шіри бастаған түрлеріне
Боранқұл түкірмейді де. Ондай тәжден «тазкебінінің» өзі

әлдеқайда сүйкімді. Ондай жұмсақ, солқылдақ орындықтан
гөрі – астынан өткен сыз құймышағына білініп тұратын қарала
сырмағының үсті баяғыда баянды. Құдай жолына да, адам
жолына да сіңімді. Ондай бәсірелі орын өздерімен кетсін!

Оған ендігі керегі – ғұмыры жетсе, қалтасы көтерсе бір мәрте
қажыға бару. Одан кейінгісі – жайлы жерден, шошқа қораға
айналдырылып кетпейтін қағыр таудың қуысынан жамбасы
сиып, еркін жатар көрдің орнын иелеу. Одан соң жер-жерге

бытырап шашылып кеткен балалары бастарын біріктіріп
бір жерге жиналып жүре ме, бет-бетімен кете ме, оны өз
тіршіліктері білсін!
Алла Тағала біраз күндік ғұмыр берсе – көрге барудан

бұрын қажыға барып келудің орайы жоқ емес сияқты. Күндіз-

түні топырлап, аман-сәлемнен қол босатпаған ел арасында
отырып, оңаша сөйлесіп, толық іштесе алмағаны болмаса,
ағайын-туыстың барлығы Балқашты бай екен деп шуласады.
Ауыздарына май, айтқандары келсін! Оның бай екені шын

болса, әкесін қажыға неге апармайды екен?! Апарады.
Исі керейді Алтай өңірінен майлы-жайырға бастап әкеп
қоныстандырған төбе би Мұқы өлер шағында өз сүйегін керей-
найманның шекарасына апарып жерлеуді бұйырған екен ел-

жұртына. Қақаған қаңтардың бел ортасында малы жұтығып
жатқан ағайындардың ішінен елағасының әлгі тілегін ауыр­
лап, ру шекарасына жеткізуді алыссынған біреулер шыққан
секілді. Солар келіп әл үстінде жатқан бидің қасында оты­

рып, қипақтап қиялай бастаса керек. Жағдай айтып жалта­
рып кетуге бейім білдірген көргенсіздердің бетіне Мұқы би
тесірейе қарап жатып: «Мен керейдің тас ошағымын, менің
аруағым қазақтың екі ұлысын әрекеге жібермей, жер дау­

ына шалдықтырмай, берекеге бастайтын белгі болып ше­
карада тұруы керек. Менің басыма сол төңіректен жүріп
өткен исі қазақ, исі мұсылман баласы құран бағыштайтын
болсын! Ат-көліктерің жетпесе, мойындарыңа көтерсеңдер

де сүйегімді сол араға жеткізесіңдер! – деп бұйырған екен.
Баяғыда Боранқұлдың нағашы атасы Бастаубай би де ай­
тып еді осы сөзді. Сол Бастаубай, Мұқы әулиелер айтқандай
Боранқұл да өз балаларының тас ошағы. Қажыға барамын

десе мойындарына көтерсе де жеткізеді. Үрімжіден былғары
зауыдын құрғалы жүрген Балқаш желкесіне көтермей-ақ,
айырпыланға отырғызып алып барады Меккеге. Егер Балқаш
бұл міндетті ауырсынбай қабыл көрсе, үкімет жағы да шетел­

ге шығам дегені үшін Боранқұлға мін тақпайды, жазғырып
күналамайды.Осында қажыға да, Қазақстанға да барып-келіп
ағылып жүрген сарт-сауан алыпсатарлар аз емес қой. Тегінде
ақпатшадан теперіш көріп, Шың Шысайға, Шыңжанға

қашқандығын күнәға жазып жаза бұйыруын қатеге шығарып,
ақтап, ағартып алған үкімет неге мін тақсын?! Ол сыртқа
шығып кеткенде төбесі түсіп кететін мемлекеттің жалғыз
тіреуі Боранқұл деймісің?!

Ғаппар БІЛӘЛ
Қазір Боранқұл мәдениет төңкерісінің бұрын-соңды адам
баласы бастан кешіріп көрмеген аса анайы, аса жиренішті
уақиғаларын ауызға алудан арланады. Ұл өсіріп, қыз өсіріп

отырған аталар мен аналар сол көргенсіздікті еске түсіріп,
бала-шағаның құлағы үйірлестірмегені жөн деп біледі. Одан
гөрі ендігі әулетті әдеп-ибаға, береке-бірлікке, иманжүзді
адамгершілікке, ұятты, ар-намысты қадірлей білуге үйретулері

керек, Құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмаған пенденің
қолынан әр қандай жаманшылық, әрқандай сорақылық келеді
деп түсінеді.
Құдайдың бергеніне шүкіршілік, әзірше Боранқұлдың

алыс-жақыннан келіп жатқан бала-шағалары тәртіпті, өнегелі,
ұятты білетін адам болып жетілген секілденеді. Тегіне
тартқан деген – осы. Балқаш айтады: «Мен Германияда кезде­
се кеткен жерден Отаршы ағамды түрінен таныдым» деп. Бала

күнінде әкесінің түрі-түсін көре қалғандығы ғой, көрмесе
ұқсата да алмас еді. Дүниенің қорлығы – ұқсатып тани алма­
удан шығатын көрінеді. Ханжігіт пен Хамиланың қателесуі
де танымаудың шаруасы. Құдай танымаудан, өз тегін тани

білмеуден сақтасын!
Кеше Хамила келін келгенде ауыл тойлап еді, бүгін
Балқаштың келуін тұтас аудан тойлап жатыр. Мүмкін, ау­
дан болып тойлайсың деп жарлық түсірген кісі жоғарыда,

орталықта отырған шығар, орталықта отырғандар Боранқұлды
қайдан таниды? Оны сырттай таныстырып отырған, таныс
болуға шырғалап отырған Балқаштың байлығы шығар? Құдай
байлығынан айырмасын!

Боранқұл шалқып кеткен тұстарында Балқашты ортаға
алып сөйлеткісі келеді. Бірақ, осында бір жағың қарысқырлар
Боранқұлдың жаңа үйінің қабырғасына сырттан жасырын
тыңдау аспаптары орнатылған екен деп сыбырлайды. Адамды

от алдырып, қопаға түсіретін осындай сұмпайы сұрқиялықтар
қандай жүзқараның ойлап шығарғандары екенін білмейсің.
Білмеген соң, бұл сияқты құлаққа түрпідей тиетін жексұрын
өсектерді естігенде жаны түршігіп, алқымына кептелген

ашудан түтігіп кеткен Боранқұл долдана ақырып, дөдек

қағып қызметінде жүрген тамам елді жапыра қуып салғысы
келеді. Барлық адам құйрығын бұлғақтатып, өтірік көлкектеп
жүрген ғаяр алдамшылар, ізін баққан жасырын жансыздар бо­
лып елестейді. Жайырдағы дара патшалығына тиген жалғыз

қуыстан айрылып, ол арадағы қалай жүріп, қалай тұруын
өзі басқаратын бас еркіндігінен мақұрымдалып, бұлқынса
шығармайтын, жұлқынса жібермейтін бір қыспақ құрсаудың
ішіне қыстырылып, тұрып қалғандай күй кешеді. Осындай бір

қара-құрығы болмаса, бұл үкімет басындағылар аяқ астынан
нағып көшелси қалады? Жақсылық істейін, құрмет көрсетейін
десе, Боранқұлды бұрын көрмей жүрген жоқ емес пе еді, тек
Балқаш келетіндігін ести сала ағынан жарылғансып, дүр беріп

алдынан шығып, молқорси қалуы тегін емес болғаны да. Осы
сияқты ойлармен буырқанып, «сіркесі су көтермей» тарылып
отырғанда ғой, Боранқұлдың тағы бір суық хабарды құлағына
сыбырлай қойған сұмдардың бірін қолындағы бамбук таяқпен

таңқ еткізіп қақбастан періп кеткені. Сол Құдай атқыр сұм
неме айтады: «Бореке, сізге жаным ашыған соң арнайы
ескертіп қояйын деп келіп отырмын, есіңізде болсын, естуге
қарағанда сіздерді сырттай бақылап жүрген кісі бар сияқты.

Бұдан былай балаларыңызбен байқап сөйлесіңіз» деп.
Зәтте болған көңілдің запы қылған өсекке сеніп қалғаны
да шын болатын. Менің ғой, менің керегім жоқ, болары бо­
лып, бояуы сіңген адаммын. Төрімнен көрім жуық. Тек

балаларымның басына тағы бір бұлт айланып жүрмесе екен.
Қуанышты той үстінде отырса да іштей жұтатып, өзегін
кеміріп шыдатпай бара жатқан осы сыбыстардың ұшығын
шығарғанда Балқаш даңғырлап қоя берген.

– Ой, Құдай-ау, әке, оның несіне тарылып, несіне

тарығасыз, мемлекетаралық заңдарға қайшы келетін істермен
шұғылданбаған соң, қорқатын, үрейленетін не бар?! Біздің та­
рихымыз қалай сөйлесек те, қалай сөйлессек те жеке Қытай
еліне ғана емес, көп дүниеге мәлім тарих қой. Біз мұнда за­

лалды іспен емес, әр мемлекетке, әр адамның мүддесіне
пайдалы жұмыспен келіп отырмыз» деп Балқаш көпшілікке
естірте саңқ ете түскенде ғой, Боранқұлдың бар құрысы тарап,
құлазыған көңілі жылынып сала бергені.

Ғаппар БІЛӘЛ
Балқаш дегеніңіз бала болса, Боранқұлға бала. Ал,
басқалардың талайына аға. Талайлардың әкесінен де үлкен,
туған жылынан Боранқұлдың жаңылып қалмағаны шын

болса, Балқаш биылғы 92 жылы тұп-тура 67 жасқа шығады.
Демек, 67 жылда алпыс жеті рет қар басқан шалдардың
бірі. «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі» деп бе­
кер айтылмаған. Әкесі Боранқұл көп жасады дегенмен, одан

Балқаштың көргені де, білгені де көп секілденеді. Балқаштан
айрылғаннан кейінгі Боранқұлдың көргені қуғын, түрме,
Құбының құмы, жайырдың адыры, Тарбағатайдың жотасы
ғана. Соңғы кезде дүниені көруден қалып та қойған. Көрсе –

құлағымен ғана көрген.
Ал, Балқаш алғаш ат жалын тартып мінген жас шағының
өзінде тұтас үнді, араб дүниесін шарлап өтіп, Түркиядан барып
шықты. Салтбас, сабау қамшылы кеткен жігіт жат ел, жат жұртта

байып, дүниенің төрт бұрышын айналып, түгендеп келіп отыр.
Сөзін тыңдап көрсең, үнді халықтарының, араб, парсының тілін
көп-көрім түсінетін, ағылшын, неміс тілдерін жетік білетін кісі
болып шығады. Ара-тұра қытайшалап жіберетінін қайтерсің?!

Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болған деген осы
ғой. Білерін былай қойғанда, бала кезінде түстік Азияны қақ
жара жүріп, бастан кешкен қиындықтарын тыңдап көрсең
зуаның ұшады. Басқасын сөйлетпей-ақ, тибет шекарасынан

индияға өтіп шыққанға дейінгі тартқан азап-михынатының
өзін Алла Тағала адам баласының, тіпті, дұшпаныңның ба­
сына да бермесін! Шиңжаңнан ауып Гәнсу, Чиңхайға барған
жетпіс мың адамның үзіліп-созылып, қырылып-жойылып

жүріп, ұзаққа созылған сапарында жол бойларында тірі
қалып қойғандары қанша екенін Балқаш білмейтін көрінеді.
Оның білері – осынша көп адамның ішінен әрең дегенде үш
мыңдайы ғана Индияға жеткен екен. Шығандап шығып кет­

кен сол ұшқынның бірі – осы Балқаш. Айтысына қарасаң, ол
әкесі Боранқұл мен шешесі Мәликеден айрылып, босқан елдің
артынан қуа жөнелген күні-ақ апатқа түсіпті. Бүгін түнде ғой,
Боранқұлдың асығыс-үсігіс қана бұл әңгімені тыңдап шыққаны.

Бірақ, Балқаш бастан өткерген кешулерін сөйлей бастағанда

Боранқұл тіксініп қалды. Шетелде бейпіл өскен балам заман
ауқымына жақпайтын бірдеңелерді қоқсытып айтып салып
жүрер ме екен деп сескенді. Сескене отырып, өзінің қартайған
сайын қорқақтап бара жатқанын аңғарып, өзін-өзі мысқыл ет­

кен ажуалы күлкімен іштей жымиды. Ұлының күмбірлеген
соқталы жуан даусына құлағын түріп: а, Құдай, сақтай гөр, мал
құлағы саңырау» деп күбірледі. Көпшігі жұмсақ болғанымен,
отырып үйренбеген жалпақ креслоның үстінде белі талып,

шыдатпаған соң сол «арбайған немелерді» шығартып тастап,
сырмақ, көрпені қалың төсеттірген төрге шығып отырғанда оң
бүйірінен жанасалай келіп жайғасқан Балқаш әкесінің құлақ
түбінен өгізқураймен үрлегендей сөйледі-ау келіп:

– Өзіңіз міндірген «жезқұла» өзіміз қызылөзен атанды­

рып кеткен дәрия бойына түсе беріс қапталда құздан ұшып
кетіп, жаяу қалдым. Қарлы боран ойнақ салған, қазанның
түп күйесіндей қараңғы түн ішінде, жол сырын, жер сырын
білмейтін жат өлкеде, құзар шаттың қапталында тентіреп

жалғыз қалған бейбақтың халын көз алдыңызға елестетіп
көріңіз. Қай жерде жар, қай жерде ор, қай жерде ұшпа жала­
ма барын біле алмай, аттан жығылған жерінде төрт тағандап
жатып қалған адам таң ағарып, жол сорабы көрінгенше

қандай күй кешер еді? «Қияметтің қылкөпіріне» бергісіз пәни
дүниенің құз жартасы үстінде қылпылдап отырып таң атыр­
дым. Сүлдемді сүйретіп қызылөзенге түскенше, Ма Буфаң
әскерлерінің жетіоба қырғынынан қашып құтылған Зайып

тәйжінің ауылдары бұл араға қонып аттанып кеткен екен. Ал,
екі шеті қатып, ортасы ағып жатқан тентек өзен жаяу қалған
кісіге өткел берер түрі жоқ. Жел басылғанмен аяздап ашылған
суық күнде шала қатқан өзеннің зәредей суық суынан малтап

өтіп марқадам табар емеспін. Өткел іздеймін деп жүріп одан
үлкен кедергіге тап болдым. Көш соңында адасып қалған қыз
балаға ұшырасып қалдым. Аяқ-қолы ісініп, күп болып ісіп
кетіпті. Шошаң еткен пенденің төбесін көруге зар болып оты­

рып қалған бойжеткен мені көре сала ботадай боздап жылап
қоя берді.
«Бұл қыз әлгі сырттай атастырылған қалыңдығы Кенжегүл

Ғаппар БІЛӘЛ
болып жүрмегей» деп ойлап қалған Боранқұл сұрағысы келіп
оқталып барып тоқтады, сұраудан жасқанды.

– Ағатайым-ай, мені тастап кетпеңізші, қазақ баласы

екенсіз ғой. Жас жаныңыз, бос мойныңыз бар емес пе? – деп
жалынады. Жалынышын жүре тыңдап кете берейін десем
«ағатай, ағажаным менің, босқа қиналамын ғой, мені өлтіріп
кетіңізші, өлтіріп көміп кетуіңізді тілеймін» деп зар қақсайды.

Қимадым, өз тағдырым қыл үстінде тұрса да, қатты қиналып
тұрсам да, көзін жәудіретіп тастап кетуге қимадым. Аса
тегеурінді асау толқын ішінде арпалысып жүріп, неше рет суға
батып кете жаздаған қиналыспен арғы жағаға өткізіп шықтым.

Өткізіп алған соң арқалап алуыма тура келді. Қасат қарларды
бұзып, қызды арқалап, нелер белден асырдым, нелер тіктен
түсірдім. Келесі бір асуға көтерілгенде томпайған топырағын
күшті жел аршып кеткен жаңа бір молаға кезіктім. Моланың

басына шаншылған қазықтың сынығынан «түлкіаяқтың мо­
ласы» деген жазуды оқып, қазақ моласы екендігін білдім.
Өзім болдырып, күн еңкейіп кеткендіктен қазақ аруағын ес
көріп, моланың түбінде түнеп жатқанымда бұрыннан үсікке

шалдыққан қыз жүздіріп өткен судың суығын көтере алмай,
көз жұмып кете берді. Жарым күн болса да жан тартып, ба­
уыр басып қалған қызды жерлеу мүмкіндігін таба алмай,
түлкіаяқтың моласына қатарластырып, қасат қардың асты­

на бетін жасырдым. Содан кейін қаңғырып жүргенімде За­
йып тәйжінің көп жасағына кездесіп, жаным аман қалды.
Өйтпегенде адасып жүріп тірі қалуым қиынға соғар еді.

– Тибет шекарасында жарым-жартысы қолға түсіп, мал-

мүлкінен айрылып, көпшілігі жаяу қашып зорға құтылған
үркінді ел бұл күндері панасыз қалған екен. Жалғыз
туырлығынан айрылғандар бірінің қосына бірі тығылып,
табылған бір қазан, бір бақырды кезектесіп отқа қойып, ыстық

сумен ішектерін жібітеді. Елгезек пысықайлар құтқарып алып
шыққан азғана малды ортақ игіліктеніп, бір тоқтының етін
бір тобы бөлісіп жеп талшық етеді. Ожауы жоқтар қазандағы
сорпаны бір саптаяқпен көсіп алып, кезектесіп ішеді. Бір

сырмақты бірге төсеніп, бір үзікті бірігіп жамылады. Басқа

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР түскенде ешқандай саналы топтың ұйымдастыруынсыз, ешқандай билеушінің әмір-жарлығынсыз-ақ алыс-жақынның бәрі осалай қиылысып, селбесіп кетті. – Осы көште халфе Қақып ұлы деген азаматпен таны­ сып, Елісхан ауылдарына қосылғанға дейін соның қосында болдым. Елісханның тапсыруымен ертеректен тартып Ахмет молладан сабақ алып, араб тілін үйренген халфеге ілесіп, жолжөнекей хат танып, арабша үйренуге кірістім. Қазіргі кезде Құран кәрімді қазақ тіліне аударып, Халифа Алтай атанып жүрген аса құрметті ғұлама ақсақалымыз осы халфенің өзі. – Бұл қарсаңда ауырып-сырқап жүргеніне қарамай, жеті оба қырғынында қоршауда қолға түскен жарым елін құтқаруға қол бастап кеткен Зайып тәйжі жолы болмай қайта оралды. Олар жеті оба түбінде Қалибай, Нұхнәби, Есхожа бастаған бес жүз адамның қырып тасталғанын көріп, мыңнан астам адамды Ма Буфаң әскерлері айдап әкеткенін біледі. Біледі де соңына түседі. Тұтқын қазақтарды жаяу айдап, жүрісі мандымаған әскерді жылдам қуып жеткенімен жау қолынан құтқарып ала алмай көп шайқасады. Атыс кезінде жас жігіт Нұр оққа ұшып, Қабылхожа деген азамат тірідей қолға түсіп кетеді. Қалың мылтықтан оқ боратып, маңына жолатпаған әскерлерді азды-кем шығындатқанымен жеңістік ала алмасы­ на көзі жеткен Зайып тәйжі торығып түңіледі. Еріксіз ұрыстан шегініп, ілгергі елдің қамы үшін қайтып оралады. – Қыс ішінде шұбырған ел қарлы құздардың бірінен асып, бірінен түсіп, ілгерілей берді. Талайлары қарлы боранда үсіп өлді. Ақ қар, көк мұзда ауған кекіліктің аяғын құшып өлді. Талайлары ыс тиіп, күп болып ісіп өлді. Талайы қанды көбік құсып өлді. Талайы мұз жарығына, шыңырау шатқалдарға құлап биіктерден ұшып өлді. Үлкендердің талайы білетін болса керек, кекілік қыста жұтыға бастағанда өсіп-өнген қара шағылдарын тастап ауа жөнеледі. Қай бағытта жер ұйығы барын, қай жерден рыздық табыларын оларға кім аян беріп, кім болжам айтарын, сай-салада үйір-үйірімен бөлек-бөлек жүретін топтарын бір-бірімен кім тілдестіріп, бір орынға кім біріктірерін ешкім де айтып бере алмайды. Ту сыртынан иелік

Ғаппар БІЛӘЛ
ететін бір киелі күш сәуе бермесе, олардың атажауы қаршыға,
сұңқар бағыт сілтемейді.Әйтеуір жүздеп-мыңдап жиналған
бейуаз құстар жағал бастанған сұрғылтым қорым болып жо­

сып бара жатқанын көресің. Кейде қарлы далада шұбырып
өткен шұп-шұбар ізіне жолығасың. Арықтап әлсіреген, қанат
күшіне сеніп алысқа сермеуден қалып қойған, сергелдең тобыр
еңістен ұшып, өрден жаяулап шұбырады да отырады. Қару

қайраты бар алдыңғы топ қар бұзып жол салғанда, әлсіреген
арық-тұрақтары жалғыз аяқтап соңынан ілесіп, шоршып
жылжи береді. Алды жүріп отырады. Арты қарға малтығып,
бұта-бүргенге ілініп, тас қуыстарына қыстырылып қырылып,

ұзын керуен үзіліп қысқара береді. Бірақ, жорық тоқтамайды.
Мүмкін осылай құрбан беру – тұқым-тұқиянын құртып алмау
үшін барша тіршілік иелерінің маңдайына жазылған Алланың
ұйғарымы шығар?! Кекілік керуені үзіліп, созылып жүріп,

өздері арман еткен райысты күнгейге ілінбей тынбайды. Бізде
сол ауған кекілікпен тағдырласпыз. Ұшып-жығылып жүріп қыс
ішінде буы бұрқырап жатқан арасан өңіріне жеткенде тибет
әскерлері алдымыздан шығып қайырып алды. Алдыңғы кет­

кен елдің басшысы Елісхан Накса қаласында тибет үкіметімен
келіссөз өткізіп жатқан сияқты. Сол сөйлесуден нәтиже
шыққанға дейін біздің қозғалуымызға болмайтындығын
ұқтырып, иіріп алған әскербасы түйемізді шөгертті. Жүгімізді

түсіртіп, қосымызды тіктірді. Шошаң етіп атқа мінгендерді
атып тастайтынын айтып, құрал тапсыруға зорлады. Сарлық
қылынан тоқылатын қара шатырларда отыратын тибеттіктер
өмірімен біз Халфе екеуміз сонда таныстық, дүйім жұрттың

көзінше тыр жалаңаш арасанға түсіп жатқандардың қасына
барып, бірер қайырым тіл үйренуге тырысып жақындастық.
Жылқы түлігі кемшіл тибеттіктердің қойды көп өсіретінін,
тумысында түйе көрмегендіктен, шудалары желкілдеген осы

зәулім хайуаннан өлердей қорқатындығын білдік.
Аз уақыттан кейін қызыл оттан қысырай бастадық, тибет
елінің етті шикілі-пісілі жей беретінінің бір себебі сол бол­
са керек, көп жерінен отқа сырып салар бұта-бүрген табыла

бермейді. Ағаш өспейді. Қар астынан теріп жағатын тезек та­

усыла бере, қысыла бастадық. Жетіоба қырғынында баспана­
сынан, киім-кешегінен айрылғандардың қызыл сирақ балалары
тісі-тісіне тимей сақылдап, қалтырап отырып үсікке шалдығып,
бір шетінен шетіней бастады. Сол қарсаңда Қабылқожа ағамыз

аман-есен қайтып оралды. Зайып тәйжінің қолды болған елді
құтқармақ болған қайтарма жорығында жаудың қолына түсіп
кеткен ол шала-пұшық сөйлей білетін қытай тіліне сүйеніп,
ажал аузынан аман құтылып, қайтқан екен. Қасындағы жол­

дасы Нұр оққа ұшқан жерде атына оқ тиіп құлап түскен
Қабылқожа өзіне мылтық кезеп төніп келген топты әскердің ал­
дына тізерлей отыра кетіп, қытай салты бойынша тоңқалаңдап
бас ұрады. «Көш бастап, ел бүлдірген мен емес едім, дініміз

бір қарындас екенсіңдер, дүңген туыс екенсің, кешіре көр, шы­
бын жанымды қия гөр» деп жалбарынады. «Ел бүлдірген, көш
бастаған Елісхан, Зайыптар еді» деп басшыларын жамандап
зар қағады. «Адам тіліне аспандағы бұлт айналады» деп бекер

айтылмаған ғой. Қабылқожаның жылы сөзіне иі жұмсарған
сардар оны аман алып қалады, айдаулы елге қосып, оны тілмаш
етіп пайдаланады. Үстіне су тигізбей» жаңбырдың арасымен
жүгіретін епті жігіт лыпылдап, жылпылдап әскерлердің ішінен

кіріп, сыртынан шығады. Аттарын ерттеп, айылдарын тартып
зыр жүгіреді. Қонған жерде етіктерін тазалап, шұлғауларын
кептіріп, қолдарына су құйып құрақ ұшады. Оның пысықтығын
ұнатып қалған әскердің бірі өзімен бірге көже ішуге шақырады.

Көңілденіп отырған әскердің жылы қабағына емексіп қалған
Қабылқожа ел айдап келе жатқан әскердің санын сұрай
қалады. Бұл сұрауды естігенде қабағы түйіліп, өңі сұрланып
кеткен мұсылманымыз оны айдап, сардардың алдына апа­

рады да, туылған оқиғаны мәлім етеді. Ал, сардар оны екі
сөзге келтірмейді. Табанда атып тастауға бұйрық етеді. Ту
сыртынан кезелген мылтық жауырын ортадан күмп еткізбек.
Тасқараңғыда айдалып келе жатқан Қабылқожа көп шатырдың

шетіне жеткенде «сиіп алайын» деп жалбарына жыламсырап,
шалбарының ышқырынан ұстап, тізесін бүгіп отыра бере атыла
ырғып қараңғыға қойып кетеді. Тарс-тұрс мылтық атылады. Бір
оқ тымағын тесіп, бір оқ иығын жалап өтеді. Бірақ, қырық жыл

Ғаппар БІЛӘЛ
қырғын болса да ажалды өледі. Дәм-тұзы таусылып үлгірмеген
Қабылқожа жан-жағынан ысқырған оқтың арасымен безілдеп
зыта береді. Барған сайын мылтық үні, ұлар-шу айғай алыстай

береді. Ұзаңқырап шығып алған соң беталысын ел кеткен тауға
түзейді. Безіп келе жатып қарлы беткейде қараңдаған бір денені
көреді. Жылқы екен деп ойлаған ол міне жөнелмек ниетпен жетіп
келгенде әлгі дене «пычт» деген дауыс шығарып үрке қашады.

Аюға кезіккенін енді білген Қабылқожа үріккен аюдан өзі де
үркеді. Үркіп келе жатып қарлы теріскейден тайып кетеді де,
тік қабырғадан сырғанап аға жөнеледі. Ағып барып былқ еткен
тағы бір жұмсақ нәрсенің үстіне құлап түседі. Тағы да жатқан

аюдың үстіне құладым-ау дейтін қауіппен жандәрмен қарғып
тұрып қаша берейін дегенде, былқылдақ зат аю емес, қашқан
елден қалып қойған қазақ текеметі екенін біліп қайта тоқтайды.
Дүрсілдеп соққан жүректің ентігін басып, дем алып отырады

да терін кептіреді. Мызғып көзшырымын алады. Қалтасындағы
жалғыз қорап сіріңкеден өзге қаруы жоқ ол ертесінде орнынан
тұрып биікке шығады. Алыстан қарауылдап соңына түскен
қуғыншы жоғын білген соң тіршілік қамына кіріседі. Ары-

бері ойланып көріп, әлденеше күннің алдында өзі аттан құлап
қолды болған жерде оққа ұшқан Нұрдың қонышында пышағы
барын еске алады. Сол пышақпен қаруланбақ болып жолға
түседі. Тентіреп жүріп қанды майданға жеткенде тұла бойымен

мұзға айналып, сіресіп қатып қалған Нұрдың мүрдесін киімінен
ғана шырамытады. Етік қонышынан пышақты шығара алмай
көп әуреленеді. Аяулы жерлесінің пышағын алған соң басын
оңғарып, бетін қыбылаға қаратып, қасат қарға жерлейді де,

тамақ іздеп кете береді. Жетіобадағы қалың өлікке де жетеді.
Ол тамақты енді аруақтар әулетінен дәметпек. Әрине, айқасып
жатқан көп аруақтың барлығы бірдей оның қалағанын тауып
бере алмаса да, меселін жықпай ішінаралары жарылқайды.

Мұз дөңбекке айналған мүрделердің арасынан тіске сыздық та­
былады. Табылған етті талшық ету үшін пісіріп алмақ болған
Қабылқожа шашылған уық, сағанақтарды жинап от жағады.
Қарақорым өліктер дүниесінің ортасында тірлік нышанын

білдіріп, жалғыз түтін көтеріледі. Ақ кебінге оранған жота-

жон, жалама-жартастар да өлік әспетті. Ыңылдап ән салған
жел сарынынан басқа шың еткен дыбыс жоқ. Жемтікті жерде
батақұрға жиналатын қарға-құзғынның да аяғы тиылған. Балта­
лап кесіп бермесең, тіс батпайтын өліктерден нәпәқа түспеген

соң, көз ұяларын ойып түсерге тұмсығы батпай, олар да түңіліп
торығып кеткен сияқты. Сол сұсты аруақтар әлемінде сопа
басы шошайып от жағып отырған Қабылқожаға:

– Атамын, көтер қолыңды, – деген дыбыс көкжелкесінен

естіледі. Қырат үстінде мылтық кезеніп тұрған атты адам­
ды көріп, орнынан секіріп кеткен Қабылқожаны жаугершілік
жайлаған ажалды ортада жалғыз ауыз қазақ сөзі тоқтатып
қалады. Бейтаныс адаммен қолма-қол табыстырады.

– Атпа! Өз адамыңмын.

Қанды майдан, қалың аруақтар арасында ұшыраса кет­
кен екі бейтаныс сағынып табысқан байырғы сырластардай
жылап көріседі. Қазақ екендігі аңғарылысымен қарама-қарсы
жүгірісіп, құшақтаса кетеді. Мылтық асынып, атты жайдақ

мініп жүрген бұл бейтаныс Қатыран деген азамат болып
шығады. Қой аузынан шөп алмайтын момын, әрі тәжірибесіз
жас жігіт дүрбелеңді күндердің бірінде көш сарынынан адасып
қалып, барар бағдарынан жаңылып, қаңғырып жүрген кезінде

осы арадағы қалың өлікке тап болыпты. Астындағы тобышағы
арықтап болдырған соң жүгін жеңілдетпек болып ертоқымын
алып тастапты. Сонда да алыс сапарға жарамайтын болғасын
аруаққа айналған туыстарының өлі денелерін ес көріп, осы

маңайды төңіректей береді екен. Көзіне жас алып, өксіп отырып
осы жағдайларды баяндап шыққан Қатыранды Қабылқожа аяп
кетеді. Оның астындағы мәстекпен қызылөзен суынан кешіп
өте алмасын да, елге жете алмасын да дұрыс межелеп, арық

атты сол орында қадырады да, бес тал оғы қалған жалғыз беса­
тарды мойындарына асып, өзі қашып құтылған айдаудағы елдің
соңынан кетеді. Екі жігіт күнді түнге жалғап жортып жүріп, көп
күндерден кейін айдаулы елге, айдаушы қалың әскерге таяп

келеді. Таяған сайын Қатыран қалтырай түседі. «Мен бармай­
мын, қорқамын, атып тастайды, ұстап алады» деп зәрезеп бола­
ды. Оны итпегіне әзер көндірген Қабылқожа кеш бата ерулеп

Ғаппар БІЛӘЛ
жатқан қосынның сыртынан төніп келеді. Тартыншақтай берген
Қатыранды оңаша қалдырып, қосынға таянады. Қараңғы жа­
станып жабыттай келіп, ауаша тігілген екі шатырдың атшылар

екенін шамалайды. Жемделіп, шөптеліп жатқан желі арқанға
тізулі көп аттың арасына да жетеді. Арқасы бүтін, қабырғасы
жабығынан екі атты таңдап білдірмей алып шығудың ебін таба­
ды. Олжа аттардың шылбырларын Қатыранға ұстатып қойып,

тағы ат әкелмекші болғанда екеу ара береке бұзылады.

– Мен кетемін, ағатай, кешіріңіз, енді сізге қарайлай ал­

маймын. Қолға түсер күйім жоқ, мен үшін болса да жүріңіз,
кетелік, өліп қаламыз жүріңіз, екі ат екеумізге жетеді, – деп
Қатыран қалтырай түседі.
Сөйтіп, екі атты қанағат етуге тоқтаған Қабылқожа

Қатыран бауырын қасына ертіп, арасан басында отырған Зайып
ауылдарына жетіп үлгіреді.
Асыға сөйлесе де шешіле сөйлеген Балқаш осы араға жет­
кенде тынышы кеткен «терісбақай» «көкшешектердің» бірі шай

құямыз, дастарқан жаямыз деп кимелей келіп тыңдаушылардың
шырқын бұзып жібергені үшін Боранқұл қатты ренжіді. «Іштерін
жылан жайлаған, ашпа-жалап сұмдар-ай, ішкендерің жаңа
ғана емес пе еді» деп сала жаздап, жалаңдаған қулардан тамақ

аяғандай көрініп қалар қауіпті ескеріп, аузын тез тартып алды.
Ашуланбай қайтсін?! Ол асығады. Жасы жетпіске таяп, ше­
телден байып келген шал баласы Балқаштың әңгімесін тыңдап
қалуға асығады. Әке-баланың сыншысы. Қанша елді, қанша

жұртты аралап, көп жортты, көп білді дегенмен Балқаштың да
баспаған тауы, дәрет сындырмаған төбесі жоқ деймісің?! Бар
екені шын болса, халықарада жүретін жөлер жылпостар оны
алдап соғып отырғызып кетуі де мүмкін ғой. Байыған бардам

адам көбіне асқақтау, аңғырттау болады. Асқақтаған адам­
ды мөнтекейсіген бақайқулықтың байқатпай отырып аяқтан
қағып түсіруі де оңайға тоқтайды. Сондықтан, оның білмейтін
жерлерін ескертіп қою теріс емес қой. Тегінде нағашы ағасы

Молдаш қалжыңдағысы келгенде «әй, Боранқұл-ай, бойың тым
ұзын ғой, аяғыңнан өрлеген ақыл басыңа жетіп болғанша талай
рет жаңылып, талай рет адасып кетіп әуре-сарсаңға түсіп жүрер

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР ме екен» деп қалжыңдайтын. Балқаштың бойы Боранқұлдан да ұзын болғанда оның адасып жүретін ақылдары да жоқ емес шығар? Боранқұл ғасырға таяған жасының шиыршықталған қағаздай соңы тез жиыстырылып бара жатқан шағында балаларының сондай бір жетіспестігіне ес қата алса, атының бәйгеден келгені ғой. Сол мүдде үшін асығып отырғанда, тым алыстан келіп, ұзақ уақыттан бері зорға табысқан әке мен балаға оңашалық бермей үймелеп, қайта-қайта шайға шырғалап, маза­ ны алушыларға шам көрсетуін Боранқұл орынды деп білген еді. Осы нысайын қабағынан тани қойған қүтушілердің бірі араға салып отырған болуы керек, Бекболат әкім келіп: – Ақсақал, сізден рұқсат сұрайық деп отырмыз, алыстан келген силы қонақтың құрметіне жігіттердің бірдеңе құйғысы келеді. Өзіңіз де білесіз, қазіргінің дастарқан салты мұнсыз болмайды ғой, бұған қалай қарайсыз, – деп құлағына сыбыр­ лай қойған еді, өзі шамданып отырған Боранқұл шарт кете жаздап, әкімнің басының үстінен шадырая қарады. Көрмесе де тұспалмен қарады. – Арақ қой айта алмай отырғандарың? – Я, солай ғой, енді, ақсақал, өзіңізге де белгілі... Кенет бір ой сап ете түскен Боранқұл орнынан қозғалып кетті. «Мен бұларға рұқсат бермегеніммен сол Балқаштың өзі дәметіп отырған болса не шара» деген түйткіл оның бетін қайтарып, өңін жылындырып жіберген еді. – Мен дәретке шығайын! – Соныңыз жөн, басқа үйлер де көп қой, шаршап қаласыз, оңаша отырып дем алсаңыз да болады. Мына кісіні ертіп шығарыңдар! – деген сияқтыларды Бекболат құлаққағыс етіп, Боранқұл жастардың жетегінде есіктен шығып кеткенше тәлімси берді. Тәлімсіген сайын Бекболатты жеккөре түскен Боранқұлды есіктен жетелеп шыққан жігіттің қолын босатып, қолтығынан демеген Қуаныш алақандай залсымақ тар қуыстың ішінде екі-ақ рет аттатып әкелді де, дәретхана деп аталатын ұяшыққа кіргізді. Онысының табалдырығы биіктеу сықылды, етігінің тұмсығын қағып кеткенде жығыла жаздап, босағаға сүйеніп түзелген еді. Көз көрмеген соң тағы қай қалқаймасын

Ғаппар БІЛӘЛ қағып, қай шұқырын басып кетемін деп кібіртіктей берген аяғын Қуаныш қолымен ұстап алып, арналуы орындарға басты­ рып әкеліп, суағар құбырдың үстіне бекітіп тасталған шыны астаушаның үстіне туралап тұрғызғанға дейін талай уақыт кетті. – Ал енді, табаныңызды жылжытпай отырып дәреттеніңіз де, болған соң дыбыс берсеңіз мен келіп алып кетемін, – деп, Қуаныш есікті жауып шығып кетті. Оның ышқырын босатып отыра беруі мұң екен, шыны астауша шы­ рылдап, шорылдап, қорылдап-қорқылдап қоя берді де, қуығы орталай бергенде несептің қалдығын жібермей тиып ала қойды. Енді қайту керек? Жіберейін десе әлгі сүркейі дыбыстар тағы дүркіреп қоя беріп, есік сыртында қайшалысып жүрген үлкен-кішінің, жас-кәрінің құлақ түбінен дүбір салмақ. Одан өткен масқарасы - қарсыдағы есіктің арғы жағында талеңкетабақтары шылдырап, ожаушалары тақылдап, тамақ қуырған бақырдың шарылдаған даусы құлақ тұндырады. Біз өкшелердің тақыры, ұлтан табандылардың тарсылы өріп жүр. Біреулердің күңгірі, біреулердің күбірі естіледі. Ағаш басынан үркіп ұшқан топ торғайдай бытырлаған күлкі даусы дарылдайды. Мұнымен қалай жан бағуға болады? Дәретхана емес, тамұқ қой мынасы. Қалың киіммен кіріп, ыңғайсыз отырған Боранқұл пысынап терлеп кетті. Өз тізгінің өз қолыңда келе жатып, аттан түсе қалып, белдемеден құлдайғы жерді жалаңаштап түріп тастап, тершіген дүміңді аңырап ескен желге қақтырып, іш босататын еркін дүниені сағынды. Мұнша мүдуарлыққа ол қалай тап бол­ ды. Шыны астауша емес, алтын тегешке дәреттенсе де азап қой мынасы. Боранқұл қысылып-қымтырылып жүріп ауыз үйге шыққанда қолтығынан жетелеп келе жатқан Қуаныш: «бұрынғы орныңызға барып отырыңыз. Балқаш аға арақ құйғызбай қойды», деген жақсы хабар жеткізген еді, Борекең қуанып кетіп Балқаш туралы мақтанышты сезімге бөленді. Бір аудан­ ды аузына қаратып отырған Бекболаттың бетін қайтарып, арақ ішкізбей қойғанын мақтаныш етті. «Балам таза екен, Балқашым ақылды екен, біздің кей ұлықтарда ми жоқ, өздері бастап ішеді.

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР Өздері бастап ішкізеді. Сол үйретіндіні көріп отырған жастар қайтып оңады, оңбастай болып бұзылады. Тартқандары бопы­ рас, ішкендері арақ болған соң Құдайдан қорықпайды, адам­ нан ұялмайды. Осы екеуі қолдан кеткен соң барша сұмдық, барша жамандық қолдан келеді. Қарап отырсаң, күндіз бар да түнде жоқ. Түнде болса күндіз жоқ сырғанақ қуларға айнала­ ды. Малға жұмсайын десең малға жоқ, отынға жұмсайын десең оған да жоқ, көп жоқтың түбіне жете алмай таусылып отырып сұрайсың: – Қайда кеттің, қарағым? – Ешқайда. – Не бітірдің? – Ойнап. Барлығының беретін жауабы біреу ғана, ойнайтындары рас ойның осылғырлардың. Осылып та жүр. Сырттарынан естіп отырасың: – Ойбай, әлгі қулар ішіп жатыр екен, – деп шешесі келеді жалбырап. Тақымдарының арасына құмыра қазық қағылып кеткен соң талықпай, жалықпай отырып кешке дейін ішетіндері рас. Соның артынан жеңгелері жетеді етегіне сүрініп: – Ойбай, төбелесіп жатыр екен, – деп. Сонан кейін-ақ хабар дегенің қарша борайды. «Ойбай, пышақ салып кетіпті, жаралап кетіпті, ойбай-ау, енді не бетімді айтайын, өлтіріп кетіпті». Көп кеттінің барлығын естіп отырасың. Өзегіңнен өртеніп өксіп отырасың. Соңынан тағы бір сортты хабарлар дүңкілдеп қоя береді. «Әлгі сұмдар сотталып жатыр екен, мерзімді қамақ жазасына кесіліпті, мерзімсізге кетіпті, өлім жазасына кесіліпті, атылып кетіпті». Көп кеттінің соңы осы бір «кеттімен» аяқтасады. Осыларды көріп-біле жүріп, қабырғасы қайыспай ішіп отыратын, ішкенде де ауданның толысын төгіп, ортасын шайқап отырып ішетін, сабаз ұлықтардың миының жоқ екені рас. Жастарды кәсіп тауып беріп орналастырмаса, біреудің отын жағып, біреудің суын құйып беретін бір өнердің шетін ұстатпаса, үйретпесе, бассыз-баусыз жіберсе, бала­ ларын орналастыруды өтінген шал-кемпір, қатын-қалашты

Ғаппар БІЛӘЛ босағасында телмеңдетіп, соңынан салпақтатып, жайы келсе мазақ етіп, жайы келмесе «қарағымды» мінгізіп, «шырағымды» жетелетіп, алдап-сулап шығарып салып отыра берсе, деніқарны сау жастар екі қолы бірдей саудырап жұмыссыз қалған соң ерікпей қайтеді?! Еріккен соң ішпей қайтеді?! Ішкен соң бұзылмай қайтеді?! Боранқұл сан-саққа жүгірген қиялдары аяқталараяқталмаста байырғы орнына келіп отыра қалды. Әке аңысын бағып отырған Балқаш басқалардың әй-шайына қараған жоқ, үзілген әңгімесін жалғап жүре берді. Даусы гитараның үстіңгі ішегіндей гүмбірледі. – Қайта оралған Қабылқожа мен Қатыраннан сіздерді көп сұрастырдым, бірақ, олар көрмеген де білмеген болып шыққан соң, сіздерден күдер үзе бастадым. Өлдіге жоруға да, жау қолына түсіп кетті деп ойлауға да болар еді. Өзім іздеп шығуға Зайып тәйжі рұқсат етпеді. Бұл қарсаңда тибет әскерлерінің қолына түскен яғни қоршауында қалған елдің күйі де төмендеп кетті. Аяз кернеген сары жонда жалаңаш-жалпы қостарда тіршілік ету мүмкіндігі азайып, ауруға шалдыққандар молайып, өлім-жітім жиілей түсті. Азын-аулақ малға да жұт араласты. Жұт жеті ағайынды болатыны рас екен, қыс апаты­ на жергілікті ұрылардың суық қолы келіп араласты. «Бұтартар ат-көлікті бұтарлап, кеміктеп тауысуға айналды. Қазақ азаматтарының қарсылық көрсетпегеніне әспенсіп, басынып алған содыр-сотанақтар жиналып, құралданып келіп қоралы қойларды көрнеу айдап қашатын әрекетке басты. Бұл қорлыққа ел-жұрт шыдамайтын бастанған соң, ауырып әл үстінде жатқан Зайып тәйжі бітімгерлік жұмыспен Наксада жүрген Елісханмен араға кісілер жүргізіп келісті де, бұзылыс жасауға бұйрық түсірді. – Жылқы баласы сахараның сәні ғой, тау елінің қанаты да сол. Баркөлден ауа көшкенде жер қайыстырып бос айдалатын қалың жылқыны бомба құртты. Гансу үкіметі сыпырды, одан қалғанын оққа бердік, жұтқа бердік, жұртта қалдырдық, ұрыға үлестірдік. Мінтей-мінтей жүріп жүген ұстауға шақ қалған елдің түйе малы түгелдеу еді. Түйе көрмеген тибет ұрылары

аю-жолбарыстан қорыққандай, түйе маңына жолай алмаған-
ды. Бар ауыртпалықты осы аруаналардың қос өркешіне артқан
қалың қауым дүрк көтеріліп бір ымыртта жолға шықты. Түйе
жетпегендер жаяу шұбырып, қөш дейтін көш болу санаты­

нан айрылған шұбырынды ел азаматтары тақымдарына тиген
бір-бір шолақ керігінің күшімен алды-артынан қуа жеткен,
тосып жатқан әскерлермен атысып, көшке жолатпай арпалы­
сты. Тозған сайын берекелесе түскен халық бірін-бірі арқалап,

бірін-бірі қолтығынан демеп, біріне-бірі сүйеніп ілгерлей
берді. Аштан, аурудан өлді. Қарлы борандарда қарға басты­
рылып өлді, оқтан өлді, талайлар қолды болып кетті. Буыны
азайып, әлі кеткен жаяулардың талайы көшке ере алмай қалып

қоюға айналған тұста шабуылдап келген атты әскердің қалың
қолын қапысын тапқан қазақ мергендері жайратып салды да
көп ат, көп сарлық, көп мылтық, оқ-дәрі қолға түсірді. Жая­
улар көліктеніп, көліктілер ержеңдеп желпініп кетті. Жүрісті

жеделдетіп, аз күнде Елісхан ауылдарын қуып жеттік.
Елісханның
тибет
үкіметімен

берекелеспек
болған
әрекетінен еш нәтиже шықпапты. Қолымен от көсегіш, көріңде
өкіргір қытай ышпиондары лақап таратып, «бұл ауғын қазақтар

адам етін жейді, шетінен ұры, тонаушы, қарақшы» деген
өсектермен өштестіріп қойған Накса мансаптыларын иліктіре
алмай торығып оралған Елісхан ширығып алды. Барлық аза­
мат күшін жұмылдырып қайта жасақтады. Алдыдан, арттан,

қос бүйірден жасалатын шабуылға қарсы бөліп орналастыр­
ды. Жаяуларға көлік бергізді. Ауру-сырқау, кәрі-құртаңдарға
қарайласатын адамдар тағайындады. Күндіз-түні қартаға қарап,
жол бастап келе жатқан жалдамалы тибет тұрғындарының

көрсеткен бағытының қате-дұрысын айырып, көшті суыт
жүргізіп кетті. Мен көшпен бірге жүретін қорғаушылар тобына
өз тілегіммен қосылып, Биғалидың бала-шағаларын амандап
алып жүруге міндеттендім. Биекеңнің ауру әйелін орап-шымқап

түйеге шығарып, шиеттей үш баласының екеуін анасының
қолтығына бөлеп, біреуін өз қойныма тығып, түйесін жетелеп,
қонған жерде жүгін түсіріп, қосын тігіп, отын жағып жүріп, бір
үйлі жанды үнді шекарасынан аман өткіздім. Шешелері өлген

сол балалар мені әліге дейін сыйлап, құрметтеп жүреді.

Ғаппар БІЛӘЛ Елісхан, Зайып ауылдары қосылып, күштері нығайып алғанымен жол бойы шабуылдар толастамады. Кейде арт­ тан, кейде қарсы маңдайдан соқтығып, адамды, ат-көлікті шығындата берді. Өлім-жітім жауласқан екі жақтың да сыбағасы. Қазақ мергендерінің оларға салған шығыны да аз болмады. Талай шабуылды тойтарды. Талай топты шашауын шығармай қырып кетіп отырды. – Бір күні тибет әскерлерімен атысып жатқанда За­ йып тәйжі аурудан дүние салды. Қанша қан кешіп, өрт жа­ мылып жүрсек те елге басшылық етіп, еңбегі сіңген қарияны арулап жерлемей кету абыройсыздық болар еді. Жаугершілік жағдайда тоң жерді қазып қабыр дайындау да қол байлау шаруа ғой, бірақ, жүрек жұтқан ерлердің бір тобы дұшпанды оқпен тойтарып бөгеп тұрды да, қалғандары ақсақалды аса мұқияттап жерлеп шықты. – Осылайша қыс бойы шұбырған ел келесі жаздың ор­ тасында Гималайдан басталып шығысқа аққан, суы аса терең, аса тебінді, көкпеңбек болып көрінетін үлкен өзеннің бойы­ на жетті. Шөбінің шүйгіндігіне, суының молдығына, жерінің иендігіне қызыққан ел тынығып, ат-көлігін, мал түлігін отта­ тып алу үшін ерулеп отырып қалды да, бейбіт жағдайға бой­ лары босаңси қалған тұста тұтқиыл шабуыл басталды. Алай­ да, арқасы күнге жылып, ұйқысы қанып сергіп алған азамат­ тар шабуылшыларды қоршап алып жойып жіберді. Көп ат олжаға түсті. Осы аттармен түгелге жуық көліктеніп алдық та, неше рет жасалған шабуылдың барлығына төтеп беріп, Кәңіри өлкесіне жеттік. Кәңіри тибеттіктердің үлкен әскери күші орналасқан қамалы екен. Төніп келе жатқан босқындар қатерінен алдан хабарланып, даярланып тұрған секілді, қиянкескі соғыста ат ойнатып шыққан қазақтар жағы басым түсіп, бекіністерін алып жібердік. Тұрғын халқы кілең қара қой өсіретін родек өлкесінен өтіп үндістан шекарасы шушил деген жерге келгенде Лыхасадан жіберілген қалың әскер қуып жетті. Шөбі қалың өскен жыңғылды ойпаңда тынығып жатқан аза­ маттар тағы бір қатерлі сынға кездесті. Екі тәулікке созылған сұрапыл шайқаста екі жақ та көп шығындалды. Ақырында

қазақ мергеншілігіне шыдам көрсете алмаған қуғыншылар
ықсырап тайып тұрды. Қуғыншылардың беті тойтарылған соң
үндістан шекарасында елді ерулетіп тастаған Елісхан топты
адамды елшілікке жұмсады. Шекара түбіне барған елшілер

адам көрінбеген соң аттарынан түсіп, шай қайнатпақ болып
жатқанда үндістан шекарашыларының сұрапыл шабуылына тап
болады. Елші екенін білмеген үнділер тұс-тұстан оқ жаудырып
жеті адамды өлтіреді. Смағұл деген кісіні қолға түсіріп әкетеді.

Олар Смағұлдың қойны-қонышын тінткенде қалтасынан
шыққан арап жазулы қағазды көріп мұсылман екендігін білсе
керек, тілмаш алдырып, шала-шарпы тіл айқастырады. Арып-
шаршап, қырылып-жойылып жүріп үндістан елін іздеп келе

жатқан қашқын, босқын ел түркі заты, мұсылман екендігін,
өш-қасы жоқ, бейуаздығын айтып Сымекең зарлайды ғой.
Шүйіркелестік содан басталады. Елшілер кездесіп, барша
босқын құрал тапсырып, үнді әскерлеріне бағыныс білдірді.

Қаралтқым жүзді, сопақ бетті, шүңірек көзді адамдарды мен
сонда көрдім. Үнділер арасындағы ұзын шаш қойып, сақал
жібергендерді де, сары шашақты сәлде орағандарды да сонда
ұшыраттым. Көп әскер қақ жарылып тұрып, босқын халықты

санап өткізіп алды. Үш мың отыз тоғыз жан тұңғыш рет өз та­
бандарымен үнді топырағын басты. Бірақ, үнді жерінде қандай
тағдыр күтіп тұрғаны бізге мағұлымсыз еді.
Биғалидың бала-шағаларын алды-артыма мінгестіріп,

әскерлердің айдауында елмен бірге шұбырып солтүстік
үндістанның Кәшімір өлкесіндегі Ладақ аймағының орталығына
келген соң, жаппай тізімделуден өттік. Бір қойды бір тоқашқа
айырбастап, бір жылдан бері нан көрмей, астық тағамына

зар болған балаларды нанға тойғыздым. Ладақ аймағының
орталығы лақыдан аттанған ел үш бөлекке бөлініп, сегіз күн
дегенде кәргілге жеткізілді. Келесі сапарда әлемнің асқары
Гималайдың иығы көк тіреген Зүлжила асуынан асып түсуі ке­

рек еді. Ақша бұлтты белбеу етіп беліне буынған Зүлжиланың
аспанға шаншыла шапшыған көкжаңқа құзары тұтас денесімен
жарым аспанды жауып алған алып шымылдықтай керіліп
алдымызға тартылды. Тас бетінен шауып салған жалғызаяқ

Ғаппар БІЛӘЛ
жол бар екен. Тайып кетсең жығылып түспейсің, құз басынан
төмендегі көз ұшында жатқан суқұрдым шыңырауға қарай
құс болып ұшасың. Шұңғыма сайдың түбіне қараудан басың

айналады. Мініп жүруге болмаған соң ат-көлігін жаяулап
жетелегендердің алды асудың үстіне шыққанда, сай тағанынан
қарағандарға аспандағы бұлттың арғы жағында жүрген ұсақ
перілер болып көрінер еді. Аттап басқан сайын Аллаға жал­

барынып, мимырттап жылжыған ел жығылып-сүрініп талай
құрбандықтар бере жүріп, қиямет махшардың фәни жалғандағы
осы өткелінен де өтіп шықты. Зүлжиладан асқаннан кейін де
талай тар жол, тайғақ кешулерден, нелер өткелектерден өтіп

Мұзафар қалашығына қоныстандырылдық. Құзар шатқалдың
ішіне орналасқан қалашықтың қасындағы бір жағы жалама,
бір жағы арқыраған өзенмен қоршалған алақандай түбекке
иіріп қондырылдық. Жаңбырлы маусымда шелектеп құйған

жаңбырға шатыр мен қос пана болмады да, бір түрлі дерт келіп
араласқан ел шығындала бастады. Қысылып қиналған халықты
бұл апаттан амандап алып шығу Елісхан үшін оңайға түскен
жоқ. Ол Мұхаммед Абулах деген аса қайырымды мұсылман

тауып, араб тілінде жазылған арызнаманы ағылшын билеушіге
жолдады. Ақырында ағылшын ұлықпен ауыз-екі сөйлесіп,
Кәшімірден Панжап өлкесіне ауысуға рұқсат алды да, елді
әскери машиналармен көшіріп, Панжаптың Мансехра қаласына

жеткізді. Сол арада мұсылман қауымының ыстық ықыласты
қарсы алуына ие болдық. Осыдан тартып көшпенді босқындар
кәсіп қуып Тернауаға, Бопалға таралып, күн көрістің қамына
кірісіп кетті. Бопалда «қазақ орталығы» құрылды.

Жұрттың тұрмыс күйі түзеле бастаған тұста ел ағасы
Елісхан мен Ахмет молла қайтыс болды. Ел иесінің қазасы
қаншалықты қатты соққы болып тигенімен тірі адамның
тіршілік істеуіне тура келеді екен, кәсіп қуғандар үндістанның

жер-жеріне таралып, Делиге, Лахорға, Ахыметабат, Кәнпорға

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР дейін көшіп барды. Бірнеше жылдан кейін Үндістан жерінде Пәкистанның ұлт азаттық соғысы басталды. Кәпір-мұсылманға жарылған сол соғыста да нешелеген қазақ азаматы шаһит бол­ ды. – 1947 жылы тамызда Пәкістан тәуелсіздік жариялағанда қазақтар мұсылман салауатымен Үндістаннан заңды жолмен көшіп, Пәкістан қарастылығына өтті. Ақыр соңында түрік жа­ зушысы Мехмед Ирфанның көмегі арқылы Түркия елшілігіне арыз жолдадық та, сол арыз бекітілгеннен кейін 1953 жылы Түркияға жол тарттық. Бомбейден Басыраға баратын кеме­ ге Карашиден отырып, маскәт, квеит, бахрейін қатарлы араб елдерін кесіп өтіп, теңіз жолы арқылы Басыраға жеттік. Басы­ радан пойызбен Бағдатқа келген соң, арнаулы Түркия вагоны­ на отырып, Урфа, Халеб, Адана жолымен кіші Азияға, аңсаған жағаға жетіп тоқтадық. Зор дауыспен кеуілдеп сөйлеген Балқаштың дауысы әңгіме тұмсығын осы жағалауға әкеп тіреген кезде, арқасына биіктетіп қойылған құсжастықта шынтақтап жатқан Боранқұл басын көтеріп алды. Жәших намазын өтеп алуының керектігі есіне түсіп, орнынан қозғалып барып қайта тоқтады. Ол дүниені кезіп ұзақ жортқан сақалды сәбиінің әңгімесіне қанбаған еді. Бірақ, Балқаштың ел іші дабырайтып жүрген байлығы қанша көп болса да, керей, найманның ғана кетігін толтырып отырғандай емес, дүние тізгінін қолында ұстап отырған кісідей дүрілдеңкіреп сөйлейтінін жақтырмады. Герман жерінде жа­ сап жатқан тұңғышы Отаршы сияқтанған шешендігі де жоқ, қаудырлаған бөспелеу адам болған ба екен деп қиялдады. Сол қырынан тағы бір байқап, сынап көрмек ниетпен сөз шығаруға ыңғайланғанда Балқаштың өзі бір алабөтен сұраудың шетін қылтитты: – Әке, сіз Көжек деген адамды білесіз бе? – Жоқ, білмеймін. Ондай адамның атын естімеген екем.

Ғаппар БІЛӘЛ – Баркөлден Гансуға беттеген екінші көштің үстінде, атыс кезінде туған бір балаға сондай есім қойғаныңыз есіңізде жоқ па? Тым қиырдан бұлыңғырлап елестейтін сол бір замандық кешулерге ой сабылтып, сауысқан құйрықтанған ұзын бурыл сақалын буыны қисайған шадыр саусақтарымен тұтамдап, ұзақ отырып қалған Борекең кенет қабағын көтерді. – Ау, я, солай екен, таптым. Мұңғолия шекарасын­дағы темірқада адырында болса керек, солай, солай екен, сол бала әлі бар ма? – Барыңыз не, қазір жә деген шал болды. Шешесі көзінің тірісінде сіздің атыңызды аузынан тастамай айтып оты­ рушы еді. – Шешесі өлген болды ғой. Иманы сәләмәт болсын жарықтықтың. – Сол кісі осы Көжегіне босанарында кескілескен ұрыс жүріп жатыпты. Қарша бораған оқтың астында туған баласын да, анасы мен әжесін де сіз амандап алып шыққан көрінесіз. – Шешесі шағыр көзді сары әйел ме еді? – Тура айтасыз, әке, есте сақтау қуатыңыз әлі жақсы екен. Шешесі марқұм сіз айтқандай шағыр көзді кісі еді. Шешесінің тап­ сыруымен маған бауыр болып кеткен сол Көжегіңіз сізге сәлем айтты. Шешесі өлер алдындағы өсиетінде сіздің жақсылығыңызды өтеуін Көжекке міндеттеп кеткен екен. Көжек балаңыз сізге көпкөп сәлемдеме жібермек болған еді, мен бұл араға төте келмейтін болғандығым үшін ауыр жүктерін қалдырып, бір алтын сағатын ғана естелік ретінде алып келдім. Сол сағаты мынау еді. Балқаш костюмының қалтасынан алып шыққан қойын сағатты алтын шынжырын төгілдіріп әкеліп құрысқан алақанына салғанда Боранқұл қолына тиген суық затты ша­ дыр саусақтарымен сипалап көріп, «итке темір не керек, екі

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР көзім көрмесе сағат менің қай теңім» деп ұзақ ойланып отырып қалды. Я, бұл Темірқада деп аталатын адырмақтың арасын­ да туылған уақиға еді. Аспан шайдай ашық болатын. Илеу­ ге тартқан жол сорабы үстінде құмырысқадай құжынап өрген қалың көш осы адырға кіргенде Мұңғолияның түйелі әскерге араласқан танкілі, машиналы қалың қолы қаптап алдынан шықты да, жапырыла ықтаған қара қорым қауым Гансу шека­ расына қарай жосыды, қарулы жасақтардың күшімен төтеп беру мүмкін болмағандықтан айдаулы малдың көбін тастай қашқан ел тауға ілініп, қытай шекарасынан ту көтеріліп, атыс екпіні бәсеңси бастаған тұста: – Бір келіншек толғатып артта қалыпты, оны қайтеміз? – деп сұрады жарақаты жаңа сауығып келе жатқан Құлыш атын ентіктіре шауып келіп. – Қайда екен? – Адырдың шетінде қалыпты. – Көзін жәудіретіп тастап кетсек обал ғой. Атыс тола­ стайын деді, мен барып келейін. Тайшұбардың жылдамдығына сенген Боранқұл қауіпті жерлерден орағытып өте шығып, сиырбүйек адырдың шетіне жеткенде сиықсыздау жаралған шағыркөзді сары келіншек шөгерулі жүкті түйенің ығында бебеулеп толғатып отыр еді. Жанында жүрген шөмшек қара кемпір қақшаң қағады. Боранқұл аттан түскенде бала туылған еді, келіншектің бебеулеген даусы тына қалғанда етегінің астынан суырып алған қызылшақа сәбиді қара кемпір аязды ауада ары-бері аунатып көрді. Балада дыбыс жоқ. Қара кемпір де мұндай сойқанның талайын өткеріп, әбден ысылған ысқаяқ қу секілді, нәрестенің екі сирағынан алып, ба­ сын салақтатып тұрып, құйрығынан шапалақтап жібергенде бала шыр етіп жылап қоя берді. Іштен тұншығып туған бала­ ны тірілдіріп алудың бұл тәсілін Боранқұлдың көргені осы еді.

Ғаппар БІЛӘЛ Кіндігін кесіп, кесілген кіндікті байлап, дірілдеп қалшылдаған бөбекті түйежүн жөргекке орап жіберіп, Боранқұлға ұстата қойған қара кемпір босанған әйелдің шағыр көзі жоғары тар­ тып, талықсып бара жатқанын көре сала баланы қайта тартып алды. Боранқұл ұрыста жүргендегісінен де ауыр жағдайға тап болғанын, алып жүруге де келмейтінін, көріп тұрып тастап ке­ туге тіпті болмайтынын, еркіне жібермес бір пәлені іздеп тауып алғанын сонда бір-ақ білді. – Қызыл көп кетіп жатыр, жолдасы түспеді. Енді қайтеміз? – деді абыржыған қара кемпір. – Мен білмеймін ғой, шеше, мұндай істі бұрын-соңды... – Қанжығаңда жанарқан бар ма? – Бар ғой. – Ендеше, әкел соны, жоқ, мен әкелейін, бала да қолымда жүре берсін, сен жүгір, қарағым, тезек теріп, тезірек от жағып жібер. Арқанды қыздырып келіннің табанына басайық. Қара кемпірдің әмірі атқармаса болмайтын уажып болып қалған еді, зыр жүгірген Боранқұл қырбақ қардың астынан тезек теріп, от жағып, оның жалынына арқан қақтап жатқан кезде жер қайысқан моңғол әскерлері босқан елді шекарадан өткізе қуып тастап қайтып келе жатты. Шап жарғыш сәйгел мүйізділер сияқтанып қалың мылтық асынған түйелі қосын бұлардың үстіне саулап құйылды. Дәл осы сәтте атысудың да, қаша жөнелудің де ретін таппай Боранқұл абыржып қалған еді, қалақшадай қара кемпір ақыл тауып кетті. Жаңа туған нәрестені Боранқұлға құшақтатып отырғыза қойып, жерде ша­ шылып жатқан мылтық, қылыш, оқ қапшығы қатарлы қаружарақтарды үлкен шапанға орап жіберіп, талықсудан жаңа айығып, кірпігі қимылдай бастаған келіншектің басының асты­ на жастап тастады. Тебітіп жеткен түйелі әскердің қарсы алды­ на бас қойып тізерлей кетті де;

– Кешіріңдер, қарақтарым, сендер де анадан тудыңдар ғой,

біздей аналар үшін, жаңа туған сәбиім үшін...
Бұйрық күтіп жаутаңдаған көп әскердің алдына шығып,
ақ тұмсықты зәулім қара атанның үстінен төне қараған селеу
мұртты шомбал қарасұр адам қақпыш кемпірдің қазақша сөзін

ұққан-ұқпағаны белгісіз, сазарып тұрып алдымен етегі қанға
малшынып жатқан туыт үстіндегі келіншектің кеспіріне көз та­
стады. Сол сәтте келіншектің жағдайын түсінген сыңайланып,
қабағының астында сыздаған қаһарлы уыттың тебіні солғындай

бастағандай еді, жалбарынған кемпірдің денесін бір тінтіп өтіп,
жөргек ішінде шырылдап іңгалаған баланы құшағына қысып,
жуасып отырған Боранқұлға келгенде әлгі қаһарлы айбар ша­
тынай жарқырап, шүйліге тұрып қалды. Тұрып-тұрып барып

қайта жібіді. Жүріңдер дегендей етіп қолын бір сілтеуі мұң
екен, барлық қатер сусып өтіп кете берді. Бұлар аман қалды.
Тәңірі рахым айлады ма, әлде қақшаңдаған кемпірдің
ем-домы ес қатты ма, кемді уақыттан кейін жас келіншек те

тікеннен арылып шықты. Бірақ, қатты толғақтың азабына
қызылдың көп кетуі қосанжарласып келіншекті өте әлсіретіп
тастады.
Енді не істеу керек? Кемпекең айтады: «Келін қазір алып

жүруге келмейді. Қозғауға болмайды» дейді. Сонымен Борекең
екі әйел затының жанында, көшкен елдің артында, иен түзде
жіпсіз байланып қала берді.
Ол келіншектің күйеуі кім екенін кешке таяу жігіттің өзі

келгенде бірақ таныды. Дене бітімі кесек болғанымен, ту сыр­
тынан қарағанда қолапайсыз ойқы-шойқы көрінетін осы жігітке
Боранқұл тым жақтыра қарамайтын. Тасыраңдаған ожарлығына,
сөтпе дүрлігіне қарап, өгізқурай сияқты іші қуыс кеупая жан ба

екен деп те шамалайтын. Былайғы жұрттың дабырайтып жүретін
әзіл-оспағы да азамат басына абырой әпермейтін әзілдер еді.
Сол дақпырттың бірінде осы жігіттің Алтайда біреумен бәске

Ғаппар БІЛӘЛ
түскені айтылады. Бәске ат тігісіпті, мынау жігіт сол бәсте
иттің жаңа туған күшігін бітеу жұтып тірідей қайта құсып бер­
ген екен. Күшік есеңгіреп қалыпты да, ұтысқа ие болған жігіт

қарсыласының бәйге қара атын мініп жүріп кетіпті-мыс.
Жігіттің шешесі деп айтады тағы бір желімауыз (мүмкін
шешесі деп осы қақшаңдаған қара кемпірді айтатын шығар)
Баркөлде отырғанда жеті-сегіз сеңсең жинап, оны илеп ұлына

ішік тігіп берейін десе теріге жағатын и таба алмай қиналыпты.
Шешесінің бұл қиыншылығын шешу үшін ұлы ұзын қамыстан
қуыс түтік жасап алып, түнделетіп келіп бір байдың іргесінің
сыртынан ұзын түтікті сабаға жүгіртіп жіберіп, бір саба іркітті

жұтып әкеліп, көп сеңсеңнің үстіне құсып құйып беріпті.
Осы көптірмелер кейде топты кісінің ортасында бетпе-бет
жырланып жатқанда осы түйтіксіздің айызы қанып, бөсіп кетіп
отыратын кеспірін көргенде ғой, Боранқұлдың жақтырмай,

тыжырына қарайтыны. Сол түйтіксіз «жау іші жау – жаламда»
босанып қалған әйелінің жанына келіп аттан түсер-түспестен:

– Ұл ма, қыз туды ма? – деп сұрап жібергенде Боракең

шарт кетуге шақ қалған. «Ой, әумесер-ау, – деп ойлайды
Боранқұл, – әл үстінде жатқан әйелінің хал-жайымен жұмысы
жоқ, шөмшек теріп жалмаң қаққан шешенің күйімен де сана­
спайды. Балада не жұмысы бар, ей? Дүние есігін жаңа ашқан

сәбидің ұлы не? Қызы не? Басы қисайған күні қайсысы бетін
оңға қаратып, қайсысы қарамай кететінін ол қайдан біледі? –
деп шамданады ғой. Сөйтіп жүргенде дүниеге келген сәбидің
атын Боранқұлдың «Көжек» деп өзі қойғаны да есінде. Сол

күні жас ананың қалжасы үшін төңіректен аң қараған Боранқұл
бір көжек атып келіп, соған бола баланы Көжек атандырып
еді. Бірақ, түйтіксіз жігіттің де, шағыр келіншек пен қара
кемпірдің де есімдерін есіне түсіре алмады. Тек қана босанған

әйелді сол орнынан жылжытпай екі күн бойы ерулетіп қауіп-
қатерге қарамай бағып-қағып, көрім сергігеннен кейін де

ҒАСЫРЛЫҚ ЫЗҒАР атқа мінгізбей, жүкті түйеге отырғызып елге жеткізгені ұмытылмапты. Сол еңбегі, сол құрметі үшін сол Көжек сонау Түркия жерінен алтын сағат сәлемдеме жіберіп отыр. Бұл да болса еңбектің жанғаны. Еткен еңбек, төккен терің зая кет­ се одан өткен бақытсыздық болмайды. Адам баласы арман мен мұратын алданыш етіп өмір сүреді. Сүйеніш етіп ғұмыр кешеді. Жуырда қол жете бермейтін сол сүйенішке ұмтылыс жолында үміт қана демеушілік рөл атқарады. Боранқұлдың өмір жолы оны осы тиянаққа келтірген. Енді сол алтын сағатты кімге ұсынғаны рауә? Мүмкін, Қазақстаннан келген әрі келіні, әрі қызы Хамилаға берген жөн-ақ болар. Осының барлығы өткен бір ғана түннің әңгімелері. Боранқұл үшін мұның бәрі жеткіліксіз, ертең аттана жөнелгелі асығып отырған Балқаштан сұрап ұғысар шаруасы аз емес, Балқашқа айтып, құлаққағыс етер ақылдары да баршылық. Балқаштан өтінер арман-тілегінің де шетін шығарып сөйлесе алмады, ертең Балқаш аттана жөнелгенге қадар соның барлығын айтып, түсінісіп үлгіре ала ма, жоқ па? Мына ессіз шуылдақ оңашалық бермесе, Балқаштан бостан-бос айрылып қала бермей ме? Оның бұдан бұрынғы айрылғандары аз ба еді? Бүгін таң атқаннан бергі ұлан-асыр той дабырасы үстінде әкесінің алаң-қуаңдау көңіл күйін барлап, байқап отырған Балқаш ауланың ішін айналдыра қойылған арқалықты орындықтарға қаздай тізіліп қатарласып алған туыс-туған, ағайын-жекжаттардың қасқа маңдайында өзімен иықтас отырған Боракеңнің иығынан тартып, басын өзіне бейімдеп алды да, аузын құлағына төсеп тұрып: – Әке, – деп сыбырлады, – әке, кешеден бері сізді оңашалап айтудың орайы болмады. Сондықтан осындай­ да ескертіп қояйын, мен осы жолы сізді алып кетпекшімін. Рұқсатты, паспортты, басқа да тиісті куәліктерді Пекиндегі министрліктердің алдынан бітіріп алып келдім. Құдай бұйырса

Ғаппар БІЛӘЛ қажыға да сол жақтан баратын боласыз. – Баласының тұтқиыл хабарынан абыржып қалған шалекең: – Мұндағыларды, басқаларымызды қайтеміз? – деп сұрап жіберді. – Олардың жұмысын ақылдасып артынан көреміз. – Ондай болғанда мен... кір-қоңымды жудырып, жолға даярлық көруім керек болатын шығар? Шалекеңнің «кір» деген атауға «қоңды» қосып жіберген баяғыша сөздік қолданысына бола жұмсақ жымиып езу тартқан Балқаш жауапты шорт қайырды. – Қажеті жоқ, Сізге керектің барлығы алдын ала даярланған. – Рахмет, балам, рахмет саған, мың жаса, – деген Боранқұл сөйленбей жатқан сөзді сөйлесіп, ақылдасылмаған істі ақылдасудың орайы әлі де барлығын аңғарды да, топыр­ лап келген тойшылардың алдында жайраңдай күліп, жадырай сөйлеп, өз тежемінің барлық шылбыр, тізгінін босатып қоя берді. Хамила мен Серікболға түндегі алтын сағат пен атамұра қара қобыздан басқа нені беріп, қалай разы етіп қайтарамын дейтін қиял да есінен тарс көтеріліп кетті. Соны есіне түсіріп қою үшін де Боранқұлға бір жұдырық сілтеп қойса артық бол­ мас еді. Қаусап тұрған қаңқасында жұдырық көтерер сарқын қауқар қалған болса, бұл реткі соққыны ол кісі кек көре қоймас еді. Бірақ, оған ешкім жұдырық жұмсамады. Ұмытылған қиялды ешкім есіне де салмады. Тек, даладан ентіге жүгіріп келіп қарсы алдына тік тоқтаған немересі Мақаш: – Ата, ата, қақпаның сырррртында иттерррр сүйекке таласып қыррррылысып жатырррр, – деп мәлімдеді. Аяғын сүйреп басатын кісіше «р»-ды созып айтатын немересінің не деп тұрғанын білгенде Боранқұлдың қарттық жеңген әлпетінде теңіз асты ағысына ұқсайтын сырлы жымиыс белең берді...

Боранқұл қарт жан толқынының осынау белгісімен «соны
да сөзім бар дейсің-ау, өздеріне тән иттігі ғой онысы, оны
десең, басы ауыратын олардың бір зәруеті тағы бар, содан ғой,
халықтың «ит үреді, керуен көшеді» дейтіні деп тұрғандай еді.

М А З М Ұ Н Ы Алғы сөз Шығарманың құны, сірә, неде?...............................................3 Бірінші тарау Ықтасын...................................................................................11 Екінші тарау Теріскейден соққан үскірік.....................................................75 Үшінші тарау Көшкін....................................................................................206 Төртінші тарау Жұт.................................................................................311 Бесінші тарау «Ұшпақтың» төрінде............................................................413

ҒАППАР БІЛӘЛ

роман
Редакторы Серік РӘСІЛОВ
Көркемдеуші
редакторы Бейсен СЕРІКБАЙ

Корректоры Айгүл ОМАРОВА
Беттеген Гүлжан ҚҰРМАНОВА

Теруге 12.06.2012 жіберілді.
Басуға 24.09.2012 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32
Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Tіmes New Roman»
Шартты баспа табағы 25,2.

Есептік баспа табағы 30. Таралымы 2000 дана.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы,
Алматы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі. 43 А

ЖШС «Курсив»

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙