Ауа райы
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ауа райы
Ауа райы деңгей1 Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым және өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы әсем және пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын!
Ауа райы
Мәскеу
«Махаон»
Мазмұны Бұлттар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 Жаңбыр. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 Қар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 Су тасқыны . . . . . . . . . . . . . . . . 10 Найзағай . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12 Дүлей құйын . . . . . . . . . . . . . . . 14 Шөлдер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16 Шаңды дауыл . . . . . . . . . . . . . . 18 Атмосфера. . . . . . . . . . . . . . . . . 20 Ауа райы туралы аңыздар . . . . 22
Сіз қандай ауа райын жақсы
көресіз? Шуақты әрі жылы
күнді ме? Немесе салқын және
жаңбыр болғаны жаныңызға
жайлы ма? Бұл кітап сізге ауа
райының
қайран қалдырар қылықтары
мен оның жұмбақтарын
таныстырады.
Бұлттар
Ылғал ауа жоғарыға көтеріліп,
суиды да, бұлт болып
жиналатын тамшылар немесе
мұзды қиыршықтарға айналады.
Бұлттардың үш негізгі түрі әр түрлі
биіктікте пайда болады.
Будақ бұлт
Кемпірқосақ
Будақ бұлттар
Шарбы
бұлттар
Қабатты бұлттар
Тамшылар ауадан
ауырлау болған кезде,
олар жаңбыр түрінде
төмен құлайды.
Жаңбыр
Бұлттардағы су
буының ұсақ
тамшылары
іріленеді.
Жаңбыр
Жаңбыр
бұлттары
Қар Далада суық болғанда, бұлттардағы су тамшылары қар қылауына айналып, қар жауады.
Ауыр ылғал қар ағаштардың бұтағына жиналып, оларды сындырады.
Су тасқыны
Созылмалы нөсерлі
жаңбырлар су
тасқынына әкеліп
соғуы мүмкін.
Екпінді су ағындары
жолдарды, үйлерді
қиратады және
адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіп
төндіреді.
Су тасқыны
Жайдың жарқылы кезінде айналадағы ауаны кеңейтетін жылу бөлініп, күн күркірейді. Найзағай Бұлттың ішіндегі су тамшылары мен мұз бұршақтар өзара соқтығысып, электр зарядтарын жасайды. Үлкен зарядтар жиналған кезде – разряд болып, өте жарық жай жарқылдайды. Жай
Дүлей құйын
Дүлей құйын немесе торнадо
дегеніміз – жолда кездескеннің
бәрін өз ішінде айналдырып,
жердің бетімен зымырап
жүретін, айналма ауа бағанасын
жасайтын өте қатты жел.
Дүлей
құйын
Шөлдер
Ыстық шөлдердегі температура
күндіз 50 градусқа дейін жетеді.
Олардың кейбіреуінде
ешқашан жаңбыр болмайды.
Дөң Жел құмды биік төбелерге үйеді, оларды дөң деп атайды.
Шаңды дауыл
Шаңды дауылды топырақ
пен құмның бөлшектерін
алыс қашықтыққа тасып
апаратын күшті жел
шақырады.
Шаңды дауылдар
өсімдіктерге зақым келтіреді,
көлік қозғалысына кедергі
жасайды, адамдардың
тыныс алу жүйесінің
ауруларын туғызады.
Шаңды дауыл
Атмосфера деген – газдар
қоспасы, су буы мен
шаңның өте ұсақ
бөлшектерінен құралатын
Жердің ауа қабықшасы.
Атмосфера Біз ауа райы деп атайтын – жылы жазғы жаңбыр да, қыстағы қарлы дауылдар да – атмосферадағы ауа қозғалысының нәтижесі. Жер
Атмосфера
Ауа райы туралы
аңыздар
Ежелде адамдар ауа райы
құдайлардың еркіне тәуелді деп
сенген. Осылайша ауа райымен
байланысты ғажайыптар туралы
аңыздар пайда болған.
Күн күркіреу
құдайы
Жаңбыр құдайы
Адамдар шектен тыс күшті
құдайларға табынып, оларға
арнап құрбандық шалған.
Бұлттар құдайы
Жел құдайы
Найзағай құдайы
Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына Ауа райы Авторы Дениз Райан Raіn or SHІNE Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Перевод с английского М. О. Торчинской Научный редактор А. В. Тихонов Ответственный редактор О. А. Самусенко Технический редактор Т. Ю. Андреева Компьютерная вёрстка О. В. Краюшкина Корректор Н. М. Соколова Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на русский язык. ООО «Издательская Группа Аттикус», 2008 Machaon® ІSBN 978-5-389-03010-7 (каз.) ІSBN 978-5-389-00473-3 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119991, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-7600, факс (495) 933-7620 E-maіl: sales@machaon.net. Наш адрес в Интернете: www.machaon.net ГС № 77.99.60.953.Д.011615.10.07 от 03.10.2007 Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру