TELEGEI

Home

Шина жөндеу

В.Г. Доронкин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шина жөндеу

Автокөліктердің қазіргі дөңгелектері мен шиналарының құрастырылымына шолу, шина жөндеу жабдығының және технологиясының сипаттамасы ұсынылған. Дөңгелектердің техникалық жағдайының, оны тексерудің, автокөліктің қауіпсіздігіне және пайдаланушылық сипаттамаларына әсерінің мәні көрсетілген. Камералар ...

ҮЗДІКСІЗ    КӘСІБИ БІЛІМ    БЕРУ

В. Г. ДОРОНКИН

«Білім беруді дамыту Федералды институты» Федералды мемлекеттік мекемесімен кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқу

үдерісінде қолдану үшін оқу құралы ретінде ҰСЫНЫЛҒАН

Пікірдің тіркеу нөмірі 395 2009 жылғы 02 шілдеде.

2-ші басылым, стереотиптік

«Академия» баспа орталығы
Мәскеу, 2013

ӘОЖ 629.11.012.5(075.9) ББК 39.33-08я75

Д693

Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне «Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес «ТжКБ жүйесі үшін шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды. Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды. Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді (технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет. Аударманы «Delta Consultіng Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы: Астана қ., Иманов көш., 19, «Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. поштасы:

іnfo@dcg.kz

«Үздіксіз кәсіби білім беру»
топтамасы

П і к і р  б е р у ш і —
А. А. Мылов, Мәскеу автокөлік жасау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Доронкин В. Г.

Д693        Шина жөндеу : оқу құралы / В.Г.Доронкин. — 2-ші басылым, стер. — М. :

«Академия» баспа орталығы, 2013. — 80 б. ІSBN 978-5-7695-9792-3

Автокөліктердің қазіргі дөңгелектері мен шиналарының құрастырылымына шолу, шина жөндеу жабдығының және технологиясының сипаттамасы ұсынылған. Дөңгелектердің техникалық жағдайының, оны тексерудің, автокөліктің қауіпсіздігіне және пайдаланушылық сипаттамаларына әсерінің мәні көрсетілген. Камералар мен шиналардың қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының технологиялары егжей-тегжейлі суреттелген. Оқу құралы ПМ.01 кәсіби модульдің МДК 01.02 «Автокөліктің құрылысы, техникалық қызмет көрсетілуі және жөнделуі», 190631.01 «Автомеханик» мамандығы бойынша «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» меңгерген кезде қолданыла алады. Жұмыскерлерді «Автокөліктерді жөндеу жөніндегі слесарь» кәсібі бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін пайдасы мол.

ӘОЖ 629.11.012.5(075.9)

ББК 39.33-08я75

ІSBN 978-5-7695-9792-3

© Доронкин В. Г., 2011
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2011
© Рәсімделуі. «Академия» баспа орталығы, 2011

Оқырманға ■

Резеңкелі шиналардың тарихы ерте заманнан бастау алады. Монолитті шина- гусматиктер автокөлік ойлап табылғаннан бұрын ойлап шығарылды және күйме өндірісі кезінде-ақ кеңінен таралды. Сондықтан шина монтажы мен шина жөндеу өндірістің дербес саласы ретінде автосервистен ғана емес, сонымен қатар бүкіл автокөлік индустриясынан үлкен деуге болады. Пневматикалық шинаны ойлап табушы ретінде шотландиялық Джон Данлопты айтуға болады. 1888 жылы ол көлік құралдары үшін «пневматикалық құрсауды» ойлап шығарған болатын, мұны патент те растайды. Пневматикалық шиналар автомкөліктерге орнатылысымен олардың жүріс жатықтығы мен өткіштігі едәуір жақсарды, себебі алғашқы шиналар сенімсіз әрі тез монтаждауға арналмаған болатын. Кейіннен пневматикалық шиналар саласындағы негізгі өнертабыстар олардың мүлтіксіздігі мен төзімділігін арттыруға, сонымен қатар монтаж-демонтаж жұмыстарын оңайлатуға байланысты болды. Автокөлік шиналарына жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін автокөліктің қасиеттері   тәуелді   болғандықтан,   қазіргі   уақытта   олардың   Ресей  Федерациясында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламент», Жол қозғалысы ережелері, МемСТ Р 51709—2001 «Автокөлік құралдары ережелерінің негізінде рұқсат етіліп қолданылады. Тиісінше ол Техникалық жағдайға қойылатын қауіпсіздік талаптары және тексеру әдістері», «Автокөлік шиналарын пайдалану ережелері» АЭ 001-04 және осы сияқты бірқатар нормативтік құжаттармен регламенттелген. Шина жөндеу – автосервистік жұмыстардың сұранысқа ие түрлерінің бірі. Автокөліктерді жөндеу жөніндегі слесарь заманауи автокөлік дөңгелектері мен Бұл шиналардың құрастырылымын, оларды пайдалану ережелерін, қызмет көрсету және жөндеу технологиясын, сонымен қатар жөндеу үшін қолданылатын жабдықтар мен құралдарды білу қажеттілігін көздейді.

Оқу құралының арқасында сіз мыналарды білетін боласыз:

3

Оқу құралының арқасында сіз мыналарды үйренесіз:

1

Автокөлік дөңгелектері және шиналары ■

1.1

Автокөлік  шиналарының құрастырылымы Автокөлік дөңгелектерін зерделеген кезде «дөңгелек» терминінің дәстүрлі қолданылатын мағынасы мен кәсіби автокөліктік мағынасы сәйкес келмейтіндігін атап өткен жөн. Егер жалпы қолданылатын мағынасында бұл сөз автокөліктің алынбалы бөлшегі – шинамен жинақтағы тоғынды білдірсе, отандық автокөліктік өнеркәсіптің нормативтік құжаттарына сәйкес дөңгелек – бұл шина мен күпшектің арасында орналасқан айналмалы және жүктемені беретін металл бөлшек. Өкінішке орай, терминдердегі бұл түсінісбестік өндірістік терминологияға да енген. Мысалы, дөңгелектің тоғынын тегістеу құрылғыларын оларды өндірушілер дисктерді қайрау білдегі деп атайды, сондықтан бұдан әрі мәтінде бөлшектер мен құрастырма бірліктерді ерекшелеу үшін келесідей терминдер қолданылатын болады: Пайдалану кезінде пневматикалық шиналар дөңгелектің жолмен ілінісуін, тартқыш пен тежегіш күштердің берілуін, автокөліктің қозғалысы кезінде туындайтын түрткілердің, соққылардың, дірілдердің жұмсартылуын, қозғалыстың басқарылуын және қауіпсіздігін, жүрістің динамикалығын және жатықтығын, түрлі жол шарттарындағы өткізгіштікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар автокөліктің жанармайды жұмсауына  және шудың туындауына әсер етеді. Автокөлік шиналары тағайындамасы, қымтау амалы, құрастырылымы, бағдар нысаны, протектордың суреті, климаттық орындалуы және габариттері бойынша жіктеледі.

сурет. Шинамен жинақтағы жүк автокөлігінің дөңгелегі :

1

— дөңгелектің дискі;

2

— борттық сақинаның бекіту сомыны;

3

— борттық сақина;

4

— тысы;

5

— камерасы;

6

— дөңгелек тоғыны;

7

— кергішті сақинасы;

8

— шұра бағыттауышы;

9

— борттық сақинаны бекіту бұрандамасы

Қымтау амалы бойынша шиналар былай жіктеледі:
Пневматикалық шиналар келесідей жиынтықтыққа ие (1.2 сурет):

Автокөлік өнеркәсібінде шина бөлшектерінің келесідей анықтамалары мен сипаттамалары қолданылады:

9        10

8

7

6

11

5

4        12

3        2        1
а        б
1,12

— шұралар;

2

— лента;

3

— өзек;

4

— борт;

5

— қапталы;

6

— қаңқа;

7

— көпшікті қабат;

8

— протектор;

9

— камера;

10

— қақпақ;

11

— ауа өткізбейтін қабат

орналасатын пішінделген созылмалы резеңкелі сақина; тоғын лентасы камераларды зақымданудан қорғау үшін жүк автокөліктерінің камералы шиналарында қолданылады.

Құрастырылымы бойынша
шиналар екі топқа  жіктеледі: диагональды және радиалды

(1.3 сурет). Диагональды шиналарда қаңқа кордының жіптері шектес  қабаттарында айқыштанады және 45... 60° шегінде жорту жолшығының орта бөлігінде көлбеулену бұрышына ие. Корд жіптерінің мұндай орналасуы диагональды деп аталады. Корда жібінің радиалды шиналарында қаңқаның барлық қабаттарында жорту жолшығының орта бөлігінде нөлге жақын көлбеулену бұрышына ие, яғни шектес қабаттағы кордтың жіптері бір-біріне параллельді немесе азғантай бұрышта айқыштанады. Корд жіптерінің былай орналасуы меридиональды немесе радиалды деп аталады.

Қақпақ келесідей құрамдас бөліктерге ие: ■

1

2

3

4

5

1

— протектор;

2

— брекер қабаты;

3

— қаңқа қабаты;

4

— қаңқаның резеңкелі қабаты;

5

— борттық бөлігі

Корд табиғи немесе синтетикалық талшықтардың немесе жіңішке болат жіптерінің негізінде дайындалатын арқау жіп бойынша негіздің қалың жіптерінен және жіңішке сирек жіптерден тұратын мата болып табылады (металкорд);

басқа кордтың бірнеше қабаттарынан тұратын қақпақтың  ішкі бөлшегі. Брекер автокөлік жолда қозғалған кезде туындайтын шинаға соққы жүктемесін жұмсарту үшін арналған;

шина тысының сыртқы резеңкелі бөлігі, әдетте, рельефтік суретпен;
шинаның қатты бөлігі.

Корд жібінің диагональды шиналарының брекерінде шектес қабаттарда бір-бірімен 45-тен 60°-қа дейінгі бұрышта, ал радиалдыда – 45-тен 65°-қа дейінгі бұрышта айқыштанады. Радиалды шиналар диагональдыларға қарағанда корд қабатының аз санды қабатына ие, мықты брекер (жиірек металкордты), бұл оларға теңселу кезінде аз шеңберлік деформацияны  және жолмен жанасқан кезде протектордың аз сырғанақтауын қамтамасыз етеді. Радиалды шиналар сонымен қатар төмендетілген жылу түзілуге және теңселістің аз жоғалуына, үлкен қызмет мерзімдеріне ие, жоғарырақ жүктемені және жылдамдықты көтереді. Радиалды шиналар үш тұрпатты болып шығарылады:

Шина бейінінің биіктігінің

Н

оның жалпақтығына

В

(1.4 сурет) атаулы қатынасына байланысты көлденең қиманың
бейінінің нысаны бойынша
шиналар келесі топтарға жіктеледі:

Төмен бейінді және аса төмен бейінді шиналар жеңіл, жүк автокөліктері, автобустар мен троллейбустар үшін шығарылады. Бұл шиналар бейіннің төмендетілген биіктігіне ие, бұл қозғалыс кезінде автокөліктің төзімділігін және басқарылуын арттырады. Кең бейінді шиналар жүк көтергіштігі үлкен автокөліктерде, толық жетекті автокөліктерде және тіркемелерде қолданылады, оларды қолдану автокөліктің өткізгіштігін арттыруға, материалдардың жұмсалуын қысқартуға мүмкіндік береді себебі жиі қосарланғанның орнына бір шинадан орнатады. Аркалы шиналар камерасыз болып шығарылады, оларды жүк автокөліктерінің артқы осіне қарапайым бейінді екі шинаның орнына бір шинадан орнатылады. Аркалы шинаның протекторы сирек орналасқан топырақ ілгіштерге ие. Бұл шиналарды қолдану автокөліктердің жұмсақ жер, құм, соны қар, батпақтанған аймақтар бойынша өткізгіштікті кенет арттырады. Бұл шиналарды беті қатті жолдарда пайдалану шектеулі.

Тағайындалуына және пайдалану шарттарына байланысты шиналар
протектор суреттерінің
келесі тұрпаттарына ие:

B

— бейіннің жалпақтығы;

H

— бейіннің биіктігі;

d

— шинаның ішкі диаметрі немесе дөңгелек тоғынының диаметрі;

D

— сыртқы диаметр

көбіне жетілдірілген жеңілдетілген жабыны бар жолдарда және өтпелі жолдарда пайдалану үшін арналған;

Климаттық орындалуы бойынша
шиналар үш түрге жіктеледі:

Шиналарды таңбалау
Жаңа шиналардың негізгі белгілері

. Шинаның белгілері шина сәйкестендіріліп дайындалған нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуі керек.

Әрбір тысқа және камерасыз шинаға, әдетте, келесі белгіні салады:

шиналардың белгіленуінде серияны (шина бейіні биіктігінің оның жалпақтығына атаулы қатынасы) пайызда қояды;

Шиналардың белгілену мағынасын ашудың мысалдарын келтірейік:

қабілетінің индекстері; J — жылдамдық санатының индексі; 115PSІ — қысым индексі; МемСТ 5513 — шина шығарылатын стандарттың белгіленуі; 1003 — дайындалған күні (10 — жылдың басынан аптаның реттік нөмірі, 03 — дайындалған жылдың соңғы екі саны (2003 ж.)); 80576 — шинаның реттік нөмірі; Made іn Russіa

— шина дайындалған ел (Ресей).

Қысымы реттелетін шиналар басқа таңбаламаға ие. Қысымы реттелетін әрбір шинада келесілер келтіріледі: Қысымы реттелетін кең бейінді шинаның белгіленуінің мағынасын ашудың мысалы: 1300 х 530-533 ВИ-3 НС-12 МемСТ 13298 1103 В051457 Made іn Russіa,  мұндағы  1 300 – миллиметрдегі шинаның шартты сыртқы диаметрі; 530 – миллиметрдегі шина бейінінің шартты жалпақтығы; 533 – миллиметрдегі тоғынның шартты диаметрі; ВИ-3 – шинаның моделі (ВИ – шинаны әзірлеушілердің шартты белгіленуі, 3 – әзірлеудің реттік нөмірі); НС-12 – қабаттылық нормасы; МемСТ 13298 – шина шығарылатын стандарттың белгіленуі; 1103В051457 – маркер, мұндағы 1103 дайындалған күні (11 – жыл басынан апта; 03 – шинаның дайындалған жылы – (2003 ж.)); В – кәсіпорынның әріптік индексі; 051457 – шинаның реттік нөмірі; Made іn Russіa – дайындаушы ел (Ресей).

Камералардың, тоғын ленталарының және шұралардың таңбаламасы.
Әрбір камераны және тоғын лентасын дайындаған кезде келесілер белгіленеді:

Автокөлік шиналары камераларының белгіленуінің мағынасын ашу мысалдары. Автокөлік шиналарының камералары түрлі белгіге ие: Шұралардың таңбаламасы (1.5 сурет) екі әріптен тұрады: ЛК — жеңіл автокөліктердің камералы шиналары үшін; ЛБ — жеңіл автокөліктердің камерасыз шиналары үшін;

а

— металды резеңкеленген тақамен;

б

— резеңке металды;

в

— камерасыз шиналар;

г

— реттығынның құрылысы;

1

— корпусы;

2

— қалпақша-кілтке бұранда;

3

— камераның қабырғасы;

4

— резеңкелі тақа;

5

— металл тақа;

6

— металл төлке;

7

— қалпақша-кілт;

8

— бұрмасұқпа;

9

— резеңкелі көмкерме;

10

— резеңкелі сақинамен айшанақ;

11

— серіппе

ГК — жүк автокөліктерінің камералы шиналары үшін; АБ — жүк автокөліктерінің камерасыз шиналары үшін; РК — қысымы реттелетін камералы шиналар үшін. Қалпына келтіру тыстарының және камерасыз шиналардың таңбаламасы. Жаңа протекторды салумен қалпына келтірілген әрбір тыста және камерасыз шинада келесілер айқын белгіленуі керек:

қалпына келтіру тыстарының реттік нөмірі; В тұрпаты бойынша қалпына келтірілген тыстарда (қалпына келтіру протекторымен және қапталдармен), жоғарыда көрсетілген барлық белгілерден бөлек, тыстың қалпына келуін көрсететін «в» кіші әрібі тұруы керек. Жергілікті зақымданудың жөндеуінен өткен әрбір тыста және камерасыз шинада, нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келесілер анық белгіленуі керек: Жергілікті зақымдануды жөндеу үдерісінде жоғалған тыстың белгілері қалпына келеді.

Дөңгелектер мен тоғындардың құрастырылымы Автокөлік дөңгелегі мен оның негізгі элементтері үшін келесі белгілер қолданылады.

Дөңгелек

— автокөліктің салмағынан жүктемені қабылдайтын және айналу кезін беретін автокөліктің айналатын элементі. Дөңгелек шина мен күпшектің арасында орналасқан. Әдетте екі негізгі бөліктерден тұрады: тоғын мен дисктен (1.6 сурет).

Тоғын

— шина монтаждалатын және сүйенетін дөңгелектің бөлігі.

Диск

— күпшек пен тоғынның арасындағы байланыстырушы элемент болып табылатын дөңгелектің бөлігі.

сурет.
Дискті дөңгелек

Борттық сақина

Теңгеруші жүк

Құлып сақинасы Дискт і

тоғын

Дара дөңгелек

— күпшекте орналасқан және дара шинаны көтеретін дөңгелек.

Қосарланған дөңгелек

— бір күпшекте орналасқан екі дара дөңгелектен тұратын дөңгелек (1.7 сурет).

Дискті сақина

— күпшекпен байланыстыру үшін тоғын мен дисктен тұратын дөңгелек.

Дисксіз дөңгелек

— тоғын тікелей автокөліктің күпшегіне орналастырылған дөңгелек.

Тоғынның табаны

— алынбалы бөлшектерді орнату үшін қызмет ететін тоғынның бөлігі.

Тоғынның борттық ернеуі

— шина үшін бүйір тіректі тудыратын тоғынның бөлігі.

Тоғынның отырғызу сөресі

— шина бортының табанын орнату үшін арналған тоғынның бөлігі.

Тоғынның құлыпты бөлігі

— тоғынның тұйықтаушы алынбалы бөлшектерін орнату үшін арналған тоғын табанының бөлігі (құлыпты және борттық сақиналар).

Тоғынның жылғасы

— отырғызу сөрелерінің арасында орналасқан және шинаны монтаждау-демонтаждау үшін ойығы бар тоғынның бөлігі;

Борттық  сақина

— тоғынның құлыпты  бөлігінде орнатылатын алынбалы борттық

ернеу.
Құлыпты  сақина

— тілігі бар және  тоғынның табанында борттық сақинаны орнату

үшін қызмет ететін сақиналы пішінді бөлшегі.
Бекітпе тесіктері

— дөңгелекті шасси күпшегіне бекіту үшін арналған тесіктер.

Кергішті сақина

— шинаның борттарының арасында тоғында орнатылатын және шинаның борттарын тоғынның борттық ернеулеріне тығыз қысу үшін қызмет ететін сақиналы пішінді бөлшек

Жапсарлы сақина

— қосарланған дисксіз дөңгелектер арасында орнатылатын сақиналы пішінді бөлшек.

Дөңгелектерді, шиналар сияқты, олардың автокөліктің қандай да түріне тиесілдігі бойынша, сондай-ақ қолданылатын шиналардың түрі, дөңгелек пен тоғынның құрастырылымы, тоғындарды дайындау технологиясы бойынша жүйеленеді (1.8 сурет).

а

— ажырамайтын;

б

— ортасында ажырайтын;

в

— сегментті (радиусы бойынша ажырайтын);

г—ж

— ажырайтын екі, үш, төрт және бес элементті;

1

— тоғынның табаны;

2

— байланыстырушы элемент;

3

— тілікті борттық сақина;

4

— алынбалы борттық сақина;

5

— серіппелі құлыпты сақина;

6

— отырғызу сақинасы;

7

— камерасыз шинаға тығыздауыш

Дөңгелектер арналған
автокөліктердің түрі бойынша
оларды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:

Дөңгелектердің белгісінде тоғындардың негізгі көлемдері қолданылады: бейіннің номиналды жалпақтығы және тоғынның номиналды диаметрі (миллиметрде немесе дюймде).

Дөңгелек белгілерінің мағынасын ашудың мысалдары: немесе 7,0-20; 206-508 немесе 8,0-20, мұндағы бірінші сандар: 140; 152; 178; 206 тоғын бейінінің миллиметрдегі номиналды жалпақтығын білдіреді, 5,5; 6,0; 7,0; 8,0

— дюймде; екінші сандар: 508 — тоғынның номиналды отырғызу диаметрін білдіреді, 20 — дюймде;

Өз кезегінде, дөңгелектердің көрсетілген негізгі тұрпаттары камералы және камерасыз шиналар үшін дөңгелектерге бөлінеді. Жүк автокөліктерінің дөңгелектері дискті және дисксіз, бөлшектенбейтін (бір компонентті) және бөлшектенетін (көп компонентті), тегіс (цилиндрлі конусты сөрелермен) және терең болып бөлінеді.

Дайындалу технологиясы бойынша тоғындар пішінделген, ыссы илемделген прокаттан жасалған және қалыпталған болып бөлінеді. Жеңіл қорытпалардан жасалған дөңгелектер құйылған және қақталған болады.

Әрбір топта дөңгелектер
габариттік көлемдері және жүк көтергіштігі
бойынша ажыратады.

Алуан түрлі болып табылатын дөңгелектердің тұрпаттары бойынша сыныптамасы бар, себебі оның негізі ретінде дөңгелектің конструктивтік ерекшеліктері алынады. Бұл сыныптамаға сәйкес дөңгелектер былай бөлінеді: ■

дөңгелектің шүмекпен байланысу амалы бойынша – дискті және дисксіз; ■ шүмекке бір уақытта орнатылатын дөңгелектер саны бойынша – дара және қосарланған; ■ дисктің тоғынмен байланысу амалы бойынша – реттелмейтін (дисктің үнемі ұшып кетуімен немесе ажырамайтын дискпен) және реттелетін (дисктің құбылмалы ұшып кетуімен немесе ажырамайтын дискпен); ■

тоғын тұрпаты бойынша – ажырамайтын және ажырайтын тоғыны бар дөңгелектер; ■ дөңгелек дискінің құрастырылымы бойынша – жайылмаған шеңбер дискі бар, жайылмаған кегейлі дискі бар және жайылған дискі бар дөңгелектер; ■ дисктің тоғынмен байланысқан жері бойынша – тоғынмен байланысқан дискі бар дөңгелектер: орта жағында; құлыпты бөлігінде; борттық бөлігінде; ■ дайындалу технологиясы бойынша – пішінделген тоғыны бар; прокаттың фасонды бейіндерінен жасалған тоғыны бар; қалыпталған тоғыны бар; құйылған тоғыны бар (құйылған дөңгелек); айналмалы жаймалы әдіспен алынатын тоғынмен.

Тағайындалуына байланысты тоғындар ажырайтын және ажырамайтын болып бөлінеді. Ажырайтын тоғындардың бейіні тегіс, 5° бұрышындағы конусты сөрелері бар тегіс, жартылай тегіс, сонымен қатар шинаның ортасында және шеттерінде ажырайтын болуы мүмкін. Ажырамайтын тоғындардың бейіндері терең және аса терең болады. Тоғындар белгілерінің құрамына келесі элементтердің шартты белгілері кіреді: ■ халықаралық нормалар мен  ұлттық  стандарттар  бойынша  тоғынның  жалпақтығының; ■

тоғынның борттық ернеу пішінінің; ■

тоғынның отырғызу сөресі тұрпатының; ■

тоғынның номиналды диаметрінің.

Автокөлік дөңгелектерінің ажырайтын тоғындары үшін жалпақтық пен диаметрдің шартты белгілерінің арасына сызықша қояды, ал ажырамайтындар үшін – «х» белгісін. Мысалы, жалпақтығы мен диаметрі шартты түрде тиісінше 8,0 және 20 деп белгіленген ажырайтын тоғын 8,0-20 белгісіне ие. Тоғынның 5,00S-20 шартты белгісінде S индексі халықаралық нормалар бойынша борттық ернеудің белгілі бейініне сәйкес келеді.

Тоғынның

D

отырғызу диаметрі оның жалпақтығымен бірге дөңгелектің көлемін анықтайтын маңызды параметрлердің бірі болып табылады. Конусты отырғызу сөрелері бар тоғындар үшін цилиндрлі сөрелі тоғындарға қарағанда отырғызу диаметрінің түсінігі шартты сипатқа ие,

оны арнайы өлшеуіштердің көмегімен өлшенген шеңбердің ұзындығы бойынша анықталатын диаметрді белгілеу үшін қолданады. Белгіні, әдетте, тоғынға немесе дискке және тоғынның алынбалы бөлшектеріне биіктігі 5 мм кем емес қаріппен белгілейді, ол жабын жағылғаннан кейін анық көрінуі керек. Соңғы уақытта дөңгелектердің отырғызу диаметрлерін азайту және отырғызу диаметрі үлкен дөңгелектерге қайта оралу үрдісі байқалады. Бұл, атап айтқанда, өзінің орналасуы үшін тоғынның ортасында көбірек кеңістікті талап ететін  дискті тежегіштердің кеңінен қолданылуына байланысты. Дөңгелектің габариттерін диаметрі бойынша сақтау үшін шина бейінінің биіктігін отырғызу диаметрін бір уақытта ұлғайтумен азайтады. Атап айтқанда, Еуропада жеңіл автокөліктер үшін отырғызу диаметрі 13" орнына 14" тоғынды қолдану тән, ал АҚШ-та - 14" орнына 15". Жүк автокөліктерінің дөңгелектерінің отырғызу сөрелерінің диаметрі әдетте 20" тең саналады. Дөңгелектерді өндіру үшін материал болат, алюминий және магний қорытпалары болуы мүмкін. Алюминий дөңгелектер болатқа қарағанда бірдей беріктігіне қарамастан аз салмаққа, дайындалудың көбірек дәлдігіне, көбірек коррозияға қарсы төзімділікке ие және арнайы бояуда талап етпейді. Магний қорытпалар алюминийге қарағанда коррозияға көбірек ұшырағыш, сондықтан бұл қорытпалардан жасалған дөңгелектер коррозияға қарсы өңдеуді және бояуды қажет етеді.

2

Дөңгелектер мен шиналарды пайдалану және қызмет көрсету

2.1

Шиналар мен камераларды тасымалдау және сақтау
Шиналар мен камераларды тасымалдау.

Шиналарды тасымалдау, әдетте, қаптамасыз жүзеге асырылады. Ашық машиналар мен платформаларда 5 тәуліктен аса тасымалдаған кезде шиналар күн мен атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғалуы тиіс. Пакеттерді тасымалдаған кезде шиналар тік қалыпта болуы керек. Шиналар камералармен жинақталымда немесе оларсыз тасымалдануы мүмкін. Шиналарды камералармен жинақталымда тасымалдаған кезде соңғылары талькпен опаланады        немесе   полиметилсилоксан   сұйықтығының        негізінде   әзірленген        май жағылады. Камераны шинаның ішіне салып, оның ішкі көлеміне дейін ауа толтырылады. Камерасыз шиналар борттары мен бүйір қабырғаларының деформациясын болдырмайтын борттар арасындағы кергіштермен (ағаш, картон, пластмассалы және т.б.)

тасымалдайды.

Шинамен жинақталымда емес жіберілетін камералар бүктелген күйінде (шұрасын ішіне қарай) тасымалданады. Бүктелмей, бума болып салынған камераларды тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл ретте камералардың шұрадан және басқа заттардан зақымдануын болдырмайтын сақтық шараларын сақтау қажет. Осындай шараларды тыстар мен тоғын ленталарын тасымалдаған кезде сақтау қажет. Шиналарды, камераларды және тоғын ленталарын мұнай өнімдерімен, қышқылдармен, сілтілермен және резеңкені бұзатын басқа заттармен бірге тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады. -45 °С төмен температурада тасымалданатын шиналарды, камераларды, тоғын ленталарды соққылардан қорғау қажет.

Шиналар мен камераларды сақтау . Уақытынан бұрын ескіруді ескерту үшін пайдалануға және жөнделуге жарамды шиналар, камералар және тоғын ленталары күн сәулесінен, озоннан, органикалық еріткіштерден, минералды майлардан, майлау материалдарынан, мұнай өнімдерінен, қышқылдардан, сілтілерден қорғалған жабық жекелей құрғақ үй-жайда сақталуы керек, сонымен қатар мыспен және басқа коррозиялайтын заттармен жанаспауы керек.

Қоймадағы жылыту құрылғыларын қалқалаған жөн. Шиналар қойылған стеллаждар және камералар мен тоғын ленталары қойылған ілгіштер жылыту аспаптарынан 1 метрден жақын қашықтықта орналаспауы керек. Шиналарды сақтаған кезде ауа температурасының -30-дан 35 °С-қа дейін (қолайлы температура 5 °С) және салыстырмалы ылғалдылықтың 50-ден 80%-ға дейін ауытқуына рұқсат етіледі. Қоймалардағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық бөлмені желдетумен реттелуі керек (ауа-райы ыстық кезде – түнде); салыстырмалы ылғалдылық 50% төмен болған кезде еденге ылғалды үгінділерді сеуіп немесе оған су шашып жасанды ылғалдандыру қажет. Қоймаларда ауаның иістенуі мен қабырғаларға зең басуға жол бермеу қажет. Аталған факторлар пайда болған кезде формалиннің 2%-дық ерітіндісімен дезинфикациялап, желдеткен жөн. Ауадағы озон шамасының кенет ұлғаюына байланысты қоймаларды найзағай кезінде немесе одан кейін екі-үш сағаттан кейін желдетуге тыйым салынады. Шинаны ұзақ сақтаған кезде тірек аймағын әрбір 3 ай сайын ауыстырып, аударып отырған жөн. Жаңа шиналар да, қалпына келтірілген шиналар да, сондай-ақ пайдаланылған, бірақ кейінгі пайдалануға жарамды немесе қалпына келтіріп тапсыруға дайындалған шиналар стеллаждарда немесе тегіс еденде тік қалпында сақталуы тиіс. Шиналарды камералармен жинақта сақтаған кезде оларда қатпарлардың пайда болуын болдырмау үшін камераларды тыстың ішкі көлеміне дейін ауамен толтыру  қажет. Камерасыз шиналарды борттардың арасында кергіштермен сақтаған жөн. Шиналарды ашық ауада 1 айға дейінгі мерзіммен тік қалпында бастырманың астында немесе сыртқы әсерлерден (күннен, атмосфералық жауын-шашыннан және ластанудан) қорғайтын материалмен жасырып сақтауға рұқсат етіледі. Камералар ауамен аздап толтырылған жағдайда беті жартылай айналмалы кронштейндерде немесе тыстарда сақталуы керек. Кронштейнде сақталғанда әрбір 3 ай сайын тірек аймағын ауыстырып, камераларды аударып отырған жөн. Камераларды 3 айдан артық емес мерзіммен бүктелген бумалармен немесе бүктеулі күйінде түпқоймада сақтауға рұқсат етіледі, бұл ретте олардың шұралардан немесе басқа  заттардан зақымдану мүмкіндігін болдырмау үшін шаралар қабылдау қажет.

2.2

Автокөліктерді  шиналармен жинақтау Автокөлікке пневматикалық шиналарды көлемдері, модельдері, жүктемесінің көтеруші қабілеті (жүк көтергіштік индексі, қабаттылық нормасы), жылдамдығы, протектор суретінің тұрпаты бойынша автокөліктің әрбір нақты

маркасы немесе моделі үшін таңдау және жинақтау Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және салалық нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуі керек. Автокөліктердің бір осіне түрлі көлемдегі, құрастырылымдағы (радиалды, диагональды, камералы, камерасыз), модельдегі, протектордың түрлі суреттері бар, тікенекті және тікенексіз, аязға төзімді және аязға төзімсіз, жаңа және  қалпына келтірілген, жаңа және протектордың тереңдетілген суреті бар шиналарды орнатуға  рұқсат етілмейді. Істен шыққан шиналарды ішінара ауыстырған кезде, автокөлікті бұл автокөлікте бұған дейін орнатылған көлемдегі және модельдегі шиналармен толық жабдықтауға кеңес беріледі, себебі бір көлемдегі, бірақ әр түрлі модельді шиналар құрастырылымы бойынша ерекшеленуі мүмкін, протектор суретінің тұрпаты, шайқалыс радиусы, ілініс сапасы және басқа пайдаланушылық сипаттамалары бірдей болмауы мүмкін. Автокөліктің қосарланған дөңгелектерінде шиналардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін шиналарды протектордың және шина диаметрінің тозу шамасы аз болатындай таңдауға кеңес беріледі. Жөнделген камерасыз шиналарды, олардың қымтауын қалпына келтіру мүмкін емес болған жағдайда камералармен бірге пайдаланады. Автокөліктерді жоғары өткізгішті протектордың суреті бар және протектордың бағытталған суреті бар шиналармен жинақтаған кезде дөңгелектің айналуын шинаның қапталында орналасқан тілді көрсетілуіне сәйкес қамтамасыз ету қажет. Шиналардың ілініс сапасын жақсарту үшін және автокөліктердің қар басқан және мұз басқан жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды қолдануға кеңес беріледі (2.1 сурет). Сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналар автокөліктің барлық дөңгелектеріне (оның ішінде резервтегі) орнатылады. Тікенектелген шиналарды техникалық қажеттілік кезінде қайта орнату дөңгелектің айналу бағытын ауыстырмай орындалады. Автокөліктік кәсіпорындарында пайдаланылатын автокөлік  шиналарының жорығын ұлғайту үшін келесі талаптарды орындау қажет:

1

— тікенектің сырық-салғысы;

2

— тікенектің корпусы

Шиналарға техникалық қызмет көрсету автокөлікке әрбір бірінші және екінші техникалық қызмет көрсету кезінде (ТҚК-1 және ТҚК-2) жүзеге асырылуы тиіс. Автокөліктің ТКҚ-1 жүргізген кезде шиналар мен тоғындарға қызмет көрсету жөніндегі келесі жұмыстар орындалады:

Шиналар мен тоғындарда қандай да кемшіліктер анықталған жағдайда  оларды жою үшін шаралар қабылдау қажет. ТКҚ-2 жүргізген кезде автокөлікте бір уақытта шиналар мен тоғындар бойынша және, одан бөлек, қосылу және шашылу бұрыштарын тексеру, сондай-ақ дөңгелектерді теңгеру жұмыстары жүргізіледі. Дөңгелектерді автокөліктің бір осінде және осьтері бойынша ауыстыруды техникалық қажеттілік анықталған кезде жүзеге асыруға кеңес беріледі. Шиналарды ауыстырудың мүмкін болатын сызбалары Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. Жол қозғалысы ережесіне сәйкес келесілер анықталса, автокөлікті пайдалануға тыйым салынады: Шиналарда және тоғындарда қандай да ақаулықтар анықталған  жағдайда, автокөлік оны жою үшін қайтарылады (2.2 сурет). Протектордың шекті тозуы (тозу индикаторлары жоқ бұрын шығарылатын шиналар үшін) протектор суретінің дөңестерінің қалдық биіктігі тік бұрыштың алаңындағы минималды рұқсат етілген шамаға ие тозу саналады, бұл

тікбұрыштың жалпақтығы протектордың жорту жолшығының жалпақтығының жартысына тең, ал ұзындығы – біркелкі тозу кезінде протектордың жорту жолшығының ортасындағы шина шеңбері ұзындығының 1/6 тең, ал біркелкі емес тозу кезінде –  әр түрлі тозумен бірнеше учаскелерде осындай шаманың жиынтық алаңында. Шинаны қолданыстан шығару керек протектор суретінің минималды рұқсат етілген қалдық биіктігі мына шиналар үшін орнатылған:

а

— тыс қаңқасының сақиналы омырығы (төмендетілген қысыммен айдау нәтижесі);

б

— шинаның артық жүктелуі нәтижесінде қаңқаның үзілуі;

в

— қосарланған шиналардың арасындағы саңылаудың бұзылу нәтижесінде қапталдың қажалуы;

г

— тыс протекторының тісті тозуы (шинадағы төмен қысыммен қозғалудың нәтижесі);

д

— жиі және кенет тежелу нәтижесіндегі шина протекторының біркелкі тозуы;

е

— кедергіні басып кету нәтижесінде қаңқа айқышының үзілуі

Протектор суретінің қалдық биіктігінің өлшемі протектор суреті дөңестерінің табанында жартылай көпіршелер мен басқыштардың орналасу аймағынан тыс көп тозу орындарында жүзеге асырылады. Жорту жолшығының ортасында тұтас қыры бар шиналар үшін,  протектор суретінің биіктігін осы қырдың шеттері бойынша өлшейді. Өткізгіштіні көтеріңкі шиналар үшін протектор суретінің биіктігін өлшеу ортасы бойынша топырақ ілгектердің арасында немесе жорту жолшығының ортасынан ең аз алыс орналасқан орындарда жүзеге асырылады, бірақ топырақ ілгектердің табанындағы кемерлері бойынша емес және жарты көпіршелер бойынша емес. Тозу индикаторы бар шиналарда протектор суретінің шекті рұқсат етілген биіктігі индикаторлардың пайда болуы бойынша анықталады (жорту жолшығы бунақтарының түбі бойынша дөңестер, олардың биіктігі протектор суретінің минималды рұқсат етілген биіктігіне тең). Тозу индикаторлары бар шиналар үшін, протектор суреті біркелкі тозған кезде шекті тозу бір индикатордың пайда болуы бойынша анықталады, біркелкі емес тозу кезінде – әрбір екі қимада екі индикатордың пайда болуы бойынша. Қысымы реттелетін шиналардағы автокөліктер үшін ауаны орталықтандырылған беру жүйесінің барлық құбыр желісін және құбыршектерін үрлеу қажет.

3

Шина жөндеу технологиясы ■

3.1

Шина жөндеу жұмыстары
Жалпы мәліметте

. Жалпы жағдайда дөңгелек пен шина жөндеу жұмыстары келесі реттілікте жүзеге асырылады:

Шина жөндеу жұмыстары екі негізгі технологиялық топтарға бөлінеді: Автокөлікте жинақтағы дөңгелекті ауыстыру жөніндегі жұмыстардың реттілігі мынадай: Жалпы жағдайда шинаны ауыстыру кезіндегі монтаждау-демонтаждау жұмыстарының технологиясы келесідей:

Шина жөндеу жұмыстары кезінде кейбір негізгі ережелерді сақтау қажет. Нөлден төмен температурада сақталған шиналар, камералар және тоғын ленталары монтаждаудан бұрын үш-төрт сағат бойы бөлме температурасында бірқалыпты жағдайда ұсталуы керек. Шиналар монтаждау алдында сыртынан және ішінен қаралады, тыстың ішкі бетін қарау үшін спредер (борт кеңейткіш) немесе басқа құралдарды қолдану қажет. Шинадан бөтен заттар алынуы керек (тастар, шегелер және т.б.). Камералар монтаждаудан бұрын ванналарда немесе суы бар басқа сұйыққоймаларда саңылаусыздыққа тексеріледі. Шинаны тоғынға монтаждаудан бұрын шинаның бортын және тоғынның отырғызу орнын маймен майлау қажет, ал камераны сыртынан талькпен опалау керек. Шинаны тоғынға монтаждаған кезде шинаның қапталындағы теңгеруші  белгілердің шұрамен бірлесуін қамтамасыз ету қажет.

Монтаждау-демонтаждау жұмыстарын жүргізген кезде келесі
қауіпсіздік ережелерін
сақтау қажет:

Тығындарды ластану мен зақымданудан сақтау үшін барлық шұралар металды, пластмассалы немесе резеңкелі қалпақшалармен жабдықталуы керек. Қосарланған дөңгелектерді автокөліктің осіне орнатқан кезде сыртқы дөңгелекті шешусіз шинадағы ішкі қысымды өлшеу немесе үрлеу кезінде ішкі дөңгелек шинасының шұрасына қолжетімділік мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін екі дөңгелектің дисктерінің терезелерін бірлестіру қажет.

Мыналарға тыйым салынады:

Ірі габаритті дөңгелектерді шешкен кезде (жүк автокөліктер, карьерлік өзі аударғыштар, жол техникасы) тиісті тетіктер мен құрылғыларды қолдануға кеңес беріледі (3.1 – 3.3 суреттер). Монтаждаушылардың іс-қимылы келісілген болуы керек. Егер автокөлікте қандай да басқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, дөңгелекті шешуге болмайды. Одан басқа, келесі ережелерді сақтау қажет. Оқыс қимылдармен дөңгелекті шүмектен өзіне қарай демонтаждауға болмайды. Дөңгелекті шешетін жүргізуші шүмектің бір жағында, шинаның жорту жолшығы жағында тұруы керек. Ірі габаритті шинаны домалатқан кезде оның бір жағынан тұруға болмайды. Жұмысшы шинаны өзінің алдында домалатуы керек, бұл шинаның өзіне құлау тәуекелін төмендетеді. Дөңгелектерді ірі габаритті шиналармен орнату кезінде дөңгелек пен шүмектің арасында тұруға болмайды. Дөңгелектерді шешу алдында автокөлік арнайы көтергіште немесе басқа көтергіш тетіктің көмегімен асылуы керек. Соңғы жағдайда көтерілмейтін дөңгелектердің астына арнайы тіректерді қою қажет, ал автокөліктің көтерілген бөлігінің астына – арнайы тіреуішті (козелок). Қосарланған дисксіз дөңгелектердің сомындарын босату алдында оларды шешу үшін ішкі дөңгелекте тыс тоғыннан түсіп кетпегендігіне көз жеткізу қажет. Олай болмаған жағдайда шина жөндеу

1

— қармау;

2

— аспалы құрылғы

сурет.

Ірі габаритті шиналардан ауаның шығарылуын тездету үшін арналған инжекторлы құрылғы:

1

— жалғастық;

2

— бағыттаушы төлке;

3

сорғы түтігі;

4

— байланыстырушы құбыршек

шеберханасының жағдайында жұмыс істеген кезде екі дөңгелекті бірге шешу қажет, ал жолда жөндеген кезде сомындарды босату алдында екі шинадан ауаны шығару қажет. Дөңгелектің дискінен шинаны демонтаждау алдында камерадан ауа толығымен шығарылуы керек. Ауаның шығуын тездету үшін инжекторлы құрылғыларды қолдануға кеңес беріледі (3.4 сурет). Шинаны демонтаждауды арнайы стенде немесе алынбалы құрылғының көмегімен орындау керек. Стенд болмаған жағдайда, жүк автокөліктерінің шиналарын монтаждау үшін айналатын үстелдерді пайдалануға болады (3.5 сурет). Жолда шинаны монтаждау және демонтаждауды монтаждық құралмен жүзеге асыру керек. Шинаны монтаждау алдында тоғынды, борттық және құлыпты сақиналарды кір  мен тотықтықтан мұқият тазартып, олардың және шинаның ақаусыздығын тексеру  қажет. Дөңгелекті жуу мен кептіруді арнайы қондырғыларда жүзеге асыру керек (3.6 сурет). Шинаны дөңгелектің дискіне монтаждау кезінде құлыпты сақина тоғынның ойығына бүкір ішкі бетімен сенімді кіруі тиіс. Дөңгелектердің құлыпты сақиналарында тілік пен қима бойынша «бұраманың» орнында ұлғайтылған саңылауы болмауы керек (түйіс жиектердің сәйкессіздігі).

Шинаны ауамен толтыруды екі кезеңде жүргізген жөн: алдымен қалыпты сақинаның қалпын тексеріп 0,05 МПа (0,5 кгс/см

2

) қысымға дейін, сосын тиістінұсқаулықпен ұйғарылатын қысымға дейін. Құлыпты сақинаның дұрыс емес қалпы анықталған жағдайда,        толтырылатын        шинадан        ауаны шығарып, сақинаның қалпын дұрыстап, жоғарыда аталған операцияларды қайталау қажет.

Демонтаждаусыз шиналарды ауамен толтыруды,  егер ондағы ауаның қысымы

а        б

нормадан 40% артық түспесе және монтаждаудың дұрыстығы бұзылмады деген сенім болса жүзеге асыру қажет. Ұйым шарттарында автокөліктен шешілген шиналарды ауамен  толтыру  және аздап толтыру шина жөндеушімен бұл мақсатқа арнайы бөлінген орындарда, сақиналардың ұшып кетуіне кедергі жасайтын сақтандыру құрылғыларын пайдаланып орындалуы керек. Шинаны демонтаждау және монтаждау үшін арналған стендте жұмыс істеген кезде бәсеңдеткі қаптамамен жабылуы керек. Ауаны шинадан шығарған кезде ауамен бірге камераның шұрасынан ұшатын бөлшектер көзді зақымдауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Үлкен көлемді тыстарды жылжытуға арналған пневматикалық стационарлық көтергішпен жұмыс істеген кезде көтерілген тысты тежеуіш құрылғысымен бекіту міндетті болып табылады. Монтаждау-демонтаждау операцияларын орындаған кезде монтаждау күрекшелерін тоғынның борттық ернеуінің шеңбері бойынша аздаған қашықтықтарға (100... 150 мм) жылжыту қажет.

Мыналарға рұқсат етілмейді:

сурет.
Монтаждау күрекшелері:

1

— тік;

2

— майысқан ашалы

Шинаны тоғынға монтаждау мен демонтаждау кезінде дөңгелектің тек осы түріне арналған монтаждау күрекшелерін қолдану қажет (3.7 сурет). Монтаждау күрекшелері жарамды болуы керек және шина бөлшектерінің зақымдануына, монтаждаушылардың қолының жарақаттануына алып келуі мүмкін кертіктері, үшкір жиектері, майлануы, тотықтығы және кірі болмауы керек. Шинаны монтаждау және демонтаждау кезінде, әдетте, шина мен дөңгелектің бөлшектерінің механкалық зақымдануына, салдарынан монтаждаушылардың жарақаттануына алып келетін сүйменді, зілбалғаны, құбырларды, сомынды бұрайтын кілтті қолдануға тыйым салынады. Бөлшектерінің жарығы бар (борттық, құлыпты, отырғызу және кергішті сақиналарда) тоғынға шинаны монтаждауға

қатал тыйым салынады . Шинадағы ауаның максималды қысымы кезінде тоғынның борттық ернеуіне шина борты жағынан үлкен жүктеме әсер етеді, оның әрекетімен жарық көлемі тез ұлғаюы мүмкін, осының нәтижесінде тоғынның бұзылуы және, салдарынан, шинаның өздігінен демонтаждалуы орын алады. Шинаны демонтаждау және монтаждау кезінде қауіпсіз жұмыс амалдарын сақтау қажет.

Жеңіл автокөліктің шинасын демонтаждауды келесідей түрде жүзеге асырады:

Қақпақтың борттық сақинасының созылмауы немесе үзілмеуі үшін, сондай-ақ тоғынның борттық ернеуі зақымданбауы үшін қақпақтың бортын тоғынның ернеуінің артына екі монтаждау күрекшесімен жылжытпаған жөн.

Жеңіл автокөліктің шинасын монтаждауды мына ретпен жүргізеді:

а

— тыстың бортын тоғынның отырғызу сөресінен шешу;

б

— тыс бортын тоғынның ернеуіне ауыстыру;

в

— дөңгелекті босату

Шина жөндеу жұмыстары

35

3.1

Жүк автокөлігінің қолмен демонтаждалуы және монтаждалуы осы реттілікпен, бірақ дөңгелектің құрастырылымы ескеріліп жүзеге асырылады. Шинаның тоғынға монтаждалуын жеңілдету үшін шинаның борттарын және тоғынның отырғызу сөрелерін сабын ерітіндісімен майлауға кеңес беріледі. Бұл мақсатта минералды майларды қолдануға

үзілді-кесілді тыйым салынады .

Көпкомпонентті дөңгелектерді құрастырған кезде тоғындарды, құлыпты және бортты сақиналарды бөлшектеуге кеңес берілмейді. Қарау кезінде борттық  және құлыпты сақиналар қандай да тоғынға сәйкес келетіндігіне көз жеткізу қажет. Бұл бөлшектердің сәйкес келмеуі шинаны ауамен толтырған кезде құлыпты сақинаның үзілуіне немесе сыналануына аплып келеді, автокөліктің қозғалысы кезінде тоғын бөлшектерінің байланысының бұзылуы және шинаның тоғыннан өздігінен демонтаждалуы орын алуы мүмкін. Шиналарды қоршауларда – шинаны жабатын торларда, алынбалы сақтандырғыш құрылғыларда ауамен толтыру қажет. Қоршаулар болмаған жағдайда, дөңгелекті құлыпты сақинасымен тірек бетіне аударуға немесе қабырғаға сүйкеуге кеңес беріледі. Сақиналардың құлап кетуін болдырмау үшін монтаждау күрекшелерін немесе дөңгелек дисктерінің қол тесіктеріне орнатылатын, диаметрі 20 мм жуық металл шыбықшалардан жасалған П-тәріздес қапсырмаларды пайдалануға болады.

Ауамен толтырған кезде толтырылып жатқан шина жатқан құрылғыға қолды салуға
болмайды

. Шиналарды толтырған кезде келесі жағдайларда қолды тыстың борты мен тоғынның борттық ернеуі арасына тығуға

тыйым салынады :

Бұл жағдайларда камерадан ауаны шығарып, тоғыннан шинаны демонтаждап, шинаның тоғынға тығыз отырмауының себестерін жою қажет.

Қыздырылған шиналардың ауамен толтырылуын немесе аздап толтырылуын жүзеге асырмаған жөн.

Механикаландырылған шина жөндеу . Шина борттарын сақтау үшін, сондай-ақ олардың демонтаждалу және дөңгелекке орнатылу барлық операцияларын жеңілдету үшін шинаны монтаждауға және демонтаждауға арналған арнайы стендті қолдануға кеңес беріледі. Шинаны монтаждау және демонтаждау үшін түрлі үлгідегі стендтердің көпшілігі жеңіл автокөліктердің дөңгелектерін терең тоғынмен орнату үшін шығарылады. Бұл стендтердің жоғарғы жағында, әдетте, қысқыш құрылғымен бұрма тірек үстелі және бастиегі бар демонтаждау бағанасы монтаждалған. Қысқыш құрылғы ортаға жылжитын патрон түрінде орындалған, оның үш немесе төрт жұдырықшасы дөңгелек тоғынының диск ернеулерінің сыртқы бетінен қысуын қамтамасыз етеді. Шинаны борттау және борттаудан шығару түрлі бағыттарда басқарылатын бағананың демонтаждау бастиегімен қамтамасыз етіледі, ол оны жұмыс қалпында, ақырғы бекіту кезінде дөңгелек диск тоғының ернеуінен екі-үш мм-ге үстелдің онда орнатылған дөңгелекпен  айналу басталған кезде автоматты түрде шегеріледі. Стендтердің басым көпшілігінде пневмоцилиндрдің жетегімен бұрма қысатын тетіктермен (стенд корпусының бүйірінде, төменгі жағына орналасқан) байланысқан тұтқасы бар қысу күрекшесінен тұратын дисктен тыстың бортын ығыстыру механизмі орнатылған. Шина жөндеу стенді екі монтаждау күрекшелерімен, яғни қосалқы операцияларға арналған тетіктермен жинақталған. Аяқпен басқару педалінің блогы, әдетте, төрт педальді қамтиды: екі педаль қысқыш құрылғының ашылуын және жабылуын басқарады, үшінші педаль шина бортын жұлу үшін құрылғының пневможетегін басқарады, төртіншісі – үстелдің сағат тілі бойынша және сағат тіліне қарсы айналуын қамтамасыз етеді.  Демонтаждау  бағанасының тік тетікті бекіту және босату үшін  тұтқасы бар.

Шина жөндеу білдегін қолданып жеңіл дөңгелектің
шинасын демонтаждау

реттілігі мынадай: алдымен дөңгелекті дайындау қажет, бұл үшін дөңгелек дискінің екі жағынан теңгеруші жүкті алады, шұраның реттығынын бұрайды және дөңгелектен ауаны толығымен босатады. Сосын шина бортын дөңгелек тоғынынан жұлады. Бұл үшін дөңгелекті білдектің оң жағынан қояды, ал шина бортын жұлатын құралды тоғынның жиегіне жылжытады. Шинаның борты дөңгелектің тоғынынан жұлынбағанша, тиісті педальға басып, шинаның бортына тоспамен басады. Егер шинаның борты тоғынның жиегінен бірінші реттен кейін алынбаса, шинаның бүкіл борты тоғынның иінінен толығымен алынбағанша, операцияны дөңгелектің басқа қалыптарында қайталайды. Бұдан кейін шинаны жұлуды екінші жағынан жүзеге асырады. Шинаны арнайы монтаждау майымен (ол болмаған жағдайда  –  сабын ерітіндісімен) борттың бүкіл шеңбері бойымен екі жағынан мұқият майлау қажет. Бұл орындалмаса, монтаждау құралы мен шинаның арасындағы үйкеліс күшінің есебінен шинаның немесе тоғынның зақымдануы мүмкін.

Бұрма үстеліндегі дөңгелек ішінен немесе сыртынан қысылуы мүмкін. Дөңгелекті

ішінен
қысу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Тоғынды
сыртынан

қысу үшін бұрма үстелінің қысқыштарын ашып, қысылуы керек тоғынның көлеміне сәйкес келетін қалыпқа орнату, дөңгелекті бұрма үстеліне орналастыру және қысқыштар тоғынның жиегін қашан қысатындығына назар аударып қысқыштарды түйістіру. Дөңгелекті қысқаннан кейін дөңгелектің тоғынынан шинаның демонтаждалуын келесі тәртіпте жүзеге асырады:

«6 сағат» қалпында орнату орнын қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Шинаны дөңгелекке орнату кезінде, ең жеңіл бөлігін көрсететін шинадағы теңгеруші таңба, шинаның шұра салмағымен теңгерімсіздігін ішінара өтеу  үшін шұраның жанында орналасқандығын қадағалау қажет.

Камерасыз  шинаны
монтаждау алдында  дөңгелекті  мұқият  қарап тексеру қажет.
Дөңгелектерде майысқандық, терең сызаттар, дәнекерлеу тігістерінің

қатпары және коррозия болмауы керек. Дөңгелектер жақсы боялған болуы керек. Дөңгелектердің сөрелері мен борттарының бетінің, яғни камерасыз шинаның дөңгелекке қымтау, отырғызу орындарының дайындалуына ерекше назар аудару қажет. Шұраны дөңгелекке орнату алдында оның корпусына резеңкелі тығыздауыш сақинаны кигізіп, сосын дөңгелектің тесігіне ішінен орнатып, сомынды сыртқы жағынан тарту керек. Шинаны ауамен толтыру үшін қажетті қымтауды құру үшін шина борттарының дөңгелектің сөрелеріне алдын ала отырғызылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін арнайы тартпалы лентаның көмешімен немесе мықты жіпті бұрау арқылы шинаны протектор бойынша жаншу керек. Кейде монтаждаудан кейін шинаның борттары біршама тарқауы үшін тоғындағы шинаны ұру жеткілікті. Жаншылған шинаны аударылған реттығын кезінде толтыру (компрессордан). Шина борттарын орынға тығыз отырғызғаннан кейін тартпалы құрылғыны шешу қажет. Камерасыз шиналы дөңгелектің қымтауы – шинаның өзінің де, тоғынның да жағдайына байланысты. Сондықтан камерасыз шиналы дөңгелектің қымтауын тексеру камерасымен салыстырғанда біршама қиындықтар келтіреді. Қымтауды монтаждаудан кейін шұраның бекітілу орындарында және тоғынның шеңбері бойынша тексеру қажет. Шұраның қымтауын тексеру үшін оның айналасына аздап су құю керек. Тоғынның қымтауын тексерген кезде шинаны жерге көлденең қойып, тоғынның шеті мен шинаның арасындағы жырашыққа су құю қажет, сосын дәлі осылай тоғынның екінші жағынан қымтауын тексеру керек.

Жөндеуден кейін шинамен жинақтағы
дөңгелекті теңгеру

қажет. Дөңгелекті теңгеруді Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдалану кезеңінде жүргізу қажет, себебі теңгерімсіздіктен туындайтын дөңгелектің дірілі тыс протекторының, меңгерікпен басқару бөлшектерінің және аспаның тез тозуына алып келеді, сонымен қатар автокөлікті басқаруды қиындатады. Дөңгелектердің статикалық және динамикалық теңгерімсіздігін ажыратады. Статикалық теңгерімсіздік кезінде дөңгелектің ауырлық ортасы оный айналу осіне  сәйкес келмейді. Динамикалық теңгерімсіздік салмақтың дөңгелек жалпақтығы бойынша біркелкі емес таралуымен сипатталады, оның салдарынан дөңгелектің ауытқуын туындататын дөңгелек айналған кездегі күштің қосымша сәті құрылады. Еңбек өнімділігін және жұмыстағы жайлылықты арттыру үшін дөңгелектерді теңгерген кезде статикалық және динамикалық теңгерімсіздіктен микропроцессорлық басқаруы бар стационарлы электромеханикалық білдектер қолданылады. Заманауи теңгеруші білдектердің басқару пульттерінде өлшенетін шамалардың сандық индикаторлары, теңгеру сызбаларының жанатын трафареттері бар. Барлық заманауи білдектер, теңгеруші жүктер қолданылып, дөңгелектің динамикалық және статикалық теңгеруі қамтамасыз етіледі. Жүк-ауырлықтарды орнатуды алдын ала түсірілген дөңгелектің дискі мен тысы арасындағы саңылауға жүктердің қапсырмаларын ұратын балғасы бар арнайы құрамдастырылған қысқаштармен ғана жүргізген жөн.

Дөңгелектің теңгеруін мынадай реттілікте жүзеге асырады. Алдымен теңгеруші білдекке орнату үшін дөңгелекті дайындаған жөн, бұл үшін дөңгелекті кірден тазартып, дөңгелектен бұдан бұрын орнатылған жүктерді, сондай-ақ ірі тастар мен протектордан басқа бөтен заттарды алып тастау керек. Сосын теңгерілетін дөңгелекті конустардың және жылжымалы бұрандалы төрткілшелері бар тез шешілетін сомынның көмегімен білдектің білігіне тоғынның орталық тесігінен бекітеді. Тоғынның кескіндемесіне байланысты конус тоғынның ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да орнатыла алады. Конустарды тоғынның ішкі жағынан орнатқан кезде алдымен білікке центрлік күшін тудыратын конусты серіппе орнатылуы тиіс. Сомынды орнату үшін оның корпусындағы батырманы басып, сомынды білдектің білігіне кигізіп, оны тірелгенше жылжытып, батырманы жіберу қажет. Бұл ретте жылжымалы бұрандалы төрткілшелер сомынның денесінен шығарылады және біліктің бұрандасымен ілініседі, сосын сомынды бұрандама бойынша дөңгелекті қажетті күшпен тартуға дейін бұрау қажет. Сомынды шешу үшін алдымен осьтік күшті азайту үшін оны бұрау керек, сосын батырманы басып, сомынды шешу қажет. Бұдан әрі дөңгелектің геометриялық параметрлерін орнату қажет. Дөңгелектің ішкі және сыртқы жағында түзетуші жүктердің салмағын дұрыс есептеу үшін оның геометриялық параметрлерін, яғни тоғынның диаметрі мен жалпақтығын ( «d» және «6» параметрлері), сонымен қатар корпустан тоғынның ішкі жағына дейінгі қашықтықты дәл енгізу қажет(«А» параметрі). Теңгеруші білдектердің көптеген модельдері дөңгелектің «d» диаметрін және «А» қашықтықты автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беретін  құрылғымен  жабдықталған. Бұл үшін тұтқаны ұстап, білдектің корпусынан параметрлерді енгізу штангасын шығарып, тұтқаның ұшындағы саусақты тоғынның ішкі жағындағы түзетуші жүктерді орнату орнына апарып, штанганы осы қалыпта дыбыстық сигнал пайда болғанша ұстап тұрып, сосын штанганы бастапқы қалыпқа қайтару қажет. Тоғынның жалпақтығы әдетте оның таңбаламасында белгіленген. Таңбалама болмаған жағдайда немесе оны оқу мүмкін емес болған жағдайда, жалпақтығын арнайы құралмен – кронциркульмен өлшеген жөн. Тоғынның жалпақтығы индикаторларда көрсетіледі. Егер тоғаннан есептелген немесе өлшенген жалпақтық индикатордың көрсетуінен ерекшеленсе, онда «-» және « +

» батырмаларымен жалпақтықтың талап етілетін мәнін орнату қажет. Егер ақаулықтың нәтижесінде параметрлерді енгізу штангасын шығарған кезде «d» және «А» бір немесе екі параметр енгізілмесе, оларды қолмен енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Одан кейін қорғаныс қаптамасын түсірген жөн. Білдекті іске қосу «ІСКЕ ҚОСУ» батырмасын басу арқылы, не болмаса қорғаныс қаптамасы жабылған кезде автоматты түрде жүзеге асырыла алады. Өлшеу циклі аяқталғаннан кейін тежеуіш құрылғысы автоматты түрде қосылады және білдектің білігі тоқтайды. Индикаторларда граммдағы түзетуші жүктің салмағының мәні пайда болады, ал

бұру бұрышының сызғыштарында ерікті орындарда бір-бір жарық диодтар жанады. Сосын түзетуші жүктерді орнату қажет. Бұл үшін қорғаныс қаптамасын көтеріп, дөңгелекті қолмен бұрау қажет, бұл ретте сызғыштардағы жарықдиодтардың жануы жылжытын болады және бір сәтте сызғыштардың бірінде барлық жарықдиодтар жанады және олардың жану түсі жасылға ауысады. Сызғышта барлық жарықдиодтар жасыл түспен жанды дерлік, бұл дөңгелектің  ішкі бетінде ауыр жері білдек білігінің осі арқылы өтетін астында вертикальда жатқандығын білдіреді. Салмағы индикаторлардағы көрсеткіштерге тең болатын түзетуші жүкті іріктеп, оны ішкі бетте дөңгелек тоғынының жоғарғы нүктесінде біліктің осі арқылы өтетін вертикальда орналастыру қажет. Осыған ұқсас барлық жарықдиодтардың жану сәті бойынша сызғышта жасыл түспен салмағы индикаторлардағы көрсеткіштерге тең түзетуші жүкті дөңгелектің сыртқы жазықтығына орнату қажет. Теңгеру нәтижелерін тексеру үшін білдекті қайта іске қосу қажет. Егер дөңгелек дұрыс теңгерілсе, индикаторларда «0» көрсетіледі. Егер индикаторларда «0» тең емес көрсеткіштер жанса, бұл түзетуші жүктің салмағы дұрыс емес іріктелгендігін немесе жүк бұрышы бойынша қате орнатылғандығын білдіреді. Бұл жағдайда теңгеру қайта жүзеге асырылады, бұл ретте бастапқы орнатылған жүктің қалпын ескерген жөн. Шина жөндеу және теңгеру білдектерінде механикаландырылған шина жөндеу жұмыстары кезінде ерекше

қауіпсіздік талаптарын орындау қажет. Бұл ретте қозғалыстағы бөлшектердің болуы, монтаждау үстелінің айналу қауіптілігі, жоғары кернеудің болуы, зақымданған шинаны ауамен толтырған кезде жарылу мүмкіндігі, қолдың айналмалы бағанмен және шинаның бортын жұлуға арналған бүйір құрылғымен қысылу мүмкіндігі сияқты қауіпті факторларды ескерген жөн. Білдек тегіс бетон еденде немесе іргетаста барлық тіректер табанына тиетіндей және еденге анкерлік бұрамалардың көмегімен бекітілетіндей орнатылуы тиіс. Жұмыстың жайлығын, қосылуды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында білдектерді қабырғалардан 800 мм кем емес қашықтықта орнатуға кеңес беріледі. Білдектің көлемі операторға білдектің айналасындағы жұмыс аймағы заттар мен адамдардан бос екендігін, онда әлеуетті қауіпті нысандардың жоқтығын тексеруге мүмкіндік береді. Білдектердің корпустары жерлендірілуі керек. Қорғаныс жерлендіруінсіз жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Қуат беру блогының ашық люгімен жұмыс істеуге тыйым салынады. Қуат беру блогының люгін ашу керек болған жағдайда, жабдық желіден ажыратылуы керек. Білдектердің электр жабдығын қосу және жөндеу жөніндегі барлық жұмыстар электр қауіпсіздігі бойынша тиісті тобы бар маманмен орындалуы керек. Білдектерді шина ауыстыру үшін және геометриялық көлемдері бойынша Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен қарастырылмаған, яғни аталған білдек үшін максималды рұқсат етілгеннен асатын дөңгелектердің диаметрі мен шинасына ие дөңгелектерді теңгеру үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

Білдекте тек оқытылған персонал жұмыс істеуі керек. Шинаны ауамен толтырған кезде оған сүйенуге және оның үстінен иілуге болмайды. Шинаның борттары өз орындарына отырған кезде, қолды шинадан және тоғынның ернемегінен аулақ ұстаған жөн. Камерасыз шиналарды (еге бар болса) ауамен толтыруға арналған жүйені шина қауіпсіздік құрылғысымен орнында дұрыс бекітілмегенінше қосуға болмайды. Шина бортын жұлу құралы мен шинаның өзінің арасына немесе шина мен дөңгелекті бекітуге арналған тірек үстелі арасына дене мүшелерінің түсуінен аулақ болу қажет. Шинаны ауамен толтыру кезінде білдектен алыс тұру қажет және оның алдында ешқашан тұрмау керек. Электр қуатын немесе тығыз ауаны беру тоқтатылған жағдайда, педальды бейтарап жағдайға қойған жөн. Теңгеруші білдекті іске қосу алдында және оны толық тоқтатқанға дейін дөңгелек қорғаныс қаптамасымен жабылуы керек. Шинаға, тұтқаға, қысқыш элементтерге және білдектің басқа бөліктеріне май мен басқа мұнай өнімдерінің түсуінен аулақ болу қажет. Бұған екі себептен рұқсат етілмейді: дөңгелек бекітілуінің жұлынуын тудыруы мүмкін және шина дайындалған резеңкеге зиян келтіруі мүмкін.

3.2

Камера жөндеу
Жөндеу операцияларының реттілігі
. Жалпы жағдайда автокөлік камерасын жөндеудің реттілігі мынадай

Жөндеу үшін камераны іріктеу . Жөндеуді ұйымдастыру кезінде камераларды жөндеу амалдарына және мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа сұрыптайды:

ұзындығы 150 мм асатын және жалпақтығы 50 мм артық үзілулермен;
мұнай өнімдерінің және резеңкені бұзатын басқа заттардың әсеріне ұшыраған.

Камераны жөндеу ыстық (вулканизация) және суық (адгезия) әдістермен жүзеге асырыла алады. Сенімдірек және жөндеуден кейінгі дөңгелектердің көбірек ресурсын қамтамасыз ететін дәстүрлі ыстық амал саналады. Вулканизация – бұл жоғары температураның әсерінен каучукты резеңкеге айналдыру үдерісі. Вулканизация үшін дайындалған каучуктың, күкірттің және басқа компоненттердің қоспасын «шикі резеңке» деп атайды.

Жөндеу үшін материалдарды дайындау . Ыстық әдіспен (вулканизациямен) шинаны жөндеу үшін қолданылатын материалдарды дайындау табақты резеңкелі қоспаларды және резеңке-маталы материалдарды дайындауды, желім мен жабыстырғыштарды даярдауды қамтиды. Өздігінен жабысатын материалдар (саңырауқұлақшалар, адгезиялық жабыны бар жабыстырғыштар), сонымен қатар суық әдіспен жөндеу үшін қолданылатын автодәріқұтының құрамына кіретін жөндеу материалдары жөндеуге дайындықты қажет етпейді.

Шина жөндеу материалдары . Ұлттық және салалық стандарттарға сәйкес отандық өнеркәсіп пневматикалық камералар мен шиналарды қалпына келтіру және жөндеу үшін келесі материалдарды шығарады:

Резеңкелі қоспаларды және резеңкеленген кордты дайындау . Табақты резеңкелі қоспалар және резеңкеленген корд төсеме материалдан босатылады және жолақтардың қажетті ұзындығы мен енін пішеді.

Табақты протекторлық қоспаның жолақтары рет-ретімен екі жағына шоғырлануы 1:10 —1:12 резеңкелі желім жағады және желімдік пленканы кептіру үшін кептіргішке орналастырады. Кептіруді 30...40°С температурада жанармай булары толығымен жойылғанша жүргізеді. Табақты қабатшалы резеңкенің және резеңкеленген кордтың жолақтарының екі жағына жанармай жағылады және сол кептіргіште кептіреді. Кептіргіштер болмаған жағдайда желім немесе жанармай жағылған материалдарды жанармай буларының сорылуын қамтамасыз етіп, бөлме температурасында ілгіштерде немесе стеллаждарда кептіруге рұқсат етіледі.

Резеңкелі желімді әзірлеу . Резеңкелі желім жөнделуге жататын тыстардың және камералардың аймақтарын, сондай-ақ шина жөндеу материалдарын майлау үшін қажет. Желім «Галоша» маркалы жанармайдағы күйе толтырылған желімдік резеңкелі қоспаның ерітіндісі болып табылады. Қолданылатын желімнің шоғырлануы (таразы бөліктерінде) 1:10 —1:12 болуы керек. Желімнің шоғырлануын таразы бөлігінде көрсеткен кезде (1: 10 немесе 1: 12) бірінші сан желімдік резеңкелі қоспаның таразы мөлшерін білдіреді, екіншісі – жанармайдың таразы мөлшерін. 1:10 немесе 1:12 шоғырланымдағы желімді дайындаған кезде «Галоша» жанармайының желімдік резеңкелі қоспаның 1 кг-на жұмсалуы келесіні құрайды: Желімді әзірлеуге сыйымдылығы әр түрлі желім араластырғыштар қолданылады. Талқылағыштарда қыздырылған желімдік резеңкелі қоспаны желім араластырғышқа көлемі 20 х 20 мм артық емес тілімдермен жүктейді. Талқылағыштар болмаған жағдайда, резеңкелі қоспаны кептіру шкафында 30...35°С аспайтын температураға  дейін қыздырады және көлемі 20х20 мм артық емес тіліктермен кеседі. Резеңкелі қоспамен бірге желім араластырғышқа жанармайдың бөлігін құяды және резеңкелі қоспа  ісінгеннен кейін екі 2 сағат боый араластыруды бастайды. 3 сағат араластырғаннан кейін желім араластырғышқа жанармайдың қалған бөлігін қосады және желімнің тағы 3 сағат бойы араластырылуын жалғастырады. Бұдан кейін жайын желімді желім араластырғыштан қымтау жабылатын ыдысқа құяды. Желімді қолданар алдында оның шоғырлануы құрғақ қалдық бойынша тексерілуі керек, ол шоғырлануы 1 : 10 желім үшін шамамен 9,1 % құрауы керек, шоғырлануы 1: 12 желім үшін шамамен 7,8 %. Желім араластырғыш болмаған жағдайда, желімді келесідей әдіспен әзірлеуге рұқсат етіледі: 30.35 °С температураға дейін қыздырылған желімдік резеңкелі қоспаны көлемі 20 х 20 мм артық емес тіліктерге кеседі және қақпағы тығыз жабылатын металл ыдысқа құяды. Ыдысқа жанармайды резеңкелі қоспа толығымен бататындай етіп құяды. Резеңкелі қоспа 12... 24 сағат бойы ісінуі керек. Мерзім сайын жанармайдың аздаған порцияларын құйып тастап, ыдыстың ішіндегісін ағаш күрекшемен араластырады. Ісіну аяқталғаннан кейін қалған жанармайды ыдысқа қосып, оынң ішіндегісін біртекті масса пайда болғанша араластыруды жалғастырады.

Желімді осылайша әзірлеген кезде оның шоғырлануын мұқият анықтау қажет.
Камераны жөндеуге дайындау
. Камераны жөндеуге дайындау келесі операциялардан тұрады:

20.25 мм-ге тілік шеттерінен қашықта болуы керек. Тегістеуді тегістеу білдегінде абразивті шеңбермен жүзеге асырады. Тегістелген аймақтар қатты қылшақтың шаңынан тазартылады;

1

— цилиндрлі сым қылшағы бар қатты білік;

2

— электр қозғалтқыш;

3

— иілгіш білік

Камера жөндеу үшін жамаулар дайындау . Камераны жөндеу үшін вулканизацияланған резеңкеден немесе вулканизацияланбаған резеңкелі қоспадан жамаулар қолданылады. Біріншісін сызаттар, резеңкенің қатаю, мұнай өнімдерінің әсер ету іздері сияқты ақаулары жоқ ескі-құсқы камералардан ойып алу арқылы алады, екіншісі қалыңдығы (2±0,2) мм шикі камералы резеңкелі қоспадан ойылып алынады. Өздерінің көлемдері бойынша ойылып алынған жамаулар камераның зақымдануларының көлемдерінен асуы керек: Вулканизацияланған резеңкеден жасалған жамаулар, жамаудың шеттері қисайта отырып, бір жағынан зімпаралы шеңберде тегістеуге ұшырайды. Дайындалған жамауға бір жағынан шоғырлануы 1:10—1:12 желімді екі рет жағып, әрбір желім жаққан сайын оны 25...30 мин бойы 30... 40 °С температурада немесе бөлме температурасында кептіріп отырады. Кептірілген  жамаулардың шеттері  қалыңдығы (0,9 ±0,1) мм және жалпақтығы Шикі резеңкелі  қоспадан дайындалған жамауларға бір  жағынан шоғырлануы 1:10

— 1:12 желімді жағып, 25... 30 мин бойы 30...40 °С температурада кептіреді.

Зақымдануларды бітеу және вулканизация . Жағылған және кептірілген желімі бар жамауды камерадағы дайындалған жерге қояды, аунақшамен домалатады, сыртқы жағынан талькпен опалайды және вулканизациялайды (3.10 сурет).

Шұралар тақасын ауыстыру . Ауыстырылуға жататын шұра, оның айналасындағы аймақ ойылып алынып, жойылады. Ойық орнын жамаумен бітейді, ал вулканизацияланған тақамен жинақтағы жаңа шұра камераның басқа аймағында орнатылады.

сурет.
Камераны жөндеу кезінде вулканизаторды қолдану:

1

— вулканизация уақытының жылу релесі;

2

— электр жылыту плитасы;

3

— камераны қысу үшін төменгі плита;

4

— қысатын бұранданың тегершігі

Күйген резеңкені болат қылшақпен тазартып, резеңкені шұрадан күйдіру арқылы алып тастайды, одан кейін шұраны егеуқұм қағазбен жылтырағанға дейін тазартады және жанармаймен шаяды. Тазартылған шұраға қолмен жанасуға және оны темір заттарға қоюға болмайды. Шұраны мұқият өңдеу резеңкенің металмен ілінісуінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Камера шұраларының тақаларын дайындау технологиясы және оларды шұрамен құрастыу жеңіл және жүк автокөліктері үшін біршама әр түрлі. Қалыңдығы 2 мм шикі резеңкелі қоспадан жаслаған жүк автокөліктерінің шиналары үшін диаметрлері 65; 75 және 30 мм үш домалақ дайындамалар ояды. Бұл дайындамалардың біріншілерінің арасына диаметрі 60 мм шеңбер пішінді резеңкеленген чефердің екі қабатын салады. Чефердің әрбір қабатының екі жағына және чеферге қаратылған дайындама беттеріне алдын ала шоғырлануы 1:10—1:12 желім жағады,  сосын оны кептіреді. Дайындамалардың ортасында диаметрі 8 мм тесік жасайды, сосын диаметрі 65 және 75 мм дайындамаларды шұраға кигізеді. Шұраның көпіршесіне үшінші дайындаманы жағады. Жиналған тақа дайындамаларды аунақшамен домалатады, одан кейін шұрамен жинақтағы тақаны арнайы баспақ қалыптарда (олармен, әдетте, кәсіби вулканизаторлар жинақталады) (150±5) °С температурада 20 мин бойы екі жақты қыздыру кезінде және 25 мин бойы бір жақты қыздыру кезінде вулканизациялайды. Вулканизациялау кезінде пайда болған қылауларды кесіп тастайды. Қалыңдығы 2 мм шикі резеңкелі қоспадан жасалған жеңіл автокөліктердің шиналары үшін үш дайындама дайындалады: диаметрі 70 және 60 мм екі домалақ және ұзындығы 85 мм сына тәріздес сызықтар түріндегі бір фасонды. Домалақ дайындамалардың арасына диаметрі 55 мм шеңбер пішінді резеңкеленген чеферден жасалған екі қабатшаны орналастырады; қабатшаның әрбір жағына шоғырлануы 1:10— 1:12 желімді алдын ала жағады және кептіреді. Жиналған тақа дайындамаларды аунақшамен домалатады. Тақаның ортасында диаметрі 6 мм тесік теседі. Алынған тақаны тиісті түрде дайындалған шұра корпусының төменгі жағына кигізеді, шұраны үстінен фасонды дайындамамен (оның ішкі жағына алдын ала  жағылған және кептірілген желімі бар)  тыстайды және домалатады. Шұрамен жинақтағы тақаны арнайы баспақ қалыпқа орналастырады және екі жақты қыздыру кезінде 20 мин бойы немесе бір жақты қыздыру кезінде 25 мин бойы вулканизациялайды. Вулканизациялау температурасы (150±5) °C. Қылауларды және вулканизациялау кезінде пайда болған резеңке қатпарын пышақпен кесіп алады, жамаулардың шеттері тегістеледі.

Шұра тақасын камераға вулканизациялау . Камераның таңдалған аймағы тегістеледі. Тегістелген аймақтың шекаралары шұраның салынатын тақасының шеттерінен 15...20 мм-ге қашықта болуы тиіс. Аймақтың ортасында диаметрі 5...6 мм тесік тесіледі. Сәт сайын желімді пленканы кептіріп, аймаққа шоғырлануы 1:10—1:12 желім екі рет жағылады,

сурет.
Камераның саңылаусыздығын тексеру үшін ваннаны қолдану:

1

— ванна;

2, 4

— жарықтандыру шамдары;

3

— камера        батырғышының        соташығы;

5

— пневмоцилиндр;

6

— тығыз ауаны жеткізу құбыршегі

Ішкі жағынан тегістелген тақаға да шоғырлануы 1:10—1:12 желімді екі ет жағады және кептіреді, тақаның шеттері алдын ала жағылған және кептірілген желіммен қалыңдығы (0,9 ±0,1) мм және жалпақтығы 10 мм қабатшалы резеңкелі қоспадан жасалған лентамен құрсайды. Тақаны камераға ондағы тесіктер сәйкес келетіндей салады, сосын тақаны аунақшамен домалатады және арнайы баспақ қалыпты қолданып, тақаны камераға вулканизациялайды. Вулканизациялау режимі: температура (150 ±5) °C, уақыты 20 мин.

Камера жөндеу сапасын бақылау . Ауа толтырылған камераны суы бар ваннаға батырып, жөнделген камералар саңылаусыздыққа тексеріледі (3.11 сурет). Ақаулар анықталған жағдайда камера қайта жөнделеді. Жөнделген камералар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

Камера  жөндеу  кезіндегі  қауіпсіздік  талаптары
.  Камераны  жөндеу  кезінде  келесі
қауіпсіздік талаптары
қатал сақталуы керек.

3.3

Шина жөндеу
Жөндеу операцияларының реттілігі

. Жалпы жағдайда камералы дөңгелектердің және камерасыз шиналардың тыстарын жөндеу келесі операциялардан тұрады:

Шинаны жөндеуге қабылдау . Жөндеуге түсетін шиналардың жөндеуге және жөндеу түріне жарамдылығын анықтау үшін ақаулықтарды анықтау мақсатында қаралады. Шинаны сыртынан және ішінен спредердің (3.12 сурет) немесе қол борт кеңейткіштің және қармауыштың (мұқалған оймакілтек бөлігі бар бұрағыштың) көмегімен қарайды. Зақымдануы бар тыс борттарын, сонымен қатар шинаны «Р» тұрпатты ішкі беттерін қарау кезінде, қолды борттық сымның ұштарымен және металкордтың жыртылған жіптерімен жараламау үшін сақтық сақтау қажет.

Әдетте, автокөліктік және автосервистік кәсіпорындардың шарттарында тек жергілікті зақымданулардың – сызаттардың, тіліктердің, кордтың жалаңаштануынсыз жапқыш резеңкенің жергілікті тозуының, жеңіл автокөліктің шиналарындағы 5 мм дейінгі және жүк автокөліктерінің шиналарындағы 10 мм дейінгі өтпелі тесігінің жөндеуі ғана жүргізіледі. Тозған протекторды қалпына келтіру және күрделірек жөндеу мамандандырылған шина жөндеу кәсіпорындарында жүргізіледі.

Жергілікті жөндеуге жарамсыз шиналар:
Зақымданған аймақты дайындау

. Жөндеуге жарамды шиналар бөтен қосылыстардан (тастардан, шынының қалдықтарынан, шегелерден, зақымдану аймағындағы сырғанауға қарсы тікенектерден және т.б.) және кірден мұқият тазартылады. Кірді жою жуғыш машинада немесе қатты қылшақты пайдаанып су ағынымен жүзеге асырылады. Шинадан бөтен заттарды алу үшін бұрағыштарды, бізді немесе пышақты емес, қысқыштарды пайдалану қажет.

50

Тарау 3

Шина  жөндеу технологиясы

Жуғаннан кейін шиналарды кептіру камерасында 40... 60 °С температурада 2 сағат бойы кептіреді. Кептіру камерасы болмаған жағдайда, кептіруді жылытылатын үй-жайда жүзеге асыруға болады (жылыту аспаптарынан 1 м жақын емес қашықтықта), бұл ретте кептірудің ұзақтығы кем дегенде 24 сағатты құрайды. Бұдан әрі протектордың зақымдану мысалында жергілікті жөндеудің сипаттамасы келтірілген. Шина қапталындағы зақымданған аймақтарды дайындауды ұқсас түрде жүзеге асыратындығын ескерген жөн. Шина зақымдануларын ойып алуды және өңдеуді құрал мен құрылғылардың арнайы жинағының көмегімен жүзеге асырады. Шинаны қарау, зақымданған аймақты белгілеу және жою спредерде немесе шеберүстелде арнайы кеспелтекпен жүзеге асырады. Зақымданған аймақты өңдеу алдында оны ойып алу амалдарын анықтайды («сыртқы конус», «ішкі конус» немесе «қарсы конус») және бормен ойықтың шекарасын белгілейді (3.13 сурет). Шинаның зақымданған аймақтарын ойып алу амалдарын анықтаған кезде келесі ережелер басшылыққа алынады: «Қарсы конус» әдісімен, әдетте, металкорд шиналардың өтпелі зақымдары, сонымен қатар шина ішінен жыртылған шеттерімен өтпелі зақымдар ойылады. Зақымданған аймақты «сыртқы конус» әдісімен ойып алу шинаны кеспелтекке немесе шеберүстелге орнатқаннан кейін жүзеге асырады. Бұл ретте зақымдану шегі бойынша қатпарланған резеңкені және жыртылған жіптерді ретті ойып алады. Ойықтың шеттері зақымдану орталығына (45±5)° еңіс болуы керек.

а

— «сыртқы конус»;

б

— «ішкі конус»;

в

— «қарсы конус»;

l

— зақымдану тереңдігі

«Ішкі конус» әдісімен ойып алу үшін шина спредерге орналастырылады. Кордтың барлық қатпарланған және зақымданған жіптерін ретті жоя отырып, ойып алуды зақымданудың бүкіл тереңдігіне жүзеге асырылады. Ойықтың шеттері зақымдану орталығына (45±5)° еңіс болуы керек. «Қарсы конус» әдісімен ойып алу екі кезеңде жүзеге асырылады. Алдымен шинаның сыртқы жағынан зақымданған аймақты ойып алады («сыртқы конуспен»), сосын ішкі жағынан да («ішкі конуспен») (45±5)° бұрышында. Ойық конустарының түйісу орны шина брекерінің деңгейінде болуы керек. Зақымданған аймақтарды ойып алу ыңғайлығы үшін 45° бұрыштарымен тікбұрышты үшбұрыш түріндегі шаблонды пайдалануға кеңес беріледі.

Тегістеу . Тегістеу тағайындамасы 3.2 бөлімшеде сипатталған. Шинаны жөндеуге дайындау кезінде ішкі және сыртқы тегістеуді ажыратады. Тегістеу үшін шина спредерге орнатылады. Ішкі тегістеу дискті сым қылшақтың көмегімен жүзеге асырылады, ол тек корд жіптерінің бойымен ғана жылжиды, себебі қылшақтың жіпке көлденең жылжуы олардың үзіліп кетуіне алып келуі мүмкін. Корд жіптерінің күйреуін және резеңкенің тұтануын болдырмау үшін қылшақты өңделетін бетке қатты қыспаған жөн. Ішкі тегістеудің шегі жабыстырылатын жабыстырғыштың көлемінен әрбір жағынан 20... 30 мм-ге асуы керек (3.14 сурет). Тегістеуден кейін кордтың жыртылған немесе сабалақтанған жіптері қайшымен кесіледі, тегістеу барысында туындаған шаң шаңсорғыштың немесе қатты қылшақтың көмегімен жойылады. Шинаның сыртқы тегістеуі алдымен жартылай сфералы дисктер қолданылып, дөрекі, алдын ала өңдеу орындалады, сосын жіңішкесін – дискті сым қылшақ көмегімен екі кезеңде жүргізіледі: Тегістеуге ойып алынған зақымдар және шеттерінен 5.10 мм-ге шегініспен оның айналасындағы жамылғы резеңкенің беті ұшырайды. Көлемі 15 мм-ге дейін өтпелі және бітеу зақымдары бар аймақтар домалақ түрімен өңделеді.

а

— дискті сым қылшақпен;

б, в

— пішінді шорошкалармен

а

— алты қабатты крест тәріздік резеңкекордты жабыстырғыш;

б

—Р тұрпатты төрт қабатты жабыстырғыш;

в

— сегіз қабатты борттық жабыстырғыш;

1

8

— жабыстырғыш қабаттары

Металкордпен радиал шиналардың зақымданған аймақтарын тегістеу үшін керамикалық абразивті құрал қолданылады (конус тәрізді, тостаған тәрізді, шар тәрізді және дискті). Шина бетінен шығып тұратын металкорд жіптерін қайшымен кесіп тастайды, ал қалдықтарын керамикалық шорошкамен өңдейді. Бұзылған латунды жабынмен металкордтың жібінің сапалы жөндеуін жүргізу үшін кірден, тоттан, резеңкенің қалдықтарынан толығымен тазартады және домалақ түрпімен, сосын конус пішінді абразивті керамикалық шорошкамен өңдейді. Металкордты абразивті құралмен өңдеген кезде металдың босаңдауын (металл бетінде көкшіл реңктің пайда болуы) және резеңкенің шайырлануын болдырмау қажет.

Жабыстырғыштардың дайындау . Жөндеу үшін шиналардың құрастырылымына және зақымдану орындарына байланысты жабыстырғыштардың бірнеше түрлері дайындалады (3.15 сурет).

Диагональ шиналардың қаңқасын жөндеуге арналған жабыстырғыштар резеңкеленген кордтан дайындалады. Жабыстырғыштың көлемі зақымдану көлеміне байланысты, ал ондағы қабаттар саны – шина қаңқасының зақымданған қабаттарының санына. Кордтың арнайы үлгілер бойынша пішілген жолақтарына жанармай жағады және оларды біріне-бірін крест тәрізді қойып (жұп қабат тақ қабатпен айқыш), өзара перпендикулярлы, аунақшамен домалатады. Жабыстырғышты құрастыруды үлкен көлемді жолақтардан бастайды және сатылы құрастырылым туындайтындай етіп жүргізеді, оның әрбір келесі жолағының жиегі алдыңғысының жиегінен корд жібінің ұзындығы бойынша (20 ±5) мм-ге және ені бойынша (10 ±3) мм-ге алшақтайды. Пішу кезінде жолақтардың ұзындықтарын корд жібінің бойымен өлшейді, енін – оларға көлденең. Шинаны жөндеу үшін вулканизацияланбаған да, вулканизацияланған да жабыстырғыштарды қолданады.

Егер вулканизацияланбаған жабыстырғышты қолданса, құрастырғаннан

кейін оны шоғырлануы 1: 10—1:12 желіммен саты туындайтын жағынан жағады, кептіреді және қалыңдығы (0,9±0,1) мм қабатшалы резеңкеден жасалған лентамен, ол лента бүкіл периметрі бойынша жабыстырғыштың шеттерінен 5... 10 мм-ге шығатындай етіп құрсайды, сосын лентаны аунақшамен домалатады. Вулканизацияланбаған жабыстырғыштар шинамен байланыстың жоғары беріктігін қамтамасыз етеді, бірақ шинаға вулканизацияның көбірек уақытын талап етеді, сондықтан мұндай жабыстырғыштарды екі жақты жылытуы бар ойыстарда шинаны жөндеген кезде қолданған орынды. Вулканизацияланған жабыстырғыштарды (150±5) °С температурада 20...60 мин бойы (жабыстырғыштағы қабаттардың санына байланысты) ойыстарда вулканизациялау арқылы алады. Жабыстырғыштың сатылы жағын металл қылшақпен тегістеуге ұшыратады, оған шоғырлануы 1:10—1:12 желім жағады, кептіреді, сосын сатыны құрайтын жабыстырғыштардың шеттерін қабатшалы резеңкеден жасалған лентамен қоршайды. Вулканизацияланған жабыстырғыштарды бір жақты жылытуы бар ойыстарда шинаны жөндеу кезінде қолдануға кеңес беріледі.

Диагональды шиналардың қапталдарын жөндеуге арналған жабыстырғыштар басқашалай кескіндемеге ие. Резеңкеленген кордтан бұрыштарының бірі белгілі бір қисықтықтың доғасы бойынша кесілген тікбұрыштар түрінде дайындамаларды үлгілейді. Бұл тұрпаттағы жабыстырғыштарды қаңқаны жөндеуге арналған жабыстырғыштарды жинағандай жинайды. Жабыстырғыштар үшін дайындамалардың көлемдері технологиялық құжаттаманың кестелерінде келтірілген. Шиналы немесе шина жөндеу зауыттардан алынатын дайын вулканизацияланған жабыстырғыштар қолданар алдында төсеме материалдан босатады, «шикі» резеңкемен желімделген оның сатылы жағын шоғырлануы 1:10—1:12 желіммен майлайды немесе жанармаймен жуып-шаяды. Радиалды құрастырылымдағы шина қаңқасының зақымдарын жөнде үшін, көрші қабаттарда жіптерді параллельді орналастырып,

тікбұрышты радиал жабыстырғыштарды қолданады. Радиалды жабыстырғыштарда бірінші қабат зақымдануды ені және ұзындығы бойынша 25 мм-ге жабуы керек. Жабыстырғыштарды жинауды үлкен көлемдерден бастайды. Туындаған сатылы бетке шоғырлануы 1 : 10—1 : 12 желімді жағады, кептіреді қалыңдығы (0,9 ±0,1) мм қабатшалы резеңкемен, резеңке бүкіл периметрі бойынша жабыстырғыштың шетінен 5... 10 мм-ге шығатындай қоршайды. Қаңқадағы және брекердегі металкордпен камерасыз радиал шиналардың қаңқасын жөндеу үшін жабыстырғыштарды (протектор аймағындағы өтпелі зақымдарды жөндеу үшін) тікбұрыштар түріндегі дайындамаларды үлгілейтін резеңкеленген кордтың бірнеше кордынан дайындайды. Жабыстырғыштағы корд жіптерінің бағыты брекердегі корд жіптерінің бағытымен сәйкес келуі керек (яғни меридианға 70.85° бұрышында). Жабыстырғыштың максималды ұзындығын шина бейінінің жалпақтығының  көлемі бойынша анықтайды. Жабыстырғыштағы резеңкекордты қабаттың саны, тыс брекерінің зақымданған қабаттарының санына сәйкес келуі керек. Жабыстырғыш қабаттарын нөмірлеуді көлемі ең кіші қабаттан бастайды.

Жабыстырғышты құрастыруды үлкен көлемді жолақтардан бастайды.

Резеңкеленген кордтың пішілген жолақтарына жанармай себіледі және оларды бір біріне қойып, аунақша домалатады. Жабыстырғыштың әрбір келесі қабатының жиектері алдыңғы қабаттың жиектерінен ұзындығы және ені бойынша 10... 15 мм-ге қашықта болуы керек. Құрастырғаннан кейін жабыстырғышқа шоғырлануы 1: 10—1: 12 желім жағады, кептіреді, екі жағынан қалыңдығы (0,9 ±0,1) мм қабатшалы резеңкемен, резеңке бүкіл периметрі бойынша жабыстырғыштың шетінен 10...15 мм-ге шығатындай қоршайды. Брекердегі және қаңқадағы металкордпен камерасыз радиал шинаның иіні аймағының және қапталдарының зақымдарын жөндеуге арналған жабыстырғыштары өзінің құрастырылымы бойынша қарапайым радиалдылардан ерекшеленбейді. Жабыстырғыштың көлемі бұл жағдайда шина көлемімен анықталады.

Зақымдарды бітеу . Шина зақымдарын бітеуге зақымданған аймақтарға желім жағу, оларды табақшалы шикі резеңкелі қабаттармен немесе адгезивті жабыны бар вулканизацияланған жөндеу бөлшектерімен (саңырауқұлақшалармен, тығындармен) толтыру және қажет болған жағдайда зақымдану аймағын резеңкекордты жабыстырғышпен күшейту кіреді. Шинаның жөнделетін аймағын тегістеу шаң қалдықтарынан тазартқаннан кейін желіммен зақымданған жерде тегістелген бетті майлау жүзеге асырылады. Тегістелген бетті желіммен майлау жамайтын материалдың шинамен сенімді байланысына кепілдік беретін берік желімдік пленканы құру үшін қажет. Шинаны жөндеген кезде шоғырлануы 1:10 — 1:12 резеңкелі желімді немесе автодәріқұтылардың құрамына кіретін өздігінен вулканизацияланатын желім қолданылады. Әрбір майлағаннан кейін желімдік пленканы кептіру шкафында 25...30 мин бойы 30... 40 °С температурада кептіреді. Кептіру шкафы болмаған жағдайда, шинаны жанармайдың иісі кеткенше үй-жайда ұстайды. Өздігінен вулканизацияланатын желімді қолданған кезде кептіруді қоршаған ортаның температурасында әрбір майлаудан кейін 1...3 мин бойы жүргізеді. Кептірудің сапасын жұмсақ қылқаламмен тексеруге болады: жақсы кептірілген бетке қылқаламның шашақтары жабыспайды. Протектордың және жамылғы резеңкенің зақымданған аймақтары жойылған жерлер, протекторлы резеңкелі қоспамен толтырылады, ал қаңқаның аймақтары – қабатшалы қоспамен. Зақымданған қаңқаның беріктігін қалпына келтіру үшін шинаның ішкі жағынан зақымданған аймақтың ойылған орнына жабыстырылатын жабыстырғышты қолданады (3.16 сурет).

1

— қабатшалы резеңке;

2

— протекторлы резеңке;

3

— кордтың қабаты

сурет.
«Сыртқы конус» әдісімен ойып алған жағдайда өтпелі зақымды бітеу:

1

— қабатшалы резеңкелі қоспа;

2

— протекторлыө резеңкелі қоспа;

3

— жабыстырғыш

Жүк автокөліктерінің шиналарын жөндеген кезде жабыстырғыштарды қаңқаның екеуден артық қабаттары зақымданған жағдайда қолданылады. Шина ішкі жағынан зақымданған жағдайда, қаңқаның екі қабатына дейінгі тереңдікке, зақымданған жерге резеңкеленген кордтың жолақтарын басады. «Сыртқы конус» әдісімен жойылған өтпелі зақымдарды бітеген кезде (3.17 сурет), алдымен шинаның ішкі жағынан жабыстырғыш басады. Жабыстырғыштың ортасы ойықтың ортасына сәйкес келуі керек. Басылған жабыстырғыштың жиектері қалыңдығы (0,9 ±0,1) мм және жалпақтығы 25... 30 мм қабатшалы резеңкелі қоспадан жасалған лентамен қоршайды. Жабыстырғыш аунақшамен мұқият домалатылады. Ойып алынған конустың қуысы қаңқаның облысында қалыңдығы (0,9±0,1) мм қабатшалы резеңкелі қоспаның қабаттарымен толтырады. Әрбір қабаттың көлемі қабат төселетін конус белбеуіне сәйкес келуі керек. Әрбір қабат мұқият аунақшамен домалатылады, пайда болған көтерулерді ауаны шығару үшін бізбен теседі. Протектор аумағында конустың қуысын алдымен қабатшалы резеңкелі қоспамен қойшайды, сосын протекторлық резеңкелі қоспаның қабаттарымен толтырады. Қажетті қысыммен тексеруді қамтамасыз ету үшін бітелген аймақ шина бетінің деңгейінен 2...3 мм-ге жоғары болуы керек. «Сыртқы конус» әдісімен ойылған қаңқаның екі қабатына дейінгі тереңдіктегі бітеу зақымдарды, бұдан бұрын көрсетілгендей, бітейді, бірақ жабыстырғышты қолданусыз. Екіден көп қабат зақымданған жағдайда, шинаның ішкі жағынан жабыстырғышты бастырады. «Ішкі конус» әдісімен ойылған зақымды бітеуді шинаның ішкі жағынан жүзеге асырылады және алдымен конустың қуысы протекторлық резеңкелі қоспамен, сосын қабатшалы қоспамен толтырылады (протекторлың аймағында). Конустың қуысын шинаның ішкі бетімен беттестіріп бітейді және оның түрі мен көлемі зақымның тұрпатына және шинаның құрастырылымына байланысты технологиялық кестелер бойынша іріктейтін жабыстырғыш жабыстырылады. Нормативтік құжаттармен көлемі 170 х 170 до 380х 380 мм басталатын жабыстырғыштағы корд қабатының 2-ден 12-ге дейінгі санымен диагональды шиналар үшін, радиалды щиналар үшін – Р тұрпатты көлемі 140 х 140 до 330 х 300 мм басталатын корд қабаттарының 2-ден 6-ға дейінгі қабаттары бар  жабыстырғыштар қарастырылған.

Егер зақымданған жер «қарсы конус» әдісімен жойылса, онда конусты алдымен шинаның ішкі жағынан бітейді. Конусты аунақшамен мұқият домалататын, қалыңдығы (0,9±0,1) мм қабатшалы резеңкелі қоспамен қоршайды. Конустың қуысы қалыңдығы 0,9 мм қабатшалы резеңкелі қоспаның қабаттарымен толтырады, үстінен жабыстырғыш басады. Конустың сыртынан осылайша бітейді, бірақ оның қуысын протекторлық резеңкелі қоспамен толтырады.

Зақымдарды бітеу технологиясы шинаның қапталында және протекторда бірдей. Брекердегі және қаңқадағы металкордпен камерасыз радиалды шиналардың зақымдарын бітеу белгілі ерекшелікке ие. Зақымдардың сипатына және орналасуына байланысты оларды бітеуді келесідей түрде жүзеге асырады:

±5) мм-ге жабуы керек.
Бітелген зақымдары бар шиналар вулканизацияға бағытталады (3.18 сурет).
Тесіктерді бітеу

. Диаметрі 5 мм дейінгі шина тесіктерін бітеуді пневматикалық шинаны жөндеуге арналған автодәріқұтылардың құрамына кіретін адгезиялық қабаты бар өздігінен жабысатын резеңкелі жамауларды пайдаланып жүзеге асыруға болады (3.19 сурет). Үккіштің көмегімен автодәріқұтыдан немесе сыдырғыдан көлемі бүкіл периметрі бойынша жамаудың көлемінен екі-үш мм-ге үлкен зақымдану айналасындағы аймақ тегіс бет шыққанша тегістеледі. Шинаның тегістелген ішкі бетіне тесік орнының айналасына желім қабатын екі рет жағады және мұқият кептіреді. Жамаудың адгезиялық қабатының жарқын жағынан

сурет.
Шинаны жөндеу үшін вулканизаторды қолдану:

1

— жөнделетін шина;

2

— жоғарғы және төменгі электрқыздырғыш;

3

— жылу релесі;

4

— қысқыш бұраманың тегері;

5

— қосқыш;

6

— арқалық

қорғаныс полиэтиленді пленка шешіледі және осы жақпен тесікке жамау басады, сосын аунақшамен жамаудың ортасынан шеттеріне қарай тығыз домалатады. Жеңіл автокөліктердің камерасыз шиналарының көлемі 5 мм дейінгі тесіктерін, шприцтің көмегімен тесік саңылауына кіргізетін өздігінен жабысатын пастаның көмегімен де жөндеуге болады. Бұл үшін пастасы бар шприцке 3 мм-ге дейін тесілген кезде шығу тесігінің диаметрі 2 мм және 5 мм-ге дейін тесілген кезде

б        в а

— саңырауқұлақша;

б

— тығын;

в

— саңырауқұлақшаны инеленген құлақшасы бар бізбен орнату;

г

— саңырауқұлақшаны орнатуға арналған ілгек;

д

— тығынды орнатуға арналған өзек

шығу тесігінің диаметрі 4 мм саптама кигізіледі. Саптаманың соңын тесіктің саңылауына тығып, шприц соташығын айналдырып тесіктің пастасына енгізеді. Көлемі 5-тен 15 мм-ге дейінгі тесіктерді автодәріқұтылардың жинақталымына кіретін адгезиялық қабаты бар резеңкелі саңырауқұлақшалармен бітейді. Шинаның тегістелген ішкі бетіне тесік жердің айналасына мұқият кептірілетін желім қабаты екі рет жағылады. Саңырауқұлақшаларды орнату үшін құрылғыға желім жағады және тесіктің қабырғаларына желімді жағу үшін тесікке енгізеді. Саңырауқұлақша бүркеншігінің жарқын адгезиялық қабаты жағынан қорғаныс полиэтиленді пленканы шешеді. Саңырауқұлақшаның бұдырланған аяқшасын өздігінен вулканизацияланатын желіммен майлайды. Саңырауқұлақша аяқшасының соңын арнайы құрылғының ілгішінде немесе сым ілгіште кордты жіптің көмегімен бекітеді. Саңырауқұлақшасы бар құрылғыны тесіктен саңырауқұлақшаның бүркеншігі шинаның ішкі бетіне толығымен жабысқанша шығарады. Саңырауқұлақшаның бүркеншігін шинаның ішкі бетіне ортасынан шеттеріне қарай домалатады. Саңырауқұлақшаның аяқшасын ілгектен шығарады. Саңырауқұлақша аяқшасының шығыңқы бөлігін шинаның бетімен беттестіріп кеседі. Көлемі 10 мм дейінгі камерасыз шиналардың тесіктерін тығындардың көмегімен тығыннан демонтаждаусыз жөндеуге болады. Тығынды пайдаланып жүргізілетін жөндеу тек тесік протектордың бетіне перпендикулярлы орналасқан жағдайда ғана жүзеге асырылады. Тесікті тығын астына өңдеуді келесідей түрде жүзеге асырады. Тесіктің саңылауын егеумен немесе домалақ түрпімен мұқият тазартады. Тығынды құрылғының өзегіне тығындарды орнату үшін кигізеді. Құрылғының көмегімен тығынды тесікке тығады, сосын құрылғыны алып тастайды. Тығынның тесікке кіруін жеңілдету үшін тығынның беті желіммен жағылады. Шинаны талап етілетін қысымға дейін толтырады және саңылаусыздыққа тексереді. Егер шина саңылаусыз болса, тығынның шығыңқы бөлігін шина протекторымен беттестіріп кеседі. Шинаның тығын орнатылған жерінде саңылауы болған жағдайда, соңғысын алып тастайды және жоғарыда аталған барлық операциялар үлкен көлемді тығын қолданылып қайталанады. Шинаның саңылауы болған жағдайда, қайта жөндеуден кейін шинаны демонтаждайды. Тығынның шығыңқы бөлігін шинаның ішкі бетінен пышақпен кеседі, тығынның айналасындағы аймақты екі рет желім жағып өңдейді, кептіреді, сосын адгезиялық қабаты бар вулканизацияланған резеңкелі жабыстырғышты жабыстырады. Көлемі 40 мм-ге дейінгі камерасыз шиналардың қымтау қабатының зақымдарын бітеуді, камерасыз шиналар үшін автодәріқұтының (КРШ автодәріқұтысы) құрамына кіретін өздігінен жабысатын жабыстырғыштың көмегімен жүргізуге кеңес беріледі. Жабыстырғыштың көлемі зақымның көлемінен кем дегенде 2 есе асуы керек. Зақымданған аймақты үккішпен тегістейді. Тегістелген аймақтың көлемі жабыстырғыштың көлемінен бүкіл периметрі бойынша 8... 10 мм-ге асуы керек.

Тегістелген аймақты тегістеу шаңынан тазартады, желімді екі рет жағады және кептіреді. Жабыстырғыштың жарқын адгезиялық қабаты жағынан қорғаныс полиэтиленді пленканы шешеді және осы жағымен жабыстырғышты зақымданған аймақтың ортасына жабыстырады, сосын аунақшамен жабыстырғыштың ортасынан шеттеріне қарай домалатады. Дәріқұтылардың құрамына кіретін материалдарды пайдаланып  жөнделген шиналар пайдалануға дайын. Өздігінен жабысатын материалдар болмаған жағдайда, 10 мм-ге дейінгі көлемді тесіктерді жамаулар түріндегі вулканизацияланбаған қабатшалы резеңкелі қоспамен бітеуге рұқсат етіледі. Жамауларды сатылы құрастырылым түріндегі қалыңдығы (0,9±0,1) мм қабатшалы резеңкелі қоспаның бірнеше қабаттарынан (резеңкелі қоспаның және резеңкеленген кордтың қабаттарынан) дайындайды. Жамауларды тесікке шинаның сыртқы және ішкі жағынан басады. Ішкі жағына екі қабаттыларды, сыртқы жағына – үш қабатты жамауларды басады. Зақымға дайындалған резеңкелі қоспаны басуды көлемі бойынша аз қабатпен жүргізеді. Жамауларды бұдан кейін вулканизацияға жіберілетін шиналарға мұқият домалатады. Камерасыз шиналардың қымтау қабатының көлемі 40 мм-ге дейінгі зақымдарын бітеген кезде резеңкекордты жабыстырғыштың шинаның ішкі бетімен қажетті жабысуын қамтамасыз ету үшін, зақымның көлемдерінен бүкіл периметрі бойынша 10...15 мм-ге асатын алаңдағы қымтау қабат мұқият алынуы керек. Қымтау қабаты ойығының шеттері зақымдану орталығына еңіс болуы керек. Шинаның аймағын қымтау қабатты жойғаннан кейін сым қылшақпен мұқият тегістейді, желімді екі рет жағады және жабыстырғышты жабыстырар алдында кептіреді.

Шиналарды ойыстарда вулканизациялау . Вулканизациялау мақсаты — жөндеу материалдарының шинаның жөнделетін аймақтарымен берік монолитті байланысын орнату және жөндеу материалының иілімді шикі резеңкелі қоспасына созылғыштық пен

жоғары беріктік беру.

Шиналардың вулканизациялануын мамандандырылған және әмбебап бу және электр ойыстарында жүзеге асырады (3.20, 3.21 суреттер). Бітеу сыртқы зақымдар  кезінде вулканизациялауды сонымен қатар электрвулканизациялық аппараттарда жүргізуге болады. Барлық жағдайларда вулканизациялау температурасы (150 ±5) °С шегінде болуы керек. Шинаны қысыммен тексеру үшін вулканизациялау барысында келесі жұмыстар жүргізіледі, яғни жөнделетін аймақты бір жақты жылыту кезінде – ауа қайнату қаптары, екі жақты жылыту кезінде – буауалы және электрауалы қайнату қаптары.  Қаптағы ауаның (будың) қысымы 5... 6 кгс/см

2

болуы керек.
Шинаны ойыста вулканизациялаған кезде келесілерді орындау қажет:
°С жұмыс температурасына дейін қыздыру;

а

— мамандандырылған;

б

— әмбебап

Вулканизациялау аяқталғаннан кейін ойыстың жылытуын ажыратып, қайнату қабынан ауаны шығарып, қысқышты бұрап шығарып, шинаны ойыстан шығару

сурет.
Ірі габаритті шиналардың жергілікті зақымдарын жөндеуге арналға қондырғы:

1

— арбаша;

2

— шина;

3

— электрлі ойыс

және шинаның борттарын борткеңейткішпен ажырата отырып, одан қайнату қабын абайлап шығару. Шиналардың жергілікті зақымдарын ойыстарда вулканизациялау режимдері келесідей түрде есептеле алады:

вулк
6,5(b + c),
мұндағы

b

— шина зақымының тереңдігі, мм;

c

— жабыстырылатын жабыстырғыштың қалыңдығы, мм;

^вулк
1 2 b

Шинаны өңдеу және сапасын тексеру . Вулканизациялаудан кейін шиналарды, резеңке қаспақтарын, жөнделген аймақтардағы кедір-бұдырлылықтарды және қылауды жоюға негізделетін өңдеуге ұшыратады. Өңдеуді қолмен және иілгіш білікте бекітілген және электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін абразивті шеңбермен орындайды.

Жөнделген шиналарға келесі талаптар қойылады:

Жергілікті жөндеуден өткен шиналарда олардың пайдаланушылық сапасына және кепілдікті жорықтарына әсер етпейтін белгілі сыртқы түр ақаулықтары болуы мүмкін. Қымтауын жоғалтқан камерасыз шиналарды, жергілікті зақымдарды жөндеген кезде немесе жаңа протекторды басумен қалпына келтірген кезде камералармен пайдаланады.

3.4

Шинаны жөндеуге  арналған жабдық Шина жөндеу жұмыстары технологиясында қазіргі уақытта монтаждау- демонтаждау жұмыстарын механикаландыруға тұрақты үрдіс байқалады, одан басқа, тракторлы және ауыржүк шиналарды қалпына келтірудің индустриалды әдістеріне  ауысу, әсіресе тозған және зақымданған шиналарды жөндеу кезінде, сонымен қатар шиналарды демонтаждау және монтаждау, камера мен тыстарды вулканизациялау, дөңгелекті жуу, кептіру және теңгеру сияқты операцияларды автоматтандыру элементтерін енгізу жалғасуда. Шина жөндеу жұмыстарының уақыт нормалары айтарлықтай қатал, себебі жоғары өнімді жабдықты қолдануға есептелген. Мысалы, өндірушінің нормативтері бойынша ВАЗ-2170 «Приора» автокөлігі үшін дөңгелекке қызмет көрсету мен жөндеудің еңбек сыйымдылығының келесі нормалары қабылданған: Шина жөндеу шеберханаларының жобалауының негізгі қағидалары  және жабдықты таңдау тәртібі технологияны нақтылауға, жабдықты іріктеуге және жоспарлау нұсқаларын талдауға негізделеді. Шина жөндеу бөлімшесін дамытқан кезде көптеген факторларды ескерген жөн, атап айтқанда, отандық автопарктің құрылымын өзгерту, автосервис саласын жалпы дамыту, одан бөлек, қызмет көрсетілетін  автокөліктердің және орындалатын жұмыстардың номенклатурасын нақтылау қажет.

сурет.
Гараждық гидравликалық домкрат:

1

— табаны;

2

— көтеру жебесінің тірек тақасы;

3

— жұмыс цилиндрі;

4

— қол жетегінің сорғысы

Шиналар бойынша монтаждау және демонтаждау жұмыстары, мүмкіндігінше, шина жөндеу бөлімшесінде арнайы жабдықты, құрылғыларды және құралды пайдаланып орындалуы керек. Монтаждауға тек ақаусыз, таза, құрғақ, көлемі және тұрпаты бойынша сәйкес келетін шиналар жатады, сондықтан камералар мен тоғын ленталар, тоғындар мен олардың элементтері, шиналар жөндеу алдында шаңнан, кірден, мұздан тазартылуы керек. Жүк автокөліктерінің дөңгелектерін шешу, жылжыту және орнату жөніндегі операциялар механикаландырылған болуы керек. Шиналар мен тоғындарды жабық жерлерде шаңсорғыштарды қолданып, жууға және тазартуға кеңес беріледі. Осьті ілу үшін дөңгелекті шешкен кезде автокөлік көтергіштері немесе домкраттар қолданылады. Жеңіл автокөліктер үшін, әдетте, электрлі және электргидравликалық жетегі бар екітіреулі көтергіштерді қолданады, одан бөлек, орлық және қайшылық (параллелограмдық) көтергіштерді қолдануға болады.

Автокөлік домкраттары автокөлікті ішінара көтеру үшін қызмет етеді, бұл ретте, әдетте, тек бір дөңгелекті немесе автокөліктің бір осін іледі. Домкраттар бұрандалы, параллелограммды, бөтелкелі, жылжымалы пневматикалық немесе гидравликалық болуы мүмкін. Шина жөндеу кезінде жылжымалы гидравликалық домкраттар кең сұранысқа ие болды, оларды жүк көтергіштігі 20 т дейінгі қол жетегімен жабдықтайды. Көтеру биіктігі 0,5...0,6 м құрайды. Гараждық гидравликалық домкрат (3.22 сурет) аунақтардағы табаннан, тірек тақасы бар көтеру жебесінен, қол жетегінің сорғысы бар жұмыс цилиндрінен тұрады. Домкратты домалатуға арналған тұтқа сонымен қатар сорғының тетігі болып табылады.

Шина жөндеу білдектері тысты демонтаждау уақытын жеңілдету және қысқарту үшін арналған, олар сонымен қатар дөңгелек шинасының және

тоғынының монтаждау-демонтаждау жұмыстары кезіндегі сақтылығын қамтамасыз етеді және олар негізгі үш топқа: жеңіл автокөліктердің дөңгелектеріне, жүк автокөліктерінің дөңгелектеріне және арнайы техниканың ірі габаритті дөңгелектеріне жіктеледі. Жеңіл автокөліктердің дөңгелектері үшін шина жөндеу білдектері (3.23 сурет) әдетте дөңгелек тоғынының 10 -нан 20 дюймге дейінгі  диаметрге есептелген, шинаның ең үлкен диаметрі 1 000 мм және жалпақтығы 3 -тен 13 дюймге дейін. Дөңгелектің айналу жетегі – электрлі, ал дөңгелектің үстелде бекітілуі және бағананың жетегі,  әдетте,  пневматикалық. Шиналарды дөңгелектің тоғынына демонтаждау және монтаждау стенд бағанасының басқарылатын демонтаж бастиегімен қамтамасыз етіледі, ол стенд оны бекітіп болғаннан кейін жұмыс қалпында, үстел онда орнатылған дөңгелекпен айнала бастағанда дөңгелек тоғынының ернеуінен 2...3 мм -ге автоматты түрде  жылжиды.

Жүк автокөліктерінің дөңгелектері үшін шина жөндеу  стендтері дөңгелектің орналасуымен ажыратылады – тік (3.24  сурет)  немесе  көлденең  (3.25 сурет), дөңгелек орнату механизмінің  және шина  бортын

4

с.

1

— П-тәріздес тұғыр;

2

— дөңгелекті бекіту қысқысы;

3

— дөңгелекті жылжыту күш цилиндрі;

4

— шина бортын тоғыннан сығуға арналған табандар

ернеуден жұлу күш цилиндрінің гидравликалық немесе пневмат икалық жетегі болуы мүмкін. Стендтердің заманауи  құрастырылымы (3.26 сурет) әдетте  14 -тен 10 дюймге дейінгі дөңгелек тоғынының диаметріне есептелген, шинаның максималды диаметрі 2 000 мм және дөңгелектің жалпақтығына 800 мм дейін. Онда шинаны демонтаждау және монтаждау қысқыштың әмбебап жұдырықшалардың көмегімен тігінен ілінген дөңгелек айналған кезде тәрелке үлгілі бастиектің көмегімен жүзеге  асырылады.

Вулканизаторлардың (3.27 сурет) келесідей түрлері шығарылады: автокөлік камераларына жеңіл әрі жүк автокөліктерінің тыстары үшін үстел үсті немесе қабырғалы орындауда; жекелей топты тыстарды жергілікті жөндеуді ойыстар құрайды. Қыздыру электрспиральдармен жүзеге асырылады, кейбір модификацияларында плитаның тұрақты  және біркелкі  қыздырылуын қамтамасыз ету үшін жылулықты беру майлы жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қарсы  термореттегіш қыздырудың тұрақты

1

— эксцентритері бар тетіктер;

2

— реттығын;

3

— манометр;

4

— батырмалы станция;

5

— май деңгейін көрсеткіш;

6

— негізгі гидроцилиндрді басқару реттығыны;

7

— диск;

8

— рама;

9

— негізгі гидроцилиндр;

10

— рольганг;

11

— табандар жетегінің  механимзі;

12

— дроссель;

13

— табандар жетегінің гидроцилиндрі

температурасын қамтамасыз етеді, ал таймердің көмегімен ву лканизациялау уақытын реттейді. Қысатын механизм бұрандалы, педаль -иінтіректі немесе автоматтандырылған болуы мүмкін. Әдетте, кәсіби вулканизаторда камераны жөндеу үшін бір электр қыздырушы элементі болады, ал шинаны жөндеу үшін  – екі элемент. Вулканизатормен жинақталымда әдетте  қысатын  плиталарды,  тыстар үшін протекторлық және бүйір матрицаларды, шұраларды  дәнекерлеу үшін арнайы  баспақ қалыптар және  құм  қаптары жеткізіледі.

Дөңгелектерді теңгеруге арналған білдектер статикалық және динамикалық теңгерімсіздікті жою үшін қызмет етеді. Білдектер жеңіл автокөліктердің дөңгелектері үшін, жүк автокөліктерінің дөңгелектері үшін және әмбебап (3.28 сурет) болып шығарылады. Дөңгелектерді теңгерімдеу үлкен жылдамдық кезінде өзекті болатындықтан, теңгеруші білдектерді негізінен жеңіл автокөліктердің дөңгелектері  үшін қолданады.

3.4

Шинаны жөндеуге арналған жабдық

67

Микропроцессорлық басқарылатын заманауи білдектер статикалық және динамикалық теңгерімді қамтамасыз етеді және келесідей негізгі элементтерден тұрады:

сурет.
Камера мен шинаны жөндеуге арналған вулканизаторлар:

а

—6140 үлгі;

б

—6134 үлгі;

1

— табаны;

2

— протекторлық матрица;

3

— бұрандалы қысу;

4

— вулканизациялық плита;

5

— борттық матрица

Теңгеруді жүргізу үшін оператор шинамен жинақталымдағы дөңгелекті көлденең білікке орнатады және бекітеді, сосын ол 500... 800 айн/мин дейін айналады. Одан әрі теңгерілмеген массалардың автоматты есебін, сондай -ақ теңгеруші жүктердің салмағын және орнатылу  орнының  индикациясын жүргізеді. Теңгеруші білдектерді қол және электрлі жетекпен шығарады, одан бөлек, олар автоматтандыру дәрежесі бойынша ажыратылуы мүмкін. Дөңгелектерді теңгеруге арналған білдектердің автокөліктен шешусіз жүзеге асыратын модификациялары бар,  алайда олар  кең қолданысқа ие болмады.

3.5

Компрессор
Шина жөндеу шеберханасындағы
компрессордың

негізгі тағайындамасы – шинаны ауамен толтырған кезде ауаның артық қысымының құрылуы, одан  бөлек, ол жабдықтың және құралдың пнев можетекпен жұмыс  істеуі  үшін  қажетті тығыз ауаны береді; әдетте, бұл шина жөндеу білдегі, сомын бұрағыш, тегістеу құралы, сырғанауға қарсы  тікенектерге  тесі ктерді  тесуге  арналған құрал және т.с.с. Ауа сонымен қатар тоғындарды жөндеу посттарында қажет – тазарту және  бояу кезінде. Егер кәсіпорында шина жөндеу аймағынан бөлек машина бояу аймағы немесе ауаны көп жұмсайтын басқа өндіріс болса, онда орталықтандырылған пневможүйе және шина жөндеу аймағынан тыс компрессорлы ұйымдастырылуы мүмкін. Өнеркәсіптің қажеттіліктері үшін түрлі сипаттамалары бар компрессорлардың кең номенклатурасы шығарылады, автосервиске арналған компрессорлар салыстырмалы жоғары емес қысымымен ерек шеленеді. Компрессорды сатып алған кезде,  жеткізушілермен

ұсынылатын компрессорлардың бөлігі тұрмыстық қолданысқа арналғандығын және ұзақ мерзім бойы қарқынды пайдалануға есептелмегендігін ескеру қажет. Жанама критерийі бірнеше есе ерекшеленетін бағасы болуы мүмкін. Заманауи автосервистік кәсіпорындарда компрессор бояуды тозаңдандыру үшін және электрлі құралмен салыстырғанда көбірек электр - және жарылуға қауіпсіз болып табылатын пневмқұралдың көмегімен орындалатын басқа жұмыстар үшін қажет. Одан бөлек, пневмоқұрал өзінің электрлі аналогтарынан сенімділігі жағынан едәуір асып түседі, ал жеке салмағының бірлігіне сәйкес келетін қуаттылығы бойынша ол екі есе  дерлік  ұтады. Пневмоқұралдың жұмысы үшін лайықты түрде дайындалған және тазартылған тығыз ауа қажет. Автосервис шарттарында тығыз ауа  сонымен қатар шина жөндеу білдектерінің, бояу-кептіру  камераларының,  пневможетегі бар  автожуғыштардың сомын бұрағыштардың және т.б.  жұмысы үшін қажет. Компрессорда ауаны тығыздаумен іс бітпейді. Жабдықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін ауаның құрамын түзету қажет. Кез келген жабдықтың басты жауы – атмосферада бу түрінде болатын ылғал (ауаның ылғалдығы), оның әсерінен пневмоқұрал жеміріледі. Ылғалдан бөлек атмосфералық ауада құралдың тез абразивті тозуын және бояудағы ақаулықтарды тудыратын қарапайым механикалық қоспалар  (шаң) бар. Компрессордан кейін (3.29 сурет) ыс тық тығыз ауа ресиверге түседі, онда  ол суық қабырғалармен жанасқанда салқындайды, ал су және май тамшылары түріндегі ылғал конденсаты қабырғаларда тұнады. Ауа ресиверде конденсат түрінде болған уақытта ылғалдың аздаған бөлігі түседі, қалғаны одан әрі бәсеңдеткіш, құбыршектер және сүзгілер арқылы бояу пистолетіне өтеді.

1        2        3        4        6        9 10        11

1

— компрессор;

2

— ауаны салқындатқыш;

3

— ылғалбөлгіш;

4

— ресивер;

5, 8

— конденсат бұруға арналған дренаж клапандары;

6

— сүзгіалды;

7

— ауаны кептіргіш;

9

Автошеберханада ауаны дайындау станциясының басты және негізгі міндеті – бұл оны кептіру және механикалық қоспалар  мен  майлар дан  тазарту.  Автосервистік өндірісте жиі жағдайда түрлі сепараторлардың, механикалық сүзгілердің және рефрижераторлық кептіргіштердің көмегімен тығыз ауаны кептіру және сүзгілеудің құрамдастырылған  әдісі қолданылады. Тікелей компрессордан кейін  тығыз  ауаны  бөлме  температурасына  дейін  мәжбүрлі түрде салқындатқан жөн, бұл ылғалдың шамамен 60%  тұман  және  салыстырмалы ірі тамшылар түріндегі конденсациясын тудырады. Бұны компрессормен құрылатын максималды қысымға есептелген компрессордың артынан  ауаны салқындатқыш – радиаторды орнату арқылы жасауға болады. Үрлеу қуатты электрлі желдеткішпен қамтамасыз етіледі.  Салқындатқышты орнату  әсіресе  компрессордың өзінде кішігірім ресивер болғанда немесе ұзақ уақыт максималды өнімділікпен жұмыс істеген  кездерде пайдалы. Салқындатқыштан кейін майсулы конденсаттың құйынды  сепараторын (ылғалбөлгіш) орнатқан жөн, онда ауа ағыны айналады (қисық ойықтар есебінен) және мұның нәтижесінде су мен майдың айтарлықтай ірі  тамшылары  қабырғаларға  қарай ұшады және жиналуына қарай төменге ағ ады. Сепараторда қозғалатын немесе ауыспалы бөлшектер жоқ болғандықтан, оның  жұмыс  уақыты  шектелмеген.  Магистральдағы қысым 0,5 бардан кем шамаға дейін төмендеген кезде конденсант сепаратордың түп бөлігінен  автоматты түрде жойылады. Салқындатылған және сепаратордан өткізілген ауа ресиверге түседі, онда қабырғалардағы тұманның конденсациялау үдерісі ресивер көлемі үлкен болған сайын қарқындырақ жалғасады, демек, тығыз ауаның қабырғалармен жанасу уақыты көбірек болады. Әдетте ресиверлер автоматты немесе қол мен конденсат бұру  үшін  арнайы  дренаж  құрылғылармен жабдықталады. Ресиверден кейін ауа бірнеше сатыдан тұратын механикалық сүзгілеу жүйесінен өтеді. Алдымен дөрекілеу сүзгі қойылады – 3...10 мкм ұяшықтармен сүзгіалды, керамикалық немесе ұнтақты металлургия әдісімен дайындалған. Сүзгіалдының артына керамикадан немесе полимерлі материалдан  дайындалған  диаметрі  1  мкм  ұяшықтары бар сүзгінің өзі  қойылады.  Келесі  сүзгі  –  тек  полимерлі  материалдардан  жасалатын ақтап тазарту сүзгісі, бөлшектерді 0,01 мкм дейін ұста уға мүмкіндік береді. Кейде ақтап тазарту сүзгілерінен кейін белсендірілген көмірде жұмыс істейтін жұтқыш -сүзгі қойылады. Тығыз ауаны дайындаудың заманауи станциясы жылдың кез келген мезгілінде кез келген қоршаған орта шарттарында құрғақ ауаны алуға мүмкі ндік береді. Кейде барлық ұсынылған ауаны дайындау сызбасы компрессормен ортақ блокта монтаждалады. Автожөндеу  өндірісінде пневможүйелерді  пайдалану   тәжірибесі  келесі қорытындыларды  шығаруға  мүмкіндік береді:

Пневмомагистральды жобалағанда, қозғалатын тығыз ауа үшін кедергі элементі болып табылатындығын еске сақтау қажет және компрессордан жойылу шамасына қарай оның  энергиямен қанықтығын төмендетеді. Пневмомагистральдың тығыз ауаны тұтынушыларға дейінгі тым үлкен қашықтығы ондағы қысымның төмендеуін тудырады. Пневмомагистральдың диаметрі аз болған сайын, оның кедергісі жоғары болады. Ауаның бүкіл энергиясы бұл ретте үйкеліс күшін еңсеруге кетеді, жылулыққа ауысады және атмосферада сейіледі. Жобалау кезінде біріктіргіш-жалғағыштарды таңдауда айтарлықтай үлкен қиыншылықтар туындайды. Түрлі өндірушіле р өзінің құралын түрлі  стандарттарға (жалпы еуропалық, америкалық,  швед  және  итальяндық)  сәйкес  келетін  жалғағыштармен жабдықтайды.

Пневмомагистральды құра отырып, белгілі ережелерді ұстанған жөн:

Пневмомагистральды жобалағанда,  жақсы  кептірілген  және  тазартылған  тығыз ауа бояу жұмыстарында әбден жарамды болғанымен, пневмоқұрал үшін ешбір жарамсыз екендігін ескеру қажет, пневмоқұралдың қалыпты ж ұмысы ауада  майдың  бегілі мөлшерінің болуын талап  етеді. Ауаның маймен тиісті  қанығуы  арнайы  құрылғылар  –  майлағыштармен қамтамасыз етіледі, олардың жұмыс істеу қағидасы айтарлықтай оңай және қарапайым бүріккіштің әсеріне негізделген. Пневмомагистральды майдың реттелетін мөлшерлемесі бар стационарлық майлағыштармен жабдықтаған орынды, ал майлауды қажет етпейтін құралдың (үрлеу пистолетінің, шиналарды үрлеу пистолеттерінің, майлау аймағының тегістеу құралының және т.б.) жұмысы үшін ауаны лубрикаторға дейін орнатылған жалғағыштан  алу орынды. Компрессорды таңдау  әдетте  пневмоқұралдың және  пневможабдықтың мөлшерімен және жұмыс параметрлерімен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей, тығыз ауадағы минималды қажеттілікті (шинаны және т.б. үрлеу үшін) өнімділігі  150...  200 л/мин компрессор қанағаттандыра алады. Шина жөндеу аймағы үшін көлемі 50...100 л ресивері бар өнімділігі 300...400 л/мин компрессорын пайдалануға болады. Бір бояу пистолеті бар аздаған майлау аймағы үшін қысымды 6 бардан жоғары дамытатын,  өнімділігі шамамен 600 л/мин компрессор қажет. Осындай компрессор пневмоқұралды пайдаланатын үш-төрт жұмыс посттары бар кішігірім автосервистің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Әр түрлі  үлгідегі  компрессорлар  болады:  поршеньді,  мембраналы (диафрагмалық), бұрандалы (ротациялық) және т.б. Қазіргі уақытта  автожөндеу өндірісінде негізінен поршеньді құрылғылар қолданылады  (3.30  сурет).  Олар  қымбат емес, қолайлы масса-ауқым көрсеткіштеріне ие, қызмет көрсетілуі оңай және кез келген кәсіпорынның  қажеттіліктерін қанағаттанды руға  қабілетті шығу сипаттамаларына ие. Әдетте, тұтынушы басшылыққа алатын компрессордың негізгі параметрлері максималды қысым және көлемді өнімділік немесе беру болып табылады. Компрессорлардың басым  көпшілігі  автожөндеу  кезінде  қолданылатын стандартты пневможабдықтың және құралдың қажеттіліктерінен асатын қысымды өрістетеді. Каталогтарда максималды қысым көрсетіледі. Шын мәнісінде компрессор келесідей түрде жұмыс істейді: ол ауаны ресиверге максималды қысымға  дейін  толтырады, сосын автоматты түрде сөнеді ,  ал  қайталама  қосылу  ресивердегі  қысым  2 атм дейін төмендегеннен кейін  орын  алады.  Шынайы  жұмыс  қысымы  максималдан төмен аздаған шектерде ауытқиды, дәл осы жабдықты таңдаған кезде және пневмомагистральды жобалаған  кезде  ескерілуі керек.

а

— бір цилиндрлі бір сатылы;

б

— екі цилиндрлі бір сатылы;

в

— екі цилиндрлі екі сатылы

Тығыз ауаны дайындау үшін құрылғы лардың әлеуетті алуан түрлілігі дәстүрлі поршеньділерден жұмыс істеу қағидасымен ерекш еленетін бұрандалы (роторлы) компрессорлар болып табылады (3.31 сурет). Егер поршеньді компрессорда ауаның соққылы сығылуы орын алса, онда бұрандалы компрессор ауаны дәйекті түрде, бұрандалы бу арқылы айдайды. Бұрандалы бу маймен сұйыққоймада айналып, ауаны сорады, бұл үйкелістің төменгі коэффициентін, жүйенің қымтауына кепілдік беретін қосымша майлы тығыздауышты, сондай -ақ жұмыс аймағынан тиімді жылу бұруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде  жоғары ПӘК және кірудегі  температурамен салыстырғанда  тығыз ауа температурасының   азғантай ғана  асуына қол жеткізіледі. Бұрандалы компрессорлардың негізгі құндылықтары: жоғары сенімділік, ұзақ жұмыс ресурсы, үздіксіз  тәулік бойы  қызмет ету мүмкіндігі, монтаждалу мен қосылудың оңайлығы, салыстырмалы азғантай пайдаланушылық шы ғындар, автоматты басқару жүйесінің болуы, төменгі  шу  деңгейі,  алынатын  тығыз ауаның аса тазалығы, 1 м

3

өндірілген ауаға  энергия  шығынының  төменгі деңгейі.

Компрессордың негізі бұрандалы блок болып табылады. Бұрандалы блоктың жұмыс элементі – екі өзара тіркелген бұрамдық ротордан тұратын бұрандалы жұп. Әдетте жетекші ротор – төрт кірмелі, ал  жетектегі  –  алты  кірмелі. Мұндай беру қатынасы жетекші бұрамаға жүктемені азайту үшін  оңтайлы болып саналады. Қысу көлемі бұрандалы жұптың айналымдары мен корпус арасында туындайды (3.31, б суретінде қалың сызықпен белгіленген). Сығудың толық жұмыс циклі жетекші бұраманың бір айналымында жүзеге асырылады. Поршеньдімен салыстырғанда бұрандалы компрессор ұзақтығы таймермен белгіленетін бос жүріс режимінде жұмыс істе й алады. Бұл режимде компрессордың қозғалтқышы және бұрандалы жұп ауаны компрессордың ішкі контуры бойынша айдап, оның тиімді салқындауын қамтамасыз етіп айналады. Бос жүріс режимі ауыспалы болып табылады және  жүйені  күту  немесе  толық сөну режиміне ауыстыр у  үшін қызмет етеді. Компрессордың сипаттамаларын есептеу әдістемесі ауа тұтынуды, компрессордың теориялық өнімділігін (кіруі  бойынша),  ресивер  көлемін кезеңмен анықтауға негізделген. Кәсіпорынның тығыз ауадағы мұқтаждығы жабдыққа техтөлқұжатта келтірілген ауа тұтынушыларының жұмыс сипаттамаларына негізделген. Автожөндеу тәжірибесінде ең жиі қолданылатын пневможабдықтың ауасының жұмсалуын келтірейік: бояу пистолеті - 300...400 л/мин; ажарлағыш, жылтыратқын машинка  -

Рис. 3.31. Бөліктегі бұрандалы компрессор
(а) және
оның жұмыс жүйесі
(б):

1,3

— тиісінше, жетекші әрі жүргізуші ротор;

2

— қысу көлемі

350... 450 л/мин; кескіш машинка — 800... 1200 л/мин; үрлеу пистолеті — 150...250 л/мин; пневмо кескіш — 150.200 л/мин; сомын бұрағыш  —  150.200 л/мин.

Әдебиеттер тізімі

— 175 б.

Мазмұны

Оқырманға        3
Әдебиеттер тізімі        77

Оқу басылымы

Доронкин Владимир Геннадьевич
Шина жөндеу

Оқу құралы
2-ші басылым, стереотиптік Редактор
Е. Б. Махиянова, Ә.Қ. Шапауов.
Топтама дизайны:

К.А.Крюков
Компьютерлік беттеу: Р
Ю. Волкова
Түзетуші

Е. В. Кудряшова

Бас. № 102114371. 24.12.2012 басып шығаруға қол қойылды. Пішімі 70 х 100/16. «Школьная» гарнитурасы. Қағаз кең. № 1. Офсеттік баспа. Шартты баспа табағы 6,5. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №

«Академия» баспа орталығы.
www.academіa-moscow.ru
129085, Мәскеу, Мира даңғылы, 101В, 1 құрылыс.
Тел./факс: (495)648-0507, 616-0029.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды 06.03.2012 жылғы № РОСС RU. AE51. H 16068. Идел-Прессте басып шығарылды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙