Мазмұнға өту
Home

Сана суреттері

Аманғазы Кәріпжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сана суреттері

Авторы: Аманғазы Кәріпжан

Сана суреттері Аманғазы КӘРІПЖАН САНА СУРЕТТЕРІ Алматы “Жазушы” Кәріпжан А. Сана суреттері. – Алматы: Жазушы, 2014. – 208 б. ISBN 978-601-200-485-4 Ақын Аманғазы Кәріпжанның бұл жинағына көпшілік мо­ дер­нистік бағытқа жатқызып жүрген, әйтсе де, жұмбақ абстрак­ тіден гөрі өзіндік пәлсапалық сараптауы бар өлеңдері енгізіліп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған. ' Кәріпжан А., 2014 ' “Жазушы” баспасы, 2014 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 К 25 К 25 ISBN 978-601-200-485-4

Тiршiлiктен нем қалды күйретпеген? Дүниеге нем қалды үйретпеген? О дүние мен бұ дүние қаһарына Мәңгiлiктi талатпай сүйреп келем. ...Шексіздікке қысылмай Сыйып кетсем деп едім... (Лирика, таным)

Көлеңке Қиялымның мінгеспей ұшағына, Кірді күннің көлеңкем құшағына. Ақыл-есім барады қидаланып, Шуақтардың ілініп пышағына. Жөргегінде тұншығып асыл үміт, Шуақтарға жұтылды жасын ұлып, Көлеңкесі Күннің де Күннен үркіп, Аяғыма шырмалды жасырынып. Ғайыптың да кепіл боп түспесіне, Мәңгіліктер тұтылды ішке сіңе. Көлеңкеден жасырып Күн сәулесін Көңілімнің жұтқаны түсті есіме. Түнді жыртып ойнаса отты өлеңім, Көлеңкемді іздейтін от көремін. Ал, жарықта шашылған көлеңкелер Бірікпесін мезгілсіз деп келемін...

Сана суреттері Мәңгiлiктi талатпай сүйреп келем Тылсым – ғажап, түбi – мұң, Бар ма осалы? – Әдiлеттiң әлсiреп қалды ошағы. Ғалам сыймай керiлiп кеткен сана Шексiздiктiң қақпасын зорға ашады. Құпияның шыңы – мұз, көркi күштi, Мұз да еридi ләззаттан өр тынысты. Ондайда өрлеу – оянсаң құлдағаның, Қойылатын нүктесi қорқынышты. Мезгiл iшiп масайған мұңға баттым. Ендi өзiмдi өзiмнен ұрламақпын. Жүрегiме масыл боп, қиялымның Мен де ығырын шығарған бiр қонақпын. Қасiреттер сөнедi, Сөнбейдi елес. Өмiр сүргiң келедi,

келмейдi емес, Бiрақ, ессiз табиғат еншiсiне Бұйырмайтын сияқты мендей белес. Жұбата алмай жанымды жылап қалған Жығылды да жылады жырақта арман. Менiң жаным жалғасы мәңгiлiктiң Құрастырып бiтпеген сұрақтардан. Тәңір, ғалам – бiр тұлға... Ендi өлшемi түсiнiктi... Қозғалтқыш мен – бөлшегi. Мендегi шер – дертi оның,

Аманғазы КӘРІПЖАН Ем жетпесе Менен бiтер ғаламдық шеңбер шегi. Жаратушы қосылған Жаратылыс – Мәңгiлiктен үзiлiп қалатын iс болмағасын, бұлардың қайғысынан Қалғымады санамда нала тыныш. Жуындым да шегi жоқ былыққа мың, Шексiздiктi қиялға құлыптадым. Санамыздың сыртында көп ойланып, Жан айғайымды естiдiм, Дым ұқпадым. Тiршiлiктен нем қалды күйретпеген? Дүниеге нем қалды үйретпеген? О дүние мен бұ дүние қаһарына Мәңгiлiктi талатпай сүйреп келем. Жоғалу Айыра алмай тағы да ақ-қараны Болмысымды болмысым ақтарады. Жаратылыс марқұм да мұрағат боп Менiң тозған жүйкемде қап барады. Өзiмдi өзiм тағы да бөлшектедiм, Таразылар таласты... Өлшетпедiм. Қиялымды жанымнан суырып ап, Жұттым дағы Тәңірге көрсетпедiм. Кеңiстiктiң кетiрдiм күйiсiн де, Қиялымның күйiк бар иiсiнде. Өзiме өзiм қамалып тұтқындалдым, Ойларым да тұншықты ми iшiнде.

Сана суреттері Ақыреттiң ақырғы айласы да Сол қиялдың шешiлдi пайдасына. Кеңiстiк те тыпырлап қала бердi Көңiлiмнiң қысылып айнасына. Керуенiн тарта алмай үмiт көптiң Абыройы шашылды сынып көктiң. Жылдамдықтан жарықты қағып алып, Сәулесiне жарқ етiп сiңiп кеттiм. Жүрегімді аңдып ем, шешiп еттi, Менен қашып ғұмырдың көшi кеттi. Өйткенi ол да тұтқын боп, Шындық деген Жаратылыс жауынан шошып өттi. Өгейлiктi өкшелеп өрем менiң, Қалды әлсiреп ала алмай өлең демiн. Жиып берiп ғаламды уысына Құдiретке бәрiбiр еленбедiм. Тiрлiк армен төлей ме жол бағамды, Табыстай ма жұмаққа жолдамамды, Құдiреттiң құйылсам құлқынына Сорғалатып көзiмнен сорлағанды? Ләззат тапсам мезгiлдi түршiктiрiп, Кезедi үрей санамды ыршып, күлiп, Қиялымның түйiлген iшегiнде Тiршiлiктен қалған-ау қылшық тұрып. Жаратылыс мен десе жылымас-ты... Жаратты да көре сап сұры қашты. Менiң мысым кеттi ме тұншықтырып, Ғайып құлпын қиялмен жұлып ашты...

Аманғазы КӘРІПЖАН Үнсiздiктiң үрейiн шала ұқтырып Мазағына шыжғырды шабыт күлiп. Кеңiстiк те кеудеме енiп кеттi Шаттығымның әйнегiн шағып кiрiп. Асау ажалды үйретiп көзiмде жын Бола қалды селк етiп төзiм де жым О дүние мен бұ дүние, Бар дүниеден Iздеу салып таппадым өзiмдi өзiм. Сырқат Түзеген болдым сыртымды, Iшiмде әлi – төңкерiс... Көзiмнен ытқып жыртылды Iшектi жарған теңселiс. Жарым естердiң сарабы Намысты тағы бұрғылап, Жанымды жайғап барады Жүректiң жыны ұрғылап. Сезiмдi сезбес тас құрлы Өреге бiткен олқыны Толтырмақ едi... Басқа ұрды Қысылған қанның толқыны. Дәуiрлер берiп, ел iшкен Ащыны құсып асқазан, Тепкiлеп жатыр менi iштен Бауырдан өткен тас – тозаң. Тұнбасы қырсық санамның Бүйрекке жеттi жаншылып,

Сана суреттері Тамырын кестi ғаламның Үрейден үркiп қанша үмiт. Тұздықтай берме жанымды, Дәрiгердiң соқыр дәрмегi, Ажалға тартсаң барымды Арымды қоссаң нәрлi едi. Нәрi ем боп талай шерiмнiң Жұтты да менi туды ажал. Кеденiн өмiр, өлiмнiң Босатпай кеттi қу базар. Босатпай кеттi кiл мықты Фәнидi тұтас жастанып, Ұйықтатып тынды тiрлiктi Қасiрет шеккен мас халық. Жараттың мендей мүсiндi Өнерiң тасып, бiр Құдай, Өз қолың қылған iсiңдi Ұрғылай берме, ұрғылай... * Тағдырымнан ұрланып дара тыныс, Жата алмады жұтпаса нала тыныш. Тұғырларды қиялмен теңшесем де Сатылауын қоймады жаратылыс. Ішті жеген көп сырқат, қалың азап – Ол да пәни сыйлаған кәрі мазақ. Өз қанымды түкіртпей жұтқызады Босқын, ұры ұйқылар жаныма жат...

Аманғазы КӘРІПЖАН Құдайға жетсе ғанибет үнi, Бақи да тiрi, Фәни де тiрi. Бiр-бiрiн алдап жеп тынар ма екен Шексiздiк деген тар үйде түбi?... Екеуiн құшсам тыңайып қалам, Сұрақ демессiң Құдай ұқпаған. Шексiз ғаламның жүрегi болып Мәңгiлiк соғу лайық маған. Өзiмдi келем өзiмнен қорғап, Мазмұнсыз күлген көзiмнен қорғап, Тәңірден биiк кезiмнен және Тәңірге бұққан төзiмнен қорғап, Санамды бөлген сынақтан қорғап, Қиялым жеткен жырақтан қорғап, Өзгеге жақпас сұрақтан және Сөзiме өгей құлақтан қорғап, Ырымшыл, адал арымнан қорғап, Қанымды бұзған дарыннан қорғап, Келемiн залал-зарымнан және Ғұмырда есен барымнан қорғап... Түн Естiмептi жанымды түн құлағы, Үнсiздiктен үрейлi үн құлады. Сорлы тарих санамда қабат-қабат Секундтарға қысылып шыңғырады.

Сана суреттері Киемiздi сүзем деп құлыптастан Киесi ұрып тозақтың сыныпты аспан. Көлеңкемдi жымқырған қара түндi Қылғыттым да жайрадым дым ұқпастан. Түндi жұттым, жарқ етiп жасын өттi, Жарқанаттар жазықсыз басы кеттi. Бекер жұттым, iшiмде байыз таппай Байғыз үнi жаудырды қасiреттi. Бойламады санамды түктiң мәнi, Айналаны жүрегiм тұтқындады. Қағып кеттiм өзiмдi аңдаусызда, Қараңғыны дым қоймай жұттым дағы. Аңғалдыққа сүрiнiп намыс тағы. Құлағыма құрдымның жабысты әнi. Жыртығынан жанымның тамшылап түн, Қараңғының салмағы жаныштады. Бiр түн өттi, Сол түннен мың түнектi Жымқырды да жанымның шырқы кеттi. Санама кеп кеп тығылған азаттығым Көлеңкемдi өзiмнен қырқып өттi. Жарқ еткiзiп жай оты жүректi де Уысыма жиналды түнек, мiне. Жыр-жарыққа соғылды жарқанаттар Қап-қараңғы жанымнан пыр еттi де. Жетiм ажал жарыққа түнесiн бе? Тәңірдiң де тағдыры тұр есiнде. Сынып кеттi жүрегiм.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жанарымнан Түстi ғұмыр сау етiп күресiнге. Бағы дәуiр кеткенде мантырап тым – Тiтiркендi сұсынан қалтырап түн. Түннiң сонда жейдесiн бiр-ақ тартып, Омырауын ай қылып жарқыраттым. Шыңның бiрде намысы қайнап ағып, Өгiз бұлттар өкiрдi жай қадалып. Өксiгенде өзекке ой қамалып Өлiп кеттi кеудемде ай жоғалып. Айды аңдыған көк бөрi ем, Жатпай ұлып, Жұлдыз жұтып масайдым, от қайырып. Қансырата таң нұрын сорғалаттым, Қара түннiң маңдайын қаққа айырып. Күлкiсiнен адасып сан сұрақтың, Қарашығын түнектiң қансыраттым. Әлсiз нұры шытынап бара жатты Шағылғанда күл болып “шамшырақ” түн. Әр секундтың есiгiн баптап ашқан Егiлдi iште Тәңірiн жоқтап аспан. Менiң ұзақ ойларым керiп кетiп Түн тiгiсi сөгiлдi тоқтамастан. Түндi бекер үркiттiм түсiм қашып, Құтқарусыз қалды үмiт iшiмде ашып. Көлеңкемдi суырып ала кеттiм Қараңғының қинамай мысын басып.

Сана суреттері Шарасыздық Басым қатып барады, басым қатып... Жанашырым қалмапты қасымда түк. Домалатып барады дүниенi Езуiне қан қатқан масыл бақыт. Кезiкпеппiн, Жүрегiм, тiрiсiң бе? Мәңгiлiктiң табынған пiрiсiң бе? Iрiсiң бе Құдайдан? Әлде соның Мұң iшiнде тұншыққан мiнiсiң бе? Тазармайтын фәнидiң кiрiсiң бе? Саудың iсi қалмапты бiр iсiмде... Жаратылыс мен iшкен бақырда едi – Құдайдың бұл мен үшiн ақырғы емi. Сол емiнен жұқтырған барлық күнәм Тозаққа да дайындап жатыр менi. Батыраштар бәйгiсi, мiне, осында Тықпалады қай қырсық мына сынға? Тәңірдiң көп қылмысы жоқ па дедiм, Жылап қалған тiрлiктiң күнәсында. Құтқара алмай өзiнiң азаттығын Санамыздан сескендi тозақ бүгiн. Мәңгiлiктi миыма жасырдым да, Шексiздiктiң тауыстым қажап түбiн. Нем бар едi фәниге кiрiп тағы? Тағдырымнан шошыдым құрықтағы. Ойларымды бауыздап бара жатты Жанарымның шағылған сынықтары.

Аманғазы КӘРІПЖАН Қасiреттер ашытқан сұрақты iштiм. Масайдым да өзiмдi жылап құштым. Арманымның азуын қиял керiп Құлқынына менде оның құлап түстiм. Құлқынды да жыртты арман тiсiмдi емiп. Барам мен де өзiмнiң iшiмде өлiп. Өлi секунд санамнан ақтарылды Көп ұйқының үрейлi түсiн көрiп. Мұң мен сынақ Қалғымадың, қиялым, көз ілмедің, Ойым да іліп алған ба өз ілгегін, Әділеттің айласын сезінбедім. Бекер маған қадалдың, Болмысымды Тұншықтырып барады көзіңде мұң. Бұ дүниені жұлқылап мол арманым, О дүниеге кірсем де өле алмадым. Пәни, бақи жігіне қысылдым ба? Қай жағына, белгісіз, тоналғаным... Келмесе де бақиға санат құрғым Бар мен жоғын пәнидің тонап кірдім. Қиялыма қамалып, Әйнегінен Ғайыптағы өзіме қарап тұрдым. Мәңгілік пен шексіздік жылап тағы Бір-біріне паналап тұрақтады. Үшеумізді қосақтап жеп барады Құдіреттің себепсіз сынақтары.

Сана суреттері Бақиды алдап, Пәниді байытты мұң. Мұң жаратқан Құдай ма, Айыпты кім?... Кім жаратты сынақты? – Жауап қатпай, Енді өзінен айырылды ғайып бүгін... Ақыретті мүсіркеп жаратылыс... Заманақыр ордасын от қамады, Мен кідірдім, Дүние тоқтамады. Жүрегіме жармастым, Жыртығынан Менің көзім өзіме оқталады. Тіршіліктің талқан боп тозды алаңы, Тәңірдің де тарылды өз ғаламы. Астан-кестен кетсе де, Арт жағымнан Өткенімнің елесі қозғалады. Жер тірілді, Жөргектен атып тұрды, Жаратылыс көзіне бақыт кірді. Қасіреттен тарихты шешіндіріп, Санамызға бөлемек уақыт-құрбы. Тағдырымды берем бе жала сұмға? «Қызғаныш жүр» Тәңірдiң санасында. О дүние мен бұ дүние құшақтасып, Ажал қақпа қирады арасында. Тәңір де ендi күнәға құлақ түрдi, Сан ажалды өлтiрiп лақтырды.

Аманғазы КӘРІПЖАН Ақыреттi мүсiркеп жаратылыс Жұлдыздары тамшылап жылап тұрды. Келген жоқпын өмірге, Түсім бәрі... Өресіздің қозғалды мүсін-жаны. Жүрегімнің жартысы аруда емес, Қансырап жүр бөрінің тісінде әлі... Адасу Жараттың ба, Тәңірiм, есi барды?... Күн де нұрын көзiмнен шешiп алды. Жөргегiңде жыртылған көңiлiмнен Сусып кеткен қиялдың несi қалды?... Тәңір, сiзге ойым жоқ алабөтен Ғаламнан тыс iздедiм жаңа мекен. О дүниең мен бұ дүниең, Тағы басқа Қай дүниең бар, бәрiн де ала кетем. Дiн бiткенге сананы ермек қылып, Қалды тағы нақ шындық жөргекте ұлып. Адасқанның ақылын жерлеп тынып, Дүниенi сапырдық тербеп, күлiп. Түп тегiмдi тергесем, бұрын құлдап, Шошытар ем заманды түрiм құрғап. Шоқыну да, намаз да күнә кештi Игi iстерге жаратқан күнiмдi ұрлап. Дiн бiткеннен жиренiп ғұмыры өткен, Көмек күттiм амалсыз құдiреттен. Есi ауысқан сенiмдер елдi iрiттi Ақиқаттан тiксiнiп қыбыр еткен.

Сана суреттері Жауластырып тамырсыз масқаралық, Сорғалады санамнан аспан ағып. Құшағымда бүрiскен дүниеге Қиялымды босаттым баспана ғып. Тасқа айналды Поссейдон, Зевс күлiп, Кидi мезгiл ғұмырды кебiс қылып. Күттi азаттық перiште – Шайтан атты, Күттi азаттық дiндерден Жер ышқынып. Адам-Құдай көп, бәрi – ертегi елi, Табынса отқа, от менi өртеп едi. Иілсе индус сиырға – мал киесi Тiрi рухқа тарта ма ерте менi?... Құдiретке құрдымнан қарап, күлiп, Бақсы тiрлiк барады балақ түрiп. Өресiздi аядым, Уысымнан Шашыраған секундты санап тұрып. Сескендiрiп сезiмдi ылаң iшкi, Кеңiстiкке тағдырым жылап ұшты. Дүниенiң кеудесiн керi итерiп, Намысымен ғаламның жын алысты. Өткелiнен тозақтың өттiм өлiп, Көрден рухым қарады тек түнерiп. Қорқыныштан үзiлiп Көңiлiмнiң Жын билеген түбiне кеттiм енiп. Күндi айналып, Көзiнде мұң байланып, Әлемдi әлем барады бiрге айналып. Керi айналған бақсы да, бақастық та Хақ жолына бағытын бұрды ойланып.

Аманғазы КӘРІПЖАН Қозғалыстың маңдайы қансырады, Шiреп тұрды ғайыптың сан сұрағы. Құдайға ақыл үйреткен уақыттың Күлкiсiнен қасiрет тамшылады. Қаға бердi таңдайын кәрi сағат... Мен бiр Тәңір... Құлымдай шырақ-ғұмыр Елең қылды ыңырсып құлақты бiр. Қанша дәуiр зыр еткен қас-қағымда Соңы жым-жырт. Сезгенiм бiр-ақ қыбыр... Түп тегiмнен олжа боп салмақты өлең, Тұғырымнан түсiрмей самғатты ерен. Топырақ боп жоғалған тiрлiктi емiп, Тiршiлiкке ләззатты жалғап келем. Жұмбақ дертiн фәнидiң айта күлiп, Мертiктiм бе санамды сайтан үгiп? Ғұмырымды көзiне iлiп қойды Өз ауруым өзiме қайта жұғып. Кiмге ұрынсам деп тұрам анда-санда, Заманақыр, жағаңа жармасам ба? Ақыры өттiм деме ендi құлқыныма Ақыреттiң ордасын қорғасаң да. Қайғысына күрмеген арқан күлiп, Салған iзiн соңынын сортаң жұлып, Ғұмыр-кеме Аралда қаңтарылды Қозғалыстың күмбезiн талқан қылып. Тағдырымды қытықтап қатты күлдiм, Мұң көзiнен жанымды қапты кiрбiң.

Сана суреттері Қапқан жерден жүрегiм секiрдi де Қолтығына тығылды шаттығымның. Қасiреттiң паналап сұрқы бiздi Шырқын онын шындықтың ырқы бұзды. Ембек болып уланды жиiркенбей Көздерiнде мұң қатқан күлкiмiздi. Қозғалыстың болмаса намысы ағат Көзден аққан секундтар – бәрi сабақ. Үнсiздiктi қос тiлi тілi сабап, Қаға бердi таңдайын кәрi сағат. Тiрлiк – тұтқын... Тағдырдың тұспалы кем. Сағым қысқа жанарда. Қысқарып ем – Саңылауы жамалды көңiлiмнiң Қиялымның қажалмас пұшпағымен. Сарқынындай өткеннiң сұрақты iшiп, Жаһнамға жармастық жылап, құшып. Есебiнен шатасты ғұмыр-сана, Есегiнен қозғалыс құлап түсiп. Тiршiлiктен керең мұң жуықта өлiп, Бөбек мұңы өлеңнiң суықты емiп, Жетiншi әлем шырмалды қиялыма Өр екпiнi өремнiң қуып келiп. Тойдырсам деп тозақты базар құрып, Өлтiрiппiн байқамай ажалды ұрып. Тарихты адам тiрiдей жерлемек боп Ғасырларды қалапты мазар қылып.

Аманғазы КӘРІПЖАН Санамызға түнетiп бар азапты Ғұмырымның түңлiгiн нала жапты. Жыртығынан жанымның ұйқылы-ояу Жетiм өлең домалап бара жатты. Өлiмдi iшкен өзiм бе, Төзiм бе едi? Өлтiрдi де тiрiлттi сезiм менi. Күдiктi ойдың салмағын көтере алмай Шытынады қуаныш көзiмдегi. Қайта тыңдап үлгiрмей көктем үнiн, Жанып кеткем, Жоғалды көкке күлiм. Жырға сiңген ғаламды жанымдағы Лақ еткiзiп құрдымға төктi өмiрiм. Мұң қайнаса жанымда, оттар ұлып, Армансыз бiр арнамнан ақтарылып, Ақыреттке олжамен аттанамын Қырандардың көзiнен көкпар iлiп. Қызғанышқа аштырмай құлыпты iшкi, Мөлдiр деймiз сезiмдi, сұрып күштi. Мөлдiрлiктiң шағылған сынықтары Жүрегiмнiң жарты етiн жұлып түстi. Құпиясы абалап сан сұрақтың, Шырқын алды үрейдiң қамшылап түн. Шексiздiктiң шеңберiн талқан қылып, Мәңгiлiктiң маңдайын қансыраттым.

Сана суреттері Оқылар едiм фәниге... Құрдымға көрден үңiлдiм адам қазатын, Жұмаққа сүйреп қашты, әне, жаман да жатын. Бейiштен жұлып шындықты Аманғазы ақын Шашырап кеттi аңдаусыз заманға зақым. Үмiттiң бәрi есiгiн құлыптап алған. Пендеге пейiл танытты сұрыптап арман. Құрықта қалғам... Бақытты қиялдан iшiп, Оянбай кетсем маужырап ұмытпа, қарғам. Ғайыпқа қанат қаққанда қанша үмiт қолдан Көзiме ғұмыр сүңгiдi, Малшынып та арман. Құшақтап тұрып мезгiлдi, Өзiмдi көрдiм Адасып тылсым тiрлiкке шаншылып қалған. Дүбiрден көрiп жармасты таңырқап ғалам. Құрдымға құрып малдасты жабырқап барам. Оқылар едiм фәниге, Тағдырым – қырсық... Мен де бiр жұмбақ шешiмiн Тәңір таппаған. Қозғамақ болып орнасын ғұмыр-өткелдiң Қысылып қалған тiрлiкке құдiрет көрдiм. Мың рет келгiм жоқ ендi... Мыңдаған ғалам Бейнесiн өмiр көзiнен бүгiн өткердiм.

1993 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Махамбетше Мен мен едiм, мен едiм, Мен фәниге жазылған Мәңгiлiктiң шерi едiм, Ажалға арнап қазылған Әңгүдiктiң көрi едiм, Шексiздiктiң шеңберiн Шауып келсем деп едiм, Санадан тыс адасып Ауып көрсем деп едiм, Күннен үркiп тығылған, Құшағыма жығылған Көлеңкемдi мүсiркеп, Үнсiздiктiң уызын Сауып берсем деп едiм, Қиялымды көзiммен Еркелетсем деп едiм Ертеңiмдi өзiммен Ертегi етсем деп едiм, Қозғалыстың оң-терiс Қос iшегiн бiр бұрап Шежiремдi болашақ Шерте кетсем деп едiм, Дүниенi отыма Өртеп өтсем деп едiм, Сұрастырып жындардан, Құрастырып мұңдардан Тауып алып өзiмдi Ерте кетсем деп едiм, Мен мен едiм, мен едiм, Өз жанымда жүргенде Кеңiстiктiң төрi едiм, Уақыттың соры едiм, Құштарлығым қырқылып, Iштарлығым iркiлiп,

Сана суреттері Жылдамдығын жарықтың Бағындырсам деп едiм, Жаратылыс дегендi Табындырсам деп едiм, О дүние мен бұ дүние, Бар дүниенiң санама Сағын бұрсам деп едiм Мәңгiлiктен сәл артық Ғұмыр кешсем деп едiм, Ақылы аздау болса да Қаз-қаз тұрған фәнидiң Жiбiн кессем деп едiм, Ғұмыр деген азаптың, Тағдыр деген мазақтың, Жұмақтың да тозақтың Түбiн кешсем деп едiм, Бәрiн тиеп мұңыма Сұрақтардан өзiме Бүгiн көшсем деп едiм, Дәл өзiмдей барлығын Биiктетсем деп едiм, Көздерiне нұрымды Құйып кетсем деп едiм, Шексiздiкке қысылмай Сыйып кетсем деп едiм, Сосын сұлу бейiштiң Қиялына тұншығып От демiнен армансыз Күйiп кетсем деп едiм... 2002 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Күнә бiткен теңсiздiкте туғасын... Тылсымдарын қызғанса да өткел-мұң Ғұмырымда күнәсызды көп көрдiм. Күнә бiткен теңсiздiктен туғасын Тәңір де оған кiнәлi ме деп келдiм. Күнәһармын, Кешiр, бiрақ, Тәңірiм, Мен де өлiкпiн, ғұмыр – менiң қабiрiм. Намыс тағы дүрлiктi де, ғайыптың Терезесiн шағып кеттi сабырым. Тiрiлмей-ақ өткiзсем деп бiр демдi, Аңдамаппын Құдай жүрген iргемдi. Қиқымынан қирап қалған сананың Құрастырып жинап алдым мүрдемдi. Қайта тудым, Тiрi пенде көз қылды, Ар-ұяттан осалдығын сездiрдi. Көкейiмде ұйықтап қалған өкiнiш Тiтiркенсем шошытады мезгiлдi.

Сана суреттері Мен өзiм... Адамнан да, ғаламнан да бөлекпiн. – Бәсеңдемей бойымдағы өр екпiн Қашып жүрiп өмiрден де, көрден де Заманақыр келгенде Жаңа ғұмыр жаратуға керекпiн. Таразының бiр жағы мен, Бiр жағында тұр әлем. Ауып кетсем, сiрә мен Адамың да, Наданың да, Ажалың да, Ғажабың да, Сыяпатың, сәнiң де, Ғаламың да, Заманың да, Залалың да – Бәрiң де Ақыреттен шығар ең. Ала алмаған еншiм қалса бұ таңда Дүниенi жұтам да, \шынымен-ақ тажалмын\ үрейлерiн ұшырам да ажалдың Жетем түбi қонақшылап, Күт, Алла! Намысымды жұтып ап, Сынып кетсем бiрте-бiрте шытынап, Бұйырма, Алла, айыпқа. Сабыр маған лайық па? – Менiң жаным ғайыпта ғой, ғайыпта... Менi ешқашан ақтамас, Сөнiп қалсам жоқтамас, Мезгiл маған бақталас қой, Бақталас.

Аманғазы КӘРІПЖАН Менi тіпті өлтiрмейтін мәңгiлiк – Әділет те – әңгүдік. Жөргегінде көп қасірет, көп талас – фәни менен бақи заңы тоқтамас болмысымда қаңғырып...

1988 жыл. Мәңгiлiктi құшақтап... (бард-толғау) Сойқан құрып сенiмдер санамда тағы Жындандырып тарихты арандатады. Құдайдан да бiр күнә сезiп қалса егер Ақыреттiң өзi де арам қатады. Арандатып тылсымды қаңғырып келем Тәңірдi де күнәға қандырып көрем. Өлтiрсем де ажалды тiрлiктiң бәрiн Күндес қылғым келмейдi мәңгiлiкпенен. Құштарлығым сейiлдi заңғарға көптен Жiбiмесем нұрыңа таңданба, көктем. Санама ылғи сүрiнiп жаратылыс та Оқи алмай жанымды арманда кеткен. Абалатып тағы да үмiтке менi Адамзаттық сенiмдер бiрiкпеп едi. Құдай берген кеңшiлiк санамызға ендi Құдайды да сыйдырмай үрiп келедi. Бiлсем дағы еңiреп үмiт те өтерiн Күлiп тұрып бас тiктiм күдiкке тегiн. Мәңгiлiктi құшақтап жылыта алмасам Жылап қайтып өзiме сiңiп кетемiн.

Сана суреттері Құлшындық та құрдымды жастандық күрең. Бақытқа өлшем – бақ емес, бостанық, бiлем, Шырқырама шындық деп – Шындықтың дағы Жолыңа ендi құрғаны қастандық кiлең Жүрегiмдi талауға шашылып болған Тiсi тидi фәнидiң асығып барған. Мәңгiлiктiң өзi де қылмыскер едi Ғалам сыйған жанымды жасырып қалған. Ғалам болып тiрiлiп тұрып қарадым – Дүниенi бiр жаққа бұрып барамын. Теңсiздiктер қылғасын күнәнiң бәрiн Күнәһар деп ешкiмдi сұрыптамадым. Тiрiлсемде қанша рет, Тозаққа басым жаралмапты О дүние мазақтамасын. Шындық бекер менi де жазалайды әлi Өтiрiктiң ұқпаса ғажап бағасын... * Көзiмнiң нұры әлсiреп, Қисайып бара жатқанда, Оянып кеттiм қанша рет Iлiне жаздап қақпанға Емгісі келіп мәнімді Жанымды ғұмыр жыртқанда, Тiстете салдым барымды Ақырет атты сырттанға.

Аманғазы КӘРІПЖАН Мезгiлдiң көзiн қазды мұң – Көздегi сиқыр шатқалға Жазылып қалды мазмұным Шошынып кiрпiк қаққанда. Жоққа да барға табындым – Дүние! Неткен сүйiктi ең! Түрмеден шыққан Тәңірдiң Қырқылды сағы күйiктен. Үрейiн ұрлап басқаның, Тәңірдi тағы жасқадым. Өзiмнен қашып,көзiмнен Ғұмырды күреп тастадым. Тұңғиықтардың көзiне Мұң құйып бiрге ағылдым. Ыржиып, сосын өзiме Есалаң күйде табылдым. ...табындым?... Лап етiп жансам бiр күнi Ғайыпта бiр ел көршi отыр, Тiрлiктен тайсам әсте мен. Тәңірдiң бәрi – көрсоқыр, Тағдырдың бәрi – таскерең. Тiрiлдiм, бiрақ, санамнан Сырғанап кеткен азаттық, Шуағымды ұрлап ғаламнан, Мақтанды мезгiл мазақ қып.

Сана суреттері Пәниге еншi – еркелiк, Былдырлап шыққан мұң тiлi. Ғаламда кетер өртенiп, Лап етiп жансам бiр күнi. Күлкiлi бәрi, Күлкiлi!... Тынымсыз тылсым жол кестi Үмiтке тиеп жiбердiк тiлектi өндiрiп, Тынымсыз тылсым жол кестi түнектен бүрiп. Жүректен кiрiп, Жанымды жүдеткенде ұлып, Көңiлдiң үңгiр үрейiн күреп көмдiрiп, Бесiкке бөлеп мұңымды әлсiреп барам, Көзiмнiң нұры, қайдасың, шыр еткен күлiп? Тозақтың олқы тұсына сына қып көптi, Құрдымды қанша жуғанмен күнә бiтпептi. Жөңкiле көшкен жұлдыздың дүбiрi сыймай, Көңiлiм оқыс шағылып, Түн ағып кеттi... * Зардабын iшiп тағы да жырдың Жындыны тауып табына күлдiм. Көбейдi жынды дәрiлеп өзiн, Көбейiп кеткем – бәрi де өзiм. Табытқа кiрдiм өзiмнен қашып, Жылайды тiрлiк көзiмнен қашық. Өлi қиялдан тiрiлiп алған Тiрлiкке тартты ұрынып арман. Менi ендi күтiп зарықпа, Көктем! –

Аманғазы КӘРІПЖАН Келмеспiн... Жарыққа қарап жанып та кеткем, Сөнбеспiн. Үмiтке ұры қалықтап өткен сенбеспiн. Мiнiмдi бiлмес, Мұңымды бiлмес, Жырымды бiлмес ендi ешкiм.

1989 жыл. * Сыңсиды жаралы жылдар, Мезгiлден шалағай қалып. Бейқамдық сананы ұрлар, Көкiрек молаға айналып. Жұмақтар дәуiрдi кезген Жалт берiп ертегiлерден, Жырақтап жауыр мiнезден, Жанды өлең өртенiп өлген. Адасса бiр асыл арман Сүрiнiп шоқалақтардан, Жөн сұрап дұғасы бардан, Жүректi тасалап қалған. Ащыдан үйрен дегенiм Азап та, ғажап та шығар. Дәуiрден кигенде кебiн Тарих па мазаққа шыдар?!

Сана суреттері Талқандап мұң құлыптарын Жасын жыр түнектi тiлген. Жаһанның тұндырып қанын, Пәниге жүрек бiтiрген. Ызалы қандастарым Тарихқа тұтқын, тағдырлас ызалы қандастарым, Қарадай үркiп ғарыштан құлазығанда аспаның Қырсықта қырық жан барда сiрә жыға алмас та әлiң, Шындық та бiрге құлқынға құрады малдастарын. Құтқара қоймас сұмдықтың сұрағынан қашқаның, Пәниді бөлмес бақидан ұзарып алдаспаның... Қиямет жазып жатса да қырағылар дастанын Пәнидің заңы өзінен сызады алжасқанын, Намысқа күйсiн соңғы рух, қыз әлi қандастарым! – Десем де, Сиреп кеттіңдер ызалы қандастарым... * Толғақ қысқан жүрегiм жүр шыдатпай, Тағдыр тiрi көмбегей бүршiк атпай. Ақыл-ессіз мезгілдің жылдамдығы Болмысымды тілгілеп сусып ақты-ай. Адалдықтың жолында жан ұшырдым, Пәктiгi ендi жылап жүр әр iсiмнiң. Ақтық сында ағымнан ақтаратын, Қын iшiнде жатқан-ай намысымның... Сан ақиқат жалғанға кеттi адасып, Адалдығым да аңғал-ау жоққа машық, Өрт тiрлiктен шындықты құтқарам деп, Алдым талай аяқты шоққа басып.

Аманғазы КӘРІПЖАН Ар жағында үмiттiң арман күлiп, Кекеттi ме ? Шығарды жаннан бүлiк. Барады өмiр өзiмен арпалысқан Өз жүрегiмдi өзiме таңғалдырып. Қай белесi өмiрдiң? Қайдағы маң? Жүрегiмде тыным жоқ ой қарыған. Мiнезімнің мінезі қолды болды Қаймықпаған қасірет айбарынан. Берме, Намыс, Берсең сен мiнезге ерiк, Тағдыр маған жолығар мың өзгерiп. Сыйдырмаған мезгілдің жүйкесіне Сіңіп кетем өзім де лезде еріп. Өткен күннiң көңiлде сыңғыры қап, Жалықпадым жанымды сындырып ақ, Жарақатын үмiттiң таңа бердiм, Сағынышты қиялдан тұндырып ап. 1987 жыл. Сана суреттері Мен әлемнiң кеңдiгiн өлшеп өтем...

Қайырғазы Алтыбаевқа. Шындық мiнiп сұмдықтың арқасына, Жасырынды мезгiлдiң қалқасына. Адамзаттың қадiрi саудаланып, Түсiп жатты тарихтың қалтасына. Сүңгiп шықты қиялым сан аңызға. Ақыреттiң жүрегiн жарамыз ба? Секунд сайын сан түске боялады Ар елiнiң картасы санамызда. Жанарынан мезгiлдiң сұрақ тамып, Шындық күлдi ғайыпқа сыр ақтарып. Жарық күннiң «құтқар» деп, Жағасынан Ала түстiм құрдымға құлап барып. Қасiреттiң тұтқындап қарашығы, Сүрiндiрдi Тәңірдiң дара сыны. Жылап жаттым, өңменнен барады өтiп О дүниенiң ұлыған борасыны. Тамұқ торып үрiп жүр күдiк кiмге? Жынның есiн шығардым күлiп мүлде. Бiр саңылау таба алмай тырмысып ем, Сынып кеттi сағымы үмiттiң де. Айналып ем содан соң албастыны Көзiнде оның байқалды алғаш мұңы. Дүниенiң тәртiбiн өзгертпек ем Құлағыма Құдайдың жалғасты үнi.

Аманғазы КӘРІПЖАН Әлем бүгiн телмiрдi жыр маңында. Аттас күштер сыйыспай жүр қанымда. Тәнiмдi ал деп қашамын адастырып, Жаным кетсе ажалдың тырнағында. Уақытты жылдамдық жеңсе бекем, Бәрi де оның санамның бөлшегi екен. Әр аттастың теңселiп арасымен Мен әлемнiң кеңдiгiн өлшеп өтем. 1993 жыл. ...Топас пенде тағы да тұр күнә артып: «Мың жасынан қыранның бір күні артық». Қыран етіп жаратса өлгісі бар Құзғынның да биіктен бір құмартып... Көлеңкемнен көз жаздым өзімді ішіп... (Диалектика, қарсылықтар заңы...)

Ортақ сырқат Әділеттен қаймыққан соқыр үміт Санасында ақынның отыр ұлып. Шайқалақтап барады екпініме Уақыттың тағаны опырылып. Ісім мазақ болғасын сайқалға мың Тынықсын деп, тиылдым, қайта арманым. Өткенімді өксіткен өкінішті Өзге түгілі өзіме айта алмадым. Қасіретті көшірген қанша реткі, Мазмұнымды ақиқат мансұқ етті. Намысымды бақталас уақыттың Есі ауысқан екпіні жаншып өтті. Адамзаттық сананың белі сынды... Пәни, бақи бір-бірін кері ұшырды. Әділет те мен өлсем өлгісі кеп, Жасыра алмай толғатты өлі сырды. Шындықтың да шайылып кетті аралы. Пенделіктің ызғары бет қарады. Мен мезгілге, Мезгіл де маған сыймай, Сәйкессіздік аяусыз жеп барады.

Сана суреттері Шайтанның мұңы Келмегесiн тiрлiктi ермек еткiм – Құдiреттен сәл биiк төрлемекпiн Ұрлап тынып төркiнiм қасiреттен Өзiмдi әкеп өзiме жерлемекпiн. Қозғалыс та, Құдай да үндемедi. Мезгiл де үнсiз көзiмнен мұңды емедi. Жаратылыс дегендi кiм жаратты?- Санамда ол да тұншығып күнде өледi. Мысы басып үрей мен жаңғырықтың Күндi құшып құлады қаңғырып түн. Менде үркiттiм о дүние, бұ дүниенi Болғым келмей тұтқыны мәңгiлiктiң. Көз жасынан мұңды iркiп ұрғашының Тәңірдi емдеп жұтқыздым бiр қасығын. Сүргiн көрген мен де бiр Шайтан атты Мәңгiлiктiң саналы құрдасымын. Перiштелер қызғанып шеттеп едi, Жылап құшты шексiздiк, Шектемедi. Жақсы атты өзi Тәңірiм еншiлептi, Жаман атқа құрбан ғып текке менi. Жаратқанның жаратқан кемдiгiмiн – Сондықтан да Тәңірде ендiгi мiн. Дүние өзiн түзетсе мен арқылы – Айнасымын, Сыбайтын кеңдiгiмiн. Өзiмдi iздеп тозақтан көп қарадым... Арасынан таппадым ақ-қараның.

Аманғазы КӘРІПЖАН Сыйдырмаған сананың көз-жасы боп Ақ жанымнан үзiлдi қап-қара мұң. Тәкәппарлық танытсам өкпелi ме? Алалады Құдай да текке, мiне... Жалғыз менi жаратты күнәһар ғып Жаратпауға шамасы жетпедi ме? Тәңір де өзi қызғаныш сырын ұқты – ...Мен болғысы келгендер сүрiнiптi. Кеңдiгiне ғаламның сыймай кеткен Ендi өзiмнен таныдым ұлылықты. Саз аспаптары 1. Қызметi.

Далам – майдан... Тарихтың жатты мұңы, Дауылпаздан дүрлiктi сақтық үнi. Дауылпаздан тамшылап қасiреттер, Жаншып жатты рухымды ат дүбiрi. Мезгiлге алқа дыбыстан тағып түрлi, Сазды әлемге пейiлiн шабыт бұрды. Дабыл үнi түлеткен жаңғырықтар Мәңгiлiктiң есiгiн қағып тұрды. Қобыз бiткен қайғының өртiн iштi, Домбыраға күш бiттi өр тынысты. Өр тынысты бақсыдан шайтан қашып, Кепшiк үнi үркiттi қорқынышты. * ...Айта берсең бәрiнiң «дертi» күштi...

Сана суреттері 2. Жаратылысы. Ешкi iшегiн тарттық та домбыраға Айландырдық малды да мол мұраға. Ақтылы қой бермесе жетi асығын Жетiгеннiң үнi де жаңғыра ма? Мал бауыздап тiрлiктiң зарын көрдiк, Малдан алып қобызға қарын кердiк. Тұяқты да, қылды да зар қақтырып. Қазағымды жараттық дарынды ел қып. Қайың да – өлi, мал да – өлi, Өлiктермен Саздың үнiн жараттық көрiктi елден. Ескi ағашты таңдадық үнi – ащырақ Фәнидi де, бақиды көрiп келген. Бақ десек те дарынға артық арман, Мұңмен келген бақыттың нарқы – жалған. Қасiретсiз жүрекке жетпейтұғын Саз – тiрлiктiң зар-мұңы, алған. Жалған туыс Жаратса егер пейiлдерiн сыймас қып, Жалған туыс – көз бояушы сыйластық. Ұрпағында орға жығып жатады Әкелерiн тұтастырған қимастық. Арлы туыс сын сағатта шыдайды, Арсыздары пысқырмайды Құдайды. Бүтiнделген жыртығын да ұмытып, Сыр алдырмай сыбайды кеп, сыбайды.

Аманғазы КӘРІПЖАН Тыным бермей төрiңдi алса кезекпен Туыс – қонақ, Тiрлiгiңе көзi өткен, Кiре бере қошаметке масайып, Шыға бере жыртығыңды сөз еткен. Жарыта алмай сәлемге де жарлысын, Жалған туыс iрiктейдi әлдiсiн. Сыйластығы өлшенедi сыйлықпен Сығып алған әлсiздердiң бар күшiн. Арысын да қадiрлемей құл ғұрлы Арба орнына пайдаланып дiлгiрдi. Керi тартқан таяздықтың заңымен Талай тағдыр құмға сiңiп үлгiрдi. Қасiреттен кие қалсаң сауытты Ұмытарсың бiрге өткiзген сауықты. Дұшпаның да қатерлi емес, Ондайда Тек туыстың жалтақтығы қауiптi. Ата көрген бiр қасиет қалмаса Туысыңның туыстығы – далбаса. Жанашырлық жараспайды, Жақпайды Жүрегi ортақ, Пiкiрi ортақ болмаса.

Сана суреттері Құрмалас сөйлемдер 1. Ғажабы болып бiр күннiң, Назары болып сүргiннiң, Базары болып қырғынның, Ажары болып құрдымның, Моласы болып арманның, Сорасы болып сорғанның, Таласы болып талғамның, Жаласы болып жалғанның, Аңғалы болып албырттың, Салмағы болып салғырттың, Қан бетi болып қан құрттың, «Мәмбетi» болып мәңгүрттiң, Кергiшi болып желкеннiң, Сенгiшi болып ертеңнiң, Шерлiсi болып ерке елдiң, Белгiсi болып «өртеңнiң», Қиқымы болып кей тәннiң, Титығы болып бейқамның, Сиқыры болып сойқанның, Сүйкiмi болып сайтанның, Санамды қайрап сұраққа, Ғаламды байлап жұмаққа, Сүйкенiп керең мұратқа Итерiп келем жыраққа.

Аманғазы КӘРІПЖАН * 2. Сұлудың да дауласаң – «Өкiлсiзi» болмайды, Жылудың да жаурасаң – Отынсызы болмайды, Ажалдың да аңдаса – Армансызы болмайды, Тажалдың да таңдаса – Талғамсызы болмайды, Құштарлықтан жалықпа – Керексiзi болмайды, Iштарлықтан қамықпа – Себепсiзi болмайды, Жылға жылға болғасын Жырасызы болмайды, Тұлға тұла болғасын Күнәсiзi болмайды. Ақын апайға Тұңғиықты, Тым биiктi меңгерген, Мұң, күйiктi миығына өңгерген, Жүрегiнен көлеңкесi тамшылап Талықсыған қиялына дем берген, Жырларының қабағына шер бекiп, Шегiндiрген шексiздiктi терлетiп, Үмiтiне құндақталған ғұмырды Нәзiктiгi жататұғын тербетiп, Ұйқысына үрей қосса түн – қақпан, Құшағына күлкi үйiрiп мұң қатқан,

Сана суреттері Бүркенiп ап қырық жамау жүрегiн, Жан айқайын үнсiздiкке тыңдатқан, Сiз де – әйелдiң тағат күткен бiр түбi, һауа ананың тағдырының жыртығы, Және қаққан қас сұлудың кiрпiгi. Жырыңды әсте жұбата алар емес-тi Әйел жеген соққылардың тыртығы. Ақиқаттың жеткiзе алсақ өлшемiн Жаны – шешен, Тәнi – мылқау елшi едiң, Оқылмайтын оқымаған ғаламға Құпияны барлығын да мен сенiң Үмiтiнен желбiреген өр сенiм – Тағдырыңмен өлшедiм. Текесте Дәуiтбай ақсақалға Қосқан сайын көлiктер сайға сайды Жылдамдықтан шайқалып ой босайды. ...Тоқсан беске кеп қалған әкесiне Шормановтар әулетi той жасайды. – Жүйрiк жолға жол берiп құзға өрлеген, Белестер де жарылды жүз бермеген. Ұшқан сайын келедi тұлғаланып Қиялдағы қария бiз көрмеген. Тал да, тау да бiртiндеп бұлдырады, Саңылаулар жарықты тұндырады. Көлеңкелер жортып жүр, Құшағында Буыны жоқ сағымдар шыңғырады.

Аманғазы КӘРІПЖАН Сауықшыл жұрт жеткенде ауылына Мiндi сәуле бұлттардың сауырына. Ымыртты әбден қызартып, тарта түстi Хан Тәңірi қызғанып бауырына. «Қызыл ымырт» жайлаған бiр түнектi Тоқсаныншы жылдар кеп сiлкiп өттi. Тоқсанында болмаған тойды Тәңір Тоқсан беске жеткiзiп дүркiреттi. Тiлек те айтты, ән де айтты әр ұялар, (Сөз деген де өкпешiл дария бар), Қарт тарихты ұрпаққа жалғастырып Қалмақша да биледi қариялар. Той жүргiзiп, менiң де дiлгiргенiм – Қартпен жақын сұқбатқа үлгiрмедiм. Тiрiсiнде жеткiзбей қадiрiне Тарих солай көшедi – бiр бiлгенiм. Таң бозынан қария түрегелдi... Тiс жармайды ешкiмге жүрегi ендi. Қарғып мiнiп атына, Байынқолға Текес бойын жағалап жүре бердi. Қарт көңiлi – арғымақ, Өрге ұшады, Текес суы екпiндеп жер құшады. Көкейде – осы қарсылық... Көңiлiнде – Мағынасыз кешегi ел құшағы... Қарт келедi биiкке ұйып тегi, Шың да, бiрақ, аспанға тиiп пе едi?

Сана суреттері Ал, көне тау рухымен иықты едi – Қарттың шөккен бойы да дәл осылай Өлшемiмен тарихтың биiктедi.

2002 жыл. Ақын назы (Мұқағали ескерткiшi ашылғанда) Пейiлiммен тойдырған аш ғұмырды Мен тiрi едiм, жоғалттым жастығымды. Орнатты да өтiрiк тас тұғырды Жаратылыс көзiне жас тығылды. Мың тiрiлiп, Басты мың шайқап өлдiм. Арызыңды, ақырет, айта бергiн! Үрейленбе, дүние, тас та болсам Тағдырыңды қақ бөлiп қайта келдiм. Намысыңа тисе де ерсi екенiм, Тасты аяма, табиғат берсе тегiн. Кереңдерге мәңгiлiк ендi осылай Үнсiздiктiң өнерiн көрсетемiн. Бәлкiм, тастың қадiрiн сараптар күн болса, көнем iсiне жаратқанның. Тас көзiмдей мазмұнсыз өлi көздер, Көз тиер деп қорықпай қарап қалғын!...

Аманғазы КӘРІПЖАН Жазылмаған шежiре Аталардан немерелер не түрлi Жасырынбақ ойнатуды өтiндi. Ойнап жүрiп қарттар ендi аңдамай Әр тасада қалғып кеткен секiлдi. Жылдар талай уысымнан шашылып, Бiр немере – мен де жеттiм асығып. Қарттарым жоқ... Қанбаған ба ойыны, Уақыттың шымылдығы жасырып? Жастығымның көзiнен қар қылаулап Көңiлiмнен көлбей ұшты тыраулап. Жасырынып мәңгiлiктiң ығына Шежiрелер жатқан шығар бiр аунап. Қалдырғысы келмеген бе артына? – Өткенiмнiң жеткiзбестен нарқына жазуға да үлгiртпептi... Жынды өмiр Бақиды да салмасын деп талқыға. Шынында да шежiремiз қаңғырып Таланғанша, Көшкен де абзал мәңгiлiк. Өйткенi, бұл өтiрiктен жаралған Фәни үшiн не десе де заңдылық.

Сана суреттері Балаға ат қоюдың дауы Дүниеге бір ұл келсе қуантады алашты, Құттыған туған туыс ат қоюға таласты. – Жеңіс келген күнде туды, қойсақ қайтер «Жеңісті»? – Жоқ, әлі де соғыстардан көз ашпады жер үсті. – Дарын дейік... ол да сендей төкпе болсын тоқтамас? Сарай ақын көп онсыз да, кілең «жиен», бақталас... – «Темірлан» деп қойсақ қайтер? – Алма олардың мазасын, Патшалардың тарих білер пенделіктен тазасын. – Онда атаңның атын қойсақ... – Айтуға тіл күрмелер. – Мұқағали атын берсек... – Атына оның кір келер. – «Сұлтан» десек... – Өзін елден биік қою арға сын. – «Әбу» десек... Орыс бітіп, қалды ма араб? Болмасын! Мен айтайын, Қала болып баршылыққа мастандық. Ауыл болмай ұлтымызға болар ма еді бостандық? Тәуелсіздік тамыры – ауыл,

арға қазы болатын, Ауыр демей, «Ауылғазы» қойсақ қайтер бала атын? – Ауыр, – деді. Ауырлықты ұл емес пе көтерер? Өз тамырын өгейсітіп менсінбейді бекер ел. Ұқтырмаған дәуір шығар – «Дәуірғазы» десек те Шуылдасты көп дауыстар оны да алмай есепке. Онсыз да от ем ауыл сөзін «Д» әрпіне жасырдық, Дауылғазы атадық та дауыл болып басылдық. Дауыл бірақ тұрақтамай іштегі үрлеп намысты,

Аманғазы КӘРІПЖАН «Ауылғазы» деген есім құжатыңмен табысты. Таяз болып өссе ұлым, өкінеді өскенде, Биік болса бұл есімге мақтанады, Сескенбе!... Ішіп өлсе арысын кім күштеген?... Арақ шiркiн еркектi аздырады, Шарап та әйел «шабытын» қоздырады. Сыра, шампан пәленi бастап берiп, Конягың да қалыспай азғырады. Iшер сәтте достыққа сүйретедi... Iштi, бiттi – бiрлiктi күйретедi. Ал, дүмшелер «күнәдән тазартам» деп Қымыз, боза, шұбатқа үйретедi. Қымызды да көп iшкен мас болады, Бозадан да бiр қыжыл басталады. – Имандылар той тойлап, Сүт ембеген Құлын, бота жарымай аш қалады. Иiс май да қылғытсаң өткiр едi, Бәрiн де iшсең – ажал да жеп кiредi. Ал, тарихта ненi iшiп бар күнәдан Тазарды екен қазақтың тектiлерi?... Мөрi емес пе мезгiлдiң қылмыс деген? – Iшiп өлсе арысын кiм күштеген? Демiң бiтпей одан да шындық iздеп, Өртене бер мен құсап мүлде iшпеген.

Сана суреттері Кешіккен жігіт Ұ. Есдәулеттің «Қара пима» дастаны ізімен. Мені оятқан сөзіне Ұлықбектің Қиды тәңір киесін жұлып көктің. Қара пима кеткенде мен де ішінде Көк бөрінің жаны боп ұлып кеттім. Бейіш күндеп мезгілдің бейқам ісін, Мұзға қатты пимасыз тойтарысым. Менің де әкем шарлап жүр суға кетіп, Жанарыңа іркілген Зайсан ішін. Тағдырым деп білсе де ел боранды Періште арман тағы да емге оранды. Бала аяғын тәрк еткен қыс кешігіп, Шашына оның қырау боп енді оралды. Оралған жоқ, Тұр тағдыр балағаттап, Бақсаң, бірақ, дала да, сана да аппақ. Мұз қабақты дәуірлер мұң біткенді Ақыретке жеткізбей алады ақтап. Бірі шалқып, ал, бірі жылап, талып, Мазақ болған пәниге тұрақтадық. Кінәлі оған арақ та, адам да емес, Тәңір де емес жататын сынаққа алып... Дәуірлерден бұйырған жеңілісім – Жеңіс көзі десек те елім үшін, Тәңірді кім жаратты? Ми жетпейді. Ал, тәңірсіз тағдыр да – өлі мүсін.

Аманғазы КӘРІПЖАН Адам да әлсіз, ой да әлсіз, ескереміз.. Кешіктірсе тағдырдан сескенеміз. Кеш ұғудан жаралған құбылыс та – Біз екенін ұға алмай кеш келеміз. Сыр тасқынындағы тікұшақ апатына Жолдағыны жайратып Сыр екпіні, Жоқтан болған теңіздің шыр етті үні. Сырдың беті ауғалы тұзды Аралдың Тағдырына қақталды жүрек түбі. Әділеттің алыста ұшпағы әлі... Бейқамдықтың биікке ұшты аралы. Сол биіктен жасанды теңіздегі Жұлып түсті қасірет «ұштағаны». Қазығұртқа топанның шықты елесі, Тарихымды қозғады Нұх кемесі. Су үстінде қанғыған инелік деп, Көз жасымды мезгілдің жұтты өресі. Шикі бастың көзіне шық тұрмады – Жасандылық зұлматын ұқтырмады. Жайғамасын Аралдың қасіреті Шардара мен Қапшағай, Бұқтырманы... Табиғатты бөгемей тек тұрмадық, Құдіретті ағыстан токты ұрладық. Өркениет тамырын солай шандып, Жол нұсқайтын тәңірге таптырмадық. Нұрын төкпес жасанды шырақ кімге? Ақыл-ойдың пайдасы жырақ мүлде... От шығарса зарядтар түйіншегі Сөндіреді топандар бір-ақ күнде.

Сана суреттері Су жаратқан тірлікті сарапқа әлі Салмас бұрын ақырет сораптады. Пенделіктен пәниді жуып шайып, Тәңір қайта жатыр ма жаратқалы? Шахтерлар қазасына аза Саңылаусыз санада соқыр үміт жанарында көк бөрі отыр ұлып. Мінәжаттың қарызын көтере алмай Қараңғылық барады опырылып. Тереңіне тоғытса тамшы көпті Үмітке олар тәубәні талшық етті. Қараңғының екпіні жер астынан Бақидың да сәулесін жаншып өтті. Мың дәуірлік өскінді көмір еткен Мезгілдің де тірлікке көңілі өктем. Жерден бұрын жаралып өмірі өткен От Құдайы кетпеді төңіректен. Ар алдында танымай «ақтық ісін» Адамдардың ішінде ақты «мүсін». Қапырыққа тұншыққан қараңғылық Қара түгілі тарылтты хақ тынысын. Қасіретін ұқтырмас шырақ түнге, От Құдайы жасаған тұрақ кімге? Санамыздан шапшыған қараңғылық Сөндірді отын қанша үйдің бір ақ күнде?... Әруақтар мекені Жерге бітті, Жер астынан жүк түсті ерге мықты,

Аманғазы КӘРІПЖАН Көтерем деп боздақтар жапырылды Жердің үстін жайлаған пенделікті. Бақидан да қайысты көп қырағы, Қаза берсек оның да жоқ тұрағы. Сана жеткен үрейлі тұңғиықтар Қопарылып түсердей боп тұрады. Кеңсайдағы бейiттер Әруақтың көзiнен жарық түтеп, Арандатты ақиқат тамұқты тек. Кең даламды мiсе етпей, Тар тұғырға Тұлғаларды қамады нарық бiтеп. Менiң барым – фәниге күйiк бөтен. Iздемеппiн бейiштен тұйық мекен. Көкiрегi Кеңсайдың керi итерсе Кеңдiгiне ғаламның сыйып кетем. Мен бiр ғалам, Биiкке кiшiрдiм бе? Мен жайлы ойы ажалдың қысыр мүлде. Кеңсайдағы баршаның көлеңкесiн Кеп тұрған жоқ өзiме түсiргiм де, Құдiрет, түсiндiң бе?... Фәнидегi биiк пен аласамыз Ауысады бақида, қаласаңыз. Марқұмдарын мықтылар өрге сүйреп, Ақыреттiк еңiске таласамыз. Тұлғаларды төбеге төкпеледiң, Әруақтың өрiсiн шектемегiн!

Сана суреттері Қарапайым бабадан төмен жатқан Төменiрек жайғассам деп келемiн. Әйел Сезiктенбе түршiгiп – Сиқыры көп сынақтарға тұншығып Өтетұғын әйел – жұмбақ құлшылық. Бақидағы еркектiң де күнi осы, Әйел, еркек – ауыспалы тiршiлiк. Әйел жаны – ұлы ұрпақтың базары, Әрi ажары, Мазағы мен азабы, Ер – фәнидiң еркiн ұшқан тозағы, Ал, бақидың әйелге тән тозағы. «Қиян» фильмiн көрген соң (Менiң екi көзқарасым) 1. Қайран достар, бiр туған құрбым едi, Жамандықтың жиi есiп тұрды лебi. «Қияндағы» қиянат қылқындырып, Бiр өкiнiш аяусыз ұрды менi. Жүрегiмнен жұлқылап кесiмдi үмiт, Қайта үңiлдiм фильмге, есiм кiрiп. Жатыр, әне, режиссер, аруды емес, Абыройдан елiмдi шешiндiрiп. Кемпiр-шалдың үйiнен ұрыс тiлеп, Кеттi экран әрненi тiмiскiлеп. Жер жаратқан жаранды тыныстатпай «Жертөлеге» қамауға тырысты кеп.

Аманғазы КӘРІПЖАН Iшiмдiкпен уланса қиялы шын – Көзден шарап ағыздым ұям үшiн. Күнәсi деп адамның құптамадым Жаратылыс жаратқан «Қиян» iсiн. ...Жо-жоқ, мерейлi әулеттер иесi боп, Шақырады құрбылар «Үй осы» деп... Шымылдығын жанымның жұлқылайды Қалғып кеткен экран жиi есiнеп. Қайта кеттiк фильмге бiз асығып. – Жаз арудың мойнына күз асылып, Бұлттың сұрғылт құрсауын бұза шығып, Ұясына күн кеттi қыза сiңiп... 1988 жыл.

  1. Өзгерiстер сананы алаңдатса, Ащы шындық қоғамды арандатса Жалған намыс жеткiзбес нарқына елдiң Өз ауруын жасырып арам қатса. Бермесе де көзқарас көздерге есеп, Намыс та орға жығады өзгермесек. Адасады ұрпақ та тарихынан Өз кезiнде шындыққа сөз бермесек. Мақтанышын шындай қып қостамасаң Көрсетушi ед жыртығын дос та қашан. Мойындай ма өз мұңын намысшыл ел Өз төбеңнiң мұңынан бастамасаң? Қаңғыртса да қасiрет шалғайына Жазғаны бұл Тәңірдiң маңдайыңа. Намыстанба, ел! Бағалат тарихыңды Төтеп берген нәубеттiң қандайына...

1998 жыл.

Сана суреттері Шетелге бала сатқандарға Ақшаны биiк қойып парасаттан, Не сұмдық Құдайсызға бала сатқан?! Қазақ боп кеткен ұлды қазақ қылып Қайтара алар ма едiк болашақтан? Ынсап жоқ сабырға да келсек деген... Сәбиге не жын қалды көрсетпеген? Қазақтың «құшағымен» бүтiн сатып, Кәпiрдiң пышағымен бөлшектеген. Үйi аздай жетiмдердiң қорлап келген, Жер ауып, жат жұртта да сорлап көрген – Сәбидiң бүйрек, бауыр, қанын сатып, Кәпiрдiң денсаулығын қорғап берген – Қазақтың жетiлмесе ой-талабы Жойылып кетсе түбi жай табады. Өзгеге кеткен ұлың тегiн бiлмей Дұшпан боп сазайыңды қайтарады. Тезiрек жету үшiн қаз-қалыпқа Құдайым ұрпақ берсiн аз халыққа! Бейбiт күн бала сатқан сатқындарға Соғыста елiн сату сөз болып па?... Жылу жүйесi Уақыттың қабағы мүлде бiзден Тайғанақтап бейнетпен жырды емiзген. Бiздiң үйдi қамтуға қақысы жоқ Жылу жүйесi өтедi iргемiзден. Жанай өтiп үйiмдi құбырлары Зәулiм үйлер тiрлiгi қыбырлады.

Аманғазы КӘРІПЖАН Келiмсектiң жарасып дүбiрлi әнi, Көңiлшектiң ұйқысын түн ұрлады. Түн ұрлайды От жағар дым қалмаса, Үмiт емес құбырдан мұң қармаса, Өзiм салған қанша жыл, зәулiм үйлер, Бұйырмапты-ау бұрышың дым болмаса. Ғұмырымның пейiлi көктемесе, Қабағында қасiрет өкпелесе Сонда да үмiт бiлтесiн сөндiрмептi Маңдайымнан тамшылап кеткен есе. Баспанасыз күйбеңдi намыс күндеп, Пенделiкпен онсыз да алыстым көп. Намыстанба, Алматы,қырық жамау «Күрке тiгiп iргеме жабыстың» деп. Көзiмiзден секiрсе күлiп қайғы Санамызды салғырттық құлыптайды. Сорлы өмiрмен белдесiп жылынбасам Бойды ештеңе фәниде жылытпайды. атаҚтыларға арналған қолтаңба кітабы Жанында ылғи жататын тұтап дабыл, Күресумен ғұмырын жұтатқан ұл Абайды оқып, Құранды ақтарса да Жақындауға құқы жоқ кітапқа бұл. Киіз кітап, Қауымнан қайда арланып баратырсың? Не сыр бар қоймаңда анық?

Сана суреттері Қолтаңбасы қалғандар Абайдан да атақты ма? Ол жағын ойланбадық... Мұра демей арналған ұлы есімге, Тастайтындар да аз емес күресінге. Шын сырласын Абайдың екшей алмай Сорлы кітап, кекетіп күлесің бе? Қоса алмаса бір ақын өз үлесін. Қадірі жоқ «қолдардан» көз ілесің. Жантықтар да сөз арнап, сен арқылы Пенделіктің жасауда шежіресін. Жұртты өзіне жолатпай үріп бүгін, Қонақжайлық көзіне ілікті мұң. Хақ алдында құқы бір елді алалап, Кітабы боп қалмағай іріткінің? Жалтақ мезгіл бере алмай оң бағасын, Дәрменсіздік, Өзіңнен қорғанасың. «Қызыл кітап» дегенге кірмеген жөн Сиреп кеткен ит пен құс болмағасын.

Абай мурежайы, 2008 ж. Сұңқар Сәлделiлер шынымен ұлы ел ме едi? Сәулесiнен санада түн өлмедi – ...Тал iшiнде әлдене тысырлап жүр, Құс ұрлап жүр. Құдiрет бiлер ненi? Тұзақ құрған cұңқарға биiктегi «Имандылар» тiрлiгi тұйық па едi?

Аманғазы КӘРІПЖАН Құздағы ұя құлқынды жеткiзбес-тi Шексiздiктiң шегiне тиiп тегi... Талай сұңқар қия алмай көктеменi Тор iшiнде қажыға кеткен едi. Бәрi де әттең хабарсыз! Қиял, бiрақ, Кеттi тағы көтерiп көкке менi. Құс та кеттi көк жүзiн жарып тағы, Өкпелi ме? тым биiк қалықтады. Қорған iздеп Құдайдан барады ұшып, Ал, пайғамбар ұрпағы қамықпады. Адастырып ұрының қастандығын Барады, әне, тербетiп аспан мұңын. Тәңірге ендi жеткiзбек төтесiнен Ұлы далам дарытқан бостандығын. Мұхтардың Құнанбайы Мүлгiп жатқан мазасыз тасты аядым, Тас түбiнен бұрқ еттi тастай ағын. Неге түрттiк тылсымды? – Ала топан... Ойым зорға балдақпен басты аяғын. Маңғаз ғалам кеудеме көсiлiптi, Өктемдiктен басқа оның несi мықты? Жарты ашуын жарым ес жаратылыс Құнанбайдың көзiне көшiрiптi. Жаһнамға жазмышты жұлқып атқан, Миығында мыжылып күлкi қатқан, Тiстеп тұрған тылсымды жалғыз көзi

Сана суреттері Құнанбай – түн... Тарихтың бұлты батқан. – Маған солай дегiздi дана Мұхтар – Сыбайды әлi бiр-бiрiн сан алыптар. Тiрлiк, бiрақ, күнәсыз... Күнәһар қып Жаратушы фәниде шалалық бар.

1995 жыл. Құзғынның шері Жаратылыс көзiнен күйiктi емiп, Жазықсызды тiрiлттiм жиып терiп. Жерлеп жатты намысын құзғындардың Миықта өлер қырандар биiкте өлiп. Құзғын да ендi тiксiнiп өз демiне Күйiк болып жерлендi көзге, мiне, Сыр алдырмай сырт көздiң ғайбатына Төзгенi ме, Жоқ, дым да сезбедi ме Құзғын етiп жаратты, Сол үшiн де Бермептi оған қыранның өрiсiн де Мың жасап та не көрдi, Қу тiрлiктен Көргенiнiң көбiсi көр iшiнде: – Мың жасаппын, Сезе алсаң сырымды ұғын, Көптi көрiп күрмелген тiлiм бүгiн. Мылқау еттi табиғат тiрi ұрпақтың Айтпасын деп кешегi зұлымдығын, –

Аманғазы КӘРІПЖАН ...Топас пенде тағы да тұр күнә артып: «Мың жасынан қыранның бiр күнi артық« Қыран етiп жаратса өлгiсi бар Құзғынның да биiктен бiр құмартып. Қанатымен алмақ боп биiктердi Жарым естер жетiлмей иықта өлдi. Мың жасты оған түрме етiп, Iзгiлiктi Қанаттының бәрiне жиып бердi – Тұяқ бердi, Бергесiн бөктерiге Керек пе ендi бейбiт күн кептерiңе? Қораз барда бармақтай бұлбұл сайрап, Сұңқарды да көтердiк көк төрiне. Жоқтау айтса байғыз да жай табады, Қаршыға әсте ұққанын қайталады. Сайратпасаң ызадан iшi кеуiп, Сандуғаштың миы да шайқалады. Қаз да айырылды десек те қанатынан Шықпапты ол да жемтiктiң санатынан. Құзғын ғана шеттелдi, Топқа түсiп Өртенгiсi келсе де ар атынан.

Сана суреттері Махамбет пен Жәңгiр Дұрыстар мен бұрыстардың түр-түсiн Айыра алмай мұң да өзгерттi күлкiсiн. Бақидағы теңдiк жатты мүсiркеп Фәнидегi теңсiздiктер қырқысын. – Толғағына жетсе заңды теперiш Өз ырқына бой алдырмай өтер iс. Екi арыстан – Махамбет пен Жәңгiрдiң Қылықтары – не құптарлық, Не терiс... Жәңгiрдегi сұсы басым мәртебем, Махаңдағы мысы басым мәрт өлең Оң-терiстiң қыспағынан дәлдiктi Тарта алмады екi ұдайы дәртемен. Мәңгiлiктiң алқымынан тағы ұстап Ит шығыстар Тәңірмен де алыспақ. Сананың да «терiстеудi терiстеу« Сөлiн жұтып бара жатыр жаныштап. Нұрды оларға Тәңір де артық төккесiн, Екi ақсүйек – дарыны үстем, Көпке – сын... Махаң жеңсе айы туған оның да Тiлер ме едiк Жәңгiр болып кетпесiн. Бәрi заңды, Бостандықта – қаталдық, Қыр астынан шаң жүгiрсе от алдық. Кiнәлi оған емес шығар қос арыс, Кiнәлi емес және кiрме – отарлық. Құлан таза болмаса да шерден iш Кiнәлi емес тарих көзi көрген iс.

Аманғазы КӘРІПЖАН Кiнәлi емес теңсiздiктiң, керексе, Тепкiсiнен туып жатқан тербелiс. Кiнәсiз деп бiр дәуiрлер қорғаса, Ендi бiрi «қан төктi» деп қарғаса Сонда екеуiн табар ма едiк тарихтан Қарсылықтар заңдылығы болмаса?... Тарих деген – қасiреттер жөргегi, Қарсыластар қайтармаған көр кегi, Өзгермелi санамыздың өрнегi, Есерсоқтау ертеңімнің ермегі. ұлттық арнаға айтылған наз 1. Қысқарту Ар сәулесi қысқарды өңгерiп түн, Кездi ақиқат санамды сенделiп тым. Қыздың шашы қысқарды, етегi де Ақылымен жарысып пенделiктiң. Қысқарды үмiт сәбиден жылап тағы, Ер намысы қысқарды қынаптағы. Қылығынан қымсынып пенделiктiң Экран да елiмнен жырақтады. Күзеп жатты қасiрет мұңды өңiрдi. Күзегiштер бүгiнше тым көңiлдi. Эфирiң де қысқарып тұғырынан Сөйлеткiсi келмедi «жынды өмiрдi». Қайыршыдан қымқырып қаражатты, Қабiлеттi халқыма қара жапты. Өндiрiс те, өмiр де, өнегең де Опырыла қысқарып бара жатты.

Сана суреттері ...Жәндiктер көп тiсiнде кек тұнатын, Ашыққаны әлсiзiн ет қылатын, Бiрiн-бiрi азайтып соңғысын да Тоқшылықтың тәлкегi жеп тынатын....– Шекарамды қысқартты жалтақтығым, Ожданымды қысқартты шалқақтығым. Қысқартудың тағдыры мен ғана емес, Құдайға да, сенсеңiз, ортақ бүгiн. Домаламай төбеге тасы көптiң, Тарих күлсе желкемдi қасып өттiм. Жалғыз ғана фәниде қысқармайды, Қысқармайды ғұмыры қасiреттiң. 2. Қызба сауалдар Желдi күннiң «ұлы iсiн» жаңғыртайын дедiң бе? Сталиннiң қылышын алдыртайын дедiң бе? Құзғын ғұмыр күнi үшiн қорғансызды қуалап, Қу тiрлiкке сыйдырмай қаңғыртайын дедiң бе? Албырттықты қысқартып, аштан қырам дедiң бе? Мәңгүрттiктi iш тартып, мастандырам дедiң бе? Жұғымдыны жинап ап, жұлынғанды пенденiң Шала сауат заңымен жасқандырам дедiң бе? Қарсылассақ бiз бiр күн жанын қисын дедiң бе? Қаңғып кетсе қыз-қырқын тәнiн қисын дедiң бе? Бiздi қуып, эфирдi тартып алған мәңгүрттiк Дүбәрә мен дiмкәстiң бәрiн жисын дедiң бе? Жалғыз басты аналар жылап қалсын дедiң бе? Қорғансыздар Құдайға сыр ақтарсын дедiң бе? Таланттарды тәрк еткен дүбәрәнiң ырқына Әдiлеттiң ақ туы құлап қалсын дедiң бе?

Аманғазы КӘРІПЖАН Қасiреттiң қарқыны күлiп кетсiн дедiң бе? Қасиеттiң әр күнi құрып кетсiн дедiң бе? Хан бетiне түкiрiп, қасарысқан ақиқат Құлағында тарихтың ұлып кетсiн дедiң бе? Құдайды да қысқартып жазғырайын дедiң бе? Келер күннiң қабiрiн қаздырайын дедiң бе? Қасиеттi халқымның құдiретiн бөлшектеп, Пенделiкке талатып аздырайын дедiң бе? Пендешiлiк түбiнде сорламайды дедiң бе? Менiң қайғым саған да орнамайды дедiң бе? Өле жемей бөле жеп нәубеттi де өткерген Рухымызды әдiлет қорғамайды дедiң бе? 13 сәуiр 1999 жыл.

...Сұрақтардың тірсегін бастым да ұрын, Айбарынан жұмақтың қаштым бүгін. Өмір, өлім арасын аянышпен Іріңдетіп барады қасқыр-мұңым... Оқылмадым оқымаған ғаламға... Желтоқсан мен азаттық.

Азаттық жалауын желбірет! Өктемдік өршітіп тепкіні, Тарихтың булығып жетті үні. Қаһарлы сайыста қайыспа, Қазақтың өр қызы, текті ұлы! Қорықпай сұрқия соққыдан Алаңға жақындат топты, ұлан! Озбырлық ордасын күйретсін Намыстан жаралған от қыран! Тарихтың тоңы бір селдіреп, Жер-ана бусансын елжіреп, Желтоқсан, Ғаламға жол ашып, Азаттық жалауын желбірет! Ана тілі Дәлел болмас түрің де, Дәлел болмас түгің де, Дәлелдейтін түбінде – Ұлт – жүрегі тілінде. Жалбарынып жат елді Сөйлетем деп іркілме... Туыс одан қатерлі Сөйлемесе бір тілде.

Сана суреттері Жат тілімен жалмаса – Жақының да сорлайды. Тіл тәуелсіз болмаса – Ел тәуесіз болмайды. Ел боп тілді қорғаса Жаттың тісі батпайды. Кім өз тілін қорласа – Өз ұлтына ол жатпайды. Желтоқсандық екiжүздiлер Жанғаны аздай тарихтың ақ парағы Жалған сыбыс намысты отқа орады. Екеу едiк журфактан қудаланған Бара-бара бiрнешеу боп барады. Өздi-өзiмен соғысқан бұзақы да, Емтиханның «екiлiк» – сызаты да Желтоқсан мен қаңтарда қуылдық деп Енiп жатыр ерлiктiң құжатына. Жетпегесiн шындықтың ел түбiне Жалтақтың да бұзылды сертi, мiне. Ақпараттар тарихты «жасап» жатыр Жарамсақтың айналып жемтiгiне. Көтергендер ел рухын көк төсiне Ақталса да жарайды көп кешiге. Ердi құртқан ездер де мезгiл өте Батыр болып кiм кепiл кетпесiне... Жапырыла беретiн кезбе-күшке Қирап жатты намыстың безбенi iште. Адамзаттық тарихқа кiм сенедi Көз алдыңда түсетiн өзгерiске?

Аманғазы КӘРІПЖАН Ұғым «Егiзiмнiң сыңарындай көретiн досымның да мен туралы бар ұғымы осы болғаны ма?» Қайрат Рысқұлбеков. Ұғым деген – уақыттың түр-түсi, Бiздiң сарбаз санамыздың қырқысы, Қасiреттiң қанға батқан қыртысы, Жарамсақтың жарасымды күлкiсi. Ұғым деген – ұғынуға құштарлық, Iзгiлiк пен iзденiске iштарлық. Перде шығар арымызға ұстарлық, Бәлкiм, ұғым – мыстандық? Ұғым – барлық қоғам үшiн ертегi, Желге сенсе – желқайықтың желкенi. Жеткiзе алсаң – мәңгүрттiке дерт емi, Ұғым – елдiң ертеңi. Ұғым деген – Бойламасаң – бетсiздiк, Елiм үшiн еркiндiкке епсiздiк... Ұғымсызды кiнәлау да – тексiздiк, Өйткенi, ұғым – шексiздiк. 1991жыл.

Сана суреттері Тоналған дүкен. 1986 жыл. «Сондай-ақ, маржан саудасының дүкенi де тоналды» 1986 жыл. Желтоқсандағы хабарламадан. Дәл осылай ақпараттар лаң құрды, Қазақ аты ұры боп та жаңғырды. Ал өзiмнiң бар алтыным, байлығым Сұраусыз-ақ Кремльге қаңғырды. Ғалам бүгiн таңданса да қаумалап, Кез де жеттi бар-жоғымды дауламақ. Үкiметтiң алтын-күмiс дүкенi Жатыр менiң намысымды саудалап. Жаратқасын әдiлетке жаршы ғып Мойытпаған тоғышарлық, таршылық. Тонасақ та, Дәл бүгiнгi мақсатым – Алтын емес, Ашкөздiкке қарсылық. Желтоқсанды бағала! Тұяғынан шаң емес, азап ұшқан Қазақ едік шындық деп қаза құшқан. Коммунистік жүйені ғаламда алғаш Төңкерген де дәл осы Қазақстан. Бұл ерлікті ғаламға танытпадық, Желтоқсанды бағалап жарытпадық. Шарықтаудың биігі осы екен деп, Көгінде әлі құлдықтың қалықтадық. Ойсыратып рухымды қатаң құлдық, Мәңгүрттікке сананы отан қылдық.

Аманғазы КӘРІПЖАН Ерлегенді жәбірлеп, Желтоқсанды «Жерлегенді» қаһарман атандырдық. Өзін қиып, Өзгеге бақ таратқан Ерім қайда намыстан оқ боратқан? Қызыл тонын кешегі теріс киіп, Жарамсақтар сөйледі ақпараттан. Рухымызды қорлаған алып қайғы Ерлігімді өзіме дарытпайды. Өзімді өзім қорықсам бағалауға Ғалам бізді бағалап жарытпайды... Алаңдағы мiнбеге. 1986 жыл. Саған шерлi талай боздақ беттедi. Заман қатал, ешбiрi оның жетпедi. Тарих тонын мың өзгертiп жатса да Өктемдiктiң сұсы сенен кетпедi. Желтоқсанда мен де сенi тiл үшiн Маңайлап ем, кеңiмедi тынысың. Қозғалысты қобалжытып тұрады Қорқыныштан жаратылған тұрысың. Желкеңдегi жалтақ бiткен сарнап құр, Сұсың шындық атаулыны қарғап кiл, Кезек күткен көп саясат ырқынан Сенi бейқам мылқаулығың қорғап тұр.

Сана суреттері Алаңдағы өрт. 1986 жыл. Көлiктердi аударған да өртеген Қылмыс емес, Айықпаған өлкеден, Iште жанған ертеден Жанып бiтпес дерт-емен. Қызыл қоғам... Қызыл көлiк торабы Сырттағы өрттi сөндiруге жарады. Iшiмiзде лаулап жанған наланы Сөндiре алмай қызарақтап барады. Iштегi оттың көзден ұшқан жарқылы Өктемдiктi шарпыды кеп, шарпыды. Тұйықталған сәйкессiздiк арқылы Үдей түсiп жарылыстар қарқыны, Сетiнеп бiр сананың да тәртiбi, Саңылауынан сағым ұшып қалқыды. Өткенiмнен баратқасын iз кемiп Оны өктемдiк өткелiнен iздедiк. Ақты көзден iште жанған мұз да ерiп. Уланды да кеттi нәубет түзге енiп – Көзден аққан бiздi емiп. Қисынбаған фәни, бақи – бұл бiр сын. Оған ие уақыт та – бүлдiршiн. Көз жасына сөне қалған мұң құрсын... Сөндi делiк, Шоғы қалса кiм бiлсiн...?

Аманғазы КӘРІПЖАН Аударылған трамвай. 1986 жыл. Келiп жатты жаңа алаңға алқынып Ұлтым деген Алматының халқы нық. Қозғалысын тоқтап қалған көлiктiң Күттi көбi тағаттары сарқылып. Желтоқсанның желi бүрiп аумақты Қоғамды да, адамды да жауратты. Ойда-жоқта қызу қанды қырандар Мiнгiзбеген трамвайды аунатты. «Ленин жолы жасасын!» деп ұрандай, Көзсiз ағым құлап жатса бұраңдай, Темiр жолдан басқа жолды сезбейтiн Дәл осылай осылай аунап түстi трамвай. Алапаттан темiр жол да үзiлдi, Нала таққан темiр тәртiп бұзылды. Қызарақтап қызыл көлiк, қызыл ту, Қыран-намыс бүрдi осылай «қызылды»... Алаңдағы жарық Алатау мұз. Биіктер мұзарт бүгін. Желтоқсанның ызғарын ұзартты мұң. Жүректегі сол мұзды сетінеткен Тәуелсіздік шапағын қызартты кім? Рухымызды Желтоқсан самғатса да, Тәуелсіздік тынысын шаң қапса да, Құдіретті таң қылып, Жердің миын Бір-ақ күнде шығарды қаңбақ сана.

Сана суреттері Санамызға жайғасқан «жанашыр» түн Үрейге енді билетті сана сұрқын. Топырағымен алаңның төпеледік Боздақтарым төгілген қала сыртын. Жарасымен үркітті қала көпті, Жер жарығы жік тауып санаға өтті. Көлік біткен қан тамған топырақпен Желтоқсанның рухын да ала кетті... 86-ның төлi едiк Мектеп оқушыларына Желтоқсанның төлi едiк, Мұз кешпедiк, Тәуелсiздiк алған жыл бiз бесте едiк, Бес жұлдыз да жоғалды қызарақтап, Оқытты өмiр «бестiкпен» бiздi ескерiп. Желтоқсанның төлi едiк түнекте өнген, Сыр бермептi тарих та шыр еткеннен. Аға толқын айта алмай жүректе өлген Жаралдық па жаралы тiлектерден? Ал, жаралдық, Не iстеймiз? Не тындырдық? Не көрмеген бiзге тән жетiм құрлық? Он бес жылда қазақы болмысына Қисық өскен құрбының бетiн бұрдықЖоқ, бұрмадық, Тұрқы асау, бұра алмадық- «Азаттық» деп сенiмсiз ұрандадық. Түлкiшек те боп көрiп бұландадық, Ұлпа боп та сипалап қылыңдадық,

Аманғазы КӘРІПЖАН Болмағасын бөрiге бөлтiрiк боп, Жар астынан тiстенiп сыр аңдадық. О дәуiрде бiз әлi жатырда едiк, Дайындалып бұл күнге жатыр ма едiк? Iбiлiстер билеген iрiткiден Құтқарды ма Желтоқсан ақыр келiп? Естiп туған жарылыс гүрсiлдерiн, Естiдiң бе құрбымның күрсiнгенiн? Құрсақтан-ақ тарылтып тылсым демiн, Әкелдi өмiр мүгедек, құр сүлдерiн. Күйдiрдi Арал тұзына зәрi күштi, Көп құрбылар жатырдан жалын iштi, Байқоңырдың кемесi тумай жатып Шыбын жанын ғайыпқа алып ұшты. Мiне осылай нәубетке дүйiм көштi, Көшпегенi мәңгүрттiң күйiн кештi. Ел жайлы ұғым дүбәрә бикештердiң Түнгi тенге билеген миында өштi. Шырқыраған шындыққа шiреп төнген, Ақыретке арысын күреп көмген, Аждаһа боп қаныңнан қатық сүзiп, Жер-ананың жүрегiн iреп келген, Бiлгiш шықса мәңгүрт боп бiлектi елден Келiмсекпен бiрге үрiп күн өткерген, Ертеңiнен тiксiнiп ұрпағының Ұлт есiгiн сыртынан тiреп келген, Өз тiлiңде сөйлесең мiнеп келген, Сөйлемесең тұғырдан шiрет берген, Ол қоғамның естiсi аз, Есерi көп Бiрге өткiсi келмеген бiр өткелден.

Сана суреттері Тiлiмдi әдейi анамыз үйретпедi – «Үйрек болып сайрасын үйрек» дедi, «Бас – Мәскеуде, қалғаны-бүйрек» дедi, «Құмырсқаның илеуiн күйрет» дедi,- ... Қайда әкеткен қу сана сүйреп менi ? – Iшiнде әлем тұншыққан миымды да Өркениет қамыр қып илектедi. Екi тiлдiң бiтiспес ойраны iштi iрiттi де Iзгiлiк бойдан ұшты, Қылыш өткiр болмаса, Қайлаң ұшты Қорғап қарық қылармыз қай намысты? Жеңiс бердi Желтоқсан, Ендiгiсiн Не iстесек те бiздерге байланысты. Бұрынғы қан толқыса – ғұрып-теңiз: қалмақ, араб, орыс та, түрiк те – бiз, шүршiт шошып оянса үрiкпеңiз, Жiктiң жiбi тұтанса (... тұтатпасын) – Өзiмiзге оқтаулы шүрiппемiз. Шұбыртқанда атажұрт шуақты елдi Шұбар жылан iзiнде шұбап келдiБуаз iнгенге өрмелеп шұбатты емдi. Роботтың да ел санасын бұрап көрдiескертулер сiңбедi, құлақта өлдi... ... Болсын қалған

Аманғазы КӘРІПЖАН болмысым тұрақты ендi,– Желтоқсандық төлмiз деп мақтанбалықАқыреттiң аузы әлi – сұрақ белгi... * Үш жұрт түгілі үш жүздің де ендігі Салмақ болса кедейлігі, кемдігі, Көтере алсаң ол да сенің үлесің Артсын десең намысты елдң елдігі. Туыс етсе аталастың барлығын, Кедергі деп көпсінгенің – тарлығың. Намысыңмен жүрегіңе құндақта Туыстырған тәңірдің бұл жарлығын. Руың – бабаң, тайпа – тарих белгісі, Болмас жүзге бөлудің де енді ісі. Қандай жолмен тұтасса да көнесің Қазақ деген ұлт шыққасын – бергісі. Тарих десек – қасіретті толғайды, Сабырыңды намыс жықса – сол қайғы. Жыға алмаса сен көндіккен тұтастық Ұрпағыңды қиянаттан қорғайды. Шеңгелдер. 1986 жыл. Жатқа жалшы болмасын деп iзгi елiм, Намыс болып лауласын деп бiзде мұң, Жарып өтiп талқан қылдық жендеттiң Иықтасқан қабат-қабат тiзбегiн. Сойыл, күрек қуды өзiнше «көкпарды» , Қазақ, бiрақ, шерiн қайтпай ақтарды.

Сана суреттері Өрт сөндiргiш сөндiре алмай шегiндi Көзiмiзде лапылдаған оттарды. Темiр қалпақ мәңгүрт бастың әр iсiн қорғаса да оқтан өткiр намысым Үркiттi ме, Қарусыздан қорғанды Тас жүректер қалқан ұстап жаны үшiн. Ертеңiне бiреу сендi, сенбедi, Екiұдайы пiкiр солай меңдедi. Отарлықты қиратқанмен, Санада Қалып қойды әлi талай шеңгелi. Қарсылықтар ағымдарды сапырып, Жатса әдiлет өз жеңiсiн шақырып, Ұлы тарих шеп бiткендi ретiмен Жатты осылай алма-кезек жапырып. Біз білетін құрбандар Тарихымды таң қылмай қанды азап түк, Санамызбен байланып заңда жаттық. Ел тәуелсіз болды ма, Тас түрмеден Марқұм Қайрат алса да мәңгі азаттық? Көңіл айтып егілді ғарыш күнге... Күн перзенті – Ерболым таныс кімге? Танымаған өзіндей жаралы елмен Қоштасты да көз жұмды ол хал үстінде. Намысымен жұлқылап қазақты алға, Кетті үзіліп, Сәбира, Ләззаттар да.

Аманғазы КӘРІПЖАН Төздік бұған, Әйтсе де іштегісін Айта алмаудан өтетін азап бар ма? Сұрақтарға тұншығып ғалам бүгін, Боздақтарға ілесіп жоғалды мұң. Кісендеулі санаға жете алмастан Кісендеулі күйінде қамалды ұғым... Жаркенттегі ескерткіш

Ербол Сыпатаевқа Еркіндікке аударған ел қонысын Шын егілдім мен сонда Ербол үшін. Сен әкелген азаттық мәңгі жасап, Азат болсын бейіште енді өрісің! Намыс оты көзіңде ыршып, күліп, Отарлықты кеттің бе түршіктіріп? Сен өлсең де «өлді» деп сенбегесін Темір табыт әкелді тұншықтырып. Темір табыт әкелді шыға алмасқа, Темір қоғам қандай сыр ұғар басқа? Жылап қалған, Құдайға сыр ақтарған Ұлттың үнін аспанға шығармасқа... Сол қоғамның жарамсақ қасқырлары Әкелді де табытты аштырмады. Әруақты тағы да қамауға алды, Аз болғандай алаңның басқа ұрғаны. Намысты елге жарасқан дарқан қылық Ұзақ тұрмас бас еркін арқанға іліп.

Сана суреттері Ербол да елін ұшпаққа алып шықты Табыт түгілі, тамұқты талқан қылып. Қамауға алған табыт та сынды ақыры, Тірі көмген жендеттің тынды ақылы. Сенсің Ербол қазақтың қанға бөгіп, Шаршы алаңда көз жұмған шын батыры. Өктемдікке мойымай наз ақтарып, Тас мүсінге айналдың Ләзатты алып. Ұл, қызымның танытып қайсарлығын «Міне осындай, деп тұрсың, азат халық». Қайрат кiм? Қ. Рысқұлбеков деген кiм соншалықты дүрлiктiретiндей? Ерлiк жасаған Төлеген емес, Мәншүк емес... Даукес жiгiттiң сөзi. Өмiрден қыршын кеткен ақын Бауыржан Үсеновтың жауабы: – Сәулесi жоқ қай шындық шырақ құрлы? Селк еттi де, сұсына ол шыдап күлдi, Сабыр және сәттiлiк сұрап тұрды. Шыдап бағып, намыстың күрегiмен Жарамсақтың бықсыған жүрегiнен Зұлымдықты суырып, сындырды да, Сосын өзiн \ шындық боп шыңғырды да\ Табағына тарихтың лақтырды. Мәңгүрт дәуiр мызғымас мәңгiрiп те... Қарсы атылып қабаған қанды үмiтке, Шоқ жұтты да, шытынап шытырманнан, Сiңiп кеттi ол жарқ етiп мәңгiлiкке.

Аманғазы КӘРІПЖАН Астан-кестен бұлттардан өрт өрiлiп, Желқайықтан жалп етiп желкен – үмiт, Толқындарға жоғалды көмкерiлiп. Шыңырауға құлады Намысыңмен Тiреп қойған аспаның төңкерiлiп. Астарына аршылмас нала қатқан Жебесiн бұл дәуiрлер санаға атқан. Күлдi ғасыр мәңгүрттiк, салғырттықтың Салмағынан ойсырап бара жатқан... Текке кетпей бұғауды ол қашқанда үзiп, Өктемдiктiң ордасын шашқан бұзып. Сосын бейбақ шындыққа жаны ашыған Көз шықты да көңiлдiң жарасынан, Қарашықтан үзiлiп, қасқыр азу Ала түстi тарихтың жағасынан. Әдiлетпен әрленсе әр құбылаң, Қасиеттiң өзгерсе нарқы бұдан – Сенiң елдi бәрiбiр сүймегенiң, Шындық атты шыңға бас имегенiң. Күндеп болып тiрiнi , күйгелегiм, Аруақтың жармасып алқымынан, Құдыреттi құрдымға сүйреледiң. Құзар шыңнан мұз емес, мұң құлады... Саған тансық – кiм түзу, кiм кiнәлi? Мақтанар ем: қазақтың сұңғылалы Болса егерде Қайраттай мың қыраны ! Қара түндi қапсыра құшақтады ол, Жарқылынан жасының сынды дағы.

1990 жыл.

Сана суреттері Жиындағы Жұбан. 1986 жыл ...Кейбір майдангерлеріміз қазір жи­ налыс сценарийлерінің таптыр­майтын деталіне айналып барады... ...«Ерлесе де, алды – жарық, арты – мұң Майдангер көп, бойламаған ар түбін» дейміз қазір. Мұндайды тек терістеп, Бұзды Жұбан жиналыстың тәртібін. Бұзды дағы топан шерді ақтарды, Шер де екпіндеп, жалтақ біткен сақтанды. Қалтырауық Жазушылар Одағын Шындық керіп жарылуға шақ қалды. Жанарынан шашыраған азат күн Жастарымнан бетін қақты азаптың. Құламайтын құдіретін байқатты ол Мың жерленіп, мың тірілген қазақтың. Біреу шықты – күйін шертті «сезбестің», Ал, біреудің қалды ішінде төзбес мұң. «Беделдінің» бес алтауын «сайратып», Қалғанына бұйыртпады сөзді ешкім. Шіркін, маған жалғасын деп бұл «әнді», Сөз берсе егер сөз де айта алмай «ұнамды», Қуылған ем, Оқу да жоқ қорқатын, Толықтырып кетер ме едім Жұбанды. Кеудесінде тірі ақиқат тұншығып, Сонда отырды талай «Жұбан» құлшынып,

Аманғазы КӘРІПЖАН Бәріне оның бұйыртпады тарихты «Шүрегейге» жалтақтаған құлшылық. ...Құқын бүгін шабармандық шектеген, Қарттарым көп соғыс табы кетпеген. Өліп кетпей олар да енді, Жұбанша «Азаттығын» алып кетсе деп келем. Кезікпедім...

Сәбира Мұхаметжановаға Сол ызғарда өзіңмен кезікпедім. Кейін естіп, жаныңды ежіктедім. Кезіккенде сәулелі құдіретіңмен Жүрегімді кетер ме ең кезіп менің? Көрсем егер жайшылық тымық түнде Пікіріңе жол тауып біріктім бе? Әлде ұяң сезімді жеткізе алмай Сенің үркек көзіңнен үріктім бе? Бәлкім саған кезіктім, кезікпедім... (Мұндай зұлмат боларын сезіп пе елім?) Сен жанымның лүпілін сезбесең де Мен қызылкөз қоғамға «сезікті» едім. Намыстылар сол күні жоқты іздеді, Намыссыздар «ішінде жоқпыз» деді. Тарбағатай түлеткен екеумізді Шындық, бірақ, шыңына жеткізбеді. Пәни деген алдамшы әңгүдікке Байланғасын, тағдырды дәм біліп пе? Іс жүзінде пікірі тоғысқанның Тоғыспайды өздері мәңгілікке.

Сана суреттері Ләззаттың басына барғанда

Л. Асановаға ...Қайсар еді сынбаған сағы сында, Сынбағасын шықпады бағы шыңға. Шекаралық Жаркенттей былқ етпеген Бекіністің рухы бар намысында, Берік еді қамалдай қыз намысқа – Деген ұғым әкелді бізді алысқа. Адастырды әйтсе де кейбір сұрақ – ...Сен жайлы ұғым шындық па, қызғаныш па? Ақиқатқа жете алмай сыр ақтардық, Жеткізбеді, тағы да жылап қалдық. Құлап түстің әділет безбеніне, Уақыттың көзінен бір ақ қарғып. Таразыда тағдырың шайқалақтап, Дәт қалмады мезгілде айтар ақтап. Тарих бізді тағы да жаңылдырды Бірде сыбап, соңынан қайта мақтап. Танытам деп ұлтының ұлықтығын Қиянатта көз жұмды қылықты күн. Уақытқа әлі де наз айтқандай Қарамайды бейнең де күліп бүгін. «Қыз – жанашыр» деген бір келісті ұғым Жүректерді жауламай тегіс бүгін, Сен жүрекпен көтерген ұлт тағдыры Дәлелдей ме жаланың терістігін?... Екіұдайы пікірлер шабытымды Шашыратып шындықтың жағы тынды.

Аманғазы КӘРІПЖАН Саған сенем, Өзің де қолдамасаң Екшей алар емеспін бағытымды... Басқа тиіп, бастағы сұрақты ұрды Кенжегүл Молданазароваға Ауыр соққы бір шетке лақтырды. Басқа тиіп, бастағы сұрақты ұрды. Мұрттай ұшып бейкүнә ұлттың мұңы Жүрегінде мезгілдің жылап тұрды. Өз жүрегін уақыт тас қылғалы Қасіреттің көзінен жас құрғады. Жарақат боп тасада қала берді Басқа шыққан Мәскеудің басқа ұрғаны. Алып-ұшып алаңға жылып барған, Үмітінің жүрегін жібітті арман. Пәк қиялы соққыдан кетті үзіліп, Аппақ, адал сезімнен тұнып қалған.

Арқалатты арлыға бар азапты. Астына алды соққының, жала жапты. Сыйдырмаған сорлы өмір жас арудың Көз жасына тұншығып бара жатты. Жарқ етті де намыстай қынаптағы, Көзден нұрын суырды күн аптабы, Қалды анасы жармасып, жылап тағы, Қазығұрт та бұлдырап жырақтады... Үні кетпей алаңның құлақтағы, Қалғып кетті ол, Сана суреттері «Арлыны» жылатпады. Азаттықты білмейтін ой-санаға Құламайтын отарлық тұрақтады.... Намыс, бірақ, өз туын құлатпады... Ердiң бiрi

Т. Тәшеновке Еркiндiкпен ашылсын деп аспаным, Жай оғындай жарқ еттiң де қас-қағым, Жазатайым қайырылып қанатың Жаныңды әкеп абақтыға тастадың. Мойындамай уақыттың жаласын, Ауыздықтап қарсылықтар таласын, Тұтастырсақ шексiздiктер арасын Жазар ма едiк бар мен жоқтың жарасын? Мейiр күтiп мезгiл деген мүрдеден, Ел босады, сен шықпадың түрмеден. Келдi азаттық, Сана, бiрақ, тұтқында – Заңдылық бұл мәңгiлiктi күрмеген. Сорлы әдiлет жұлқынды да қылқынды, Жүрегiнен арман-ғұмыр бұлқынды. Санасына қойыртпақтап күлкiмдi, Көздерiне қасiреттер сiлкiндi. Күндес фәни тойдыра алмай құлқынды Миығында қызғаныштар қырқылды. Бiрақ, сенiң кетiре алмай шырқыңды, Әлсiреген тағдырлардың ұртына өлi сұрақ iркiлдi...

1990 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Толассыз бодандық Азаттығым шын болса тұнғыш көрген Құдай кегін ала ма қылмысты елден ? Еуропа жармасқан құрлықтарын Жартпады «азат қып» үндістерден. Еркіндікке қиса да нала бізді Босатқан жоқ Жер деген анамызды. Беспущий мен Конфуций ұрпақтары Бодан еткен үреймен санамызды. Мезгіл көзі ағызған түн бұлағы Қасіретті фәниден тұндырады. Мәңгіліктің жүрегін тыным бермей Соқыр секунд тілімен ұрғылады. Жана түссем шеңгелді үзбек пе едім Намысымның аузына мұз кептедім. Сабырыма шырмалдым, Шынжыр етіп Шырылдаған ғасырлар тізбектерін. Дәуірлердің сыпырған жон терісін Мүлде ұмыттым тарихтың оң терісін. Соққы болып жетпіс жыл, Сандырықпен Қалдырды есте Қазанның төңкерісін. Жетпіс емес, жүздеген жыл отарлық Шамасы жоқ тәңірді жылатарлық, Көз жасына шындық пен әділеттің Шерін жуып тарихты жұбатарлық... Қасіреттің болмаса ол бір емі Теңіз жасым тұп-тұнық мөлдір еді.

Сана суреттері Тұныққа да сенбегін, Бір толқыса Маздай түскен намысты сөндіреді. * Ұлттың ұлы күрескері Қажығұмар Шабданұлына. Аспан астын көрмейтін «Аспан асты» Тарихының көзіне жас таласты. Қарт түгілі қамалған уақыты да Түркі сорлап көрмеген жастан асты. «Миллиардтың» қозғаған қажап түбін, Нақ тәңірін таныды азап бүгін. Сорлы әділет тамұқты талқан қылып, Алды бүгін бақилық азаттығын. Қайта түлеп қасірет санаға өтті, Шеңгеліне құлатты нала көпті. Азаттықты болашақ сезінсін деп, Бір кезеңін тарихтың ала кетті. Тағдырыма тіміскі жарлық орнап, Айдаһарға батпадым, Барды қорлап, Тістенскенмен тістесіп, Мәңгілікке ол, Атажұрттың пұшпағын қалды қорғап.

Аманғазы КӘРІПЖАН Құбылмаған ел ме едiк?... Жауырлықты, Қажаған ауырлықты Елемейтiн ел едiм, тауым мықты. Тастамайтын бауырлық, қауымдықты Санамның сол сиқырын дәуiр де ұқты. Ұққандықтан тарылтып тынысымды, Өздi– өзiме сiлтеттi қылышымды. Көзiм көкке айна боп, Көркiме алғаш Сары алтынның қадiрсiз нiлi сiңдi. Сол дәуiрдiң әурелеп мазағы елдi – Бет-жүзiмнiң бедерiн қаза бердi. Массагет те, скиф те, сақ та болып, Ғұн да болып құлпырды қазақ ендi. Талатқанда тарихқа төзiм қысып, Көлеңкемнен көз жаздым өзiмдi iшiп. Бүгiн көк көз... Ол аздай сор айдаса Кешегiдей ертең де – көзiм қысық. Мейлi жүгiн тағдырға сыр ақтарып, Мейлi жығыл нәубетке құлап, талып – Бәрiне оның күнәар – ЖАРАТЫЛЫС... ...Сен де қашпа күнәдан, бiрақ, халық!

Сана суреттері Ердiң құны Ел атқамiнерлерi орыс отаршыларының оғы­ нан опат болған Қожагелдi батырдың құ­нын дау­лап, патшадан сый-сияпат және дуан төңi­ регiн­дегi билiк құқығын алып қайтады.

Шөл даланың жақтырмай паң құшағы Тыныштықтан сескендi аң-құс әнi. Қожекең мен Уаңды мың аунатып, Қарсы тұрған зираттар аңдысады. Санадағы жеткiзбес өрiс тегi... Ерiмдi атқан Уаң ба, орыс па едi? – Бiрiн бiрi тағдырлар түсiне алмай, Бiрiн бiрi дәуiрлер терiстедi. Намысты ерiм келмеске тарта бердi... Ер құнымен айыз да тарқады ендi. Сыйлық, билiк алғандар шаттығына Бодандықтың шеңгелiн арта келдi. Құн да қайтты шарлатып көп қиырды, Бiреуге бақ, бiреуге тақ бұйырды. Бергенiнiң астарлы берекесi Тағдырымды тағы да жатқа үйiрдi. Орыс шенi Қисықты әкiм еттi, Қытай шенi Уаңды тақым еттi. «Қожакелдi» атаған ер есiмiн Арабтар да билептi ақыреттi. Тарихымды жан бiтпес жай парақтап, Тәңір ғана әдiлiн айтар ақтап. Еркiндiк те айықпай келедi әлi Бодандықтың демiне шайқалақтап.

Аманғазы КӘРІПЖАН Оққа ұшырып Тәңірдiң қолда сыны, Бiр төбеде, десек те, қалды асылы Рух бердi оған мызғымас Өз жерiнiң Жат қолымен қадалған қорғасыны. орын таппаған ескерткіш (С. Мұхаметжановаға) Шеңгелінде жазмыштың жастай қалып, Тұншықты өмір көзіне жас байланып. Жаншуынан үзіліп тас қоғамның Кетті тағы нәзік жан тасқа айналып. Мойындамай мезгілдің қашты сыны, Демде өзгерді тарихтың лас пішіні. Тасқа да біз табынып көрген едік, Табындырсын шындықтың тас мүсіні. Ерді ескеріп намысым тұтанғасын Салғырттықтың жолына жұт орнасын. Паң дәуірді мойытып, қайда барса, Тасқа айналған әділет мұқалмасын. Дүние қозғалады Жетiм елдiң қамы үшiн Жаудың жерлеп намысын. Шуақ сыйлап анаға, Жарқырадың санада, Арысым! Түн түнегiн балталап, Кеттi шындық шартарапҚұдыреттiң жарлығын,

Сана суреттері Жер ананың зар-мұңын Арқалап. Ғарыштардан сiлкiн де, Қозғалыстар, iркiлме. Қарсылықсыз ғаламның. Күн кешуi санаңның Мүмкiн бе ?! «Қасқырлық» немесе Желтоқсан оқиғасынан соң Ұяңдығым еншiлеп қасқыр жанын, Қан тұмасын көздердiң аштым бәрiн. Қуаң кеуде көтерген тасаттыққа Тағдыр бердi ыза-кек тасқындарын. Жұрдай етiп үмiттен қиян түптi, Жүрсiн тiсте шырылдап қиял тiптi, Аңдығанға, ал, арландық, аңдығымнан Атқаны үшiн алатын сыйы артық-ты. Таппағасын мезгiлден жараға емдi Шындығым да мертiктi, Жарар ендi... Әйсе де арсыз алдында жылап кеткен Ардың жасы жүрекке тама бердi. Сұрақтардың тiрсегiн бастым да ұрын, Айбарынан жұмақтың қаштым бүгiн. Өмiр-өлiм арасын аянышпен Iрiңдетiп барады қасқыр-мұңым.

1987 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жаңа жыл. 1986 жыл. Желтоқсанның соңғы түнi, от түнi, Анамның астанаға да жеттi үнi. Бiр жағаға менi де атқан ұзамай Тоқыраудың төңкерiлген екпiнi. Арақты да мезгiл зәрiн сiмiрiп, Достарым жүр. Мiнгескенi – жын-үмiт... Өзiм деген арудың да көзiнен, Ендi бақсам, ғайып болған жылылық. Қап-қара түн мейiр нұрын қызғана, Тереземнен тесiледi сыздана. Тар бөлмеде жалғыз анам екеумiз, Жыл басын да тойламаған бiз ғана. Осы шығар бiзге орнаған жетiм күн, Ештеңенi қызғанбауға бекiндiм. Санамызға садақ атып жатқандай Жынойнақтан шығып жатқан не түрлi үн. Анам үнсiз, көзi кеткен шықтанып, Дүкеннен де үлгiрмеппiз түк те алып. Жүрек жалғар тәбет те жоқ, қайғының Қанды жасын анам көзден жұтты анық. Ой тасқыны дiрiлдетiп бөлменi, Күдiк қамап, үмiт, бiрақ, сөнбедi... Көз әлемiн көлге әкеттi батырып, Келiп бүгiн таң бозынан көргенi.

Сана суреттері ... Жастайымнан бiр отауда бiрге өскен, Бiр нанды жеп, бiр қиялмен тiлдескен. Соғыс жалмап әкемiздi, шырқырап, Қиындықтың шалшығын да бiр кешкен, – Кеткен қазiр жоқшылықтың табы өшiп, Кеттi ағамыз мұқым елден бағы өсiп. Жарар едi ендi тисе септiгi Әдiлетке ашып берiп ақ есiк. Ана ойымен арпалысып көп тұрдық, Мәртебеге жүрер-жүрмес өткiрлiк. Үлкен үй бұл. Тiркелдiк те, тер қысып, Мықты ағаның бөлмесiне кеп кiрдiк. Кiр халатын ауыстырмай сорлы анам, Кептi асығыс, мен несiне қорланам ?! Жанарлары аяздан да ызғарлы Алаңды әлi темiр қалпақ торлаған. Кiрдi де анам, амандықты бiлiсiп, Отырған-ды өткендi еске ап, күлiсiп... Сөз арнасын бұйымтайға бұрғанда, Кеттi ағаның жанарынан нұр ұшып, Анам қалды бүрiсiп... Үмiт сөндi өртеп барып iштi бiр, Түнердi анам, тұнжыраумен түстi iңiр. Жұбататын әкем де жоқ, Сәби ем Бізбен мәңгi қоштасқанда үш ғұмыр.

Аманғазы КӘРІПЖАН Дерттiң тауып үлгiрмесек қарсы емiн, Iс түскенде жанаспайды жан тегiн. Жаңа жылдың барлық сыйы – Тағдырым Бастап кеттi жаңаша бiр тәлкегiн... Құлағымда әлi сол бiр не түрлi үн, Жүрегiмде булығады жетiм күн. Христостың туған күнің мен содан Қолдан келсе тойламауға бекiндiм.

31.12.1986 * Желтоқсанның екпiнi лақтырғалы – Шатағы көп басымда бақ тұрмады. Көмек сұрап кiргенде қызыл тудың Нiлi сiңген кеңсеңiз жақтырмады. Ағымдар көп болғасын берiспейтiн Пiкiрiмiз көп шығар келiспейтiн. Екеумiздi әлi де алма кезек Екiұдайы мезгiл бар терiстейтiн. Тәнтi болмай саяси «тамашаға» Ойларымыз тартса да оңашаға, Қайда жүрсең тәуелсiз ертеңiмнiң Жанашыры бола бер, Нағашы аға! Ұлтсыздық идеясыН тапқандарға Қонағыңнан көріп жатсаң «көкені» Аңқау елдің қонақжайлық не теңі? Сырттан кіріп рухымызды бұзғанға Қазақстан – отансыздар мекені.

Сана суреттері Келімсектер өз жұртынан көшкелі Сыйлағанның өзін билеп төстеді. Соғыспай ақ өз ұлтыңнан аластап, Отыр енді тағдырыңды шешкелі. Тарих кілті жаба алмады қақпаны, Жасыған ел жатты беттен қақпады. Өз отанын мүлде ұмытқан өктем ұлт Жатырма енді өз ұлтын да сатқалы. Бұл қулыққа күлкі болсақ мәңгіріп, Ұлтсыздықтан айықпаймыз мәңгілік. Атажұртты келімсекке табыстап, Кетуің де ғажап емес қаңғырып.... Желтоқсан жыры (Терме) Мезгiл сәтке бетiн берi бұрды ақыр – Жырла, заман! Жырла, жүрек! Жырла, тiл! Бiр ҚазМУ-ды он жыл жүрiп тауысқан Жырлап қалсын Желтоқсандық бiр батыр. Кезiп жүрiп Алатаудың жыңғылын Жылағам жоқ, Жырын айттым жындының. Шарасыздан шашылды да шындығым Тасқынға емес, тасқа барып сүңгiдiм. Желтоқсанның желi үскiрiп жатқанда, Жан тайғанап, Жанарда айдын қатқанда, Торғай жанын түсiрдiм деп қақпанға Топас ғұмыр, тiрлiгiңе шаттанба!

Аманғазы КӘРІПЖАН Арақты iшiп, Аралды iшiп, Арды iшiп, Алмастырдық жезөкшеден жар құшып. Қала басқа... Шала мастар аңдысып, Қара ағашта қатып жатты қанды шық. Арал болып арнамызға құймадық. Шашылдық та есiмiздi жимадық. Жарты ғасыр қырғаны үшiн Ресейге Жарылыстың жарақтарын сыйладық. Жемқор елге желқайықтай шайқаған, Сау басыңды байлап бердiң қайтадан. Жан-жағыңнан оқ жыландар ысқырып, Бiр қасiрет құлағыңа айтады ән. Таразыға түсiргенше халқыңды Қара базар бағалайды нарқыңды. Арыңды да, Жарыңды да саудалап, Жетiм үйге тiрi көмдiң қартыңды. Астанамыз – келiмсекке асхана, Жаурап жүрiп пана салдық басқаға. Жан сырласың – жетiм бұрыш тұрғанда Қазағымның не теңi екен баспана? Мықтыларға мекен қылып от басын, Тiл мен дiнiн қайбiр мәңгүрт жоқтасын. Таусылғанша қызыл итке жем болып, Жетiм елiм жабар емес қақпасын. Заманымның тоны өзгерсе қас-қағым Әлi де iште қуатын көп бас қамын. Жарты жерiм сыртта қалды,

Сана суреттері Ер туып Қайтарар ма қол астынан басқаның? Зұлымдықтың тонын терiс кидiрiп, Мiнбелерден түсiрмедiк күйдiрiп. Сайлап қойдық жастарымды боздатқан Жауыздарды бас-басына би қылып. Қымбатшылық кемiрдi кеп, Шыдадық, Көз-мұрны жоқ заңды асығыс құрадық. Тиын үшiн толмаған соң қалтамыз Келiмсекке жер сыйладық мұра қып. Талай нәубет қанымызды төккiзiп, Бағымыздың қанша гүлiн кеттi үзiп. Бәрiнен де аман қалған қазақпыз, Сұм ажалға арыстарын өткiзiп. Қасiреттiң шамын талай жақтыңдар, Ақиқатты ақыретке жаптыңдар. Тарланым аз демегенмен, Күн туса Тасада жүр әлi талай сатқындар. Ұқтыра алмай тiршiлiктiң мұратын, Қалың елге ұялапты мына түн. Жазығым не, Ұланғайыр далам-ай, Кеңдiгiңе сыймай кетсе бiр ақын? Құдiреттiң күтiп жатқан алғысын Пендешiлiк мең-зең әлi, Қалғысын... Қарсы айырылып жылағанда қанды шың Заманақыр көтередi қарғысын.

1992 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Желтоқсан жаңғырығы 1. Оңбай ұштым... Қайырылды қанатым Жүрегiмнiң перделерiн жабатын, Жанарыма сiңiп кеттi қара түн. Қаштым бұзып қақпаларын құрдымның, Қарда сайрап iзi жатты сүргiннiң – Мансабы ма мәртебешiл құрбымның? Жан қиылды, жаннан үркiп қан қашты, Қанда сабыр болмас-ты – Жер ананың жағасына жармасты. Жатты сосын кейбiр күзде күн кү.лiп, Ал бiрiнде мұңды үмiт – Тағдырға бұл туа бiткен жындылық. Меңiреу ғұмыр, Жатқанда намыс та қалғып, Қиялым қашты құрықсыз алысқа қаңғып. Тартылды дағы күз көңiл күйзелiстерден, Көктемде қайта тасыды қамысқа қарғып. Манағы мансап мыңқ етпей мазамды ұрлаған, Тағдыр – ай мығым тұлғадан сөз алдырмаған! Мезгiлдiң мысы жiбiтпей мұз қабағыңды, Мойындаттырған өзiңдi жазаң бұл маған. Меңiреу мансап намысты құрбандық еткен, Мұң қалды көптен, мырс етiп жынданды көктем. Желтоқсан желi еншiсiн жұлған жүректен Шашылып жоққа, тұл жетiм жыр қаңғып өткен. Сезбеппiн сол кез –

Сана суреттері Қанаттан зұлмат қырқарын ұшар ақыныңды, Сүрiнiп барып, түнекте тұсалатынымды, Вагондар менен вокзалда күн кешетiнiмдi, Әдiлдiк сұрап, Алламен тiлдесетiнiмдi, Қарақшы мезгiл қит етсе тынышсызды аңдып, Жүретiнiмдi жапанда жұмыссыз қаңғып, Ақталуға да ана тiл араша болмай, Жат түгiл, жақын жанашыр жараса да алмай... Неғылған тiрлiк! Тiрлiкке күйiнiп күлiп, Жүректе намыс – тербелiс жиiлiктi ұрып, Шалғажы, Ырғыз бабама сыйынып тұрып, Қалғып кетiппiн балшықты тоғайда мынау... Түс көрдiм, көшпей көңiлден алайда қырау. Түсiмде тағы отарлық дертiн жұқтырып, Алдайды, Сосын арбайды еркiндiк күлiп, Санасын Тәңір құлдықтан аластамаған Өгейсiп кеткен жат түгiлi алаш та маған, Әлi де, бәлкiм, оянбай таяқ тiледi... Әйтсе де намыс-дүмпуiм оятты менi... Сәтте мынау тым-тырыс Абыройдан жеттi боздап бiр сыбыс. Жете бере ар шыңынан лақтырып, Жүрегiмнен жүрiп өттi сiлкiнiс. Жанымменен суырылып тосын жай, Ұшты намыс, үзiлдi де жасындай. Көпке дейiн көбiк шашып көзiмнен, Аласұрып қаным жатты басылмай. Қиян сапар... Қилы оқиға...

Аманғазы КӘРІПЖАН Жол-керең. Кереңідiктен жапа шектi жалқы өлең. Жүрекке кеп күлдiр-күлдiр қирады Жанарыма аунап түскен жарты әлем?...

1988 жыл. Шәуешекте (Шекарадан Советтiк қатер төнiп тұр... 1969 жыл) Шәуешекке Төнiп тұрған қатер ме, қауесет пе? Жетпей жатып тобырдың дауы есепке «Келiп қалған секiлдi жау етекке«. Кей халықтың (тұтанған сестi көрiп) Сабаздары iшкi елге көштi үдерiп. Ал, үгiтке қазақтың бiр де бiрi Кететiндей түрi жоқ естiп ерiп. Көлбесе де қоғамның жасығы алдан Қазақ үшiн мекенi – жасын-арман. Тастай көштi кiрме жұрт баспанасын Көшкен елден кезiнде басып алған. Қазақ үшiн мекен-мұң, өлiк-қайғы. Қайғы-мұңын босқанмен жол ұтпайды. Қазақ көшкен кезiнде ұрпағы үшiн, Қорыққан жоқ қауiптен, қорықпайды.

Сана суреттері Шығайбайлық танытпай аса беттеп, Кiрменi де арсы алған қошаметтеп. Жатқа тастау жердi ендi мүмкiн емес, Онсыз да алғаны аз емес баса көктеп. Жiгерi оның шыныққан жұдырықпен, Сұрамаған қазақ бұл жығылып та ем. Жер-байлықты екi елге бөлiп берiп Шешкен оның тағдырын ұлы бiткен. Ел iшiнде бiткен жоқ бұл күн егес, Сыртқы қатер– қауесет – күлкiлi елес. Қорланса да қорғап тұр баба рухын, Ендi босу қазаққа мүмкiн емес.

Шәуешек қаласы.1990 жыл. Шыңжаңда Мәдени төңкерiс қуғынын көрген ағам, ақын Рақымғажы Кәрiпжанұлына – Шөлiркедiм, жанымды өртеп Желтоқсанның жарқылы, Намысыңды қозғайма, аға, саясаттың салқыны? – Сайраудың да кезеңi өттi, жедi, тынды саясат Қасiреттiң кезегi өттi, Елдi бiр сәт аясақ. Желтоқсанның жарылысы ойсыратқан iргенi – Ол мәдени төңкерiс пен соңғы Бежiн дүрмегi. – Бәрiн көрдiк... Мұндай сәттi заман күнде оралмас, Көш, ағайын, бас қосайық. Онсыз елiм оңалмас. – Жат қолына баба жатқан жердi тастап бiр күнде,

Аманғазы КӘРІПЖАН Ар алдында кешiрiмсiз қылмыс жасау мүмкiн бе? – Жоқ, ағайын, iс түскенде ел аттың басын iрке ме? Талай тарих – борасында пана болған бiр төбе. – Қастерлi жер бабам туған, күзетемiн сол iшiн, Мейлi, өлсем де аруағыммен саған берем қол ұшын. Оңға бассын өрiсiң... Әумин! Ұсыныс (Малыбай оқиғасына байланысты сотта айтылған ұсыныс) Нәубеттерде таяқ жедік неше біз, Желтоқсанда кетті тағы есеміз. Сот өтсін деп арызданған ешкім жоқ Ел арасы бүлінбесін десеңіз? Жат қолымен бір арысты өлтірдік, Өлтірсек те келімсекті келтірдік. Бәріне де кең қазақтан бұйырды Шүршіттерден бұйырмаған еркіндік. Бауыр болсаң намысыңды кірлепе, Өзің мұнда, жерің жатыр бір бетте. Қазақ болып кімге пана болмадық? Осыны ұқ та, сыйлағанды құрметте. Өзді-өзіңе жалаңдатпай қылышты Туыс болсаң кеңейт тағы тынысты... Құрметті сот, сізден де ерлік күтер ем Көп ұзатпай аяқтасақ бұл істі.

Сана суреттері Қазақ елi Мәрелi өмiр, Мәртебе, сыйыңыз да Сыйыспапты кертартпа миымызға. Қарға адымды рухымен қапсыра алмай Тайғанап жүр жүрегiм жиi мұзға. Ұлы дала, Көзiңде мөлдiреп түн, Келедi әлi жаныңды елжiреткiң. Тарих талап жыртылған жүрегiмдi Тәуелсiздiк туы етiп желбiреттiм. Санасына пенденiң түнедiм бе? Ардың көзi жұлқылап тұр өңiмде. Қасiреттiң жөргегiн жарып шықтым Құдiреттiң қамалып жүрегiнде. Алақ көтерілісі (поэмадан фрагмент) Көтеріліс басшыларының бірі – Жәкулә болыс Күшіковты еске алу шарасына арналды. ...Көнбегесін ырқына қатулы адам, Тергей түсті мәңгүрттік жат улаған. Барды – жоғын алғанмен сонша тінтіп, Қылмыс таппай қиналды Жәкуладан. Шағым қайда қараны илеп төккен? – Дәлелі жоқ жала көп түйдектеткен, Тінтіп кінә таба алмай, малға көшті, Мал да кеңес жұтымен сиреп кеткен.

Аманғазы КӘРІПЖАН Болмаса да мұжықтай нан-пұлы енді Серке біткен «бай» болып, тәркіленді. Жарық күнді қызғанып жаралы елден Тәркі біткен жапырды бар түменді... «Жатқа бекер жем болып өлеміз бе? Аш халыққа баратын белең ізде, Әлде жылжып, туғанға жат жұрттағы Бас сауғалап, көбейіп келеміз бе?» Миды жаншып осындай ой салмағы, Жиылды елдің жол іздеп жайсаңдары. Белсенділер бөгеуге тырысқанмен Ашу қысқан есілдер тайсалмады. Трайыс өлді, Мұқыш та кінә құшты, Кетті ірітіп, қайғының бұлағы ішті. Жәкулә мен Сыдықты қолдағандар Басқа жол жоқ, Көшуді құп алысты. ...Шұбартаудан басталған көш келеді, Көлеңкесіз үміттер көшке ереді. «Көппен көрген ұлы той» деп, қозғалған Мынау жұрт та қалмауды қош көреді. Туған жердің сәулесі жүзінде өшіп, Жүректегі зұлматтың сызын кешіп, Сайды өрмелеп жылжыған жұрт соңында Шегіншектеп барады Қызылкесік. Қыз кеткендей артына қарамастан, Жүріс – сергек... Жарысып барады аспан. Шаң да қимай келеді оратылып, Аяқтармен ойнаған бала жастан.

Сана суреттері Жол кеспеуді ырым деп мақұлдады. Тоқтамастан Алаққа жақындады. Ойда-жоқта арт жақтан лаң шұбырып, Мылтықтың да естілді атылғаны. Қызылдарға жегілген топты көріп, Көш қарасы тоқтамай кетті үдеріп. Қуғыншылар жайратып бір қазақты, Аждаһадан үрейді төкті келіп. Елубайдай есіл ер құлап түсті, Тәуіршедей ару кеп жылап құшты, Тоқтап енді бір амал қолданбаса, Бейбақтарға бұйырған сынақ күшті... Орыс, бірақ, елемей барша амалды, Титығына тықсырды шаршы алаңды. Тіпті кетер түрі жоқ... Әкіреңдеп Қоймағасын есілдер қоршап алды. Бетпақ орыс «азбын» деп беріспеді, Балағаттау, кінәлау да өрістеді. Тілің жетіп, ел жайын ұқтырсаң да «Бандылардың ісі» деп терістеді. Бара бара намыстан ұйқы кетті, Ашындырды бұлардың сиқы көпті. «Несін тыңдап тұрмыз?» деп, Куликинді Тапаншамен бір қазақ типыл етті. Өлді осылай бір өкіл сайқал үнді, Аттан құлап біреуі, қайта мінді. Көкпектіге бір хабар жетпесін деп, Қалғаны да өліммен тойтарылды.

Аманғазы КӘРІПЖАН Кек қайтармақ үнімен Тәуіршенің Қиын болды тоқтату дауыл шегін, Енді аялдау – қауіпті дегенменен Сапарды әрең қозғады ауыр сенім. Қызылтастың шыңдары бұлтты тарап, Алақ бұлттың көз жасын сүртті «тонап»... Жат қолынан текке өлу – ол да күнә, Жайғар ма еді көшпесе жұртты талап?... ...Бітер емес бұйрат пен белес тегі, Кері серпіп келеді жел ескегі. Бір кезеңнен асқанда шаң шұбырып, Өздеріндей бейбақтар елестеді. Жоғалды олар асты да құба белді, Бейқам жұртты таң қылды мына «белгі». Саршоқыға кіргенде айналадан Зеңбіректер арсылдап шыға келді. Қай тыңшы айтып, жай тапқан сұм құлағы?... Жаңғырықтар жотаны тұндырады. Гүрсілдермен жарысып, Кәрі-жастың Шыбын жаны жан-жақтан шыңғырады. Оқ борады, қасірет тіліп көкті, Бұлт қансырап, ашуын ұлып төкті. Бүлінгеннен ажал да бүлдіргі іздеп, Сан бейбақтың ғұмырын жұлып кетті. Желік біткен жендеттен хақты тонап, Атылған оқ өлікті жатты санап. Әзірейлі Забилов, Радченко боп, Ақыретке жүргізді «нақты» сарап.

Сана суреттері Сайға сүйреп, қыздарын жат құмары, Тәуір киген жан көрсе жоқ қылады. Босқындарды қосақтап, бәс тігісіп, Жалғыз оқпен жайратып, жаттығады. Қорлығы аздай орыстың Алақтағы, Қансыратты Сарышоқы талап тағы. Қанға бөгіп жатса да жазықсыз ел Ажал оғын намысқа жолатпады. Тыншымады мылтықтар шолып өтпей, Қозғалғандар қайта өлді соры кеппей. Барады ана көз жұмып, Емшегіне Жатты сәби шырылдап қолы жетпей. Таң қылмады ашыққан бала көпті, Қашқындар да асығыс қарап өтті. Періштесі сәбидің ұзатпады-ау, Жау да оларды тұтқындап ала кетті. Ұсталғандар айдауда кетті құлдап, Жайыңды айтсаң – өлгенің, Жоқты бұлдап, Сайда қалған жартысын сегіз жүздің Қамап кетті бақиға оқ тығындап. ...Саршоқыдан қаралы көш келеді... Көшкен сайын мезгіл де сескенеді. Жендет те емес, құл да емес, тарихта емес, Құдай ғана бақылап бос келеді... Пәни, бақи бәрін де қош көреді... Күзгі зұлмат сіміріп жылы ағысты, Ұшады өмір жұлыннан жылап ішкі. Шындықты айтсаң жүректі найза тінтіп, Бекеттері бақидың құрақ ұшты.

Аманғазы КӘРІПЖАН Мылтық шаншып өткенде Иретіліп, Домаласаң – жендет мәз, «биге» тұнып. Азап, мазақ неше күн «қамқор» болып, Көкпектіге жетті жұрт сүйретіліп. Тұтқындарды сағынып түрме күтті, Өйткені, онда көміліп мүрде бітті. Сібір және бақидың жолдамасын Бұларға да сыйлады күнделікті... Жәкеңді де пенделік күндеп ішкі, Тартқаны аздай, тағдыры күрмеп ұшты. Дәрігерлік оқыған «Сібіріне» Қайта кетіп жазықсыз түрме құшты. Түсіре алмай ел жүгін иықта өткен, Жаныштады уақыт биікте өктем. Тоңдыратын кең Сібір өзі тоңып, Тар түрмеге қалшылдап сыйып кеткен. Колхоз құрған Олжабай, Бабақты да, «Бүлікшіл» деп қинады абақтыды. Садырбайды Жәкеңе күйеу бала Болғаны үшін өлтірді, сабатты да. Садырбайдан өршіген жігіт кегі Бар туысын бүлікке үгіттеді. «Жәкуланың айтқанын істеді» деп, Бәрін ұстап тергеу де «жіліктеді». Кең далама осылай жат «қысылып», Алдаспаны арманның жатты сынып. «Өмір сүрем» деп шыққан аш халықтың Көбін қырып, қашқанын жапты ысырып.

Сана суреттері Жан қалмады жөн айтып, наз ақтарар, Қанды қол кім? Біле ме тозақты олар? Жендеттерді бастаған топ басында Туыстарын жайратқан қазақ та бар. ...Уақыт өте Жәкеңнің қияндағы Өр намысы түрмеге сыя алмады. Жапырылды шеңгел де, шекараң да, Азаттықтың мысынан қиялдағы. Ері тұрмақ елдің де бар несібі Қолды болып, қаңырап қалды есігі. Түрме бұзып, оралған Жәкеңді де Жолатпады жатырқап «тал бесігі». Жәкең, бірақ, ойламай жеке басты Ағайынның қамы үшін шетел асты. Айдаһар мен аюдың азуынан Құтқаруға бет алды екі алашты. «Ұлы» біткен жайратып балаң елді, Көмілмеген аштарды нала көмді. Көз алдында Жәкеңнің Қызылтасы1 Қызыл ту боп желбіреп қала берді. ....Сол қасірет әзірге жырақтады, Тарих шерін қозғадық жылап тағы... Емші Жәкең емдеген жаралы үміт Азаттықтың шыңына тұрақтады.... 1 Қызылтас атты екі жотаның бірі – Жәкуләнің көзі тірісінде осылай аталған.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жаңаөзен Қақ айырылып қайғыдан дала өзегі Қарт тарихтың жүйкесін тағы езеді. Жаңаөзенде тулады әділеттің Көз жасынан басталған жаңа өзені. Құдай менен мұнайдың арасында Тарих тағы кептелді дара сынға. Ойпаң жерді опырған жала, нала, Қасірет пен қасиет бәрі осында. Бұлттың тамған жасына құмы ғашық Құшты өлкені Каспийдің мұңы басып... Ақтық үні жаңғырды боздақтардың Ақиқаттың құрсауын жұлып ашып. Билік үшін жаратпай көкпар ұлды, Құдай шындық көзіне шоқпар ілді. Құмға сіңген маңдай тер, қан мен жасым Жат көзіне мұнай боп ақтарылды.

Шындық іздеп жер құшқан тектілерім Ырысыма тұншығып кетті менің. Жердің үстін лаулатқан намыстары Тұтатпасын жер астын деп тіледім... Тұтатпасын мұнайды нала біздің! Некелесті тарихпен жала-құзғын. Сайқал тарих онсыз да өртемеген Жері бар ма өзегін даламыздың?

Сана суреттері Қазақстандық ұлт жайлы Хақ бізді де жаратқанмен текті ел қып, Отарлықтың шашасына кептелдік. Екі жазу білген елдің бір кезде Сауаттысы екі ақ пайыз деп келдік. Соғыстарда жаттың жерін қорғадық, Нәубеттерде қиылдық та сорладық. Екі тілді білген елді бір кезде Ұлт аралық бүлікшіл деп қорладық. Болып кетсе жазу өзге, тіл өзге Мүлде өзгеріп кете алмайсың лезде. Өзін қиған өзгеге де сыймайды Болғандықтан өзге жұрттан түрі өзге. Қағаздағы қиғаш келді көзге өрнек, Өзің тынып, өзге сөйлер кез келмек, Хат сауаттан жаңылдырған әліпби Бір ғасырда төртінші рет өзгермек. Отырарды айтпағанда алғашқы Отырғызбай тарих шері жалғасты. Астымыздан су шыққан жоқ, Астанам Бір ғасырда төртінші рет алмасты. Әлі талай пайғамбармен қауышпақ Ойымыз бар, шақырсақ та дауыстап. Бір Құдайға құлшылықтың қисыны Бір мың жылда төртінші рет ауыспақ. Тайпа дедік, ұлыс дедік бұл елді, Ұлт десек те тығырыққа тірелді.

Аманғазы КӘРІПЖАН Адасқан жұрт өз атауын мың жылда Төртінші рет өзгерткелі тұр енді. Жарылысты жіберсек те жыраққа, Тәжірибе тағы да алды сынаққа., Бәрін қолдан өзгертетін пенденің Пенделігі өзгермейді, бірақ та... Түнектi серпiп келедi сырғанап аспан М. Шахановқа – Шынымен, аға, бiтпептi тiрi өлiк құрып, Заһарын шашты заңғарға тiрелiп тұрып. Шындықтың шырқын алардай сұмдықтың сұрқы, Сiмiрдi мезгiл Аралды шiренiп күлiп. Зiлзала дастан тумаса бiр ғана бастан, Түнектi серпiп келедi сырғанап аспан. Шашыңа шыққан ағарып адалдық шығар, Жүректiң тылсым түбiнен мұңдана қашқан ?! Уайым кеткен Құдайын қолдамақ па әлi? Құрдымға,сiрә, құлқынның қолғанат бәрi... Желтоқсан мұзы жалтырап тағдыр – айнадай, Тайғанап кеттi тарихтың доңғалақтары. Табыттан күлсе сықсиып жылауық арман, Тiршiлiк сырын тарихтың сұрауы жалған. Желтоқсан сұсын мезгiлден сiлкiгенiңмен Жүректе сызы, шашыңда қырауы қалған. Құмарлық – құрдым қақпасы, Тiршiлiк қанық... Табанда жатты тағдырлар түршiгiп, талып. Тамшыдан талғам дәметсе, жылайтын кiм бар Қаңсыған Арал – қайғыға тұншығып барып?

Сана суреттері Ғасырға қоса ғаламды безбенге салып, Санаға түскен салмаққа төзгенде шабыт, Ұғынбақ түгiл, ұғуға тырыспағаннан Жай болып жауды жазықсыз көздерге салық. Өз қолы қылған ерлiктен ел несiн қашып, Үлгiрмей жатты шындықпен демде сырласып ?! Ұстатса тағдыр тамырын, жанашыр аға, Толғай бер мұңын – ғасырдың пернесiн басып.

1990 жыл Сәйкеспейтін заңы басқа болғасын... Қалдыбекке Үшеу едік бір бөлмеде тұратын. Композитор оның бірі, Бірі ақын. Әдетінше сол түні Толтыруға көңілдегі олқыны, Үнсіздіктің жайлауын біз шаңдатып, Әулеттік ән мен жырды самғатып. Қанаттанып шабытым, Ғарыштарға төңкеріліп бағытым, Жасап қалдым түн ауғанша жыр оқып. Түн ауғасын композитор шырқады Тылсым түптен қиялыма пыр етіп, Көтерілді саздың небір сұңқары. Соғын тағдыр сәйкестігін ұққасын, Сөз бен әннің дерті өзара жұққасын, Бір бірінен тауып жатты жұптасын. Ғұмырдың да сызын солай кешіп ек, Жұптастырып шабыт жібін есіп ек. Ал,үшінші ештеңеден хабарсыз, Әлдеқашан қалғып кеткен есінеп. Ғұрпы бөлек,ұлты бөлек дегенмен, Мейірбандық тапты емес пе кең елден?

Аманғазы КӘРІПЖАН Сөйте тұра түсінгіі келмейтін, Сыйластыққа кішіргісі келмейтін, Ел екен деп тілі де өзге,діні өзге Санасына пісіргісі келмейтін, Үстем лден бақытымды табам деп, Жақсам енді соның шамын жағам деп, Өктемдітің өркешіне мінгескен, Көкірегі көк аспанмен тілдескен. Жүрген еді ол тісін қайрап жұтынып, Ертесінде өзі ақ қашты құтылып. Халық едік Үні де асқақ далсындай кең елдің... Көңіліңнен көлбей өтсе егер мұң, Ұзақ тұрмас,түсінем. Айналайын құдыреті өнердің Өктемдікті баса білген мысымен! Бірақ,бірақ,істің артын бағалық. Танытқан да дұрыс болса ағалық Өз ішінде мәні басқа болғасын, Өнерге де қажет, бірақ, Даралық.

1990 жыл Қазақпыз. 1990 жыл. (Термеден үзінді) Қазанында жоспардың қайнап келген қазақпыз, Жөн айтқанды жау санап, жайғап келген қазақпыз. Алақандай атаққа абыройын саудалап, Арыстардың қанымен тойлап келген қазақпыз. «Азатпыз» деп сан ғасыр сайрап келген қазақпыз, Азат басын Мәскеуге байлап берген қазақпыз. Зәбір шегіп өзгеден, өзімізге өзіміз Тісімізді аямай қайрап келген қазақпыз.

Сана суреттері «Жомартпыз» деп өлгенше жырлап келген қазақпыз, Өз байлығын өзге елге ұрлап берген қазақпыз. Күлгендерге мазақпыз, Күлмегенге ғажаппыз, Досын емес, дұшпанын тыңдап келген қазақпыз. Бір бағытта басы бір құралмаған қазақпыз, «Ұлы заман жаса!» деп ұрандаған қазақпыз. Шейіт болған аштықта әруақтан ұялмай Табынбаса Мәскеуге тұра алмаған қазақпыз. Желкесіне келімсек мініп алған қазақпыз, Қасиетін қаусатып, күлі қалған қазақпыз. Құран ұстап қолына, арақпенен аңдамай Бірге жұтып Аралын күліп алған қазақпыз. Езушіге дем беріп, нәр татпаған қазақпыз. Ерік берсең елді еміп, шалқақтаған қазақпыз. Әкесіндей телміріп әлі күнге Мәскеуге Айқара ашып есігін, жалтақтаған қазақпыз. Зәрін ішіп мәңгүрттің, Залымдықты жаңғырттық, Балалы боп некесіз, Қарттарымды қаңғырттық. Жарылыста жан алып, Жарға соқты басыңды Желтоқсанның сызындай санадағы салғырттық. Ұмыт болған аштығың, Ұмыт болған ақтабан, Арысымды таптағам, Таптап алып жоқтағам, Жүрегіңе бойласын менің мынау тағдырым Өзімді өзім танымай қазақпын деп мақтанам....

Аманғазы КӘРІПЖАН Тәуелсiздiк аларда Кие бiтер хан болсам тақта маған, Бара-бара жан қалмас жақтамаған. Күнәм қалса тарихты керi аударып, Салт бойынша өзiмдi ақтап алам. Бастан шiрiп балық та тас болады, Шiрiктi жеп қоғам да мас болады. Ұйым, жиын патшаның тонын киiп, “Шаштараздың” алғаны бас болады. Қан жалғасса билiкте, ми кетедi, Зәрiн iшсең мезгiлдiң билетедi – Арың, барың, тiл, дiлiң қош айтысып, Ғаламдасу рухыңды күйретедi. Тәуелсiздiк! Ұқпасам нарқыңды анық – Қабылдармын, қашсам да “артын бағып”, Бергенiңнiң қадiрiн кеш ұқтырмай, Тек меңгерер ми берсiн Алтын балық!

1991 жыл. Қазақстан картасы (толғау) Қазыұғрт – Ордабасы төрiм едiң, Тарихтың, тарлан Каспий, шерi ме едiң? Шерлi Арал, тұзы да ащы, мұңы да ащы Жаралы әдiлеттiң серiгi едiң. Қаратау, Алатауым, биiгiмсiң, Көтерген қасiреттi иығымсың. Ұлытау – ұлы дала құдiретi, Көкшетау – көздiң жауы – киiгiмсiң.

Сана суреттері Қызылжар – мұңды мезгiл өткелiсiң, Арқалық – сен де азаттық көктемiсiң. Кендi өлке, Қарағанды, байлығымсың Қостанай – Ыбырайдың мектебiсiң. Орынбор – тарихтың бiр астанасы, Бабамның, қайран Омбы, бас қаласы. Кешегi Астрахан Асанқайғы Жоқтаған ол да нәубет бастамасы. Оралым, танығанға жайдарысың, Маңғыстау, сен де намыс айбарысың, Ақтөбе, ел мен жердiң кеңдiгiсiң, Атырау – төкпе өнердiң қаймағысың. Сарытау, Томбы, Ор боп сайрау үшiн, Едiлдiң шаттығына бойлау үшiн, Мырзашөл, Құлжа, Түмен, Челябiден Жетпейдi Шәуешекке қай дауысым? Таразым – Әулиеата, жыр елiсiң, Ұлтымның, Қызылорда, тiрегiсiң. Бауырмал, базарлы өлке – Шымкентiм сен Әулие бабалардың жүрегiсiң. Ертiстiң шұрқыратқан қос кемерiн – Зиялы Семей және Өскеменiм. Алтай мен Тарбағатай, арты Шыңжаң Үш аймақ – берекелi өскен елiм. Жарқ етсе Жезқазғандай жездi өңiрiм Сергiтсiн Бетпақ дала өз көңiлiн! Қосағаш, Баянөлгей дәстүрiмнiң Қаймағы бұзылмаған өзге өмiрiм.

Аманғазы КӘРІПЖАН Шырқалса Ташкен болып алыста әнiм Кереку, қосыл қанi, қалыспағын! Көк туды желбiретiп Ақмолаға Тарихтың аманатын табыстадым. Өршiтiп өр Алматы намысымды Жат жұттың Желтоқсанда сағы сынды. Тiрлiктiң Талдықорған бағы сынды Дәм-тұзын Жетiсудың тағы ұсынды. Тусам да жарылыста күйiп бекем, Бойымды Байқоңырдан биiктетем. Әзiрге тiрi тұрсам ұлы ұрпақтың Түгендеп жалпақ жерiн жиып кетем. Ата заң Құдай жолын үйретіп жас қауымға, Айналдырған жатты да дос-бауырға, Жеті жарғы жоқта да тоқтап едік Жетелі сөз тұрғызған тосқауылға. Заң – бір елдің тұғырлы ар-намысы, Жұбанышы тарихтың, алданышы, Ынтымақшыл ғаламның толғанысы, Дұшпанның да, достың да қорғанысы.

Жатса мезіл жарғысын түлеткелі Әділеттен іздейді тіректі елі. Заң өзерсе тармағын әмір емес, Иман ғана қозғасын жүректегі.

Сана суреттері Көшедi бәрi Келiмсек көшер өлкеден, Астана да әлi көшедi. Көшпелi ел едiк ертеден Тiрлiкте бiтпес есебi. Тарыдай шашқан жұртымды Зоболаң жылдар кешегi Аңдамай бассаң, Бұл күндi Аңсайтын сынды деседi. Ауылды алға бастырмай Мезгiлдiң қырсық есегi, Қалаға шауып қасқырдай Амалсыз елiм көшедi. Жылан да көшер, Балық та Ұрпақтың қайтса меселi, Көшедi шаттық, шабыт та, Өседi , сосын өшедi. Нәубет те, бақ та алмасып, Бiр көшiп, бiрде табысты ел. Ғаламдық көшкiн жалғасып, Айға да шапты ғарышкер. Әруақ көшер, ар көшер Ғайыптан тылсым жол салып, Фәниге ортақ бар кесел – Көшуде болар болса анық.

Аманғазы КӘРІПЖАН Уақыт деген көлем бе? Ғаламды ғалам қорғайды. Табиғат сыры тереңде, Көшпейтiн түк те болмайды. Сұрқия сұрақ төрдi ала, Тарихты билеп төстейдi. Пенде де көшер ордаға, Пенделiк қана көшпейдi. 1996 жыл. Дала маршы Жүзiңде тарихтың наласы – Бiтпеген тағдырлар таласы. Ендi адам аласын, Қоғамның шаласын Көтерме, қазақтың даласы. Пенделiк Тәңірiн теппесiн! Нәсiлдiк пиғылын шектесiн! Тiлдердiң тоғысы, Дiндердiң соғысы Мезгiлдi жаралап кетпесiн! Шындық та қылышын қайрасын! Арыстар, көзiңдi аш! Қайдасың Түрмелер бүлiнiп, Мүрделер тiрiлiп Әдiлет шаттығы жайласын! Сана суреттері Анашым арман әнім.

Әні: А. Кәріпжанәулетінікі. Салса да шырғалаңға Тағдырдан жасымаған, Ең жарық ей бұл ғаламда Сен – асыл анам. Мезгілдің мың сынымен Жатқанда жаным ысып, Мен үшін күрсініп ең Сен жалын ішіп. Қайырмасы: Анашым арман әнім, Жанымның шуағысың. Көз алмай таңданамын, Сен – қуанышым. Жоқ шығар сендей дана Меңгерген бала сырын, Мәңгі отың сөнбейді, ана, Сен – жанашырым. Пейілің барша әлемді Тербетіп жатқаны шын. Мәңгілік шарашама енді Сен – мақтанышым. ДРАМА Әділеттің болмаса биі мықты, Намыстыға жазаның үйі құтты. Хақ алдында «парызын» аяқтамай Пайғамбардың күйеуге «сыйы» бітті.

Аманғазы КӘРІПЖАН Мінгестіріп саяси құраманы Сана деген көлік жүр «бұрамалы». Аңқау елді мәжбүрлеп таңдануға Қойды билік тағы бір драманы. Тудыра алмай түйінді ой бас керемет, Қылмыс та жүр бір бірін босқа өрелеп, Жатқан шығар билік те өз қылығын Жандаралдар арқылы әшкерелеп.... Ш. Әкiрамидi жерлегенде Шығыс Түркiстанда Гоминдан үкiметiнiң жаршысы және ұлтшыл ретiнде ширек ғасырдан астам түрме азабын шеккен ақын, сазгер Шәкерiм Әкiрәмиге. Ызғарлы күз аяусыз қамшылады, Бұлттың суық көз-жасы тамшылады. Мұздап кетiп барасың бұл фәниден, Жанар бәлкiм бақидың шамшырағы. Жиырма алты жыл жасырып нұрлы өмiрдi, Көрмесе де рухыңды мүрде құрлы, Әдiлеттi тiрiлткен сананы ендi Бағындыра алмасын түрме бiлдi. Кеттi жылдар бергiсiз бiр ғасырға, Тамшы жасы тарихтың құрғасын ба? Достан опа, туыстан тұрақ таппай Нәубет болды сырласың, мұңдасың да. Көшiрсем деп, шеттегi әр ұяның Қамын күйттеп қоштасты қария-мұң. Көзiңдi ылғи толқыны жуып жатты Кеудеңдегi ғажайып дарияның.

Сана суреттері Мiндi екен деп бостандық ұшағына Тағы да ажал түрмесi тұсады ма? Арғы бетi өзiңдi тiрi көмген Қайта оралдың Алатау құшағына. Тағдырыңның жетпеппiн от көшiне – Бар да шығар заманның өкпесi де. Елiң сенi, Сен елдi жеткiзем деп Тас бұғаудан босадың көп кешiге. Тар қапасты жаңғыртты тербеп үнiң, Тағдырыңа қайысты ел де бүгiн. Хабарым жоқ – болды ма, Болмады ма Әдiлеттiң алдында пенделiгiң? Жаныңды ұқпай, Әнiңдi, жырыңды ұқпай, Сүйресе де қасiрет мұрындықтай, Тарқата бер шерiңдi, Рухы жұмбақ, Фәни менен бақидың бiрiн құптай. ОҚИҒА ҮСТІНДЕ ТУҒАН ЖЫР Шенділер жасап жатса жоралғысын Әділет баса алмайды заман мысын. Үйі емес, өздері де бұл қоғамнан Күрелген, қайран қазақ, аманбысың? Күреуден аман қалып үйің бүгін Шамыңды таң атқанша жағармысың? Әлде бұл шаңырағың көктен келіп, Сұңқылдап ай астында қалармысың? Не дейміз бұл тағдырдың жарлығына? – Көз жетті кең даланың тарлығына...

Аманғазы КӘРІПЖАН Сайлаудың қарсаңында үй таратты Қалаға кеше келіп, кірпіш ұстап Көрмеген пысықтардың барлығына. Қайран қап сонда есімнен танған едім, Амалсыз көптің мұңын қолдап едім. Баспана кезегінде ширек ғасыр Тұрғасын сан үмітті жалғап едім, Қазақтың өлеңі мен өнері үшін Шабытпен сан сайыста самғап едім, Кешегі Желтоқанда қуғындалып, Намысын қазағымның қорғап едім, Біраз жыл Алматыда құрылысшы боп, Қаланың сан зәулімін салған едім, Бұйырмай сол үйлердің бір бұрышы Бәрінен құр алақан қалған едім. Рухымның осы болар сұйылғаны – Жерімді келімсектер шиырлады. Жапондар су үстіне үй салғанда Қазаққа саз балшық та бұйырмады. Тарихты шенеуіктер білер неден? Тығырық бар ма бізде тірелмеген? Қаланың қақ жартысы қиқы жиқы Екі ғасыр тұрса да күрелмеген, Итке темір не керек, тамашаны Сән емес, жайдан тапсақ жарасады. Баршаға беру керек жерді аямай Қазақтың өссін десек болашағы. Жоқ қылып жылап кеткен табысыңды Кедейдің қолы жетпес «сән» ұсынды. Бір күндік баспанаңды күресе де Күретпе батыр қазақ намысыңды. Жер жерден жеткен қазақ басың аман, Сендерден бақытты екен Қасым ағам... Ел басының міндетін жеңілдетіп, Өзін де, қаланы да асыраған. Басшылар жаны ашыса сеніп көрсін,

Сана суреттері Бақайдағы аштықты көріп келсін! Шаңырақта газ бар деп қорқытқанша Басшымыз туысына кеткен жерді Тартып ап бар қазаққа бөліп берсін!... Шаңырақ. 2006 жыл. Ғасыр кетiп барады Бұл ғасыр да ұрлана Күлiп кетiп барады. Кеудесiнде зiлзала Ұлып кетiп барады. Жендеттерiн сұмдықтың Тойлаттырып барады. Маңдай сорын шындықтың Қайнаттырып барады. Жазықсызды шарасыз Сор қаптырып барады. Жетiмдердi панасыз Қорлап тынып барады. Жер қойнына арысы Қарғап кiрiп барады. Күллi әлемдiк соғысы Зар қақтырып барады. Аждаһасы от үрлеп Түршiктiрiп барады. Тарихымды соқыр деп Тұншықтырып барады. Төңкерiстер санамды Майдан қылып барады.

Аманғазы КӘРІПЖАН «Оң-терiстер«адамды Айландырып барады. Аз ұлттарды көбiне Талаттырып барады. Тарихына, тегiне Қарап күлiп барады. Дiнге бөлiп ғаламды Сойқан құрып барады. Дiн соғысы жаранды Сайтан қылып барады. Ғарышты да құлқыны Тiнтiп кетiп барады. Көзден шаттық, күлкiнi Сiлкiп кетiп барады. Не сыйладық халыққа? Қайда арыс, асылым? Хош, әйтеуiр, қамықпа, Жиырмасыншы ғасырым!

1999 ж. Олимпиада алауы Тәуелсіздік құрмай жатып малдасты Қызыл шеру тағы алаңда жалғасты. Күңгірт сана қарсы алуда құрметпен Айдаһардың тойын біздегі алғашқы. Қызыл киген сақшылар да шоқ болып, Саясатқа жасырынды от-көрік. Сорлы қала «Жібек жолына» айналды Келімсектің талай көшін өткеріп.

Сана суреттері Ұрпаққа артып ертеңгінің шатағын Түсірмекпіз елге Шығыс «шапағын». Сыйламасақ бізді айдаһар жұтар ма Ұлы Олимп пен Прометей «сақалын»? Құзырына біз арқылы жол ашпақ... Біз табынсақ, от та бізге таласпақ. Шырақ ұстап қаламыздан өтті үрей, Өтпесе игі елдігімді аластап. Тізбектеліп «жұлдыздардың» қатары, Бірден бірге жалғасты оттың сапары. Шынжыр түзіп сахналық көрініс, Шың еліне қаламызды «матады». Күн шығысқа бізден гөрі жер сыйлы Болғандықтан жерім де оттан тершиді. Қолды болған алтынымның біразын Чемпиондар елге арқалап келсе игі... Шайтанды да обалды еткен От дүлей Ертеңімнің жанарына төкті үрей. Алматының жүрегіне от шоқ тастап, Қимай-қимай түркі еліне кетті үдей... Шытынатып өте шыққан жүректі, Бір қозғалыс көз алдымда дүр етті. Отқа күйген соры әділет киесі Қорқыныштан қорғай ма енді бұл Отты?....

2 сәуір 2008 жыл.

Аманғазы КӘРІПЖАН Ұлт тағдырын ойласаң... Келімсектер төбеңде құтырмасын десеңіз, Милиардтап жымқырып сытылмасын десеңіз, Қазақ деген атауың ғайып болған КазСадтай Доктрина ырқына жұтылмасын десеңіз, Секталарға сананы ілгізбесін десеңіз, Кеден-одақ жат жұртты кіргізбесін десеңіз, Өз жерінен шығатын өнімі жоқ қазақты Өкшесінен алыптар жүргізбесін десеңіз, Балықшылар, шахтерлар қырылмасын десеңіз, Қызылағаш тағдыры ұрынбасын десеңіз, Байқоңыр мен Балқашты протонмен атқылап, «Шұбар жылан» ішіңде тығылмасын десеңіз, «Сан тұғырға» тілімді талатпасын десеңіз, Мұнай, мысқа әркімді жолатпасын десеңіз, Қолды болған жерімді қайтарудың орнына Қытай, өзбек, орысқа таратпасын десеңіз, Бала сатып шетелге қорламасын десеңіз, Қазақ түгілі қырғыз да сорламасын десеңіз, Аңқау елдің алдында патшалықтың міндетін Партияның атынан жолдамасын десеңіз, Еуроодақ бір пәле шақырмасын десеңіз, Сауда ұйымы нарқымен жапырмасын десеңіз, «Елу ел» деп аңдамай бар байлықтан қағылып, Қанмен келген азаттық сатылмасын десеңіз, Байрағыңды басқа жұрт құлатпасын десеңіз, Шерлі қазақ өзді-өзін жылатпасын десеңіз, Руға, жүзге, сектаға, партияға бөлуді Тоқтатыңдар, азаттық тұрақтасын десеңіз!!!

Сана суреттері Жәдiгермiн мен де бiр... Ақымақтың даңқына нұр сiңдiрiп, Арлыны алды ақырет күрсiндiрiп. Сталиндi мақтауға Ленинград Радио қып сайратты жыршымды iлiп. Бомба ойнатып Абайдың тұрағына, Кемем шөктi Аралдың құлағына. Эрмитаждан есiнеп Алтын адам Жұлдыз бопты Питердiң тымағына. Көрмегесiн бiтiмшiл халық құрлы – Тышқан-мысық ойнатып қарық қылды. Көрсетуге менi де бортқа тиеп Өркениет ғарышқа алып кiрдi. Ғаламторлар жасамақ кiмге iзеттi? – Мүсiндерiм жалаңаш түн күзеттi. Құрманғазы ұрпағын компьютерлер Бетховен қып сайратып жұлдыз еттi. Қуыршақ қып қатырса мадақ бойды, Табытыма үрейлер қарап тойды. «Целинниктер» миыма дән ектi де, Қарақшы етiп өзiмдi қадап қойды. Боп жатса да айтарым ойымда мың – Келiмсектiң шатпағын пайымдадым. Түрiн бояп, Жетпесе тiлiн бояп «Жаңа қазақ» өсiмiн дайындадым. Хан беделiн түсiрмес жалғасы көп – Болғасын да табылдым хан басы боп. Торып жүрген Киннестен сақта, Құдай, Түрi азайған өсiмнiң таңбасы деп.

Аманғазы КӘРІПЖАН Тәуелсiз шешен елiне Қасiреттер шеңгелiнен өтсең де, Еркiндiкке жетпесең де, Жетсең де, Қиялыңа сенiм гүлiн ек сен де, Қос дүние ақиқатын көксеген Рух жүрегi болар сонда тек сенде – Құдайсызға бек сенбе... * Жердi тағы қасiрет талап өттi, Аттандырды бақиға нала көптi. Желбiретiп намысын құдiреттi ел Тұғырына тарихтың ала кеттi. Таңғалдырған тылсымды мәнi күштi Теңсiздiктер қайғыны қанып iштi. Сұрақтардың сұрқия сұсын көрiп Ақиқаттың қанаты талып ұшты. Құдай ғана – санада тұрақты ұғым... Ананы да, баланы жылатты мұң. Сәйкессiздiк жеңсе де, Жабайы өмiр Жеңе алмады рухыңды, бiрақ, бүгiн.

1993 жыл.

Сана суреттері Ит – тәуелдi. 1962 жыл... (Әкемiз Әлiмғазыға) Шүршiттерге, бұл күндi күлiп күткен, Қап барады түлiк пен мүлiк бiткен. Қалдырмады жас жiгiт әйтсе де итiн Қалт жiбермей тағыны жұлып түткен. Аң бiткеннiң көзiнен сыр аңдаған Түлкi тектес тазы едi бұлаңдаған. Шекараның құт болып арғы бетi Қасқыр түгiлi батпапты қыран да оған. ...Қасиетiн атажұрт тағы ұқтырды. Құжат күтiп кезекте халық тұрды. Бiздiң әулет иттi де шекарадан Жан орнына тiркетiп алып кiрдi. Болар-болмас атажұрт тұрақ мүлде, Жан алғыштар жақпаған шырақ кiмге? Ай тұрғызбай ауданнан ит атқыш кеп Жайғап кеттi сол иттi бiр-ақ күнде. Тiркесе де шекара қалап басын Жер кеңдiгi iлмедi санатқа шын. Төрт аяқты ит сыйыспай кете барды Екi аяқты ит көбейiп баратқасын. Иттiң де сол сарқылып бiттi арманы... Көз алдында аң түгiлi түк қалмады... Бәлкiм төккен қаны үшiн домалақ жер Шекарадан асса да құтқармады.

Аманғазы КӘРІПЖАН Тәңір де итке жүрсiн деп жер ұсынды. Күнәсiздiң оған да шерi сiңдi. Олжасының бәрi де мал торыған Жыртқыш едi шетiнен бөрi сынды. Бiз бiлмейтiн хайуани қайғы алыста, Рухы да оның сезiнсең – ойға нұсқа. Бiрiн-бiрi жеп тынып күрес тiрлiк Түсiп жатыр заңымен айналысқа. Ит – тәуелдi, шектелген жасын-бағы, Меңдейдi әлi көне дер басымдағы – Малын жеген бөрiнi кие тұтып, Көмекшi итiн күндеген қасындағы, Ит тағдырын адамның жеңдi мысы, Түп тарихын тiрiлту – жердiң iсi, Жоғалтқасын түп тегiн берсең де ерiк Табиғатқа сіңбейді ендігісі. * Уақыт пенен ғаламға елшi атанып, Бейiшке кетем, тiрлiктен мынау бата алып, Ғалами түпсiз тартылыстардан үзiлiп, Тәнiм де ғажап құбылыстарға бұзылып, Әлемге негiз қарама-қарсы күштерден – Сескене қашып өңiмнен және түстерден, Бұ дүниеден де, о дүниеден де сақтанып, Кетемiн сосын әлемсiз жаққа аттанып «Еркiндiк«– деймiн шаттанып...

Сана суреттері егемендік декларациясы шыққанда (Алаңда айтылған жыр) Уа, қазақ, өмiр iздеп отқа ағылдық, Жасадық жарлық күтiп жатқа құлдық. Атқа емес, Арлымыз деп таққа мiндiк, Топта емес, бағымызды сотта бiлдiк. Қазақпыз – мастандырған қызық арман, Қазақпыз – қасиетiн бұзып алған. Қазақпыз өздi-өзiне қақпан құрып, Жанында желтоқсанның сызы қалған. Қазақпыз өз бағасын өлшетпеген, Заманның өнерi жоқ көрсетпеген. Тарыдай шашқаны аздай тағдырыңның Қалғанын тағы да өзi бөлшектеген. Мiнгесiп әруақтың арқасына, Аспанға өрмеледiк жорта асыға. Жоқтарсың тағы қанша арысыңды Лақтырып Батыраштың балтасына. Сол кезде қандыбалақ тағы ысқырып, Жатса егер қаннан бокал қағыстырып, Құрдымға бiздi де ажал тентiретер Мәңгүрт пен мәмбет қылып алыстырып. Үлгiрсең үнiң ұзап таңға асады, Арманның сөнер, бәлкiм, сонда ошағы. Ақпысың, аламысың – Ақыл сұрап Қиналмай жағаңа ажал жармасады. Уа, қазақ! Бейбақ едiк iсi өнбеген,

Аманғазы КӘРІПЖАН Ұйқыңды аш, зұлымдық тұр кiсендеген! Басынды көтер тағы! Халық едік – Тарихтің табанында мысы өлмеген! 25.10.1990 ж. Жасай бер, Елім! Әні мен сөзі: А.Кәріпжанәулетінікі. Нар тарихтың дүбірін жалғап, Келем елге ғұмырымды арнап, Сен аңсаған азаттық таңы, елім, Менің бақыт тұғырым болмақ, Жасай бер, елім – Қазағым менің! Еркіндікпен елжіреп әр күн, Білсе ерліктің ел, міне, нарқын, Көк туыңмен ғаламды тербеп, елім, Көк аспан боп желбіре халқым, Жасай бер, елім – Қазағым менің! Азаттық деп аз алыспадың, Қайыспады ғажап ұстаным, Баба арманын бағалап ұрпақ, елім, Бағың жансын, Қазақстаным! Жасай бер, елім – Қазағым менің! Тағдыр айдап қауым боп кірген Барлық ұлтты бауыр деп білген Пейіліңді жаратқан қолдап, Жаса, жұртым, дәуірлеп бірден, Жасай бер, елім – Қазағым менің!

...Шағылды жанның шөлмегі... Табыт ғаламын Сырымды ұғар ма екен деп бағып қарадым. Пәнидің, бірақ, шері емес, Шарабы болып Тағдырдың сынық көзінен ағып барамын... Қытықтайды пәниді ар сұғынып... Замандастар. Ел мен жер.

Көлеңкесін терлеткен салмақтылық... Оралхан Бөкейге Көп қаңғып ем, Орағаң жұмысқа алды. Көшедегі көп жиын, ұрыс қалды... Күнде өзімді сабайтын қызбалық та Мысына оның тұншығып тынышталды. Қорғасынын Алтайдың көзге өңгеріп, Ойын бірге теңшейтін безбенге өріп. Қас-қабағын бүркеніп, Амандассаң, Аңдамайтын таппаса сөзден көрік... Тірлікке ол да ар деген шекті ұсынып, Мезгіл сынын сапарда шетке ысырып, Ыстығынан Делидің лап етті де Жанып тұрып жарыққа кетті сіңіп. Тұзға айналған тағдырын мұң қақтады. Мың қақталған тарихқа құндақтады. Мұзтау жаны жібімей қалды қатып, Өртеп бара жатса да үнді аптабы. От сезімге балқымай қорғасыны, Аяқталса ардың да қолда сыны, Кенді Алтайдың елес боп алмас ұлы Пенделікке кезеніп қалды асылы.

Сана суреттері Сұм тірлікке аштырмай жан-құлыпты, Тұншықтырып іштегі жаңғырықты, Сол кеткеннен «Өз отын өшірмеді...», Құшағына қысты да ол мәңгілікті. Шаңдатқанның өзіне шаң қаптырып, Парасаты ұшпаққа самғатты іліп. Тартылыстар заңымен кетті үйіріп, Көлеңкесін терлеткен салмақтылық. Бекзатқа Мыңжылдықтар тоғысын тойлаудан бiр сағат бұрын қыршын кеткен жиырма жасар Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Б.Саттарханов рухына.

Минуттарды шыдамы талап iшiп, Мыңжылдыққа асығыс барады ұшып... Кестi жолын аңдаусыз Көкейдегi Өкiнiштен секiрген қара мысық. Даяр тұрған дәмiне көптi бұрмақ – Жаңа ғасыр күтуде көп қыбырлап... Кешiккенi несi оның? Жолда, бәлкiм, Кексе ғасыр перзентiн кеттi ме ұрлап?- Мыңжылдықтар таласты, Сынақ күштi... Қарт Түркiстан ақтарды бұлақты iшкi, Жиырма жасар тарланын бауырына ап, Жиырма ғасыр еңкiлдеп құлап түстi.

Аманғазы КӘРІПЖАН Сiркiрейтiн бұлттардай тепкiлесiп, Мыңжылдықтар, жылама, тек тiресiп. Жұлдыз едi өзi де, жолда адасып, Бәлкiм, ғарыш көшiне кеттi iлесiп. Көзiнде оның көмкерiп нала көптi Аманатын арлы елдiң ала кеттi. Көк аспан боп желбiреп Сиднейден Көк байраққа жер бетiн орап өттi. Байрақтың сол, көтерген дабысымды, Өз қолымда аңдаусыз сабы сынды. Естен тана құшам деп шабыттана Қатты қысып алдым ба арысымды? Кеудесiне күншiлдiң кек пiсiрiп, Кек көбiгiн намыспен шетке ысырып, Көк байрақты оранып көзге iлiнбей Көк жүзiне тұтасып кетті сіңіп. Алғаш келгенде С.Мұқановқа Балалықтан бөлібеген еншіміз, Бір қиялдың қиясында елшіміз. Ойда жоқта «Сәбит ата Мұқанов Қайтыс болды» деп жеткізді көрші қыз. Алыптармен жүздесуді хош көрген, Арманшыл ем, дүниеге кеш келген. Сол кездегі сәбилер де ересек Қош айтысып ұлы көшті ескерген.

Сана суреттері Сөзі нәрлі, жүзіне де көз қанық, Дүниеден тағы да бір озды алып. Өскен сайын жүздесуге бұйыртпай Алапат көш бара жатыр қозғалып.

Ұлыларды көрсем деген тектілік Келер жылы Алматыға кетті іліп. «Жазушылар қайда?» дедім шешеме, «Ауырдым деп алдап келдім» деп күліп. Жүрегімде жөңкіледі көп шырақ... Шешем де жүр бар білгенін топшылап. Тағы мені жұрт алдында «жерледі», «Қонаевты қайдан табам?» деп сұрап. Үлгірмедім, Сәбең кетті пәниден, Керегі енді Ғабит, Баукең, Ғабиден. Қонаевті көрсетпейді бізге ешкім Коммунистік қырау көмген Ақ үйден. Мұқағали дегенді де білмедік, Ол қарайған топта болса бірге едік. Әкем тірі болса, онымен «жүз грам қағыстым» деп қайтар ма еді бір келіп... Вокзалға да бірер күнді тапсырып, Қонған едік, бұйырмады жақсылық. «Ауырдым» алдап келіп қалаға, Енді жүрмін бар «ауруын» жапсырып...

Аманғазы КӘРІПЖАН Мұстафа Өз Түрікке Мансап десе құштарлыққа ақылы Жеткен қазақ іштарлыққа қақылы, Мұстафаны жеңбеп еді жарты әлем Ерлік жасап жеңіп тындық ақыры. Тірі арысым оралды деп тойладық, У жұтқызып өзін жұттық,тоймадық. Даламыздың кеңдігіне сыйғызбай Жампозым деп жалған жылап жайрадық. Ел деп келдің, Елемеді салғырттық, Шөлдеп келдің, Зәрін берді мәңгүрттік. Ұлы дала құшағына сыймаған Қош бол бақи, Ірілік пен албырттық! №1 перзентханада Ақеркеге

Шаранадан тұншығып, Бiр нәресте«шығам» дейдi, құлшынып, Келе жатыр құзырына жаратқан Құдiретке тағы да бiр құлшылық. Қуанышым, күдiгiм де меңдедi... Сен де, анаң да аман-есен, кел, берi. Кiм болсаң да жүректегi жұлдызым, Ұл ма, қыз ба – сұрағым да келмедi. Көңiлiммен байып қалды жарлы күн, Күтудемiн Тәңірдiң оң жарлығын. Жиырма жылды шегiндiрсек анаң да Дәл осы үйде келдi өмiрге, дәл бүгiн.

Сана суреттері Қараша айы берсiн тағы шаттығын, Алыс емес iңгәлаған тәттi күн. Қалта құрсын... Күнде алдырған дәрiгер Көп дәрiден жүрегiмдi қақты мұң. Анаң туды, гүл ұсынды өр көңiл, Сенде көңiл тұғырына төрле бiр. Тумай жатып дәрi сенiң не теңiң? У жасаған менi де улап сорлы өмiр... Сен келер шақ мыңжылдықтың тоғысы – Сананың бұл сауатсыздау соғысы... – Елге тiрек хан болсын,-қызғана Өтiрiк-шын тiлеп жатыр көбiсi. Фәни де ендi тiрлiкке әлi сыры мұң Жеп барады әдiлеттiң жұлынын. Бар тiлегiм – қара да емес, хан да емес Рух пен ардың жоқшысы бол, құлыным.

6 қараша 2000 жыл. Ғ. Мүсiреповты жерлегенде Қалың қауым қаралы, Күңiрентiп қаланы, Перзентiмен жарқ еткен Қоштасуға қатар түзеп барады. Жаныңды езе лаулайды екен қарда мұң. Айналайын күн дидарлы ардағым – Ғабекеңмен жүздесу – Болған едi әу бастағы арманым. Бiрақ,бiрақ, Киелi елдiң сөндi дағы маздағы Тәңір маған жүздесуге жазбады. Асау ойдың толқындарын тежеп мен Қоштасуға жеттiм соңғы кезекпен. Зал халыққа, Шер кеудеге толды ақыр,

Аманғазы КӘРІПЖАН Көрсем дейтiн Қонаев та сонда тұр. Ал. екi бетi суалып, Демiккендей аппақ болып қуарып, Жатты, әйтеуiр, сапасыздау болса да Ұрпағының барлығына қуанып. Демге келмей тыныс түк, Данамызбен iштей ғана ұғыстық. Неткен сұмдық... Ұлылықтың құлағанда тауы шын Дiн заңы ма? – Жаңғыртқандай тау iшiн Айқайлатып үрмелi аспап дауысын, Өлгенде де бермей жатыр тыныштық. Әруақты мазақ етiп қорлаған, Дәстүрiмде болмаған Ойлап тапқан кәсiп пе? – Сүйегiн де салып қойған жәшiкке. Бiтеу жәшiк тұр неге? Кек алғандай мүрдеге жасап қойған түрме ме? Ғарыштарға көгендеген намысын Жүрегiне ғалам сыйған, арысым, Қалай сыйдың кiп-кiшентай табытқа? Табыт – мазақ Тұншықтырған тамұққа – Жанарыңнан жарық күндi ағытпа. Тағдыр қалай тартса солай жүгiндiк – Көзқарасым шығар бұл да бүгiндiк. Бәрiбiр де Мезгiл басты мысымен – Кiнәлап та керек емес, түсiнем – Дәстүрлердiң заманға сай талғамы Әруақты құрметтесе болғаны...

1985 жыл.

Сана суреттері Қаныш Сәтбаевқа Кен киесi – аждаһа... Халық күштi, Абай кiрген жер астын шабыт қысты. Мыстың мысы, мырыштың марапаты Жүрегiмнен жұмақты жарып түстi. Жер жүрегi сырға бай – жарып тыңда: Тарихымды бүркендi халық мұнда, Жынның өзiн тоғытқан алып мұңға «Жарықтың» да көзi осы, тамұқтың да. Жомарттықтың дүбәра нарқы күштi, Қызыл ғұмыр жер астын сарқып iштi. Құдайды да сананың мысы басып, Ыдыратты әлемдiк тартылысты. Есi ауысқан зор күрек ақыры iлiп, Әруақтар кетер ме сапырылып. Еңбегiңнiң тiксiнiп ертеңiнен Көкейiмде көк бөрi жатыр ұлып. Ертеңiмнiң әйнегiн тағы ысқылап тазартып ем, былғады намыс құлап. Сен берген мыс мылтықтан кейде өзiңе Сұқтанады... Сездiң бе, Қаныш, бiрақ?

Аманғазы КӘРІПЖАН Маңғыстауда Сараң бұлтты иiтiп саусақ тағы Сергiмептi сексеуiл қаусап тағы. Жалбарынып Тәңірден не сұрайды Кәрi құмның ырсиған саусақтары? Көксеп өтсе Каспидiң мұң бұлағын Жел кемiрдi үмiтсiз құм құлағын. Самның құмын лаулатып қызғанышы Көзiн сұғып барады сұңғылы күн. Асты – мұнай, Маңғыстау, үстi – Құдай – От пен демнiң арасы ыстық ұдай. Құмды ерiткен қызуын майға шыңдап Елдiк үшiн ер антын iштi құлай. Бекет пiрiм кеңейтiп өрiсiмдi, Танығанға, десек те, төр ұсынды. Мақтымқұл мен Қашаған тағдырынан Шерқалаға тарихтың шерi сiңдi. Жырақ кеткен бұлттарын шың қармаған, Өз жағасын шөл қысып дым қалмаған, Кейде бекер долданған Каспий сынды Мiнезi осы халқымның шыңдалмаған

Сана суреттері Отты қала – Өскемен Тағдырыма тәлкек қып табысымды, Жұтты мезгіл тұншыққан дабысымды... Бұғылар мен бұлт сүзген қарағайдың Қан мен сөлі көшпелі бақ ұсынды. Кен байлығы көзінен балқып аққан Ғасырларды түлетті халқым оттан. Күн шығысты сапырған тербелістер От сыйлады Күнге де жарқыл атқан. Отарбадай будақтап жаны ошақта, Уақыт көшін қозғады болашаққа. Сібірдің де тоңы мен тонын шешіп, Құндақтады ғаламды парасатқа. Сайға адасқан сағымның Алтайдағы Жаулады ойын үміттің нар тайлағы. Кен жаратқан қаланы сұқ көзімен Балқыта алмай тасада өрт ойнады. Мысы басқан дәуірлер тепті де ірге Шынықтырды жүйкесін көп дүбірге. Өзіне оқ боп қадалған қорғасыны Көзінде еріп, Ертіспен кетті бірге. Бөгеттермен сүзіскен Бұқтырманың Жанарынан нұр емес, шықты ұрладым. Жарқылдаған намыспен түнді үркітіп, Арпалысқан тағдырын жұқтырмадым. Арбаса да сағымдар бүгін мейлі – Көлеңкелер айлаға сүрінбейді. Тау бейнесі әлі де көлден шықпай, Жат сұқтанып тұрғандай дірілдейді...

Аманғазы КӘРІПЖАН Семей Аңғал арман ұйытқан зарын дала Емiзгенде уланған қарын-қала. Кеуiп барады Ертiстiң екi iшегi Сығып сыртқа таситын нәрiн ғана. Қиялына қиянат неке құрып, Миын сүздi мезгiлдiң теке-қылық. Сырттағыны сыртынан сыбап тұрып, Iштегi де кейде iштен кетедi iлiп. Есерлiк пен естiлiк қанып iшкен Семей деген паң қала, дарыны үстем. Iште ауырған iбiлiс тағдырына Жарты ғасыр болмапты жарылыс та ем. Көлеңкесiн ұшықтап көп дуана, Көкiрегi қондырса көктi ғана, Қасiретке шомылып, Семей де осы, Қасиетке сүртiнген тектi қала. Ұрлатпады әз ақын нәзіктігін... Сәкен Иманасовқа Толқындары жаныңа сауық құрып, Дәру еткен қиялды сауып, күліп, Сол Алакөл және ақын табиғаты Тұндыратын бір-бірін сауықтырып. Шипалы өмір жан дертін жазып бүгін Жырға сіңіп жылынды «жазықты» мұң. Мансабың да жағалап желпіп еді, Ұрлатпады әз ақын нәзіктігін.

Сана суреттері Қиянат та қиялын тұншықтырып, Қытықтады тағдырын қырсық күліп, Бірақ, жұмбақ, жайдары болмысымен Пенделікті өтті ақын түршіктіріп. ...Сен құламай сезімге, Сезім құлап, Сұлулықты жоқтайтын сөзің жылап... Пейіліңді жастанған пәни түгіл, Бақиды да тербеген көзің – жұмақ болғандықтан Бәрін де өзің жұбат!... Өскемен… ...Шұғыласын шашып шығыстан Ағарып атса күміс таң, Сырғасын малып Ертіске Бір ару жатыр жағада Тұлғасын соққан мырыштан... Ұ. Есдәулет. Өндірістер отына күйген қала, Күйсе «күйдім» демейтін күйбең қала. Қорғасындай салмақты тарихына Қорғасыны оқ болып тиген қала. Өр Алтайға кигізген орман қала, Мұржа біткен самалын сорған қала, Қарт Сібірді қондырған қабағына Алпауыттар батпаған қорған қала. Бұрым болып қос өзен аққан қала, Күміс, мырыш шашбауын таққан қала. Кең даламды түгендеп, Көне Ертістің Қос бетіне көпір боп жатқан қала.

Аманғазы КӘРІПЖАН Соққылардан ес жиып тұрған қала, Елге еркіндік шаңырақ құрған қала. Түсті метал рухына шығылысып, Шұғыласынан Шығыстың тұнған қала. Астана көшерде Жанарынан тарихтың дастан ағып, Тұншықтырды жанымды жасқа малып. Тылсым едiм, Тынымсыз тiршiлiктен Бердiм тағы жанымды астана қып. Санамыздан болашақ күлiп тұрды, Күлкiсiнен күрделi сыр ұқтырды. Тұтқындағы тарихты тiтiркентiп, Тiрлiгiмде тат басқан құлып тґрды. Астарында мезгiлдiң сұрақ мығым. Ардың жүгi – әдiлет – тұрақты ұғым. Пұшпағына қуалап жетпесек те, Жылап тағы тiледiк жұмақты күн. Жаманатқа жарадар сынақ басым, Аманатқа сергектiк тұрақтасын. Жылатпасын мезгiлдi еш, Сенiмдi оқыс Жарамсақтың жебесi құлатпасын. Қасiреттi қиялмен күзеп мүлде, Қасиеттi құз еттiм, Күзеттiм де, Ел ордасы – Жұлдызды жер ортасы, Ұйытқысы бол намыс пен iзеттiң де.

1997 жыл. Сана суреттері Облыстар картасы Балаларға арналған Алматы облысы Апортымен таң қылған Алатаудың бөктері – Желтоқсанда жаңғырған Тәуелсіздік көктемі. Хантәңірі – түсі аппақ, Биігіңде бай қала. Бар қазақты құшақтап, Аймалай бер, аймала! Ақмола облысы Танытсын деп елдігім Ұлттың асқақ дидарын, Ақордаға мен бүгін Көкше көркін сыйладым. Оқжетпестей тым биік Бәйтерек – тәж кигіздім. Бурабайдай тұңғиық Мұқитты әкеп сиғыздым. Ақтөбе облысы Білім мұнда дария Ұшақ сырын үйреткен. Ал, батыры – Әлия Жаудың шебін күйреткен. Батыс, шығыс – екі ара Осы жерден беттесіп,

Аманғазы КӘРІПЖАН Асты-үсті шекара, Жатыр сыртпен шектесіп. Атырау облысы Бекірелі, түйелі, Ойпаттағы текті елім Мақтанады киелі Шыңдарымен төкпенің. Атырау боп таралған Жайық кетіп барады, Шөл біткенді даламнан Шайып кетіп барады. Батыс Қазақстан облысы Байтақ еткен даламды Батыстағы мүйістен Біріктіріп ғаламды Қос континент түйіскен. Еуропа, Азиям Қазақ болып жаңғырып, Екеуі де өз ұям, Жасай берсін мәңгілік! Жамбыл облысы Фосфорымен әйгілі Қаратаудың етегі – Бауыржандай айбыны Жеңімпаздар мекені. Айша бибі көркімен Ару Тараз нұрлана,

Сана суреттері От Жамбылдың өртімен Шабыттанып тұр дала. Қарағанды облысы Қаласы көп, кені көп Орталықты меңгердім, Жезқазғандай жері жоқ Кейбір озық елдердің. Орналасқан даламда Көмірдің бас тұрағы, Елім түгіл ғаламға Жылу шашып тұрады. Қостанай облысы Амангелді бастаған Ереуілдер есімі – Бүгіңгі ұрпақ қостаған Тәуелсіздік бесігі. Астығымен өңірдің Қарық қылған отанды, Сапасымен темірдің Таң қалдырған жаһанды. Қызылорды облысы Ел ырысын асырған Ақ күріштің аймағы, Ұлттың талай ғасырдан Бұзылмаған қаймағы, Көкке құлаш сермеген Байқоңырдың етегі,

Аманғазы КӘРІПЖАН Дәуір мұңын тербеген Жыраулардың мекені. Маңғыстау облысы Түбектегі ел үшін Тарих болып Шерқала, Бекет қолдап жеңісін Азат болған ер дала, Байлығым боп жарасқан Мұнай деген теңізбен Барша әлемге жол ашқан, Каспий, сен де егіз бе ең? Оңтүстік Қазақстан облысы Біздің жақта күн ыстық, Одан да ыстық пейілім, Далам толы ырыс-құт, Жүзімізде мейірім. Бізде – қайсар Отырар, Бізде Нұхтың кемесі, Жүрегінде оты бар, Ақ алтынды ел осы. Павлодар облысы Шекараның бабалар Екі бетін жайлаған, Мәшһұр сынды даналар Ел ертеңін ойлаған. Тұлғаларды түлеткен Баянауыл бөктері –

Сана суреттері Сұлтанмахмұт жыр еткен Өнер, білім мектебі. Солтүстік Қазақстан облысы Болған жаттың қамалы Орнағанша азат күн, Енді азаттық тағаны Қорғаны етті қазақтың. Қазағы аздау болса да Рухын әлем танитын, Сөз қалдырды қаншама Ғабит, Мағжан, Сәбитім. Шығыс Қазақстан облысы Мұхиттарға тым қашық Еуразия кіндігі Таң нұрына күнде ашық Елдің Шығыс түңлігі, Түсті метал шапағы Жарқыратса келбетін, Абай, Мұхтар атағы Бір сілкіді жер бетін.

Аманғазы КӘРІПЖАН Қожа Ахмет Яссауи кесенесiне Қатал тарих булықса шерi меңдеп, Қарт кесене тағы да тебiренбек. Санамыздың төрiнен бой көтердi Антын Алла, ажарын өмiр өңдеп. Рух сағымын түсiрген көзге алыстан Тарих шығар мезгiлден озған ұстам. Сенде жатқан киелi жүрегiмде Ғаламат бар ғаламды қозғап ұшқан. Тарихыма тисе де таяқ талай Келедi елiм күреске тояттамай. Сенде қалған ұлылар қалғымайды Әдiлеттiң шешiмiн аяқтамай. Ғасыр бiткен қайталап жаңғырықты Шындық ашты тарихтан сан құлыпты. Кеңiстiкке шаншылған құдiретiмен Кесене тұр үгiттеп мәңгiлiктi. Даламда өткен жүздеген дiн кезегiн Жойды ма араб? Шомылды мұңға өзегiм. – Бұл белгiге дейiнгi қолды болған Тарихты iздеп көненi мың кеземiн... Құнанбай мен Шал қажы Ұлы мақсат жүктеген тектілерді, Тектілерге жол серік ептілерді Мінгестіріп қажыға жол тартқан көш Шекаралық бекетке кеп тірелді. Тіл табысты жол үсті әр халықпен, Шекараң да, міне осы, алқа күткен.

Сана суреттері Сауап болсын, Қалтаңды жеп келеді Ентігіңді басатын қалқа біткен. Тәубешілік билеген дүйім – мықты, Мертіктіріп келеді қиындықты. Мұндай азап көрмеген төрелер де Барға шыдап Алланың үйін күтті. Келер ұрпақ қозғаса ой-сананы, Көрген азап әлдіге ой салады. Түсер жері болмаса өзге сынды, Бәлкім, онда қазақ та жай салады. Бекетке олар түстеніп аялдады, Әркім көрген-білгенін баяндады. Тек өзімен алысқан Құнанбайды Оқшаулатып барады ой-арманы. Дәркембай бір болмаған елес тегі... Жас тоқал ше, осалдау емес пе еді?... Кеудесінде оянды Құнанбайдың Шыңғыстаудың мүлгіген белестері. Емдей алмай іштегі сызаттарды Қырсығы көп қиялға ұзап барды. Қодар, Қамқа жайынан селт еткенде Тергеп жатыр шекара құжаттарды. Қиянатты тізбектеп шолды ақылы, Құжаты да жарамсыз болды ақыры. Қылған істің екшеуге оң-терісін Қияметке жеткізер жол – қақылы. Құдай жолы шеріңді қойма қылса Шекараң да бермейді ойға мұрша.

Аманғазы КӘРІПЖАН Пара жүрсе беруге дәт жүрмейтін Сәт біледі бағытты қайда бұрса. Парыз болса өзі үшін бара салмақ Түспес еді ойлыға дара салмақ. Елге айтқаны – ел үшін барды жұмсап, Аман жетсе Меккеден пана салмақ. Сосын айтып әулие-әмбиені, Тіл ұшына жеткенде бар киелі Хақтан күткен көмекті Құнанбайға Жасамақ боп бел буды Шал жиені.

– Салсаң онда қазақтың бас қалқасын Қалған істі келелі жасқа артасың. Сала алмасаң сатып ал! Ол да сауап, Құжатымды ал, Несіне бас тартасың? Текті жерден болғасын, (жалын – басым), Алланы айтып нағашым жалынбасын. Әкем бекер алмапты әйелдікке Өскенбайдың қос бірдей қарындасын. Марқа, Нарша екеуі текті анамыз, Дондағұлдан қазір де көп баламыз. Бөгелсем де сауапты іс жасайын, Алла жазса артыңнан кеп қаламыз. – ...Екі туыс екі елден бірге шығып, Іс жасады осылай іргесі нық. Шал да ертіп Омарын Ілиястың Барып келді қажыға жыл кешігіп.

Сана суреттері Сынға, бәлкім, Құнанбай төзе алмады, Менменсіген мешіттер көз алдады. Дәркембай кеп қопсытқан көңілдегі Жолықты ма салмақ боп өз арманы? Елге иба болғасын көздегені Салмақ болар данаға өз кемері. Күнә болсын, болмасын, Өз мұңына, Ол да пәктік белгісі – төзбегені. Қайтар-қайтпас Меккеден тұнып тағы... (Сабыр оны бір сәтке құлыптады.) Тазалықтың мекені – Қажыға да Ақтара алмас іштегі былықпаны. Бөліссе де Ізғұтты бар азапты, Одан да ауыр жүректе нала жатты. Ауырлықты тарта алмай қыл өткелден Шайқалақтап ғасырлар бара жатты.... Абай ескерткіші Күйiнсе де ол елiне, сүйiп көптi Мiншiл көзге ел рухын биiктеттi. Қозғалысты тербеген тебіреніс Қозғалмайтын тасқа да сыйып кеттi. Көшiргендей ғаламды нар шабыт бiр, Дүниемен сырласпай тамсанып құр, Тасқа біткен ғылыми қозғалыстар Оң-терістің бәрін де қарсы алып тұр. Төбесінде бүрсе де қамшы күліп, Қытықтайды пәниді ар сұғынып. Тылсым ойды тықсырып бара жатқан Шырқын алды үрейдің таң шұбырып.

Аманғазы КӘРІПЖАН Қарсылықтар заңы бас бұрмайды анық. Тас тұғырда ол көзді алдап тұрды ойланып. Міз бақпайды дегенмен жер айналса Ол да амалсыз барады бірге айналып. Жайламаса жүректі нала тыныш Ол да хақтан мұра боп қалатын іс. Жаратылыс тамырын қозғап еді ол Қозғап барады енді өзін жаратылыс. Парасатты рухпен әрлендіріп, Тұрғызғанда меңдеді нәрден бүлік. Жаратушы өнерін дәріптеді. Ақын жанын қопарған пәрменділік. Жазығы жоқ тасты да қажап бүгін, Табиғатқа көрсеттік тозақ түбін. Ақын рухын бақилық тасқа байлап, Пәнидің де қимадық азаттығын.

1994 жыл. Топан су ...Елдің екі облысқа қарасты шығыс аймақтарын топан су қасіреті жайлады. Хақтың ісі мезгілді сайқал етті. Қалғып кеткен сананы сайтан өпті. Жоғарыға бөгетсіз ел сенімі Жоғарыдан бөгетті жайпап өтті. Жұттан кейін жалт еткен жарық күнді Құшамын деп құлаттық алып мұңды. Мұң бетінде тағдырлар қалқып өтті Каспидегі уланған балық сынды.

Сана суреттері Қырсық болды қазақтың әр қадамы, «Протондай» бастан бұлт тарқамады. Селге айналған бұл топан шерге айналды, Көрге айналған шахтадай Арқадағы. Жанашырлық болғасын жырақ мүлде Боздағыңды жоқтайсың жылап кімге? «Голощекин» сұсы кеп тағы айырды Он мыңдаған түліктен бір-ақ күнде. Табиғат та қызғанып былықты ішкі Ақиқаттың тағдырын құлып қысты. – Жәнтікейдің сұмдығын көрмесін деп Жолдан Боғас көпірін жұлып түсті. Қызылағаш құрсауын көкке ұшырып, Көпірлердің қаңқасын шетке ысырып, Су екпіні басына алды азаттық Пенделіктің ісіне көп қысылып. Жаратқасын билікті «ержүрек» қып, Жамағатты жылаттық, елжіреттік. Снярадсыз талқандап ауылдарды Әділеттің «ақ туын» желбіреттік. Басылмайды шындықтың енді екпіні, Барды ескертті мезгілдің меңдеп мұңы. Жалған шара тарихты көме алмайды Тауысқанмен боздақты жерлеп түбі.... Жасағанмен Ұлыстың құрбандығын, Әр тұсында елімнің ырғалды мұң. Енді білсек кеш емес, Ұлт тағдыры Қыл көпірдің үстінде тұрғандығын.

Аманғазы КӘРІПЖАН Сабырлы бол! Армениядағы бауырластарға бiлдiрген көңiл толғауынан үзiндi. 1988 жыл. Танытты да табиғат оғаш қылық, Ақыреттi шақырды жер асты ұлып. Гүл қаланы қопарған күл қаламен Зiлзаланың тiсiнде таласты үмiт. Жер-ананың жүрегiн жыртып өтiп, Қанатында шаттық пен күлкi кетiп, Жәудiреген көздерден сол мезетте-ақ Ұшып кеттi сан арман пыр-пыр етiп. Амал қанша, шара жоқ айтар әлi... Сабырлы бол, Бәрi әлi-ақ жайқалады. Кеткен есең – садақа... Тәңір бәрiн Өлiге де тiрiге қайтарады. Бауыржанға (Жалғыз iнiм – Кәрiпжанов Бауыржан Әлiмғазыұлының рухына) Жанарыңда тұншығып жарлы ауылың, Сорлы сапар салмақтың салды ауырын. Жыртық ойлар жай болмай менде жүрген Бiр жүректi ықтап ек, жан бауырым. Жүйкесiне арқандап бар азапты Ауыл көшi бетке алды қала жақты. Көздерiнен тамшылап жер киесi Жердiң шөлiн қандырып бара жатты.

Сана суреттері Құзға адасқан жалғыз үй – қыстағыңа Жетпегесiн хат-хабар пұшпағы да Алдырған ем алаң боп, Қала құрғыр Сыйдырмапты сенi де қыспағына. Ауыз сусыз қыстақты жоқ кернесе, Теледидар түгiлi тоқ көрмесе, Алдырмас ем, таусылып сiрiңкесi, Қатынассыз боранға кептелмесе. Алдырғам жоқ озбырлар қан бүрiккен Арамызды бөлсiн деп мәңгiлiкпен. Алдырғам жоқ, Көшкенде қарақшылар Тонасын деп жұрдай қып мал-мүлiктен. Қайда түлiк тұяғы сайда тұрмас? Құмай тазы, қырандар қайда сырлас? Қиялыңды жеткiзбей кеттi ме екен Сен жаратқан тұлпарлар бәйгi асырмас? Озбырлықты өкшелеп өрт қылығың Сыпырған-ед талайдың дерт-тұлыбын. Төрт түлiгiң садақа қолды болған Аман болса нәресте – төрт құлының. Өкiнiшпен жанымды зерлесем де Кеңiстiкке сыймадық мен де, сен де. Жолықпаспыз, тағдырдан табыт жасап, Өзiмдi әкеп өзiме жерлесем де. Заң қалды ма сенi iздеп мен бармаған? Құтылмадым құлқыннан жем қармаған.

Аманғазы КӘРІПЖАН Миығымда мүлгiген Қорқыт көрi, Иығымда қасiрет елдi арбаған. Аңғалдығың алысып үркекпенен, Пенделiкке пейiлдi тiркетпеп ең. Елде жүрген екi аяқ, төрт аяқтың Жампоз едiң тiсiне былқ етпеген. Сақтанып ең қоршаған қасқырдан да, Айдалаға әкеткен тасқыннан да, Өлтiрдiк деп содырлар басқа ұрғанда Тұрып кеттiң ес жиып қас қылғанда. Мал торыған бейтаныс ұшақтан да, Пышақтан да, алдамшы құшақтан да, Iрiден де, iрiген ұсақтан да, Бетiң қайтып тағдырың тұсатқан ба? Биiк едi бойыңдай болмысың да, Биiктiктен тағдырың толды сынға. Нең бар едi жарылқап, орға жықты, Жарамсақтың әлдiсiн, сорлысын да? Ғұмырымның әлсiздеу тынысы едiң, Әлсiретiп барасың, iнiшегiм... Бiр жаралған сенiмен жүрегiмнiң Қақ айырды жүрегiн ұры сенiм. Сүйегiңде тамтық жоқ шайқалмаған, Көкейiңде не қалды айта алмаған? Не сыр қалды булыққан жүрегiңде Мәйiтхана кесiп ап қайтармаған?

Сана суреттері Өкiнгенмен не шара? Өттi бiр сын, Өтпелi өмiр өксiтпей шектi бiлсiн. Елге оралып қуанған өз әкең де Жиырма сегiз жасында-ақ кеттi қыршын. Мезi қылған мезгiлдiң тосқауылын Ысырмақ боп ертiп ем, Тосты ауылың. Елге асықтың, тағдырың жеткiзбедi Қош, боздағым, Не көрдiң? Қош, бауырым!

2001 жыл. Әнеркеге Әнiм, еркем – Әнеркем, Жаным, өлкем – жан өлкем, Қолқанат боп қолыма Қонар ма деп әлi ертең – Ертеңiме сенген ем, Алданыш боп келген ең, Амал қанша емшекте Сүтiң қалды ембеген... * Әнiм, еркем, Сен кеткелi жылдан асып жығылды – Көктеменiң көзiне артып мұңымды Шер мен жасын жер де ақтарды бүгiнгi. Зираттардың сырласпайтын қаласы – Төмпешiктер – Жер-ананың жарасы – Жапсарында мәңгiлiктiң таласы.

Аманғазы КӘРІПЖАН Онда пейiл адамға ортақ болғасын, Мекендепсiң әр сенiмнiң ордасын. Жатсын ба ендi, Жаратылыс қолдасын! Аумин! * Хабарыңды естiп, Әнерке, «Жаным-ай» – дедiм – ..Жүрегiме енген бiр күдiк танымай менiң өзiмдi жұлқып қашқанда, шынтағым тиiп, Сындырып алды аңдаусыз жаным әйнегiн. Шағылды жанның шөлмегi... Табыт ғаламын Шерiмдi жұтар ма екен деп бағып қарадым. Фәнидiң, бiрақ, шерi емес, Шарабы болып, Тағдырдың сынық көзiнен ағып барамын. Кеттiң де, жаным, қасiрет көшiнде жылап, Қабағы түстi сәскенiң бесiнге құлап. Көзiңнен соңғы мен көрген ғажайып әлем Бейiште жансын! Ал, менi кешiрме бiрақ...

1996 жыл.

Сана суреттері Ауылға барғанда

Қозан атаға. Қалада жүріп қазақтың мұңын ескердім. Тағдырым қырсық... Ауылға тағы кеш келдім. Мешітке кіріп, Аралап бітпей бейітті Келмейді мәнсіз қошаметтерді қош көргім... Есте еді атам намазбен кірген ақшамға, Солардың енді ұлдары кепті тоқсанға. Мен кеткенде әлі тумаған жастар жатырқап, Ізет қылмаса, Жүре алар ма едім бақшамда?... Отыз жыл бұрын туыстың бәрі бірге еді. Жартысы көшіп, Қозғады тағдыр іргені. Қалғаны жердің қадірін білді, Бұза алмай Ел деген рух пен кәрілік деген түрмені. Сол баяғы ауыл... Көздерден іздеп көз көрген сырласты таппай, Байқаймын мен де өзгергем. Міз бақпай отыр жер үшін туған асылдар Ауылдан өткен дауылға төтеп кез келген. Келмеске қоймай сағыныштардың ұшағы, Бүгін кеп құсың, ертесін қайта ұшады. Тоңдырды нәубет, жылы жақ, деме, мекенім, Одан да ыстық қарсы алған жұрттың құшағы.

Аманғазы КӘРІПЖАН Кеткесін елден жылы жақ, деме, мекенім, Тоңдырды нәубет, Жылылық менің не теңім? Өртенбей қалсам ел үшін отқа шыңдалып, Сол оттың елге қызуын сыйлап өтемін... Бай қазақтың картасы Қызылорда – жайқалған күрішті алаң, Қостанай да темірлі құрыш далам. Бекірелі Атырау, Ақтау, Орал Қара алтынның нарқымен тыныстаған. Сұлу Көкше мәрттікке жарғы болған, Ақмола да жаралған нәр, құнардан. Кен биігі – мен, десе, Қарағанды, Жер биігі – Алматы, Талдықорған. Жерді Шымкент, Жезқазған, Өскеменім, Түсті метал нұрымен кестеледің. Фосфорындай Тараздың жарқырай бер, Керекулік ормандай өскен елім! Жарқыратса Ақтөбе ақ тарысын, Ақтылы қой – Семейдің ақпарысың. Дәнге оранған Қызылжар, Арқалық та Әр халықта болмаған мақтанышым. Өткен ғасыр наласы Термеден үзінді Мен Абаймын – қоғамға қырсық ақын, Жамбыл да мен – құр төккен жыр шұбатын, Мұқағали, Жұмекен, Төлегенмiн – Өз отына өртенiп тұншығатын,

Сана суреттері Қаныш та мен – алданып барды ақтарған, Әлкей де мен – «архив» боп зарлап қалған, Мұхтар да мен – қолынан Құнанбай боп Тарихыма ғаламдық сор қапталған. Мұстафамын – жоқтаған елiн шетте, Димаш та мен – айналған көңiлшекке. Амангелдi, Қара Оспан, Қайрат та мен Жаны амалсыз бұйырған келiмсекке. Шәкерiм боп ойдан тыс ойға кеттiм, Күләш боп та түнекте сайрап өттiм. Қажымұған ем – амалсыз Ресей болып Алып ұрып ғаламды қайран еттiм. Әлиямын, Мәншүкпiн – жан ұсынған, Өз Түрiкпiн – елiнен сағы сынған, Шығанақпын, Жазылбек, Ыбыраймын – Елiм қызық көрмеген табысымнан. Ұлт тұғырын кеп едi биiктеткiм – Әлихан боп, Ахаң боп күйiкте өттiм. Сәкен, Мағжан, Iлияс,Бейiмбет боп Ұрпақ үшiн жанымды қиып кеттiм.

Сұлтанмахмұт, Сәбитпiн – қыршын едiм, Жаяу Мұса атандым – күрсiнемiн. Мұхаметжан, Жүсiпбек, Мiржақып боп Ғұмар боп та мезгiлден түршiгемiн. Халел, Ораз, Ұзақбай, Тұрар, Жанша, Темiрбек пен Сымағұл шығар қанша? Зұқа, Тоқаш, Бекболат – бәрi де бiз, Тiрiлмеймiз әдiлет құп алғанша. Аманғазы КӘРІПЖАН Қасым боп та күншiлден құр қамықтым, Иса боп та мұңымды жырдан ұқтым, Рақымжан боп еленбей тiккен туым, Бауыржан боп бәрiнен құр қалыппын. Әмiре боп әлемдi мұңсыз еттiм – деушi-ем, бiрақ, Шәмшi боп құнсыз өттiм. Тағы кiм боп? – Түгендеу мүмкiн емес – Шырмауынан тiрiлдiм мың сүзектiң.

Тiрiлмеген көп әлi, бiрақ та, арман, Кiмге керек өлгесiн құр ақталған? Оятпа ендi қалғанын, Тынықсын деп, Қорғай алсақ сұрқия сұрақтардан. Жауынгер Қасым Қ.Аманжоловқа Қантөгіске салмаса хақ сынағы Мысын оның күншілдік жатсынады. Мәжбүрлеудің шегіне жеткен ақын – Нәзіктіктің бұлтартпас нақ сынабы. Науқас еді, кетпеуге жоқ талабы... Соңғы демі ел үшін аттанады. Жаны адалда болмайды бүтін жүрек, Соғыста да бұл аздай оқ талады. Бақталасы қуса да бауыр дескен, Дауылпаз боп қайтты ақын дауылда өскен. Өзі бармай, оны айдап сытылғандар Бір сынақтан қағылды дәуір кешкен.

Сана суреттері Қирағанда ақынның оқтан іші, Оқпен ішке сананың өтті ағысы. Жан толғағын жаһандық үрей қозғап, Туды әлемнің тарихта жоқ намысы. Күллі әлемдік соғыстың сайтаны елді Іріте алмай, сананы шайқап өлді. Күллі әлемдік рухты алып, еліне ақын Күншілдікті тықсырып қайта келді. Құтқарғанда әлемді текті ақыны Әлем сыйған қаланың тепті «ақылы». Астанаға сыймайтын алыптығы Ақыретті әурелеп кетті ақыры... Тепкісінен тәлкектің текті көріп, Кектің ащы жасына кеттік еріп. Мәңгіліктің құшағы сыйдырмаса, Бақиды да бар мен жоқ кетті керіп... Заманбек, Алтынбектер... Әділеттің құлы едім, қаны – қазақ, Сондықтан да кемірді қалың азап. Мақтау, даттау болғанмен жаныма жат – Шешімі жоқ зұлматтың бәрі ғажап, ...Соңғы демі шындықпен қатар ұшқан, Ғайып болды қанатты екі арыстан. Өлмес еді... Мезгілді қисынсыз ғып Жаратпаса Хақ деген қатал ұстам. Әділеттің ығына бой жасырып, Барасыңдар, боздақтар, қайда асығып?

Аманғазы КӘРІПЖАН Бір-біріне «пас» берген ойыншылар Бүгіп қалды шындықты айла асырып. Көзқарастар таласа әр тұсыңда Өлшенбейді шындықтың нарқы сында. Екі арыс та жалғады тарих көшін Бітіспейтін топтардың талқысында. Басқан ізін шаң емес, нала көміп, Тоқтатпады жорығын «қара көлік». Тірі әділет тірліктен тұрақ таппай Арыстардың көзінде барады өліп. Пенделігі жоқ қазақ әуелде түк Енді өзіне жармасты, Жау ел кетіп. Уақыттың тағы да есі ауысты Адам жанын нарыққа тәуелді етіп. Бастан шіріп, мезгілді жылатты алаш. Елім қалды жауапсыз сұраққа мас. Ақиқат та, жалған да енді осылай Ақыреттің көзіне тұрақтамас. Малайсары бидiң Сырымға берген батасы Атойлап айбынды ойы қын iшiнде, Теңселiп зiлдi тарих күлiсiнде Атақты Малайсары ер Сырымға Былай деп бата бердi тiрiсiнде : Армысың, кие қонған Даттың ұлы ! Қозғайтын көкейiмдi таптым iнi. Сұсыңмен көтерiлiп ат дүбiрi, Мысыңмен шайқалыпты тақ тұғыры.

Сана суреттері Тананың жөн сұрадың нарқы аманда – Мен емес Қарақұнан, Қалқаман да, Бессары, Жиембеттен, Ахметтен Таппайсың Асан атты алқадан да. Қараман – тегiм, бiрақ алаш едiм, Халқымның жазылмаған жарасы едiм. Сен айтқан қызымыр да, қыдырма емес, Бiр елдiң қазына қарт данасы едiм. Қанағат орнасын деп ел iшiнде, Ең алғаш жiбiгенiм сен үшiн де – Қайтарып он төртiңде ердiң құнын Әлiмдi тоқтатыпсың келiсiмге. Жаманнан жақсы туса сүйiндiрдi, Жақсыдан жаман туса күйiндiрдi. Ер құнын жаста жайсан дауламаса, Жастықтың құны болмас тиын құрлы. Қазақтың ымырасыз тiрлiгiне Тосқауыл өздерiңмен кiрдi, мiне. Намысың жат қолында кетпес үшiн Жаршы бол қарайғанның бiрлiгiне, Аумин! – деп жүрегiне сол құжатты Таңбалап батырды би жолға ұзатты. Қарт тарих қиялына жалау болып, Желбiреп бара жатты жалғыз атты.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жiбек жолы (әнi бар) Маңғаз дала миықтан күлген, Мұң көңiлдi жұлмалап ашып, Үмiт тербеп ұйытқан жырмен Көш келедi ырғала басып. Тәңірiне таңданатындай Босқын күдiк меңдеп барады. Бөз артылған нар ғана тынбай Боз даланы тербеп қалады. Көш қарасын қаңғыртты шағыл, Төгiледi лаулаған аспан. Ақша құмның албырт құшағын Ақ сағымдар қаумалап ашқан. Iзет қылып iзгi алғысқа сыр, Аңғал арман күлiп қарады. Керуендей мұз жарғыш ғасыр Тас тарихты тiлiп барады. Қаратаудан қап-қара шеру Қарауытып, Сырға беттеген. Жол қожасы жатқа да сену – Жұмбақ шығар жырлап өтпеген. Боз інгеннің кермегін еміп, Боздайды әлі бозарып аспан. Бағзы дәуір керуеніне еріп, Барады өмір базары қашқан...

1989 жыл. Сана суреттері Ақсуат (әні бар) Ақша бұлттан әрі асқан, Ай жұлдызбен таласқан, Тарбағатай – құт мекен Ынтымағы жарасқан. Көңілдері тұп-тұнық Елге бітсе мықтылық. Жатыр далам ғаламға Тектілікті ұқтырып. Пейілдері – ақ шуақ, Суаттары – нақ шұбат, Жарқырай бер, қазақтың Иісі аңқыған Ақсуат. Жадыратқан тірлікті Базар, Боғас, Кіндікті, Қарғыбаның бойынан Түлейді екен кіл мықты. Сыр жасырған әр тасы – Бөртостаған жартасы – Ғаламда жоқ даламның Тәңір таққан алқасы. Береке мен бақ, қуат Дарыған жер Ақсуат. Сенде өткізген бір күнім Мың күнімнен жақсырақ. Қыз жаралса намыстан, Ұлы – кілең арыстан, Қазақтығын сақтаған Біздің дала данышпан.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жат көңілін жықпаған, Жарастықты құптаған, Амандасқан қонағы Ауыз түймей шықпаған. Қажытай ағаға Ноқта сырын ат түгілі, айғыр ұқты, Бұл ұғымның жібіне тай да ілікті. Танытса да аламан сәйгүлікті, Танытпайды кейде оған сай қылықты. Намыс қана илікпей қамшыға әлі, Ар көзінен ақиқат тамшылады. Әділетті мысқылмен аршығалы Тұяғыңа оралып шаң шұбады. Болмағандай жадырап мұндайда түк, Жаның жырдан жатса да мұң қайнатып, Сұлу саздың көзіне күнді ойнатып, Қиялыңды жаңғырттың сырнайлатып. Дәл осындай мұқалмас дені мықты Жампозына жалғаса ел үмітті, Жүйкесімен қайыспай көтерсін деп Берген шығар Тәңір де серілікті. * Сәнi кiрсiн деп жыр атты жұтаған үйдiң, Жыртығын жамап өзiмше, отын көседiм. Көз – дариясына шомылып Мұқағалидың, Көңiл саумалын сiмiрсем, өкiнбес едiм. Көңiл – айнадан құлпырып сылаңдайды арман, Сылаңдай қалған бұл елес тұмандай жалған. Жерлемек едiм жүрекке, еш шығармай жолдан, Жаңғырық тамып санама шыдамды ойлардан,

Сана суреттері Мәңгiрiп барып жидым да ес, жылауға айналғам, Үскiрiк мұңның ұлпасы қылаулайды алдан... Дерт пе бұл жұққан Фариза, Тұманбайлардан?! Жанарымның жарығы мың тiрiлдi Ақын Несiпбек Айтұлына Сескендiрдi шаңдатып шабыт көптi, Құмырасын тарихтың шағып төктi. Нес-ағаңдар адасып жүрегiнен Қозғалысты сан мәрте қағып кеттi. Күн орнатып қуанттық тесiп көктi, Мәңгiлiктер жөңкiлiп көшiп кеттi. Сәулесiнен шабыттың құрастырып, Жинады өмiр қаншама Несiпбектi. Қайта-қайта көтерiп кiрпiгiмдi Жанарымның жарығы мың тiрiлдi. Мұңаймас-ты дүние сiздей бәрi Жамап жатса жанымен жыртығымды. Ақын досыма

Бағдат Телтаевқа. Өлеңдi еркiн игердiң, Өнер дертiн сый көрдiң, Еңбек деген күйбеңнiң Ептiсiне үйлендiң. Ғылымның да бiр қамы Бiзден сенi ұрлады. Бiр сұлуға сүрiнiп, Болдың сезiм құрбаны.

Аманғазы КӘРІПЖАН Күйбең деген құмалақ Баратса да дұғалап, Менi де ескер, Жастықтың Әйнегiнен сығалап. Асқар Егеубаевқа Биіктерді қылғытқан аласа мұң Жанарында мертікті ала сағым. Қиялыңа өзіңді жайғастырды Аян беріп Қашқари, Баласағұн. Сеніміңді сақтарға сауыт қылдың, Түркіліктің түбіне сауық құрдың. Тарих кезген жорықтың соңғысында Мәңгілікті ішінен жауып кірдің. Құлыптарға тұншыққан ғұрыптардың Есі кіріп, жеткенде сұрыптар күн Ақиқатты қызғанып пенделіктен Тасасында дәуірдің тұрып қалдың. Пәни, бақи өлеңнің шеңберіне Сыйып кетсе – шыққаның сен де өріне. Көп зерттеп тарихты, енді өзің де Сол тарихтың іліндің шеңгеліне.

Сана суреттері Әулие Сенер-сенбес тiршiлiк, бiрақ та, оған Ел ойлаған көп қиял – сұрақ маған. Сенбесем де, сиқырға тағзым еттiм Дәрменсiздер ойына тұрақтаған. Жоғалсақ та тарихқа бiз ғұрыпты, Жiбiтуге тырыстық мұз құлыпты. Санамды әлі уақыт қамшылайды Бар мен жоқтан іздетіп iзгiлiктi?... Айтыстағы «Хайләйлім...» Тепкiлеп сахна емес құлыпты мұң Бұзды да ашты есiгiн қылықты күн. Тепкiлеп жеңiлiстер тосқауылын Жеңiстi жарқ еткiздiң жұлып бүгiн Шабыттың ағыт тағы шүрiппесiн! Тепкiле еденге аяқ iлiкпесiн! Тепкiлеп уақыттың тозаң басқан Санадан сырғыт тағы сiлiкпесiн! Талаптанға Миығында мүлгіген ұлық арман Пәни, бақи арасы – ұлы қорған. Құбылыстар ішінде ұры жалған Іштарлығы мәңгілік тірі қалған. Шұғыладан туды өмір қарап таңға, Таң сабыры жайқалды тарап қанда. Қиғаны үшін нұрлы өмір Талаптанға Жаратылыс алғысы жаратқанда....

Аманғазы КӘРІПЖАН Балаларға ат қоямын енді өзім… *

Аружанға.

Үйдегі ерке тұңғышы мен соңғысы, Ал,баланың ортаншысы көнбісі. Олжаға екеу таласқанда, Саяқтау Ортаншының жоқ амалсыз онда ісі. Ортаншыға жанның сыйлап бесігін, «Жанөлке» деп қоймақ едім есімін, Бұл атты ұқпай жатсынды ма әулетім? «Аружан» деп түйді өзіндік шешімін. Бұл да дұрыс, Бірлікті ұрпақ үлгі етсін, Ойлары ұқсас нәзік жандар бірге өтсін! Саналармен сыйыспаған баз кешіп, Саяқ ғұмыр тек менімен бір кетсін! *

Бауырғазыға Жүрегімде бықсып жатса білте-мұң Жанып бітпес шерді қалай іркемін? Марқұм інім – Бауыржанның «бауырын» Өз атымның «қазысына» тіркедім. Сен де солай «Бауырғазы» атандың, Сөне алмаған сорлы шақтан от алдың. Енді сенің табаныңның астында Қош айтысса жарар еді қатал күн... Сана суреттері Жөргектенмін жаратылыс жаншыған, Жаратылдым шерге толы тамшыдан. Сыбағам да бұйырғасын қамшыдан, Ниет те көп түбі құрғап қаңсыған. Өссең, ұлым, өзегімнен от күре, Әділеттің анты болып көк тіре. Саған мені көшірсе де тәңірім, Тағдырымды көшірмесін деп тіле!.... Нәресте жайлы түс

Ауылғазыға «Тартынба,ғұмыр, тартынба! Намысы биік нар тұлға Жалғасып келеді артымда, Назар сал, мынау мәрт ұлға!» Үміт пен күдік тұрса улап, Түсімде туды бұл шумақ. Қалғанын есте қалдырмай Көзімнен ұшты жыр шулап. Оянып түсті өшірдім. Қиялға сосын көсілдім. Жорытпай енді ешкімге, Өңіме келді көшіргім... *

Жанөлкеге Кіршігі жоқ болмысыңнан, қарашы, Ғайып болды көңілімнің наласы. Мендей әке – бес баланың панасы, Қойса атыңды кімнің болар таласы?

Аманғазы КӘРІПЖАН Затыңа сай қойсам атты, еркешім, «Жанөлкем» боп, жүрек қылын шертесің. Мен, өйткені, таныдым да таңдандым Сенен көріп өз жанымның өлкесін... *

Азатжанға Тұтқын ойдан азат қиял самғайды, Оған мінсең қиял да азат болмайды. Қыз болсаң да Азатжан деп ат қойдым, Ықылас та ізгілікті жалғайды. Ғасырлардың тасасынан құлшынып, Еркіндікке тәубә дедік күрсініп, Бақида да пендеге ерік бермейді Бір Құдайға құлшылық. Азаттықтың тойы үстінде туған қыз, Тойды тарих көз-жасымен жуғанбыз. Бодандыққа бой үйреніп кеткесін Баста ерік бар ма, жоқ па, – «Думанбыз»... * Жансәулеге Айсәуле атаң оққа ұшты, Сұм соғыста ерледі. Жания апаң кек құшты, Жарын күтті, келмеді. Бірін-бірі аңсаумен Болмады үміт нақ тұрақ. Саған қидық, Жансәулем, Екі есімнен ат құрап.

Сана суреттері Өз атаң да шырқаған «Жансәуле» әнін ескеріп, Нағашыға бұл қадам – Болсын дедік естелік... Алтын емел Жел еріктен айырса құмы сабыр Таппайтұғын тұрақсыз тірі шағыл. Арасынан жүйткіп жүр жан бітіріп Тарих деген ұлы да ұры сағым. Құбылмалы пәнидің серуені – Кескілескен намыстың шеруі еді. Тұнып қалды Жетісу тағзым етіп, Тұрып қалды Шоқанның керуені. Ғарыштың да намысты нарқын емер Тұрып қалды бір асу даңқы кемел. Жел еріктен айырып құшқан сайын Құм бүркене жығылды Алтын емел... Мәңгiлiктiң көзiне тұрақтасын

Бейбiт Құсанбековке. Төтеп берген боранға кiл мықтының Тұрағы едi – жағасы Кiндiктiнiң, Көмейiне тарихтың тұрып қалған Бөрiтостаған көзiнде шындық мығым. Бұл ғажапты бергесiн жұлдыз-ғалам Жұмбақ болып түледi Ырғыз бабаң. Сол өлкенiң ғарыштық киесi едi Пенделiкке жаныңды бұрғызбаған.

Аманғазы КӘРІПЖАН Мәңгүрттiктiң тазалап талай түбiн, «Тiл» күмбезiн шындықтан қалайтұғын Көрермендi үйiрген экран да Кейде өзiңе жымиып қарайтұғын. Қыл өткелi тағдырдың құлатқасын – Қылығына фәнидiң сұрақ басым... Экранға сыймаған бар қиялың Мәңгiлiктiң көзiне тұрақтасын! Қызылкесiкте Отау тiгiп ұлдарың, Қызылкесiк, Ошақ құрды дегенмен қызың да өсiп. Табан тiреп тоқтапсың мұң тiрлiкке Тауқыметтiң тағы да сызын кешiп. Мезi мезгiл қиналды мың ойланып, Мұң көзiңде толқыды лайланып. Жарты қойың – жартылық... Жанармайсыз Арбаның да оралды күнi айналып. Шамасы жоқ кетуге қызың қолдан Оқу қуған түлектен үзiлдi арман, Ет пен жүнiн арқалап кемпiр-кешек Тiрнектеп жүр тiрлiгiн ұзын жолдан. Шабындықта шалғы ұстап терлегендер, Жалақы алып теңгемен көрмегендер, Қиянатты қиялмен жерлегендер! Сендерсiңдер – ел үшiн ерлегендер Сендерменен қажымас ел – кемеңгер Үлкен түгiл, бауырмал жас баласы – Қызылкесiк – бiрлiктiң астанасы.

Сана суреттері Жер киесiн көтерген төзiмдiлiк Болсын тағы ерліктің бастамасы. Шет Боғастың суындай бөлшектенiп, Тауқыметтi тартса да ел шеттелiп, Ауыл көшiп жатса да жүрген жерде Рухымызды мезгiлге өлшетпедік. 1995 ж. Тарбағатай жотасы

Дәулетке Суырлы тау – байлық бұл сыры басқа, Cуыр өзiн байлық деп жылымас та... Iн iшiнде шыңғыртса үрей бәрiн, Алапат тау суыр боп ұлымас па? Сен де, Өкпетi, биiктiң бiр сiлемi, Құшағыңда ғасырлар күрсiнедi. Жан дертiңдi сездiрме, Сезiп қалса Ажалдың да жүрегi түршiгедi. Жынды мезгiл о бастан қасыңда ерiп, Сұқтанса да рухың жүр – басың берiк. Ақ шашыңнан сипалап бұлт жылады, Мың жылаған Боғастың жасын көрiп. Дидарында ызғарлы күлкi бекiп, Жер де айналып барады шырқы кетiп. Тiк мүйiздi шыңдарың бiрге айланды, Кеңiстiктiң кеудесiн жыртып өтiп. Тiрi тарих – сендерсiң, қарлы шыңдар, Жыртқыш фәни өршiткен қарғысың бар,

Аманғазы КӘРІПЖАН Қарғысыңа қайралған аң-құсың бар, Сыр алдырма, тағы айтам, арлысыңдар, ...Армысыңдар! Парасаттың жалғасы емес пе едік...

М.Тәшеновке. Түнекте де түлігі өрістеген, Ұлттық рухы тілдескен періштемен, Тектіліктің тұғыры – Тарбағатай Тумасынан айырылды Мелс деген. Қоштасса да жамағат қайғырып тым, Шамшырағы сөнбесін бойда үміттің. Тарихымнан сұлтандық рух дарыған Тұяғы еді ол қанатты сәйгүліктің. Қимады Алла бізге де сүйікті ұлды, Тұғырды оған мәңгілік биік қылды. Бұл пәниге сыймаған құдіреті Шексіздіктің шегіне тиіп тұрды. Тосын хабар жалғаса жұрт құлағы, Көзді нөсер, көңілді бұлт қылады. Шексіздіктің шегін де қақ айырып, Ізгілікті жаудырды ұлт қыраны. Біздің тағдыр өзара сабақтасты, Бал дәуренді жетімдік тонап қашты. Қиындықта қол ұшын берді ағамыз, Бәрі де өтті, Уақыт қабақты ашты. Жетімдікке қолды боп нәрестелік, Болашаққа «құрдымнан» елестедік...

Сана суреттері Біз өлмедік, Өйткені, мәңгі өлмейтін Парасаттың жалғасы емес пе едік?! Көктөбе Салды арманшыл көңiлiм отқа елегiн, Әйтсе де елден, сағыныш, шеттемегiн. Байыз таппай Боғастан балалық шақ, Кеткен қуып балығын Көктөбенiң. Өзен – тарих – Көктөбе өр тынысты, Қан жұтып сан, қайғының өртiн iштi. Балалығым сүңгiген тұңиыққа Ендi үңiлiп қарасам қорқынышты. Өскен сайын көңiлiм биiкке алаң, Тереңдiктi амалсыз қиып барам. Қашықтықтың арасын дүйiм көрмей, Кеңдiгiне жанымның сыйып қалам. Тұңғиықты қалдырсам бекер ұмыт, Жұбата алмай тарихты кетер үмiт. ...Астаналық Көктөбе жотасына Аспа жолмен барамын көтерiлiп.

1982 жыл. Майлышат жотасы (Екi түрлi аңыздан) 1. Ұялшақтап жел жұлқыса еңiстен Тау да етегiн қымтай түстi егiспен, Гүлдiң лебi жасырынып мұрныңа Кеңсiрiкпен, кейде ойыңмен өбiскен,

Аманғазы КӘРІПЖАН Көрмегенсiп бұлтқа кiрген Ай құсап, Ғашықтарға сыйлап келген жайлы сәт, Боранбай мен қалмақ қызы отасқан Махаббаттың мекенi едi – Майлышат, Ер тойында жеңiс тербеп жер-көктi, Майлы шат боп малдың майы селдептi. Май тұтанса тарих талай алаулап, Шұғынықтың қызыл шоғы сөнбептi. Май төгілды биікке де, жыраға, Мал шығыны құрбандык па, Күнә ма?– Малды аямай жанды аяған жараннан Парқы жұмбақ хақтың ісін сұрама... 2. Кеудесiнде қалғып кеткен кешегi Бiзге жұмбақ – шерлi тарих есебi... Майлы батыр қорғағасын жоңғардан «Майлышат» боп атаныпты деседi. Алақ қойнауында Қызылдарға тақта орнатып үлгiрдiк, Үлгiрдiк те тiлдi тiстеп дiлгiрдiк. Ел намысын алма кезек жаншыды Тәңір берген бiлместiк пен бiлгiрлiк. Қыр астынан әрiлi-берiлi жұлқынып, Қызыл таңның басы кеттi қырқылып. Қызарақтап тiл қата алмай тарихқа Қызыл iңiр қынға кiрдi қылқынып. Жөргегiнде жаралы өмiр тұралап, Өз тағдырын жұбата алмай тұр Алақ.

Сана суреттері Көк аспаннан өзiн iздеп сығалап, Көк туыңды боямақ боп әр түске Тасада жүр кемпiрқосақ – сұғанақ. Шешемнiң жауабы – Шеше, жасыңнан сенiң «Тыныштық» деп атыңды атасам да, есейе келе не дерiмдi бiлмей өзiмнен өзiм қысыламын. Неге басқаша үйретпегенсiң? – Әкесi бар баладан қалыс қылман, – Деп сенi атаң өз атына ауыстырған. Менi әу баста ол сезiмтал жүрегiңе «Тыныштық» деп, жеңгең деп таныстырған. Еркелеттi жан атаң, Аптықпа ендi, Орынды сөз, оқасы жоқ түк те ендi. Қайтқан-ды атаң, Әйтсе де, балаңмын деп Айтпауың да жаныма шаттық бердi. Iлтипатты бүркеген өкiл есiм – Құлақ нәрi, несiне өкiнесiң? Көрген көзге қысылмай қайталай бер, Жақсылықтан басқа жұрт не тiлесiн? ...Сұрапыл жыл сұрынан сұс төгедi, Жер-анаға ентiге тiстенедi. Қуаныш пен қайғының тасасынан Бiздiң үйге бiр хабар түскен едi. Қаралы хат... Үмiттер әлi өшпедi.

Аманғазы КӘРІПЖАН Суға кеттi дей ме екен жан ескегi? Ерсiз қалған анамды жұбатқан да Сол кездегi шыр еткен нәресте едi. «Шалшығында қайғының әмiр кештiк, Кеше тұра өзара «сабыр» дестiк, Ол iңгәлап, сен қоса жылағанмен Азалы үндi жарытпас Тәңір де естiп.» – Деп тоздырып жұрт күн-түн есiгiмдi, Тоқтау айтып шешеме неше үңiлдi. Жеңiс лебi ескенде тыныш елге «Тыныштық» деп қойыпты есiмiмдi. Сұр далаға сұсты елес қош дедi де Содан мәңгi келместiң көштi елiне. Өкiнбе, ұлым, сондықтан «Тыныштық» деп, Ана ұранын қайталап өскенiңе.

1985 жыл. *

Шолпан апа рухына. Сары далада соқты боран апта бойы тоқтамай, Сергелдеңге түсiрмесе жарар едi көптi олай. Алматыдан ауыл деген ұлы ошаққа жеткенде Сырттағы аяз сыртта тынып, жан дүниеме соққаны-ай!... Туыс көшi қозғалды ма? – түн қойнына көштi iңiр, Алдынғы топ озған сайын артта әлсiреп өштi нұр. Қимастық та бiрге кетiп баратқасын сендермен Сыйластыққа сабыр еткен ұрпағыңды, кеш, ғұмыр!

Сана суреттері * Марқұм Махамбетов Мақсатқа. Алатауды бетке алып жырақта әсем Ақтөбеден кетсең де жылап бәсең, Қайта оралдың сағынып. Көргенiңдi Жеткiзе алмай жатырсың бiрақ та сен. Iзетiне iлескен iрi сенiм Сен тiрi едiң, Тiрiнiң тiрiсi едiң... Аңсап келген елiңнен азалы топ Қайда әкетiп барады, iнiшегiм? Жеткiзбеген сорлы ажал көзге елесiн – Жиырма бес жас шықпаған боз белесiң. Сенi iлдi де Жұртыңның көз-жасына Кеттi тағдыр жүйткiтiп өз кемесiн. Балаушы едiм алтынға әр iзiңдi, Қол қысқарақ... Қысқаның бәрi жынды. Күйеу жұрт деп өзiңе пайғамбар боп Жарытпаппын өтеп те парызымды. Тiрлiктенбiз, амал не, айтары – мұң. Сұрап келмес ажал да – сайқал ұғым. Жоқ, ол да бiр сын шығар заңы басқа Қияметте бiр өтейтiн қайтарымын.

Аманғазы КӘРІПЖАН Бесмойнақ мектебiнiң түлектерi

Досым Бектұрсынға. Жиырма жылда кетсек те бiз де есейiп, Iзгi арманның соңынан iз кесейiк. Балалықтың бiр сәтiн еске алуға Бесмойнаққа келiңдер, жүздесейiк! Жүректе өскен сезiмнiң түйiр дәнi Жанарыңда жайқалсын, Жиыл, қанi, Бұғымүйiз, Жетiмсай арнасымен Қуаныштың тағы да құйылды әнi. Толқындардың көздегi белесiне Қалқыған ой көңiлдiң кемесi ме? Жиырма жылдың табы жүр тайғанақтап Балалықтың бiздегi елесiне. Бiр топ едiк, Бiр ауыл жалғастырып, Бал күндерге жеттi ұрпақ малдас құрып. Жиырма жыл да тарихты жасайды екен Буындарды буынға алмастырып. Балуан досыма Қазақстанның спорт шеберi Халық Қожахметовқа. Әй, балуан досым-ай, тым аңғалсың, Қадiрiңдi бiлгендер сыр аңғарсын! Бiлмегендер сан мәрте сүрiндiрдi, Жолда қалса аңғалдық – «күнәң» қалсын!

Сана суреттері Мейiрбан қып жаратса сүйектiнi Өктемдiктi сiлкидi жиi екпiнi. Қанжар да кеп кеудеңдi тесiп өттi, Тәңір, бiрақ, сақтапты ниеттiнi. Досыңды ұрып, намысты ел жерлесе де Жүректiлер дәл сендей селбесе ме? Сонда сынған аяқты елемепсiң Жылдар бойы қалпына келмесе де. Балконынан қыздардың мен де құлап, Емханадан тұрғыздың демде жырақ. Қайыр – сауап дегенмен қадiрi жоқ Аңғалдығың қауiптi, Емде, бiрақ. Той көкесi – үйлену (әзiл) Бесiк тойың өткенше Тiл мен көзден қорғанып, Қоныстойың жеткенше Қаңғырасың, ол да анық. Тұсаукесер – ол да мұң – Жiп аяқты қысады. Сүндет тойда молданың Қорқытады пышағы. Мерейтоймен жаңғырып Жылдар жылап көшедi, Ал, үйлену – мәңгiлiк Тағдырыңды шешедi.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жас шаңырақ иелерiне тiлек Жас шаңырақ! Қабыл алсаң бiр тiлек – Қалса аңдамай жандарыңда кiр түнеп Сол пәленi қабақ шытпай сол сәтте-ақ Алған дұрыс бiр-бiрiңнен сiлкiлеп. Сендерсiңдер – екi ауылға бiр өткел, Киелi елдiң бiрлiгi етiп түлеттi ел. Сыртқа естiлiп ыдыс-аяқ сылдыры Ауырмасын ақ сүт берген жүректер. Ренiш түбiн сабыр ғана қозғасын, Сәби келсе жүйкесi оның тозбасын. Не сәтте де айырылмауға мәжбүрсiң Екеуiңдi бiр-бiрiңе жазғасын. Жеңе алмаса мiнез деген еркенi Қырсықтының өзiне жау – ертеңi. Бет жыртыспай кiм сабырға жығылса Сауап – сонда, Өрiстейдi ертеңi. Берсе де Алла үйленуге кеңдiгiн Жаратпапты екi адамның теңдiгiн. Үй болудың заңы да ендi – Сабырмен Жеңе бiлу бiр-бiрiнiң кемдiгiн. Бұ дүниеден бiрi кетсе дәм құрып, Қайта үйлену қиын да емес таң қылып. Ұрпағын да өгейсiткен жұртынан Ондайларға тозақ оты – заңдылық.

Шын сүйсе егер дәнеңе емес қалғаны, Мойытпайды тұрмыстың да салмағы.

Сана суреттері Ең бастысы – бiр-бiрiнiң аңдамай Көзiн алдап адаспаса болғаны. Сұлулықтан сорлайды адам сорласа, Берiк болсаң, Қатерлi емес ол да аса. Ал, махаббат қорқынышты Тек сонда – Бiр-бiрi үшiн қызғанышы болмаса. Жүректi жұлқылап барып, Ойды үмiт шырқыратты анық. Жанның сен кiлтiн ап қалып, Санамды жүрсiң ақтарып. Өттi ғой өмiр нөсердей, Жеткейсiң алқынып, арман! Мәңгi, әйтеу, көңiлде сөнбей, Найзағай жарқылы қалған! Жанарыңнан жарқ еткен жарылыстың Жұттым дағы жалынын, жанып ұштым. Қиялымның отына аңдаусызда Өртеп аппын тамырын сағыныштың. Дәрменсiздiк шексе егер ылаңға айбат Жалғассын деп жүрекке шыдам, қайрат, Сүңгимiн де өзiмнiң көз-жасыма, Тұнбасы боп намыстың шығам қайнап. Көкейiме шешусiз сұрақты iлген, Қылығыңа мырс етiп жылап, күлгем.

Аманғазы КӘРІПЖАН Жылап тұрып жайдары сезiмiме Аспанымды аяусыз құлаттым мен. Уақыттың безбенi сенiм емес, Аққу – елес, көздегi көлiме көш. Кеш күнәңды, Сынын кеш тағдырыңның, Болса менен қателiк, менi де кеш...

1989 жыл. Сезімнің асау ермегі Шұғыла жүзiң алауын шашып нұрлана Көздерден таса қарама, деушi-ем, ұрлана, Бала едiң әлi, Екеумiздi өртеп аңдаусыз Кететiн болды-ау алдамшы сезiм бiр ғана. Өзiңе сенсең құша бер онда, Құш тағы... Қанатты бiр күш көзiмнен үркiп ұшпады. Шекараң жаққа қолымды қозғай бередi Алданыш деген төзiмнiң асау дұшпаны. Құрыққа түстi құтылам деген талпыныс, Жетелей бердi адаса жеткен алқыныс. Тiлiмдi сенiң тiлiңе жалғап, әуелде-ақ, Ақылыңды емiп қойған-ау сиқыр тартылыс. Сиқырлы бiр күш сабырға қылыш сермедi, Ағалықты да, балалықты да «жерледi«. Жерлеген сайын сезiмнiң ессiз отына Лақтырып кеткен махаббат неткен шерлi едi! – Лақтырды дағы тағдырға ырық бермедi... Солай да солай...

Сана суреттері Бiр сәтке сосын басылып, Көзiңнен бәрi өкiнiш болып селдедi, Қатерлi-ең неткен, сезiмнiң асау ермегi!... Жанарға Шашқанда көзім көп ұшқын Өзім де содан шоқ іштім. Қоңырси түскен көңілдің Көгінде саған тоғыстым. Құлдырай түскен ғұмырдың Құрығы түсіп жығылдың. Тектіден қалған түбірдің Тасасын тауып тығылдың. Жұлынып біткен жүректің Жұлыны болып дір еттің. Жүрегі болып жарқ етіп, Жұмақтың нұрын түлеттің. Малданған менің мастығым, Алданған сенің жастығың... Мендегі ағыс мұң ағыс Болғасын бәрі пәс бүгін... Сенiң жаның не бiлдi? Сен де өзгемен нұрланып, Сол кезде мен жынданып, Арамыздан махаббат Баратқанда ұрланып, Сен де алаңсыз тойшылап, Мен де амалсыз ойсырап, Арамызды тағдырлар Баратқанда қайшылап,

Аманғазы КӘРІПЖАН Мен бұлқынып қынапта, Сен жұлқынып жыраққа өртесең де, намысым Өртенбедi, бiрақ та. Менiң жаным егiлдi, Сенiң жаның не бiлдi? Мен жыраққа жерледiм Сен жылатқан көңiлдi. Жалғасы бар тойымның Айбынды еңбек аптаппен жұлқыласып, Қуанышқа кеткендi шырт ұласып. Тұңғышыңның, жан әке, құрметiне, Тамыз тойы дүрлiктi шұрырасып. Шөп науқаны шақырып тұрғанда алдан, Жанарыңнан жәудiреп тұнған-ды арман: «Ұлым мектеп есiгiн ашқалы отыр. Қайтып келiп шақырам кiм бар қалған?» – Дедiң де әке ұзадың жолға асығып, Тоқтата алмай шарқ ұрды алғаш үмiт... Ертесiнде табиғат қайғы „келдi, Тойға әкелген шашудың жалғасы ғып. Қоштаспап – ек, Қоштасу құрсын әрi, Жиырма сегіз жас деген қыршын әлi Бәлкiм, маған Зайсанның тұнығынан, Мөлдiрлiк, пәктiктi iздеп жүрсiң әлi... Қайғы азуын итерiп тiстеп алған Қызың келдi өмiрге iште қалған.

Сана суреттері Көздiң жасы қопсытып күйген бақты Армангүл боп гүлдедi iштегi арман. Қырсық бiрақ, күшейдi қаталданып Қай бағытта жалғамақ сапарды анық...? Армангүл де жыл өтпей тым асығыс Әкемiзге әкеттi атамды алып. Төзе түстiк, Түнердi ақша тамыз, Төзе түссек нәубеттi ақсатамыз. Кеткен ұлға кенжесiн көрсетем деп Кете барды осылай жақсы атамыз. Мен де осылай өмiрдiң сындарында, Сүрiнсем де күймеппiн мың жалында. О, Тәңірiм, қуат бер, Ұлы тоймен Әке арманын жалғайын гүлзарында! Көз жасымен қайғысын жуа алмаған «Тойлатамын!» дегенде уанды анам. Жеңер шақта қаралы қағаз алып, Анам туғанда – анасы қуанбаған. Қуану да анама арман едi Бар жақсысын тойға ол да арнап едi. Тойға асығам, Бiлмеймiн, қандай бақыт? Шаттығына жамағат жалға менi! Алғысым көп, жанымды демегендер, Қонағым бол , кең пейiл, кемел ерлер, Мен дайындап жатқан бұл ұлы тойға, Жете алмаған Жұмекен,Төлегендер. Кел, ағайын! Кел, достар! Кел, өрендер!

Аманғазы КӘРІПЖАН Еңсемдi басып... Күз желi тисе буыны қақырап барып, Ләззаттан құлап жатады жапырақ талып. Қираған ғұмыр, қырқылған қасiреттермен Қиялды жамап келедi атырап та анық. Түңiлсем маған бұл жалған – аңдыған жыра. Жалғаннан кетсем онда да қаңғырам, жүдә. Өз басым сыйса бақиға, әкетер едiм Жанымды және жанашыр домбырамды да. Өртенiп кетсем iшiмнен жанғанда ғалам Жанымнан түтiн будақтап заңғарға барам. Ол жақтан жауым iздесе, Бақиды да өртеп, Панасыз қалсам мәңгiлiк, таңғалма маған. Құдайдың қызы болса да ертеңгi ғашық, Әзiрге жан жоқ сырымды шертер бiр ашып. Жүйкеме мiнген әлдебiр сиқырлы салмақ Еңсемдi басып келедi, Еңсемдi басып.

1990 жыл. Тәркiледi сезiмнiң бәрiн ғұмыр Ұнатпадым... Жоқ әлде ұнаттым ба? Сағынышың сiңбептi, бiрақ, құмға. Қабағымнан көзiңе түн тамшылап Қайта-қайта сүрiндiң сұрақ-мұңға. Жүргiзе алмай жүрекке басқа ұғымды Түсiнбестiк тұрғызды тас тұғырды. Сана суреттері Жәбiрлеуге кеп пе едiм аш ғұмырды, Қадiрлеуге жетпедiм жастығыңды. Құшақта – сен... Ой деген ұшақта әсем – Қиялыңның тылсымы қысап бәсең Бара жатты. Сен, бiрақ, алданышқа Үмiтiңнiң үркегiн тұсатпас ең. Жымысқы түн, Санамды қалың дүбiр Жаншып өттi, Жаулады жанымды iңiр. Намысымды талатып алданышқа Тәркiледi сезiмнiң бәрiн ғұмыр.

1996 жыл. * Мiнез тағы қашырды-ау сиқыңды шын, Назың қайда сәбидей сиқыр-мүсiн? Долданыстан түк шықпай жылай кеттiң Аянышты-ақ! – Сол кезде сүйкiмдiсiң. Үмiтi – асқақ, Барымен базар құсым, Жараңды ендi қиялмен жазармысың. «Көркiм жоқ па сендiк?» – деп айнаны ұрдың Аянышты-ақ! – Сол кезде ажарлысың. Сүймедiм бе, сүйдiм бе?... – Дәл нақтысын Сезбеген соң өзiңдi алдап, құсым – Шылымды ұстап қорқыттың «сергимiн» деп,

Аманғазы КӘРІПЖАН Аянышты-ақ! – Сен, бiрақ, салмақтысың. Қабағыңды аша алмай сабырлы iсiң, Қаша бердiң жағалап қабiрдi шын. Кездiк ала жүгiрдiң өздi-өзiңе Аяп кетем... Сол кезде қадiрлiсiң. Қарғадың да тас аттың, Сорым қалың. Қанмен жудың бетiмдi, Қолыңдамын, Аянышты-ақ... Бақытқа жаны құштар Дәрменсiздiк жасатты-ау соның бәрiн. * Елес пе, Оймен егес пе? – Жаныңды шарпып от-күдiк, Тартты да сиқыр белеске Қорқыныш, мұңға жектi үмiт. Албырт ек, Бiрақ, асыға Сезiмнiң уын бiрге iштiк. Жастықтың ессiз отына Өртенiп барып мұң құштық. Сезiмдер тартты жолға алыс, Серiлiк жанды жырлатып, Кездестi сәттiк алданыш, Келдi де кеттi бiр бақыт. Жарқ еттi де отың жанардан Қарашықтардан тұнды шық,

Сана суреттері Жарқырап барып сан арман Құс жолын түздi түнге ұшып. Ағын Кеттi ме деп жанымды жай табалап, Қайта өрледiм қиялға ой тағалап. Жарқ еттiң де қираған көңiлiмнiң Күмбездерiн тұрғыздың қайта қалап. Жеткiзе алмай бөгелiп соңғы сырды Қиығына көзiңнiң жол қысылды. Қысылды да Шардара екпiнi боп Жайғап кеттi жанарың болмысымды. Сабырың да салмақсыз, аты мұңды, Қорғануға тiредiм ақылымды. Ақылдың да қалқаны жалғыз ғана Қытықтаған демiңе жапырылды...?! * Көтере алмай көңiлiмнiң түңлiгiн, Жеткiзе алмай көзiмдегi күн нұрын, Ести алмай кетiп барам бұлдырап Жаныңдағы бұлақтардың сыңғырын. Кеудеме әкеп тоғытты да мұңды мұң, Құдiретiн қайталадым жындының. Опырылып бара жатқан жүректiң Жөргегiнде тұншықты да тынды үнiм. Тынды бәрi... Тынды бақ та, тынды ұғым. Сүйдi бәлкiм... Сүйе алмады кiмдi кiм? Сұқтанды да сұмдығым мен шындығым

Аманғазы КӘРІПЖАН Сорлы тағдыр сынды мың – Жындымын... Кешкi құрылыста Сол түнге ой көп таңдай қағып, Түскен соң көп құбылысқа, Қайтем деп өткендi ойға алып Шыққан ем кешкi жұмысқа. Баққа бiз жоғалтып алған Бағытты ұмытқым келiп, Кетсем де, Мұнартып арман, Қалмады күдiк күнде ерiп. Жайсыздық қолқалай бердi – Керең кеш ұғына алмады. Ойымды балталайды ендi Кранның сигналдары. Еншiден көңiл құр қалған Сәттерде сабыр – тайғанақ. Тұрды үнсiз көгiлдiр қорған Дүбiрге жабырқай қарап. Көгiлдiр құрсақтан әлi Дамылдап үй келедi өсiп. Көңiлдiң сыр сақтағаны – Кеттi үмiт имене көшiп. Терiмнен соғылған жақсы үй Өзiме сағыныш әлi. Кең көше, Ағылған такси Көңiлдi алып ұшады...

1985 жыл.

Мазмұны ...Шексіздікке қысылмай Сыйып кетсем деп едім Көлеңке.............................................................................4 Мәңгiлiктi талатпай сүйреп келем. ................................5 Жоғалу...............................................................................6 Сырқат...............................................................................8 «Тағдырымнан ұрланып дара тыныс...»...........................9 «Құдайға жетсе ғанибет үнi...»..........................................10 «Өзiмдi келем өзiмнен қорғап...»......................................10 Түн.....................................................................................10 Шарасыздық .....................................................................13 Мұң мен сынақ. ................................................................14 Ақыретті мүсіркеп жаратылыс........................................15 Адасу.................................................................................16 Қаға бердi таңдайын кәрi сағат... ....................................18 Оқылар едiм фәниге.........................................................21 Махамбетше......................................................................22 Күнә бiткен теңсiздiкте туғасын......................................24 Мен өзiм............................................................................25 Мәңгiлiктi құшақтап... .....................................................26 «Көзiмнiң нұры әлсiреп...»................................................27 Лап етiп жансам бiр күнi..................................................28 Тынымсыз тылсым жол кестi..........................................29 «Зардабын iшiп тағы да жырдың...».................................29 «Сыңсиды жаралы жылдар...»...........................................30 Ызалы қандастарым.........................................................31 «Толғақ қысқан жүрегiм жүр шыдатпай...».....................31 Мен әлемнiң кеңдiгiн өлшеп өтем...................................33 Көлеңкемнен көз жаздым өзімді ішіп Ортақ сырқат.....................................................................36 Шайтанның мұңы.............................................................37 Саз аспаптары...................................................................38 Жалған туыс......................................................................39 Құрмалас сөйлемдер.........................................................41 Ақын апайға......................................................................42

Текесте...............................................................................43 Ақын назы.........................................................................45 Жазылмаған шежiре.........................................................46 Балаға ат қоюдың дауы....................................................47 Ішіп өлсе арысын кім күштеген?.....................................48 Кешіккен жігіт..................................................................49 Сыр тасқынындағы тікұшақ апатына..............................50 Шахтерлар қазасына аза...................................................51 Кеңсайдағы бейiттер........................................................52 Әйел...................................................................................53 «Қиян» фильмiн көрген соң.............................................53 Шетелге бала сатқандарға................................................55 Жылу жүйесi.....................................................................55 Атақтыларға арналған қолтаңба кітабы..........................56 Сұңқар...............................................................................57 Мұхтардың Құнанбайы....................................................58 Құзғынның шері...............................................................59 Махамбет пен Жәңгiр.......................................................61 Ұлттық арнаға айтылған наз.............................................. 62 Оқылмадым оқымаған ғаламға... Азаттық жалауын желбірет!............................................66 Ана тілі..............................................................................66 Желтоқсандық екiжүздiлер..............................................67 Ұғым..................................................................................68 Тоналған дүкен. 1986 жыл. .............................................69 Желтоқсанды бағала!.......................................................69 Алаңдағы мiнбеге. 1986 жыл...........................................70 Алаңдағы өрт. 1986 жыл..................................................71 Аударылған трамвай. 1986 жыл......................................72 Алаңдағы жарық...............................................................72 86-ның төлi едiк ...............................................................73 «Үш жұрт түгілі үш жүздің де ендігі...»...........................76 Шеңгелдер. 1986 жыл. .....................................................76 Біз білетін құрбандар.......................................................77 Жаркенттегі ескерткіш.....................................................78 Қайрат кiм?.......................................................................79 Жиындағы Жұбан. 1986 жыл...........................................81

Кезікпедім.........................................................................82 Ләззаттың басына барғанда.............................................83 Басқа тиіп, бастағы сұрақты ұрды...................................84 Ердiң бiрi ..........................................................................85 Толассыз бодандық..........................................................86 «Аспан астын...».................................................................87 Құбылмаған ел ме едiк?...................................................88 Ердiң құны........................................................................89 Орын таппаған ескерткіш................................................90 Дүние қозғалады...............................................................90 «Қасқырлық» немесе Желтоқсан оқиғасынан соң.........91 Жаңа жыл. 1986 жыл........................................................92 «Желтоқсанның екпiнi лақтырғалы ...» ...........................94 Ұлтсыздық идеясын тапқандаға......................................94 Желтоқсан жыры..............................................................95 Желтоқсан жаңғырығы.....................................................98 Шәуешекте .......................................................................100 Шыңжаңда.........................................................................101 Ұсыныс..............................................................................102 Қазақ елi............................................................................103 Алақ көтерілісі..................................................................103 Жаңаөзен...........................................................................110 Қазақстандық ұлт жайлы.................................................111 Түнектi серпiп келедi сырғанап аспан............................112 Сәйкеспейтін заңы басқа болғасын.................................113 Қазақпыз. 1990 жыл..........................................................114 Тәуелсiздiк аларда ...........................................................116 Қазақстан картасы............................................................116 Ата заң...............................................................................118 Көшедi бәрi.......................................................................119 Дала маршы.......................................................................120 Анашым арман әнім.........................................................121 Драма.................................................................................121 Ш. Әкiрамидi жерлегенде................................................122 Оқиға үстінде туған жыр..................................................123 Ғасыр кетiп барады...........................................................125 Олимпиада алауы.............................................................126 Ұлт тағдырын ойласаң.....................................................128 Жәдiгермiн мен де бiр......................................................129

Тәуелсiз шешен елiне.......................................................130 Ит – тәуелдi. 1962 жыл.....................................................131 «Уақыт пенен ғаламға елшi атанып...».............................132 Егемендік декларациясы шыққанда................................133 Жасай бер, елім................................................................... 134 Қытықтайды пәниді ар сұғынып Көлеңкесін терлеткен салмақтылық... ............................136 Бекзатқа.............................................................................137 Алғаш келгенде.................................................................138 Мұстафа Өз Түрікке.........................................................140 №1 перзентханада.............................................................140 Ғ. Мүсiреповты жерлегенде.............................................141 Қаныш Сәтбаевқа.............................................................143 Маңғыстауда.....................................................................144 Отты қала – Өскемен........................................................145 Семей.................................................................................146 Ұрлатпады әз ақын нәзіктігін..........................................146 Өскемен….........................................................................147 Астана көшерде................................................................148 Облыстар картасы............................................................149 Қожа Ахмет Яссауи кесенесiне.......................................154 Құнанбай мен Шал қажы.................................................154 Абай ескерткіші................................................................157 Топан су.............................................................................158 Сабырлы бол!....................................................................160 Бауыржанға.......................................................................160 Әнеркеге............................................................................163 «Әнiм, еркем...»..................................................................163 «Хабарыңды естiп, Әнерке...»...........................................164 Ауылға барғанда...............................................................165 Бай қазақтың картасы.......................................................166 Өткен ғасыр наласы .........................................................166 Жауынгер Қасым..............................................................168 Заманбек, Алтынбектер....................................................169 Малайсары бидiң Сырымға берген батасы.....................170 Жiбек жолы.......................................................................172 Ақсуат................................................................................173

Қажытай ағаға...................................................................174 «Сәнi кiрсiн деп жыр атты жұтаған үйдiң...»...................174 Жанарымның жарығы мың тiрiлдi..................................175 Ақын досыма.....................................................................175 Асқар Егеубаевқа..............................................................176 Әулие.................................................................................177 Айтыстағы «Хайләйлім...»...............................................177 Талаптанға.........................................................................177 Балаларға ат қоямын енді өзім….....................................178 Нәресте жайлы түс...........................................................179 Алтын емел.......................................................................181 Мәңгiлiктiң көзiне тұрақтасын........................................181 Қызылкесiкте....................................................................182 Тарбағатай жотасы ..........................................................183 Парасаттың жалғасы емес пе едік...................................184 Көктөбе..............................................................................185 Майлышат жотасы............................................................185 Алақ қойнауында..............................................................186 Шешемнiң жауабы............................................................187 «Сары далада соқты боран апта бойы тоқтамай...».........188 «Алатауды бетке алып жырақта әсем...»..........................189 Бесмойнақ мектебiнiң түлектерi .....................................190 Балуан досыма..................................................................190 Той көкесi – үйлену..........................................................191 Жас шаңырақ иелерiне тiлек............................................192 «Жүректі жұлқылап барып...»............................................ 193 «Жанарыңнан жарқ еткен жарылыстың...»................... 193 Сезімнің асау ермегі........................................................ 194 Жанарға.............................................................................195 Сенiң жаның не бiлдi?......................................................195 Жалғасы бар тойымның...................................................196 Еңсемдi басып...................................................................198 Тәркiледi сезiмнiң бәрiн ғұмыр.......................................198 «Мiнез тағы қашырды-ау сиқыңды шын»........................199 «Елес пе...»..........................................................................200 Ағын..................................................................................201 «Көтере алмай көңiлiмнiң түңлiгiн...»..............................201 Кешкi құрылыста..............................................................202

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. Е-mail: Zhazushi@mail.ru ИБ № 7302 Теруге 20.07.2014 жiберiлдi. Басуға 15.09.2014 қол қойылды. Қа­лы­бы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Roman». Бас­па табағы 13,0. Шартты баспа табағы 10,92. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № . Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Аманғазы КӘРІПЖАН САНА СУРЕТТЕРІ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙