Бойтұмар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Нұрлан Мәукен
Нұрлан МƏУКЕН Бойтұмар Бойтұмар Өлеңдер Алматы
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды Н.Мəукен. Бойтұмар: өлеңдер. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2012. – 308 бет. ISBN 978-601-03-0123-8 УДК 821.512.122-1 ББК 84 Қаз 7-5 М 37 УДК 821.512.122-1 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-03-0123-8 © ҚАЗақпарат, 2012 Құйрықты жұлдыздай өмірден ерте ағып өткен өзіндік үні бар адуынды ақын Нұрлан Мəукеннің артында қалған мұралары баршылық. Мына жинаққа солардың ішінен іріктелген бірталай өлеңдері топтастырылған. Олардың тақырыптары адамгершілік иірімдері ар-ождан, туған жерге сағыныш, перзенттік парызы сияқты мəңгілік тақырыптар өзек тартады. Қысқа ғұмырында жасыл жырларымен оқырманының жүрегін баурап алған ақынның мұраларын оқырмандары ықыласпен қабылдары сөзсіз. М 37
Б О Й Т Ұ М А Р БIРIНШI БӨЛIМ БОЙТҰМАР Қоғам кедей, Мен де кедей, Сен де кедей. Жүрiп жатқан жай-күйдi бiр жөндемей, Өгiз өлмей, арба сынбай ақырын – Өлi ұйқылы пəруайсыз пендедей… Қоғам кедей, Қайда барам мен асып… Шидем шекпен шилi ауылға жарасып, Үлкендерiм үйде отыр бал ашып – Қоғамымнан қайда барам мен асып?.. Қоғам қотыр, Сен де қотыр, Мен қотыр. Қотыр күйден айықпаспыз, көр де тұр… Алтын үйiн салып алған өрде отыр, Қараша үйдi қалқайтқандар төрде отыр… Жайлы адамнан айналайын жайылған, Айығармын удай ойдан, уайымнан. Өзегiмдi өртеп жүрген өзiм бе, Сыпыртқыны қиып-қиып қайыңнан?.. Қоғамымның ащы болар толғағы, Бiреу жаман, бiреу жақсы қолдады. Көңiлiме: «Қанағат қыл», – деп едiм, Жыртығынан жел уiлдеп болмады…
Нұрлан МƏУКЕН Көңiлде алаң басылса… Абай. Көңiлде алаң басылса – Мойныңа жарың асылса, Қойныңа келiп енгенше Бойыңда қаның тасынса; Қанасын жарып қыз сүйсең, Аузынан үрiп ұл сүйсең, Қиыны менен қызығын Көре де жүрiп мың күйсең… Қызың өсiп бойжетсе, Ұлың өсiп, ержетсе, Хабарын алып ел жетсе, Жаушы болып жел кетсе; Қызың барса Қырымға, Ұлың барса Ұрымға, Бабаның түссе iзiне Жол салып өткен бұрында! Көңiлде алаң басылса – Көк аспан шайдай ашылса, Жаһанға барың бiлдiрiп, Күркiреп қойсаң Қасымша; Өлеңнiң өртi сөнбесе, Еш өлшемге көнбесе, Құдiретi күштi қара өлең Қайыру бермей, дендесе; Қатептi қара нар болсаң, Азабын тартып шығарға, Құдайым, өзiң жар болсаң… Батырға батыр қосылса, Андыздап қолың жосылса, Қапыңды аңдып жүрген жау Қайтерiн бiлмей тосылса!.. …Көңiлде алаң басылса, Сөйлейтiн мен бе ем осынша?!.
Б О Й Т Ұ М А Р * Ой жайылар басымда, Қой жайылар қасымда. Шөптiң тiлiн бiлетiн Шипагерiң осында… Қосыл, мейлi қосылма, Ит оттаса, шошынба. Iс iлгерi басып тұр, Таң қалма бұл жосынға… Күрс-күрс шалып құнан жүр, Күрсiнiсiм – ұлан жыр. Шырқау көкте шамданып, Шаңқылдайды қыран құр…
Нұрлан МƏУКЕН * Мен жалғызбын. Ол жалғыз. Сен де жалғыз. Жағалаудан таппадық емге жалбыз. Бiздiң жалғыз жазымыз жалбыздайын Жоғалыпты жұлмалап келген əр күз Жоғалады, Бəрi де жоғалады… Жанымыз да жоқтауды доғарады. Құс ұйқысы бұзылмай ұзақ таңға, Бұлақ байғұс бұйығы боп алады. Күн сəулесi құлап кеп күлiм-күлiм, Емдер ернiн жағаның тiлiм-тiлiм. Менiң жаным емдейтiн сен бармысың, Сен бармысың, басылмас шын ынтығым?! Түн жарығы селбесiп ай нұрына, Айналады алып тау айбынына. Мəңгiрмей-ақ, мəңгiлiк ұмытсам-ау, Кеудемдi алған көрiскiш қайғыны да… Жалғыздықтың бары да жанға уаныш. Басу айтып, бас изеп қалады таныс. Арамызда теңiз бар арпалысқан, Толқынына көмiлдiк – сол қуаныш. Оқ кетiре бiлмедi жетi белiм, Үн шығара алмады жетiгенiм. Көктiң тасы, көмескi Ай сияқтанып, Күн-күн сайын күмəнмен кетiлемiн…
Б О Й Т Ұ М А Р * Болат Үмбетовке Қандай жаман балғын шақта көз жұмған… Бала едiң ғой балдырған, Тек елесiң қалдырған… Тентiреттi теңiзге Сен жататын сол бiр маң. Тыныш қорым, тыныш маң Теңiз қайда ығысқан? Титтей ғана жүрегiң Топырақпен ұғысқан… Титтей ғана төбешiк, Титтей ғана шөп өсiп, Титтей сəби бейнесiн Жасырады егесiп. Құс қанатын талдырған, Аң тұяғын алдырған, Астанадан алыста – Атырауда сол бiр маң… Астанаға мен кеттiм, Сен теңiздi тербеттiң. Күнде кiрдiң түсiме, Орныңа өзiм өлмеппiн. Қайран көңiл азалы, Қайран өмiр қазалы. Атырауды аңыратты Жас сəбидiң ажалы… Басталмаған болашақ, Қазылмаған жерошақ
Нұрлан МƏУКЕН Қасiрет боп қаптады, Жанға терең жара сап. Шапағатшы перiштем, Көз жасымды жер iшкен… Бозiнгендер əлi жүр Боздап қайтып өрiстен. Күнəсi жоқ сəбиiм, Елесiңдi таниын. Тiрi болып түсiме ен, Жiгерiмдi жаниын. Бала едiң ғой балдырған, Тек елесiң қалдырған. Астанадан алыста – Атырауда сол бiр маң… Қандай жаман балғын шақта көз жұмған…
Б О Й Т Ұ М А Р ЗАЙСАН Iсiрiбi – қара тас, Iсмер салған үй едi. Сiлкiнiске жарамас, Сынып түстi сүйегi. Қабырғасы саманнан, Қазандығы – меш қалып. Суық өттi табаннан, Қара күзге кеш қалып. Қара Ертiстiң жағасы – Қаптай қонған қазақтар. Мəскеу жақтың баласы: «Мозамбик», – деп мазақтар. Құдай қырын қарады, Қараша ауыл қирады. Жырымдалды балағы, Отқа түстi сирағы. Жаутаңдады жетiм көз, Жұбанышты кiм айтар? Көсеп өсек отын сөз, Одан сайын мұңайтар. Жүрегiнен жүрек жоқ, Жиылып тұр бұл күн iш. Тiленбеген тiлек жоқ, Қайта соқты сiлкiнiс. Дана жатыр далада, Үйелменi үнсiз қап. Бала қашты қалаға, Кеудесiнде мұң сыздап.
Нұрлан МƏУКЕН Улап-шулап сабылған, Саналарда сарыуайым. Жарылып бiр ағымнан, Жаратқанды қорғайын… Босып кеттi-ау бостаным, Топырақтан ажырап. Оу, ағайын, қосқаның Таусылады қазiр-ақ. …О ғып, бұ ғып амалдап, Күнiн көрген со қазақ, Дала желiн самалдап, Өлмей-ақ жүр, о ғажап!
Б О Й Т Ұ М А Р * Сен есен де, мен сау да… (Шалкиiз) Есен бол, қарақ, есен бол, Есiрiп қалай кесем қол? – Есенғұл бабам жебесiн, Көкжиек тартсын көсем жол… Сау болғын, қарақ, сау болғын, Бiлмеймiн, кiмдi жау көрдiң? – Лəмiңнен аз-мұз дау көрдiм, Сау болғын, қарақ, сау болғын… Есен бол, сау бол, күн жақсы! Қоштасар өстiп шын жақсы. Бойыңда қалсын бiр жының, Бойымда қалсын мың бақсы…
Нұрлан МƏУКЕН * Тасқын, тасқын, тасқын су Тастақ толды томарға. Қара өзекке қашқын, су, Жер таппадық қонарға. Отар, отар, отар қой… Отықпады, ойпырмай! Құр қарайған қотан ғой, «Шəй!» – деп қойғын, жай тұрмай. Қара, қара, қара түн, Қабағыңнан қаймықтым. Түнегiңдi жаратын Жұлдыз күттiм, ай күттiм. Желдеп өрiп кеттi отар, Қайтар емес су дағы. Кiм бар «қайт» деп тоқтатар? Тастақ түгел шулады…
Б О Й Т Ұ М А Р * Жапырағымнан жаз ұшты, Қанатымнан қаз ұшты. Ирек те ирек су бетi, Сұлулық сырын жазысты. Көкiрегiмнен күн ұшты, Көздерiмнен түн ұшты. Мен тата алмаған тұманың Балдайын толғап кiм iштi? Бақыр басымнан бақ ұшты, Тапталып қалды тақ үстi. Уыты қайтқан уақыт Кеудемнiң отын жағысты. Жылысып өткен жазым-ай, Қаңқылдап ұшқан қазым-ай. Қолымның қысқалығын-ай, Қайырлас күннiң азын-ай…
Нұрлан МƏУКЕН * Сiздi көрдiм, Түсiмде Сiзді көрдiм – Төбеме кеп түнерген күздi көрдiм. Аспан жаққа алаңдап, аңқам кеуiп, Бəлкiм, тағы бiр ғасыр үздiгермiн… «Не айтасың, – дедiң, – не айтасың?» Тiл ұшында қалған сөз, мұңайтасың. Көрдiм мен көкiрегiмнен кептер ұшып Кеткенде кердеңдеген түн ойқасын. Бақтым да қараңғының қас-қабағын, Мың шауып ала алмадым тас қамалын. Көзiмнiң жарық нұрын жайдым сосын, Болмады басқа амалым. Сiздi көрдiм, Түсiмде Сiздi көрдiм, Қызыл суы жүгiрген мұзды көрдiм. Қызыл сирақ күнiмнiң белгiсiндей Мұз бетiне мөрленген iздi көрдiм. Немдi айтамын, Мен Сiзге немдi ашамын? Жұмбағы мол жүрекке тең басамын. Жүгiм ауып қалғанша, күнiм ауып, Тулап жатқан теңiзге көл қосамын. Тұз-дəмiмнiң татамын бұйырғанын, Миға – нəр, жүрекке əл боп құйыл, қаным. Қара жолдың бойына қар жауғанда Қара шаштың көре қал сұйылғанын… Сiздi көрдiм, Түсiмде Сiздi көрдiм – Баяғы баяны жоқ қызды көрдiм… Баяғым бағзы заман болғанынша Мың жылап, он ойланып, жүз күлермiн…
Б О Й Т Ұ М А Р * Ойлан, ойлан, ойың бақ, Ой бақпасаң, қойың бақ. Ойсырадым он ұлдың Ойсыздығын уайымдап. Ойлан, ойлан, ой қашыр, Бола көрме жай тасыр. Басың пiсiп жетпесе, Бақытты етпек қай ғасыр? Опынамын отырып, Ойланғаның өтiрiк. Ойсыздығын көрсеттi, Дiн қарындас шоқынып. Он ұл, оман жұртым-ай, Iшi – жүдеу, сырты – май. Сойылыңды соғамын, Жан-тəнiммен шырқырай…
Нұрлан МƏУКЕН Алаң көңiл ауаны, Жыртық аспан жауады. Қарны ашқан қара жер Қара бұлтты сауады. Қара бұлтты қақтай сау, Қайырымын мақтай сау. Қарны ашқан қара жер, Қанағатың жоқтай сау… Көгiң шықсын қылтиып, Бүйiрiң шықсын бұлтиып. Жаратпаса, жаратпас, Күннiң көзi кiртиiп. Бiр шөлiңдi бас, тегi, Бiр жолыңды аш, тегi. Алаң көңiл ауаны, Өзiңе жоқ қас-кегi… Құймыр көзден құйылып нұр, Қара шашы жиылып тұр. Бəденi мен əдемi мең Бағы барға бұйырып тұр… Қылығыңа құлап түстiм, Құрығыңа бiр-ақ түстiм. Күрсiнген көк тамшы үзедi, Мен бе, сен бе – жылатқыш кiм?..
Б О Й Т Ұ М А Р * Күннен құдiрет қашқаны – Қара бұлттың басқаны, Қамырыққан көңiлдiң Құлағаны аспаны… Айдан айбын қашқаны – Айдын көлдiң тасқаны, Айдай аппақ көңiлдi Ауыр мұңның басқаны… Жұлдыздан жылт қашқаны – Жаныңды бұлт басқаны, «Жарығым» дер жұртыңның Жабыққаны бостаны… Қыздан ұят қашқаны – Бауыр бетiн басқаны, Ана шындап сасқаны, Əке қанын шашқаны… Ұлдан ұят қашқаны – Албастының басқаны, Шiрiгенi намысы, Бұзылғаны жас қаны…
Нұрлан МƏУКЕН * Табаным жерге тиген күн – Тəй-тəй басуды үйрендiм. Маңдайым тасқа тиген күн – Байқай басуды үйрендiм. Қабырғада қаяу жоқ – Қалың жұртқа сүйендiм. Омыртқада буын жоқ – Ояу жұртқа сүйендiм. Тақым артып тарланға, Ойлап-қырлап қыздырдым. Ақыл айтып Нұрланға, Ой-теңiзде жүздiрдiм: «Еркек болып аттанған, Ұрғашы боп оралмас. Тектiлiгi мақталған Өз басы үшiн жараламас». «Жылан Бапы қамаған – Жер астында кiм мұңлық? Жер жыртығын жамаған – Жер үстiнде кiм мұңлық?» «Жүректей жерге от жағып, Жұлындай түтiн шығардым». Құйрықты жұлдыз өттi ағып, Мен де өтетiн шығармын…
Б О Й Т Ұ М А Р * Саған деген махаббатым өлген бе? Сенiң көзiң көре алмадым көлден де. Тұңғиыққа батып кеттiм тұнжырап, Тыраулаған таңғажайып келгенде. Көз алдыма келмей қойды келбетiң, Ендi немен толтырамын Жер бетiн? Орманы жоқ, орыны бос көңiлге Қойныңдағы қасiреттi берме, түн. Кеудем босап қалыпты ғой – жүрек жоқ, Уақыт қана уайымнан жүр емдеп. Елестете алмағасын өзiңдi, Елжiретiп мен айта алмадым «сүйдiм» деп. Жыл құстары жылы жаққа ағылды, Қайда ұшырдым басымдағы бағымды? Жыл құсындай жылап жүрмiн мен ендi, Күзгi желге күңiрентiп жанымды. Елестете алмай өттi күнiм құр, Сенiң бейнең түсiмде де бұлыңғыр. Сен – сен емес, өзге бiреу сияқты Кездейсоқта көрiп қалған бұрын бiр. Саған деген махаббатым осы ма? Құлай сүйген күндер бездi шошына. Мен қайтейiн құдiрет бiр кеткесiн, Қайта оралып соқпай қойды-ау қосыма…
Нұрлан МƏУКЕН * Бiр көздерден жас шықты, Бiр қойыннан тас шықты. Бiр жеңнен қол көрiнiп, Бiр жағадан бас шықты. «Жер астынан жiк шықты, Екi құлақ тiк шықтың Асығымды көп аттым, Айыра алмай бүк-шiктi. Тəйке түстi табаным, «Алшы, – дедiм, – аманым…» Ханталапай соңынан Жан талапай жаладым. Омпы тiгiп көмбеге, Томпылдаттым мен неге? Бəсiн бердiм уыстап Жолы болғыш жеңгеме… Тағдырға не жаздым? Асық ойнап аздым… Ойнар кезде көппiн, Ойлар кезде азбын…
Б О Й Т Ұ М А Р * Қайран ата-бабам-ай! Ат жалында кеткен арманы, От-жалында кеткен орманы, Iшiнде кеткен құсасы, Құлаумен болған қорғаны… Қайран ата-бабам-ай! Қара жер болған қорымы, Қараусыз қалған орыны. Екi дүниеде қайтадан Бiнə да болмас порымы… Қайран ата-бабам-ай! Ай қараңғы кешеде Адасып жүрiп нешеме, Соңынан ұрпақ өргiзген, Көз жасын құйып кесеге. Қайран ата-бабам-ай, Қайран ата-бабам-ай!…
Нұрлан МƏУКЕН * Қанатымның астында Алтай жатыр, Қара түнiм, қасымда қалқай да тұр. Шатынаған аяздан шабыт алып, Шырқау көкте, жарты Айым, шалқай да тұр… Құс қанатты көлiгiм, кiдiрмегiн, Елге жеткiм келедi бүгiн менiң. Бұлкiлдеген тауларым – бетке алғаным, Жол түспеген жалқы ауыл – жүгiргенiм. Құс қанатты көлiгiм, төмендегiн, Бұлт-бесiкке тым ұзақ бөленбегiн. «Шырқау көкте – шалқайған Ай қасында Қалып қойсам қайтем!» – деп елеңдедiм. Елеңдедiм, елiме жетсем дедiм, Көк қойнында жұртымдай жоқ сенгенiм. Адаспаспын, аулыма түсiрiп кет, Ошағынан көргем жоқ от сөнгенiн… Кеңiстiкте келемiн кемеменен, Айрылмайды мына аспан неге менен? Мəңгiлiкке тоқтаған уақыттың Уысынан шыға алмай көне берем…
Б О Й Т Ұ М А Р КИIКТЕР Киiктер-ай,ежелден дала төсiн мекендеп, Көкiрегiн күйдiрген көкжиекке жетем деп. Күйiк иiсi шыққанда көңiрсiген даладан, Топылдаған тұяқтар – тыншымаған барабан. Жау жебесi қадалып кете берген таңында, Қасиет бар киiктiң дiрдектеген қанында. Жұққан жерге жыпырлап өстi дейдi киiк от, Көктеменiң жаңбыры сол тұстарға құйып өт! Қанша ғасыр, қанша жыл қанат мiнiп өткелi, Көкжиекке киiктер əлi күнге жетпедi. Жаңа ғана бiр тобы жасыл тауға беттедi. Жiбек перде көкжиек көз алдымнан кетпедi. Құйғытты да жоқ болды сағым аққан сияқты, Иə-иə, сағым-сыр бұл далада жиі ақты. Ойнақ салып iшiнде алтын киiк бара ма, Ертегiде дос болған мен сияқты балаға…
Нұрлан МƏУКЕН * Қорқам кейде: мен осы көпке барман, Алып жейдi-ау кеудемде кеткен арман… Өмiрiмнiң өзегiн жалмаған от Жүрегiмдi жарылған өтке малған. Iшiмде толған удан iрiдiм бе? – Түңiлсем де түйiлмен тiрi күнге. Кеудемдегi көмбемдi алам дейтiн Айтпай келер ажалым, құры мүлде! Кейде «тағдыр – осың» деп назаландым, Пəрменiмен пəк күйде жазаландым. Кейiн қостым кiнəнi, күнəнi де – Бiр күн кебiн кигенде тазарармын. Айлар бойы қарайтын аспандағы Ай, Бозарғанда боз шағыл қашқан қалай? Бозiнгенi боздамас боз адырдың Қарасудың қан жұтқан қасқалдағы-ай… Көкiрегiмде көл жатыр тыншын алар, Ту сыртымда жел жатыр тыншын алар, Тулағанда толқыны тұншықтырып, Ойдым-ойдым орманым сыңсып алар. Өзiм салған өмiрiм соқпағын-ай, тағдырымның тезiне тоқтадым-ай…
Б О Й Т Ұ М А Р * Сəуле мiнген самолет, Жүрегiмдi ала кет. Жұлдыздарын құлатты Алқара аспан қаракөк. Сəуле сiңген түнгi аспан, Сенiмен кiм мұңдасқан? Көре алмадым көзiңдi Көкжиекпен ымдасқан. Қайран қара аспан-ай, Жас кеудемдi баспағай. Құдiретке сиыншы, Махаббатқа мас бала-ай! Қос қанатты темiр-ай… Құстай ұшқан өмiр-ай… Күле ме өзi, қайтедi Күндi жеген жемiр Ай… Махаббатқа мас емес, Баяғыдай жас емес. Аңтарылар аспанға Бозғылт өңi пəс елес…
Нұрлан МƏУКЕН * Жер бетiнен құрыды, Желкiлдеген тұлымы, Жау болса да жоңғарым – Қоңсы болып қонғаным, Сығырайып жүргенiм, Сырмiнез деп бiлгенiм, Найза бiлеп шапқаным, Белге балта таққаным, Төрт түлiк боп өргенiм, Жүрiп iлген жөргемiн, Кең даланы сүйгенiм, Күн көзiне күйгенiм, Суығына тоңғаным, От басына қонғаным, Бөрi болып жортқаным, Бөрiлi жұрттан қорыққаным, Тұлданғасын тұлымы, Жер бетiнен құрыды – Туырлықты түптесiм Кеттi күнi бiткесiн… Ханзу алды тамақтан, Орыс басты қабақтан. Намыс толып жүрекке, Күшi толып бiлекке, «Атажау» деп атойлап, Қой көзiнде от ойнап, Батырлары қол бастап, Қазақ кегiн қайырды – Жоңғар жүзiн майырды, Тiл мен жағын айырды, Даңқы алысқа жайылды. Көшiп-қонған ырғалып, өштi солай бiр халық. Даналық пен далалық Жасады үлкен шалалық.
Б О Й Т Ұ М А Р Өзге келдi өңiрге – Тiзгiн тидi жемiрге… Наразысың өмiрге – Нар мiнездi кең iрге… * Бұлттарды бұлттар қуады, Бұлттарды бұлттар буады. Бусанып алып бəсiмен, Биiктiң басын жуады. Алматы тəнiн кiм жусын… Күн ғана көктен нұр құйсын. Көкшуда болған көп завод, Түтiн басыңды шұлғисың. Құр кеуде ысқа малынсын. Келмей ме саған əлiм шын, Сен бұлтқа мойын созасың, Бұлт саған қайдан жалынсын?! Бұлттар-ау, бұлттар, қона кет! Қамығып жүрмiн қала кеп. Даланың бұлты боларсың, Сағынып жүрмiн «дала» деп. Бұлттардан бұлттар қашып па? Бұйырмас жаққа асықпа. Қолыма қонбас бақыттай Қанымды менiң тасытпа, Жанымды менiң жасытпа. Бұлттарға бұлттар өкпелi, Түсiне алсын көк ненi? Күрсiнiп салған сəтi ғой Аумалы да-төкпелi…
Нұрлан МƏУКЕН * Ерболат Құнапияұлына Таңда бар да, кеште жоқ, Ажал бары есте жоқ – Өзiң үрлеп тұтатқан Өшпептi əлi пештегi от… Жанып кеттi жас ғұмыр, Қызыл көзiн ашты iңiр. Байғыз қонған қорымда Тұнжырайды тас тұғыр… Сен кеткенге сене алмай, Жазмышқа көне алмай, Қамырыққан көңiлдi Қайтсем екен, ой, Алла-ай… Тəттi өмiрге тоя алмай, Қызыл қанға боялмай, Шын шошынған жүректi Кiм басады, ой, Алла-ай… Кеше бар-ды, бүгiн жоқ, Ажал тұр ғой мығым боп. Сен кетiпсiң қапыда Құлқынына тығын боп… Қыршын кеттiң, балғын жас Қас шерiге алдырмас. Қара жапқан бұ қайғың Қалай естен тандырмас… Бiлтелi шам жалпылдақ, Жаққан анаң қалтылдақ. «Жылатпаймын» деушi едiң, Жақсы мiнез жарқылдап… Тағы ерiксiз жылады, Таусыла ма бұлағы?…
Б О Й Т Ұ М А Р Тағдырының гөй-гөйiн Естiмейдi құлағы… Көрмегенi көп едi, өлмегенiң сеп едi. Сен жылатып кеткелi Бойда қаны кебедi… Кеше жүрген дос едi, Кеше тiккен қос едi. Бiздiң бастан өткен бұлт Ендi қайда көшедi?… Əлi сенбей келемiн… Сен де сенбе, өлеңiм. Ғарыш жаққа кетсе екен! Жанған жұлдыз көремiн… Сөз қозғалып… ел қалды, Бiр қозғалып… жер қалды. Бауыр жатыр езiлiп – Бойын басқан шер қалды. Ұғына алмай ұл қалды, Жесiр көңiл тұл қалды. Жанұяның жылуы Жанын таппай құр қалды… Жетiм көңiл қыз қалды, Жамбасында сыз қалды. Жарым көңiл жақсы үйден Татпаған дəм-тұз қалды… …Бiле алмадым ертеңдi, Желмен ығар желкендi – Қызық өмiр көзiнде Қызыл iңiр өртендi…
Нұрлан МƏУКЕН * Сайыңнан сайғақ құрлы пана таппай... (Мəди) Сұңқарбұлақ, соқпақты сайымдығым, Сайғағыңды санаммен уайымдадым. Қабақтан қылтыңдаған таяқты жау, Қанаттым болар сенiң ойыңдағы… Сұңқарбұлақ, бұлағым бұйығатын, Уыз ұйқың Ертiске құйылатын. Сайғағыңның самғауға серiгi жоқ – Үзiрлi елдiң осыған күйi жақын. Құлаған жар бетiнiң қайызғағын Таси-таси, бұлағым, тайыздадың. Жоқтаушысыз жылдармен жылжи бердiң, Байып батқан күнменен байыздадың. Сүмбiле туа суың салқындаған, Адасқан қаз кеудеңде қаңқылдаған. Саздауыт шымға бiткен жас қайыңның Жапырағын желге берер алтындаған Сұңқарбұлақ, сайғағың сай қуалар, Жаза алмаса қанатын – қайғы болар. Құсыңды құдiрет қып ұшыр көкке, Жүзiнен нұр төгiлiп, Ай қуанар. Соқпақпен мен жүрейiн сорлы басым, Несiне қанаттыны қор қыласың… Сайғақсыз қалған сайдың жетiм көлiн Жұбатып жүрдек жеткен сел құласын… Сұңқарбұлақ, бұлағым – бұла күнiм, Бойын салды аулаққа мына күнiм. Сай да жоқ, сайғақ та жоқ – саяқ қалың, Шөре-шөре болған ел лағымын…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Өкшемдi ғана жалаған Жадағай су – жайылма. Шықпай-ақ қойды ойымнан, Шырмап та бердi уайымға… Кеткен де жолым – күнбатыс… Келген де жолым – күншығыс, Тереңге ме едi ұмтылыс? Тайызға түс те, мұңға түс. Барысы – алты күншiлiк, Жайырдан əрi жайылма… Табанның майын құм сылып, Шығам да қалам қайырға… Көңiлiм менiң суынды, Iшкенiм ендi ас болмас. Уайым, жайма уыңды, Жылай да жылай жас қалмас. «Тобылғы жарған» тоңдырды, Тобылғы ертең бүрлейдi. Өгейлеу жұртқа өң кiрдi, Көре алмаса да күнгейдi. Жадағай күнiм жайылды, Көтерiп өкше көрермiн. Жайылма судай жайымды Басына кiмнiң берермiн?..
Нұрлан МƏУКЕН *** Дүнияда менiң мiнiм жоқ, Дүрия көйлек кигенiм. Дүнияда сенсiз күнiм жоқ, Дүр сезiмiммен сүйгенiм. Тұла бойың толған наз, Еркелерсiң, айтарсың. Бұла мiнез болған жаз Жапырақтай жайқалсын. Балаң көңiл байқаған Бала шыбық бүрлеуiн, Жайсаң көлiн жайқаған Бидайықтың гүрлеуiн… Жауырын жапқан қолаң шаш Жуған сайын толқындар. Жұпарын жұтып болам мас, Дүнияда қандай олқым бар?… Көңiл бiрлеп көргенiм, Көкейiме түйгенiм. Жаһаннан iлген жөргемiм, Көк жүзiнен шүйгенiм… Екi жақты, бiр тiлдi, Дiлмəр едiм айтулы. Көмейге сөзiм iркiлдi, Қызыл тiлiм қайтулы… Тал бойыңда мiнiң жоқ, Дүрия көйлек кигенiм. Дүнияда сенсiз күнiм жоқ Дүр сезiммен сүйгенiм…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Алты аяқты аламенен ағызған, Жетi аяқты жиренменен жел қуған Бабам шығып келе жатыр аңыздан – Басқан iзiн уақыт деген сел жуған. Алты аяқты аласы əлi тiрi екен, Жетi аяқты жиренi əлi пiрi екен. Қалғып кеткен қазақ қайта оянып, Алматыда Абай болып тұр екен. Ендi бүгiн егемендi ел екен, Еңсе биiк, етек-жеңi кең екен. Кеңдiгiңдi кемдiк көрген өзгемен Қайтсем сенiң терезеңдi тең етем?… Көкейiмде қордаланған көп ой бар, Момынмын ба – жүзiмде де жоқ айбар. Көзiн алып қашады кеп көлдерiм, Естиiн деп елегзидi тоғайлар… Кеңесейiк, келiсейiк, кел, бауыр, Қалт-құлт еткен тiршiлiкке жел де ауыр. Аңыздарым – абыздарым бердi аян, Сырқат елге сөзден гөрi ем тəуiр… Жылан жылғы жұртты көрген жұрт мынау, Қу жоқшылық, қолды байлап, құрттың-ау… Егемендi ел болса да, əттең-ай, Егесiнен есiктегi ұрттылау… Қайтсем сенiң терезеңдi теңеймiн? Бұдан басқа не iстеймiн, не деймiн… Мен халқыма кеңес салдым, иə, сəт, Күнiн кешкен көңiлi мырза кедейiң…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жаңбыр мен қары аралас Қабарған аспан, қабақ аш. Су сiңдi салмақ шыдатпай, Қақырап түстi қарағаш. (Жарамас, мұның жарамас) Жаңбыр мен қары түйдектеп, Шалғайын бұлттар сүйретпек. Iсмердей iскер нажағай Əдiптегенше иректеп, Сүйретпек солай, сүйретпек. Жаңбыр мен қары тоғысқан, Жасының жасыл оғы ұшқан Қатулы маусымнан кейiн Қаулайтын болды жоңышқаң. Қара шал, қане, «шүкiр» де, Белгi жоқ сол бiр соғыстан. Ақырмаштың алды бұл, Бақтағы тоңып қалды гүл. Шапанға оранып ұйықтаған Шалдуарын иiскеп шал жiбiр. Қардың басын қар алар, Ғажап бiр маусым оралар. Қара шал, қане, «шүкiр» де, Жаныңды қинап, жаралар Белгi жоқ сол бiр соғыстан, Белгiсiз кеткiр, белгiсiз…
Б О Й Т Ұ М А Р АЛАТАУ, БАР МА АРМАНЫҢ? Биылғы түскен қар қалың, Алатау, бар ма арманың? Кiршiксiз аппақ – салғаның, Қылаусыз түбiт – шалғаның. Алатау, сенде бар ма мұң? Биылғы түскен қар қалың, Жайғап боп əбден мал-жанын, Алтайда – алыс қойнауда Жетпiске келiп қалғанын Жетiм шал, мүмкiн, ойлауда… …өткiзiп болып бiр түндi, Жетiм шал тағы түртiндi. Елестеп өтiп еңкiш қарт, Кiрпiкке тұрды iркiндi. – Алтайда алай-дүлей ме, Үрейдi қосар үрейге? Ит пенен бала қосылып, Ойнауды бiр сəт тiлей ме? Бораннан кейiн бел шешiп, Төбесiн ауыл күрей ме?… Алтайда, сiрə, ақ боран, Алатау жаққа соқпаған. Аяққа iлiп шаңғыны, Жөнеуге бiр сəт оқталам… – Биылғы түскен қар қалың, Алатау, бар ма арманың? Сыңсып əн салар орманың: «Арманым – сенiң арманың, Алтайдан алыс қалғаным…» Алтайым, сенде бар ма мұң?
Нұрлан МƏУКЕН ҚЫСҚЫ ТҮН. АЯЗ. ТОЛҒАН АЙ Қысқы түн. Аяз. Толған Ай, Жаутаңкөз жанның тоңғаны-ай… Тоңазып жатты бар маңай, Тоңбастан жүрген арман-ай… Қысқы түн. Аяз шаңытқан, Ақпанның атын арытқан. Толған Ай төккен жарықтан Батылдық бойға дарытқам. Қол созым жерде Күнiм тұр. Қысқы түн. Аяз шыңылтыр, Санайды-ау жүрек гүлiн пiр… Көкiрек тұстың мұңын түр. Қысқы түн. Аяз. Маңған Ай, Маңайдың ойға шомғаны-ай. Мұңды бiр əуен қонғаны-ай, …Жол қарай бердiм, жол қарай.
Б О Й Т Ұ М А Р *** Алматыда таң атты, Шақыратын тауық жоқ. Шығыс мұрнын қанатты, Батысқа еш қауiп жоқ. Батыс қазiр оянбас, Қолдан келсе, оянбас. Күн батқанша қалжырар Наймандағы ноян бас. Шығыс…батыс…шырқау көк… Түн асырды мылқау боп. Таң бозымен қарасам, Жан-жағымда бiр жау жоқ. Жау көргенiм түн көзi – Қорқыныштың мың көзi. Талықсыма, түменбас, Таяп қалды сын кезi. Бозала таң сейiлсiн, Боздап жүрген пейiлсiң. Қорқыныштың көзi үлкен, Тақсыр күнiм, кейiрсiң… Түнде түсiм оятты… Жау түсiрдi саяқты. Жер сiлкiндi сол кезде, Тас матады аяқты. Қым-қиғаш түс көресiң, Қыңыр бағып өлесiң. Тақсыр күнiм, лəппай, Қандай кеңес бересiң?
Нұрлан МƏУКЕН Талықсыма, түменбас, «Ноқың деме, ноян бас. Тақсыр Күннiң алдында Қожыраған қояңды аш… Алматыда таң атты, Шақыратын тауық жоқ. Шығыс мұрнын қанатты, Батысқа əзiр қауiп жоқ… *** Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай, Қарсы алып қақпа алдында тұруын-ай. Көрiнгесiн көзiне тiрi құдай, Мойынын маған қарай бұруын-ай… Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай, Жанының маған төккен жылуын-ай. Буынының былқылдап босауын-ай, Дымымның құруын-ай… Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай, Мойыл қара көзiнiң күлуiн-ай. Жаныма жақын келiп жантайғаны-ай, Iштегiнi айтқызбай бiлуiн-ай…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жылқыдағы боз айғыр Шұрқыраса болар ма? Сойылды жау сыдыртып, Үйiрдi алса, қалар ма? Тұяғымен тас илеп, Ойлы-қырлы шабар ма? Жау қолына жеткiзбей, Елдiң шетiн табар ма? …Сан қияға сал менi, Қазақ жылқы тұқымдас. Дос шұрқырап табысар, Жауым қашып құтылмас… *** – Терезеден Ай көрдiм, апа, Шоқша сақал шал көрдiм, апа. Қараң-құраң мал көрдiм, апа, Түнерiңкi тал көрдiм, апа. Қадалып қарадым, апа, Шошынып барамын, апа. Тiл-жақсыз қаламын, апа. – Ай көрсең, аман көр, қозым, Тұсыңа таман көр, қозым. «Ескi айда есiрке» дегiн. «Жаңа айда жарылқа» дегiн. Таңдайың басайын, қозым, Тылсымнан қашайын, қозым. Түймеңдi ағытшы, қозым, Жерұшық жасайын өзiм. – Ай жүзiн жасырды, апа, Ұйқымды қашырды, апа. – Перiштең қолдайды, қозым, Ұйықтамай болмайды, қозым, «Бiсмиллə» айта ғой, қозым, Жоламас сайтан ой, қозым! – Бiсмиллə, бiсмиллə…
Нұрлан МƏУКЕН *** Солқылдаған сəмбi тал, Жұпарыңды таң жұтар. Жапырағың күз тонап, Жел қуалап, қаңғыртар. Желкiлдеген ақ қайың, Саған ненi мақтайын? «Жалаңаяқ қар басып Тұрарсың», – деп тоқтайын… Теңселетiн кəрi емен, Iлiнiспе бəлемен – Қақыратып қақ бөлiп, От тигiзер шаламен. Жанарсың да сөнерсiң, Жазғаныңа көнерсiң. Жаны, тəнi бар тiрлiк Өнiп алып, өлерсiң… Елiк үрген шоқ тоғай, Торғай ұшқан топ тоғай, Тура келген қызыл өрт Қалай өтсiн таптамай… Белуардан көк шалғын, Бой түзедiң – жақсардың. Топырлаған тұяқ кеп Тiрлiк жаңа, өңi ескi. …Су ақты да, жел естi, Туар бiр күн таптар күн… өзгерiс сап елер ең, Сенiмен кiм кеңестi?…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жапан дала. Киiз үйде қарсы алар апам ғана. Күйсеп жатқан қотаннан жынын шашып, Бiр жынданып қоятын атан дара. Құйма тұяқ өкiлi құнан ғана, Құйрық-жалын тарадым күмəндана. Жалғыз жүйрiк осы ма жерде қалған, Маған неге жетпедi мұраң, дала? Қабағыңа қарайтын қойшы бала Уайымын уəжбен жойшы, дала. Жалғыз түйе, жалғыз ат, жалғыз шопан Мəн берместен мəз-мейрам тойшы қала… Жүйкемдi жегiдей жеп арасалмақ, Көңiлiм күнмен қалай жараса алмақ? Төрт түлiктi алдына салып кеттi, Дала ханын қалалық қараша алдап. Жапан дала – жүрегiм, жұбанышым, Жұтағасын қалтырап тұрады iшiм. Дала бiреу, қала көп, қайран қара ұл, Қайшылығын тiрлiктiң ұғамысың?!
Нұрлан МƏУКЕН *** Алматы болды əуенiм. Ауылда туған жан едiм, Сауыр мен Сайқан тау едiм, Алатау болды мəуелiм. Ауылда өскен бала едiм, Бауымда өскен тал едiм. Бұрқауда бойда бiр тылсым, Таба алмай келем əлi емiн… Қара Ертiс бойы қалың құм, Шағылға барып шағындым. Шағала қонған жағадан Қалаға қарай сабылдым. Астана келдiм – қаңғырдым, Астында қалдым жаңбырдың. өтiнде қалдым ызғардың, Тезiне түстiм тағдырдың. Мендейлер жəне көп екен, Мекенi жерде жоқ екен. Қазақы көңiл қалғанда, «Шыққан жан…» дейтiн топ екен… Адамы нөпiр қалада Өзiңдi тұлға санама. Сен қалай тұрып келгенсiң, Жазушы тектi жан аға?… Жұмекен өткен жер едi, Кеңшiлiк кеткен ел едi. Жұматай жатқан төбе едi, Кезегi кiмнiң келедi?… «Қаңғырып кеткен бiр ұл», – деп, «Жаңғырып жеткен бiр үн», – деп, даланың шаңы сейiлдi, Қаланың шамы күлiмдеп…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жол үстiне жатпа, диуанам, Оқты көзiңмен атпа, диуанам. Сабырлылығыңды сақта, диуанам, Жақындап отыр отқа, диуанам. Ертеңдi ойлап қиналма, диуанам, Күнiңнен ерте жиналма, диуанам. Сенi мен менде күй бар ма, диуанам? «Лə иллаха илаллаһ…», диуанам… *** Көңiлiм суынды – Таттым уыңды. Сайгез оғыңмен Аттың қуымды. Мамығы Бұрқырады – Жаным шарқ ұрады. Саһардың Сұңқылына Селт етпей кiм тұрады?…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қыс əкелген қарыңмын, Қыр мүлгiрдей қалыңмын. Осы тұрған қалпымда Жоғың менен барыңмын. Сенiң көңiл қаймағың Бұзылмасын ойладым. Қоймай түрткен қай сорым, Талмай күткен қай бағым?… Үмiтiңдi үлпiлдет, Үздiксiн жұрт «шiркiн» деп. Көз үйренсiн қарықпай, Бой үйренсiн бiртiндеп. Күн артынан күн желер, Көктемiң де бiр келер. Қайта оралған қанатты Ұя салып үлгерер… Құсың қонар бағыңмын, Қонбайтындай нағылдым? Осы тұрған қалпымда Жоғың менен барыңмын. Үмiтiңдi үзбегiн, Күтпе ерте күз демiн. Жасты көзбен ұзатпа Тырналардың тiзбегiн. Əлдененi iздедiм, Əлегi ортақ бiзге оның. өмiр сауал қойғанда «Бақыттылар – бiз», – дегiн…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ел, Сайдан тасқан сұрапыл сел Сұмдығын бастағанда кел. Есiмдi ап, Есалаң қып тастағанда кел. Ел, Қырдан ескен қызыл жел Желiгiмдi тыйғанда кел. Есiмдi, Етек-жеңiмдi жиғанда кел. Əзiрге берекелi бiр iсiм жоқ, Я болмаса, сал-серi жүрiсiм жоқ. Бiр əуендi бастап ап, соңын жұтып, Жүрiп кеттiм: «Қой, түге, құрысын», – деп. Шамалы отызға кеп тындырғаным, өзiмнен күн мен айды, жылды ұрладым. Мең-зең боп жүрем ылғи миым ашып, Көңiлдiң қуратып ап мың бiр бағын… Отызым осы ма едi орда бұзар? Опынтты, ойсыратты жолдағы зар. Бұрылып, жаным ашып, жақындасам, Мiскiннiң тықылдаған балдағы ұзар… Жақсылық та жасамай, жамандық та, Шүкiршiлiк дейсiң-ау, амандыққа. Отызға кеп ойланған түрiң осы, Қош айтысып кеткенмен шамандыққа. Сенi жұртың ес көрiп, қара түтты, Жүрегiңнiң жылуын дала күттi.
Нұрлан МƏУКЕН Орда бұзар жасыңда ойын қуып, Тастай алмай қойдың ғой балалықты… Ел, Қырдан ескен қызыл жел Желiгiмдi тыйғанда кел, Етек-жеңiмдi жиғанда кел… *** Жолда жаңбыр сiркiресе, Көктiң көзi күркiресе, Дүмпуi мол дүрмеген күш Дүниенi сiлкiлесе; «Шалығы бар шайқы» десе, «Бойында бар Бұрқы» десе, «Қысқан ақкөз ашу» десе, «Түсiнiксiз күлкiң» десе – Менен медет тiлей бер, Менен медет тiлей бер…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Айныды, Адастырды өз құдайым, (Көңiлдiң қай қалғанын сөз қылайын) Өзгенiң құдайынан үмiтiм жоқ, Үзiлген тамшыдайын тез құлайын… Топ етiп топыраққа сiңiп кетем, (Əлде де əлденеден үмiттi екем…) Тiршiлiк тұтқасына табынушы ем, Нелiктен тəңiрi менi ұмытты екен? Елеусiз көз жасындай үзiлермiн, Майсаның шығындай боп тiзiлермiн. Көзiне бу боп ұшып көрiнермiн Аяусыз айыр тiлi ұзын елдiң. Тентiреп қосылармын теңiздерге, Теңiзге төнген бұлттар менi iздер ме? Тамшыдан тамшы айнымай жарасқанда Күрсiнiп көз сүзбей ме егiздерге… Он сегiз мың ғаламның ғажабы мол, Ми қорытқан мақамды жазады қол – Тəңiрi адастырған ашық күнде Қайдан тапсын даланың қазағы жол… Ұмыт қалған ұланның ұраны бар, Аузында – иман, қолында құраны бар. Шөлден ұшып өлерде кете алмастан, Ащы боздап қасында тұрады нар… Өзiң құтқар, о, тəңiрi, адастырма, Ажалменен бейбақты жарастырма. Үмбетiң боп үнiңе құлақ асқан Аяушылық жаса бiр алаш-құлға. Бұл қалай, тəңiрi, менен айнығаның? Қамығып, қара түнде ой қыламын. Көңiлдiң қай қалғанын сөз етейiн, Көре алмай күдер үздiм Ай құлағын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көңiлiм жүйрiк, Көзiм жүйрiк, Қолым жүйрiк, Қашаннан адастырған жолым жүйрiк. Шашыма шаң жұқтырып шаршатады, Құтылмасқа құрып ап торын бұйрық. Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де… Қуанасың, жылайсың, өлесiң де… «Ажалы жүйрiк болды жарықтықтың», – Деп алып, сақтамайды-ау ел есiнде. Жадында ұстайтұғын жақын ғана, Басқаға беймағлұм атың, бала. Жазмыштың жазғанынан озамын деп, өзiңдi-өзiң өлердей тақымдама. Жүйрiктер жетпей құлар мəресiне, Тап болып пəни жалған пəлесiне. Дүние дөңгеленген ақтық демде Оралар-ау опынтып бəрi есiңе. Дүние жеткiзбестен жөнеледi, Қызығына тiрiлер кенеледi. Жел де жүйрiк, айналған Жер де жүйрiк, Жығылады десем, кiм сенер едi?… Жолда келем, Жолымды оңғара ма? Қолтығымнан сүйе де, қолда, дала. өгейсiнбе, көңiлiм, қуанышты Сан пенденi сандалтқан сорға бола… Дүние жүйрiк пе екен, жүрдек пе екен, Қашарын қарсы алдымнан бiлмеп пе екем?… Қызыл тiл, сен де жүйрiк сияқты ең-ау, Қай күнi, қай тылсымға күрметтi екем?!
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қырдан ескен қызыл жел, Жүйрiк қолы ұзын жел Жұқалап бiр сыр айтып, Жоғымды айтып мұңайтып, Желғабыздай сын салды, Желқобыздай үн салды, Шалғайына сүрiндi. Емпең-емпең жүгiрдi, Шат-шəлекей бүлiндi, Екi етегiн түрiндi. Баларқалы бел асқан, Баябан мен көл асқан, Жолсыз жерден жол ашқан – Жан сарайын сол ашқан… Ойлап-қырлап желген сол, Ойда жоқта келген сол, Кешкi ымыртта əл берген сол, Кезең асып өлген сол… Қырдан ескен қызыл жел, Жүйрiк қолы ұзын жел Көкiрегiмді тазалап, Көңiлiмдi мазалап Желғабыздай сын салды, Желқобыздай үн салды…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қанағат ет, көңiл, Қайырымды өмiр. Қасаласып көрдiң Қиындықпен небiр… Құлазыдың, қалдың, Ашылмады алдың. Басылмады көрiгiң, Қожға көсеу салдың… Қожағайды ұрдың, Қомсынып та тұрдың. Қолың – мүйiз, ой – мейiз, Қайда бетiң бұрдың?… Бой-бой болып терлеп, Еткенiң бе, ермек? Сүйiнгендер сыртыңнан Қайтар бiр күн жерлеп… Қанағат ет, қанағат, Қайырылшы, жамағат. Қара орманым өзiңсiң, Қауырсағың паналат…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қолымның өнерi ме, Жүректiң сенерi ме, Жанымның жылап аққан сызашығы – өкпелей көрме, қалқам, өлеңiме. өлеңiм өртi бəсең, мұңы басым, Қалқажан, оған неге құнығасың? Айбарым азулыға көштi бiлем, Жан дүнием жалғызсырап ұлығасын… Жан дүние бəрiмiзде жалқы ғана, Жалқыны жылатпайтын халқы ғана. Бұлттарға ерiп бара жатамын да, Жалғызсырап қараймын артыма да. өкпелей көрме, жаным, өлеңiме, Татымас тал бойыңның төлемiне. Жарқ еткен найзағайдың жарығымен Көз жетер бiр үмiттiң сөнерiне… өлеңiң – өлең екен, өмiр – бөлек, Оны да сүретұғын көңiл керек. Жанымның жылап аққан сызашығы Мен жайлы бере алар ма небiр дерек? Өлеңiң – өлең екен… Сау бол, жаным, Қажет пе саған асқар тау болғаным? Мұқағали – Муза жүр маңайымда, Жаратпай жалғыздықтың жау болғанын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Əлсiз өлең – Жансыз əлем. Жүдедiм. Қалай ғана қамсыз өлем, Қалай қамсыз күлемiн? Жансыз өлең – Арсыз əлем. Ашындым. Қалай ғана қамсыз өлем – Киесi ұрсын Қасымның! Қансыз өлең – Əрсiз əлем. Өкiндiм. Қолыңа ұста, қамшы берем – Арамын сыл етiмнiң…
Б О Й Т Ұ М А Р *** «Тəнiм тоңсын, Кеудем суынсын. Жүрегiм соңғы рет Қанмен жуынсын. Жаным жаурасын, Өлiм баурасын. Тiрi рухымды Əзірейiл ауласын. Топырақ күтсiн, Демiм бiтсiн. Тозақ тереңi Басымды жұтсын…» Кешiр мұнымды, Бiлем құнымды. Айтпай келедi, Ажал жырынды, Жұлып гүлiңдi, Шашып күлiңдi… *** Қарашада қайтқан қаздың қаңқылы, Қарашаның қабақ түйген салқыны, Қарағаштың желге шашқан алтыны, Қамықтырып қоштасады жыл сайын… Ығыр қылған күйбең тiрлiк ырғағы, Ызың-қиқу бойымды алған бұлғағы, Ырқымнан тыс сытырлаған сырғағы, Жалықтырып қоштасады күн сайын… Күн жүремiн, ай жүремiн, жыл жүрем, Мың жылаймын, мың қуаным, мың күлем, Дəм-тұзымның таусылмасын шын бiлем – Анық бiлiп, алға асығам күн сайын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бөлектоғай бар едi, Бөлектоғай iшiнде ерек тоғай бар едi. Балта ұстаған баланың балағынан шырмаған Шабындықты шырғалап, шоқтана өскен тал едi. Бөлектоғай бар едi, Бөлектоғай бар едi. Бөлектоғай иесi – Шалғайына жабысқан шалдуарын тастамас, Шоқша сақал шал едi. Шүңiрек көз шал едi, Шартпа-шұрттау пəле едi. Шамдандырып тастайтын Насыбайдың əлегi. Саптыаяғы сары едi, Түбi шұңғыл, тар едi. Тал қабығын сыдырып, Күлiн қосса – дəрi едi. Ерiн асты томпайып, Шақшасы сəл ортайып, Қыздан туған жиенге Қарайтұғын қартайып… Қартайды да жөнедi, «Қалдыңдар-ау» демедi. Бөлектоғай iшiнде Бөлек жатар жан едi… Бөлек жатса, жөн едi, Бөлек едi əдемi. Бөлiп кеттi бұ жалған, Болмаса да төлемi. Шитөбеде ши қалды, Намаз оқып болғандар, Насыбайсыз қиналды… Бөлектоғай бар едi, Бөлектоғай иесi – шоқша сақал шал едi. Бөлек өңiр əлдилеп, бөлек үнмен тербелген – Басына əкеп қадаған қабығы шор тал едi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қолшатырың қайтарайын, келе ғой, Қолың табын қайтадан бiр көре ғой. Абайсызда ұмытқан да шығарсың? Жорға құсап оңды-солды желедi ой… Жаңбырлы аспан жас үмiттi оятты, Жаз жамалын жасыл нұрға боятты. Қолшатырың қайтарайын, келе ғой, Күрсiнген көк кеудесiнен жай атты… Абайсызда абайламай «кел» дедiм, Көктегi үнге ұласады жердегi үн. Есеңгiреп жүргенiмде егiлiп, Еншiмдi алып қояды ылғи ел менiң. Селдетуге серт берген бе мына аспан, Қозғалмаған қолшатырын кiм ашқан?… Бұл үйректей бұлқынады жүрегiм Жалт ойнаған нажағайдың үнi осқан…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көктөбенiң баурайында көгiлдiр бiр мұң жатыр, Көгiлдiр мұң оранып ап, көзiн ашпай кiм жатыр… Күн мен түннiң, топырақтың қойнында тербелген, Сенiң қуған бiр арманың Найзақара шыңда тұр. Көктөбеде көңiл орта, жанарда жас, ой қалың: Қараорманды қалың жұрттың қалқып алған қаймағын… Күн мен түннiң, топырақтың қойынына қимайтын Қайыңды орман сияқты ең-ау, қанат неге жаймадың?… Көктөбенiң баурайында… Көктөбе емес – Ойтөбе, Көзден таса күйкi жандар тiрлiк күйiн көйiте ме… Күн мен түннiң, топырақтың қойнына енгенше, Əңгiме мен əнiн айтқан əлдекiмдер сөйте ме?… Көктөбенiң баурайында көгiлдiр бiр мұң жатыр, Көгiлдiр мұң оранып ап, көзiн ашпай кiм жатыр, Күн мен түннiң, жел мен судың сарқылмайтын сабыры Сияқтанып, сартап болған сəнтiм жерiм тың жатыр…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Төзе алмаймын – Бар төзiмiм таусылды, Тынып жатқан таулар жұтты даусымды. Шапанымның шалғайын жел қаусырды, Соққан құйын мазаң еттi маусымды. Төзе алмаймын – Тентiреуiм жеттi ендi, Теңiз кешiп, тесiк еттiм өкпемдi. «Өзектегi өкiнiш» деп өткендi, Күтсем бе екен көзiм жаулар көктемдi? Төзе алмаймын – Ендi шыдар жоқ халiм, Қара мылтық төндiрсе де оқпанын, Серт ұстаған сайласа да сақпанын, Жетер ендi лаққаным. «Шыда», – дейсiң, Шыдам бiттi, шырағым, Құдайымнан қолдау ниет сұрадым. Бетiмдi ендi құбылаға бұрамын, Көзiме iлмей көңiлiмнiң құрағын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Ақ көбелек қашпайды, қумаймын да… Бүгiнде бөлек үнi сырнайдың да. Аппақ мамық, мен сенi жырлаймын ба? Аққу үнiн ақ қыстың тыңдаймын ба? Несiне қайта-қайта сұрақ қоям, Ақпанның аязына құлақ қоям… Ауылды аңсап, iшiмнен жылап қоям, Ақ жазықта аңырған бiр ақ қоян… Балдағынан босатып бүркiт кешiн, «Тəйт!» – деп соны бiреулер үркiтпесiн. Тыным алып, тыныш бiр жыр күткесiн, Тымық түнге ұлассын сырғып бесiн. Жұлдыздарым жымыңдап аспанымда, Сырғып келiп құлайтын қас қағымда: Ақ ұлпаға қосып ап шашпадым ба, Аппақ нұрды төсiме баспадым ба? Апам ойлап Күнiкей қыз келiнiн, Ұршық алса, Болатым, үзбе жiбiн! Сыздағанын басайық бiз белiнiң, Қуып шығып ызғарын түз желiнiң. Нұржан жүрген шығар-ау бiр қызбенен, Ағасы өткен аяңдап iлкi iзбенен Қыдырысын құпия бiлгiзбеген. Ақ əлемнен аппақ бiр күлкi iздеген. Алматыда жоқ қазiр аппақ мамық, Қара күздiң демi жүр бақты ақтарып. Алатауға жол түстi соқпақтанып, Қыс тынықты Алтайға тоқтап қалып… Екi таудың арасын «арманым» деп, Екi маусым арасын жалғағым кеп, Асығып кеп атқанда таңдарым көп, Ауылды аңсап, iшiмнен жылап қоям, Ақ жазықта аңырған бiр ақ қоян…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Күз келiп қалып, күмiлжiп тұрды аймағым, Қаз алды қалқып қарасуымның қаймағын. Қанаттарынан қараша демдi жел тұрып, Долана болып бүрiсiп тынды сайдағы үн. Күнгейге түскен күннiң де нұры сəл-сəл-ақ, Көшедi бұлттар бауырларына тамшы орап. Долана сайдан долдана шыққан бiр екпiн Кетердей кейде жаныңды жұлып, паршалап. Бұлтиған, момын, момақан мая – ықтасын, Ықтасын шетке табанын тұяқ нықтасын. Қара күз осы бауыры суық, басы қар, Бел алып кетер бетiне түгi шыққасын… Терiскей беттiң терiсiн əбден жұқартып, Тұлғалы тасқа табанын тiреп, бұт артып, Қырық күн бойы құтырар қара суықтан Ақсүйек қылған жылан жылдағы жұт артық. Қара суықтан мезi де болған мақұлық, Азынап тұрар маңайға қара, шақырып. Iз кесiп жүрiп iндете жетер шақар шал, Алдыға түспей ауыздан шыққан мəкүрiк…
Нұрлан МƏУКЕН АЛАҒАЙ ДА БҰЛАҒАЙ Алағай да бұлағай: Ықтырмада – қылағай. Ыңыршағын шығарды Азынаған бiр-ақ ай. Азынаған бiр-ақ ай Ақ боран боп құлады-ай! Қыр арқасын қатырып, Қаһарланып ұрады-ай… Дала…дала дəрменiн Ұрлап кеттi əлдекiм. Ұйқтап жатқан таулардың Шығармайды қар демiн. Тұншығады ақ əлем, Кiм бар екен табар ем? Бiр қажетке жараса, Сирағымды жағар ем… Жылу болар жөпшеңдi, Көбең көңiл дөп сендi. Алағай да бұлағай, Көтер ендi өкшеңдi! Алағайдың өкшесi – Ахиллестiң өкшесi. Ей, қылағай көңiлiм, Көктеменi көксешi. Алағай да бұлағай: Алып соқпас бiр-ақ ай. «Шықпа, жаным, шықпа», – деп, Шыдас берер қылағай…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Күз екенiн бiлмедiм, Əлде көктем басталды? Мұңым ба екен бiр менiң Кезген бұлттар аспанды… Сылбыраң ба күзгi бұл, Əлде көктем нөсерi? Сүрiп болдық бiз ғұмыр, Бақыт қайда көшедi… Күз көктемге ұласты, Көктем жанын ұқпадым. Көкте жайдың тiлi ащы, Ойынан бiр шықпадым. Мынау маусым қай маусым, Мына жаңбыр қай жаңбыр? Естiртпедi-ау Ай даусын, Қап-қара түн қайдан жүр?…
Нұрлан МƏУКЕН *** Перiштелер қонып жатыр, Оқиыншы бiр аят. Жерде думан болып жатыр, Барын қалсын кiм аяп… Қанаттарын қағып-қағып, Қонады кеп қолыма. Жанның отын жағып алып, Үмiт арттым жолыма. Перiштелер қонып жатыр Ұлпа қардан жаралған. Жерде думан болып жатыр, Той тiзгiнiн қар алған… Аударылып, төңкерiлiп, Қонғанынша мың аунап – Ай нұрымен көмкерiлiп, Қар жауып тұр қылаулап… *** Шiркiн, дүние! Бiр күнгi күлкiм – дүние, Мың күнгi сүркiл – дүние, Құмайдан қашқан түлкiм – дүние, Шiркiн, дүние! Шiркiн, дүние! Өтерсiң бiр күн, дүние… көре алмас күңкiл – дүние, дақпыртты дүңкiл – дүние, Қызық пен қызу кеткесiн, Ыңқыл мен сыңқыл – дүние…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жез Айдай жасып, тозайын, Күңiренген Күннен озайын. Күрсiнiп кеудем басылды, Бола алмай қалып көзайым… Көзiмнiң алды көк мұнар, Көгiлдiр қонған жоқ шығар… Көк тұман ойдың iшiнде Адасып болдым от құмар. Қайда жүр түнгi шырақшы? Қайтесiң шаршап, сұрақшы… Бəйгiге қосар бестiсiн Алдырып қойды бiр атшы. Қолды боп кеттi бiр жүйрiк, Жел жүйрiк əлде ол жүйрiк… Көлкiген мұнар iшiне Күзелмей кеттi жал-құйрық. Жел үрген көкте жаз Айым, Қолымды несiн созайын: Жұлдызда жылт жоқ, сенде нұр, Тозайын мен де, тозайын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Сүмбiле туа су суыр, Таразы туа таң суыр. Шыбын жан тастай ұшқанда Таң алдында тəн суыр. Қараша туа қар түсер, Қара аспаннан зар түсер. Қамығып қайғы құшқанда Жүректi жейдi жалқы шер. Өлiара түсе мұң туар, Өлiп те қалар күн туар. Өзегiмдi алған өртiмдi Өзiмнен басқа кiм қуар Сүмбiле туа су суыр, Заһарға, зайыры, кiм жуыр… Түтiндеп ойың жүргенде Түгi шығумен түн суыр. Суығы шалып сұлаған, Құдайға налып жылаған, Үзiлмес жанын үмiт қып, Күтумен жатыр бiр адам…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бұ дүние оңай емес, оңай емес, Құбылғаны пендеге қолай емес. О ғып, бұ ғып сүретiн өмiр осы, Бекетi де бел шешер жолай емес. Бұ дүние қазекең «жалған» деген, Топырағымен табысып қалған денең. Жаныңды ап болашаққа барса-ай, шiркiн, Жалғанның өзенiне салған кемең… Бұ жалған мен үшiн де өткiншi екен, Алумен тiрлiк еттiм көп күн секем. Қылығы сүйiндiрген Сұлу дүние Қызығын қыздай етiп өптiрсе екен…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жошыған көңiл шошыды, Жығылып жатыр қосыны. Тас-талқан еттi сенiмiн Тағдырдың салған тосыны. Тасыған көңiл жосыды, Аңыртып кеттi асылы. Айғайы жетпес аспанның, Өзi боп қалды мысалы. Тоғайған көңiл ортайды, Күнiнен бұрын қартайды. Көлiнен қашқан көк үйрек Жалтара ұшты жарты Айды. Масайған көңiл айықты, Iздедi мiнер қайықты. өтiптi күндер өтiптi… өте алмаған өзi айыпты. …Жыртылғаннан жел үрдi, Қанатты тылсым елiрдi. Қайрылмай кетiп барады, Кiмдердiң жерi кеңiр-дi?..
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көңiлiң мүлдем қалды ма? Көре алмадым-ау қайтадан. Ар-ұятыңның алдына Бара алмай басым шайқадым… Қойныңа енген қоңыр түн Қоңыр əнiңдi құптаған. Жүрегi темiр тəңiр кiм Көзiңнiң жасын жұтпаған?.. Өксiгiн баспай түн құсы, Бұлақтың тiлi шықпаған… Сен едiң көңiл мұңлысы, Мен едiм жаныңды ұқпаған… «Құдайым басқа салдың», – деп Құлазып, қурай жиналың. «Ошақта от өшiп қалды», – деп, өзiңдi өртеп, қиналдың… Құлазып қалды қу жаның, Көзiңнiң отын ұрлаттың. Өзiңдi өзiң уладың, «Кiнəлiмiн…» – деп тiл қаттың… Аңырған Айға қол жайдым: «Айырма, – дедiм, – арманнан. Жолыңа жаным жалдаймын Жоғалғанымша жалғаннан». …Көрместей болып қалдың ба? Көре алмадым-ау қайтадан. Ар-ұятыңның алдында Албырттық басын шайқаған…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бошалаған құба iнген, Құла түзден iздейiн. Қай түлiктен құның кем, Жоғалтпасқа тiздейiн… Аттың терiн үгейiн, Аққаптал боп бiтейiн. Басыңа қос тiгейiн, Боталауын күтейiн… Бошалаған iнгенiм, Қай тараптан iздейiн? Қасиетi сiңгенiм, Қайтiп сенi тiздейiн?!
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қапталыма ер батты – Қажай-қажай қабырғамды алдырттым. Қыр арқама жер батты – Қабаттап көрпе салдырдым. Жыңғылдан шыңғақ оқ жондым Опырмалы мылтық қайда бар? Тасасынан атса тоқ жонның, Омыртқама жебе байланар. Жауған нөсер, соққан жел Желе-желе жiлiк майым жұқартты. Қасқыр қуар қақпан бел Жортуылға жиналғанда құны артты. Жыламақ бұйрық болмады, Жолға мiнер арғымақты таңдадым. Жер бауырлап қашқан тұйғын қонбады, Көл жайқаған қудың мойнын қандадым. Шөлдегенде жұтқаным Жер сыйлаған жеңдi бiлектей су болды. Өлмегенде ұтқаным Ерген сөз бен шу болды.
Жол үстiне от жақтым, Қызуына қарсыладым қолымды. Мезгiлiмен басы толып бақбақтың, Ұшқан желмен ұлпа болып бөлiндi. Дүйiм жұртты дақпыртыммен дулаттым, Топтан озды тақым артқан тарланбоз. Ерiн алып аунаттым, жүгенiн ап қунаттым Күн мөрленер болған кез.
Нұрлан МƏУКЕН Көрiп алған көрiктi Күнiкейдiң күлкiсiне ерiдiм. Сүйiп алған сүйiктi Тосты үзiлiп уылжыған ерiнiн. Өттi осылай өмiрiм, Өттi жəне дүниенiң сағымы. Соны қуған қайран менiң көңiлiм Маңған Айдың мəңгiлiгiн таныды… *** Көлденеңдеген көк атты Кеудемдi көздеп оқ атты. Өлiмдi жазып маңдайға, О баста тəңiр жаратты. Перiштем қаққан қорғасын Жұртыма тиер болмасын. Өзiм де кетем бiр күнi, Əзiрге пiрiм қолдасын. Көлденең көздiң сұғынан Қымсынар сəттi ұғынам. Қылықты қыздай көңiлiм Үмiттi таңның шығынан… Көлденең көздер көп едi, Көтермешiге сеп едi. Жайраңдап шықсам қайтадан, Жанымды тəннен сөгедi. Көлденеңдеген көк атты Кеудемдi көздеп оқ атты. Қорғасын тимей сөз тидi, Бəрiнен бұрын со батты…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ұйқым да менiң бұзылды, Күлкiм де менiң бұзылды. Түндерiм келiп оятып, Күндерiм келiп тiзiлдi. Өмiрiм өтер осылай, Жығылар барып қосына Ай. Кеудеме түсер көк тасын Көтерiп алам шошымай. Сəттерiм болар қылықты, Мезетiм болар бүлiктi. Қуаныш қуып салсын да Көңiлде жүрген күдiктi… Үзiлмей ғұмыр жалғансын, Бары мен жоғын малдансын. Елжiреп жүрген ет жүрек, Айнала бере қан-қансың… Ұйқымды бұзды өмiрiм, Күлкiмдi бұзды көңiлiм. Қондырды менi ауаша Қошуақ көрген қоңыр үн… Қолымда барға қанағат, Қолдай да көрсiн жамағат. Қанаты сынық Сұңқарым Саясын жүрсiн сағалап. Талайдан көшкен бұ жалған, Таңдайдан терiп тұз алған. Күндерiм жатыр қысқарып, Көлеңкем едi ұзарған…
Нұрлан МƏУКЕН Пəлсапа соққан пендемiн, Порымым дiттен келгемiн. Есi бар екi аяқтымын Жүргенде iлер жөргемiн. Ұзақ та сонар əңгiмем, Басталған ба едi мəңгiден? Осынау ұзын жолда мен Сан жылап əлi сан күлем… *** Сыбап салып құдайдың тас құлағын, Сағым сынып, ағыттым жас бұлағын. Теперiшiн көрсеткен өз тентегiм, Тентiреген мен кiмге қас қыламын? Кең далада керiскен екi телi Жылап айтқан сөзiмдi бекiтедi. Ебептен себеп тауып ес шығарған Бiреудiң аузыменен жекiтедi… Жақсы едi ғой батқаны жаттың қолы, Қайғым бұл шыдамайтын аттың белi. Тас құлақты тəңiрге «жазсам« деп ем, Табылмады түсiрер хаттың мөрi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жалғыз ауыл. Жалғыз жан. Көңiлге қайғы алғызған. Шыны боп қатқан шықарда Қызыл қолмен қар бұзған… Жалғыз ауыл. Жалғыз жан. Отынын кiмге жарғызған? Қолтықтан сүйер жан болмай, Тəуекел iске барғызған… Жалғыз ауыл. Жалғыз жан. Аумайды-ау, тəңiр, Нарқыздан, Күн баласында жан жаурап, Түн баласында тəн қызған… Жалғыз ауыл. Жалғыз жан. (Көңiл күйiмдi сан бұзған) Таныс бiр иiс келедi Жаздағы жұлған жалбыздан…
Нұрлан МƏУКЕН ТОҚЫРАУЫН ТОЛҚЫНЫ Тоқырауын толқыны Сылдыр-сылдыр шолпылы. Бүйiрiнде бұлкiлi, Буынында былқылы. Бауырында балығы, Ұйқысында шалығы. Таусылмасы – жарығы, Басылмасы – сарығы. Алыс кетер айдыны Айнадайын жай күнi. Бұл келгенде қайғылы, Арта түсер айбыны. Буырқанар, бусанар, Мың-мың тамшы құрсанар. Тоқырауын толқынын Тоғытқанда кiм санар… Бұлт кеткесiн жайланар, Оңашада ойланар. Бас бiлдiрген асаудай Қазығына байланар. Тоқырауын толқыны Толтырады олқыны. Тамырында соғысы, Тереңiнде солқылы. Тоқырауын толқыны, Тоқырауын толқыны…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Тiрiнiң қамын тiрi жер, Тiрiлер бiрiн бiрi жер. Тiрлiкте қашқан қадiрiң Өлгенде ғана бiлiнер. Өлiнiң қамын тiрi жер, Жоқтауын салып жүгiнер. Жоғалтып алған асылы Айрылғанда бiлiнер. Тiрiнiң қамы – бас қамы. Күнде бiр əлем – ашқаны. Күйремейтiндей көңiлi, Құламайтындай аспаны. Өлiнiң қамы – өз қамы. Топырақ болып тозғаны. Азасын тұтқан ағайын Мəңгiлiк мекен қазғаны. Өлiнiң қамы – өз қамы, Өгейсiп кеткен өз қаны. Бiр уыс топырақ бұйыртып, Маңдайға бақыт жазғаны… Тiрiнiң қамы – бас қамы, Таусылмайтындай дастаны. өлеңшiл өзен өткенi. Айғайшыл асу асқаны. Өлiнiң қамын тiрi жер, Тiрiлер бiрiн бiрi жер. Бiр күнi бiз де барамыз, Сен аман болғай, сiрi Жер!
Нұрлан МƏУКЕН *** Иманың тұр төгiлiп Иланып сөйлей ғой. Инабатың сезiлiп, Сөйлегенде бүй дей ғой: «Инаяттар пендем жоқ, Қиянатты көргем жоқ. Айналайын ағажан, Отқа салдың – өлгем жоқ. Итарқада тұрамыз, Көңiлiмдi сұраңыз. Алған жолым – адасқақ, Айтатыным – бiр аңыз…» Иманың тұр төгiлiп, Иландырдың сөзiңе. …Қала көрме кезiгiп, Түсiп тағдыр тезiне…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жер бетiнде, Жел өтiнде Жүр адам. Досы-дағы, Қасы-дағы Дiн аман. Құдайынан Құлатпауын сұраған. Тағдырынан жылатпауын сұраған… Жер бетiнде, Жел өтiнде Жүр пенде. Жатынан да, Жақыннан да Тұл. Кенде. Ол үйренген Iзет етiп кiшiге. Ол үйренген Сəлем берiп үлкенге. Жер бетiнде, Жел өтiнде Жүр мұңлық. Көңiлi де, Өмiрi де Бiр күндiк… Құдайым-ау, Ғұмыр берме мың жылдық, Қуаныш бер Қуанатын мың күндiк…
Нұрлан МƏУКЕН *** Сен Махамбет емессiң! Самал желмен кеңестiң, Тəмəм елмен тең өстiң. Халық қамын емес, Халық нанын жеп өстiң. Сен Махамбет емессiң! Қилы заман ұлысың, Қиын күннiң тiлiсiң, Қилы нарық құлысың. Құлқыны үшiн тырбанған Қоңыздардың бiрiсiң. Көрген күнiң құрысын! Сен Махамбет емессiң! Жамандармен кеңестiң, Жақсылармен тең өстiң. Елiң қамын жеп емес, Екi иiнiң жеп өстiң… Сен Махамбет емессiң! Найза алмадың қолыңа, Малта алмадың жолыңа. Қалшаумадың сорыңа, «Еңiреп туған ерiм», деп, Ел ермедi соңыңа, Еңкерiлдiң торыға… Сен Махамбет емессiң! Қабырғаңмен кеңестiң, Қатыныңмен шенестiң. Қартайған жұрт алдында Қалтырайды көмескiң. Сен Махамбет емессiң, Сен Махамбет емессiң!
Б О Й Т Ұ М А Р *** Тас түссе де көтеретiн бұл тұман, Менi де ұстап қалады-ау деп бұлқынам. Айдың жүзiн аманында ұмыттым, Құмалағым сандырақтар сыртынан… Боздағымды шығарды ғой боз елес, Бозқырауда борт-борт желу – сөз емес. Түйсiгiммен түртiнемiн түк таппай, Маңдайдағы жара шығар – көз емес… Құрау-құрау, Қамбар ата түлiгi! Бүлкiлдеп тұр тұманды əлем бүлiгi. Түскен тоңды тарпып тастап жүрiп кет, Құйма тұяқ қалғытпасын тiрiнi. Ауа қою, Толғап-толғап жұтамын, Жол да қою, оңдап-солдап ұтамын. Тұла бойын аптап салған ақ қырау Бауырына төгiледi бұтаның. Тұяқтардың қатқыл үнi қаша алмас, Ұры құнан сар желiске баса алмас. Ақтанау боп жатқан əлем түкпiрiн Қиып түсiп келе жатыр қос алмас. Таусыла ма, таусылмай ма бұл тұман – Ауға түскен бекiредей бұлқынам… Айдың жүзi, күннiң бетiн ұмыттым «Құйысқаны берiк», дедiм сыртынан…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жарты аспанның астында, Жəрендiктiң үстiнде Жұлдыз жайнап төбемде, Бiр күш қайнап денемде, Көк балауса көмiлiп, Тұла бойым сөгiлiп, Асылға қол салып ем – Алысқа жол салып ем… «Е-е…» дегiзiп елiмдi, Бекем буып белiмдi, Айдан күмiс алып ем – Алданып қап, налып ем. Күннен күмiс алып ем – Күңiренiп қалып ем. Шайқы-бұрқы шалық ем, Қараңғы мен жарық ем… Жастық екен өтпелi, Жауын екен төкпелi. Күндер екен қызықты, Түндер екен жүзiктi. Дəурен екен ұшпалы, Əурем екен нұсқалы – Қиқулаған құстары Бiздiң көлден тысқары…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Айдай екен – аңтарылдым, Күндей екен – күлiмдедiм. Ассыз-сусыз қаңтарылдым, Барым-жоғым… бiлiнбедiм. Ай астында алтын екен Күн астында күмiс екен. Жұтқаны кiл салқын екен, Басқаны кiл пүлiш екен… Ай астында аппақ екен, Күн астында күрең екен. Айтқан сөзi – нақ-нақ екен, Тоқығаны кiлем екен… Айдай екен – алыс екен… Күндей екен – көз қарықты. Көрген жерде таныса екен Көзiн сатқан бiз ғарiптi…
Нұрлан МƏУКЕН *** Мен көзiмдi құрттым, Сөзi қалды жұрттың. Жақсыларға сыймаған Өзiм де бiр қыртпын. Нойыс мiнез ұртпын, Жағамды сан жырттым. Жақынымнан жау тауып, Сөзiн соқтым сырттың. Мен қарамды батырдым, Не десең де мақұлмын. Байлап-матап алып кет, Басын иген пақырмын. Жездегi құр дəрiмiн, Жетпей жатыр салымым. Қорғасындай құйдағы, Атып байқа сарынын. Мен жоғалдым, жоғалдым, Қайыра бiр соғармын. Қайырымың жетпесе, Қарашаңда тоңармын… Қанатымды қағармын, Айыбымды тағармын. Пендең болып жүрермiн, Қас-қабағың бағармын. Мен шығандап кеттiм, Шырық бұзсам, не еттiм?! Шырқырады шыбыным, Ұятты өртеп беттiң…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Шыр жинаса шырайланар шоқ тоғай, Қара балта жұмсағанға бопты оңай. Қағырланып қалар ма екен қара орман, Қара құйын жонсауыма соқпағай. Ертiс бойын емген елдiң есi бар, Табиғатқа теген салып несi бар?! Дуандағы дау-дамайды таста да, Баяжанға барлығың да көшiп ал… Екiталай – молаяр ма қарасын, Екiтүгей ат мiнер ме алашым? Ертiс бөгер Есенғұлдың бостаны Ел-жұртына аттандырды баласын. Үрендесiн үйде ұстайтын қалалық, Көңiлiнде бiр түйткiлi бары анық. Тұржауынға ұқсап қалар тұс осы Тiршiлiктiң тұқылынан жаралып. Тəкбiрiңе тоқталмайтын топ құйын Таз бiткеннiң тiтiрентiп өттi үйiн. Қағырланып жатыр бiздiң қара жұрт, Қаһарыңның құны қазiр көк тиын… Таз қалыпқа түсiредi бұ заман, Заманыңнан қайсың барсың ұзаған? Шүкiр деймiн, шулап жатыр шоқ тоғай, Түбi менi тартатұғын түз аман…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бiр аяғы – сегiз, Бiр аяғы – тоғыз. Бiр атасы – сақ, Бiр атасы – оғыз. Күмбiрлесе – домбыра, Күңiренсе – қобыз. Созылғанда – сағыз, Сазарғанда – нағыз. Қызарғанда – қымыз, Сызданғанда – нығыз. Долданғанда – дойыр, Сiлтенгенде – сойыл. Көңiлiмен байыр, Айтқан сөзге қайыл. Ұнатпасаң – ұрыс, Жақсы көрсең – жайыл… Бiр аяғы – сегiз, Бiр аяғы – тоғыз. Тағыдайын елмiн Тарпаңымен егiз…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Төрткүл əлем төсiнен баспана тап, Қол-аяғың қайтейiн босқа матап. Ауылымның аз-мұз күн дəмiн татып, Елеңдейсiң еншiң боп астана жақ. Барсаң – барғын, миыма маза бергiн, Түкпiрiнен жаныңның аза көрдiм. Торға қамап ұстаған тотым үшiн Тағдырымнан келмейдi жаза көргiм… Алдың – ашық, ұша ғой, айналайын, Ойсыраған орныңда ойланайын. Жүрегiмдi сыздатқан бəлекеттi Ұмытам деп ұзақ күн жаяйын…
Нұрлан МƏУКЕН 2040 ЖЫЛҒЫ ӨЛЕҢ Алданатын, алдайтын арман да жоқ, Соқыр сезiм кеудемде қалған да жоқ. Жанар оты жасыды қарай-қарай, Iздегенiм сiрə да жалғанда жоқ… Ненi көрдiм, не сездiм, не бiлемiн, Жұмбақ толы, үн қатпас төңiрегiм. Көкiрегiмнiң күмбiрi кемiп-кемiп, Келешектен бiр күнi жеңiлемiн. Ғұмырымның бiр сəтi желiп өттi, Жаңғырыққан жылдарды көлiк еттi. Алтын мезет, арқау күн азды-көптi Аспандаған көңiлдi бөлiп өттi. Кеудем қалды басылып көпенедей, Кешкен дəурен, көп қызық ете ме өгей? Қурап бара жатырмын қурайдайын, Аласарып барамын бетегедей… Қолдан кетiп барады ұстағаным, Тiстен кетiп барады тiстегенiм. Талай тəттi тамсанып татқан едiм, Талай ащы таусылып iшкен едiм. Алдыма емес, артыма көп қараймын: Сайда саны, құмда iзi жоқ талайдың. Тал қармаған қара су қайтқан кезде Қараша қаз қаңқылын жоқтар айдын… Қара аспанның қамыққан бұлты көшер, Жолында ауыр зарядтар сiлкiлесер. Жалғыз қара секiлдi жай тартатын Жаныма жасын салған жылт iлесер.
Б О Й Т Ұ М А Р Жүрекке түскен сəуле – алданышым, Арманның алданыш боп қалғаны шын. Қуанам оқта-текте шүкiрлiк қып, Кеудемде қоламтамның болғаны үшiн… *** Тұйықталды шеңбер, Топ ортаға сен кел. Аңырсын да айрылсын Дегбiрiнен демде ел. Топ ортадан кетпе, Қызыл тепсiн бетке. Жұрттың көзiн жаула, Сытылмағын шетке. Көздiң сұғын қадап, Жұрт сыйласын мадақ. Жүрмегейсiң жүдеп, Тұрмағайсың жадап. Сiлкiн дағы серпiл, Сенiм артқан ел тұр. Қимылыңмен сүйiндiр, Қылығыңмен өлтiр. Құралайдай ойна, Қан жүгiрсiн бойға. Қара ағаш боп қатайсаң, Несiн келдiң тойға. Тұйықталды шеңбер, Тұйықталмай сен кел. Жарқ-жұрт еткен жаныңмен, Жұрт ауанын меңгер.
Нұрлан МƏУКЕН *** Кеш қақтым есiгiңдi, кешiр, жаным, Кiнəсiз құлазыды-ау жесiр жаның. «Жесiр» деп сөйлегенге кешiр менi Баяғыдан бiлемiн есiң барын… Бойжеткенсiң баурайда тобылғылы, Торы жүзден төгiлдi көңiл мұңы. Өкпеңдi өзiме айтып тарқатпасаң, Таңғы түс тəрiздi ғой өмiр мұңы. Кей-кейде кезбе күндей саяқ кетем, (Қорықтық iшкен қойшы тоятты екен…) Дəруiшiң далада жүргенiнде Қорқыныш нешеме сан оятты екен… Есi бар кiресiлi-шығасылы, Бiлмейдi ағайын-жұрт мұны əсiлi. Дəруiш дана болып кеш оралды: «Кеш, – дедi, жарық Көзi, мұң асылы!..»
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қыр бұлтының көлеңкесi көшедi, Сыпсыңдайды самал желдiң өсегi. Тамыз айы тамыздығын толтырып, Күннiң пешiн күнiлгерi көседi. Жер-дүние ие болды шуаққа, Жер-дүние ие болды қуатқа. Тыңдай қалшы, анау сайқал сағымның Сырғығаны естiледi құлаққа. Таулар алыс көкжиекке шегiндi, Төмпешiктер, көрсетiп қал ебiңдi, Жазық дала жайған алақанында Торы жорғасын тоқтыдай шал тебiндi. Тоқты тiрлiк, тоқым қаққан, тоқтама, Тамыз күнiн сүмбiлде жоқтама. Емiс-емiс ертегi ме, елес пе?- Тал ат мiнiп шауып шықты көп бала…
Нұрлан МƏУКЕН *** Орнады келiп далаға Қараңғы түннiң қамалы. Бiр елес берiп қала ма Жоғалған жұлдыз жамалы?.. Орнады келiп тағы күн, Тағы түн – жарық жанары. Қанаттылардың бағытын Қанатсыз пенде бағады… Күздiң де келiп қалғаны, Құс жолы тартып ақтаңдақ. Қурайдың ызың салғаны, Құбылған үнге аттандап. Құбылған қайтты, мен қалдым, Қамалып мұңым кеудеме. Қара жерiмде сандалдым, Хабарым жетпей сəулеме. Өлiара алыс, күз таныс, Өзгере ме екен дидары? Жолыға келген жүзтаныс Жұмбақтай сөйлеп, қинады. Мазамды алма, мұңлы түн, Өзiммен өзiм болайын. Түсiнер дейсiң кiмдi кiм Таба алмас, айтам, орайын… «Күздiң де келiп қалғаны-ау», Күрсiнер күнiм – кейуанам. Көзiнiң қырын салмады-ау Дүния деген диуанам…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көңiлiмде қалған мұңым Тəттi болса – өзiме. өмiрiмде қалған күнiм Сəттi болса – өзiме. Жарты ғұмыр жаһан кезiп, Жұмбақтансам, тағы өзiм. Жалқын iңiр жапан кезiп, Мұңға аттансам, тағы өзiм. Бəрi өзiммен, бəрi менен, Кiнəламан ешкiмдi, Нажағайдың кəрi неден өлең болып естiлдi? Жүрегiмдi түсiне алман, Миыма да бағынбас. Ақыл-естiң күшiн алған Сезiм қалай қағынбас? Құдiреттiң құшағына Құлап түстiм көктен мен, Алмас жүздi пышағына Жүрегiммен, өкпеммен. Бəдəуидей бəйiт айттым, Ыңырсыдым, құм көштi. Бар сырымды жайып айттым, Көкпен жаным тiлдестi… Көкiрегiмдi күмбiр ашты, Кiрпiгiмнен, тамшы, үзiл. Елдегi еңлiк бiр жыласты, Емшi ерiнi алқызыл.
Нұрлан МƏУКЕН Жүрегiмдi сығымдады Құдiреттiң шеңгелi. Қулық бие құлындады, Кендебайым келмедi. Алты айшылық жолға түскен Жаяу Айым əрi асты. Мендей жанға қолға түскен Жұлдыз жалт-жұлт қарасты… *** Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң, Жалғасам деп жүрiлмеген жол кемiн. Қобыз–кеудем Ықыластай ышқынып, Сапырады күңiренген көл демiн. Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң… Iздеу үшiн iңкəрлiктен өлмедiм. Менiң мұң мен сырға толы жүрегiм, Шүпiлдейтiн шарапатқа шөлдедiм. Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң, Сол арқылы бұл өмiрге бермегiм Бейкүнə бiр тазалықтан туындар, Бiр күн сынып кеткенiнше шөлмегiм…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Менiң өлгiм келмейдi, өмiр сүрiп болғам жоқ. Нажағайын сермейдi Адуын боп алған көк. Ажал сұрап асыққан Армандыға ой бөлiндi. Көздiң нұрын жасытқан Көктiң тасы көрiндi… Көрсетпей көз жасымды Жазған жырдың жалғаны-ай… Солғын жүзiн жасырды Көңлi қатты қалған Ай. Көңлi кiмнiң қалмаған, «Шыққан жан» деп түңiлiп?! Ажал кiмдi алмаған, Басқан iзге үңiлiп?!. Сəулелi үмiт сөнбесiн, өмiр сүрер жастамын. Ажал айтпай келмесiн, Онсыз да өмiр қас қағым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қарашаны айырбас ет маусымға, Бiздiң бақыт кешкi ымырттың дауысында. Алты қанат ақ орамды аптасын, Көктiң нұры керегелеп жаусын да… Түндiгiмнен тылсым əуен төгiлсiн, өлiп-өшiп өзiм сүйген өмiрсiң. Көктегi айым күмiсiмен зерлесiн, Көкпен жаны тiлдеспеген не бiлсiн… Көк тəңiрге сиынатын бабалар. Сол ғұрыпты бiз екеумiз жаңалар. Бiз екеумiз – толған айдай толықсып, Кеудемiзге Күннiң отын жаға алар… Бiз екеумiз – бұрынғының жалғасы, Бiз екеумiз – бүгiнгiнiң арнасы. Киiз үйде – кiшi көктiң астында Кешкi ымыртқа үн қосамыз болмашы. Текеметке терiм сiңiп телiндiм, Түндiгiмнен түтiн болып бөлiндiм. Өлiп-өшiп өзiм сүйген өмiрдiң Өзегiнен өлең болып өрiлдiм. Көк тұнығым – көңiл көгiм – тəңiрiм, Тəңiр тұттым – тазалығым мағұлым. Киiз үйде – кiшi көктiң астында Өзiм сүйген өмiр төктi жарығын…
Б О Й Т Ұ М А Р АППАҚ ƏЛЕМ IШIНДЕ Ескi жылдың қары ма, Жаңа жылдың қары ма? Аппақ əлем, мен сенiң Қуанамын барыңа. Ескi жылдың түнi ме, Жаңа жылдың түнi ме? Аққу сазды ақ əлем, Қосыламын үнiңе. Ескi жылдың айы ма, Жаңа жылдың айы ма? Шатынаған аспанда Жайылады жайына. Ескi жылдың желi ме, Жаңа жылдың желi ме? Аппақ əлем, анық айт, Не бересiң елiме?… Ескi жылдың қары ма, Жаңа жылдың қары ма? Аппақ əлем iшiнде Қуанамын барыма…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жылқы шықты – қой кiрдi. Күлкiм ықты – ой кiрдi. Қойдан жуас жұрт тағы Жымиыспен жай күлдi… Шошымайтын нарқыңнан, Үрiкпейтiн талқыңнан – Қорқам осы кейде мен Қазақ деген халқымнан… Сабаздығы соры ма? Қонбай бақыт қолына, Селдiреген халқымды, Қасiреттер, торыма. Қой жылына енгенде, Басқа бата бергенде, Қойдан жуас қазағым, Бола көрме шерменде. Өзгелерге баспана, Аты ғана астана, Ей, Алматы, көргенiң Көзiмдегi жас қана… Жылқы шықты – қой кiрдi, Күлкiм ықты – ой кiрдi. Қойдан жуас жарым да Жымиыспен жай күлдi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Күн алабұлт, Жер де ала – Теңбiл-теңбiл кең дала. Тебiрентер ме екенсiң, Темiр тектес сен бала?… Құйтырқысыз қой көзiң Көре алды ма той кезiн?… Жаңқаланып бiте ме Темiр тектес ой-төзiм?… Жүрекке енген бүлiк бар, Күлетiнiң күлiп қал. Жан ашуым айғайы, Жаны жатты тiлiп қал. Ала-құла өмiрдiң Тозаңына көмiлдiм. Темiр тектес басымды Тот басты да, жеңiлдiм. Бұлт шақырған емеспiн, Жұт шақырған емеспiн. Қойныма енген жыланды «Ен жақыным» деп өстiм. Қор тұтқаным – зор екен, Зор тұтқаным – қор екен. Құлаш ұра құлшынғаным – Құрып қойған тор екен… Мен – қазақтың баласы, Жазылмаған жарасы. Кендi Алтайға көз салған Керауызбен – таласы.
Нұрлан МƏУКЕН Бетегемнен биiк ем, Сары даламды сүйiп ем. Жусанымнан аласа Болғандарға сүйiнем, Болмастарға түйiлем. Бұлт ала да, жер шала, Шайқалмаған көл шала, Соны ұқпаған мен шала, Ұқтырмаған ел шала. Мен – адамның баласы, Сүйiнетiн анасы. Салт-дəстүрiн сағынып, Сарғаятын санасы. Жерiм ала, күнiм бұлт, Көтерiлдiм бүгiн күрт, Алтай жақта адассам, Алатауға жүгiндiрт, Ағайынға жүгiндiрт…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жылау да жылау, Зар жылау… Қотандай болып қалдым-ау, Жылаудан басым қаңғырды, Зарлаудан шашым ағарды, Көре де көзiм ағарды, Сөйлей де сөзiм жоғалды, Таба алмай қалдым қоғамды. Ақжолы өлген Қотандай, Азаматы өлген Отандай, Жайғасып жерге отыра алмай, Жамбастап жəне жата алмай, Тiлдеуге тəңiр бата алмай, Құдайды жəне ата алмай, Құдiретке құл боп бүгiлдiм, Тас пенен құмдай үгiлдiм…
Нұрлан МƏУКЕН *** Екi көңiл арасы жылшылық жер… Абай. Екi көлдiң арасы – Екi көңiл арасы. Бiр ғұмырға мол жетер Екi өмiрдiң наласы. «Күншiлiк жер» дей алман, «Айшылық жер» дей алман. Бақилыққа кеткенше Боздауымды қоя алман… Қорыс-қопа көл басы, Жоғалған ер жолдасы. Жалғыз жортып жүргендi, Жаратқаным, қолдашы… Көлдi көлге құяр кiм, Көздiң жасын тыяр кiм? Көрiп қояр көзi өткiр Жұрттан несiн ұялдым… Көңiлдердi кiм қосар? – Мұңыма əкеп мұң қосар… Аялдамай ай қашар, Кiдiрместен күн қашар… Көл шайқалтар шарасын, Көрсетпес кiм қарасын… Қулығы жоқ қу жүрек, Сыздап-сыздап аласың. Сенiң емiң жоқ ендi, Мойныңа iлдiң көгендi. Көлдей бiткен көңiл-тiн, Сала берме тегендi…
Б О Й Т Ұ М А Р БҰЛДЫРЫҚ Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырық, Керней үндi бұлдырық, Қақты қанат сымпылдап, Əлдененi бiлдiрiп. Көз ұшына байланды, Құйын бастап бiр бүлiк, Шаң келедi шабандоз, Үйге қарай сырғыдық. Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырап, Құйттай болып құлдырап, Жоғалғанмен, жоғалмас Керней үндi жыр бiрақ. Бұлдыр, бұлдыр, бұлдырық, Керней үндi бұлдырық, Шаң борардың алдында Көрсеттi де бiр қылық, Түпсiз көкке жөнелдi Бiр жылаған, бiр күлiп… *** Көк таста күннiң қызу табы қалды, Көкжиек қызыл сүрме жағып алды. Көкпар тартып додаға түскен жерде Қысқа өмiрдей қамшының сабы қалды. Көк аспан қарауыта күрсiнгенде Жартастар жаңғырығын қағып алды. Жаңғырық қуалады сай-саланы, Кəрi емен аулақ тұрып бой салады. Аз-мұз ғана əп-сəттiк ой салады. Жас өскiнге жамырап жаңа шыққан Көк аспан көтерiлiп кеткенде алыс Жартастар тiлдесуге тайсалады.
Нұрлан МƏУКЕН ЕКI АУЫЛ Мұнда тұрады тiрiлер, Асырап, сақтап ұлы Жер. Қартының белдерi бүгiлер, Жасының жалауы тiгiлер, Мұнда тұрады тiрiлер… Анда жатады өлiлер, Тербетiп, құндақтап ұлы Жер. Өлiлер зират боп көрiнер, Оралып туған жерiне ер, Бiр уыс топырақ берiлер, Онда жатады өлiлер… Екi ауыл деуге де болады, Екеуi көршiлес қонады. Бiрiнде топырақ қызады, Бiрiнде топырақ тоңады. Шатырлы, шатырсыз там да бар, Мұнда бар (ишарат), анда бар. Бiрiнде топырақ жанданар, Бiрiнде топырақ… қамданар. Екi ауыл өзара туысқан, Қоштасқан, жыласқан, суысқан. Бiрiнде орын ап қуыстан, Бiрiнде танаудан бу ұшқан. Екi ел ажырап кетпейдi, Бiр-бiрiн өзекке теппейдi. Мұнда төгiлген көз жасы Анда тал болып көктейдi. Тартылыс ортада тұрақты, Дүние қояды сұрақты – Қолтықтап ойпат пен қыратты, Бiрiсi өсiп барады, Бiрiсi өшiп барады…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Сенiң осы жүзi жылы келбетiң, Бiр күн нұрға толтырады жер бетiн. Бүгiн сенiң барлығыңды байқамай, Ертеңгiсiн еңiресе – ел жетiм. Кiрпiк iлмей күзетедi шетiн ер. Жетi жылда жетiледi жетiм ел, Бүгiн оның түрi сұсты, ертесiн Күнмен бiрге күлмегенге өкiнер… Айға қарап алақайлап қуанар, Жақсы жанның жүрген жолын жуа алар. Күн мен түннiң күлкiсiнен уыстап, Мейiрi қанар жандар неше туа алар?.. Жүзi жылы, үндемейтiн сол ақын Жер бетiнiң жалғыз нұры болатын. Көктемде көл суымен көбейiп, Күзде кiлең ақ жауынмен толатын… Айға дейiн қанша мың-мың шақырым, Айға қарап амандасты ақырын – Күн жүзiнен күлкi ауысып тұрғанда Өз жүзiмен нұр шалқыған ақыным. Мəңгi тасып жата алмайды нұр селi, Жетi күндiк жолаушы едi, жыршы едi. Барлығында байқалмайтын ел-жұрты, Барлығы мен байлығы едi сыр-шерi. Жетiм қалдық, жесiр қалдық жұбанбай, Қапелiмде не болғанын ұға алмай. Жылы нұрды жер бетiне шашып сап, Өзi жүре берiптi ғой түк алмай… Сенiң де осы жүзi жылы келбетiң, Бiр күн нұрға толтырады жер бетiн. Мейiрiмнiң мекенi боп жүрмесең, Қайтiп қана көре алмақсың ел бетiн?!.
Нұрлан МƏУКЕН КҮЗУIН ЖЕЛI Күзуiн желi желiгiп, Күдерi белдер күреңiттi. Төбенi түйер келi ғып, Тəңкi бiр мiнез жүре бiттi. Табиғатым да өзгердi, Тамаша кезде ел қуаныпты. Бəрiн де көрер кез келдi, Темiрдей төзiм туа бiттi. Күзуiн желi, төзiмдi Талқыға салып көремiсiң? Көк аспан болып көзi мұңды, Күрсiнiп салдым өлең үшiн… Кеудемдi қарып тоңдырардай, Жүректе жырдың лебi де жоқ. Айналам тегiс омбы қардай, Ентiккендей ме Ебi де кеп? Суырлы тауды суық алды, Сай-сала болып серуенi. Қанаттыны да қуып алды Күзуiн желдi кiм бiлiптi? Күзуiн желдi кiм бiлiптi? Өзгерген бүгiн табиғатым. Өзекке құйып мың күдiктi, Өзгерген өзiн тани ма ақын?..
Б О Й Т Ұ М А Р ЖАС ҒҰМЫР – ЖАЛҒЫЗ ТЕРЕКПIН Жанымды мұңға мың бөлiп, Жұмбақ тiл қатар түн зерек. Зейiнiн салды зерлi көк, Жанашыр басқа кiм керек? Түнiме толған Ай керек, Жүзiнде Айдың қайғы ерек. Жанымды жайлап əлдиле, Жоғалтып тапқан «Айгөлек». Көңiлде мүлдем жоқ алаң, Қойныңа сiңiп жоғалам. Жанашыр көгiм, көсiлшi, Домалан, Айым, домалан. Қолыма қонбас Құс жолы, Келе ме жерге түскелi? Шүпiлдеп толды-ау жанарым, Жас ғұмыр мұңын iшкелi. Жүрекке жарқын жыр керек, Жүзiме алтын нұр керек. Жұмбақ тiл жедел шешiлшi. Жұртым бар күткен бiр дерек. Бiр дерек – аса керектiм, Жұмбақ тiл қаттың, зерек түн. Жапырағымды жайлап сөйлетшi, Жас ғұмыр – жалғыз терекпiн…
Нұрлан МƏУКЕН *** Шағыл мен шалғын кезектес, Шағыл мен шалғын өзектес. Ши шырпып жүрген шайпау тiл Қос кемпiр мұны сөз етпес. Демеймiн дiлмар мен ғана, Керемет рух – кең дала, Су иесi Сүлеймен, Шөлден ұшқан Кербала… Шағыл мен шалғын алмасып, Қос шалғайыңа жармасып, Қуғын көрген қашқындай Қызыл аяқ қыр кешiп, Жалаңаяқ жар басып… Бел-белеске мiнгесiп, Бетпе-бет кеп арбасып, Соңымнан бiр қалмады – Сексеуiлдi жалмады, Өлең шөптi талмады, …Ыза суы тепсiнген суат алыс бармады. Құм бүйiрi бүлкiлдек, Шалғын шашы үлпiлдек. Кейуаналар кейiген Кешкi сауын күрпiлдек. Ары асқан қашқындар, Берi босқан босқындар. Ескiлiктi көздерге, өшкiлiктi сөздерге Не жаңалық қостыңдар, Неге арып-аштыңдар? Шағыл мен шалғын жанданып, Шағырмақ аспан паңданып, Шатысқан екi дүниеге Өтем-ау, сiрə, таңданып…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жанымды жеген мына күн, Құлдилай ұшқан құладын. Қанатын қақты қайрылмай, Баса алмай қалдым бiр қадым. Қолымнан түстi құрығым, Ұстатпай кеттi ұры күн. Тiрлiгiн iстеп тiрiнiң, Өте де шығар ғұмырым. Жүрегiм тозар, жүйкем де, Тiршiлiк, менi икемде. Өле алмай жүрген, ей, өлең, Өлетiн жанға сүйкенбе! Қайрылмай кеткен қаршыға Күндердi күттiм сарсыла. Шыр-пыры шыққан қу жаным, Өзiңдi-өзiң жаншыма. Сұлбасы тұтам, Сұңқар күн, Қай жаққа қарай бұлтардың? Соңыңнан сенiң асығып, Өзiмдi-өзiм құртармын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Мұң ба, сыр ма, əуен бе? Тылсым күш, сендiм. Ал емде. өзiммен өзiм боздап бiр, Сыймай-ақ қойдым əлемге. Айға да ұшты шыбыным, Күнге де ұшты шыбыным. Тəңiрi көзi көрмедi-ау Тас-талқан болған құлынын… Қолында түк жоқ – дəрменсiз, Жанында түк жоқ – жəрдемсiз, Перiште жастан сəл аса Пенде боп қалған пəрменсiз… Тəңiрi бар ма, жоқ па өзi – Алая түстi көк көзi. Шатырлап жасын құлады, Шамданатұғын бопты өзi… Шалқайып туған Ай жатты, Бетке алсам екен қай жақты? Қаптап бiр көшкен қара бұлт Жұлдыздың бағын байлапты. Қай əуен мынау сыңсыған, Қай күнi қажып, тыншығам? Өлеңiм жайып сырымды, Өзiмнен өзiм қымсынам… Шың шағып, соққан барабан, Тəңiрi – көкке қараған, Жүрегi түктi ұл едiм Түркiден тегi тараған… Тегiме тартпай кеттiм бе, Көңiлiнен шықпай көптiң де? Беймаза жүрек бұлқынып, Өмiрден өстiп өттiң де…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бақалы көлге түскенмiн, Балдырлы суын iшкенмiн. Бойлауығын жұлғанмын, Балығына ау құрғанмын. Тарғыл бiр тауға шыққанмын, Тасының сырын ұққанмын. Қынасын жиып жүргенмiн, Жаңғырық болып күлгенмiн. Сары даланы кезгенмiн, Бөкен боп белде безгенмiн. Ерменнiң дəмiн алғанмын, Елжiреп жүрек қалғанмын. Бағыма көлiм бар тұғын, Балдырлы суы бал тұғын, Көлiм де бүгiн таусылды. Жасының алған жарқылын, Тарғыл бiр тасым бар тұғын, Тасым да бүгiн таусылды. Алмайтын бейне нар тыным, Сайын бiр далам бар тұғын, Далам да бүгiн таусылды. Құлағың шалсын даусымды!..
Нұрлан МƏУКЕН *** Атқақтап соғып жүрегiм, Дүбiрлеп кеттi бұл кеудем. Бұнан соң қалай күлемiн, Үмiт үзем бе гүлдеуден?.. Беу, жүрегiм, бəсеңде, Жетер жерiң жайсыздау. Мына əлемдi қоса емде Тiршiлiгi ойсыздау… Мен кеудемдi сөгейiн, өз қағымнан жериiн. Көз жасымды төгейiн, Жанды жатқа телиiн. Жүрек сұрап көрейiн, Жүрексiзге жалынып. Көрейiн де өлейiн, Қызыл қанға малынып. Бұдан саған не түсер? Көкiрегiм қымтайын. Бiрге бiр күн кетiсер Мезет барын ұмытайын. Жарым түнде жалқы айым Хабаршы болып келмегей. Кеудемдегi айқайым Үнсiз қалып өлмегей. Тас түйiн боп түйiлме, Қалыпқа түс, бəсеңде. Елжiреген күйiнде Ел жүрегiн қоса емде…
Б О Й Т Ұ М А Р ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰСНИХАТ Сауалнама Алты құрлықты айналып келсем де Абайдан қайтiп аса алам? Аламанда алты мəрте өлсем де Аптығымды қайтiп баса алам? Атадан тумай кетсем де Намысымды қайтiп бере алам? Жаға жыртысып өтсем де Жəбiрге қайтiп көне алам? Жетi қат көкке ұшсам да Қазақты қайтiп қия алам? Жердiң түбiне барсам да Жоғалтқанымды қайтiп таба алам? «Алты алаштың арысына ерсем де Мен бөрiнiң кəрiсiне ере алман. Құмырсқаның көзiн көрсем де, Құдайсынған қуыс кеуденi көре алман…»
Нұрлан МƏУКЕН *** Жүрек тұсымда шаншу бар. Жүрген жерiмде қаңқу бар. Шаншу менiң тəнiмдi ауыртты. Қаңқу менiң жанымды ауыртты. Көргенiмнен көрмегенiм көп екен. Қу жаныма өлмегенiм сеп екен. Шаншу деген – қарып түсер шоқ екен. Қаңқу деген – қағып түсер оқ екен. Қаңғыған оқ қай жағыңнан жетедi? Шаншу мүмкiн жазым қылып кетедi. Жан дегенiң – жалп ететiн жарық та, Жүрек деген – бiр жапырақ ет едi… *** Түн ұйқымнан тұрғызып, Тыныштығымды бүлгiзiп, Толқын да толқын ойларды Төрт құбылама өргiзiп. Кемерiме келгiзiп, Кемдi күнде желгiзiп, Жалау берiп жайнатып, Кешу бермей өлгiзiп. Айнала бере тiрiлiп, Алыстан-алыс жүгiртiп, Шалғайға назар салдыртып, Жалғанға жолымды оздыртып, Жаманымды жақсы етiп, Жүрегiмдi тоздырып Жүрген, өлең, сенi қайтейiн?..
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жарқабақты су шайды – Жалп етпесе не еттi? Жардың жүзiн жас шайды – Жарқ етпестен кеттi… Жалбыз құшып жығылдым – Жыламасам не еттi? Кеудеме, өксiк, тығылдың – Жаннан жылу кеттi… Толқын тептi толқындыТоқтап қалса не еттi? Көтермей, ми, солқылды – Қаным тасып кеттi. Кеуiп жатыр кең арна – Кеме қалса не еттi? Өлiп жатсам болар ма – Өгейсiнген кеттi…
Нұрлан МƏУКЕН *** Өлеңiм, өлiп көрiстiм, кезгенiм аз ба жер үстiн? Перiште жанды Сен алдың, Тағдырдың мұңын мен iштiм… Өгейсiп қашқан өлеңiм, Жүректiң қайтар төлемiн. Бозарған өңiм – боз елес, Ағзудан аппақ – Тəлемiм. Өгейлiк көрдiм өзiңнен, Кедейлiк көрдiм сезiмнен. Өмiрiм өксiп барады – Боздап барады бозiнген… Өлеңiм, өлiп көрiстiм, Кездiң бе талмай жер үстiн? Қайрылмай кетiп барасың, өзiмдi қоса ал… келiстiм…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Мынау таудың өзенi Бетiмiзге тамшы ұрар. Оттан да ыстық өзегi өлең кiмге қамшы ұрар… Шерiмдi отқа қарсадым. Шеменiңдi Сен шығар… Үнсiздiктен шаршадым: «Бiр бақытым кем шығар?» Өттi бiр күн жаңбырлап. Ертең бiз де жылармыз. Өгейсiнген өндiр бақ Сыңар жiгiт, сыңар қыз…
Нұрлан МƏУКЕН *** Осы да өмiр ме екен? Өзiмдi өзiм көңiлдi етем. Өзегiмдi өртейдi өткiншi күн, Өшпейтiндiгiне кiмдер сенедi екен… Осы да ғұмыр ма екен… Лайланған көңiлiм тұныр ма екен? Өмiр, ғұмыр, тiршiлiк тұтастығын Тыр жалаңаш туа сап бiлдiк пе екен… Осы да тiрлiк пе екен, – Күнге қарап көзiмдi күлiмдетем… Сұлу сөйлеп алам да, Сұлулыққа Керi кеткен тiрлiкке қырын кетем… Осы болар болмысым, бiтiмiм де. Нем бар көңiл жыртығы-бүтiнiнде? Кеудем күйiп кеткен бе, бiле алмадым, Қаюлық бар қара орман түтiнiнде… *** Таулар бiрге оянады менiмен, Баулар бiрге оянады менiмен, Ойларымды оятады табиғат Табиғатқа тумысымнан серiк ем… Күн оянар түн ұйқыға кеткенде, Түн оянар күн ұйқыға кеткенде. Мен оянам жансарайым ашылып, Жаһан үнi жүрегiме жеткенде…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жапырақты кешемiн жаяулап бiр, Уақыт, неге жүрiсiң баяулап тұр? Дөңгелене бозарған айым менiң Тас төбемнен төгедi аяулы, ақ нұр. Күздiң салқын самалы сырғақтайды. Қаракөздiң көз жасын құрғатпайды. Дөңгелене бозарған айым менiң Нұр құйғанмен, сыр ашып, үн қатпайды. Жапырағы құлаған əлсiн-əлсiн Ақ қайыңдар жылжиды аршын-аршын. Жаһан толы тылсымға құмар болған Жүрегiм, жер бетiнде бар шығарсың?… Бар болсаң, мына əлемдi жаныңмен ұқ. Жүр едi сəнiм кемiп, əнiм кемiп. Құйып ал жанарыңа жалқы сəттi, Сырғытады Сұңқарбұлақ маңында елiк. Судағы бейненi iздеп елегiзер, Күн санаумен күдерiн менен үзер. Шөлiркей кеп бас қойса бұлағына Толқын-толқын мұң көлiн жел емiзер. Күз түнiнде жапырақ құлағанда Уақыт, неге тоқтадың мына маңға? Жөнеп едiң жалт ойнар жалқы сəтте, Елiк қызға керiк ұл ұнағанда. Өмiр бəлкiм осы ма, өңделмейтiн, Жанға салар жарасы емделмейтiн. Өмiр бəлкiм өзгеше жалқы мезет, Сен келмейтiн, қайтадан мен келмейтiн.
Нұрлан МƏУКЕН Мəңгiлiкке мына бiз оралмайтын, Мəңгiлiктiң сəулесi – санамда айқын. Қорқыт болып күйiмдi төге алмадым, Қорқып тұрып ызғардан борандайтын. Күнi-түнi де, сəулелi Ай – өмiр бəрi, Естелiктi сөйлетсем – көңiл нəрi, Жапырақтар жерге кеп жайғасады, Ай нұрына армансыз шомылғалы. Өмiр бəрi, мəңгiлiк өмiр бəрi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Арман болып алдан шықты аймағым. Теңiз болып тебiрендi төңiрек, Ашты құшақ адастырмас айлағым. Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Бұрқ-сарқ етiп долданатын дауыл жоқ. Қарсы алуға қамданатын қауым жоқ. Жан-жағымда жыпырлаған ауыл көп, «Қала жоқ» деп дүрлiктiрер дауым жоқ. Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Ойда жоқта ғайып болма, ойдағым. Бiр қарасам – бар екен-ау Айда мұң, Бағып тұрған тiршiлiктiң майданын. Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Қолым созсам – тас төбемде күн жақын. Қуанышын құшсын ендi мұңды ақын. Көкте бұлттың баурында бара ма, Алатаудан алты ай күткен қымбатың, Түз бетiне түзеп сүмбiл сымбатын? Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Қай ауылдың хан жайлауын жайладым? Айшылық жол – Алтайға ат байладым, Қысқа күнде қырық түрлi ойладым, Қайда барам, қайдан шықтым, қайдамын? Қаласы не, даласы не, бəрiбiр, Көңiлiмдi бұза бермей əрi жүр. Гүлден нəзiк жүрегiмнiң нəрi жыр, «Жоқты тап» деп жылағам жоқ əлi бiр, … Туған жердiң қай түпкiрi – бəрiбiр.
Нұрлан МƏУКЕН *** Күңiренбе, көңiлiм, күңiренбе. Табылмасын сеземiн бүгiн ем де. Тағдырымның сан тарау жолдарымен Қаңбақ құсап тынымсыз жүгiрем де… Құлазыма, көңiлiм, құлазыма, Шырғалаңның шыдап ең бiразына. Қара жер де қабаржып төзер болар Көкте күннiң жылымық нұры азына. Күңiренiп, көңiлiм, не табасың? «Қосам» дейсiң көк пен жер екi арасын. Күн жамырап жеткенде, түн маңырап Мезгiл, мекен шектетпес шекарасын. Құлазудың құлашы қысқа, бiлем. Ей, көңiлiм, өзiңе нұсқа бiр ем. Қара жерде қаңбағым қашуда əлi Қаймығып қарашаның күш-кəрiнен… Қолымда тұрған да жоқ мына жалған. Орнында тұрған да жоқ күн озалдан. Күңiрен, күрсiн, жаным, кiрсiн жаным, Айырып айтпай келер сұм ажалдан…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Iнгеннiң iнжу жасындай, Iркiлiс таппай, басылмай. Жауады жаңбыр төпелеп, Аспанның арты ашылмай. Iрiген көңiл – ала бұлт. Iзсiз күндерiм – қара жұрт. Қарай да қарай қабаққа Бұзылар бiр күн бала күрт. Iнгеннiң iнжу жасындай Iркiлiс таппай, басылмай, Менiң де жаным жауады Көңiлдiң көгi ашылмай… *** Адамы көп, наданы жоқ бұ қала, Арманы көп, алғаны жоқ бұ бала, Тағдыр айдап табысқасын тар жерде Тақсыретiн бөлiседi күнара. Бiреуiн шу, бiреуiн ой қажады, Тiршiлiктiң осы ма едi мазағы? Астаналық арпа iшiнде – бiр бидай, Қаласы мен даласының қазағы… «Аз екен» деп азырқанды бұ бала, «Көп екен» деп назырқанды бұл қала, Шəлкем-шалыс кеп қалса да, ойларын, Өрбiтедi бiрiн-бiрi құп ала… Астананы баспана еткен бұ бала, Жас баланы хас дана еткен бұ қала, …Аспандағы айға бата жасай бер, Алпауыттың есiгiнен сығала…
Нұрлан МƏУКЕН *** Алаң-көңiл ауаны, Жыртық аспан жауады, Қарны ашқан қара жер Қара бұлтты сауады. Қара бұлтты қақтай сау, Қайырымын мақтай сау, Қарны ашқан қара жер, Қанағатың жоқтай сау… Көгiң шықсын қылтиып, Бүйiрiң шықсын бұлтиып. Жаратпаса жаратпас Күннiң көзi кiртиiп. Бiр шөлiңдi бас, тегi. Бiр жолыңды аш тегi. Алаң көңiл ауаны, өзiңе жоқ қас-кегi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Сыбызғылы сырлы өмiр, Сенен қалды бiр көңiл, Сенде толды бiр көңiл. Басыр басқан бұрыш бар, Тасыр басқан бұрыш бар өзiң барсың дұрыстар. Сыбызғылы сырлы өмiр, Сыңсып қалды бiр көңiл, Тыншып қалды бiр көңiл. Жақсылардың сыны бар, Жамандардың сыны бар, өзiң барсың шын ұғар. Сыбызғылы сырлы өмiр, Майысқанда гүлге гүл, Сұлулықпен бiрге жүр. Жаманаттар жерде жүр, Аманаттар елде жүр, Ел жүрегiн емде бiр. Сыбызғылы сырлы өмiр, Құштарланып күнде бiр, Құлай сүйдi бұл көңiл, Демi болып бiрге жүр, Емi болып бiрге жүр…
Нұрлан МƏУКЕН *** Iсмерi бар бұл елдiң, Iскерi бар бұл елдiң – Iске алғысыз еткенде, Iсiп-кеуiп жүрермiн. Ашудан да қайтармын, Ақылға сап байқармын. Аман барып, сау қайтсам, Аманатын айтармын. Тектiсiн де ұғармын, Тентегiн де ұғармын. Тегеурiнiн байқатып, Тезге салсын, құп алдым…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Iшiн тартты айнала, Жел жылжыды жай ғана, Қу жаныма таяныш Боздай қашты Ай алыс. Сiлтiдейiн тынып тұр, Жүдеу өңдi тымық қыр. Көрiнбестен көзге алыс, Көк түбiнде қозғалыс. Бұрқақтанар бұлттың, Жыртысын кiм жырттың? Ұрынуды ұмыттың, Оянғаны-ау жылттың… Ұлы ендi, аш үн, Жайрап түссiн жасын. Тарлан ашсын тағы, Қайту көрмес бағы. Жанымды жеп жегi, Үңгiдi ғой тегi. Астаң-кестең етшi, Аспанға алып кетшi. Ай қасына барайын, Тағдырына жарайын, Талқысына түсейiн, Тамшысынан iшейiн.
Нұрлан МƏУКЕН Топырағына түсейiн, Тарысындай пiсейiн. Ұлып жатыр аш үн. Ұлар ықтар тасын… Астаң-кестең етшi, Аспанға алып кетшi… *** Жиған-терген бар-тұғын: Шашып алдым шайқалып. Жер дегенiң – шар-тұғын: Бiр дөңгелеп қайталық. Су дегенiң сұйық па, Сөндiре ме өрттi? Жұтып ал да, ұйықта, Жуасытып дерттi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** (Лəш, Қатыш əпкелерiмнiң рухтарына бағыштадым). Ақбүркей салған əпекем, Айналып келсем – жат екен. «Шыққан қыз – шиден əрiң ме? Шырылдап жазған хаты екен… Боздап бiр айтқан сөзi екен. Баурына жеткен көзi екен. Күмiс те емес, қар да емес, Басына тартқан бөз екен… Самайын шалған ақ екен, Маңайы – қалған тақ екен, Айналып келсем алты жыл, Ақбүркей салған уағы екен… Бергегi қалған белдеуде. Белдеуде бозы шөлдеуде. Иесiмен бiрге кетпеген Бола ма оған «өл» деуге? Шұрқырайды кеп жануар, Шұрқырауының мəнi бар. Шырылдап жатса иесi, Шашатын бұның қаны бар. Тұлданар жал мен құйрығы, Тағдырдың салған бұйрығы. Талайлы жүйрiк бұл едi, Заманның озды жүйрiгi… Айналып келдiм алты жыл, Өзiңдей мен де жалқы бір.
Нұрлан МƏУКЕН Өзiңнен артық көретiн Өндiрiн жоқтап халқы жүр. Ақбүркей салған əпекем Боздауға басқан сəтi екен: «Бозаңға салған ұясын Бозторғай неге шат екен?…» «Бес бiлезiк, бес таспа, Ие болмадым мен қасқа. Иек асты аз күнде Жаралған ең жолдасқа Жоғалтып алдым мен қасқа…» Ақбүркей салған Аңырап қалған, Жылатқан Жалған – əпекем. Мəңгiлiк арман, Жүрекке толған Жастайдан солған – əпекем…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жоғалды жыл. Жоғалды ай. Жоғалды күн. Көз жұмарда басыма соғар мұңым. Қалықпандай қомданған қап-қара түн, Қалдырмастан түгiмдi тонар бүгiн. Жоғалды жыл. Жоғалды ай. Жоғалды күн. Жоғалтқаным үшiн де обалдымын. Жұмбақтайын жұтылып жолға түстiң, Менiменен ойнайды тобарды кiм? Жоғалды жыл. Жоғалды ай. Жоғалды күн. Мен кетерде басыма соғар мұңым. Мəңгiлiк пе? Мəңгiлiк мезетiм сол – Көкжиектiң көзiне қонар күнiм…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бiр бейнеттен бiр бейнетiм боп қалың, Ажалымның алдына кеп тоқтадым. Беу дүние, байқамадың жоқ-барым, Жылу бермей жымыңдайды оттарың. Беу дүние, байтақ əлем, кезген күн, Ғайып болып кетерiңдi сезгенмiн. Аттанар шақ, қалай ғана тез келдiң? Жарық күнiм, жарығыңа өзгердiң… Дүбiрлi əлем басылмайтын дүрмегi, Жұдырықтай жүрегiмде жүр ме едi? Жан-тəнiмен сүйгенiмдi бұ жалған Бiлмедi ғой, бiлмедi ғой, бiлмедi… *** Жанымды қояр жер таппай, Жетi түнде желдеп кетiп барамын. Жасымды құяр көл таппай – Жетi белден селдеп кетiп барамын. Будақ-будақ бұлттай, Боз аспанда боздап кетiп барамын. Боздағымды ұмытпай Баста мұңын қозғап кетiп барамын. Жаныма қос жақсыңды, Жарым түнде жалғызсырап барамын. Жасын ойнап қуырмасын апшымды Жан далама жалбыз сұрап барамын… Мен жақсы ма, кiм жақсы? Миым ашып, маңым кетiп барамын. Маған деген саржебеңдi түнге атшы, Марғаулығын танып кетiп барамын…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Тереземе телмiре түн, Телмеңдеген сен бiр жетiм – Аяй сүйген ай бiр бетiн, Желпи сүйген жел бiр бетiн… Тереземнен мөлтеңдеме, Iлiгерсiң ертеңге де. Мен де сендей мұңлықпын – Маңдайыңнан шертем неге?… Тереземе көзiң сатпа, Тең дəреже өзiң сақта. Текетiрес қажет емес, Тiрi жүрмiн өзiм шаққа… Тереземе үңiлесiң, Тiрлiгiмнен түңiлесiң. Кiдiре тұр күбiрлемей, Кiрдi, бiлем, бүгiн есiм… Əйнегiме төнесiң кеп, Жан-жаққа ойы жөнесiн деп. өле қалар өзiме емес, өлеңiме сенесiң көп…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қу қиялым, қума менi, қияндарға есiмдi ап. Сенсiз де өмiр думан едi, Қоясың ба сесiмдi ап… Шайыр iшкен шарап дəмiн Көп таттым ба осы мен? Аш қасқырдай жалақтадым Қу тiршiлiк көшiмен. Өлең болып, өмiр болып Шаршатқанда осы күн, Тоқтап қалып темiр көлiк Қондырады қосының. Қойнауыңа енемiн кеп Тəттi аңсаған баладай. Қолдауыңа сенемiн көп Жоқты аңсаған данадай. Бала күнмен қоштассам да, Басымда əлi сен жүрсiң. Дана кiммен достассам да, Қасымда əлi сен жүрсiң… Менен мəңгi қалмайтұғын, Көлеңкемсiң бəлкiм сен? Тiрлiгiмдi жалғайтұғын Кең өлкемсiң бəлкiм сен? Көнтерi боп алған едi, Қулығы жоқ қу жүрек. Апо-а-ау, неткен жалған едi, Сенсiз ол да су жүрек…
Б О Й Т Ұ М А Р Наурыз Шағылысып бұлтқа-бұлт, Көктен рахман жаңбыр жауады. Ағылысып жұртқа-жұрт Ақ ниет пен ақ тiлегiн сауады. Туып, өсiп-өнетұғын Жанды-жансыз дүние, Жұп жарасқан бiр өмiр. Тылсым күш пен сиқырына кiм ие, Қасиетiн терең танып, бiле бiл… …Құдыретiне бас иер, Жандыда мылқау балық бар. Жансызда Самарқанның көк тасы. Естiде есi шыға қуанған халық бар, Басынан бiр түспеген тiршiлiк ноқтасы. Алты ай қыста күнiне мың өлiсiп, Қиындыққа шыдайтын да со халық. Бiр-бiрiмен төс түйiстiрiп көрiсiп, Қуаныштан жылайтын да со халық. …Сол халықтың аңсары Ақ тiлек боп Наурыз тойға ауып тұр. Тəттi əуендей тамылжыған таңсəрi Көк емшегiн сауып тұр…
Нұрлан МƏУКЕН *** Тамшы тұр iлiнiп бұтаққа. Қоңыр күз, жанымды жұтатпа. Мұң толы жүрекпен ұйыдым Сен айтқан толассыз лұғатқа. Құлағым тiгемiн сазыңа, Жасай бер жаһанға базына. Тек менi жұтатпа, қоңыр үн, Асыққан армандай жазына… *** Пəс, пəс көңiл, пəс көңiл… Тарланыңды аш, көңiл. Тарлаулыға қаш, көңiл. Пəлегiңнен ащы өмiр – Жын-ойнаққа бас не бiр… Жар сап айтсаң, жел тұрсын. Зар сап айтсаң, сел тұрсын. Елтiп айтсаң, ел тұрсын. Iшiңдегi қайғыны Қазасына келтiрсiн – Қақпақылдап өлтiрсiн… Пəс, пəс көңiл, пəс көңiл… Сабаңнан бiр ас, көңiл. Жамыра, жайыл, жас көңiл. Қазанына ұрғызса Қасарысқан қасқа өмiр – Боласың бiр дем тас көмiр…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Таудан аққан тасқын су, Томар боп кеттi тастағым. Аптығыңды басқын, шу, Айдалаға қашпағын. Бұзаубастың басына Сын туғандай болды ғой. Жүрегiмнiң басына Мұң туғандай болды ғой. Тобылғы түбi томарға Таң атқанша толар ма? Томашадай құс келiп, Тобылғыға қонар ма? Тобылғы – торы, мен – торы. Ақтанау атым, сен – торы. «Торбиең», деген жер едi – Торықтырды ғой иен төрi. Таудан бiр аққан тасқын су, Ойға бiр қашқан қашқын су, Отырған жерiм – опақ болды, Тұрған бiр жерiм – сопақ болды. Бұл – «Торбиенiң» басы едi. Тортөбел тiрлiк жас едi. Торы құнаны тобылғы шалды, Бұл торы бала да аш едi. Арқадан жауын өткенi, Аяққа судың жеткенi, Назалы, сiрə, еткенi, Мазасы, сiрə, кеткенi…
Нұрлан МƏУКЕН Тобылғы түбi томарға Таң атқанша толғанша, Томаршадай құс келiп, Тобылғыға қонғанша. Торы құнан, торы бала Тоқымыңды қорғала, Таудан аққан тасқын су Баққа ма, əлде сорға ма… *** Пай-пай, шiркiн, пай-пай-ай, пайғамбар-ай! Бұ жалғанды құраған ойдан қалай… Күмiс тiндi суырған Күннен қалай? Аппақ нұрды ақтарған Айдан қалай?… Осы ма екен өлмейтiн өнер деген. (өзге өлсе де осы өнер көнермеген) Жарығы жамалыма түсер дегем, Сəулесi кеудеме кеп енер дегем, Осы ма екен өлмейтiн өнер деген… өзiм де өнер қуған өндiр едiм. Жалғанға жаным жайып желбiредiм, Арманға қолым жайып мөлдiредiм. өртiмдi ендi немен сөндiремiн – Айтасың ба, пайғамбар, сен бiр емiн…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Мағжаннан қалған махаббат, Мазамды менiң ал мəңгi, Қаңтарда жүрген қаталап Қарақтан хабар жолданды… От па едi, мұздай су ма едi, Ыстық-суығына оралды. Бал ма едi, балдай у ма едi, Жүрегiме келiп толады. Айлаққа жетiп аһ ұрған Толқын ба жетiм көңiлi? Аулаққа менi шақырған Сағым ба шетiн өмiрi?… Мағжаннан қалған мұң ба бұл, Маған да кезек жеткен бе? Құлпырған шақта қырда гүл Қолымды создым көктемге… Мағжаннан қалған махаббат, Мен iшкен өртте жоқ өлшем: Шарпыған қалпы шапағат Мəңгiлiк ғашық боп өтем…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қырда бiр жол бар – қобыз мойын, Ойда бiр жол бар – өгiз мойын, Таңдауын таппай тарпаң боп жүрген Бойда бiр жын бар – сегiз мойын… Сайда бiр iз бар – шұбырынды, Тауда бiр iз бар – жүгiрiндi. Демiңдi алып, демiгiң басып, Дүние, тыңда дүбiрiмдi… *** Ұғатұғын мұңды əндi, Ұяң мiнез кiм қалды? Жұмбақ айтқыш жұлдыз бен Ұяты аз түн қалды… Тыңдай-тыңдай мұңды өлең, Қарыс белден сынды емен. Құлап түстi көлеңке – Көрсетпеген күн берен… Мен қарадай мұң құштым, Көл жағалай құм құштым, Бархан басты өкпемдi – Неткен өмiр сүргiшпiн… Самғағаны – самғаған, Көкте ай қайда маңбаған?… Бiр көлеңке, бiр ақ нұр, Кiм, жүрегi тоңбаған…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Түн баласын тыңдағасын, Мұң-наласын мұңдағасын, Күннен бетер күңiренесiң, Желден бетер жынданасың. Аңтарылып ай бағасың, Қаңтарылып ой бағасың, Бұлақ болып бұлқынасың, Жапырақ боп жайланасың. Түн сөзiне тоқтағасын, Түннiң жоғын жоқтағасын, Түк көрсетпес түнегiн бiр Түруге де оқталасың… Түн баласын тыңдағасын, Түннiң өзi ымдағасын, Самалын кеп саялайсың Сағың, əйтеу, сынбағасын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қою түн, қашпа менен, Жапырағын жатқанда тастап емен, Жылап-жылап басылған жел соңынан Аспаным ағыл-тегiл бастар өлең… Қап-қара, қара бояу, қалың бояу… Қара түн, не қасиет барыңды аяу? Сен менiң тереземе телмiре бер, Тербетсiн терең ұйқы жарымды ояу. Аялда, аялдашы аз ғана сəт, Кiдiрсiн кiре тұрмай мəз болашақ. Бiр түнге есеймей-ақ ұйқыда бол, Онсыз да бақыт-бағы аз, бала шақ… Байлығы тасып-толған мекенiмде, Жоғымды жеткiзе алмай өтемiн де, Қара түн жарық таңға алмасарда, Үзiлмес бiр үмiттiң жетегiнде… Ертеңге ертiп барар ұрпағым бар, Қарам бар қарапайым, сұлтаным бар. Күннiң жарық сəулесiн қымбаттатып, Жүргендер жолым үйден ұлтанымды ал. Өскендер көрiп-бiлiп жоқшылықты, Өскендер көрмей-бiлмей тоқшылықты, «Жұмбақты табамыз» деп талпынысса, Қоғамым iргесiне көк шығыпты… Басыма нешеме ойлар келiп кеттi, Қара түн қату жүзiм көрiп кеттi. Бiр үмiтiм қозым боп аяқтанып, Бiр үмiтiм таң ата өлiп кеттi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Алматының ақ қары Түн айналып қап-қара. Басы айналған бақтары Күн айналып атқора. Алматының ақпаны Түске дейiн мүйiз. Кəрлi қыстың қақпаны Түстен кейiн киiз. Алматының ақ қары, Суға бөккен құмшекер. «Сұлу ғой» деп сақтады Күле алмаған күн бекер… Осы қала, осы қар Мəңгi жатқан секiлдi. Қашан су боп жосылар? Көктем келсiн кекiлдi… Осы бала, осы ақын Ойға батар қашанғы? Бұлты тамшы қосатын, Бiр бұлағы бас алды… Алматының ақпаны – Бiрде былай, бiрде олай… Күн көзiне таққаны, «Күрең бе?» деп жүр қарай… Алматының ақ қары Жел көрмеген бұйығы. Күйе түсiп жатқаны – Ел көрмеген күйiгi…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көшкен бұлтты жамылды күн, Аспан төрi абың-күбiң. Шаяр шалдың шабындығын Талмас болды қарым бүгiн. Шалғыны алып, шыңдап алдым, Жүзiн шертiп тыңдап алдым. «Босамасын бұрауың деп, Алқымын құмға малдым. Жылы жаңбыр құйып өттi, Жүзiмдi нұр сүйiп өттi. Жүрегiме толған сезiм, Мерейiмдi биiк еттi. Есiмде жоқ неше келдiң – Көшiңдер, бұлт, көше бергiн. Сүтi көп те, көмiрi аз – Ақ тiлеуi шешелердiң… Абың-күбiң…қоныс қарық…, Көрген де жоқ қарыс қалып – Қазақы ауыл қабағында Жайқалып тұр жоңышқалық…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қолаң шашы төгiлдi, Көз жасын да көргейсiң. Аш күзендей бүгiлдi – «Алғыншым» деп бiлгейсiң. Жетiм сорлы жылайды, Жұбататын жаны – сен. Жылы сөзiң ұнайды, Кеше жай бiр таныс ең… Үрей кештi үндемей, Ертеңi үшiн – бұлыңғыр. «Күндiз» демей, «түн» демей, Жан отыңа жылындыр. Басқа салды көнедi, Көмпiс еттi жалғаны. Кезек-кезек өледi, Қырық жанның қалғаны. Сүйiп қалды жазығы, Сенiмi де тым əлсiз. Түнгi оттың азығы, Құрбандыққа құмарсыз… «Қылша мойын – талша» деп, Мойынсұна бұл пақыр… Серқұмары қанса кеп, Серпiле алмас құл жатыр. Құл мiнезден құтылып, Қуантар ма, əй қайдам, Тiлi кеттi жұтылып, Көзiңдегi айғайдан. Қолаң шашың төгiлдi, Көзiң жасын көргей де. «Көтерiсер көгiмдi, Аспаным» деп бiлгей де…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жүрегiмнен өткiздiм бе бəрiн… Жан-дүнием ауырады, жарым. Жасын болып жарқ етер ме жалған, Жалт бұрылып жоғалар ма əлiм… Жүрек тұсым сыздайды кеп тосын. Қай жотаға тiгiледi қосым? Қолын бұлғап қалар ма екен қырым, Көзiн шылап жылар ма досым? Жақын ба екен, алыс па екен жалған? Көкжиектiң көкiрегi қан-қан. Ғайып болып кетер ме екен ғұмыр, Алаңдаумен, армандаумен болған… Жүрек тұсым мазалайды кiлең, Жазаланып жүргенiмдi бiлем. Кешiремiн жасар десем көгiм – Көз қарығар күннiң көзi – күрең… Жүрегiме тура тидi бəрi, Қорғансызды құтқара алсаң, қанi… Болар ма екен, болмас па екен, болжа, Титтей ғана тiрлiгiмнiң мəнi. Қысқа ғұмыр – қиылатын қыршын, Бұлт арасы жылт ететiн нұрсың. Бiр мезетке көрiне алмай жүрсiң, Бiр кезекте өлiне алмай жүрсiң… Жүрегiме жинадым-ау бəрiн, Жолын таппай қаңғып ақты-ау қаным. Қайманаға бола алмадым қаймақ – Жан-дүнием ауырады, жарым…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жалғыздықтың бары да жанға уаныш. Басу айтып, бас изеп қалды таныс. Арамызда теңiз бар арпалысқан, Толқынына көмiлдiк – сол қуаныш. Оқ кетiре бiлмедi жетi белiм, Үн шығара алмады жетiгенiм. Көктiң тасы, көмескi ай сияқтанып, Күн-күн сайын күмəнмен кетiлемiн… *** Аза-мұңым үндемей жұтамын да, Арманымды сыбырлап айтып қоям. Қонған құспын қайыңның бұтағында, Қанатымды қағуды қайтiп қоям… Жылағаны, күлгенi бiрдей күннiң Бодауында барады жаным ағып. өлерiмдi қай күнi бiлмей жүрмiн Бал мен уға қаперсiз қанып алып…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жұқарған жүйке сыр бердi, Жүрегiм шаншып үлгердi – Бiр көрiп қалдым аспанды, Бiр көрiп қалдым гүлдердi. Жалтылдап өтер жасындай, Күндерден аптық басылмай, Отыз күн ойын болар ма, Қатулы қабақ ашылмай? Көзiмде тұнып көл жатыр, Алдымда жүрер жол жатыр, Ала кет менi өзiңмен, Қайтпас қуаты мол батыр… Үлбiрек жүрек ақынмын, Үрiмдей гүлге жақынмын. Ақ шаңқан түстi əлемде Арман құшуға мақұлмын. Арманым – арман болар ма, Тiршiлiк тiзгiн алар ма, Қатулы қабақ ашылмай, Қырық күн тойым қалар ма?…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ойдым-ойдым ойпаттың Ой жағына бiр қондым. Қожыр-қожыр таулардың Қыр жағына бiр қондым. Былдыр-былдыр бұлақтың Бас жағына бiр қондым. Сылдыр-сылдыр құрақтың Мас шағына бiр қондым. Ойдым-ойдым ойпатым Ой қаратты бiр күнi. Қожыр-қожыр тауларым Қой қаратты бiр күнi. Былдыр-былдыр бұлағым Бастықтырды бiр күнi. Сылдыр-сылдыр құрағым Қастық қылды бiр күнi…
Нұрлан МƏУКЕН *** Сай қуалап соғады салқын жел. Ой қуалап ағады бұлағым. Алақан жайып бағады алтын бел, Жаныммен ерiп жыладым. Көкжиек көтерген күмiс көл Күншiлiк жерден көрiндi. «Жұрыны – жұнттан» дерлiктей пүлiш төр, Зердеме құйдым зерiңдi. Бұйрасы бұрқырап көк орман Көзiме оттай басылды. Кеудемдi кернеген көп арман Көктегi кемпiрқосаққа асылды…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Сол бiр күз едi… Сол бiр сары жапырақтай қыз едi. Ол лүп еткен самалмен сарыуайымын шегiп, Лып еткен күнмен бойын түзедi. Сол бiр сары жапырақ едi… Ол сары күздiң демiн бақылап едi. Үрдi, үрледi, үзiлдi сосын, Үрегеш аспан ұрдажық ақымақ едi. Жер бетi толы сары алтын едi. Ал аспанның асты – жаналқым едi. Айқұш та ұйқыш нажағайдан соң, Ауыр бiр мұңлы ой қоңыр түн едi. Қоңыр түн едi… Қоңыр түнде де сары күз өмiр сүредi. Ал сары қыз өмiр сүре ме? – Бұ жағы кəмiл сын едi… Сол бiр күз едi, Сол бiр қыз едi, Сол бiр қоңыр түн едi – Сол қоңыр түннен қалып түнемел асқан қою мұң едi…
Нұрлан МƏУКЕН *** «Кешiр» десем, кескектейдi кесiрлi үн, Ертелi-кеш бiр нүктеге тесiлдiм. Суы қайтқан секiлдi едi Ертiстiң – Ентiгi əлi басылмапты Есiлдiң. Күнi бойы күлдiбадам ой кештiм – Қу молама аяқ баспай қойды ешкiм. Сағым алдап, сиқыр арбап болмады, Болмағасын сайтаныммен сөйлестiм. Көлеңкеме «көрiнбе» деп кейiдiм. «Кеңiр» десем тарылады пейiлiм. Егiзiмнiң есiн алған, екiндi, Ендi менiң төбеме шық, мейлiң… *** Тағдырымды бердiм саған: Тамырымды терең ет, Тереңiмдi кемел ет. өлеңiмдi өзiң ет, өмiрiмдi өлең ет. Тағдырымды бердiм саған: Қара көзде нұр жайнап, Қос жүректi сыр жайлап, Бiр күлiсiп, бiрге ойнап Өтермiз деп дүниеден…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қара мойнақ кекiлiк, «Қарайла» де өтiнiп. Тарғыл-тарғыл тастардан Тағдыры жүр секiрiп. Тарғыл бауыр кекiлiк, Тартты қайда бекiнiп? Қылтың-қылтың еткенмен Құтырғаны өтiрiк… Сарт етерге сайланған, Нысанаға байланған. Тар шатқалдың iшiнде Тiмсiнуде ойға алған… Ненi бiлсiн, мақұлық, Не айтады қапылып? Тағдырлар жүр тарғыл түс Бiрiн-бiрi шақырып… *** Бозбала күн Аз, қарағым, Аз ғана күн Мəз боламын, Жадыратып жаз қабағын. Қылығына қыз баланың Жүз күйiп, мың мұз боламын. Жапан кезiп, iз қарадым – Жан бiткеннен қызғанамын. Бозбала күн Аз, қарағым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жаңбыр жылаған түн, Саған ұнаған кiм? Кермек көз жасыңды Қоймай сұрап алдым. Жылай бер, жел көтерер. Жел жығылса, қайыспай ел көтерер. Жарты жасың менiкi – жылап тұрған, Селдете бер. Жоғалды нажағайым. Iздескiн, ғажап айым. Түн, сенiң түпкүйеңдi Тамшымен тазалайын. Көзiмдi сатып тұрмын, Таусылмас уақыт-құрдым. Бiр жерде жүрген шығар, Iздеген бақыт, құрбым… О дағы жылады ма, Бiреуге ұнады ма? – Жаңбыр жылаған түн Жеткiздi үн құлағыма…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Дүркiн де дүркiн жай түстi. Дүрмек те дүрмек бұлт көштi. Айбыны асар қай күштi? – Жұқалаң тұсты жылт тестi… Түйдек те түйдек күн жауды. Ебiл де себiл болды аспан. Бiлмедi көзi құрғауды – Жұлдызды сырып, жолды ашқан… Дүркiн де дүркiн жай түстi. Дүрмек те дүрмек бұлт көштi. Домалақ басқа ой түстi, Додаға салып бұл кештi…
Нұрлан МƏУКЕН *** Ақ қағазға өлең жаздым, Жүйке-миға түстi күш. Сенiң дертiң немен жаздым, Жүректегi бұлқыныс? Ақ қағазға хат та жаздым, Сағыныштан сарқылып. өртедi де аптабы аз күн, Бұлақ қалды тартылып. Ақ қағаз да таусыла ма Жаза берсем, бiр күнi? Жан-дүнием даусы ғана өшпес-өлмес тiрлiгi… Жан-дүнием – жалғыз барым, Мына əлемге төк нұрың, Қырау кiрпiк қар қыздарын Жылыта алмай кеттi Күн. Сырғыған күн, жылжыған ай Жұмбақ мұңға бөледi – Жусан исi бұрқырамай, Жол исi келедi. Жол шақырды – мол шақырды, Жол үстiнде мен ылғи. Алмастырып көл тақырды, Аласұрды көңiл-күй. Кеудемде бiр соқты дауыл, Көмейiме тығылды үн. Тентiредi тектi бауыр, Тепсеңге кеп жығылдым.
Б О Й Т Ұ М А Р Ақ қағазға өлең жаздым, Жүйке-миға түстi күш. Сенiң дертiң немен жаздым, Жүректегi бұлқыныс? Жан-дүнием жарық нұрын Жеткiзе алсам, тəпсiрiм: Көкбөрiнiң арықтығын Сездiрмешi жақсы күн… *** Жылап тудым, жылап өлем. Жылауың бер, жырау əлем. Таң бозында келiп едiм, Аттанармын түн ауа мен. Өмiр сүрдiм, өле сүйдiм, Бар қызығың көре сүйдiм. Балыңа у қосылмаса Бақыр басым неге сүйдiм?…
Нұрлан МƏУКЕН *** Сөйлеп жатыр əр тал шөп, Үн шығарды əр тастан. «Жарығымды қарсы ал» деп, Жар сап жатыр жарты аспан… Боз əлемде ерiген, Iз қалмады жарты айдан, Жанын түнге телiген, Күннен бұрын қартайған… Күншығыстың кемерi, Сығырайған жарты Күн. Дала желi желедi, Ала қашып алтынын. Қолмен ұстап, көзбен көр, Сынып түсiп сəулелер, Салмақтарын безбендер Селеу басын əурелер. Тұлданып ап төзiмге, Қыран ұшты жартастан. Құмырсқаның көзiнде Төңкерiлдi жарты аспан. Тың жаңалық ашқам жоқ, Пайымдадым көненi, Төңкерiлген аспан боп, Күндi көргiм келедi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қаршадай бақыт, қайдасың? Қарадым қара жолға ұзақ. Тағдырым қайда айдасын, Табындым саған жалғыз-ақ… Ғұмырым бойы бiр көрмей, Ғайып болып кеткiм келмейдi. Тiрлiкте түкке үлгермей, Жүргесiн жаным шөлдейдi. Қаршадай күннен қағынып, Жүрекке дертiм жамалды. Көрмеген жанды сағынып, Көздегi нұрым жоғалды… Перiште ме, əлде перi ме? Орынын бердiм қия алмай. Орнықты көңiл төрiне, Қиял елiне сыя алмай. Миымда ма, əлде санамда, Табынар мүсiн жасадым. Көрсетпеушi едiм адамға, Көзiңнен қалай тасамын? Қаршадай бақыт – ханшадай Қара жолдарға шығар ма? Тұра алмай қойдым аңсамай, Қараның жайын ұғар ма, Қайырылып халiм сұрар ма?..
Нұрлан МƏУКЕН *** Жырау əлем, жетеле, Көңiлiмдi оят, көзiмдi аш. Сөзiң жетсiн жетеме, Лебiң тиiп сезiм-мас. Сөздiң дəмiн алайын, Сиқырымен баурағын. Ой нəрiне қанайын – Жалаңаштай жаурадым. Жырау əлем, жетеле, Жан дүнием байысын. Жүрегiме төтеле, Салып тiрлiк сайысын…
Б О Й Т Ұ М А Р *** …Көзiмдегi сөзiмдi, Оқып қалды кiшкенем. Шайқы-бұрқы кезiмдi, Тоқып қалды кiшкенем. Жүзiн шалды уайым, Жүдей қалды кiшкенем. Айыбымды жуайын, Ақылсыз бас, пiспеген… Кiп-кiшкене жүректiң Ауыр соқты қайғысы, Қуанышын тұл еттiң, «Төрт түлiгi сай кiсi…» Балалықты бiр демге, Ұмыт қылды кiшкенем. Сəби ғой деп жүргенде, Сынап тұрды кiшкенем. Құлдыраған құлыным, Мұң ұққаннан қорықтым. Кеудемдегi бiр үнiм, Құмыққаннан қорықтым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қайран менiң, қараша үйiм жатаған. Қайран менiң, аурушаң ата-анам, Қауышарға бұлт көшедi қаладан, Жолығарға жол асады жотадан. Сағыныш па, сары мұң ба – сарыуайым, Шаншып өткен жүрегiмдi қармайын. Қабырғадан қақырады қараорман, Жапырақтай шашылады тал-қайың. Үй орнында үйелеген үйiндiм, Үрiмiме бұйырғанға күйiндiм, Көк өгiздiң мүйiзiнен көрем бе? Құдiретi күштi, өзiңе сиындым. Қайран менiң, қараша үйiм – жатаған, Қайран менiң, аурушаң ата-анам, Қайран ауылым қара бiр күш отаған, Құрбандыққа бiр-бiр малын атаған… Қайран менiң қара ошағым оты аман!…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ежелгi жауы жоңғар болған, Жоңғарға жарақ қамдар болған, Жорықтың атын таңдар болған, Қайран да менiң қазағым! Отарлаушысы орыс болған, Отының басы қорыс болған, Орманы тоң-торыс болған, Қайран да менiң қазағым! Өзгеге кiлең пенде болған, өзiнде барға кенде болған, Артық та болған, кем де болған, Қазағым, менiң қазағым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Табанымнан сыз өттi – Тартыстарда елемедiм тiптi оны. Кейiн ауру күзеттi – Ыңқыл-сыңқыл бiтпедi. Арғымақты сан байладым кермеге – Таң асырып, суыттым. Ендi келiп iшетiндей дермене, Дерттi қайдан жуыттым? Ғазiрет Ғали ұлтарағын ұмыттым, Өзiме де еш обал жоқ. Арғымағым бара жатыр мiнiп кiм? – Үмiт қылам бiр айналып соғар деп…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қысқа-қысқа қайырдым, Қарға адым жер ұзаған… Он екi ата Байұлын Басына ма жүз адам? Қысқа деген – аз ба екен, «Шағынамын» деп мəз бе екен? – Шып-шырғасын шығармай Байлап алар саз бекем… Суыра алмас сирағын, Суына алмас құйғаның. Шiл боғындай шашырап, Қазақ, кiмдi қинадың? Қысқа-қысқа қайырым, Қарға адымнан əрi аспас. Он екi ата Байұлын Бөлiп айтқан жараспас…
Нұрлан МƏУКЕН Ж.Ж-ҒА Жүректен алған тəттi өлiм, Жүзiмде қалды қиналыс. Əлiптiң артын бақты елiм, Заманасын жиған iш. Жүректен алдың, жоқ еттiң. Жарымды қайғы өлтiрдi. Айға ұлыған төбеттiң Аранын аспан толтырды. Құлыным қалды жетiмек, Құраққа жетiп дауысы. Бiз қашан бақытты етiп ек, Кеш, сəби күндердiң қауысы. Алыста анам аңырады, Құдайға жетiп дауысы. Жазмышын əкем танымады – Жеткенi тiрлiк қауысы… Əкелер менен шешелер, Ойланбап едiм кетем деп. Кешiңдер менi, кеше гөр, Кеңсайды қалдым мекендеп. Кеш менi, жарым – жалғызым, Кеткенiм үшiн келмеске. Ажал ауылыңа салды iзiн Шараң жоқ бұған көнбеске. Шараң жоқ бұған сенбеске. Жүректен алған тəттi өлiм, Кенеттен алған кер өлiм, Басына қара жапты, елiм, Сенделiп қалды сенерiм…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қанағат ет, көңiл – Қайырымды өмiр. Қасаласып көрдiң, Қиындықпен небiр… Құлазыдың – қалдың, Ашылмады алдың. Басылмады көрiгiң, Қожға көсеу салдың… Қожағайды ұрдың, Қомсынып та тұрдың. Қолың – мүйiз, ой – мейiз, Қайда бетiң бұрдың?.. Бой-бой болып терлеп, Еткенiң бе ермек? – Сүйiнгендер сыртыңнан, Қайтар бiр күн жерлеп… Қанағат ет, қанағат, Қайырылшы жамағат. Қара орманым – өзiңсiң, Қауырсағың паналат…
Нұрлан МƏУКЕН *** Алматының тұманы Алатауға шөгедi. Əулие-Ата тұманы Қаратауға шөгедi. Дана дала тұманы бала тауға шөгедi – Тұман неткен көп едi… …Қалың тұман қабақта тұрып алды айықпай. Көзiм алды көрiнбей, қалтылдадым қайықтай. Жалғыз жарық жоғалды жан-дүниемдi байытпай, Тұман бiзге лайық па-ай… Тұман басқан бұл маусым – түк сезiлмес өлiара. Аспан асты, жер үстi жоғалды ғой шекара. Жұлдыз болып жайнап бiр ой түсе ме санаға? – Жай түсе ме, жан аға…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Атқақтап соғып жүрегiм, Дүбiрлеп кеттi бұл кеудем. Бұдан соң қалай күлемiн, Үмiт үзем бе гүлдеуден?… Жарым түнде жалғыз үн Ет жүрегiм қан қылды. Құлағымда қалды ызың – Шара басты даң қылды. Бетiн аштым бiр сырдың, Жүзiнде еш қайғы жоқ, Түнегiндей тылсымның Мына түннiң айыбы жоқ. Жан жүрегiм қашты ма, Кеудем неге бүлiндi? Аппақ айдың астына Сөнер арман iлiндi… Беу, жүрегiм, бəсеңде – Жетер жерiң – жайсыздау. Мына əлемдi қоса емде, Тiршiлiгi ойсыздау… Мен кеудемдi сөгейiн, өз қағымнан жериiн. Көз жасымды төгейiн, Жанды жатқа телиiн. Жүрек сұрап көрейiн, Жүрексiзге жалынып. Көрейiн де өлейiн, Қызыл қанға малынып.
Нұрлан МƏУКЕН Бұдан саған не түсер? Көкiрегiм қымтайын. Бiрге бiр күн кетiсер Мезет барын ұмытайын. Жарым түнде жалқы айым, Қобызшы боп келмегей. Кеудемдегi айғайым, Үнсiз қалып өлмегей. Тас түйiн бой түйiлме, Қалыпқа түс, бəсеңде. Елжiреген күйiңде Ел жүрегiн қоса емде… *** Қара шал тұр қалада. Бала тал тұр далада. Табысқан күн тал мен шал Жай түседi санаға. Жүк түседi жүрекке. Күш түседi бiлекке. Сəт сағаты соққанша Қара шалды тұл етпе, Бала талды құл етпе, О, Тағдыр! *** Ағаш атқа мiнгiз. Ағаш оқпен атқыла. Ата алмасақ, кiмбiз? Ақымақпыз аққұла. Темiр етiк кигiз. Тасқа басын ұрғыз. Темiр таяқ алғыз – Соны күтiп тұрмыз…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Замана алдында, Уақыт, Сағымды сындырма уатып. Көңiлiмнiң көзiнде жазулы: «Бəрiне бұйырсын бақыт». Қолымнан келгендi жасармын, Жүрегiмде жүргендi жазармын. Аз ғана аялда маңымда – Келедi тiрiде тазарғым. Мен ғана деймiсiң кеш қалған, Күреңiткен күнiмдi еске алғам. Жылғадай жылжыған айлардың Жолында бiртiндеп өштi арман. Адамның тiрлiгi тəн маған, Налам бар – жарлығым жанбаған. Бұл өмiр сенiң құшағыңда ма? Ұйқысыз Уақыт, таң қалам… Кiнəлi, күнəлi пенденiң Жөн болар сөзiне сенгенiң. Соңымнан бұлақтың суын шаш Мен оның жанарын емдедiм… Тұманың көзiне құйылған Күн нұры маған да бұйырған. Ай кеткен алысты аңсасам – Үздiгiп үн жеткен қиырдан… Кеше ме өмiрге келгенiм? өзiме өзiм сенбедiм. Отыз жыл кешкен ғұмырдың Отын бiр жағып көрмедiм.
Нұрлан МƏУКЕН Тағы бiр отыз жыл кейiнде Тағы да «аялда» деймiн бе? Танымай кеткесiн тағдырым – өзiмдi жегiдей жеймiн де… Замана, зəуiлде бiр келгем, Iсiм жоқ кiсi боп үлгерген. Бақыт па, бақ па едi бөлiнген – Пұшпағын сұрайын кiмдерден?… Қиялым туғызған болашақ – Арманнан көп нəрсе алашақ. Айналып бiр келсе – берешек Бұртиған, өкпелi бала шақ… «Аялда» дегенмен, Уақыт, Аялдамағаның да – бақыт. Зəуiде бiр келгем, тек қана Сағымды сындырма уатып…
Б О Й Т Ұ М А Р *** «Үлбi деген – Үлбiреген Үздiккен үн – Жүз бiр өлең… Үлбi деген – Үлгiлеген, Үрiккен үн, Құрғыр өлең… Үлбi өзенiм, Үлбi өзенiм, Өттiң асып бiр кезеңiн, Үлбiрерсiң, үлгерерсiң Көзiн тауып бiр көзенiң…
Нұрлан МƏУКЕН ИТ ЖЫЛЫ Түркiлер пiр тұтқан Ит Жыл болып енiп түр есiктен. Ал ине жұтқан ит Имиiп сытылды тесiктен. Аңшылық сол дəуiрде Ие болған Ит едi бəрiне. Ал биылғы сəуiрде Жыл болып озады төрiме. Түркiнiң бiр бұтағы бiз едiк, Ит мiнiп, ирек қамшыладық. Құйрық-жалымызды күзедiк, Көзден қанды жас боп тамшыладық. Қазақтың бiр баласы мен едiм, Тiрiдей өлдiм талай. өзiмдi өзiм демедiм, Азапты көрдiм талай… Итiм-ау, иесi бар, Салайын сүйек саған. Құтым-ау, киесi бар, Сүйейiн иек саған… Ине жұтқан ит, Кел, мiне, итаяғың. Азапты ұққан ит, Мен де бiр күн қасыңа қисаямын…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Күнгейдiң қары шөктi ме, Қызыққа аулым бөктi ме? Қыдыра келген қыздарды Қырғидай жiгiт өптi ме? Қыраттың көгi шықты ма, Қыбайға суық ықты ма, Қыр үстiнде қаздиған Қарақты қартым мықты ма? Қоңторғай көңiл толды ма, Қошуақ сəтi болды ма, Қолдан ұшқан қыран құс Кезеңнен кезең шолды ма? Күттiрген көктем келдi ме, Қызыл жел өктем желдi ме, Жаппа үйлер түгел жанды ма, Жандығы түгел төлдi ме? «Аузыңа май», – де қарағым! Айтқаным түгел келдi ме…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көңiл байып, көз нұрланып, Жаным рахатқа ендi. Тiлге оралды сөз ұрланып, Тамсылып тылсым əуендi. Кеудем толып, көктем болып, Көктеп кеттiм бiр демде. Дүние-дүрмек, неткен көрiк, өмiр сүре бiлгенге.
Б О Й Т Ұ М А Р ҚЫРАН ҰШҚАН ҚЫР ЖАРТАС Қыран ұшқан қыр жартас Құлауға таяп қалған-дүр. Қыр арқасын бiр жарқаш Қыспағына алған-дүр. Саңғырығы қыранның Айғыздаған ай бетiн. Жүрген iзi жыланның Күлдiреткен күн бетiн. Қылтанақ жоқ күлтелi Жалама жүз – жылмағай. Бытыралы мылтық бiлтелi, Шаңқ етуге тұрмағай!? Сезiмi ерен самдағай – Қыран секем алмағай?… Көздерiне қан толып, Құрбандығын таңдамай, Шеңгелдерiн салмағай… Қыдия қалған қыр жартас Қыранға тұғыр болған-дүр, Кеудеңдегi сырларды аш, Қожыр тас боп қалған-дүр. Жарқаштанып сынарсың, Құламассың – құларсың, Тағы бiр заман шыдарсың. Қара тас болып қабарған, Сен де бiр қыран шығарсың? Қыран ұшқан қыр жартас, Жүзiңдi көкке бұрарсың, «Тəнiме түстi бiр жарқаш, Тоқтата гөр», – деп сұрарсың…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жанып сөйлер жайтаң қыз, Бiз де сiзге айтармыз. Бұйырмасқа шара жоқ, Базарламай қайтармыз. Сауырынан осқырып, Көздiң құртын өш қылып, Сылаңдады сайтан қыз Ерте күндi кеш қылып. Жайтаң қаға жарады, Бiр шекелеп қарады. Бұлаң-бұлаң жүредi, Бұл өмiрдiң қонағы… Бұлқынтар ма бұғалық? Бұлалықты ұғалық. Бəлду-бəлду сөйлейдi, Бəлекейдей бұралып… Бейпiл кетсең, байтал қыз, Бiз де сiзге айтармыз. Бұйрықты iстi бұлдама Бұйырмаса қайтармыз…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көк аспан-ау, көк аспан, Сенен биiк жоқ асқан. Жапырақ боп қалқыдым, Жұлындым да ағаштын. Қақпақылдап бiр ағын Жеткiзбедi тұрағың. Күркiрiнен кеудеңнiң Тұнып қалды құлағым… Күнiң – бiреу, санадым, Қарықты қос жанарым. Көлеңке боп құладым Құшағына даланың…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қатырма менiң басымды, Ұлғайтпа менiң жасымды – Бойымда қаным тасынды, Төбемде көгiм ашынды. Көтерiп соқты тауларды, Көмкерiп бақты бауларды. Көз жасым қоса төккенде Көңiлiмдi кiмдер аулар-ды… Қалдырма менiң көңiлiмдi, өксiтпе менiң өмiрiмдi. Ашынса-дағы айғайы жоқ, Құлының едiм қоңыр үндi… Жылдарға жылдар мiнгескенде, Жылай да жылай күн кешкенде, Жылуын жайған жүрегiме Уақытпенен бiрге өскем бе?… Көгiме қарап кеңейемiн, Жерiме қашан өгей едiм?… Ұлғайған сайын ұлысым шегi Ұлы жұрт болып көбейемiн. …Қайнатпа менiң қанымды, Қинама менiң жанымды. Қайталағанша əнiмдi – Қасымда жүрсең нанымды…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бау-бақтың тонап думан базарын, Ойлардың артып Нұрланға азабын, Қоңыр күз өксiп барады өтiп Жойып ап жасыл жиһан ғажабын. Кештiм де күндер қоңырқай кiлең: «өтер ме, – дедiм, – өмiр қайғымен…» Он тоғыз жасым, ойланған басым, Тып-тымық жатқан көңiл айдыны ең… Қоңыр күз – осы, қоңыр қыз қайда? Дерткен аспандай жаным сыздай ма… Жүзiмдi жуған жас па, əлде жаңбыр, Бетiме тидi тамшылар майда…
Нұрлан МƏУКЕН *** Ай бетi ары бұрылып, Күн бетi берi бұрылып, Түнегi түннiң сырылып, Түнемел асқан ауамен Тыныстар сергек құрылық. Құс ұйқылы құрылық Танытып жаны сiрiлiк, Шапағат шарпып тiрiлiп, «Жер» деген алып жұлдыздан – Iргесiн алған iрiлiк. Құрылық, мүмкiн, қартайды, Қазанда суы ортайды, Құбажай жүзден əр тайды, Күмiспен күптеген орақ ай Шатынаған көкте шалқайды. Алтынмен аптаған алыс Күн, Төрiне құштар ғарыштың. Кеудеме от сап əр ұшқын «Жетi құрылықты орап өтсем», – деп, Күн, сенiң жылдамдығыңмен жарыстым. «Соның деп сорға бет алдым. өңi жоқ қаудай от алдым, Қорытып алған құрышымды «Қаһар болсын» деп қотардым. «Есi бар жанның сесi бар» деп, «Жұмбағым түрiн шешiп ал» деп, «Жалаңаш қолмен көсiп ал» деп, Жауығып жатыр жетi жұртым: «Қолыңнан келсе, кесiп ал», – деп.
Б О Й Т Ұ М А Р Ақ төбет құсап айға ұлыдым, Қара тырнағыма дейiн қайғы бүгiн, Жердегi жетеу, қай қылығың, Адамнан тарар аз ғана ұрпақ, Ағайын деген айнығырым?… Өксiгiм болса өзiм бастым, өше де берiп көзiмдi аштым, Қара бiр ойға қосылмаспын, Жердегi жетеу, құрлығым үшiн Қатарыңа қонып, қосындастым. Оу, Адам, саған өкпелеп едiм, Кеткiм де келдi көкке де менiң. Құрылығым, қолтығымнан текке демедiң. (өкпеге қиып, өлiмге қимас Оралған өзi төкпе неменiң). Айшылық жолы Ай жарықтықтың, Күншiлiк жолы Күн жарықтықтың, Ғұмырымды өлшеп мұңданып бiттiм. Топырақ тозар менiмен бiрге, Түнекей түннен бiр жарық күттiм… Ай бетi ары бұрылғанда, Күн бетi берi бұрылғанда, Түнегi түннiң сырылғанда, Құрылығым, қамсыз тiрлiгiңдi Қару ұстағаннан бұрын қамда…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қайран, Абай! Күрсiндiң-ау маңғанда айдалаға Ай, «Мыңмен жалғыз алысып», бiр сəт мойып, Беттерiңдi бiле алмай қайда, қалай… Аттың басын бұрмақ боп Зайсан жаққа, Сол кетiспен кежiрге ой салмаққа, Оқталғанмен, алайда келмей қапсың, Еңбегi – еш, тұзы – сор сорлы аймаққа. Қайда барсаң айнымай алдан шығар… Қазаққа өкпең қазандай болған шығар… Iшкен у мен зарлы үн запыран қуып, Жүрегiңнiң басына толған шығар… «Қазақ» деген қалың ел, қайран жұрттың, Бiрде – сылтың əлi күн, бiрде – бұртың. Сол Зайсанда өзiңдi зарыға оқып, Запы болды заманнан көңiл, шiркiн…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бұлт қанатын шарпыған таң шапағы Алтын күннiң аясын аңсатады. Жоңғар жақтан жөңкiген жойқын дария Қара жерге көлеңке самсатады. Көлеңкеден қашады көздерiм де, Асығатын жандардай өзге өмiрге, Шуақ жаққа ұмтылам шырқырап мен Армандарға булыққан кездерiмде. Қаз-қаз тұрып кеткенде-ақ текеметтен, Жұмбақ арман, кеудемдi мекен еткен, Менiң сенi кезiм жоқ бөтен еткен, Тағдырымды өзiңе жетелеткем… …Бұлт бұрқырап асуда əлдеқайда. Көбеюде толқындар көлде майда. Жанарынан аспанның түскен жасын Қара жерге бiр сəлем жолдамай ма? Қара жердiң қойыны тола ма екен? Бұлт ала да, жер шала бола ма екен? Арманға ерiп аласұр қанша мейлi – Дүния-дүния боп қалады екен…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жапырақ жиған жануар, Кiмдердiң сенде дауы бар? Аунай да аунай аулақтан Алма болса да тауып ал. Алуан шөп пе қорегiң – Бау-бақта болар керегiң… Күз түсiп жатыр атынан, Жоғалар ертең дерегiң. Жапырақ жиған, кiрпiм-ау, Жан барда бойда түртiн-ау. Қоя тұрса еттi дүние, Құбыла бермей шiркiн-ау…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ұйқылы-ояу Үлбi ағады айдынына нұр құлатып. Айдың жүзi мөлиедi өтiп бермей түнгi уақыт. Аяқ асты ғажайып боп аспан жаққа аяңдасам, Қолтығымнан демейсiң бе, қара мақпал үндi Бақыт? Ғажайып та бола қоймас, орындалмас тiлегiм де. Құлашы кең қиял-əлем өмiрде өзге, бiлемiн де. Қара мақпал үндi Бақыт, қарашығың қада маған, Зауза қоңыз жарқырасын саған созған бiлегiмде. Аспан жақты қайтейiн мен… ауыл жаққа аяңдайын. Айкезбедей ауыр ойдан үйге жетпей оянбайын. Қара мақпал үндi Бақыт, құлағыңа құйып алшы, Сүрген өмiр, кешкен ғұмыр – қысқа ғана баяндайын… «Пенде болып, пешенеме жазылғанды көрем» деген, Үзеңгiлес болды бабам шолақ ғұмыр – өлеңменен. Менiң-дағы барып-барып тоқтар жерiм бар сияқты, Дəмегөйде дəрмен де жоқ «қайта айналып келем» деген. Өмiр – шолақ, көңiл – шолақ, өмiр қайда жеткiзедi? Ай бетiне көп қараған өзен қайда бет түзедi? Қара мақпал үндi Бақыт, көкте жалғыз Тəңiр ғана Мəңгi сырғыр тiршiлiгiн көз алдынан өткiзедi… Құйтақандай жүрек едiм тiршiлiгi тоқтамаған. Таусылмаған тiлек едiм тоқтаусыз күн жоқтамаған. Қара мақпал үндi Бақыт, жарым түнде сынды Уақыт Ғарыш жақтан құймай нұрын қалғып кеттi Хақ-тағалам…
Нұрлан МƏУКЕН *** Зайсан жақтың көкпегi, Жайсаң уақтың өкпегi, Бiлмейтiнiң көп пе едi, Кеудеңе бұл төкпелi. Бiр ағайын өкпелi, Бiр ағайын разы, Қуан-дағы, құлазы… Етсе-дағы наразы, Болса-дағы аразы – Солар саған – таразы… *** Қаңқылымен жасайтын далама наз, Қайдан ұшып кеп қалды саралақаз? Көк құлағы қылтиды кеше ғана, Күн-күн сайын күш алып бара ма жаз? Сартұмсықтың сарғайған белестерi Қар астында қалған күн елестедi. Некен-саяқ ұшатын саралақаз Сағыныштың белгiсi емес пе едi? Екi-екiден жұптаса ғұмыр кешiп, Құс тiлiнде құсүйқы күбiрлесiп. Ынтымақпен ыраңнан көк орады Көк аспанда жатқанда дүбiр көшiп. …Жауын бұлты селдетiп алды-дағы Ауа көштi тауларға Талдыдағы. Саралақаз сағыныш шөлiн басты Қақ суына тұмсығын малды-дағы…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ши басы сыңсып шулайды қамыс. Шоқырақ қақты шардақы. Тексiздiң бойын бумайды намыс, Бойкүйез жатты бордақы… Қараша едi қырбық қар түскен. Iшiме қырлап мұң ендi. Əлсiреп жатса жүрек сəл күштен, Айтады оған кiм емдi?… Шулайды қамыс, тулайды жүрек, Шартарапқа сыя алмай. Улайды намыс, тулайды тiлек өзiңнен өзiң ұялмай…
Нұрлан МƏУКЕН *** Үлбi, сенiң жағаңда Үлбiредi Үрбала. Тауып айтып табанда Күлдiредi бiр бала. Күле-күле қыз бала Жылап қалар сыңайлы. Жұбататын бiз ғана – Ұмытпаған құдайды. Үлбi, саған үзiлiп Үлбiредi үрбала. Қызылына қызығып Күлдiредi қу бала. Қызға ынтық көңiлiн Бiлдiредi бұл бала. Ойлай ма алда өмiрiн Қайтер екен Үрбала?… Үлбi, сенiң жағаңда Үлбiредi Үрбала. Күлдiредi қу бала, Бүлдiредi ұрлана…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ақпанның арты жаз едi, өкпемнiң арты наз едi. Мұңайған шағым көп едi, Қуанған уағым аз едi… Көктемге жеттiм көл болып, Жағалай жатты ел қонып. Тепсiнiп кеттi бiр дүбiр, Тегеурiнiне ендi көр көнiп… *** Көрiктi көктем күндерiндегi, Алманың аппақ гүлдерiндегi, Тұнып бiр қалған нəрiндей тəттi – Қылықтым менiң бiр көрiнбедi. Нəресте-сынды, күлкiсi жұмбақ, Көзiнде маған аян бiр мұң қап, Алманың гүлiн аялап жүр ме, Көктемнiң үнiн елжiрей тыңдап… *** Өлең де жоқ, өзгеше өмiр де жоқ. Осы жағы келедi көңiлге көп. Мен iздеген əлемнiң əнi қайда? Жүрек байғұс жиi ұрды: «Жеңiлме» деп. Қиялымды қозғайтын арман қайда? – Тiрi үмiтке бiр үмiт жалғанбай ма?… Апыл-ғұпыл алысқа аттанармын Көкiректi бiр суық шалған бойда…
Нұрлан МƏУКЕН АҚ КЕМЕ Сəбимiн – мен… Сəл алдаса, уанам. Тал бүрлесе, қоса бүрлеп қуанам. Мен туралы «Ақ кемесi» Шыңғыстың, Түсiмде ылғи тiл қатады Бұғы-Анам. Жиi-жиi көрiнедi Ақ кеме. Жиi-жиi жорытамын əпкеме. Күтiп-күтiп күн сап ұзақ қараумен, Ораламын өкпе қосып өкпеме. Қарасуым мөлтең етiп тұнады. Қарашығым қара аспан боп жылады. «Қарағым-ау, қайда жүрсiң күнұзын?» – Қара шалдың ылғи қояр сұрағы. Селдiр-селдiр сақалы да ақ, шашы да ақ, Ақ кемесiн күткен менi қасына ап, Əлдекiмге құмалақ сап отырар, Ойларын да қырық тұсқа шашып ап… Ақ кеме жүр айдын кезген балықтай. Армандаймын жан нұрыммен жалықпай. Бiр күнi менi ап кетедi алысқа Жабағы боп жетiлгенде арық тай… … Мен туралы «Ақ кемесi» Шыңғыстың…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көгала үйрек, Салдың ирек. Көл бетiнен Көрдiм жиiрек… Көгала үйрек, Көңiл күйрек. Жазды бiзге өмiр сүрмек… Көгала үйрек, Көлдi түйреп, Көзден кетiп, Кiмдi сүймек?… Көгала үйрек, Жүздi билеп. Толқын тептi Түйдек-түйдек… Көгала үйрек, Бұрдым бүйрек, Бетiң түзеп Ұштың сиреп…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қырық күн жерде жатқан Үркер, Қырықтың бiрi Қыдыр кiм? Тұңиыққа үнсiз батқан Үркер, Томсарып саған үңiлдiм. Қырық күн бе деi, қырық түн бе едi, Жұртымнан жырақ кеткелi? Шалғайдан алып Шiлiктiң желi Шығандағы ауыл өкпелi… Өрмелеп көкке барасың, Үркер, Ғарыштың тылсым – қойыны. Жанарға жас боп толасың, Үркер, Таусылып жердiң ойыны… Əлдебiр мұң мен құсаға толып Кеудемде арман булықты-ай. Көзiмдi тiккен нысана болып, Шалдыртпай кеткен қулықтай – Қырық күн жерде жатқан Үркер…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жел үрген жондай жұтаң дүние Жалтаң етедi қай күнi? Қамшы сабындай тұтам дүние Шолтаң етедi қай күнi? Кетпеске болмас пəни дүние Қадiрiмдi кетiрiп болды-ау… Бармасқа болмас, бақи дүние, Баратын жұмақ өтiрiк болды-ау… Бергенiн алдым, жазғанын көрдiм. Жазмыштың бұрық жолында. Басымнан күннiң озғанын көрдiм, Сол менiң бағым, сорым да…
Нұрлан МƏУКЕН ƏЗƏЗIЛ Тiрiмде – жиғаныма қас болды. Өлiмде – иманыма қас болды. Болашағым бос қалды. Бала-шағам аш қалды. Қос бүйрегiм тас болды. Ақ жүрегiм нас болды. Балғын тəнiм мас болды. Шыққыр көзге жас толды. Алғыр миым су болды. Бал таңдайға у толды. Бойымдағы рух өлдi. Тiлiмдегi уыт өлдi. Қалғаны тек құр сүлдер. Ендi қайда жүрсiңдер? Тiрiмде – жиғаныма қас болды, Өлiмде – иманыма қас болды.
Б О Й Т Ұ М А Р *** Сыбдырлатып шырпығандай ши басын, Ессiз самал iздеп жүрдi қимасын. Төрт қанатты iшке сыйған жарықтық Сардалада сыртқа неге сыймасын… …Киiз үйге аңқылдап кiрiп шыққан, самал-ау, Туырлықтың етегiн түрiп шыққан, самал-ау, Сырқат анам хал-жайын бiлiп шыққан, самал-ау, Жүрегiне жасайтын бар ет қандай амал-ау? Шидiң басы шулады да ырғалды, Шiлiңгiрде бiр желпiнiп қыр қалды. Екi көзi төрт болып жүрген ерғара Мизам шақтың қызығынан құр қалды. …Киiз үйге аңқылдап кiрiп шыққан, самал-ау, Туырлықтың етегiн түрiп шыққан, самал-ау, Сап-салқын боп енiп ап күйiп шыққан, самал-ау, Дiмкəс жанның аужайын түйiп шыққан, самал-ау, Сырқатына жасайтын бар едi қандай амал-ау?
Нұрлан МƏУКЕН *** Айлы түнде көлеңке көзге ұрады. Абайла, ауыл ертең сөз қылады. «Ел жатқанда жатпайтын енекемдей» Қимыл бағып тұрады көз-құлағы. Абайла, ауыл ертең сөз қылады. Ауыл – осы, аймағы қараң-құраң. Бiреу шыға келедi қараңғыдан. Бiреу тұра қашады тапырақтап, Үй iргесi iркiлген тораңғыдан. Ауыл – осы, аймағы қараң-құраң. Ауыл – осы, аумағы абың-гүбiң. Күтпе, əсте таппайды дамыл бүгiн. Көзге түспей кетейiк қырдан асып, Мынау торғын шəйiнi жамыл, гүлiм. Ауыл – осы, аймағы – абың-күбiң. Ауыл – осы, бұл – менiң арман түнiм. Арман түнде арманда қалғам, күнiм. Арылмады кеудеме толған мұңым. Сол армандай мен сенi көрем десем – Қайтейiн, қайтейiн-ай … жалған бұным. *** Көңiлде мұң бар – өмiрде кiм бар? Жан сырымды тыңдар, Жүрегiмдi шыңдар? Жалғыздығым жалған ба, Жар құшағына алданба. Алды-артыңа қарасаң, Бəрi де өткен арманда… Бəрi де өткен арманда, Бұ тiрлiкке алданба…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Түйiлемiн. Тас түйiн түйiлемiн. Жүрегiмдi шақты ма бүйi менiң?… Кiрiп-шығып қоям да үйiме мың, Күйзелемiн, ерiксiз күйiнемiн. Бұ қылығым өзге емес, өзiме тəн. өзiме тəн нəрсенiң көзiн ашам. өртеңiме өндiрдей өрiмталым өлең шөптей қаулайтын кезi қашан?… Бəз бiреулер жүрмесiн соқпағыммен. Мен болайын көбелек отқа күйген. Перiште ойын сұрасам ба екен əлде, Уайымы, қайғысы жоқ сəбиден?.. Сəби тiрлiк сарыуыз, бəрi аңсаған Қай бетiммен қаймықпай барам саған? Дертемнен бiр бұзғасын дерттi ғалам Демiм бiтiп қалғанша болам шаман. Адасайын аулақта аз ғана күн, Жалт етiп жоғала ма жаз қарағым? Сарсаңға түсе-түсе салқын ұрып, Сай жақта сыңсып қалған саз ғанамын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Шөл iздеп жүрсең, Кербала осы. Жел iздеп жүрсең, Сардала осы. Суырып құмы, суынып мұңы Сағымға сiңген паңдана көшi. Көл iздеп жүрсең, Зайсаным осы. Ел iздеп жүрсең, Жайсаңым осы. Жыпырлап шығы, жылтырап түгi Мұзтауға асқан майсаның көшi… *** Күзгi түнде қуқыл ай ерiп кеттi… Менiң жесiр жеңешем жерiк бопты. Абың-күбiң жүргенде арсы-гүрсi Көршi үйдегi қос қатын көрiп кептi. Жеңешем-ай, тағдыры тайқы маңдай. Алдан торын тағы да жайды қандай? Қос қатынның аузына қақпақ қоймай, Не болды екен жүрегiң айнығандай? «Не болды екен?» дегенмен не бiлемiн? Бiлсем де бiлмеген боп жеңiлемiн. Қос қатынның сыпсыңы миымды жеп, Көрпе астына көрiнбей көмiлемiн. Жаным жеген намыс па, наза ма екен, «Жерiк» деген жесiрге жаза ма екен? Қос қатын-ай, қотырым қасыма ендi, Жеңешiмнiң жүрегi таза ма екен?..
Б О Й Т Ұ М А Р *** Əйтеу бiр күн бiр сəтке сенi ұмыттым. Сенi ұмытып бiр көлге шомылыппын. Байыз таппас жаныма дауа болмас Бедерi жоқ, белгiсiз сол үмiттiң Жетегiнде бiр көлге шомылыппын… Сол үмiтiм алдаған сағым болды, Сол сағымға ерместей уағым болды. Көңiл шiркiн көзi жоқ, адасты да, Ай астында Арманның жоғын көрдi. Сол үмiтiм алдаған сағым болды. …Тап баса алмай тағдырдан тағы алдандым. Əуресi көп өмiрде жоқ Арманның… Қайта оралдым қоңырқай тiрлiгiме, Қайта ендiм кеудеме қамалған мұң. Тап баса алмай тағдырдан тағы алдандым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Құбыла қашқан көз алды құбыла жаққа, Қаусаған қартым, кешетiн ғұмыр азап па?- Суланған жанар кiрпiксiз қарайды жиi Терезедегi гүл өскен құмыра жаққа. Бүгiн бе əлде, ертең бе, кiм бiлер… Алматыдағы қаңғыбас ұл кеп үлгерер. Тататын дəмнiң таусылар сəтi осы ма-ау, Асыққан ажал мың шығып, қайта мың кiрер. Сезедi демiн денесiменен, санамен, Тұтылып күн тұр тұншыққан алыс қара мең. Көрген бiр түстей жадында қайта жаңғырды Əкетiскендер анасын қара шанамен… Барады бұл да, болады мəңгi бiрге ендi. Ата-ана, шiркiн, аулаққа салма iргеңдi. …Терезе жаққа тесiле қарап күтуде ол Алыс ауылда армансыз қаңғып жүргенi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Мамырдың майда желi, деп айтам, майда желi, Маңырақ тұстан ба едi, қайдан едi? Мамыра тiршiлiктiң мау шағындай Маужырап майса құшақ жайған едi. Масайтқан майда жел ме, майса ма едi! Зеренiн зерлей түскен Зайсан едi. Сол суды Сүлейменнен сұрап алып, Майсаны мелдектетiп қойсам едi… Майсаны «қыз» деңiз де, «көк» деңiз де. Үңiлу мiндет болсын өткен iзге. Мамырдың майда желi қайдан едi, Саф ауа сайран салды өкпемiзде…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жаздыгүн. Шiлде. Жалғыз үй жапанда қалып, Кейiстiк қабақ көрсетер апам да налып… Транзистордан төгiлер күндегi əуен Көкiрегiндегi сазындай шопанға қанық. Қараймыз келiп, қараймыз күн салып қырға. Көңiлге көшкен көл-сағым мұң салып тұр ма? Алтын күн кетсе аралап киiз үй төрiн, Малшынған мəңгi кiм бар-ау мұншалық нұрға? Жаздыгүн. Шiлде. Тоғанның тоқырау тұсы. Қанатын қақпай даланың отыр-ау құсы. Ақ тамақ жиi бұлкiлдеп төзедi-ой, қайтсiн, Алтайға келмес асығып Атырау қысы… Төземiн мен де ерiксiз – кiшкене шопан. Талма түс болмай «атыңнан түс» деп едi апам. «Арағын iшiп, ауылда «гөлəйттап» жүрген, ағаңның атын арытып, күштеме, ботам…» Жаздыгүн. Шiлде. Ақ қойдан жалықтым мүлде. Бөлiнiп қалып қояды-ау деп қорықтым күнде. Қаршадай ұлға қатыгез қараған үлкен, Аға ма, əлде азап па, жолықтым кiмге?..
Б О Й Т Ұ М А Р *** (Нағашы атам Рамазан Бабырұлының рухына арнадым) Iзге түскен Сары сүлiк тазыдай күз де түскен. «Сарыөлеңнiң» саргiдiр тартқан шағы – «Сарөлеңдi» сары шал қатты аңсады. Сартап болып жатқанда ала жаздай – Көкiрегiне ұялап бала қаздай, Жүрегiне жылылық берген өлең, Кеудесiнде кеткен бiр нала-наздай. «Сарөлеңде» туғасын, сары болған. «Сарөлеңде» бұл үшiн бəрi болған. «Сарөлеңде» жастығын ұзатып сап, «Сарөлеңде» сақалды кəрi болған. «Сарөлеңде» табысқан қосағымен. «Сарөлеңде» үй болған-ошағы кең. «Сарөлеңде» серiлiк құрған едi, Сау ете қап түсетiн жасағымен. «Сарөлеңде» санасыз сайран құрған, Сауықшылды жиып ап ойдан-қырдан. Сайран өмiр сарғайған мұңға ұласып, Сабасына түсiрiп ойландырған. Салқар көшi ғұмырдың ұзағанда, Жұрты аманда, сол жұрттың түзi аманда, Жалғыз ұлы көшiрiп əкеттi алыс, Тығылды үнсiз, мұңнан ба, ызадан ба?.. Өз еркi өз қолында емес едi. Жас күнiнде мұнша уайым жемес едi.
Нұрлан МƏУКЕН …«Сарыөлеңнен» айырған ұлы емес, Қарттықтың қайырлаған кемесi едi. «Сарыөлеңге» сары шал жете алмаған, Сағыныш боп дүниенiң шетi аунаған. «Сарыөлеңi» саргiдiр тартқан шақта Сары шалға дем салып кет, ау Ғалам… *** Он сегiзде жүрекке бойлайды арман. Он сегiзде мен саған тоймай қалғам. Он сегiзде Махаббат ауылына Есiмде жоқ бiр ойын ойнай барғам… Он сегiзде кеудеме сыймады арман. Он сегiзде сыртымнан кiм қадалған? Он сегiзде оқыста көрген түстей Көкiрегiм көгiлдiр мұңға толған… Он сегiзде ақыл аз, сезiм көлдей. Он сегiзде жүрiп ем көзiм көрмей. Он сегiзде опынып от басып ап Бозаралда боздап ем бозiнгендей… Он сегiзде дүние жайнай қалған, Он сегiзде мен саған тоймай қалғам. Он сегiзде «хош» деген қоңыр үндей, Бүйiрiмде бүлкiлдеп қоймайды арман…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Қарғакөздер зəру ме екен ылғалға? Жапырағы күн көзiне пəс қарар. Саршатамыз самалы есiп тұрғанда Жазғы əуендi шiлделiктер басқарар. Алсын асты бытпылдақтап бар маңай Мысыққұйрық соны баққан сыңайда. Маужыраған маңғаз далам, хал қалай, Шөп тiлiмен сөйлегенiм ұнай ма? Зеңгiр көктiң басы зеңiп кете ме? – Салт етедi құс сымпылдап өткенде. Шып-шып етiп тер шығады шекеге Талма түсте тамыз шуақ төккенде. Бозторғайдың тəттi əуенiн жалғамай, Сыршыл кеудем сырын айтпай шыдай ма… Маужыраған маңғаз далам, хал қалай, Құс тiлiмен сөйлегенiм ұнай ма?..
Нұрлан МƏУКЕН *** Оттар алған, Баршындар, Бұ күнде де барсыңдар. Барыстайтын батырдың, Таутанындай жарсыңдар. Iлбiсiндей iлерсiң, Iрге жауды бiлерсiң. Iзге түсе iндетiп, Тiлерсегiн тiлерсiң. Шұрқан салған шуландай, Сорап қуып сумаңдай, Көкжалыңмен қосыла, Азап көрдiң, қу маңдай… Оттар алған, Баршындар, Бүгiнде де барсыңдар… Еңкерiлмес ерлерге Пышырамас парсыңдар.
Б О Й Т Ұ М А Р *** Есiмде жоқ, Ештеңе есiмде жоқ. Жаңбырым да – кеудемнен өшiрген от, Қайғы-мұң да – етiмнен кесiлген ет, Айбыным да – еш кеткен есiл көмек… Есiмде жоқ, Есiмнен шыққан бəрi, Елегзiсiн естi жас, ұққан кəрi, Шiлденiң шақырайып шыққан күнi, Қаңтардың қойыныма тыққан қары… Есiмде жоқ, Есiмде не қалады? Жасыма жас қосылып жамалады. Жүректе жүрген бiтпей берiшiм бар – Жылдардан жыл озса да со қалады…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көңiл – жыртық, Көз – бүтiн. Жүрегiмдi ездi түн. Күрсiнiстi көбейтпей, Күле салғаным – тез бiтiм. Күле салғаным – тез бiтiм, Күрсiнiсiмдi сездi кiм… Күңiрентiп келген күз мына Сөйлетер ме екен сөз бүтiн. Аспаным – жыртық, Ай – бүтiн. Табыла қойса сай бiтiм… Күңiренiп келiп мына күз, Жылысып кеттi жайлы түн. Жылысып кеттi жайлы түн, Булыға түсiп, ой-түтiн. Баянсыз мына тiрлiкте Баялыш жағып қойды кiм… Бұлттарым – бұрқақ, Жер – сырғақ, Сиқырламады селдiр бақ. Тымырайған күннiң қойнында Тыпырлап барып өлдi ырғақ… Тыпырлап барып өлдi ырғақ. Тыншығып қалды көл құрғап. Күрсiнiсiмдi көбейтпей, Көзiмнiң жасын, жел, құрғат…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бiреуден iздеймiн жоғымды, Бiреуге беремiн барымды. Алтын күз кезедi көгiмдi, Алтын ай сезедi жайымды. Елегізи күтемiн кiмдi мен? Ертеңiм елтiген, еркiмдi ал. Ойлы орман, орынсыз мұңды ма ең? Төгiлтiп түзептi көркiн тал. Шуағы жетiспес жаныма, Тағдырым, қай жаққа тартасың? Бастырмас бiр қадам маңына Қайтемiн құлама-жартасын… Қобалжып шешiмсiз дағдарам. Тəуекел түбiнде тас жатыр. Түк сезбей айтады таңдар əн, Басыр жан, бас қатыр, бас қатыр… Жоқ iздеп өтейiн, жолықпа. Барымды берейiн бұлдамай. Алтын күн сөнер деп қорықпа, Жебейдi жаяулап жүрген ай…
Нұрлан МƏУКЕН *** Ақынға сенi жұпты еттi, Қаракөз қызға жүктi еттi. Құлқыңды алған құдайың, Көңiлдi кейде күптi еттi. Ақынға сенi жұпты еттi, Балпақтай ұлға жүктi еттi. Тiлеуiңдi берген тəңiрiң, Тамырыңды берiк, мықты еттi. Ақынға сенi жар еттi, Намысқа басар нар еттi. Тағдырың салып əкеттi, Жоқ еттi, бiрде, бар еттi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көзi жоқ көңiл адасты, «Арманы» дедi бiр жанды. Қырық бiр құмалақ бал ашты, Нəумез ғып кеттi Нұрланды. Сөйлерiн жалған кiм бiлген, Үмiтке сенiп үн қатам. Жылғаға жақын жүрдiм мен, Жылап та қайттым бiр жақтан… Тамшы боп тұндым мөлдiреп, Төсiне ап толқын тербеттi. «Бақытты кезiм келдiң деп, Аспаным нұрды селдеттi. Көзi жоқ көңiл сол ма екен, Көлеңке шалды күнгейiн. Құмалақ қайдан көрдi екен, Телiген жанның күргейiн… Адасып қалған мен бе едiм, Адасып жүрген ол ма едi? Жамалын қайтiп көрмедiм, Жолығысуға келмедi. Көзi жоқ көңiл ме екен бұл, Көтерiп алам кiнəсiн. Құбылған өмiр ме екен бұл, Оны да ептеп ұғасың…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жүрегiмдi қысқан əлдене, Жақылық жаса пендеңе. «Күнiңнен бұрын өл» деме, Сiлем де қатты сенделе. Жүрегiмдi қысқан əлдене, Қасық қаныма шөлдеме. Көзiмде тұнды көл неге?- «Көлiңдi көсiп бер» деме. Жүрегiмдi қысқан, əлдене, Нашарлап кеттi хал неге? Белдесiп көрсем бой бермес Бiлекте күшi бар неме… Жүрегiмдi қысқан əлдене, Жарық дүнием тар неге? Омырылып түсер ме екенмiн Ойымды бөлiп əрнеге… Жүрегiмдi қысқан əлдене, Ертерек келдiң сəл неге? Салауат айтып шығайын, Сабырың сақта əлде де…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ақындардың киесi, атпа менi, Сиынатын жырларын жаттап едi. Бiр қауым жұрт бiраз күн мақтап едi, Итердi ме ойланбай отқа менi… Жақсы сөзiн мықты ақын арнап едi, Үлкен кешке менi ертiп бармақ едi. Үлкендердiң сынына салмақ едi, Итердi ме ойланбай жарға менi… «Ақынмын» деп кiм екен айта алатын? Мұқағали, мен сенi қайталадым. Кезiп-кезiп қайтам да ой торабын, Шарап iшiп, шамалы шайқаламын…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жұмбақ бағым жоғалттым. Көрген жандар, тiл қатыс. Жылу шашты жомарт күн, Күреңiттi күнбатыс. Есте қалған естелiк Күн нұрындай сөнедi. Күткен бақыт кеш келiп, Қайғысына бөледi. Алақанмен бал аштым – Аздау бақыт үлесiм. Қақыраған қарағаштың Көктемесiн бiлгесiң… Қаныма бiр қарайып, Қарау болдым күлкiге. Менде болса бар айып, Мөлдiр тамшым, сiркiре. Тас тұмаға табындым, Табан асты көз ашқан. Байлағаны бағымның, Бата бермес көк аспан. Жұмақ бағым жоғалды, Жандар бар ма көрген?… Сұрамаған со қалды, Тiл қатсаңшы, өлген…
Б О Й Т Ұ М А Р ҚОҢЫР ТҮС Қоңыр кеште қоңыр тау тамсанатын. Қоңырқай боп өтiптi қаншама түн… Қоңыр iңiр жаныма жақын менiң – Қоңыр үнмен қырық мың əн салатын. Қоңыр қаздар қайтатын қоңыр күзде. Қу жаным, сен асықпа, өмiрдi iзде. Қоңыр жаз жолаушылап кеткен, бiлем, Қоңырайып қашып жүр көңiл түзге. Қоңыр қыз, қайда қоңыр Жұмекенiң? – Жыңғылдай жiгерiмдi құм етемiн. Қоңыр жырды жазып ап жарым түнде Қоңырқай қой көзiмнiң мұңы етемiн. Қоңыр белде шiңгiрлер қоңыр құлын. Жаңғырыққан үнiндей өмiр бүгiн… Қоңыр тылсым күмбiрден қуат алып Қоңырайып жүрсем де көңiлдiмiн. Қоңыр əлем қорқытса қабағымен, Қоңыр қайғы қайтарар табамын ем. Қоңыр түс-ау, қозы түс өткен мезгiл, Қоңыр қозым қалдырған жабағы ма ең?…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жүрген шығар жүрегiн мұң сыздатып Бiлген шығар: бiр менсiз құнсыз – бақыт. Қарағымның қарасын көргiм келдi-ау, Хабар салмай, хат алмай, үнсiз жатып. Өттi уақыт. Өтiмдi сөзi де оның. Кеттi бақыт. Өткiр-тiн көзi де оның. Көре алмаған кiнəлi өзiм екен – Ғайыптан тайып бiр күн кезiгемiн… Ғайыптан тайып тағдыр жолықтырсын. Бұл күнде жоғалтқаным болып тұрсың. Басынан бақ ұшқанмен бейбағыңның Бойына бұла шабыт, желiк кiрсiн…
Б О Й Т Ұ М А Р Ұ.Е.-КЕ Сақалыңа ақ ендi, Не iстейсiң, аға, ендi? Жүрегiңе жүк артпай, Денсаулығың бақ ендi… Шашыңда да күмiс жүр – Жыр ма, жыл ма, кiм ұшқыр? «Сəбимiн» деп аңсайды, Перзентiн пүлiш қыр… Табан тiреп шəрiге, Айналамыз кəрiге. Айырбастай бастаймыз, Денсаулықты дəрiге. Жазылды осы маңдайға, Тати ма осы таңдайға? Шулы шаһар шаршатса, Даладағы əн қайда… Жайсаңдағы жаз қайда, Жайсаңдағы наз қайда? Сағыныштан дерттi боп, Қайран жүрек тозбай ма… Қолаттағы құм қайда, Құмға сiңген үн қайда? Қоңыр мұңы қой көздiң, Тереңiне тұнбай ма… Балғын шақтан өлеңнiң, Бодауына жөнелдiң. Бақытты дер бiреулер, Ал мен қалай сенермiн?…
Нұрлан МƏУКЕН «Бақыт» дейдi, азап – ол. Дала ұлына тозақ – ол. Жүрегiне жүк түсiп, Қиналғаннан жазады ол. Қалада өмiр өтедi, Далада ой жетегi, «Екi ортаны жол еткен Жолаушың де», жетедi… Ендi мiне, шалдығып, Шаршағанын қалды ұғып. Көз жiберiп қараса, Арты – сайрақ, алды – үмiт… …Сақалыңа ақ ендi, Не iстейсiң, аға, ендi? Ұры күннен бiр сатқын, Есiгiңнен сақ ендi…
Б О Й Т Ұ М А Р ТЕРIСАҚҚАН Өзгерiссiз өмiр менi шаршатты. Белгiсiздеу болашаққа барсақ-ты. Мың жыл бұрын мен сияқты мұңайған «Терiсаққан» тың күшпенен қарсы ақты. Қарсы ағыста қара шабақ шоршыды – Жалықтырған сияқты ма көлшiгi?… Қайта-қайта қайрат қылды жандəрмен – өзегiмдi өртеген ой өршiдi. Қара шабақ қара судан айныды – Қайда кетпек қаймананың байлығы? Көзбен көрiп, көкiрегiме көшiрген Кереметтен көз жазам мен қай күнi?… Жақпарларды үн жалықтырған сияқты. Жаңғырығым талып тұрған сияқты. Кеудемнiң бiр түкпiрiнде тарихын Мəңгi бүгiп халық тұрған сияқты. Сазарыңқы, сырға берiк сай iшi – Үнсiздiк пен өлмес үннiң сайысы. Мың жыл кейiн мен сияқты мұңайып, Отырар ма қырдың қарақайысы?… Осы ма екен «өмiр» атты өзенiм – өзегiңдi өлгенiмше кеземiн. «Терiсаққан» жан-дүниемдi алды да Құйып кеттi көзiне алып көзенiң…
Нұрлан МƏУКЕН *** Жабағы күскен күпiнi Кедейленген киер ме? Келмегенмен ыпыны Бiр салпыетек тиер ме? Арсы-гүрсi күрсiге Шаршаған жан құлар ма? Тiршiлiктен түршiге Жан жабырқап жылар ма? Қамсау болмай қараорман Қағар ма екен қаңғалақ? Нұр қашқасын жанардан Болар ма екен жаңғалақ? Қара тартса қарашы – Қарақшылы түйедей. Жазылғанмен жарасы, Жатып қалды-ау үйелей… Қу тiршiлiк, дүние-боқ өстiп түпке жетер ме? Дүниеге адам күйiне кеп, Бiр қуанбай өтер ме? Қауыздағы мөлдiрдей – Көзiм жасын сан жидым. Көкiрегiмдi өлтiрмей, Жүрегiмнен əн құйдым. Тереңiмнен толғансам, Төгiлер ме хұснихат? Бiле алмадым, болжау сан: Көрiнер ме нұр сипат?!
Б О Й Т Ұ М А Р *** Темiр теректi терiскей, Терегi тұттай жалаңаш, Сенен де кеттiм келiспей, Бола алмағасын нар ағаш. Жүз төкпелi жез мылтық, Алқымына алтын үйдiрген. Сенен де кеттiм көз құртып – Көкейге кектi ой түйдiрген. Жаңбырлығы жабылып, Алшайтып мiнген арғымақ, Сенен де кеттiм қағынып, Жатпаса да жолда жар құлап. Көзiме күндей көрiнiп, Сиқырлап алған Сұлуым, Сенен де кеттiм жерiнiп, Жүректiң қиып жылуын. Көзiмнен тамшы сырғыды, Жүргенмiн, өмiр, сүйiнiп. Сенен де кетем бiр күнi Жеңсiзден көйлек киiнiп…
Нұрлан МƏУКЕН *** Көк су көлге айналды: не шара? Көп шу селге айналды: не шара? Ақ бу желге айналды: не шара? «Гəкку» шерге айналды: не шара? Айналмаған Сен ғанасың бейшара! Ойланбаған Сен ғанасың бейшара… *** Туған ауыл, Тума-бауыр, Жағдайы ауыр – Болды жауыр. Туған ауыл, Сайқан-Сауыр, Тидi ауыр Мына дəуiр. Туған ауыл, Заман-дауыл, Бүгiн кəмiл Еттi кəуiр. Туған ауыл, Тума – бауыр, Жағдайы ауыр, Болды жауыр. Мен қалада, Халiм тəуiр…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бұл – махаббат, бұла күш. Буырқанды бiр ағыс. Жерде, пенде, пейiл бер, Көкте, құдай, құрақ ұш… Бұл – құдiрет, тылсым сыр. Көкiрегiңдi күрсiндiр. Шапағаты шарпысын, Жүрегiңе сiңсiн нұр… Бұл – махаббат, бал сезiм. Бал татыды əр сөзiм. Майдай ерiп таусылды Бойға бiткен бар төзiм…
Нұрлан МƏУКЕН *** Шапағатымен шарпыды менi Шалғайда ойға шомған Ол. Сары жаздайын балқыды өңi Шаттана қалып қолма-қол. Шалқыды көңілi шығандап əрi, Шарапсыз шала мас болды. Сиқырлы шақтың тұман жанары Мөлт ете қалып жас толды… Шəйi орамалын бұлғаған сонда, Шаңқай түс едi, – шарасыз. Көзiнiң жасы құрғаған соң да Болмайды адам наласыз… Шаттығы ма едi, шерi ме едi – Шолпының үнi естiлдi. Көзiме күндей көрiнiп едi – Қайтейiн, қою кеш кiрдi…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Үлбiреген Үлбi Үзiп-үзiп күлдi. Үндемеймiн мен мұнда, Үрбала не бiлдi? Үзiк-үзiк үнге, Үкiленген түнге. Үре берме, күшiгiм, Ұқсамай кiмге… Үлбiреген Үлбi Ұйып көзiн iлдi. Үндемеймiн мен мұнда, Үрбала не бiлдi.
Нұрлан МƏУКЕН *** Тоғай жаққа тығылып жүредi елiк, Тымпи қыз тына қалар күле берiп. «Iшiмдегiм тап» дейтiн тығыршықтың, Көп жұмбағын қайтейiн бiле берiп… Ай тауып тұр алыста қораланып, Бiр салқынның сабатқа қонары анық. Тымпи қыз-ау, танадай көзiңдегi, Жұмбақ ойың оқылды жобаланып. Болыңыз шын бұйырған шығытымыз, Иектен иен кеттi түбiтiмiз. Ерке-шора бола алмай ел iшiнде, Көнге айналған көңiлдi жiбiтiңiз. Кеулi шауып онда – күн, мұндағы – айға, Жүрген жайсаң жанарын дымдамай ма? Отызында отауын оңдап алмай, Оңашада сөз салып шындамай ма… Аңғырт басым айтатын əңгiмем-ай! Əлде өзiңе əңгiмем қалды ұнамай. («Бұлақ бойлап қайтпайын жалғыз» десең, Ақылсызым, аузыңа болғын абай…) Тоғай жақтан тағы да үн естiлдi, Ұмытпаған сықылды-ау түн ешкiмдi, Тымпи қыздың күлкiсi тыйылғасын, Екеумiзге бiр-бiр мұң үлестiрдi. Тағы да бастайын бiр əңгiменi, Алғашқымнан соңғысы мəндi ме едi, «Шорым» демей мен сенi «жарым» дейiн, «Шорам» десең қайтедi мəңгi менi…
Б О Й Т Ұ М А Р * «Едiл бол да, Жайық бол» (Асан Қайғы) Ертiс бол да, Есiл бол. Ел ұнатқан шешiм бол. Екпiндете соқпасаң, Бастап жүрсiң несiн қол? Өзен бол да, теңiз бол. Жалқы бол да, егiз бол. Бiр аяғың сегiз бол. Бiр аяғың тоғыз бол. Теңiз бол да, терең бол. Болат бол да, берен бол. Досың келсе, жабы бол. Дұшпан төнсе, белең бол. Жайдақ бол да, жаға бол. Қылығыңды бағады ел. Iзетiңмен iнi бол, Құрметiңмен аға бол. Еш бəлеге болмай кез, Бар қиынға талмай төз. Болсаң – бəрi бол дағы Бола алмасаң – бордай тоз…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қайран көңiл көз алдынан өткiздi, Еритұғын мезгiлдегi көк мұзды, Жылғадағы суға айналған ақ қарды Дала даусын, елеңдеген бақтарды. Қайран көңiл көз алдынан өткiздi, Көктем болып көлбеңдеген көп қызды. Жауқазыны желбiреген қырларды, Ет жүрегi елжiреген Нұрланды… Қайран көңiл, қайран көңiл, көңiл-ай! Көңiлiмдi сан қалдырған өмiр-ай… Күннен қуат, айдан медет сұрадым Ендi өзiң бiл, қушыкеш күн, жемiр ай! *** Перiнiң қызы Перизат, Пейiлiң бөлек, көңiлiң жат. Пейiшке барар шағында Пенденiң қойдың өмiрiн ап. Перiнiң қызы Перизат, Пенденiң саған көңiлi ақ. Жолыңа жанын тiгедi ол Жас жүрегi жабырқап. Перiнiң қызы Перизат, Пұшайман еттiң жери қап. Пенденiң көңiлi пəсейдi, Пиғылың бұзған небiр зат?…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Бiр толарсақ, бiр тобық, Салдырады саным. Қойнына жыр толып Қалжырады таңым. «Жеткiзем, – деп, – алысқа» Жер дүмпiдi өкшем. өгiз терiсi – талысқа Орасам ба, нетсем… Көтерем деп ауырды Сырқырады белiм… «Жəрдемдес», – деп бауырды Жұмсамады елiм… Сай-салаға ұрынып, Сыздап жүрген-жаным. Жетелеген бiр үмiт, Қашан ұғам мəнiн…
Нұрлан МƏУКЕН АНА ТIЛI Өмiр сүрем, өлмеймiн, күн көремiн. Тiршiлiгiм тiлiммен бiрге менiң. Сырлы сөзге жаныммен дiлгер едiм, Дiлгерiмде айырар жүр қорегiм. (Тауып алар бiреулер бiр керегiн). Өмiр сүрем, өлмеймiн, күн кешемiн. Тiлiмменен жүредi бiрге Сезiм. Сырлы сөзге сусыным қанар ма деп Арасында адасам мың көшенiң. (Адаспасам ешқайда сiңбес едiм). Өмiр сүрген, өлмеген, өшпек қалай? Жапан түзде жұтаған көш тоқтамай, Кеткендерге «кеттiң деп мойын үзбей, Келгендерге «келдiң деп асқақтамай, Өмiр сүрген, өлмеген, өшпек қалай?… Өмiр сүрем көрiнбей алабөтен, Дiлгерiмiз күндердi талақ етем. Шақырғанша мəңгi ұйқы, жаңа мекен Сырлы сөзге сусыным қана ма екен…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Обалым кiмге менiң? Қалың орман iшiнде гүлдеп едiм. Қайғы-мұңсыз бiр өмiр сүрмек едiм. Алаңқайға адасып шықтым-дағы Шырғалаңнан шырғалаң iргеледiм. Қалың орман-қараорман қайда қалды? Қаптай өскен шырмауық байлап алды, Қарап тұрып қарау бiр ойға барды. Қайғы-мұңсыз жүретiн қайран басым, Сары жапырақ үзiлген сайда қалды. Обалым кiмге менiң? Кiмнен көрем? Он жағымда бiр iсiм үлгермеген, Сол жағымда бiр iсiм дiлгiрлеген. Қайғы-мұңсыз бiр өмiр сүрмек едiм – Қатар ақтым қайтпайтын күндерменен…
Нұрлан МƏУКЕН *** Дала суық. Аспан тұман. Көңiл мұз. Əйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрiмiз. Қабақ шытсақ қара тастан ауырмыз. Қабақ ашсақ қауырсыннан жеңiлмiз. Далада қар. Көше тайғақ. Көңiл мұң. Əйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрмiн. Сəтi келсе өртейтұғын көмiрмiн, Нəтi келсе қаритұғын темiрмiн. Далада жел. Көшеде адам. Көңiл пəс. Осылай-ақ ұзақ болсын өмiр жас. Бүлк-бүлк соғып тұра берсiн жүрегiң, Жырқ-жырқ күлiп жүре берсiн темiр бас…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Кетсең, кет. Керегеден өт. Қыздың қойнына жат, Қызығына бат. Келсең, кел. Көңiлiмдi бөл. Керегеден өтпей, Кергiгенше өл. Келсең, кел, Кетсең, кет. Қашсаң, оз. Қусаң, жет. Керегемдi көзiң Көрмейтiндей ет…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бiзден кейiнгi ұрпақ, Өзiң лайық түр тап. Сенiң заманыңа – салауат, Менiң заманым – сырқат. Менiң заманым дiмкəс, Сырыма сенiп сырлас. Мұра деп бiлсең мұңымды – Менiң мұңыммен мұңдас. Бiздер – көсем соңынан ергендермiз, Бiздер – өлген соң қайтып келгендермiз. Бiздер – бəрiне сенгендермiз, Фашиз мен коммунизмдi жеңгендермiз. Бiздер – қайшылықтардың қақтығысымыз, Қақтығыстардан қақырап жатты күшiмiз. Жаяуымыздан əлсiз боп атты кiсiмiз, Тiршiлiктiң жаңғағын шақты тiсiмiз. Бiздер – адасып маңырағандармыз, Жерiген ене мүйiздеп жамырағандарымыз. Қарақұрым қалада қаңырағандармыз, Аулаққа ауған бұлттардай аңырағандармыз. Бiздер – тарихымызбен кеш танысқандармыз, Бiздер – тiлiмiзбен кеш табысқандармыз. Бiздер – өзiмiзбен өзiмiз бостан-босқа алысқандармыз, Дүниеден мақұрым, бос қалысқандармыз. Бiзден кейiнгi буын, Бұйырмағаның үшiн қуын. Сенiң заманың татпасын Бiздiң заманның уын. Бiзден кейiнгi ұрпақ, Өзiңе өзiң жүр сақ. Сенiң заманыңа салауат айттым, Менiң заманым – сырқат…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жасыны ойнап, дүр еткен көктi, Жасынан жаны дiр еткен көптi, Жадына ұстап Жұмекен кеттi, Кемтiгiн кешiп Кеңшiлiк кеттi. Жасыны ойнап, дүр еткен көктi, Жасыннан жаны дiр еткен көптi, Зарыға сүйген Зейнолла кеттi, Жақтасын салмай Жұматай кеттi. Сөзiмнiң намы намазым бiреу. Қазақтан қалмас сабазын iреу. Есiмдi жидым – еншiме тидi. Хаты қалғанның қағазын илеу… *** Жоғалтқан-ау ай басын, Бұлтқа батып несi бар. Жортып жүр деп ойласын, Жұлдыздарды қосып ал… Жоғалтқан-ау түн түсiн, Түртiнектеп несi бар? Тентек қыздың күлкiсiн Тапқаныңа қосып ал…
Нұрлан МƏУКЕН *** Бұ дүние оңай емес, оңай емес, Құбылғаны пендеге қолай емес. О ғып, бұ ғып сүретiн өмiр осы, Бекетi де бел шешер жолай емес. Бұ дүниені қазекең «жалған» деген, Топырағымен табысып қалған денең. Жаныңды ап, болашаққа барса-ай, шiркiн, Жалғанның өзенiне салған кемең… Бұ жалған мен үшiн де өткiншi екен, Алумен тiрлiк еттiм көп күн секем. Қылығы сүйiндiрген Сұлу дүние Қызығын қыздай етiп өптiрсе екен…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ойламайтын ертеңiн, Ақын – сенiң тентегiң. Сабасынан асқанда Жыға көрме желкенiн… Қайғысына татыр мұң, Ақын – сенiң ақылдың. Жүректегi дертiнiң Айта алады атын кiм?… Айта алатын анасы, Ақын туған даласы, Күңiренген көңiлi, Сарғайыңқы санасы… Ақын – сенiң албыртың. Ақын – сенiң аңғыртың. Сен ұйқыда, ол ояу – Қалжыраған қалғыр түн… Ақын – сенiң жан-жарың, «Перiште» деп қалмағын. Айыра бiл сөзiнiң Алмағы мен салмағын. Ақын – сендiк пенде бiр. Заманадан кенже жүр. Өзi бiлер бағасын – Пайымыңмен сен де бiл. Ақын – сенiң ақылың. Жаның, жалғыз жақының. Шайқы-бұрқы шағына Жете көрсiн ақылың…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қалықтап тұрған қырғи құс, Қату-қату үн салар. Қара жерде қара шал, Қабағына күн салар, Көкiрегiн мұң шалар… Қырғидайын құдиған, Қырғи көздiң нұры да аз. Салдық қалған бiр сайда – Жүргенiне тiрi – мəз «Сиқырсымай құры, наз…» «Қара, қара əлемге, Қара шалым, қамықпа. Қырғи күннiң белгiсiн, Қалдырғасын халыққа, Салдырарсың озыққа». Көкте – қыран, жерде – шал, Күн байыды батарда. «Салмағыңды елге сал, «Еншалла» де жатарда…»
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жарқылы мол жүзiңдi мұң қапқаны-ай, Таныс сəуле бұйығып сырғақтады-ай… Күнi бойы шелектеп құйған жауын Тереземнiң əйнегiн құрғатпады-ай… Түйiстiрмей көзiңдi ала қашып, Бойыңды аулақ саларсың, бала ғашық. Терезеге телмiрiп қарай берем, Бiр лебiз бiлдiрмей қара басып. Армандағам, «көрсем» деп, армандағам. Жүректе сөзiм бар-тын жолданбаған. Бала ғашық күндердiң мысы басып, Терезеге телмiрем торланбаған…
Нұрлан МƏУКЕН *** Ай артынан ай өтер, Күн артынан күн өтер: Көре алмаған жау етер, Бере алмаған жау етер. Қадiрiңдi ұқпас жұрт Көзiң жұмсаң, тəу етер. Күннiң нұры төгiлер, Айдың нұры себiлер: Сенделiп қап серiлер Сергелдеңге жегiлер. Қара тұтып жүргенмен, Жаныңдағы не бiлер?… Ай бататын бұлт бар, Күн жағатын жылт бар, Тұлданатын күлiк бар. Баса алмайды қашаған, Баса түстi құрық тал.
Б О Й Т Ұ М А Р *** Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым, Өзiме бiр қарадым. Ұқсағаным – ұлан-ғайыр даламын, Ұқсамасым – ұлан мiнездi баламын. Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым, өзiме бiр қарадым. Ұқсағаным – қайшы алысқан қаламын, Ұқсамасым – үнсiз жүрген дарамын. Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым, Өзiме бiр қарадым. Ұқсағаным – халық деген данамын, Ұқсамасым – ұғымы жоқ шаламын. Күллi əлемнiң көзiне бiр қарадым, Өзiме бiр қарадым. Ұқсағаным – толысқаны сананың, Ұқсамасым – қасымдағы қарағым…
Нұрлан МƏУКЕН *** Өлгеннен сұра өлеңдi, Тiрiнiң көзi – тiрлiкте. Бiр дiрiл жайлап денемдi, Қойылмай қойды бiр нүкте. Өлгендер айтсын өз сырын, Тiрiге жанын жаймау тəн. Қараөлең салсын көз қырын, Көшi-қон көрмей жайлау-таң… Өлгендер айтсын өлеңдi, Тiрiнiң сөзi жалған ғой. Бұл ой да мүмкiн көнердi, Жүректе жатып қалған ғой… Мен де бiр өлген жан едiм, Адами тiрлiк аластап. Айтқан өлеңiм – əлемiм, Сол ғана маған жараспақ. Өлгендi өлiк санама. Өлiктер қазiр тiрi жүр. Сен де өлшi бiрге, жан аға, Жүрекке басқан пiрi – жыр. Өлгендер сөйтiп көбейсiн, Өлең сұрасып өнермiз. Жан аға, бұған не дейсiз? Болмаса шындап өлермiз…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Жаны да нəзiк – мен едiм, Қаны да бұзық – мен едiм. Елжiрегенiмде ерiдiм, Қатайғанымда қарайдым. Желден де жұмсақ – мен едiм, Жерден де қатты – мен едiм. Жыласаң, жылар сел едiм, Құласаң, қара жер едiм. Жаны да нəзiк – мен едiм, Қаны да бұзық – мен едiм. Табыса қалсам, тату ем, Тiресе қалсам, телi едiм. Желден де жұмсақ – мен едiм, Жерден де қатты – мен едiм. Сүйсiне қалсам, сүйер ем, Түйiле қалсам, түйер ем. Жаны да нəзiк – мен едiм, Қаны да бұзық – мен едiм, Желден де жұмсақ – мен едiм, Жерден де қатты – мен едiм. Түсiнбей жүрген ел едiң Түк айта алмай келемiн…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қайран өлең, Сен тұрғанда мен осы қайдан өлем? Түсiң бермей жүргенмен түңiлдiрiп, Түтiктiрiп қойсаң да пайда көрем… Пайдакүнем болып мен көрiп пе едiм, Бiр ағама аз-мұң күн елiктедiм. Көнiм қатып, қалыпқа түсiрдi де, Бола қалдым тетiгi серiппенiң. Өлеңiм-ай, Өлмейтiн өлеңiм-ай, Ермей қалған Абайдай еменiм-ай! Көрем деген тiрлiгiң осы ма едi – Бiр кiсəпiр төбеңнен төгедi лай. Қайран өлең, Қасымнан қалып қойған. Қалып қойған сəтiңе халық қайран. Ала кетсем деп едiм мен де сенi – Жетпейдi екен, əттең-ай, алыпқа айлам. Қасымды да бiреулер «қара» дедi. Алып қашып құтқарды дала желi. Сенi алып қашатын кiм бар екен? Кiм бар екен тыңдайтын кəрi əженi?… Мұқағали кеттi де мыңдар қалды. Шыңғырған үн шырқау көк, шыңдарды алды. Сəлемет пе ей, өлең, сен қашқасын – Жұматайдың басына мұң-зар барды… Еңкейместен елуге келмей кеткен – Бiр тал гүлiн бақыт қып бермей көктем… Жүрегiмдi осатын жасын ұшы Көктөбеде қамшысын сермейдi өктем…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Саған деген көңiлiм тiрi менiң, Саған қарай жел болып жүгiремiн: Бөктерде өскен бұйығы боз жусаным, Қырқадағы қызғалдақ – қызыл ерiн. Бөктер бойлап боз бұлттар өтпедi ме, Бұлттан озып сəлемiм жетпедi ме? Алтай жақтың айтқанмын аршасына, Көксеңгiрдiң көмгенмiн көкпегiне… Қырдан асып қызыл жел еспедi ме, Көкейiмдi бiр арман теспедi ме, Тiршiлiктiң теңiзi толқын атып, Ие бола алмағам ескегiме… Саған деген көңiлiм тiрi менiң. Саған қарай жел болып жүгiремiн…
Нұрлан МƏУКЕН *** Қылқұйрықты мiнбедiм, Қиялай шауып жүрмедiм. Қазағы болдым қайрылым Қала деген түрменiң – Ақтылы қойым айдамай, Алалы жылқым байламай, Қыс қыстауым қыстамай, Жаз жайлауым жайламай… Саптама етiк кимедiм, Салп-салп етiп жүрмедiм. Сардаланың самалын Сағынуды бiлмедiм. Соқпағына түсе алмай, Сайрағына шыға алмай, Сары қымыз пiсе алмай – Сорым неден ұға алмай. Шортанбай мен Дулаттың Құлақтарын шулаттым…
Б О Й Т Ұ М А Р *** Ерiк-күш жеттi бiр күнге, Тағы да түстiм сүргiнге. Лепiрген көңiл көл еттi, Күлдiм бе, өмiр сүрдiм бе? Күн қалай ерте еңкейдi. Түн өттi, көңiл сенбейдi. Тапа-тал түсте тап баспай, Кiм танымасын мендейдi? Уақыттың қолы қысқа ма, Тiрлiктiң жолы нұсқа ма? Тентiреп ұшқан терiске Телмiрдiм кейде құсқа да… Түтiнiм түзу ұшқаны, ə? Кеуденi басқан ыс қана. Күн көзiне арбалған, Үңiлдiм күнбағысқа да. Күн сайын көрдiм өзiмдi, Қададым оқты көзiмдi Екiндiм ерте еңкейдiм Ерiк-күш бойдан безiңдi. …Кеудемде жаным үзiлмес. Тəуекел етем бүтiн кеш. Жап-жасыл болып жас тiрлiк, Жайқала қалса, күзiм, кеш…
Нұрлан МƏУКЕН НƏДИРƏБЕГIМ (Н.Ақылбекованың рухына бағыштадым) Домбыра алдың қолыңа, Нəдирəбегiм, Үмiт ектiң жолыңа, Нəдирəбегiм. Тұла бойдың тұңғышы, Нəдирəбегiм, Түстiң тағдыр торына, Нəдирəбегiм. Ажал салды құрығын, Нəдирəбегiм, Алып кеттi ұры күн, Нəдирəбегiм. От боп жанған ғұмырың, Нəдирəбегiм, Өргiзбедi бұрымың, Нəдирəбегiм. Он бестегi армандай, Нəдирəбегiм. Өте шыққан жалғандай, Нəдирəбегiм. Өзегiн өрт шалғандай, Нəдирəбегiм, Артыңда анаң сормаңдай, Нəдирəбегiм. Салған əнiң сыңсулы, Нəдирəбегiм. Өзiң қалдың тыншулы, Нəдирəбегiм. Домбыраң тұр үн-түнсiз, Нəдирəбегiм, Жүректi мұң шымшулы, Нəдирəбегiм.
Б О Й Т Ұ М А Р *** Көшiп кетiпсiң Сен. Байқалмай өттi жылдар. Өзiмдi жетiк бiлсем, Мұңым бар, шаттығым бар. Кеудемде алағызған Бiр жауын жауып жатты. Белгi жоқ бала қыздан, Кеземiн ауыл жақты. Көремiн көзтанысты, Тосырқай сəлем берген. Кеудемде қозғалысты Сен емес, əлем көрген… Кетпейтiн Ай, Күн дағы Сияқты орнап алған, Жоқ қазiр қайғым-дағы, Шулайды сондағы орман… Бозбала дəурен едi, Сұлу-тын жаны-дағы. Бала қыз əурем едi, Бақытын танымады… Көшiп кетiпсiң Сен…
Нұрлан МƏУКЕН *** Сылдыр-сылдыр үн шығып Сұңқарсайдан, Сыңси ұшты сұмдыққа iңкəр сайтан – Қанатында көз жастың тырсылы бар, Кеудесiнде көк талдың бүршiгi бар. Сыңси ұшты сұмдыққа iңкəр сайтан… Сұңқарсай сылдыр-сылдыр қала бердi. Сайтанның сиқырлы iзiн дала көрдi. Күн барып күңiренттi Көкшетауды, Жел барып ұйытқытты Алакөлдi. Сұңқарсай сылдыр-сылдыр қала бердi… Сыңсыған сайтан ба едi, сай ма едi, Тыншыған томалақ па, той ма едi? Сылдырлар əншi толқын майда едi, Жүректен шыққан əуен қайда ендi? Сыңсыған сайтан ба едi, сай ма едi… Сұңқарлар мекен еткен осы маңнан Бiр құралай ұзады, төсi қан-қан… Кез болып қалды ма екен өшi бар жан, Бауыр етiн байқатпай кесiп алған. Бiр құралай ұзады, төсi қан-қан… Сылдыр-сылдыр үн шығып Сұңқарсайдан, Сыңси ұшты сұмдыққа iңкəр сайтан…
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру