Атамекен
Төлеу-Мұхаммед Орашбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Төлеу-Мұхаммед Орашбаев - «Атамекен» шығармасы.
Плох тот народ, который не помнит,
не ценит и не любит своей истории!
В.М Васнецов
Мектептептегі жұмыстары аяқталса да асықпады: қуыс бөлмеге өтті, карта мен жазбаларын үстелге қойып, орындыққа әсте құйрық басты. Талмаусырап шаршағанын жаңа сезді. Қатар ізбе – із тістескен 6 сағат бойы мектеп оқушыларымен арпалысу жанға да тиіп кетті. Амал жоқ: маңдайға жазылғаны – сынып жорналын көтергеніне 40 жылдан асып барады. Өкінбейді де. Үйге асықты – жанұя жолына қарап отырғанын іштей сезінді. Елеусін табалдырықтан аттауы – ақ сол жадырап сала береді: шаршағаны да, көңілдегі кілтипандары да есік сыртында қалады. Мамыражай тіршілік мұғалімге тән: бала ықыласы, бала үміті арқалағаны. Қуанышы да, күйзелісі де ішінде – сыр шашпайды. Нағыз қой торының өзі: құлағы салбырап мектепке бара жатады, тірсегі қағысып мезгілінде келе жатқаны. Сол қатардағы ұстаздың көңіл көлшегінде соңғы күндерде көзге түсер – түспес майда толқын пайда болды. Кем – кемнен белең алып, жалданып, жарға соқты. Қас – қабаққа қарап, сезім толғанысын дәл табатын Шекер Елеусінді қолға алды. Кесе ұсына отырып:
— Не таптың, шал!? – Ойдан аршып, ықыласын өзіне аударған соң Шекер өкпесін төге салды. – Қағаз кемірген көк тышқанға тап қылған Құдайға не дерсің. Адамдар бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, өрлеп барады. Қатарың Омар, Тәжіаяқ есепшоттың 104 тасын ерсілі – қарсылы қағып, машина мініп жүр. Ал, сен... толғағың тарқамай–ақ қойды. – Шекер кесе–аяқты шапшаң жинап тастады. Ұзын кірпіктерін Елеусінге қадап, тесіле қарады. Еріні жыбыр қақты. Тасқындап келген сөз додасын әрең іркіп қалды. Елеусін сөз арасындағы сол тыныстан ретті пайдаланды.
— Ауылды ойладым: қазір Ызмұхшир төбесінде бақыт шамы жанып тұр. – Елеусін қағаздарын реттеп алды да әңгімеге ыңғайласты. Шекер үн қатқан жоқ: көз қиғын тастап қойып, сөз тыңдауға ықылас білдірді. – Жазғыштар көп: тисе терекке, тимесе бұтаққа деп сілтей береді. Хорезм ғалымдарын өргізе жазғанда Ызмұқширды тілге алған: «Көнеүргеніш пен Хожелі қаласының арасындағы ауыл» деп көрсетіпті. Қате, мүлде қате. Ызмұхшир – Хожелі қаласының оңтүстігінде 150 шақырым жерде. Арада шекара сызығы бар. Кеңес кезінде екі сағатқа жетер – жетпес уақытта ауылға жетіп баратұғын едік. Көнеүргеніш ортада тұр: бізге елу – ақ шақырым жерде.
— Несіне күйіп жанасың: жазса, жазған шығар, - деп Шекер сөзге араласты. – Бала сияқтысың: сәл нәрсені іліп алып, күйіп – жанып жүргенің.Ызмұхшир орнында ғой: көшсе, тойынған қазақтар көшкен. Жұртың тұр: жаңа ұрпақ өсіп келеді.
— Ә - әй, айтасың – ау, бәйбіше! – деді Елеусін. Ойланып отырды. Портфелінен бір шоғыр қағаз алды. Жіті көз жүгіртті. – Туған жер адамға қуат береді: мақтанышың. Перзенттері елдің атын көпке танытады. Міне, Ызмұхширдан Абул Қасым Махмұд ибн Омар аз–Замахшари (1075-1144) шыққан: математик, лингвист, араб тілінің аса білгірі. Хорезм – ғалымдардың мекені ғой. Солардың арасында аз–Замахшари ерекше көзге түседі. Есімінің өзі туылған ауылдың – Ызмұхширдың атын арқалап тұр. Елдің бақыт шамын жарқыратып, ғылым нұрын дүние жүзіне таратқан.
Елеусін жұмыс бөлмесіне өтті. Өкшелей Шекер де жетті: қолында аққұман мен кесесі бар. Көк шай әкелген. Жазып отырғанда Елеусіннің пайдаланатын сусыны. Кідірістеп іркілді. «Өкпешіл. Әйтеуір нәрсені де көңіліне алып, балаша томсырайып жүргені – Шекер шай басындағы сөздерін еске алды. – Кейде сілтеңкіреп жіберетінім бар. «Кімнің батыр болғысы келмейді, жүрегі дауа етпейді» деген ғой. Епшіл жігіттер елдің есебінен байиды: жаратылысы аңқау болса кәйітсін. Қайта туылу жоқ: осы сызықпен кетеді. Наны жұқалау демесең мұғалімшілік – адал талап қой: жегені – адал, ұйқысы – бүтін. Қолы – таза. «Жымқырғаным білінсе, құрдымға кетемін–ау» деп алаңдамайды. Ермегі – ақ қағаз». Елеусінге көз қырын тастады:қалың шаш бурыл тарта бастапты, қою қара қастың да арасынан ақ талшықтар көзге шалынады. Кесеге шай құйды. Әсте ысырды. Елеусін шайға қол созды.
— Міне, бір әңгіменің төбесі көрінді, кемпір, - деді Елеусін балаша қуанып.
— Және Ызмұхшир ма?! – Шекер қадала қарады. Өткір жанардан тайсалған Елеусін жазбасын қолына алды.
— Жо–жоқ. Хорезм туралы. Алланың нұры төгілген Хорезм елінің бір ауылы ғой Ызмұхшир. XІ – XІІІ ғасырларда Хорезм гүлденген: шаруашылығы да, мәдениеті де өскен. Әсіресе астанасы көркейген. – Елеусін шайдан ұрттап қойып, ойын жалғастырап түсті. – XІІІ ғасырда Хорезм жұртында 2 миллион халық жасаған. Қара, Шәке, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман еді: жер емшегін емген ата – бабаларымыз тек Аллаға жалынған, бір ұртынан май, бір ұртынан бал тамған. Хорезмде 2000 мешіт қауым, 4440 медіресе, 1200 қонақүй болған. Астанасы Үргеніш қаласында 700 медіресе, 1600 касапхана, 5500 нан жабатын орын, 1300 тұз сататын дүкен істеген. Алтын, мыстан бұйым жасайтын 1200 зергерлік шеберханасы жұмыс ісеген. Халыққа 1000 монша қызмет көрсеткен. Әй, айтары жоқ, шеберлер мен өнерпаздар жыртылып айырылған. Сол уақытта Үргеніш қаласының 40 даруазасы бар екен. Қала 400 гектар жерді иелеген.[«Даракчи», №47 (402). 23.ХІ.2006 ж]
Елеусін толқып кетті: ұшып тұрды да жазу машинкесінде тұрған қағазға көз салды.
— Хорезм тарихы терең: қалай зерттелсе де, кім зерттесе де таусылмайтын қазына. – Елеусін Шекерге шаншыла қарады. – Анада Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед Беруниге арнап өтірілген кітап оқушыларының конференциясында тілге алынған ғалымдар есіңде ғой.
— Иә, бұрыш та аштық. Кітаптарын қойдық, - деп Шекер де сөзге араласты.
— Гүл жақсы жерде өседі. Ілім де сол: аялы алақанда ғана дамиды. – Елеусін арқалана түсті. – Хорезмді Әбу Әли Аббас ибн Мамұн басқарған дәуірде (997-1009) ғылым шарықтау шегіне жетті. Үргенішке тұм-тұстан керуен де ағылып келе берген. Ел гүлденген. Мамұн көптеген зиялы адамдарды қанатының астына алды. Ахмад ибн Мұхаммед ал – Хорезми, Ахмад Ферғани, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмад Беруни, Әбу Әли ибн Сино, Нажмиддин Кубро, Ибн ал – Хаммар, Әбу Сахи Махшит, Абул Қасым Махмұд ибн Омар аз–Замахшари, Имом Бұхари, Имом Термизи, Әбу Насыр ибн Ирак, Махмұд Хұжанди Мамұн академиясында істеген. Атамекен ғылымның ошағына айналыпты. Неге мақтанбайын. — Елеусін мәртебелене сөйлеп барып тоқтады. Шекер төтесінен салды.
— Сонда... айтарың не? – деп қадала қарады. Елеусін албырап қалды. Ойлана отырып, көкірек түбіндегі тілегін тіліне алды.
— Жерге де нәубет, ерге де нәубет деген, Шеке! Хорезм астанасы Үргеніш Шыңғыс қолынан ажал тапты: теп-тегіс етіп қиратылған. Көзіңмен көрдің: археологтар қазып жатқан қаланы. 1573-жылдан бастап Әмудария өз ағысын өгертті: Ұзбой арқылы Каспийге құятын өзен Арал теңізіне қарай аунап кетті. Атамекеніміз Ызмұхширдан ел көштті: гүл жайнаған дала шөлге айналып еді. ХХІ ғасырдың басында Әмудариядан екі жыл су ақпады. Және көше-көш. Елге барып келейік. − Елеусін іркілді. Шекер көкейіне түсініп отырған.
— Көрерміз. Жұмыс бар,-деді Шекер. Елеусін көңілдене түсті: алда қысқы каникул бар, соны малданды.
— Аударма жасағам. Рейім Сабыр өтінген. Соны... — Елеусін іркілді. Шекер миығынан күлді.
— «Мұс-мұс» дегенше «Мұстафа» десең болады ғой, − деді Шекер. — Дайындал. Барайық.
Елеусін жайнап кетті: Нөкіске құстай ұшты. Олар Дашоғұз қаласына сиыр сәскеде жетті. Рейм Сабыр жұмыс орнында екен. Жадырап қалды, Елеусін:
— Повестеріңді қазақ тіліне өтірдім, - деді. Рейм Сабырдың көзі жылт ете қалды. Колжазбаның алғы беліндегі ойтүйінге қадала түсті.
— Ғажап! Профессор Кәрім Құрам да оқыды ма?! − деп Рейім Сабыр таңданды. Елеусін басын изеді. Рейім Сабыр ойтүйінді ішінен үнсіз оқи бастады. Елеусін деканатқа барғанын есіне алды.
Деканның үсті адамды екен: ретін күтіп қалды. Елеусін ауылдан келгенін айтты.
— Аударма дейсің бе?! - Кәрім Құрам толғатып отырып қалды. Елеусін де сөз соңын күтті.
— Жұмыс төбеден: бір-екі кандидаттық істі көруім керек. Ал енді... авторды білемін − өсіп келе жатқан жазушы. — Профессор шалқайып отырды. Елеусін тігіле қарады. — Оқып отыруға уақытым жоқ. Тіпті қысқы сессия да тақалып қалды.
Қолжазба ортада тұр: ғалым қол да созбады. Елеусін жағдайды ұқты: көзге ілмеді.Сол сәтте... ойына Шекер айтқан ой сап ете қалды. «Әй, үлкен кісі ғой. Доктор. Қазір пышағы май үстінде: сені көзге ілер ме екен. Қайдам...» Елеусін Кәрім Құрымға шаншыла қарады. Жанарлар ұштасты.
— Сіз түркмен, өзбек, қарақалпақ әдебиеттерінің өзара байланысын зерттейсіз. Осы саланың білгірісіз. Мына қараң. — Елеусін өз папкісінен «Гарагум» жорналын суырып алды. — Мақтымқұлы (1733-1772) да, Әжінияз (1824-1878) да Хиуаның Шерғазы медіресесінде оқыған. Арада бір ғасыр бар. Екі ақынның өлеңдерінде егіздің сыңарындай жерлері көп екен. «Гаракум» жарналында бір есепші жігіт салыстырған. Мақала бар. — Кәрім Құрым сәл алға ұмтылды. Жорналды алды да көз жүгіртті. Шалқайып төбеге қарады. Елеусін тұрды да «Гарагумды» алды.
— Ал , жақсы... − Елеусін қолжазбаға ұмсына бергенде професcор оны өзіне қарай икемдеді. — Билік өзіңізде...
Рейім Сабырдың бетіне нұр ойнап шыға келді: көзі жылт-жылт етті. «Жылы сөз жыланды да інінен шығарған. Редактор иісе, еңбегім жанғаны. — Елеусін ішінен қуанды. — Елге жету керек: тойған жердан туған жер асыл!».
— Енді қызмет,- деп Рейім Сабыр күле қарады. Елеусіннің де күткен сол сөз-ді.
— Ызмұхширға жеткізіп сал.
Рейім Сабыр сейфін ашты: құндыз малақайын киді.
Қонақтар елге асықты.
23 желтоқсан 2007 жыл
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру