TELEGEI

Home

Қоғалы көлдер, қом сулар

Доспамбет жырау

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қоғалы көлдер, қом сулар

«Қоғалы көлдер, қом сулар» — қазақ жырауы Доспамбеттің шығармасы, қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен бейнелі ой-пікірін көрсетеді. Өлеңдер мен жырларда табиғат, тарихи оқиғалар және халықтың рухани өмірі тақырыптары көркем образдар мен әуезді ырғақ арқылы жеткізіледі.

Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!

Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,

Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күн кешті екен!
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы
Хан қызындай сұлтанның

Айдындықтай ақ білегін жастанып,
Ерен үйін тіктіріп,
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке

Қалай да белін шешті екен?!.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙