Қалаубек Тұрсынқұловтың шығармалары IІІ том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Қалаубек Тұрсынқұлов
Тұрсынқұлов Қ. Шығармалары. Бес томдық / Қ. Тұрсынқұлов. – Астана: Фолиант, 2014. ISBN 978-601-7568-54-2 Т.3: Поляр шеңберінің маңында. Эссе. – 424 бет. ISBN 978-601-7568-51-1 Қалаубек Тұрсынқұлов – Қиыр Солтүстік тақырыбын, Саха жұртын, оның тарихы мен салт-дәстүрін жалықпай зерттеген бірден-бір қазақ қаламгері. Бұл томда алыстағы Саха елінің бүгіні мен ертеңі, БАМ құрылысшылары, оған қатысқан қандастарымыз жайлы сыр шертетін «Поляр шеңберінің маңында» атты эссесімен таныс боласыздар. ISBN 978-601-7568-54-2 (Т.3) ISBN 978-601-7568-51-1 (ортақ) УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-4 Т 86 Т 86 © Тұрсынқұлов Қ., 2014 © «Фолиант» баспасы, 2014 УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-4 Қалаубек Тұрсынқұловтың туғанына 80 жыл толуына арналады Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді
ПОЛЯР ШЕҢБЕРІНІҢ МАҢЫНДА Эссе «Әдебиет – халық пен халықты жақындатады, ұлт пен ұлтты бауырластырады». Тәкен ӘЛІМҚҰЛОВ ЖОЛ БАСЫ Қазығұрттағы киiз үйде өткен әңгiме. Қарақыз бен Мария. Оңтүстiк көктемiнiң шуақты күндерiнiң бiрi. Аспанда бозторғайлар ән салып, тау мен даланы бастарына көтерiп, көңiлдi мезi қылмайтын музыкаға бөлеп жүр. Қыс бойы аяздан қаймығып, бойы бұғып жатқан көк шөп пен дала гүлi көктем шыға сала-ақ жер қойнынан қайта шығып, көкке ұмтылып, бой түзеп қалған. Бiрi ендi ғана бүршiк атса, бiрi гүл жарған. Олар да көктемнiң керiмсал желiне желпiнiп, қабырғасы қатая бастапты. Оңтүстiк көктемiнiң керiмсалы, әсiресе адамзатқа ерекше әсер ететiн болу керек. Өйткенi мына жүрген жұрттың бет-әлпетiне қарасаң, адам баласының көңiлiнде әсте бiр кiрбiң болар-ау деген ұғым үш ұйықтасаң түсiңе кiрмейдi. Бәрiнiң жүзiнен байқалатын жалғыз нышан – қуаныш, мейірiмдiлiк, еркiндiк, бауырмалдық. Ал жиналған жұрт – ұлты мен туып өскен жерiне, мамандығы мен қызметiне қарасаң, ала-құла. Дәл қазiр бәрiн теңестiрiп
тұрған – дала мен тау, көктем мен көңiл. Әйтпесе бiрi мәскеулiк, бiрi Қиыр Солтүстiктегi якут, бiрi Алматыдан келсе, бiрi Қызылордадан келген. Жазушы мен оқушы, ғалым мен шәкiрт, қоғамдық мекемелердiң басшылары мен шаруашылықтың қазығын ұстаушылар. Бәрi де қонақ. Қазығұрт тауын көруге келген қонақтар. Киiз үй Қазығұрттың орта белiнен жоғарылау тұсындағы бiр алаңқайға тiгiлген екен. Дәл осы жерден айнала төңiрек түгел көрiнедi. Қонақтар осы қамқорлықтары үшiн Жолдыбай мен Кәрiмге ризашылықтарын бiлдiрiп, шыр-пыры шығып жүр. Бұл екеуi – осындағы ауданның басшылары. – Анды мен Қарақыз туралы мына жерлес жазушыларыңыздың кiтабынан оқығаным бар едi. Бiрақ «Анды – Қарақыз» деген жердi өз көзiммен көрермiн деп ойлаған емес едiм. Сыртынан, қашықтан болса да сол жердi көрсетiп тұрсыздар. Рахмет. Деген мен сол бiр оқиғаны және еске алсақ қайтедi, – дедi якутиялық ақын Моисей Ефимов. – Қажет деп тапсаңыз, сол «Анды – Қарақыз» деген жерге апарып қайтайық, – дедi Моисейдiң сөзiн бөлiп, осы саяхатқа мұрындық болып жүрген жiгiттiң бiрi Мұстафа. – Дегенмен сiз өз елiңiз туралы да әңгiме айтпайсыз ба? – Айтар едiм, тек ойымды жөндеп жеткiзе алмаймын ба деп жүрексiнiп тұрмын. Өйткенi... – Дегенмен… – Дегенмен бе? Онда былай болсын. Мен Анды мен Қарақыз жөнiндегi аңызды естерiңiзге және бiр салып өтейiн... – Оу, оны бiз бiлемiз ғой... – Иә, бiлесiздер. Қарақыз – Айту батырдың қарындасы. Айту жолаушы кеткенде елдi жау шапқан. Шапқанда кәдiмгi Қарақыздың ұнатқан жiгiтi Анды бастап келген жiгiттер шапқан. Қырғыз жiгiттерi. Елде шапқыншылардың соңынан қуатын жiгiт табылмағандықтан, Қарақыз жалғыз қуған. Анды танып қоймасын деп бетiне көлегей тұтып алған. Сондықтан алдымен Андының қолынан өзi мерт болған. Соңынан кiмдi мерт қылғанын сезген Анды өзiне-өзi қанжар салған. Солай ғой?
– Солай. – Сол Қарақыз көрiп-бiле тұра неге өзiн-өзi өлiмге итермеледi? Мұның жалғыз ғана себебi болатын – елi мен жерiн мейлiнше жақсы көргендiгi, мейлiнше сүйгендiгi. Әркiм өз елiн, кiндiк қаны тамған жерiн осылай құрмет тұта бiлгенi абзал, осылай сүюi қажет. Сондықтан едi менiң жүрексiнуiм. Дегенмен бiр әңгiме айтып берейiн. Сонау он сегiзiншi ғасырда Солтүстiк жерiн зерттеу үшiн бiздiң елiмiзге алыстағы астана – Петербург пен Москвадан орыс зерттеушiлерi келе бастады. Солардың арасында әрi сымбат ты, әрi қайратты екi офицер жiгiт болатын. Василий Прончи щев пен Семен Челюскин. Солтүстiк мұзды мұхитты зерттеудi ниет еткен осы екi жiгiт Якутскiнiң iргесiндегi Жатай дейтiн жерде құрастырылып жатқан кемелердiң суға түсiрiлуiн асыға күткенi сонша – күн сайын барып, бiр хабар алып жүрiптi. Осын дай сапарлардың бiрiнде қала iргесiндегi көлшiктердiң бiрiнiң маңында бiр топ қызға кездеседi. Құйындай шауып келе жатқан екi офицердi көрген қыздар тым-тырақай қаша жөнеледi. Тек солардың арасындағы Мария атты бiр қыз орнынан тапжылмай тұрып қалыпты. Якут қыздарының арасынан орыс офицерлерiне қаймықпай қарсы тұрған қызды тұңғыш рет кездестiрген жiгiттер қыздың қасына келедi. Осында келгелi үйренген төрт-бес сөздiң басын құрап, қызға үн қатса, ол күлiмсiреп тұрып таза орыс тiлiнде жауап қайтарады. Осыдан былай Василий мен Семен Марияның үйiне жиi келгiштеп, Жатайға күнде жасайтын сапарларын жиiлетсе керек. Ақыры Мария Василийге тұрмысқа шығып, Прончищева деген фамилияға ие болады. Келесi жазда Василий Прончищев «Якутск» деп ат қойылып, айдар тағылған кеменiң капитаны болып бекiтiлiп, Лена өзенi арқылы Солтүстiк мұзды мұхитқа шығып, Таймыр түбегiне қарай сапар шеккен. Осы сапарға Мария бiрге шығады. Экспеди ция осы маңдағы бiрқатар аралдарды ашып, солтүстiк ендiктiң әлi адам аяғы баспаған бiраз жерiне жетедi. Ақыры мұхитты мұз құрсап қалған кезде бұлар Оленек өзенiнiң мұхитқа құяр сағасына келiп, қыстап шығады. Мен осы экспедицияның азап
ты жолын жiпке тiзiп жатпай-ақ қояйын, Солтүстiктiң қақаған аязын да суреттеп денелерiңдi түршiктiрмейiн, тек мәселенiң тоқетер жерiн бiр-ақ айтайын. Келесi күзде Василий Прончищев қатты науқастанады. Бұл кезде орыс зерттеушiлерiне қырғидай тиген кесел – цинга мен поляр түнiнiң ұзақтығы. Экспедиция мүшелерiнiң көпшiлiгi үш ай бойы көрiнбей кеткен күннiң ендi қайтып шығатынына сенбесе керек. Акыры Василий Прончи щев өмiрмен қоштасады. Оны серiктерi жағаға әкелiп жерлептi. Жерлеудiң әдет-ғұрпы бiтiп, ендi соңғы парыздарын өтеу үшiн кеме экипажы мен экспедиция мүшелерi сапқа тұрғанда Мария тоң жерге жаңа ғана үйiлген топырақты құшақтай құлаған екен дейдi. Сол құлағаннан қайтып тұрмаған, қара жердi құшақтап жатып жан тапсырған. Экспедиция мүшелерi Марияны да осы жерге жерлептi. Сол мола нақ осы кезге дейiн бар. Ал қолтық «Мария мен Василий Прончищевтер қолтығы» деп аталады. Оны географиялық атластан бәрiң бiлесiңдер... – Моисей аға, – дедi қазақшалап жас жiгiттердiң бiрi, – Мария якут қызы ма? – Ол осы кезге дейiн белгiсiз сыр. Ғалымдар қанша әлек болғанмен, әлi анықтай алмай келедi. – Осындай ауыр сапарға бәрiн бiле тұрып өз еркiмен шыққаны қалай? Оның үстiне кемеде әйелдiң болуы теңiзшiлердiң қағидасына сыя бермейдi емес пе? – Оның да дұрыс. Ол заманда кемеге әйел баласын жуытпаған. Сондықтан да ешбiр документте Марияның аты жоқ. Оның аты жазылып қалған жалғыз документ – экспедицияның штурманы, жоғарыда аты аталған Семен Челюскиннiң күнделiгi. Онда да «капитанның жұбайы» деп жазылады. Ал екi-үш жылға созы латын экспедицияға өз еркiмен аттануы – елi мен жерiне деген махаббаты ғой. Сонау Петербургтен келiп, адам баласына сыры белгiсiз мұхитқа аттанып бара жатқан жiгiтке тұрмысқа шығып, сол кездегi салттың бәрiн бұзып кемеге отыруы – өз елiне деген шынайы махаббаты шығар. Мен мына сiздердiң тауларыңыздың басында тұрып, «Анды – Қарақыз» деген аңызды есiткенде ойы ма ең алдымен түскен есiм – осы Марияның есiмi едi.
– Моисей аға... – Жо-жоқ. Мен ендi әңгiме айтпаймын. Бiздiң елдiң қырысырын мына өз жерлестерiң менен кем бiлмейдi. Әңгiменi осыған айтқызыңдар. Отырған жұрт ендi маған қарады. Моисей менi ұстап бердi де, өзi оңай құтылып кеттi. Дәл мына жерде отырып Якутия тура лы сыр шерту оңай мәселе емес. Аяғыңды қия бассаң, желкеңнен ала түсемiн деп Қазығұрт тұр төбемiзден қарап, әңгiме есiтпек боп үйiрiле қалған мөлдiр көздердiң өздерi талай нәрсенi менен әлдеқайда жақсы бiледi. Пернебек, Хадиша, Қалимулла, Ян, Ляз зат – әр саладағы ғылым кандидаттары. Виктор Сичалов – кешегi сұрапыл соғыста Чехословакия азаматтарына қолғабыс жасаған бiлiктi партизан. Ахат – белгiлi журналист, Мұстафа мен Бақыт – облыс мекемелерiнiң белдi қызметкерлерi, Моисей – Якутияның маңдайалды ақыны, Қомшабай мен Абдрахман өзiмiздiң ақындар... Мен шынымен қысылдым. Дегенмен iшiмнен әңгiмемдi жұптап отырмын. Менiң осы қиналғанымды сездi ғой деймiн, Келде бек дейтiн iнiшек: – Сiз осы Якутияны жақсы көресiз, ә? – дедi. – Иә. – Неге? Неге сол өлке жөнiнде көп айтып, көп жазып жүрсiз? – Оның бiрнеше себебi бар. Менi институтта бiрге оқыған жолдастарым дәл осы жерде ұстай алды. – Бiрiншiден? – дедi Ахат. – Якутияны якуттардың басқаша атауы... – Екiншiден? – дедi Хадиша. – Бiз Алматыдан алғаш рет Якутияға сапар шеккенде «Жақұт әңгiмелерi» деген қазақ тiлiнде шыққан кiтапты көруiмiз. – Үшiншiден? – деп сұрақты Пернебек ары жалғастырды. – Бiздiң делегацияның кейбiр мүшелерi екi-үш күннен соң якут тiлiндегi газеттердi шама-шарқынша түсiне бастауы. – Төртiншiден? – дедi Қалимулла. – Құрметтi қонақтар ретiнде алдымен қымыз ауыз тиюiмiз.
– Бесiншiден? – дедi Виктор Сичалов ағамыз. – Бiрде мен бiр мектеп оқушысымен әңгiмелестiм. Шама сы, алтыншы кластың оқушысы. Содан мен: «Сен Якутияның қайда екенiн бiлесiң бе?» – деп сұрадым. «Бiлемiн, Байкалдың арғы жағында» деп жауап бердi оқушы. «Анығырақ айт шы», – «Верхоянскiнiң маңында болар». Мен: «Олар қандай шаруашылықпен айналысады?» Ол: «Олар бұғы мiнiп жүредi. Және... және ит шанамен жүредi»... Оқушы осыдан артық жауап бермедi. Сондықтан мен: «Чехословакияны бiлемiсiң?» – деп сұрадым. «Әрине, бiлемiн. Чехия мен Словакиядан құралады. Астанасы – Прага. Өнеркәсiбi өркендеген ел...» – деп судыра та жөнелдi оқушы. Мен рахмет айтып, әңгiменi доғардым. Ал өзiм терең ойға кеттiм. Әрине, ниеттес, мақсаты бiр, ойы бiр дос халықты, дос елдi бiлгенi тамаша. Құптарлық. Ал өзiмiздiң туысқан республикамызға келгенде мүдiрiп қалуы қалай? Әлде аз айтып, аз жазамыз ба? – Алтыншыдан? – дедi Мұстафа. – Декабрист М.И. Муравьев-Апостолдың мына бiр сөздерi: «Якут өлкесi мен үшiн екiншi отаныма айналды, ал якуттар – мен оларға ғашықпын». – Жетiншiден? – дедi Бақыт. – Жетiншiден бе? Жетiншiден, Якутия туралы. Тек ескертiп қояйын. Мен Якут республикасына бiрнеше рет бардым. Барған сайын бiр жаңалық ашып, бұрынғы көрiп-бiлiп, көкiрегiме түйгендерiмдi тереңдете түстiм. Сондықтан әңгiмемдi де сол сапарларыма лайықтап айтайын. Айы-жылын қойып отырайын. Қай тұста бiр айтқан мәселелерiме қайта оралсам – соның қыры мен жаңа сырын тереңдете түсу үшiн жасаған әрекетiм. Сонымен, Якутия туралы...
ЖОҒАЛҒАН ЖАРТАС ПЕН ОН АЛТЫ ЖЫЛ ҚАЗЫЛҒАН ҚҰДЫҚ Мәңгi тоң. Дiңгекке орнаған қала. Қыстың күнi – солтүстiк, жаздың күнi – оңтүстiк. Бұл Якутияның оңтүстiгiндегi Нерюнгри қаласында болған оқиға едi. Болашақ қаланың iргесi қаланып, ендi 114 пәтерлiк алғашқы тұрғын үйдiң iргесi көтерiле бастағанда қуанбаған адам қалмаған. Тұңғыш көп пәтерлi үй, қаланың сәнiн кiргiзетiн үй, жұрттың мүддесiн бiр қанағаттандырып тастайтын үй. Осы бетон тақтадан құрастырыла бастаған үйдiң салынуы жөнiнде шешiм қабылданған күнi-ақ бүкiл қаланың тұрғындары тайлытұяғы қалмай тақияларын аспанға атып қуанған. Оның үстiне үй болашақ қаланың ең көрiктi жерiне салынбақшы. Айнала түгел көрiнетiн бiр жартастың үстiне салынады. Жұртшылық осы жартасқа қасиеттi жерге сыйынуға келген дiншiлдер сияқты ағыл-тегiл келiп жатты. Бәрi де болашақ үйдiң iргетасы қаланатын жердi өз көздерiмен көрмек, ұстап көрмек сол жар тасты. Ақыры жартас құрылысшылардың еншiсiне берiлдi. Олар үйдiң орнына қада қағып, iргетасын қалау үшiн траншея қаза бастады. Оның да көп қажетi болған жоқ – iргетас жартасқа орнатылмақ қой. Iргетас төселiп бiттi. Бiрiншi қабаттың қабырғасы қалана бастаған. Мiне, дәл осы кезде жартас жоғалды да кеттi. Қала халқы 114 пәтерден бiр сәтте айырылды да қалды. Құрылыс тоқтады. Еңбектерi зая кеткен құрылысшылар жерге мықтап тұрып бiр түкiрдi де, жайларына кеттi. Ал үйдi салуға со нан соң қабылдап алуға мiндеттi мекемелер жоғалған жартасты «iздеуге» кiрiстi... Олар тапа-тал түсте жоғалтып алған жартасын iздей тұрсын, ал бiз ендi он алты жыл қазылған құдықтың әңгiмесiне көшейiк. Әрине, он алты жылда тұрған ешнәрсе жоқ. Құдық жиырма алты жыл бойы да қазыла беруi мүмкiн. Ермек үшiн ерiншектер отыз алты жыл қазуға ерiктi. Ал бұл құдықтың сыры олай емес. Жұрт бар күшiн салып, ынты-шынтымен он алты жыл бойы
қазғанда бiр тамшы су шықпаған. Одан ары да қазуы мүмкiн екен, тек су бәрiбiр шықпайтынына көзi жеткен соң қара жердi жайына қалдырыпты. Бiр қызығы, су орнына жаңа, әлi әлемде жоқ бiр ғылымның ұшығы көрiнген. Ол қазiр тек қана якут жерi емес, айналасын мұз қаптаған әлемнiң барлық түкпiрi үшiн тiреу болып тұрған ғылым. Оның аты – тоң зерттеу ғылымы. Нақ осылай аталатын Тоң зерттеу ғылыми институты Якутияның астанасы – Якутск қаласында бар. Ол – әрi әлемдегi жалғыз ғана институт. Мiне, бiз осы институттың жоғарғы қабатындағы кiшiгiрiм за лында отырғанда жаңағы он алты жыл қазылған құдықтың тари хын есiттiк. – Мен болсам мына пиджактың өзiн қайда тастарымды бiлмей аласұрып отырмын. Ауаның температурасы отыз градустан жоғары. Сонда екi метр жердiң астында еңсеп жатқан мұз бар дегенiне сенудiң өзi қиын екен, – дедi Қуан аға қазақшалап, сөзiн нығыздап, бөлiп-бөлiп сөйлеп. – Оны қазiр көресiздер, – дедi бұрын бiздiң Қазақстанда бо лып қайтқан, Якутия Жазушылар одағының секретары Моисей Ефимов орыс тiлiнде, бәрiмiзге күлiмсiрей қарап қойып. Сонымен бiз институт инженерлерiнiң жетелеуiмен жердiң астына сапар шегетiн болдық. Бұрын шахталар мен рудниктер де талай болғаным бар. Онда «спецодежда» мен каска кимесең, қадам бастырмайтын. Оған қанықпын. Ал қазiргi сапарымыз тек саяхат, жер астында iстелiп жатқан жұмыс жоқ, қазылып жатқан кен емес, әлгi айтуларына қарағанда, тiптен құлап келе жатқан нәрселердiң өзi де жерге жетпей суыққа қатып, кеңiстiкте қалт тұра қалу керек. Сондықтан киiм ауыстырамыз деп бiр бөлмеге сүйрей жөнелгенде, бiр-бiрiмiздiң бетiмiзге қарап аңтаң болсақ та соңдарына iлесе бердiк. Әйтеуiр, бiр жақсысы, мұнда шахтадағыдай киiнiп-шешiнудiң машақаты көп емес екен. Ауыстыратының жылы бас киiм мен кәдiмгi сырма (ватник). Соған оранған топ түгелiмiзбен мұзға сүңгiдiк те кеттiк (әлгiнде бiздi алып келген шофер жiгiт «қазiр мұзға сүңгисiздер» деп әзiлдеп келген). Кабинадан шыға келгенде суық леп қари түседi. Айналаның бәрi сықыр-сықыр аяз. Еден де, қабырға да, шаңырақ та ақ моншаққа оранып алған. Ұстап көрсең, кәдiмгi топырақ
аралас тоң. Саусақпен түрту түгiлi, жұдырығыңмен ұрғылап, тоқпақтасаң да қыңқ ететiн емес. Сiресiп тұр. Аумағы әжептәуiр үңгiр iшiнде бiраз жүрген соң тоң ғылымының әлiпбиiн түсiндiрiп жүрген ғылыми басшымыз (осы институттың жетекшi ғалымы, якут жiгiтi) еденде жатқан ағашты көрсеттi. Ұзыннан жатқан ағаштың бiраз жерi көрiнiп, басқасы топырақ астында көмулi жатыр. – Мына ағашты осы жатқан қалпында кездестiрген соң қозғаған емес. Ол жер бетi осы деңгейде болған кезде жайқалып тұрған, ал қазiр жер астында жатыр. Бiрақ шiрiмейдi, сол қалпы. Оның бастапқы қалпын сақтап тұрған – тоң. Бiз бұл жерде өз тәжiрибемiздi жүргiземiз. Ауаның температурасын табиғи қалпында сақтаймыз. Якутия жерiнiң бәрi осындай тоңға мiнiп тұр. Жер бетiнiң жайқалып тұрғаны да осы тоңның арқасы. Тоң болмаса, тоз-тозы шығып кетер едi. Ал, қане, жүрiңiздер. Ендi жоғары көтерiлейiк. Әйтпесе тоңып қаларсыздар. Отыз градус ыстықта тұмау тиiп жүргенi қолайлы бола қоймас, – дедi жол басшымыз бiздi асықтырып. Оның сөзiнiң жаны бар. Сыртта жылылық отыз градус. Бiздiң төмен түскенiмiз бары-жоғы он екi метрлiк шахта. Әжептәуiр суық. Тоңды болса көзiмiзбен көрдiк. Өз киiмiмiздi киiп, күн көзiне шықсақ та дененiң тiтiркенуi бiрден басыла қоймайды. Төңiректегi орман мен далаға және көз салып тұрмыз. Ал олар болса шынымен-ақ әлгi бiз көрген мұздың үстiнде жайқалып өсiп тұр. – Немене, түрi өзгерiп қалып па? – дедi Сабырхан. – Дегенмен қызық екен, – дедi Хизмет. – Иә, – дедi ғалым ағамыз Рахманқұл. Әңгiмеге Моисей Ефи мов араласты. – Ендi қалай, Қуан аға? Әлгiнде ыстықтан алқынып отырмын деп едiңiз, ендi салқын суға түсiп шыққандай болған шығарсыз, – дедi ол. Якут тiлiнде сөйлеп едi, бiз «Қуан ағасынан» бас-қасына түсiнбедiк. Орысша қайталаған кезде мен жармаса кеттiм. Ол кiсi қазақша айтып едi ғой, сен қалай түсiне қойдың? Бiздiң ауылды бiр апта аралау тiл үйренуге жетiмсiздеу болар.
– Мен де бүге-шiгесiн түгел түсiнгенiм жоқ. Тек мағынасын шамалағанмын. Асықпа, екi-үш күнде осы сұрауды өзiңе де бiздiң жiгiттер сан рет қайталайтын болады. Онысы расқа айналды. Келесi бiр кездесуiмiзде Қуан аға қысқа қайырылған алғашқы екi-үш сөйлемiн ешкiмнiң көмегiнсiз-ақ айтып едi, отырған жұрт бiр қозғалып қалды. Сөйтiп, бiз тоң үстiнде орнаған қалада жүрмiз. Әлгi он алты жыл қазылған құдық та осы қалада. Ол былай болыпты. 1827 жылы көпес Федор Шергин дейтiн бiреу суды үйiнiң iргесiнде ағып жатқан дүниедегi ең суы мол өзендердiң бiрi – Ленадан әкелудi ауырсынып, өз ауласының iшiнен кұдық қазып, суға белшесiнен батпақ болады. Бiрақ көкiрегiне нан пiсе кiрiскен көпестiң бұл iсi тiптен ұзаққа созылып кетедi. Қиқайған көпес қоя ма, табиғаттың бермесiн ақылмен алуды ойына да алмай, ақшаға сатып алмақ болады. Құдық қазыла бередi. Жыл өтедi, екi жыл, үш жыл... он жыл! Су түгiлi сыз да шықпайды. Тек тоң. Көпес өз ойының «арам қатқанын» түсiнiп, әрi шыққан шығынына шы рылдап, жұмысын тоқтатады. Оның қайта қазылуына ғалымдар себеп болады. Құдықтың алты жылдық өмiрi – солардың еншiсi. Өйткенi сол кезде-ақ әлемде мәңгi тоңның бар екенiн, онымен са наспау деген санасыздық екенiн орыс ғалымдары болжап қойған болатын. Солар өз ойын дәлелдей түсу үшiн Шергиннен құдығын қаза түсуiн өтiнедi. Ендi құдық су iздеу үшiн емес тоң iздеу үшiн қазылады. Құдықтың тереңдiгi жүз он алты метрге жетiптi, бiрақ су шықпаған. Он-он бес метр тереңдiкте топырақтың температу расы төрт градус суыйды екен. Мiне, жер астындағы мәңгi тоң дейтiн осы. Ол бүкiл Якутия жерiнiң астын түгел алып жатыр. Кей жерлерде тереңдiгi бiр жа рым километрге дейiн жетедi. Ал Якутск қаласы тұрған маңда екi жүз жиырма метрдей. 1840 жылы Сiбiрге арнайы экспедиция келедi. Бастап кел ген адъюнкт (соңынан академик) А. Миддендорф. Мақсаттары: мәңгi тоң деген пәленiң қайдан пайда болатыны және мамонт сүйектерiнiң қалай сақталып, қалай табылатынын анықтау. Әлгi құдықты өз зерттеуiнде пайдаланған осы экспедиция болатын. Бiр көңiл бөлетiн нәрсе, осы ғалымның якут жерiнiң сол кездегi
климаты жөнiндегi сөздерi: «Сынып сiресiп қалады, одан оқ жонуға болады, оны қорғасын сияқты илеймiн десең де, кесемiн десең де ерiктiсiң. Темiрдiң шыңдалатыны сонша, соғып қалсаң үгiтiле жөнелетiндей боп шаңқ-шаңқ етедi. Ағаш темiрдей қатып, балтаға ерiк бермейдi. Алып ағаштар бiрiнен соң бiрi шартылдап сынып жатады». Мәңгi тоңды зерттеудiң не маңызы бар екенi жөнiнде бiзге Тоң зерттеу ғылыми институтының директоры П.Н. Мельни ков, СССР Ғылым Академиясының Сiбiр бөлiмшесiнiң Якутия филиалының председателi академик Н.В. Черский жолдастар талай-талай әңгiме айтып берген. Осы ғалымдардың айтуы бойынша мәңгi тоңның машақаты қанша көп болғанмен, пайдасы да жоқ емес. Оның зияны. Мәселен, Якутск қаласы жас жарыстырса, Ленин градтан небәрi төрт-ақ жас кiшi. Бүгiн емес, өткен ғасырлардаақ үлкен қадалардың қатарына қосылып кетуiне, бiрiншiден, шалғайлығы мен патшалық Ресейдiң «қабырғасыз түрме» ретiнде әдейi мешеу ұстап келуi болса, екiншiден, кешеуiлдеуiне айыпкердiң бiрi осы мәңгi тоң. Ол былай. Астын мәңгi тоң ба сып жатқан жерге үй салған соң, оның орналасқан жерiнiң температурасының өзгеруi ақиқат қой. Ол әрi бiркелкi өзгермейдi. Осыдан барады да жер жiбiп, iргетас опырыла бастайды. Ақыры үйдiң қабырғасы жарылып немесе тiптен құлап қалуы мүмкiн. Жоғарыда айтқан «жоғалған жартас» дәл осыған байла нысты. Үй салуды жобалаған мекеме биiктеу жердегi жайпақтау боп келген жартасты көргенде қызыға кеткен. Үйдiң құрылысы қыс мезгiлiнде басталыпты. Көктем шыға тоң ерiп, жартас жыл жып жайына кеткен. Оның үстiне нақ сол жерде көмiр кенi бар екен. Ол жөнiнде геологтар ескертпесе керек. Сонымен, жоғалған жартастың астынан мол көмiр кенi табылған. Мiне, осы мәселелердiң бәрiнiң шешiлуi мәңгi тоңды зертте уге байланысты. Қазiргi Якутск – жиырмасыншы ғасырдың төл баласы, көп этажды үйлерi бар әсем қала. Бiрақ бiздiң Алматы мыздан оның ерекшелiгi: бiздiң құрылыстардың iргетасын әуелi жердi арқан бойы қазып, сонау төменнен құйып шығады, ал онда керiсiнше – ғимарат жер бетiнен адам бойы жоғары тұр.
Үй салу үшiн алдымен жерге темiр-бетон дiңгектерiн қағады. Оның төменгi ұшы мiндеттi түрде мәңгi тоң болып жатқан ерiмейтiн қабатқа жетуi тиiс. Сонан соң осы дiңгектердiң үстiне барып үйдi орналастырады. Ал жердiң бетi мен үйдiң еденiнiң арасы кәдiмгiдей жел гулеп, ашық тұр. Жер мен еденнiң ара сында ешқандай жылу алмасуы болуы мүмкiн емес, демек, жер қыртысы да қалыпты тереңдiгiнен әрi ери қоймайды. Қауiптен сақтана түсу үшiн үй астындағы жер бетiне ағаш қиқымы мен құм сеуiп тастайды. Осылайша үйлердiң бәрi дiңгектiң басына орналасқан. Бағана басындағы қала шайқалмай, қисаймай мыңк етпей-ақ жайбарақат тұр. Бiз қаланың ортасына орналасқан жетi қабатты «Лена» қонақүйiнде жаттық. Ол да өз қабатындағы үйлер сияқты дiңгектiң үстiне мiнiп алған. Бiрақ ерекше ештеңе сезе қойғанымыз жоқ. Кәдiмгi «Алматы» қонақүйiнде жатқандай-ақ, шапқылап жүре бересiң. Мәңгi тоң – өте айлакер жау. Мәселен, кейде ағаш үйлер тұрған жердiң тоңы кей жерлерiнде әдеттегiсiнен көбiрек ерiп кетедi де, жер қыртысы шөге бастайды. Бұл қабырғаның жарылуы не месе үйдiң қисаюы деген сөз. Немесе асфальт жолдың кей жерi дүңкиiп шыға келедi. Оның себебi: бұрын қайбiр себептермен қадалып, кейiн алып тасталған ағаштардың орнына су жиналып, мұзға айналады (Тоң емес – мұз, кәдiмгi мұз). Сол мұз көлемi ұлғая келе саңырауқұлақтың топырақты жарып шыққанындай асфальтты көтерiп жiбередi. Бұл жердегi жау – тоң емес, мұз. Ал су құбырларын, канализация немесе кабель, газ құбырларын салғанда мәңгi тоңның iшке бүгiп жатқан сырын еске алмау – есептен жаңылу деген сөз. Су құбырын темiрбетон дiңгектiң жанынан жүргiзу аварияны қолдан жасаумен пара-пар. Кейде жылу дiңгектiң астына да жетiп қалады. Қазiр ғалымдар бұған да бұғалық сала бастапты. Әйгiлi Мирный қаласының құрылысшылары өзiн-өзi салқындататын дiңгектер (тер-мосифон) орналастыра бастаған. Оның айналасындағы жер қыртысы жыл өткен сайын қатая түседi. Бұл – қала үйлерi көкке карай және көтерiле түседi деген сөз. Бiз академик Н.В. Черскийге мәңгi тоң туралы, оның болашағы туралы сұрау бергенiмiзде:
– Бұл бiздiң республиканың ғана ерекшелiгi емес, жер шарының бiршамасына тән ерекшелiк. Егер мәңгi тоңды дұрыс зерттеп пайдаланбағанда, мәселен, Норильск сияқты қаланың дүниеге келуi екiталай едi. Бiздiң осы тәжiрибемiз қазiр дүние жүзiн елеңдете бастады. Әсiресе Аляскада қала салу ұқсас. Аме рика ғалымдары бiздiң тәжiрибемiздi кеңiнен пайдалана баста ды. Иә, иә, бiр кезде бiздiң тор басқан өлкемiздi тонауға келетiн американдықтар ендi бiзден ғылыми сабақ алып жүр. Сонымен, тоң мәселесi. Шынын айтсақ, осы тоң – бiздiң Якутияның жапжасыл болып гүлденiп тұруының да негiзi. Ол жер бетiндегi топырақтың температурасын бiрқалыпты сақтап тұр. Ал мәңгi тоң ери кетсе не болар едi? Онда Якутияның орны үлкен бiр теңiзге, тiптен болмағанда бет қаратпас батпаққа айналып кетер едi. Бiздiң ауа райын байқадыңыздар ғой. Сондықтан да бiз егер су жетпей бара жатса, мәңгi тоңды ерiтiп, тұщы суға айналдыра мыз деген теорияға онша келiсе бермеймiз. Онда су болар-ау, ал жердi қайдан табамыз? Мiне, бiздiң мәңгi тоңның бiр сыры осын да, – дедi. – Ал сол тоңдарыңыздың өзiнен-өзi ерiп кететiн қаупi жоқ па? – деп сұрады Рахманқұл. – Көлемi қанша? – Бiрiншiден, мәңгi тоң сонау Қола түбегiнен бастап Монғолияның шекарасына дейiн созылып, бiздiң елiмiздiң территориясының жартысына жуығын алып жатыр, – деп бұл сұраққа академик П.И. Мельников жауап бердi. – Екiншiден, бұрын осы тоң бұдан елу мың жылдай бұрын пайда болып, ендi бiрте-бiрте өшiп барады деп жобаланатын. Ал бiздiң соңғы зерттеулерiмiзге қарағанда, мәңгi тоңның жасы бұдан алты есе артық, әрi мыңқ етпей сол баяғы қалпында тұр. Оның үстiне бiз мәңгi тоңның соңғы он бес мың жылдық өмiрiндегi өзгерiстердi мұқият зерттедiк. Соның арқасында оның болашақ өмiрiн дәл болжап отыруға мүмкiншiлiк туды. – Мәңгi тоңға да құрық салдық десеңiздершi… – Дәл солай. Әңгiмеге өзiнiң кәдiмгi бiр жымиып қоятын әдетiне басып алып, Семен Петрович Данилов араласты.
– Мәңгi тоңның және бiр пайдасы бар. Мына қайнаған ыстықты көрiп жүрсiздер. Бұл кезде мұздатқыш болмаса тағамның бұзылып кететiнi белгiлi. Ал осы кезде әлгi еден мен жердiң арасындағы табиғи қоймада сақталған затыңыз қаз-қалпында тұрады. Бұл мәңгi тоңның достығы емес пе? – дедi ол әзiлдеп. – Әлгi Академия филиалының музейiндегi мамонттың аяғы мәңгi тоңның мұздатқышында сақталған екен ғой, – дедiк бiз. Музейден мамонттың бiр аяғын көргенбiз. Жүнi түйе жүнiне ұқсастау, бiрақ өсiк. Үлкендiгi керемет. Жер астында сегiз мың жыл жатқан сирақты бiр мың тоғыз жүз жетпiсiншi жылы Инди гирка өзенiнiң бойынан колхозшылар тауып алыпты. Оны iрiпшiруден аман сақтап қалған – мәңгi тоң. Черскийдiң ауа райы туралы айтқаны да рас. Якутия сияқты ауа райының жылдық температурасының деңгейi күрт өзгеретiн аймақ дүние жүзiнде жоқ та болар. Ойға салып көрiңiзшi: температураның жылдық өзгерiсi жүз градустан асады. Қыстың күнi суық алпыс градустан асса, жазда ыстықтық қырық градусқа жетедi. Дүние жүзiндегi ең суық жер Якутияның Ой мякон жазықтығында екенiн бұрын есiткенiмiз бар. (Соңғы жүз жылда байқалған ең суық температура – 71 градус). Якутскiде январьдың орташа температурасы – минус 43 градус, бұл – Москваның орташа температурасынан 32 градус суықтау деген сөз. Ал Якутияның орталық аудандары климаты жөнiнде жар тылай құрғақшылық зонаға жатады, яғни жаздыгүнi ыстық, тiптен бiздiң Қазақстанды қойып, Орта Азияға теңеседi дегендi есiткенде таңғалмасқа шараң жоқ. Сонда бұл өлке қыстың күнi – солтүстiк, жаздың күнi – оңтүстiк. Ал әлгi мәңгi тоң жер қыртысының температурасын бiркелкi ұстап тұрмаса не бола тынын ендi ойлай берiңiз. Солтүстiк ауа райы мен бет қаратпайтын суығын ленинградтық журналист Олег Носов мынадай бiр мысал келтiрiп айтып берiп едi: – Ауаның салқындығы 45 градус болатын. Наубайханадағылар жаңа пiсiп, әлi буы бұрқырап тұрған нанды пештен алды да сыртқа шығарып, үйдiң қабырғасын қалаған кiрпiш сияқты етiп қаластырып қойды. Сонан соң кәдiмгi сүттi дәл осындай азапқа
салды. Рас, оны алдымен iшi эмаль жалатылған ыдыстарға құйды, сонан соң суыққа шығарды. Бiраздан соң нан балта шапсаң өтпейтiн тасқа айналды да, сүт мұз кесектерге айналды. Наубай хана мен асхананың қызметкерлерi мұны аз көргендей нанды және қайта қаластырды. Сүттi ыдыстан алып қардың үстiне таста ды. Және бiр сағат өткен соң барып нан, сүттi жинап қапшыққа салды. Мен осы нан мен сүт қайта жылытылғанда өзiнiң алғашқы түрiне енiп, сол дәмiне ие болады дегенге мүлдем сенбей қойдым. Бiрақ, амал не, сенуге тура келдi. Өйткенi келесi күнi наубайхана дан ондаған шақырым жердегi бiр ғылыми станцияда дәл осын дай «тас» нанның қалпына қайта түскенiн көрмек түгiлi, баяғы мұзға айналған сүтке батырып жеп отырғандарға қосылып өзiм де тамақтандым. «Космос дәуiрiнде адам таң қалатын түк қалған жоқ» деп сәуегейсуiмiз бекер екен – таңданатын нәрсе толып жа тыр. Табиғаттың қаталдығы жөнiнде айта келiп, Оймякон ауда нында болған бiр жағдай бiзге Якутия Министрлер Советiнiң Председателiнiң бiрiншi орынбасары Иннокентий Гаврилович Игнатьевтың айтқаны бар. Қыстың күнi бiр шофер жiгiт жол да келе жатқанда дөңгелектiң желi шығып кетедi. Ол запастағы дөңгелектi ауыстырып салып, домкратты ала бергенде абай сызда қолын дөңгелек басып қалады. Айғайға келе қоятын ешкiм жоқ. Оның бар амалы қолын кесу, суыққа бәрiбiр қатып қалатынына көзi жеткен жiгiт – қолын алақанның жоғары жағынан тiсiмен қимақ болып әрекеттенген. Бiрақ бiр қолымен өзi байлаулы жатқан жiгiттiң оған әлi келсiн бе. Ештеме өндiре алмапты. Иннокентий Гавриловичтiң осы әңгiмесiн есiткенде менiң ойыма әйгiлi қолбасшы Черняховскийдiң армиясында болған бiр жағдай түсiп едi. Армия барлаушыларының бiрi абайсызда қолға түсiп қалады. Фашистер оның сол қолының бiлезiгiне кiсен салып, шынжырмен үлкен дiңгекке байлап та стайды. Дiңгектi сындыруға қайрат жетпейдi, шынжырды үзу және мүмкiн емес, кiсен ашылмайды. Барлаушының өз көргенi бар, әлгi фашистердiң әумесерленiп «саған құпия керек бол са, естiп ал» деп айтып кеткен хабарлары және бар – осының бәрiн армия штабы қалайда бiлу керек. Ол үшiн не iстеу керек? 2-270
Барлаушының аман алып қалған жалғыз қаруы – пышақ. Мiне, ол госпитальдың өзiнде әрең жасайтын операцияны өз қолымен iстеуге әрекет етедi – қолын кеседi. Осылайша шынжыр дан кiсендi ашпай-ақ құтылып, есiн бiр жоғалтып, бiр жиып өз бөлiмiне келiп, барлау қорытындысын баяндаған. Әрине, суықта қалған якут жiгiтi жанынан тастамайтын пышағына жете алмай қалған болар. Тiсiмен жұлқылауы содан ғой. Бұл, әрине, сирек кездесетiн жалғыз ғана оқиға, бiрақ суық дегеннiң не екенiне, сол суықтың ортасында еңбек етiп жүрген жұрттың өжеттiгiне көз жеткiзетiн сияқты. Дәл осы жерде Қиыр Солтүстiктi зерттеушi норвегиялық ғалым Коре Родальдың мына бiр сөздерiн келтiрiп кетуге болады: «Суық транспортты тоқтатып, гаваньдарды тұтқындап (қоршап алып), су құбырларын iстен шығарып, ауыз суға тапшы етедi. Ка нализация жұмысы нағыз проблемаға айналады. Фотоаппарат тар мен басқа да механикалық аппараттар нашар iстей бастай ды, пленка серпiлетiн қасиетiнен айырылып, үзiлiп-сына бередi. Егер мұқият тазаланбаған болса, ататын қарудың бар түрi iстен шығып, пайдаға аспай қалады. Резина нақ шыны сияқты күрт сы нады. Егер жабық жерде болмаса, өндiрiстiң бәрi өнiмсiз жұмыс iстейдi немесе мүлдем тоқтап қалады. Мұның үстiне аяз адам организмiне әсер етедi. Адамның терiсi үсiп, тканьдерi жансызда на бастайды, суық ауа демдi қайтарып, көз жасы қиыршық мұзға айнала бастайды. Бет-аузың мен киiмiңдi қырау басып, кiрпiктер бiр-бiрiне жабысып, түбiнде көздiң алдында мұздан қалқан тұтып бiржола жауып тастауы мүмкiн. Металға қол тигiзуге бол майды. Күнделiктi өмiрдiң болар-болмас нәрсесiнiң өзi үлкен проблемаға айналып, аса ептiлiктi, мұқияттылықты талап етедi. Болар-болмас нәрсенiң өзi өмiрге қауiп төнгiзетiндiктен, өмiр сүрудiң өзi қиындап кетедi». Әрине, бұл – ғалымның жазғаны. Ғылыми тұрғыдан жазғаны. Осы айтылғанның бәрi шындық, бәрi тек Қиыр Солтүстiкке тән. Ал Якутияның көп жерi Қиыр Солтүстiкке жататынын мектеп оқушыларына дейiн бiледi. Иә, Якутия – табиғаты әрi бай, әрi қатал өлке. Осы бiр аумағы кез келген республикадан үлкен ұшан-теңiз кең өлкенi 676 мың
халық игерiп отыр. Олар сөзсiз Советтер Одағының барлық халықтарының көмегiне арқа сүйейдi, өздерiн солардың ортасында сезiнедi. Дегенмен өжет халық. САХА-ЕКО-ЯКУТ Аспандағы он сағат. Эллэй мен Күнняй. Музейдегi мәслихат. Қыз бен қыыс. Қаңлы ауданы. Орысшаға айналған фамилиялар. Ғалымдар не дейдi? Бiз аумағы өз республикамыздан ауқымдырақ елде жүрмiз. Бiз дегенiм: қазақтың көрнектi ақыны, драматургi Қуандық Шаңғытбаев, бауырлас ұйғыр халқының көрнектi жазушысы Хиз мет Абдуллин, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердiбаев, ақын Сабырхан Асанов және осы жолдардың авторы. Бiздер Қазақстан Жазушылар одағынан Якутия жазушыларының шақыруымен арнайы келген делегациямыз. Әдебиет күндерiнiң қай мезгiлде өтуi туралы алдын ала кесiп қойған уәдемiз бар. Ол туралы Якутия Жазушылар одағы басқармасының председателi Семен Петрович Даниловтің үстiн-үстiн берген телеграммалары бiр бума. Өзiмiздiң жұмыс жағдайымыз, әрi делегация құрамының бiр-екi рет ақсақал жазушыларымыздың денсаулығының райына байланысты өзгеруi бар, не керек, Алматыдан шығар алдында басымыз қосылып, Якутия туралы, якут әдебиетi тура лы кеңесе алмадық. Мардымды ештеңе де қолға түсе қоймады. Аласұрғанмен амал жоқ, жол ұзақ, самолетте де әңгiмелесермiз деген пиғылмен аэропорт басына бiрақ жиналғанбыз. Соңғы кезде жазылып жүрген жолжазбалардың бәрiнде дерлiк самолеттiң кешiгуi сөз болады. Басқа уақытта әп-әдемi ұшып жататын самолет жазушылар жолға шықпақ болса, қырсығады да қалады. Және оның себебiн аспанға сiлтейдi. Жiпсiз байлау осы болар. Алматыда бiз осы азаптан аман құтылып кеттiк. Ташкент тен Магаданға ұзақ сапар жол тартатын самолет август айында
Алматыға айтқан мезгiлiнен кешiкпей жетiп келдi. Алыстағы ағайындарға барамыз деп жүрегiмiз алып-ұшып жүрген бiздер ташкендiк ағайындарға араластық та кеттiк. Былай шығып, Красноярскiге жете бере тiптен айырмашылығымыз болмай қалды, ең болмағанда бiздi жұрт солай қабылдады. Оған менiң шашымды жалбыратпайын деп тақия киiп алғаным да себеп болса керек. Ұзақ жолдың үстiнде әңгiмеге кiрiссек, ешқайсымыздың мардымды бiле қоятын дерегiмiз болмады. Мен бұрынғы қызметтерiме байланысты бiрер адамның аты-жөнiн бiлемiн, та рихтан, әдебиеттен, мерзiмдi баспасөзден есiткенiм бар, ан да-санда «Полярная звезда» журналын көрiп қалатыным бар, ал қалғаны – Н.Г. Чернышевскийге байланысты мәлiметтер, Ленаның сонда ағатыны, якуттардың бұғы мiнiп жүретiнi, күннiң суығы, жерiнiң әйтеуiр кеңдiгi, елiнiң солтүстiк шығыста екенi сияқты бүкiл әлемге әйгiлi мағлұматқа бәрiмiз де қанықпыз. Әдебиетiн әркiм өзi оқыған кiтаптар бойын ша, жалпы совет әдебиетiндегi орнына қарай бiледi. Тереңге сүңгуге қал-қадарымыз жете бермейдi. Ендiгi қалғанын якут ағайындардың өзiнен сұрап алуға бекiндiк те, алға тарта бердiк. Аспанда одан басқа қолдан келер бәрiбiр дәнеңе жоқ. Айтпақшы, «оқыған кiтаптары» дегеннен еске түседi – бiз Алматыда қазақ тiлiнде шыққан «Жақұт әңгiмелерi» деген кiтапты көрiп, бас салып соны оқи бастағанбыз. Бiр-екi данасын жол қапшығымызға салып та алдық. Ал Якутскiге келгенде сол кiтаптарды қапшығымыздан шығара алмай масқара болдық. Шығару – ұят. Бiз де бұл жөнiнде соңырақ айтармыз. Қазiрше жол туралы. Самолеттiң соңғы салоны бiзге тиген. Бұл құрметке ие бо луымыз – билеттiң болмауы. Орыстың «не было счастье, да не счастье помогло» деген мақалының кебi тура бiздiң басымызға келдi. Алдында билет ала алмай машақатқа түскенбiз. Өзiмiз барып, беделдi мекемелер телефонмен қоңыраулап, мар дымды ештеме шықпаған соң ақыры Алматы аэропортының басшыларының бiрi Ташкенге телефон соқты. Ол жақтағы бастық жағдайды түсiнген соң: «мен мұнда ел көрiп, жер ара
лап қайтуға құмар, күнде болмаса да апта сайын алысқа ұшып жататын ағайындардың бес-алтауын самолеттен бiрер күнге түсiрiп тастасам да, сiздердiң делегацияларыңыз үшiн алты орынды бос жiберемiн», – деп жауап бердi. Бiз түсiрiп тастау мәселесiне ойланыңқырап едiк, өзiмiздiң аэропорттағы бастық: «Оқасы жоқ. Тек сiздер барған кезде Якутияда алма, жүзiм сияқты жемiстер аздау болып жүрсе, көп өкiнбеңiздер», – деп көңiлiмiздi қалпына түсiрдi. Сонымен бiз телефонның ана жақтағы құлақшасын ұстап тұрған жарылқаушымыздың арқасында самолеттен орын алдық, алғанда соңғы салондағы ыңғайлы орындар түгелiмен бiзге қалдырылыпты. Қазақстанның терриоториясынан шыққанша жер бағдарын шамалап келе жатқанбыз. Сiбiрге ауысқан соң «пәлен қаладан өтiп барамыз, түген қала оң жағымызда қалды» деген сияқты жол жетекшiмiздiң микрофон арқылы айтқан хабарландыруы болма са, бiлiп келе жатқанымыз шамалы. Көрiнетiнi – қаптап жатқан орман, солардың арасында ақ жолақ болып ирелеңдеп жатқан өзендер. Осындай қалың орманның арасынан үлкен қаланың нобайы көрiнгенде, жол жетекшiсiнiң айтуынсыз-ақ қай маңға келгенiмiздi шамаладық. Қанша қашық болса да бұл Красноярск болу керек. Мынау орманның ортасында ағып жатқан – Енесей. Қызарып көрiнген жыралар мен жағалар Красный Яр шығар. Ана көрiнгенi – қаланың өзi. Самолеттiң қоқаңдай бастауы бұл ойымызды дәлелдей түстi. Қонуға келедi. Хабарланған қырық минутта қандай үлкен болса да кез келген қаланың бiршамасын аралап көруге болады. Зырылдап жүрген такси талай жерге-ақ жеткiзер едi. Әттең, самолет пойыз емес, аэропорттан алшақ кетпеңiздер деп жiпсiз байлап, кiбiртiктетiп тұсайды да қояды. Сондықтан бар амалың – аэровокзалдың арғы бетiне шығып, қалаға қарап көзiңдi сатып, телмiрiп тұру. Красно ярск бiздi осы қалыпта бiраз ұстады. Самолетке шықсақ, бiзге қызмет етiп жүргендер баяғы Алматыдағы қарындастар емес. Бәрi – өзге жандар. Қуан аға ор нынан тапжылмай тұрып алды. – Айтыңызшы, осы самолет қайда барады?
– Магаданға. – Магаданға?! – Иә, Сiз қайда бармақ едiңiз? – Якутскiге. – Якутскiге жолда аялдаймыз. Түсiп қалуға мүмкiншiлiгiңiз болады. – Осы, сiз өзiңiз қайдан отырдыңыз осы самолетке? – Красноярскiден. – Ал бiздiң өзiмiздiң самолетiмiз қайда? – Қандай өз самолетiңiз? – Ташкеннен шыққан. – Ташкеннен шыққан самолет осы. Ал жеке самолеттерiңiз болса, өздерiңiз iздеп көрiңiздер. – Осы самолетте жол бастаушы неше қыз бар? – Үшеу. – Мына тұрған үшеуiңiз де басқасыздар. Бiздiң өз қыздарымыз қайда кеттi, әлде самолетке жаңылыс мiнiп тұрмыз ба? – Олар осында қалды. Сағынсаңыз, ертең қайта ұшып келiңiз. Ташкенiңiзге дейiн солар ала кетедi. Ал қазiрше бiзге бағына тұрасыз. Орныңызға өтiңiз. – Қуан аға, жүрiңiзшi, әйтеуiр, бiр жерге барармыз, – дедiк бiз. Ол кiсi одырайып бiр қарады да, амалсыз iлгерi жүрдi. Самолет жерден көтерiлмей жатып бiздiң тұлпарымыздың тiзгiнiн ұстаушы корабль командирiнiң аты-жөнiн хабарлады жақтаудағы репродуктор. – Әне, командир де басқа болып шықты, – дедi Қуан аға өз сөзiн дәлелдей түсiп. Бар сырды аспанға көтерiлерде конфет (ол кезде самолет те конфет беретiн) әкелген әлгi қарындасымыздан бiлдiк. Красноярскiде экипаж ауысады екен де, ары қарай Магадан экипажы алып кетедi екен. Самолет бiреу, айдаушылар екi топ. Ұзақ са парда осылай болатын көрiнедi. Жолаушылардың қауiпсiздiгiн ойлап, экипаждың шаршап-шалдығуына мүмкiншiлiк бермейдi. Олар әр кезде тың болуға тиiс. – Онда көк шай әкелiп берерсiң бiзге, қарағым. – Көк шай!!
– Иә, көк шай. Шай бiзде бар, ал қайнаған су табылатын болар. – Табылады. – Бiздiң Орта Азиядан келе жатқанымызды ұмытпа. Көк шай iшемiз. Көк шай болғанда да кәдiмгi тоқсан бесiншi көк шай. – Жарайды. – Қуан ағаның қай қалтасынан шыққанын қайдам, әйтеуiр, көк шай табылды. Бiз көк шай iшiп отырмыз. Самолет қажеттi деңгейiне көтерiлген. Және баяғы қалып – аспан ашық, жер бұлт. Көзiң жетсе көктi кезе бер, ал жердi көруден үмiт үзiлгелi қашан. Ақ бұйра бұлт та алыста қалып, айналаны қараңғылық баса бастады. Жарық тек сол жағымызда көрiнедi, ол да қызыл жолақтанып, қатарласып жатқан белдеулер. Осы шұғыла бiзбен iлесiп қалмай қойды. Оны көп нәрсеге теңеген соң, ақыры Солтүстiк шұғыласы деген қорытындыға келдiк. Бiраз жұрт бiздiң пiкiрiмiздi қолдады. Сонымен, бiздi алдымен қарсы алған – Солтүстiк шұғыласы. Ол тiптен Якутия жерiне жеткенше қыр-соңымыздан қалмай, қатарласып отырды. Алғашында ынтамыз ауа дуылдасқанмен, бiраздан кейiн оны да жайына қалдырдық. Самолет бiрқалыпты биiктiкте жай жылжып келедi. Бiз дәл осы жолы мықтап қателескенiмiздi соңынан бiлдiк. Ол туралы кейiнде. – Аэропортты осы деңгейге салып, самолеттер осыннан ұшатын болса, әлгi «отложен», «отложен» деген хабарландыру лар қараң қалар едi-ау, – дедi Сабырхан терезеден сыртқа қарап отырып. Дәл осы кезде самолеттiң салонын күңгiрлетiп: – Самолет бортының сыртындағы температураның суықтығы 57 градус, – деген жол жетекшiсiнiң дауысы шықты. – Әне, нағыз самолетке сен мiнетiн аэропорт орнатуға болады екен. Жассың ғой, қаруың бойында. Мен шыдай қоймаспын. – Қуан аға-ау, якуттар жүрген жоқ па сондай суықта. Немiз ке тер дейсiз. – Әй, бар, бар, өзiң бара бер. Мен аспан емес өзiмнiң күнде таптап жүретiн жерiмдi сағынып келемiн. Тiптен аяғым қышып келедi. Қуан ағанiкi де дұрыс: мiнген атын сәйгүлiк – «Ил-18» бол са да он сағат аспанда ұшсаң, жердi сағынбағанда қайтерсiң.
Қанша қашық дегенмен мұндай ұзақ болар деген ой самолет ке отырғанша көңiлiне келе коймайды. «Жол қадiрiн жүрген бiледi», – деген осы шығар. Жол қанша ұзақ болғанмен меңзеген жерге, әйтеуiр, бiр жететiнiң де белгiлi. Түнгi сағат он бiр шамасында Якутскiге де келiп жеттiк. Моисей Ефимов, көрнектi қарт ақындардың бiрi Куннюк Урастыров – Новиков, «Темiр-қазық» – «Полярная звез да» журналының редакторлары А. Егоров пен Юрий Чертов, облыстық партия, комсомол комитеттерiнiң өкiлдерi және бiр топ әдебиет пен мәдениет қайраткерлерi қарсы алды. Түн мезгiлi болғандықтан қаланың бедерi анық көрiнбейдi. Дегенмен анадай да қарауытып көрiнiп тұрған үйлер өз бойының көкпен таласпаса да бес-алты қабат екенiн анық бағдарлатып тұр. Бiздi жетi қабатты «Лена» қонақүйiне орналастырған соң, қарсы алушылар қайырлы түн тiлеп, ертеңiне Якут АССР Министрлер Советiнде болатынымызды ескерттi. Бiздiң Якутияның өзiмiзге белгiсiз көптеген сырын ашуы мыз осы қабылдаудан басталды. Тiптен Министрлер Советi орналасқан үйге келе сала-ақ маңдайшадағы анықтаманы оқығанда «бұл қалай?» деген сұрақ өзiнен өзi туа бердi. – Сiздер, әрине, Якутияны жақсы бiлесiздер ғой. Деген мен мен өзiме жүктелген мiндеттi ақтап шығайын. Бiздiң республикамен қысқаша таныстырайын. Оңтүстiктегi Становой қыраттарынан бастап жердiң шетi – Солтүстiк Мұзды мұхит жағалауына дейiн алып жатқан алқап – бiздiң республикамыз. Жер көлемi жөнiнен бiздiң республика Одақта бiрiншi орын алады – үш миллион жүз мың шаршы километр (салыстырып көрiңiз: Қазақстан территориясы екi миллион сегiз жүз мың шаршы км.). Осы территорияны 680 мыңдай халық мекендейдi. Олар якуттар, эвенктер, юкагирлер, эвендер (эвенк пен эвен екi ұлт), чукчалар. Осы жергiлiктi халықтармен бiрге бiздiң республикамызда орыстар, белорустар, буряттар, грузиндер, татарлар, т. б. ұлттың өкiлдерi еңбек етедi. Басқа ұлттардың өкiлдерiмен қатар қазақтар да бар, – дедi Министрлер Советi председателiнiң бiрiншi орынбасары Иннокентий Гаврилович Игнатьев жолдас бiзге жымия бiр қарап қойып, әңгiмесiнiң ба сында.
Осыдан кейiн ол кiсi қабырғадағы картаны анда-санда нұсқап қойып, өз республикасы туралы бiр сағат бойы ғажап бiр поэма оқып бердi. Бiр республиканың шаруашылық басшыларының бiрiнiң елi мен халқы, оның табиғаты мен экономикасы жөнiнде мұндай көркем, көңiлге қонымды, әрi қызықты етiп әңгiме айту ын, басқаларды қайдам, менiң өзiмнiң бiрiншi рет естуiм. Сол кiсiнiң айтуы бойынша жерi бай елдiң суының да мол екенiн (ол жөнiнде кейiнiрек айтамыз), кейбiр ауданының жер көлемi капиталистiк дүние елдерiнiң көпшiлiгiнен аумақтылау екенiн (Оленек ауданының жер көлемi үш жүз қырық төрт мың шаршы километр), ал бiр ғана «Эльгяй» совхозының жерiне Люксембург түп-түгел сыйып кететiнiн, бiздiң елiмiздегi орман байлығының алтыдан бiрiнiң осында екенiн (жүз сексен миллион гектар), мұнда бiздiң елiмiзде өндiрiлетiн биязы аң терiсiнiң бестен бiр бөлiгiнiң ауланатынын, табиғи газ, көмiр, темiр өндiру жөнiнде ең қоры мол аймақ екенiн, қалайы, слюда, вольфрам, молибден, сынап, сурьма, тағы басқа толып жатқан пайдалы қазбаларға жер астының тұнып тұрғанын, ал Олекминск маңындағы тас тұзы өндiрiсiнiң бiр өзi ғана бүкiл Сiбiр мен Қиыр Шығысты тұзды аса көп пайдаланатын балық шаруашылығын қосқанның өзiнде емiн-еркiн қамтамасыз ететiнiн, солтүстiк десе ауызға бiрiншi алынатын бұғыдан басқа iрi қара мен жылқы өсiретiнiн, тiптен әлгi мәңгi тоңның үстiнде-ақ жайқалған астық өсетiнiн осы каби нетте отырып есiттiк. – Сiз Жазушылар одағынын мүшесi емессiз бе? – дедi Қуан аға әңгiме аяқталған соң. – Жоқ, Жазушылар одағына мүше болатын кабiлетiм жоқ едi. Өздерiңiзге бұйырсын. – Онда экономист боларсыз. – Әлi таппадыңыз. Институттан алған бiлiмiм – физкультура мамандығы, ал өмiрден алған бiлiм – елiмнiң экономикасы мен тарихы, мәдениетi. Бiз ендi бағана көрген есiктiң маңдайшасындағы жазудың сырын сұрауға көштiк. Онда якут тiлiнде жазылған анықтамаға «Саха АССР-і Министрлер Советi» деп жазылған. Сонда «Саха сы» қалай?
– Бұл жөнiнде тарихқа жақындау ғой, Семен Петрович айтып берсiн, – дедi Иннокентий Гаврилович. – Ең алдымен бiздiң тiлiмiздiң кейбiр ерекшелiктерiне зер салыңыздар, – деп бастаған әңгiмесiн С.П. Данилов. Сонан соң қабырғадағы картаға бiр қарап қойды да, сөзiн әрi жалғастырды: – Аса көрнектi ғалымдар якут тiлiндегi сөз қорының алпыс процентi түркi халықтары, жиырма процентi орыс тiлi, қалғаны бурят, моңғол, жергiлiктi байырғы халықтар – эвенктер мен эвен дер тiлi дейдi. Демек, тiлiнiң алпыс процентi түркi халықтарына тән болса, якут халқының өзi де сол түркi халықтарының бiр сала сы болу керек. Ал сонда бұл жерге калай келдi? Ол жөнiнде аңыз былай дейдi. Аңыз бен ертегiге айналып, атадан балаға ауысып, бiрден бiрге тарап жатқан өсиет бойынша бағы заманда якуттардың арғы аталары гүлденген бiр далаларда тұрыпты. Ол далада кыс болмайды екен, күн сөнбейдi екен, шөп қурамайды екен, бұлбұл құстар жыл бойы сайрап жүредi екен. Якуттардың әйгiлi эпосы «Олонхоның» айтуы бойынша, ол кезде елдiң малы аспандағы жұлдыздан көп екен, ал ұлан-ғайыр кең даланың қойнауларында жылқы қаптап жүрген. Якуттар бiздiң ата-бабамыздың ескi мекенi осындай дейдi. Аңыздағы осы табиғат қазiргi якут жерiнiң табиғатына, әсiресе мәңгi тоң мен тундраға үш қайнатсаң сорпа сы қосылмайды. Ал «Олонхо» – сонау ертеден келе жатқан халық мұрасы. Және бiр аңызда Омогой жөнiнде айтылады. Ол Якутия жерiнен қашық, оңтүстiктегi бiр өлкеде тұрыпты. Бiр жолы белгiсiз бiр себептермен тайпасынан бөлiнiп, өз туыстарын ғана ертiп, туған жерiнен ұрлана қашып, көшiп кетiптi. Жүре-жүре үлкен өзеннiң жағасына жеткен соң, ағаш кесiп, сал жасап, ағыспен төмен қарай және жүзiптi. Олар ұзақ күндер жүзген, ақыры алдарынан кездескен бiр үлкен алқапқа тоқтап, бас пана жасап, мал өсiре бастапты. Бiраз уақыт өткен соң мұнда қырғыз тайпасынан шыққан (қазақ, татар, қарақалпақ немесе, әйтеуiр, түркi тұқымдас елдiң кез келгенi деп түсiне берiңiз) палуан, батыр жiгiт Эллэй келедi. Оның елi өз жазу-сызуы бар, мәдениеттi ел болса керек. Бiрақ
ұзақ жол шаршатып-шалдықтырмай қойсын ба – Ленамен ұзақ жүзу кезiнде жазу-сызуды ұмытып қалыпты. Эллэй келе сала-ақ Омогойдың қызметшiсi болып күн көре бередi. Кызметшiсiнiң еңбегiне риза болған қарт Омогой палуан жiгiттi өзiнiң ең көрiктi қызына үйлендiрмек болыпты. Бiрақ Эллэйдiң ойы басқа. Ол еңбекқор, көп бала табуға бейiм (якуттардың өз терминi) Күнняйдi ұнатады (Күнняй – бiздегi Күнзада. Күнқыз сияқты). Қарт Омо гой ашуланып, өз шешiмiне қарсы келген күйеу баласы мен қызын өз мекенiнен жыраққа қуып жiберiптi. Эллэй мен Күнняй басқа жаққа барып орын тебедi. Бұл шөбi шүйгiн, балығы тайдай тулап жүрген өзенi мен көлдерi көп алқап Ұлы Тоймада (Великая Туймада) деп аталады – қазiргi Якутск қаласы орналасқан жер. Қайыспай еткен еңбектерiнiң арқасында олардың тұрағының маңында жылқы, iрi қара мал, уақ мал қаптап кетедi. Тегiстiктi де, қойнауды да, жартас пен жақпар тастардың маңын да түгел би леп алады. Шүйгiн шөп iздеген мал бiрте-бiрте жылжи отырып, Эллэйдiң иелiгiндегi жерден шет жақтарды да жайлай бастайды. Эллэй байиды, балалары көп болады. Мiне, осы екi кiсiден якут халқы тарапты. Содан берi табиғаты қатал, суық өлкеде iрi қара мал өсе бастаса керек. Айтпақшы, Эллэйдiң алғаш мекен еткен жерi – Чочур-Муран төбешiгi. Ол Якутскiнiң iргесiнде. Қаңғалас тауларының бiр төбесi. Аңызды аз уақытқа естен шығарып, кейбiр ғалымдардың бол жауына жүгiнсек – якуттар Байкал маңындағы Ангара өзенiнiң бойын мекендеген құрықандар тайпасынан шықса керек. Олар iрi қара өсiрiп, егiн шаруашылығымен айналысқан. Өздерiнiң жазу мәдениетi болған. Басқа бiр ғалымдар бұдан өзгеше өз жо баларын ұсынады. Олар құрықандар орыс халқына араласып кет кен деп топшылайды. Не болғанда да көпшiлiктiң ой түйiстiретiн бiр негiзгi мәселесi – якуттардың осы жерге бұдан мың жыл уақыт бұрын келгенi... Ал «саха» (өз транскрипциялары бойынша алдық) жөнiндегi әңгiме былай екен. Якуттар өздерiн саха деп атайды. Бiздiң халықтың дұрыс аты осы дейдi. Оның «якутқа» айналуын осы маңда тұрған байырғы халықтарға байланыстырады. Сахалар Ленаның орта бойына келгенде мұнда тұратын эвен, юкагир
сияқты байырғы халықтары төмен солтүстiкке жылжи түскен. Орыстар алғаш келiп, эвенктерден көршiлерiнiң кiм екенiн сұрағанда, олар тек «еко», «еко» дей берiптi-мiс. Оның себебi эвенк тiлiнде «саха» деген сөз осылай айтылады екен. Оның үстiне эвенк тiлiнде сөздiң аяғына жалғанатын «т» әрпi көптiк жалғауы. Сонда «екот» деген сөз «якуттар» деп аударылу керек. Орыстар бұлардың аты «еко» болды деп түйiп, сонан «якут» деп атап кет кен. Осы атаулардың, әйтеуiр, дыбысқа елiктеуге байланысты бiр сыры бары рас. Қазiрге дейiн эвенктер якуттарды «еко» деп атай ды, ал якуттар орыстарды «нучче» дейдi. Мұны орыстардың «ну, еще» деген сөзiнен шыққан деп болжам айтады тiл мамандары. Бiр жұмысты байыбына жеткiзе орындайтын кезде орыстардың осы «ну, еще» деген сөздi жиi қолданатыны рас қой. «Саха» деген сөздiң өзiнiң мағынасы қызық. Ол «алыс», «шет», «жырақ» деген мағынаға жақын (қазақ тiлiндегi «жаға» деген сөздi еске алыңыз. Мәселен, өзеннiн, арғы жағасы немесе көйлектiң, бешпенттiң, шапанның жағасы). Осыған байланысты якуттар өздерiн атабабалары өз мекенiнен жырақ алшақтап, бөлiнiп кеткендiктен «саха» деп атаса керек деп жорамалдайды. Осы бiр мәселелер жөнiнде соңынан бiз Алматыға демалысқа келген, белгiлi әдебиетшi, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қазiр Якутия облыстық партия комитетiнiң секрета ры Юрий Николаевич Прокопьевпен пiкiрлескенiмiз бар. Ол кiсi: – Бiздiң халықтың түп тарихы жөнiнде көптеген болжам бар. Оның бiрқатары көңiлге қона бермейдi. Бұл мәселелердi туыс болып келетiн сiздер сияқты ұлттардың тiлi, әдет-ғұрпы, шаруашылық-экономикалық қалыптасуы, ауыз әдебиетi мен ертегi-аңыздары сияқты мәселелермен салыстыра отырып зерттеу қажет сияқты. Оған сiздер сияқты тарих, этнография, тiл, фольклористика сияқты ғылымдары дамыған республика ғалымдарының үлкен көмегi қажет, бiрлесе отырып зерттейтiн мәселе. Мүмкiн, тiптен жоғары оқу орындарының студенттерiн, ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлерiн алмастырып оқыту, жұмыс жасату қажет шығар. Ол мәселенi жетiк бiлiп, түбегейлi тексеруге көмегiн тигiзер едi. Осы бiр ойын Прокопьев жолдас қазақ телевизиясы бойынша
сөйлеген сөзiнде де қайталаған. Бұл ойланатын мәселенiң басы сияқты. Оны ғалым ағалар ойластырып көрсе, екi елдiң де тарихы мен мәдениетiн салыстыра тексеруге көп септiгiн тигiзетiнi анық. Оған да дәлелдi себеп көп. Оны соңынан айтармыз. Ал қазiрше, сөйтiп, бiз якут елiнен саха елiне ауыстық. Мекемелердiң маңдайшаларындағы, көшедегi ұрандар мен транспаранттардағы, газет беттерiндегi, тiптен қазақ әдебиетiнiң күндерiнiң өтуiне байланысты әдейi жазылып қойған лозунгiлердегi «саха» деген сөздiң сырын түсiндiк. Мiне, баяғы Алматыдан алып шыққанмен, ешкiмге жүзiн көрсетпей қайтып алып кететiн кiтаптың сырын оқушы дәл осы жерде түсiнген болар. Мәселе кiтаптың атында болатын. «Жаһут әңгiмелерi». Ал «жаһұт» дейтiн сөздiң якутқа (ендi – сахаға) бiр түйiр қатысы жоқ. Тек үндесуiне қарап қоя салған. Шамасы, бiр ағайындар Якутияда жаһут (алмаз) өндiрiледi деген хабарды құлағы шалған соң ұлттың аты да солай болар деп төтесiнен тар тып кеткен болу керек. Кез келген өзiңе бұрын белгiсiз халықтың тарихымен, мәдениетiмен танысудың ең бiр төте жолы – музейге бару. Әсiресе көне тарихы мен әдет-ғұрып, салт-санасын бiлу үшiн бұл таптыр майтын ғылым ордасы. Көзбен көрiп, зерттеу үшiн айлап, жыл дап тұрып жатпаған соң бiлуге – апталап кұлақ түрiп отырмаған соң, жүгiнерiң де, табынарың да осы музейлер. Бiз өлкетану музейiне бардық. Барлық астаналарда болатын тарихтың сонау алыста қалған пұшпағынан бастап бүгiнгi күнiне дейiн көз алдыңа елестететiн жақсы ұйымдастырылған музей. Бiздi көбiрек ұстаған бөлмелерi – көне тарих бөлiмшесi. Үй жиһаздары, киiм-кешек, тұрмыстық құралдар, тұла бойыңды, әсiресе әйел жолдастардың киiмiн безендiретiн әшекейлер – бәрi де таныс көрiнедi. Көзiңе оттай басылады, өзiмiздiң Қазақстандағы музейлерден айырмашылығы жоқ сияқты. Ертеректе қазақ қыздарының таққан шолпысын якут қыздары да таққан, бiлезiксақинаның да өзiндiк түрi бар. Ою салған әшекей киiм де бар. Бұрынғы пайдаланған байырғы үйлерi киiз үйден айнымайды. Айырмасы – ағаштың молдығы. Тiптен желбауды «iлбiрге» деп атайды, басқұрды «бастыңға» дейдi.
Ер-тұрман айна-қатесiз келедi. Әрине, бұл жалпы ұқсастықтар ғой. Өз ерекшелiктерi жоқ емес. Мәселен, ат байлайтын ою са лып бедерлеп, әсем етiп жасалған алып қазықтары бар. Оны «сэрге» дейдi. Қымыз iшетiн бедерлi үлкен ыдысты «чорон» дейдi. Ол бiздегi ою салып ағаштан жасалған керсеннiң оңтүстiк қазақтарының «шара» деп атайтын сөзiн еске түсiредi. Аз уақыттың iшiнде музейге қойылған заттың бәрiн көрiп жiтi бiлiп шығу екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. Оны өз елiңдегi заттарға ойша салыстыру да оңай жұмыс емес. Бұрын көрiп-бiлу түгiлi ойымызға келген нәрсе болса бiрсәрi. Әрi десе ұзақ зерттеп, қорытынды жасап жату бiздiң мiндетiмiз емес. Бiздiкi – танысу, үңiле қарау – зерттеушiлердiң жұмысы. Олар келiп шын кiрiссе, құба-құп. Талай нәрсенiң бетiн ашары анық. Осы музейде жүрiп бiз және бiр нәрсенi бiлдiк. Якутия жерiнiң ауданға бөлiнген картасын қарап тұрып, таныс сөздер кездескен соң, қасымыздағы жолсерiгiмiз болған ақын Леонид Поповтан түсiндiрiп берудi өтiндiк. – Бұл өзi бiр-бiрiне жалғасып жатқан мәселе, – дедi ол. – Алдымен халықтың тарихына көз салу керек. Бiр кезде бiздiң якуттар руға бөлiнген. Бiрақ бiрде-бiр ру ислам дiнi, хри стиан дiнi сияқты дiн ұстамаған, шаманизмде қалып қойған. Демек, бiздiң Қазақстан немесе Орта Азия шамасынан ауысып келгенiмiз рас болса, ол кез ислам дiнiнiң кең тарамаған мезгiлi. Осы шаман дiнiндегi халықты патшалы Ресейдiң миссионерлерi христиан дiнiне зорлап енгiздi. Шоқындырған кезiнде әркiмге жаңа есiм белгiлеп отырған. Бiздiң көпшiлiгiмiздiң фамилиямыз сiздерге түсiнiксiз көрiнетiнi осыдан. Келе-келе сол есiмдi сататын болыпты. Шоқындыруға әкелген балаға әке-шешесiнiң берген садақасына қарай ат таңдайтын болған. Топырлап жүрген аттас фамилиялардың көп болуы да содан. Осы жерде мен сiздерге мынадай бiр қызықты және айтып берейiн. Революцияға дейiн бiздiң Якутияда мектеп санынан гөрi, шiркеудiң саны әлдеқайда мол болыпты. Мәселен, 1917 жылы якут облысында небәрi 173 мектеп (оның 164-i бастауыш, 5-еуi екi кластық, 4-еуi орта мектеп) болыпты. Оқушыларының саны – 4660, ал оқытушылары – 254. Дәл осы кезде 333 шiркеуде 1500 дiндар қызмет атқарады екен.
Мiне, қызық. Дiндарлар мен қанаушылар не iстемеген қараңғы халыққа. Тiптен өзiне берiлетiн есiмiн өзiне сатудан артық қанаушылық бола қоймас. Қанаудың осы бiр түрiнен якуттарды құтқарған – Совет өкiметi. Дiн ұстау жөнiндегi әйгiлi декрет шыға сала-ақ, өзi де бұрын зорлаумен әрең көнiп жүрген халық бұл шырмаудың быт-шытын бiр-ақ шығарған. Сонымен, казiр якут тарды түгел атеист десеңiз, қателеспейсiз. Ру мәселесi де өзiненөзi жойылған. Оны ептеп есiнде қалған қарттар болмаса, жастар мүлдем бiлмейдi. Соның тарихтағы қалдығы – жер аттарына бай ланысты. Кейбiр аудан, жер аттары баяғы ру аттарымен аталады. Мәселен, тура Якутскiнiң қасындағы үш ауданның бiрi – жоғарғы Қаңлы, екiншiсi – төменгi Қаңлы, үшiншiсi – Қаңлы ауданы деп аталған. Якутск қаласы тұрған жердiң өзi – бұрынғы қаңғаластар мекенi. Ал қазақта бiр кезде мұндай ру түгiлi, бiр мемлекет ке татитын тайпа болғаны белгiлi. Бiр кызығы, барып қайтқан адамдардың айтуы боiiынша Қаңлы дейтiн ру бiзден әлдеқашан алшақ кеткен сонау Пятигорск маңын жайлаған ноғайлы ұлтында да бар болса керек. Ал башқұрт халқының құрамында бар екенi жұрттың бәрiне белгiлi. Мүмкiн, осы ұлттардың ыдыраған кезi сол Қаңлы мемлекетiнiң ыдыраған кезi шығар. Бұл, әрине, тарих шылар анықтайтын мәселе. Әйтеуiр, олардың бiр көңiл бөлетiн мәселесi осы ескiлiктi жер аттары, ел аттары сияқты деректер болса керек. Бұған бiз қол сұқпайық, тарих өзi анықтай жатар. Бiз жоғарыда якут тiлiнiң қазақ тiлiне ұқсастығын айтқан бо латынбыз. Моисей Ефимовтiң айтқаны дұрыс келдi, көптеген сөздер түсiнiктi, тiптен айтқан әңгiмесiнiң ұзын-ырғасын шама лап қаласың. Мәселен, түр-түске байланысты сөздер түгел ұқсас. Жылқыға байланысты сөздiң көпшiлiгi дәлме-дәл келедi. Қиын сөздiң бiрi ғой деп «күрең ат» десеңiз, олар да «күрең ат» дейдi. Ескiден келе жатқан ежелгi сандардың аты сол қалпы. Алғашында тiптен қытай иероглифы сияқты болып көрiнген жазулар якут фонетикасы мен алфавитiнiң сырына тереңiрек үңiлген соң та ныс болып көрiне бастады. Ол үшiн алфавиттi салыстырып алу керек екен. Қазақ тiлiндегi кейбiр әрiптер якут тiлiнде мүлде жоқ. Мәселен, з, ж әрiптерi жоқ, ал керiсiнше дж дейтiн әрiп бар (ол дь деп жазылады). Ал һ әрпi өте жиi, әрi з әрпiнiң ор
нына қолданылады. Бiздiң ң әрпi оларда тура шалқасынан ау дарылып түскен. Қазақ тiлiне тән емес дауысты дыбыстардың қосарланып айтылуы (дифтонги) әлгi якут альфавитiнде жоқ ұяң дыбыстардың орнына қолданылатын қатаң дыбыстарды онша байқата қоймайды. Ол үшiн мына сөздердi айтып көрсеңiз, көзiңiз жетедi: қызыл-қыысыл, қыз-қыыс, қымыз-қыымыс. Ал кейде қатаң дыбыстың орнына ұяң дыбыс қолданады. Ондайда дифтонг қолданылмайды: шолпан – чолбон (жұлдыз аты). Осы әрiп қолдануды ажыратып алған соң бiз «қаһах» деген «қазақ» екенiн, «қаһы» деген «қазы» екенiн түсiндiк. Тек кейбiр сөздер бiздерше айтылғанмен, мағынасы өзгерген, кейде тiптен жүз сек сен градусқа бұрылып, керiсiнше мағына бередi. Осындай керi мағыналы сөздер кейде күтпеген жерде сүрiндiрiп қалады. Осындай өзгерiстiң бiр жерiн бiз якут ағайындарға айтпасақ та өзiмiз түсiнгендей болғанымыз бар. Жоғарыдағы музейде (ақын ағайындар шабыты келгенде бiрер өлеңдi шалқытып жiбермесе, ақын бола ма!) кездескен бiр қарындасқа арнап, Сабырхан Асанов «Якут қызына» деген өлең жазыпты. Оны Якутскiден Жиганскiге ұшып бара жатқанда самолеттiң iшiнде Леонид Попов якут тiлiне аударып үлгердi. Осы өлеңдi Сабырхан жиналған жұртқа қазақ тiлiнде оқып берген. Өлең оқылып жатқанда залдағы жұрт орын дарынан қозғалып, ықыластарын бiлдiрiп жатты. Өлеңнiң ұзынырғасын шамалаған сияқты. Бiр кезде ду күлдi. Бiз оны өлеңнiң ойнақылығы деп жорығанбыз. Бiрақ олай сияқты емес. Ендi Са бырхан дәл осы өлеңдi әлгiнде ғана якут тiлiнде оқып шыққан Леонид Поповқа қарады. Ол да күлiп отыр. Сабырханның өлеңi тұнып тұрған лирика, юмор дейтiн атымен жоқ. Сонда мына күлкiге жол болсын. Осы бiр қолайсыздықтан бiздi құтқарғысы келген болу керек – Семен Руфов жұртқа естiртiп: – Сабырхан, ұнатқан қызыңа еден жалатқаның қалай? – дедi. – Еденiң не?! – дедi ендi Сабырхан таңданып. – Алақаныма сап жүрмекпiн ғой, алақаныма! – дедi ол алақандарын көрсетiп. Жұрт және ду күлдi. Осыны пайдаланып орнынан тұрған Семен мәселенiң бәрiн тез-ақ шешiп бердi. Сүйтсек, бар пәле Сабырханның өлеңiндегi бiр-ақ сөзде екен. Оның өлеңiнде: «аяғыңды жер бастырмай алақанға салар ем» деген сияқты жол
дар болатын. Ал якут тiлiнде бiздiң «аяқ» деген сөзiмiз «ауыз» деген мағына бередi екен. Жұрттың күлгенi сол. Олар өлеңнiң якутша мағынасын Поповтың аудармасынан анық бiлiп алған соң, Сабырхан оқығандағы «аяқтың» мағынасын анық түсiнсе де, құлаққа түрпi естiлетiнiне жымиып отырса керек. Дәл осы оқиға бiз үшiн бiраз әзiлге сеп болды. Әбден байыбына барып алмай, якут сөзiн оңды-солды қолдана беруден де бас тарттық. Дегенмен осында бiздiң өз арамызда болған бiр әңгiменi және айта кетейiн. Әлгi әзiлден соң менiң ойыма бiр болжам сап ете қалған. Соны анықтап алу үшiн сыртқа шыққан соң мен Қуан ағаға қарап: – Қуан аға, қазақ халқының сонау ата-бабасынан берi келе жатқан «аяқ-табақ» деген қос сөздiң мағынасын түсiндiрiп берiңiзшi, – дедiм. – Табақ дейтiнiң – табақ. Кәдiмгi сен ет салып жейтiн табақ. Ал «аяқ» деген сөздiң табақка неге қосарланып жүргенiн бiлмеймiн, – дедi Қуан аға. Қазақ тiлiнде осылай қосалқыланып жүретiн мағынасыз сөздер кездесе бередi. Мысалы, дәл осы сөз «ыдыс» деген сөзге де қосақталып айтылады: «ыдыс-аяқ», «қыз-қырқын», «келiнкепшiк» деген сөздер де бар, – дедi Рахманқұл әлгiндегi әзiлоспақтың шеңберiнен әлi де шыға алмай. – Ей, қазақтар, мұндай жұмбақтарыңды ауылға барған соң шешiп аласыңдар, – дедi Хизмет бойын аулақ салып. – Ал тiптен болмай бара жатса – менсiз шешiңдер. Маған ұйғыр тiлiндегi мәселелер де жетедi. Сабырхан үндеген жоқ және сүрiнiп қалмайын деп тұр. – Мен басқасымен жұмысым жоқ, ал «аяқ» деген қосымшаның шешiмiн тапқан сияқтымын, – дедiм мен серiктерiме алма-кезек қарап. – Дәл қазiр, якут тiлiнiң көмегiмен анықтап тұрмын. «Аяқ» дейтiн сөздiң якут тiлiнде «ауыз» дейтiн мағына беретiнi рас бол са, онда «аяқ-табақ» – ас салып жейтiн табақ деген сөз, ал «ыдысаяқ» – ас салатын ыдыс. Осыған қалай қарайсыздар? Мына болжамың миға кiретiн секiлдi, – дедi Қуан аға. – Деген мен тiл бiлiмiнiң мамандарының қазанына қол сұқпай-ақ қойсақ қайтедi. 3-270
Жерден жетi қоян тапқандай боп, алып-ұшып тұрған көңiлiм сәл бәсеңдеп қалды. Қуан ағаның төрелiгi де дұрыс шығар. Аяқты абайлап басқан абзал болар. Бiз якут тiлiнiң ұқсастығын айтқанда, ол мүлде ұқсас деген ойды айтудан аулақпыз. Ондай қорытынды жасау бiздiң қолымыздан келмейдi. Ол үшiн көне түрiк тiлiн жете бiлу керек. Бiз әдейi ұқсас жақтарын айтып отырмыз. Бiр ескерте кететiн нәрсе – якут тiлiнде бiздiң Орта Азиядағы туысқан халықтардың кейбiрiнiң тiлiндегi мiндеттi түрде кездесетiн ерекшелiк кездеспейдi. Мысалы, өзбек тiлiнде кездесетiн «ин» сияқты жалғау жоқ (бар – бориң, ал – олиң, көр – көриң). Осы жағдайды түсiнiп, кездесуге жиналған халық бiзден тарих, әдебиет, мәдениет жөнiнен тереңiрек әңгiме күтетiнiн бiлген соң, арамыздағы ғалым Рахманқұл Бердiбаев бұл мәселелер жөнiнде тереңiрек әңгiмелеп жүрдi. Республиканың бiршамасын аралап, Якутскiге қайта оралғанда якут ғалымдарына қолды болып кеттi. Академияның Тiл мен әдебиетi жөнiндегi институтына барып әңгiме өткiздi. Осы жерде бiз якут халқының шығу тарихы, олардың сонау Солтүстiкке қалай жеткенi жөнiнде бiрер сөз айтуды жөн көрдiк. Елге оралған соң бiраз iзденiс жасауға мүмкiншiлiк туды. Ай өттi, жыл өттi – зерттеу ұлғая түстi. Бұрын белгiсiз деректер кездесе бердi. Ендi соны жинақтап көрейiк. Якуттардың тарихы жөнiнде алғаш қалам тартқан ғалымның бiрi – Н.К. Витзен (1641-1717 жж.). Бiр қызығы, Витзен Сiбiрге келген емес. Ол өзiнiң еңбегiн Сiбiр жөнiндегi барлық әдебиеттi мұқият зерттеп, өз көзiмен көрiп қайтқандармен сөйлесiп, Ресейдегi өзi бiлетiн азаматтармен хат арқылы байланысып тұрудың арқасында «Солтүстiк және Шығыс Татария» дейтiн еңбек жазып, Амстердам қаласында жариялайды. Осы еңбекте (1700 және 1705 жылы басылған) сол кездегi бар хабар түгел қамтылған болатын. Ол кезде Каспий теңiзiнен басталып, Едiл, Кама арқылы Тынық мұхиттың жағалауына дейiн алып жатқан өлкенiң аты – Татария деп жалпы аталатын. Витзен осы өлкеге байланысты мағлұматтардың бәрiн түгел жинақтаған.
Автор осы еңбегiнде якуттарды «ерте замандарда қалмақтармен болған соғыстың себебiнен Тобыл маңынан әлде одан да батыстау өлкеден бе, ығысып кеткен едi», – деп жазады. Витзен осы жерде якуттардың өз тарихы жөнiндегi ауызекi әнгiмелерiн тiлге тиек етiп, Байкалдың арғы жағынан буряттармен шайқасып қалуының салдарынан Ленаға қарай ауысқан деп жорамалдайды. 1692 жылы орыс үкiметiнiң тапсыруымен Москвадан Сiбiр арқылы Қытайға сапар шеккен Э.И. Идес (1657-1708 жж) күнделiк жүргiзiп отырған. Сол еңбегiнде Идес якуттарды Тобылдың маңын жайлаған могометандық татарларға тiлi ұқсас болғандықтан, «татарлар» қатарына жатқызады. Ол сонымен қатар якуттардың өздерiнiң ата-тегiнiң «монғол және қалмақ жерiнен» шыққанын айтатынын құптайды. Алғаш рет якуттардың ысыах мерекесiн атап кеткен де осы кiсi. ХIIII ғасырдың 20-жылдары Д.Т. Мессершмидт бастаған экспедицияның құрамында болған Ф.И. Тауберт-Страленберг Сiбiр халықтарының тiлiн зерттей келiп, «татар тiлi» деп аталатын топқа тобол, тюмень, турин татарларын, чуваштарды және якут тарды қосады. Осы әдiсi арқылы ол якут халқының шығу тарихы на тоқталып, оларды буряттар, қырғыздар және саян татарлары мен қосып, қырым татарларына туыстастырады (Ескерте кететiн нәрсе: бiрiншiден, бурятты осы тiзiмге қосуы қате, екiншiден, ол кезде түркi тiлдес халықтардың бәрiн «татар» деп атаған. Тiптен кейбiр ғалымдар бүкiл сiбiр халқына «татар» деген бiр-ақ ат берген. Дәл осы Страленберг эвенктердiң ата-тегiн «нағыз жа байы татарлар» деп атайды). Страленбергтiң бiр ұтымды жерi якуттардың өздерiн «саха» деп атайтынын дәлелдеп, бiр кезде Байкал маңында, Денци Тархан Тэгин деген елмен бiрге тұрғанын айтқаны. Бiрiншi Петрдiң ниеттестерiнiң бiрi В.Н. Татищев Сiбiр халықтарын тiлiне байланысты классификация жасайды: сла вян тiлiндегiлер, сармат тiлiндегiлер (финноязычные), татар тiлiндегiлер (немесе скиф тiлiндегiлер) және «Ұғымсыз тiлдiлер» (эвенк және палоазиат тiлiндегiлер). Аса көрнектi орыс тарихшысы академик Г.Ф. Миллер «ұлттың ерекшелiгi оның тұрмыс-салтына байланысты емес, тiлiне бай
ланысты» деп үзiлдi-кесiлдi тұжырым жасайды. Осыдан барып ол якуттар мен «татарлар ерте заманнан берi бiр ұлт болатын» деп қорытады. Миллер якуттардың Олекма мен Якутск маңына тұрақтауын шаруашылық әрекеттерiмен байланыстырады. Лена өзенi көбiне биiк әрi ирелеңдеген тау жыраларының арасы мен жүрiп отырып, осы екi қаланың маңында ғана жайылымға қолайлы жерлермен ағады. Ал якуттар – анау бастан мал өсiрiп күн көрген халық. Келесi бiр ғалым М.Э. Фишер якут халқының көне дәуiрiн түрiк тiлдес халықтардың жалпы тарихынан бөлмей, бiрге қарастыруды ұсынады. Тек Фишер түрiк тiлдi халықтарды Сiбiрдiң байырғы тұрғындары едi дегенге қарсы шығады. Оларды бұл маңға басқа жақтан ауып келген деп есептейдi. «Ресей мемлекетiнде тұратын халықтардын бәрiнiң сипатта масы» деп аталатын еңбектiң авторы И.Г. Георги «татар тайпала ры» деген ұғымды «түрiк тiлдес халықтар» деп түсiнген. Ал якут тiлi жөнiнде «тiлдiң түбiрi татар тiлi, бiрақ оған көптеген монғол және тунгуз (эвенк) сөздерi қосылған» деп қорытынды жасап, ал якут халқын монғолдардан тiптен бөтен ұлт деп түйедi. Бұл – ғалымның пайымдауы бойынша, түрiк тiлдес халықтар мекен деген аймақ Орал тауынан басталып, Енесей өзенiне дейiн, одан ары Ленаның орта ағысына дейiн созылып жатыр. Оның үстiне Георги – якуттардың ру мен атаға бөлiнетiнiн тұңғыш айтқан ғалым. XIX ғасырда якут халқы туралы өзiнше пiкiр айтқан ғалымның бiрi – Н.С. Щукин. Ол якуттардың оңтүстiк аймақтардан екенiн қолдай отырып, Ленаның орта ағысына жеткенi туралы мәселеге келгенде осы кезге дейiн айтылып жүрген болжамға қарсы шығады. Щукин якуттарды Енесей бойымен келдi, тек Байкал арқылы емес, керiсiнше Вилюй өзенi арқылы келiп, Ленаның жоғарғы ағысына содан көтерiлдi деп шамалайды. Кезiнде қолдау таппай қалған Щукиннiң осы пiкiрiн соңғы кезде бiрқатар ғалымдар қайта жаңғыртты. 1913-1914 жылдары өз зерттеулерiн бастаудың алдында Б.Э. Пе три Байкал маңын мекендеген бурят халқының бiр аңызына баса назар аударып, мұқият зерттейдi. Бурят қарттарының айтуы бо-
йынша Ангара, Куда және Лена бойындағы ескi құрылыстарды бiр кезде осы жерлердi мекен еткен «хоромшы дархат» – «Ку румчан ұсталары» («курумчанские кузнецы») салса керек. Осы бiр көне дәуiрдiң тұрғындары қаны, тiлi, мәдениетi жағынан буряттарға ешбiр қатысы жоқ. Осыған сүйенiп жүргiзген Б.Э. Петридiң қазба жұмыстары бурят аңыздарындағы «Курум чан ұсталарына» берiлген сипаттаманы толығымен дәлелдеген. Бұл халық шынында да нағыз ұста халық болған, олардың батпақты жерден алған рудадан қорытқан темiрлерi химиялық құрамына қарағанда, нағыз темiр. Сол курумчандықтардың ескi мекенiнде қалған заттардың арасынан көне түрiк тiлiнде ойып түсiрiлген руникалық жазуы бар дөңгелектер табылған. Осы жазуды алғаш оқып шығып, аудармасын жасауға әрекет еткен ғалым – якуттың әйгiлi ғалымы Г.В. Ксенофонтов. Осылайша, бу рят далаларынан табылған түрiк тiлiндегi жазулар якуттардың ата-бабасының жазуы, яғни «Элляй жазулары» деген болжам жасалды. Осы Ксенофонтов өзiнiң еңбектерiнде Вилюй бойындағы якуттардың ата-тегi курыкандар едi деген шешiм жасайды. Бұл ғалым Вилюй якуттарының ауыз әдебиетiндегi басым айтыла тын өндiрiс (темiр соғу өндiрiс қой), аңшылық және балық аулау мәселелерiн негiзге алып, якуттардың мал шаруашылығымен айналысқан негiзгi бөлiгiне қосымша вилюйлiк-курыкандық тобы болғанын айтады. Якуттардың ата-тегi курыкандықтар едi деген болжамды белгiлi совет ғалымы академик А.П. Окладников қолдайды. Ғалымдардын болжамдары осылай. Ал ендi «Элляйада» не дейдi? Жоғарыда айтылған Ксенофонтов якуттардың түп атасы деп есептелетiн Элляй туралы аңыздарды, оған қосымша әрбiр ру адамдарының өз тарихы туралы әңгiмелерiн жинақтастырған. Сол аңыздардың бәрi жоғарыда С.П. Данилов айтқан Элляй мен Күнняй туралы аңыздың төңiрегiнде құрылған. Есте бо латын жалғыз нәрсе – Омогой мен Элляйдiң ұлты жөнiнде. Әр ұлыстың аңызында осы мәселе әр түрлi айтылады (бiрде татар, бiрде қырғыз, бiрде тiптi, монғол, т. б.). Және бiр көңiл ауда
ратын мәселе – қаңғаластар жөнiнде (ғалымдардың айтуы бойынша, қытай жазбаларындағы кангюй қазақтардағы қаңлы, якуттардағы қаңғалас – фонетика заңдарына байланысты әр түрлi айтылып кеткен тайпа аты). Якут аңыздарының кез келгенiнде осы қаңғаластар негiзгi топ боп келедi. Якуттардың көпшiлiгi осы қаңғаластардан тарайды. Аты якут жерiнiң төрт түкпiрiне бiрдей әйгiлi атақты Тығын патша – осы қаңғаластардың қолбасшыбилеушiсi. Есте болатын бiр нәрсе, революцияға дейiн Якутия ұлыс пен наслегке бөлiнетiн. Сондықтан ұлыстардың кейбiрiнiң аты ру атымен аталғанмен, наслегтер – сол ұлыстардың атаға бөлiнген топтары. Осы қан қуалап бiрiккен топтардың алғаш ыдырай бастауы XVIII-XIX ғасырдың тұсы. Осылайша, якут халқының арасындағы руға бөлiну мәселесi ертерек ыдырай бастады. Оған себеп болған нәрселер: бiрiншiден, орыстардың келiп, етене ара ласып кетуi, екiншiден, якут халқының әлеуметтiк жағдайының «бай», «кедей» боп бөлiне бастауы. Мiне, якут халқының Лена бойына ығысып келуi жөнiндегi кейбiр ғылыми деректер мен ауыз әдебиетiнiң беретiн мағлұматтары осындай. Және ескерте кетейiк: якуттардың көне та рихы жөнiндегi жазба документтер жоқ, сақталмаған. Сондықтан ғалымдардың болжамының көпшiлiгi де ауыздан ауызға, атадан балаға тараған аңыз-әңгiмелерге сүйенедi. Ал бұл мәселелердiң бәрiн анықтай түсiп, белгiлi нүкте қою – ғалым ағайындардың алдағы жұмысы шығар. ПОЛЯР ШЕҢБЕРIНIҢ МАҢЫНДА Жиганск сапары. Енi алпыс шақырым өзен. Әр адамға бiр-бiр көл. Түнгi екiде батқан күн. Демалысын жұмыста өткiзген аңшы. Мектебiне үш айдан кейiн жеткен мұғалiм. Корольдi тақтан түсiрген комсомолец. Бiз Жиганскiге аттанатын болдық. Жолбасшыларымыз екi ақын. Бiрi – жоғарыда айткан Леонид Попов, екiншiсi – Верх
не-Вилюй ауданында тұратын Семен Руфов. (Қазiр Якутскiде тұрады. Журналдың бөлiм меңгерушiсi). Осының алдында республикалық радиокомитеттен келген бiр қарындас жүрер алдында қалайда радиоға бас сұғып шықпасақ, болмайтынын ескерткен. – Бармай қалсақ, не болады? – деген Қуан аға. – Онда Республиканың сiздер бармайтын аудандарындағы тұрғындары сiздердiң дауыстарыңызды естуден мақрұм қалады. – Бiзге өзiмiз баратын жерi де жетiп жатыр ғой. – Ал бiз үшiн, ел үшiн жеткiлiксiз. – Онда бұл тарих үшiн қиянат екен ғой. – Алдымен бiз үшiн қиянат. Онан соң тарихқа тiреледi. Ақыры мен үшiн сөгiспен аяқталуы мүмкiн. – Алла сақтасын, бiз үшiн сiзге берген сөгiстi өзiмiз-ақ арқалап кетейiк. Бесеуiмiзге бөлгенде неден тиер дейсiз. Артық жүк бо лып бара жатса, Красноярскiге тастап кетермiз. – Ленаның Енесейге тартуы демексiздер ғой. – Екi өзен бауырлас сияқты ғой. – Дегенмен күтемiз. Күтiптi. Бiз тiке аэропортқа тартуға шығып келе жатқанбыз. Телефон шар етiп, көтерiлген құлақшасы әңгiменi кешiрiм өтiнуден бастады. – Бүгiн демалыс күнi екенiн бiлесiздер. Бiрер ұйымдастыру мәселесi бiтпей қалып кешiктiк. Тез келiңiздер. Күтiп отырмыз. – Ау, қарындас-ау, бiрiншiден – бiз кешегi әңгiменi әзiлге жорығанбыз, екiншiден – самолет бiздi күтiп, қанатын қомдап тұрған сияқты, үшiншiден – Жиганскiнiң халқы бiрi қалмай түгел жиналып, бiздi күтiп, Ленаның бойындағы үлкен жардың үстiнде аспанға қарап тұрса керек. – Дегенмен келесiздер. Бiз жол бастаушыларымызға қарадық. Олар сағатына қарады. Сағат бас шайқатады. Ал бiздiң басымыз тiптен теңселiп тұр. Өйткенi бiз радиоға бару үшiн бiрдеме ойлануымыз керек кой. Жолбасшылар радиодағы әрiптестерiнiң нақ өздерi сияқты нұсқау алғанын бiлген болу керек, бiздi радиоға алып келiп, өздерi машинаның моторын суытпай, сыртта күтiп тұрды. Қуан аға «екi
өлең оқуға уақыт жоқ, ал алдымен Абайдың өлеңiн оқымай өзiме жоламаймын» деп ақын атамыздың өлеңiн оқып бердi. Басқалар кезегiмен iшке кiрсе, шыкқандар аэропортқа тартып жатыр. Соңғы адамдарымыз «ендi самолеттi бiздiң аяғымызға арқандап қойса да кешiккен болармыз» деп аэровокзалға кiрiп келгенде уһ деп бiр дем алды. Дәл сол кезде бiр сөйлесе бүкiл азропортты бiр өзi билеп алатын репродуктор «Самолет на Жиганск задержи вается» деп саңқылдап қоя бердi. «Отложеннiң» де бiр пайдасы тидi. Қуандықтың Абай өлеңiн оқудағы себебiн түсiндiре кетейiк. Осы орайда Қазақстанның әдебиет күндерiне байланысты iстеген қызметi үшiн Якутия баспасөзiне алғыс айтпауға бол майды. Алдында Якутия Жазушылар одағы келетiн адамдардың шығармаларын жiберiңдер деп өтiнiш жасағанда шарттасқан келiсiмiмiз болатын. Өтiп жатқан мереке бүкiл қазақ әдебиетiне байланысты болғандықтан, республика жұртшылығын қазақ әдебиетiмен мүмкiншiлiгiнше молырақ таныстыруды қалап едiк. Якутиялық жолдастар бiздiң ойымыздан әлдеқайда асып түстi. Әдебиет күндерi басталған күнi республикалық баспасөз Абайдың, Жамбылдын өлеңдерiн, Мұхтар Әуезовтің «Абай жо лынан», Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин шығармаларынан үзiндi жариялады. Осыдан соң апта бойы «Қыым» («Ұшқын»), «Социалистiк Якутия», «Эдэр коммунист» («Жас коммунист») газеттерi күн сайын бiздiң әдебиет өкiлдерiнiң шығармаларын жариялаумен болды. Сол тiзiмде ақындардан Нұрпейiс Байғанин мен Қайып Айнабеков, Әбдiлда Тәжiбаев пен Ғали Орманов, Асқар Тоқмағанбетов пен Жақан Сыздықов, Жұбан Молдағалиев пен Сырбай Мәуленов, Қалижан Бекхожин мен Хамит Ерғалиев, Аманжол Шамкенов, Марфуға Айтхожи на мен Фариза Оңғарсынова, прозаиктерден Сапарғали Бега лин, Сейтжан Омаров, Хизмет Абдуллин, Тахауи Ахтанов, Тәкен Әлiмқұлов, Оралхан Бөкеев және басқа көптеген Қазақстан қалам қайраткерлерiнiң шығармаларының жарияланғанын айтудың өзi жеткiлiктi болса керек. Әлгiнде айтқан радиокомитеттiң бiздi қинап жүргенiнiң бiр себебi болатын. Бiз Алматыдан Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,
Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароковтардың өз дауыстары жазылған пластинка ала кеткенбiз. Алғашқы кездесуде-ақ келген делегацияның құрамы аз болғанмен, ал дымен ақсақалдар сөйлесiн деп сол пластинкаларды берiп едiк. Радионың сол пластинкаларды әдеби хабарында түгел пайдаланған соң, ендi келгендердiн өзi сөйлесiн деп бiздi құлағымыздан сүйреп жүргенi осы. Осы сапардан бiздiң ойымызға түйген бiр мәселемiз: бiрiншiден, көрнектi ақын-жазушылардың дауысы жазылған пластинкалардың көп болуы қажет, екiншiден, әдебиет күндерi (бiз барайық немесе олар келсiн) өткенде тек келгендер мен барғандардың творчествосымен шектелмей, сол ел әдебиетiн кеңiнен насихаттау. Бұл жөнiнде якутиялық достар үлкен еңбек еттi. Онысына әлi рахмет айтулымыз. Самолет кешiккен соң жол жетекшiлерiмiз бiздi ұшқыштардың сапар алдында дем алатын бөлмесiне алып барды. Бөлмеде бiзден басқаның бәрi – Аэрофлоттың шекпенiн жамылған жiгiттер мен қыздар. Бiздiң конақ екенiмiздi артынып-тартынып жүрген сыңайымыздан байқаған ұшқыштар ықылас бiлдiрiп, төрлерiн ұсынды. Шетiректе отырған бiр-екi адамның жүздерiнен терең ойдың iзi байқалады. Тiптен әлгiнде бiз кiре берген де солардың бiрiнiң «сол кездегi жағдай еске түссе, трассаның қиындығын ойға алсақ – олардың еңбегi нағыз ерлiк едi ғой» де ген сөзiмен бiрге «Аляска», «Сiбiр» деген атауларды құлағымыз шалып қалған. Ақыр қарап отырған соң, ендi сол әңгiмеге ортақ болғымыз келетiнiн сездiрдiк. – Бiз Ұлы Отан соғысы кезiнде Аляскадан Сiбiрге әскери са молеттер жеткiзген ұшқыштар жөнiнде әңгiме жасап отыр едiк. Сонда аварияға ұшыраған самолеттiң бiрiнiң қалдығы жақында Верхоян тауларының маңынан табылған, – дедi бiр ұшқыш. – Иә, иә, – дедi Қуан аға құлағын түрiп, мамық орындыққа жайғасып отырып жатып. – Ол қандай трасса? Кiм салып жүр оны? Неше самолет әкелген? Якутскiге қонып па солар?... – Сұрағыңыз көбейiп кеткен жоқ па, Қуан аға? – дедiк бiз. – Асықсаң, кете бер. Мен әлгi трассаның мән-жайын түсiнiп ал май, осы орыннан қозғалмаймын.
– Сiзге баяндап беруге тура келдi, – дедi ұшқыштардың бiрi. – Тек есiңiзде болсын: мен есiткенiмдi айтайын. Өзiм көргенiм жоқ. Ол кезде әлi жалаң аяқ жүрген сәби едiм. – Бiзде жалаң бұт, – дейдi дедi Қуан аға. – Ауылдарыңыздың күнi ыстық қой, мүмкiн, солай айтатын шығарсыздар. Ал бiз... – Қойдым, қойдым, iнiшегiм, әлгi әңгiмеңдi басташы. – Мақұл, бастайын. Ұлы Отан соғысы кезiнде америкалықтардың бiзге бiрқатар соғыс техникасын берiп, азық-түлiктен көмек көрсеткенiн бiлесiздер, соны Америка құрлығынан бiздiң елге жеткiзу үшiн қандай қиыншылықтар болғанын және бiлесiздер. Американдықтар бiздiң елге бермек болған әскери самолеттердi жеткiзудiң өзi бiр машақат болатын. Соның бiрiншi жолы – Американың батыс жағалауларындағы порттардан шыққан кеме Тынық мұхит пен Үндi мұхитынан жүзiп өтiп, Араб теңiзi мен Парсы шығанағы арқылы Басыра портына келедi. Осы жолда кеме екi ай жүзiп жүредi. Сонан соң самолеттердiң бөлшектерiн (кемеге арту үшiн бөлшектемесе болмайды ғой) вагондарға ар тып, Иран арқылы СССР-ға жеткiзу керек. Екiншi жол – Американың шығыс жағалауынан шыққан кеме Мурманск немесе Архангельск портына келiп жетуi керек. Бұл төтелеу жол, тек фашистердiң Норвегияда орналасқан әуе және теңiз күштерi одақтастардың керуенiне шабуыл жасап, қауiп төндiрумен болды. Сондай керуеннiң бiрi жөнiндегi оқиға соңғы кезде өте жиi аталып жүр, тiптен үлкен-үлкен кiтаптар жазылу да. Осы «Р-17» керуенiне фашистер 1942 жылдың июль айында шабуыл жасап, 35 кеменiң 21-iн теңiзге батырып жiберген. Суға батқан кемелерде 210 самолет, 430 танк, 3350 жүк машинасы және 100 мың тоннадай әскери құрал-жабдық болатын. Сондықтан СССР Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетi осы жүктердi, әсiресе самолеттердi барынша аман сақтап, тезiрек жеткiзудiң мәселесiн қараған. Аляска – Сiбiр трассасының жобасы өмiрге осылай келген. Бұл жоба бойынша Аляскадағы Фэрбанкс аэропортынан аспанға көтерiлген самолеттер Беринг бұғазының үстiнен ұшып өтiп, Чукотканың орталық аудандары, Колыма, Якутия арқылы Красноярскiге келiп қону керек. Әуе жолының
қашықтығы – 6500 километр. Оның 500 километрi – мидай тун дра, аса биiк тау қыраттары, ит тұмсығы батпайтын тайга арқылы өтедi. Бұл маршрутта көлденең қырқып өтiп жатқан Анадырь, Колыма, Яна, Лена, Енесей өзендерi болмаса, ұшқыштар бағдар жасайтын жол, елдi мекен сияқты белгiлер мүлдем болмайтын. Магнитті компастар бұл маңда онша дәлдiк көрсете алмайтын, әрi десе аймақтың дәл жасалған картасы да жоқ едi. Дегенмен басқа жол жоқ. Сондықтан жедел шаралар қолданылып, белгiленген маршрутта жаңа аэродромдар салына бастады. Соларды салудың қаншалықты киын болғанын мына бiр эпизод байқататын болса керек. Анадырьдың маңындағы аэродромды теңiздiң iшiне кiрiп жатқан бiр құмды шығанаққа орнатуға тура келген. Осы шығанақтағы қиыршық тасты жердi Анадырьдағы жалғыз трактормен тегiстеп, Владивостоктан екi кемемен әкелiнген тақтайшаларды бiр-бiрiне шегелеп, шарбақ жасайды. Кемемен әкелген тақтайшалар мен шегенi әлгi шығанаққа жеткiзудiң өзi де мұң болса керек. Шегенi арқалап тасыған жұмысшылар (машина жоқ қой), тақтайшаларды жағаға толқын айдап келер деп тiке теңiзге тастаса керек. Шынында да толқын өз қызметiн атқарыпты, тек бiр жерге жинау қолынан келмесе керек – үш-төрт шақырым жерге шашып тастаған. Оларды жинастырып, арқалап тасыған да әлгi жұмысшылар. Ақыры шарбақ дайын болған соң соны жерге төсеп, әбден тап тап, үстiн балшықпен сылап тастайды. (Бұл жерде балшықтың табылғанына да шүкiршiлiк дей берiңiз). Мiне, осы ағаш пен балшықтың қоспасынан кұрастырылған ұшып-қону алаңы күздiң соңғы айларында теңiздi шторм билеп алған мезгiлде жасалған екен. Трасса бойында жасалған құрылыстардың көпшiлiгi дәл осындай ауыр еңбектi талап етсе керек, бiрақ трасса белгiленген мерзiмде дайын болып, самолеттер жеткiзiле бастаған. Жалпы трасса беске бөлiнiп, соның әрбiр бөлiгiн бiр авиациялық полк иемденген. Өз бөлiгiнде сол полктің ұшқыштары самолеттердi келесi полкке жеткiзiп берiп отырған. Яғни кәдiмгi эстафета әдiсiн қолданған. – Бiздiң экипажымыз сияқты болды ғой, – дедi Қуан аға ұшқыштың сөзiн бөлiп.
Бiз түсiне қойдық – Красноярскiде қалған экипажды айтып отыр. Ал ұшқыштар түсiнбедi. Түсiндiруге тура келдi. – Дұрыс, Қуандық Төлегенович, тек әскери ұшқыштар қайтар жолында бiр самолетпен қайтқан. Иә, сонымен осы трассаның ең ауыр шамасынын бiрi Сейчман мен Якутскiнiң арасындағы 1200 километрлiк жол екен. Бұл жерде аса биiк әрi ұзаққа со зылып жатқан Черский және Верхоян тау қыраттары бар. Жер бетiндегi ең аязы қатал жер – Оймякон де осы жолда. Сондықтан самолеттер өте жоғары көтерiлiп, нағыз суық ауаның iшiмен ұшуға мәжбүр болады. Ұшқыштар оттегi маскаларын киiп алады. Өзiңiз ойлаңызшы, ешқандай жылытатын құралы жоқ самолеттiң iшiнде төрт сағат бойы самолет тұтқасын ұстап отыру оңай емес қой (автопилот болмаған). Ал истребитель де жалғыз-ақ орын барын және бiлесiз, ауысып отыра қоятын көмекшi жоқ. Самолеттер топ-тобымен жеткiзiлiп отырған ғой. Осындай топтар аспанға көтерiлгенде белгiлеп алған ретiмен ғана ұшады екен. Бастаушы самолет – бомбардировщик. Онда ұшқышпен қатар радист және штурман отырады. Сонан соң истребитель дер сап түзейдi. Ал топтың соңында және бомбардировщик. Ол топтағы барлық самолеттiң жағдайын байқап отырады. Трассаның соңғы екi бөлiгiнде (Якутск – Киренск және Ки ренск – Красноярск) самолеттер көбiне Лена өзенiн бойлай ұшқан. Бұл маңда иiн тiресiп тұрған орманды алқап көптеу. Сондықтан ұшқыштарды көп әбiгерге салған екi нәрсе: бiрi – қысты күнгi суық аяз бен қалың тұман, екiншiсi – жаз кезiндегi өртенген орманнан көтерiлген түтiн. Айтпақшы, трасса бес ке бөлiнген дегенге сiздер самолет бес-ақ рет қонады екен деп ойламаңыздар. Бұл авиадивизияның полктерінің бөлiнуi ғой, немесе самолеттер талай қонып, талай көтерiледi ғой жол бойы. Осы трасса 1942 жылдан бастап бiрнеше мың самолет жеткiзiптi. Сонша ауыр жолдың өзiнде бiздiң ұшқыштардың шеберлiгiнiң арқасында жеткiзiлген самолеттiң санына шаққанда авария 0,2 процент қана болған. Осы жұмысқа басшылық жасаған – белгiлi поляр ұшқышы, Советтер Одағының Батыры, авиация генералы Илья Павлович Мазурук. Әлгi бiрдi-екiлi авария
кезiнде қалған самолеттердiң бiрi жақында табылған. Бiз соны әңгiме етiп отыр едiк. – Рахмет... Бiздiң кешiккенiмiзге ептеп ренжiген Жиганск қабағын жазған болу керек, репродуктор және айқай салды: «Жиганск самолетiне отыру басталды». Тұра ұмтылдық. Құйрығынан ашылатын «ЯК-40» самолетiнiң қанатының астынан өтiп, қаз-қатар тұра қалғанбыз. Самолеттiң iшiне кiргенде сүп-сүйкiмдi, ал отырар алдында үзеңгiге аяғыңды сала бергенде қаталданып тұрып ала тын көк пилотка киген қарындастың бiрi келiп алдымызды кескестей қалды. – Самолетте бiр адам артық. – Ау, бiз делегация едiк, қалай бөлiнемiз. – Онда Аэрофлоттың шаруасы жоқ. Қалған адам кейiнгi рей спен ұшады.. – Қарындас-ау… – Түсiңiз! Көзiмiз жәудiреп жол басшыларымызға және қарады. Олар үнсiз. Семен Руфов қолындағы билетiн көрсетедi. Билетiмiз же теу, ұшатынымыз алтау. – Жiгiттердiң бiрi қалсын, – дедi Леонид Попов. – Сонан соң қалай жетедi? – дедi Семен. – Келесi рейспен. – Адасып кетсе қайтедi! – Оған аэрофлот жауап бередi. – Әңгiмеге көк пилоткалы қарындас араласты. – Бұлар қонақ қой. – Онда сiздердiң бiреуiңiз қаласыз. – Бiздер... – деп сөзге Попов араласа берiп едi, Семен кесiмiн бiр-ақ айтты: – Мен қаламын. Бiз ұшып кеттiк. Семен қалды. Поповтың қиналған себебiн кейiн бiлдiк. Бiздiң басқан қадамымызға дейiн мөлшерлеп, қамқор болып жүретiн Семен екен. Попов бұл мәселеден бейха бар. Қалса да қиналады, ұшса да қиналады. Ақыры ұшып кеттi. Самолет дөңгелектерiн бауырына жинап ала сала-ақ бiз Семен Руфовтың кұлағын бiраз шулаттық. Амалсыз астана
да қалып қойған ақын жөнiнде әңгiмелесiп отырып, бiраз жер ге келiп қалғанымызды байқамаппыз. Бiр кезде самолеттегi жолаушылардың көбi иллюминатор арқылы жерге үңiлдi. Бiз де үңiлдiк. Тек бiр өндiрiстi ауылдың бейнесiнен басқа ештеңе көре алмадық. Амалсыз сапарлас болған жолаушыларға үн қатуға тура келдi. – Мұнда не бар? – Бұл бiздiң Якутскiнi жылуға бөлеп отырған, қазандарымыздағы асты пiсiрiп отырған үлкен ошағымыз ғой. – Түсiнбедiк. – Мен түсiндiрейiн, – дедi менiң қасымда отырған жiгiт ағасы болып қалған кiсi. – Осы ошаққа тұңғыш рет от жағылғанда iргесiнде болғаным бар едi. Якутия жерiнде мұнай мен газ бо луы ықтимал деген болжамды геологтар Ұлы Отан соғысының алдында-ақ болжалдап қойған. Тек олардың осы ойларын дәлелдеуге соғыс кесiр боды. Соғыстан кейiн Якутия жерiне скважиналар орнатыла бастады. Бұл барлау скважиналары едi. Соның бiрi Вилюй өзенiнiң Ленаға құяр сағасындағы Таас Тумус (Тас мұрын немесе Тас тұмсық) деген жерге орнатылды. Бiрде бұрғының ұшындағы қашауды ауыстыру үшiн жұмысшылар жерге сiңiп кеткен құбырды көтере бастады. Осы кезде бiр бөгелiс байқалды. Соңынан құбыр қайта көтерiлдi. Тек ең соңғы құбыр жер бетiне шыққанда бұрғышылар сандарын бiр-ақ соқты. Жер бетiне құбыр түгел шықпаған – скважинада кем дегенде төрт жүз метр құбыр қалып қойған. Бұл әжептәуiр машақат авария. Мұны қалпына келтiру үшiн көршiлерден барып, өзiмiзде жоқ құралды алып келу керек. Сондықтан скважинаға бөтен бiрдеме түсiп кетпесiн деп үстiн жауып, ауыр нәрсемен бастырып қойдық. Бiрнеше күннен кейiн жердiң астында бiр гуiл басталды. Түн болатын. «Бұл не?» – деп орнымыздан тұрып, скважинаға жете бергенiмiзде баяғы үстiн бастырып қойған, салмағы кем де генде екi центнер келетiн темiрiмiз анадай жерге ұшып кеттi. Тақта мен ағаштар сiрiңкенiң шиiндей сарт-сұрт сынып жатыр. Бiр кезде скважинадан кеменiң мачтасындай тiп-тiк көтерiлген қоймалжың лай атқылай бастады. Ол скважинаның темiр торла рына тиiп, ендi металл уiлдей бастады. Аздан соң ылай таусыл
ды да, оның орнына скважинадан көгiлдiр бағана атқылады. Сол көгiлдiр бағананың ұшы аспанға барып жоқ болып кетiп жатыр. Осылайша 1956 жылдың 15 октябрь күнi Якутия жерiнде тұңғыш газ атқылай бастады. Ол екi километрлiк тереңдiктен өте жоғары қысыммен шыққандықтан, ендi бүкiл төңiректi тек ысқырған бiр дыбыс билеп алды. Бұдан кейiн Собо кыя, Толон, Ниджили, Бадаран, Мастах, Ба рынан деген жерлерден «көгiлдiр отын» қоры табылды. Осы байлық көздерiн ашуда бiздiң көп ұлтты Отанымыздың көптеген аудандарының өкiлдерiнiң сiңiрген еңбектерi мол. Якутиялықтар аса бiлгiр 26 жұмысшыны соңына ерте келген бакулық Бахрам Данияровтың, өз жерлестерiмен бiрге кел ген башқұрт бұрғышы (бурилыцик) А.З. Губайдулиннiң, орыс В.Н. Дульскийдiң есiмдерiн әр кезде құрметпен атап, естерiнде сақтайды. Қазiр республикада солардан тәжiрибе алған якут жiгiттерi Николай Уваровский, Афанасий Абрамовтар өз iсiнiң бiлiктi шеберлерi аталады. Жалпы бiздiң республикамызда газ өндiру жөнiндегi пер спективасы аса жоғары деген аудандардың жер көлемi 800 мың шаршы километрден асады деп есептейдi. Бұл жөнiнде академик А.А. Трофимуктың «бейнелеп айтқанда, Лена-Вилюй мұнай-газ провинциясы барынша мол қатталған «пирог» деген сөздерi бар. Осы «көгiлдiр отынның» көзi ашылған соң, соны қалайда халық игiлiгiне тезiрек жаратудың жолы қарастырыла бастады. Соның бiрi – төрт жүз шақырымдай жерде жатқан Якутскiге газ ды төкпей-шашпай жеткiзу. Ол үшiн құбыр төсеу керек. Ал мәңгi тоңның үстiнен құбыр төсеу – әлi тәжiрибеде қолданылмаған әдiс болатын. Оның үстiне құбыр жүргiзiлетiн трасса әлi адам аяғы баспаған тайга арқылы өтедi. Жол-жөнекей үлкендi-кiшiлi он жетi өзен бар. Дегенмен кұрылысшылар табиғаттың бұл дүлейлерiне де құрық сала бiлдi. Құбырды дөңестеу жерге кел генде жердiң астына көмсе, ойпаңдау жерлерде жердiң үстiне аспа көпiр сияқты етiп орналастырып отырды. Оның үстiне құбырларды ирек-ирек етiп қаластыру қажет. Ең қиын болғаны – жол жоқтықтан кұбырлар вертолетпен тасылды, жаз кезiнде таған қазу жұмысы мүлде тоқтап қалады – оған бiр сәтте-ақ су толады
да қалады. Ал кiшкене ғана Муиха өзенiне келгенде аспа құбыр орнатудың мүмкiншiлiгi болмағандықтан, құбырды өзеннiң ұлтаны арқылы жүргiзуге тура келдi. Дегенмен газ Якутскiге жеткiзiлдi. Тiптен одан әрi созылып, республиканың құрылыс индустриясының орталығына айнала бастаған Бестяхқа жеткiзiлдi. Ал газдың бiздiң республика үшiн қандай қажет екенiн айтудың қажетi шамалы болар. Ең жабайы мысал – орман оңды-солды кесiле бермей, аман сақталады. Ал баллондарға құйылған қоймалжың газ – бiздiң малшылар мен аңшылар үшiн нағыз асыл қазына... Бiз әлi ұшып келемiз. Ә дегенше-ақ жайқалған орман мен жауыннан соң одыр-бұдыр жерге үймелей қалатын шалшық су сияқты шыпырлап жатқан көлдiң үстiне қалықтадық та қалдық. Көз көретiн жердiң бәрi орман, орманы жоқ жер көрiне қалса, тұнып тұрған су. Жол ұзақ. Сондықтан Жиганскiге жеткенше сол орман мен суды ермек ете тұрудан басқа амал жоқ. Өзi одақтағы жер көлемi жағынан ең үлкен республика территориясының (РСФСР-дiң бестен бiр бөлiгi) қырық процентiн орман қаптап тұр. Сол орманның бiр жылдық өсiмiнiң өзi тоқсан миллион текше метр екен. Ал қазiргi кезде осы жылдық өсiмнен жыл сайын бес-ақ процент ағаш пайдаланылады. Сонда орман байлығының қаншалықты екенiн есептей берiңiз. Оның үстiне қандай орман? Тундраның аласа шатқал ағаштарынан бастап, қарағай, шырша, қайың, көк терек, сiбiр самырсыны, шетен, терек, май қарағай, ал ең көбi – «Сiбiр еменi» аталған даур бал қарағайы. Ағаштың неге қажет екенiн айтып жату артық, оны пайдаланудың ең жабайы түрiн екi жасар балаға дейiн бiледi. Ал осы орманның көп екенiн көзге басқаша елестетiп көрiңiзшi. Элляй сияқты бiр палуан шығып, сол ағаштың бәрiн отынға кесiп тастады дейiк. Сонда кесiлген ағаштарды көлденеңi де, биiктiгi де он метр етiлiп, Якутск мен Алматының арасына төселсе, кемiнде отыз қатар болады екен. Орман... Осы орман, орман дегенде бiз бұрын көбiне сол ұғымның байы бына бара бермейдi екенбiз. Бiз үшiн ол жұптаса, қосарласа өскен ағаштың жиынтығы болып көрiнетiн. Сонда дәл осылай жұптаса
өскен ағаштар бақтар мен тоғайларда да бар емес пе? Демек? Демек, бұл орманшылықтың классигi атанған профессор Г.Ф. Морозовтың айтуы бойынша, «орман – географиялық құбылыс». Демек, бұл табиғаттағы әлемдiк мұхит немесе совет әдебиетiнiң классиктерiнiң бiрi Леонид Леопов «Орыс орманы» деп аталатын романында «Орман – Отан» дейтiн ұғымға енетiнiн балаларға жалықпай түсiндiрумен болыңдар» деп жазған. Ал әйгiлi педагог К.Д. Ушинский орман сәбилердiң санасына педагогтің насихаты нан әлдеқайда молырақ әсер етедi», – деп тұжырымдаған. Орман – елдiң ұлттық байлығы. Жер бетiндегi ағаштың төрттен бiрi бiздiң елiмiзде. В.Л. Комаров атындағы ботаникалық бақтың ғалымдарының есептеуi бойынша, бiздiң ормандарда жемiстiң биологиялық дақылының жалпы салмағы – 11,3 млн. тонна, саңырауқұлақ – 3,3 млн. тонна, жаңғақтар 700 мың тонна дай болса керек. Бiздiң елiмiзде орман көбi рас. Бiрақ соны көп екен деп оңды-солды қирата беруге тағы болмайды. Рас, орман табиғат байлығының бiржола жойылып кетпей (мысалы, көмiр, темiр) қайта қалпына келетiн түрiне жатады. Тек ол үшiн уақыт керек, ұзақ уақыт керек. Оның үстiне басқа өсiмдiктердiң бәрiне келген де мәпелей қарайтын адам баласы орманға келгенде керiсiнше әрекет етедi. Мысалы, егiншiлер кез келген дақылды ұрыққа қалдырғанда соның ең әлдiсiн, өнiмдi мол беретiн түрiн таңдап жүрiп қалдырады. Ал орманға келгенде керiсiнше әрекет етедi – ағаштың ең биiгiн, сымбаттысын, өмiрге бейiмдiсiн қырқып ала ды. Сондықтан орманға деген көзқарас бұрынғыдан да күшейе түсу керек, оның қайта қалпына келу жағына баса назар ауда ру керек. Қазiргi кезде бiздiң елiмiзде орманға осы тұрғыдан қарай бастады: оның өрттен аман сақталуын, жаңа көгерген тал шыбықтың өсуiн бақылайды, тұқым сеуiп, жаңа ормандардың негiзiн салады. Жоғарыда бiз Якутия халқының жалпы саны алты жүз сек сен мыңдай екенiн айтқанбыз. Егер осы халық бесiктегi баласы нан еңкейген қартына дейiн бiр-бiр көлге иелiк еткiсi келе қойса, еншiлеседi де алады. Бәрiне бiр-бiр көлден жетедi. Өйткенi көлдiң саны да алты жүз жетпiс мыңдай (түгiн қалдырмай санаған бiр 4-270
ғалымның дәлелi бойынша – 708 мың). Оның үстiне үлкендi-кiшiлi жиырма үш мың өзен барын және ұмытпаңыз. Бала кезiмде мек тепте география пәнiнен алған хабарым бар, дегенмен бiр жолы «мың көл елi» атанған Финляндияға барғанда көлдiң көптiгiне таң қалып, жағамды ұстағаным бартын. Сөйтсем, өзiмiздiң Яку тияны көрмей жүр екенмiн. Көлiнiң көптiгiн мақтан тұтатын фин азаматтары Якутияға келе қалса, әбден-ақ намыстанатын болу керек. Осы көлдер мен өзендер – якут халқының үлкен бiр байлығы. «Көгiлдiр жолдың» қасиетi бұл жақта әлi де өте жоғары саналады. Республика бойынша тасылатын жүктiң сек сен процентi «көгiлдiр жолдармен» тасылады. Солардың iшiндегi ең алыбы – әйгiлi Лена. Ол оңтүстiктегi Осетрово станциясы нан Мұзды мұхиттың жағасындағы Тикси портына дейiн 3500 километрлiк жолмен жүк жеткiзедi. Ол жөнiнде Якутияда «Емiнеркiн ұйықтағың келсе, Ленаға шық» деген мәтелге айналып кет кен қағида бар. Бұл табиғаттың өзi жасап берген жолмен тасыл майтын жүк жоқ. Бүкiл Якутияның өнеркәсiбiнiң өркендеуiне осы жалғыз өзеннiң үлкен әсерi болғанын жұрт мақтанышпен айтады. Оның үстiне Алдан, Вилюй, Оленек, Колыма, Индигир ка, Яна сияқты өзендердi қоссаңыз – су жолының құдiретi бедер лене түседi. Әрi бұл жолдардың басқа жолдардан бiр ерекшелiгi – қысы-жазы бiрдей қызмет ететiнi. Қыс кезiнде тасылатын жүк баяғы сексен проценттен тоқсан процентке бiр-ақ шығады. Темiр жолдың тапшылығы белгiлi, бетон жол қанша жылдам қарқынмен салынса да жетiмсiз, ал осы өзендерге қатқан мұз қауiп-қатерi мол болғанмен, сайрап жатқан сақа жол. Жүк транс порты осы жолмен жүредi. Теңiз навигациясы деген сияқты мұнда автонавигация деген термин бар. Теңiз жазды жақсы көрсе, авто навигация – қыстың құлы. Ол октябрьден басталып, майдың жа рымына дейiн созылады. Сондықтан автотранспорттың атқарар қызметi де орасан зор. Мәселен, автотранспорттың бiр жылда таситын жолаушыларының саны республика халқының саны нан жетпiс есе көп. Автомобиль жолының ұзындығы он алты мың шақырым, яғни Москва мен Якутск ара қашықтығынан үш есе көп. Осы жолдарда жұмыс iстеген бiр айдаушының мынадай әңгiме айтқаны бар.
– Менiң туып өскен жерiм – Волга бойы. Алғаш келiп жұмыс iстеген жылдары жылдамдық деген бәледен құтыла алмай, та лай сарсаңға түскенiм бар. Бiздiң ғасырды жылдамдық ғасыры деп атайды ғой. Сол жылдамдықты бiздiң шоферлар да жек көрмейдi. Заулатып жүргенге не жетсiн, қолыңнан келсе. Бiздiң жолда ол қолыңнан келе бермейдi. Мұз үстiнде тормоз бергенде машинаның шыр айналып, қайдан келiп, қайда бара жатқаныңды бiлмей қаласың. Космонавтардың салмақсыздық дейтiн қасиетiн осындайда бiр сезiп қаламыз. Ал мұз ери бастағанда кеңiрдегiңнен балшық кешiп жүретiн азапты бұған қоспаңыз. Ол кезде, әрине, бiз судың үстiн сызып, ұшып жүрмеймiз, мұзы ерiген қара жолға шығамыз ғой. Бiрақ бұл жолдар да оңайға түсiп жатқан жоқ. Қақайған қара суықтағы азап еңбектi былай қойғанда, сол жолдың әрбiр шақырымы үш жүз елу мың сомға түседi екен. Бiз осы Лена-ананың арнасын бойлап, солтүстiкке ұшып келемiз. Төмендегi көрiнетiн – баяғы айтқан орман мен көл. Бiр кезде Жиганск көрiндi (Этимологиялық мағынасын эвенктердiң «эдигэм» деген сөзiмен немесе эвендердiң «эдиг» деген сөздерiмен байланыстырады. Бiрiншi жағдайда, ол өзеннiң төменгi ағысының тұрғыны деген, екiншi жағдайда – төменгi өзеннiң құяр сағасына жақын деген мағына бередi). Аудан орталығы, кiшiрек поселке. Аэропорттың үстiне келсек, әлгi көрiнген поселкеден бөтен бiр селоға қонатын сияқтымыз. Жерге түскен соң сұрармыз деп жол бастаушымызды қинаған жоқпыз. Бiздi қарсы алған аудандық партия комитетiнiң бiрiншi секретары Васильев Николай Егоро вич пен Атқару комитетiнiң председателi Баланов Иван Петро вич және бiр топ жолдастар, пионерлер. Кабинетке кiрiп, жөн сұрап, жүз танысқан соң қонақ үйге алып келдi. Бұл авиаотряд жатақханасы екен. Бөлмеге келе бергенде: – Ассалаумалейкум, – деп қазақша сөйлеп, қарсы келген жiгiттi көргенде Қуан аға: – Ей, сен қайдан жүрсiң? – дедi сәлемiн қабыл алуды да ұмытып кетiп. – Ауылдан.
– Ауылың қайда? – Тиксиде. – Тиксиде?! – Тиксиде. Сонда ұшқыш болып қызмет iстеймiн. Осында рейспен келiп едiм, аспан пiрiне жақпай қалып, ауылымызға қайта алмай тұрмыз. – Солай де. Қызық... – Солай болып тұр. Тек қызық ештеңесi жоқ... Бiз поляр ұшқышы, талдықорғандық Бертiс Сәметовпен осы лай кездестiк. Кездесу мұнымен аяқталған жоқ. Корнеев Павел Сергеевич: – Бiр жерлестерiңiзге кездестiңiздер. Онда танысуды түгел аяқтап алайық. Ақтөбеден ешкiм бар ма? – дедi бiздiң әңгiмемiздi аяқтатпай жатып-ақ. – Е, мiне, осы Қуандық Шаңғытбаевтың нақ өзi. Сұраса келе екеуi бiр мектепте оқыған, ақтөбелiк көптеген аза маттар екеуiнiң де араласып жүрген жолдастары болып шықты. Қаланы сұрап, көшенi сұрап шүйiркелестi де қалды. Кешкi кездесу аудандық клубта өткен. Бiздiң жiгiттер әңгiме айтты, шығармаларын оқыды. Олар да өз өнерлерiн көрсеттi. Кездесу бiткен кезде уақыт әжептәуiр болып қалған сияқты едi, сыртқа шықсақ, дала жап-жарық. Қараңғының түсетiн ойы жоқ. Ендi аудан басшылары Ленаның бойына ертiп келдi. – Ұшқыштар аспанға серуендетушi едi, ал бiздiң ұшқыштар сiздердi өзенмен серуендетпек. Әуе кемелерiне сенiңкiремей тұр. Мына катермен Ленаға шығып, ертең қайтып келемiз. Бiз түнiмен Ленада болатынымызға сене қойған жоқ едiк. Ол рас болды. Серiктерiмiз: ауданның екi басшысы, совхоздың ди ректоры, катердiң жүргiзушiсi, механигi, бастығы. «Мен бәрiбiр, тиксилiкпiн, аспан ыңғайын байқап осында қаламын. Сiздер қайтқанша, мүмкiн, ауылыма барып қайтармын», – деп Бертiс қалып қойды. Катер жағаға жақын жүрiп келедi. Көз алдыңда – бiрiнен бiрi көркем, бiрiнен бiрi бөлек табиғат тамашалары. Жеке тұрған жартастар, қиыршық пен ағаш жарықшақтарының үйiндiсi небiр қиялға қонбайтын нәрселердi көз алдыңа елестетедi. Солардың
арасынан адам қолымен жасалған кұрылыстардың қалдығын, бiздiң Көкшетаудағы Сандықтас, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр сияқты мүсiндердi байқағандай боласың. Төмендей соққан жел өзен бетiн теңiз толқынындай етiп-ақ шайқайды. Ұзақ жүрдiк. Күн сол қалпы, бiр орынға шегелеп қойғандай қозғалмайды, дала жап-жарық. «Аграфена мүйiсiнен» өткенде жол бастаушылар: – Поляр шеңберiнен өттiк. Ендi сiздер поляр шеңберiнiң арғы жағындасыздар, – дедi. Бұдан бiзге көрiне қойған көп өзгерiс бiлiнбейдi. Жалғыз байқалғаны – тайга сирей, аласара түсiп, лесотундра басталған секiлдi. Айтпақшы, дәл осы маңда Лена жылым-жылымға бөлiнiп ағады екен. Өзеннiң ортасына орналасқан аса көркем аралдар. Олардың жағалары бiрде жайуат болып келсе, бiрде тiк жар боп келедi. Орман иiн тiресiп тұр. Сол орман мен алаңдарда аңның талай түрi бар көрiнедi. Аралдардың өзiне тән көлдерi бар. Онда құстар қаптап жүр. Нағыз қорықтын өзi дейсiң де қоясың. Осы аралдардың саны қырық төрт, жергiлiктi халық оларды «қырық төрт батыр» («Сорок четыре брата») деп атайды екен. Бiз баратын жерiмiздiң қайда екенiн бiлмесек те, әзiрше бар ойымыз – күндi батыру. Сол қызық болып тұр. Ақыры күн ұясына батты-ау дегенде сағатқа қарасақ – якутия уақытымен түнгi екiнiң шамасы екен. Бұл кезде бiз кешкi асымызды әлдеқашан iшiп қойғанбыз. Оның өзi Ленадан ұстап алған балықтан жасалған тағамдар. Балықты көзiмiзше жарып, уылдырық жасап, өзiнен сорпа қайнатты. Өзен жағасындағы құмға тiгiлген, алыстан шайла сияқты болып көрiнген үйлердiн тұсына келiп тоқтағанда күннiң батқанына бiр сағаттан асқан. Шатырлар шынында құмның үстiне тiгiлген, сыртынан оның етегiн құммен бастырып қояды екен. От жағып, қазан асу желдiң мейiрiмiне байланысты. Құтырып кетсе, сыртқа шығу жоқ. Бұл – осында отырған аңшылардың уақытша мекенi. Олар жылжи қонып отырады. Негiзiнен эвен дер. Аңшылық жөнiнен әңгiме болғанда талай қызықты есiтесiз. Аю соққан апайлар мен қарындастарға риза болмасқа шараң жоқ. Валентина Степанова дейтiн он тоғыз жасар қыз бiр қыста төрт аю соғыпты.
Аңшылық жөнiнде бiрталай әңгiме есiттiк. Әдетте бiздiң елiмiздiң кейбiр тұсында «аң аулау» десе, оның бiр шетiн бой жазу мен серуенге тiрейдi. Мұнда болса нағыз аңшы – еңбек ерi. «Усть-янь» совхозының аңшысы Николай Саввич Колесов – Социалистiк Еңбек Ерi. Оленек ауданының аңшысы Василий Се менович Семеновтiң омырауында Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерi жарқырайды. «Якут АССР-нiң еңбек сiңiрген аңшысы» деген құрметтi атаққа ие. Ал сол аңшылықтың сырын, оның қауiпi мен қатерiн әңгiмелеп берген аңшы эвенк Николай Никифоров нақ осы мекенде екен. Қызметi үшiн Ленин орденiмен наградталған. Қазiр демалыста. Сондықтан аудан басшылары бiздiң ол кiсiмен кездесуiмiздi жоспарламаса керек. Бiрақ аңшы демалысын еңбектегi жолдастарының арасында өткiзу үшiн еш жаққа бармай-ақ осында қалып қойған. – Бiздiң еңбегiмiзбен танысып, тұрмысымызды көрiп-бiлмек болғандарыңыз үшiн рахмет, – дедi Никифоров жайласып оты рып. – Оның сыры да көп, сыны да көп. Сырт қараған адамға опоңай секiлдi, ал өз қолымен iстеп көрсе, көзi жетер едi. Аң аулаудың түрлi-түрлi әдiсi бар. Әрине, мылтықпен тарсылдатып ата берудiң жөнi басқа. Тек кез келген аңды мылтықпен атып ала бермейсiң. Мәселен, поляр түлкiсiн (песец) ұстаудың әдiстерiн көрiңiздер. Өте сақ поляр түлкiсi негiзiнен тундрада бiр орыннан екiншi орынға ауысып, көшiп жүредi. Олардың негiзгi қорегi – поляр тышқаны (лемминг). Қолына түсе қалса, ақ құрдың етiмен қоректенудi жек көрмейдi, жаздың күндерi құстың ұясын тiнтiп, жұмыртқасы мен балапанын аулайды, промыселдағы ұстаған балықты ұрлайды. Тамақ iздеп қоймалар мен қамбаларға ұрланып кiрiп жүредi. Осы поляр түлкiсiн аулаудың талай әдiсi бар. Құсты атып түсiрiп, сол күйiнде қол тигiзбей тастап кетсең (маңайда iз болмау керек) жем iздеген аң оның қасынан өтiп кетпейдi. Тапсын, алып кетсiн, сүйегiне дейiн мүжiп тастасын. Әйтеуiр, қауырсын қалады. Нақ сол жерге қақпан қойсаң, бiрер күннен кейiн тамақ iздеп қайта оралған аң қақпанға түседi. Қыс нағыз қаһарына мiнгенде поляр түлкiсi қардың астына тығылады, көбiне iнге кiрiп кетедi. Онда аңшы қақпанын iннiң
аузына қояды. Оны алдын ала суықта ұзақ ұстаған ақ қағазбен жауып, үстiне қар сеуiп тастайды. Қағазды жалаңаш қолмен ұстауға болмайды, онда иiс сiңiп, еңбектiң зая кеткенi. Осыдан соң алыстан байқап жүру керек. Кейде қатты соққан жел қарды қатырып, ойылмайтын етiп тастайды. Мұндайда қардың жұмсақтау жерiн тауып, соны жи нап төбешiк жасайды. Құлай берiс жерiне көрiнер-көрiнбес етiп таяқ көмедi, ал ең төбесiне жем мен қақпан қояды. Алыстан жемнiң иiсi мен қарайғанды көрген түлкi келiп қарды қаза бастаймын деп... аңшының шанасынан бiр-ақ шығады. Бұл кейбiр әдiстер ғана. Ал әрбiр аңшының түрлi-түрлi бес жүзге жуық әдiсi бар. Ең негiзгi мәселе – ұқыптылық. Егер ал дын ала ойластырмай, әйтеуiр, орната салған қақпанға аң алты ай күтсең де түспейдi. Мәселен, аңшы қақпан қойған жерiне байқаусызда темекiнiң күлiн түсiрiп алса, онда ол жерге аң жо ламайды. Қақпанның шынжыры сәл тотықса да сол. Кейде iсiң насырға шапқанда ашуланғаннан түкiрiп жiбергiң келедi – бiрақ болмайды. Ол да иiс. Сондықтан да қақпанды таза ұстау керек. Жаңа қақпанды ептеп қыздырып, көк шөппен сүртiп, май иiсiн кетiру керек. Тотыққан қақпанды балық сорпасына қайнату қажет. Өйткенi бiздiң тайга мен тундра аңдарының ең үркетiнi – темiрдiң иiсi мен тотық. Мұның бәрi аң аулаудың әдiсi ғой. Ал сол әдiстердi пайдаланудың азабын айтыңыз. Жалғыз мысал – қақпанды аңшының мекенiнiң төңiрегiне саңырауқұлақша қаптатып коя салуға болмайды. Ол бiрiнен бiрi қашыққа қойылуы керек. Оның ең қашығы үш жүз километр жерге дейiн қойылады. Сонда қақпанды тексеру үшiн қанша жердi шарлайтыныңызды шама лай берiңiздер. Мiне, осындай еңбектiң арқасында бiздiң республика аңшылары жылына орта есеппен жиырма екi мың поляр түлкiсiнiң терiсiн өткiзедi. Бұл – бүкiл Одақ көлемiнде өндiрiлетiн терiнiң төрттен бiрi. Ал кей жылдары бiзде қырық мыңдай терi өндiрiледi. Иә, Заполярье аңшыларының әнгiмесiнен бiр ғана поляр түлкiсiн ұстау жөнiндегi есiткен әңгiмемiздiң кейбiрi осы. Ал бүкiл Якутиядағы басқа аңдар ше? Олар толып жатыр. Респуб-
лика аңшылары Якутия тайгасының кез келген жерiнде жүретiн тиiннiң жылына миллионға жуық терiсiн өткiзсе, горностайдың екi жүз мыңға жуық терiсiн өткiзедi. «Құралайдың көзiнен ата ды» дейтiн мақалдың нағыз авторлары осында екен. Алексей Быдыгаев дейтiн Ленин ауданының аңшысы бiр маусымда 249 оқ шығарып 249 тиiн алыпты. Ал Усть-Алдандық С.П. Охлоп ков кiшi калибрлi мылтықтан 586 рет оқ шығарып, бiрiн де бос жiбермеген. Қоянды якуттар куобах дейдi. Ол – әрi терi, әрi ет. Сәттi жылдары одақ бойынша өткiзiлетiн қоян терiсiнiң үштен бiрi якуттардың еншiсiне тисе, оның етi елу мың қара малдың етiне тең. Якутия жерiнен бiр кезде құрып кетiп, қайта жаңғырған терiсi бағалы аң – бұлғын (соболь). Оны соңғы кезде ғана аулай бастаған, жылына жиырма мыңнан асырмайды. Ал ондатра – мұнда отызыншы жылдан берi қоныс тепкен, бiрақ тез көбейген аң. Қазiр жылына алты жүз жетпiс мыңдай терi дайындалады (және де әр тұрғынға бiреуден). – Бiздiң Якутияда қазiр осы терiсi бағалы аңдарды қолдан өсiредi, – деген Никифоров әлгiндегi әңгiмесiнде. Ол жөнiнде әңгiменi совхоз директоры жалғастырды. – Терiсi бағалы аңдарды қолдан торда өсiрген өте тиiмдi. Қазiр бiздiң республикада аң аулауды кәсiп етушi шаруашылықтардың iшiнде аң фермасы жоқ бiрде-бiр колхоз бен совхоз жоқ болар. 1950 жылы алғаш ұйымдастырыла бастағанда торда не бәрi жетi жүз қырық аң болса он жылдан кейiн жиырма мың болды, қазiр тiптен қаулап өсiп келедi. Олар – негiзiнен қара бурыл түлкi мен көгiлдiр поляр түлкiсi. Осы қолда өсiрiлген аңдардың терiсi жыл да дайындау орындарына өткiзiлетiн терiнiң үштен бiрiне жақын. Осындай аң фермасы осы совхозда да бар екен. Оны көрдiк. Қалың орманның iшiне ұзын етiп салынған үй. Оған жақын етiп қаластырылған ағаш дуал. Осының арасындағы алаңға келгенiңiзде қатарлай орналастырылған темiр торларда жүрген қара бурыл және көгiлдiр түлкiлердi көресiз. Оның бiрi иiсiңдi сезе сала-ақ iнiне кiрiп, сұстана қарап отырып алса, екiншiлерi торға жүгiрiп, сым темiрге тұмсығын тiрейдi, ал кейбiрi, тiптен сенiмен жұмысы жоқ – өзiмен-өзi әуре. Жақын келгендерi жем сұрайтын сияқты.
Бiрақ қатал режiм бар – тамақты мезгiлiнде әкеледi. Сол кешiксе, аңдар торға келiп тырналап, әлекке түсiп қалады. Ал ақ жамылғы киген, қолында шелегi бар адамдар көрiнсе – үрiп, бажылдап, қуанып-ақ қалады. Және олардың кесiрленетiнiн қайтерсiң. Ет пен балықтан басқа жемiс, саңырауқұлақ, овощ, балық майын, тұз, сүйек ұны, т. б. тағамдарды талап етедi. Бермеуге амал жоқ – онсыз терiнiң құны төмен болады. Оның үстiне тағамдарының түрi қыста бөтен, жазда бөтен. Жалпы алғанда бұл аңдарды өсiру мен қорғау машақаты көп-ақ жұмыс. Әсiресе қиын кезi – балалау мезгiлi. Сәл қарамасаң, анасы балаларын езiп тастайды, немесе жасырамын деп орыннан орынға ауыстырып жүрiп, сiлiкпесiн шығарады. Бұл кезде аң алаңына бөтен адамның иiсiн де жуыт пау қажет. Аңшылардың арасынан талай қызықты көруге қанша құмартып, әңгiмесiн естуге етене болғанмен, бiздiң де белгiленген жоспарымыз бар, баратын бағытымыз бар, қайтатын елiмiз бар. Оның үстiне Ленаның толқыны күшейiп кеттi. Катерiмiз қанша мықты болғанмен қойнау iздеп, ыққа бұрмаса болмайды деген қорытынды шықты. Сонымен сағат таңғы төртте әлгiнде ғана батқан күн қайта шыққан мезгiлде бiр ықтасынға келiп якорь тастап, жағаға қайта шықтық. Осы жағаға тундраның көк шөбiнiң үстiнде көз iлiндiрiп, дем алдық. Көзiмiздi ашқанда күн әлi көтерiле қоймапты, баяғы орнында тұрған сияқты. Қанша ұйықтағанымыз белгiсiз. Күнге қарап болжалдау бiз үшiн мүмкiн емес. Жапа-тармағай сағатқа үңiлiп жатқанымыз. – Осы сiздердiң күндерiңiз баяу қимылдай ма, әлде менiң сағатым салып ұрып алға кетiп бара ма? – дедi Сабырхан өзiнiң әрiптесiндей шүйiркелесiп, бой үйретiп алған Семеннiң бетiне бажырая қарап жатып. – Күн әлi сол түндегi қалпында тұр ғой. Сағат сорлы ұйықтағаныңа төрт сағат болды деп безiлдеп тұр. – Бiздiң күнге қарағанда сенiң сағатың дәлiрек жүретiн болу керек. Төрт сағат болғаны рас. – Күн шаңқайып тұрғанда жөндеп ұйықтай алмайды екенсiң. – Онда декабрьде кел. Сөткесiне жиырма төрт сағат ұйықтап, ұйқыңды молынан бiр қандырып аласың.
– Келсем келермiн. – Онда күндi сағынып жүрмесең болғаны ғой... Сабырханның айтқаны дұрыс. Бейiмделмеген адамға күнiтүнi жарқырап тұрған күннiң астында тiршiлiк ету қиын сияқты. Мезгiлдi шамалау үшiн әлсiн-әлсiн сағатқа көз сүзе бересiң. Семеннiң айтқаны да дұрыс. Декабрьде келсек, тәулiк бойы күн көрмей өмiр кешер екенбiз. Айға жуық күннiң көзi мүлде көрiнбей кетедi. Ол кезде күндiз дейтiн ұғымдағы мезгiл қас қарайған шамадай болады да тұрады. Көшеде жүрген маши налар жарығын жақпаса, қимылдай алмайды. Ал июль айында түндi көре алмайсыз. Бiз августтің аяғын ала келгендiктен, бiрер сағат болса да қараңғылықты жамылып жүруге қолымыз жетiптi. Оған да шүкiршiлiк дедiк. Тамағымыз тағы да Ленаның тайдай тулаған балығы. Ендi сол балықты торға түсiрушiлерге бет алдық. Лена ептеп долдана бастапты. Толқын кесек-кесек болып жарға да соғылып, өзiн-өзi де соққылап жатыр. Бiздiң «теңiз лайнерiмiз» жылдам, ықшамды, мығым болғанмен, анда-санда толқынмен ойнап кетедi. Ондай да каютаның ана жақтауынан мына жақтауына лықып кетсең, «оң жағаны (немесе сол жағаны) көргiм келiп едi» деуден басқа ештеме айта алмайсың. Осы толқын бiз балықшылардың мекенiне жеткенмен, жағаға онша жақындата қоймады. Жағаға бәрiбiр түсуiмiз керек. Өйткенi катердiң балықшыларға қонақтармен қатар әкеле жатқан сәлемдемесi де бар. Ол – тұз. Жаға мен жақтауды жалғастыра төселген тақтаймен түсiп, балықшылардың балаларына келдiк. Бiздi алдымен қарсы алған – солар. Жалаң аяқ құмды кешiп шауып жүр. Олардың атааналары келдi. Сәлемдестiк, таныстық, бiлiстiк. Мына өзеннiң ойнақтай бастағанын балықшылар да, басшылар да, бiз де құп көрiп тұрғанмыз жоқ. Сондықтан алдымен тұзды түсiрудi жөн кердiк. Ол аз машақат болған жоқ. Балықшылардың бiрқатары саптама етiк киiп, суды кешiп, қапты демеп жүр. Олары икемге келмей, кейбiр қаптар суға шылануда. Дегенмен қапшықтарды түгелiмен жағаға жинап алды. Бiз балықшылардың өмiрiмен таныстық. Шатырдың арасындағы кермелерге iлiнген үлкенүлкен балықтарды көргенде:
– Егер ұсталған балықтардың барлығын осылай кептiретiн болса, бұлардың тiрлiктерi қалай өнедi, – дегенбiз жол басшыларымызға. – Ол юкала ғой, – деген олар. Юкаланы ұстап тұрмыз. Бұл кептiрiлген балыққа да, тұздалған балыққа да ұқсамайды. Ұстасаң, нан сияқты үгiтiлiп тұр. Дәмi аса ерекше. Солтүстiк тұрғындарының нан орнына пайдаланатын юкаласы осы. Ол – солтүстiктiң нағыз деликатесi. Юкаланы нель ма, муксун, чир сияқты жоғары сортты балықтардан жасайды. Оны жасаудың технологиясы онша қиын болмай шықты: жаңа ғана ұсталған балықтың бауыр етiн бiрде-бiр қылтанағын ара ластырмай, ұзыннан-ұзақ кесiп алады да, пышақпен көлденең тiлiктер жасайды. Сонан соң екеу-екеуден байластырып iлiп қояды. Осылайша желмен кептiрiлген балықтың етiн юкала деп атайды. Оны әрi құрғақ, әрi салқын жерде сақтайды. Кезi келген де Құрметтi қонақтардың алдына жайылған дастарханға кояды. Ал қалған өндiрiс үшiн ұсталған балықты кептiру де, тұздау да кәдiмгiдей. Бұл совхоздың ұстаған балығының көпшiлiгi тұрғындардың және фермадағы аңдардың тамағына жұмсалады екен. Ленаның ашуынан қаймыққан «капитанымыз» тезiрек жолға шыққанымызды қалап тұр. Қарсылық жасап жатқан ешкiм жоқ. Ауа райына кiмнiң әлi келе қойсын. Ауаның температурасы да Якутскiдегiдей күйiп тұрған жоқ – жылы деген ұғымнан аспай ды. Жылы киiнiп алсақ та, дененi түршiктiредi. Керi қарай жолға шықтық. Жолда Балановқа мен бiр сұрақ қойдым. – Осы орман iшiнде жұлдыздай бытырап жатқан көлдерде балық бар ма? – Болғанда қандай. Олардың көптiгi сонша, тiптен шiрiп жа тады. – Қалайша?! Ол үшiн сөгiс есiтпейсiздер ме? – Сөгiс беретiндердiң өзi де сол балықтарды жинап алу мүмкiн емес екенiн жақсы бiледi ғой, әйтпесе бiздi аясын ба. Оны аулау қиын емес, ал тасымалдау – әлi шешiлмеген проблема. Оған жетуiн жетерсiң, ал ұстаған балықты вертолет болмаса, алып шығу мүмкiн емес. Бұлай тасымалдасақ, ол балық нағыз алтын
балық болады. Ал бiзге қазiрше алтын балықтың қажетi жоқ, қалғаны да жетiп жатыр. Кешке бiз Жиганскiге жеттiк. Баяғы жатақ орнымызға келсек, Бертiс орнынан тапжылмапты. Бетiмiзге күле қарап, «ауа райы» дейдi. Аспанға бiр қарап, ертеңгi жол жүретiн жағдайымызды ойлап, бiз де iшiмiзден «ауа райы» деп демалуға жайғастық. Ертеңгiлiк орнымыздан тұрсақ, аспан түнерiп тұр. Бастаушыларымыздың бет-әлпетi де мәз емес. Аспанды торлай қалған бұлтқа сонау күн сәулелi Қазақстаннан Поляр шеңберiне келген бiздiң айыпты емес екенiмiздi олар сезсе, бiздi жетелеп жүрген олардың айыпты емес екенiн бiз сеземiз. Тек сезгеннен не пайда – ыдырап жатқан бұлт жоқ, ұшып жатқан самолет жоқ. – Лена сiздердi өзiнiң сiңлiсi Вилюйге жiбергiсi келмей жатыр, – деп әзiлдейдi Баланов. – Қолыңнан келсе, Ленаның көңiлiне қарамай-ақ қояр едiң ғой, – дейдi оған Хизмет. – Оныңыз рас, тек аудандық атқару комитетiнiң қаулысымен бұлттың ыдырамайтыны белгiлi. Әлде сiздерде Жазушылар одағының қаулысымен бұлт ыдырай бере ме? Онда ыдыратып көрiңiз. Қаулыға қол қоятын хатшыларыңыздың бiреуi мына араларыңызда жүр ғой. – Бұлтты қайдам, самолет ұшпаса, транспорттың басқа түрiнiң бiрiмен аттандыруға тырысар едiк. – Бiздiң ондай мүмкiншiлiгiмiз де жоқ. Сiздердiң ендiгi бара тын жерлерiңiз – Верхне-Вилюйск ауданы. Жиганскiден ол жаққа автомобиль жолы жоқ. Ал темiр жолдың бiздiң республикамыз да емге табылмайтынын жақсы бiлесiздер... – Қалайша?! – Солай, бiзде темiр жол мүлдем жоқ. – Бiз мұны бiлген жоқ едiк. – Солай ма... Бiз ендi «жол қысқарту» үшiн жолдың әңгiмесiне көштiк. Оның қанша қысқарып жатқанын «жол құдайының» өзi бiлер, әйтеуiр, уақыт өтiп жатыр. Әңгiменi бiз сияқты бұлттың қармағынан құтыла алмай отырған Бертiс бастады. – Якутияда су жолының атқаратын қызметiн сiздер жақсы бiлесiздер, – дедi ол. – Ал бiзге үйреншiктi әуе жолын, темiр жол,
автомобиль жолдарын түсiрсеңiздер, соңғы кезде қарыштап өсiп келе жатқан транспорттың түрi – әуе транспорты. Соңғы жиыр ма-жиырма бес жыл төңiрегiнде транспорттың бұл түрi Якутияда жиырма-жиырма бес есе өсiптi. Бiр қызығы – Якутскi тұрғындары самолеттi автомашинадан әлдеқайда бұрын көрген, ал паровоз ды өз қаласында әлi көрген емес. Кейбiр азаматтар оны әлiге дейiн тек кинодан көрiп жүр. Тұңғыш автомобиль 1929 жылдың июнь айында ғана келсе керек. Демек, бiздiң авиаторлардың Якутия жерiн игеруге қосқан өз үлестерiн мақтанышпен ай туына әбден ерiктерi бар. Қазiр Якутияда советтiк транспорт самолеттерiнiң кез келген түрi қызмет жасайды. Республикадағы әуе жолының ұзындығы – тоқсан бес мың километр. Мiне, осы ұлан-қиыр жолдарда талай тамаша адамдар қызмет етедi. Бiзде Федор Матвеевич Козин дейтiн кiсi бар. Ол – республикадағы ең құрметтi азаматтардың бiрi. Алғаш рет Якутия аспанында әуе кемесiн 1934 жылы қалықтатқан екен. Осы уақыт iшiнде бiлгiр ұшқыш әрi ұстаз Федор Матвеевич аспанда жиырма мың сағаттан артық уақыт болыпты. Бұл үш жылға жуық уақыт де ген сөз. Сiздер, аспанда төрт-бес сағат болсаңыздар ұзап кеттi дейсiздер, ал осы кiсi үш жыл болған. Сондықтан да оның омы рауында Ленин, Еңбек Қызыл Ту, екi Қызыл жұлдыз ордендерi жарқырайды. Бiздiң әрiптестерiмiз Федор Матвеевичтi Якутия авиациясының атасы деп бекер атамайды. Оның үстiне, бұл жақтың жер жағдайын көрiп жүрсiздер. Даңғырап жатқан бе тонды алаң аз. Самолет кез келген жерге қонады, тiптен кей мезгiлдерi тапталып қалған қарға да, қатып қалған мұзға да қонады. – Бертiс, сен бiздегi авиацияның тек жолаушы ғана емес, жүк таситынын да ұмытпа, – дедi қасымыздағы әңгiмеге араласып отырған бiр ұшқыш. – Иә, бiз әрi жүк тасимыз. Алыста жатқан аудандарға, жекеле ген өндiрiс орындарына жылдың кейбiр мезгiлдерiнде ешқандай транспорт жете алмай қалады. Мәселен, нақ осы мезгiлдi алыңыз. Автомашина жүретiн жол жоқ (қыс болса, автозимовниктердi пайдаланар едi), шана жүретiн қар жоқ, ал өзендер айтқан жағыңа бұрып ала жөнелуге көнбейдi. Сондықтан кәсiпорындар
самолет «жалдайды». Әрине, самолетпен тасылған жүктiң құны әрбiр тонна километрiне – автотранспортқа қарағанда бесалты есе, су транспортына қарағанда алпыс есе кымбат. Бiрақ жағдайды жан-жақты ойлап келсең, ең тиiмдi жол осы ғана. Қолайлы жағдайды күтiп, үш-төрт ай қарап отырғаннан түсетiн пайда жоғы белгiлi ғой. Иә, авиацияның атқаратын қызметi ұлан-ғайыр. Есiме, кеше Ленада жүзiп келе жатқандағы бiр әңгiме орала кеттi. Бiздiң катерiмiз қойқалақтай берген соң якут жолдастардың бiр-бiрiне әзiлдеп, «қайтсiн, толқын күшейiп кеттi. Ленаның ұлтанының қыртыс-қыртысына дейiн бiлетiн бұл Богатырев емес қой» деген сөзiн құлағым шалып қалған. Бiр орайы келгенде, «капитанымызға» келiп Богатыревтiң кiм екенiн сұрадым. Ол ай тып бердi. …Ленада алғашқы пароход 1856 жылы пайда болыпты. 1901 жылы осы пароходтардың бiрiне Афанасий Данилович Богаты рев дейтiн якут баласы келiп, кеме капитаны болғысы келетiн ар манын айтады. Пароходтағылар мына тiрсегi тiрсегiне соғысып жүрген якуттың қатардағы матрос қана емес, капитан болғысы келген арманына iшектерi көгергенше күледi. Бiрақ оны қылжақ үшiн кемеге қабылдайды. Мiне, осы Афанасий соңынан шынында да якуттардан шыққан тұңғыш кеме капитаны болған. Ол кiсi Со вет өкiметi жылдарында Лена пароходтығының өркендеуi үшiн бар күшiн салып, үлкен үлес қосқан. Бұл жөнiнде ол мәселенi Якут республикасында да, Москвада да орталық мекемелердiң алдына батыл қоя бiлген. Өзен жолдарының зерттелуi мен ашылуына сiңiрген еңбегi өте зор. Осындай абыройлы кiсiнi халық қолдайтыны белгiлi ғой, ол депутат болып сайланыпты, Бүкiлодақтық староста М.И. Калининнiң қабылдауында да бо лыпты, көкiрегiне көптеген награда қадапты. Сол кiсi Ленаны бес саусағындай бiлушi едi дейдi жұртшылық. Енi кей жерде алпыс километрге жететiн (Жиганск маңында отыз екi километр), ал жазғы су тасқындаған кездерi деңгейi он бес метрге көтерiлетiн өзеннiң ұлтанының қыртысына дейiн бiлетiн азаматтың үлкен құрметке ие болуға, әрине, қақысы бар. Бiр орында тапжылмай отырып, «қысқартып жатқан» жол
мәселесiне қасымыздағы жол серiктерiмiз де, аудан басшылары да араласып жатыр. – Бiздегi жол жағдайы жөнiнде мына бiр әңгiменi көкейлерiңiзге түйiп алыңыздар, – дедi Семен Руфов әңгiменi соза түскiсi келген дей. – Бiрде мен Якутскiден Верхне-Вилюйскiге жүк алып бара жаттым. Бiраз ұзап шыққан соң тоқтап, жүгiмiздi қарасақ, бiр жәшiгiмiз жоқ. Амалсыз керi бұрылдық. Жүрiп келемiз, жүрiп келемiз. Жоғалған затымыз көзге түспейдi. Оны ешкiм алып кетпейтiнiне көзiмiз жетедi. Бiрақ табылмайды. Сөйтсек, ол заты мыз жүз елу километрдей кейiнде қалып қойған екен. Мiне, осы аралықта иә iлгерi, иә кейiн жүрiп жатқан бiрде-бiр транспорт кездескен жоқ. Қыстың күнi жол жүрудiң қандай екенiн осыдан байқай берiңдер. – Жүз елу шақырым? Айтпақшы, осы отырған жерiмiз Якутскiден қанша қашықтықта? – Сегiз жүз шақырым. – Иә, сегiз жүз шақырым. Бiрақ бұл Якутияның қиыр шетi емес. Тиксиге дейiн талай жер, – деп әңгiмеге бiрiншi хатшы Н.Е. Васильев араласты. – Ал сiздер оқушыларын үш ай бойы көрмей кеткен оқытушы жөнiнде не айтар едiңiздер? – Ол оқытушының дипломын тартып алып, Ленаға тапсыру керек те, өзiн жазалау керек! – дедi Рахманқұл бар ынты-шынты мен. Бәрiмiздiң ойымыз сол. – Сол оқытушы – мына алдарыңызда отырған пақырларыңыз, – дедi Николай Егоровнч. Бiз ыңғайсызданып қалдық. Менiң көңiлiмнен «онда бiр жаза ны алған шығарсың» деген пiкiр сонда да кетпейдi. – Бұл соғыстың алдында, қырқыншы жылы болатын, – деп күлiмсiрей бастады әңгiмесiн әлгi «айыпты» оқытушымыз. – Мен педагогтiк училищенi бiтiрген дипломы бар дардай оқытушымын. Қолымда алыс аудандардың бiрiнiң аты жазылған жолда мам бар. Бiрақ ол жаққа қарап даңғырап жатқан жол жоқ. Бiрде атпен, бiрде бұғымен, бiрде шанамен (нарта), бiрде жаяу тартып келемiн. Күн өткенмен жол қысқармайды. Көлiктiң ыңғайына қарай тайга мен тундраны талай шиырладым. Ақыры мектебiме келiп жеттiм-ау. Санасам, үш ай өтiптi. Мектепте бiр тоқсан бiтiп
те үлгерiптi. Оқушыларымның жүзiн көргенiме қуанғанымды айтсаңшы. Ал маған ұрсып, сөгiс жариялап жатқан ешкiм болған жоқ. Сiздердiң үкiмдерiңiз сияқты дипломымды алып, Ленаға лақтырмақ болғандар да табылған жоқ. Қайта бәрi қуанды. Өйткенi жолдың қандай екенiн олар да жақсы бiледi ғой. Мiне, ол кезде жол осындай болатын. Ал сiздер бiрер сағатқа кешiккенге ренжiп жүрсiздер. Бәрiмiз күлдiк. Көңiл жұбату екенiн бiлiп отырмыз, бiрақ бұл қырқыншы жыл емес жетпiсiншi жыл екенi еске түссе, жұбана бастаған көңiл қайта бұзылады. Тек бiздiң қолымыздан келiп жатқан амал жоқ: жаяу жете ал маймыз, ит жегiп немесе бұғы жегiп шана сүйретуге – қар жоқ. Ендiгi қалған жалғыз амал – әрi ең сенiмдi, әрi жүйрiк самолеттiң аспанға көтерiлетiн мезгiлiн күтiп, тапжылмай отыра беру. Бұған уақыт жетiп жатыр. Дегенмен әлгi бiр әңгiмелер сонау алыс заманға қарай сүйреледi – ол кезде қалай жеттi екен? Өзендi есiп жүрген кеме мен аспанды шарлап жүрген самолет жоқ кезде? Бiрақ бәрiбiр жеттi ғой солар. – Бiр сұраққа жауап берiңiздершi: осы өткен ғасырларда бiздiң елден шыққан жолаушылар қанша уақыт жүрдi екен? – деп сұрадық бiздер. – Үш жыл. – Не дейсiз? – дедi Қуан аға орнынан бiр көтерiлiп қойып. – Осы сiздердiң үш дейтiн санға әбден табынып алғандарыңыз қызық екен. Бiрде үш ай дейсiздер. Бiрде үш жыл дейсiздер… – Өткен ғасырларда сiздiң ауылдың адамдары бұл жаққа сапар шеккен-шекпегенiн бiлмеймiн, – дедi Корнеев Қуан ағаға қарап. – Ал менiң ата-бабам сапар шеккен. Солар жыл дап жүрген, жол жалықтырса да iлгерi ұмтыла берген. Мейлi, әзiлдi қоя тұрайық. Мен сiздерге якут өлкесiне Ресейден келген алғашқы воеводалардың сапары жөнiнде әңгiме айтып берейiн. XVII ғасырда патша өкiметi осы өлкенi жеке воеводствоға бөледi. Орталығы – Лена бекiнiсi, яғни Якутск. Воеводство кұрылған соң оның воеводалары болу керек емес пе? Оларды да белгiлейдi. П.П. Головин мен М.Б. Глебовты «Ұлы Лена – өзенге воевода» етiп бекiткен жарлыққа 1638 жылдың 6 август күнi қол қойылған екен.
Батыс Сiбiрге жеткен соң Головин өзiне қажеттi адамдарды жинап алады. Олардың iшiнде ағаш ұсталары, темiр ұсталары, тiлмаштар, тағы басқа қолғабыс жасай алатын кiсiлер көбiрек екен. Осы экспедиция өздерiне молынан жететiн азық-түлiк, арақ-шарап (осынша қашықтыққа мұны да тасығанын көрмейсiз бе!), шеге мен құрсау, балта-шот сияқты қажеттi құралдың бәрiн алған. Тiптен жазу-сызу үшiн қажет ақ қағазды да алыпты. Жеңiл қару-жараққа қосымша екi жеңiл зеңбiрек және он пищаль ала жүрiптi. Осы көп адамнан құралған епетейсiздеу экспедиция қырық жетi кемеге (дощаники) отырып Сiбiр өзендерiмен шығысқа қарай сапарға шығыпты. 1639 жылдың май айында Тобол қаласынан шыққан Головин дәл сол жазда Ленаға жетпек болып қиялдайды. Бiрақ жаз ғана емес бiр жыл түгел өткенде Головин Енесейден де асып үлгiрмеген едi. Осы жерден Лена соқпағына жету үшiн жаңа тағайындалған өлке бастықтарына кемi екi жүз арба қажет болатын. Бiрақ мұндай ұзақ жолға өз көлiктерiн бере қоятын кiсi табылмайды. Қолындағы көлiгiнен тегiннен-тегiн айырыла салатын ерiктiлер болмай шықты. Головин амалсыз iлгерi жылжи бердi. Енисейден алған ескi кемелер қайта-қайта iстен шығып, жиi-жиi жөндеудi қажет еттi. Әсiресе қинағаны, өзендегi қайраңдар мен құламалар болатын. Мұндай тұстарда кемеге өздерi жегiлiп, оларды қайраңдардан арқанмен сүйреп шығарып отырды. Бiр кеменi сүйреп шығу үшiн жүзге жуық адам жегiлетiн. Оның үстiне кемеден алдын ала түсiрiлген жүктi де арқалап тасып, кемелерге қайта тиеуге мәжбүр болды. Осылай ша азаптанып жүрiп, олар ақыры Лена соқпағына жеттi. Бiрақ бұл жылы да олардың Якутскiге жетуiн тәңiр қоспаған едi, алға қарай жүзу өлiммен тең. Сондықтан Головин үш адамды iлгерi аттандырды да, өзi негiзгi кiсiлерiмен және қыстап қалды. Сөйтiп, олар Якутскiге 1641 жылдың жазында – Москвадан шыққанына үш жыл толған мезгiлде келiп жеттi. – Мiне, саяхат деп осыны айт! – дедi бiздiң жiгiттердiң бiрi. – Саяхат емес нағыз дозақтын өзi ғой, – дедi екiншi бiреу оның сөзiн түзеп. 5-270
– Иә, сонымен воеводаны әкелiп, өз тағына отырғыздық. Ал бұдан кейiнгi мезгiлдерде қалай болды жол жағдайы? – деп сұрадық бiз. – Ол да оңай болған жоқ. Дегенмен түсiп қалған iз бар ғой. Ленаны бойлап тракт жасалды. Соның жағасына ара қашықтығын мөлшерлей отырып орыс шаруалары қоныстандырылды. Олардың мiндетi: бiр ауылдан бiр ауылға пошта жеткiзу, жолаушыларды және жүктерді тасу болатын. Транссiбiр темiр жолы салынған соң Россияның iшкi облыстарынан Иркутскiге дейiн жету бiраз жеңiлдедi. Бiрақ Иркутск мен Якутскiнiң арасындағы жол сол бұрынғы азапты қалпында қала бердi. Темiр жолдың маңынан Качуг пристанына дейiн жүк Жоғарғы Лена трак ты бойынша ат көлiкпен жеткiзiлетiн. Бұған көп уақыт кететiн. Дәл осы жолмен жер аударылған тұтқындарды жаяу айдайтын. Аяғына кiсен салған адамның осынша жолды басып өтуi қанша азап екенiн бiлесiз ғой. Айтпақшы, Качуг – кезiнде көптеген атақты кiсiлердiң Шығыс Сiбiрге келуiнiң куәсi болған жер. Онда Александр Радищев те болған. Соңынан бұл маңды көптеген тұтқындармен қатар өз еркiмен келген ғалымдар да көрген. Радищевтiң Сiбiрдi зерт теу жөнiндегi мына бiр сөздерiн еске алып көрiңiздершi: Сiбiрдi зерттеу үшiн «Паллас, Георги, Лепехиндердiң саналы басы, қара көзiлдiрiк тұтпаған жiтi көзi керек... Оның үстiне зерттеушi наза рын тек гүл мен шөпке сала бермеу керек!» Жоғарғы Лена трактынан кейiн жүк Якутскге дейiн карба стармен тасылатын (карбас – кеменiң бiр түрi). Оларды төрттерттен қосақтап байлап, Ленамен жiберетiн. Осылайша су ағысының әсерiнен iлгерi жылжып отыратын қосақталған кар бастар Якутскіге қырық-қырық бес күнде келiп жететiн. Өйткенi жол да қысқа емес қой – екi жарым мың километр. Бiр қызығы, осы карбастар бiр-ақ рет қажетке жарайтын. Өйткенi Якутскде бос қалған карбасты кейiн қарай Ленаның жоғарғы ағысына жеткiзу мүмкiн емес. Сондықтан оларды Якутскіде жекелеп те, топ тап та сатып жататын. Бiреу оны отынға жұмсаса, бiреу шарбақ жасауға пайдаланатын, сатып алған соң не iстесе де өз еркi емес пе. Ол жылдары Лена Якутияны басқа облыстармен байланыстырып тұратын жалғыз ғана магистраль болатын. Қыс кезiнде
Ленаға қатқан мұз соқпаққа айналатын. Ол кезде Якутскіден Иркутскіге 20-25 күнде жетуге болады. Ленадағы тұңғыш пароход – «Первенец» – тек 1856 жылы ғана пайда болған. Ал 1917 жылы. Лена бассейнiнде 21 мың тонна жүк көтере алатын 33 қана кеме болыпты. Қазiргi Лена пароходтығы 1923 жылы құрылған. Қазiр сол пароходтықтың кемелерi республикаға басқа облыстардан келетiн жүктiң 84 процентiн тасымалдайды. Ал жолаушы тасып айқыш-ұйқыш ағылып жатқан жылдам жүретiн теплоходтарды өздерiңiз көздерiңiзбен көрдiңiздер. – Ал бiздiң астанамызға самолеттердiң тұрақты сапар жа сай бастаған мезгiлi, яғни билет сатып, жолаушы таси бастаған мезгiлi 1928 жылдың аяғы. Ол туралы кеше мына серiктерiңiз әңгiме соғып отырған, – дедi бiр кезде Корнеев менi нұсқап. Қуан аға маған жалт қарады. Мен қысылып қалдым. Ол кiсi көзiн тайдырар емес. Нақ мен бiр ұрлық жасап қойғандан сынай қарап отыр. Ақыры шыдамадым: – Неге сонша тiгiлесiз, Қуан аға? Мен ештеңенi бүлдiре қойған жоқ сияқты едiм ғой? Ленадан ұрлап алған балығым да жоқ. – Неге айтпайсың! – Ненi айтамын?! – Самолетпен ұшқаныңды! – Оу, Қуан аға-ау, жиырма сегiзiншi жылы мен самолет пен ұшпақ түгiлi, сiздiң өзiңiз жалаң аяқ, жо-жоқ, өз тiлiңiзбен айтқанда, жалаң бұт жүрген жоқсыз ба? – Онда бiлгенiңдi айт! Мен Қуан ағаның «қаһарынан», әйтеуiр, бiр төлем төлемесем құтыла алмайтынымды сездiм. Ұнжырғасы түсiп отырған жұрттың көңiлiн сергiт деген «бұйрығы» ғой ағаның. – Айтайын. – Баста. Бұл әңгiменi ветеринария ғылымдарының докторы, про фессор, ВАСХНИЛ академигi, СССР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Анисим Александрович Поляковтан есiткенмiн. Ком сомолда қызмет iстеп жүрген кезiмде Москвада кездейсоқ бiр жиынға тап болдым. Мәселе Қиыр Солтүстiк жөнiнде екен. Сол
жиында Поляков сөйлеген. Одан кейiн ауыл шаруашылығы саласындағы республикадағы көрнектi ғалым ВАСХНИЛ академигi, ВАСХНИЛ-дiң Шығыс бөлiмшесiнiң басшысы Қилыбай Медеубеков ағамыздың кабинетiнде кездескенiм бар. Ол кiсi 1928 жылы Омскдегi Сiбiр ветеринариялық институтын бiтiрген соң, курстас екi жолдасымен бiрге Якутияға жұмыс iстеуге комсомолдық жолдама алады. Қызмет орнына жету үшiн жиналып-терiлiп Иркутскге жеткенде 1929 жылдың февраль айы бо лып қалады. Қалталарында дипломдары бар екi мал дәрiгерi Ир кутск мен Якутскiнiң арасында жаңа ғана ашылған әуе жолымен жетемiз деп жетi күн жатады. Самолет ұшпайды. Ауа райы жоқ. Осындай күндердiң бiрiнде олар аэродромнан қонақүйге және қайтып келсе, Иркутскнiң «Еңбек билiгi» деген газетiнен «1929 жылдың 20 февраль күнi Иркутскден ұшқан самолет Якутскге жетпей аварияға ұшырады» деген хабар оқиды. Бұл өзi үшiншi ме, төртiншi ме рейс болса керек. Қызметке жаңа ғана аттанып бара жатқан жiгiттерге бұл хабардың қалай әсер еткенi айтпаса да түсiнiктi. 22 февраль күнi әлгi газетте «Якутскге 58 километр қалғанда аварияға ұшыраған самолет» деген мақала тағы жарияланады. Бұл жолаушының ұнжырғасын одан бетер жерменжексен ететiнi белгiлi. Бiр абыройы, осы мақалада самолеттiң қараңғылықтың тез түсуiне байланысты (ол кезде самолеттер тек күндiз ғана ұшқан ғой) амалсыз қонуға мәжбүр болғаны, сол кез де бiр шарбаққа соғылып, аздаған зақым алғаны жазылған екен. Ал жолаушылар Якутскіге атпен жеткiзiлiптi. Дегенмен алысқа барып қызмет iстеуге бел байлаған екi жiгiт ниеттерiнен қайтпайды. Жер басып 1180 шақырым жол жүргенше (Үлкен Невер мен Якутскiнiң арасы) самолетпен ұшуды жөн көредi. Оның үстiне Иркутскден Үлкен Невер станциясына жет кенше қанша жол бар. Ақыры алты орындық самолетке отырып (самолеттiң командирi әйгiлi Отто Артурович Кальвиц екен), аспанға көтерiледi. Таңертең ұшқан самолет түс кезiнде Качуг қаласының маңына қонады. Екi сағаттан кейiн қайта көтерiлген самолет кешке Усть-Куть поселкесiне барып қонады! Келесi күнi Киренск қаласының маңында тура Ленаның мұзына бiр қонып, кешке Витимге келiп жеткен. Осы жерде самолет үшiншi жолау-
шысын Бодойбоға жеткiзiп келгенше екi жiгiт бiр кезде алтын кендерiне қарай баратын жолдағы кақпа атанған поселкемен та ныса тұрады. Осы поселкеден көтерiлген самолет (ендi екi-ақ жо лаушысы бар!) Олекминск қаласына келiп қонады. Бұл қаладан келесi күнi таңертең ұшқан самолет 350 километр жердегi Синск селосына келiп және түнейдi. Ары қарай ұшуға күн жарықта жете алмай қалармыз деп ұшқыштар қауiптенедi. Бесiншi күнi әжептәуiр тұманға қарамай самолет аспанға көтерiлiп, Якутскiге бағыт алады. Бұлар жеткенде тұман да сейiлген екен. Сонымен Иркутскiден шыққан самолет бес күннiң iшiнде 2500 километр жол басып, ақыры Якутскiге жеткен екен. Сол екi жас жiгiттiң бiрi Якутияның ең қиыр шетi – Колымаға барып қызмет атқарыпты. Қазiр – академнк... – Колыма, Колыма... – дедi Қуан аға әуенге сап. – Өлең жолын ұйқастыра бастадыңыз ба? – Өлең еш жаққа қашпас. Мен әлгi жiгiттi ойлап отырмын. Колымаға барып академик болған, ә? – Болған. Алдымен Колымадағы корольдi құлатқан. – Не дейдi тағы? Королiң не? – Егер ақысын төлесеңiз... – Самолетте төленедi. Бастай бер. «Ақы» мәселесiн бiз түсiндiк, жергiлiктi жолдастарға түсiндiрудiң қажетi жоқ. Ол – бiздiң iшкi жұмысымыз. Өз сырымыз. Жолдың ұзағын мен талай рет айттым. Сонда самолетте ермек болсын деп бiз Қуан аға, Сабырхан үшеуiмiз преферанс ойнай мыз. Мен ұтыламын, тек ақша төлемеймiн. Соның баламасына Қуан аға маған әңгiме айтқызады. Жалғыз шарты – әңгiме Яку тия туралы болу керек. Сондықтан мен көрген, бiлген, есiткен, оқығанымның бәрiн араластырып әңгiме соғамын. Осында келгелi қолға түскен әдебиеттен оқығандарымды қосақ-қосағымен жiберемiн. Мiне, «ақы» мәселесi осы. Ендi Қуан ағаның өзiн қарыз етiп тастау үшiн Колыма жөнiнде әңгiме айтпақпын. Якутскіге келгеннен кейiн екi жiгiт жергiлiктi өкiмет орын дарына барып, өздерiне жұмыстың ең ауыр деп есептелетiн тұстарын нұсқауды өтiнедi. Сол тiлектерiне лайық бiрi Верхоян округіне, екiншiсi Среднеколымск округіне мал дәрiгерi болып
тағайындалып, оған қосымша облыстың комсомол комитетiнен сол округтегі комсомол комитеттерiнiң нұсқаушылық қызметiн ақысыз атқаратындары жөнiнде нұсқау алған. Жаздың күнгi жол мәселесiн ол кез түгiлi, дәл қазiрдiң өзiнде көзбен көрiп отыр сыздар, сондықтан олар қар ерiмей тұрып қызмет орындарына жетiп алмақ болып, жолға тез жиналыпты. Жолға шығар ал дында кездескен бiр кiсi ниеттерiнен қайтармақ болып, баратын жерi мен басатын таулары жөнiнде мынадай әңгiме айтқан екен. «Верхоянск каласы 1638 жылы алғаш қазiргi тұрған орнынан жүз шақырымдай жердегi Дулгалах өзенiнiң бойына казактардың қыстауы есебiнде салынған. Соңынан соқпақ жолдың қашықта қалып қоюына байланысты Яна өзенiнiң сол жағасына көшiрiледi. Бiрақ өзен суының әсерiнен жар құлай бергендiктен, XIX ғасырдың ортасында қазiргi тұрған орнына – Яна өзенiнiң оң жағасына (шығыс жағасы) көшiрiлген. Осында айдауда болған больше вик Ногин (кейiннен В.И. Ленин басқарған тұңғыш халықтық үкiметтiң Халық комиссарларының бiрi) 1912 жылы: «Барлық айдаудағылар үшiн осы бiр кез (қыстың күндерi) өте ауыр бо латын. Айнала төңiректен өмiр нышанының байқалмайтыны сонша, ойыңнан өлiм кетпей қояды. Егер өзiңнiң өмiрде тiрi жүргенiңе күмән келтiргiң келсе – Верхоянск нағыз таптырмай тын жер», – деп жазған. Ал Среднеколымск туралы мынадай бiрақ мысал келтiрейiк. Осында жер аударылған «халықшылдар» тобының өкiлi, соңынан әйгiлi ғалым В.Г. Ган-Богорозды Петер бургтен аластау кезiнде бiр чиновник: «Среднеколымск жөнiнде бiз, онда өмiр сүруге болмайтынынан басқа ештеме бiлмеймiз. Сондықтан да сiздi сол жаққа айдап отырмыз», – дептi. Кездейсоқ кездескен сәуегейдiң осы бiр сөздерiне екi жiгiттiң бiрi: – Ногин халық комиссары болған екен ғой, мүмкiн, мен де ко миссар болармын, – десе, екiншiсi: – Ал мен Ган-Богороздың жолын берiп, ғалым болсам қайтедi, – деп жауап берiптi. Серiгiн жолда, Верхоянскде қалдырған Поляков әуелi атпен, сонан соң бұғы жеккен шанамен, ең соңында атпен жүрiп отырып, жарты айдың шамасында Среднеколымск қыстағына келiп жет
кен. Ол кезде Среднеколымск округi Колыма өзенiнiң жоғарғытөменгi ағысын түгел қамтитын, қазiргi Чукот ұлттық округi мен Магадан облысының көптеген жерi осы округтің қарамағында едi. Қазiр Колыма өзенiнiң бойында Якутияға қарайтын үш ау дан бар. Анисим Александрович Поляков келе сала қызметiне кiрiскен. Қызметiне кiрiскенде тек мал дәрiгерi ретiнде емес, сол кездерге тән қоғамдық жұмыстардың бәрiн атқарады. Соның бiрi эвендер мен чукчалардын арасында жиналыс өткiзiп, наслег советтерiн құру болатын. Осы мәселеде ол көп қиыншылықтарға кездеседi. – Бұл өлкеде тұратын халықтың хал-жайын, өткен-кеткен та рихын ептеп бiлетiнмiн, – дейдi Поляков. – Орыс миссионерлерi алғашқы коныстанушылармен бiрге келiп, жергiлiктi халықты шоқындыра бастайды. Тек мұның бәрi бос әурешiлiк едi. Өйткенi христиан дiнi еркiн жүрген халықтың бойына сiңе қоймады. Олар тiптен христиан дiнiн қабылдап алғаннан кейiн де Христосыңның кiм екенiн бiлмейтiн. Ал миссионерлер жергiлiктi халықты қанауға келгенде сұмдықтың неше түрiн шығаратын. Мәселен, салық төлеуге құдiретi келмейтiн шаруалардың әйелдерi мен қыздарын тартып алып, түлкiнiң терiсiне айырбастап жiберетiн. Мысалы, осы туралы әйгiлi зерттеушi Михаил Стадухин Якутск воеводасына 1652 жылы жазған хатында былай дейдi: «...а с кого платеж не будет и у них в войско емлют сильные жены и дочери и сестры и племянницы и те женки из войска продают промыш ленным людям за соболи». Әрине, бұл – бағы заман. Дегенмен мен келген кезде де тағылықтың талай түрi етек алып тұрған кез едi. Соның бiрi – Тынат дейтiн кедей жiгiттiң тағдыры. Ол өз әйелiне екi рет үйленiптi. Жас жiгiт шағында Кулюк дейтiн бай Тынатқа өзiнiң қызы Эт кевиге үйленiп, мәңгi бақи малшысы болып қалуды ұсынады. Тынат байдың айтқанын орындайды. Осылайша, олар жетi жыл өмiр сүредi. Бала сүйедi. Осы кезде Кулюкке басқа бiр малшы сы – Чайчава ұнап қалса керек. Ендi ол өз қызын соған бередi де, Тынатқа тек қана малшы боп қала бересiң деп бұйырады. Қара табан кедей Тынат әйелiн бiреуге берiп, өзi малшы боп жүре бередi. Тек ол өзiнше Эткевидi әлi де әйелiм деп есептейдi.
Осылайша үш жыл өтiптi. Эткеви тұрмысқа қайта шыққан соң және бiр ұл туған. Чайчава өзiн отбасында бақытты адам санап, масаттанып жүредi. Бiр күнi бұғыларға қасқыр шауып, бiразын тамақтап кетедi. Осыған ашуланған Кулюк Чайчавамен ұрсысып, жұмыстан куып жiбередi. Осыны пайдаланған Тынат қайтадан өз үйiне барып, әйелiне қосылады. Ендi ол Эткевидiң екiншi ұлын да өз ұлым деп жариялайды. Содан берi Чайчава мен Тынат кез дескен жерде бiр-бiрiн нашар малшысың деп айыптай жөнелетiн көрiнедi, тек одан арыға бармайды. Мiне, маған кездескенде Тынат әлi де сол Кулюктің жалшысы боп жүр екен. Жаңа өмiр жөнiнде ешбiр хабары жоқ. Кулюктің табалдырығында мүжiген сүйегiне мәз. Кулюктің малына сырты нан ие болғанын абырой тұтады, ал ауыз ашып сөзге келмейдi. Чукчалардың өз королi – эрем болғанын мен бұрыннан бiлетiнмiн. Тек сол эрем дәл қазiрге дейiн бар деп ойлаған емес едiм. Ендi, мiне, маған сол эремдi тақтан түсiруге тура келдi. Сайлау еткiзiп, совет құратынымызды есiткенде Кулюк сияқты байлар маған: «Бiзге сайлаудың қажетi жоқ. Өйткенi бiздiң өз эремiмiз бар. Ал эремдерi жоқ эвендердiң жөнi бiр басқа» деп дау соқты. Олар ептеп қоқан-лоққы да жасап көрдi. Дегенмен бiз сайлау өткiзетiн болдық. Сайлау күнiн 1930 жылдың 24 апрелiне белгiледiк. Мұның алдында мен чукчалардың ең соңғы эремi Тынапомен кездескенмiн. Ол әдейi iздеп келiп, Советтiң не қажетi бар деп бiраз дауласқан. Тiптен патшаның әлдеқашан тақтан құлағанын ол алғаш рет менен естiп, ептеп ұнжырғасы түсiп қалды. Өзi – жасы алпыстан асып қалған қарт кiсi. Среднеколымскiде сонау 1915-1916 жылдары бiр рет болыпты. Онда да есiнде қалған нәрсе – iшiмдiк пен сауықгершiлiк. Осы эремдердiң өзiнiң пайда болуы да кездейсоқ. XIX ғасырдың отызыншы жылдары И. Билингс пен Г. Сарычевтың экспедициясы Беринг бұғазынан Колымға теңiз жолы арқылы өте алмағандықтан, амалсыз құрғақ жермен жүредi. Сол кезде экспедицияға көлiк ретiнде бұғы берiп отырған бiр чукчаға Екатерина патшаның бейнесi салынған үлкен бiр күмiс медаль берiптi. Әлгi бай чук ча осы медальды мойнына асып алып, өзiн бүкiл чукчалардың
патшасы деп жариялайды. Оның баласы Ятыргин бұл билiктi одан әрi кеңiтедi. Ал оның баласы Амравургин өз жеке меншiгiндегi бұғылардың санын қырық мың басқа жеткiзiп, өз билiгiн бүкiл чукчаларға мойындатады. 1859 жылы осы эрем Петербургке шақырылады, бiрақ Иркутскiде барлық документ ке қол қойып, патша чиновниктерiнiң айтқанын бұлжытпай орындағандықтан керi қайтады. Мен кездескен Тынапа осы Амравургиннiң немересi болатын. Өткен ғасырдың аяғынан бастап эрем. Бiр қызығы, мен қолымдағы өз атына берiлген документтерiн сұрағанда ұстатқан жалғыз парақ қағазы бiр чиновниктiң өзiне жазған хаты екен. Сол қағазды қолына ұстап, барлық чукчаларға билiгiн жүргiзген. Алдын ала жүргiзген үгiт-насихат жұмыстарының негiзiнде бiз эремдi «тағынан» түсiрдiк. Советтiң председателi етiп орташа шаруаны, мүшелiгiне бiр чукча мен эвендi сайладық. Сонымен, 1930 жылы чукчалардың соңғы королi тақтан құлады... Мен осының бәрiн жолдастарыма жария етiп болғанша аудан басшылары сыртқа бiрнеше рет шығып келдi. Түрлерiне қарап, бұлттың дәл төбемiзде тапжылмай тұрғанын сеземiз. Ендi Корнеев бағана басталған әуе жолы туралы әңгiмелердi ары жалғастырып, көңiлiмiздi бiр жұбатты. Ол жол қиындығын және әсiрелеп бердi. Әуе жолы дегенде ақындардай ағып тұр – бiр әңгiмесi екiншiсiне жалғасып, бәрi қосылып бiр поэмаға айнала ды да кетедi. Бiз тыңдаудан жалықпаймыз (жалыққанда қолдан келер не бар!). Корнеевтің осы әңгiмелерi ептеп бiздiң көңiлiмiздi сергiтiп тастады. Ендi бiз Верхневилюйскге қалай да жететiнiмiзге күмән келтiрудi қойдық. Жетемiз. Бүгiн жетпесек, осы аптаның iшiнде жетемiз. Сондықтан «жол» деген бiр сөздi ермекке айналдырып, соның төңiрегiнде әңгiме-дүкен құрып отырмыз. Қайта-қайта синоптиктермен сырласып жүрген Корнеев және бiр жаңалық хабар жеткiздi. – Верхне-Вилюйскіге мына ауа райында АН-2 бүгiн ұша ал майды. Ұшу биiктiгi жоғарылау ИЛ-2 болса ұшар едi.
– Отыр ғой онда мына Тиксидiң жiгiтi екi күннен берi ауылына жете алмай. Неге осы барып келе салмайды, – дедi аудан басшы лары Берiстi нұсқап. – Айналдырған алты адамға үлкен самолеттi жұмсауға баты лым бармай тұрғаны. Дегенмен байқап көрейiн. Ол кiсi басқа самолетпен келгендiктен Семендi есепке алма ды ма, әлде сасқалақтағаны ма, әйтеуiр, бiздiң тобымызды бiр адамға кемiтiп кеттi. Оны елең қылып отырған бiз жоқ. Арнайы самолет болғандықтан, түгел кететiнiмiзге көзiмiз жетедi. Деген мен Корнеевтiң байқап көргенi абыройлы iс болды. Орталықтағы басшылары жүк тасып жүрген Бертiстiң тiзгiнiн солға бұрып, бiздi келесi ауданға жеткiзiп салуға нұскау берiптi. Бәрiмiз дүр түрегелдiк. Бертiс моторын қыздыруға самолетiне жүгiрдi. Жұрттың жүзi жадырап сала бердi. Ендi қайтсiн: «мұнда халық күтiп қалды ғой ағайындар» деген хабарды Верхне-Вилюйскiден телефон жарым сағат сайын жеткiзiп, зар илеп тұрғанына өзiмiз куә болып отырмыз. Ауданның жарқын жүздi, ақкөңiл, мейiрбан басшыларымен қоштасып, аспанға сүңгiдiк те кеттiк. Астымызда және де ор ман, және де көл, iлуде бiр көрiнiп қалатын қыстақтар. Мiнген тұлпарымыздың аяқ алысымен шамалағанда бiраз жер ұштық. Жол жетерлiк. ҚАЗЫНАЛЫ АЙМАҚ, ҚАЗЫНАЛЫ ӨЗЕН «Олар қазы жей ме екен?» Тойық пен шаңқобыз. Он екi жыл өксiген азамат. – Кепсе. – Сох, эн кепсе. Жиганскiден ұшып шыға сала-ақ Семен екеумiздiң арамыз да осындай әңгiме болды. Бұл якуттардың жол үстiнде кездесiп қалғанда «Ыдорово» (орысша «Здорово» деген сөздерi) деп сәлемдесуден кейiнгi айтатын алғашқы сөзi. Ол бiздiң «жол бол сын,» «әлей болсын» деген ата-бабамыздан қалған мұрамыздың
айна-қатесi жоқ баламасы. Әрине, сөздерi өзгешелеу. Дәл аударсақ, «сөйле», «жоқ, сен сөйле» деген диалог (Бiздiң тiлiмiзде «гәп» деген сөздiң барын еске ала берiңiз). Семеннiң кепсесi көп-ақ, бiрақ ол осы сапарымызда бiрде өзi кешiксе, бiрде бiздi қоса кешiктiрiп алып келе жатқанына ренiштiлеу сияқты. Тұйық отырғаны сондықтан. Дегенмен ВерхнеВилюйскiнiң үстiне келгенде жүзi жайнап сала бердi. Аэропорттың басы құжынаған халық. Машинаның санының молдығына онша мән бере қоймап едiк, мотоциклдiң көптiгiне түсiнбедiк. Аудан орталығындағы аэропорттарда мұнша транспорт жина ла қоймайтын. Самолеттiң тұяғы жерге нықталып, есiгi ашылып, жерге аяғымызды дәдiл баса бергенiмiзде, көпшiлiктен оқшаулау қатар тұрған жетi қыз бiзге қарсы жүрдi. Бiлектерiне сүлгiнi көлденең тастап қойған қарындастардың қолдарында – ағаштан жасалған мондықабақ секiлдi ұзыншалау келген тостағандар. Бiзге жақын келген соң бастарын иiп сәлем бердi де, қолдарындағы тостағандарды ұсынды. Бұрын қай жерде болмасын жалғызақ адамға ұсынылатын нан мен тұзды ғана көрiп қалған бiздiң бәрiмiзге бiрдей жеке-жеке ұсынылып жатқан ыдыстың iшiндегi затты аңғару қиын ғой. Осыны сезген мөлдiр көз қарындастар сәлем берген кезде «қымыс» деген сөздi қоса айтқан. Сөйтiп, бiз iзгi ниетпен келгенiмiздi бiлдiрiп, чороннан қымыз iшiп, сүлгiмен сүртiндiк. Олар бiздiң келгенiмiзге риза екенiн бiлдiрiп, ас-суын аямайтынын сездiрiп, ата-бабасынан қалған байырғы дәстүр бойынша қымыз ұсынды. Бiзге осы дәстүр аса ұнады. Әрине, нан мен тұздан асатын ештеңе жоқ, бiрақ бiр тра фареттен мiз бақпай отырып алғаннан гөрi, ата-бабадан қалған салттың дәндi, дәмдi жағын да дұрыс пайдаланған жөн сияқты. Дәстүр бойынша қонақтардың делегация басшысы ретiнде мен, жергiлiктi халықтың атынан аудандық атқару комитетiнiң председателi М.Т. Егоров сөз сөйледi. Пионерлер құттықтау айт ты. Дәл осы кезде барып баяғы көп машина мен мотоциклдердiн сырына түсiндiк. Көлiкке отырыңыздар деп стартқа шығатындай бiр сызыққа тiзiлiп тұрған «Москвичтерге» алып келгенде Қуан аға екеумiз бiр машинаға ұмтылып ек, аудан басшылары көлденең тұра қалды.
– Бұл машинаға бiреуiңiз ғана отырасыз. – Онда басқасына барайық. – Жоқ, әр машинаға бiр-бiр адам ғана отырады. – !? – Солай етесiздер. Ел бiздiкi болған соң бiздiң талабымызды тыңдаңыздар. Кәне, көлiкке жайғасыңыздар. Ел сол кiсiлердiкi болған соң амал жоқ – тыңдадық. – Егер айдаушы Галя болса қайтер едiк? – деп Қуан аға жыми ып, басқа машинаға кеттi. Бiз машинаға отырып, мотор от алған кезде баяғы мотоциклдердiң төрт-бесеуi зыр етiп алдымызға түсiп алды. «Мо сквичтер» сап түзедi. Бұрылып қарасам, артымызда да мотоцикл. Мына эскорт онша ұнай қоймаса да амал жоқ, қонақпыз. Бiр кез де машина жүргiзушi сол жағын нұсқап: – Мынау райкомның үйi, сiздер осында тоқтайсыздар, – дедi жолдың жағасынан елу метр жерде тұрған үйдi көрсетiп. – Онда неге тоқтамайсың. – Болмайды. Анау тұрған Мәдениет үйiнiң алдынан керi бұрылып, жолдың оң жағына тоқтаймыз. – Айналайын-ау, мына көшең қаладағы нақ ортасынан ақ бояумен лента тартып қоятын көшеге ұқсамайды ғой. Бұрыла салмаймысың. – Болмайды. Бұрылып келiп, қатар тұруымыз керек. – Онда осы жерге тоқтай сал. Бәрiң қатар келесiңдер ғой. Бiз мына енi бес метр жолдан өтуге шаршайды деймiсiң. – Болмайды. Болмаса болмасын. Бәрiбiр болдыру қолдан келмейдi екен деп үнсiз отыра беруден басқа амал жоқ. («Болмайдының» көкесi кейiнде екенi ол мезетте менiң тiптен ойыма кiрiп шыққан емес). Айдаушы машинасын әлгiндей айтқан жерiне әкелiп тоқтатты. Бәрiмiз машинамыздан түсiп, аялдайтын орнымызға келiп жайғастық. – Қуандық, әлгi айдаушысы Галя болса қайтемiз дегенiңе түсiнбедiм, – дедi Егоров. – Онда сiздер осынша машинаны бос сандалтпай бiр-ақ ма шинамен құтылатын едiңiздер, – дедi әңгiменiң төркiнiне түсiне қойған Хизмет.
– Қалайша? – Ол үшiн Галя қажет. – Қандай Галя? Марк Тимофеевичке Галя жайын түсiндiрiп беруге тура келдi. Жиганскiде аэропорттан аудан орталығына келу үшiн жылымға салып қойған тақтай көпiрден өтесiң. Транспорт өтетiн көпiр жоқ. Жылымды айналып жүрсең талай жер. Сондықтан бiз көпiрден жаяу өттiк, арғы жағада машиналар күтiп тұрған. Бiр кезде қарасам, бiздiң жiгiттер түгелiмен бiр машинаға отырып жатыр. Қастарында Баланов күлiп тұр. «Не болды? деп жақындай бергенiм сол едi: – Иә, жетпегенiмiз сен едiң, келе ғой! – деп Қуан аға қолымнан сүйреп машинаға отырғызып алды. Сөйтсем, сегiз орындық жеңiл машинаның айдаушысы Галя атты қыз екен. Машиналарға жақындай бергенде Баланов: – Ал, қане, кiмнiң машинасына отырасыздар. Мына тұрғандар аудандық партия комитетiнiң, аудандық атқару комитетiнiң және аудандық комсомол комитетiнiң машиналары, – деп әзiлдесе ке рек. – Менiң машинамның көлемi үлкендеу ғой, бөлiп-жармай-ақ түгел мiне қойсын, – деп Галя әзiлдесе керек. – Менiң салмағым ауырлау едi, басқалары басқа машинаға оты ра берсiн, – деп жайғаса бастаған Хизметтi ығыстырып жiберiп Қуан аға отырады машинаға. Сонымен не керек, бүкiл делегация бiр машинамен жеткенбiз селоға. – Бәрiңiз бiр машинаға жабылып не болды. Баллоны жарылып кетсе қайтесiздер, – десем, Қуан аға: – Иә, сен жаяу келген шығарсың комсомолдың машинасын аяп, – деп әзiлдеп жүретiн. Мына айтып жүргенi де сол. – Бұғыны ерттеп мiнiп жүрген бiздiң қыздарға машина де ген не! – дедi Марк Тимофеевич. Ертең көресiздер әлi бiздiң қыздардың еңбектегi қайсарлығын. Олар тiптен аюмен алысады. – Олар жөнiнде Никифоров айтқан. – Онда хабардар екенсiздер ғой. – Жиганскiде ауа райының болсын, басқаның арқасында бол сын, әйтеуiр, бiраз демалдыңыздар ғой. Ендi тамақтанайық, –
деп аудандық партия комитетiнiң бiрiншi секретары И.Г. Мак симов бiздi асханаға жетелей бастады. Бiз якут ағайындардың тұрмысын, салт-салтанатын әлi де жақсы бiле бермейтiнiмiздi дастарханның үстiне көз салғанда-ақ байқадық. Қазы, қарта, жая… Жылқы етiнен жасалатын тағам түгелiмен тұнып тұр. Әрине, бiз якуттардың жылқы етiн жейтiнiн естiгенбiз. Оны да кеше Жиганскiде есiткенбiз Семеннің аудан басшыларымен телефон арқылы сөйлескен сөзiне қасында отырғандықтан куә болғанбыз. Ол трубканы жауып тұрып: – Сiздер жылқы етiн жейсiздер ме? – деген. – Жылқы етiн жесе, қазақ пен қасқыр жесiн, – деген Хизмет әзiлдеп. – Мына Қуандық тайды түгiмен жұтып қояды. – Қаасы, карта... деп жатқан Семен телефонға. – Бiзде балықтың бiраз түрiн көрiп, дәмiн татып едiңiздер. Ви люй жағасында жылқы етiмен сыйлайтын болар. Бiздiң ондай мүмкiншiлiгiмiз жоқ, – деген «Жиган» совхозының директоры Матвеев Борис Иванович. Бiз Семеннен телефоннан не сұрағанын айтуын өтiнгенiмiзде «Олар қазы жей ме екен?» – деп жатыр деген. Бiз ендi мына мол дастарханды жағалай отырып ас иелерiне қазы жейтiнiмiздi дәлелдедiк. Сол қазының үстiнде жылқы мәселесi сөз болды. – Қазақстанда тұрғын халықтың жеке басына бөлгенде әр жүз адамға неше жылқыдан келедi? – дедi якуттың көрнектi ақыны, осы ауданның тұрғыны Петр Тобаруков жымия қарап отырып. – Шынын айтсақ, бiлмеймiз. Бұлайша есептеп көрмеппiз. – Мейлi, бiлмей-ақ қойыңыздар. Ал әрбiр жүз тұрғынға бөлгенде бiздiң республика азаматтары – жылқы жөнiнен Советтер Одағында ең бай адамдар. Осылай есептегенде ең жоғары көрсеткiш бiзде. Осыдан якуттардың жылқыға қалай қарайтынын байқай берiңiздер. Жалпы, жылқы – бiздiң со нау заманғы ата-бабаларымыздан қалған түлiк. Бұл да бiздiң ата-мекенiмiздiң шамалас екенiн дәлелдейтiн секiлдi. Мәселен, бiздiң республиканың байырғы тұрғындарының iшiнен якуттар дан басқа бiрде-бiр халық жылқыға әуес емес. Тiптен одан зәресi қалмай қорқады. Мен сiздерге мынадай бiр қызық әңгiме айтып берейiн. Тундрадағы бiр эвен колхозына якут жiгiтi бастық бо
лып барыпты. Ол өзi үйренiп қалған көлiк – ат мiне барса керек. Бүкiл колхозда әлгi атқа жолайтын адам табылмаған. Мүйiзi бар бұғыны ерттеп мiнiп жүрген азаматтар моп-момақан атты көрсе, анадайдан осқырына қашатын көрiнедi. Атты бағып-қағу, жемдеу, ер-тұрмандаудың бәрiн бастықтың өзi жасайды екен. Айта берсең, мынадай бiр әзiл-оспақ та бар. Соғыс кезiнде осын дай бiр колхоздың бастығы майданға аттанып кеткенде колхоз шылар оның атын босатып, жайына жiберiптi. Сол жiгiт бiрер жылда қайта оралса, аты жабайыға айналып кеткен екен. Бұл кiсiнiң өзi күле отырып айтқан әңгiмесiнiң қай мезгiлде, қашан, қай жерде болғаны бiзге беймәлiм, бiрақ жылқының эвенкiлерге де, эвендерге де, юкагирлерге де емес, тек қана якут халқына тән түлiк екенi рас. Жылқыны бағып-баптауы да, қымыз жасауы да, соғымдауы да, жылқы етiнен ас дайындауы да қазақтарға сәйкес. Жылқыны жасы мен түсiне қарап бөлуi де сәйкес. Жоғарыда айтқандай «күрең», «қылаң» деген сөздер де жымдасып, дәл мағынасын берiп жатыр. Жылқы жөнiнде туыстығымыз дұрыс сияқты. Якутияның ауыл шаруашылығы жөнiнде осы ауданда молырақ таныстық. Оны соңырақ айтармыз, қазiр бағанағы «болмайды, болмайдының» мәселесiне қайта оралайық. Екi сағат дем алуға ерiк берiп кеткен аудан басшылары қайта келiп, бiздi паркке ертiп барды. Парктiң өзi селодан гөрi дөңестеу жерге орналасқан екен. Кiре берiс маңдағы жеке тұрған бiр төбешiкке ескерткiш орнатылыпты. Ол алып гра ниттен қиып жасалған монумент сияқты көрiнедi. Бұл – өзенге қойылған ескерткiш. Өзенге қойылған ескерткiш дүниеде көп емес шығар, ал мынау өзенге қойылған. Аты да «Вилюй». Екпiнi өте батыл, шарыққа ұмтылып бара жатқан қыз бейнесiн негiзге алып, Вилюй байлығының бәрiн көрсетуге тырысқан әсем ескерткiш. Парктiң төменгi жағын ала стадион салынған. Осы жер ге қазақ кiтаптарының көрмесiн ұйымдастырыпты. Жергiлiктi суретшiлердiң қылқаламынан туған Шоқан, Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов портреттерi iлiнген. Стадионға халық жина ла бастады. Бiз де үлесiмiзге тиетiн жерден орын алмақ бо
лып ниеттенiп едiк, аудан басшылары қасымызға аудандық мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсiн қалдырды да, осы орнымыздан қозғалмауымызды өтiнiп, өздерi iлгерi кетiп қалды. Стадионның орталығында жаюлы жатқан кiлемдi спорт шеберлерiне телiп, орындық пен үстелдерді төрешiлерге берiп тұрғанбыз. Бiр кез де бiздiң қасымызға үстiн ашып, айналасын гүлге орап тастаған екi «Газ-69» машинасы жетiп келдi. Әлгi бiзге «ермекке» қалған басшымыз бәрiмiздi осы машинаға отырғызғысы келетiн ниетiн байқатты. Бiз ат-тонымызды ала қаштық. Оған көнетiн ол жоқ. Осыны байқап тұрса керек, бүкiл стадионға естiрте бiреу микро фон арқылы «Қонақтар! Машинаға отырыңыздар!» деп, бұйрығын саңқ еткiздi. Ал ендi тартынып көр. Жұрт қол шапалақтап жа тыр. Амалсыз машинаға жайғастық. Мiне, «болмайдының» көкесiн осында көрдiк. Айдаушы тасбақа жүрiске салып келедi. Мен ұмтылдыра түсем. – Iнiшек-ау, жылдамырақ жүрсейшi. – Болмайды. – Ең болмаса мына тасбақа кiбiртiгiңдi қойып, өгiз аяңға сал шы. – Болмайды. Жұртшылық стадионның батыс қапталында отырған. Бiз футбол алаңының сыртындағы жүгiру жолымен келемiз. Ендi стадионның шығыс жағына ауысқанда және тыпыршыдық. – Айналайын қалқам-ау, ең болмаса ендi жылдам жүрсейшi. Мына жақта бәрiбiр ешкiм жоқ қой. – Болмайды. Шофер жiгiт өз айтқанынан қайтпай кiбiртiктеп жүрiп отырды. Баяғы самолет қонатын белгi сияқты етiп «Т» әрпiнше төселген кiлемнiң жанына келiп тоқтады. Жүгiрiп гүл алып кел ген қыздар есiктi бiзден бұрын ашып үлгiрдi. Төмен қараған күйi кiлемнiң үстiмен үстелге келiп жайғастық. – Бұларыңыз бекер болды, – дедiм мен басшыларға. – Мен әлi космосқа шыққаным жоқ қой, жолдастар-ау, – дедi Қуан аға олар менiң сөзiме жауап берiп үлгiрмей жатып-ақ. – Бұл сiздiң жеке бастарыңызға емес, қазақ халқына көрсетiлген құрмет қой, Қуан аға, – дедi Егоров. – Осылай түсiнсеңiздер,
бәрi орын-орынына келедi де қояды. Ал ендi митингiмiздi бастайық. Бұл да екi халықтың достығына арналған митинг. Митингiде қонақтар да, қарсы алушылар да сөйледi. Бiздiң ақын азаматтарымыз өлең оқыды. Осыдан соң көркемөнерпаздар үйiрмесiнiң мүшелерi концерт көрсеттi. Концерттi бiз ендi, әйтеуiр, қолымыз жеттi ме деген, стадион трибунала рына жайғасып отырып көрдiк. Концерт тартымды болды, ұнады, қызықтырды. Әсiресе қызықтырған – концерттiң басталарындағы бiр ән. Ол – тойық. Концерт басталардың ал дында талдырмаш бiр қыз алға шығып, ритмикалық бiр әндi өте батыл бастай жөнелдi. Әуенiне қарасаң, терме сияқты, бiрақ музыкалық сарын басымдау секiлдi. Ол қыз көзiн бiзден айырмайды, бiрақ әннiң сөзiнен немесе әуенiнен мүдiрiп жатқан жоқ. Бұл якуттардың тойбастары екен. Қазақтың той бастарынан айырмашылығы – оны кез келген адам ешқандай музыкалық аспапсыз-ақ айта бередi. Сөзi – импровизация. Ай тылатын орны тек қана той емес, кез келген көңiлдi кеш пен жиын. Әлгi қыз бiздiң келуiмiздi құттықтап тойық айтып тұр екен. Концерт осыдан соң басталды. Және бiр көңiлге қатты ұнағаны – сол қыздың бiр кезде хомуста орындаған әуендерi. Ол қарындастың қаншалықты музыка қағидаларына жетiк екенiн бiлмеймiз, тек хомусты сайратуы тамаша. Ал сол хомус кәдiмгi шаңкобыз (немесе шаңғы ауыз). Қазiргi кезде Қазақстанның қай түкпiрiнде кеңiнен қолданылатынын бiлмеймiн, тек кеше ғана соғыс кезiнде Шымкент облысындағы Қазығұрт пен Қосмола тауларының бауырындағы елдерде сол аспапта ойнай алмайтын адам болмайтын. Тiптен жас балаларға дейiн ойнай бiлетiн. Ба зарбай дейтiн бiр ақсақал сол кезде жалаң аяқ жүгiрiп жүретiн бiздерге үлгiсiн жасап берiп, сол аспапты өзiмiзге соқтыратын. Бiзге ұнағаны – якут ағайындардың сол аспапты ұлттық эмблемаға айналдырып, қазiрге дейiн қадiр тұта пайдалануында, қынжылтатыны – бiздiң Қазақстанда осы көне мәдениетiмiздiң көзiн қадір тұтпай, жойып алғанымыз. Якут ағайындардың осы музыкалық аспапты соншалықты қадыр тұтқаны бiздi көп ойландырды. Оның үстiне әлгiндегi қарындасымыз қолындағы екi-ақ темiрден жасалған аспаппен 6-270
түрлi-түрлi мақамға салып әндеткенде, хомустың құдiретiне таңданбай тұра алмайсың. Өзi ең көне аспаптардың бiрi екенiне қарамай, кей кездегi дыбысы космостан келiп жатқандай әсер етедi. Сондықтан мен жергiлiктi жолдастардан бiлiктi хомусшылардың бiрiмен қалайда жеке кездестiруiн етiндiм. Көпшiлiкпен бiрге концертке қатысу – өнерпаздың белгiленген программадан шыға алмай кiбiртiктей беретiнi айдан анық, ал жеке орындағанда хомусшының таланты жаңа қырларынан көрiнетiнi және белгiлi. Олар менiң өтiнiшiмдi қабыл алды. Ендi бiз хомус үнiн Вилюй өзенiнiң бойында табиғаттың алақанында отырып тыңдадық. Осы жерде бiз хомусты ойнаудың бiрнеше тәсiлi бар екенiн анық байқадық. Бiрде хомусшы сұқ саусағымен әрекет етсе, бiрде бес саусағымен түгел соққылайды, ал ендi бiрде хомустың тiлiн көмейiне салып жiберiп, тiлiмен ойнатады. Дәл қазiр хомустың мына үнiнен мен торғайдың шырылын естiп тұрған сияқтымын. Мұнан кейiнгi дыбыстар қаздың үнiне келетiн секiлдi... – Сiз хомуста ойнаудың неше әдiсiн бiлесiз? – деп сұрадым мен хомусшыдан. – Он әдiсiн. Ал шебер хомусшылар бұдан әлдеқайда көп әдiстi қолданады. – Хомус үнiнен сiз не сезiп тұрсыз? – деп сұрадым мен жергiлiктi жолдастардың бiрiнен. – Ұйып тыңдаған адамға хомус үнiнен көктемдегi боғатқа қатқан мұз сәукелелерiнiң сыбдыры мен тамшының дыбысы, мөлдiр бұлақтардың сылдыры мен алып өзендердiң арынды ағысының үнi, аспанды шарлап жүрген бозторғай мен ерсiлiқарсылы естiлiп жатқан жыл кұстарының үнi естiледi. Ал сiз қалай сезiнесiз? – дедi жауап берген кiсi ендi менiң өзiме сұрақ қойып. – Сiз Солтүстiктiң нағыз төл ұлысыз, сондықтан хомустан шыққан үннiң бәрiн өз табиғатыңызға баламалап отырсыз. Әрине, мына хомусшы дәл осы сарында ойнап отыр. Ал маған осы бiр әуендер өзiмнiң ұшы-қиыры жоқ кең далам мен биiк тау ларымды көзге елестетiп тұр. – Сiз де сол даланың төл ұлы екенсiз, – дедi күлiмсiреп әлгi кiсi. – Хомус үнiнiң құбылуының себебi мынада ғой. Бұл үндi шығарып
тұрған жалғыз ғана аспап емес – орындаушының қимылы ғой. Мәселен, хомуста ойнаған кезде адам денесi түгел қатысады десе болады. Қане, санап көрiңiзшi: өкпе, өңеш, таңдай, тiс, тiл, саусақ, қарын сiңiрлерi. Әрине, – дедi ол және бiраз ойланып тұрып. – Ең алдымен адамның жан сезiмi басшылық жасайды: оның қиялы, ой-арманы, мұрат-мақсаты... Бiздiң бұл қағиданы қоштаудан басқа пiкiрiмiз болмайтын. Дұрыс. Музыка адамның көңiл күйiн сездiредi, iлгерi жетелейдi. – Сiздерде хомусшылар көп пе? – деп сұрады бiзге өз өнерiн көрсеткен хомусшы. – Көп, – деп жауап бердi Қуан аға. – Республиканың оңтүстiк аудандарындағы ауылдардың бәрiндегi көркемөнерпаздар үйiрмесi осы аспаптың үнiн шығаруға тырысады. Есiңiзде бол сын, тек үнiн ғана. Ал бұл аспаппен жеке номер орындау қазiрше бiздiң өнерпаздардың қолынан келмей тұр. Дегенмен соған да шүкiршiлiк. Бiр кезде мүлдем ұмытылып кетiп едi, шүкiршiлiк, соңғы кезде қайта жаңғыра бастады. Бұл аспаптың бiздiң көршiмiз – қырғыз халқына да тән екенiн бұрыннан бiлетiнбiз. Ал соңғы кезде сонау Прибалтикадағы эстон ағайындарға да атадан қалған мирас екенiн көрiп жүрмiз. Шы нын айтайын, олар да бiз сияқты шаң-шұң еткiзбей, көне аспапты тиiмдi пайдаланады… – Қуан аға, – деп сөзiн бөле берген маған қарап: – Немене, кемсiтiп тастадым ба қазақ өнерпаздарын. Бар, ай тып бар. Өкпелесе, сонау заманда ата-бабалары жасап берiп кет кен мұраны дұрыс пайдалана алмай жүрген өздерiнен көрсiн. Бәрiмiз ду күлдiк… Осы күнi кешкiлiк (несiн жасырайын – түнгi сағат екi болатын) бiз аудан басшыларының қабылдауынан кейiн Семеннiң үйiнде қонақ болдық. Қанша жалынсақ та қоймай, бiздiң салтымыз осылай деп үйiне алып барып, әркiмге жеке-жеке үйрек тартып, қолымызға пышақ ұстатты. Жылқы етiне қанша қарық болғанмен, құс етiнiң де дәмiн татуға тура келдi. Мариям хатүнның (әйелдi осылай атайды) батасын алған соң, таңертеңге дейiн көз шыры мын алу үшiн жатақ орнымызға оралдық. Түннiң бiр мезгiлi бо лып кеткен. Ертең әлгi бұғы мiнген қарындастарға баруымыз ке рек, Вилюй арқылы саяхат жасамақпыз.
Вилюйдi көрiп қарық боламыз деп көңiлiмiз алып-ұшып жүрген қазақтар таң алакеуiмде-ақ орнымыздан тұрып, өзенге тарттық. Еншiмiзге тиген аумақтылау бiр катерге жиырма шақты адам жайғасып та алғанбыз. Қойнындағы бар байлығын адамзатқа ашып тастаған қазыналы өзен нақ осы күнi қырсықты да қалды. Бiз жоғары қарай он шақырымдай жер жүрген соң кемемiз бауырымен құм сызып, бiр орыннан тапжылмай тұрып алды. Барлық әрекет босқа кетiп жатыр. Өзеннiң толқыны келiп бiр соғар деп қол қусырып отыра беруге уақыт тығыз. Нақ осы күнi кешке Мирный қаласына жетуiмiз керек. Қайыққа екiденүштен отырып, жағаға шығуға тура келдi. Орман арасындағы алаңқай (жалпы осындай орман арасындағы алаңқай жерлердi якуттар «алас» деп атайды). Бiр жақсысы, осы алаңқайдағы көрiпбiлiп, есiткен әңгiмелерiмiз кемемiздiң күйбеңдеп қалғанына көп күйiндiре қойған жоқ. Жағаға шыға сала-ақ Леонид Попов: – Ал, қане, осухай бастайық, – дедi. Соның нұсқауымен қол ұстасып, шеңбер жасап тұра қалғанбыз. Өзi осы шеңбердiң қимыл ырғағына қарап үзiп-үзiп ән салып жүр. Басқамыз соның сөзiн қайталап, бiр алға еңкейiп, бiр кейiн шалқайып билеп жүрмiз. Ол әннiң сөзiн бiрден ой дан шығарып айтады. Бiрер минутта орман арасы ән мен биге бөлендi де қалды. Якут тiлiнде айтылған сөзiн түсiнбегенiң бол маса, би ырғағына лезде-ақ сүрiнбей-жығылмай араласып кете беруiңе болады. Бұл – якуттардың ең ескi халық биi. Оны қазiр де демалыс мезгiлдерiнде кез келген жерде билейдi. Якутскiдегi мәдениет және демалыс паркiнде жексенбi күндерi осухайды жиi көресiң. Әрбiр аймақтың өзiндiк мәдени ерекшелiгi болатыны сияқты, осухайдың шыққан тегi Сунтар ауданы болса керек. Онда бүкiлхалықтық мереке ысыах кезiнде осухайды бастаушылардың жарысы өткiзiлетiн көрiнедi. Әсiресе одаққа аты белгiлi РСФСРдың мәдениетке еңбегi сiңген қайраткерi Сергей Афанасьевич Зверев ортаға шыққанда, билеушiлердiң тобы бес жүз-алты жүз адамға дейiн жетедi екен. Ол би таң атқанша толастамайды. Якуттардың ең үлкен мейрамы – ысыах екенi жөнiнде көрнектi ақындар Серафим Элляй мен Куннюк Урастыров Якутскiнiң өзiнде айтқан болатын. Бұл – ескiден келе жатқан
мейiрiмдi жаздың құрметiне өткiзiлетiн қымыз мерекесi. Ысы ах қазақша дәлме-дәл аударғанда шашу немесе тамызу деген мағынаға жақын (қазақтың отқа май тамызуын еске алыңыз). Бұрынғы кезде мереке отқа, киiз үйге, дала мен шалғынға қымыз шашудан басталған. Аңыз бойынша ысыахтың алғашқы ұйымдастырушысы якуттардың түпкi атасы Эллэй көрiнедi. Ме реке жиналған жұрттың ертеде «батырлардың сусыны» аталған қымыз iшуiнен басталады. Сонан соң түрлi ойындар. Ең алды мен, алаңға ат байлау үшiн үлкен сэрге қағылады. Келгендер соған аттарының шылбырын байлайды. Осыдан соң ән, би. Бiр шетте спорт жарыстары. Ол мiндеттi түрде байырғы ойындар дан басталады. Алдымен қылыы – бiр аяқпен он бiр рет секiру, содан соң ыстанға – екi аяқпен кезек-кезек және он бiр қадам секiру, ең соңында куобах (қоян) – екi аяқты қосып тұрып және он бiр қадам. Бұдан кейiн еркiн күрес – хапсағай басталады. Ол кәдiмгi қазақша күрестiң нақ өзi. Атының өзiнде де қазақтың «қапсыру» деген сөзiне ұқсастық бар секiлдi,. Әрине, бұл мереке ат жарысынсыз өтпейдi. Мiне, осындай мереке Якутияда жылда жаз (өздерi үшiн көктем ғой) мезгiлiнде өтiп тұрады. Ауа райын салыстыра кел генде бiздiң көктемiмiз сияқты жасыл шалғын, айналаның құлпырып тұрған мезгiлi. Бiз осухай бiткен соң аудан шаруашылығының жағдайымен танысу мақсатымен әңгiмеге ауданның екi басшысын тарттық. – Бiздiң ауданымыз, – деп бастады әңгiмесiн М.Т. Егоров, негiзiнен мал шаруашылығымен айналысады. Осы Вилюй өзенiнiң жағасында республиканың төрт ауданы орналасқан. Республикадағы өндiрiлетiн мал өнiмдерiнiң бестен бiрi осы төрт ауданның еншiсiнде. Бiздiң ауданда он алты мың адам тұрады. Олар мал өсiредi, астық, овощ, картоп өндiредi. Жиырма мыңдай қара малымыз бар, оның он бiр мыңы – сауын сиыр. Тоғыз мыңдай жылқымыз бар. Жалпы, республика өндiретiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң он үштен бiр бөлiгiн бiз беремiз. – Кешiрiңiз, Марк Тимофеевич, жылқының саны тоғыз мың дедiңiз бе? – Иә, тоғыз мың. Сiздерде мұндай аудан көп шығар.
– Жiп тағып айта қоятын аудан еске түспей тұр. – Оқасы жоқ. Сiздердi астық пен овощ жайы да ойланды рып тұрған шығар. Ауа райының қаталдығына қарамай, түсiмi аз болғанмен, астық егемiз. Түсiмi гектарынан он төрт центнер. Ал оңтүстiкке таман аудандардың кейбiр шаруашылықтары жиырма центнерге дейiн өнiм жинайды. Кеше сiздер келген Поляр шеңберiнiң арғы жағындағы балалардан «картоп қайда өседi?» деп сұрасаң, «самолетте өседi» деп жауап беруi ақиқат. Ал бiзде картоп өседi. Бұл дақылдардың бәрiнiң өсiп жетiлуiне үлкен әсерiн тигiзетiн жер астының ылғалын сақтайтын мәңгi тоң болса, пiсiп жетiлуiне әсер ететiн – бiздегi күннiң ұзақтығы. Сондықтан күндi батпайды екен деп көп ренжи бермеңiздер. Мiне, шаруашылығымыздың түрi осындай. Әрине, бұғы, балық, аңшылық мәселесi бүкiл республикамызға тән нәрселер ғой. Марк Тимофеевичтiң мына келтiрген цифрларының бәрiн ой елегiнен өткiзiп, негiзiн пайымдап алу үшiн бiрқатар уақыт қажет болатын. Сондықтан болар, бiр сәтке тыныштық орнай қалды. Осыны пайдаланған жiгiттердiң бiреуi (әрине, қонақтар ғой): – Сипап келем алтын дәннiң масағын, – деп әйгiлi әннiң бiрiншi жолын сызылта жөнелдi. – Шамасы, сiздер бiзде астық өседi дегенге сенбей тұрсыздар немесе соның егжей-тегжейiн бiлгiлерiңiз келiп тұр, – дедi жергiлiктi жiгiттердiң бiрi. – Екеуi де бар, – дедiк бiз. – Онда айтуға тура келер. Сiздер, әрине, Владимир Галактио нович Короленконың кiм екенiн жақсы бiлесiздер. – Ендi қалай деп едiңiз, – деп бiз бәрiмiз қосарлана жауап бердiк. – Сол кiсiнiң «Макардың түсi» атты әңгiмесiн оқыған болар сыздар. – Бұл жолы да дәл түстiңiз. – Мiне, сол әңгiмесiн Короленко Эмгә слободасында ай дауда жүрген кезiнде жазған. Бұл слободаның қайда екенiн бармасаңыздар да картадан бiлуге тиiстiсiздер – Якутскiнiң оңтүстiк шығысында. Жазушы осы жерде үш жыл тұрған. Аталған шығармасынан басқа ол кiсi «Убивец», «Соколинец»
дейтiн әңгiмелерi мен «Есалаңдар қауымында» дейтiн повесть жа зыпты. Осында астық өсетiнiн жазған жазушының бiрi – сол кiсi. Ендi және бiр ұлы жазушының сөздерiне құлақ салып көрiңiздер. «Жан-жағына қарасаң, қарға тұяғын баспаған Якут облысын да келе жатырмын деп сiрә да ойламайсың – айнала төңiрек жайқалып тұрған егiн, арпа, тiптен бiр ауқым жерде бидай өсiп тұр, Эмге өзенiне жеткенде мен өзiмдi Едiлдiң жағасына жетiпақ қалғандай сезiндiм: көз алдымда астық жайқалып тұрған жа сыл алқап. Ежелден таныс бұртиып тұрған масақтарды көргенде: «Мынау шынымен бидай ма?» деп сұрадым. Якуттар өгiзге пiшен артып, астық орып жүрген жазықтықтың шетiне көз жетпейдi». Мұны жазған өзiнiң жер шарын айналып келе жатқан сапа рында осы тұстан өткен И.А. Гончаров. Сол кiсi өзiнiң «Фрегат «Паллада» атты кiтабында қандастары туралы былай деп жазған: «Орыстардың үйiнде нан баршылық, мұнда овощ, капуста, сәбiз, картоп, брюква өседi, кейбiреулер сиыр асырайды...» – Бiздiң өлкеде егiн салудың тарихы сонау алыс замандарға ба рып бiр-ақ тiреледi, – дедi өз әңгiмесiн жалғастырып, бiзге Яку тия егiн жайының әлiпбиiн түсiндiрiп тұрған жiгiт. – Яғни бiздiң өлкеге орыстардың алғаш келген кезiнен басталады. Мәселен, 1631 жылы Кут өзенiнiң Ленаға құятын тұсында қамал салынған болатын. Бiр жылдан соң осы маңға устюжандық шаруа Ерофей Хабаров келедi. Сол кiсi жаңа қонысқа келгендердiң арасынан бiрiншi боп Кут өзенiнiң сағасына егiн салып, қара бидай егiптi. Бұл жөнiнде тарихи документтерде былай жазылған: «егiн салу үшiн жер жыртып, диiрмен орнатты». 1641 жылы Хабаровтың егiндiгiнде он десятинадан артық жерге қара бидай мен арпа себiлген болатын. Оның осы әрекетiн құптаған Якутск воеводасы сол жылы Хабаровты Ленаның төменгi ағысына қарай көшiрiп, Киренга өзенiнiң сағасына орналастырады. Бұл жерде ол және егiн салады. Мұны бұрын саудамен айналысқан және бiр кiсi қолдап, егiн сала бастайды. Ал соңынан осы жерге жер аударылып келген украиндық он жетi семья түгелiмен егiнмен айналысуға көшедi. Соңынан Ерофей Павлович Хабаров жаңа жерлердi ашу жөнiндегi нағыз жиһангез болды. Ол әлi игерiлмей жатқан жерлердi зерттеп, соны халық игiлiгiне айналдырумен болды.
Мәселен, Хабаровск қаласының өмiрге келуi осы бiр қарапайым шаруа, әрi атақты жиһангез Хабаровтың есiмiмен тiкелей байла нысты. Жоғарыда бiз Якут өлкесi өз алдына отау тiгiп, бөлiнiп шыққанда, осында воевода етiп жiберiлген П. Головин мен М. Гле бов туралы айтқан болатынбыз. Сол кезде бұларға берiлген тапсырманың бiрi мынадай болатын. «Лена өзенiнiң қай жерлерiне егiн салуға болатынын, егiн салуға бейiм шаруаларды коныстандыруға болатынын мұқият зерттеңiздер». Ал Голо вин 1641 жылы Сiбiр приказына жолдаған хатында Ленаның төменгi ағысында «егiн салып, шөп жинауға қолайлы орын көп» деп хабарлапты. Ал 1643 жылы сол Головин Якутск қамалының iргесiнде «тәжiрибе үшiн» жаздық дақылдардың бiрқатарын егiп көрудi бұйырады. Осы егiн пiсiп жетiлгенiн көргенде ол егiн салу үшiн алғашқы бес адамды белгiлеп, жер өңдеудiң негiзiн сала бастауға бұйрық бередi. Ал ендi және бiр документтi қарап көрейiк. Ол – СанктПетербургте 1914 жылы басылған «Ұлы Сiбiр темiр жолының көрсеткiш кiтапшасы» деп аталатын кiтап. Осында: «Якут облысының оңтүстiгiнде XVIII ғасырда басталған жер өңдеу мәселесi қазiр солтүстiкке қарай жылжи отырып, солтүстiк ендiктiң 64-градусына жеттi (Якут, Олекма, Вилюй округтері). Бұл аймақта дәнi баданадай iрi боп келетiн жаздық бидай мен арпа егедi. Ал осы облыстың солтүстiк округтерi – Верхоянск мен Колымада климаттың қаталдығы мен күннiң қысқалығына бай ланысты егiн өспейдi». Бiрақ егiн салудың тарихы ерте басталғанмен, революцияға дейiн бұл аймақта мардымды астық өндiрiле қоймайтын. Ойға салып көрiңiзшi: революцияға дейiн жер өңдеушiлердiң тоқсан жетi процентiнiң құралы қолдан жасалған ағаш соқа мен күрек болатын. Бүкiл аймақта жалғыз ветврач, төрт ветфельдшер мен төрт агроном қызмет iстейтiн. Ауданның мәдениетi жөнiнде жол серiгiмiз Семен Руфов бiраз сыр шерткен. Аудандағы он алты елдi пунктте жиырма киноқондырғы, төрт орта, он алты сегiз жылдық, екi бастауыш мектеп жұмыс iстейдi. Жоғарыдағы он алты мың халықтың бес
мыңы – оқушылар. Емханаларда әрбiр елу адамға бiр койка, ал бiр медициналық кызметкердiң бағып-қағуына елу тоғыз пациенттен келедi екен. Балалар бақшасы аудан көлемiндегi барлық балғындардың отыз бес процентiн қамтыған. Аудан – бұрыннан мәдениет ошағы болып келген аймақ. Кеше бiз парктен осы ауданның түлегi Исидор Барахов пен Маша Потаповаға қойылған ескерткiштердi көргенбiз. И. Барахов Якут обкомының хатшысы болған, ең соңғы қызметi – КПСС Орталық Комитетiнiң бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары. Якуттардан шыққан тұңғыш комсомолка, Совет өкiметiн орнатуда тамаша табандылық көрсеткен Потапова да осы ауданнан. Верхневилюйлiктер мәдениеттi өркендетуге қосқан үлесiне қазiр де мақтана алады. Яку тияда Жазушылар одағының мүшесi елу екi адам болса, соның тоғызы – осы ауданның түлегi. РСФСР-дың халық артисi, РСФСР Мемлекттiк сыйлығының лауреаты, П. Ойунский атындағы сыйлықтың лауреаты, халықаралық Прага көктемi конкурсының, Мюнхен конкурсының лауреаты А.Е. Илышаның атын атасаңыз, жерлестерiнiң мерейi үстем бола түседi. Бiз И. Барахов атындағы орта мектепте болғанбыз. Мектеп директоры Ленин ордендi ұстаз М.А. Алексеев: – Биылғы жылғы мектеп бiтiрушiлердiң тоқсан процентi оқу орындарына түсiп кеттi. Ал бiздiң мектептi бiтiрушiлердiң iшiнен жиырма үш адам ғылыми атаққа ие болды, – дегендi мақтанышпен айтқан. Мiне, бiр шаршы километр жерiне екi жарым адамнан келетiн ауданның табыстары осындай. Әрине, бұл – көп ұлтты совет адамдарының ынтымақтастығының арқасында жеткен та быс. Осы ауданның өзiнде отыздан аса ұлттың өкiлi еңбек етедi. Олардың iшiнде байырғы тұрғын халықтардан басқа орыс, укра ин, белорус, армян, қазақ ұлттарының өкiлдерi бар. Вилюй – тұла бойы байлыққа тұнып тұрған өзен. Алғашқы алмаз осы өзеннен табылған, қазiр табиғи газдың дүниедегi ең үлкен қорының бiрi осы өзеннiң аңғарында. Вилюй ГЭС-i республиканың көпшiлiк жерiне сәулесiн түсiрiп тұр. Ал бұл маңнан табылған басқа байлықтарды айта берудiң қажетi жоқ. Тiптен осы өзеннiң аңғарынан табылған табиғаттың бiр байлығының аты қазiр вилю ит деп аталады.
Осы жомарт Вилюй патшалы Россия кезiнде талай асыл аза матты тұтқында ұстап, жәбiр көрсеттi, өзi жәбiр көрдi. Оның жағасында өз заманынан әлдеқайда жоғары тұрған даныш пандар азап шектi. Солардың бiрi – Н.Г. Чернышевский. Нағыз кемелiне келген шағында өмiрiнiң он екi жылын осында еткiзген ойшылдың көптеген жоспары зая кеттi. Ол жұрттың бәрiне белгiлi «Қабырғасыз түрме» Якутскiнi азсынып, науқас жазушы ны Вилюйскiге жiбергенде жергiлiктi халық мынадай қамқорлық жасапты. Чернышевский атқа мiнiп жүре алмайды, басқа транс порт жоқ. Сонда оны алып жүрген адамдар ағаштан зембiл жа сап, екi атты қатар жүргiзiп, зембiлдi сол екеуiне көлденең са лып, жетелеп жүрген екен. Чернышевский осы зембiлге отырып жеткен. Нағыз өшпес ескерткiштi жазушының еңбегi мен атын құрметтеген якутиялықтар бiздiң заманымызда орнатты. Бүкiл аймағын нұрға бөлеп, алмазды қаланың жүрегiне қан жүгiртiп тұрған электростанция Чернышевский поселкесінде. Бұл – өмiрге келгенiне әлi он жыл толмаған жаңа қала, көркем қала. Бұл қазiр. Ал ол кезде бұл жер адам аяғы баспаған орман, ал Вилюйскiнiң өзi қала деген аты болмаса, селоға татымайтын кiшiгiрiм қыстақ болатын. Бiр мың сегiз жүз жетпiс бiрiншi жылдың жазын Ресейдегi ақ ниеттi адамның бәрi асыға күтуде едi. Осы мезгiлде Николай Гаврилович Чернышевскийдiң каторгаға жiберiлген мезгiлi бiтетiн. Бiрақ министрлер кабинетiнiң «мейiрiмiнiң» арқасында Чернышевскийдiң жазасы «жеңiлдетiлiп», каторгаға жер аударылғандардың қатарынан жай жер аударылғандар қатарына көшкен. Ендi ол Забайкальедегi Алек сандров заводын тастап, адам түгiлi құдайға да күмәндi тайгадағы Вилюйск қаласына аттану керек. Осы қоныс аудару бiразға со зылды. Россиядағы Чернышевскийдiң ұлы ойшыл екенiн жете түсiнетiн азаматтарды бұл жегiдей жедi. Оны тұтқыннан босатып алу жөнiнде көптеген адамдар әрекет жасаған. Солардың бiрi Забайкальеге этнографиялық экспедициямен келген А.П. Ро винский ештеме өндiре алмаған. Герман Лопатин осы әрекетiнiң үстiнде қолға түсiп, түрмеден қашпақ болғанда қайта ұсталған. Лопатин сотталған соң ғана Чернышевскийдi Вилюйскiге
ауыстырған. Жалғыз атының өзi ғана зәресiн ұшырған «Не iстеу керек?» романының авторын патша ағзамның қолшоқпарлары адам түгiлi, аң қашып құтыла алмайтын тайға арасындағы алақандай ауылдың өзiнде тұтқында ұстапты. Жоғарыда айтқан Герман Лопатин Иркутск түрмесiнен бәрiбiр қашып кетедi. Ол тiптен өз мақсатынан қайтпайтынын бiлдiрiп, генерал-губерна тор Синельниковке хат жазған. Зәресi ұшқан губернатор бұрынғы бiр қашқанында бетпе-бет кездескен, Лопатиннiң түр-түсiн тани тын унтер-офицер Ижевскийдiң Чернышевскийдiң қасынан бiр қадам алшақ кетпей жүргенiн азсынғандай, тексерiп қайту үшiн Вилюйскiге өз адъютанты штабс-ротмистр князь Голицынды аттандырған. Лопатин шынында әрекетiнен қайтпаған. Ол қос ескектi жеңiл қайықпен Ангара және Енисей өзендерiмен екi мың километр са пар шеккен. Осының өзi де қайсарлық емес пе. Әрине, қайсарлық. Әттең, Герман Лопатин және қолға түсiп, тұтқынға алынады. Ал Чернышевскийдi терезесi темiрмен торланған, түрмеден бiр де кем емес үйге орналастырып, қасына әлгi садист Ижевский мен қоса екi казакты қарауылға қойған. Түнде есiктi құлыптап, өздерi көршi бөлмеде жатады. Оның үстiне губерниялық есуас чиновниктер Чернышевскийдi халық көзiне тұтқын етiп көрсетпеу үшiн басқан бiрде-бiр қадамын көзден таса етпей аңдып жүрiңдер деп бұйрық бередi. Ана шетi мен мына шетi түгел көрiнiп тұрған қыстақта бой тасалап, қалай iзiн байқатпай аңдуды бiлмей, мұндағылар дал болады. Жетер жерлерiне жол езiлiп, айналаны су басып кеткендiктен, тоғыз күн бойы амалсыз аялдаған қаракозовшiлер Николаев пен Шагановты Чернышев скийден жасырын ұстамақ болып әумесерленедi Ижевский. Мiне, осы жағдайды арнайы тексерген князь Голицын өзiнiң рапортында толығымен растайды. Ол Чернышевский ден қорыққанынан «есi ауысты» деген қауесет таратқан Ижев ский мен оның серiктерi туралы «мемлекеттiк қылмыскер Чернышевскийдiң қасындағы арнайы қойылған адамдар, яғни жандарм унтер-офицерi мен екi казак урядник өте сенiмдi, әрi қалыптасқан тәртiптi бұлжытпай орындайды» деп көрсетсе, үй жөнiнде «терезелерi темiр торлы, нағыз қамалды еске түсiредi»
деп жазады. Дегенмен князь ойшылды не қылсын, рапортының аяғын былай аяқтапты: «Күндiзгi уақытының көбiн және түннiң бiр мезгiлiне дейiн кiтап оқумен өткiзедi. Үйден тек кешке ғана аз уақытқа шығады, онда да қасына жандарм ерiп жүредi. Чернышевскийдi тұтқында ұстап отырған жер өз мiндетiн атқаруға өте қолайлы». Өз заманының ұлы ойшылы, Россияның адал ұлы, бүкiл адамзаттың досы Николай Гаврилович Чернышевский осы жер де он екi жыл азапты өмiр сүрсе де, жергiлiктi халықпен өте дос болған. Ол: «Бұл жандарға қараудың өзi жаныңды ауыртады. Мен бейшаралық дегендi көрiп-бiлдiм, әбден көрдiм» деп ашы на айта отырып, олардың болашағының жарқын болатынына әбден сендi. «Бiраз уақыт өткен соң якуттар да адам сияқты өмiр сүретiн болады», – деп жазған екен. Содан жүз жыл өткен соң өз атындағы әсем қалада дүние жүзiндегi тұңғыш мәңгi тоңға салынған электростанция Вилюй бойын жарқыратып тұр. Ұлы ойшыл дәл меңзеген екен. ТҮЛКI IНIНЕН ТАБЫЛҒАН АСЫЛ ТАС Алмазды аймақ астанасы. Алмаз туралы аңыз. Еден сүрткен елшi. Мәңгi тоңға оранған электростанция. – Ендiгi бағыттарыңыз – Якутияның батыс аудандары. Анығырақ айтқанда, орманның ортасына «кеше ғана» орнаған ал маз өндiрушiлердiң қаласы. Мен «орманның ортасы» деген сөздi төңiректегi тайганы еске алып айтып отырмын. Әйтпесе Мир ный қаласы орнаған маң басқа жерге қарағанда жалаңаш жатқан жер деуге болады. Ағаш сирек, жерi де теп-тегiс емес, дөңестi боп келедi. Шамасы, бiр кезде осында өрт шығып, ұзақ уақыт сөнбей қойған болу керек. Бiздiң ормандардағы өрттi бiлесiздер, бiр тұтанса, көпке дейiн өшпей есiңдi шығарады. Ал ертеректе – өткен ғасырларда – тұтанған отты нөсер ғана сөндiре алатын. Сол жауын сiркiреуден басталып, себелеуге айналғанша орман жана бередi. Кейде өрт ондаған гектар жердiң орманын күлге айналды
рып, тап-тақыр етедi. Мирный қаласының маңында бiр кезде дәл осындай өрттiң болғаны анық, – деген бiздi Верхне-Вилюйскiден шығарып салған жолдастар. Дегенмен Вилюй бойынан көтерiлген самолет Мирный қаласына келiп қонғанда бiз орманның ортасына парашютпен келiп топ ете қалғандай болдық. Айнала иiн тiресiп тұрған ағаш. Соның ортасында орнаған әсем қала. Қаланың солтүстiкке тән ерекшелiктерi бiлеуленiп-ақ көрiнiп тұрғанмен, қазiргi заман қалаларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Аэропорттан қала орталығы қашық емес. Ерекше әсер ететiнi – iлгерi-кейiн үздiксiз жүрiп жатқан алып жүк машиналары. Осы көрiнiс осы аймақты түгелiмен бiр алып құрылыс алаңы етiп көрсетедi. Қаланың қақ ортасында жүрсең де осы күре тамырдың тасқындауы өз еркiне бөлеп отырады. Бұл қала талай пiкiрталасу нәтижесiнде, ғажайып ерлiк еңбектiң арқасында өмiрге келген қала – алмазды аймақтың астанасы. Мирный қаласы. Алмаз... Бұл әлемдегi қазiрше белгiлi заттардың ең асы лы. Өйткенi ол – ең берiк зат. Оның қырымен кез келген мине рал мен металға бедер салуға болады. Бәрi де алмазға бас иедi. Осы қымбат минералдың табылуының өзi бiр хикмет тарих. Ол жөнiнде бiр белгiлi геолог былай дейдi: – Көпке дейiн бiздiң елiмiзде алмаз болуы мүмкiн емес де ген қағида мықтап орын алып келедi. Оралда алғашқы алмаз табылғанда Сiбiр жөнiнде ойлау ешкiмнiң қиялына келмейтiн. Африканың құмды қуырған ыстығы мен Якутияның жердi мәңгi тоңға айналдырып тастаған суығын салыстыру қандай қисынсыз болса, екi құрлықтың жер рельефiн салыстыру да сон дай қисынсыз көрiнетiн. Бiрақ совет геологтары бұл болжам ды жоққа шығарды. Алмаз бар болса нағыз осы аймақта болуы керек деп түйген ғалым-геологтар Сiбiрдi, Якутияны зерттеудi меңзеумен болды. Бұл жұмыс ұзаққа созылғаны рас. Геологтар көптеген өлкенi қанша сарсаңға салынып сандалғанмен, мардым ды ештеңе өнбедi. Ақыры iзденiс геологтарды Вилюй жағасына алып келген. Мiне, алмаз деп аталатын минералдың қиыршығы осы өзен мен соның салаларының маңынан алғаш рет қырық тоғызыншы жылы жарқ етiп, жалын атты. Жұрттың назарын
бiрден өзiне аударып алды. Акыры осы аймақтан «Мир» трубка сы түтiн тұтатты. Осы жерде бiздiң есiмiзге Якутскідегi Академия филиалының музейiнде көрген заттарымыз бен академик Черскийдiң әңгiмесi оралды. Шынының астында жатқан ұсақ қызғылт және көгiлдiр малта тастарды көрсетiп ол: – Мына қызыл тастарды пироп деп атайды, көгiлдiрi – иль минит. Пироп кездессе, алмазды iздей беруге болады. Алмаз байлығының көзiн ашуға себеп болған – сол тастар, – деген бола тын. Кешегi Министрлер Советiнде белгiлеп берген маршрутқа қарағанда, бiз талай көлдiң үстiн басып өтiп, талай өзеннiң бойын шарлайтын көрiнемiз. Сол жағаның бiрiнен пироп кездестiре қалсақ, бар жұмысымызды тастап, жер кеулей берсек, қателеспейдi екенбiз ғой, – дедi академиктiң сөзiн ұйып тыңдап тұрған жiгiттердiң бiрi. – Иә, табасың... – дедi Қуан аға сөзiнiң аяғын күмiлжiтiп барып бiтiрiп. – Таппағанда ше, – дедiк бiз Қуан ағаға дүрсе қоя берiп. – Жұрт тауып жатыр екен ғой. Табамыз. Бiз қазақша сөйлегендiктен, академик әңгiмемiздiң байы бына бара алмады, бiрақ, әйтеуiр, бiр қалжыңның шетi шығып тұрғанын байқады ғой деймiн, сөзге араласты. – Сiздер келесi табылатын алмаз кенiнiң атын қалай қоюды жоспарлап жатқан жоқпысыздар? – Дәл түстiңiз, – дедi Қуан аға. – Тiрi өгiздiң терiсiн бөлiсе ал май жатырмыз. – Өлген өгiз кездесiп, терiсi қолдарыңызға түсе қалса, сiзге тек бас терiсiн бермек қой, шамасы, мына серiктерiңiз. Сiз оған көнбеңiз. – Жолдас академик, – дедi Қуан аға. – Ең алдымен сол терiнiң құнын бiлiп алсақ қайтедi. Бөлiске дейiн бiраз уақыт болып тұр ғой. – Сонда бiлгiңiз келiп тұрғаны не? – Осы алмаз дегенiңiздiң өзi не? – «Алмаз» деген сөз араб сөзi болса керек. Мағынасы «жеңiлмейтiн, қайтпайтын» дегенге келетiн сияқты. Кейбiр ғалымдар-
дың айтуынша, «адамдас» деген грек сөзi. Тек мағынасы бәрiбiр сол қалпында. – Сонда алмазды алғаш тауып жүргендер арабтар ма? – Жоқ, олай емес шығар. Алмаз деген заттың бар екенiн бiздiң эрамыздан екi жарым мың жыл бұрын үндiлiктер анық бiлген. Солардың қасиеттi кiтаптарында осындай мағлұматтар бар. Бiздiң эрамыздан сегiз жүз жыл бұрын Голконда деп аталатын қаланың маңынан шашыранды кендерден алмаз өндiре бастаған. Алмазды көне дүние гректерi де бiлген. Бiздiң эрамыздың бiрiншi ғасырында Аға Плиний былай деп жазыпты: «Адам баласы пай даланып жүрген мүлiктiң iшiндегi ең асылы – алмаз көне заман нан берi тек патшалардың ғана, онда да санаулыларының ғана еншiсi болып келдi». Ал бiздiң елiмiзде алмаздың аты аталған тұңғыш кiтап – Афа насий Никитиннiң «Үш теңiздiң ар жағына өткенде» атты кiтабы. – Мақұл дейiк. Алмаздың ата-тегiн анықтап алдық. Ал соның өзi не зат? Ғалымдар қалай атайды? – Сiзге алмаздың сипаттамасы қажет боп тұр-ау, шамасы. Онда тыңдаңыз. Алмаз деген – кәдiмгi минерал. Кәдiмгi қарындаштың графит өзегiн бiлесiз ғой? Күнде жазып жүрген жоқсыздар ма сол графитпен? Алмаз бен сол графиттiң түбi бiр. Құрылысы куб түрiнде болып келетiн кристалл оттегi. Сол кристалға түскен сәуленiң сынуы мен жан-жаққа шашырауы – оның аса әсем боп көрiнуiнiң бiрден-бiр себепкерi. Басқа ешбiр зат сәуленi дәл осылай ойната алмайды. Қаттылығы аса жоғары – 10, сыбағалы салмағы – 3,56. Табиғатта шашыранды кен түрiнде де, түбiрлi кен түрiнде де кездеседi. – Оны қалай тауып, қалай өлшейдi? – Қалай табатыны жөнiндегi әңгiменi кейiнге қалдыра тұрайық. Өйткенi алмазды табу үшiн алдымен пиропты табу керек деп жаңа келiстiк емес пе? Ал өлшеу мәселесi аса нәзiк – каратпен өлшейдi. Сiз қазiр «карат» деген сөздi және түсiндiр дейтiнiңiздi сезiп тұрмын. Сондықтан бiздердi әуре қылмай-ақ өзiм түсiндiре кетейiн. Бұл каратойн деген сөзден шыққан. Сондай ағаш бола ды. Сол ағаштың дәнi арабтарда салмақ өлшемiне қолданылған. Себебi осы каратойнның дәнi бiркелкi боп келедi – салмағы бiр-
бiрiнен артпайды да, кемiмейдi де. Дән салмағының мұндай бiркелкiлiгi табиғатта қайтып кездеспейдi. Ал «дән» деген сөз араб тiлiнде айтқанда, «кират» боп естiледi. Мiне, сондықтан да 1907 жылы Парижде өткен өлшем мен салмақ жөнiндегi халықаралық IV Бас конференция алмаз жөнiндегi өлшемдi «карjт» деп алған. Ендi түсiнiктi болды ма? – Жоқ. – Тағы не жазып қалдым? – Сол «карат» дегенiңiздiң өзi не? Пұт па, батпан ба? – Ойбай, қатты кеттiңiз. Төменiрек түсiңiз. Бiр карат де ген өлшем 0,2 грамм деген сөз. Мiне осыдан барып алмаздың салмағын шығара берiңiз. – Түсiнiктi. Демек, менiң 5 карат алмазым болса салмағы бiрақ грамм болғаны ғой. – Дәл үстiнен түстiңiз. Мысалы, сiз бағасы 250 миллион доллар тұратын алмазды қалтаңызға салып жүре берер едiңiз. Ал нақ осы бағаға келетiн алтынды тасу үшiн әрқайсысы 60 тонна жүк көтеретiн екi вагон керек. Өйткенi халықаралық бағада бiр грамм алмаз бiр грамм алтыннан үш жүз есе қымбат. – Әлгiнде жай ғана кристалл деп едiңiз, ал ендi бағасын тiптен өсiрiп жiбердiңiз ғой. Сонда осы алмаздың не қажетi бар? – Ол ма? Ол машина жасау мен аяқкиiм өндiрiсiнде, геологиялық барлау мен мұнай өндiру шаруашылығында қолданылады. Кәдiмгi құрылыс пен тас өңдеу жұмыстарында граниттi алмазбен сарымайды пышақпен кескендей етiп оп-оңай тiлiп жатады. Космонавтикада қолданылады. Көптеген нәзiк при борларда алмаздан жасалған ине болады. Ал алмазды пайда ланатын құралдардың ең жабайысын айтайын: сiздiң үйдегi келiн тырнағын кiшкентай ғана егеу арамен талай рет ысқылап жатқанын көрген шығарсыз. Сол егеуге де алмаз пайдаланылған. Демек, сiзден гөрi алмаздың қадірін келiн жақсы бiлетiн болғаны ғой. – Бұл ақылыңызға рахмет. Есiмiзде болсын. Ендi сол алмазды iздеу мен өндiру мәселесiн... – Жо-жоқ, ағайындар, – дедi академик. – Бұл мәселенi геолог тардан сұраңыздар. Бұл – солардың еншiсi...
Бiз геологтармен кездестiк, әңгiмелестiк. Талай-талай қызық оқиғаларды да есiттiк. Сол әңгiмелердiң бiрi бiздi со нау Гомер заманына бiр-ақ жылжытып тастады. Жылжы тып тастағаны сол – бiз Одиссейдiң қалайша алмаз жинағаны туралы аңыз есiттiк. Бұл, әрине, Гомер шығармасында бар, тек бұрын оған онша көңiл бөле қоймаппыз ғой. Естерiңiзге түсiрiп көрiңiздершi. Бiрде Одиссей Африканың батыс жағалауларында жүзiп жүрiп, кемедегi тұщы су қоры таусылғандықтан жағаға тоқтайды. Жағадан бұлақ iздеп бiраз сарсаңға түседi. Ақыры үлкен бiр апан құдыққа кездеседi. Апанның қабырғалары тiп-тiк, тереңдiгi бiраз бар. Соның түбiнде не бар екен деген оймен Одиссей төмен үңiле бергенде белiндегi қылышы түсiп кетедi. Сабы қымбат тастармен әшекейленген қылышынан абайсызда ай ырылып қалғанына күйiнiп тұрған Одиссейдiн түрiн көргенде қасындағы сенiмдi серiктерiнiң бiрi белiне арқан байлап, төмен түсiп, қылышты алып шығуға тiлек бiлдiрiптi. Жауынгер айтқан ойын iске асыру үшiн апан құдықтың түбiне түскен. Қылышын оп-оңай тауып алады, тiкесiнен тiк қадалып тұр екен дейдi. Қылышты суырып алып, белiне қыстырғанда оның ұшына асыл тастар жабысып қалғанын байқаған. Ендi көзiн төмен салса, аяғының астында әлгiндей тастар үйiлiп жатыр екен. Жауынгер еңкейiп соның бiр уысын ала бергенде, қолын жылан шағады. Артынша екiншi жылан және шағады. Жан дауысы шыққан жауынгердi құдықтың ернеуiнде тұрған серiктерi тез сыртқа тартып алыпты. Жауынгер жан тапсырардың алдында Одиссей ге құдықтың iшi толған тас пен жылан екенiн айтып үлгiрген. Одиссей жауынгердiң қарысып қалған қолын ашып қараса, алақанындағы тастар – нағыз алмаз. Ол ендi төменде жатқан алмазды қалай алудың жолын қарастыра бастайды. Сол кезде оның көзi төбелерiнде ұшып жүрген жемтiкке үйiр алып құстарға түседi. Өзiне нағыз көмекшi болатын солар екенiн пайымдай қойған Одиссей серiктерiне ке меден шошқа етiн турап, құдықтың ернеуiне және iшiне тастауға бұйрық бердi. Айтқан жарлығы орындалған соң бұлар құдықтан қашықтау барып паналайды. Аспандағы құстар жерге шүйiлiп, 7-270
әлгi боршаланған еттi iлезде қағып алып, биiкке қайта самғап жатады. Сырттағы ет таусылған соң құстар ендi құдықтың iшiне шүйiледi. Мiне, дәл осы кезде Одиссей белгiлеген қырағы мер гендер iске кiрiседi. Олар құдықтан ұшып шыққан құстарды садақтың оғымен түгел жайратады. Құдықтан алып шыққан еттi шеңгелiнен ажыратып алады. Сонан соң сол шошқа етiнiң майы на жабысып шыққан алмазды жинап алады. Мiне, Одиссей өз тапқырлығының арқасында құдықтың iшiндегi жылан қорыған алмазға ие болған екен дейдi. Одиссейдiң құдықтағы алмазды алып, қаншалықты қарық болғанын кiм бiлсiн, шынымен алған болса өзiне бұйырсын, ал осы аңыздың бiр шындығы бар. Ол – алмаздың майға жабысып қалатыны. Мұны алмаз өндiрiсiмен айналысатындар сонау ерте заманнан берi-ақ бiлген. Iшiнде алмаз бар-ау деген руданы су мен шайғанда науаның түбiне май жағып қоятын болған – бос топырақ сумен ағып кетедi де, алмаз майға жабысып қалады. Бұл – сонау ерте кездегi қолданылған әдiс. Ал қазiр техника өркендеген заманда мұндай жабайы әдiстiң қажетi шамалы. Бiрақ дүниеге құныққан капиталистер жұмыссыз жүрген адамдардың тегiн еңбегiн оңай пайдалану үшiн көптеген жерде осы әдiстi әлi кез ге дейiн пайдаланады. Алмаздың табылуы жөнiндегi оқиғалар Одиссей заманынан кейiн де талай қызық шытырманға толы. Соның бiрi – Бразилиядағы алмазды өзендердiң ашылуы. 1695 жылы Бразилия округтерiнiң бiрiнiң тұрғыны Антонио Родри го Арцае дейтiн кiсi өзеннiң жағасынан бiрнеше тас тауып ала ды. Дәл осындай тастардың ұсақтары құммен араласып, аяқтың астында жатыр. Осы құмды топыраққа араластырып, дуал сы лайды жергiлiктi тұрғындар. Иленген ылайдың iшiнен ноқаттайноқаттай тас кездесiп қалса, оларды терiп алып, осындай тастарды жiберiп қойған құм елеушiлердiң де, тастардың өзiнiң де сыбағасын әбден берiп, алысқа қарай атып ұрып, жерге бiр түкiрiп қояды екен. Арцае әлгi өзi тауып алған тастарды тастамай үйiне әкелiп балаларына берiптi. Оны балалар шекемтас етiп ой найды. Осылайша отыз жыл өтедi. Арцаеның балаларының ойынын көрген көршiлерi де осындай тастар тауып алып, ойыншыққа
пайдаланады. Халықтың тұрмысы баяғы ауыр күйiнен бiр оңалмай қояды – аштық пен жалаңаштық. 1725 жылы осы маңға Бернардо Франциско Лабо деген жiгiт келiптi. Ол бағалы тастар жөнiнде ептеп хабары бар адам бол са керек. Бiр күнi жергiлiктi тұрғындарға әлгi тастарының бiрнешеуiн сатыңдар деп өтiнiш жасайды. Жергiлiктi тұрғындар мұның өтiнiшiне күлiп, қажет болса тегiн-ақ ал деп тастарды лақтырып тастаса керек. Лабо iшiмдiк iшiп отырып, осы тастарды қалаға апарып, бiр бiлгiрге көрсеткiсi келетiнiн, мұның шамалауынша, тастар алмазға ұқсайтынын айтады. Жергiлiктi тұрғындар: «Асыл тастар аяғыңның астында шашылып жатады дегендi қайдан естiдiң?» деп мазақтайды. Дегенмен Лабо әлгi тастарды алып қалаға кетедi. Бiрнеше күннен кейiн Лабо қайтып келедi. Келгенде жалғыз келмейдi, қасына таза киiнген бiр топ адам ерте келедi. Олар ай жоқ, шай жоқ, баяғы Лабо әкеткен тастар секiлдi мөлдiр тастарды сатып ала бастайды. Тек қана сатып алардың алдында сол тастармен әйнектi сызғылап көредi. Әйнекке iз түссе болды, ақшасын аямайды. Мiне, осыдан кейiн нағыз топалаң басталады. Бұл аймаққа қарай ағылған адамда сан жоқ. Жергiлiктi халық жүгерi егу мен мал бағу дегендi мүлде ұмытады, тай-тұяғымен әлгiндей мөлдiр тас iздеуге кiрiседi. Бұрын егiн еккен жерлерiн он аударып, жүз қопарып алмаз iздейдi. Мал қамаған қораларының дуалын бұзып, құм суырады, үйлерiнiң қабырғаларының сылағын сындырып, елгезермен елейдi. Барлық жерден алмаз та былып жатыр. Ендi алыпсатарлар пайда болып, табылған тастың бәрiне бiр өздерi ғана ие болғысы келiп, сұмдықтың талай түрiн шығарады. Ұрыс-керiс, атыс-шабыс деген бүкiл аймақты билеп алады. Төрт жылдың iшiнде Бразилияның алмазы бар он бiр өзенi анықталады. Сөйтiп, Бразилия Индиямен қатар жүз жыл бойы алмаз өндiрiп сатушы елдiң санатында жүредi. Қазiргi кез де алмаз қоры азайғанмен, Бразилия әлi де халықаралық базарға алмаз шығарады. Африкадағы алғашқы алмаздың табылуы да кездейсоқ болған. Бiрақ соның аяғы бiр елдiң бостандығын мүлдем жойып жiберген. Ол былай болыпты.
Оранжевая республикасындағы бур фермерi Якобстiң бала лары бiр жылтыр тас тауып алып, бiр жыл бойы ойнап жүредi. Бiр күнi бұлардың үйiне көршi фермер Шалк ван Никерк кел ген. Ол балалармен қалжыңдасып ойнауды ұнататын кiсi болса керек. Сол балалармен ойнап жүрiп әлгi тасты көредi де, өзiне сатуды өтiнедi. Тасты сат дегенiне күлген фермердiң әйелi оны тегiн бердi. Никерк тасты саудагер О” Рейли деген кiсiге бередi. Ол бiрнеше қалаға барып жүрiп, ақыры доктор Атерстон деген кiсiге жiбередi. Сөйтсе, бұл нағыз алмаз боп шығады. 21 караттық «Эврика» алмазы осылай келген дүниеге. Ол алмаз қолма-қол Кап колониясының губернаторына 500 фунт стерлингке сатыла ды. Дәл осы сауда болашақ қантөгiстiң бастамасы болған. Өйткенi Якобс ханым балалары тауып алған тасты тегiн берiп жiбергеннен кейiн, ферма маңынан дәл осындай және бiрнеше тас табылады. Ал бiрнеше апта өткенде бүкiл аймақты күңiренткен жаңалык бұрқ ете қалады. Малшы негр салмағы 83,5 карат таза алмаз тауып алады (Соңынан бұл алмаз «Оңтүстiк Африка жұлдызы» деп аталған). Бұл алмаз және Никерктiң қолына түседi. Ол малшыға 500 қой, 10 өгiз және бiр ат берiп алмазын сатып алады да, 11 мың фунт стерлингке сатады. (Соңынан оны Ледлей дейтiн граф 25 мың фунт стерлингке сатып алады. Бұл сол кездегi баға бойынша өте жоғары болатын). Мiне, осының бәрi төңiректi дүр сiлкiндiредi. Якобсондардың фермасы орналасқан Оранжевая өзенiнiң жағасында жер жүзiнiң түкпiр-түкпiрiнен оңай олжа iздеген адамдар ағылып келiп жатты. Екi айдың iшiнде Якобсондар жерi түгел қопарылып тасталды. Айналаға орнатылған шатырлар үлкен бiр қалаға айналды да кеттi. Ал бұл қала ешбiр заңды, ешбiр тәртiптi мойындамайтын. Кiм күштi болса, соның айтқаны заң. Оранжевая республикасының үкiметi бұл шапқыншылыққа қарсы ешбiр шара қолдана алмады. Диггерлер (алмаз iздеушiлердi осылай атайтын) тәртiпке көнбей қойды. Сондықтан үкiмет қатаң шара қолдана бастады. Бiрақ диггерлер бұған да бой бермедi. Көпшiлiгi ағылшындар болғандықтан, диггерлер өздерiнiң бостандығын қорғауды өтiнiп, Англия королевасына өтiнiш айтты. Бар арма ны алмаз боп тұрған Лондон диггерлердi көп жалындыра қойған
жоқ – Оранжевая мен Вааль өзендерiнiң жағалауындағы аймақты ағылшын жерi деп жар салды. Көп ұзамай ағылшын әскерлерi келдi. Бiрақ бурлар да күштi болатын (бурлар – Голландиядан келiп қоныстанушылар). Осылайша ағылшын-бур соғысы бастал ды. Алғашында алмаз iздеу үшiн басталған қозғалыстың аяғы қантөгiске айналды. Мыңдаған адамның бұл маңға ағыл-тегiл келуiне арзан жұмысшы қолын қажет еткен компаниялардың жарнамасы да әсер етпей тұрмады. Олардың сәуегейсуi бойынша мұнда келген адам күректi басып қалса болды, миллионер боп шыға келедi. Ал шын мәнiнде ше? Шын мәнiнде, бұл аймақ нағыз қайғылы аймаққа айналды, күңiренген қаралы далаға айналды. Қазына iздеп келiп, жермен қабысқан адамдардың сүйегiнен аяқ алып жүре алмайтын аймаққа айналды. Мысалы, сол кезде Кимберли қаласында шығатын «Дайемонд филдс адвертайзер» дейтiн журнал былай деп жаз ды: «Теңiзшiлер кемелерiн тастап қашса, солдаттар армия дан қашты. Полицейлер тұтқындарды абақтыдан шығарып, соңдарына ертiп алып аласұрды. Көпестер гүл жайнап тұрған сауда орындарын тастап қашса, кызметкерлер кеңселерден қашты. Фермерлер малдарын айдалада аш қалдырып жүгiрдi. Бәрiнiң де есi шыға ұмтылған бағыты бiреу ғана болатын – Вааль мен Оранжевая өзендерiнiң жағасы». Қазына iздеуге келгендердiң бiреуi аш-жалаңаш жүрсе, ендi бiреулер тапқан алмаздарын араққа сатып және жер қазумен болды. Осындай оңай олжа iздеушiнiң бiрi тапқан алмазын картаға ұтқызып қойып, iшiмдiкке тойып, бiр ескi үйшiктiң iргесiне кеп құласа керек. Ертеңгiлiк басын көтере алмай жа тып, аяғымен жер шұқылайды. Өкшесiне тиген тасты көтерiп көрсе – нағыз алмаз. Орнынан қарғып тұрып дуалды шұқылап көрсе, және алмаз тауып алады. Осыны есiткен Кимберли поселкесінің тұрғындары бiр сәтке бүкiл төңiректi бастары на көтерiп, азан-қазан болады. Олар өздерiнiң қоралары мен үйлерiнiң дуалын қиратып алмаз iздейдi. Көпшiлiгi шынын да да алмаз тауып алады. Алмаз iздеушiлер қора-қопсыны бiтiрген соң фермерлердiң үйлерiн қиратады. Дәл осы топалаң көптеген елдердiң үкiмет басшыларына қол бола кеттi. Бұл кез Еуропа елдерiнiң арасындағы Афри
ка материгiн бөлiсу кезеңi болатын. Сондықтан өзi басталған топалаң сыныққа сылтау болды да қойды. Осы туралы кейiннен француз геологтары Фуш пен де-Лоне былай деп жазған едi: «Ан глия өз бәсекелестерiнiң алдын орап, Оңтүстiк Африканың алмазға бай аймақтарын бiржола қолына алды. 1871 жылға дейiн Африканың бұл бөлiгi Оранжевая деп аталатын ерiктi ел болатын. Осы жерден алмаз табылғанда Кимберлиде тәртiп орнату үшiн келдiк деген желеудi жамылған ағылшын әскерлерi Оранжевая мемлекетiнiң туының орнына ағылшын туын желбiреттi». Бұл капиталистiк дүниенiң өткен ғасырдағы сиқы. Ол кез де «алмаз ауруына» ұшырамаған жалғыз континент – Австра лия. Кезiнде кездейсоқ табылған төрт-бес алмаз әлдеқашан ұмыт болған. Австралиядағы «алмаз ауруы» бiздiң заманымыз да басталды. 1978 жылы Ленард-Ривер округiндегi Дерби пор тына жақын маңнан бiрден 300 алмаз табылады. Көлемдерi де әжептәуiр тастар болса керек. Осы хабар капиталистiк әлемге әпсәтте тарап кеткен. Ендi оңай олжа iздеушiлер Дерби портының маңындағы кiшкене ғана елдi пунктке бас салады. Бұрын оңтүстiк Африкаға алмаз iздеушiлер айлап-жылдап жүрiп әрең жететiн болса, ендi оларды авиация бiр-ақ тәулiкте алып жетедi емес пе? Жеткенi сол, әлгi елдi мекен бiр түннiң iшiнде жиырма мың халқы бар қалаға айналған да кеткен. Мiне, капиталистiк дүниенiң қазiргi сиқы осы. Ал бiздiң елiмiзде алғашқы алмаз қалай табылды? Қашан табылды? Кiм тапты оны? Михаил Васильевич Ломоносовты орыс ғылымының атасы деп бекер атамаған. Ломоносов араласпаған ғылымның сала сы жоқ. Ұшы-қиыры жоқ кең аймақтан алмазды қалай iздеу мәселесi сөз болғанда, алғаш рет Сiбiрдi меңзеген де сол кiсi болған екен. Ол 1763 жылы былай деп тұжырым жасапты: «Көптеген дәлелдерге қарағанда, жасыл алқапты солтүстiктiң қойнында да талай қазына болу керек. Осыларды ойға алғанда және қазiр оңтүстiкке ғана тән пiл мен өсiмдiктердiң бiр кезде солтүстiкте де болғанын көзге елестетсең, мұнда да алмаз, жақұт және басқа да асыл тастардың қалыптасқанына шек келтiруге
болмайды, олар бiр кезде бiздiң ата-бабаларымыздың түсiне де енбеген алтын мен күмiс қалай табылса, дәл солай табылуы мүмкiн». Ұлы ғалымның болжамы нағыз сәуегейлiк десек, артық бол майды. Өйткенi Ресей жерiндегi тұңғыш алмаз шынында да Орал тауларынан табылды. Оны тапқан – он төрт жасар Павел Попов дейтiн жасөспiрiм. Табылған жерi – Пермь губерниясындағы Крестовоздвиженск алтын кендерiнiң маңы. Дәл осы 1829 жылы Петербургке келген белгiлi немiс ғалымы Александр Гумбольдт Орал тауларына саяхат жасайды. Саяхатта жүрген кезiнде (әлгi табылған алмаздарды Петербургке ала келген де нақ осы ғалым). Гумбольдт сол кездегi финанс министрi Е.Ф. Канкринге жазған хатында: «Орал – нақ Бразилияның өзi, нақ осы жерлерден сiздiң министрлiктi басқарып тұрған кезiңiздiң өзiнде-ақ алмаз табылатынына кәмiл сенемiн», – деп жазған екен. Соңынан осы маңдардан алмаз кристалдары және табылады. Жалпы, Ұлы Ок тябрь революциясына дейiн Орал тауларынан 250 алмаз табы лыпты. 1900 жылы геолог И.С. Мамонов Енесей қыратындағы Пит өзенiнен екi алмаз табады. Революцияға дейiнгi алмазды iздеу тарихы осындай. Якутия жерiнде алмаз болуы ықтимал деген жорамалды белгiлi ғалымдармен қатар тайга iшiнде ұзақ уақыт өмiр сүрiп, тәжiрибе жинақтаған өлкетанушылар да ұсынған. Олардың бiрi М.М. Старовойтов. Осы бiр еңбекқор кiсi бiздiң ғасырдың алғашқы жылдарында Вилюй бойында оқытушы боп қызмет атқарған. Ол мектепте балаларды оқулықтар бойынша ғана оқытып қоймай, оларға табиғаттың өз әлiппесiн де үйретумен бо лыпты. Ақыры шәкiрттерiмен бiрге Вилюй бойының табиғатын мұқият зерттеудiң арқасында, осы маңда аса мол қазына барын болжалдайды. Ол, әсiресе, мұнда мұнай мен газ барын, алмас та былуы мүмкiн екенiн айтады. Осы бiр игiлiктi жұмысын ол рево люциядан кейiн де жүргiзе бередi. Ақыры 1920 жылы М. Старо войтов бiрнеше алмаз қиыршығын тапқан. Ғалымдардың жасаған болжамы бойынша, ендi алмаз iздеу Якутия жерiнде басталады. Якут жерiнен тұңғыш асыл тасты 1948 жылы Төменгi Тунгуска өзенiнiң бiр саласы – Кiшi Ерема
өзенiнiң бойынан С.Н. Соколов табады. Тек бұл маңнан басқа алмаз кездеспейдi. 1949 жылы Вилюй өзенiнiң бойында Г.X. Файнштейн басқарған геологиялық партия жұмыс iстейдi. Отряд көктем айларында өзеннiң жоғарғы тұсындағы Кiшi Хаан деп аталатын су құламасының маңынан арғы жағаға өтiп, арық қазып, қиыршықтарды жуып көп жұмыс атқарады. Бiрақ алмаз таба алмайды. Якутияның торғайдың қадамындай қысқа жазы тез өтiп жатыр, тек геологтардың еңбегi зая кетуде. Ендi Файнштейн кен iздеушiлердiң ертеден келе жатқан әдiсi – өзендегi қайраңдарды қазып көрудi жөн көредi. Сөйтiп, олар Крестях деп аталатын ежелгi елдi мекеннiң тұсындағы Соколиная деп атала тын құм қайраңына лагерь орнатып, құм жууға кiрiседi. Мiне, осы жерден 1949 жылдың 7 август күнi алғашқы күнi-ақ алмаз қиыршығы табылған. Осы алғаш табылған алмаздың өзi ге ологтарды талай сарсаңға түсiрiптi. Алғаш табылған алмаз кристалы тас боп қатып қалған құмның iшiнде жатқан. Сондықтан ол алғашында жай көзге көрiне қоймайды. «Осы таста не бар дейсiң» деп атып жiберуге оқталып тұрған рентгенолог ниетiнен қайтып, рентген сәулесiн түсiргенде әлгi тастың бiр жерiнен жарқ етiп көгiлдiр нұр шашылады. Ендi мұқият әрекет еткен рентге нолог құмға оранған алмаз барына анық көзi жетедi – рентген сәулесi қателесуi мүмкiн емес. Ендi «алмаз» деп айқай салған рентгенологтардың үйшiгiне геологтар түгел жиналады. Тап-тар жерге сыймай, иiн тiресiп тұр. Бәрiнiң де алмазды көргiсi келедi, ал ол кiп-кiшкентай, диаметрi төрт-ақ миллиметр келетiн тас. Сондықтан жұрттың бәрiне көрсету үшiн Файнштейн алмазды екi саусағымен ұстап, жоғары көтерген. Барлық топалаң осы кез де басталады. Алмаз геологтың қолынан түсiп кетедi. Мына ине шаншар жер қалдырмай иiн тiресiп тұрған жұрттың қайсысынын үстiне түсiп кеткенiн анықтап көр. Файнштейн «орындарыңнан қозғалмаңдар!» деп айқай салып, ендi не iстеу керегiн ойлана бастайды. Геологтар үйшiктiң iшiн сүйемдеп өлшеп, тексерiп шығады. Алмаз жоқ. Ендi түгел сыпырады. Жоқ. Қайда кетуi мүмкiн. Сонда не iстеу керек? Техник үйшiктi түгел өртеп, күлiн едендегi топырақпен қосып, машинамен елеп көрейiк деп ұсыныс
жасайды. Бiрақ олай етуге де болмайды, онда үйшiкпен қоса ал маз да жанып кетуi мүмкiн. Сонда не iстеу керек. Алмаздың бар екенi рас, осы тұрған жұрттың төрт көзi түгел көрген. Жер жұтып қойды немесе аспанға ұшып кеттi дегенге ешкiм сенбейдi. Демек, осы үйшiктiң iшiнде, көзге елеусiз бiр жерде жасырынып жатыр. Геологтар ендi үйшiктен бiр-бiрлеп шығып, үстi-басын мұқият қарап шығуға шешiм жасайды. Бiр кезде жұмысшылардын бiрi әлгiнде рентгенолог айқай салған секiлдi «таптым!» деп айқай са лыпты. Сөйтсе, алмаз сол жұмысшының етегiндегi балшыққа жа бысып қалған екен. Алмазды алақанға салып жүрiп, кампоттан босаған банкiге салады. Ендi ол ешқайда қашып құтылмайды! Бұл ғалымдардың нұсқауымен Вилюй бойынан табылған алғашқы алмаз едi. Геологтар жаздың қалған күндерiн барын ша тиiмдi пайдалану үшiн күнi-түнi енбек етедi. Сол еңбек есесiмен қайтты. Маусым аяқталғанша геологтар осы маннан 23 алмаз тапқан. Бұдан кейiнгi мезгiлде бiрдi-екiлi алмаз Ан гара, Подкаменная Тунгуска, Ыгыата, Марея өзендерiнiң бой ынан табылған. Мұның бәрi шашыранды кендерден табылған алмаз едi. Ал алмаздың нағыз көзiн ашу үшiн түбiрлi кендi табу керек. Оны геологияда «Кимберлит түтiкшесi» деп атайды. Ендi геологтар осы түбiрлi кендi табудың жолын қарастыра бастайды. ...1953 жыл. Якутияның солтүстiгiндегi Далдын өзенiнiң бойында алмаз iздеп жүрген геологтардың арасында екi әйел жұмыс iстейтiн. Екеуi де өжет әрi батыл жандар. Бастаған iстерiн аяқтамай қоймайтын қажырлы геологтар. Наталья Николаевна Сарсадских пен Лариса Анатольевна Попугаева. Бұл жылы олар ешқандай алмаз таба алған жоқ. Оның есесiне олар бұрын кез деспеген алқызыл қиыршық тастарға кездесiп, соның бiр уысын Ленинградқа ала келедi. Себебi Наталья Николаевнаның зайыбы профессор А.Д. Кухаренко белгiлi геолог болатын. Алғашында профессор жұмыс үстелінде жатқан қиыршық тастарға онша көңiл бөле қоймады. Тас болса тас шығар. Сондықтан бiрде сол тастар салынған құтышаны басқа жаққа тығып тастау үшiн қолына алып қайта қарағанда, көзiне басқа бiр нәрселер елестеп кетiптi. Өйткенi ол дәл сол күнi геологиялық
фондтар сақталатын музейде болып, оңтүстiк Африкадан әкелiнген кимберлит сынықтарын тексерген болатын. Сол кө-гiлдiр кесектiң iшiнде алқызыл қиыршық тастар көрген. Әйгiлi пироп дейтiн қиыршық тастар сол болатын. Ал мына Далдын өзенiнiң жағасынан әкелiнген тастар дәл соған ұқсас. Профессор жалмажан орнынан тұрып, музейге жүгiредi. Сол жерде әлгi кимберлит кесектерiнен алқызыл тастың екеуiн қопарып алып, үйiне әкелiп, Далдын тастарымен салыстырды. Ұқсас. Абайсызда профессор әлгi тастарды араластырып алады да, қайтып ажырата алмай қалады. Қанша әлекке түскенмен, ештеме өндiре алмайды. Осы дан барып ол батыл шешiм жасайды: Далдын бойынан табылған тастар – пироп. Алмаздан егiздiң сыңарындай ажырамайтын серiгi. Демек, осы алқызыл тастар табылған маңда алмаздың түбiрлi кенi болу керек. Алмазды сол жерден iздеу керек. Келесi жылдың жазында Лариса Попугаева осы алқызыл тастардың iзiне түсiп жүрiп, ақыры 21 август күнi Советтер Одағындағы тұңғыш кимберлит түтiкшесiн табады. Бұл кендi геолог «Зарница» деп атаған. Осыдан үш күннен кейiн ал маз iздеушiлердiң орталық базасының радисi барлық отряд тар мен топтарға: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ленинградтық геолог Лариса Попугаева Совет Одағындағы тұңғыш кимберлит түтiкшесiн тапты! Пироп арқылы iздеңiздер, пи роп арқылы iздеңiздер!» деп хабар таратыпты. Осыдан бастап пироп арқылы iздеу әдiсiн геологтар Попугаева әдiсi деп атап кеттi. Оның үстiне жоғарғы жақтың бұйрықжарлығын күтiп жатпай-ақ, бiрден қолдана бастады. Сол әдiстi қолданған геолог Юрий Хабардин келесi жылы Кiшi Ботоубуя өзенiнiң жағасынан «Бейбiтшiлiк» деп аталатын түбiрлi кендi тапты. Ендi осы кимберлит түтiкшесi дегеннiң өзi не? Ол не қылған түтiкше? Бұл сұрақтарға жауап беру үшiн сол кимберлит түтiгiнiң өзiне көз салып көрейiк. Бiрден айта кететiн нәрсе – ал маз шығатын кесектердiң «кимберлит» деп аталуы: Африкадағы алғаш рет түбiрлi кен табылған Кимберли дейтiн жердiң атына байланысты. Бiз дөңгелектеу етiп қазылған алып ордың жағасында тұрмыз. Бұл вулкан атқылаған орынды еске түсiредi. Төменде
осы қолдан жасалған түтiктiң түбiнде сiрiңкенiң қорабындай ары-берi қатынап жатқан алып жүк машиналары. Соларға жүк артып жатқан экскаваторлар мен түтiктiң ұлтанынан шуруф қазып, кен қопарып жатқан басқа техника. Кимберлит руда сын артқан машиналар жардың ернеуiне келгенде «Карат» атты таразының үстiнен баяулау жүрiп өтедi. Таразы осы кезде руда салмағын анықтап қалады. Тiптен бос келген машиналарға қай экскаваторға барып жүк артатынын нұсқап отырады. Байыту фабрикасы мен кенiштiң арасындағы транспорт қатынасы жiпке тiзiп қойған моншақ сияқты. Мiне, түтiк деген осы. Басқа шахта лар мен рудниктердегi сияқты жер астына түсiп, немесе жиек тей жерге қазылып жатқан руда жоқ. Төбесiнен тiк қазып, құдық сияқты жерге сiңiп бара жатқан түтiк. – Бiздiң кеншiлерiмiздiң еңбегiн ерлiк деп айтсаң, асық бол майды, – деген Мирный қалалық партия комитетiнiң бөлiм меңгерушiсi Сергей Васильев бiзге таныстырып жүрiп. – Мына, тұрпайылау айтқанда, алып апанды үстiнен ештеңемен жауып қоя алмайсың. Жұмыс ашық алаңда. Ауа райы белгiлi, аздап жаңбыр жауа кетсе, жерiң ми батпақ. Күннiң суығын бiлесiздер. Ал аязды күнi жалаңаш денеңдi темiрге тигiзiп көру отқа салу дан азаптылау. Осының бәрiне төзiп, жоспарын еселеп орын дап жүргендер – қарапайым совет адамдары. Олар мұнда өз ықыластарымен келген. Соның бiрi – сiздердiң жерлестерiңiз, экскаваторшы Әдiлханов. Бiз өз ерiктерiмен келген жiгiттер мен қыздардың талайы на кездестiк. Әдiлхановтың еңбегiне де тәнтiмiз. Кимберлит түтiкшесiн де көрiп тұрмыз. Тек бiзге бәрiбiр оның қалай пай да болатыны түсiнiксiз. Неге ол тiп-тiк аспанға шапшыған түтiк секiлдi болу керек? Неге басқа кендер секiлдi көлденеңнен немесе қиялай жатпайды? Бiздiң ойымызды, әңгiмемiздiң түрiне қарап қойылып жатқан сұрақтарды ұзатпау үшiн экскаватордың тiзгiнiн ұстаған iнiмiз жауабын қысқа қайырды. – Мен сiздердiң сұрақтарыңыздың бәрiне бiрдей жауап бере алмаймын. Тек бiлгенiмдi ғана айтайын. Алмаздың қалыптасуы үшiн аса жоғары температура мен қысым қажет. Сондай жағдай
жер астында газ қопарылысы кезiнде елу километрлiк тереңдiкте кездеседi. Осы тереңдiкте температура Целъсий бойынша 10001100 градус болатын көрiнедi, ал қысым ондаған атмосфераға жетедi. Жасанды алмазды өндiру тәжiрибесiне қарағанда, сол қысым, тiптен он мыңдаған атмосфераға жететiн көрiнедi. Мiне, осындай жағдайда ғана кәдiмгi қалам жасайтын графиттен белгiлi оттегi гексогональдық модификацияға өтiп, қолға жұғатын қара заттан түсi мөлдiр кристалдарға айналады екен. Ал осын дай алып қысым қалай пайда болады деген сұраққа ғалымдар төмендегiдей жауап бередi. Шамасы, бұл газ түйiршiктерiнiң қопарылысы кезiндегi қысымның артуынан болатын секiлдi. Жартылай талқандалған кимберлит қопарылыс кезiнде жердiң тектоникалық жарықтарын сығалай отырып жоғары атқылады. Сол кезде жер бетiне алмазбен қатар кимберлитке қосылып, пироп деп аталатын тас қиыршықтары да шығады. Ал оны табиғаттың жер бетiндегi дүлей күштерi (мәселен, ағын су мен жел) сол маңға шашып тастайды. Ал осы тастарға қарап алмаз шығатын түбiрлi кендi – кимберлит құбырларын iздейдi. – Сен өзiң нағыз геологсың ғой, iнiм. Әлде геологиялық бiлiмiң бар ма? – Жоқ, аға. Менiң қолыма ұстаған тiзгiнiм экскаватордың тұтқалары. Ал мына алып сәбiз секiлдi түтiктi түсiндiрiп түрғаным – сiздер сияқты ағалар тәптiштеп сұрай бередi. Бiрiне жауап берсең, бiрiне жауап бере алмай қаласың. Сондықтан ғой әбден жаттап алғаным. Оның үстiне бұл менiң кәсiбiм емес пе? Ең болмаса жердi неге қазып, не алып жатқанымды бiлуiм керек қой. Бiз жерлесiмiздiң қажырлы қимылы жөнiнде көп есiткенмен, өзiне қайтып кездесе алмадық. Оның есесiне қалалық Мәдениет үйiнде өткен кездесуде бiздi дәрiгер қазақ қызы Гусарова құттықтады. – Осы алаңда алғашқы кеншiлер келiп жұмыс iстей бастағанда, тауықтың балапанындай бiрiне-бiрi иек артып, жапыр ласа орналаса қалған шатырлар екен, – дедi қарындасымыз. – Жұмысшылардың қысы-жазы тұратын мекенi сол. Бiр жағынан кен қазылса, екiншi жағынан қаланың алғашқы үйлерiнiң iр-
гесi қалана бастапты. Қала бой қөтеремiн дегенше, жер ана да өз байлығымен елдi сусындата бастаған. Бiздiң қаламыздағы құрылыстарда жiберiлген кемшiлiк – сол асығыстықтың салдары. Ал қазiр салынып жатқан «Удачный», «Айхал» трубкаларындағы қалалардың жобасы Якутск түгiлi, Москвадағы талай мекемелердiң алдынан өтiп барып бекiдi. Олар нағыз ертегiдегi қала сияқты болмақ. Үйiңнен шығып, жұмысыңа барып, одан қажетiң үшiн дүкен аралап, балалар бақшасы мен мектепке соғып қайтып кел генше ешбiр сыртқа шықпайсың. Өз үйiңдегiдей жүре бересiң. Бұл – болашақ поляр қалаларының үлгiсi. – Ендi сол қалаға барып жұмыс iстейтiн боларсың? – дедi Қуан аға әңгiменi қызыға тыңдап отырып. – Барса несi бар, барамыз, аға. Арамыз алшақ емес, бес жүз ки лометрден көп аса қоймас. Бiрақ қазiрше бiздiң негiзгi транспор тымыз – самолет. Көшiп-қонып жүру әбiгерлеу. Осы қаламыздың өзi-ақ ұнайды. Қала тұрғындары өз астанасын аса ұнатады. Ол жөнiнде бiзге бiр жерлесiмiз жыр жырлап берген. Ол былай болды. Кешкiлiк жатар орнымызға келсек, бiр жерлесiмiздiң iздеп келгенiн ескерттi. Кездесу кезiнде қызметiнен босай алмайды. Бөлмеге кiрiп келгенде сәлемдескен екi-үш адамның бiрi тесiлiп қарай қалды. – Мен сiздi бұрын көрген сияқтымын, – дедi отырғандардың бiрi. – Ал мен анық танып отырмын. Тiптен институтта бiрге оқып, соңынан бiр облыста қызмет жасадық. Сен мына өлеңнiң авторы емеспiсiң? Бiзге қалалық партия комитетiнде «Алмазды қаланың арайы» деген кiтап сыйлаған. Соның iшiнде Мэри Софианидидiң өлеңi болатын. Соны көрсеттiм. Осыдан соң барып Мэри: – Ой, сен Қалаубексiң ғой, – деп тани кеттi. Мэри институттан соң Кентау қаласында мұғалiм болып қызмет жасады. Содан осы Мирный қаласына ауысыпты. Жаңа мамандық игерiптi. Өзi өлең, очерктерiмен республикалық баспасөзде жиi көрiнiп жүредi екен. Кездеспегелi он бес жылдай уақыт өткен. Талай әңгiменiң басын қайырдық. Қала жайлы, қала
тұрғындары жайлы, байлық көзiнiң ашылуы жайлы көптеген қызықты әңгiме айтты. Әрине, «түлкi iнiнен табылған» асыл тас пен «сапалы темекi» жайы да сөз болды. Қазiр көптеген шығармаларға арқау болған «түлкi iнiнен табылған» алмаз жөнiнде жұрт бiледi. Дегенмен қызық. «Зар ница» түтiкшесi табылған соң Кiшi Ботоубуя және Ирелях өзендерiнiң жағасын зерттеу мықтап ескерiлдi. Елу бесiншi жылдың апрелiнде Юрий Иванович Хабардин басқарған топ жорыққа аттанады. Олар қазiргi Мирный қаласының маңына келiп аялдапты. Осы жерден нағыз алмаз кристалдарын кездестiредi. Бiрақ кеннiң негiзгi көзi – кимберлит желiсiн табу керек. Нақ сол күнi лаушы Иннокентий Ивлев бұғыларды тойындырып алмақ болып, бастығы Хабардинге жайылым маңын нұсқап, жыра қуалап өрлеп кеткен. Уәделескен кезде Хабардин келсе, Ивлев те жоқ, бұғылар да жоқ. Бұғылардың бұл шамада қарны тоймайтынын сезген лаушы қашықтау кетiп қалған екен. Осыған ашуланған Хабардин «көкесiн керсетпек» болып Ивлевтiң iзiмен iлгерi жүредi. Көп кешiкпей бiр бұтаның түбiнен түлкi қаша жөнеледi. Оның түсi өзгеше. Жүнiне бояу жағып қойғандай көгiлдiр. Геолог бiрден iнге барып үңiледi. Бiр кезде ол әлгiндегi ашуын мүлдем ұмытып, алақайлап айналасына үн қатады. Айқайды есiтiп жиналған топ қайтып оралған Ивлевтi аспанға лақтырып, ризашылықтарын бiлдiредi. Мiне, әйгiлi түтiкше осы лайша ашылыпты. Мұны орталыққа хабарлайтын рация жоқ, телеграмма беру немесе телефон соғу ол кезде бұл маңның өңi тұрмақ, түсiне де кiрмеген. Сондықтан Хабардян лаушының бiрiн жұмсап, жақын маңдағы елдi пункттен хабар бергiзген. Сондағы хабардың текстi: «Бейбiтшiлiк трубкасын» тартып көрдiк, темекi өте сапалы». Мiне, Мирный қаласының өмiрге келуi осыдан басталған. Әрине, түлкiнiң iнi – кездейсоқ нәрсе. Егер ол кездеспе се, қазына ашылмай қалады деп топшылауға болмайды. Геологтардың барлық есебi осы маңға жетелеп келген. Ол кен бәрiбiр екi-үш күннен соң ашылған болар едi. Отан байлығына байлық қосып, алмаз өндiру жөнiнен бiздiң елiмiздiң ерекше алға өрлеуiне қосқан үлестерi үшiн А.П. Буров, В.Б. Белов, Г.X. Файн
штейн, В.Н. Щукин («Удачная» түтiкшесiн ашқан). Ю.И. Хабар дин және Р.К. Юркевич 1957 жылы Лениндiк сыйлықтың лауреа ты деген құрметтi атаққа ие болған. Келесi күнi бiз тау мен орманның арасынан қиып салынған жолмен сапарға және шықтық. Барар бағытымыз және Вилюй өзенi. Бiз қазiрше соның саласында жүр едiк, ендi және өзiне жол тартатын болдық. Мезгеген жерiмiз жүз шақырымдай. – Және самолетке отырамыз ба? – дедi Сабырхан. – Жоқ, автобуспен жүремiз. – Бәсе, айналайын, сөйтiңдершi, – дедi Қуан аға қуанып кетiп. – Жол ауырлау болмаса, – дедi бiзге жолбасшылыққа бекiтiлген қалалық мәдениет бөлiмiнiң қызметкерi Валя есiмдi қарындас. – Қанша ауыр болса да өкшемiз жер басып жүрсiншi. Ең бол маса машинаның дөңгелегiнiң асфальтқа тигенiн сезiп отырайық. Жол – даңғырап жатқан асфальт. Тек өзен сияқты ирелеңирелең етедi. Вилюйдiң жағасына жеткен соң өзеннен ары бiр, берi бiр өтуiмiз жиiледi. Оған мойитын ешкiм жоқ. Күнде самолет мiне берiп зерiксе керек бәрi де. Оның үстiне айналдырған он шақты адамға тиген автобусымыздың ауқымы мол – беймаралшылық. Келiп жеткен жерiмiз – Чернышевский поселкесi. Биiк таудың шығар шыңы болмаса да қыратты жерге орналасқан. Екi жағынан ентелеп келген таудың Вилюйдiң өкпесiн қысатын жерi осы тұс екен. Энергетиктердiң аспанға атып жатқан ағын судан өнiмдi барынша мол аламыз деп шамалаған жерi де осы. Электростан ция салудың әдiсi барлық жерде бiрдей. Плотина жасалатыны да белгiлi. Ал бұл станцияның ерекшелiгi, мәңгi тоңға салынған. – Құрылысты салудағы ең қиын болғаны жолдың жоқтығы едi, – дедi осындағы партия ұйымының секретары бiздi жетi қабат жердiң (айтпақшы, мұздың) астына лифтiмен алып түсiп. – Бұл маңға келетiн ешқандай жол болмайтын. Құрылыс техникасын, құрылыс материалдарын, станция салуға қажеттi заттарды тасығанда пайдаланбаған көлiк қалмады. Бұғы, шана, самолет, вертолет, трактор, сал... Не керек, бәрiн пайдаландық. Ағаш қырқып, жол салды, тасты қопарып, сүрлеу салды, тiптен салды трактормен сүйредi. Бұл – қиыншылықтың бiр түрi. Екiншiсi, әлгi плотинаны жасау. Мәңгi тоңның сырын бiлесiздер.
Сондықтан плотинаға топырақ үймес бұрын, астына бiлiк сияқты етiп труба көмген. Сол трубаларға үзiлiссiз суық ауа жiберiлiп тұрады. Салқындықты бiрқалыпты етiп солар сақтайды. Ал қыс мезгiлiнде жиналған тас-топырақ қатып қалмасын деп арнайы ерiтiндi құйып жылытып отырған. Осындай еңбектiң арқасында әлгi көргендей теңiз пайда болып, бүкiл айналасын нұрға бөлеп тұрған электростанция iске қосылды. Қысқаша осы. Ал түгел түсiндiргенмен, тосыннан көрген адамның көңiлiне қона қоюы қиын. Осы кезде менiң есiме кеше қалада көрген бiр ескерткiш түсе кеттi. – Бұл – тайганы «тесiп өтiп» екi қаланың арасына жол салушыларға орнатылған ескерткiш, – деген жолбасшы боп жүрген жiгiт. – Ескерткiштi жол салушыларға орнатқандарыңыз қызық екен, – дегенбiз бiз. – Өндiрiп жатқандарыңыз алмаз, ал ескерткiштi тайганы «тесiп өткендерге» орнатасыздар. Шынын айтсақ, «тайга тескендерiңiздiң» өзiн түсiнбей тұрмыз. – Бұл аса үлкен ерлiк болатын. Сондықтан iзет бiлдiремiз. Париж бен Иреляхтың арасына жол салу кезiнде аса жауапты жұмыстың бiрi болды. Бiз ендi әбден шатастық. Мына жiгiттiң Парижi не тағы? Қайдағы Париж? Оның Иреляхқа не қатысы бар? – Онда тыңдай берiңiздер, – дедi жiгiтiмiз. – Кен орны ашы ла сала-ақ, соны өндiру мәселесi қолға алынды. Ол үшiн техника қажет. Әсiресе техника Ирелях өзенiнен тоған жасап, су жинау үшiн қажет. Сусыз фабрика жұмыс iстей алмайды. Оның үстiне жасанды көлге жиналатын суды көктемгi тасқын кезiнде жинап алмасақ, жаз кезiнде ағатын Иреляхтың суы бiздiң өндiрiс үшiн бiр ұрттам да болмайды. Сол үшiн мәселеге шұғыл кiрiседi. Мұнда қажет техника Лена өзенi арқылы Мухтуя поселкасы на жеткiзiледi. Ал Мухтуя мен Мирныйдың арасы – екi жүз отыз километр. Километр болғанда қандай километр десеңiзшi, ит тұмсығы өтпейтiн тайга мен кiлкiп жатқан батпақ. Әрине, бұл кезде алмаз өндiрушiлердiң халi де мәз емес едi. Солар өмiр сүрiп жатқан палаткалардағы темiр пештердiң отын сөндiрмей,
үздiксiз жағып тұру керек. Ол үшiн «шатыр қалада» кезекшiлер қалатын. Ал кезекшiлiкке қалған адамға өндiрiстегi күндiк нор масын жазып отыратын. Дегенмен жол салып, техника жеткiзушiлердiң мойнына түскен салмақ ауырлау болатын. Жол түгiлi, сүрлем дегеннiң нышаны да жоқ. Сондықтан шоферлар мен тракторшылар, бульдозершiлер мен механиктер бұл күндерi техниканың тұтқасы дегендi мүлде ұмытты. Олар ағаш кестi, жол тегiстедi, батпақты жерлерге кескен ағаштарын қатарластыра төсеп өткел өттi, өзендер кездескенде көпiр салды. Техника ми батпаққа түскенде бар қуатынан айырылып, дәрменсiз боп тұрады да қалады. Соларды бiр-бiрлеп сүйреп шығады. Салмақ түскен кезде болат арқан шарт үзiледi. Сөйтiп жүрiп батпаққа батқан машинаның бiрiн шығарса, екiншiсi және батады. Iлгерi жылжыған жол метрмен ғана өлшенедi, күн мен түннiң айырмашылығы болмай кеттi. Жұрт тиiп-қашып ұйықтайды, тамағын жүре жейдi. Мiне, осындай арпалыстың дәл жиырма бiрiншi күнi алғашқы колонна Мирныйға жеттi. Сөйтiп, үш аптаның iшiнде тәулiгiне он бес шақырым iлгерi жылжып отырған жол салушылар өз мiндеттерiн атқарып шықты. Абыроймен атқарды. Қажеттi тех никаны Мирныйға жеткiздi. Ирелях өзенiндегi тоған да мезгiлiнде салынды. Байыту фабрикасына да қажеттi су мезгiлiнде берiле бастады. Техниканы жеткiзушiлердiң осы ерлiгiне тәнтi болған Мирный тұрғындары мына ескерткiштi орнатқан. Ал қазiр осы екi қаланың арасында даңғырап жатқан жол бар. Ол – кейiн салынған жол. Бiз ескерткiштiң мәнiне түсiндiк. Ана иiн тiресiп тұрған ағаштың арасынан жол салу – тайганы тесумен бiрдей екенiн де түсiнiп отырмыз. Дуалды қалай тесетiн болса, тайганы да солай тескен деп есептей беруге болады. Өйткенi ағаш дегенiң – дуал сияқты сiресiп тұрған қабырға. Жалғыз айырмашылығы – тайга арасындағы тесiктен аспан көрiнiп тұр. Ендiгi мәселе – Париж. – Ал Парижіңе жол болсын? – Сiздер Иван Александрович Гончаровқа сенесiздер ме? – Қай Гончаревті айтасың? – Жазушыны. 8-270
– Сенемiз. – Мухтуяны Париж деп жазған – сол әрiптестерiңiз. Рас, ол кiсi өткен ғасырда жазыпты. Ол кезде (Мирный салынып жатқан кезде де) қазiргi Ленск қаласы осылай аталған екен. Тек бiздiң Мирный ғана емес, осы маңдағы өндiрiстi қалалар мен елдi пункттердiң бәрiнiң өмiрге келуiне көп септiгiн тигiзген – сол Мухтуя. Сондықтан да ол қазiр үлкен қалаға айналды. Портты қала. Ленск қаласы. Өткен ғасырда осы поселкеде жер шарын айналып шыққан сапарынан қайтып келе жатқанда И.А. Гонча ров аялдаған екен. Сол кiсi былай деп жазыпты: «Бұл жерде Мух туяны Париж деп атайды. Өйткенi шаруалар (жер аударылып келгендер) пальто киiп жүредi әрi кадриль биiн билейдi». Ендi қанағаттандыңыздар ма? – Қанағаттандық. Парижің де жайына кеттi. Бiзге өткен ғасырдағы Парижіңнен қазiргi Ленскiң ұнап тұр, – дедi Қуан аға. Әлгiнде элекртостанцияның iшiн аралап жүргенде денемiздi ептеп суық қармап қалған болу керек – жер бетiне қайта шыққанда арқамыз жадырап жүре бердi. Жер астына түскенде еңсенi баса қалған салмақтан да құтылған сияқтымыз. – Осы құрылысты салуға басшылық жасаған кiсi қайда? – дедiм мен. – Не, барып қолын алайын деп пе едiң? – дедi Хизмет. – Тұрады ғой, тек саған қасиетi жұға қоймас деп қауiптенiп тұрмын. Партком хатшысы күлiмсiреп: – Ол бәрiбiр қолыңыздан келмейдi, – дедi. – Неге? – Батенчук деген фамилияны бiлесiз бе? – Бiлгенде қалай. Ол кiсi бiздiң елiмiздегi алып ГЭС-тердiң бiрқатарын салуға басшылық жасағанын да бiлемiз. Еңбек ерi. – Мына станцияны да салған сол кiсi. – Солай ма? Мен осы жерде мына бiр жайды айта кетудi жөн көрiп тұрмын. Осы станцияны салу кезiнде Батенчукке орынбасар болған кiсiмiз менiң бұрын жазған бiр шығармамның кейiпкерi екенiн сол кезде бiлген жоқ едiм. Ол кiсiге кейiн кездестiм. Атыжөнi – Виктор Викторович Сичалов.
– Сiздердiң уақыттарыңыз өте тар. Екi-үш күннiң iшiнде бәрiн бiле қою түгiлi, айнала-төңiрекке көз үйретудiң өзi қиын, – дедi парторг. Қиын екенiн сезiп жүрмiз. Қанша тәптiштеп түсiндiргенмен, ұға салу оңай емес. Асты тоң, үстi су. Соның ортасында жұмыс iстеп тұрған станция механизмiнiң принципiн бiле беру екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. – Оны қойдық. Ал теңiз дегенiң қалай? – дедi Хизмет. – Цимлян теңiзiн бiлесiз гой. – Әрине. – Түгел аралап шықпаған соң көзге қораш көрiнiп тұрған болар. Немесе бiздiң плотинамыздағы су Цимлян теңiзiнiң көлемiмен бiрдей. Әрине, әлi картада жоқ, бiрақ бiздiң де өз теңiзiмiз бар. Ол анау ұшы-қиырсыз болып алдарыңызда жа тыр. Поселке тұрғындарымен қоштасып, жолға шықтық. Баяғы келген жолымыз болған соң айналаға онша көз сала қоймаймыз. Бiразға дейiнгi ермек әлгi көрген ғаламаттарымыз жайында болды. Қашанғы жетсiн. Ол да таусылды. Әңгiменiң жаңа түрiн Рахманқұл бастады. – Валя, дүниедегi ең қымбат зат деп бағалаған алмазды ертең көрсетемiз деп келесiң. Якутияның солтүстiгiнде теңiз ба рын бiлушi ек, нақ ортасындағы теңiздi әлгiнде көрдiк. Және не асылдарың бар жерлерiңде? – Ол көп қой. Алтын ше? Бiздегi алтынды кен орындары қорының молдығын мектептiң оқушысына дейiн бiледi. Бiзде ал тынды қазып та алады, сүзiп те алады. Қазып алатынын бiлерсiз, ал сүзiп алатын драгалар бiраз өзендерде жұмыс iстейдi. Әрине, алтын мәселесi сөз болғанда, алдымен ауызга түсетiнi – Алдан. Ол мың тоғыз жүз жиырма үшiншi жылы ашылған. Осы жылы Якутскiден Алданға ұлты латыш Вольдемар Бертин дейтiн кiсiнiң басқаруымен отряд аттанады. Бiрақ бұл кiсiлер келгенде алтын кенiнiң көзiн якут Михаил Прокопьевич Тарабукин ашып қойған болатын. Ол өзi тапқан кен орнын отрядқа нұсқап, өзi бастап ба рады. Қазiр нақ сол жерде Алдан қаласы тұр. Әрине, бұл Алдан ғана. Ал алтын өндiретiн орындар баршылық. Рас, Якутиядағы
алтын кендерi ашыла бастағанда шет ел капиталистерi Алдан да Клондайк секiлдi тез-ақ даңқынан айрылады деп сәуегейлiк жасаған болатын. Тек ол сәуегейлiктерi далаға кеттi. Якут жерiнде алтын кендерi бiрiнен соң бiрi ашылуда. 1932-жылы Джугджур алтын кендерi ашылса, 1942 жылдан бастап алтын Оймякон ауданында өндiрiле бастады. Қазiр өндiрiстiң осы сала сында еңбек етiп жүрген бiлiктi адамдардын көбiнiң есiмi бүкiл Одаққа әйгiлi. Мен солардын бiрқатарының есiмiн ғана атайын, ал қорытындыны өзiңiз жасай берiңiз. Мысалы, тек Алдандағы Социалистiк Еңбек Ерлерiн ғана алайық: проходчик А.Н. Черка нов, забойщик П.В. Гуляев, драгерлер М.И. Шишлянников пен И.Т. Власов, комплекстi бригаданың бригадирi Н.Р. Горковенко, экскаваторшы П.А. Новгородцев, инженерлер К.Т. Мацкепалад зе мен М.Я. Спиридонов, бiрлестiктiң Бас директоры Т.Г. Десят кин. Сiздер Академияда болдық деп едiңiздер ғой. Сол жерде жа натын көмiрдi көрген боларсыздар? Көргенбiз. Академик Черский көмiр секiлдi, бiрақ тас көмiрден гөрi, каучуктың түсiне ұқсастау қара затты алып, от тигiзiп жiбергенде лап етiп жанып кеткен. Ол кiсi мұны қоры аса мол қатқан газ деп түсiндiрген. Оның таусылмас қорын алғаш ашып, дәлелдеген – осы кiсiнiң өзi басқарған якут ғалымдары. Ал жану жылдамдығы жанармайдың iшiндегi ең тазасы – бен зиннен жоғары. Нақ сол жерде тас көмiрдiң өзi жөнiнде де талай әңгiме есiткенбiз. Қазiр қала атанып, аты бүкiл әлемге аян бола бастаған Нерюнгри маңындағы кокстенетiн көмiр кенiнiң алып жатқан аймағы – жиырма бес шаршы километр, кен қабатының қалыңдығы – жетпiс метр. Ал қордың молдығы қырық мил лиард тонна деп шамаланады. Бүкiл Якутия жерiндегi көмiр қоры – Одақтағы көмiр қорының жартысының шамасы. Бұл байлықтың аса пайдалылығы – осы маңнан алпыс-жүз кило метр жерде табылған темiр рудасы кенiнiң аса байлығы. Оның қоры сегiз миллиард тонна деп шамаланады. Ғасырымыздың алып құрылысы деп аталған БАМ-ның осы маңға қарап бет алып келе жатқаны, осы байлықтың арқасы екенi белгiлi. Осы алып
кендердi ашуға қосқан үлесi үшiн жақында ғана Оңтүстiк Яку тия геологиялық басқармасының бас геологы Саима Қаримова Социалистiк Еңбек Ерi атанды. Мұның бәрiн есiткенбiз. Қазынаның бар түрiнен «бiрiншi орын, бiрiншi орын» деп айтыла берген соң Қуан аға: – Осы сiздерде екiншi орын алатын сала жоқ па? – деп те әзiлдеген. – Неге болмасын, бар, – деп әзiлге әзiлмен жауап берген бiзге. – Помидор мен капустаны, алма мен жүзiмдi неге ұмытасыз. «Жерi байдың елi бай». Бұл мәтел жұртқа аян. Бiз осы қазыналы өлкеде жүрмiз. Ендiгi көрмегiмiз – алмаз фабрикасы. Дүние жүзiнде қаншама қымбат бағаланғанмен, бiздiң елдегi бағасы өзiмiзге аян. Бiздiң Отанымыз үшiн оның бағалылығы техникалық пайдаланылуы. Әйтпесе үстi-басын әшекейлеп, бриллиант тағып жүрейiн дейтiн адам кемде-кем. Сондықтан болар, алмазды көруге сонша құмартып жүрген ешкiм жоқ. Якут ағайындар тiптен беймарал. Дегенмен фабрикаға бардық. Фабриканың өзiнiң iшкi-сыртқы көрiнiсiмен түрлi-түске боя нып жанып тұрған электр жарықтары көз тартады. Жұмыс iстеп жүрген жұртты бiр көргенде емханадағы дәрiгер деп қалуың мүмкiн, бәрi ақ халатты. Алмаздың түрлi-түрлi қырының сәуле шашуы көздiң нұрын қайтаратындай. Ол арнайы өңдеуден өтсе, бұдан да әсемдене түссе керек. Осы жатқан кристалл тастардың бiрнешеуiн қолымен сығымдап тұрған Сабырхан: – Дәл қазiр мен миллионермiн. Бiрақ мына тастарыңды ұстағаннан өзiмдi ерекше сезiнiп тұрған ештеңе бiлiнбейдi. Қайта қырлары қолымды тесiп барады, – дедi алақанын жайып. Сонан соң: – Сонда бриллиант дегендерiң осы ма? – дедi. – Жоқ, – деп жауап бердi оған мамандар. – Бриллиант деп өңделген алмазды айтады, ал мына қолыңыздағы әлi өңделмеген алмаз. – Мұның несiн өңдейдi? Өздерi де бұрыштанып, қыры бiлiнiп тұрған жоқ па? – Сондықтан емес пе мұның алмаз деп аталатыны. Әдетте ал маз сегiзқырлы (октаэдр) болып келедi. Ал әрбiр алмаз өңделген
соң елу жетi қыры бар бриллиантқа айналады. Сонда ғана оның сәулесi нұр шашады. Аса тәжiрибелi шеберлер алмазға 88 қыр салады. Алмаз ешуақытта өзiнiң түсiн өзгертпейдi, өңiн бермейдi. Мәселен, сiз кез келген затты қолыңызға қысып ұстап тұрсаңыз, аздан соң денеңiздiң жылуы соған өтiп, ол жыли бастайды. Ал ал маз жылымайды – температурасы бiрқалпынан айнымайды. Сондықтан да мамандар нағыз алмазды страздан тез-ақ ажы ратады. Айтпақшы, страз дегенiмiз кәдiмгi шыныдан жасалған «жалған алмаз». Бұл жөнiнде шытырманды оқиғалы кинофильмдерден талай көрiп жүрген боларсыздар. – Көрiп жүрмiз ғой атыс-шабысты. Олар өзiмен кетсiн, – дедi Қуан аға. – Ал ең үлкен алмаз қандай болады? – Москвадағы СССР Алмаз фондында көлемi жүз караттан асатын көптеген алмаз сақталады. Солардың iшiнде «Якутия жұлдызы» деп аталатын көлемi пiскен жұмыртқаның сарысын дай келетiн алмаз – 232 карат. Қысқасы, 1967 жылдан бастап көрсетiле бастаған жоғарыда айтылған көрме жөнiнде баспасөзде жиi-жиi жазылып жүр. Ендiгi қалғанын содан оқып аларсыз дар, – дедi. Бiздiң көрген алмазымыз осы. Ал осы алмазды шетелдiктердiң жеке меншiк деген пәленiң шырмауында жүрген адамдардың көргендегi әсерi жөнiнде бiзге бiр қызық әңгiме айтып бердi. Бiрде Мирныйға бiр капиталистiк елдiң елшiсi келiптi. Осы фабрикаға келiп алмазды көрiптi. Әлгi елшi қолына алып тұрғанда ал маз кристалы жерге түсiп кетедi. Елшi қайда тұрғанын, айналасындағы адамдарды мүлде ұмытып кетiп, тiзерлеп отыра қалып, жердi сыпыра бастаған. Әлден соң барып орнынан тұрып, қасындағылардан кешiрiм сұрапты. Өзiнiң елшi екенiн, қасында бағынышты адамдары бар екенiн, әрi қала басшыларының тұрғанын ұмытып, еден сыпырып жүрген елшi, әрине, алмаздың бағасын бiлер-ау, бiрақ бұл әрекетiне жетелеп жүрген санасына сiңiп қалған дүниеқорлық пен жеке басының қамын ойлаушылық екенi бiздiң елдiң адамдарына белгiлi. Шет елдiк елшi туралы әңгiменi есiткенде менiң ойыма өткен замандардағы нақ осындай бiр елшiнiң өмiрiн патшалы
Ресейдiң жалғыз таспен бағалағаны орала кеттi. Ол үшiн «Шах» деп аталған алмаздың «өмiр тарихын» көз алдына бiр елестетiп өткен абзал. XIX ғасырда Бабурдың немересi Акбар билiк жүргiзген за манда Ұлы Могол империясы өз үстемдiгiн Индияның оңтүстiк аймақтарына дейiн жеткiздi. Бұл кезде Индия княздiктерiнiң өз тәуелсiздiктерiн сақтап қалғаны бiрнешеу ғана едi. Соның бiрi алмаз өндiрумен шұғылданатын Голконда. Ғасырдың аяғында алмаз кендерiнде елу мың жұмысшы асыл тас iздейтiн. Олар жер қопарып, оны себетпен тасып, сонан соң елеп, iшiнен алмаз iздейтiн. Жұмыс таң қылаң бере басталғаннан қас қарайғанға дейiн бiр толастамайтын. Осы жұмыс мезгiлiне есеп жүргiзу үшiн арнайы белгiленген адамдарды гариал деп атайтын. Осындай күннiң бiр шыжып тұрған мезгiлiнде жұмысшылар түскi үзiлiсте отырған кезде Рой есiмдi гариал құмырасын алып, өзенге барады. Құмыраның түбi тесiк. Содан кiрген су құмыраға толғанша бiр гариал (24 минут) уақыт өтедi. Содан соң гариал мыс ыдысты тоқтатып белгi беру керек. Уақыт осылай өлшенетiн. Рой осы қызметiне кiрiспек боп құмырасын су астына қоя бер ген кезде анадай жерде жатқан бiр тасқа көзi түседi. Рой тасты тез арада батпақтан аршып алады. Көлемi үш сантиметрдей келетiн сарғыш тас. Рой мұның алмаз екенiн бiрден сезедi де, ендi соны қалай алып кетудiң амалын қарастыра бастайды. Өйткенi көлемi 10 караттан асатын алмаздың бәрiн тек қана қазынаға өткiзу керек – иемденуге, сатуға ешкiмнiң еркi жоқ. Рой құмырасы суға толғанша жоспар жасай бастайды. Ақыры ол 24 минуттың iшiнде (1 гариал) тауып алған тасын құмыраның бауының тесiгiне тығып қою керек деген қорытындыға келедi. Осы әдiспен кешке дейiн жүрiп, кешкiлiк үйшiгiнiң бiр елеусiз жерiне тығып қояды. Бiрнеше күннен соң Рой әлгi тасты алып, өзi бiлетiн Сингх дейтiн шеберге барыпты. Бiлiктi шебер тасқа көзiн бiр салғандаақ оның бағасын бiле қойған болу керек: – Сен кен өндiретiн жерде осынша жыл iстеп жүрiп, әлi күнге дейiн асыл тасты жай тастан ажырата алмайтыныңа таңым бар – мына тасыңның құны бiр-ақ теңге, – деп жерге атып ұрады.
Сонан соң ол осындай жалған тастардың жер бетiне жақын жа татынын, оны тәңiрi жер астына тығып тастаған нағыз асыл тастар ды оңайлықпен тауып алмасын да әдейi iстейтiнiн айтып Ройдың басын шыр айналдырды. Бұрын мұндай әңгiменi есiтпеген Рой ұйып тыңдап, ақыры бiр теңгесiн алып шығып кетедi. Бiрақ алмаз Сингхқа бұйырмайды. Сол күнi кешке Голконданың билеушiсi Кудаб шах астанадағы ең бiлiктi елу шебердi өз сарайына алып келудi бұйырады. Баяғы алмазды тауып алады. Ендi Сингхтың қарғанып-сiленгенi оның өз өмiрiн қорғап қала алмайды. Шебер дарға асылады. Кудаб шах өз қызын көршi провинцияның билеушiсi Бур хан-Низам шахқа ұзатқанда әлгi алмазды әбден өңдетiп, күйеу баласына сыйлыққа тартады. Мiне, алмаздың бiр қырындағы «Бурхан-Низам шах екiншi. 1000 жыл» деген парсы әрiптерiмен жазылған сөздер осы кезде пайда болыпты. (Бiздiң жыл санауы мыз бойынша 1591 жыл). 1599 жылы Ұлы Могол Акбар Декан провинциясын өзiне бағындырғанда сондағы ең әлсiз сұлтанаттың бiрi Ахмаднагар өзiн бағыныштымын деп мойындап, Акбарға мол сый тартады. Сол сыйдың iшiнде осыдан былай «Шах» деген атқа ие болған баяғы Рой тапқан алмаз да болатын. Ендi алмаз атадан балаға мирас боп ауысумен жүредi. Ендi елу жылдан кейiн Акбардың немересi алмаздың және бiр қырына «Жахангер шахтың ұлы Жахан шах. 1051 жыл» деген белгi түсiредi. Бұдан соң Жахан шахтың балаларының бiрi Деканның билеушiсi Ауренгзеб өз әкесi мен бауырластарына қарсы күресте жеңiп шығып, әкесiнiң тағын да, қазынасын да тартып алады. Алмаз бұдан кейiн сексен жыл бойы патша тағының әшекейi боп тұрған. 1738 жылы Иранның шахы Надир Индияға қарсы жорыққа аттанады. Бұл кезде Ұлы Моголдар мемлекетi өзiнiң бұрынғы құдiреттiлiгiнен бiрте-бiрте айырыла бастаған болатын. Сондықтан Делиде отырған Мухаммед шах 1739 жылы Надир ге мойын ұсынып, мемлекеттiң бар қазынасын беруге мәжбүр болады. Сол қазынаның iшiнде бiр кезде iргесiн Ақсақ Темiр қалаған, көптеген асыл таспен безендiрiлген патша тағы да кетедi. Солардың iшiнде «Шах» алмазы да бар болатын.
Ендi алмаздың және бiр қырына «Билеушi Каджар-Фатх али шах-сұлтан. 1242» деген жазу жазылады. Мiне, дәл осы кезде алмаз тарихы Ресей тарихымен ұштаса кеткен. Орыстың ұлы жазушысы Александр Сергеевич Грибоедовтың кезiнде аса та лантты дипломат болғанын, соңынан Персияда елшiлiк қызмет атқарғанын жұрттың бәрi бiледi. Парсы фанатиктерi Грибоедовты өлтiргеннен кейiн орыс патшасы персиялық билептөстеушiлердiң алдына бiр-ақ шарт қойған екен: орыс елшiсiн өлтiруге қатысып, елшiлiктi талқандағандар жазалану керек те, шах әулетiнiң бiреуi Петербургке келiп кешiрiм өтiну керек. Петербургке келiп кешiрiм сұрау үшiн персиялықтар тақ мирасқорының баласы он бес жасар Хосров мырзаны аттанды рады. Бұл сапар Хосров мырза үшiн жауапты сапар болудан гөрi, көңiл көтеретiн саяхатқа көбiрек ұқсайтын едi. Өйткенi ол көптеген қалаларда ұзақ уақыт аялдап, тамаша-сайран құрып, ақыры Петербургке август айында келiп жеткен (Грибоедов 30 ян варь күнi қаза тапқан болатын). 12 август күнi Хосров мырза орыс императорының қабылдауында болып, өз үкiметiнiң атынан жазылған кешiрiм грамотасын оқып берiп, соңынан Николайға «Шах» алмазы салынған қорап ұсынады. Мiне, осылайша Персия орыс елшiсiнiң өлiмi жөнiндегi айы бын бiр-ақ таспен жуып-шайып кеткен екен. Дәл осы кездесуде орыс императоры «мен Тегеран оқиғасын ендi қайтып еске ал мауды бұйырамын» деп жарлық та берiптi. Алмаз байлығының есебiмен алсаң, дүние жүзiндегi ең бай қаланың бiрi (шет елден келген және бiр адам осылай атап ты) Мирныймен қоштасатын болдық. Фабрикадан келiп жина ла бастасақ Леонид Попов жоқ. Ары күттiк, берi күттiк хабар жоқ. Бiздiң күтуге шыдамымыз жеткенмен, самолеттiң шыдамы жетпейдi. Амалсыз оның да заттарын алып аэропортқа тарттық. Мұнда да жоқ. Якутскiден шыға бастағаннан «бөгелдi» деп айқайлап тұратын аэропорт нақ осы жолы аяғыңды жылдам бас деп саңқылдап тұр. – Ендi самолет орнына Попов бөгелдi, – дедi Семен бiр көзiн самолеттiң аяғынан айырмаса, екiншi көзiн жолдан тайдырмай. Жол Поповты әкелiп беретiн ыңғай байқатпаған соң самолетке
жайғастық. Ал Попов келесi күнi Якутскiден табылды. Жоспар бойынша белгiленген бiр-екi жерге баруға бiздiң уақытымыз болмаған. Соның бiрiне ол жеке тартқан екен, кездесушiлер сұрау берiп, өлең оқытып, жiбермей отырып алған. Ең соңында тұра ұмтылғанда алып келмек болған машина қақалып-шашалып тұрып қалған. Сонымен, ол өзi үшiн де, бiз үшiн де өлең оқып жүрiп, келесi күнi бiр-ақ оралды. Алмазды өлкеден аттанғанда сол өлкенiң байлығын ашушылардың бiрi Г.X. Файнштейннiң мына бiр сөзi еске түстi. «Якутиялық алмазды провинцияның ашылуы – бұл жекелеген адамдардың iсi емес, оны мыңдаған геологтар, жұмысшылар, ғалымдар ашты». Иә, бұл өлкенi ашып, алып өндiрiске айналдырған – совет адам дары. Оның байлығы да сол адамдардың игiлiгiне жұмсалуда, халық игiлiгiне жаратылуда. ЯКУТИЯНЫҢ ЕКIНШI РЕТ АШЫЛУЫ НЕМЕСЕ СIБIР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ПАТРИАРХЫ Темiр тормен қоршалған мұз абақты. Санников жерi. Есебi жоқ ескерткiштер. «Мұз қамалы». Төрт жүз алпыс бес юкагир мен қырық үш қазақ. «Сақалдылар» аралы. «Олонхо» авторларының ұрпақтары. Әрине, Мирный – әсем қала. Iргесi елуiншi жылдардың бергi жағында қаланған жаңа қала. Солтүстiктiң тiлiмен айтқанда – тас қала. Бiрақ бiз Якутскiге қайта ұшып келгенде Якут астанасының өзiндiк сыры бар, өзiндiк тарихы мен болашағы бар, көркемдiгi мен кереметi бар қала екенiне және бiр рет көзiмiз жеттi. Өйткенi бұл қала Ұлы Туймада жазықтығында тұр, бұл қала – шығыстағы ең көне қалалардың бiрi. Сондықтан осы өлкенiң өркендеп өсуiне үлкен үлес қосқан қала, якут елiнiң дәл бүгiнгiдей гүлденуiне мұрындық болған географиялық нүктелердiң бiрi. Бiр кезде «Якутск» деген сөздi есiткен жұрт көз алдына жарты лай патриархалды, жартылай феодалды елдi елестете қоятын да, сондағы қақап тұрған аязға арқасын тосып тұрғандай боп, денесi
түршiгетiн. Осында жер аударылған демократтар мен револю ционерлер бұл қаланы «терезелерiне темiр тор тұтылмаған мұз абақты» деп атайтын. Ал якуттардың өзi осы жердi мұз басып тұрған, қайғы даласы деп атайтын. Бiрақ осы атаулардың бәрi – Якут жерiнiң екiншi рет ашылуынан кейiн қойылған атау лар. Якут жерiн алғаш ашқандар – якуттардың өзi. Ол сонау Эл ляй заманында өтiптi. Ал екiншi рет ашылуы Сiбiр жерiн ашумен ыңғайлас. Сiбiр жерiн игеру XVI ғасырда басталғаны белгiлi. Лена өлкесiнiң игерiлуi де осы кезде басталды. Лена өзенi мен соның жағасын мекендейтiн халық туралы хабар Мангазея казактары на алғаш рет 1621 жылы белгiлi бола бастайды. Дәл сол кезде экспедиция ұйымдастырылып, жорық басталады. Экспедиция Тобольск қаласында ұйымдастырылып, Чона, Вилюй өзендерi арқылы Ленаға қарай сапар шегедi. Осы экспедицияның басшы сы болған Мартын Васильев өз тобымен 1630 жылы Усть-Вилюй қыстағын орнатады. Лена атты ұлы өзеннiң бар екенi туралы хабарды Мангазея казактарымен бiр мезгiлде Енесей казактары да есiтедi. Лена өзенiне қарай бұл тұстан да жорық басталады. Ол оңтүстiк өзен жолдарымен жүрiп отырады. 1631 жылы сотник Петр Бекетов бастаған отряд Лена өзенiнiң халық жиi қоныстанған тұсында Лена бекiнiсiн (соңынан Якутск бекiнiсi аталған) орнатады. 1642-1643 жылдары бекiнiстiң батыс жағында қаланың iргесi қаланып, бөренеден қамал салынған. XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында Якутск бүкiл Солтүстiк Шығыс Сiбiрдiң әскери-әкiмшiлiк әрi сауда орталығына айналған. 1708 жылдан бастап Сiбiр губерниясына бағынған. Ал 1851 жылдан бастап Якут облысының орталығы. Сөйтiп, Ленаның бойына Россиядан тұңғыш рет келген кiсi Мартын Васильев болса, Якутск қаласының iргесiн қалаған кiсi – Петр Бекетов. Аз уақыттан соң түгелiмен Россияның қарамағына кiрген якут өлкесi жеке воеводство болып құрылады. Бұл 1638 жыл едi. Менiң Якутияда жүрген кезiмде есiтiп-бiлген нақтылы хабар ларым осы болатын. Одан артық зерттеуге уақыт та, мүмкiншiлiк
те жоқ едi. Ал өз елiме оралған соң осы өлкенiң игерiлуi тура лы жазылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердi қарап шығу мүмкiншiлiгi туды. Соған байланысты орыс ғалымы акаде мик Миллердiң жазбаларының мазмұнымен танысып, со вет ғалымдары А. Окладников, Л. Берг, т. б. еңбектерiн оқып шықтым. Әйгiлi якутовед Ксенефонтовтың «Элляйада» атты кiтабын, «Уранхай-Сахалар» атты еңбегiн зерттедiм. Осы кезде барып мен Лена өлкесiн ашуға өз септiгiн тигiзген жаңа есiмге кездестiм. Ол – Пенда. Осы бiр атты бiздiң тарихшыларымыз ұмыт қалдырып жүр. Ал ол ұмытылмауға тиiстi есiм. Өйткенi Пенданың атқарған қызметi ұлан-ғайыр, өмiрi нағыз аңыздың өзi. Сондықтан осы бiр ескерусiз қалып жүрген есiм туралы бiр-екi сөз айту артық болмас деп ойлаймын. XVII ғасырдың алғашқы он жылдығында Батыс Сiбiрдiң солтүстiк аймағында Мангазея қаласының iргесi қаланды. Оның iргесiн қалағандар – әскери мiндетiн атқарып жүрген казактар мен көпестер. Осы жерге Таз өзенi арқылы түрлi бұйымдар жеткiзiлiп, жергiлiктi халықтармен сауда-саттық жасалатын. Жергiлiктi халықтардың негiзгi тауары – бағалы аң терiлерi. Мангазея қаласы тез iрге көтерiп, жұрттың аузына iлiне бастады. Бай өлкенiң орталығы деп саналды. Ертедегi жазулар бойынша осы «алтын қайнап жатқан Мангазея» қаласының Солтүстiк Теңiз жолын ашуда атқарған ролi өте күштi болды. Өйткенi 1619 жылы «Мангазеялық теңiз жолын» (Архангельск қаласынан Таз өзенiнiң құйылысына дейiнгi жол) жауып тастау туралы арнайы жарлық шыққаннан кейiн де Арктикаға қарай сапар шегу бiр толастаған емес. Қайта шығысқа қарай қанатын жая түстi. Жетпiс жылдан кейiн қала өртенiп кеттi. Iргетасынан бастап, төбесiне дейiн тек қана ағаштан тұрғызылған үйлердiң отқа қалай жанатыны белгiлi ғой. Қаланың орны тып-типыл болып қалған. Бiрақ Мангазеяның атқарып тұрған ролi өте үлкен бола тын, атағы жер жарып тұрған мезгiл. Сондықтан Енесей өзенiнiң бойында жаңа Мангазея қаласы бой көтередi. Соңынан қаланың атын – Труханск деп өзгертедi. Мiне, ХIIII ғасырдың отызыншы жылдары осы қалаға белгiлi орыс ғалымы, академик «Сiбiр тари хы» атты көп томды еңбектiң авторы Г.Ф. Миллер келедi.
Сiбiрде он жылға жуық ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан ғалым осы өлкенiң көне тарихы туралы былай деген екен: «Сiбiр – Еуропаның басқа елдерiн былай қойғанда, Россияның өзiне белгiлi бола бастағанына екi жүз жылдан асқан жоқ. Сiбiр тұрғындары сонау көне заманнан бастап-ақ өз даңкын жазып-сызу арқылы емес, қаруды қолдана бiлу арқылы төңiрекке жайып келдi. Бұл жерде ғылым мен өнер де өркендеген жоқ, тiптен хат танудың өзi мешеулеп жатты. Сондықтан осы кең өлкенiң көне заманнан бергi тарихы туралы дәлелдi нәрсенi фактiлерге жүгiнiп айту қиын». Ал Миллердiң замандасы әрi ғылыми жұмыс жөнiндегi жол дасы Гмелин былай деп жазады: «Бүкiл ел Татария деген жалғыз атпен аталған едi, ал өлкенi мекендеген халықтардың бәрi «татар лар» деп аталатын, жердiң қиыр шетiнiң қай шамаға дейiн со зылатынын, Америкаға құрғақ жер арқылы жалғасып жатқанын немесе теңiз арқылы бөлiнiп жатқанын ешкiм бiлмейтiн». Академик Миллер бар мүмкiншiлiктi пайдаланып осы өлкенi зерттейдi, соңынан көп томды кiтап жазып шығады. Ака демик өз кiтабында өлкенiң табиғатына, мекендеген халықтың тұрмысына, шаруашылығына көңiл бөледi. Якут халқының жылы жақтан осылай қарай ауып келуiнiң себептерiн ғылыми жолмен дәлелдеуге әрекет жасайды. Бұл жөнiнде бiз соңырақ айтармыз, қазiргi мәселе – жаңа жерлердi ашушылар туралы ғой. Соған келейiк. Ресейдiң орталығынан келген Пенда, немесе Поянда есiмдi кiсi әр жерден келiп қосылған адамдардан отряд жасақтап, Труханскiден шығып, Төменгi Тунгуска өзенiнiң бойын өрлеп сапарға аттанады. Пендаға ерiп, жаңа жерлердi ашуға аттанған адамдардың саны қырық кiсi болатын. Бұдан ары Миллер осы алысқа аттанған адамдар туралы Мангазеяның байырғы тұрғындарынан есiткен әңгiмесiн келтiредi. Академик, әсiресе сол жорықтан берi жүз жыл өтсе де, жергiлiктi тұрғындардың өз жерлестерiнiң алыстағы үлкен өзеннiң бойына жасаған жорығын ұмытпағанын, зор iлтипатпен еске алып, мақтан тұтатынын баса айтады.
Бұл – академик Миллердiң жазбаларындағы дерек. Ал бiздiң заманымыздың өкiлi – совет академигi А.П. Окладников осы сая хатты «бас айналатындай батыл» деп атаған. Ал ендi осы жорықтың қалай өткенiне келейiк. Пенда жаңалыққа жаны құмар адам болған. Сондықтан ол алыстағы белгiсiз ел туралы хабарды мысқалдап жинаған. Сiбiрдi алғаш ашушылардың тiкелей ұрпақтары – Мангазея тұрғындарынан Енесейдiң бiр саласы Төменгi Тунгуска өзенiмен шығысқа қарай жүзе берсең, әлi адам аяғы баспаған жерлерден өтiп, үлкен өзеннiң жағасына жетуге болатынын есiтедi. Ал осы өзеннiң жағасын әлi ешкiм көрiп-бiлмеген ел жайлайтын болса керек. Ұшы-қиыры белгiсiз Сiбiр аймағында әлi ешкiмге белгiсiз жаңа өлкенi Пенда көптен армандайтын. Сондықтан ол жорыққа дайындала бастайды. Пендаға iлесiп, жорыққа шығуға құлшынған адамдар баршылық болатын. Өйткенi Россия империясының шекарасын әжептәуiр кеңiткен Сiбiр жорықтары әлi ұмытыла қойған жоқ болатын. Сең жүрiп, Енесейде қайықпен жүзу мүмкiншiлiгi туа сала-ақ Пенда мен оның серiктерi жаңа Ман газеяны тастап шығады. Бұлар Енесей арқылы көп қиналмай-ақ Төменгi Тунгуска өзенiнiң құйылысына келiп жеткен. Бұл жер ге дейiн олардың жолы сәттi болды. Тек бұдан ары «Жаңа жер» iздеушiлердi көптеген қиыншылық күтiп тұрған болатын. Өйткенi ендiгi аяқ басатын жер – әлi сыры белгiсiз өлке, суы тасқынды, қауiп-қатерi мол өзен. Оның үстiне жергiлiктi тұрғындар экспе дицияны құшағын жайып қарсы ала қойған жоқ. Әсiресе өзеннiң екi жағын мекендеген тунгустар (эвенктер) мына жат адамдардың өзеннiң бас жағына қарап жылжуына барынша бөгет жасап бақты. Олар экспедиция мүшелерiн жағаға жолатпай қойды. Қайықтар жағаға жақындап кетсе, садақтың оғын қардай бо ратты. Осыдан сақтанған мангазеялықтар жағаға жақындамай, өзеннiң ортасымен жүзiп отырды. Өздерi де батыл шара қолдана қойған жоқ. Дегенмен тунгустар оларды жағаға шығуға мәжбүр еттi. Мына сақалды адамдардың алған бетiнен қайтпай өршелене алға жылжып бара жатқанын байқаған тунгустар өзеннiң енi тар лау жерiне ағаш құлатып, дөңке мен бөрене үйiп, қайық жүзiп
өте алмайтындай етiп бекiтiп тастады. Амалсыз жағаға түскен жолаушылар осы жерге қыстау орната бастады. Бiрақ тунгустар олардың мазасын алуын тоқтатқан жоқ, әлсiн-әлсiн шабуыл жасаумен болды. Жорықшыларды осы ша буылдан аман сақтап қалған екi нәрсе едi. Оның бiрi: қандай күштi батыр тартқан садақ болса да оның оғы бөренелерден қаланған үйдiң қабырғасын тесiп өтуi мүмкiн емес, екiншiсi – жорықшылардың қолында сол заманға лайық ең күштi қару – мылтық бар болатын. Ал мылтықтың тарсылы мен ұңғысынан шыққан жалын тунгустардың зәресiн ұшыратын, аспаннан түскен отпен бiрдей болатын. Тек мангазеялықтарды осы қаруларының өзi де қыс түскен соң қысып берген суықтан қорғай алмады. Өздерiне бейтаныс өлкенiң бұрынғы белгiсiз ауа райы әбден естерiн шығарды. Бiрақ жорықшылар осының бәрiне шыдады. Көктем шыға кемелерiн жөндеп, өзенге түсiп және iлгерi жылжиды. Бұл жазда аборигендердiң шабуылы жиiлей түстi, оның үстiне әрбiр қақтығыс қатты шиеленiспен барып аяқталып отырды. Отрядтың жүрiсi өнбедi. Осы кiбiртiктеп қимылдау күзге дейiн созылды. Күз артынан қыс келдi. Және өзеннiң жағасына қыстауға тура келдi. Бұл қыста да жорықшыларды аборигендердiң шабуылынан аман сақтап қалған жоғарыдағы екi қару едi: бөренеден қаланған үйлердiң қабырғасы мен мылтық. Осы әрекеттерiнiң бәрiнен ештеңе шықпаған соң аборигендер бұларға тиiсуiн тоқтатты. Шамасы, қанша қарсылық көрсеткенiмен, бұларды алған беттерiнен қайтара алмайтындарына көздерi жетсе ке рек. Осының арқасында үшiншi жазда отряд ешбiр кедергiге ұшырамай алға қарай жылжумен болды. Осылайша олар ақыры Чечуя сүйретпесiне жеттi. (Қазiр Иркутск облысындағы Чечуйск қаласы). Осы жерден ұлы өзенге дейiн қол созым ғана жер қалып едi. Көп болса отыз шақырымның шамасы. Бiрақ жағада бұларды жергiлiктi тұрғындар және садақтан оқ жаудыра қарсы алды. Саяхатшылар кейiн шегiнуге мәжбүр бол ды. Олар жақын маңдағы тауға паналап, бекiнiс жасады да, үшiншi қысты осында өткiздi. Тек көктем шыға ғана Ленаның жағасына жеттi. Осы жерде жаңа кеме құрастырып, өзенге түстi де, «бүкiл
елдi зерттеп шығу үшiн» Ленаның ағысымен төмен қарай сапарға шықты. Осы сапарында Пенда мен оның қасына ерген серiктерi соңынан Якутск бекiнiсi салынған тұстардың бәрiн шарлап, со нан соң жоғары қарай көтерiлiп Киренге езенiнiң Ленаға құятын тұсына келедi (Осы жерде 1631 жылы өз казактарымен келген Ва силий Бугор бекiнiс орнатқан. Тарихи документтерде В. Бугорды Лена өзенiн алғаш рет ашушылардың бiрi деп есептейдi. Өйткенi ол бұл жерге алғаш рет 1628 жылы келген болатын. Ал Киренск 1775 жылы қалалар разрядына өткен. Бекiнiстiң соңынан қаланың аты болып қалыптасқан сөз эвенк тiлiндегi «киреннгна» – «Бүркiт ұясы» деген сөз). Осы жерден ержүрек саяхатшылар Ангара өзенiне жетедi. Сол өзенмен жүзiп отырып Енисейскiге, артынан Мангазеяға қайта оралады. Енисейскiде Пенда жергiлiктi өкiмет орындарына қайда барып, не көргенi туралы есеп берген… Мiне, сiбiрлiк жер зерттеушiсi Пенда мен оның серiктерiнiң ерлiгi осындай болатын. Осы жорық, сөз жоқ, өте батыл әрекет едi. Көрiп бiлмек түгiлі, атын шала есiткен қиырдағы өлкенi барып зерттеп қайту – екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейтiн мәселе. Сондықтан да осы жорық туралы белгiлi совет географы, академик Л.С. Берг былай деп жазған: «Осы саяхат шын мәнiнде ерекше географиялық ерлiк болатын». Пенданың осы таңғажайып жорығы жөнiнде өткен ғасырларда И. Фишер мен И. Гмелин бiрер сөз жазып кеткен. Әсiресе кезiнде Миллерге беру үшiн Мангазеяның музейiнен көшiрмесiн алған мына бiр документке ерекше көңiл аударуға болады: «7132 жылы (дүние жаралғалы берi деген дiни ұғым – Қ.Т.) Төменгi Тунгускадағы Пенда қыстағында Бұғылы өзенiндегi жаңа адам дардан – Ачан руының 9 адамы – 2-8 бұлғын, 1-2 бұлғыннан төлем түлкi жасақ алынды». Демек, Пенда қыстағының 1624 жылы өмiрде бар болғаны ғой. Бұл – В. Бугордың жорығынан 4 жыл бұрынғы жазылған документ. Ал Пенданың өз жорығы сөзсiз бұл мезгiлден әлдеқайда ерте басталған. Яғни XVII ғасырдың жи ырмасыншы жылдарының шамасы болу керек. Пенда отряды соққан қыстақтардың «Жоғарғы Пенда», «Орта Пенда», «Төменгi Пенда» деген атпен ұзақ уақытқа дейiн белгiлi боп келгенiн басқа
документтер де растайды. Мәселен, совет ғалымы И. Суслов Төменгi Тунгускадағы Гулями (гулями – тунгус тiлiнде «үй» де ген сез) өзенiнiң бойынан өте ертеде қаластырылған казактардың үйiн көргенiн айтады. Пенда жорығының шындық екенiнiң және бiр дәлелi – якут халқының Тыгын патша туралы аңыздарындағы кейбiр мәлiметтер. Якут ұлтының қалыптасу, дамуы туралы жазба деректер жоқ. Оның есесiне халық аузында сакталып келе жатқан аңыздар көп. Сол аңыздар бойынша аса құдiреттi патшаның бiрi қаңғалас (қаңлы) руының көсемi Тыгын патша болған. Бұл кiсi елдiң бiрлiгiн сақтау үшiн үлкен еңбек сiңiрген. Осы патшаға байланысты аңыздың бiрiнде (Якут халқының қалыптасуы туралы аңыз деп түсiне берiңiз) орыстардың алғаш рет келуi жөнiнде мәлiмет бар. Осы бұрын белгiсiз сақалды адамдар Тыгынның патшалық дәуiрiнiң соңғы жылдары келiптi. Олар өздерiнiң iскерлiгiмен, ақыл-санасымен Тыгын патша ны таңғалдырды. Оның үстiне олар күтпеген жерден қалайша пайда болса, дәл солай күтпеген жерден кетiп қалады. Якут аңыздарында орыстардың Тыгынның қарамағындағы якуттар мен кездесуiнiң нағыз бейбiт жағдайда өткенi баса айтылады. Ешқандай қақтығыс-соқтығыс деген болмаған. Ендi Пенда жорығы туралы Мангазея казактарының ара сында сақталған аңыз-әңгiмелерге көңiл аударып көрейiк. Сол аңыздарда Пенда казактарының тунгустармен қалай шайқасқаны туралы әңгiмелер жиi айтылады, сол шайқастардың көпшiлiгi әсiрелене суреттеледi. Ал осы аңыз-әңгiмелерде орыстар мен якуттардың арасында қырғиқабақ көзқарас болды дейтiн ешқандай мәлiмет жоқ. Осы Сiбiрдiң екi түкпiрiнде жатқан екi елдiң аңыздарының дәлме-дәл келуi бiраз нәрсеге дәлел бола алса керек. Мүмкiн, Пендадан кейiн Лена өлкесiне келген М. Васильевтiң, П. Бекетовтің, В. Бугордың жорықтарының бейбiт жағдайда өтуiне де осы алғашқы жорықтың, сондағы орыстар мен якуттардың арасындағы орнаған қарым-қатынас өз септiгiн тигiзген болу керек. Мәселен, И. Фишер өзiнiң «Сiбiр тарихында» П. Бекетовтің жорығы туралы былай деп жазады: «Ол өз мақсатын соңына ерткен санаулы ғана адаммен барып iске асырғанын еске алғанда россиялықтардың осындай жорыққа аттануға қалайша 9-270
батылы барғанына таңғаласың». Сонымен қатар ол казактарға Лена бойына қарай жол салып берген кәсiпқой адамдар екенiн де айтады: «Сiбiрдiң кәсiпқой адамдары Лена бойын зерттеуге үлкен үлес қосты». Академик А. Окладников өз еңбегiнде Пенда жорығы тура лы бiрер сөз айта келiп, мынадай тұжырым жасайды: «Гмелин еңбегiнде аты кездейсоқ сақталып қалған XVII ғасыр саяхатшы сы Пенда, сол замандағы көптеген орыс саяхатшылары сияқты бiздiң қазiргi тарихшыларымыздың зерттеуiне тақырып болу ке рек». Сөйтiп, жаңа жорықтар жаңа өлкелердi ашып жатты. Өлке ашылған соң оның аты да болу керек – өлкенiң аты Якутия атал ды. Сол өлкенiң орталығы болу керек – Якутск қаласының iргесi қаланды. Iргесiн қалаушы деп Петр Бекетов есептеледi. Бұл 1632 жыл едi. Якутияның Россияның құрамына кiрген кезi де осы жыл дан есептеледi. Якутск қаласы өмiрге келген соң Солтүстiк өлкесiн зерттеу мен игеру мәселесiне үлкен үлес қосты. Көптеген орыс зерттеушiлерi осы жерден жорыққа аттанып, осында қайта оралып жүрдi. Якутск – Солтүстiк пен Қиыр шығыстағы жаңа өлкелердi игеруге арналған жорықтардың түп қазығы болып тұрды. Ал осы қаладан аттанған алғашқы барлаушылар алдарында кездескен тасқынды өзендерден, батпақты жерлерден аман өтiп, тайга iшiнде ағаш кесiп жол салып, алға қарай жылжи бердi. Олардың бағыты екеу болатын – шығыс пен солтүстiк, екi мұхиттың жағасы. Қане, солардың кейбiрiн еске алайық. Әлi ешбiр жанға белгiсiз боп жатқан Азия мен Американың арасындағы шекараны өзiнiң навигациялық картасына түсiрген Семен Дежнев атақты жорығына осы қаладан аттанып едi. Казак Семен Дежнев пен оның серiктерiнiң басына талай-талай қаралы күндер орнаған болатын. Олардың «коч» деп аталатын сүңгiр келген кемелерiн талай рет толқын шайқап, мұз ығыстырып, бiрқатар адамдары опат болды, кейбiрi iзсiз-түзсiз жоғалып кеттi. Олар Азия мен Американы бөлiп жатқан бұғазды тек қана 1648 жылы тапты. Шторм бiр тынбайтын Охот теңiзiн зерттеу үшiн Иван Мо сквитин жорыққа Якутскiден аттанған болатын.
XVII ғасырдың соңында Камчат түбегiн зерттеуге Владимир Атласов аттанды осыннан. 1643 жылы өз серiктерiн ертiп дәл осы қаладан Василий Пояр ков аттанды. Ол Алдан мен Зея арқылы Амур өзенiне жетiп, сон да «гиляктар жерiнде» бiр қыстап, Охот теңiзi арқылы Якутскiге қайта оралды. Транссибирь темiр жолымен алғаш рет жүрген әрбiр жолаушы Тынық мұхитқа қарай сапар шексе, жолда кездесетiн бiр станцияның ерекше қойылған атын есiткенде елең ете қалады. Ол – Ерофей Павлович станциясы. Бұл – бiр кезде Великий Устюг қаласында өмiрге келген шаруа, соңынан атақты саяхатшы болған Хабаровтың аты-жөнi. Ол ең алдымен Тобольскiден шығып, сол кезде даңқы жан-жаққа тарап жатқан Мангазеяға жүзiп келедi. Соңынан Енесей мен Ленада, Витим мен Киренгада, Олекма мен Алданда болады. Осы бай өлкенiң шаруашылық жағынан игерiлуiн Е.П. Хабаровтың атымен байланыстырып атау әбден орынды. Хабаров экспедициясынан кейiн Россияның қарамағына Амур өлкесi түгел қосылды. Жоғарыда бiз Е. Хабаровтың Лена өлкесiнде егiн салғаны туралы айтқан болатынбыз. Ол осы игiлiктi жұмысын жаңа өлкеде де жалғастырды. «Амур өзенiнiң бойында егiн салып, шөп шабуға жарайтын, балық аулауға лайық және басқа шаруашылық қажетiне асатын жерлер өте көп», – деп жазған болатын. Теңiздi зерттеушiлер Беринг пен Чириков та өздерiнiң әйгiлi солтүстiк экспедициясын осы жерден бастаған едi. Алыс сапарға осы қаладан Н. Шалауров, Д. Беллингс, лейтенант Г. Сарычев, сержант С. Андреев, тағы басқалар аттанған болатын. Арктиканың белгiлi зерттеушiсi Ф. Врангель, белгiлi саяхатшы ғалымдар А. Миддендорф, Р. Маак бiрнеше реттен болған. Орыс теңiзшiлерi XVIII ғасырдың өзiнде-ақ Солтүстiктi игеру тарихында тұңғыш рет Арктиканың жоғарғы ендiктерiне жетiп, Солтүстiк Мұзды мұхит суында жүзген болатын. Солар жүзген кеменiң аты «Якутск» деп аталатын. Осы кеменiң капитаны Ва силий Прончищев В. Беринг жетекшiлiк еткен Екiншi Камчат экспедициясының бiр отрядын басқарып, Лена жағалауларын картаға түсiрiп, соңынан Арктикаға батыл кiрiп барған. «Якутск»
кемесi Оленек өзенiнiң атырауынан шығып, ол кезде «Мұзды теңiз» деп аталатын Солтүстiк Мұзды мұхитқа жеттi. Осы желкендi кеменiң штурманы Семен Челюскин вахталық журналды толтырып отырған. Сол журналдағы бiр жазу былай: «Сол үш аралдың маңында отыз мильдей iлгерi жүздiк... (жаңа табылған аралдар – Қ.Т.). Тұман көтерiлген кезде қарсы алдымыздан да, екi жағымыздан да мұздар көрiндi... Жаға алыста қалған, әрi көзден таса боп қалды. Суықтың қысқаны сонша – адам баласы әрең шы дайды...» «Якутск» мұздың арасымен iлгерiлей бередi. Ержүрек теңiзшiлер кемеге қатқан мұзды үздiксiз тазалап, әбден қалжырайды. Көптеген теңiзшiлер цинга науқасына шалдыққан болатын. Бiрақ олар алған беттерiнен қайтпады. Кемеде Арктиканы зерттеуге тұңғыш рет қатысқан әйел бо латын. Ол кеме командирiнiң жұбайы Мария Прончищева едi. Қазiр Таймыр түбегiндегi бiр шығанақ сол ержүрек әйелдiң аты мен аталады. Осы жорығында орыс теңiзшiлерi өз заманына лайық аса үлкен ерлiк жасады: «Якутск» солтүстiк ендiктiң 77 градус 29 минут деп белгiленетiн тұсына жеттi. Осы ендiкке шет елдiк теңiзшiлер тек бiр жүз қырық екi жылдан кейiн – 1878 жылы ғана жете алған бо латын. Ол норвегиялық А. Нарденшельд едi. «Якутскiнiң» капитаны кеме Оленек атырауына қайтып келе жатқанда жолда қаза тапты. Оның орнын басқан Харитон Лаптев Таймыр түбегiнiң жағалауларын түгел картаға түсiрдi. Солтүстiк Мұзды мұхит жағалауларын алғаш зерттеушiлердiң бiрi ретiнде даңқы шыққан Дмитрий Лаптев Харитон Лаптевтің бауыры бо латын. Қазiргi кезде Лаптевтер теңiзiн жұрттын бәрi бiледi, бiрақ сол теңiздi алғаш зерттеген ағайынды азаматтардың қандай қиыншылық көргенiн, болашақ ұрпақтың игiлiгi үшiн қандай ерлiк жасағанын бiле бермесе керек. «Якутск» кемесiнiң теңiзге үшiншi рет жасаған жорығы оның соңғы сапары болды. Бiрiне-бiрi мiнгесiп жатқан мұздар кеменiң бүйiрiн тесiп кеттi. Капитан команда мүшелерiне ке меден кетудi бұйырды. Олар мұздарды сал етiп пайдаланып, әрең дегенде жағаға шығады. Сонан кейiн әбден қалжыраған,
науқасқа шалдыққан адамдар екi ай жүрiп, өз қыстауларына әрең жеттi. Бiрақ кеме советiнiң шешiмi көзсiз ерлiк едi – кеменiң қирағанына қарамай, «Мұзды теңiз» жағалаулары мен құрғақты картаға түсiрудi тоқтатпау керек. Ал осыдан екi жыл өткен соң апат болған «Якутск» кемесiнің штурманы шана сүйреткен көштi бастап шығысқа қарай ұзақ сапар шегiп, ақыры Азия материгiнiң ең солтүстiк нүктесiне келiп жеттi. Осы жерде ол күнделiкке мы нандай қысқа ғана сөздер жазған: «Мүйiске келiп жеттiк. Осы мүйiс тасты шоқы, биiктiгi орташа, қасындағы мұздар жалтыр, мұз үйiндiлерi жоқ... Маяк орнаттық – жалғыз дiңгек, өзiмiзбен алып келгенбiз». Челюскин мүйiсi осылай ашылған болатын. Челюскиннiң өзi де, оның замандастары да бұл оқиғаға онша мән бере койған жоқ. Бұл 1742 жылдың 8 май күнi болатын. Ал осы мүйiске бiр жарым ғасырдан кейiн келген А. Норденшельд: «Бiз адам бала сы ғасырлар бойы арман еткен ұлы мақсатқа жеттiк! Бiрiншi рет кеме Ескi Дүниенiң ең солтүстiк нүктесiне якорь тастады» деп ба лаша қуанған екен. Якутск босаға боп қаланғаннан бастап-ақ талай жорықтың куәсi болды. Ал Якут халқы сол ерлiктердiң куәсi ғана болып қалған жоқ, қал-қадiрiнше қолғабыс жасады. Осы жорықтардың көбiне Якут халқының өкiлдерi қатысты. Солтүстiктi зерттеушi белгiлi ғалым Э.В. Толь 1885-1902 жылдардың арасында Арктикаға үш рет сапар шектi. Осы экспедицияларды алыс сапарға дайындаған академик Ф. Шмидт орыс ғылымына баға жетпес көмек көрсеткен жиырма якутты наградтау туралы үкiмет алдына мәселе қойды. Сол жиырманың iшiнде соңынан екi алтын, бiр күмiс медальға ие болған Яков Санников та болатын. Ал Яков Санников XIX ғасырдың бас жағында Столбовой, Фаддевский, Жаңа Сiбiр және Бунге жерi аралдарын ашқан Санниковтің ұрпағы болатын. Ал үлкен Санников – сол жолы алыстан елес берсе де қасына жете алмаған сырлы аралды көрген адам. Сол кезде осы бiр арал ту ралы талай дау туғаны белгiлi. Ақыры сол қайтып көрiнбей кеткен арал «Санников жерi» деген атаққа ие болды. Ал қазiргi кезде «Санников жерi» туралы аңызды кез келген оқушы бiледi. Академик Обручевтың «Санников жерi» атты кiтабы мен сол
кiтап бойынша түсiрiлген фильмдi көрмеген адам жоқ шығар. Экспедицияға жасаған қолғабысы үшiн наградаға Яков Санни ковпен бiрге эвенк Василий Протодьяконов, юкагирлер Конон Томский мен Семен Барабанский, эвендер Алексей Горохов, Сте пан Сергеев, тағы басқалар ұсынылған болатын. Якутскiнiң iргесi қаланғанына көп жыл өтiп, ол жөнiнде Пе тербург пен Москвада күнде сөз боп жатқан кездерде тайга мен тундраның тұрғындары оны тек қана «қала» деп атайтын. Осы қаланы бiр рет көрген адамды бақытты жан санап, «городчик» деп мадақтайтын (бұл – өткен ғасырда қазақ даласынан шығып Мекеге барып қайтқан адамды «қажы» деп етегiне тәу ету секiлдi нәрсе). Осы iргесiнде тұрған елдiң өзi атын жөндеп бiлмейтiн қала, патшалық Россия үшiн iздесең таптырмас «қабырғасыз абақты» болды. Патша өкiметi «ойы терiс» деп тапқан адамдардын бәрiн қосақ-қосағымен «якуткаға» айдап отырды (Москвада – Бутыр ка, ал империяның қиыр шетiнде – Якутка. Қалай үйлесе кеткен десеңшi!). Осы жердiң қиыр шетiнде орыс революционерлерiнiң үш буынының да өкiлдерi болды. XIX ғасырдың бiрiншi жар тысында мұнда декабрист А. Бестужев – Марлинский болса, XIX ғасырдың аяғында Петр Алексеев болды. Большевиктер партиясының алғашқы орталық комитетiнiң мүшесi В.Н. Ногин осы жерде азап шексе, соңынан Емельян Ярославский, Серго Ор джоникидзе, Г.И. Петровскийлер жер аударылды. Мен Якутскiнiң өлкетану музейiнде саяси тұтқындар жер аударылған елдi мекендердiң картасын көргенiм бар. Сол картаға қарап тұрсаң, 1826 жылдан 1917 жылға дейiн саяси тұтқын азап шекпеген қала мен поселке жоқ. Мысалы, Вилюйскiде декабристерден М.И. Муравьев-Апостол, демократ революционерлер ден Н.А. Скрыпник айдауда болған. Ал тек қана пролетарлық революционерлердiң өзiн алсаң, жоғарыда аталған адамдардан басқа Олекминскде С.И. Мицкевич, С.И. Ольминский, В.Л. Шан цер-Марат, М.М. Эссен, Чекурскде – М.С. Урицкий, Верхоянскде – И.В. Бабушкин, В.Ф. Горин – Галкин, М.Н. Лядов, В.П. Ногин, Чурапчада – Н.Л. Мещеряков, батурус ұлысында – В.К. Курнатов ский... Осы тiзiмдi соза берсең талайға жетер едi, тек оның қажетi бола қоймас.
Патшалы Россия халық мұңын жоқтаушыларды қанша қашыққа айдап, азапқа салдым дегенмен, олар өз көзқарастарын өзгерткен жоқ, қайта осы адам аяғы баспайды деген алыстың өзiнде революциялық қызметтерiн ары жалғастырып, өздерi шыңдала түстi, жергiлiктi тұрғындарды халық бақыты үшiн күреске баули түстi. Бүкiл өлке осылардың қажырлы еңбегiнiң арқасында революциялық рухпен суарылған едi. Егер халық кегiн жоқтаушы осы ардагерлердiң бәрiне ескерткiш қойылса, олардың саны тiптен көп болар едi. Ал егер бұлардың қатарына Солтүстiк пен Қиыр шығысты игеруге ерек ше үлес қосқан азаматтардың атын қосса ше? Егер солардың бәрiнiң атын бiр-бiр көшеге берсе, Якутскiде көше жетпей қалуы мүмкiн. Онда бұл қаланы қисапсыз ескерткiштер қаласы деп атауға тура келер едi. Иә, жерi ұлан-ғайыр болғанмен, халқы қараңғылықтың тонын жамылған сауатсыз, қойны толған қазына болғанмен, өзi ерiксiз Якутия бiреулер үшiн отар, бiреулер үшiн баю мен қанаудың оңай олжасы болса, ал ендi бiреулер үшiн – қайнаған өмiр орта сынан айырып, күрес жолына көлденең тұрған алыстағы тұтқын өлкесi едi. Сондықтан бұл өлкеге жаңа өмiр қиыр-шиыр ұзақ жолмен кешеуiлдеп жеттi. Жаңа өмiрдiң алғашқы нышаны ерте басталғанмен, бiржола қалыптасуы ұзаққа созылды. Сол жолдың кейбiр кезеңдерiне көз салып көрейiк. РСДРП II съезiнiң материалдары құпия түрде Якутск қаласында 1904 жылдың январь айында-ақ пайда бола бастады. Бұл жерде сол съезге қатысқан революционерлер М.Н. Лядов пен В.Ф. Горин-Галкин бiр кезде «қабырғасыз абақты» аталған Якути яда айдауда болғанын ұмытпау керек. Сол жылы февраль айында Якутскiдегi саяси тұтқындар Фе дор Романов деген якуттың үйiне жиналып, сыртқа қызыл жалау iлiп қойды. Революциялық қозғалыстың символы атанған қызыл ту сол үйдiң үстiнде он күн бойы желбiреп тұрды. Соңынан жұрт «романовтықтар» деп атап кеткен осы ержүрек адамдар он күн бойы Якутскiнiң полициясының шабуылына төтеп бердi. Бiрақ күштiң ара салмағы тiптен айрықша едi – «романовтықтар» өздерi тұтқында жүрiп және тұтқынға алынды. Дегенмен осы он
күн бойы желбiреп тұрған қызыл жалау қала халқының еңсесiн көтерiп, еркiндiк үшiн күреске жетеледi. 1905 жылдың апрель айында (әйгiлi «Қанды жексенбiден» соң iле-шала) Якутскiде «Маяк» атты тұңғыш марксистiк жасырын ұйым құрылды. Жасырын ұйым өзiнiң газетiн шығара бастады. 1906 жылдың август айында РСДРП-ның Якутиялық ұйымы құрылды. 1912 жылы Якутск қаласында тұңғыш рет Бiрiншi май атап өтiлдi. («Лена қырғыны» осы жылы болған). 1914 жылдан бастап РСДРП ұйымына Емельян Ярославский жетекшiлiк жасады. Жергiлiктi халықтың өкiлдерi, болашақ аса көрнектi партия-совет қызметкерлерi М.К. Аммосов, П.А. Слеп цов-Ойунский, И.Н. Барахов, С.М. Аржаковтар осы ұйымның үйiрмелерiнде шынықты. Патша өкiметi құлағаннан кейiн Якутскiде қоғам қауiпсiздiгiнiң комитетi құрылды. Осы комитеттi Г.Н.Петровский басқарды. 1918 жылдың июль айында Якутскiде Совет өкiметi орнады. Ал бұдан кейiнгi жылдары сол жаңа өкiметтiң ұйымдасып, нығаю жолындағы күрес басталды. 1919 жылдың декабрь айында Якутск қаласында уақытша бас көтерген контрреволюция талқандалып, Совет өкiметi қалпына келтiрiлдi. 1921 жылы жасырын жүрген офицерлер бүлiк шығарды. Белгiлi сiбiр партизаны Нестор Каландарашвили мен соның отрядының алдына тосқауыл орнатып, тұтқиылдан шабуыл жа сап, оны түгелiмен жойып жiберген осы бүлiкшiлер болатын. Карл Байкаловтың отряды Совет өкiметiн қайта орнатты. 1922 жылы қызыл жауынгерлер генерал Пепеляевтiң бан дыларымен шайқасып, ақыры күл-талқанын шығарды. Гене рал Пепеляев қараңғы халықтың арасында өз беделiн арттыра түсу мақсатында өзiн патшалық ескi тәртiпке қарсы кiсi ретiнде көрсетпек болды. Сол мақсатпен өз отрядтарында «Жоғары мәртебелi» деген сөздi қолдануға тыйым салып, оның орнына «туысқан» (брат) деген сөздi қолдануға бұйрық бердi. Сөйтiп, оның өзiн қатардағы жауынгерлерi «генерал туысқан деп, басқаларын «полковник туысқан», «поручик туысқан» деп атай бастады. Бiрақ Пепеляев пен оның жендеттерiн халық қаһарынан «туысқан»
деген сөз де аман сақтап қала алмады. Осы пепеляевшiлермен болған шайқастардың iшiнде, әсiресе соңынан «Мұз қамалы» де ген атаққа ие болған Сасыл Сысы (Түлкi алаңы) деген жерде өткен қиян-кескi шайқас едi. Сол оқиғаны көзге бiр елестетсек – саха жерiне жаңа өмiрдiң қиыншылықтарды жеңе отырып орнағаны айқындала түседi. Әлi қолдарынан Сiбiр жұмысшылары мен шаруаларының қаны кеппеген пепеляевшiл «туысқандар» 1922 жылдың сен тябрь айында Охот теңiзiнiң жағасындағы Аян портына келiп түсiп, Якутияның жүрегi – Якутск қаласына қарай аттанды. Жолжөнекей бұларға қойнына тас жасырып жүрген тойондар мен қашып-пысып жүрген ақ бандылар қосылды. Бұл кезде Алдан өзенiнiң бойындағы Петропавловск село сында қызыл әскерлер отряды тұрған болатын. Пепеляевшылардың Эмге селосын басып алғаны туралы хабар жете сала-ақ бөлiмше командирлерi соларға қарсы жорыққа шығуды ұйғарды. Отряд командирi көзсiз ерлiк пен мұқалмас қайраттың иесi Иван Яковлевич Строд болатын. Отряд өз қимылын жауға сездiрмеу үшiн тайга iшiнде әлi адам аяғы баспаған шатқалдар арқылы, көпшiлiкке белгiсiз соқпақтармен iлгерiлей бердi. Кей күндерi қақаған аязда тайга iшiнде от жағып, орман iшiнде түнеп жүрдi. Бiрақ жау тыңшылары қызыл әскерлердiң келе жатқанын сезе қойды да, пепеляевшілер Строд отрядын талқандап алмай тұрып, Якутскiге шабуыл жасаудан бас тарт ты. Қызыл әскерге қарсы генерал Вишневский басқарған ең таңдаулы бөлiмшесiн жiбердi. Бұл кезде әбден қалжыраған Строд отряды Сасыл Сысы (Түлкi алаңы) деген жерге жеткен едi. Осы жерде бiрнеше жеркепе бола тын. Жауынгерлердiң қалжырағаны сонша – ауыздарына салып, шайнай бастаған нандарын жұтып үлгiрмей жатып-ақ ұйқыға кете бастады. Күзетшiлер мен қарауылда тұрған жауынгерлер де ұйқының қысымына шыдай алмады, тұрған жерлерiнде қалғып кеттi. Осыны пайдаланған пепеляевшiлер тұтқиылдан келiп, қарауылда тұрған жауынгерлердiң үнiн өшiрiп, үйлерге басып кiрдi. «Туысқандар» өздерiнiң жеңiсiне сенгенi сонша – беймарал
жүрiп, ұйықтап жатқан жауынгерлердi оятып, олардың генерал Пепеляевтің тұтқыны болғанын хабарлай бастады. Осы кезде шетiрек тұрған бiр үйден тарс-тарс атылған мылтық дауысы мен та-та-талай жөнелген пулемет үнi естiлдi. Бұл жерде Каландарашвили отрядының жауынгерлерi орналасқан едi. Олардың күзетшiлерi ұйықтамаған болатын, жаудың келiп қалғанын сезiп қойып дабыл көтердi. Әлгiнде ғана басқа үйлерде ұйқыда жатқан жауынгерлердi «тұтқынға алып» жүрген пепеляевшiлер естерi шығып, сыртқа қарай жүгiрдi. Олар «тұтқынға алған» қызыл әскерлер орындарынан қарғып тұрып, қаруларына жармасты. Пулеметшi Хаснутди нов терезедегi мұзды ұрып түсiрдi де, пулеметiн орната салып, «туысқандардың» үстiне оқ жаудырды. Бiрақ алғашында сасып қалған пепеляевшылар тез арада есiн жиып, үйлерге қарай қайта ұмтылды. Қиян-кескi шайқас басталды. Шайқастың аты шайқас қой, кейбiр сәтте ақ бандиттердiң мерейi басым түсiп кете жаздаған кездерi де болды. Бұл Строд отрядының бөлшектенiп кете жаздаған мезгiлi едi. Тек Адамскийдiң эскадроны араға жа рып кiре бастаған пепеляевшiлердi кейiн ысырып тастады. Таң алдында 110 жауынгерiнен айырылған пепеляевшiлер тайганың арасына сiңiп, қараларын көрсетпей кеттi. Олардың iзiне түсудiң мүмкiншiлiгi жоқ едi. Оның үстiне кы зыл әскерлердiң командирлерi шайқастың мұнымен бiтпегенiн де жақсы түсiндi. Сондықтан жылдам қорғаныс шебiн жасай бастады. Каландарашвили отрядының жауынгерлерi түнеген үйдiң айналасына мұздаған көң кесектерiнен қорған жасай бастады. Бiрiне бiрiн қаластырған осы мұз кесектердi үстiне су кұйып, бiрбiрiне бекiттi. Мына қақаған аязда су цементтiң қызметiн атқарды. Қалған үйлердi бұзып, ағаштарын отын үшiн осы қораға тасып алды. Осы жерге оқ тиiп өлген өгiздер мен аттардың денесiн де жинады. Тiптен тiрi қалған аттарды да атып тастауға тура келдi. Қажетiнде азық болады деп ұйғарылды. Ақ бандиттер өздерiн көп күттiрген жоқ. «Туысқандар» мына ерекше бекiнiске жан-жақтан шабуыл жасады. Тек олар қанша ұмтылғанмен, мұз қамалды ала алмады. Осы қорғаныс он сегiз күнге созылды. Азық-түлiк пен дәрiдәрмек таусылды. Қора iшiндегi сасық сабанның үстiнде жа
ралы жауынгерлер жатыр. Орынның тарлығы сонша – олар бiр-бiрiмен иықтасып жатты. Әбден қанға боялған дәкенi қол ұшын жуа салып, жауынгерлердiң жарақаттарын қайта таңды. Соңынан дәке орнына шытты пайдаланды. Жауынгерлердi әсiресе қинаған су мәселесi болды. Көл қораның сыртында қалып қойған. Оған бару мүмкiн емес. Жиналған мұз таусылды. Жаралы жауынгерлер қайта-қайта су сұрайды. Жаралы жолда старын аяған жауынгерлер мұның да шешiмiн тапты. Ержүрек бiр топ жауынгер түн қараңғысын пайдаланып, үстерiне ақ мата жамылып алып, мұз дуалдан асып түсiп, бiраз жерге дейiн жер бауырлай жылжып барып, қолдарындағы қапқа қар толтырып, кейiн қайтады. Аз күннен соң осыны байқап қалған ақ бандит тер қар тасушыларды әдейi аңдуға көштi. Үздiксiз жауып тұрған оқтың әсерiнен мұз қорғанның кейбiр тұстары үгiтiлiп, тесiктер пайда бола бастады. Осы тесiктердi қызыл әскерлер өлген аттардың денесiмен бiтей бастады. Аттардың денесi таусылған кезде дуалдың үстiне оққа ұшқан жау солдаттарының денесiн қаластырды. Пепеляевшылар қызыл жауынгерлерге ерiктерiңмен берiлiңдер деп әлденеше рет ұсыныс жасады. Олар қызыл жауынгерлердiң қорғанын артиллериямен атқылаймыз деп те қоқанлоқы көрсеттi. Бұған жауап ретiнде қызыл әскерлер үйдiң астындағы үңгiрге артық патрондар мен гранаттарын жинақтап, үстiне ағаштың қабығы мен сабаннан отын үйiп тастады. Зеңбiректен оқ атылып, жау қорғанды бұзып өтетiн болса, қызыл әскерлер қамалдың үстiне қызыл жалау көтерiп, өздерi үйге жи налып, әлгi үйiлген отынға от қойып жiбермек болатын. Сөйтiп, өздерiмен бiрге басып кiрген ақ бандиттердiң де күлiн көкке ұшырмақшы едi. Осы мезгiлдi бақылап, дер кезiнде от қойып жiберуге дайындалған жауынгерлер тобы да құрылған болатын. Тек жағдай бұған жеткен жоқ. Пепеляевшiлерге қарсы Якутск мен Чурапчадан екi отряд жорыққа аттанған болатын. Ол отрядтарды К.К. Байкалов пен Е.И. Курашев басқарды. Бұлардың қастарында ерекше бөлiмнiң жауынгерлерi мен якут халық революциялық ерiктi отрядының жауынгерлерi де болатын. Солар Сасыл Сысыдағы мұз қорғаны-
ның жауынгерлерiн азат етiп, март айында «туысқандарды» Эмгәдан айдап шықты. Артынша пепеляевшiлер жасағының қалдығын Аян мен Охохскде С.С. Вострецов басқарған экспедициялық отряд тұтқынға алды. Сөйтiп, Якутия жерiнде Совет өкiметiнiң орнап, нығаю жо лында бiздiң елiмiздi мекендейтiн талай ұлттың өкiлдерi ерлiк көрсетiп, қарлы далада өмiрлерiмен қоштасты. Якутияның өткен күндерiнен бiраз хабар алған бiздер республикалық Халық шаруашылық жетiстiктерiнiң көрмесiне келгенде бүгiнгi табыстарына көз салып, Якут жерiнiң «өмiрбаянын» ойша және бiр шолып шыққандай болдық. Осы көрмедегi республикада тұратын ұлт өкiлдерiнiң санын көрсеткен диа граммадан «казактар 38» деген сөздердi көргенде (шын мәнiнде қазақтар бұдан әлдеқайда көп): – Бүгiннен бастап казактардың саны 43 болды деп есептей берiңдер, – дедiк бiз Моисей Ефимовке. – Бұл – бiрден күрт өсу деген сез. Бiздегi кейбiр халықтардың санымен салыстырып, процентке шақсаңдар, бiр тайпа елсiңдер, – деген ол күлiп. Ол рас. Қазiр барлық Совет жазушылары Семен Куриловті «Төрт жүз алпыс бесiншi юкагир» деп атайды. Жас жазушылардың Бүкiлодақтық I кеңесiнде кездескенмiн Семенмен. Сон да ол осы бiр сөздердi кеңестiң мiнбесiнен өзi айтып едi. Ол да шындық. Өздерiн одул деп атайтын юкагир халқының саны бес жүз адамға жетпейдi. Олардың ежелгi кәсiбi – аңшылық пен балық аулау. Бұрын бұл тайпаның адамдары бiр жерден екiншi жерге үнемi көшiп жүрген. Отырықшыл болуға тағам жетпейдi. Сондықтан көшудiң өзi – аң аулау, күнкөрiс. Үй иесi шаңғы бай лап аңға кетедi. Соңынан ит жеккен шанамен семьясы iлбiп оты рады. Күн бата аңшы жасап кеткен белгiнi байқаған жұбайы сол жерге тоқтап, түтiн түтетедi. Қайта оралған аңшының қарымына бiрдеме iлiнсе, бәрi мәз-мейрам. Iлiнбесе – адам да, иттер де аш қалғаны. Айтпақшы, осы ит жеккен шананы басқарудың өзi жаудан ақырет көрiнедi. Кез келген төмпешiкте аударылыптөңкерiлiп жататын шананы шеге қағып жасауға болмайды. Тек қана таспамен түйiндеп тастау керек. Ал оның ……… мотоцикл-
ге отырғандай салмағыңды алма-кезек ауыстырып отырмасаң, шанаң ауып, өзiң айдалада қалып, ит сүйреген көлiгiң басқа жаққа тартып отырады. * – Осы «одул» деген сөздiң өзiнiң мағынасын түсiндiруге бола ма? – деп сұрадық бiз жергiлiктi жолдастардан. – Әбден болады, – деп жауап бердi олар. – Тек естерiңiзде бол сын, бiз есiткенiмiздi айтамыз, ал оның ғылыми мағынасының дәлме-дәл келетiнiне куәлiк ете алмаймыз. Сол есiткенiмiз бойынша, «одул» деген сөз «аспаннан түскен», «аспаннан құлаған» деген мағына бiлдiретiн көрiнедi. Ал ел аузында сақталып қалған аңыз бойынша бiр кездерде юкагирлердiң саны өте көп болса ке рек. Солардың бiрiнде былай дейдi: «юкагирлердiң елiнен аққу ұшып өткенде қанаттары қап-қара болып қалады екен. Өйткенi жер бетiнде жағылған юкагир оттарының саны қисапсыз көп бо латын». Бiрақ уақыт өткен сайын олардың саны азая бердi. Оның да түрлi-түрлi себептерi бар едi: тайпа арасындағы шайқас, тайга iшiнде азық болар аңның азаю себебiнен жиi-жиi болып тұрған аштық, дәрiгерлiк дәрменсiздiктiң әсерiнен елдi жиi жайлаған iндет, әсiресе қара шешек. Бұған қосымша дәрменсiз халықты екi жақты қанау кеңiнен етек алды – орыс көпестерi мен якут тойондары бiрiнен-бiрi асып түсiп жатты. Дегенмен юкагир халқының бойына бiткен бiр қасиеттi ешкiм жоя алмады. Ол – жомарттық пен адалдық. Жалпы юкагирлер солтүстiк халықтарының бәрiне тән қасиет – орта бойлы болып келедi. Олар жинақы, шапшаң жүредi, ұзақ жолға шыдамды. Юкагирлердiң осы бiр қасиетiне кез келген спортшы қызыға қарайды. Өмiрдiң қиын-қыстау соқпақтары, олардың қартайған шағына дейiн денелерiн тiк ұстап, өздерi сымбатты болатынына көп әсерiн тигiзетiнi сөзсiз. Түстерi карақошқыл, бет әлпеттерi тiктеу, монгол типiне ұқсамайды. Мiнездерi жайма-шуақ, әңгiмеге тез араласып кетедi. Тайга арасында көшiп жүргенде юкагирлер жеңiл тордохтар да тұрады, ал қыстайтын жерлерiнде ғана аласа етiп, төбесi тегiс
үйшiктер соғады. Осындай үйшiктерде бiрнеше семьядан өмiр сүрген. Киiм-кешектi юкагирлер аң терiсiнен жасаған. Еркектер түбiтi бар терiден тiгiлген көйлек киiп, белдерiн буынып алады. Оның сыртына бұғының сан терiсiнен алжапқыш жамылып алатын болған. Арқа тұсына түбiттi терiден жамылғы жамылады. Ал бұттарына жүнi iшiне қаратып тiгiлген терi шалбар киiп жүрген. Әйелдердiң киiмi де түгелiмен терiден тiгiлген. Мiне, осылай өмiр шеккен халық қазiр барлық совет адамдары сияқты бақытты өмiр сүрiп отыр. Олардың мәдениетi өркендедi. Өз жазушылары бар. Юкагирдiң тұңғыш жазушы, ғалымы Текки Одулоктың (Николай Иванович Спиридонов) «Iлкен Имтеургиннiң өмiрi» атты романын А.М. Горький өте жоғары бағалағаны белгiлi. Ол кiтап дүние жүзiнiң көптеген елдерiнде жарық көрдi. Жоғарыда айтқан Семен Куриловтің «Ханидо мен Халерха» романы совет оқушыларына таныс. Қазақ тiлiнде де жарық көрдi. Ал ақын, ғалым Улуро Адо (Гаврилл Курилов) Одақ оқырмандарына мәлiм. Ол – Семеннiң туысы. Эвендер юкагирлерге қарағанда көбiрек. Олардың саны – алты жарым мың. Отызыншы жылдардан бастап өз жазу үлгiлерi бар. Алты мың адамға өз алфавитiн жасап беру тек бiздiң елдiң ғана қолынан келетiнi керемет шығар. Егер кешегi қаралы заман болса, алты мың тұрмақ, алпыс мыңға жетсе де жазу-сызусыз қалатыны анық қой. Ойымыз анық болу үшiн осы жерде айта кетейiк. Бүкiл Канада жоғары оқу орнында екi-ақ эскимос ба ласы оқиды екен. Оның да бiреуi креол. Ал жалпы Якутиядағы бiлiм алу мәселесiнiң қандай екенiн мына бiр цифрлар дәлелдер. Әрбiр мың тұрғынның бес жүз бiрi жоғары не орта бiлiмдi. Бұл Бүкiл СССР-де орта есеппен алғандағы орташа көрсеткiштен әлдеқайда жоғары. Эвендердiң негiзгi кәсiбi – бұғы өсiру. Жылқыны көрсе, жыраға қашатын ағайындар бұғыны мүйiзiнен бұзауша сүйрейдi. Бұғы шаруашылығы жөнiнде «Правда» газетiне жазған мақаласында ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Мурман бұғы шаруашылығы станциясының директоры О. Рапопорт былай дейдi: «Бiзде екi миллион үш жүз мыңдай бұғы бар. Олардың
өсiруден түсетiн жылдық табыс елу миллион сомдай болады. Бұл саланың рентабельдiлiгi – ауыл шаруашылығындағы ең жоғары көрсеткiштiң бiрi». Мiне, осы тиiмдi шаруашылықты өркендетуде эвен ағайындардың косар үлесi мол. Бұғы – әрi көлiк, әрi ет. Яку тия жазушыларының қонақ асында бұғы етiнiң дәмiн татқанбыз. Оның ең дәмдiсi, ең қадiрлiсi – тiлi екен. Оны тек ыстық кезiнде жеу керек, суып қалса, қасиетi азаяды. Якут халқын сахадан якоға айналдырып жiберген эвенктер Якутиямен көршiлес өлкелерде көбiрек. Бұрын «тунгус» деп аталған халықтың негiзгi кәсiбi – аңшылық. Ал чукчалар жөнiнде жазушы Юрий Рытхэудiң кiтаптары бойынша жұртшылық жақсы бiледi. Ал өздерiн камчадалдар деп атайтын орыстың алғашқы мекен тепкен мезгiлi XVII ғасыр болса керек. Өйткенi тiлдерiнде сол мерзiмдегi орыс сөздерiнiң бiрқатары, кейбiр сөз тiркестерi мен стилистика сол қалпында сақталған. Мiне, бiр кезде қараңғы түнекке қамалып, қазiр жұлдызы жанған саны аз халықтардың қазiргi өмiрi осындай. Бұларға басқа ұлт өкiлдерiмен қатар, көп көмегiн тигiзiп, әсер жасап отырған – якуттар. Якут республикасын мекендейтiн аз ұлттардың бәрi де өзге тiлдерден өзгеше өз тiлдерiнде сөйлейдi. Олардың аса бай фоль клоры, аңыздары мен нақылдары бар. Өз мифологиясы, өз әндерi мен билерi бар, өздерiне тән тұрмыс-салт ғұрыптары бар. Осы ұлттардың мәдениеттерiнiң ерекшелiгi сонша, оны ешбiр басқа ұлтпен шатастырып алу мүмкiн емес. Совет өкiметi орнағанға дейiн осы қатал табиғатқа аса бейiмделген халықтар туралы хабарды iлуде бiреу ғана бiлетiн. Саяхатшылар мұндай қашықта жатқан меңiреу тайгаға бара бермейтiн. Ал саудагерлер мен кәсiпқорлардың мақсаты мүлде басқа едi. Олар бұл халықтардың салт-санасы, мәдениетi туралы мәселенi мүлде ескерген емес. Бар мақсаттары барынша қанай түсу болатын. Осы жерде бiз патша өкiметi қиыр түкпiрлерге жер аударып жiберген «саяси айыпкерлердi» және бiр рет еске алуымыз керек. Еске алғанда – алғыс айтуымыз керек солардың еңбегi үшiн. Әлем тарихына осы бiр саны аз болса да өзiндiк ерекшелiктерi бар
этникалық топтардың атын жазып, көпшiлiкке жария еткен со лар едi. Мәселен, чукчалар туралы алғашқы нақтылы деректердi бiз халықшыл, әрi ғалым В.Г. Ган-Богороздың жазбаларынан бiлемiз. Ал Якутияға жер аударылған В.И. Иохельсон юкагирлер мен басқа да аз ұлттардың өмiр-тұрмысын зерттеп, еңбек жазды. Ал қазiргi кезде совет ғалымдары аз ұлттар өмiрi мен тұрмыссалт ғұрыптарын кеңiнен зерттеп, үлкен еңбектер жазып жүр. Солардың iшiнде сол ұлт өкiлдерiнiң арасынан шыққан ғалымдар да бар. ...Якутиялық жолдастардың мына сөздерi бiздi бiраз ойланды рып тастады. Әркiм өз елiнiң кешегiсi мен бүгiнiне ой жүгiртiп отырса керек. Не өтiп, не қоймады сауатсыз қараңғы халықтардың басынан. Оның үстiне олардың саны тiптен аз болса... Тек бiздiң бұл мүлгiп отыруымыз ұзаққа созылмады. – Құрметтi достар-ау, – дедi Қуан аға бiздiң қонақжай достарымызға қарап. Бiз бұл кiсiнiң сөз саптауынан-ақ және бiр «iлгегi» бар сұрақтың шетiн шығарып тұрғанын байқай қойдық. Сендер бiзге көз жететiн жердiң бәрiн көрсетiп, құлақ есiтетiн әңгiменiң бәрiн айтып бердiңдер. Өкпемiз жоқ, рахмет. Тек бiр нәрсенi бүгiп қалмақшысыңдар. – Ол не, Қуандық Төлегенович? – Санников жерi ше? – Сiз академик Обручевтің кiтабын бала кезiңiзде-ақ оқыған боларсыз. – Оқуын оқыдым ғой, тек көз көргенге не жетсiн... – «Амал жоққа өкпе жоқ» дейдi ғой Қуандық Төлегенович. Өкпелемеңiз. Санников жерiн ең құрметтi қонағымыздың бiрi болғаныңызбен, сiзге де көрсете алмаймыз. Бiрақ оның есесiн қайтарайық. Басқа әңгiме айтып берейiк. – Бiзде «Жоққа жүйрiк жеткiзбес» деген мақал бар. Амал нешiк. – Жақсы мақал екен. Ал «сақалдылар» туралы немесе «Сақалдылар аралы» дегендi естiп көрiп пе едiңiз? Қуан аға иегiн сипап қойды. Бiз бұған күлiп жiбердiк. Ол кiсi жақын отырған бiр-екеумiздiң де иегiмiздi ұстап: – Бiзде сақал жоқ. Дегенмен оларың кiм тағы? – дедi.
– Сiздер Жиганскiде болған жоқпысыздар? Демек, бұл әңгiменi сiздер ғана естулерiңiз керек. Бiз тек сыр-мәнiн айтайық, арғы жағын өздерiңiз толықтырып аларсыздар. Тек, бұл тарихты ең жақын достарыңыздың арасында ғана айтатын болыңыздар. Мүмкiн болса, тiптен ауыздан шығармай-ақ қойған жөн. Бұл сол «сақалдылардың» өздерiнiң айтып кеткен өсиетi болса керек. Бiз және күлдiк. Ал Қуан аға болса құлағын қолымен қалқалап: «бар назары сендерде» деген сыңай байқатты. – Мұның бәрi – қырқыншы жылдары белгiлi болған оқиға. Осы кезде Жиганск маңына көне мәдениеттiң қалдықтарын iздеп жүрген ғалымдар келедi. Мiне, сонда ғалымдарға мынадай әңгiме айтып берiптi. ...Жергiлiктi бiр аңшы түлкi аулап жүрiп, Ленаның төменгi ағысындағы теңiздiң жағасынан бiр iз байқайды. Аңшының көңiлiн аударған сол iздiң көлемi екен – бiрнеше қарыс. Аңшы келесi күнi ерте тұрып, сол iздi қуалай алға қарай жүредi. Екi тәулiк өткенде аңшы қарсы алдында ызғарлы тұманның iшiнде арал сияқты боп тұрған төбенi көредi. Осы төбенiң маңында iз көбейе түседi. Бiр кезде қарсы алдынан шыға келген бойы бiрнеше саржын келетiн әйел аңшыны қолынан жетелеп, үйге алып кiредi. Үйде отырған ер адам аңшыға қарап: «Сен неге теңiздiң жағасында жалғыздан жалғыз сандалып жүрсiң?» деп сұрайды. «Бiздiң күнкөрiсiмiз – аң аулау» деп жауап бередi аңшы. «Iз тастап, белгi қалдырып кеткен өзiм айыптымын. Болмаса сен бұл жерге өмiрi жете алмас едiң. Ендi мен сенiң өз жерiңе жетуiңе қолғабыс жасайын, тек сен бiздiң осы кездескенiмiз жөнiнде ешкiмге тiс жармайтын бол», – дейдi әлгi еңгезердей кiсi. Сонан соң ол аңшыға тұрған орнынан тапжылмауды бұйырып, өзi үйден шығып кетедi. Бiраз уақыттан соң қайта кiрiп, қонағының көзiн тас қып таңып, сыртқа шығарады да, нартаға отырғызып тұрып, мынадай бұйрық бередi: «Нартадан мықты ұстап ал! Сенiң нартаңды менiң иттерiм сүйреп барады. Барар жерiңе жете сала бұларды босатып жiбер!» Аңшы мұның айтқандарын бұлжытпай орындайды, тек тосынқұмарлық дейтiн қойсын ба, жолда көзiне байлаған шүберектi жұлып тастайды. Сөйтсе, нартаны сүйреп келе жатқан екi қасқыр екен, ал мұның 10-270
бар дүниесiне қоса көптеген бағалы терi тиелiптi. Аңшы қайтар жолды бiр-ақ тәулiкте басып өтiптi... – Көзiн ашуын ашып алыпты ғой, ал көрген-бiлгенiн ешкiмге айтпап па? – Қартайған шағына дейiн тiс жармаса керек. Ал өмiрмен қоштасардың алдында ең соңғы сырын жария етiп кетiптi. Аңшы емес пе? Қалай шыдасын... – Иә, аңшы ғой, – дедiк бiз де күлiмсiреп. Шамасы, жiгiттердiң бәрiнiң көз алдына Перовтың әйгiлi суретi елестей қалған болу керек. – Мiне, осындай аңыздарда осы бiр белгiсiз жандар бойы бәйтеректей, қайраты бөрененi қазық қып қағып жiберетiн алып тар ретiнде бейнеленедi. Олардың мекенжайы әрi кең, әрi сәулеттi болатын көрiнедi. Өздерi сақалдарын күземейдi екен. Сондықтан «сақалдылар» аталып жүргенi, – деп түсiндiрдi жергiлiктi жолда стар. – Оу, мыналарың әлгi Памир тауларында жылда «кездесiп» жүретiн «қар адамдарының» дәл өзi ғой, – дедi Қуан аға. – Сiздердiң «қар адамдарыңыздың» қандай екенiн бiз бiлмеймiз, ал бiздiң «сақалдыларымыз» осындай. Егер сiздердi ендi тауып жүрсе, онда бiздiң «сақалдылар» қоныс аударып, сiздердiң тауларыңызды паналаған болар. – Жә-жә, жетер, – дедi Қуан аға саусағын көрсетiп. – Бiз де бiлемiз сiздердiң де «орман адамдары» дейтiндердi жиi-жиi «көрiп» қалатындарыңызды. Олар сендердiң еншiлерiң бе, әлде басқа бiр аймақтарда кездесiп қала ма, ол жағын онша бiле бермеймiн. Бiлетiнiм – қалың орман өскен жердiң сыбағасы көрiнедi. Бiр журналдан, ұмытпасам, «Вокруг света» шығар деймiн, оқығаным бар. – Егер шындығына келсек, – дедi Моисей Ефимов. – Сол бiр белгiсiз жандар туралы қауесет өткен ғасырда өте кең тараса керек. Тiптен «сақалдылар» жайлаған аралдарды да тауыпты-мыс. Сол аралдардан шыққан қоңырау дауысын жиi-жиi есiтiп жүрiптi. Осы туралы ресми хабарлар жоғарғы үкiмет пен жергiлiктi ме кемелерге хабарланып жатады екен. Мiне, сол кезде қарапайым
халықтың арманы болған «Санников жерiн» iздеу басталған. Қысқасын айтқанда, бұл – «қой үстiнде боз торғай жұмыртқалап жататын дарқан ел» туралы халық арманының елесi. Жоғарыда бiз Якут республикасында орта бiлiмi бар адамдардың саны жалпы одақтық орта есептен жоғары екенiн айтып едiк. Ендi сол мәселеге және бiр оралғанымыз жөн шығар. Октябрь революциясына дейiн Якутия жерiн мекендеген якут тар мен эвендердiң, чукчалар мен тағы басқа халықтардың ара сында хат танитын азаматтардың саны бiр жарым мың ғана адам болатын. Бұл патша өкiметiнiң ойына да кiрiп шыққан жоқ. Қайта бүкiл өлкенiң осындай сауатсыз күйiнде қалып, қара түнектен арылмағаны патша өкiметi үшiн тиiмдi болатын – халықты қанау жолы жеңiлдене түседi. Дегенмен Орталық Россиядан жер аударылып келген револю ционерлер, прогрестiк көзқарастағы жаңа коныстанушылардың арқасында жергiлiктi халықтың жекелеген өкiлдерi сауат ашып, тiптен жоғары оқу орындарын бiтiрдi. Солардың бiрi якуттардан шыққан тұңғыш революционер-халықшыл Неустроев Қонстанин Гаврилович едi. Ол Петербург университетiн 1881 жылы бiтiрiп, жаратылыстану ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. Сол жылы Иркутскiге келiп, революциялық астыртын үйiрме ұйымдастырды. Бiрақ ғалым өз жоспарын ары дамыта алмады – патша жендеттерi тұтқынға алып, ату жазасына кестi... Сауат ашу Якутияға Совет өкiметiмен бiрге келдi. Арнайы бiлiм алу да совет өкiметi орнаған соң басталды. Жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң iшiнен тамаша ғалымдар шықты. Рас, олардың ғылымға келу жолы қиындау болды, көрсеткен үлгiлерi кеңiнен қолдау тапты. Сол ғалымдардың бiрiнiң ғана өмiр жолына көз са лып көрейiк. Ариан Ильич Кузьмин. Ол 1922 жылдың 1 январь күнi Олекма ауданының Иннях селосында туылды. Дәл осы жылы Якут АССР құрылды. Демек, Ариан Ильич – республиканың кұрдасы. Ол екiге келгенде әкесi қайтыс болды. 1928 жылы осы селода «Удар ник» атты колхоз ұйымдасты. Арианның анасы осы колхозға мүше боп кiрдi. Ол жылдары бiрнеше класты қосып оқыту
тәжiрибесi кеңiнен қолданылатын. Ариан табалдырығын аттаған мектепте алғашқы үш класс қосып оқытылатын. Болашақ ғалым сол үш кластың үшеуiн бiр-ақ жылда бiтiрдi. Соңынан бiлiм алуды Якутск қаласында жалғастырды. Сол жылдары солтүстiк аймақтарда арнаулы орта оқу орындарының iшiнде бағалы аң терiсiн зерттеуге арналған техникум болатын. Ариан осы техникумға оқуға түстi, бiрақ соңынан радистер курсына ауысып кеттi. Айтпақшы, дәл сол техникумда Арианның ағасы Валерий де оқитын (Соңынан Валерий Кузьмин СССР-дың еңбек сiңiрген ұшқышы, Социалистiк Еңбек Ерi атақтарына ие болды). 1938 жылы Кузьмин педагогтiк институттың даярлық курсына түседi. 1942-1945 жылдары Ленинград майданының зенит артил лерия бөлiмшелерiнде қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысы жеңiспен аякталған соң Кузьмин өз институтына қайта келiп, соның физика-математика факультетiн бiтiрдi. Ғылыми еңбек жолын Тоңды зерттеу станциясының кiшi ғылыми қызметкерi боп бастаған Ариан Ильич 1947 жылдан бастап СССР Ғылым Академиясының Космос сәулелерiн зерттеу ге арналған қондырғысын орнататын базасында жалғастырды. Сөйтiп, ол бiздiң елiмiзде тұңғыш рет Якутияда iске қосылған кондырғыны орнатуға өз үлесiн қосты. Осы жерде 1954 жылы бiздiң елiмiздегi тұңғыш Космос сәулелерiн зерттейтiн жер асты станциясы құрылды. Қазiр сол станцияның негiзiнде Космофи зика және аэронавтика институты құралған. Осы институтта жұмыс iстей жүрiп А.Кузьмин 1959 жылы кандидаттық диссер тация қорғады. 1957 жылы Якутиядағы тұңғыш физика-матема тика ғылымдарының докторы атанды. Қазiргi кезде космофи зиктер отрядында үш ғылым докторы, он бес ғылым кандидаты қызмет iстейдi. Ал Ариан Ильич Кузьмин – Якут Мемлекеттiк университетiнiң ректоры. Якут АССР Жоғарғы Советi Прези диумы Председателiнiң орынбасары. Мiне, якуттардан шыққан тұңғыш ғалымдардың бiрiнiң өмiр жолы осындай. Қазiргi кезде Якут университетiнiң тоғыз факультетiнде отызға жуық ұлттың өкiлдерi оқиды, 15 ғылым докторы мен 245 ғылым кандидаты қызмет iстейдi. СССР Ғылым Академиясының Сiбiр бөлiмшесiнiң
Якут филиалының қарамағындағы алты ғылыми-зерттеу инсти туты бар. Одан басқа ВАСХНИЛ-дың Сiбiр бөлiмшесiнiң ауыл шаруашылық институты, СССР Түстi металдар министрлiгiнiң Якутнингипроалмаз институты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Жалпы, Якутияда жиырмадан астам ғылымизерттеу институттары бар. Әдеби күндердiң аяқталуына байланысты Якутскiнiң Мәдениет сарайында өткен қорытынды кездесуге көп адам жи налды. Үкiмет басшыларының өкiлдерi келдi. Бiз өз елiмiз, өз мәдениетiмiзбен қатар, осы күндерi көрген-бiлгенiмiздi, алған әсерiмiздi айттық. Өз шығармаларымызды оқыдық. Якут ақындары аударып үлгергендерiн ана тiлiнде оқып бердi. Кеш үлкен әдебиет мерекесiне айналды. Әдеби күндер аяқталды. Осы күнi, әсiресе бiздiң есiмiзде қалғаны – әдебиет музейiне баруымыз. Бiр-екi бөлме емес, үлкен алаңды алып тұрған үштөрт кұрылыс. Оның бiрi П. Ойунскийдiң туып-өскен үйi. – Бұл үй, әрине, бұрын мұнда болған емес. Көршi аудандағы ақын атындағы колхозда болатын. Жерлестерiнiң аруағына риза болған колхозшылар ақынның туып-өсiп, балалық шағы өткен үйдiң айна-қатесiз көшiрмесiн осында салып бердi, – дедi жетекшiмiз, осы музейдiң директоры, бұрын финанс министрi, Жоғарғы Совет Президиумының председателi, Министрлер Советiнiң председателi қызметтерiн атқарған, қазiр пенсионер, көрнектi жазушы, драматург, өте ибалы, ақкөңiл кiсi Василий Андреевич Протодьяконов. Музейдiң кұрылуына, жиһаздарын жинауға, оны орналастыруға қоғамдық ұйымдар мен көпшiлiк көп септiгiн тигiздi. Музей – шынында да, өте жинақы, экспонаттары тартым ды, якут әдебиетiнiң өсу жолын көз алдыңа бiрден елестететiн музей. Музейдiң бiр бөлiмшесi ретiнде өз алдына жеке тiгiлген ураса тұр. Оның қазақ киiз үйiнен айырмашылығы – шаңырақ жоқ. Уық жерден сирете қадалып, төбесi кiшiрейiп келiп, аз ғана саңылау қалдырып, бiрiгiп тұр. Қалған саңылау – түндiк. Ортаға от жағылады. Керегенiң орнына ағаштан белдеу жасап, терiмен қаптаған. Үй iшiндегi отыратын орындар (орон) семья
мүшелерiне қарай белгiленiп қойылған. Жалпы айтқанда, орма ны мен көлi көп, сыз жердiң адамдары киiз үйдi нақ осылай жаса уы керек. Ол өмiрдiң енгiзген өзгерiсi мен бет бұрғызбас талабы. Осы үйдiң iшiнде отырып әдебиет жөнiнде көп әңгiмелестiк. Якут әдебиетiне аса зор үлес қосқан, якут совет әдебиетiнiң негiзiн салушы – революционер-лениншiл Платон Ойунский. Ол – барлық жанрда бiрдей дамытқан дарынды ақын. Оның «Қызыл бақсы» деген драмалық поэмасының жолма-жол аудармасының өзiн ғана оқып шыққан А.М. Горький былай деп жазған: «Буряттар мен якут-сахалардың тiлiн бiлмесем де, мен бәрiбiр, «Қысыл ойун» поэмасының авторы, маған белгiсiз ақын-саханың мына бiр жолдарға берген тамаша сезiмiн түсiнген болар едiм. Жердiң сорлы өмiрiнiң Соқтықпалы соқпағында Жалын атқан азаттықтың Жандыратын алауын Туды заман, келдi кез. Қазiргi якут әдебиетi – одақтағы озық әдебиеттердiң бiрi. Әңгiменiң бас жағындағы айтылған көрнектi ақындармен қатар Н. Мординов, Н. Якутский, Сафрон Данилов, Н. Габышев, И. Гоголев, Суорон Омоллон (Сивцев Д.Қ.) тағы басқалар өз әдебиеттерiнiң өркендеуi үшiн үлкен үлес қосып келдi. Семен Петрович Данилов РСФСР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты. Сонымен, Якутияда өткен әдебиет күндерi аяқталды. Бейта ныс деп барған жерiмiз өз елiмiз болып шықты, қалай болады деп барғанда құшағын жайып қарсы алды, iзет көрсетiп шығарып салды. Бiз де ризашылығымызды бiлдiрдiк. «Хош» дегенiмiз жоқ. «Кездескенше, сау бол» дедiк. Кәрсеххе ди эри! Якутск – Алматы, 1972-1976 жж.
ПОЛЯР ШЕҢБЕРIНЕН ӨТКЕНДЕ Мәңгi тоңмен қайта кездесу. Басылай Манчары – Феодор По пов – Ыдырыс Үргенiшбаев. Қырда өскен помидор. Солтүстiк мұзды мұхиттың жағасында. Ақ тырна мен қызғылт шағала. Индигирка бойында. Поляр шеңберi... Осы ұғымды мен тұңғыш рет қай кезде есiткенiмдi бiлмеймiн, бала кезiмде есiте қойдым ба екен? Қайдам, есiмде жоқ. Ал мектеп те география сабағын оқи бастаған кезде есiткенiм анық. Геогра фия сабағын оқудан ертерек есiткен болармын деп ойлауымның өз себебi бар. Мен балалық шағымда нағашыларымның ауылын да көбiрек болдым. Ол кiсiлер тұратын маңда мектеп болмайтын. Сондықтан мектепке өз құрдастарымнан кешеуiлдеп бардым. Оның есесiне мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде өзiмше жазу-сызуды меңгерiп, арифметикадағы төрт амалды жақсы бiлетiнмiн. Мұның бәрiн үйреткен Тоған Айтубаев дейтiн немере ағайым болатын. Үш-төрт жасымнан бастап жәрбеңдеп, сол кiсiнiң қасынан қалмайтынмын. Ақыры осы ағайым маған бес жасымда алфавиттi үйреттi. Ұлы Отан соғысы басталған соң ол кiсi майданға аттанды. Шайқас даласында қаза тапқан кезiне дейiн бiзге жазған хаттарын мен оқып беретiнмiн үй iшiне. Мiне, сол бiр кезде мектеп балаларының арасында географиялық картадан қала мен өзен аттарын жасырып ойнайтын ойын кең тараған едi. Тоған ағамның үйiнде үлкен карта iлулi тұратын. Бiздер сол картаның маңына жинала қалып, қалалардын атын жасыратынбыз. Сонда көбiрек жасыратын қалалар Анадырь, Ам дерма, Якутск, т. б. болатын. Бұл картаның шимайланбаған бос жағында жазылғандықтан табуға жеңiл болатын. Оның үстiне осы кезде челюскиншiлердiң жорығына байланысты талай-та лай көркем шығарма жазылған. Әсiресе көбiрек тараған – Сәбит Мұқановтың «Ақ аю» поэмасы. Поляр шеңберi деген ұғымды әлгi Тоған ағайым сол кезде түсiндiрсе керек. Өйткенi бала кезiмнен бастап бiлетiнiм емiсемiс есiме түсе бередi. Ал мектеп қабырғасында география
сабағынан оқығанда ешқандай ерекше әсер қалдырған емес. Сол шеңбердiң арғы жағында мәңгi мұз жатады, ақ аюлар жүредi дегенбiз де қойғанбыз. Ал ол жаққа бару деген ниет ойға да кiрiп шықпаған. Мен бұл жерде кейбiр бой қызып кеткенде айтыла беретiн «бала кезiмнен арман етушi едiм» деген сөздi айта алмай мын. Бала кезiмде арман еткенiм жоқ, бiр кездерде сол шеңбердi кесiп өтермiн-ау деген ой қиялыма да кiрiп шыққан емес. Ол кездегi менiң арманым – Ташкеннен ары аспаған болу керек, кесiп өтермiн деген шеңберiм – Өзбекстан мен Қазақстанның ше карасы ғана шығар. Дегенмен мен сол шеңберге жеттiм-ау. Шеңбердiң қасына келiп тұрдым. Дәл осы жерден Заполярье жерi басталады. Мы нау – соның шекара «сызығы». Айнала-төңiректiң бәрi орман, «жұлдыздай» шашылып жатқан көлдер мен көлшiктер. «Сызықтың» арғы жағы да сол, бергi жағы да сол. Ешқандай бадырайып көрiнiп тұрған айырмашылық жоқ. Лена суы бiрқалыпты ағып жатыр, дәл осы бiр нүктеде ол секунд сайын Поляр шеңберiн кесiп өтiп жатқанымен, ешқандай жұмысы жоқ сияқты. Аспандағы бұлттар да айнымайды бiрбiрiнен, солтүстiктiң ызғарлы желi ары да, берi де соғып жата ды. Осы бiр жел жаңа келген қонақтардың қытығына тимей қоя тұрайын дегендей-ақ баяу есiп тұр. Тек жүрек лүпiлi ерекше. Әдетте адам баласы өзiнiң көптен берi арман еткен мақсатына бетпе-бет келгенде қандай сезiмге бөленушi едi? Ең алдымен үлкен толқу үстiнде тұрады. Бұл айдан анық. Ал содан соң барып өзiнiң табиғатқа өктемдiк жасай алатынын дәлелдегенiне көңiлi толып, соған талдау жасай бастайды: неше жыл өттi, қанша са пар шектi, ақыры, мiне, сол мақсат еткен маңына жетiп тұр. Арғы жағы бiр-ақ қадым жер... Мен Якутия жерiне тұңғыш рет аяқ басып, елге қайта оралған соң бiр «ауруға» шалдықтым. Оның аты – «Саха жерiн сағыну». Сондықтан осы алыс өлке туралы қолыма түскеннiң бәрiн оқи бастадым. Солардың iшiнде ғылыми-көпшiлiк кiтаптардан бастап, қабырғасы қалың-қалың академиялық ғылыми еңбектерге дейiн болатын. Осы кезде мен киноға бару дегендi де жатсынбайтын болдым. Ол үшiн киноафишаның бiр
шетiнде «Солтүстiкке байланысты» дейтiн белгi болса, жетiп жа тыр. Алыстағы ағайындардың өмiрiн бейнелейтiн хабар берiле қалса, теледидардың алдын босатпаймын. Менiң бұл мiнезiме төңiрегiмдегiлер де үйрене бастады. Кекетудiң орнына, олар қайта Якут жерi туралы қолдарына түскен нәрсенiң бәрiн маған қарай сүйреудi машықтарына айналдыра бастады. Сонымен, менiң жұмыс үстелімнің үстiнде әркезде журналдар мен газет тер, диафильмдер мен слайдтар, атластар мен путеводительдер, кiтаптар мен кiтапшалар үйiлiп жататын. Мен жаңа сапарға дайындалдым. Егер сол жаққа бара қалсам «бәрiн бiлетiн» жергiлiктi адамдардың қастарына барып тұра қалу үшiн оқымаған нәрсем жоқ. Бiрақ мен қаншалықты көп оқысам сұрау деген соншалықты молая түстi. Көзбен көрмей көңiлмен болжаудың қаншалықты қиын екенiн сонда барып түсiндiм. Мұны Поляр шеңберiнiң қасында тұрғанда түсiндiм. Сол кезде барып өзiмше оқып, Солтүстiк табиғатынан алған ха барым сәбидiң әлтек басқанымен бiрдей екенiн сездiм... Дегенмен мен бәрiн басынан бастайын... Қазақтың «Ат баспаймын деген жерiн үш басады» деген мақалы сонау ерте заманнан қалған мұра болу керек. Осы мақалдың аздап қана өзгерген түрлерi жылқы тұқымын тұлпар деп бiлген, өмiрi көшiп-қонуға бейiм болған халықтардың бәрiнде де бар. Оны талай естiп жүрмiз. Олар өз арманын бейнелеген де тұлпарға қанат бiтiрiп, тұяғымен тас илетедi. Тұлпарды әнге қосып, жырдың кейiпкерi жасайды. Тiптен адамдар бiр-бiрiне ақыл айтып, асығыстық жасап, мүлт кетпеу үшiн де тұлпарды меңзеп кеңес берген. Құс қанатты тұлпардың өзi сүрiнiп кетуi мүмкiн деген сөз кiмге болса да, «асықпа, аптықпа» деген ескер тумен бiрдей ғой. Бұл жолы соның керi маған келдi. «Ендi қайтып орала қоймаспын» деген менiң ойым да жаңсақ болып шықты – Якутияға қайта бардым. Бұл кезде менiң Якутия жөнiндегi жолсапарларым жазы лып, алғашқы тараулары қазақша кiтап болып басылып, орыс тiлiнде «Простор» журналында жарияланып кеткен. Сөйтiп, өзiмше Якутияның бейнесiн жасап қойғанмын. Оны, тiптен Яку тия жазушылар одағының «Хотугу сулус» атты журналының бас
редакторы Александр Егоров якут тiлiне аударып, өз журналы арқылы якут ағайындарға таныстырып қойған. Сонымен, мен сапарнамаларымның соңына «Көрiскенше сау болыңдар» деп нүкте қойып, ендi якутиялық достарымды өзiмнiң туған елiмде күтiп жүргенмiн. Екiншi сапарға мұрындық болған – нақ осы Якутия тура лы жазған сапарнамаларым болды. Соның «Простор» журна лында басылған нұсқасын көрiп, Москвада шығатын «Шаги» альманағының редколлегия мүшелерi хат жолдап, ептеп жаңартылған нұсқасы болса, альманахта жариялайтынын ха барлапты. Ол үшiн алыстағы ағайындарға және бару керек. Оның үстiне ақын досым Моисей Ефимов кездескен сайын «және бiр оралып соқсайшы» деген сөзiнен танбайды, мен уәде бе руден талмаймын. Жетпiс тоғызыншы жылдың басында Мои сей бiздiң белгiлi ақынымыз Әбдiлда Тәжiбаевтың тойына келдi. Бұл жолы ол баяғы шақыруларына қоса менiң ескi досым Алек сандр Егоровтың сәлемiн ала келдi. Саша Егоров маған сонау кездегi комсомолдық өмiрiмiздiң бiр елесiн берiп жiберiптi. 1963 жылы Москвада ВЛКСМ Орталық Комитетiнiң кезектi плену мы Ленин тауларындағы Пионерлер сарайында өткен болатын. Сол пленумға космонавттар Юрий Гагарин, Герман Титов, Ва лерий Быковский, Валентина Терешкова қатысты. Пленумның бiр үзiлiсiнде бiр топ комсомол қызметкерлерi космонавтармен кездестiк, әңгiмелестiк. Қазақстан комсомолының атынан сол кездесуге мен қатысып едiм. Сол әңгiме кезiндегi сурет «Ком сомольская правда» газетiнде жарияланған болатын. Суреттегi жiгiттердiң бiрi – Якут облыстық комсомол комитетiнiң секре тары Александр Егоров. Мiне, ендi сол суреттiң көшiрмесiн Александр маған салып жiберiптi. Осы кезге дейiн мен Якут жазушысы Александр Егоровтың кiм екенiн сыртынан жақсы бiлсем де, оның нақ сол орта бойлы, қимылы ширақ, кезде се қалса шүйiркелесе кететiн комсомолдағы жолдасым екенiн бiлмейтiнмiн. Менi де сыртымнан қазақ жазушысы деп бiлетiн Егоров қолына менiң суретiм басылған кiтап түскенше бұл баяғы комсомолда бiрге iстеген жолдасым болар деген ойдан аулақ болған.
Осылайша ендi Моисейдiң шақыруына Александрдың шақыруы қосылды. Оның үстiне Якут ақын-жазушыларының шығармалар жинағын қазақ тiлiнде шығарсақ деген әңгiме көтерiлгенде, оны «осында талқылайық» деген Якут жазушылар одағы басқармасының председателi Софрон Петрович Дани лов пен ескi досым Семен Руфовтың тiлегi қосылды. Сонымен, мен мәңгi тоңның елiне екiншi рет бардым. Баяғы ұзақ жол, самолеттiң «тұяғының» жерге тиюiн зарыға күту, онан соң кезде су қуанышы... Якутскiге келе сала-ақ баяғы ескi достарымның құшағына орала кеттiм. Солармен қосылып, Якуттың әйгiлi ақыны Илья Чагылганның: В полукружьи гор, что покрыты сосною, На холмах крутоверхих над Леною-рекою Ты воздвигнут умельцами давней порою, Гордость тундры, таежных чащоб – мой Якутск, – деген өлеңiн қайта-қайта айтып, мәз-мейрам болып жүрмiз. Чагылганның осы өлеңi Якутскiнiң орналасқан жерiн дәл меңзейдi. Бұрынғы жазбаларда айтқандай, якуттардың атабабасы Омогой мен Элляй жайлаған осы Ұлы Туймаада Лена өзенiнiң сол жақ бетiнде жатыр. Осы жазықтықты ұзыннан-ұзақ созылған қырат (якуттар тауды «қия» дейдi) жалпақтау жасалған доға сияқты орап келiп, екi шетi Ленаға тiреледi. Жазықтықтың ортасында (қазiргi Якутскiнiң iргесiнде) Сайсары көлi бар. Мiне, осы жазықтық, осы қыраттар, осы көл якуттардың ата-бабасының алғашқы табан тiреп, мекенжай еткен жерi екен. Олар өздерiне ғана емес, болашақ ұрпақтарына да мекенжай болатын жердi тиiмдi таңдай бiлген. Мына жазықтықтың шөбi шүйгiн, жайылы мы кең (ол кезде негiзгi мал – жылқы мен қара мал ғой). Оның үстiне үйiр-үйiр боп аң жүрсе, көл мен орман, Ленаның жағасы қаз бен үйректiң мекенi. Қысқасын айтқанда, нағыз жер бетiндегi жұмақтың өзi болған. Қазiр осы жазықтың орта тұсында Ленаның жағасына Якутск қаласы орналасқан. Жазықтықтың ол шетi мен бұл шетi жүз шақырымға жуық, қаладан қарағанда, көз ұшында
осы қыраттардың Ленаға келiп тiрелген екi мүйiсi қабағын түйiп, өзенге төнiп тұрған алыптар секiлденiп, өте әсем керiнiп тұр. Осы қыраттың Қаңғалас таулары деп аталатын батыс бөлiгi – Якутскiнiң өсiп-өркендеуiне өзiнiң зор үлесiн қосып отырған аймақ. Мұнда тас көмiр. Якутскiнiң күннен-күнге безендiрiп, төбесiн биiктетiп жатқан құрылыс материалдары өндiрiледi. Әрине, қазiргi кезде Якутияда энергетикалық қордың алып көздерi ашылған, «кiшi БАМ» деп аталған темiр жол құрылысы дүниеде теңдесi жоқ мол көмiр кендерiне қарай тартылуда. Бiрақ Якутскiнiң тас көмiр отын деп бiлгелi бергi өмiрi осы Қаңғалас шахталарына тәуелдi. Айтпақшы, шахта дегенiң Қарағандыдағыдай емес, көмiрдi жердiң бетiнен аршып алып жа тыр. Құрылыс материалдарын таудың тасынан қыршып алуда. Мұны маған Моисей Ленада саяхат жасап жүрген кезiмiзде өзеннiң үстiнен көрсеттi. Ленаның бетiн тiлгiлеп, ерсiлi-қарсылы шарлап жүрген үлкендi-кiшiлi кемелер мен қайықтар. Солардың арасында қанатты кеме «Ракета» да бар. Жексенбi күнi бiз осы «ракеталардың» бiрiне отырып, Намцы селосына қарай сапарға шықтық. – Қаңғалас тауларының тұсына барғанда сен қайта-қайта ай тып, аңсап жүрген Қарағанды шахталарының iшiне түскендей боласың, – деген Моисей күлiп. – Жер қыртысын жадыңнан шықпайтындай етiп жаттап аласың. Бiз Ленаның Қаңғалас тауының мүйiсiн айналып өтетiн жерiне жеткенде, сол жағымыздағы, әлгiнде айтқандай, қыраттың қабағын түйген батыр сияқты өзенге асыла қарап тұрған тұсынан тас көмiрдiң жер қыртысына жасырынбай-ақ қасқая қарап жатқан белдеулерiн байқадық. Бiр қабаты тас көмiр, келесi қабаты топырақ, тас көмiр, топырақ... – Ана жатқан таскөмiр қабаттары қазiргi кезде көзге қораш көрiнедi. Өйткенi республиканың оңтүстiгiндегi алып көмiр қорлары бiздiң республика үшiн ғана емес, бүкiл одақтың таскөмiрмен қоректенетiн ошақтарына молынан жетiп жатыр, – дедi Моисей менiң жағадан көз алмай келе жатқанымды байқап. – Бiздiң Оңтүстiк Якутия алып құрылыс алаңына айналуда. Таскөмiр қоры қырық миллиард текше метр шамасында деп бол жалдайды геологтар. Оның үстiне, сол маңда темiр рудасының аса
бай көзi табылған. Өмiрге жаңа пайда болған Нерюнгри қаласы осы алып құрылыстар алаңының астанасы. БАМ-ның бiр тармағы осы алаңға келiп те жеттi. Жақында мен Нерюнгри қалалық пар тия комитетiнiң бiрiншi секретары И. Пьянков жолдастың бiр мақаласын оқыдым. Сонда былай деп жазыпты: «Бүгiн Оңтүстiк Якутия объектiлерiнде 68 ұлттың өкiлi жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде орыстар мен якуттар, украиндар мен буряттар, қазақтар мен литвалықтар, чуваштар мен белорустар, свандар мен эвен дер және басқалар бар». Мен И. Пьянковтың сөздерiн дәл ай тып тұрмын. Ал ендi соған ез бiлгенiмдi қосайын. Оңтүстiк Якутияның ең үлкен коллективi Якуяуглестрой коллективiнде 42 ұлттың өкiлi жұмыс iстейтiн болса, Нерюнгри ГЭС құрылысының басқармасында 28 ұлттың өкiлi жұмыс iстейдi. Айтпақшы, Якуту голь бiрлестiгiнде «Нерюнгрин» разрезiнiң экскаватор машинисi Кәрiмжан Бекешев сенiң жерлесiң – қазақ жiгiтi. Ол Якут АССР Жоғарғы советiнiң депутаты. Мен бiлетiн және бiр жерлесiң сол қалада қызмет iстейдi. Ол – қалалық партия комитетiнiң бөлiм меңгерушiсi Берiкбаев дейтiн жiгiт. Мiне, сөйтiп, бiздiң елдiң байлығын меңгеруде сенiң жерлестерiң де өз үлесiн қосып жүр, – деп бiтiрдi сөзiн Моисей... Моисей Оңтүстiк Якутиядағы көмiр кендерiн шахта қазып, жер астын үңгiмей-ақ бiрден қыршып алып жатқаны туралы әңгiме айтқан кезде, мен көз алдыма өзiмiздiң Екiбастұз кендерiн елестете қойдым. Мен сондағы ашық карьерлердiң бiрiнде болғаным бар. Ол дүние жүзiнде үшiншi орын алатын Централь ный разрезi. Соның ұзындығы – он сегiз километр, енi – тоғыз километр, ал тереңдiгi – жүз алпыс метр. Ал дүние жүзiндегi бiрiншi орын алатын Богатырь разрезi (Алып жармасы) дәл осы Екiбастұзда. Бiрақ мен бұл жолы якут достарыма бұл жөнiнде ештеме айтқаным жоқ – өздерi келгенде көрер. Сондықтан: – Әлгiнде сен темiр жол Нерюнгриге келдi дедiң де, арғы жағын айтпай қойдың, – дедiм Моисейден әңгiмесiнiң желiсiн есiне қайта салып, одан ары қайда барады? – Якутскiге келедi. Сөйтiп, бiздiң Якутск нағыз қазiргi заман қалаларының санатына қосылады. – Якутск қазiрдiң өзiнде-ақ әсем қала ғой.
– Темiр жол келсе, қатынастың жақсаратынын айтамын. Қашанғы самолетке таңылып, ауа райына табына беремiз? Бiз де жермен жүрiп көрейiк те. Әлде қимаймысың оны бiзге? Қасымызда тұрғандардың бәрi күлiп жiбердi. Мен ойға кеттiм. Якутскiдегi ағаш үйлердiң өмiрiне қауiп төне бастағаны бiртүрлi әсер еттi. Соларды аяйтын секiлдiмiн. Мен осы бiр көңiл қобалжуын айтқанымда, жергiлiктi жолдастар бiр-бiрiне қарады. Сезiп тұрмын ойларын: «Өзiнiң әсем астаналары – Ал матыда жүрiп, бiздiң қаланың ескi құрылыстарының қамын жеу бұған оп-оңай боп тұр ғой. Жоқ, бiз де еңсесi биiк жаңа үйлерде тұрғымыз келедi». Бiр жiгiт ойын ашып айтты. – Сiздерде де ескi құрылыс деген толып жатқан жоқ па едi? Оларды неге бұздыңдар? – Онша қызулыққа салынба? – деп әңгiмеге Семен Руфов ара ласты. – Қалаубек ескi-құсқыны түгел қалдырса деп тұрған жоқ қой. Кейбiр үйлер ескерткiшке қалса, ешқандай зияны жоқ. Та рих үшiн қажет. Мен Алматының қақ ортасында бұрын бұзып тастаған бiр-екi үйдi қайта құрастырып жатқанын көргенмiн. – Дәл таптың, Семен, – деймiн мен. – Солақайлыққа салып, барды бұзып тастап, соңынан қайтып түзей алмай жүрмеңдер деп жатқаным ғой. Бiзде мұндай жағдай көп болған. Ендi өкiнiп жүрмiз. Якутск қаласы сын-сыпат жағынан басқа қалалардан ерекшеленiп тұрған жоқ. Кәдiмгi жиырмасыншы ғасырдың қаласы. Ал ерекшелiгi – мәңгi тоңның әсерi ғана. Мәселен, бiзде үйлерге дем беретiн жылу құбырларын жердiң астына көметiн болса, олар жердiң бетiне «көмедi» (көп қабатты үйлердiң бiрiншi қабатының иесi – осы құбырлар). Әйтпесе олар мәңгi тоңды ерiтiп, жатқан жерлерiн балшыққа айналдырып жiбередi. Екiншi бiр ерекшелiк – аспаннан күнде тамшы тамып тұрса да, көше бой ларында Алматыдағы сияқты сылдырлап су ағып жатқан арық дейтiн атымен жоқ. Өйткенi мәңгi тоңның шамына тиюге бол майды – жер бетiндегi су бiртегiс тарауға тиiс. Болмаса олар мәңгi тоң режимiне әсер етедi. Үшiншiсi, қаладан шықсаң, қол созым жерде сыңсып тұрған орман қаланың iшiне аяқ баспай қойған. Қалада бiздердегi секiлдi көше бойында тiзiлiп тұрған ағаш жоқ.
Олар өспейдi. Ал өскендерiне ерекше қамқорлық қажет, түбiндегi топырақты басқа жақтан әкелу керек, судың бiрқалыпты бо луын, мұздың қатып қалмауын қадағалау керек. Төртiншiден... төртiншiден, солтүстiктiң қалаларының ерекшiлiгiн көзбен көру керек. Оған сөз жеткiлiксiз, тек көз ғана керек, көз... Өндiрiс қай өңiрде болса да өндiрiс. Оның технологиясы да, жұмыс ретi де бiрдей. Жоғарыда айтылғандай, кен өндiрудiң кейбiр ерекшелiктерi болмаса басқа жұмыстарының ерекшелiгi жоқ, құрылыс ерекшелiгi – мәңгi тоңның әсерiн еске алып, үйдi бағананың үстiне орнатуы. Ал ауыл шаруашылығының бiр ерекшелiгi әрi негiзгi ерекшелiгi – жаз кезiнде мал азығын дайындау, шөп шабу. Бұл – нағыз қызу науқан. Шөптiң өзiн тайганың арасындағы алақандай аластардан (алаңқай) шабады. Басқа жақтан шабатын шөп жоқ. Сондықтан шөп шабу кезiнде ел тайлы-тұяғымен түгел аттанады. Қаладағы мекемелер мен тұрғындар өзiнше мiндеттеме алып, ауыл шаруашылығына қолғабысын тигiзiп жатқаны. Якутия жазушылары да сенбiжексенбi күндерi асарға шығып, шөп шауып қайтып жүр. Алған мiндеттемелерi бар, соны орындау – азаматтық парыздары. Ал олар өз парыздарына аса жауапкершiлiкпен қарауда. Мен бұл жолы осы шөп шауып, азық дайындау науқаны кезiнде келдiм, жұрттың еткен еңбегiн көзiммен көрдiм. Бүкiл жерiнiң жартысын орман басып, көл жайлап жатқан елде шөп тапшы дегенге сенгiң келмейдi. Бiрақ солай. Оның үстiне жұмысшы күшi де тапшылау. Мұны да есепке алмаса бол майды. Якут жазушыларының өздерiнiң шефке алған шаруашылығы бар. Ол – Чурапча ауданындағы Эрилик Эристии атындағы совхоз. Осы совхоз Якутскiден екi жүз шақырымдай жерге орналасқан. Бiздiң бұл жолғы бiрiншi сапарымыз осы совхозға бет алудан басталды. Ол үшiн Ленадан өтуiмiз керек. Ленаның бұл тұсының енi – он бес километр. Жол қамына таңертең сағат алтыда кiрiскен бiздер Ленаның жағасына келiп, паром күтiп бiраз аялдадық. Өзенге түскен соң арғы жағадағы Төменгi Бестях (Нижняя Сосновка) селосына пароммен жеткенiмiзше және бiр жарым сағаттай уақыт өттi. Сонымен, Якутскiден қол созым жер
де көрiнiп тұрған селоға түс мезгiлiнде әрең жеттiк. Қаладан шыға бергенде «меңзеген жерiмiзге он сағаттай жүрiп әрең жетермiз» деп шамалаған машина жүргiзушi Софрон Ивановтың болжа мын жағада паром күтiп тiзiлiп тұрған машиналардың шофер лары және екi сағатқа созды. Олар: – Егер сапарларыңыз оңғарылып, дiттеген жерлерiңiзге жете қалған күннiң өзiнде, он екi сағаттан кем жүрмейсiздер. Жол әбден ойылып кеткен, батпақ. Бiз мына алып машиналардың да уысын барынша арылдатып жүрiп әрең өттiк, – дедi. Машиналардың түрiне, өздерiнiң ұсқынына қарасаң, сенгiң келедi, тек сену қиын. Уақыт июль айының ортасы. Жолдың қашықтығы – бар-жоғы екi жүз километр. Сонда, қазақша айтқанда, «ана төбенiң астында жатқан» ауылға он екi сағат жүру керек. Орта есеппен, сағатына он бес километрден аса алмайсың деген сөз. – Оу, ағайындар, сендердiң мәңгi тоңдарың қайда, жер-дүниенi сiрестiрiп тұратын? – Төменде, Қалеке, төменде, – дейдi сапарға бiрге шыққан Ни колай Винокуров. – Қыстың күнi келiңiз, жер қатады, айналаның бәрi ақ көрпе жамылады, сонда қардың үстiмен сырғисыз да оты расыз. Ол кезде мына тұрған совхозға төрт-бес сағатта жетуге бо лады. Бұрынғы келгенiмде қайда барсақ та самолеттен түспей шарықтай берген соң, жол шырайын онша байқамаған екенмiн. Мен кiтабымның алғашқы тарауларында «жол қысқарту» үшiн айтылған әңгiмелердi ендi көзiммен көрiп келемiн. Төменгi Бестяхтың асханасында тамақтанып отырып, бiз өзiмiзше «әскери кеңес» өткiздiк. Марфа Петровна Неустроева (әдебиеттi насихаттау бюросының қызметкерi) Моисейге сапардың бағытын өзгертуге кеңес бердi. Алғашта бiраз екпiндегенмен, жолдың сиқын көрген соң, бәрiмiз де осы шешiмдi мақұл көрдiк. Сонымен және отыз километр жол жүрiп, күн бесiнге тақалғанда МегиноҚаңғалас (мегин – мәңгi, қаңғалас – қаңлы) ауданының орталығы Майя селосына келдiк. Аудандық партия комитетiндегi әңгiмеден кейiн аудандық газеттiң редакторы Иван Иванович Брызгаловты жолбасшылыққа алып, Басылай Манчарының аласында шөп ша
уып жатқан пiшеншiлерге бардық. Бұл бригада осы аудандағы мал азығын дайындауға жұмыла кiрiсiп жатқан пiшеншiлердiң үздiк бригадасы деген. Бiр шетiнде – кiшкене көлшiгi бар орманның ортасына орналасқан алаңқай. Қырқадан алаңқайға түсе беретiн еңiсте жеркепе секiлдi бiр құрылыс тұр. Осы Басылайдың дүниеге кел ген үйi екен (якуттар жерден ағашпен өрiлiп, сыртын балшықпен сылап тастаған үйшiктi «юрта» дейдi). Үйдiң қасында Манчарыға орнатылған ескерткiш. Басылай Манчары... Бұл кiсi якуттардың аты аңызға айналған ұлттық батыры. Әлсiздердiң жоғын жоқтаушы, байларға бүркiттей шүйлiгiп, бүкiл Якутия жерiндегi қанаушы таптың зәресiн зәр түбiне кетiрген азамат. Әкеден ерте айырылған Басылай анасымен бiрге осы жеркепеде өмiрдiң алғашқы баспалдақтарын санай басып жүргенде бiрiншi рет зәбiрдi өзiнiң немере ағасы Чочо байдан көрдi. Соның малын бағып, отынын тасып, күлiн шығарып жүрген жасөспiрiм өмiрдiң қыспақтарына өзiнше қайрат көрсетiп, қарсы тұра бастағанда алғаш рет жолын кесiп, қанатын қайырған да осы Чочо. Зәбiрлеушiлерге қарсы әрекет жасап, өзiнiң маңына жарлыларды жинақтай бастағанда алғаш абақтыға жаптырған да осы Чочо. Якутскiдегi әкiмдер Ба сылайды басбұзар деп жариялап, соңына шырақ алып түскенде Чочо: «Қалаға барып, әкiмдерден кешiрiм сұраймыз, оларға сыйға тарту үшiн бағалы аңның терiлерiн алып барамыз» деген сылтаумен, өзi аулаған аңдардың терiсiн өзiне арқалатып, Ба сылайды Якутскiге ертiп барады. Тек әкiмдердiң алдына барған соң ол бұлт етiп шыға келедi. «Басбұзар Басылай Манчарыны сiздерге ұстап әкелдiм. Оны абақтыға жабыңыздар, ал мына дүниелер сiздерге сол жақсылықтарыңыз үшiн тартқан тартуым болсын» деп Басылайдан жасырып келген арам ойын жайып са лады. Мiне, Басылай алғаш рет абақтының табалдырығын осы лай аттапты. Арам ойдан аулақ, көңiлi кiршiксiз, шындыққа ғана жүгiнген жас жiгiт өзiн абақтыға жабу үшiн әкiмдерге берiлген тартуды өзi арқалап келген. Сонымен, абақтыға жабылу үшiн өзiнiң iзiне түсiп жүрген әкiмдерге маңдай терiн төгiп жинаған бағалы терiлерiн ақыға төлеген. 11-270
Басылайдың бүкiл тайга мен тундраны шулатқан, ауыздан ауызға тарап, аңызға айналған ерлiк өмiрi осылай басталады. Ол абақтыдан қашып, байлардың басына әңгiр таяқ ойната ба стайды. Ендi әкiмдер мен тойондар (байлар) оны қарақшы деп жариялап, әрбiр басқан iзiн аңдып, қарулы қол аттандырып, қалайда қолға түсiрiп, көзiн жоюға бар күштерiн салған. Егер Ба сылай қара басының қамын ойлаған қарақшы болса немесе жеке басының ғана бостандығын аңсаса, әрине, адам түгiлi, аң адасып кететiн тайгада жан сауғалап, күн көре беруге болады ғой. Тек ол ендiгi өмiрiн байлардан кек алуға, кек алғанда кедейлердiң байларда кеткен есесiн тартып алып, өздерiне қайтарып беруге бағыштайды. Ол бiрде түнде жасырын келсе, бiрде тапа-тал түсте байлардың ауылына ат ойнатып жетiп келiп, дүйiм жұрттың көзiнше көкiрегiнiң буына нан пiскен тойондар мен шонжарларға дүре соғып, мал-мүлкiн тартып алып, кедейлерге таратып бе румен болады. Осы үшiн талай рет абақтыға жабылады. Патша өкiметiнiң Якутия жерiндегi итаршылары оны төрт рет каторгаға айдапты. Бiрақ ол төрт ретiнде де қашып шығып, тайгаға қайтып келiп, бұрынғы әрекетiн жалғастыра берген. Өмiрiнiң он екi жы лын абақты мен айдауда өткiзген Басылай Манчарының өз елi, өз жерiне деген махаббатының берiктiгi сонша, ол бiрде Охотск абақтысынан қашса, бiрде Иркутск маңындағы каторгадан қашып, жолсыз дала, ұшы-қиырсыз тайганы аралап, өз елiн дәл тауып отырған. Өмiрiнiң соңғы жылдарында Вилюск маңына жер аударылып, сол жақта дүниеден өткен. – Әлгiнде Майя селосының орталығындағы ағаштан өрiлген үлкен қамал күмбездi көрдiңiздер ғой, – дедi аудандық «Ленин туы» газетiнiң редакторы Иван Иванович Брызгалов жолдас. – Осы сияқты күмбездер Якутия жерiнде жиi кездеседi. Олар – байлардың Манчарыдан қорғану үшiн соққан бөрене бекiнiстерi. Бiрақ осындай бекiнiстердiң өзi байларды Манчарының қаһарынан құтқара алмаған... Ақ боз атын ойнақтатып ор маннан шыға келген Манчары байлар бекiнiстерiне тығылып, соның әдейi жасалған оқ ататын тесiктерiнен мылтықтарын кезенiп үлгiргенше, құйындай ұшып келiп, өрт қойып жiберiп, бекiнiстегiлердi қол қусырып сыртқа жүгiре шығуына мәжбүр
етiп отырған. Осы бөрене қамалдар қазiргi кезде Манчарыға орнатылған ескерткiш сияқты болып қалды. Қамалды көрсең, Манчары еске түседi. – Манчарының бостандық, теңдiк үшiн деп салған ұранының халықтың көкейiне дәл қонып, көңiлiне қатты қозғау салғаны сонша, – дедi әңгiмеге араласқан ақсақал, Якутскiдегi өлкетану музейiнiң Майя селосындғы филиалының директоры, бұрын жа уапты партия, совет қызметтерiнде болған Григорий Романович Васильев жолдас. – Сол тұстағы кез келген қозғалыс Манчарының атымен атала бастаған. Тiптен бiр күнде, бiр мезгiлде Якутияның төрт қиырында төрт Манчары төрт байдың ауылын шауып кетедi екен. Бiр адамның бiр мезгiлде төрт бөлiнуi мүмкiн емес қой, демек, қалған үшеуi Манчарының өзi емес – ниеттестерi, серiктестерi, жолдастары болғаны. Соның жолын қуалаған адал азаматтар, елдiң адал ұлдары болған ғой. – Мiне, Мегино-Қаңғалас ауданымен танысуда осы аймақтың ардақты азаматы, мәңгi қаңлылықтардың мақтаныш тұтатын ұлы Басылай (якуттар Василийдi Басылай, Николайды Ньюкулай, Иванды Уйбан, Павелды Байбал, т. б. деп атайды) Манчарының асыр салып жүгiрген аласымен, дүниеге келген күркесiмен та нысудан бастадың, – дедi Моисей Ефимов әдеттегiше жымия күлiп қойып. – Түбiнде бiздiң Чурапча ауданына жете алмай, осылай қарай бұрылуымыздың бiр себебi жол азабы болса, екiншi бiр шетi сенiң өзiң мен Манчарыда жатқан сияқты. Менiң бiлуiмше, казақтарда қаңлы дейтiн ру болу керек, оның үстiне ол ең көне рулардың бiрi болса керек, ал Якутиядағы қаңлылардың ең беделдi азаматы – осы Басылай. Демек, сенi басқа жаққа бас бұрғызбай осылай қарай тартқан Басылай атаңның аруағы шығар. Сондықтан Эристин совхозына жете алмадым деп ренжiмей-ақ қой. Атаңның қаһарына iлiнiп жүрерсiң. Моисейдiң жөнiмен айтылған әзiлiне мойын ұсынып, не десе де Манчарының ауылына алып келiп, бұрын құлақ есiткенiмен көз көрмеген аймақпен, оның батыр ұлының өмiрiмен таныстырғанына дән риза болдық. Оның үстiне жергiлiктi жол дастар осы селодағы ел қамы үшiн өмiрiн қиған азаматтарға қойылған ескерткiш белгiлердiң бiрқатарын көрсеттi. Мен со
ларды еске алып, ойланып отырғанмын. Осыны байқап қалған Моисей: – Сен менiң сөздерiмдi жүре тыңдап тұрған секiлдiсiң ғой, – дедi. – Жоқ, Моисей, мен сенiң сөзiңдi бар ынты-шынтыммен тыңдадым. Ден қоя тыңдадым. Ал ойланып тұрғаным басқа нәрсе. – Ол не тағы? Әйтеуiр, ренiш емес қой? – Жоқ. Мен адам тағдырының бiр-бiрiне ұқсас боп, бiрбiрiне сабақтасып жататынын ойлап тұрмын. Әрине, егер олар бойындағы бар қайратын ел намысын жоқтауға, ел қамын ойлауға жұмсаған азаматтар болса. – Ойыңды ашыңқырап айтсаң қайтедi. – Ашып-ақ айтайын. Дәл осындай халық батыры бiзде де болған. Аты – Амангелдi. Халық кегiн жоқтаған азамат. Рас, ол кiсi бiздiң жаңа өмiрiмiздiң алғашқы жылдарын өз қолымен құрысты. Мiне, осындай азаматтардың өмiр жолдары бiр-бiрiне өте ұқсас боп жатады. Олар бiр-бiрiн бiлмейдi, бiр-бiрiн көрмейдi, танысбiлiс емес, ал күрес жолы өте ұқсас. Бұл ниеттердiң тазалығы, мақсаттарының айқындығына байланысты болу керек. Сонда өмiр заңы боп шыға келедi. Дәл осындай мысалды мен кешегi Ұлы Отан соғысы тарихынан да келтiргiм келiп тұр. – Мәселен? – Мәселен, Федор Попов пен Ыдырыс Үргенiшбаевтың өмiр жолдары. – Иә... Поповты ғой, мен бiлемiн, ал Үргенiшбаев кiм? – Мен саған ол жөнiнде айтқан жоқ па едiм әлгiнде, ескерткiштiң түбiнде. Онда кешiр, тек iшiмнен ойлап, айтуға үлгiрмесем керек. Ол – қазақ, Совет Одағының Батыры. Жалпы, менiң ойым саған да, оқушыға да айқындау болу үшiн бiр сәтке өткен шаққа қайта оралып көрейiк. Ұлы Отан соғысы жылдарына... ...Бiр сәтке көз алдарыңа Днепр өзенiн елестетiп көрiңдер. Жазғы кеш. Ауа тып-тынық. Өзеннiң екi жағасына екi қала орналасқан. Бiрi – Лоев, екiншiсi – Любеч. Бiрi – белорус қаласы, екiншiсi – украин қаласы. Лоев қаласы орналасқан оң жаға жарқабақты, тiк. Осы жерден тұрып көз салсаң, күмiс толқын
боп ағып жатқан өзен бетi арғы жағадағы теп-тегiс жазықтықпен жалғасып, бiр деңгейде жатқан секiлдi боп көрiнедi. Арғы беттегi сол жаға – Украина. Даланың үстiн жаңадан пiсiп келе жатқан алма мен нәктiң хош иiсi билеп алған, сыбыр еткен жел тұрса, өзеннен соққан ызғырға қосылып жатыр. Дәл қазiр осы маң мүлгiген тыныштыққа бөленген. Бейбiт күнгi тыныштық. Ал осы тыныштықтың орнауы үшiн мыңдаған адам шейiт болған едi. 1943 жылдың күзiнде Днепр өзенiнiң оң жағалауындағы осы бiр тұсында әрбiр сүйем жер үшiн кескiлескен шайқас болып едi. Немiстер Лоев қаласы мен соның маңындағы елдi пункттердiң бәрiн мықты бекiнiстерге айналдырған. Сол бекiнiстерден өзеннен өтiп жатқан совет әскерлерi алақанға салғандай боп анық көрiнетiн. Бiздiң әскери бөлiмшелер өткел жасаған маңға осы бекiнiстен атылған оқ қарша борап тұр. Сол шайқастарға қатысқан кiсiлердiң айтуына қарағанда, сол күндерi Днепрдiң бетiн түгел қан жауып жатқан. Рас та шығар сол. Өздерiңiз ойлап көрiңiздершi – бiр ғана Лоев қаласында сегiз мың жауынгердiң денесi жерленген. Ал көптеген жауынгердiң денесi су түбiне кетпегенiне кiм кепiл? Өзеннiң ортасында жараланған адамның жағаға аман жетуi екiталай ғой. Әлгi «өзеннiң бетiн қан жуды» де ген сөздердiң айтылуы тегiн емес кой. Днепр плацдармының осы бiр тұсында Совет Одағының Батырлары белорустар Акуционок пен Цариков, татар Аглиуллин, тәжiк Азизовтар оққа ұшты. Өзбек ақыны Сұлтан Джураевтың соңғы өлең жолдары осында айтылды. Шейiт болғандардың iшiнде якут Феодор Попов пен қазақ Ыдырыс Үргенiшбаев та бар. Мен қасымдағы серiктерiме сонау бiр қиын-қыстау кезеңнiң оқиғасын айтып тұрғанда, көз алдыма сол шайқастың көрiнiсi елестегендей болды. ...81-атқыштар дивизиясы Днепр өзенiнен Лоев қаласының оңтүстiк жағын ала украинаның Любеч қаласының тұсынан өтуге тиiс едi. 467-полктiң үшiншi ротасына Днепрден өтiп, оң жағалаудан плацдарм жасап, дивизияның негiзгi күшi келiп жеткенше тапжылмай тұру тапсырылды. Федор Попов – осы ротаның автоматшысы.
Өзеннен өту екiншi октябрь күнi таңертең басталды. Жауынгерлер өзеннен өту үшiн қолына не түссе, соны құрал жа сады. Бөренелер, бөшкелер, дөңкелер мен тақталар пантон мен қайық сияқты көлiкке айналды. Салқын су дененi мұздай қарып сiрестiрсе, суға тиген шинель мен мойынға асынған автоматтың, гранаттың салмағы және езгiлей түседi. Жалғыз ғана желеу – өзен үстiн басып тұрған қалың тұман. Бiр кезде өзен үстiне қорғасын мен шойын бұршақтай жау ды. Жау пулеметтерi мен минометтерiнiң дауысы мүлгiп тұрған тыныштықты бұзып, айналаны азан-қазанға айналдырды. Алға жылжуға болмайды, кейiн шегiнуге де мүмкiншiлiк жоқ, өзен бетiне түгел оқ жауып тұр. Қатардағы жауынгер Федор Попов жау траншеяларына ең алдыңғылардың бiрi боп жеттi. Автоматтың оғы таусылғанда гранатты құрал еттi. Ол бiткенде найзасын құрал етiп, жекпежек шайқасты. Ақыры немiстердiң қол пулеметiн тартып алып, соның оғымен өткелдi қорғады. Осы шайқаста ол жиырма үш фашистi жер жастандырды. Келесi күнi немiстер жағаға бекiнiп алған бiр топ автоматчиктi керi қарай өзенге ысырып тастамақ боп тоғыз рет шабуылға шықты. Бұл күнi де Федор Попов тапқырлық жасап кеттi. Немiстердiң флангiсiн бұзып өтiп, кенеттен оқ жаудыруының арқасында елу фашистi жер жастандырды. Үшiншi октябрь күнi кешке дивизия түгелiмен оң жағаға өтiп болып едi. Осы ерлiгi үшiн алыстағы Мегино-Қаңғалас ауданының тұрғыны, қызыләскер Федор Кузьмич Попов Совет Одағының Баты ры деген жоғары атаққа ие болды. Дәл осы күндерi Любеч қаласының батыс жағында Днепрден өту үшiн сол 467-полктің екiншi ротасының бөлiмше командирi, парторг, сержант Ыдырыс Үргенiшбаев шайқасып жүрген. ...Жаудың қардай жауып тұрған оғына қарамай, коммунист Ыдырыс Үргенiшбаев өзгелерге үлгi көрсетiп, тез арада колмақол жасалған қайықты итерiп суға түсiрiп, бiр топ жауынгермен оң жағаға қарай жүзе жөнелдi. Өзеннiң бетi қардай жауған оқтан қайнап жатыр. Қайық өзеннiң ортасынан ендi өте берген кезде
қастарына түскен снаряд жарылды да, аспанға шапшыған су қайта құлағанда, қайықты су түбiне ала кеттi. – Жағаға қарай жүзiңдер! Ерiңдер соңыма! – деп айқай салды парторг. Бiрақ жауып тұрған оқтың астында үстiне бар қару-жарағын асынып алған жауынгерлердiң дене қаритын мұздай суда iлгерi жылжуы оңай емес едi. Көпшiлiгi соңғы қайратын жұмсап, су бетiнде әрең қалқып келедi. Дәл осы кезде жұрттың еңсесiн көтеретiн үлгi керек едi, оны парторг көрсеттi. Және бiр ұмтылыстан соң жауынгерлердiң өкшесi өзеннiң ұлтанына тиiп, қимылдары ширай бастады. Сержант Үргенiшбаев «Ура!» деп ұран тастап, жау траншеясына қарай ұмтылды. Жауынгерлер соңына ере ұмтылды. Ыдырыс осы жерде жағаға алғаш жеткен бiрнеше десанттық топтың басын құрастырып, батальон Днеп рден түгел өтiп болғанша плацдармды ұстап тұрды. Жауынгерлер азат еткен алақандай жерге жайғасып бол май жатып, алғашқы соққыдан есеңгiреп қалған фашистер есiн жиып, қарсы шабуылға шықты. Қиямет-қайым шайқас осы жер де басталды. Жер өртенiп, аспан түгел отқа айналып кеткендей, оқ пен оттан тараған қара түтiннiң қоюлығы сонша – күндiзгi күн түнге айналып кеткендей әсер етедi. Совет жауынгерлерi жаудың тоғызыншы шабуылына тойтарыс бердi, оныншы шабуылының бетiн қайтарды. Өз жерiн қорғаған жауынгерлердiң қатары си реп, күштерi әлсiреп барады. Оқ-дәрi таусылудың алдында. Ал гитлершiлер жаяу әскерлерiмен қатар, шайқасқа танк пен авиа цияны қосты. Осы шайқастарда парторг Үргенiшбаев ерлiк пен өжеттiктiң үлгiсiн көрсетiп, нағыз қиын-қыстау жерлерге жетiп барып, жауынгерлердiң рухын көтерумен болды. Ол гитлершiлердi әбден жақындатып барып, нысанаға дәл түсiрiп жатты. Қатары селдiреп қалған батальонға қарсы фашистер жи ырма екi рет контратакаға шықты. Осы шайқаста Ыдырыс Үргенiшбаевтың жеке өзi тоқсанға жуық жау солдатын жай ратты. Парторг бастаған ат төбелiндей азғана топ мылтықтың құндағы мен найзасын қаруға айналдырып, дивизияның негiзгi күштерi келiп жеткенше плацдармды ұстап тұрды. Тек бұл кезде
жауынгерлердiң қатарында тiрi қалған адам аз едi. Солардың бiрi боп ауыл мұғалiмi Ыдырыс Үргенiшбаев та қаза тапты. – Демек, олар Днепрден бiр мезгiлде өтiп, бiр плацдармды қорғап, сол үшiн бiр Указбен екеуi де Совет Одағының Батыры атанған екен ғой, – дедi бiраз ойланып тұрып, табан астында ор най қалған тыныштықты бұзып Моисей. – Олар Украина жерiн қорғап, Белоруссия жерiн азат ету жолында қаза тапқан. Сонау алыстағы Якутия мен күн сәулеттi Қазақстан жерiн корғап қаза тапқан. – Бiр мезетте қаза тапқан, – деп қосып қойды бiреу. – Жоқ, араларында бiрнеше күн бар. Маған қайтып ешкiм сұрақ берген жоқ. Мына орнай қалған тыныштықты бұзғысы келмей тұр. Мен де ой жетегiне iлесiп кеттiм. Ыдырыс сол шайқаста мерт болған, ал Федор онын шы октябрь күнi Глушец қыстағын азат етерде қаза тапқан. Ал денелерi Днепрдiң жағасындағы Деражича деревнясындағы бауырластар бейiтiне жерленген. Осы деревняның түбiнде белорус жерi өз қойнына бiр мың екi жүздей жауынгердiң денесiн алып ты. Федор мен Ыдырыстың денелерiнiң қасына Совет Одағының Батырлары Дөкембаев, Евдокимов, Еремушкин, Перехода, Пи чугов, Самсоновтар жерленген. Мен бiр кезде сол жерлерде бо лып, Батырлардың бейiтiне гүл қойып, ерлiктерiне бас иiп, iзет көрсеткен болатынмын. Тек ол кезде Федор туып өскен, бригадир боп қызмет iстеген аймақты көрермiн деп ойлаған жоқ едiм. Ендi, мiне, келiп тұрмын. Батырдың атымен аталған мектепте болып, соның есiмiндегi совхоз жұмысшыларының үздiк еңбегiмен та ныстым, өзiне қойылған ескерткiшке гүл қойдым. Осының бәрiн мен өз жерлесiм Ыдырысқа да жасаған құрметiм деп сезiнудемiн, досым Моисей... – Соғысқа дейiн Ыдырыс не қызмет аткарған? – Ауыл мектебiнiң мұғалiмi. Өмiрге 1912 жылы Ақтөбе облысының Талдықұм ауылында келген. Ақтөбе педагогтiк училищесiн бiтiрген соң, туған ауылындағы мектептiң меңгерушiсi болып қызмет атқарады. 1942 жылы майданға аттанған. Мiне, Манчары мен Аманкелдiнiң ұрпақтары осындай аза маттар болатын. Олар да халық бостандығы үшiн, ел азаттығы
үшiн күресiп, халықтар достығын нығайту жолында өмiрлерiн қиды. Федор Поповқа ұлы Манчарымен қатар құрмет көрсетiп, атын қастерлегендерi үшiн қаңғаластықтарға рахмет. Батырдың музей-үйiн ұйымдастырғаны үшiн де рахмет. Өз елiнде Ыдырыс Үргенiшбаевтың да атын қастерлейдi. Оның аты өзi оқыған мектеп пен Шалқар қаласының бiр көшесiне берiлген... Аудандық партия комитетiндегi әңгiмеден соң бұл ауданның көкөнiс шаруашылығымен шұғылданатынына қанықпыз. Сол әңгiмеге қарағанда, осы ауданның Ленин атындағы совхозында атын есiтсең, денең дiр етiп түршiге түсетiн мәңгi тоңның үстiндеақ жайқалып помидор өсiп тұрса керек. Бiздiң ауылдағыдайақ капуста орам жасап, картоп түйiндейтiн көрiнедi. Ендiгi бағытымыз – сол помидорлы, овощты ауыл. – Сiздердiң есiктерiңiздiң алдында өсiп тұрған помидор мен қияр, үйдiң сыртында өсiп жататын капуста мен картоп сияқты көкөнiстердi бiздiң Якутияға iрiтпей-шiрiтпей жеткiзу үшiн қанша күш керек екенiн жақсы сезген боларсыздар. Само лет аспанда құсша ұшып, Ленаның үстiнде кемелер шағалаша қалқып жатқанмен, жол азабы деген баршылық. Оның үстiне көкөнiс жарықтық бiздiң ауылымыздың алыс екенiн ескерiп бүлiнбей тұра тұрмайды, көзден сәл таса қалса, түрi бұзылып, шiри жөнеледi. Сондықтан қанша қиын болса да өзiмiзде өскен көкөнiс үшiн өте тиiмдi, – дедi әрi жол бастаушы, әрi мiнген машинамыздың жүргiзушiсi болып келе жатқан Иван Ивано вич Брызгалов. – Сол үшiн де бұл мәселемен сонау қырқыншы жылдардың басында айналыса бастаған болатынбыз. Ол заманда мәңгi тоңға көкөнiс өсiремiз деу бос әурешiлiк деген ұғым мықтап орын алған. Бiрақ мәселенiң энтузиастары алған бетiнен қайтқан жоқ. Бiзде бүкiл Якутия жерiнiн Мичуринi аталған М.Г. Егоров дейтiн кiсi болды. Сол ардақты азамат өзiнiң тынымсыз еңбегiнiң арқасында талай-талай асығыс жасалған қағидалар мен болжам дарды жоққа шығарып, көкөнiс тұрмақ, жемiс ағаштарының да бiрнеше түрiн өсiрiп шығарды. Сауатсыз, агрономиядан алған жүйелi бiлiмi жоқ қарапайым шаруа қырқыншы жылдардың аяғында Якутияда жер шаруашылығымен айналысушылардың
арасында тұңғыш рет СССР Мемлекеттiк сыйлығының лауреа ты атанды. Қазiргi бет алып келе жатқан бағытымыз – сол кiсiнiң шәкiрттерiнiң ауылы. Екатерина Иннокентьевна Новогородова жөнiнде бiз мадақтаулы сөздерге әбден қанықпыз. Ол – СССР Жоғарғы Советiнiң соңғы екi шақырылуында үздiксiз депутат, көкөнiс жөнiндегi бригаданың жетекшiсi, мол өнiм алу жөнiндегi рекордтың бәрiнiң иесi. Бiрақ сол кiсiнiң өзiмен кездескенде бұл есiткенiмiздiң бәрiнiң әлi толық сипаттама емес екенiне көзiмiз жеттi. УАЗ жеңiл машинасын ұршықтай иiрiп айдап келiп, бiздi ауыл сыртында қарсы алған кiсiнiң Якутияның ойлы-қырлы, батпақты жерiнде машинаның тiзгiнiн берiк ұстап жүргенiн көргенде, техниканың тетiгiн жете меңгерген адам екенiн бiрден сезе қоясың. Аяқта сап тама етiк, үстiне ықшамды жұмыс киiмiн киген. – Қане, жүрiңiздер, бiздiң бақшаға барайық, – дедi Екатерина Иннокентьевна өзiнiң жеке меншiк машинасының рулiне оты рып жатып. – Сөзбен айтып түсiндiрiп жатқанша, көзбен көрген көп артық емес пе. Бiз қыстақтың шетiн аралап жүрiп келемiз. Қазақстанның оңтүстiгiнде өмiрге келiп, балалық шағымды бау-бақшаның арасында өткiзген мен үшiн көкөнiс өсетiн жердiң ыңғайы ай дан анық. Ол – су бiртегiс тарайтын ойпаңдау жер немесе жазықтық болу керек. Ал мына келе жатқан маңымызда ондай жер көрiнбейдi. Ойпаң жердiң бәрi көлшiк, жазықтық, батпақ, одан ары сыңсып тұрған орман. Осыны ойлап келе жатып ауыл сыртындағы биiктеу маңға көтерiлгенде, дәл осындай жерден көкөнiс көрермiн деген ойдан мүлде аулақ болатынмын. Бiрақ кателесiппiн. Нақ сол қырқаның үстiнде помидор өсiп тұр. – Мәңгi тоңның сырына қанықсыздар. Ал көкөнiстiң қар жаумақ түгiлi, қырау тұрса қылжия қалатынын және жақсы бiлесiздер. Сондықтан бiз егiстiк жер iздегенде мәңгi тоңнан жоғарылау жатқан, ылғалынан гөрi, бойында жылуы молдау қыратты жерлердi iздеймiз. Қырат дегенмен, қыраттың бәрiне көкөнiс еге беруге болмайды. Оның да күннiң сәулесi молдау түсетiн, мәңгi тоңның тереңiректе жатқан тұсын тауып алуы мыз керек. Сонан соңғы қаупiмiз – жаңбыр. Сiздерде егiстiкке су
жетпей машақатқа түсiрiп жатса, бiзде ылғалдың молдығы азап. Аспаннан тамған тамшы нөсерге айналып кетсе, егiстiктiң түгел бүлiнiп, бар еңбектiң зая кеткенi. Осы қауiптерден құтылу үшiн парник жасай бастадық. Оны да көрерсiздер. Иә, мәңгi тоңның үстiнде помидор өсiру оңай жұмыс емес екенiне көзiмiз жетiп тұр. Сол қиыншылыққа қарамай, аудан мен Якутск тұрғындарын аз да болса көкөнiспен қамтамасыз етiп жүрген азаматтардың еңбегi ерен еңбек, Екатерина Иннокентьевнаның омырауындағы Алтын жұлдыз – маңдай тердiң қайтқан қарымтасы. Осы бригаданың әрбiр гектар жерден 500 центнерден капуста, 450 центнерге жуық помидор өнiмiн алуы да үлкен табыс. Парник шаруашылығын ендi ғана қолға алған екен, дегенмен алынып жатқан өнiм мол. Тек мұның да та лап етер еңбегi көп. Басқасын былай қойғанда, парниктiң iшiндегi топырақтың өзiн басқа жақтан алып келiп, жылу мәселесiн мықтап кадағалау керек. Немесе жылу күшейiп кетсе тоң еридi де, парниктiң орны көлге айналатыны айдан анық. Дегенмен Якутияның өз көкөнiсi бар, мәңгi тоңның үстiнде помидор гүлдеп тұр... Якутск қаласынан сапарға шыққанымызда меңзеген тұсымыз – Чурапча ауданы екенiн жоғарыда айтқан болатынмын. Меңзеген жерге жете алмай жолда қалғанымыз үшiн мен онша өкiне қойғаным жоқ – халық Батыры Манчарының, Ұлы Отан соғысының Батыры Федор Поповтың, қазiргi заманымыздың Еңбек Ерi Екатерина Новгородованың ауылдарымен танысып, өмiр жолдарына қаныққанымның өзi ғанибет емес пе. Бiзге түрлi көрiнетiн талай нәрсенiң сырын бiлдiм – тоң үстiнде картоп гүлдеп, помидор өседi екен. Бұрын бидай өседi дегенге таң қалып жүрсек, жаңсақтық жасаппыз. Көкөнiс те өсе бередi екен. Әрине, бабын тапсаң ғана. Әйтпесе... Қайтар жолда уақытты бос өткiзбеу үшiн көргендi емес, көрмегендi әңгiме еттiк. Менiң ойымнан шықпай қойған нәрсе – Чу рапча. Якут достарым ең алдымен, көлiктiң тiзгiнiн солай қарай бұрған соң, бұның тегiн емес екенi белгiлi. Ендi, ең болмаса соның сырына қанғым келдi. Сондықтан: – Ал, ағайындар, бiз жете алмай қайтқан Чурапча ауданының не қасиетi бар? – деп сұрадым.
– Ең алдымен, бiзде Чурапчаны жетi төбеге орналасқан село деп атайды. Мен iшiмнен: «бiздегi жетi жолдың торабы» деген сөз болды ғой деп қойдым. Екiншiден, осы село – якут халқының көптеген ардагер ұлдарының отаны. Мәселен, осы селоның түлегi П.Н. Сокольни ков 1898 жылы Москва университетiнiң медицина факультетiн бiтiрген. Дәрiгерлiк бiлiм алған соң наслегiне қайта оралып, осы улуста бiрнеше емхана ашқан. Сол кiсi өз заманының озат ойшы лы Лев Николаевич Толстоймен таныс болыпты, үзбей хат жа зысып тұрған. Осы селоның екiншi бiр түлегi Семен Андреевич Новгородов – Петербург университетiн бiтiрген ғалым-лингвист. Ол – 1917 жылы тұңғыш якут әлiппесiн құрастырған азамат. Үшiншiден, Чурапча селосының Якутиядағы революциялық қозғалыс пен совет өкiметiн орнату жолындағы атқарған қызметi ересен. Орталық Ресейден кашықта жатқан аймақта ұйымдасқан тұңғыш революциялық үйiрменiң бiрi осында болатын. Сол үйiрме гектограф арқылы өздерiнiң «Айдаудағылар үнi» («Вест ник ссылки»), «Жылдам хабар» («Летучий листок») деп аталатын журналдарын шығарып отырды. Чурапчалықтар өз улусында ең алғашқылардың бiрi болып 1918 жылы совет өкiметiн орнатты. Сол жеңiстiң ықпалы қалған улустарға да тарап жатты. Мәселен, 1921 жылдың апрель айында он улустың партияда жоқ кедей шаруаларының конференция сы дәл осы селода өткен. Конференция делегаттары В.И. Ленин ге телеграмма жолдады. В.И. Лениннiң конференция делегат тарына жолдаған жауап телеграммасында былай деген сөздер бар едi: «Патшалық езгiден арылып, топондардың құрсауынан құтылған якут еңбекшi бұқарасының санасы оянады, сөйтiп, орыс жұмысшылары мен шаруаларының көмегiне сүйенiп, еңбекшi бұқара өкiметiн нығайта түсудiң жолына бiржола көшедi». Азамат соғысы жылдары чурапчалықтар совет өкiметiнiң жеңiсi жолында жанқиярлықпен күрестi. Қазiр тарихта «Чу рапча трагедиясы» деп аталатын оқиға бүкiл республи ка жұртшылығына белгiлi. Ол былай болған едi. Уақытша билiктi қолына қайта алған контрреволюцияшыл ақ бандиттер
чурапчалық елу шаруаны тұтқынға алып, жаңа өкiметтен бас тартуын талап етедi. Шаруалардың алдына қойылған шарт бiреуақ болатын: совет өкiметiнен бас тарту немесе өлiмге басын қию. Өмiрмен оп-оңай қоштаса қою кiмге де болса оңай нәрсе емес. Ақтық демi шыққанша өмiр үшiн арпалысу керек, күресу керек. Ал мына шаруалардың ондай мүмкiншiлiгi жоқ – бейбiт еңбек адамдары. Оның үстiне тұтқында отыр. Бiрақ шаруалар совет өкiметiнен бас тартпады. Өздерiне бостандық алып берген жаңа өкiметтен бас тартқанша, өмiрмен қоштасқандарын мақұл көрдi. Солай деп жариялады шешiмдерiн. Бандиттер мұндай шешiм болар деп ойламаған. Олар шаруаларды өз жағына шығарып алып, басқа наслегтарға үлгi етпек едi. Арам ойлары iске аспай қалған бандиттер шаруаларды аямай дүрелейдi. Олар сол шаруаны сүйектерi сынып, еттерi борша-борша болғанша соққылаған. Бiрақ олардың өзi де халық кекшiлерiнiң жазасынан құтыла ал мады. Охотск қаласына қарай қашып бара жатқан жолда түгел жойылды. Осы күресте халық кекшiлерiне жетекшiлiк жасаған азаматтар – азамат соғысының батыры Н.Д. Субурусский мен С.С. Яков лев болатын. Қазiр Чурапча селосының орталығында сол трагедияның құрбандарына қойылған сәулеттi ескерткiш бар. Село қазiргi кезде сәулет пен дәулетке бөленген аудан орталығы. Осы селоның көптеген түлектерi республиканың әйгiлi азаматтары – ғылым кандидаттары мен докторлары, артистер мен жазушылар, Социалистiк Еңбек Ерлерi, Чурапчаның атын, әсiресе әлемге кең жайған спортшылар. Солардың көбi – iрi-iрi жарыстарға қатысып, жүлдеге ие болғандар. Жүлдегерлердiң арасында Совет Одағының чемпиондары, Әлем чемпионаты мен олимпиадалық ойындардың чемпиондары бар. Спорттың әсiресе кең тараған түрлерi – күрес, бокс, ауыр атлетика, теннис... Күрес пен бокстан республикалық шеберлiк мектептерi осында орналасқан... Бiз бiраз жерге дейiн үнсiз жүрдiк. Сонан соң мен: – Сiздер әлгiнде С.С. Яковлев жөнiнде айттыңыздар. Сол кәдiмгi Эрилик Эристин дейтiн атпен якут әдебиетiнiң класси-
гiне айналған жазушы С.С. Яковлев пе не әлде басқа бiр кiсi ме? – дедiм. – Соның дәл өзi. Ол туралы бiлетiн бе едiң? – деп сұрады айдаушымыз Софрон Иванов. – Әрине, бiледi, деп мен үшiн жауапты Моисей бердi. – Қалай бiлмесiн. Бұл өмiрге келген кезде Эрилик Эристин осылардың ауылында жүрген жоқ па едi. Иә, мен Эрилик Эристиндi бiлемiн. Кiтаптарын оқығанмын, өмiр жолымен таныспын. Нағыз жалынды күрескердiң өмiрi, ақтық демi бiткенше өмiр үшiн күресiп, ел үшiн қызмет ете бiлген азамат. Дегенмен басынан бастайыншы... С.С. Яковлев – революция жолын көзi ашық якуттардың ара сында алғаш рет таңдап алғандардың бiрi. Ол совет өкiметiн ор нату жолында аянбай қызмет еттi. Соңынан сырын байқатпай iшке кiрiп алған халық жауларының кесiрiнен талай рет азап шектi. Тек ол қалың бұқараға еңбек етуден тайған жоқ, қай салаға жұмсаса, сол салада адал қызмет етумен болды. Жазушылық жо лын жалғастыра бердi. Бiздiң кең байтақ отанымызды аралап, туысқан халықтар өмiрiнен «Революция ұландары», «Толқу» атты романдар жазды. Өмiрiнiң соңғы жылдары азамат соғысында алғаш жарақаттары асқындап, төсек тартып жатып қалды. Екi көзi бiрдей көруден қалды. Бiрақ ол творчествосын жалғастыра бердi. Осылай жатып «Марыкчан ұландары» атты романын жа зып бiтiрдi. Бұл шығармасын ол өзiнiң Ұлы Отан соғысы жылда ры жеңiске қосқан үлесiм деп есептедi. Сөйтiп, Якут әдебиетiнiң классигi ақтық демi бiткенше туған халқына қызмет етумен бол ды. Солтүстiк Мұзды мұхит... Бар өмiрлерiн жаңа жерлердi зерттеуге бағыштаған бiлiктi теңiзшiлердiң арасында осы бiр жер шарының солтүстiктегi ең жоғарғы нүктесi – Солтүстiк полюсті қоршап жатқан мұхитты бiр көрiп, соның мұзды суында кеме жүргiзудi арман етпегенi жоқ шығар. Ал осы бiр қаһары қатты, аты аталса, кез келген адамның құлағын елең еткiзетiн, мұз басып жатқан алып өлкенi зерттеу мен халық игiлiгiне айналдыру мәселесiнде Якутия жерiнiң қосқан
өзiндiк үлесi мол. Мұзды мұхитты зерттеушiлердiң бiрқатары алғаш осында келiп, жол қамын жасап алып, сонан соң ғана солтүстiкке қарай бет алған. Нақ қазiргi кездiң өзiнде жаздың дәл ортасында материк жалғауларына жалғасып жатқан теңiздерiнiң бетiнен сең айырылмай жататын Мұзды мұхит жағалауларының бiраз шамасы Якутия жерiмен шектесiп жатыр. Таймыр түбегiнiң iргесiнен бастап сонау шығыстағы Колыма өзенiне дейiнгi аралық осы республиканың иелiгiнде. Мұхитқа құйып жатқан Анабар, Оленек, Лена, Индигирка, Яна өзендерi – Якутияның меншiктi өзендерi. Егер жолы түсе қалса, Мұзды мұхитты бiр көрiп қайтудан бас тарта қоятын адам табыла қоймас. Якутия Жазушылар одағында бiздiң сапарымыз жөнiнде әңгiме басталғанда: – Елiмiз бен жерiмiздi түгел көрсетiп жатқан соң сенен Мұзды мұхитты жасырып қалмай-ақ қояйық. Бұл жолы Солтүстiк Мұзды мұхиттың жағасына барып, Индигирка балықшыларымен, тундрадағы аңшылармен, бұғышылармен танысып қайт. Якутия жөнiндегi кiтабыңды қайдам, ал алған әсерiң толық болсын, – де ген Сафрон Петрович Данилов әзiл-шынын араластырып. – Өткен жолы келгенде Жиганск маңында күннiң көзi екi-үш сағатқа батып кеткенiне ренжiп қайтқан сияқты едiң ғой. Бұл жолы тәулiктiң жиырма төрт сағаты бойы күн сенiң орбитаңнан шықпай жүредi. Ұйқыны ауылыңа барған соң қандырып аларсың, ал онда барған соң ұйықтаймын деп әуре болма, түн дегендi Якутскiге келген соң бiрақ көресiң. Сондықтан мықтап тұрып тынығып ал, – деген Иван Федосеев. – Күн жиырма төрт сағат түгiлi, қырық сегiз сағат бойы шақшиып төбеде тұратын болса да барамын, – дегенмiн мен. – Онда жолға дайындалайық, – деп Николай Винокуров ор нынан көтерiлдi. – Тек жылы киiм алуды ұмытпаңыз. Кеше хабарласқанмын Аллайхпен, ауа райы кәдiмгiсiнен жылы емес дейдi. Оңтүстiктен қонақ келедi деп үгiттесе де көндiре алмай жатқан көрiнедi жергiлiктi жолдастар. Тоңып бара жатса, ыстық жүрегiмiзбен жылытамыз, қорықпай-ақ қойсын дедi. – Әй, Николай, – дедiм мен. – Осы сен менi «қорқытақорқыта батыр қып» алған жоқпысың. Сен қорқытқан сайын
мен өршелене түсемiн. Қасарысқанда жейдешең кетсем бе екен Мұзды мұхиттың жағасына. – Ойбай, қойдым, Қалеке, – дедi Николай. – Дегенмен киiм жағын ойланайық. Көңiлге қонатын кеңестен бас тарту ессiздiкпен тең емес пе? Кеңестi кабыл алдық. – Алматының суық күзiнде киетiн киiмдi қол дорбаға салдық. Бiздiң бұл жолғы жетекшiмiз – Николай. Моисей аэропорттан шығарып салып тұрып: – Мен осы кезге дейiн сенен Қиыр Солтүстiктiң бiр сырын жасырып келiп едiм. Оны да айтайын: Чокурдах, Черский поселкелерінен Москваға самолет тiке ұшады! – дедi жымиып. – Не дейсiң? – дедiм мен есiме солтүстiк аудандардың басқа қалалармен транспорт байланысының өте нашар екенi есiме түсiп, Моисейдiң айтқанына сенгiм келмей. – Москва-Чокурдах дейтiн рейс бар. – Жолаушылар таситын рейс пе? – Иә, үлкен самолеттер, кәдiмгi әуе лайнерлерi. Сондай само леттер сенiң ауылыңа қарай да ұшып жатады. Тек олар жолау шы емес, көкөнiс тасиды. Сен абайла, сол жақтан ауылыңа тiке тартып кетiп жүрме. Бұл құпияны осы кезге дейiн сақтап келiп, амалсыз айтып тұрғанымның себебi де осы. – Э-э, бауырым, – дедiм мен. – Қауiптенбей-ақ қой, еш жаққа кетпеймiн. Қайта оралам. Көргенiмнен көрмегенiм көп. Сен жасырсаң да бәрiбiр көрсетуге мәжбүр боласың. Бiз аспанға көтерiлдiк. Ұшып келемiз. Бiр кезде Николай: – Верхоянскiнiң үстiнен өтiп барамыз, – дедi. Мен орнымнан қарғып тұрдым. Түрiм сыртқа жүргiрiп шығатын кiсiнiң кейпiндей болса керек, қасымыздағы жолау шылар елең ете қалды. Сонда барып аспанда жүргенiмiз есiме түстi. Дегенмен менi де кешiруге болатын шығар, жер атты планетамыздың адам аяқ басып, өмiр сүретiн аймақтарының iшiндегi ең суық нүктесi деп есептелетiн қаланың үстiнен өтiп бара жатқанымыз жоқ па? Мына жолаушылар ғой жылда не месе апта сайын көрiп жүрген шығар, ал мен өмiрiмде тұңғыш рет келiп тұрмын. Не керек, мен ендi орныма қайта отырып, иллюминаторға жармастым, бiрақ төменде көрiнiп жатқан қала
жоқ. Бар болғаны бiрнеше ағаш үй мен үш-төрт құрылыстың кейпi көрiнедi. Көршiлерiмнен кешiрiм сұрап, самолеттiң екiншi жақтауынан қарасам және әлгiдей бес-алты үй. – Оу, Николай, әлгi Верхоянск қайда? – Қайдаңыз не? Анау төменде жатқан жоқ па? – Ана көрiнген төрт-бес үй ме? – Бiрiншiден, төрт-бесеу емес, екiншiден, бiздiң солтүстiктен сiз жып-жинақы боп жатқан Қостанай мен Петропавлды iздемеңiз. – Солай екен-ау, – дедiм мен жайғасып отырып жатып. Сол кезде барып менiң есiме Верхоянск Моисейдiң туған қаласы екенi орала кеттi. Iшiмнен досымнан кешiрiм сұрап отырмын: «Кешiре көр, Моисей, мен сенiң туған қалаңмен кездесуге дайын емес едiм, бiр сәтке солтүстiктiң жағдайын естен шығарып алып пын. Оның үстiне мен сонау бала кезiмнен бастап бұл өлкедегi қалалардың iшiнен ең алдымен Верхоянскiнi бiлетiнiмдi ұмытпа. География сабағында дүние жүзiндегi ең суық жер – Верхоянск деп түсiндiретiн. Якутия жерiне алғаш қадам басқан күнiме дейiн мен осы ойдан айныған емеспiн. Тек сендердiң елдерiңе келiп, жер жағдайымен танысқан соң барып ең суық аймақ Оймякон маңы екенiн бiлдiм. Осылай едi, достым. Кешiре гөр менi». Бiз Аллайх ауданының орталығы – Чокурдах (Шақпақ тас) поселкесiне ұшып келдiк. Аэропортта ауданның конақжай бас шылары – аудандық партия комитетiнiң екiншi секретары Гри цавко Анатолий Степанович, аудандық атқару комитетiнiң председателi Федоров Николай Алексеевич, аудандық га зет редакторы Рожиеча Христина Иннокентьевна жолдастар қарсы алып, қонақүйге алып келдi. Жөн сұрасып, танысыпбiлiскенiмiзше сағат түнгi он екi болған екен. Мұны айтып тұрған сағат тiлi, айналаға көз салсақ – күн әлi бесiннен аумаған сияқты. Аудан басшыларымен қоштасқан соң ұйқының жуық арада бiздiң төңiрегiмiздi маңайлай қоймайтынын сездiк те, көшеге қайта шығып, поселкемен танысуға ниет жасадық. Көшеде жүрген адамның жоқтығы болмаса айнала жап-жарық, күн шақшайып тұр. Индигирканың үстiнен көтерiлген шағалалар поселке 12-270
үйлерiнiң шаңырағына қонақтап отыр (Алғашында бiз оларды асыранды үйрек деп түсiнгенбiз. Өйткенi өте үлкен, бiз көрiп жүрген шағалаларға тiптен ұқсамайды. Жергiлiктi жолдастардың тәптiштеп түсiндiруiнен кейiн де әрең-әрең сендiк). Поселкенiң «түнгi» бейнесiмен танысып, Индигирканың бойына бардық. Ағысы қатты, суы өте салқын солтүстiк өзенi. Ызғары балақжеңнен кiрiп, дененi қарып тұр. Су бетiнде шағалалар шарықтап жүр. Бiр кезде өзен жағасында жүрген екi-үш баланы көрiп, қасымдағы Николай Винокуровқа: – О, мына балалар қалай ұйықтамай тұр? – десем ол: – Қыстың күнi ұйқысын қандырып алған ғой? – деп жауап бердi. – Не дейсiң?! – Ендi не дейiн, қыста бұл аймақта тәулiк бойы күннiң көзi көрiнбей, тек қана түн жамылып тұратынын бiлесiз ғой, сол кезде жат та ұйықтай бер, ұйықтай бер... – Ой, қойшы, қайдағыны соқпай... Онда жүрiңiздер, бiз де бiраз көз шырымын алайық. Күн бәрiбiр батпайды, бөлменiң терезелерiндегi торды түсiрiп, түндi қолдан жасармыз. Ертең сапар шегетiн жолымыз бiраз жер, оның үстiне вертолетпен ұшамыз. Қайтып оралған соң балықшыларға барамыз. Николайдың айтқан ұсынысын қабыл алдық. Санаға салсаң, оның айтып тұрғаны дұп-дұрыс, ертең де жол бар. Ал көңiлге сол ұсыныс онша қоныңқырамай тұр, бiр тәулiкке жетер-жетпес мезгiлде көрген жаңалықтардың бәрiн қорытып үлгiре алмай жатыр. Әлгiнде ғана өзеннiң бойында көрген тамашаларымыз бiр төбе. Қонақжайға келiп қисайғанмен, осыларды ойлап бiраз у-ду болдық. Сонан соң әркiм өз ойымен өзi болып кеттi: бiреу ұйқыда, бiреу шала ұйқыда, ал солтүстiкке тұңғыш рет аяқ ба сып тұрған мен болсам, кiрпiгiмдi жаба алатын емеспiн. Әлгiнде көргендердiң бәрi бiрiнен соң бiрi тiзбектелiп өтiп жатыр. Әсiресе әлгiндегi үлкен шағалаларды көргенде есiме қызғылт шағалалар (розовые чайки) туралы әңгiмелер орала кеткен. Иә, иә, ақ шағала емес, қызғылт шағалалар. Бұл шағалалар туралы әңгiменi Якутскiде есiткенмiн. Бiздiң
Солтүстiкке қарай шегетiн сапарымыздың бағыты белгiлене сала-ақ, сондағы достарым маған қызғылт шағалаға кездесудi тiлеген. Айтпақшы, алдымен олар маған ақ тырнамен – стерхпен (белые журавли) кездесудi тiлеп едi. Стерх туралы бұрын талай есiткенмiн. Тiптен Алматыдағы менiң үйiмнiң бiр қабырғасында Якут суретшiсi Собакиннiң «Билеп жүрген тырналар» атты карти насы iлулi тұр. Оны маған «Хотугу сулус» журналының коллективi сыйға тартқан «Полярная звезда» журналынан И. Гогелевтің «Қара стерх» атты романын оқығанмын. Ал сол ақ тырналардың атын естiсем де өзiн көрмегенмiн, қызғылт шағалалар туралы мүлде естiген емес едiм. Чокурдахқа келген соң сол тақырып қайта жаңғырған. – Сiз өткен жолы ақ тырналар мекендейдi-ау деп жобалана тын тұстың үстiнен ұшып өттiңiз ғой, – дедi қалған достарым. Мен иығымды бiр қозғадым да қойдым. – Ұшуын ұштым-ау, тек оларды самолеттiң iшiнде отырып байқай қою қиын ғой. Мен тайга iшiнде жаяу да жүрiп көрдiм, тек сендердiң соқпақ жолдарыңмен онша ұзаққа бара алмайсың. – Оныңыз да дұрыс. Оның үстiне ақ тырналар тайгада емес, тундраны мекендейдi. Оны көрген адамдардың да саны санаулы-ақ, – деп менiң сөзiмдi қостап қойды достарым. – Ал билеп жүрген тырналарды көру тiптен қиын. Ондай бақытты адамдардың есiмiн есiткен емеспiз. Шынын айтқанда, ол мүмкiн емес секiлдi. Өйткенi ақ тырналар жақындап келе жатқан адам ды бес километр жерден байқайды да ұшып кетедi. Ал осындай қашықтықтан олардың не iстеп жүргенiн сезу қиын. – Мен сол тырналардың билеп жүргенiн көруден мүлде бас тартар едiм, – дедi әңгiмеге араласып отырғандардың бiрi. – Менiң де көргiм келмейдi, – дедi Николай Федоров – Неге? – дедiм мен жан-жағыма қарап. – Әлде бiр құпия сыры бар ма? – Әрине. – Ол не тағы? – Ақ тырнаның биiн көрген адам өмiр бойы бақытты өтедi екен. – Онда тiптен тамаша емес пе.
– Солайы солай-ау, тек сол бидi көрмек болып әдейi iздеген адам ақ тырнаға кездесе алмаса – бақытсыздыққа ұшырайтын көрiнедi. – Демек, алмақтың да салмағы бар десейшi... Қайсысын қаларыңды бiлмей есiң шығады екен ғой... Бақытты даладан iздеймiн деп жүрiп барыңнан айырылып қалғанша, өз сыбағаңа қанағат еткен мақұл болды ғой. – Дәл солай, – дедi әңгiменiң тiзгiнiн ұстап отырған кiсiлер. Бiраз үнсiздiктен кейiн: – Бiздiң елде де дала кезiп жүретiн бақыт иесiне байланысты аңыз бар, – дедiм мен. – Оның атын Қыдыр деп атайды. Сол кiсi ешкiмнiң көзiне көрiнбей, дала кезiп жүретiн көрiнедi. Ал ай далада кездесiп қалса, сол мезгiлде ұстай алып, болашақ өмiрiң туралы айтатын арманыңды алдына жайып салуға мiндеттiсiң. Кешiгуге болмайды. Танымай қалсаң – өкiнiшiңнiң орны тол майды. – Сiздердiң қыдырларыңыздың зияны жоқ екен. Бiрақ сiздердiң ұшы-қиыры жоқ далаларыңызда Қыдырға кездесiп қалудың өзi де қиын шығар. Оның үстiне бiздiң тырналар сияқты бiр топ емес, жалғыз ғана кiсi... – Ақ тырналар қай жақты мекендейдi? – деп мен Николайдың сөзiн бөлiп жiбердiм. Әйтпесе ол арғы жағын әзiлге айналдырып барады. – Орнитологтардың айтуына қарағанда, негiзгi мекендерi – бiздiң тундра. Қазiргi кезде бүкiл планетада үш жүз-төрт жүз жұп қана ақ тырна қалған көрiнедi. – Сонда менiң ақ тырнамен сәлемдессем деген арманым бiр мая шөпке түсiп кеткен иненi iздеумен бiрдей болды ғой? – Одан да қиын болмаса, оңай емес. – Онда сәлемдесудi кейiнге қалдыра тұрайық. Сендердiң уақыттарыңды босқа алмайын. Кейiн жеке келгенде бiр iздеп көрермiн. Тек сонда шатасып кетпеу үшiн түрi-түсiн меңзеп берiңдершi. – Сирақтары мен тұмсықтары қызыл, өзi қардай аппақ, тек қанаттарының ұшында ғана қара меңi болады. Табиғат осы тек бiр ақ құстарды өте сымбатты етiп жаратыпты. Iнi сыңғырлап ерекше естiледi. Ал жалпы болмысы – кәдiмгi тырналарға ұқсас.
Ақ тырна жөнiнде бұдан артық ештеме бiле алмайтыныма көзiм жеткен соң Якут жерiн мекендейтiн басқа жануарлар мен құстар туралы есiткендерiмдi ойға ала бастадым. Индигирка өзенi Лабинкыр көлiнен басталады. Ол Черский қыраттарының оңтүстiгiн ала таудың арасына орналасқан суы терең көл. Жер бетiндегi ең суық нүкте деп есептелетiн Оймяконның оңтүстiгiнде осы көлде шотландиядағы Лох-Несс көлiнiң бүкiл дүние жүзiн шулатып жүрген белгiсiз мақұлығының Якутиялық варианты бар көрiнедi. Осы есiме түскенде: – Мен бiр журналдан сендердiң Лабынкыр деп аталатын көлдерiңде әлi аты әлемге белгiсiз бiр мақұлық бар деген хабарды көзiм шалып қалған секiлдi едi, – дедiм. – Сонымен, кездесiп кеткiң келiп тұр ма? – дедi Николай Фе доров. Бетiнде әзiл-оспақтың ешқандай iзi байқалмайды. Сонан соң серiктерiне қарап: «көрсетемiз бе?» дедi. – Несi бар, көрсетейiк, – дедi серiктерi Федоровты қолдап. – Тек сол құрғырдың түрi тiптен қорқынышты, ұсқыны жаман едi, қонағымызды қорқытып алып жүрмесек. – Мен осы сапарға шыққанда ешнәрсеге таңданбауға белiмдi бекем буып шыққан кiсiмiн. Қорықпауға да келiскенмiн, – дедiм. Ал iшiмнен осы бiр жұмбақтың сыры әлдеқашан шешiлiп калған екен ғой деп отырмын. Сондықтан жiгiттердiң әзiлiн қолдап: – Қарсы келiп қалсақ, құшақтаспасақ та қол берiп амандасуға дайынмын, – дедiм. Бәрiмiз күлiп жiбердiк. – Қазiрше бiз оны ешбiр жанның көзiне көрсетпей өсiрiп жа тырмыз. Көрсетуге кiшiрек болып тұр. Ал шотландықтардың монстры есейiп қалса керек. Қазiрше жұрт соны көре тұрсын. Әрине, егер таба алса. Ал бiздiң көлде бары рас. Солай дейдi аңыз. Жағаға бiр шығар, әйтеуiр. Сол кезде бiрге көремiз. Сенi арнайы шақырамыз. – Қызғылт түстi шағаланы көрдiм. Өз көзiммен көрдiм. Әлгi бiздiң Индигирка бойына жасаған түнгi сапарымыз кезiнде көрдiм. Бұрын оқыған кiтаптарым бойынша оның осы маңды мекендейтiнiн бiлемiн. Бiрақ көзге түсе бермейдi. Осы мекеннiң
өзiнде көрудiң өзi мұң сол шағаланы. Кiм бiледi, мен үшiн бiр сәтi түскен iс болған шығар, қызғылт шағалаға кездестiм. Мен қызғылт шағаланы көргенде оның әсемдiгiн бейнелеп айтатын сөз таба алмай қалдым. Бар тапқаным Илья Сельвинскийдiң өлеңдерiн күбiрлеп айту ғана болды. Сол өлеңнiң жолдары қалай едi? Розовые чайки над багровым морем, Где звучит прибой, Вьются и бросают перекрики зорям Золотой гурьбой. А внизу белугу волны колыхают Пеной опестря, И на белом брюхе пятна полыхают Алого костра. Ақын шағаланы күн батар мезгiлде көрсе керек, сол кезде оның қандай әсем болып көрiнгенiн айтып жеткiзу қиын – өлең жолынан байқап тұрсыз. Ал мен көрген кез түн болатын, тек төбемiзде күн күлiмсiреп тұрған түн едi. Соңынан маған осының өзiне шүкiршiлiк етiңiз деп кеңес бердi. Өйткенi қызғылт шағаланы солтүстiктi мекендеген жандардың өзiнiң iлуде бiреуi байқап қалатын керiнедi, ал Чокур дах тұрғындарының көбi атын ғана есiткен. Бұл да болса менiң сапарымның сәттiлiгi шығар.... Қызғылт шағаланы тұңғыш рет ашқан кiсi – поляр зерттеушiсi ағылшын Росс. Бұл 1823 жылы болатан. Росстың хабары орнито логтар мен поляр зерттеушiлерiн бiр дүрлiктiредi. Хабар тарай сала-ақ бiрнеше экспедиция сапарға шықты. Бәрiнiң мақсаты әлгi ерекше шағаланы тауып, соны зерттеу болатын. Нансеннiң ең үлкен армандарының бiрi – осы шағаланы бiр көру болыпты де ген сөз бар. Ғалым ақыры мақсатына жетiптi. «Фрам» кемесiмен жүзiп жүрген кезiнде қызғылт шағалаға кездеседi. Осыдан жиырма бес жыл өткен соң, 1905 жылы, орыс ғалымы Бутурлин Колыма өзенiнiң атырауындағы Якут тундрасынан
қызғылт шағалалардың мекенiн тапқан. Осы кезде барып ерекше құстардың қыс мезгiлiнде Солтүстiкке ұшып кететiнi анықталған. Ал олардың қыстың күнгi өмiрi дәл бүгiнгi күнге дейiн ғылымға белгiсiз – зерттеп бiлген ешкiм жоқ. Оны Арктикадағы мүлгiп жатқан поляр түнiнде зерттемек түгiлi, бiр рет көрiп қалған адам өзiн бақытты санайды екен. Мына бiр жазулар соның айғағы бол са керек. Ағылшын ғалымы Росс қызғылт шағаланы Солтүстiк Канададағы Меллвил түбегiнде атып алған. Жалғыз данасы осылай қолға түскен. «...Мойнында сақина секiлдi қара түстi меңi бар шағала... топ тана ұшып бара жатқан шағалалардан сәл шеттеу кетiп барады. Ол дене көлемi мен қызыл табандарына қарағанда, ана туыстары нан айнымайды, ептеп жiтi қарасаң, тұмсығы мен құйрығында айырмашылық бар, ал көкiрек тұсындағы жүндерi қызғылт тар тып, ерекше көрiнедi...» Қызғылт шағаланың түрi-түсi қағазға тұңғыш рет осылай түстi. Ал Фритьоф Нансен былай деп жазыпты: «Бүгiн менiң көптен бергi арманым iске асты – бiр күннiң iшiнде Росс шағаласының үшеуiн атып алдым. Осы бiр қайдан келiп, қайда кететiнi беймәлiм, адам баласының көзiне кездейсоқ түсiп қалатын, өзi ешкiмге белгiсiз Солтүстiктiң құпия құсын атып алу менiң көптен бергi негiзгi мақсатымның бiрi едi...» («Фрам» поляр теңiзiнде» атты кiтаптан). Бұл 1894 жылдың 3 август күнi Солтүстiк жерi аралының маңында болған оқиға едi. С.А. Бутурлин қызғылт шағаланы былай деп суреттейдi. «Олардың үнi ерекше, өзге шағалаларға қарағанда әрi жоғары, әрi нәзiк. Көбiнесе ол үн «э-ау», «э-ау» деп естiледi. Шошып кеткендегi үнi – «вя, вя, вя», шамданғанда «мяу» немесе «киву», «киву» деген үн шығарады. Ал өздерiне басқа құстар шабуыл жасай қалса, түрлi-түрлi мақамға салып, «э-дак» деген дауыс шығарады. Солтүстiк жерi аралдарында екi жыл тұрған совет ғалымы өзiнiң қызғылт шағаламен кездесуiн былай деп суреттейдi: «Қызғылт шағалаларды бiр-ақ рет – 1931 жылдың сентябрь ай
ында көрдiк. Домашний аралының маңынан жиырма шақтысы ұшып өтiп барады екен...» Және бiр ғалым Л.И. Леонов өзiнiң «Жоғарғы ендiктерде» деп аталатын кiтабында былай деп жазады: «Мен теңiз жаққа көз салдым да, елестей бейненi көрiп, тұрған орнымнан тапжыла ал май қалдым. Палаткалардан жиырма метр жердегi жарқабақтың маңында көк аспанның астында асыр салып, таңшапағындай қызғылт түстi шағалалар айналып ұшып жүр екен (10 июнь, 1938 жыл)». «Өмiрдiң соңын ала» дейтiн кiтаптың авторы С. Успенский 1956 жылдың июль айында Баннет аралында болған екен. «Осы бiр кездесу менi қуанышқа бөледi деп айту жеткiлiксiз болар едi, дұрысы – есiмнен тандырды. Бұл құстар шынында ерекше, ертегi-аңыздардағы адам баласы көзiне елестете алмайтын түске бөленген гүл секiлдi... Мiне, адам баласы солтүстiктiң осы бiр ерекше құсына осылай кездескен екен. Оны қанша рет iздеп шығып таба алмай, әуресарсаңға түскен ғалымдардың еңбегiн естен шығаруға болмайды. Теңiзшiлер мен поляр зерттеушiлерi үшiн де арман бопты кезде су. Ал мен ше? Жай ғана саяхатшымын. Солтүстiк табиғатының бәрi таңсық көрiнетiн оңтүстiктiң қазағымын. Дегенмен аты аңызға айналған құсты көрдiм. Алғаш көргенде онша таңдана қойған жоқ едiм, ал мына әңгiмелер мен аңыздарды, есiткен сайын оның сыры тереңдей түстi. Осы бiр жұмақ құсы қайдан пайда болды екен? – Сендердiң осы жұмақ құстарың қайдан келген? – деген сұрақты ерiксiз бердiм достарыма. – Оны өзiмiз келтiргенбiз өмiрге. Қан тамырларындағы ай налып жүрген қан – якут қаны. Сондықтан бiздiң өлкеден айналшықтап кетпейтiнi. Солтүстiкке ұшып кеткенмен, қыс өте сала қайта оралады. Ұялайтын жерi де бiздiң өлкеде. – Әзiлдi қойсақ ше? – Әзiлдi қойсақ – мынадай бiр аңызды тыңда. Ерте, ерте, ерте замандарда осы маңда бiр қыз өмiр сүрiптi. Әрине, якут қызы. Ол аса көркем, аса сымбатты екен. Қыз бiр жiгiтке ғашық болыпты... – Ол да якут жiгiтi ғой, – деп сөз қыстырдым мен.
– Әрине, якут жiгiтi. Жiгiт те қызды жанындай жақсы көрген. Якут салты бойынша жiгiт ағаштан сақина жасап, қызға тарту етедi. Бiрақ осы бiр-бiрiне ұмтылған екi жүрек мақсаттарына жете алмайды. Қыздың ата-анасы басқа бiр жiгiтке көз тiгiп, қыздарын соған бермек болады. Осыны есiткенде қыз қайғыға шыдай алмай, сол пәк күйiнде көлге кетiп өлмек болады. Тек ол суға батып кетудiң орнына шағалаға – қызғылт шағалаға айналып кетедi. Ал жiгiт жасап берген ағаш сақина құстың мойнында мең боп қалады... – Мына аңыздарыңа сенетiн болсақ, әлгi жiгiт осы маңның – Солтүстiк Якутияның азаматы болды ғой. – Ол анық. Әйтпесе қызғылт шағалалардың бiздiң тундра да не ақысы бар шарқ ұрып? Олар бiр-бiрiнен алшақ кетпеуге уәделескен болу керек. Бұдан кейiнгi әңгiмелерден бiлгенiм – осы ауданның көлемiнде кызғылт шағалалардың ұялайтын жерi бар көрiнедi. Бiреулердiң айтуы бойынша, ол Чокурдах поселкесiнен алты жүз шақырым жердегi Берелах өзенiнiң жағасында көрiнедi, келесi бiлетiндердiң айтуынша, поселкенiң iргесiнде жатқан Хамсаалах көлiнде көрiнедi. Тек Чокурдахтың айналасында осы аттас көлдер бiрнешеу екен, қайсысына жiп тағарымызды бiлмедiк. Ақыры соңына түсiп жүрiп, оның шамасын бiлген кезде – жол мәселесi көлденең тұра қалды. Жол жоқ. Бiздi жеткiзетiн көлiк жоқ. Мен жiгiттердiң айтқандарына сендiм де, қызғылт шағалаларға «сәлем беруден» бас тарттым. Якут жерiне келiп тұрғаным тұңғыш рет емес, жол жағдайын бiлемiн, оның үстiне қазақтың «буынсыз жерге салған пышақ өтпейдi» деген мақалын да ұмытпаған жөн шығар. Көңiлге медеу болатын және бiр нәрсе – қызғылт шағаланы Индигирканың бойында көрдiм ғой. Ол жалғыз болатын. Мейлi, мен үшiн соның өзi де олжа. Ертеңгiлiк бiз вертолетпен бұғышыларға қарай сапарға аттандық. Поселкеден бiраз ұзап шыққан соң айналаға көз сал сам, ұшы-қиыры жоқ жазық. Сол жазықтың бетiнде бiреу қос уыстап алып шашып жiберген сияқты болып шыпырлап жатқан үлкендi-кiшiлi көлшiктер. Баяғы тайгада көрген тұнып тұрған
орманның елесi де жоқ, тiптен қажет бола қойса, емге табылатын ағаш көрiнбейдi. Оның орнына дөңестеу жерлердiң бауыры мен көлдердiң жағасында ойдым-ойдым болып қар жатыр. Жердi, жолды бағдарлау мүмкiн емес. Төрт жағымыз бiрдей дала мен көл, көл мен дала. Бiрiнен бiрiнiң ешқандай айырмашылығы жоқ. Вертолетшiлер бағдарын приборларға қарап бiлетiн шығар, ал бiз бет алып келе жатқан бригаданың қай тұста екенiн «Аллайх» совхозының басшылары мен аудан басшыларының қалай таба тынына таң қаламын. Бiрақ олар дәл тапты. Бiр жарым сағаттай ұшқан соң бiз бiр көлдiң жағасына тiгiлген жалғыз қостың (чум) қасына келiп қондық. Бiз iздеп келе жаткан Потапов Дмитрий Алексеевич басшылық жасайтын № 1 табын осы екен. Табынның бригадирi – Потапов жолдас мамандығы бойынша зоотехних, үш жылдан берi осы табынды басқарады, қарамағында қос қызметшiсi, қарт әйелдi қосқанда алты адам жұмыс iстейдi. Денi – жастар. Табындағы бұғы саны – екi жарым мың бас. – Бұғы өсiру мәселесi сырт көзге жеңiл көрiнгенмен, шындығына жүгiнсек, өте ауыр жұмыстың бiрi. Бұғыларды қысжаз демей, тәулiк бойы бағуға тура келедi. Бiр сәт көз жазып қалсаң, маңдай терiн төккен бар еңбегiңнiн зая кеткенi. Бiрақ бiз қызметi ауыр, азабы көп екен деп бұғы өсiруден бас тарта алмай мыз. Өйткенi бұғы – тундра мен тайга тұрғындары үшiн өмiрге қажеттiң бәрiн бiр-ақ өтейдi. Етi – тағам, терiсi – киiм, қажетiнде баспана (қостың үстiн жабуды айтамын), мiнсең көлiк, көшсең – жүк тасушы транспорт, сондықтан якут ұғымында Үлкен Аю шоқ жұлдызы (қазақша «Жетi қарақшы» – Қ.Т.) жетi кездi тағы бұғы деп аталады, – деп бастады әңгiмесiн Дмитрий Алексеевич По тапов. – Бұғыларды осы бiздiң табын сияқты етiп табын-табынға бөлiп бағады. Әрбiр табын үшiн арнайы маршруттар жасалып, мына сiздiң ұшы-қиырсыз қең жазық деп тұрған тундраңызды, аймақ-аймаққа бөлiп аламыз. Бұғылардың негiзгi тамағы мүк (олений мох) пен ягель. Бұл жарықтықтар бойы ең биiктегенде сүйемге жетпей жер бетiнде тырбиып өте баяу өсетiн өсiмдiктер. Мәселен, табын әбден таптап кеткен жайылымдағы мүк пен ягель қайта қалпына келу үшiн бес-жетi жыл уақыт керек. Демек, сiздiң
ұшы-қиырсыз деп тұрған тундраңыздың өзi бiзге таршылық жа сайды. Оның үстiне әрбiр табын бiр жылда тайгадан Солтүстiк Мұзды мұхитқа дейiн барып, одан тайгаға оралу үшiн мың ки лометрдей жер басып өтедi. Бұғыны төлдету мәселесi де жеңiл жұмыс емес. Бұл – өте жауапты кезең. Март айының орта тама нында буаз бұғыларды жеке бөлiп алып, бөлек бағамыз. Бұғы төлдегенде оның бұзауына (тугуты) қол тигiзуге болмайды – ана сы жерiп кетедi. Мiне, бұғы асырау дегенiңiз – осындай машақаты мол жұмыс. Бiздiң Қазақстанда қой төлдету кезеңiнiң қандай жауапты мезгiл екенiн республика тұрғындарының көпшiлiгi бiледi. Ол заңды да болар. Өйткенi қой деген жануар бұғының қасында нәзiк түлiк емес пе? Ал бұғылардың төлдейтiн кезде осыншалықты қиыншылық тудыратынына онша сене бергiң келмейдi. Бiрақ көзбен көрiп, құлақпен есiткен соң, амал жоқ, сенесiң. Көктем мен жаздың алғашқы айларында аналық бұғылар мен бұзауларын жеке бөлiп, ойлы-қырлы жерде бағуға тыры сады. Мұндағы мақсат – солтүстiктiң суық желiнен паналаудың мүмкiншiлiгiн жасау. Оның үстiне бұл жерде қар жұқа, ягель шүйгiндеу болуы қажет. Қарауылдыққа нағыз бiлiктi бақташылар белгiленедi. Төл түсетiн кезде табынды үркiтуге болмайды. Егер абайсызда табынды үркiтiп алсаң – сеңдей соғысқан бұғылар жас төлдердiң көбiн таптап кетедi. Бұл кезде, тiптен бақташының сенiмдi серiгi – бұғыларды қоритын иттердiң өзiн табынның маңына жуытуға болмайды. Бұғының бұзаулары қойдың қошақандары секiлдi өте нәзiк боп туылады. Көпшiлiгi бiрден аяғын дәдiл басып кете алмайды. Көмек беруге тура келедi. Тек оның денесiне қол тигiзуге болмайды, енесiн «хау, хау...» деп жуасытып жүрiп, бұзауының астына таяқ салып, бауырын жерден көтеру керек. Нәзiк аяқтарын дәдiл етiп бiр басса, онда бұзаудың қатарға қосылып кеткенi. Ал кейбiр аналықтар бұзауын емiзбей жерiп кететiн көрiнедi. Мұндайда бақташы енесiнiң артқы аяқтарын байлап қойып, бұзауына үйрететiн көрiнедi. Жаңа туған төл ептеп есейгенге дейiн аналық табын бiр орын нан екiншi орынға өте баяу жылжиды. Бұл мезгiлдi «күнде көшiп, күнде қону» деп атауға болады. Ал төл ептеп есейген кез
де табынды жазғы жайлауға қарай айдайды. Осы жерде бiр айта кететiн жай – бұғылардың азығы. Көпшiлiк жұрт бұғыларды тек ягельмен күнелтедi деп ойлайды. Ал бiлiктi кiсiлер мұны бе керге шығарады. Жаз кезiнде бұғылар көк шөппен қоректенетiн көрiнедi де, суық түсе бастағанда ягельге ауысатын көрiнедi. Тiптен көктемде жасыл шөп жаңа көгере бастағанда бұғылар соны қуып жан-жаққа тарап, бақташылардың есiн шығарады екен. Жаз кезiнде бақташылар жас төлдiң қоңдылығын артты ру мәселесiне баса назар аударады екен. Әйтпесе қыстан аман шығуы екiталай. Бұл кезде бұғылар Шығыс Сiбiр теңiзi мен Лап тевтер теңiзiнiң жағалауын жайлайды. Оның себебi – бұл маңда жасыл шөп шүйгiндеу болады, көлдiң суы әрi мөлдiр әрi салқын. Оған қосымша теңiзден соққан салқын жел маса мен бөгелектi бездiрiп жiбередi. Августің екiншi жарымында тундраның өңi өзгере бастайды. Тундра гүлдерi жапырағын тастап, шөп сарғаяды. Теңiзде толқын жиiлеп, майда жаңбыр тынымсыз жауа бастайды. Осы кезде табын керi қарай бет бұрады, өзiн қыстың суығынан қорғайтын орманға қарай жылжиды. Бұлай қарай тар татын және бiр тағам – тундра саңырауқұлақтары бұғылардың сүйкiмдi азығы. Шамамен осы кезден бастап ягель бұғылардың негiзгi азығына айналады. Қыс кезiнде бұғылар, жоғарыда айтқанымыздай, қары жұмсақтау орман iшiн паналайды. Бiр айта кететiн нәрсе – бұғы шаруашылығымен тек тундрада ғана емес, кейбiр тайга лы аудандарда да айналысады. Өйткенi бұл – тиiмдi сала. Бұғы шаруашылығына жұмсалған бiр сом қаржы екi жарым сомдық табыс енгiзедi. Ал осы бұғышылардың тұрмысын жақсартып, мәдени қызметтi жандандыру үшiн әлi де көп жұмыс iстелу керек. Қорақопсы мен қотандар, ет дайындау пункттерi, аралық базалар, вез доходтар мен моторлы шаналар... Тiзе берсең, бiраз нәрсе қажетақ! – Бiрақ бiздiң Дмитрий Алексеевич секiлдi бiлiктi бұғышыларымыз басынан мұндай қиыншылықтың талайын өткiзсе де, қажымай-талмай қайрат етедi. Осы табын бұрын барлық
көрсеткiшi бойынша артта қалған табынның бiрi едi, Дмитрий Алексеевич келгелi үш жылдан берi алдыңғы қатарға шықты, озат аталды. Мал басын жүз процент аман сақтауда. Төл алудың жоспары әрбiр жүз аналықтан 80 тугут деп белгiленген, ал бұл кiсiлер 85 тугуттен өсiрдi. Бригадирдiң өзi III дәрежелi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерi, жастардың ұстазы, – дедi Федоров жол дас бригадирдi мадақтап. Осында бұғышылармен бiрге бiздi және бiр кiсi қарсы алған. Ол республиканың ең атақты адамдарының бiрi – Васи лий Софронович Григорьев. Якутия шаруашылығының үлкен саласының бiрi – аңшылық – мемлекетке бағалы аң терiсiн өткiзу. Нақ осы кездегi аң терiсiн өндiру жөнiндегi жарыстың чемпио ны осы Василий Софронович екен. Аң аулаудың қаншалықты қиын екенiн, оның толып жатқан әдiс-айласы бар екенiн бұрын жазған болатынбыз. Сондықтан қазiр мына бiзбен әңгiмелесiп отырған құралайды көзiнен ататын мергендердiң бiрiнiң та бысын ғана атауды жөн көрдiк. Аң терiсiн өткiзу жоспарын мемлекеттiк бағамен ақшаға балап белгiлейдi. Мәселен, әрбiр аңшының жоспары бар. Василий Софроновичке белгiленген жоспар – бiр жылда екi жарым мың сомның аң терiсiн өткiзу. Ал Василий Софронович осы жоспарды он бiр мың сом етiп орындаған. Қазiргi кезде ол XII бесжылдықтың есебiне өнiм өткiзiп жүр. Мұны қалайша аса зор табыс деп есептемессiң, қалайша мына алдыңда тұрған ұзын бойлы, атжақты, ашаң денелi кiсiге қол қусырып сәлем бермейсiң. Бiз солай еттiк. Оның үстiне ол көлден балық аулап, бұғышылардың табынын қайырысып, қолғабыс жасайды екен. Бiз қызу әңгiмеге кiрiстiк. Якутиялық жолдастарға Қазақстан жөнiнде әңгiме есiту өте қызық сияқты. Сұрақты үстi-үстiне жаудырады. Ақыры сұрақ бiр толастаған мезгiлде мен де көкейiме түйген бiрер сұрағыма жауап алғым келдi. – Жаңа бiр әңгiмеде бұларды тәулiк бойы бағуға тура келедi дедiңiздер. Осы тундрада бұғылардың да жауы бар ма? Әлгiнде вертолеттiң үстiнде келе жатқанда бiр жарым сағат бойы жер бетiнен қыбыр еткен тiрi жәндiк көрмей зерiктiк емес пе? Жер бетiнен көргенiм – шашырап жатқан көлшiктер мен көлдер ғана.
Тiптен сiздердiң өздерiңiздi де жерге түскен соң әрең байқадым, – дедiм мен өзiме түсiнiксiз болып калған жалғыз сұрағымды бұғышылардың алдына жайып салып. – Шамасы, сiздер бұғыларды қысы-жазы, күнi-түнi қарауылдаймыз дегенге сенiңкiремей отырсыздар-ау, – деп әңгiмеге совхоздың бас мал дәрiгерi Кайгосов Владимир Борисович араласты. – Бұғылардың бiрiншi жауы тайга мен тундраның жыртқыш аңдары, ең алдымен – қасқыр. Екiншi жауы – жабайы бұғылар. Иә, иә, жабайы бұғылар. Якутия территориясында жүз мыңнан астам жабайы бұғы бар. Кейде солар келiп бiздiң бұғыларға араласып кетсе, нағыз шатақтың болғаны. Қасқыр шапса қарсы тұруға болады, ал қаптап келе жатқан жабайы бұғылардың та бынына қарсы тұру қиын. Олар екпiнiмен келiп, бiздiң асыран ды бұғыларымызды табын-табынымен iлестiрiп кетедi. Одан соң талай тер төгiп асыраған бұғыларды мылтықпен атып алмасаң, қайтып үйiрге қосудың ешбiр амалы жоқ. Ал, үшiншiден, алғашында құлаққа ерсi естiлер, тiптен сiздер күлерсiздер, де генмен шындық – мына ызыңдап маза бермей жүрген маса. Осы масаның молайып кеткен кейбiр жылдары бұғы шаруашылығы үшiн аса қауiптi. Маса, әрине, бұғыға шабуыл жасамайды. Олар мүк пен ягельге орай-орайымен қонып отырады. Бұғы от тау керек. Демек, әлгi мүк пен ягельдi иемденiп отырған маса лар бұғының қолқасына амалсыз кiрiп, ойда-жоқта тажал бо лып, өздерi де өледi, бұғыларды да демiктiрiп өлтiредi. Ана бiр жылы осындағы аудандардың бiрiнде бұғының тең жарымы осы масаның кесiрiнен арам өлдi. Бұл – үлкен шығын. Оның үстiне, әлгiнде айтқандай, бұғылардың жайылымдықты бейберекет тап тай беруiне жол беруге болмайды. Осының бәрiн қосқанда табын ды көзден таса етпеудiң каншалықты кажет екенi түсiнiктi болар. Бiз түсiндiк. Бұғышыларға алғысымызды айттық. Олардың қажырлы еңбегiне дән риза болдық. – Осы сiздерде қасқырды атуға бола ма? – дедiм мен аудан басшыларына қарап. – Әлде әлгi шетiнен тыйым салып тастаған аңдардың қатарында қасқыр да құрметтi орынға ие болған ба? Федоров менiң сұрағымның астарын түсiндi ғой деймiн, жы миып тұрды да:
– Бiз саған қасқыр аулаудың әдiсiн бәрiбiр көрсете алмаймыз. Егер сәтi түсiп, жолда кездесiп қалмаса, өзiң де көре алмассың. Егер олар бұғы сияқты жайылып жүретiн болса, әлдеқашан көкесiмен таныстырар едiк қой. Амал не, көзге түсе бермейдi. Дегенмен мен саған бiр аңыз айтып берейiн. Колыма өзенiнiң төменгi ағысында көшiп жүретiн чукчалардан есiткенiм бар едi. Тыңдай бер... Сонау ерте заманда чукча мен қасқыр келiсiм жасаған екен. Шарт бойынша адам бұдан былай қасқырға қысым жасамай тын болып уәде бередi, ал қасқыр бұғыларды өз азығы үшiн ғана алмақ болып уәде бередi. Осы шарт ұзақ уақыт бойы бұзылмай, екi жақтың да мүддесiне лайық орындалып отырады. Тек бiрте-бiрте қасқырлардың саны көбейе берiптi, тiптен олар жеке басының азығы үшiн деп алғанның өзiнде талай бұғының басын жалмайтын халге жетедi. Сондықтан адамдар олардың санын кемiту үшiн бiртiндеп аулай бастайды. Осыған ерегiскен қасқырлар ендi бұғылардың табынына тигенде бiрлi-жарымдап емес, он-он бестен жайратып кететiндi шығарады. Кейбiр кезде табынға енiп кеткен жалғыз қасқыр жиырма шақты бұғыны бiр өзi тартып кетедi. Оңтүстiк аудандарда олар тебiндеп жүрген жылқыларды, қара мал мен басқа да түлiктердi жаралайды. Сондықтан бүкiл Якутия жерiнде қасқырға қарсы соғыс жарияланған. Оларды кез келген қарумен аулай беруге бола ды: мылтықпен де атады, қақпан да қояды, бөлтiрiктерiн iнiнен алады, у шашады. Қасқыр аулауда вертолеттi де пайдаланады. Қасқыр аулауға тыйым салудың орнына, олардың көзiн жойғаны үшiн сыйлық бередi. Мiне, қасқыр мәселесi осындай... Аудан орталығындағы жасалған жоспарымыз бойынша бiз қайтар жолда және бiр табынға тоқтап, пошта тастап кетуiмiз қажет едi. Қонақжай бұғышылардың бұғы етiнен жасаған түрлi тағамдарынан дәм ауыз тиiп отырғанда, вертолеттi жүргiзушi жiгiттер аспанға көтерiлiп, ауданмен радио арқылы байланыс жасап, жерге қайта қонды. Он метр биiктiкке көтерiлiп қайта қонғандағы бiзге ала түскен хабарлары – маршрутымыз өзгерiптi. Басқа бiр поселкеде туристiк жорыққа шыққан бiр топ мектеп оқушыларына жедел жәрдем көрсету қажет екен. Сондықтан
бiз жолға аялдамай, аудан орталығына тiке тартатын болдық. Өйткенi вертолет ауданға қажет. Осы жерде Мұзды мұхит жағасын жайлаған жолдастардың қатынас жасайтын көлiктерi туралы бiрер сөз айта кету қажет сияқты. Жоғарыда айтқандай, мұндағы негiзгi көлiк – бұғы. Әсiресе ол күз, қыс, көктем айларында (якутиялық өлшем бойын ша) – жердiң бетiн түгел қар басып жататын кезеңде транспорттың бiрден-бiр қолайлы түрi. Басқа көлiк тундрада жаз кезiнде бой жазып жүре алмайды – поселкеден шықса, кiбiртiктейдi де қалады. Июль-август айларының өзiнде тундраның су баспаған жерi – батпақ. Онда машина тұрмақ, адамның өзi дөңдеу жердi iздеп әрең жүредi. Бiз вертолетпен келiп қонғанда осындай бiр төбешiкке қонғанбыз. Бұғышылардың қосы да дөңеске тiгiлiптi. Ал анадай жердегi бұғының үйiрiне бару үшiн бiз Алматыдан киiп барған аяқкиiмдi атып ұрып, бұғышылар мен аңшылардың сап тама етiгiн киiп алдық. Сондықтан автотранспорттың ең мықты қызметi – өзенмен немесе самолетпен келген жүктi поселкенiң iшiне тасу ғана. Одан қашық шыға алмайды. Бұғышылар мен аңшыларға бару үшiн график жасалып қойған. Сол график бойынша вертолет ұшып тұрады. Жүк таситын да сол вертолет. Әрине, тундраның бәрi бiрқалыпты емес қой, мүмкiн, басқа ау дандарында басқаша шығар, ал бiз барған Аллайх ауданында осындай. Осы жерде мен өз басымнан өткен бiр жағдайды айта кетсем, оқырмандар ренжiмес, якутиялық достарым да өкпе айта коймас деп ойлаймын. Өйткенi осы бiр кiшкене ғана оқиға талай нәрсенi аңғартады. Бiз самолеттен түскенде қарсы алушылар жеңiл машинаның қасына ертiп келдi. Кәдiмгi УАЗ. Машинаға отырдық. Алдымен қонақүйге келдiк. Сонан соң сол машинаға отырып, асханаға бардық. Осы екiншi рет машинаға отырып, түсуiмiз жүрген жо лымыздан екi есе ұзақтау болды ғой деймiн – жүрген жолымыз жүз-ақ метр жер едi. Асханадан шыққан соң және машинаға жайғастық – райисполкомға кiре шығу қажет болып қалды жолдастардың бiрiне. Жүрген жолымыз қып-қысқа – екi жүз метр жер. Таңертең орнымыздан көтерiлгенде кешегi асханадан
тамақтанып, жылы киiм киiп алу үшiн райисполкомға және соға кетуге тура келдi. Осы кезде алдымызға көлденең тартыла қалған көлiк және кешегi УАЗ жеңiл машинасы. Райисполкомның ма шинасы. – Оу, ағайындар-ау, мына созсаң қолың тиiп тұрған жерге көлiктi несiне әуре етемiз, – дедiм мен машинаға отырудан бас тартып. – Қайтесiз, Қалеке, – дедi Николай. – Ауаткомның машинасын аяйсыз ба? Алдыңызға көлденең тартқан соң қарғып мiнiп алмайсыз ба. – Ана шетi мен мына шетi көзге көрiнiп тұрған поселкенiң iшiнде машина мiнiп, тайраңдай беру ерсi көрiнетiн сияқты. Қарап тұрған халық не дейдi. – Сонда маған не iсте дейсiз? – дедi Федоров. Осы поселкенiң iшiнен басқа машина қимылдай алатын бiр сүйем жер жоқ. Ең қашық жолымыз – аэропорт пен өзен жағасы. Ендi не iстейiк? Машинаны райисполкомның алдына қаңтарып байлап қояйын ба? Машина тұрса таңасырулы, ал сiздер – сонау Қазақстаннан келген қонақтар – поселке арасын жаяу серуендеп жүрсеңiздер. Халық сонда не дейдi маған? Маңдайымнан сипай қоймас деймiн. Бiз амалсыз машинаға отырғанбыз. Аудан еңбекшiлерiнiң екiншi бiр мықты қатынас жолы – Ин дигирка. Бұғышылардан оралған соң балықшыларға баратыны мызды алдын ала ескерткен. Барар жерiмiз он километрдей-ақ екенiн және ескерткен. Бiз бұған машинамен баратын болармыз деп едiк, бiрақ көлiгiмiз қайық болып шықты. Кәдiмгi моторлы қайық. Балықшыларға бармақ болған он шақты адам үш-төрт қайыққа бөлiнiп мiнiп, балықшылар қосына қарай бет алдық. Ма шина бiздi қонақүйден жағаға дейiн жеткiзiп салды. Ары қарай жүре алмайды, жол жоқ. Мен аудандық мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Юрий Алексеевич дейтiн аса сүйкiмдi жас жiгiттiң жекеменшiк қайығына отырғанмын. Жетер жерiмiзге дейiн бiр сағаттай жүруiмiз керек. Сондықтан өзен мен судың әңгiмесiне көштiк. Айналамыздағы тайдай тулап жатқан толқындарға қарап отырып мен Юраға: 13-270
– Сендер ғой, Юра, мына суда балықтай жүзетiн боларсыңдар – дедiм. Ол: – Жоқ, бiздiң көбiмiз суда малти да бiлмеймiз, – деп жауап бергенде, таңданғаннан жағамды ұстадым. Сонда қалай болғаны? Осынша судың ортасында жүрiп жүзе бiлмегенi калай? Сенгiм келмейдi. – Оу, бауырым-ау, аяғыңды үш бассаң, екеуi суға түседi, сонда жүзе бiлмегендерiңiзге жол болсын. Бұл қалай? Ендi менiң бетiме Юра таңдана қарады. Сезiп тұрмын, менiң мына сөздерiм оған ерсi көрiнiп тұр. Аздан соң барып ол мәселенiң байыбына жетсе керек, бiр қолымен толқынды нұсқап: – Ана шашыраған суға алақаныңызды тосыңызшы, – дедi. Мен тостым, бiрақ тез тартып алдым – су өте салқын. Юраның бетiне қарадым. – Бiзде жылдың ең жылы мезгiлi – осы июль-август айы. Нақ осы кезде сiздердiң ауылдарыңызда жұрт шалшық су кездессе, шөкелеп отыра қалып бетiн тоса қоятындай болып алқынып жүрсе керек. Сiздерде тұрғын үйлерге жылуды октябрьден бастап мартқа дейiн ғана беретiнiн бiлемiн. Ал бiздiң жағдайымыз мүлде басқа. Үйдi жылыту үшiн қысы-жазы от жағамыз. Поселкедегі үйлерге жұма, сенбi, жексенбi күндерi июльдiң iшiнде жылу жiберiп отыратынымызды қонақүйдiң бөлмелерiнен байқаған боларсыздар. Индигирка суының ең жылыған мезгiлi де осы тұс. Сондағы температурасы 3-4 градус. Сiз болсаңыз сол суға денеңiз түгiлi, қол батыра алмай отырсыз. Сонда бiз жүзудi қайдан үйренбекпiз? Көбiмiздiң жүзе бiлмейтiнiмiз сол – жаттығатын, үйренетiн, машықтанатын жер жоқ. Бұған таңданбаңыз. Мен, әрине, Юраның әңгiмесiне ден қойып отырмын. Бiрақ бәрiбiр қызық. Балықшылардың қос тiккен орны Хомо дейтiн жерге моторлы қайықтардың эскортымен келiп жеттiк. Ағайынды Иван Николаевич және Михаил Ннколаевич Анто новтармен таныстық. Бұл кiсiлер әлдеқашан пенсияға шығып кеткен азамттар, бiрақ бүгiнгi күнге дейiн өз совхоздарында еңбек етiп жүр. Еңбек еткенде ешкiмнен қалыспайды. Балық аулаудың мерзiмдiк нормасы – үш жарым тонна балық өткiзу. Ал ағайынды Антоновтар совхозға бiр маусымда он тоннаға
дейiн балық өткiзедi. Оның үстiне сол он тонна балықты мына суы сүйегiңдi сырқырататын ағыны қатты мазасыз өзен – Инди гиркадан аулайды. Балық аулаудың да талай-талай сыры бар көрiнедi. Ол суда шоршып жүргенмен, торға өзi келiп түсе қоймайды екен. Оның үстiне сол тордың да неше түрi бар көрiнедi. Ау салғанда қайықпен барып, тордың шетiнен тартып, iлiнген балықты бо сатып алып, қайыққа тастауда. Сол балықтардың да сырын бiлу қажет. Мәселен, бiреулерiн қолға ала сала ағаш келтек пен басына қойып қалып, сонан соң барып қайыққа лақтырса, екiншiлерiн жай ғана тастай салады, үшiншiлерiн өзенге қайыра лақтыруда – қазiрше қажетi жоқ балықтар. Осылайша ұсталған балықтарды уақытша су құйылған бөшкелерге салып, кешкiлiк балық заводының өнiм жинайтын кемесi келгенде таразыға тартып өткiзедi. Балықшыларға үлкен қолғабыс жасап жүрген – оқушылар. Мәселен, Чокурах орта мектебiнiң оқушылары бiр маусымда сегiз мың тонна балық өткiзiптi. Бұл – оқушылар бригадасының зор табысы. Балықшылар қай балықтың қай мезгiлде мол болатынын, өзеннiң қай шамасында жүретiнiн бес саусағындай жақсы бiледi. Судағы балық олардың өрiске жайып жiберiп, қажетiнше қарасын ба, қасқасын ба – керегiн дәл тауып, ұстап әкеле қоятын қойлары сияқты. Жаңа ұсталған балықтың жон арқасы мен бүйiрiн тiлiм-тiлiм етiп кесiп алып, тұзға салып, алдыңа қойғанда, кәдiмгi жаңа пiсiрiп, бiлеу-бiлеу етiп турап қойған қойдың құйрығын көз алдыңа елестетедi. Бұл – әйгiлi сига. Әрi ет, әрi май. Өте нәрлi тағам. Солтүстiктiң табиғатындай қатал табиғатқа қарсы тұру үшiн нәрлi тағам қажет-ақ. Строганина – соның бiрi. Ол мұз боп қатып қалған балықты өте ұсақ талшық етiп жону арқылы жасалады. Мәселен, жолдан тоңып келген жолаушыға үйге кiре сала шәйден бұрын строганина бередi. Майлы талшық жолаушының аузына түсе салып ери жөнеледi. Соның әсерiнен бүкiл денеге жылу таратады. Әлсiреген қонақтың бойына қайраты қайта жиналып, көңiлi жадырай түседi. Оның үстiне строганинада емдiк қасиет мол. Солтүстiк Мұзды мұхит жағасындағы бiр ауданмен осылай таныстым. Мұзды мұхиттың өзiн вертолет арқылы көруге тура
келедi. Мұхиттың үстiмен ұштық, жерiне қонғанымыз жоқ. Бұған Николай Винокуров: «Қалеке, ақ аюлармен сәлемдесудi келесi жолға қалдырсаңызшы» деп күледi. Әзiл болса да Ннколайдың ұсынысын қабыл алдық. Сонымен, ақ аюлардың қалай тұрып жатқанын бiлмеймiн, ал аудан тұрғындарының тұрмысы жақсы. Ауданда тұратын бес мың үш жүз адамның үш жарым мыңы – Чокурдах поселкесiнiң тұрғындары. Ауданда екi орта, екi сегiз жылдық және үш бастауыш мектеп бар. Оқушыларының жал пы саны – 970. Осы мыңға жетпейтiн оқушы үшiн алты мек теп жұмыс iстейдi. Бұл да солтүстiктiң ерекшелiгi. Немесе бiздiң Оңтүстiк Қазақстанда болса, мың бала – бiр-ақ мектептiң контингентi. Мектептердiң де өзiндiк қиыншылығы бар. Мәселен, Чокурдахтағы орта мектеп төрт ауысыммен жұмыс iстейдi. Жаз кезiнде, күн төбеден кетпейтiн мезгiлде онша қиын емес шығар-ау, ал қыс кезiнде ше? Күннiң көзi мүлдем жоғалып кетедi ғой. Николай ақ аюларды әдейi атап отырғанын сезгенмiн. Олар мен жерге түссек те, бiрден кездесе кетуiмiз екiталай. Ал осы маңдағы Берелях өзенiнiң жағасындағы Мамонт төбешiгi деп ата латын жердегi мамонттар қорымын көре алмағаныма өкiндiм. Сол мамонттар қорымы туралы талай-талай болжам бар, со ларды құлақпен естiдiм, бiрақ көзбен көре алмадым. Оқасы жоқ, оның да жолы түсер. Бiр қызығы, Чокурдахтың дүкендерiнде сабағынан жаңа үзiлген капуста сатылуда. Оны мұнда самолет пен жеткiзедi екен. Адамға деген қамқорлық та керемет. Мәселен, Оленогорск поселкесiндегi эвен тiлiндегi мектептiң оқушыларының саны – бiр жүз бес-ақ бала. Мектеп орта мектеп, интернаты бар. Аз ұлттардың өкiлiне жасалған қамқорлық осындай-ақ болар. Дәл осы жерде Чокурдах поселкесiндегi Сергей Павлович Мо кровский атындағы аурухананың тарихына бiр көз салып өткен абзал болар. Өйткенi сол аурухана тарихы – тундраны игерудегi совет адамдарының есепсiз еңбегiнiң бiр айғағы. 1930 жылы Якутскiге Ленинградтағы Бiрiншi медициналық институтты бiтiрген дәрiгер С.П. Мокровский келедi. Оның бар арманы – тун драда аурухана салып, тундра тұрғындарын емдеу. Алғашында
жас дәрiгердiң бұл жоспары iске аса қоймайды. Ол арнаулы бiлiмi бар мамандардың жоқтығынан бiр орында тұрақтай ал май, бiр наслегтен бiр наслегке ауысып жүрiп, емшiлiк жасай ды. Ол кезде жұқпалы аурулардың жиi кездесiп қалатын кезi, сондықтан басшылық жас дәрiгердi бiр ауданнан бiр ауданға жұмсап отырған. Бұл тұста оның негiзгi қызмет еткен жерi – Вер хоян және Абый аудандары. 1934 жылы Ленинград қаласында мамандығын жетiлдiру ннститутында бiр жыл оқыған Мо кровский Якутияға қайта оралады. Институтты бiтiрген жылы аспирантурадан бас тартқан дәрiгер бұл жолы Ленинградта қызмет iстеуден бас тартады. Тек бұл жолы ол қалайда ауру хана соғатынына кәмiл сенедi, сондықтан өзiнiң қызмет орны үшiн Солтүстiк Мұзды Мұхиттың жағасындағы Аллайх ауда нын қалап алған. Якутскiдегi өкiмет орындары Мокровскийдiң ниетiн құптап, тиiсiнше қаржы бөлiп, оны қалай жұмсап, ау рухананы калай соғу мәселесiн түгелiмен өз еркiне бередi. Тек осы кезде кеңiнен тарай бастаған паратиф iндетiне қарсы күрес жүргiзу үшiн тез арада Момы ауданына баруды тапсырады. Мiне, Мокровскийдiң Чокурдахтағы осы ауруханасының негiзi Индигирка өзенiнiң жоғарғы ағысында жатқан осы Момы ау данында қаланды. Өйткенi Чокурдах маңында аурухана соғатын құрылыс материалдары жоқ. Мокровский осы жерде таңғы сағат 6-дан 11-ге дейiн ағаш қырқып, сал байлайды. 11-ден 4-ке дейiн науқастарды қабылдайды, ал кешкiлiк және өзенге барып жұмыс iстейдi. Индигирка өзенiмен бұрын сал жүргiзбеген, оның қалай құрастырылып, қалай жылжитынын ешкiм бiлмейдi. Сондықтан құрылысқа қажет 260 бөрененi сал етiп құрастыруды Мокровскийдiң жалғыз өзi атқарған. Осы салға құрылыс үшiн қажет басқа нәрселерiмен қоса, жұмысшыларды отырғызып алған Мокровский Индигирканың төменгi ағысындағы Чокурдах деген жерге келгендегi алғашқы көргенi – жалаңаш жартас пен өзеннiң жағасы, ал арғы жағы – тундра. Болашақ аурухана салы натын жерде жалғыз ғана юкагир семьясының тордохы тiгулi тұр. Ал осы тап-тақыр жерде ауданның жаңа орталығы салынбақ. Соның алғашқы қарлығашы – аурухана. Бұрын ағаш қырқып, сал құрастыратын адам табылмаса, ендi сол ағаштан үй сала
тын адам табылмайды. Мокровскийге берiлген жұмысшылар үйдiң қабырғасын құрастыру үшiн бөрененi қалай қаластыруды да бiлмейдi. Сондықтан дәрiгер ендi қарамағындағы жұмысшыларына құрылыстың әлiпбиiн үйретедi. Құрылыс ендi қыза бастаған кезде Мұзды Мұхит арқылы Индигирканың құяр сағасына жақын келген «В. Русанов» пароходындағы жүктi түсiрiп алу үшiн екi катер мен екi кунгасқа отырған жергiлiктi тұрғындар теңiзге шығады. Бiрақ теңiзде шторм көтерiлгендiктен, олар пароходқа жолай алмайды. Келесi күнi пароходқа жақын келген «Улэн» катерiне жалғанған кунгастардың бiрiнiң арқаны шторм кезiнде үзiлiп, ашық теңiзге жылысып кетедi. Мiне, дәрiгер Мокровский отырған кунгастағы жетi адамның «робинзонадасы» осылай басталған. Кунгастың iшiнде ары кетсе бес күнге жететiн азық бар, ал ашық теңiзде әрекет ету мүмкiн емес – кунгас тек жетекте жүретiн, өзiн-өзi басқару тетiгi жоқ баржа секiлдi кеме. Қырық тонна жүк көтередi. Сондықтан көлемi әжептәуiр. Теңiзге ығысып кеткендердi iздеу үшiн шыққан катерлер ештеме өндiре алмай қайта оралған. 21 август күнi басталған iздеу 8 сентябрьге дейiн созылған. Дәл осы күнi айнала төңiректi шарлап шыққан поляр ұшқышы Молоков «таба алмадым» деп белгi берген соң «В. Русанов» паро ходы iздеудi тоқтатады. Бұл кезде кунгастағылардың арасында да талай оқиға өткен болатын. Алғашқы сәттен бастап мына апаттан аман құтылудың жолын қарастырып, өз әрекеттерiн бiр сәт тоқтатпаған екi адам – Мокровский мен «Якутпушнинаның» меңгерушiсi Аргу нов болатын. Қалған адамдар «теңiз шайқауына» шыдай алмай қалжырай бастайды. Тiптен екi кiсi өзара ерегесiп, «өмiрмен қоштаса» бастаған. Жел айдаған кеме үш тәулiк бойы бас бермей, бiр бағытқа жылжи берген. Бұлар Аюлы аралдар маңынан өтiп, солтүстiк шығысқа қарай жылжып келедi. Осы үш тәулiк бойы Мокровский көз шырымын алмайды. Төртiншi тәулiкте жел еп теп саябырлап, әрi бағытын өзгертедi. Осы кезде кунгастағылар қолдарына түскен матаның бәрiн жамап-жасқап желкен жасай ды. Қирап қалған рульдiң орнына трапты талқандап, басқару рулiн жасаған болады. Ендi кунгастың қимылын ептеп болса да
өз ерiктерiне көндiредi. Ақыры бұлар бiр өзеннiң сағасын байқап, сол жағаға келiп тоқтайды. Теңiзде әсiресе қинаған – тұщы судың жоқтығы екен. Ендi тұщы суға жеткен соң шай қайнатып iшiп, ептеп әл жинаған. Одан соң Алазея өзенiн бойлап және үш тәулiк жүредi. Жолда кунгаста қалған кебектi ягельмен араласты рып нан пiсiрiп жеп, өлiп қалған аққудың етiн қорек етiп жүрiп, үш тәулiктен соң жалғыз отырған бiр чукчаның шайласына кездесiптi. Соның жөн сiлтеуiмен келесi бiр жерде отырған юка гир Степан Татаевқа ертiп барады. Ол бұларды Василий Клепан динге кездестiрiп, ақыры жүк таситын алты бұғы тауып берген. Сонымен, Солтүстiк Мұзды мұхиттың жағасындағы «робинзон дар» жиырма екi күн дегенде Яр деп аталатын бiр елдi мекенге келiп жетiптi. Бұларды алғаш көрген кiсi жағасын ұстап: – Қайдан шықтыңдар?! Қазiр жиналыс сайын сендердiң денелерiңдi түлкi жеп кететiн болды деп бебеу қағып жүрген жоқ па? Тiрi деп ешкiм ойламайды, – деп зәресi ұшса керек. Мокровский 1936 жылы және Индигирканың жоғарғы жағына барып сал байлаған. Оны Чокурдахқа жеткiзу үшiн талай азапқа түсiп, Крест-Майор дейтiн жерде ыдырап кеткен бөренелердi бiрбiрлеп жинап және сал құрастырып, болашақ аурухананың iргесi қаланатын жерге алып келедi. Ақыры тундрадағы 14 бөлмеден тұратын аурухана 1936 жылдың 5 ноябрь күнi салынып бiткен. Осы жылы Мокровскийдi Якутскiге шақырып, Денсаулық сақтау халық комиссариатының Халық комиссарының орынбасары бо лып қызмет атқарыңыз деген ұсыныс жасаған екен, бiрақ тун драда дәрiгерлiк қызмет атқа-руды негiзгi мақсатым деп бiлген дәрiгер одан бас тартады. Әттең, сол асыл азамат 1937 жылы кездейсоқ оқиғадан қайғылы қазаға ұшырайды. Мiне, бүкiл Чокурдах поселкасының алғашқы тасы боп қаланған Мокровский атындағы аурухана осылай пайда болып ты өмiрге. Әрине, ол аурухананы соғуға бүкiл ел боп кiрiскенi белгiлi, тек Мокровский секiлдi энтузиастардың қосқан үлесi де ерекше ғой. Бұл өлкеге жаңа өмiрдiң нық аяқ басуына солардың атқарған еңбегi орасан. Ал Мокровский өзiнiң 1930 жылдың 15 авгусында жазған хатында былай деген екен: «Мен «мәдениет» деген сөздi былай түсiнемiн: ол – адамгершiлiк және
кiм болғанына қарамай қасыңда жүрген адамдардың пайдасын көздеген әрекет». Бұл – әсiресе Солтүстiк үшiн дәл айтылған анықтама! Осы сапарымда мен бiздiң Қазақстанмен, қазақ халқымен ете не араласып, құдалы-құдандалы болып жатқан талай кiсiлерге кездестiм. Соның бiрi – жоғарыда айтқан Антоновтар семьясы. Иван Иванович Антоновтың ұлы Николай Иванович Антонов бiздiң күйеу баламыз болып шықты. Өзi Алматыда тұрады, авто мобиль жөндеу заводында жұмыс iстейдi екен. Одаққа аты әйгiлi әншi Анегина Ильинаның келiнi Мәрзия дейтiн қарындасымыз екен. Обком комсомолдың бөлiм меңгерушiсi, Бөрiкбаев дейтiн iнiмiз якуттардың күйеу баласы – Якутскiде тұрады, қызмет iстейдi. Мiне, мен осылайша бұдан бiрер ай бұрын бiздiң Алматыға келiп, жазушылардың Бүкiлодақтық конференциясына қатысып қайтқан якут жазушысы Иван Егоровтың сөзiмен айтқанда, Мұзды мұхиттың жағасына «бiр-ақ күнде» барып қайттым. Яғни мен Якутскiден түсте ұшып едiм, үш тәулiктен соң түсте қайтып оралдым, бiрақ осы үш тәулiк бойы түн бетiн көргенiм жоқ. Якутскiге қайта оралған соң бiз қала халқының демалыс аймағы – Сергеляхта, Ленаның жағасында қаланы қоршаған таудың бауырында, әйгiлi Чочур-Моран төбешiгiнiң етегiнде талай-талай әңгiме шерттiк. Якут жазушылары Леонид Попов, Василий Далан, Николай Лугинов, Артур Винокуров жоғарыда айтылған Моисей, Семен, Николай, қос Иван-Фео досеев пен Егоровтар әдебиет жөнiнде, өмiр жөнiнде көптеген әнгiмелер айтты. Якуттардың аңызы бойынша ұлы Туймаа да жазықтығына алғаш қоныстанған адамдардың мекенi Чо чур-Моран болса керек. Осы төбенiң етегiнде мен Якут совет әдебиетiнiң тамаша өкiлдерiнiң бiрi, көрнектi совет ақыны, жасының үлкендiгiне қарамай, менi өзiне дос санаған аяулы азамат, марқұм Семен Петрович Даниловтың мына бiр өлең жолдарын есiме алып едiм: Я бываю в поездках далеких, В самых разных бываю краях.
И в тяжелых дорогах, и в легких И в дворцах, и в непышных домах. В этих странствиях с правом законным, Адрес свой от людей не тая, Сообщаю я новым знакомым, Что прописан в Якутии я. Егер мен якут болсам, осы өлеңдi күнде қайталап айтар едiм. Қазақ болсам да айта бергiм келедi. Семен Петровичтiң өлеңiнiң бiр-ақ сөзiн ауыстырып айтқым келедi: Что побывал в Якутии я. Якутск – Алматы, сентябрь, 1979 ж. ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ БАСЫНДА Жетi жыл мен жетi ай, жетi күн мен жетi сағат. Угар Жәнiбеков пен Максим Аммосов. «Тайга сыбдыры» мен Қызылқұмның әндерi. «Лена толқындары» мен Сырдария саздары. Динозаврлар қайда өмiр сүрген? Көктөбедегi айлы түн. Қазығұрт... Осы бiр тау жөнiнде көптеген аңыз бар. Мен Якутияға барған сапарларымда көбiнесе сол аңыздарды тiлге тиек ететiнмiн. Осының әсерi болу керек, көптеген якут достарым Қазығұртқа сыртынан құмар бола бастады. Бiр көрiп баурайында серуендеудi таңсық көретiн. Егер олар менiң елiме келе қалса, Қазығұрт жөнiндегi әңгiмелердi тәптiштеп айтып бе руге дайын екенiмдi сездiрiп, өзiм және саха елiнiң сырына сүңгiп кететiнмiн. Менiң сол уәдемнiң үдесiнен шығатын мезгiлдiң де тықыры таянып қалғанын 1980 жылдың алғашқы айларында-ақ сезе бастадым. Осы кезде якут жазушыларының қолжазбалары бiздiң Жазушылар одағының атына жиi-жиi келiп түсiп жатты. Мен
Қазығұрт пен Қаратау жөнiндегi әңгiмелерге дайындалдым. Бұл дайындық, шынтуайтқа келгенде, жетi жыл бұрын басталып едi, ендi жетi-сегiз ай-ақ қалды... Сонымен... Сол жолы бiз, Красноярскiдегi бiр сағаттық аялдаманы алып тастағанда, жетi мың метр биiктiкке шығып алып, жетi сағат ұштық. Бұл осыдан жетi жыл бұрын болатын. Мен үшiн самолет пен сапар шегу жаңалық емес-тiн, бұрын да талай рет көлiк еткен үйреншiктi транспорттың бiрi. Тiптен аспан жолын шарлап, со нау Батыс Еуропаның орталығы – Париж бен Жерорта теңiзiнiң жағалауына дейiн барып қайтқанмын. Бiрақ дәл осы жолғыдай жерден бiр көтерiлген соң қайта түспей, ұзақ ұшуым бiрiншi рет. Алыстағы достар және құшақ жая қарсы алды, үйiнiң төрiн ұсынды, ел-жұртымның амандығын сұрады, өз жаңалықтарын айтты. Бұл жолы олар өткенде көрсете алмаған аймақтарын көрсеткiсi келдi, мақтан тұтып, мадақтайтын малды аймақтарына апаратынын айтты. Олар тек табыстарын ғана айтып қойған жоқ, қиыншылықтарын да қоса айтып отырды, тайга мен тундраға ғана тән қиыншылықтарын өз көзiммен көруге мүмкiншiлiк жа сады. Бұл жолы менiң уақытым молдау едi – кiмдi болса да таң қалдырар тамаша өлкенiң талай жерiмен таныстық, талай-талай еңбек ерлерiмен қол алыстым. Сапардан оралған соң мен ондаған рет оқырман қауыммен кездесiп, әңгiме өткiздiм, мерзiмдi баспасөзде мақала жария лап, радио мен телевизия арқылы алған әсерлерiмдi айттым. Кiтап та жаздым. Бiрақ менiң алған әсерлерiм таусылатын емес. Қайта-қайта еске аламын, ойша салыстырамын. Екi алып аймақ – Қазақстан мен Якутияның жер жағдайында, тарихында, тiлi мен өнерiнде, мәдениетi мен тұрмысында, салты мен әдет-ғұрпында көптеген ұқсастық бар. Соның бәрi көз алдыма елестеп тұрып алады. Қазақ Угар Жәнiбеков пен якут Максим Аммосов. Бүкiл Ресейдi дүр сiлкiндiрген «Лена қырғынының» тарихын қазiр жұрттың бәрi бiледi. Сол кезде Лена жұмысшыларының арасын да қазақ ұлы Угар Жәнiбеков те болатын. Соңынан ол туған елiне
оралып, совет өкiметiн орнату мен оны нығайту жолында аянбай еңбек еттi. Осы кезде оған баяғы Лена алтын кендерiнде жұмыс iстеп жүргендегi саяси шынығу мен таптық күрес жөнiндегi алған бiлiмi көп септiгiн тигiздi. Сол Угар деген атқа ие болған азамат кiм едi? Ол Якутияға қалай барды? Угар Жәнiбековтың өмiрi түгелiмен халық бостандығы үшiн күреске арналған. Оның шын аты – Мұқатай, 1887 жылы сол кездегi Қарқаралы уезiнiң Темiршi болысында өмiрге келген. Он жасынан бастап байлардың есiгiнде жүрiп, жалшылық етедi. Сонан соң Омбы қаласына келiп, темiр жол жұмысшысы бола ды. Өмiр соқпағы Угарды одан ары сүйрелеп, Чита қаласының маңындағы Замятин шахтасынан бiр-ақ шығарады. Осын да 1905 жылғы жұмысшылар қозғалысына қатысқаны үшiн жұмыстан қуылып, Лена бойындағы Бодойбо алтын кендерiне кеткен. Ал 1912 жылғы оқиғадан соң он екi жылға жер аудары лып, одан да ары Якутияның түкпiрiне кетедi. Бұл азаптан Угар ды құтқарған – февраль революциясы. Ол Омбыға қайтып келiп, Совет өкiметiн орнату жолында бар жiгерiн жұмсап, күреске араласады. Ақ гвардияшылардан қаланы қорғауға Бiрiншi Сiбiр атты отрядының жауынгерi ретiнде қатысып, Куломзина стан циясында бiрнеше күнге созылған соңғы шайқастан кейiн және қолға түскен. Ату жазасына кесiлген Угар Жәнiбеков тұтқыннан қашып шығып, Ақмола даласына келедi. Осында астыртын большевиктiк ұйыммен байланысып, ауыл кедейлерiнен парти зан отрядын құрып және күреске кiрiскен. Әттең, бiр опасыздың көрсетуiмен ол және тұтқынға алынып, өлiм вагонының тұтқыны болып, Красноярск түрмесiне жiберiледi. Угар бұл тұтқыннан да қашып құтылған. Омбыға келiп, уездiк милицияда қызмет iстейдi. 1920 жылы Орынборда Сапожков бандасын талқандауға қатысады. Сонан он жетiншi жылдан партия мүшесi Угар Жәнiбеков өмiрiнiң соңғы кездерiн түгелiмен совет өкiметiн нығайту жолы на жұмсайды. Бiздiң елiмiздiң үшiншi отын қоры атанған – Қарағанды көмiр бассейнiн игеру бiр кезде бейбiт еңбектiң нағыз қызу май даны болатын. Осы еңбек майданына ысылған, бiлiктi ұйым-
дастырушының бiрi деп Максим Кирович Аммосовты белгiледi. Ол алғашында Батыс Қазақстан өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi секретары болып қызмет iстедi, соңынан Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi секретары болды. Сөйтiп, партияның адал ұлы Максим Аммосов көмiр бассейнiн игеру, ай далада алып қала орнату жолындағы күреске үлкен үлес қосып, мол еңбек сiңiрдi. Қазақ халқы осы еңбегi үшiн якут ұлы Максим Аммосовты құрмет тұтып, атын мақтанышпен ауызға алады. Мiне, осылай еске алу, салыстыру, қайтадан еске алудың үстiнде жетi жыл өтiп те кеттi. Ендi кезек жетi айға келдi. Мың тоғыз жүз сексенiншi жылдың февраль айында күзде Қазақстанда якут әдебиетiнiң күндерiн өткiзу жөнiнде қаулы қабылданып, алыстағы ағайындарға шақыру жiберiлдi. Ендi қазақ қаламгерлерi осы кездесуге қызу кiрiсе бастады. Осы тұста тындырымды атқарылған жұмыстың бiрi – якут прозасы мен поэзиясының екi томдық антологиясын жарыққа шығару мәселесi болатын. «Тайга сыбдыры» және «Толқынды Лена» деп аталатын қос жинақтағы якут ақын-жазушыларының совет өкiметi тұсындағы барлық буынының өкiлiнiң туындылары ен ген екi кiтапты қазақшалауға бiздiң көрнектi қаламгерлерiмiз қайрат еттi. Қазақстанның мерзiмдi баспасөзiнiң ауданнан бастап, республикаға дейiнгi барлық түрi якут әдебиетiнiң озық үлгiлерiн өз оқушыларына ұсынып, радио мен телевизия барлық өлкеге бiрдей таратып жатты. «Жұлдыз» бен «Простор» журнал дары сентябрь айындағы сандарында арнаулы рубрика бердi. Сөйтiп, бiздiң республикаға қонақтарымыздың өздерiнен бұрын шығармалары келiп, қала мен селоны, ауыл мен даланы ара лап жүредi. Осы кезде екi республика Жазушылар Одағының арасында жазылған хаттар мен жiберiлген телеграммаларды жинақтаса, ауқымы әжептәуiр кiтап болар едi. Мiне, осы кезде бiз ауылымыздың арасының алшақтығына және бiр көз жеткiздiк. Сыртына «Авиа» деген сөз жазылған хаттардың өзi апталап жүредi, телефонның құлақшасына жармаса берудiң өзiнiң де ыңғайы келе бермейдi – уақыт айырмашылығымыз бiраз сағат. «Халықтар достығы – әдебиеттер достығы». Осы бiр сөздер соңғы жылдары бiздiң кең байтақ елiмiзде өтiп жатқан көптеген әдеби мерекелердiң девизiне айналды.
«Жазушы және өмiр. Әдебиет пен өмiр». Ал осы бiр тiркестер қазiргi кезде газет-журналдардың бетiнен түспейдi, үлкендiкiшiлi өтiп жататын әдеби жиындардың ұранына айналды, тiптен көпшiлiктiң жәй әңгiмесiнiң өзiнде жиi-жиi естiледi. Бұл бiздiң халқымыздың көркем әдебиетке деген үлкен iлтипатының және бiр айғағы болса керек. Көркем әдебиеттiң қоғамның дамуына жасайтын әсерiне, адамдарды рухани байытатын күшiне деген зор сенiм болса керек. Мiне, Қазақстан жазушылары өздерiнiң якутиялық қаламдастарының келуiне дайындықты осы тұрғыдан жасады. Бұл оқырман қауымның, жалпы республика еңбекшiлерiнiң игiлiгi үшiн жасалып жатқан шаралар едi. Ал сол қалың оқырман қауымға бұған дейiн якут әдебиетi жөнiнде не белгiлi едi? Әрине, қазiргi кезде орыс тiлiнiң көмегi арқылы кез келген оқушы қай ұлттың болмасын әдебиетiнiң озық үлгiлерiмен жете таныса алады. Оған ешбiр кедергi жоқ. Деген мен қазiрше жұрттың бәрi орыс тiлiн жете бiле бермейдi. Демек, аударманың заманы әлi өткен жоқ. Қажет аударма. Бұл тұрғыдан алғанда да бiраз мәселе тындырылған екен. Якут прозаиктерiнiң әңгiмелер жинағы «Жақұт әңгiмелерi» деген атпен бұдан он бес жыл бұрын жарық көрiптi. Эрилик Эристиннiң «Марыкчан қырандары» романы, Софрон Даниловтің «Соғады жүрек» ро маны, Семен Даниловтің, Иван Федосеевтің өлең кiтаптары ау дарылып басылған. Әрбiр кезеңде якут авторларының жекелеген шығармалары мерзiмдi баспасөз бетiнде жарияланып отырған. Қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын якут тiлiне ауда ру жөнiнде бауырластардың атқарған қызметi де ауыз тол тырып айтарлық. Осы әңгiме етiп отырған жетi жылдың iшiнде Якутияның мерзiмдi баспасөзiнде елуден астам қазақ жазушыларының шығармалары жарық көрдi. Бұл, әрине, үлкен еңбек, зор iлтипат. Мiне, әдеби байланысымыздың халi осындай болатын. Дегенмен ендi көптен күткен күндер – сентябрьдiң орта шамасындағы жетi күннiң әңгiмесiне көшейiк. Дәл осы күндерi якутиялық достар бiздiң республикамызға келiп, қонақ болу ке рек.
Қазақ халқының атадан балаға ауысып, сонау ерте заман нан берi жалғасып келе жатқан қасиеттi салты бары жұртқа белгiлi. Ол – белгiсiз жолаушыны қадiрлi қонағындай қарсы алып, қонағына үйiнiң төрiн ұсыну. Бiз якутиялық қонақтарды қарсы аларда осы салтқа жүгiндiк, республиканың бар аймағын алдарына жайып салмақ болдық. Оларға Қостанай мен Целиноградтың, Торғай мен Ақтөбенiң егiншiлерiн, Арал мен Каспийдiң балықшыларын, Маңғыстаудың мұнайшыларын, Шымкенттiң мақташыларын, Семейдiң шопандарын, Қарағанды мен Жезқазғанның кеншiлерiн, Жамбылдың химиктерiн, Шығыс Қазақстанның кеншiлерi мен энергетиктерiн, Павлодардың трактор жасаушыларын, Талдықорғанның қызылшашыларын, Қызылорданың күрiшшiлерiн кездестiрмек болдық. Табиғаттың қайталанбас көркем жерлерi аталған Алтай мен Оралдың, Көкшетау мен Алатаудың маңын көрсетпек болдық. Бiрақ бiздiң жоспарымыз ой жүзiнде сайрап жатқанмен, iске асыруға келгенде тiрелетiн үлкен бiр кедергiсi бар едi. Ол – уақыт тапшылығы. Қонақтар Қазақстанның он тоғыз облы сын түгел аралап шығу үшiн бiр апта түгiлi, бiр жылдың өзi аз, ал ең болмаса әр облыстың бiр ауылына түстенiп шығу үшiн бiр ай уақыттың өзi жеткiлiксiз. Бiздiң Орта Азиялық көршiлерiмiзде мынадай бiр сөз бар: «Қазақстанның оңтүстiгiнде балалар жалаң аяқ гүл терiп жүргенде, солтүстiгiнде тiзеден келетiн қар жатады». Мүмкiн, әсiрелеп айтқан болар, дегенмен бiздiң республикамыздың табиғатын дәл меңзейдi. Елiмiз бен жерiмiздiң осы ерекшелiктерiн еске алып, бiз ерiктi қонақтардың өздерiне бердiк, қалаған жерлерiн көрсiн, ал қалған ауылдар олардың творчествосымен баспасөз арқылы танысар деп түйдiк. Күзгi Алматының көркi көздiң нұрын алады. Айналаның бәрi – қызыл-жасыл жапырақ пен гүл. Алатаудың ақ сәлделi шыңдары қаланың үстiнен қарауыл қарап тұрғандай. Жұрттың жүзi жарқын. Республиканың алпыс жылдық мерекесi жаңа ғана өткен. Ол бүкiлхалықтық мереке болды. Астықты алқаптардан түсiп жатқан хабарлар көңiлге қуаныш енгiзедi, республика Отан қоймасына және бiр миллиард пұт астық құймақ.
Осындай аспан ашық, көңiл көтерiңкi күнi Алматыға Якутия жазушылар Одағының Председателi Софрон Петрович Данилов бастаған Якутия жазушыларының делегациясы келдi. Жалпы оны якутия жазушыларының үштен екiсiн қамтыған делегацияның құрамына халық жазушылары Куннюк Урастыров, Соуорон Омоллон, Николай Мординов, белгiлi ақын-жазушылар Леонид Попов, Моисей Ефимов, Семен Рафов, Анна Сыромятниковалар мен қатар жас буынның өкiлдерi де бар. Олар Николай Лугинов, Егор Сибиряков, Наталья Харлампьева, Анатолий Старостин, тағы басқалар. Якут әдебиетiнiң Қазақстандағы күндерiнiң ашылуы астананың сәулеттi сарайларының бiрi – Абай атындағы Академиялық опера және балет театрында өттi. Осы кеште қонақтарды СССР және Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлықтарының лауреаты ақын Жұбан Молдағалиев, Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлығының лау реаты, ақын Сырбай Мәуленов, белгiлi ұйғыр жазушысы Хизмет Абдуллин, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреа ты Мұхтар Шахановтар құттықтады. Осы кеште қонақтармен дала академигi, екi мәрте Социалистiк Еңбек Ерi Жазылбек Қуанышбаев кездестi. Сөйтiп, менiң әңгiмемнiң жетi күндiк мезгiлi осылай басталды. Келесi күнi қонақтар топ-топқа бөлiнiп, республика облыстарын аралап кеттi. Маған, Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент облысаралық бөлiмшесiнiң секретары Нәсiреддин Сералиевқа және ақын Ольга Юровскаяға Қызылордаға баратын топпен бiрге бару жүктелдi. Бұл топта Моисей Ефимов, Егор Си биряков, Василий Далан, Савва Тарасов, Анатолий Старостин, Николай Винокуров, Марфа Неустроева, Қазақстан мен Якутия жазушыларының ынтымақтасуына үлкен еңбек сiңiрген марқұм Семен Петрович Даниловтің жұбайы Анна Семеновна Данилова және бiздiң «кiшкене докторымыз» – Моисей Ефимовтің қызы, университеттiң медицина факультетiнiң студентi Таня болатын. Самолет Қаратаудың үстiнде қалықтап келедi. Менiң жолсерiктерiм самолеттiң иллюминаторы арқылы төменде көсiлiп жатқан кәрi таудың қатпар-қатпар жартастарынан көз айырмай үңiлiп отыр.
– Бiздiң республикамыз тауға да бай. Тянь-Шаньның бiр сiлемi Алатауды кеше көрдiңiздер. Орталық Қазақстанда Ұлытау мен Көкшетау бар, шығыста Алтай мен Тарбағатай, Семей далаларында Шыңғыс тауы, батыс Қазақстанда – Үстiрт, ал Оңтүстiкте – Қаратау. Осы Қаратау қазақ халқының тарихындағы көптеген маңызды уақиғаның куәсi, – деп түсiнiк берiп келдi қонақтарға Ольга Юровская өзi де таудың сидиыпсидиып тұрған биiк шоқыларынан көз алмай. Қазақтардың «Елiм-ай» дейтiн әнi бар. Сол ән «Қаратаудың басынан көш келедi...» деген сөздермен басталады. Осы бiр әндi дала гимнi деуге, қазақ халқының бiр дәуiрлiк өмiрiнiң әуенi деуге бола ды. Ол қазақ халқының бостандық үшiн, еркiндiк үшiн жоңғар шапқыншыларымен шайқасып жатқан кезеңi. Ақыры еркiндiктi аңсаған халық жауын жеңген. Қазақтың үш жүзiнiң руларының өкiлдерi жиналып, жауға қарсы күйрете соққы берген тұсы осы Қаратаудың маңы болса керек. Шымкент каласының маңында Ордабасы дейтiн үлкен төбе бар. Сол төбенi халық қасиеттi жер деп қадiр тұтады. Өйткенi сол төбенiң басында казақтың батыр лары жауды жеңбей тынбайтынына ант берсе керек. – Сiздердiң Чочур-Морандарыңыз деп есептей берiңiздер, – деп сөз қосып қойдым мен Ольганың әңгiмесiне. – Қалай дейсiз? – деп маған ендi Ольганың өзi сұрақ бердi. – Якутск қаласының iргесiнде Чочур-Моран деген төбешiк бар. Якуттардың аңызы бойынша бұлардың, яғни бiздiң қонақтарымыздың, ең түпкi атасы сол төбенi мекендесе керек. Рас, бiздiң Қаратауымыздың атқарған қызметi сәл өзгешелеу. Бұл тау халықтың бiрiгуiне ұйытқы болған тау. Бұл оқиғаның берiде болғаны да рас – айналасы екi-үш жүз жылдың шамасы. Ал әрiректе, бiздiң эрамыздың бас жағында (тiптен бiздiң эрамызға дейiн де) осы таудың бауырында қазақтың көне қалаларының көбi орналасқан болатын. Мәселен, Тараз (қазiргi Жамбыл), Ис фиджаб (қазiргi Сайрам), Сығанақ, Отырар, Құмкент, Сауран, көне Түркiстан. – Түсiнiктi. – Түсiнiктi болса, ары қарай айта бер. Бiз Қаратау қаласының үстiнен өттiк, сол жағымызда Шымкент қалды, сол бағытта Кен
тау мен Түркiстан қалалары қалды. Алдымызда – Қызылорда, ал Қаратау әлi жалғаса бередi... – Айтқаныңыз орындалады, – дедi Ольга күлiмсiрей әзiлдеп. – Дегенмен және бiр сұрақ қоюға бола ма? – Он сұрақ қойсаң да еркiң. – Жоқ, бiреу де жетедi. Бiздiң қонақтарымыз осы жерлердi сонау ерте заманда, мәселен, бiздiң эрамыздың басында кiмдер мекендегенiн бiлгiсi келедi. Әлгiнде Чочур-Моранды мекендеген кiсi алғашқы якут екен дедiңiз. Ал сол заманда осы жерлердi – Сырдарияның сағасы мен Қаратаудың бөктерлерiн кiмдер мекен деген? – Сен мұны менiң «Простор» журналында жарияланған жолжазбаларымдағы қаңғаластарды есiңе алып сұрап отырмысың, әлде басқа себебi бар ма? – Дәл түстiңiз. Оның үстiне қазақ жерiнiң ұлы ойшылы Әбунәсiр әл-Фарабидiң отаны болған Отырар қаласын да еске алып отырмын. Ольганың екi жыл бойы Отырар экспедициясында жұмыс iстегенi осы кезде ғана есiме түстi. Ол қазба жұмысына қатысумен қатар газеттерге үзбей жариялап тұратын. Мен якут достарыма Отырар туралы, Әбунәсiр Фараби туралы бiлгенiмдi айттым, әрине, зор мақтанышпен айттым. Дер кезiнде ойыма салған Ольгаға рахмет айттым. Рахметтi оған қонақтар да айтып жатыр. Бұдан соң бiз және көне дәуiрге көшiп кеттiк. – Сонау атам заманда, шамамен бiздiң эрамызға дейiнгi үшiншi ғасырда Қазақстан топырағында екi үлкен мемлекет немесе тайпа өмiр сүрген. Олар – үйсiндер мен қаңлылар. Үйсiндердiң негiзгi мекенi – Қазақстанның оңтүстiк шығысы. Олардың солтүстiк шекарасы Балқаш көлi де, батыс шекарасы – Талас өзенi. Ал Сырдария өзенi мен оның жоғарғы салалары Шыршық, Өгем, Келес, Бозсу өзендерiнiң бойын (Шымкент, Ташкент қалаларының маңынан бастап Арал теңiзiне дейiн), Қос өзеннiң аралығын (Сырдария мен Амудария) қаңлылар мекендеген. Олардың мемлекетiнiң құдiреттi болғаны соншалық, олармен әйгiлi Александр Македонскийдiң өзiнiң санасуына тура келген. Осы мемлекет бiздiң эрамыздың бесiншi-алтыншы ғасырлары14-270
на дейiн өмiр сүрген. Кешiрiңiздер, мен тарих маманы емеспiн, сондықтан қателесуiм мүмкiн – жетiншi ғасыр болуы да ғажап емес. Ендi «түрiк» деген атаудың түбiрiне келейiк. Тарихи дерек терге қарағанда, «түрiк» (тюрки) атауы тек алтыншы ғасырда ғана кездеседi, ал «қазақ» деген сөз одан да кейiн пайда болды. Сонымен, қаңлылар мемлекетi «түрiк», «казақ» деген атаулардан әлдеқашан бұрын өмiр сүрген. Егер сiздердiң: «якуттардың түпкi атасы Қазақстан жерiнен кеткен екен» деген аңыздарыңыздың тарихқа титтей де бiр қатысы болса, ол осы қаңлы мемлекетiнiң гүлденген немесе ыдыраған тұсы болу керек. Онда сiздердiң қаңғаластарыңыз бiздiң қаңлылардың үрiм-бұтағы болғаны. Тек кiшкене ғана айырмашылығы бар. Сiздердiң қаңғаластарыңыз қазiр якуттар болса, бiздiң қаңлылар – қазақтар. Қонақтар түгел күлiп жiбердi. Мен «ендi кезек сенiкi» деген сыңай байқатып, Ольгаға қарадым. – Қаратау мен Жаңатас – аса бай фосфорит кендерiн иге руге байланысты өмiрге келген жас қалалар. Осы қазынаның шикiзатын өңдейтiн алып заводтар Қаратаудың оңтүстiгi мен солтүстiгiне орналасқан. Шымкент пен Жамбыл қалаларында. Кентау тұрғындарының санының жүз мыңнан асқанына қарамай, жас қала, жаңа қала. Айтпақшы, сiздерге Ащысай деген сөз таныс па? – Әрине, таныс, – дедi бiрден Егор Сибиряков. – Онда бұл жөнiнде және Қалаубектi тыңдайық. Ол – осы қаланың өмiрге келуiнiң куәсi. Оның үстiне Шымкенттiң оңтүстiк жағында Қазықұрт деген тау бар. Аңыз бойынша сол таудың басында кеме қалған. Кәдiмгi дүние жүзiн қаптаған топан су кезiнде. Ол жөнiнде де қазақ халқының аңыз-өлеңi бар. Сол тау – Қалаубектiң елi. – Онда тыңдайық. – Ендеше, ең алдымен Эрилик Эристиндi еске алайық, ағайындар. Сендер, әрине, оның «Революция ұландары» деген романын жақсы бiлесiңдер. Осы романның авторы бұдан тура қырық алты жыл бұрын, яғни отыз төртiншi жылдың сентябрь айында Шымкент қаласында жазып бiтiрген екен. Романның негiзi кейiпкерлерi – ағайынды екi жiгiт Орынбаевтар. Оқиға
Ащысай кенi мен Түркiстан қаласында өрбидi. Мiне, сол Ащы сай мен Мырғалымсай қыстақтарының негiзiнде соңынан Кентау қаласы өмiрге келдi. Оның жасы әлi отызға да толған жоқ. Соны мен, өмiрiнiң соңғы жылдарында Николай Островскийдiң ерлiгiн қайталаған Эрилик Эристин бұл далаларды талай аралаған. Бiз оның кең даламызға деген шын ықыласына, ыстық махаббатына дән ризамыз. Бұрын өзiне бейтаныс ел мен жердiң өмiрiнен ро ман жазу үшiн тарих пен тұрмысты, салт пен сананы зерттеуге қанша уақыт қажет екенi белгiлi ғой. Эрилик Эристин осының бәрiн жасады, қиындықтан қорыққан жоқ. Бiз сіздердің классик ақындарыңыз Серафим Элляйдың еңбегіне дән ризамыз. Ол кісі отызыншы жылдары біздің республикамызға келіп, бірқатар туынды жазған. Соның бірі – «Алатау» деген өлеңін мен өз ау зынан тыңдап ем. Айтпақшы, Эрилик Эристиннің «Марыкчан қырандары» атты екінші романын қазақ оқушылары көптен біледі. Оны бұдан жиырма жылдай бұрын Шерхан Мұртазаев аударған болатын. Әрине, Эристиннің Қазақстан туралы романының осы кезге дейін қазақ тіліне аударылмауы – қынжыларлық жағдай. Тек оның да себебі бар. Романның орысша текстін таба алмадық. Ал біздің якут тілін білмейтініміз белгілі. Демек, ол үшін де... – Қалаубек, сіз мінбеде тұрған шешен сияқты сөйлеп кеткен жоқсыз ба? – деді Ольга күліп. Мен сабама түсе қойдым. Иллюминатордан төменге қарадым. Төменде арықтар мен атыздар денесін тілім-тілім еткен жер көрінеді. Бұл – күріш даласы. Бір шетте толқынданып жатқан лента сияқты боп Сырдария байқалады. – Бұл роман жазылып біткенде сен әлі аяғыңды өзің баса ал майтын сәби едің ғой, Қалаубек, – деп біздің әңгімемізді жаймашуақ әзілге бұрды Моисей Ефимов. – Сондықтан біздің саған де ген ешқандай өкпеміз жоқ. Әлі уақыт бар, үлгірерсіздер. Моисейдің мына сөздерінен кейін әңгіменің бетін басқа жаққа бұру жеп-жеңіл еді. Тек менің ойыма қайта-қайта со нау жетпіс екінші жыл орала берді. Сонда біздер бүкіл делегациямыздың құрамы болып уәде бергенбіз, тек әлі күнге дейін нәтиже шыққан жоқ – Эристин романының жолма-жол аудармасы сол күйінде жатыр.
– Ана көрінген өзеннің ауқымы молдау көрінеді, Қалаубек аға. Бұл қай өзен, – деп сұрақ қойды Таня. Сезіп отырмын, әкесі Индигирканың бойында өмірге кел се, өзі Лена жағалауындағы қалада туылған Таня үшін біздің өзендеріміз қораш көрінетін сияқты. Сондықтан ол өзен-суға көп көңіл бөлген жоқ еді, енді мына Сырдарияның Қызылқұм дала ларын аралап, ирелеңдеп жатқан бейнесін көрген соң, өз сұрауын беріп отыр. – Бұл – біздің әйгілі Сырдария, – дедім мен. – Бұл тұсы орта ағысы, ал төменгі ағысы – Қызылорда жеріне жеткенде суы мен арнасы молая түседі. – Бәрібір біздің Ленадан кішкене, – деді Таня біздің алып өзенімізді өз өлшемімен мөлшерлеп. – Әрине, – деуден басқа жауапты мен де таба алмадым. – Сен бізге әуелі ұзақтан ұзақ жазылып жатқан кең дала мен қатпар-қатпар болып бөгіп жатқан құмдарың туралы айтшы, – деді Моисей біздің сөзімізді бөліп. – Сендерде құмды дала көп пе? – Нақ сендердің тундраларың сияқты – ұшы-қиыры жоқ... Менің жауабым қысқа болды. Әңгіме ары қарай жалғаспай қалды. Өйткені мен құм мен дала туралы әңгімені қай жерден бастаудың есебін таба алмай тосылып қалған болатынмын. Осы тұсты Анатолий Старостич пайдалана қойды: – Моисей Дмитриевич, егер дала деген тундраға ұқсас бола тын болса – өзімізде де жетіп жатыр емес пе? Ал құм дегенді оңтүстік Якутияға барсаңыз, қабымен арқалап қайтуға бола ды. Ал қазір біздің елде кездеспейтін жағдайларға қанып алсақ қайтеді, – деді ол. Мен Моисейге қарап едім, ол басын изеді. – Сонда не мәселе, бүге-шігесіне жетіп алайын деп отырғаның? – деп сұрады Егор Сибиряков. – Қазығұрт тауы туралы, – деді Анатолий. Қазығұрт... Осы бір тау жөнінде қазақ халқының арасына кең тараған та лай-талай аңыз бар. Жұрт оны қасиетті тау санайды. Оның да себебі бар. Жер бетін топан су басқанда осы таудың басында кеме қалыпты. Ол жөнінде мынадай өлең бар.
Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? Топан суда бір қозы аман қалып, Шопан ата деген сөз содан қалған. Осы өлең ары қарай жалғасып кете береді. Әр шумағында бір түлік малдың аты аталады да, халық ұғымындағы солардың жебеушісінің аттары келтіріледі. Мәселен, қара мал – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара, жылқы – Қамбар ата, т. т. Қысқасы, жер бетіндегі жан-жануардың топан судан кейін қайта көбеюі осы Қазығұрттың басында қалған кемеге байланысты болса керек. Содан тарапты. Міне, Қазығұрт тауының қасиетті аталуының себебі осы. Бүкіл әлемге өмір берген тау болғандықтан қасиетті. – Әдемі аңыз екен, бірақ бәрін ойдан құрастырып отырған жоқсыз ба? – деді университетте әрбір қағиданың нақтылы бо луына қалыптасып қалған Таня менің әңгімемді тыңдап болған соң. – Біздің қасиетті тауымыз Қаңғалас қыраттары туралы да та лай аңыз есітіп едім. – Элляй аталарың сол таудың баурайынан үй малы боп табы латын жануардың алғашқы ұрпағын тауып алған ғой. – Иә, аңыз солай дейді... – Ал біздің Қазығұрт маңында қаңлы әулие дейтін де жер бар. – Қаңлы деген не? – Ол – қаңғалас деген сөзбен дәлме-дәл. – Ой, қойыңызшы, – деді Таня. – Сіз әбден шатастырдыңыз ғой. Енді біздің қаңғаластарды Қазығұрттың баурайына әкеліп қоныстандыра қоймақшысыз ба? – Ол жөнінде жаңа ғана айтқан жоқ па? – деді Егор Сибиряков. – Сонау көне заманда осы маңды жайлаған солар ғой. – Мен аңдамай қалыппын ол әңгіменің мәнін, – деді Таня. – Онда бұдан былай жөндеп тыңда, – деді Егор Таняға. Содан соң маған қарап:– Және қандай қасиеті бар Қазығұрттың? – деді. – Ендігі бір қасиеті – жақында осы таудың маңынан динозаврдың сүйегін тауыпты. – Не дейсіз?!– деді таңданғаннан көздері дөңгелектеніп Егор Сибиряков.
Осы кезде біздің әңгімемізге самолеттегі жолаушылардың бірі араласты. Сақалы салаланған қарт кісі. – Оның несіне таңданасың, балам, – деді әлгі жолаушы. Бетіне қарасам – түсі суық көрінгенмен, көзінен әзіл оты ойнақшып тұр. – Онда неге сендердің мәңгі тоңдарыңның қойнында мамонттың сүйегі толып жатады. Сонда біздің тауларымыз бен далаларымызға динозаврдың сүйегін де қимайсыңдар ма? Бізде де бірдеңе табылуға тиіс емес пе? – Жо-жоқ, мен мүлде қарсы емеспін, бәрін алыңыздар, тіптен біздің мамонттарды алсаңыз да қой демейін, – деді қысылып қалған Егор. Бәріміз де күлдік. – Күлетін түгі жоқ, – деді Егор әлі де өзіне-өзі келе алмай. – Мен динозаврлардың сүйегі қорым боп жататын жерлер Монғолия далаларында кездеседі дегенді есіткенім бар еді. Ал Қазақстанда?.. Есіткен емеспін. – Біз де даладан кенде емеспіз, – деді ақсақал сөзін әрі жалғастырып алған бағытынан қайтпай. – Динозавр түгілі, тағы біраз аңды айдап келсең де беймарал жайғасып кетеді. – Жеңдіңіз, жеңдіңіз, ақсақал, – деді Егор енді қарттың ыңғайына жығылып. – Біздің мамонттар қиыр солтүстікте кездесетін еді, ал сіздердің динозаврларыңыз республиканың оңтүстігінде кездеседі екен. Менің айтайын дегенім осы ғана еді. – Әй, қу бала, – деді ақсақал күлімсіреп. – Онда мына жол жетекшілеріңнің әңгімесінің аяғын тыңдайық. – Қане, айта бер, балам, қайдан тауыпты әлгі сенің динозаврларыңды? Мен ақсақалдың бұйрығын мүлтіксіз орындауға кірістім. – Қазығұрт тауы Өгем тау қыраттарынан батысқа қарай шығыңқырап тұрған екі шоқыдан тұрады. Бұл маңның бәрі – ойлы-қырлы дала. Осы Қазығұрттың етегінен басталған бір жон оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Жаңадан салынып жатқан Шымкент-Ташкент жолы осы жонды Фогелевка селосының оңтүстік жағынан барып кесіп өтеді. Міне, жол құрылысшылары осы жонды қиып өту үшін жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқанда өздеріне белгісіз бір хайуанның сүйегіне кездескен.
Соңынан палеонтологтар келіп оның динозаврдың сүйегі екенін анықтапты. Міне, осыған қарап мен топан суда қалған кеме жөніндегі аңыздың, әйтеуір, бір нақтылыққа сүйене отырып айтылғаны рас шығар деп ойлаймын. Динозавр дегендер қос мекенді жануар екені рас қой. – Иә, иә, – деді ақсақал ойға кетіп. – Өз ойыңды нақтылау үшін және қандай дәлелдер келтіре аласың? – Осы төбелер таусылып, жазықтық басталған кезде басқан жеріңнің бәрінен ұлудың қабыршақтары кездеседі. Ал жер астында олардың аса мол қоры бар көрінеді. – Демек, бұл жерлер бір кезде теңіздің ұлтаны болғаны ғой? – Солай болу керек. Оның үстіне сіз қазақ халқында сонау заманнан бері келе жатқан мына бір мақалды еске алыңызшы, «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен». Сонда өз өлкелеріндегі ең суы мол деп есептелетін көлдерінің өзі Арал мен Балқаш болып саналатын қазақтар балықтың үлкен екенін қайдан біледі? – Жә, жә, жетер, – деді ақсақал күлімсіреп. – Тіпті тереңдеп барасың ғой. Мақұл, бұл мақал ертеде шыққан деп-ақ қояйық. Енді сенің әңгімеңнің бас жағына қайта бір оралайықшы. Сонда сен Қазығұрттың басында шынымен-ақ кеме қалған деген сөзді дәлелдемек болып арам терге түсіп отырмысың? – Ойбай, қойыңыз, ақсақал, – дедім мен ат-тонымды ала қашып. – Менің айтайын дегенім мүлде басқа: мына қонақтарымызға осы бір мақалдың негізінде шындық жатқанын сездіру ғана болатын. Осы маңның өте ерте кездегі тұрғындары динозаврлардың сүйектеріне жиі-жиі кездесіп қалып жүрген болуы мүмкін ғой. Олардың қос мекенді екенін білген шығар. Оның үстіне бұл маңды бір кезде су басып жатқанын да сезген шығар. Ал мына ойлы-қырлы далада Қазығұрт ерекшеленіп шоқы болып тұр емес пе? Егер топан судың болғаны рас болса, сол суда жүзген жалғыз кеме осы маңды шарлаған болса, оның тоқтайтын жалғыз-ақ жері – осы Қазығұрт. Әлгі мақалдың да шығуына негіз бар – динозаврлардың қаңқалары. Сондықтан болар, халықтың Қазығұртты қасиетті тау санайтыны.
– Бұрын ойыма келген нәрсе емес еді, – деді ақсақал енді терең ойға кетіп. – Менің мамандығым – биолог, мұғаліммін. Рас, бұрынғы мұғаліммін. Қазір пенсиядамын. Әлгі сен айтқан өлеңді де, балық пен қамыс туралы мақалды да жақсы білемін. Тек байыбына бара бермеппін, терең ойланған емес едім. Әттең... Бір сәт тыныштық орнай қалды. Ақсақал шынымен терең ойға еніп кеткен секілді. Мен мына тыныштықты бұзбақ болып: – Мен де бұл туралы динозаврдың сүйегі табылды деген ха барды есіткен соң ғана ойлана бастадым. Теңіз жәндіктерінің қабыршақтары туралы да тек қана соңғы кезде есіттім. Бұрын мән бермей жүре беріппін, – дедім. – Өкінішті, – деді ақсақал менің бетіме тіке қарап. – Сен жазу шы емессің бе... – Оның есесіне бұл біздің республиканың көне тарихы мен бүгінгі өмірін жіті тексеріп жүр, – деді қонақтардын бірі мені ақсақалдың шабуылынан құтқармақ боп. – Онысына да рахмет. – Ақсақал, – дедім мен енді ақсақалдың өзіне қолқа салмақ бо лып. – Сізден жол ақысын сұрасақ қайтеді? – Жол ақың не? – деді Моисей менің оныма түсінбей. – Бұл сендердің «кэпсэ», «Сох, эн кэпсэ» деген сөздеріңнің ба ламасы. – Онда мейлі, – деді Моисей. – Мен шынымен үрейлене баста сам. – Жол ақыңа не сұрайсың? – деді ақсақал. – Қазығұрт пен Қаратау туралы өз ой түйсігіңізді айтсаңыз мына қонақтарға. Ордабасы жөнінде айтсаңыз. – Айтайын. Қаратау туралы біраз әңгімені мына жол жетекші болып келе жатқан кісілер айтып берді. Есітіп келемін. Осы таудың баурайында талай рет қантөгіс болған. Қаратау қазақ жеріне ба сып кірген талай жаудың алдын бөгеп, тосқауыл боп, көпшілігін жер жастандырған. Ал Ордабасы деп аталатын төбе Шымкенттің оңтүстік-батыс жағында. Ол Қазығұрттың төбесінен өте жақсы көрінеді. Жалпы, Қазығұрттың өзі әлгінде мына жолдастарың айтқандай, Өгем қыраттарынан бөлініп, кең даланың басталар жерінде ерекшеленіп тұр. Биіктігі ешкімді таң қалдыра қоймас,
тек орналасқан жері мен жеке шоқы болып тұрғаны аса көркем. Қазығұрттың солтүстік жағы тік жар боп келеді де, оңтүстігі ыл диланып барып, даламен жалғасып кетеді. Төбесіне көтерілсең, елу-алпыс шақырым жерде орналасқан Шымкент пен көне Сай рам көрінеді. Батысында бұралаңдап ағып жатқан Сырдария көрінеді. Солтүстік батысында Ордабасы. Ордабасының тарихта қалған себебі – жат жұрттық жау мен шайқасудың үлкен бір куәсі болғандығы. Жоңғар шапқыншылары қазақ даласының әбден шырқын кетірген бір тұсында үш жүздің өкілдері осы төбеге жиналып, мәслихат құрса керек. Мәслихаттың шешімі біреу-ақ болған – жауға қарсы аянбай күрес жүргізу. Осылайша қазақ тайпаларының басы бірігіп, бірегей мемлекет болып біріге бастаған. Осы күресте үлкен қызмет атқарған кісі – Төле би. Бұл – бүкіл қазақ даласына аты жайылған атақты қолбасшы, ақылды басшы. Қазығұрттың баурайы сол Төле бидің жайлауы болған. Ол кісінің өзі Таш кентте жерленген. – Ордабасы деген жерлеріңізде ескерткіш бар ма? – деп сұрады қонақтардың бірі. – Ал сендердің Қаңғалас тауларың мен Чочур-Муран атты төбелеріңде ескерткіш бар ма? – Біздің Қаңғалас таулары да сіздердің Қазығұрт пен Қаратауларыңыз секілді халық қасиет тұтатын мекендер. Қаламыздың бір жағын сол таулар қоршап тұрса, екінші жағын Лена өзені қоршап тұр. Чочур-Моран төбесінде ескерткіш белгі бар. Тек кішкентай ғана, көзге қораш көрінеді. – Оған да рақмет. Ал біздің Ордабасыда ешқандай белгі жоқ. Ескерткішті былай қойғанда, қазіргі жастар үшін «Ордабасы» де ген сөздің өзі жат болып барады. Олар көне тарихты білмейді, кейбірінің білгісі де келмейді. Ал білгендері абзал-ақ, өткен ұрпақтың ерлік өмірлерін ұмытып барамыз. Мәдени ескерткіштерді де естен шығарып алдық. Бір шүкіршілік ететін нәрсе – соңғы жылдары мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру мәселесін қолға ала бастады. Мәселен, осы маңдағы Қорқыт мавзолейін қайта жаңғыртты, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі музей ретінде ашылды...
– Солар жөнінде толығырақ айтсаңыз қайтеді, ақсақал, – деп өз өтінішін білдірді Савва Тарасов. – Солар жөнінде деймісің? Айтуға болады, әрине, тек қысқа қайырайын. Казақ даласында Қорқыт есімді атақты қобызшы болған. Оның қобыз үшін шығарған талай-талай күйлері бар. Сол атақты күйші Сырдарияның жағасында жерленген. Қазір сол жерге мавзолей орнатылды. Ал Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейін Түркістан қаласына Ақсақ Темір салдырған. Сол мавзолейдің салынуы жөнінде де көптеген аңыз бар. Оның бәрін айтып тауысу мүмкін емес. Ең ғажабы – айдалада осындай алып мавзолейдің салынуы мен оның өрнектелуі. Соңынан осы мавзолей қазақ хандарының денесі жерленген пантеонға айналған. Айтпақшы, іштеріңде Эрмитаж да болған азамат бар ма? – Әрине, бар, – деп қосарлана жауап берді қонақтар. – Сонда сақтаулы тұрған осы мавзолейден алынған қазанды көрдіңдер ме? – Жоқ, – деп жауап берді қонақтар. – Көңіл аудармағансыңдар ғой. Ол кезде мұнда келерміз деп ойлаған да жоқсыңдар. Оның үстіне Эрмитаж деген жатқан бір әлем, бәрін көріп үлгеру мүмкін емес. Бұрын сол қазан мавзолейдің ең үлкен залдарының бірінде ілулі тұратын. Ол қазан туралы да аңыз көп. Соның бірінде осы қазанда піскен ас таусылмайды екен, қанша адам болса да түгел жетеді екен деген де сөз бар. Бұл, әрине, қиял. Ал шындығы – осы қазанды құйған жергілікті шеберлер. Кентау мен Түркістан қалаларының ара сында Қарнақ деген көне ауыл бар. Сол жерде құйылған дейді. Көлемі, әрине, аса үлкен. Бұл маңдағы ең көне қаланың бірі – Отырар. Ол туралы әлгінде әңгіме еттіңдер. Сол көне тарихтың куәсі болған қаланы бүкіл ел болып зерттеп жатқаны қуантады мені. Әлгінде мына қызым сол қаланы зерттеуге екі маусым қатысқанын айтты ғой. Егер қайтар жолдарыңда пойызбен жүре қалсаңдар, Темір станция сына жете берер тұста далаға бір көз салыңдар – Отырардың өзін көрмесеңдер де, алыстан сағымданған қалдықтарын бір байқап қаласыңдар. Ольга қызым міндетті түрде көрсететін болсын. Ал мен қазірше өз білгенімді айтып берейін.
Отырар өз заманының аса үлкен мәдениет орталықтарының бірі болған. Қаланың аса бай кітапханасы монғол шапқыншылығы кезінде өртеніп кеткен деген болжам бар. «Шығыс Аристотелі» атанған Әл-Фараби – осы қаланың түлегі. Ол – жан-жақты білім алған, аса дарынды ғалым. Бұған ешкімнін дауы жоқ. Демек, ол жас кезінде сол ғылымдардың негізін оқып үйренді ғой. Ол үшін оқу орны болу керек, аса бай кітапхана болу керек. Демек, Оты рар кітапханасының болғаны рас. Ол өртеніп кетті ме, көміліп қалды ма бәрібір – тек бар болғаны шындыққа жанасатындығы. Әбу Нәсір әл-Фараби жігіт шағында білім іздеп, сол кездегі Шығыстың ғылым орталықтарына кетеді. Көптеген елдерді ара лап, ақыры Дамаск қаласында біржола тұрақтап қалған. Осы жерде дүниеден өткен. Әл Фарабиге байланысты қазіргі кезде әдебиет көп, өздерің де оқып жүрген боларсыңдар. Менің айтпағым – соның бір-ақ саласы. Әбу Нәсір білімінің бір саласы дегенім ғой. Ол кісі аса ғұлама дәрігер де болса керек. Осы Отырар қаласының солтүстікшығыс жағында дәрмене деген шөп өседі – жусанның бір түрі. Сол шөптен аса қажетті дәрі жасалады. Ол дәрінің не үшін қолданылатынын білмеймін, ал биолог ретінде білетінім – осы шөп дүние жүзінде тек осы маңда ғана қалың өсетін болса керек. Қазығұрт пен Өгем қойнауларында да бар. Сондықтан дүние жүзіндегі бірден-бір сантонин заводы өткен ғасырдың өзіндеақ Шымкент қаласында салынған болатын. Бір кезде география оқулықтарында осылай деп жазатын. Ал осындағы халыққа оның емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Тіптен дермана (дәрменені кей жерде осылай атайды) өскен жерде ер өлмейді» деген нақыл сөз де бар Қазығұрт маңындағы халықтың аузында. Мүмкін, Әбу Нәсір өзінің дәрігерлік тәжірибесін осы дәрмене деп аталатын шөпті зерттеуден бастаған болар. Ең болмағанда, соның емдік қасиетін жақсы білген. Отырар қаласын монғол шапқыншылары талқандады. Талқандағанда жермен-жексен етті. Қазір қираған қаланың үйіндісі ғана қалды. Археологтар соны зерттеп жүр. Ол туралы мына қызым жақсы білетін көрінеді. Соңынан айтып берер. ІІІалды шаршатпаңдар.
Қонақтар ақсақалдың әңгімесіне ризашылығын білдірді. Мені басқа бір ой билеп алды: осы ақсақалдың өзі кім? – Ақсақал, – дедім мен ақыры шыдай алмай. – Сіз өзіңіз ту ралы «мұғаліммін» дегеннен басқа бір ауыз сөз айтпадыңыз ғой. – Түсініп тұрмын сөзіңнің төркінін, – деді ақсақал. – Қоймассың ақыр, айтайын. Мен Түркістан қаласында Саттар Ерубаевпен бірге оқығанмын. Бала кезімде, әрине. Қазір Саттардың өмірде жоғы қандай өкінішті, немесе ол Максим Аммосовпен бірге істеген жылдары туралы талай әңгіме айтып берер еді. – Аммосовпен бірге істеген деймісіз? Сонда сіздің мектептесіңіз Саттар Ерубаев дейтін кім болған? – деді орнынан бір қозғалып қойған Савва Тарасов. – Сен менің «бірге қызмет істеді» дегенімді бір мекемеде істеген екен деп түсінбе. Максим Аммосов обком секретары болған, ал Саттар – журналист. Мына жолбасшыларың жазушы ғой, жа зушы ағасы жөнінде осы айтсын. Мен қысылып қалдым. Саттардың балалық шағын өз көзімен көріп, мектепте бірге оқыған кісінің алдында отырып ол тура лы ауыз ашып көрші. Мүлт кетсең, табан астында ұстап алады. Сондықтан мен ат-тонымды ала қаштым. Бірақ ақсақал оған көнбеді. – Қысылма, – деді ол. – Мен сенің Саттарға ескерткіш ашарда сөйлеген сөзіңді есіткенмін. Рас, ол кезде сен комсомол қызметкері едің. Сондағы сендердің игі бастамаларың қолдау тапты – қазір Түркістанда Саттар Ерубаевтың музейі бар. Қысылма, айта бер. Айтпақшы, мен сенің әңгімеңе батыл араласып кеткенім де өзіңді танитыным. Сыртыңнан болса да танитыным. – Айтқаныңыз болсын, ақсақал, – дедім мен. – Саттар Еру баев – аса көрнекті қазақ совет жазушыларының бірі. Ол осы далада, көне Отырарға жақын маңда өмірге келген. Мектеп табалдырығын Түркістан қаласында аттаған. Соңынан білімін өзінше оқып жетілдіріп, Ленинград қаласында жоғары оқу орнын бітіріп, аспирантурада қалдырылады. Бірақ Қазақстан өкімет орындарының өтініші бойынша аспирантураны қалдырып, Алматыға келіп жастар газетінде жұмыс істей бастайды. Журналистік қызметіне қоса қазақ мемлекеттік педагогикалық инс-
титутында философиядан лекция оқиды. Осы кезде өлең мен әңгіме жаза бастайды. Қазақ совет әдебетінде поэзияның бал лада, эпиграмма, пародия түрлерін алғаш жазып дамытқан осы Саттар деуге болады. Әсіресе оның ғылыми-фантастикалық новелласы ерекше орын алады. «Келесі соғыс туралы новелла» дейтін шығармасында ол жапон самурайларының келесі соғыс туралы жоспарын нағыз көргендікпен меңзеген сияқты. Саттар – әдеби-сын мақалаларды да өте көп жазған кісі. Бір кезде Қазақ мемлекеттік опера театрына жетекшілік етті. Со нан соң ол Қарағанды қаласына барып, облыстық газеттің жа стар үшін шығатын қосымшасына редактор болды. Осы жер де өзінің қазақ жұмысшы табының өмірін бейнелейтін өлмес шығармасы – «Менің құрдастарым» романын жазды. Тек ро ман жазушының өзі өмірден өтіп кеткен соң ғана жарық көрді. Осынша жұмысты тындырған Саттар қайтыс болған кезде жиырма бес-ақ жаста еді... – Енді осы өлкенің Саттардан кейінгі таланттарын атасаңыздар қайтеді, – деді Егор Сибиряков. – Алдымен ауызға түсетін – Зияш Қалауова, – деді енді ақсақал әңгіменің тізгінін өз қолына алып. – Ол Ащысайда мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ өлең жазып, көзге түсе бастады. Он алты жасында Зияш поэмалар үшін жарияланған республикалық конкурстың жүлдегері атанды, ал он сегіз жа сында тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. Әттең, Зияш ұзақ өмір сүре алмады, 1953 жылы отыздан сәл-ақ асып өмірден өтті. – Түсіндім, – деді ақсақал менің көзқарасымды байқап, – мен өз тұстастарымды айтамын ден сендердің көңілдеріңді бұзып ал дым білем. Басқалар жөнінде айтайын. Белгілі жазушылар Тәкен Әлімқұлов пен Сәуірбек Бақбергенов – Қаратау перзенттері. Өз елдеріңе барып қайтқан жазушы-ғалым Рахманқұл Бердібаев түркістандық. Сабырхан Асанов та Якутияда болып қайтқанын білемін. Келесі буынның ішінен Мұхтар Шаханов, Дулат Исабе ков, Асқар Сүлейменовтерді атауға болады. Ал осы өңірде туыпөскен өзбек жазушыларының өзі бір төбе емес пе? Өзбекстанның Халық жазушылары Міртемір мен Әділ Якупов, жазушы-ғалым Суннатулла Анарбаев, қазақ тілінен отыз кітап аударған белгілі
аудармашы Насыр Фазылов, қазір Түркістанда тұратын ақын Эрназар Рузматов... Мына бара жатқан облыстарың – Қызылорда өңірі де таланттарға бай өлке. Оны барған соң есітерсіздер. – Сіз өзіңіз ше? – деді қонақтардың бірі. – Жолымыз түсіп, кездесе қалсақ, мен де айтармын. Мен мұнда немерелерімді көріп қайту үшін келе жатырмын. Өзім Алматыда тұрамын. Көшіп кеткеніме көп жыл болған. – Әңгімеңізге рақмет, ақсақал, – деді Моисей. – Сапарларың сәтті болсын! Сендер көңілді жүрсеңдер, менің де көңілді жүргенім. Біздің аспандағы сапарларымыз аяқталар тұсында және бір сұрауға жауап беруге тура келді. Бұл сұрауды берген – Анатолий Старостин. – Айтыңызшы, дәл осы кезде біздің қалған жолдастарымыз қайда жүр? – Сағынып-ақ қалдың ба? Әлде адасып кетер деп қауіптенемісің? – Екеуі де бар, – деді әзілдеп Анатолий. – Қорықпа, олардың тағдыры біздің жазушыларға мықтап тапсырылған. Иван Федосеев басқараған топ Шерхан Мұртазаев пен ақын Күләш Ахметованың қамқорлығында. Олар дәл қазір Жамбыл қаласында түстеніп отырған болу керек. Семен Ру фов басқарған топпен бірге «Жұлдыз» журналының бас редак торы Бекежан Тілегенов және ақын қарындасымыз Ақұштап Бақтыгереева жүр. Олар осы шамада Жезқазған қаласының бір кәсіпорнында кездесу өткізіп жатуы мүмкін. Ал Саф рон Петровичтің тобын біздің секретарымыздың бірі Сайын Мұратбеков пен ақын Надежда Чернова бастап Талдықорған қаласының іргесіне алып барған болу керек. Үш күннен соң бәрімен Алматыда қайта қауышасыңдар. Бұл кезде біз Қызылорда қаласының үстіне жетіп қалғанбыз. Қаланың бейнесі анық көріне бастады. Менің көңілім көтеріле түсті. Әркезде осылай – қаланың шеті көрінсе-ақ болды, бойым ды қуаныш билей жөнеледі. Қызылорда – менің жастық шағым. Мен осында институтта оқығанмын. Әрбір көшесі түгілі, әрбір тасына дейін қымбат. Осы қалаға келсем, студенттік дәуірге қайта соққандай боламын.
Қонақ иелері бізді ақжарқын қарсы алды – аэропорт алаңы қала тұрғындарына толы, олардың қолдарындағы дала гүлдері көздің нұрын алады. Мерекедегідей әсем киінген қыздар қонақтарға сый-сияпат жасап жатыр, оркестр үні айналаны күңірентіп тұр. Қызылорда... Бұл қала – біздің республиканың жастық шағының астанасы. Республиканың балалық шағындағы астана Орынбор қаласы болатын, соңынан Қызылордаға көшті. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихының біраз кезеңі осы қаламен байланысты. Осында Қазақстанның профессионал ды тұңғыш театры шаңырақ көтерді. Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар осында қызмет етті... Сәкен Сейфуллин... Біз осы бір есімді атағанда еске еріксіз екінші бір ұлы ақынның есімі оралады. Ол – Платон Ойун ский. Бұл екі алыптың тағдырлары қандай ұқсас. Олар екеуі бір жылы өмірге келген, екеуі де талай-талай тар жол, тайғақ кешу ден өткен, екеуі де өз халықтарының бақыты үшін күресті – со вет өкіметін орнату жолында аянбай еңбек етті. Екеуі де халық еркіндігі үшін күресті семинарияда оқып жүрген кездерінен бастады. Екеуі екі қиырда жүріп, бір мезгілде революция үніне лайық жыр жазды. Сәкен «Қазақ марсельезасын» жазса, Платон «Якут марсельезасын» жазды. Революция жылдары екеуі де жаңа өмірдің жыршысы ғана болып қоймай, қолдарына қару алып, ре волюция жауларына қарсы шайқасты. Коммунистік партияның қатарына өткен жылдары да бір – бір мың тоғыз жүз он сегізінші жыл. Олар бір кезеңде өз республикаларында Халық Комиссар лар Советінің Председателі болып сайланды. Сәкен де, Платон да тамаша ақын, драматург болатын. Олар жаңа социалистік мәдениет пен әдебиеттің, өнер мен баспасөздің нығаюы жо лында қажымай қайрат етті. Ұлт тілінде шыққан тұңғыш баспасөз құралдарына қамқорлық жасап, әдебиет тарихын зерт теу ғылымдарына өз үлестерін қосты. Өздері ғана революция сұңқарлары болып қоймай, қалың бұқараны ерлікке, өрлікке шақырып, табандылыққа үйрететін Горький шығармалары ана
тілдеріне аударды. Алдымен өз республикаларында жазушы лар одағын ұйымдастырып, сонан соң СССР Жазушылар одағын ұйымдастыруға атсалысты, соның бірінші съезіне қатысты, әттең, осы екі асыл азамат мол қазына қалдырғанмен, өмірден жастай кетті. Бұл екеуінің бір-бірінен жалғыз ғана айырмашылығы бола тын – Сәкен өз шығармаларын қазақ тілінде жазса, Платон – якут тілінде жазды, бірі қазақ халқының болашағын ойласа, екіншісі якут халқының тағдырын ойлады. Екеуінің мақсатының түйісетін жері – совет халқының игілігі үшін еңбек етуі болатын. Қызылордада біздің тобымызға Жазушылар одағының Шым кент облысаралық бөлімшесінің сол кездегі жауапты секрета ры Нәсіреддин Сералиев қосылды. Ол бізден бұрын пойызбен келген. Енді қонақтарға қала туралы, облыс туралы әңгімені сол айтып жүр. Бізге жиырмасыншы жылдары көрнекті қазақ жазушылары қызмет еткен тарихи жерлерді көрсетіп, музей лер мен ескерткіштерге апарып, ұзақ-ұзақ түсініктер береді. Ол қонақтарды қазақтың белгілі ақындарының бірі Асқар Тоқмағамбетовпен таныстырды. Якутиядан келген қонақтардың ішінде СССР жазушыларының бірінші съезіне делегат боп қатысқан Якут АССР-інің халық жазушысы Николай Мординов бар болатын. Сол кісі өзімен бірге сол съезге қатысқан Асекеңе ар найы сәлем айтып жіберген. Біз сол сәлемді жеткіздік. Алыстағы замандасының сәлеміне көңілі бір желпініп қалған Асқар аға қонақтарға өзінің жаңа шығармаларын оқып берді. Қонақтар осы қалада корей жазушыларымен де кездесті. Осы тұста Ольга Юровская және бірқатар түсінік берді. – Біз сіздердің республикаларыңызда көптеген ұлттың өкілі өмір сүретінін жақсы білеміз. Бірқатар эвен, юкагир, эвенк жазушыларының шығармаларымен де таныспыз. Әрине, орыс тіліне аударылған шығармаларды айтамын. Біздің Қазақстан да көп ұлтты республика. Мұнда тұратын ұлттардың ұзын саны жүзден асады, ал жазушылар өз шығармаларын бес тілде – қазақ, орыс, ұйғыр, корей және неміс тілдерінде жазып, баспа осы тілдердің бәрінде кітап шығарады, театрлар спектакль көрсетіп, радио хабар таратады. Қазіргі тұста кейбір ұлт жазушыларының өз шығармасын орыс тілінде жазатыны ешкімге таңсық емес.
Мәселен, сіздердің Алексей Михайловтарыңыз. Ал біздің Қазақстан үшін орыс жазушыларының өз шығармаларын қазақ тілінде жазуы да таңсық емес. Мәселен, бізде ұлты орыс Надеж да Лушникова дейтін ақын қызымыз өз өлеңдерін қазақ тілінде жазады. Жақында өткен республикалық ақындар айтысында жүлделі орынға ие болып, Қазақ ССР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер атағын алды. Ал Герольд Бельгер дейтін неміс жігіті өз шығармаларын үш тілде – неміс, орыс, қазақ тілдерінде бірдей жаза алады. Ол қазақ тілінде тек қана көркем шығарма жазып қоймайды, тіптен әдебиет проблемаларына байланысты зерттеулер жазып жүр. – Сіз өзіңіз қазақ тілінде өлең жаза аласыз ба? – деп сұрады әңгімеге зейін қойып тыңдап тұрған Егор Сибиряков. – Жоқ, – деді Ольга, – өкінішке қарай, жаза алмаймын. Де генмен мен де өзімнің интернационалдық міндетімді атқаруға тырысамын – қазақ достарымның өлеңдерін, әңгіме-повестерін орыс тіліне аударамын. – Естеріңізде болсын, – деді Нәсіреддин. – Надежда Луш никова – біздің Асқар ағаның шәкірті. Ол осындағы қыздар педагогикалық училищесін бітірген. Сол кездегі студенттік өлеңдерінің тұсаукесерін жасаған – осы Асқар аға. Мен Нәсіреддиннің сезімін түсініп тұрмын. Ол осы облыста туып-өскен, осындағы педагогикалық институтты бітірген, әдебиетке келерде Асекеңнің алдынан өткен... Біз Сырдарияның жағасында тұрмыз. Дария суы баяу ағып, Аралға қарай жылысып барады. Күндіз самолеттен карағанда оның дала төсіне қарай жырым-жырым болып тартылып жатқан тармақтары анық көрініп жатқан. Олар – каналдар мен арықтар. Сол тармақтар даланың денесіне нәр таратып жатқан қан тамыр лары секілді. Шөліркеп жатқан даланың өз денесіне дүниедегі ең қиын дақылдардың бірі күріш өсіріп, өнім беріп жатқаны – осы қан тамырларының әсері. Әңгіме және өзенге ауысты. Самолеттегі уәдемді орындауға тура келді. – Сендердің Лена, Вилюй, Индигирка, Яна сияқты алып өзендерің негізінен транспорттық қызмет атқарады. Олардың 15-270
бетінде күні-түні бір тынбай пароход, баржа, паром, тағы басқа мен атын білмейтін толып жатқан кемелер жүк артып, арылыбері сапырылысып жатады. Ал біздің Сырдария, Ертіс, Есіл, Іле, Талас, Шу, Келес сияқты өзендеріміз негізінен жерге ылғал беріп, мол дақыл жинауға септігін тигізеді. Бір құйтақандай детальды есепке алмасаң, бар айырмашылық осы ғана. – Ол қандай деталь еді? – Шамамда, сендердің Леналарыңның бір өзінің ғана суы әлгінде мен атаған біздің өзендердің бәрінің суынан әлдеқайда мол болуы ықтимал. Әңгімені тыңдап тұрғандардың бәрі күліп жіберді. – Ал балық ше? Балық бар ма? – деді Савва. – Балық та бар, – деді Ольга. – Тек жаңағы Қалаубек айтқан «құйтақандай детальды» еске алсақ – біздің өзендегі балықтар сан жағынан аквариумдағы балықтармен шамалас болар. Дарияның жағасындағы жиденің арасына қатар-қатар үй тігілген. Бұл – біздің қонақтарымыздың тынығатын орны. Қызылордалықтар қонақтарды қазақтың байырғы салты бойынша арнайы үй тігіп, қарсы алмақ болса керек. Қызылорда облысының Шиелі ауданы – күріш өсіру жөніндегі рекордтар отаны. Осындағы «Қызыл ту» колхозында халық ара сында «дала академигі» атанған, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев тұрады. Сәбит Мұқановтың әйгілі «Сырдария» романындағы бас кейіпкер Сырбайдың прототипі – осы Ыбырай аға. Ауданға кел ген қонақтарды сол кісінің шәкірттері Социалистік Еңбек Ерлері Ұлбала Алтайбаева, Зухра Ержанова және басқа кісілер қарсы алды. Есен-саулықтан соң Ұлбала Алтайбаева өзінің жеке меншік УАЗ машинасының руліне отырып, қонақтарды шақырған кезде якут туыстардың бірі: – Мұнда әйелдер техниканың құлағында ойнайды екен ғой, – деп еді. Мен осы тұста Якутияға барған сапарымды еріксіз еске алдым. Өзім вертолет мініп әрең жеткен тундрадағы бұғышылардың өмірін көзіме елестеттім. Жоқ, мұнда техника әлі әзірге бейдәрмен, мардымды көмек көрсете алмайды (Әрине, мен сәуле бере-
тін жалғыз моторды еске алып тұрғаным жоқ). Бұғышылардың еңбегі, шынында, қажырлы еңбек, өмірлері – ерлік. Әрине, біздің шопандардың да еңбегі аз еңбек емес, дегенмен біздің жайылымдардың жер жағдайы басқа, техниканы қолданудың мүмкіншілігі мол. Әрине, Якутияда да техниканы жете меңгерген қыздар көп. Солардың бірі Екатерина Новгородова бізді өзінің машинасымен қарсы алған, ол да Еңбек Ері. Айтпақшы, Ұлбала Алтайбаева – Социалистік Еңбек Ері болуымен қатар Батыр Ана. Келесі күні таңертең Нәсіреддин Сералиев ауыл шетіне келіп тіреліп жатқан Қаратаудың сілемдеріне қарап тұрып: – Мынау – біздің әйгілі Қаратаудың етегі, – деді. – Бұл таулар Жамбыл қаласының маңында Тянь-Шань тауларынан көлденең бөлініп шығып, Қазалы қаласының маңына барып бітеді. – Оны білеміз. Тіптен Ордабасыны да білеміз, – деді Николай Винокуров. – Ордабасы... Бұларың жақсы екен, – деді Нәсіреддин «бар бәле сенен келген шығар» деген сыңай байқатып, маған көзінің астымен қарап. – Ал Қараспан жөнінде ешкім ешнәрсе айтқан жоқ па? – Жоқ. – Әлгі Ордабасы аталатын төбенің маңында Қараспан де ген жер бар. Шынтуайтқа келгенде, Ордабасы – Қараспандағы төбелердің бірі. Мен якут эпосы «Олонхо» жөнінде көптеген әңгіме есіткенмін. Олардың мазмұнының ұзын-ырғағынан хаба рым бар. Біздің қазақ халқының ауыз әдебиетінің бай қорының бірі де эпостық шығармалар. Эпос жөнінде қазақтар дүние жүзінде бірінші орын алмаса да, алдыңғылардың бірі болу керек. Мысалы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»... Мен әлі қазақ эпостарының үштен бірін де атап шыққан жоқпын. Соның бірі «Қобыланды батыр» жырын осы Қараспанға байланыстырады... Нәсіреддин ауыз әдебиеті жөнінде ұзақ әңгіме айтты. Якуттың слонхосутын қазақтың жыршысына теңеді, якуттың «тойығын» қазақтың «тойбастарымен» үндестірді, якуттың хо мусын қазақтын шаңқобызымен салыстырды. Қысқасы, ол екі
халықтың ауыз әдебиеті нұсқаларынан көптеген ұқсастықтарды тауып, солардың бір-бірімен байланысы жөніндегі ойын ортаға салды. – Мен қазақ достарымның: «Тойда екі ауыз ән сала алмаған қазақ – қазақ емес» деген әзілдерін талай естіп жүрмін. Бұл сөздер әзілге айтылғанмен, түбірінде үлкен шындық жатыр. Оған көзім жетіп жүр. Ал сіздердің «тойықтарыңыз» якуттардың да ән мен жырға бейім халық екеніне көзімізді жеткізді, – деді Ольга Юровская әңгіменің соңында. Әдетте, осындай көңілді кездесулерде, қызу сұхбаттарда кедергі боп, көлденең тұра қалатын бір жағдай бар. Ол – уақыттың жетімсіздігі. Сол уақыт тарлығы бізге де байқаусызда жетіп келіп, әй-шайға қарамай алқымнан алып тұрып алады. Сол уақыттың тарлығы бізді де дедектете бастады. Алматыға қайта оралыңдар деп тұр. Қоштасар күнгі шайдың үстінде облыстық партия комитетінің секретары Дәуірхан Айдаров маған қарап былай деді: – Якут прозасы мен поэзиясының екі томдық антологиясы қолымызға тиді. Қонақтардың мерзімді баспасөзде жарияланған шығармаларын күнде оқып отырмыз. Якут әдебиетінің жанкүйерлеріне алдағы уақытта не ұсынасыздар? – Жоспар деген көп, Дәке. Келесі жылы қазақ оқушылары Мо исей Ефимовтің «Жасыл шайла жырлары» атты өлеңдер жинағы мен Софрон Даниловтің «Соғады жүрек» романының екінші басылымын қолдарына алады. Одан кейінгі жылдары Иван Федосеевтың «Бауырластар» атты әңгімелер жинағы мен юкагир жазушысы Семен Куриловтің «Ханидо және Халерхо» романын оқитын болады. Якутиялық қонақтардың Қызылордамен қоштасу күні және бір елеулі оқиға болды – космосқа совет космонавтымен бірге Куба космонавты көтерілді. Бұл біздің бәрімізге үлкен қуаныш, символ болып сезілді. Қазақстан мен Якут жазушыларының достығын космонавтар көкке көтеріп, мерейімізді және бір асырып тастағандай әсер етті. Оның үстіне корабль космосқа Қазақстан топырағынан көтерілді ғой! Ал бұл кезде қазақ топырағында якут жазушылары жүрген болатын.
- * Алматыда аспан ашық. Кешкілік біз қонақтарды Медеу мұз айдынына алып бардық. Көктөбеге көтеріліп, қаланың түнгі бейнесін тамашаладық. Сонан соң обсерватория маңындағы бір төбеге көтерілдік. Ашық аспанда жымыңдап, жұлдыздар жарқырайды. Төменде, қаланың проспектілері мен көшелерін бедерлеп, электр шамдары сәуле шашады. Бұл бәріміздің көңілімізді көтерді. Жұлдызға жұлдыз тіл қатқандай әсер етті. Ақындар өлең оқыды, бәріміз ән салдық. Тіптен өмірінде аузын ашып, екі ауыз өлең айтпағандар да ән салды. Өйткені көңіл ән салып тұр еді. Қоштасатын мезгіл де жетті. Жоспарланған жеті күн көзді ашып жұмғанша жалт етіп өте шықты. Біз қонақтарды Но восибирск аэропортының хабарын желеу етіп және екі күн кешіктірдік. Бірақ бәрібір қоштасу керек еді. Қонақтарды шығарып саларда біз оларға «Қош болыңдар!» деген сөз айтқанымыз жоқ. Тіптен «Көріскенше сау бол!» дегенді де айтпадық. Біз оларды қарсы алғанда да, республиканы арала тып жүрген кездерде де, шығарып саларда да бір-ақ сөз айттық: «Қош келіпсіздер». Өйткені олар – әр кезде де біздің қадірменді қонағымыз. Есігіміз ашық, төріміз дайын! Алматы, сентябрь – октябрь, 1980 жыл
ЛЕНА БАҒАНАЛАРЫ Екі алыптың «ауылдары». Қазақша үйрену қиын ба? Дәрігер Мұхаметжан Қарабаев. «Ұмытылмас күндер» мен «Домбыра сазда ры». Мәңгі тоңдағы «Қысқы бақ». Бір мектепте бүкіл әлем. Арман мен Айсын. Қазақ суды тілсіз жаудың бірі дейді. Ол рас шығар. Суда тіл де, үн де жоқ. Оның үстіне ол дүлей күш. Ай-шайға қарамайды.
Қарсы келгенді қағып өтіп кете береді. Сақтанбасаң, су түбіне кеткенің. Үлкен өзендер өз арнасын салғанда қарсы кездескен талай таудың өзін тәлтіректетіп, қасарысса қақ жарып жүре береді. Әйтеуір арна салып алады. Бұл – даусыз шындық. Бірақ дүлей суға қарсы тұрған тау мен тас та өз әрекетін жасап бағады. Осылайша, екі алыптың шайқасының әсерінен өзен бойла рында адамның қолынан келмейтін тас бейнелер пайда болады. Олардың бірі өзен жағасына орналасса, келесі біреулері өзеннің ортасын иемденіп алады. Осындай тас мүсіндер мен жартастар көптеген өзеннің жағасында бар. Ал кейбір алып өзендердің жағасындағы тас мүсіндер жерден өсіп шыққан бағаналар секілді әсер қалдырады. Осындай бағаналар біздің Енисей, Лена өзендерінің жағасында бар. Соларды көріп, тамашалау үшін жыл сайын мыңдаған сая хатшылар сапарға шығып жатқаны. Осы бағаналарды менің де көргім келетін. Тек сәті түспей қойған. Қейде жақын маңдарына барсам да маңайлай алмай қойдым. Енді, міне, соның да сәті түскен секілді. Тас бағаналар жаққа және сапарға шықтым. Май айында Моисейден телеграмма келді. «Он күннен соң біздің бір топ жігіт Эрилик Эристин мен Максим Аммосовтың ауылдарына бармақшы. Қабылдай аласың ба? Тез хабарла». Телеграммадағы сөздер осы ғана. Бір қараған адамға бұл жұмбақ телеграмма боп көрінуі мүмкін. Ал оның астары тереңде жатыр еді. Біріншіден, Эристин мен Аммосовтың «ауылы» жөнінде. Якут халқының осы екі ардақты азаматы Қазақстанда қыруар еңбек еткенін бұрын айтқанбыз. Енді Моисейдің солардың ауылы деп меңзеп тұрғаны – біздің республиканың екі облысы: Қарағанды мен Шымкент. Бізге келетін жігіттер сол ардақты ағаларының қызмет еткен аудандарында болып, Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісін салыстырып, «Ағалардың ізімен» деген шығарма жазбақ. Мұндай ұсынысты қолдамау екі республи ка жұртшылығының алдында да үлкен қиянат болар еді. Біз қолдадық. Якутиялық достар Алматыға ұшып келді.
– Осы келген төртеуіміздің арамызда Қазақстанмен бұрыннан таныс – жалғыз ғана Николай Винокуров. Ал қалған үшеуіміз сіздердің жерлеріңізге тұңғыш рет аяқ басып тұрмыз. Келген мақсатымыз өзіңе аян. Сондықтан ендігі бағытты өзің белгілей бер, – деді осы топты басқарып келген Семен Нико лаевич Горохов. Келген қонақтарды мен, сыртынан болса да, бұрыннан жақсы білемін. Семен Николаевич қазір «Хотугу сулус» және «Поляр ная звезда» журналдарының бас редакторы, бұрынғы партия қызметкері. Өзі Якутияның солтүстік аудандарының бірі – Алла их ауданында туып-өскен. Бұл ауданда мен бұрынғы сапарымда болғанмын. Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Семен Николаевичтың апасы болатын (Қазір ол кісі Якут АССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі). Ал Рафаэль Бо гатайский – қазіргі Якут әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – белгілі ақын, білікті аудармашы. Ақын Николай Герасимов – (Ай толын) – жастар газеті «Эдер коммунистің» («Жас коммунист») редакторы. Ал Николай Винокуров (Урсун) – әдебиетті насихат тау бюросының директоры. Оның бірқатар шығармасы қазақ оқушыларына белгілі. Бұрынғы сапарларының әсерімен «Ала тау», «Домбыра» деген атпен цикл өлеңдер жазды. Ол өлеңдер якут тілінде мерзімді баспасөзде түгелдей жарық көрді. Бұл сапа ры – Қазақстанға үшінші рет келуі. Осы жерде Николайға байла нысты бір оқиғаны айтумен қатар, бұрынғы жазбаларымыздағы бір ойымызды айтқандай түскіміз келеді. Келген қонақтар екі топқа бөлініп, Шымкент пен Қарағанды облыстарына аттанды. Шымкентке сапар шеккен Семен Горохов пен Николай Винокуровті Алматыдан өздерінің бұрынғы таны сы Ольга Юровская ертіп кетті. Оларға Шымкентте ақын Исраил Сапарбаев қосылған. Қарағандыға сапар шеккен Рафаэль Бога тайский мен Николай Герасимовтің қасына Алматыдан Леонид Скалковский, Қарағандыдан Жайық Бектұров қосылды. Шым кентке сапар шеккен топ Шардара ауданында жүргенде менің солардың бір кешіне қатысуыма тура келді. Тың совхоздарының бірінде өткен кездесуге біз аудандық партия комитетінің бірінші секретары екеуіміз бірге бардық. Осы жолғы кездесуде Николай
Винокуров оқырмандарға арнап айтар сөзін қазақ тілінде айт ты. Ол, әрине, ойланып-толғанып барып қағазға түсірген болар, дегенмен оның өз ойын қысқа болса да қазақ тілінде жеткізуі жұрттың көңілінен шығып жатты. – Мына жігіт қазақ тілін бұрыннан біле ме, жоқ біреуің жазып бердіңдер ме? – деді аудан басшысы Исраил Сапарбаевқа қарап. – Күнімен шұқылап жазып отырғанда көмектесе қояйын деп талай рет ниет білдіріп едім – көнбей қойды. Жалғыз өтініші: бір өлеңін қазақ тіліне аударып бердім. Соны қазір өзі оқымақшы, – деп жауап берді Исраил. Бұл кезде Николай сол өлеңді қазақ тілінде оқып жатқан. Тілінің мүкісі бар адам секілді анда-санда қақалып-шашалып қалғанмен, бірсыдырғы тәуір оқып шықты. Өлеңнен соң ол жиналғандарға қарап: – Мен қазақ тілінде сөйлегенде сіздерді таң қалдырайын де ген ойдан аулақпын, ағайындар, – деді орыс тілінде. – Бұл – өзімді-өзім тексерудің бір жолы. Қазақ арасында болуым осы мен үшінші рет. Соның бәрін қосқанда айдан аспайды. Дегенмен фонетика мен грамматиканың кейбір заңдылықтарын еске ала отырып сөйлесек, бір-біріміздің тілімізді түсіну онша қиын емес секілді. Менің мақсатым: қазақ ақындарының өлеңдерін тікелей ана тілінен аудару, солардың жырларын саха (якут) тілінде жинақ етіп бастыру. Осы ниетімді мына Исраил да қолдап отыр. Бұл якут тілін үйренбек. Сондықтан өз еліме арнайы қонаққа шақырып отырмын. – Сіз Николайдың қазақша сөйлегеніне таң қалып отыр сыз ғой. Оның Исраилмен қосылып, қазақша ән салғанын тыңдасаңыз – тіптен тамаша, – деді аудандық атқару комитетінің председателі. Біз қанша асығыс болсақ та нақ осы жолы екі сағатымызды қиып жыр да тыңдадық, ән де тыңдадық. Николайдың өнеріне де, ниетіне де риза болдық. Жалпы кездесудің өзі әңгімелесуден гөрі, концертке ұқсап кетті. Өйткені Исраил біраздан бері өзі жазған өлеңдеріне өзі ән шығарып жүр. Сол әндерді бірсыдырғы жақсы орындайды. Ал ән мен биге келгенде Николай да жүйріктің бірі боп шықты. Сондықтан екі жас жігіттің өнерлеріне риза болғанымыз сонша – шапалақты аямай соқтық. Мен болсам
екеуінің албырап тұрған жүздері мен жалындап тұрған көздеріне қарап: «шіркін жастық, жақсысың-ау, ал оған достық қосылса, тіптен үйлесіп жатады» деген ой төңірегінен шыға алмаймын. Осы кездесу біздің әдеби байланысымызды нығайтып, қатынасымызды жиілете беру қажет-ау деген ойымызды одан сайын күшейте түсті. Оның да себептері бар еді. Қазақстанда өткен якут әдебиетінің күндерінен соң бізге алыстағы ағайындардан апта сайын хабар келіп жатқан. Сол хабардың көпшілігі біздің елге келіп кеткен ақынжазушылардың өз республикасында қазақ әдебиетін ғана емес Қазақстанның бүкіл экономикасы мен мәдениетін насихат тап жатқаны туралы болатын. Аз күннен соң Якутиядан газет тер келіп түсе бастады. Сол газеттердің бетіне қарап отырып, бізге келіп кеткен отыз жазушының Қазақстан туралы қалам тартпағаны қалмағанына көзіміз жетті. Біреу очерк жазса, біреу өлең жазған, біреуі естелік жазса, енді бірі қазақ әдебиетінен ау дарма жазған. Мұның үстіне радио мен телевизия және бар. Семен Горохов бастаған топ республикаларына қайта оралған соң бұл насихат және үдей түсті. Міне, осы тұста маған: «Якутияға және бір рет келіп кетсең қайтеді», – деген өтініш басталған. Оның да өзіндік сыры бола тын. Немесе жалғыз менің Якутия үшін соншалықты таңсық бола қоймайтыным белгілі – бұрын екі рет болғанмын. Қазақстан сапарынан оралған соң Якутия Жазушылар Одағы арнайы мәселе қарап, әдеби байланысты нығайта түсу үшін бірқатар шаралар белгіленген екен. Соның бірі – Қазақстан ақын-жазушыларының бір томдық жинағын саха тілінде шығару. Соны құрастырушылардың бірі етіп мені белгілепті. Менің қажеттігім – сол мәселені жылдамдату. Үшінші сапарымның сыры да осында. – Бұл жолы ұлдарыңның бірін ала келсейші, – деді Моисей Москвада СССР жазушыларының съезінде кездесіп. – Кім біледі, біз бастаған достық байланыстың жалғастырушысы солар бола тын шығар. Жер көрсін, ел көрсін, біздің республикамен таныс сын. Әйтеуір, бір пайдасы тиер. Моисейдің бұл ұсынысын Кун нюк аға қолдап ала жөнелді.
– Бұл – дұрыс пікір. Мына біздер кезінде осындай байланыс жасай алмадық (Куннюк Урастыров Якутияның халық жазушы сы, жасы жетпістен асып кетті). Қазір сендердің буындарыңның қызметінің арқасында қатынасымыз жиілей түсті. Мұны жалғастыру – келесі ұрпақтың міндеті. Соларды осы бастан бап тай берген абзал. Келсін біздің елге жастар. Қуана қарсы аламыз. Ал өзің міндетті түрде келетін бол. Тіптен осы жолы бірге жүре бер, – деді ол сөзінің аяғын әзілге айналдырып. Мен Якутия Жазушылар Одағының шақыруын қабыл алдым. Демалысымды осыған арнадым. Жұрт демалысқа теңіз іздеп, батысқа қарап сапар шегіп жатқанда мен шығысқа қарай мәңгі тоңның еліне аттандым. Қасымда Моисей мен Марфаның үзілдікесілді талап етуінің арқасында бірге шыққан үлкен ұлым Бақыт бар. Екінші серігім – «якутиялық қазақ» Николай Урсунның шақыруымен сапарға шыққан ақын ініміз Исраил Сапарбаев. Бұл екеуінің Алматыдан шығысқа қарай аяқ басуы бірінші рет. Сондықтан біздің Новосибирскіден ұшқан самолетіміз жанар май алу үшін бағытын өзгертіп, Братскіге барып қонғанда Исра ил Ангара өзені мен Братск қаласына қарап тұрып: – Жол ұзарғанмен сапарымыз сәтті басталған сияқты, аға, – деді. – «Екі желеу, бір сылтау» дегендей, ойламаған жерден әнге қосылған әйгілі Ангара мен Братск су электростанциясын көріп қалдық. – Онда «Жанармайдың тапшылығы» деген өлең жаз, – дедім мен әзілдеп. – Жазамын, – деді Исраил шынымен-ақ. Ол өлеңді самолеттің ішінде жазды. Оған уақыт жетіп жатыр. Біз Якутскіге келіп, Сергеляхтағы «Якут-золото» бірлестігінің де малыс үйіне орналасқанда ол қарсы алған жұртпен танысуын осы өлеңін оқудан бастады. Келесі күнгі кездесулеріміз біздің көңілімізді көтере түсті. Ис раил мен Бақыт онсыз да мәз-мейрам болып жүрген. Ал менің көңілімді көтерген – якут ағайындардың біздің Қазақстанды на сихаттау мақсатындағы жасаған қыруар жұмыстары. Бұл күні Якут облыстық партия комитетінің пленумы шақырылған екен. Сол мәжіліс басталғанға дейін біз облыстық партия комитетінің
секретары В.И. Федоров жолдастың қабылдауында болдық. Ол якут әдебиетінің Қазақстанда өткен күндеріне байланысты алғысын айтып, сол сәлемін Қазақстанға жеткізуін өтінді. Әдеби байланысты нығайту жөніндегі өз жоспарларымен таныстырды. – Сіздің біздің баспаға баратыныңызды білемін. Журналдар мен газет редакциялары да кездесулер ұйымдастырмақ. Сонан соң бір-екі ауданға барып қайтарсыздар. Бұл жоспардың бәрін іске асыру біздің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, өзіңіздің ескі танысыңыз Алексей Тамтосов жолдасқа жүктелген, – деді сөзінің аяғында обком секретары. Біз бұл қамқорлықтары үшін өз алғысымызды айттық. Якутия Жазушылар Одағының әдеби журналдарының ре дакциясында Семен Николаевич Горохов бізге журналдардың бірнеше санын сыйға тартты. Бұл тартудың құндылығы – сол сандардағы Қазақстан туралы шығармалардың молдығы болатын. «Хотугу сулус» журналының екі санында якут жазушыларының біздің республика туралы жазған көптеген өлеңдерімен қоса көлемді-көлемді төрт жолжазба-очерк жарияланыпты. «По лярная звезда» журналы да өзінің үшінші санында бірқатар дүние жариялаған. Оның үстіне соңғы барған сапарлары туралы Эрилик Эристин мен Максим Аммосовтың ізімен жүріп өткен жазушылардың сол ауылдар туралы, жалпы Қазақстан туралы жазған шығармалары «Хотугу сулус» журналында төрт баспа табақ көлемінде жарық көруге дайындалып, баспаханада теріліп қойған екен. Солардың алғашқы нұсқасын көрсетті. Біздің республика жөнінде екі журналдың сегіз айдың жүзінде осынша ма териал жариялауы, әрине, біз үшін, қазақ әдебиеті үшін үлкен мерей болатын. Келесі күні біз Чочур-Моран биігіне көтеріліп, Якутскіге көз салып тұрғанымызда мен осы ойымды айтып едім, биікке бізбен бірге көтерілген Олекма аудандық партия комитетінің бірінші секретары Иван Иванович Семенов жолдас миығынан күліп: – Онда сіз біздің жазушылардың Қазақстанды қалай насихаттағанын әлі толық білмейді екенсіз, – деді. Сонан соң са бырлы кейіппен:– Жазушылар делегациясы Қазақстаннан қайта оралған соң мерзімді баспасөздің бетінен апта сайын жаңа
шығарма оқып тұрдық. Оның үстіне радио мен телевизия ар найы хабарлар ұйымдастырып жатты. Сондықтан республика тұрғындары жазушыларға өз араларына келіп әңгіме өткізуді өтінді. Жазушылар Одағы бұл өтінішті қабыл алып, Қазақстаннан оралған жазушылардан топ құрып, аудан аудандарға жіберді. Сонымен, қысқасы, жарты жыл бойы жазушы жолдастар біздің республика жұртшылығының алдында сіздердің кеңбайтақ, әрі бай, әрі жомарт республикаларыңыз жөнінде әңгіме өткізумен болды. Бұл қызметтері үшін жазушы ағайындарға ай тар алғысымыз қисапсыз, – деді. Семеновтің әңгімесіне ден қойып тыңдап тұрған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы Павел Павлович Никитин сөзге араласты. – Иван Иванович, жазушылар жөнінде біраз жырладың. Ал енді өз тілегіңді де қоса айтпаймысың? – деді. – Оны да айтайын, – деді Семенов. – Менің кешелі бері сіздердің қастарыңыздан шықпай жүрген мақсатым – ауылға қонаққа шақыру. Шынын айтайын, сіздердің келісімдеріңізсіз-ақ біз өз жоспарымызды құрып қойғанбыз. Қалада, бір-екі совхоз да қонақ боласыздар. Ертең сіздерді өзім бастап алып кетемін. Келістік пе? *
Менің өз мақсатым якутиялық жолдастардың жоспарымен үйлесе кетті. Ал соңынан сапардың сәті түспеген соң өз өкінішіме қосып оларды да ренжітпей-ақ қояйын деп жабулы жатқан қазанды жабулы күйінде қалдырғанмын. Енді соның сырын ашайын. Мұхамеджан Қарабаев дейтін азаматты қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп атайды. Мен мұның нақтылығына куәлік ете алмаймын, тек өзім кездестірген документтердің көбінде осы лай жазылған. Сол ардақты ағамыз 1858 жылы бұрынғы Торғай губерниясының Николаев уезіндегі Кеңарал болысының № 4 ауылында өмірге келіпті. Жас кезінде Ыбырай Алтынсариннің көмегінің арқасында Троицк ерлер гимназиясының жанындағы
«Қырғыз пансионына» оқуға түседі. 1881 жылғы 14 июнь күні Троицк гимназиясының тарихында тұңғыш рет қазақ ұлына – Мұхамеджан Қарабаевқа кәмелеттік аттестат тапсырылады. Сол жылдың күзінде Қазан университетіне оқуға түскен Қарабаев 1887 жылдың көктемінде дәрігерлік факультетін бітіріп шығады. Дәрігерлік мамандық алған жас жігіт біраз уақыт қала емхана сында тәжірибе жинайды. 1883 жылы ол өзін қалада жұмысқа қалдырғанына қарамай, Қазақстанға қайта оралады. Өз еліне оралған соң Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз уездерінде дәрігер боп қызмет атқарады. Жасы мосқал тарта бастаған дәрігер өзінің тұрмыс жағдайының ауырлығына байланысты өкімет орындары на арыз жазып, өзіне пенсия тағайындауды өтінеді. Міне, дәрігер Мұхамеджан Қарабаевтың Қиыр Шығысқа жасаған сапарының басы осы өтініштен басталады. Қарабаевтың өтінішін Ішкі істер министрлігінің дәрігерлік Бас басқармасы мен Торғай губернаторы облыс басшыларына не істесеңдер де өздерің біліңдер деген. Облыстық бастықтар өзі сұранып тұрған дәрігерден Колыманы аясын ба – келісе қояды. Осы жерде Қарабаев жан аямай еңбек еткен, талай індетке қарсы жалғыз өзі күрескен. Ақыры 1915 жылы оған пенсия тағайындалады. Келесі жылдың басында ол қызметінен босанып, өз еркімен Олекмадағы 1-дәрігерлік учаскені басқаруды қолға алады. Бірақ оның денсаулығы өте әлсіреп кеткен еді, сондықтан елге оралуға жина ла бастайды. Якут облыстық басқармасының дәрігерлік бөлімінің және бірнеше жыл істей тұрыңыз деген ұсынысын қабылдай ал майды. 1917 жылды Орынбор қаласында қарсы алған Қарабаев Совет өкіметі орындарына барып дәрігерлік қызмет атқара бастайды. «Дәрігер Қарабаев – еңбек майданында қырық жыл бойы қажымай-талмай жұмыс жасаған бірден-бір қазақ дәрігері. Ол – Совет өкіметіне қызмет істеуге өз еркімен келген аз ғана интеллигенттердің бірі. Ал сол октябрь күндерінде оның жасы алпыстан аса бастаған еді». Бұл Әліби Жангелдиннің жасаған тұжырымы еді. Міне, мен Олекминск қаласының аты аталғанда осы ардақты ағамыз қызмет еткен жермен танысармын деп ойлап едім, оның сәті түсе қоймады.
Менің бұл сапарымдағы негізгі мақсатым – баспадан шығатын кітаптың қамы болғандықтан, бірден мәселеге кіріспек болғанмын. Осы мақсатпен Якут баспасына бардым. Баспаның директоры өз жолдастарымен таныстырып шыққан соң: – Сіз алдымен біздің жазушылардың кітабын көріп шығыңыз, – деп алдыма бір құшақ қолжазбаны жайып салды. Сонан соң бетіне таңдана қарағанымды түсіне қойып: – Якут жазушыла ры Қазақстан жөнінде жазған барлық шығармаларын жинақтап, бізге тапсырды. Біз сол шығармалардың негізінде «Ұмытылмас күндер» деген атпен жинақ құрастырдық. Жинақтың жалпы көлемі жиырма баспа табақтай болады. Кітапқа якут жазушыларының Қазақстан еңбекшілерімен кездескен сәттерін бейнелейтін фотосуреттер бермекпіз. Жинақтың баспадан шығатын мезгілі – осы жылғы декабрь айы. Біздің сізді шақырғандағы мақсатымыздың бірі – осы жинаққа кеңесші редактор болсаңыз, – деді. Мен жинақтың мазмұнына сол жерде-ақ көз жүгіртіп қарап өттім. Кітаптың алғашқы беті Якут облыстық партия комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі Алексей Тамтосовтың кіріспе сөзімен ашылыпты. Онан соң Қазақстан мен Якутияның тарихи-экономикалық байланысы, қазақ әдебиеті мен якут әдебиетінің үндестігі жөнінде. Жұбан Молдағалиев пен Софрон Даниловтің мақалалары берілген. Якутия Жазушы лар Одағының секретары Моисей Ефимов пен осы жолдардың авторының әдеби байланыс жөніндегі жазбалары да осы бөлімде. Ал кітаптың қалған беттеріндегі шығармалар – якут жазушыларының Қазақстан жөніндегі әңгімелері, өлең-жырлары, жолжазбалары мен очерктері. Мен бұл жинақты Моисей Ефимов пен Семен Руфовтың көмегі арқылы мұқият қарап шықтым. Қал-қадірімше кеңес бердім. Әсіресе бізді қуантқаны – республикамыз жөнінде осын дай үлкен кітаптың жарық көретіні. Якут Жазушылар Одағы мен баспаның дайындап жатқан екінші жинағы – Қазақстан жазушыларының шығармаларынан құралмақ. Жинақтың жалпы көлемі – жиырма бес баспа табақ. Қазір якут жазушылары қазақстандық достарының шығар-
маларын өз тілдеріне аударып жатыр. Кітап келесі жылдың март шамаларында жарық көрмек. Міне, Якутиядағы Қазақстанға байланысты жарық көрейін деп жатқан екі кітаптың жайы осылай екен. Біз екі күн күтіп Олекминскіге жол түспей қойған соң Сун тар ауданына ұшпақ болдық. Дегенмен Олекманың ауа райын күтумен өткен екі күн бос кеткен жоқ. Якутскідегі біраз мәдени орталықтармен таныстық. Бірқатар адамдармен кездесіп, дос көбейттік. Якутия суретшілер Одағында болған кезде жергілікті қылқалам шеберлерінің шығармаларымен танысып қана қойғамыз жоқ – сол туындылардың авторларымен кездестік. Әсіресе әйгілі якут суретшісі РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Василий Мунхаловпен кездесуіміз әсерлі болды. Ол Якут бейнелеу өнерінің бұрынғы-соңғы тарихы жөнінде ұзақ әңгімелер айтып, өз әріптестерінің еңбектерімен таныстыр ды. Менің қасымдағы серіктерім Өлкетану музейінде, Емельян Ярославскийдің музейінде болды. Бәріміз бірге Платон Ойун ский атындағы әдебиет музейіне бардық. Мен бұрынғы жаз баларымда осы музейдің қалай ұйымдасқаны туралы айтқан болатынмын. Ал қазір алыстан көз тартып тұрған үш қабатты еңсесі биік үй айнала төңірегіне ерекше сән беріп тұр. Өйткені музей үйі ерекше жоспармен ұлттық өрнекті сақтай отырып, әрі кең, әрі биік етіп салынған. Музейге қойылған экспонаттар өте бағалы – якут әдебиетінің сонау бір ескі кезеңінен бастап, бүгінгі жетістігіне дейін толық әрі байыпты мәлімет берді. Жаңа салынған музейдің ауласында қосалқы құрылыстар бар. Соның бірі – Платон Ойунскийдің дүниеге келген үйінің көшірмесі. Қалған құрылыстар этнография мен мәдениетке байланысты. Осы музейді көргенде еріксіз қызығасың. Алғысыңды айта тұрып, өз еліңде жоғы есіңе түскенде – қызығасың. Музейдің ұйымдасуына, қалыптасуына, енді, міне, жаңа қонысқа көшуіне аянбай еңбек етіп келе жатқан бір азамат бар. Ол – жазушы Ва силий Андреевич Протодьяконов. Бір кезде осы кісі музейді қоғамдық негізде ұйымдастырған екен. Ал қазір музейдің дирек торы. Қарамағында ғылыми қызметкерлері бар. Тіптен өзінің ағаш ұстаханасы, фотолабораториясы бар. Василий Андреевич
бұрын біздің республикаға келіп кеткен. Сол кездегі бір сөзі әлі есімде. «Сіздерде тамаша әдебиет музейін жасауға болады ғой» деген болатын. Біз «болады» деп жауап бергенбіз. Дәл осы жолғы кездесуде «музейге кірістіңдер ме?» деп сұрады. Мен «жоқ» деп жауап бердім. Әңгіме музей төңірегінде болған соң, осы орайда якут ағайындардың жақсы бір салтын айтып кеткіміз келеді. Якутияның кез келген ауылында кем дегенде бір музей бар. Ол белгілі қоғам қайраткеріне, мәдениет қызметкеріне, еңбек ерлеріне арналған. Немесе өлкетану музейі боп құралған. Маңдайшасындағы жазуы қалай жазылса олай жазылсын, ал негізгі мақсаты біреу-ақ: өз өлкесінің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыруға бағышталған. Осы музейлерді ауыл-село тұрғындары мақтан тұтып, барынша қолғабысын жасап жүреді. Өзгелерге үлгі етіп ұсынады. Соның айғағын мына бір сөздер-ақ дәлелдесе керек. Біз Сунтар ауданына баратын болдық дегенді есіткенде Якутскідегі кейбір достар: – Міндетті түрде барыңдар. Онда аса жақсы ұйымдастырылған екі музей бар. Оларды көрмей кетуге болмайды, – деген біздің баратынымызға қосыла қуанып. Сунтар ауданына бізбен Павел Павлович Никитин мен Ни колай Винокуров бірге жүретін болды. Олекминскіде жауып тұрған жаңбырдың әсері Сунтарға да жетсе керек (Олекминск оңтүстік батыста, ал Сунтар – батыста), біз және кідірдік. Ақыры жолбасшыларымыз шешім тапты: АН-24 самолетімен Нюрба поселкесіне дейін ұшып жетеміз, ал арғы жағына АН-2 самолетімен жеткізіп салу жағын жергілікті басшылар дан өтінеміз. Біз бұл шешімге қарсы келіп жатқанымыз жоқ – жолаушының жолы жүрсе өнеді. Сунтар ауданы Вилюй өзенінің бойына орналасқан. Осы өзеннің бойын қуалай орналасқан төрт ауданның ішіндегі қомақтыларының бірі. Негізгі шаруашылығы – ет пен сүт өндіру. Ауданның бес совхозында 27 мың ірі қара мал (оның 10 мыңы – сауынды сиыр), 15 мың жылқы (оның 8 мыңы – бие) бар. Аздаған астық пен көкөніс өсіреді. Аудан тұрғындарының көпшілігі Ви люй өзенінің жағасына орналасқан. Мәселен, аудандағы 40 елді
мекеннің 34-і осы өзеннің жағалауында, ал сол мекендерде аудан халқының сексен проценті тұрады. Сунтар ежелден якуттардың ұлттық мәдениетінің орталығы ретінде белгілі. Якут АССР-інің және РСФСР-дің өнерге еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі Сергей Зверев осы жерде өмірге келіп, осында тұрған. Қазір ауданда Сергей Зверев атындағы фольклорлық халық ансамблі бар. Якуттардың ұлттық өнері мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан осы абзал жанның атында мәдениет музейі ұйымдасып жатыр. Оның негізі қаланып қойыпты. Аудан жұртшылығы өзінің әдебиетшілерін де мақтан тұтады. Якут жұмысшы табының өмірге келуін бейнелейтін «Тұз қазушылар» повесінің авторы Иван Герасимович Иванов (Иван Ньулур) жақында ғана СССР Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған. Аудандағы «Ньюргусун» («Бәйшешек») атты жас әдебиетшілер үйірмесін жас жазушы Эдуард Соколов басқарады. Осында тұратын Иван Герасимович Семеновтің пьесалары Якут театрларының сахнасында үзбей қойылып келеді. Ақын Аким Кондратьевтің балаларға арналған кітаптары жиі-жиі жарық көріп жатады. Міне, ауданның мәдени өмірі осы сияқты. Біз бұл жерде екі мәселені әдейі айтпай отырмыз. Ол – музей лер мен ысыах. Ол жөнінде соңырақ тоқталармыз. Аудан басшылары бізді екі шаруашылықтың өмірімен таныстырмақ болды. Оның бірі – «Эльгяй» совхозы, екіншісі – «Тайбахой» совхозы. Екі совхоз да біздің түсінігімізше, қол со зым жерде. Бірақ соларға жету мұң болды. Ары кеткенде сек сен шақырымнан аспайтын «Эльгай» совхозына біз күніне бір рет жүретін өзен трамвайымен жетсек, келесі күні самолетпен қайттық. АН-2 самолеті бары-жоғы он екі-ақ минут ұшты. Бірақ бәрібір ұштық. Өйткені басқа транспорт жоқ. Өзенмен қайтсақ, екі сағаттан артық уақыт кетеді. Ал ауа райына тәуелді болып жүрген біздер үшін осының өзі көп уақыт. «Эльгяй» совхозы Ленин орденді алдыңғы қатарлы, үлкен шаруашылықтың бірі екен. Осы совхоздың тауарлы-сүт фер масы бүкіл аудан шаруашылықтары үшін тәжірибе мектебіне айналған. Мұнда жас сауыншылар мектебі бар. Аудан зоотехниктері де қысқа мерзімді тәжірибе мектебін осында өтеді. 16-270
Қыс мезгілінде үш дүркін жұмыс істейтін жас сауыншылар мектебіне аудан шаруашылықтарының бәрінен жастар жиналып оқиды. Зоотехниктердің республикалық слеті осы ферманың негізінде ұйымдасқан. Осыған қарап Якут республикасында зоо техник мамандығының қадірлі екенін сезе беруге болады. Осы совхозда, әсіресе біздің көңілімізді бөлген екі нәрсе болды. Оның бірі – орта мектептің жанында ұйымдастырылған табиғат музейі, екіншісі – якуттардың ұлттық мерекесі Ысыах өтетін алаң. Мектептегі музейді ұйымдастырушылар – биология пәнінің мұғалімдері. Бұл музейде жер жүзін мекендейтін жануарлар мен құстардың тұлыптары (чучела) қойылған. Музей залдары «Тайга аңдары», «Орта Азия», «Оңтүстік Америка», «Батыс Еуропа» де ген сияқты залдарға бөлінген. Осы залдардың біріне кіріп келсең – сол аймақта жүргендей боласың. Ал төрт-бес қадам бассаң, басқа континентке ауысасың да кетесің. Музейдегі экспонаттың саны – екі мың төрт жүз. Алты континенттің де жануарлар дүниесінің өкілдері бар. Бұл бір мектепте бүкіл әлем деген ұғыммен бірдей. Музейден біздің елімізден тыс аймақтарды мекендейтін аңдарды көріп: – Мұны қалай таптыңыздар? – деп сұрасақ: – Ол оп-оңай, – деп жауап береді музей директоры. – Мыса лы, «Орта Азия мен Қазақстан» деген бөлімдегі бірқатар экспо натты біз Алматының зоопаркінен алдық. Әрине, жайдан-жай алғанымыз жоқ – экспонаттарға алмастырып алдық. Біз оларға тайга мен тундрада өмір сүретін аңдарды жібердік, ал олар бізге Қазақстан аңдарының терісін жіберді. Біз бұл жөнінде әбден жаттығып, тәжірибе жинақтап алғанбыз. Одақтың түкпір-түкпіріндегі көптеген зоологиялық, биологиялық, табиғат музейлерімен байланыс жасап, басы артық экспонаттарын алып тұрамыз. Менің таң қалып, ой жеткізе алмай тұрған мәселем опоңай шешілді. Біз самолеттен самолетке ауысып мініп, ақыры өзен трамвайымен қара басымызды әрең алып жеткен бір қиырдағы мектептің табиғат музейінде бүкіл әлем тұр. Ал осыны ұйымдастыру бір-ақ адамның қолынан келеді дегенге сенгің келмейді. Әрине, оның көмекшілері бар. Олар – мектеп
оқушылары. Бірақ сол оқушыларды ұйымдастырып, осындай үлкен музей жасақтау қыруар еңбек емес пе? Үлкен алғысқа тати тын қажырлы еңбек. Осы орайда айта кететін және бір мәселе – орта мектептерде сабақ оқыту тәсілі. Аудандағы мектептердің әрбірінің өзі таңдаған бағыты бар. Мұны жергілікті жолдастар «ден қоя зерттеу» («углубленное изучение») деп атапты. Мысалы, Эльгяй мектебі биологияны ден қоя оқытатын болса, Сунтардағы бір мектеп техникалық сабақтарға (әсіресе физика мен химия) баса назар аударады. Ал енді бір мектепке техниканы тәжірибе жүзінде қолдануға машықтандыруды мақсат тұтқан. Біздіңше, оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап-ақ бір мамандыққа бейімдей беру өте дұрыс әдіс сияқты. Ысыах кезінде әрбір семья «үш тәуліктік асхана» ашуына еркі бар. Тапқанын әкеліп, сауда жасауына болады. Ол үшін қойылатын жалғыз шарт – санитарлық рұқсат. Әрине, ысыах кезінде ән мен биден басқа өнерге тыйым салып жатқан ешкім жоқ. Мұнда палуан күресі, ат жарысы сияқты спорттың ұлттық түрлері қатар жүріп жатады. Міне, ысыах, яғни қымыз мерекесі деген осы. Ұлттық өнердің осы бір түрінің якут ағайындардың ауылында қайта жаңғырып, кеңінен етек алғанына риза бола тұрып, көкейге оралған бір сұрақты анықтап алғымыз келді. Сондықтан: – Ысыах өтетін орындарды мен өзім барған ауылдардың бәрінен көргенмін. Тек мынадай әсем безендірілген алаңды көрген емес едім. Шынын айтсам, сіздердің аудан орталығындағы алаңдарыңыз да мынаған қарағанда қораштау сияқты. Шыныңызды айтыңызшы, осы ойын-сауықтың шаруашылық жұмыстарына кесірі тимей ме? – деп сұрадым мен Иннокентий Ива нов пен Павел Никитиннен. – Сіз маған ұнап тұрсыз, – деді жымия әзілдеп Иннокен тий Иванов. – Сонау жатқан Қазақстаннан келіп тұрып, оның үстіне қызметке емес, тек қана қонақ ретінде келіп тұрып, біздің қамымызды ойлағаныңыз қандай жақсы. Кешіріңіз, бұл әзіл ғой. Ал мен сізге шынымен жауап берейін. Ең алдымен ысыах пен шаруашылық жұмыстарының үйлесуі жөнінде. Біз осы мерекені шаруашылық жұмыстарының қызу қарқынына дайындық
мезгілінің байқауына айналдыруға әрекет жасаймыз. Ана тұрған диаграммалар мен стендтерді байқадыңыз ба? Солар арқылы ау дан көрсеткішін насихаттаймыз. Жалқауларды ортаға шығарып, тезге де салып аламыз. Ал екінші мәселе – мерекенің ұзақтығы. Мерекеге жұрт өз еркімен жиналатыны белгілі. Оған тыйым салуға болмайды. Әрине, он мың адамның үш тәулік бойы бір алаңда сапырылыса беруі қолайлы емес. Сондықтан біз мерекенің бір тәуліктен артпағанын калар едік. Тек ол қазірше қолдан келмей жүр. Арғы жағын өмір көрсетер. Ендігі мәселе – мына алаңның безендірілуі мен ауқымы жөнінде. Сіз бұл ауылдың Сергей Зверевтің ауылы екенін ұмытпаңыз. Ескі мұраны қайта жаңғыртушының бірі сол кісі, осухайдың аса білгірі де сол кісі болатын. Қысқасын айтқанда, бұл ара – Якутиядағы ысыахтың астанасы. Ивановтың мына сөздері бізге де талай ой тастап тұр. Нақ осындай көктем мерекесін біздің Қазақстанда неге өткізуге бол майды? Мұндай дәстүр біздің елімізде де болған емес пе еді? Қымызды біз де ішеміз. Ән салып, би билей аламыз. Ойланатын мәселе сияқты. Ел болып ақылдасып, жұмыла қолға алса, игілікті бастама болар еді. Әттең, қазірше мұны ойлап жүрген ешкім жоқ. Осы ауданның және бір совхозы – «Тайбахой» совхозына бізді аудандық партия комитетінің екінші секретары Юрий Попов жолдас бастап барды. Және самолетке отырдық, аспан жолы мыз он-ақ минут. Жоғарыда біз осы аудандағы елді мекендердің төртеуінен басқасы түгелдей Вилюй өзенінің бойына орналасқан деген болатынбыз. Сол Вилюйден жырақ жатқан төртеудің біреуі осы совхоздың орталығы. Әйткенмен өзеннің жағасы бол маса да су деген жеткілікті-ақ. Дөңес деген жерге орналасқан Тайбахойдың өзінің айналасына аттап шыға алмайсың – төңіректің бәрі батпақ. Совхоз территориясында ешқандай өзен жоқ. Сондықтан аспаннан түскен ылғал түгелімен сол орнында қалады да, айналаны батпаққа айналдырады. Соның кесірінен биылғы себілген егістіктің сексен проценті судың астында қалып қойған. Шабындық та солай. Қазір совхоз мал азығы үшін шөпті Вилюй өзенінің жағасынан дайындап жатыр. Аудан орталығымен
қатынас – тек қана АН-2 самолеті. Совхоз, тіптен жанармай мен тыңайтқышты да самолетпен тасиды. Басқа жол жоқ. Дегенмен болашағы сәулетті. Мирный қаласынан басталған тас жолдың бір шеті совхоз орталығына жақын келіп қалған. Тайбахой – якуттың көрнекті ақыны, менің Якутияға жасаған алғашқы сапарымнан бергі танысым, жасы үлкен болса да қадірменді досым Леонид Андреевич Поповтың ауылы. Бір кез де ол мені осылай қарай алып келмек болған, бірақ Мирный қаласында «адасып» қалғандықтан, жолымыз түспеген. Сол ауылға тоғыз жылдан кейін келіп тұрмын. Бірақ Попов қасымда және жоқ. Науқастығына байланысты бізге ілесе алмады. Тайбахойда В.И. Лениннің музейі бар. Музей аса көркем безендірілген, эскпонатқа бай. Оннан аса залы бар музейді ара лап шыққан адам ғылыми қызметкерлердің ересен жұмысына дән риза болады. Осы музейден біз В.И. Лениннің қазақ тілінде жарық көрген кейбір кітаптарын байқадық. Тайбахойлықтардың ауыз толтырып айтатын мақтаныштарының бірі – «Ботаникалық бақ» пен «Қысқы бақ». Поляр шеңберіндегі осы ботаникалық бақ көз тартатын көрікті-ақ. Әсіресе айналаны қоршап жатқан батпақты көзге елестетсең, бақтың бағасы арта түседі. Жердің асты мәңгі тоң, аспаннан күнде жауын жауып тұр, кыстың күні қақаған аяз, жаздың нағыз ыстық деген мезгілі – август айының өзінде айналаның бәрі батпақ. Осының ортасында ботаникалық бақ. Бұған таңданбауға болмай ды. Бақта біздің елімізде өсетін көптеген ағаш пен өсімдік бар. Соның ойға түскен бірнешеуін атайық: көкнәр, сирень, рауғаш, акация, қарақат, терек, т. б. Ботаника бағының «қысқы бағы» бар. Ол бірнеше бөлмеге ұқыпты орналасқан. Оқушылардың осы қыруар еңбегіне басшылық жасап жүрген кісі – Георгий Евдокимович Бессонов. Ұлты орыс, тілі – якут тілі. Якутша сөйлегенде якуттардың өзін сүріндіреді. Георгий Евдоки мович – республикадағы ең білікті қарт ұстаздардың бірі. Оның осы еңбегін үкімет пен партия жоғары бағалаған. Г.Е. Бессонов – Социалистік Еңбек Ері. – Георгий Евдокимович біздің ауданда ғана емес, бүкіл республикаға аты белгілі ардақты ағаларымыздың бірі. Жас бу
ынды тәрбиелеу ісіне сонау отызыншы жылдардың басында араласқан. Содан бері талмай еңбек етіп келеді, – деді Юрий Попов. – Ана қабырғадағы жазуды қараңызшы. Соның көпшілігі осы кісінің араласуымен өмірге келген. Мен қабырғадағы жазуға қарадым. Онда ғажайып сөздер жазылған екен. Жоқ, сөздер кәдімгі сөздер ғой, тек соның мағынасына тереңірек көңіл бөліп, осы Тайбахой селосы на таңа қойсақ, ғажайып болып шыға келеді. Қане, көз салып көріңіздерші: 1935 жыл. Осында республикадағы тұңғыш табиғат бұрышы (живой уголок) ұйымдастырылды. 1936 жыл. Осында республикадағы тұңғыш мектеп жанындағы өлкетану музейі ашылды. 1940 жыл. Осында республикадағы тұңғыш мектеп жанындағы тәжірибе участогі ұйымдастырылды. 1958 жыл. Осында республикадағы тұңғыш ботаника бағы ұйымдастырылды. 1960 жыл. Сурет галереясы ашылды. 1964 жыл. Республикалық жас натуралистер станциясы құрылды. 1976 жыл. Республикадағы тұңғыш В.И. Ленин музейі ұйымдастырылды. 1977 жыл. Республикадағы тұңғыш Қысқы бақ ұйымдастырылды. Осының бәрі бір селодағы бір мектепте ұйымдасқан. Соған басшылық жасағандардың бірі – жоғарыда аты аталған Г.Е. Бессо нов. Айтпақшы, «Тайбахой» совхозының директоры – биология ғылымдарының кандидаты. Дегенмен осынша қыруар жұмыстың ұйымдастырушысы ту ралы бірер сөз айтпай кету қиянат болар еді. 1935 жылдың август айында Тайбахойдағы мектепке жаңа мұғалім келді. Ол сарғыш шашты өзі жап-жас орыс жігіті бола тын. Бірақ дүниеге Якутия топырағында келгендіктен, якут тілін жетік біледі. Жігіттің аты-жөні – Гоша Бессонов. Ол кезде оны осылай атайтын. Жаңа келген мұғалім әрі пионер отрядының во жатыйы боп тағайындалған. Сондықтан алғаш рет класқа келген де балалардың қызыл галстук тақпайтынына таңданып:
– Сендер пионер қатарына өтіп пе едіңдер? – деп сұрады. – Әрине, өткенбіз, – деп қосарлана жауап берді оқушылар. – Онда неге қызыл галстук тақпайсыңдар? – Галстук жоқ. – Дүкенде қызыл мата сатылмай ма? – Сатылмайды. – Ал сендер өздеріңді пионерміз деп санаймысыңдар? – Әрине, пионерміз. – Онда пионер екендеріңді дәлелдеңдер қане, – деп оқушыларды ашық алаңға алып шықты. Осы жерде балалар асыр салып ойын ойнап, ән салды. Бұл олардың қолынан келетін. Ойыннан соң вожатый балаларды түгел жинап алып: – Бүгіннен бастап пионерлер мен сияқты киіну керек. Ақ көйлек немесе блузка. Мойынға қызыл галстук тағасыңдар. Мата жоқ деген желеу емес – іздеу керек. Ата-аналарыңа, туғантуысқандарыңа айтыңдар, дүкендер мен қоймаларды қараңдар. Қалайда табу керек! Осы күннен бастап ауылдың іші у-гу болды. Балалар атаапаларын аяқтарынан тік тұрғызды. Дүкеншілер мен қойма меңгерушілері шарқ ұрды. Бәрінің іздегені – ақ және қызыл мата, ыңғайлы аяқкиім. Көп уақыт өтпей-ақ балалардың бәрі пионер формасын киіп, көшеде қатарласып, пионерлер атрибутикасын сақтап жүретін болды. Бессонов биологиядан сабақ беретін. Ол өзінше бұл сабақ балалар үшін аса қызғылықты пән деп есептейтін. Сондықтан сабақ үстінде табиғат пен оның тұрғындары туралы айтқанда барынша қызынып, тәптіштеп айтатын. Бірақ оқу құралындағы түсініктерден алшақ кетпейтін. Тек қанша тырысса да балалардың онша ден қойып тыңдамайтынын байқайды. Ал ол табиғаттан өз көргендерін, өз байқағандарын айта бастаса, балалардың көзі жайнап, ықыластары арта түседі. Бірде сабақка тиіннің суретін әкеліп көрсетіп еді – балалар және селсоқ тыңдады, ал келесі күні орманнан ұстап алған тірі тиінді әкеліп еді – оқушылары бірден өзгеріп сала берді. Осыны байқаған Бессонов мектеп тәжірибе участогі мен жануарлар бұрышын
ұйымдастыруды қажет деп тапты. Директор да, педсовет те бұл ұсынысты қолдады. Аз күннен соң ол «жасыл апталық» жариялады. Осы апта бойы оқушылар мен оқытушылар мектеп жанындағы учаске ге ағаштар мен жидектер отырғызды. Бұл ағаштарды орманнан көшіріп әкелді. Алдымен олар «жақын қоңсыларын» – осы маңда өсетін қайың, шырша, терек, таңқурай, брусника, голубика секілді ағаштар мен жидектерді қондырды. Сонан соң «қашықтағы қоңсыларды» – Якутияның басқа аудандарында өсетін ағаштарды әкеле бастады. Бұдан кейін алыс маңның ағаштарын екті. Мысалы, акация мен сібір алмасының бұтақтарын ботаникалық бақтар жіберді. Осы лайша оқушылардың табиғатты зерттейтін ғылымдарға деген ынтасы арта түсті. Енді түбегейлі мәселелерді қолға алуға болатын еді. Соның бірі – 1957 жылы мектеп коллективінің инициативасымен бүкіл аудан еңбекшілерінің қолдауымен құрылған ботаникалық бақ. Бақтың көлемі – отыз гектар. Якут жас натуралистерінің осы бастамасын бүкіл республика жұртшылығы, Советтер Одағындағы қырыққа жуық ботаникалық бақтар мен питомниктердің коллективтері қолдады. Олардың ішінде Москва, Ленин град, Башқұрт, Батуми, Қазақстан, Қырғызстан Ботаникалық бақтары бар еді. Ғалымдар өз кеңесін аяған жоқ. Мәселен, қазақ ғалымдары мынадай хат жазған: «Қымбатты балалар! Қазақ ССР Ғылым Академиясының бағы сендердің батыл бастамаларыңды қызу құттықтайды. Біз сендердің өз қолдарыңмен табиғаты қатал Якутия жерінде үлкен ботаникалық бақ ұйымдастырғандарыңа өте қуаныштымыз. Бұл совет адамдары бүкіл елімізді сонау солтүстік теңіздерінің жағасына дейін гүлденген баққа айналдырады деген қағиданы және бір рет дәлелдей түседі. Біз сендерге гүл жаратын, жеміс беретін және көркемдік үшін өсірілетін өсімдіктердің ұрығын жіберіп отырмыз. Осыларды егіп өсіріп көріңдер. Сонан соң солтүстікке бейімді түрін шығаруға әрекет жасаңдар».
Григорий Евдокимович жас натуралистерді өз өлкесін зерттеу мәселесіне де баули бастады. Олар алдымен гербарий жасақтап, жәндіктер коллекциясын, еңбек құралдары мен көне мәдениеттің қалдықтарын жинастырды. Бұл жұмыстың оқушыларға ұнағаны сонша, тез арада өлкетанушылар үйірмесі құрылды. Ақыры 1936 жылы өлкетану музейі ұйымдасты. Осы музейге жиналған экспонаттардың ішінде тайбахойлық зерттеушілерге белгісіз талай-талай заттар бар еді. Солардын не екенін анықтап беру үшін өлкетанушылар СССР Ғылым Академиясының Палеонтологиялық институтына жүгінді. Институт коллективі оқушылардан көмегін аяған жоқ. Бір қызығы, сол ғалымдардың өзі оқушыларға өтініш жасай бастады. Соның бірін келтірейік. «Қымбатты балалар! Сендерге өтініш айтпақпыз. Біздіңше, ғылымның мүддесін ойлай отырып, СССР-дағы жалғыз ғана қазба омыртқалылар жөніндегі палеонтологиялық музей болуы мен қатар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар музей болғандықтан, сендер өз экспонаттарыңды біздің музейдің көрмесіне бергендерің жөн болар еді. Біздің музейді Совет Одағының түкпір-түкпірінен келген экскур санттар мен ғалымдар ғана көріп қоймайды, мұнда дүние жүзінің аса ірі ғалымдары келіп тұрады. Егер сендердін экспонаттарың Якутск немесе Тайбахойда сақталса, сол ғалымдар оны мүлде көре алмайды. Қане, балалар, сендердің экспонаттарыңды Палеонтологиялық институттың музейіне қоялық, ал сендер үшін біз сол заттардың гипстен жасалған көшірмесін жібереміз. Сендерге творчестволық табыс тілейміз. Біздің институт аты нан Якутияның жас натуралистері мен солардың оқытушыларына жалынды сәлем. ССР Ғылым Академиясының Палеонтология институтының ди ректоры профессор Ю.А. Орлов». Тайбахойдағы ботаникалық бақ – жас балалардың өз қолымен жасаған тамаша еңбегінің жемісі. Қазір сол бақта роза гүлінің отыз сорты, басқа гүлдердің қырық түрі өсіп тұр. Әсемдік үшін өсірілетін талшыбықтардың жүз түрі өседі. Отыз түрлі жеміс-
жидек өсімдіктері өнім бере бастаған. Екі түрлі питомниктің бірінде өсімдіктер ұрығынан өсірілсе, екіншісінде жаңа түрлерін шығарумен айналысады. Біз Сунтар ауданымен осылай таныстық. Бізді күткен Олекминскіге бұл жағынан да жете алмайтынымызға көзіміз жет кен соң Якутскіге тіке тартып кеттік. Мұнда келсек, бізді аса қызғылықты саяхат күтіп тұр екен. Моисей Ефимовтің тынымсыз әрекетінің арқасында Лена пароходствосының басшысы бізге бір күнге өз теплоходын беріпті. Сонымен Ленаға саяхатқа шығамыз. Лена – якут жерінің күретамыры. Оның республиканың экономикалық өміріндегі атқаратын қызметі адамның қан жүйесіндегі күретамырдан бір де кем емес. Егер осы өзен бір сәтке суалып қалса, жердің де, елдің де тынысы тарылып кетер еді. Сондықтан якуттар осы ұлы өзенді қасиет тұтып, «Лена ана мыз» деп атайды (Ленаның атын якут тілінде қазақша транскрип циялап айтса, «Өлөнө» боп естіледі). Ленаның шаруашылықтағы атқаратын қызметі өз алдында бір төбе болса, оның табиғи әсемдігі, көз тартатын көркі – екінші бір қасиеті. Біз осы өзенге серуенге шықтық. Бұл жолы көлігіміз – қанатты кеме «Ракета». Бағытымыз – Лена Тас бағаналары. Жол серіктеріміз – якут жазушылары мен жаңа табысқан достарымыз. Олар семья мүшелерімен бірге жүрді. Қысқасы, теплоходтың жо лаушылары «Жазушы» дейтін үлкен бір семьяның мүшелеріне айналды да кетті. – Бақыт, бұл сапарда сенің әкеңе жөн сілтеушінің қызметін мен атқаратын боламын, – деді республикалық «Қыым» (Ұшқын») газетінің жауапты секретары Василий Васильевич Кириллин. – Ал саған түсінік беретін азаматтар менсіз де жеткілікті сияқты. Ана жүрген Куннюк ағаның немерелері, Егор Сибиряковтың қызы біздің Ленаның көркемдігіне қоса ұлтанына дейін түсіндіріп береді. Оның үстіне Мәрзия апаң мен Женя жездең сені көздерінен бір сәт тыс қалдырғысы келмей безек қағып жүр. Жиендерің Арман мен Айсын да нағашысының қасында болғанды ұнататын сияқты. Сен солардың қасына бар. Мына Исраил ағаңды ақындардың қасына жібереміз. Семен Руфов, Анатолий Старостин, Николай Урсун... бәрін санайын десем, саусағым жет пей тұрғанын көрдің бе...
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру