TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 45 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 45 том

«Бабалар сөзі» сериясының 45-томына «Шора батыр» жырының 1884 жылы араб әрпінде жарияланған «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», Қазан төңкерісінен кейін «Ер Шора» деген атпен жарияланған нұсқасы мен бұрын еш жерде жарияланбаған «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай—Шора» варианттары енгізілді.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.

Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.

Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.

Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.

Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.

Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
45 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Әзібаева Б., Әлібеков Т., Қорғанбеков Б. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: филология ғылымдарының кандидаты: Қорғанбеков Б. жауапты шығарушы: Әкімова Т. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007. Т. 45: Батырлар жыры.—2007.—464 бет. ІSBN 9965-35-527-4 «Бабалар сөзі» сериясының 45-томына «Шора батыр» жырының 1884 жылы араб әрпінде жарияланған «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», Қазан төңкерісінен кейін «Ер Шора» деген атпен жарияланған нұсқасы мен бұрын еш жерде жарияланбаған «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай—Шора» варианттары енгізілді. Б 00(05)—08

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-527-4 (т. 45)
© Әдебиет және өнер институты, 2007

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып
жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы­

лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық
фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып сана­
латын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың

жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық
жырлардың он екі томы және Қытайдағы қазақ фольклорына
арналған он томы жарық көрді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның

қырық бесінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға
«Шора батыр» жырының төрт нұсқасы енді.
«Шора батыр» жыры қазақ халқының аса сүйікті туын­ды­
ларының бірі бола тұра, кеңестік идеология тарапынан қуғын­ға

ұшырады. Өткен ғасырдың 40-жылдарының екінші жарты­сы
мен 50-жылдардың алғашқы жартысында «Қамбар батырдан»
басқа эпос үлгілері «зиянды мұра» деп айыптаған тұстан бастап,
«Шора батыр» жариялану, зерттелу мүмкіндігінен айырылды.

Оның есесіне, шетел зерттеушілері бұл жырға айырықша
қызығушылық танытты. Ағылшын, румын, поляк, түрік
ғалымдары «Шора батырдың» әр түрлі ұлттық нұсқаларына
талдаулар жасады.

Жырдың
ноғай,
қырым
татарлары,

татар,
қазақ,
қарақалпақ, қырғыз ұлттық нұсқалары бар. Бұл ұлттардың
шығармашылығынан «Шора батырдың» қатар орын алуын

тарихи-генетикалық типология белгісі деп қараған жөн. Тек
қырғыздардағы нұсқа ғана тарихи-мәдени типология жемісі
деуге лайық. Өйткені бұл эпос қырғыздарға қазақтар арасынан
ауысып барған.

батырлар  жыры
Халық арасында кең тараған жыр нұсқаларының бірі алғаш
рет 1884 жылы Қазанда «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр»
деген атпен жарық көрді. Ал Ә.Диваев 1922 жылы эпостың

екі нұсқасын жариялады. 1932, 1939 жылдары С.Сейфуллин,
С.Мұқановтар осы мәтіндерді қайта бастырды. Осы нұсқаларды
М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кен­
жебаев, А.С.Орловтар өз зерттеулерінде жалпы қазақ эпосы

құрамында қарастырған. Өткен ғасырдың 70-жылдарының
соңынан бастап Р.Бердібаев, Ә.Оспанұлы сияқты ғалымдар
жырды ақтап алу мақсатында мақалалар жазды.
Жинаққа енгізілген нұсқалардың екеуі, яғни Мұсабай және

Ә.Сариев нұсқалары алғаш рет жарияланып отыр. Ал 1884
жылы жарық көрген М.Әлиакбарұлы нұсқасы одан кейін қайта
жарияланған емес. Ол да кирилл жазуында бірінші рет оқырманға
ұсынылып отыр. Зерттеуші Ә.Оспанұлы 1995 жылы молда Мұса

вариантын ақынның төл туындысы ретінде жариялаған бола­
тын. Ол мәтін М.Тоққожаевтың М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы тұрған
қолжазбасымен салыстырыла отырып, қысқартылған және

қалып қойған 550-дей жыр жолы қалпына келтірілді.
Бұл жинаққа «Шора батыр» жырының сюжеті мен
поэтикалық эволюция деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар
төрт нұсқасы—«Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», «Ертеде­

гі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай-Шора» және «Ер Шора» енгі­
зілді. Жинаққа топтастырылған нұсқалар жырдың поэтикалық
даму кезеңдерінің сатыларын танытарлық ретпен орналасты­
рылды. Томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан

еш өзгеріссіз дайындалды. Баспаға дайындау барысында
қолжазбада жазылмай қалған әріп, сөз қателерін (айқын көрініп
тұрған) тік жақшаға алып беріп отырдық.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі принциптеріне сәйкес,

қырық бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,

эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Көлемі—29 б.т.

Хикаят Нәрік батыр өз жұртынан барып, Ақша ханға
жолдас болып көп замандар жүрген еді. Бұ Нәрік Ақша ханға
бек жағымды болып, көп заман Ақша ханның қолында белді
тұрды. Бір күн Ақша хан өзі сапаршы жүрер уақыты болып,

Нәрікке өз ел-жұртын аманаттап жүрерге ниет етті. Ол Ақша
ханның жүйрік бір тазысы бар еді. Ол тазысы өзіне бек қадірлі
еді. Нәрік батырға Ақша хан айтты: «Мен аман-есен қайтсам,
сенге бек зор мархаматым болар. Бұ тазыны бек жақсы қылып

сақта, ешбір кім алмасын»,—деп сапарға жүрді.
Бір күн ханның үй қасынан қоян қашып бара жатқан-ды.
Ақша ханның қызметкерлері Нәріктен сол тазыны сұрадылар.
Нәрік байғұс бермеді, ханға қиянат еткен болармын деп. Бағда

сол қызметкерлердің ішінде бірісі айтты: «Бұ қаңғырып келген
Нәрік сөзі бізге не керек»,—деп, сол тазыны ұстап алып,
қоянға жіберділер. Қоян һәм тазы ел қарасын үзіп кеттілер.
Бұ қызметкерлер іздеп таба алмадылар. Бұ Нәрік хан не

жалбарып, ханға не жауап берермін деп қайғыда болып, Ақша
ханның бір арғымақ атына мініп, жылай-жылай далаға шығып
қоян илан тазы кеткен тарапқа қарай кетті. Көп жерлерге
барды. Уа бағда бір іннің аузында бір қылыш көрді. Ол қоян

орталыққа келген һәм тазы ортаға келген. Қылышты қолына
алып, атынан түсіп, сол іннің ішіне кірді, көрді. Іннің ішінде
толып тұрған алтын екен. Нәрік байғұс көріп, таңғажайыпқа
қалды. Сол іннің ішінен бір пұттай алтынды алып, қайтып

бір аулақ орынға көмді. Бір заманнан соң Ақша хан сапардан
қайтты. Нәрік байғұс ханның алдынан қарсы шығып, өз
мұңын айтып ханға түсіндірді. Хан айтты: «Сөзлемегіл, ешбір
қорықпа, нәсіп солай болған-дүр»,—деді. Нәрік байғұс бек

қуанып, шүкір айтты.
Қисса-и Нәріктің ұғлы
Шора батыр
(Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы)

батырлар  жыры
Бұ Нәрік көп заманнан соң сарғайып, жүдеп, ас-су ішпеді.
Бек арықтады. Сонда алтын көргенін ханға айтпады. Хан бұның
сарғайып, жүдеп кеткеніне бек қайғырып, не болды екен деп

әрбір табибтерге қаратып, табибтер айттылар: «Бұның ішінде
алтын қайғысы бар»,—дейділер. Ақша хан бір сыншыға бұны
сынатып, [ол] айтты: «Бұ Нәрік алтын көрген, соның қайғысы
сарғайтып тұр»,—дейділер. Ақша хан Нәрікке айттылар:

—Алтын көргенің рас па?—дейді.

Нәрік айтты:

—Бір ін ішінде толып тұрған алтын көріп едім,—деді.

Хан барып сол алтындарды алды. Нәрік бұрынғыдан қадірлі
болып, көп замандар тұрды. Ханға жағымды болды. Билер
бірлән хакімге кірісті.
Күндерде бір күн билер әрқайсысы Нәрікті күндеп жүрділер.

Нәрік бұлардың күндеп жүргенін біліп, ханға барып Нәрік
байғұс өз елімді сағындым деп айтқан бір шығыры:

—Арғымақ үйірін сағынар,

Сағынғанда не қылар.
Тау көбелей желсем деп,
Үйірімді көрсем деп,
Тұяғын тақыл бір тұқыл қағынар.

Ер туғанын сағынар,
Сағынғанда не қылар.
Дін тұрағы Мекке менен Мәдина,
Мәдина, Мекке еске алып,

Қоңыр салқын төске алып,
Күдеріден алты тармақ бауларын мұның

бек сайлап,
Көбе тонды кисем деп,
Ауыр әскер ертсем деп,
Дұшпанымды көрсем деп,

Сағынғанның белгісі—
Құймалы күміс, шын тоға,
Айыл да тұрман тағынар.
Ақ сұңқар үйір сағынар,

Сағынғанда не қылар.
Көк бұлттың ішінде,
Көлденеңнен ұшсам деп,

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Көрдемлі ханда ұшсам деп,
Тұғырысына жете алмай,
Тақыл да тұқыл қағынар.
Елім демес ер болмас,

Үйірім демес ат болмас,
Ұяласым демес құс болмас,
Мезгіл болса, падишам,
Әркім де өз жұртын сағынар.

Дек ғазал:
Қауыста қайтқан қараша,
Қиқулап қонар көліне,
Өсіп бір өнген жеріне.

Садағым сала байланып,
Үш қысанды айланып,
Іздеп келдім, падишам,
Сізден бір медет, падишам,

Болар ма деп беліме.
Ордада жатып білмейсің,
Жақсының сөзі жетеді,
Жаманның қолы тиеді,

Бұ қорлыққа не үшін шыдайын.
Рұқсат болса, падишам,
Амандасып отырмын,
Қайтарға тұрмын еліме.

Өз жерімде жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім,
Адам да шықпас шеніме.
Хан: «Енді бұ Нәрік байғұс өз жұртына қайтсам деп рұқсат

сұрайды, мұңа қарсы бір жауап айтарға кім болдырар екен»,—
дейді. Сонда Меңдісұлу деген бір қыз сөйлейді.
Шығыр:
Сонда Меңді сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Батыр-ау, төре, асыл-ау,

Таудағы өскен тас түлек,
Еңесе дейді жем сайды,
Жемсауы бұның толғанда

батырлар  жыры
Жем берсеңіз көрмес пе,
Өз жерінде жүргенде,
Қазы-қарта, жал жеген,

Шекер менен бал жеген,
Жаман атқа мінбеген,
Жаман киім кимеген,
Жамандармен жолдас болмаған,

Анайы артық туған со еді.
Жеті түрлі тәттіні
Же деп берсең, тұрмас па?
Шаруа малдың жақсысы

Жез бұйдалы нар тайлақ,
Жетелетсең, тұрмас па?
Аты да жүр ме келіспей,
Қара арғымақ қатырып,

Мін деп берсең, тұрмас па?
Киімі жүр ме келіспей,
Жағасы алтын ала тон,
Жарасатұғын киімді

Ки деп берсең, тұрмас па?
Қызыққа жігіт айланар,
Қара лашын қайтарып,
Шүй деп берсең, тұрмас па?

Шашын діліндәнменен тараған,
Басына друфасын ораған.
Бектер мінген бедеудей,
Бауырынан жараған.

Бет ажарын қарасаң,
Жазғы да түскен сағымдай.
Ет ажарын байқасам,
Тірісінен айырған,

Шырын да бидай ақ ұндай.
Қасы жа[й]дай керілген,
Кірпігі оқтай тігілген,
Бұралып белі бүгілген,

Қараған кісі үңілген,
Қастауыш қасты-ай аруды
Сүй деп берсең, тұрмас па?

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР Сонда хан айтады: «Ай, Нәрік батыр, сізге маслихат болса, бұ қызды сеңа никах етіп берейін», деп Меңсұлуды Нәрікке берді. Нәрік илан Меңдісұлу екісі қауыштылар. Бұлар бек жақсы тату болып тұрдылар. Күндерде бір күн ханның халқы, билері Нәрікті күндеп, Меңдіні ханға сен өзің ал деп маслихат қылдылар. Хан айтты: «Мен ол Меңдісұлуды қалай етіп ала­ мын?»—деді. Анда билер айттылар: «Бұ үйшіл қартты қағаз жазып, Шағым Керей ханға өлтір деп жіберсек, өлтірер, андан соң аларсың»,—деді. Андан соң қағаз жазып берді. Нәрік ол қағазды алып оқып қараса, «бұ үйшіл қартты өлтір» дегенін бі­ ліп, бармай қайтып келіп, өзінің үйі ішінде жасырынып жатты. Хан енді Нәрік Шағым Керей ханға кетті ғой деп, Меңдісұлуға кісі жібереді. Меңдісұлуға қонақ болып барамыз, бізді қонақ ет­ сін айтты. Меңдісұлу ханды билерімен қонақ етіп, билер, халқы бәрі қайтып кетті. Хан Меңдісұлуға айтты: —Төсек салыңыз, бүгін біз қонақ болайық,—дейді. Меңдісұлу ханға айтты: —Ай, тақсыр, бір әңгіме айтайын,—дейді, ай, тақсыр, біздің атамыздың байлығы өзіңізге мағлұм. Атамыздың тоғыз тоғай толған малы бар еді. Уа бұл малынан жылқысы бек зияда бесер еді. Жылқысынан күнде ту бие жоғалтып тұрған еді. Атамыздың жылқышысы айтты: «Ай, тақсыр, күнде бір ту бие, бір туа бие күнде жылқыдан жоқ болып шыға-дүр, не ғажап? Өзіңіз атқа мініп жүрсеңіз»,—дейді. Сонан соң атам атқа мініп, бір тауға келді еді. Таудың астында бір арыстан жатыр екен. Арыстанға айтыпты: «Ай, арыстан, сіз бізден рұқсатсыз бұ жылқыдан бір ту бие күнде алып жейсің екен»,—дейді. Сонда арыстанға Алла тағала тіл беріпті. —Ай, бай, сіз бай болған соң сізден бізге ризық-нәсіп болғандүр,—дейді. Сонда бай атам айтыпты арыстанға: «Сеңе күнде бір ту бие ас болсын. Жылқышы күнде бір ту бие келтіріп берер»,—депті. Жылқышы күнде бір ту биені алып барып, таудың басына байлап қояды екен. Бір күн байланған биені арыстан жемей қойыпты. Атам бұңар келіп айтыпты: «Ай, арыстан, бұ сеңа халал-дүр, не себептен асамадыңыз?»—дегенде арыстан айтты: «Бір кісіден қалған сарқытты неге мен жейін»,—депті. Атам айтыпты: «Бұ ту бие өз жылқымның баласы»,—дегенде арыстан

батырлар  жыры
айтты: «Бұ ту бие құлын уақытында бір бөрі келіп арт санынан
тістеді. Бізге кісі қолы тиген керек емес»,—депті.

—Тақсыр, енді біз де сол қасқыр тартқан құлындай болып

тұрмыз, өзіңіз білесіз,—депті.
Меңдісұлу жылап болған соң, Нәрік батыр қылыш бірлән
ханның басын кесіп, Меңдісұлуды алып, Шағым Керей ханға
қарашы болып тұрғанда, үй ішінде қараңғыда нұр пайда болып,

Шора білән Шырын егіз туып, Шора онға келгенде Ақтанкер
дейтұғын аты болып, ол атты әуелгі Ақташы ханның алты
билері келіп, Шора үйде жоқ уақытта тартып алып кетіп, Шора
сонда қайынында жатыр екен. Нәрік барып түнде отауының

сыртында тұрып, баласына бірер бәйіт сөйлегені:

—Ай, батыр-ау, батыр-ау,

Келгенімді айтайын,
Айтайын да қайтайын.
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді әкетті.

Сеңа да келмей қайтейін,
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді алды енді,
Басына ноқта салды енді,

Ноқталасып алды енді.
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді жетелеп,
Халқына қарай төтелеп,

Еліне таман барды енді.
Қайрат етер халы жоқ
Сексенге келген қарт бабаң,
Жылай да жылай қалды енді.

Сонда батыр таң атқан соң ақжелең мініп жөнелгенше,
қасындағы Қарабек сұлу біраз ғана сөйлегені:

—Бұқара жұртын жидырған,

Әшкере тойлар қылдырған,
Хақ никахын қидырған,
Алған жарың мен едім.
Кетсең мені ала кет,

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Өз атыңа сала кет.
Кетсең маған жоқсың ғой,
Құрбаныңа шала кет.
Ақылы болса айтар ол,

Кәрі анаңа бара кет.
Сонда Шора батыр анасына[н] рұқсат сұрап, сонда Шораның
бір аз ғана сөйлегені:

—Баданалы көбе жарылса,

Бақыраш жамап болар ма?
Түбі балшық лай су,
Жылқы жапсам қанар ма?
Шора менің арыстаным,

Тұғырдағы сұңқарым.
Торлық құсын қор еткен,
Аспандағы ақ бұлт,
Араламай қонар ма?

Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді әкетті,
Оған да бармай қояр ма?
Шора анасынан [рұқсат] сұрап, алты билер артынан жетіп

барғанда, сонда Шора сөйлейді:

—Ассалаумағалейкум, Әліби,

Аман-есен Қалы би,
Ақтанкерді жетелеп,
Қалаңа қарай төтелеп,
Қайсы бір кетіп барасың?

Қоңыралы менен Сары би,
Ақтанкер аттың басына,
Қалай бір түсті ноқтаңыз,
Сөйлеселік тоқтаңыз?!

Қалдар менен Дәрі би,
Ақтанкерді әкел деп
Бұйырды ма ханыңыз?
Бұйрықпенен жиылып,

Шығып па едің бәріңіз?

батырлар  жыры
Бұйрықпенен жиылып,
Шыққан болсаң бәріңіз,
Құр кетпеңіз, алыңыз.

Алпыс жылқы алыңыз,
Алып ханға барыңыз,
Тарқар ма билер қаһарыңыз?
Шора батырдың сөзін тыңдамадылар. Сонда тағы бір аз ғана

сөйледі:

—Арқада борай қар жауса,

Борасын меңа борамас.
Арқадағы ақ киік
Адамнан пана сұрамас.
Тауда сұңқар түлесе,

Жанына қарға жоламас.
Таудағы сұңқар мен едім,
Ақташы ханның алты би,
Ала қарға сен едің,

Атымды қалай ұстадың,
Бұ ақылың ұнамас.
Атымды енді қоя бер,
Қылыш бір тиер мойныңа,

Қан сорғалар қойныңа.
Сен билердің құныңды
Менен де кісі сұрамас.
Шамырқанып, шамранып,

Шар темірдей шарланып,
Бұйырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Артыңнан қуып келген соң,

Ақтанкерді алмасам,
Жылқышыға жер болып,
Қойшыларға жер болып,
Қорқақ Шора атанып,

Халқыма қайтіп мен сияйын.
Біреуіңнен қан алып,
Ашуымды қайтіп тияйын.
Артыңнан қуып келген соң,

Ақтанкер атым бермесең,

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Артық туған енеңді
Жалғыз аттай көрмесең,
Лашын алған қудайын,
Көк желкеннен қияйын.

Алтауыңды өлтіріп,
Қоғалы көлдің басына,
Сүйегіңді бәріңнің,
Арық қойдай жияйын.

Ақташы хан[ның] алты би,
Бір ат үшін өліпті.
Алты бидің жазасын
Батыр Шора беріпті.

Алты биді өлтіріп,
Дегеніне келтіріп,
Қайта Шора желіпті.
Нәріктен хабар жеткен соң,

Шалкезұлы Құлыншақ
Іс өткен соң келіпті.
Алты бидің сүйегін
Әр кімселер көріпті.

Алты биді өлтіріп,
Салды Шора бүлікті.
Ер Шораның қылғанын
Жұрттың бәрі біліпті.

Билер кімге жағымды,
«Өлсе, бәлем, жатсын»,—деп,
Есіткен кісі бәрісі
Ол билерге күліпті.

Әлқисса, Ақташының алты билерін өлтіргенсін, Қазанға ба­
рамын деп бір аз ғана сөйлегені:

—Қазыналы Қазанды

Кәпір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
Еңіреп жүрген ер Шора
Қарабекке қарамай

Қазанға қарай жүрді енді.
2–253

батырлар  жыры
Әлқисса, Шора Қазанға барамын дегенсін, атасы Нәрікпенен
біраз мұңдасып айтқаны:

—Тас жүректі балам-ау,

Есіне мені ала ма-ау.
Мені есіне алмайды,
Көзімнің жасын төксем [де],
Өзім де жеттім сексенге,

Қуатым жоқ бөксемде.
Жалғыз бір көзге шөп тиіп,
Сөнді ғой көздің шырағы.
Арыстаным менің кетті ғой,

Шорадай ұғыл туар ма,
Жер жыртып, егін ексем де.
Жалғыз көзге шөп тиіп,
Сөнді ғой көздің шырағы.

Арыстаным кетті ғой,
Бұл дүниенің болды ғой,
Бір тарылған аймағы.
Қазыналы Қазанды

Сол кәпірден айырсаң,
Тигей еді сауабы.
Тіл алмасаң енді жүре бер,
Қалсам да жалғыз қайтейін,

Жалғыздыққа үйренген,
Атаңмын Нәрік, шырағым.
Әлқисса, Шора Қазанға барамын деп анасынан рұқсат
сұрағанда біраз ғана жылап, анасы Меңдісұлу сөйлегені:

—Баданалы көбе жарылса,

Бақыраш жамап болар ма?
Түбі батпақ лай су
Малды жапсам қанар ма?
Шора, менің арыстаным,

Тұғырдағы сұңқарым,
Торлық құсын қор еткен
Аспандағы ақ бұлт,
Араламай бір қонар ма!?

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Қазыналы Қазанды
Кәуір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
Арыстаным, сұңқарым,

Еңіреп жүрген шырағым,
Қолда қуат барында,
Оған бармай тынар ма-ау?
Жетпіске келген қарт анаң,

Сексенге келген қарт бабаң,
Қайта жасап, ұғыл тумаса,
Артыңда ұғыл туса да,
Еңіреп жүрген шырағым,

Сенің орның толар ма?
Тоғыз ай, он күн көтерген,
Дайғы қылдың күшімді,
Жандырдың оттай ішімді.

Жолдастыққа ерте көр,
Керекті сүйген кісіңді.
Тіл алмасаң бара бер,
Мен қайтейін, шырағым,

Қиямет күні болғанда,
Көргізген тағы түсімді.
Ерінсең ермек етерсің,
Көзге күйік қылғанша,

Көзі жайнап тұрғанша,
Алып кет тағы, шырағым,
Мына ақ сұңқар құсыңды.
Әлқисса, сонда зарланып қарындасы Шырын ағасы Шораға

бір аз ғана сөйлейді:

—Ай, жан ағам, жан ағам,

Кімге тастап барасың
Қырым деген шаһарыңды,
Тоғай толған малыңды!?
Жүзі күндей балқыған /аңқыған/,

Иісі жұпар аңқыған,
Бұғағы судай толқыған,
Кімге тастап барасың,

батырлар  жыры
Ақ некелі жарыңды?
Артыңда даулы қылып барасың,
Алты биді өлтіріп,

Ақташы деген ханыңды.
Ай, жан ағам, сенен қалмаймын,
Күндердің күні болғанда,
Басқа тарлық түскенде,

Өзімді-өзім бұғаздап,
Саған құрбан қылармын
Бір шыбындай жанымды.
Әлқисса, сонда қарындасы Шырынға Шора батыр назым

айтқаны:

—Берген жанын өзі алар,

Бір жасаған Құдайым.
Мені жаудан өлер деп,
Ай, күнім, жеме уайым.
Қазыналы Қазанды

Кәпір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
Далада Шора болғанша,
Өзімді-өзім сынайын.

Қазанда бар-ды сендей арулар,
Аузы түкті сары орыс
Теңдіксіз жылатып жүрді ғой,
Өзім Шора болғансын

Оған бармай қайтіп тұрайын.
Әлқисса, сонда қарындасы Шырын бір аз ғана Шора батырға
назым айтқаны:

—Қазанды орыс аралап,

Қол салып па байы менен биіне.
Есен барып, сау қайтсаң,
Тұлпарыңды тоқтай /тоқлы/ шаппағыл,
Түсіріп мін күйіне.

Жан ағам тірі жүргенде,
Аузы түкті сары орыс

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Теңдіксіз қолы жетті деген не болар,
Біз пақырлардың етіне.
Сонда Шора сөйлейді:

—Аспандағы көп жұлдыз,

Аумайтұғын орнынан
Темірқазық сен едің.
Жер үстінде көп адам,
Табаны оның таймайтұғын

Арыстан туған мен едім.
Орнынан темірқазық аумаса,
Аспаннан тас бұршақтай жаумаса,
Тізгін тартып тоқтаман,

Ай, күнім, қош аман бол, жөнелдім.
Әлқисса, Шора менен Құлыншақ батыр Қазанға бара
жатқанда ноғай елі ішінде ару Мақтым деген қыз Шораның
Қазанға бара жатқанын есітіп, Шора батыр оның үйіне тура ке­

ліп, қыз жоғары шарлақтан подзорны тұрба илан Шора илан
Құлыншақ батырды қарап тұрған екен. Шора жақын келген за­
ман ару Мақтым біраз ғана назым айтқаны.

—Шора аттанып келеді,

Ақтанкері астында,
Құлыншақ батыр қасында.
Шора арыстан сол уақыт,
Тек он екі жасында.

Оқалы бөркі басында,
Ақ сұңқары қолында,
Орманбет бидің он сегіз мың ноғайы
Арыстан Шора батырдың

Жүре тұрған жолында.
Әлқисса, сонда тұрбаменен қараған Мақтым сұлу деген қыз
Шора батырға қарап сөйлегені:

—Сымбатыңа қарасам,

Қара емессің, төресің.
Қара да болсаң, бола қал,
Қарадан артық туған данасың.

батырлар  жыры
Оң қолыңа, шырағым,
Ақ сұңқардан құс алып,
Оқалы бөркің басыңда,

Арыстаным, жөнің айта кет,
Мен біліп бір қалайын,
Қай сапарға барасың?
Әлқисса, Шора батыр Мақтым сұлуға қарап, біраз ғана на­

зым айтқаны:

—Төре емеспін қарамын,

Көкістің ұлы тамамын,
Тама ішінде шыбамын,
Нәріктің ұғлы Шорамын,
Мен Қазанға барамын.

Қазыналы Қазанды
Кәуір алды дегенге,
Қайрат ете барамын.
Мақтым сөйлейді:

Сонда Мақтым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Шора батыр сенбісің,

Нәрік ұғлы сен болсаң,
Ноғайлының ішінде
Ару Мақтым мен едім.
Сен артық па, мен артық,

Иә болмаса, теңбісің.
Ай, батырым, арыстан,
Егер берсем қолымнан
Тәтті тағам жеймісің.

Қазыналы Қазанды
Сол кәуірден айырып,
Қайта бағыт қойғанда,
Алдымда сұлу Мақтым бар ма дермісің?

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Әлқисса, сонда Шора батыр Мақтымға сөйлейді:

—Қаратасың қасыңды,

Шығарасың шашыңды,
Үбрешіммен қаптаған
Сала бір құлаш шашыңды.
Жалғаншыға болар от-жалын,

Көзден ағың төндірміш,
Қайғымен, жаным, ішіңді.
Ақ некелі болғаным,
Ойындық бізден басылды.

Мақтым сөйлегені:
Сонда Мақтым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Жалаң қылыш беліңде,

Ер қаруы ол еді,
Мылтығың жоқ мойныңда,
Уайымың жоқ ойыңда,
Бір күдік жоқ ойыңда,

Мұнан қайтіп өтесің,
Асқар-асқар тауы бар,
Ақ сабылдың алдында
Қырық мың әскер жауы бар.

Оқалы бөркің басыңда,
Құлақшын бөркің сенің жоқ,
Үш тоқсан қаһары бар,
Жауатұғын қары бар.

Берсең дәмім татпайсың,
Қайда барсаң оңарсың,
Мойныңда алты бидің қаны бар.
Сонда Шора сөйлейді:

—Нәрікұғлы Шорамын,

Мен Қазанға барамын.
Мен Қазанға барғанша,
Қар жаумасын, нұр жаусын.
Мен Қазанға барған соң,

Қар жаумақтан қан жаусын.

батырлар  жыры
Хақ тілекпен шыққанмын,
Тізгін тартып нең үшін.
Әлқисса, арыстан Шора батыр енді Қазанға барып, пішен

базарында Қабыл мырза дегеннің үйіне келеділер. Қабыл
мырза[ға] айттылар кәпірлер: «Сізден салғырт үшін бір тауық
жұмыртқасы[н]
алмаға

келдік»,—дейділер.
Шора
менен
Құлыншақ бұны естіп тұрыпты. Енді Қабыл мырзадан Шора

менен Құлыншақ: «Бұ кәпірлер бұнда не қылып жүр?»—дейді.
Қабыл мырза жөнін айтыпты.
Шора батыр бұны есіткен соң, ол кәуірлердің бастарын кесіп,
бірісін үйлеріне қайтарыпты. Қабыл мырза бұларды көріп

қорықты. Шора батыр айтты: «Кәпірден қорқып не қыласың.
Қандайлары болса да, иншалла Тағала, жайына салармыз»,—
дейді.
Сол уақыт кәпірден хабар келіп: «Қабыл мырзаның үйінде

Шора батыр бар еміш. Батырды ұстап алыңыз»,—депті.
Арыстан Шора батыр бұны естіп бір назым айтқаны:

—Исламбұл, Қазан екі шаһар

Ежелгіден бері белгілі,
Мұсылманның медеу еді беліне.
Бұрынғы адамдар тентек-ау,
Қалай етіп салдырған

Қазыналы Қазанды
Шынты Мәскеу төріне.
Еділдің бірге қосылып,
Екі айрылған жеріне.

Енді біздің бұ шаһарда
Жатуымыз қанды ғой,
Тұруымыз енді не?
Қырым бір Қырым болғаны—

Қырымға қырық мың мешіт салғаны.
Бұ Қырымның ішінде
Қорлықсыз өскен ер едім.
Талшығыма күнінде

Тайлы бие жер едім.
Қазыналы Қазанды
Бұ кәпірден айырсам,

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Ай, Құлыншақ батыр-ау,
Іс бітірдім дер едім.
Ақтанкерді әкелші,
Ерімді ерлеп мінейін.

Би киімімді әкелші,
Мұны үстіме киейін.
Мына тұрған кәпірге
Алланы үш мәртебе айтып тиейін.

Қазанның Қабыл мырзасы
Құлыншақ пенен Шораны
Қыстай қонақ етіп сақтаған.
Алты мезгіл арпалап,

Ақтанкерді баптаған.
Шора аттанып келеді,
Қазанда болған батырдан
Алпыс батыр ереді,

Жау қарасын көреді.
Жау қарасын көрген соң,
Бұ жау бізге болмас деп,
Алпыс батыр тоқтаған.

Құлыншақ батыр ашудан
Батырларды боқтаған.
Шора аттанып шапқанда,
Шораның жолын ашқанда,

Батыр Шора әруағы /ардағы/,
Дария суы толып қаптаған.
Атқан мылтық өтпейді,
Шапқан қылыш кеспейді,

Шора түгіл Құлыншақтың етінен,
Неге тайсын сертінен,
Бұ қырылған кәпірдің
Қисабын алайын деп қараса,

Он екі арба толады,
Кескен секер құлақты.
Шора аттанып келеді,
Ақтанкер аты астында,

Ақтанкердің тұяғы
Жерге тимей ойнайды.
Шора арыстан шапқанда

батырлар  жыры
Сор[ы] қазандай қайнайды.
Қайрат етер халі жоқ,
Кәпірдің көзі жайнайды.

Бәрін бір жерге қырыпты,
Құлыншақ батыр алдына
Қойда[й] топтап айдайды.
Бұ құлақты көрген соң,

Пад[и]шасы бұйырды,
Жез пұтына сиынды.
Екі жұма болғанда
Қазан[ды] алды кең төске,

Жүз мың әскер түйілді.
Шора аттанып келеді,
Күнді мұнар шалады,
Кәпірдің көзін тұтады.

Ер Шораның әруағы
Аздаһа болып жұтады.
Шора аттанып шапқанда,
Шораның жолын ашқанда,

Ер Шораның әруағынан
Бәйтеректер келіп құлайды.
Бұрынғы Хазірет Ғали келді деп,
Кәпірлер шулап жылайды.

Үш уақыт шапқан құлаққа
Алпыс арба толады.
Қазандағы халқының
Мұраты сонда болады.

Шора сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ат жақсысын көргенмін,

Әндіжан менен Қазанда.
Тон жақсысын көргенмін
Хиуа, Ташкент, Бұхарда.
Бұрынғы адам тентек-ау,

Қалай етіп салдырған
Шынты Мәскеу төріне,
Еділдің бір қосылып,
Екі айрылған жеріне

Қазыналы Қазанды.

ҚИССА-И  НӘРІКТІҢ  ҰҒЛЫ  ШОРА  БАТЫР

Күндердің күні болғанда,
Тарттырмай қоймас жазаңды,
Алмай қоймас мазаңды,
Бермей қоймас жазаңды,

Шаң етпей қоймас далаңды,
Қан етпей қоймас қалаңды.
Бізден дәурен өткенсін,
Ақша сұрап күнінде

Бір шулатар кәпір-ді,
Қатын менен балаңды.
Әлқисса, Шора батыр енді қайтып келе жатқанда алдынан
бір адам келіп, ел-жұрты, мал-жандарының амандығын естіп,

алдынан жолдасы Құлыншақ батырды жіберді. Құлыншақ ба­
тыр барып көрсе, Шораның отауынан түн уақытында бір жігіт
келіп шығады. Құлыншақ мұны көріп көңіл соғысын күтіп,
кері барып Шора батырға сөйлейді:

—Ай, батыр-ау, батыр-ау,

Біз кеткен соң ордаңыз
Құтсыз жерге қоныпты,
Көрінген адам толыпты.
Шырын[ның] ат басындай жүрегі

Мыстай болып солыпты.
Қалыңдығың сұлу Қарабек
Келмеске бізді жорыпты.
Ендігісін өзің білерсің,

Өзің ұйыған жүрекке
Бір құладын қоныпты.
Әлқисса, Шора батыр Құлыншақтан бұ хабарды естіп,
қылышын суырып алып қайраттанып келе жатқанда қарындасы

Шырын сұлу біліп, алдынан қарсы барып айтқан сөздері.
Сонда Шырын сөйлейді:

—Ай, жан аға, жан аға,

Тар құрсақта тебіскен,
Таласып емшек еміскен,
Жан аға жалғыз сен едің.

батырлар  жыры
Баланы жаудан айырған,
Қатынды жаудан қайырған,
Бұрынғы хазіреті Ғалименен тең едің.

Хазіреті Ғали демей не дейін,
Тамағыңа күнінде тайлы бие жер едің.
Жеңешемде кінә жоқ,
Құлыншақтан болды ғапылдық.

Ағамнан қайрат кеткен соң,
Түнде жылқы бағамын,
Отауда жатып шыққан қарындасың

Шырын мен едім.
Әлқисса, Шораның қылышы енді ашуы келгеннен ұтыры
қынына симайынша, астындағы Ақтанкер атын шауып өлтірді.
Андан соң ашуы басылып, райынан қайтып, атасы һәм анасы,

барша ел-жұрты есендесіп, барша мұратына уасыл болдылар.
Тамат тамам.

Бұрынғы өткен заманда Аққамыста Шорахан жер екен. Сол
жерлердің ішінде Кеуісұлы тама деген ел екен. Ындыстанлы
ханы екен. Түрікпенмен жау екен. Түрікпен ханы Ақтайша
деген хан екен. Ақтайшаның қасында Әліби деген би екен. Еке­

уі бірге таманы жаулап жүр екен. Ақтайша, Әлібидің жерін
тартып алған соң, тар жер болып қалған соң Қазан қаласына
қашып барады. Сонан орын алады. Сол көшкен тамаға жете
алмай, бір тоғыз үй айрылып қалады. Тоғыз үйді Ақтайша

көшіріп қасына алады. Ай басы сайын тоғыз үйге алпыс теңге
салады. Сондай шығын алады. Ханнан қорлық көреді. Ақшасы
жоқ жарлының жалғыз баласын ақшаға сатып береді. Ақтайша
малын бақтырады. Тоғыз үйлі тамаға қаланың шығынын тарт­

тырады.
Марықбай деген бай еді, әр түлікке, малға сай еді. Сонша
дәулет бітсе де, бір балаға зар еді. Марықбайдың әйелі Гүлқаныс
деген бәйбіше жасы алпысқа келгенше перзент көрмей жүр еді.

Жаңа бір күн болғанда, таң сарғайып атқанда ерте тұрады.
Белін қынай буады,
Бір көзінен қан ағып,
Бір көзінен жас ағып,

Марықбай жылап жатқанда
Қасына келіп жылайды,
Марықбайға толғайды:

—А, Марықбай, Марықбай,—дейді,

Жатқаның ба аңдамай?
Перзент көрмей дүниеден
Неден болдың сор маңдай?
Өткір балта, кескір шот,

Ертедегі Шора батыр
(Мұсабай жыршы нұсқасы)

батырлар  жыры
Кесіп алса талдікі.
Кішкентайдан жиған мал
Бір күні көзден жоғалса,

Марықбай бай кімдікі—
Қаһары келсе хандікі,
Мейірі келсе бидікі.
Малы құрсын не етелік,

Баласыз жерде мал жиып не етелік.
Ханнан қорлық көргенше,
Тоғыз қақпалы қаланың
Отын беріп, шығынын

Жаннан төлеп бергенше,
Әулиеге кетелік.
Алла перзент бермесе,
Көздің жасын көрмесе,

Мұнан да Қағба кетелік.
Мен айтайын ақылды:
Ақпанда сай Сыр еді.
Бибі Бәтима дейтұғын

Әйелдердің пірі еді.
Ықылас-Ата әулие
Еркектердің пірі еді.
Піриялардың белгісі—

Мәдинаның жолында
Балшықтан салған мешіті
Бұзылмай әлі тұрған-ды.
Қасына барған пендесін

Сол жарылқар деп еді,
Басына соның кетелік,
Мұнда тұрып не етелік.
Төрт түлік мал жиғанша,

Перзент көрер күн болса,
Құдай жолы етелік.
Гүлқаныс солай сөйлейді
Бәйбішенің айтқан сөзі.

Сол уақытта Марықбай,
Гүлқаныстың айтқан сөз
Әулиедей көреді,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Жығылып қол береді.
Сол уақытта Марықбай
Алтын жүген қолына алып,
Азанымен оянып,

Тұрып жатқан жылқыға
«Құрайт» келіп салады.
Ұйысып жатқан жылқының,
Бір шетінен көреді.

«Құрайт» деген дауысы
Марықбайдың Тарлан ат[ының]
Құлағына тиеді,
Тарыққанын біледі.

Аузын ашып кісінеп,
Алдынан шауып келеді,
Ерлеп атқа мінеді.
Гүлқаныс жатқан ордаға

Қонаға қайтып келеді.
Бәйбішесі көсіліп
Бұл күні үйде жатады.
Таң сарғайып атқанда,

Күннің көзі шыққанда,
Гүлқаныс атты әйелін
Желмаяға мінгізіп,
Алтын құмған қолға алып,

Марықбай мінді көк атқа.
Енді екеуі қосылып,
Алты айшылық әулиеге
«Алты күнде жеткіз»,—деп,

Аттың басын қаратты,
Қамшыға етін таратты.
Марықбай атты «шу» дейді,
Табаны жерге тимейді.

Табанға тиген қара тас[ты]
Саз балшықтай илейді.
Көзі ештеңе көрмейді,
Соққан желдей гулейді,

Құлақтың түбі терлейді,
Басына әлі келмейді,

батырлар  жыры
Әр төбенің басында,
Зорға басын билейді.
Алпыс аршын бой жазып,

Созылып тұлпар жөнейді.
Бәйбіше мінген желмая
Тұлпарға жол да бермейді,
Табандай жолға таласып,

Ұшқан құспен жарысып.
Қатар ұшқан қаз-тырна
Екі бірдей жүйріктің
Тозаңынан адасып.

Марықбай мінген Тарлан ат
Шабысқа шабыс қосады.
Әр төбенің басында
Топталып қаз бен тырна

Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады.
Арада алты қонады,
Жетінші күн болғанда

Бетегелі, жері жазық,
Жол үстінде қу қазық,
Алты айшылық әулиенің
Басына келіп қонады.

Сол уақытта кемпір-шал
«Алла» деп тілек тіледі.
Бір көзінен жас ағып,
Бір көзінен қан ағып,

Бәйбіше жылап тұрғанда,
Түн ортасы болғанда,
Шар кітабы қойнында,
Асасы бар қолында,

Жер жүзіндегі әулиелер
Бәрі соның соңында,
Жылап тұрған бәйбішенің алдына
Әулие келіп сөйлейді,

Сөйлейді де бүй дейді:

—Ай, балам-ай, балам-ай!

Сөз айтайын саған-ай,
Не тілеп тұрған баламсың,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Білдір жөнің маған-ай,
Жол сілтейін саған-ай.
Сонда бәйбіше сөйлейді:

—Атеке, шықтым елімнен

Бір перзент кемінен.
Марықбай көр өзінен
Жуық ара шенінен,
Малдың шетін жимайын.

Кісі айтқаны келмейді,
Жалғыз бала бер,—дейді,
Есіркесең жолдасын
Оны өзің біл,—дейді.

—Олай болса, бәйбіше,

Жолдасымен бердім,—деп,
Ғайып болып жөнейді.
Бәйбіше сонда қуанып,
Шәй құмғанын қолға алып,

Тарлан атты ерлейді.
«Алла бала берді,—деп,
Көздің жасын көрді,—деп,
Ұйықтап жатқан Марыққа,

Атыңа мінсең кел»,—дейді.
Екеуі атқа мінеді,
Кейін қалған ордаға
Қуанып қайта жүреді.

Алты күнде келген жеріне
Екі күнде келеді,
Елінде қалған үйіне
Екеуі келіп енеді.

Үйіне келіп қонады,
Таң сарғайып атқанда,
Жылап жүрген бәйбіше
Іші нұрға толады,

Әйел жерік болады.
Марықбайға сөйлейді,
Әділдің Қара тауында
Алты басты айдары

Жүргенше жер еді.
3–253

батырлар  жыры
Соны алып келіп бермесе,
Алпыс жасар Марықбайдың
Өзі[н] итше жарады.

Сол уақытта Марықбай
Тарлан атқа мінеді,
Алладан тілек тіледі.
Алпыс асау ат алады,

Алпыс тілді қармақты
Жан қалтаға салады.
Әділдің Қара тауына
Марықбай кетіп барады.

Ертеңі талма тал түсте
Әділдің Қара тауына
Марықбай жетіп келеді.
Алты басты айдары

Ұйықтап жатқан-ды.
Аузынан шыққан ақ көбік
Ақ отаудай көрінді.
Айдарының қасына

Қорықпай шауып барады.
Алпыс тілді қармақты
Алпыс бірдей асаудың
Жүніне шапшаң салады.

Сексен аршын бауына
Жібекпен арқан тағады.
Қайта шығып Марықбай
Аулаққа бұны салады.

Айдары сонда оянып,
Алпыс асауды, алпыс тілді қармақты
Бәрін бірдей сапырып,
Аузына қағып салады,

Аузына жұғын болмай барады.
Алпыс тілді қан қармақ
Сол уақытта айдары
Таңдайында қалады.

Сол мезгілде айдары
Өкіріп барып құлады.
Айдарының зәріне
Құланданып күн күйді,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Айқышталып ай күйді,
Әуедегі қара аспан
Майысып жерге бір тиді.
Марықбай сонда көреді,

Қуанып атқа мінеді,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қорықпай шауып келеді.
Марықбай мінген Тарлан ат

Тұла бойы тітіреп,
Қан қызыл, қара қан сиді,
Кісінеп қарап тұрады.
Марықбай сынды байыңыз

Аттан түсе жүгіріп,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қасына жаяу келеді.
Алты басты айдарды

Алты жерден бөледі.
Алты қап етін Марықбай
Тарлан атқа артады.
Аттың басын жетектеп,

Ауылға қарап қайтады.
Тоғыз үйлі тамаға,
Елдің бәрі жатқанда,
Гүлқаныс жатқан ордаға

Қуанып жетіп келеді.
Отыр екен бәйбіше
«Қай уақытта келер,—деп,
Қашан алып келіп, берер»,—деп.

Шамшырағын жағыпты,
Марықбай сонда жуыпты,
Алты қап етті алады,
Тайқазанға салады.

Алты қап етті тауысып,
Жерігі әзер қанады.
Бесінші айдың жүзінде
Әйелі құлын бермейді.

Тоғыз айға толғанда,
Ішінде жатқан баласы
Ішіне сыймай кернейді,

батырлар  жыры
Он екі айда толғатты,
Бір ұл менен қыз табады.
Құдай берді Марыққа

Таудай қылып бір бақты.
Егіз бала туған соң,
Ақтайша ханнан қорыққаннан,
Сұраусыз атын қоя алмай,

Биліксіз тойын қыла алмай,
Марықбай аздығынан зар қақты.
Тамаменен келісіп,
Бәйбішемен сөйлесіп,

Сәрсенбі күні сәскеде
Мал алып келіп сояды,
Су сақтаған салаға.
«Ақтайша мұнда келсін,—деп,

Әлі бірге келсін,—деп,
От басары отаудай,
Менен бедеу мінсін,—деп,
Қалағанын кисін,—деп,

Не қылса өзі білсін»,—деп,
Қорыққаннан хабар береді
Ханның жатқан қалаға.
Ақтайша мен Әліби

Жабыла атқа мінеді.
Алты жүздей қосынмен
Тоғыз үйлі тамаға
Аттанып заулап келеді.

Ақтайша мен Әліби
Екеуі бүлініп кіреді.
Сол уақытта Марықбай
Тамам малын қарады,

Үй бас сайын тоғыздан саба қояды.
Алты күн ойын қылады,
Жеті күн тойын қылады,
Табақ тартып болғасын,

Марықбай ақыл ойлады.
«Жұрт иесі Ақтайша
Өлтіріп баламды кетер,—деп,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Пара берсем не етер,—деп,
Берсем пара алар,—деп,
Өлгенде көрген жалғызым
Өлмей тірі қалар,—деп,

Жаныма сая болар,—деп,
Алтын құйрық қара ала ат,
Тұлпардан туған бедеу ат,
Сап-сары алтын ер салып,

Хан астына мінсін»,—деп,
Ақтайша ханның үйіне
Әкеліп атын байлады.
«Іші алтыннан қадақты

Алтын ауыз ақ үрме,
Еріксе құлан атсын,—деп,
Қызық құрып жатсын»,—деп,
Мұны әкеліп береді.

«Оза шүршіт жұртында
Мың ділдәмен беткерген,
Шар ат балап өткерген,
Алтын жаға ақ сауыт,

Мұны үстіне кисін»,—деп,
Мұны да әкеліп береді.
«Кенересі алтын ақ белбеу
Құрсай белін бусын,—деп,

Мұны да әкеліп береді.
Балдағы алтын шар болат,
Беліне орай жайсын»,—деп,
Әкеліп тағы береді.

Қанша берген параны
Әлібидің бір нөкері
Арада жүріп көреді,
Көреді де күндеді.

Әлібидің алдына
Жүгіріп жетіп келеді.
Әлібиге сөйлейді:

—Ой, Әліби, Әліби!

Би де болсаң, зор едің.
Жұрт ағасы Ақтайша,

батырлар  жыры
Хан да болса қара еді.
Тоғыз үйлі бұл тама
Саған берді қорлықты,

Басыңа салды кемдікті,
Тама неге желікті?
Тоғыз үйлі Марықтың
Жалғыз ұлын өлтіріп,

Алмасаң сөйтіп теңдікті!
Сонда Әліби ақырды,
Үйде отырған нөкерін
«Атыңа мін»,—деп шақырды.

Әліби сонда сөйлейді:

—Марықбайға барайын,

Ханды туған көрді деп,
Аты менен қаруын
Алжыған ханға берді деп,
Жаңа туған баласын

Торғайдай мойнын жұлайын.
Соңынан туған жалғыз қыз,
Өз қолынан өсіріп,
Жалғыз балам Боздаққа

Тоқалдыққа алайын.
Әліби сонда шамданып атқа мінеді,
Темірден киім киеді,
Ақ қарабас ту алып,

Марықбайдың үйіне
Құйындай шауып жөнейді.
Сол уақытта бәйбіше
Жабықты түріп көреді,

Жау екенін біледі,
Көреді де сасады,
Бетінің қаны қашады,
Төрде тұрған ақ сандық

Тепкілеп барып ашады,
Табанынан ділдә шашады.
Бұрын келген хан нөкері,
«Осы қалай олжа»,—деп,

Әлібиден басқасы

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Алғанын алып қашады.
Әлібидің өзіне
Бес жүз бие береді.
Тоғыз нарға ақша артып,

Әлібидің алдына
Марықбай мен бәйбіше
Әкеліп пара төгеді.
Сол уақытта Әліби

Ішегін тартып күледі,
Ізімен қайтып жөнеді,
Ақтайша ханға келеді.
Енді екеуі бас қосып,

Баланың атын қоймаққа
Бір ордаға енеді.
Отыз төре қонақтар
Бәрі бірдей кеңесіп,

Ат қоя алмай шулады.
Тауып еді бір атты,
Тапқан атын қимады.
Жаман атты қоярға

Лайық тағы болмады.
Сол уақытта бәйбіше
Үй айналып жылайды.
Жан-жағына қараса,

Жолдың шетін айналған,
Тоғыздап дорба байланған,
Сырлы асасы қолында,
Аяғын бір басарға ерінген,

Үстіндегі жаман киімнен
Жалтылдап еті көрінген,
Жылап тұрған бәйбіше,
Соны көзі көреді.

Соған барып сөйлейді:
«Өлгенде көрген баламнан
Айрылмақ болдым мен,—дейді,
Атын қойып бер»,—дейді.

Әліби жатқан ордаға
Ертіп алып келеді.
Екі ханның алдына

батырлар  жыры
Арызын айтып сөйлейді:

—Аяқ-аяқ бал ішіп,

Алшаңдаған, хан аға!
Есікке келеді бір диуана,
Рұқсат болса, би аға,
Баланы соған бер,—дейді,

Қойсын атын сол,—дейді.
Хан да берді рұқсат,
Би де берді рұқсат.
Бәрі рұқсат берген соң,

Шал ордаға енеді.
Бесікте жатқан баланың
Бетін ашып көреді.
Сонда шал сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Кеуісұлы тама бар,

Бұл таманың ішінде
Марықтың ұлы Шора бар.
Маңдайының арасы
Қарыс сүйем сере бар,

Көрмегенше көре бар,
Мұнша көр ме кемпір-шал?
Тоғызға жасы жеткенде,
Жау қайраты біткенде,

Ақтайша, Әліби[ден] теңдік алар, Құдай, бұл!
Қарындасы баланың
Тұрғын сұлу болсын деп,
Осы айтқаным келмесе,

Кебе кетіп барамын,
Барғанымен келмейін.
Диуана болған бабасы
Ақ сары бас қу болып,

Аспанға ұшып жөнеді.
Сол уақытта жылап тұрған бәйбіше
Құдай тілек берді деп,
Баласын бауырына басады,

Үйіне алып қашады,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Марыққа алып келеді.
Алма-кезек таласып,
Кезекпенен сүйеді.
Бұлар баласын сүйіп жатқанда,

Әліби сонда ақырды,
Қасындағы нөкерге
«Атқа мін!»—деп шақырды,
Барып атқа мінеді.

—Марықбайға барайын,

Жаңа туған баласын
Өз қолыммен өлтіріп,
Қарындасы Тұрғынды
Қолымнан өзім өсіріп,

Жалғыз балам Боздаққа
Тоқалдыққа алайын.
Бабасы мұның бар екен,
Атын қойып кетті,—деп,

Бұл секілді баланы,
Марықтан туған Шораны
Өлтіргенім енді,—деп,
Темір киім киеді.

Келте қара ту алып,
Қырық жігітін қолға алып,
Марықбайды қаптай шауып жөнеді.
Баласын сүйіп жатқанда,

Сол уақытта бәйбіше,
Үйден шығып көреді,
Көреді де сасады,
Бетінен қаны қашады.

Алты қапты ақ сандық
Тепкілеп келіп ашады,
Табаннан ділдә шашады.
Әлібиден басқасы,

Қасындағы қырық жігіт,
«Осы қандай олжа»,—деп,
Әлібиден басқасы
Қалаға қайта қашады.

Сонда тұрып Әліби
«Марықбай!»—деп шақырды.

батырлар  жыры
Шақырып алып сөйлейді:

—Марықбай, мұнда кел,—дейді,

Алты жасқа келгенше,
Өсіріп өзің сүй,—дейді,
Алты жасқа келген соң,
Шора менен Тұрғынды

Өз қолыма бер,—дейді.
Әліби қайтып жөнейді,
Әліби қайтып кеткен соң,
Шора екі жастан өткен соң,

Бес жасына жеткен соң,
Нақ бес жасқа келгенде,
Садақ буды беліне,
Нан піседі деміне.

Тау келсе де тәрк етті,
Қарсы келген жөніне.
Екі беті албырап,
Алтын туы жалбырап,

Қабағы тастай түйіліп,
Жеңсіз сауыт киініп,
Қозы жауырын оқ алып,
Құс іздеп жаяу шығады.

Асаудың байтал құлыны,
Шора аңға кеткен соң,
Жеті таудан өткен соң,
Шора аңға барған соң,

Ауылы иесіз қалған соң,
Әлібидің баласы
Әділ он бес жасында.
Сонда Боздақ деген Әлібидің баласы,

Құс телпегі басында,
Қырық баласы қасында,
Боздақ сонда сөйлейді
Қырық баласын ертіп:

—Тоғыз үйлі тамаға

Осы түсте барайын.
Алты жасар Шораның
Қарындасы Тұрғынды
Тоқалдыққа алайын.

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Қырық баласын ертіп,
Боздақ заулап жөнеді,
Тоғыз таманың желкесіне келеді.
Тоғыз үйлі таманың

Ауылдағы тоғыз баласы
Келе жатқан Боздақтың
Алдынан шығып көреді.
Сонда тоғыз бала сөйлейді:

—Шора ауылда жоғында,

Хан Боздаққа барайық,
Асық ойнап қалайық.
Асық ойнап тұрғанда,
Хан баласы Боздақтың

Қырық баласын қарайық.
Ер Шораның тұсында
Қырық жыл жеген шығынды
Бүгін барып сұрайық,

Сұрамай не қып тұрайық.
Тоғыз бала бас қосып,
Алтын сақа, жез кеней,
Тоғызы қолға алады.

Келе жатқан Боздақтың
Алдынан шығып барады.
Сол уақытта хан Боздақ
Тоғыз бірдей баланы

Ортаға алып қамады,
Асығын тартып алады,
Тоғыз жанғаш тірілей келіп талады,
Қайта қашып барады.

Ауылға тоғыз бала келмейді,
Аңға кеткен Шораның
Артынан қуып жөнейді.
Келе жатса тоғызы,

Талма-тал түс болғанда,
Тоғыз бала іркілді.
Енді алдына қараса,
Қасқырдай аузы қан болып,

Ақ білегі сал болып,

батырлар  жыры
Алпыс құлан арқалап,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Алдынан шыққан секілді,

Келе жатқан Шораны
Тоғыз бала көреді.
Алдынан шығып жылайды,
Жылағанда не дейді:

—Бір күні үйде жоғыңда,

Көрсетті Боздақ қорлықты,
Бізге қылды зорлықты.
Жалғыз Шора ер жетіп,
Қашан берсін Боздақ бізге теңдікті.

Сонда Шора желікті,
Желігіп Шора қағынды.
Тоғыз балаға Шора сөйлейді:

—Осы айтқаның шын болса,

Боздақты көрер күн болса,
Сендер елге бара тұр.
Қаладан келген Боздаққа
Жалғыз өзім барайын,

Қырық баласын қарайын.
Мен тіріде, тамалар,
Кісіден жеме уайым.
Іздегенім жау еді,

Жауды маған берер ме,
Жарлыға қатты Құдайым.
Құдай салса, көрейін,
Жаяу барып келейін,

Менменсіген Боздаққа
Қолымнан өлім берейін.
Ақ білегін сыбанып,
Асығып жаяу жөнейді.

Келе жатқан Шораны
Ауылдың бергі қасында
Боздақтың көзі көреді,
Келеке етіп күледі.

Сонда тұрып Боздақ сөйлейді,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Сөйлегенде не дейді:

—Марықтың ұлы Шорасың,

Мысықтай шайқым саласың.
Иттен бетер шуылдап,
Мұнша тынышымды аласың.
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Қайда кетіп барасың,
Кімнен кеміңді аласың?
Және Шора сөйлейді:

—Атың мініп ап, Боздақ,

Сен де шықтың серіге,
Мен де шықтым серіге.
Сендер қой да, мен қасқыр,
Қоралы қойға беттер ме

Мендей көкжал бөріге?
Сұраусыз келдің еліме,
Жалғызсынып тұрмысың
Бәлем, Боздақ, ойыңа.

Атаң жеген ауыр мал,
Алмаймын деп жүрмісің,
Расын[да] мойныңа.
Асық ойнай келемін,

Сендер көп те, мен жалғыз,
Ойнаған асық ойнына,
«Ұрысқа таман жүр,—дейді,
Шора әкең мен,—дейді,

Ойнайық асық кел»,—дейді.
Қырық баланы қуалап,
Татырға айдап жөнейді.
Менменсінген Боздақтың

Жағасынан алады,
Сақасын тартып алады.
Асық салар билігін
Тағы да өзі алады.

Сонда Шора сөйлейді:

—Атаңа нәлет, ит Боздақ,

Маған неге тиесің,
Ажалың жетті өлесің.

батырлар  жыры
Алшы түссе менікі,
Тауа түссе менікі,
Шіге түссе менікі,

Бүге түссе менікі,
Жалғыз омпа сенікі,
Мұны қалай көресің?
Егер асық ұтылса,

Осы тұрған қырық бала,
Бала бас сайын сексен екі тепкіден
Және бас-басыңа
Қырық жұдырықтан

Ұпайымды бересің.
Менменсіген, ер Боздақ,
Қоңсы болған таманың
Ойынын қалай көресің,

Тыңда Шора кеңесін.
Шора солай толғады.
Сол уақытта қырық бала
Боздаққа келіп жылайды,

Қашалық деп шулайды.
Шулағанда не дейді:

—Кел, қашалық қалаға,

Қашпайсың ба, Боздақ сынды жан аға!
Алып келіп тап қылдың
Шора сынды бәлеге.
Аузы жаман демесең,

Бірен-саран бармасақ,
Алтын сарай қалаға.
Асығы құрсын жетелік,
Апарып Шораға

Асықты беріп кетелік.
Қалаға аман жетелік,
Бастың қамын етелік.
Бастың қамын етпесек,

Шорадан қашып кетпесек,
Алшы түссе, алады,
Тауа түссе де, алады,
Бүге түссе де, алады,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Шіге түссе де, алады,
Бәрін де өзі алады,
Жалғыз-ақ омпа бізге қалады.
Егер омпа тұрмаса,

Қырқымызды қырады,
Құдай бізді ұрады.
Бұл сияқты Шорадан
Қалай жаның қалады,

Қашсақ, қалай болады.
Сонда Боздақ қырық балаға
«Қашпайсың»,—деп ақырды,
«Қасыма кел»,—деп шақырды.

Ер Шораның қасына
Ойнаймын деп асықты
Тізелесіп отырды.
Сол уақытта ер Шора,

Асықты жиып алады,
Қатырып асық қағады.
Алшы түссе де, алады,
Тауа түссе де, алады,

Бүге түссе де, алады,
Шіге түссе де, алады,
Сол уақытта қырық үш ойыннан
Бір ойын таба алмай омпа тұрады.

Жазатайым бір омпа,
Тұрайын десе ер Шора
Қолымен қайтып жығады.
Аяқ жағын ер Шора

Зорлық етіп барады.
Үш ойыннан өткізбей,
Төрт ойынға жеткізбей,
Асықты ұтып алады.

Жан-жағына қарады,
Сексен құлаш жүн арқан[ды]
Көтеріп қолына алады.
Басы Боздақ ер келіп,

Қырық баланы қосақтап,
Жалғыз өзі тұрады.
Қыз алатын Боздақты

батырлар  жыры
Қосақ басы қылады.
Ақ білегін сыбанып,
Алмаққа ұпай жинадық.

Қырық баланың қасына
Шора жетіп барады.
Сексен тепкі салады,
Қырық жұдырық алады.

Еріп келген қырық бала
Аяқ-аяқ қан құсып алады,
Алдына құлады.
Қырық баланың сүйегін

Бір төбенің басына
Жинастырып үйеді.
Қырықын қырып болғасын,
Қыз алатұғын Боздақтың

Өзіне кезек келеді.
Боздаққа келіп сөйлейді:

—Ұмытты болам деп пе едің?

Өзім тумай тұрғанда,
Тоғыз үйлі тамаға
Түрікпен отын жақтырып,
Қалың малын бақтырып,

Не жазығы бар еді,
Тоғыз қақпалы қаланың,
Үштің бірі шығынын,
Тоғыз үйлі тамаға

Жанынан төлетіп тарттырып.
Ай басы сайын тамаға
Алпыс теңге салғандай,
Мұндай шығын алғандай.

Ылди қандай, өр қандай,
Қорқақ қандай, ер қандай,
Өзің қандай, мен қандай?
Әкем менің қарт Марық

Қуанып той қылғанда,
Сенің әкең Әліби,
Ақтайшамен екеуін
Шақыртып тойға алғанда,

Енді екеуі бас қосып,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Атымды қоя барғанда,
Алма мойын қара атты
Қорқытып алып мінген соң,
Әкем киген ақ сауыт[ты]

Әліби алып киген соң,
Балдағы алтын шар болат
«Беліңе алып будың»,—деп,
Асты тақтай мамықтың,

Қандырып ұйқың тұрған соң,
Арызын айтқан шешеме,
Көтеріп қамшы ұрған соң,
Өз айтқанын қылған соң,

Мен секілді әкеңді
Алты жасқа келгенде
Құл қыламын дегенсің.
Қарындасым Тұрғынды,

Қаздың жүні қаттасым,
Үйректің жүні үндесім,
Емшектесім, сүттесім
Алты жасқа келгенде,

Күң қыламын деген соң,
Ажалыңа кіл, Боздақ,
Құдай айдап келгенсің.
«Ала мойын қара аттың

Ала қамшы, ақ тізгін
Ұстап мінген қолың,—деп,
Өзіңнің салған жолың,—деп,
Екі қолын Боздақтың

Қарынан кесті шұнтитып.
«Ая толы шыны бал
Ұрттап ішкен ернің»,—деп,
Төменгі ернін теседі.

«Билік айтқан тілің»,—деп,
Тілінің ұшын кеседі.
Тілден аққан қара қан[ды]
Қолымен алып ішеді.

«Танауы алды таңырайтып,
Қармал жиек алтын телпекті,
Басына алып кигенде
4–253

батырлар  жыры
Күнге күйген сайы деп,
Түлеуінің жайы»,—деп,
Тас төбесін сылиды.

Жұртта қалған тазы иттің
Күшігіндей ұлиды.
Екі қолын Боздақтың
Артына мықтап байлайды.

—Ақтайша мен Әліби

Түстен қалмай келсін,—деп,
Қырық баласын өлтірдім,
Тоғыз үйлі тамадан
Қырық жыл жеген шығынның,

Жары басын бөледі.
Жары көңілім қалды,—деп,
Меніменен ел болса,
Енді қалған малымды

Ақтайша мен Әліби
Қолынан санап әкеліп,
Өздері әкеліп берсін,—деп,
Бүгін малын бермесе,

Екеуі мұнда келмесе,
Кісіні өзіндей көрмесе,
Таң сарғайып атқанда,
Алтын ауыз қаланың

Есігінде көрсін,—деп,
Сәлем айтып болды да,
Қыз алатын Боздақты
Жап-жалаңаш айдады.

Сол ер Боздақ
Қырық баласын қырдырып,
Құлақ, мұрнын жұлдырып,
Боздақ заулап жөнеді.

Басына қонған шыбыннан
Күннің көзін көрмеді.
Мың сауысқан, жүз қарға
Қызыл қанға таласып,

Ортаға алып жөнеді.
Сол қалаға жеткенше,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Басына қонған қарғаны
Қорғауына қол таппай,
Қаласына жеткенше,
Шыбын жаны зар тапты.

Әліби жатқан қалаға
Қарға қуып келеді
[Қыз] алатын Боздақты
Әлібидің алдына.

Боздақ келіп сөйледі:

—Жемей кеткін, Әлі[би],

Кереңді жесең болмай ма?
Тумай жатып Шораға
Қырық баламды қырдырып,
Құлақ-мұрнымды жұлдырып,

Тоғыз үйлі тамадан,
Алты жасар Шорадан,
Құлақ-мұрнымды жұлдырып,
Қырық баламды қырдырып,

Менің-ақ күйігімді жеп пе едің?!
Сол секілді баланы
Өлтіріп келмей, алжыған,
Алты жасқа келгенше,

Жайында жатар деп пе едің?!
Көрсетті Шора көрімді,
Ойнаған асық жерімді,
Әуелі кесті қолымды,

Сонан соң кесті тілімді.
«Екеуіңді келсін»,—деп,
Мені саған бұйырды.
Апарып малын бермесең,

Басыңа пішеді кебінді.
Бір қалтаға санап сал
Тоғыз үйлі тамадан
Қырық жыл жеген шығынды.

Таманың саудың биесін,
Марықтың арттың түйесін,
Сонша жеген малыңды
Өзіне қайтып бересің.

Сол секілді көрімнің

батырлар  жыры
Апарып малын бермесең,
Құдайдан бұрын өлесің.
Қырық баламды қырғызып,

Қыз аламын деген деп,
Басыма жетті киесі.
Көргенім өтірік болмаса,
Тамадан жеген шығынның

Бүгін келеді Шора иесі.
Сонда ханның кеулі бұзылды,
Айтып болып ер Боздақ,
Тілге келмей үзілді.

Боздақ «батыр» өледі,
Әліби сонда кейіді.
Қырық жігітін шақырды,
«Атыңа мін»,—деп ақырды.

Ақырып Әліби сөйлейді:

—Марықтан туған Шораға өзім барайын,

Басын кесіп алайын,
Артынан туғанды
Ат саурынына салайын.
Тоғыз үйлі таманың

Бәрін бірдей шабайын.
Жаяу жүрген Шораның
Жеті енесін ұрайын,
Қыршынын қияйын!

Шашақты қара ту алып,
Қырық жігітін қолға алып,
Шора, Тұрғын балаға
Әліби шауып жөнейді.

Шауып келсе Әліби,
Шора әлі тұр екен,
Баяғы сүйек басында.
Киімі жоқ үстінде,

Қолынан басқа қару жоқ,
Ақ білегін сыбанып,
Ұрыспаққа оңданып,
Сөйтіп жүрген Шораны

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Әліби көзі көреді.
Жаяу жүрген Шораны
Әліби көзі көрген соң,
Мазақ қылып күледі.

Әліби атты, ол жаяу,
Қырып шауып келеді.
Сонда Әліби Шораға келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Мен бір жатқан айдары,

Құйрығымды неге басасың.
Асыранды ит тама,
Өз басыма секіріп,
Мұнша неге тасасың.

Алтын қақпа қаланың
Сықырлауық есігін
Сұраусыз неге ашасың?!
Қарындасың Тұрғынды

Әкеліп өз қолыңнан бер,—дейді.
Сонда Шора кейиді,
Жұдырығын түйініп,
Бір Құдайға сиынып,

Кәріп жаннан түңіліп,
Зеңбіректің шоғына,
Бір дүмбел мылтық оғына
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Қырып жаяу жөнеді.
Әліби атты, бұл жаяу,
Қарсыласа қалысты,
Екеуі келіп ұрысты.

Қарсылап найза салғанда,
Әлібидің найзасы,
Суырып алды Әліби
Беліндегі болат қылышты.

Жаяу тұрған Шораны
Тартып келіп салғанда,
Балдағынан сынысты,
Екі қару тауысты.

Тағы да көтеріп алды

батырлар  жыры
Әліби алпыс пұт ауыр сойылды,
Салып келіп кеткенде,
Тұз сабаған келідей,

Желкесінен үгілді.
Бар қаруын тауысып,
Аттан түсіп алысты,
Жағаға қолды салысты.

Екеуінің үстіндегі сауыты
Жағасынан айырылысты.
О да «Құдай, бер» деді,
Сауытқа симай кернеді,

Түске шейін алысты.
Алты жасар Шораға
Сонда да әлі келмеді.
Әлі сонда меңдейді,

Шора жағадан тартып сүйрейді,
Балшықтан бетер илейді.
Алты жасар бала-ды,
Құдай артық қарады,

Қарағанның мәнісі—
Көтеріп қолға алады,
Сол уақытта Әліби
Ақырып барып құлады.

Әлібидей батырды
Сақалынан көтеріп,
Қорқыратып шалады,
Тоғыз топар салады.

Ақыл бұлағы сол болып,
Үстінен тұрып жөнеді.
Жан-жағына қарады,
Ат ұстаған қырық жігіт

Қалаға қашып барады.
Әліби мінген қара атты
Астына мініп алады.
Қырық жігіттің соңынан

Шора қуып жөнейді.
Он екі құлаш найзаны
Жеткен жерден сермейді.
Он екі құлаш найзаға

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Баршасын шаншып түйрейді.
Найза толған сүйекті
Қашпайтынын біледі,
Сілкіп тастап жөнейді.

Басы Әліби ол қылып,
Кейінгіге жол қылып,
Сексен бір кісі сүйегін
Жинастырып үйеді.

Қырық атты айдап, жайдақтап,
Қанға тоймай жалақтап,
Тоғыз үйлі тамаға
Кешке қайтып келеді.

Олжадан түскен қырық атты
Тоғыз [үйлі] тамаға,
Үлестіріп береді,
Бәрін бірдей көреді.

Тоғыз үйлі таманың
Қырық жыл кеткен шығынын
Қайратымен төледі.
Ер Шораның уақытында

Тама да теңдік көреді,
Азын көпке теңеді.
Сүйте-сүйте сол Шора
Алты жасқа келеді.

Атты жасын атқа алды,
Тартар жасын тайға алды.
Ақтайша жатқан қалаға
Ат қо[юға] ойланды.

Жүрейін деп тұрғанда,
Алаша сары биеден
Шора туған күні
Бір шұбар құлын туыпты.

Марықбай соны көріпті,
«Шораға ат болсын,—деп,
Өсіріп өзі мінсін,—деп,
Жауға барып тисін»,—деп,

Алты жасқа келгенше,
Асырап Марық бағыпты.

батырлар  жыры
Сол уақытта ер Шора
[Шұбар] атты ерлейді.
Атын ерлеп болған соң,

Қайтарып атты байлайды.
Ақтайша мұны есітті,
Енді екеуі өшікті.
Шұбар атқа мінгесін,

Бізді қоймас десіпті.
Көп нөкерімен кеңесіп,
«Ел болалық»,—десіпті.
Сол уақытта Ақтайша,

Тоғыз мыңдай қол жиды,
Тоғыз мың қолдың алдында,
Марықбайдың аулына
Қырық жігітін жіберді.

Сонда Ақтайша сөйлейді:

—Марықбайға сәлем де,

Жау болғанын қойсын,—деп,
Мұнда көшіп келсін,—деп,
Күймелі арба астында,
Саялап күнін көрсін,—деп.

Меніменен ел болса,
Басы Әліби, сексен бір кісі құны үшін,
Енші қылған Шұбар ат,
Соны алып келіп берсін,—деп,

Не қылса да өзі білсін,—деп.
Шұбар атын бермесе,
Тоғыз мыңдай қолменен
Ауылында мені көрсін,—деп.

Сол уақытта қырық жігіт
Көк арбаға мінеді.
Мәстектің жалын өреді,
Марықбайдың аулына

Атын сұрай жөнелді,
Қонаға жетіп келеді.
Келе жатқасын Марықбай,
Алдынан шығып көреді.

Шеткергі үйге әкеліп,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Бір ордаға енгізіп,
Тоғыздан саба қояды,
Бесті асауды сояды.
Тамақ беріп болғасын,

Ханнан келген елшінің
Келген бұйымын сұрады.
Сонда тұрып қырық жігіт
Марықбайға сөйлейді:

—Былай барсаң, Қазан жау,

Былай кетсең, қалмақ жау,
Не қылып күнің көресің.
Ақтайшамен жау болсаң,
Ажалдан бұрын өлесің.

Біздің жұртпен ел болсаң,
Әлібидің құны үшін
Шұбар атыңды бересің.
Сонда [Марықбай] жылайды,

Жылай тұрып толғайды:

—Шора берсе Шұбарды,

Әкеліп сізге берелік.
Сіздерменен сүйеніп,
Біз де күнді көрелік.
Шора атын бермесе,

Дегеніме жүрмесе,
Ер Шораға не делік,
Барып атын тілелік.
Тоғыз үйлі таманың

Жиналып бәрі келеді,
Оятып Шораны алады.
Марықбай сонда толғады:

—Жатырмысың, қарағым,

Басыңда күдері, шырағым,
Ханнан келген қырық елші
Кешегі өзің өлтірген
Әлібидің құны үшін

Шұбар атыңды сұрайды,
Есітпей ме құлағың.
Тоғызға жасың жеткен жоқ,

батырлар  жыры
Алтыдан жасың өткен жоқ.
Сорлы балам өлерсің,
Тірідей қорлық көрерсің,

Әкең менен шешеңді
Қолдан ұстап бересің.
Сонда Шора тұрды ақырып,
Жын ұрғандай құтырып,

Әкесіне сөйлейді:

—Әке, сенде ақыл жоқ!

Тамам малымды алғанда,
Аз ғана малым қалғанда,
Мал сұраған кім?—дейді.
Елші кірген ордаға

Ұмтылып, жаяу найзаны алып жөнейді.
Отыр екен қырық елші,
Арақ ішіп қауласып,
Өзін-өзі жауласып.

Қырық елші көріп сасады,
Жаудың түсі басады,
Көрсете «алдалап».
Арба қалды бір жерде,

Мылтық қалды әр жерде,
Үйден шығып қашады,
Қуалап Шора шаншады.
Қырық елшіні өлтіріп,

Қызыл тілі салақтап,
Қанға тоймай жалақтап,
Ауылға қайтып келеді.
Келсе де, әкесі Марықбай

Балаға тыныштық бермеді.
Сонда тұрып Марықбай
Ер Шораға сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Бала, тілімді алмадың,

Бір айтқанымды қылмадың,
Тілегімді бермедің,
Бұл қылғаның іс емес.

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Ақтайшаның Әліби
Сұраусыз кетер кісі емес.
Не қылсаң да өлерсің,
Ақтайшадан қорлық көрерсің.

Өлмей тұрып кете гөр,
Басыңның қамын ете гөр.
Қазан деген қала бар,
Біздің сонда Кеуістің ұлы тама бар,

Ындысталы патша
Сол Қазанда және бар
Ындысталы патшаның
Оң тізесін басатын,

Марықбаймен туысқан
Он жеті жаста Марықбайдан айырылған
Есімбек деген ағаң бар,
Шырағым, сен сол Қазанға бар,—дейді.

Тоғызға жасың жеткенше,
Алтыдан жасың өткенше,
Сен Қазанда бол,—дейді.
Өлсек біз-ақ өлейік,

Өлсек те сен, шырағым,
Артымда менің қал,—дейді,
Тоғыз айлық жол,—дейді,
Бір тілімді ал,—дейді.

Шешесі сүй деп жылайды,
Шораны барып сүйеді.
Төсінен аққан ақ сүті
Етегін жуып жөнеді,

«Бүгін мұнда қал,—дейді,
Бүгінше мейман бол»,—дейді.
Оң қолынан жетектеп,
Үйге алып келеді.

Алпыс жасар кемпір-шал
Таң атқанша ұйықтамай,
Кезекпенен сүйеді.
Ерте тұрып Марықбай

Шұбар атты ерледі,
Оятып алып балаға,

батырлар  жыры
«Атыңа мінсең, кел»,—дейді.
Сол уақытта әкесі мен шешесі
Қолтығынан көтеріп,

Атына әкеліп мінгізді.
Тоғыз айлық Қазанға
Жолдассыз жалғыз өзі жөнеді.
Сонда тұрып ер Шора,

Шұбар атқа «шу» дейді,
Табаны жерге тимейді,
Тұяққа тиген қара тасты
Саз балшықтай илейді.

Таң сарғайып атқанда,
Шора мінген Шұбар ат,
Ақтайша жатқан қаланы
Тұмсығымен тірейді.

Ат үстінде тұрып ер Шора,
Ақтайшадай батырды
«Мұнда кел»,—деп шақырды,
Шақырып алып сөйлейді,

Сөйлегенде Шора не дейді:

—Мен көк кебісті тамамын,

Марықтың ұлы Шорамын.
Мұндағы тама азынан,
Толарсақтың сазынан,
Алдымда аға жоғынан,

Мұндағы жаудың көбінен,
Тоғыз айлық Қазанға
Жолдассыз кетіп барамын.
Аман барып, сау келсем,

Тоғыз үйлі таманың
Тауығына тисең де,
Қолыңнан санап аламын.
Мен Қазанға барғанша

Қар жаумасын, нұр жаусын.
Мен Қазанға барған соң,
Маған десе қан жаусын.
Мен Қазаннан келгенше,

Тоғыз үйлі тамаға

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Өздігіңнен тиме,—деп,
Әкем Марықбай жатқан ордаға
Сұраусыз барып кірме,—деп,
Егер тисең тамаға,

Менен басқа кісіден
Еш жамандық көрме,—деп,
Мен сияқты батырды
Айтпай кетті деме,—деп,

Киді сауыт беренді.
Айтып болып Қазанға қарай жөнейді.
Тоғыз айлық Қазанға
Төрт мезгілде жеткіз,—деп,

Шұбардың басын қаратты,
Қамшыға бұтын таратты,
Байлады белге болатты,
Шұбар атын тебініп,

Қазанға қарап жол тартты.
Шұбар ат сонда шүйілді,
Сексен аршын бой жазып,
Жазылумен жөнейді.

Әр төбенің басында
Азар басын билейді.
Әр төбенің бір басып,
Ұшқан құспен жарысып,

Құстан да басып озады,
Арада төрт күн қонады.
Төртінші күн болғанда,
Көгеріп жатқан Жайықтың

Белінен соғып құлады,
Бұл күні сонда қонады.
Ертең таң атқан соң
Шұбарға тағы мінеді,

Жайықтан қарғып жөнеді.
Қазан деген қалаға
Талма түсте келеді.
Жетіп келсе Қазанға,

батырлар  жыры
Түйдектеген шаң шықты.
Шаң астына қараса,
Келте қара ту шықты.

Ту астына қараса,
Тоғыз мыңдай қол шықты,
Қазылған арба жол шықты.
Қалмақтың жатыр қырық мың қол,

Қазылып жатыр арба жол.
Балдыр-балдыр сөйлеген,
Тілін адам білмеген,
Мәстектерін матаған,

Әкесінің тойына
Шошқа сойып атаған.
Сол Қазанның үстінде,
Қамап жатқан қалмақтың

Қаптаған жауды көреді.
Сандатты көзі көрген соң,
Сонда Шора келеді,
Көзі ештеңе көрмеді,

Не боларын білмеді,
Қалмақтың қалың көбіне,
Үрмелі мылтық оғына,
Зеңбіректің шоғына,

«Аллалап» жалғыз тиеді.
Ақ қара бас ту алып,
Өлімге басын байланып,
Қалмақ көп те, бұ жалғыз,

Атыспаққа ойланып.
Қалмаққа келсе ер Шора,
Келе жатса алдынан,
Алпысқа келген кәрі шал,

Қудай көзі қызарып,
Ақ сақалы желпілдеп,
Көзінің жасы мөлтілдеп,
Алдынан шығып келеді,

Шораның көзі көреді,
Қайырылып шауып келеді,
Шалға сәлем береді.

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Сонда шал Шораға бүй деп сөйлейді:

—Келбетіңе көз салсам,

Садағың аузы шапшақтай,
Қылышың аузы қыпшақтай.
Алтыдан жасың өтпеген,
Жетіге жасың жетпеген,

Алты жасар баласың.
Қалмақ көп те, сен жалғыз,
Қайда кетіп барасың?
Қай таманың ұлысың,

Қай патшаның құлысың,
Танымаймын өзіңді,
Алыс көрдім еліңді.
Балам, саған жол болсын,

Білдір маған жөніңді?
Сонда Шора сөйлейді:

—Мен Марықтың ұлы Шорамын,

Мен Кеуістің ұлы тамамын.
Мен Шұбардың жалын өремін,
Қазанға кеткен таманың
Артынан іздеп келемін.

Ата, жолдан қалдырма,
Мен осы көп қалмаққа тиемін.
Сонда шал бетіне Шораның қарады,
Қарайды да таниды.

Сонда шалдың жайын сұрасаңыз,
Шораға танып жылайды.
Марықбайдың ағасы,
Ындысталы патшаның

Бізден соңғы бегі екен.
«Інімнен туған Шораны,
Қай уақытта келер»,—деп,
Алдын тосып тұр екен.

Мұның атын сұраса,
Есімбек деген бек екен,
Мұнан да перзент жоқ екен.

батырлар  жыры
Сол уақытта Қазанға барған таманы көп қалмақ өзіне
бағындырып алыпты. Қалмақтың бір Көзі қатты Құлманбет
деген батыры таманың ханы Ындысталы патшаның Қарашаш

деген сұлуын тартып аламын деп жүр екен, тоғыз мыңдай қол­
ме­нен бір адамын далаға шығармай Қазанға қамап қойыпты.
Қамалып жатқан қалмаққа
Шора жалғыз жолықты.

Қарағай найза қолында,
Ақбалдақ қылыш белінде,
Көп кәуірдің соңында,
Айғайлап жауға тиеді.

Қолындағы найзаға
Сыйғанынша түйреді.
Найза толған қалмақты
Сілкіп тастап жөнеді.

Ту түбінен ат салады,
Туды бұзды қиратып,
Ту ұстаған қалмақты
Балықтай шаншып, тулатты.

Күн жетіге толады,
Жеті күн жалғыз қырғаны
Жеті мың кісі болады.
Тоғыз сан бұл кеуіштің,

Табан жерде ұлыды,
Жары нөкерін қырдырып,
Бір танауын жырдырып,
Күн жетіге толды деп,

Алты жасар Шораның
Жеті күнде қырғаны,
Жеті мың кісі өлді деп,
Құлманбеттей батырға

Біреуі қашып барады,
Барады да жылайды:

—Кел, қашалық, қаш аға,

Қашпайсың ба, жан аға?
Айдап келіп тап қылдың,
Шора деген тамаға.
Аман-есен бармаспыз

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Өзіміз шыққан қалаға.
Сол уақытта
Көзі қатты Құлманбеттей батыры
Далаға шығып қарады.

Көп қалмақты қырып тауысып,
Келе жатқан Шораны
Сонда көзі көреді.
Алдынан шығып қарғайды,

Қарғағанда не дейді:

—Танаулатқыр, Шұбар ат,

Танаулатсаң болмай ма?
Төрт аяғы бүгілгір,
Үстіндегі жас бала,
Біздер атты, ол жаяу,

Еңбектеп, жаяу жүгіргір!
Көзі ештеме көрмегір,
Тілегіңді Құдай бермегір,
Алтыдан жасы өтпегір,

Жетіге жасы жетпегір!
Құлманбет атыменен сөй деп қарғады.
Сол уақыттар болғанда,
Атын қарғап тұрғанда,

Көп қалмақтың ішінде
Шораның мінген Шұбар ат,
Қолтығында қос қанат,
Өкпеліктен көз тиіп,

Аузын ашып кісінеп,
Бір көзінен қан ағып,
Жалп етіп барып құлады.
Шора жауды жаяу тосып қалады,

Бірін-бірін сандатты
Қылышпен қырып барады.
Жаяу тұрған Шораны
Сандаттар қайта қамады.

Қамап тұрған көп сандат
Жабыла мылтық атады,
Түтін қаптап жатады.
Атқан оғы мылтықтың

5–253

батырлар  жыры
Шора киген жидеге
Жабыса келіп қатады.
Түтеп тұрған мылтықты

Қылышпен сермеп ашады.
Алды қашса сандатың,
Артындағы көп қалмақ
Қайта келіп басады.

Сол уақытта ер Шора
Жүре алмай, жаяу меңдеді.
Өліп қалған Шұбарға
Еңбектеп жетіп келеді.

Шұбардың басын құшақтап,
Құдайдан тілек тіледі:

—Басыңды көтер, Шұбар ат!

Жан серігім, жалғыз ат!
Қолтығыңда қос қанат,
Кеулім келді шар болат,
Жан Құдайға аманат,

Иесін жауға тастар ма
Тұлпардан туған қазанат!
Шораның көзінің жасы тізілді,
Жүрек-бауыры езілді,

Көзден аққан қанды жас
Етегіне төгілді.
Құдайға сөйтіп жалынды,
Мұхамбетке шағынды,

Әулие қоймай зар қылды.
Жалғыздың пірі Әзірет,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Құлағына шалынды.

Қабыл болды тобасы,
Қара құс болып аспандап ұшып келеді,
Өзінің кәміл бабасы.
Төбесінен төнеді,

Атыменен көтеріп,
Аспанға алып ұшып жөнеді.
Жерде жатып Құлманбет,
«Алты жасар Шораны

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Құдай мазақ етті,—деп,
Еткені емей немене,
Атыменен көтеріп,
Қара құс алып кетті»,— деп,

Мазақ қылып күледі.
Олар күліп жатқанда,
Бір бұлақтың басына
Атыменен көтеріп,

Бабасы алып келеді.
Қара құс болған бабасы,
Қасына келіп Шораның,
Қожа болып сөйлейді.

Өліп қалған Шұбар ат
Кісінеп тұра қалады.
Атына жан береді,
Сонда тұрып бабасы

Шораға бүй деп сөйлейді:

—Сенің бабаң мен едім,

Ақтайша хан барғанда,
Әліби де барғанда,
Сен сонда жаңа туғанда,
Сенің әкең Марықбай

Қуанып той қылғанда,
Ақтайша мен Әліби
Атыңды қоя келгенде,
Ат қоя алмай тұрғанда,

Сонда мен диуана болып жүргенде,
Сенің шешең Гүлқаныс
Алдымнан жылап келгенде,
Атыңды қой дегенде,

Атыңды қойған мен едім,
Білмеген балам сен едің,
Атыңа Шора мін,—дейді,
Анау жатқан қалмаққа

Және қайта ти,—дейді.
Атқан оғың тимесе,
Өзіме қайтып кел,—дейді.
Ажал оғы тап болса,

Қанатыммен қағайын,

батырлар  жыры
Бенде оғы тап болса,
Жүрегіңнің аузына
Темірден қақпақ жабайын.

Балам сенде болмасын
Менен басқа ағайын.
Сыртыңда тілектес болып тұрайын,
Тілегіңді қабыл қылғай Құдайым.

Менің айтқан бұл сөзім,
Балам, саған жақпай ма?
Қалмақ қой да,сен қасқыр,
Жайылып жатқан көп қойға

Жалғыз қасқыр шаппай ма?
Жеті пірің жар болса,
Қамалып жатқан қасқырдың
Жын-шайтанын қақпай ма?

Айтып болып бабасы
Ғайып болып жөнеді.
Сонда Шора «Аллалап» атқа мінеді,
Ақ қара бас ту алып,

Қарағай найза қолға алып,
Шынымен Шора шамданып,
Кейін қалған қалмаққа
Тағы жалғыз тиеді.

Зеңбіректің шоғына,
Самқалдың қалың жеріне
Қорықпай жалғыз келеді.
Алдындағы сандатты

Тиген жерден шулатты.
Мылтық атқан қалмақты
Балықтай шаншып, тулатты.
Және алдына қылыштап,

Ер Шораның жыны ұстап,
Қалмақтар қашты сандалап,
Әр бұтаны далдалап.
Жаудан аққан қара қан

Ойға қарап ағады.
Еңісте қалды мың қалмақ,
Еңселей шапқан үлгісі,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Қабақта қалды мың кісі.
Қабақтан шапқан белгісі,
Барып қырған бір кісі.
Сілтеген жерде бас кесті

Ер Шораның қылышы.
Күн тоғызға толады,
Тоғыз күнде қырғаны,
Тоғыз мың кісі болады.

Тоғыз мың қолды тауысып,
Шора жан-жағына қарады.
Қалмақтың ханы Құлмамбет,
Қара ала атын жайдақтап,

Екі көзі алақтап,
Тоғыз мың қолын тауысып,
Жалғыз қашып барады.
Шораның көзі көреді,

Соңынан қуып келеді.
Құлмамбет сонда Шораға қарап сөйлейді:

—Шорамысың сен,—дейді,

Балам, бермен кел,—дейді,
Әліге шейін өлтірмей,
Осы тама нем,—дейді.
Сонда [да]ғы Құлмамбет,

Өзінің әлін білмейді.
Сонда Шора не дейді:

—Шора батыр мен,—дейді,

Шынымен Шора кейіді.
Екеуі қарсыласып қалысты,
Қарсылап найза салысты,
Ат үстінде алысты.

Құлмамбеттің жүрегінің аузына найза ендірді,
Қара ала атын саурысынан
Қайқайтып жерге төндірді.
Қылышыменен шабады,

Тоғыз бөлек қылады.
Құлмамбетті өлтіріп,
Қазандағы тамаға қайтып келеді.

батырлар  жыры
Жетіп келсе Қазанға,
«Шора қашан келер»,—деп,
Баяғы алдынан шыққан ағасы,

Бес жүз кісі қасында,
Алдынан шығып тұр екен
Есімбектей ағасы.
Шораны аман көреді,

Ат үстінен көтеріп,
Алдына алып сүйеді.
Ындысталы патшаға
Ертіп алып келеді.

Қол қусырып еңкейіп,
Шораға сәлем береді.
Ділдә тамам алтын тақ,
Сонда да Шора таққа мінбейді.

Сонда Шора Ындысталы патшаға сөйлейді:

—Қаршыға құстың баласын

Қарға өлтірер болар ма?
Патша мінген алтын тақ
Қарашы мінер болар ма?
Сонда Ындысталы патша

Миығынан тартып күледі.
Жалғыз қызы Қарашаш деген сұлуды
Шораға өз қолынан
Неке қиып береді.

Ханның қызын алып,
Ордасында тұрады.
Жаңа таң бір атқанда,
Ата-анасын сағынып,

«Тоғыз үйлі таманы
Мұнда көшіріп алып келейін»,—деп,
Еліне қайтып жалғыз жөнеді.
Алған жары Қарашаш

Шұбар атты ерледі.
Тоғыз үйлі тамаға
Шора қайтып жөнеді.
Арадан жеті күн өткенде,

ЕРТЕДЕГІ  ШОРА  БАТЫР

Тоғыз үйлі тамаға қайтып келеді.
Әкесі мен шешесі
Шораны көзі көреді.
Ат үстінен көтеріп,

Алдына алып сүйеді,
Бұл күні үйге түнеді.
Ақтайша жатқан қалаға
Шора батыр және қайта тиеді.

Аттың басын қаратты,
Қамшыға бұтын таратты,
Қаланы бұзып, мал алды.
Шарбақтың аузын шаң қылып,

Қаланың ішін қан қылып,
Ақтайшадай хандардың
Қолынан басын қағады.
Ақтайша ханның

Алаукеш атты сұлу қызын тағы алады.
Ақтайша жатқан қаланы
Тоғыз үйлі тамаға
Барып шауып береді.

Тоғыз үйлі таманы
Тоғыз ру ел қылып,
Қазан қаласына көшіріп алып жөнеді.
Арада он бес қонады,

Он алты күн болғанда,
Тоғыз үйлі тамадан
Шора батыр жалғыз озып жөнеді.
Түн ортасы болғанда,

Қарашаш жатқан Ақ орда
Шора мінген Шұбар ат
Тұмсығымен тіреді.
Аман жары Қарашаш

Ат байлауға шығады,
Бұл күні мұнда қонады.
Қазанға жеткен көп тама
Ерте тұрып көреді.

Таң атқан соң Ындысталы патшаға
Шора келіп сәлем береді.
Сонда тоғыз үйлі тамамен

батырлар  жыры
Марықбай бұл да көшіп келеді.
Марықбайдың ағасы Есімбек
Алдынан шығып келеді.

Ағайынға бәрі бірдей табысып,
Құшақтасып жылайды.
Жеті күндей той қылып,
Марықбайды хан қылып,

Кеуілі сөйтіп тынады.
Шора сынды батырды
Жауға қарсы қояды,
Сөйтіп тұрып баршасы

Мұратына жетеді.
Сондай батыр ерлікпен
Шора тамам болады.

Әуелі сөзді бастайын,
Жақсылар білер дос жайын,
Диқаншы білер қос жайын.
Өзі жүрген адамдар

Айы біткен айында,
Күні біткен күнінде
Кетеді ұшып құстайын.
Және сөзім және бар,

Қазан деген қала бар,
Ол Қазанның ішінде
Ноғайлы мен тама бар.
Ол Қазанды билеген

Нәрікбай атты баба бар.
Неше қилы ел өткен,
Неше қилы бек өткен.
Он сан ноғай болғанда,

Ормамбет хан өлгенде,
Ол Қазанды билеген,
Кемшілікті білмеген,
Бір перзентке зар болған,

Көзі тола қан болған,
Нәрікбай деген баба бар.
Еңсегей бойлы ер Есім
Ырысына біткен қазақтың,

Арыстан туған аға бар.
Нәріктен туған бала бар,
Ол баланы көрсеңіз,
Маңдайының арасы

Кере қарыс, сере бар.
Қисса Нәрікбай-Шора
(Майкөт – Ә. Сариев нұсқасы)

батырлар  жыры
Қазан деген қаланы ноғайлы тама деген ел отан қылады.
Нәрікбай хан болып билеп тұрған екен, Нәрікбайдың бірге туған
інісі Есім деген бар екен. Қалмақтан Қозбамбет, Садыр деген ба­

тыр шығып жылқысын шауып кетті, сонда ағасы Нәрікбайдың
сиырдан туған шұбар, күміс құйрық Күлзар деген аты бар екен,
соны Есім Нәрікбайдан сұрап келді.

—Бейғам жатқан бек едім,

Бұзды қалмақ ұйқымды.
Баялышты-ай бөз дөңнен
Салды қалмақ қиқуды.
Сізге келдім, хан Нәрік,

Қозбамбет пен Садырға
Алдырып бүгін жылқымды.
Қауыстың ұлы тама деп,
Халық айтар затымды.

Оны сөзге санамай,
Қорқытты қалмақ халқыңды.
Атаңа лағнет ит қалмақ
Тапқан екен артынан

Бір қумастай қатынды.
Кеңшілік қылғын, Нәреке,
Мінейін деп мен келдім
Күміс құйрық шұбарды,

Күлзар деген атыңды.
Тауға біткен тұмар-ды,
Ер тарқатар құмарды,
Айрылар жері қос патша,

Себеп болды Күлзары.
Шұбарды маған бересің,
Қара ағаштай көп қазақ
Қайрат қып бәрің ересің.

Ат мінгелі мен келдім,
Басқа жоқ менің кеңесім,
Шұбарды маған бересің.
Алып едім жылқысын,

Бұзып едім ұйқысын,
Қозбамбет, Садыр мақтанып,
Қатын екен көп қазақ,
Бір келмеді демесін.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Сонда Нәрікбай: «Менде Шұбардан басқа да ат көп, тұлпарлар
бар, содан қалаған атыңды ал, Шұбар ат әрі ұлым, әрі қызым,
әрі малым еді. Содан басқаны сұрай бер»,—деп жауап береді.

Сонда Нәрік сөйлейді:

—Ашылған бақта күл едім,

Сөйлеген қызыл тіл едім,
Қазаққа біткен патша,
Қасиетті кісі едім.
Қасиетім құрысын,

Бір перзенттің жөнінен
Бейшара болып жүр едім.
«Баласы жоқ Шұбарды
Кім мінед»,—деп ойлайды,

Халықтың көңілін білемін.
Тоғайда он мың жылқым бар,
Ажағайдай боз Шұбар,
Таңдап мін, Есім, біреуін.

Қартайсам да Шұбарды
Өзімнен туып бір бала,
Міне ме деп жүр едім.
Ырым қып жүрген бір атты

Неге мұнша тіледің?
Атасы болған сыбайдан,
Анасы болған құмайдан,
Екі асылдың белінен

Сиырдан туған ылайдан.
Қызыл шақа күнінде
Бауырына басты Күлқаныс,
Бала қылып бір жайдан.

Қартайса[м] да Шұбарды
Үміт қылып жүр едім,
Үстіне мінер бір перзент
Бере ме деп Құдайдан.

Алтыннан соққан тұяғым,
Күмістен соққан қияғым,
Тарылғанға ұқсайды
Есімжан, менің сияғым,

Дүние малы менде көп,

батырлар  жыры
Неше тұлпар көлде көп,
Керек болса дүниенің
Бәрін айдап жүре бер,

Қапа болма, шырағым.
Жиған малым сиыр-ды,
Сиыр мұрнын жиырды.
Есіткен соң бұл сөзді,

Есім ерді жын ұрды.

—Мінем десем Шұбарды,

Мұнша неге құбылдың?
Маған бермей Шұбарды,
Міндірейін деп пе едің
Алтын айдар, шоқ белбеу,

Әлпештеп баққан ұлыңды.
Шұбар атты мінгенде,
Болады саған күнде жас.
Жылқысын қалмақ алған соң,

Қапа болып қалған соң,
Қайғыланды Есім мас.

—Мұсылман, кәпір жау болып,

Намыс қылды күллі алаш.
Мінетұғын ат болса,
Ат десек, бөтен аямас.
Маған бермей Шұбарды,

Мінгізейін деп еді
Әлпештеп баққан ұлына.
Беліңе бермей перзентті,
Берекесіз сен қу бас.

Нәрікбайдың мінгені
Шұбар шолақ бесті еді,
Бір перзенттің жоғынан,
Көкейін қайғы кесті енді.

—Қазандағы хан едім,

Қасиетті жан едім,
Қай-қайдағы қу сөзді
Қартайғанда есіттім,
Естімейін деп еді.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Періштелер бас қосып,
Көкте қылар жиынды.
Әр пендеге салмасын,
Перзенттің ісі қиын-ды.

Інісі «қу бас» деген соң,
Осындай сөзге күйген соң,
Нәрекемді жын ұрды.
Айрылып қалды есінен,

Мәз болып тұрсын несінен.
Әр нәрсе түсті ойына,
Алтынды белдік, ақ кісе
Алып бір салды мойнына.

Көзінің жасы көл болып,
Алды тола сел болып,
Келе берді қойнына.
Ерлер мінген қара-ды,

Бір перзент ішін жарады,
Інісі «қу бас» деген соң
Нәріктің есі қалмады.
Көзінің жасы көл болып,

Етегі тола сел болып,
Бір перзенттің зарынан
Ботасыз нардай ыңыранып,
Адасқан қаздай зарланып,

Жарылған мұздай күңіреніп,
Екі көзі қанданып,
Бір перзенттің жөнінен,
Жөнелді Нәрік арланып.

Аузынан жалын шығады,
Бір перзент деп лап ұрса.
Бір шаһардың патшасы еді,
Мүсәпір болды пақырша.

Айуандар жата алмас,
Тоғайда барыс ақырса.
Көлдегі қаздар қайғылы,
Көктен сұңқар шақырса.

Жапалақтан сескенген
Жалғыз қазда үн бар ма?
Шегірткеге талатқан

батырлар  жыры
Қырғауылда жүн бар ма?
Нәрекеңнің сөзі бұл
Зар илеп сөйлеп, жылап тұр:

—Айналайын, Құдай-ай,

Менен де бір ұл туып,
Ақ жарылқап, күн туып,
Дос-дұшпанның ішінде
Жүзімді ашар күн бар ма?

Байладың, Құдай, бағымды,
Сындырдың, Құдай, сағымды,
Бір перзенттің дертінен.
Қайыптан ұшқан сұңқардың,

Қай жерде болар дайыны.
Кетер болды Қазаннан
Нәрікбай хан зайыры.
Нәріктің даусын естісе,

Үйде отырып құлағы,
Күлқаныс деген бәйбіше
Қасиетті айымыз.
Шамның жаққан шырағы,

Жақынның болмас жырағы.
Нәрікбай мен Есімді
Себеп болып айырған
Шұбар ат деген пырағы.

Нәрікбайдың дауысын
Үйінде отырып есітті
Бәйбішенің құлағы.
Кер маралдай керіліп,

Басарына ерініп,
Ішкен шайы сұлудың
Алқымынан көрініп.
Бай малындай ыңыранып,

Жібектен шұлғау шұлғанып,
Алдынан шықты бәйбіше
Нәрікбайдың сыланып.
Бәйбішенің сөзі бұл,

Шылауына оралып,
Нәрікбайға сөйлеп тұр:

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

—Шіркін, заман қағынды,

Қағынбаса не қылды?
Бейшара болып зарладың,
Ұл мен қызға ата боп,
Кемеңгер болар шағыңда,

Дос-дұшпанның ішінде
Қапа болып зарлансаң,
Ішіме салып жалынды,
Мұнша неге зарлайсың,

Қияметтік жолдасым,
Нәрікбай хан, не қылды,
Келдік, Нәрік, қасыңа?!
Үйрек ұшып, қаз қонды,

Көзден аққан жасына.
Қапа болған Нәрікбай
Қайқайтып тұрып бір салды
Күлқаныстың басына.

Қол ұстасып зар қылып,
Бұлар келді үйіне.
Қасиетті Күлқаныс
Тіл тигізбейді сонда да

Қияметтік піріне.
Ақ ордаға келеді,
Артықша туған ер еді.
Патшалықты талақ қып,

Үргеніш жолы қайда деп,
Қазаннан ауып жөнеді.
Нәрікбайдың кеткенін
Күллі тама көреді.

Ауыл баласы, ақсақал
Қарияның бәрі келеді.
Нәрікбайға қоштасып,
Елінің айтқан сөзі еді:

—Иесіз қалды еліңіз,

Туып-өскен жеріңіз.
Сіз кеткен соң суалар,
Аза тұтып көліңіз.
Осы жанның баршасын

батырлар  жыры
Есім құрлы көріңіз.
Көрсетпелік көзіңе,
Қиямет қайым болғанда,

Есім ханды көрмесін,
Енді, тақсыр, көзіңіз.
«Қой» деген сөзге қоймады,
Қоятұғын болмады.

Бір жұртқа алып келуді
Нәрікбай өзі ойлады:
«Жалғыз ағаң кетті,—деп,
Өлгенде көрген ағаңды

Тентіретіп неттің» ,—деп,
Қазанның жұртын қинады.
Сол уақыттар болғанда,
Есімнің есі қалмады.

Баласы менен қатыны
Ағытқан қойдай зарлады.
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Көзінен қаны аралас,

Құшақтап жылай береді:

—Бақылдар көлдің бақасы,

Дүниенің жоқ опасы.
Қайда кетіп барасың
Жұртымның жақсы сақасы?
Ашу—кәпір, ақыл—дос,

Ақылыңа ақыл қос.
Айтып едім бір сөзді,
Туысқандықпен түбі бос,
Болады енді демейін,

Бетіңе, сірә, келмейін.
Бір сөзімді кешпесең,
Жалғыз аға, не дейін,
Ісімнен қайтса көңіліңіз.

Бұ Қазанда тұрмайын,
Көз көрмеске жетейін.
Назаланба, Нәреке,
Бір көрінбей өлейін.

Туысқан деп қимасаң,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Мұсылман деп сыйласаң,
Қиямет жолдың аузында,
Бір көрініп көзіне,
Жолығайын өзіңе.

Жаманды-жақсы болса да,
Туысқан едім өзіңе.
Сонда Нәрік сөйлейді:

—Жақсы айтасың бұл сөзді,

Шырағым, Есім інім-ау,
Айтарыңды айтқан соң,
Тілейсің мұның несін-ау?
Бір ауыз сөзге келместен,

Кетті шығып мінім-ау?
Сыртымнан «қубас» атанып,
Көз алдымда не болар,
Нәрік боп көрген күнім-ау?

«Нәрікбай қубас» атанып,
Бұл Қазанда не болар,
Хан болып көрген күнім-ау?
Сен емес пе тірлікте

Арым менің, інім-ау?
Бастапқы ноқат бидікі,
Соңғы ноқат тидікі.
Ора төбе кімдікі,

Оралы болса бидікі.
Қара төбе кімдікі,
Қарары болса хандікі.
Нәрікбай өлсе, осы мал

Есімдікі емей кімдікі.
Дос-дұшпанның ішінен
«Қубас» демек оңай ма?
Азғана күн қубасты

Сыйлай тұрсаң болмай ма?
Жөнсіз оқты ап келіп,
Қос өкпеме қадайсың.
Атқан оқты-ай таста деп,

Тағы да мені қинайсың
Өзің қылған кінәңді
Өзің неге сұрайсың.
6–253

батырлар  жыры
Қатының менен балаң көп,
Құшақтап неге жылайсың?
Алды-артымнан еретін,

Ұлым да, інім сен едің,
Құлым перзент бола ма,
Жастай ердің соңыма.
Көп көргенің, Есімжан,

Қазан болса ағаңа,
Тапсырайын қолыңа.
Мен Қазаннан кетемін,
Пияз еккін орныма.

Мен өлейін, өлейін,
Жерге басым көмейін.
Сенен қорлық көргенше,
Бөтеннен қорлық көрейін.

Көпсінгенің мен болсам,
Ноғайлы мен таманы
Қолыңа сенің берейін.
Абұйыр маған бермесе,

Өзі бендем демесе,
Жақсы ит құрлы жоқсың ба?
Тентіреп жүріп өлейін.
Бұл Қазаннан кетейін,

Көз көрмеске жетейін.
Жаратқан мені Құдайым,
Көз жасымды көрмесе,
Қаңғып жүріп өтейін.

Жақсы нұқсан сыр болса,
Дос сүйініп бағалар.
Табаның тайса бір істен,
Дұшпаның тұрып табалар.

Қайықшы мен балықшы
Өзен-суды жағалар.
Кетер болдым Қазаннан,
Қубас болған жазамнан,

Кемшілік көріп баладан.
Көргенімше аман бол,
Қауыстың ұлы тамалар.
Базарда ақша, теңгелер,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жорға мінген дөңгелер.
Тәңірі бұйрық қылмаса,
Нәрікбайды кім көрер?
Көріскенше айналып,

Келін менен балалар,
Құрбы-құрдас, замандас,
Аман боп тұр, жеңгелер.
Амандасып еліне,

Ата қоныс жеріне,
Нәрікбай еңіреп жөнеді
Перзент түсіп көңіліне.
Әсте рахым қылмайды,

Құрбы-құрдас теңіне.
Етек-жеңін түрініп,
Қос-қолаңын буынып,
Інісі «қубас» дегенге,

Қаны қашып, буылып,
Нәрікбай ауып жөнелді
Баратұғын жеріне.
Ер өлімі бір күн деп,

Есек жолы қырық жыл деп,
Бір тәуекел қылдым деп,
Ата-жұртым қалды деп,
Басыма қайғы салды деп,

Босанғысы келмейді
Қайраты ердің көңілінен.
Нәрікбай көшіп жөнелді
Қырық қақпалы елінен.

Жұрт жақсысын қимастан,
Алты күн ұдай ереді.
Қақпалының адыры,
Нәрікбайдың өзінің,

Ит жүгіртіп, құс салып,
Аң аулайтын жері еді.
Сол адырға жеткенше,
Ел-жұрты қимай соңынан

Шулап еріп келеді.
Қайтпасын әбден білген соң,

батырлар  жыры
Қырық қақпалы шәріден
Қырық құлды бұған береді.
Нәрікке қызмет қылсын деп,

Өлгенше бағып жүрсін деп.
Қырық үйлі тама қосылып,
Ауған аңдай жосылып,
Түрікпен елі қайда деп,

Нәрікбай ауып жөнеді.
Әлқисса, Нәрікбай Қазандағы елінен наразы болып, көшіп,
Ақ Жайық деген өзенді жағалап, алты ай дегенде Қууа деген
барып, қырық мың ауыл айрақты деген түрікпен қосылды.

Аққала деген қаласы бар екен. Айдархан деген ханы бар
екен. Айдархан хан өліп, жеті жасар Қарахан деген баласын
атасының орнына хан қойған. Нәрікбай бұл жұртқа білдірме­
сем де, өздері біліп қалар деп, біреуден білдіргенше өзімді-өзім

білдірейін дейді де, тоғыз жорға тарту алып, ханға барып, хан
алдында сөйлеген сөзі.
Ертерек басып ентелеп,
Хан алдына келеді.

Ұзын жолды төтелеп,
Қысқа жолды келтелеп,
Тарту алып жетелеп,
Ханға келіп енеді.

Бір шаһардың бегі еді,
Тартуына патшаның
Тоғыз жорға жетелеп,
Мүсәпір болып кеп еді.

—Ассалаумағалейкум,

Алдияр тақсыр, Қарахан,
Атадан қалған бала хан.
Балалықты қылмағын,
Қажетіме жара, хан.

Алыстан сізді іздеген,
Бұқар деген—біз деген.
Мана көнек, биеміз,
Есебін тауып саусаңыз,

Мезгілімен иеміз.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Не қылсаң да, өзің біл,
Сіз болдың біздің иеміз.
Осы жатқан көк шөптің
Басын жесең мың күндік,

Түбін жесең бір күндік.
Алты ай жүріп арада,
Зорға жеттік біз мұңлық.
Арманда қатты көңіліміз,

Ағайын-жұрттан айрылып,
Үзілген асыл беліміз.
Айтулы дұшпан бізде жоқ,
Оншама суып көңіліміз.

Құдіретімен Құдайдың
Тұзың айдап келеміз.
Қолға түскен тұйғынбыз,
Бұйырған істі көрерміз.

Көрген жоқ атаң зорлықты,
Бір перзенттің жоғынан
Мүсәпір болып келеміз.
Жанға жаққан даурықсың,

Көлеңкеңе енеміз.
Жас та болсаң патшасың,
Не қылған адам демеңіз.
Келеріміз келген соң,

Бұйырған дәмді көрген соң,
Не айтамыз сізге біз?
Баршаның болдық атасы,
Бір көзбен қарап көріңіз.

Жатқан жерің Ақ Жайық,
Жағалай жатқан жел қайық.
Қазанда хан боп жүргенде,
Біз де болдық бидайық.

Пенделік басқа түскен соң,
Мойынсұнбай қалай тұрайық,
Әміріңді анық айт,
Жан-ділменен тыңдайық.

Әдейі іздеп келген соң,
Осылай болар туғандық.
Атаның ұғлы деген соң,

батырлар  жыры
Сыртыңнан естіп қуандық.
Өзіңіз бөтен көрмесең,
Көңілді баста қылмайық.

Басыңа қонған бұлбұлмыз,
Шағыңда шыққан бір гүлміз.
Жазсақ сізге лайық,
Жел аударып келтірді,

Жерінде жатқан жек едік.
Тұз аударып келтірді,
Қазанда жатқан бек едік.
Жаманды-жақсы патша боп,

Біз де жұртты жеп едік.
Қырық қақпалы Қазанда,
Ноғайлы-тама ел едік.
Өзім деп келген ғаріпке

Сен қалай жүрсің демедік.
Біз де әділдік қылған боп,
Жүйесіз істі демедік.
Қайтарға көңіл бізде жоқ,

Мойын ұсынып кеп едік,
Алыстан танып атыңа.
Атаңның ұлы деген соң,
Патшасы өліп кетсе де,

Баласы оның бар екен.
Атаның бақытын күзетіп,
Жақсы туған жан екен.
Келемін деген ойда жоқ,

Айдаған бізді нан екен.
Қорғалауға келдік біз,
Жетсе, тақсыр, көлеңкең.
Қарахан сонда сөйлейді:

—Жақсы айтасың, Нәрікбай,

Пендеге тілек бермейді,
Мүсәпір болып тарықпай.
Жігіттің аты шықпайды,
Қызыр баба жолықпай.

Жеріңде патша болғанмен,
Тұзың ауып қалыпты.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Ажалдың оғы жеткенде,
Қорғаны болма[с] көбенің.
Түсі суық келеді,
Төрт қырлап соққан жебенің.

Әуелі сізге сән емес,
Жұртыңды тастап келгенің.
Келгеннен соң дұрыс емес,
Неге келдің дегенім.

Халықтан дәулет кетерде,
Қадірі болмас, жақсылар,
Ортадағы төбенің.
Жетімдігім болмаса,

Бізге де дәулет келгенің.
Қазынасы үлкен Құданың,
Не береді маған демегін.
Кәдіріңді білмеген

Ол жұртты да көрерміз.
Басында дарақ болмаса,
Көркі болмас өзеннің.
Таудың тасы болмаса,

Асуы болмас кезеңнің.
Шұқырынан су шықса,
Кәдірі болмас изеннің.
Өзіңнен шыққан жаманның,

Сөзі ашты болар көбеңнің.
Қайраты қатты болғанмен,
Ақылы жоқ кісі екен
Есім деген береннің,

Аман болсаң есітерсің,
Артыңыздан Қазанды
Жау шауып алды дегенін.
Пәндеге пәнде не берер,

Тәңірінің өзі тарқатар
Көңілдегі шеменің.
Тілеулес болып тұрармыз,
Неге келдім демегін.

Біз әзір жетім баламыз,
Құдай біздің панамыз.
Қалымыз келсе әр жерде,

батырлар  жыры
Қанатпен қорғап қағамыз.
Сіз де, біз де мүсәпір,
Ниеттес болып тұрармыз.

Өзімізден зор шықса,
Келер ме біздің шамамыз?
«Жалаң» бізге есім бе,
Жақын боп қалды арамыз.

Атамыз сіздей хан еді,
Қасиетті жан еді.
«Қалың келсе ғаріпке,
Қайырыл» деген сөз бар еді,

Тапсақ ақыл салармыз.
Ата орнына ата бол,
Біз болдық сіздің балаңыз.
Кермісін деген жерім бар,

Қоғалы деген көлім бар,
Қайрақты түрікпен елім бар.
Ақ Жайықтың бойында
Бейлік деген белім бар.

Кермісіннің кең шалғын,
Керілей жылқы салыңыз,
Ақ Жайық пен Бейлікті
Мекен қылып алыңыз.

Биылша «ауғын», «босқын» деп,
Келген жұртқа намыңыз.
Арып-ашып жол тартып,
Арық сіздің малыңыз,

Биылша демді алыңыз.
Алық-салық закуннен,
Азат болып қалыңыз.
Биылдан соң келерсіз,

Зекетің болса берерсіз.
Әзірінше салықтан
Босанып елге барыңыз,
Өкпелеме, Нәреке.

Әлқисса, Нәрікбай патшадан жақсы әмір естіп, көңілі қош
болып барып Керміс деген жерге қонып, белеңнің белін жайлау,
қыстау қылып жата берді. Енді ол елде Әліби, Ақшаби деген екі

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

би бар еді, ел-жұртты билейтұғын сол екі би еді. Әр жұмада ол
екі би Керміске аң аулар еді.
Зорлықшыл, әдепсіз жаман адамдар еді, Қараханды атқа
отырғызып патша қылса да, әкім жүргізіп, жұртты билейтін осы

екеуі еді. Әр жұмада Керміске құс салып, аң аулап жүруші еді.
Аң аулап жүріп Кермістегі көп малды көріп: «Бұл қалай?»—деп
сұрайды. Сонда: «Бұл Арқадан ауып келген ел»,—деп біреу жа­
уап берді. Сонда Әліби сұңқарды тастап, жамандықты бастап,

тамаларға қарай жүре берді.

Ауылға қарай ат қойып,
Әліби сонда жөнеді.
Малда жүрген малшылар
Әлібиді көреді.

Малшының бәрін сабады,
Малды жиып алады.
Қайысқан болат сынады,
Желіккен жүйрік тынады.

Ауылға келіп, ат қойып,
Бажырайып тұрады.

—Бұл—таманың бастығы,

Қаңғырып шыққан елінен.
Басы симай көбінен,
Безер болып елінен,
Нәрікбай қубас қайда?—деп,

Келе бір айғай салады.
Бөрі ішігін сүйретіп,
Нәрікбай үйден шығады.

—Ау, Нәрікбай мен,—деді,

Әлібимісің сен,—деді,
Көп сөге берме, Әліби,
Мен де өзіңдей ер едім.
Құдіретіне Құдайдың

Кім көнбейді көр,—деді,
Жақсы адам мұндай болмайды,
Не қыл дейсің, не?—деді.

—Жайылған жерім Кермісін,

Кермісінді сұраусыз
Қонып жатқан елмісің.

батырлар  жыры
Шалқып жатқан көлімді,
Бағулы тұрған жерімді
Сұраусыз менен жүрмісің.

Басың симай көбіңнен,

Безе қашып еліңнен.
Қартайсаң да адасып,
Қадірден болған жеріңнен.
Бейіліңе бермей бір перзент,

Нәрікбай қубас сенбісің?
Бергін зекет малыңды,
Қинамай тұрып жаныңды.
Айтқаныма көнбесең,

Төгемін дереу арыңды.
Әліби тағы сөйледі:

—Хан зекетін бересің,

Хан бедерін көресің.
Бұқара болсаң патшаға,
Айтқаныма көнесің.
Зекетімді аламын,

Салығымды саламын.

Ашулансаң ауып кет,
Артыңнан қуып шабамын.
Зекетімді бермеске,
Бар ма, Нәрік, қаліңіз?

Қалай да болса аламын.
Сонда Нәрік сөйлейді:

—Жақсы айтыпты ханыңыз,

Хандікі емей, кімдікі
Жинаған біздің малымыз.
Саған зекет беруге,
Арық біздің бәріміз.

Түйеден тоғыз алыңыз,
Жорға менен жүйрік көп,
Қаласаң қолқа салыңыз.
Саған зекет беруге,

Осылайша қалымыз,
Келмейді біздің жайымыз.
Әліби сонда сөйлейді:

—Не дейсің, бәлем, сен,—деді,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Зекет алмай кеткенді
Көремін бе мен?—деді.
Астында бар күлсары ат,
Омырауменен қағады.

Нәрікбайды Әліби
Омыраулап барады.
Қаз ұялы қамшымен
Келтіріп басқа салады.

Бастан аққан қара қан
Омырауын жабады.
Қырық үйлі тама бес ауыл,
Бес ауылдың несі ауыл.

Көрген соң есі қалмады,
Малына қарай шабады,
Алып кеп малды қамады.
Алсаңыз міне зекет деп,

Алдына әкеп салады.
Оннан бірді алып қалады,
Жылқы, түйе, сиырдан.
Азат қылар мал болмады,

Жылатты Әліби баланы.
Ең жаманы қойын да
Мыңнан айдап барады.
Тамалар шулап жылайды:

—Мұсылман деп кеп едік,

Тұз қылған екен кәпірді.
Шыныңменен, Құдай-ай,
Аударған екен қонысты.
Таңдап салды тамаға,

Құнан қой тоғыз сойысты,
Сойысын бірден сояды.
Артылғанын Әліби
Жақынына қояды.

Тамадан келген адамға
Бір бақай да бермеді,
Қорлықпен көзін ояды.
Нәрікбайды Әліби

батырлар  жыры
Шақыртып енді алады.
Бір көкшолақ шапанды
Әлібиге жабады.

Жапқаны оның құрысын,
Қырық үй қоңсы тамаға,
Қырық орман ішіктен
Салық қылып салады.

Халі келген байлары
Жүгіріп үйге барады.
Алып келіп ішікті,
Қошамет қылып үстіне

Әлібидің жабады.
Халі келмес кедейлер,
Үйді-үйіне келісті,
Отының басын тебеді.

Қазан деген қаладан
Ертіп келген сенсің деп,
Бір-бірімен керісті.
Ылажы бар ма кедейдің,

Көтеріп алып берісті,
Енді Әліби жөнеді.
Түрікпен қалың ел еді,
Кермісінді сағалап,

Көп жылқыны аралап,
Жорғасы мен жүйрігін
Ұстап алып саралап,
Үкімменен келеді.

Көп жылқының ішінде
Шортан балық секілді
Шұбар атты көреді.
Шұбар атты көрген соң,

Есі кетіп Әліби,
Ұстайын деп ұмтылды.
Аузын ашып Шұбар ат,
Тістейін деп қымтынды.

Айнала артын береді,
Қос аяқтап тебеді.
Ұстатпасын білген соң,
Қараханға бармаққа,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Ханды салып алмаққа,
Әліби сонда жөнеді.
Қараханның алдында
Әліби айтқан сөзі еді:

—Ассалаумағалейкум,

Алдияр тақсыр, Қарахан,
Атадан жетім бала хан.
Көтерілді бағыңыз,
Әруақ болды жағыңыз.

Атадан қалған мұрасың,
Астыңда алтын тағыңыз.
Алыстан ауып ел келді,
О да сіздің бағыңыз.

Алыстан ауып келіпті
Тама деген еліңіз.
Еліңіз келіп тасып тұр,
Осы күнде көңіліңіз.

Сүйінші, тақсыр, сүйінші,
Сүйіншімді беріңіз.
Сен едің менің досым-ай,
Дос болып едің жасыңда-ай.

Менен басқа еш адам,
Қалған жоқ еді қасыңда-ай.
Осы күнде хан болып,
Дәулет қонды басыңа-ай.

Тауға біткен тарыдай,
Жапырағы сарыдай.
Астымдағы күлсары ат,
Ет алмады арыды-ай,

Жасы жетіп қарыды-ай.
Мейірмандық қылыңыз,
Дос мінгендей тәуір ат
Тамалардан табылды.

Егер мені дос білсең,
Сол тамаға барып кел,
Бар да қолқа салып кел.
Бір шұбар ат бар екен,

Қоңсыңнан тілеп алып бер.
Тірі қылса Құдайым,

батырлар  жыры
Төрелікке сайлайын.
Есіттім қырық қоңсыңды,
Сізді де, тақсыр, сынайын.

Сол атты мініп алдыңда,
Қызмет қылып тұрайын.
Сол шұбар атты алып бер,
Ақыңа дұға қылайын.

Таманың жайын есітемін,
Бүгінде сізге жақындап,
Өзің біліп жоқтасаң,
Менің біліп нарқымды.

Айтқан сөзді тыңламай,
Бүлдіріп алма халқыңды.
Әуелі сізден өтейін,
Арызымды айтып кетейін.

Айтқаным тура болмаса,
Өз бетіммен жүрермін.
Оңғарар Тәңірім атымды,
Қырық мың үйлі қайрақты,

Қырық мың үйлі айрақты,
Екі қырық мың қосылса,
Біреудің сорын қайнатты.
Мінермін десем, мінермін,

Мінгізбес адам қай жақта?
Сөзсіз жерді жегізіп,
Бір бұзықты келгізіп,
Еркелетіп қоймаспын,

«Мен де патша» дегізіп.
Қарахан сонда сөйледі:

—Жақсы айтасың, Әліби,

Сен де менің досым-ай,
Дос болып едің жасымда-ай.
Айдарханнан қорыққаннан,
Дос болып едің басында-ай.

Күнің үшін қорғалап,
Отырушы едің қасымда-ай.
Бүгінде мықты сен болдың,
Жетімдік менің басымда-ай.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Әруағына атамның
Келген екен бір қоңсы,
Әлде қалай қасымды
Дос болғандай мен саған,

Көрсеткен күнің осы ма-ай?
Қайдан таптың қаңғырған
Бір Қазанның тамасын.
Келместен жатып біліпсің,

Жоқ екенін баласын.
Иманды, жақсы хан едім,
Қасиетті жан едім.
Мазақ қып ақыл саласың,

Егер мені хан десең,
Тамаға неге барасың?
Сұраусыз зекет аласың.
Қайдан білдің таманың

Жоқ екенін баласын?
Тама мен маған зор болдың,
Зорлығыңа саласың.
Құдайға сен де бендесің,

Бір күні өліп қаласың,
Тәңірі алдына барасың.
Бізге үлкен болғанмен,
Тәңіріге пенде боласың.

Тәңірінің алды бір дейді,
Төренің алды тең дейді.
Алар қоңсы жағаңнан,
Қисабын қайдан табасың?

Нәрікбай мен көп тама,
Қасиетті жан шығар.
Саған жаман болғанмен,

Жұртына жақсы шал шығар.
Азар болса бейшара,
Бүйтіп зарлап жүргені,
Бір перзентке зар шығар.

Назар керден кісі екен,
Бір шаһарға хан шығар.
Нәріктен жақсы болып па
Шөп кіндікті Байшұбар?

батырлар  жыры
Байшұбар деп жабыспа,
Адамға бермес мал шығар.
Ел-жұртынан айрылып,

Мүсәпір болып жүргені,
Зарланып қаңғып жүргені,
Сол атына қам шығар.
Бір шұбар аты бар деген,

Адамға бермес мал деген,
Шұбар ат бар деп есіттім,
Айтқаның сенің сол шығар.
Қайғылы кісі көрінді

Нәрікбайдың жүрісі.
Алдап алған кісіге
Көп білем алтын-күмісі.
Әруағына бұл жұрттың

Келіп қалды дұрысы.
Ішкімнен кем көрінбейді,
Маңдайындағы ырысы.
Хикмет көрген кісі екен,

Бурадай қиял тұрысы.
Қазанда болған хан екен,
Білмеймін қандай жүрісі.
Көңіліне азар салмасаң,

Болар еді, Әлеке,
Мұның да сұрары бар шығар,
Өзіңдей аға-інісі.
Алдап қылсаң туысқан,

Өзі мырза, өзі бай,
Шошытып азар салмасақ,
Асыл затын байқамай,
Құдай айдап келтірген,

Сіз бенен бізге шылқа май?
Келместен жатып, Әліби,
Мұнша неге зарлаттың,
Мақұл ма мұның, япырмай?

Не болмақшы еді жалғыз тай,
Жамандасып алған тай,
Жаманданып өлмей ме?

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жалғыз үйлі бір қоңсы
Қолымыздан келмей ме?
Біз Құдайдан қорықсақ,
Өзі-ақ әкеп бермей ме?

Қырық қақпалы ел екен,
Ноғайлы тама дер екен.
Үш алаштың баласы,
Жері байтақ кең екен.

Ішіне барған Нәрікке,
Артындағы ерлер сөз қылса,
Әлібидің қуаты
Нағып келген демей ме?

Жалғыз үйлі тамаға,
Әлібидің Нәрікке
Келген болса қуаты,
Осындай сөздің артында

Болушы еді ұяты.
Тілімді алсаң, Әлеке,
Тамаменен егеспе.
Естерге жаман болмай ма

Не бітіріп бермекші?
Жалғыз үйлі қаңғырған
Бір қоңсының бір аты.
Көп халыққа мақұл ма,

Осыған қылқың қақпағың.
Менен де бұрын сенікі,
Бауырыңа тартып алмағың.
Қырық мың үйлі қайрақты,

Қырық мың үйлі айрақты,
Содан бір ат таба алмай,
Жалғыз үйлі қоңсының
Атын көздеп қалмағың.

Мақұл болса қыла бер,

Өзіңде жоқ боп тұрғандай,
Атын тартып алмағың.
Әлқисса, Қараханның бұл сөзін естіп, Әліби тас-талқан бо­
лып, Қараханға ашуланып, үйіне барып таманы шабамын деп:

«Мен сені хан деп айтсам, менің абыройымды жоқтамай, тенті­
7–253

батырлар  жыры
реп жүрген таманың сөзін сөйлеп, мені әуре қыласың»,—деп,
бек қайраттанып, ашуланып жүре берді.
Қарахан байқап, тіке бара сала-ақ тамаларды шабатұғын

көрінеді деп, хан Әлібидің түп етегінен ұстап алып айтты: «Ей,
Әліби, ашуыңызды басыңыз. Мен таманы не қыл десең де ұстап
берейін, әшейін сізді бір ашуландырайын деп едім». Қарахан
бұлайша айтқан соң, ашуын басып отырды. «Ұрғанның атын

алып берейін»,—дейді. Сонда Қарахан: «Атын алып берей­
ін, ләкін бас салып, тарс қойып алғаным жарай ма деп, бір
Құдайдан, екінші әруақтан, үшінші ел, халайықтан ұят деп
ойлаймын»,—дейді.

Әліби айтты: «Әр нәрсе қылып, алып бергенің керек»,—
деді. Сонда Қарахан: «Бір айла қылып, алып берейін,—деді, сіз
жұртқа сауын айтып, үлкен жиылыс той қылыңыз. Тоғыз күнге
дейін той қылып тамаларды шақырмай тұрып, ақырғы күні

тамаға кісі жіберіп шақыртыңыз. Тоғыз саба толтырып тойға
келсін қымызбенен деңіз. Қанша үлкен болғанмен бір күнде
тоғыз сабаны толтыра алмайды. Тоғыз саба қымызды толтыра
алмаған соң, өзі қорынып келе алмайды. Қоңсы шақырылған

тойға келмеген соң мен үкім қылып, шақырған тойға келмедің
деп айыпқа атын алып беремін»,—деді.

—Құп, мақұл болады,—деп, Әліби үйіне келіп, «Үлкен жиы­

лыс той қыламын, тоғыз күнге дейін»,—деп, жұртқа хабар сал­
ды. Ендігі сөзді ханзада Қарахан баладан естіңіз. Қарахан бала
бір күн, бір түн басын таққа қойып, зар жылап ас ішпей: «Әуелі
Құдай, екінші атамның әруағына келген бір бейшараны Әлібидің

осылайша қылып жүргені менің жастығым, нашар болғандығым
ғой»,—деп жатып алды. Сонда баланың ойлап тапқаны:
Қаратиын деген бір жақсы Айдарханнан қалған дана уәзірі бар
еді, әулие адам еді. Қаратиын деген басқа халықтан сіңген еді,

мұны Қаратиын бекеуіл дер еді. Ол кісі Айдархан дүниеден
өткеннен кейін, келмей жатып алып еді, сол уақытында қырық
қақпалы шәһәрінің он қақпасының қаржы зекетін сол бекеуіл
жер еді. Дарқал баланың ойына сол кісі түсіп кісі жіберіп еді,

келмеді. Екінші кісі жіберіп еді, келмеді. Үшіншіде Қаратиынды
жасауылдар айдап келді. Сонда баланың айтқан сөзі:

—Ассалаумағалейкум,

Қаратиын бекеуіл.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Танимысың баяғы,
Айдархандікі осы ауыл.
Бір шақырдым келмедің,
Шақырдым екі келмедің,

Сол пейіліңнен өзіңді
Айдап бір келді жасауыл.
Сен, сен едің, сен едің,
Сенің балаң мен едім.

Айдархан атам өлгенде,
Бір атам өлсе қайтейін,
Біреуі тірі деп едім.
Айдархан атам өлгенде

Қасыма менің келмедің,
Не жазығым бар еді.
Қырық қақпалы шәһәрімнің
Он қақпасын жер едің.

Әкемнен қалған несібе,
Өз пайдаңды жемедің.
Жерімді қарғын қаптады,
Оған бір тоған шабыңыз.

Елімді жалын қаптады,
Оған айла табыңыз.
Атадан қалған әруақ,
Қайтпақшы болды бағымыз.

Көрінбек болды, сор болды,
Халыққа берген нанымыз.
Бір мүшкіл туды басыма,
Мұсылман болсаң, наныңыз.

Бір жылан шапты торғайға,
Ажыратып сонан алыңыз.
Әліби шапты тамаға,
Ара түсіп барыңыз.

Әруағына атамның
Алыстан келген қоңсы еді,
Айырып соны алыңыз.
Айырып соны алмасаң,

Арам болды доңыздай,
Тырнақтап жиған малымыз.
Тәңрінің алды бір деді,

батырлар  жыры
Төренің алды тең деді.
Таңда мақшар болғанда,
Қисабын қайдан табарсың?

Дулыға кидім ел үшін,
Қолғап кидім жең үшін.
Әркімдер келіп сенен күшті,
Адамда дәулет мал үшін,

Атамыз басын көп берген
Осындай келген ел үшін.
Қой дегенге қоймады,
Көп айтқанмен болмады,

Бұл таманы құртам деп,
Арамдықты ойлады.
Айуан түсті антұрған,
Өзі доңыз не білсін.

Менің атам Айдархан
Басын берген халық үшін.
Мен де сондай болсам деп,
Көп ойлаймын нарық үшін.

Жанашырым болса егер,
Құрта алмай жүрген Әліби,
Сірә да, мені не қылсын.
Қазаннан іздеп келіпті

Атамыздың дабысын.
Жан ашырым қайда бар,
Жақын қылар алысын,
Иттік қылды Әліби,

Бір қоңсыны ат үшін.
Амалың болса тап енді,
Тоғыз күнде таманы
Жылатпаққа тұр енді.

Ішім толды ызаға,
Ешкім шыдап тұра ма?
Сізге айтқан сөзім бұл,
Қыларың болса қыл енді.

Бекеуіл сонда сөйлейді:

—Қапа болма сен, балам,

Неге қапа боласың?

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Патшазада сен, балам,
Анық қапа болсаңыз,
Бүгін түннің билігін,
Бүгін маған бер, балам.

Түн билігін алады,
Хан базарға барады.
Бұрынғы жүрген маршаптың
Бәрін ап кеп бекеуіл,

Күнәһар қылып қамады,
Өзінен маршап салады.
«Біреу біліп қоймасын
Ісімдің деп ойлады.

Қара жорға ат мініп,
Жал-құйрығын шарт түйіп,
Жолға түсіп созылып,
Лашын құстай түйіліп,

Қамшы ұрып аттың баурына,
Түн ортасы болғанда,
Нәріктің келді аулына.
Бекеуіл келіп сөйлеп тұр,

Нәрікбайға айтқан сөзі бұл:

—Жатырмысың, Нәрікбай,

Бейшара болған ғаріп бай.
Жатқаның сенің бекер-дүр,
Қараханға жолықпай.
Аламын деп Әліби,

Жолыңа тұзақ салыпты-ай.
Бір шұбар атың бар дейді,
Судағы сазан балықтай.
Түбіңді Құдай оңғарар,

Ерлерге тілеу бермейді,
Сендей болып тарықпай.
Жігіттің аты шықпайды,
Қызыр баба жолықпай.

Қазанда жүрдің тарынбай,
Екпіндеп соқтың дауылдай.
Қасиетті деуші еді,
Халқыңа тиген көп пайдаң

батырлар  жыры
Көктемдегі жауындай.
Қара ағаштай түрікпенге
Қадірің кеткен жоқ еді,

Жаңа піскен қауындай.
Ойда жоқ жерге кеп қалдың,
Орғыған құлан шаңындай.
Дүниең қалың ер дейді,

Қарынбайдың малындай.
Сен Қазанда жүргенде
Алмаған жауың қалмады.
Қаптаған қара жалындай,

Бір үлкен жұмыс кез болды.
Қайратың бар шағыңда
Басыңды көтер ұйықтамай.
Саған бір дұшпан табылды,

Жерінен ауған құландай,
Дәулетің қалың тұмандай.
Бір дұшпанға кез болдың,
Ысқырып жатқан жыландай.

Әлібиді жын ұрды,
Сіздің мінген Шұбардай,
Мінгенім менің Құла ат-ты,
Жақпаса Тәңрім шырақты,

Қамыңды же, тамалар,
Шаппаққа түрікпен ұнатты.
Тоғыз сабаң толмаса,
Тобаң қабыл болмаса,

Ал балаңды жылатты,
Ойлама мұнда Қазанды.
Қызының кегі қалғандай,
Алмақ болды амалдап

Астыңдағы алаңды.
Тоғыз күнге жеткенше,
Толтыр, шіркін, сабаңды.
Түрікпендер той қылып,

Қылды саған амалды.
Қамыңды же жатпағын,
Кетірер болды мазаңды.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Бекеуіл соны айтады,
Айтады да қайтады,
Бір оқиға болғанын
Нәрікбай сонда байқады.

Түрегелді дірілдеп,
«Не жаздым,кәміл пірім»,—деп.
Қазанда патша кісі еді,
Әркімнен артық сәулеті.

Түркпендер қор қылды,
Бұ да ақтың нәубеті.
Ол уақытта көп еді,
Тәңрінің берген дәулеті.

Он мың жылқыға жөнеді.
Қоңыраулы нардың үстіне,
Тоғыз саба артып ап,
Үш күн сауып биені,

Үйге қайтып келеді.
Тоғыз саба толғанда,
Тобасы қабыл болғанда,
Сәске түстен қалма деп,

Сәске түстен қалсаңыз,
Шұбар атты алмай келме деп,
Ертең ерте түрікпеннен
Біреуге хабар береді.

Есі жоқ есірік надандар,
Хан тойына барам деп,
Барлығын тауып киінді.
Үстіне ілмей Нәрікбай,

Бір теңгелік киімді,
Әлібиден қорыққаннан,
Бір сұмдық ойлап түйінді.
Басы бұлтқа жеткенмен,

Жалғыздың ісі қиын-ды.
Сыр айтпай халықтың біріне,
Сиынды кәміл піріне.
Ерте тұрып ентелеп,

Дүние түбі келте деп,
Патша Нәрік жөнеді.
Қорыққаннан қошемет,

батырлар  жыры
Әлібидің тойына
Тоғыз бие жетелеп,
Бүкең-бүкең желген ат,

Еркінше шауып көсілді.
Нәрікбайды алмаққа
Әліби жаман есірді.
Тоғыз бие жетелеп,

Сәске түстен қалмастан,
Тойға келген секілді.
Ал, Әлібиге хабар болды. Қараханның айтқан сөзіне іле­
сіп, тоғыз саба толтыра алмайды деген іші ақымақтыққа салып

жүргенін білмей, мына Нәрікбай тоғыз саба толтырып келіп
тұр деп Әлібиге хабар болды. Сонда Әліби Қараханды бір боқтап,
һәм Қараханның сөзіне еріп жүргеніне өзін-өзі бір боқтап, бек
қапа болды. Өзіне-өзі пышақ ұрмақ болып жана жұртына жар

қылып айтып қойды:

—Нәрікбайдың алдынан еш адам барып меймандарлық

қылмасын, атын ешкім ұстамасын, үйге түс демесін, бір адам
тырс деп бармасын, иә мұның қайтып кеткенін көрейін, иә
менің қолымнан айырып алған кісіні көрейін,—деп, бек жа­
ман түгі бетінен көрініп, ашуы келді. Сәскеде келген Нәрікбай

бесінге дейін аттан түспеді. Иә қайтып жүріп кете алмады.
Бесін уақытында Қарахан Нәрікбайдың қапа болғанын көріп
айтты: «Әліби, бұл бейшара бір перзент үшін келіп еді, бізді ел-
жұрт деп. Енді Құдай сені дұшпан, өшпенді қылды, халайық

айтса да болмадың, мен айтсам да болмадың, доңыздыққа
кеттің енді. Арманың Шұбар ат болатын болса, бұл Нәрікбай
өмірінде қорлық-зорлық көрмеген адам екен, дүниенің ешбір
кемшілігін көрмеген екен жана өз қиялы болмаса ешкімнің

тілін алмас екен, өзі бір жұрттың патшасы екен. Енді бір жар­
шы шығарыңыз. Ол жаршы Нәрікбайдың Қазаннан ауып,
аға-інісімен араз болғанын жана перзенттің жоқтығын, Есім­
нен көрген қорлығын, бұл жерге ауып келгенін айттырсаң.

Өзі бек жақсы адам екен». Бастан аяқ көрген қайғы-қасіретін
айтқан соң бек қапа болады. Мал-мүлкін талақ қылып та­
стап, екі қолын төбесіне қойып һәм артына ұстап кете бере­
ді. Одан кейін Нәрікбай кеткен соң мұндағы мал-жан иесіз

қалады. Сонда Шұбар атты ұстап ал да қызыңның .......,—

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

деді, одан кейін Әліби сонда бір жаршы шығарды, көзі маш­
тай, құйрығы тастай.
Әуеден ұшқан қайыптай,
Төркіндеген зайыптай,

Суға салған қайықтай,
Әр нәрсеге лайық.
Шекпені тізесіне жетпеген,
Басынан жаманшылық кетпеген.

Мұрны қамыстай,
Е…гі талыстай.
Шалбары көтіне қатқан,
Өзін туғаннан Құдай атқан,

Жауыр есегіне мініп,
Өзі жалшы, ыржаңдап күліп,
Нәрікбайға қарап жүріп,
Қай-қайдағы қу сөзді,

Қиялына келтіріп,
Көтін жырмасымен толтырып,
Нәрікбайға қарап сөйлегені:

—Бір Құдайдың барлығы,

Қараханның жарлығы,
Жібереді мені баршы деп,
Қарахан айтты жаршы деп,
Менің айтқан жырымды.

Елде қубас бар болса,
Құлағыңа салшы деп.
Ұлдыларға орын бар,
Қыздыларға қымыз бар,

Ұлы менен қызы жоқ
Нәрікбай атты қу бастың
Хан, жиын-тойда несі бар?
Беклер мінер күймесін,

Жарқыратып түймесін.
Көрдім деп қызық жүр ме екен
Тәңрінің жалған дүниесін.
Нәрікбай келсе бұ тойға,

Аластап жұрттан шығарсын.
Баласы жоқ қу бастың

батырлар  жыры
Кесірі жұртқа тимесін.
Қалжыңмен сөктім құрдасты,
Кәдірден болған мұңласты.

Істі елге жуытпа,
Жұрттан шыққан зәндемі,
Нәрікбай атты қубасты.
Халың келсе басынан,

Аудырмаңдар таяқты.
Асты еліңе жуытпа
Жұрттан шыққан саяқты.
Жақсы болса тамасы,

Інісі мен ағасы,
Өлсе көрмес сүйегін,
Кәнекей мұның баласы?
Елі мен жұрты қай жақта

Дүниеге болған мас?
Жақсылармен көңлі қас,
Бір жылқыға жұрт сатқан,
Еріместей көңлі тас.

Неге келді бұ тойға
Жұртынан шыққан бір қубас?
Жаршының айтқан сөзі бұл,
Нәрікбай тыңдап қарап тұр.

Бұл сөзді естіп Нәрікбай,
Әрнеме түсті ойына,
Көзінің жасы көл болып,
Аға берді қойнына.

Алтынды қомба, ақ кісе,
Алып бір салды мойнына.
Көзінің жасы көл болып,
Етегі тола сел болып,

Жаралы қаздай ыңыранып,
Жарылған мұздай күңіреніп,
Жіберді басқа бір салып,
Қараңғы тұман күн салып,

Нәрікбай еңіреп жөнеді.
«Обалың сенің кімге»,—деп,
Тоғыз бірдей сабаны,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Пышақпенен жарады.
Келе жатып зар жылап,
Нәріктің айтқан сөзі еді:

—Он сегіз мың ғаламды

Жаратқан, қадір Құдай-а.
Басы жұмыр бәндеңе
Салған күнің көп екен,
Иә, Зүлжелел, мұндай-а.

Аспаннан тұман орнады,
Аяғымнан жібермей,
Жердің тартып лайы-ай.

Көрсеткен күнің осы ма,
Айналайын, Құдай-ай?!
Жекендікі жеке екен,
Жеті баулы бек екен.

Қартайсам да жылаған,
Қазан деген ел екен.
Мен сияқты ғаріпке
Сақтаған күнің көп екен.

Басында Құдай бар қылдың,
Қасиетті жан қылдың.
Мен қазақпын дегенге,
Қазанға мені хан қылдың.

Қайда барсам қалмастай,
Бір пәле маған жармасты-ай,
Әлібиге тұс қылдың.
Тобамнан неге жаңылдым,

Айдап келіп Қазаннан,
Көрінген итке жегізіп,
Айналайын, Құдайым,
Мен күнәкер не қылдым?

Қойшыларға қор қылдың,
Жылқышыға жыр қылдың,
Сиыршыға сыр қылдың,
Ауыздағы сөз қылдың,

Аяқтыға жол қылдың.
Екі [адам] бас қосса,
Әңгімесі мен қылдың,
Қара жермен тең қылдың.

батырлар  жыры
Қорлыққа бүйтіп қойғанша,
Қазанда алсаң болмай ма?
Мен Әлібиге не қылдым?

Ел-жұртымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,
Шерменде болып зар қылып,
Бұл қорлыққа кәйтіп жүремін,

Тірі болып не қылып,
Өлетұғын күн бар ма?
Қорлықпенен жарылып,
Бір перзент бермей зарланып,

Қатарымнан кем қылып,
Жаратқан жалғыз, Құдайым.
Ішімде толды уайым,
Әлібидің дерті өтті,

Қайғым бір асты қапа боп,
Дертімді кімге шағайын?
Жалғыз жүрмін тентіреп,
Көрінбес көзге ағайын,

Наз көтерер кісім жоқ.
Кімге еңіреп барайын
Тең құрбының ішінде?
Бір перзентке зар болып,

Кем болды менің тілеуім.
Әуелі тудым адам боп,
Есімнен көрдім қорлықты,
Жақсылық ісім жаман боп,

Еліме жетер күн бар ма?
Жұртымнан көңлім қалған жоқ,
Елге жетер заман жоқ.
Алпысқа жақын енгенде

Қайғылы болып зарладым.
Өзімнен туған бала жоқ,
Ұлым түгіл қызым жоқ,
Ұлдыға сөйлер күнім жоқ,

Бір перзенттің жөнінен,
Байланды мылқау тілім жоқ.
Босады болат темірім,
Қор болып өтті-ау өмірім,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Қазанда жүріп таусылмай,
Ұзады неге өмірім,
Қорлыққа туған екенмін,
Қай жерде менің мекенім?

Қубас деген сұмдық сөз,
Қайда барсам әзір боп,
Қарап тұр маған не етемін.
Жаратқанға не дермін?

Аспанның асты биік көк,
Енді қайда кетемін?
Айналайын, атыңнан,
Есім атты жалғыздың

Бір ауыз сөзін көтермей,
Бермесін тілеп Құдайдың,
Асы боп шыққан екемін,—
деп жылай берді. Күлқанысайым деген бәйбішесі бар еді, өзі есті

адам еді, Нәрікбай қанша қапа болып жүрсе де, ол кісі Құдай
Тағала өзі білер деп жүруші еді. Сабыр қылып, Нәрікбайға
бәйбіше айтты, қайрат беріп тоқтау айтты: «Әлібидің қастығына,
Нәрікбай, сен ермес пе едің, өзің патша болған адам ең, осындай

жаудың ішінде жылай ма екен?»—деп сөйлегені:

—Қой, Нәреке, жылама,

Жыламай көңлің тына ма?
Жаратқан жаппар Құдайдан
Қысқа тілеу сұрама.
Жылағанмен қайтесің,

Әлібидің қорлығын
Сіз бенен бізге Құдайым
Сақтаған болса сыбаға.
Бір Құдайға жылайық,

Біз тәуекел қылайық.
Көрсеткені Құданың
Осы болса Нәрікбай,
Өлелік те тыналық.

Жақсылық пен жамандық,
Бір Құдайдан деуші еді.
Құдайдан түбін сұрайық,

батырлар  жыры
Жаманды-жақсы хан едік,
Қасиетті жан едік.
Әлібиден сөз естіп,

Жау ішінде жылама.
Бүгін өліп кетсек те,
Сіз бенен бізге, Нәреке,
Болмас деймін лайық.

Еділ қайда, ел қайда,
Елге жетер күн қайда?
Жайық қайда, жай қайда,
Жайға жетер күн қайда?

Қос өгізін айдамай,
Белді бекем байламай,
Егіншіге нан қайда?
Базарға барып мал сатпай,

Саудагерге мал қайда?
Екі көзсіз соқырға
Даңғыраған жол қайда?
Киімі жоқ кедейге

Бұралған сары тон қайда?
Тіршілік—жанның зейнеті,
Дүниеде не пайда?
Иманың болса жанға дос,

Ақыретте тым пайда.
Табаны жерге тимесе,

Маңлайы күнге күймесе,
Елден елді қыдырып,
Шерменде болып жүрмесе,
Әркімнен сондай сөз естіп,

Кемшілік іс болмаса.
Нәрікбай мен Күлқаныс
Жұрттан шыққан безеуге,
Екі бірдей қубасқа

Алтын айдар, шоқ белбеу,
Тегін жатқан ұл қайда?—
деп екеуі қол ұстасып, ақ ордаға келіп, қырық үйлі таманың
бәрін жиып алып, боз қасқа айтып сойып, бұ дүниеден бейпер­

зент өтетұғын ұқсаймын деп, пәни дүниені тастап, тәрік дүние

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

болып өтемін деп, екі қолын төбесіне қойып жылап тұрып
айтқан сөзі:
Ай мүйізді ақ қошқар
Алып келіп шалады.

Ерлі-байлы екеуі
Мойнына бота салады.
Ерлі-байлы қос мұңлы,
Жылап еді зар қылып,

Таманың есі қалмады.

—Ай, тамалар, тамалар,

Үлкен-кіші, ағалар!
Тумасаң да өзімнен,
Туғандай болған балалар,
Сендерге айтар сөзім бұл,

Құлағың сал, жарандар,
Басында мен де мекермін,
Мекерлік қылып не етермін.
Құдай пендем демесе,

Диуана болып өтермін.
Енді маған разы бол,
Мен ортаңнан кетермін.
Өзі пендем демесе,

Өзі берген дүниеге
Өзі иесін бермесе,
Бекерге жылап не етемін.
Енді маған разы бол,

Мен ортаңнан кетемін.
Бұл дүниені тарқатып,
Тентіреп өлмек екенмін.
Ажалым жетсе, өлермін,

Нәсібім болса, келермін.
Қош-қош, тама, аман бол,
Енді саған не дермін.
Айдап келіп Қазаннан,

Обалыңа сендердің
Бекер-ақ қалған екенмін.
Қазаннан жалғыз жапанда
Сен іліндің қолыма,

батырлар  жыры
Үмітпенен қырық үйің
Еріп едің соңымнан.
Айдап келіп сендерді,

Дұшпанға тастап барамын,
Обалың менің мойныма.
Жау айғырға жат нөкер,
Жазым болса, бас кетер.

Айдап келіп дұшпанға,
Сендерді тастап барамын.
Обалыңа қалдым-ау,
Қарақтарым, беп-бекер,

Мен кеткен соң сендерді,
Түрікпен келіп ап кетер.
Қызылбастың ұлындай,
Сатып алған құлындай,

Есігіне сап кетер.
Белбеуін салып мойнына,
Тәуекел қылып Тәңірге,
Қоштасып жұрттың бәріне.

Ер өлімі бір күн,—деп,
Бір тәуекел қылдым,—деп,
Нәрікбай түсіп жөнелді,
Мүсәпірлік жолына.

«Сен өлген жерде өлем,—деп,
Бір сіз деп баста кеп ем»,—деп,
Тамалар шулап жылайды.
«Қалмаймыз,—деп,—соңынан

Қайда барсаң ерем,—деп,
Сізбенен бірге көрем,—деп,
Елі-жұрттан айрылып
Бір сіз үшін кеп ем»,—деп,

Тамалар шулап жылайды.
Қаламын деп не қылып,
Қалмайын деп айрылып,
Шыға алмады Нәрекем,

Үйренген жұрттан айрылып.
Жана бір ақыл айтады,
Жылап тұрып, зар қылып:

—Ай, тамалар, құлақ сал,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жана бір айтар сөзім бар.
Сендер жақсы көргенмен,
Қайғылы мені қылды зар.
Басында патша болғанмен,

Бағым тайып басымнан,
Кең дүние болды тар.
Қасиетім зор еді,
Қайрақты мені қылды қар.

Не сұрамас бәндесі,
Бермесе тәңірі, не лаж бар?
Қос өкпемнен оқ тиді,
Қолдан келер не айла бар?

Жүк көтерген қара нар,
Тұяғы тасқа кетілді
Бәйгеден келген ақ тұлпар.
Тұғырынан адасты

Әуелеп ұшқан ақ сұңқар.
Жаңбыр жаумай сел болды
Пұлы қымбат манатым,
Тасқа тиіп мұқалды

Балдағы алтын болатым.
Сендер едің тірлікте
Құйрығым мен қанатым.
Сендерге айтар сөзім бар,

Менен қалған санатың,
Бұл жерді мекен қылмаңдар,
Шұбасаң да кетіңдер,
Қазанға қарай жетіңдер.

Алты айшылық Қазан бар,
Ақ Жайық деген жолға сал.
Дүние-малдың бәрін де
Қазанға таман тез апар.

Бұл жерде тұрсаң өлерсің,
Өлмек тұрмақ кемшілік,
Мүсәпірлікке енерсің.
Қорлықпенен құл болып,

Мүшкіл істі көрерсің.
Осы малдың күшімен
Қазанға барып енерсің.
8–253

батырлар  жыры
Қазанға барып енгенің,
Қайран жұртты көрерсің.
Елді аман көргенің,

Есімге есен көрісіп,
Қолын алған ерлерім,
«Жалғыз ағаң кетті,—деп,
Түбіне түрікпен жетті,—деп,

Жалғыз жеңгең тентіреп,
Қорлықпенен өтті,—деп,
Есімді тірі көргенің,
Мұңлы болған ағаңның,

Осы болды өмірі,
Нәріктің көргені»,—дегейсің.
Және барсаң сәлем айт,
Қырық қақпалы Қазанға,

Ноғайлы менен тамаға,
Келін, жеңге балаға,
Жасы үлкен ағаға,
Жасы құрбы жарандар,

Біздерді білген адамға.
Тумаса да туғандай
Алдымда өскен балаға.
Ақ сүйектің баласы

Әлімзада қожаға,
Ел ішіндегі төреге,
Сүйегі бізден тазаға.
Бізден сәлем дегейсің,

Сонша жұрттың ішінде,
Нәрікбай атты пәндені
Салды мұндай сазаға.
Қазанда жетіп ажалым,

Іліндірмей қазаға,
Көре алмай кетсем Есімді,
Мені десе бір шапсын,
Қайрақты мен түрікпенді,

Аққала деген қалаға.
Шалмай шақтым беліме
Аспаһанның алмасын,
Маған салған бұ күнді

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Еш пендеге салмасын.
Бір перзенттің дертінен,
Тентіреп кетіп барамын,
Талауға түсті қайтейін,

Тырнақтап жиған мал-басым.
Әлібидің дертінен
Арманда кетіп барамын,
Үзілмей менің көз жасым.

Қазанның сырлы ордасын,
Жана түсті есіме
Қазандағы жолдасым,
Жолдасымның жолбарысын,

Есім тілін алмадым.
Енді білдім Есімнің
Бұдан былай оңбасын.
Әлібиге кез болдым,

Бір перзенттің зарынан
Тентіреп жүріп сор басым.
Ел менен жұртқа сәлем де,
Көремін бе білмеймін,

Көрмеймін бе білмеймін.
Тыйылмай кетіп барады,
Сірә да, менің көз жасым.
Мінген атым керлерім,

Кекілден аққан терлерім,
Бір көрерге зар болдым,
Өсіп-өнген жерлерім.
Артымнан іздеп келмеді,

Сүйек еді демеді,
Тірлікті бір көрмедім,
Қазанда жатқан ерлерім.
Мінген атым шабдарым,

Сауырысы құшақ сандарым.
Жамандықты көрмеген,
Дұшпанға тізгін бермеген,
Ерте жатып кеш тұрған,

Өңкей сырбаз ерлерім.
Алмас болат, ақ қылыш,
Қиясынан сермедің.

батырлар  жыры
Кең өрісте жай малым,
Күмістен соққан сайманым.
Алдына дабыл өңгеріп,

Артына сауыт бөктеріп,
Қияқты найза қолға алып,
Лашын құстай толғанып,
Артымнан келер деуші едім,

Қазанда жатқан ерлерім.
Қысылғанда тимеді
Сендердің қайрат, еңбегің.
Айбалта, қылыш, жарақтым,

Кең шалбарлы балақтым,
Рүстемдей талаптым,
Қысылған жерде көзіме
Бір көрінбей біреуің,

Жолыңа мұнша қараттың.
Қыршаңқы атты сартыңды,
Соқтықса, жығар деуші едім,
Тұмар мойын торы атым,

Ниязын беріп, жат етіп,
Қожа, ишанды пір қылып,
Бергенім қабыл болмады,
Малымды бекер кір қылдым.

Ол Қазанда хан қылып,
Қанша дәурен сүргіздің?
Құдіреті бар, еркі бар,
Айналайын, Құдай-ай,

Өртедің де күйдірдің.
Ол Қазанда жүргенде,
Жауған қардай борадым,
Дұшпанның алдын орадым.

Ақырында Құдай-ай,
Түрікпеннен ақыл сұрадым,
Мал мен жанды тәрік қылып,
Тентіреп кетіп барамын.

Тәңрінің өзі оңғарғай,
Осы қылған талабым.
Сендерге айтқан сөзім бұл,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Қой-қой, тама, аман бол,
Қазанға жеткін, қарағым.
Өстіп Нәрік жөнеді,
Баратұғын жолына,

Тоғытқан қойдай шуылдап,
Тамалар ерді соңына.
Қалмайын деп айрылып,
Бала-шаға зар қылып,

Нәрікбай безіп жөнелді.
Таманы кейін қайырып,
Ай мүйізді ақ қошқар,
Бөрі тартты қоңынан.

Құлағының тынышы екен,
Құтылмақтың оңынан,
Алтынды күмбез ақ орда,
Аңырап қалды орнынан.

Хан Нәрікті жөнелтіп,
Қайтты тама соңынан.
Басқан ізін тауап қып,
Отырған сүйді орнынан.

Тамақ ішіп, ұйқы жоқ,
Неше күн жылау көңлі жоқ,
Бізді қылма ойын деп,
Жас балалар шуылдап,

Қариялар зар жылап.
Құс шақырып, ит үрмей
Аза тұтып Нәрікке,
Неше күн жатты зарланып,

Қара жерді бауырлап.
Ендігі Нәрік сөзі бұл:

—Мінген атым шалқасқа,

Қамшы салдым жамбасқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Бектердің жолы бір басқа.
Ерлі, байлы екеуі

Қол ұстасып жөнеді,
Артына көзін салмасқа,

батырлар  жыры
Жасынан тіккен ақ орда,
Алтын аяқ, ақ күміс,
Тырнақтап жиған мал басқа.

Түсі сауық келеді,
Төрт қырлап соққан жебенің.
Ажалдың оғы тигенде,
Қорғаны болмас көбенің.

Басына заман туғанда,
Жолдастығы жоқ екен
Дүние деген неменің.
Артына тастап таманы,

Іздеді Нәрік баланы.
Алтынды-күміс ақ орда,
Мал-жаны иесіз қалады.
Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Малы мен жанын Нәрекем

Тастап кетіп барады.
Екі көзден қан ағып,
Екеуі де зар қағып,
Ашынған пәнде қайтеді?

Аяғын жолға арба қып,
Маңлайдың тері шұбырып,
Табаны тасқа торылып,
Жалаң аяқ жер басып,

Тамыры жердің қуырылып,
Тоғайда жатқан мың жылқы,
Мінбеді бір ат бұйырып.
Кермісіннің сазында

Сары қоңыздай сары нар,
Бұйырмады біреуі.
Қарай шыққан мал мұндар,
Қисапсыз сиыр, қойы бар,

Малсыз бейнет көрмекке,
Нәрекеңдей шалдың ойы бар.
Табаны жерге тимеген,
Үстіне жаман кимеген,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Маңдайы күнге күймеген,
Бар жазығы қарып-ты,
Бір перзент бер деп іздеген.
Алжыған пәнде қайтеді,

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Перідей болып Күлқаныс,
Опасы жоқ сұм дүние,
Кімнің көңлін шат қылдың?

Сол сияқты патшалар
Өстіп өтті дүниеден.
Таудың басы шынар-ды,
Саздың басы шамалы.

Жер-жаһанды күңіренткен
Көктемде жаңбыр, тұманы.
Дуана қылған пендені
Ғашығы мен құмары.

Шуылдаған дауысты
Далада жүріп естіді,
Бала қып баққан бар еді
Нәрекеңнің бір шұбары.

Шұбар аттың далада
Есітті сонда құлағы.
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Адамнан зият ақылы.

Ырысына біткен бір малы,
Бар еді сондай күлзары.
Қызыл шақа күнінде,
Құлын болып туды сиырдан,

Тұлпар боп туған қиыннан,
Сиырдан туған қара тіл
Шалдырмас жанға Қырымнан.
Соны баққан Күлқаныс,

Ақ емшегін емізіп,
Бала қылып бұрыннан.
Бір ұзап, екі тыңланып,
Бір дабысты естіп аңданып,

Болғанын біліп бәленің,
Ауылға келді зарланып.

батырлар  жыры
Ақ ордаға келеді,
Иесіз тұрған ақ үйге
Үш айланып енеді.

Сөйлеріне тілі жоқ,
Көзінің жасын төгеді.
Жібердің мұнша жылауға,
Бала қылып Күлқаныс,

Бауырына басқан-ды.
Аунап-аунап шыңғырып,
Нәріктің ізін иіскелеп,
Артынан іздеп жөнеді.

Бір күн, бір түн болғанда,
Қарасын мұның көреді.
Айдалада бір шұбар
Кісінеп зарлап келеді.

Жатыр еді екеуі,
Табаны тиіп бір жерде,
Шұбарды қатын көреді.
Қайысқан болат сынады,

Желіккен жүйрік тынады,
Есінен танды Күлқаныс,
Көргеннен соң Шұбарды.
Күлқаныстай бәйбіше,

Құшағын жайып тұрады.
Мал да болса балам деп,
Қойнынан емшек шығарып,
Тұмсығын ап кеп иіскелеп,

Адамнан есті Шұбар ат,
Қойнына басын сұғады.
Күлқанысты иіскелеп,
Шұбар ат келіп тұрады.

Екі көзі жәудіреп,
Сөйлейтұғын тілі жоқ.
Қара көзден жас парлап,
Өксіп-өксіп жылады.

Бәйбіше мен Нәрікті,
Кезек-кезек иіскеп,
Мүсәпір болып бұғады.
Көзінің жасы бұршақтап,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Зарланып бірге Күлқаныс,
Шұбар атты құшақтап:

—Ай, Шұбар ат, Шұбар ат,

Әліби саған құмар ат,
Сенде барда қос қанат,
Менде беклік салтанат.
Мал да болсаң баламсың,

Артымнан келді азамат.
Елім болған Шұбар ат,
Балам болған Шұбар ат.
Қазаннан зарлап шыққанда,

Қияметтік жан жолдас,
Маған болған Шұбар ат,
Тыным болған Шұбар ат.
Алдымда ойнап баладай,

Күнім болған Шұбар ат.
Қазаннан маған зар жылап,
Қаңғырып жұрген кезімде
Дайын болған, Шұбар ат.

Қараңғымды жарық қып,
Айым болған Шұбар ат,
Ағам болған Шұбар ат.
Ел сағынып жүргенде,

Панам болған Шұбар ат.
Баласыз зарлап жүргенде,
Балам болған Шұбар ат.
Самалды жайлау, салқын төс,

Далам болған Шұбар ат.
Әуелі тудың сиырдан,
Қызыл шақа күніңде,
Нәсібің бізден бұйырған,

Ақ емшегімді емізіп,
Бала қып бастым бауырыма,
Алып бір жаттым қойныма.
Мал екенің білмедім,

Сирағыңды арттың мойныма.
Бала болып еркелеп,
Дәнеңе жоқ ойыңда.
Ілескелі келдің бе,

батырлар  жыры
Қайғылы сапар, жолыма.
Бала қып бастым бауырыма,
Ақ сүтімді емізіп,

Құлыныңнан тай шыққанда,
Пістенің дәнін жегіздім.
Тайдан құнан шыққанда,
Мал боламын дегіздім.

Аққу құстай мойныңа
Алтыннан қоңырау таққыздым.
Табаның тасқа тиер деп,
Күмістен таға қаққыздым.

Жарасуға сауырыңа
Жібектен қамқа жапқыздым.
Анық дөнен шыққанша,
Еркектің қолы ауыр деп,

Қырық қызға сені бақтырдым.
Қараңғы үйде тұрғызбай,
Қырық шырақ күнде жаққыздым.
Көптің көзі түсер деп,

Қырық бой тұмар таққыздым.
Алтындай көзің жайнатып,
Күріш пен майды шайнаттым.
Бәденің малға ұқсатпай,

Перідей қылып ойнаттым.
Сөйлеуге бірақ тілің жоқ,
Дүниені біліп-ойлаттым.
Затың таза мақпалдай,

Серпінің қатты қақпандай.
Дүниені бастан біліп ең,
Пірлерден назар тапқандай.
Бермеді саған біреуді

Үстіңе мініп шапқандай.
Затың таза құндыздай,
Таң шолпаны—жұлдыздай.
Мені Құдай зарлатты,

Саған бір ие туғызбай.
Сенің дауысыңды есітіп,
Жүрегім болды су-мұздай.
Танауың үлкен тұлпарым,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Түбі түскен шелектей.
Кекіліне қарасам,
Күлтеленген жібектей.
Жалың майда бапылдақ,

Сұлулар жайған желектей.
Анық тұлпар сен едің,
Төрт аяғың теректей.
Айшығыңа қарасам,

Ел жайлаған түбектей.
Жал-құйрығың күмістей,
Күлтеленген жібектей.
Кекіліңе қарасам,

Алтындаған байрақтай.
Анық балам болмасаң,
Артымнан іздеп келер ме ең,
Ізіме түсіп ойнақтай.

Айналайын, Құдай-ай,
Саған бітіп бір ие,
Маған бітіп бір бала,
Дос-дұшпанның ішінде

Мақтанар күн қай жақта.
Айналайын Байшұбар,
Сенен басқа кімім бар,
Қай менің туған ұлым бар.

Бір перзенттің зарынан,
Қартайғанда қылдым зар.
Бала қып бақтым мен сені,
Разы болшы, жануар.

Қайсысы келді артымнан,
Тоғайда жатқан дүние-мал.
Артымнан іздеп сен келдің,
Жасыңнан дәмді мен бердім.

Басыма түскен тұманды
Мал да болсаң сен көрдің.
Жанды, жансыз дүниеден
Тырнақтап жиған не көрдім.

Басыма заман туған соң,
Бәрін де тастап жөнелдім.

батырлар  жыры
Саған берген сүтіме,
Ай, жануар, разымын.
Шығар жолдың аузында

Ата-анаңа кез келдің.
Күйгелек Нәрік күйініп,
Бұ дүниеден түңіліп,
Нәрікбай жаным зар жылап,

Қайтермін мынау бүгіліп,
Өтпекші болдым дүниеден
Өмірімше жүгіріп.
Нәсібің болса, келермін,

Ажал жетсе, өлермін,
Кетпегін менен түңіліп,
Қош, қош, Шұбар, не дермін.
Осыны қатын айтады,

Құлыннан жаман шыңғырып,
Шұбар ат жылап қайтады.

—Менен қалды дүние-мал,

Иесіз тұрған орда бар.
Шұбар, сені мінбекке
Әліби доңыз ынтызар.
Қайрақты келсе, қағып ал,

Түрікпен келсе, аңлып ал,
Жылқыны он мың бағып ал.
Айналайын, Байшұбар,
Сенен басқа кімім бар?

Иесіз тұрған ақ орда,
Көп дүниеге назар сал.
Адасып қалған қырық ауыл
Тамалар сорлы зар жылар.

Түрікпен келсе шабам деп,
Жауап айтар кімім бар?
Қайсы бірін айтайын,
Кермісіннің белінде,

Қой, түйе, жылқы қалды мал.
Перзентім едің, Шұбарым,
Со дүниеңді бағып ал.
Әліби келер алам деп,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Айдаһардай ұмтылып,
Арыстандай қамтынып,
Халың келсе, қағып ал.
Ала алмасаң кәпірді,

Бас қамын қылып Қазан бар.
Табылар маған мал мұндар,
Не қылайын, Құдай-ай,
Пара-пара болдым-ау,

Кең дүние маған болды тар.
Соны айтты да Күлқаныс,
Етпетінен жығылды.
Нәрікбай қандай патша еді,

Дәулеттен бүгін сүрінді.
Мал-жанына жаны ашып,
Қайғырар емес бұ күнде.
Артынан Шұбар келген соң,

Құсасын біраз сыр қылды.
Адамнан есті Шұбар ат,
Сөйлеріне тілі жоқ,
Көзінің жасы құйылды,

Баурынан біраз бүгілді,
Бүркіттей көзі шүңілді,
Біздей белі бүгілді,
Патшасынан айырылып,

Айдалада азынап,
Кісінер Шұбар күн-түнде,
Қанатынан қайрылып.
Тұяғы тасқа кетіліп,

Айуан деп кім айтар,
Неше күндей оттамай,
Аза тұтып Нәрікке,
Жылқыда жүрді зар жылап.

Ендігі сөздің қысқасы,
Айтушы ердің ұстасы,
Мал—адамға бауыр ет,
Бұрынғының нұсқасы.

Желі туып оңынан,

батырлар  жыры
Жұлдызы туып тобынан,
Қол ұстасып екеуі,
Тағы да зарлап жөнелді,

Баратұғын жолына.
Етегі өрім жыртылып,
Үстінен биті төгіліп,
Тасқа басқан табаны

Көбесінен сөгілді.
Қайратпен жүріп өктеді,
Көңілді жерге жеткелі,
Табаны жерге тимеген,

Маңдайы күнге күймеген,
Үстіне жаман кимеген,
Бар жазығы ғаріптің—
Бір перзент бер деп іздеген.

Опасы жоқ сұр дүние,
Кімнің көңлін шат қылып,
Сол секілді патшалар
Өстіп өтті дүниеден.

Бейнет емей немене,
Табанының жарасын
Таспаменен көктеді.
«Пәлен жерде әулие

Бар»,—деп біреу сермесе,
Ынтық болды жеткелі.
Көк күмбезді моланы
Көлденең тастап өтпеді,

Безіректің есігін
Сыпырып, қылды қызмет.
Қожа көрсе бүлініп,
Жүгіріп қылды көп қызмет.

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Жалпылдаған баста шаш,
Етегі өрім өрініп,
Абыройына қарамас,

Әсте қолы тимейді,
Кір басқан үсті жалаңаш.
Табаны басқан көмірдей,
Түсі солған жуадай,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Іші қара сиядай.
Екі көзі жылауда,
Қара жер болды төсегі,
Жерге аунаған құландай.

Арыстың бойы алты адыр,
Алты айдай еңіреп келеді.
Жеті ғазиз Жайықта,
Жеті айдай еңіреп келеді.

Барайын деген жеріне
Шөлдегі аңдай желеді.
Аты шыққан әулие
Жер жүзінде көп еді.

Бірін тастап кетпейді,
Біріне бармай өтпейді.
Сондай бейнет көрсе де,
Сөйтіп жылап жүрсе де,

Бірі жәрдем бермейді,
Ешбір сәуле көрмейді.
Құдайдан сұрап біреуі,
Бір бала тілеп, бермейді.

Бір перзент тілеп беруге
Бірінің халі келмейді.
Тарығып келген бейшара
Күліп қайтсын демейді.

Жер жүзінде жеті шар,
Жеті дария деген бар.
Мағырып пен машырық,
Бәрін қоймай қыдырды.

Перзент болып ынтызар,
Ойлай алмай келеді
Мал-жаны мен ауылын.
Ғайып деген әулие,

Бұрын өткен кісінің,
Оған да барып түнейді.
Жөнін айтып бала деп,
Зарланып жүрген ісінің,

О да сайып қылмады.
Нәріктің көріп пішінін,
Кім білмекші еді зейінін.

батырлар  жыры
Жеті жылдай қыдырды,
Қайда әулие бар болса,
Кеттелердің қабірін,

Нәрікбай жылап айналып,
Демін алмай, дамылын,
Күлқаныс жылап тілеп жүр,
Ісінің ақыр сабырын.

Көріп болды Нәрікбай,
Жеті жылдай қыдырып,
Аты шыққан әулие,
Бүзіріктің қабірін.

Қабағы қатып түнерді,
Асаудай үзіп шідерді,
Есігіне бармаған
Қалды ма деп әулие,

Алысқа құлақ жіберді.
Бармаған жері қалмады,
Бәрі де назар салмады,
Дүниеден үзді күдерді.

Екінші көңілі желікті,
Ерлерге дәулет серік-ті.
Жеті ықылым дүниені
Жылап жүріп көріпті.

Жоғары мен төменге,
Не таулар мен өзенді,
Безірек сақтап жатыр дегенге,
Бәріне назыр беріпті.

Бұ дүниені қыдырып,
Диуана болды жын ұрып.
Түркістан деген бір жайда,
Бір күндерде келіпті.

Қатқан екен қабағы,
Арпа, талқан тамағы.
Рақат жоқ, ұйқы жоқ,
Ойын, тамақ, күлкі жоқ,

Кеңкелес, жынды, көңілі жоқ,
Өзі қиял, өзі мас,
Жын ұрғандай мәжнүн боп.
Өзі жаяу, жалаңаш,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Өзі ғаріп, өзі аш,
Тентіреген екі бас.
Түнерген қатып қабағы,
Көңілінде жаны бар болса,

Бір бала мұның талабы.
Сөйтіп көрген қу бала,
Қайда сүйреп барады.
Тіршілікте кісіге,

Мәртебесі жалғанның—
«Баласы кісі» дегені.
Баласы кісі мәрт болмас,
Қалжың сөз бен керіске.

Ендігі сөздің баяны
Жолықты Нәрік көп іске.
Түркістан деген бір жайға,
Сиынып келді Құдайға,

Қасиеті көп еді,
Сексен сегіз саруар,
Тоқсан тоғыз машайық,
Отан қып жатқан жер еді.

Қазыреттің Қара тау
Әулиенің кені еді.
Сайрамда жатқан сансыз бап,
Түркістанда түмен бап

Кісі мекен дер еді.
Отырарда отыз бап,
Ең үлкені Арыстан бап,
Бәрі де мұның шын еді.

Қожа Ахмет Ясауи,
Сұлтан менен әруақ
Өтен қып жатқан жері еді.
Біреуін қоймай қыдырды,

Есігінде зар жылап,
Нәрікбай патша өзі енді.
Ерлі-байлы екеуі,
Өстіп жылап жүргенде,

Бірінен нышан көрмейді.
«Бұ дүниеден кеттік»,—деп,
9–253

батырлар  жыры
«Наумыт болып өттік»,—деп,
Бұлар да ақыл қылмады.
«Әулиенің үлкені,

Сардарына жеттік»,—деп,
«Мүсәпір болып келсек те,
Бірінен жәрдем көрмедік.
Біз күнәһар, не еттік,—деп,

Бұ дүниеден кетейін.
Еңбегімді бермесе,
Етпеттей беріп не етейін.
Пендесі мендей жоқ па екен,

Мәжнүн болып өтейін.
Ақ көңіл-ақ сорлы едім,
Не қылды бізге не ғалым.
Шолақ екен дүние,

Ақырет қамын етейін.
Болса да перзент бермейді,
Енді қайда кетейін.
Бір күндік қапты өмірім,

Ашылмады көңілім.
Есігіне қағбаның
Ауқат қып жүріп өтейін».
Ортеке болып орықты,

Орғып жүріп торықты.
Ендігі кеңес бұл болды,
Қажыға бармақ болыпты.
Шыңбұлақ деген бір жерге

Бір күні келіп қоныпты.
«Шыңбұлақ бастау» дер екен,
Шыңбұлақтың басында,
Таһрат алып отырып,

Түбінде ғымран болғандай,
Неше ғазиз әулие
Бұған келіп қонғандай,
Нәріктің айтқан сөзі еді,

Нәріктің айтқан налыспен.
Жай болған осы шың мешіт
Құмдақ келген жер екен.
Шың бұлақтың бойынан,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Көңілі қалып көшті де,
Бадамға келіп түсті енді,
Бадамның бойы пісте еді.
Сырдариядан өтпекке,

Қожантты басып кетпекке,
Талап қылып жол жүрді,
Самарқанға жетпекке.
Самарқанда Шаһызанда,

Сапар қылып келдім мұнда,
Зор келтіріп екі қолға,
Ай, Құдай-ай, өзің оңда.
Талап қылып Нәрекем,

Самарқанға келді сонда.
Онда жатқан Шаһызанда,
Ол жерде һәм ишарат болмай,
Тәуекел деп түсті жолға.

Бұқарадағы Баһауаден,
Ол жылап келген кісіге,
Үш күн тұрды есігінде,
Тілеу тілеп шыныменен.

Бұл арада ишарат жоқ,
Тәуекел деп Нәрекең,
Мамбайдың басып жолымен,
Құзардың Қарсы шөлімен,

Нәрікбай еңіреп барады,
Енді жынды көңілімен.
Үйрек ұшып, қаз қонар
Айдын шалқар көлінен.

Ел ішіндегі жалғыздың
Не түспейді ойына.
Ұзақ сапар қылмаққа,
Қарсының түсті жолына.

Нан пісуші еді Қазанда
Хан Нәріктің деміне.
Өкімет көрген кісі еді,
Қазанның байтақ елінде,

Алтын тақтың үстінде,
Белдігі кемер белінде.

батырлар  жыры
Мүсәпір болды бұл күнде,
Кәріліктің шенінде.
Қол ұстасып екеуі,

Дуана болып барады,
Құлазып жатқан қу дала,
Құзардың ұзақ шөлінде.
Қарсы-Құзар дер екен,

Құлазып жатқан шөл екен.
Ондай-мұндай жұрт болып,
Көбеймеген жер екен.
Әр құдықтан су ішіп

Ауғанда күн бесіннен.
Құлазыған қу дала,
Таусылмас ерте-кешінен.
Ұмытпайтұғын бір сөз бар,

Ендігі жанның есінен.
Неше күндей жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Құтылмай жапан түзінен,

Келе жатып Нәрікбай
Жығылды танып есінен.
Ақылынан айрылып,
Алаңдайды Нәрікбай.

Есінен танып қалыпты,
Пері ұрғандай, шалықтай.
Келе жатып екеуі,
Не болғанын білмейді,

Нәрікбай жатып қалыпты-ай.
Айналдырған екеуі,
Жығылған соң біреуі,
Күлқаныс жылап тарықты-ай.

Ашылған бауда гүл еді,
Сөйлеуге қызыл тіл еді.
Нәрікбай патша жығылды,
Өлімге қиял жіберді-ай.

Өледі деген себебі,
Жеті жылдай зар жылап,
Бір тыным алмай жүр еді,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жасы жеткен кісі еді,
Жеткен-ақ жері болды енді.
Нәрікбай жылап жүрсе де,
Жыламаушы еді Күлқаныс,

Бір артық жері бұл еді.
Екеудің бірі жатқан соң,
Не қыларын білмейді,
Аң-таң болып тұр енді.

Нәрікбайды байқаса,
Өлгелі тұр ал сонда.
Оны көріп Күлқаныс,
Қайтемін деп қысылды.

Өзі мұндай көрмеген,
Тегі әйел емес пе,
Өлсе Нәрік қайтеді,
Жалғыз нешік шара бар.

Қазаннан шыққан қаңғырып,
Ел жұртынан айрылып,
Ол күндерде қапа боп,
Жылаған жоқ зар қылып.

Әліби қылып зорлығын,
Түрікпеннен көрген қорлығын,
Онда да жылап көрген жоқ.
Шүкірлік қылған қадір түн,

Мал мен жанды тәрік қып,
Тастаған екен орнына.
Қырық үйлі тама шуылдап,
Үш күн ерген соңынан,

Сонда да әйел Күлқаныс,
Түк келтірмеген ойына.
Жеті жыл жүрген далада,
Ынтық болып балаға,

Әулиенің жолында,
Қапа боп Нәрік қартайған.
Түк келтірмеген ойына,
Бір сақтағаның Құдай-а,

Бар шығар деп Күлқаныс,
Тәуекел деген берік сөз,
Кетпеді, сірә, ойынан.

батырлар  жыры
Ойлағанмен қиын-ды,
Нәрікбайды жын ұрды.
Екі көзі алаңдап,

Өлмек болып жығылды.
Есінен танып Күлқаныс,
Мүсәпір болып бұл күнде,
Еш адам жоқ қасында,

Қиялдың ісі қиын-ды,
Шыр көбелек айналып,
Жылады қатын зарланып:

—Ай, жаратқан жалғыз, Құдай-ай,

Көрсеткен күнің көп екен,
Мен ғаріпке мұндай-ай.
Аспаннан тұман орнады,
Тіземнен баттым лайға,

Іздеген таппай қоймайды.
Пайғамбардың перзенті,
Патима менің пірім-ай,
Мен де сенің құлың-ай.

Үмбетің болған кісіге,
Бір салмадың көзіңді-ай.
Қазаннан шықтым асы боп,
Сүйерге жоқ деп ұлым-ай.

Бір тыныштық салмады,
Әліби деген зұлым-ай.
Перзент тілеп алам деп,
Далада қалдым зар илеп,

Не болады күнім-ай.
Осындай ма еді тілегім,
Ол Қазаннан шыққанда,
Білеулі еді білегім.

Перзент тілеп алам деп,
Жаралы еді жүрегім.
Енді қандай болам деп,
Мен бейшара жүр едім.

Нәрікбай жылап жүрсе де,
Сақтағаны Құданың
Бар шығар деп жүр едім.
Бұ не деген сұмдық сөз,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Патша болған Нәрікбай,
Жас байтақтың жерінде,
Бір уыс топырақ бұйырмай,
Ит иіскеп, қасқырлар

Тартты деген сүйегін.
Жиған малым сиыр-ды,
О да мұрнын шүйірді.
Біздей болған бар ма екен,

Өтіп кеткен бұрынғы.
Еш пендеге салмасын,
Менің бұл ісім қиын-ды.
Бұ не деген сұмдық сөз,

Патша болған Нәрікбай
Далада қалса көмусіз,
Адамнан топырақ бұйырмай.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,

Жаратқан Тәңірім болжалсыз,
Қазаннан зарлап шыққанда,
Желіктірмесемші мен арсыз.
Барлығын Құдай қылады,

Басында мен де мекермін,
Бала тілеп не етемін.
Аспанның асты күйек-ті,
Енді қайда кетермін.

Бала тілеп алам деп,
Әулиеге барам деп,
Обалыңа мен қалдым.
Ел қыдырып нетермін,

Іштен туған ат бедеу.
Неге шықтым Қазаннан,
Туысқан-туған адамнан.
Бала тілеп алам деп,

Бермесін тілеп Тәңірінің,
Күнәкар, асы екенмін.
Әуелі тудым адам боп,
Мастық қып жүрдім надан боп.

Жалғаншы пәни дүниеден
Еш арманым қалған жоқ.
Ақырында қор болдым,

батырлар  жыры
Бір перзент үшін зар болдым
Өзімнен туған балам жоқ.
Бастайтын Құдай, Пайғамбар,

Қазанда алтын тағың бар,
Үш алашқа хан болған,
Далада қалды көмусіз,
Нәрікбай деген кемеңгер.

Ажал жетсе пендені
Жұтпай қоймас жебір жер.
Айналайын, Құдай-ай,
Балаңа разы болайын,

Нәрікбайдың жанын бер.
Жылқы ішінде сұр мұңлық,
Халық ішінде біз мұңлық.
Ешкімге көнбей ұрынып,

Перзентке талап біз қылдық.
Перзент үшін зар жылап,
Жеті жолда біз жүрдік.
Әулие перзент беред деп,

Шөл жазираның жолында,
Нәрікбай сынды падиша,
Көмусіз қалған не сұмдық.
Қазанда бар-ды көп дұшпан,

Шыққанда болдым мен пышпан,
Көрсетіп алсаң соларды,
Разымын, Жаратқан.
Қазанда бар-ды көп туған,

Сыртымнан мені сөз қылған.
Соларға мәрт қып далада,
Алғаның ба, меһірбан,
Мына жалған дүниеде

Мінасар болды сол маған.
Қор болып өтті Нәрікбай,
Опасы жоқ қу жалған.
Дәнеңе жоқ ойымда,

Қандай боп өтті бұ жалған.
Шаһарлы жерде өлмеді,
Ісләмға жақын бір табан.
Өзім қиял, өзім жас,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жанымда жоқ бір жолдас.
Неге жолдан қайырмай
Желіктірдім мен қу бас?
Иман айтар адам жоқ,

Өлсе, көмер заман жоқ.
Опасы жоқ дүние,
Өстіп алар дүние боқ.
Өкпелейін несіне,

Ойын-күлкі көп көрдім
Ерте менен кешінде.
Өзімнен туып бір бала,
Тармаспай кетті төсіме.

Қазанда жатқан пірлер-ай,
Хабарымды алмадың,
Түспедім бе есіңе?
Ұсынсам қолым жетпеді,

Аққала деген қаладан.
Жеті жыл болып мүсәпір,
Нәрікбаймен екеуміз
Күн көріп жүрдік даладан.

Өлсем де үміт үзбедім,
Бере ме деп баладан.
Баласы құрысын басыма,
Кесір боп ойнап жасыма,

Бала іздеген Нәрікбай
Ажалы жетті даладан,
Бір уыс топырақ бұйырмай
Туысқан-туған тамадан.

Әуелі тудым анадан,
Жаралдым қауыз, қанадан.
Көзімнің жасын көрмеді,
Бір тарбиат бермеді.

Есіме алып сұрасам,
Анамыз мама Ауадан.
Үміткер едім қорғар деп,
Пірім—қожа Ажардан.

Зар илеп тұрмын бұ жолда,
Болмаса медет Сарадан.
Иә, Патима, Әзірет,

батырлар  жыры
Үмбетіңнен хабар ал.
Қаңғырып қалдым даладан,
Ғауыс Қияс әулие,

Құтқара көр пәледен.
Шөлдерді кезген, қырық шілтен,
Қысылған жерде қолдай көр,
Айрылдым Нәрік бабадан.

Шөл иесі,—шөл Қызыр,
Көл иесі,—көл Қызыр,
Арыған мен аңсаған,
Сусаған мен шаңқаған

Жетіледі сізден деуші еді
Далада қалып шаршаған,
Оңдай көргін, пірлерім.
Шаруа тігер шайласын,

Кедейлер қылар пайдасын.
Назаркерден Күлқаныс
Тауысып тұрды айласын.

—Айналайын атыңнан,

Иә, қырық шілтен, қолдай көр,
Далада қалдым қайдасың?
Байлар қымыз құяды
Аузы қайқы зеренге.

Мергендер оқ салады
Сегіз қырлы перенге.
Бад табиғат, назар қыл,
Ақылынан адасып,

Мүсәпір болған немеңе,
Ел-жұртынан айрылған.
Жетер заман бар ма екен
Біздей сорлы мүсәпір

Қазанда жатқан көп елге?
Ғайып Ерен, қолдай көр,
Кетті ғой Нәрік тереңге.
Босанды болат темірім,

Қор болып өтті өмірім.
Үстіме түскен, ауыр жүк,
Бар ма екен, сірә, кемірің.
Нәрікбай өлсе бұл жерде,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Көметұғын адам жоқ,
Үстіне орап кебінін.
Көлде жүрген, ерлер-ай,
Шөлде жүрген, ерлер-ай,

Жолда қалған ғаріптен
Хабар алғыш пірлер-ай.
Хабар алсаңшы әлімнен,
Мен бейшара не қылдым.

Үйрек ұшып, қаз қонар,
Көзден аққан жасыма.
Қиямет сауда, қиын күн,
Түсіп тұр мұның басыма.

Айтушының бұ сөзі
Рас болса, естуші ем.
Аспанменен айланып,
Жетіп келді қырық аққу

Күлқаныстың қасына.
Аспаннан қырық қу келді де,
Зікір салып күңіренді.
Қу екен деп байқасам,

Қырық сәлделі пір келді.
Тілеуін Тәңірім бергенін
Күлқанысайым білді енді.
Қырық шілтен бұған сөйлейді:

—Айдын-айдын көл,—дейді,

Көлсіз жерлер шөл,—дейді,
Елдегі сорлы сен,—дейді,
Ол Қазаннан шыққалы,
Бермен қарап зар жылап,

Бір тыныштық салмадың.
Құлағыма сен,—дейді,
Жеті жылдай қаңғырдың,
Бармаған қалмай жер,—дейді,

Сол безіректің бәрі де
Сенің үшін зар қылып,
Арызыңды тілеп еңіреді.
Сүймеген пенде сен, балам,

Саған перзент бер деуге,

батырлар  жыры
Солардың халі келмеді.
Не боласың дүниеден,
Енді, балам, сен,—дейді,

Сенің [үшін] зар жылап,
Тілеп еді солар да,
Бәріне де бермеді.
Ғайып Ерен қырық шілтен,

Жоқтаған пірің мен,—деді,
Саған перзент бергелі
Келгенім жоқ мен,—деді,
Қиялдық қылып аңқылдап,

Зарлай берме сен,—деді,
Құлазыған қу дала
Құзар деген шөл еді.
Қырық шілтен шықса алдыңнан,

Қарсы келіп мен,—деді,
Қарсы Құзар атанар,
Түбінде осы жер,—деді,
Сол жазира қазір бұл.

Түбінде бұл болады,
Қырық миллион ел,—деді,
Қарсы Құзар қоямын,
Мұның атын мен,—деді.

Саған бір сөз айтайын,
Мұнда тұрмай жөнегін.
Сексен сегіз саруар,
Тоқсан тоғыз машайық,

Отан қып жатқан жер еді,
Қазіреттің Қара тау,
Кешікпестен бар енді.
Қара таудың бауырында,

Қара көлдің қарнында,
Жеті пірге қол берген,
Жетеуін бірдей тең көрген.
Кім нашар болып жыласа,

Тезірек соған дем берген.
Кім жалғыз болып жыласа,
Көпке әкеліп теңгерген.
Әулиенің серкесі,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Бір Тәңірімнің еркесі,
Ысқақ Бабтың қалпесі,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Қабірін көрген болған мәз,

Сол кісіні ізде сен,
Айтайын сол сен үшін.
Тәңірге жылап көрмесе,
Сол кісі тілеп бермесе,

Неше адамның қажетін
Ашады деп естуші ем,
Есігіне барып еңіресе.
Ертерек соған жет,—деді,

Мұнда тұрмай көп,—деді,
Қажетің содан жетпесе,
Көңілің кірі кетпесе,
Не боласың дүниеден,

Тентіреп өліп кет,—деді.
Сонда қатын сөйледі:

—Өңім бе, әлде түсім бе,

Алла оңдаған ісім бе,
Жолыққаным рас па
Қырық шілтен деген кісіге?
Неше жыл жүрдім зар жылап,

Құс ұшпаған далада,
Тілеуді Тәңірім бермеді.
Айналайын, Құдай-ай,
Жолыққаным рас па

Қырық шілтен деген бабаға?
Жолыққаным шын болса,
Қырық шілтен бабам бұл болса,
Айналайын, пірлер-ай,

Қалмаспын енді далада.
Айналайын, пірлер-ау,
Бермесе қойсын, қайтейін.
Ынтық болып балаға

Өлі-тірі арада,
Рас па көрген, пірім-ай,
Өңім бе, менің түсім бе?
Нәрікбай жатыр өлмек боп,

батырлар  жыры
Қайтейін тілеп ұлын-ау?
Берер күнде бермеді,
Иіскелетіп қолын-ау.

Мүйіз тілеп алам деп,
Құлағынан айрылған,
Тоқал ешкі мен болдым.
Бар көргенім бұл болды,

Шерменде кісі мен болдым,
Бала тілеп алам деп,
Бұл дәулетке кез болдым.
Тауықтай болып күлге аунап,

Табамын ба баланы?
Атым әйел емес пе,
Ақыл-есім қалмады.
Дұға қылғай Нәрікке,

Тірілер ме екен жолдасым?
Жаз да шығып барады.
«Кетіпті,—деп,—ақылың,
Сасыпсың,—деп,—жарқыным»,

Етегімен қырық қожа
Бір-бір сипап өтеді.
«Басыңды көтер, Нәрікбай»,
Деп, бір аттап кетеді.

Мәлім болды сол жерде,
Қырық шілтен мұның екені,
Ғайып боп дереу кетеді.
Қарғып тұрды Нәрікбай,

Пірінің берген қуаты
Кәдімгідей адам қылады.
Ол уақытта расы-ай,
Нәрікбайды тірілткен

Күлқаныстың дұғасы.
Әйелге берген қырық шырақ,
Шын көңілмен жыласа-ай.
Ендігі сөздің қысқасы,

Айтушының ұстасы,
Көргенін қатын айтады
Нәрікбайға сыр қылып.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Құдайға айтты боз қасқа,
Бейшара боп бұл жүріп.
Пірі рұқсат қылған соң,
Несіне тұрсын бұл жерде,

Ізінше қайтты сарп ұрып.
Қуанған мен қорыққан бір,
Бір-біріне айтты сыр.
Бұған да шүкір қылдық деп,

Қаратау деген мекенді
Тынбастан жүріп келді іздеп.
Ойын, күлкі, ұйқы жоқ,
Қайғыланып, күңіреніп,

Ишарат тапты Күлқаныс,
Қырық шілтенді бұл көріп.
Дәретсіз жүрмес Нәрікбай,
Көргенін сұрап, үйреніп,

Қазіреттің қара тауына
Келді екеуі ізденіп.
Қазіреттің Қара тау
Қалың шаттың аралы-ай.

Аса, Талас екі өзен,
Екеуін бірдей жағалай,
Сандалып жүр қос мұңлық.
Пірін іздеп таба алмай,

Ортеке болып орықты,
Орғып жүріп торықты,
Торыққан пенде қайтеді.
Бұлар да сондай болыпты,

Бір топ шеңгел басында,
Бір топ ағаш қасында.
Азын-аулақ қыс жатып,
Сол ақ шеңгелдің басында,

Бір бұлаққа кез болды.
Бұлақ емес қайнар көз,
Дөңгелегі үш жүз кез,
Аударылып ағады

Зеңбірек атқан оқтан тез.
Іші толған жыланы,
Айқасып жатқан ақ жылан,

батырлар  жыры
Оймақтай оның құлағы,
Бір кереметті бұлағы,
Жыланменен аралас,

Сырықтан ұзын балығы.
Қасына барған адамға
Биттей жоқ оның шабуы.
Кереметті бір жер-ді,

Білінді мұның анығы.
Мұнан өтіп қатының,
Ешқайда жоқ баруы.
Қасиетті емей немене

Қалай пірді тануы.
Қабиділлалап шаш қойып,
Ақ шеңгелге бас қойып,
Етбетінен жығылды,

Кереметі білінді.
Жатып алды зар жылап,
Ақ шеңгелдің түбінде.
Қызыл сеңгір жер еді,

Сол сеңгірдің түбінде
«Қызыл көл» деген көл еді.
Нәрікбайды шақырды,
«Жарылқар пірің бұл жақта,

Нәрікбай, бермен кел»,—деді.
Қызыл таудың қасына
Барып қалған Нәрікбай,
Қатынға қайтып келмеді.

Арқыраған суы бар,
Жарқыраған туы бар,
Аспанға жеткен буы бар,
Аты шыққан бұл модар,

Неше әулиеге барғанмен,
Бірінен аян көрген жоқ.
«Бір түп шеңгел олқысты,
Маған бала беред деп,

Ақымақ болып сен»,—деді.
Қатын бұған бармады,
Нәрікбай оған келмеді.
«Тәуекел қылдым мен,—деді,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Берсе Тәңірі көрдім,—деп,
Бермесе тағы мейлі,—деп,
Бір түп шеңгел олқысты.
Маған бала беред деп»,

Нәрікбай оған келмеді.
Қасиетті жер екен,
Осы жерде жатам деп,
Қалың ағашты аралай,

Кетті суды жағалай.
Әуре болған неше күн,
Іздеген пірін таба алмай,
Екі жерде екеуі

Жатып қалды сормаңдай.
Ай мүйізді ақ қошқар,
Шыққан айтып жолына.
Піріне айтып шалды енді,

Шамшырақты-ай қояды,
Мұсылмандар ішіп-жеп,
Құдайыға тояды.
Әулиеге барғанда,

Ұйықтамасын дер еді,
Түн ортасы болғанда,
Зар қылып жылай береді.
Қапілет ұйқы, қам кеуде,

Кеудесіне енеді.
Түн ортасы болғанда,
Ұйқыға көзі барғанда,
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Бетінде нұры аралас,
Етегі өрім өрілген,
Бір түрлі адам көрінген.
Кәлем Алла қойнында,

Сары таспық қолында,
Өзі ақтың жолында,
Ақ шалмалы пір болып,
Бір диуана келеді.

Көніп тағдыр ісіне,
Қуаныш еніп ішіне,
10–253

батырлар  жыры
Жолықты сондай кісіге.
Баба Түкті Шашты Әзіз
Кірді қатын түсіне.

—Жатқан жерің көл,—деді,

Жүрген жерің шөл,—деді,
Менен бұрын қыдырып,
Неше әулиеге барғанда,
Ұйықтамай зар еңіреп,

Отырушы едің арманда.
Мен енді бұған келгенше,
Ұйықтап жатыр бейқам боп,
Жетіскен екен шерменде,–

Деп ашуланып жөнелді.
Ұлық дәргей емес пе,
Тағы да қалып енеді.
«Үш күн қарны ашқаннан,

Үш күн жаяу басқаннан
Сұрама ақыл деп еді.
Бейшарада не ес бар»,—деп,
Жана қайтып келеді.

Оятуға есіркеп,
Түсінде хабар береді:

—Жүрген жерің шөл,—деді,

Өміріңше еңіредің,
Тәңірім тілек бермеді.
Қайтқан жерін Қызырдың,
Қадам сайын Күлқаныс

Зар жылап жеттің Қызырға.
Қабыл болып бұл налыс
Дұғасымен солардың,
Сен бермен қарап жүргелі,

Аузыңа атым кіргелі,
Қырық мәртебе жыладым
Құдайыма мен,—деді,
Әулиелер сен үшін,

Тілеген екен бермеді.
Сенің үшін бәрі де,
Тілегін айтып зар қылып,
Арызыңды айтып еңіреді,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Соларға да бермеді.
Сүймеген пенде сен балам,
Сенің үшін зар еңіреп,
Тілеп еді солар да,

Бәріне де бермеген.
Ал Нәрікбай кетті деп,
Сізден талап етті деп,
Құдайдан тілеп көргін деп,

Берсе алып бұған бергін деп,
Дұғасымен Қызырдың
Тілеп едім Құдайдан.
Қырық перзент алып келдім деп,

Берді Тәңірің кеңдікті,
Кесірің кетіп жөндікті,
Жөнелгін ғаріп сен енді.
Күлқаныс сонда сөйледі:

—Қай жерде менің мекенім,

Мекенге қашан жетемін?
Жасар жасым жасаған,
Жақ сүйегім босаған,
Қырық баланы қайтейін,

Баласындай шошқаның
Шуылдасып не етейін?
Түйенің оты андызды-ай,
Сиырдың оты жалбызды-ай.

Дұға қыл да, кемел пір,
«Қырық мыңнан өтер қыран қып,
Берсін деп саған жалғызды».
Тағы да қатын сөйлейді:

—Қазанда қалды мекенім,

Мекенге қашан жетемін?
Жеті жылдай тентіреп,
Далада болды өтенім.
Дұғасымен шілтеннің

Сізді тапқан екенмін.
Тапқанда бердің жалғызды,
Жалғызды мен не етермін?
Жалғыздың жаны жарым-ды,

батырлар  жыры
Жазым болса бір күні,
Тағы да қайда кетермін.
Алты айшылық Қазанға

Қаңғырып қашан жетермін.

—Жылама, балам, жылама,

Бір сынаған піріңді,
Екі қайтып сынама.
Саған берген баланы
Құдайың жаман қыла ма?

Жаратты ішін көмірден,
Сыртын болат темірден.
Қара сақал піріңді
Қайда барсаң жад қып жүр,

Кем болмас балаң өмірден.
Атса, мылтық өтпейді,
Шапса, қылыш батпайды.
Қара сақал диуана

Қайда барса балаңның
Шылауынан кетпейді.
Осыны айтып кәміл пір,
Ғайып болды қасынан.

Хабар алып қатыннан,
Көзден аққан жасынан,
Қарғып тұрып оянып,
Піріменен сөйлескен,

Өзінің қатын даусынан,
Түрегелсе түсі екен,
Түсінде көрген ісі екен.
Өңім бе деп байқаса,

Түсінде көрген кісі екен.
Түрегеп қатын алаңдап,
Жан-жағына қарады,
Айрылып пірден қалады.

Алтын тапқан кісідей,
Көкірегі қатынның
Алып-ұшып барады.
Ұйықтап жатқан Нәріктің

Жағасынан алады.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

—Түрегел, Нәрік, сүйінші,

Киіміңді киінші.
Ақ жарылқап, күн туды,
Қайғың кетті басыңнан,
Хабарлады әулие,

Көзден аққан жасыңнан.
Мұрадыма мен жеттім,
Не таптың таудың тасынан,
Тәуба қыл еткен ісіңе,

Тәңірім өзі жеткерді
Аққа жеткен кісіге.
Түрегелді Нәрікбай,
Көкірегі кірілдеп,

«Не дейсің, қатын, маған,—деп,
Не берді пірің саған,—деп,
Ақ жарылқар күн туар
Болды ма, қатын, заман»,—деп,

Қуанған мен қорыққан бір,
Нәрікбай еңіреп сұрап тұр.
Екі көзден жас парлап
Бетін жуып жылап тұр.

Күлқаныс сонда сөйледі:

—Келдім іздеп піріңе,

Жарады пірім күніме.
Пірдің есігін [ашқанда],
Осы бір жақты зейініме.
Аузымды ашып түкірді,

Бір қожа келіп тіліме.
«Тілің қысқа болған,—деп,
Көңіліңнен кетсін арман,—деп,
Бір перзенттің жөнінен

Қор болдың ғой жазған»,—деп,
Жібек баулы бір сұңқар
Келіп қонды мені іздеп,
Ашылып тұрған гүліме.

Сүйінші бергін ырымға,
Кетіп едің Қырымға.
Қара сақал диуана,

батырлар  жыры
Қайырылып назар қылды да,
Бір ақ сұңқар қондырды,
Төрдегі тұрған тұғырға.

Қара жорға ат мінген,
Жал, құйрығын шарт түйген,
Қара сақал диуана,
Сақа ұрықты болғанда,

Көрінген жоқ па көзіңе?
Ей, Нәрікбай бейшара,
Аш көзіңді ұйқыдан.
Іздеп келген піріңіз,

Берді білем бір бала.
Бұ сөзді естіп Нәрікбай
Есінен танып қалыпты-ай.
Далбаса қылып қуанып,

Түрегелді шалықтай.

—Есіктің алды ебейін,

Күйген үрер көмейін.
Қуанған мен қорыққан бір,
Мен бейшара не дейін?
Рас болса бұл сөзің,

Енді саған не дейін?
Малым түгіл жалғанда,
Бас билігін берейін,
Қай ісіңе жоқ дейін.

Өміріңше бетіңе
Бір қарамай өлейін.
Күлқаныс сондай бәйбіше,
Бұған разы болмайды.

Қайтсем разы болар деп,
Нәрікбай шал ойлады.
«Арық көңілі—жарық» деп,
Бір жатып тұрып ойнайды.

Қызғандай басып көрікті,
Темірге қызу беріпті.
Үстіне қатын алмасқа,
Артылта қамшы салмасқа,

Екеуі сертке еніпті.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Әулиенің жерінде
Үш күн жатып түнепті.
Үш күннен соң пірінен
Лұқсат алып жөнепті.

Мадан майдан, жол майдан,
Майдалай басып жөнеді.
Жолында қызыл тікенді
Көрпедей басып желеді.

Елге қашан жетем деп,
Ентелей басып келеді.
Баялышты құба жон,
Адырмақты арада,

Тумай-ақ қатын мас болды
Түсінде көрген балаға.
Қуанғаны соншама,
Анда-санда Нәрікті

Тосып-тосып алады.
Түске қатты мастанды,
Көтергендей көңілі.
Түсіп кетсе аспанды,

Қашырлаған қара тастарды
Көрпедей басып-жаншады.
Илектенген қара тас
Шығады басса талқаны.

Бет алған соң еліне,
Қайраты тасып артады.
Көлшүнгентпен қоштасып,
Еліне қарай қасқарды.

Басшы болып Күлқаныс,
Нәрікбайды қостады.
Көңіліндегі қайғының
Барын жойып тастады.

Ендігі сөздің қысқасы,
Айтушы ердің нұсқасы,
Қырық күн жүрген жолына,
Қарсы, Құзар шөліне,

Сегіз күн тынбай жол жүріп,
Жетіп келген секілді,

батырлар  жыры
Жонды обаның дөңіне.
Ақша бір жауған қар еді,
Ғаріптің көңілі тар еді.

Жонды обаның бауырында
Шыңбұлақ бастау бар еді.
Шыңбұлақтың қасында
Бір күн жатып тынықты.

Күлқаныс сынды бәйбіше
Бейнетін көрген ұмытты.
Ал сонда Нәрікбай Шыңбұлақтың басында дәрет алып оты­
рып, есін жиған соң, баласындай болған Шұбар ат ойына түсіп,

Күлқаныс екеуі жонды обаның басына шығып, ашты дауыспен
Шұбар атты шақырып айтқаны:

—Біз шыққанда ауылдан

Ат бауырынан саз еді,
Суы шыққан саз еді.
Біздер зарлап жүргенде,
Жаһанның бәрі мәз еді.

Балам едің, жануар,
Бар болсаң, келші тез енді.
Бар болсаң, келгін, Байшұбар,
Көрмекке Нәрік ынтызар.

Ынтық болып мен тұрмын,
Бір көрмекке бой құмар.
Бар болсаң, келші, жануар,
Адамға сені балаушы ем.

Демеуші едім сені мал,
Перзентім едің, Шұбар ат.
Нәрікбай жылап қылды зар,
Бір көрмекке боп құмар.

Осылай деп айқай салады,
Нәрікке Шұбар бала еді,
Есітпей Шұбар елде жүр.
Нәрікбай жылар далада,

Нәрікбайдың дауысын
Шұбар аттың құлағы

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Он мың жылқы ішінен
Анықтай естіп қалады.
Тілеуді қайдан берді деп,
Нәрекем қайдан келді деп,

Көтеріп басын алады.
Азаншының дауысындай
Нәріктің шыққан дауысын
Әбден естіп алады.

Құйрығын салып сыртына,
Жылқының шығып шетіне,
Құлыннан жаман шыңғырып,
Ақ төбені бетке алып,

Шұбар ат ойнап барады.
Шұбар атты көрген соң,
Нәрікбай мен Күлқаныс
Еш дәрмені қалмады.

Жер бауырлап зар жылап,
«Ой, Шұбар»,—деп жылады.
Анда Шұбар жетіп кеп,
Кішілік істі қылады.

«Қайрақтының бірі ме,—деп,
Мені атқалы жүр ме»,—деп,
Көлденеңдеп тұрады.
«Айуандыққа бастың,—деп,

Бөтенді қайдан таптың»,—деп,
Дауысын естіп Нәріктің,
Ық жағына шығады,
Жел жағына шығады.

Адамнан есті жануар
Иісін алып бұлардың,
Жетіп келіп алдына,
Қояннан жаман бұғады.

Омырауының астына
Тұмсығын ап кеп сұғады.
Перзенті болған жануар
Перзенттігін қылады.

Мейірі түсіп Күлқаныс,
Кішкентайдан үйренген
Ақ мамасын шығарды.

батырлар  жыры
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Балалықтан міні жоқ,
Кезек-кезек иіскелеп,

Солқылдап Шұбар жылады.

—Айналайын, Шұбарым,

Перзентім болған мұндарым.
Сенсіз менің күнім жоқ,
Менсіз сенің күнің жоқ.
Қашан Құдай бергенше,

Өзімнен бала туғанша,
Сенен басқа ұлым жоқ.
Бұл замана қағынды,
Қағынбаса не қылды.

Зар жылапсың шырылдап,
Мені көрген шағыңда.
Соған жүйем босайды,
Ішіме салып жалынды,

Айтшы маған сырыңды.
Атаңа нәлет Әліби
Не көрсетті, не қылды?
Сүйінші, Шұбар, сүйінші,

Көздің жасы, тиылшы,
Ақ жарылқар күн туып,
Саған бір ие табылды.
Бұл сөзді айтып Нәрікбай,

Келе жатыр екеуі
Еркелетіп Шұбарды,
Асылдырып мойнына.
Өкшесін басып ентелеп,

Келеді Шұбар еркелеп.
Үйге келді екеуі,
Шұбарды жіпсіз жетелеп.
Келеді деген Нәрікті,

Таманың жоқ ойында.
Басшысынан айрылған,
Балапандай шуылдап,
Жылады ерте-кешіне.

Нәрекем келді үйіне,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Түс қайта берген бесінде.
Дәнеңе жоқ ойында,
Отыр еді көп тама.
Нәрікбайды келер деп,

Есінде жоқ бейшара.
Келіп қалды Нәрікбай,
Тамаға Құдай боп пана.
Нәрікбайды көрген соң,

Таманың кетті ақылы.
Бөтен емес бәрі де,
Жанашыр туған жақыны.
Алатаудай бар еді

Айбатының салқыны.
Батқан айы туған соң,
Не қыларын білмеді.
Қуанғаннан ақыры,

Жанып тұр сөнген шырағы,
Таманың жетті мұрады.
Нәрікбайды көрген соң.
Қуанған мен қорыққан бір,

Не күн тынбай жылады.
Есі шығып таманың,
Есепсіз малды қырады.
Неше күндер шуылдап,

Тамалар тойды қылады.
Құдайыны көп сойып,
Қуанысып тамалар,
Аяғын құшып Нәріктің,

Жыласып қатын, балалар,
«Өңім бе, түсім бе екен?»—деп,
Не күндей ұйықтатпай,
Сағынып қалған жарандар,

Нәрікке әркім ынтызар.
Неше күн зарлап жол жүре,
Бір күні шөкті қара нар.
Барғандай боп Қазанға,

Қуанып жатыр тамалар.
«Ел көрерміз енді,—деп,–
Нәрекем есен келді»,—деп

батырлар  жыры
Қайғы шығып есінен,
Той қылып ерте-кешінен,
Көп тасаттық беріпті.

Тынықты Нәрік неше күн,
Шөлдерде тартқан кейісті.
Есіктің алды өрік-ті,
Судың қасы көрікті.

Бір күндерде тынығып,
Кемпір мен шал желікті.
Арыстанның етіне
Болыпты қатын жерікті.

«Арыстан атып келгін,—деп,
Жолбарыс тауып бергін»,—деп,
Айымнан хабар келіпті.
Түрегелді Нәрікбай,

Ай мүйізді ақ қошқар
Алып келді ғаріп бай,
Бір перзенттің жолына
Құрбан қылып шалыпты-ай.

Бұқардан келген ақперен
Мойнына алып салыпты-ай.
Сұр мергені бар екен,
Қасына ертіп алыпты-ай.

Көлшүнгент деген бір тауға
Жолбарыс іздей барыпты.
«Бісміллә»,—деп Нәрікбай,
Шұбарға мініп алыпты.

Ол Шұбарға мінген соң,
Жеті жыл көрген қорлығы
Сол жерде түсіп қалыпты-ай.
Көлшүнгент деген тауы бар,

Бармаққа Нәрік ынтызар.
Көлшүнгенттің бойында
Жатады екен мекен қып
Бір айғырдың үйірі,

Жолбарыс деген жануар.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Қалың бадамды аралай,
Көлшүнгентті жағалай,
Неше күн жүрді далада,
Арыстанды ала алмай,

Атуға батыр бата алмай.
Жылай берді Нәрікбай,
Ауылға құр қайта алмай.
Нәрекем болды бейшара,

Адырлы үлкен жер екен,
Қорыққанда болды даладай.
Нәрікбайға жолықты,
Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,
Етегі өрім өрінген,
Бетінен нұры көрінген,
Ақ шалмалы диуана.

Анау менің пірім деп,
Жөнелді Нәрік дірілдеп.
Жетіп келді диуана,
Зікір салып күрілдеп.

Аяғына бас қойып,
Жылай берді Нәрекем:
«Қай уақытта түседі
Мен ғаріпке көңілің»,—деп,

Есінен танып Нәрікбай,
Зар еңірей берді сол жерде.

—Бұл маған кәміл пір екен,

Тарбият қылып жүр екен.
Енді қашан түседі,
Мен ғаріпке көңілің.

—Жылама балам, Нәрікбай,

Болған сенің мерекең.
Есінен танып Нәрікбай:

—Бұрынғы күнім қорлықпен,

Өтіп кеткен күн екен.
Қазаннан мені қаңғыртқан,
Бір-ақ перзент ұл екен.

батырлар  жыры
Аяғын барып құшақтай,
Жылай берді зар қылып,
Жылаған жері бұл екен.

«Жүрші бермен, балам,—деп,
Арыстан атып берейін.
Жарықтықты саған,—деп,
Көңіліңнен кетпей қайғы-дерт

Қор болдың ғой жаман»,—деп,
Піріменен қосылып,
Көлшүнгентке келді іздеп.
Көлшүнгенттің басына,

Кереге тастың астына
Нәрекем келіп отырды.
Кім екенін білмейді,
Ғайып ерен секілді

Бір адам отыр қасында.
Түс қайтып, бесін болғанда,
Мұж ұрып, дария толғанда,
Арыстан келді арқырап,

Танадай көзі жарқырап.
Қайыптан мылтық тарс етті,
Арыстан жығылып жалп етті.
Нәрікбай жетіп келеді,

Қоңыраулы нардың үстіне
Барлығын артып жөнеді.
Сәскелік жерге барғанда,
Бірін-бірі жоқтасып,

Арыстан қайтып келеді.
Арыстан қайтып келгенше,
Елге Нәрік жөнелді.
Үйде отырған Күлқаныс,

Қожанты пышақ қолында,
Алдынан шығып жөнелді.
Түйеден алды түсіріп,
Ойынды етін ойып ап,

Отқа салып пісіріп,
Сары суы еттің тарамай,
Асап-асап жейді енді.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Арыстан етін жеген соң,
Жерігі әбден қанады.
Жолбарыстың етін жеп,
Қатында құмар қалмады.

Енді сөздің қысқасы,
Тоғыз ай, он күн көтеріп,
Арада жапа еткізіп,
Тарыққан жерде Құдайым,

Мұратына жеткізіп,
Тоғыз сағат болғанда,
Тоғыз минөт толғанда,
Тапты Шора баланы.

Арылдаған дауысы
Ай күндік жерді алады.
Есіткен түрікпен, қайрақты
Аң-таң болып қалады.

Қағанақтың суына
Алпыс қатын ағады.
Екі қолын ескек қып,
Керегеге асылып,

Қатынның жаны қалады.
Алпыс қатын кеңесіп,
Алдына орап алады.
«Баланың дауысы шыққанда,

Жаным бірге шығар»,—деп,
Жеті қырдың астына,
Жетпіс бие байлатып,
Нәрікбай жатып қалады.

Жанның бәрі қуанып,
Сүйіншіге барады.
«Сүйінші» деген кедейлер,
Нәрікбайдан енші алып,

Өз алдына ауыл боп,
Малды болып қалады,
Өріске мал салады.
Келді Нәрік зар жылап,

Көрмекке ынтық баланы.
Алып келіп қырық қатын,

батырлар  жыры
Алдына қойып баласын,
Нәріктен дүние алады.
Баланы көріп Нәрікбай,

Үш мәртебе талады.
Былжырап жатқан баланы
Қойнына ап кеп салады.
Еш адамға көрсетпей,

Үш күнге дейін екеуі
Ортаға алып бағады.
Үш күннен соң той қылды,
Қыналап жылқы, қой қылды.

Есін жиып ер Нәрік,
Бұл балаға той қылды.
Бәйтеректің басына
Жамбы байлап аттырды,

Тіллә керней тарттырды.
Екі жақтап, үш жақтап,
Түрікпенге ат шапқызды.
Шақырушы жігітке

Қара жорға мінгізді,
Қара торқа кигізді,
Тіллә қоңырау таққызды.
Екі жақтап, үш жақтап,

Түрікпенге хабар айтқызды.
«Түрікпен мұнда келсін,—деп,
Тамашамды көрсін,—деп,
Ырым десе, бар шығар,

Шашбауы болса, берсін,—деп,
Тамаша сейіл етсін,—деп,
Кедейлерді малданып
Қажетіне жетсін,—деп,

Аш-арығы түрікпеннің
Бір тойынып алдымнан
Армансыз болып өтсін,—деп,
Әліби итке сәлем де

Керек болса, келсін,—деп,
Шұбар атты алып кетсін»,—деп.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Бір шақырды келмеді,
Шақырды екі келмеді.
Екі қырық мың ел еді,
Атты тұрмақ Нәрікбай,

Бір жаяуды көрмеді.
Тарығып көрген неме еді,
Құтты болсын айталық,
Тым болмаса демеді.

«Қазандағы көп ел,—деп,
Қайран тама деген»,—деп,
Нәрікбай сонда еңіреді.
Жылағанмен қайтеді,

Қазанның жолы алыс-ты.
Қыналап жиған көп малды
Азғана ауыл тамасы
Тілімдеп бөліп алысты.

Күрескен болып ойын сап,
Тыраңдап бәйге жарысты.
Той тарқады, кетеді,
Арада үш күн өтеді,

Жана Нәрік той қылды.
Өзім деп келген мейманға
Бие сойып, қондырды.
Ақ орданы ап келіп,

Бір бөлек сазға қондырды.
Үлкенді-кіші демеді,
Таманың бәрін жидырды.
Бойыменен бірдей қып

Жаңа туған баланың,
Бір қалтаны тіккізді.
Толтыра тіллә қойдырды,
Молда, малшы қалмады,

Жаманды-жақсы демеді.
Бірі шашау болмады,
«Баланың атын қойсын,—деп,
Осы тілләні алсын,—деп,

Қара табан болғанда,
Қайтадан қолқа салдық»,—деп,
Ерлі-байлы екеуі
11–253

батырлар  жыры
Зар қылып жүр жүгіріп.
Тамалар мойын салады,
Баланың атын қоя алмай,

Отырды естен айырылып.
Біреуі айтты былай деп,
Осыны берген Құдай деп.
Айтқаны қабыл бола алмай,

Нәріктен алып абұйыр,
Тамалар сасып сандалды.
«Қазандағы ақ сүйек,
Данышпан туған елім,—деп,

Қапияда ақылмен,
Қулықты тапқан залым,—деп,
Кереметті, ақылды,
Әмме жанға мәлім,—деп,

Соларым болса бұл жерде,
Лайық атты таппас па ед?
Осы ынтызарым»,—деп,
Нәрекем жылап егілді.

Нәрікбай қапа болған соң,
Таманың күлі төгілді.
Өстіп жылап тұрғанда,
Ел қыдырған бір сайыл

Бағына кісі көрінді.
Қуанғаннан Нәріктің
Жарыла жаздады жүрегі,
Екі көзі жылауда,

Қойнында бала тұр еді.
Ашылған жанға көл еді,
Нәріктің өзі білмеді,
Қара сақал диуана

Қасында қарап тұр еді.
Таныды Нәрік піріңді,
Аяғын құшып жығылды,
«Өзіңіз берген балаң,—деп,

Ап келдім, тағдыр, саған»,—деп.
Баланы пірі алады,
Етегіне салады.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Азан айтып, тәкбір қып,
Үш мәртебе зікір салады.
Сөге берді диуана
Жылап тұрған таманы.

–Берекесіз, тамалар,

Ақылың неден қамалар.
Бір ғаріптің ырысына
Іштен туған бала бар.
Жылқыдан туған құлынды

Айғыр қойсаң болмай ма?
Сандала бермей айрылып,
Әзір қойсаң болмай ма?
Қуантып Нәрік өзіңді,

Қойдан туған қозыны
Қошқар қойсаң болмай ма?
Мың кісіге бір кісі
Шоқпар қойсаң болмай ма?

Ешкіден туған лақ-ты,
Неше жыл Нәрік жылапты,
Жылап көрген шырақ-ты.
Ашты Тәңірім ісіңнен

Бітіп қалған бұлақты.
Түйеден туған ботаны
Бура қойсаң болмай ма?
Қалжың-мылжың қылмастан,

Тура қойсаң болмай ма?
Ақылың сенің кетпесе,
Нәріктен туған баланы
Шора қойсаң болмай ма?

Осылай жауап береді,
Ғайып боп дереу жөнеді.
Айырылып бірден қалады,
Тастап кетті баланы.

Жерде қалған баланы
Жүгіріп барып Нәрікбай
Қойнына алып салады.
Шырылдап жатқан баланы

Пірі назар қылған соң,

батырлар  жыры
Аты Шора болады.
Таманың өзі білмейді,
«Шора туды» дегенді

Дүниенің төрт бұрышына
Періштелер жайып барады.
Бесігінен баланың
Түнде шырақ жанады.

Періште кісі ұлық боп,
Рахметі жағады.
Не қылмақшы еді жас бала,
Есіткен соң түрікпеннің

Зәресі ұшып қалмады.
Күннен-күнге күн жасап,
Ер жетеді Ер Шора.
Әруағы дұшпанды,

Дендетеді Ер Шора,
Маңайынан алыстап,
Ел кетеді Ер Шора.
Қасиетін әркімге,

Тумай жатып бейшара,
Көрсетеді Ер Шора.
Келді Шора бір жасқа,
Бір жаста көңілі бір басқа.

Қайраты қатты болғандай,
Ұрынады көк тасқа.
Келді Шора екіге,
Екіде жетіп сертіне.

Адам қайран болғандай,
Аузынан шыққан кебіне.
Адам қарап болмайды
Сұрқияның бетіне.

Келді Шора үшіне,
Үшінде кірді күшіне.
Адам қарап болмайды
Антұрғанның түсіне.

Келді Шора төртіне,
Төртінде жетті сертіне.
Адам қайран болғандай,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жүрегінің өртіне.
Келді Шора бесіне,
Бесінде кірді есіне.
Көрінбесе қайраты,

Құр мақталық несіне.
Қазандай қара тастарды,
Сақа қылып ойнайды,
Көтеріп алып төсіне.

Келді Шора алтыға,
Алтыда бала хат танып,
Адамның тартты салтына.
Келді Шора жетіге,

Жетісінде Ер Шора
Жүреді өзі еркіне.
Адам қарап тұрғандай,
Ер Шораның көркіне.

Келді Шора сегізге,
Батырлық істеп негізге.
Сырттан біреу келсе егер,
«Бұл кімнің ұлы» дегізді.

Келді тоғыз, он жасқа,
Он жаста көңілі бір басқа.
Қылыш ұрып ойнайды
Көлденең жатқан көк тасқа.

Нақ түйенің желіндей,
Қасты болып ортадан,
Айырып тастар бір басқа.
Тап он бірге жеткенде,

Қызмет қылды жүгіріп,
Дүниенің жетті парқына.
Тілеп алсаң Тәңірден,
Әке-шеше қартына

Ойдағыдай сый қылып,
Жағымды болды халқына.
Қылған ісі бәрі ұқсар
Батырлықтың салтына.

Ал енді Шора туған соң Нәрікбай белеңдінің түбінде
қатері жам болып жата береді. Періште әуезін көтеріп, Шо­

батырлар  жыры
раны дүниенің төрт бұрышына жайды. Он бірге анық жеткен
соң, ата-анасына қызмет қылып, әдеп үйреніп, адам, жау-
жарақ, садақтарын өз-өзінен түзете бастайды. Жүзге келген

кісіден саясат артық біледі. Мәртебесі жоғары болды. Тама­
лардан түрікпенге ауысып кеткен мал болса, іздеп алуға жара­
ды.Түрікпеннің тамаларға ауысып келген малы болса, арты­
нан іздеп келе алмайды. Шора сондай ардақты болды. Әммені

бәлекеттей тітіретті енді. Сондай қылып бағушы еді. Ерлі-байлы
екеуі Шораны асты-асты қасынан ұзатпады. Жана һәм үйінен
шығармады, солай қылып бағушы еді.
Нәрікбайдың ойы: «Балам кемел ер жетіп, балағатқа

жетер ме екен,—деп,—өлгенде көрген перзентім еді, тірі
қып дұшпаннан кегімді алып берер ме екен»,—деп, жана
тамаларға айтты: «Менің балама қошемет қылып, үйдің
алдындағы төбеге шығармаңыз, не үшін десеңіз, бала тысқа

шықса, әр тарапқа қарар, дүниені көріп, көңілі алағызып,
жынды кісідей болып, жасы жетпеген уағында бек әуре
қылады»,—деді. Содан күндерде бір күн, белеңнің төбесіне
бала ойнап жүріп шықты. Төңірекке қарап көрді; Аққала

деген қаланы, жалпақ жатқан даланы, Кермісін деген жерді
көрді. Түрікпен деген жерге, түрікпен деген елге баланың
көңілі желікті. «О, дариға, мұндай ел бар екен,—деп,—атам
мұндай елді маған көрсетпеді, не үшін үйден шығармай

көрбала қып сақтады екен,—деп баланың көңілі желігіп,—
мұның барлығын аралап, көрмесем болмас екен»,—деп
ойлайды. «Адамның ата-анасы мегзеген іс еді, үйге барып
ата-анамнан рұқсат алайын, сонан соң шығайын»,—деп үйге

келді. Ата-анасынан баланың рұқсат сұрап айтқаны:

—Ассалаумағалейкум,

Қыбылагөйім, иә, ата,
Бір талап енді мен келдім,
Қолыңды жайып бер бата.
Рұқсат алмай кетпейін,

Жолым болар бір қата.
Бұл не деген жеріңіз,
Жалтырап жатқан көліңіз.
Көл жағалай көрінді,

Қисабы жоқ еліңіз.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Соның бәрін көрмекке,
Кетті біздің көңліміз.
Тамаша қылып келейін,
Қол жайып бата беріңіз.

Сол уақытта Нәрікбай:

—Алтыннан соққан тұяғым,

Күмістен соққан қияғым,
Білесің бе, Шоражан,
«Қубас» деген қу сөзден
Сен туған соң құтылған

Мен сорлының құлағым.
Атқа мінер болған жоқ
Әлі сенің уағың.
Әкең отыр зарланып,

Шешең отыр зарланып,
Көре алмаған көп дұшпан
Сыртымнан жүр қамданып.
Өлмек болған кемпір-шал,

Сен кеткен соң не болам,
Тұрамын кімге алданып.
Омыртқаң сенің өскен жоқ,
Қабырғаң сенің қатқан жоқ.

Қазір жауап бермейін,
Асықпай тұр, шырағым.
Сонда Шора сөйлейді:

—Қой, атеке, тұрмаймын,

Сөзіңді қабыл қылмаймын.
Көңілімді қайрама,
Тоқтатпастан бер жауап,
Сақтағушы Құдайым.

Қапа болып Нәрікбай,
Қайтерін білмей еңірейді.
Әлібиден қорыққаннан,
Балаға жауап бермейді.

Тоқтайтұғын бала жоқ,
Қайраты тасып кернейді.
Өсітсем бала қояр деп,

батырлар  жыры
Кейіген болып сөйлейді:

—Екі сөзге келместен

Қайтарасың сөзімді.
Аңдып жүрген дұшпан көп
Аламын деп өзіңді.
Мен рұқсат бермеймін,

Дұшпан ойса не етерсің,
Асыққанмен көзіңді.
Мен де сендей тасушы ем,
Қазан деген жерімде,

Жан көрінбей көзіме,
Жиырманың кезінде,
Ешкімді ілмей көңліме.
Көмек берер адам жоқ,

Құдайдан басқа панаң жоқ.
Күн үшін қоңсы боп жүріп,
Қайрақты[ны]ң ішінде
Қазанға барып хан болып,

Тұрмысың қазақ елінде.
Бүгін айдың нешесі,
Ай қараңғы кешесі.
Патшадан кем емес,

Ер Шораның мүшесі.
Нәрікбайдың даусын есітіп,
Жетіп келді Күлқаныс.
Қызыр көрген шеше еді,

Жетіп келсе бәйбіше,
Нәрікбай тұр зар жылап,
Жанында алтын кесесі.
Сол уақытта Нәрікке,

Бәйбішенің сөзі бұл:

—Ақылы кеткен, Нәрікбай,

Өкпе, бауыр, жалыңмен,
Күн көруші елің шалықты-ай.
Бір күн болмай ұмыт болып,
Сөз шығардың шалықтай.

Неге бата бермейсің,
Шырағыма тарытпай?

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Тәңірі берген баласын,
Қызығын неге көрмейсің?
Балаң бата сұраса,
Тарығып неге еңірейсің?

Мен айтайын, тамалар,
Атқан оғын баланың,
Біреуің алып келмейсің.
Шырағыма бата бер,

Батаңды бер де, жата бер.
Бағатұғын балаңды
Сенен басқа адам бар
Қасиетті кемеңгер.

Не қыларын білмейді,

—Қатын, бала билеген

Болды маған күн,—деді.
Жаратқан жалғыз Құдай-а,
Дегеніңе бас ұрдым.
Сөзді сөзге ап келіп,

Күйгенімнен жасырдым.
Ұйқы мен тамақ жерінде,
Баратұғын жері жоқ,
Қуаныш қылар елі жоқ,

Далада шығар жері жоқ,
Ішім оттай жанады.
Ақылымнан адастым,
Еш дәрменім қалмады,

Мен білмеймін бұл жолды.
Еш нәрсенің жөні жоқ,
Бұ не деген күн болды.
Буындарым тітіреп,

Жүрегім тола мұз болды.
Басыма туса кер заман,
Сүйектерім күл болды.
Қараңғы тұман орнады,

Зұлмат кеш, түн болды.
Аңдыған дұшпан көп еді,
Енді бізге сын болды.
Құзарда қуат беріп ең,

батырлар  жыры
Кеңіте көр қырық шілтен,
Қысылып тұрған жер болды.
Жолың болсын, бар балам,

Мен ештеңе білмеймін.
Аман барып, аман қайт,
Тілге аларсың ата-анаңды.
Атасы бата береді,

Атасынан бата алып,
Анасына еріп жөнеді.
Қасиетті ордаға
Ертіп келді шешесі.

Үйде тұрған қамқапты,
Алтыннан соққан айдарды,
Тілләдән кілт салады.
Алтын зерін, кемерін,

Беліне әкеп салады,
Етке салса, аңқ еткен,
Сілтесе нарға, бүлк еткен,
Оқ жыланның тіліндей,

Шапса, кетер білінбей,
Аспақан соққан ақ балдақ[ты]
Беліне байлап алады.
Меруерт телпек кигізіп,

Алтынды жүген, ақ сулық[ты]
Оң қарына ілгізіп,
Шешесі ертіп қасына,
Баланы алып шығады,

Ақ зеңгірдің басына.

—Құлыным, Шора, шырағым,

Атаңның айтқан жауабын,
Есітті ғой құлағың.
Екі бірдей қос мұңлық,
Келгенінше сағынып,

Жолына қарап тұрамын.
Мына жатқан Кермісін,
Өзімнің жерім демейсің.
Жау айғырға жат байтал,

Көресің алақ белгісін.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Мынау тұрған Аққала,
Екі қырық мың қайрақты,
Солардың басы Әліби
Бізді қанша зарлатты.

Мына бір көл—Қоғалы,
Ат шаптырмас томары.
Ата жұртың бұл емес,
Қазаның жатыр жоғары.

Қоғалының бойында
Он мың жылқың қойнында,
Ол жылқының ішінде,
Танырсың барсаң түсінен,

Қасына барма үркеді,
Түсі суық кісіден,
Күміс құйрық Шұбар ат,
Мінсе деп саған ынтығар.

Жеткізсе Тәңірім сәлемет,
Шұбарыңды мінгейсің.
Досың менен дұшпанды
Осылайша білгейсің.

Мен садақа атыңнан,
Ұмытпа балам жадыңнан.
Заты шарып затыңнан,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,

Қысылсаң қолдар бабаң бар,
Есіңе алып жүргейсің.
Насихатым бұл енді,
Қайда барсаң онда бар,

Білгеніңді қыл енді.
Анасы бата береді,
Анасынан бата алып,
Батыр Шора жөнеді.

Балалықпен жүгіріп,
Еш адам жоқ қасында,
Толмаған нәзік жасында,
Сүрініп шықты ентелеп

Бір төбенің басына.
Бет алдына қараса,

батырлар  жыры
Ойнап жатыр мың бала,
Жер дүниені шаңдатып,
Жонды обаның астында.

Ойнап жатыр қырық бала,
Бұяғына қараса,
Ер Шораның қасында
Тақиядай тақырда.

Әлқисса, Шора батыр ойлайды: «Мың бала қалай, қырық
бала қалай?»—деп. Ойлайды да: «Мына түрікпеннің бала­
сы, мына таманың балалары ғой, бұл бала не себепті анау көп
балаға қосылып ойнамайды,—деп тағы ойлап,—мыналар көп

болғандықтан, қорқып қалған шығар»,—дейді де, олардың көп
балаға қосылмағанына ашуланып, ыза болып, әуелі бұлардың
жазасын берейін деп өзінің қырық баласына қарап жөнеді.
Ыза боп Шора келеді,

«Мың балаға бармайды,
Асығын неге алмайды,
Сұрайыншы»,—деп енді.
Жасы кіші болғанмен,

Періштесі артық неме еді.
Ер Шораны көрген соң,
Қырық бала сәлем береді.
«Қаласаң, жаным, мә асық»,—деп,

Асығын ап кеп төгеді.
Асығын бала алмайды,
Ойынға назар салмайды.
Қырық баланы сөгеді:

—Қауыстың ұлы тамасың,

Қазаннан келген баласың,
Туғаннан-ақ ел-жұрттан
Тағы болып қалғансың.
Алдыңда ойнар мың бала,

Оған неге бармайсың?
Асығыңды алып кеп,
Мені неге алдайсың.
Балалар шулап жылайды:

—Жас та болсаң, ей, Шора,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Ойласаң ақыл табасың.
Аңдыған дұшпан көп еді,
Жалғыз қайда барасың.
Құдайым қор қып жаратқан

Қазанның қырық үй тамасын.
Нәрікбай мен Күлқаныс
Тірі болып отыр ма?
Соны тастап зарлатып,

Даладан нені табасың?
Біз қырық үйлі тамамыз,
Қорлықпен от боп жанамыз.
Мың балаға барамыз,

Ойнамаққа көңіл қып,
Барсақ асыр саламыз.
«Бір асығың олай,—деп,
Бір асығың бұлай,—деп,

Қолқабыспен жүруші ең,
Жеткерді қоныс Құдай»,—деп,
Асықты тартып алады.
Неше жерден жиылып,

Шырқыратып сабайды.
Аузы-басы қан болып,
Сабаса, ағаң талады.
Сабағанмен тұрмайды,

Шоқып, сабап басыма,
Шеке тамыр салады.
Несіне, Шора, қинайсың,
Өміріміз сел болып,

Қорлықпен өтіп барады.
Сонда тұрып Шора хан,
Пір назар қылған бейшара
Оты жанып жүректен,

Түгі шығып сүйектен,
Қайраты тасып білектен,
Ақыл-есі қалмады.
Ашуланып ер Шора,

Жолбарыстай сілкінді,
Жайнап көзі жанады.

батырлар  жыры

—Есіктің алды ебейін,

Күйген үрер көмейін,
Рас болса бұл сөзің,
Шекелеп саған не дейін.
Көптігінен бөтеннің,

Сірә, маған не пайда?
Жаман да болсам сендерсің,
Тірлікте менің мерейім.
Жүр, жәкелер, соларға,

Жолығар заман болар ма?
Түрікпеннен сендердің
Кегіңді алып берейін.
Егерде өлім келмесе,

Жолдарыңда құрбан боп,
Сендер үшін өлейін.
Ақылым кетті әурелеп,
Көк дауыл кетті созылып,

Ыза болып балаңның,
Көзінің жасы тізіліп.
Қырық адамды ертіп ап,
Басты Шора кіжініп.

Шора мінген кер тайлақ,
Кім кетпеген жылқы айдап.
Бір бүлікті салмаққа,
Қиырдан қиын ойды ойлап.

Бір анадан жалғыз тақ,
Жәрдем болғай әруақ.
Қайтарулы бүркіттей,
Екпіні қатты сұғанақ.

Алтынды қылыш мойнында,
Жан көрінбей көзіне,
Ызаланып, тығылып,
Қырық баланың сөзіне,

Қорлық көрдің дегенге,
Жетіп келді Ер Шора,
Жонды оба деген төбеге.
Көзі түсті бұрқырап,

Ойнап жатқан көбіне.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Бір ой ойлап Ер Шора,
Қырық балаға сөйлейді:

—Ей, қырық аға, қырық аға,

Айтайын ақыл мен саған.
Сендер бұған барыңдар,
Азар болса мен үшін,
Бір-бір талып қалыңдар.

Мен жылқыға барайын,
Шұбарды ұстап алайын.
Атымды мініп келейін,
Тәңірі оңдаса ісімді,

Кегіңді алып берейін.
Сол уақытта қырық бала,
Барайын десе бара алмай,
Екі ортадан қайта алмай,

Барайын деп айта алмай,
Ер Шорадан қорыққаннан,
Жөнелді енді қырық бала.
Жолға түсіп қайқаңдап,

Қырық баланы жөнелтіп,
Жылқыға Шора жөнелді.
Меруерт телпек, тайжағы,
Батырлық киім киеді.

Жылқыда жүрген Шұбар ат
Нәріктен басқа кісіні
Алдына келсе, тістелеп,
Артына келсе, тебеді.

Бір ұзап, екі аңданып,
Шораны көріп таңданып,
Алдына шығып келеді.
Сұлулығы Шұбардың

Киіктей болып таңланып,
Жібектен майда жалы бар,
Қарғығаны қақпандай,
Ырғығаны сақпандай,

Құлпырған жүні мақпалдай.
Алтындай көзі жайнаған,
Сағымдай болып ойнаған,

батырлар  жыры
Пірден назар тапқандай.
Қаламдай болған құлағы,
От орнындай тұяғы,

Қашқан бөкен секілді,
Жануардың сияғы.
Жетіп келді ұмтылып,
Мінуге Шора қызығып.

Тіллә жүген осындай,
Аузын ашып Шораны
Тістемекке қымтанды.
Айналып артын береді,

Қос аяқтап теппекке,
Икемдеп тағы келеді.
Танымады Шораны,
Түрікпен бе деп еді.

Ұстатпасын білген соң,
Бір жартасқа шықты да,
Шораның айтқан сөздері.
Жіберді жылап сол кезде:

—Атаңа нәлет, Шұбар ат,

Алдыңа келсем, тебесің.
Шынымен мені теппекке
Икемдеп басып келесің.
Алжыған, ұрған, қу қақбас,

Енді қайдан табады
Менен басқа иесін.
Мініп алып сорыңа,
Қамшы тартсам бауырыңа,

Көкалаң шығар бояқтай,
Иесі мұның қаяқта-ай.
Ұстатпайды Шораға,
Ыза боп бала жылайды.

Даусын естіп баланың,
Жел жағына шығады,
Ық жағына шығады,
Иісін алып баланың,

«Нәрекемнің иісі деп,
Менің ием осы»,—деп,
Ұсынып келіп тұрады,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Қояннан жаман бұғады.
Алтынды сулық, ақ жүген,
«Бісміллә»,—деп Ер Шора,
Басына жүген салады,

Өз қолымен ұрады.
Пілге мінген кісідей,
Үстіне Шора шығады.
Аққан судай бұлтылдап,

Пірдей болып бұрқылдап,
Айдарында Шораның
Алтын теңге жарқылдап.
Тұяғына тас тисе,

От шағылып жылтылдап.
Терлегенде Шұбардың,
Адам бардай болмайды,
Ор киіктей жалтаңдап.

Мауыты шекпен жанады,
Қашырлап сұлу манаты,
Жетіп келді ер Шора,
Шұбар атын ұнатып,

Жонды обаның басына.
Мыңға көзін салады,
Қырық баланы мың бала
Қуып кетіп барады.

Өз білгенін мың бала
Қылып кетіп барады.
Бір баланы он бала,
Ұрып кетіп барады.

Көрді де Шора құтырды,
Сусар бөрік сыпырды,
Таудан ұшқан тұйғындай,
Артынан қуа ұмтылды.

Біреуін ұстап алады,
Тақымына салады,
Құстай мойнын бұрады,
Баладан сауал сұрады:

—Қаладан шыққан баласың,

Артыңнан Шора қуғандай,
Басыңа заман туғандай,
12–253

батырлар  жыры
Қайда кетіп барасың?
Түрікпеннен шыққан баласың.

—Таудай менің талабым,

Қырық үйлі қоңсы ауған ел,
Балаларынан таманың
Асығын тартып аламын.
Баланың айтқан сөзі бұл:

—Қайрақты еді бабамыз,

Аққала дейді қаламыз.
Атамыздан қалған жем,
Қырық үйлі тамамыз.
Тамадан келген баланың,

Асығын тартып аламыз.
Сүйегіне таңба қып,
Шеке тамыр саламыз.
Алдандырма, антұрған,

Жібер мені тезірек,
Олжадан құр қаламыз.
Ыза болып ер Шора,
Баланы басқа бір салды.

Бір салғаннан не қалсын,
Сеспестен жатып қалады.
Мың баланы мың салды,
Жүз баланы жүз салды.

Қойға тиген бөрідей,
Шетінен қырып өлтіріп,
Тоғайға түскен шоқтай боп,
Көп қамысқа өрт жүріп,

Мың балаға бермей аман,
Мыңына түсті ақыр заман.
Лашындай ұмтылып,
Бидайықтай сыпырып,

Қырғанына қызығып,
Қырды Шора отырып.
Бағанағы қырық бала,
Шықты-ай былай құтырып.

Атой беріп ұста деп,
Артына бала қарады,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Ер Шораны көреді,
Арқа сүйеп келеді.
Етегіне балалар
Асықты тере береді.

Олжаға батып қалады,
Өшіккені соншама,
Өліп жатқан балаға
Шеке тамыр салады.

Сол баланың ішінде,
Жасар жасын жасаған,
Жақ сүйегі босаған,
Қызыл таз деген бар еді.

Соны көре қашыпты,
Тез кетсем деп сасыпты,
Құмарпаздығы соншама,
Құнан қара өгізге,

Теңлеп шыққан ойынға
Екі шанашы асық-ты.
Бір шанашын арқалап,
Сай қуалап жөнеді.

«Шора мені көрер,—деп,
Көрсе жазам берер»,—деп,
Әлібидің ақ сарай
Шарбағына енеді.

Алма теріп отырған
Әлібидің қызы еді.
Ақсұлуды көреді,
Ашумен келген Қызыл таз[дың]

Ақсұлуға айтқан сөзі еді:

—Бір өлмек екен бір туып,

Ақ ісінде жоқ еді.
Жасы ер жетіп Шораның,
Мың баланы қуыпты.
Жақсылық деген жуық-ты,

Сүйінші берсең, Ақсұлу,
Шора байың туыпты.
Нәрікбайдың жалғызы
Салды үйірге бүлікті.

Бақан менен сырық-ты,

батырлар  жыры
Жылқышы келер құрықты,
Кегін алып әкеңнен,
Мың баланы қырыпты,

Мені мұндай қуыпты.
Қуып тықты алдыңа
Мен сияқты саяқты.
Асықпасаң, Ақсұлу,

К…ңе тығар таяқты.
Шорадан көрдім қорлықты,
Әліби әкең қаяқта.
Ақсұлудың сөзі бұл:

—Құдай атсын, Қызыл таз,

Келме менің қасыма.
Иісің жаман күлімсі,
Көлге барып жуыншы.
Мұнда неге қысылдың,

Не кеп туды басыңа.
Менің әкем Әліби,
Қараханның қасында,
Алтын тағы астында.

Жазасын берер Шораның,
Қызыл таз, сорлы шошыма.
Аптыққан таз жөнеді,
Адырайып келеді,

Хан қасында отырған
Әліби мұны көреді.
Әлібидің сол уақытта,
Тазға айтқан сөзі еді:

—Адырайған Қызыл таз,

Желке шашың ұзын таз.
Артыңнан біреу қуғандай,
Басыңа заман туғандай,
Неғып жүрсің аптығып,

Өз-өзіңнен бүгін таз.
Сол уақытта бұларға
Қызыл таздың сөзі еді:

—Ей, Әліби, Әліби,

Көретұғын көз отыр,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Сөйлейтұғын сөз отыр.
Әр сөз айтсам тыңлаушы,
Падишаның өзі отыр.
Азға теңдік жоқ деуші ең,

Көпке теңдік көп деуші ең,
Мың баланы қырдырып,
Жорға тазың кеп отыр,
Аз теңдігін ап кетті.

Ей, Қарахан, Қарахан,
Ата туған бала хан,
Тыңда менің арызымды,
Көтер менің назымды.

Мың баланы қырдырып,
Келтірді Шора тазыңды,
Қуып келді алдыңа,
Қаңғырлатып қазыңды.

Нәрікбайдың Шорасы
Арыстан болып туыпты.
Мың баланы өлтіріп,
Мен сияқты тазыңды

Қорғалатып алдыңа,
Қуып келіп тығыпты.
Балпаң-балпаң бал ішіп,
Балпаңдаған мырзаңды

Байлағандай көрінді.
Аяқ-аяқ бал ішіп,
Алшаңдаған мырзаңды
Айдағандай көрінді.

Қорыққаныма болмаса,
Шора менің көзіме
Әлдеқандай көрінді.
Осы отырған кәпірге,

Әлібидей қоңызды
Шайнағандай көрінді.
Айдарлыңды құл етер,
Бүгініңді жоқ етер.

Көргенім шайтан болмаса,
Қырық үй қоңсы тамаңды
Қырық қақпалы қалаңа

батырлар  жыры
Алып келіп, бек етер.
Ора төбе кімдікі?
Қарарлы болса хандікі.

Ішіне тұмар қалатқан,
Сыртына болат жалатқан,
Қаласын биік жаздырған,
Орын терең қаздырған,

Түн болса мыршар күзеткен,
Көшесін күнде түзеткен,
Түрікпен соққан Аққала
Шоранікі емей кімдікі?

Нәрікбайдың Шорасын
Алдап-сулап қасыңа ал,
Қасыңа ал да басын ал,
Алдап басын алмасаң,

Жиып алар малыңды.
Бір пұлдай көрмес арыңды,
Басыңнан алар бағыңды,
Ертерек қылғын қамыңды.

Ерте қамды қылмасаң,
Арыстан алар тағыңды.
Алтын тақтың үстінен
Ағызар бір күн қаныңды.

Бұл сөзді халық Қызыл таздан есітіп, ақылы сасып, зәресі
ұшып: «Шораның атасы қу, анасы сұм, қу мен сұмнан жақсы бала
туа ма?—деп Әліби ханға,—рұқсат беріңіз, барып Нәрікбайдың
сақалын кесіп, Шораның ерінін тесіп, Кұлқаныстың шашынан

байлап ат көтіне салып, құйрығына байлап алып келіп, сіздің
арбаңызға қоймаса болмас екен,—деп, қырық үй таманы алып
келіп, қырық дарбазаның аузына қондырып, дерегін білдірмей
жіберсем болмас екен». Сонда жасынан дана туған Қарахан

бала ойлады: «Тама бейшаралар өлмесін білген екен»,—деді.
Әліби Қараханға айтты: «Тамалардың бірін қоймас едім, сіздің
қадіріңізді сақтап, сізге қорғалап, паналап келген еді деп едім.
Енді маған рұқсат бер,—деп, есіріп қалған екен, мұның бірін

аман қоймаймын,—деп ашуы келіп, орнынан қарғып тұрып,
тамаларды қырып, жойып, тамам қылайын»,—деп елірді. Деген
соң Әлібидің түгі шығып, қырық жігіт ертіп алып, қаңтардағы

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

қара бурадай күркіреп, жыны түскен бақсыдай зіркілдеп жөнеді.
Енді бала Қарахан Әлібиге рұқсат бергеніне қапа болып: «Шора
болса жас, Әліби болса қу еді, қабырғасы қатпаған жас баланы
оқшы қылып қоймаса жарар еді»,—деп, Қаратиын бекеуілді

жұмсады,—«оқшы болмаса, қапы қалмасын»,—деп. Қаратиын
бекеуілі ешкімге көрінбей түн ішінде келіп, Нәрікбайды оятып,
Қаратиын бекеуілдің айтқан сөзі:

—Келдім өзім көрінбей,

Әлібидің алдынан.
Мүсәпір болсаң сен болдың,
Анаңның туып қарнынан,
Көрмеген қорлық қалмады.

Басынып кеткен Әліби
Аттанды сені алғалы.
Шайтандай болып тағы да,
Дұшпандығын қамдады.

Айтқалы келдім бұл сөзді,
Жасырынып көрінбей.
Бармасаң, Нәрік, аулыңа,
Жетілді дейміз жеткіншек

Қанатыңды бүгінде.
Кімге Тәңірі береді,
Шын нәрседен түңілме,
Мың баласын өлтіріп,

Әлібиден кек алдың.
Өліп кетсең бүгінде,
Арманың жоқ түбінде.
Қолыңды қойып төбеңе,

Малыңнан бездің бір күнде.
Ал аттанды Әліби,
Қамыңды жегін, тамалар,
Жолықтың тағы сүргінге,

Айтқалы келген сөзім бұл.
Бардың ба, Нәрік, үйіңе,
Бала Шора қай жақта?
Батырым көзге көрінсін.

Қолыңнан келген іс болса,
Батырлар неге ерінсін.

батырлар  жыры
Сен адам болсаң болады,
Жамандар жайды не қылсын.
Әлің келсе, ер Шора,

Қайрақтыдай дұшпанның
Қылыштан өткер көбісін,
Батыр Шора сен болсаң,
Анық туған ер болсаң,

Әлібиге талап қыл.
Дабысың елге білінсін,
Дұшпанның көңілі сөгілсін,
Достың көңілі семірсін.

Әлібиді өлтірсең,
Ерлігің көзге көрінсін.
Дұшпан болған теріс ауыз
Ит етіңе семірсін.

Дұғай сәлем деді хан,
Жандай достым Нәрікке,
Нәрікбай деген ғаріпке.
Нәріктің ұлы Шораға,

Шора деген балаға,
Шора менің теңлесім.
Аттанып кетті Әліби
Мені жіберді демесін,

Көңіліне келмесін.
Сонау кеткен қырқының,
Әлің келсе қоғамға,
Қолың келсе орамға,

Біреуі тірі келмесін.
Артында бар Қарахан,
Құнын сұрар демесін.
Жана Шора сырласым,

Жасы кіші болғанмен,
Заманы бірге құрдасым.
Өз әкесі біледі,
Әліби деген доңыздың

Қолымнан менің келмесін,
Ауып келген жеріңнен,
Не себептен еліңнен.
Ешкім хабар алмады,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Келгеннен соң өзіңнен.
Қараханды бала қып,
Шыныңды айттың көңліңнен.
Сен жылап жүрген күніңде

Сүйегіміз егілген.
Өз әкемдей сыйладым,
Әліби ұрды темірмен.
Кетті Әліби аттанып,

Тыныш болмас сенімен.
Әуелі сені алдайды,
Әріптің қылып сөзімен.
«Балалық қылып сөзіме,

Дос болад деп өзіне»,
Сеніп қалма көңіліңмен.
Дос болмасын онымен,
Жана бір сөз айтайын,

Әкеңдей ойла мәнісін.
Сен сенгендей Әліби
Әкеңменен ел емес.
Әлің келсе барлығын,

Жұмсайтұғын дер кезі[ң].
Салғаннан қырдың мың бала,
Күңіренттің, батыр, еліңді,
Бір қауым жанды жылатып.

Өзіңді-өзің парықта,
Өзің бала, өзің жас,
Әлібиді оңай көрме енді.
Нашарлық қылып толмасаң,

Ұрысар көңілің болмасаң,
Қайтар ма екен райдан,
Атыңды тартып алдасаң.
Басында жоқ бұ бүлік,

Мың баланың елі бар,
Жоқтайтұғын жөні бар.
Әкеңмен бір ат өш қылды,
Енді берер кезің бар.

Әлібиге ат тартып,
Шора қорықты демеймін,
Айтамын істің жөнімен.

батырлар  жыры
Өзінен бұрын хабар ал,
Жас баласың бейхабар.
Азулы жау арыстан,

Аңлысып қалған сенімен.
Сен түгілі, ханынан қорықпайды,
Ел емес, көрсем, менімен.
Болғаным менің сөз айтып,

Қамданғын, Нәрік, еліңмен.
Бүгін боп тұр басыңа,
Азамат, ауыр малақат.
Өзіңдей біл біреуді,

Ол да өзіңдей жамағат.
Бүліндірген елімді,
Жалғыз, Шора, Шұбар ат.
Пірің сенің зор деуші еді,

Осы жол қылсын тәрбиет.
Сыртыңнан дұға қылармыз,
Қараханмен біз жекжат.
Бір тәңірге тапсырдым,

Нәріктің ұлы ер Шора,
Құдайың болса ақ пана.
Қамыңды же, тамалар,
Қалма деді арманда,

Деп айтып, қайтып жөнеді.
«Ай, жаратқан, Құдай-ай»,–
Деді сонда Нәрікбай.
Бейшара болған ғаріп бай,

Түрегелді орнынан.
Сын болар деп ойлаушы еді,
Нәрекем әуел бұрыннан.
Есіткен соң бұл сөзді,

Ақылдан танып қалыпты.

—Жатырмысың, Шора, шырағым,

Алладан жетсін мұратың.
Бекауылдың бұ сөзін
Есітті ме құлағың?
Аттанды дейді Әліби,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Нешік айла қыламын.
Тізесі батқан жау еді,
Тұла бойым тітіреп,
Ақыл-есім қалмады.

Сенен басқа балам жоқ,
Құдайдан басқа панам жоқ.
Алды-артыңда сүйенер,
Інің менен ағаң жоқ.

Аттанып келсе қайрақты,
Көпке айтар сөзің жоқ,
Қалың тама, қараң жоқ.
Құдай медет болмаса,

Ұрысатұғын көңілім жоқ.
Жалғыз үйлі жарлымын,
Еш нәрсенің жөні жоқ.
Тым болмаса тығылып,

Дарбаза тартып тұрарға,
Қазан деген қалам жоқ.
Түрегелді ер Шора,
Пір қолдаған бейшара,

Тау суындай бұралып,
Жолбарыстай ыңыранып.
Камшат ішік үстінде,
Бауын үзді белсеніп.

Шұбар атқа мінді де,
Нәрікке келді теңселіп.
«Саспа, әке, сен,—деді,
Сасқаның мұнша нең,—деді,

Бір кісіге бір кісі,
Тәуекел қылғын сен,—деді,
Жәбірлі құлан ол еді,
Терілі құлан сен едің,

Жеріңнен ауып кеп едің.
Аруақ пенен Құдайға
Болайын мақұл мен,—деді,
Қоңыраулы нардың үстіне

Алтынды тоғыз қамқаптан
Артып маған бер,—деді,
Бір Тәңірге тәуекел,

батырлар  жыры
Өнерімді көр,—деді,
Дұғада боп тұр, ағайын».
Бұл сөзді айтып Нәрікке,

Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Ерлі-байлы екеуі,
Өздерін құрбан жана айтып,

Қырық үйлі тама, Шора үшін,
Мойнына салып белбеуін,
Жан басына мал айтып,
Нәрікбай мен Күлқаныс

Нұрлы жүзін сарғайтып.
Атасынан бата алып,
Әлібидің алдынан
Жөнелді Шора жол тартып.

Батырақты судың басына,
Тас бастаудың қасына,
Келіп атын байлады
Кереге жапсар тасына.

Тоғыз жолдың тоғасы,
Тас бастаудың жағасы,
Тоғыз жолдың тоғысқан.
Қатарлап жиды сол жерге,

Ақылын мұның қарашы,
Қоңыраулы нарды байлады,
Бұлақта қымтап сайлады.
Тартуын тастап бұ жерге,

Және бір ақылды ойлады.
Кемер тастың астына
Келіп тұрды көрінбей.
Ол уақытта Шораның

Көңілі тасып тұр енді.
Аспанменен заулаған,
Қанаттарын қомдаған,
Егескенін қоймаған,

Ішсе қанға тоймаған.
Орданы бұзып қайран қып,
Мың-миллионды ойлаған.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Көк дауылдың өзіндей,
Ердің жолы болмайды,
Басын таңып кезенбей.
Бір анадан жалғыз-ақ,

Назар қылған аруақ,
Мінгені Шұбар арғымақ.
Заманым қандай болад деп,
Нәрікбай тұр зар жылап.

Қорқақ емес Ер Шора,
Кетсе дағы тау құлап.
Жырта қарыс қабағы,
Адамның асыл манабы,

Басқарар емес көңілі,
Әлібиге талабы.
Ақ орамал басында,
Әлібидің қасында,

Ақ маңдайы жарқырап,
Ақ сүңгілі, найзалы,
Адамнан туған айлалы.
Жан көрінбей көзіне,

Жын пайда боп өзіне
Он бірдегі кезінде.
Сол уақытта көңілі,
Теңгерер емес ешкімді,

Тең келер деп өзіне.
Ордаға жапқан бидайық,
Тұмсығы алтын, түбі жез,
Тұяғы алтын болаттай,

Қанаты гауһар деген сөз.
Бидайықтай балаға,
Әліби бүгін болар кез.
Өзі сұңқар, лашын,

Есіткен жерді алам деп,
Сұңқардай жайды құлашын.
Әлібиді тосып тұр,
Бір тамаша қыласың,

Адамның асыл тұйғыны.
Әлібиден басқаны
Ойлар емес пиғылы,

батырлар  жыры
Жанған оттың шоғындай.
Арасы зор алыстан,
Өмірдің мылтық тобындай,

Тасыған су өзендей,
Ердің жолы болмайды,
Басын тігіп кезенбей.
Мінген аты шал қасқа,

Қол қойып тұр алмасқа.
Бұл баланың көңілі жоқ,
Ұрыспай бекер қалмасқа.
Ер өлімі бір күн деп,

Есек жолы қырық күн деп,
Кімге тәңірі береді,
Бір тәуекел қылдым деп,
Бүркіттей көзі шүңіліп,

Көк тұйғындай түйіліп,
Түсіп тұрды Ер Шора
Әлібидің жолына.
Бар ма өлімнің қарасы,

Өлімнің жоқ шарасы.
Алғыр бүркіт секілді,
Шораның саусақ саласы.
Түс қайтып бесін болғанда,

Әлібидің шықты қарасы.
Қырық жігіт қасында,
Күлзар аты астында,
Жан көрінбей көзіне,

Жын пайда боп өзіне,
Жетіп келді Әліби.
Батпақты судың басына
Қара нар тұр байлаулы,

Зергерлі тұр шешулі.
Тоғыз қамқап алтын тон
Жолында тұр тартулы.
Мұны көріп Әліби,

Жанында бар қырық жігіт,
Бәрі мырза,батыры,
Қырық жігітке сөйлеген,
Әлібидің тамсылы:

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

—Ей, қырық жігіт, қырық жігіт,

Қамқап пен нар жолда тұр,
Бұ Шораның амалы.
Амал қылып алып кеп,
Жолымызға салыпты,

Бұл амалдың жаманы.
Ел екен деп ойлама,
Бұл ұйысқан таманы.
Өлтірмей тірі қоймаңдар,

Білмеген әсілін баланы.
Алды-артына көмексіз,
Өліп кетсе дерексіз,
Халін білмей бұл жалғыз,

Көңілі өсіп кетіп барады.
Аз үйден шыққан азулы,
Өлтірмей қойма Шораны.
Шауып алып жол қылған,

Жоқтап келсе көрерміз,
Қазаннан келген таманы.
Әлін білмей ұрынды,
Ойын екен бұрынғы.

Аяймын деп қоңсыны,
Мың балам бекер қырылды.
Ақтасаңдар тұзымды,
Ұстап бер Шора зұлымды.

Есіркеме жетімді,
Тимесең жетім есірді.
Ешкім қарап көрген жоқ
Әлі менің бетіме.

Ескерусіз жүр десем,
Жетіп-ақ қалған секілді.
Алданып назар салмаңыз,
Алтын-күміс, зерім деп,

Тартулы қара нарым деп,
Қорыққаннан тарту қып,
Ап кепті асыл «барым» деп.
Нәрікбайдың сақалын

Түбінен кесіп алыңыз.
Күлқанысты шашынан

батырлар  жыры
Ат көтіне тағыңыз.
Көз алдынан Нәріктің,
Бауыздап Шора құлынын,

Басын кесіп алыңыз.
Сенгені оның Қарахан,
Алдына айдап барыңыз.
Қайрылмады қырық жігіт,

Жүрді қамқап үстінен.
Батпақ суға бастырып,
Байлаған нарды қылышпен
Желкесінен шаптырып,

Мұны көріп Шораның,
Не болғанын білмейді.
Өзінен бұрын Әліби,
Құдайға шет боп жөнейді.

Алтынды қамқап, зер тонды
Бастырып атпен жүрді енді.
Назар қылмай бұларға,
Шораның өзін іздейді.

Тартып-тартып жіберді,
Шұбарды Шора жанбасқа.
Қолын қойып суырды,
Асбақан қылыш алмасқа.

«Дүниеге бір күн тудым,—деп,
Ұмытпас қорлық қылдым,—деп,
Тарту тартып алдыңа
Кісілікті қылдым,—деп,

Жас болсам да, Әліби,
Өлерімді білдім,—деп,
Кім тірі қалмақ дүниеде,
Кеткенді талай көрдім,—деп,

Бәйгеге қостым басымды,
Әзір бол енді, пірім,—деп,
Пірлерім, жаман қысылдым,
Қолдар күнің бүгін,—деп,

Тартуыма қарамай,
Күпір қылды Әліби.
Нарымды шауып өлтіріп,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Кесір қылды Әліби.
Тобасыз мені алмаққа
Секіл қылды Әліби.
Алтынымды атқа бастырып,

Үкім қылды Әліби.
Сүйегімнен кетпестей,
Қорлық қылды Әліби.
Бұрынғы күн—күн екен,

Бүгін де қорлап жүр екен.
Әліби салды бір тамға,
Сыбағам кейін тұр екен.
Қараханды жылатқан,

Иттігімен бұл екен.
Қаратиын бекеуіл,
Зарлағаны шын екен.
Тәңірі өзіңе тапсырдым,

Бір шыбындай жанымды.
Әлібиден өлмеспін,
Ұзақ қылса нанымды.
Неғып жылап тұр екен,

Әлібиге қорлатып
Көз алдымда малымды,
Бермек, алмақ Құдайдан,
Іздеген дұшпан табылды.

Бүйтіп қорлық көргенше,
Қорлық атты бергенше,
Бір сынайын әлімді».
Атқан оқтай сымпылдап,

Перідей бала бұрқылдап,
Жын ба, шайтан, пері ме,
Еш адамға көрінбей,
Келді жетіп зырылдап.

Көк шекпенді көрпе етті,
Көтергендей дәулетті.
Падышадай сәулетті,
Сүттен аппақ бала еді.

Ол уақытта реңі
Болат темір секілді,
13–253

батырлар  жыры
Түрленеді көгеріп,
Бір түрлі емес келбеті.
Арқар алған бүркіттей,

Адамға шапқан үлектей.
Жолбарыстай шабынып,
Екі көзден от жанып,
Жүрегі жаман қабынып,

Әлібидің алдына
Көлденең келіп тұрады,
Салқыны таудай салынып.
Мұны көріп Әліби,

Жүрегі шығып қабынып,
Үрейі ұшып жанынан,
Хабар алшы, халайық,
Әлібидің халінен.

—Сен құбылсың, құбылсың,

Құбылып жүрген бір ұлсың.
Сәлемің жоқ, аман жоқ,
Өзің жаман бір ұлсың.
Балам, қайдан жүресің,

Айт жөніңді кім ұлсың?

—Танымайсың, а, Әліби,

Шыныңменен мені сен.
Өміріңде көрмеген
Танып тұрмын сені мен.
Біліп тұрып танымай,

Тәкаппар болдың көңіліңмен.
Іздегенің кім еді,
Мұнша неге құтырдың?
Соңыма мұнша түскендей,

Алып едім неңді мен?
Тарту тарттым жолыңа,
Үлкен тұтып сені мен.
Тартуымды қорлайсың,

Зор болды маған өлімнен.
Айт маған барар ісіңді,
Көрдім жаман түсіңді.
Жолықпай жүрген шығарсың,

Жауап берер кісіңе.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жібермеймін сені мен,
Менменсінген тәкаппар.
Сынайын сенің күшіңді,
Қандай адам оң көрер,

Ақымақ сенің ісіңді.
Ықпалың асқан күнінде,
Алатауға, Әліби,
Теңемегін өзіңді.

Нең бар сенің болмаса,
Айтқызып, доңыз, сөзіңді.
Өзіңнен біреу зор шығып,
Оймасын, мұндар, көзіңді.

Тәубе қылсаң болмай ма,
Пайғамбардың жасына
Жақындаған кезіңде
Қай жаққа кетіп барасың,

Таусасың кімнің шарасын.
Іздеп шыққан еліңнен
Кедей қоңсы мен деді.
Танымаған боласың,

Нәрікбайдың Шорасын.
Танымасаң, таныма,
Одан нені табасың?!
Сонда Әліби сөйлейді:

—Шорамысың, сен,—деді,

Танымаған ағаңа
Кейігенің не?—деді,
«Інісі лайық аға жар
Ойнақтар» деген бір сөз бар,

Көрісетін, ей, шіркін,
Қолыңды бері бер,—деді,
Әуелі бастап айтайын
Өкпелеме, ер,—деді.

Әкең келді Қазаннан
Қырық үйлі тама ел,—деді.
Көріскелі әкеңе
Бардым іздеп мен,—деді.

Рас, әкең өзімнен,
Көп жапа көріп еңіреді.

батырлар  жыры
Мал-жанын тастап бала деп,
Жоғары, төмен өрледі.
Сыртынан дұшпан болғанмен,

Ішімнен дос мен,—деді.
Сонша жерден келіп ед,
Ел ішіне еніп ед,
Бір перзент, бір Құдай деп,

Тілеусіз болып мен саған,
Сөйткенде көрген бала едің,
Өкпелей берме сен маған.
Әлі де болса бір сөзім,

Меһрім төккен бір кезім.
Дос-дұшпанға біліндім,
Бір атқа бола иттікті
Қылып жүр деп ел-жұртың,

Есітемін бір сөзін.
Астыңдағы Шұбарды,
Түсіп маған бер,—деді,
Несіне менен аяйсың,

Қартайып қалған мұндарды.
Ат керек болса мен саған,
Құйрықтан басқа жемеген,
Қызылбастан бала алып,

Сағымындай болып жөнеген,
Мінгіземін тұлпарды.
Қараханға тығылып,
Әкең көзге ілмеді,

Кім екенім білмеді.
Бір жетімге сеніп ап,
Шенімнен менің жүрмеді.
Жамандықты құрмалық,

Өтіп кеткен күндер-ді.
Әкемді үлкен деп айтсаң,
Шақырдым үйге жүр енді.
Керек болса, міне, ал,

Сені разы қылар малым бар,
Табылар бізден дүние енді.
Әйтпесе мені аға деп,
Сенсең Шұбар атың бер,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жамандасып жүрмелі.
Жамандықты тастайын,
Жақсылықты бастайын.
Қазынамның мен саған,

Есігін барып ашайын.
Өз атыңнан зор қылып,
Басыңа тіллә шашайын.
Жалғыз қызым Ақсұлу,

Перзент қып саған қосайын.
Дүниемді дос қылып,
Жалғыз інім Ақша би,
Екеуіңді дос қылып,

Өткерейін дүниеден,
Көңіліңді қош қылып.
Сонда Шора сөйлейді:

—Жақсы айтасың, Әліби,

Нәрекем ауған жерінен.
Көңілі ауып Нәрікбай,
Қарашы болған елінен.
Бейшара болып жай салды

Қоғалының көлінен.
Беліңе салып көп жылқы
Қараханның сөзімен.
Зекет алдың қорқытып,

Келместен жатып өзінен.
Құдайдан қорықпай, Әліби,
Нәрікбайды ұрдың-ау.
Барып ем әбден сенімен,

Дос түгіл құда болсаң да,
Сол шығар ма еді көңілімнен.
Жылаттың-ау баласын,
Келместен жатып Қазаннан.

Қайдан білдің қаңғырған
Қазанның қырық тамасын.
Қайдан білдің Нәріктің
Жоқ екенін баласын.

Қасиетті жан еді,
Жаманды-жақсы бір жұртқа
Қария болған хан еді.

батырлар  жыры
Нәрікбайды ұрдың-ау,
Бүгін де маған зорсың-ау.
Тәңірі алдына барасың

Тәңірі—қазы, пайғамбар—
Шапағатшы болғанда,
Тең таразы құрғанда,
Арасаттың майданы,

Әммені бірдей қылғанда,
Тәңірінің алды бір,—деді,
Төренің алды тең,—деді,
Қоңсылық ақым сен,—деді,

Бір алармын жағаңнан,
Қисабын қайдан табасың.
Ат жүгіртіп шаппастай,
Томарлы ма еді жеріңіз.

Қаз бен үйрек ұшпайды,
Құрулы ма еді көліңіз.
Жалғыз атты мінбестей,
Жарлымен жалғыз жүрместей,

Зорлықшыл екен еліңіз.
Менмендікте, Әліби, тұр,
Білемін аяр көңіліңіз.
Аярлықты сен қылсаң,

Алдатпаспыз енді біз.
Қызыл таздың сөзімен
Қырғалы шықтың бізді сіз.
Айтпасаң да сырыңды,

Аңғарып тұрмыз сізді біз.
Мың қарғаға бір кесек,
Көптігінен күдер үз.
Мұндай ақыл ойласаң,

Аруақ ұрсын алдасаң,
Қайтып барғын еліңе.
Талай азап салғансың
Нәрікбайдың көңіліне.

Тартуыңды алып кеп,
Ісіңді сал жөніңе.
Мыңның жолы ашылар,
Мүсәпірді разы қып,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Салмасаң істі жөніне.
Желпіген көңіл басылар,
Қоңсының көңілін ауласаң,
Кәпірлікке кетпесең,

Жан достыңды жауласаң.
Қорықсаң, батыр, Құдайдан,
Қайтсаң ерте райдан,
Нұр жауады өзіңе.

Батпақ судан басып енді,
Қатты тиер көңіліме,
Қай жолменен жүрсең де,
Екі сөз айттым өзіңе,

Сиғанын қылғын өзіңе.

Сонда Әліби сөйлейді:

—Сенің өзің қумысың,

Қудан өткен сұмбысың.
Атыңды алам мен десем,
Тарту тарт деп тұрмысың.
Қырық мың үйлі қайрақты,

Екі қырық мың қосылса,
Біреудің сорын қайнатты.
Екі қырық мың елеттен,
Тарту алып тірі боп,

Жүрер пәнде қай жақта?
Азуын айға білеген,
Табанын көкке тіреген,
Өзінен зорды іздеген,

Сендей неше жалғызды
Әлдекеңіз жайратты.
Есіркесем білмейсің,
Есек болғың келді ме?

Аяғымның астына
Төсек болғың келді ме?
Әліңді білмей, әркімге
Өсек болғың келді ме?

Сыйлағанды білмейсің,
Аяғымның астына
Шиыр болғың келді ме?

батырлар  жыры
Жалғыздығың білмейсің,
Көпке ұрынғың келді ме?
Бір топ біткен шоқ қамыс,

Отқа ұрынғың келді ме?
Ителгіні менсінбей,
Қаршыға алғың келді ме?
Әлібиден мал тілеп,

Талшық алғың келді ме?
Жалғыз басты қу ма едің,
Мықты болып біреуді
Қамшылағың келді ме?

Қыпшақтан да қу ма едің,
Әлібиді жалынтып,
Тарту алғың келді ме?
Ей, қырық жігіт, қырық жігіт,

Айтқанымды қыл, жігіт.
Жалғыз жүріп кешінен,
Асқан екен бұл жігіт.
Құйысқансыз, айылсыз,

Өліп кетсе дайынсыз,
Жалғызды ұстап, ор, жігіт.
Халық біліп аптығып,
Бет қойып маған тұр, жігіт.

Басын кесіп алыңыз,
Сенгені болса Қарахан,
Кеудесін алып беріңіз.
Ойран қылып таманы,

Өшіккендей шабыңыз.
Тамада мал көп дейді,
Олжа аласың бәріңіз.
Біреуіңе бой бермес,

Бәрің бірдей барыңыз.
Хан иек қақты нөкерге,
Сырлас болған қулары
Жез найзаны көтерді.

Ит қарғыса шабынып,
Бір бөріге жетер ме?
Жабыла шапты қырық жігіт,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Жалпылдасып бекерге.
Екі көзі Шораның
Оттай болып жанады.
Баланың өзі білмейді,

Бетінен нұры тамады.
Әліби тұр орнында,
Назарға қырғын салады.
Бір ақырды айбатпен,

Қырық жігітке қарады.
Ол уақытта жігіттің
Еш дәрмені қалмады.
Бар тапқаны бұлардың,

Әлібидің артынан
Құр иланып шабады.
Ыза болып Әліби,
Күші тасты білектен,

Оты шығып жүректен.
Бауырын үзді белсеніп,
Келе салды найзаны,
Ер Шораға жүректен.

Салғанда найза өтпеді,
Қанымнан, қаттау жібектен.
Өтер еді найзасы,
Бір адам мұны күзеткен,

Найзаны қағып қолменен.
Тағы ұрды Әліби,
Шоқпарымен күшейіп,
Үзіліп шоқпар сынады,

Шораны ұрған бойымен.
Енді қылыш шығарды,
Қамқапты қарттың ойымен.
Кезек келді Шораға,

Пір қолдаған балаға.
Бұ да салды найзаны,
Батпай кетті далаға.
Қылыш ұрып шоқпармен,

Балта шапты жана да,
Екі батыр соғысып,
Жан түспейді араға.

батырлар  жыры
Бірін-бірі ала алмай,
Қайраты кетті далаға.
Қолы тиді Шораның

Сақал менен жағаға.
Қиын келді Әліби
Он бір жасар балаға.
Екі дария мұж ұрып,

Түйіскендей болыпты.
Сықырласып екі тау,
Соғысқандай болыпты.
Екі айдаһар бетпе-бет,

Болысқандай болыпты.
Бағанағы қырық жігіт,
Сауысқандай болыпты.
Ат үстінен алысты,

Аты жата қалысты,
Найза, балта, қылышты,
Еш нәрсеге қарамас,
Бекерге жатып қалысты.

Бірін-бірі жібермей,
Екеуі де іздеп намысты.
Әліби үлкен, Шора жас,
Бірін-бірі аямас.

Салысып Шора екеуі,
Қайраты болды қарсылас.
Түс қайтып, бесін ауғанда,
Жастық қылып Шораның,

Қабырғасы қайысты,
Бақайшығы майысты.
Әлібиден қысылып,
Сұрады пірден қуатты.

Құдайы жәрдем болмаса,
Шорасындай пендеге.

—Балтам тиді еменге,

Жолықтым тыңнан көбенге.
Әлімді білмей асылдым
Асуы жоқ кезеңге.
Қуанышты едім пірің бар

Қолдайтұғын дегенге.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Қолдар болсаң қолда енді,
Кетер болдым тереңге.
Әлібимен алысып,
Таба алмадым айласын.

Он бір жасар жас бала
Бір қабанға не айласын.
Әліби өлсе, жұрты көп,
Мен өлсем, кетер аз басым.

Қара жорға ат мінген,
Жал-құйрығын шарт түйген,
Тәрбие қылар деп жүрген,
Қаратаудың бауырында,

Қара көлдің қарнында,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Айналайын атыңнан,
Шығармаушы едім жадымнан,

Бар болсаң қолда, қайдасың?

Сыйынады піріне,
Пірі жарар күніне,
«Енді қашан көремін,
Пірлігіңнің пайдасын».

Тарыққаны болмаса,
Әлібиден қысылып,
Қамыққаны баланың,
Аян болды өзіне.

Қасиеті зор екен,
Шашты Әзіз деген бабаның.
Ақ қара бас қу болып,
Жетіп келді балаға.

Қиямет соғысы болып тұр,
Батпақ су деген арада.
Келіп дұға қылады,
Қабыл қып Құдай дұғасын,

Әлібиді жығады.
Жазбаның иісіндей,
Мұрнына кеп енеді,
Пірінің берген қуаты,

Мас қылып қайрат береді.

батырлар  жыры
Батыр Шора құтырды,
Ақ найзаға түкірді.
Қайтадан шығып дем алып,

«Кел, бабам»,—деп ұмтылды.
Арылдаған бойменен,
Ашуын жиған қолменен,
Әлібиді жүректен

Салып қалған секілді,
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен.
Жұрындай қылып ұшырып,

Жалғыз түрткен найзамен.
Ұшырып жерге түсіріп,
Суырып алды найзасын.
Жер тырмалап Әліби,

Қатып қалған сықылды,
«Шаншы, міне, түйре,—деп,
Тастақ жерге сүйре»,—деп,
Қырық жігіттің артынан

Түсті Шора кем байлап,
«Кел шаншыс» деп айғайлап,
Қырқын бірден өлтірді.
Қайтпасын тірі үйге деп,

Қырқының кесіп кеудесін,
Аузына тығып бөлмесін,
Қайтып келді көргелі
Түсіріп кеткен пендесін.

Қайтіп келсе Әліби
Екі қолмен жер тіреп,
Екі көзі жасарып,
Көтеріп отыр кеудесін.

Атынан түсіп Ер Шора,
Кескелі келді келдесін.

—Ей, Әлеке, Әлеке,

Неғылған сен пендесің.
Бір дәрім беремін,
Қапа болма, өлмессің.
Сонда Әліби жылайды,

Шыбын жанды қимайды:

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

—Өлтірмесең, Ер Шора,

Қолға түскен пендемін,
Болып тұрмын бейшара.
Ер сүрінбей танымас.
Нәрекем болса қимас ед,

Әлі де болса аз ғана,
Қайратыңды таныдым,
Жетіп қапсың жас бала.
Бір шыбындай жан тәтті,

Барар едім үйіме,
Мені іздеген қайрақты,
Жолығар едім бәріне.
Ендігісін өзің біл,

Тіл тигізбейін піріңе.
Езуін тартып Ер Шора,
Ерлігімен күлді енді.
Әлібидің жанының

Тәтті екенін білді енді.

—Өлтірмес едім мен сені,

Керек деп отыр басыңды,
Өшпенді кісің үйде енді.
Күшті кісі едің деп,
Кеудесіне мінді енді.

Сонда Әліби жылайды,
Көзінен төгіп қанды жас,
Қан төгілді аралас.

—Білдім, Шора, аямас,

Беделіңе қарамас.
Ұртта менің қанымды,
Жеті атаңа болсын ас.
Тық шешеңнің к…не,

Керек болса, міне, бас.
«Құр айтады»,—деп Шора жас,
Сақалынан алады.
Кеудесінен Әлінің,

Тізесімен басады.
Аспаһанды ақ семсер[ді]

батырлар  жыры
Алқымынан салады.
Кесіп басын алады,
Өшпенді жауым осы деп,

Қылыштың қанын жалады.
Аттанып кетті Ер Шора,
Әліби жатып қалады.
Болад деп қандай заманым,

Қырық үйлі тама, Нәрікбай,
Қалған екен қамалып.
Күңіреніп бәрі шулады,
Көрген соң аман баланы.

«Мінекей жаудың басы»,—деп,
Атасының алдына
Алып кеп тарту салады.
Таңда махшар күн болса,

Құрармыз ен таразы.
Өзі теңді жігіттің
Сұлтаны—Шора, қоразы.
Егескен жауы өлген соң,

Келдесін алып келген соң,
Әлібидің өлгенін
Тірлікте көзі көрген соң,
Шораны берген Құдайға

Нәрекем болды разы.
«Бүгін алса Құдайға
Болмаспын»,—деп,—наразы.
Тамалар шулап жылады,

Әлібиді өлтіріп,
Шора батыр шықты деп,
Дүниенің төрт бұрышына
Әуезе болып барады.

Шабады деп қай күні,
Алған соң әуел бәйгені,
Түрікпеннің елінен
Қайрақтыда ес қалмады.

Ал Әлібиді өлтіріп, неше күн көрген бейнет, неше күн көрген
қорлық сол күні есінен шығып кетті. Енді уақыты қош болып,
қатері жам болып, Құдайға шүкір деп жата берді. Шора батыр

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Әлібиді өлтіргенмен, дұшпанды мұқатқанмен, тамалардың
күндері бұрынғыдан жаман болды. «Бұрынғы күніміз күн екен,
жаман күнге енді қалдық,—деп, қырық мың үйлі қайрақты,
қырық мың үйлі айрақты, екі қырық мың бір жерде тұтас

жатқан ел еді, біз қырық ауыл елдің мұны өлтіргенімізбен
ақырында осы шоқпар біздің басымызға тимей кімге тиер,—
деп, Әліби екі қырық мың елдің басшысы еді, үкіммен болып
тұрған адам еді»,—деп қайғымен қамкөңіл болды. «Егер де

Шора біздің сорымызға тумаса, бұл жерде тұрарымызға туса,
Қазанға барар,—деп әңгіме кеңес қылар еді, егер бұл Қазанға
барса, адамның сырттаны бұдан да күшті болар еді»,—деуші
еді. «Ол Қазанда Есім деген ағасы, ноғайлы тама деген елі бар,

жана үш жүз деген қазақ бар, соларменен әскер жиып келіп,
намыс қылып, бұлар қайғы-қасірет ойласа, біздер сол туралы
жанымызды сақтап тұрар едік,—деп, Қазанға барса ағасы
мен әскер тартып келсе, біз Қазаннан келген ерлерді көріп

көңіліміз раушан болар еді. Шора Қазанға бармай мұнда тұрса,
қартайғанда әке-шешесіне бір мехнат салар»,—деп, қырық үйлі
тамалардың адамдары кеңес етті. «Атасы-анасы түрікпеннің
қолында қалып пенде болып көп жапалар көрер ме екен»,—деп,

бұл сөзді Шораға айта алмай, сыртынан Нәрікбайдың мазасын
алып, сөз қылар еді. Бір күні мазасын алып қоймаған соң,
тамалардың адамдарын ертіп келіп, ұйықтап жатқан Шораға
Нәрікбайдың сөйлеген сөзі еді:

—Жаңбыр жаумай су болды,

Пұлы қымбат манатым.
Тасқа тиіп мұқалды
Балдағы алтын болатым.
Нәрікбай қылып басында,

Жақсы қылып, Құдай, жараттың.
Қырық қақпалы Қазаннан,
Алып келіп бұл жайға.
Қырық үйге мені қараттың,

Қырық үй алды мазамды.
Басыңды көтер, ер Шора,
Құйрығым мен қанатым.
Кім көтермес пендеге,

Құданың салған нәубетін.

батырлар  жыры
Әлібиді алған соң,
Ойлап едім баяғы.
Келер деп кеткен дәулетім.

Қырық үйлі қоңсы қылды зар,
Басыңды көтер, Шоражан.
Айтатұғын сөзім бар,
Көтерші басты ұйқыдан,

Өлгенде көрген перзентім,
Қиямет болды бұл күнім,
Тұтасты дене, жұлыным.
Айтатұғын сөзім бар,

Басыңды көтер ұйқыдан,
Тілеп алған, құлыным.
Жаман да болса туғаным,
Сыртыңнан сөзін тыңдағын.

Өзім адам болдым деп,
Бұларды жерге ұрмағын.
Ұлық болсаң кішік бол,
Тәкаппарлық қылмағын.

Айтайын деген сөзімді,
Өлгенде көрген, шырағым,
Өз аузымнан есіткін,
Ағаңның айтқан жауабын.

Жаман да болса бұл сенің,
Өз жаманың, туғаның.
Жамансыз жақсы болмайды,
Ырысына шыққан жақсысы

Өз жаманын қорғайды.
Жаман біткен денеңді
Кесетұғын күн қайда?
Бірге туған таманы

Көрмейтұғын күн қайда?
Жаманның сөзін тыңдасаң,
Түбінде Құдай оңдайды.
Айтатұғын сөзім бар,

Шуылдап жаман қоймайды.
Алпыс атан, мұрындық
Қаяққа барса соған бар.
Жаманда қызыр бар деген,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Туысқанның тілін ал.
Жаманның айтқан сөзіне,
Шырағым, Шора, құлақ сал.
Кеткеніңді Қазанға

Бұл жұрт көрді мінесар.
Қайрақты мен тама боп
Жүрер жан саған қайда бар?
Өлмей тұрсаң көрерсің,

Азғана ауыл таманы
Қараңғы тұман бір басар.
Сыртыңнан дұшпан тыңдап жүр,
Тамалар естен адасар,

Аман күнде жұрт таппақ,
Есен ерге жарасар.
Алты айшылық осы жерден
Атаңның жұрты Қазан бар.

Билеп тұрған Қазанды
Есім деген ағаң бар.
Бұл жерде тұрма, жоқ болып,
Ертерек, жаным, соған бар.

Аттанып келер қайрақты,
Бір мыңын оның қырарсың,
Екі мыңын қырарсың,
Он мыңына келгенде,

Көпке не айла қыларсың.
Жан көрінбей көзіңе,
Жалғыздық түсер өзіңе.
Жалғызбын деп жыларсың,

Саныңды ұрып, арман қып.
Қиындық көрген кезіңде,
Саныңды бір күн ұрарсың.
Өзгенің несі кетеді,

Қартайғанда әкеңді
Біреуге пенде қыларсың.
Көмек берер адам жоқ,
Құдайдан басқа панаң жоқ.

Өзің жалғыз, көбің жоқ,
Көпке айтар сөзің жоқ.
Екі қырық мың қайрақты,
14–253

батырлар  жыры
Тұтасып кетер қырық мың боп.
Әліби—жұрттың егесі,
Жоқтаусыз қалар деймісің.

Қартайғанда әкесін
Қайрақты олжа қылды деп,
Боларсың жұрттың кеңесі.
Тілімді алсаң Қазан бар,

Қазанда Есім ағаң бар.
Жаманды-жақсы болса да,
Туысқан еді ер Есім.
Жоқтамай қалар демесін,

Айтайын ақыл мен енді.
Қазанға бар сен енді,
Сен Қазанға кеткен соң,
Шыным, дұшпан келмейді.

Ноғайлы, тама намыс қып,
Есім ер мұнда келеді.
Қазан бар деген себебім,
Өзіңнен де жақсының

Сырты күшті деп едім.
Қазанға Шора кетті деп,
Сыртымнан дұшпан келмеді.
Сен Қазаннан келгенше,

Мұндағы қалған ел-жұртың
Бір тыныштық көреді.
Көптің оғын көмектеп,
Жоғалса табар, қоймайды.

Жалғыздың оғы жоғалса,
Жан ашыры табылмас.
Кейінді ойлап, шырағым,
Көпсіз жүйрік шабылмас.

Ұлтандай жатқан ел екен,
Егессе, бізге не қылмас.
Бұл жерде жалғыз болғанмен,
Қазанда жалғыз емессің.

Қазанға барсаң тұз айдап,
Неге келдім демессің.
Менің тілімді ал, балам,
Түбінде қайғы жемессің.

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Түрікпен қылар көптігін,
Таманың көрдім секілін.
Бүгінде балам қайтқан жоқ
Әлі ешкімнен екпінің.

Қазанға кеткін, қарағым,
Боласың қапы соңғы күн.
Шырағым, ерте Қазан бар,
Қазанда Есім ағаң бар.

Қалай мені жоқтамас,
Дұшпаныңды айтып соған бар.
Дұшпанда ағаң қалды деп,
Түрікпен қамап алды деп,

Жәкең сәлем айтты деп,
Көремін бе сені деп,
Осы елден болған сараға,
Нәрікбай қайғы жеді деп,

Ертерек іздеп елге бар.
Ел-жұртың есітіп,
Көрмекке сені ынтызар.
Алты айшылық арада

Жүретұғын жолы бар.
Қырқылмаса қанаты,
Алты айда да жеткізер,
Қазанға сені Байшұбар.

Осындай Нәрік айтады.
Кетері кет деп айтса да,
Көңілі жоқ қиғандай.
Нәріктің айтқан бұл сөзін

Тұрды Шора жақтырмай.
Құлағына салған соң,
Бетін ашып алған соң,
Келді тама шуылдап,

Қазанға барғын, Шора,—деп,
Тыныштық бермей былшылдап.
«Кетпесең бізді қырғын»,—деп,
Тыныштық бермес ыңылдап.

Қаршығаға ерген қарғадай,
Қалмады тама соңынан.

батырлар  жыры
«Қайрақтыға қырғызбай,
Өзің-ақ қырғын қолыңнан».
Таманың қылған қорлығы,

Әлібиден қаттырақ,
Шораның кетпес ойынан.
Кететұғын көңіл жоқ,
Кетпейтұғын жолы жоқ.

Кетпес еді Қазанға,
Өзіне серік елі жоқ.
Елі жоқтың белі жоқ,
Жалғыздың көпке сөзі жоқ.

Адасса, қалар далада,
Бастап жүрер елі жоқ.

—Әлібиді өлтірдің,

Ерден ердің кемі жоқ.
Өзім де, балам, қимаймын,
Түбінде бармай ебі жоқ.
Бұл сөзді айтып Нәрікбай,

Жүріп кетті үйіне.
Бар деуге қимай баласын,
Қой деуге қимай тамасын,
Көзінің жасын сел қылды

Екі ауылдың арасын.
Түрегелді Ер Шора,
Баратұғын көңіл жоқ.
Әкесі айтса не шара,

Атқа мініп сандалып,
Не қыларын білмеді.
Неше күн жүрді ойланып,
«Қырмасаң бізді, Қазанға

Барыңыз»,—деп тама жүр.
Айрылмаймыз, жәке, деп,
Соңынан өңкей бала жүр.
Сол уақытта Шораның

Ойран болды ақылы.
Қазанға кет деп жылайды
Әкесінің жақыны.
Қалмаймыз деп шуылдап

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Таманың қыз-қатыны.
Не қыларын білмейді
Қасиетті Күлқаныс.
Бар дейін десе Шораға

Қазан деген бір алыс.
Бармасын десе Ер Шора,
Түрікпен жатыр қып намыс.
Әлғал Шора атанып,

Қайғыра берсін несіне.
Жалғыздығы түседі
Ерте менен кешіне.
Шауып шықты баяғы

Өзі туған жеріне.
Белеңнің қайқы төсіне,
Тап төбенің басына
Шауып Шора барады.

Қорамсаққа қол салып,
Қозы жауырын оқ алып,
Оқты бір жерге қағады.
Қырық үйлі тама, бес ауыл,

Бір бөрік құрлы көрінбей,
Бөркіне ақыл салады.
«Берекесіз қу тама
Алды менің мазамды.

Көздейсің білем шамасы,
Атамнан қалған Қазанды,
Қайрақты отыр ойында.
Болжап алды-артымды,

Біліп отыр шамамды.
Іздейтұғын көңілім жоқ,
Нәрікбайды жылатқан,
Атама дұшпан адамды.

Тағы да ойлап білемін,
Одан жақын табарды.
Жалғыздығы құрысын,
Ерлерге қайғы салғанды.

Біздер кімге шікара,
Не ерлер өткен қайғырып,
Бұрыннан соңғы қалған-ды.

батырлар  жыры
Мың тамаға бермеймін
Мұндағы жаман баламды.
Мен кеткен соң кім бағар

Ата менен анамды.
Біз түгіл өткен көп ерлер,
Бөркіне ақыл салғанда
Екеу-екеу екі аға,

Барамын ба Қазанға,
Бармаймын ба Қазанға,
Барсам қиын болар ма
Мұндағы қалған тамаға?»

Ақыл салып бөркіне,
Қарғып мінді алаға.
Бір қиял түсіп балаға,
Өсіп-өнген жеріне,

Жетіп келді Ер Шора.
Жайық деген өзенге,
Көп шомылған көліне.

—Ей, Жайығым, Жайығым,

Жағалай жатқан қайығың.
Өзіңде өзім тусам да,
Түбім бөтен екенмін,
Бұл жолда менің айыбым.

Түрікпеннің зорынан,
Аз таманың қорынан,
Болмаса білем дайыным.
Бала боп өстім бойыңда,

Құлындай аунап бауырыңда.
Құрығыңды кесіп ап,
Сүйретіп едім қарымда.
Мың жылқыны гулетіп,

Тоғанының бойына,
Ойнасам ойыным қанбады.
Өзеніңді жайлаған,
Өскен елдің тойына,

Сендей өзен таусылмас,
Ел жатуға дария.
Ақ Жайықтай жер жоқ деп,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

Айтушы еді қария,
Енді кетіп барамын.
Өзіңде туған ер Шора
Амандаспай кетті деп,

Артымнан менің налыма.
Арқыраған суы бар,
Аспанға жеткен буы бар,
Суыңнан ішкен жолаушы,

Жеткенше саған ынтызар.
Еніңе көзім жетпейді,
Ішіңнен елім кетпейді.
Шүйгініңді жерде жоқ,

Қыраңдығың көлде жоқ.
Туған жерін сағынбай,
Жүретұғын мен де жоқ.
Жерден бұрын көктейді,

Сүйрігің тәтті, сүттен ақ
Таңдайымнан кетпейді,
Аман болғын, Ақ Жайық.
Онан соң келіп бір жерге,

—Ассаламағалейкүм,

Атама қоныс, Қоғалы,
Ешкілі мен Обалы.
Сен—Қоғалы деген көлімсің,
Кірім жуып, кіндігім

Кескен жерім сенбісің.
Өзіңде туған бала еді,
Қоштаспай кетті дермісің,
Мен барамын Қазанға.

Тұрар заман болмады
Амандасып жеріне.
Әр қиял түсіп көңіліне,
Арыздасып қоштасты

Өсіп-өнген жеріне.
Онан соң келіп үйіне,
Атасынан бата алып,
Елге сәлем дат алып,

Жау жарағын байланып,
Жүрмекке Шора сайланып.

батырлар  жыры
Нәрікбай мен Күлқаныс
Батасын берді зарланып:

—Құлыным, Шора, шырағым,

Алладан жетсін мұрадың.
Сені сұрап Құдайдан,
Жеті жылдай жыладым.
Сөйткенде көрген, шырағым,

Бір Құдайға тапсырдым.
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Айналайын атыңнан.
Ұмытпа, балам, жадыңнан,

Сиынсаң қолдар бабаң бар,—
деп, Нәрікбай мен Күлқаныс жана қырық үйлі тамалар бәрі
амандасып, қоштасып, әуелі Құдайға, екінші, пірлеріне тапсы­
рып, бата беріп, мойындарына бұршақ салып, есендігін сұрап

қала берді. Енді Шора батыр алты айда Қазанға жетіп барады.
Барса, Қазанның шетінде бір күрке тұр екен. Бір кемпір тезек
теріп жүр екен, Шора соған барды. Кемпір Шораны: «Аман
келдің бе?—деп бетінен сүйіп, әке-шешең аман ба?»—деп аты­

нан түсіріп алып көрісті. Күркеге ертіп келді, бір шал отыр
екен, шал Шорамен көрісіп: «Аман-есен келдің бе? Нәрікбай
мен Күлқаныс аман ба?»—деп жыласып отырды. Ол ақсақал
Нәрікбайдың уәзірі еді. Қазанды қалмақ алып, Қозбанбет, Са­

дыр деген қалмақ патша болып билеп тұрған еді. Шал ақсақал:
«Қарағым, Шора, кірің болса жуғызып, шаңың болса қақтырып
жата бер»,—деді. Шора Шұбар атқа мініп, Қозбанбет, Садырға
келіп:

—Есім қайда?—деді.

—Есім қазір зынданда жатыр,—деді. Шора:

—Шығарып бер,—деді.

—Жаумысың не елмісің?—деді Қозбанбет.

Садыр:

—Елміз,—деді.

—Ел болсаң шығар,—деді. Сонда Шорадан сескеніп Есімді

зынданнан шығарып берді. Есімнің шашы, сақалы белуарына
түсіп еді. Есім мен Шора көрісіп, жылап: «Нәрекем бар ма,
аман-есен бе?»—деп жылады. Шашын алып, мұртын басып
жеті жылғы ту қара биенің қазысына бөлеп, қалжалап,

ҚИССА  НӘРІКБАЙ – ШОРА

кемеліне келтіріп, қалмақты шауып, Қозбанбет, Садырды
ұстап алып, басын кесіп өлтіріп, екеуі тізе қосып, қорада өлген
қалмақты арбалап тысқа шығарды. Енді Қазан елінен көп әскер
алып түрікпенге жөнеді. Түрікпенге келіп, таманы үш қабат

шауып алған екен, келе-ақ шауып жіберді. Сонда Қарахан:
«Нәрікбай деген достым, Шора деген құрбыма сәлем,—деп
елші жүргізіп,еліме амандық бер»,—деді. Сонда қалған еліне
амандық берді. Әлібидің қызы Ақсұлуды сексен нарға алтын,

күміс жасау арттырып Шораға ұзатты. Түрікпенді Қараханға
бағындырып, патша қып қалдырды. Енді Нәрікбай Қазанға
келіп тағына мініп, патша болып дәурен сүрді. Содан кейін
Шора Қазанда Нәріктен соң хан болып, үкім жүргізіп, қалмақ,

қазақ халқын өзі сұрады.

Алаш-алаш болғанда,
Ала тай ат болғанда,
Орманбет хан өлгенде,
Басы саулар күлгенде,

Он сан ноғай бүлгенде,
Қазан деген қалада,
Қырық мың үйлі тамада
Нәрікбай деген бай еді,

Төрт түлікке сай еді.
Қызыл ала сиырдан,
Ақты-бозды қойынан,
Тоқсан тоғай жылқыдан,

Ат басындай алтыннан,
Қой басындай күмістен,
Күмістің қанша пұлынан
Ысабы жоқ бай еді,

Қазына малы көп еді.
Бұйра сақал құлынан,
Шүйке басты күңінен
Дүниеге көңілі тоқ еді.

Сазандының елінен
Алды бір қыз деп еді.
Тумады бұл қыз кешігіп,
Келгенге қанша жыл болды.

Сұрасаң, аты—Құлқаныс,
Елуге жасы кеп еді.
Сол жерлерге келгенше,
Бір перзенті жоқ еді.

Арамға аузын ашпаған,
Ер Шора
(Молда Мұса нұсқасы)

ЕР  ШОРА

Дәретсіз жерді баспаған,
Екі қолы жағада,
Аузында дәйім тоба еді.
Жайлаған таудың бұлағы,

Жайқалған шалғын құрағы.
Перзент деген, жақсылар,
Адамзаттың шырағы.
Сонша дәулет бітсе де,

Бір перзенттің жоғынан,
Нәрікбай мен Құлқаныс[тың]
Болмады көңіл тұрағы.
Анда-санда аңырап,

Жылаушы еді зарланып
Киіктей өлген лағы.
Сол уақытта тамаға
Әлімхан деген хан еді.

Хан-қарасын билеген
Есім ер деген бар еді.
Қайратына мас болып,
Қаңтарда нардай жарады.

Қалмақтармен соғысып,
Неше жерде тоғысып,
Іздегені қазақтың
Намыс пенен ары еді.

Қайып Ерен қырық шілтен,
Ұрысқа Есім барғанда,
Шылауында жар еді.
Сол Есім мен Нәрікбай

Бір туған еді анадан.
Қорқушы еді Есімнен
Қарайған халқы, жалпы адам.
Екпіндеген ерлердің,

Талайын тұсап матаған.
Ұстамай дұшпан жағадан,
Сыйлаушы еді ағасын.
Қабағына көп қарап,

Перзентсіз көңілі қапа еді.
Нәрікбай мен Есімнің
Жан бетіне қарамай,

батырлар  жыры
Жатушы еді жылқысы
Ақ теңізді жағалай.
Шалағайы берік боп,

Озған еді шабаны.
Үйде отырып ерігіп,
Үйінен шықты бай Нәрік.
Көп жылқысын аралап,

Сол уақытта, жақсылар,
Құдіретімен Құдайдың
Теңіз тасып жасырды.
Жылқысында Нәрікбай

Көріп тұрды бұл сырды.
Қара суды қақ жарып,
Ішінен шығып бір шұбар,
Оқыранып шауып кеп,

Көп жылқыға қосылды.
Үйірінен Нәрікбай,
Жылқысында көрген жоқ
Бұл сияқты мүсінді.

Нәрікбайға, жақсылар,
Бір баланың дағы өтті.
Құдіретіне Құдайдың
Көнбеймін деген халат-ты.

Жақсылық сөз—жарым ырыс,
Бұл бұрынғы әдет-ті.
Көз жасымды көргей деп,
Егесін мұның бергей деп,

Шауып барып бай Нәрік,
Шұбар аттан тәу етті.
Сол уақытта, жақсылар,
Тұлғасы басқа Шұбардың

Ұшқанша басар аяғын
Тарғақ пенен қулардың.
Көзі шолпан жұлдыздай,
Жүні сусар құндыздай,

Ілеспейді үстіне,
Шаң менен тозаң Шұбардың.
Нәрікбай сонда сөйледі:

—Ай, жануар, Шұбар ат,

ЕР  ШОРА

Мақпалдан дорба ілейін,
Үстіңе сенің мінгендей,
Егеңді ақтан тілейін.
Көрсетсе Құдай бір жарық,

Тілеуін тілеп жүрейін.
Бермесе Құдай шарам не,
Қартайсам да өзім мінейін.
Екпініңді байқасам,

Ескен желмен бірдейсің,
Құбылып ойнап жер басып,
Басқа малдай жүрмейсің.
Шұбардың түрі неше алуан,

Ақ пенен қызыл гүлдейсің.
Бір қалпына қарасам,
Қайратыңды байқасам,
Күркіреген күндейсің.

Қартайғанша бағайын,
Тілләдан қазық қағайын.
Бір перзентке, жануар,
Тілеулес болып жүргейсің!

Нәрікбай асқан бай еді,
Құдай берген несіпті,
Төрт түлікке сай болып,
Ысапсыз малы өсіпті.

Сол жерлерге келгенше,
Құлқаныс тумай кешікті.
Көрсетпеді бесікті.
Судан шығып келгенін,

Нәрікке Құдай бергенін,
Інісі Есім есітті.
Ат екен деп есітті
Көгерткендей бір ерді.

Көңіл қылды Есім ер,
Шұбар атты тілерді.
Қартайып, жасып бай Нәрік,
Баладан үзген күдерді.

«Бай Нәрікке баршы,— деп,
Құлағына салшы»,—деп,

батырлар  жыры
Шұбар атты тіленіп,
Бір адам Есім жіберді.
Жіберген адам келеді,

Сөзге шорқақ ер еді,
Көкірегі көр еді.
Ханға да болса бір айтқан,
Сондай өзі ер еді.

Нәрікбайға жолығып,
Иіліп сәлем береді.
Сәлемін алып бай Нәрік,
«Жол болсын, балам? »—деп еді.

Сол уақытта ол адам,
Сөйлейін деп алқынып,
Құрбақадай кебеді.
Шағып алған шаяндай,

Ішінен зәрін төгеді.

—Әлік болсын, байеке,

Шұбар атты берсін деп,
Жіберді Есім ініңіз,
Бөтен емес туысқан.
Туысқан жарар әр уақытта,

Туа қалса күніңіз.
Өзіңіздің біріңіз,
Шұбар атқа мінуге,
Байеке, келмес жөніңіз.

Қартайғанша жазған шал,
Ашылмады гүліңіз,
Есімнен басқа кімің бар,
Тілеуін тілеп жүріңіз.

Нәрікбай сонда сөйледі:

—Сандырамай жүре бер,

Шұбарды жанға бермеймін.
Басқа малды көзіме,
Қырау құрлы ілмеймін.
Шұбар атты қолымнан

Шығармасқа мен сорлы
Шарт қылып едім мен деймін.
Бермесін Құдай бір бала
Көріп кеп пе едің сен деймін?

ЕР  ШОРА

Ол адам және сөйледі:

—Жасың болса қартайып,

Сақал-мұртың қуарды.
Көкірегің кірілдеп,
Буындарың дірілдеп,
Көзіңнің алды мұнарды.

Әлі де үміт қыласың
Құлқаныс бала туар деп.
Қапа қылып қайырма,
Есім сынды шынарды.

Басыңнан ауса заманың,
Бір күні тайса табаның,
Кімдікі деп ойлайсың,
Шұбар ат түгіл, бар малың?

Нәрікбайға бұл сөзі,
Тиді жаман балтадан.
Жүректен тиген мылтықтай,
Шықты тесіп арқадан.

Айтарын не деп біле алмай,
Қалды қарап қалтадан.
Көзінің жасы көл болып,
Көңілі қара жер болып,

«Ия, Тәңірім!» деп айқайлап,
Құлады барып шалқадан.
Нәрікбайдың көңіліне,
Түсті қаяу кетіліп.

Сөз айтпаған батырдың,
Бетіне ешкім қайтарып.
Тұрды дағы орнынан,
Үйіне жүрді өкіріп.

Айтқан сөзі білместің
Сүйегіне жетіліп.
Қайта барды ол адам,
Айтқанына өкініп.

Сол уақытта, жақсылар,
Үйде отырған Құлқаныс
Бұл сырды біліп аңлады.
Бір бәленің болғанын

батырлар  жыры
Ақылменен барлады.
Тіршілікте аламат,
Перзенттің жолы қинады,

Сөзін естіп Есімнің,
Бай-бәйбіше қосылып,
Екеуі жылап аңырады:

—Кімдер тәлкек қылмайды,

Біз сияқты қу басты?!
Көгертіп қойды Құдайым,
Біз қатар құрбы-құрдасты.
Бұл сөзді айтып екеуі,

Бір азырақ мұңдасты.
Құлқаныс айтты Нәрікке:

—Бұл сөзді айтқан ініңнің

Тірідей жүзін көрмеймін.
Басқа кісі айта алмас,
Көңіліңізге тиер деп
Бұл сияқты сөз-масты.

Нәрікбай сонда сөйледі:

—Олай десең, Құлқаныс

Жұрт аударып кетелік.
Күнде қубас аталып,
Бұл елде жүріп не етелік?
Жылап жүріп Алладан,

Бір бала тілеп өтелік.
Көз жасымды қабыл қып,
Жарылқаса жаратқан,
Мұратқа сөйтіп жетелік!

Қазаннан ауып Нәрікбай
Кетпегін мақұл көреді.
Інісіне өкпелеп,
Бүліне көшіп жөнеді.

Қырық үй тама қоңсысы,
О да ілесіп кетеді.
Ызғардың ұзақ даласы
Қырық күншілік шөл еді.

Адыр-адыр тау менен
Асусыз асқар бел еді.
Жайқын көлді құрытқан

ЕР  ШОРА

Ысапсыз малы көп еді.
Шұрқыратып жылқысын,
Жарым қылып ұйқысын,
Жерсіз, сусыз далада

Көп азапты көреді.
Тоғыз ай көшіп тынбастан,
Ақ дарияның бойынан,
Ноғайлы-түрікпен жері еді.

Сол уақытта, жақсылар,
Айдархан соққан Аққала,
Сырлы күмбез көк қала,
Сыртынан темір қалатқан,

Ішінен болат жалатқан,
Сейілхан араб-түрікпеннің
Сан мың үйлі жаны бар,
Қарахан деген ханы бар,

Қалқайтып қойған баламен,
Хан деген бекер намы бар.
Сол күнде жұртын сұраған,
Пеш қылып, мұртын бұраған,

Айрақ деген елінен,
Әліби деген нары бар.
Қылғаны зорлық, қиянат,
Көп ғаріпті жылатқан,

Ашуланшақ пейілі бар,
Рудан он мың үйі бар,
Не қылса да шағы бар.
Балта кеспес мұртынан,

Жүрмеген дұшпан сыртынан.
Жақындасып келгенді
Теуіп-тістеп, қымтыған
Ақша би деген інісі бар.

О да өзінен кем емес,
Жолыққанды о дағы
Жолбарыстай жұлқыған.
Ауып келді аз тама,

Ноғайлы-түрікпен жеріне,
Тоғыз ай көшіп тынбастан,
Көзіне жаны көріне,
15–253

батырлар  жыры
Қапалы көңілі тарығып,
Сыймаған малдың көбіне,
Көңілі кетті жайқалған

Қалың құрақ шөбіне.
Нәрікбай және ойлайды,
Жолықпаққа және де
Ханы менен бегіне.

Қараханға барғалы,
Сарамжалын сайлады.
Алтын белдік жалтылдап,
Күмістен кісе байлады.

Тоғыз жорға тартуға
Жылқыдан бөліп айдайды.
Елі қандай елімнен,
Өкімі қандай бек екен

Байқайын деп ойлады.
Жұртынан ауып, жақсылар,
Мүсәпір ешкім болмасын.
Ғаріптің ісін әр жерде

Жаратқан өзі оңдасын.
Тарту үшін Нәрікбай
Айдап-топтап жорғасын
Сұрап барып түсіпті,

Қараханның ордасын.
Сол уақытта, жақсылар,
Келіп тұрған Нәрікті
Хан-қарасы көреді.

Естіп келіп Нәрікті,
Төрден орын береді.
Дүниесі құрысын,
Тоғыз жорға байдікі.

Ханға тарту деп еді,
Жалаң жорға келген жоқ,
Әр әсілден тоғыздан
Тоғыз қалта зер еді,

Әкелген тарту көп еді.
Самаурынын қайнатып,
Дастарханын жайнатып,
Неше түрлі шекер-бал

ЕР  ШОРА

Нәрікбайдың алдына
Зияпат қылып төгеді.
Қарахандай ханына,
Қалың түрікпен жанына,

Сол уақытта Нәрікбай
Мына бір сөзді деп еді,
Нәрікбай сонда сөйледі:

—Тыңдасаңыз, тақсыр хан,

Мен арызымды қозғайын,
Жұртымнан ауған аз елмін,
Адасқан топтан қаздайын,
Қойдан қоңыр байғұспын,

Анасы жоқ боздайын,
Амандықта, тақсыр хан,
Жайымды айтып қозғайын.
Жазатайым іс болып,

Аяқ асты боп кетіп,
Ескерусіз тозбайын.
Сиысып малым жатқандай,
Тыныштықпен баққандай,

Жай берсеңіз бір шеттен,
Ортаға мойын созбайын.
Атаңыз өткен Айдархан,
Қасиетті болған жан.

Бір перзенттің жоғынан,
Ырым қылып жұрт ауып,
Адасып жүрген жайым бар,
Ағайыннан ажырап,

Мүсәпір болып мен жазған.
Есіткен соң бұл сөзді,
Қарахан сонда сөйледі:

—Жұртынан ауып, ғаріптің

«Өксіпті—деп—өмірі»,
Үрмет қылып көп сыйлап,
Қылыпты мейман сол күні.
Қарахан Нәрікбайды үрмет қылып,

Бетіне мейірман боп бақты күліп.
«Құдайым маған бір жем жеткізді»,—деп
Әліби көп қуанды өзімсініп.

батырлар  жыры
Көңілі Әлібидің қуанды көп,
«Семізін жеп, сұлуын мінемін,—деп,
Қазанда ауып жатқан көп тамадан,

Құдайдың өзі айдап кеп беріп,—деп,
Қырық үйлі несібеме келіп тама,
Жеткізді мұны Құдай өзі пана.
Тоғымда-туған болар, ашымда-азық,

Шөлдесем емізіктей қара саба».
Нәрікбайды Қарахан
Уәкіл ата қылыпты.
Жайлау-қыстау жай алып,

Байдың көңілі тыныпты.
Жайқалған құрақ шалғынды,
Таңлатты, әбден тұнықты.
Қайда барса басы әзіз,

Бай қонысы бағулы,
Жанына жұрттың жағулы,
Жаратқан бастан салулы.
Қазаны түспей ошақтан,

Оты дәйім жағулы.
Сабадағы қымызы
Есіктен төрге ағулы.
Ауылынан ат кетпей,

Үйіне мейман бағулы.
Бір күндері болғанда,
Айдынды туған Әліби
Гүлсары атқа мінеді,

Мәліш бөркін киеді.
Ақ тұйғынын қолға алып,
Алдына дабыл іледі.
Қой дейтұғын адам жоқ,

Не қылса өзі біледі.
Жасы қырықта сол күнде,
Қайратқа әбден толыпты.
Сейілхан ұран түрікпенде

Жалғыз қара болыпты.
Сұраусыз ұстап мінеді,
Елдегі таңлап шонықты.
Бір жерлерге келгенде,

ЕР  ШОРА

Сыймай жатқан тоғайда
Көп жылқыға жолықты.
Алмаймын деген ойда жоқ,
Өзіне бәрін жорыпты.

Сол уақытта Әлекең
Қайтпаған таудан өр еді.
Көкірегі жоғары,
Асусыз асқар бел еді.

Көп жылқыны аралап,
Көзін салып келеді.
Біреуінен бірі асқан
Неше шонық көреді.

Бір жерлерге келгенде,
Басы аспанға қараған,
Бауырынан жараған,
Барыстай құйрық тараған,

Мойыны алтын таяқтай,
Піскен алма сабақтай
Бір шұбарға жолықты.
Қасиетті қалы бар,

Неше түрлі жануар.
Тұлғасы бөлек жылқыдан
Бір шұбарды көреді.
Сол уақытта Әлекең

Тұлғасына таң қалып,
Ақыл-есін танады.
Бұйрық қылып «Ұста!»—деп,
Қасына жақын барады.

Мұны көріп Шұбар ат,
Құлағын тігіп алады.
Қашайын деп қамданып,
Сыртына құйрық салады.

Одағайлап осқырып,
Адырая қарады.
Түсі суық дұшпанды,
Айуан да болса жануар,

Ақылмен ойлап табады.
Қарсы алдына келгенін
Жолбарыстай алады.

батырлар  жыры
Арт жағына шыққанын
Қос аяқтап салады.
Бірінің қолын сындырып,

Бірінің басын жарады.
Желе аяңдап жануар,
Ұстатпайды Шұбар ат,
Қырық жігіт әбден талады.

Түсіре алмай қармаққа,
Қолынан сұрап алмаққа,
Нәрікбайдың Әліби
Ауылына қарай салады.

Биді көріп тамалар,
Дабырақтап қалады.
Алты қанат ақ орда
Оқшау тігіп салады.

Әсіл кілем төсетіп,
Құс төсектің үстіне
Мамықтан жастық қояды.
Құдайы деп қонаққа

Бір бие әкеп сояды.
Соншама сый қылса да,
Тек жатпады Әліби,
Үй басына он батпан

Зекет жинап алады.
Сасқанынан тамалар
Қағыстырып табады.
Ішсе тамақ батпайды,

Өртеніп іші барады,
Әлібидің, жақсылар,
Жоқ еді бағы арылған.
Қорқушы еді дұшпаны

Алыста жатып сарыннан.
Мырзалыққа келгенде,
Жоқ еді Нәрік тарылған.
Бидің көңілін алмаққа,

Тарту қылып қалмаққа,
Алып келді үш жорға,
Табанынан жарылған,
Сұлулығы және артық,

ЕР  ШОРА

Көрсеңіз асқан сағымнан.
Сол уақытында Әлекең
Байдың берген тартуын
Ілтипатқа алмады,

Назарын да салмады.
Сан жылқының ішінен
Шұбар атты таңдады.
Бермесе де алмаққа,

Өкіммен құрық салмаққа
Шайтан кіріп көңіліне
Биді Құдай қарғады,
Ашуланып Нәрікке

Былайша деп сарнады:

—Қырық жігітім соңымда,

Салтанатпен жүрісім.
Қорқынышым жоқ ешкімнен,
Осы дәйім қылысым.
Рүстем мен Дастандай

Майдандағы ұрысым,
Тасты кесер қылышым,
Қарахан да баса алмас,
Бір ұстаса тырысым.

Қырық үй тама келіпсің,
Бұ да менің ырысым.
Мені іні білсеңіз,
Көзіңізге ілсеңіз,

Қалап келген Шұбар ат
Байеке, менің жұмысым.
Мұны естіп Нәрікбай,
Қабағы тастай түйілді,

Бидің сөзін ұнатпай,
Ішіне мойын жиырды.
Сыйласа да білмейді
Бетімен өскен сиыр-ды.

—Ырым қып ек бір атты,

Қойсын бізге Шұбарды,
Бұл сөзі бізге қиын-ды.
Алғанынша алсын,—деп,
Жылқының бәрін үйірді.

батырлар  жыры
«Айтамыз бұған нені? »—деп,
Қырық үй тама кеңесіп,
Күніменен үйілді.

Сол уақытта Әлекең
Ашуланып Нәрікке,
Терісіне сыймады.
Қапаланып, қайтпаққа,

Ат-көлігін жинады.
Алмас еді қайтпаған,
Кетіліп жүзі қирады.
Ашуынан Әлінің

Қорықса дағы Нәрікбай,
Беруге атты қимады.
Сол уақытта Әлекең
Долданып қатты көгерді:

—Бәлем, тама, саспай тұр,

Көрсетермін өнерді.
Асықпасаң, Нәрікбай,
Оярмын,—дейді, төбеңді.
Бұл сөзді айтып Әліби

Жылқыға қарай жөнелді.
Шұбарды ұстап алмаққа,
Көңіліне жел енді.
Бара жатып Әлекең,

Тағы да мұны ойланды:
«Қараханға барайын,
Бала да болса хан еді,
Ретіне қарайын.

Сұраусыз кетіп ханымнан,
Әруаққа шет болмайын.
Бермесе де жауапты,
Жұртқа мақұл болайын.

Зорлығымды көрсетіп,
Шұбарды тартып алайын.
Қарсылық қылса тамалар,
Елін шауып талайын.

Қаһар қылып басына,
Ақыр заман салайын.

ЕР  ШОРА

Ауып келген аз тама
Болмай-ақ қойсын ағайын».
Бұл сөзді айтып Әлекең
Қайта жүрді еліне.

Қалаға келіп жолықты
Ханы менен бегіне.
Қаһарменен қараңыз,
Бегіне айтқан кебіне:

—Ассалаума әлейкүм,

Халық егесі ханымыз!
Кейіп келді тамадан
Әліби деген нарыңыз.
Сұрап едім Шұбарды,

Нәріктен сынды сағымыз.
Шұбарды тартып аламын,
Рұқсат беріп қалыңыз.
Ара тұрсаң тамаға,

Төгілісер арымыз.
Қатты келді ашуым,
Ыңғайымды таныңыз.
Бұл сөзді есітіп Қарахан,

Болыпты деп бір пәле,
Өкініп басын шайқады.
Ашуланса, Әлінің
Қиын еді қайтары.

Ауып келген тамаға
Тимесін деп сойқаны,
Хан емес пе, сөйтсе де,
Онан-мынан үлгілеп,

Қайтарып бір сөз айтады:

—Айдынды туған, Әліби,

Қылыпсың ашу тамаға.
Келіп тұрсың ханым деп,
Аруақ сыйлап балаға.
Сыйласаңыз, ініңіз,

Сөзіңізден садаға.
Шақтым келмес түсуге

батырлар  жыры
Тамаларға араға.
Қара тартып кеп еді
Алыстан біздің қалаға.

Жүйесіз зорлық қылсаңыз,
Құдайға мақұл бола ма?
Бәрімізге ұят-ты,
Шашылса бұл сөз далаға.

Әлі де болса қайтыңыз,
Бұл ашудан жан аға.
Қой десе де қоймады,
Жүрмекші болды Шұбарға.

Өжет туған Әліби
Айтқанын қылмай тынар ма?
Шайтан кіріп көңіліне,
Желікті Құдай ұрарға.

Сол емес пе асқаны,
Сестінің жұртты басқаны,
Жарамады ханы да
Тентек деп мұны басарға.

Қарахан және сөйледі:

—Айдынды туған, Әлеке,

Қайтпадың ба райдан?
Ауып келген аз тама
Жақсы ма жылап, мұңайған?
Әлі де болса қайтыңыз

Мақұл емес бұл ойдан,
Бір кінәсін табыңыз,
Кінәсін тауып шабыңыз.
Жүйесіз зорлық қылуға

Қорықпаймыз ба Құдайдан.
Қараханның Әліби
Мақұл көрді мұнысын.
Ал дегенін ұнатты,

Қу дүниесі құрысын.
Бұл сөзбенен жадырап,
Жазайын деді тырысын.
Той қылдырып халқына,

ЕР  ШОРА

Бітірмекке жұмысын.
Шақыра жүрді Нәрікті
Айдынды туған Әліби,
Жанына байлап қылышын.

Ал енді сіздер тыңдаңыз
Нәрікке зорлық қылысын.
«Бізді айтады жаршы,—деп,
Қарахан бізге бұйырды

Бай Нәрікке баршы»,—деп,

—Жау болмасын ел болсын,

Өзімізбен тең болсын.
Тентек болмай жөн болсын,
Жөн болғанның белгісі
Тоқсан тоғай жылқысын

Сәскеде тегіс байласын.
Түске дейін бір сауып,
Сабаға құйып жайласын.
Арақ-шарап, бал қосып,

Ашытып әбден сайласын.
Бұл айтқанды қылмаса,
Басының қамын ойласын.
Қырық сабаға толтырып,

Қырық нарға арттырып,
Алып келсін тойыма.
Егер алып келмесе,
Мін тағылар бойына.

Қол сұғылар сұраусыз
Қорасы менен қойына.
Өкіл бала қылдым деп
Келмесін байдың ойына.

Қайтып кетті Әліби,
Өктем-өктем сөз айтып.
Ханның тойы тарқамай
«Қамыңды жеп кел»,—деп тез.

Ауып келген аз тама,
Бір зәлімге болды кез.
Тамалар жерге қарасты,
Ақылынан адасты.

батырлар  жыры
Қапаланып Нәрікбай,
Жылауда болды екі көз.
Сол уақытта, жақсылар,

Құлқаныс атты бәйбіше
Қоңыр қаздай бойлаған,
Көркіне адам тоймаған,
Салиқалы ойы бар,

Ақылы артық дариядан.
Тоты құстай сыланып,
Жүзі раушан айнадан,
Қырық, елуге келгенше

Қыздағы нұры таймаған.
Өрттей беті қабынып,
Көзі оттай жайнаған.
Сенсін кімге бейшара

Басының қамын ойлаған.
Асығыстап сол уақытта,
Хан тойына Нәрікті
Жібермекке Құлқаныс

Ойланды ақыл, иламен.
Құлқаныс сонда сөйледі:

—Білмейсің бе, жазған шал,

Бір бәленің болғанын?
Шұбар атты алмаққа
Әліби залым ойлаған.
Қарсылық қылып енді оған,

Дәс айтуға жоқ әлің.
Еділ қайда, ел қайда,
Елді көрер күн қайда?
Ілестіріп артыңа,

Қырық үйдің тарттың обалын.
Бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Қынай белін байлады,
Оттай көзі жайнады,

Тоқсан тоғай жылқыға
Тоғыз құлды айдады.
Жиыстырып жылқысын,
Сәскеде тегіс байлады.

ЕР  ШОРА

Түске дейін бір сауып,
Сабаға құйып жайлады.
Арақ-шарап, бал қосып,
Ашытып әбден сайлады.

Қырық сабаға толтырып,
Қырық нарға теңлеп артады,
Жез арқанмен тартады.
Әсіл кілем жаптырып,

Он ту бие сойыспен
Алдына бір қу шаптырды.
Ханның тойы қызбай-ақ,
Қызыры бар байдағы,

Іздегенін таптырды.
Сол уақытта, жақсылар,
Келе жатқан Нәрікті
Сол тойдағы түрікпеннің

Хан-қарасы көреді.
Ерте емес, кеш емес,
Дер кезінде келіпті.
Келмейді деген Әліби

Ұялып, тірі өліпті.
Нәрікбайды көрген соң,
Қарахан тасып желікті.
Сол уақытта Әліби

Алдынан шықты Нәріктің.
Ылди-төмен көз салып,
Таппады мінін Нәріктің.
Бәрі де бар қараса,

Ойына алған күдіктің.
Айыбы бар айтар деп,
Қапа қылып қайтар деп,
Тақылдаған тақпақтай,

Сөйлеген сөзі кісіге
Тиетұғын тоқпақтай,
Бір бәлені шығарды,
Жар шақырып тұрады:

—Қайғы салма, құдірет,

Басы жұмыр пендеге!
Сөзімді тыңда, келмегөй

батырлар  жыры
Мұсылманның баласы.
Перзенттің дағын көрмегей!
Тайын мініп талтаңдап,

Баласы бірге жүрмеген,
Ұлсыз-қызсыз қу бастар,
Хан тойына келмегей.
Келсе шығар есіктен,

Жоғарыға өрлемей.
Әкімнің қатты пеші бар,
Бұл сөзімді аңласын
Ақылы бар кісілер.

Тайын мініп талтақтап,
Баласы бірге жүрмеген
Ұлсыз, қызсыз қу бастар,
Хан тойында несі бар?

Ашуланса егер де,
Қайта берсін үйіне.
Бұл сөзімді қылғандар,
Ат маңдайда орай бар,

Аққалада сарай бар,
Ұлы барға—орын бар,
Қызы барға—қымыз бар.
Ұлсыз-қызсыз қу басқа,

Жиналған тойға кәрі-жастар,
Хан қасынан қайырылып
Орын алмаққа талай бар.
Есіткен соң бұл сөзді,

Нәрікбай салды ойбайды.
Қапаланып алыстан,
Алғыр құстай бойлайды.
Атаңа нәлет Әліби

Қуып, сабап баршасын,
Хан тойында қоймайды.
Мұны есітіп Нәрікбай,
Реңі неше құбылды.

Әжептәуір кісі еді,
Тас-талқан болып жын ұрды.
Суырып алып қылышын,
Сабаға қарай жүгірді.

ЕР  ШОРА

Жанамалап барады,
Сабаларды жарады,
Шашылып қымыз қалады.
Өксіп-өксіп бейшара

Көзінің жасын тарады.
Көңілі қатты басылып,
Қапаланып Нәрікбай,
Хан тойына бармастан,

Ауылына қарай салады.
Сол уақытта, жақсылар,
Құлқаныс атты бәйбіше,
Қара қыс тонды жамылып,

Сыдыра түйме тағынып,
Жарынан басқа кімі бар
Көрмесе қалар сағынып.
Алтайыдай қылтылдап,

Арғымақтай былқылдап,
Келе жатқан Нәріктің
Алдынан шықты бұлғақтап:

—Тойдан ерте қайтыпсыз,

Келдіңіз демде не қылып?
Қапаланған кісідей
Қабағың төмен салынып,
Ханнан қорлық көрдің бе,

Биден зорлық көрдің бе?
Сияғыңды көргенде
Кетті ғой жүрек жарылып.
Тойдан аман келгей деп,

Отыр едім мен жазған
Бір Құдайға жалынып.
Бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Жылады көңілі қамығып.

Нәрікбай сонда сөйледі:

—Кішкенеден алғаным,

Алаша, төсек салғаным,
Айта берсем таусылмас
Ішімдегі арманым,
Арман емей немене

Бір тұяқсыз қалғаным?

батырлар  жыры
Бір перзенттің жоғынан
Хан тойына бармадым.
Ойлап тұрсам, Құлқаныс,

Бекер екен жалғаным.
Малға айналып басымнан
Асқан екен бейнетім.
Шаршы топтың ішінде

Бетімнен түсті зейнетім.
Бір балаға зар қылды
Жаратқан жаппар құдыретім.
Егесіз қалар мал-мүлкім,

Бір күні жетсе нәубетім.
Мұның несін сұрайсың,
Сорлы болған Құлқаныс?
Хан тойына бармадым

Жоқ болған соң перзентім.
Руым алар қызым жоқ
Сәукеленің шоғынан,
Әлібидің сөзі өтті

Мылтықтың жаман оғынан.
Бұл дүниеде сорлы екен
Ермеген бала соңынан.
Қиын екен амал жоқ,

Тұрмаса желі оңынан,
Жаратқан егем жарылқап,
Бере қойса бір бала,
Отырар ма едік біз ғаріп

Жеркеніп оның боғынан.
Бара алмадым мен тойға,
Бір баланың жоғынан.
Ұлсыз адам көр екен,

Қызсыз адам зар екен.
Ұлсыз-қызсыз ғаріпке
Бұл кең дүние тар екен.
Жас күнінде жігіттің

Қызыл гүлі жар екен.
Баласыз тойға бармағың,
Басыңа қиын ар екен.
Жинаған иесіз дүнием

ЕР  ШОРА

Далаға біткен мал екен.
Айналайын, Құдай-ай,
Мүсәпір біздей ғаріпті
Есіркер күнің бар ма екен?

Дүние жинап не етейін,
Жауап берсең Құлқаныс,
Мен Меккеге кетейін,
Жылап жүріп, Алладан

Бір бала сұрап өтейін.
Жарылқаса жаратқан,
Мұратқа сөйтіп жетейін.
Құлқаныс сонда сөйледі:

—Екеуміз бірдей жыласақ,

Жарылқар ма екен Құдайым?
Жетісіп жүр ғой дейсің бе,
Менде де көп қой уайым.
Елуге жасым келгенше

Жылатып қойды Құдайым,
Жаратқанға, білмеймін,
Неден де болды күнайым?
Айдынды туған Әліби

Бір күні мінер атына,
Ісін істер батыра,
Малыңа салар құрықты,
Басыңа салар сырықты.

Қой дейтұғын әл қайда,
Жанашыр бізде туған жоқ,
Ағайын жатыр шалғайда.
Ертең ерте тұрмасақ,

Қынай белді бумасақ,
Аянбай бейнет қылмасақ,
Үйде отырған кісіге
Тегін жерден мал қайда?

Байға малай жүргенге,
Күнін кесіп қылғанға,
Асығып Құдай ұрғанға,
Он екі ай бітпей жыл қайда?

Отырған жері құр болған,
Көкірегі кір болған,
16–253

батырлар  жыры
Көңілі қара жер болған,
Саңырауы жоқ соқырға
Жарық ай мен күн қайда?

Қосына қоңсы жимаған,
Сатарға малын қимаған,
Шығымы жоқ байларға
Сатып алмай пұл қайда?

Әулие қоймай кезбесек,
Ағайыннан безбесек,
Тыныштықты көздесек,
Біздей ғаріп байғұсқа

Тегін жерден ұл қайда?
Нәрікбайды Құдайым,
Есепсіз малға бай қылды,
Төрт түлікке сай қылды.

Құлқаныстың зарынан
Қырық үй тама қайғырды.
Жолығар еді қай дұшпан,
Есім ер болса айдынды?

Әулиеге жүрмекке,
Ақ жолына кірмекке,
Тоқсан тоғай жылқыдан
Ұстады Нәрік айғырды.

Дария тасып, су алса,
Кетеді көлдің қотаны.
Тоқсанда қысса қатты қыс,
Тоңдырар тоны жұқаны.

Қолына алып асаны,
Басына ұрды дәстаны.
Көкірегі саналы,
Көзінде тола жасы бар,

Жалаңашқа тон беріп,
Тойындырды аштарды.
Құдай ісін оңласа,
Бір жолға Нәрік бастады.

Қойдың ішін аралап,
Айырды Нәрік қошқарды.
Нәрікбай және сөйледі:

ЕР  ШОРА

—Жаңа түсті есіме,

Ағайын-туған азамат.
Көрсетті қорлық түрікпендер,
Қиын екен бөтен-жат.
Қазанда жатқан тамаға

Есітер ме екен, қылсам дат?
Әліби залым алмаққа,
Зорлықпен құрық салмаққа,
Жануарым, Шұбар ат,

Егесіз малдай қылмаңыз,
Арамға мойын бұрмаңыз.
Тоқсан тоғай жылқымды,
Көп дүние-мүлкімді,

Алтайы мен құлпымды,
Қырық үй тама, жолдасым,
Сіздерге қойдым аманат.
Айналып тағы келерміз,

Сақтаса Алла саламат.
Жаратқан егем жар болып,
Әулие қылса кәрәмат.
Жақсы-жаман тірлікте

Не көрмейді адамзат?
Тамалармен қоштасып,
Құшақтасып көрісті.
Құлқаныстың ақ жүзі

Үр қызындай келісті.
Қыдырмаққа жер жүзін
Темірден киді кебісті.
Артып алды түйеге,

Түрлі алуан жемісті.
Қаріп пенен қасірге
Жол үстінде берісті.
Нәрікбай мен Құлқаныс

Сусыны еді қант пен шай.
Тілегі болып бір бала,
Сиынғаны бір Құдай.
Шешініп рахат қылмайды,

Беліне кемер байлайды.

батырлар  жыры
Үш күн жатып тілейді,
Тілеуін тілеп жылайды,
«Қолдай көргін пірім,—деп,

Бақауадин Нағышпан».
Күндіз тыныштық көрмейді,
Ұйқысы оның келмейді.
Бір таңға көңілін бөлмейді,

Ойын-күлкі жыртаңға.
Түнеді үш күн ғаріптер,
Әзіреті Сұлтанға.
Түркістанда түмен бап,

Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Ең үлкені Арыстан бап.
Әулие қоймай қыдырып,

Бәріне түнеп қылды сап.
Түнесе де бәріне,
Болған жоқ әлі ешбір гәп.
Жыласа да жазғандар,

Ійіген жоқ екен жарылқап.
Инеліктей ілініп,
Инедей шөпке сүрініп,
Аяғынан әл кетіп,

Табаны тасқа тілініп,
Жіңішкерді шөптей боп
Еттері қашып, сылынып.
Ауқат жерге әлі жоқ,

Аш күзендей бүгіліп.
Тәрк қылды дүниені
Ғаріп жаннан түңіліп.
Ортасында бір есек

Шаршағанда мініліп.
Қай жерде жаяу жүреді,
Етегін белге түрініп.
Әуре болды ғаріптер,

Әулие қоймай қыдырып.
Киімдері тозып, кірледі,
Етегін шеңгел сыдырып.
Тыныштық, сірә, көрмейді,

ЕР  ШОРА

Еш жерге тоқтап кідіріп.
Жатып тақат қылмайды,
Бір сағат тоқтап кідіріп.
Айлық жолды басады,

Сапарға әбден шынығып.
Екеуі бірге жатпайды,
Рақат қылып жылынып.
Соншама көп әулие,

Ешбірінен жазғанға
Болмады аян білініп.
Әбден шаршап ғаріптер,
Ақылынан ауысты.

Алты айшылық жол жүріп,
Ап шыққан малды тауысты.
Үш күн жатып көреді,
Әзіреті Қауысты.

Жалғыз-ақ қалды көк қошқар,
Басқа малды тауысты.
Кезек-кезек жетектеп,
Жолға қадам басыпты.

Аяғынан әл кетіп,
Жүзінен қаны қашыпты.
Зорға жүріп ғаріптер,
Қаратаудан асыпты.

Таудан арғы далада,
Даладан арғы салада
Ойдым-ойдым жер көрді,
Адыр-адыр бел көрді.

Сол жерлерге келгенде,
Бір Құдайым дем берді.
Суы тынық айнадан,
Бұлағы тасып қайнаған,

Басында үлкен қайыр ағаш,
Төңірегі жалаңаш.
Моласы жоқ, тамы жоқ
Бір сұмдықты көреді.

Бұлақтың арғы бетінде
Басына әлем байлаған,
Ақ қарабас сұр жылан

батырлар  жыры
Шаңлақтап түбінде ойнаған
Ақ шеңгелге кез келді.
Су ішкелі Құлқаныс

Бұлаққа таман жүреді.
Қатарынан өткізбей,
Иіліп келіп ақ шеңгел,
Етегінен іледі.

Кереметін Құлқаныс
Ақылмен ойлап біледі.
Сүйініп іші Құлқаныс,
Миығынан күледі.

Ешкімге мәлім болмаған,
Бұл жерге келіп орнаған,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Білсеңіздер болады.

Қысылғанда жар болған,
Өзінің кәміл пірі еді.
Бейшараға кез болып,
Жібермей тартып тұр еді.

Құлқаныс айтты Нәрікке:

—Шеңгелге мынау назар сал,

Ғажайып жұмыс қылып тұр,
Етегімнен іліп тұр,
Еріп ішім жылып тұр.
Көкірегім ашылып,

Қуанып көңілім күліп тұр.
Бір керемет мұнда бар,
Ақылым менің біліп тұр.
Осы араға түнелік,

Бір сыр бар мұнда білелік.
Мұңымызды айтып жылайық,
Мінажат аққа қылайық.
Нәрікбай сонда сөйледі:

—Сандырамай жүре бер,

Тірлікте кетпейді,
Көңілімдегі қайғы-шер.
Бір бала тілеп сандалып,
Сандық-сандық шаштың зер.

Атан бердім, ат бердім,

ЕР  ШОРА

Бәрінен көңілім қап келдім,
Бала тілеп болғанмын,
Тілесең, өзің тілей бер.
Айтқанына Нәріктің,

Құлқаныс жазған мұңайды.
Қапаланып қамығып,
Айтқанын Нәрік қылмайды.
Жылайды қайтсін бейшара,

—Осы арадан өтпелік,

Мұны тастап кетпелік,
Жібермей тұр ақ шеңгел,
Етегімнен бұрайды.
Көптің бірі бұ дағы

Түнесек неміз құриды?
Бұл сөзді айтып Құлқаныс,
Жалғыз түнеп қалады.
Аяғын буып қошқардың,

Ақ жолына шалады.
Күндіз-түні зарланып,
Нәрікбай жазған өкпелеп,
Торсаңдап кетіп барады.

Әудем жерге бармай-ақ,
Екі аяғы талады.
Кереметті әулие
Шалға кісен салады.

Жата берді Құлқаныс,
Бір Құдайға сиынып,
Мойнына салып бұршақты,
Қойнына жасы құйылып.

Бір мезгілде ғаріптің
Ұйқысы келді бұйығып,
Көзі ілініп кетеді.
Бұзылған көңілі тыйылып,

Нәрікбай жатыр өкпелеп,
Жақтырмай мойынын жиырып.
Сол уақытта, жақсылар,
Көк есегі астында,

батырлар  жыры
Ақ сәлдесі басында,
Асасы бар қолында,
Өзі ақтың жолында,

Қалендерлер зіркілдеп,
Зікір салған соңында,
Бір диуана келеді.
«Жатырсың, балам, нағып?»—деп,

Асасымен түртеді.

—Құдайдың берер уақыты бар,

Қайырылмай кетті бай Нәрік.
Мұныңды сенің жақтырмай,
Торсаңдап тұра жөнеді,
Өкпелеген баладай,

Кісендедім аяғын
Бармай-ақ жерге анадай.
Бабай Түкті бабаңмын,
Басыңды көтер, балам-ай!

Сенің үшін, Құлқаныс,
Дәргаһна Алланың
Алты барып, бес қайттым,
Бесеуінде де бос қайттым.

Көп жалынып қоймадым,
Осы жолы құш қайттым.
Құш қайтқаным белгісі—
Жақсылық күні таянды.

Жаппар егем жарылқап,
Бір ұл берді баянды.
Өмір жасы болды ұзақ,
Кел, қолыңды жай енді.

Жалған емес бұл сөзім,
Көрсеткенім аян-ды.
Сол уақытта Құлқаныс
Жылап, шошып оянды.

Көңіліне аян болып тұр,
Жаппар егем жарылқап,
Ұйқысын ашып қараса,
Мезгіл екен таң атқан.

Тұрушы еді қар жауып,
Күн ашылды қабақтан.

ЕР  ШОРА

Арсалақтап жүгіріп,
Асығыстап сүрініп,
Нәрікбайды қарап жүр.
«Табайын,—деп, қаяқтан?»

Қуанғаннан Құлқаныс
Жылап жортып, шауыпты.
Аса алысқа бармай-ақ
Жақын жерден тауыпты.

Жатыр екен бейшара,
Нәрседен қылмай қауіпті.
Шешініп киім төсеніп,
Үстіне шапан жауыпты.

Баламенен ойы жоқ,
Ұйқыға көңілі ауыпты.
Нәрікбайды көрген соң,
Жасаурап көзі мауықты.

Қысылып жүрген жазғандар,
Іздеді енді сауықты.

—Нәрікбай, тұрып киінші,

Етек-жеңің жиыншы.
Бұрынғыдай бос болмай,
Бұл сөзге бер сүйінші.
Бабай Түкті осы екен,

Бір құданың досы екен.
Өкпелемей бабаңа,
Жүзіңді бермен үйірші.
Көрсетті маған аянды,

Жақсылық күнім таянды,
Бір бала берді баянды,
Берсеңші маған сүйінші!
Сол уақытта Нәрікбай,

Көкірегі кірілдеп,
Былшық басып кірпігін,
Көзінің алды іріңдеп,
Жарыла жаздап жүрегі,

Буындары қалтырап,
Орнынан қарғып тұрады,
«Қолдай көрші, пірім!»,—деп.

батырлар  жыры
Қуанған мен қорыққан бір,
Көрмеген бұрын мұндай сыр,
Жасы көзден ағып тұр,

Екі езуі күліп тұр.
«Не сыр көрдің, Құлқаныс,
Айтшы маған бүгін»,—деп,
Сол уақытта Нәрікке

Құлқаныс айтты көргенін.
Бабай Түкті бабасы
Түсінде аян бергенін.
Өмір жасы ұзақ боп,

Артынан бала ергенін.
Жалған емес бұл іске,
Рас деп көңілі сенгенін.

—Бұл сырды көріп мен саған,

Сүйінші сұрап келгенім.

—Олай болса, Құлқаныс,

Беріп саған сүйінші
Тоқсан тоғай жылқымның,
Көп дүние мүлкімнің,
Алтайы мен құлпымның,

Аман-есен ел көріп,
Артымнан менің бала еріп,
Арманым жоқ Құдайға,
Ішінде өлсем жұртымның!

Сүйіншіге берейін,
Маңдайдағы барымды.
Қабағымды шытпайын,
Ойып алсаң санымды.

Ұлсыздың үні шықпайды,
Кетірді дұшпан сәнімді.
Рас болса айтқаның,
Жүрегім менің жарылды.

Құлқаныс айтты Нәрікке:

—Ұзатпа енді сөзіңді,

Ақ бетіме қарашы,
Алақтатпай көзіңді.
Кідіріп неғып отырсың,
Ойнайтұғын кезің-ді.

ЕР  ШОРА

Сүйіншіге ұнаттым,
Ұнасаң, сенің өзіңді.
Сол уақытта екеуі
Астына төсек салыпты.

Көріп тұрған ешкім жоқ,
Оңаша елден алыс-ты.
Көңіл етіп жездеңіз
Апаңызға барыпты.

Киімдерін шешініп,
Бір-біріне дарыпты.
Кәрі боздай шөмеңдеп,
Түзетті бабаң шабысты.

Қартайса да Нәрікбай,
Бермеді қолдан намысты.
Құшақтасып аймалап,
Бетіне-беті жабысты.

Көңілдері тынған соң,
Ойланды елге барысты.
Нәрікбай көңілі тынып ел ізденді,
Құдайым енді қубас дегізбейді.

Қайтыпты екеуі де елге таман,
«Құдая, жеткізгей,—деп есен-аман».
Арада айлар өтіп азып-тозып,
Жеткенше болып қапты талай заман.

Қуанды Құлқаныстың өсіп іші,
Айдай боп он төрттегі рең-түсі,
Былқылдап тұла бойы жуан тартып,
Тойынды ішпей-жемей көрген кісі.

Қуанысып ғаріптер,
Елге қарай жөнеді.
Айлар өтіп арада,
Жақындасып келеді.

Неше күндей жол жүріп,
Ел қарасын көреді.
Келді деп Нәрік шамаға,
Қырық үй қоңсы тамаға,

«Сүйінші!» деп қуантып,
Біреу хабар береді.

батырлар  жыры
Күдерін үзген ғаріптер
Бұған қайтіп сенеді.
Қуанышты бәрі де

Болған соң анық дерегі.
Қуанбай қайтсін ғаріптер,
Бар еді Нәрік керегі,
Сақылыққа салғанда,

Артықша Нәрік төре еді.
Келетін жері Нәріктің
Әлі де күндік жер еді.
Қырық үй тама шуылдап,

Алдынан қойдай өреді.
Жақындасып келген соң,
Бірін-бірі аман көрген соң,
Құшақтасып, көрісіп,

Көзінің жасын төгеді.
Нәрікбай сонда айтады:

—Шүкір қылып, тамалар,

Шуылдасып, жыласпа,
Бейшаралық қыла бер,
Ешкіммен қайрат сынаспа.
Нелер келіп, не кетпес

Тірілікте бұл басқа?
Бергеніне Құданың,
Пендесі шүкір қылмас па?
Тамалар сонда сөйледі:

—Айналайын, Құдай-ай,

Жарылқар күнің бар ма екен?
Құлқанысты көрген соң,
Көңіліміз біздің болды жай.
Әрекет қылды Әліби,

Зор дұшпанның жаманы-ай.
Ағайынның азынан,
Ұстады дұшпан жағадан.
Басымыз есен, мал аман,

Кеткелі сіздер қорадан
Шығындап, өліп шыққан жоқ
Тышқақ лақ, қотыр тай.
Көрсетсе Құдай бір жарық,

ЕР  ШОРА

Көргеніңіз болса анық,
«Сүйінші» десең болмай ма?
Сол мезгілде Құлқаныс
Әйелдің болды жуаны.

Жұртқа тұлға болғандай
Бір батыр ақыр туады.
Құлқаныстан ұл туса,
Сайыпқыран ер болып,

Қанменен бетін жуады,
Жерік болды үш айдай,
Өтпей-ақ аса уағы.
Табатұғын ер қайда,

Жолбарыстың жүрегін
Жемекке көңілі ұнады.
Қуанышты кісідей
Оң қабағы ұшады.

Жүрегіне түк батпай,
Ішкен асын құсады.
Жерігі қанбай сандалып,
Сары ауруға ұшырады.

Нәрікбайдай жазғанды,
Ақылынан азғанды,

—Жолбарыстың жүрегін

Тауып бер,— деп қысады,
Тамағымды таппайсың
Көңілім сүйіп ұнаған.
Сарғайып, кеуіп өлдім ғой,

Жазған шал, саған не қылған?
Айтқанымды тауып кел,
Ертерек барып жоныңнан.
Көңілім менің қалады

Жолбарыстың жүрегін.
Онан басқа ойым жоқ,
Ісім жоқ шекер-балыңмен.
Мұны есітіп Нәрікбай

Қарс жапты қабағын.
Таппағын қиын көреді,

батырлар  жыры
Құлқаныстың тамағын.
«Жоқ нәрсені айтасың,
Қаяқтан іздеп табамын?»

Қиналса да Нәрікбай
Таппады сөздің амалын.
Ойланады байғұс шал,
Айбалтасын қолға алып,

Киеді сауыт жарағын.
Тоғайдың түсіп жолына,
Әркімнен сұрап келеді,
Жолбарыстың дерегін.

Қалың-қалың тоғайлы,
Қоғалы қамыс көл еді.
Білінбеді бұл жерде
Жолбарыстың дерегі.

Аңлаусызда қабар деп,
Абайсызда шабар деп,
Қолына алып шақпағын
Шаға-шаға келеді.

Абайлап басып аяғын,
Баса-баса келеді.
Адамның ұлы баспаған,
Жерұйықтың кені еді.

Топ-топ болып ауысып,
Шулап жүрген бөрі еді.
Иттің мұрны батпастай,
Бір қалыңға кіреді.

Бір шеткері қалыңнан
Жүре түсіп шабынған
Бір жолбарыс көреді.
Денесі қорқа береді,

Жуандығын қарасаң
Бесті өгіздің беліндей.
Аузын ашып есінесе,
Ойылған жаһит көріндей.

Жолбарыстан сескеніп,
Нәрікбай жүрді көрінбей.
Ойланады шабар деп,
Барайын десе шегінбей.

ЕР  ШОРА

Жолатпай тұр қасына
Жолбарыстың айбаты.
Нәріктің неғып дарысын,
Алыстан қылған қайраты?

Қасына жақын бара алмай,
Ешбір амал таба алмай,
Пірлеріне сиынды:

—Әуелі, Құдай құдірет,

Мүсәпір мендей пәндәңа
Жаратқан Алла, рақым ет.
Үмбетім деп қолдай гөр,
Құданың досы Мұқамбет.

Он екі имам, төрт шармен,
Сиындым сізге, бер медет.
Жалпы өткен пайғамбар,
Әліме менің назар ет.

Отыз үш мың саһаба,
Тілеймін сізден дәремет.
Жәми өткен машайық,
Баршаңызға сиындым.

Ала алмай мұны құр қайтсам,
Өлімнен жаман маған-ай.
Кәрінен қорқып мен тұрмын,
Шеріңнің түсі жаман-ай.

Қылыш шауып, атарға оқ,
Келмеді менің шамам-ай,
Медет бер деп пірлерге,
Сиынып тұрмын жағалай,

Істерге амал таба алмай,
Жаман күнде жар болған,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Ал енді сізге сиындым,

Қолдай көрші, бабам-ай.
Қолдан келер нәрсе жоқ,
Пірімді медет қыламын.
Нәрікбайды көрген соң,

Орнынан шері тұрады.
Алыстан шауып ақыра,
Жете алмай жолға құлады.

батырлар  жыры
Тиген соң оғы пірлердің,
Ұзынынан сұлады.
Салмағымен күл-күл боп,

Қабырғасы сынады.
«Өзі жатып өлсін»,—деп,
Бармады Нәрік, шыдады.
Біраз жатып шыңғырып,

Шерінің жаны шығады.
Өлгенін анық білген соң,
Кәріптің көңілі тынады.
«Қашқан жауға қатын ер»

Әуелде қорқып жылады,
Қуанғаннан бейшара,
Құдайға шүкір қылады.
Бір жолбарыс себеп боп,

Пірлерін Нәрік сынады.
Кереметін көрген соң,
Күмәнсіз Нәрік сенеді.
Жолбарысқа алыстан

Абайлап Нәрік қарады.
Арыстанның айбаты
Жүрегін қатты жарады.
Тұлғасынан сескеніп,

Ақыл-есін танады.
Айналақтап алыстан,
Жақындап Нәрік қарады.
Өлгенін анық білген соң,

Қасына жетіп барады.
Қолына алып қанжарын,
Іші-қарнын жарады.
Өкпе-бауыр жүрегін,

Суырып былай алады.
Байлап алып жанына ,
Ауылына қарай салады.
Неғып тұрсын кідіріп,

Іздегенін табады.
Бұ дағы пірдің жәрдемі,
Өзінен қуат болмады.
Мұны көріп Құлқаныс,

ЕР  ШОРА

Байға көңілі толады.
Пісіріп отқа бауырын,
Біраз мейірі қанады.
Аузына салса Құлқаныс,

Шерінің еті бал татыр.
Қанды көбік тарқамай,
Қазаннан алып жеп жатыр.
Жерігі әбден қанған соң,

Уақыты құш болған соң,
Жұртқа тұлға болғандай,
Туады енді бір батыр.
Тыңлаңыздар, жақсылар,

Кезегімен сөз келер.
Есіткенін құлақтың
Ақырында көз көрер.
Тарығып барып жыласа,

Құлқаныстан ұл туса,
Ақ жарылқап күн туса,
Әлібидің алдына
Асықпасаң кез келер.

Жерігі әбден қанған соң,
Құлқаныс болды көңілі жай.
«Жеткере көр, Құдай»,—деп,
Қуанып жүр Нәрікбай.

Өзге әйелдей болмады,
Көтеріпті он екі ай.
Қимылдайды ішінде
Тулағандай асау тай.

Бәйбіше бір күн білдірді,
Алдына сырық құрдырды,
Қағанағы жарылып,
Суға толды жылғасы.

Шыдай алмай толғаққа,
Денесі әбден іседі.
Молдалардан жаздырып,
Ішірткі алып ішеді.

Жолбарыстай ыңыранып,
Шаранаға былғанып,
Мұғдарлы жерге жеткенде,
17–253

батырлар  жыры
Бала жерге түседі.
«Ұл ма екен,—деп, қыз ба екен?»
Байқады бәрі бұл істі.

Ұл екенін білген соң,
Қуанып бәрі күлісті.
Қуанысып қатындар,
Бірін-бірі жұлысты.

Ауып келген аз тама,
Бәрі де болды ырысты.
Сүйіншіге Нәрікбай
Үлестірді күмісті.

Көкіректен кетіп қайғысы,
Көңілдері тынысты.
Жаңа туған жас бала
Ай жүзінен жарқын-ды.

Тигізбеді бетіне
Суық шамал, салқынды.
Сүйінші сұрап жүгіріп,
Біріне-бірі алқынды.

Бесікке енді салсын деп,
Атын қойған алсын деп,
Алып қойды Нәрікбай
Ат басындай алтынды.

Бай-бәйбіше қуанып,
Бір Құдайға сиынды.
Қапалық кетіп көңілден
Қуанысып сүйінді.

«Ханнан сүйінші сұра»,—деп,
Бір адамды бұйырды.
Есепсіз қанша малменен
Тамалардың адамы

Бас-аяқ сарпай киінді.
Көңілі тасып қуанып,
Қарахан да сүйінді.
Есіткен соң бұл сөзді,

Әліби жаман күйінді.
Тілеп алған жалғызға
Лайықтап бір ат қоя алмай,
Қырық үй тама үйілді.

ЕР  ШОРА

Біріне-бірі қарайды,
Қойсақ деп атты тиімді.
Мәсіләт қылып кеңесіп,
Күніменен үйілді.

Сол уақытта, жақсылар,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Бір диуана келеді.

Айқай салып «Аллалап«,
Ауылға қарап төнеді.
Алып шығып Құлқаныс,
Бір уыс тіллә береді.

Диуананы назар қып,
Абайлап әбден көреді.
Ажыратып таниды,
Баяғы түсте көргені,

Білсеңіздер сол екен
Бабай Түкті дегені.
Әуелде аян бергенде,
Осындай болып кеп еді.

Ықылас қылған кісіге,
Кереметі көп еді.
Көргеннен соң Құлқаныс,
Көзінен жасын төгеді.

Диуана келіп «Аллалап»
Айналып тұрды қораны.
«Жаңа туған жас бала
Қаяқта?»— деп сұрады.

Жүгіріп шығып Құлқаныс,
Боп еді бұрын көз таныс,
Алып барып баланы
Етегіне орады.

Қағып-соғып жеңімен,
Есегіне қонады.
Айтады күліп диуана:

—Менің балам бұл бала,

Атын қойып кетейін—
Айдынды туған Ер Шора.

батырлар  жыры
Диуананың ісіне,
Нұры толған түсіне,
Айран болып тамалар,

Бір-біріне қарасты.
Айтып ауыз жиғанша,
Ашып көзді жұмғанша,
Қайып болды диуана,

Еш нышаны қалмады.
«Әулие ме, жын ба?—деп,
Өтірік пе, шын ба?»—деп,
Жиналып тұрған халайық,

Бәрі аң-таң қалады.
Сөйтіп тұрған кезінде,
Құтты болсын айтқалы,
Қарахан келді баласы.

Еріп келді ханына
Бір жүз адам шамасы.
Әлібиден аспады,
Қырық мың үйлі түрікпеннің

Келер еді әммәсі.
Елі түсіп ойына,
Қапа болды Нәрікбай.
Қабағы тастай түйіліп,

Іші толып пұшманға,
Көңілі жаман күйініп.
Айналдырған аз тама,
Артылып қалған тамақты,

Алты ай жеді жабылып.
Шұбар атты алмаққа,
Әліби жүр қадалып.
Ұстай алмай қайтыпты,

Жылқысына көп барып.
Жақындатпас жануар,
Өзін-өзі сақтанып.
Қамаласып келгенде,

Қашады екен жытқылап.
Жеткізбейді Шұбар ат,
Қуса да түрікпен аттанып.

ЕР  ШОРА

Шұбарды қуып бәрі де,
Сынады атын шаптырып.
Қайтыпты жаяу көбісі,
Ара жолда ат қалып.

Теуіп-тістеп нешеуін,
Кеткен екен жатқызып.
Адырайып Әлекең,
Аз ғана үйлі тамаға,

Әлі жеткенсіп мақтанып.
Көрген адам таң қалар
Ер Шораның түріне.
Екі беті албырап,

Ұсаған баудың гүліне,
Бал татыр сорса тіліне.
Атқа мінсе Ер Шора,
Таманың жарар күніне.

Айлар өтіп арада,
Кіріпті Шора біріне.
Мойыны қатып келеді,
Сүйегі өсіп жетіле.

Құлақ салар қадалып
Ата-ананың кебіне.
Сорса емшек, тартады
Айдаһардай лебіне.

Әне-міне дегенше,
Кіріпті Шора екіге.
Көрген адам тоймайды
Жас баланың түсіне.

Алтын бесік сықырлар
Шіренгенде күшіне.
Тимесін деп көз бен тіл,
Көрсетпейді кісіге.

Апыл-тапыл бір басып,
Кіріпті Шора үшіне.
Шұбар атты алмаққа,
Әліби жетті сертіне.

Табады Шора дауасын,
Көңіліндегі дертіне.
Әркім ашық баланың

батырлар  жыры
Періштедей көркіне.
Ата-анасы қоймады
Ойнарға шығып еркіне.

Ай-жыл өтті арада,
Кіріпті Шора төртіне.
Жалғызбын деп, жаспын деп
Алмайды, сірә, есіне.

Әр қиялды ойлайды,
Күннен күнге есіре.
Құдай қуат берген соң,
Тартынып тұрсын несіне?

Атысып асық ойнайды,
Қораның шығып төріне.
Аман-есен ер жетіп,
Кіріпті Шора бесіне.

Талап қылып әр іске,
Ақ сұңқардай талпынып,
Жолбарыстай тұлғасы,
Ерлердің тартты салтына.

«Сүйенерлік кім бар?» деп,
Қарамайды артына.
Көңілі толған күш еді,
Несіне тұрсың тартына?!

Бала да болса қадірлі
Аз ғана үйлі халқына.
Аман-есен ер жетіп,
Кіріпті Шора алтыға.

Алты жасқа келген соң
Алтынды кемзал қыналып,
Тал шыбықтай бұралып,
Атадан жауап сұранып,

Ойнайын деп жөнеді.
Есіктің алды төбе еді,
Төбеге шыға келеді.
Төбеге шығып қарады,

Сұңқардай көзін салады.
Бет алдына қараса,
Тай шаптырым тақырда
Ысабы жоқ ойнаған

ЕР  ШОРА

Мың баланы көреді.
Нар тайлақтай тайраңдап,
Төбеден түсіп жөнеді.
Келе жатса алдында,

Бір шұңқырда ойнаған,
Қорқынышы бар кісідей,
Бұғып қарап, бойлаған
Қырық баланы көреді.

Келе қырық балаға
Шора сөйлей береді:

—Ай, қырық бала, қырық бала,

Көпке неге бармайсың?
Өз алдыңа топтанып
Не қиялды ойлайсың?
Жан-жағыңа алақтап,

Бөріден үріккен қойдайсың.
Сөйтіп жүріп, жазғандар,
Ойынға, сірә, тоймайсың.
Қырық бала сонда айтады:

—Айналайын, Шоражан,

Сен едің біздің бегіміз.
Тыңдасаңыз, мінеки,
Біздің айтар кебіміз.
Адырайып тұрмаңыз,

Берірек ойға келіңіз.
Мың балаға біз барсақ,
Жүйесіз зорлық қылады.
Асықты тартып алады,

Шеке тамыр салады.
Жұдырықтың астында
Көз жылтырап қалады.
Ойыны құрысын, шырағым,

Қорлығы өтіп барады!
Ашуланып Ер Шора,
Балаларға қарады.
Іші жаман өртеніп,

Салынды төмен қабағы.
Дәндеп қапты-ау мың бала,
Жасқаншақ қылып таяқтан.

батырлар  жыры

—Осынша қорлық көріпсің,

Бөлініп жүріп саяқтан.
Шықпайды жан ажалсыз,
Қорықпаңдар таяқтан.
Ойламаңдар азбын деп,

Қалмаңыздар талаптан.
Тауыпты олар жейтұғын,
Сүйексіз етті қаяқтан?
Асықпаса мен барып,

Тоздырайын аяқтан.
Бұл қорлықты көрмеспін,
Мені де Құдай жаратқан.
Енді сендер кідірмей,

Мың балаға барыңдар,
Ортасына тақырдың
Ойнап асық салыңдар.
Баяғысын бастаса,

Қорқытып, көптеп жасқаса,
Тайсалмастан сендер де,
Орайласа қалыңдар.
Кешікпей мен де келермін,

Жүйесіз қылған зорлығын
Өз көзімменен көрейін.
Келгені болса қолымнан,
Теңдігіңді алып берейін.

Жәрдем болса жаратқан,
Өзіңді көпке теңермін.
Егерде әлім келмесе,
Бұл қорлықты көргенше,

Жан болмай-ақ өлермін.
Жұртым үшін құрбанмын,
Жанымның қамын жемеймін.
Мұны айтып Ер Шора,

Ауылға қарап шабады.
Шыдай алмай долдыққа,
Оттай көзі жанады.
Тобыменен қырық бала

Мың балаға барады.
Ортасында тақырдың

ЕР  ШОРА

Ойнап асық салады.
Бұрынғыдай болмады,
Көтеріліп белі қалады.
Арқасымен Шораның

Бәрі де шері болады.
Қырық бала сонда сөйледі:

—Түрікпендердің баласы,

Ойнасаңдар, келіңдер.
Анау-мынау десеңдер,
Әңгімемді көріңдер,
Алшы тұрса біздікі,

Тауа тұрса біздікі,
Бүге мен шіге біздікі,
Жалғыз омпа сіздікі.
Бұл ойынға көніңдер,

Кезек екі, Тәңір бір,
Бізге де нәубет беріңдер.
Мұны есітіп мың бала,
Жабылмақты ыңғайлап,

«Айналдырған, қырық бала,
Дем алдың сендер неден?—деп,
Бүйте берсең, жазғандар,
Ойылмай ма төбең»,—деп,

Бір танаға асық ап,
Шекесін тыр-тыр қасылап,
Балаларда не болса,
Барлығын жиып тартып ап,

Ақ шанашын көтеріп,
Тыр-тырлап жүр басын қасылап,
Көп баланың ішінде
Жанбайдың көрді қарасын.

Жасы қырықта сол күнде,
Балалардың ішінде,
Арқалап жүр шанашын.
Көтере алмай шөмеңдеп,

Асық үшін ұрысып,
Балалармен тырысып,
Шаршады-ау жазған көлеңдеп.
Жығылады әр жерде,

батырлар  жыры
Сүрініп кетіп тереңдеп.
Біраз ойын қызысты,
Бұзықтар істі бұзысты,

Дәндеп қалған мың бала
Баяғысын қылысты.
Зорлығына шыдамай,
Қырық бала да тырысты.

Мың бала мен қырық бала
Тайынбастан ұрысты.
Кекіліктей тебісіп,
Бөденедей жұлысты.

Тастан аққан бұлақтай,
Шекеден қаны жылысты.
Неше бастар жарылып,
Неше қолдар сынысты.

Бірін-бірі қуалап,
Олай-бұлай сүрісті.
Жан көрінбей көзіне,
Бастады қырық бір істі,

«Өлеміз,—деп,—жеңілсек»,
Еп көрмеді тұрысты.
Өзінің қайрат-күші жоқ,
Жанжалменен ісі жоқ,

Шашылып қалған асықтың
Бәрін теріп алып жүр,
Шанашына салып жүр,
Көп баланың ішінде,

Жанбай таз болды ырысты.
Бағанағы Ер Шора
Ашуланған бойымен
Ауылға қарай барады.

Еш адамға білгізбей,
Есебін өзі табады.
Қайың құрық қолға алып,
Ап шықты жүген қалқалап,

Жылқыға қарап шабады.
Қысып кетті долдығы,
Еш қарары қалмады.
Көтеріп найза қолынан,

ЕР  ШОРА

Желі тұрып оңынан,
Асықса да Ер Шора,
Кешігіп қалды жолынан.
Ұстатпады бір жылқы,

Қуса да қанша соңынан.
Одағайлап осқырып,
Жақындатпас қасына.
Біреуі қолға түспеді,

Көп жылқының тобынан.
Ұстай алмай ешбірін,
Шора батыр тарықты,
Арық та болса мінбекші,

Таңдаған жоқ шонықты.
Арсалақтап алқынып,
Әбден қапа болыпты.
Сол уақытта Ер Шора

Басы аспанға қараған,
Бауырынан жараған,
Барыстай құйрық тараған,
Мойны алтын таяқтай,

Піскен алма сабақтай,
Бір шұбарға жолықты.
Шұбар атқа таң қалып,
Шыр айналып барады.

Ұстайын деп оқталып,
Қасына жақын барады.
Мұны көріп Шұбар ат,
Құлағын тігіп қарады.

Қашайын деп қамданып,
Оқырая қарады,
Желе жортып, желікті,
Аяғын дақ-дақ басады,

Ұстайын десе ер Шора,
Жер-су баспай қашады.
Егер де шықса алдынан,
Арандай аузын ашады.

Артынан шықса, тебер деп,
Шора қатты сасады.
Ыза болып Ер Шора,

батырлар  жыры
Көзінің жасын шашады.
Шора сонда айтады:

—Жамандатқыр, көп жылқы,

Ұстатпадың ешбірің.
Қорлығы өтіп барады,
Өштесіп жүрген өштінің.
Мен жолымнан қалдым ғой,

Айналайын, Шұбар ат,
Тәуір екен кескінің.
Ісін қылма осқырып
Дөнен менен бестінің.

Танымайсың егеңді
Жаңа талап өспірім.
Мұны есітіп Шұбар ат,
Қайта қарап тұрады.

Исін алып Шораның,
Артына мойын бұрады.
Айналдырып түрікпен деп,
Аңғарып әбден сынады.

Таныған соң егесін,
Оқыранып шауып кеп,
Қойнына басын тығады.
Түрікпеннен көрген қорлығын

Айтуға Шұбар тілі жоқ,
Ымменен шағып жылады.
Ұстап алып Ер Шора,
Шұбардың басын сылады.

Алтын сулық, жүгенді
Басына енді ұрады.
Қарғып шығып үстіне,
Шұбардың басын бұрады.

Бағанағы балаларға,
Енді Шора жөнеді.
Алды-артына қарамай,
Шұбардың басын төгеді.

Бесін боп қапты қараса,
Бағана түсте кеп еді.
Қырық балаға «Келемін

ЕР  ШОРА

Жылдам барып»—деп еді.
Ойнап жатқан жерлері
Адыр-адыр жер еді.
Ылди-төмен сырғытып,

Төбеге шыға кеп еді.
Бет алдына қараса,
Болып жатыр тамаша.
Ұрыс бопты қым-қиғаш,

Қылған жоқ ешкім араша.
Тамалардың баласы
Жүзіне бірден келмейді
Түрікпендерді санаса.

Тек жүрген жоқ сөйтсе де,
Ұрыс қып жүр жанаса.
Басы қатып қырық бала
Бір-бірінен адасса,

Шетке шығып қашып жүр,
Жабылып түрікпен сабаса.
Қашқаны қайда құтылар,
Мың бала бірден қамаса?

Бұл жерге Шора келген соң,
Ұрыстың түрін көрген соң,
Ер Шора енді құтырды.
Етек-жеңін қайырып,

Қос телпегін жыпырды.
Бір шетінен бұлардың
Ақ тұйғындай сыпырды.
Кез келгенін алдына

Көкпар қылып алады.
Қойға тиген бөрідей,
Қиратып кетіп барады.
Қамысқа түскен жалындай,

Жапырып кетіп барады.
Мұны көріп қырық бала,
Көтеріліп қалады.
Арқасымен Шораның

Бәрі де шері болады.
Құтырған иттей талады,
Мың баланың қырық бала

батырлар  жыры
Асығын тартып алады.
«Құдай бір, кезек екеу»,—деп
Шеке тамыр салады.

Жұдырықтың астында
Жылтырап көзі қалады.
Қысылып жүрген жазғандар
Әбден өшін алады.

Әсіресе Ер Шора
Арыстандай ақырып,
Жүрегін жаман жарады.
Ақ тақырдан өткізбей,

Аққалаға жеткізбей,
Мың баланы Ер Шора
Теп-тегіс қырып салады.
Мұны көріп Жанбай таз

Бір қасып алды шекесін.
Қоятұғын кісі емес,
Таныды Шора көкесін.
Қашпағына ыңғайлап,

Көздеді жолдың төтесін.
Ақ шанашын тастамай,
Арқасына шандиды.
Құстан қорыққан жиектей,

Борбайына саңғыды.
Шыбын жанның тәттісі-ай,
Ыршып-ыршып қарғыды.
Кіреріне көр таппай,

Паналарға жер таппай,
Ер Шораның айбаты
Жердің жүзін тар қылды.
Сасқанынан сандалып

Адасқаннан қаңғыды.
Сол уақытта Жанбайдың
Түсіп кетті кепеші.
Аппақ болып алыстан,

Жалтырайды шекесі.
Жарап жүрген үлектей,
Салынып кетті өңеші.
Барса да адам болмайды,

ЕР  ШОРА

Жарылып кетті зәресі.
Жаны шығып қаңғырып,
Қаңбақтай ұшты денесі.
Бар асығы шашылып,

Жанбайды Құдай ұрады.
Шораның дауысын есітіп,
Шырқырап жаны шығады.
Ойға түссе, бой жазып,

Қырға шықса, бұғады.
Шапаттап санын қамшылап,
Маңлайдан тері тамшылап,
Жарғағы қатып көтіне,

Өліп-өшіп зорға кеп,
Қаланың жетті шетіне.
Жылан қуған кісідей,
Қарап болмас бетіне.

Еш адамға білдірмей,
Ордаға кірді өкіре.
Шапанын қойып көтіне,
Отыра кетті аһ ұрып.

Ханға айтады Жанбай таз:

—Мен арызымды айтайын,

Тыңласаңыз зарымды.
Зорға жеттім асығып,
Бір танам кетті шығын боп,
Асығым кетті шашылып,

Құдай ұрып тазыңды,
Барақ итке талаттым
Өңшең жүйрік тазымды.
Бөлтірікке ілдірдім

Сұңқар, үйрек-қазымды.
Нәрікбайдың Шорасы,
Таманың құзғын баласы,
Аман-есен ер жетсе,

Түрікпендер, көрің қазылды.
Шыбын жанның тәттісі-ай,
Бауырым жаман жазылды.
Мен кісіні танысам,

Тамаға аруақ бұрылды.

батырлар  жыры
Ақ тақырды қан қылып,
Мың бала тегіс қырылды.
Зорлық қылдың Нәрікке,

Болғандай-ақ қылымды.
Әліби, енді сен өлдің,
Ала алмас түрікпен құныңды.
Мынау Шора ер жетсе,

Күң қылады қызыңды,
Құл қылады ұлыңды.
Адырайып, Әлеке-ау,
Аламын деп Шұбарды,

Нәрікбайдың Шорасын
Сорыңа Құдай шығарды.
Әлің келсе амалда,
Қондырма көзге шымалды.

Мынау Шора ер жетсе,
Қалаға толар қосыны.
Менің айтқан сөзімді,
Болмайды деме осыны.

Тұлымдыңды тұл қылар,
Айдарлыңды құл қылар.
Он үйіңе бір берер,
Қылады бақыр мосыны.

Қырық үй болар бағыңа,
Бек болып шығар тағыңа.
Ойлана бер, түрікпендер,
Аман қалар шағыңа.

Асықпасаң, Әлеке-ау,
Жәбір жетер жаныңа,
Әуес қылма Шұбарды
Қараймасаң қаныңа.

Ие болар жеріңе,
Бек болар түрікпен еліңе.
Мынау Шора ер жетсе,
Қонар шалқар көліңе.

Тірідей сойып, Әлеке,
Тығар сабан теріңе.
Әлеке енді тиярсың,
Нан пісуші еді деміңе.

ЕР  ШОРА

Атқа мінсе Ер Шора,
Жұртыңа салар бүлікті,
Теріс кетер оң ісің.
Азды-көпті тыңдамас,

Шабатұғын жолбарыс,
Мен түрінен шошыдым.
Мен тұрмаймын кетемін,
Қарахан, берші жол қаржы.

Айтып-айтып болды да,
Жанбай «батыр» құлады,
Ұзынынан сұлады.
Жарылған екен жүрегі,

Тазды Құдай ұрады.
Жаны шығып жығылып,
Ақыры өліп тынады.
Сол уақытта Әлекең

Қабағынан қар жауып,
Ханға бетін бұрады.
Қаһарланып ханына
Былайша жауап қылады:

—Қылайын десем тамаға,

Қоймаушы едің еркіме.
Қырылыпты мың бала
Құтты болсын жұртыңа,
Сыр алдырып дұшпанды,

Айналдырдың сыртыңа.
Ашуланып Әлекең
Сөйледі ханға жұлқына:

—Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.
Хан емессің, қатынсың,
Қатыннан жаман отынсың.
Мың балаңды қырғызып,

Неғып тірі отырсың?
Сол уақытта түрікпеннің
Күңіреніп кетті қаласы,
Мың баланың шуылдап

18–253

батырлар  жыры
Атасы менен анасы.
Қаһарланып тамаға,
Әліби болды барасы.

Тоқтатуға Қарахан
Келмей қалды шамасы.
Қолынан келсе Әліби,
Алады басын Шораның.

—Нағып тұрсың, түрікпендер,

Қырылды бәрі баланың.
Қайсысына берер бақ,
Аруақ кімге болар жақ,
Әліби мен Шораның

Шұбар ат болды таласы.
Кімге төтеп бергендей
Айналдырған бір қырық үй.
Құдайдан қуат болмаса,

Тамалардан кетті күй.
Шұбарға құрық салмаққа,
Шораның басын алмаққа,
Қырық жігітін ертіп ап

Жүрмекші болды Әліби.
Күлсары атқа мінеді,
Қару-қапшық қам қылып,
Үстіне сауыт киеді.

Тамаларды шапқалы,
Ат құйрығын түйеді.
Ұстады қатты долдығы,
Қаһары қатты биі еді.

Қолынан келсе қылмаққа,
Тамаларды қырмаққа,
Көргелі күшін Шораның
Әліби енді мінді атқа.

Әміріменен Әлінің
Қырық жігіт шықты аттанып.
Қаһары қатты неме еді,
Теріске сие айналып,

Асынғаны ақ полат,
Жанына сала байланып,
Сәулетпенен Әліби

ЕР  ШОРА

Қаладан шықты сайланып.
Қолынан келсе Шораға,
Қылмағына ойланып.
Қараханның, жақсылар,

Жоқ еді, сірә, қастығы.
Біріне-бірі ата бала еді,
Бар еді байға достығы.
Тоқтатып биді басарға

Ханның болды жастығы.
Тиіп еді көңіліне
Әлібидің мастығы.
Күші келсе Әліби,

Шораға тықыр таянды.
Дұшпаны еді ежелден,
Қараханға аян-ды.
Зорлығына сүйеніп,

Көңілінен шайтан жай алды.
Қол астында бар екен
Ханға жақын жасауыл.
Жасауылдың аты екен

Қаратиын бекауыл.
Ептестірген ер еді,
Ерегіссе екі ауыл.
Жасауылды шақырып,

Хан қасына алады,
Еш адамға білгізбей,
Құлағына салады:

—Әліби қатты ашумен

Бүлдірер барып Нәрікті.
Тыныш қоймас ол залым
Ауып келген ғаріпті.
Басып қатты азуын,

Баласына кәдік-ті.
Ойланбасын бекер деп,
Бұл сөзім менің анық-ты.
Нәрікбайға сәлем де,

Аяр деп ойға алмасын.
Есіркемес ол залым,
Басына киді қарасын.

батырлар  жыры
Қолынан келсе Әліби,
Құртып кетер шарасын.
Тарту қылсын Шұбарды,

Есіркесе баласын.
Шорасына бір қатер,
Нәрікбай қапыл қалмасын.
Не болады мал шіркін,

Аямасын Шұбарды.
Жазым қып алар жазған шал
Өлгенде көрген баласын.
Бұл айтқанды қылмаса,

Шора бір іс бастасын.
Ханы бар деп артында,
Менен қорқып саспасын.
Шамасы келсе Шораның,

Әлібиді өлтіріп
Жонынан алсын таспасын.
Сау қоймасын тірісін,
Қаңқайтып өңкей шошқасын.

Ойламас мені ханым деп,
Не қылсын жұрттың басқасын?
Бұл сөзді айтып Қарахан
Жасауылға мінгізді

Қанатты қара жорғасын:

—Жылдамырақ бара көр,

Көріп қойып Әліби,
Тағы бір пәле болмасын.
Бір Құдайға тапсырдым,
Әулиелер жар болып,

Аруақтар қолдасын.
Ағып кетті жорғасы,
Қоя берді ол басын.
Әлібиге көрінбей,

Асығыстап судың жылғасын,
Жануар желдей еседі,
Табаны жерді теседі.
Әлібиден ілгері

Тапты барып жасауыл,

ЕР  ШОРА

Нәрікбайдың ағарған
Алты қанат ордасын.
Сөйлес қылды кідіріп,
Ақ көбікке шомылған,

Аттың сүртіп көз-басын.
Қырылған соң мың бала,
Асығыстап кеп тұрған
Жасауылды көрген соң,

Зәресі кетті бәрінің.
Шабуылдап келген соң,
Қайтерін білмей сасып тұр,
Қорқып түсі қашып тұр.

Қаратиын бекауыл
Ер Шораның көрген соң
Жолбарыстай тұлғасын,
Көріп жаны енеді.

Дәс айтар деп әр жауға,
Көңіліне келеді.
Кеудесі зор көрінді,
Төсі қайқаң өредей.

Сүйегі қара болса да,
Түсі келген төредей.
Аман-есен айтысып
Жасауылға ер Шора:

«Жолыңыз болсын»,—деп еді,
Бекауыл сонда сөйледі:

—Әлей болсын, Шоражан,

Нәрікбайдың досы екен
Жұрт егесі Қарахан.
Бір тентектік қылыпсың,
Мың баланы қырыпсың.

Ашуланып Әліби
Шықты сізге қаладан.
Қосын жиды түрікпендер
Құн алмаққа тамадан.

Әлібиге берсеңіз,
Шұбар атты қалаған,
Онан кейін еш гәп жоқ
Басыңмен де мал аман.

батырлар  жыры
Бұл айтқанды қылмасаң,
Қан төгілер арадан.
Ханның сәлем айтқаны

Берсін деді Шұбарды.
Атқа бола Нәрікбай
Айрылмасын баладан.
Қаһарланып Әліби,

Қырық жігітпен келеді.
Шұбар атты берсеңіз,
Не десең де көнеді.
Одан басқа айып жоқ,

Жеңсе сізді өлтіріп,
Жеңілсе өзі өледі.
Бәрін айтты қалдырмай,
Ханның сөзі көп еді.

Мұны айтып жасауыл,
Атынан да түскен жоқ,
Асығыстап жөнеді.
Мұны есітіп Ер Шора,

Буырқанып, бұрқанды,
Қыламын деп ойлайды,
Әлібиге сұмдықты:

—Бергейсің,—деп,—Құдай-а,

Дұшпаным еді бір мықты.
Тар жайда қинап, састырма
Секілді Нәрік мұңдықты.
Айдынды туған Ер Шора

Шұбарға ұрды сулықты:
«Кәйтіп қашып жүремін
Кісідей қылған ұрлықты?»
Нәрікбай мен Құлқаныс

Есіткен соң бұл сөзді,
Еш зәресі қалмады.
Көңіліне алып қорқыныш,
Көзінің жасы парлады.

Мінәжат қылып Құдайға,
Хабарын есітіп Әлінің,
Қаруын Шора қамдады.

ЕР  ШОРА

Жалғызбын деп, жаспын деп
Ойына да алмады.
Қырық үй тама сандалып,
Уайыммен сарнады.

Нәрікбай сонда сөйледі:

—Қой, шырағым Шоражан,

Атқа мініп нетесің?
Есіркемес ол залым,
Өзіңді набыт етесің.
Қабырғаң әлі қатқан жоқ,

Арманда өліп кетесің.
Әлібиге Шұбарды
Тарту қылып берейік,
Жеткізер малдың есесін.

Қайраты қатты жау еді,
Жазатайым боп жүрсең,
Өлгенде көрген, шырағым,
Сен бізге қайдан жетесің?

Өжет туған Ер Шора
Айтқанына көнбейді.
Жыласа да кемпір-шал,
Құлағына енбейді.

Аллаға қылды тәуекел,
Ажалсыз адам өлмейді.
Алды-артының жоқтығы,
Ойына да келмейді.

Сұраса да Нәрікбай,
Шұбарды Шора бермейді.
Әліден қорқып аз тама,
Зар жылап бәрі еңірейді.

Тәсейіл беріп Нәрікбай
Халқына бір сөз сөйлейді:

—Мақұл көрсең, тамалар,

Көңіліме бір іс келеді.
Құдай берген есепсіз,
Дүние-малым көп еді.
Тарту қылсам биге деп,

Ойыма осы келеді.
Ақылға сізге бергенім,

батырлар  жыры
Жарай ма мұным?—деп еді.
Қырық қашырға зер артып,
Жан-жағын шоқтап, қызартып,

Басын құл мен Шора қып.
Нәрікбайдың досы екен
Жұрт егесі Қарахан.
Шұбата Нәрік жөнеді

Әлібидің жолына,
Кермісіннің бойына,
Апарып бәрін төгеді.
Қазынаның көптігі

Өлкесін судың бөгеді.
«Қызығып бұған Әліби
Аман қояр»,—деп еді.
Көмегі жоқ не қылсын,

Айналдырған бір қырық үй.
Құдайдан қуат болмаса,
Тамалардан кетті күй.
Айнала шапса түрікпендер,

Ат астында болар қи.
Қорыққаннан есепсіз,
Әлібиге қылды сый.
Әне-міне дегенше,

Қырық жігіті соңында,
Қызыл жалау қолында,
Қайраты қатты қабынып,
Керімсіннің бойына

Көп тұрмай-ақ алданып,
Көзі жайнап келеді.
Өтейін деп өткелден,
Тобыменен төнеді.

Хабары жоқ Құдайдан,
Қайратына сенеді.
Ашу қысып Әлекең,
Аяңдамай желеді.

Кермісіннің бойында,
Батпақ судың бойында,
Жайнатып қойған қазынаны
Бидің көзі көреді.

ЕР  ШОРА

Әліби сонда сөйледі:

—Көрдіңдер ме, жігіттер,

Нәрікбайдың қылғанын.
Басын қорғап Шораның,
Малға мені бұрғанын.
Амалменен жолыма

Алдап тұзақ құрғанын.
Сан миллион шалса да,
Білмейді Құдай ұрғанын.
Шұбар атын бермесе,

Не қыламын бұл малын?
Бойыма менің ар шығар,
Алданып бұған тұрғаным.
Қасымдағы, қырық жігіт,

Малға көзді салмаңыз.
Әзір бұған алданып,
Шұбардан қапыл қалмаңыз.
Жолықса ол жүгермек,

Шораның басын жалмаңыз.
Қашып-пысып жүрмесін,
Енді ертерек қамдаңыз.
Біздікі емей кімдікі,

Әзіргі малды алмаңыз.
Бұл сөзді айтып Әліби,
Қазынаға қайрылмай,
Баса-жанша өтеді.

Набыт болса байдікі,
Оның несі кетеді?
Қарсы алдында Шора тұр,
Ойнайтын жерге жетеді.

Аңғарыңдар ақырын,
Екеуі енді кетеді.
Тұр еді Шора сайланып,
Жалаң қылыш, найза алып,

Әшті келсе Әліге,
Қылмағына ойланып.
Жер тарпынып Шұбар ат,
Астында тұрмай айналып,

батырлар  жыры
Алтын сапты ақ болат,
Жанына сала байланып,
Өзін-өзі бекітіп,

Ат үстіне жайланып,
Сол уақыт болғанда,
Әліби де жетеді.
Қазынаға қайрылмай,

Баса-жанша өтеді.
Жүйесіз қылған зорлыққа,
Шыдасын неғып қорлыққа.
Шамырқанып келеді,

Тұрмады енді Ер Шора.
Шұбарға қамшы басады,
Әлібидің алдынан,
Қарсы шығып барады.

Ақ білегін сыбанып,
Оттай көзі жанады.
Қысып кетті долдығы,
Еш қарары қалмады.

Кермесіннің бойында,
Шығармай-ақ қой ойында,
Әлібиге Ер Шора
Орайласа қалады.

Қырық жігіті соңында,
Әліби де келеді.
Мың баласын қырдырған,
Көңілінде қайғы көп еді.

Шыға келген алдынан
Шораны Әлі көреді.
Әлібиге Ер Шора
Келіп сәлем береді.

Аман-есен айтысып,
«Жолыңыз болсын»,—деп еді,
Әліби сонда айтады:

—Әлей болсын, Шоражан,

Жіберді бізді ханымыз.
Мың балаға қайғылы
Қырық мың үйлі жанымыз.
Қырық жігітім соңымда,

ЕР  ШОРА

Мен—Әлімін таныңыз.
Айтып тұрмын аңғартып,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бермесеңіз Шұбарды,

Керек емес басқа малыңыз.

—Жақсы айтасыз, Әлеке,

Айрақтан шыққан сен едің,
Жалтырап тұрған айымыз.
Күміс құйрық Шұбар ат
Кісіге бермес тайымыз.

Хан сұраса қайтейін,
Беруге келмес жайымыз.
Менің айтқан жауабым,
Қайтадан ханға барыңыз,

Біздің үшін бір сөзді
Құлағына салыңыз.
Қойсын бізге Шұбарды,
Хандікі басқа малымыз.

Біз үшін айтып бір сөзді,
Шұбарды алып қалыңыз.
Өзіңіз көңіл қылсаңыз,
Ханды ортаға салмай-ақ,

Бетіңізбен алыңыз.
Әліби сонда сөйледі:

—Шоражан, мұнша кейисің,

Бір тайыңды беруге.
Алмай қайтса Шұбарды,
Әліби елді көрер ме?
Шақтық қанша, жүгермек,

Желігіп мұнша елерме
Мың баланы өлтіріп,
Асығып жүрме ең өлерге?
Қанеки, маған көрсетші,

Абайла, балам, әліңді.
Айдап салып барыңды,
Ауып келген аз тама,
Тоздырамын еліңді.

Шора сонда сөйледі:

—Ісінесің, Әліеке,

батырлар  жыры
Шұбарды алсаң қайтар ма ең
Көңіліңді тындырып?
Қаһарлансаң тамаға,

Жіберер ме едің жүн қылып?
Сүйегіңе батты ма,
Мың балаңды қырдырып?
Азды-көпке Құдай бар,

Сөз айтасың нықырып.
Аздығымды білдіріп,
Келіп тұрсың оқталып,
Ақ найзаңды міндіріп.

Азар қылса өлерміз,
Алла болса көнерміз.
Мықтылықты айтпаңыз,
Сүйекті көп қыздырып.

Әліби сонда сөйледі:

—Жұдырықтай басыңнан

Жарыса сөйлеп үрлейсің.
Келіп тұрған биіңді
Қырау құрлы көрмейсің.
Хан сұраса қайтер деп,

Бір тайыңды бермейсің.
Жүгермектен жатарсың,
Бүйтсең көпке жүрмейсің.
Ажалыңа асығып,

Неғылып енді өлмейсің.
Осыншама айтсам да,
Есіркеймін, көнбейсің.
Шора сонда сөйледі:

—Олай десең, Әлеке,

Зорлығыңды білейін.
Аямасаң аяма,
Құдайдан мен де тілейін.
Ажалым жетсе Алладан,

Ертерек жерге кірейін.
Қорқып беріп Шұбарды,
Неғылып тірі жүрейін?
Әліби сонда сөйледі:

—Жұдырықтай басыңнан,

ЕР  ШОРА

Пеш қылып, маған дес айтып,
Аяғыңды шірейсің.
Ақ найзаңа сүйеніп,
Азуыңды тірейсің.

Ерегіссең менімен,
Басыңа бәле тілейін.
Кесейін бе мойныңды,
Ешкімің жоқ бұл жерде,

Арқаңды кімге сүйейсің.
Шора сонда сөйледі:

—Ашуланып, Әлеке,

Селтитесің мұртыңды.
Күжірейтіп желкеңді,
Бересің маған сыртыңды.
Аққалаға жеткізбей,

Жайратып салып қырқыңды,
Хан-қараңды сап қылып,
Сұрайын ба жұртыңды?
Мұны естіп Әлекең

Долданып қатты көгерді.

—Асықпасаң, жүгермек,

Көрсетейін өнерді.
Мойнын толғап Әліби,
Су бүркіттей түнерді.
Қолына енді түкіріп,

«Ояйын,—дейді,—төбеңді.
Түлкідей бұрап мойныңды,
Желкеңді сенің кесейін.
Шақшадай жұлып басыңды,

Езуіңді тесейін.
Білмедің ғой, жүгермек,
Есіркесем әшейін».
Найзасына түкіріп,

Әліби сонда ұмтылды.
Қарсы алдында Ер Шора,
Ақ тұйғындай құнтиды.
Әлібидің ашумен,

Екі езуі бұлтиды.
Қайтпай найза салады,

батырлар  жыры
Қарсыласып қалады.
Әлібидің Ер Шора
Найзасын тартып алады.

Жылдамырақ Әліби
Қылышқа оңтайланады.
Әңгі есектей ақырып,
Үш мәртебе шабады.

Сол уақытта баяғы
Бабай Түкті Шашты Әзіз
Қылышты жылдам қағады.
Жеті жасар балдырған,

Сүйсем мейірін қандырған.
Жау да болса жасы үлкен,
Нәубетін беріп қарады.
Енді Шора қамданып,

Қолына найза алады.
Ат үстінен алысып,
Опыр-топыр болады.
Астындағы мінгені,

Күлсары әбден талады.
Шора кезек берсе де,
Әліби кезек бермейді.
Шамасының барынша,

Қармаласып қалады.
Ер Шора сонда Әліні
Оң жағынан жарады.
Тиген соң найза қайысып,

Әліби барып құлады.
Қолына алып қылышын,
Қырық жігітке Ер Шора
Атының басын бұрады.

Көрген адам күлгендей,
Бір тамаша қылады.
Ұрыспақ түгіл қырық жігіт,
Бұрқырай қаша жөнелді.

Аққалаға бет алып,
Ақ бөкендей жосылды.
Қамшы басып Шұбарға,
Артынан Шора қосылды.

ЕР  ШОРА

Қашса дағы жазғандар,
Құтылмасқа ұсады.
Шораның қорқып түсінен,
Атының жалын құшады.

Түртіп кетсе найзамен,
Құмалақтай ұшады.
Тарта шапты Ер Шора,
Құтылмасқа болжады.

Жолы болып қырық жігіт,
Ап қайттың қалың олжаны.
Бәрінің жетті түбіне
Шұбар аттың жанжалы.

Аққалаға жеткізбей,
Ақ тақырдан өткізбей,
Теп-тегіс кесті кәлләні,
Ер Шораның қанжары.

Қырық жігітті қырып сап,
Қойға тиген бөрідей,
Жан-жағына алақтап,
Әліби жатыр жамбастап,

Кесек-кесек қан тастап.
Жақындап келіп Ер Шора,
Сөйледі бекті мазақтап.
Шора сонда сөйледі:

—Қарағаймысың, талмысың,

Шекермісің, балмысың?
Жаздыкүні жараған,
Бір өзің мыңға балаған,
Түрікпенен шыққан нармысың?

Неғылып бүйтіп жатырсың,
Аурумысың, саумысың?
Қан құсқыр деген біреудің,
Алып па едің қарғысын?

Аттың үсті жел болып,
Кетіп едің бағана.
Айдынды туған Әліби,
Аман-есен бармысың?

Әліби сонда сөйледі:

—Алтынбысың, дүрмісің,

батырлар  жыры
Сен сауық таулы сүрмісің?
Екпінің желге еседі,
Адамнан туған пілмісің?

Екі бетің албырап,
Жаңа ашылған гүлмісің?
Көп кінәсін кешіріп,
Сәлем бердің ағаңа,

Айналайын, Шоражан,
Өзің де аман жүрмісің?
Шора сонда сөйледі:

—Алысқа кеткен дабысың,

Әлеке, едің асқар бел.
Көкірегің дария,
Көңілің еді шалқар көл.
Ауып келген аз ел деп,

Артықша зорлық қылдың мол.
Өшіккенің ақыры,
Арамызға түсті қол.
Көзіңнің етін өсіріп,

Жанарыңды басып шел.
Бір түрткенде найзамен,
Жатсаңыз бүйтіп күлер ел.
Ауырып қалды қай жерің,

Атыңа мін, түрегел.
Әліби сонда сөйледі:

—Баламның құнын сұра деп,

Қоймады шулап ағайын.
Асып едім өзім де,
Назамды өстіп табайын.
Тәуба қылдым, Шоражан,

Таманың жібін алмайын.
Мұнан былай, қарағым,
Қабатыңнан қалмайын.
Өлгенімше, Шоражан,

Қызметіңе шабайын.
Қадырдан мендей ағаңның,
Ағарған сыйла самайын.
Келер ме шамам тұрарға,

Далбаса қылып қарайын.

ЕР  ШОРА

Міне алсам атқа шабайын,
Ертерек елге барайын.
Шора сонда сөйледі:

—Ауып келген аз үй деп,

Жүзіме қойдың табанды.
Шұбар атты алмаққа,
Әлеке, қылдың амалды.
Шақтамай жазым боп қалдың,

Байқамай өзің шамаңды.
Тоқ жүреді тек жүрген,
Зорлықтың түбі жаман-ды.
Көзіңнің етін өсіріп,

Бетіңе жағып қараңды.
Жаңа кіріп пейіліңе,
Таныдың ба абайлап,
Шора деген балаңды?

Әліби сонда сөйледі:

—Хан емеспін, қарамын,

Осы арада ойладым.
Бұл дүниенің амалын,
Көріп тұрмын көзіммен,
Қайратыңды, қарағым.

Елі-жұртым сенікі,
Дәс айтуға жарадың.
Берейін алсаң қызымды,
Ата-бала боламын.

Лұқсат берсең, Шоражан,
Ертерек елге барайын.
Шора сонда сөйледі:

—Хан болармын қалаңа,

Кетпесе бастан бұл бағым.
Елдесуге, түрікпендер,
Енді келмес ырғағым.
Әзіл еді бұрынғым,

Мінекей, енді шындадым.
Қыр соңымнан қалмадың,
Тіріде сенен тынбадым.
Сен—қарға да, мен—сұңқар,

Болмаңыз, аға, енді іңкәр.
19–253

батырлар  жыры
Қайтып жазып кетесің,
Бір ілінді тырнағым.
Әліби сонда сөйледі:

—Шамаңды біліп шақтамай,

Асылып қалдым бір тауға.
Енді біліп отырмын,
Жолыққан соң зор жауға.
Мұршам болмай жатырмын,

Бір басымды қорғауға.
Бет берген екен қарағым,
Қалың бақ саған орнауға.
Әр қалай әлің келеді,

Аға деп әзір қолдауға.
Енді сенен, шырағым,
Сұрадым, Шора, жан сауға.
Шора сонда сөйледі:

—Аз ғана үйлі тамаға,

Әлеке, салдың бүлікті.
Сойып жедің жылқысын,
Семізін таңлап жілікті.
Бұл уақытта, Әлеке,

Атыңыз неден үрікті?
Сізден басқа қырық жігіт
Олжаға қалың ілікті.
Өзіңді байқа қандайсың,

Барсаң да адам болмайсың.
Дендеп кірген ақ найза,
Жаныңнан қылма үмітті.
Сондай сөзбен мазақтап,

Әліге Шора күліпті.

—Жаман екен ойласам,

Зорлықтың түбі қорлық-ты.
Тауып тұрмын пейілмен,
Басыма мұндай сұмдықты.
Қаншама астым десең де,

Шығады екен бір мықты.
Әлі де болса, Шоражан,
Үзбейін жаннан үмітті.
Жасың кіші болса да,

ЕР  ШОРА

Шырағым, қылдым құлдықты.
Шора сонда сөйледі:

—Ғаріптің жайын білмедің,

Жасыңнан көріп өкімет.
Хан тойында Нәрікке
Қайтардың беріп әсірет.
Арамдыққа айналып,

Әруаққа болдың шет.
Зорлықтың түбі қалай-ды,
Не қылып Шора аяйды.
Ойнақтаған от басар,

Жай жүрген абзал қаныбет.
Әліби сонда сөйледі:

—Қаһарланып мініпсің,

Шұбарды менің қастыма.
Жалына бердім өзім де,
Түршігіп денем басты ма?
Өзім де рақым қылмаушы ем,

Жылаған көзі жастыға.
Денем ауыр тартады,
Топырақ мені басты ма?
Жалынсам да қоймадың,

Қыларыңды ойладың.
Керек болса мына бас,
Апарып тық, Шоражан,
Апаңыздың астына.

Шора сонда сөйледі:

—Түсірді ме есіңе,

Ілгері қылған қасыңды?
Сабағындай алманың,
Алайын жұлып басыңды.
Қан аралас көзіңнен,

Ағызайын жасыңды.
Мұны айтып Ер Шора,
Атынан түсіп шешінді.
Шораның осы сөзімен,

Жасы ағып көзінен,
Жанынан үзіп үмітін,

батырлар  жыры
Әлінің көңілі басылды.
Ұсынып аққа мойынын,
Екі аяғы көсілді.

Шыбын жан қандай шіркін-ді,
Егітіліп есілді.
Жылай-жылай Әлекең,
Екі көзі тесілді.

Уақыты еді сол күнде,
Уақыты намаз пешінді.
Қылышын Шора суырды,
Заманасын қуырды.

Өшіккеннің түбі сол,
Бидің басы кесілді.
Өлеріне асығып,
Әліби жаман елірді.

Мынадай болды ақыры,
Жылатып еді көп елді.
Батпақ судың бойында
Тағдыр бітіп жөнелді.

Қаны менен жынына
Қарға-құзғын кенелді.
Атадан туып артықша,
Көрсетті Шора өнерді.

Қырық мың үйлі түрікпенмен
Қырық үйлі тама теңелді.
Ер Шора көңілін тындырып,
Түрікпеннің белін сындырып,

Күлсары атты жетелеп,
Ауылға қарай жөнелді.
Мұны көріп тамалар,
Шошынады жандары.

Күдер үзіп бар жақтан,
Ұмыт болды малдары.
Шошындырды таманы
Әлібидің салмағы.

Жиналысып кеңесті,
Кеңесінде не десті?
Қайырмаққа Қазанға,
Балаға бәрі басты енді.

ЕР  ШОРА

Анау да айтты «Қаш»,—деді,
Қайтып бұлар шыдасын.
Қылған ісі есінде,
Жан-жағына алақтап,

Көзінен төкті жасты енді.
Құлқаныс пен Нәрікті
Жабылып қырық кетпейді.
Ер Шораны Қазанға

Қашырмаққа ептейді.

—Айналайын, Шоражан,

Қазан деген қалаң бар.
Сұрап тұрған Әлімхан,
Қырық мың үйлі тамаң бар.
Хан-қарасын билеген

Есім ер деген ағаң бар.
Есің барда елің тап,
Сан мың үйлі түрікпенге
Не қылғандай шамаң бар?

Шора сонда сөйледі:

—Мені үйден қуарға

Бәріңнің көңілің ұнатты.
Пейілінен тапты Әліби,
Аламын деп бір атты.
Сан дұшпаннан саспаймын,

Жалғыз Құдай мият-ты.
Екі кісі бас қосып,
Қашыпты Шора деп жүрсе,
Өлгенім артық одан да,

Ойланамын ұятты.
Тамалар сонда сөйледі:

—Қарап жатып тұс болма,

Түрікпендердің қолына.
Әлібидің інісі
Ақша би деген өрі бар,
Осал деме оны да.

Қаһарланса о дағы,
Бір қазан берер оныңа.
Шамаң келсе, қарағым,
Көп дұшпанның малына

батырлар  жыры
Айнала шауып ат қойып.
Оңың менен солыңа
Өшігіп қалған түрікпендер,

Түсіп алар соңыңа.
Аямассың сен дағы
Ілінгенін қолыңа.
Осындай қиын іс көрсек,

Түрікпендерден күш көрсек,
Қашып сонда жөнерміз,
Қазанның түсіп жолына.

—Айналайын, Шоражан,

Қырық мың үйлі түрікпеннің
Оны келсе боларсың,
Жүзі келсе қайтерсің?
Көбейіп кетер онан да,

Жалғыз өзің таларсың.
Бір мыңы бірден ат қойса,
Жазым болып қаларсың.
Қабырғаң әлі қатпаған,

Бізге сен әлі баласың.
Аман барсаң Қазанға,
Әбүйір сонда аларсың.
Қазаннан қосын ап келіп,

Құртасың түрікпен шарасын.
Осыны қылсаң, ұрасың
Ақша бидің мамасын.
Бұл айтқанды қылмасаң,

Олжа болар малымыз,
Жесір болар жарымыз.
Тілімізді алсаң, Шоражан,
Қазанға қашып барыңыз.

Ағайын ертіп артыңнан,
Намысқа сөйтіп шабыңыз.
Есіңнен тағы шықпасын
Кемпір менен шалыңыз.

Есен барсаң ел тауып,
Ертерек қайтып, шырағым,
Көшіріп бізді алыңыз.

ЕР  ШОРА

Тамалар жүр шуылдап
«Ертерек кет»,—деп асығып.
Ер Шораның көңілі,
Шөкті жаман басылып.

Құшақтайды Нәрікті,
Аяғына бас ұрып.
Иіскелейді емшегін,
Құлқанысқа асылып.

Нәрікбай сонда сөйлейді:

—Айналайын, Шоражан,

Көңілімнен қайтіп кетеді,
Қызмет қылған мінезің?
Қайтып сені көргенше,
Ағарады бұл көзім.

Айтқаным емес жек көріп,
Қош деген саған бұл сөзім.
Әлің қандай болады,
Алыс жолға барасың?

Алды-артыңда жоқ еді,
Атадан едің бір өзің.
Құлқаныс жазған жылайды,
Өлмесең, шырақ, барасың

Ханың менен қараңа.
Езіледі бауырым,
Бетіме жылап қарама.
Аман-есен ел тауып,

Сәлем де барсаң ағаңа.
Ертерек бізді ескерсін,
Дұшпанға қылмай талама.
Қайда жүрсең аман бол,

Ескерерсің біздерді.
Үйде отырып тигізбе,
Дұшпанның қолын жағаға.
Сол уақытта, жақсылар,

Жол жабдығын даяр қып,
Шықты Шора үйінен,
Ел таппағын ойланып,
Шұбар аттың күйімен.

батырлар  жыры
Сыймады басы түрікпенге,
Әліге қылған сыйымен.
Ер Шора әзір көріп тұр,

Ерлігінің пайдасын.
Қашқын деп бәрі Қазанға,
Шораның құртты айласын.
Сасатұғын ойы жоқ,

Қашпақты неғып ойласын.
Қару-қапшық жиынып,
Түзетті Шора бой-басын.
Айдаһардың тіліндей,

Толғап алды найзасын.
Кетпесіне қоймады,
Шуылдасып тамалар,
Шораның алды тынышын.

«Қашқын, деді, Қазанға,
Бұл жерде болмас тұрысың».
«Мақұл»,—деді Шора да,
Тамалардың мұнысын.

Сыйыспады ақыры,
Әлібиді өлтіріп,
Бітірсе де жұмысын.
Жүре алмады көсіліп,

Кемдігі елдің құрысын.
Сыбырласып тамалар,
Түрікпендер келіп тұрғандай,
Шығармайды дыбысын.

Ақылын айтып Ер Шора,
Қайыр-қош айтып халқына,
Қамдады енді жүрісін.
Сауытын киіп сайланып,

Беліне байлап қылышын,
Жүрмекші болды Қазанға.
Қабыл көрсе Құдайым,
Ер Шораның мұнысын,

Шұбар атты алып кеп,
Алдына қалқан төңкерді.
Кішміш пенен мейізден
Шұбар атқа жем берді.

ЕР  ШОРА

Түсіндірді Шораға
Мерзімді жаман жерлерді.
Шуылдасып жыласып,
Ер Шораны тамалар

Жабылып атқа мінгізді.
Нәрікбай сонда сөйлейді:
Қайратыңды меңзеуші ем
Рүстем мен Дастанға,

Айбатыңды меңзеуші ем
Әзірет Әлі арыстанға,
Сымбатыңды меңзеуші ем
Тоғайдағы арланға.

Қамыңды ойла, қарағым,
Ішім толды пұшманға.
Өртенемін ойға алып,
Білгізбеймін дұшпанға.

Тапсырдым сені Құдайға,
Тарығып жылап, мұңайма.
Үстем болсын мәртебең,
Жолыңды дұшпан тосқанда.

Мінген атың аласың,
Қылыш құйрық қарасын.
Аңдыған дұшпан кез болса,
Жалғыз кетіп барасың.

Ара жолда, қарағым,
Әлде қандай боласың?
Алды-артымда жоқ еді,
Жазым болсаң, Шоражан,

Құрттың Нәрік шарасын.
Көзінің жасы құйылып,
Пірлеріне сиынып,
Тапсырдым деп Құдайға,

Жүргізді Нәрік Шорасын.
Құлқаныс жазған жылайды,
Жат қылып жалғыз Құдайды.
Сыйындым сізге, Құдірет,

Құданың досты Мақамбет.
Әлішері арыстан,

батырлар  жыры
Жалғызыма бер медет.
Он екі имам, төрт шармен,
Саһабалар бер медет.

Әулие мен әнбие,
Жәми өткен машайық,
Баршаңызға сиындым,
Қолдай көр, қылып дәремет.

Он сегіз мың әлемнің,
Лауһи менен кәләмнің,
Аршы менен күрсінің
Үрметі үшін Құдай-а,

Бақытын ашқын баламның.
Түйеден егіз аққұба,
Айтқаным сенің жолыңа.
Жылқыдан егіз көк айғыр,

Қоса айттым соны да.
Сиырдан егіз көк бұқа,
Қабат айттым соны да.
Жаман күнде жар болған,

Есіркей көр жалғызды,
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Тапсырдым сенің қолыңа.
Сол уақытта, жақсылар,

Мінгені Шұбар ала еді.
Пірлеріне сиынып,
Жолға түсіп барады.
Анадай жерге барғанша,

Арт жағына алақтап,
Көзінің жасын тарады.
Біраз жерге барған соң,
Атасы менен анасы,

Ауылының қарасы,
Көрінбей ұзап қалған соң,
Ойнақтатып Шұбарды,
Тозаңын жердің шығарды.

Әне-міне дегенше,
Кермісінге келеді.
Әлібимен ойнасып,

ЕР  ШОРА

Мас бурадай шайнасып,
Қиратқан жерді көреді.
Шора сонда сөйледі:

—Ей, Кермісін, Кермісін,

Кермісін деген жермісің?
Омыраудан су кешіп,
Ақ сазандай тіркесіп,
Қырық жігіті соңында,

Әліби өлген жермісің?
Жалғыздық түсіп басыма,
Жан адам ермей қасыма,
Қазанға кетіп барамын.

Қайта айналып келгенше,
Аман бол, сен, дермісің?
Бұл сөзді айтып Ер Шора,
Шұбарды «шу« деп қысады.

Тұлпардан туған Шұбар ат
Қамшы ұрса, құстай ұшады.
Тозаңын жолдың шұбатып,
Шабысқа шабыс қосады.

Ор текедей ойнақтап,
Ақ бөкендей жосады.
Ұшқан құсты озып кеп,
Алдынан шығып тосады.

Жер-су баспай жануар,
Әректей аузын ашады.
Неше өзеннен өтеді,
Неше белден асады.

Бұрқыратып көбігін,
Омырауына шашады.
Аяғы жерге тимейді,
Анда-санда басады.

Сол уақытта Шұбар ат
Өзін-өзі қамшылап,
Омыраудан аққан тер
Тұяғына тамшылап.

«Айт, жануар, шу»,—деді,
Құбылып ойнап жер басып,

батырлар  жыры
Ескен желдей гуледі.
Сол уақытта, жақсылар,
Кісі қарап болмайды,

Ер Шораның бетіне.
Ор текедей ойнақтап,
Келеді Шұбар секіре,
Жер шақ келмес бетіне.

Шартанабын тартады
Айдаһардай лепіне.
Тас буынып белбауын,
Отырды Шора бекіне.

Айдын-айдын көлдерден,
Кідірместен Шұбар ат,
Өте шығар секіре.
Күні-түні жол жүріп,

Аз ғана емес мол жүріп,
Дәл тоғыз күн дегенде,
Зорға жетті ер Шора,
Көп түрікпеннің шетіне.

Сол уақытта, жақсылар,
Түрікпендердің ішінде,
Тасыр мерген дер еді.
Әлібиден кем емес,

Ол да айтулы ер еді.
Шабыртына келгенде,
Тайлы бие жер еді.
Айтысуға дауы жоқ,

Атысуға жауы жоқ,
Еріккен соң ер Тасыр
Үш күндік елдің шетінде,
Шораның қарсы бетінде,

Тас бұлақтың жолында,
Құлан аулап жүр еді.
«Қысылса Шора қашар,—деп,
Шұбарды қимай сасар«,—деп,

Аңлып жүрген алыстан,
Бұл дағы жаудың бірі еді.
Ордалы жылан жолықса,

ЕР  ШОРА

Бәрін қырып салады.
Көлден ұшқан үйректі,
Екі-үш атып қалады.
Түтінін қосып түтінге,

Білтесі сөнбей жанады.
Шораның көріп қарасын,
Болжады жердің шамасын.
«Нағылған сексіз адам,—деп,

Жүрісі мұның жаман«,—деп,
Шақпағын Тасыр шағады.
Мылтығына қыстырып,
Ақ білтесін қағады.

Қарауылға ілдіріп,
Бетіне мылтық алады.
«Болмасын,—деп қамданды,—
Нәріктің құзғын баласы.

Бар деуші еді Қазанда
Есім деген ағасы.
Қашқан шығар бұл,—дейді,
Есімге болып барасы«.

Мәлім еді бұған да
Әлі мен Шора арасы.
Өжет туған Әліби
Шұбарды сұрап барған-ды.

Бермеген соң қолынан,
Зорлық құрық салған-ды.
Оған көнбей бұл Шора,
Қарсыласып қалған-ды.

Ұрыс болып бұл жерде,
Бір адам жазым болған-ды.
Бұл сөзді айтып Тасекең:

—Өткенін мұның көрейін,

Жәбір қылып жанына,
Мылтықпен жолын бөгейін.
Сыбағалы бір оғын
Аямай-ақ берейін.

Нәсіп болса бұл жерге,
Шораның қанын төгейін.

батырлар  жыры
Қамданғанын Тасырдың
Ер Шора да біледі.
Мәлім еді Шораға

Тасырдың бұрын дерегі.
Әліби де алысқа
Дабысы кеткен ер еді.
«Келтірді Құдай кезін«,— деп,

Қуанып Шора келеді.
Қорқатұғын ойы жоқ,
Қайратына сенеді.
Алыстан әбден шақтанып,

Күйіне әбден енеді.
Таралғысын қысқартып,
Үзеңгісін теңеді.
Жауатұғын бұлттай,

Тұнжырап қатты түнерді.
Тәңірге қылды тәуекел,
Өлем деп уайым жемеді.
Жалғыздығы, жастығы

Ойына да келмеді.
Тоғыз күндей жол жүріп,
Елсізге және кеп еді.
Тасырдың көріп қарасын,

Енді Шора жөнеді.
Келе жатып сөйлейді:

—Астымдағы, Шұбар ат,

Төрт тұяғы тең полат.
Жарысқанда, жануар,
Оза алмас сенен құс қанат.
Сыртың сұлу сүмбедей,

Сәулетің жақсы салтанат.
Ата-анам саған тапсырды,
Мен үстіңде аманат.
Пенде қылып дұшпанға,

Айдалада қылма мат.
Таудағы Тасыр мергенге,
Ақ білтесін қақтырмай,
Ақыл-айла таптырмай,

Жеткізбесең, жануар,

ЕР  ШОРА

Саған қалар жаман ат.
Сауысқандай ала атым,
Таудағы Тасыр мергеннің
Жұмған көзін аштырмай,

Мылтыққа білте бастырмай,
Жеткізбесең, жануар,
Қырқылсын сенің қанатың.
Бұл сөзді айтып Ер Шора,

Күміс құйрық Шұбардың
Жел тимеген бауырына,
Күн тимеген сауырына,
Ашына қамшы тартады.

Желігіп келген жануар,
Ақ жайқындай өтеді.
Шорадан қысым жеген соң,
Шұбар ат жанын сатады.

Қарсы алдында Тасекең
Атпаққа аңлып жатады.
Сол уақытта Шұбардың
Есіктей төсі салынып,

Кекілі терге малынып,
Қуанып Шора келеді,
Іздегені табылып.
Күміс құйрық Шұбардың

Тұяғы тасқа шағылып,
Жануар зырғып келеді,
Жұлдыздай болып ағылып.
Жолыққан соң зор жауға,

Кідіріп тұрсың нағылып?
Болдырмайды жануар,
Өзге аттай шаршап сабылып.
Шұбар ат сонда төгілді,

Ана бетті бір басып,
Мына бетті бір басып,
Көзі-басы шаң болып,
Жануар сонда жөнеді.

Құдай ұрып Тасырды,
Білтесі жанбай сөнеді.

батырлар  жыры
Ақ білтесін қақтырмай,
Ақыл-айла таптырмай,
Тасырға жетіп келеді.

Еңкейіп Шора Тасырды,
Жағасынан алады,
Тақымына салады.
Көксеркедей өңгеріп,

Көкпар қылып барады.
Сол уақытта Ер Шора
Тасырға қарап сөйлейді:

—Шын жүйрікпен жарыссаң,

Алдыңнан шығып өрлейді.
Адамнан туған бұзақы
Бүлігін елдің тілейді.
Сыйласа да білмейді,

Атайын деп ойладың,
Ақ білтеңді қолға алып,
Көнетұғын оңайды.
Жолын тосып атқандай,

Адам құлан болмайды.
Менменсініп жүруші ең,
Өзіңді ұлық білуші ең.
Тақымымның астында,

Тасеке-ау, жайың қалай-ды?
Тасыр сонда сөйлейді:

—Айналайын, шырағым,

Жаңа өспірім баласың.
Қайратыңды байқасам,
Оттай қаулап жанасың.
Айдархан мен Қазаннан

Ақылың артық данасың.
Байқап қалдым түсіңді,
Өлмесең, хан боласың.
Атайын-ақ деп едім,

Құрттың Тасыр шарасын.
Сыйламай ма інісі
Жасы үлкен ағасын.
Қирады ғой қабырғам,

Бүйтсең терімді аласың.

ЕР  ШОРА

Көксеркедей өңгеріп,
Көкпар қылып, Шоражан,
Қай жаққа алып барасың?
Шора сонда сөйледі:

—Жаулық қылып, түрікпендер,

Жамандықты қуыстың.
Биің, қараң, бегің боп,
Бір ат үшін суыстың.
Құрытпаққа таманы,

Теп-тегіс белді буыстың.
Қылып ең кесір жолыма,
Түсірді Құдай қолыма.
Қиын шығар жағаңнан

Жазылуы уыстың.
Ағаңмын деп алдайсың,
Құтылуды қамдайсың.
Өтірікші, патшағар,

Менімен қашан туыстың?
Бұл сөзді айтып Ер Шора,
Ояйын дейді көзіңді.
Пышағымен жасқады,

Бейшара болған Тасекең,
Шораға әдді аспады.
Бара жатып бір жерге,
Тақымынан тастады.

Қарахандай ханына,
Қалың түрікпен жанына
Сәлем айтып Ер Шора,
Енді бір сөз бастады:

—Танымасаң, Тасеке-ау,

Кеуістің ұлы тамамын.
Бергі атамды сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын,
Қолында туған баламын.

Ноғайлы-түрікпен зорлығың,
Бұл не деген қорлығың?
Қылығыңа шыдамай,
Әлібиді өлтіріп,

20–253

батырлар  жыры
Қазанға кетіп барамын.
Мұратым өрге шаншылып,
Қарай алмай барамын.

Қаттылық түсіп басыма,
Бұрыла алмай барамын.
Есен барып, сау қайтсам,
Тентіреп жүрген таманың

Қатыны менен баласын
Қай есіктен табамын?
Тасыр сонда сөйлейді:

—Танып қойдым, шырағым,

Қолымда туған баласың.
Әліби өлді дегенше,
Ұрдым де түрікпен мамасын.
Қаратып алдым десейші

Айдарханның қаласын.
Тірі жүрген пырағым,
Дұшпаннан кекті аласың.
Тілімді алсаң қайт бірақ,

Жолда жазым боласың.
Қыстың көзі қырауда,
Бекер кетіп барасың.
Ызғардың қырық күн шөлі бар,

Жаман-жаман жері бар.
Жол көрмеген, жас бала,
Шөлдеп өліп қаласың.
Шора сонда сөйлейді:

—Шығып қалдым, қайтпаймын,

Өлсем, жолда өлемін,
Өлмесем, тірі келемін.
Жағың қарысқыр, Тасеке,
Қай тіліңе сенемін?

Жаның ашып бара ма,
Жақынсып Шора балаға?
Мен Қазанға барғанша,
Қар жаумасын, нұр жаусын.

Мен Қазанға барған соң
Қар жаумаса, қан жаусын!
Көппен бірге көремін,

ЕР  ШОРА

Тапсырды Құдай қолыма,
Ниет қып шыққан жолыма.
Басыңды кесіп жөнермін,
Не лаж маған қыласың?

Мұны есітіп Тасырдың
Жүрегі жаман жарылды:

—Есіркей гөр, Шоражан,

Заманым менің тарылды.
Аман болсаң аларсың,
Әр дұшпаннан арыңды.
Келгеніңше, Шоражан,

Тілеулес болып тұрайын,
Тастап кет тірі шалыңды.
Не қыласың, Шоражан,
Бекер қинап жанымды?

Осы түрлі көп сөзбен,
Тасекең байғұс жалынды.
Шора сонда сөйледі:

—Өтен қылдың, Тасеке-ау,

Тас бұлақтың жағасын,
Ақ мылтық алып қолыңа,
Қарауылдап тұрасың.
Аңсап келген аң болса,

Жібермей бәрін қырасың.
Ойламайсың обал деп,
Атып-атып тынасың.
Ағаңмын деп мені алдап,

Айтпайсың сөздің расын.
Ал енді кестім басыңды,
Не лаж маған қыласың?
Тасыр сонда сөйледі:

—Тірі жүрсең, Шоражан,

Бетіңе ешкім қарамас.
Сені көрген дұшпанның
Бойына асы тарамас.
Ерегісіп қастасып,

Шеніңе ешкім бара алмас.
Бұл бағың тұрса басыңда,
Жағаңнан ешкім ала алмас.

батырлар  жыры
Тәуба, бұлай еш уақытта
Алартпайын аңға көз.
Жүрсем дағы аралас,

Құланның етін жегенше,
Заһар шайнап, жейін тас.
Сыйласаң мен деп ағаңды,
Аман көр ата-анаңды.

Жасың кіші болса да,
Шырағым, саған құлдық бас.
Шора сонда сөйледі:

—Жалғыз-жарым жүрместей,

Зорлықшыл ма еді еліңіз?
Жылқым үркіп ішпестей,
Бақалы ма еді көліңіз?
Құс аралап ұшпастай,

Қоғалы ма еді жеріңіз?
Ноғайлы-түрікпен елінің,
Біз болдық жейтін жеміңіз.
Көрсете қылдың зорлықты

Биің менен бегіңіз.
Көніп жүрміз аздықтан,
Кем бе еді ата-тегіміз?
Ысабын тауып жесеңдер,

Сауылып тұрған биеміз,
Боздап тұрған түйеміз,
Жүйесіз қылған зорлыққа
Жанамыз да күйеміз.

Ауып келген аз тама
Жайымызға жүреміз.
Біреу бізге тимесе,
Біз ғаріп кімге тиеміз?

Сәлем айт барып ханыңа,
Қалың түрікпен жаныңа.
Аз ғана үйлі тамаға
Басынып зорлық қылмасын,

Малынан зекет алмасын.
Өз қолынан бермесе,
Ала жібін алмасын.
Адырайып, азсынып,

ЕР  ШОРА

Ауылына да бармасын.
Қорқытып бала-шағаның,
Жүректерін жармасын.
Үлкенің бар, кішің бар,

Бұл сөзімді аңласын.
Жоқтап алар кісі бар,
Таманың қалған мал-басын.
Тыңдамастан бұл сөзді,

Басына сырық салсаңдар,
Малынан зекет алсаңдар,
Тірі болсам қайтып кеп,
Қызыңнан зекет алармын,

Қалаңды шауып талармын.
Қаһар қылып, түркпендер,
Қараңғы күнді салармын.
Ысапсыз әскер ап келіп,

Аққалаңды шабармын.
Қаратөбе кімдікі,
Қаһарланса хандікі,
Байлығы асса байдікі.

Осы барған Қазаннан,
Есен барып, сау қайтсам,
Сырлы күмбез көк қала,
Бекітіп соққан Аққала

Біздікі емей кімдікі?
Әзір енді, Тасеке,
Басыңа сауға жаныңыз.
Жалына бердің інім деп,

Өлмей-ақ, тірі қалыңыз.
Жамандық қылсам бұл жерде,
Жете ме маған әліңіз?
Төгілмесін қаныңыз,

Балаңды аман көрдім деп,
Бай Нәрікке барыңыз.
Кемпір-шалды қуантып,
Сүйіншісін алыңыз.

Әлгі айтқан сөзімді
Ханың менен қараңның
Құлағына салыңыз.

батырлар  жыры
Кідірмей мен де келермін,
Кеудеде болса жанымыз.
Аңғарып қой, Тасеке-ау,

Анлаттым сөздің талайын.
Хан-қараңа айта бар,
Тек жүр деп қойсын маңайын.
Көргендей қылып Шораны,

Саған бір белгі салайын.
Көңіліңе келмесе,
Берегірек келіңіз,
Бір құлағыңды алайын.

Мұны есітіп Тасырдың
Шымырлады тамыры.
Жаны жаман шошыды,
Шораның көріп ойынын.

«Бастан құлақ сауға,—деп,
Мінекей алсаң, шырақ»,—деп,
Жақындап келіп Тасекең,
Ұсына берді мойынын.

Ат үстінен ер Шора
Құлағын жұлып алады.
Тұла бойы дуылдап,
Есінен Тасыр танады.

Ара тұрып жанына,
Құлағы күнге жарады.
Тас құлақты тастады,
«Құдая бұған шүкір»,—деп,

Құлақ кетіп, бас қалды,
Елге қадам тастады.
Күні-түні жол жүріп,
Жылап барып ханына,

Көзінің жасын төгеді.
Ханға барып айтады:

—Жар шақырт қыл қалаға,

Шорасы кетіп қалды деп,
Жан тимесін тамаға.
Алды деп құлақ айтпаймын,
Бастан құлақ садаға.

ЕР  ШОРА

Қалалы қасы шақ келмес
Мынау Шора балаға.
Қастасып ешкім жеңе алмас,
Ел-жұртың болар талама.

Қаһарға мінсе Ер Шора,
Мен білмеймін, түрікпендер,
Жер жүзінде тұқымың,
Қала ма, сірә, қалмай ма?

Атайын деп қолға алып,
Ақ білтемді қағып ем.
Қарауылға ілдіріп,
Бетіме мылтық алып ем.

Шұбар аттың ұшқыры-ай,
Жетіп келді атқанша.
Таныған екен Әліби,
Бар екен-ау айтқандай.

Тілімді алсаң, түрікпендер,
Тайына тиме таманың.
Бай қылып қой кедейін,
Қазаннан Шора қайтқанша.

Бұл сөзді есітіп сол уақытта,
Құшуақ болды Қарахан.
Нәрікбай мен Шораға
Бұрын да еді мейірбан.

Жар шақыртты еліне,
Қылды мәлім көбіне.
Аз ғана үйлі тама деп,
Қалтырайды түрікпендер

Қорыққаннан Шорадан,
Аз ғана үйлі тамадан,
Бастан аяқ тексеріп,
Түзетті елін Қарахан.

Жата берсін тамалар,
Бас есен де, мал аман.
Есітіңдер енді сөз,
Баяғы Шора баладан.

Сүйегіне қарасаң,
Қарадан шыққан төредей.

батырлар  жыры
Басы жұмыр бендесі,
Не салса Алла көнеді.
«Қазанның жолы қайда?»—деп,

Асығып Шора келеді.
Ата-анасы артында,
Ақылын алты бөледі.
Оңды-солды қамшылап,

Шұбарды қыстап жөнеді.
«Айт, жануар, шу»,—дейді,
Шу деген сайын гулейді.
Қамшы ұрса Шұбар ат,

Тау мен тасты білмейді.
Шырақтай көзі жылтырап,
Күндіз-түні бірдей-ді.
Қатуланып Ер Шора,

Дамыл ғып көзін ілмейді.
Қабағы қатты Шораның,
Ешкіммен ойнап, күлмейді.
Қайғыменен қарайып,

Бойына асы сіңбейді.
Сол уақытта Шұбар ат,
Қалтаңдай басып қарғадай,
Тұяғынан шыққан от

Болатқа ұрған балғадай.
Жануардың үсті жай,
Төрт аяқты арбадай.
Апталық жерді бір күнде ап,

Пірлерінің жәрдемі-ай.
Астындағы Шұбар ат,
Киіктей болып жарады.
Танабы жердің тартылып,

Көз ұшында көрген жер,
Әне-міне дегенше,
Артында жатып қалады.
Сауысқанды-ай Санды көл,

Одан да өтіп барады.
Еріккенде Ер Шора,
Құйрығынан құланды
Көкпар қылып шабады.

ЕР  ШОРА

Татырдан қашқан киіктей,
Қамшымен ұрып алады.
Сол күнге шейін Шұбардың
Ауыздығын алмапты.

Қырық күндік Ызғарда
Судан мейірі қанбайтын,
Салып кетсе қамшысы,
Ақ тұйғындай парлапты.

Ителгідей созылып,
Лашындай самғапты.
Борбайынан қан кетті,
Сонда да Шұбар талмапты.

Ызғардың ұзақ даласы,
Алыс еді арасы.
Күні-түні жол жүріп,
Шұбар аттың сулығы,

Олай-бұлай созылды.
Елсіз-сусыз далада
Арада неше қонады.
Бөрідей иттер ұлыды,

Күшіктей түлкі үреді.
Жалғыз өзі Шораның
Бір жерлерде мұңайып,
Бір жерлерде күледі.

Адыр-адыр бел деді,
Адам қорқар жер еді.
Ауыздыға алдырмай,
Аяқтыға шалдырмай,

Екі ай жүріп Ер Шора,
Қаптағайдың өрінің
Басына шыға келеді.
Қырға шығып Ер Шора,

Олай-бұлай қарады,
Сұңқардай көзін салады.
Бет алдына қараса,
Бетегелі көп тақыр,

Ақты-бозды көп шатыр.
Ақ төбедей үйменен,
Есебі жоқ қол жатыр.

батырлар  жыры
Есебін білмес адамзат,
Айналасы толған ат.
Ұйқы-тұйқы тігілген

Ақ шатыр мен көк шатыр.
Мұнаралас көрінді
Ақ күмбездей қаласы.
Сарқыраған өзен-су

Қара адырдың саласы.
Мұны көріп Ер Шора,
Төбеден түсе жөнеді,
Ылдиға қарай желеді.

Жолыға алмай ешкімге,
Аңтарылып келеді.
Сол уақыты болғанда
Алпыс қақпан арқалап,

Көтере алмай шалқалап,
Тауға қарай тырмысқан
Бір шалды көзі көреді,
Шалға сәлем береді.

Сонда тұрып шал бейбақ,
Шораға қарап сөйледі:

—Сүйегіңді байқасам,

Қара емессің, төресің.
Асығып па едің, балам-ай,
Аяңдамай желесің?
Арт жағыңнан тына алмай,

Ақылыңды алты бөлесің.
Білдірші, балам, жөніңді,
Қай сапардан келесің?
Шора сонда сөйледі:

—Шыққан жерім сұрасаң,

Айдарханның қаласы.
Жолаушымын, атажан,
Шаһары Қазан барасы.
Екі ай жүрдім тынбастан,

Бетпақтың ұзын даласы.
Алаш ұлы боламын,
Затым тама баласы.
Бұл не деген жеріңіз,

ЕР  ШОРА

Қай рудан еліңіз?
Адыр-адыр көрінген,
Қай өзеннің саласы?
Шал тағы да сөйлейді:

—Осынша жерден, шырағым,

Неғылып жалғыз келесің?
Біз де тама боламыз,
Жұртыңа бүгін енесің.
Әлімхан деп айтады,

Бұл елдің балам, егесін.
Есім ер деген биің бар,
Барсаң бәрін көресің.
Шаһары Қазан еліміз,

Жайлаған таудың сабасын.
Япырым-ай, балам-ай,
Қызыр екен жолдасың.
Неғып таптың адаспай,

Қаптағайдың ордасын?
Шора сонда сөйледі:

—Зорға жеттім екі айдай,

Кідіріс қылдым тоқтамай.
Аман-есен келемін,
Жаратқан дәйім сақтағай.
Атажан, маған айт бәрін,

Сырыңды ішке сақтамай.
Ақ шатыр менен көк шатыр,
Жапырлаған ат қалай?
Шал тағы да сөйледі:

—Тәңірім істі оңласа,

Шақырып тұрмыз аруақты.
Несібең болса көрерміз,
Көлге салдық қармақты.
Көзбембет, Садыр ел шауып,

Бір шетін елдің шаңдатты.
Қосын жиып Есім ер,
Қуғалы жатыр қалмақты.
Келдің балам, үстіне,

Көңіл қылсаң бармақты.
Күнде қақпан салушы ем,

батырлар  жыры
Алпыс түлкі алушы ем.
Жұмысымнан қалдым ғой,
Мен көрейін тау жақты.

Шора сонда сөйледі:

—Тамалығың болып тұр,

Өлтірер едім өзіңді.
Түлкі құрлы жоқпын ба,
Ашып сөйле көзіңді.
Сыртыңнан таспа сыдырып,

Сылиын ба безіңді?
Жазым болып қап жүрме,
Абайлап сөйле сөзіңді.
Шал тағы да сөйледі:

—Балам, тама болмасаң,

Мен бағана қылмас па ем?
Жақындатпай қасыма,
Тоқпақпенен ұрмас па ем?
Ойының ба, шының ба,

Әзілдесіп құрдас па ем?
Атыңнан жұлып алмас па ем,
Жағаңа қолды салмас па ем?
Шора сонда сөйледі:

—Езіліп тұр бауырым,

Жүрегім тұр жарылып,
Деген соң тама ауылым.
Есімге тура сілтеші,
Басылмас көрмей әуірім.

Жаман екен жалғыздық,
Кетпеді бастан қауырым.
Шал тағы да сөйледі:

—Жөн сұрасаң, шырағым,

Керісейін мен неге?
Қаупің бар ма басыңда,
Қамығасың сен неге?
Арыстандай айбатың,

Көрсетейін кел бері,
Есімді тура сілтейін.
Көрінген анау көк шатыр,
Есімің сонда іздеген.

ЕР  ШОРА

Қайратына мас болып,
Қаңтарда нардай тіздеген.
Қызметі үшін алдынан
Қырық жігітін үзбеген.

Аруағы зор баланың
Кемітіп ешкім күлмеген.
Сұрасаң әркім анау дер,
Есімді жан жоқ білмеген.

Қырық мың үйлі таманы
Жалғыз өзі билеген.
Елін тапты Ер Шора,
Оңласа Құдай ақырын.

Ата-анасы артында,
Алты бөліп ақылын.
Қабағы қатты ұйқыдан,
Желігі кетіп атының.

Көп қосынды аралап,
Келе жатыр Ер Шора,
Есімнің сұрап шатырын.
Ат-сайманын түзетіп,

Ұйқы-тұйқы боп жатыр.
Көзбембет, Садыр қалмақты,
Қуғалы жатыр көп батыр.
Отыз үйлі ел шауып,

Бір шетінен таманы,
Бүлдіріп кеткен ол кәпір.
Мәнзүр қылмай ешкімді,
Келе жатыр Ер Шора.

Сол ортада кез болды
Алты қанат ақ орда.
Зейнеттеген көк шатыр
Осы деп біреу нұсқады.

Түсті Шора атынан,
Іздегені табылды.
Несіне тұрсын тартына,
Сәлем беріп кірісті,

Хан-қарасы жалпыға,
Тамалардың салтына,

батырлар  жыры
Отырмады шегініп,
Келе Шора көрісті.
Қапалы көңіл тамалар,

Ел алдырып ашынған,
Әшейін-ақ Шораға
Қолының ұшын берісті.
Оң жапсарда бір адам

Арыстан бөрі секілді,
Есімге түрі келісті.
Қайрап отыр жігітін,
Қайрат беріп тақылдап.

Сөзін тентек көрмейді,
Тыңдайды көбі мақұлдап.
Ашынады еліне,
Алдырғанға қапыл қап.

Құлақты жарып дауысы,
Сөйлеп отыр сапылдап.
Түсі суық темірден,
Тікеленіп еш адам,

Қарай алмас бетіне.
Есім ер сонда сөйледі:

—Баса кірдің, шырағым,

Есімдердің ордасын.
Айтатұғын көңіліңде
Бір мұддағаң болмасын?
Жәрдем болсын қырық шілтен,

Қызыр болсын жолдасың.
Келіп тұр көріп мейірімім,
Не ойласаң, сол болсын.
Жауырының жазық көрінді,

Дұшпаннан кекті алғандай.
Падышадай келбетің,
Жұртқа тұлға болғандай.
Қай рудан боласың,

Қай сапардан келесің?
Жөніңді айт, балам, жол болсын!
Шора сонда сөйледі:

—Әлей болсын, байеке,

Ауған екен атамыз

ЕР  ШОРА

Шаһары Қазан жерінен.
Інісіне өкпелеп,
Кеткен екен елінен.
Тоғыз ай көшіп қоныпты,

Кермісін деген көлінен.
Ауып келген аз үй деп,
Арамнан туған Әліби
Асыла түскен белінен.

Қайрат пайда бермейді,
Көңіліндегі жерінен.
Ақ найзамның ұшымен,
Білегімнің күшімен,

Түсіріп кеттім демінен.
Жүре алмадым шешіліп,
Ағайынның кемінен.
Қысылсам медет тілеймін,

Әзіреті шеріден.
Табамын деп түбімді,
Сұрап жүрмін әр жерден,
Өзіңіздей білімді,

Ақылы көп кісіден.
Есім сонда сөйледі:

—Кім болады тамада,

Далаға шығып шеттеген?
Көтере алмай сөзімді,
Жалғыз-ақ Нәрік кектеген.
Кімнен көрсін қорлықты,

Дәулеті қалың беттеген?
Төрт түлігі бәрі сай,
Байлыққа ешкім жетпеген.
Ешкім зорлық қылмайды,

Патша сөзін тыңдайды.
Қошамет қылып зеріне,
Абыройын төкпеген.
Алланың күтіп әмірін,

Арамнан бойын тіктеген.
Арамыз кетті-ау алыстап,
Қатынаған адам жоқ.
Пәлен жерге барды деп,

батырлар  жыры
Хабарын айтам деп келген,
Қай шарбақтың гүлісің,
Қай патшаның ұлысың?

Шораға қарап Есім ер:

—Жөніңді айтшы бек?—деген.

Шора сонда сөйленді:

—Жақсы айтасыз, биеке,

Жалғыз жүрген баламын.
Ат басындай жүрегім,
Дұшпаннан кекті аламын.
Ажалым жетсе бір күні,

Өлемін де қаламын.
Тірі жүрсем ақыры,
Құнан қой болмас бұралқы,
Түбімді іздеп табамын.

Арғы атамды сұрасаң,
Кеуістің ұлы тамамын.
Бергі атамды сұрасаң,
Нәріктің ұлы Шорамын.

Шешемнің аты Құлқаныс,
Қайғылы көңілім жарамын.
Сұрап тұрған Қазанды,
Есімге іні боламын.

Күні-түні тыным жоқ,
Тынатығын ойым жоқ,
Жалғыздықта мінім жоқ,
Есімді іздеп барамын.

Атым арық, өзім аш,
Бұл жерде бүгін қонамын.
Менің жайым осылай,
Сұрасаң баян қыламын.

Бұны есітіп Есім ер,
Жапсарды ашып қарады.
Көзі түсіп Шұбарға,
Есінен Есім танады.

Айқайлап дауысын шығарды,
Құшақтайды баланы.
Буындарын босатып,

ЕР  ШОРА

Көзінің жасы тарайды.
«Дариға, жалғыз бауырым«,—деп,
Құдайға қылды наланы.
Таныды тұлпар Шұбарды,

«Аһ« деп дауысын шығарды.
Құшақтап қысты Шораны,
Тарқатқалы құмарды.
Есіне түсіп ағасы,

Ішінен судай тынады.
Жиналған халық қарасып,
Тамаша қылды бұларды.
Іздеп келіп тауыпты,

Есім сынды шынарды.
Құдай ісін оңлатса,
Есімнің күні туады.
Жиналып тұрған ағайын,

Бәрі де бұған қуанды.
Ер Шораны құшақтап:

—Қысылғанда пендеге

Жаратқан өзі жар екен.
Майданның кірсе ішіне,
Ерлерге қашпақ сын екен.
Өлгенде көрген жалғыздың,

Ізіне Нәрік зар екен,
Бұл кең дүние тар екен.
Арманым жоқ Құдайға,
Құлқаныстан ұл тауып,

Ағам бар деп Қазанға,
Іздейтін күн бар екен.
Нәрікбай менен екеуміз
Бір кісінің ұлымыз.

Тағдырда жазған жұмыс боп,
Ажырап кетіп жүріппіз.
Туысқансыз жалғанда,
Келіспейді екен сәніңіз.

Екеу болсақ көңілден,
Ашылар ма екен кіріміз?
Келгені іздеп ағам деп,
Өтірік пе, рас па?

21–253

батырлар  жыры
Біз ғаріптің бар екен,
Інілі болар күніміз.
Ер Шораны құшақтап,

Есім ер сонда зарлады.
Адасып тапқан киіктей,
Лағын көріп маңырады.
«Жалғыз інім, бауырым«,—деп,

Көзінің жасы парлады.
Жыны түскен бақсыдай,
Қобызсыз Есім сарнады.
«Өңім бе, жұртым, түс пе?«—деп,

Ақыл-тақат қалмады.
Жүрегі кетті езіліп,
Шіркін, бауыр қандай-ды.
Ер Шораны құшақтап,

Құмары, сірә, қанбайды.
Алпыс екі тамыры
Есім бидің ійеді.
Ботадай боздап зар еңіреп,

Бауыры жаман езілді.
Айқайлап мауқын баса алмай,
Көзінің жасы төгілді.
Құшақтап қатты Шораны,

Қабырғасы сөгілді.
Қайтерін Есім білмеді,
Тоқтата алмай көңілді.

—Өңім бе, қалқам, түсім бе

Қай жағымнан көрінді?
Дұшпаннан көріп қорлықты,
Сүйенер кісі таба алмай,
Өксітті-ау деп өмірді.

Жолына құрбан қылармын
Биім менен бегімді.
Хан-қараман хабарлап,
Бізгізермін жөніңді.

Дұшпандық қылған мұндарға
Көрсетермін көрімді.
Күйіп тұрмын, шырағым,
Қалмақ шауып елімді.

ЕР  ШОРА

Желкілдетіп жетелеп,
Сәукелелі келінді,
Қарқаралы қызбенен,
Беріп тұрмын, қарағым,

Қалмаққа олжа-телімді.
Жабырқап тұрған кезімде,
Іздеп келіп, шырағым,
Бір көтердің белімді.

Шора сонда сөйледі:

—Кеткен екен ағаңыз,

Өкпелеп сізге көшіп шет.
Шыдай алмай долдыққа,
Ойланыпты бөлінбек.
Туысқанда болар ма,

Ұзыннан өш, қысқа кек?
Ағаң мен жеңгең екеуі
Көп айтты сізге сәлем деп.
Дұшпанға қылмай талама,

Ескерсін деді ертерек.
Әлібиге өшігіп,
Түрікпендер қарап жатпас тек.
Жалғыздықтың жаманы-ай,

Жұмыс көрдім дұшпаннан.
Айналайын, жан аға-ай,
Ағаң мен жеңгең екеуі
Сәлем деп сізге көп айтты.

Жүрерде маған жан аға-ай,
Қараханменен дос болып,
Сол жерге барған шамада-ай.
Басыма түсіп жалғыздық,

Осындай болды заман-ай.
Кемшілік күндер көп болды,
Әлібиді өлтірдім,
Сонан соң маған бар деді

Қазанда Есім ағаңа.
Ескерсін деді ертерек,
Дұшпанға қылмай талама.
Үйде отырып тигізбе,

Дұшпанның қолын жағаға.

батырлар  жыры
Есім ер сонда сөйледі:

—Әр қалай жаудан алармын,

Қайратымның барында.
Түрікпендерден қауіп қып,
Шырағым, Шора, тарылма.
Тірі болсақ екеуміз,

Дұшпанға кетпес арымыз.
Мына бір жұмыс кез болып,
Болмай тұр әзір баруға.
Қалмақтарды қууға

Қалып ем мініп қаруға.
Отырып бұлар бұл сөзбен,
Бір-біріне танысты.
Баласы деп Нәріктің,

Жиылған көп білісті.
Басынан Құдай біледі,
Тағдырда жазған бір істі.
Қазанның халқы біледі,

Нәрікбай кеткен мәністі.
Сол уақытта Есімнің
Екеу еді қатыны.
Сүйінші, сұрап тамалар,

Бір-біріне барысты.
Жеңгелерін қуантып,
Ат пен шапан алысты.
Бір-біріне қимастан,

Алмаққа олжа жарысты.
«Сүйінші, қайның келді», − деп,
Алашқа айтты дабысты.
Аққаладан іздеп кеп,

Есімге келіп табысты.
Жеңгелерін қуантып,
Алдынан шықты екеуі,
Әр түрлі әсіл киініп.

Жылап, еңіреп көрісті,
Қасы-көзі қиылып.
Абысыны, ажыны
Құтты болсын айтқалы,

ЕР  ШОРА

Жиылып бәрі келісті.
Жеңгелері сөйледі:

—Жеке ме деп жүруші ем,

Ұядан жалғыз байымды.
Есім батыр атанып,
Алашқа даңқың жайылды.
Ақылы артық екен деп,

Әлімхан патша хайыл-ды.
Жалғызсың деп кемітер,
Білмеген дұшпан жайымды.
Ердің болар тынысы,

Артында болса інісі.
Болар заман бар екен,
Біз ғаріп та қайынды.
Көрген адам тойғандай,

Жігіттің Шора гүлі еді.
Шабылып әбден тынбастан,
Шұбар ат та жүдеді.
Кішміш қылып мейізден,

Салмақтап күнде іледі.
«Мынау Шора екен»,—деп,
Көрген адам біледі.
Бір арыстан келді деп,

Қырылар қалмақ енді деп,
Әлімханнан тағы да,
Сүйінші барып тіледі.
Ілтипат қылып барғаны

Тон киіп, ат мінеді.
Әлімхан да қуанып,
Құтты болсын айтқалы,
Жақсылармен келеді.

Алдынан шығып ізетпен,
Ер Шора да көрісті.
Іздеп келді деген соң,
Көңілдері тоғысты.

Шораны көріп Әлімхан,
Қасындағы қанша жан,
Уақыты қош болысты.

батырлар  жыры
Есім ер сонда сөйледі:

—Жабырқап тұрған кезімде,

Қалмақ шауып елімді,
Сен келген соң, Шоражан,
Бір көтердім белімді.
Желкілдетіп жетелеп,

Сәукелелі келінді,
Жата алмаспын мен шыдап,
Қалмаққа беріп телімді.
Көңілің болса, Шоражан,

Қалмаққа менің жүргенім,
Оңласа Құдай жолымды.
Әлімхан да айтады:

—Қайратыңды байқадық,

Шоражан, көріп түріңді.
Қарға десең сұңқардай,
Жапырасың жүніңді.
Ақыл менен ерліктен

Таба алмадық мініңді.
Жәрдем берер жалынсаң,
Жат етсең кәміл піріңді.
Кешегі кеткен қалмақтың

Артынан қуып барыңдар.
Олжа қылмай таманы,
Айырып алып қалыңдар.
Хан боламын десең де,

Қайырмалық тіліңді.
Шора сонда сөйледі:

—Басатұғын емес ем,

Қыстың көзі қырауда.
Қысылмасам келмес ем,
Қырық үй тама шуылдап,
Кемпір менен шал қалды,

Есебі жоқ мал қалды.
Менің тоқтар жайым жоқ,
Өздерің тоқтат демесең.
Есім ер тағы айтады:

—Сабыр қылсаң, Шоражан,

Қалмақты қуып барайық.

ЕР  ШОРА

Әруақтар жар болса,
Басына қырғын салайық.
Сүйекке таңба болмасын,
Олжа болған таманы

Айырып алып қалайық.
Ит Садырды есіртіп,
Нағылып тірі қоялық?
Аман келген қалмақтан,

Сансыз әскер қолменен,
Өзің көрген жолменен,
Аққалаға ат қойып,
Түрікпендерді шабайық.

Әлімхан тағы сөйледі:

—Айналайын, Шоражан,

Сөзіме құлақ салыңыз.
Жұртың мынау меңгеріп,
Ықтиярын алыңыз.
Олжа болған таманы

Артынан қуып барыңыз.
Жесір кеткенді жылатпай,
Ажыратып қалыңыз.
Арын іздеп таманың,

Намысына шабыңыз.
Қалмақтар ұрып айдаған,
Пенде қылып байлаған,
Ашымай ма жаныңыз.

Шора сонда сөйледі:

—Ара жолда ат қалып,

Сандалып жүрген баламын.
Бектік іздеп жүрмін бе,
Билігін алып қаланың?
Басыма келсе патшалық,

Есебін өзім табамын.
Көр десеңіз өтініп,
Тартынып неғып қаламын?
Іздеп келдім жұртымды,

Намысына шабамын.
Қылмасам да көп қайрат,
Көптің бірі боламын.

батырлар  жыры
Оңласа Құдай сапарды,
Қайратқа белді буайық.
Ақ қара бас алтын ту[ды]

Қара қанға жуайық.
Жұрт егесі Әлімхан,
Патшалық сізге лайық.
Біздің тілді алсаңыз,

Жауап беріп басқаға,
Жүз жігітпен қуайық.
Көзбембет пен Садырға
Бір айқасып тынайық.

Ер Шораның айтқанын,
Бәрі мақұл көреді.
Жиналған қосын қуанып,
Қылды деп мақұл бір істі.

Шығарып таңдап жүз жігіт,
Іс көрсетіп майданда,
Кешірген бастан жұмысты.
Тасқа салса қайтпаған,

Қолға алып алмас қылышты.
Ойнақтатып бедеу ат,
Қалмақтарды қуыпты,
Қолдарында батырдың

Сара ала ту салбырап.
Шарайна сауыт, қалқанды
Арқасына шандырлап.
Ойнақтатып бедеулер,

Астында тұрмай қарғылап.
Шу дегенде Шұбар ат,
Жануар желдей еседі,
Табаны жерді теседі.

Намыс үшін жүз жігіт,
Жанын сатып барады,
Ер Шора да ішінде.
Қайратқа сеніп Есім ер,

Қаңтарда нардай жарады.
Алдындағы Шораның
Оттай көзі жанады.

ЕР  ШОРА

Үш күндік жолды бір күнде
Шабытпенен алады.
Қабағы қатып сүрлігіп,
Ұйқыдан ерлер талады.

«Келесің қашан ерім»,—деп,
Сұлулар жылап қалады.
Соңына түсіп Шұбар ат,
Алты ай баққан семізді

Ілестірмей барады.
Бір жерлерге барғанда,
Қосыннан озып Ер Шора,
Шауып шығып бір тауға,

Қарауылдап қарады.
Олай-бұлай бой жазып,
Сұңқардай бойын сылады.
Бет алдына қараса,

Будақ-будақ шаң көрді.
Шаң астына қараса,
Жер қайысқан қол көрді.
Арқаға қолын байлаған,

Шулатып қойдай айдаған,
Жылаған шулап таманың
Жесірі менен күңдері,
Қосынды қуып жеткенін,

Ер Шора да білді енді.
Ат қоймаққа қалмаққа,
Сол жерде көңілін бөлді енді.
Жазым болып кетсем деп,

Алды-артында жоқтығы,
Көңіліне де келді енді.
Бір Аллаға жалынып,
Пірлеріне сиынды.

Қылды енді мінажат,
Көңіліне алып келген-ді.

—Әулие, өзің оңлай көр,

Сиындым сізге, Құдірет.
Құданың досты Мұхамбет,
Қазатқа белді байладым,
Мен ғаріпке бер медет.

батырлар  жыры
Арманым жоқ Құдай-а,
Аман-есен көрсетсең
Ата менен анамды.

Неше мың өткен пайғамбар,
Тақсырлар көрсет панаңды.
Сыйғызбады үйіме,
Жалғыздық мұндай жаман-ды.

Зар жылап жүрген күнінде
Анама берген аянды
Бабай Түкті Шашты Әзіз,
Ал енді сізге сиындым,

Қолдай көр, тақсыр, балаңды.
Айналайын, құдірет,
Бұл жерде менің басыма
Саласың қандай заманды?

Дұшпандардың қолында
Тайдыра көрме табанды,
Құлыңа өзің қуат бер.
Қалмақтармен қармасып,

Қылайын көріп амалды.
Ғайып Ерен, қырық шілтен,
Шылауымда бола көр.
Алды-артыма айқайлап,

Қалмаққа салсам қамалды.
Жәрдем болса жаратқан,
Садырменен салысып,
Көрейін байқап шамамды.

Бұл сөзді айтып Ер Шора,
Күміс құйрық Шұбардың
Күн тимеген сауырына,
Жел тимеген бауырына

Ашына қамшы тартады.
«Шу» десе Шұбар жануар,
Жай бұлтындай атылды.
Ойламайды өлем деп,

Намысқа жанын сатады.
Екпінімен тұлпардың
Тоқтата алмай тізгінін,
Баланың басы қатады.

ЕР  ШОРА

Артынан қуып қалмақтың,
Алдына шығып кетеді.
Ал енді Шора жайқады,
Қарсы алдынан тимекке,

Атының басын қайтарды.
Өтірік пе, рас па,
Айтқандар солай айтады.
Сол уақытта Шораның

Бет алды қайқаң өр еді,
Ойлы-қырлы жер еді.
Қосынға қарсы тигелі,
Ер Шора көңіл бөледі.

Сол уақытта қараса,
Жан адам жоқ қасында,
Алпыс қойдың терісін
Малақай қылған басына,

Қол алдында бір қалмақ
Оқшау шығып келеді.
Шыға сала кезеңнен
Ер Шораны көреді.

Аты-жөнін сұрасып,
Келе сөйлей береді:

—Мінгенің шұбар аласың,

Жаңа өспірім баласың.
Қайратыңды байқасам,
Өрттей қаулап жанасың.
Жолым болып келемін,

Қазанның шауып қаласын.
Алдыма салып айдадым
Отыз үйлі тамасын.
Олжада болса көңілің,

Қыз десең де аласың.
Қалағаның сенікі,
Көңілің менен қалмасын.
Тама болсаң егер де,

Есіңнен сен де танасың.
Лашын құстай шүйіліп,
Қабағың тастай түйесің.
Айтшы маған жөніңді,

батырлар  жыры
Қай сапардан келесің?
Шора сонда сөйледі:

—Жоқ жоғалтып торықтым,

Іздей-іздей зорықтым.
Жоғымның жөнін білгендей,
Білімді ерге жолықтым.
Аяулыдан алты ат жоқ,

Белгіліден бес ат жоқ,
Құйысқан жетпес құла ат жоқ,
Әсіресе, көкбесті,
Көкейімді сол кесті.

Мақпалдан еді дорбасы,
Күмістен еді сырғасы.
Көріп-біліп айтпасаң,
Ұры екенсің жалғаншы.

Садыр сонда сөйледі:

—Білдім, балам, жөніңді,

Затың тама ұсайсың.
Мен алғандай жоғыңды,
Нықыра сөйлеп қыстайсың.
Қосының бар ма артыңда,

Сөзбенен алдап ұстайсың.
Жоғыңның жөнін мен білдім,
Аяулыдан алты атың,
Ағайының болмаса.

Белгіліден бес атың,
Білімділерің болмаса.
Айыл жетпес ала атың,
Құйысқан жетпес құла атың,

Кемпір-шалың болмаса.
Ішіндегі көкбесті,
Көкейімді сол тесті.
Мақпалдай болса дорбасы,

Күмістен болса сырғасы,
Олжа болған қалмаққа,
Қыз-келіншек болмаса,
Сізді де олжа қылармын,

Жолымды Құдай оңласа.

—Мақтанасың, қалмақтар,

ЕР  ШОРА

Екі ауыл ұрлап алғанға.
Несіне намыс қыласың,
Ұры екенің жалған ба?
Жаңа жеттім мінекей.

—Мен—Садырмын танып қой,

Жеңе алмайды мың кісің.
Қазанның шауып қаласын,
Көңілім бітті, тынды ісім.
Сені де Құдай берді енді,

Тама екенің шынбысың?
Шора сонда сөйледі:

—Ұрлап алып елімді,

Қай жаққа алып барасың?
Асықпасаң, Садеке-ау,
Есіңнен әлі-ақ танасың.
Атаңа нәлет, бадырақ құл,

Алар жерге жетіп ең
Әлімханның жылқысын.
Кәміл пірлер жар болса,
Шұбатылып шаңыңмен,

Ат астында қаласың.
Сіңірмесін таманың,
Аумақ-айқым ел түгіл,
Тышқақ лақ, танасын.

Садыр сонда сөйлейді:

—Тама болсаң жөніңді айт.

Бір жолығып қалдым деп,
Әлімхан менен Есімге
Садырдан барып сәлем айт.
Шора сонда сөйледі:

—Келді қуып Есім ер,

Қай жерде тосып аласың?
Қыл құйрық етіп айдады,
Шаһар Қазан қаласын.
Әзіл дерсің айтпасам,

Көзіңмен көріп нанасың.
Қанша екенін қосынның,
Білесің көріп шамасын.
Қаңбақтай ұшып денеңіз,

батырлар  жыры
Ат астында қаласың.
Мен Садыр деп бұл жерде,
Мақтанасың әсіре.

Ұрлап алып он үйді,
Елсіздетіп көшінге.
Болмаса жеңіп алдың ба,
Ерекше шауып көсіле?

Жолықпақ түгіл Есімнің,
Қорқасың сырттан пешіне.
Белгілі көтің, Садыреке-ау,
Мақтанасың несіне?

Атаңа нәлет, Бәдір құл,
Тұр жұмырды арқалап,
Таманың қойын баққаның,
Келе ме, сірә, есіңе?

Садыр сонда сөйледі:

—Арқадан құлан ауысса,

Малақай болар үйегі.
Үш тоқсан болғанда,
Шешілер қошқар күйегі.
Ерлікпен таптым елімді,

Ақыр алдым кегімді.
Қазақта қалар дейсің бе,
Қалмақтың алтын сүйегі?

—Ит Садыр, сенің кесірің,

Көзбембетті қоса ұрды.
Тең бе еді қазақ қалмаққа,
Қазақ саған мазақ па?
Кеткенің бе сіңіріп,

Қазақтан алған жесірдей?
Садыр сонда сөйледі:

—Мен—кәдімгі Садырмын,

Ағайынға кәдірмін.
Қанша қосың болса да,
Таулы жерде алармын.
Алшаңдаған мырзаңды,

Қой көтіне салармын.

—Сен—кәдімгі Садырсың,

Ағайынға кәдірсің.

ЕР  ШОРА

Сабыр қылсаң, Садыеке-ау,
Кім екенің танырсың.
Таулы жарда алсаң да,
Таусыз жерге келгенде,

Шүкімді жеп қаларсың.
Сөйте-сөйте керісті,
Жеті атадан терісті.
Бірін-бірі жамандап,

Тепектесіп келісті.
Ат үстінен қол сермеп,
Денеге қайрат берісті.
Арыстандай алысып,

Қызығын әркім көрісті.
Ер Садыр да ақырып,
Қарсы шеңгел салысты.
Аянбастан екеуі,

Бар қайратын қылысты.
Оңтайланды ер Садыр,
Суырмаққа қылышты.
Мұны көріп Ер Шора,

Бастады өнер жұмысты.
Жақындап Шора барады,
Жағаға қолды салады.
Айдынды туған Ер Шора,

Атынан жұлып алады.
Сол ұстаған бойынша,
Көп қосынды аралап,
Көкпар да қылып барады.

Екі аяғы Садырдың
Сүйретіліп қалады.
Ер Шораны қалмақтар,
Шауып бара жатқанда,

Біреу атып қалады,
Біреуі шауып қалады,
Алды-артын басып қалады.
Толып жатқан көп қалмақ,

Бірін-бірі атысып,
Опыр-топыр болады.
Бабай Түкті бабасы

батырлар  жыры
Қылыш пен оқты дарытпай,
Қанатымен қағады.
Толып жатқан қалмақтан

Аман шығып Ер Шора,
Есімнің жөнін табады.
«Қылады қандай мені»,—деп,
Садырдың жаны қалмады.

Бір төбенің басына,
Тамалардың қасына,
Көкпар қылып Садырды,
Енді Шора салады.

Қысылған екен өкпесі,
Есінен Садыр танады.
Әне-міне дегенше,
Есімге шауып келеді.

Ер Шораның қасында
Сұлап жатқан біреуді
Есімнің көзі көреді.
Аман-есен айтысып,

Есімге сәлем береді.
Есім ер сонда сөйледі:

—Айналайын, Шоражан,

Келмедің неғып кешігіп?
Көп қарадым жолыңа,
Екі көзім тесіліп.
Білінді ме дерегі,

Елді шапқан есірік?
Теректей болып құлаған,
Ұзынынан сұлаған,
Қасыңда жатқан мынау кім,

Керегедей көсіліп?

—Асып едім, Есеке,

Қара адырдың белінен.
Бір азырақ жол жүрдім
Қалмақтар жүрген жолымен.
Жер қайысқан қол көрдім

Құндыздының ерінен.
Ұстап алдым осыны,
Тышып қалған жерінен.

ЕР  ШОРА

Сол уақытта Есім ер,
Қалмаққа бетін бұрады.
Жақындады ажалы,
Садырды Құдай ұрады.

Сол уақытта Садыр да,
Көзін ашып қараса,
Көреді Есім, Шораны.
«Неғып Құдай ұрды»,—деп,

Жан-жағына қарады.
Зәресі кетіп сандалып,
Көріп Шора баланы.

—Емессің бе сен, Садыр,

Ұрыпты Құдай сені әзір.
Неғып тышып қалып ең
Нас басқыр?- деп сұрады.
Садыр сонда сөйледі:

—Балаң жалған айтып тұр,

Бекер еді тышқаным.
Мазақ қылмай не қылсын,
Жеңіп тұрған дұшпанын?
Кезеңнен бір шаң бұрқ етті,

Құйын ба деп, шаң ба деп,
Құлан ба деп, аң ба деп,
Ойымды соған нұсқадым.
Айтып ауыз жапқанша,

Ашып, көзді жұмғанша,
Жетіп келді қасыма,
Жағамнан сонда ұстады.
Тама екенін білдім де,

Нықыта сөйлеп қыштадым.
Сөйте-сөйте керістік,
Жеті атадан терістік.
Жақындасып келгенде,

Ұстап алды жағамнан,
Одан соң не етті білмеймін.
Мінекей, саған ұшырадым,
Ішімде кетті пұшманым.

Таныған соң Садырды,
Есім ер аттан түседі.
22–253

батырлар  жыры
Алтын да сапты ақ қанжар,
Жүрегіне піседі.
Қатты өшіккен жау еді,

Қанын ұрттап ішеді.
Балдағы алтын ақ полат,
Тамағына қадады.
Бұрқыратып шалады,

Қанын ұрттап алады.
Ер Садырдың қанымен
Тамалар туын қандады.
Жеткенін біліп қосынға,

Ұрыспағын қамдады.
Белгілі жаудың бірі еді,
Садырды бүйтіп жамғады.
Есім ер сонда сөйлейді:

—Сенікі енді, ел-жұртым,

Ықтиярың берейін.
Қайда жүрсең мен енді,
Қасыңда жүріп көрейін.
Берегірек кел, шырақ,

Ақ бетіңнен сүйейін.
Шығарып алып қасына,
Толтыра сүйді көмейін.
Қалмақтарға жеткенін,

Батырлар енді білісті.
Бас-аяғы жиылып,
Жасақ тартып жүрісті.
Жақындасып барды да,

Туларын қарсы тігісті.
Жау қарасын көргенсін,
Ат қойысып қалмаққа,
Бір шетінен кірісті.

Ер басына бір адам,
Шаншып-шаншып жылысты.
Қайрат беріп көбіне,
Шора сонда сөйледі:

—Батыр болсаң, ту ұста,

Ту ұста да, жылыста.
Қосыныңда жүз жігіт,

ЕР  ШОРА

Қонды қара қуысқа.
Ажалсыз жан шықпайды,
Жасқанбай шап ұрысқа.
Жауатұғын бұлыттай,

Жау көргенде құрыста.
Жаратқан өзі жар болса,
Кәміл пірлер бар болса,
Бір кісіге он кісі

Ал енді бектер ат қойды,
Тәңірге қылып тәуекел.
Көп қалмақты қиратып,
Қамысқа түскен жалындай,

Жапырып кетті шетінен.
Ер Шора да тартып жүр,
Айдаһардай лебімен.
Қайраттанып Есім ер,

Тоңқайтып кетіп барады,
Кез келсе үштен-екіден.
Жан аямай жүз жігіт,
Көп қалмақпен ұрысты.

Бөрі шапқан қойдай қып,
Дүркіретіп сүрісті.
Жесірлер кейін бұрылды,
Есепсіз қалмақ қырылды.

Партылдатып мылтықты,
Жарқылдатып қылышты,
Қалтырайды қалмақтар,
Анда-санда ақырып

Шығарса Шора дыбысты.
Ат бауырын қан қылып,
Қалмақтарды қырысты.
Сол уақытта Көзбембет,

Қырық жігіт қасында,
Еліне қашып жөнеді.
Сол уақытта, жақсылар,
Қалмақтардың ішінде

Көкше шайыр дер еді.
Жаудан беті қайтпаған,
Айтулы о да ер еді.

батырлар  жыры
Зор келген соң тұрсын ба,
Қырық жігіттің ішінде,
Бұ да қашып келеді.

Қашып келе жатқанда,
Көкше шайыр батырың,
Көзбембетке сол күнде
Мына бір сөзді деп еді:

—Ай, Көзбембет, Көзбембет,

От басында отырсың,
Әжептәуір батырсың,
Білегіңді сыбанып,
Бір өзің мыңға татырсың.

Тамаларды көргенде,
Батыр емес, қатынсың,
Абайлап қара артыңа,
Ойламасаң ұятты,

Неғып бара жатырсың?
Көзбембет сонда сөйледі:

—Жақсы айтасың, Көкшежан,

Сүйектен өтті бұ сөзің,
Енді саған не дейін?
Қашқаным да ар-намыс,
Өлсем де тұрып өлейін,

Шұбар атты балаға,
Бір айқасып көрейін.
Ана жүрген балаға,
Атса, мылтық өтпейді,

Шапса, қылыш кеспейді.
Өзгесі маған шот емес,
Баладан ағаң шеттейді.
Жалаң батыр емес бұл,

Жабылып пірлер көптейді.
Апта болды, шырағым,
«Ат-ат»,—деген дабысы,
«Шап-шап»,—деген бір дауыс

Құлағымнан кетпейді.
Анау жүрген баланың,
Ажалы тура келмесе,
Ешкімнің әлі жетпейді.

ЕР  ШОРА

Бұл сөзді айтып Көзбембет,
Атының басын бұрады.
Ер Шораның алдынан
Қарсы қарап тұрады.

Қайраты кетті қабынып,
Пешенесін сынады.
Көп қосынды қыдырып,
Ішінен судай тынады.

Қызыл ала қан болып,
Ер Шора да келеді.
Шаршамайды Шұбар ат,
Аяңдамай желеді.

Өзінің қарсы бетінде,
Қалмақтардың шетінде,
Білегін түрген сыбанып
Көзбембетті көреді.

Шора сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Мен тамамын, таныңыз,

Қырылғанға қалмақтар
Ашып тұр ма жаныңыз?
Тыныштықпен сіңбеді-ау,
Тамадан алған малыңыз.

Шамаңды біліп шақтамай,
Әлімханмен ұрысып,
Қарайды ма қаныңыз?
Арманда қалма, Көзеке,

Қайрат қылып бағыңыз.
Атыспақ та ма едіңіз,
Шабыспақ та ма едіңіз?
Ер ойыны екі ойын,

Біреуін таңдап алыңыз.
Сол уақытта Көзбембет,
Буырқанды бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.

Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Садағын қолға алады,
Қақ жүректің түбі деп,

батырлар  жыры
Өлер жерің осы деп,
Толықсып тұрған Шораны,
Толғап тартып қалады.

Атуының қаттысы-ай,
Атуына жараса-ай,
Тартуының қаттысы-ай,
Оты шығып аспанға

Бұлғақтап кетіп барады-ай.
Сол уақытта Шораның,
Бабай Түкті бабасы,
Төбесінен басады.

Атқан оғы қалмақтың,
Үстінен келіп асады.
Атса дағы Көзбембет,
Жығылмасқа ұсады.

Сол уақытта Көзбембет,
Қапаланып сөйледі:

—Япырмай, Құдай-ай,

Айрылдым ба барымнан,
Кесілдім бе қарымнан?
Осы араға шынымен
Ажал айдап келдім бе?

Қайтып елді көре алмай,
Бір баланың қолында,
Арманда болып өлдім бе?
Бұл сөзді айтып Көзбембет,

Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Қолына алған қу жебе,
Көп оғына жол салды.

Садағын қолға алады,
Кіріске дәлдеп салады.
Толықсып тұрған Шораны
Толғап тартып қалады.

Атуының қаттысы-ай,
Атуына жараса-ай,
Тартуының қаттысы-ай,
Оқ жыландай жылмандап,

ЕР  ШОРА

Оғы кетіп барады.
Адыр-адыр жер келсе,
Арық қылып барады.
Күдір-күдір жер келсе,

Көктей өтіп барады.
Әр келмеске бір соғып,
Бұрқыратып барады.
Сол уақытта Шораның,

Бабай Түкті бабасы,
Аспанға алып кетеді.
Атқан оғы қалмақтың
Астынан келіп өтеді.

Сабыр қып тұрды Ер Шора,
Екі кезекті өткізіп,
Үшінші нәубет жетеді.
Ал сонда Шора құрсанды,

Буырқанды бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды,
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.

Сол уақытта қаһармен,
Садақ пен жайды қолға алды,
Кіріске дәлдеп салады.
Қақ жүректің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғап тартып қалады.
Оғы зырлап кетеді,

Көзбембетке жетеді.
Дәлдеп барып жүректен,
Көктеп оғы өтеді.
Төрт қырлап соққан қу жебе,

Айдаһардың тіліндей,
Қақ жүректен тиеді.
Өте шықты білінбей,
Жалғыз оқ тиген қабандай,

Құлады қалмақ күрілдей.
Бір оғымен Шораның
Кетті өліп қалмақ тірілмей.

батырлар  жыры
Қайраты қатты жау еді,
Артықша туған ер еді.
Айдынды туған Ер Шора

Мұнан да қалды сүрінбей.
Айналдырып ат шапты,
Айналаның көлдерін.
Ат астында ійі қылды,

Солқылдаған жерлерін.
Аспанға шаңын шығарды,
Қыр-адырдың белдерін.
Қызыл ала қан қылды,

Құндыздының өрлерін.
Жеті күн қона ұрысып,
Қалмақтарды қырысып,
Айырып қайтты Ер Шора,

Таманың кеткен елдерін.
Желігіп келген ерлердің
Ұрыстан мейірі қанады.
Ерлігіне Шораның

Есімнің көңілі толады.
Апта жүріп тамалар,
Бір жерге келіп қонады.
Біреудің кеткен жары бар,

Біреудің кеткен малы бар,
Бір-біріне табысып,
Жамыраған қойдай-ақ,
Жабырласып қалады.

Біреуі сүйіп аузынан,
Біреуі сүйіп көзінен,
Ер Шораның үстіне
Опыр-топыр болады.

Әне-міне дегенше,
Әбүйірмен тамалар,
Қазанға жетіп барады.
Есіткен соң бұларды,

Алдынан шығып Әлімхан,
Бастығы хан, ел болып,
Келген елі ел болып,
Екпіні қатты жел болып.

ЕР  ШОРА

Бұрыннан сол жүрісі,
Есім ерден ханының,
Дәрежесі кем болып,
Есімнің көзі жоғалса,

Кетер еді қалмаққа,
Хан-қарасы жем болып.
Екі арыстан келді енді,
Сәулетін түзеп тең болып.

Амандасып бұларға,
Жылай берді Әлімхан,
Көзінің жасы көл болып.
Құлақ салғанның сөзіне

Жас алып көңілі жер болып:

—Есім ер мен Шоражан,

Біреуің менің қуатым,
Біреуің менің миятым.
Жұрт егесі сіздерсіз,
Әшейін-ақ бар екен,

Хан деген менің құр атым.
Жылқыны жауға алдырып,
Басымда қалың ұятым.
Артық нәрсем қалмады,

Айтарға барып сиятын.
Жылқыны алған қалмақтың
Артынан қуып барыңдар.
Қолыңда барда қосының,

Күн бар ма және жиятын?
Сіздер мұнан кеткен соң,
Шаң кетпеді қорадан.
Басыма түсіп жалғыздық,

Шыға алмай қалдым қаладан.
Қатты қысты өкпемді,
Ұстады дұшпан жағадан.
Он мың қалмақ Қазанды

Үш күн ұдай қамады.
Танымаймын басқасын,
Басшысы екен Қараман.
Қалаға келіп қамалдық,

Бар еркегі тамадан,

батырлар  жыры
Ұрыса алмадық ұран сап.
Қалмаққа қатын-баламен,
Иесіз жатқан жылқыны

Жиыстырып үш күнде
Алды да қайтты даладан.
Қыл құйрықтан айырылып,
Әйтеуір қалдық жан аман.

Ақымақ екен қазақтан,
Қалмақты дос деп санаған.
Қорлығына шыдамай,
Тұла бойым қалтырап,

Өртеніп тұрмын, Шоражан.
Шора сонда сөйледі:

—Қапаланба, ханымыз,

Бізден және бұл қызмет,
Аман болса жанымыз,
Бетіңе перде тұта алмас,
Басыңда тұрса бағыңыз.

Кегің кетпес ешкімге,
Айдынды туған Есімдей,
Тірі болса нарыңыз.
Көрмессің қорлық адамнан,

Жаратқан болса жарыңыз.
Қалмақ түгіл, қазаққа
Кете қоймас арыңыз.
Жылқыны алған қалмақтың

Ізіне бізді салыңыз.
Өзіңіз онда бармай-ақ,
Батаңды беріп қалыңыз.
Кәміл пірлер жар болса,

Қара маңдай қалмаққа
Сіңе қоймас малыңыз.
Көзбембет пен Садырды
Талқандап жеңіп тамалар,

Қараманмен қармасып,
Өлмесе кегін тағы алар.
Қалмақ десе ер Шора,
Ақ сұңқардай таранар.

ЕР  ШОРА

Шу дегенде Шұбар ат
Ұшқан құсты жағалар.
Ер Шораны Әлімхан
Шақырып алып ордаға,

Оқалы алтын тон жапты,
Бойыменен бара-бар.
Аттанбақ болып қалмаққа,
Баяғы барған жүз жігіт,

Төрт жүз жігіт қосылып,
Көп болысып жөнелді.
Аттанбақ болып қалмаққа
Қазақ та белді буысты.

Сыйғыза алмай Есім жүр,
Бойына ерлік туысты.
Қайратынан Шораның
Қалмақтың көңілі суысты.

Найзаларын таптасып,
Сыдырып алды қылышты.
Сараланып бес жүз ер,
Қараманды қуысты.

Дамыл алмай арада,
Ал енді күн-түн жүрісті.
Ұйқыдан ерлер жүдеді,
Қабағы қатып сүрісті.

Оңласа Құдай ақырын,
Бастады бұлар бір істі.
Неше күн-түн жол жүріп,
Ел қарасын білісті.

Олай-бұлай көз салып,
Кідіріс қылып тұрысты.
Ел қарасын көрген соң,
Түзетті топ-топ жүрісті,

Көңіліндегі жұмысты.
Айдынды туған Шораның,
Қараманмен қармасып,
Қылмақта көңілі ұрысты.

Есім ер сонда сөйледі:

—Елестеп анау көрінген,

Қараманға қараған,

батырлар  жыры
Қара қалмақ ел шығар.
Жас күнімде бір көріп ем,
Жаңылмасам, осы ара

Қарғалы деген жер шығар.
Суға қарап шұбырған
Алдымыздан жол шығар.
Шұрқырасып су ішкен,

Көлде жылқы мол шығар.
Алатұғын адалы,
Қолға Құдай түсірсе,
Жылқымыз біздің сол шығар.

Сол жерге тастап қосынды,
Есім ер мен Ер Шора
Ілгері басып барады.
Басына шығып биіктің,

Қарауылды қарады.
Олай-бұлай толғанып,
Сұңқардай көзін салады.
Бет алдына қараса,

Жағалай қонған ел екен,
Абайлап әбден қанады.
Түсіп жатыр көп жылқы
Шұбатылып қамыстан.

Есім ер мен Шора тұр
Көз жіберіп алыстан.
Оқыранып осқырған,
Сарсылар құлақ дыбыстан.

Бірін-бірі қуысып,
Жылқышылар жарысқан,
Аударысып тартысып,
Айқайласып алысқан.

Есім ер сонда сөйледі:

—Мақұл көрсең, Шоражан,

Сол жылқыдан алайық.
Хабарсыз қалмақ жатқанда,
Қалың елдің шетінен
Айқайлай қиқу салайық.

Елге қайтып барайық,
Кідіріп мұнда кешігіп,

ЕР  ШОРА

Қалың қалмақ ішінде
Жазым болып қалмайық.
Шора сонда сөйлейді:

—Жақсы айтасыз бұл сөзді

Есім батыр, ағамыз.
Не десең де тіліңді
Қайырмаймыз, аламыз.
Жылқыны алған кекті жау

Қараман деп барамыз.
Төл малды көзің көрмесе,
Әйтеуір қалмақ екен деп,
Жайын жатқан бір елге

Бүлікті қайтып саламыз?
Көзіне бір көрінбей
Шауып кетсең бір шетін,
Ұрлықшы лақап аламыз.

Шораның көңілін жыға алмай,
Бұл сөзбен Есім тиылды.
Топтай қылып қосынды,
Бір шұқырға иірді.

Ысабы жоқ көп қалмақ
Хабар тапса, қиын-ды.
Тәуекел қылып тәңірге,
Пірлеріне сиынды.

Ел жата бере сол жерден,
Шоқтай болып жүрісті
Саламыз деп ойлады
Қараманға бүлікті.

Ертең сәске уақытта
Есебі жоқ жылқының
Ішіне келіп кіріпті,
Аралап ішін келеді.

Сол жылқылардан тамалар,
Төл малдың көзін көреді.
Сабылып жүрген ат-айғыр
Қуғын көріп, арыған.

Айрылыпты талайы
Қоңы менен жалынан.

батырлар  жыры
Өзеннің қарсы бетінде,
Көп жылқының шетінде
Бір құл көрді Ер Шора

Омырауын шарыған.
Келе салып сол құлдың,
Шылауынан ұстады.
Ашылсын деп ұйқысы,

Желкесінен мұштады:
«Жылқың кімнің жылқысы,
Тезірек айт»,—деп қыштады.
Аша алмайды ұйқысын,

Құл манаурап сөйлейді:

—Аралай бер жылқыны,

Жоғың болса қараған.
Болмаса мені оятып,
Адамың бар ма сұраған?
Қоймайсың ба жайыма.

Ұйқым келіп бараман,
Құлқын сәрі құлқылдап
Шығып па едің даладан?
Шылауымды қоя бер,

Басыңнан ағар қара қан.
Шауып алсаң айтайын,
Жылқы егесі Қараман.
Шора сонда сөйледі:

—Қуып келген тамамын,

Жылқы алдырып ашынып.
Ашып сөйле көзіңді,
Ұйқыңды енді қашырып.
Қаның тасып тұрмасаң,

Өлеріңе асығып,
Шұбатылар нешеуің,
Ат астында басылып.
Қараманның елінде,

Солқылдаған саз бар ма?
Қаңқылдаған қаз бар ма?
Ерге мәнзүр болғандай.
Қызығып кісі алғандай

ЕР  ШОРА

Асқан сұлу наз бар ма?
Айт маған қалмай жасырып.
Жаны шығып шошынып
Жылқышы сонда сөйледі:

—Айналайын, шырағым,

Көкала майдан жері бар,
Жылқылы бай елі бар,
Жібек арқан желі бар,
Тайлы бие жейтұғын,

Тебіренбес деген ері бар,
Елді жерде ұры бар,
Таулы жерде бөрі бар,
Қайсыбірін айтайын.

Таза жесір іздесең,
Кермаралдай керілген,
Басарына ерінген
Елінде маңғаз сері бар.

Маңдайы күнге күймеген,
Бетіне жел тимеген,
Өз-өзінен күйлеген,
Қыздың сұлу шыры бар.

Өртейтұғын денеңді
Оттан ыстық демі бар.
Қараманның елінде
Қаңқылдаған қазы бар,

Солқылдаған сазы бар,
Шұбар ала көйлекті,
Сом алтыннан ілгекті,
Көрген жанды күйдірген,

Қылығымен сүйдірген,
Қараманның өзінің
Жөрметөз деген қызы бар.
Сол уақытта тамалар

Қараманның жылқысын
Топтап айдап жөнеді,
Әбден байқап көреді.
Бұрқыратып тозаңын,

Қуып айдап жөнеді.

батырлар  жыры
Қараманға бармаққа
Ер Шора көңілін бөледі.
Көп қосыннан қала алмай,

Еш амалын таба алмай,
Қисалақтап келеді.
«Әс-сені» деп тістеніп,
Амалы болмай Ер Шора,

Азуын басып келеді.
Сол уақытта, жақсылар,
Жылқыда бір көкбесті,
Күннен күнге жарады.

Шабылған аттай сабылып,
Бауыр жүнін тарады.
Қараманның аты екен,
Қашайын деп қисаңдап,

Олай-бұлай шабады.
Аспанға қарап есінеп,
Егем бе деп кісінеп,
Желкесінен қарады.

Жат екенін білген соң,
Жылқыдан кейін қалады,
Сыртына құйрық салады.
Ана бетті бір басып,

Мына бетті бір басып,
Көкбесті кетіп барады.
Екі-үш тама қуалап,
Көкбестінің соңынан

Жете алмай әуре болады.
Шора сонда сөйлейді:

—Мен қуайын ол атты,

Артынан сіздер барыңыз.
Сырымды айтып кеткенім,
Жөнімді танып қалыңыз.
Егер де өлсем қалмақтан,

Сүйегіме шабыңыз.
Бізді іздеген азамат,
Қараманның аулының
Қорасынан табыңыз.

ЕР  ШОРА

Бұл сөзді айтып Ер Шора,
Күміс құйрық Шұбардың
Қамшы тартты санына,
Жәбір қылды жанына.

Жан көрінбей көзіне,
Таманың шапты арына.
Сол уақытта Шұбар ат,
Өзін-өзі қамшылап,

Қос құлағын қайшылап,
Санынан тер тамшылап
Омыраудан тері ағып,
Тебіндіге былшылдап,

Екпініне Ер Шора
Отыра алмай қалшылдап,
Жұлдыздай көзі жылтырап,
Құйысқаны сартылдап

Түзеді Шұбар шабысты,
Созылады қайыстай,
Тер шыққан соң жануар.
Үйрек құстай құнтиып,

Аққан судай жиылып,
Бұлдырықтай пырылдап,
Атқан оқтай зырылдап,
Қызған сайын аршындап,

Төрт тұяғы тарсылдап,
Алдыңғы айыл ұзайып,
Артқы айылы созылып,
Денесінен тер ақты,

Моншақ-моншақ тізіліп.
Қызған сайын жануар,
Ор қояндай қасқарды.
Жаңғақтай шақты тұяғы,

Жолындағы тастарды.
Қаршығадай сыпырып,
Көкбестіні бас салды.
Жетсе дағы қайтармай,

Борбайына шапаттап,
Түрткілеп айдай береді.
Дегбірі кетіп Көкбесті,
23–253

батырлар  жыры
Сол уақытта шаба алмай,
Сүмең-сүмең желеді.
Шораның қарсы жолында,

Жез құмғаны қолында,
Жөрметөз суға келеді.
Көкбестіні айдаған
Ер Шораны көреді.

Көргеннен-ақ Жөрметөз,
Тұла бойы тітіреп,
Қыз қалтырай береді.
Еті жаман түршігіп,

Үйіне қарай жөнеді.
Қараманның алдына
Кіріп барып Жөрметөз,
Мына бір сөзді деп еді:

—Япырым-ай, әке-еке,

Көкбестіңіз келіп тұр.
Біреуден көріп көрімді,
Шыдай алмай көрген соң,
Көзімнің жасы төгілді.

Бір суық қол, әке-еке,
Аралады еліңді.
Өрісіңді шаңдатып,
Лайлады көліңді.

Мен түрінен шошындым,
Қиқулап қуып жылқыңды,
Тыйып кетер күлкіңді.
Шақтамасаң шамаңды,

Сындырып кетер беліңді.
Тентіреп жүрген бұл емес,
Тек кетпес алмай телімді.
Хабардар қыл, қамдансын,

Батырың мен еріңді.
Әйтеуір қапыл қалмаңыз,
Көзіме суық көрінді.
Қараман сонда сөйледі:

Күркіреп күндей қозғалып,
Ашуланып бұл сөзге,
Жарылуға аз қалып:

ЕР  ШОРА

—Ел адам ба екен, жау ма екен,

Жынды ма екен, сау ма екен?
Алып келгін Тебіренбес,
Аударып аттан тез барып!
Тебіренбес сонда сөйледі:

—Шыға тұр өзің, Қареке,

Мен ауқат етіп алайын.
Биенің еті піспей тұр,
Нағылып тастап барайын?
Шикі шегін шығармай,

Ішіме бәрін салайын.
Қанды көбік тарқамай,
Майын ұрттап жалайын.
Сөйлесе тұр сен барып,

Менменсінген неменің
Көріп ек қой талайын.
Балпаң-балпаң жер басып,
Қараман шықты далаға.

Денесі жаман түршігіп,
Көзі түсіп Шораға.
Бір мұрнынан боқ ағып,
Бір мұрнынан қан ағып,

Атын көрді сандалып,
Келіп тұрған қораға.
Қасына таман жақындап,
Сөйледі Шора балаға:

—Аш бөрідей оқталып,

Қораға қарай төніпсің.
Жалғыз өзің жасқанбай,
Қайратыңа сеніпсің.
Қыстап айдап артынан,

Айуанға желік беріпсің.
Атымның боғын тастатып,
Қуа шауып келіпсің.
Айта бер, бала, жөніңді,

Түсің суық көрінді.
Не қылсаң да ашынып,
Жаныңнан тойып жүріпсің.

батырлар  жыры
Шора сонда сөйледі:

—Сұрасаң жөнім—тамамын,

Мен қуғыншы боламын.
Қорқып айтпай жөнімді,
Қареке қайтып қаламын?
Жайыма және кетпеймін,

Бір жала сізге жабамын.
Бар жылқысын алыпсың
Қырық мың үйлі таманың.
Есітіпсің Садырды

Кетті деп қуып адамын.
Қайтып қайрат қылар деп
Ойыңа апсың қалғаны.
Кеудесін жарып қорқытып

Қатын менен баланың.
Ар емес пе бойыңа
Егесіз малды алмағың?
Артыңнан қуып мен келдім,

Еліңді енді шабамын.
Бар адамы аттандық
Қазан деген қаланың.
Шаңдатып шаңын шығарып,

Жақын жерде аламын.
Қапыл қалма, Қареке,
Ал енді шауып аламын.
Епке келсең елдесіп,

Еліме қайтып барамын.
Болмаса шауып жұртыңды,
Жөрметөз сұлу сылқымды,
Тоқымы жоқ егерсіз,

Ат көтіне саламын.
Қарқ-қарқ күліп Қараман,
Шораға сонда сөйлейді:

—Өнбес істі өкшелеп,

Балам, әуре болмашы.
Алған адам бере ме,
Ақылың болса ойлашы?
Қай жерлерге кеп тұрсың,

Олай-бұлай бойлашы.

ЕР  ШОРА

Жылқы алды деген ат болды,
Алғанмен кім қарық болды?
Қуып келген он тайың
Сауғаменен сап болды.

Жаманат менде қалып тұр,
Болған соң бір-ақ қолбасы.
Бәрекелде, балам-ай,
Тәуір екен талабың.

Қыз деген қымыз болады,
Жеңген ердің олжасы.
Шора сонда сөйледі:

—Жылқы алып келіп тамадан,

Желігіп тұр ма еліңіз?
Ел көшіріп екпінің,
Нан пісіріп деміңіз.
Жылқының бар деп артынан,

Бұйырды бізді бегіміз.
Би, бегіміз жиылып,
Билікті елдің көбіміз.
Қыз деген сөзге қызарып

Қылмадың ашу, ырзамыз.
Бәрекелді, Қареке,
Кең екен кексіз теріңіз.
Әлі де болса жылқымды

Жиып-теріп беріңіз.
Болмаса, қалмай арманда,
Көңіліңіз болса келіңіз.
Өзіңіздей біз де бір елдің

Еркексінген еріміз.
Бір айқасып кетпесек,
Қайратты туған, Қареке,
Тарқамас іштен шеріміз.

Есіткен соң бұл сөзді,
Қаһарланды Қараман.
Шамырқанып шамданып,
Нар бурадай жараған.

Ұрыс-соғыс майданды
Құдайдан іздеп сұраған.

батырлар  жыры
Қаһарланса қайраты,
Жауған қардай бораған.
Жаңбырдай болып оқ жауса,

Жығылмаған жарадан.
Ізденіп жүріп ұрысқан,
Табылса дұшпан даладан.
Неғылып енді отырсын,

Табылды жауы қарадан.
Қолына алды қылышын
Қылдырған сабын полаттан.
«Қолыма жұмсақ болсын,»—деп

Балдағына қылыштың
Талдап жібек оратқан.
Қарекең енді қамданды,
Ұрыспаққа Шорамен.

Қару-қапшық сайланып,
Беліне қылыш байланып,
Ойнамақ болды баламен.
Ашумен қатты ойланып,

Үйіне қарай жүреді.
Сарамжалын сайланып,
Көк бестіні мінеді.
«Мынау бала таманы

Ажал айдап келді»,—деп,
Миығынан күледі.
Сол уақытта Қарекең,
Шақталып әбден сайланды.

Көк бестінің үстіне
Күжірейіп жайланды.
Қан ішпесе жусаған,
Қарыны тойса жусаған,

Қызықты қырғын майданда
Жөнін тауып жұмсаған
Аспаһани қылышты
Жанына сала байланды,

Салып кетсе білінбес,
Сала құлаш найзаны.
Қабатына байланды,
Айбалта мен шоқпарды.

ЕР  ШОРА

Қаһарланып Қареке,
Ер Шораға оқталды.
О да қарап тұрсын ба,
Ұйқы-тұйқы боп қалды.

Қанжарменен қармасты,
Айдаһардай арбасты.
Ат үстінен қол созып,
Бір-біріне жармасты.

Екі батыр екпіндеп,
Қаруларын қайрасты.
Ат-айғырдай алысып,
Нар бурадай шайнасты.

Түрі де ағаштай қараңғы,
Қораны тұман, шаң басты.
Ақырысты аюдай,
Бір-бірінен тайынбай.

Бадана көз ақ сауыт
Қызыл қанға шайылды.
Ал енді ерлер алысты
Анда-санда ақырып,

Бір шығарып дабысты.
Қайраты асса Қарекең,
Қалай берер намысты?
Жеңе алмайды бір-бірін

Олай-бұлай сүрісті.
Ат үстінен ақырып,
Жолбарыстай жұлысты.
Түс мезгілі өткен соң,

Пешін уақыты жеткен соң,
Ер Шора басып өрлейді,
Қараман қалмақ дендейді.
Қарекеңе Құдайым

Әбүйірді бермейді.
Бабай Түкті Шашты Әзіз
Қанатына қыстырып,
Аспанға алып ұшады.

Қаңғалақтап Қараман,
Топтай боп жерге түседі.
Тездеп келіп Ер Шора,

батырлар  жыры
Алтын сапты ақ қанжар
Жүрегіне піседі,
Сол уақытта Тебіренбес

Шыққан екен далаға.
Етін әбден жеп тойып,
Қуаттанып алған соң,
Ұрыспаққа бет қойып.

Сол уақытта Есім ер
Жеткен екен о дағы,
Жүз жігітпен ат қойып.
Тебіренбес пен Есім ер

Қарсыласып қалады.
Есім ердің ұрыста
Асқан еді айласы.
Тебіренбесті құлатты,

Бүйірден тиіп найзасы.
Шора батыр ақырды,
Нар бурадай бақырды.
Қарғасы қорқып қаз болды,

Қырлы жері саз болды.
Ұрыстан соққы көргендер,
Құйқасы кетіп таз болды.
Қарап жүрмей Қараман,

Ақыры мынау «мәз» болды.
Жүзі қара қалмаққа
Әлі де болса аз болды.
Есім мен Шора қалмақты

Жеті күн шауып, талады.
Үрерге иті қалмады,
Ақсақ-тоқсақ тай қалды.
Басы болып Жөрметөз,

Тоза жесір айдалды.
Елін шауып қалмақтың,
Тамалар тарқап тарады.
Әбүйірмен Есім ер,

Елге қайтып барады.
Ерлігіне Шораның
Бәрі де ырза болады.
Әлімханға бір адам

ЕР  ШОРА

Сүйінші сұрап барады.
Ханнан көріп ілтипат,
Қалағанын алады.
Аман-есен Ер Шора

Олжалы қылды таманы.
Әруақтары жар болып,
Дүние болды алғаны.
Байыған соң Әлімхан,

Ер Шораның қайратын,
Үрметтер сыйлап Әлімхан
Айдынды Шора баланы.
Дұшпанның көңілін тындырып,

Қараманнан жылқыны
Алып келді қайтарып.
Жата берді Ер Шора,
Бақты да Шұбар аланы.

Сол уақытта, жақсылар,
Аспандағы жұлдызы,
Жүзі сұлу қырмызы,
Ұл-перзенті жоқ еді,

Бар еді ханның бір қызы,
Тал шыбықтай бұралған,
Қылығы неше жүз алуан,
Жынды болған көп жігіт

Көре алмай жүзін қып арман.
Ай десеңіз аузы бар,
Күн десеңіз көзі бар,
Аспандағы ай десең,

Жерді басқан ізі бар,
Түймебике ханымша
Әлімханның қызы бар.
Көркін көрген адамның

Көңілі кетіп, қызығар.
Сол уақытта Әлімхан
Тоғыз бие сойғызды,
Керней-сырнай қойдырды,

Халқын жиып Қазанның,
Ат шаптырып той қылды.
Жалғыз қызын Шораға

батырлар  жыры
Беремін деп ой қылды.
Мәсіләт қылып көбіне,
Қарасы мен бегіне,

Әлімханның құлақ сал,
Халқына айтқан кебіне:

—Құлақ салсаң, тамалар,

Менің өзім төремін.
Жеті атамнан жұрт ұстап,
Билік қылып келемін.
Қазақ та болса Шораны,

Төреден артық көремін.
Ұнатсаңдар, жақсылар,
Ер Шораны бала қып,
Қызымды соған беремін.

Ақ некелеп, аруақтап,
Артынан өзім еремін.
Жаратқан қабыл айласа,
Дәулетінде бұлардың

Аз ғана қызық көремін.
Жақсыны жақсы десеңіз,
Өркештеніп тасады.
Көп ішінде атасаң,

Жасқанып жаман сасады.
Жаратқан бастан жақсыны,
Жаһанды сұсты басады.
Қайда барса басы әзіз,

Қадалып жұрттан асады.
Өз үйінде жаманның
Берекесі қашады.
Түзетіп ішін орданың,

Орнын қожа-молданың,
Ақ некелеп Әлімхан,
Шораға қызын қосады.
Төреден алды хан қызын,

Артық қылды Құдайым,
Нәрікбайдың жалғызын.
5600 Жары болды Шораның
Түймебике ханышам.

ЕР  ШОРА

Ашық болып арманда,
Көре алмаған жан жүзін,
Айдынды туған Шораның
Қатыны болды хан қызы.

Түймебике, Жөрметөз,
Екі бірдей перизат,
Ер Шораға болды кез.
Қызмет қылып алдында,

Ұзақтай болып ойнайды,
Қаншама көп қызықпен,
Ойынға, сірә, тоймайды.
Қапалықпен Ер Шора,

Бұларға көңіл қоймайды.
Артынан көңілі тына алмай,
Ақ сұңқардай бойлайды.
«Не қылды,—деп,—түрікпендер

Қырық үйлі қалған тамасын?
Қандай күйге түсті»,—деп,
Алаң боп артын ойлайды.
Ескеріп ата-анасын,

Олардың білмей шамасын,
Санаменен сарғайып,
Ұзын түнге ұйқы жоқ,
Дөңбекшіп Шора аунайды.

«Не болды,—деп,—ахуал
Артымда қалған адамдар?»
Оңаша барып зарлайды.
Бір күндері болғанда

Түйесін Есім сояды.
Толтырып қойып сабасын,
Зыяпат қылып шақырды
Қазанның барша тамасын.

Бәріне хабар жіберді,

—Біреуі келмей қалмасын

Жұрттық қылып тамалар,
Бір ісіме жарасын.
Жатамыз ба тоқтатып,
Нәрікбайдың баласын?

Көрсетейік апарып

батырлар  жыры
Ер Шораның көзіне
Атасы мен анасын,
Құлқаныс пен Нәріктің

Тілеп алған баласын.
Кеткеннен соң көрінбей
Отырғанда жазғандар
Ақ орда болып көрінді.

Сендер үшін қалмақты
Қандай қылды Ер Шора?
Жаннан тойып жиренбей,
Түрікпенге қосын қылайық,

Онан да кекті ап тынайық.
Сіздерге айтқан сөзім сол,
Жүріңдер бәрің ерінбей.
Бұл сөзіне Есімнің

Еш тама жауап қылмады.
Құлақ қоймай бәрі де,
Жүре-жүре тыңлады.
Ашуланып Есім ер,

Айдамаққа таманы
Қатуланып шындады.
Әрі қорқып, әрі сыйлап,
Болмайды деп Есімнің

Сөзін екі қылмады.
Жинады батыр қаһарын,
Арыстандай ақырып,
Қорқытты Қазан шаһарын.

Түгі шығып ұртынан,
Бетінен төгіп заһарын.
Көмек болып күш қылды,
Әлімхан қосып әуенін,

Есім ердің мұнысын,
Тамалар мақұл білісті.
Сасқанынан жиылып,
Мәслихат қылып жүрісті:

—Аянбады Ер Шора,

Кешегі қалмақ шапқанда.

ЕР  ШОРА

Майданда жанын аямай,
Біз үшін шапқан қылышты.
Қосын тартып біздің де,
Жүрмегіміз дұрыс-ты.

Қазанның халқы бұл сөзбен
Қаптады қылып жүрісті.
Жер жаһанды күңірентіп,
Тасынған судай жылысты.

Аққаланы алғалы,
Түрікпенмен қылып ұрысты.
Есепсіз ләшкер ағылып,
Шымалдай болып жабылып,

Қайраты сыймай денеге,
Келеді ерлер қабынып.
Тәуір аттар сыналды,
Күні-түні шабылып.

Салбырады құлағы,
Жаман аттар сабылып.
Қол көптігін сонан біл,
Шаһардан алды қозғалып,

Қонып-көшкен жерінен
Түс шағында қозғалып
Жөнелер арты арылып,
Үш күн үш түн дегенде,

Зорға бір су табылып.
«Айналайын, Шоражан,
Қалайша жалғыз келдің?»—деп,
Жылайды Есім қамығып.

Апталық жер қалғанда
Озды енді Ер Шора.
Атасы мен анасын,
Көп ойланып көңілінде,

Жүр еді сондай сағынып.
Асқар-асқар бел еді,
Шөл-жазира жер еді.
Бет алдына қараса,

Естекке жұмыр артып ап,
Он қойын түрікпен тартып ап,
Жылап жүрген қойшыны

батырлар  жыры
Шораның көзі көреді.
Шора барған кезінде,
Жылап жүріп айтқаны,

Сол қойшының бұл еді:

—Түрікпендер алып қойымды,

Он қойым бірден сойылды,
«Қой» дейтұғын әл қайда?!
Қолымнан менің не келсін,
Құс алған қуда сын бар ма?

Қайтіп қашып кетерміз,
Кіретұғын ін бар ма?
Өшігіп қалған түрікпендер,
Жыласақ та тыңдар ма?

Сұраусыз кеткен сорлымыз,
Өлгенмен бізге құн бар ма?
Айналайын, Құдай-а,
Ертіп Есім ағасын,

Қазанның айдап тамасын,
Ажыратып күшпен шамасын,
Шоражан келер күн бар ма?
Алты жаста, Шоражан,

Ақ тақырды хан қылып,
Мың баланы жайратып,
Қараханның алдында,
Жанбай тазды сайраттың.

Кермісіннің бойында,
Қырық жігіті соңында,
Әлібиді өлтіріп,
Күлсары атты қосарлап,

Жетегінде ойнаттың.
Біз ғаріпті бенде ғып,
Түрікпенге жіпсіз байлаттың.
Тастап кетіп дұшпанға,

Сорымызды қайнаттың.
Өз құлағын Тасырдың
Өзіне жұлып шайнаттың.
Біз пайдасын көрмедік,

Бұл сыпатты қайраттың.

ЕР  ШОРА

Осындай сөзден әр түрлі,
Қойшы жылап зарлайды.
Жас орнына көзінен,
Қызыл қандар парлайды.

Мұны есітіп Ер Шора,
«Көріпті-ау, деп,—қорлықты»,
Парасатпен аңлайды.
Есітіп сөзін қойшының,

Тап-тақаты қалмайды.
Ата-анасын ойланып,
Іште шері қайнайды.
Сол уақытта Ер Шора

Ол қойшыға келеді.
Астында Шұбар ойнақтап,
Келіп сәлем береді.
Ер Шораны қойшы да

Назар салып көреді.
Тани алмай Шораны,
Сөйтсе де қылды жобаны.
Қойшы айтты: «Баян ет

Қай жердің сенсің адамы?»
Ол қойшыға Ер Шора
Бұл жауапты қылады:

—Танымасаң, қойшыжан,

Танытайын мен енді,
Құлақ салып абайлап,
Сөзімді есіт сен енді.
Білемісің Нәріктің

Баласы Шора дегенді?
Тілектерің қабыл боп,
Үстіңе Шора келген-ді.
Жоқтап жүрген Шораңмын,

Айтайын саған мен енді.
Түрікпендер қандай іс қылды,
Әліби қандай күш қылды?
Бастан аяқ баршасын,

Білдіргін айтып тез енді.
Қойшы сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

батырлар  жыры

—Жан тиген жоқ біздерге,

Сіз Қазанға кеткен соң,
Тасыр келді құлақсыз
Арада көп күн өткен соң.
Қайратыңды айтты қалдырмай,

Еліне аман жеткен соң.
Қыңқыл қылды Ақшасы,
Ағасы құнсыз кеткен соң.
Тасырдың сөзін есітті

Түрікпендердің бәрі де.
Қорқыныш қылып қауіп етті
Жасы менен кәрі де.
Жар шақыртты Қарахан:

«Қарсылық қылма шеріге».
«Тыныш жүр»,—дейді Тасыр да
Ақша бидей бөріге.
«Құн алам»,—деп Ақша би,

Мәлім қылды көбіне.
«Көтіңді қыс»,—деп түрікпендер,
Кірмеді бірі ебіне.
Сөйтсе де ойлап ағасын,

Ашығып әркім тигесін
Анда-санда бір тиіп,
Мал қып кетер жеміне.
Қосыла алмады Қарахан,

Ақша бидің жөніне.
Ақша бидің соңында
Отыз екі адам бар,
Тыныш таппайды малды алып,

Ауылдың келіп шетіне.
Шыдамай жүрді бай Нәрік
Ақша бидің кеміне.
Сізді ойлап ата-анаң,

Көкірегі шер болды,
Көзінің жасы көл болды,
Жылай-жылай егіле.
«Кешікті Шора келмес,—деп,

Біздерді аман көрмес,—деп,
Аһ»,—дегенде атаңның

ЕР  ШОРА

Нан піседі деміне.
Ақша би де ақырып,
Жан-жақтан адам шақырып,
Бір түрлі сөзді айтады,

Түрікпендердің еліне
Құдайға жылап біз жүрміз,
Бейқам болып сіз жүрсіз.
Көрісер күн бар ма деп,

Айдынды Шора шеріге?
Күннен күнге, Шоражан,
Қатты батып барады
Ақша бидің зәрі де.

Көп жылайды ата-анаң,
Қырық үйдің кетті сәні де.
Енді мұнан кешіксең,
Іздемекші еді бәрі де.

Тілегіміз қабыл боп,
Аман-есен жеткізді,
Құдайға шүкір әлі де.
Шора сонда сөйлейді:

—Біз барғанда Қазанға

Көп оқиға іс болды.
Көзбембет, Садыр, Қараман,
Деген қалмақ тұс болды.
Елді шауып қалмақтар,

Кемшілікке іш толды.
Қалмақтан елді айырып,
Келмегім қиын күш болды.
Ендігі сөздің ақыры,

Есітіп кейін білерсің,
Қайт енді, жылдам, кеш болды.
Есегіңе мініп ап,
Ауылға жылдам бар,—деді,

Тамаларды қуантып,
Сүйіншісін ал,—деді,
Есім мен қосын келіп тұр,
Шықсын кемпір-шал,—деді,

Шора да аман келді деп,
Құлағына сал,—деді,
24–253

батырлар  жыры
Несібең болса, бейшара,
Аларсың талай мал,—деді.
Ал енді қойшы далбаңдап

Есегіне мінеді.
«Ыһы-ыһылап» есегін
Ауылға қарай жүреді.
Әр жерде шұқып тоңқытып,

Жалпақтап қойшы келеді.
Қызыл қан қылды иығын,
Сыпырды сипап миығын.
Есегін епсіз тепкілеп,

Шаптыра түсіп желеді.
Тор жұмырын тастады,
Бір істі қойшы бастады.
Ауылға жақын келген соң,

Сүйіншілеп айқайлап,
Аласұрып келе жатқан
Қойшыны Нәрік көреді.
Көзінің жасы көл болып,

Көңілі қара жер болып,
Әбден-ақ алжып жүр еді.
«Сүйінші!» деген дауысты,
Абайлап анық біледі.

Есі кетіп байғұс шал,
Жыларын білмей күледі.
Ауылға жақын келген соң,
Жылдамырақ жүрем деп,

Далиып қойшы құлады.
Тоңқып кетіп есегі,
Тақымынан шығады.
Есекпен қойшы ісі жоқ,

«Сүйінші бер»,—деп Нәрікке,
Далбақтап байқұс тұрады.
Есім мен Шора хабарын
Бір-бірлеп айта береді.

Сүйіншіге қойшыға
Ат пенен шапан береді.
Қырық үй тама жиылып,

ЕР  ШОРА

Қойшы алдына келеді.
Есіте салып Құлқаныс,
Зар еңіреп жөнеді.
Тамалар мен Нәрікбай

Қойшысына ереді.
Бір-бірінің арасы,
Әлі де күндік жер еді.
Қатын, бала-шағамен,

Қалмастан бәрі ереді.
Бір-бірінің қарасын
Ал енді бұлар көреді.
Асыға басып аяғын,

Анталай басып жөнеді.
Есім ер де сол уақыта
Атынан түсе береді.
«Ой, бауырым»,—деп Нәрікбай,

О да еңіреп келеді.
Жыласа да Нәрікбай,
Танбады, сірә, есінен.
Сүйегі қатты ер еді,

Баласына бұрылмай,
Есім ерге Нәрікбай
Оңтайлана береді.
«Ой, ағам»,—деп айқалап,

Есім де зарлап келеді.
«Жалғыз інім, бауырым»,—деп,
Нәрікбай да еңіреді.
Құшақтасып «аһы» деп,

Қой-қозыдай маңырады.
Құшақтасып айқасты,
Тыңласа түсіп жайғасты.
Аға-іні көрісіп,

Іштегі шері тарқасты.
Есім ер де құшақтап,
Шығарды іштен жай тасты.
Құшақтап тұрып Есімді,

Нәрікбай сонда сөйледі:

—Мақтанушы едім елімде,

Көңілім өсіп тасқанда.

батырлар  жыры
Жоғары болып дәрежем,
Тұрушы еді аспанда.
Намыстанып қалушы ем,

Біреуден біреу қашқанда.
Солқылдаушы еді қара жер
Аяғымды басқанда.
Болмаса елің бек бекер,

Болсаң да Рүстем-Дастан да,
Болсаң да сұңқар қарғасың,
Кісі елінде ассаң да.
Тағдырға тәбділ жоқ екен,

Әзәлда нәсіп шашқанға.
Талай күйге түстім-ай,
Азуын дұшпан басқанда,
Көремін деген жоқ едім,

Өлетіндей боп едім,
Көретін күн бар екен,
Тағдырда Құдай қосқанға.
Жаратқанға жалынам,

Ақылымнан сасқанда.
Құдайыма мың шүкір,
Жарыла жазды жүрегім,
Есім менен Шораны

Бауырыма басқанда.
Періштелер қарайды
Есім мен Ер Шора,
Нәрікбай араласқанда,

Тамалар шулап жылайды,
Ахуалдарын сұрасқанда.
Есінен танды жұрт жаман,
Құлқаныс келіп көрісіп,

Есім мен Шора, Нәрікбай,
Үшеуі бірдей жыласқанда.
Амандасып болған соң,
Мінді бәрі атына.

Қуаныш болды есепсіз
Тамалардың жалпына.
Қосын барып қонды енді,

ЕР  ШОРА

Нәріктің ауыл артына.
Есітілді бұл хабар
Түрікпендердің халқына.
Сол уақытта Қарахан

Жұртын жиып алыпты.
«Ақша би де келсін»,—деп,
Оған да хабар салыпты.
Мәслихатпен кеңесіп,

Жиды талай халықты:

—Есім мен Шора қайраты

Бәріңізге анық-ты.
Қарсылық қылсақ бұларға,
Набыт қылар халықты.
Бекер набыт болмасын,

Күнәсіз адам өлмесін.
Кесірі тиер баршаға,
Жылатпайық ғаріпті.
Мәслихат қылып баршасы,

Жасы менен кәрісі,
Таралғы-тарту мал алып,
Қасына қанша жан алып,
Бастығы болып Қарахан,

Есім ерге барыпты.
Сәлем беріп көрісті
Есім менен Шораға.
Арыз етті жалынып,

«Қылмаңыз,—деп,—талама!»
Өзінің қызын Қарахан
Тарту қылды жәнә да.
Мұнысын мақұл көрісті

Есім мен күллі тама да.
Қарахан барып той қылды,
Жар шақыртып қалаға.
Қызық қылды қырық күндей,

Ат шаптырып далаға.
Қызын қосты некелеп
Айдынды Шора балаға.
Зияпат қылды Нәрікбай

батырлар  жыры
Үлкен-кіші ағаға.
Дұшпандық кетіп арадан,
Түрікпендер мен тамада,

Қыз берісіп, қыз алып,
Тап-тату болды бәрі әммә.
Той тамаша өткен соң,
Көшпек болды Нәрікбай.

Түрікпендермен тынысып,
Бұлардың болды көңілі жай.
Қырық үйлі тама, көп қосын,
Бәрі көшіп жөнелді.

Амандасып Қарахан
Қызыменен зар жылай,
Лажы жоқ айрылды.
Қарахан елге ол бұлай,

Үш ай көшіп тынбастан,
Рақат дамыл қылмастан,
Қаптағайдың басымен
Еліне келді ол құлай.

Аман-есен Нәрікті
Жеткізді елге бір Құдай.
Есім ердің қатыны,
Ағайын-туған жақыны,

Баршасы келіп көрісті,
Шуылдасып зар жылай.
Ханға шапты бір адам
«Сүйінші!»—деп мал сұрай.

Зияпат қылды Әлімхан,
Барушыға бірталай.
Қуанып қарсы шығысты
Әлімхан басшы, көп тама-ай.

Амандасып көрісіп,
Бәрінің болды көңілі жай.
Қосылған соң елге аман,
Есім ер енді той қылды.

Әлімхан да бірігіп,
Ысапсыз малды сойдырды.
Жан-жақтың бәрін шақырып,
Керней-сырнай қойдырды.

ЕР  ШОРА

Пақыр-міскін, ғаріпке,
Зияпат қылып Нәрікбай,
Жал-жаяға бұ дағы,
Жанның бәрін тойдырды.

Аңлып жүрген сыртынан
Дұшпанның көзін ойдырды.
Той тарқасып бәрі де,
Мұратына жетіпті.

Өмірінше шат болып,
Дәурен сүріп өтіпті.
Ілгеріде, жақсылар,
Есім ерді ертіп ап

Үйіне Шора кеткенде,
Бір бәһана себеппен,
Жөрметөз қашып кетіпті.
Себебін мұның айтайын,

Айтпай неғып қайтайын.
Түймебике ханымша,
Шешесі оның Керімше,
Дұшпандық бұған етіпті.

Екі айдан соң Жөрметөз,
Жүкті болған Шорадан.
Қосын жиып Ер Шора
Еліне кетті олар һәм.

Жөрметөзден ұл туса,
Көрер деп артық олардан,
Кезегінде бір сөздің,
Түймебике ханымша,

«Көп сөйлеме, тоқал»,—деп
Бір күні сөзді шығарған.
Бірнеше күн жылаумен,
Бірнеше күн қорлықпен,

Аңлуға түсіп зорлықпен,
Жерметөз жүрді жылаумен.
Еліне бір күн қашыпты,
Еліне таман асыпты.

Арып-ашып жол жүріп,
Еліне жетті сұраумен.

батырлар  жыры
Артынан адам қуыпты,
Таба алмай көңілі суыпты.
Қайтып келді лажсыз,

Біле алмай дерек біреуден.
Тыңлаған адам зерігер,
Оқыған адам ерінер.
Бұл Шораның аяғын

Қылайық тамам осымен.
Жөрметөздің кітабын
Екінші жылда айтамын,
Сөзді тамам қылайын,

Қылсаңыздар дұға ұнайын.
Айып етпе, әлеумет,
Қатесі болса, қатемді.
Айыпсыз, кемсіз бір Алла,

Біледі зайыр батамды.
Ақы үшін дұға қыл,
Қылайын мәлім ойымды.
Шораның екінші кітабы

Бісміллә деп айтайын,
Жамағаттар, тыңдасаң.
Пақыр да көңілім жай болмас,
Сөзімді назым қылмасам.

Ішімде кетер асыл сөз,
Әңгіме-кеңес құрмасам.
Ақырет оңай жігіттер,
Жалғанға мойын бұрмасаң.

Дуаң болмас іжабы,
Ерте сәһәр тұрмасаң.
Рақымет көп Құдайдан,
Ақ жүрекпен шыдасаң.

Тозақта жайың даяр тұр,
Құлшылық аққа қылмасаң.
Уатылар қара тас,
Шойынға салып ұндасаң.

Білдіреді молдалар,
Шариғат сөзін білмесең.

ЕР  ШОРА

Есі бар ер түсінер,
Азырақ айтып ымдасаң.
Молдаларға айтпақ парыз-дүр,
Қылсаңыз һәм қылмасаң.

Айттырмай қоймас әлеумет,
Сөйлеп беріп тынбасам.
Ер Шораның айтайын,
Екіленші кітабын.

Жалықпастан, жамағат,
Құлағың салып тыңдасаң.
Айтып едім бағана
Жерметөз қашып кетті деп.

Қараманның еліне
Аман-есен жетті кеп.
Ортасында бірталай,
Күндер өтіп кетті көп.

Келіп көрсе Жөрметөз,
Орынында елі жоқ.
Баяғы Шора шапқанда,
Кеткен еді ойран боп.

Сол уақытта Жөрметөз
Ордасының орнына
Жылап келіп тұрыпты.
Жан-жаққа қарап, айран боп,

Жылап тұрып сөйледі:

—Аманбысың, жерлерім,

Сағынған соң сарғайып,
Жеріме қашып келгенім.
Арсалақтап келгенде,
Амандасар көрмедім.

О, дариға, кәйтейін,
Бекерге кетті еңбегім.
Өз көзіммен көріп ем
Қараман атам өлгенін.

Шолпан көлдей анамды
Қиын болды-ау көрмегім.
Баяғы заман жоқ болды,
Қаяққа кетті елдерім?

Жылы орнымды суытып,

батырлар  жыры
Иілмей сынды белдерім.
Жүгірісіп ойнаған,
Ойынға ойнап тоймаған,

Қадірмен қатар, жеңгелер,
Қайдасың, нөкер серлерім?
Осылай жылап тұрады.
Құдайға зарлық қылады.

Қапаланып қайғырып,
Жан-жаққа мойнын бұрады.
Жылай-жылай Жерметөз,
Есінен танып құлады.

Сол уақытта бір адам
Айқайлап, дабыс қылады.
Қасына келіп жақындап,
Әлі-жайын сұрады.

Жөрметөз де сол уақытта
Есін жиып тұрады.
Таныған соң ал енді,
Айқайлап қатты жылады.

Ол адамды сұрасаң,
Қараманның жақыны,
Көп қалмақтың ішінен
Асқан екен ақылы,

Талай жаннан берік еді,
Ұрысқанда тақымы.
Қашқан екен баяғы,
Шора келіп ұрысып,

Өлгенінде Қараман,
Тебіренбестей батыры.
«Тез кетейін көрінбей,
Мені де қоймас ақыры.

Шылауындағы қырық шілтен,
Қолдайды Шораны ақыры.
Ерегісіп қастасып,
Бұған да үде шыға алмас,

Тұқымымыз құрыр»,—деп,
Бұл бопты тапқан нақылы:
«Жауға барсаң бірің бар,

ЕР  ШОРА

Дауға барсаң бәрің бар»,
Ілгері өткен кария
Айтып кеткен ақылы.
Бұл сөзді ойлап ол адам,

Қашқан екен елінен.
Қырғыннан қалған қалмақтар,
О да ауған екен жерінен.
Барша қалмақ асыпты,

Сары жездің белінен.
Қорқып қашып кетіпті,
Айрылған соң елінен.
Онан өтіп кетпеді,

Орнады жездің кенінен,
Патша сайлап қойыпты
Қаңтархан деген көрімін.
Ашаршылық тартыпты,

Айрылған малдың көбінен.
Бұл адам аты Ер Бақай,
Жүреді екен сырымен.
«Аман болсам бір қашып

Келемін»,—деп Жөрметөз
Кеткен екен білдіріп,
Кетерде Шора шерімен.
Сол есеппен Ер Бақай,

Әр уақыт жұртқа келеді.
«Келер ме,—деп,—Жөрметөз
Ілгері сөздің жөнімен».
Сөйтіп жүріп Ер Бақай,

Жөрметөзге кез болды.
Аман-есен айтысып,
Арада талай сөз болды.
«Тұрмалық мұнда бекер»,—деп,

Жүретін жолды көздеді,
Екеуара мінгесіп,
Іздеді жолды, тез жолды.
Келе жатып Ер Бақай

Жөрметөзден сұрайды:

—Неғылып қашып келдіңіз,

Онда барып тұрғанда

батырлар  жыры
Не оқиға көрдіңіз?
Сұлулық пен ерліктен
Кемдігі жоқ Шораның,

Көңіліңді нағып бөлдіңіз?
Жайласты ғой Жөрметөз,
Келмейді деп ек енді біз.
Шүкір енді Аллаға,

Аман-есен көрді көз.
Келген-тұрған жөніңмен,
Білгеніңді сөйле сөз.
Жөрметөз сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй деді:

—Есім ер мен Ер Шора

Шапты ғой келіп біздерді,
Қысусан ойға көп алдым,
Толтырып жасқа көздерді.
Алып барды Ер Шора,

Өз еліне біздерді.
Бара жатқан шағымда,
Ойланды мына сөздерді.
Қашатын болсам, жүретін

Белгілеп қойдым іздерді.
Дінін тұттым Қазанның,
Өзімнің дінім өзгерді.
Жөрметөзді Шораға

Қосамыз деген сөз келді.
Әлімхан деген патшасы
«Өз қызымды Шораға
Әуел бұрын қосам» деп,

Қылдырып тойын тездеді.
Қосты қызын некелеп,
Сонан соң қосты біздерді.
Түймебике аты екен,

О дағы бір зат екен,
Бір айыбы қайтармай,
Сөйлейді жылдам сөздерді.
«Мен бәйбіше, сен тоқал»,—

Деп айтты кей қыздарды.
Шыдай алмадым, ағажан,

ЕР  ШОРА

Есітіп мұндай сөздерді.
Олжалап келген күңсің деп,
Толтырды жасқа көздерді.
Қой дейтұғын адам жоқ,

Алысатұғын шамам жоқ,
Бұл жүрісім болмас деп
Ойладым елді іздерді.
Баяғы кеткен жеріммен,

Белгілеп кеткен жөніммен,
Бір күнде қашып жөнелдім.
Ісімді қойып иірген,
Ер киімін киіндім,

Құдайға жалғыз сиындым,
Жеті күн-түн жол жүріп.
Барғаннан соң қосылып,
Жүкті болдым Шорадан.

Кәміл бір ай болғанда,
Еліне кетті олардан,
Өз күндесім басшы боп,
Соңыма түсті қанша жан.

Анасы да қосылды,
Артықша болды бұлардан.
Үстем болып кетер деп,
Туылса ұл баладан.

Ендігісін өзің біл,
Құтылдым бір олардан.
Осы түрлі жұмыспен,
Біз келіп қалдық, ағажан!

Ауылына кетті Ер Шора,
Жан қалдырмай тамадан,
Қуып келер ешкім жоқ.
Шал мен кемпір, қыз-қатын,

Әлімхан бармай ол қалды,
Онан басқа ешкім қалған жоқ.
Осы сөзбен екеуі
Елге жақын барысты,

Ағайыны, анасы
Жөрметөзге танысты.
Арманда болып айырылған

батырлар  жыры
Анасына табысты.
Құшақтары айқасып,
Бір-біріне жабысты.

«Жөрметөз қашып келді»,—деп,
Қалмаққа қылды дабысты.
Елінде жан жоқ деген соң,
Ойланды қалмақ барысты.

«Таманы шауып қайтайық,
Жібермейік намысты».
Қантарханның алдына
Мәсілат қылып барысты.

Бармаққа пәтуа болғанын,
Білдірді айтып мәністі.
Қантархан мұны есітіп,
Төмен салып мойынын,

Көзін салып әр жаққа,
Ойланды Қантар бір істі.
Бір уақытта Қантархан,
Көтеріп басын алыпты.

—Сөзімді тыңда, халық,—деп,

Жан-жаққа көзін салыпты,
Шораның бізді шапқаны
Кәрі мен жасқа анық-ты,
Есім менен Ер Шора

Набыт қылып халықты.
Қайратына Шораның
Көрген адам талыпты.
Қайратым асып қаншама,

Барайын деп ойлансам,
Көріп қалған қу көзім,
Шорадан көңлім қалыпты.
Шауып кетсек біз барып,

Мал менен жесір, қызды алып,
Елінен келсе Ер Шора,
Тағы да келер ізденіп.
Бұрынғыдан күйіңді

Екі есе қылар тамалар.
Аяқ-қолдан айырылып,
Қаларсың бәрің тізденіп.

ЕР  ШОРА

Жесірге кеткен ашынбас,
Бұған бола шашылмас.
Елін шапсаң ашынар,
Қосынмен келер сазданып,

Бұған нысап қылыңдар.
Сөзіме мойын бұрыңдар,
Тыныштық та қаныбет,
Көбі кетті, аз қалып.

Бүгінде Шора тірі, бар,
Бабай Түкті пірі бар,
Шораға болмас еш зиян,
Азғана халықты мен жиям,

Дүниенің адамы
Келсе де бәрі қозғалып.
Қайда кетті, халқым-ау,
Тебіренбес пен Қараман?

Заманында оларға
Есепсіз халық қараған,
Батырлығы олардың
Ай мен күннен сараман.

Олардай болып жан тумас,
Әулеті қалмақ қарадан.
Тайлы бие жеуші еді,
Артықша қылып шамадан.

Батырлықпен жұрт ұстап,
Көңілінде арман қалмаған.
Сонша батыр болғанмен,
Аспады күші Шорадан.

Есім батыр ағасы,
Тең келмес еш жан һәм оған.
Еліне Шора келген соң,
Аттаныс болар тамадан.

Сұрасып табар ақыры
«Қайда,—деп,—елі Қараман?»
Екінші келсе Ер Шора,
Үмітіңді үзе бер,

Жарық дүние бетінен,
Қатын менен баладан.
Көздерің көріп қалып ет,

батырлар  жыры
Қылғаны Шора анық ед.
Ұмыт болды бұ күнде
Елімде барсың зап адам,

Ендігісін, халайық,
Ойланып, қарап өзің біл!
Көп сапырған жарамас,
Тасыса қымыз сабадан.

Лайым ассын бақытымыз,
Айтамын бірақ шамамен.
Біздің тілді алсаңыз,
Ханым деп құлақ салсаңыз,

Ойыңнан таста бұл істі,
Тұрғанында жан аман.
Қантарханның қалмақтар,
Көп жиылған қосындар,

Бұл сөзін мақұл біліпті.
Едіреңдеген көп ердің,
Басылып көңілі тыныпты.
Нәрікбай елге келген соң,

Той-тамаша беріпті.
Жөрметөз қашып кеткенін
Келген соң жұрты біліпті.
Әйелді қумақ ар көріп,

Өзіне күшін пар көріп,
Тістеніп жүр Ер Шора,
Сылтауға таппай сынықты.
Тыңласаңыз,жақсылар,

Жүкті болған Жөрметөз,
Жақындап күні таянды,
Ер Шорадан болғаны,
Еліне қалмақ аян-ды.

Жиылып қалмақ кеңесті,
Кеңескенде не десті

—Балағатқа жетсе бұл,

Сенің әкең Шора деп,
Балаға қылма баянды,
Қолымыздан өсіріп,
Тарбият әбден қылайық,

ЕР  ШОРА

Ата-тегін, нәсілін
Білдіріп, баян қылмайық.
Бір пар келсе, пар келер
Ер Шораның күшіне.

Аман-есен ер жетіп,
Бұл бала болар ылайық.
«Атам кім?» деп сұраса,
Қараман деп алдайық.

Қатты бейнет көрсетпе,
Тілеуін тілеп тұрайық.
Келер ме күші Шораға,
Туғаннан қырық күн өткен соң,

Буыны қатып жеткен соң,
Баланы бір күн сынайық.
Бұл сөзді айтып қалмақтар,
Кетті бәрі тарасып.

Тоғыз ай, он күн бітті енді,
Туатын күні жетті енді.
Жолбарыстай ыңыранып,
Дүниеге бір ер кепті енді.

«Ақиқат еркек екен»,—деп,
Көрді бәрі қарасып.
Көрімдік беріп келгендер,
Көреді бәрі таласып.

Жарқыраған ақ жүзін
Мысалы айға санасып.
Сынаймыз деп халық жүр,
Жүзін көрген талып жүр.

Қырық күн өтіп арада,
Қырық бір күн келді жанасып.
Сол уақытта,жақсылар,
Көп қалмақ келді жиылып,

Ортаға алып баланы,
Үстіне бәрі үйіліп.
Еркек бала туғанға,
Қалмақтың бәрі сүйініп.

Алып деп атын қойдырды,
Молдасы келіп бұйырып.
25–253

батырлар  жыры
Қарсы келген қалмақтың
Бетіне Алып қарайды,
Қабағы тастай түйіліп.

Қолына түссе қай нәрсе,
Кетер еді үйіріп.
Емшекті қатты сорады,
Түсін көрген адамға,

Тұрады мұрнын шүйіріп.
Жұмыртқадай қара тас
Алып келді қалмақтар,
«Жарым қадақ келер»,—деп,

Қолына алып салмақтар.
Шеңгеліне Алыптың
Қара тасты ұстатты.
Сол уақытта Алыпты

Қара тастан күшті етті,
Сығымдайды балшықтай,
Кіріп кетті бармақтар.
Қалмақтың бәрі қуанды,

«Жар болғай»,—деп аруақтар.
Күннен күнге ер жетіп,
Алып бала шалқақтар.
Сондай бала туды деп,

Есітті қалмақ, жан-жақтар.
Ойнасын деп қояды,
Алдына төгіп үйеді,
Шеңгелдеп алып қысқанда,

Жүн мысал тозар жаңғақтар.
«Шорадан кекті алармыз,
Басына қырғын салармыз,
Ер жетсе мынау бала»,—деп,

Қуанып жүр қалмақтар.
Қызыл гүлдей жайнаған
Ер Алыптың сымбаты.
Әр нәрсеге жарайды,

Әсіл тастың қымбаты.
Болар бала боғынан,
Белгілі болар імбаты.
Күннен күнге ер жетіп,

ЕР  ШОРА

Ай, жыл өтіп арада,
Жолбарыстай жұлқынып,
Ет пенен сүйек бұл қатты.
Бір жыл кәміл толған соң,

Орнынан Алып тұрады.
Бір жарым жылға жетпей-ақ,
Апыл-тапыл жүреді.
Екі жыл анық толған соң,

Жүрмегін кәміл қылады.
Үшке жасы жетпей-ақ,
Тілін де анық шығарды.
Төрт жасқа жасы толған соң,

Барыстай мойнын бұрады.
Белгілі болып бес жылда,
Ата-тегін сұрады.
Алтыда ақыл айланып,

Мінезі жұртқа ұнады.
Жетіге жасы жеткенде,
Тұлпарға тоқым ұрады.
Сегізге жасы енгенде,

Балдармен ойын құрады.
Ерегіскен баланы
Жұдырықпен ұрады.
Шын қаһары келгенде,

Мыңнан бірді қырады.
Жұдырығы тигендер
Тілге келмей құлады.
Балалары өлсе де,

Қайғы-дықат көрсе де,
«Шорадан кекті алсақ»,—деп,
Лажсыз қалмақ шыдады.
Тоғызға жетіп толықсып,

Ер Алыптың жастары.
Жүзі-нұры ай сыпат,
Қиылған қара қастары.
Он жасында ел билеп,

Алыптан ешкім аспапты.
Аттанбақ болды тамаға
Қалмақтың кәрі-жастары.

батырлар  жыры
Қаңтархан қалды қалада,
Бір істі Алып бастады.
Есепсіз құлға басшы боп,

Алыптың көңілі тасқаны.
Аттанбақ болды қалмақтар
Шаһары Қазан қалаға.
Адамнан есеп алғалы

Шаһардан шықты далаға.
Жиылған әскер толыпты,
Тоғыз мың бес жүз шамаға.
Басшы болып баршасы,

Ықтияр берді балаға.
Жеті батыр бар еді,
Жиылған қосын арада.
Сәмбет деген бір батыр,

Бара-бар хан мен қараға.
Қалмақтан шыққан ер еді,
Болмаған пары арада.
Сазанды деген бір елден

Бір батыр келді жана да,
Бұ дағы асқан ер еді,
Сұрасаң, аты—Қалаба.
Әлімбет, Аран, ер Бікен,

Қалмақтан шыққан бәрі де.
Бәрі де асқан ер еді,
Даңқы кеткен далаға.
Құрыс деген бір қалмақ,

О дағы бір атасы.
Тыңдасаңыз, жамағат,
Сөзімнің жоқ қатасы.
Құрыстан шықты бір батыр,

Артықша туған жотасы.
Сегіз батпан деп еді,
Қолына алған сотасы.
Өзі жалпақ һәм жуан,

Денесі тегіс, тұп-тұтас,
Ешкіммен ойнап-күлмейді,
Бар адамдай қапасы,
Сұрасаң, аты—Шамұрат,

ЕР  ШОРА

Тебіренбес еді атасы.
Жетінші батыр сұрасаң,
Белгілі болған Алып-ты.
Қайратына Алыптың

Жасынан әркім қанық-ты.
Шораның баласы екені,
Бәріне қалмақ анық-ты.
Мергендігін өткерген,

Білтелі мылтық замықты.
Нысанадан өткерген,
Судағы көздеп балықты.
Аспаннан атып аққуды,

Қақтырмай қанат алыпты.
Жылдамдықпен ер Алып
Түнде атқан жұлдызды.
Кезеп тұрған сарыжайын,

Түсірмей жерге дарытты.
«Жүреді жауға балаң »,—деп,
Құлағына бір адам
Жөрметөздің салыпты.

Есіткен соң Жөрметөз,
Қайғырып жылап қамықты.
«Баламнан қалсам болмас,—деп,
Өзгенің тілін алмас»,—деп,

Баласына барыпты.
Сол уақытта, жақсылар,
Жөрметөз жылап сөйлейді:

—Тілімді алсаң, қарағым,

Бұл сапарға бармағын.
Құтылмастай бәлеге
Барамын деп қалмағын.
Мысалы, бұл жау-жанған өрт,

Жазылмайтын қанды дерт,
Жанған өртке, шырағым,
Жас жаныңды салмағын
Ол елде еркін ерлер бар,

Аш бөрідей жалмауыз,
Белгілі батыр—Есім ер,
Екінші батыр—Шора дер.

батырлар  жыры
Солар елді шапқанда,
Құтылдық деп қашып зорға біз.
Шора жеті жасында,

Шашты Әзіз ер қасында.
Бес жүз ермен ел шапты,
Тығылдық қашып орға біз.
Тайлы бие жейтұғын,

Мұнан жан өтпес дейтұғын,
Батыр боп тұрған сол күнде,
Тебіренбес еді жорғамыз.
Алысқанда Тебіренбес,

Мың кісіге барабар.
Білімнен де кем емес,
Әр өнері және бар.
Найзасына Есімнің

Шаншылған басы, көргенбіз!
Жүрегі жаудан қайтпаған,
Бұғанасы қатпаған,
Жаңа өспірім баласың,

Қаларсыз түсіп орға сіз!
Ер Алып сонда сөйлейді:

—Қой, шешеке, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама.
Жақсы-жаман әр істі
Баршасын Құдай қылады.
Өлімге бірдей жас-кәрі,

Ажалы келсе, тұра ма?
Болынған бастан бұл жұмыс,
Болмайтын істі сұрама.
Ойланып қара өзіңіз,

Жылайды бекер көзіңіз,
Ажалсыз жан шыға ма?
Ажал келсе адамзат,
Бір сағат қарап тұра ма?

Шешеке, мені тапсырғыл,
Жоқтан бар қып жаратқан,
Он сегіз мың әлемнің
Падышасы Құдайға!

ЕР  ШОРА

Баласынан Жөрметөз
Мұндай сөзді есітті.
Көп ойланып толғанды,
Қалуға шара нешік-ті?

Жалтаруға жан-жақтан,
Таппады еш бір тесікті.
«Тағдырға шара жоқ шығар,
Сол жұрттан жазса несіпті.

Өзім де қалмай барайын,
Ақ жазғанын көрейін».
Баласы бармай қалудан
Жөрметөз үміт кесіпті.

Сарамжалын сайланып,
Жүрмекші болды қалың қол.
Баласымен бармаққа
Жөрметөз даяр болды ол.

Батырлыққа ер Алып
Бірдей еді оң мен сол.
Саясатты, сымбатты,
Ашылған сыпат қызыл гүл.

Есіткен жерде ел қанша,
Бәрінен озған еді бұл.
Баласымен бірігіп,
Жөрметөз жүрді болған тұл.

Ер Алыпқа жасынан,
Құданың берген бақыты мол.
Басшы болды ер Алып,
Тоғыз мың бес жүз алып қол.

Айдынды шалқар даламен
Тамаға қарап тартты жол,
Тұлпар мініп батырлар,
Жау ізденіп желікті.

«Тамадан олжа алсақ»,—деп,
Нан тиместер елікті.
«Жетерміз қашан жауға?»—деп,
Батырлар жаман зерікті.

Ара жолда ат арып,
Айрықша бейнет көріпті.
Үдере көшіп тоқтамай,

батырлар  жыры
Он бес күн жол жүріпті.
Жеріне тама жеткенін
Барша қалмақ біліпті.

Бір күншілік жерге кеп,
Екі күн әскер тынықты.
Ілгері Шора барғанда,
Көргенін қалмақ ұмытты.

Әскерді бастап Алып ер,
Ел шетіне кіріпті.
Жеті күн бұрын бұлардан
Аңға Шора шығыпты.

Әлімхан патша һәм кеткен,
Жалғыз-ақ Есім тұрыпты.
Шаһар Қазан қаланың
Қақпасына жақын кеп,

Алып та туын тігіпті.
Сол уақытта Есім ер
Бір пәленің келгенін
Сонда байқап біліпті.

Көшеге адам шаптырып,
Шаһарға хабар қылыпты.
«Бұ не деген бәле?»,— деп,
Есіткен адам үрікті.

Қабыл-құбыл жиналып,
Барабан-дабыл ұрыпты,
Арасында таманың
Қалмақтан тыңшы жүріпті,

Шаһары Қазан қаладан
Бес жүз тама жиналып
Тоғыз мың бес жүз қалмаққа
Сап түзетіп тұрыпты.

Сол уақытта, жақсылар,
Есімнің айтқан сөзімен
Тамадан шықты бір адам,
Баһадүр туған ер еді

Сұрасаң, аты—Саттархан.
Жеке шықты ақырып,
«Келші-кел»,—деп шақырып.
Ер Сәмбет келді қалмақтан,

ЕР  ШОРА

Не болар деп екі ер
Қарасып тұрды жан-жақтан.
Кезекпе-кезек екеуі
Ұрыс қылды салмақпен.

Қолына найза алысты,
Қарсыласып барысты.
Атаңа нәлет қу қалмақ
Жібермеді намысты.

Ұрыс болса ер Сәмбет,
Білер еді әр істі.
Жеті сағат өткен соң,
Саттархан қолы қарысты.

Ал енді Сәмбет ойлады,
Мазақ қылып ойнады.
Мойнына шынжыр арқан сап,
Саттарханды байлады.

Қол аяғын мекемдеп,
Қуалап жаяу айдады.
Мұны көріп Есім ер,
Іші оттай қайнады.

Баруға неше ойланып,
Тағы да сабыр айлады.
Тамадан шықты тағы да ер,
Сұрасаң аты Байдалы.

Ақырып келді айқайлап,
«Кел, ә, қалмақ ойналық».
Сәмбет һәм келді сайланып,
Қалмаққа буған айланып.

Келді Сәмбет сөйлесіп,
Байдалының қасына.
Отыздан асқан кісі еді,
Байдалының жасы да.

Мінезі ауыр ер еді,
Қылмапты істі асыға.
Ата-тегін сұрасып,
Тұрғанында абайсыз.

Жылдамдық қылып ер Сәмбет,
Қылышты ұрды басына.
«Құдайыңа бар,—деді,

батырлар  жыры
Осы екен сізге несібе!»
Мұны көріп, жақсылар,
Ақыр заман орнады,

Тамалардың басына.
Бұрын мұндай көрмеген,
Таманың кәрі-жасы да.
Арыстандай ақырып,

Тұрды Сәмбет майданда.
Бірме-бір келген батырды,
Жіберіп тұр «сайранға».
«Япырмай, заман қайтер»,—деп,

Тамалар қалды айранға.
Жетеуін Сәмбет өлтірді,
Екеуі тірі байланды.
Біреуі парлас келмеді,

Айбаттанып айқайлап,
Сәмбет ер күшін жайғанда.
Сол уақытта күн батып,
Ұясына ол батты.

Есім батыр қайғырып,
Ұйықтамастан түн қатты.
Көшеге панар шам жағып,
Қарауыл қарап тұр қатты.

Машырықтан сарғайып,
Мезгілімен таң атты.
Жамиғат болып әр жерде,
Оқып алды памдатты.

Кіремін деп қалмақтар,
Қақпаның аузын шаңдатты.
Баяғы Сәмбет тағы да,
«Жеке, қазақ, жеке,—деп,

Келші, қазақ-еке»,—деп,
Майданға мініп салды атты.
Тамадан адам бармады,
«Бар!»—деп Есім зорлады.

Барғаны қайтып келген жоқ,
Қайтсін қорықпай, жан тәтті.
«Бір талапкер бар ма?»,—деп,

ЕР  ШОРА

Үш қарады Есім жан-жаққа.
Бармақ түгіл майданға,
Бәрінде зәре қалмапты.
Үрейі кетіп тұрғанын,

Ақылмен Есім аңлапты.
Күдерін жұрттан үзген соң,
Ойланды Есім бармақты.
Мұны естіп Нәрікбай,

Есімге келіп зарлапты:

—Барамысың шыныңмен,

Қарағым, қалқам, ардақты?
Ара тұрмас жанға мал,
Қарағым, мұнан хабар ал.
Бітімге келер күн болса,

Аямайық мал жақты.
Ерегіссе ер өлер,
Дұшпанның түбі салмақты.
Лажы болса тоқтауға,

Алдайық малмен қалмақты.
Жауда жазым боп кетсең,
Сексенге келген ағаңа
Өлімнен үлкен салмақ-ты.

Талай жауды көріп ем,
Талайға жаза беріп ем.
Осы келген бәлені,
Сол бәленің бәрінен

Көремін қиын алмақты.
Лажын тапсаң татулас,
Батырып кетер бармақты.
Шаншуы солға айналса,

Жазуы қиын қармақты.
Әлімхан, Шора мұнда жоқ,
Мәсілат кеңес қылатын,
Біреуі де қалмапты.

Менің берген ақылым,
Қарсылық қылма кәпірге.
Аз күн алдап тұра тұр,
Жад етіп Құдай, әруақты.

батырлар  жыры
Ағасының айтқанын
Мақұл алды Есім ер.
Біреуді дереу жұмсады,

—Қалмаққа елші болып кел,

Дұшпандықты тастайық,
Татуласып болып ел.
Көңілдегі жұмысын,
Оны да сұрап біліп кел.

Әйтеуір малға тоқтаса,
Мақұл деп уәде қылып кел.
Ашуланып сөз айтса,
Сен жауабын күліп бер.

Сұрап келгін тағыда,
Осынша қалың қалмақты
Жиып алып Қазанға
Бастап келген қандай ер?

Елші келді қалмаққа,
Қамалып жатқан қол жаққа.
Қалмақтың қолын қараса,
Есепсіз келген сан адам.

Қолбасшысын қараса,
Толмаған жасқа баладан.
Тұлғасына қараса,
Барабар келмес жан адам.

Ойланғанмен ой жетпес,
Артықша туған шамадан.
Алдына келіп Алыптың,
Арызға тұрды тама ағаң.

Елші тама сөйлейді,
Жаңылмай сөзін сараман:

—Ассалаумәликүм,

Арыз қып сізге қарадық,
Қазан халқы тамамын.
Ұрысты қойдық ойланып,
Сұраймыз елдің аманын.

Бекер набыт боп кетер,
Кәрі-жас, қатын-баламен.
Жетім-пақыр ақы үшін

ЕР  ШОРА

Тілейміз сіздің панадан.
Қаһатшылық биыл біздің ел,
Көп ел көшті қаладан.
Диқаншылық іс қылып,

Таппаққа тамақ даладан.
Жайымыз біздің осылай,
Тыңласаңыз, патша-хан!
Рақымет Алладан,

Не дейсіз бұған ал енді,
Сөзімді қылдым мен тамам.
Бастан аяқ есітті,
Таманың Алып сөздерін,

—Осындай дейді мынау ел,

Не дейсің бұған, көздерім?
Татушылық көп жақсы,
Керегі не өзгенің?
Малға бітім қылайық,

Ұрыс қылмай тынайық.
Жұртқа теріс көрінер,
Татулықтан безгенім.
Жақсылар, қапы қалмаңдар,

Көңілде болса сөздерің.
Алып ердің ағасы
Сөйледі сонда Ер Бақай:

—Айтқаның мақұл, ер Алып,

Айтпасаң іште шер болғай.
Әзірге тату болар бұл,
Түбінде кетер ел болмай.
Қазақтың сөзден тануы,

Көрген түстен тіпті оңай.
Сен білмейсің, ер Алып,
Арада кеп көп бір талай.
Обал, сірә, тамаға,

Көрсетсе жұмыс бірталай.
Атаңыз сіздің Қараман
Білемісің, қалқам-ай?
Тамада Шора батыр бар,

Қойдағы қошқар марқадай.
Қараманды өлтірген,

батырлар  жыры
Шора батыр бұл тама-ай.
Атаңыздың қысасын,
Алмайсыз ба, ер Алып?

Есіңе түсер ер жетсең,
Құмарың жүрер тарқамай.
Ордаңа салған ойранды,
Қыз-келін қойдай айдалды.

Көп жұмыс болған ілгері,
Бәрін де тұрмын айта алмай.
Еріп келген артыңнан,
Әр жұрттан келген батыр бар.

Аламыз деп көп олжа,
Мейрімізше әр қалай.
Артыңды ойла абайлап,
Бұл жерге келдік дәм айдап.

Тым болмаса олжа сал,
Таманың жұрты малға бай.
Ер Бақайдың бұл сөзін,
Батыр Алып аңлады.

Әр жұмысты ойланар,
Бар еді бастан саңлағы.
Ел болуға тамамен,
Қоймады шулап қалмағы.

Қараманның қысасын,
Ойланды тағы алғалы.
Тамадан келген елшіні,
Шақырып алды ер Алып,

«Мұнша нәрсе берсін»,—деп,
Тамаға салық салғалы.
Мың түйе, қой, мың жылқы,
Бермекке болды парманы.

—Мың құл мен мың қыз бересің,

Ойласаң аман қалғалы.
Осы құлдың басшысы,
Ер Алыпқа бересің
Тоғыз құл, тоғыз қызбенен,

Жылқыдан тоқсан жорғаны.
Уәзірлерге көп айттым,

ЕР  ШОРА

Мұнан кемге болмады.
Тағы да ұстап бересің
Есім менен Шораны.
Сонан соң тату боламыз,

Болмаса ұрыс қыламыз.
Осы айтқан нәрсенің
Болмаса таяр заманы.
Елші мұны есітіп,

Қайтып кетті тамаға.
Қалмақтан қорқып қазақтар,
Шықпай тұр бірі далаға.
Елші келді ылажсыз,

Көрінді келіп көбіне.
Алыптың айтқан сөзінің
Баршасын салды араға.
Оңатұғын іс емес,

Келмейтін бәрі шамаға.
Қайраттанып Есім ер,
Бұл сөзді айтты жана да:

—Бәріміз бір күн шығайық,

Қамалғанша қалаға.
Жан сақтап қалған жарамас,
Ешкідей үріккен панаға.
Ойда-түзде болғанмен,

Қаза жетпей қала ма.
Қырық жыл қырғын болғанмен,
Ажалсыз адам өле ме?
Келетін болды уақыты

Ауға кеткен Шора да.
Ойлап қара, жамағат,
Қыз-қатынның баршасын,
Олжа ғып беріп қалмаққа,

Күн көрген тірі бола ма?!
Кәпірден қорықсаң, тамалар,
Ұрысқа өзім барамын.
Салғанын ақтың көремін,

Біреуің жақын жолама!

батырлар  жыры
Бұл сөзді айтып Есім би,
Жар салдырды жұртына.
Жастайынан бұл Есім

Көріп жүрген талайды.
Талай ермен алысқан,
Бәрінен келді бұл дұрыс.
Шамұраттай батырды,

Анау-мынау жұмыспен,
Алмағы қиын болды күш.
Ары-бері салысты,
Арыстандай алысты.

Бір-бірін жеңіп алмады еш,
Қылышпен кезек шабысып.
Тұрмады қарап бір тыныш,
Қылышты да қынға сап.

Шоқпармен ұрды дүріспе-дүрс,
Шоқпармен де болмады,
Бұған да көңіл толмады.
Осы түрлі жұмыспен,

Күн батып, дүние болды кеш.
Қосынына қайтады,
Екі батыр айрылып.
Уәде қылды екі ер,

Келмекке ертең қайрылып.
Төрт батыры өлгенге,
Қалмақтар жатыр қайғырып.
Қосынға барды Шамұрат,

Бұйрық қып он қой сойдырып,
Жарты құлаш нан жеп он қоймен,
Тамағын алды тойдырып.
Ұйықтап рахат қылды енді,

Төсегін салып жайдырып.
Есім һәм қайтты еліне,
Жаратқанға зар қылып.
«Жаратыпсың Құдай-а,

Әзелде маған пар қылып.
Бір күн ұдайы ұрысып,
Жеңбедім деп ар қылып,
Қор қылма, Құдай, кәпірге,

ЕР  ШОРА

Әулиелерді жар қылып,
Жетпістен өтіп бұл күнде,
Сексенге жақын келді жас.
Кәпір менен мұсылман,

Әуелден ақыр дінге қас.
Қаһары түссе Алланың,
Жүндеп тозар қара тас.
Қазат үшін, Құдай-а,

Ақ жолына бердім бас.
Бір белгілі тілегім,
Күлмесін сырттан кәрі-жас.
Досты һәм қылдың Махамбет,

Әлемге нәмі болды паш.
Үрметі үшін Расулдың,
Рахметіңмен маған есік аш.
Шаярмен асхабдың,

Үрметі слам қарындаш.
Жәми расул, әнбия,
Машайық, зәміт, әулие.
Төрт мақырап, көп мәлік,

Дін жолында жәми нас,
Кәпірмен қылдым дін талас.
Он сегіз мың ғаламның
Ақтай анық патшасы».

Түні бойы зарланып,
Атқызды көзі таңды рас.
Шам болып, памдат оқыды,
Артықша қылып ықылас.

Бата алып көптен Есім ер,
Майданға ұрды ол құлаш.
Сауытын киіп аттанды,
Найзасын алып он құлаш.

«Шапшаң шық, Шамұрат кәпір»,—деп,
Майданға барып тұрды бас.
Егерге шоқпар ілулі,
Қолында қылыш жалаңаш.

Сауыт пен қалқан киінген,
Жаннан қорқып аянбас.
Ішіп-жеп әбден тойынып,
26–253

батырлар  жыры
Аттанды енді Шамұрат.
Жолбарыстай жұлқынып,
Майданға шықты бұл нәкәс.

Айбаттанып ақырып,
Есімге келді қарсылас.
Әуелі мылтық атысты,
Нәубетпе-нәубет партылдас.

Місе тұтпай мылтықты,
Қылышпен қылды шартылдас.
Қылыштан да кәр болмай,
Шоқпармен қылды тарсылдас.

Аянбай жүр екі ер,
Өлімнен қорқып тартынбас.
Он сағат ұдайы ұрысты,
Біреуі шаршап алқынбас.

Шоқпарды қойып, найза алды,
Шаншыспаққа айналды.
Он кез найза Есімде,
Шамұрат қалай шаншылмас?

Ашуланды Есім ер,
Қайраты қатты қысылып.
Қапы қалма, жақсылар,
Аңлап отыр түсініп.

Шамұратты шанышпаққа,
Найзасын алды ұсынып.
«Алла!» деп салды найзасын,
Құртты кәпір айласын.

Бауырынан батырды,
Тұрғанда кәпір көсіліп,
Дендеп кіріп кеткен соң,
Құлады Шамұрат асылып.

Қарасып тұрған қалмақтар,
«Енді өлер Есім»,—деп еді.
Қайраты асып Есімнің,
Мұны да жайпап жөнеді.

Жат етіп Есім аруақты,
Бірме-бір келген қалмақты,
Жіберді жанын жәннемге.
Ажалдан шербет [береді],

ЕР  ШОРА

Шамұраттың өлгенін,
Көргеннен соң қалмақтар,
Зәресі кетті бәрінің.
Қайғы түсті көңіліне,

Жасы менен кәрінің.
Есім ердің қайратын,
Қайратына мезгеді.
Әзіреті Әлі шерінің,

Бара-бар келмей батыры,
Жекпе-жекке қалмақтар,
Болмады табы бәрінің.
Қорыққаннан көбісі

Қия алмай жатса жарығын.
«Шық!» десе ешкім шықпайды,
Бір-бірін қалмақ ықтайды.
Бұйырды сонда ер Алып,

Бір мыңы тегіс жабылды.
Мұны естіп қалмақтар,
Бір мыңы бірден ат қойды.
Есімді алды ортаға,

Жан-жақтан қағып дабылды.
Тамалар да есітті,
Аттанған қосын дабырды.
Бастығы болып Нәрікбай,

Кеткізді ақыл-сабырды.
«Алла!» деп, олар да ат қойды,
Тәрк қылмай байдың әмірін.
Мұсылман-кәпір қосылды,

Қызыл қан судай жосылды.
«Ниет-қазат!»—деп кірді,
Ойламай қамын жанының.
Қалтырайды қалмақтар,

Есім ердің ұрыста,
Есітсе дабыс, сарынын.
Жарым сағат өтпей-ақ,
Есімнің өзі ұрысып,

Қалмақтың қырды жарымын.
Сол уақытта тамалар,
Қатарын түзеді сапының.

батырлар  жыры
Бес жүз он бес кісі еді,
Жиылған тама жәмінің.
Мың қалмақ тағы ат қойды,

Алыптың тұтып әмірін.
Таманың қатын-баласын,
Ұрыс болып жатқанда,
Қалаға айдап қамады.

Баршасын тегіс малының
Екі қосын ат қойды
Бір-бірінен аянбай.
«Аллалап» жүр тамалар,

Кәпірдің тілі шаяндай.
Есім батыр ерлігі,
Бәріне қалмақ аянды-ай.
Мың қалмақты тағы да,

Сап қылуға таянды.
Мұны көріп Ер Алып,
Қосынның бәрін бұйырды.
Қарап тұрмай бәрі де,

Қалмастан қалмақ жүгірді.
Ұрыспаққа Алып та,
Қынаптан қылыш суырды.
Алдымен кірді Ер Алып,

Астында тұлпар бүйірлі.
Қылышқа-қылыш шартылдап,
Шақпақтай оты жарқылдап,
Күрзіге-күрзі тарсылдап,

Мылтықтың даусы партылдап,
Аз таманың қалмақтар,
Әпшісін жаман қуырды.
Қаптап кетті майданға,

Әскер қалмақ бәрі де.
Бір тамаға он қалмақ,
Қылыш сапты серіне.
Ер Алыптың кім шыдар,

Қарсы келсе зәріне?
Көпшілікке күш келмей,
Бұзылды тама сәні де.
Біреу емес, екі емес,

ЕР  ШОРА

Келмеді онға әлі де.
Ұрыс қылды ойсан қып,
Нәрікбайдай кәрі де.
Осы ұрыс ішінде,

Айқайлап қырып қалмақты,
Есім батыр кез келді
Арыстан Алып шеріге.
Қайтер екен Есекең,

Жолықты бір бура кеп,
Айдаһардай ысқырып,
Есімді тартты деміне.
Жүрегін жаудан қайтармай,

Есім де келді шеніне.
Аты-жөнін сұрасып,
Тұрды біраз көріне.
Қайран қалды Есім ер

Тұлғасына Алыптың.
Сұлулығын ұқсатты,
Он бес күн ай жарықтың.
Бой сымбаты Шорадай,

Бет әлпі мысал Нәріктің,
Түсі суық аңдатты,
Білтесіндей замықтың.
Есімнің түсті мехірі,

Бұрғандай сарын зақардың.
Есім ер айтты Алыпқа:

—Атаң менен асылың,

Білдірші кімнен нәсілің?
Порымыңа айран қалыппын.
Алып сонда сөйледі:

—Атамның атын сұрасаң,

Хан болып өткен Қараман.
Қара қалмақ нәсілім,
Қараман ұлы боламын.
Батыр Алып—өз атым,

Белгілі халыққа сарамын.
Ілгеріде ел шауып,
Өліпті атам тамадан.
Басшы болған сонда сіз,

батырлар  жыры
Қазасы жеткен Шорадан,
Атамның енді қысасын
Бұл күні сізден аламын.

Еліңді шауып еңіретіп,
Қой-қозыдай маңыратып,
Қараңғы түнді саламын.
Болмаса қалмақ дініне,

Қалап сіз кірсең жан аман,
Айтқаныма көнбесең,
Тыныштықты жақсы көрмесең,
Күдеріңді үзе бер

Қатын менен баладан.
Ажалға тоқтар айла жоқ,
Көп сөйлеуден пайда жоқ.
Бір азырақ ойнайық,

Тұрғанша қарап, ағажан.
Есім мұны есітіп,
Суырып алды қылышын.
Мейірі түсіп Алыпқа,

Ойланды тағы жұмысын.

—Кезекті бердім ал, балам,

Ләзім-дүр мені ұрысың.
Жетпіс бес жыл өткердім
Өмір, дүние-сұм үшін.
Зәредей арман қалған жоқ,

Өкінбей өткен күн үшін.
Лаж жоқ шексіз кеседі,
Бір мәрте тисе қылышың.
Сыпатыңа қарасам,

Ашылған бақтың гүлісің.
Аға деп салдың, жан балам,
Ағасы аяр інісін.
Ал енді жылдам қайрат қыл,

Болмайды қарап тұрысың.
Алып айтты Есімге:

—Әуелі сіз ұрыңыз,

Жасыңыз үлкен бір нәубет.
Білгеніңді қылыңыз,
Жұрт билеген сияқты

ЕР  ШОРА

Көрінеді түріңіз.
Жол-жобаға салғанда,
Жасы кіші ініңіз,
Сақалдың ағын сыйламай,

Келіспес, сірә, мұнымыз.
Есім би айтты: «Ер Алып,
Мен қойдым енді ұрысты.
Тағдырда қылар бір Құда

Жақсы-жаман жұмысты».
Алыпты аяп Есім ер,
Қынапқа салды қылышты.
Ұрыс қылмай екеуі,

Бір азырақ тұрысты.
Арада сағат өткен соң
Ойланды Алып бұл істі:

—Зәбір қылмай жаныңа,

Алмағым байлап дұрыс-ты.
Ұзатпай азат қылармын,
Шорамен қылсам тынысты.
Қол қатпай бұған жіберсем,

Қорыққанынан қойды деп,
Артымнан келген көп халық
Сыртымнан қылар күлісті.
Басшысын байлап алайын,

Халқыма олжа салайын.
Мұны қатты силармын,
Тамамен қылсам шығысты.
Мұны ойланып Алып ер,

Байлады барып Есімді.
Қарсылық қылмай Есекең,
Жөніне қарай есілді.
Байланғанын Есімнің

Көргеннен соң Нәрікбай,
Қырқылып тілі кесілді.
Айқай салып ұмтылып,
«Жығылды, тама, туың»,—деп,

Қалмақтың бәрі есірді.
Мұсылман-кәпір ұрысып,
Намыс үшін тырысып,

батырлар  жыры
Опыр-топыр майданда
Талайдың басы кесілді.
Соғыспаққа Алыппен

Киімін Нәрік шешінді.
Көңіліне қайғы толтырып,
Қанды жас көзге келтірді.

—Аяйтын енді қалған жоқ,

Сексеннен асқан жасымды.
Артымда қалған халқымдар,
Шораға сәлем айтыңдар.
Қарағым Есім, жолына

Қыламын құрбан басымды.
Қарағым Есім, қайдасың,
Айрылдың ба дауыстан?
Кәпірге жалған жар болып,

Замана шіркін ауысқан.
Жатырлас, парлас, жан бауыр,
Бір ішіп сусын тауысқан.
Тай-құлындай тебісіп,

Бір төсекте жатысқан.
Асық ойнап алысқан,
Көп қызыққа батысқан.
Таласып емшек емісіп,

Қой-қозыдай табысқан.
Таяғымды көтерген,
Тал шыбықтай майысқан.
Бір ауыз сөзі тимеген,

Ұрсам да темір, қайыспен.
Жал-қанатым, құйрығым,
Айбатым болған алыстан.
Тетелес өскен тең серік,

Хабары болған әр істен.
Жасынан халыққа қорған боп,
Жақсылармен жарысқан.
Найза бойы қар жауса,

Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Шыдамайды туысқан.
Балапандай пар өсіп,

ЕР  ШОРА

Дән жеген бір ыдыстан.
Аты-жөніңді естіп,
Көп дұшпан сырттан қорықан.
Аш бөрідей шайнадың,

Батырды талай салысқан.
Жетпіс беске жеткенде,
Қолына қалмақ тұтылдың.
Қандай күйде жатырсың,

Қарағым, қалқам, арыстан.
Нәрікбай көп зарланып,
Көзінің төкті жастарын.
Қаһарменен қамшы ұрып,

Атының төкті бастарын.
Біраз қырды қылышпен,
Қалмақтың кәрі-жастарын.
Жетіп келді Алыпқа,

Қолына алып шоқпарын.
Ашуланып ақырып,
Салып кетті Алыпты.
Екі-үш ұрып өткен соң,

Деп айтты: «Баба, тоқта енді».
Тоқта деп екі-үш айтса да,
Тоқтамады Нәрікбай.
Ұрғаны шыбын құрлы жоқ,

Әйтеуір көкірек, дәриға-ай.
Нәрікбайдың шоқпарын
Тартып алды ер Алып.
Денесіне дарытпай,

Қолына алды найзасын.
Жан қамын неғып ойласын,
Байлауда Есім нарттай.
Нәрікбайдың найзасын

Тартып алды тағы да.
Бетіне Алып қаратпай,
Қылышын тағы суырды.
Жүрегі жаудан қайтпай,

Мұны да жұлып алды Алып.
Қарудың бәрін сап қылды,
Қаһарланып сөз айтпай,

батырлар  жыры
Бар қарудан айрылып,
Нәріктің болды көңлі дақ.

—Опасы жоқ сұм жалған,

Басымнан парлап өтті бақ.
Көп жәбір көрді мұсылман,
Кәпірге дүние болды жақ.
Қомсынған ерге Тәңірім бар,

Жұмыстың бәрі болды тап.
Сексеннен асып секіріп,
Патша мысал міндім тақ.
Бұл жерлерге келгенде,

Осындай жұмыс көрмекті,
Тағдырда тәбділ болмайды,
Жазғаны шығар мұны да ақ.
Мұны ойланып Нәрікбай,

Алыпқа қарап жүрді енді.
Ары-бері толғанып,
Сөйлеуге жүзін бұрды енді.
«Бәлі, шабаз, бәлі»,—деп,

Мәрттік жауап қылды енді.
Ұрысқанмен өшігіп,
Шамасы келмес, білді енді.
Елдесіп ел болуға,

Жөн сөзге ашты тілді енді.
Нәрікбай сонда сөйледі:

—Сипатыңа қарасам,

Толмаған жасы баласың.
Келбетіңе қарасам,
Оттай қаулап жанасың.
Зер қадірін білгендей,

Жас та болсаң данасың.
Бәллі, шабаз абзалым,
Ұшқан құсты шаласың.
Ойранды бір қыларсың,

Қаһарлансаң, қырарсың.
Қазан халқы—тамасын,
Елдеспекке ептесіп,
Қайтсең де жарас боласың.

Ырзамыз айтқан әміріңе,

ЕР  ШОРА

Қай түрлі салық саласың.
Үмбеті Расул Махамбет,
Шулатпа қатын-баласын.
Жақсы-жаман жұмыстан,

Көңліңізде бар болса,
Сөйлеңіз бердім мен нәубет,
Айтылмай арман қалмасын.
Алып сонда сөйледі:

—Атым Алып, атеке-ау,

Атамның аты Қараман,
Хан болып өткен халқына,
Баласы соның боламын.
Бір заман ұрыс болыпты,

Қазан халқы -- тамамен.
Сол ұрыста атамның
Қазасы жеткен Шорадан.
Әуелі Шораны өлтіріп,

Атам қанын аламын.
Онан соң күллі тамаға,
Бұл салықты саламын:

—Мың жылқы, қой, мың түйе,

Мың құл, мың қыз баламен,
Осы айтқанның баршасы,
Даяр болса баба-еке-ау,
Сонда жарас боламын.

Ойланып қара өзіңіз,
Осынша қол аттанып,
Күн-түн қатып арада,
Көп бейнет көріп келемін.

Әкімді таптым аңлыған,
Қалайша наүміт қаламын.
Бұл айтқанға көнбесең,
Айтатын тағы бір сөз бар,

Көңлімде менің қалаған.
Ата-баба қалмақтың
Әуелден діні сараман.
Амандық болар еліне,

Қалмақтың кірсең дініне,
Қаларсың сонда жан аман.

батырлар  жыры
Алмақ түгіл сіздерден
Сізге мен олжа саламын.
Бір елді дінге салдық деп,

Шаттанып елге барамын.
Мақұл десең мұны, еліңе
Әм тату болам Шорамен.
Бұл айтқанды қылсаңыз,

Сөзіме мойын бұрсаңыз,
Уағдада тұрсаңыз,
Дұшпандық кетер арадан.
Нәрікбай сонда сөйледі:

—Батыр туған, ер Алып,

Сөзіме құлақ салсаңыз.
Мен шынымды айтайын,
Жалған деме, наныңыз.
Әлімхан, Шора далада,

Ауға кеткен нарымыз.
Қатын, бала-шағамен,
Мұнда жас-кәрі шалымыз,
Зәрлі болса егер де,

Алдыңа тарту барымыз.
Әлімхан мен Шораны
Қолыммен ұстап беруге
Келмейді біздің әліміз.

Олжада болса көңілің,
Қалада барлық малымыз.
Сап тартып ұрыс қылуға,
Болмайды біздің сәніміз.

Ойланып түбін жұмыс қыл,
Батып тұр әзір зәріңіз.
Не қылсаң ерік өзіңде,
Алсаң да даяр жанымыз.

Мұны есітіп ер Алып,
Шақырды сонда бектерін.
Кеңеске салды келтіріп,
Нәріктің айтқан кепдерін.

Әлімхан, Шора ілгері,
Хабарсыз ауға кеткенін.

ЕР  ШОРА

Падышасыз, батырсыз,
Басына қайғы жеткенін.
Ер Бақай сонда сөйледі,
Ілгері болып өткенін:

—Қараман атаң хан болған,

Жер алып, халі жеткенін.
Ақырында Ер Шора
Өлтіріп, талан еткенін.
Қысас қан алмай Шорадан,

Ар-намыссыз кетпегін.
Өз қылғанын өзіне ет,
Дұшпанды құрсант етпегін.
Мақұл көрсең, Алыпжан,

Таманың еркек адамын
Қол-аяғын байлайық.
Қатын, қыз, жесір әйелді
Малға қосып айдайық.

Жүруге жолға жараса,
Алалдан айдап қоймайық,
Итіне шейін жиып ал,
Бұл сөзге, қалқам, назар сал.

Өткен істі ойлайық,
Шора келсе артынан,
Айрылған[ын] көрсін халқынан.
Қарап жатпас, бір келер,

Жолықса, жолда ойнайық.
Бақайдың айтқан сөзінің,
Баршасын қылды бұл мақұл.
Таманың бәрін байлады,

Шулатып жесір айдайды.
Таптық деп жақсы бір ақыл,
Төрт түлік малды айдады.
Қалаға мал симады,

Алалын қоймай ап кетті,
Жан-жаққа шауып көп кәпір.
Шал менен кемпір бұл қалды,
Бесікте ұл мен қыз қалды.

Ойран қылып орданы,

батырлар  жыры
Жиып алды көп шатыр.
Қыз, келін кетті айдалып,
Ерлері кетті байланып.

Емшегі жоқ емуге,
Тұла бойы қалтырап,
Сары жай түсті тақымнан.

—Япырмау, мұның баршасын,

Сұрады кім деп жапырған,
Қандай бәле болды кез?
Келді ме дұшпан жақыннан,
Нәрікбай, Есім бұл қайда,

Қыз, жігіт, құл мен күң қайда?
Көрінбес нышан шатырдан.
Жауап берді ханына,
Сонда шалдар жиылып.

Иектері кемсеңдеп,
Қойнына жасы құйылып.
Өксігін баспай өкірді,
Сөз айта алмай түйіліп.

Әлімхан келді деген соң,
Шаһардағы кемпір-шал,
Кеп жатыр бәрі үйіліп.
Нәрікбай, Есім, Құлқаныс

Түспеген соң көзіне,
Шора тұр қатты күйініп.
Бурабайұлы Пайыз шал
Сонда тұрып сөйледі:

—Ау аулап кеттің, тақсыр-ай,

Салмастан назар артыңа.
Баяғы өлген Қараман[ның]
Алып деген баласы,
Батыр болып ер жетіп,

Болыпты патша халқына.
Қосын тартып келіпті,
Әскерін ертіп артына.
Батырды барлық қалмақтар,

Дұшпандық түсіп салтына,
Келіп кетті [жұртыңа].

ЕР  ШОРА

Тұрмады қарап тартына,
Қалдырмай шауып қаңғыртып,
Кемпір-шалды аңыратып,
Қой-қозыдай маңыратып,

Жетті сөйтіп сертіне.
Нәрікбай, Есім байланып,
Қолды болып ұл кетті.
Көңлі жасып көп жылап,

Сәлем айтты жалпыға.
Ат ойнатты қалмақтар,
Үш күн ұдай ұрысып.
Тоғыз мың келді қалмақтан,

Тамадан бес жүз тұрысып.
Азбын деп тама тұрмады,
Аянбастан жұлысып.
Жібердік елші дүниемен,

Кетсін деп бізбен тынысып.
Тоқтатпады ұрысты,
Бейнаһият қырысып.
Есінен танды тамалар,

Келмеді кәйтсін шамалар.
Қалаға кіріп қамалып,
Кіргізбедік тырысып.
Ақым қазды қалмақтар,

Астымен жердің жылысып.
Қазған ақым жақындап,
Шаһарға жетті ығысып.
Бұзатын болды қаланы,

Құрыды жұрттың амалы.
Қақпаны аштық лажсыз,
Тәуекел аққа қылысып.
Қалмақтан өлді бес батыр,

Ұрысты Есім жүрісіп.
Нәрікбай атаң бұл кетті,
Қамалға қалың кірісіп.
Қарсыласты Есім ер,

Алыппен қарсы тұрысып.
Жеңе алмады Алыпты,
Айламен қайрат қылысып.

батырлар  жыры
Құлқаныс, Нәрік, Есімді,
Қанша мал, ел мен жесірді,
Ер Алыптың күшімен,

Байланды ақыр тырысып.
Қанша ерлер қырылды,
Соғыс қылып майданда.
Ер Алыптың қайраты

Қалдырды жанды айранға.
Әлі келмей әлсіреп,
Тамалар тегіс байланды.
Алалын қоймай ап кетті,

Жарлыдан да, байдан да.
Сіз ауылдан кеткен соң,
Жеті күн арада өткен соң,
Қалмақтар сонда шаң берді.

Шыққан соң сіздер сайранға
Аң аулап сіздер құрыдың,
Біз түстік мұнда ойранға.
Ер Алыптың қайраты,

Шеріден артық айбаты.
Баяғы Рүстем-Дастаннан
Бір мысқал кем деп ойланба,
Ертерек же қамыңды,

Мұнда бекер ойланба.
Жинағыл жылдам халқыңды,
Түзетіп ерлік, салтыңды.
Артынан жылдам жете көр,

Ел-жұртың барад айдауда.
Ата-ана һәм ағаң,
Бұл кетіп барад байлауда.
«Шораға бір айқаспай,

Нар бурадай шайқаспай,
Жолбарыстай алыспай,
Қарыс шеңгел салыспай,
Өлеміз бе көріспей».

Барады басын шайқауда,
Алды-артыңды аңлаңыз,
Қапыл боп түсіп қалмаңыз.
Шора қашан келер,— деп,

ЕР  ШОРА

Келсе дереу өлер деп,
Жүрген шығар ер Алып
Ертелі-кеш байқауда.
Шора сонда сөйледі:

—Ағарсын сенің көздерің,

Құлағыма кірмейді,
Дәркер емес сөздерің.
Күндерің қарап қатыннан,
Әйтеуір бар «біз» дерің.

Майданда Есім ұрыссын,
Басшы боп Есім тұрыссын.
Шапқыншы бізге жібермей,
Не бітірдің өздерің.

Алыпты ер деп айтасың,
Көрінбей ісі өзгенің.
Балаға шыдас бере алмай,
Мал-жаныңнан безгенің.

Ұзатпа енді сөзіңді,
Оярмын екі көзіңді.
Көрінбей жоғал көзіме,
Малтанды енді езбегін.

Мұны естіп Пайыз шал,
Сөйлемей аузын жымырды.
Ер Алыппен кездессең,
Көрермін деп көтіңді,

Ішінен қылды пышыңды.
Барабан-дабыл қақтырып,
Атырапқа адам шаптырып,
Қылды Шора қимылды.

Қайраттанып қағады,
Бетіне қонған шыбынды.
Ары-бері шапқылап,
Көрмей жүр, сірә, тынымды.

Енді Шора шындады,
Ойыншық еді бұрынғы,
Екі күн әскер жиналып,
Үш мыңға есеп қылынды.

«Ар лайық, жүдә, өлсек»,—деп,
Алаштың елі жұлынды.
27–253

батырлар  жыры
Қатуланып қазақтар,
Білегін жаман түрінді.
Қазатқа белін байланып,

Жүрмекке қылды ырымды.
Падышасы Әлімхан,
Қасына ерді үш мың жан.
Батыр Шора ішінде,

Бәрінен де білімді.
Алты арыс бабасы,
Ақ жолда келіп қосылды.
«Ашқыл,—деп,—Алла, ділімді»,

Дамыл алмай арада,
Ал енді күн-түн жүрілді.
Қабағы қатып сүзіліп,
Ұйқыдан ерлер сүрінді.

Өткір қылып найзасын,
Қылышты тағы қайрасын.
Көбейтіп келер көрінді,
Дәл тоғыз күн болғанда,

Ел қарасы білінді.
Алыстан Шора абайлап,
Болжаушы еді Қырымды.
Жер тебініп ойнақтап,

Шұбар да сонда ұрынды.
Шыдамай Шора ат қойды,
Деп нысанаға ілінді.
Өзі қызған жануар,

Үстіне қамшы ұрылды.
Түбінен құлақ тер шығып,
Шығартып танау пырылды.
Оғындай мылтық атылып,

Көбейтіп және дүрілді.
Жоғары құйрық қайқайтып,
Жолдары тіке тігілді.
Төтелеп басып барады,

Тау-тас, өзен, қырыңды-ай.
Әні-міні дегенше,
Айтып ауыз жұмғанша,
Жетіп келді бір ауылға.

ЕР  ШОРА

Сонда Шора бұрылды,
Жүре келіп ауылға,
«Кім бар»,—деп айқайлады.
Ол ауылдың адамы

Айқайынан Шораның
Ақыл-есін танады.
Жас балалар шырылдап,
Адамның бәрі есі ауып,

Тілдесер адам қалмады.
Әрі-бері Шора тұрса да,
Ешкімнен әуез болмады.
Айқай салып әр үйдің

Есігіне барады,
Айқайының зорымен,
Сол ауылдағы адамның
Бәрі де өліп қалады.

Сол уақытта Ер Шора,
«Бұл ауылдың адамы
Басқа жаққа кеткен»,—деп,
Бір жаққа қарай салады.

Тағы да бір қыстаққа
Шауып жетіп барады.
Ең шеттегі бір үйдің
Есігінен қарады.

«Жөн сұрайтын кім бар?»—деп,
Қаттырақ айқай салады.
Әуезіне Шораның,
Айбатына шыдамай,

Бұлар да талып қалады.
Қаншама айқай салса да,
Ешкімнен жауап болмады.
Атынан түсіп Ер Шора,

Бір үйге кіріп барады.
Бәрі де өлген қараса,
Абайлап назар салады.
Қайбір үйге барса осындай,

Шора аң-таң қалады.
Сол уақытта Шораның
Артындағы әскері

батырлар  жыры
Тегіс жетіп алады.
Қалмақтың жеті қыстағын,
Бар малын тама талады.

«Шора келді» деген сөз,
Бір мал баққан малшыдан
Алыпқа хабар барады.
Байлауда еді сол күнде,

Нәрікбай, Есім тамамы.
«Шораны көріп өлсек»,—деп,
Байлауда жатқан бәнденің
Сол еді көңілге алғаны.

Әлімхан мен Шораның,
Бұларға һәм жетті хабары.
Құлқаныс, Нәрік өкірді,
Құлаққа тиген заманы.

Мұны есітіп ал сонда,
Есім сынды батырың,
Көзін салып қарады,
Айдаһардай ақырып.

Томға енген мәтіндерге түсініктеме «Шора батыр» жыры туралы «Шора батыр»—әрісі түркі халықтарының, берісі қазақ халқының ең сүйікті қаһармандық жырларының бірі. Ғасырымыздың 30-жылдарына дейін бұл шығарманың мазмұнын білмеген қазақ кемнен кем болған. Ұлы Отан соғысынан кейін, 1947-1953 жылдар аралығындағы ұлттық эпостарды «феодалдық идеологияның сарқыншағы» деп айып­ тап, жариялауға, зерттеуге тыйым салған кеңестік саясаттың тосқауылы да, жырдың даңқтылығын күшейтпесе, әлсірете ал­ мады. 50-жылдардың аяғында өзге батырлық жырлар ақталып жатқанда, «Шора батырға» ол «бақыт» та бұйырмады. Өзі тәрізді «Орақ-Мамай», «Едіге», «Еңсегей бойлы Ер Есім» сияқты жыр­ лармен бірге «жабық тақырып» болып қала берді. Бұл жырлардың ең басты «айыбы» ретінде «орыс халқына қарсы шығарылған туынды» деген сияқты қорытынды жасал­ ды. Ал «Шора батырдың» Кеңес үкіметіне туғызған қаупі бұл жырлардың барлығынан да күшті болды. Бұл жөнінде Оксфорд, Гарворд университеттерінде дәріс беруші ғалым—Х.Б. Пак­ сой «Шора батыр»—келешек ұрпақтар үшін бір татар өсиеті» деген мақаласында былай дейді: «Шора батыр»—орыстарды жау етіп көрсететін бірден-бір түркі эпосы. (...) Бұл жырдың өздерін жау етіп көрсеткені үшін ғана емес, орыстар мен Кеңес үкіметінің тарихты өз қалауынша жасамақ болған бастама­ сын теріске шығарғандықтан да, оның көзін жоймақ болды­ 1 Studіes іn Comparatіve Communіsm. Vol. ХІХ, №3/4, 1986, 253.

батырлар  жыры »1. Эпостың «жабық тақырып» ретінде қалуы халықтың оған деген қызығушылығын бұрынғыдан да күшейтті. Жырдың көптеген нұсқалары шет елдерде: Түркияда, Румынияда, Поль­ шада баспа бетін көріп, сол елдердің зерттеушілері ол жөнінде пікірлерін айтып жатты. Жырдың шет елдердегі жарық көрген нұсқаларының дені қырым татарларынікі болды. Себебі шет мемлекеттерде айтылған жыр варианттарын әркелкі дәуірлерде, әр түрлі себептермен сол жақтарға қоныс аударған қырым та­ тарлары алып барған. Ал жырдың қазақ варианттары Қазан төңкерісінен бұрын және Кеңес үкіметі тұсында 1939 жылға дейін баспа бетінде жарияланып келді де, одан соң жоғарыда айтылған саяси тосқауылға ұшырады. Бұл кезде үш нұсқа баспа бетін көрді. Оның бірі—1884 жылы Қазанда М.Әлиакбарұлы бастырған «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр» атты вари­ ант. Кейінгі екеуі—Ә.Диваев Кеңес үкіметінен бұрын да, кей­ ін де жариялаған проза және поэзия түріндегі нұсқалар. Осы екі вариантты ол 1922 жылы Ташкентте шыққан «Батыр­ лар» жинағына енгізген. Бұл екі нұсқаның проза түріндегісін ол атақты Майлықожа ақыннан жазып алып, алғаш рет 1895 жылы «Сырдария облысының статистикасына арналған мате­ риалдар жинағының» ІV томында «Шора батыр» деген атпен жариялаған болатын. Ал жыр түріндегі екінші нұсқаны Ә.Ди­ ваев кейіннен 1917, 1920 жылдары қарақалпақ эпосы ретін­ де жариялаған2. Осы нұсқаны Диваев «Батырлар» жинағына қазақ қаһармандық жыры деп енгізген. Оның өзіндік сыры бар: текстологиялық салыстырулар жасаған кісі бұл нұсқаның М.Әлиакбарұлы бастырған вариантының редакцияланған үлгісі екеніне көз жеткізе алады. Өйткені екі нұсқаның мәтіні ұқсас. М.Әлиакбарұлы нұсқасын редакциялаушы Төрткүл болысының қарақалпағы Ермұхамед Нығматуллин көбінесе қысқартулар арқылы ғана өзгеріс жасаған. Редакцияланған нұсқа қазір Қазақстан Республикасының Орталық Архивінде сақтаулы3. Ә.Диваев редакцияланған нұсқаны 1919-1920 жыл­ дары жариялаған кезде М.Әлиакбарұлы нұсқасын білмеген сияқты. Бұл жөнінде Ә.Диваев Н.Катановтан естігеннен соң 2 Туркестанское слово, №54-55, 1917; Труды Оренбургского общества изуче­ ния киргизского края. Вып., ІІІ. – Оренбург, 1920. 3 929 фонд, 3 дәптер.

ғылыми  қосымшалар ғана, жырды қазақ эпосы ретінде қайта жариялаған болуы ке­ рек. Ол екеуі 1896 жылдан бастап хат жазысып тұрған4. Дива­ ев Е.Нығматуллин қолжазбасын дәл осы жылы қолға түсірген. Ал Н.Катанов болса М.Әлиакбарұлы жариялаған нұсқаның қазақтардікі екенін жақсы білген, ол жөнінде арнайы сөз ет­ кен5. Кеңес үкіметінің Ұлы Отан соғысына дейінгі дәуірінде жыр жөнінде пікір айтқан зерттеушілер осы екі нұсқаны арқау етті. Оларды алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдаған М.Әуезов болатын. Ол 1927 жылы Қызылордада шыққан «Әдебиет та­ рихы» атты оқу құралында бұл нұсқалардағы тарихи шындық көріністерінің деңгейі олардың қара сөз немесе жыр түрінде айтылуымен де тығыз байланысты екендігін көрегендікпен көрсетіп берген. Сондай-ақ ол бас қаһарманның Қазан қаласын құтқаруға аттануының бұл жырда ғана емес, көптеген қазақ эпосында кездесетін дәстүрлі сарын екендігін айта отырып, осы мотивтің тарихи-әлеуметтік сырын ашып берген. Өкінішке орай, ғұлама ғалымның бұл еңбегі 1929 жылы авторымен бір­ ге репрессияға ұшырады. М.Әуезов тұтқыннан босатылғаннан кейін де еңбекті қайта жариялай алмады. 1939 жылы Л.Со­ болевпен бірігіп жазған «Қазақ эпосы мен фольклоры» атты еңбекке «Әдебиет тарихындағы» фольклорлық шығармалар талданған тараулардың көбі аздаған өзгерістермен енгізілді. Бірақ одан «Шора батыр» жөніндегі бөлім мүлдем алынып та­ сталынды. М.Әуезов 1927 жылы «Шора батырдың» жоғарыда айтылған екеуінен басқа нұсқалары барын білмеген сияқты. Ал 1939 жылы, яғни «Қазақ эпосы мен фольклоры» еңбегін жазғанға дейін эпостың кейбір көркем әрі көлемді вариант­ тарын ел ішінен естіп-білгенге ұқсайды. Бұған оның 1937 және 1938 жылдары екі рет басылған «Әдебиет хрестоматия­ сы» атты еңбегінде Молда Мұсаның «Ер Шора» дастанын атап өткендігі куә6. Алайда бұл жөнінде одан әрі әңгіме өрбітпеген. Соған қарағанда, «Шора батыр»—жазушыға 1928 жылы тағылған айыптың бірі болған сияқты. Ол осыдан кейін бұл тақырыпқа қайта айналып соқпады. Егер мұндай мүмкіндік болғанда, ол «Әдебиет тарихындағы» ойларын өзі танысқан 4 Диваев Ә. Тарту. – А., 1992, 6 б. 5 Известия общества Археологии при Казанском университете. – Т.15,вып.,І­ ІІ, 1899, С.36 6 Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы., 17 т. – А., 1985, 132 б.

батырлар  жыры жаңа нұсқалардағы тың мәліметтермен толықтырып, одан әрі тереңдетер еді. С.Сейфуллиннің 1932 жылы, Қ. Жұмалиевтің 1942 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті» атты оқулықтарында М.Әуезовтің жыр жөніндегі «Әдебиет тарихында» айтқан ойла­ ры қайталанады. Әрине, бұдан С.Сейфуллин мен Қ.Жұмалиев саяси айып тағылған әріптестерінің құнды ойларын пайда­ ланып кетуді мақсат еткен деген теріс пікір тумауы керек. Олардың өз қаламдастарының мәні жойылмас құнды ойларын сақтап қалуды көздегендігі кәміл. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға эвакуациямен келген академик А.С. Орлов 1945 жылы Москвадан жарық көрген «Қазақтың қаһармандық эпосы» атты монографиясында «Шора батырдың» осы нұсқаларын орыстың әйгілі былиналарымен салыстырып, ғылым үшін құнды ойлар айтқан болатын. Ал С.Мұқанов 1939 жылы Алматыдан шыққан «Батырлар жыры» жинағының 1томына жазған алғы сөзінде жырдың бұлардан басқа да көлемді нұсқалары барлығын ескертіп өткен. Демек, жырдың классикалық нұсқалары 30 жылдардың аяқ кезінде ғана ғылыми қауымға танымал бола бастаған. 1945 жылы баспаға дайындалған «Қазақ әдебиеті тарихында», «Шора батырға» арнайы бөлім берілген7. Мұнда жоғарыдағы екі нұсқамен бірге Ә.Сариевтікі деп айтылатын көлемді жыр варианты да таныстырылып өтілген. Кейіннен, 1948 жылы бұл еңбек жарық көрген кезде мұндағы осы бөлім алынып тасталынған. Жырды зерттеуге тыйым салынғаннан кейін ғалымдар бұл тақырыпқа көпке дейін беттей қоймады. 70 жылдардың бас кезінен бастап кейбір Р.Бердібаев, Ә.Оспанұлы сияқты ғалымдар батылдық көрсетіп, бұл шығарма жөнінде тамтұмдап айта бастады. Өзі тектес басқа да халықтық жырлармен бірге «Шора батырдың» да жұртшылықпен қайта табысуы керектігін айтып, ерекше жанашырлық танытқан ғалым— Р.Бердібай болды. Ол 1983 жылы одан бұрынырақ (1974 ж.) жарық көрген В.М.Жирмунскийдің «Түркі халықтарының қаһармандық эпосы» атты әйгілі зерттеу еңбегін сәттілікпен пайдалана отырып, зерттеуге тыйым салынған жырларды 7 ОҒК. Қ 2 Д, 388-400 б.

ғылыми  қосымшалар ақтап алу қажеттігін Кеңес Одағы көлемінде мәселе етіп қойды8. Бұл—шын мәніндегі ғылыми ерлік болды. Осыдан соң баспасөз беттерінде бұл игі бастамаға үн қосушылар көбейе түсті. Кейінгі жылдары Р.Бердібай жырдың ұлттық нұсқалары мен қазақтардағы Молда Мұса жырлаған вариантына арнап жеке-жеке зерттеу мақалаларын жариялады9. Бұл зерттеулер­де жырдың көркемдігіне, әсіресе тарихилығына қатысты көптеген мәселелер сөз болды. Алайда бұл туындыны барынша тереңдетіп зерттеудің қажеттілігі әрдайым аңғарылып тұрды. Эпос нұсқаларындағы тұрақты сюжеттік желілер мен эпизодтардың көбі тарихи шындықтан туғанын байқауға болады. Шораның Қазаннан Қырымға келуі, Әлібиді өлтіруі, татар, қырым татар, ноғай нұсқаларындағы оның суға кетіп мерт болуы—осындай тұрақты желілер. Ш.Уәлиханов Қырым ханы Сағдад-Керейдің жарлықтарының біріне «Ақташ Али би» деп қол қойған тарихи тұлғаның осы жырдағы Әлібиге негіз болғандығын нық сеніммен айтады10. Бұл—Шораның Қазанға Қырымнан келгендігін де айқындай түсетін мәлімет. Бас қаһарманның суға кетіп мерт болуының да тарихи негізі бар. Эпосқа арқау болған тарихи оқиғалардың тірі куәсі болған белгісіз орыс адамы жазған кітапта тарихи Шораның өлімі өзен жағасында болғандығы білінеді11. Жырдағы көптеген кейіпкерлердің тарихи түп тұлғалары бар екендігін орыс жылнамалары мен дипломатиялық жазбалар жинақтарынан көруге болады. Және осы тұлғалардың Шорамен замандас, тікелей қатынаста болған адамдар екендігін, олардың эпикалық көрініс табу ерекшелігін жырдың ұлттық нұсқаларынан анық байқаймыз. «Шора батыр» жырына негіз болған басты тарихи оқиғалар— ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазан, Қырым, Ноғай Ордасы, Астрахан, Сібір, Қасым хандықтарындағы ішкі саяси-экономикалық жағдайлар мен олардың өзара және Орыс патшалығымен 8 Бердибаев Р. Проблемы казахского литератураведения //Советская тюрко­ логия. 1983, № 4, С.43. 9 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. – А, 1983, 198-199 б.; Сонікі. Егіз ел, етене өнер. //Қарайдар мен Қызылгүл. – А., 1989, 12 б.; Сонікі. Р. Ғасырлар толғауы. – А., 1977, 75 б.; Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. – А., 1995, 173-193 б. 10 Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5-х томах. Т. А., 1961, С.138. 11 Казанская история. под. ред. Г.Н. Мойсеевой. М-Л., 1955. С.80-82.

батырлар  жыры жасаған әр түрлі қарым-қатынастары. Ал Қазан хандығы үшін болған саяси, әскери күрестер эпостан негізгі фон ретінде орын алған. Осы жағдайлардың барлығы бас кейіпкерлердің ісәрекеті арқылы түрлі деңгейде көрініс тапқан. Эпостың әр түрлі варианттарында Қазан үшін болған ұрыстардың реалды белгілері және сол дәуірге тән болмыс түрлері молынан көрініс тапқан. Шығармада бейнеленген тарихи тұлғалардың көпшілігі бір мезгілде өмір сүріп, бір-бірімен қарым-қатынаста болғандығына және өзін тудырған тарихи дәуірдің реалды суреттерінің молынан көрініс тапқандығына қарап, «Шора батырды» тарихи жыр жанрына жатқызуға болмайды. «Эпос жекелеген оқиғаларды ғана қамтымайды»,— дейді В.Я.Пропп тарихи жыр мен қаһармандық эпостың айырмашылығына тоқтала келіп12. «Шора батырда» үздіксіз бір тарихи кезең аясында болған жеке оқиға емес, ХІV-ХVІ ғасырлардағы түрлі тарихи оқиғалар жинақталып берілген. Ал жырдың классикалық нұсқаларындағы эпикалық жинақтауға түскен тарихи дәуір мен оқиғалардың ауқымы бұдан да кең. Орталық қаһарман бейнесі де қаһармандық эпостың жанрлық шеңберінде сомдалған. Жырдың көркемдік тәсілдері де оның қаһармандық эпосқа жататындығын айқындай түседі. «Шора батыр»—қыпшақ тілдік тобындағы түркі халықтарына ортақ, ноғайлы циклына жататын жыр. Алайда өзге ноғайлы жырларының көбінен оның таралу аймағы ауқымдырақ. Ол сонау Румыния, Түркия жерінен бастап, Қырғыз Алатауына дейінгі ұлан-ғайыр аумаққа тараған. Жырдың барынша кең таралу себебі оған негіз болған тарихи оқиғалардың, яғни Қазан хандығы үшін болған күрестердің бүкіл түркі халықтардың тағдырын шешерліктей дүниежүзілік маңыздылығында жатыр. Жырдың өзге ноғайлы эпосынан тағы бір өзгешелігі—онда тарихи фактілер мол. Бас қаһарманның Қазанды жаудан құтқаруы көптеген қазақ батырлық жырларына тән дәстүрлі сарын болғанымен, «Шора батырдағы» бұл мотив қиялдан емес, тарихи шындықтан туған. Жырдың таралу аймағы және ондағы тарихи болмыс белгілері кейбір ру-тайпалар тарихымен тікелей байланысты. 12 Пропп В.Я. Русский героический эпос. Второе издание. – М., 1958, С.370-

ғылыми  қосымшалар Эпостың барлық ұлттық варианттарында Шораның руы—тама деп айтылады. Тама руының бір кезде Қазан хандығы құрамында болғаны да тарихи шындық. Оған қазақ тамаларының шежіресі Нәрік пен Шорадан басталатынын қоссақ, тарихи Шораның тама руынан шыққаны күмән туғызбайды. Алайда шығарманы таратуға тек тама руы ғана емес, XV-XVІ ғасырларда Қырым, Қазан хандығы құрамында болған барлық ру-тайпалар қатысқан. Мәселен, XVІ ғасырдың соңына қарай Еділ бойынан Түркістан қаласының атырабына қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі қайтып оралды. Қайтып оралды дейтініміз, олар бір кезде Шыңғысхан әскерімен Қырым түбегіне осы жерден барған болатын13. Олар Еділ бойында «Шора батыр» жырына арқау болған оқиғалардың куәсі болып, ол туралы аңыздауларды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне ала келген. Бұл тайпалар қазіргі қазақ қоңыраттарының және қарақалпақтардың көп бөлігін құрайды. «Шора батырдың» Оңтүстік Қазақстандағы және қарақалпақтардағы нұсқаларында жырдың тарихи белгілері ғана емес, көркем қиял үлесінің де ұқсас болып келу сыры осында. Сондай-ақ бұл өлкелерде ноғайлы циклына жататын жырлар тобының ішінде, Ноғай Ордасы тарихынан гөрі, Қырым және Қазан хандықтарына көбірек қатысы бар жырлардың таралуы да (Батыс Қазақстан жыршылық мектебінен айырмашылығы) тегін емес. «Шора батырдың» оңтүстіктегі варианттарында Хорезм, Сұрхандария, Памир өлкелеріндегі жер-су атауларының көп кездесуі де ол жерлердің қоңырат руларының кейінгі замандарға дейінгі тарихи мекені болып келуімен байланысты14. «Шора батырдың» ұлттық нұсқаларының танымдық мақсат­ та айтылғандарын «көне» деп, сейілдік мақсатта айтылғандарын «классикалық» деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Эпостың қазақ нұсқалары да сейілдік мақсатта айтылғанға дейін татар, қырым татар, ноғай нұсқаларындағыдай, жанрлық ерекшеліктерге ие болған. Тіпті ХІХ ғасырдың орта тұсында да қазақ қаһармандық жырларындағы жыр мен қара сөздің қолданылу аясының, жоғарыда айтылғандай, тұрақтылығы болғандығын Ш.Уәлиханов еңбектерінен көруге болады15. 13 Тынышпаев М. Аталған еңбек, 12 б. 14 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985, 181 б. 15 Валиханов Ч.Ч. Аталған еңбек, 196 б.

батырлар  жыры Осындай жанрлық ерекшелігін сақтаған жекелеген эпос нұсқаларының мұндай белгісі жоқ және бірыңғай жыр түрінде келетін нұсқалардан әлдеқайда көне екендігін В.М.Жирмунский де нақты мысалдармен дәлелдеген16. «Шора батырдың» барлық ұлттық нұсқаларын екіге топтастыра келіп, ноғай, қырым татар, татар, башқұрт варианттарын көне нұсқаларға, Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу өлкелеріндегі қазақ варианттары мен қарақалпақ, қырғыз варианттарын классикалық нұсқаларға жатқызуға болады. Ал М.Әлиакбарұлы вариантының поэтикалық ерекшелігі, классикалық нұсқалардан гөрі, көне нұсқаларға көп жақын. Жырдың классикалық нұсқаларында жалпы қаһармандық эпосқа тән сюжеттік желілер, типтік мотивтер аса мол, мәселен батырдың ғажайып туылуы, ат таңдауы, алғашқы ерлік көрсетуі, руластарын жау қолынан құтқаруы, сан мыңдаған жау әскерімен жалғыз соғысуы т.б. сарындар бұл нұсқалардың эстетикалық әсерлілігін күшейткен. Жоғарыда аталып өткен Мұрын жыраудың «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» атты гениологиялық топтама жырлар құрамында жырлаған «Нәрік», «Шора» бөлімдері көркемдігі мен құрылымы жағынан көне нұсқалар мен классикалық варианттардың аралық сипатын танытады. Ал қазақ даласына жер аударылып келген поляк халқының қайраткері Б.Залесский Мырзақай деген ертегішіден жазып алған «Шора батыр» ертегісінде17 классикалық эпосқа тән сарындар мол байқалады. Соған қарағанда, айтушы жыр түріндегі нұсқаны ертегіге айналдырып айтқан болуы керек. Эпостың өзге ұлттардағы жарияланған және жарияланбаған варианттары өте көп. Ең аз жарық көргені—қарақалпақтардікі. Қарақалпақтардағы «Ер Шора» жырының Есемұрат, Карам, Сейітжан, Өтенияз, Жанназар сияқты жыраулардың аузынан 1958-1970 жылдар аралығында жазылып алынған 6 нұсқасы бар18. Есемұрат нұсқасы 2 рет жазылып алынған, соның алғашқысы 1995 жылы жарық көрді19. 16 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. – М-Л., 1974. – С.642. 17 Әлем. Альманах. І басылым. 1990, 136-137 б. 18 Өзбекстан Ғылым Академиясы Қарақалпақстан бөлімінің ғылыми кітапханасының Қолжазбалар фонды. Р-139. инв., №27051; Р-84, инв., №711­ 359; Р-189, инв., №34646; Р-136, инв., №40275; Р-139, инв., №26104. 19 Ер Шора. Нөкис, 1995.

ғылыми  қосымшалар Қырғызстанның Талас өңірінде «Шора батыр» жиі айтылып келген. Бұл жырдың қырғыздарға қазақтардан ауысып барғандығы анық. Қырғыз Ұлттық академиясындағы қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған Т.Сырдыбаев және С.Чойбеков нұсқаларының20 Майкөт варианты негізінде пайда болғандығы айқын сезіледі. Осы нұсқаның қырғыздар арасында кең таралуына Майкөттің өз ұлы Арқабай себепші болған тәрізді. «Шора батырдың» қазіргі ноғайлардағы нұсқалары дер кезінде жазылып алынбағандықтан, оның санаулы ғана үлгілері бізге жетті. Олар—М.Османов жариялаған21 және А.Жәнібеков Ажи-Молладан жазып алған варианттары22. Добружда жеріндегі ноғайлардағы жырдың тағы бір варианты23 Ажи-Молла нұсқасымен өте ұқсас. Екі нұсқадағы ұқсастық, негізінен алғанда, олардағы кейіпкерлердің сөздерінен аңғарылып отырады. Бұл вариант бұдан бұрын Румынияда жарық көрген еді24. Қырым татарлары жариялаған Добружа татарлары арасында «Шора батыр» барынша кең тараған. Жырдың бұдан басқа да Польшада, Румынияда жарияланған добружалық нұсқалары аз емес25. «Шора батырдың» қырым татар нұсқаларын ең алғаш жариялаушы—В.В.Радлов. Ол жырдың үш бірдей вариантын жарыққа шығарған еді26. Олардың көлемі өте қысқа. 1935 жылы қырым татар масалджысы (жыршы) Бекмамбет Құлмамбеттің айтуымен хатқа түскен вариант бірнеше рет Симферопольда және Ташкентте жарық көрді27. Қырым татар музыка зерттеушісі 20 Өзбекстан Ғылым Академиясы Қарақалпақстан бөлімінің ғылыми кітапханасының Қолжазбалар фонды. Р-139. инв., №27051; Р-84, инв., №711­ 359; Р-189, инв., №34646; Р-136, инв., №40275; Р-139, инв., №26104. 21 Османов М. Ногайский и кумыкские тексты. – СПб, 1883. – С.20-31. 22 Шора баътир. //Ногай халк йырлары. – М., 1969. – 67-81 б. 23 Чора батыр. //Йылдыз. 1994. №3. – 130-145 б. 24 Cora batіr. //Dobruca Masallarі. Bukres: Kreterіon kіtabevі, 1988. 25 Cora batіr. //Polska Akademja Umіeqetnostcі, Prake Komіsqі Oreqentalіstyez­ neq. №20, 1935; Dobruqa Masallarі. Bukres, Krіterіon kіtabevі, 1985. 26 Радлов В.В. Образцы народной литературы северных тюркских племен. Т. VІІ. – Спб., 1986. – С. 21-22; 122-132; 167-184. 27 Чора батыр. //Эдебият ве культура. 1939, №2. – С.3-5; Дестанлар. – Таш­ кент, 1980. – С.26-45; Къырымтатар халкъ яратаджылгъы. – Ташкент, 1991. – С.57-72.

батырлар  жыры Я.Шерфединов жариялаған варианттың28 сюжеттік желісі ноғайлардың Ажи-молла вариантымен сарындас. Түркияда жарияланған жыр нұсқалары29 да қырым татарларының аузынан жазылып алынған. Жырдың башқұрттардағы30 және Қазан татарларындағы31 нұсқаларының мазмұны өзге түркі халықтарындағы варианттармен ұқсас. Бірақ башқұрттардағы осы тақырыптағы аңыздардың32 мазмұны өзгеше. Чуваштарда да Шора жөнінде ерекше мазмұндағы қысқаша аңыздық әңгіме сақталған33. Татарлардың «Қазан бәйіті» атты шағын көлемді шығармасында басқа түркі халықтарының «Шора батыр» жырындағы фабулалық желі сақталған. Бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді34. Қазақ нұсқаларының жинаққа енгізілгендерінен басқа да үлгілері көп. Жоғарыда тоқталған қаһармандық жырды қара сөзге, ертегіге айналдырып айтқан Майлықожа, Мырзақай варианттарынан басқа, 1896 жылы А.Алекторов «Дала уәлаяты» газетінде жариялаған «Нәрік батыр» атты ертегі де бар35. Жинаққа қазақ нұсқаларының ең үздіктері таңдалып алынды. Оған енгізілген төрт нұсқаның алғашқысы— М.Әлиакбарұлы жариялаған үлгі. Нұсқада эпостың көне белгілері көп. Кейіпкер сөздері жыр түрінде, ал баяндау көбіне қара сөз түрінде беріледі. Сондай-ақ сюжет құраған түрлі эпизодтардың біріктірілгені, олардың ара жігі айқын сезіліп тұрады. Баяндалған оқиғаларда логикалық қайшылықтар да байқалады. Варианттың қара сөздік бөлімдерінде кітаби стиль басымырақ болса, жыр түріндегі бөлімдері таза далалық поэзияның ерекшеліктерімен танылады. Мазмұны 1984 жылы жарияланған Қазан татарларының нұсқасымен өте ұқсас. 28 Шерфединов Я. Звучит кайтарма. – Ташкент., 1978. С.16-18. 29 Hasan Ortekіn. Cora Batіr Destanі. Іstanbul, 1939; Cora Batіr. //Kіrіm Derqі­ sі. Vіl: 1, Sayі: 3, 1993, 27-28 s. 30 Сура батыр. //Башкорт халк ижады. – Өфө, 1982. 69-70 б. 31 Чура батыр. //Татар халық ижаты. Қазан, 1984, 108-119 б. 32 Башкирское народное тврочество. Т.2. – Уфа, 1987, С.190,551. 33 Дмитриев В.Д. Чувашские исторические предания. – Чебоксары, 1986. – С.50. 34 Катанов Н. Исторические песни казанских татар. //Известия Общество Ар­ хеологии при Казанском университете, 1899. Т. 15. Вып. 3. – С.3-21.: Мөтәржим язучи. Қазан татарларының тарихи жырлары. //Шура. 1911. №17. – 255 б. 35 Дала уәлаятының газеті. Әдеби нұсқалар. 1895-1898. – А., 1990, 330-339 б.; Ертегілер. 4 т. – А., 1989. – 255-289 б.

ғылыми  қосымшалар Осыдан бұл нұсқаның сейілдік мақсатта айтыла қоймаған кезде хатқа түскенін аңғаруға болады. Мұрын жырау жырлаған «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» атты топтама ішінде айтылатын нұсқамен және Ш.Уалиханов фабулалық желісін баяндаған36 вариантпен, А.Алекторов жариялаған ертегімен кейбір сюжеттік желілерінің ұқсастығына қарап, мұны да Батыс Қазақстанда жырланған деп қорытындылауға болады. Нұсқа тілінен Астрахан қазактарының сөйлеу ерекшеліктері байқалды. «Ертедегі Шора батыр» деп аталатын келесі вариантты Сыр бойы жыршылық мектебінің белгілі өкілі Мұсабай жырау айтқан. Ол өзінің көптеген ерекшеліктерімен Оңтүстік Қазақ­ стан­дағы нұсқаларға ұқсайды. Бірақ ертегілік сарындары­ ның молдығымен олардан біршама ерекшеленеді. Әулиеәнбиелерден перзент сұрап зарыққан кәрі ата-ананың басынан өткен жағдайларды суреттеуде оңтүстіктегі варианттарды еске түсіреді. Оның көне нұсқаларымен де ұқсас тұстары аз емес. Эпикалық жауды жырда «қалмақ» деп атағанымен, әуел баста көне нұсқалардағыдай «орыс» деп жырланғаны байқалып тұрады. Оны жау әскерін «сандат» (солдат) деп айтқанынан және жырда баяндалатын соғыс қимылдарын, дәрімен атылатын қару-жарақ түрлерін суреттеуінен көруге болады. Шамасы, жырды Е.А.Александров сияқты орыс ұлығының алдында айтқандықтан, Мұсабай жырау осындай өзгерістер жасаған болуы мүмкін. «Қисса Нәрікбай—Шора» нұсқасы өзінің көркемдігі жағынан дараланып тұрады. Нұсқада Шораның Қазанға барғанға дейінгі жері арагідік қара сөз аралас жыр түрінде ке­ леді де, одан әрі қарайғы оқиға қара сөзбен қысқаша баянда­ лып өтеді. Бұл вариантты әуел баста Майкөт ақын жырлағаны анықталып отыр. Майкөт жырлауындағы жырдың кейінгі бөлімінің де осындай көлемде болуы мүмкін екенін ескерсек, нұсқаның әуел баста 10000 жолға жуық болғаны аңғарылады. Мәтін тілдік көріктеу құралдарына өте бай. Көне формулалық түрлері шығармаға эпос пайда болған замандар шындығының калоритін беріп тұрады. 36 Валиханов Ш.Ш. Собрание сочинение в пяти томах. Т.І. – А., 1961. – С.419. 28–253

батырлар  жыры
Молда Мұса варианты деп аталатын «Ер Шора» жыры
бірыңғай жыр түрінде айтылған. Бұл нұсқаның сюжеті «Қисса
Нәрікбай—Шора» вариантына ұқсас, мұндағы Нәрікбай мен

Құлқаныстың баласыздық зарын тартуы, Шораның ғажайып
туылуы, тамалардың қырық баласына зорлық көрсетпек
болған түрікпендердің балаларын және Әлібиді өлтіруі,
соның себебінен Қазанға кетуі Майкөтте де, Мұсабайда да

бар. Қалмақ қызы Жөрметөзден туылған Шораның ұлы Алып
жөніндегі тарау—нұсқа сюжетіндегі ең басты ерекшелік.
«Қисса Нәрікбай—Шораға» қарағанда мұнда тұрақты жыр
жолдары, тирадалар азырақ және Оңтүстік Қазақстанға тән

жергілікті тілдік ерекшелік айқынырақ байқалады.
Жинақтағы нұсқалардың негізгі ерекшеліктерін көлемі
шектеулі алғы сөзде толық айтып шығудың мүмкіндігі жоқ.
Сондай-ақ жырдың тарихилығы, таралу аймағы, генезисі, по­

этикасы сияқты мәселелерге жеке еңбектер арнауға болады.
«Шора батырдың» біз ұсынып отырған бұл нұсқалары жырды
одан әрі тереңдете зерттеуге мол мүмкіндіктер бере алады. Соны­
мен қатар оқырман қауымның эстетикалық, рухани сұранысын

қанағаттандыра алатын құндылығы да мол.
Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр
Кімнен, қашан жазылып алынғаны белгісіз. Жариялаушы­
сы Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы жөнінде де нақты мәлімет

жоқ. Жыр 1884 жылы Қазанда ескі (қадымша) араб әліпбиінде
жарық көрген. Оның жариялаушысының Мұхаммед-Наджиб
Алиакберов екенін 1899 жылы «Қазан татарларының тарихи
жырлары» деген еңбегінде атап көрсеткен Н.Катанов болатын

(алғы сөзде айтылған). Кітаптың бір нұсқасы қазір Орталық
ғылыми кітапхананың Шығыс кітаптары бөлімінде сақтаулы
тұр. Оның алғашқы төрт беті жоқ. Бұл кітап өте аз тиражбен
шыққан болса керек. Оны көшіріп алушылар, өз бетінше ре­

дакция жасаушылар көп болған. Бұл жөнінде арнайы мақала
жазылды1. Осындай көшірменің бірін 1910 жылы ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы Құлмұқамбет Байғұлыұлы жасаған. Оны
1 Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. 1998, № 1, 48-54 б.

ғылыми  қосымшалар зерттеуші С.Ордалиев 1961 жылы Қостанай экспедициясы ке­ зінде тауып, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ­ тына тапсырған. Нұсқа қазір сондағы қолжазба қорында2. Біз жариялап отырған мәтін М.Әлиакбарұлы бастырған кітап пен осы көшірмені салыстыру арқылы дайындалды. Нұсқаның қара сөздік бөлімдерінен кітаби стиль белгілері байқалғанымен, лексикалық құрамы біршама таза. Араб, парсы сөздері аз кездеседі. Тек қана қазақ сөздері татар тілінің дыбыстық ерекшелігіне бейімделіп хатқа түскен. Сонда да кейбір тұстарда қазақ сөздері, кездейсоқ түрде, өз қалпымен жазылып қалып отырған. Мысалы, бастан-аяқ «Чырын» деп жазылған Шораның қарындасының аты кітаптың 11 бетінде «Шырын», осылайша жазылған «қашқыр», «асман», «никах» сөздері 7 бетте «қасқыр», 10 бетте «аспан», 11 бетте «неке» болып қазақша таңбаланған. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз нұсқаның тілін дыбыстық тұрғыдан табиғи қалпына лайықтап бердік. Ал лексикалық, морфологиялық тұрғыдан кітаби тілге бейімделген сөздерді сол күйінде қалдырдық. Мәселен, «тұрдылар», «сұрадылар», «меңа», «сеңа» сияқты сөздерді өз қалпында бердік. Біз салыстырған түпнұсқа мен көшірменің арасында айырмашылық жоққа тән. Тек Қ.Байғұлыұлы санаулы ғана қате басылған сөздерді түзеткен, кей тұстарда өзі де кездейсоқ қате жазған. Біз мәтінді дайындауда, негізінен алғанда, кітапқа сүйендік. Ал кітаптың жоғалған алғашқы беттерін көшірмеден алдық. Сондай-ақ кітаптағы қате жазылған сөздерді көшірмедегі түзету бойынша бердік те, сол сөздердің жанына олардың баспадағы жаңсақ нұсқасын көлбеу жақша арқылы көрсетіп отырдық. Кітапта жазылмай қалғандығы айқын көрініп тұрған дыбыстар мен сөздерді де өзгеріссіз көшіргендігі—көшірмешінің туындыны өңдеу мақсатының мүлдем болмағандығын аңғартады. Біз мұндай кемшін тұстарды, жоғарыда айтып өткеніміздей, тік жақша арқылы көрсеттік. Бұл вариант қарасөз аралас 541 жыр жолынан тұрады. Жанрлық көркемдігі жағынан жырдың ноғай, татар, қырым татар нұсқаларына жақын, олармен тіпті кейбір жыр жолдары да ортақ болып келеді. Әсіресе, «Чура батыр хикәяте» деп ата­ латын 1984 жылы жарияланған татар вариантына өте жақын. 2 ӘӨИ . 127 папка, 1 дәптер, 143-151 б.

батырлар  жыры
Бұл нұсқа Кеңес дәуірінде де, одан кейін де қайта жарық
көрмеген. Кирилл жазуында бірінші рет жарияланып отыр.
Ертедегі Шора батыр

Нұсқаны тауып, Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи музейден
оның микрокөшірмесін алып, Әдебиет және өнер институтына
1960 жылы тапсырушы—М.Ғұмарова. Қазір микрокөшірме
сонда, қолжазба бөліміндегі № 4 қорапта тұр.

Қолжазба ескі орыс әліпбиінде жазылған. Жазба соңында
«1885 жылы Қазалы уезінде қырғыз (қазақ-Б.Қ.) Мұсабайдан
(өлеңші) жазылып алынды» деген хатқа түсірушінің ескертпесі
және «Е.А.Александров» деп қойған қолы бар. Бұдан жырдың

айтушысы—Мұсабай жыршы, ал хатқа түсіруші Е.А.Алексан­
дров екенін білеміз.
Вариант 1600-ден астам жыр жолынан тұрады. Ішінара ер­
тегілік сарын араласқан. Жырдың қарақалпақ нұсқаларымен

ұқсас сарындары да бар (мәселен, Шораның өлген атын пірлері
қарақұс кейпінде алып кетіп тірілтуі.).
Е.А.Александров
қазақ

тілін
жетік
меңгергеніне
қарамастан, Мұсабайдан жырды жазып алу барысында си­

рек кездесетін аз-кем сөздерді түсінбегендіктен қате жазған.
Сондай-ақ кейбір жыр жолдарын қалдырып кеткендігі
аңғарылады. Сондықтан нұсқаның кейбір тармақтарындағы
ой аяқталмай қалып қойған. Бірақ баспаға дайындауда

мәтінге ешқандай жол қосылған жоқ, түпнұсқадағы қалпы
сақталды.
Жинақтағы мәтін микрокөшірмеден алынды. Мәтінді
дайындау барысында техникалық жәрдем берген Айтоты Нұры­

шова, Гүлзира Еділова, Маржан Қарсанбаеваларға алғысы­мыз­
ды білдіреміз. Нұсқа тұңғыш рет баспа бетін көріп отыр.

Қисса Нәрікбай—Шора
5250-ден астам жыр жолынан тұрады. Нұсқа әлі баспа бетін
көрмеген. Ол Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында

ғылыми  қосымшалар тұр3. Осы вариантпен бірге сақтаулы тұрған Садықбек Нүсірепов және Нақанбек Оразбековтер айтқан нұсқалардың мазмұны да осыған жақын. Айырмашылықтары жекелеген жыр жолдары­ нан ғана көрінеді. Зерттеуші Ә.Оспанұлының «Қаратау шайыр­ лары» атты еңбегінде, 1945 жылы баспаға дайындалып, жарық көрмей қалған «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында бұл варианттың жырлаушысы, халық ақыны Әбдіғали Сариев деп айтылады. Алайда Ә.Сариевтің «Шора батырды» жырлағаны жөнінде нақты дерек жоқ. 1922 жылы Жетісу облысындағы Қосшы одағының съезіне қатысқан он тоғыз ақынның өміріне, жыршылық репертуарына қатысты деректерді қамтитын тіл­ ші-ғалым Шамғали Сарыбаевтің «Қазақ әдебиеті, оны жинау жолдары» деген мақаласында да4, «Ақын-жыраулар» атты 1979 жылы шыққан жинақта да Ә.Сариевтің «Шора батырды» айтқандығы туралы мәлімет жоқ. Қолжазбаның бірінші бетінде «Бұрынғы баспа сөзі бойынша жазылған. Аударушы—Сариев Әбдіғали. 15 июнь,1938 жыл» деген жазу бар. Бұдан Ә.Сариевтің жырды жатқа айтпағанын, тек ескі араб жазуындағы мәтінді жаңа (жәдидше) араб әліпбиінде көшіріп алушыға оқып берген­ дігін ғана байқаймыз. Бұл нұсқа мәтіні Майкөт ақын жырлаған вариант негі­ зінде хатқа түскен сияқты. Майкөт жырлауындағы «Шора батыр» жыры ХІХ ғасырдың аяғында орысшаға жолма-жол аударылып қағазға түскен. Мәскеу Мемлекеттік тарихи му­ зейіндегі бұл аударманың микрокөшірмесін де Әдебиет және өнер институтына 1960 жылы тапсырған М.Ғұмарова еді. Қазір микрокөшірме сондағы № 5 қорапта. Аударма нұсқаның алғашқы бетінде «Әулиеата уезінің жыршысы Майкөт жырла­ уы бойынша (По певцу Аулие-Атинского уезда Майкуту)» деп жазылған. Соңғы бетте «соңы жазылмады» деген белгі бар. Тек Майкөт аудармасында негізгі ойды беретін жолдар ғана жазы­ лып, созылыңқы монолог, диалог, баяндаулар қысқартылып берілген. Бір өкініштісі, аударма нұсқаны қашан және кім жазғаны көрсетілмеген. Алайда халық мұраларын жинаушы­ лар мен зерттеушілердің ішінен Майкөтпен кездескені Ә.Дива­ ев болғаны және аудармадағы жазудың оның жазбаларындағы 3 ОҒК. Қ.375, 1,2,3 дәп. 4 Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы мақалардан терме. – Ташкент, 1925.– №1.

батырлар  жыры
жазу үлгісімен ұқсастығы—аударма жасаушының сол кісі
екендігін аңғартады. Н.Смирнова келтірген дерек бойын­
ша, Ә.Диваев ақынға 1883-84 жылдар шамасында кездес­кен5.

Әрине аудармашының эпосты тікелей ауызша жырлау бары­
сында емес, хатқа түскен мәтін негізінде тәржімалайтыны
анық. Алайда аударма жасалған түпнұсқа бізге белгісіз.
Жоғарыдағы үш нұсқаны аудармаға негіз болған осы жаз­

бадан тараған түрлі жырланыстар (ауызша редакция) деп
батыл болжам жасауға болады. Олай деуге дәйек боларлық
үлкен тағы бір айғақ—бұл үш нұсқаның поэзиялық бөлімі
Майкөт нұсқасының (аударма) аяқталмай қалған жерінен

бітетіндігі. Кейінгі айтушылар жырдың аяқталмай қалған
соңын қара сөзбен жедел бітіре салған. «Шора батырды» жатқа
айтушылардың бірі—Майкөттің ұлы Арқабай да жырды тіке­
лей әкесінен емес, аталмыш қолжазбадан үйренген сияқты.

Оның жырды «Нәрікбай» деген атпен жырлау себебі де бітпей
қалған жыр сюжетінде Нәріктің басынан өткендері көбірек
баяндалатындығымен байланысты болса керек. Мұндай ерек­
шелікті осы жинаққа енген Ә.Сариев нұсқасынан да көре ала­

мыз. Бұл вариантты Майкөт—Ә.Сариев нұсқасы деп қосарлап
атаған дұрыс. Нұсқа бірінші рет жарияланып отыр.
Ер Шора
Бірыңғай жыр түрінде келеді. Көлемі 7600 жолдан астам.

Біздің оймызша, хатқа түсірген М.Тоққожаев бұл нұсқаны
Молда Мұсаның араб әліпбиіндегі қолжазбасынан көшірген.
Жырды Молда Мұсаның өзі жазып алғандығы жөнінде дерек
бар. Жоғарыда көрсетілген Қызыл жырау жырланысын 1942

жылы хатқа түсірген белгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев жазба
соңында: «Бұл жырды қолжазба түрінде Молда Мұса түсіріп
алады екен, одан бір кісі жазып алған. Сол кісіден нұсқасын
алып, Қызыл жырау жырлап келген»,—деп дерек келтіре­

ді6. Демек туынды—халықтық жырдың ақын жасаған жаңа
варианты. Бұл көшірмені Әдебиет және өнер институтына
5 Смирнова Н. Казахская народная поэзия. Алма-Ата, 1964. – С.14.
6 2 дп., 17 б.

ғылыми  қосымшалар зерттеуші—Ә.Оспанұлы тапсырады. Қазір сонда 268 папка­ да сақтаулы. Нұсқаны белгілі жыршы Сұлтанбек Аққожаев жырлаған деп айтылып жүр. Орталық ғылыми кітапхана мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорларындағы Болатбек Ердәулетов7, Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жырау)8 сияқты белгілі ақын-жыршы­ лар жырлаған және Әбдіқаппар Әлімжанов9, Кенжеғали Есжановтар10 ескі жазбалардан көшірген үлгілерді Молда Мұса вариантының әр түрлі жырланыстары деп есептеуге лайық. Олардың айырмашылықтары кейбір жолдардан ғана байқалады. Оған қарағанда Оңтүстік Қазақстанда жырды Мол­ да Мұса қолжазбасынан жаттап, ауызша таратқан айтушылар көп болған сияқты. М.Тоққожаев 1917 жылы Молда Мұсаның жырларын ақынның өз тапсырмасымен араб әрпінде хатқа түсіреді де, 60 жылдардың басында оны кирилл жазуына қайта көшіреді11. Молда Мұса өзімен бірге жүрген Құлыншақ сияқты ақындардан естіген жыр желісін өзіндік үлгімен қағазға түсіріп, осы мәтінді түзеген тәрізді. Ал Алып жөніндегі екінші бөлімді бұрыннан бар сюжет негізінде оның өзі шығарғандығы анық. Мұны жырдың мәтінінен де байқаймыз. Бұл бөлімде ақынның өзіндік қолтаңбасы айқын сезіледі. Алайда ақын бұл бөлімді жай қиялдан немесе әкесі мен баласының соғысуы сияқты дәстүрлі шығыстық сюжеттерге еліктей отырып туғызбаған, М.Османов жариялаған ноғай варианты сияқты көне нұсқалардан алған. Ноғай вариантында да орыс қызы Шорадан жүкті болып, елі­ не қашып кетеді. Кейін Шора жау әскерімен келген өз ұлымен соғысуға мәжбүр болады. Мұндай сарын кейбір қырым татар, татар варианттарында да бар. Ескіше де, орысша да сауат­ ты ақынның бұл басылымдардан хабары мол болғаны күдік туғызбайды. М.Тоққожаев көшіру барысында көне қолжазбадағы жоғалған беттерді көрсетіп отырған. Мәселен, елін Алып ша­ 7 ӘӨИ, 920/19 п. 8 ОҒК,Қ. 1447, 1-2 дп. 9 ӘӨИ, 129 п., 1 дп. 10 ӘӨИ, 732 п., 10 дп. 11 Оразбекова З. Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы. Түркістан, 1999. – 10-11 б.

батырлар  жыры
уып кеткен кезде Шора мен Әлімханның аңнан оралатын сәті
суреттелетін тұстағы парақтар табылмаған. Біз мәтіннің бұл
жерін көп нүкте арқылы белгіледік. Алайда нұсқа соңының

бітпей қалуы жазба беттерінің жоғалуынан емес, ақынның
жырды аяқтамай қойғандығынан болса керек. М.Тоққожаев
көшірмесі негізінде Ә.Оспанұлы шығарған кітаптағыдан (Мол­
да Мұса. Ер Шора. Шымкент, 1995.) осы жинақтағы мәтіннің

көлемі біршама үлкен. Бұрын қысқартылған, сызылып
тасталынған жолдар қайта анықталып, мұнда кәдеге жаратыл­
ды. М.Тоққожаев қолжазбасының 74, 289 беттерінде жазылмай
қалған 70-тен астам жыр жолын Ә.Оспанұлы кітабынан алдық

(25,75 б.б.). Оның есесіне, кітаптың 24, 25, 60, 61, 65, 67, 74,
75 беттерінде жоқ 196 және соңғы жағына қосылмай қалған
461 жыр жолын қолжазбадан алып бердік. Бұл жинаққа енген
мәтінді Ә.Оспанұлы шығарған кітап пен М.О.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорындағы
М.Тоққожаев
қолжазбасын
текстологиялық

салыстыру
арқылы дайындалды деп айтуға болады. Бұл екеуінің салы­
стырылуы ғылыми мақсатқа қайшы келмейді, себебі олардың
түпнұсқалық негізі бір.

Болат Қорғанбеков,
филология ғылымдарының кандидаты

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Ажар, Сара—Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың әйелдері. Діни
аңызда Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар үлкен әйелі Бибі Сарадан

көпке дейін перзент көрмейді, одан соң Бибі Ажарға үйленеді.
Екі әйелдің күндестігі күшеюі себепті Ибраһим (ғ.с.) екі қабат
Ажарды Сафа мен Мәруа тауларының аралығына алып барып,
«бір Құдайға тапсырдым» деп тастап кетеді. Бибі Ажар боса­

нып, баланы жуындыратын су таппай қиналғанда, Құдайдың
құдіретімен шөл жерден су шығады. Баланың есімін Ысмайыл
қояды. Сол жерде Мекке қаласы салынады. Қазір «зәм-зәм»
суы деп аталатын қасиетті бұлақ сол Бибі Ажарға шыққан су

екен дейді діни аңыз.
Арыстан Бап (Арыстан баб)—әулие, Мұхаммед с.ғ.с.
пайғамбардың замандасы, Ахмет Ясауидің ұстазы. Діни
аңыздар бойынша, ол Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың аманат

қалдырған киелі құрмасын (финики) тілінің астына сақтап ке­
ліп, Ахмет Ясауиге тапсырған. Халықта «Арыстан Бапқа түне,
Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан Баптың
басына орнатылған күмбез Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар

ауданындағы Қоғалы ауылында.
Ауа—Хауа Ана, діни аңыз бойынша, адамзаттың арғы ана­
сы, Адамның (ғ.с.) жұбайы.
Әліби—XVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген

Қырым хандығындағы билердің бірі. Ол—әйгілі Сағдат Ке­
рей ханның жарлығына «Ақташ Әліби» деп қол қойған тарихи
тұлға. «Ақташ» сөзін Ш.Уалиханов ру аты десе, И.Березин са­
рай қызметкерлерінің лауазымы деп есептейді.

Әзіреті Қауыс, Ғауыс Қияс—ал-Жилани (Гилани) Мухий
ад-дин Абд ал-Қадир бин Аби Силих Джангидуст (1077-1116),
ханбалиялық уағызшы, діни қайраткер, сопылар шайығы.

батырлар  жыры
Әзіреті Сұлтан—Қожа Ахмет Ясауидің лақап аты.
Бабай
Түкті

Шашты
Әзіз—Ислам
дінін
алғашқы

қабылдаушылардың бірі. Ғылыми еңбектерде ІХ ғасырда өмір
сүрген, Қорқыттың замандасы деп айтылып жүр. Халық аңызы
бойынша, Едіге батырдың арғы атасы. Қабірі ескі Құмкент
қаласына таяу, Қызыл көлдің жағасында.

Бақауадин
Нағышбан,
Баһауиден—Ходжа-и
бузурук

және Шах-и Нақшбанд атымен кең танымал болған Нақшбанд
Бақауаддин Мұхаммад бин Бурхан ад-дин Мұхаммад әл-Бұхари
(1318-1389)—XІV ғасырдағы ортаазиялық суфизмнің ірі өкілі.
Оның кәсібіне (Нақшбанд-парсыша өрнек салушы дегенді біл­

діреді) байланысты нақшбандия софылық қауымдастығының
аты пайда болған. Отырықшы халық психологиясына лайықты
қалыптасқан
нақшбандия

софылық
ағымының
ықпалы
Оңтүстік Қазақстанда соңғы ғасырларда Қоқан хандығының

үстемдігіне орай күшейген сияқты.
Бибі Батима, Патима —Фатима (Би-Бәтима), 635 жылы
қайтыс болған. Мұхаммед с.ғ.с. мен Хадишаның қызы, Әли
бин Әбу Тәліптің әйелі, әл-Хасан мен әл-Хұсейннің анасы,

мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын әйел бейнесі.
Ғайып—Аюб (ғ.с.) пайғамбар. Аюб (ғ.с.) жеті жыл созылған
тән азабына шыдап, Құдайға ғибадат етуін тоқтатпағаны
үшін Алла тағаланың рахымымен ауырудан айыққан. Бұхара

қаласында «Айуб бұлағы» деген бұлақ бар. Аңыз бойынша,
оған Аюбтың (ғ.с.) таяғы тиген. Мұсылмандар ұғымында Аюб
(ғ.с.)—шыдамдылықтың, төзімділіктің бейнесі.
Ғайып Ерен, Қайып Иран қырық шілтен—парсыша «ғайып

эрен»—көрінбейтін әулиелер, «чилтан»—қырық адам деген­
ді білдіреді. Қырғыздарда «Қайып Ерен»—жан-жануарларды
қорғаушы рух ретінде айтылса, қазақтар мен өзбектерде мұхит,
теңіз аралдарында, адам аяғы баспайтын жерлерде өмір сүріп,

қиналған, тарыққан адамдарға жәрдемге келуші пір. Қазіргі
ғылыми еңбектерде Ғайып Ерен қырық шілтен шамандық
түсініктерден қалған бейне деп айтылады.
Көзбенбет, Садыр—бұл жинақта жарияланған қолжазба­

ның 1940 жылдары баспаға дайындалған, бірақ жарық көрмей
қалған дубликатында1 «Көзбембет тарихи кітаптарда Қалмамбет
1 ОҒК. Қ. 8. 6 дп., 190 б.

ғылыми  қосымшалар
атымен жүреді. Қалмамбет, Садыр екеуі Қазан қаласын қорға­
ған ерлер» деген сілтеме бар. Бірақ баспаға дайындаушылар
бұл деректерді қайдан алғаны белгісіз. Қазақта «Көзбембет - Са­

дыр» атты эпикалық жыр да бар. Алайда онда Қазан хандығы
үшін болған күрестің ізі байқалмайды.
Қожа Ахмет Ясауи —Ахмет бин Ибрахим бин Әли. Шама­
мен 1093 жылы туылып ХІІ ғасырдың аяқ кезінде қайтыс болған.

Ахмет Ясауи—түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркістан
шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған.
Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей
қатысты.

Қызыр (Қыдыр)—Алла мәңгілік өмір берген қасиетті кие­
лі тұлға, Аллаға сенген адамдардың қорғаушысы, қысылғанда
жәрдем берушісі. Оның есімі Ілияс (ғ.с.) пайғамбармен
қосарлана айтылады.

Мәжнүн—Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік Шығыс, Азия
халықтарының «Ләйлі мен Мәжнүн» атты әдеби-фольклорлық
туындыларының кейіпкері. Араб мәнбелері бойынша, Мәжнүн
өмірде болған, VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасыр аралығында

өмір сүрген. Мәжнүн бейнесі қазақ фольклорында да ақыл-есі­
нен айрылған адам ретінде көрсетіледі.
Рүстем-Дастан—Фирдаусидің «Шаһнама» дастанындағы
кейіпкерлер. Олар шығыс халықтарында қаһармандықтың

үлгісі ретінде дәріптеледі.
Хазіреті Ғали (Әзіреті Әлі)—Әли бин Әбу Талиб,
Мұхаммед ғ.с. пайғамбардың күйеу баласы, Бибі Фатиманың
күйеуі. Хиджраның 40 жылында қастандықпен өлтірілген. Әли

ислам дінін таратуға үлкен еңбек сіңірген дін қайраткері.
Шағым Керей—1520-1521 жылдар шамасында астра­хан­
дықтар қолынан мерт болған Мұса бидің баласы. Орыс жылна­
маларында кейде Шихим деп жазылады.

Шалкез ұлы Құлыншақ—ел аузындағы аңыз бойынша,
Құлыншақ—атақты жырау Шалкиіздің ұлы. Орыс жылнама­
ларындағы Қазан ханы Сафа Керейдің тұсында Қырым
горнизонының қолбасшысы болған Кощак (түркі тілінде ды­

бысталуы Қошшақ) осы Құлыншақ болуы тиіс. Мұрын жырау
жырлаған »Құлыншақ батыр» атты жеке жыр болған.
Шаһызанда—Шаһи-Зинда
(парсыша

«тірі
патша»),
Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың ағасы Аббастың ұлы Куссамға

батырлар  жыры
ол қайтыс болғаннан кейін қойылған лақап ат. Куссам ибн Аб­
бас 667 жылы Самарқандта қаза тапқан.
Ындысталы—бұл есім «индиялық» деген атаудан шыққан

сияқты. Шамасы, тама рулары бір кезде Индияны билеген
түркілік хандардың қол астында болған болса керек.
Ысқақ Бап— VІІІ ғасырда өмір сүрген, алғаш ислам дінін
алып келушілердің бірі. Әзірет Әлінің әулетінен. Қожа Ахмет

Ясауидің он үшінші атасы. Қабірі қазіргі Созақ ауданындағы
Жартытөбе ауылында (Ескі Баба Ата қалашығы).

Аздаһа—аждаһа, айдаһар
Айдары—бұл да
Айран /ж/—қайран
Айласа—етсе, қылса

Ақ—хақ, Құдай деген мағынада
Ақжелең—жайдақ, ер-тоқымсыз
Ақперен /ж/—ақ берен. «Берен» сөзі парсы тілінен енген,
қазақ тілінде бірнеше мағына береді. Бұл жерде берік металдан

соғылған мылтық дегенді білдіріп тұр.
Ақым—кеулей қазылған үңгір
Аламат, алам /ж/—әлеумет, халайық
Алтайы—Алтайды мекендейтін аңдардың бағалы терісі

Асбаққан, (аспақан) қылыш—Асфаһан қаласында жасалған
қылыш
Асты-асты /ж/—ақырын, жай (Асты-асты
Асхаб /а/—«сахаба» сөзінің көпше түрі. Сахабалар—

Мұхаммед ғ.с. пайғамбардың серіктері
Асы болу —Құдайға күнаһар болу, асылық ету
Арасат /а/—қиямет күні адамдар жиналатын алаң.
Ашық /ж/—ғашық

Әзәлда—әуелде, баяғыда
Әлғал /а/—орнынан алынған, тақтан тайған
Әлімзада—білімділер ұрпағы
Әріп /а/—епті, шебер

Әсіл /ж/—асыл
Әуез /п/—әуезе, ел арасында тараған аңыз, хабар
Бағда /а/—кейін, содан соң
Баданалы көбе—сауыт көбесінің баданаға ұқсас түрі. Бада­

на—жерге түйін тастап өсетін өсімдік, пиязшық.
Сөздік

батырлар  жыры
Бад /п/—жаман
Бақыраш—кішірек металл ақша
Бәһана /п/—сылтау

Бәйіт—Шығыс поэзиясының жанры. Бұл жерде өлең, жыр
мағынасында.
Безірек, бүзірік /п/—үлкен, ұлы. Бұл жерде әулие
мағынасында.

Бекеуіл—мемлекеттің шекара бөлімінің бастығы.
Бешат /п/—көңілі шат, қуанышты
Ғазал /а/—өлең, жыр
Ғымран /п/—жайластырушылық

Дайғы /а/—жоғалту, босқа өткізу
Дарқал /п/—осы кезде
Даурық /п/—көрнекті, танымал
Дәргай /ж/—қол асты, құзыры, билігі

Дәргаһ /п/—табалдырық
Дәремет /п/—пайда, кіріс
Дәркер /п/—керек, қажет, мұқтаж
Дәс /ж/—үлкен, зор

Дәста—қол орамал
Дек /а/—қораз, әтеш. Бұл жерде өлеңнің мықтысы деген
мағынада.
Друфа /о/—дуадақ. Бұрынғы кезде дуадақ қауырсыны

қадалған ораманы сәндік үшін басқа ораған болуы керек.
Ділдә—алтын ақша
Діліндан—дұрысы «дәндән» болуы керек, өзге жырларда
солай айтылады. Парсыша «дендане—тарақ тісі» дегенді білді­

реді.
Дықат /ж/—көңілге түскен қаяу, кірбің
Ебейін—шөп аты
Елет /ж/—ел, жұрт

Естеу /ж/—еске алу, ойға түсіру
Жанғаш—жанкешті
Жана /ж/—және
Жам /а/—сабырлы, тыныш, байсалды

Жаһит—яһуди, еврей
Жәми /а/—барлық, бүкіл, барша
Жәннем—жаһаннам
Жиек /ж/—жек, дуадақ тектес дала құсы

ғылыми  қосымшалар
Жесір—тұтқын
Зайыр—анық, айқын
Закун /о/—заң, тәртіп

Зақар—у, зәһар
Замық /о/—құлып. Бұл жерде шүріппелі мылтықты айтып
отыр.
Зап /а/— қорқытушы, қорушы

Зәндемі /ж/—ала аяқ, қу, залым
Зүлжелел—Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Илан /т/—мен, бен, және
Кәдірден—қадірлі, құрметті

Кәлем Алла /а/—Алла сөзі, Құран
Кебе /а/—қағба
Келде /п/—бас
Кеней—асық ойынында ұпайға тігілетін кішігірім асық.

Кеп /п/—ой-пікір, сөз
Кетте /п/—үлкен
Көбе—тырнақ көбесіне ұқсас берік металл. Оны қатпарлап
тізіп, шынжырлап біріктіріп, көйлек тәрізді етіп сауыт жасай­

ды. Көбе сөзі әуелде синекдохалық қолданыстан тұрақтанып,
бара-бара сауыт түрін атауға жұмсалатын болған.
Көбелеу—жағалап жүру, жиектеу
Көбен, көбең—тез семірген, еті бос жылқы малы. Бұл жерде

бос кеуде адамға метафора ретінде қолданылып тұр.
Көрбала—өмірде ештеңе көрмеген, тәжірибесіз
Көрдемлі—көрнекті, даңқты
Күнай /п/—кінә

Күлзар—жорға ат. Бұл сөз көңілді көтеретін деген мағынада
«гүлзар» сөзін метафора түрінде қолданудан келіп шыққан.
Кісе—белбеуге бекітілген былғары қалта.
Қазат /а/—дін үшін күрес

Қайып болу /а/—ғайып болу, жоқ болу
Қаным—орама
Қараша—қаздың бір түрі
Қарғын /ж/—сай-сайдан, жылғадан аққан құм-тасы аралас

жауын суы, тасқын.
Қауыс—Мерген шоқжұлдызының уақыты, қарашаның
екінші жартысы мен желтоқсанның алғашқы жартысы.
Қаһат /а/—аштық, жоқтық.

батырлар  жыры
Қияқ—құстың қанат қауырсыны
Қияқты найза—ұшы екі жүзді өткір найза
Қожанты /ж/—үлкен пышақ. Атауы Ходжент қаласымен

байланысты.
Құлпы—өңі құлпырып тұратын жібек мата.
Құрсант /п/—шаттану, разы болу
Құш /п/—қош, құп

Қыблагөй—діндар, бес уақыт намазын қаза жібермеуші
Қыпшақ—ағаштың кеуек қуысы
Қысан—дұрысы «қиян» болуы керек
Қысусан /а/—әсіресе

Лап ұру—сөйлеу. Парсыша «ерін» (ләб) сөзінен шыққан.
Мағырып /а/—батыс
Малақат /п/—кездесу
Маршап /п/—күзет бастығы

Масілат—маслихат
Машайық—діни басшы
Машырық /а/—күншығыс
Мәнзүр /а/—лайық

Мекер—қу, айлакер, залым
Мехнат /п/—азап шегу, жапа шегу
Меһрім /п/—мейірім
Меһірбан /п/—мейірімді, қайырымды

Минет /о/—минут
Мият /ж/—тірек, көмек
Модар /а/—солтүстік арабтардағы рубасы
Мұғдарлы /ж/—мөлшерлі, межелі

Мұж /ж/—мұз, сең
Мұндар /п/—адамшылығы жоқ
Мұсапыр /а/—жолаушы, ұзақ жол жүруші
Мыршар—түнгі қала күзетшілері

Мінажат—Құдайға құлшылық
Мінасар /ж/—жарасымды, үйлесімді, лайықты
Набыт болу /п/—апат болу, қырылу
Назар керден /п/—Құдай сақтайтын, Құдай қорғайтын

Назыр /ж/—сый, сыбаға, үлес
Назым /а/—өлең
Нам, нәм /п/—ат, есім, атақ
Нас /а/—жұрт, халық; айтушы, таратушы, жаршы

ғылыми  қосымшалар
Наумыт /п/—үмітсіз
Нәкәс /п/—адамшылығы жоқ
Никах /а/—неке

Нияз—Құдай жолына берілетін қайыр-садақа, қол қайыр
Оза /а/—сығылысқан, ұйысқан
Оқшы /ж/—оқыс
Өтен /ж/—отан, ата қоныс

Памдат—таңғы намаз
Панар /о/—түнде жарық беретін шам.
Пар /о/—тең, бірдей
Пеш /ж/—қыр көрсету

Подзорны тұрба /о/—дүрбі
Пышпан /ж/—пұшайман
Райыс /а/—бастық
Расул /а/—елші

Сабыл—жол бойындағы су ішетін, су таратылатын жер
Самқал—аяғы бар ұзын мылтық
Сандат /о/—солдат
Сайыл /а/—тіленші, қайыршы

Сайып /а/—дос, серік болу
Сақылық—жомарттық, қолы ашықтық, мырзалық
Сараман /ж/—анық, айқын
Сарамжал /ж/—жиһаздалған, жабдықталған отау

Сардар—қолбасшы
Сарпай—киіт
Сарыжай—сүйекті ойып әшекейлеген садақ
Секер құлақ—өлген адамның кесілген құлағы. Ертеде жау

жағының қанша шығын болғанын білу үшін олардың құлағын
кесіп санайтын болған.
Секіл /а/—пішін, форма
Сере—бір сүйем ұзындыққа тең өлшем

Серіге шығу—серуен құру
Сиясат /а/—саясат
Сләм қарындаш—мұсылман бауырластар деген мағынада.
Сота—ұру үшін жасалған келдек таяқ.

Табиб /а/—тәуіп, елші
Тайжағы—жарғақтың бір түрі
Тамға—таңба
Тамсыл /а/—мысал

29–253

батырлар  жыры
Таһрат /а/— дәрет
Тарбият /а/—тәрбиелеу, жол көрсету
Тәбділ /а/—алмастырушы, кезекші

Тәкбір /а/—Аллаға мадақ, ұлықтау
Тәсейіл /ж/—қарайлау, бөгелу
Тірі—диірменнен бітеу шыққан дән
Ұтыры—жөн, орын, қисын

Үбрешім /п/—бүріліп тігілген жібек мата
Үмбет—мұсылман дініне бой ұсынған адам
Үрмет, үрмәт /ж/—құрмет
Уа /а/—және

Уасыл /а/—келу, жету
Хакімге кірісу—әкімшілік құрамына ену
Халал /а/—адал, таза, рұқсат етілген
Халат /п/—күнә

Шабаз /ж/—сабаз
Шайла /ж/—қос, күрке
Шайқым /ж/—шауқым—айқай-шу, даңғаза
Шамал /ж/—күшті жел

Шанаш /ж/—қойдың бітеу терісінен жасалған ыдыс, қап.
Шаңқау /ж/—шөлдеу
Шапшақ—ағаштан құрсау салып жасалған ыдыс, бөшке
Шар /п/—төрт. Бұл жерде Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың

төрт досы—шардяр мағынасында.
Шар—шаһар, қала
Шарлақ—шардақ, қарауыл қарайтын орын.
Шариф, шарып /а/—қасиетті, қадірлі .

Шаяр—шардяр, пайғамбардың төрт досы (Әбубәкір, Ғұмар,
Ғұсман, Ғали).
Шері /п/—арыстан
Шот /о/—есеп

Шыба—таза, асыл
Шығыр /а/—өлең
Шынты—нағыз
Імбат /а/ —өсіп-өну

Іжаб /а/ — керектілік

Жер-су атаулары
Аққала—«Шора
батырдың»
Майлықожа

нұсқасын
жариялаған Ә.Диваев пен С.Мұқановтардың көрсетуі бойын­
ша, Кавказдағы Петро-Александровский қаласы. Жергілікті ел
ол қаланы «Шорахан» деп атаған.

Әділдің Қара тауы, Қазіреттің Қара тау—Оңтүстік
Қазақстандағы әйгілі Қаратау. Кейде «Әзірет қонған Қаратау»
деп аталады. Бұл атаулар алғаш Ислам дінін таратушы
әулиелердің осы өлкені мекендеуімен байланысты.

Бадам—Оңтүстік
Қазақстан
обылысының
Бөген

ауданындағы өзен. Қаржан тауынан басталып, Арыс өзеніне
құяды.
Көлшүнгент тауы—Шугнан таулары, Памир тауының
батысы, Тәжікстанда. Гунт және Шахдара өзендері бөліп

тұр. Жырдағы атау Гунт, Шугнан сөздерін қосарлап айту
нәтижесінде пайда болған. Шугнан тауының ұзындығы—80
шақырымдай, биіктігі—5704 метрге дейін.
Қарсы—Қаршы даласы, Орта Азияның оңтүстігіндегі,

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы аймақ. Ол шығысын­
да Зарафшан, Гиссар тауларымен, батысында Сандықты
құмымен шектеседі. Қаршы атында көне қала да болған. Ол
Қашқадария өзенінің бойында, маңызды керуен жолдарының

торабында орналасқан.
Қожант—Ходжент, VІІ ғасырдан бері белгілі Сыр­
дария бойына орналасқан көне қала, қазіргі Тәжікстан
Республикасындағы Ленинабад облысының орталығы. 1936

жылдан бастап қала Ленинабад аталды.
Қууа—Қобан, Ставрополь және Краснодар өлкелеріндегі
өзен. Ұлықам және Үшқұлан атты екі тармақтан бастау алады,
ұзындығы—780 шақырым.

батырлар  жыры Қызыл көл—Қаратаудағы көлдің аты. Құзар—Гузар ( Хузар), осы аттас бектіктің орталығы болған көне қала. Ол Қаршы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан және Бұхара мен Кабул арасындағы қолайлы ке­ руен жолында жатқан. Сондай-ақ Гиссар, Қаршы және Бұхара арасындағы маңызды тасымал бекеті де болған. Ора төбе—Ұра төбе қаласы, қазіргі Тәжікстанның Ленинабад облысындағы аудан орталығы. XV ғасырдан бері бар қала. Бабыр тұсында және Қоқан хандығы кезінде Ұра төбе үшін мемлекетаралық таластар болған. Жырдағы «Ора төбе кімдікі» деген жолдар осы тарихи оқиғалардың ізі болса керек. Самарқан—Өзбекстандағы Самарқанд қаласы. Шыңбұлақ—Жонғар және Іле Алатаулары мен Қаратау бойларындағы терең шатқалдар арқылы ағатын бұлақтар. Ызғар—Қызылорда облысындағы мекен аты. Исламбул—Стамбул, Түркияның сауда, өндіріс және мәдениет орталығы, 1453-1918 жылдары Осман империясының, 1918-1923 жылдары Түркияның астанасы болған. «Шора батыр» жыры пайда болған XVІ ғасырдың орта тұсында Қазан және Қырым хандықтары Осман империясына тәуелді болған.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Аққожаев Сұлтанбек—1876 жылы бұрынғы Ақмола

губерниясының Құланөтпес өзені бойында туылып, 1965
жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында
қайтыс болған. С.Аққожаев—қазақтың аса көлемді жырларын
жатқа айтқан жыршылық өнердің ірі өкілдерінің бірі. Майкөт,

Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа ақындардан эпикалық
шығармаларды жаттап алған. Оның жырлаған «Алпамыс
батыр» жыры— бұл эпостың ең көркем әрі көлемді нұсқасы.
Александров А.Е.—Көкшетау қаласында сібірлік казактың

отбасында дүниеге келген. Қазақ арасында өскендіктен,
қазақ тілін, әдет-ғұрпын жақсы білген. ХІХ ғасырдың 80
жылдарында Қазалы бекінісінде штабс-капитан болып әскери
қызмет атқарған. Ол 1884 жылы Н.И Гродеков миссионерлік

мақсатта ұйымдастырған экспедицияға қатысып, көп материал
жиған. А.Е. Александров Мұсабай жыраудан «Қосай батыр»,
«Қыз Жібек» жырларын жазып алған. «Қыз Жібек» жырын
орыс тіліне аудартқан. Сөйтіп, орыс, қазақ тіліндегі мәтіндерін

баспаға әзірлеген.
Байғұлұлы Құлмахамбет (1863-1918)—қазіргі Қостанай
облысы, Таран ауданында туып-өскен. Руы—қыпшақ. Ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Диваев Әбубәкір (1826-1933)—этнограф, фольклорист,
Орынбордағы Неплюев кадет корпусын бітірген. 1876 жыл­
дан бастап Түркістанда жұмыс істеген. Сол жылдардан бастап
қазақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жари­

ялап отырған. Ол қазақ елінің тарихымен, этнографиясымен,
мәдени өмірімен орыс оқушыларын таныстырған ғалым.
Молда Мұса (Мұсабек Байзақұлы)—1843 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысының Түркістан ауданы, Шоқтас ауылында

батырлар  жыры
дүниеге келіп, 1932 жылы сонда қайтыс болған. Ескіше білім­
ді болған және біршама орысша да білген. Оның шығыстық
сюжетке құрылған төл туындыларымен бірге, қазақтың

«Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырларын өзіндік ерекше­
лікпен жырлағандығы жөнінде деректер бар1. Бірақ ол айтқан
халықтық жырлардың «Шора батырдан» басқасы жазылып
алынбаған. Молда Мұсаның жырды әуелі хатқа түсіріп алып,

содан соң қолжазбадан жаттап айтатын әдеті болған сияқты. Ол
суырып салма ақын ретінде де кең танымал.
Мұсабай
жырау—ХІХ

ғасырдың
екінші
жартысында
Қазалы маңындағы Қаракөл елді-мекенінде тұрған жыршы.

Е.А.Александровтың Мұсабайды «өлеңші» деуіне қарағанда,
ол жыр айтуды күнкөріс кәсібі еткен болуы керек. Мұсабайдан
Е.А.Александров «Қыз Жібек» жырын да жазып алған. Сондай-
ақ 1993 жылы И.В.Аничков оның айтуындағы «Жанқожа ба­

тыр толғауы» атты ұзақ жырды хатқа түсіріп, бұл шығарманы
Н.Веселовский 1894 жылы Санкт-Петербургте жарияланған
«Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском
крае» деген жинағында жариялаған. И.В.Аничковтың айту­

ынша, Мұсабай репертуары бай, өз өлкесіне танымал жыршы
болған.
Сариев Әбдіғали—1900 жылы Алматы облысының Жам­
был ауданындағы Аманкелді атындағы совхозда дүниеге ке­

ліп, 1964 жылы сонда қайтыс болған. Жетісу ақындарының
1919 жылы Алматыда, 1923 жылы Ұзынағашта болған слет­
теріне қатысқан. «Қарасай», «Саурық» атты дастандары бар.
Ақынның өмірі жөнінде «Ақын-жыраулар» жинағында кеңірек

мәлімет берілген.
Сандыбайұлы Майкөт—ХІХ ғасырдың екінші жартысын­
да Оңтүстік Қазақстан өңірінде өмір сүрген суырып салма,
айтыскер ақын, репертуары бай жыршы. Майкөт «Алпамыс

батыр», «Қыз Жібек» жырларын да айтқан. Кезінде Н.Смирно­
ва оны «Қазақтың мың жылдық тарихын жырға қосушы» деп
бағалаған2. Алайда Майкөт жырлаған жырлардың дені хатқа
түспеген. Оның Түбекпен, Құлмамбетпен, Бөлтірікпен айтыста­

ры, Жамбылмен сәлемдесуі сақталған.
1 ОҒК, Қ. 410, №1 дп.
2 Смирнова Н. Казахская народня поэзия. – А-А., 1964. – С.14.

ғылыми  қосымшалар
Тоққожаев
Мұса—Молда
Мұса

(Мұсабек
Байзақұлы)
мұраларын хатқа түсіруші. Ол Мұсабек ақынның ағайыны әрі
шәкірті. М.Тоққожаев Молда Мұсаның тікелей тапсырмасымен

1917 жылдан бастап ақын шығармаларын хатқа түсіре бастаған.
Оның ішінде «Ер Шора» да бар. Ол 10000 жолға жуық Молда
Мұса мұрасын қағазға түсірген, кейбіреулерін өткен ғасырдың
60 жылдары қайта көшірген.

Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
ОҒК—Орталық ғылыми кітапхана.
Инв.—инвентарь.

ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
п.—папка.
дп.—дәптер.

ж—жергілікті сөз
а—араб
п—парсы
т—түркі

о —орыс

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Азбелев С.Н. Историзм былин и специфика фольклора.—

Ленинград: Наука, 1982. 2. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.—Алматы:

Ғылым, 1998. 3. Ақын, жыраулар.—Алматы: Ғылым, 1979. 4. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 17 т.

—Алматы: Жазушы, 1985.

5. Бердібай Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы: Рауан, 1995. 6. Бердібай Р. Эпос мұраты.—Алматы: Білім, 1997. 7. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах.

Т.1.—Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР. 8. Дастан ата.—Алматы: Жазушы, 1989. 9. Жирмунский В.И. Тюркский героический эпос.—Ленин­

град: Наука, 1968. 10. Ислам:

Қысқаша
анықтамалық.
Қазақшалаған
Тұтыбаев Қ., Жолдыбаев О., Естаев Е.—Алматы, 1988.

11. История Казани. Первая книга.—Казань, 1988. 12. История казахский литературы. Т.1.—Алма-Ата: На­

ука, 1968. 13. Қасқабасов С.А. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. —

Астана: Аударма, 2002. 14. Казанская история /Под ред. Г.Н. Моисеевой. —Москва,

1955. 15. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. 1-кітап. — Алматы:

Қазақ ССР ҒА баспасы, 1960. 16. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 5-том.

— Алматы: Ғылым, 1968.

17. Қазақ

фольклористикасының
тарихы.—Алматы:
Ғылым, 1988.

ғылыми  қосымшалар 18. Полное собрание русских летописей Т. VІІІ, ХІІІ. —

Москва, 1965. 19. Продолжение Древней Российской Вивлиофики. Ч.ІХ.—

СПб., 1793. 20. Революцияға дейін қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар.

1807-1917. (Аннотацияланған библиографиялық көрсеткіш) /
Құраст. Ү. Сұбханбердина.—Алматы: Ғылым, 1978.

21. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу та­

рихынан).—Алматы: Санат, 1994. 22. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы: Ғылым, 1993. 23. Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін

жинау, жүйелеу, сақтаудың әдістемелік құралы /Жауапты ред.
Б. Әзібаева.—Алматы, 2001.

24. Баранов Х.К. Арабско-русский словарь.—Москва, 1968. 25. Бекмұхамедов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері.

Түсіндірме сөздік.—Алматы: Қазақстан, 1977. 26. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 27. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 28. Персидско-русский словарь /Под ред. Ю.А. Рубинчика

Т.І-ІІ. —Москва, 1970. 29. Севортян. Этимологический словарь тюркских язы­

ков.—Москва: Наука, 1980.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини­
стерства образования и науки Республики Казахстан продол­
жает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках

Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на­
следие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготов­
лены и изданы 44 тома фольклорных текстов, в том числе две­

надцать томов новеллистических дастанов, семь томов дастанов
религиозно-нравственного содержания, три тома исторических
поэм, восемь томов дастанов романического (любовного) содер­
жания, один том генеалогических дастанов, а также двенадцать

томов героического эпоса.
Очередной 45-й том включает в себя один из популярных
героических эпосов казахского народа—«Шора батыр», явля­
ющегося общим духовным наследием кипчакоязычной группы

тюркских народов. Длительное бытование этого произведения
в устной традиции этих народов обусловило значительные раз­
личия между его национальными версиями.
До 30-х годов ХХ века мало кто не знал содержание этого эпоса.

После Великой Отечественной войны в 1947-1953 годы националь­
ные эпосы воспринимались как «останки феодальной идеологии».
В конце 50-х годов после оправдания ряда казахских героических
эпосов «Шора батыр» оставался «закрытой темой». Несмотря на

это, многие варианты этого эпоса издались в Турции, Румынии,
Польше. Ученые этих стран были заинтересованы эпосом.
Один из вариантов эпоса «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр»
был опубликован в 1884 году в г.Казани. А в 1922 году А.Дива­

ев издал два варианта эпоса «Шора батыр» в серии «Батырлар»,

ғылыми  қосымшалар
один из которых был прозаическим. В 1932 и 1939 годы писате­
ли С.Сейфуллин и С.Муканов вторично издали эти тексты. Сре­
ди исследователей изучением эпоса «Шора батыр» занимались

М.Ауэзов, С.Сейфуллин, К.Жумалиев, С.Муканов, Б.Кенжеба­
ев, А.Орлов. В 70-е годы ХХ века казахские ученые Р.Бердыбаев
и А.Оспанулы в целях оправдания эпоса начали писать статьи.
Сюжеты и эпизоды «Шора батыра» обоснованы на истори­

ческих событиях. Многие герои имеют прототипы в истории. В
эпосе «Шора батыр» отразились основные исторические собы­
тия ХV-ХVІ вв. и внутренние политико-экономические положе­
ния Казанского, Крымского, Ногай-Ординского, Астраханского

ханств и их отношения с Русским царством. Например, в вари­
антах, записанных у ногайских и татарских певцов, а также в
казахском варианте в исполнении М.Алиакбарулы, преоблада­
ет эпическая архаика, а каракалпакские, киргизские и три ка­

захских варианта, вошедшие в этот сборник, являются образца­
ми классической версии названного произведения, вошедшего в
эпический цикл «Қырымның қырық батыры».
В настоящий том включены избранные варианты эпоса:

«Қисса Нәріктің ұғлы Шора батыр», опубликованный
М.Алиакбарулы в 1884 г. в Казани. «Ертедегі Шора батыр» был
записан в 1885 году помощником начальника Казалинского
уезда Е.А.Александровым от Мусабай жырау. Вариант отли­

чается обилием сказочных мотивов. «Қисса Нәрікбай-Шора»
был записан от народного акына А.Сариева. Этот текст почти
текстуально совпадает с вариантом, записанным от М.Санды­
баева. «Ер Шора» записан Молда Мусой. Вариант был впервые

опубликован А.Оспанулы в 1995 году.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя
сведения о публикуемых текстах и их вариантах; краткий исто­

рико-фольклористический и текстологический анализ текстов;
данные об исторических и религиозных деятелях, имена кото­
рых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских
и персидских слов, терминов и понятий, а также географиче­

ских названий; сведения о сказителях, собирателях и публика­
торах; список использованной литературы; резюме на русском и
английском языках.
Объем тома—29 п.л.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Scі­ ence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparat­ іon and publіshіng of the volumes of multі-volume serіes «Babalar sozy». The 45th volume іncludes four Kazakh versіons «Shora batyr» that іs consіdered a common spіrіtual legacy of Kіpchak language group of Turk peoples. Long exіstence of thіs work іn oral tradіtіon of those peoples has condіtіoned sіgnіfіcant dіfferences between іts natіonal versіons. For example іn the versіons recorded іn Nogay and Tatar sіnge­ rs as well as іn Kazakh versіon іn performance of M. Alіakbar-uly the epіc archaіsm іs prevaіlіng but Karakalpak, Kyrgyz and thr­ ee Kazakh versіons іncluded іnto thіs collectіon are the samples of classіcal versіon of the named work that іs іncluded іnto the epіc cycle «Kyrymnіn kyryk batyrі». The present volume іncludes the followіng versіons of the epos: 1. «Kіssa Narіktіn uglі Shora batyr». Alіakbar-uly was publі­ shed іn 1884 іn Kazan. 2. «Ertegі Shora batyr». Іt was recorded іn 1885 by the assіst­ ant of the Head of Kazalіnsk dіstrіct E.A. Alexandrov from Musa­ bay jіrau. Thіs versіon іs publіshed for the fіrst tіme. 3. «Kіssa NarіkbayShora» was recorded from folklore akyn A. Sarіev. Thіs text almost coіncіdes wіth the versіon recorded from M. Sandybaev. A. Sarіev’s versіon іs also publіshed for the fіrst tіme. 4. «Er Shora» was recorded by Molda Musa. The versіon was publіshed by A. Ospanuly іn 1995 for the fіrst tіme.

ғылыми  қосымшалар Multі-volume collectіon «Babalar sozі»—іs a scіentіfіc publіca­ tіon. The publіshed texts are provіded іn the іnіtіal, adequate to the orіgіn source, therefore any іnterventіon іnto the text іs excluded. The volume іncludes preamble and scіentіfіc annexes, that іn­ clude: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcalfolklore and textology analysіs of the texts, data on hіstorіc and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn the texts; vocab­ ulary of ancіent Turk, Arabіc and Persіan words, terms and іdeas of hіstorіcal and relіgіous character as well as geographіc names; іnformatіon about narrators, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Volume іs – 29,0 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр (Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы) ............................ 9 Ертедегі Шора батыр (Мұсабай жыршы нұсқасы) ............... 29 Қисса Нәрікбай-Шора (Майкөт—Ә. Сариев нұсқасы) ......... 73 Ер Шора (Молда Мұса нұсқасы) .......................................218 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................423 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................441 Сөздік ..............................................................................445 Жер-су атаулары ...............................................................451 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................453 Шартты қысқартулар ........................................................455 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................456 Резюме ............................................................................458 Summary ..........................................................................460

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 45 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Э. Сманова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2257 Теруге 15.06.07 жіберілді. Басуға 21.08.07 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 29. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №253. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙